text
stringlengths 3
252k
|
---|
Павел Порфирьевич Салов (т.ж. белгісіз - 11 маусым 1918, Семей) — Семейде Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы, Семей қалалық большивиктер ұйымы басшыларының бірі.
1905 жылдан компартия мүшесі. Салов Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясынан кейін ұйымдасқан Семей қалалық жұмысшы депутаттары Советінің мүшесі болды және Семейдегі кәсіподақ ұйымдарының біріккен советінің хатшысы қызметін атқарды. Сойиал революцияның бейбіт даму кезеңінде ол Семей қалалық Советін большивиктендіру бағытында және кәсіподақ ұйымдары мүшелері арасында большивиктік ықпалды күшейту жолында күрес жүргізді. Совет өкіметін орнату мақсатында қарулы көтерілісті дайындау үшін құрылған соғыс-революциялық комитетінің мүшелігіне енгізілді. Семейде қарулы көтеріліс жеңіп, Совет өкіметі орнағаннан кейін Салов Советтердің облыстық съезінде облыс атқару комитетіне мүше және оның финанс бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. 1918 ж. 11 маусымда Семейде ақ гвардияшылар контр-революциялық төңкеріс жасаған күндерде дұшпан қолынан қаза тапты.
## Дереккөздер |
Қоймалық иттер (ағылш. Reservoir Dogs) — америкалық режиссер Квентин Тарантиноның 1992 жылы шыққан алғашқы толықмеражды фильмі. «Қоймалық иттер» Сандэнс кинофестивалінде көрсетіліп, тәуелсіз америкалық кино тарихындағы үлкен маңыздыққа ие болды.
## Рөлдерде
## Сыртқы сілтемелер
* «Қоймалық иттер» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында (Тексерілді 27 қарашаның 2012) |
Шажағай – Шу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерімен өтеді. Ұзындығы 129 км. Су жинайтын алқабы 2110 км2.
## Бастауы
Ақтау, Желдітау шоқыларынан бастау алып, Елшібай тауынан оңтүстікте 3,8 км жерде тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Аңғары адырлы, бұйратты жазықты, ені 1-2 км, кей жерінде 68 км, арнасы кең. Жауын-шашын суынан толысады. Сәуір-мамырда тасып, маусымда суы тартылып, иірім қарасуларға бөлінеді. Суы тұщы, жазда сәл кермек. Жылдық орташа су шығыны сағасынан 45 км жерде секундына 0,25 м3. Суы ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қазақ жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер — VI – XIII ғасырларда қалыптасты. Қоғамның материалдық байлығы молайып, басы артық өнім және оны пайдалану әдістері, әр түрлі топтар шыға бастасымен алғаш қы қауымдық құрылыс, құлдық дәуірі іштен ыдырап, бірте-бірте жаңа құрылысқа – феодализмге жол бере бастады. Қазақ даласында бұл процестің өзіне тән ерекшеліктеріне болды. Ғасырлар бойғы ескі құрылыстың қалдықтары феодалдық қатынастарға патриархалдық сипат берді. Сондықтан Қазақстанда таптық қатынастар патриархалдық-феодалдық қатынастар түрінде дамыды. Үстем тап рулық құрылыстың сарқыншақтарын еңбекші бұқараны аяусыз қанау құралына айналдырды.
Феодалдық қатынастардың қалыптасуы барлық жерде бірдей болған жоқ. Көшпелі мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен, қолөнер кәсібімен айналысқан жерлерде бұл процесс неғұрлым тезірек дамыды. Ал тек мал шаруашлығымен ған шұғылданған аудандарда феодалдық қатынастардың дамуы баяулау болды. Дегенмен, бұл екеуінің түпкі мәні бір еді. Азшылықтың (байлардың) қыруар байлық жиналып, көпшілік қайыршылық пен езгіде күнелтті, сөйтіп қоғам бір-біоіне қарма-қарсы екі тапқа бөлінді. Мұның өзі бай таптың бұқараны басып, жаныштау құралы ретінде мемлекеттің пайда болуына әкеліп соқты.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан тарихы
## Дереккөздер |
Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы (20.09.1960. Түркістан облысы, Үлгілі ауылы) – журналист, ғалым, композитор.
ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген (1987). Филология ғылымдарының кандидаты/PhD (1999), доцент (2006), профессор (2017). Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2015), Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі (2013), Халықаралық Психологиялық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры (2013), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры (2008), Аймақтық Менеджмент Академиясының Құрметті ғылым докторы (2015), ВАК профессоры (2017). Көптеген халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты.
## Қызметі:
Газет редакторының орынбасары (1987-1996), жоғары оқу орнының оқытушысы (1996-1999), аға оқытушысы (1999-2002), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2002-2003), деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005), кафедра меңгерушісі (2005-2014), доцент (2014-2017), профессор (2017 бастап).
## Наградалары, атақтары:
* «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» (1998);
* «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» (2005);
* ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен "Доцент" ғылыми атағы (2006);
* «Қазақстан» РТРК АҚ республикалық ғылыми конкурсының 1-орын иегері (2007);
* «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008);
* Чуваш түрік әлемі мәдени орталығының Алғыс хаты (Чуваш Республикасы, 2008);
* Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ шешімімен "Профессор" академиялық атағы (2008);
* «Қазақстанның мәдениет қайраткері» (2010);
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының Алғыс хаты (2010);
* «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2010);
* Музыка саласы бойынша Васьлей Митта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (Чуваш Республикасы, 2010);
* «Қазақ тілі» Мәскеу аймақтық қоғамының Алғыс хаты (2011);
* «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдени қоғамының Алғыс хаты (2011);
* Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2001);
* «Кентау қаласының Құрметті азаматы» (2011);
* ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы (2011);
* Жазушылар одағы Халықаралық қауымдастығының Алғыс хаты (Мәскеу, 2011);
* «Известные ученые России» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2013);
* «Ұлағатты устаз» республикалық конкурсының 1-орын иегері (2013);
* «Жыл әдіскері» республикалық конкурсының жеңімпазы (2013);
* Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2013);
* «Білім беру ісінің үздігі" медалі (2013);
* Ресей Жаратылыстану Академиясының шешімімен "Профессор" ғылыми атағы (2013);
* Еуропа ғылыми-өндірістік консорциумының «Primus Inter Pares» ордені (Ресей, 2014);
* «За заслуги в культуре и искусстве» медалі (Ресей, 2014);
* «Заслуженный работник науки и образовании» құрметті атағы (Ресей, 2014);
* «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2014);
* «Золотая кафедра России» Дипломы (2014);
* «Педагогикалық ізденіс» І халықаралық конкурсының 2-орын иегері (2014);
* "За добросовестный труд" медалі (Ресей, 2014);
* "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" медалі (2014);
* «Ерен еңбегі үшін" медалі (2014);
* «Педагогикалық ізденіс» ІІ халықаралық конкурсының 1-орын иегері (2015);
* «Кентау қаласына 60 жыл" мерекелік медалі (2015);
* Аймақтық Менеджмент Академиясының шешімімен "Құрметті ғылым докторы" атағы (2015);
* «Желтоқсанның 30 жылдығы" естелік медалі (2016);
* "Ясауи" медалі (2016);
* «Мәншүк Мәметова" естелік белгісі (2017);
* «Халықаралық көркемдік кеңес мүшесі" төсбелгісі (2017);
* «Жылдың үздік ұстазы" төсбелгісі (2017);
* «Халықаралық көркемөнерпаздар одағының мүшесі" төсбелгісі (2017);
* ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен "Профессор" ғылыми атағы (2017);
* "За заслуги в научной деятельности" медалі (Ресей, 2018);
* Түркі халықтарының әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін "Алтын медаль" (2018);
* Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі (2018);
* "Әзірет Сұлтан" қорық-музейіне 40 жыл" мерекелік медалі (2018);
* Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы (2019);
* ҚР БжҒМ "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі (2019);
* ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты (2019)
* "Қазақстан мәслихаттарына - 25 жыл" мерекелік медалі (2019)
* "60 лет АО "Кентауский трансформаторный завод" естелік медалі (2019)
* "Тіл жанашыры" медалі (2019)
* "Білікті ұстаз қырағы - Тәуелсіздік пырағы" медалі (2019)
## Негізгі ғылыми еңбектері:
80-нен астам ғылыми мақалалар (оның 30-ы шетел журналдарында, 4-еуі нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда), 3 монография (1-еуі Ресейде). Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу-әдістемелік еңбектері:
* «Баспасөз аудармасы»,
* «Әдеби редакциялау»,
* «Қазіргі газет жанрлары»,
* «Мерзімді баспасөз дизайны»,
* «Журналистика және дипломатия»,
* «Телеоператор шеберлігі»,
* «Стилистика және әдеби редакциялау»,
* «Қазіргі баспасөз қызметі»,
* «Камал Смайылов – публицист»,
* «Журналист-студенттердің өндірістік тәжірибесін талдау әдістемесі»,
* «ЖОО-да жазба жұмыстарын жазу: диплом жұмысы, курс жұмысы, реферат, жазба жұмысы»,
* "Публицистика поэтикасы",
* "Әлеуметтік лингвистика",
* "Әлеуметтанудағы тілдік жүйе",
* "Әлеуметтік лингвистикалық ұғымдар мен терминдер. Қазақша-орысша түсіндірме сөздік",
* "Социолингвистические понятии и термины. Русско-казахский толковый словарь" т.б.
Ғылыми бағыты — қазақ публицистикасының өзекті мәселелері.
## Негізгі әдеби шығармалары:
* «Ұлт журналистикасының ұлықпаны»,
* «Жорналшы жазбалары»,
* «Шаттық ұялаған шаңырақ»,
* «Әнім – әлемім»,
* «О, махаббат!»,
* «Танымал әндердің тарихы» т.б.
## Негізгі музыкалық шығармалары:
* «Жас жұбайлар»,
* «Неге, неге»,
* «Ауыл жатыр той жасап»,
* «Ризамын»,
* «Текемет»,
* «Ерке қайың»,
* «Астанам – асқақ ән»,
* «Қазақ жауынгері»,
* «Түркістаным – Тұраным»,
* «Келіп кет, қалқам»,
* «Сүндет той»,
* «Аман жүрші ауылдың адамдары»,
* «Сені іздегем»,
* «Айналайын жеңеше» т.б.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. |
Карл Отвин Зауэр (ағылш. Carl Ortwin Sauer; 24 желтоқсан 1889, Уоррентон, Миссури штаты - 18 шілде 1975, Беркли) - американ географы, мәдениет географиясының негізін салушы.
Карл Зауэр Чикаго университетінде оқып, 1915 жылы докторлық диссертациясын қорғады.Кейін Мичиган университетінде дәріс берді.
1923 -1954 жылдары Калифорния университетінің география факультетінің деканы лауазымында жұмыс істеді, ал 1957 жылдан Карл Зауэр осы университеттің мәртебелі профессоры.
## Дереккөздер |
Егемберді Ерғали Қуандықұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор).
## Қысқаша өмірбаян
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 1395 қаулысымен Егемберді Ерғали Қуандықұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды1977 жылы Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Дипломатиялық академияны бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. 1998-2000 жылдар аралығында – Астана қаласы Қаржы басқармасының заңгері. 2000-2001 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. 2001-2002 жылдар аралығында – «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы Бас дирекциясының мониторинг есебі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқармасы бастығының орынбасары. 2002-2003 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің Бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Заң және кадр жұмысы бөлімінің бастығы. 2003 жылы – «Афдан» ААҚ-ның қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті. 2004 жылы – Астана қаласы Тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары. 2004-2006 жылдар аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Біржолғы талондар беру басқармасының бастығы. 2007-2008 жылдар аралығында – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. 2008-2009 жылдар аралығында – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі. 2009-2010 жылдар аралығында – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2010-2012 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы.
## Дереккөздер |
Үсен Жетенов - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор).
## Қысқаша өмірбаян
1952 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары,Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы Жезқазған кен-металлургия комбинатының мыс қорыту зауытында балқытушы болып бастады.
1975-1980 жылдары - Жезқазған кен-металлургия комбинаты мыс қорыту зауытының өндірістік мастері, Жезқазған түсті металл ғылыми-зерттеу, жобалау институтының сектор меңгерушісі.
1980-1984 жылдары - Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитеті өнеркәсіп-көліктік бөлімінде нұсқаушы, меңгерушінің орынбасары.
1984-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, инспекторы.
1987-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитеті өнеркәсіп-көліктік бөліміне жетекшілік жасады.
1988-1990 жылдары – Қазақстан Компартиясы Балқаш қалалық комитетінің бірінші хатшысы.
1990-1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси ұйымдастырушысы, жауапты ұйымдастырушысы лауазымдарын атқарды.
1991 жылы Қазақстан экономикасын қайта құруға ықпалдастық ассоциациясы бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
1991-1992 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Экономикалық реформа, бюджет және қаржы комитетінің бас сарапшысы.
1992-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасы орынбасарының көмекшісі.
1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер кабинеті Ұйымдастыру жұмысы және жергілікті әкімшіліктер бөлімінің бас инспекторы.
1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Жезқазған облысы бойынша өкілі.
1995–1996 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары.
1996 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
1996 - 2008 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
2012 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Егемберді Ерғали Қуандықұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор).
## Қысқаша өмірбаян
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 1395 қаулысымен Егемберді Ерғали Қуандықұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды1977 жылы Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Дипломатиялық академияны бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. 1998-2000 жылдар аралығында – Астана қаласы Қаржы басқармасының заңгері. 2000-2001 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. 2001-2002 жылдар аралығында – «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы Бас дирекциясының мониторинг есебі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқармасы бастығының орынбасары. 2002-2003 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің Бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Заң және кадр жұмысы бөлімінің бастығы. 2003 жылы – «Афдан» ААҚ-ның қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті. 2004 жылы – Астана қаласы Тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары. 2004-2006 жылдар аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Біржолғы талондар беру басқармасының бастығы. 2007-2008 жылдар аралығында – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. 2008-2009 жылдар аралығында – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі. 2009-2010 жылдар аралығында – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2010-2012 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы.
## Дереккөздер |
Достар – Қарасу өзенінің жағалауындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1025 м. Ұзындығы мен ені 6 - 7 км.
## Жер бедері
Беткейлері сайлы-жыралы, аңғарлармен қатты тілімденген, солтүстік және шығыс бөлігі құлама тік жартасты. Орталық бөлігін оңтүстіктен солтүстікке қарай өзеннің шалғынды құрғақ аңғары бөледі.
## Геологиялық құрылымы
Тау ордовик және девон жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында бидайық, бетеге, қызғылт қау, мұз жусан, бөрте жусан өседі.
## Дереккөздер |
Жексұрын сегіздік (ағылш. The Hateful Eight) — режиссёр Квентин Тарантиноның вестерн жанрындағы алдағы шығуға тиісті сегізінші фильмі. Фильмнің премьерасы 2015 жылдың 13 қараша күніне жоспарланып отыр.
## Рөлдерде
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Жексұрын сегіздік» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі — Қазақстан үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы орган, елдегі экономикаға, салық және бюджет саясатына, өңірлерді, жергілікті өзін-өзі басқаруды және жеке кәсіпкерлікті дамыту, табиғи монополиялар және тағы басқа салалардағы функцияларға жауапты.
## Тарихы
1993 жылғы қаңтарда министрліктің тұңғыш «прототипі» — Экономика министрлігі құрылған, тұңғыш министрі Бейсенбай Ізтелеуов болған. 1997 жылы ол Экономика және сауда министрлігі, 1999 жылғы қаңтарда Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттік, ал қазанда Экономика министрлігі болып қайта құрылды. 2000 жылы ол Экономика және сауда министрлігі болып қайта құрылды.
Қазақстан президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы №931 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінен – экономикалық жоспарлау, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен – бюджетті жоспарлау функциясы және ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінен – стратегиялық жоспарлау функцияларының бірігуі негізінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі құрылды.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі лауазымына Қайрат Келімбетов тағайындалып, Министрлікті 3 жыл бойы басқарды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары қызметін қоса атқара отырып, Министрлік басшылығына Кәрім Мәсімов тағайындалды.
2006 жылы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовті премьер-министр қызметіне бекіткеннен кейін, Министр-Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына Аслан Мусин тағайындалды.
Аслан Мусин Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына бекітілгеннен кейін, 2007 жылғы тамызда Экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып Бақыт Сұлтанов, Жауапты хатшы – Дина Шәженова, Вице-министрлер – Лена Мағауияқызы Қармазина, Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Ғалымжан Олжайұлы Пірматов тағайындалды.[дереккөзі?]
Қазақстан президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы жарлығына сәйкес сауда саласындағы функциялар мен құзыреттері тапсырыла отырып, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып қайта құрылды. Министр лауазымына Жанар Айтжанова тағайындалды.
2011 жылғы сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов Экономикалық даму және сауда министрлігі ұжымына жаңа Министр – Қайрат Келімбетовті таныстырды.
Президенттің 2011 жылғы 16 сәуірдегі жарлығымен Жанар Айтжанова Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі болып тағайындалды. ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрінің қызметі Қазақстанның Кеден одағы мен ЕурАзЭҚ аясындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысына қатысуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы бойынша келіссөздер жүргізуге бағытталған. Экономикалық интеграция жөніндегі жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жекелеген құрылымдық бөлімшелері атқарады.
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, 2011 жылғы 12 тамызда Экономикалық даму және сауда министрлігіне бірқатар қосымша қызметтер мен өкілеттіктер тапсырылды: бюджет және салық саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру, кеден ісі саласындағы саясат, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар, бәсекелестікті қорғау мен монополиялық қызметті шектеу саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру мәселелері.
Аталмыш жарлық бойынша үкіметтің қаулысымен 2011 жылғы 23 қыркүйекте ауылдық аймақтарды дамыту бойынша қызметтердің іске асырылуын күшейту үшін Өңірлерді дамыту комитеті және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын бақылау бойынша қызметті жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлікті дамыту комитеті құрылды.
2012 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өңірлік дамудың, «Бизнестің жол картасы 2020», «Халықтық IPO» бағдарламаларының жаңа бағыттарын айқындап, бірқатар құжаттар қабылданды.
2012 жылғы 25 қыркүйектегі президенттің жарлығына сәйкес Бақытжан Сағынтаев «Нұр отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалып, Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне Ерболат Досаев келді.
2013 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру шаралары туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып өзгертілді.
2014 жылғы 6 тамызда Президент Жарлығымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Өңірлік даму министрлігінің, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ҚР Статистика агенттігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылды. Ерболат Досаев министрліктің басшысы болып тағайындалды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Статистика, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеттері, сонымен бірге Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Жер ресурстарын басқару комитеті біріктіріліп, министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 295 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті екіге бөлінді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті министрлік құрамында қалып, Жер ресурстарын басқару комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 70 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бөлініп шығып, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қосылуы нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті үшке бөлінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ұлттық экономика министрлігінің құрамында қалса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сауда және интеграция министрлігіне өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығымен министрліктен екі агенттік бөлініп шықты:
* Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып, оған стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.
* Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылып, оған тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 813 қаулысымен Президент Жарлығына орай Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті мен Статистика комитеті таратылды.
## Міндеттері
Ұлттық экономика министрлігі төмендегідей жұмыстар атқарады:
* елдегі мемлекеттік жоспарлау, салық, бюджет және кеден саясаты, инвестициялар тарту жөніндегі саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, жарнама, табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтар, мемлекеттік активтерді басқару, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту
* өңірлерді дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу, агломерацияларды дамыту
* табиғи монополия салаларында, қоғамдық маңызы бар нарықтарды мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың заң талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау
* жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру
## Комитеттері
Министрліктің бір ғана комитеті бар:
* Табиғи монополияларды реттеу комитеті
## Қарамағындағы мекемелер
* «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
* «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ
* «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
* «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ
## Министрлер тізімі
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі — Қазақстан үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы орган, елдегі экономикаға, салық және бюджет саясатына, өңірлерді, жергілікті өзін-өзі басқаруды және жеке кәсіпкерлікті дамыту, табиғи монополиялар және тағы басқа салалардағы функцияларға жауапты.
## Тарихы
1993 жылғы қаңтарда министрліктің тұңғыш «прототипі» — Экономика министрлігі құрылған, тұңғыш министрі Бейсенбай Ізтелеуов болған. 1997 жылы ол Экономика және сауда министрлігі, 1999 жылғы қаңтарда Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттік, ал қазанда Экономика министрлігі болып қайта құрылды. 2000 жылы ол Экономика және сауда министрлігі болып қайта құрылды.
Қазақстан президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы №931 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінен – экономикалық жоспарлау, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен – бюджетті жоспарлау функциясы және ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінен – стратегиялық жоспарлау функцияларының бірігуі негізінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі құрылды.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі лауазымына Қайрат Келімбетов тағайындалып, Министрлікті 3 жыл бойы басқарды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары қызметін қоса атқара отырып, Министрлік басшылығына Кәрім Мәсімов тағайындалды.
2006 жылы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовті премьер-министр қызметіне бекіткеннен кейін, Министр-Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына Аслан Мусин тағайындалды.
Аслан Мусин Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына бекітілгеннен кейін, 2007 жылғы тамызда Экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып Бақыт Сұлтанов, Жауапты хатшы – Дина Шәженова, Вице-министрлер – Лена Мағауияқызы Қармазина, Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Ғалымжан Олжайұлы Пірматов тағайындалды.[дереккөзі?]
Қазақстан президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы жарлығына сәйкес сауда саласындағы функциялар мен құзыреттері тапсырыла отырып, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып қайта құрылды. Министр лауазымына Жанар Айтжанова тағайындалды.
2011 жылғы сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов Экономикалық даму және сауда министрлігі ұжымына жаңа Министр – Қайрат Келімбетовті таныстырды.
Президенттің 2011 жылғы 16 сәуірдегі жарлығымен Жанар Айтжанова Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі болып тағайындалды. ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрінің қызметі Қазақстанның Кеден одағы мен ЕурАзЭҚ аясындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысына қатысуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы бойынша келіссөздер жүргізуге бағытталған. Экономикалық интеграция жөніндегі жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жекелеген құрылымдық бөлімшелері атқарады.
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, 2011 жылғы 12 тамызда Экономикалық даму және сауда министрлігіне бірқатар қосымша қызметтер мен өкілеттіктер тапсырылды: бюджет және салық саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру, кеден ісі саласындағы саясат, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар, бәсекелестікті қорғау мен монополиялық қызметті шектеу саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру мәселелері.
Аталмыш жарлық бойынша үкіметтің қаулысымен 2011 жылғы 23 қыркүйекте ауылдық аймақтарды дамыту бойынша қызметтердің іске асырылуын күшейту үшін Өңірлерді дамыту комитеті және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын бақылау бойынша қызметті жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлікті дамыту комитеті құрылды.
2012 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өңірлік дамудың, «Бизнестің жол картасы 2020», «Халықтық IPO» бағдарламаларының жаңа бағыттарын айқындап, бірқатар құжаттар қабылданды.
2012 жылғы 25 қыркүйектегі президенттің жарлығына сәйкес Бақытжан Сағынтаев «Нұр отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалып, Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне Ерболат Досаев келді.
2013 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру шаралары туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып өзгертілді.
2014 жылғы 6 тамызда Президент Жарлығымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Өңірлік даму министрлігінің, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ҚР Статистика агенттігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылды. Ерболат Досаев министрліктің басшысы болып тағайындалды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Статистика, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеттері, сонымен бірге Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Жер ресурстарын басқару комитеті біріктіріліп, министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 295 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті екіге бөлінді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті министрлік құрамында қалып, Жер ресурстарын басқару комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 70 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бөлініп шығып, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қосылуы нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті үшке бөлінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ұлттық экономика министрлігінің құрамында қалса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сауда және интеграция министрлігіне өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығымен министрліктен екі агенттік бөлініп шықты:
* Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып, оған стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.
* Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылып, оған тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 813 қаулысымен Президент Жарлығына орай Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті мен Статистика комитеті таратылды.
## Міндеттері
Ұлттық экономика министрлігі төмендегідей жұмыстар атқарады:
* елдегі мемлекеттік жоспарлау, салық, бюджет және кеден саясаты, инвестициялар тарту жөніндегі саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, жарнама, табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтар, мемлекеттік активтерді басқару, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту
* өңірлерді дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу, агломерацияларды дамыту
* табиғи монополия салаларында, қоғамдық маңызы бар нарықтарды мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың заң талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау
* жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру
## Комитеттері
Министрліктің бір ғана комитеті бар:
* Табиғи монополияларды реттеу комитеті
## Қарамағындағы мекемелер
* «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
* «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ
* «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
* «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ
## Министрлер тізімі
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі — Қазақстан үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы орган, елдегі экономикаға, салық және бюджет саясатына, өңірлерді, жергілікті өзін-өзі басқаруды және жеке кәсіпкерлікті дамыту, табиғи монополиялар және тағы басқа салалардағы функцияларға жауапты.
## Тарихы
1993 жылғы қаңтарда министрліктің тұңғыш «прототипі» — Экономика министрлігі құрылған, тұңғыш министрі Бейсенбай Ізтелеуов болған. 1997 жылы ол Экономика және сауда министрлігі, 1999 жылғы қаңтарда Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттік, ал қазанда Экономика министрлігі болып қайта құрылды. 2000 жылы ол Экономика және сауда министрлігі болып қайта құрылды.
Қазақстан президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы №931 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінен – экономикалық жоспарлау, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен – бюджетті жоспарлау функциясы және ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінен – стратегиялық жоспарлау функцияларының бірігуі негізінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі құрылды.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі лауазымына Қайрат Келімбетов тағайындалып, Министрлікті 3 жыл бойы басқарды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары қызметін қоса атқара отырып, Министрлік басшылығына Кәрім Мәсімов тағайындалды.
2006 жылы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовті премьер-министр қызметіне бекіткеннен кейін, Министр-Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына Аслан Мусин тағайындалды.
Аслан Мусин Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына бекітілгеннен кейін, 2007 жылғы тамызда Экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып Бақыт Сұлтанов, Жауапты хатшы – Дина Шәженова, Вице-министрлер – Лена Мағауияқызы Қармазина, Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Ғалымжан Олжайұлы Пірматов тағайындалды.[дереккөзі?]
Қазақстан президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы жарлығына сәйкес сауда саласындағы функциялар мен құзыреттері тапсырыла отырып, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып қайта құрылды. Министр лауазымына Жанар Айтжанова тағайындалды.
2011 жылғы сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов Экономикалық даму және сауда министрлігі ұжымына жаңа Министр – Қайрат Келімбетовті таныстырды.
Президенттің 2011 жылғы 16 сәуірдегі жарлығымен Жанар Айтжанова Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі болып тағайындалды. ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрінің қызметі Қазақстанның Кеден одағы мен ЕурАзЭҚ аясындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысына қатысуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы бойынша келіссөздер жүргізуге бағытталған. Экономикалық интеграция жөніндегі жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жекелеген құрылымдық бөлімшелері атқарады.
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, 2011 жылғы 12 тамызда Экономикалық даму және сауда министрлігіне бірқатар қосымша қызметтер мен өкілеттіктер тапсырылды: бюджет және салық саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру, кеден ісі саласындағы саясат, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар, бәсекелестікті қорғау мен монополиялық қызметті шектеу саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру мәселелері.
Аталмыш жарлық бойынша үкіметтің қаулысымен 2011 жылғы 23 қыркүйекте ауылдық аймақтарды дамыту бойынша қызметтердің іске асырылуын күшейту үшін Өңірлерді дамыту комитеті және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын бақылау бойынша қызметті жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлікті дамыту комитеті құрылды.
2012 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өңірлік дамудың, «Бизнестің жол картасы 2020», «Халықтық IPO» бағдарламаларының жаңа бағыттарын айқындап, бірқатар құжаттар қабылданды.
2012 жылғы 25 қыркүйектегі президенттің жарлығына сәйкес Бақытжан Сағынтаев «Нұр отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалып, Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне Ерболат Досаев келді.
2013 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру шаралары туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып өзгертілді.
2014 жылғы 6 тамызда Президент Жарлығымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Өңірлік даму министрлігінің, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ҚР Статистика агенттігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылды. Ерболат Досаев министрліктің басшысы болып тағайындалды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Статистика, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеттері, сонымен бірге Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Жер ресурстарын басқару комитеті біріктіріліп, министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 295 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті екіге бөлінді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті министрлік құрамында қалып, Жер ресурстарын басқару комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 70 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бөлініп шығып, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қосылуы нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті үшке бөлінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ұлттық экономика министрлігінің құрамында қалса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сауда және интеграция министрлігіне өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығымен министрліктен екі агенттік бөлініп шықты:
* Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып, оған стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.
* Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылып, оған тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 813 қаулысымен Президент Жарлығына орай Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті мен Статистика комитеті таратылды.
## Міндеттері
Ұлттық экономика министрлігі төмендегідей жұмыстар атқарады:
* елдегі мемлекеттік жоспарлау, салық, бюджет және кеден саясаты, инвестициялар тарту жөніндегі саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, жарнама, табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтар, мемлекеттік активтерді басқару, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту
* өңірлерді дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу, агломерацияларды дамыту
* табиғи монополия салаларында, қоғамдық маңызы бар нарықтарды мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың заң талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау
* жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру
## Комитеттері
Министрліктің бір ғана комитеті бар:
* Табиғи монополияларды реттеу комитеті
## Қарамағындағы мекемелер
* «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
* «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ
* «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
* «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ
## Министрлер тізімі
## Дереккөздер |
Ерген Николайұлы Дошаев (1958 жылы 19 қаңтарда Ақтөбе облысы) - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор). Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, Мәскеу заң институтын тәмамдаған.
## Мансабы
* Институтты бітіргеннен кейін «Актюбинский вестник» облыстық газетінде тілші болып істеген.
* 1992-1996 жылдары Ақтөбе облыстық әкімшілігі Басшысы аппаратында баспасөз-хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ішкі саясат және ақпарат бөлімінің меңгерушісі, көмекшілер мен кеңесшілер тобының жетекшісі болып істеген.
* 1996 жылы – Ақтөбе облтелерадиокомпаниясының төрағасы.
* 1996-1999 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
* 1999-2002 жылдары – «Медимпекс» ЖШС-нің қаржы директоры, «Отандастар Полиграфия» ЖШС-нің директоры.
* 2002-2006 жылдары – «Атырау Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы.
* 2003-2006 жылдары ІІІ сайланған Атырау облыстық мәслихатының депутаты болды.
* 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының басшысы.
* 2007-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы.
* 2012-2013 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
* «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
## Дереккөздер |
Қазақстан музыкасы — Қазақстанның музыка өнері мен музыка индустриясы.
Қазақстан халықтарының бірегей, терең шынайы дәстүрлерінің қалыптасу және дамуы арқылы ұзақ тарихи процестердің нәтижесінде жеткен музыкалық мәдениетінің бай музыкалық мұрасы. Бұл тұжырымдама қазақ халқының музыка өнерін, XVI-XXI ғасырлардағы қазақ және қазақ жерін мекендеген басқа ұлттар композиторларының шығармалары, романстары, шығармашылық еңбектерін біріктіреді.
## Қазақстан музыкасының тарихы
### Қазақ халық музыкасы
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
### XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.
### Қазақстан музыкасы Азамат соғысынан соң
Азамат соғысы жылдарында Қазақстан музыкасы жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе Сәкен Сейфуллиннің «Жас қазақ марселъезасы» атты революциялық рухтағы әні кең таралды.
Азамат, жүнжіме, жүрме босҚол ұстас, бірігіп тізе қос!Ту ұстап дұшпанға барайық,Теңдіктің ұранын салайық.Тізесін батырған залымнанКүн туды біз теңдік алайық!
Азамат, жүнжіме, жүрме босҚол ұстас, бірігіп тізе қос!Ту ұстап дұшпанға барайық,Теңдіктің ұранын салайық.Тізесін батырған залымнанКүн туды біз теңдік алайық!
Азамат, жүнжіме, жүрме босҚол ұстас, бірігіп тізе қос!Ту ұстап дұшпанға барайық,Теңдіктің ұранын салайық.Тізесін батырған залымнанКүн туды біз теңдік алайық!
Қазақстанның уездік орталықтарында жергілікті органдар Музыкалық мекемелерді ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Бұл халықты саяси ағарту міндеттеріне байланысты еді.
1919 жылы Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. Осы жылы Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту коллегиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыл әскерлер хоры ұйымдастырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер пәлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 жылы Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. Бұл жылдары ұйымдастырылған музыкалық мекемелер радио мен теледидардың орнына халыққа идеологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.
Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады. Қазақстанның көптеген аудандары мен облыстарында әншілер, ақындар, музыканттар байқауы тұрақты өткізіліп тұрды. 1922 жылы Қарқаралыда өткен байқауда бірінші орынды талантты әнші Ғаббас Айтпаев иеленді. 1924 жыды Петропавлда ірі ақын, сазгер әрі әнші Ыбырай Сандыбаев қатысқан слет өтті.
1923 жылы Мәскеуге Ә.Қашаубаев, И.Байзаков, Е.Өмірзақов, Ғ.Айтпаева, Қ.Байжанов, Қ.Жандарбеков, т.б. қазақ әншілері мен музыканттары шақырылып, концерт қойды. 1925 жылы жаңа астана Қызылордада Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, т.б. қатысуымен қазан халық музыкасының үлкен концерті өтті.
Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің (1869—1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, корей ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды.
1926 жылы Қызылордада қазақ театры ашылып, Қазақстанның музыкалық орталығына айналды. Ол өзінің алғашқы онжылдығы бойында негізінен музыкалық театр болды. Қазақ көрермендерін тарту үшін театрда спектакльден кейін концерт берілетін.
1931 жылы Алматыда қуатты радио тарату станциясы жұмыс істей бастады. Радиоорталықта түңғыш қазақ кәсіпқой хоры ұйымдастырылды. Ұлттық өнер кадрларын даярлау үшін Алматыда 1932 жылы театр-музыка техникумы ашылды. Бұл республикадағы тұңғыш өнер оқу орны еді, сондықтан онда жұмыс істеу үшін қазақ тілін білетін және музыкадан теориялық білімі бар жігерлі адамдар қажет болды. Сондай мамандардың бірі — Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді.
1933 жылы 29 сәуірде ғылыми-зерттеу кабинеті мен Алматы музыкалық-драмалық техникумының музыкалық-тәжірибелік шеберханасына музыкалық фольклорды зерттеу және қазақ халық аспаптарының үнін жетілдіру міндеті жүктелді. Жұмысқа А.Жұбанов басшылық жасап, Е.Брусиловский және ағайынды Прокофий мен Эмануэль Романенколар сияқты мамандар тартылды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Тәттімбет, Қазанғап, Ықылас, Сармалай, Сейтек, т.б. күйшілердің көптеген күйлері жазылып алынады.
А.Жұбанов кәсіби музыкалық білім жүйесінде домбырада және қобызда нотамен ойнауды үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.
Жемісті еңбек нәтижесінде көлемі және дыбысталуы әр түрлі домбыралар квартетін: прима, тенор, альт және бас домбыраларын жасап шығарды. А.Жұбановтың басшылығымен техникумның 11 студенті кішігірім домбыра оркестрін құрды. 1934 жылы маусымда халық өнер қайраткерлерінің I слеті болды. Домбыра ансамблін есепке ала отырып, Қазақ ОАК-нің төралқасы «Ағарту халкомы жанынан халық өнері қайраткерлерінің I слетіне қатысушылардан халық аспаптарының ұлттық оркестрін құру... Оркестрді республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосу туралы» қаулы қабылдады. Оркестр құрамына техникум студенттерімен катар халық музыкасының шеберлері енгізілді. Дирижері және көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды.
1935 жылы осы оркестрдің негізінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармония республикадағы музыкалық-концерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады.
1936 жылы мамырда Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. 23 мамырда Үлкен театрда өткен қорытынды концертте партия мен үкімет басшылары қатысты. А.Жұбанов басқарған оркестр өзінің ең таңдаулы шығармаларын орындады. 1936 жылы 3 қарашада Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысымен А.Жұбановқа және солист әншілер У.Қабиғожин мен Л.Мұхитовқа республикаға еңбек сіңірген әртіс атағы берілді. А.Жұбанов оркестрге орыс және шетел классикасын, М.И.Глинканың «Руслан мен Людмила», П.И.Чайковскийдің «Қарғанын мәткесі», Ф.Шуберттің «Музыкалық сәт» операларынан үзінділер енгізді. 1938 жылдың қазан айынан бастап оркестрге Латиф Хамиди жетекшілік етті.
Сөйтіп, 30-жылдардың соңына дейін Қазақстанның көсіпқой музыка өнері даму үстінде болды. Білімді қорландыру, дарынды орындаушыларды анықтау, музыкалық ұжымдар үшін талантты жастарды таңдап алу жұмыстары жүргізілді. 30-жылдардың соңына қарай республикада қалыптасқан кәсіпқой музыкалық мәдениетте Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің өзіндік белгілері әлі де сақталған болатын.
### Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан музыкасы
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері Күләш К.Ж.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Б.Үмбетбаев, М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.
Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорындарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.
