text
stringlengths
3
252k
Майкөмген — Атырау облысының Жылыой ауданындағы ауыл, Майкөмген ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құлсарыдан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде. Маңғыстау облысымен шекаралас. Атырау-Ақтау тас жолы, Атырау-Маңғышлақ темір жолдары бойында орналасқан. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 940 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 1038 адам (525 ер адам және 513 әйел адам) болса, 2009 жылы 379 адамды (210 ер адам және 169 әйел адам) құрады. Ал 2021 жылы 1279 адамды (653 ер адам және 626 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * №17 орта мектеп — 1989 ж. бастауыш, 1994 ж. негізгі, 1995 ж. жалпы білім беретін мектеп болып жұмыс істеді. * «Бәйшешек» бөбекжай бақшасы — 2019 жылы ашылды. Екі қабаттан тұратын 100 орындық бөбек жайдың жалпы аумағы 762,44 шаршы метрді құрайды. Талапқа сай ғимарат ойын, кіреберіс, ас бөлме және жуынатын бөлмелермен қамтылған. * №5 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2 қабаттан тұратын 269 орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешені 2020 жылы ашылды. Ғимарат ауласында баскетбол, волейбол және кіші аяқ доп алаңдары бар. * Майкөмген мәдениет үйі — 2023 жылы желтоқсан айында ашылды. Жалпы ауданы – 709,72 шаршы метр. Екіқабатты ғимаратта 200 орындық концерттік зал, киім бөлмесі, костюмдер бөлмесі, 16 орындық асхана және касса, жуынатын бөлме бар. Сонымен қатар, қызметтік кабинеттермен, үйірме және оқытушы бөлмелерімен, 12 орындық оқу залы бар кітапханамен, 4 орындық медиатекамен және кітап сақтау бөлмелерімен жарақталған. * Майкөмген дәрігерлік амбулаториясы ## Діни ұйымдар қызметі * Майкөмген ауылдық мешіті — Мешіт үйінің үш күмбезі, бір мұнарасы, әйелдер залы, имам бөлмесі бар. Мешіт жанында тахаратхана орналасқан. ## Ауыл суреттері ## Елді мекендегі көшелер * Ақтан Керейұлы көшесі * Айнымас көшесі * Әділет көшесі * Даңқ көшесі * Досан батыр көшесі * Қайырғали Смағұлов көшесі * Қарашүңгіл көшесі * Қисымбай көшесі * Қуанғали Қуатбаев көшесі * Муса Баймұқанов көшесі * Сүйінғара Үргенішбайұлы көшесі * Тобанияз Әлниязұлы көшесі * Төлес көшесі * Үркер көшесі ## Дереккөздер
Майбалық – Ақмола облысы, Есіл алабындағы ағынсыз көл. ## Географиялық орны Астана қаласының оңтүстігінде орналасқан. ## Гидрографикасы Ауданы 14,6-21,1 км 2-ге дейін өзгеріп отырады. Ұзындығы 8,4 км, енді жері 3,7 км. Орташа тереңдігі 1,5 м. Су жиналатын алабы жатық; оңтүстік-шығыс жағасы жарлы, биіктігі 3-4 м, қалған бөлігі көбіне түйетайлы. Майбалыққа көктемде солтүстігінен Қарасу, оңтүстігінен Қызылсу жылғалары құяды. Минералдары шамалы. Көлден жылына 25-30 т мөңке балық ауланады (2002). Суы шаруашылыққа пайдаланылады, ал алабы - шабындық. Жағалауында Нұрбай ауылы орналасқан. ## Дереккөздер
Рақымжан Тоқатайұлы Тоқатаев (5 қаңтар 1923 жыл, Қаракемер, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы – 6 желтоқсан 2011 жыл, Есік) — кеңестік әскери, 1672-танктерге қарсы жойғыш артиллериялық полкінің қару бағыттағышы (38-армия), Кеңес Одағының Батыры. Шапырашты руынан шыққан. Рақымжан Тоқатаев Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылына қарасты, Киров колхозында 1923 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Бұл ауылдан аттанған көп азаматтардың ішінен екі Кеңес Одағының Батыры шыққан. Бірі Рақымжан Тоқатаев болса, екінші – Кеңес Одағының Батыры Қашаған Жаманқараев. Ол Батыр атағынан бөлек, осы марапатқа тең дәрежедегі «Ерлігі үшін» медалінің, сондай-ақ, 3 дәрежелі Даңқ орденінің және 1-дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. Екі рет «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен және Жоғарғы Кеңестің құрмет грамоталарымен марапатталған. Бірнеше рет ауылдық Кеңестік депутаттығына сайланған, сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан аудандық партия комитетінің мүшесі болған. Рақымжан Тоқатайұлы еңбек жолын Есік қаласында ұстаз болып бастады. 1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына алынып, отанды қорғауға барды. Украина майданы құрамында Курск, Киев, Житомир бағытындағы шайқастарға қатысып, Чехословакия жұртшылығын жаудан азат етті. Старшина дәрежесінде танкке қарсы зеңбіректің жетекшісі болды. 1945 жылдың көктемінде Карпат жотасында болған ұрыста 13 неміс танкін атып жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелі «Даңқ орденімен» марапатталды. ## Сілтемелер * Истребитель танков Рахимжан Токатаев Мұрағатталған 6 сәуірдің 2013 жылы. * Новость о кончине(қолжетпейтін сілтеме) * Токатаев Ракымжан Токатаевич — Герой советского Союза Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. * http://almaty-akshamy.kz/?p=5686 * http://egemen.kz/old/2010/?p=6207 Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. * http://www.inform.kz/kaz/article/2266001 Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы.
Аққұдық — Атырау облысы Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 102 адам (52 ер адам және 50 әйел адам) болса, 2009 жылы 46 адамды (22 ер адам және 24 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Аққұдық — Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құлсарыдан оңтүстікке қарай 61 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 325 адам (164 ер адам және 161 әйел адам) болса, 2009 жылы 190 адамды (90 ер адам және 100 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қойсары — Атырау облысы Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 265 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 100 адам (53 ер адам және 47 әйел адам) болса, 2009 жылы 106 адамды (48 ер адам және 58 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 16 адамды (10 ер адам және 6 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Рақымжан Тоқатайұлы Тоқатаев (5 қаңтар 1923 жыл, Қаракемер, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы – 6 желтоқсан 2011 жыл, Есік) — кеңестік әскери, 1672-танктерге қарсы жойғыш артиллериялық полкінің қару бағыттағышы (38-армия), Кеңес Одағының Батыры. Шапырашты руынан шыққан. Рақымжан Тоқатаев Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылына қарасты, Киров колхозында 1923 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Бұл ауылдан аттанған көп азаматтардың ішінен екі Кеңес Одағының Батыры шыққан. Бірі Рақымжан Тоқатаев болса, екінші – Кеңес Одағының Батыры Қашаған Жаманқараев. Ол Батыр атағынан бөлек, осы марапатқа тең дәрежедегі «Ерлігі үшін» медалінің, сондай-ақ, 3 дәрежелі Даңқ орденінің және 1-дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. Екі рет «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен және Жоғарғы Кеңестің құрмет грамоталарымен марапатталған. Бірнеше рет ауылдық Кеңестік депутаттығына сайланған, сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан аудандық партия комитетінің мүшесі болған. Рақымжан Тоқатайұлы еңбек жолын Есік қаласында ұстаз болып бастады. 1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына алынып, отанды қорғауға барды. Украина майданы құрамында Курск, Киев, Житомир бағытындағы шайқастарға қатысып, Чехословакия жұртшылығын жаудан азат етті. Старшина дәрежесінде танкке қарсы зеңбіректің жетекшісі болды. 1945 жылдың көктемінде Карпат жотасында болған ұрыста 13 неміс танкін атып жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелі «Даңқ орденімен» марапатталды. ## Сілтемелер * Истребитель танков Рахимжан Токатаев Мұрағатталған 6 сәуірдің 2013 жылы. * Новость о кончине(қолжетпейтін сілтеме) * Токатаев Ракымжан Токатаевич — Герой советского Союза Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. * http://almaty-akshamy.kz/?p=5686 * http://egemen.kz/old/2010/?p=6207 Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. * http://www.inform.kz/kaz/article/2266001 Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы.
Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылы 5 және 21 тамыз аралығында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасы туралы ақпарат. Бұл Қазақстанның Олимпиада ойындарына 6-ші рет қатысуы. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстанның намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғады. ## Медальдар ## Сайыс нәтижелері ### Академиялық есу Еркектер Әйелдер ### Ауыр атлетика Еркектер Әйелдер ### Бокс Еркектер Әйелдер ### Велоспорт Шоссе жарысы Еркектер Велотрек Омниум ### Семсерлесу Еркектер ### Су спорт түрлері Суда жүзу Еркектер Ашық су Ашық су Әйелдер Синхронды жүзу ### Үстел теннисі Еркектер ## Пошта маркаларында * * * * * * * ## Тағы қараңыз * 2016 Жазғы Олимпиада ойындарының медальдар санағы ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының ұлттық олимпияда комитеті Мұрағатталған 26 маусымның 2013 жылы.  (орыс.)
Брайд киті (лат. Balaenoptera brydei) барлық мұхиттарда, тропиктік және субтропиктік белдеулерде өмір сүреді. Олардың денесінің ұзындығы 13-15 метр аралығында болады. Аналықтарының ұзындығы аталықтарына қарағанда үлкендеу болып келеді. Денесі қою қара түсті болғанымен, көп теңбіл дақтары бар. Сол себепті бір қарағанда «шұбар балық» деп те қаласың. Бұл дақтардың кейбіреуі - кәдімгі дақтар, ал енді біреулері - паразиттерден қалған тыртықтар. Ішкі алқыма — ашық сұр түсті. Брайд китінің жүзбе қанаттары дөңестеу, денесінен анағұрлым кішкентай болады. Брайд китін Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының тропиктік және қоңыржай аймақтарынан кездестіруге болады. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Кетебай — Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 28 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 187 адам (104 ер адам және 83 әйел адам) болса, 2009 жылы 136 адамды (76 ер адам және 60 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ бойынша 37 адамды (23 ер адам және 14 әйел адам) құрады. ## Сыртқы сілтемелер * Уикимапияда ## Дереккөздер
### «Синяя Блуза» «Синяя Блуза» («көгілдір көйлектілер») – 1923–1930 жылдары бой көрсеткен совет театрының шағын түрі. Москваның журналистика ин-тында эстрадалық театр коллективі (оның аты сауыққа қатысушылардың көгілдір түсті көйлек киюімен байланысты шыққан) ретінде ұйымдасты. Бұл коллективті ұйымдастырушы, орындаушылардың бірі әрі авторы – Б. С. Южанин. «Синяя блузаның» программасы декларациядан, тақпақ өлеңдерден және физкультуралық билерден құралды. Ол қызыл бұрыштарда, клубтар мен цехтарда өнер көрсетті. Осы секілді ұйымдар Москвадан тыс қалаларда (15 коллективке жуық), сондай-ақ Қазақстанда да құрылды. Көптеген совет жазушылары, композиторлар, актерлер, режисерлер мен суретшілер (В. Е. Ардов, В. И. Лебедев-Кумач, М. И. Блантер, В. И. Тенин, С. И. Юткевич, Б.Р. Эрдман тағы басқалары) өз творчествасын осы «Синяя блузадан» бастады. ### "Синяя блузаның" әнұраны Олардың марштарының саны көп болса да, ең танымалы болғаны осы : (Авторлары: музыка Сигизмунд Абрамович Кац, текст ?): «Мы синеблузники, мы профсоюзники — Нам всё известно обо всём,И вдоль по миру свою сатиру,Как факел огненный, несём. Мы синеблузники, мы профсоюзники,Мы не баяны-соловьи —Мы только гайки в великой спайке Одной трудящейся семьи…» ### Әдебиет * Альбом «Синяя блуза СССР» , Мәскеу, 1928 * Варлам Шаламов. «Воскрешение лиственницы». Глава «Борис Южанин» Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.: * Уварова Е. Д. (Отв. ред.)., Русская советская эстрада. Очерки истории. 1917—1929.,М., Искусство., 1976 * Малые формы клубного зрелища. 1928—1930 * Сушков М., Футболды театр , Спорт , 1981 * Синяя блуза. Гала-представление, «Юность» журналы, 1967., № 11. С. 107—110 * Лобова Н. и Пермяк Е., Театрлды газета, М. — Л., 1932. * Мамадназарбекова К., Журнал ТЕАТР № 2, 2011 * Волкова Е. В., Трагический парадокс Варлама Шаламова. М., Республика, 1998 ### Сілтемелер * В.Усов. Агитациялық сөздер- Синяя блуза. Пятилетка. 1926 * Энциклопедия «Кирилл және Мефодий» * «Синяя блуза» * «Синяя блуза» * «Синяя блуза»(қолжетпейтін сілтеме) * Друзья звали его Зига Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2020 жылы., авторы Михаил Садовский, «Вестник», Мигдаль Times № 73-74, 21 швата 5769 / 15 ақпан 2009 * Центральный еврейский ресурс * Воспоминания Варлама Шаламова ## «Синяя Блуза» «Синяя Блуза» («көгілдір көйлектілер») – 1923–1930 жылдары бой көрсеткен совет театрының шағын түрі. Москваның журналистика ин-тында эстрадалық театр коллективі (оның аты сауыққа қатысушылардың көгілдір түсті көйлек киюімен байланысты шыққан) ретінде ұйымдасты. Бұл коллективті ұйымдастырушы, орындаушылардың бірі әрі авторы – Б. С. Южанин. «Синяя блузаның» программасы декларациядан, тақпақ өлеңдерден және физкультуралық билерден құралды. Ол қызыл бұрыштарда, клубтар мен цехтарда өнер көрсетті. Осы секілді ұйымдар Москвадан тыс қалаларда (15 коллективке жуық), сондай-ақ Қазақстанда да құрылды. Көптеген совет жазушылары, композиторлар, актерлер, режисерлер мен суретшілер (В. Е. Ардов, В. И. Лебедев-Кумач, М. И. Блантер, В. И. Тенин, С. И. Юткевич, Б.Р. Эрдман тағы басқалары) өз творчествасын осы «Синяя блузадан» бастады. ### "Синяя блузаның" әнұраны Олардың марштарының саны көп болса да, ең танымалы болғаны осы : (Авторлары: музыка Сигизмунд Абрамович Кац, текст ?): «Мы синеблузники, мы профсоюзники — Нам всё известно обо всём,И вдоль по миру свою сатиру,Как факел огненный, несём. Мы синеблузники, мы профсоюзники,Мы не баяны-соловьи —Мы только гайки в великой спайке Одной трудящейся семьи…» ### Әдебиет * Альбом «Синяя блуза СССР» , Мәскеу, 1928 * Варлам Шаламов. «Воскрешение лиственницы». Глава «Борис Южанин» Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.: * Уварова Е. Д. (Отв. ред.)., Русская советская эстрада. Очерки истории. 1917—1929.,М., Искусство., 1976 * Малые формы клубного зрелища. 1928—1930 * Сушков М., Футболды театр , Спорт , 1981 * Синяя блуза. Гала-представление, «Юность» журналы, 1967., № 11. С. 107—110 * Лобова Н. и Пермяк Е., Театрлды газета, М. — Л., 1932. * Мамадназарбекова К., Журнал ТЕАТР № 2, 2011 * Волкова Е. В., Трагический парадокс Варлама Шаламова. М., Республика, 1998 ### Сілтемелер * В.Усов. Агитациялық сөздер- Синяя блуза. Пятилетка. 1926 * Энциклопедия «Кирилл және Мефодий» * «Синяя блуза» * «Синяя блуза» * «Синяя блуза»(қолжетпейтін сілтеме) * Друзья звали его Зига Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2020 жылы., авторы Михаил Садовский, «Вестник», Мигдаль Times № 73-74, 21 швата 5769 / 15 ақпан 2009 * Центральный еврейский ресурс * Воспоминания Варлама Шаламова
Хайдар хан (қырымтат. Ayder, ; ?- 1487) — 1475 жылы Қырым ханы болған, Қырым хандығын құрушысы I Қажы Керейдің ұлы. 1456 жылы Хайдар хандықты тартып алуға әрекеттеніп бүлік бастағаны үшін әкесі I Қажы Керей оны ханзадалық шенінен айырады. Бірақ оның қандай бүлік туғызғаны әлі күнге белгісіз. Ағасы I Меңлі Керей I Қырым хандығын билеп тұрған дәуірде Қырымдағы Судак қаласындағы Генуэз бекетіне шабуыл жасап, генуэздықтарға тұтқын болды. Осман империясы Генуя бекетін басып алғаннан кейін, 1475 жылы Хайдар хан Қырым хандығының тағына жайғасты. Бірақ хандық мерзімі қысқа болды, інісі Нұрдәулетпен болған айқаста жеңіліп қалды да, Киев қаласына қашып барды. Кейін Литва ұлы князьдігінде бірмезгіл болып, 1479 жылы Хайдар хан III Иванның қорғауына ие болу үшін Мәскеуге аттанды. Көп өтпей III Иван белгісіз себеппен оны Мәскеу солтүстігіне қуғын-сүргінге айдады. Хайдар хан 1487 жылы Белоозереде (Вологда облысы) қайтыс болды. ## Тағы қараңыз * Қырым хандарының тізімі * Қырым хандығы
