text
stringlengths 3
252k
|
---|
Черкасск қорғанысы мемориалы — 1973 жылы Сарқант ауданындағы Черкасск селосында салынған ескерткіш.
Архитекторлары — Т.Б.Сүлейменов, А.Ордабаев; мүсіншісі — В.Ю.Рахманов.
Черкасск қорғанысы мемориалы Кеңес өкіметін қорғау жолында ақ гвардияшылармен бір жарым жыл айқасып (1918 жыл шілде-1919 жыл қазан), ақыры мерт болған жауынгерлердің рухына бағышталып қойылған. Бетоннан құйылған еңселі іргеге тұрғызылған үш қырлы металл пирамида ескерткіштің негізі болып саналады. Ескерткіштің іргетасы металға ойып салынған бедерлі композициялық мүсіндермен безендірілген. Тас блоктардан құрастырылып,жасыл желекпен көмкерілген баспалдақтар мемориалың мағыналық өзегі-мәңгілік отқа алып барады. Мемориал құрылысынан авторлар ұжымының салтанатты-конструктивтә тәсілдә сюжетті-бейнелі әдіспен сәтті ұштастыра білгені айқын көрінеді.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Шарын тасшөбі (лат. Astragalus tscharynensis) — бұршақ тұқымдасы, таспа туысына жататын бұта. Іле Алатауында, Шарын өзенінің аңғарына таяу беткейлерде кездеседі. Биіктігі 30-35 см. Діңі қоңыр қабықты, тармақты. Бір жылдық сабақтарын тықыр түк басқан. Жапырақтарының ұзындығы 2,5-3,5 см, қысқа сабақты. Жапырақшалары 2-3 жұпты, жұмыртқа пішінді, сопақ немесе дөңгелек, қалың ақ түк басқан. Гүлшоғыры - шоғырбас гүл. Тостағаншасының ұзындығы 8-9 мм, қалың түк басқан. Күлтесінің ұзындығы 18-19 мм, күлгін түсті. Мамыр-маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі — бұршақ, ұзындығы 25-30 мм. Өте сирек кездеседі, эндемика Қазақстанның "Қызыл кітабына" енғізілген.
## Дереккөздер |
Іле үшқаты ( Іле ұшқаты) - үшқаттар тұқымдасына жататын бұта.Іле өзенінің аңғарында кездеседі.Биіктігі 1,5 м-ге жетеді.Ескі бұталары сұр,қатпарлы қабықты;жас өркендері алқызыл сұр түсті,барқыт тәрізді түк басқан.Жапырқтары сопақтау,қандырау пішінді,орташа ұзындығы 2,5см,ені 5-7 мм.Гүлсидамы орташа жапырақ қолтығынан шығады,күлтесі сарғыш түсті,түбек тәрізді,ұзындығы 10мм.Мамыр-маусымда гүлдеп,маусым-шілдеде жеміс салады.Жемісі қара көк түсті,ұзындығы 6-7 мм.Сәндік үшін өсіріледі.Сирек кездесетін эндемик.Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Мамытов Жекен Үмбетқұлұлы 1939 жылы 9 мамырда Жамбыл ауданы,Қаскелең ауылында туды.Ол-ғалым,биология ғылымдарының докторы (1978),профессоры(1956).1957 жылы Ұзынағаш ауданындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепті,1962 жылы ҚазПИ-ді,1967 жылы ҚР ҰҒА Топырақтану институтының аспирантурасын бітірген.1967-1989 жылдары осы институтта аға лаборант,кіші,аға ғылыми қызметкер,лаборотория меңгерушісі,1989-1991 жылдарв "Дархан" кооперативінің төрағасы,1991-1995 жылдары бас ғылыми қызметкер болды.1996-1999 жылдары ҚХР-ның "Жасыл индустрия" ҒЗИ-ның директоры және Қытай ауылшаруашылығын дамыту компаниясының бас ғылыми кеңесшісі.1999-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институында,2002 жылыдан ҚазМУ-де профессор.Оның 200-ге жуық ғылыми еңбегі,соның ішінде 2 монографиясы жарияланған.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Мамышов Марат 18939 жылы 17 мамырда Балқаш ауданы,Қарой ауылында туған.Ол-ғалым,ауылшаруашылық ғылымдарының докторы (1998),профессоры (1999).1955 жылы Бақанас атындағы орта мектепті,1962 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институын,1967 жылы осы институттың аспирантурасын бітірді.1962-1964 жылдары Балқаш ауданында,1968-1971 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институында,1971-1986 жылдары Қазақ картоп және көкеніс ҒЗИ-да,1986-1991 жылдары Бүкілодақтыұ агрохимиялық қызмет көрсету институында,1991-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтында кафедра меңгерушісі,1995 жылдан сон осы оқу орнының профессоры,1990 жылы тұңғыш рет елімізде агроэкология мамандығының негізін қалап,арнаулы оқулықтар жазды.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Манапбаева Жамал (1927 жылы туды,Райымбек ауданы,Күрметті ауылы)-шопан,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреты(1950).Қаз. Алматы облысының Таушелек тауының етегіндегі Күрметті қыстағындағы Қазақстан ҒА Эксперименттік биология институтының базасында 1949 жылы шопан болды.Қазақтың арқар-мериносының жаңа тұқымын өсіріп,бағудағы еңбегі үшін Манапбаеваға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1965 жылы Кеген ауданындағы "Алғабас" жылқы зауытында жұмыс істеді.Күрметті ауданында Манапбаева атындағы көше бар.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Майқара (лат. Artemisia pauciflora) – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын шала бұта.Биіктігі 35(50)-75(180) см,тамыры жуан,түбінен бұтақтанып өседі,сабағы тік,сары жасыл не қоңыр.Жапырағы сағақты,ұзындығы 2-5 см,ені 3 см.Гүл шоңы-масақша.Майқара шөл,шөлейт,сирек те болса далалы жерлерде өседі.Жетісуда,Балқаш-Алакөл алабында таралған.Майқараның құм тоқтауда үлкен маңызы бар.Отқа жағылады.
## Осыған қоса
* Майқара атты ашаршылық жылдары (1921-1922 жж.) болыс болған адам бар.
* Майқара жусан түрлерін құрайды
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Марал түбірі-күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.Жетісу Алатауының далалы,шалғынды,орманды жерлерінде,өзен жағалауында өседі.Биіктігі 70-120 см,сабағы тік,іші қуыс.Жапырақтарының жиектері қауырсын тәрізді тілімделген,ірі,сағақтары ұзын.Өркен бойына кезектесіп орналасыады.Көкшіл түсті гүлдері шар тәрізді тостағанша жасап өркеннің басында жекедара орналасады.Жемісі-қоңыр түсті,төрт қырлы дәнек.Шілде-тамыз айларында гүлдейді.Тамыз-қыркүйекте жеміс береді.Марал түбірі-дәрілік өсімдік.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
«Черкасск қорғанысы» мұражайы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мәдениет министрлігінің шешімімен 1968 жылы 1 қаңтарда азамат соғысы жылдарындағы ұрыс өткен жерде (1918-1919ж.ж.) құрылған. «Ұрыс кеңесі» ғимаратында ашылды. 1978 жылы осы ұрыс болған жерде жаңа тарихи-мемориалды мұражай кешені салынды. Азамат соғысы ардагерлерінің естеліктері көмегімен 1918-1919 жылдардағы соғыс қимылдарының көріністері - бас қолбасшы М.С.Никольскийдің, хатшының бөлмесі, «Ұрыс кеңесі» мүшелерінің отырыс залы қалыпқа келтірілді. Азамат соғысының аяқталуына 70 жыл толуы қарсаңында «Черкасск қорғанысы» мұражайы толық жөндеуден өткізілді. Қазақтың тұңғыш инженері, Турксіб теміржолын салушы, қоғам қайраткері, тарихшы және өлкетанушы, заңсыз репрессияға ұшырап, өлген соң ақталған жетісулық жерлесіміз Мұхаметжан Тынышбаев туралы жаңадан экспозициялық кешенді көрме ашылды. Мұражай жұмысының басты ерекшеліктері мұражайға келушілерді Жетісу өңірінің өткен тарихымен таныстыруға негізделген.
## Келушілерге арналып тарихи жәдігерлер қойылған көрме залдары
* ХІХ ғасырдың аяғындағы, XX ғасырдың басындағы Жетісу өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
* «Черкасск қорғанысының» құрылуы және қорғаныс аймағындағы соғыс қимылдары;
* М. Тынышпаевқа арналған «Сөнбес жұлдыздар нұры» атты тұрақты көрмесі.
* «Черкасск қорғанысына» қатысқандар туралы деректер;
* «Черкасск қорғанысы» жеріндегі бейбітшілік кезең.
## «Черкасск қорғанысы» тарихи-мемориалды мұражайының директорлары
* Фролов Евгений Георгиевич (1968-1972 жылдары);
* Кузьмина Нина Дмитриевна (1972-1973 жылдары);
* Харченко Вара Васильевна (1974 жылдан);
* Жогов Виктор Федорович;
* Харченко Вера Васильевна;
* Ракецкая Екатерина Федоровна (07.09.1988 жылдан бүгінгі күнге дейін)
## Мұражай залдары, экспонаттар
Мұражайға келіп кетушілерді сол кездегі Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы көрсетілген карта, Жетісу уезі бойынша орналасқан өнеркәсіп орындары мен Жетісу облысы мен басқа да облыс халықтарының ұлттық құрамы туралы деректер бей-жай қалдырмасы анық. Бірінші залда 1922 жылы 22 сәуірде жарыққа шыққан «Правда» газеті; Жетісу жерінде Кеңестік билікті орнатуда белсенді атсалысқан Жетісулық большевиктердің: П. М. Виноградовтың (1889 - 1932), Тоқаш Бокиннің (1890-1918), А. П. Емелев'тің (1894-1919), М. Масанчидің (1887-1938), А. Березовскийдің (1888-1918), К. В. Овчаровтың (1880-1918), Т. Утековтың (1970-1925) портреттері; «Известия» газеті; «Жер туралы декрет», «Бейбітшілік туралы декрет» құжаттары және «Ескі Лепсі өкіметі жойылсын», «Бейбітшілік жасасын!» деген жазулары бар тудың муляжы келушілердің қызығушылығын тудыратын тарихи жәдігерлердің бірі болып саналады. Сондай-ақ мұражайға келушілердің назарына Ресейдің орталық губерниялары: Чернигов, Полтавск, Харьковтан қоныс аударылып келген орыс халықтарының ағаштан жасаған үйінің кескіндеме көрінісі мен тұрмыста қолданылатын заттары: қыштан жасалған ыдыс түрлері, ыстық шоқпен қыздырып киім үтіктейтін үтік, «Зингер» іс тігін машинасы, кестелеп тігілген орамалдар мен ер және әйел адамдардың киім-кешектері қойылған. Мұражайдың келесі залы «Черкасск қорғанысы» аймағындағы ұрыс оқиғасы жайлы. Көрермендерді «Черкасск қорғанысының» карта-схемасы (1918-1919 жылдардың қыркүйек айлары), жауынгерлер Л. Х. Коряктың (1889-1947), В. С. Довбняның (1895-1932), «Черкасск қорғанысы» әскерін басқаратын Андреевск эскадронының командирі Т.Г. Горбатовтың (1896-1923), Лепсі атқару комитетінің төрағасы С. Подшиваловтың (1880-1937) фотопортреттері қызықтырады.Сонымен бірге көрме қойылымдарының қатарында сол кезеңдегі құжаттар көшірмесі, суреттер, соғыс қарулары мен 3, 6 дюймдік снарядтар жарықшақтары, оқтардың гильзалары мен сарбаздардың әскери формалары орын алған.1919 жылы кулак Н. Калашниковтың қолшоқпарларымен аяусыз өлтірілген РКП (б) мүшесі, Солтүстік Жетісу фронтының революциялық әскери кеңесінің председателі 1892 жылы туған А.А. Шавровтың өмірінен сыр шертетін құжаттар да жинақталған. Абишев Габдулла – Черкасск қорғанысының мүшесі, 1918 жылы Покатиловка отрядының штабында аудармашы қызметін атқарған. Черкасск қорғанысы сарбаздарымен бірлесіп Солтүстік Жетісу фронтымен байланысқа шығу жорықтарына қатынасқан. Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы (1891-1938) – уезд жер өндеу бөлімінің бастығы. Черкасск қорғанысы тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі – Көтібаров Әли Итаяқұлының (1831-1926) өмір деректері де келушілерді қызықтырады. 1897 жылы Петербургте әскери-медициналық академиясын бітірген. 1917 жылы қырғыз, орыс шаруалары депутаттарының Түркістан өлкелік атқару комитеті Кеңесінің мүшесі болды. 1918-1919жж. Черкасск қорғанысы лазаретінің бастығы болып қызмет атқарды. Ә. Көтібаров Черкасск қорғанысы орталығында әскери лазарет ашқан, құрамында 2 дәрігер, 4 фельдшер болған.Залдағы тағы бір көрнекті қойылымдардың бірі, ол – «Сөнбес жұлдыздар нұры» атты тұрақты экспозициялық қойылымы. М. Тынышбаевтың туғанына 115 жыл толуы мерейтойына арналған қойылымда жерлесіміздің өмір жолдары мен атқарған еңбектері туралы деректер жинақталған.Келесі көрме залы «Черкасск қорғанысы» ардагерлерінің бейбіт күнгі өмір деректерінен мағлұматтар береді. Онда М.А.Гарбузов, К.З.Гайворонский, П.Ф.Остапенко, Н.Шульга, З.В.Косаченконың өмір жолдарын баяндайтын фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар көшірмелері ұсынылған.
Азамат және Ұлы Отан соғысының ардагері, «Черкасск қорғанысы» колхозының председателі, «Социалистік Еңбек Ері» Иван Федорович Венедиктовтың (1933-1956) еңбекпен өрілген жылдары, қол жеткізген табыстары туралы құжаттары мен қолданған заттары (колхоздың құнды құжаттары мен касса ақшаларын сақтайтын сейф-кресло) қойылған. Өмір жолы жас ұрпақ үшін ерлік үлгісі болатын Черкасск қорғанысының ең жас мүшесі, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, кейіннен «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған (1947 ж.) Мойсеенко Василий Тарасович туралы құжаттар жинақталған.Бейбіт күнде бақытын еңбектен тапқан, Ұлы Отан соғысына қатысушы, алғашқы ерлік сабақтарын «Черкасск қорғанысы» окопында алған, медицина ғылымдарының кандидаты Шулешова Анна Ефремовна жайлы деректер орын алған.
Лепсі уезінің 13 елді мекені тұрған аумақта Черкасск қорғанысы соғыс қимылдарының негізгі бақылау пункті болғандықтан, осы соғыста қаза болғандар мен қатысушыларға арналып 1973 жылы 12 шілдеде «Черкасск жері жүректерде мәңгі сақталады» атты мемориалды кешені ашылды. Мемориалды кешен мұражайдан, Батырлар аллеясынан және мемориалдан тұрады.---Мұражай қоры 2040 көрме қойылымдарынан (экспонаттардан),оның ішінде 1512 негізгі қордан және 528 ғылыми көмекші құралдардан құрылған. Мұражай көрме қойылымдарының соңы мұражайға келушілер тарапынан жәдігерлерді толықтыру мен құжаттар алмасу және сыйлықтар ұсыну бөлімімен аяқталады.
## Дереккөздер |
* Мәмбет — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл.
* Мәмбет — Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл. |
Масанчи Мағазы (1885, Верный — 1935) — мемлекет қайраткері. 1917 ж.Ташкентте құрылған Түркістан Жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің мүшесі болды. 1920 ж. М. бастаған Түркістан дүнген полкі құрылды. 1921 ж. ол 8-қазақ бригадасы құрамына енгізіліп, басмашыларды жою мақсатында Ташкент қ-на жіберілді. 1922 ж. Жетісу облысы милиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. М. Алматыдағы алғашқы дүнген мектебінің және “Кеңестер елі” дүнген ұжымшарының негізін қалады. Өмірінің соңына дейін ол Қазақстан мен Өзбекстандағы кеңестік органдарда жауапты қызметтер атқарды. Алматы қ-нда М-дің құрметіне ескерткіш орнатылып, көше аты берілген.
## Дереккөздер |
Мәмесейітов Тұрлыбек Ілиясұлы (17.02.1949 жылы туан.Райымбек ауданы,Байынқол ауылы)-жазушы,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,1975 жылы Қаз-МУ--ді бітірді.1975-1977 жылы облыстық "Жетісу" газетінде,1977-1995 жвлдары "Жазушы",1995-1998 жылдары "Рауан",1999-2001 жылдары "Атамұра" баспаларында қызмет істеді.2000 жылдан "Елорда" баспасында редактор.Жамбыл атындағы сыйлық (1996),"Әулиешоқы" кітабы үшін халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығын (2000) лауреаты атанды."Тоғысқан толқын" (1982),"Зерделілік айнасы" (1984) атты әдеби сынының,повестьтер мен әңгімелер авторы.
## Дереккөздер
Жетісу энциклопедиясы |
Шаңқылдақ қыранша ( Aquila clang a) - әдетте қошқыл ( 1,6-3,2 кг, қанатының алымы -180см шамасында) бүркіт түрі. Ецразиярың орманда және орман далалы белдеуінде орын тепкен. Қазақстанда Қияр солтүстікте – қайынды орманды және орманды далада ұялайды, алайда бүкіл аумақтан ұшып өткен кезде кездеседі, Қазақстандағы ұялау дағдысы з ерттелмеген. Қорғауды қажет ететін осал құс ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне тіркелген.
## Дереккөздер |
Аққанат қырқылдақ – дене мөлшері қара қырқылдақа шамалас, дегенмен ашық сұр қанаты және ақ құйрығы арқылы одан жақсы ажыратылатын құс. Аяғы - қызыл.Еуропаның оңтүстік – шығыс өңіріне , Кіші және Солтүстік Қазақстанға орын тепкен. Шығыста тек қана Байкал сыртында, Монғолдия және Приморьеде пайда болады. Қазақстанда солтүстіктегі батпақты жерлерде сансыз көп. Өмір сүру дағдысы қара қырқылдақтіуіндей , алайда, таяз сулы жерге көбірек дағдыланған. Қазақстанда мамырдың басынан қыркүйектің басталуына дейін болады.
## Дереккөздер |
Әлнұр Мейірбеков (15 мамыр, 1921 жыл, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылы) - өлкетанушы, журналист.
7 жылдық мектепті бітірген соң аудандық тұтынущшылар одағында еңбек етті. 1941-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1949 жылдары Нарынқол ауданындағы "Советтік шекара" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. 1949-1976 жылдары осы газеттің бас редакторы қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде М.Мақатттаев, С.Әшімбаев, Е.Ібітанов сияқты қазақ сөз өнерінде өзіндік орны бар көптеген шәкірттер тәрбиеледі.
1998 жылы Райымбек ауданы тұрғындарының Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен кездесіуінде ауыл ақсақалы ретінде бата берді.
Отан соғысы орденімен, бірнеше медальмен марапатталды.
## Дереккөздер |
Тукандылар - құстардың тоқылдақ түрлілері. Тукандарда саналмас, екі жақтан қысылған, ашық түсті тұмсығы бар. Бірақ ауа қуыстарының арқасында, өзінің үлкен көлеміне қарамастан олардың тұмсықтары жеңіл.Олардың тұмсықтары денелерінің жарты көлемін алады. Ал тукан баласының тұмсығы жалпақ және астыңғы жағы ұзынырақ болады. Тукандар тоқылдақтар отбасында ең үлкендері. Олардың 6 текке қосылған 37 түрі бар.
Тукандылар Мексикадан Аргентинаға дейінгі Американың тропикалық жазықтары мен 3000 метрге дейінгі тауларын мекендейді. Тесілген немесе кәдімгі ағаштарға уйлерін салады. Олар өз аттарын токано деп қатты дауыс шығарғанының арқасында алған. Тукандылар шөп арасында аса байқалмайды.Әсіресе оттап болғаннан кейін ағаш діңінде демалып отырған кездерінде, шөп арасынан ашық түсті үлкен көбелек қарап отырғандай болады. Олардың құйрықтары қысқа әрі 10 айнымалы қауырсыннан тұратын түзу кесілген болып келеді. Бірақ кейбір түрлерінде құйрық қауырсындары айтарлықтай ұзын. Өзінің үлкен тұмсығының кесірінен олар алысқа ұша алмайды. Өздеріне бағытты жоспарлап алғаннан кейін тукандар айналым тәріздес бағытпен қалқиды. Олар бір - біріне жариялап отырып, жыртқыш құстан жарақаттанған туканды топ болып құтқарады.
Тукандылар - моногамды құстар. Олар ағаш діңдерінде 1-ден 4-ке дейін жылтыр-ақ жұмыртқалар салады. Жұмыртқаны екі ата-ана да басып шығарады. Кішілерінде 2 апта, ал үлкендеу түрлерінде жұмыртқа басуға көбірек уақыт кетеді. Балапандар көмексіз, жалаңаш әрі соқыр болады. Ағаш діңінде олар 6-8 аптадай уақыт өткізеді. |
Михри Хатун (түр. Mihrî Hatun;1456, Амасья қаласы,— 1514, сонда) — түрік ақын қызы. Ақын әрі бай қади (қазы) отбасында туған. 'Михри Хатун— парсы тілін, оның поэзиясын жақсы білген, мол білімдар ақын. Амасьядағы Ахмед сарайында ақындар арасында көрнекті беделге ие болды. Шығармаларының негізгі тақырыбы — ғашықтық, бақыт, бостандық, әйел теңдігі. Михри Хатун өлеңдерін өз тұсындағы ірі ақын Неджатиге еліктеп назира формасында жазған. Оның шығармалары орта ғасырдағы түрік поэзиясына елеулі үлес қосты.
## Дереккөздер |
Қарамұрын – Қалба жотасының орта бөлігіндегі шоқылы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Жарма ауданы Ортабұлақ ауылының шығысында 9 км жерде орналасқан. Шар өзенінің аңғарында.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 669 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км шамасында. Оңтүстік-шығыс беткейі тік жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген. Шығысынан Жанама өзені ағып өтеді. Солтүстігінде Ақбиік тауы, оңтүстігінде Шар бөгені орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Палеозойдың интрузивтік жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Аласа таудың қара қоңыр, қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарамұрын – Қаратау жотасының батыс бөлігіндегі тау массиві.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылының солтүстігінде, 9 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 498 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 13 км шамасында.
## Жер бедері
Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстікке қарай көлбеуленіп жазыққа ұласады. Оңтүстік және солтүстік бөліктерінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Батысынан Бестам каналы өтеді. Қарамұрында өзімен аттас уран кен орны бар.