### Кеңес одағының құрамында болған жылдардағы Қазақстан музыкасы
Брусиловский “Қыз Жібек”, “Жалбыр” секілді алғашқы қазақ операларын жазды. И.Н. Надировтың “Терең көл” (1939), А.А. Зильбердің “Бекет” (1940), В.В. Великановтың “Тұтқын қыз” (1939), Брусиловскийдің “Ер Тарғын” (1937) опералары Қазақ музыкасының кезекті жетістіктері болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары қазақ композиторлары “Гвардия алға” (Брусиловский), “Амангелді” (Брусиловский, М.Төлебаев), “Абай” (Жұбанов, Л.Хамиди), “Біржан – Сара” (М.Төлебаев) секілді күрделі туындылар берді. Опера жанрымен қатар композиторлар “Сарыарқа” (Брусиловский), “Абай” (Жұбанов), “Қазақ симфониясы” (Великанов), “Ризвангүл” (Қ.Қожамияров), “Жайлауда” (Қ.Мусин) атты симфониялық шығармалар (поэма), “Коммунизм оттары”, “Кеңестік Қазақстан” атты кантаталар жазды. Брусиловский мен Ғ.Жұбанова оркестр мен жеке музыкалық аспапқа арналған концерт жанрында да елеулі еңбек етті. Қазақ музыкасының жетістіктері кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен Мәскеуде өткен әдебиет пен өнер онкүндіктерінде (1936, 1958) көрсетілді.
Қазақ музыкасын шетелдіктерге алғаш паш етушілердің бірі Ә.Қашаубаев болды. Ол 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндағы Франкфуртте ән шырқады. 60 – 70-жылдары Қазақстан композиторлары ұжымдық тәсілмен бірқатар опералық шығармалар жазды. Бірақ бұл шығармашылық тәсілдің елеулі кемшіліктері болды. Соның бастысы – бір шығарманың әр түрлі нақышта жазылуы еді. Сондықтан композиторлар бұл тәсілден бас тартып, С.Мұхамеджанов “Айсұлу” (1964), Е.Рахмадиев “Алпамыс” (1972), Жұбанова “Еңлік-Кебек” (1975), Қожамияров “Садыр Палуан” (1977) атты опералық шығармалар жазды, Жұбанова, Қожамияров, М.Сағатов балет жанрында еңбек етті. Брусиловский бесінші, алтыншы, Қожамияров бірінші, екінші, Жұбанова “Жігер” атты симфонияларын жазды. Рахмадиев“Дайрабай”, “Құдаша думан” симфониялық күйлерін ұсынды. Қазақ музыкасы үшін бұл күй жанрының өзіндік жаңалығы болатын.
60–70-жылдарда ән жанрында жемісті еңбек еткен Б.Байқадамовтың, Ә.Еспаевтың, М.Маңғытаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің, Т.Базарбаевтың, Е.Хасанғалиевтің шығармалары халық ілтипатына бөленді. Кейінгі жылдары опера, симфония, балет саласында – С.Мұхамеджанов (“Ақан сері – Ақтоқты”), Б.Жұбаниязов (“Махамбет”), Жұбанова, Рахмадиев, С.Кибирова (“Үш торай”), А.Серкебаев (“Мой брат Маугли”), С.Еркінбеков (“Мәңгі алау”), аспаптық-камералық және вокалдық музыкада – Ж.Дастенов, Маңғытаев, Сағатов, Ж.Тұрсынбаев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті.
Қазақстан өнер шеберлері Венгрияда (1970, 1973), Германияда (1970, 1972, 1975), Польшада (1971, 1975), Моңғолияда (1971), Чехословакияда (1972, 1974), Кубада кеңінен танымал болды. Азияда – Сингапур, Малайзия, Шри-Ланка, Пәкстан (1973), Үндістан; Еуропа елдерінде – Финляндия (1971), Франция, Германия (1972), Италия (1976), Швецияда (1970, 1984) өткізілген КСРО мәдениеті күндерінде Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымдары – Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, ән-би ансамблі, классикалық би ансамблі, “Отырар сазы” оркестрі, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай” ансамбльдері, “Сазген” этнографиялық ансамблі, т.б. қатысты. КСРО халық артистері – Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев және Роза Жаманова қойған концерттерін шет ел көрермендері жоғары бағалады. 70-жылдарда Қазақ музыкасының талантты жас өнерпаздары бүкілодақтық және дүниежүзілік музыка сахнасына шықты. Олардың қатарында Паганини атындағы халықаралық скрипкашылар байқауының (Италия, Генуя, 1971) лауреаты Э.Нақыпбекова, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер бәйгесінің (Мәскеу, 1976) лауреаты М.Мұсабаев, осы байқаудың дипломанты Р.Жұбатырова, бүкілодақтық дирижерлер байқауының (Мәскеу, 1976) лауреаты Т.Мыңбаев, Герберт фон Кароян қорының халықаралық байқауының дипломанты (1978) Т.Әбдірәшев, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер байқауы (1975) мен Р.Шуман атындағы халықаралық әншілер байқауының (Германия, Цвиккау, 1977) және Рио-де-Жанейрода өткен әншілердің халықаралық байқауының (Бразилия, 1979) лауреаты Ә.Дінішев, халықаралық скрипкашылар байқауының (Белград, 1977) дипломанты және халықаралық скрипкашылар байқауының (Жапония, Токио, 1982) лауреаты А.Мұсаходжаева, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының (Мәскеу, 1977) лауреаты, әнші Ғ.Қ. Есімов, Болгарияда өткен халықаралық эстрада әндері байқауының (Болгария, София, 1977) “Алтын Орфей” жүлдесін жеңіп алып, “Алтын микрофон” атты халықаралық байқауда (Түркия, Стамбул, 1979) екінші орынды иеленген әнші Р.Рымбаева, Ж.Б. Виотти атындағы халықаралық пианинода ойнаушылар байқауының (Верчелли, 1980) үздік І сыйлығына ие болған Г.Қадырбекова, М.Лонг және Ж.Тибо атындағы байқаудың (Франция, Париж, 1983) жеңімпазы атанған Ж.Ж. Әубәкірова, Халықаралық скрипкашылар байқауының (Париж, 1985) лауреаты Г.Мырзабекова, т.б. бар. 1988 – 99 жылдары “Франциядағы қазақ күндерінде” Ж.Әубәкірова жеке концертімен, М.Бисенғалиев (скрипка), А.Бөрібаев (виолончель), Т.Ормантаев (пианино), М.Мұхамедқызы мен Н.Үсенбаева (екеуі де – әнші) өз өнерлерін көрсетті. 2003 жылы мамырда композитор Б.Жұманиязовтың “Махамбет” операсының (либреттосы – Б.Аманшиндікі) беташар қойылымы өтті.Қазақтың музыка мәдениеті аясында музыкатану ғылымы да қанатын кең жайды. Затаевич, Жұбанов, Ерзакович, Н.Тифтикиди, И.Дубовский, Ю.Аравин,М.Ахметова секілді аға буын ғалымдардың Қазақ музыкасын зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Қоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты. Бүгінде Қазақ музыкасы –аяғына нық тұрған, әлем мәдениетінде өзіндік орны айқындалған өнер саласына айналды.
*
*
*
*
*
*
*
### Тәуелсіз Қазақстан музыкасы
Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың,татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан -әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол "- Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары - М. Бейсенғалиев, Э. Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.
Бүгінгі күні Республикада к. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр .
## Қазақстандық музыка фестивалдері
Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз "Жігер", "Алтын алма", "Жаңа музыка күндері", "Азия дауысы" халықаралық сайысын, ал халық музыканттарын - дәстүрлі музыканың халықаралық фестивалін, жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырылатын.
## Дереккөздер |
Николай Иванович Анов (Иванов) (30 желтоқсан 1891, Санкт-Петербург – 18 шілде 1980, Алматы) – жазушы-драматург.
## Өмірбаяны
Еңбек жолын 1908 жылы баспахана жұмысшысы болып бастаған.
1917 – 1950 жылдары Омбы, Өскемен, Семей, Новосибирск, Мәскеу қалаларында баспа, газет-журнал редакцияларында қызмет етті.
1951 жылы Алматыға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен шұғылданды.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Алғашқы әңгімелері 1914 жылдан жариялана бастады.
Қазақстан тақырыбына арналған «Азия» романы (1979), Днепр СЭС-ы құрылысшылары туралы «Днепрострой» очерктер жинағы (1931) басылды.
* Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан өмірін кең қамтыған «Жоғалған інім» (1941; толықтырылған нұсқасы – 1960),
* 19 ғасырда Қазақстанға жер аударылған Ресей ақыны А.Н. Плещеев туралы «Ақмешіт» (1948),
* қазақ өнерінің жаңаша қалыптасу кезеңін суреттейтін «Ән қанаты» (1956) кітаптары жарық көрді.
* Өмірбаяндық сарындағы «Менің жастық шағым» (1964; трилогияның 1-кіт.), «Выборг жағы» (1970; 2-кіт.), «Омбыдағы интервенция» (1978, 3-кіт.) романдарын, «Мәртебелінің өлімі» (1961), «Қазына түбегі» (1965) повестерін, бірнеше пьеса, киносценарийлер жазды.
М. Әуезовтің «Абай жолы» романының 2-кітабын орыс тіліне аударуға қатысқан.
* «Кашира аңызы» кітабы үшін Қазақстан Мемлекет сыйлығын алған (1970).
## Дереккөздер |
Жанна Дачеровна Егімбаева. 1953 жылы 12 мамырда РКФСР Камчатск облысы Қарағы ауданы Ивашка ауылында туған. Корей.
Талдықорған заң техникумын (1980); С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1985), заңгер.«Нұр Отан» ХДП мүшесі.1971 жылдан - Семей тоқыма фабрикасының тігінші-мотористі, Жамбыл аудандық түрмыстық комбинатының тігінші-моторисі. 1975 жылдан - Жамбыл аудандық соты кеңсесінің басшысы, Алматы облыстық сотының сот отырысының хатшысы. 1981 жылдан - «Казглаввторресурсы» келісімдік-құқықтық басқармасының аға заң кеңесшісі, басшысы. 1988 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттікжабдықтау комитетінің келісімдік-құқықтық басқарма басшысының орынбасары. 1991 жылдан - ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Министрлер кабинетінің бас сарапшысы, заң белімінің меңгерушісі. 1994 жылдан - ҚР ПрезидентӘкімшілігінің заң белімінің меңгерушісі.2002 жылдан бері - ҚР Премьер-министр Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі.
«Құрмет» орденімен (2008), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003) марапатталған.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өте оптимисттік».
Хоббиі - туризм.
Сүйіп оқитын әдебиеті - И.В. фон Гете, У. Шекспир, Ф. Ницше.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Егімбаев Ерболат Зәкірияұлы (1950 жылы туған), «Қазақстан-Варгаши» ЖШС директоры Қызы - Егімбаева Майя (1977 жылы туған), ұлы - Егімбаев Талғат (1982 жылы туған).
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті — орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, реттеуші, атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомствосы.
## Тарихы
1998 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi болып өзгертілді. 1999-2002 жылдары ол ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі құрамында болды. 2002 жылы комитет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына беріліп, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi болып өзгертілді. 2013 жылдың басында комитет ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, жыл соңында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне берілді. 2014 жылы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитеті біріктіріліп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті болып қайта құрылды. 2019 жылы комитет ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, 2023 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді.
## Міндеттері
* Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, атқарушылық және бақылау функцияларын орындау
## Құрылымы
Комитеттің 5 басқармаcы бар (2023 жылға):
* Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасы
* Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы
* Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасы
* Сатып алуды ұйымдастыру басқармасы
* Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы басқармасы
## Қарамағындағы мекемелер
* Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары
* «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ
* «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ
* «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ
* «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ
* «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» РММ
* «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
* «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ
* «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ
* «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК
* «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК
* «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМҚК
* «Республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы» РМҚК
* «Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі» РМҚК
* «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК
* «Жасыл аймақ» ШЖҚ РМК
* «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
* «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.
## Тарихы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оған: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылды.
Мекеменің басшысы болып Тамара Дүйсенова, ал бұрынғы министрдің басшысы Салидат Қайырбекова Бірінші вице-министрдің қызметі болып тағайындалды.
## Құрылымы
* Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті
* Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
* Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
## Министрліктің негізгі міндеттері
* Халықтың денсаулығын сақтау;
* Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу;
* Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
* Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
* Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
## Министрлікті басқарғандар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 30 қазанның 2015 жылы. |
Үлгі:Шатастыруға болмайдыЕуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) (2001-2014) - бірнеше бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында Халықаралық экономикалық ұйым. Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру үшін, экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету, сондай-ақ басқа да мақсаттары мен міндеттері, оның тиімді мүдделі тараптар қалыптастыру үшін құрылды. Еуразиялық экономикалық Одақ құруға байланысты алынып тасталды.
## Құрамы
* Беларусь (2001—2014)
* Қазақстан (2001—2014)
* Қырғызстан (2001—2014)
* Ресей (2001—2014)
* Тәжікстан (2001—2014)
* Өзбекстан (2006—2008, мүшелігін тоқтатты)
### Бақылаушы мемлекеттер
ЕурАзЭҚ бақылаушы мәртебесін Жарғысына сәйкес олардың өтініші бойынша мемлекеттің немесе мемлекетаралық (үкiметаралық) ұйымдарға берілуі мүмкін. Қажет болған жағдайда, ашық құжаттар мен шешімдер Қоғамдастық қабылдаған болса, бақылаушы алуға төрағалық етушінің келісімімен осы отырыстарда сөз сөйлеуге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қоғамдық отырыстарына қатысуға құқылы. Бақылаушы мәртебесі ЕурАзЭҚ және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құжаттарға қол қою органның отырыстарында шешімдер қабылдауға дауыс беру құқығы жоқ. Бақылаушы мемлекеттер:
* Молдова (2002—2014)
* Украина (2002—2014)
* Армения (2003—2014)
## Құрылымы
* Мемлекетаралық Кеңес;
* Интеграциялық Комитет (штаб-пәтерлері Алматы және Мәскеу қалаларында);
* Парламентаралық Ассамблея (штаб-пәтері Санкт-Петербург қ.);
* Қоғамдастық соты (штаб- пәтері Минск қ.)
Мемлекетаралық Кеңес – мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды.Интеграциялық комитет – ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган.Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру) мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады.Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды.
## Құрылу тарихы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі.
## Мақсаттары мен міндеттері
* Толық еркін сауда режимін, ортақ кедендік тариф қалыптастыру және тарифтік емес реттеудің бірыңғай жүйесін тіркеуді аяқтау
* Капитал қозғалысының еркіндігін қамтамасыз ету
* Жалпы қаржы нарығын жасау
* ЕурАзЭҚ шеңберінде бірыңғай валютаға көшу үшін принциптері мен шарттарын үйлестіру
* Тауарлар мен қызметтерді сауда үшін ортақ ережелер құру және олардың ішкі нарыққа қол жеткізу
* Кедендік реттеудің бірыңғайланған ортақ жүйесін құру
* Мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру
* Өндірістік және кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай жасау
* Көліктік қызмет және кешенді көлік жүйесін ортақ рыногын жасау
* Ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру
* Тараптардың нарығына шетелдік инвестицияларды қол жеткізу үшін тең жағдайлар жасау
* Қоғамдастық аясында ЕурАзЭҚ елдерінің азаматтарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету
* Жалпы еңбек нарығын қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігін, денсаулық сақтау мәселелері, көші-қон және басқа да келісілген тәсілдерді әл-ауқатын мемлекеттердің қоғамдастық құру мақсатында әлеуметтік саясаттың үйлестіру.
* Ұлттық заңнаманы жақындастыру мен үйлестіру
* Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру ЕурАзЭҚ елдерінің құқықтық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету
* БҰҰ-мен өзара іс-қимыл
* Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау;
* Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту;
* Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру; ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру;
* Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету.
## Қызметі
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық – ТМД кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі. Аталған аймақтық бірлестік жұмысына қатысу Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады. 2003 жылғы желтоқсанда ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, бұл осы интеграциялық бірлестікті дүниежүзілік қоғамдастық танып отыр дегенді білдіреді. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген, тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда режимдері қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Біртұтас кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтарының білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар нақтылы бірлескен қадамдар жасалды. ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа қол қойылған сәттен бері ЕурАзЭҚ құру туралы шарттың нормалары мен қағидаларын нақты толықтыру, Қоғамдастықтың басқару органдарын құру және олардың қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу, жаңа халықаралық ұйымның лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін бекіту, олардың өз міндеттерін тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша халықаралық-құқықтық жұмыстың едәуір көлемі атқарылды. 2003 жылғы 27 сәуірде Душанбе қаласында болған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі барысында (мемлекет басшылары деңгейінде) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы қаралды, ол Қоғамдастықтың таяу болашақтағы негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілейді. Осы баяндама негізінде Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының 2004 жылғы 9 ақпандағы №152 шешімімен бекітілген «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын» және «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ дамуының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын» әзірледі. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер осылайша Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету мақсатында бұдан былайғы қадамдап жүретін іс-қимылдарын айқындап алды. Бұдан басқа, Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер, экономиканың нақты секторында мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын дамытудың маңыздылығын тани отырып, Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерге іскер топтарды тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта 2002 жылы жазда «ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесі» қауымдастығы құрылды. 2003 жылғы ақпанда Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың алғашқы Экономикалық форумы өтіп, онда ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттары бойынша сындарлы пікір алмасулар болды және өзара қызығушылық туғызатын жобалар бойынша ұсыныстар енгізілді. 2004 жылғы қыркүйекте «ЕурАзЭҚ – Іскери әлем» Халықаралық Конгресі өтті. 2005 жылғы 22 маусымда Мәскеу қаласында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 13-ші мәжілісі өтіп, оның барысында Президенттер интеграциялық өзара іс-қимылдарды тереңдету бойынша бұдан арғы қадамдарды талқылады және Тараптар үкіметтеріне экономикадағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. 2005 жылғы 27 қыркүйекте ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі отырысында (үкімет басшылары деңгейінде) Қоғамдастық елдерінің отын-энергетикалық, көлік және т.б. салаларындағы қызметін реттейтін бірқатар құжаттар қабылданды. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ Ортақ кеден тарифін құру процесін жеделдету қажеттігі атап өтілді. 2005 жылғы 6 қазанда «Орталық Азиялық Ынтымақтастық» ұйымы мемлекет басшылары саммитінде бұл ұйымды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықпен біріктіру туралы шешім қабылданды. Осылайша, Қоғамдастықта Өзбекстан секілді тағы бір қатысушы мемлекет пайда болды. 2006 жылғы 25 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.Каримовтің қатысуымен өткен ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының кезектен тыс саммитінде 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды, осылайша Өзбекстанның Қоғамдастыққа толық құқылы мүшелігі ресімделді. Қоғамдастықтың одан әрі стратегиялық дамуын белгілеген 2006 жылғы оқиғалардың қатарына Өзбекстан Республикасының ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке кіруін, сондай-ақ Қоғамдастық шеңберінде кедендік одақты қалыптастыру ісіндегі оң сипатты нәтижелерге қол жеткізілуін атап өтуге болады. 2007 жылы 6 қазанда Душанбе қаласында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекеттер басшылары деңгейінде) отырысы Қоғамдастық үшін елеулі оқиға болды, ол отырыста әзірге ЕурАзЭҚ-қа мүше үш мемлекет – Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы – қалыптастырып жатқан кеден одағының шарттық-құқықтық базасының негізі қаланды. Осындай жолмен Тараптар бұрын 2006 жылғы 16 тамызда Сочи қаласында қабылданған, Кеден одағын қалыптастыру туралы шешімді іске асырудың практикалық кезеңіне кірісті. 2008 жылғы 25 қаңтарда ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (үкіметтер басшылары деңгейінде) кезекті отырысы өтті, онда ЕурАзЭҚ-тың Кеден одағын қалыптастыру және біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мәселелер қаралды және тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұдан басқа валюта саясаты, капиталдың еркін қозғалысы және инвестициялық саясат саласында тараптардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, сондай-ақ Қоғамдастықтағы Өзбекстан Республикасының мүшелігін түпкілікті ресімдейтін бірқатар халықаралық құжаттар қабылданды. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың 2008 жылға арналған бюджетінің жобасы және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың «Инновациялық биотехнологиялар» атты мемлекетаралық мақсатты бағдарламасының жобасы қаралды. ЕурАзЭҚ-ты құрушылардың бірі болып табылатын Қазақстан оның қызметіне белсенді түрде қатысады және ЕурАзЭҚ-тың жарғылық құжаттарында негізі қаланған сондай-ақ Қоғамдастықтың нормативтік-құқықтық базасында пысықталған интеграциялық әлеуетті кең ауқымда пайдаланады.