Құрылыс — Атырау облысы Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 47 шақырым жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 614 адам (327 ер адам және 287 әйел адам) болса, 2009 жылы 650 адамды (327 ер адам және 323 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ бойынша 599 адамды (313 ер адам және 286 әйел адам) құрады. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері * М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп — алғашында бастауыш, 1987 ж. орталау, 2000 ж. орта мектепке айналды. 2017 жылы екіқабатты жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. * "Құрылыс-Мәдениет" ауылдық клубы ## Ауыл көшелері * Ақжайық көшесі * Атамекен (Механизатор) көшесі * Жаңа құрылыс көшесі * Қазбек көшесі * Қылыш Кемалиев (Мұрат Мөңкеұлы) көшесі * Мектеп көшесі * Хамидолла Тегісбайұлы көшесі ## Дереккөздер
Майзағара (Salsola foliosa) - сораң тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Майзағара - арам шөп болып табылады. ## Сипаттамасы Биіктігі 15-80 см, жапырағы бүтін жиекті, етженді, кезекті орналасқан. Гүлі қос жынысты, жеке-жеке немесе масақ гүл шоғына топтасқан. Аталығы 5 рет, аналығы 2 рет тамыз-қыркүйекте гүлдейді. Жемісі - сары не қызыл түсті жидек. Майзағара Оңтүстік-шығыс Еуропа, Закавказье, Сібір, Кавказ, Орта Азияда таралған. Қазақстанда Көкшетау, Ақтөбе облысында, Мойынқұм, Қызылқұм, Күнгей, Іле Алатауында, Тобыл - Есіл, Ертіс, Балқаш - Алакөл алқабыңда сортаң жерлерде кездеседі. ## Дереккөздер
Ынтымақ (2007 жылға дейін Гребенщик) — Атырау облысы Индер ауданы, Есбол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Жайық өзенінің оң аңғарында орналасқан. Аудан орталығы - Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 512 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 756 адам (403 ер адам және 353 әйел адам) болса, 2009 жылы 501 адамды (265 ер адам және 236 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ бойынша 473 адамды (245 ер адам және 228 әйел адам) құраса, 2022 жылы тұрғындар саны 603 адам болды. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері * Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп — 1936 ж. орыс-қазақ бастауыш мектебі, 1937-38 ж. 7 жылдық мектеп, 2017-2018 оқу жылында 120 орындық, екі қабатты жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2019 жылы 24 қаңтарда Гребенщик орта мектебіне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді. * «Ынтымақ-Мәдениет» ауылдық клубы ## Ауыл көшелері * Бертілеу Бозекенов көшесі * Қабдыраш Төремұратов көшесі * Сиғуат Сейітов көшесі ## Дереккөздер
Айбас — Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 123 км-дей жерде. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 146 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 656 адам (351 ер адам және 305 әйел адам) болса, 2009 жылы 562 адамды (311 ер адам және 251 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 229 адамды (123 ер адам және 106 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1917 жылы Кеңес үкіметі орнап, жаңадан әкімшілік басқару жүйесі - болыстық атқару комитеті құрылғанда оған Айбас атауы беріледі. Кейін ауылдық кеңес те осылай аталған. Айбас Беріш-Жайық руының азаматы Сатыбалдының үлкен баласы болған. 1957-1997 жылдары Чапаев атындағы кеңшардың жазғы мал жайылымы болды. Кеңшар тарағаннан бері оны жеке шаруа қожалықтары қоныс етеді. Айбас - Нарын құмының дәл ортасындағы атақты жайлау. Кей деректерге қарағанда бұл жерді Бөкей хан заманында Айбас деген старшина билеген. ## Сыртқы сілтемелер * Уикимапияда ## Дереккөздер
Ауқайраң — Атырау облысы Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Аққыстаудан шығысқа қарай 9 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 255 адам (137 ер адам және 118 әйел адам) болса, 2009 жылы 140 адамды (74 ер адам және 66 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 46 адамды (25 ер адам және 21 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Амангелді — Атырау облысы Исатай ауданы, Зинеден ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 83 км-дей жерде. Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. 1930-37 ж. осы жерде болған “Ораз” ұжымшарына А.Имановтың есімі берілді. 1997 жылға дейін “Забурын” кеңшарының ферма орталығы болды. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 150 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 195 адам (93 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 145 адамды (75 ер адам және 70 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 36 адамды (17 ер адам және 19 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Ақай көшесі * Ақ шағала көшесі ## Дереккөздер
Жасқайрат — Атырау облысы Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Аққыстаудан солтүстікке қарай 51 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 287 адам (143 ер адам және 144 әйел адам) болса, 2009 жылы 304 адамды (147 ер адам және 157 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 132 адамды (72 ер адам және 60 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
I Меңлі Герей (қырымтат. I Meñli Geray; 1445 – 1515) – Герей әулетінен шыққан Қырым ханы (1467, 1469—1475, 1478—1515). Қырым хандығын құрған Қажы Герейдің алтыншы ұлы. ## Өмірбаяны Меңлі Герейдің жастық шағы туралы деректің жоқтың қасы, бірақ оның генуялық Кефе колония-қаласында тәрбиеленгені туралы болжамдар бар. Оның генуя диалектісін білгені, поэзия мен тарихқа қызығушылығы белгілі. ## Билік үшін күрес Қырым хандығының негізін салған Қажы Герей қайтыс болардан бұрын ордада бүлік тудырып, хандық тақты тартып алмақшы болды деген айыппен үлкен ұлы Хайдарды хан болу құқығынан айырады. Қажы Керей қайтыс болғанда тақ мұрагерлігі оның екінші ұлы Нұр Дәулетке бұйырды. 1466 жылы Меңлі Герей хандықты тартып алды. Бірақ бірнеше айдан кейін Нұрдәулетті жақтайтын ақсүйектердің қарсылығымен тақтан түсті. 1468 жылы Меңлі Керей Қырымдағы Судак қаласындағы Генуэз бекетінің тұрғындарының көмегімен екінші рет Нұр Дәулетті тақтан түсіріп, ел билігін қолға алды. Бірақ 1475 жылы Нұр Дәулетті жақтайтындар оны тағы да тақтан түсірді және сол жылы ол Түрік әскеріне қолға түсіп, үш жылдан кейін түрік сұлтанның жарлығымен Қырымға оралып, хандық таққа жайғасты. Меңлі Герей тұсында Қырым хандығы Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты, бірақ 1475 жылдан Осман сұлтандығына вассалдық тәуелділікке түсті. Алтын Ордаға қарсы күресте Меңлі Керей өкіметінің нығаюына Мәскеумен одақтастықтың септігі тиді. Иван ІІІ Алтын Ордаға бағыныштылықтан құтылу үшін қырымдықтарды пайдаланды. Меңлі Керей Польша-Литва мемлекетіне шапқыншылықты жиілетіп, Казимир VІ-нің Руське 1480 жылы жорық жасауына мүмкіндік бермеді. 1502 жылы Меңлі Керей Шейх Ахмед тұсында Алтын Орданы біржола талқандады және Қырым хандығын Алтын орданың заңды мұрагері деп жариялады. Сол жылы Польшамен соғыс жүргізілді, Түркияның Молдавияға қарсы соғысына қатысты. Меңлі Герей өмірінің соңғы кезінде оның балалары орыс жерлеріне бірнеше тонаушылық жорықтар жасады. Меңлі Герей өз әкесі секілді Бақшасарайда жерленген. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қырым хандарының тізімі * Қырым хандығы
Жаңа Жанбай — Атырау облысы Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 249 адам (133 ер адам және 116 әйел адам) болса, 2009 жылы 296 адамды (164 ер адам және 132 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 287 адамды (155 ер адам және 132 әйел адам) құрады. ## Тарихы Жаңа Жанбай елді мекенінің салынуы, 1989 жылдан бастап Каспий теңізінің тасуынан сол кездегі Забурын совхозының орталығы Жанбай селосына су басу қаупі төнгендіктен туындады. 1991 ж. Нарын бекетінің шығысындағы Бәйге төбеге 450 тұрғын үй мен 15-тей мекемені көшіру жоспары жасақталып, облыстың барлық ауданынан құрылыс бригадалары келіп, тұрғын үйлерді салу жұмыстарын бастады. Жаңа орынға Жаңа Жанбай деген атау берілді. 2 жылда 60-тай тұрғын үй салынды. Одан совхоз орталығы мен селолық округті көшіру мақсатында мамандарға үй берілді. Нарын бекетіндегі бастауыш мектеп орта мектепке (1994) айналдырылды және Жаңа Жанбайдың оқушыларын тасуға автобус бөлінді, мұғалімдер үймен қамтамасыз етілді. Бірақ совхоздың тарауы мен қаржылық қиындыққа байланысты және теңіз тасуының баяулауымен 1996 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Жаңа Жанбай елді мекенінде бастауыш мектеп бар. Ауыл толық газбен және ауыз сумен қамтылған. Атырау - Астрахан тас және теміржол желісі өтеді. * Жаңа Жанбай бастауыш мектебі — 2001 жылдың 1-қарашасынан бастап 80 орындық сыйымдылықпен 1 қатарлы бастауыш мектеп болып ашылды. Жер учаскесінің көлемі 0,35 га. Мектепте 4 бастауыш сынып, 1 мектеп алды даярлық тобы, бір шағын орталық тобы жұмыс жасайды. ## Елді мекен көшелері * Арай көшесі * Мерей көшесі * Мұнайшы көшесі * Парасат көшесі * Ұстаздар көшесі ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы орган. Министрлік заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру, халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру, сот-сараптама қызметі, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін көрсету, құқықтық насихат, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асырады. ## Тарихы 1920 жылы ҚазАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 жылы 28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 жылы 26 наурызда таратылып, 1970 жылы 25 қыркүйекте қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 жылы 30 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті құрылды. ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылы 29 наурыздағы қаулысымен министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылы 14 сәуірдегі қаулысымен министрліктің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті таратылып, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне және оның Астана, Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді. КР Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен министрлік қайта ұйымдастырылды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 300 Қаулысымен Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті мен Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті біріктіріліп, Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті болып құрылды. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 252 Қаулысымен Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталды. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті құрылды. Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті болып қайта аталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті мен Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті таратылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шiлдедегi № 552 қаулысымен Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi,Мәжбүрлеп орындату комитеті мен Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды. ## Міндеттері Министрліктің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: * жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, үйлестіруге қатысу, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу; * кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу; * Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету; * коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мен тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету; * жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру; * мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; * сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; * зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; * әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асыру; * атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. ## Құрылымы Әділет министрлігінің 3 комитеті бар: * Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi * Мәжбүрлеп орындату комитеті * Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Министрлік департаменттері * Стратегиялық талдау және ұйымдастыру-талдау департаменті * Заңнама департаменті * Заңға тәуелді актілер департаменті * Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті * Мемлекеттік мүліктік құқығын қорғау жөніндегі департаменті * Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті * Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті * Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті * Зияткерлік меншік құқығы департаменті * Сот актілерін орындау департаменті * Экономика және қаржы департаменті * Ішкі әкімшілік департаменті * Кадр қызметі департаменті * Ішкі бақылау басқармасы * Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы * Ақпараттық ресурстарды қорғау және ақпараттандыру басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстық әдiлет департаменттері * «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК * «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК ## Министрлер тізімі ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Әділет министрлігінің ресми сайты
Желтау – Қызыларай тау жүйесінің оңтүстігіндегі оқшауланған тау жүйесі. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде, Тоқырау өзенінің сол жағасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км-ге созылып жатыр, ені 6 км. Ең биік жері 1016 м. Желтау өңірі қоғам қайраткері, ғалым Ә.Бөкейхановтың мекені болған. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Сай-жыралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Тас көмір жүйесінің төменгі жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, қараған, арша өседі. ## Дереккөздер
Арқарлы – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Мойынты темір жол стансасының солтүстік-батысында 7 км жерде. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 4 км. Ең биік жері 927 м. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Оқшауланған тау массивінен тұрады. Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлігінің жыныстарынан түзілген. Тау баурайында бұлақ (Қараүңгір) кездеседі. ## Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырағында жусан, сұлыбас, боз, шығыс беткейлерінде бұталар өседі. Кең аңғарлары қыстық мал жайылымы. ## Дереккөздер
