text
stringlengths
3
252k
Патиягүл Сабитова (1936-2009) 1936 жылы 29 желтоқсанда Құлжа қаласында (ҚХР) туған. Сегізінші сыныпты бітірген соң, екі жылдық курста оқыды, кейін Шыңжаң университетінде сабақ берді. 1955 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келген. 1960 жылы Абай атындағві Қазақ педагогикалық институтын тамамдаған. Қазақ КСР ғылым академиясының жанындағы Әдебиет және тіл институтының аспирантурасына түседі. 1965 жылы «Ұйғыр совет әдебиетіндегі жағымды кейіпкер образы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. ҚР Үғылым академиясының Шығыстану институты жанындағы ұйғыр орталығының аға ғылыми қызметкері болған. Алғашқы өлеңдері 1957 жылы «Күрес әндері» деген жинақта шықты. Кейін «Жалын шабыты» (1958), «Жастар дауысы» (1961), «Біздің отрядтың бабалары» (1965), «Менің арманым» (1967), орыс тіліндегі «Ұйғыр ақвіндарының дауысы» жинақтарына кірді. «Менің кішкентай достарым» атты балаларға арналған прозалық жинағы (1967), «Қамқоршы Хамза» (1969), «Біздің кластың балаларві» (1970), «Кім айтыпты» (1972), «Қадырдың түстері» (1990) атты әңгімелер жинақтары, «Шаһадат» (1984) повестері, «Дәуір образы» (1975), «Зия Самади» деген монографиялары (1989) басылып шықты. Ұйғыр мектептерінің екінші және оныншы, он бірінші сынып оқушыларын арналған оқулықтардың авторы. «Жүрегімде бір отым бар» атты өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілген (2003). «Достық» орденімен марапатталған (1996). ## Дереккөздер
Арқалық – Қу тауының оңтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік-шығысында. Ең биік жері 1064 м. Ащышиөзек өзенін бойлай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр. Енді жері 2-2,5 км-ге жетеді. ## Жер бедері Тауаралық аңғарлармен және жыра-сайлармен бөлінген жеке шоқылардан тұрады. Таудан көптеген бұлақтар бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан девон жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Аласатаулық қоңыр топырағында тобылғы,қараған, сұлыбас, бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге өседі. Тау етегі қыста мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Арқалық – Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Мойынты және Аймаш өзендері аралығында 20 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері — 1091 м. Беткейлері тегіс, жайдақ бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Шала дамыған коңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Йоосеп Максимович Саат — эстон совет тарихшысы, Эст.КСР ҒА акадимигі (1951). 1921 жылдан Эстония Компартиясының мүшесі. Эстонияның буржуазиялық өкіметі тұсында асыртын партия жұмысын жүргізгені үшін өмірлік каторгаға үкім шығарылды. 1924-38 ж. түрмеде отырды. Эстонияда Совет өкіметін орнатуға белсене қатысты. 1947 ж. Мәскеудегі жоғарғы партия мектебін бітірді. Эстония КП ОК жанындағы Партия танрихы институтының директоры, Эстония КСР ҒА Қоғамдық ғалымдар бөлімінде кадмеиялық секретарь. 1968 жылдан Эстония КСР ҒА тарих институтында аға ғылыми қызметкер. 1941-62 ж. Эстония КП ОК-нің мүшесі. Саат ғылыми еңбегінің тақырыбы - Қазан револбциясының тарихы және эмтониядағы жұмысшы қозғалысы. Саат - бірнеше коллективтік еңбек авторларының бірі. ## Дереккөздер
Нұрата ауданы – Өзбекстанның Науаи облысынын шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Оңтүстігінде Бұхара облысымен шектеседі. 1964 жылы құрылған. Аудан орталығы - Нұрата кентi. 2014 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 41,5 мың адам. Ұлттық құрамы: қазақ 0,9%, өзбек 87,1%, орыс 0,1% қалғаны 0,2%. Аудан құрамында 7 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасының негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы құрайды. ## Дереккөздер
Аралбаев Бекайдар Жантөреұлы (1893, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы — 1952, Ресей, Красноярск өлкесі) — қоғам қайраткері. Әкесі Жантөре Аралбайұлы — 1928 ж. тәркіленген орта шаруа. 1905 — 10 ж. Жаңақорғандағы орыс-қазақ мектебінде, 1910 — 14 ж. Перовскіде (Қызылорда) қалалық училищеде оқыды. Үш-төрт жыл болыстық, уездік мекемелерде түрлі қызметтер атқарды.1920 — 22 ж. Сырдария облаткомында (Ташкент) бөлім меңгерушісі, төрағасы;1922 — 24 ж. Түркістан АССР-ның Ішкі істер Халық комиссары, Түркістан республикасы ОАК төралқасының мүшесі;1924 жылы осы республиканың Жоғарғы сотының төрағасы;1925 ж. Қазақ АКСР-ы ОАК-нің хатшысы болып сайланды. Кеңес аппаратына, басшы қызметтерге жергілікті ұлт өкілдерін тарту ісіне ОАК-і комиссиясының төрағасы ретінде көп үлес қосты. Аралбаевтың бұл қызметін даттау үшін Ф.И. Голощекин оған “аралбаевшылдық” деген айдар тағып, жұмыстан қуды. 1928 — 33 ж. респ. банкіге, Ақтөбе облысы банкіге қызметке жіберілді. 1933 ж. Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдық әрекеттер жасады деген жалған айып тағылып, КарЛАГ-қа, кейінірек Мордва (1934) жерінде Тамлагта жазасын өтейді. 1945 ж. тұтқыннан босаған Аралбаев Қазақстанда тұруға рұқсат берілмеді. Ташкент облысы Шыназ ауданында ферма меңгерушісі болып жүргенде 1949 ж. қайта қамауға алынып, Сібірге жер аударылды. 1957 ж. қыркүйегінде КСРО Жоғарғы сотының алқасы Аралбаевты толық ақтады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының президентін кезектен тыс сайлауы — 2015 жылдың 25 ақпанында қабылданған №1018 «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» жарлық бойынша жиналыс 2015 жылдың 26-сәуірінде өтті. Оның нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланып, президенттілігін жалғастырды. ## Жоспарлануы 2015 жылы 14 ақпанда делегат бірауыздан мерзімінен бұрын президенттік cайлау өткізу туралы бастамасы үшін дауыс берген кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) кеңесінің отырысы өткен болатын. ҚХА халықтың мүшелерінің жолдауында жаһандық теңгерімсіздік және ел басына күн туған кезде ел сенімі Елбасы Н.Ә. Назарбаевты болуы керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық сынау барысында еліміздің табысты аяқтау үшін ұлттық сенім жаңа мандат берілуі тиіс деп мәлімдеді өзінің стратегиялық курстан қақты және әлемдегі ең қуатты отыз елдің елдің және жылжыту ауқымды жаңғырту өз жолын жалғастырды. Сонымен қатар ҚХА мүшелері 2017 жылы бір мезгілде президенттік және парламенттік сайлау мерзімі мен әр уақытта оларды ұстап қажеттігін алға атап өтті. 18 ақпан саяси партиялардың фракциялары, Мәжілісінің депутаттары (төменгі палата) және ҚХА парламенттік тобы бірауыздан ҚХА бастамасын қолдады және Кеңес арнайы сайлау үшін ұсыныспен Президентінің үндеу қабылдады. 25 ақпан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 26 сәуірде, 2015, кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Ол сайлауға қатысу туралы шешім, ол кейінірек екенін атап, теледидардан «Хабар» тікелей эфир барысында айтты. ## Кандидаттар ұсынылуы және тіркелуі Үш кандидатты қатысуымен сайлау: қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ұсынған; Әбілғазы Құсайынов — Қазақстан кәсіподақтар федерациясының бастығы; Тұрғын Сыздықов — Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кандидаты. ## Нәтижелері ## Сілтемелер * http://sailau2015.el.kz/kz(қолжетпейтін сілтеме) * http://election.kz/portal/page?_pageid=115,1&_dad=portal&_schema=PORTAL Мұрағатталған 9 қазанның 2015 жылы. * http://www.akorda.kz/kz/page/page_219245_ Мұрағатталған 17 сәуірдің 2015 жылы. ## Дереккөздер
Жоғалған ұрпақ (фр. Génération perdue, ағылш. Lost Generation) — Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар арасында қалыптасқан түсінік. Бұл көптеген жазушылардың лейтмотивіне айналды. Солардың ішінде: Эрих Мария Ремарк, Эрнест Миллер Хемингуэй, Луи-Фердинанд Селин, Анри Барбюс, Фрэнсис Скотт Фицджеральд және Джон О'Хара. Жоғалған ұрпақ - бұл майданға жастайынан аттанған, көбінесе мектепті бітірмеген, ерте қан төгіп бастаған жастар. Соғыстан кейін бұл адамдар күнделікті өмірге бейімделе алмай, ішімдікке әуес болып, өз өзіне жиі қол жұмсаған. Кейбіреулері есінен адасып кеткен. ## Терминнің шығу тарихы Терминді Гертруда Стайн бекіткен деп есептеледі. Кейіннен Эрнест Хемингуэйдің "Сенімен мәңгілік болатын мейрам" романы арқылы әйгілі болды. "Жоғалған ұрпақ" деп 1914-1918 жылдары майдандағы жас жауынгерлерді айтады. Соғыстан олар физикалық және моральдық тұрғыдан жаранланған болып оралған. Оларды кейде "саналмаған соғыс құрбандары" деп те атайды. 1930-1931 жылдары Ремарк өзінің "Қайтып келу" (Der Weg zurück) романында Бірінші Дүниежүзілік соғыстар оралған сарбаздар туралы жазады. Олар жақсы өмір сүре алмайды, мәнсіздік, қатыгездік, өмірдің балшығын сезінеді. Ремарк "Жоғалған ұрпақ" өкілдеріне сипаттама береді. Олар қатігез, батыл, сезімділік сезімдерден жоғары тұратын адамдар.
Юрий Сергеевич Рытхэу - чукот кеңес жазушысы. Ленинград университетін бітірді. Шығармалары 1947 жылдан жариялана бастады. Юрий "Біздің жағалаудың адамдары" атты алғашқы әңгімелнр жинағымен жақсы көрінді. Бұдан кейін жарық көрген "Адам есімі", "Чугот сагасы" т.б. әңгімелер жинағы, "Еріген қар мезгілі" трилогиясы Юрий есімін Одақ көлемінде және шетелдерде кеінен танымал етті. Ол бұл шығармаларында Кеңес өкіметі жылдарында көркейген чукот халқының тағдырын жарқын бейнеледі. "Айвангу", "Ең әдемі кемелер", "Вэкэт пен Агнес" т.б. романдары мен повестері Юрийдің шығармаларының өсу жолындағы айтулы табысы болып саналады. Оның көп шығармалары көптеген халықтар тілдеріне аударылды. "Өмір көктемі" романы қазақ тілінде шықты. ## Дереккөздер
Александр Осипович Орловский (пол. Aleksander Orłowski; 1777, Варшава — 1832, Санкт-Петербург) — поляк және орыс кескіндемешісі, график-суретшісі. Ұлты-поляк. 1793-1802 жылдары Варшавада Я.П. Норблиннен сабақ алды. Польшадағы шығармашылық кезеңінде карикатура және жанрлық суреттер салды. ## Өмірбаяны 1802 жылдан Санкт-Петербургте тұрды. 1809 жылдан осындағы Көркемсурет академиясының академигі. 1809 жылы «Аттылы поляк», «Жарқабақта отырған төрт жауынгер» атты соғыс жанрындағы картиналардың және портретте (М. И, Платов, акварель, 1812-13, Мәскеу, Тарих музейі) мен орыс халқының тұрмысын бейнелейтін шығармалардың («Тұтқындардың аялдауы», қалам, 115, Орыс музейі) авторы.Литография тәсілімен тұңғыш айналысқандардың бірі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Г. Бокман. Көңілсіз мерейтой
Мария Гавриловна Савина (11 сәуір 1854 — 21 қыркүйек 1915) — орыс актрисасы. Императорлық театрдың еңбек сіңірген әртісі. Актер отбасында туған. Сахнада 8 жасынан ойнады. Кәсіби сахналық қызметін 1869 ж. Минскіде бастады. Бұдан кейін Харьков, Қазан, Саратов, Орел театрларында қызмет етіп, комедия, оператта, водевиль, драма және мелодрамаларды ойнаған. 1874 жылдан өмірінің соңына дейін Александрин театрының труппасында қызмет етті. Басты рольдері: Марья Антоновна, Юлия Тугина, Глафира, Мамаева, Верочка, Наталья Петровна, Акулина, Анна Петровна т.б. Ойнайтын кейіпкерінің ой-толғаныстары мен ішкі сезім иірімдерінң көрермендерге саршылдықпен жеткізе білу - оның актерлік өнерне тән қасиет. 1899 ж. гастрольдік сапармен Берлинде өнер көрсетті. Ол орыс театр қоғамды кеңесін ұйымдастырушылардың бірі болумен бірге, өмірінің соңына дейін оның председателі болды. ## Дереккөздер
Құрманғали Оспанов(15 тамыз 1907, Ақтөбе облысы Новороссийск ауданы - 7 қыркүйек 1968, Алматы) – Қазақстан Коммунисттік партия қайраткері. 1937 жылдан КОКП мүшесі. 1942 жылы Ақтөбе аткомында іс жүргізуші. ## Өмірбаяны 1925 жылдан Мәскеудің М. И. Калинин атындағы жұмысшы факультетінде, 1928-1931 жылдары Мәскеудің өнеркәсіп-экономика институтында, Г. В. Плеханов атындағы халық шаруа институтында оқыды. 1931-1934 жылдары сол институтының аспиранты. 1934-1945 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтының директоры, Ақтөбе облысының оқу бөлімінің меңгерушісі. Қазақ мемлекеттік қыздар пед институтының директоры. 1945-1955 жылы Қазақстан КП ОК насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мектеп және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі. 1955-56 ж. Қазақстан КП ОК секретары. 1957-68 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің директоры болды. 1952-55 және 1960-68 жылдары Қазақстан КП ОК мүшесі. 1955-56 жылы Қазақстан КП ОК-нің бюро мүшесі, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен мараптталған. ## Дереккөздер