## Дереккөздер
## Орналасқан жері
Интеграциялық комитеттің хатшылығы:
* Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., 1-ші Басманный тұйық көше, 6-үй, 4-ғимарат
* Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Республика алаңы, 4. |
Саиф Сараи (1321, Сарайшық — 1396, Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.
Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сараиды Әмір Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі «Гүлстан би-т-түрки» (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің «Гүлстан» шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сараидың бұл поэмасы XIV ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған.
Саиф қолжазбасы 1915 жылы белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Саиф Сараи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған.
## Дереккөздер |
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Болпан немесе Меркурий немесе Шолпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Ал өз белін ұзақ уақыт 59 тəулікте айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +400 дәреже болса, түнде -200 градусқа барады.Яғни түн жағында қар жауады.дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді,Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Меркурийдің беткі қабаты құлаған метеориттерден пайда болған кратерлермен жабылған. Шолпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км), Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік, орташа диам. 4878 км, массасы 3,3×1023 кг; өте сирек атмосферасының құрамында Ar, Ne, He бар. М. беті сыртта. Меркурий ежелгі римдіктердің құдайы болды.
Меркурий күнге ең жақын планета болғандықтан оны бақылау өте қиын. Әйтсе де, соңғы радиобақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол күнге жақын орналасқандықтан, оның орбитасы жерге қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да, кішкене болғандықтан, ол өзінің айналасындағы атмосфераны тұрақты ұстай алмайды.
Меркурийдің өз серігі жоқ.
АҚШ Ұлттық ғарыш басқармасының сарапшылары планетааралық зондтарды пайдалана отырып, жинаған деректер негізінде Меркурийдің егжей-тегжейлі картасы анықталды. Осыдан кейін металл ядросы салқындағандықтан, соңғы 4 миллиард жыл ішінде планетаның диаметрі 14 шақырымға азайғанын білуге болады. Осы процестің нәтижесінде жер бетінде тау жоталары пайда болады, олардың кейбіреулерінің биіктігі 3 км-ге жетеді.
Жоғары температураға қарамастан, Меркурий күн жүйесіндегі ең ыстық планета емес. Оның орналасқан жері күнге ең жақын, бірақ Венераның температурасы жоғарырақ. Венера күннен 2-ші орында орналасқан, жалпы қашықтығы шамамен 107-108 млн км. Мұндағы ауа температурасы 460-462 градус Цельсий. Бұл процесс Венера, Меркурийден айырмашылығы, түзілген жылуды ұстап тұратын көмірқышқыл газының тығыз шарының астында атмосфераға ие болуына байланысты.
## Дереккөздер |
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау — Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты іс-шаралар жиынтығы.
## Қазақ хандығы туралы
Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында келтірілген.
Кейбір тарихи деректерде Моңғол шапқыншылығы Қазақ хандығының құрылуын 150-ден 200 жылға кешеуілдеткені жайында айтылады. Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ ру-тайпаларын 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар бөліп алып шығып Моғолстанның батысындағы (Жетісудың батысы) Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы деген жерге хандығын құрған. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының арасындағы текетірестен Моғолстан ханы өзіне одақтас іздей бастайды. Сонымен Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керей сұлтандарға өз аумағынан жер бөліп береді. Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.
Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты. Қазақстандық қоғам қайраткері Дос Көшімнің ойынша, атаулы күнді тойлау жайлы ой, қазақтарда мемлекет болмаған деген мәлімдемеден кейін туындаған. «Альтернатив» орталығының директоры Андрей Чеботарёвтың пікірінше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Назарбаевтың «Қазақ мемлекеті елдің тәуелсіздігінен соң пайда болды» деген екіұшты пікірі мен Владимир Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дейтін аты-шулы сөзі себеп болған. Путинтың қазақтарда «мемлекет болмаған» деген сөзі Назарбаевтан бастап бүкіл қоғамды ойландырды. Себебі, осындай риторика Украина мен украиндықтарға да айтылған болатын. Бірақ, МГУ ақпаратты-аналистикалық орталығының директоры Сергей Рекеданың пікірінше, Путинның сөздерінде ешқандай құпия жоқ, ал ол айтқан сөздер контекстен алынған, онымен қоса, осыған ұқсайтын сөздерді 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес, өйткені шекарасы болмаған. Ең алғаш біз, қазақ мемлекетінің шекарасын бекітіп, БҰҰ-ға дейін жеткіздік».
## Мерейтойдағы жоспарланған іс шаралар
Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді «Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн теңге), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.
## Дереккөздер |
Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов(11 қараша 1948, Қостанай - 15 қазан 2013, Астана) — мемлекет және қоғам қайраткері.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1971 жылы - Новосібірдегі кооперативтік сауда институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген, саясаттанушы.
* 13-і шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты.
* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.
* Төрағалыққа сайлау алдынан Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
* 2008 жылы қазанның 13 Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасы болып қайта сайланды.
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен, және төрт медалмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Достар – Малайсары жотасының солтүстігінде орналасқан тау.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданында. Абсолюттік биіктігі 1032 м.
## Жер бедері
Тау негізінен ұсақ үш шоқыдан тұрады. Батысында Көкшелі тауы, солтүстік-батысында Мойынқұм құмы, солтүстігінде Жетіжал құмы мен Алтуайт тауы орналасқан. Шығысынан Түрксіб темір жол өтеді.
## Өсімдігі
Беткейіндегі бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу өседі.
## Дереккөздер |
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Бөрібұршақ немесе Люпин – бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік.
Оныӊ жер шарында 200 түрі кездеседі. Еуропада 3 түрі (сары люпин, жіӊішке жапырақты люпин және ақ люпин) қолдан өсіріледі. Люпин топырақ талғамайды, өйткені тамыр жүйкесі күшті дамыған, топыраққа өте тереӊге кетеді, нашар еритін минералды қосылыстарды жақсы ерітеді және тамырына азот (1 га-дан 200-400 кг) жинайды. Люпинніӊ сабағы тік, бұтағыныӊ биіктігі 1-1,5 м. Жапырағы күрделі, ұзынша. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Пісіп жетілу уақыты 80-115 күн. Люпинніӊ тұқымында вегетативтік органдарында 46% протеин, 15-20% май, А, В, В1, В2, С витаминдері және т.б. қоректік заттар болады.
## Дереккөздер |
Есілбай Тәлкейұлы Қадралин 1948 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев селосында дүниеге келген. Социалистік Еңбек Ері (1980). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1997).
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
1964-1982 жылдары шопан, жүргізуші, механизатор, 1982 жылдан трактор-егістік бригадасының бригадирі, 1989-1992 жылдары ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарған. Мәскеудегі Дүниежүзі жастарының кездесуіне қатысқан (1972), Берлиндегі Жастар және студенттердің 10-бүкіләлемдік фестивалінің делегаты. 1975 жылы Қазақстан жастары атынан Бирма Республикасында болып қайтты. Қазіргі кезде фермер.
2 мәрте «Ленин», Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2007 жылдың 24 желтоқсанынан №6-4с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Елі үшін еңбек еткендер Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2016 жылы.
* Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі — агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік, жер ресурстары, балық ресурстарын қорғау салаларына басшылық ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы орган.
## Министрліктің негізгі міндеті
* мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салаларда даму жоспарларын, ұлттық жобаларды қалыптастыру;
* бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құру негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
* агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету;
* реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
* өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
* жер ресурстарын ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
* балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
* өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
## Комитеттері
* Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
* Балық шаруашылығы комитеті
* Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
* Жер ресурстарын басқару комитеті
## Қарамағындағы ұйымдар
* "ҚазАгрЭкс" АҚ (Қазақстан аграрлық сараптамасы)
* "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ
* "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
* "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" ЖШС
## Тарихы
Алғаш рет жер бөлісі, техникалық мәдениет және мал шаруашылығы министрліктерінің бірігуінің нәтижесінде 1947 ж. одақтық-республикалық министрлік ретінде құрылды. 1985 ж. желтоқсандаҚазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің құрамына кірді.ҚР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің қайтааталуының нәтижесінде ҚР Президентінің 1992 ж. 7 ақпандағыЖарлығымен бұрынғы атымен қайтадан құрылды.ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 мамырдагы қаулысымен министрліктіңқұқықтық мәртебесі өзгертілді. Жаңа редакңияда: басшылықты,сондай-ақ зандармен көзделген шектерде астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардыңқызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды, ауыл шаруашылығы саласы, сондай-ақ малдәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсіру, мелиорация,ирригаңия және дренаж саласында салааралық үйлестіруді жүзегеасыратын ҚР орталық атқару органы болып табылады.Тиісті өзгертулер министрліктің негізгі міндеттеріне де енгізілді.Атап айтқанда, негізгілердің қатарына қосымша астық өндіру, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттыәзірлеу және іске асыру қосылды.ҚР Үкіметінің 2001 ж. 22 қыркүйектегі қаулысымен министрліктіңқұқықтық мәртебесі өзгертілді. Жаңа редакңияда: басшылықты, сондай-ақ зандармен көзделген шектерде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өндеу, астық рыногы саласындағы мемлекетгік саясатгы іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекетгік астық ресурстарын басқаруды, ауыл шаруашылығы саласы, сондай-ақмалдәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсірумелиорация, ирригация және дренаж саласында салааралық үйлестірудіжүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болып табылады.Тиісті өзгертулер министрліктің негізгі міндеттеріне де енгізілді.Атап айтқанда, негізгілердің қатарына қосымша ауыл шаруашылығымашиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары менөнімдерін алғашқы өндеу саласындағы мемлекетгік саясатты әзірлеужәне іске асыру, сондай-ақ өндіріс қызметінде, осы салада тікелейжұмыс істейтін субъектілерін реформалауда және оларды заңнамағасәйкес қаржылай сауықтыруда әдістемелік басшылық жасау қосылды.ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы қаулысымен министрліктіңнегізғі міндеттеріне толықтырулар енгізілді: 1) ауыл шаруашылығыөндірісінде, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсірумелиорация, ирригация және дренаж саласында, өз құзіреті шегіндеауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттік саясатты іскеасыруды және үйлестіруді жүзеге асыру; 2) аймақтық саясатты іскеасыруға қатысу.ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығыменминистрлікке таратылған ҚР Табиғи ресурстар және қоршағанортаны қорғау министрлігінің су ресурстары, орман, балық жәнеаң шаруашылығын басқару саласындағы функциялары менөкілеттіктері берілді.ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандагы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. 1) ҚР Табиғи ресурстар және қоршағанортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегікомитеті болып; 2) ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортанықорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығыжөніндегі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман,балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитеті болып; 3) ҚРТабиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Суресурстары жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттікмекемелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстарыжөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелеріболып; 4) ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғауминистрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегікомитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттікмекемелері болып қайта ұйымдастырылды.Ережеге сәйкес министрлік ауыл шаруашылығы, орман, балықжәне аң шаруашылығы, республиканың ерекше қорғалатын табиғиаумақтары, су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесі ресурстарын басқару аясында, ауыл шаруашылығы машиналарынжасау, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж, тамақ өнімдерін өндірубөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеужәне өңдеу), талшықты мақтаны және жүнді қайта өндеуді, астықрыногын қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі саласында басшылықты,сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде мемлекетгік саясатты әзірлеумен іске асыруды салааралық үйлестіруді, оған қатысушылардыңқызметін үйлестіру мен реттеуді, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзегеасыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылды.Министрліктің ведомстволары болды: Су ресурстары жөніндегікомитеті, Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитеті.Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары болды.Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы өндірісінде,суды пайдалануда, астық өндірісі, таңдаулы тұқым шаруашылығы,мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығытамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі өндеуші өнеркәсіп саласында, өзқұзіреті шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, мемлекеттік саясатты әзірлеу, іскеасыру және үйлестіру; өз құзіреті шегінде аймақтық саясатты іскеасыруға қатысу; денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, халықтың денсаулығын малға және адамға ортақ аурулардан қорғаудыұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; рыноктарда, өнім өндіру, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және сатукәсіпорындарында, сондай-ақ тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік ветеринарлыққадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветерниарлық-санитарлықжағдайды бақылау; КР аумағын басқа мемлекеттерден шыққан жүқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан, сондай-ақ карантиндік объектілерден қорғауды және республика аумағыншет елдерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілердіңәкелінуінен немесе өз бетімен еніп кетуінен қорғауды ұйымдастыру; өз құзіреті шегінде ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалар қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу; ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылығын,ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың, сондай-ақ суресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік жәнеөзге де бағдарламаларын әзірлеуге әрі іске асыруға қатысу;агроөнеркәсіп кешенінің маркетинг қызметін дамытуға және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;өндіріс қызметі, ауыл шаруашылығы өндірісі саласында тікелейжұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістікқызметіне, оларды реформалауға және заңнамаға сәйкес олардықаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалыққамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығы суыменжабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласындамемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жер қатынастарын дамыту, әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жүмыс істеуі үшінқұқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарды жетілдіру,жердің құнарлылығын сақтау мен арттыруға әрі оларды үтымдыпайдалануға бағытталған іс-шаралардың орындалуын мемлекеттікбақылауды жүзеге асыру; ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж саласын, астық сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы заңнаманың және белгіленген ережелердің сақталуын әрі республика аумағында өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; орман ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту, пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, суресурстарын пайдалану; карантиндік объектілерді ашу, жайылуына жол бермеу және жою, сондай-ақ олар кездеспейтін республикааймақтарына олардың еніп кетуінің алдын алу; қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету; ішкі және сыртқы азық-түлікрыноктарындағы жағдайды зерделеу әрі оны ауыл шаруашылығытауар өндірушілерінің назарына жеткізу; селекция және асылтұқымды өнім (материал) өсімін молайту саласында жаңа технологиялардвщ, құрал-саймандардың, жабдықтардың, материалдар менбиотехнологиялық әдістердің қолданылуын мемлекеттік қадағалаудві жүзеге асыру.ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы қаулысымен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығыкомитеті туралы ереже және оның құрылымы бекітілді.ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы қаулысының ҚР Табнғн ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрліғінің Орман, балықжәне аң шаруашылығы комитетінің аумақтық орғандары-мемлекеттік мекемелеріне қатысты тармақшасы мынадай редакцияда мазмүндалды: ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортанықорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығыкомитетінің орман және биоресурстар жөніндегі облыстық аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелері және ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балықжәне аң шаруашылығы комитетінің Жануарлар мен өсімдіктердүниесіне мемлекеттік бақылау облыстық аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Ауыл шаруашылығыминистрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің облыстық аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелеріне біріктіружолымен қайта ұйымдастырылсын.ҚР Үкіметінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Ауылшаруашылығы министрліғінің аумақтық органдарын штат санының бекітілген лимиті мен оларды үстауға көзделген қаражат шегіндешекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалауаймақтық бөммшелері болып табылатын ветеринариялық бақылаубекеттері бар (Солтүстік-Батыс аймақтық басқарма және Оңтүстік-Шығыс аймақтық басқарма) мемлекеттік мекемелер құрылды.Тиісті толықтырулар министрлік туралы ережеғе де, оның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, қалалар мен аудандардағы аумақтық органдарымен қатар ветеринариялық бақылаубекеттері бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлімшелері бар екендігі туралы бөлігінде енгізілді.ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағві Жарлығына сәйкесҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 шілдедегі қаулысымен1 ҚР Ауыл шаруашылығының Балық шаруашылығы комитеті құрылды, комитет туралві ереже және оның құрылымы бекітілді, комитеттің аумақтықоргандары-мемлекеттік мекемелері құрылды. Комитет қарауына ҚРАуыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар мемлекеттік мекемелеріберілді. Министрлік ведомстволарвшың қатарына қосымша Балықшаруашылығы комитеті енгізілді.ҚР Үкіметінің 2003 ж. 4 тамыздағы қаулысымен министрліктіңнегізгі міндеттеріне өзгертулер енгізілді: міндеттерінен тандаулытұқым шаруашылыгы саласындагы мемлекеттік саясатты әзірлеу,іске асыру және үйлестіруге қатысты жолдарынан "таңдаулы" сөзіалынып тасталынды.ҚР Үкіметінің 2004 ж. 16 маусымдагы қаулысымен министрліктіңАуылдық аумақтары істері жөніндегі комитеті құрылды, комитеттуралы ереже және оның құрылымы бекітілді.Министрлік туралы ережеге, оның құқықтық мәртебесіне қатысты өзгерту енгізілді. Жаңа редакцияда: ауыл шаруашылығы, орман,балық және аң шаруашылығы, республиканың ерекше қоргалатынтабиғи аумақтары, су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесіресурстарын басқару аясында, ауыл шаруашылығы машиналарынжасау, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиораңия, ирригация мен дренаж, тамақ өнімдерін өндірубөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу жәнеөндеу), талшықты мақтаны және жүнді қайта өндеуді, астық рыногын қоса алғанда, өндеу өнеркәсібі саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада шектелген көздерде мемлекеттік саясатты әзірлеу меніске асыруды салааралық үйлестіруді, оған қатысушылардың қызметінүйлестіру мен реттеуді, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылды.Министрлік ведомстволарының қатарына Ауылдық аумақтарістері жөніндегі комитеті енгізілді. Тиісті өзгертулер министрліктіңнегізгі міндеттеріне де енгізілді. Атап айтқанда, негізгілердің қатарына қосымша ауылдық аумақтар істері жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, ауылдық аумақтарды дамытудыңмемлекеттік және өзге бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруғақатысу, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамытудың құқықтық жәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайларын жетілдіру міндеті енгізілді.ҚР Үкіметінің 2004 ж. 25 маусымдағы қаулысымен министрліктіңнегізгі міндеттерінің қатарына қосымша міндетті сақтандыру шартын бекіту жөніндегі міндеттемелерді өсімдік шаруашылығыөнімдерін өндірушілердің орындауына бақылау жасауды жүзегеасыру енгізілді.ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығыменминистрліктің ірі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау жәнеөнеркәсіп саласындағы функциялары қайта ұйымдастырылған ҚРИндустрия және сауда министрлігіне берілді.ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі қаулысымен министрлік туралы жана ереже, министрліктің аумақтық органдары-мемлекеттікмекемелерінің тізбесі, министрлік комитеттері туралы ережелер жәнеолардың құрылымдары, сондай-ақ комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді.Министрлік қойылған міндеттерді тиімді шешу ушін басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзырына жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыра-тын және өзіне ҚР Конституциясымен, заңдарымен, өзге денормативтік құқықтық кесімдерімен жүктелген функцияларды орындайтын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.Министрліктің негізгі міндеттері: мемлекеттің аграрлық жәнеөңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларын, реттелетін саладағы,атап айтқанда ауыл, балық және су шаруашылығы, өсімдіктер менжануарлар әлемінің өсімін молайтуды және пайдалануды, ерекшеқорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы мемлекетгік жәнеөзге де бағдарламалар мен жобаларды, ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық рыногын реттеу,өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкагольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда,тамақ өнімдерін, былғары (тері илеу және өндеу), талшықты мақтаөндіру мен жүнді қайта өндеу бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, ауылшаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа), агроөнеркәсіпкешенін техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымымәселелерін қалыптастыру және іске асыру; бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығы тауары өндірісін құрудың негізін жасау, ҚР азық-түліктік қауіпсіздігі мен жүмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;орман, аңшылық, балық және су шаруашылығын, ерекше қорғала-тын табиғи аумақтарды және ауылдық аумақтарды дамытумәселелерін қоспағанда, реттелетін салада мемлекеттік бақылауды,қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету; агроөнеркәсіп кешенінақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету.Министрліктің ведомстволары бар: Су ресурстары жөніндегікомитеті, Орман және аң шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті.Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында,қалалар мен аудандарда аумақтық органдары, ветеринариялық бақылау бекеттері бар шекарадағы және көліктегі аймақтық мемлекеттікветеринариялық қадағалау бөлімшелері боладві.