## Өсімдігі
Қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, көде, жусан, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Қарапішен – Ақшатау жотасының оңтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. Аягөз өзенінің аңғарында.
## Жер бедері
Абсолюттік біктігі 987 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай шамамен 5 км-ге созылған, енді жері 3-4 км. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстікке қарай көлбеуленіп сай-жыралармен, өзен аңғарларымен тілімденген. Батысында Терісайрық қонысы, шығысында Қарашоқы тауы, оңтүстігінде Ақбастау, Айтуар қыстаулары орналасқан.
## Өсімдігі
Аласа таудың қоңыр топырақ жамылғысында далалық өсімдіктер, өзен аңғарларында қараған, тобылғы, тасжарған, көктерек, тал өседі. Мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
## Сагдеев Роальд Зинтурович
Сагдеев Роальд Зинтурович (26. 12. 1932 Мәскеу) – совет физигі, КСРО ғылым академиясының академигі .
1955 жылы Мәскеу мемлекет университетін бітірген. КСРО ғылым академиясының атом энергиясының институтында. Ядролық физика. институтының Сібір бөлімшесінде, сондай-ақ Жоғары температура физикасы институтында қызмет етті. 1973 жылдан Космостық зерттеулер институтының директоры.
## Еңбектері
Негізгі еңбектері плазма физикасына арналған. Плазманың тербелісі мен орнықсыздығын зерттеп, ондағы соққы толқындарының табиғатын ашты. Токамак қондырғыларындағы тасымалдау процестерінің теориясын дамытты. "Октябрь Революциясы" және "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталды
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Биография на сайте "Яндекс.Словари"(қолжетпейтін сілтеме)
* Данные на сайте Русское Генеалогическое Древо Мұрағатталған 21 мамырдың 2008 жылы.
* Видатні люди Лебединщини - Савченко Марія Харитонівна(қолжетпейтін сілтеме) (укр.)
* Міста-Герої » с. Токарі, Лебединський район. Мұрағатталған 6 қыркүйектің 2017 жылы. (укр.)
## Сагдеев Роальд Зинтурович
Сагдеев Роальд Зинтурович (26. 12. 1932 Мәскеу) – совет физигі, КСРО ғылым академиясының академигі .
1955 жылы Мәскеу мемлекет университетін бітірген. КСРО ғылым академиясының атом энергиясының институтында. Ядролық физика. институтының Сібір бөлімшесінде, сондай-ақ Жоғары температура физикасы институтында қызмет етті. 1973 жылдан Космостық зерттеулер институтының директоры.
## Еңбектері
Негізгі еңбектері плазма физикасына арналған. Плазманың тербелісі мен орнықсыздығын зерттеп, ондағы соққы толқындарының табиғатын ашты. Токамак қондырғыларындағы тасымалдау процестерінің теориясын дамытты. "Октябрь Революциясы" және "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталды
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Биография на сайте "Яндекс.Словари"(қолжетпейтін сілтеме)
* Данные на сайте Русское Генеалогическое Древо Мұрағатталған 21 мамырдың 2008 жылы.
* Видатні люди Лебединщини - Савченко Марія Харитонівна(қолжетпейтін сілтеме) (укр.)
* Міста-Герої » с. Токарі, Лебединський район. Мұрағатталған 6 қыркүйектің 2017 жылы. (укр.) |
Оразалы Омаров 1946 жылы 4 тамызда Түркістан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық ветеринарлық институтын тамамдаған. Біраз жыл мамандығы бойынша жұмыс атқарып, Сайрам ауданы "Қайнарбұлақ" совхозына парторг қызметіне сайланып, 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетіне нұсқаушы қызметінде сол кездегі обкомның бірінші хатшысы А. Асқаровтың қол астында жұмыс атқарған. 1985 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқарма бастығының бірінші лауазымына, 1986-1990 жылдары "Қайнарбұлақ" совхозына директор қызметіне тағайындалды. Сол жылдары совхоздын экономикасы алға өрлеп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, шаруашылық облыс, республика көлемінде елеулі жұмыстармен көзге түсті. Одан кейін Сайрам ауданы партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1993-1998 жылдар арасында Ордабасы ауданының әкімі қызметіне тағайындалып, сол қиын-қыстау жылдары экономикасын көтеруде, әлеуметтік мәселелерді шешуде табындылықпен еңбек етті. Сол жылдары ауданда қазақтың атақты палуаны Қажымұқанның 120 жылға толуы, атақты ғалым Б. Кенжебаевтың 90 жылдық мерекелері ұйымдастырылды. Нұралы ақынның мерей тойы жіне тағы басқа республика көлеміндегі мерекелік шаралар өтті. Сонымен қатар, ауданға КСРО Президенті М.С. Горбачев, Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев, халықтың біртуар азаматы Д.А.Қонаев ат басын бұрып аудан жетістіктерін бағалап қайтты. Сол жылдары жемісті қызметі үшін еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкер атағы берілді. Бірнеше рет аудандық, облыстық Кеңестерге депутат болып сайланып, облыс, аудан мақтау грамоталарымен марапатталды. 1998 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығының орынбасары, облыс Әкімінің кеңесшісі, облыс төтенше жағдайлары, азаматтық қорғаныс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды."Қазақстан Конституциясына - 10 жыл", "Қазақстан Республикасында тың және тыңайған жерлерді игергеніне - 50 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл" мерекелік медальдармен марапатталған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Жемісті еңбегі үшін Сайрам және Ордабасы аудандарының "Құрметті азаматы" атақтары берілген. |
Қарасай – Теріскей Алатауының шығысында, Семенов мұздықтарының бойындағы шың.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 4520 м.
## Жер бедері
Солтүстік және оңтүстік беткейлері құламалы-жартасты болып келеді. Батысы мен шығыс бөлігін мұздықтар алып жатыр. Солтүстік беткейінен Байынқол өзенінің салалары бастау алады. Оңтүстігінде Семенов, Хантәңірі шыңдары орналасқан.
## Дереккөздер |
Нұрмақанов Қалжан Әлібекұлы (24.9.1927, Қызылорда облысы Қазалы қаласы – 3.6. 1963, Алматы) – әдебиет сыншысы, аудармашы.
ММУ-дың филология факультетін бітірген (1951). 1952 – 58 жылдары Жазушылар одағының Орта Азия мен Қазақстан әдебиеті бойынша кеңесшісі, “Дружба народов” журналында, “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясының бас редакторы (1956 – 58), “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының бөлім меңгерушісі болды. Нұрмақановтың орыс-қазақ әдебиеті байланысына, шығыстық үлгідегі туындылар мен аударма мәселелеріне қатысты ғылыми-теория тұжырымдары “Әдеби ойлар” (1960, орыс тілінде), “Дәстүрлі достық” (1962), “Дос лебізі” (1968) атты әдеби-сын мақалалар жинақтарына топтастырылған. Ш.Айтматовтың “Жәмилә”, “Бетпе-бет”, “Алғашқы ұстаз”, “Құс жолы”, сондай-ақ Нұрмақанов Николай Семенович Тихоновтың “Вамбери” повестерін қазақ тіліне аударған. Ш.Айтматовтың повесі негізінде жазылған “Аңсаған менің әнімсің” пьесасы жарық көрген. Қазалы қаласының орталық көшелерінің біріне Нұрмақанов есімі берілген.
## Дереккөздер |
Тоғыз немесе Тоғыз айыбы - қазақ дәстүріндегі сыйлық немесе айып өлшемдерінің бір түрі.
Ел арасындағы дүбірлі жиентойда, түрлі дау шарда бір тоғыздан үш тоғызға дейін тоғыз айыбы берілетін болған. Тоғыз айыбы түйе бестаған 8 жылқы, жақсы ат бастаған сегіз ұсақ мал, құндыз бастаған сегіз сом күміс ақша болып белгіленген. Қыз- жігіттердіңө өзара айтысында да жеңілген жақ жеңгендерге сақина, жүзік, ормамал бастаған тоғыз айыбын берген. Ұзатылған қалындық жастауына да шапан, ішік, көйлек, бешпет, блезік, т.б. бұйымдар тоғыздан берілетін болған. Тоғыз саны ислам дініне байланысты (Алланың тоқсан тоғыз есімі, Алланың адамды тоғыз ай, тоғыз күндк жарық дүниеге келтіруі, т.б.) алынса керек.
Тоғыз беру үйлену салтындағы жоралғы. "Құда болдық" деп тоғыз апарған. Тоғыз айып-анжыға беріледі (құн төлеу, әр түрлі айып төлеу т.б). Тоғыз бас бәйгеге тігіледі (ат жарыс, балуан күрес, сүре айтыс т.б).
Тоғыз берудің шарты бойынша тоғыздың құрамында тоғыз түрлі зат болуы қажет. Осыған байланысты "тоғыз" үш топқа бөлінеді.
* Бас тоғыз: түйе бастаған тоғыз түйе, құлынды бие, қос ат, жамбы, жағалы киім, тұтас құндыз, қылыш т.б.
* Орта тоғыз: бие бастаған тоғыз мал және әртүрлі бұйымдар.
* Аяқ тоғыз: бұзаулы сиыр бастаған тоғыз тайынша, қозылы қой және басқа бұйымдар.
Әр тоғыз өз ішінде екі топқа бөлінеді:
* тірі тоғыз (түйе, бие, бұзаулы сиыр, қозылы қой т.б)
* өлі тоғыз (жамбы, кілем, ішік т.б).
## Дереккөздер |
Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек темір жол станциясы – 1881, сонда) – би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан. Ақын, әншілердің қамқоршысы болған. Ол өзінің сыралғы досы, атақты әнші Дәурен сал Құдабайұлына араша түсіп, бар малын құн өтеміне төлеу арқылы өлім жазасынан аман алып қалғаны ұшін ел ішінде “мырза” атанған. Тайбағардың шешендігі мен әділеттілігін Сүйінбай жоғары бағалаған. Ол Тезек төремен айтысында: “…менің бауырым – Тұрланның жалғыз ұлы, Мықты болсаң жеңіп көр Тайбағарды” деуі Тайбағардың шешен адам болғанын білдіреді. Аягөзде өткен құн дауында Қанай батырды өлім жазасынан алып қалған. |
Ипполит Жан (1907-68) - француз экзистенциалист-философы. Негізгі еңбектері Гегельге арналған. Аристотель философияның орта ғасырлар үшін мағызы қандай болса, қазіргі заман үшін Гегель философиясының да сондай маңызы бар екендігін айта келіп, Ипполит негізгі философиялық бағыттарды Гегель жүйесінің жекелеген тарауларың жалағасы ретінде қарастырады. Ипполиттің көзқарасынша, Гегельдің ілімі - "өмір онтологиясы" - адамзат тіршілігін танып-білудің негізіне айналуға тиіс. Сонымен, ол Гегельді экзистенциялистке айналдырады. Ипполит өзінің тұжырымдамасына сүйене отырып, Марксті гегельшіл етіп көрсетеді, марксизмнен идеализм элементтерін табуға тырысады.
## Дереккөздер |
Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев (25 ақпан 1956 жылы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысындағы Шиелі қыстағында дүниеге келген. Асқар Жұмаділдаевтың арғы атасы Шоң өңірге белгілі адам болған. Шоңның Сырдария өзенінің бойындағы Көтентоғай жерде үлкен үйі болған екен және болыс қызметін атқарған. Күштеп ұжымдастыру кезінде Шоңның ұрпақтары құғын-сүргінге ұшырайды да, барлық мүлкі кәмескеленеді. Асқардың атасы Жұмаділдә бала-шағасын алып, Өзбекстанға қашуға мәжбүр болады. Жұмаділдә және оның жанұясы күн көру үшін түрлі қара жұмыстар жасауға тура келеді. Кейінрек Сталин қайтыс болғаннан кейін Жұмаділдә Қызылорда облысына қайтып келеді. Алайда, Жұмаділдәның Өзбекстанда туған немерелерінің барлығының ғұмыры қысқа болады. Қазақстанға қайтып келгеннен кейін туған алғашқы немересі Асқар Жұмаділдаев екен. Қазақтың дәстүріне сәйкес, Жұмаділдә Асқарды өзінің бауырына басып алады. Асқар Жұмаділдаев 1962 жылы №299 темiржол төртжылдық бастауыш мектебiне, 1966-69 жылдары №45 Октябрьдiң 14 жылдығы атындағы қазақ орта мектебiнде білім алады. Кейінрек 1970-72 жылдары Алматыдағы №56 Сатпаев атындағы физика-математика мектеп-интернатында оқыды. Кейiн физика-математика кластары негiзiнде жаңа мектеп ғимараты салынып, Республикалық физика-математика мектебi болып қайта құрылды. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанды.
### Еңбек жолы
1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Ол – 12-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
### Ғылыми дәрежелері
* 1981 ж. - физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Мәскеу)
* 1988 ж. - физика - математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Ленинград бөлімі). Тақырыбы: Оң характеристикалы Ли алгебраларының когомологиялары және оның қолданылулары. Ғылыми жетекшісі: Алексей Кострикин
* 1990 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
* 1995 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
* 2 004 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
### Шетелден алған шақыртулары
* 1988 – Гамбург университеті (2 ай)
* 1995-1996 – Мюнхен университеті (18 ай)
* 1997, 1998, 1999 – Бильфельд университеті (4 ай)
* 1997 – Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай)
* 1998, 2001, 2002, 2003 – Теориялық физиканың халықаралық орталығы, Триест, Италия, (9 ай)
* 1998, 1999 – Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай)
* 1999 – Киото университеті, Жапония (1 ай)
* 2000-2001, 2002, 2003 – Стокгольм университеті, Швеция (6 ай)
* 2000 – Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай)
* 2001 – Филдс институты, Торонто, Канада (1 ай)
* 2001, 2002, 2003, 2005 – Жоғарғы ғылыми зерттеулер институты, Бюр-сюр-Иветт, Франция (5 ай)
* 2002 – Эрвин Шрёдингер атындағы Математикалық физика халықаралық институы, Вена, Австрия, (1 ай)
* 2005 – Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн, Германия (3 ай)
## Марапаттары мен гранттары
Асқар Серқұлұлының ғылыми қызығушылықтары әралуан: Ли алгебраларының теориясы, ассоциативті емес алгебралар теориясы және комбинаторика. Жүз жылдан астам бұрын Софус Ли екі векторлық өрістің композициясы міндетті түрде векторлық өріс болмайтынын, бірақ олардың коммутаторы векторлық өріс болатынын байқады. Бұл қағидат Ли алгебралары мен Ли топтары теориясының негізін құрайды. Асқар Жұмаділдаев Ли құрылымы көпөлшемді жағдайға да жалпыланатынын байқады. Егер n-өлшемді көпбейнедегі векторлық өрістердің саны n+1 саны квадратынан үшке ауытқитын болса, онда ((n+1)^2-3)- векторлық өрістің кососимметриялық қосындысы қайтадан векторлық өріс болады. Софус Лиден кейін 150 жыл өткен соң ашылған осы тамаша жаңалық, Ли алгебраларының көпөлшемді нұсқалары геометрия мен физикада мүмкін екенін және олардың болашақта ашылар жаңалықтардың қайнар көзі болатынын көрсетеді.
Автор жетістігі тақырыбына немес проблемасына қатысты әлемде немесе қазақстандық 3-тен кем емес авторларды тізіңіз және олардың байланыстығын ашып жазыңыз; (яғни кімдер айналысқан, қалай айналысқан, қандай еңбектері бар)Джекобсон кез келген Ли модулярлы алгебрасының жіктелмейтін модулі бар екенін дәлелдеген. Селигман кез келген модулярлы ақырлы өлшемді Ли алгебрасының ноль емес, когомологиялы модулі бар екені туралы гипотеза жасайды. Асқар Жұмаділдаев Селигманның гипотезасының дұрыстығын дәлелдейді. Оның нәтижелері сонымен бірге, Ли модулярлы алгебраларының когомологиясы анағұрлым күрделірек құрылғанын және зерттеуге қиынырақ екенін танытты.
## Қызықты деректер
* Қазақстан тәуелсiздiгi деклорациясын, Қазақстан тәуелсiздiгi туралы заңды, Қазақстанның тұңғыш конституциясын, тұнғыш мемлекеттiк рәмiздерді қабылдаған депутаттардың бірі
* "Болашақ" бағдарламасы туралы Президентке ұсыныс айтқан
* Қазақстан конституциясында Қазақстан президентi қазақ тiлiн жетiк меңгеру керек деген ұсынысты алғашқы рет енгізген
* Тұңғыш Қазақстан Президентiнiң жалақысын есептеген
## Selected Publications
* Dzhumadildaev A.S., Yeliussizov D. Walks, partitions, and normal ordering // Electronic J. Combin., 22(4)(2015), \#P4.10, 23 pages.
* Dzhumadildaev A.S., Yeliussizov D. Path decompositions of digraphs and their applications to Weyl algebra // Advances in Applied Mathematics. – 2015. – V. 67. – P. 36-54.
* Dzhumadildaev A. S., Ismailov N. A. S-n- and GL(n)-module structures on free Novikov algebras // Journal of Algebra. – 2014. – V. 416. – P. 287-313.
* Dzhumadildaev A.S. 2p-Commutator on differential operators of order p // Letters in Mathematical Physics. – 2014. – V. 104, No.7. – P. 849-869.
* Dzhumadildaev A.S., Omirov B.A., Rozikov U.A. On a class of evolution algebras of "chicken" population // International Journal of Mathematics. – 2014. – V. 25, No.8. – P. 849-869.
* Dzhumadildaev A.S., Yeliussizov D. Stirling permutations on multisets // European Journal of Combinatorics. – 2014. – V. 36. – P. 377-392.
* Dzhumadildaev A.S. The Dynkin theorem for multi linear Lie elements // Journal of Lie Theory. – 2013. – V. 23, No.3. – P. 795-801.
* Dzhumadildaev A.S. , D. Yeliussizov Power sums of binomial coefficients // J. Integer Seq.V. 16-2013, art. 13.1.4
* Dzhumadildaev A.S., Zusmanovich P. The alternative operad is not Koszul // Experimental Mathematics. – 2011. – V. 20, No.2. – P. 138-144.
* Dzhumadildaev A. S. Worpitzky identity for multipermutations // Mathematical Notes – 2011. – V. 90, No.3. – P. 448-450.
* Dzhumadildaev A.S. Lie expression for multi-parameter Klyachko idempotent // Journal of Algebraic Combinatorics. – 2011. – V. 33, No.4. – P. 531-542.
* Dzhumadildaev A.S. Codimension growth and non-Koszulity of Novikov operad // Communications in Algebra. – 2011. – V. 39, No.8. – P. 2943-2952.
* Dzhumadildaev A.S. Jordan elements and left-center of a free Leibniz algebra // Electronic Research Announcements in Mathematical Sciences. – 2011. – V. 18, – P. 31-49.
* Dzhumadildaev, N. Ismailov, K. Tulenbaev Free bicommutative algebras(қолжетпейтін сілтеме) // Serdica Math, V. 37-2011- pp. 25–44.
* Dzhumadildaev A.S., Zusmanovich P. Commutative 2-cocycles on Lie algebras // Journal Of Algebra. – 2010. – V. 324, No.4. – P. 732-748.
* Dzhumadildaev A.S. On the Hesse-Muir formula for the determinant of the matrix A (n-1) B (2) // Mathematical Notes. – 2010. – V. 87, No.3. – P. 428-429.
* Dzhumadildaev A.S. MacMahon's theorem for a set of permutuations with given descent indices and right-maximal records // Electronic Journal of Combinatorics. – 2010. – V. 17, No.1. – R34.
* Dzhumadildaev A.S. Anti-commutative algebras with skew-symmetric identities // Journal of Algebra and its Applications. – 2009. – V. 8, No.2. – P. 157-180.
* Dzhumadildaev A.S. 10-commutators, 13-commutators and odd derivations // Journal of Nonlinear Mathematical Physics. – 2008. – V. 15, No.1. – P. 87-103.
* Dzhumadildaev A.S. q-Leibniz algebras // Serdica Math. J., V.34 - 2008, 415-440.
* Dzhumadildaev A.S. Algebras with skew-symmetric identity of degree 3 // J.Math. Sci, V.161-2009- No.1, p. 11-30
* Dzhumadildaev A.S., K.M. Tulenbaev Exceptional 0-Alia Algebras // J. Math. Sci., V.161-2009- No.1, p. 37-40.
* Dzhumadildaev A.S. The n-Lie property of the Jacobian as a condition for complete integrability // Siberian Mathematical Journal. – 2006. – V. 47, No.4. – P. 643-652.
* Dzhumadildaev A.S., Tulenbaev K.M. Engel theorem for Novikov algebras // Communications in Algebra. – 2006. – V. 34, No.3. – P. 883-888.
* Dzhumadildaev A.S. n-Lie structures that are generated by Wronskians // Siberian Mathematical Journal. – 2005. – V. 46, No.4. – P. 601-612.
* Dzhumadildaev A.S. Zinbiel algebras under q-commutator // Fundamental and Applied Math. V.11-2005- No.3, 57-78.
* Dzhumadildaev A.S., Tulenbaev K.M. Nilpotency of Zinbiel algebras // Journal of Dynamical and Control Systems. – 2005. – V. 11, No.2. – P. 195-213.
* Dzhumadildaev A.S. Hadamard invertible matrices, n-scalar products, and determinants // Mathematical Notes. – 2005. – V. 77, No.3. – P. 440-443.
* Dzhumadildaev A.S. Special identity for Novikov-Jordan algebras // Communications in Algebra. – 2005. – V. 33, No.5. – P. 1279-1287.
* n-Lie Structures That Are Generated by Wronskians //Sibirskii Matematicheskii Zhurnal, V.46-2005, No. 4, pp. 759–773, 2005 =engl. transl. Siberian Mathematical Journal, {\bf 46}(2005), No.4, pp. 601 – 612= Preprint available math.RA/0202043
* Dzhumadildaev A.S. Representations of vector product n-Lie algebras // Communications In Algebra. – 2004. – V. 32, No.9. – P. 3315-3326.
* Dzhumadildaev A.S. N-commutators // Commentarii Mathematici Helvetici. – 2004. – V. 79, No.3. – P. 516-553.
* Dzhumadildaev A.S., K.M. Tulenbaev Filiform Leibniz dual algebras // International Conference Humboldt-Kolleg II, october 24-16, 2004, p. 62-63.
* Dzhumadildaev A.S. Novikov-Jordan algebras // Communications In Algebra. – 2002. – V. 30, No. 11. – P. 5207-5240.