Арқарлы – Тоқырау өзенінің оң жағасындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км, ең биік жері 1114 м. ## Жер бедері Сай, шатқал, қырқааралық аңғарларға бөлінген, беткейлері бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың солтүстік және батыс етегінде көп мөлшерде қорымтас жиналған. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің орта және жоғарғы бөліміндегі тау жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларда бидайықты шалғын өседі. Жазғы, қысқы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Қауылжыр – Шалқар алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Шалқар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 142 км, су жиналатын алабы 1810 км2. ## Бастауы мен су алабы Бастауы Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Шалқар көліне құяды. Өзенге ондаған шағын жылғалар қосылады. Ірі салалары: Алабассай, Қарабұлақсай, Сарысай, Қоғанжар, т.б. ## Гидрологиясы Арнасының жоғарғы бөлігі төбелер аралығымен ағып, қалған бөлігі үстірттің сортаңды ойыстары арқылы өтеді. Су жайылмасы сағасында 8 км-ге дейін кеңейеді. Арнасының ені 50-150 м. Көбіне қар, аздап жер асты суларымен толығады. Жазда арнасындағы ағыс қарасуларға бөлініп қалады. Арна бойындағы құдық суымен мал суарылады. ## Дереккөздер
І Қажы Герей(қырымтат. I Hacı Geray, ١ حاجى كراى; қырымтат. Melek Hacı Geray, ملک حاجى كراى; шам. 1397 — 1466) — Қырым хандығының әрі Герейлер әулетінің негізін қалаушысы. ## Шығу тегі Ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның 13-ұлы, көптеген жорықтарға қатысқан Бату ханның інісі Тоқа Темірдің ұрпағы. Кейбір деректерде Қажы Герей бастаған Қырым хандарының арғы атасы Шыңғыс хан заманындағы Керей ханы Тұғырыл ханның (Оң хан) ұрпағы делінеді. Қажы Герейдің билік құрған кеңістігі қазіргі Қырым түбегін негіз етіп, Қара теңіздің солтүстік жағалауын алып жатыр. 1238 жылы Бату ханның моңғолдары Қырымдағы көне билікті талқандады. Содан былай Қырым Моңғол империясының маңызды орталықтарының бірі болған еді. Заман өте келе татарлардың дербестікке талпынысы күшейді. ## Өмірбаяны Қажы Герей Литва кінәздігіне қарасты Лида шаһарында туған. Ол жастайынан Литва кінәздігінің Алтын Ордаға қарсылығын қолдады және 1428 жылы Қырымды басып алып, өз хандығын орнатты және ұзақ уақыт бойы Алтын ордаға қарсы күресіп, тәуелсіз, егеменді ел құруға талпынды. Бұл күрестің өте шиеленісті болғаны сондай, аралықта бір мезгілі хандық тақтан түсіп (1434), тек 1441 жылдан бастап қайтыс болғанға дейін (1466 ж.) билікте болды және дербес Керей ақшасы алғаш рет 1441 жылдан бастап шығарылды. Сөйтіп Қырым Алтын ордадан бөлек дербес хандық болып өмір сүрді. I Қажы Герей өз патшалығын қалыптастыру үшін елордасын Бақшасарайда жайғастырады. Сол уақыттан бастап Қырым хандары осы орталықта қоныстанды. Қажы Герейдің 8 ұлы болды, олардың арасында әйгілі Меңлі Керей, Хайдар хан, Нұрдәулет болды. Бастапөы кезде Қажы Герей хандықты Хайдарға қалтырмақ болған, бірақ ол ордамен ерегесіп, бүлік ұйымдастырмақшы болды деген әңгімемен ханзадалықтан шеттетілген. Хандықты алғашында Меңлі Керей, кейін Нұрдәулетке қалтырды. Кейін Хайдар билікті тартып алып қысқа мерзім хан болғанымен, Нұрдәулет оны қудалап, билікті иеленеді. Қажы Герей қайтыс болған соң Бақшасарайға жерленген. Ол өз заманында өте сұңғыла, жігерлі, ізгі ниетті хан болғандықтан, өз халқының тәуелсіздігі үшін ақылды күрес жасай білгендіктен татарлар арасында үлкен беделге ие болды. Жұрт оны Мелек — аспан елшісі, періште деп атады. ## Билік етуі 1428 жылы Литва ұлы кінәзі Витовттың қолдауына ие болған Қажы Герей Қырым ұлысын басып алды. 16 мың әскердің басында Қажы Герей Ескі Қырымды басып алды. Қажы Герейдің жағына Шырын руынан шыққан ірі Қырым мырзалары өтіп кетті. Жаңа ханның билігіне Қырық Ор және Солхат қалалары өтті. Сол жылы Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қырымды өзінің жоғарғы билігіне бағындыру туралы шешім қабылдап, Қажы Герейге қарсы жорық ұйымдастырды. Шырын руының басшысы Тегене бей Ұлық Мұхаммедтің жағына өтіп, татар әскерінің басында Қырымға басып кірді. Ақсүйектердің қолдауынан айрылған Қажы Герей, Қырымнан Дешті Қыпшақ даласына қашып, сол жерден Литва иеліктеріне жетті. Литваның ұлы кінәзі Витовт Қажы Герейді мұрагерлік Қырым ұлысы үшін күресте қолдауға уәде берді. Литва иеліктерінде Алтын Ордадағы аласапыран кезінде сол жаққа қашып кеткен көптеген татарлар өмір сүрді. 1431 жылы Литвада жиналған жаңа әскердің басында Қажы Герей Қырымға қарсы жорық жүргізіп, берілуге ​​мәжбүр болған Солхат қаласын қоршауға алды. Осы кезде Шырын мырза Тегене бей Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедпен жанжалдасып, Қырымға оралды. Перекопта Қажы Герей оны өзінің қожайыны деп таныған Тегене беймен кездесті. Алтын Орданың хан тағына таласқан Ұлық Мұхаммед пен Кіші Мұхаммед хандар Қырым ұлыстарын өз билігіне бағындыруға тырысты. Алайда, Қырым ханы Қажы Герей олардың әскерлерін жеңіп, ата-баба ұлыстарын сақтап қала алды. Витовтпен ынтымақтастық Қажы Герейдің 1429 жылы Лутскідегі христиандық Еуропаның түріктерге қарсы бірлескен жорықтың жоспарлары талқыланған Халықаралық Еуропалық конгреске қатысуына әкелді. 1460 жылдардың аяғынан бастап оңтүстіктегі орыс жерінің бейбітшілігін қорғаушы болған Қырым хандығы Осман империясының билігіне өтті, содан бері Литва кінәздігі мен Қырым арасындағы қатынастар түпкілікті өзгерді. 1433 жылы Қырым ханы Қажы Герей Феодоро кінәздігімен одақтық келісім жасады. Сол жылдың күзінде готтық кінәз Алексей өзінің одақтасы Қажы Герейдің қолдауына сеніп, Қырымдағы генуялық иеліктерге қарсы жорық жасады. 1433 жылдың күзінде Алексей генуэздік Чембало (Балықлава) бекінісін қоршауға алып, басып алды. Бұған жауап ретінде Генуя бүлікшіл Қырым Феодоро кінәздігіне жазалау экспедициясын ұйымдастырды. Генуялықтар Корсика билеушісінің ұлы Карло Ломеллиноның бастаған алты мың сарбазы бар жиырма галлериядан тұратын эскадрилияны Қырымға жіберді. 1434 жылы 4 маусымда генуялықтар Чембалоны (Балықлава) басып алып, тонап, Феодоро кінәзі Алексейді тұтқындады. Содан кейін генуялықтар осы кінәздіктің жалғыз теңіз портын күзеткен феодоралық Каламита бекінісін қоршап, басып алып, жойды. Содан соң генуялықтар әрі қарай жылжыды, бірақ 22 маусымда Солхат қаласы түбінде, Қаракөз маңында оларды Қырым ханы Қажы Герейдің бес мыңдың жасақ талқандады. Оның әскері Кефеге жақындап, қаланы қоршап алды. 1434 жылы 13 шілдеде бейбітшілік келісімшартына қол қойылды, оған сәйкес генуялықтар Қажы Герейді Қырым ханы деп танып, тұтқындаған солдаттары мен азаматтарының оралуы үшін оған үлкен төлем төледі. 1434 жылы Алтын Орданың ханы Ұлық Мұхаммед Қырым ұлысында қайтадан өзінің жоғарғы билігіне бағындыру үшін үлкен әскерін бастап жорыққа шықты. Шырын мырзалары Қажы Герейге опасыздық жасап, Ұлы-Мұхаммед жағына өтіп, Қырым ханына тыл жағынан соққы берді. Қажы Герей дұшпаннан жеңіліп қалды. Қалған әскерімен Қажы Герей Қырымнан Днепрдің арғы жағына шегінді. Қажы Герей Литва шекарасындағы иеліктерге келіп, көп ұзамай жаңа әскер жинап, Қырымға қарсы жорыққа дайындалды. Сол кезде, Ұлы Литва кінәздігінің өзінде бөлелер Свидригайло Олгердович (1430-1432) пен Сигизмунд Кейстутович (1432-1440) арасында Ұлы кінәздіктің тағы үшін қиян-кескі және қанды феодалдық соғыс болды. Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қажы Герейдан сескеніп, Свидригайломен одағын бұзып, Сигизмундты қолдай бастады. Литваның Ұлы Герцогы Сигизмунд Кейстутович (1432-1440) алдымен Қажы Герейді жақсы қабылдады және оған қолдау көрсетуге уәде берді, бірақ содан кейін Қырымға қайтармас үшін оны кідіртуге шешім қабылдады. Қажы Герей Вилноға шақырылып, онда құрметті кепіл ретінде өмір сүре бастады. Литваның Ұлы кінәзі Сигизмунд Лида қамалы мен оның айналасын Қажы Герейге берді. Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қырымды басып алып, өз өкілін Солхатқа орналастырды. 1437 жылы тағы бір хан, Ұлық Мұхаммедтің қарсыласы, Кіші Мұхаммед Қырымды өз билігіне бағындырып, өкілді қуып жіберді. Көп ұзамай, Тоқтамыстың немересі, Сейітахмет хан Қара теңіз даласында орнығып, Ұлық Мұхаммедті Алтын Орданың солтүстік шекараларына қуып, Қырымды басып алды. Қырымда бүліншілік орнады. Көшпелі татарлар түбекті бірнеше рет қиратты. Сейітахмет тағайындаған шенеуніктер мен қазылар халықтың наразылығын тудыратындай салықты күрт арттырды. 1430 жылдардың соңында сол кездегі Литва кінәздігінің аумағындағы Лида (қазіргі Беларус) қаласында, Ұлы Литва кінәзі Сигизмунд Кейстутовичтің вассалы ретінде өмір сүрді. 1440 жылдар шамасында Шырын мен Барын бастаған қырым татар ақсүйектері Литваның жаңа ұлы кінәзі Касимир Ягеллончикке (1440-1492) Қажы Герейді хан тағына көтеру үшін Қырымға босату туралы өтінішпен жүгінді. Казимир Қажы Герейді Лидадан Киевке шақырды, сонда ол бейлердің өкілдерімен кездесіп, содан соң олармен еріп Киевтен Қырымға кетті. Қажы Гереймен бірге татар шонжарларынан басқа Литва қолбасшысы Радзивилл де ілесті. Тегене Шырын бастаған қырымдық бейлер мен мырзалар Қажы Герейге өздерінің билеушісі ретінде ант берді, ал Литва маршалы Радзивилл оны Литва Ұлы кінәзі Касимир Ягеллонның атынан хан тағына бекітті. Қажы Герей Қырымға келді, ал 1441 жылы наурызда генуялық деректерде Қажы Герей Қырымның жаңа билеушісі ретінде аталған. Қажы Герей Қырық Ор қаласында шығарған алғашқы тиындары да 1441 жылдан басталады. 1441 жылы Қажы Герей Қырымға әскерімен кіріп, оны өз билігіне бағындырып, Сейітахметтің өкілін қуып жіберді. Келесі 1442 жылы Қажы Герей мен генуялық Кефе колониясы арасында әскери қақтығыс болды. Кефе консулы Ұлы Орда ханы Сейітахметпен келіссөздер жүргізіп, оған Қырымға басып кіру кезінде қолдау көрсететінін уәде етті. Генуялықтар Қажы Герейге тиімсіз жағдайлармен жаңа бейбітшілік келісімін жасауды Қырым ханына ұсынды. Генуя республикасы Кефеге үлкен әскери жасақ жіберді. Шешуші шайқаста Қырым ханы Қажы Герей айлакерлікті пайдаланып, жауды талқандады. Кефе тұтқындарды алмастырып, жеңілдіктер жасады. Сол уақытта Сейітахмет хан көп әскермен Қырымға басып кіріп, Қажы Герейді Солхаттан ұрыссыз қуып шықты. Шырын мырзалары Сейітахметтің жағына өтіп, оны Қырым ханы деп таныды. Қажы Герей Қырымнан Днепрге қашып кетіп, сол жерде күресті жалғастыру үшін әскер жинай бастады. Ұлы Орданың ханы Сейітахмет алым-салық жинап, Солхатты өртеді, сол арқылы өзін Қырым ақсүйектерінің қолдауынан айырды. Сейітахмет Қырымнан шегінгеннен кейін Қажы Герей Орқапыда өзінің жағдайын нығайтып, Ұлы Ордаға қарсы күресті жалғастырды. Сейітахмет Дондағы соғыспен айналысып жатқанда, Қажы Герей Дешті Қыпшақтағы оған бағынушыларының көшпелі қонысын жаулап алуға тырысты. Қажы Герейге тойтарыс беріліп, Орқапыға шегінді. Хан өкілі Қажы Герейдің жеңіліске ұшырағанын естіп, Орқапыны басып алып, Сейітахметке өтпек болды. Қажы Герей оны жеңді, бірақ артынан қуған жоқ. Ол Орқапыны күшейтіп, Сейітахметтің шабуылына дайындала бастады. 1445 жылы Ұлы Орданың ханы Сейітахмет қарсыластарын жеңіп, үлкен әскерімен Қажы Герейге қарсы бағытталды. Сейітахмет Орқапыны қоршауға алды, бірақ ала алмады. Жаудың шегінуі кезінде Қажы Герей Сейітахметке ауыр соққы жасады. Ұлы Орданың ханы көптеген адамдар мен жылқыларынан айырылып, Доннан әрі шегінді. Шырын және Барын мырзаларының жасақтарымен бірге Қажы Герей Қырымға келіп, сол жерде хан болып жарияланды. Хан тағына оралған соң Қажы Герей Кефеге қарсы бағытталған Феодоро кінәздігімен одақтастықты жаңартып, кінәз I Алексеймен (1410-1447) хат жазысады. Хан ұлдары бастаған татар жасағы готтық кінәзға Каламита порт қаласын генуялықтардан қайтарып алуға көмектесті. Қырым ханы Феодоро кінәздігіне қаржылық және саяси қолдау көрсетті. Кінәздіктің жас мұрагері Қажы Герейдің балаларымен бірге Солхатта тәрбиеленді, ал ханның кенже ұлы Меңлі Герей феодоралық кінәз Алексейдің сарайында тұрды. Алтын Ордаға тәуелділіктен бас тартқан Қажы Герей Қырым Ұлысының алғашқы тәуелсіз билеушісі атанды. Орданың соңғы билеушілері бұл тәуелсіздікті мойындамады, сондықтан Қажы Герей олармен күрес жүргізуге мәжбүр болды. Қажы Герейдің Ордамен күресі Ұлы Литва кінәздігінің (Литва Украинасы) далалық шетіндегі шабуылды тежеді, сондықтан XV-XVI ғасырлардағы поляк тарихнамасында Қажы Герей Украина шекараларының қорғаушысы және Литваның адал одақтасы ретінде бейнеленген. Қажы Герей Алтын (Ұлы) Орда хандарын екі ірі шайқаста жеңді. Днестрден Донға дейінгі далаларды басқарған Сейітахмет хан Литва мен Польша шекараларына көптеген шапқыншылықтар жасады.Сейітахметтің шабуылы кезінде Польша королі және Литва ұлы кінәзі Касимир Ягеллон көмек сұрап Қырым ханы Қажы Герейге жүгінді. 1452 жылы Сейітахмет Литваның оңтүстігіндегі иеліктерге тағы бір шабуыл жасап, Подольск жерін Львовқа дейін қиратты. Тұтқындардың көптігімен және бай олжасымен Сейітахмет хан өзінің ұлыстарына қайта кетті. Қырым ханы Қажы Герей әскер жинап, Сейітахметке жетіп, Днепрден өткеннен кейін оған шабуыл жасады. Қырым ханы кенеттен шабуылдап, қоршап алып, Ұлы Орданың әскерін талқандады. Сейітахмет хан аз ғана әскерімен қоршаудан шыға алды, ал оның көпшілігі Қырым ханы жағына өтті. Жеңілген Сейітахмет көмек сұрап Литваның ұлы кінәзі Касимир Ягеллончикке жүгініп, Киевке қашты. Киевте Сейітахмет қамауға алынып, Ұлы Литва кінәздігінің астанасы Вильноға жіберілді. Литваның ұлы кінәзі Казимир текті тұтқынды өмірінің соңына дейін өмір сүрген Ковноға жіберді. Сейітахметтің тоғыз ұлы Литва татарларының арасында қоныстанды. 1465 жылы Ресейге қарсы жорыққа шыққан Ұлы Орда ханы Махмұтты Қырым ханы Қажы Герей Дондағы шайқаста (1459-1465) жеңді. Донды кесіп өту кезінде Қырым ханы ордалықтарға шабуыл жасап, оларға ауыр соққы жасады. Тақта отырған Махмұт хан жеңілістен кейін інісі және қарсыласы Ахмет билікті тартып алған соң, Астраханға (Қажы Тархан) қашып кетеді. Ордалықтардың көп бөлігі Қырым ханы Қажы Герейдің қызметіне кірді, ал Қажы Герей оларды өз иелігіне қоныстандырып, өзінің әскери күшін одан әрі көбейтті. Алтын Орданың түпкілікті ыдырауын Қажы Герейдің жеңістері және оның кейінгі билеушілерін 1502 жылы Қажы Герейдің ұлы I Меңлі Герейдің талқандауы жақындатты. 1454 жылдың жазында Демир-кяхя бастаған Османлы эскадрильясы (56 кеме) генуялық сауда қоныстарын тонау үшін Қырым жағалауында пайда болды. Шілденің басында түрік кемелері Кефеге жақындап, әскерлерді жағаға қондырды. Түрік жасағы бекіністі басып алмақ болды, бірақ бұл шабуыл тойтарылды. Үшінші күні Қырым ханы Қажы Герей алты мыңдық татар әскерімен Кефеге жақындады. Қажы Герей түрік қолбасшысы Демир-кяхямен келіссөздер жүргізді. Олардың әңгімесінің мазмұны белгісіз болып қалды. Келесі күні түріктер Кефеден шегінді, содан кейін генуялықтандан азық-түлік талап етіп, алып, теңізге шықты. Хан тағында бекінген, Қырым ханы Қажы Герей Қырым астанасын оның ата-әмірлерінің ескі резиденциясы - Қырым қаласынан Қырық Орға көшірді, бұл жерден І Меңлі Герей кезінде Салашыққа, содан кейін I Сахиб Герей кезінде Бақшасарайға көшірілді. I Қажы Герей халық арасында өте танымал болды, сондықтан періште (қырымтат. Melek) деген лақап ат алды. 1466 жылы тамызда Қырым ханы Қажы Герей қайтыс болды, ол қазіргі Бақшасарайдың шетіндегі астаналық Салашық ауылында жерленген. ## Сурет * Керей І кескіні(қолжетпейтін сілтеме) ## Тағы қараңыз * Қырым хандарының тізімі * Қырым хандығы ## Дереккөздер