## Министрлер тізімі
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 26 мамырдың 2010 жылы. |
Мамытов Жекен Үмбетқұлұлы 1939 жылы 9 мамырда Жамбыл ауданы,Қаскелең ауылында туды.Ол-ғалым,биология ғылымдарының докторы (1978),профессоры(1956).1957 жылы Ұзынағаш ауданындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепті,1962 жылы ҚазПИ-ді,1967 жылы ҚР ҰҒА Топырақтану институтының аспирантурасын бітірген.1967-1989 жылдары осы институтта аға лаборант,кіші,аға ғылыми қызметкер,лаборотория меңгерушісі,1989-1991 жылдарв "Дархан" кооперативінің төрағасы,1991-1995 жылдары бас ғылыми қызметкер болды.1996-1999 жылдары ҚХР-ның "Жасыл индустрия" ҒЗИ-ның директоры және Қытай ауылшаруашылығын дамыту компаниясының бас ғылыми кеңесшісі.1999-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институында,2002 жылыдан ҚазМУ-де профессор.Оның 200-ге жуық ғылыми еңбегі,соның ішінде 2 монографиясы жарияланған.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Садыр балуан Хушахмәтұлы (1798, Шығыс Түркістан, Құлжа қаласы, Молла тоқты қыстағы, - 1871, сонда), ұйғырдың халық батыры әрі атақты жырау. Бүкіл өмірін маньчжур-қытай басқыншыларына, жергілікті феодал- бектерге қарсы күреске арнап, бірнеше рет қамалған. Садыр балуан Құлжадағы шаруалар көтерісіне (1864-67) басшылық етушілердің бірі. Ол өз өлеңдерін өзі орындаған. "Садыр атады басқа, Дұшпан атады тасқа", "Жамбылда көп жатып", "Ат міндім күрең қасқа" т.б. өлеңдері халық арасына кең тараған. Садыр балуан өмірінен пьеса (М. Асимов, "Садир балуан", 1958), повесть (И. Мухлисов, "Садир балуан", 1964) жазылды.
## Дереккөздер |
Ғабдрахман Сағди - татар әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Стамбулда оқытушылар институтын бітіріп мұғалім болды. Ташкентте, Қазанда, Самарқанда жоғарғы оқу орындарыда сабақ берді.
Оның "Татар әдебиетінің тарихы", "Шығыстың педагогикалық ойлары", "Татар театры", "Проетариат диктатурасы кезіндегі татар әдебиеті", "Науаи шығармалары - өзбек классикалық әдебиетінің даму жолындағы ең жоғарғы шыңы" атты еңбектерімен қатар қазақ әдебиеті жайлы, оның ішінде Абай, М.Әуезов шығармалары туралы зерттеулері бар. Мысалы: "Абай", "Бәйбіше - тоқал", "Қазақ ақыны Абай және оның мұрасы", "Науаи һәм Абай" атты зерттелерін атауға болады.
## Дереккөздер |
Георгий Степанович Жженов (1915 жылы 22 наурызда Василевск аралы Петроград қаласы - 2005 жылғы 8 желтоқсан Мәскеу) – кеңес және Ресейдің кино және театр әртісі. 1980 ж. КССРО Халық әртісі.
Ата-анасы: Степан Филлипович Жженов және Мария Фёдоровна Щёлкина Тверь губерниясының Кесова Гора ауылының шаруаларынан шыққан. 1968 жылы Мәскеуге көшіп келіп, Моссовет атындағы театрға жұмысқа орналасты. Шығармашылық қызмет еткен жылдарында театр және кинода 100-ден аса рөлдерде сомдады. Георгий Жжёнов 2015 жылғы 8 желтоқсанында Мәскеу қаласында 91 жасында өкпе обыры ауыруынан дүниеден озды. 10 желтоқсанда Сретенский шіркеуінде дұғасы оқылды.
## Дереккөздер |
Қызыл Ту ордені (орыс. Орден Крaсного Знамени) алғашқы кеңестік әскери орден. 1918 жылы 16 қыркүйекте Ресейдегі Азаматтық соғыс кезінде Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті бұйрығымен құрылды. 1930 жылы Ленин ордені құрылғанға дейін Кеңес одағы, Кеңестік Ресейдің ең жоғары наградасы болды. Ұрыс алаңында көрсеткен ерен ерлігі үшін, батылдығы үшін жеке тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлiмдер, қалалар, кемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар марапатталды. Кейінгі жылдары, Ұлы Жеңістің жиырмасыншы және отызыншы жылдығына орай, соғысқа қатыспаған адамдар да марапатталынды.
*
*
*
*
## Марапаттау тарихы
Қызыл Ту ордені 1918 16 қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығымен Азаматтық соғыс кезінде құрылды.
## Дереккөздер |
Елизавета Сәдуақасова 1903 жылы 25 сәуірде Омбыда дүниеге келген, азан шақырып қойған қазақша есімі Зейнеп, Мәскеуде паспорт бергенде жазылған есімі – Елизавета, жақындары, достары Лиза десе, әкесі Лиза-жан дейтін. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның қызы. 1971 жылы 23 мамыр күні ауруханада ауырып әл үстінде жатқанда Мәскеуде қайтыс болады. Елизавета Бөйкейханқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
## Отбасы
Елизавета Бөкейханова - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның қызы, Смағұл Сәдуақасовтың жұбайы.Жаз бойы Лиза міндетті түрде Тоқырауындағы әкесінің туған жерінде өткізетін. Онда ол өзінің етбауыр туыстарының, ең бастысы әжесі Бежекемнің қасында болып, масайрап, бой жазатын . 1923 жылдың сәуірінде Лиза саяси қайраткер ғана емес, сонымен қоса драматург, қазақ тарихында ағарту жұмысын ұйымдастырушы ретінде танымал қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовқа тұрмысқа шығады.1941 жылы жалғыз баласы Ескендір Сәдуақасов жасына екі жасты қосып жазғызып, шешесінен жасырын халық жасағына өтіп кетеді де, соғыстың алғашқы айларында оққа ұшып қаза тапты.
## Еңбек жолы
* 1927 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген.
* 1928-1931 ж. аспирантурада оқиды, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінде жоғарғы оқу орындары жөініндегі аға инспектор.
* 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқанда алғашқылардың бірі болып Елизавета Әлиханқызы Солтүстік-Батыс майданынын медициналық госпиталіне қызмет етуге аттанады. Соғыс аяқталғанша Солтүстік-Батыс майданда дәрігерлік қызмет атқарып, майдан даласынан майор атағымен және көптеген наградалармен оралды.
Соғыстан кейін Елизавета Әлиханқызы әскери қызметтен босап, сол кезде Медицина ғылымы Академиясының бір институтының ғылыми хатшысы болып қызмет атқарды.
* 1948-1959 КСРО Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық статистика бөлімінің меңгерушісі болды.
* 1959 жылдан өмірінің ақырғы күндеріне дейін Әлеуметтік гигиена ғылыми-зерттеу статистикалық санитария бөлімін басқарды.
* 1965 жылы докторлық диссертация]сын қорғайды.
## Естеліктер
«Лиза апайдың маңында болған соншама уақыттың ішінде мен не көршілері, не қызметтестері жөнінде бір де ашулы сөз естіген емеспін, қанша бір ширыққан жағдайда да қалпынан шығып, ашу-ызаға жол беріп, ашуланғанын көрген емеспін» деп көрсеткен С.Бөкейханов.
«Жұмыстан бас алмаймын, зерігуге қол тимейді. Мен өзіме қымбат соншама адамдардан айырылдым, сондықтан өзім бақытты болу үшін күш-қуат іздейтіндей емеспін. Мен толассыз іс үстіндемін – жұртта айтады, өзімде білемін, жұмысты жаман атқармаймын. Келешекте докторлық диссертация болып қалуы ықтимал, жұмыс әзірлеп жүрмін. Жалпы тұрмысым жаман емес, бірақ бұл нағыз өмір емес қой, менің барымды соғыс жайпап кетті. Кенемнің қазасы нағыз аналық шаттығымды жұлып әкетті ғой, бірақ сол үшін мені кінәлауға бола ма? Мен соның бәріне қайыспай төзе аламын, жұрт, сірә, мен соның бәрін жеп-жеңіл көтереді деп ойлайтын шығар. Саған ғана, бірінші рет осылай жазып отырмын. Зауқың соқса хат жазарсың. Мен ойында қалған адамдардан хабар алсам, мерейленіп қалар едім. Менің атымнан ұлдарыңның бетінен сүй. Бар жақсылықты тілеймін. Лиза»
## Дереккөздер |
Қарлығаш Лекерқызы Қабдолова - 1954 жылы туған. Педагогика ғылымдарының докторы (2007 ж.).
ҚазПИ-ді (1976, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1987) жылы бітірген. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қызылту орта мектебінде (1976-1978), Алматы қаласындағы №103, №12 мектептерде мұғалім, мұғалімдер институтында әдіскер, оқытушы (1984-85), ҚазҰПУ–да доцент (1995- 2002), Қазақ тіл білімі академиясын да зертхана меңгерушісі, ғалым–хатшы (1993- 2003), т.б. қызметтер атқарды.
«Ұлттық мектептің оқу қостілдігі жағдайында сөзжасамның кешенді бірліктерін байланыстыра оқытудың теориясы мен әдістемесі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Қазірде 50- ден астам ғылыми еңбектердің авторы.
## Дереккөздер |
Құрмет Қабдықайырұлы (5.1.1937 жылы, Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы) – физика-математика ғылымдарының кандидаты (1966), педагогика ғылымдарының докторы (1994), профессор (1985).
ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) және Харьков политехникалық институтының аспирантурасын (1960) бітірген. ҚазМУ–да аға оқытушы, доцент (1962-74), Алматы халық шаруашылығы институтында (1974-85, қазіргі Қазақ экономалық Университеті) кафедра меңгерушісі, Семей педагогикалық институтында (1985-86, қазіргі Семей мемлекеттік университеті) проректор, ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1986-2002), 2002 жылдан профессор қызметтерін атқарды.
«Об одной системе интегро–дифференциальной уровнений» тақырыбында кандидаттық, «Дидактические основы совершенствования математического образования в высшей школе» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Ляхов аралдары — Жаңа Сібір аралдары архипелагының оңтүстік тобы. Лаптевтер және Шығыс Сібір теңіздері аралығында.
## Аралдар тобы
Ляхов аралдары тобына - Үлкен Ляхов (4600 км²), Кіші Ляхов (1325 км²), Столбовой (170 км²) және Семеновскийаралдары кіреді. Ляхов аралдары Азия құрлығынан Дмитрий Лаптев бұғазы (60 км), көршілес Фадеевский аралығынан Санников бұғазы (50 км) арқылы бөлінеді. Гранит интрузиялары қиып өткен мезозойдың тақта тастары мен құм тастары және арасында мұз қабаттары бар көлдік және делювийлі саздақтары тараған. Мүкті-бұталы тундра жамылған. Поляр түлкісі ауланады. Орыс кәсіпкері Ляховтың құрметіне осылай аталған. |
Қазақ елі - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген телехикая.
## Сериал туралы
Сериал Қазақстан телевизиясы тарихындағы тұңғыш тарихи сериал. Фильм бас-аяғы он бөлімнен тұрады. Алғашында фильм 20 бөлімнен тұрады деген ақпарат тараған еді. Бөлім сандарының қысқаруы ең алдымен уақыттың тығыздылығына байланысты болды. Фильмнің жеті бөлімі Қазақ хандығының негізін қалаған хандар Керей мен Жәнібек заманын суреттейді. Қалған үш бөлімі хандықтың іргесін кеңейтіп, орнықтырған Бұрындық, Қасым хандарға арналмақ. Фильм қазақ жастарының патриоттық сезімін күшейту жолында үлкен рөл атқарады.
Фильмнің режиссері - "Елбасы жолы", "Құрақ көрпе" фильмдеріне режиссерлік еткен Рүстем Әбдірашев болып тағайындалған. Екінші режиссер - Ермек Тұрсынов (Шал, Келін фильмдері). Фильмнің бюджеті 5 млн АҚШ долларды құрайды. Фильмнің 7 сериясын Рүстем Әбдірашев өз тобымен түсірді. Қалған 3 серияны Ермек Тұрсынов түсірді. Түсірілім барысында 4 қала тұрғызылды. Түсірілім жұмыстары Түркістан қаласында жүргізілді. Фильмде "Моңғол", "Көшпенділер" түсірілімінде қолданылған реквизиттер пайдаланылады. "Орда" фильміндегі сауыт-саймандар сатып алынуы да мүмкін. Қазіргі уақытта сценарий толығымен жазылып біткен. Фильмге 99 пайыз қазақстандық актерлер түседі. Түсірілім жоспар бойынша күзде аяқталып 16 желтоқсанда, яғни тәуелсіздік күні тұсаукесері болмақ.
## Дереккөздер |
Хамид Дәулетұлы Чурин — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.
## Қызмет жолы
Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты (1947), Қаз КСР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1970). 1919 жылдан КОКП мүшесі. 1918 жылы Қызыл Армия қатарына өз еркімен кіріп, ақ гвардияшылдармен күреске қатысқан. Саратовтың мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1930). 1919–1932 жылдары Тарғын уездік Одағының төрағасы, Бөкей гуернаторлық парткомының бқлім меңгерушісі, Жымпиты укомының 1-хатшысы, БК(б)П Орал губернторлық Бақылау комиссиясының төрағасы, Бөкей губернаторлық жер басқармасы бастығы, Қаз. КСР Жер халық комиссариатында бөлім бастығы.
1932–1937 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық институның ректоры, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылым академиясының Қазақ филиалы Президиуымының төрағасы, Қаз КСР мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары. 1953 жылдын Қазақтың ауыл шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі. Ол – Одақтардың Бүкіл ресейлік 7-съезінің, Қазақстан одақтарының 5, 9 және төтенше 10-съезінің, Қазақстан компартиясының 4-съезінің делегаты. 1925–1935 жылдары Қаз ССР ОАК-ның мүшелігне сайланды. 1973 жылдан одақтық дәрежедегі дербес пенсионер.
## Шығармалары
* Дауылды жылдарда / Чурин, Хамид Дәулетұлы. - Алматы: Қазақстан, 1970. - 156 бет.
* Күрес күндерiнде / Чурин, Хамид, Ж. Сәрсеков. - Алматы: Қазмембас, 1960. - 119 бет: суреттi.
## Дереккөздер |
Мамедага Ширалиұлы Шералиев (әзірб.: Məmmədağa Şirəliyev; 1909 - 1991) — әзірбайжан совет тілі білімінің маманы, түрколог, әзірбайжан диалектология ғылымының негізін қалаушысы.
## Еңбек жолы
Әзірбайжан КСР ғылым академиясының 1962 жылдары академигі, 1941 жылы филология ғылымдарының докторы, 1943 профессор атанған, 1947 жылы Түрік лингвистика қоғамының құрметті мүшесінің иегері, 1969 жылдан «Советтік түркология» журналының бас редакторы, 1960 жылы Әзірбайжан КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, 1944 жылдан КОКП мүшесі. 1931 жылы Азербайжан мемлекеттік университетінің шығыс тану факультетін ібітірді. Шералиев Әзірбайжан пединститутының оқытышысы (1933-1942), Азербайжан университетінің кафедра меңгерушісі (1942-1946) және оның проректоры (1946-1949) қызметтерін атқарды. 1949 жылы Әзірбайжан КСР Ғылыми Академиясының Тіл білімі институтына қызметке ауысты. 1960 жылдан оның директоры. Шералиевтің ғылыми-зертеушілік еңбектерінің дені азербайжан диалектологиясын зерттеуге арналған. Ол – грамматика, тіл тарихы, әдеби тілдің дамуы т.б. мәселелер жайлы зерттеулердің және мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған бірқатар оқулықтардың да авторы болып саналады.
## Дереккөздер |
«Адалин ғасыры» (ағылш. The Age of Adaline) – басты рөлінде Блейк Лайвлитүскен, режиссер Ли Толанд Кригердің фантастикалық мелодрамасы. Ресейдегі тұңғыш көрсетілімі 2015 жылдың 23 сәуір күніне жоспарланған. Фильмнік слоганы : «Әлем өткен ғасырдан бері өзгерді, Адалин – өзгерген жоқ».
## Желісі
Қаджыңсыз болған көлік апатынан кейін, өз калпына келген фильмнің бас кейіпкері 29–жасар Адалинның қартаюы тоқтады. Жалғыздықта бірнеше жыл өмір сүргеннен кейін, Адалин бір адаммен танысады. Осы адам үшін Адалин өзінің ажалсыздығын, өшпестігін құрбандыққа шала алады.
## Рөлдерде
* Блейк Лайвли - Адалин
* Эллен Бёрстин - Флемминг (Адалин қызы)
* Питер Дж. Грэй - Кларэнс Джеймс Прескотт (Адалинның жұбы)
* Михиль Хёйсман - Эллис Джонс
* Аманда Крю
* Харрисон Форд - Уилльям (Эллистің әкесі)
* Кэти Бейкер – Эллистің анасы
* Ричард Хармон - Тони
* Энтони Инграбер - жас Уилльям
* Анджали Джай - Кора
* Линда Бойд - Риган
* Крис Уилльям Мартин - Дэйл Дэвенпорт
* Серж Уд – қайырымды самаритяндық
## Қызықты деректер
* Тұңғышында басты рөлге Кэтрин Хейгл ие болыпты .