* Dzhumadildaev A.S. Identities and derivations for Jacobian algebras//“Quantization, Poisson brackets and beyond",Contemp. Math. v.315, 245-278, 2002. Preprint available math.RA/0202040
* Dzhumadildaev A.S., C. Lofwall Trees, free right-symmetric algebras, free Novikov algebras and identities // Homology, Homotopy and Applications, V. 4-2002, No.2(1), 165-190.
* Dzhumadildaev A.S. Jacobson formula for right-symmetric algebras in characteristic p // Communications In Algebra. – 2001. – V. 29, No.9. – P. 3759-3771.
* Dzhumadildaev A.S., Abdykassymova S.A. Leibniz algebras in characteristic p // Comptes Rendus de L Academie des Sciences Serie I-Mathematique. – 2001. – V. 332, No. 12. – P. 1047-1052.
* Dzhumadildaev A.S., Davydov A.A. Factor-complex for Leibniz cohomology // Communications In Algebra. – 2001. – V. 29, No. 9. – P. 4197-4210.
* Dzhumadildaev A.S. Minimal identities for right-symmetric algebras // Journal of Algebra. – 2000. – V. 225, No.1. – P. 201-230.
* Dzhumadildaev A.S., A.I. Kostrikin Modular Lie algebras: new trends // Algebra (Proc. Kurosh Conf. may, 1998), Walter de Gruyter, p. 181-203, 2000.
* Dzhumadildaev A.S. Cohomologies of colour Leibniz algebras: pre-simplicial approach // Lie Theory and its Applications III, (Clausthal, 11-14 july 1999), World Sci., 124-136, 2000.
* Dzhumadildaev A.S. Cohomologies and deformations of right-symmetric Algebras // J.Math. Sci, V. 93-1999, No. 6, 1836-1876. Preprint available math.DG/9807065.
* Dzhumadildaev A.S. Symmetric (co)homologies of Lie algebras // Comptes Rendus de l'Académie des Sciences - Series I - Mathematique. – 1997. – V. 324, No. 5. – P. 497-502.
* Dzhumadildaev A.S. Cosmologies and deformations of semiprime sum of Lie algebras // Doklady Akademii Nauk. – 1997. – V. 355, No. 5. – P. 586-588.
* Dzhumadildaev A.S. Virasoro Type Lie algebras and deformations // Zeitschrift für Physik C-Particles and Fields.¬ – 1996. – V. 72, No. 3. – P. 509-517.
* Dzhumadildaev A.S. Odd central extensions of Lie superalgebras // Functional Analysis and its Applications. – 1995. – V.29, No.3. – P.202–204.
* Dzhumadildaev A.S. Differentiations and central extensions of Lie algebra of formal pseudo-differential operators // Algebra i Analis, {\bf 6}(1994), No.1, p. 140-158=engl.transl. St.Petersbourg Math.J. {\bf 6}(1995), No.1, p. 121-136.
* Dzhumadildaev A.S. Central extensions of infinite-dimensional Lie-algebras // Functional Analysis and its Applications. – 1992. – V. 26, No.4. – P.247–253.
* Dzhumadildaev A.S. Cohomology of truncated coinduced representations of Lie-algebras of positive characteristic // Mathematics of the USSR-Sbornik. – 1990. – V. 66, No.2. – P.461–473.
* Dzhumadildaev A.S. Integral and mod p-cohomologies of the lie-algebra W1 // Functional Analysis and its Applications. – 1988. – V. 22, No.3. – P. 226–228.
* Dzhumadildaev A.S. On a Levi theorem for lie-algebras of characteristic-p // Russian Mathematical Surveys. – 1986. – V. 41, No.5. – P. 139–140.
* Dzhumadildaev A.S. 2-cohomologies of nilpotent subalgebra of Zassenhaus algebra // Izvestiya vysshikh uchebnykh zavedenii Matematika. – 1986. – No.2. – P. 59– 61.
* Dzhumadildaev A.S. Central extensions of Zassenhaus algebra and their irreducible representations // Math.USSR Sb., V. 54-1986, p.;457-474.
* Dzhumadildaev A.S. Generalized casimir elements // Mathematics of the USSR-Izvestiya. – 1986. – V. 49, No.5. – P. 391–400.
* Dzhumadildaev A.S. Central extensions of the zassenhaus algebra and their irreducible representations // Mathematics of the USSR-Sbornik. – 1985. – V.126, No.3. – P. 457–474.
* Dzhumadildaev A.S. Simple Lie-algebras with a subalgebra of codimension one // Russian Mathematical Surveys. – 1985. –V. 40, No.1. – P. 215– 216.
* Dzhumadildaev A.S. On the cohomology of modular Lie-algebras // Mathematics of the USSR-Sbornik. – 1982. – V. 119, No. 1. – P. 127–143.
## Дереккөздер |
Бокстан абсолютті әлем чемпиондар тізімі (ағылш. List of undisputed boxing champions) — абсолютті әлем чемпионы болып барлық тиісті ұйымдардың бокс нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие боксшы атанады.
## Тарихы
1960 жылдардың ортасына дейін барлық дерлік әлем чемпиондары «абсолютті» болды. Бұл термин күнделікті мүлде пайдаланылмағанымен, оның алғашқы айтылуы 1970 жылы бастау алады. Екі ірі бокс ұйымдары - Бүкіләлемдік бокс кеңесі және Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы - «Абсолютті» чемпион атағын мойындады. Тиісінше, 1960 жылдан бастап осы атаудағы чемпиондар, әлемнің бірыңғай чемпиондары, қалыптаса бастады. Екі ұйым өз рейтингтері мен боксшыларын біріздендіріп, ұйымдасқан чемпионаттар өткізе бастады. Халықаралық бокс федерациясы, 1984 жылы ірі бокс ұйымдарының тізіміне кірді, ендігіде «Абсолют» әлем чемпионы болу үшін осы ұйым нұсқасы бойынша да жеңіс атағын алуға мәжбүр болды. Соңғы уақытта негізгі бірыңғай ұйым ретінде Бүкіләлемдік бокс ұйымы танылды, бұл 2007 жылы орын алды. «Абсолют» болуға чемпион иесі қандай болуы тиіс деген сұраққа көптеген даулар бар, көптеген адамдар чемпион атану үшін IBF және WBA, бұл WBC нұсқалары бойынша чемпион атануы тиіс деп есептейді ,басқалары чемпион барлық төрт негізгі нұсқаларды бағындыруы тиіс деп есептейді .
## Негізгі бокс ұйымдары
* Нью-Йорк штатытың Атлеткалық комиссиясы (ағылш. New York State Athletic Commission) - 1920 жылы құрылған. 1970-ші жылдарға дейін бұл ұйым чемпионат ұйымдастырған, кейін бұл ұйым WBC құрамына өтті.
* Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) (бұрынғы NBA), 1921 жылы құрылған.
* Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), 1963 жылы құрылған.
* Халықаралық бокс федерациясы (IBF), 1983 жылы құрылған .
* Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO), 1988 жылы құрылған.
## Критерилері
* 1920—1963, NYSAC және NBA (WBA) нұсқалары атағына ие боксшы.
* 1963—1983, WBA және WBC нұсқалары атағына ие боксшы.
* 1983—2007, WBA, WBC және IBF нұсқалары атағына ие боксшы.
* с 2007 ж., WBA, WBC, IBF және WBO нұсқаларының атағына ие боксшы.
## Чемпиондар тізімі
### Ауыр салмақта (90.892 кг астам)
### Бірінші ауыр салмақта (90.892 кг-ға дейін)
### Жартылай ауыр салмақта (79,378 кг дейін)
### Орташа салмақ дәрежесінде (72,574 кг дейін)
### Бірінші орташа салмақ дәрежесінде (69,85 кг дейін)
### Жартылай орташа салмақ дәрежесінде (66,678 кг дейін)
### Бірінші жартылай орташа салмақ дәрежесінде (63,503 кг дейін)
### Жеңіл салмақ дәрежесінде (61,235 кг дейін)
### Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде (до 58,967 кг)
### Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде (57,153 кг дейін)
### Ең жеңіл салмақ дәрежесінде (53,525 кг дейін)
### Екінші супер жеңіл салмақ дәрежесінде (52,163 кг дейін)
### Супер жеңіл салмақ дәрежесінде (50,802 кг дейін)
## Дереккөздер |
Мәңгүрттік(психология) - өмір барысындағы әртүрлі жағдайларға байланысты ана тілін білмей өсіп, өз ана тілін құрметтеудің көрінісі. Әрбір тұлғаның ана тіліндегі құндылықтарға терең ой сол тілді дамытуы адамдық қаситеттеріның негізі болып табылады. Әрбір этностың генетикалық ерекшіліктері оның ана тілімен тікелей байланысты. Өз тілінде сөйлей алмаған адам ұлттық бейнесін жойып алады. Елін, туған халқын, ата жұртының тарихын білмеу, оныңт рухани мұрасынан бейхабар, шыққан тегінен де мақұрым болу, тіпті белгісі де келмеушіліктің, яғни мангүрттіктің бірнеше түрі болады. Патологиялық сырқатқа ұшыраған адамдар да осыған ұқсас күйге түседі. |
Қурай сыбызғы (башқ. ҡурай, тат. Курай, quray) - үрмелі музыка аспабы. Қазақтар құрай сыбзғы, татарлар мен башқұрттар "Құрай" деп атайды. Биік өсетін, ортасы қуыс қурайдан жасалады. Қурай түтіктің жарық жерінен жел шықпауы үшін сырты қойдың аш ішегімен қапталады. Ел ішінде үш ойықты, төрт ойықты түрлері кездеседі. Диапазоны 2,5 октава, диотоник. дыбыс қатарынан тұрады. Оның дыбыс қатары си-бемоль, негізгі дыбыс ырғағы таза әрі күшті шығады. Оны ойнау күрделі болғандықтан, қурай сыбызғыны меңгерген сыбызғышылар сирек кездеседі. Бұл аспапта белгілі музыкант Б. Уалиев, өнертанушы Б. Сарыбаев ойнаған.
## Дереккөздер |
Құдайкөл – Ертіс алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Құдайкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 94 м биіктікте, ауданы 10,8 км2, ұзындығы 4,2 км, енді жері 3,4 км, жағалауының ұзындығы 14,6 км. Көл жағалауы жазық, оңтүстік батысы батпақты сор. Көлге шығысынан шағын өзен құяды. Суы көктемде ғана мал суғаруға жарайды. Төңірегі – шабындық.
## Дереккөздер |
Спандияр Көбеев (1878 13 қазан, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
Арғын тайпасының Саржетім руынан шыққан.
1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады.
1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» (1912 жылы) кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.
С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.
Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
1951 жылы өмірбаяндық сипаттағы «Армандар орындалады» естеліктері жарық көрді. Кітап кеңестік қазақ мектебінің күнделікті өміріне, революцияға дейінгі ауыл өміріне және Кеңес өкіметі жылдарындағы қазақ даласындағы түбегейлі өзгерістерге арналған.
1956 жылы 2 желтоқсанда туған ауылында қайтыс болды.
## Сыртқы сілтемелер
* Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев шығармалары
## Шығармалары
* Екі соқа: Әңгімелер мен мысалдар.
* Қалың мал: Роман.
* Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар.
* Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.
## Дереккөздер |
Цивчинский Николай Владимирович (13.12.1905, Санкт-Петербург қ. — 24.2. 1985, Алматы) — суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1947). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Оның ақынға арналған «Абай» атты суретті кілемінің (1956, ширатпа жіп, жүн, тоқыма, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі меншігінде) бояуы қанық. Бұл гобеленге ақын шығармаларындағы насихат, өсиет тақырыбы арқау болған.
* 1927 ж. Межгорье қаласындағы Украин технология, керамика және шыны институтын бітірген.
* 1937 жылдан Алматы қаласында тұрып, осындағы кілем-гобелен шеберханасында (1937 — 41, 1945 — 65) суретші болды. Цивчинский — “Көктем”, “Абай” (1956) атты алғашқы қазақстандық кілем гобелендерінің авторы.
Монументті-сәндік өнер саласында Цивчинский кезінде
* Өскемен қаласындағы металлургтер (1957),
* Балқаш қаласындағы құрылысшылардың Мәдениет сарайын (1959),
* Алматы қаласындағы “Шолпан” (1961) кафесін безендірді.
Ол өзінің таңдаулы шығармаларын суретші М.Кенбаевпен бірге жасады:
* Алматы қаласының “Алматы” мейрамханасындағы “Көкпар”,
* “Қобыланды” (1963),
“Алматы” мейманханасының алғы бетіндегі “Еңлік — Кебек” (1965),
* “Айнабұлақ” кафесіндегі (1966) мозаикалар,
* “Қазақстан” дүкеніне арналған “Қазақ халқының кәсіптері”сграффитосы (1972),
* Модельдер үйіндегі “Қазақ халқының ұлттық киімі” қабырға өрнегі мен “Қалыңдықты киіндіру” витражы (1969),
* Неке сарайындағы (1971),
* Тараз қаласының “Восток” мейрамханасындағы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” қабырға өрнегі, т.б.
## Дереккөздер |
Османов Тұрғыт Сәдуақасұлы(1927 – 1982) – дирижер. Қазақстанның халық артисі (1978).
Мәскеу консерваториясын бітірген (1957). Сол жылдан Қазақ академикалық опера және балет театрының дирижері, 1974 жылдан бас дирижері болды.
А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" (1958), М.Төлебаевтың "Біржан - Сара" мен "Амангелді" (Е.Г. Брусиловскиймен бірге), Брусиловскийдің "Қыз Жібек" (1959) пен "Жалбыр" (1960),Е.Рахмадиевтің "Қамарсұлу"(1965), Ғ.Жұбанованың "Еңлік - Кебек" (1975), А.П. Бородиннің "Князь Игорь" (1974), Дж. Вердидің "Аида" (1964) мен "Дон Карлосы" (1974), Ж.Бизенің "Кармен" 1964), т.б. операларына; В.В. Великановтың "Қамбар - Назым" (1959), А.И. Хачатурянның "Спартак" (1974) балеттеріне дирижерлік етті. Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен Мәскеу (1958), Ташкент (1962), Қазан (1967), Бішкек (1972), т.б. қалаларда өнер көрсетті.
1957 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) педагогикалық қызметпен (1960 жылдан доцент) шұғылданды.
## Дереккөздер |
Мәриямгүл Төлегенова (24.7.1952, Алматы – 24.07.2006, Алматы) – әнші (лирикалы-колоратуралық сопрано), ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (2005).
1979 жылы қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрының труппасына қабылданып, осы театрда қойылған опералық спектакльдерде Ольга (А.С. Даргомыжский, “Су перісі”), Марфа (Н.А. Римский-Корсаков, “Патша қалыңдығы”), Прилепа (П.И. Чайковский, “Қарғаның мәткесі”), Виолетта, Джильда, Оскар, Тибо (Дж. Верди, “Травиата”, “Риголетто”, “Бал-маскарад”, “Дон Карлос”), Белинда (Г.Перселл, “Дидона мен Эней”), Адель, Розалинда (И.Штраус, “Жарқанат”), Олимпия (Ж.Оффенбах, “Гофман ертегілері”), Микаэла (Ж.Бизе, “Кармен”), Дана (Е.Г. Брусиловский, “Ер Тарғын”), Гүлбаршын (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), т.б. партияларды орындады. Қазақстан мен Ресейдің жетекші оркестрлерімен гастрольдік сапармен көптеген елді мекендерде өнер көрсетті. Қазақстанда өткен Австрия мәдени күндері кезінде Вена симфония оркестрінің квартетімен В.А. Моцарт шығармалары бойынша орындалған концерттерге, сондай-ақ бірқатар қайырымдылық концерттерге, Мәскеу мэрінің шақыруымен “Ғасырлар тоғысындағы орыс романсы” фестиваліне тұрақты түрде қатысқан.
Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен де айналысты. Б.Төлегенова атындағы Халықаралық әншілер байқауының үйлестіруші-директоры болды.
## Дереккөздер |
Қатыршат Шапағатұлы Шүленбаев (5.3.1937, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 21.6.1998, Алматы) – философ ғалым, философия ғылымдарының докторы (1986), профессор (1987). Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1959). 1972 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында философия кафедрасының меңгерушісі болды. 1970 – 1980 ж. ғылыми жұмысының негізгі бағыты – ғылыми атеизм және тарихи материализм мәселелері. 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстандағы дінтану мектебінің қалыптасып, дамуына елеулі еңбек сіңірді.
## Дереккөздер |
Құдалық – ұл әкесінің қыз әкесімен құда болуы; ұл әкесінің баласына қыз айттырып келін түсіруі, ал қыз әкесінің қыз ұзатып, күйеуге беру салты.
## Құдалық құрылымы
Құдалық – этномәдени кеңістіктегі құрылымы күрделі институт. Құдалықтың құрылымы бірінен соң бірі болып жататын бірнеше ғұрыптардан, ғұрыптар әртүрлі атқарылатын жол-жоралғылардан тұрады, ал жол-жоралғыларда берілетін әрқилы кәделер болады. Құдалықта атқарылатын ғұрыптар мен жол-жоралғылар, берілетін кәде-сыйларды құдаласушы екі жақтың, қыз бен жігіттің араларындағы материалдық, құқықтық, этикалық қарым-қатынасты реттеуде айрықша қызмет атқарған.Әдетте, ұл өсіріп отырған әке қазақы дәстүрде баланың ішіп-жемі мен киім-кешегінен басқа төрт парызын өтеуге тырысады. Біріншісі, баланы сүндетке отырғызып, сүндет атын беру; екінші, сауатын аштыру; үшінші, қалыңмалын беріп үйлендіру; төртіншісі үй тігіп, еншісін беріп бөлек шығару.Әз Тәуке заманында белгіленген заң бойынша әке баласын 15-тен, ал қызын 16 жастан асқанда некелестіре алады екен. Алайда, ата-ана құдалық қамын бұдан да ертерек ойластыра бастаған.
## Құдалықтың мақсаты
Құдалықтың байырғы қазақ салт-дәстүрінде мұраты біреу ғана болған: ұлды үйлендіріп, келін түсіру; қызды күйеуге беріп, құтты орнына қондыру. Алайда құдалықтың мұраты біреу ғана болғанымен мақсаты әртүрлі: қызының материалдық мұқтаждықта болмауы; қалыңмалды көбірек алу (өйткені екінші, үшінші, төртінші ұлын үйлендірудің қамын ойлайды); байырғыдан келе жатқан достамырлықты ендігі жерде құдатамыр болу арқылы жалғастыру; ежелден келе жатқан құдаластықты су сүзілмейді, сүйек үзілмейді деген қағида бойынша үзбей жалғастырып, сарысүйек құда болу; құдалықты жаңғыртып отыру; сүйек жаңғырту, яғни әйелі қайтыс болған күйеудің балдыз алуы құдалығы; немере сүйіп (жас иіс көріп) қызық көру т.б. ықпалды румен тұрғалас құдалықта болып, туыстық қатынас орнату.Бұл жерде ру, тайпа деңгейіндегі аса дәулетті, ықпалды адамдардың әр басқа ру, тайпалардағы өзі тұрғылас адамдармен құда болу салты құр мақтан, атағын аспандату емес. Мұндай тұрғалас құдалықтың мақсатындағы саяси-әлеуметтік сипатты көрнекті педагог-ағартушы Ы. Алтынсарин былайша тереңінен таратып ашқан: «Даңқты қазақтар әрқашан өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзіндей даңқты адамдардың қызын айттыруға тырысады, қазір де солай. Қазақ арасындағы аңызға қарағанда, қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді. Қазақ қарттары мұндай тәртіпте алысты болжағандық бар екенін, өйткені, қазақ арасы тыныш болмаған кездерде оның халыққа пайда келтіргенін айтады. Шынында да, қазақтарға кейбір билердің ықпалының өте күштілігіне қарағанда, жауласып отырған рулардың өзара татуласуына себеп болды деуге болады. Қазақ арасында қазір берік орын теуіп отырған әдет, атап айтқанда, өзінің сегіз атадан жақын туысқандарының қызына үйленбеу әдеті, мүмкін, осы себептен болар».
## Орындалатын ғұрыптар
Құдалық, құдаласу, құда түсу бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар, яғни құдаласу, құда түсу бірнеше актіден тұратын күрделі үрдіс болса, құдалық – солардың бір тиянаққа келгендегісі.Құдалықты бастау, әдетте, күйеу жігіт жақ тарапынан болады. Әр жақтың өзді-өзіне тән орындауға тиіс ғұрыптары, онда атқарылатын жол-жоралғылары, жол-жоралғыларда берілетін кәде-сыйлар болады. Олар: күйеу жігіт әкесі тарапынан орындалатын ғұрыптар – қыз айттыру, құда түсу, қалың беру, ұрын бару, қалыңдық ойнау, өлтірісін беру, құда шақыру (есік-төр көрсету тойы), келін түсіру тойы. Осы ғұрыптарда берілетін кәделер үш түрлі болады: 1) мінгізері – мінт; 2) кигізері – киіт; 3) ұстатары – сыйт.Ал, қыз әкесі тарапынан орындалатын ғұрыптарға – құдатүсер тойын өткізу, қыз жасауын беру, күйеу жігіт пен қалыңдықтың некесін қидыру, қыз ұзату тойын өткізу. Құдатүсер тойында құда қарсы алу, құда күту, құда аттандыру жоралғылары жасалады, ал кәделерге – киіт кигізу, мінт мінгізу, сыйт беру т.б. жатады.
## Қалың (қалыңмал) беру ғұрпы
Құдалық салтында қалың беру едәуір уақытқа созылатын үрдіс. Жігіт әкесі берілетін қалыңды келісілген мөлшер бойынша үштен бірін, жартысын, болмаса төрттен бірін белгіленген уақыт бойынша беріп отырады.Дәулеті, тұрмысы жоғары адамдар да қалыңды бірден қыз әкесінің алдына салып айдатпайды. Құда түсуден кейін, шамамен бір-екі жыл өткен соң, күйеу жігіт қалыңмалдың ілу деп аталатын бөлігін алып келеді. Қыз әкесі әкелген ілуді жарамды деп тапса, күйеу жігіттің ауылдан бір шақырымдай жерге шатыр немесе үй тігіп, ұрын келіп жатуына рұқсат береді. Күйеу жігіттің қалыңдығымен кездесуге алғаш келуін ұрын келу дейді.Қалың беру тұрмыс күйі құбатөбел шаруалар үшін оңай бола бермейді. Бұндай материалдық қиындықтан шығу үшін кейбір адамдар ұлына 9-10 жастан бастап қыз айттырады. Жыл сайын қалыңның белгілі бір бөлігін қыз әкесіне беріп тұрады. Құдалық салт бойынша белгіленген қалың 12 жылға дейін яғни бір мүшел өткенше қыз әкесіне беріліп бітуге тиіс. Одан әрі уақытты созуға болмайды, өйткені қыз бойжетіп кетеді. Бойжеткен қызды күйеуге ұзатпай, ұстап отыру қыз балаға обал дей келіп, «қысырақ баққаннан да, қыз баққан қиын» (мәтел) дейді. Ал он екі жылдың ішінде қалыңын беріп біте алмаса, құдалықты үзбеу жағын қарастырып, қыз әкесі кіші қызын беруге келіседі.Қалың беру ғұрпында ақ батамен бекітілген уағдаластықтың негізі қалың берумен байланысты. Қалыңның келісілген бір бөлігін бергеннен кейін ғана күйеу жігіт қыздың ауылына ұрын келе алады, ұрын шайдан соң қалыңдық ойнау жоралғысын жасап, келіп-кетіп қалыңдық ойнау жоралғысында қыз жеңгелеріне кәде сый беріп тұрады. Тиісті қалыңын беріп болған соң ғана ұзату тойы жасалып, қалыңдық күйеу жұртына ұзатылады. Сонымен, бұдан қалың беру ғұрпының құдалық салтында айрықша мәні болғаны байқалады.