Қылтамыр (капилляр); (vasa capillaria; лат. vas, vasis— тамыр, capillus — қыл) — ең жіңішке және тым жұқақабырғалы тамыр. Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді. Қан қылтамыры қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды ісжүзіне асырады. Қан қылтамырының арнасы мүшелердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі(4,5 мкм-30 мкм) болады. Оның қабырғасы үш қабаттан: ішкі - эндотелийден, ортаңғы - негіздік жарғақтаорналасқан перициттерден, сыртқы - адвентициальды жасушалардан тұрады. Перициттер жиырылу арқьшы қылтамыр арнасының диаметрін реттеп отырады. ішкі эндотелий қабатын құрайтын эндотелиоциттер мен оның сыртындағы негіздік жарғақтың (базальды мембрананың) құрьшыс ерекшеліктеріне байланысты қылтамыр: сомалық қылтамыр, фенестерлі қылтамыр және қойнауша (синусоидты) қылтамыр болыпүш түрге бөлінеді. Сомалық қылтамырда эндотелиоциттер бір-біріне тығыз жанасып, үзіліссіз түтас жатқан негіздік жарғақта орналасады. Фенестерлі (терезелі)қылтамырда эндотелиоциттердің цитоплазмасы жұқарып, зат алмасуға бейімделген терезе тәрізді жүқарғанқұрылымдар түзеді. Синусоидты қылтамырда негіздікжарғақшада және эндотелиоциттер аралықтарында ірімолекулалар (макромолекулалар) өте алатын саңылаулар болады. Қан қылтамыры — жануарлар организміндегі жасушалық және үлпалық деңгейдегі зат алмасуды іс жүзіне асырады. Қан капиллярлары негізінен артериолаларды венулалармен жалғастырады. Лимфа капиллярлары — тым жүқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа капиллярларының арнасы (5мкм - 100 мкм) мүшелердегі атқаратын қызметтерінебайланысты өзгеріп отырады. Олардың қабырғаларыда жалаң қабат жалпақ келген эндотелиоциттерден тұрады. Бірақ, эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан борпылдақ дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының арасында негіздік жарғақ болмайды. Сондықтан, лимфа қьштамырларының арнасы қан капиллярларына қарағанда кең де, созылмалы болып келеді жәнеоларды қоршаған ұлпа сүйығы мен капиллярлар арасындағы зат алмасу процесі жеңіл жүреді. Эндотелиоциттердің аралықтарында, лимфа капиллярларыныңқуысына ірі молекулалы заттар, клеткалар мен олардың ірі бөліктері өтетін саңылаулы тесіктер болады.Эндотелиоциттердің цитоплазмасында, лимфа капиллярлары қабырғаларының жиырьшу арқьшы, олардыңоткізгіштігін реттеп отыратын актинді микрофиламенттер болады. Жануарлар ұлпалары мен мүшелерінің құрьшысы және олардағы зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты, лимфа капиллярлары — тарілмекті және кеңілмекті торлар түзеді. ## Дереккөздер
Кемпірқосақты тукан (лат. Ramphastos sulfuratus) — Тоқылдақ тұқымдастар сабының тукан тұқымдасының тукандылар тегінің биологиялық түрі. Оңтүстік Америкадан Солтүстік Аргентинаға дейін тараған тоқылдақтар жасағындағы Ramphoslos тобының ең үлкен түрі. ## Биологиялық сипаттамасы Кемпірқосақты тукандар, айтарлықтай ауыр дене - бітімді құстар. Олардың денелерінің ұзындығы - 50-53 см, салмағы – 400 грамм. Латын Американың барлық аймағында таралған: Оңтүстік Мексикадан Солтүстік Колумбия мен Солтүстік – Шығыс Венесуэлаға дейін. Кемпірқосақты туканның ұзындығы 17 см – ге дейін жететін бос тұмсығы бар. Тұмсығы – көгілдір дақты және сарғылт сызықты жасыл түсті. Арқасында, төсінде, қанатының үстіңгі жағындағы қауырсынданулары күңгірт, ал мойнының үстіңгі жағындағы құйқасы қызыл – қара түсті болып келеді. Жыныстық диморфизм нашар көрсетілген: Еркектік дарақтар әйелдікінен кішкене ғана үлкенірек. Кемпірқосақты тукандар 5 – 10 дарақтан тұратын топтармен жүреді. Олар бір – біріне қатты жабысып, алып тұмсықтарын көршілерінің қанаттарыныц астына салып, ағаш діңдерінде ұйықтайды. Осының арқасында олар кішкене аумақты үйлерінде орын сақтайды. Құстар негізінде жемістермен, кей – кездерде жәндіктермен де қоректенеді. Олар өздерінің қоректерін жерден сирек іздейді. Көбінесе ағаш қуйыстарындағы жәндіктер мен ағаш жемістерін жейді. Қызығы, олар жемістерді үлкен тұмсықтарының арқасында бүтіндей жейді, сондықтан жеміс дәндері сау күйінде жерге түсіп, жаңа өсімдік өсіп шығады. ## Галерея * * * ## Дереккөздер
## Василий Павлович Рощин Василий Павлович Рощин(26. 12. 1891, - 22. 7. 1973, Алматы) – қазақстандық офтальмог, медициналық ғылымдарының докторы, профессор . 1952 жылдан КОКП мүшесі. ҚазақССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. ## Өмірбаяны Қазан университетінің медицина факультетін 1921 жылы бітіргеннен сонда ординатор болды.1921-1933 жылдары Сібір дәрігерлер білімін жетілдіру институтында аға ассистент, доцент, 1934-1969 жылы Алматы медициналық институтында көз аурулары кафедрасының меңгерушісі.Оның 100-ден астам ғылми еңбкетері бар.Бұл еңбектерінің көпшілігі Қазақстанда көз ауруларын емдеу және профилактика шараларына арналған.Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Василий Павлович Рощин Василий Павлович Рощин(26. 12. 1891, - 22. 7. 1973, Алматы) – қазақстандық офтальмог, медициналық ғылымдарының докторы, профессор . 1952 жылдан КОКП мүшесі. ҚазақССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. ## Өмірбаяны Қазан университетінің медицина факультетін 1921 жылы бітіргеннен сонда ординатор болды.1921-1933 жылдары Сібір дәрігерлер білімін жетілдіру институтында аға ассистент, доцент, 1934-1969 жылы Алматы медициналық институтында көз аурулары кафедрасының меңгерушісі.Оның 100-ден астам ғылми еңбкетері бар.Бұл еңбектерінің көпшілігі Қазақстанда көз ауруларын емдеу және профилактика шараларына арналған.Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Зиябек Рүстемов - Орта Азия мен Қазақстанның партия, совет қызметкері, журналист. 1917 жылдан Компартия мүшесі. Кедей шаруа отбасында туған. Шаңышқылы тайпасының Сұрым руынан шыққан. ## Еңбек жолы Зиябек Рүстемов еңбек жолын мұғалімдіктен бастады. Оңтүстік Қазақстандағы тұңғыш ауыл шаруашылық коммунасын ұйымдастырушылардың бірі. Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік университетін бітірген. Ол оқудан қол үзбей жүріп, "Кедей айнасы" журналын ұйымдастыруға ат салысты, оның бас редакторы болды. Қостанай округ "Ауыл" газетінің редакторы, Орта Азия радио орталығынң редакторы, "Қызыл Қарақалпақстан" газетінің бас редакторы; Зиябек Рүстемов 1932-1936 ж. БКП ОК Орта Азиялық бюолсының нұсқаушысы, Өзбекстандағы Беговат аудандық, Маргелан қалалық комитеттерінің , Термез ауаткомының председателі т.б. жауапты қызметтер атқарды. Зиябек Рүстемов - журналист әрі ақын. Оның жалынды публистикалық мақалалары, фельетондары, әңгімелері мен очрктері, өлеңдері республикалық, өлкелік газет-журналдарда үздіксіз жарияланып тұрды. Оның таңдамалы өлеңдер жинағы жарық көрді. Зиябек Рүстемовке туған жері - "Келес" ауылында ескерткіш орнатылған. ## Дереккөздер
## Минахастар Минахастар-Сулавеси аралының (Индонезия) солтүстік-шығыс жағалауын мекендейтін халық. Жалпы саны 650 мыңнан астам.Тілі малайя-полинезия тілдер отбасынының индонезиялық тобына кіретін филиппин тармағына жатады.Діні жөнінен христиандар.Негізгі кәсібі – егіншілік (күріш, жүгері, жеміс, кокос пальмасы), балық аулау, мал шаруашылығы. Минахастар-Индонезияның экономикалық жағынан неғұрлым жақсы дамыған халықтарының бірі. ## Дереккөздер ## Минахастар Минахастар-Сулавеси аралының (Индонезия) солтүстік-шығыс жағалауын мекендейтін халық. Жалпы саны 650 мыңнан астам.Тілі малайя-полинезия тілдер отбасынының индонезиялық тобына кіретін филиппин тармағына жатады.Діні жөнінен христиандар.Негізгі кәсібі – егіншілік (күріш, жүгері, жеміс, кокос пальмасы), балық аулау, мал шаруашылығы. Минахастар-Индонезияның экономикалық жағынан неғұрлым жақсы дамыған халықтарының бірі. ## Дереккөздер
Петр Петрович Румянцев - тарихшы, экономист, Қазақстан тарихын зерттеуші. 1890 жылдардан социал-демократ, 1903 жылдан большивик. ## Еңбек жолы 80 жылдардың басында Тверьде Халық еркіндігі үйірмесіне қатысады. Полиция үйірмені талқандаған соң Ақмолаға жер аударылды. Сол кезде М.И.Брусневтің тобымен байланыс жасаған. 1890 ж. ауылдық қозғалысқа қатысады. РСДЖП 3-съезінің делегаты. 1905 ж. маусымда РСДЖП-нің Воронеж комитетінің атынан ОК-тің Орыс бюросы құрамына кірді. 1905-07 жылдардағы революция кезінде большевиктер жағында партиялық жұмыс жүргізді. РСДЖП 6-съезінде В.И.Лениннің аграрлық мәселе жөніндегі баяндамасын қолдады. Реакция жылдарында большевиктерден алшақтады. Одан кейінгі жылдары Жетісудағы қазақ, қырғыз, орыс және ұйғыр халықтары арасына шыққан экспедицияны басқарды. Бұл материалдар Петербургте сегіз том болып жарық көрді. ## Зерттеуі Петрдің зерттеу тақырыбы қазақ хандықтары құрылған кезден бастап, 20 ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақтардың тарихы болды. Ол қазақ шаруаларын кедей шаруа, орта шаруа, бай шаруа деп үш топқа бөлді. Петрдің қазақ қауымы жөніндегі зерттеулері, ол басқарған экспедицияның материалдары қазақ тарихында құндылығын жойған жоқ ## Дереккөздер
Степан Яковлевич Румовский - орыс астрономы, Петербург ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының мүшесі. Ол М.В.Ломоносов қайтыс болғаннан кейін ғылым академиясының географиялық департаментін 30 жылдай басқарды. Шолпанның Күн дискісі арқылы өтуін бақылау экспедициясына қатысты. Сөйтіп Күн Нараллаксінің қазіргі табылған мәніне жуық мәнді тапты. 1862 ж. 62 астрономиялық пункттің дәлдігі өте жоғары каталогын алғаш рет жасады. Румовский жақсы аудармашы ретінде де белгілі. Ол Ресей академиясының алғащқы этимологиялық сөздігін құрастырушылардың бірі болды. ## Дереккөздер
Руми Қазы Заде - математик және астроном. Ұзақ уақыт Самарқан қаласында ғылыми жұмыстармен шұғылданған. Руми Қазы Заде - Ұлықбектің ұстазы. Кейін ол Ұлықбек ұйымдастырған астрономиялық жұмыстарға қатысты. Әл-Кәшимен бірге Самарқан обсерваториясын салуға басшылық етті. Руми Қазы Заде "Гкрган астрономиялық кестелерін" жасауға қатысқан. Ол "Бір градустың синусын анық туралы трактат", "Арифметика жайлы трактат", Орта Азия ғалымы әл-Жагминидің астрономиялық трактатына, Орта Азия ғалымы ас-Самарқандидің геомитриялық шығармасына, Иран ғалымы ат-Тафтазанидің "Ғалымдар кілтіне" түсініктемелер жазған. ## Дереккөздер
Алексей Матвеевич Румянцев - совет экономисі,КСРО ғылым академиясының акадимигі. 1940 жылдан КОКП мүшесі. ## Қызмет жолы Харьков халық шаруашылық институтын бітірген. 1930-43 ж. ғылыми-оқытушылық қызметте болды. 1950-52 ж. УССР ғылым академиясының Экономика институтының директоры, УССР ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің председателі. 1952-55 ж. КОКП ОК-нің аппаратында қызмет істеді. "Коммунист" журналының бас редакторы, "Правда" газетінің бас редакторы болды. Алексей 1965-67 ж. КСРО ҒА экономика бөлімшесінің акадимик - секретары. 1967-71 ж. КСРО ғылым академиясының вице-президенті. 1971 жылдан КСРО ғылым академиясының Президиум мүшесі. Алексей коммунистік формацияның заңдары мен категорияларын, социализм тұсында экономикалық заңдарды пайдалану механизмін, ғылым-техникалық революцияның саяси экономикалық мәселелерін, екі жүйенің экономикалық және ғылым-техникалық жарысы мен ынтымақтастығының мәселелерін , ғылымның даму заңдылықтарын, социал идеология мен мәдениеттің қалыптасуын, ғылыми болжаудың проблемаларын зерттеуге үлес қосты. Ол - КОКП 19-24 съездернің делегаты. Алексей партияның 19-20, 22-24 съездерінде КОКП ОК-нің мүшесі болып сайланды. 4-5 сайланған КСРО жоғарғы Советінің депутаты. ## Дереккөздер
Қорқор шегу– еліктеуге табыну. ## Тараған елдер: -Тунис, Мысыр, Таяу шығыс елдері, Ресей, ТМД елдері. ## Қорқордың құрамы: Қорқор үшін насыбайдың екі түрі қолданылады:Бірінші түрі- “tumbak”, қазіргі уақытта Иранда көп қолданылатын, құрамында никотині көп қарапайым насыбай (Nicotina Rustica). Қорқор шегу оны сулап, қысып суын шығарып қорқордың ыдысына нығыздап салады.Екінші түрі- “Mu essel”, тәтті шырынмен ылғанлдандырып, түрлі жемістің жоңқаларымен иістендірілетін насыбай.Үшінші түрі- “Jurak”, аралық деп санауға болады. Қорқор адам ағзасына қоздырғыш, уыттандырғыш, мутагендік, канцорегондік (ісіктің ауруларын , тудырады) психобелсенділік (соның ішінде тәелділікке әкеліп соғады) сияқты әсерін тигізеді. ## Қорқор шегушілердің түрлері: -Тәжірибе жасаушылар-Үнемі шегетіндер ## Қорқордың зияны: Егерде нақты шаралар қолданылмалса, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша 2025жылға дейін өлгендерсаны 7000000 (жеті миллионға) жетеді.Зерттеулердің нәтижесі бойынша, шылым щеккен сияқты, қорқор шегуде өкпенің қызметттерінің өзгерісіне соқтырады.Егер шылым түтіні кіші тынысжолдарының құрылымдарына – бронхиолдарына әсер етсе, ал қорқор түтіні ірі тыныс жолдарына тез зиян әсерін тигізеді.Мөлшермен алғанда өкпе ісік ауруларынң 85% -да темекішегумен, соның ішінде қорқор тартумен тікелей байланысты.