* 2012 жылы испандық режиссер Изабель Койшет, фильм түсірілімінің келісім – шартына қол қойды.
## Дереккөздер |
Әбдіғаппар (1997 жылға дейін — Қыркеңсе) – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қыркеңсе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 2012 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434055100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қорағаты, Құрағаты – Шу өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 172 км, су жиналатын алабы 5840 км2. Ірі салалары: Мөңке, Ащыбұлақ, Үлкен Қайнар, Қызтоғансай, Мақан, Ақермен, Қайыңдысай, Ойранды, т.б.
## Бастауы
Бастауын Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен алып, Кеңес ауылы тұсында Шу өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары Құрағаш ауылына дейін жарқабақты, жарлы келген. Орта және төменгі арнасы жазық өңірмен өтеді. Мұнда жағалауы жазық, аңғары кең. Жауын-шашын, қар суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Кеңес ауылы тұсында 3,63 м3/с. Суы егін шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ақжол — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Мәшбек Нәлібаев ауылдық округі орталығы. 2005 жылға дейін "Политотдел" болып аталды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 1020 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434031100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
## Кезеңдері
Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
### Палеолит
Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.
1) Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.
а) Олдувэй - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.
ә) Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.
б) Мустье - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.
2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.
### Мезолит
Мезолит (орта тас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.
### Неолит
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.
## Ерекшелігі
Тас дәуірі мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.
## Ертедегі тас дәуірі
Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашельге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғышарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардың қазіргі адам түріне айналу кезеңімен тұспа-тұс келді.
### Мәдениеті
Олдувайлық мәдениет
Олдувайлық мәдениет - бұл "Homo habilis" деп аталған ертедегі адамның («епті адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерінің бәрін қосқаннан да асып түседі.
Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чоппингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чоппинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалақ тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппинг те соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.
Олдувай дәуірінде адамдар әлі отты қолдануды білмеді.
Ашельдік мәдениет
Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чоппингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол шапқышы пайда бола бастаған.
Палеолит жайлы әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделген құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қырқуға арналған және сүңгінің ұштығы есебінде қолданылады. Одан басқа осы кездері тас бұйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.
Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжірибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.
Орта және соңғы ашель
Орта және соңғы ашелдегі (б.з.д. 300-150 мың ж.) тас жинақтарда алдыңғы дәуірдегі барлық еңбек және аңшылық құралдар сақталды, бірақ оларды жасаудың жаңа прогрестік белгілері пайда бола бастады. Бұл алдымен жіңішкере бастаған шапқыштардан білініп тұрды. Анығырақ техникалық прогресс әсіресе, леваллуалық тас өңдеу техникасында және леваллуалық нуклеус, жаңқалар және пластинкаларда байқалып отырды. Леваллуалық техниканың мағынасы неде? Бұл кезде кейін құралдарға айналатын жаңқалар мен пластиналарды сындырып алуды бастамас бұрын, әуелі нуклеустарды барлық жағынан алдын-ала мұқият қашап алатын болды. Бұл техниканың негізгі өзгешелігі осында еді.
Ертедегі палеолит үшін леваллуа техникасының таралуы ірі техникалық төңкеріс болды. Орта және соңғы ашель тас жинақтарында өткен дәуірде-ақ пайда болған майда құралдар - қырғыш, жонғыш, бұрғы т.б. болды. Бұл кезеңнің ескерткіштерінде тас шоқпарлар, найзалар т.б. кездеседі.
Соңғы ашель дәуірі көптеген зерттеушілер орта палеолит деп белгілеген мустьемен ауысты. Қазақстан үшін мустье 150-120 - 40-35 мың жылдар аралығында өтті. Ашельдің соңында және мустьелік дәуірге көшкенде адамның физикалық құрылысында түбірлі өзгерістер болған деп есептеледі. Осы кезде ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүретін адам") архантроптары палеоантроптарға айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты.
Ашельден мустьеге ауысар кезінде адамдардың құрылысында ғана емес, оның тас өңдеу техникасында, өмір сүру жағдайында, шаруашылығында да өзгерістер болған. Леваллуалық техника тас бұйымдарды жасау барысында басым бола бастады. Ұзақ уақыттар бойы мустьелік дәуірде тас құралдарының тек қана үш түрі - мустьелік үшкір ұшты құрал, мустьелік қырғыш және соңғы ашельдік түрдегі екі беті де өңделген кішкене шаппа болды деп жалпы мойындалып келді. Бірақ, ғалымдардың көп жылдар бойғы зерттеулері мустьеде бірнеше ондаған түрлі бұйымдардың болғанын дәлелдейді, олардың ішінде негізгілерінен ойықты және тісті құралдар, қырғыш, кескіш, жарықшық және басқалары бар.
Алғашқы аң аулау шаруашылығы мустьеде жоғары деңгейге жете бастады, оның терімшілікке қарағандағы маңызы анағұрлым артты. Аң аулау шаруашылығындағы прогресті тұрақтарда табылған жануарлардың сүйектерінің көптігінен көруге болады. Сонымен қатар, осы кезде құс және балық аулау кәсіптерінен де тәжірибе жинақталды.
Мустьелік дәуірде мекендеу сипаты да өзгерді. Адамдар бұрынғыдай өздерінің қоныстарын ашық аспан астында, өзен бойында жайғастыруды жалғастыра отырып, сонымен қатар, жиірек жартас астына, үңгірге қарай ауыса бастады.
## Соңғы палеолит
Соңғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.
Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындағы қоғамдық ұйымның алғашқы айрықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналық жүйелі және аналық тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды. Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылықтың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын рөлінен келіп шыққан еді.
Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес, берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.
Соңғы палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние танымы күрделілене бастады. Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан аңшылық магия кең тарала бастады. Осы ғұрыптың, яғни аңшылық магиясының әмбебаптық құралы ретінде сол кезде алғашқы қауымдық өнер пайда болған деп пайымдалады. Оның басты тақырыбы әртүрлі жануарларды бейнелеу, ою-өрнек және мүсіндеу (скульптура) болған. Алғашқы өнердің туындыларының ішінде қасиетті жердің, ананың берекелілігі мен кұнарлылығын бейнелейтін сүйектен немесе жұмсақ тастан ойылған әйелдер мүсіндері тарайды.
Жер бетінде өмір сүрудің жалғасы ретіндегі жанның және адамның өлгеннен кейінгі өмірі туралы түсінік дами келе күрделі дәстүрлік рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл минерал бояу себілді, оның кеудесіне тесілген ұлу қабыршақтары мен жыртқыштың тістерінен жасалған әшекейлер тағылды, ақтарына мамонттың азуынан жасалған білезіктер кигізді, киімдерін моншақ тізбектерімен кестеледі. Адамды жерлегенде шақпақ тас пен сүйектен жасалған бұйымдарды оның жанына қоса салатын болды.
## Мезолит
Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.
### Құралдар
Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.
Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.
Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.
Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азайды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Зооморфты және антропоморфты бейнелерден тұратын ұсақ пластика кеңінен таралды.
Соңғы палеолитпен салыстырғанда қоныстану түрақтары да өзгеріп отырған. Көптеген мезолиттік қоныстар көбіне кедей бұйымдарымен, жұқа мәдени қабатымен ерекшеленетін уақытша, маусымдық тұрақтарда тұрды. Ірі қоныстар өте аз кездеседі. Қазба кезінде табылған үйлер қалдығы әдетте қарапайым күрке тәріздес құрылыс болып келеді, ал соңғы палеолитке тән жертөле немесе жартылай жертөлелер тек солтүстіктегі суық аймақтарда кездеседі.
### Мәдениеті
Мезолиттік материалды мәдениеттің айырықшылықтары осындай болды. Ол кейбір палеолиттік техникалық жөне технологиялық әдістердің одан әрі дамуымен және өзгеруімен, сондай-ақ, мезолитте пайда болған жаңа құралдар түрлерін жасау әдістерінің таралуымен сипатталады.
Экономиканың негізі болып аңшылық қала береді (бұнда өткен уақытпен екі арадағы үлкен сабақтастық жатқаны күмәнсіз). Бірақ, оның сипаты тез өзгеріп отырады, өйткені соңғы палеолитпен салыстырғанда адамның өзінің қоршаған ортаға бейімделу әдісі де өзгереді. Соңғы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығымен қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады. Палеолиттегі кең таралған тәсіл - аңды қамап ұстау сақталады, бірақ оның тек эпизодтық формасы ғана қалады. Аңшылықтың соңғы мезолитте құс аулау сияқты жаңа арнайы формасы пайда болды. Мұндай түрлі аңшылық шаруашылығының дамуы палеолит адамдарына таныс емес еді. Бұл кезеңде өндірмейтін, яғни өнімді тек табиғаттан алатын шаруашылық барынша өрістеген еді. Неолиттік экономикаға тән артық өнім жинау деңгейінің алғы шарттары осы кезде-ақ пайда болады.
Сол мезолит кезінде балық аулау тура мақсатты түрде қалыптасады, оны қайық, түрлі ауларды жасау сияқты маңызды жаңалықтардың пайда болғаны дәлелдейді. Мезолит кезінде жануарларды үйге үйретудің кейбір формалары өріс ала бастауы мүмкін, өйткені ол кезде үй иттерінің таралғаны белгілі.
Сөйтіп, экономикалық тұрғыдан да мезолиттің соңғы палеолиттен аң аулау әдістері, оның түрлері, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы арқылы анық байқалатын көп айырмашылықтары бар.
## Неолит
Неолит кезеңінің басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техникасының гүлденген кезі. Еңбек құралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бұрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алқалар дайындау өрбіді.
### Шаруашылығы
Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті.
Адамның мың жылдаған экономикалық даму тарихы ең алдымен осы екі шаруашылықты жетілдіру тарихымен тығыз байланыста болғаны айқын.
Неолит кезеңіндегі тұрғындардың қол жеткізген даму деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына себепші болды. Осы кезде тау-кен ісі алғашқы бастау алады. Қыш құмыра жасау, тоқымашылық дамиды. Неолит кезеңінің әлеуметтік жағдайында рулық қоғам өмір сүрді, онда ұжымдық еңбек және өндіріс құралдарына жалпы меншік билік етті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдық ұйымдастыру формаларының жоғары дамуы орын алды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас туыстар біріккен, шаруашылықтары да біріңғай сипатты бірнеше рулық қоғамдардан, яғни рулықтардан тұрды.
### Мәдениеті
Осы неолит дәуірінде болашақтағы жаңа деңгейдегі мәдениеттің, яғни дамыған қола дәуірі қоғамының бастапқы алғы шарттары немесе негіздері құрылды.
Әдебиетте ежелгі тайпалар шаруашылығындағы осы кезеңдегі түбірлі өзгеріс «неолиттік революция» деген атақ алды. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ол адамның өзінің қол астындағы азықтың сенімді және бай көздерін пайдалануына керемет мүмкіндіктерді бере отырып, оның тарапынан тек күш салуды ғана талап ететін мүмкіндікті ашты.
Неолиттік тайпалардың бұл дәуірдегі түрлі мәдени ареалдарында даму деңгейлері біркелкі болған жоқ. Далалық аймақтарда айтарлықтай өзгеріс бола қоймады, мұнда бұрынғыдай аңшылық және балық аулау тіршіліктің негізгі көзі болып қала берді. Ауа райының континенталдылығы халықтың өсуіне жағдай туғыза алмады, және де мұндағы табиғи қорлар (тамақтың «дайын көздері») халықтың қажетін өтеуге толық жетіп отырды.
### Тұрақтар
Неолитте Қазақстан аумағында бұлақтық тұрактар кең тараған, өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.
Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.
## Дереккөздер |
## Мәжіліс Аппаратының Басшылары
## Мәжіліс Аппараты Басшысының орынбасарлары
## Мәжіліс Аппаратының басшылығы
## Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушілері
## Дереккөздер
## Мәжіліс Аппаратының Басшылары
## Мәжіліс Аппараты Басшысының орынбасарлары
## Мәжіліс Аппаратының басшылығы
## Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушілері
## Дереккөздер |
Марат Алдоңғарұлы Сәрсембаев — 1947 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысы Андреевка (қазіргі Алакөл) ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.
## Еңбек жолы
* 1969 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институты, мамандығы бойынша «ағылшын тілі мұғалім».
* 1973 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы бойынша «құқықтанушы».
* Профессор, заң ғылымдарының докторы.
* 1969 - 1969 жылдары Алматы облысы Алакөл аудандық ХББ Ленин атындағы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі;
* 1969 - 1970 жылдары Кеңестік әскер қатарындағы қызмет, Мурманск облысы Североморск қаласы;
* 1971 - 1971 жылдары Алматы облысы Текелі қалалық ХББ, № 6 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі;
* 1971 - 1973 жылдары Көкшетау облыстық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі;
* 1973 - 2000 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ ассистенті, аға оқытушы, доцент, профессор, заң факультетінің деканы, ҚазМУ халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі;
* 1998 - 2002 жылдары «Дәнекер» халықаралық құқық Институтының ректоры;
* 2002 - 2005 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң институтының (факультетінің) директоры (деканы);
* 2005 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі.
* 2007 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
* Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
* 2010 жылғы 14 сәуір күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды.
## Дереккөздер |
Аққұм — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде, Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан. Іргесі 1902 жылы ауа райын бақылайтын алғашқы метеорологиялық станса ретінде қаланған.
## Халқы
Тұрғыны 463 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434043200.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* * Викимапияда |
«Бірлік» саяси партиясы — Қазақстанның қоғамдық бірлестігі, саяси партиясы.
Партия төрағасы — Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғалиев. Аталған партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті 2013 жылғы 17 маусымда «Руханият» партиясы, «Бірлік» саяси партиясы мемлекеттік қайта тіркеуден өткізді. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс жасайды.
Партияның әлеуметтік негізі — білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер және т.б. Өзінің басты міндеттері экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс алып, Парламентке өтпеді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы.
* [2] Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы — Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлаулар мен республикалық референдумдар өткізу болып табылады. Миссиясы — еркін және әділ сайлау мен республикалық референдумдар өткізу жолымен азаматтардың тікелей немесе өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету.
## Қысқаша тарихы
Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен 25 адамнан құрылған болатын. 1989 жылғы 18 қазанда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрамы бекітілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес Ортсайлауком аппараты 7 адамнан құралды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 28 маусымда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізді. 1993 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын сайлау туралы» қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес сайлады. Осы жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже бекітілді. 1995 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы» Жарлығы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының отставкаға кету туралы өтінішін қарай келе, Орталық сайлау комиссиясының бүкіл құрамын қызметтен босату туралы шешім қабылданды. 1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. 1996 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясы туралы жаңа Ереже бекітілді.
## Қайта ұйымдастыру
2007 жылғы конституциялық реформаға дейін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Төрағасын, Төрағаның орынбасарын және мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша сайлау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің айрықша құзіретіне жататын. Қазіргі кезде қолданыстағы Конституцияға сәйкес Орталық сайлау комиссиясын қалыптастырудың келесі тәртібі қолданылады:
* Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге Қазақстан республикасының Президенті тағайындайды;
* Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Сенаты тағайындайды;
* Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Мәжілісі тағайындайды.
## Комиссия құрамы
## Төрағалары
* Қапар Бөкенұлы Бөкенов 1991-1993
* Қаратай Тұрысұлы Тұрысов 1993-1995
* Юрий Алексеевич Ким 1995-1996
* Зағипа Жақиянқызы Балиева 1996-2005
* Оңалсын Исламқызы Жұмабеков 2005-2007
* Қуандық Тұрғанқұлұлы Тұрғанқұлов 2007-2016
* Берік Мәжитұлы Имашев 2016-2022
* Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 2022 жылдан бастап
## Қарамағындағы ұйымдар
* «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК — электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымының объектiлерi торабын ұстау және дамыту саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын. 2005 жылы құрылған.
## Дереккөздер |
Хорезм облысы (өзб. Xorazm viloyati) — Өзбекстан облыстарының бірі. 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған, 8 ауданға бөлінеді, әкімшілік орталығы – Үргеніш қаласы.
## Табиғаты
Әмудария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Жері ойпатты жазық. Батысында Қарақұм шөлімен шектеседі. Климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы -4˚, -5˚С, шілдеде 28,5 абс. Максимумы 44˚С. Жауын-шашынның жылдыө орташа мөлшері 90 мм. Ірі өзені – Амудария. Оңтүстігінде шағын тұзды көлдер, батпақты, сортаң жерлер көп. Жерінің көпшілігі жыртылған. Өзен аңғарлары шалғынды және шалғынды-батпақ топырақты келеді.
## Халқы
Тұрғындарының негізі — өзбектер. Одан бөлек, қарақалпақ, түрікмен, орыс, татар, корейлер де тұрады.
* Орташа тығыздығы 1 км²-ге 134,6 адамнан келеді.
* Қала халқы 10% құрайды.
* Ірі қалалары – Үргеніш, Хиуа.
## Шаруашылығы
Экономикасының негізі мақта, жібек, етті – сүтті мал, қаракөл қойы, күріш шаруашылықтарынан қалыптасады.
## Өнеркәсібі
Мақта тазалау, май, кірпіш машина жасау зауыттарынан, кілем тоқу фабрикаларынан, ағаш өңдеу және жиһаз комбинаттарынан құралады. 1973 жылы облыста 89 колхоз және 11 совхоз болған. 1972 жылғы мәліметтер бойынша, егісі 152,2 мың га-ны құраған болатын. Оның ішінде мақта — 104,6 мың га, дәнді дақылдар — 13,4 мың га, мал азығы — 28,8 мың га, бақша — 5,3 мың га. 1973 жылғы мал басы (мың): мүйізді ірі қара — 226,7, қой мен ешкі — 163,5, шошқа — 4,2, жылқы — 1,8. Темір жолының ұзындығы — 133 шақырым. Автомобиль жолының ұзындығы 1,6 мың км (1974). Әмудария өзенімен кеме жүзеді. Облыс аумағынан Орта Азия – Орталық, Орта Азия – Орал газ құбырлары өтеді.
## Ғимараттары
Педагогикалық институт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, гидромилиорация техникумдары, медициналық, 2 педагогикалық, музыкалық оқу орындары, музыкалық драма театры, тарихи- революциялық музейі бар. Облыста «Хоразм Хақиқати» («Хорезмская правда») газеті өзбек және орыс тілдерінде шығады.
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Күміс рудалары – құрамынан күміс бөліп алу экономикалық жағынан тиімді келетін табиғи минералдық түзілімдер.