## Құда түсу ғұрпы
Құдалық салтындағы құдаласу, құда түсу ғұрпы алдымен қыз көру жоралғысынан басталады. Көңілдеріне жаққан соң, жігіттің әкесі қыздың ата-анасына туыстығы бейтарап, жөн білетін адамды жаушы етіп жібереді.Қыз жақтың қарсы емесін, сұралатын қалыңмал мөлшерін шамалаған соң, жігіт жақ қыз айттыруға өз туыстарын жібереді. Қыз айттырушылар ақшалай немесе мал түрінде сырға салар кәдесін береді және құда түсуге қай шамада келетінін келісіп келеді. Бұдан кейін құда (жігіт әкесі) ауылдың беделді адамдары мен ақсақалдары, бетке ұстарларымен ақылдасып, кесімді үлкен кәделердің, яғни ілу, сүт ақы, той малы қандай көлемде болатынын, есік көруге кімдер баратынын шешеді.Құдалыққа баратын адамдардың құрамы:
* үлкен шаңырақтан;
* құда-жегжаттан;
* елдің беделді адамынан;
* сөзге шешен, әдет-ғұрып, жөн-жосықты жақсы білетін адамнан құралады.
* сондай-ақ, айтыс ақыны, палуан, күлдіргі, атақты мешкей апаруы мүмкін. Мешкей апаратыны құдаларға тартылатын қайқайма құдатабақ, сол қайқайған түрінде қайтпай, сыпырып-сиырылған түрде қайтарылуы тиіс.
Құдашылардың барлығы бір құдаға бағынып, оның айтқандарынан шықпайды. Құдалықта жанжал, төбелес шығып кетпеуге тиіс, онда құдалықтың шырқы бұзылады.Осыдан соң жігіт әкесі алдын-ала келісілген уақыт бойынша 10-15 адамнан құрылған туыстарын құда түсуге аттандырады немесе оларды өзі бастап барады. Екі жақ алдын-ала келісілген, уағдаласқан қалыңмалдың мөлшерін нақтылап, қай бөлігін қай кезде беруді, сондай-ақ, той малы, сүтақы, ата күші тәрізді кесімді кәделердің мөлшерін келісіп баталасады. Ақ бата құдалықтың қасиетті мөрі іспетті болып, құқықтық күшіне енеді. Құда-жекжаттығымыз мықты, мыңжылдық болсын деп, құдалықтың қарғы бауы кәдесіне күйеу жігіт әкесі жылқы атайды. Қыз әкесінің, жігіт әкесінің аттары аталып құдаласқаны, олардың ұлы мен қызының атастырылғаны жиналған жұртқа жария етіледі де құйрық-бауыр жеу жоралғысы жасалады. Осыдан бастап оң жақтағы қыз ақ баталы қалыңдық аталып, қыз ауылында құдатүсер тойы өткізіледі.
## Құдатүсер тойы
Құдатүсер тойы құдалықтағы аса маңызды ғұрыптың бірі саналады. Байырғы қазақ тұрмысында құдаластық салтындағы атқарылатын жол-жоралғылар құдаларды қарсы алу; құдаларды күту; құдаларды аттандыру деп аталады. Бұлар өз ретімен атқарылатын аса жауапты актілердің бірі болған. Құдатүсер тойын өткізерде құдаларды қарсы алу, күту, аттандыру бір ғана шаңырақтың емес, әулеттің, арғы ата, ағайын-туыстың бәріне де сын деуге болады. Бұл жоралғыға қатысты берілетін әр алуан кәделер болады. Бұларды этнос санасындағы фрейм-сценарий форматы бойынша төмендегіше сипаттауға болады.
### Құдаларды қарсы алу жоралғысы
Қызды ауыл құдашылардың құдалыққа келе жатқанын білісімен-ақ ауылдан оқшаулау жерге құда күтетін арнайы үй тігеді. Үйдің ішіне үш салар текемет, сырмақ, кілем жайылып, көрпе төселіп, жастық тасталады. Оқшаулау жерге ат байлайтын керме орнатылады. Қарсы алушы топ құдаларды аттарынан түсіріп, аттарын байлайды. Бұл ізеті үшін атбайлар кәдесін береді. Күтушілер келе жатқан құдаларды үйдің алдына шығып қарсы алады. Құдалар бір-бірімен төс қағысып амандасып, есен-саулық сұрасады. Қарсы алып, үйге кіруге шақырған жас әйелдерге арқанкерер, ауылкөрімдік кәделерін береді.
### Құда күту жоралғысы
Құда күтуші ауыл жігіттерінің бірі босағаға мал алып келіп, құдалардың үлкенінен малды бауыздауға бата сұрайды. Құдалардың үлкен-кішілеріне, жолына қарай сойылған малдың кәделі мүшелерінен әзірленген құдатабақ тартылады. Әзіл-қалжың айтысып, ара-тұра өнерпаз жастар ән салып, күй тартады. Құдалар жағы да «әу» десіп, өз өнерлерін көрсетеді. Құдаларға көрсетілген әзіл-оспақ, әзіл-сықақтың қандайына да болса да құдалар ашуланбайды, олармен бірге күлісіп жүріп құдашылардан өз «ұпайын» алады. Өз кезегі келіп, қыз берген құдаларды күйеу жігіт әкесінің ауылына шақырғанда олар да құдатартардың небір күлкілі түрін тауып, тапқырлықпен «қарымта қайырады». Кейде құдатартардың қиын түрлерінен құда-құдашаларға тиісті кәде сыйын беріп, «құтылады». Бұндай гедонистік шаралар көңіл көтеру үшін жасалған тәрізді көрінгенімен, оның түп мәнінде «дегеніме көнсең құда боласың» дегендей тасаланған мән барлығы байқалады.Құдалардың бетіне ұн, ақ, қамыр, қой сүтіне шыланған қазанның күйесін жағу күлкі шақыру сияқты көрінгенімен, байырғы мифтік санада ақ (сүт), дән, қазан «көбею», «өсіп-өрбу», «өркен жаю» ұғымдарымен символдық байланыста болған.Құдатартар «ойын-сауық жоралғысы» өткен соң құдалар көп ұзамай қыз әкесінің үйіне кіреді, босағаға ат байлар кәдесін береді. Құда күтуге мұнда да ерекше көңіл бөлінеді «құдалыққа керегі – алыс-беріс, ағайынға керегі – барыс-келіс» деп қыз әкесі сөз бастап киіттің, кәде сыйдың ең бағалысын үлкен құдаға деп алдына қояды. Киіттің құны басжақсының құнына теңесетіндей қымбат болады.Қазақ дәстүрі бойынша құдалар бір үйден қайтпайды. Қыз әкесінің жақын туыстары құдаларды кезегімен үйлеріне шақырып, кәде сыйын беріп күтеді. Құда күтушілер, құдашылар да әдемі әзіл, ән-күйімен құдатүсер тойының ажарын аша түседі.
### Құда аттандыру жоралғысы
Құда аттандыру жоралғысы құдатүсер тойдың соңғы қызметі болып саналады. Құдалардың ат көлігі, жол жабдықтары әзірленеді. Қыз жеңгелері мен жас әйелдер құдалардың қолтығынан сүйеп, даярланып қойған ат көлігіне мінгізеді. Бұл қызметі мен ілтипаты үшін құдалар құдашаларға қолтықсүйер кәдесін береді. Құда күтушілер әзіл-қалжыңмен, әуелеткен әнмен құдашыларды ауыл шетіндегі жолға дейін шығарып салады.
## Есік-төр көрсету жоралғысы (құда шақыру тойы)
Құда түсер тойынан кейінгі өз кезегінде өтетін той күйеу жігіттің ауылында болады. Оны құда шақыру тойы деп атайды. Күйеу жігіттің әкесі құдасын есік-төр көріп, елдегі ағайын-туыстарымен танысуға шақырады. Алайда бұл жоралғы есіккөрсетер деп аталғанымен, шын мәнінде, қыз ауылында өтетін құдатүсерге қайтарылған «жауап» есепті болған. Құда шақыру тойында жасалатын жол-жоралғы, кәделер (құдаларды қарсы алу, құда күту, құда аттандыру т.б.) қызды ауылда өткен құдатүсердегідей болады.Алайда құда шақыру тойында әртүрлі ойын-сауық жоралғылары өтеді. Солардың бірі – құдатартар. Бұл жоралғыларда күлдіргі ойын-оспақтардың құдажүгіртер тәрізді «жаңа» түрлері көрсетіледі. Алыстан ат арылтып шөліркеп келген құдаларға күтуші келіншектер саумал ұсынса, іш айдайтынын біліп, қымызаяққа ерін тигізіп қайтарып береді. Сондықтан құдаларға қымызды өлтірмей береді. Ашыған қымыздың үстіне жаңа сауылған саумал құяды, бірақ піспейді. Мұндай пісілмеген қымызды өлтірілмеген қымыз дейді. Шөліркеп келген құда қымыздың өлтірілген- өлтірілмегенін аңдай алмай сіміріп салып, қымызаяқты бірден босатады. Біраздан соң, ет жеп, сорпа ішкен соң құданың іші бұзылып, ауыл сыртындағы тобылғы сайға бірнеше мәрте жүгіреді. Мұндай әзілді құда жүгірту дейді. Осыны байқаған құдашалар мырс-мырс күліп, «жоқ қарап жүрсіз бе, құдажан?» деп әзілдейді.Жетісу жеріндегі құдатартар жоралғысында, үйден шыға берген құдалардың біреуін алты әйел тарпа бас салып, ұраға түсірмек болады, немесе «кірлеп кетіпсіз ғой құдажан» деп жақын жердегі бұлақ суына апарып құданы тоғытпақ болады. Мұндайда кәнігі құда ары-бері қашқақтаған болып, құдашалардың ышқырынан ұстап, дамбал бауын үзіп жібереді. Дамбалы аяғына түскен құдаша «бетім-айлап» тұра қашады да, өзі жұртқа күлкілі болады. Мұндай ойынды халық арасында алты қатын жортақай деп атайды.Той өткен соң, күйеу жігіттің ауылы құдаларды аттандыру қамына кіріседі. Қыз әкесіне тиісті киіт кигізіп, мінт мінгізеді, қалған құдаларға кәде сыйларын береді. Бірақ бұл жерде қыздың әкесі қалың алғандықтан, алыс-беріс жағы қыз ауылындағыдай аса көлемді бола қоймайды. Құда аттандырарда күйеу жігіттің әкесі қалыңның қалған бөлігін құдасының алдына салып айдатады.Сөйтіп, құдалардың аткөлігі де даярланады. Мұнда да жас әйелдер атқа мінген құдалардың қолтығынан сүйеп, ізет көрсетіп, қолтық сүйер, құда аттандырар кәдесін алады. Әнші қыз-жігіттер ән салып, әзіл оспақ айтады. Ал, жыршылар құдаларды көтере мақтап-мадақтап жырға қосады, сөйтіп, құдаларды жоғары көңіл-күйде аттандырып, жолға салады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Алтынсарин И. Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомства. ЗООИРГО. Вып.1. Казань, 1870. С.104-110;
* Загряжский Г. Юридические обычаи киргизов. О народном суде у кочевого населения Туркестанского края по обычному праву (зан). Материалы для статистики Туркестанского края. Ежегодник. Под. ред.: Маева Н.А. Вып.IV. СПб., 1876. С.151-202;
* Алекторов А.Е. Основание брака и свадебные обычаи у киргизов. ОЛ. 1888. №11,12. С.185-195; 36-37;
* Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Т.1. Юридический быт. Ташкент: Типо-Литография С.И. Лахтина, 1889;
* Тронов В.Д. Обычаи и обычное право киргиз. ЗИРГО ОЭ. СПб.: Скоропечатня П.О. Яблонского, 1891. Т.XVII. Вып.II. С.71-89;
* Диваев А.А. О свадебном ритуале киргизов Сырь-Даринской области. ТС. 1916. Т.568. С.51-65;
* Сүйіншіден – көңіл айтуға дейін. Құраст. Н.Төреқұл. Алматы: Қазақстан, 1998;
* Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы: Арыс, 2007;
* Зиманов С.З. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және дәстүрлері туралы деректер (академик С.З. Зимановтың қолжазба қорынан алынды. XX ғ. 60 жылдары жиналған, өзгертусіз берілді). Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер. 9-том. Алматы: Жеті жарғы, 2008. 169-194 бб.;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Қызылкезең – Күршім жотасының оңтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Майтерек ауылының батысында 5 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1731 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-ге созылдып жатыр, енді жері 8 км шамасында. Беткейі көлбеу бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік беткейінен Қыстау-Күршім, шығысынан Қалғұтты өзендерінің салалары бастау алады. Солтүтік-шығысында Салқыншоқы, оңтүстігінде Ақтөбе тауларымен шектеседі.
## Геологиялық құрылымы
Орта және жоғарғы девонның эффузивтік жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Тауалдының қоңыр топырағында бетеге, селеу, жон-қырқаларында түрлі бұталы өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қалихан Ысқақұлы Ысқақ (14 наурыз, 1935 жылы Катонқарағай ауданы, Топқайың - 13 тамыз, 2014 жылы Алматы) – қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Аягөз ауданының және Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы.
## Жалпы мәліммет
Найман тайпасы Көкжарлы руынан шыққан.
Қалихан Ысқақұлы 14 наурыз, 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген.
1952 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің «Филология» факултетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шығады.
## Еңбек жолы
* 1967 – 1972 жылдары Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссердің жоғарғы курсын бітірген соң Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында аға реактор қызыметін атқарды.
* 1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар одағыда драматургия секциясын басқарды;
* 1998 жылдан Қақатың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімін басқарды;
* «Жұлдыз» журналының проза бөлімін де басқарды.
* «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді.
## Шығармашылығы
* Қалихан Ысқақұлы проза жанрында жазушының коптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық корді: “Қоңыр күз еді” атты алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрген. Кейін “Дос хикаясы” (1963), “Менің ағаларым” (1965) повестер мен әңгімелер жинақтары, “Тұйық” (1975), “Қара орман” (1980), “Ақсу – жер жаннаты” (1989) романдары басылды. Пьесалары республика театрының сахнасында қойылды. "Сарша тамыз" (1968), "Ұшы қиырсыз жол" (1969), "Қараша қаздар қайтқанда" (1985). «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы. Жазушының жекелеген повесть, әңгімелер жинақтары, романдары орыс тіліне аударылып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларында басылып шықты. Кейбір таңдамалы шығармалары тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех, словен тілдерінде аударылды.
* драматургия жанрында да жиырмадан астам еңбек берді. Солардың барлығы да Республикалық , облыстық театрлардың сахнасына шықты. Басты – бастылары : «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым». Автор «Есеней –Ұлпан» пьесасы үшін Ғ. Мүсірепов атындағы, «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды.
* кинодраматургия саласында да біраз туындылар берді.Оның сценариі бойынша жасалған толық метражды көркем фильмдер: «Сарша тамыз», «Ұшы – қиырсыз жол», «Күзет бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» бүкілодақтық экранға шықты.
* аудармашы ретінде де көпке танымал. Орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері қазақ тілінде Қ. Ысқақтың аудармасында жарық көрген.
* Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік тақырыпта да Қ.Ысқақаов жүзден астам мақала очерктер жариялады.
## Жеке қасиеттері
Әскери атағы - отставкадағы аға лейтенант.Хоббиі - бильярд.Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, драма, кинодраматургия.
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Ысқақова Дәметкен Акбарқызы, зейнеткер. Қызы - Ысқақова Самал Қалиханқызы (1960 жылы туған); ұлдары - Абылай (1968 жылы туған), Әлихан (1970 жылы туған).
## Марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған.
* 1992 жылы «Ақсу – Жер жаннаты» романы үшін егеменді тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* 1994 жылы Аягөз ауданының Құрметті азаматы (атағы);
* 1994 жылы Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы (атағы);
* 2000 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
* 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мемлекеттік медалі;
* 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
* 2007 жылы «Парасат ордені»нің иегері.
* «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды.
* Халықаралық Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты;
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 20 жыл» медалі;
* С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры (атағы);
## Дереккөздер |
Жамал Манкеева Айтқалиқызы - филология ғылымдарының докторы (1997 ж.), профессор (2002 ж.). ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, лексикология бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
Ж.А.Манкеева 1950 жылы 26 сәуірде Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Шілік кеңшарында туған.
1972 жылы С.М.Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітіріп, осы университеттің аспирантурасына (күндізгі бөліміне) қалдырылған. 1977 жылдан осы кезге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет істейді.
2001 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры ретінде қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар бойынша дәріс оқиды.
ҚР жоғары оқу орындарын бітіруші мамандарды даярлау ісіне мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде атсалысады. Мемлекеттік тілді оқыту және игеруге байланысты Қазтест жобасына, басқа да оқулықтар мен сөздіктерге сарапшы ретінде қатысады. Қазіргі қазақ тіл білімін дамытып, жаңа деңгейде зерттеуге байланысты бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы және жетекшісі ретінде еңбек етеді.
1998 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі, 2000 жылдан – диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, 2001 жылдан – лингвистикалық басылым «Тілтаным» журналының жауапты редакторы.
«Реконструкция “мертвых” корней глагольных основ казахского языка» тақырыбында кандидаттық (1987 ж.), «Қазақ тіліндегі мәдени лексика» (1997 ж.) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
## Негізгі айналысатын проблемалары
* түркітану;
* тарихи морфология;
* тарихи лексикология;
* этнолингвистика;
* лингвомәдениеттану;
* когнитивтік лингвистика;
* көркем мәтін лингвистикасы;
* Синергетика;
* лексикография.
## Басты еңбектері
Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка (1991 ж.), Мәдени лексиканың ұлттық сипаты (1997 ж.), Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис (2002 ж., авторлардың бірі), Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері (2008 ж.), Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту (2010 ж.), Қазақ филологиясы: егіз негіз (ғылыми мақалалар жинағы – авт.бірл.) 2010 ж., Қазақ әдеби тілі сөздігі (2006 ж., Т.І; 2007 ж., Т.IV; 2008 ж., Т.ХІ, авторлардың бірі), 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (2011 ж., авторлардың бірі), "Қазақ сөзінің синергиясы" (2021), Қазақ филологиясы: егіз негіз ІІ бөлім. (ғылыми мақалалар жинағы – авт.бірл.) (2023). Ғалымның жетекшілігімен 22 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.
## Дереккөздер |
Қызылқақ – Ертіс алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Семей тауларының батысында, Абай облысы Жаңасемей ауданы аумағында. Үшаша ауылының оңтүстік-шығысында 34 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 215 м биіктікте жатыр. Солтүстігінде Сазқұдық, Тереңқұдық, солтүстік-шығысында Қарабастұз, шығысында Шұға көлдері, солтүстік-батысында Тектұрмас шоқысы, оңтүстігінде Кемпір таулары бар.
## Аумағы
Аумағы 3,1 км2, ұзындығы 2,5 км, ені 1 км, жағалау бойының ұзындығы 7,8 км, су жиналатын алабы 184 км2. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жазда көлдің көлемі 2 есеге дейін кішірейіп, тартылады. Қуаңшылық жылдары алабы түгелдей тартылып сор батпаққа айналады.
## Дереккөздер |
Хабыкей Ахмедиярұлы (15 маусым 1924(19240615), Баян-Өлгей аймағының Бұлғын өлкесінде дүниеге келді) — зерттеуші, этнограф, композитор, дирижер, Монғолиядағы қазақтардың театр, музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға.
## Шығармашылығы
Оның жинақтаған және нотаға түсірген 328 халық ән мен 120 домбыра және сыбызғы күйлері "Монғолия қазақтарының халық әні" (1965), "Ән" (1972), "Монғолия қазақтарының халық әндері" (1984), "Баян-Өлгий қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері" (1977) атты жинақтарында жарық көрді.
Монғолиядағы қазақ музыка драма театрындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дирижерлік, жетекшілік, ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде қазақ, монғол, батыс классиктерінің 200-ге жуық шығармаларын өңдеді.
Композиторлық шығармашылығында 25 ән мен 30-дай домбыра күйі бар олар: ("Бөбегім" әні, "Сарыала қыз", "Құлжагер", "Асау Күрті").
## Дереккөздер |
Ренессанс (ағылш. Renaissance, итал. Rinascimento, ол итал. ri – «қайта» және итал. nasci – «туылу» сөздерінен құралған тұрақты термин) — ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалар – Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.
Ренессансқа дейін Азия мәдениеті, соның ішінде түркі, парсы және араб мәдениетінен құралған мұсылман мәдениеті, сосын шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті мәлім өлшемдер бойынша Еуропалық мәдениеттен біршама алғабасар, дамыған мәдениет болғаны белгілі. Ал, бұл ренессанс қозғалысы Еуропаны басқа құрлыққа қарағанда ғылым, техника, әскери қуат, экономика, саяси түзім, шығармашылық жақта алға шығарды және кейінгі Еуропаның гүлденіп-күшеюінің басталу нүктесі болды.