Қызылжар — Атырау облысы Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 95 адам (47 ер адам және 48 әйел адам) болса, 2009 жылы 108 адамды (51 ер адам және 57 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ бойынша 70 адамды (34 ер адам және 36 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі — Астана қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 2 шілдеде ашылған мұражай. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Музей «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 675 Қаулысы шықты. Ұлттық музейдің алғашқы директоры болып Дархан Қамзабекұлы Мыңбай тағайындалды. ## Мұражай ғимараты Мұражай ғимараты Тәуелсіздік алаңы маңындағы «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік сарайымен, Бейбітшілік және келісім сарайымен, Әзірет Сұлтан мешітімен және Қазақ ұлттық өнер университетімен үйлесім тапқан. Музей ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады. Аса ірі бірегей музей кешені 74 000 м2 жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 000 м2 асатын экспозициялық алаң 14 залды алып жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 20 зал бар, соның ішінде Ежелгі және ортағасырлар тарихы залы, Көне түркі өркениеті залы, Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары залы, XIII-XX ғғ. Қазақстан тарихы залы, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы, Материалдық емес мәдени мұра залы, Палеонтология залы, Қолөнершілер орталығы, Заманауи бейнелеу өнері залдары бар. Ұлттық қазынаны зерделеу жөніндегі музей құрылымы ғылыми-зерттеу институтынан тұрады. Сондай-ақ балалар музейіне, балалар шығармашылығы орталығына, екі көрме залына, қалпына келтіру шеберханасына, зертханаларға, кәсіби қор сақтауға, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, мәжіліс залы мен кәдесый дүңгіршектеріне арналған үй-жайлар көзделген. Музей дүниежүзілік стандарттарға сәйкес жабдықтармен жарақтандырылған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: екі залға жұмыс істейтін арнайы контенті бар бірегей иілген экран, медиа еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, толып жатқан медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарық LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер, үш тілде ақпарат беретін мультимедиялық жолсерік пайдаланылады. Музейде экскурсиялардың алуан түрлері – шолу және тақырыптық экскурсиялар, интерактивті сабақтар мен ойын экскурсиялары түрінде арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ұлттық музей заманауи санаткерлік мәдениет мекемесі болуға, Республиканың тарихи және мәдени мұрасын талдау, салыстыру, пайымдау, талқылау, ой-пікір айту және бағалау орнына айналуға тиіс. Осы заманғы музей – бұл келушілермен әрқашан да ашық бүкпесіз сұхбаттасу. Бұл музейде оның меймандарын тарихпен тілдесудің белсенді қатысушыларына айналдыруға қолдан келгеннің бәрі жасалған. ## Дереккөздер
Нәруыздыӊ бірінші реттік құрылымы. Нәруыздыӊ бірінші реттік құрылымында аминқышқылдары ретпен бір — бірімен берік ұзын тізбек құрап орналасады. Бірінші реттік құрылымындағы аминқышқылдарыныӊ ретпен орналасуы басқа нәруыз молекуласында қайталанбайды. Мұныӊ өзі бір нәруыз екінші нәруыздан аминқышқылдарыныӊ орналасу ретіне байланысты ажыратылатындығын дәлелдейді. Сондықтан жасушада жүздеген нәруыз молекуласы болады. Олар құрылымдары жөнінен бір — бірінен айқын ажыратылады. Бірінші реттік құрылымы толық зерттелген нәруызға мысал ретінде инсулин гормонын қарастырайық. Инсулин гормоны екі полипептидтік тізбектен — А және В-дан тұрады. А тізбегі 21 аминқышқылдарыныӊ қалдығынан, ал В тізбегі 30 аминқышқылдарыныӊ қалдығынан тұрады.Бір назар аударатын жағдай — В тізбегініӊ бірінші реттік құрылымы барлық жануарларда бірдей болады. ## Дереккөздер
Зинеден (2008 жылға дейін – Забурын) — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Зинеден ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 83 км-дей жерде. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 525 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 897 адам (466 ер адам және 431 әйел адам) болса, 2009 жылы 1104 адамды (569 ер адам және 535 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1242 адамды (640 ер адам және 602 әйел адам) құрады. ## Тарихы Зинеден ауылының ең алғашқы атауы Қызылбас деп аталған. Балық аулау батағаларының басшылары бай құлақтар иелік жасаған мекенге кейіннен "Забурунье" атауы берілген. Бұл атау жөнінде бірнеше жорамалдар бар. Олардың бірі - тереңнен келе жатқан кемелер мен қайықшылар таяу салып тереңдігін бағдарлап, сол жердің балшығы мен толқынының биіктігімен қай тұс екенін күндіз де, түнде де болжай білген. Биік-биік толқыны бар бұл тұсты кейіннен қазақтар Жыбырлақ деп атаса, ал орыстар бұл биік толқындарды "бурун" деген, яғни «За буруном острова видны» деген сөзбен байланыстырған. Екіншісі - Забурунье (это острова которые по обе стороны глубина) деген сөзден шыққан болу керек дейтін дәйек те бар. Бір кездері Қарауылқожа Бабажановтың иелігінде болған, бүгінгі Зинеден ауылынан 5 шақырым жерде "Бәйге төбе" деген жер Каспий теңізінен үлкен кемелер өзектерге еркін кіретін осы өңірдегі бірден-бір айлақ еді. Осы айлақтар арқылы Нарын өлкесінің қоныстанушылары өздерінің азық-түлік, сауда байланыстарын жасап отырды. Жәңгір хан Қарауылқожаның қызына үйленгенде осы Бәйге төбеде үлкен ат шабыс, тағы басқа да ойын-сауықтар өткізіліпті. Қазақтың Шоқаннан кейінгі этнограф ғалымы Мұхамед-Салық Бабажанов 1832 ж. осы Забурында туған. 2008 ж. Забурын ауылында күрделі өзгерістер болып, ауылдың аты сәуір айында облыстық әкімшілік пен облыстық мәслихаттың шешіміне сай Забурын ауылы халық емшісі, атақты сынықшы Құрас ұрпағы Зинеден атын иемденіп, Зинеден ауылы болып өзгертілді. ## Елді мекендегі көшелер * Азаттық көшесі * Атамекен көшесі * Атанкеткен көшесі * Барсы көшесі * Достық көшесі * Жастар көшесі * Каспий көшесі * Қазақстан көшесі * Қапизолла Қуанышбаев көшесі * Мұнайшы көшесі * Толқынды көшесі * Шамшырақ көшесі * Ынтымақ көшесі ## Әлеуметтік нысандары Ауылда орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, балабақша, клуб үйі, кітапхана, 6 дүкен, 4 кафе, бір АЗС, бір ТЖО, бір телетаратылым, «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ бөлімшесі халыққа қызмет жасауда. Ауыл аумағынан «Кобяково-Забурын» каналы өтеді. 2014 ж. желтоқсан айында ауыл тұрғындары түгелдей «Ақбұлақ» бағдарламасымен толықтай ауызсуға қосылды. 2015 ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай ауылда «Тағзым» монументі орнатылса, 2016 ж. балаларға арналған ойын алаңы, 2017 ж. қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы ашылды. ### Мектеп * Ю. Гагарин атындағы орта мектеп - 1961 жылға дейін "Сарытөбе" орталау мектебі, 1996 жылдан бастап Ю. Гагарин атындағы орта мектеп деп аталды. 2005 жылы жобалық қуаты 320 орындық мектеп ғимараты салынды. Ұжымда 56 ұстаз қызмет етеді. ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы — 1992 жылы 25 балалық алғашқы топ ашылды. 2011 жылы екінші топ, 2012 жылы қосымша үшінші топ ашылды. Балабақшада 60 бүлдіршін тәрбиеленіп 19 қызметкер мен 10 педагог еңбек етуде. 2019 жылы жаңа 100 орындық балабақша ғимараты пайдалануға берілді. ## Ауылдан шыққан тұлғалар * Ахмет Жұмашұлы Сүндетов * Мұхамед-Салық Бабажанов ## Дереккөздер
Саған Сэцэн - моңғол жылнамасы. Орта ғасырдағы Моңғолияны зерттеу үшін аса маңызды деректеме - "Эрденийин тобчи" жылнамасын құрастырды Саған Сэцэн - Ордос нояндарының бірі. Чахар ханы Лэгдэннің Маньчжурияға қарсы күресін қолдады, соған байланысты Ордос моңғолдарының арасында Саған Сэцэн маньчжурларға қарсылық көрсетті және маньчжур адамының қолынан қаза тапты деген аңыз пада болды. ## Дереккөздер
Сағалдырық - жүгеннің, ноқтаеың алқым астына келтін бауы. Сағалдырық ат басынан жүген мен ноқта сыпырылып кетпеуі үшін керек. Сағалдырық бауының бір ұшы жүгенге бекітіледі де тоға арқылы жалғастырылады. Күміс жүген Сағалдырықтың тоғасына және бірнеше жеріне күміс әшекей орнатылады. Мұны күміс Сағалдырық деп атйды. ## Дереккөздер
Олег Карломавич Саган-оол - тува кеңес жазушысы. Иркутск педагогикалық институтында оқыған, кейін КОКП ОК-нің жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірді. 1944-71 ж. Тува Жазушылар одағының төрағасы. Шығармалары 1938 жылдан бастап жарияланды. Олег * "Кездесу" атты әңгімесінде революцияға дейінгі кедейлердің ауыр тұрмысын суреттесе, * "Баян-Тала кісі", * "Бақыт жұлдызы" атты әңгіме, повестері мен * "Үміттену", * "Бір сельсоветте", * "Жырлап берейін", * "Ояну", т.б. пьесаларында, * "Туысқан адамдар" романында кеңестік тувалардың психологиялық даму, өсу жолдарын суреттейді. Ол Александр Сергеевич Пушкин, Лермонтов, Шолховтың көптеген шығармаларын тува тіліне аударған. ## Дереккөздер
Қызылүй — Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 310 адам (167 ер адам және 143 әйел адам) болса, 2009 жылы 347 адамды (183 ер адам және 164 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 244 адамды (132 ер адам және 112 әйел адам) құрады. ## Тарихы Қызылүй елді мекенінің іргетасы 1913 жылы қаланған. Патша әкімшілігінің шешімімен қызыл саз балшық тастан бекет (ғимарат) салынған. Сол жылдан бастап осы қоныс Қызыл үй атанып кеткен. Нарын құмында болған колхоздар кезінде оның бөлімшесі, ал 1957 жылы Чапаев атындағы совхоз құрылған кезінде №2 ферма орталығы болған. 1960 - 1984 жылдар аралығында ферманы басқарған Хатима Дайырова Ленин орденімен марапатталған. Фермадан малбегілер Батан Ыбыраев КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Шәріп Сыдықов Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері атанып, ондаған шопандар орден-медальдармен марапатталды. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауылда негізгі мектеп, фельдшерлік пункт, клуб, кітапхана қызмет жасайды. * Қызылүй негізгі мектебі — 1986-87 оқу жылында малшы-шопан балалары жатып оқитын интернатымен қоса Қызылүй бастауыш мектебі болып ашылған. 1990-1991 жылдан бастап негізгі мектепке айналдырылды. 2019 жылы 80 орындық екі қабатты мектеп үйі пайдалануға берілді. ## Дереккөздер
Мыңтөбе — Атырау облысы Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 87 км-дей жерде. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 181 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 254 адам (125 ер адам және 129 әйел адам) болса, 2009 жылы 156 адамды (82 ер адам және 74 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 46 адамды (23 ер адам және 23 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Нарын — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Нарын ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50, облыс орталығынан 140 шақырым жерде орналасқан. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 395 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 651 адам (312 ер адам және 339 әйел адам) болса, 2009 жылы 842 адамды (425 ер адам және 417 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 812 адамды (454 ер адам және 358 әйел адам) құрады. ## Тарихы Атырау- Астрахан теміржолы іске қосылуына байланысты теміржол бойындағы Нарын (№13 бекет) 1971 ж. қаңтар айынан бастап тұрақты түрде пайдалануға берілді. 1971 ж. наурыз айынан бастап Аққыстау стансасында орналасқан №285 құрылыс-монтаж пойызының құрылысшылары құрылыс жұмыстарын бастап, 1972 ж. мамыр айында жұмыстарын тоқтатты. 1974 ж. Ганюшкино стансасында орналасқан №18 құрылыс-монтаж пойыз жұмысшылары кұрылысты бастап, 1975 ж. қыркүйек айында 22 пәтерлік 2 үй, бастауыш мектеп, су айдау стансасы, жылу беру орталығы, балабақша пайдалануға берді. ## Елді мекендегі көшелер * Ардагер көшесі * Болатжол көшесі * Достық көшесі * Жаңа құрылыс көшесі * Мектеп көшесі * Сазанқұрақ көшесі * Шұғыла көшесі * Ынтымақ көшесі ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Нарын ауылында орта мектеп, балабақша жұмыс істеуде. Нарын дәрігерлік амбулаториясы, кітапхана, клуб, пошта, «Қазақтелеком» бөлімшесі қызмет көрсетеді. Атырау - Астрахан тас және теміржол желісі өтеді. ### Мектеп * "Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп" — 1975 жылдың қараша айында №79 бастауыш мектебі болып ашылды. 1994 жылдан бастап жалпы білім беретін орта мектепке айналды. ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * „Нарын“ балабақшасы — 2014 жылғы қараша айынан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаты 25 орын. Балабақшада 20 қызметкер жұмыс жасайды. ## Шаруа қожалықтары Жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарында 01.01.2018 жылға 1441 бас мүйізді ірі қара, 5189 бас қой-ешкі, 1059 бас жылқы, 1009 бас түйе бағылып, ауы-шаруашылық өнімдерімен жергілікті халықты қамтамасыз етуде. ## Ауыл суреттері * * ## Дереккөздер
Исатай — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Исатай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 101 шақырым, облыс орталығынан 183 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округ халқының негізгі кәсібі - теміржол саласы болғанымен, жергілікгі тұрғындардың басым бөлігі қосалқы шаруашылық - мал өсіріп, оның өнімін тиімді пайдаланып келеді. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 1183 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 1354 адам (670 ер адам және 684 әйел адам) болса, 2009 жылы 1501 адамды (748 ер адам және 751 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1466 адамды (784 ер адам және 682 әйел адам) құрады. * Халықтың белсенді саны - 913, * жұмыс жасайтындар саны - 526, * зейнеткерлер - 156, * 18 жасқа дейінгі балалар саны - 572, * жалғызбасты қариялар - 8, * мүгедектер - 39, * жұмыссыздар - 47. Округ тұрғындары бір елді мекен Исатай ауылында топтастырылған. ## Тарихы Исатай ауылының алғашқы құрылу тарихы «Атырау-Астрахан» арасын жалғастыратын теміржол кұрылысы басталуына орай жобаланды. 1968 жылдың көктемінде станса салынатын орынға алғашқы құрылысшылар бригадасы келіп, алғашқы үйлер тұрғызыла бастады. Көп ұзамай, елді мекенге теміржол тартылды. Теміржол мен әлеуметтік нысандарды салуға «УС-99» құрылыс басқармасына қарасты №6 жол төсеу пойызы қатысты. Оған өзге ұлт өкілдермен бірге жергілікті тұрғындар да тартылды. Сөйтіп стансада вокзал ғимаратымен бірге медпункт, Қызыл отау (мәдениет үйі), байланыс үйі, балабақша, бастауыш мектеп құрылысы, 8 үйлік корпустар - бәрі де қызыл кірпіштен салынып, ақ шағылдың ортасында ерекше сәнге оранған жаңа ауыл пайда болды. Жаңа ауыл азаттықтың батыры Исатай Таймановтың құрметіне Исатай стансасы атауына ие болды. Исатай стансасының кеңейіп, ауыл тұрғындарының саны артуы 1970 жылдардың басында селоға жақын жерден «Октябрьск» жаңа кен орны табылып, соны зерттеп игеру үшін барлау, бүрғылау экспедициясы келуімен байланысты. Жұмысшылар вахталық әдіспен жұмыс істеу үшін жатақхана, асхана, наубайхана, электр стансасы, жылу қазандықтары, теміржолшылар балалары үшін балабақша, селоның оңтүстік беткейінен тұрғын үйлер салына бастады. Жұмысшыларды тұрақтандыру мақсатында үй-жайлармен түгел көшіп келу үшін 1972 ж. мұнайшы балаларына арналып сегіз жылдық мектеп ашылып, оған кен орнының «Октябрьск» атауы берілді. ## Елді мекендегі көшелер * Ақтөбе көшесі * Байғожа көшесі * Барсы көшесі * Бейбітшілік көшесі * Ғилыман Хайрошев көшесі * Достық көшесі * Досығұл көшесі * Жалын көшесі * Жамлиха Түнешов көшесі * Жеті ауыл көшесі * Жұмабай Қуанышев (Мектеп) көшесі * Исатай Тайманұлы көшесі * Қарабөлек көшесі * Құрмет Шамахов (Қазан) көшесі * Насихат Сүгірұлы көшесі * Өтешқали Ихсанов көшесі * Теміржол көшесі * Ынтымақ көшесі ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауылда Исатай орта мектебі, «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы, ауылдық клуб пен ауылдық кітапхана, дәрігерлік амбулатория, 5 орындық стационар, ЭЧ, ШЧ, ПЧ, «Транстелеком», «Қазақтелеком» мекемелері жұмыс жасайды. ### Мектеп * Исатай орта мектебі — Октябрь орталау мектебі болып 1972-1973 оқу жылында мұнайшы-барлаушы балалары үшін ашылды. 1973 жылы қысқартылған Калинин бастауыш мектебі (Амангелді уч.) қосылды. 1974-1975 оқу жылынан бастап мектеп орта мектепке айналды. 1976-1977 оқу жылынан бастап мектепке №533 темір жол бастауыш мектебі қосылды. Жаңа типтік жобадағы 320 балалық мектептің іргетасы 2006 жылы қаланып, 2007 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. Мектепке 1992 жылы Исатай Тайманұлы есімі берілді. ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы — Балабақша ғимараты 1970 жылы салынған. Жалпы сыйымдылығы 75 орындық. 2012 жылы 45 балалық екі топ ашылды. Қазір балабақшада 36 қызметкер жұмыс жасайды. ## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік 7 жекеменшік дүкен, 2 тойхана, 1 техникалық қызмет көрсету орталығы халыққа қызмет көрсетіп отыр. 2001 ж. ауылға табиғи газ желісі жүргізіліп, ауыл тұрғындары 100 пайызға табиғи газбен қамтылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су айдау мұнарасы күрделі жөндеуден өтіп, 20,08 шақырым ауылішілік су желісі бар. Ауылда 1165 ірі қара, 606 түйе, 325 жылқы, 4019 қой-ешкі бар. 7 шаруа қожалығы тіркелген. ## Дереккөздер