## Сипаттама
А.П. Виноградовтың деректері (1962) бойынша күмістің жер қыртысындағы орташа мөлшері (кларкы) 0,07 г/т. Басты минералдары: аргентит, пираргирит, полибазит, прутит, стефанит, кераргирит, электрум, күмісті галевит, сап күміс. Күміс рудаларының кендері гранитоидтар, субвулкандық, вулкандық жыныстармен тығыз байланысты және осы аталған жыныстар немесе олармен іргелес жыныстарқабаттарынан орын алады. Күміс өндірісіне пайдаланылатын шикізаттардың 80-90%-ы комплестік рудалардың үлесіне тиеді. Жалпы күмістің 45%-і қорғасын – мырыш, 18%-ы мыс, 10%-ы алтын – күміс рудаларынан алынады. Өндірістік рудалардағы күмістің ең төменгі мөлшері 45 – 50 г/т-дан 350 г/т-ға дейінгі шамада болады. Капиталистік және дамып келе жатқан елдердегі күмістің жылдық өндірісі 7 – 8 мың тонна шамасында. Осы елдердегі күмістің анық және ықтимал қоры 110 мың тонна. Мұның 40 мың тоннасы АҚШ-тың, 23 мың тоннасы Мексиканың, 20 мың тоннасы Канаданың, 16 мың тоннасы Перудің үлесіне тиеді. КСРО-да күміс негізінен комплекстік рудалардан (полиметалл, алтын-күміс рудалары) алынады. Күмістің барланған қоры мен өндіруден Қазақстан КСРО-да бірінші орында. Күміс мұнда негізінен полиметалл, мыс, алтын кендерінің рудаларынан алынады. Жезқазған, Қоңырат, Ақжал, Қарағайлы, Ұзынжал, Қайрақты, Зырянов, Лениногор, Николаев, Тишин, Мырғалымсай, Текелі, Бозшакөл, Майқайың, Бестөбе т.б. кендердің рудаларында түрлі мөлшерде күміс бар.
## Дереккөздер |
Газан Хан, Махмуд (5 қараша 1271 – 11 мамыр 1304) (моңғ. Газан хаан, қыт. 合贊, кейде батыс әдебиетінде Casanus яғни Касанус дейді)– Хулагу мемлекетінің илханы.
Сол кездегі бүгінгі Иран аймағын 1295 жылдан 1304 жылға дейін билеген. Шыңғыс хан әулетінен. Ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырды. Тебриз қаласының маңына обсерватория мен емханалар салдырып, ғалымдарға қолдау көрсетті. 1299 – 1303 ж. Үндістан мен Сирияға жорықтар жасады.Ғазан билігі кезіндегі негізгі әскери қақтығыстар мысырлық Мәмлүктермен Сирия үшін талас, және моңғолдардың Шағатай қағанатымен соғыстар болды. Сонымен бірге Ғазан хан өзінің алдындағылардың Франк-Моңғол одағын құру әрекетін жалғастыра отырып Еуропамен дипломатиялық қатынас орнатуға талпынды. Өте жоғары мәдениетті Ғазан көптеген тілдерде сөйлеген, көп хоббиі болды, Хулагу мемлекетінде көптеген реформалар жасады, әсіресе ақшаны бірыңғайлау мен фискалды саясат саласында.
Қазан хан Махмұд - Ирандағы Хулагу әулетінен шыққан моңғол ханы, 1295 жылдан билік жүргізді. Хорасан, Мазендеран және Рим мирасқоры болып тұрып, Байду ханға қарсы көтеріліске шықты да, тағын тартып алды. Буддизм тәрбиесінде өсті. Бірақ Иран ақсүйектері мен мұсылман дін иелерінің, сондай-ақ көшпелі моңғол ақсүйектері мұсылман топтарының көмегі қажет болып, ислам дінін қабылдады да, оны қайтадан Иранның мемл. дініне айналдырды. Уәзірі Рашид әд-Диннің көмегімен әкімш. және экономик.реформаларды жүзеге асырды. Қ.х.тұсында каналдар қазылып, обсерватория және Тербиз маңынан аурухана салынды. 1299-1303 ж. Сирия мамлюктеріне қарсы жорыққа шығып, жеңілді.
## Дереккөздер |
Ақсуат — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 565 адам (2009 жылдың мәліметі). Код Код КАТО — 434057300.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Апанқақ — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 44 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434039200.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қазан хан - Мәуереннаһрдың Шыңғысхан әулетінен шыққан соңғы ханы. Ясавурдың баласы. Кебек хан өлген соң, таққа отырып билік жүргізді. (1326-1347).
Қазан ханның сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Ішкі саясатта Кебек ханның мемлекетті басқаруды нығайту мақсатыда жүзеге асырған әскери-әкімшілік реформалары мен ақшаны бір жүйеге түсіру шараларын т.б. тыңғылықты әрі шебер жалғастырды. Қашқадариядағы Қарши қаласына жақын жерде атақты Зенджир cарайын салдырды. Оның саясатына әмір Қазаған бастаған шонжарлар қарсы шығып, өшпенділік туғызды. Қазан хан осындай өзара қақтығыста қаза тапты. Мұнан кейін Мәуереннаһрдағы өкімет билігі Қазағанның қолына көшті. Қазан хан, XV ғасырдағы кейбір жазба деректер бойынша, Термездің жоғарғы жағындағы Сарай деген жерге жерленген.
## Дереккөздер |
Баспақкөл (Қаратөбе) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қаратөбе ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 1756 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434049100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Келінтөбе каналының жағалауында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1964 – 96 жылдары күріш өсіретін «Келінтөбе» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде Қаратөбеде шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Билібай (1997 жылға дейін - Қандықұдық) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен батысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 539 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434037200.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Бесарық — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Жаманбай батыр ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде, Бесарық өзенінің төменгі ағысында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1999 жылға дейін "Талап" ауылы деп аталған. Ауыл 1962-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Талап» кеңшарының орталығы болған.
## Халқы
Тұрғыны 1909 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434039100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Бірлік — Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы ауыл, Ақүйік ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде орналасқан. Сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өсімдіктер өсетін шөлді белдемде жатыр. Ауылдық округке Қызылмақташы, Қосүйеңкі және Аққұм ауылдары қарайды. Бірлік ауылы тұсынан Қызылорда — Шымкент автомобиль жолы өтеді.
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы қаланған. 1930 жылы наурызда "Бірлік" калхозы құрылды. Алғашқыда бұл колхоз Тақыркөлде құрылуы тиіс болатын, бірақ Қызылауыз Оспан деген кісі колхозды Көлтоған бойына орнатуға ықпал етті. Оспан 1937 жылы С.Қожановпен таныс болғаны үшін ұсталып, инжекенге айдалды. 1933 жылы бастауыш мектеп ашылып, 1934 жылы халықтың асарымен мектеп үйі салынды. Қызыл Отау үйі клуб салынды.1957 жылы калхоз "Бірлік" совхозына айналды. Бұрынғы «Бірлік» қой шаруашылығы кеңшары негізінде мал шаруашылығына маманданған 10 шаруа қожалығы құрылған.
## Халқы
Тұрғыны 2422 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434035100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Жайылма — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Жайылма ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Тарихы
1926 жылы «Жайылма» колхозы, Жайылма ауылдық кеңесі болып құрылған. Колхоздарды ірілендіру кезінде, яғни 1949 жылы «Жайылма» және «Жаңақұрылыс» колхоздары қосылып (қазіргі Құттықожа ауылы) «Ленин» колхозы болып ұйымдасқан. 1962 жылы Үкімет қаулысына сай «Красная звезда» совхозына бірікті. 1994 жылы шаруашылықтар таратылып «Красная звезда» совхозынан «Жайылма» өндірістік кооперативі болып бөлініп шыққан. 1995 жылы «Жайылма» ауылы Шалқия поселкелік кеңесінің құрамына енгізіліп, 2005 жылы «Жайылма» ауылдық округі болып құрылды.
## Халқы
Тұрғыны 1242 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434041100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Бесарық — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы темір жол бекеті, Талап ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, тоғыз жолдың торабында, 1905 жылы салынған Ташкент-Сібір теміржолы бойында орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 1038 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434062100.
## Инфрақұрылымы
Жаңа 2 қабатты мектеп, жаңа аурухана, мешіт үйі, кітапхана, вокзал, су қоймаларымен жабдықталған.
## Бесарықтан шықан атақты адамдар
* Бердібек Сапарбаев - Ақтөбе облысының әкімі
* Бақтыбай Айнабеков - атақты жазушы, ақын.
* Бектөре Шырбанов - АҚШтың Нью-Йорк штатында ғылыми десертация қорғаған.
## Ауыл суреттері
*
*
*
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Еңбек — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-батыс жаққа қарай 36 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 640 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434059200.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Архипелаг (гр. Αρχιπέλαγος) — бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобы. Бір архипелагқа кіретін аралдардың шығу тегі мен геологиялық құрлысы бірдей болып келеді. Осыған қарай оларды материктік, маржандық, жанартаудық деп үш түрлі атайды.
## Дереккөздер |
Еңбекші ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жұмекен, Дәулеткерей, Қадырка, Қошалақ ауылдары кіреді. Орталығы – Жұмекен ауылы.
## Тарихы
Алғаш құралған Еңбекші ұжымшары, «Карл Маркс» колхозы, «Жаңатұрмыс» ұжымшары, «Калинин» атындағы кеңшарларды құрады.Қазақ ССР Министрлер Советінің 15 қазан 1976 жылғы №471-ші қаулысы бойынша жаңадан «ХХV Партсъезд» атындағы кеңшар құрылды. Еңбекші селолық кеңесі 1977 жылы өмірге келді. 1996 жылы ұжымдық ауыл шаруашылық мекемесі негізінде «Ақжонас» өндірістік кооперативі болып құрылды.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3765 адамды (1901 ер адам және 1864 әйел адам) құрады.
## Сипаттамасы
Елді мекендері: Жұмекен, Дәулеткерей, Кадырка, Қошалақ ауылдарыӨзендері: Сұрхан өзені, Қадыр өзеніКөлдері: Өлеңді, Зая, Байпақ, НикитинЕскі елді мекендері: Өлеңді, Әлсейт, Подхоз, Көнеу, Ескі Еңбекші, Қаражар, Дүйсебай, Кобяков, Жәңгір, Жаңа ауыл, Қошалақ
## Инфрақұрылымы
Қошалақ елді мекенінде К.Маркс атындағы бастауыш мектебі, Қошалақ бастауыш мектептері болды. «Ақтолқын» бала бақшасы жұмыс жасайды.Жұмекен дәрігерлік амбулаториясы осы жерде алғаш 1957 жылы фельдшерлік пункт болып ашылған, 1978 жылы фельдшерлік акушерлік пункт болып қайта құрылады. 1985 жылы селолық дәрігерлік амбулатория - болып өзгертіледі. Еңбекші селолық клубы 1977 жылы құрылған, 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен.Еңбекші пошта байланыс бөлімшесі 1977 жылы құрылған.М.Ғилаев атындағы Кұрманғазы аудандық туберкулез ауруханасы Дәулеткерей ауылынан салынып 2005 жылы пайдалануға берілді. Облыстық өкпе аурулар санаториясы болып 2018 жылы қайта қүрылды. Еңбекші ауылдық округінде жеке кәсіпкерлер 25 адам, 50 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Шаруашылықта түйе -549 бас, жылқы - 2014 бас, қой-ешкі 10553 басты құрайды.
## Ауылдық округтің жер-су атаулары
Ақжонас таулары — Құрманғазы ауылынан (Ганюшкино) 130 шақырым қашықтықта орналасқан. Құмдауыт, адырлы биік шоқылары тау жынысты болып келеді.
Аққожа шағылы — Соңғы жылдары қарабұдыр төбешікке айналды. «Ақ қожа шағылы» құмнан арал өңіріне көшкен, не сапар шеккен адамдардың алыстан көрініп бағыт сілтер белгісіндей болған. Ықтасыны мол, қалың қияқты жерді жүргіншілер паналап дамылдаған. Ол жердің Аққожа аталуының деректері XIX ғасырда 1809 жылы Қарауылқожа Бабажанов бастап Жайықтан өткен 13 шаңырақ қожалар бастамада Мыңтөбеде қоныстанып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісі кезінде ығыстап осы жерге тұрақтаған. Олар елді имандылыққа тәрбиелеп, жер асты мешіт тұрғызып оқытып ислам дінін насихаттаған. Жастарды оқытуға мешіт-медресе салып жақын орналасқан ауылдың балаларын бірорталыққа шалғайдағыларын үйлеріне барып дәріс берген. Сауаттарын ашып татарша деп аталған араб таңбаларында жазуға үйреткен. Ел оларды сыйлап Ақ қожалар деп атаған. Кейіннен сол жер «Аққожаға» атауын алған.
Алтай — Қошалаққа жақындағанда кездесетін жол бойындағы қоныс. Биік дөң қырат. Қошалақ тауы осы Алтайдан басталады.
Қорған — Қошалақ пен Ақжонас аралығындағы жер атауы. «Сүйінішбай қорғаны» деп аталып келген. Жатаған төбенің басында шегеннен салған қорғанның сұлбасы бар. Осы жерді жайлаған малшылар тұрақ орнынан ыдыс-аяқ, т.б.тұрмыстық заттардың табылатынын айтады.
Ауыз су — Қорғаннан Ақжонасқа қарай 4 шақырымдағы жер. Ұжымшар кезінде Қошалақтағы мектептен Ақжонастағы үйлеріне қайтқан балалар шөлдеп, қолмен қазып су ішкен. Содан «Ауызсу» деп аталып кеткен. Малшылардың айтысы жалпы бүл жердің суы тұщы, өте тайыздан шығады
## Округ әкімдері
Еңбекші ауылдық округінің әкімі қызметінде әр жылдары Қуандық Қауысов, Алқам Сатимов, Қанат Ғаббасов, Ғайни Карина, Ғаділхан Қалиев, Руслан Әмірханов әкім болды.
## Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер
* Жұмекен Нәжімеденов ескерткіші
* Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі
* Қаделі Ысқақова тұрған үйдегі мемориалдық тақта
* Құрманғазы Сағырбайұлының тұрған жеріне ескерткіші
* Қадірбек Өмірбаев тұрған үйдегі мемориалдық тақта
* Жауынгер интернационалист Б.Бегалиев тұрған үйдегі орнатылған мемориалдық тақта
## Дереккөздер |
Жаңаарық (2004 жылға дейін — 1 май) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Жаңаарық ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 1992 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434042100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағалық жайылмасында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1966–1996 жылдары күріш өсіретін Задария кеңшары бөлімшесінің орталығы болған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қашқанкөл – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 86 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 185 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434047400.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Келінтөбе — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Келінтөбе ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 3569 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434045100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында, сарсазан, қамыс, құрақ өскен сұр, сортаңды сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1964 жылы Түгіскен алқабын игеруге байланысты Келінтөбе каналын (Зұлпыхар Мұсаханов атындағы) салу кезінде қаланды. 1964– 97 жылдары күріш өсіретін “Келінтөбе” кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан ауылда 28 шаруа қожалығы құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев (1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында туған) — әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (1995).
## Білімі
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* 1978 -1980 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы актерлер студиясын бітірді.
* 2000 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Заң факультетінің "заңгер-құқықтанушы" мамандығы бойынша дипломын алды.
## Толығырақ
* Нұрлан Әлтайлы 1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында дүниеге келген.
* 1980 - 1991 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды.
* 1990 - 1998 жылдары Қазақ радиосының директоры.
* 1996 - 1998 жылдары «Хабар» агенттігінде аудармашы, дубляж бөлімінің жетекшісі.
* 1998 - 2002 жылдары Қазақстан Президентттік оркесторының әншісі.
* 2001 - 2006 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының бас директорының орынбасары.
* 2007 - 2008 жылдары Алматы қласының мәдениет басқармасының басшысы.
* 2008 - 2011 жылдары ҚР Парламенті мәжілісінің 4 шақырылымының депутаты болды.
* 2011 жылдан шығармашылықта.
## Шығармашылығы
Нұрлан Өнербаевтың үлкен сахнадағы әншілік, орындаушылық өнер жолы 1986 жылдардан бастау алады. Ол «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндерін, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндерін орындап жүр. Өнер сапарымен, концерттік бағдарламамен Түркия, Италия, Франция, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерінде болды. «Сұлулық», «Жан аға» атты аудио кассеталары мен «Қарағым-ай» және бірнеше үнтаспалары шыққан.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1993 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері
* 1995 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
* 1995 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағымен марапатталды
* 1998 жылы "Астана" медалі
* 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
* 2008 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды
* 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі және т.б медалдармен марапатталған.
* ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке "Алтын Барыс" алтын төсбелгісімен және де алғыс хатымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Кейден (бұрынғы атаулары — Жалаңаш, Бірлестік) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Кейден ауылдық округі әкімшілік орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 3 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 860 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434043100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Ақкөл ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Ақкөл ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4738 адамды (2403 ер адам және 2335 әйел адам) құрады.13 батыр ана, 7 алтын алқа, 12 күміс алқа иелері бар.
## Тарихы
Осы өңірде алғаш теміржол құрылысы 1965 жылы жол табанына топырақ төгу жұмыстарымен басталып, 1969 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып станса пайдалануға берілді. Осы жылы Гурьев-Астрахан темір жолының бойынан Ганюшкин бекетін ашу белгіленуіне орай 1970 жылы жергілікті ауылдық кеңес болып құрылды.
## Сипаттамасы
Окургтің жер көлемі 1621 га, ондағы көлемі 11 га, шабындық 91 га, жайылым жер 498 гектарды құрайды. Халықтың негізгі бөлігі теміржол саласында, қалғаны округ көлеміндегі әртүрлі заңды тұлғалар мен шаруашылық субьектілерінде және басқа да бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайды.
## Инфрақұрылымы
Округ бойынша ауыл көшелеріне 6 ашық шағын алаңдары мен 5 балалар ойын алаңдары салынып, құралдарымен жабдықталған. Ангарлы типтегі жабық спорт нысаны қолданысқа берілді.Округке қарасты желілік, өндірістік басқарма машинистер депосы, теміржол жұмысшыларын жабдықтау бөлімшесі, теміржол мекемелері, тұрғындарды сумен қамту мекемесі, электр қуатымен қамту, жабдықтау дистанция бөлімшесі, вагондарды техникалық жабдықтау бөлімі, Ганюшкин жол дистанциясы, теміржол стансасы жұмыс жасайды.
## Округ әкімдері
Темірбек Хисамеденұлы Қаспанов, Сұлушаш Үрішова, Махмут Бисұлтанұлы Бисұлтанов, Валентина Ильинична Светикова, Смагұлов Зинеден Ахметжанұлы, Талғат Ғаділбекұлы Нұртазин, Сәуірбай Ахметұлы Ахметов, Талғат Ғаділбекұлы Нұртазин, Бисембай Кәрімұлы Рамазанов
## Аққөл ауылдық округінің жер-су атаулары
Ақкөл ауылдық округін өңірдегі басқа округтерден ерекшелейтін бірден-бір қасиеті ылғи көлдердің қоршауында тұр. Округтің шығыс оңтүстігінен батыс бағыты - Д.Нұрпейісова бекетіне дейінгі аралықта тарихи атау иеленген бірнеше көлдері бар.
«Ақкөл» — Ганюшкино станциясының терістігінде үш шақырымдай жерден басталып, ұзындығы 20 шақырым, ені 1 шақырымдай алқапты алып жатырған орын. Өткен ғасырдың елуінші жылдарына дейін көктемгі өр суы келгенде толып, күзде тартылып, қыста көлемі кішірейіп шамасы үш шақырымдай болды. Сол жердің жынысының ақ сазды құрамы көлдің түсін ағартып қазіргі атауға ие болды.