Ренессанстың басында 1453 жылғы Осман Түрік сұлтаны Мехмед Фатих - нің Визентия империясын түбегейлі жеңіп, Стамбулды (Константинопол) иелеп, Жерорта теңізін империя ішіндегі көлге айналдырған құдіретті Осман империясының құрылу дүмпуі тұрады. Өздерін әскери, саяси және мәдени қыспаққа ұшырағандай сезінген батыс еуропалықтар ендігі жерде жаңа ізденіс жасай бастады және өздерінің бұрынғы дәстүрі мен дағдысын қайта қарап, жаңа мәдениетке бой ұрды. Әсіресе, Визентиядан қашқан көптеген христиан ғалымдары мен әдебиетшілері Азияға салыстырғанда әлдеқайда мешеу батыс еуропа елдеріне жаңа мәдениет ала барды. Араб, Түркі, Парсы халықтарының грек мәдениетін, әсіресе Аристотель туралы жүйелі зерттеулері, астрономия, табиғат тану, математика салаларындағы жетістіктері еуропаның мәдени айналымына енді; мылтық, компас, қағаз жасау, баспа техникасы қатарлы шығыс тапқырлықтары еуропада қолданылып, олардың Атлант мұхитына қарай жаңа теңіз жолын ашуына, білім мен мәдениеттің қағаз бен баспаға сүйеніп тез таралуына қол жеткізді. Сөйтіп жаңа мәдениет қозғалысы - Ренессанс дәуірі басталады.
Ренессанс Еуропаның орта ғасырдан жаңа заманға өтуінің көпірі болды. Қоғамның білім, мәдениет, саясат, өнер, діни сенім салаларында түгелдей жаңалықтар, тапқырлықтар, төңкерістер болып өтті. Дегенмен әлем халықтарын әлі күнге тамсандыратыны көбінесе ренессансы дәуірінің ғажайып әдебиеті мен өнер туындылары болды.
«Ренессанс» деген атпен белгілі болған бұл қозғалыс ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Ренессанс идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Ренессанс дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.
## Ренессанс мәдениеті
Ренессанс мәдениеті деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланд, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы болды. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.
Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы үлкен тарихи белес — Ренессанс аяқталды. «Қайта жаңғыруды» барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI—XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X—XV ғасырларды қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, «Қайта жаңғыру» (Ренессанс) мөдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталану ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.
## Архитектура
*
*
*
*
*
*
*
## Италияндық Ренессанс
Ренессанс «Қайта жаңғыру» термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512—1574) өзінің «Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих» (XVI ғасыр) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы — көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, XVIII ғасырдан бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV—XV ғасырлар Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет «адам» табиғаты, «адамгершілік» деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, «гуманизм» латынның «адамгершілік» деген сөзінен шыққан (гомо — «адам» деген ұғымды білдіреді). Бұл терминді «жаңа адамдар» — (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Ренессанс заманының басты жаңалығы — ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым — гуманист, Леонардо Бруни (1370—1444 жылдары) «гуманизмді» адамның өмірі мен әдет- ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс-тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан, оларды ортақ мақсат біріктірген болатын.
Мысалы, Лоренцо Медичи — ел басшысы болса, Полициано — университет профессоры, Пико делла Мирандола — граф, ал Лоренцо Вониконтри — офицер болды. Демек, гуманизм — мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.
Осы орайда, Ренессанс мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.
Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат.Ренессанс мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV ғасыр — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі — Ренессанс мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265— 1321 жылдары).
## Әдебиет
Ұлы дарынның қыл қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық — оны талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304—1374 жылдары) және Джованни Боккаччо (1313—1375 жылдары) Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі «Декамеронның» авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары — дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.
Ренессанс кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең — XV ғасыр, яғни «Бастапқы Ренессанс дәуірі» (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын — «Кемелденген Ренессанс кезеңі» (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды қамтиды.Ренессанс мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау — басты орынға қойылды. Міне, сондықтан да болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Ренессанс заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Ендеше бұл дәуірдің гуманистік идеялары — рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропа мәдениетінің қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды.
Ренессанс дәуірінде неміс әдебиеті де айтарлықтай табыстарға жетіп, тамаша көркемсөз шеберлері, халық ақындары мен жазушылары әдебиет пен өнер сахнасына шықты. Солардың бірі — немістің атақты ақыны Ганс Сакс (1494—1576 жылдары) пен өткір сатиралық шығармалардың шебері, неміс Ренессансының соңғы өкілі Иоганн Фишарт (1546—1590 жылдары) болды.
Францияда гуманистік қозғалыс тек XVI ғ. басында ғана етек алды. Француз гуманизмінің тамаша өкілі — ұлы сыншы Франсуа Рабле (1494—1553 жылдары) болды. Ол өзінің «Гергантюа мен Пантагрюэль» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды. Рабле жаңа қоғам бейнесін жасады. Оның тұрғындары ғылымға бас июші — бауырластар, мұнда екіжүзділерге, опасыздарға және т.б. орын жоқ. Француз мәдениетінің ірі өкілі, аса көрнекті гуманист әрі ойшыл Мишель де Монтень (1533— 1592 жылдары) болды. Оның басты шығармасы — «Тәжірибелерде» философиялық, тарихи, этикалық мәселелер көтерілді. Бұл еңбек схоластика мен догматизмге қарсы бағытталып, рационализм идеялары насихатталды, сондықтан да болар бұл еңбек бүкіл Батыс Еуропалық ақыл-ойдың дамуына орасан зор ықпал жасады.
## Ренессанс дәуіріндегі адам
Ренессанс мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі өзгерістің — әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде Ренессанс мәдениетінің ошағы болған — Флоренцияның мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда-саттық жасауға ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мөдениетінің ықпалымен «жаңа адамдар» қалыптасты. Бірақ жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса орта ғасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта ғасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне мәдени мұраларды «тірілтуге» деген жаппай құлшыныс «жаңа адамдардың» қайталанбайтын, ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.
Бұл мәдени төңкерістің барысыңда Қайта жаңғыру даналарының басты назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болуын қалай түсіндіруге болады. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Ренессанс дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық — космологиялық, екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, үшіншісі — жаңғырған — антроцентристік неоплатонизм. Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғарыда атап көрсетілген «антропологиялық жаңғырған неоплатонизм» бір жағынан, көне заман неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп, орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның орта ғасырлық неоплатонизммен ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап-түсіну — «жаңғыртушылық» дүниетанымдық мақсаттардың бірі болып саналады. Құдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны қатты қызықтырған. Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар «адам көзіне» пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді.
## Бейнелеу өнері
Сондықтан да Ренессанс дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.
Ерекше атап өтетін бір жайт, итальян тарихшыларының гуманистерге деген көзқарастары әр түрлі болып келеді. Италияның өткен тарихына көз жүгіртетін болсақ, Ренессанс дәуірі бұл елдің өзара қақтығыстар мен соғыстарға толы кезеңімен сайма-сай келеді. Тарихи деректерге жүгінсек, дүние жүзіне атағы шыққан кейбір гуманистер Италияның бостандығын тұншықтырушы мейірімсіз билеушілерге қызмет еткен, тіпті шетел басқыншылығы кезінде патриоттық сезімін көрсете алмай дәрменсіздік танытқан. Бірақ бұл келеңсіз көріністерге қарап біржақты көзқарас тумауы керек, өйткені дүниежүзілік көлемде гуманистер жаңа қоғамдық күш болды. Олардың табиғи дарыны, ұшқыр ойлары текке кеткен жоқ, өйткені осы бір ұлы ойшыл даналардың арқасында ғана Қайта жаңғыру дәуірінің мәдениеті Жаңа заман мәдениетінің жаршысы, бастамасы болды.
Ренессанс мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлғалар болған. Солардың бірі — өнер алыбы Леонардо да Винчи (1456—1519 жылдары). Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т.б. болған. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатының, токарь станогының жобаларын жасады. Леонардо да Винчи — сонымен қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми трактаттардың авторы.
Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі — «Ең соңғы қонақасы». Миландағы Санта-Мария-делле-Грацие шіркеуіндегі бұл сурет бізге жартылай бүлінген күйінде жетті. Бұл суретте Христос барлық сезімдер орталығына айналған, оның ішкі жан-дүниесі, қайғысы мен сабырлылығы — заңды құбылыс. Шығармада көрсетілген драманың терең мәні де осында болар, өйткені мұндағы сатқын, опасыз Иуданың сол бір құпия кештегі келбетінің өзі де үлкен шеберлікпен берілген. Жаугершілік, қиын-қыстау заманда салынған бұл сурет екінші жағынан заман талабынан туған, мәңгі өшпес тақырыпқа арналған патриоттық шығарма болып табылады.
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-маржаны болып отырған «Мона Лиза — Джоконда» туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таңғалдырып келеді. Леонардо «Джоконданы» салуда ұзақ еңбектенді, қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның бірде-бірін мыңмен айырбастауға болмайды, бәлкім оның қаламының құдіреті де осында болар.
Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі — Рафаэль Санти (1483—1520 жылдары) нағыз кемелді шағында — 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан, артына мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы — «Сикст мадоннасы» Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға да сондай қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Конестабиле құдай — ана», «Парнас» және басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап, адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы, тасқа тіл бітірген тендесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, сәулет өнерінің сарбазы, өнердің қай саласының болсын майталманы — атақты Микеланджело еді. Оның өнерінің ішіндегі қай туындысын алсаңыз да, алдымен адамды, оның ақыл-парасатын, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді аңғара аламыз. Микеланджелоның атақты мүсіндері — «Давид», «Моисей», «Бұғаудағы құл», «Өлім халіндегі құл» және т.б. қатар «Құдай — ана — Дони», «Кашино түбіндегі шайқас» сияқты суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен өмірдің сан-салалы көріністері нанымды берілген. Оның атақты «Давид» мүсіні туралы Вазарий таңдана былай деп жазды: «Микеланджелоның» қолынан шыққан Давидтің алып мүсіні қазіргі кез бен ежелгі дүниеде Грекия мен Римде жасалған мүсіндердің даңқын тартып алды» Шындығында да, тұла бойы ерлік пен күшке толы, өз ісінің әділдігіне сенімді, қуатты да сүйкімді Давидтің мүсіні азаттық аңсаған елдің айбынды батырының, табиғат күштерін бойына жинақтаған ұлы адамның бейнесі болатын. «Давид» мүсіні дүниеге келген күн — Италияда ұлттық мейрам болып жарияланды, бұл өнер туындысына, жалпы өнер атаулыға деген халықтың асқан құрметі болатын.
Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі — Джотто ди Бондоне (1276—1337 жылдары) болды. «Иуда ишараты» — талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес — шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі — құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дәрежесіне көтеріліп, мадақталды.
Ренессанс дәуірі — мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген елдерінде бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын сәулет өнері көрсететін болса, Қайта жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. Дін әктемдігінен, оның құрсауынан босанудың арқасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар өмірге келді. Бұл дәуірде адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс мәдениетінің негізінде жаңа заманда еуропалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады. Осындай ұлы мәдени бастамалардың жаршысы болған Италия елінде, алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. XVI ғасыр 40-жылдары инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында IV Павелдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана-сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккаччо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тиым салынған кітаптар отқа жағылды. Католиктік шіркеумен ымыраға келмей, өз идеяларын табанды түрде қорғап, халық арасына кеңінен насихаттаушы еркін ой иелерін қудалап-жазалау сол қоғамға тән құбылыс болды. Папа өкіметіне, шіркеуге қарсы шыққан көптеген ғалымдар, ойшылдар, өнер адамдары инквизиция құрбандығына шалынды. Мысалы, 1600 жылы Римде, «Гүлдер алаңында», «О бесконечности Вселенной и мирах» атты атақты шығарманың авторы ұлы Джордано Бруно отқа өртелді. Мұндай сындарлы кезеңде көптеген ақындар, суретшілер, сәулетшілер және т.б. гуманизм идеяларынан бас тартып, Қайта жаңғыру дәуірінің ұлы қайраткерлерінің «Үлгісінің» ғана қабылдауға мәжбүр болды. Осындай «маньеризм» стиліндегі өнер адамдарының қатарына атақты суретшілер Понтормо (1494— 1557 жылдары), Бронзино (1503—1572 жылдары) және мүсінші Челлини (1500— 1573 жылдары) және т.б. жатты. Бірақ көптеген суретшілер сурет өнері саласындағы реалистік дәстүрді одан өрі жалғастыра берді. Олардың қатарына Веронезе (1528—1588 жылдары), Тинторетто (1518—1594 жылдары), Караваджо (1573—1610 жылдары) ағайынды Караччилер және т.б. қосылды. Олардың кейбірінің, атап айтқанда Караваджоның шығармашылығы Франция, Испания, Голландия елдеріндегі сурет өнерінің дамуына өз әсерін тигізді. Әрине, әр елдің жаңғыру мөдениетінің қалыптасуы мен дамуының ұлттық ерекшеліктерінің болғандығы даусыз.
Итальян Ренессансындағындай Германияда да ең озық дамыған өнер саласы — сурет салу болды. Бұл салада Альбрехт Дюрер (1471—1528 жылдары), кіші Ганс Гольбейн (1497—1543 жылдары) сияқты дарынды суретшілердің мерейі үстем болды.
## Дін
Германияда гуманизм идеялары XV ғасыр ортасына қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Немістің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуында экономикалық факторлар: тау-кен өндірісінің дамуы, кітап бастыру ісінің жолға қойылуы мен тоқыма өнеркәсібінің қарышты қадамы айрықша рөл атқарды. Шаруашылық саласына тауар-ақша қатынастарының еркін енуі және Германияның жалпы Еуропалық нарықтық процестерге араласуы адамдардың сана-сезімін өзгертті. Сонымен қатар саяси ыдыраңқылық жағдайларындағы Германияның өзінде де католиктік шіркеуге, оның озбырлық әрекеттеріне қарсылық күшейе түсті. Сондықтан да шіркеуді қайта құру жолындағы күрес неміс жерінде қарқынды жүргізілді. Осы орайда Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы — Германиядағы Ренессанс дәуірінің бастамасы болды. Бұл аударма жұмысы 20 жылға созылды және осыдан кейін іле-шала Библия (Ӏнжіл) ағылшын, француз және т.б. тілдерге де аударылды. Библияның неміс тіліне аударылуы — немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірі Реформациямен (католиктік шіркеуді реформалау жолындағы қозғалыспен) тығыз байланысты болды. Реформация жолындағы бұл қозғалысты Мартин Лютердің өзі басқарды.
Еуропаның басқа бір елі — Испанияда Ренессанс басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.
## Философия
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі — Иоганн Рейхлин (1455—1522 жылдары) — «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды.
Нидерландыдағы Ренессанс алыбы Роттердамдық Эразм (1496—1536 жылдары) болды. Ол өзін «әлемнің азаматымын» деп атады. Эразмның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Испанияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен князьдердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп, халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл тұста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филипп Альхонде, суретшілер Питер Брейгел (1525—1569 жылдары), Франс Хале (1580—1660 жылдары) және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі қалаларда ғана емес, сонымен қатар шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьеса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды. Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы — Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары — Гросин, Линакр, Колет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы Томас Мордың (1478—1553 жылдары) есімімен тығыз байланысты болды. XVI ғасырдың бірінші жартысында көркем әдебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан, елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. XVI ғ. Лондонда байлар үйлеріндегі жеке меншік театрларды есептемегенде, 9 театр жұмыс істеді.
Солардың ішіндегі ең ірісі — «Глобус» театры — ағылшын халқының ұлы драматургы, ағылшын Ренессансының алыбы — Уильям Шекспирдің (1564—1661 жылдары) шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Ерекше атап өтетін бір жайт, ағылшын театрларына барлық сословиенің өкілдері — ақсүйектер де, шенеуніктер де, көпестер де, жұмысшылар мен шаруалар да, қолөнершілер де бара алатын, сондықтан да болар, театр өнерінің өрге басуы, оның демократиялық сипаты — ағылшын қоғамындағы демократиялық жүйенің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Шекспирдің шығармашылығы гуманистік идеяларға толы болды. Оның қыл қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих VI», «Ричард III» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, Жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің атымен тығыз байланысты.
Ол театр саласындағы реалистік ағымның жаршысы болды. Дүние жүзіндегі барлық театрлар Шекспир мектебінен өтті, ал бұл тамаша дәстүр бүгінгі заманда одан әрі жалғасуда. Жаңа тарихи жағдайда театр әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің тынысын жан-жақты беруге талпыныс жасады. Театрлар қойылымдарында, әсіресе Шекспир қойылымдарында этикалық кең құлаш байқалды, әлеуметтік сатира мен өмірлік реализм басты орынға шыға бастады. Ең бастысы, бұл қойылымдарда халықтық рух басым болды.
Ренессанс дәуірі қарсаңында Испанияда ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде елдің ұлттық бірігуі жүзеге асырылды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испандықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталған-ды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша әдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы, мәңгі өшпес туынды — «Дон-Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» деп аталатын әйгілі романның авторы, жазушысыншы Франческо де Кеведо (1580—1645 жылдары) одан әрі жалғастырды. Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега (1562— 1635 жылдары) дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары — «Би мұғалімі», «Валенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» халық көңілінен шықты.
## Музыка
XVI ғасыр ортасында Реформациялық қозғалыстың жеңіске жетуі ұлттық мәдениеттің жандануына зор ықпал тигізді. Германияның музыкалық мәдениеті де сан салалы, бай болып келеді. Әншілік өнермен қатар балет, опера жанрлары да қалыптаса бастады. К. Пауман, П. Хопхаймер, Г. Изак сияқты ұлы композиторлар таңғажайып музыкалық шығармалар берді.
## Дереккөздер |
Қаланың ластануы мыңдаған өнеркәсіп орындарының биосфераға қоқыстарын тастау әсерінен орын алып жатады. Мұның әсерінен қала өмір сүруге жарамай, нағыз қоқысханаға, өліммен күресетін ордаға айнала шығады. Ауыр металдар, сынап, жүз мың тонналаған қоқыс, он мыңдаған ауру адамдар.
## Сумгаит, Әзірбайжан
Бұл қала бір кездері, яғни, Кеңес Одағы-ның заманында химия-лық өнеркәсіптің орталығы болған. Ал бүгінгі күні отыз мыңнан астам адам сол кездегі қателіктің зардабын татып отыр. Өйткені, жер қыртыстары, ауа, су – бәрі де ауыр металдармен ластанған. Ал мұнайдың әсерінен мынадай көріністі иемденген қала жан шошытарлықтай күйде жатыр. Жыл өткен сайын қаланы тазарту шаралары күшейгенімен, қоршаған ортаның ластануы толастайтын емес.
### Линьфэнь, Қытай
Бронхит, қатерлі ісік аурулары және пневмония – бұл сырқаттардың барлығы да Линьфэнь қаласын билеп алған. Бәріне кінәлі – атмосфераға қос қышқылды күкірт қалдықтары сынды аса қауіпті қалдықтарды үздіксіз шығарып жатқан көмір өндіруші орындар. Зардапты тек қана ауа емес, су да, жер қыртыстары да көріп отыр. Қала тұрғындары осының әсерінен тұманды көріністен көз аша алмауда.
### Ла Оройа, Перу
Бұл қалада америкалық корпорациялар мырыш, цинк, қорғасын өндірумен айналысады. Сол себепті, қала тұрғындарының басым бөлігі қанда қорғасын мөлшерінің көп болуынан туындайтын кеселдерге шалдығып отыр. Қорғасын орталық жүйке жүйесінің бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне, қысқасы қатерлі ісік ауруына соқтырады.
### Дзержинск, Ресей
Бұл – Ресейдің ең лас қаласы саналады. Кейбір токсин-дердің деңгейі рұқсат етілген миллион есе асып кеткен. Дзержинск жерінде жүз мың тоннадан астам химиялық өнеркәсіптің қалдықтары жерленген. Су, ауа, жер қыртыстары фенолмен және ауыр металдармен жұқтырылған. Қалада 250 мыңнан астам адам тұрады. Олардың орташа өмір сүру деңгейі – 45 жас. Ал науқастардың санын айту тіптен қиын.
### Кабве, Замбия
Бұл қала – Замбия-ның өнеркәсіп орталығы. Кабведе қазба байлықтарды игеру жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Қорғасын, цинк, фенол сынды токсиндық заттар мен ауыр темірлердің атмосфера-ға еркін енгізілуі халықтың зарына айналып отыр. Егер де осы елдің тұрғындарының мұңды тағдырын қайталғаңыз келмесе, Кабвега жолаушы болмаңыз.
### Гаина (Хайна), Доминикан Республикасы
Доминикан республикасының аумағында орналасқан Гайна қаласын ластайтын негізгі элемент қорғасын болып табылады. Қорғасынды «қарғап», көздерінен айырылып отырған науқастың саны 100 мыңнан асады. Гайна автокөлік аккумляторын өндіруден әлем бойынша бірінші орында тұрған мемлекет. Зауыттағы құрал-сайманның ескі болу себебінен технологиялық үрдістер бұзылып, ауаға лас қалдықтар көптеп шығады.
## Дереккөздер
www.massaget.kz |
Ольга Афанасьевна Варенцова (26 мусым (8 шілде) 1862, Иваново-Вознесенск — 22 наурыз 1950, Мәскеу) — революционер әйел, Кеңес Одағының партия және мемлекеттік қайраткері, тарихшы.
Иваново-Вознесенскіде басыбайлы шаруа отбасында туған.
1893 жылдан Коммунисттік партияның мүшесі. Герье жоғары әйелджер курсында оқыды. 19 ғасырдың 80 жылдары халықшылдардың гимназиялық үйірмесіне қатысты, 90 жылдары революциялық қозғалысқа араласа бастады. 1901 ж. "Солтүстік жұмысшы одағы" ұйымына қатысты, оның ОК мүшесі және жауапты секретары болды. 1903-1905 ж. Астрхань, Волгода, Егорьевск, Ярославльда партиялық жұмыс атқарды. 1906-1907 ж. РСДЖП Иваново-Вознесенск қалалық комитетінің секретары. Ольга бернеше рет түрмеге қамалып, жер аударылды. 1917 ж. Қаңтар революциясынан кейін Мәскеу большивитер комитетінің әскери бюросында, Қазан күндері көтерілісті басқару орталығында істеді.1919-1921 ж. РКП Иваново-Вознесенск губкомының секретары, 1921-1928 ж. БКП ОК жанындағы Истцарт советінің мүшесі, кейін Маркс-Энгельс-Ленин институтында ғылыми жұмыста болды. Ол-Рсейдегі револбциялық қозғалыс тарихи жөніндегі еңбектердің авторы. Ленин орденімен марапатталған
## Дереккөздер |
Қызылкөл – Ақжар көлдерінің оңтүстігіндегі тұзды көл.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылының батысында 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 331 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Ауданы 16,2 км2, ұзындығы 6,1 км, ені 2,8 км, тереңдігі 10 м. Жағалық сызығының ұзындығы 18,6 км.