Ескендір бей, Георгий Кастриоти (алб. Skënderbeu, Gjerdj Kastrioti; 6 мамыр 1405 жыл — 17 қаңтар 1468 жыл) — албан халқының османлы басқыншыларына қарсы азаттық күресінің басшысы, Албанияның ұлттық қаһарманы. ## Өмірбаяны Османлы сұлтан II Мехметке қарсы күресте даңқы шықты. 1443 жылдың қарашасының орта шенінде 300 сарбазымен османлы әскери шатырын тастап, Дибраға келді. Ерікті шаруалардан әскери жасақтарын құрды. Круяға келіп кірді де, 28 қарашада Кастриоти князьдігінің басшысы болып жарияланды. Петреля, Стелюши, Торчан бекінісінен османлы гарнизондарын қуды. Халық жасақтарынан тұрақты әскер құрып, албан феодалдарын біріктіру жолына күрескен болатын. Ескендір бейдің басшылығымен албан халқы өз үстемдігін қайта орнатпақ болған османлыларға 24 жыл бойы тойтарыс берді. Дарынды мемлекет қайраткері Ескендір бей Венеция мен Рим Папасының пайдақорлық саясаты мен албан феодалдарының алауыздығынан туған ішкі және сыртқы саяси зор қиыншылықтарды жеңе білді. ## Дереккөздер
Лев Владимирович Руднев - совет архитекторы. 1915 ж. Петербург Көркемсурет академиясын бітірді. Архитектор Л.Н.Бенуаның шәкірті. 1912-1916 ж. И.А. Фоминнің көмекшісі болды. Ленинградта, Мәскеуде архитекторлықпен шұғылданды. Ленинград Көркемсурет академиясы мен мәскеу Архитектура институтында педогогикалық қызметпен шұғылданды. * Шәкірттері: Б.Г.Бархин, Е.Я.Витенберг, В.О.Сунц, В.Е.Асс, И.Е.Рожин. * Басты еңбектері: Мәскеудегі М.В. Фрунзе атындағы академияның ғимараты, Антипьев бұрылысы мен Фрунзе ауданы жағалауындағы әкімшілік ғимараттары, Бакудегі Үкімет үйі, Мәскеу мемлкеттік университетінің ғимараты. ## Дереккөздер
Скиф тілі – ежелгі скифтердің тілі «Скиф тілі» деп, әдетте, иран тілдері тобының солтүстік-шығыс тармағын құрайтын туыстас тілдер екені айтылып жүр. Скиф тілінде сөйлеушілер скифтер, алан, роксолан және тағы басқалар атпен антик авторлардан б. з. б. 1-мың жылдықтың екінші жартысынан белгілі болды. Скиф тілідері Қара теңіздің солтүстігі мен Каспий атырабына, Дунайдан Яксартқа (Сырдария) дейінгі өңірлерге таралған болатын. Скиф тіліне байланысты текстер сақталмаған, бірақ эпиграфтар бар болатын. Ескерткіштер мен антик авторлардың еңбектерінде скиф тіліндегі жалқы есімдер, топонимдік және этнонимдік атаулар мол кездеседі. Скиф-сармат тілдерінің грамматикалық құрылысы және сөздік құрамы аз зерттелген болатын. Скиф-сармат тілдерінен бізге жеткені – Кавказдағы осетин тілі. ## Дереккөздер
Меринг Франц (1846-1919) - Германиядағы жұмысшы қозғалысының және нем. с.-д. партиясының солшыл тобының қайраткері, Германия Компартиясының негізін салушылардың бірі (1918 жылдың аяғы), тарихшы, философ, әдебиет зерттеуші, публицист. Дүниеге ғылыми көзқарасты насихаттауы, тарихи материализм проблемаларын зерттеуі, оның бурж. социологиямен (Л. Брентано, П. Барт т. б.), неокантшылдықпен (Этикалық социализммен) және махизммен күресі философияда өз ізін қалдырды: * "Тарихи материализм", 1893; * "Кант және социализм", 1900; * "Кант, Дицген, Мах және тарихи материализм", 1910 және т. б. Сондай ақ 19 және 20 ғасырлардың аралығында көп тараған Шопенгауэрдің, Ницшенің, Э. Гартманның иррационалистік тұжырымдамаларының қатешыл мәнін көрсетті. Мерингтің әдебиеттану еңбектерінде: * "Эстетикалық тараулар", 1893-99; * "Шиллер", 1905 және т. б. Канттың эстетикасына, "Өнер - өнер үшін" теориясына, натурализміне сын берілген. ## Дереккөздер
Атребаттар (ағылш. Atrebates) — Темзаның екі жағасында өмір сүрген, Британияға Галлиядан көшіп келген кельт тайпасы. Олар қазіргі Гэмпшир, Батыс Суссекс пен Суррей мекендеп, солтүстігінде с Добундармен және Катувеллаундармен, шығыста —Regnenses, оңтүстігінде — белгтермен шектескен. Катувеллаундармен жауласқан. Олардың басты қалаларын Каллева (Calleva Atrebatum) деп атаған, қазіргі Силчестер (Silchester).Цезардың кезінде 15 мыңға дейін жауынгерлер шығара алған. ## Атребаттар көсемдері * Коммий (Commius), б.з.д. 57 — 20 жж. * Tincomarus, б.з.д. 20  — б.з. 7 жж., Commius ұлы * Eppillus, б.з 8 — 15 жж, Tincomarus ағасы * Verica,б.з. 15 — 40 жж, Eppillus ағасы
Жан Буридиан - француз философы, номиналист. 1328 жылдан Париж университетінің өнер факультетінде оқытушы, кейін ректоры болды. Францияда Оккамның номинализмі мен табиғат зерттеу ғылымдарының бірқатар идеяларын таратушылардың бірі болды. Жанның діншілдік сарыны жоқ шығармаларының көбі - Аристотель еңбектеріне берілген түсініктемелер. Жан идеяларын әрі қарай дамытқан шәкірті - Альберт Саксонский. Жан Буридиан ерік бостандығы жайындағы мәселені ғылыми тұрғыда шеше алмай, ақырында индетерминимге апарып тірейді. ## Дереккөздер
Фатхи Бурнаш - татар совет ақыны, драматург, публицист. 1919 жылдан КОКП мүшесі. Қазан медресесінде оқыған. Қазан революциясынан кейін татар баспасөз ұйымдастырушылардың бірі. 1920 жылы Татар АССР-і алғаш құрылғанда, оның ОАК-сінің мүшесі болып сайланды. Фатхидың алғашқы шығармалары - "Таһир-Зуһра" атты романтикалық трагедиясы мен "Жас жүректер" драмасы. Фатхи - "Хусайын мырза", "Сұңқарлар" пьесаларының және бірнеше өлеңдңр жинақтарының авторы. А.С.Пушкинның, И.С.Тургеновтың, Л.Н.Толстойдың, М.Горкийдің, Н.Островскийдің т.б. шығармаларын татар тіліне аударған. ## Дереккөздер
Нағима Әбдірахманқызы Мұсабаева (1.5.1918 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974). Семей педагогика институтын (1937, қазіргі Семей мемлекеттік университеті), КОКП ОК ғылым академиясының аспирантурасын (1955) бітірген. Қазақстанның Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары (1951–53), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) доцент, Қазақстан ғылым академиясының философия және құқық институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1965–72), Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі (1974–80), профессор (1980) қызметтерін атқарды. «Проблемы причинности в марксистской философии» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. ## Дереккөздер
Кіші Бергіел, Кіші Берел – Алтайдағы Қатын жотасының оңтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Бұқтырма алабындағы Ақ Берел өзенінің бастауында; 3830 м биіктіктен басталады, қарлы жиегі 2810 м-ден өтеді. ## Аумағы Ұзындығы 8,3 км. Жалпы аумағы 6,5 км2, көлемі 0,37 км3. Орташа қалыңдығы 80 м. Мұздық жылдан-жылға қысқаруда. ## Дереккөздер
Павел Николаевич Лукницкий (1900 жыл 12 қазан, Санкт-Петербург - 1973 жыл 24 маусым, Ленинград) - орыс кеңес жазушысы. ## Өмірбаяны Азамат соғысына, Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғауға қатысты. 1925 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін бітірді. Шығармашылық жолы 1923 жылы өлең жазудан басталды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1927 жылы жарияланды. Кейін орыс жазушылары бригадасының құрамында болып, Тәжікстан мен Қазақстанға келген ғылыми экспедицияа қатысты. 1935 - 1936 жылдары М.О.Әуезовпен бірге Қазақстанды аралады, онымен өмір бойы дос болды. Әуезов туралы естеліктер жазды. Қазақстанда өткен орыс әдебиетінің, Мәскеуде өткен қазақ әдебиетінің он күндіктеріне қатысты. Тәжік халқының өмірі Лукницкий шығармаларының негізгі тақырыбына айналды. Оның «Ниссо» романы (1946) дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. ## Дереккөздер
Әл-МАРВАЗИ, Шариф аз-Заман Тахир (11 ғ-дың 2 жартысы - 12 ғ-дың 1-ші ширегі) - орта ғасырда араб тілінде жазған табиағатты зерттеуші ғалым, дәрігер. Мервте туып өскен. Салжұқ сұлтаны Мәлік Шахтың (1072-92 ж.) және оның мұрагерінің сарайында дәрігер болған. Ол 1120 жылы жазылған «Табаий әл-Хайвани» (Хайуандар табиғаты) атты шығармасымен мәлім. Негізінен, зоология тақырыбына арналған бұл еңбектің бірінші бөлімінде адамзат нәсілдері мен география мәселелері пайымдалған. Онда Үндістан, Қытай, Тибет, Қиыр Шығыс елдері жайында қызықты деректер бар. Қытай мен түрік билеушісінің Махмуд Ғазнауиге елші жібергені туралы мәліметі ерекше назар аудартады. Әл-МАРВАЗИ, Шариф аз-Заман Тахир еңбегінің түріктер туралы тарауында оғыз, кимек, қырғыз, т.б. түрік тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, рухани мәдениеті сипатталады. Сонымен қатар, Шу мен Талас өңірінде, Жетісуда жайғасқан қарлұқ тайпасының рулық құрамы жайлы мағлұмат құнды дерек болып табылады.
Әли ибн Мұса, Әли Арслан (т.ж.б. - 998, Қашқар) — Қарахан әулетінен шыққан билеуші (992 - 998 жылдары билеген). Сатұқ Боғра ханның немересі. Билік басына Харун Боғра хан (Сатұқ Боғра ханның Сүлеймен атты ұлынан туған немересі) қайтыс болған соң келген. Жамал Қарши Әли ибн Мұсаның Қашқарда жерленгендігін, Шахид (азаптан өлтірілген) деген аттары болғандығын айтады. Әли ибн Мұсаның Ахмед, Насыр Елік (Элик) хан, Мұхаммед және Мансұр атты ұлдары болған. Бұлардың ішінде Насыр Елік хан 999 жылы Бұхараны алып, 1005 жылы Орта Азиядағы Самани әулетін құлатып, Әмударияға дейінгі жолдардың бәрін бағындырған. ## Дереккөздер
Шао Ифу жүлдесі немесе Шао жүлдесі (қыт. дәст. 邵逸夫獎, пінин: Shào Yìfū jiǎng, ағылш. The Shaw Prize) — әр жылғы халықаралық ғылыми жүлде, Shaw Prize Foundation (Гонконг) беріледі. 2002 жылдың қарашасында филантроптың,Шао Ифу (көбіне Шао Жэньлэн деген есіммен белгілі) құрметіне бекітілген , ол Қытайдың және басқа да бірнеше оңтүстік-шығыс Азия кинематографиясының негізін салушыларыдың бірі , продюсер, кино- және телемагнат. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер
Сергей Сказкин Данилович – совет тарихшысы. Ол 1890 жылы 7-ші қазанда Новочеркасское ауылында дүниеге келген, 1973 жылы 14-ші сәуірде Мәскеуде қайтыс болды. ## Жастық кезі Сергей Сказкин 1958 жылы ғылым академиясының академигі атағын алды. 1947 жылы КСРО Педагокиалық ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағын Сергей Сказкин 1970 жылы алған болатын. Ол 1915 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін (ол МГУ деп те аталады) бітірді. 1949 жылдан университетте орта ғасырлар тарихы кафедрасының, 1962 жылдан КСРО ҒА Тарих институтының орта ғасырлар тарихы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген. ### Еңбектері Негізгі еңбектері Батыс Еуропадағы шаруашылық қатынастар және қайта өркендеу дәуірі туралы болатын. Ол орта ғасырлар тарихы жөнінде жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың авторы және редакторы болып келген. Марапаттары Сергей Сказкин 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және басқа түрлі медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Курант математикалық зерттеулер институты (ағылш. The Courant Institute of Mathematical Sciences, CIMS) — Нью-Йорк университетінің тәуелсіз бөлімшесі, 1935 жылы құрылған. Әлемдегі ірі білім беру мен ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып саналады. Институт ғылыми проблемаларды шешу үшін қолданбалы математика, математикалық талдау және компьютерлік есептеу маманданған. Ішінара айырымдық теңдеулер және олардың қосымшалар туралы. Ғылыми есептеулер саласында тілдерді, компьютерлік графика мен параллель есептеу бағдарламалау теориясы бағытталған. Институттың күшті дамыған саласы - геометрия. Институт ынтымақтасады және IBM және Microsoft (Microsoft Research) корпорациялармен ынтымақтастықта.
Константин Скоробогатов Васильевич Константин Скоробогатов Васильевич - орыс совет актері. Ол 1887 жылы 6-шы наурызда Ленинград қаласында дүниеге келген, 1969 жылы 28-ші шілдеде қайтыс болған.Константин Скоробогатов 1953 жылы КСРО халық артисі атағын алған. Жастық кезі Он жасынан Обухов зауыдында жұмысшы болды. 1903 жылдан әуесқойлар спектаклінде, ал 1905 жылдан профессионалды театрларда ойнады. 1928–1935 жылдар аралығында Ленинградтың Үлкен драма театрында, 1936 жылдан Ленинградтың академиялық драма театрында актер болып қызмет етті. Кейін 1951 жылы ол Ленинградтың академиялық драма театрының директор қызметін атқарған болатын. Константин Скоробогатов А. Каплер мен Т. Златогорованың «Ленин» спектаклінде В. И. Лениннің сахналық тұлғасын жасады. Ойнаған рольдері Оның ойнаған рольдері: Швандя (Треневтің «Любовь Яроваясында»), Гоудн (Лавреневтың «Тасталқанында»), Лука (Горькидің «Шыңырау түбіндесінде»), Яго (Шекспирдің «Отеллосында») т. б. Сонымен қатар Константин Скоробогатов киноға түсіп, «Пугачев» (1937), «Пирогов» (1947) фильмдерінде басты рольдері орындады. 1941, 1948, 1949, 1951 жылдары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып сайланды. Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған. ## Дереккөздер ## Константин Скоробогатов Васильевич Константин Скоробогатов Васильевич - орыс совет актері. Ол 1887 жылы 6-шы наурызда Ленинград қаласында дүниеге келген, 1969 жылы 28-ші шілдеде қайтыс болған.Константин Скоробогатов 1953 жылы КСРО халық артисі атағын алған. ### Жастық кезі Он жасынан Обухов зауыдында жұмысшы болды. 1903 жылдан әуесқойлар спектаклінде, ал 1905 жылдан профессионалды театрларда ойнады. 1928–1935 жылдар аралығында Ленинградтың Үлкен драма театрында, 1936 жылдан Ленинградтың академиялық драма театрында актер болып қызмет етті. Кейін 1951 жылы ол Ленинградтың академиялық драма театрының директор қызметін атқарған болатын. Константин Скоробогатов А. Каплер мен Т. Златогорованың «Ленин» спектаклінде В. И. Лениннің сахналық тұлғасын жасады. Ойнаған рольдері Оның ойнаған рольдері: Швандя (Треневтің «Любовь Яроваясында»), Гоудн (Лавреневтың «Тасталқанында»), Лука (Горькидің «Шыңырау түбіндесінде»), Яго (Шекспирдің «Отеллосында») т. б. Сонымен қатар Константин Скоробогатов киноға түсіп, «Пугачев» (1937), «Пирогов» (1947) фильмдерінде басты рольдері орындады. 1941, 1948, 1949, 1951 жылдары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып сайланды. Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған. ## Дереккөздер
Виктор Валерианович Бунак (1891—1979) - совет антропологы; совет антропология мектебінің негізін салушылардың бірі, биология ғылымдар докторы, профессор. Негізгі еңбектері адам морфологиясы, нәсіл тану, антропогенез мәселелері, адам генетикасы, сөйлеу тілінің, шығу теориясы тақырыптарына т.б. арналғын. КСРО-да тұрмыста пайдаланылатын заттарды жасауға арналған стандартты белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушы, оғына жетекшілік етуші. ## Дереккөздер
Леонид Арсеньевич Булаховский (14.04.1888, Харьков, - 04.04.1961, Киев)- орыс және украин тілдерінің маманы. УССР ғылым академиясының академигі, КСРО ғылым академиясының корр мүшесі, УССР-жің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері. Негізгі еңбектері орыс және украин тіл білімі мәселеріне, тіл білімі саласындағы славистика мен оқыту әдістеріне арналған. Леонид Арсеньевич Булаховский - славян акцентологиясының да көрнекті маманы. Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Петр Александрович Буланов - ҚазКСР ғылым академиясының корр мүшесі, биология ғылымдар докторы, профессор, КОКП мүшесі. Витеьск мал дәрігерлік институтын бітірген. 1934-1961 ж. Алматы мал дәрігерлік институтында рофессор. 1961-1969 ж. БКСР ғылым академиясының эксперименталдық ботаника және микробиология институтында, Беларус университетінде істеген. 1969 жылдан Қазақ университетінде прфессор және кафедра меңгерушісі. Петр жылынанның уытын қайтаратын вакцина, қан сарысуы және антиномицин жаңа антибиотик ашты. Микробтардың меланин деп аталтын бояулы затын ісікке қарсы қолдану әдісін ұсынды. Б.И.Колешкомен бірлесіп оқулық жазды. Ол 17 ғалым кандидатына, 2 ғылым докторына жетекші болды. ## Дереккөздер
Митхат Сағадатдинович Булатов - өзбек совет архитекторы. Өзбек КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы. КСРО Құрылыс және архитектуралық академиясының корр. мүшесі. 1949 жылдан КОКП мүшесі. 1934 ж. Ленинградтың инженерлік құрылыс институтының архитектура факультетін бітірген. 1940-1962 ж. Ташкент қаласының бас архитекторы атанды, 1955-1964 ж. Өзбекстан Архитекторлар одағының председателі болды. Оның басқаруымен Самарқан, Ферғана, Қоқан, Үргеніш қалаларының бас жоспары жасалды. Митхат Сағадатдинович Булатовтың жобасы бойынша Ташкенттегі Өзбек КСР ауыл шаруашылық және ет, сүт, өндіру министрліктерінің әкімшілік үйі, "Победа" паркі, "Ташкент" қонақ үйі, "Пахтакор" стадионы салынды. ## Дереккөздер
Уллубий Дапиялович Буйнакский - Дағыстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күресті ұйымдастырушылардың бірі. 1916 жылдан Компартия мүшесі. Мәскеу университетінің заң факультетін бітірген. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Мәскеуде партия жұмысына қатысты. Қазан революциясы кезінде Дағыстанда болып, Петровск-Порта қалалық және Дағыстан облысы революциялық соғыс комитеттерін басқарды. Дағыстанда СОвет өкіметі уақытша құлатылғаннан кейін Астраханьға кетті. 1919 ж. ақпанда Дағыстанға қайта келіп, РКП астыртын облысыкомитетін, Дағыстан соғыс советін және Қызыл Армия жасақтарын ұйымдастыруға қатысты. 1919 ж. 13 мамырда контрреволюцияшыл "татулық үкімет" РКП Дағыстан облысы комитетінің барлық мүшелерін қолға түсірді, соғыс-шариғат сотының үкімімен олардың бәрі атлды. Уллубий Дапиялович Буйнакский құрметіне Темір-Хан-Шаруа қаласы 1922 ж. Буйнакс деп аталды. ## Дереккөздер
Емилиан Нестрович Буков - молдаван совет жазушысы. 1950 жылдан КОКП мүшесі. Бухарест университетінің әдебиет-философия факультетінде оқыған. Румыния жасатрының астыртын революциялық жұмысына қатысқан. "Қайнаған еңбек", "Күн тілі", "Қытай" атты өлеңдер жинағында буржуазиялық қоғамды сынап, еңбекші халықтың жарқын болашағына сенім білдірді. 1940 ж. Бессарабия азат етілгеннен кейінгі өлеңдерінде социал Отанды, молдаван халықының өміріндегі жаңалықтарды шабытпен жырлады. "Көз жанарым, Молдавия", "Днестр көктемі", "Елім менің", "Өлеңдер" т.б. жинақтары бар. . ## Дереккөздер
Қызыл Ту ордені (орыс. Орден Крaсного Знамени) алғашқы кеңестік әскери орден. 1918 жылы 16 қыркүйекте Ресейдегі Азаматтық соғыс кезінде Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті бұйрығымен құрылды. 1930 жылы Ленин ордені құрылғанға дейін Кеңес одағы, Кеңестік Ресейдің ең жоғары наградасы болды. Ұрыс алаңында көрсеткен ерен ерлігі үшін, батылдығы үшін жеке тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлiмдер, қалалар, кемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар марапатталды. Кейінгі жылдары, Ұлы Жеңістің жиырмасыншы және отызыншы жылдығына орай, соғысқа қатыспаған адамдар да марапатталынды. * * * * ## Марапаттау тарихы Қызыл Ту ордені 1918 16 қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығымен Азаматтық соғыс кезінде құрылды. ## Дереккөздер