Тұщықұдық (2008 ж. дейін – Чапаево) — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Тұщықұдық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 3480 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 3600 адам (1830 ер адам және 1770 әйел адам) болса, 2009 жылы 4108 адамды (2092 ер адам және 2016 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4683 адамды (2440 ер адам және 2243 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер Ғатау Рамазанов, Оңайбай Нағиев, Жұмабай Мырзағалиев, Хұсынеден Пазылұлы, Абдолла Құрманов, Әзіржан Қаражанов, Сидеғали Нұрманұлы, Абай Құанбаев, Ізғали Сембаев, Амангелді Иманов, Мұхиден Ғалиев, Бақсай, Аққыстау, Атамекен, Болашақ, Барлаушы, Мұнайшы, Бірлік ту, Күнбатыс, Егеменді Қазақстан, Болат жол, Ақжол, Нарын, Айтан Смағұлов, Шамшиден Шәріпов, Чапаев, Жамбыл Жабаев, Тастан Башпанов, Қапизолла Каримов, Хатима Дайырова, Тасарал, Әжігерей Қалимов, Тілеген Шайхимов, Едіге Мамаев, Бәйтерек көшелері. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауыл тұрғындары газбен, сумен толықтай қамтылған. Ауыл орталығында 1 орта, 1 бастауыш мектеп, 1 балабақша, мәдениет үйі, емхана, 2 кітапхана, т.б. әлеуметтік нысандар халыққа қызмет жасайды. ### Мектептер * Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектеп — 1918 жылы Бегайдар ауылында бастауыш мектеп болып ашылған. 1939 жылдың тамыз айына дейін Бегайдар орталау мектебі аталып келсе, осы оқу жылынан бастап М.Горький атындағы орталау мектебі деп аталды. 1944 жылғы қыркүйек айында М. Горький атындағы 7 жылдық мектебі, ал 1947 жылдың тамыз айынан бастап М.Горький атындағы орта мектебі аталған. 1948 жылы жазда мектеп Тұщықұдық ауылына көшіріліп, Бабаннан көшірілген Сталин орта мектебімен қосылды. 1957 жылы бірнеше ұсақ ұжымшарлар біріктіріліп, Чапаев атындағы кеңшар құрылғанда Тұщықұдық аталған ауылдық кеңестің орталығына айналған Чапаев (ол кезде Аққыстау деп аталды) селосына көшірілді. Осы жердегі Чапаев атындағы жеті жылдық мектебі және ауылдық Кеңеске қарайтын Есіркеп елді мекеніндегі Папанин жеті жылдық мектебі біріктіріліп М.Горький атындағы орта мектебі деп аталды. 1986 жылы мектеп 640 оқушыға арналған үш қатарлы ғимаратқа көшіріліп орналасты. 1992 жылы тамыз айында ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы Ж.Мырзағалиев есімі берілді. * Жамбыл атындағы бастауыш мектеп — 2001 жылы жаңа ғимарат салынып жалпы білім беретін бастауыш мектеп болып құрылды. 2019 жылдың 24 қаңтарында Чапаев бастауыш мектебіне Жамбыл есімі берілді. * Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2023 жылы ақпан айында қолданысқа берілді. Спорт кешенінің бірінші қабатында үлкен ойын залы болса, ал екінші қабатындағы жаттығу бөлмесі түрлі спорт жабдықтарымен жасақталған. Кешеннің қасында кіші футбол алаңы да бар. ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * «Құлыншақ» бөбекжай-балабақшасы — Типтік 2 қабатты, жылпы көлемі 4890 ш.м., жер көлемі 1110 ш.м. 8 топта 205 бала тәрбиеленіп, бақшада 24 педагог еңбек етуде. ## Дереккөздер
Хамит Ерғалиев ауылы (1998 ж. дейін - Новобогат) — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Қамысқала ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы Аққыстаудан солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 3347 адам (1682 ер адам және 1665 әйел адам) болса, 2009 жылы 3451 адамды (1742 ер адам және 1709 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3719 адамды (1919 ер адам және 1800 әйел адам) құрады. ## Этимологиясы Көнеден қалған ауызекі әңгімелерше қарағанда, бұл жердегі басты байлық көзі - теңіз балығы болған. Орыстың бай көпестері иелік қылған теңіз байлығының бір тартым учаскесі ауылдың оңтүстігінде орналасып, ауланған балықтар Гурьев қаласына, кейде Астраханға жіберіліп отырылған.1841 ж. қазіргі ауылдың орнынан қамыстан алғаш үйлер құрылысын бастаған. Алыстан көрінетін, әрі қамыс материалынан салынған балықшылар үйлерін халық Қамысқала деп атап кеткен. Ауылдың Новобогат аталуының да өз жорамалдары бар. Бұл мекенге кезінде С.Разин, кейін 1880 жылдарда Негайдың баскесерлері бас сауғалаған. Жергілікті байлардың молаларға тыққан алтындарын тауып, алып кетпекке келген Новиков, Выборнов, Богатиков деген үш адам осы жерді қоныс қылып қалып қойған деседі. Міне, осы үш адамның фамилияларынан Новобогат атауы пайда болған десе, өлкетанушы М.Намазғалиев: «Бұл атау осы аумақтан мұнай көзі табылып, ел жаңа байлыққа кенелген шақта қойылған жер атауы», - деп пайымдайды. ## Тарихы Ауыл шежіресінің ең басты дерегі Қамысқала алаңына «Ағайынды Нобельдер» мұнай фирмасының келуімен, олар өндірген мұнай өндірісімен үндеседі. 1911 ж. 250 нүктеге ағаштан белгілер қағылып, геологиялық зерттеу жұмыстары қолға алына бастады. 1915 ж. Орал қаласынан Анатолий Ковалев деген орыс жігіті келіп, мұнай айыратын шағын зауытты іске қосса, Гурьев қаласынан келген Сергей Толстов екінші май айыру цехын ашып, мұнайдан бензин, керосин, солярка айыра бастайды. Кейін шағын зауыт пен «Ащыбұлақ» деп аталған ағылшын мұнай өндірісі біріктіріліп, Қамысқала өндірістік комбинаты болып құрылды. Жаңа кәсіпорын директорлығына жергілікті азамат Жұмағали Иманғалиев тағайындалды. 1957 жылы құрылған «Новобогат» кеңшарының орталығына айналған тарихи ауыл келбетін өзгертіп, жаңа мектеп ғимараты, 1966 ж. облыста алғашқы болып типтік жобадағы 35 кереуеттік аурухана, сауда нысандары, 1970 жылдар бастауында мәдениет үйі, типтік балабақша құрылыстары салынды.Тәуелсіздік жылдарында селолық округ орталығынан Новобогат орта мектебі, бала-бақша ғимараттары бой көтерді.Ауыл қазіргі уақытта Қазақстанның Халық жазушысы, белгілі ақын Хамит Ерғалиев есімімен аталады. 1928-1930, 1939-1957 жылдары Новобогат ауданының орталығы болды. ## Елді мекендегі көшелер * Ибатолла Шөкетаев көшесі * Зейнолла Әбежанов көшесі * Сәулеш Әдиев көшесі * Жұмағали Айтбаев (Жаңақұрылыс) көшесі * Қинаш Сахуалин көшесі * Ғилымғали Жәңгіров көшесі * Серік Жұмағалиев (Парк) көшесі * Мұхиден Ғалиев көшесі * Шаймардан Сариев көшесі * Мадияр Қостанбаев көшесі * Иманғали Жұбанов (Завод) көшесі * Қуан Қасымов көшесі * Ұлыш Сапарғалиева көшесі * Ахмет Жұбанов көшесі * Зинетолла Қарабалин көшесі * Қабдығали Хисин (Бақсай) көшесі * Қамысқала көшесі * Хамит Балмолдин (Ембі) көшесі * Амангелді Иманов көшесі * Жамбыл Жабаев көшесі * Ысқақ Әбілов (Шошақ ағаш) көшесі * Төре Дәулетияров (Юрий Гагарин) көшесі * Ұзаққали Сабыров көшесі ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауылда 2 орта мектеп, мәдениет үйі, 2 балабақша, Новобогат дәрігерлік амбулаториясы, жанар-жағармай бекеті, т.б. әлеуметтік нысандар бар. ### Мектептер * Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп — (бұрынғы Амангелді мектебі), 1929 жылы мектеп 7 жылдық, 1939 жылы орта мектеп болып құрылған. 1966 жылы қазіргі жаңа мектеп үйі пайдалануға берілді. Мектепте 90 мұғалім жұмыс жасауда. * Новобогат орта мектебі — 1975 жылы орталау білім беретін мектеп ретінде ашылып, 1998 жылдан бастап орта мектепке айналдырылды. 2004 жылы 30 тамыздан бастап типтік үлгідегі мектеп үйі пайдалануға берілді. Мұғалімдер саны - 38, оқушылар саны - 257, сынып саны - 17. ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * "Айжұлдыз" бөбекжай-балалар бақшасы — 2016 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру басқармасының демеушілігімен салынып 2017 жылы пайдалануға берілді. Бала бақша екі қабатты, сиымдылығы 100 балаға арнап салынған. * „Аққу“ балабақшасы — 1983 жылы 90 орындық мекеме болып өз жұмысын бастады. 2016 жылдың 31 тамызында атауы "Аққу" бөбекжай-балабақшасы болып өзгертілді. ### Саз мектебі * Новобогат балалар саз мектебі — 1991 жылы Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің филиалы болып, 1995 жылы өз алдына саз мектебі болып ашылды. Мектеп оқушыларға домбыра, қобыз, сырнай мамандықтары бойынша аспаптарды жете меңгерту бағытында жұмыс жасайды. ## Шаруа қожалықтары «Қабибулин», «Бекет», «Серижан» шаруа қожалықтары мүйізді ірі қараны асылдандыру жұмыстарын қолға алып, ет өнімін өндіру бағытында игілікті жетістіктерге жол ашып отыр. ## Діни ұйымдар қызметі «Қамысқала» мешіті — 2004 жылы салынған. Жалпы аумағы 0,36 га. Мешіт ерлер залы (80,7 шаршы метр), әйелдер залы (42 шаршы метр) және имам бөлмесінен тұрады. Оның 14 метрлік 1 мұнарасы және екі бүйірінде 10 метрлік екі мұнарасы бар. Үлкен күмбезі негізгі зал үстіне салынған. Мешіт дала түстес кірпіштен қаланған. Қасбеті Орта Азиялық мешіттер сәулетін еске салады. Ғибадатхана михрабына шаһадат калимасы, ал екі жағына «Алла» және «Мұхаммед» деп жазылған. Күмбез астына «Аятул курси» аяттары өрнектелген. Еденге «Алматыкілем» фабрикасының кілемі төселген. Мешіт үйінің құрылысы Исатай ауданының Құрметті азаматы, Нұрпейіс Мақашевтың бастамасымен салынды. Құрылысты жүргізген мердігер «Ғимарат» ЖШС. ## Дереккөздер
Алға — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Мақаш ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 18 км жерде Көкарна өзені тармақтарының жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1878 адам (955 ер адам және 923 әйел адам) болса, 2009 жылы 1972 адамды (1009 ер адам және 963 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1880 адамды (969 ер адам және 911 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Ә.Сәрсенбаев атындағы орта мектеп — 1928 жылы ашылды. Алғашында Ленин атындағы бастауыш, 1934 ж. жетіжылдық, 1937 жылы орта мектеп болды. 1995 ж. Ә.Сәрсенбаевтың есімі берілді. * «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасы * Шабыт ауылдық мәдениет үйі ## Ауыл көшелері * Әбу Сәрсенбаев көшесі * Жандол Жаманбаев көшесі * Жұмажан Мәмбеталиев көшесі * Ләтипа Сисенова көшесі * М. Қышиқов көшесі * Мақаш әкім көшесі * Нұғыман Ақбетов көшесі * Сибағат ата көшесі * Смағұл Көшекбаев көшесі ## Дереккөздер
Арна (2007 жылға дейін - ММС) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 46 км жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 805 адам (399 ер адам және 406 әйел адам) болса, 2009 жылы 803 адамды (383 ер адам және 420 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 662 адамды (340 ер адам және 322 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Абылай хан көшесі * Қиғаш көшесі * Құсайын Өтешқалиев (Тұңғыш) көшесі * Тәуелсіздік көшесі ## Дереккөздер
Амангелді (2007 жылға дейін – Богатое) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде орналасқан. ## Тарихы Бұл елді мекен бұрын Богатый ауылы деп аталған. Елдің айтуы бойынша балықтың көп болуы себепті, «Богатые места», «Богатые угодья» атауларының негізінде айтылса керек. Алғашқы балықшы ұжымдары 1930 жылдары құрылған. 1940 жылдары Ботақан ауылдық кеңесінен «Екпінді құрылыс» колхозының мүшелері қоныс аударған. 1959 жылы шаруашылыққа Амангелді есімі берілген. Ауданда ұсақ шаруашылықты ірілендіру мақсатында көрші «Қызылтаң» колхозына біріктірілді. Күні бүгін Бірлік ауылдық округіне қарайды. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 366 адам (184 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 427 адамды (212 ер адам және 215 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 400 адамды (203 ер адам және 197 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауылда мектеп, балалар бақшасы, клуб, кітапхана, сауда нүктелері жұмыс жасайды. ### Білім беру ұйымдары * А.Иманов атындағы орта мектеп — 1944 жылы бастауыш мектеп болып ашылды. 1960 жылы мектептің жаңа үйі пайдалануға берілді. 1969 жылы мектеп 8 жылдық болды. 1986 жылы мектепке А.Иманов аты берілді. ## Елді мекендегі көшелер * Амангелді Иманов көшесі * Болашақ көшесі * Сарай Сүйіншәліқызы көшесі * Ұлы Жеңіске 60 жыл көшесі ## Дереккөздер
Дүйсенбі Смайылов - (1932 жыл, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Отаршыл ауылы — 19.05.1975 жыл) — ақын, журналист, партия қызметкері. Дүйсенбі Смайылов 1932 жылы Шиелі ауданына қарасты «Ортақшыл» ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті осы ауылда бітіріп, Қызылорда педагогикалық училищесін, С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын «Ортақшыл» жетіжылдық мектебінде мұғалімдіктен бастап университетті бітіргеннен кейін Шиелі аудандық комсомол комитетінің мектептер бөлімінің меңгерушісі, Шиелі аудандық «Стахановшы» газеті редакциясының жауапты хатшысы, «Коммунизм жолы» газеті редакторының орынбасары, Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, облыстық «Ленин жолы» газеті (қазіргі «Сыр бойы» газеті) редакциясының жауапты хатшысы, жаңадан ашылған Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің редакторы, Шиелі аудандық партия комитетінің хатшысы, облыстық «Ленин жолы» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Дүйсенбі Смайылов басқарған жылдары аудандық «Өскен өңір» газеті республикада жүлделі III орынды иеленді. Сондай-ақ, ауданның мәдени өмірінің жаңғырып, жастар арасындағы тәрбие жұмысының жақсарып, түрлі бағыттағы іс-шаралардың өтуі Дүйсенбі Смайылов есімімен сабақтасып жатыр. Мәселен, «Жас дәурен» ән-би ансамблі халық аспаптар оркестрі, Қалмахан Әбдіқадыров атындағы әдеби бірлестік, «Халықтар достығы» клубы, спорт секцияларын құрып, аудан өміріндегі жастардың мәдени өміріне атсалысты. Дүйсенбі Смайылов КСРО-ның бірнеше орден, медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1975 жылдары облыстық «Ленин жолы» газеті редакторының орынбасары қызметіне тағайындалғандықтан алғашқы кезде аудан орталығынан қатынап жұмыс жасап жүрген. Сол жылдың 19 мамыр айында белгісіз жағдайда пойыздан құлап қайтыс болады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Смайылов көшесі Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * Дүйім жұртқа белгілі Дүйсенбі еді... Мұрағатталған 20 қазанның 2020 жылы.
Асан — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Асан ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстікке қарай 115 км. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 500 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 511 адам (270 ер адам және 241 әйел адам) болса, 2009 жылы 578 адамды (294 ер адам және 284 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 555 адамды (295 ер адам және 260 әйел адам) құрады. ## Тарихы Асан атауы туралы ел әңгімесі Исатай көтерілісіне қатысып, көтеріліс жеңілген соң тығылып Таубұйратқа келген Асан есімді кісіні келтіреді. Ол көтеріліске белсене қатысқан, Исатайды жақтап халықтық билікті талап еткен көптің бірі, қарапайым кісі болған. Кезінде Исатай жасағының қоныс дайындаушысы болған адам. Өмірінің соңын бейбіт өмірмен өткізген, ол өлген соң қонысына есімі берілді. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Б.Момышұлы атындағы орта мектеп — 1935 жылы бастауыш мектебі болып ашылды. 1954-1955 жылдары М.Горький атындағы жеті жылдық мектеп, 1981-1982 жылдары сегіз жылдық мектеп болып ірілендірілді. 1992 жылы М.Горький атындағы орталау мектебіне Бауыржан Момышұлының есімі берілді. 1999-2000 оқу жылында орта мектеп (11 жылдық) болып қайта құрылды. 2006 жылы 120 орындық жаңа үлгідегі мектеп үйі салынды. * Асан ауылдық клубы ## Елді мекендегі көшелер * Болашақ көшесі * Жиделі көшесі * Тұрар Рысқұлов көшесі ## Дереккөздер ## Бейнетаспалар * https://www.youtube.com/watch?v=E9oJNZLzzwU * https://yandex.kz/video/preview/?filmId=9528187371944309781&from=tabbar&parent-reqid=1624540941863352-12541425823192632805-balancer-knoss-search-yp-sas-11-BAL-2132&text=%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BD+%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BB%D1%8B
Өркен (2008 жылға дейін – Гран) — Атырау облысы Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Аққыстау ауылының солтүстік-батыс іргесінде орналасқан. Екі ауыл теміржол арқылы бөлінген. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 306 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 207 адам (105 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 546 адам (276 ер адам және 270 әйел адам) құрады.2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1050 адамды (520 ер адам және 530 әйел адам) құрады. ## Елді мекен көшелері * Болашақ көшесі * Жалтыр көшесі * Қазына көшесі * Қисмет Меңдіғалиев көшесі * Шапхат Хұсынов көшесі ## Дереккөздер
Қаратөбе – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылынан батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Абсолюттік биіктігі 778 м. Оқшауланған тау массивінен тұрады. Ерте мезозойдың гранитоидты жыныстарынан түзілген. Етегінде Молабұлақ бұлағы, Айнабұлақ, т.б. қыстаулар бар. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Бесстер (лат. Bessi, гр. Βησσοί) — Балкан түбегін мекендеген ежелгі франк-иллирия тайпаларының бірі. Бесстер Ежелгі Македонияның Гемон жотасына жейінгі таулы аймақтарды мекендеген. Олар өздерімен туыстас мездер қарым-қатынаста болып, алайда екі тайпа да көшпелі немесе жартылай көшпелі болғандықтан, жайылымдық жерлерге таласып қалып отырған. Сонымен қатар оларға ежелгігрек, кейін ежелгірим өркениеттері де қатты ықпал еткен. Бесстер мемлекет құра алмады, бірақ олар еркін өмір сүріп, өздерінің шырқау шектеріне шамамен б.з.д. III ғасырда жеткен. Римдік Луций Лициний Лукулл әскері бесстерді б.з.д. 1 ғасырында бағындырып, олардың көп бөлігі Мезия провинциясының құрамына енген. ## Тағы қараңыз * Кельт тайпаларының тізімі ## Сыртқы сілтемелер * Бесстер(қолжетпейтін сілтеме)
Ғизат Әліпов ауылы (2010 жылға дейін - Қызылоба) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылдық округінің құрамына кіретін ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 847 адам (434 ер адам және 413 әйел адам) болса, 2009 жылы 611 адамды (312 ер адам және 299 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 446 адамды (241 ер адам және 205 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп — 1932 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. 1933 жылы 7 жылдық оқу орыны болып қайта құрылды. 1990 ж. Жұмекен Нәжімеденовтың есімі беріліп 2000 жылы ол орта мектепке, 2015 жылы қайтадан негізгі орта мектепке айналды. 2019 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. * «Қызылоба» ауылдық кітапханасы — Кітапхананың 257 оқырманы, 6438 кітап қоры бар. ## Елді мекендегі көшелер * Береке көшесі * Бірлік көшесі * Ғалиден Қазбеков көшесі * Ғизат Әліпов көшесі * Жаңа құрылыс көшесі * Кеңжайлау көшесі * Қарағайлы көшесі * Нұрлыжол көшесі * Тоғайлы көшесі ## Дереккөздер
Балықшы (2007 жылға дейін - Рембаза) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 53 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 522 адам (278 ер адам және 244 әйел адам) болса, 2009 жылы 450 адамды (257 ер адам және 193 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 363 адамды (205 ер адам және 158 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Сәулет көшесі ## Дереккөздер
Қарақұс – Семейтау тауларының орта бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан. Ертіс аңғарында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 606 м. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай доғаша иілген. Ұзындығы 7-8 км-ге созылып жатыр, енді жері 3-4 км шамасында. Беткейі тіктеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Батысынан Қарасу өзені бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Жоғарғы пермь және төменгі триастың гранит, гранодиоритті жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Аласа таудың ашық қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, бұта, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қарауылтөбе – Ақшатау жотасының оңтүстік-шығысындағы оқшау тау. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Шынқожа аулының солтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 756 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Аягөз қаласы, батысында Шалдар, оңтүстігінде Зортөбе, шығысында Берікқара таулары орналасқан. ## Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында дала өсімдіктері, қалың бұта шоғырлары өседі. ## Дереккөздер
Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы (ағылш. Academy of Motion Picture Arts and Sciences, AMPAS) Калифорния штатында 11 мамыр 1927 жылы кинематографтардың қоғамдық бастаулар мамандарының ұйымы ретінде құрылған. Академия 6 000-нан астам киноиндустрия мамандарын біріктіреді. Барлық Академия мүшелер саны, қазіргі уақытта дауыс беру құқығы, 6028 адамда бар. Оның ішінде:• Академияның мүшелерінің орташа жасы: 63 жасы. • 76% — ерлер. • 94% мүшесі — ақтар. • Барлық академик-актерлер саны: 1176 адам.• Барлық академик-режиссерлер саны: 377 адам. Академиктердің көпшілігі Құрама Штаттарда тұрып жатқанына қарамастан, академияға қосылу мүмкіндігі әлемнің басқа бөлігінің қайраткерлеріне ашық. Академия әр жылғы ұсынатын «Оскар» арқылы танымал. Одан басқа студенттік жүлделер және бестен көп емес кинодраматургтерді насихаттайтын «Никол» жүлдесі де бар. Сонымен қоса Маргарет Херик атындағы кітапхананы басқарады (Фейрбанкс атындағы кино өнеріне баулу орталығында), ол Беверли-Хиллзде, Калифорния штатында орналасқан, және Голливудтағы Пикфорд атындағы кино өнеріне оқыту орталығын да басқарады. ## Оскар номинанттарын іріктеу Академияның 15 бөлімшесі бар, олардың дауыс беру құқығы бар (актерлер, режиссерлер, композиторлар, монтаж жасау мамандары және т.б.). Әр бөлімшенің төрағасы бар (мысалы, актерлер бөлімшесінің төрағасы — Аннет Бенинг, режиссерлерде — Кэтрин Бигелоу). Әрбір 15 бөлімше өз саласында 5 номинантты таңдайды. Мысалы, актерлер номинанттарды төрт актерлік санатта таңдайды. Шүбәсіз барлық академиктер "Үздік фильм" санатындағы номинанттарға дауыс береді. Мысалы, "Үздік фильм" және "Үздік режиссер" номинацияларындағы айырмашылық анықталады. "Үздік фильм" санатында номинацияға түсу үшін кемінде 5% дауыс жинау қажет (яғни 300ден аса). Басты санаттағы Номинанттар саны 5 тен 10ға дейін болуы мүмкін. Актерлік санаттағы номинацияға қол жеткізу үшін 100 дауыс қажет. Басқа санаттар үшін шектеу қойылмаған. Барлық 15 бөлімше дауыс бергеннен соң, олар бюллетеньдерді аса ірі аудиторлық компаниялардың бірі - PricewaterhouseCoopers-ға жібереді, өз кезегінде дауыстарды санайды. Компания күрделі және бірнеше кезектен тұратын санау жүйесін пайдаланады, бұл қолдан жасау мен кез келген техникалық қателіктерге жол бермейді. ## Тарихы Академияны құру идеясы Луис Барт Майермен дүниеге келген, ол «Metro-Goldwyn-Mayer» (MGM) компаниясының басшысы. Кәсіби даулар мен индустрия образын жақсартатын ұйым құғысы келген. Сонымен жексенбінің кешінде, Майер және басқа үш студиялық тасымалдаушылар — актёр Конрад Найджел, режиссёр Фред Нибло және кинопродюсерлер Ассоциациясының басшысы Фред Битсон — осы мәселені отырып ақылдасады. Осынау бірегей клубтың шешімі жыл сайынғы банкет ұйымдастыру болды, бірақ марапаттау туралы әлі мәселе көтерілмеген болатын. Және олардың ұйымдарына келесі бес санаттың өкілдері ашық мүшелікке өте алатын болды, олар: актёрлер, режиссёрлер, сценаристтер, операторлар және продюсерлер. Осы кездесуден соң Майер киноөндірістің ықпалды отыз алты адамнан топ құрып, ресми банкетке шақырады, ол 11 қаңтар 1927 жылы лос-анжелестік «Амбассадор» отелінде өтуге тиіс еді. Ол жиналғандарға американдық кинематографиялық өнер және ғылым академиясын құратынын, кинематографияға еңбек сіңірген адамдарға ашық екенін мәлімдейді. Барлық банкеттегі қонақтар, оның негізін қалаушысы атанды. Дуглас Фэрбенкс-үлкен академияның бірінші президент сайланды. ## Академияны құрушылар ## Академияның Президенттері Президент бір жыл мерзімге сайланады және төрт мезгілден артық қатарынан сайлана алмайды. ## Сілтемелер * Сайт Академии киноискусства Мұрағатталған 28 маусымның 2014 жылы. (ағыл.) ## Дереккөздер
Түгіскен сөзі мына мағыналарды білдіруі мүмкін: Елді мекендер: * Түгіскен – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл. * Түгіскен – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Түгіскен ескерткіштері * Түгіскен және Ұйғарақ обалары
Дүйсенхан Қабдиев (1926-2007) - ғалым-экономист. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. 1960 жылдардан бастап Абайдың әлеуметтік, экономикалық көзқарасы мәселелерін зерттеумен айналысып, ақын шығармаларын оның өзі өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік орта мен қоғамдық қатынастар тұрғысынан жан- жақты талдады. Ғалым «Абай Құнанбаевтың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары мәселесі хақында» монографиясында ақынның еңбек, кәсіп, мешеуліктің себептері, егіншілік, отырықшылық, сауда, байлық, мүліктік теңсіздік жайлы пікірлерін саралап, қорытты. Оның «Қазақ ағартушы-демократтарының әлеуметтік-экономикалық көзқарастары» деген көлемді зерттеу еңбегінің 4-тарауы Абайдың экономикалық көзқарасын айқындауға арналған. Мұнда ақынның Қазақстандағы экономикалық- қоғамдық қатынастар, статистика, социология, ақшалай-товарлы қатынастар, сауда туралы тұжырымдары жан-жақты зерттеледі. Қабдиев «Қазақстанда экономикалық ойдың дамуы» еңбегінің 4-тарауында С. Торайғыровтың экономикалық көзқарасының қалыптасуындағы Абай шығармаларының елеулі ықпалын дәлелдеген. ## Дереккөздер
Байекеев Бірғали (1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – журналист, суретші, ақын, сазгер, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1981). ## Өмірбаяны Бірғали Байекеев 1953 жылы Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында туған. Шайыр орта мектебін бітірген. 5 жасынан сурет салумен машықтанған Бірғалидың тырнақалды туындылары ХХ ғасырдың 60 жылдарында балалардың «Балдырған» журналына, «Қазақстан пионері» газеттеріне жариялана бастады. Ең алғашқы жүлдесі 1970 жылы «Лениншіл жас» газеті ұйымдастырған республикалық конкурстың лауреаты атанды. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін (1981), Мәскеудегі халық өнері университетін бітірген (1989). 1972 – 1983 жж. - Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Маңғыстау» облыстық газетінің меншікті тілшісі болды. ## Шығармашылығы Байекеев қазақ бейнелеу өнеріндегі тұңғыш линогравюрист. Өзінің графика жанрында салған суреттерін жетілдіріп, күрделі сала ксилографияға тән линографюралық туындыларды дүниеге әкелген. Бұл саланы меңгерген қазақ суретшілері некен-саяқ. Бірғали Байекеев Тобанияз, Құныскерей, Кеңес Одағының Батыры Біләл Қалиевтің толыққанды портреттерін тұңғыш дүниеге келтірді. Ол- орталық басылымдарға суреттерін жариялаған түбектегі тұңғыш қылқалам шебері. «Қарашаңырақ», «Айназар», «Мекенім-Маңғыстау», «Жетіген», «Қандыкөш» және басқа да кітаптарды безендірген. Байекеев Маңғыстау ауданының 75 жылдығына арналған «Өскен орда» тарихи-танымдық шолу кітабының (2003) авторы әрі редакторы. Байекеевтің өлең-жырлары «Қызғыш құс» (2003), «Өлкенің өнер күмбезі» (2003), «Ақкетігім-арқауы ән-жырымның» (2006) жинақтарына енген. ## Марапаттары Бүкілодақтық әуесқой суретшілердің (1982) және бейнелеу (1983) конкурстарында республикалық сатиралық «Ара» журналының бейнелеу өнері конкурсында (1984), республикалық «Парасат» журналының өнертанушыларға арналған талғам жарысында (1990) жүлделі орындарды иеленген. Қазақстан ЛКЖО ОК-нің Құрмет грамотасының, бірнеше дипломдардың иегері. Бірғали Байекеев 2013 жылы 30 сәуірде "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталды. 2014 жылы "Құрметті журналист" атағы берілді. ## Дереккөздер
Бірлік ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бірлік, Амангелді ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы. ## Тарихы Тарихи деректерге қарағанда ауылдық кеңес 1922 жылы құрылған. Бүгінгі күні округке Бірлік және Амангелді ауылдары, басқа да шағын аралдар қарайды. Округ орталығы аудан орталығынан оңтүстік батысқа қарай Игольный каналының басында орналасқан. Алғашқы жылдары орыс ұлтының өкілі көп болса, қазір негізінен қазақтар тұрады. Округ орталығы бұрын Утера деп аталған. Өлкетанушы М.Жолжановтың айтуы бойынша «Утера» сөзі, «шайылған» деген мағынаны береді.Ауылдың негізі 1858 жылдары теңіз суының қайтуына байланысты пайда болған. Округ тұрғындары негізінен балық аулау және өңдеумен айналысады. Бұрынғы «Қызыл таң» ұжымшарының негізінде қазір «Каспий Балық» ӨК жұмыс істейді. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2099 адамды (1091 ер адам және 1008 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары С.Н.Имашов атындағы жалпы орта, А.Иманов атындағы негізгі мектеп, Байда ауылдық клубы, емхана, кітапхана, байланыс бөлімшесі т.б.бар. ## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Округте 4 шаруа қожалығы, 29 кәсіпкер, 1 тойхана, 7 дүкен, 1 сауда – саттық үйі, 1 шаштараз және компьютер орталығы жұмыс жасайды. ## Округ басшылары Округте әр жылдары Д.Ғабдрашиева, Қ.Ахметов, Ғ.Иманиев, М.Кенжеғалиев, Қ.Мүханбетқалиев, Қ.Муфтаховғ Р.Дощанова, Б.Сейтеков, Б.Шәріпов, З.Луқпанова, Қ.Сулейменова, Қ.Нуржанов, Б.Ақбанов, А. Аманғалиев және т.б. басшылық қызметте болды. ## Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер * Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі * Амангелді Имановтың мүсіні * Жауынгер интернационалист В.В.Григорьев тұрған үйдегі мемориалдық тақта ## Дереккөздер
«Тәуелсіз рух» (ағылш. Independent Spirit) — америкалық кино марапаты. Ең алдымен американдық тәуелсіз киноға бағытталған. 1984 жылы құрылып FINDIE Awards (Friends of Independents — тәуелсіз (режиссерлердің) достары) деп аталған. Қазіргі атауы 1986 жылы қабылданған. «Film Independent» коммерциялық емес ұйымымен тағайындалған. Марапаттау рәсімі Калифорнияның Санта-Моника қаласында «Оскар» сыйлығының тапсыру қарсаңында өткізіледі. ## Сыртқы сілтемелер * spiritawards.com Тәуелсіз рух — ресми сайты * Film Independent * Film Independent YouTube видеохостинг сервисіндегі жеке бейнедидары
Дәулеткерей (2006 жылға дейін Кобяково) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 400 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 500 адам (247 ер адам және 253 әйел адам) болса, 2009 жылы 634 адамды (303 ер адам және 331 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 811 адамды (410 ер адам және 401 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Даңқ көшесі * Дінмұхамед Қонаев көшесі * Сұлтан Бейбарыс көшесі * Теміржан Жүгінісов көшесі ## Дереккөздер
Дәулет (2006 жылға дейін Ковалёво) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 80 адам (39 ер адам және 41 әйел адам) болса, 2009 жылы 123 адамды (61 ер адам және 62 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 126 адамды (56 ер адам және 70 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Шипагер көшесі ## Дереккөздер
Жалғызапан — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 295 шақырым. Сүйіндік ауылынан батыста 25 шақырым, Ресеймен шекараға жақын орналасқан елді мекен. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 545 адам (275 ер адам және 270 әйел адам) болса, 2009 жылы 573 адамды (290 ер адам және 283 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 374 адамды (200 ер адам және 174 әйел адам) құрады. ## Тарихы Өткен ғасырдың 30-жылдарында Жалғызапан жерінде «Жаңа жол», «Куйбышев», «Молотов» колхоздары құрылған еді. Жалғызапан кеңшар кезінде Сүйіндіктің бір фермасы орталығы болды. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Лабай орта мектебі — 1977 жылы ашылды. 1981 жылы жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. 2019 жылы жаңа екіқабатты мектеп ғимараты пайдалануға берілді. * Лабай ауылдық клубы ## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Елді мекенде қазір мал өсірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер жұмыс істеуде. ## Елді мекендегі көшелер * Бөкей хан көшесі * Жәңгір хан көшесі ## Дереккөздер
XXIX жазғы олимпиада ойындарындағы Қазақстан ұлттық құрамасы — Қытай елордасы Бейжің қаласында өтетін Ойындарға қатысу үшін бүгінгі күні спорттың 22 түрінен 132 лицензияны жеңіп алды. Қазақстан үкіметі алтын медаль алғандарға - 250 мың, күміске - 150, қолаға - 75 мың АҚШ долларын уәде етуде (алдыңғы олимпиада ойындарында сәйкесінше - 100, 50 және 30 мың АҚШ доллары болды). ## Медальдар ## Дисквалификация ## Спорт түрлері бойынша жолдамалар саны ## Қазақстан құрамасы спортшылары ### Жеке түрлері Бокс Таэквондо Стендтік ату Нысана көздеу Грек-рим күресі Көркем гимнастика Үстел теннисі Есу слаломы Садақпен ату Ауыр атлетика Дзюдо Үшсайыс Академиялық есу Жүзу Еркін күрес Күрес (әйелдер) Қазіргі бессайыс Велоспорт Жеңіл атлетика ### Топтық түрлері Синхронды жүзу Байдарка және каное есу Гандбол (әйелдер) Волейбол ## Дереккөздер
Батырбек — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Сипаттама Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде, Сүйіндік-Азғыр автомобиль жолы бойында орналасқан. 1957-1995 жылдары аралығында асыл тұқымды қой өсіретін "Сүйіндік" кеңшары бөлімінің орталығы болған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 309 адам (158 ер адам және 151 әйел адам) болса, 2009 жылы 364 адамды (191 ер адам және 173 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 198 адамды (101 ер адам және 97 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Батырбек бастауыш мектебі ## Елді мекендегі көшелер * Нарын көшесі * Шағыл көшесі ## Дереккөздер
Жамбыл — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 785 адам (383 ер адам және 402 әйел адам) болса, 2009 жылы 565 адамды (289 ер адам және 276 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 647 адамды (328 ер адам және 319 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Панфилов атындағы орта мектеп — 1925 жылы ашылған. 1935 ж. 4 сыныптық, 1940 жылдан орталау мектеп болды. 2014 жылы жаңа ғимарат салынып пайдалануға берілді. ## Ауыл суреттері ## Елді мекендегі көшелер * Бейбітшілік көшесі * Жасқанат көшесі * Шалқар көшесі * Шаттық көшесі ## Дереккөздер
Хиуаз (2018 жылға дейін Дәшін) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Жаңаталап ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 16 км жерде Еділ өзенінің Каспий теңізіне құятын тармақтары аралығындағы шөл белдемде орналасқан. ## Тарихы Хиуаз ауылының тарихы ХVIII-ғасырдан басталады. Бұрын бұл жер «Дархан» деп аталған. Мұнда қоныстанған тұрғындар негізінен мал өсіру, сауда-саттықпен, егін шаруашылығымен айналысқан. Дәшін (Хиуаз) ауылының қақ ортасымен Шарон өзені өтеді және оның кішкене салалары бар. Сондай - ақ солтүстігінде үлкен және кіші «Дархан» көлдері бар. Бұл ауылда қазақтың әншісі Мұхиттың әкесі Мерәлі правительдің ордасы (ставкасы) болған. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 40 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 197-VI бірлескен шешімімен Дәшін ауылы - Хиуаз ауылына өзгертілді. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2811 адам (1382 ер адам және 1429 әйел адам) болса, 2009 жылы 3009 адамды (1495 ер адам және 1514 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3022 адамды (1532 ер адам және 1490 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп — 1926 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылды. Ал 50 – ші жылдардың басында Каганович атындағы 7 жылдық мектебі болып аталған, 1965 – 66 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп болды. * «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасы * Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебі — 1987 жылы құрылды. Алғашқыда домбыра, қобыз, сырнай сыныптары болса, 1990 жылдан ұлт аспаптар оркестрі сыныбы қосылды. * Жаңаталап ауылдық клубы — 2023 жылы наурыз айында 300 орындық қос қабатты жаңа ғимараты пайдалануға берілді. ## Ауыл суреттері * * * ## Ауыл көшелері * Айдынғали Мәлиев көшесі * Бейбітшілік көшесі * Белжайлау көшесі * Дина Нұрпейісова көшесі * Егемен Қазақстан көшесі * Жастар көшесі * Жұмекен Нәжімеденов көшесі * Исатай Тайманов көшесі * Кеңшағыл көшесі * Құбаш Мұхитов көшесі * Құмарғали Бисенғалиев көшесі * Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі * Мақаш Бекмұхамбетов көшесі * Мақсот Сәрсенов көшесі * Мардан Тәжібаев көшесі * Нәси Нұрқанаева көшесі * Ораз Сәрсенов көшесі * Өтежан Рысбаев көшесі * Садих Сәрсенғалиев көшесі * Сайып Рысқалиев көшесі * Тұлпар көшесі * Шаку Сәтеков көшесі ## Дереккөздер
Жаңаауыл — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 48 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 569 адам (272 ер адам және 297 әйел адам) болса, 2009 жылы 451 адамды (239 ер адам және 212 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 511 адамды (262 ер адам және 249 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Сатыбай Намазалиев көшесі * Тұңғыш көшесі ## Дереккөздер
Түгіскен — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Түгіскен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Сарысу өзенінің жағасында, Жаңаарқа кентінің батысында — 124 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 2087 адам (1068 ер адам және 1019 әйел адам) болса, 2009 жылы 1882 адамды (984 ер адам және 898 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1934 жылы қаланған. Округ аумағында 20 ғасырдың 30-жылдарында Коммунар, Түгіскен, Қаражартас, Жиделі, Жарық ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1962 жылы біріктіріліп "Жеңіс" кеңшары атанды. ## Шаруашылығы, инфрақұрылымы Жерінің жалпы ауданы — 373,3 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — асыл тұқымды қой шаруашылығы, жылқы, қосымша — мүйізді ірі қара өсіру болды. Округтің елді мекендерінде (Кенжебай-Самай, Жомарт, Ақбаз, Талдыеспе) 2 мектеп, ФАП, мәдениет үйі, кітапхана, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Түгіскен ауылында асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысатын «Жеңіс» АҚ орналасқан. Түгіскен жерінде Жәйрем, Қамысмола, Жомарт кеніштері орналасқан. Аты аңызға айналған күйші Ықылас Дүкенұлына бюст орнатылған. Ауыл басқа да елді мекендермен темір жол, автокөлік жолдары арқылы байланысады. Ауыл «Жеңіс» темір жол стансасы төңірегіне шоғырланған. ## Ауыл тарихы «Түгіскен» аталуы туралы көне аңызда жаугершілік заманда Абылай хан сарбаздары құрамыңда болып, ерен ерлік көрсеткен Кіші жүздің Тама, Алшын, Жағалбайлы руларының батырлары ел ішінде бейбіт заман орнағаннан кейін өздерінің ата қонысына қайта оралуға Абылай ханнан рұқсат сұрағаны, айбынды батырларынан айрылғысы келмеген Абылайдың ең шұрайлы жерден қоныс таңдап, ірге тебулерін қалағаны, Сарысу өзенінің бойындағы «түгі өскен, осы өңірді бір тайпа елдің мекендеп қалғаны» айтылады. Куаң даланың қүйқалы өнірі оңтүстік шығысында Шұбармен шектесіп, оңтүстігінде айдыны шалқыған Бозкөл, Қаракөлдерді, Кенжебай-Самайдың құмдауыт шүйгінді жазығын қамтып, одан ары Бетпақдалаға ұласып жатыр. Қазан төңкерісінен кейін 1928 жылы Түгіскен жерінде Сарысу ауданы құрылды. 1931 жылдан бастап голощекиндік геноцид салдарынан ел аштыққа душар болған кезеңде, елді аштықтан аман алып қалу мақсатымен ел ақсақалдарының ұйғаруы бойынша Түгіскенді мекендеген қалың елдің бір бөлігі оңтүстіктегі астықты өңірге қарай үдере көшті. Оңтүстікке бет алған 3 мыңға тарта түтіннің бес жүздейі ғана Шабақты өзеніне аман жетті. Сол үдере көшкен елдің бас тіреген жерінен Жамбыл облысының Сарысу ауданы ұйымдастырылды. Түгіскенді мекен етіп қалған аз ғана ел 1934 жылы Жаңаарқа ауданына қосылды. Түгіскен ауылдық кеңесі құрылды. Түгіскен ауылдық кеңесінің тұңғыш төрағасы болып Сейiтмағанбетов Мұхамбетжан (Жетiмек) сайланды. Ұжымдастыру науқаны кезеңінде Түгіскен ауылдық кеңесі өңірінен Коммунар, Жаңатілек, Түгіскен, Қаражартас (Жеңіс), Қарсыадыр, Тасжарған ұжымшарлары құрылды. 50-жылдардың басыңда ұжымшарларды ірілеңдіру науқаны тұсында Түгіскен ауылдық кеңесі қарамағындағы Коммунар, Түгіскен, Жеңіс атты үш ұжымшар біріктіріліп, "Жеңіс" ұжымшары, 1962 жылдан «Жеңіс» кеңшары, 1986 жылдан «Жеңіс» асыл тұқымды қой кеңшары, 1991 жылдан «Жеңіс» асыл тұқымды қой зауыты, 1995 жылдан «Жеңіс» АҚ атанды. ## Дереккөздер
Жасарал — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 24 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 383 адам (187 ер адам және 196 әйел адам) болса, 2009 жылы 145 адамды (73 ер адам және 72 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 80 адамды (37 ер адам және 43 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Өріс көшесі ## Дереккөздер
Жасталап — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 431 адам (217 ер адам және 214 әйел адам) болса, 2009 жылы 351 адамды (165 ер адам және 186 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 325 адамды (159 ер адам және 166 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1930 жылдары Жасталап ауылында артель құрылған. Соңынан «Жасталап» балықшы колхозы болды. Егін шаруашылығымен айналысқан. Байда селолық советіне қарады. «Жасталап» колхозына 1957-1958 жылдары Ботақан ауылдық советі мен Алға колхозын қосып ірілендірді. Бұл жерге балық аулау үшін бірнеше ондаған жас отбасылар келіп, қоныс тебеді. Сөйтіп, ауыл үлкендері жастарға игі баталарын беріп, ауылға «Жасталап» атауын қойған. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп — 1936 жылы бастауыш, 1958 жылы 8 жылдық мектеп болды. 2019 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. ## Елді мекендегі көшелер * Ахмет Жұбанов көшесі * Мағжан Жұмабаев көшесі ## Дереккөздер
Қарақаба, Қарақоба – Қаба өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Күршім аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 132 км, су жиналатын алабы 3040 км2. ## Бастауы Бастауын Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан алып, мемлекеттік шекараны кесіп, Қытай жеріне өтер тұсында Аққаба өзенімен қосылып Қаба болып аталады. Басты салалары: Арасанқаба, Тарбағатай, Таутекелі, т.б. ## Гидрологиясы Өзен арнасының беткейілері тік жарлы, терең шатқалды, төменгі арнасы жарлы болып келеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды. Суы өте жұмсақ әрі тұщы. Аңғарында қыстаулар мен жайлаулар бар. ## Дереккөздер
Иманов — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 14 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 308 адам (158 ер адам және 150 әйел адам) болса, 2009 жылы 274 адамды (140 ер адам және 134 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 243 адамды (125 ер адам және 118 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Сүндет Қажетов көшесі ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Теректі – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл. * Теректі – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. * Теректі – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл. * Теректі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл. * Теректі – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл. * Теректі – Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл. * Теректі – Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл. * Теректі – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл. * Теректі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл. * Теректі – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл. * Теректі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл. * Теректі – Ұлытау облысы Жезқазған қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
Қарашоқы – Күмісқазық тауының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылының солтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 662 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. ## Жер бедері Беткейі тіктеу келген. Солтүстігінде Омар, Қожа қыстаулары, шығысында Қошқарбай бұлағы мен Ақшоқы тауы, оңтүстігінде Апа қонысы, батысында Алтынқазық тауы мен Жуантөбе бұлағы бар. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топаырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, боз, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Егінқұдық — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Орналасуы Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 296 км жерде жазық келген сортаңды шөлейт далада орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 329 адам (171 ер адам және 158 әйел адам) болса, 2009 жылы 358 адамды (191 ер адам және 167 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 136 адамды (71 ер адам және 65 әйел адам) құрады. ## Тарихы Егінкұдық - XIX ғ. аяқ шенінде Қалмақ қисымында әкім болған Мұхамед-Салық Бабажановтың бастауымен ел отаршылыққа дағдыланып өңірге жеміс ағаштарын әкелдіріп, малмен бірге егін өсірумен айналысқан. Сол тұста бау-бақша да өсірумен алғаш айналысқан елді мекен. Егінге құдықтардың суын шығырмен тарттырып, пайдаланған. Осыдан келіп Егінқұдық атауы тұрақты қолданысқа енген. ## Елді мекендегі көшелер * Жұмыскер көшесі * Орталық көшесі * Тұщықұдық көшесі ## Дереккөздер
Сағды Хасан ұлы Сираждинов (10 мамыр 1921 жыл, Қоқан, Өзбекістан - 1988) — өзбек совет математигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1953), профессор (1956), Өзбекістан КСР ғылым академиясының академигі (1966; 1956 жылдан корреспондент мүшесі). Өзбекістан КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1970). Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетін 1942 жылы бітірген. 1944-1945 жылдары Өзбекістан КСР ғылым академиясының Математика және механикалық институтының аға ғылыми қызметкері, ал 1952–1954 жылдарының сонында бөлім меңгерушісі болды. 1954–1956 жылдары Москва мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, 1956–1962 жылдары Өзбекістан КСР ғылым академиясының Математика институтының директоры, 1966–1970 жылдары Ташкент мемлекеттік университетінің ректоры болды. 1970 жылдан Өзбекістан КСР ғылым академиясының вице-президенті болып сайланды. ## Еңбектері Оның негізгі ғылми еңбектері көп өлшемді ортогнальды полиномдар теориясына, қосылғыштарының саны өсіп отыратын аддитивті есептерге, бақылаудың статистикалық тәсілдеріне, Орта Азия математикасының тарихына және тағы басқа тақырыптарға арналған. Сираждинов 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы болып келеді. ### Марапаттары * Ленин ордені, * Еңбек Қызыл Ту ордені, * Қазан Революциясы ордендерімен марапатталған болатын. ## Дереккөздер
Майлықара – Дегелең тауларының солтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан. Ең жақын елді мекен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мыржық ауылы (50 км). ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 571 м. Ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Таудың оңтүстік беткейі тіктеу, жартасты, биік бөлігі шығысында. Сай-жыралармен тілімденген батыс беткейінде қараған, ши аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Қадырка — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 4 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 526 адам (275 ер адам және 251 әйел адам) болса, 2009 жылы 452 адамды (225 ер адам және 227 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 872 адамды (410 ер адам және 462 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Астана көшесі * Атамекен көшесі * Бауыржан Бегалиев көшесі * Ынтымақ көшесі ## Дереккөздер
Көптоғай — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Көптоғай ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 54 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 853 адам (403 ер адам және 450 әйел адам) болса, 2009 жылы 836 адамды (415 ер адам және 421 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 775 адамды (394 ер адам және 381 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * С.Мұқанов атындағы орта мектеп — 1945 жылы Хрущев атындағы бастауыш мектеп, 1962 жылдан Калинин атындағы сегізжылдық, 1993 жылдан бастап С.Мұқанов атындағы орта мектеп болып өзгерді. * «Ақтоты» бөбекжай-балабақшасы * Көптоғай ауылдық клубы ## Ауыл суреттері ## Елді мекендегі көшелер * Әбу Сәрсенбаев көшесі * Жұмажан Мәмбеталиев көшесі * Қалыбай Баянов көшесі * Сапура Елеусінова көшесі * Хабер Елжанов көшесі * Шайхы Әбішев көшесі ## Дереккөздер
Қаракөл — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 18 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 123 адам (63 ер адам және 60 әйел адам) болса, 2009 жылы 56 адамды (27 ер адам және 29 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 52 адамды (29 ер адам және 23 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Зұлқарнай Ғұмаров көшесі * Мария Сейтказиева көшесі ## Дереккөздер
Жоғарғы Кеңес мынадай мағыналар беруі мүмкін: * КСРО жоғарғы заң шығарушы органы - КСРО Жоғарғы Кеңесі * Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі (Жогорку Кенеш)
Тальхиз немесе Тальир — Алматы облысында орналасқан орта ғасырлық қала орны. Талғар қаласының оңтүстігінде, Іле Алатауы бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. 8-9 ғасырлардың жазба деректерінде Тальхиз деген атпен белгілі. Қаланың гүлденген кезі 10-13 ғасырларға тура келеді. Бұл кезеңде Тальхиз экономикалық, мәдени және саяси орталыққа айналды. Жан-жағы дуалмен қоршалған қаланың қазіргі кезде төртбұрышты төбе болып қалған орта тұсы сақталған. Қала жан-жағынан биік қамалмен қоршалған. Қамал қабырғаларының бұрыштары мұнаралармен толықтырылып, сыртынан ор қазылған. Қазір олар үстін шөп басып, бұта жапқан топырақ үйіндісіне айналған. Қалаға кіретін екі қақпа бар. Олардың біріншісі солтүстік–шығыс жақ қабырғаның ортасында да, екіншісі оңтүстік-батыс жағында. Тальхиздың орталық бөлігі – ауданы 9 гектарға жуық төртбұрышты алаң. Орталық бекіністің шетінен тұрғын үйлер, шеберханалар салынып, қаланың ауқымы 30 гектарға жеткен. Көп жылдар бойы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде Тальхиздағы тұрғын үйлердің, шеберханалардың үлкен немесе кішкене көшелерді жағалай топ-тобымен орналасқандығы анықталды. Қалашықтың ішіндегі жолдар өзеннің малта тастарымен төселіп қаланы төртке бөліп тұр. Үйлер көшелер арқылы кварталдарға топтастырылған, әр кварталда 12-14 үй болған. Олардың өзі тар көшелер арқылы өзара байланысып жатқан. Қалада 3500-5000 м2 жерді алып жатқан 60-қа жуық квартал орналасқан. Үй-жайлардың өздеріне тән белгісі, құрылымы болған: олар үйдің өзінен және ауласынан құралған. Ауланың үлкен-кішілігі үй қожасының тұрмыс жағдайына, дәулетіне байлынысты. Өйткені қай уақытта да қалада жер қалада жер қымбат болатыны белгілі. Қаланың ішіндегі тұрғын үйлердің жоспары ұзынша төртбұрышты жұмыр тастардан саз балшық араластырып тұрғызылған. Әрбір үй бірнеше бөлмеден тұрады және тұрғын бөлмелерді жылыту, нан пісіру мақсатымен тандыр, ал шаруашылық бөлмелерінде ұра орналастырылған. Қала құрылысы негізінен тастан қаланған. Әрбір құрылыс орнының аумағы 300 м2. Отырықшы малшылармен қатар қалада ұсталар, қыш, әйнек, әшекей, сүйек, темір өңдеу шеберлері және құрылысшылар да көп болған. Қаладан қыш ыдыстар, темірден, қоладан, сүйектен жасалған құралдар мен әшекейлер көптеп табылды.Мысалы: тұғырадағы шырақ, ақшалар. Күміс,мыс. Сүйектен қашап алынған әр түрлі тұрмыстық бұйымдар, қола айна, шырақ. Ирандық мыс құмыра және де басқа жәдігерлер. ## Дереккөздер
Қалиев Ыдырыс (15.5.1925 жылы туған, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баһадүр ауылы) – еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы. СОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген (1960). 1950–54 жылдары Қазалы локомотив депосында, темір жол саяси бөлімінде, Қызылорда облысы партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды. 1954 жылы облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы. 1960–69 жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, Арал аудандық Қызылорда қалалық атқару комитетерінің төрағасы, 1969–73 жылдары обкомның өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі, 1973–78 жылдары Қызылорда қалалық аткомының төрағасы, 1978–82 жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, 1982–87 жылдары облаткомның төрағасы болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне 2 рет депутат болып сайланды. «Отан соғысы», 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер. ## Дереккөздер
Қособа – Ақшатау жотасының шығыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1304 м (Ақшатау жотасының ең биік жері). Ендік бағытта созылып жатқан таудың ұзындығы 8 км, енді жері 6 км. ## Жер бедері Солтүстік беткейі тік жартасты, оңтүстік беткейі көлбеуленіп, Көксала өзенінің аңғарына тіреледі. Солтүстік баурайынан Шеттембай және Терісайрық өзендері, оңтүстік баурайынан Көксала өзенінің шағын салалары басталады. ## Өсімдігі Тау шатқалында арша, тобылғы қараған өскен. Жазық етегінде бетеге, қылқан боз, селеу, боз жусан, т.б. шөптесіндер өскен. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қызылоба – Шыңғыстау жотасының батыс бөлігіндегі тау сілемі. ## Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Жүрекадыр ауылының солтүстік-батысында 50 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1064 м, салыстырмалы биіктігі 50-60 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылған, енді жері 6 км. ## Жер бедері Тау аңғарларымен, өзен, сай жыралармен тілімденген. Беткейлері тік жарқабақты, қырқалы келген тізбектелген жоталардан тұрады. Солтүстігінен Қарасу, оңтүстігінен Байқошқар, Бақанас өзендері тау бұлақтарынан бастау алады. Оңтүстік-шығысында Қарақшы, оңтүстік-батысында Ақдомбақ таулары бар. ## Геологиялық құрылымы Төменгі және орта палеоген кезеңінің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат, т.б. жыныстардан түзілген. Етегінде қорымтастардың үйінділері көптеп кездеседі. ## Өсімдігі Баурайында тобылғы, қараған, аңғарында тал, терек, қайың, шалғын өседі. ## Дереккөздер
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (қысқартқанда Жоғарғы Кеңес) — 1937–1991 жылдары Қазақ КСР және 1991–1993 жылдары Қазақстанның бірпалаталы ең жоғары заң шығарушы органы. ## Тарихы Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 қазан–1936 желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті атқарды. 1936 жылы республика Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды, Қазақ АСКР ОАК атауы Қазақ КСР ОАК деп өзгертілді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, оның бірінші орынбасары, орынбасарлары, министрлер және Қазақ КСР мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрамымен Қазақ КСР үкіметі құрылды. Кезектен тыс сессиялар Жоғарғы Кеңес Төралқасының бастамасымен немесе депутаттардың кем дегенде үштен бір бөлігінің ұсынысымен шақырылды. Жоғарғы Кеңес сессиясы оның мәжілістері, ал олардың аралығында Жоғарғы Кеңес тұрақты комиссиялары мен өзге де комиссияларының мәжілістері түрінде өткізіліп тұрды. Әрбір жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес өзінің бірінші сессиясында тұрақты жұмыс істейтін, өзінің бүкіл қызметінде Жоғарғы Кеңеске есеп беріп тұратын және оның сессиялары аралығындағы кезеңде Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік құзырын жүзеге асыратын органы – Жоғарғы Кеңес тің Төралқасын сайлап отырды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік билік түрлерінің бірі саналатын сот жұмысы саласында да толық билікке ие болды. Ол сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сот органдары жүйесін, оларды сайлау тәртібін, өкілеттігін, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілігін белгіледі, сот ісін жүргізу қызметіне бақылау жасады. Жоғарғы Кеңес төралқасының төрағасын, орынбасарын, хатшысын, мүшелерін және үкімет мүшелерін, Жоғарғы сот мүшелері мен халық заседательдерін өз міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босатуға өкілетті болды. Бұл Конституция өтпелі кезеңдегі жағдайды сипаттайтын құжат қызметін атқарып, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік-экономикалық, саяси міндеттерді шешуге бағытталды және екі жыл бойы Негізгі заң ретіндегі тарихи қызметін орындап шықты. Алайда, КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттілікті жүзеге асыра бастаған кезде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстандағы бұрынғы халық депутаттарының кеңестері түріндегі өкілетті органдар жүйесі республиканы дағдарыстан алып шығуға дәрменсіз болды. Ескі өкілетті билік жүйесімен және олардың заң шығарушылық әдістерімен нарықтық экономикаға бет алған жаңа қоғам орнату мүмкін емес еді. Кеңестік дәуірде сайланған соңғы Жоғарғы Кеңес елде қалыптасқан осындай жағдайда өз отырыстарын өткізуге қажетті депутаттар санын жинай алмайтыны айқын болғандықтан өзін-өзі таратуға мәжбүр болды. 1993 жылғы 28 қаңтарда Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің орнын біпалаталы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі алды. ## Құқығы және міндеттері Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті. ## Шақырылымдары ## Төрағалар тізімі ## Дереккөздер
Қарақшы – Ақшатау жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Жүрекадыр ауылының батысында 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1151 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, енді жері 8-9 км шамасында. ## Жер бедері Солтүстік, солтүстік-батыс беткейлері тіктеу, жартасты, оңтүстікке қарай күрт төмендейді. Ендік бағытта созылған көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, эффузивті жыныстарынан құралған. Солтүстігінен Әлпейіс, оңтүстігінен Балқыбек өзендерінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар мен қайың, көк терек, тал өседі. ## Дереккөздер
Қарамола – Қарақтау тауларының орта бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі Жиделі ауылының солтүстік-батысында 32 км жерде орналасқан. Сырдария өзенінің алабында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 388 м. Қарақтау тауларының ең биік жері болып есептеледі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 5-6 км шамасында. Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Кейбір бөліктерінің түпкі жыныстары жалаңаштанған. Батысында Үшбай, Мұзбел құдықтары, шығысында Жосалы қонысы орналасқан. ## Өсімдігі Сортаңды сұр топырақ жамылғысында боз жусан, балыш, күйреуік, сексеуіл қалың өседі. Қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қоңыртерек — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Балқұдық ауылынан батысқа қарай 24 км жерде сортаңды, сұр топырақты шөлейтті далада орналасқан. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 443 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 450 адам (214 ер адам және 236 әйел адам) болса, 2009 жылы 376 адамды (185 ер адам және 191 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 263 адамды (141 ер адам және 122 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Қоңыртерек бастауыш мектебі ## Елді мекендегі көшелер * Жаңару көшесі * Сұлтан Бейбарыс көшесі ## Дереккөздер
Құмарғали (2006 жылға дейін - Каспаркино) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 86 адам (48 ер адам және 38 әйел адам) болса, 2009 жылы 95 адамды (48 ер адам және 47 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 112 адамды (60 ер адам және 52 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Майдангер көшесі ## Дереккөздер
Қиғаш — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Қиғаш ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 39 км жерде. Ресеймен шекаралас орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 396 адам (214 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 604 адамды (308 ер адам және 296 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 787 адамды (417 ер адам және 370 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Қиғаш орта мектебі * «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы * Қиғаш ауылдық клубы ## Елді мекендегі көшелер * Азаттық көшесі * Әйтеке би көшесі * Бейбітшілік көшесі * Бейімбет Майлин көшесі * Бөкей хан көшесі * Егемен Қазақстан көшесі * Жамбыл Жабаев көшесі * Жастар көшесі * Мақаш әкім көшесі * Мұқағали Мақатаев көшесі * Сәкен Сейфуллин көшесі * Сейіт баба көшесі * Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі * Сырым Датов көшесі * Халықтар достығы көшесі * Шәмші Қалдаяқов көшесі ## Дереккөздер
Платон академиясы — б. з. б. 387 ж. Афины маңындағы бақта Платон негізін қалап, грек мифологиясының қаһарманы Академ (Akademos) атымен аталған мектеп. ## Тарихы Платон академиясы әуелде мектеп өкілдерінің ішінен сайланған сколарх басқаратын музаны қадір тұтатын философиляық қоғам ретінде қалыптасады. Мың жылға созылған платон академиясы тарихы -антика идеализмі мен материализмнің күрес тарихы болды. Ежелгі (1-ші) академия, әуелде Платон, кейіннен оның шәкірттері Спевсипп, Ксенократ т. б. басқарған (б. з. б. 4 ғ. ортасымен 3 ғ. ортасы). Бұл мектеп пифагореизмнің ықпалында болып, математика мен астраномияның дамуына ықпал етті. Аркесилайдан (б. з. б. 265-241 ж.) бастап, «орта» (2-) академия скептицизм жолына түседі. Скептицизмді әрі қарай дамытқан Карнеад-Киренский басқарған «Жаңа» (3-) академия болды. 4- және 5- академия Платон философиясын стоицизм, пифагореизм және перипатеттер мектебінің идеяларымен ұштастыруға тырысты. 529 жылы Юстиниан императорының декреті бойынша Платон академиясы жабылды. 1459-1521 жылдары қайта өркендеу дәуірінде «платондық» деп аталған академия Флоренцияда құрылып, оның ең басты өкілі Марсилио Фичино болды. ## Дереккөздер
Назым Қызайбай (14 қыркүйек 1993 ж.) — қазақстандық боксшы, бокстан Қазақстанның 3 дүркін, Әлемнің 2 дүркін чемпионы. 2024 жылы Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарының 51 кг салмақта қола жүлдегері. 2014 және 2016 жылы өткен бокстан Әлем чемпионатының чемпионы. ## Өмірбаян Назым Қызайбай 1993 жылы қыркүйек айының 14 жұлдызында Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген. Отбасында үшінші бала. ### Отбасы ### Кәсіби мансабы Назым Қызайбай 2014 жылы Оңтүстік Кореяда болған турнирде алтын жүлде, Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Юниор чемпионатында қола жүлдеге, Қытайдағы турнирде 3 орынга иеленді. ### Қазақстан чемпионаты Қазақстанның 3 дүркін чемпионы. ### Әлем Чемпионаты * 2016 жылы Астанада өткен əлемдік турнирде алтын медаль игері атанды. * Әйелдер арасындағы бокстан екі дүркін Əлем чемпионы. ### Париж 2024 Олимпиадасы 2024 жылғы Париж жазғы олипиадасында 6-тамыз күні жартылай финалда қытайлық боксшы Ю Вумен жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп, олимпиаданың қола жүлдегері атанды. ## Хобби Сурет салу, футбол ойнау. ## Дереккөздер
Көкарна — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 24 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 175 адам (95 ер адам және 80 әйел адам) болса, 2009 жылы 100 адамды (53 ер адам және 47 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 59 адамды (36 ер адам және 23 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Тайбурыл көшесі ## Дереккөздер
Каспий — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Орлы ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстікке қарай 9 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 311 адам (161 ер адам және 150 әйел адам) болса, 2009 жылы 275 адамды (152 ер адам және 123 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 172 адамды (96 ер адам және 76 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Береке көшесі ## Дереккөздер
Өріс жібі – өрмектің не тоқылған матаның негізін құрайтын ұзына бойына бір-біріне паралель орналасқан жіп. Өрмек не басқа кез келген мата тоқу кезіңде өзара айқасқан екі өріс жібінің арасынан көлденең бағытта арқау жіп өткізіледі. Өріс жібін кейде бой не желі немесе иіріс жібі деп атайды. Өріс жібі тоқылатын матаның ерекшелігіне сәйкес жуан, жіңішке әрі бір қабат, кейде көп қабатты болып ширатылады. Ол арқау жіпке қарағанда сапалы болып даярланды. ## Дереккөздер
Қасым Қайсенов (2011 жылға дейін – Молодёжный) — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы және Қасым Қайсенов кенттік әкімдігі орталығы. 1983 жылдан 2011-ші жылға дейін Молодежный кенті аталып, 2011 жылдан бастап Қасым Қайсенов (Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, Ұлы Отан соғысы ардагері Қасым Қайсеновтің құрметіне) кенті болып өзгертілді. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км, ең жақын темір жол станциясы – Защитадан 13 км жерде, Ұлан өзенінің аңғарында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1943 жылы осы маңда полиметалл кен орнын игеруге байланысты қаланған. Молодежныйда полиметалл кенін өндіретін ЖАҚ, Өскемен құс фабрикасы, “Азия” ЖШС жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Қазақтың билік жүйесінде биді халық өзі таңдайтын. Би болатын адам әуелі билік мансап алмай тұрып, ел алдында беделді, сөзіне елі тоқтаған азамат болуы шарт. Қолында ресми билігі жоқ, бірақ ел арасында сөзінің салмағы бар адамдарды ел «Қара би» деп атайды екен. «Қара билер» ел ұстаған ұлықтармен бірдей саналып, елдің дау-шарын шешуге араласып отыратын болған. «Қара бидің» атағы елге жайылып, жұрттың бәрі оның билігіне мойынсұнатын деңгейге жеткенде халық оны ресми түрде билікке сайлайды. ## Дереккөздер
Константин Аполлонович Савицкий (6 маусым 1844 жыл, Таганрог, Ресей империясы — 13 ақпан 1905 жыл, Пенза, Ресей империясы) — орыс кескіндемеші, Петербург Көркемсурет академиясының толық мүшесі, педагог. 1862-73 жылдары Петербург көркемсурет академиясында, 1874-76 ж. Германия мен Францияда оқыды. Мәскеудегі кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде және Пенза көркесурет училищесінде сабақ берді. 1878 жылдан Передвижниктер серікктігінің белсенді мүшесі болды. "Темір жолдағы қалпына келтіру жұмыстары", "Иконамен кездесу", "Соғысқа аттану", "Ілгекті жүкші" атты халық өмірінің драмалық көріністерге толы әлеуметтік жағдайын бейнелейтін жанрлық шығармалардың авторы. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Бижанғали Әбілқасұлы Жанқадамов - (1889 жылы Ілбішін уезі, Қалдығайты болысының 10-ауылында (қазіргі Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылы) - 1937). Алашорда үкіметі Батыс бөлімшесінің мүшесі, белсенді кайраткер. Жасында ауылдан оқып, кейін Оралдың реалдық әскери мектебін бітірген. 1913 жылы Қазан малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, үш жыл оқып, Орал облысы әскери губернаторының сұранысы бойынша соғыс аяқталған соң институтқа қайта түсуге халық ағарту министрінің 25 шілде 1916 жылғы №9092 санды ресми рұқсат алғаннан кеиін қазақ оқығандары тобында Батыс майданға аттанып, сондағы жігіттерді елге жеткізу ісімен шұғылданған. 1916 жылы майдандағы тыл жұмысына адам алуды тоқтатуды талап еткен Жайық сырты қазақтары өкілдерінің құрамында Петроградқа барады.Тыл жұмысындағыларға көмектесу жөнінде «Қазақ» газетіне хат жариялауға қатысты. 1917 жылы Ә. Бөкейханның шақыруымен Батыс майдандағы жігіттерді елге жеткізу жұмысын ұйымдастырады. Сол кезде ол өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындайтын жауапкершілігін, табандылығын һәм іскерлігін көрсетеді. Соның арқасында елдің де, ел ағаларының да оған деген сенімі арта түседіОл ізденгіш, естіген-білгенін көңілге тоқып, ой корыта білетін аса зерек адам болған. Соның арқасында көп білім жинап, кемеліне келіп толысады.. 1917 жылы сәуірдің ортасында Орал қаласында өткен Орал облысы қазақтарының сиезіне делегат болып, Орал облысы қазақ комитетінің мүшелігіне қабылданады. 1917 жылы күзде екінші қазақ облыстық сиезінің шешімімен жүргізілген земство сайлауында Жымпиты уездік жер басқармасының төрағасы болып сайланады. 1918 жылы 22-25 тамыз аралығында Комуч пен Сібір үкіметі Челябі қаласында өткізген кеңеске М.Шоқай және Х.Досмұхамедұлымен бірге Ойыл уәлаяты земствосы атынан Б.Жанқадамов та қатысады. Комучтің Алашорда үкіметін мойындауы үшін Б.Жанқадамов Алаш қайраткерлерімен бірге күреседі. 1918 жылы Алашорда атынан Уфа мемлекеттік кеңесіне қатысты. 1919 жылы Батыс Алашорда қызметкерлерінің алғаш жасалған тізіміне кірді. Қызмет тәжірибесі ескеріліп, 1919 жылы Батыс Алашорда үкіметінің Ойыл облыстық жер басқармасы жанындағы комиссары болып тағайындалады. 1919 жылы Ж.Досмұхамедұлының Жымпиты отряды мен Қызылдардың бірінші Армиясы қүрамындағы Татар атқыштар полкі арасындағы келіссөзге қатысады. Алашорда тараған соң кеңес жүмыстарына біраз атсалысады. 1920 жылы Елек корпусын қолға түсіру операциясын басқарады. 1920 жылы Орынборда Қазәсревкомның редколлегиясында аударма комиссиясын басқарды. 1924 жылдан кейін Қалдығайты, Көкөзек болыстарында кеңес жүмыстарын атқарады. 1936 жылы жұмыстан босатылады. 1937 жылы Орал қаласында «Алашорда белсендісі, халық жауы» деген айыппен тұтқындалады. НКВД Батыс Қазақстан «үштігінің» 25 қарашадағы қаулысымен 1937 жылы 2 желтоқсанда атылған. ## Дереккөздер
Александр Николаевич Сабуров (19.07.1908, Ярушки ауылы, Ижевск қаласы - 15.04.1974, Мәскеу) - 1941-45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Украина территориясындағы партизиан қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі әрі жетекшісі, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор. 1941 жылдың күзінен Сумск және Брянск облыстары территориясында партизиан отрядтарын ұйымдастырды. 1942 жылдың наурызынан осы отрядтар негізінде ұйымдасқан партизиан құрамасының командирі. 1942 ж. Украина КП астыратын ОК-нің мүшесі. 1944 жылдан Дрогобыч және Запорожье облысы ішкі істер басқармасының, 1954 жылдан КСРО Ішкі істер министрлігі Бас басқармашысының бастығы. 2-4 сайланған КСРО жоғарғы Советінің депутаты. Партизиан қозғалысы өмірінен жазылған бірнеше мемуралық шығармалардың авторы. ## Марапаттары 2 рет Ленин орденімен, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Суворов, 1 және 2 дәрежелі Богдан Хмельницкий, екі 1-дәрежелі Отан Соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен дәне медальдармен марапатталды. ## Дереккөздер * «О присвоении звания Героя Советского Союза т. т. Ковпаку С. А., Копенкину И. И., Сабурову А. Н., Фёдорову А. Ф., особо отличившимся в партизанской борьбе в тылу против немецких захватчиков» от 18 мая 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 5 июня (№ 20 (179)). — С. 1.