## Жер бедері
Солтүстік және шығыс жағалауы жатық, батысы мен оңтүстігі тік жарлы. Оңтүстік-шығыс жағалауының биіктігі 50 м, шығысы, солтүстік-шығысы еңіс. Суы тұзды, су көлемі 60,4 млн. м3. Көктемде батысынан ағып өтетін Үшбас өзенінің деңгейі көтеріліп, бір саласы көлге құяды. Жазда өзен арнасы көл суынан бөлінеді. Көл алабы шабындық, малға жайылым. Жағалауында қыстаулар орналасқан. Емдік шипасы бар. Қызылкөлдің солтүстігінде демалыс үйлері бар.
## Дереккөздер |
Қызылкөл — Кіші Сарыоба алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданы Ынтымақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 310 м биіктікте жатыр.
## Аумағы
Аумағы 4 км2, ұзындығы 3,9 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 9,6 км.
## Жер бедері мен гидрографикасы
Күрделі пішінді көлдің жағалауы негізінен жазық және ашық. Батысы мен оңтүстік жағалауында қамыс шоғырлары кездеседі. Суы қараша айының 2-онкүндігінде қатып, сәуір айының 1-онкүндігінде ериді. Алабы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ақсу өзені – Түркістан облысындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Төле би және Сайрам аудандары аумағындағы өзен, Арыс өзенінің сол саласы. Ұзындығы 133 км, су жиналатын алабы 766 км2.
## Бастауы
Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктіктегі мұздықтан басталады.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағып, орта тұсында аңғарының ені 150 - 200 м-ге, жайылмасы 40 - 50 м-ге жетеді. Негізгі толысу көзі - мұздық пен қар суы. Көп жылдық орташа су шығымы Сарқырама ауылы тұсында 9,68 м3/с, кей жылдары төменгі ағысында сарқылып қалады. Суы тұщы, минералдылығы 200 - 400 мг/л. Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Өзеннің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады.
## Қосымша деректер
Ақсу өзенінің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады. Өзен алабында ежелгі Сайрам (Испиджаб) қаласының орны бар. Өзеннің "Ақсу" аталуы: тереңдігі 500 метрге дейін жететін аңғардың табанымен жөңкіп ағатын өзен суы жарқабақ, ақшыл жыныстар арқылы өтетіндіктен ақшыл болып көрінеді. Тұрар Рысқұлов ауданындағы "Белые воды" елді мекенінің де атауы осыдан келіп шыққан.
## Дереккөздер |
Ақсу өзені – Қырғызстан Республикасы және Қазақстанның Жамбыл облысындағы өзен.
## Географиялық орны
Шу өзенінің сол саласы. Ұзындығы 155 км, су жиналатын алабы 483 км2.
## Бастауы
Қырғыз Алатауының солтүстік беткейлерінен бастау алып Тасөткел бөгеніне (Жамбыл облысы) құяды.
## Гидрологиясы
Алабында жалпы ұзындығы 70 км болатын кішігірім 5 саласы және жалпы ауданы 4,2 км2-ден астам бірнеше ұсақ көлдер бар. Мұздықтар және қар суымен толығады. Жылдық ағынның 70%-ы мамыр - шілде айларына келеді. Көп жылдық орташа су шығымы 4,74 м3/с. Суы тұщы, орташа минералдылығы 130 - 140 мг/л. Суы негізінен егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында Ақсу бөгені салынған.
## Дереккөздер |
Ақсу – Жайық алабындағы Ор өзенінің саласы.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 1070 км2.
## Бастауы
Бестөбе (414 м) тауының шығыс беткейінен басталып Ор өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Көктемде қар ерігенде тасиды. Ені 6-8 км-ге жететін жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Сергей Георгиевич Лазо (7 наурыз 1894 жыл, Бессарабия губерниясы, Ресей Империясы - мамыр, 1920 жыл) - ресей дворянины, Ресей Империясының әскерінің офицері, Ресей Империясының ыдырау және Кеңес Одағының орнатылу жылдарына - әскери қолбасшы және мемлекеттік қайраткері, Сібірде және Таяу Шығыста Кеңес өкіметі орнатылуының белсенді қатысушысы, 1918-1920 жылдарындағы Азамат соғысының батыры.
1918 жылдан Компартия мүшесі. Петербург технология институтында, кейін Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінде оқыды; студенттердің революция үйірмелеріне қатысты. 1916 жылы маусымда армияға алынып, Мәскеуде Алексеев жаяу әскер училищесін бітірді. 1919 жылы желтоқсанда Приморьеде көтеріліс әзірлеу жөніндегі әскери-революциялық штабтың бастығы. 1920 жылы 31 желтоқсанға қараған түнде Приморьеде ақ гвардияшылар өкіметі құрылтайын өткізді. Лазо революциялық әскери кеңестің мүшесі болған.
## Дереккөздер |
Қызылкөл — Өлкейек алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде. Дүкен ауылынан оңтүстікке қарай 6 км, теңіз деңгейінен 77 м биіктікте жатыр.
## Аумағы
Ауданы 15,2 км2, ұзындығы 8,5 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 19,5 км. Суы тұзды.
## Жер бедері мен гидрографиясы
Жағасы жайпақ, батпақты. Онда қамыс, құрақ шоқылары өскен. Оңтүстік-шығысында төбелі құмды алқап жатыр. Кейбір жылдары көктем айларында Өлкейек өзенінің суы құяды. Сондықтан аумағы ұлғайып, батпақты жағалауы суға айналады. Негізінен жауын-шашын жер асты қатып және Өлкейек өзенінің суларымен толысады. Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, наурыз айының 2-жартысында ериді.
## Дереккөздер |
Вайгач — Баренц және Кара теңіздері аралығында орналасқан Солтүстік Мұзды мұхиттағы арал, Құрлықтан Югорский Шар бұғазымен, Жаңа Жерден Қара Қақпасы бұғазымен бөлінген.
РКФСР-дің Архангельск облысындағы Ненец ұлт округы құрамына кіреді. 3383 км2 жерді алып жатыр; ұзындығы 100 км, ені 45 км-ге жуық. Аралдың жер беті жазық. Негізінен төменгі полеозой мен пермбнің сазды тақта тасынан, құм тасынан және әк тасынан түзілген. Климаты суық. Қаңтардың орташа температурасы -20оС, маусымда 5оС-қа жуық. Солтүстік жағадауында Вайгач, Долгая Губа, оңтүстігінде Варнек ауылдары бар. |
Вита́лий Петро́вич Шляппо (туыл. 1975 жыл 18 маусым , қала. Витебск) – беларусстік сценарийші және продюсер. 2010 жылдан бастап Орыс телеарна Академиясының мүшесі.
## Биографиясы
Витебстік Мемлекеттік университетік бітірген. КВН-де БГУ командасында ойнаған. Оның капитаны болған. 2002-2003 жылдары «Пилот-ТВ» студиясының сценаристі болған, содан кейін 2003жылы сценарийші ретінде РЕН ТВ телеарнасына көшті. 2005 жылы Виталий Шляппо тағыда телеарнасын ауыстырады, СТС телеарнасында жұмыс істейтін болады. 2008 жылдан бастап «Yellow, Black and White Group» компаниясының продюсері болады.
СТС телеарнасының сценариларының авторы және креативті продюсері болып табылады, сонымен қатар «Папины дочки», «Я лечу», «Однажды в милиции», «Игрушки», «ДаЁшь молодЁжь!», «Кухня» атты түпнұсқалық телехикаяларды қайта қараумен де айналысқан.
## Шығармашылық жолы
### Сценарийші
* .Жарықты сөндіріңіз (орыс.Тушите свет)
* 2005 — Қымбат бағдарлама(орыс. Дорогая передача)
* 2005 —Студенттер(орыс. Студенты)
* 2005 — Туристер(орыс. Туристы)
* 2005 — Фирмалық оқиға (орыс. Фирменная история)
* 2006—2007 — 6 кадр (орыс. 6 кадров)
* 2006—2008 —суырып салма бағдарламасы Құдайға шүкір, сен келдің (орыс. Слава Богу, ты пришёл!)
* 2006 —Шебер әке ( орыс. Папа на все руки)
* 2007—2011 — Әкесінің қыздары (1 – 16 маусымдар) (орыс. Папины дочки (1—16 сезоны))
* 2008 — Мен ұшамын (орыс.Я лечу)
* 2010 — Ойыншықтар (орыс. Игрушки)
* 2012—2014 — Асхана (орыс.Кухня)
* 2014 — Париждағы асхана (орыс. Кухня в Париже)
### Продюсер
* 2008—2014 — 6 кадр (орыс. 6 кадров)
* 2009—2013 — Жастар-ай (орыс. Даёшь молодёжь!)
* 2009—2012 — Бірі бәрі үшін (орыс. Одна за всех)
* 2009—2014 — Бағдарлама «оралдық пельмендер» (орыс. Шоу «уральских пельменей»)
* 2010 — Бір кездегі милицияда (орыс. Однажды в милиции)
* 2010 — Ойыншықтар (орыс. Игрушки)
* 2010—2011 — Кездейсоқ байланыс (орыс. Случайные связи)
* 2011—2014 — Бағдаршам (орыс. Светофор)
* 2011—2013 — Шынайы емес оқиға (орыс. Нереальная история)
* 2011—2013 — Хэ адамдары (орыс. Люди Хэ)
* 2012 — Кім, егер мен болмасам? (орыс. Кто, если не я?)
* 2012—2013 — Әкесінің қыздары (19 – 20 маусымдар) (орыс. Папины дочки (19—20 сезоны))
* 2012—2014 — Асхана (орыс. Кухня)
* 2013 — Әйел сияойла (орыс. Думай как женщина)
* 2013—2014 — Магикяндықтардың соңғысы (орыс. Последний из Магикян)
* 2013—2014 — Екі әке және екі ұл (орыс. Два отца и два сына)
* 2013 — Алдамшы ағайындар (орыс. Братья по обмену)
* 2014 — Кеме (орыс. Корабль)
* 2014 — Париждегі асхана (орыс. Кухня в Париже)
* 2014 — Анжелика (орыс. Анжелика)
* 2014 — Әкесіне ұл (орыс. Сын за отца)
* 2014 — Алдамшы ағайындар 2 (орыс. Братья по обмену 2)
## Марапаттар
* ТЭФИ 2009 – «Телевизиялық көркем телехикаяның сценарийсті» номинациясымен марапатталды.
## Ескертпелер
* ↑ Команда YBW Group
* ↑ «Чтобы проект получился, нужно принести какую-то жертву» cinemotionlab, 10 Декабрь 2012
* ↑ ТЭФИ-2009 (рус.)
## Сілтемелер
* Виталий Шляппо kino-teatr.ru сайтында
## Дереккөздер
Орыс Уикипедиясынан аударылған |
Асы – Шілік өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Қараш тауының баурайынан алып, Қайрат ауылы тұсында Шілік өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 64 км. Су жиналатын алабы 487 км2. Бақай және Жамбас таулары аралығында жағалауы тік шатқалды, жартасты келген. Өзен суын Асысаға, Қайрат ауылдарының шаруашылықтары пайдаланады.
## Дереккөздер |
Моисеенко Петр Анисимович (1852,Смоленск губерниясы,— 30. 11. 1923, Харьков, Мәскеу, Орехово-Зуевода жерленді) — орыс жұмысшы революционерлерінің бірі.
1871 жылдан Орехово-Зуевода тоқымашы болып істеді. 1874-1875 ж. Санкт-Петербургте жұмысшы үйірмелеріне қатысты. «Орыс жұмысшыларының Солтүстік Одағының» мүшесі, 1876 ж. Қазан демонстрациясына қатысты. 1878 ж. ерегіске қатысқаны үшін Омоленск губерниясына, 1880 ж. Енисей губерниясына жер аударылды. 1883 ж. қайта оралып, Орехово-Зуеводағы Морозов мануфактурасына жұмысқа орналасты. В. С. Волковпен бірге 1885 ж. Морозов көтерілісін ұйымдастырды. Сол үшін 2 рет сотталып, Архангельск губерния жер аударылды (1885-1889). 1894 ж. революциялық қызметі үшін Дондағы Ростовта тұтқынға алынып, Вологда губерниясына жер аударылды. 1898 жылы ол Донбассқа оралып, революциялық қызмет атқарды. 1905 жылдан РСДЖП мүшесі, большевик. 1905-1907 жылы революцияға белсене қатысты. 1909-1910 жылы Бакуде, 1912 жылдан Горловкада жұмыс істеді. «Правда» тілшісі. 1916 ж. 30 мың адам қатысқан Горловка кеншілері ереулі басшыларының бірі. 1914-1918 жылы 1-дүние жүзілік соғыста революциялық насихат жұмысын жүргізді, 1917-1918 жылы Бакуде, Солтүстік Кавказда совет жұмысында, Азамат соғысы кезінде Қызыл Армия қатарында болды. 1920-1921 жылы Кавказда халық ағарту инспекторы, 1922-1923 жылы Харьковте Истпартта істеді, «Естеліктер. 1873—1923» (Петр, 1924, қайта бас. 1964) жазды.
## Дереккөздер |
Мүмін Қатын кесенесі (әз. Möminə Xatun türbəsi) — Әзербайжандық танымал сәулетші Әжәми Нахшыванидің туындысы және Нахшыван-Мараға сәулет мектебінің ең құнды ескерткіштерінің бірі. Нахшыван қаласының тарихи орталығында - Атабейлар сәулет кешенінің құрамында орналасқан. Мүмін кесенесі сол кешеннен дәуірімізге жеткен жалғыз ескерткіш болып табылады.
Әжәми Нахшыванидің осы күнге дейінгі ең әдемі туындысы Мүмін Қатын кесенесі әлі күнге дейін ортағасырлық Нахшыван қаласының ұлылығын көрсетеді.
## Тарихы
## Дереккөздер |
Монасцидиялар— асцидиялардың су түбіне бекініп дара тіршілік ететін (қарапайым) түрлері. Оны жеке отряд деп санап бұрын осылай атаған.Қазіргі кезде асцидиялар класын қарапайым және күрделі (колониялы) деп бөлмейді, сондықтан Монасцидиялар атауы қолданылмайды.
## Дереккөздер |
Мунку-Сардык (бур. Мүнхэ Һарьдаг) — Шығыс Саяндағы тау массиві. 6 тау шыңдарынан (ең биігі — Мунку-Сардык, 3491 м) тұрады. Граниттен түзілген. Өзен аңғарларында және 2000 м биіктікке дейінгі беткейлерге орман, одан жоғарырақта альпі шалғыны өседі, тау тундрасы және қорым тастары шоғырланған. Мунку-Сардыкта жалпы ауданы 1,3 км² бірнеше мұздықтар таралған.
## Дереккөздер |
Феликс Ролан Мумие (Мумье, фр. Félix-Roland Moumié, 1. 11. 1925, Фумбан,— 3. 11. 1960, Женева) — Камерунның саяси қайраткері. Сорбонна университетінің дәрігерлік факультетін бітірді. Камерун Халық Одағы партиясын (КХОП) (1948) ұйымдастырушылардың бірі, 1958 жылдан КХОП-нің председателі.
## Дереккөздер |
Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.
Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.
## Валюталандыру
Клиенттің немесе корреспонденттің жеке есептік шоты бойынша, банк жазған әрбір соммаға пайыздар есептелетін датаны белгілеу үшін колданылатын термин.
## Валюталық реттеу
Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.
### Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
* Валюталық, реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері:
* Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;
* Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;
* Валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
## Валюталық басқыншылық
Шетелдік валютаның комақты партиясын банктің сатып алуы немесе сату жолымен жүзеге асырылатын валюталық рынок пен валюта курсына әсер ету үшін елдің Ұлттық банкісінің мақсатты түрде бағытталған бір реттік елеулі әрекеті. Валюталық басқыншылық мемлекеттің мүддесіне орай, шетелдік валюталардың бағамын реттеу үшін жүзеге асырылады.
## Валюта операциялары
Валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық, құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару.
## Валюта құндылықтары
Валюталық заңнамаға сәйкес, елдің аумағында айналысқа түсуге қатысты ерекше режим бекітілген құндылықтар. Мыналар валюта құндылықтары болып табылады:
* шетел валютасы;
* номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
* резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
* тазартылған құйма алтын;
* резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық. валюта, номиналы ұлттық. валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
* резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар.
## Валюта тәуекелдігі
Қор және тауар биржаларында сыртқы сауда, кредиттік және валюталық операцияларды өткізу кезінде, ұлттық валютаға қатынасы бойынша шетелдік валюта курсынын өзгеруімен байланысты валюталық құндылықтарды жоғалту қаупі. Ашық валюталық ұстанымы бар болған кезде пайда болады.
## Валютаның қайтымдылығы
Валютаның қайтымдылығы - бір ел валютасының басқа бір елдердің валютасына қолданыстағы валюталық бағам бойынша айырбасталу мүмкіндігі; алтын стандартында - банк билеттерін алтынға айырбастаудың әртүрлі нысандары. Аралық режимдегі валютаны ішінара қайтымды валюта деп атайды. Мұндай жағдайда қайтымдылық белгілі бір валютаның нақты иелеріне және операциялардың жекелеген түрлеріне қолданылады.
## Валютаның бағамын белгілеу
Валютаның бағамын белгілеу - валютаның бағамын айқындау. Валютаның бағамын белгідеудің тарихи тұрғыда екі әдісі қалыптасқан, олар тікелей белгілеу, мұнда шетел валютасы өлшемінің бағамы ұлттық валютаның белгілі бір сомасымен көрсетіледі (мыс., 1 АҚШ доллары = 6,8 француз франкі); жанама түрде белгілеу, мұнда валюта өлшемі ретінде валютаның белгілі бір сомасына теңестірілетін ұлттық валюта қабылданады (мыс., 1 стерлинг фунт = 1,55 АҚШ доллары). Кең таралғаны валютаның бағамын тікелей белгілеу әдісі. Валютаның бағамын ресми түрде орталық банк белгілейді, бейресми түрде банкілер банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валютаның бағамын бегілеу күннің белгіл бір уаытында тіркеледі. Алайда биржалық белгіленім негізінен анықтамалық сипатта болады. Валюта нарығының көбінде бағам белгілеу кезінде фиксинг - валютаның банк аралық бағамын әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру жолымен айқындау рәсімі қолданылады. Сонан соң сатушының бағамы (жоғары) мен сатып алушының бағамы (төмен) белгіленеді. Банкілер сатылатын шетел валютасын сатып алынатын валютадан гөрі қымбатқа бағалайды.Қ
## Дереккөздер |
Ерлан Жүніс (7 қараша 1984 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы) - ақын.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты.
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін «әдебиетші, филолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
* 2001 жылы «Абай оқуларынан» Бас жүлде алған
* 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Президент Кубогі және Гран-При иеленген.
* 2009 жылы Баянауыл тақырыбында жазған «Үздік журанлист» Алтын белгісін алған.
* 2012-2013 жылдардағы Мемлекеттік Стипендия иегері.
2001 жылы «Жыр-Перзент», 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», 2013 жылы «Хауас», 2014 жылы «Ғаусар», 2015 жылы «Үміт жырлары» жыр кітаптары жарық көрген.
Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Ар-Ай» газетінде, Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби консультант қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) әдеби-интеллектуалды клубының жетекшісі.
## Дереккөздер |
Райхан Әбікейқызы Сәтбаева (15. 11. 1912 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 1-ауыл - 1989) - қазақ терапевтісі, медицина ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері. Қазақ әйелдері арасынан шаққан тұңғыш терапевт-ғылым докторы.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Орта Азия медициналық институтын бітірді (1935, Ташкент). 1935 жылдан Алматы медициналық институтында госпитальдық терапия кафедрасында клиника ординаторы (1938-38), ассистент (1938-45), доцент (1945-50), ал 1951 жылдан госпидальдық терапия кафедрасының меңгерушісі. Оның 160-тан астам ғылыми еңбектері бар (соның ішінде «Силикоз» монографиясы т.б.). Бұл еңбектерінің көпшілігі жүрек, кан-тамыр ауруларына арналған. С. - Бүкіл одақтық тераевт қоғамының, Бүкіл одақтық кардиологтар және нефрологтар қоғамының басқарма мүшесі, сондай-ақ Республикалық Ғылыми терапевтер қоғамының және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы терапиялық мәселелер жөніндегі проблемалық комиссияның төрайымы болған.
Ленин орденімен және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер |
Сәтбаева Раушан Әбікейқызы (16. 12. 1916 жылы, Павлодар қаласы) - қазақ онкологы, медицина ғылымдарының докторы (1972).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Ташкент медициналық институтын бітірді (1940). Алматы қалалық № 2 поликлиника дәрігері (1940-41). 1941-63 жылдары Алматы медициналық институтының госпитальдық хирургия кафедрасында ординатор, ассистент, доцент. 1963 жылдан Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жалпы онкология бөлімінде аға ғылыми қызметкер, ал 1964 жылдан сол бөлімнің меңгерушісі. Сәтбаеваның 57 ғылыми еңбегі бар. Бұл еңбектерінің көпшілігі онкологиядағы хирургия мәселелеріне және қылтамақ ауруының ерекшеліктеріне арналған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ҚАНЫШ-ҚАЗАҚ Мұрағатталған 26 қазанның 2014 жылы. |
Сарыбаев Ғабит Хайроллаұлы — қоғам қайраткері, Азамат соғысына қатысқан.
## Өмірбаяны
Сарыбаев Ғабит Хайроллаұлы (03.1893 жылы туған, Орал облысы, Орал ауданында. 15.11.1966 жылы Алматыда қайтыс болды) – Орал облысында Совет өкіметін орнатуға қатысқан Азамат соғысы ардагерлерінің бірі. 1919 жылдан компартия мүшесі. 1916 жылы Орынбордағы «Хусайния» медресесін бітіріп, Батыс майдандағы тыл жұмыстарына жіберілді. 1918 жылы Бөкей облысының Советінің 1-3 съездерінде облыстық Советінің мүшесі ретінде сайланды. 1919 жылы жазда Қызыл гвардия қатарында эскадронға саяси комиссар болды. 1920 жылдың басында Нарын уездінде милиция бастығы және ЧОН (ерекше қызмет атқаратын әскери бөлім) отрядының бастығы. 1923-1930 жылдары сот, партия, совет органдарында жұмыс істейді. Қарқаралы ауданында партия комитетінің секретары (1929-1930). 1932-1933 жылдары «Социалистік Қазақстан» газеті редакторның орынбасары, кейін Гурьев аймақтық парти бақылау комиссиясының председателі, 1933-1936 жылдары Гурьев облысындағы Бақсай с-зында саяси бөлім бастығы. 1957 жылдан кейін оқу-ағарту саласында қызмет атқарды.
* 1918 жылы Астрахан губернияның кеңесінің мүшесі, қызыл гвардияшылар отрядының командирі болған. Қазақтың 1-ші үлгілі атты әскер полкін ұйымдастыруға қатысты.
* 1919 жылы осы полктің саяси комиссары болып тағайындалды. Азамат соғысы аяқталған кейін түрлі жауапты қызметтер атқарған.
* 1929-1930 жылы Қарқаралы ауданы партия комитетінің хатшысы.
* 1932-1933 жылы «Социалдық Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, кейін Гурьев (Атырау) аймақтық партия бақылау комиссиясының төрағасы.
* 1937 жылы репрессияға ұшырап, 1958 жылы ақталған. Өмірінің соңғы жылдары мектепте мұғалім болып істеді.
* 1960 ж. «Қазақстан Азамат соғысы жылдарында» атты
жинақта мақаласы жарық көрді. Онда қазіргі Бөкей ордасы, Жәнібек аумағында болған шайқас баяндалады. Талов стансадағы мектеп Сарыбаевтың есіміменаталады.
## Дереккөздер |
Үбі – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. Ұзындығы — 278 км. Су жиналатын алабы — 9850 км².
## Бастауы
Шығыс Қазақстан облысы ндағы Көксу және Иванов жоталары сілемдері бөктерінен басталып, Ертіс өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Қара Үбі мен Ақ Үбі өзендерінің бір-біріне қосылған жерінен «Үбі» деп аталады. Өзен алабы таулы-төбелі (1000–1500 м), аңғары тар шатқалды, ені — 200–300 м. Жазда еріген көп жылдық қар, мұздық (48%), ыза суымен (36%), жаңбыр суымен (16%) толығады. Жылдық су ағынының 79%-ы сәуір–шілдеде, 15%-ы қыркүйек–қарашада, 6%-ы желтоқсан–наурызда арнасынан ағып өтеді. Жылдық орташа су ағымы Шемонаиха қаласы тұсында — 182 м³/с. Суы тұщы. Бойында шағын СЭС бар, суы егіс суаруға, ағаш ағызуға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қойтас – Ақмола облысы Ерейментау ауданының шығысындағы ұсақ шоқылық тау. Абсолюттік биіктігі 291 м. Сілеті және Өлеңті өзендерінің аралығында жатқан тау солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 17-20 км-ге созылған, ені 5 км-ге жетеді.
## Жер бедері
Сай, өзектермен тілімденген беткейлері көлбеу келген. Батысы мен солтүстігінде көлдер жиі кездеседі. Олардың басым бөлігінде қамыс, құрақ өскен. Кейбір телімдерде батпақты сор жерлер кездеседі. Оңтүстігімен Қатпа, Ұзыншілік өзендері ағып өтеді. Таудың солтүстік беткейінде 3 және 8 м-лік жартастар мен құздар бар. Оларды жыралар мен шайылмалар тілімдеген.
## Геологиялық құрылымы
Жер қырытысы орта девон кезеңінің тау жыныстарынан түзілген. Оның бетін қиыршықтасты-кесектасты элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
## Өсімдігі
Нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында сұлыбасты-қылқан бозды дала өсімдіктері, сай мен өзектерде қараған шоқылары өскен.
## Дереккөздер |
Азат етілген Джанго (ағылш. Django Unchained, [dʒæŋɡoʊ ʌntʃʲeɪənd], Джәңгоу анчейынт) — режиссёр Квентин Тарантиноның спагетти-вестерн жанрындағы 2012 жылы шыққан көркем фильм.
## Сюжеті
«Дантист» деген лақап аты бар ақылы түрде қылмыскерлерді жоюмен айналысатын Кинг Шульц Жабайы батыста қауіпті банданың көзін құртпақ болады. Оған бұл іске сенімді көмекші қажет. Осы кезде қашып жүрген Джанго есімді құлды кездестіреді. Десек те, жаңа көмекшінің бұл іске қатысты өз есебі бар.
## Рөлдерде
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Азат етілген Джанго» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
* «Азат етілген Джанго» ресми сайты Мұрағатталған 30 шілденің 2012 жылы.
* «Азат етілген Джанго» Киностан сайтында Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2015 жылы. |
Петр Иванович Броунов (1852—1927) — совет метеорологы, географ, ауыл шаруашылығы метеорологиясының негізін салушы, синоптикалық метеорология саласындағы ірі маман. Санкт-Петербург университетін бітіргеннен (1875) кейін Физикалық бас обсерваторияда, Егін шаруашылығы Департаментінің метеорологиялық бюросында қызмет істеді, Киев және Санкт-Петербург университеттерінің профессоры болды.
Россияның Европалық бөлігін ауыл шаруашылық және географиялық аудандауға байланысты зерттеулер жүргізді (1904), агроклиматологиялық карталардың бірінші атласын дайындады (1925). П.И.Брунов физикалық география курсына ерекше «сыртқы» географиялық қабық бар деген ұғымды алғаш рет енгізді.
## Дереккөздер |
Эрнест Бюрнель (Ernest Burnelle; 12 шілде 1908 ж., Льеж - 06 тамыз 1968 ж., Льеж) — Бельгияның саясаткері, Бельгия Коммунисттік партияның қайракері.
Мамандығы - мұғалім. 1938 жылдан Бельгия Коммунистік партиясының мүшесі. Бельгияны неміс-фашист әскерлері басып алған кезде Қарсыласу қозғалысына белсене қатысты. Ел ащат етілгеннен кейін компартияның орталық органы "Драпо руж" газетінің бас редакторы болды. 1946 жылдан БКП ОК мүшесі. 1951-53 ж. БКП Льеж федерациясының бірінші секретары, 1954 жылдан БКП Саяси Бюросының мүшесі, 1954-61 ж. БКП-нің ұлттық секретары. 1961 - 68 ж. компартияның председателі. 1946-49 және 1965 жылдан парламен депутаты.
## Дереккөздер |
Жатай Жұмаділов (1930 жыл 24 наурыз, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент – 1996 жыл, Жамбыл қаласы) – еңбек ардагері.
## Еңбек жолы
* 1946 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін және 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген;
* 1945 жылы Сарысу ауданы тұтынушылар одағында есепші;
* Институтты бітірген соң “Байқадам” орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі;
* 1957-59 жылдары Сарысу ауданы партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі;
* 1959-62 жылдары Сарысу аудандық партия комитетінің хатшысы;
* 1962-65 жылдары Жуалы аудандық партия комитетінде партиялық бақылау комиссиясының төрағасы;
* 1965-67 жылдары КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды;
* 1967-87 жылдары Жамбыл облысы халық ағарту бөлімін басқарды.
## Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды .
## Дереккөздер |
Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр Қазы хан, жазба деректерде Тевеккуль-Магаметь-Багатур хан, Баатыр Теука-хан, Тевкей, Тявка-хан, Тевкихан, Девак хан, 1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы, Есім ханның немересі. Анасы Бану ханым ойраттың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.
## Өмірбаяны
### Ішкі саясаты
Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жас сұлтан Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті әскери қимылдар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды.
1672 жылы қазақ ханына жоңғарлардың жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты ханның қудалауынан қашуға мәжбүр болған дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлы Малай мен хошоуыт тайшысы Абылайдың ұлы Цаган пана іздеуге келген. Цаган тайшы 1673 жылы қазақ жерінде қайтыс болып, оның қол астындағы адамдары Тәуке ханға қызмет ете бастады.
### Сыртқы саясаты
Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681–1685 жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан, Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды).
1687 жылдың көктемінде Қалдан әскері қазақ хандары мен сұлтандарының қол астындағы Түркістан, Сайрам, Манкент, Қарасман, Шымкент, Текек, Жанқорған, Қарамұрт, Отырар, Ташкент, Чиназ қалаларын жаулап алып, қиратқан. 1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған қазақтар өз күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне бірнеше соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Бұхар жылнамашысы Мұхаммед-Әминнің мәліметіне сәйкес қазақ билеушісі Ташкентте сол жылдың қысында Субханқұл ханның елшісі Күшік-би аталықты қабылдаған. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті.
XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер) тараған. Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.
Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687–1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобольск қаласына бес арнайы елшілік аттанған. 1687 жылғы елшілікті Тасым батыр, ал 1689 жылғы елшілікті Түменші батыр басқарған. Сары және Келде мырзалар 1691 жылдың көктем-жаз айларында Ямышев көліне қарай бет алып, тобыл татарлары Азбакей Кулмаметов және Акметей Кучугаевке қазақ билеушісінің хатын жеткізген. Тәуке хан қазақ-жоңғар соғысының барысында тоқтаған сібір көпестері мен қазақтардың арасындағы сауда қатынастарын қалпына келтіруді ұсынды. Сол жылдың күзінде тобыл стольнигі Павел Шарыгин Сары және Келде мырзаларды Ямышев көлінің бойында тұтқынға алған. Қазақ жасақтарының Батыс Сібірдегі қоныстарға шабуылдарын тоқтатуды талап ету үшін сібір губернаторы С.И. Салтыков Тәуке ханға 1692 жылы Андрей Неприпасовты жіберген. Ресей үкіметінің Келдені босатпауы, оған қоса шекаралық қақтығыстарды тоқтатудан бас тартуына байланысты Тәуке Неприпасов елшілігін тұтқындады. Келде мырзаны тұтқыннан босату үшін 1692 жылдың күзінде Тобольск қаласына Қабай аталық және Түменші батыр бастаған жаңа елшілік аттандырған. Оларға қоса елшіліктің құрамында Абылай ханның, Қайып және Абылай сұлтандардың елшілері Қожағұл, Оразымбет және Айжашы болды. Келіссөздердің бұл кезеңі еш нәтиже бермеді. Батыс Сібірдегі қазақтармен шекаралас аудандардағы қақтығыстарды тоқтату мақсатымен тобыл воеводасы А.Ф. Нарышкин Түркістанға Федор Скибин және Матвей Трошинді жіберген. Олар 1694 жылдың 22 маусымында Түркістанға жетіп, қазақ билеушісіне Келде мырзаны қайтарған.
1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698–1703, 1708, 1709–1710, 1712 және т.б.) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Елшілік құжаттарға сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған. Жазба деректерде Тәуке ханның 3 ұлы белгілі: Орта жүздің хандары Болат (1712-1723) пен Сәмеке (1723-1738). 1692 жылы Түркістанға келген А. Неприпасов елшілігінің құрамында болған Теуіш мергеннің ақпаратына сәйкес оларды Тәуке ханның ұлдары Болат және Тұрсын сұлтандар қарсы алған.
### Жеті жарғы
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен біріге отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. «Жеті жарғы» мынадай негізгі бөлімдерді қамтыған:
* жайылымдар мен суаттарға қатысты туындайтын дауларды реттейтін заң;
* неке қию және ажырасуды, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтарын реттейтін заң;
* әскери борышты, бөлімшелерді құруды және қолбасшыларды сайлауды реттейтін заң;
* соттық істерді қарау тәртібін реттейтін заң;
* кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлеріне қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* өлімге немесе ауыр жарақаттарға алып келген қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын, олардың алдындағы туыстарының, қауымның міндеттерін реттейтін заң.
## Естелік
* Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларындағы Тәуке хан көшесі.
## Әдебиет
* Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVII вв. Алма-Ата, 1971.
* Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985.
* Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о касимовских царях и царевичах. Ч.2. СПб., 1864.
* Витсен Н. Северная и Восточная Тартария, включающая области, расположенные в северных и восточных частях Европы и Азии. В трех томах / Пер. с голландского языка В.Г.Трисман. Т1. Амстердам, 2010.
* Добромыслов А.И. Тургайская область. Т.1. Вып. 1. Оренбург, 1900.
* Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.
* Кудайбердыулы Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий / Пер. Б. Каирбекова. Алма-Ата, 1990.
* Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009.
* Рабнабхадра. Лунный свет. История рабджам Зая-пандиты / Пер.с ойратского Г.Н. Румянцева и А.Г. Сазыкина. Транслитерация текста, предисловие, комментарий, указатели и примечания А.Г. Сазыкина. СПб., 1999.
* Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы, 2001.
* Тынышбаев М История казахского народа / Сост. : авторы предисловия А.С. Такенов и Б.Байгалиев. Алма-Ата, 1993.
## Тағы қараңыз
* Тәуке хан заңдары |
Өтеп Оңғарбаев (1899 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу – 1946 жыл) – ақын.
## Өмірбаяны
Жамбыл Жабайұлымен және оның төңірегіндегі ақындармен тұздас-дәмдес болып, шығармашылық байланыс жасап тұрған. «Алтын заң», «Фрунзе батыр», «Мақыш батыр туралы поэма» деп аталған шығармалары 1937 жылы «Халық ақындарының өлеңдері» жинағында жарияланды. Фрунзе мен Мақышқа арналған дастандары орыс тіліне аударылып, олардың үзінділері «Творчество народов СССР» (Мәскеу, 1938) жинағында басылып шықты. Өлеңдері жергілікті газеттерде жарияланып тұрған.
## Дереккөздер |
Сәрсенғали Исмаилұлы Сағитов (1931 жыл, Өзбекстан, Төрткөл) – биология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1997).
## Еңбек жолы
* 1957 жылы Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген;
* 1958-1961 жылдары Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімшесі Нүкіс ботаникалық бағының меңгерушісі;
* 1964-1989 жылдары аға ғалыми қызметкер;
* 1989-1992 жылдары КСРО ғылым академиясының Арал экологиялық орталығында жетекші ғылыми қызметкер;
* 1992-1997 жылдары Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімінің биоэкология институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды;
* 1997 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор.
## Еңбектері
50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Марат Қомпайұлы Тақабаев (1934 жыл, Ақмола облысы, Зеренді ауданы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1996).
## Еңбек жолы
* 1959 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) және 1963 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген;
* 1963-64 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) ассистент;
* 1964-1997 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Қолданбалы математика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер;
* 1997 жылдан бастап бас ғылыми қызметкер болды.
## Еңбектері
«Численное моделирование селевого потока» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Бақытжан Таймасов (1949 жыл 12 желтоқсан, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2003).
## Еңбек жолы
* 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және 1977 жылы Киев политехникалық институтының аспирантурасын бітірген;
* 1976-1995 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
* 1996-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде докторант;
* 2000 жылдан профессор қызметінде.
## Еңбектері
* 1999 жылы «Разработка и внедрение энерго-ресурсосберегающих технология производства портландцемента с использованием техногенных продуктов и нетрадиционных сырьевых материалов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 170-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы;
* 30 өнертабыс пен патенттің иегері.
## Дереккөздер |
Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр Қазы хан, жазба деректерде Тевеккуль-Магаметь-Багатур хан, Баатыр Теука-хан, Тевкей, Тявка-хан, Тевкихан, Девак хан, 1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы, Есім ханның немересі. Анасы Бану ханым ойраттың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.
## Өмірбаяны
### Ішкі саясаты
Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жас сұлтан Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті әскери қимылдар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды.
1672 жылы қазақ ханына жоңғарлардың жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты ханның қудалауынан қашуға мәжбүр болған дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлы Малай мен хошоуыт тайшысы Абылайдың ұлы Цаган пана іздеуге келген. Цаган тайшы 1673 жылы қазақ жерінде қайтыс болып, оның қол астындағы адамдары Тәуке ханға қызмет ете бастады.
### Сыртқы саясаты
Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681–1685 жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан, Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды).
1687 жылдың көктемінде Қалдан әскері қазақ хандары мен сұлтандарының қол астындағы Түркістан, Сайрам, Манкент, Қарасман, Шымкент, Текек, Жанқорған, Қарамұрт, Отырар, Ташкент, Чиназ қалаларын жаулап алып, қиратқан. 1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған қазақтар өз күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне бірнеше соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Бұхар жылнамашысы Мұхаммед-Әминнің мәліметіне сәйкес қазақ билеушісі Ташкентте сол жылдың қысында Субханқұл ханның елшісі Күшік-би аталықты қабылдаған. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті.
XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер) тараған. Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.
Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687–1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобольск қаласына бес арнайы елшілік аттанған. 1687 жылғы елшілікті Тасым батыр, ал 1689 жылғы елшілікті Түменші батыр басқарған. Сары және Келде мырзалар 1691 жылдың көктем-жаз айларында Ямышев көліне қарай бет алып, тобыл татарлары Азбакей Кулмаметов және Акметей Кучугаевке қазақ билеушісінің хатын жеткізген. Тәуке хан қазақ-жоңғар соғысының барысында тоқтаған сібір көпестері мен қазақтардың арасындағы сауда қатынастарын қалпына келтіруді ұсынды. Сол жылдың күзінде тобыл стольнигі Павел Шарыгин Сары және Келде мырзаларды Ямышев көлінің бойында тұтқынға алған. Қазақ жасақтарының Батыс Сібірдегі қоныстарға шабуылдарын тоқтатуды талап ету үшін сібір губернаторы С.И. Салтыков Тәуке ханға 1692 жылы Андрей Неприпасовты жіберген. Ресей үкіметінің Келдені босатпауы, оған қоса шекаралық қақтығыстарды тоқтатудан бас тартуына байланысты Тәуке Неприпасов елшілігін тұтқындады. Келде мырзаны тұтқыннан босату үшін 1692 жылдың күзінде Тобольск қаласына Қабай аталық және Түменші батыр бастаған жаңа елшілік аттандырған. Оларға қоса елшіліктің құрамында Абылай ханның, Қайып және Абылай сұлтандардың елшілері Қожағұл, Оразымбет және Айжашы болды. Келіссөздердің бұл кезеңі еш нәтиже бермеді. Батыс Сібірдегі қазақтармен шекаралас аудандардағы қақтығыстарды тоқтату мақсатымен тобыл воеводасы А.Ф. Нарышкин Түркістанға Федор Скибин және Матвей Трошинді жіберген. Олар 1694 жылдың 22 маусымында Түркістанға жетіп, қазақ билеушісіне Келде мырзаны қайтарған.
1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698–1703, 1708, 1709–1710, 1712 және т.б.) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Елшілік құжаттарға сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған. Жазба деректерде Тәуке ханның 3 ұлы белгілі: Орта жүздің хандары Болат (1712-1723) пен Сәмеке (1723-1738). 1692 жылы Түркістанға келген А. Неприпасов елшілігінің құрамында болған Теуіш мергеннің ақпаратына сәйкес оларды Тәуке ханның ұлдары Болат және Тұрсын сұлтандар қарсы алған.
### Жеті жарғы
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен біріге отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. «Жеті жарғы» мынадай негізгі бөлімдерді қамтыған:
* жайылымдар мен суаттарға қатысты туындайтын дауларды реттейтін заң;
* неке қию және ажырасуды, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтарын реттейтін заң;
* әскери борышты, бөлімшелерді құруды және қолбасшыларды сайлауды реттейтін заң;
* соттық істерді қарау тәртібін реттейтін заң;
* кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлеріне қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* өлімге немесе ауыр жарақаттарға алып келген қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын, олардың алдындағы туыстарының, қауымның міндеттерін реттейтін заң.
## Естелік
* Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларындағы Тәуке хан көшесі.
## Әдебиет
* Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVII вв. Алма-Ата, 1971.
* Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985.
* Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о касимовских царях и царевичах. Ч.2. СПб., 1864.
* Витсен Н. Северная и Восточная Тартария, включающая области, расположенные в северных и восточных частях Европы и Азии. В трех томах / Пер. с голландского языка В.Г.Трисман. Т1. Амстердам, 2010.
* Добромыслов А.И. Тургайская область. Т.1. Вып. 1. Оренбург, 1900.
* Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.
* Кудайбердыулы Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий / Пер. Б. Каирбекова. Алма-Ата, 1990.
* Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009.
* Рабнабхадра. Лунный свет. История рабджам Зая-пандиты / Пер.с ойратского Г.Н. Румянцева и А.Г. Сазыкина. Транслитерация текста, предисловие, комментарий, указатели и примечания А.Г. Сазыкина. СПб., 1999.
* Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы, 2001.
* Тынышбаев М История казахского народа / Сост. : авторы предисловия А.С. Такенов и Б.Байгалиев. Алма-Ата, 1993.
## Тағы қараңыз
* Тәуке хан заңдары |
Дарен Максвелл Кагасофф (ағылш. Daren Maxwell Kagasoff; 1987 жыл 16 қыркүйек, Энсино, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) — америкалық актер, «Ата-анасынан астыртын» (ағылш. The Secret Life of the American Teenager ). атты телехикаясындағы Рик Андервудтың рөлін сомдағанының арқасында атақты болған.
## Мансабы
Актерлік шеберлік дәрістерінен кейін, Кагасофф мүмкіншіліктері жоғары кастингтерге бара бастады, солардың бірінде Брэнд Хамптонның рөлімен көзге түсті. Осыдан кейін ол «Ата-анасынан астыртын» (ағылш. The Secret Life of the American Teenager) атты телехикаядағы Рик Андрвудтың рөлін алды. Осы рөлдің арқасында жас актер жұлдызға айналды. Teen Choice Awards атты жарысқа қатысты, бірақ марапат алмады. Даренді жұлдызға айналдырған телехикаяның түсірілімдері 2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін созылды.
## Фильмография
## Дереккөздер |
Киік-қоба — ерте палеолит қонысы, Белогорск уезінде, Қырым тау етегінде, Зуя өзенінің оң жағалауында, Зуя елді-мекенінен оңтүстігінде 8 км, Ақмешіт қаласынан 25 км қашықтықта орналасқан. Төбенің гротоны оңтүстікке қарайды, оның ауданы 50 м² құрайды. Архиологиялық зерттеулер бойынша мұнда .
Киік-Қобадан байқалған және табылған деректер мұнда Ашель (Acheulean) дәуірінде Ашель мәдениеті болғанын, Қырымда ежелгі Һомо Неандерталдар өмір сүргенін көрсетеді.
1924–1925 жж. Қазба жұмыстары кезінде неандертальдардың (әйел мен бала) қалдықтары, шамамен 100 мың жыл бұрын қолданылған және шамамен 500 мың жыл бұрын қолданылған мусстерия мәдениетіне тән (орта палеолит) және Қырымның жойылып жатқан фаунасындағы үңгір аюы, алып қызыл бұғы, ақбөкен, жабайы жылқы, инагер сүйектері табылды. Сондай-ақ IV қабатында (шамамен 35 мың жыл бұрын) неандертальдықтар үшін символдық мағынаға ие гравировкасы бар шыны пластиналар табылды.