Титандар (көне грекше Τιτᾶνες) — ежелгі грек мифологиясында, екінші буынның құдайлары, Уранның ( Аспан) және Геяның ( Жер) балалары. Олардың 6 бауырлары мен 6 қыздар, өзара неке қиып, Құдайлардың жаңа буынын туды. ## Этимологиясы Титан сөзінің этимологиясы анық емес. Бұл сөз грекшеге, Азиялық қайнардан кірген деген болжаулар кездесіп жатады. Гесиодтың мазмұны бойынша, бұл сөз кө грекше τιταίνω — «тартамын» деген сөзден шыққан деп айтады, бірақ бұл тек халық этимологиясы. ## 6 бауырлар Гесиод бойынша, Уранның 6 баласы (жасына қарай); * Океан — гректердің ойлағандай, құрлықты қоршап тұратын, дүниежүзілік ағымда билік ететіді. * Кей (Кой) — Феба алыпының жұбайы, Летаның әкесі, Аполлон мен Артемида егіздерінің атасы. * Криос (Крий) * Гиперион * Иапет (Япет) * Кронос (Крон) ## 6 титан қыздар Гесиод бойынша, Уран мен Геяның 6 қыздары: * Тейя * Тефида (Тефия) * Рея * Фемида * Мнемосина * Феба Жалған Аполлодор бойынша, олар жеті болу керек (Дионаны қосқанда) Орфиктар бойынша да, олар жеті болу керек (қайтадан Дионаны қосқанда) Диодор бойынша, олар Кносста мекен етті, олар бесеу болды – Рея, Фемида, Мнемосина, Феба және Тефия. ## Дереккөздер
Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған Қазақстандағы таңдаулы мектептер желісі. Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп, аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель – Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. Астана қаласы Зияктерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды баллы 1586 құрады, әлемде орташа балл - 1200 (ең көбі -1980 ), ал SAT2 орташа балл - 1720, әлемдегі орташа балл - 1250 (ең көбі - 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа балл - 6,2 (5,7 - өткен жылы). Тек бір оқу жылының ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жеңістер екі есе көбейді. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте оқушыларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар бар. ## Тарихы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы Астанада алғашқы зияткерлік мектебі ашылды. Бес жылдың ішінде Зияткерлік мектептері еліміздің барлық өңірлерінде ашылған еді. Зияткерлік мектептерінде жоғары білікті педагогтар дәріс береді. Мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектептің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде ашылған 21 мектепті қамтиды. ДББҰ ашылғаннан 2023 жылдың 6 наурызына дейін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы қызметін Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы атқарып келді. 2023 жылдың 6 наурызынан бастап басқарма төрағасы - Жанғозин Ануар. ## Аймақтардағы мектептер * Астана қаласы. Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылдың ақпанында ашылған болатын. Бұл Қазақстанда салынатын Назарбаев зияткерлік мектептерінің алғашқысы. Қазір Астанада екі түрлі бағытта оқытатын екі мектеп қызмет етеді. Бірі физика-математикалық, ал екеуі халықаралық бакалавриат бағытында оқытады.2010 жылы 1 қыркүйекте Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларға есігін айқара ашты. 2011 жылғы 12 шілдеде Халықаралық Бакалавриатта Астана қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін авторизациялау туралы шешім қабылданды. Халықаралық Бакалавриат шеңберінде оқушыларға оқу бейінін таңдауда икемділік берілуіне байланысты химия-биологиялық бейін жойылып, мектеп Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі болып өзгертілді.Астана Халықаралық мектебі 2013 жылы ашылды. Сол жылы мектепте 4 сынып және 10 мұғалім болса, 2014-2015 оқу жылында 400 оқушыға өсіп, 20 сынып болды. Сол оқу жылында 45 тәрбиеленушісі бар балабақша ашылды. Қазіргі таңда 1-12 сыныптарды қамтыған 66 сынып жиынтығы бар. Мектепте білім алушылардың саны 1200-ден асады. * 2010 жылы 1 қыркүйекте Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларға есігін айқара ашты. 2011 жылғы 12 шілдеде Халықаралық Бакалавриатта Астана қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін авторизациялау туралы шешім қабылданды. Халықаралық Бакалавриат шеңберінде оқушыларға оқу бейінін таңдауда икемділік берілуіне байланысты химия-биологиялық бейін жойылып, мектеп Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі болып өзгертілді. * Астана Халықаралық мектебі 2013 жылы ашылды. Сол жылы мектепте 4 сынып және 10 мұғалім болса, 2014-2015 оқу жылында 400 оқушыға өсіп, 20 сынып болды. Сол оқу жылында 45 тәрбиеленушісі бар балабақша ашылды. Қазіргі таңда 1-12 сыныптарды қамтыған 66 сынып жиынтығы бар. Мектепте білім алушылардың саны 1200-ден асады. * Семей қаласы. Семей қаласында 2009 жылы 1 қыркүйекте физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Ол 2-ші атаулы мектеп болып табылады. * Талдықорған қаласы. 2010 жылдың 21 тамызында Талдықорған қаласында физика-математикалық бағыттағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Ашылу рәсіміне елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мектеп әлем стандарттарына сай салынған. * Өскемен қаласы. Химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Өскемен қаласында «20 зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылып, 2010 жылдың 13 қыркүйек айында жұмысын бастады. * Орал қаласы. Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2012 жылы қыркүйек айының 29-шы жұлдызында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. * Шымкент қаласы. 2013 жылдың 16 ақпан күні Шымкент қаласында физика-математика бағытындағы мектептің ашылу салтанаты өтті. Бұл Қазақстан аумағындағы 9-шы атаулы мектеп. Басқа қаладан келген оқушыларғы арналған 120 орынды жатақхана бар. 2013 жылдың 25 ақпан күні Шымкент қаласында химия-биология бағытындағы мектептің ашылу салтанаты өтті. * Ақтөбе қаласы. Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданында 2013 жылы 25 ақпанда ашылды. Мектеп 720 орынға есептелген. Ауылдан келген балалар үшін 120 орынға арналған жатақханасы бар. * Қарағанды қаласы. Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 1 ақпанында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. * Көкшетау қаласы. 2013 жылдың 23 ақпан күні Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушыларын жаратылыстану - математикалық бағытындағы пәндерді оқуға деген қабілеттерін анықтауға арналған Джонс Хопкинс Университетінің «Дарынды жастар» орталығы жасаған психометрикалық тест өткізіледі. Мұнда қаладан тыс аумақтардан келген оқушылар үшін 130 орынды жатақхана бар. * Тараз қаласы. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 4-ші шілдесінде ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. * Павлодар қаласы. Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 27-ші тамызында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. * Қызылорда қаласы. Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 30-шы тамызында есігін ашты. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. * Атырау қаласы. Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 11-ші қыркүйегінде есігін ашты. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. * Алматы қаласы. Алғашқы мектеп 2014 жылдың 4-шi шiлдесiнде ашылды. Алматы қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк Мектебiнде 762 оқушы бiлiм алуда. Мектеп "Таулы қырат" ауданында орналасқан. Алматы қаласында химия-биология бағытындағы НЗМ 2015 жылдың тамыз айында ашылған. Мектепте 1150 бала 45 сыныпта. ХББ мектептің аумағы НЗМ желісінде ең үлкен болып саналады. Жатақханасы 4 қабатты. * Қостанай қаласы. Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 12 желтоқсанында ашылды. Алыс аудандардан келіп білім алатын балалардың 120 орындық жайлы жатақханада тұруына мүмкіндіктері бар. * Петропавл қаласы. Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдың 4 шілдесінде ашылды. 720 орынға арналған білім мекемесі қаладағы жаңа «Береке» шағын ауданында бой көтерді. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. * Ақтау қаласы. Химия–биология бағытындағы 2015 жылдың 27 тамызында ашылды. 720 балаға арналған зияткерлік мектеп облыс орталығының 33-шағын ауданында орналасқан. Алыс-шалғай елді-мекендерде тұратын балалар үшін мектеп 120 балаға арналған жатақхана бар. * Түркістан қаласы. Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2021 жылдың 26 қарашада ашылды. 720 орынға арналған білім мекемесінің 360 орынды асханасы бар. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. ## Еншілес ұйымдары мен филиалдары * «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі * «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы * «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы * «NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету орталығы» жеке мекемесі * «Даму қоры» корпоративтік қоры * «BeyimTech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ## Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі Wikipedia клубы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Wikipedia ғаламдық жобасына қосылып, өздерінің Wikipedia атты клубын ұйымдастырды. Wikipedia клубының белсенді қатысушылары жыл соңында Wikimania конференциясына барып қайтады. ## Сыртқы сілтемелер * "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы * Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми веб сайты ## Дереккөздер
Үлкенкүйген — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 32 км және округ орталығы Хиуаз ауылынан 21 км, құмайтты-сазды келген жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 202 адам (100 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 242 адамды (121 ер адам және 121 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 125 адамды (70 ер адам және 55 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Атамұра көшесі ## Дереккөздер
Үштаған — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Асан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 747 адам (377 ер адам және 370 әйел адам) болса, 2009 жылы 760 адамды (377 ер адам және 383 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 595 адамды (310 ер адам және 285 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Құрманғазы атындағы орта мектеп — 1928 жылдан мектеп үйі 3 рет қайта салынған. 1957 жылдың қаңтар айында мектепке Құрманғазы баба есімі берілген. Жаңа типтегі 2 қатарлы 220 орындық мектеп үйі 2006 жылы пайдалануға берілді. * Үштаған ауылдық клубы ## Елді мекендегі көшелер * Дәулеткерей көшесі * Жастар көшесі * Қайрат Рысқұлбеков көшесі * Нарын көшесі ## Дереккөздер
Шағырлы — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 267 адам (143 ер адам және 124 әйел адам) болса, 2009 жылы 297 адамды (161 ер адам және 136 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 245 адамды (136 ер адам және 109 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Ақжол көшесі ## Дереккөздер
Апатаева Ольга Ғалымжанқызы (14.9.1948 ж.т., Жамбыл қ) – баскетболшы, КСРО спорт шебері. Алматы қыздар педагогикалық институтына кітапхана факультетін бітірген (1970). Сол институтта физкультура кафедрасында оқытушысы. Апатаева 1965 жылы республика құрама командасында және 1966 жылы КСРО жастра құрама командасында ойнады. Ленинградта «Буревестник» қоғамының қоғамының біріншілігіне қатысып, 1967 жылы алтын медаль алды. Орта Азия мен Қазақстан қыз-келіншектерінің Душанбе қаласында өткен тұңғыш спартакиадасында (1968) Апатаева Республика баскетбол косандасы құрамында ойнап, жүлде алып қайтты.
Ақшабаев Намазбай (1897, Жамбыл ауданы, Қостөбе ауылы - 1937, Тараз қаласы ) – қоғам қайраткері. Жасынан Әулиеата қаласындағы әскери гарнизон бастығының бес жылдай ат айдаушысы болып істеген. Ақшабаев өз бетімен қазақша-орысша сауатын ашып, екі тілде бірдей таза сөйлейтін болған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы көтеріліске қатысады. Ұсталып, қолға түскеннен соң, сотталудын құтылу үшін майданның тылдағы қара жұмысына аттанады. Майданнан оралған соң, Ташкенттегі Қызық Әскер командирлерін даярлайтын қысқа мерзімді курсты оқып, азамат соғысына қатысады. 1918 жылы БК(б)П қатарына өтеді. 1919 жылы Қостөбеде партия ұйымын құрып, жер реформасын жүргізуге қатысады. 1924 – 1927 жылдары уездік атқару комитеті төреағасыныныңьорынбасары болады. 1928 жылы Түркістан-Сібір темір жолын салуға қатысып, онда ағарту жұмысын жүргізумен шұғылданады. Мәскеуде темір жол халық комиссариатының жанындағы курста оқып шығып, Түрксіб басқармасы бастығының орынбасары, 1932 жылы сектор бастығы қызметін атқарады. 1933 жылы Қазақ АКСР су шаруашылығы халық комиссарының орынбасары, 1934 – 1935 жылдары Әулиеата МТС-ның директоры, 1935 – 1937 жылдары Әулиеатада аудандық партия комитетінің бөлім бастығы болады. «Халық жауы» деген жаламен саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесіледі. 1988 жылы Қостөбе ауданындағы орта мектепке Ақшабаев Намазбай есімі берілді. Тараз қаласының бір көшесі Намазбай Ақшабаев атымен аталған. ## Дереккөздер
Аппасова Жамал Ахмедиқызы (20.8.1932, Қарағанды облысы Нұра ауданы, Жамбыл ауылы – 21.8.1981 , Жамбыл қаласы) –денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Қазақ мемлекеттік медицина институтытын бітірген (1955). 1955 – 1958 ж Жуалы ауданы, Билікөл учаскелік ауруханасында бас дәрігер, 1958 – 1960 жылдары қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1960 – 1973 жылдары Тараздағы №1 қалалық аурухананың бас дәрігері. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. Аппасова Жамал дәрігерлік қызмет ету барысында тамаша ұйымдастырушылығымен тынылып, принципшілдігі мен жоғарғы білімділігінің арқасында әріптемтер мен ел арасында үдкен құрметке ие болды.Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды (1967). Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталды. Тараз қаласының бір көшесінде оның есімі беріліп, облыстық аурухананың кіре берісіне ескерткіш тақта орнатылды.
Михаил Иванович Будыко - совет геофизигі, метеоролог, физика-математика ғылымдар докторы, профессор, КСРО ғылым академиясының корр. мүшесі, А.И.Воейков атындағы геофизика бас обсерваториясының директоры. 1956 жылдан КОКП мүшесі. Михаил - жердің жылу баланысын, биоклиматологияны, климаттың ғасырлық ауытқуынының, жер бетін мұз басуды және климаттың классификациячын зерттеген ғалым. Қазақстан жеріне тығыз байланысты мәселелерді - табиғаттағы булануды есептеуде, мелиорациялық климатқа тигізетін әсерін бағалауда т.б. мәселелерді шешуде оның ғылыми еңбектерінің маңызы зор. Михаил Иванович Будыконың басшылығымен және тікелей қатысуымен "Жер шарының жылу баланысының атласы" және "КСРО-ның климат атласы" жасалды. Осы еңбектері үшін оған Лениндік сыйлық берді. Ірі ғылыми еңбектері: "Табиғи жағдайдағы булану", "Жер бетінің жылу балансы", "Климат және тіршілік". Михаил - климат және агро-климат ресурстарының мәселелерімен шұғылданатын Ғылыми соеттің және Дүни жүзілік метеорологиялық ұйымның БҰҰ жанындағы радиациялық климатология жөніндегі жұмыс тобының председателі.
Лоқы - жылқы мен сиырда кездесетін гельминтозды ауру. Ауру қоздырғышы - жіңішке жұмыр гельминттер. Бұл ауруға көбінесе мініс аты жиі шалдығады. Аурудың белгілері: әуелі шоқтықтың алдыңғы жағында, жауырын шеміршегінің үстінде жұмсақ ісік пайда болады, бұл ісік біртіндеп қатаяды. Асқынғанда ірің жиналып, тесіледі де, жараға айналады. Емі: асқынбаған лоқыға ыстық кеп, қыздырылған парафин тартады, ихтиол жағады, асқынған жағдайда операция жасалады. ## Дереккөздер
Лонг бұғазы — Врангель аралы мен Азия жағалауының аралығындағы бұғаз. Шығыс Сібір және Чукча теңіздерін жалғастырады. Ең тар жері 125 км. Жылдың көпшілік уақытында мұз құрсанып жатады. Американ теңізшісі Т.Лонг есімімен аталған. ## Дереккөздер
Сафоновка — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Сафон ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км жерде Еділ өзенінің Бозан тармағы жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1734 адам (848 ер адам және 886 әйел адам) болса, 2009 жылы 1771 адамды (881 ер адам және 890 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1774 адамды (913 ер адам және 861 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Қадыр Мырза Әли атындағы орта мектеп — 2010 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілген. * «Боташым» бөбекжай-балабақшасы * Сафон ауылдық мәдениет үйі ## Елді мекендегі көшелер * Абай Құнанбаев көшесі * Азаттық көшесі * Александр Афанасьев көшесі * Әбу Сәрсенбаев көшесі * Әйтеке би көшесі * Балықшы көшесі * Бейбітшілік көшесі * Достық көшесі * Жамбыл Жабаев көшесі * Жеңіс көшесі * Қаныш Сәтбаев көшесі * Мәншүк Мәметова көшесі * Орманды көшесі ## Дереккөздер
Геннадий Иванович Лопатников (1928 жыл 6 сәуір, Алматы)) - мал дәрігері. Ветеринария ғылымдарының докторы (1972). ## Өмірі 1950 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген. 1950-1951 жылдары Қостанай облысы Қамысты ауданында, 1951-1956 жылдары Нарынқол ауданында бас мал дәрігері. 1956-1959 жылдары Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында аспирант, 1959-1963 жылдары ассистент, ал 1963 жылдан доцент. Лопатников Қазақстанда ірі қара мен қой-ешкінің жұқпалы ауруын зерттеу жөнінде көп еңбек сіңірді. Оның қатысуымен қой-ешкінің контагиоздық эктима ауруына қарсы вакцина шығарылды, бұл вакцина сол кездегі шаруашылықтарда кең қолданылды. 1972 жылы бір топ ғалымдармен бірге оған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Негізгі еңбегі - «Контагиозная эктима овец и коз» (1974). ## Дереккөздер
Амангелді Батыр күмбезі – Шу ауданындағы Мойынқұм кеңшарының шығысында 4 км жерде орналасқан. Жергілікті халық бұл жерді «Амангелді төбесі» деп атайды. 1998 жылы батырдың басына күмбез салынды. Амангелді батыр туралы Шу өңірінің, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданы тұрғандарының, әсіресе көнекөз қариялардың арасында ауызекі түрде айтылып жүрген әңгімелер бар. Амангелді батыр туралы деректер алғаш Б.Шөкелекұлы, Ж.Дүйсенбетұлы, М.Бектенбайұлы, М.Игілік келіні, С.Хасеновтың «Жиенбет» шежіресінде, Ж.Байжігітұлының өлеңдер жинағында, түлкібастық Төлеуіш ақсақалдың, т.б. адамдардың естелік әңгімелерінде берілген. Батыр туралы Асқар Сандыбаевтің «Көк сеңгір» атты тарихи көркем повесінде жан-жақты баяндалған. Амангелді өз заманының айтулы батырлары: Бөлтірік, Намаз, Биназар, Секер, Қырғыз батырлары Бәтік, Қанат, арқаның ақыны Шөже сияқты тұлғалармен үзеңгілес болған. Амангелді батыр Қоқан хандығының езгісіне қарсы Шу бойы шаруаларының көтерілісін басқарып, 1858 жылы көктемде Төле би ауылының солтүстігінде орналасқан Қоқан бекінісіне шабуыл жасаған. Көтеріліс Меркі, Түлкібас, Сайрам, Созақ, т.б. жерлерден қолдаушылық тапқан. Ол 1820 жылы Түлкібас өңірінде дүниеге келген. 1840 жылы Шу бойына қоныс теуіп, қазіргі Жиембет ауылында 1898 жылы қайтыс болған.