«Қаһан көлі» — Ақкөл ауылының батыс беткейінде 3 шақырымдай жерде орналасқан. Көлді айнала жыңғылдар қоршап жатыр. Көлдің солтүстік жағынан жыра салып сыздықтап су ағады. Қазақтар мен қалмақтар арасындағы кезекті бір қақтығыста қазақтың Қаһарман атты қолбасшысы калмақтарды тас-талқан етіп жеңіп, елден асыра қуып тастап, сулы-нулы осы көлдің жағасына келіп бірнеше күн дамылдап, жеңістерін тойлапты-мыс. Сол батыр Қаһарманның құрметіне «Қахан төбе» немесе «Қаһан көлі» деп қысқаша аталып кеткен.
«Қоян көл» Ақкөл ауылының оңтүстік батыс беткейінде 4-5 шақырым жерде орналасқан. Шамамен 10 шақырым аумақты алады. Мал өсіруге қолайлы болғандықтан көл айналасына жағалай шаруа қожалықтары қоныстанған. Он тоғызыншы ғасырдың орта түсында Қоян есімді азамат осы көлдің етегін жайлап, өмір сүріпті, Үш рет қажылыққа барып «Қоян қажы» есімімен дараланған оның құрметіне бұл көл «Қоян көлі» атанған.
«Дәуіт көлі» — Ақкөл ауылының солтүстік батыс беткейінде 2 шақырымдай қашықтықта. 10-12 шақырым көлдің айналасы қалың жыңғыл, құнарлы шөпке толы. Өткен ғасырдың басында Дәуіт атты адам мал өсіріп, ауқаттылар қатарына жетіпті, келе-келе байлығы басынан асқан. Маңайдағы елге кеп қарасып, талайдың алғысын алыпты. Құрметіне Дәуіт есімін берген.
«Егіндікөл» — бертініректе пайда болған көл. Осы маңдағы алғашқы колхоздардың бірі - «Жаңа жол» көл етегіне қауын, қарбыз, қызанақ, қияр, жуа, қырыққабат өсіріп, даңқы жайылған. «Егіндікөл» - колхозшылардың ырыс кезі болған. Сол ел-жұрт таңған атау әлі күнге сақталып, ұрпаққа жалғасын табуда.
«Қамысты көл» — Бұл көл өте ерте пайда болып, айналасы ит тұмсығы батпайтын қамыс болған. Маңайдағы ел қамысын орып отындыққа пайдаланған, қора-жай салған. Бертін келе қамысы сирей түскен. Осылай әлі күнге «Қамысты көл» атанып келеді.
«Тортай көлі» — Соғыс жылдарында маңайдағы колхоздар көлді біршама құрғатып, тары егістігіне ден қойған. Сол тарыны сабағынан айырып, жинаған соң қауызынан бөлектеу үшін жылқының аяғына таптатып (тоқ) 6астырады екен. Әрбір тоққа 7-8 жылқыны пайдаланады. Солардың ішінен торы тай су ішемін деп барып, тұсаулы күйінде көлге батып кетеді. Содан бұлкөл «Тортай көлі» атанады.
«Сазды көл» — Оңтүстік беткейінде шағын саз төбе бар. Маңайдағы сазынан тұрғындар тас соғып үй тұрғызған, сылаққа пайдаланған. Осы себепті «Сазды көл» атауын еншілеген.
«Табан көл» — Алыстан қарағанда аттың аяғына мұздақта таймас үшін қағылатын тағаға ұқсаңқырағандықтан «Табан көл» деп атаған.
«Қара көл» — Ақкөл ауылының іргесінде тиіп тұр. Өзге көлдер сияқты айналасында құрақ, не қоға, жасыл шөп өспеген, суы тұщы.
## Дереккөздер |
Андрей Николаевич Котельник (укр. Андрій Миколайович Котельник; 29 желтоқсан 1977(19771229), Львов, Украина) — Украина елінің кәсіпқой боксшысы.
Андрей жеңіл салмақпен шығады. 2000 жылы өткен Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегері. Бұрынғы WBA чемпионы. Батыс Еуропада «Андреас Котельник» атымен әйгілі.
## Мансабы
* 2004 жылдың қазанында Сулейман Мбэюге төрешілердің пікірі бойынша жеңілді.
* 2005 жылдың шілдесінде Джуниор Уиттерге ұтылып қалды.
* 2007 жылдың наурызында әлем чемпионы Сулейман Мбэюмен 2-ші жекпе-жегі болды. Олардың жекпе-жегі тең ойынмен бітті.
* 2008 жылдың наурызында WBA бойынша әлем чемпионы, Ұлы Британиялық Гэвин Рис[[]]пен жекпе-жекке шықты. Андрей 12 раундта техникалық нокаутпен жеңді.
* 2014 жылдың 4-ші қазанында өзінің соңғы ойынын көрсетті. Ол Александр Бенидзеға қарсы шығып, ұтты.
## Сыртқы сілтемелер
* Андрей Котельник встретится с Норио Кимурой, а затем с Дмитрием Салитой Мұрағатталған 30 наурыздың 2010 жылы.
* Послужной список Мұрағатталған 7 шілденің 2012 жылы. (ағыл.)
* Официальный сайт Андрия Котельника(қолжетпейтін сілтеме) (укр.)
* Новости и фотографии Андрий Котельник Мұрағатталған 13 сәуірдің 2009 жылы.
## Дереккөздер |
Исмаил Сағитов - қарақалпақ совет әдебиет зерттеушісі. Қарақалпақ АКСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филологиялық ғылым докторы, профессор, Өзбек КСР. ғылым академиясының корр.-мүшесі. 1929 жылдан КОКП мүшесі. Диқан отбасында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Партия, комсомол органдарында, баспа орындарында қызмет атқарды. 1948 жылдан Өзбек КСР ғылым академиясының Қарақалпақстан филиалында сектор меңгерушісі. Оның "Бердақ-ұлы патриот ақын", "Бердақтың шығармасы", "Қарақалпақ халқының қһармандық эпосы", "Әдебиет және дәуір", "Сахара бұлбұлы" атты монографиялық еңбектері бар.
## Дереккөздер |
Қаратал – Тоқырау алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 380 км2.
## Бастауы
Бастауын Қызыларай тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Жетімшоқы ауылынан төменде Тоқырау өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Қар, жаңбыр суларымен толығады. Сәуірде тасиды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Кеңес — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде, Қаратау жотасының сайлы-жыралы келген тау алды жазығында, Бесарық өзенінің бойында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1977-96 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын «Юбилейный» кеңшарының орталығы болған.
## Халқы
Тұрғыны 1383 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434039400.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Көкшешек – айлық тұқымдасының бір туысы. Екі жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта түрінде өседі. Гүлі гүл шоғына сыпыртқы тәрізді топтанып, сабағының ұшына орналасады. Жемісі – төрт жаңғақша. Еуропа, Солтүстік Африка,Батыс Азияда жиі кездесетін 40 – қа жуық түрі бар. КСРО аймағында 5 түрі, оның ішінде Қазақстанда 2 түрі өседі. КСРО-дағы аймақтар қатарына Еуропа бөлігі, Кавказ, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірді жатқызуға болады. Кәдімгі Көкшешек 2 жылдық биіктігі 30 – 100 см, Тобыл – Есіл алқабында, Көкшетауда, Торғайда, Сарыарқаның батысында, Балқаш –Алакөл атырабында, Алтай, Тарбағатайда, Жоңғар, Іле, Күнгей, Кетпен, Теріскей Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь – Шаньда кездеседі. Кәдімгі Көкшешек – дәрілік өсімдіктердің бір түрі. Республика жерінде өсетін 2 түрі итальян Көкшешегі 2 жылдық, биіктігі 40 – 80 см, Мойынқұмда, Шу – Іле тауында, Қаратауда, Батыс Тянь – Шаньда ( Талас Алатауларында) кездеседі. Көкшешек жол маңында, егістікте, одан бос қалған жерде арам шөп түрінде өседі. Мал жемейді, омарта шаруашылығында маңызы бар.
## Дереккөздер |
Қожакент (1991 жылға дейін Октябрь; 1997 жылға дейін Миялы) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қожакент ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 3007 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО —434053100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 38 км жерде. Бұрынғы кеңшар негізінде Қожакентте 2 АҚ, 4 ЖШС, Қожакент ӨК және 20 шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Көктөбе — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Көктөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ауыл 1962-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Түркістан» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған.
## Халқы
Тұрғыны 586 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434046100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қызылмақташы (бұрынғы атауы Қыраш) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қыраш ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 881 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434056100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде, Қаратау жотасының сайлы-жыралы келген тау алды жазығында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1957 – 96 жылы қаракөл қойын өсіретін «Бірлік» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Қызылмақташыда шаруа қожалықтары құрылды
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қосүйеңкі — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қосүйеңкі ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 940 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434054100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде, Қаратау жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1957-94 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Бірлік» кеңшарының бөлімшесі болған. Кейін оның негізінде Қосүйеңкіде бірнеше шаруа қожалықтары құрылған
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Құттықожа (1997 жылға дейін — Ленино) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Шалқия кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен шығысқа қарай 14 км-дей жерде, Ақүйек өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 630 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434065300.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Манап (1997 жылға дейін Талап) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Манап ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 713 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434067100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, Қаратау жотасының сайлы-жыралы келген тау алды жазығында орналасқан.
## Тарихы
1997 жылы 27 желтоқсанда Қазақстанның халық ақыны Манап Көкеновтің есімі берілген.1977-96 жылдары бау-бақша өсіретін «Юбилейный» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Манапта шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қожамберді (1997 ж. — Коммунизм) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қожамберді ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде. Ең жақын станса Төменарық ауылында орналасқан.
## Тарихы
1928 жылы «Қандыарал» колхозы болып құрылып, 1949 жылы Елтай колхозы мен Қандыарал колхозы қосылып, «Коммунизм» колхозы деп аталған. 1993 жылы ауыл сол өңірден шыққан Қожамберді батырдың есімімен аталды. 2004 жылы 13 желтоқсанда Төменарық ауылдық округінен бөлініп, Қожамберді ауылдық округі болып құрылды. Ауылдық округ төңірегінде Баршынкент, Көккесене тарихи орындары бар.
## Халқы
Тұрғыны 897 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434039400.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қорасан — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 1 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434055500.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Василий Григорьевич Сагунов - қазақстандық геолог. Геологиялық-минералдық ғылым докторы.
Қазақ кен-металлургия институтын бітірді. 1951 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында Агрономиялық рудалар геологиясы лабороториясының меңгерушісі. 1957-65 жылдарда Қазақ КСР ғылым академиясының минералдық ресурстар бөлімі акадмея - сектретарының орынбасары. Василийдің еңбектері жер қыртысындағы бейруда пайдалы қазындылардың қалыптасу заңдылықтары мен геологиясының мәселелеріне арналған. Василий 1-дәрежелі "Отан соғысы", Полшаның "Грюнвальд". "Виртути Милитари" ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қызылащы, Қонақай, Айғыржалөзек – Түндік алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 46 км, жалпы ұзындығы 14 км болатын 5 саласы бар.
## Бастауы
Бастауын Үлкен Айғыржал тауының солтүстік-шығыс баурайындағы бұлақтардан алып, Түндік өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Арнасының жоғарғы жағалауы жартасты, жарқабақты, орта ағысы жарлауытты, төменгі ағысы жазық келген. Арнасында жыл бойы су болады. Алабы мал жайылымы және шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы Декларациясын салтанатты түрде қабылданды.1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Этносаралық, конфессияаралық келісім мен төзімділікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін іске асыру нәтижесінде және халқымыздың ұлтжандылығының арқасында елдің ішкі саяси тұрақтылығы мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өсуіне қол жеткізілді.
Халықаралық ынтымақтастықтың жалпыға ортақ қағидаттарына адалдық, жаппай қырып-жоятын қарудан бас тарту, ықпалдастық байланыстарды тереңдету қадамдары еліміздің әлемдік қоғамдастықта жоғары беделге ие болуына септігін тигізді.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты.
Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.
Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.
Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.
Тәуелсіздікке ие болған жиырма жыл ішінде Қазақстан жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға жетті.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының құқықтық іргетасы болып табылады.
Ата заңымызда адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар деп тануға тұғыр болатын мемлекеттік егемендіктің саяси-құқықтық негіздері қаланды, қоғамның материалдық және рухани өмірін жаңғыртудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басты қағидаттар бекітілді.
Қазақстан ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасады.
Конституциялық эволюция мен құқықтық жүйені сатылап реформалау нәтижесінде елімізде мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйесі қалыптастырылды.
Республикада мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекетті басқарудағы жүйе түзуші рөлді президенттік институт атқарады. Республика Президенті Конституцияның сенімді кепілі, елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асырушысы болып табылады.
Қазақстанның дамуы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылып келеді, олардың ішінде барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейтін «Қазақстан 2030» президенттік стратегиясы басты орын алады.
Республиканың негізгі бағдарламалық құжаттарында және Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттар көрініс тапқан.
Қазақстан адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға қол жеткізуге және оларды сақтауға жүйелі әрі дәйекті түрде ұмтылып келеді.
Республикада адам мен азаматты қорғау жүйесі қалыптастырылып, тиімді жұмыс істеуде. Олардың іргелі құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі халықаралық шарттар ратификацияланды.
Конституцияда шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына қарамастан адам және азамат құқықтарының теңдігіне кепілдік берілген.
## Дереккөздер |
Сунақата — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Сунақата ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Тарихы
Ауыл 1965-96 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Ауылдық округ облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың біріккен шешімімен 1993 жылы ашылды. Елді мекен аумағында Ақорда мемлекетінің астанасы болған Сығанақ қалашығы мен мешіт медресе тарихи орындары бар.
## Халқы
Тұрғыны 1799 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434059100.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Өзгент (бұрынғы атауы "Қараша") — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Өзгент ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 1140 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434057100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 18 км жерде.
## Тарихы
Ауыл 1973 – 97 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Өзгентте және округтегі Ақжол, Ақсуат ауылдарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Сатымсай — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы темір жол айрығы, Талап ауылдық округі құрамында болған, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 35 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434062600.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Тақыркөл (1997 жылға дейін Красная Звезда) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Сүттіқұдық ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны 2143 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434061100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 35 км. Жақын темір жол стансасы — Төменарық.
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы қаланған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қарашат – Павлодар облысы Баянауыл ауданының солтүстігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 789 м. Батыстан шығысқа қарай 7-8 км-ге созылған.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы девон дәуірінің гранит, кварцит және тақтатастарынан түзілген.
## Жер бедері, өсімдігі
Жер бедері қатты тілімденген, беткейлері тік жартасты шатқалдардан тұрады. Шатқалдарда бұлақтар және бұта шоғырлары кездеседі. Оңтүстік-шығысында Бозшакөл, Шалқаркөл тұзды көлдері орналасқан.
## Дереккөздер |
Жаңақорған — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы кент, аудан және Жаңақорған кенттік әкімдігі орталығы.
## Халқы
Тұрғыны — 26 523.
## Географиялық орны
1928 жылы құрылған, темір жол стансасы, облыс орталығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 178 км жерде орналасқан. Сырдария өзенінің оң жағасының бұта аралас боз, бетеге, қау, т.б. әр түрлі шөптесін өскен құмайтты, сортаң, бозғылт қоңыр, шалғынды топырақ қалыптасқан шөлдік белдемде орналасқан.
## Тарихы
Алғашқыда Шепқорған, ал 11 ғасырдан Яны-Курган болып аталды. 1992 жылдан бастап Жаңақорған деп аталады.1997 жылға дейінгі кәсіпорындар (қиыршық тас, май зауыты, құрылыс, көлік, т.б.) акционерлік қоғам, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары болып қайта құрылды.
## Инфрақұрылымы
6 орта, 2 орталау мектеп, 4 кітапхана, мешіт, 2 мәдениет үйі, клуб, стадион, 2 спортзал, аудандық аурухана, емхана, 2 дәрігерлік пункт бар. Кентте 26,4 км су құбыры тартылған. Жаңақорған арқылы Қызылорда — Шымкент автомобиль және темір жолдары өтеді.
Кентте Теріскен көлінің табиғи қара батпағы мен тұзды суымен емдейтін Жаңақорған шипажайы орналасқан.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Талап — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 311 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434067500.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Көкқайнар — елді мекендердің атауы:
* Көкқайнар — Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан ауыл.
* Көкқайнар — Алматы облысы Іле ауданында орналасқан ауыл.
* Көкқайнар — Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан ауыл. |
Түгіскен — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Аққорған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық жайылмасында орналасқан. Ауыл 1967-96 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған.
## Тарихы
«Түгіскен» совхозы 1967 жылы құрылған. 1972 жылы «Түгіскен» ауылдық кеңесі болып құрылды. 1992 жыл «Аққорған» ауылдық округі, «Түгіскен» елді мекені болып өзгертілді. «Түгіскен» совхозы 1995 жылы мемлекеттік кәсіапорын болып өзгерді. 2007 жылы «Түгіскен ТШ» ЖШС болып өзгерді. Елді мекеннің территориясы 271 га. Қызылорда қаласынан – 235 км, Түркістан қаласынан – 90 км, аудан орталығынан – 50 км қашықтықта, ең жақын темір жол 35 км қашықтықта орналасқан.
## Инфрақұрылымы
Ауыл округінде №209 Кеңес Одағының батыры Ә.Әбутәліпов атындағы орты мектеп (630 оқушы, мектеп алды даярлық тобында 81 бала), №256 орта мектеп (235оқушы, мектеп алды даярлық тобында 40 бала) тәрбиеленіп бәләм алуда. №8 Жаңақорған ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 854 бала тәрбиеленуде, дәрігерлік емхана, 2 мемлекеттік балабақша, 5 жеке балбақщада – 350 бала тәрбиеленуде. 2 – ЖШС, «Имандылық» мешіті, клуб үйі, кітапхана, пошта үйі, телефон станциясы, 35 орындық монша, 2 шаштараз, 5 – ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 6 күріш ақтайтын диірмен халыққа қызмет етеді.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 3732 адам (1896 ер адам және 1836 әйел адам) болса, 2009 жылы 3766 адамды (1931 ер адам және 1835 әйел адам) құрады. 2017 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша тұрғындар саны – 4706, отбасы саны – 664. Тұрғындардың негізгі айналысатын кәсібі егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.
## Танымал азаматтары
Совет Одағының батыры Ануар Абуталипов, озат күрішші, ІІІ-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің толық иегері Алиасқар Сұлтанов, Социалистік Еңбек Ерлері Нақып Ержанов, Сердалы Құрымбеков, Қадір Тағаев сынды азаматтар шыққан.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Викимапияда |
Қарағай — Атырау облысы Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Орналасуы
Аудан орталығы Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 112 адам (59 ер адам және 53 әйел адам) болса, 2009 жылы 226 адамды (127 ер адам және 99 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 151 адамды (80 ер адам және 71 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.