## Қоныстың ашылуы
Бұл жерден 1924-36 жылдары археолог Г.А.Бонч-Осмоловский палеолит қоныстарын ашты. Зерттеу нәтижесінде Киік-қоба екі мәдени қабаттан тұратындығы анықталды. Жоғарғы қабатынан мустьер кезеңіндегі үшкір тастар, қырғыштар, шапқыштар және т.б. заттар табылса, төменгі қабатынан үлкенді-кішілі шапқыш, пышақ, қырғыштар, неше түрлі дөңгелек жұқа өзек тастар және сүйектен жасалған заттар табылды.
## Сыртқы сілтемелер
* Киик-Коба (пещера-грот) Мұрағатталған 10 қыркүйектің 2009 жылы.
* Пещера дикаря (Киик-коба)
* Бужилова А. П. Неандерталец из Киик-Кобы (Крым). Реконструкция состояния здоровья по данным антропологии \\ Выступление на 2-м заседании клуба «Антропогенез.ру», 26 ақпан 2011 г.
## Дереккөздер |
Карл Бюлер (нем. Karl Ludwig Bühler, 27 мамыр 1879, Мекесхайм, Баден-Вюртемберг, Баден — 24 қазан 1963, Лос-Анджелес) — неміс психологы және лингвист, жалпы тілтану, тілдер психологиясы және ойлау психология бойынша көптеген шығармалардың авторы.
1938 жылдары АҚШ-та тұрады. Венадағы психология, институтын құрушылардың бірі. Карл Бюлер - "Баланың рухани дамуы", "Психология дағдарысы", "Тіл теориясы" т.б. еңбекетердің авторы. Бірақ ол бала психикасының даму кезендерін инстинкт, дағды, парасат, сатыларына бөліп, әлеуметтік жағдайды ескермей, биологизмге ұрынды. Бюлер - жалпы психология, қабылдау, ойлау, сөйлеу психологиясы жайындағы зерттеулермен әйгілі.
## Шығармалары
* Handbuch der Psychologie. — Jena, 1922.
* Ausdruckstheorie. — Jena, 1933.
* Sprachtheorie. Die Darstellungsfunktion der Sprache. — Jena, 1934.
## Дереккөздер |
Қаршыға – Тарбағатай жотасының солтүстік бөлігіндегі тау массиві.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылының оңтүстігінде 18 км жерде орналасқан. Орта Ұласты (Ласты) өзенімен оның оң саласының суайрығында. Абсолюттік биіктігі 1595 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 2-2,5 км-ге жуық.
## Жер бедері
Беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Солтүстіктен оңтүстікке қарай еңістеніп өзен арналарына тіреледі. Солтүстік-шығысында Манас, оңтүстігінде Қызыл, оңтүстік-батысында Кішіқожыр таулары орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір жүйесінің төменгі кезеңінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Таудың қара, қоңыр топаырақ жамылғысында бетеге, сұлыбас, қызыл қау аралас астық тұқымдас өсімдіктер, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Валерий Федорович Быковский - КСРО-ның ұшқыш-космонавы, полковник, Совет Одағының батыры.
1963 жылдан КОКП мүшесі. 1955 ж. Качинск әскери-авиациалық училищесін, 1968 ж. Мәскеудегі Н.Е.Жуковский атындағы Әскери-Әуе инженерлік академиясын бітірді. 1963 ж. 14-19 маусымда "Восток-5" космос корабілімен жер төңірегіндегі 119 сағ ұшып, жерді 81 рет айналып щықты. Ол ұшып өткен жолдың ұзындығы 3,3 млн. км - ден асты. Валерий Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен және шетел ордендерімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Борис Евсеевич Быховский (14 (27) тамыз 1908 — 26 қаңтар 1974) — кеңес одағының ғалымы, зоолог, паразитолог, академик (1964), КСРО ҒА Зоология институтының директоры (1962—1974).
Ленинград Мемлекеттік университетін бітірген. 1929 - 35 ж. Ленинградтағы балық шаруашылығы институтында, 1935-40 және 1942 жылдан КСРО ғылым академиясының Зоология институтында қызмет істейді. 1963 жылдан КСРО ҒА жалпы биология бөлімінің академик секретары. Негізгі жұмыстары паразиттік тіршілікке, соның ішінде моногенетикалық сорғыш құрттарға және жалпақ құрттарға жататын басқа да топтарға арналған. Борис КСРО теңіз, өзен, көлдерінде балық паразиттерінің таралуын және ол паразиттердің өніп-өсу жағдайын анықтады. Бұл жаңалықтары балық ауруына қарсы күрес шараларын белгілеуге мүмкіндік туғызды. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен, медальдармен марапатталды
## Дереккөздер |
Қаршыға – Күршім жотасының оңтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Ақбұлақ аулынының солтүстік-шығысында 5 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1332 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км шамасында.
## Жер бедері
Беткейлері ұсақ өзен арналарымен тілімденген. Таудан Қалжыр, Балақалжыр өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Сарыоба, шығысында Қызылащы, оңтүстігінде Бақай таулары орналасқан.
## Өсімдігі
Тауалдының қара қоңыр және сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, боз, бұталар өседі. Етегінде өзімен аттас қыстау бар. Жері мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қияқбай Бүркітбай - Шығыс Түркістан Халық Республикасындағы ұлт-азаттық қоғалыс батыры, ақын.
Гоминьдан өкіметіне қарсы күреске белсене қатысты. Алтай аймағының Көктоғай ауданында малшы отбасында туған. Ұлты - қазақ, 1943 ж. 15 қыркүйекте Алтайдағы партизиан штабының тапсырмасымен Дөрбілжінде Гоминьдан әскерлері жөнінде мағұлмат жинау үшін барлауда жүрген сапарында қолға түсті. 13 жолдасымен қоса Сарысүмбе қаласында атылды. Бүркітбайдың "Айқайша" атты жыры мен ерлік ісі ел аңызына айналып, күреске құлшындырған ұран іспеттес болды.
## Дереккөздер |
Саадет Аксой (түр. Saadet Işıl Aksoy) (29 тамыз 1983 жыл) — түрік актрисасы.
Әкесі Невшехирден болса анасы Эдирне, Сиирт жерлерінен. Актер жұмысына Саадет мектеп уақытында қызығушылықты танытты. Ол дербес түрік арналарындағы саз бен киноға арналған әр түрлі теледумандарға қатысқан.
Институстты бітіргеннен кейін Саадет Аксой өзін кәсіби кинематографта сынауды жөн тапты. Институтта да ол актерлік шеберлігінің сабақтарына қатысып, телехикаялар мен жарнамалардың түсірілімдеріне қатысыпты.
2002-2004 жылдар аралығында Саадет «1» арнасында тележүргізуші ретінде сынапқа шыққан. 2005 жылы Саадет Аксой «Күздік от» фильмінде дебюттеген. 2006 жылы болса Саадет Америка Құрама Штаттарына көшті. Осы жерде ол Нью-Йорк киноакадемиясында оқыған. Сонғы жылдары ол көптеген түрік телехикаяларында рөлдерді ойнаған. Олардың ішінде «Жүрексіз адам», «Балкан некесі», «Senden Baska».
2012 жылы Саадет Серджио Кастеллитоның «Екі рет туған» фильмінде түсті. Осы жерде ол Аски рөлін ойнады. Ал Ресейде болса ол «Сүлейман сұлтан» телехикаясының арқасында танымалдыққа ие болды.
## Биография
Босфордық университетті бітірді. Ағылшын тілі және әдебиеті мінбесі. Бірнеше марапатқа ие.
## Фильмография
* 2006— Тұтқындалған жүректер— Ирем
* 2007 —Жұмыртқа— Эйла
* 2008 —Мектеп сыныбы— Дуйгу
* 2008 —Сұлу өмір — Дэниз
* 2008 —Сүт— Семра
* 2009 —Шақырылған бала күтуші — кафедегі түрік қызы
* 2009 —Шығыс көріністері — Изил
* 2009 —Басқа тілдердегі махаббат— Зэйнап
* 2011 —Сүлейман сұлтан — Садыка-хатун
* 2012 —Екі рет туған— Аска
* 2013 —Қуғын— Элени
## Дереккөздер |
БҮЙЕНҚҰРТ (Chabertіosіs) — қой мен ешкінің ішек құрт ауруы. Ауруды тудыратын бүйенқұрт жұмырқұрт тобына жатады. Ұзындығы 20 мм-дей, ақ түсті келеді. Бүйенқұрт малдың тоқ ішегіне жабысып өмір сүреді. Ұрғашысы қой құмалағымен бірге сыртқа жұмыртқа бөліп шығарады да, одан балаң құрт пайда болады. Ол бірнеше күннен кейін жем-сумен бірге малға қайта түседі. Бүйенқұрт тоқ ішектің кілегей қабығына жабысып, оны қабындырады, малдың қанын сорады әрі ішекті жаралайды және зиянды микробтарға жол ашады. Ауру мал тышқақтап, оқтын-оқтын күшенеді, бірте-бірте шөп пен судан қалып, 3 — 4 күнде өледі. Емі: ауырған малға күніне бір рет не күн ара екі рет фенотиозин береді және ұзындығы 100 — 110 см резеңке түтікпен тоқ ішекке 1%-тік 1,5 л формалин ерітіндісін құяды. Аурудан сақтандыру үшін өрісті жиі ауыстырып, қораны мезгілінде көңнен тазартып және малға таза су беру керек. Көктем мен күзде малды профилактикалық мақсатта фенотиозинмен дәрілеу қажет.
## Дереккөздер |
Құммола – Бәле (Бәлі) тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінің оңтүстік-батысында 28 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 780 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі тегіс келген. Тау етегінде қорымтастың мол үйінділері шрғырланған. Солтүстігінде Керегетас, оңтүстігінде Қызылтас, батысында Жалпақтау, шығысында Ақшоқы таулары орналасқан.
## Өсімдігі
Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, көде, селеу, жусан, кермек, көкпек, тобылғы, қараған, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Асли Бұрханов - тәжік совет актері, режисер. КСРО халық артисі. 1945 жылдан КОКП мүшесі.
Сахналық қызметін 1932 ж. Бұхараның музыка-драма театрынан бастады. 1933 жылдан бері Лахкти атындағы дрма театрында актер. Осы театр сахнасында халық азаттығы үшін күрескен ерлер тұлғасымен қатар өткір мінезді рөльдерде де ойнады. Ол - тәжік театрында В.И.Лениннің рөлін тұңғыш орындаған актер. 1946 жылдан бастап режиссурамен де шұғылданды.
## Дереккөздер |
Шүкір Бұрханов (15 қыркүйек 1910 — 15 тамыз 1987) — өзбек совет театр және кино актері, КСРО халық әртісі (1959).
1943 жылдан КОКП мүшесі. 1928 ж. Хамза атындағы драма театрына қабылданды. Шүкір - нәзік, психологялық күрделі тұлғалардан бастап өткір сатиралық мінез-кейіптерге дейін ойнаған актерлік диапазоны кең сахна суреткері. Театр сахнасында Ғафур, Рахимов, Брут; фильмде Ұлықбек, Жалаңтөс т.б. рөльдерді ойнаған. Н.Ф.Погодиннің "Кремль куранттарынан" В.И.Лениннің сахналық тұлғасын жасаған.
## Дереккөздер |
Қаратомар — Қарағанды облысы Нұра ауданының орталық бөлігінде орналасқан тұйық көл. Теңіз деңгейінен 388,3 м биіктікте.
## Аумағы
Ауданы 7,5 км2, ұзындығы 9 км, су жиналатын алабы 41 км2, ең терең жері 1 м. Су көлемінің массасы 2,95 млн м3.
## Гидрографикасы
Суы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Негізінен қар суымен толысады. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланылады. Көлдің қамыс, құрақ өсекен жағалауында үйрек, жылқышы ұя салады.
## Дереккөздер |
Хуршидбану Натаван Мехтикулиханқызы (әз. Xurşidbanu Natəvan; (лақап аты — Xан қызы) (6 сәуір 1832, Шуша қаласы —2.10. 1897, сонда) — азербайжан ақыны. Дәулетті отбасында туып, білім алды. Парсы, араб және орыс тілдерін білді. Шушада «Меджлиси унс» («Достар жиыны») атты әдебиет үйірмесін басқарды. Натаван өлеңдерін аруз үлгісімен жазды. Шығармаларына қайтыс болған ұлының қайғысын арқау етті («Мен жылаймын», «Ғайып болды» т. б.). Мұнда әлеуметтік мотив басым, қоғамдағы әйелдер теңсіздігіне наразылық айқын танылады.
## Дереккөздер |
Мюкерре́м Селе́н Сойде́р (түрікше. Selen Soyder, 26 желтоқсан 1986, Измир) —түрік моделі , актрисасы , Мисс Түркия 2007.
## Биография
1986 жылы , 26 желтоқсан күні , Түркия , Измирде тууылды . Бастауыш және де орта оқуды Салих Ишгерен орта мектебінде алған (Salih İşgören İlkoğretim Okulu) . Измирдік Сельма Йигитальп (İzmir Selma Yiğitalp Lisesi) лицейін бітірді. Дәл осы жылы Анатолийдік университетіндегі қоғамдық байланыстар факультетіне түсті .
2006 жылы « Мисс модель Түркия» байқауында « Үздік модель» атағына ие болып , жеңімпаз атанды . Осымен қатар Қытайда өткен «Жер жүзі Мисс Бикини» байқауына қатысады . Ол бірінші бестікке кіріп , үздік ұлттық киіс – кишек үшін марапатқа ие болады .
Түркияға оралғаннан кейін Çalar Saat рок – тобының бейне клиптарында түсіп , оларға қолдау көрсетеді . Кейін бірнеше жарнамалар мен бейне клиптарда түседі .
2007 жылы Star TV – мен ұйымдастырылған байқауына қатысты . 1200 жас келіншектің арасында жеңімпаз болып , «Мисс Түркия» атағына ие болды . Дәл осы жылы Селен Сойдер , Қытайда өткен «Мисс Әлем» байқауына қатысып , тұңғыш бестіктің ішіне кіре алмады . 2007 жылы модель ретінде әйгілі Vakko бірлестігінің тізімдемесіне түскен .
2010 жылы Селен Сойдер «Жер мен көктің арасында» (Yer Gök Aşk) атты телехикаясында , Топарықтың басты рөліне ие болды. Осы телехикая Fox TV арнасында көрсетілген . Тура осы рөлмен ол «Қызғалдықтар кезі » телехикаясында ойнайды .
Қазіргі уақытта ол Стамбулдық Унивеситетте тарих факльтетінде оқып жатыр .
## Дереккөздер |
Туба Бүйүкүстүн (түр. Tuba Büyüküstün ; 1982 жыл 15 шілде , Түркия , Стамбул ) – түрік кино және театр актрисасы , және модель .
## Өмірбаяны
Туба Бүйүкүстүн 1982 жылы , 15 шілде күні Стамбул қаласында туған . «Doğus» жоғарғы мектебін бітіріп , содан кейін Мимар Синан атындағы бейнелеу өнері университетінде , киім-кишек және сахна көркі суретшісі мамандығында білім алды .
## Мансабы
Университетте оқағын уақытта ол белменді түрде «Pantene», «Maximum Cart», «Kremini», «Molped» сияқты атақты брендтер үшін жарнамаларда түсуді бастаған. Тез уақыт аралығында оны режиссер Томрис Гиритоглуның әмірі байқады . Тубаның сынапқа шығуы «Сұлтан Макам» телехикаясында болған . осыдан кейін ол «Çemberimde Gül Oya» телехикаясында , «Гюлизар», «Әке мен ұл» фильмдерінде түсті . Тубаның жұлдыздық сәті 2005 жылы «Жөкенің панасында» телехикаясында болған , осы телехикаяда ол Бюлент Иналмен жұпта басты рөлді ойнаған . Бүйүкүстүннің теледидардағы келесі жұмысы «Аси» телехикаясы болды , бұл телехикая 2007-2009 жылдар аралығында таратылған.Осы телехикаяда да ол басты рөлге ие болды , оның серітесі әйгілі актер Мурат Йылдырым болды . Ал 2010 жылы болса , Туба сыған әйелі Хасрет бейнесінде «Gönülçelen» телехикаясында ойнайды . 2014 жылдан бастап «Арам ақша мен махаббат» телехикаясында жұмыс орындайды .
## Жеке өмірі
2005 жылы Туба «Жөкенің панасында» телехикаясындағы әріптесі Бюлент Иналмен кездеседі , бірақ 2007 жылы осы жұп айырылысалы . «Аси» телехикаясының түсірілімдерінде Туба оператор – қоюшы Сами Сайданмен танысады . 2008 жылдан бастап олар кездесуді бастайды , ал 2010 жылы болса олар кездесулерді тоқтады . 2010 жылдың шілде айында , Парижда Туба актер Онар Сайлакқа үйленеді . Олардың романтикалық қарым-қатынасы «Gönülçelen» телехикаясының түсірілімдерінде басталады . 2012 жылдың 19 ақпан күнінде Туба екі егіз – Мая мен Топракты туады .
## Фильмография
* 2003 – Сұлтан Мкам – Несрин
* 2004 – Раушаннан оюлар – Зарифе
* 2004 – Гюлизар – Гюлизар
* 2005 – Махаббат жолы – Дениз
* 2005 – Әке мен ұл – Айсун
* 2005 – Емтихан – Зейнеп
* 2005-2007 - Жөкенің панасында – Филиз
* 2007-2009 – Аси – Аси
* 2010-2011 – Жүректі жайғайтын – Хасрет
* 2010 – Менің жүрегімде сұра – Эсма
* 2013 – 20 минут – Мелек
* 2014-2015 – Арам ақша мен махаббат – Элиф
## Дереккөздер |
Әбдірәшіт Аронұлы Сыдыханов– (12.8.1937 жылы Гурьев облысы Кулагин ауылы) – суретші, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1990).
## Шығармалар
Қоюшы-суретші ретінде “Қараш-Қараш” (1967), “Құлагер” (1972), “Кездеспей кеткен бір бейне” (1976), “Өрнек” (1979), “Жусан” (1986), тағы басқа көркем фильмдерді түсіруге қатысты. Ол – “1916 жыл” (1969, “Ақындар даусы", “Ереуілшілер”, “Жеңілгендер”), “Маңғыстау мұнайшылары” (1970), “Кездесу” (1982) триптихтарының, “Қазақстан туралы поэма” панносының (1974); сондай-ақ “Автопортрет” (1970), “Бозторғай әні” (1982), “Қарғалар бақташысы” (1987), “Жер бесік” (1997), “Тау. Қыз емшек” (2000), “Атырау кеші” (2002), “Асқақ ойлы ақын Махамбет”, “Мәңгілік әуені” (екеуі де 2003), т.б. шығармаларын жазған. Сыдыхановтың бейнелеу өнері саласындағы үздік туындылары кезінде Польшада, Болгарияда (1979), Ресейде (Мәскеуде, 1987) өткен халықаралық көрмелерге қойылды.
## Марапаттар
1980 жылдары суретші өзінің суреттеме тілінің стилін өзгертіп, көрермендер мен сыншылардың жоғары бағасын алған: "Тон киген қыз" (1981, ГТГ, Москва), "Ақ бұлақ" (1986), "Әдемі інгенді сауу" (1987, Қастеев атындағы ГМИ, Алматы), сондай- ақ "Өз күшіктерін жеген ит" (1988,. Қастеев атындағы ГМИ ), шығармалары жарық көріп, Каспий жағалауындағы республикалардың Бакуде өткен на Биеннале көрмесінде алтын медальмен марапатталды. 1986 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Мемелкеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1990 жылы, Қазақстан Республикасының өнерге еңбек сіңірген атағы берілді. Құрмет орденінің құрметті иегері, “Тарлан” сыйлығының лауреаты болды.
## Дереккөздер |
Ащысу – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма, Аягөз, Абай ауданы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 349 км, су жиналатын алабы 18100 км2.
## Бастауы
Бастауын Жақсы Қойтас, Жаман Қойтас, Сарытау баурайындағы бұлақтардан алып, Шаған өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Өзен жағасы жарлауытты (биіктігі 2 м-ге жетеді) келген. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,34 м3/с (Үшбиік темір жол стансасы тұсында). Суы мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ғабдолла Оразбайұлы Бұзырбаев (1908, Новосібір облысы, Утеч - 26.12.1941, Алматы) - Қазақстан партия, кеңес қайракері.
Омбы жұмысшы факультетін, Новосібір Марксизм-ленинизм институтын бітірді. 1937-39 ж. Новосібір облысы партия комиетінің бөлім меңгерушісі. 1939-40 ж. Новосібір облыстық Біріккен мемлекеттік баспаның директоры және "Сибирские огни" саяси-көркем әдеби журналының бас редакторы қызметін қоса атқарды. 1940-41 ж. Қазақстан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары және КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарды. 1941 ж. Қазақстан КП ОК хатшысы болды. Ұшақ апатынан қаза тапты. Ғабдолла тарих ғылымының кандидаты, партия тарихы мәселелері жөнінде бірнеше еңбектің авторы. Оның есімімен Алматы қаласында көше атауы берілген.
## Дереккөздер |
Жанбосын Әбдіғапар (1870 - 1919) — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.
1916 жылғы қазанда оны көтеріліс жасаған халық ақ киізне көтеріп, Торғай қыпшақтарының ханы етіп жариялады. Ол ресми түрде хан атағынан бас тартып, әмір деп аталса да, хан өкіметі құрылымын қалпына келтірді. Әдбіғапар алдыңғы қатарлы көзқараста болған адам, ауыл мектебін, бастауыш орыс мектепбін ұйымдастырып, мешіт құрылысын басқарды. Әдбіғапардың ұсынысымен жаратылысынан қолбасшылық дарыны бар Амангелді сардарбек болып сайланды. Ол 1919 жылдың аяғында беймәлім жағдайда қайтыс болды. |
Қойыртпақ шығарма (ағылш. Pulp Fiction) — 1994 жылы шыққан режиссёр Квентин Тарантиноның ең танымал және ең табысты фильмі. Фильмнің атауы XX ғасырдың ортасында АҚШ-та танымал болған қойыртпақ-журналдарға (Pulp magazine) сілтеме болып табылады. «Қойыртпақ шығарма» «Оскар» марапатына жеті номинация (оның ішінде үздік фильм) алған. Ең үздік сценарий номинациясында фильм «Оскар», «Алтын глобус», «BAFTA» және «Канн кинофестивалінің» «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды. «Қойыртпақ шығарма» IMDb сайтындағы ең үздік 250 фильмнің тізімінде үнемі бірінші ондығына кіреді. Ал 2013 жылы мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы бар фильм ретінде Американың Ұлттық фильмдер реестріне енгізілді.
## Рөлдерде
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Қойыртпақ шығарма» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында (Тексерілді 27 қарашаның 2012) |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.