Виктор Антонович Бугаев - совет геофизигі, метеоролог, геогрфия ғылымдар докторы, профессор, КСРО Бас гидрометеорологиялық ғылым-зерттеу орталығының директоры. 1945 жылдан КОКП мүшесі. Орта Азия мен Қазақстанның физикалық және динамикалық климатологиясын зерттеген ғалым. Ол Қазақстан аспанында пада болатын атмосфералық процестерді зерттеудің жүйесін жасады. Виктор 1957 ж. Антарктидадағы Үшінші совет экспедициясының аэрометеорологиялық отрядын басқарды, сонда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жазылған "Антарктида мұзының атласы" атты еңбегі үшін бірнеше басқа ғалымдармен бірге Викторға Лениндік сыйлық берілді. Виктор Антонович Бугаев 150-ден астам ғылыми еңбек жазды, олардың бастылары - "Орта Азия мен Қазақстанның климаты", "Ауа райын қысқа мерзімге болжау жөнінде", "Ауа райын болжаудағы жаңалықтар". Виктор - дүние жүзілік метеорология ұйымының мүшесі. Оның ұсынысы бойынша дүние жүзілік ауа райы қызметі құрылды. ## Дереккөздер
Сульги Литфуллин (1923 жыл-?) - Кеңес Одағының Батыры (1945 жыл 19 сәуір). Ұлты - ұйғыр. ## Өмірі 1942 жылы Әндіжаннан Қызыл Әскер қатарына алынды. 1-Украина майданы құрамында 493-танкіге қарсы қолданылатын жойқыншы артиллерияның зеңбірек командирі, аға сержант Л.Висла мен Одерден өту кезіндегі ұрыстарда асқан ерлік көрсетті. Соғыстан кейін ол Әндіжанға қайта оралып, сауда жүйесінде жұмыс істеді. 1951 жылы Леннград сауда академиясын бітірген. 1961 жылдан Әндіжан қалалық өнеркәсіп тауарлары басқармасының бастығы. ## Дереккөздер
Владислав Петрович Бузескул (24.02.1858-01.06.1931) - көне заманды зерттеуші орыс тарихшысы, КСРО ғылым академиясының академигі. Ежелгі Грекия тарихынан жазылған еңбектердің авторы ("Грекия тарихынан кіріспе", "Афины демократиясының тарихы" т.б.). Афины демократиясын реакцияшыл ғалымдардың шабуылынан қорғай отырып, Владислав оның құл иеленушілік сипатын ескермеді. ## Дереккөздер
Яков Вилимович Брюс - мемлекет қайраткері, ғалым. Петр І-нің жақын серігі. Петр І -ның Қырым, Азов жорықтарына қатысты. Мәскеуден Кіші Азияға дейінгі жердің картасын жасады. Ұлы елшілік құрамында болды. 1717ж. сенатор, Берг және Мануфактур-коллегияларының президенті. 1721 жылдан граф. 1726 ж. генерал-фельдмаршал шенінде отствакаға шықты. Яков Вилимович Брюс өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болды; математика, астрономия, физика ғылымдарымен шұғылданды. ## Дереккөздер
Сергей Сергеевич Боюхоненко - совет физиологы, медицина ғылымдар докторы. Темір жолшы отбасында туған. Мәскеу университетінің медицина факультетін бітірген. Сергей 1920-1924 ж. қолдан қан айналдыру әдісін ашқан және ол үшін жер жүзінде алғаш рет аппарат ойлап тапқан. Бұл аппаратты иті клиникалық өлімнен кейін тірілтуге пайдаланған. 1945-1951 ж. Сергей Сергеевич Брюхоненко әдісі адам организмін де тірлітуге қолданылған. Сергейге 1965 ж. (өлгеннен кейін) Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілген. ## Дереккөздер
## Миркасимов, Мир Асадулла Мир Алескерұлы Мир Асадулла Мир Алескерұлы Миркасимов-(әз. Mir Əsədulla Yunis oğlu Mirqasımov (17. 11. 1883,Баку-20. 7. 1958,Баку) – совет хирургі, профессор, академик ,Әзірбайжан медицина ғылымның негізін салушы,Әзірбайжанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ,медицина ғылымдарының докторы, ## Өмірбаяны 1913 жылы Одессадағы Новоросийск университетінің медицина факультетін бітірді. Миркасимов еңбектерінің көпшілігі бүйрекке, несеп жолдарына тас байлану ауруларының этиологиясын, жараны, іріңді перитонит және іш сүзегі перетонитын емдеу мәселелеріне арналған.Солардың ішінде «Хирургия брюшного тифа» деген екі томдық монографиясы және әзербайжан тілінде хирургиядан жазылған кітабының медициналық маңызы зор. Сол себебтен Миркасимов Ленин орденімен , 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және бірнеше медальдармен мараптталған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Официальный сайт АНА * Академия Наук Азербайджана (eng)
Төкеш Әбдісадықов - қазақ совет физигі, физика-математика ғылымдар кандидаты, доцент. 1948 жылдан КОКП мүшесі. Қазақ мемлекет университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1939-1944 ж. рабфакта, Түрген пед. учищесінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, 1944-1948 ж. еңбекшілер депутаттарының Алматы облысы Советінде жауапты қызметтерде болды, 1948 жылдан ҚазПИ-дің оқытушысы, 1962 жылдан физика кафедрасының, ал 1964 жылдан теориялық физика кафедрасының меңгерушісі. Қатты денелер физикасымен шұғылданады, 20-дан астам ғылыми еңбегі жарияланған. Жоғарғы және орта мектеп оқушыларына арналған 6 оқулық аудармасының және 2 ғылыми көпшілік кітапшасының авторы. ## Дереккөздер
Шайхы (2006 жылға дейін – Мартышкино) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 53 адам (22 ер адам және 31 әйел адам) болса, 2009 жылы 60 адамды (25 ер адам және 35 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 51 адамды (25 ер адам және 26 әйел адам) құрады. ## Елді мекендегі көшелер * Ардагер көшесі ## Дереккөздер
Бөкембай Әбжанов (1907-1964) - Социал Еңбек Ері, Семей облысының Аякөз ауданындағы "Қаракөл" совхозын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1929-1964 ж. осы совхозда шопан болып, мал шаруашылығын ұйымдастыруда елеулі табыстарға жетті. 1964 жылдан "Қаракөл" совхозы Бөкембай Әбжанов есімімен аталды. Бөкембай Әбжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Николай Леонтьевич Бродский (27.11.1881, Ярославль, - 05.06.1951, Мәскеу) совет әдебиет зерттеушісі. 1926 жылдан Мәскеу университетінің профессоры, өзі сол университетті бітірген. Ол РКФСР ПҒА-ның толық мүшесі. Николай Леонтьевич Бродский еңбектері негізінен 19 ғасырдағы орыс әдебиетін, орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдарының (А.И.Герцен, В.Г.Белинский, М.Ю.Лермонтов, И.С.Тургенев) шығармашылығын, славянофилдер, батысшыларды зерттеуге арналған. ## Дереккөздер
Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы желтоқсанның 24 күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан. Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан. Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. Үшінші қабатта: * киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; * сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; * екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал; * камин залы; * қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. Төртінші қабатта: * қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; * Саммиттің Үлкен залы; * кітапхана; * кіші Шығыс залы орналасқан. Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген. Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://www.akorda.kz/ ресми сайты
Қызыладыр – Бектауата тауының оңтүстік-батысындағы шоқы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кентінің солтүстік-батысында 39 км жеде орналасқан. ## Жер бедері Абослюттік биіктігі 514 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі жайпақ, түпкі жақпартастары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Қызылжал қонысы, оңтүстігінде Көкдомбақ, шығысында Төрткүл таулары орналасқан. ## Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында баялыш, көкпек, боз және қара жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Федор Петрович Литке шын аты Фридрих Беньямин Граф фон Лютке (нем. Friedrich Benjamin Graf von Lütke; 28 қыркүйек 1797 жыл – 20 тамыз 1882 жыл) — ресейлік теңіз саяхатшысы, географ, Арктиканы зерттеуші, адмирал (1885). Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1829), құрметті мүшесі (1855) және 1864 жылдан президенті. ## Еңбек жолы В.М.Головиннің 1817-1819 жылдардағы Жер шарын айналып шығу саяхатына қатысты. 1821-1824 жылдары Жаңа Жер аралы жағалауын, Баренц, Ақ теңіз бөліктерін зерттеді. 1826-1829 жылдары «Сенявин» желкенді кемесімен Беринг теңізі жағалауын зерттеді, толық сипаттама жазды, бірнеше аралды ашты. Ол - Орыс географиялық қоғамын ұйымдастырушылардың бірі; 1873 жылға дейін оның вице-төрағасы. ## Литке туралы 1873 жылы Орыс географиялық қоғамы Литке атындағы Үлкен алтын медаль тағайындады. Жаңа Жер аралы жағалауындағы мүйіске, шығанаққа, Қара теңіздегі ағысқа т.б. Литке есімі берілді. ## Дереккөздер
Қособа – Ақкіріш тауының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Отарбай ауылының оңтүстік-батысында 19 км жерде орналасқан. Көң өзенінің аңғарында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 398 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі жайпақ келген. Солтүстік-батысында Көктау тау, оңтүстік-батысында Қияқты сор алқабы, шығысында Бірлік қыстауы бар. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында итмұрын, қараған, қылқан боз, тарақ селеу, сұлыбас, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Зейтін Ақышев (1911 жылғы 18 сәуір, Павлодар облысы Баянауыл ауданы– 1991) - жазушы, аудармашы. Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан. Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды. 1955 – 1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965 – 1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970 – 1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды. 1930 жылдың май айында «Ағаш үй» атты тұңғыш өлеңі Павлодардың оқругтік «Колхоз» газетінде басылды. Содан бергі жылдар ішінде бірнеше әңгіме, повесть, романдары жеке-жеке жарық көрді. Бірталайы орыс тіліне аударылды. Драматургия саласында да («Жаяу Мұса», «Келіндер») еңбек етті. В. Панованың «Кружилиха» романын (1952), А. Куприннің «Жекпе-жек» повесін (1955), Я. Коластың «Талап атай» повесін (1956), т.б. қазақ тіліне аударды. ## Шығармалары: * Біздің шамшырақтар. Очерктер. А., 1962; * Достарым менің. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1967; * Ақбел асуы. Роман. А., «Жазушы», 1975; * Жесірлер. Бұршақ соққан жер. (Дилогия). А., «Жазушы», 1973, 1976; * Жаяу Мұса. Роман. А., «Жазушы», 1981. * “Шынардың шыбығы” (1987). Роман. * “Жаяу Мұса” (1965), “Келіндер”(1967), “Құтылмайды ол” (1969) пьесаларын жазды. * В.Ф. Панованың “Кружилиха” (1952), А.И. Куприннің “Жекпе-жек” (1955), Я.Коластың “Талаш атай” (1956) романдарын қазақ тіліне аударды. ## Дереккөздер
1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет). Ол Орта Азия мен Қазақстан үшін кадрларды даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанынан қазақ жастарын оқыту үшін арнайы бөлімдер жұмыс істеді. 1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды. Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929 жылы Алматы зооветеренарлық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты, 1931 жылы Қазақ медицина институты ашылды. Бір жылдан кейін Орал педагогикалық институты ашылды. 1932 жылы республиканың жоғары оқу орындарында 2 мың студент білім алды, оның ішінде 40,5% қазақтар. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті және Тауметаллургия институты ашылды. 1941 жылы республиканың халық шаруашылығында кәсіби мамандар арасында (52,3 мың адам) жоғары білімі барлар 16,8 мың. 1968-87 оқу жылдарында республиканың 55 жоғары оқу орындарында 274 мың студент білім алды. 1994 жылы Елбасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді (1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы). «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде мамандарды дайындау 2005 жылдан бастап Басым мамандықтар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын шетелде мамандарды дайындау бойынша Республикалық комиссия шешімімен Басым мамандықтар тізімі бекітіледі. 2008 жылдан бастап ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық жұмыскерлерге, ғылыми тәжірибиеден өту үшін квоталар қарастырылған. 2010 жылы ғылыми тәжірибие үшін 24 елдің 105 ғылыми ұйымдарында академиялық оқу үшін ұсынылған жоғары оқу орындары тізіміне 23 елдің 200 жоғары оқу орындары кірді. 2009-2010 оқу жылдарында «Болашақ» бағдарламасының 3000 стипендианты 27 елде білім алды. 1994 жылдан 2009 жыл аралығында бағдарлама бойынша 1700 астам адам бітірді. 2002-03 оқу жылының басында елде 177 жоғары оқу орны жұмыс істеді, онда 597 мың 489 студент білім алды. Жекеменшік жоғары оқу орындарының саны 127 құрады. Онда 257 мың жас білім алды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары білікті мамандарды даярлауда, оқытуда, ғылыми және мәдени дамуда едәуір жұмыс атқарып жатқан сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді. Олар - Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық музыка академиясы. Жаяу әскерлер әскери институты, Әуе қорғанысы әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Ұлттық қорғаныс университеті ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары болып табылады және Қазақстанның Қарулы күштері үшін басқарушы, инженер-техник және арнайы мамандарды даярлайды. 2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға болатын мамандықтардың санын барынша қысқартты. Жаңа тізбе халықаралық білім беру стандартының тізбесіне сәйкес қалыптастырылды. Республикада 141 жоғары оқу орыны жұмыс істейді, оның ішінде 63-і мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Студенттердің жалпы контингенті 768 мың адамды құрады. Профессорлық - оқытушылық құрамның саны 42 мың адам, оның 36 %-да ғылым докторы мен кандидатының ғылыми дәрежесі бар. Болон процесінің талаптарына сәйкес Қазақстан мамандарды даярлаудың үш деңгейлі үлгісіне көшті: бакалавриат - магистратура - докторантура Ph.D. Елдегі ірі жоғары оқу орындары - Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шетелдік консултанттарды жұмысқа тарту үшін жыл сайын 2 млн. доллар бөлінеді. Үздік педагогтердің кәсіби өсуін көтермелеу үшін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты тағайындалады. Грант иегерлерінің үздік шетелдік оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар. Білім беру ұйымдарын аккредиттеудің халықаралық үлгісіне көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қалыптастырылған. Қазіргі күні 42 жоғары оқу орны еуропалық агенттіктерде сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитінен өткен. Кластерлік бастамаларды ескере отырып, докторлық және магистрлік бағдарламалар бойынша мамандарды даярлау үшін басым мамандықтар тізбесі белгіленген. 2008-2009 жылдары 5 ұлттық университет Еуропа мен АҚШ-тың жетекші аккредиттеу агенттіктерінде 10 білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізуді жоспарлап отыр. Ірі білім беру жобасының бірі - Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университеттің құрылуы. Жоба әлемдік жетекші тәжірибені қолдана отырып, өңірде бірегей академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ең жоғары әлемдік талаптарға сай корпоративті инфрақұрылымы, сапалы жаңа институттары мен орталықтары бар жаңа жоғары оқу орны болмақ. Осы жобаны іске асырудағы әріптестер - танымал шетелдік технологиялық институттар. 2010 жылы білім беру қызметін 42 мемлекеттік, 13 азаматтық емес және 90 жекеменшік, оның ішінде 16 жоғары оқу орны жүзеге асыруда. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 1991 жылғы 71 бірліктен 2010 жылғы 90 бірлікке өсті. Жоғары оқу орындары студенттерінің саны 2001-2002 оқу жылындағы 514738 адамнан 2009-2010 оқу жылындағы 610264 адамға өсті. Оқу орындарының профессорлық - оқытушылық құрамында (ПОҚ) сапалы өзгерістер орын алды. Егер 1992 жылы мемлекеттік азаматтық жоғары оқу орындарының ПОҚ 17100 адамды құраса, 2009-2010 оқу жылы 39200 адамды құрады. Жоғары оқу орындардағы ғылыми дәрежелі қызметкерлер пайызының артуына ең алдымен ғалымдардың ғылыми ұйымдардан жоғары білім беру жүйесіне ауысуы себеп, сондай-ақ берілген ғылым докторы мен кандидаты дәрежелері санының өсуі. 2005 жылдан бастап шетелдік оқытушыларды және кеңес берушілерді жұмысқа тарту үшін екі жоғары оқу орнына (Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне) республикалық бюджеттен 2 млн. доллар бөлінеді (әр жоғары оқу орнына 1 млн. теңгеден). Халықаралық білім берудің стандартының жіктеушімен (ХБСК) үйлестірілген және Болон декларациясының негізгі ережелеріне сәйкес жаңа Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші әзірленді. Мамандарды даярлаудың үш деңгейлі үлгісіне көшу жүзеге асырылды: бакалавриат - магистратура - докторантура. Аспирантура, докторантура Ph.D докторантурасы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылды. 30 жоғары оқу орны Университеттеріне Ұлы Хартиясына қол қойды. Халықаралық жаңа ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қ.), Назарбаев Университеті (Астана қ.) жұмыс істейді. Жоғары білім беру сапасын бағалаудағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік аккредиттеу рәсімі енгізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Дарынды жастарды қолдау үшін «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалды (1992). ## Дереккөз 1. http://www.akorda.kz ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢРЕСМИ САЙТЫ
Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков (1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Асқаралы ауылы) – филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, әдеби өлкетану мәселеріне арналған 170-тен аса ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар мен баяндамалардың, соның ішінде 2-монография, 1-оқулық, 6-оқу құралы, 2-оқу-әдістемелік құралдың авторы. Негізгі ғылыми енбектері: * «Әріп ақын» (монография, 2001), * «Семей өңірінің ақын-жазушылары» (арнаулы курс материалдары, 2003), * «Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы кезең» (оқу-әдістемелік нұсқау, 2004), * «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2006), * «Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары» (өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандарды құрастырушы, 2006), * «Ә.Тәңірбергенұлының әдеби мұрасы (оқу құралы, 2007), * «Абайдың әдеби ортасы» (монография, 2008), * «ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2008), * «Абайтану» (Абайдың әдеби айналасы. 1-кітап. Оқу құралы, 2010), * «Абайтану» (Абайдың ақындық мектебі. 2-кітап. Оқу құралы, 2010), * «Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеті» (2010), * «Абайтану» (оқу құралы, 2012), * «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан...» (2013), * «Алтай-Тарбағатай өңірінің сөз зергерлері», * «Алаштың ақиығы ‒ Әріп қыран» (2014). Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен шығатын жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» (2012) оқулығы авторларының бірі.Алған мемлекеттік сыйлықтары: * «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері (2009), * «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2009), * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), * «Моңғолия білім беру ісінің үздік қызметкері» медалінің иегері (2013). ## Дереккөздер
Қазақстан мектептерінің тарихы - Қазақстанда орта оқу орындарының пайда болуының, дамуының тарихы. ## Ерте кезеңдегі мектептер Қазақстан аумағында, әсіресе отырықшы аудандарда 7-8 ғасырлардың өзінде-ақ мектептер мен медреселер, сонымен қатар діни білім беретін орта оқу орындары жұмыс істеген. Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан және басқа да қалаларда 84 медресе болған. Онда 5 мыңдай оқушы оқыған. Ауылдық мектептер әртүрлі елдімекендерде орналасқан, онда молдалар сабақ берген. Балалар тек қысқы және күзгі мезгілдерде ғана оқыған. Мектепке 7 жастан қабылдап, 4 жыл оқыған. Оқу негізінен араб тілінде Құран аяттарын жаттаумен шектелдi. Қалалық медреселерде бастауыш мұсылман мектептерінің молдадарын, сонымен қатар қазылар, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін діни қызметкерлерді даярлаған. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде Т. Жомартбаев, М. Сералин, Б. Майлин, М. Жұмабаев дәріс алған. Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында діни пәндермен қатар құқық, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия және медицина пәндері оқытылған. Медресе жанында Мұсылман мектептерінің түлектері жұмыс істеген. Медреселер киіз үйлерде орналасып, ауылмен бірге көшіп жүрген. Тек қалалық медреселер ғана бай саудагерлердің қаражатымен салынған ғимараттарда орналасқан. ## Ресей империясы құрамында Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін жергілікті басқару бөлімдерінде шенеуніктер мен аудармашылар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-түзем мектептерін ашу қажет болды. Осы мақсатпен Омбы қаласында Азиат училищесі (1789) ашылып, оған қазақ балалары да қабылданды. 1841 жылы Жәңгір хан Бөкей Ордасында қазақ балалары үшін мектеп-пансионат ашты. 1825 жылы Орынбор қаласындағы татар мектебінің негізінде Неплюев кадет училищесі (1844 жылы –кадет корпусы), 1846 жылы Сібір әскери училищесі базасында – Омбы кадет корпусы ашылды. Бұл оқу орындарын Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев және т.б. оқыды. 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін 7 жылдық мектеп ашылды. Осы оқу орнының түлегі, педагог Ы.Алтынсаринің басшылыгымен 1864 жылы Торғай қаласында тұңғыш қазақ мектеп-интернаты ашылды. Ол «Қазақ хрестоматиясын» (1879) «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш оқу құралын» (1880) жазды. Ы. Алтынсарин тек мәтіндерді жаттауға ғана негізделген діни оқытуға қарсы болды. Ол ашқан қазақ-орыс мектептерінде ежелгі ғылымдармен қатар дін тарихы да оқытылды. «Мұсымандық тұтқасы» оқулығында ол адамгершілік, тектілік тәрбиесінің діни принциптерін оқушыларға түсіндірді. 1879-89 жылдары Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы халық ағарту училищесінің инспекторы бола тұра Іле, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін ашты, 1888 жылы Орск қаласында – мұғалімдер даярлайтын оқу орнын ашты. Қазақ тілімен қатар орыс тілінде оқуды қолдай отырып, Ы. Алтынсарин патшалық үкімет жүргізіп отырған казақтарды орыстандыру саясатына қарсы шықты. Ы. Алтынсариннің жастарды кәсіптік оқыту туралы ой-пікірлері мен ұсыныстары кең қолдау тапты. 1886 жылы Торғайда – қолөнер, 1889 жылы Қостанайда - ауылшаруашылық училищелері ашылды. 1890 жылы Қарабұлақта, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде кыздар училищесі ашылды. Бұл оқу орындарында қолөнер және ауылшаруашылық шеберханалар болды. 1883-1920 жылдары 300-ге жуық ұл мен қыз мұғалімдер семинариясын бітірі шықты. 19 ғасырдың 2-ші жартысында қазақ мектебі қандай болу керек деген көкейкесті мәселе тұрды. Қарама-қарсы пікірдегі екі топ пайда болды: біріншісі Н.И. Ильинскийдің басшылығымен қазақтарды өз мәдениетінен алшақтатып, оларды орыстандыру саясатын қолдады. Екінші топтағы Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және Абай Құнанбаев және т.б. сынды демократ-ағартушылар алдыңғы қатарлы прогрессивті мәдениетті игеру арқылы өз халқын дамыған елдер деңгейіне дейін көтеруді армандады. Абай жастардыа «Өмірдің кілті - білімде, өнерде» деп шақырды. А. Байтұрсұнов қазақ балаларын қазақ тілінде оқытуға аса көңіл бөлген. 1905 жылы 26 маусымда оның жетекшілігімен бір топ интеллигенция Қарқаралы қазақтарының атынан «Қазақ даласындағы білім тура жолға қойылуы керек, ол үшін сауаттылыққа ауыл мектептеріндегі балалар өз ана тілінде оқытылулары қажет» деген талаппен Ресей үкіметіне петиция жолдады. А. Байтұрсұнов алғаш рет қазақ әліпбиін жазып шығарды. ## КСРО құрамында 1920 жылы қазан айында ҚазАКСР Халық ағарту комисариаты құрылды, халық комисары болып А. Байтұрсұнов тағайындалды. 1921 жылы білім беру жұмыскерлерінің Бүкілқазақстандық конференциясы өтті. Конференцияда бірыңғай мектеп жүйесін құру, техникалық-кәсіптік білім, саяси тәрбие, оқу-тәрбие жұмыстары және т.б. мәселелер қарастырылды. 1922-23 жылдары ұлттық мектептерді кітаптармен, бағдарламалармен қамтамасыз ету шаралары бекітілді; қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды («Физика», «Грамматика», «Алгебра», «Школьная гигиена» и др.). 1920-30 жылдары республика мектептерінің материалдық базасын нығайту мақсатында мемлекет айтарлықтай көлемде қаражат бөлді. 367 мектеп салынды, 361-не күрделі жөндеу өткізілді. Бастауыш мектептер саны 333-тен (1926 ж.) 1864-ке (1930 ж.) дейін артса, оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға дейін (олардың ішінде - 124,9 мыңы қазақтар) өсті. Бастауыш мектепте қазақ-қыздары 11 % құрады. 1928 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 3-ші сессиясында қазақ қыздарын оқумен қамту туралы арнайы қаулы қабылданды. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны көп болған жоқ. Мысалға, 1927-28 жылдары республикада 2 ғана мектеп болды – Орынборда және Кызылордада. Оқушылардың көп бөлігі 7 жылдықты бітіргеннен кейін техникум және Фабрикалық-зауыттық мектепке оқуға түсіп жатты. 1929 жылы республика араб әліпбиінен латын әліпбиіне ауысты. 1937 жылы қазақ бастауыш мектептері 537-ден 1190-ға дейін артса, орта мектеп – 11-ден 48-ге дейін, толық емес орта мектеп – 143-тен 237-ге дейін өсті. 1940-41 жылдары жалпыбілімберу мектептерінде 1 млн. 145 мың 993 оқушы оқыды. Олардың ішінде 441 мыңы қазақ баласы, бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есеге өскен. Оқушылар арасында қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты. Жалпы алғанда білім беру сапасы айтарлықтай жақсарды. 1945-60 жылдары Орталық Қазақстанда тың жерлерді игерумен және совхоздардың құрылуымен, Ресей, Украина, Белорусия және Молдованың мыңдаған отбасыларының қоныс аударуымен байланысты мектеп және оқушылар саны күрт өсті. 1960 жылы 1063 жалпы білім беру мектебі ашылды. Қазақстанда жаңа оқулықтар шығаруда республиканың белгілі ғалымдары Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С. Аманжолов, И.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, А.Маманов, М. Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин және т.б. ат салысты. Осы жылдары білім саласында бірқатар жаңа мәселелер орын алды: 700-ден астам қазақ мектебі жабылып, аралас қазақ-орыс немесе орыс мектептеріне ауыстырылды. 600 мыңнан астам Қазақ баласы орыс тілінде оқытылатын мектептерде білім алды. 1,5 мыңнан астам аралас қазақ-орыс мектебі ашылды. Осыған орай Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту туралы қаулы қабылдады. 1960-70 жылдары білім алу мазмұнына маңызды өзгерістер енгізілді. 1962-63 жылдары 7 жылдық мектептен 8 жылдыққа ауысу аяқталды. Орыс тілін оқытуға аса назар аударылды: арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқу тек орыс тілінде жүргізілді. 1980-90 жылдары жалпыға бірдей білім беру саласына реформа жүргізілді. 6 жастан оқыту жүйесі енгізілді. Ауыл мектептеріне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес бағдарламалардың жаңаруына, олардың 2001-2002 жылдары толық ауысуын қамтамасыз ететін мәселелерге аса назар аударылды. Негізгі жалпы білім беру мектептерінің оқу жүйесі – 11 жылдық. Тегін білім берумен қоса ақылы мектептер де ұйымдастырылды. ## Тәуелсіз Қазақстандағы мектептер 1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды: лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер. 1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын. 2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық – 2016 және ауылдық – 6144. Оқу жүргізілген мектеп оқушыларының саны қазақ тілінде – 1 млн. 683 мың 700 адам, орыс тілінде – 1 млн. 300 мың 200 адам, өзбек тілінде – 87 мың 300 адам, ұйғыр тілінде – 21 мың 500 адам. «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар үшін интернат-мектептері және арнайы мектебі бар «Дарын» республикалық ғылыми­­­­-тәжірбиелік орталығы құрылды. 1996 жылдың аяғында шетелдік отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту және қайта оқыту кіреді. 1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемелкеттік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру белсенді жүріп жатыр: 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыдағы білім беруді дамыту, 2004-2010 жылдарға арналған ауыл территориясын дамыту. Жаңа редакцияда «Білім туралы» Заң және 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл осы аталған саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етеді. «Жалпы білім беру мектептері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақ дайындау және шығару туралы» бағдарлама компьютерлік, жаңа технологияларды енгізуді қарастырады. Озық құрылымдық реформалардың арқасында тәуелсіздік алғалы еліміздегі білім беру тұрақты даму траекториясына шықты. Бұл халықаралық деңгейдегі сапалы және сандық көрсеткіштермен расталады: Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші орынды иеленді («Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл» жаппай білім беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша); Біріккен Ұлттар Ұйымының «Кедергіден өту: адами шапшаңдық пен даму» баяндамасының мәліметтері бойынша 2009 жылы Қазақстан адами даму индексі бойынша 82-ші орынды иелене отырып, алғаш рет адам әлеуетінің дамуы жоғары деңгейлі елдердің қатарына енді; 2009 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде 67-ші орынды иеленді; 2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан орталық-азия мемлекеттері ішінде бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толық қанды мүшесіне енді (Болон процесі). 2009-2010 оқу жылында 7576 жалпыға білім беру мектебі жұмыс істеді, оларда 2 486 303 бала білім алды. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың саны айтарлықтай жақсарды. 1991 жылы мектептерде – 270228 педагогтар жұмыс істеді, олардың ішінде 178634 (66,1%) жоғары білімі бар, 70695 (26,16%) – орта кәсіптік, 11929 (4,2) % - аяқталмаған жоғары білім, 9432 (3,3%) – жалпы орта білім. 2010 жылы республиканың жалпы білім беру мектептерінде 274914 педагог жұмысы еңбек етеді, олардың ішінде 236271 (85,9%) жоғары білімі барлар, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 19,8% өскен. Орта кәсіптік білімі бар педагогтар саны 1991 жылмен салыстырғанда 13,56% қысқарды. Кабинеттерді жаңа қалыпта түрлендіру 2005 жылдан бастап жүргізілуде. Физика кабинеттері - 4508, ЛМК-2077, интерактивтік тақталармен 100 мектеп жабдықталды. Мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды, 98% мектеп Интернет желісіне қосылды. Жалпыорта білім беру ұйымдарын, оның ішінде ауылдық мектептерде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мультимедиялық кабинеттерді есепке алғанда 1 компьютерге 18 оқушыдан келеді ## Дереккөздер
Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары — 1813, Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Алшын тайпасынан тарайтын байұлы рулар бірлестігінің Адай руынан шыққан.. ## Өмірбаяны Қазақ арасындағы ең ірі 18 рулы Алшынның Адай руынан тарайтын Жаулы аймағының Қосқұлақ бөлімінен шыққан.Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған. Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. 40 жасында ол суфий мәртебесіне иеленіп, балаларды сауаттылыққа үйретіп, жерасты құрылымдар салуды бастаған. Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында. ## Қызметі Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған: * Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр. * Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы. * Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші. * Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей. Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған. Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді. XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Кеңес кезінде М. Меңдіқұлов, Ә. Кекілбаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов т. б. зерттеушілер жазған. ## Мешіті Бекет-Ата жер асты мешіті Үстіртте Оғыланды манында орналасқан. Мешіт бұталармен толтырылған терең құдықты төменге бағытталған үлкен тастың ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жер астындағы мешіттің кіреберісінде шағын алаң бар. Алғашқы бөлмеде жарық күмбезді төбеге оралған тесіктен жарық түседі. Осы бөлмеден шығыс оңтүстік қабырғасында михраб орналасқан намаз залына, сондай-ақ, оның біреуінде Бекет-ата жерленген екі оңтүстік-шығыс бөлмелерге апарады. Мешіт - Қазақстандағы қажылықтың белгілі орындарының бірі. Мешіттің жанында Бекет-атаның бұлақтары мен құдықтары бар. - деген. ## Отбасы Бекет ата төрт ағайынды: Бекет, Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл. Бес баласы болған: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар., ## Дереккөздер
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы — 2007 жылы Алматы қаласы «ҚазМемҚызПУ» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Г. Пірәлиева. Беттер саны — 181. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 9965-835-40-3. ## Қысқаша мазмұны Әдебиеттанушы бұл еңбегінде XX ғ. басындағы қазақ әдебиеттану ғылымының кәсіби қалыптасуына өзіндік үлес қосқан Алаш зиялыларының тек әдебиетке қатысты ғылыми зерттеу еңбектері мен сын мақалалары бүгінгі көзқарас тұрғысынан талданады. Бұл зерттеудің жаңалығы–ақтаңдақтар арқылы рухани игілікке айналған әдеби мұраларымыздың көркемдік құндылықтарын теориялық тұрғыдан талдап, таныту болып табылады. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы * ISBN ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ресми сайты Мұрағатталған 21 қарашаның 2012 жылы.
XX ғасырдағы қазақ әдебиеттану — 2010 жылы Алматы қаласы «ҚазМемҚызПУ» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Г. Ж. Пірәлиева. Беттер саны — 310. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 9965-640-93-9. ## Қысқаша мазмұны Бұл еңбекте автордың мақсаты – қазақ әдебиетінің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, тәуелсіздік талабына сай төл тарихымызды түгендеп, жүйелі қарастыру барысындығы күрделі зерттеу жұмыстарымен оқырман жұртшылықты таныстыру. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы * ISBN ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ресми сайты Мұрағатталған 21 қарашаның 2012 жылы.
Тайыр Тастандиев (20.03.1924, Жуалы ауданы Қызыларық ауылы – 08.09.1974, сонда) – Екінші Дүниежүзілік соғыс батыры. Жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері. * 1942 жылы тамызда Тастандиев әскер қатарына алынған. 1-ші және 2-Балтық бойы, 4-Украина майданының құрамында елді неміс-фашист басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысты. Алғашқы жорық жолын бастағанда-ақ «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Тастандиев Донбасс шахталарын, Донецк, Воронеж, Кенигсберг қалаларын, Қырым түбегін азат ету жолындағы айқастарда батылдық пен батырлықтың өшпес өнегесін көрсетті. * 1945 жылы 11 сәуірде Донецк қаласының жанындағы кескілескен ұрыста өзінің бөлімшесімен жаудың күшті бекінісін алып, аса жауапты жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, жау ДЗОТ-ын гранатамен жарғаны үшін ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, Днепр жағалауындағы кескілескен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін 1-дәрежелі Даңқ орденімен наградталды. * Тастандиевтің майдандағы ерлігі орыс жазушысы К.Симоновтың «Шел солдат» деректі фильмінде (1974) біршама ашылып көрсетілген. * Жергілікті қаламгер Ә.Айтоқов Тастандиев туралы кітап жазған. * Соғыстан кейінгі жылдары Тастандиев өз ауылында халық шаруашылығындағы саласында еңбек етіп, 1953 – 74 жылдары Ақтөбе аудандық кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. ## Дереккөздер
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі — 2010 жылы Алматы қаласы «Қазақ университеті» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Ө. Әбдиманұлы. Беттер саны — 156. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 9965-29-577-8. ## Қысқаша мазмұны Бұл оқу құралында қазақ жазба әдебиетінің ең бір өркен жайған тұсы–XX ғ. әдебиет дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940) қазақ филологиясы мамандығына оқу бағдарламасы негізінде тұңғыш рет толыққанды түрде жүйеленіп беріліп отыр. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы * ISBN ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ресми сайты Мұрағатталған 21 қарашаның 2012 жылы.
Атабаев Мұқан Жұмағалиұлы (20.4.1940 ж.т., Түркменстан, Мары облысы, Тахта- Базар а.) механик, инженер. Қазақ химия-технология институтын бітірген (1964). 1964 – 1968 жылдары Ақтөбе химкомбинатында механик, инженер, конструкторлық бөлім бастығының орынбасары, 1968 – 1979 ж. Тараз қаласындағы «Химпром» өндірістік бірлестігінде цех бастығының, жобалау-конструкциялау бөлім бастығының, бас механиктің орынбасары, фосфор цехының бастығы, техника бөлімінің бастығы, бас директордың орынбасары, жөндеу зауытының директоры, 1979 – 1991 ж. «Химпром» өндірістік бірлестігінң бас директоры, 1991 – 1995 ж. Қазақстан фосфор өнеркәсібі кәсіпорындары ассоциасиясының президенті, «Қаратау» акционерлік холдинг компаниясының президенті, 1995 1996 ж. «ЮТЕК-ЛУКойл» басқару компаниясының президенті, 1996 – 1997 ж. “IBE Trade Corporation” басқару компаниясының фосфор өндірісі бойынша бас кеңесші, 1998 жылдан ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің фосфор саласы бойынша өкілетті өкілі. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Құрмет Белгілерімен марапатталған.
Атағозы Айтқұлұлы (1704 – 1794) – Кіші жүзде аты аңызға айналған батыр. Ол сонымен қатар белгілі би, шешен кісі болған. * Руы – адай. 40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жастарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан. * 1726 жылы қалмақ ханы Цэрен Дондукке қарсы жорықтарда ерекше көзге түсті. Кейіннен Еділ, Жем, Үстірт, Маңғыстау жерлерінде басқыншылармен болған шайқастарға қатысқан. Халық аузында Атағозы батыр туралы және батыр айтты деген көптеген қанатты сөздер сақталған. * Х.Досмұхамедов өзінің «Аламан» жинағында Атағозы есімін қазақтың атақты билері қатарында атайды. Мұрат Мөңкеұлы, Аралбай, Нұрым сынды ақын-жыраулар Атағозыны жырға қосқан. * Зираты Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км жерде. * 2004 жылы батырдың 300 жылдығы облыста кең көлемде аталып өтті. ## Дереккөздер
Айдын — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы аулынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 215 адам (107 ер адам және 108 әйел адам) болса, 2009 жылы 146 адамды (72 ер адам және 74 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 60 адамды (34 ер адам және 26 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Асылбеков Әбдінұр Әбілдаұлы (15.1.1948 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Высокое ауылы) – Байзақ ауданының әкімі (2002). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын (1970), Алматы зоовет. институтын (1986) бітірген. 1970 – 1971 Мойынқұм ауданы өндірістік басқармасында инженер, 1971 – 73 жылдары Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы басқармасында бас экономист, 1976 – 1983 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1983 – 1990 жылдары аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1990 – 1997 жылдары ауданаралық мал өсіру және бордақылау бірлестігінің директоры, 1997 – 1998 ж. Облсытық шаруа қожалықтары мен ӨК-тер ассоциасиясының төрағасы, 1999 – 2002 ж. Жамбыл ауданының әкімі болады. 2002 ж. сәуірде Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалады. Қазір Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы (2003 жылдың қазан айынан).
Аққора — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Ойыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Миялы ауылынан батысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 275 адам (139 ер адам және 136 әйел адам) болса, 2009 жылы 119 адамды (64 ер адам және 55 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 112 адамды (59 ер адам және 53 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Елбыздыко Цопанович Бритаев (23.03.1881, Терек облысы, Алагир ауданы, Далагкау ауылы - 25.09.1923, Владикавказ) — осетин драматургы және қоғам қайраткері. Петербург университетінің заң факультетін бітірген. 1905-1907 жылдардағы революцияға қатысқаны үшін Осетиядан жер аударылды. Бритаев "Ресейде болғанда" (1902), "Масқаралықпен өлім жақсы" (1903) т.б. пьесаларында патша әкімдерінің алдында бас маусымшыларды әшкерелейді. "Апалы-сәңілілер" драмасында осетин әйелдерінің заңсыздығы суреттеледі. 1917 ж. Қазан революциясынан кейін Бритаев "Горская жизнь" газетінің редакторы болды. ## Дереккөздер
Аширов Тофик Махмұтұлы (15.12.1953 ж.т., Жамбыл ауд., Жалпақтөбе а.) – ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1975), Алматы Жоғары партия мектебін (1989) бітірген, механик инженер, саясаттанушы. 1975 – 1981 ж. Жамбыл орман шаруашылығының жөндеу-мех. шеберханаларының меңгерушісі, бас бас механигі, 1981 – 1991 ж. Жамбыл ауданының парткомының нұсқаушысы, Жамбыл облысы парткомының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1991 – 1994 ж. облыстық агроөнеркәсіп комитетінің бөлім меңгерушісі, «Аграрник» облыстық өндірістік-сауда ассоциациясы бас директорының орынбасары, 1994 жылдан Жамбыл ауданынадағы «Юнчи» кооперативінің басқарма төрағасы. ## Дереккөздер
Балабейіт — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Ойыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Миялы ауылынан батысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 287 адам (155 ер адам және 132 әйел адам) болса, 2009 жылы 153 адамды (81 ер адам және 72 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Әбдуәлиев Асқар Бегаділұлы (3 қаңтар 1953 ж.т., Байзақ ауд. Дихан а.) – ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1988). Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1979). Содан бергі кезеңде Тараз универститетінде еңбек етті. 1979 – 1985 жылдары оқытушы, 1985 – 1988 ж. аспирант, 1989 – 1992 ж. кафедра меңгерушісі, 1992 – 1996 ж. ғылыми жұмыстра жөніндегі проектор, 1997 – 1998 кафедра меңгерушісі, 1998 – 2000 ж. әлем тілдері факультетінің деканы, 2001 жылдан гуманитарлық факультеттердің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проектор. 2002 жылдан Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті Тараз институтының директоры. 18 – 19 ғасырладағы Қазақ-Хиуа қарым-қатынастарын зерттеумен айналысады. Бұл мәселеге қатысты 50-ден астам ғылыми мақалалары бар. Ол 1999 ж. арнайы делегация құрамында М.Х.Дулатидің жерленген жері – Үндістанның Кашмир штаты, Сринагар қаласына барып, оның қабірі басынан салынған топрақты Тараз қаласына әкеліп қоюға қатысты. ## Дереккөздер
Әбдірахман Әйтиев (21.3. 1886, Орал облысы, Орал уезі, Қароба болысы, Сүгірбай ауылы (қазіргі Теректі ауданы) — 16.11.1936) — мемлекет қайраткері. Әйтиев — Қазақстанның Батыс аймағындағы рев. қозғалыс және Азамат соғысы тарихын алғаш зерделеген авторлардың бірі. Оның қаламынан туған «Революционное движение в Уральской области», «Октябрьская революция в Уральской области» мақалалары осы тақырыптағы толымды еңбектердің бірі. Ұлы Тельман — тарих ғылыми кандидаты. Әйтиев атымен Алматы, Орал, Тараз қаласында көше аталған, 1992 ж. Орал қаласында ескерткіші (мүсінші Ю.Баймұқашев) орнатылды. ## Өмірбаяны Әкесі Әйтей Құлмағамбетұлы кедей шаруа болған. Тегі — Жетіруға жататын кердері руы. * 1901 ж. Қароба болыстық бір кластық орыс-қазақ мектебін бітірді; * 1904 ж. Орал уезінің 1-учаскесі төбе биінің (мировой судья) шабарманы және от жағушысы; * 1906 ж. Орал уездік податтық инспекторының тілмәші; * 1906 ж. Орал уезі 6-учаскесі төбе биінің тілмәші, іс жүргізушісі; * 1908-19 жж. ауылында егін шаруашылығымен айналысты; * 1910-13 жж. Орал қаласында төбе бидің аға іс жүргізушісі; * 1910 ж. шамасында Б.Қаратаевтың көмегімен «төлеңгіт ауылына» деп қоныс аударушылар үлесімен жер алып, Теректі маңынан Сүгірбай жатағын салуды ұйымдастырды. * 1913-14 жж. әскер аттары учаскесінің меңгерушісі, аң-құс құтқару қоғамының және әуе әскери флотын күшейту қоғамының мүшесі. * 1913 ж. әскери күш-көлік санағын жүргізгені үшін Ларго-Калуга поручигі Игнатьев тарапынан марапаттауға ұсынылған * 1914 ж. Жалданбалы ауыл писары; * 1915-17 жж. болыстық писарь * 1917 ж. қаңтарда болыс Бекше Қисықовпен бірге сайлауға түсіп, Қароба болысының басқарушылығына сайланды. 7 наурыздан меньшевиктер мен эсерлер құрған Жайық сырты бөлігі Ревкомының кооптациялық негіздегі төралқа мүшесі. * 1917 ж. 20 наурызда комитет құрамынан шығып, Б. Қаратаев, Д. Кусепқалиев, Ы. Тоқберлинов, Ғ. Әлібековпен бірге Жайық сырты бөлігі азаматтық комитетіне төралқа мүшесі және ұйымдық хатшы болын сайланды. * 1917 ж. сәуірде өткен 1-Орал облысы қазақ съезін ұйымдастырушылардың бірі. Съезде Қаратаев, Т.Әйтиев, М.Ипмагамбетов, М.Балтановпен бірге Халел Досмұхамедов және Ж.Досмұхамедовтерге наразы топ құрамына кірді. Жер мәселесін Құрылтай жиналысына қалдырмай дереу шешуді, казак-орыстар иелігіндегі жерді қайтарып алуды жақтады. Оппозипиядағы топ атынан Ж.Досмұхамедовқа барып жолықты. Принципті мәселелерде тіл табыса алмағанымен, Жаншаға құрмет сезімін өмір бойы сақтады. * 1917 ж. жазда Қароба болыстық земство управасының мүшесі және управа милициясының бастығы. Жайық өңірінде астықпен алыпсатарлық жасаушыларға қарсы күрес ісін ұйымдастырды. * 1917 ж. шілдеде Ойыл бекінісінде өткен 2-Орал облысы қазақ съезінің делегаты. Сол жылғы күзде земство мекемелерін және құрылтай жиналысы делегаттарын сайлау науқаны кезіндегі пікір алшақтығына байланысты М.Ипмағамбетовпен бірге Орал қаласында солшыл эсер Холостов, майдангерлер Плотников, Операйло құраған Солдат, жұмысшы және шаруа депутаттары кеңесіне барып қосылды. * 1918 ж. 18 қаңтарда, Қаратөбедегі З-Орал облысы қазақ съезімен бір мезгілде өткізілген Орал уездік жер к-тері съезінің делегаты, осы съезде казак-орыстар иелігіндеғі жерді қазақтар мен орыс шаруаларына дереу беруді ұсынды * 1918 ж. 20 қаңтарда Орал рев. комитетінің тағайындауымен Жайық сыргы бөлігінде Кеңестер ұйымдастыру ісімен айналысты * 1918 ж. 6 наурызда Солдат, шаруа депутаттарының облыстық съезін ұйымдастырушы және съезд төралқасының мүшесі. Осы съезде солдат, жұмысшы, шаруа және қазақ депутаттары Орал облысы кеңесі атқару комитетінің мүшесі және облатком төралқасы төрағасының орынбасары, халықтық күзет комиссары болып сайланды. Наурыз айының ортасында әскерге адам алу тапсырмасымен елге шықты және сол түста облатком төралқасы мен әскери коллегиясының шешімімен қудалауға түсті. 1918 ж. 29 наурыздағы Орал қаласындағы төңкерістен кейін Орал Войско үкіметінің әскери-дала соты тарапынан сырттай ату жазасына кесілді. Осыған байланысты Қароба болысындағы Федоровка, Богдановка с-нда, Жымпиты ауылы түбіндегі Хакім Бекебасовтың үйінде жасырынып жүрді. * 1918 ж. шілдеде Жымпитыдан Темір уезіне етті. Осында Ташкенттен келе жатқан Мұстафа Шоқаймен кездесті. Темір уездік земство управасы басшылары С.Қаратілеуов, Ғ. Есенғұлов және Н.Ипмагамбетовтің жөрдемімен Жұрын ст-на келді. Жұрын, Ақбұлақ төңірегінде Қызыл армия бөлімшелері қатарын толықтыру ісімен айналысты, Зиновьев басқарған Ақтөбе майданы қызыл әскерінің үгіт-насихат бөлімінде жұмыс істеді. * 1918 ж. тамыз-желтоқсан аралығында Орал ревкомы мен Қызыл армия командованиесі құрған Богдановка астыртын ұйымының жеті адамнан тұратын жауынгерлік барлау тобының мүшесі, астыртын атқару комитетінің төралқа мүшесі. * 1919 ж. қаңтарда 25-Чапаев дивизиясының 3- бригадасының саяси бөлімінде жұмыс істеді; * 1919 ж. ақпанда Орал ревкомы үгіт-ұйымдастыру қосалқы бөлімінің және әскер қатарына тарту бөлігінің меңгерушісі; * 1919 ж. наурызда Орал ревкомы Ұлттар коллегиясының мүшесі және Қазақ атты ескер бригадасын ұйымдастырушылардың бірі; * Қызыл армияның 1919 ж. көктемгі шабуылы кезінде облыс коммунарлар жасағы құрамында атты барлау жорықтарына қатысты; * 1919 ж. мамырда Орал губернаторы тетенше комиссиясының құпия-оперативті бөлімінің меңгерушісі; * 1919 ж. шілдеде Жайық сырты белігінде Кеңестер ұйымдастыру бюросының мүшесі; * 1919 ж. тамызда Чапаев дивизиясы құрамындағы Ілбішін ревкомының төрағасы, Ілбішін с-нда ақ казактар жойып жіберген Чапаев дивизиясынан тірі қалған үш адамның бірі; * 1919 ж. қыркүйекте Орал облысының қазақ белігі мен Бөкей ордасын басқаратын Қазревкомның Орал бөлімшесінің мүшесі, бөлім меңгерушісі, төраға орынбасары; * 1920 ж. қаңтарда Қазревком мүшесі және Қазақ өлкелік ішкі істер комиссариатының меңгерушісі, осы қызметте Батыс Алашорда үкіметін тарату ісімен шұғылданды, оның жауапты қызметкерлерін пайдалану мәселесінде Түркістан майданы командованиесінен бөлек пікірде болды, Батыс Алашорданы жойып жібермей, Қазәсревкомға қосуды жақтады. Кейінірек бұрынғы Алашорда қызметкерлерін Кеңес ісіне пайдалану мәселесімен айналысып, Б.Атшыбаев, К.Жәленов, А.Кенжин секілді қайраткерлерді қызметке алды, Семей ревкомы мен 5-армияның Ерекше бөлімі қамауға алған Семей алашордашыларын қорғауға белсенді қатысты; * 1920 ж. қазанда ҚАКСР ОАК-тың Сібір ревкомындағы өкілі; * 1920 ж. сәуірде Ақмола губернаторы ревкомының төрағасы; * 1921 ж. қазан - 1925 ж., қаңтар аралығында ҚАКСР Ішкі істер халық комиссары және ОАК төралқа мүшесі, Орталық әкімш. комиссиясының төрағасы; * 1925 ж. қаңтарда ҚАКСР Еңбек халық комиссарының орынбасары және еңбек қорғау бөлімінің меңгерушісі; * 1925 ж. қыркүйекте Өлкелік кеңес-партия мектебінің Батыс Қазақтандағы рев. қозғалыс жөніндегі лекторы; * 1926 ж. қазанда «Сырье» акционерлік қоғамының Қазақ бөлімінің басқарушысы; * 1927 ж. қарашада РКФСР Мемл. сауда басқармасының Қазақстан және Батыс Қытай бойынша уәкілетті өкілінің орынбасары, оперативті бөлім меңгерушісі; * 1928 ж. наурызда «Казторг» қоғамы басқармасының төрағасы, осы қызметте жүргенде орынбасары Деевтің (М.Қаратаевтың «Даладағы дабын» романының кейіпкері) үйымдастыруымен үстінен Ф.И.Голощекиннің атына «домалақ арыз» түсіріліп, Қазақ ауыл шаруашылығы институтына әкімш.-шаруашылық бөлім проректоры етіп жіберілді (1930, қазан); * 1931 ж. ақпанда ҚАКСР Орталық музейінің директоры; * 1932 ж. сәуірде ҚАКСР Осоавиахим Орталық кеңесінің төрағасы; * 1933 ж. мамырда ҚАКСР Халкомкең консультанты; * 1934 ж. ақпанда Алматы Мемл. қорығының директоры; * 1934 ж. қазанда «Ақкөл» курортының директоры; * 1935 ж. қазанда Әулие-ата т. ж. бөлімшесінің фабрика-завод мектебінде мұғалім. 1936 ж. 16-қарашада Жамбыл қаласында ұзаққа созылған науқаcтан қайтыс болды. ## Дереккөздер
Ораз Қыйқымұлы Жандосов (20 ақпан 1889 жыл, Қаскелең, Верный уезі, Жетісу облысы, Түркістан өлкесі, Ресей империясы — 2 наурыз 1938 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері, Қазақстанда коммунизм құрушыларының бірі. Қазақ КСР халық ағарту комиссары. ## Өмірбаяны Ораз 1889 жылы Любавинская станциясында, қазіргі Қаскелең қаласында қарапайым шаруалар отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің Шапырашты руынан. 1917 жылы "Садақ" газетімен бірлесе жұмыс істеді. Верный қаласында қазақ жастарының ағарту үйірмесін ұйымдастырады. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітірген. Оқуын аяқтай сала ақтарға қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан. Сол жылы коммунистік партия қатарына кірді. Жетісу облысы кеңестерінің І және ІІ сьездерінде делегат болған. ### Отбасы Жұбайы – Жандосова Фатима Асқарқызы (1901-1973). 1901 жылы Ташкент қаласында татар саудагерінің отбасында туған. Ташкент қыздар гимназиясында оқыған. 1920 жылы Ораз Жандосовқа тұрмысқа тиген. * ұлы – Жандосов Едіге Оразұлы (1922-1953). Өндірістік аварияда қаза тапқан. Жұбайы - Дәулетбаева Клара Фарраховна.немересі - Гүлнәр Едігеқызы (1951 жылы туған).немересі - Адехам Едігеұлы (1953 жылы туған). * немересі - Гүлнәр Едігеқызы (1951 жылы туған). * немересі - Адехам Едігеұлы (1953 жылы туған). * ұлы – Жандосов Санжар Оразұлы (1930-1992). Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Еңбек министрі, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспар комитеті жанындағы ҒЗИ директоры. Жұбайы – Жансүгірова Ильфа Ілиясқызы (Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы)немересі – Ажар Санжарқызы Жандосова (Еркін Қалиевтың жұбайы) – архитектор-урбанист, қоғам қайраткері.немересі – Дина Санжарқызы Жандосова-Алдабергенова – музыкант-бард.немересі – Жанар Санжарқызы Жандосова.немересі – Фатима Санжарқызы Жандосова.немересі – Кенен Санжарұлы Жандосов. * немересі – Ажар Санжарқызы Жандосова (Еркін Қалиевтың жұбайы) – архитектор-урбанист, қоғам қайраткері. * немересі – Дина Санжарқызы Жандосова-Алдабергенова – музыкант-бард. * немересі – Жанар Санжарқызы Жандосова. * немересі – Фатима Санжарқызы Жандосова. * немересі – Кенен Санжарұлы Жандосов. * ұлы – Жандосов Али (Анри) Оразұлы (1935 - 2023). Тарихшы,1920-1930 жылдардағы Қазақстан тарихының маманы. Жұбайы – тарихшы-шығыстанушы Клавдия Антонқызы Пищулина.немересі – Жандосов, Ораз Алиұлы (1961 жылы туған) – ҚР экс вице-премьері, экс қаржы министрі, Ұлттық банкінің экс төрағасы.немересі - Жандосова Зарина Алиқызы (1963 жылы туған) – ақын.немересі –Жандосова Лааль Алиқызы (1967 жылы туған) – суретші. * немересі – Жандосов, Ораз Алиұлы (1961 жылы туған) – ҚР экс вице-премьері, экс қаржы министрі, Ұлттық банкінің экс төрағасы. * немересі - Жандосова Зарина Алиқызы (1963 жылы туған) – ақын. * немересі –Жандосова Лааль Алиқызы (1967 жылы туған) – суретші. ### Атылуы 1937 жылы Ораз Жандосовты қызметінен босатып, партия қатарынан шығарды. 13 қазан күні Жандосовты антикеңестік ұйымға қатысы бар деген айыппен тұтқындайды. 1938 жылғы 2 наурызда КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үкімімен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-7, 58-8, 58-11 баптары бойынша айыпталып, жазаның ең ауыр түрі - ату жазасына кесілді. 1957 жылғы 8 маусымдағы КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының үкімімен ақталды. ## Қызметі ### Азаматтық соғыс жылдары * 1918-1919 жылдары Жетісу облыстық ұлттар істері жөніндегі бөлім басшысы. * 1919-1920 жылы мұсылман коммунистері бюросының төрағасы болды. * 1920 жылы 3-ші Түркістандық дивизияның саяси бөлімін басқарып, Жетісу облысы революциялық әскери комитетіне кірді. * 1920 жылдың қаңтарында Ақтөбеде өткен Қазақстандық кеңестік партияның 1-конференциясында Жетісу делегациясын басқарды. * Азаматтық соғыс жылдары Алаш әскерінің сарбаздарын Қызыл әскер қатарына шақыру жұмыстарымен айналысты. * Қытайға ауып кеткен қазақтарды қайтару ісін басқарған. * 1920 жылы Фурмановтың тапсырмасымен Верный бекінісіндегі ереуілді басқан кезде уездердегі әскери бөлімшелерді басқарып отырды. * 1920-1922 жылдары Жетісу облыстық революциялық комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің төрағасы, ұлттар ісі жөніндегі меңгеруші болып қызмет етті. * 1920 жылғы қыркүйекте өткен 5-ші Түркістан компартиясының сьезінен бастап Түркістан республикасының коммунистік партия Орталық комитетінің мүшесі болып тұрақтанды. * Ораз Жандосов бастамасымен Түркістан өлкесінде “Қосшы” одағы құрылды. "Қосшы" одағының облыстық комитет төрағасы, кейін оның Орталық Комитет төрағасы болып қызмет атқарды. ### Кеңестік билік орнаған соң * 1923-1924 жылдары Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған. * 1924 жылдың қазанынан бастап 1925 жылдың сәуіріне дейін Ораз Жандосов Сырдария мен Жетісу губернияларында ауылдарды қайта құру жөніндегі экспедицияны басқарды. Экспедиция нәтижесінде кеңестік жүйе қазақ ауылдарына қарай бейімделуі керек деген шешім шығарылды. Әсіресе ауылдардағы мал шаруашылығы Республиканың негізгі ауыл шаруашалық саласы болып қалуы тиіс. Осының бәрін Коммунистік партияның 14-сьезінде, қазақ коммунистерінің 5-конференциясында сөз сөйлеп, делегат ретінде жеткізді. * Қазақ АКСР-іне Түркістан Республикасының қазақ аудандары қосылған соң, Қазақстан коммунистік партиясының үгіт-насихат бөлімін басқара бастады. Қазақстан коммунистік партиясының бюросына алғашында кандидат, кейін мүше болып сайланды. * 1927 жылғы қарашадан 1929 жылғы маусымға дейін Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметін атқарды. Ораз Жандосовтың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындары ашылды. Мысалы, 1928 жылы ашылған қазақ педагогикалық институты, 1929 жылы ашылған қазақ ауылшаруашылығы институты. * Қазақ ауылшаруашылығы институтының алғашқы директоры қызметіне кіріседі. * 1931-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік кітапханасының алғашқы директоры болды. * Одан бөлек, 1920-жылдардың екінші жартысы мен 1930-жылдардың басында:Қазақ Ұлттық университетінде сабақ берді.Республикалық "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып қызмет етті.Қазақстан өлкетану қоғамының басқарма төрағасы,Республикалық кітап палатасының меңгерушісі,Гидрометбюро төрағасы,Өлкелік ғылыми қызметкерлер бюросының төрағасы қызметтерін атқарды. * Қазақ Ұлттық университетінде сабақ берді. * Республикалық "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып қызмет етті. * Қазақстан өлкетану қоғамының басқарма төрағасы, * Республикалық кітап палатасының меңгерушісі, * Гидрометбюро төрағасы, * Өлкелік ғылыми қызметкерлер бюросының төрағасы қызметтерін атқарды. * 1933 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін Сарысу ауданының ашыққан халқын Талас аңғарына көшіру және орналастыру бойынша комиссияны басқарды. * 1933 жылғы тамыздан 1934 жылдың желтоқсанына дейін Кеген аудандық партия комитетінің хатшысы қызметінде жүрді. * 1935 жылғы қаңтардан 1937 жылғы маусымына дейін Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды. * 1937 жылдың шілдесінен бастап тұтқындалғанға дейін Алматы облысы, Қаракемер ауылында рабфак (жұмысшыларды ЖОО-ға дайындау факультеті) басқарып отырды. ### Қатысқан съездер мен сайланбалы қызметтері 1920 жылғы қаңтар айында Ақтөбеде өткен Қазақстан коммунистік партиясының 1-конференциясында Жетісу делегациясын басқарды. 1925 жылы өткен Бүкілресейлік коммунистік партиясының (БК(б)П) 14-сьезінде делегат. 1925 жылы өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 5-съезінде делегат. 1927 жылы өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 7-съезінде делегат. 1936 жылы өткен КСРО Кеңестерінің төтенше 8-съезінің, 1937 жылы өткен Қазақстан коммунистік партиясы 1-съезінің және Бүкілресейлік коммунистік партиясы 2-ші және 6-ші съездерінің делегаты болды. Әртүрлі жылдары Түркістан АКСР Кеңестері Орталық атқару комитетінің, Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің (БОАК) , Қазақ Орталық атқару комитетінің (ҚазОАК) және КСРО Орталық атқару комитетінің ұлттар кеңесінің мүшесі болды. ## Мұрасы Алматы қаласында және облысында: * Ірі магистральді көшеге Жандосов есімі берілген. * Жандосов-Гагарин көшелер қиылысында Ораз Жандосовтың ескерткіші орнатылған. * Жандосов көшесінің басында мемориалдық тақта орнатылған. * Қазақстан-Британ техникалық университетінің артындағы скверде көрнекті қайраткерлер аллеясында Ораз Жандосовтың бюсті тұр. * №105 гимназия Ораз Жандосовтың есімімен аталады. * Алматы қаласынан 30 шақырым жерде Қарасай ауданында Ораз Жандосов ауылы орналасқан. * Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында мектепке Ораз Жандосов есімі берілген. Шымкент қаласында №30 мектеп Ораз Жандосов атымен аталады. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар ауылындағы мектепке Ораз Жандосовтың аты берілген. ## Дереккөздер
Федор Александрович Бредихин - орыс астрономы. Петербург ғылым академиясының акадимигі (1890, 1877 жфлдан корр мүшесі). Мәскеу университетінің профессоры. Мәскеу университетінің жанындағы обсерваторияның және Пулков обсерваториясының директоры. ## Еңбек жолы Федор Александрович Бредихин орыстың астрофизика мектебін құрған, комета формулаларының теориясын жасаған. Ол каметалардың физикалық теориясын құрып, кометалардың құйрықтары газ молекулаларынан құралған және метеорлар ағыны кометалардан пайда болды деген қорытынды жасаған. Комета формаларының механикалық теориясы жайында жүргізген зерттеулері арқасында Федор жер жүзіне танылған. Комета ядросынан ұшып шығатын заттардың қозғалысын зерттеп, комета құйрықтарын үш топқа бөліп, олардың классификациясын жасаған. Федор Күн, комета және тұмандықтардың спектрлерін зерттеген.. ## Дереккөздер
Марк Андронович Брага - ауыл шарушылық өндірісінің жаңашылы, Социалистік Еңбек Ері атағын 2 рет алған, Херсон облысы, Голопристанский ауданындағы "Ресей" колхозының комбайнері. 1951 жылдан КОКП мүшесі. ## Қызмет жолы 1937 ж. механик-комбайнерлер даярлайтын Каховский мектебін бітірген соң, 1958 жылдан "Ресей" колхозының комбайнері атанды. Марктың өз ісін өте шебер меңгергендігі және оның өте шебер көрсеткіші юүкіл КСРО -ға әйгілі болды. 1948 ж. С-1 комбайнымен 25 күн ішінде жинаған егістіктен 8844 ц дәнді дақыл, 1161 Астыңғы жазуц майлы дақыл бастырды. Бұдан кейінгі жылдарда да комбайнердің көрсеткіші жоғарлай түсті. Марк 1967 ж. 673 га дәнді дақыл орып, 16846 ц астық бастырды. КОКП 19 және 22-съездерінің делегаты. ## Дереккөздер
Бүйрек (Өрнек) — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Көздіқара ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 190 адам (102 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 175 адамды (97 ер адам және 78 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 73 адамды (44 ер адам және 29 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Былқылдақты — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Миялы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 88 км-дей жерде. Округтен ара қашықтығы 110 км. Елді мекеннің жер көлемі 77 360 га. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 294 адам (147 ер адам және 147 әйел адам) болса, 2009 жылы 143 адамды (71 ер адам және 72 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 42 адамды (20 ер адам және 22 әйел адам) құрады.оның ішінде: * еңбекке жарамдысы -76 * жұмыс жасайтыны -56 * зейнеткерлер - 15 * мүгедектер - 4 * аз қамтылғандар - 3 * балалар саны - 104 * мектепке дейінгі - 65 * мектеп жасындағы - 39 * оқу орнында оқитындар - 1 ## Шаруа қожалықтары * «Былқылдақты» шаруа қожалығы ## Негізгі экономикалық көрсеткіштер ### Мал басы Барлық мал басы -1 482 бас. оның ішінде: * ірі қара 520 * қой-ешкі 915 * жылқы 47 Ет өндіру, барлығы: -450 тонна ## Көліктер * Жеке меншік көліктер -6 * Жеңіл көліктер -2 * Жүк машиналары -1 * Тракторлар -3 * Мотоциклдер -2 ## Дереккөздер
Жангелдин — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Жангелдин ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Іргесі 1961 жылы қаланған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1703 адам (899 ер адам және 804 әйел адам) болса, 2009 жылы 1583 адамды (828 ер адам және 755 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1575 адамды (808 ер адам және 767 әйел адам) құрады. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері * Миялы орта мектебі * «Балбөбек» балабақшасы ## Діни мекемелері * Қазыбек би мешіті — 2023 жылы сәуір айында ашылды. Сыйымдылығы 300 адамға арналған мешітте ерлер, әйелдер залы, тахаратхана, асханасы бар. ## Елді мекендегі көшелер * Айжарқын Әлішева көшесі * Әби Ерқалиев көшесі * Демеу Асанғалиев көшесі * Досқали Қоспаев көшесі * Қази Өтемұратов көшесі * Мұрат Өзенов көшесі * Мырзагерей Лұқпанов көшесі * Сәрсен Тұрышев көшесі * Ізімберген Көпбаев көшесі ## Дереккөздер
Жантерек — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Миялы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 109 км-дей жерде. Елді мекен арқылы Атырау-Қандыағаш темір жолы өтеді. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 353 адам (170 ер адам және 183 әйел адам) болса, 2009 жылы 362 адамды (178 ер адам және 184 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 347 адамды (184 ер адам және 163 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * №75 бастауыш мектеп ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер
Кенбай — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Миялы ауылынан оңтүстікке қарай 113 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 173 адам (90 ер адам және 83 әйел адам) болса, 2009 жылы 160 адамды (89 ер адам және 71 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 118 адамды (66 ер адам және 52 әйел адам) құрады. ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер