text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қаратөбе мұнай кен орны — Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан. Сейсмикалық барлау жұмыстары 1967 жылы жүргізілген. Бірінші өндірістік мұнай 1966 жылы алынған. Кен орны негізінен пайдалануға дайын, жоғарғы пермь шоғырларында барлау жұмыстары жалғасуда.
## Геологиялық құырылымы мен сипаты
Тектоникалық тұрғыда үш қанатты күрделі күмбезді құрылым]ан орын алған. Пермь-юра кезеңінің шөгінділерінен барлығы 6 мұнай қабаттары анықталған. Кен орындағы құмтас, алевролит, саздан құралған өнімді қима 200-2650 м тереңдікті қамтиды. Мұнай шоғырлары коллектор типі бойынша қабаттық, дөңес және тектоникалық болып ажыратылады. Олардың қалыңдығы 300 м-ге жетеді. Коллекторлардың кеуектілігі 15-354,8%, өткізгіштігі 0,001-3,64 мкм2. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,56-0,75. Ең ауыр мұнай (тығыздығы 0,92-0,97 г/см3) төменгі бор түзілімдерінде анықталған. Тығыздығы 0,852-0,862 г/см3 жеңіл мұнайлар жоғарғы пермь және төменгі триас қималарына сәйкес.
## Құрамы
Мұнай құрамында 0,17 – 0,72% күкірт, 1,5 – 5% парафин, 21 – 40,5% шайырлар бар. Бастапқы қабаттық қысым 2-29,2 МПа. Өнімді қиманың төменгі бөліктеріндегі хлоркальцийлі қабат суларының минералдары 150-230 г/л және ол йодқа, бромға, борға бай; апт жікқабаты және баррем қабаттарында олардың құрамы гидрокарбонатты-натрийлі және сульфатты-натрийлі.
## Дереккөздер |
Виктор Яковлевич Субботин (8 қыркүйек 1911 жылы Пермь облысында туған)- қазақстандық селекционер - зоотехник. Қаз АКСР - нің еңбек сіңірген зоотехнигі (1971).
## Өмірі
Мәскеудің зоотехникалық институтын бітіріп (1935), Қарағанды облысы Тельман селосында, кейін Семей облысы "Шалабай" асыл тұқымды мал селосында аға зоотехник, 1938-47 жылдары Қаз АКСР Совхоздар халкомында зоотехник, аға зоотехник, бас зоотехник, зоотехника бөлімі бастығы.
1947-54 жылдары Қазақ АКСР Совхоздар министрлігі аппаратында зоотехния бөлімі бастығы, коллегия мүшесі, Солтүстік совхоздар басқармасы бастығының орынбасары, Мал шаруашлығы басқармасының бастығы, министрдің орынбасары.
1954-64 жылдары Қазақстан КП ОК-нде ауыл шаруашылығы бөлім меңгерушісінің орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-нің ауыл шаруашылығына басшылық ету бюросы председателінің орынбасары, 1964-65 жылдары Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрі.
1965 жылдан Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары
## Еңбектері мен марапаттары
Субботин мал шаруашылығы жөнінде 20-дан астам ғылыми еңбек жариялады.
Қазақтың ақ бас сиырын шығаруда селекциялық жұмыстағы еңбегі үшін (бір топ ғалымдармен бірге) Субботинге КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты атағы берілді (1951).
4 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталған.
## Дереккөздер |
Қарсақ мұнай кен орны — Атырау облысы Мақат ауданы, Мақат кентінен оңтүстікке қарай 70 км, Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан 18 км жерде орналасқан. Кен орны бұрғылау жұмыстары нәтижесінде 1948 жылы ашылған, 1960 жылдан пайдаланылуда.
## Геологиясы мен сипаты
Кен орны үш қанатты тұз күмбезі құрылымнан орын алған. Бұл құрылымның ендік бағытта созылған тұз ядросының екі төбешегі бар, олар 700-800 м тереңдікте жатыр.
Қарсақ мұнай кені аумағында төменгі пермь кезеңінен жоғары апт, неокомге дейінгі шөгінділер (жалпы қалыңдығы 1800 м) тараған.1952-1960 жылдары жүргізілген терең бұрғылаудан кейін жоғарғы және төменгі бор қабаттарында өндірістік маңызы бар мұнай горизонттары анықталды. Мұнайы мол шоғырланған батыс қанат 9 мұнайлы горизонтқа бөлінген.Шөгінді жыныстардан құралған мұнайлы қабаттардың жалпы қалыңдығы 4 – 32 м. Коллекторларының ашық кеуектілігі 25-30%, өткізгіштігі 1,03-2,34 мкм2. Бастапқы қабаттық қысым 1,8 – 7,2 МПа, температурасы 25 – 35°С. Мұнайдың тығыздығы 0,826 – 0,933 г/см3.
## Құрамы
Мұнай құрамында:
* күкірт - 0,1-0,6%
* шайыр - 9-52%
* парафин - 0,17-2,19%
Ілеспе газдың құрамы:
* метан - 70,4%;
* этан - 4,2%;
* пропан - 9,3%;
* изобутан - 14.4%;
* азот - 1,1%;
* оттегі - 0,3%.
Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1,091-1,670 г/см3, минералдары 135,2-253,6 г/л.
## Дереккөздер |
Қаратал мұнай кен орны — Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор темір жол стансасының солтүстік-батысында 80 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан. Кен орны 1954-1960 жылдары барланып ашылған.
## Геологиялық сипаты
* Кен орны 4 қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады.
* Төменгі борда 360-443 м тереңдікте бір неокомапт мұнайлы қабаты бөлінген.
* Иірімнің биіктігі 13-15,6 м.
* Су-мұнай жапсары -355,6-400 м.
* Өнімді горизонт терригендік таужыныстардан түзілген, коллекторлары кеуекті.
* Қабаттарының мұнайға қаныққан қалыңдығы 2,6-3 м, ашық кеуектілігі 21,5% , өткізгіштігі 0,285 мкм2 аралығында, мұнайға қаныққан коэффициенті 0,81.
* Мұнайдың шығымы 0,54 м3/тәулік, бастапқы қабаттың қысымы 3,65 МПа.
## Химиялық құрамы
* Күкірті аз - 0,4%
* Парафині аз - 0,65%
* Шайырлылығы - 34%
* Хлоркальцийді қабат суларының тығыздығы 1110 кг/м3.
## Дереккөздер |
Субетеге (бетеге, Festuca) - астық тұқымдасына жататын өсімдік туысы. Гүл шоғыры сыпыртқы тәрізді,көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Масағы үш не көп гүлді. Субетегенің 300 - ге жуық, бұдан КСРО -да 51 болған, оның ішінде Қазақстанда 20 түрі белгілі. Барлық түрі дерлік құнды мал азығы, кейбір түрі қыста жапырақ тастамайтындықтан қысқы жайылым. Субетегенің көптеген түрі қолдан егіледі. Шаруашылыққа ең маңыды түрі шабындық субетеге.
## Шабындық субетеге
Орманды, орманды дала аймақтарда ылғал жеткілікті жерлерде өседі. Гектарынан 50 центнер сапалы пішен алынады. 100 кг пішенінде ц60,2 азық өлшемі және 4,2 кг қорытылатын протеин бар.
## Қызыл субетеге
Қызыл субетеге көбіне далада, тауда өседі. Жайылымға көп жыл пайдаланылады. Гектарынан 15- 25 центнер пішен шабылады, 100 кг пішенінде 50,3 азық өлшемі, 3-5 кг қорытылатын протеин болады.
## Көкшұнақ субетеге
Көкшұнақ субетеге орманды даланың оңтүстгі , дала және шөлейт аймақта таралған. Көктемде, күзде мал жайылымы, қой жақсы семіреді. Гектарынан 3 - 5 центер пішен түседі, 100 кг -нда 52,2 азық өлшемі, 5 кг қорытылатын протеин болады.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 432 бет |
Қосшағыл мұнай кен орны — Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. 1926 жылы ашылған. Барлау-бұрғылау жұмыстары 1935-1942 жылдары жүргізілген.
## Геологиясы мен сипаты
* Кен орны төрт қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады.
* Солтүстік қанаттың ортаңғы юра және оңтүстік қанаттың пермь триас шөгінділері мұнайлы. Өнімді горизонттар 81 – 420 м тереңдікте жатыр.
* Шоғырлар қабаты биіктігі 12 – 127 м тектоникалық, литологиялық-стратиграфиялық қалқаланған. Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан құралған, коллекторлары кеуекті.
## Қанығу сипаты
* Мұнайға қаныққан қабаттар:қалыңдығы 2,6 – 13,6 м;ашық кеуектілігі 22,2 – 31,9%;өткізгіштігі 0,031 – 9,718 мкм2;мұнайға қанығу коэффициенті 0,52 – 0,92.
* қалыңдығы 2,6 – 13,6 м;
* ашық кеуектілігі 22,2 – 31,9%;
* өткізгіштігі 0,031 – 9,718 мкм2;
* мұнайға қанығу коэффициенті 0,52 – 0,92.
* Мұнайдың шығымы 1-ден 320,2 м3/тәулік аралығында ауытқиды.
* Қабат қысымы 1,67 – 8,2 МПа, температурасы 19,3 – 29,5°С.
## Құрамы
* Мұнайдың тығыздығы:0,827 – 0,927 г/см3;күкірттілігі 0,05 – 0,46%;парафинділігі 0,22 – 1,87%.
* 0,827 – 0,927 г/см3;
* күкірттілігі 0,05 – 0,46%;
* парафинділігі 0,22 – 1,87%.
* Газ құрамы:метан (72,7 – 89,3%);этан (2 – 10,1%);пропан (1,2 – 2,44%);изобутан (0,2 – 3,66%);көмір қышқыл газы (0,8 – 3,1%).
* метан (72,7 – 89,3%);
* этан (2 – 10,1%);
* пропан (1,2 – 2,44%);
* изобутан (0,2 – 3,66%);
* көмір қышқыл газы (0,8 – 3,1%).
Қабат сулары хлор-кальцийлі, олардың тығыздығы 1,058 – 1,145 г/см3, минералдары 83,6 – 231,8 г/л.
## Дереккөздер |
Қопа мұнай кен орны — Ақтөбе облысында Байғанин ауданында, Атырау-Орск мұнай құбырынан 12 километр жерде. Құрылымдық барлау және терең бұрғылау жұмыстары 1962 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды.
## Геологиялық құрылымы
Мұндағы іздестіру-бұрғылау нәтижесінде анықталған қима төменгі пермьнің кунгур ярусының тұзды түзілімдерінен, төменгі пермь-триастық және ортаңғы юраның, төменгі бор мен неогеннің терригенді шөгінділерінен тұрады. Олардың жалпы қалыңдығы 1000 метрден асады. Қиманың өнімді бөлігінің қалыңдығы 540 метрге жетеді.
## Жатыс сипаты
Кен орны көп қабатты және бірнеше ұсақ шоғырларды құрайды. Барлық шоғырлар мұнайлы, жатыс тереңдігі 192 – 659 метр. Табиғи сыйымдылығы бойынша шоғырлар қабаттық, дөңес және стратиграфиялық, тектоникалық элементтермен қалқаланған.
## Қанығу сипаты
Өнімді горизонт коллекторларының жалпы қалыңдығы 6 – 88 метр аралығында өзгереді, тиімді қалыңдығы 5,4 – 86 метр, мұнайға қаныққан қалыңдығы 4,5-10,5 метр. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,58-0,68. Бастапқы қабат қысымы 1,9-7,2 МПа, температурасы 23-36°С. Горизонт бойынша мұнай шығымының өзгеруі 0,25-22,8 м3/тәулік. Кен орны 1966 жылдан уақытша жабылған. |
Әлібекмола мұнай кен орны — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы кен орны. Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 км жерде орналасқан. Кен орны 1988 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны тектоникалық бұзылыс нәтижесінде оқшауланған антиклинальдық иілімді алып жатыр. Сейсмикалық зерттеулер бойынша құрылым өлшемдері 17×5 км, биіктігі 450 м. Өнімді қабаттар тас көмір кезеңінің әктасты шөгінділерінде түзілген.
## Қанығу сипаты
Коллектордың кеуектектігі 6,5 – 12,1%, мұнай сіңімділігі 70 – 81,8. Бастапқы қабат қысымы 31,3 МПа, температурасы 70°С. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі 269 м3.
## Құрамы
Мұнайдың меншеңді салмағы 0,845 г/см3, құрамында күкірт (1,31), парафин (8,08%), шайыр (5,61%) бар. Мұнайлы қабаттардың режимі – арынды серпінді-сулы келеді. |
Құмсай мұнай кен орны – Ақтөбе облысы, Темір ауданында, Темір қаласынан оңтүстікке қарай 70 км жерде. Кен орнының құрылымы 1948 жылы геологиялық түсіріммен анықталып, барлау жұмыстары 1959-1963 жылдары жүргізілген. Кен орны 1960 жылы К-І ұңғымасын тексеру кезінде ашылған.
## Геологиясы мен сипаты
Өнімді горизонт ортаңғы юра шөгінділерінде (жатыс тереңдігі 270-285 м) қалыптасқан. Мұнайға қаныққан қабат 7 м, кейде 23 м, сіңіру коэффициенті 0,8. Ашық кеуектілігі 18%, өткізгіштігі 0,688 мкм2. Жабыны ортаңғы юра саздары және юра шөгінділеріне шайыла жайылған Готерив жікқабатының сазды қабаттарынан түзілген.
## Құрамы
Мұнайы ауыр (0,939 г/см3), күкіртті (0,71%), парафині аз (0,36%), мол шайырлы (32,2%). Бастапқы қабат қысымы 2,26-2,46 МПа, температурасы 13°С. Ұңғымалардағы мұнайдың тәуліктік өнімділігі 0,82-2,5 м3, газ қанығушылығы 1,2-1,9 м3/т. Мұнайдағы еріген газ құрамы бойынша ауыр, этанды. Ауыр көмірсутектердің үлесі 40%, метан 58%, азот 0,15%.
## Дереккөздер |
Константин Петрович Студенцов(23.09.1906 жылы туған, Татар АКСР, Кокряти селосы) - қазақстандық мал дәрігері, мал дәрігерлік ғылымының докторы (1961). Қаз АКСР -нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), 1944 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірбаяны
Студенцов Қазан мал дәрігерлік институтын (1930) бітірген. Ол бұрынғы Петропавл, Павлодар, Семей округтарында (1931 - 33) - эпизоотологиялық отрядтың бастығы, диагностикалық лаборатория меңгерушісі, 1933 жылдан Қазақтың мал дәрігерлік ғылыми - зерттеу институтында директордың ғылым жөніндегі орынбасары және ұзақ жылдар лаборатория меңгерушісі (1975 жылға дейні) болды. Қазақстанда жылқының маңқасын, ірі қараның қарасан, алаөкпе індеттерін, бруцеллез ауруын зерттеді және осы ауруды зерттейтін Қазақстандағы 7 мал дәрігерлік ғылыми - зерттеу стансиалары мен Солтүстік мал дәрігерлік ғылыми - зерттеу институтының жұмыстарына басшылық етті. 1975 жылдан дербес зейнеткер.
## Еңбектері
150 - ге жуық ғылыми еңбек жариялады.
## Сыйлықтары
Ол "Құрмет белігісі" орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 429 бет |
Марат Мұхамедғалиұлы Сужиков(20.09.1932 ж.т., Астрахань облысы., Володар ауданы., Калинино селосы)- қазақ кеңес ғалымы, философия ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970), 1952 жылдан КПСС мүшесі.М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. (1956). 1956-1969 ж. Қазақ КСР ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, ғңылыми секретарь болды. 1969 жылдан осы институттың ғылыми коммунизм теориясы бөлімінің меңгерушісі. Сужиков ғылыми коммунизм және тарихи коммунизм теориясы бөлімінің меңгерушісі. Сужиков ғылыми коммунизм және тарихи материализм теориялары мәселелерімен шұғылданып жүр. Шетелдерге ғылыми командировкаға барып, лекциялар оқыды. (Польша 1967, Чехословакия 1973, Куба 1974-1975)
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 441 бет |
Әли-Аббасоғлы Рустамзаде Сулейман (лақап аты:Сулейман Рустам ) (27.11.1906 жылы туған, Баку)- азербайжан кеңес ақыны, драматург, Кеңес Еңбек Ері (1976). 1940 жылдан КПСС мүшесі. Азербайжан АКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1943), Азербайжан халық ақыны (1943), 1971 жылдан Азербайжан КСР Жоғары Кеңесінің председателі.
## Өмірі
Жұмысшы отбасысында туды. Азербайжан Мемлекеттік университетінде (1927 жылдан), Мәскеу Мемлекеттік университетінде (1929 жылдан) оқыды. Шығармалары 1923 жылдан жариялана бастады.
## Еңбектері
«Жұлдыз» (1934),«Чапаев»(1936), «Түн романтикасы»(1938) өлеңдер жинақтары шықты. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған «Ант», «Кавказ жүрегі сөйлейді»,«Күткен күн», «Ана мен почтальон» т.б. өлеңдері, « Гасак Наби» (1940),«Дурна»(1948) атты пьесалары бар. Соғыстан кейінгі жылдары ақынның халықаралық бейбітшілік жолындағы күрес, социалисттік құрылысқа арнаған көптеген шығармалары жарық көрді. «Орыс бауырым туралы сөз»(1960) атты поэмасы жоғары бағаланды.
## Сыйлықтары
«Екі жаға» кітабы(1949) үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1950) алды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 443 бет |
Солтүстік Придорожный мұнай кен орны, Солтүстік Жолмаңылық — Өзен-Жетібай антиклинальдық баспалдағында орналасқан мұнай кен орны. Осындағы Придорожное мұнай-газ конденсат кен орнымен ұштасып жатыр. 1988 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орнының оңтүстік-батысы тектоникалық бұзылыспен күрделіленген антиклин қатпармен байланысқан. Ортаңғы триастың шағылдырушы бетімен антиклинальдың өлшемдері (-3850 м-лік изогипса) 1,7-1,5 км, амплитудасы 50 м-ден астам. Бойлыққа жуық бағытталған жарылым арқылы құрылым батыс жағынан өлшемдері (-3900 м-лік изогипса) 2x1 км, амплитудасы 50 м келген жартылай күмбезбен жапсарласады. Коллектор аралас терригендік-карбонаттық, кеуектілігі 13%, өткізгіштігі 0,038 мкм2. Иірім қабаттық, дөңдік, оңтүстік-батысқа қарай коллекторлардың литологиялық алмасуы байқалады.
## Қанығу сипаты
Мұнайға қаныққандық коэффициенті 0,72. Дөңде 4050,6 м тереңдіктегі қабат бетінен алғанда иірімнің биіктігі 200 м. Өнімді қабаттың жалпы қалыңдығы 33 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдығы 10,8 м. Су-мұнай жапсары – 4085 м-лік белгіде анықталған.
## Тығыздығы, құрамы
Бастапқы қабаттық қысым 45,8 МПа, температура 143°С. Мұнайы жеңіл, тығызд. 838 кг/м3, аз күкіртті 0,11%, мол парафинді 24,6%, асфальтендер 1,5%, силикагельдік шайыр 3,2% болады. Мұнайға еріген газ ауыр, метанды-этанды келеді. Иірімнің режимі суарынды. Хлоркальций типті қабат сулары минералдылығы жоғары тұздықтар болады.
## Дереккөздер |
Джевдет Сунай (Sunay) (10.2.1899, Трабзон - 22.05.1982, Стамбул) - түрік әскери және мемлекет қайраткері.
1919-1922 жылы ұлт-азаттық соғысқа қатысты, сонан кейін штабтарда түрлі қызметтер атқарды. 1950 ж. биргада генералы дәрежесінде Бас штабтың оперативтік басқармасы бастығының орынбасары, кейін осы басқарманың бастығы, Бас штаб бастығының орынбасары болды. 1960 ж. Бас штабтың бастығы болып тағайындалды. 1966 ж. 28 наурыз-1973 жылы 6 сәуірде Түрік Республикасының Президенті.
## Дереккөздер |
Айыртау мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуіндегі мұнай кен орны. Құрылым сейсмобарлау көмегімен 1990 жылы нақтыланып (оңтүстік қанаты), іздеу бұрғылауы 1991 жылы басталған. Кен орны 1993 жылы ашылды.
## Географиялық орны
Атырау облысында, Мұқыр станциясының солтүстік-батысында 30 км жерде.
## Геологиялық құрылымы
Тұзүсті шөгінділерімен байланысқан мұнайлы құрылым тектоникалық жарылымдармен оңтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс қанаттарға бөлінген, ендікке жуық бағдарланған, брахиантиклиналдық қатпар болып табылады. Құрылымның оңтүстік қанатындағы ортаңғы юралық үш горизонттың өнімділігі анықталған.
## Жатыс сипаты
Горизонттардың орналасу тереңдіктері 120-400 м. Жатын жинауыштарының кеуектілігі 37%-ға, өтімділігі 1,697 мкм2-ге дейін жетеді. Горизонттардың тиімді қалыңдығы 1-15 м. Өнім шығымы 1,2-36 м3/тәулікке дейін.
## Тығыздығы
Мұнайдың тығыздығы 876 кг/м3. Юра кешенінің қойнауқаттық суларының тығыздығы 1107-1154 кг/м3, минералдылығы 142-191 г/л хлоркальцийлі типтегі тұздықтар. Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Кен орны барлануда.
## Дереккөздер |
Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин(1936 – 2005) – физика-математика ғыламдарының докторы (1973), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1983).
Уақ тайпасынан шыққан.
Қазақстанда сәулеленудің тасымалдану теориясы ғылыми мектебінің негізін салған. Т. Мұсабаев пен Т.Әубәкіров қатысқан Халықаралық ғарыш станциясының (1991, 1994, 1998, 2001) құрылысына қатысқан.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты туралы фильмнің көрсетілімі(қолжетпейтін сілтеме) |
Күнтуар Әлібайұлы Сүлейменов(01.01.1905 жылы туған,қазіргі Ақмола облысы,Ключи селосы ) - қоғам қайраткері. Қаз АКСР- нің еңбек сіңірген юрисі(1967). 1941 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірі
Бүкіл одақтық заң институтын бітірген (1941). Сүлейменов 1926 жылдан юстиция және сот жүйесінде қызмет етті. 1935 - 1938 жылдары Алматы облысы сотының мүшесі, председателінің орынбасары, 1939 -42 жылдары юстиция халкомында аға консультант, бөлім бастығы болды. Сүлейменов 1942 - 1945 жылдары Кеңес әскері қатарында ерекше оперативтік бөлімде қызмет атқарды. Қаз АКСР Жоғары сотының мүшесі, Алматы облысы сотының председателі (1946-53), 1953-56 жылдары Қаз АКСР юстиция министрінің орынбасары, 1956 -63 жылдары Қаз АКСР Жоғары сотының мүшесі, председателінің орынбасары, председатель қызметін атқарды. 1963 жылдан одақтық дәрежелі зейнетақыда.
## Сыйлықтары
Сүлейменов Қызыл жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 470 бет |
Бекмағанбет Сұлтанғазиев (1899, Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Тасқора ауылы - 16.01.1950, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы) - қазақ зергері, руда танушы.
Түрлі кендерді халық тәжірибесінде жинақталған белгілер бойынша іздеген, кен геологиясымен өздігімен танысқан зерттеуші. Тасқора мыс кенін (1928), Қаратаудағы Шымбастау мыс – никель – кобальт кенін ашты (1936). Тасқора мыс кенін ашқаны үшін оған Қазақ Орталық кен округы 1929 жылы 21 шілдеде барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат куәлігін берді. Сұлтанғазиев өзінің кен іздеушілік жұмыстарын әуелі Ақмола облысы, Сарысу болысы, №1 ауыл Кеңесінің, кейін Жамбыл облысы,Сарысу ауданы, Калинин ауыл Кеңесі атқару комитеттерінің төрағасы (1924 - 45) бола жүріп атқарды. Ол өзінің туған жеріндегі Ленин атындағы к-зды ұйымдастырушылардың бірі. 1925 жылдан “Қазақстанды зерттеу” қоғамының мүшесі болды.
## Дереккөздер |
Хадиша Сүлейменқызы Сүлейменова(03.06.1913,Әндіжан, - 26.11.1965, Ташкент) - кеңес ғалымы,юрист заң ғылымының докторы(1950), профессор (1951), Өзбекстан КСР ҒА -ның академигі(1965), Өзбекстан КСР - нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.1956 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірбаяны
Ташкенттегі кеңестік құрылыс және құқық институтын бітірген соң (1935) сот жүйесінде қызмет істеді. 1938 - 41 жылдары Мәскеу Заң институтының аспиранты. 1941 - 54 жылдары Ташкенттің заң институтында ассистент, кафедра меңгерушісі, ал 1954 жылы осы институттың директоры, Орта Азия мемлекет университетінің кафедра меңгерушісі (1956 - 58). Өзбекстан КСР юстиция министрі, республика Министрлігі Кеңесі жанындағы юстиция комиссиясының (1958-64),1964 -65 жылдары Өзбекстан КСР Жоғары сотының председателі болды. Ол шетелдерде (Амстердам, Лондон,Каир,Токио,Дели,Прага т.б. қалаларда) өткен халықаралық конференциялар мен конгрестерде құқық мәселелері жөнінде баяндамалар жасады. Сүлейменованың құқық проблемаларына арналған 80 - нен астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1954 жылдан),
## Сыйлықтары
2 рет "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. Ташкенттің ғылыми - зерттеу сот - экспертиза институтына Сүлейменова есімі берілген.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 471 бет |
Әміре Сұлтанмұратов(07.02.1870, қазіргі Көкшетау облысы.,Айыртау ауданы.,-1950, сонда)- қазақ ақыны. Жастай ел ішіне ақын ретінде танылған. Сұлтанмұратов 1916 ж. патша өкіметіне қарсы өлең шығарғаны үшін жер аударылып, 2 жыл Атбасарда болды. Қазан революциясынан кейін кеңестік жаңа өмір және В.И.Ленин туралы көптеген өлең жазды. «Аманкелді батыр» (1924) дастанын шығарды. Оның бірсыпыра өлеңдері «Ленин деп халық жырлайды» (1969) «Песни степей» (1940) т.б. жинақтарға енді, республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Сұлтанмұратов- Республикалық ақындар слеті (1937) мен ақындар айтысының (1943) жүлдегері. Қолжазбалары Қазақ АКСР ҒА Орталық ғылыми кітпаханасында сақтаулы.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 462 бет |
Сүмелек (Delphinium) - сарғалдақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 30-250 см, сабағы қуыс, жапырақты,кейде тармақты, бұтақты. Жапырақтары кезекті орналасқан,саусақ тілімді. Гүлдері шашақ не сыпыртқы тәрізді гүл шоғырына топтанған, көк, көгілдір, сары,ақ , күлгін түсті.
## Таралуы
Жер шарының солтүстік жартысында (Еуропа, Азия,Солтүстік Америка) және Африканың тропик аймақтарында тауларда таралған 300 - ге жуық түрі,бұдан КСРО -да 100 - ге жуық түрі болған, оның ішінде Қазақстанда 28 түрі өседі. Кейбір түрлері дәнді дақылдар егістігінің арам шөбі.
## Қолданылуы
Элатин, дельфинин т.б. алколоидтар,бояу алынатын өсімдіктер. Әсемдік үшін өсірілетіндері де көп. Сүмелектің барлық түрі малға (әсіресе сиыр,қой) улы.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 472 бет |
Сыбызғы қурай (Аюбалдырған Angelica) - шатырша гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық не екі жылдық өсімдіктер туысы.
## Биологиялық сипаттамасы
Сабағы қуысты, іші кеуек, жапырақтары 2 - 3 тілімді, гүл желегі көбіне ақ, жемісі қабысыңқы, шеті қанат тәрізді, қырлы.
## Таралуы
Солтүстік жер шарында және Жаңа Зеландияда таралған 50 - ге жуық (кейбір деректерде 80) түрі, бұдан КСРО - да (негізінен Қиыр Шығыста өсетін) 17 түрі болған, оның ішінде Қазақстанда 2 түрі бар.
## Қысқа сабақты сыбызғы қурай таралуы
Қысқа сабақты сыбызғы қурай Балқаш - Алакөл атырабында, Жоңғар Алатауы, Батыс Тянь - Шаньда альпілік белдеудегі өзен бойында, екінші бір түрі Алтай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тянь -Шяньда ылғалды сай, жыраларда, таудың орта белдеуіндегі өзендер бойында өседі.
## Қоладнылуы
Орман сыбызғы қурайын мал жейді, сүрлемге салуға болады, жемісі құрамында кумарин болады. Дәрілік сыбызғы қурай медицинада пайдаланылады, балды өсімдік.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 480 ет |
Амангелді газ конденсаты кен орны – Шу-Сарысу шөгінді алабының Мойынқұм ойысындағы газ кен орны. Құрылым 1974 жылы сейсмобарлаумен іздестіру бұрғылауын жүргізуге дайындалды. 1975 жылы газ бұрқағы атқылап, кен орны ашылған.
## Географиялық орны
Жамбыл облысында, Тараз қаласының солтүстігінде 165 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы, жатыс сипаты
Кен сыйыстырушы құрылым оңтүстік-шығыс қанаты біршама тікшіл келген брахиантиклиналь қатпар болып табылады. Өлшемдері (-1920 м-лік изогипса бойынша) 7x3 км, амплитудасы 240 м-ге жуық. Өнеркәсіптік газдылығы жоғарғы турне, төменгі визе, төменгі Серпухов жікқабаттарының және төменгі пермь бөлімінің шөгінділерімен байланысқан. Қойнауқаттық күмбездік типтегі жоғарғы турне жатынының биіктігі 12,5 м. Газ су жапсары шартты түрде -1776,5 м-лік белгіде қабылданған. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 50 м, оның тиімдісі 5,6 м. Қойнауқаттың күмбезді литологиялық қалқаланған төменгі турне жатынының шартты түрде қабылданған газ-су жапсары -1939 м-лік аюсолют белгіде, биіктігі 236 м. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 30 м, оның тиімдісі 19 м. Жинауыштар кеуекті және жарықшақты-кеуекті типтес. 11,5 мм-лік шайбадағы газдың алғашқы шығымы 213,4 мың м3/тәу болды. Қойнауқаттың қалыңдығы 6-8 м. Серпухов әктастарындағы қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған газ жатынының күмбездегі ең аз тереңдігі 1722 м, биіктігі 120 м. Газ-су жапсары шартты түрде - 1426 м-лік белгіде қабылданған. Екі-төрт қойнауқаттан тұратын газ горизонтының жалпы қалыңдығы 20 м-ден 26 м-ге дейін жетеді, оның тиімдісі 10,4 м. Кеуекті және ұралы-кеуекті типтердегі жинауыштары бар. Төменгі пермнің сульфатты-галогендік, терригендік шөгінділеріндегі жатын қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған типке жатады. Күмбездегі оның жатыс тереңдігі 850 м. Газ-су жапсары -782 м-лік белгіде қабылданған.
## Құрамы
Жоғарғы турне-төменгі визе шөгінділеріндегі газдардың құрамы мен мөлшері мынадай (%-бен): метан - 67,25-86,2, этан - 4,52-10,53, пропан - 2,86-5,2, изобутан - 0,42-0,57, н-бутан - 0,82-0,95, т.б., 30 г/м3 дейінгі мөлшерде конденсат бар екендігі анықталды. Серпухов жікқабатына тиесілі жатында 81 - 0,45% метан, 9,99% этан, 3,0% пропан, 0,38% изобутан, 0,54% н-бутан т.б. бар. Конденсат мөлшері 12,85 г/м3. Конденсатта 0,016%-ға дейін күкірт бар. Төменгі пермь жатындарындағы газдар құрамы мен мөлшері былайша сипатталады (%-бен): метан - 9,47-26,05, этан - 0,21-1,97, пропан - 0,02-0,49, изобутан - 0,03-0,05, н-бутан - 0,07-0,09 т.б. Жатындардың режимі серпінді газарынды болып келген. Кенорын 2003 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Амангелді газ конденсаты кен орны – Шу-Сарысу шөгінді алабының Мойынқұм ойысындағы газ кен орны. Құрылым 1974 жылы сейсмобарлаумен іздестіру бұрғылауын жүргізуге дайындалды. 1975 жылы газ бұрқағы атқылап, кен орны ашылған.
## Географиялық орны
Жамбыл облысында, Тараз қаласының солтүстігінде 165 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы, жатыс сипаты
Кен сыйыстырушы құрылым оңтүстік-шығыс қанаты біршама тікшіл келген брахиантиклиналь қатпар болып табылады. Өлшемдері (-1920 м-лік изогипса бойынша) 7x3 км, амплитудасы 240 м-ге жуық. Өнеркәсіптік газдылығы жоғарғы турне, төменгі визе, төменгі Серпухов жікқабаттарының және төменгі пермь бөлімінің шөгінділерімен байланысқан. Қойнауқаттық күмбездік типтегі жоғарғы турне жатынының биіктігі 12,5 м. Газ су жапсары шартты түрде -1776,5 м-лік белгіде қабылданған. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 50 м, оның тиімдісі 5,6 м. Қойнауқаттың күмбезді литологиялық қалқаланған төменгі турне жатынының шартты түрде қабылданған газ-су жапсары -1939 м-лік аюсолют белгіде, биіктігі 236 м. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 30 м, оның тиімдісі 19 м. Жинауыштар кеуекті және жарықшақты-кеуекті типтес. 11,5 мм-лік шайбадағы газдың алғашқы шығымы 213,4 мың м3/тәу болды. Қойнауқаттың қалыңдығы 6-8 м. Серпухов әктастарындағы қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған газ жатынының күмбездегі ең аз тереңдігі 1722 м, биіктігі 120 м. Газ-су жапсары шартты түрде - 1426 м-лік белгіде қабылданған. Екі-төрт қойнауқаттан тұратын газ горизонтының жалпы қалыңдығы 20 м-ден 26 м-ге дейін жетеді, оның тиімдісі 10,4 м. Кеуекті және ұралы-кеуекті типтердегі жинауыштары бар. Төменгі пермнің сульфатты-галогендік, терригендік шөгінділеріндегі жатын қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған типке жатады. Күмбездегі оның жатыс тереңдігі 850 м. Газ-су жапсары -782 м-лік белгіде қабылданған.
## Құрамы
Жоғарғы турне-төменгі визе шөгінділеріндегі газдардың құрамы мен мөлшері мынадай (%-бен): метан - 67,25-86,2, этан - 4,52-10,53, пропан - 2,86-5,2, изобутан - 0,42-0,57, н-бутан - 0,82-0,95, т.б., 30 г/м3 дейінгі мөлшерде конденсат бар екендігі анықталды. Серпухов жікқабатына тиесілі жатында 81 - 0,45% метан, 9,99% этан, 3,0% пропан, 0,38% изобутан, 0,54% н-бутан т.б. бар. Конденсат мөлшері 12,85 г/м3. Конденсатта 0,016%-ға дейін күкірт бар. Төменгі пермь жатындарындағы газдар құрамы мен мөлшері былайша сипатталады (%-бен): метан - 9,47-26,05, этан - 0,21-1,97, пропан - 0,02-0,49, изобутан - 0,03-0,05, н-бутан - 0,07-0,09 т.б. Жатындардың режимі серпінді газарынды болып келген. Кенорын 2003 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Айранкөл мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуіндегі мұнай кен орны. Құрылым сейсмобарлау жұмыстарымен 1940-1943, 1955-1957 жылдары дайындалған. Іздестіру және барлау бұрғылауы 1940 жылы басталып, кен орны 1944 жылы ашылды.
## Географиялық орны
Атырау облысында, Құлсары темір жол станциясының батысында 40 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Мұнайлы көтерілім қосқанатты тұз күмбезді құрылыммен байланысқан. Тұзүсті таужыныстар кешенінің қимасында төменгі бор шөгінділері өнімді. Мұнда альб, апт және бес неоком горизонттары бар. Негізгілері болып апттың және неокомның алғашқы екі өнімді горизонттары саналады. Мұнайлы горизонттар 684 м және 707-748 м тереңдіктерде.
## Жатыс сипаты
Жатындар биіктігі 12 м. Су-мұнай жапсарының абсолют белгілері -713 м және -737, -772 м. Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Горизонттар терригендік таужыныстардан тұрады, жинауыштары кеуекті.
## Қанығу сипаты
Мұнайға қанығу қалыңдығы 16 және 5,3-10,5 м-лерге тең, жинауыштардың ашық кеуектілігі 33-34%, өтімділігі 0,0,6-0,387 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенттері 0,64-0,72. Мұнайдың бастапқы шығымы (өнімі) 1,3-7,3 м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 7,01-8,26 МПа.
## Тығыздығы, құрамы
Мұнай тығыздығы 913-949 кг/м3. Ол күкіртті (0,64%), шамалы парафинді (0,6-0,75%), шайырлы (11-21%), асфальтені 4,49%. Жатындардың режимі суарынды. Қойнауқаттық сулары хлоркальцийлі, тығыздығы 1130-1140 кг/м3. Кен орны 2004 жылдан бері игерілуде.
## Дереккөздер |
Шығыс Ақжар мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының шығыс ернеуіндегі мұнай кен орны. Құрылым 1980-1984 жылдары жете нақтыланған. Іздестіру бұрғылауы 1985 жылы, барлау-бұрғылауы 1990 жылы басталып, кен орны 1989 жылы ашылған.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысында, Жарқамыс кентінен солтүстік-шығыста 40 км қашықтықта орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны төменгі пермнің ассель-артин шөгінділерінің беті бойынша бөлінетін ассиметриялы брахиантиклиналды қатпардан орын алған. Екі шағын көтеріңкі құрылым солтүстік-шығыс бағытта созылған, өлшемдері 31*9 км, амплитудасы 300-350 м. Іздестіру бұрғылауы 4870-5060 м тереңдіктер аралығындағы төменгі пермнің артин жікқабаты шөгінділерінің өнімділігін анықтады.
## Жатыс сипаты, қанығуы
Анықталған мұнай жатыны қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, ондағы су-мұнай жапсары -4912 м тереңдікте. Жинауышы аралас, терригендік, ашық кеуектілігі 13,3%. Қалыңдығы 100 м-ден астам кунгур жікқабатына тиесілі ирен свитасының тұзды шөгінділері жатын жапқышы болып саналады. Мұнайлы бөліктің ауданы 8,9 км2, мұнай жатынының биіктігі 325 м, мұнайға қаныққан қалыңдық 59,4 м, қанығу коэффициент 0,654. Қанығу қысымы мен қойнауқаттық қысым тең елшемді - 93,12 МПа, қабат температурасы 93°С. 25,5 мм-лік штуцердегі мұнай шығымы (өнімі) 696,4 м3/тәу. Қойнауқаттық мұнайдың газбен қанығу дәрежесі 324 м3/т.
## Тығыздығы, құрамы
Мұнайы жеңіл, тығыздығы 826-837 кг/м3, қалыпты жағдайлардағы тұтқырлығы 9,47 Сет, аз күкіртті (0,1-0,29%) аз парафинді (1-5,8%) және аз ғана мөлшерде шайырлар мен асфальтендер бар. Метанды көмірсутектердің мөлшері 89,06%, хошиісті көмірсутектер мөлшері - 7,25%. Кен орны жете барлау сатысында, тендерге қойылған.
## Дереккөздер |
Николай Александрович Воронов (15 мамыр 1991 жыл) — поп стилінде айтатын ресей әншісі, YouTube бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызметы арқылы әйгілі болған композитор.
## Биографиясы
Николай Воронов — Мәскеу тұрғыны, Александр Ярославич Воронов гуманитарлық ғылым кафедрасының мұғалімінің кіші баласы. Анасының сөзі бойынша, музыканы 3 жасынан өзі шығарады. Бес жасында Гнесин атындағы Мәскеу орта музыка мектебінде оқуды бастады.Өзінің бірінші концерті Николай Дубне қаласында өткізді.Үлкен сахнаға бірінші рет шығуы 2008 жылы «Солянка» клубында болды.2008 жылы П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік Мәскеу консерваториясына композитор бөліміне бірінші курсына түсті.
Николайдың сөзі бойынша оған әкесі синтезатор алып бергенде ол поп-музыкасымен айналаса бастады. Ең алғашқы үш өлеңі «Я жду тебя», «Люди, которые сразу» және «Белая стрекоза любви» Youtube-та хит екені мәлім.
## Сыртқы сілтемелер
* http://myspace.com/nikolaivoronov
* http://nikolay-voronov.ru/ Мұрағатталған 4 шілденің 2015 жылы. |
Ахмет Жұмашұлы Сүндетов(10.12.1897 жылы туған,Гурьев облысы,Забурын аулы, - Атырау 1982) - қазақ кеңес хирург-рентгенологы. Қаз АКСР- інің еңбек сіңірген дәрігері (1945). 1940 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірбаяны
1906-1908 жылдары әкесінің жанында балықшы болды. 1908-1913 жылдары Ганюшкин селосындағы орыс-қазақ екі жылдық мектебінде, 1913-1915 жылдары Ордадағы 4 жылдық бастауыш жоғары учелищені оқып бітірді. 1915-1918 жылдары Астрахандағы фельдшерлік-акушерлік мектепті бітірді. 1918 жылдың мамыр айынан бастап 1927 жылға дейін Забурын, Манаш балық батағаларындағы дәрігерлік пунктіне фельдшер болып тағайындалып, холера індетінен тұрғындарды құтқаруға атсалысып Жаңақала, Теңіз уездеріндегі, Жылыой өңіріндегі оба ауруларына қарсы күресті.
1927 жылы Астрахан медициналық институтына түсіп, оны 1931 жылы тәмамдағаннан кейін Гурьевке келіп, алғашқы дәрігер-хирургі болып, хирургиялық операция жасаған. А.Ж.Сүндетовтың қолдауымен алғашқы рентген аппараты алынып, қондырылып, ауруларды қарау жолға қойылды. 1935 жылы Мәскеу қаласында рентгеннен, 1938 жылы хирургиядан мамандығын жетілдірді. Қалалық емханада физиотерапиялық емдеу әдістерін енгізді. 1947 жылы "Қарабатан" көлінің балшығының емге шипалығын зерттеп ауруларды емдеуді ұсынып, "Гурьев" санаториясын ұйымдастыруға ат салысты.
1947 жылы Гурьевте медицина учелищесінің ұйымдастырылып, ашылуына белсене қатысты. 1951 жылы А.Ж.Сүндетов облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі болып тағайындалып, емдеу ісінің хирургиялық түрін қолға алып, қалалық, аудандық ауруханаларда хирургия бөлімшелерін ұйымдастыруды жолға қоя бастайды. Сонымен қатар хирург кадрларды тәрбиелеп өсіруді, көбейтуді қолға алады.
## Марапаттары
А.Ж.Сүндетовтің жоғары адамгершілік иесі екендігі сол, Ұлы Отан соғысына көмек ретінде өз қаржысынан 100 мың сом қаржы аударған.
* 1943 жылы Қызыл Армияға материалдық көмегі үшін В.И.Сталиннің құттықтау жеделхатын алған.
* 1946 жылы "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталған,
* 1961 жылы Ленин орденімен,
* 1945 жылы "Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дәрігер",
* 1957 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атақтарының иегері атанған.
Ахмет Жұмашұлы Сүндетов 1982 жылы дүние салды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 472 бет
## Дереккөздер |
Нармонданақ мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі өңіріндегі мұнай кен орны. 1935 жылы ашылған.
## Географиялық орны
Атырау облысында, Доссор станциясының оңтүстік-шығысында 70 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Тектоникалық тұрғыдан алғанда кен орын үш қанатты тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бордың аптнеоком жікқабаттарын қамитын қатпардың оңтүстік қанатында мұнайлы горизонт айқындалды.
## Жатыс сипаты
Жатыс тереңдіктері 191-346 м, биіктігі 17-27 м. Су-мұнай жапсары -227, -397 м-лік белгілерде. Жатын қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Өнімді қатқабат терригендік таужыныстардан құрылған, жинауыштары кеуекті.
## Қанығу сипаты
Мұнайға қаныққан қалыңдығы 8,2 м, газга қаныққан қалыңдығы 6,3 м, жинауыштардың ашық кеуектілігі 30%, жатынының өтімділігі 0,- 265 мкм2. Мұнайға, газға қанығу коэффициенттері 0,8. Мұнайы аз күкіртті (0,36%), аз парафинді (0,51 г/см3). Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Хлоркальцийлі қойнауқат суының тығыздығы 1106 кг/м3, минералдылығы 142 г/л. Кен орын 1943 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Дараймола мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде, Атырау қаласының солтүстігіне қарай 130 км жерде орналасқан. 1975 жылы ашылып, 1994 жылы пайдалануға берілген.
## Жатыс сипаты, қанығуы
Кен орналасқан көтерілім тұз күмбезді құрылымнын жасырын жарылған түріне жатады. Тұз бетіндегі шөгінділер шығыс және солтүстік-батыс қанаттарға бөлінген. Иірімдердің биіктігі 19-26 м-ге тең, мұнайға қаныққан қалыңдық 7,3 -10, 8 м.
## Құрамы
Мұнайы күкіртті (0,54%), парафинді (2,97%), мол шайырлы болып келеді.
## Дереккөздер |
Ақтөбе мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Барлау жұмыстары 1961–1962 жылдары жүргізіліп, кен 1965 жылы ашылды.
## Географиялық орны
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Шөгіндінің юралық бөлігінде мұнайлы қабаттардың бесеуі, ортаңғы юра қабатында екеуі жатыр. Қабат беттерінің орналасу тереңдігі 2215-2348 м аралығында.
## Құрамы
Мұнай құрамында күкірт 0,4 – 0,5%, парафин 1,48 – 2,48%, асфальтендер 1,33, шайыры 2,1%-ды құрайды. Кен 1979 жылы пайдалануға берілді.
## Дереккөздер |
Мұнайлы мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңы өңіріндегі мұнай кен орны. Атырау қаласынан оңтүстік-шығыста 205 км жерде орналасқан. Кен орны 1947 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Кенорынды сыйыстырушы көтерілім қос қанатты тузкүмбезді кұрылым. Тұзүсті таужыныстардың стратиграфиялық қимасында төменгі бор, ортанғы юра, пермь-триас шөгінділері мұнайлы. Осыларда бөлінген 11 мұнайлы горизонттың екеуі неоком, сегізі ортаңғы юра жене біреуі пермь-триас таужыныстарында.
## Жатыс сипаты
Неокомның мұнайлы горизонттары 523-563 м, ортаңғы юранікі 902-1372 м, пермь-триастікі 1649 м тереңдіктерде. Неоком жатындарының биіктігі 61-63 м, ортаңғы юранькі 31-70 м, пермь-триастікі 9 м. Су-мұнай жапсары неоком, ортаңғы юра, пермь-триас жатындарында, тиісінше -586-634, -1142-1403 және -1658 м белгілерде. Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған.Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті. Неоком горизонттарының тиімді қалыңдығы 4,4-4,6 м, ортаңғы юранікі 5-20,1 м, пермь-триастікі 5,5 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі неоком жатындарында 30%, ортаңғы юра жатындарында 22-27%, пермь-триас жатындарында 25%. Неоком горизонттарының етімділігі 2,617 мкм2, ортаңғы юранікі 0,157-1,088 мкм2. Мұнайдың бастапқы шығымдары 1,7-9,8 м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 6-14 МПа, температура 32-63°С.
## Тығыздығы, құрамы
Мұнайдың тығыздығы 817-909 кг/м3. Мұнайлар аз күкіртті (0,05-0,41%), парафині 0,74-2,5%. Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Хлоркальцийлі қойнауқаттықсулардың тығыздығы 1086-1137 кг/м3, минералдылығы 126,9-205,5 г/л. Кен орыны 1947-1996 жылдар аралығында игерілді.
## Дереккөздер |
Каменистое (Тастақты) мұнай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысының Өзен-Жетібай антиклин өңіріндегі мұнай кен орны. Іздестіру бұрғылауына дайындық 1976-1985 жылдары жүргізіліп, кен орны 1986 жылы ашылған.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысында, Жетібай кен орнына жақын орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Кен сыйыстырушы көтерілім триас шөгінділері арқылы солтүстігінен, оңтүстігінен және шығысынан тектоникалық жарылымдармен шектелген және бәрі де жарылымдар арқылы тоғысқан төрт дербес күмбезбен күрделіленген құрылым болып табылады. Құрылым ендікке жуық бағытта жайғасқан. Мұнай жатыны литологиялық құрамы жағынан жанартау материалдарының қоспаларын кіріктіретін құмтастардан, алевриттерден құралған, жоғарғы триастың табанынан орын алған. Тұтқышының типі жағынан жатын қойнауқаттық, литологиялық және тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Жинауышы кеуекті, ашық кеуектілігі 14%, өтімділігі 1,011 мкм2. Қалыңдығы 70-90 м-ге дейінгі сазды таужыныстар жапқыш қызметін атқарады.
## Жатыс сипаты, қанығуы
Жатынның мұнайлы бөлігінің биіктігі 149 м, қиманың өнімді бөлігінің жалпы қалыңдығы 10,2 м, тиімдісі 6 м, мұнайға қаныққаны 3,0 м, бастапқы қойнауқаттық қысым 33 МПа, температурасы 122°С. 12 мм-лік штуцерде мұнайдың шығымы 14 м3/тәу болды, қойнауқат мұнайының мұнайға қаныққандығы 100 м3/т.
## Тығыздығы, құрамы
Мұнайдың тығыздығы 859 кг/м3, құрамы жөнінен аз күкіртті (0,2%), мол парафинді (25,6%). Асфальтендер мен силикагелдік шайырлардың жиынтық мөлшері 5,5%-дан аспайды. Гидрокарбонатты-натрийлі типті қойнауқат суының тығыздығы 1012 кг/м3, минералдылығы 23,6 г/л. Суда йод, ион, бром бар. Кен орны барлануда. |
Самұрат Дәрібекұлы Сыртанов(23.02.1924 ж.т., Талдықорған облысы., Ақсу селосы.)- кеңес әскери маманы, генерал-майор (1968).
## Өмірі
1941 ж. Мәскеу авиациялық институтында оқыды. 1942 ж. өз еркімен Кеңес Әскерінің қатарына алынып, Подольск артилериялық училищесін бітірді. 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында 4-Украин, 1- Прибалтика, 1- Белорус,2-Прибалтика майдандары құрамында батарея, рота командирі, 19- Перекоп танк корпусы полк барлауының бастығы болды. Орел-Курск операциясында, Украинаның оңтүстігін, Қырымды, Прибалтика, Румыния мен, Чехославакияны азат ету ұрыстарына қатытсы. 1952 ж. бронды танк және механикаландырылыған әскерлер әскери академиясының инженерлік факультетін бітірді. 1952 жылдан әскери орындарда,, танк және моторлар жөндеу қызметінде болды, Германиядағы Кеңес әскерлері штабында дивизия командирінің техника жөніндегі орынбасары,Түркістан әскери округының автотрактор қызметі бастығының орынбасары және оның бастығы қызметтерін атқарды. Қазір әскери жауапты жұмыс атқарады.
## Сыйлықтары
1- және 2- дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, 2 рет Қызыл Жұлдыз медальдармен марапатталған.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 495 бет |
Михаил Давидович Тавитов(04.01.1914 ж.т., Солтүстік Осетин ,Дигорск ауданы., Карман-Синдзикау селосы.)- қазақстандық ғалым- зоотехник, экономика ғылымының кандидаты (1966), Кеңес Еңбек Ері (1948). 1946 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірбаяны
Тавитов Мәскеу зоотехника институты жанындағы жұмысшлар факультетін (1936) және осы институттың қой өсіру факультетін бітірді (1941). Түрікмнестан КСР «Ербент», «Чемин-Абид» және Сараджин селхоздарында директордың орынбасары, аға зоотехник (1941-1948). Астрахань облысы «Қаракөл» селхозының директоры, трест директоры (1953-1955), МХР-дің ауыл шаруашылығы министрлігінде кеңесші (1955-1958), Шымкент облысы Байырқұм селходында бас зоотехник (1958-1960), Шымкент облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1960-1963), Қазақ АКСР ауыл шаруашылығы министрлігінде әр түрлі қызметте болды(1963-1968). 1968 жылдан Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік иснтитуында да кафедра меңгерушісі. Тавитов қаракөл қойын селекциялау және қара көл шаруашылығы экономикасы жөнінде отыздан астам ғылыми еңбек жариялады.
## Сыйлықтары
Ленин орденімен және медальдармен марапатталды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 513 бет |
Тагар мәдениеті – б.з.б 7-3 ғ-ларда Сібір жерін мекендеген тайпалар мәдениеті (темір дәуірі). Ол Минусинск ойпаты, Енисей өзенінің орта ағысы, Красноярск ауданы мен Кемерово облысының шығыс жағында орын тепкен. Қазақстан мен Орта Азиян мекендеген сақ тайпаларының мәдениетіне өте ұқсас.(қ.Сақтар). Бұл мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі- табылған заттардың барлығы (6000) қоладан жасалған. Оның орналасқан ауданы Еуразия жеріндегі қола өндірудің басты ошағы болған. Танар мәдениеті тұрғындары егін егіп, мал өсірген. Тагар мәдениетінің қалыптасып өсіп- өркендеуіне Алтай, Қазақстан, Орта Азия жеріндегі тайпалардың тікелей қатысы болды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 514 бет |
Тамара Федоровна Тавилдарова(15.05.1901 ж.т., Ленинград қаласы.)- қазақстандық ғалым зоотехник. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1953), профессор (1955), Қазақ АКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
## Өмірі
Тамара Вологда сүт шаруашылығы институтын (1923) бітіріп, ауыл шаруашылығы кооперациясы жүйесінде нұсқаушы, Ленинград ауыл шаруашылығы институтында (1924-1925), Белорусь ауыл шаруашылығы академиясында ассистент (1925-1931). Қазақтың мал өсіру ғылымының зертханалық институтында және оның тәжірбие иснтитутында аға ғылыми қызметкер және оның бөлім меңгерушісі (1931-1938), Өзбектің мал өсіру ғылыми-зертханалық институтында бөлім меңгерушісі (1948-1954), Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында кафедра меңгерушісі (1954-1964), профессор-консультант (1964-1974), 1975 жылдан ғылыми-зертханалық секторының аға ғылыми қызметкері. Тавилдарова республикада сиыр тұымын асылдандыру жұмысына басшылық етті. Ол Солтүстік Қазақстан облысы «Мамлют» асыл тұқымды мал заводында қырдың қызыл сиыры тұқымын шығаруға басшылық етті. Тавилдарова 100- ден астам ғылыми еңбек жариялады.
## Сыйлықтары
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер |
Таги-Хан көтерілісі (1921)- Хорасандағы ұлт-азаттық көтерілісі. Көтеріліс жазда әскер бөлімдерінде басталды. Оған полк Мұхаммад Таги-хан Пасиан бастаған демократиялық пиғылдағы офицерлер, ұлттық буржуазия мен чиновниктердің өкілдері басшылық етті.
## Негізгі талаптары
Иранды ағылшын империализмінің езгісінен азат ету, демократиялық реформалар жүргізу, конституциялық тәртіп орнату, ұлттық экономиканы өркендету, Кеңестік Ресеймен қарым-қатынас орнату. Көтерілске қала халқы мен шаруалар қатысты. Көтеріліс 1 қарашада басылды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 514 бет |
Махмуд Тараби(туған жылы белгісіз-1238)-1238 жылғы Бұхара шаруалары мен қолөнершілерінің монғол әкімшілігіне және жергілікті ақсүйектерге қарсы ірі антифеодалдық көтерілісінің басшысы, Тараб с-ның қолөнершісі. Тараби қалаға өз жақтастарымен келді, мұнда оларға жергілікті тұрғындар мен маңайдағы селолардың тұрғындары қосылды. Өкімет билігін басып алған Тараби өзін халиф деп жариялады. Дін иелерінің, жергілікті ақсүйектер мен чиновниктердің көпшілігі қаладан қуылды, ал бірқатары өлтірілді. Бұхарадан қашқан жергілікті феодалдар мен монғол әскербасылары Тарабиге қарсы шықты. Соғыстың барысында монғол әскерлері талқандалды, бірақ ұрыста Тараби және оның жақын көмекшісі Шамсиддин Махбуби қаза тапты. Олардың өлімінен кейін монғол басқыншылары халық көтерілісін қаталдықпен басып жаныштады.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том,553 бет |
Залман Михаилович Танхимович(28.08.1908, Забайкальдегі Сретенск қаласы.,-15.02.1976, Алматы)- орыс кеңес жазушысы. 1939 жылдан КПСС мүшесі. Иркутск құрылыс институтын бітірген (1939). Отыз жылға жуық ірі құрылыс трестерінде істеді.
## Еңбектері мен аудармалары
Оның құрылысшылар өмірін суреттеген «Забайкалье даласында» атты тұңғыш романы 1953 ж. жарияланды. «Баргузин» (1955), «Ертіс үстінде» (1959) романдары, « Қатерлі тапсырма» (1964), «Іздеу» (1965) атты деректі повестері, «Тізе бүгуші» (1960), «Жомарттық » (1967) деген очерктер жинақтары жарық көрді. Ол А.Лекеровтың «Ақ қайың туралы жыр» повесін, Ә.Сарсенбаевтың, С.Омаровтың кейбір әңгімелерін орыс тіліне аударды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 547 бет |
Лаврентий Игнатьевич Таран(1892,Қостанай уезі, Федоров болысы, Назаровка поселкісі.,-1919 ж. мамыр, Торғай)- Қостанайда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан большевик. Шаруа семьясында туған. Қазан социа революциясының алғашқы күндерінен- ақ большевиктер жағында болды. 1917 ж. Омбы қалалық гарнизоны комитетінің секретары, 1919 ж. қаңтарда Қостанайда өткен шаруалар мен қазақтар сьезінің делегаты. Сьезде эсерлерге, меньшевиктерге және алашордашыларға қарсы күресті басқарып, делегаттарды большевиктер жағына шығаруда үлкен жұмыс атқарды. 1918 ж. Қостанайды ақ чехтар басып алғанда. Таран Қостанай түрмесіне қамалды. Түрмеден 1919 ж. 15 сәуірде Қостанай ақ гвардияшылардан азат етілген күні босатылды. Сол күні Соғыс революция кеңесінің құрамына сайланды. ОГсы кеңестің шешімі бойынша Таран басқарған партизан отряды Түркістан майданына қосылмақ болып, Торғайға аттанған. Отрядты алашордашылар алдап қолға түсіріп, Таранды азаптап өлтірген. Таран 1-2 сайланған шаруа, қырғыз және солдат депутаттары Кеңесінің Қостанай уездік аткомының предсадателі болды. Қостанай облысындағы бір ауданға, көшеге, мектепке Таран есімі берілген.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 554-555 бет |
Мұнайлы - Атырау облысының Жылыой ауданындағы шағын кәсіпшілік, қалалық типтегі мұнайшылар кенті. Атырау қаласының оңтүстік-шығысында 205 км-де, мұнай кәсіпшілігі және темір жол станциясы Құлсарыдан оңтүстік-шығыста 60 км жерде орналасқан.
## Тарихы
1947 жылы ашылған, өзімен аттас шағын мұнай кен орны (Мұнайлы мұнай кен орны) негізінде іргесі 1948 жылы қаланды. Кент 2003 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Балқымбай алтын кен орны – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 км жерде орналасқан кен орны.
## Геологиялық құрылымы
Балқымбай грабен синклинорийінің (аумағы 60 км2) мұғалжарлық алтын кенінің жаңа түрі анықталды. Неғұрлым болашағы мол аймақ тас көмір кезеңінің қабатында кездеседі. Бұл аймақтағы алтын құрамының орташа мөлшері 10 г/т. Кен орнының болжамдық қоры 5 т.
## Дереккөздер |
Көлқүдық – Балтакөл ауылдық округі аумағындағы көл.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылының оңтүстігінде, өзімен аттас ауылдан солтүстікке қарай 1 км-дей жерде.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 1 км-ге жуық, енді жері 200 м-дей. Жағалауы жазық, түбі тегіс. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Жаздың ыстық айларында құрғап қалды. Солтүстігі мен шығысында бірнеше қыстаулар орналасқан.
## Дереккөздер |
Аққарға алтын кен орны – Қостанай облысы Жітіқара ауданының оңтүстігіндегі Тобыл өзені аңғарында орналасқан. Аққарға ауылдық округінің аумағында. Бірнеше кен орындарынан (Аққарға-алтын, Аққарға, Оңтүстік Аққарға, Оңтүстік Леонидов) тұрады.
## Жатыс сипаты
1980-1994 жылдары кен орындарында бұрғылау ұңғымалары арқылы 30 м тереңдікке дейін барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Аққарға кен торабының алтыны алтынды-сульфидті типке жататындығы анықталды. Гидротермальды өңдеуден өткізгеннен кейін өнімді қабаттың қуатты қалыңдығы 150-250 м аралықта және одан да терең қабатта жатқаны белгілі болды. Кен дененің пішіні қат, линза және бағана тәрізді, құлау бұрышы 60-80°. Кен денесінің созылымы 50-ден 1200 – 1500 м-ге дейін, құлауы 15 м-ден 110 – 150 м-ге, қалыңдығы 2 – 3 м-ден 40 – 50 м-ге дейін жетеді. Алтынның 1 тоннадағы мөлшері 0,3-тен 27 г аралығында, орташа мөлшері 3-5 г.
## Құрамы, минералдылығы
Кен мономинералды және алтыны қоспасыз. Ашудастың кендегі мөлшрі 0,02-0,08%. Сульфидтік минералдануында пирит 1,0 – 1,8, кейде 5%-ға дейін жетеді. Қышқылданған кентас 3-50, сирек жағдайда 100 м-ге жетеді. Мұндай кентас қоры жалпы қордағы мөлшердің 10-15%-ын құрайды. Аққарға алтын кеніндегі алтынның жалпы қоры 110-120 т. Кен орны Қазақстан және Канаданың «Голд-Ленд» Мұрағатталған 29 мамырдың 2011 жылы. бірлескен кен орны барлауды жалғастырып, одан әрі игеруде.
## Дереккөздер |
Қызылжон қызылқұйрық (лат. Phoenicurus erythronotus) — Muscicapidae тұқымдасының (орыс. Мухоловковые) Қызылқұйрықтар тегіне жататын құс.
## Сипаттамасы
Кәдімгі қызылқұйрықтан едәуір ірі денелі (17-22 г) құс. Аталығы – қызғылт қызылсары жоны және күлгін сұр «телпегімен», көзді басып өтетін қара жолағы және қанатындағы ақ түсті «көзтартарымен» жақсы ерекшеленеді: аналығында тек қана ақ «көзтатар» болады. Әуені өте баяу, айтарлықтай уезді емес, сондай-ақ бұл түрге жататын аталықтар сирек және қысқа сайрайды. Әуезі-бас-аяғы жоқ ызылдаған бәсең шиқыл: бір жолы екінші жолына өтіп, іркіліссіз бір әуез екінші әуезге айналаы. Қызылжон қызылқұйрық қызылқұйрық тек қана Азия материгінің орталығына таулы аумақта таралған.
Ұяларын жердегі қалтарыстарға - тастардың астына немесе ағаш түбірлерінің түбіне және бұталарға, кейде тастардың аралығындағы жіктерге салады. Салындыдағы 4-6 көмескі тат түстес секпілді ақшыл көгілдір жұмыртқаларды аналығы екі аптаға жуық басады. Сонша уақыт ата-енелері балапандарды ұяда қоректендіріп күніне 200 рет бунақденелілер тасиды. Аталық ұядан ұшқан балапандарды қоректендірген кезде аналық жұмыртқалап, екінші реткі жұмыртқаларды басады . Ал екінші ұялас балапандар ұядан ұшқанда (шілде-тамыз) ерексектері және жас балапандар түлейді де, осы кезде жидектермен, әсіресе ұшқаттың жидегімен қоректенуге көшеді.Қызылжон қызылқұйрық тауларға қар жауған соң, шамамен қазанның басында, тау етегіне және шөл зонадағы өзендер аңғарына түседі. Олардың бір бөлігі батыс Тәңіртауға дейін беткейді бойлай жылыстайды. Бұл қызылқұйрық әдеттегідей осы таудың солтүстік беткейіндегі аршалы ормандарда қысты өткізеді. Қызылжон қызылқұйрықтар наурызда ұялау орындарына қайта оралады.
## Таралуы=
Қазақстанда ол Солтүстік және орталық Тәңіртау, Жоңғар Алатауы және Оңтүстік Алайдың қылқанды орман белдемінің жоғарға бөлігінде және субольпілік бұталы белдемде мекендейді
## Дереккөздер |
Көлқұдық - ортағасырлық қалашық орны.
Көлқұдық ауылының солтүстігінде, Шәуілдір - Балтакөл тас жолының оң жағында 500 м жерде. 2004 ж. Отырар мемлекеттік археология қорық-музейі мен Шымкент қаласының археология және этнология орталығы бірлесіп жасақтаған археология экспедициясы (Н.Алдабергенов, С.Ахмет, З.Исабек) зерттеген. Төрткүл түріндегі қалашық болғандығы анықталды. Қазіргі орны төртбұрышты келген төбе. Солтүстік жағының ұзындығы 65 м, оңтүстіктің ұзындығы 60 м, батысы мен шығысының ұзындығы 60 м. Биіктігі 4 м. 8 мұнара орны байқалады. Қорған қабырғасын айналдыра тереңдігі 2,30 м ор қазылған. 40—50 м қашықтықтан суландыру жүйесінің орны анықталған. Жинастырған археология заттарға (қыш ыдыстар сынықтары, т.б.) қарағанда, к-ты халық 9—11 ғасырлар шенінде мекендеген. Олар егін егумен, мал өсірумен айналысқан.
## Дереккөздер |
Бақалтақ қырандартуысы- жыртқыштар отрядының құрамында бес түрі бар қаршығатұқымдастарға жататын құстар туысы. Бұларды қаршыға қырандар деп те атайды. Бұлар қанаты, құйрығы және табаны ұзын, дене бітімі әдемі құстар. Олардың аяғына саусақтарына дейін қауырсын қаптап өскендіктен, ағылшынша атауы Booted Eagle деп те аталған (сөзбе-сөз аударғанда-аяқкиімді қырандар).Қазақстанда бір түрі- бақалтақ қыран кездеседі. Біздің аумақтың оңтүстігінде өмір сүретін қаршыа қыранның кездесуі туралы дәлелденбеген мәлімен бар.
## Пайдаланған әдебиет |
Қазақстан қызғалдағы лалагүлдер тұқымдасына жатады. Бұл шөптесінде пиязшықты көпжылдық өсімдік, пиязшық, тамыр, сабақ, гүл және жапырақтан тұрады. Өсімдіктің биіктігі 10-нан 65 см-ге дейін. Маусымдық дамуы жағынан эфемероидтарға жатады.
## Сабағы
Үш түрлі болады: түбіртек, тамырсабақ және гүл мен жапырақ өсетін жынысты сабақ. Сабағы тік, цилиндр тәрізді, биіктігі 5-20-дан 58-100 см-ге дейін.
## Жапырағы
Ұзынша таспа, жасыл немесе көкщіл сұр, тегіс немесе иректеліп жиектелген және жұқа балауыз қабатты, кейде түкті. Жүйкеленуі доға тәрізді. Кезектесіп орналасқан және сабақты қоршап тұрады. Төменгі жапырағы- ең үлкені, жоғарғы жапырағы- ең кішісі. Кейбір үлкен азиялық қызғалдықтар мен олардың бақтағы түрлерінің жапырақтарының жоғарғы жағы көбіне күлгін- қоңыр, қара қошқыл дақтар немесе сызықтармен, жолақтармен әшекейленген, бұл өсімдікке ерекше сән береді.
## Гүлі
Әдетте біреу, бірақ көпгүлді түрлері де бар, мысалы, түркістан қызғалдағы. Осылардан шығарылған кейбір бақ түрлерінің гүлсидамында 3-5 гүл немесе одан да көп болады. Гүлі дұрыс, қос жынысты, гүл серігі алты бос жапырақшадан, алты аталық ұзарған тозаңдықтарымен, аналығы жоғарғы үш ұялы түйінмен, қысқа бағанды және үшқалақты ауызды. |
2000 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың тоғызыншы мәрте ойнатылуы.
## 1/8 финал
1/8 финал ойындары 2000 жылдың 8 шілде - 5 қазан арасында өтті.
## 1/4 финал
1/8 финал ойындары 2000 жылдың 5 - 30 қазан арасында өтті.
## 1/2 финал
1/2 финал ойындары 2001 жылдың 6 - 18 мамыр аралығында өтті.
## Финал
## Турнир бомбардирлері
## Дереккөздер |
Тарлан қияқ (лат. Psathyrostachys juncea) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 25-80 см, сабағы жіңішке, жапырақтары көгілдір не сұр жасыл, қатты, жалпақ, екі беті де бұдырлы. Масағы жасылдау, піскенде қоңыр тартады, ұзындығы 5-11 см, ені 7-12 мм, 2-3-тен топтанған. Мамыр-шілдеде гүлдейді.
## Таралуы
Моңғолия, Иран, Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Қазақстанның құрғақ далаларында, сортаң жерлерде өседі.
## Кәсіптік маңызы
Мал азықтық сапасы орташа болғанымен, өнімі мол жемшөп. Қолдан егіп өсіруге болады.
## Дереккөздер |
Тарих-и Гузида - Иран тарихшысы әрі географы Хамдаллах Казвинидің тарихи хроникасы.
## Жазылуы мен тарихы
Автор 1334-1135 жылдардан бастап, 1349-1350 жылдары аяқтады. Оның баласы Заид-ад Дин әкесінің шығармасын негізінен Иранның солтүстік-батысында, 1393 жылы елді Әмір Темір жаулап алғанға дейінгі оқиғалармен толықтырды. Еңбек алғы сөз, кіріспе және 6 тараудан құрылған. «Тарих-и Гузида» XIV ғасырдағы ежелгі қолжазбадан 1910 жылы факсимелеге басылса, 1960 жылы Тегеранда 6 қолжазбаның негізінде жарық көрді. Түрік тіліне толық аударылып, ағылшын, француз, орыс тілдеріне жекелеген үзінділері қысқыртылып аударылған.
## Дереккөздер |
Тасбас балығы (Gobio gobio) - тұқы тұқымдасына жататын балық.
## Биологиялық сипаттамасы
Тұрқы әдетте 15 см-ге дейін, кейде 22 см-ге дейін жетеді. Түсі жасыл қоңыр, бүйірі ақшыл, көгілдір не қара дақты, кейде бұл дақтары тұтасып, қара жолақты көрінеді. Арқа, құйрық қанаттары теңбілді, басқасы сұрғылт.
## Тіршілігі
Тасбас ағысы күшті емес, түбі құмды не ұсақ тасты өзендерді мекендейді. Жемі - бентос, көктемде басқа балық уылдырығын да жейді. Үлкен үйір құрып, өмір сүреді. Жыныстық жағынан 3-4 жылда жетіледі, уылдырығын (3000) су түбіне шашады.
## Дереккөздер |
Тасжүрек - Ошақты тайпасынан тараған ата.
Шежіре деректері бойынша Тасжүректен 12 атаға Кенже, Бөлек, Тілеу, Солағай, Сейіт, Тоқтауыл, Қарсақ, Қарамен, Қайқы болып бөлінеді. Олар Қазан революциясына дейін Шымкент, Әулиеата уезінде көшіп-қонып жүрген.
## Дереккөздер |
Сілтілік жер металдар — екінші топта орналасқан металдар. Оларға: бериллий, магний, кальций, стронций, барий, радий жатады. Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында екі электрондары болады, оларды оңай беріп жіберіп, өзінің алдында тұрған бекзат газдардан аяқталған электрондық құрылысын қабылдайды.
## Физикалық қасиеттері
## Химиялық қасиеттері
## Табиғатта таралуы
## Биологиялық ролі
## Бериллий
Бериллий(лат. Beryllіum), Ве — Элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы химиялық. элемент, атомдық нөмірі 4, атомдық массасы 9,0122, жеңіл, ашық сұр түсті металл. Тұрақты бір изотопы (9Ве) бар. 1798 ж. берилл минералынан француз химигі Л. Воклен тапты. Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р. Влер алды. Бериллий алюминийден жеңілірек, тығыздығы 1,816 г/см3, балқу температурасы 12840С, қайнау температурасы 24500С, химиялық қосылыстарында 2 валентті, беткі қабаты тотығып, қорғауыш қабыршақ түзілетіндіктен ауада өзгермейді. 8000С-тан жоғары температурада қыздырғанда жылдам тотығады; қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.
## Магний
Магний (лат. Magnesіum) Mg, элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атом нөмірі 12, атом м. 24,312. Табиғатта үш изотопы бар: 24Mg, 25Mg, 26Mg. 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви (1778 — 1829) ашқан. Жер қыртысындағы масса бойынша мөлш. 2,1%. Ол барлық қосылыстарында екі валентті. Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығыздығы 1,74 г/см3, балқу t 650ӘС, қайнау t 1107ӘС. Ол қорғағыш оксид пленкамен қапталғандықтан, құрғақ ауада 350ӘС-қа дейінгі температурада тотықпайды, бірақ 600 — 650ӘС-та өздігінен тұтанып, жарқырай жанып, Магний оксидін (MgO) және аздап нитридін (Mg3N2) түзеді. Құрамында бос оттек (О2) жоқ суық сумен әрекеттеспейді; қайнап жатқан судан Н2-ні ығыстырады.
## Кальций
Кальций -IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы ls22s22p63s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті.Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б.
## Стронций
Стронций, Strontium (Sr) - Менделеевтің Периодтық кестесінің 5-ші периодының ІІ-ші негізгі тобындағы химиялық элемент; сілтік-жер металлдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Рет нөмірі - 38, атомдық массасы - 87,62. Стронцийдің төрт тұрақты изотоптары бар, көбірек таралғаны 88Sr (88,56%). Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 3,4*-2%. Табиғатта қосылыс түрінде ғана кездеседі. Маңызды минералдары - целестин SrSО4 және стронцианит SrSО3.Аз мөлшерде Стронций адамның ағзасында да табылады. Бірақ оның адам үшін бір белгілі биологиялық маңызы жоқ. Стронций тұздарының шипалық қасиеттері зерттелуде. Сондай-ақ, бүгінгі күнде стронцийдің ранелатінің остеопороз ауруының ағымдағы емдік әсері зерттелуде.
## Барий
Барий(Barium, гр. barys «ауыр») Ba — химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, реттік нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Жерсілтілі элементтерге жатады. Табиғатта барит (Ba2SO4) және витерит (BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан.Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық активтілігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий гидрототығын түзеді. Басқа да көптеген элементтермен қосыла алады. Қосылыстарда валенттілігі 2+. Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды лампыларда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады.
## Радий
Радий - химиялық радиоактивті ІІ-топқа жататын, атомдық номері — 88, атомдық салмағы 226,0254, құрамында салмақтык сандары 213-тен 230-ға дейін және жартылай ыдырау кезеңдері 10"3 секундтан бастап. 1600 жылға дейін созылатын изотоптар болатын элемент. Массалық саны 226-дан тұратын радий изотопы медициналы, гамма-терапиялы емшаралар жүргізу үшін пайдаланады.
## Дереккөздер |
Түйебеков Нұрлан Жапарұлы — 1957 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
* 1968 жылы орта мектепті аяқтады.
* 1968-1973 жылдары Мәскеу полиграфиялық институтында экономика факультетінде инженер-экономист мамандығы бойынша білім алды. Институт бітіргеннен кейін №2 баспаханада инженер-экономист болып істеді.
* 1974-1985 жылдары Қазақстан КП ОК Баспасында өндіріс бөлімінің бастығы, бас инженері болып еңбек етті.
* 1985-1987 жылдары Жоғарғы партия мектебінде оқыды.
* 1987-1992 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болды.
* 1992-1996 жылдары РГЖБ (Республикалық газет-журнал баспасында) директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
* 1996 жылы «Кітап» өндірістік бірлестігіне бас директор болып тағайындалып, осында 2000 жылға дейін қызмет етті.
* 2000-2001 жылдары - «Атамұра» корпорациясының Полиграфкомбинатында директор.
* 2002-2003 жылдары - «Алаш» баспасының директоры.
* 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жедел басу типографиясы» ЖШС-ның директоры.
«Астана» медалімен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов (6 ақпан 1952, Тельман ауданы, Қарағанды облысы) – мемлекеттік қайраткер.
## Өмірбаяны
1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан.
Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін(1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресейбасқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.
* 1971 жылдан - РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеуші.
* 1972 жылдын - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
* 1974 жылдан - «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері.
* 1975 жылдан - №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы).
* 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төра- ғасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.
* 1991 жылдан - Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы.
* 1996 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
* 1999 жылдың наурызынан - ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары.
* 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.
* 2002 жылдың наурызынан - ҚР экономика және сауда вице-министрі.
* 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР индустрия және сауда вице-министрі
* 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы.
* 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі.
* 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хат шысы.
* 2009 жылдың наурызынан бері - ҚР көлік және коммуникациялар министрі.
ҚР Парламенті Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты (өзін-өзі ұсынушы, 1995-1999). «Қазтеңізтасымалфлот» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2000-2001); «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2002-2003); «Қазмырыш» ЛҚДиректорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004).
## Марапаттары
* «Құрмет» ордені
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Құсайынова Ғалия Қадыржанқызы (1958 жылы туған), дизайнер. Қызы - Қымбат (1982 жылы туған), заңгер Ұлы - Арман (1984 жылы туған), экономист.
## Дереккөздер |
Арынбай Жұмажанұлы - Монғолияның Баянөлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Монғолия қазақ баспасында корректор , орта мектепте мұғалім , директор , аймақтық оқу бөлімінің бастығы,"Жаңа өмір" газетінің бас редакторы,ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған. Еңбек ардагері. "Талпақтар","Ертіс шындығы","Өлеңдер мен әңгімелер", "Біздің өлкеде","Меңдікөл", "Өмір сызған өрнектер" кітаптары қазақ тілінде, "Меңдісұлу", "Адам туралы аңыз" кітаптары монғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс,украин,болгар,тува,алтай тілдеріне аударылған. "Талаптылар ", "Ертіс жырлары" , " Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесаларының авторы. 1979 жылғы Монғолия Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Монғолияның "Еңбек қызыл ту",Алтын Жұлдыз ордендерімен,көптеген медальдарымен марапатталған.1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
## Дереккөздер
[1] Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қорынан алынды. |
A`Studio (А-Студио) – Қазақстан-Ресей музыкалық поп-тобы. Топ құрамы бірнеше рет өзгеріске ұшырайды. Қазіргі құрамда: Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич, және Кэти Топурия өнер көрсетеді.
Музыкалық топты Қазақстан композиторы және дирижер Тасқын Оқапов ұйымдастырған. «Арай» вокалды-инструменталды ансамблі атауымен топ Байғали Серкебаев, Болат Сыздықов және Владимир Миклошич құрамында Роза Рымбаевамен бірге 1982 жылы топтың құрамына Б.Шукенов қосылды.
1987 жылы топ жаңа толықтырылған құрамында (Владимир Миклошич, Болатом Сыдзықов, Наджиб Вильданов, Батырхан Шукенов және Байғали Серкебаев) «Алма-Ата» атауымен, сосын «Алма-Ата Студио» болатын, кейін А.Б. Пугачеваның «Театр песни» атты театр-студиясына барғаннан кейін, «А-Студио», кейін келе – «А’Студио» болып өзгереді.
2000 жылға дейін топ вокалисі Батырхан Шүкенов болады. Ол кеткен соң орнына Полина Гриффитс, кейін Кэти Топурия келеді. А’Студио жылдар бойы Қазақстан сазгері Еркеш Шакеевпен бірге жұмыс істеп келеді.
2 тамыз 2006 жыл 17 жыл бойы топтың гитаристы, әншісі және композиторы болған Бағлан Садвақасов Мәскеуде көлік апатының нәтижесінде қайтыс болады.
18 қараша 2007 жылы топтың құрылуының 20-жылдығына Мәскеудегі Кремлевский сарайында А’Студио мерей тойлық концерт береді.
2012 жылы топтың 25-жылдығына Кремлевский сарайында тағы бір концерт берілген.
## Құрамы
### Қазіргі құрамы
* Байғали Серкебаев — клавишты аспаптар, вокал (1987—қазіргі уақыт)
* Владимир Миклошич — бас-гитара (1987—қазіргі уақыт)
* Кети Топурия — вокал (2005—қазіргі уақыт)
### Бұрыңғы топ мүшелері
* Наджиб Вильданов — вокал (1987—1989)
* Батырхан Шукенов — вокал, саксофон (1987—2000, 2007, 2012) †
* Болат Сыздықов — гитара (1987—1989)
* Сағнай Абдулин — соқпалылар (1987—1990)
* Бағлан Садвақасов — гитара (1989—2006) †
* Полина Гриффис — вокал (2001—2004, 2007)
* Темірлан Садвақасов — гитара (2006—2007)
* Фёдор Досумов — гитара (2007—2012)
### Басқа музыканттар
* Евгений Дальский — ұрмалы, бас-барабан
* Сергей Кумин — акустикалық гитаралар
* Андрей Косинский — клавиштылар, бэк-вокал
### Уақыт пен қатысушылар кестесі
## Дискографиясы
### Альбомы
* «Путь без остановок» — 1988
* «Джулия» — 1990
* «A`СТУДИО» — 1993
* «Солдат любви» — 1994
* «A`STUDIO LIVE» — 1995
* «Нелюбимая» — 1996
* «The Best» — 1997
* «Грешная страсть» — 1998
* «S.O.S.» — 2001
* «Такие дела» — 2001
* «Улетаю» — 2005
* «905» — 2007
* «ХХ» — 2007
* DVD «Total» — 2007
* MP3 «Total» — 2007
* «Волны» — 2010
### Радиосинглдар
## Видеографиясы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Топтың ресми сайты
* История группы журнал «Мотор» қыркүйек 2004 Мұрағатталған 27 қарашаның 2010 жылы.
* Официальный сайт первого солиста группы А-Студио Батырхана Шукенова Мұрағатталған 14 қарашаның 2016 жылы.
* Официальный сайт бывшей солистки группы А`Студио, Полины Гриффис Мұрағатталған 12 ақпанның 2020 жылы.
* Биография группы А-СТУДИО на сайте Ваш Праздник Мұрағатталған 26 қазанның 2015 жылы.
* Үлгі:Thankyou.ru
* Группа «A’Studio»: «Желаем вам много хорошей музыки, любви, счастья и здоровья!»
* Тексты песен группы "А'Студио"
## Тағы қараңыз
* Болат Мұратұлы Сыздықов
* Батырхан Қамалұлы Шүкенов |
Ұйтас- исламға дейінгі уақыттағы сәулетшіліктің түрі. Ұйтастар қазіргі Қазақстанның тарихи мәдени мұрасы болып табылады, себебі ұйтастар қазіргі күнге дейін сақталған тарихи ескерткіштердің қатарына кіреді. Ұйтастар адамды көмген жерге қойылатын құрылыс. Көбінесе 8 ғасырда Қарлұқ және Қимақ қағанаттары тіршілігі кезеңінде тарау тапты. Мұндай архитектуралық есткерткіштер Орталық Қазақстанда, Жетісуда, Тарбағатайда және Маңғыстауда әлі күнге дейін сақталған. Сыртқы көрінісімен дөңгелек және киіз үйге ұқсайтын, қабырғалары тастан қаланған бұл ғимараттарды қазақтар «ұйтас» немесе «дын» деп атаған.Ұйтастар Қазақстан жерінде сақтардың мәдениетінің ең жарқын көрініс табатын белгілерінің бірі. Олардың арасында өзінің керемет байлығымен Есік ұйтасы айрықша ерекшеленеді. Онда 1969 жылы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Алтын адам табылған.
## Дереккөздер
* http://www.t-story.ru/kazakhstan/skifskie_kurgany.html Мұрағатталған 6 тамыздың 2015 жылы.
* http://www.detectorland.ru/page_23.html Мұрағатталған 27 маусымның 2015 жылы. |
Қырықбуынды қылша немесе Тау қылшасы (лат. Ephеdra equisetіna) - қылша тұқымдасына жататын бұталы, көп жылдық өсімдік.
## Таралуы
Кавказ, Батыс Сібір, Қазақстанда таудың таспақты беткейлерінде өседі.
## Сипаты
Биіктігі 2,5 метрге жуық. Жоғары қараған жуан бұтақтарына қарама-қарсы ұзындығы 20-30 см-дей жас бұтақтар өсіп шығады. Жапырақтары жетілмеген, қабыршақ сықылды, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан.
Гүлдері майда, бір жынысты, бірнеше масақша жасап шоғырланып тұрады. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Тамыз айында қызыл түсті, етті, бір тұқымды жеміс береді. Тұқымы - домалақ, қара қоңыр түсті дәнек. Таулы жердегі ормандарда, тастақты беткейлерде өседі.
## Емдік қасиеті
Құрамында эфедрин, псевдоэфедрин, метилэфедрин, илік заттар, аскорбин қышқылы бар. Өсімдіктің құрамындағы эфедриннің қан қысымын көтеретін, бронхтарды кеңейтетін қасиеті бар. Осыған байланысты қырықбуынды қылшаны қан қысымының кенет төмендеуін, бронх демікпесін, көкжөтелді емдеуге пайдаланады. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жас бұтақшаларын бір жылда екі рет - сәуір-мамыр айларында және шілде-қыркүйек айларында жинап алып пайдаланады.
Өсімдік - улы, одан жасалынған дәрі- дәрмектермен емделу барысы дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі қажет.
## Тағы қараңыз
* Дәрілік өсімдіктер
## Дереккөздер |
Татыр шөп (Шағыртікен лат. Onopordon) - күрделі гүлділер тұқымдасының бір туысы. Уөбіне екі жылдық, кейде көпжылдық шөптес өсімдіктер.
## Биологиялық анықтамасы
Сабағының биіктігі 50-150 см, жоғарғы жағы тармақталып өседі. Жапырағы үлкен, қалың, шеті тікенекті. Гүл шоғыры - себет. Жемісі - тұқымша, ірі, сопақша келген. Тұқымы шілде-қыркүйекте піседі.
## Таралуы мен өсетін жерлері
Оның 40-қа жуық түрі бар, көп тараған түрі - Тікенді татыршөп. Көбіне Европаның Ортажер теңізінің маңындағы елдерде, Солтүстік Африка, Канар, Кавказ, Батыс және Орта Азия елдерінде таралған. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Татыр шөп жол бойында, далада, қыратты жерлерде өседі.
## Зияны
Шабындық және егіншілікке зиянды, сондықтан оны тұқымы піскенге дейін шауып тастап, жерді терең жырту керек.
## Түрлері
Оның 40-қа жуық түрі бар, көп тараған түрі - Тікенді татыршөп.
* Onopordum acanthium L. - Тікенді татыршөп
* Onopordum acaulon L.
* Onopordum anatolicum Boiss. & Heldr. ex Boiss.
* Onopordum bracteatum Boiss. & Heldr.
* Onopordum carduchorum Bornm. & Beauverd
* Onopordum caricum Hub.-Mor.
* Onopordum cynarocephalum Boiss. & Blanche
* Onopordum illyricum L.
* Onopordum leptolepis DC.
* Onopordum nervosum Boiss.
* Onopordum nogalesii Svent.
* Onopordum seravschanicum Tamamsch.
* Onopordum tauricum Willd.
* Onopordum turcicum Danin
## Дереккөздер |
Тауарпа (лат. Hordeum bulbosum) – астық тұқымдасының арпа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Биологиядық сипаттамасы
Биіктігі 50-100 см, сабағының түп жағы бадана тәрізді жуан, жапырақтары жіңішке, ені 3-7 мм, аздап бұдырлы, үстіңгі беті түкті. Масағы жіңішке, ұзындығы 6-13 см, ені 6-9 мм, сынғыш, қыры қатты түкті, үш-үштен топтанған, ортаңғысы тұқым береді, екі жағындағылары тұқымсыз. Мамыр-маусымда гүлдейді.
## Таралуы мен өсу аймағы
Жерорта теңізі маңында, Иранда, Қырым, Кавказ, Орта Азия, Батыс Сібірде, Қазақстанда Түркістан маңы, Алтай, Қаратау, Батыс Тянь-Шаньда, оңтүстік құрғақ далалы аймақтарда таудың оүтүстік беткейлерінде, тау баурайларында өседі.
## Кәсіптік маңызы
Масақ салғанға дейін жақсы мал жайылымы және жақсы пішенді шөп.
## Дереккөздер |
1925 жылдың 20 ақпанында Қарауылда туған ол соғыстың соңғы нүктесі - Берлинге дейін барып қайтқан оның өзгеше тағдыры бар. Ауылдағы ұсақ-түйек малға бас-көз болып, барып кел, шауып келде жүріп ер жеткен шақта Үбіқожаұлы Отан соғысы басталғанда он алты жаста еді. Артынша 1942 жылы майданға шақырылып, Өзбекстанның Катта қорған қаласында әскери дайындықтан өтеді.
## Жаумен алғаш рет бетпе-бет
1943 жылдың көктемінде Үбіқожа Әйкебайұлы 1 Украина майданына жіберіледі. 410-полктің 39-батальонның командирі бойы аласа Үбіқожаны бірден ұрыс даласына кіргізуге дәті бармай аяйды. Асынған винтовкасы жерге тіреліп сүйретілген оны байланысшылыққа қояды. Одан командир "тіл" әкелуге барады. Жау блиндажы түбіне жақын келіп, баспағып жатып, немістің екі солдатын штикпен шаншып, ішке кіріп, таудай офицерді мас болып ұйықтап жатқан жерінен байлап-матап әрең сүйретіп жеткізеді, ,6 жауынгердің екеуі осы операция үстінде қаза болады. 1943 жылдың жазында алдыңғы майдан шебінде жаумен аңдасып жатқан кезде Үбіқожаны штабқа құпия пакетті апарып келуге жұмсайды. Аса сақтықпен орман арасымен барып, қайтып келе жатып, үлкен тоғайдың тасасына келгенде алдынан екі солдаты мен неміс офицері бұған қарсы келіп қолғанын көреді. Ойлауға уақыт жоқ, оларды босатуға тағы болмайды. Алдағы екі солдатты автоматпен сұлатып салып, офицерге тап бергенде, ол қолындағы пистолетін тастай салып қолын көтереді, сол бетте алға нұсқап таяу тұрған қзіміздің бекініске әкеліп тапсырады. Штабқа шақырып Үбіқожадан офицерді қалай қолға түсіргендігін сұрайды. -Орысша білмегендіктен бар жағдайды жеткізіп айта алмадым. Шұғыл шешім қабылдауым өмір мен өлімнің арасындағы кас-қағым сәттегі шапшаңдықта болған көзсіздік батылдықтың нәтижесі екенін өз тілімдегідей баяндай алмағаныма күні бүгінге дейін өкініштімін,- дейді ол. Бірақ, "тіл" әкелу операциясындағы менің әрекетімді бағалаған болар және неміс офицері өте үлкен құпияны айтқан болуы керек, маған 12 күн демалыс берді. Осы Висла маңызындағы ісім үшін 1943 жылы "Жауынгерлік Қызыл Ту" ордені берілді. Оны 30 жыл өткен соң 1973 жылы Семей облыстық әскери соғыс комиссары табыс етті. Осындай хикаялардың неше атасын бастан өткерген жауынгер Сандомир, Дрозден, Краковты, Чехословакия мен Польшаның біраз жерлерін азат етуге қатысып, Днепр, Висла, Одер өзендерінен өтіп, Берлинде соғысты жеңіспен аяқтайды. Майдандағы ерліктері үшін Ү. Әйкебаев "Кызыл Жұлдыз" , I, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, "Германияны жеңгені үшін", "Украинаны азат еткені үшін" және тағы басқа медальдармен мараптталған.
## Дереккөздер
[1] |
Владислав Даминович Фигельский - (6 маусым 1889 жыл - 19 қаңтар 1919 жыл, Ташкент) - Орта Азияда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске қатысушы. 1917 жылдан Компартия сүшесі. 1905 жылғы революцялық қозғалысқа қатысқаны үшін гимназиядан шығарылды. 1909 ж. Парижге барып, Сорбонна университетіннің математика факультетін бітірді. 1913 жылдан Самарқанда мұғалім болып істеді. 1915 ж. әскер қатрына шақырылып, солдаттар арасында революциялық насихат жүргізді. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Самарқанда партиялық жұмыс жүргізді. 1917 ж. қарашадан Самарқан Советінің мүшесі. 1918 ж. маусымнан Самарқан Советінің председателі. 1918 ж. қарашадан Түркістан АССР Халкомсомовының председатлеі және Республиканы қорғау жөніндегі жоғарғы әскери коллегияның председателі. Контрреволюция бүкіл кезінде 14 түркістан комиссарымен бірге атылды.
## Дереккөздер |
2015 жылғы Футболдан Қазақстан Кубогы — кубоктың жиырма төртінші мәрте ойнатылуы. Турнирдың алғашқы кезеңі 2015 жылдың 29 наурызында өтті. Финалдық ойын 21 қарашасында өтеді. Кубок жеңімпазы Қазақстан атынан 2016/17 жылғы УЕФА Еуропа Лигасына қатысады.
## Қатысушы клубтар
## Жарыс күнтізбесі
2015 жылғы Қазақстан кубогының күнтізбесі ресми түрде осылай құрылған:
* 1 кезең: 2015 жылдың 29 наурызы
* 2 кезең:2015 жылдың 12 сәуірі
* 1/8 финал: 2015 жылдың 29 сәуірі
* Ширек финал: 2015 жылдың 20 мамыры
* Жартылай финал: 2015 жылдың 2 маусымы мен 23 қыркүйегі
* Финал: 2015 жылдың 21 қарашасында Астанадағы Астана Аренада.
## Бірінші кезең
5 наурыз 2015 жылғы Қазақстан Кубогының бірінші кезеңінің жеребесі тартылды. Турнирдің осы кезеңіндегі жеңімпазы бір ойын арқылы анықталады. Бірінші кезең ойындары 2015 жылдың 29 наурызында өтті. Премьер-Лига клубтары бірінші және екінші кезең ойындарынан босатылған. Премьер-лига клубтары турнирді 1/8 финалынан бастайды.
## Екінші кезең
Екіші кезең ойындары 2015 жылдың 12 сәуірінде өтті. Спартак-Қызыл-Жар СК арасындағы ойын Семейдегі стадионның дайын болмағандығынан Өскеменге және 11 сәуірге көшірілді.
## 1/8 финал
1/8 финал ойындары 2015 жылдың 29 сәуірінде өтті. Қайсар-Спартак ойыны басқа ойындарға қарағанда бір күн алда өтті.
## 1/4 финал
1/4 финал ойындары 2015 жылдың 20 мамырында өтті. Тобыл-Жетісу ойыны ауа-райы салдарынан Қостанайдан Затобол қаласына көшірілді.
## 1/2 финал
1/2 финалдың алғашқы ойындары 2015 жылдың 2 маусымында өтті. Жауапты ойындар 23 қыркүйекте өтті.
### Алғашқы ойындар
### Жауапты ойындар
## Финал
## Турнир бомбардирлері
## Дереккөздер
* ҚР Кубогының бірінші кезеңіне төрешілер тағайындау Мұрағатталған 7 сәуірдің 2015 жылы.
* ҚР Кубогының бірінші кезең ойындары Мұрағатталған 6 сәуірдің 2015 жылы.
* Спартак-Қызыл-Жар СК арасындағы ойынының өткізілу уақытын ауыстыруы(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚР Кубогының екінші кезеңіне төрешілер тағайындау Мұрағатталған 20 сәуірдің 2015 жылы.
* ҚР Кубогының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі Мұрағатталған 20 сәуірдің 2015 жылы.
* ҚР Кубогының 1/8 финал ойындарына төрешілер тағайындау(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚР Кубогының 1/8 финал ойындары(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚР Кубогының 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚР Кубогының 1/4 финал ойындарына төрешілер тағайындау(қолжетпейтін сілтеме)
* Тобыл-Жетісу арасындағы ойынының өткізілетін жерін ауыстыруы(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚР Кубогының 1/2 финалының жеребе тарту рәсімі Мұрағатталған 2 маусымның 2015 жылы.
* ҚР Кубогының 1/2 финал ойындарына төрешілер тағайындау Мұрағатталған 1 маусымның 2015 жылы. |
Евграф Степанович Федоров (10 желтоқсан 1853 жыл, Орынбор - 21 мамыр 1919 жыл, Петроград) - көрнекті кристаллограф, құрылымдық кристаллография мен минерологияның негізін салушылардың бірі, көрнекті петрограф, минералог, геолог.
## Қызмет жолы
Петербург тау-кен институтын бітірді. 1885 жылдан Геологиялық комитетте жұмыс істеді, Солтүстік Оралда зерттеулер жүргізді. Бавария, Ресей Ғалымдар Акдемияларының академигі, Петербірг тау-кен институтының директоры. Теориялық кристаллогрфиялық мәселелерін шеше отырып, кристалдар симметриясының теориясын жасады, кристалло-химияның негізін қалады. КСРО Ғалымдар Академиясы 1944 ж. кристаллографиялық саласындағы таңдаулы еңбектерге үш жылда бір берілетін Федоров атындағы сыйлық тағайындалды.
## Дереккөздер |
Алишер Егембердиев (14 ақпанда 1990 жылы Талдықорған қаласында туған) - әнші, "The Jigits" тобының мүшесі, "Жұлдыздар фабрикасы" шоуының жеңімпазы.
## Бала кезі
Алишер Егембердиев Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 мектебінде оқыған. 5 жасынан бастап Қазақстанның атақты бапкері Егембердиевтің- әкесінің жетекшілігімен спортпен айналыса бастаған.
## Спорт жетістіктері
Алишер кикбоксинг бойынша спорт шебері. 5 рет кикбоксинг бойынша Қазақстан чемпионы және 2 рет жастар арасында өткен чемпионатта Әлем чемпионы атағын алған.
## Мамандыққа келуі
Алдымен ән айтуды қызығушылық ретінде қарастырған Алишер спортта едәуір жетістіктерге жетіп қойған еді. Бірақ Жұлдыздар Фабрикасындағы жеңісі және "The Jigits" тобында ән айтқанынан соң өмірін ән айтумен байланыстыруды шешті.
## Ірі жеңістері
"The Jigits" тобының қатарында 2012 жылы Алишер Егембердиев Қазақстан атынан Новая Волна 2012 қатысқан. Бұл байқауда Қазақстандық топ бірінші күні 6 орында, екінші күні 13 орында, үшінші күні 8 орында болған. Жалпы нәтижеде Италия, Украина және Латвия елдері әншілеріне жол беріп 4 орынға қол жеткізген болатын. |
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
## Қазіргі Қазақстандық білім жүйесі
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесі«Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген.
## Білім берудің Болондық үлгісі
Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық үлгісін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
* жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
* жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;
* докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.
## Қазақстандағы ЖОО санының кемуі
2012 жылы Қазақстандағы ЖОО саны 2008 жылмен салыстырғанда 5-еуге кеміген. Жоғары білім беру жүйесіндегі мұндай үрдісті Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖОО қоятын талаптарының артқанын, мемлекетік бақылау мен үйлестіру, реттеу шараларының қатаңдағанымен түсіндіре аламыз. Сонымен бірге жеке меншік ЖОО санының артуы оларға автономияның көбірек берілуінен, ал шешім қабылдау үдерісі орталықсыздандырылып, ЖОО басшылығына берілгенімен анықталады. Егер бұрын мемлекет экономикамен қатар, өз жоспарларын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды да жоспарлаған болса, қазіргі күні жоғары білім жүйесі ұлттық және халықаралық еңбек рыноктарының талаптарын ескеруге тырысады. Қазіргі күні Қазақстанда жоғары білімді мамандарды даярлаудың салалық жүйесі басым, ол гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы білімін үйлестіретін, жан-жақты білім алған, бірнеше шет ел тілдерін меңгерген, басқарушылық бейімі бар жаңа ғасырдың жұмысшы күшін дайындауды біршама шектейді. Даярлаудың мұндай деңгейін негізінен университеттер қамтамасыз етуге қабілетті. Мұны жоғары білім жүйесінде университеттік типтегі білім беру мекемелері басым дамыған елдер тәжірибесі көрсетеді.Білім жүйесі, оның ішінде жоғары мектеп халықты жұмыспен қамтуды ынталандырып, жұмыссыздықты қысқартуда маңызды рөл атқарады. Ол еңбек рыногынан жастардың бір бөлігін тарта отырып, әлеуметтік шиеленісті әлсіретеді.
## Кәсіптік білімнің жұмыс табуда маңыздылығы
Кәсіптік білім адами капиталдың қалыптасуын қамсыздандырады. Адами капитал табыс әкеле алатын адамдағы қабілеттердің мөлшерін білдіреді. Ол тума біткен ақыл-ой мен физикалық қабілет, дарын, сыйды ғана қоспайды, сонымен бірге алынған білім мен біліктілікті қосады. Жұмысшы күшінің біліктілік деңгейі адами капиталдың жағдайын көрсетеді. Адами капиталдың артуы еңбеккерлердің кәсіптік-біліктілік деңгейінің өсуін бейнелейді.Кәсіптік білім, біліктілік алу жұмысқа орналасу мәселесін шешуде еңбеккер үшін өте маңызды болып табылады. Жұмыс беруші үшін білімі туралы дипломның болу факті, сол адамның белгіленген іріктеуден өтіп, сапалы (білікті) жұмысшы күші категориясына енгенін білдіреді.Көптеген елдер шешуші маңызды экономикалық міндеттердің арасынан жылдам өзгеруші экономика, технология мен халықаралық сауда жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін күшейту қажеттілігін ерекше көрсетеді. Жоғарыда аталған үдерістердің қарқынына теңсіз әсер теріс өңірлік, ұлттық, жергілікті салдарға алып келетін тұтас бір мәселелер кешенін тудыруға қабілетті. Жоғары білім осындай көптеген теріс үрдістерді болдырмауға қабілетті болып табылады. Мұндай үрдістерден шығу жөніндегі шешімдер ұлттық, жергілікті, өңірлік, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды ескерумен жүзеге асырылуы тиіс.
## Пайдаланған әдебиет
* ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
* Дамитов Б.К. Жоғары білім бойынша заңды және нормативті құжаттар жинағы. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.- А., 1996.-132б.
* Современное состояние высшего образования в Республике Казахстан// Вестник высшей школы- А., 2005.-С.92. |
Қиық пирамида - пирамиданың табанына параллель және оны қиып өтетін жазықтық оған ұқсас пирамиданың екіншісі көпжақ бөлігі. Қиық пирамиданың табандары параллель жазықтарда жатады. Қиық пирамиданың табандары өзара ұқсас көпбұрыштар, бүйір жақтары трапециялар болып табылады. Қиық пирамиданың бір табанының кез келген нүктесінен екінші табанына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігі деп аталады. Дұрыс пирамидадан алынатын қиық пирамида да дұрыс қиық пирамида деп аталады. Дұрыс қиық пирамиданың бүйір жақтары - өзара тең болып келетін тең бүйірлі трапециялар, олардың биіктіктері апорфемалар деп аталады.Дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті ауданының табандары приметрлері қосындысының жартысы мен апофемасының көбейтіндісіне тең болады.
## Дереккөздер |
Иман Хожамқұлұлы Мүһәммәд(шын аты;лақап аты:Хирқити)(1634,қазіргі Шынжаң өлкесі, Қашғар уәлаяты, Жаңашаһар ауданы, Тазғұн селосы - 1724, сонда) - ұйғыр ақыны. Бағбан отбасысында туған. Шығармалары толық сақталмаған. Бізге жеткені - "Махаббат және еңбек дастаны" атты әйгілі шығармасы. Бұл дастан арқылы Хирқити көне ұйғыр әдебиетіндегі дастан жазу дәстүрін дамыта отырып, ұйғыр жазба әдебиетінде жаңа белесті бастады. Кейінгі ұйғыр ақындарына Хирқити өнері елеулі ықпал етті. Мысалы, жоғарыда аталған дастанның кейіпкерлері - бұлбұл және қызыл гүлдің аллегориялық образдарын пайдаланып, ақын Салахи "Қызыл гүл мен Бұлбұл" атты поэма жазды.
## Дереккөздер |
Көкжаулық (лат. Veronica dillenii) – бақажапырақ тұқымдасының, бөденешөп туысының бір түрі.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 5-25 см, жіңішке, қысқа тамырлы, шөптесін өсімдік. Жапырағы түкті, қауырсын тілімді, қалақша пішінді, ұзындығы 6-14 мм, ені 4-8 мм. Гүлі шашақ тәрізді топтасқан, көк түсті, сәуір-мамырда гүлдейді. Тұқымы сопақтау келген қалқанша тәрізді, ұзындығы 1 мм, ені 0,75 мм.
## Өсу аймағы мен таралуы
Кавказ, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Қазақстанның далалы, таулы, қарағайлы ормандарында, Тобыл-Есіл атырабында, Шығыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысы мен Ақмола облысында, Мұғалжарда, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Ұлытау, Қарқаралы, Алтай тауларында, Жетісу Алатауында өседі.
## Дереккөздер |
Көкемарал , киікоты немесе райхангүл (лат. Ziziphora) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық лиана тәрәздә өсімдіктер туысы.
Райхангүлдің Қазақстанда 6 түрі: нәзік Райхангүл (Z. tenuіor), Бунге Райхангүл (Z. bunge), үзілме Райхангүл (Z. іnterrupta), Выходцев Райхангүл (Z. vychodcevіana), памиралай Райхангүл (Z. pamіroalaіca), иісті Райхангүл (Z. clіnopodіoіdes) өседі. Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауында, Ұлытауда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында таралған. Райхангүлдің көбі хош иісті (әсіресе иісті Райхангүл, нәзік Райхангүл және сопақ бас Райхангүл, т.б.), жапырақтары мен гүлінде хош иісті эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады және медицинада дәрі жасалады, гүлінен ара бал жинайды.
## Түрлері
* Ziziphora aragonensis Pau –
* Ziziphora brantii K.Koch –
* Ziziphora capitata L. –
* Ziziphora clinopodioides Lam. – Иісті көкемарал
* Ziziphora galinae Juz. –
* Ziziphora hispanica L. –
* Ziziphora interrupta Juz. –
* Ziziphora pamiroalaica Juz. –
* Ziziphora pedicellata Pazij & Vved. –
* Ziziphora persica Bunge –
* Ziziphora puschkinii Adam –
* Ziziphora raddei Juz. –
* Ziziphora suffruticosa Pazij & Vved. –
* Ziziphora taurica M.Bieb –
* Ziziphora tenuior L. –
* Ziziphora vichodceviana Tkatsch. ex Tulyag. –
* Ziziphora woronowii Maleev –
## Дереккөздер |
Көк мысыққұйрық (Setaria glauca) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық арамшөп.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 20-80 см, сабағы дара не шоқталып өседі. Гүлшоғыры - масақ, жапырағы жіңішке. Дәні тары тәрізді.
## Өсетін жерлері
Егістікте, әсіресе тары егістігінде, жол бойында, бақшаларда, Аңызақ климатта өседі.
## Күрес шаралары
Күрес шаралары: жерді сыдыра жырту, егетін тұқымды тазарту, дәрілеу.
## Дереккөздер |
Көн етік - көн теріден тігілген етік.
## Көн етік туралы
Ілгері уақытта егін суарғанда, сулы жерлерді кешіп өткенде, балық аулауда, аңшылар тау-тасты, бұталы жерді аралағанда аң аулауға киетін аяқ киім. Көн етік суыққа төзімді қалың етіп тігіледі, су өткізбейді. Көн етіктің шегірен етік сияқты өкшесі болмайды, басы мен қонышы сыздықталып бекітілмей тұтас пішіледі. Кен етікті кейбір жерлерде "шоқай" деп те атайды.
## Дереккөздер |
Сыздық Кенесарыұлы (Садық сұлтан, Сыздық төре; 1837 жыл – 1910 жыл) — XIX ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
## Бала шағы
Кенесары ханның екінші әйелі Жаңыл ханымнан туған. Кенесары қаза болғаннан кейін оның бала-шағасы төлеңгіттермен Түркістан қаласына іргелес Қаратау маңына көшіп барған. Олар салық төлемеу шартымен Қоқан хандығына қарады. Сыздық ауыл молдасынан білім алып, ер жеткенде Қоқан ханына әскери қызметке кірді. Оған пансат басы (бес жүз әскербасы) атағы берілді. Ол өзінің әскерімен Ұзынағаш шайқасына қатысып, ерлігімен көзге түсті.
## Орыс әскерлермен шайқас
1864 жылы Қоқан ханының әмірімен Созақтың әкімі болып тағайындалды. Бұл кезде Ресей полковнигі Веревкин Түркістан қаласына таяп келіп, қоршауға алды. Осыған орай ол өзінің жасақтарымен Түркістан қаласын қорғауға аттанды. Сыздық жасақтары орыс әскерлерінің қоршауын бұзып, Түркістан қаласына еніп, оны қорғауда батылдық танытты. Сондай-ақ Түркістанға іргелес Иқан ауыл маңында орыс әскерлеріне ойсырата соққы берді. Сыздық Шымкент қаласын қорғауға да қатысып, генерал М. Г. Черняев әскеріне тойтарыс беруде өзінің талантты қолбасшы екенін көрсетті. Генерал Черняев Шымкентті алғашқы шабуыл барысында ала алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Ташкентті қорғау барысында Әлімқұл қаза тапқан соң қаланың беделді ақсақалдарының ұсынысымен Сыздық әмір лашкар (әскербасы) болып сайланып, Ташкентті қорғауды қолға алды.
## Бұхар әмірлігімен одақтасуы
Сыздық патшалық Ресейдің басқыншылық саясатына тегеурінді тойтарыс беру мақсатында Бұхар әмірлігімен одақтасу қажет деп тапты. Соған орай Бұхар әмірі Әбулмұзафарға елші жіберді. Бұхар әмірі мұндай келісімді қабыл алып, Ташкентке өзінің Тайшыбек атты өкілін аттандырды. Тайшыбек келгеннен кейін Сыздық Ташкентті басқаруды соған тапсырды. Генерал Черняев әскері Ташкентті алып, Жызаққа қарай бет алғанда Сыздық оған тегеурінді қарсылық ұйымдастырды. Сырдария бойындағы Шардара қамалы маңындағы қазақтарды орыс әскерлерінің тонап жатқаны жайлы хабар алған Сыздық оларға көмекке аттанды. Ол жергілікті қоңыраттардан жасақ құрастырып, орыс әскерлеріне ойсырата соққы беріп, Шардара маңы қазақтарының тоналған мал-мүлкін қайтартты. Бұдан соң Сыздық Самарқандқа барып, Бұхар әмірімен бірге Бұхараға кетті. Сол жақтан 800 адамнан тұратын жасақ алып, Қазалыны азат етуге аттанды.
## Бұхар әмірлігіне қарсы шығуы
Қазалының оңтүстігіндегі Сарыбұлақ деген жерде орыс әскерлерімен шайқасты. Үш күнге созылған шайқаста Сыздықтың жасағынан 22, ал орыс әскерлерінен 60-тан астам адам қаза тапты. Перовскіден Қазалыға қосымша орыс әскері жіберілгеннен хабардар болған Сыздық жасағымен Қызылқұм арқылы жүріп Жызаққа келіп, орыс әскерімен шайқасқа түсіп, оларды шегінуге мәжбүр етті. Бірақ бұл кезде Бұхар әмірінің әскері Самарқанд түбінде генерал К.П. Кауфман әскерінен жеңілген еді. Самарқандты қорғаушыларға Сыздық жасақтарымен келіп қосылғанымен қаруы басым орыс әскерлері жеңіске жетіп, Самарқандты алды. Бұхар әмірінің орыстармен бітімге келуін Сыздық сатқындық деп бағалап, онымен де күресуге бел буды. Ол өзімен пікірлес әріптестерімен бірге қазақтар арасынан жасақ жинап, Нұратаны алды. Бұхар әмірі Сыздықтың Нұратаны алғанын естігеннен кейін оған қарсы бес мың сарбаз бен сегіз мың атты әскер жіберді. Жазалауға жіберілген бұл әскер Сыздықтың жасағымен бетпе-бет келгенде үрейленіп, ұрыссыз тізе бүкті. Осылайша Сыздыққа он үш мың әскер қосылды. Алайда бұл әскер Сыздыққа шын беріле қоймады. Соның салдарынан Зеравшан өзен бойында Бұхар әмірімен болған шайқаста Сыздық маңында мыңға жуық адам ғана қалды, қалғандары шайқасқа түсуден бас тартып, қашып кетті.
## Соңғы шайқас
Бұл оқиғадан кейін ол Хиуа хандығы иелігіне өтіп, Сырдарияның сол жағалауын қоныстанған қазақтардың басшысына айналды. 1873 жылы көктемде Кауфман Хиуаны жаулауға аттанған кезде Сыздық өзіне қарасты қазақтардан 700 адамнан тұратын жасақ құрды. Бұған Хиуа ханы түрікмендерден құралған 500 адамдық жасақты қосып, Сыздықты Кауфман бастаған әскерге қарсы аттандырды. Әмудария бойындағы Үшошақ деген жерде Кауфман әскерімен Сыздық жасақтары шайқасқа түсті. Шайқас барысында Хиуа ханының орыс жаулаушыларымен келіссөз жүргізіп жатқандығынан хабардар болған Сыздық өз күресін Қашқарға барып жалғастырмақ болды. Ол Гератқа өтіп, сонда үш айдай тұрақтап, Бадахшан арқылы Қашқарға келді. Мұнда оны Қашқардың билеушісі Якупбек қабылдап, оған әскери қолбасшы лауазымын береді. Сыздық Қашқардағы мұсылмандардың көмегімен Түркістан өлкесін орыс жаулаушыларынан азат етуге болады деп үміттенді. Алайда 1877 жылы Қашқарды Цин империясы әскерлерінің жаулап алуына байланысты бұл үміт те үзілді. Сыздық Қытай жаулаушыларымен шайқас барысында ауыр жарақат алды. 1878 жылы Ферғана өңіріне өтіп, орыс билігін мойындауға мәжбүр болды. Оған Сырдария облысының Шымкент уезінде тұруға рұқсат етілді. Сыздықтың ерлік істерін Майлықожа мен Жамбыл ақындар жырға қосқан.
## Дереккөздер |
Көл қонысы - Қостанай маңындағы неолит қонысы.
## Археологиялық жұмыстар
Осы жерден неолит дәуіріне жататын заттар, әсіресе шақпақ тастардан, кварциттерден, орговиктерден, халцедоннан және қайрақтастардан істелген садақ оғының ұшы, әр түрлі қырғыштар, призмалы және қарындаш сияқты өзек тастар, кішкентай ұзынша пышақтар, дән үккіштер, саз балшықтан күйдіріліп істелген әр түрлі ыдыстардың сынықтары табылды.
## Қоныс шаруашылығы
Көл тұрғындары егіншілікпен, аң аулаумен шұғылданған.
## Дереккөздер |
Алим Ходжаев (07.10.1910,Бұхара, - 14.02.1977,Ташкент) - өзбек кеңес актері, КСРО халық артисі(1959).1945 жылдан КПСС мүшесі.
## Биография
Бұхараның ағарту институтында оқып жүріп, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. 1951 жылы Мәскеуде режиссерлік курсты бітірді. 1929 жылдан өмірінің соңына дейін Өзбек драма театрының құрамында актер (1975 жылдан директоры), ал 1955 жылдан Өзбекстан театр қоғамының председателі болды. Ол - жағымды және жағымсыз кейіпкерлер рөлінде бірдей өнер толғаған үздік сахна суреткерлерінің бірі. Басты рөлдері:Хамза, Әлішер Науаи(Яшен мен Умаридың және Ұйғын мен Сұлтановтың осы аттас пьесаларында), Гамлет,король Лир (Шекспирдің осы аттас трагедияларында), Паратов (А.Островскийдың "Жасаусыз қалыңдығында"), Петр Бессеменов (Горькийдің "Тоғышарларында"), Яго (Шекспирді "Отеллосында") т.б. Актер өнері парасаттылығымен, лирикалық бояу молдылығымен ерекшеленді. 1955 жылдан киноға түскен. Режиссурамен де шұғылданды. 7-9 сайлауларда Өзбекстан КСР Жоғары Кеңесінің депутаты.
## Сыйлықтары
КСРО Мемлекет сылйығының (1949,1977) және Өзбекстан КСР Мемлекет сыйлығының (1967) лауреаты. Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Вииктор Григорьевич Ильичёв (5.02.1946, Санкт-Петербург — 8.10.2010, Бока-Ратон) — театр мен киноның кеңес актері.
## Биография
Виктор 5 ақпанда 1946 жылы Ленинград қаласында туған.
1967 жылы Виктор ЛГИТМиКті (Георгий Товстоногов курсы) бітірді. Ол Ленинград театрында жұмыс істеген, ал кейін Комиссаржевская атындағы театрда ойнаған. Виктор Ильичев өз сахна өмірің бала кезінде бастады.
Ол киноға студент болудың алдында дебютке шықты, «Старшая сестра» фильміндегі эпизод (1966).
Викторге өте олжлы болды. Бесінші фильмінде «Личная жизнь Кузяева Валентина» ол басты рөлді ойнады. Ильичев өзінің ұялшығынан күресіп жатқан сыпайы ұл бала. Оның кейіпкерлері түрлі болған: көңілді, арам, қорқақ, ақылды.
1990-шы жылдары Флоридада (АҚШ) тұрған.
8 қазанда 2010 жылы Бока-Ратон қаласында қайтыс болған.
## Дереккөздер |
Шықылаев Қайса Кәрменұлы (1929-2012) - еңбек ардагері, «1941-1945 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» (1 қыркүйек, 1947) медалі, Еңбек Қызыл Ту ордені (26 сәуір, 1971) мен бірнеше медальдардың иегері, КПСС мүшесі (1954-1984), Күршім аудандық, ауылдық кеңестерге депутат болған.
## Өмірбаяны мен еңбек жолдары
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мөнекей ауылында 1929 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Әкесі - Саяжанов Кәрмен, шешесі - Күлзада Қамажанқызы Бұғышева. Әкесінен ерте жетім қалған ол жеті-сегіз жасында еңбекке араласты.
* 1937- 1939 жылдары 7-8 жасында Мөнекей колхозында малшы болып қой, сиыр бақты.
* 1941 жылы - Ұлы Отан соғысы басталғанда 12 жасында жылқы бағу тапсырылды.
* 1945 жылы - 16 жасында балық шаруашылығына ауысып, "Зайсан" балық зауытының "Аманат" бөлімшесінде балықшы болып 37 жыл еңбек етті.
* 1983- 1984 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Ушанов совхозында малшы болды.
* 1985 жылы Өскемен қаласындағы аспаптар зауытында зейнеткерлік жасына дейін жұмыс атқарды.
## Наградалары
* 1947 жыл - «1941-1945 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалі
* 1971 жыл - Еңбек Қызыл Ту ордені
* 1970 жыл - Ленин медалі
* Медальдар
* Грамоталар
## Жанұясы мен ұрпағы
1953 жылы жұбайы Зеріпхан Қабиқызымен (1932-1982) (Зайсан ауданы, Ақарал ауылдық округіне қарасты Ақарал ауылында туған) отбасын құрып, бірге өмір сүрген жылдары 10 бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 19 немере көріп, екі шөбере сүйді. Зеріпхан Қабиқызы көп бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбегі үшін І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Материнская слава" орденімен, "Медаль материнства" медалімен және "Мать - героиня" құрметті белгісімен (27 наурыз 1975ж.) марапатталған.
## Дереккөздер |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр .
2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды.
2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
## Тарихы
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды..
1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.
1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.
1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді.
1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды.
1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды.
1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды.
1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды.
2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
### 30-жылдар
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады.
Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды.
Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді.
Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады.
### Бүгінгі жағдайы
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
## Халықаралық қызмет
Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.
ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.
ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды.
2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды.
"Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы".
## Ғылым және инновация
ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту.
## Университетте жұмыс істейді
* Болон процесі бойынша студенттер бюросы
* "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар"
* Ғылыми кітапхана
* ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби
* ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби
* ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби
* ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби
* Биология мұражайы
* Археология және этнология мұражайы
* Палеолит мұражайы
* "ҚазГУ Град" КВН командасы
* "Бақыт" би ансамблі
* ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ"
* ҚазҰУ Хабаршысы
* "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде)
* ҚазҰУ Студенттер сенаты
* "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы
* Түлектер қауымдастығы
* Әскери кафедра
* Біліктілікті арттыру институты
* Жұмыс берушілер Кеңесі
* Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы
* "Қазақ университеті"баспасы
* ҚазҰУ пікірсайыс клубы
* ҚазҰУ зияткерлік клубы
* "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы
* Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы
* Кіші әл-Фараби Академиясы
* Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы
* Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында
## Институттары
* Мемлекет және құқық институты
* Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ)
* Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ)
* Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА)
* Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ)
* Біліктілікті арттыру институты (БАИ)
* Конфуций Институты
* Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк)
* Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT)
## Университет қалашығы
90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев).
Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған) нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б.
Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді.
2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды.
## Университет құрылымы
Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар:
## Университет басшылары
* 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы
* 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы
* 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев
* 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев
* 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков
* 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин
* 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
* 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
* 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
* 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* 2010 – 2021 — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов
* 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев
## Атақты түлектер
* Зейнолла Қабдолов
* Әбіш Кекілбаев
* Мұхтар Мағауин
* Дулат Исабеков
* Қадыр Мырза Әлі
* Тұманбай Молдағалиев
* Тұрсын Жұртбай
* Жүрсін Ерман
* Нұрлан Оразалин
* Олжас Сүлейменов
* Әзілхан Нұршайықов
* Рахман Алшанов
* Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
* Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев
* Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
* Мырзатай Жолдасбеков
* Игорь Иванович Рогов
* Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* Қайрат Мәми
* Тауман Төреханов
## Серіктес университеттер
* Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Soongsil University, Корея Республикасы
* Ching Yun University, Тайвань
## Тағы қараңыз
* әл-Фараби
* QS Әлем Университеттері Ранкингі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы.
* ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы.
* ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. |
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме.
## Тарихы
Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі 1995 жылы сот жүйесін реформалау аясында консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған. Кеңесті тікелей Қазақстан Президенті басқарып келсе, 1998 жылдан бастап ол өкілеттік кеңес төрағасына жүктелді. Кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Конституциялық Кеңес төрағасы, Әділет министрі, сонымен қатар Сенат депутаттары, судьялар, Президент тағайындайтын өзге де тұлғалар кірді.
2008-2015 жылдары Жоғары сот кеңесі мүшелерін мемлекет басшысы тағайындайтын заңды тұлға мәртебесі жоқ мекеме ретінде жұмыс істеді. Аталған кезеңде кеңестің өкілеттігі біршама артты, өйткені оған таратылған Әділет біліктілік алқасының бүкіл функциясы берілген еді.
2016 жылдан бастап Жоғары сот кеңесі заң бойынша автономиялы мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болды. Кеңес қызметі сапалы атқарылуы үшін оның жанынан өз аппараты құрылды. Одан бөлек кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Мәжіліс пен Сенаттың тиісті тұрақты комитеттерінің төрағалары, адвокат және заңгер ғалым енді.
## Кеңес құрамы
* Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.
* Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады.
* Президент Кеңес құрамына басқа адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.
## Кеңес мүшелері
* Айтуарова Алтын Шалабайқызы (03.01.2024 бастап) — Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы
* Әміртаев Сапар Әбдіраманұлы (03.01.2024 бастап) — Түркістан адвокаттар алқасының адвокаты
* Бегалиев Ернар Нұрланұлы (03.01.2024 бастап) — Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры
* Жақулин Әскербек Бейсембекұлы (01.06.2022 бастап) — Ақмола облыстық сотының судьясы
* Мырзалиев Жеңісбек Советбекұлы (01.06.2022 бастап) — Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы
* Нұрбеков Айдын Маратұлы (01.06.2022 бастап) — Жоғарғы Сот судьясы
* Нұрлықұлов Ғалымжан Қансейітұлы (03.01.2024 бастап) — Жамбыл облыстық сотының судьясы
* Сисенова Нұрия Оралжанқызы (01.06.2022 бастап) — Жоғарғы Сот судьясы
* Цай Олеся Юрьевна (01.06.2022 бастап) — Қарағанды қаласы Октябрь ауданы №2 аудандық сотының судьясы
* Шаров Ғафур Хамзеұлы (01.06.2022 бастап) — Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
* Калишева Жаннетта Гайсовна (01.06.2022 бастап) — Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жария құқық департаментінің құрметті профессоры
## Кеңес аппараты
Кеңес аппараты Қазақстан Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №137 Жарлығымен құрылды. Аппарат Жоғары Сот Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады. Бұл лауазымды 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап Дәурен Болатұлы Мұратбеков атқарады.
## Төрағаларының тізімі
* Оңалсын Исламұлы Жұмабеков (2008-2012)
* Талғат Советбекұлы Донақов (2012-2013)
* Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (2013-2014)
* Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (2014-2015)
* Анатолий Сергеевич Смолин (2015-2018)
* Талғат Советбекұлы Донақов (2018-2021)
* Денис Алексеевич Шипп (2021-2024)
* Дмитрий Михайлович Малахов (2024 жылдан бастап)
## Сот төрелігі академиясы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанында ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орны Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді. Ол жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.
## Дереккөздер |
Витольд Карлович Цераский (27.04.1849, Слуцк -29.05.1925) - кеңес астрономы.
1889 жылдан Мәскеу университетінің профессоры, ал 1890-1916 жылдары сол университеттің астрономия обсерваториясының директоры.
Фотометриялық бақылаулар тәсілін жетілдірді, кемелдендірілген фотометрді (яғни Целльнер - Церасский фотометрін) жасады, жұлдыздардың жалтырау шамасын анықтау кезінде кететін кейбір қателерді түсіндіріп берді.
## Еңбектері мен зерттеулері
Церасский 500-ден астам жұлдыздың жалтырауын өлшеді. Күннің жұлдыздық шамасын анықтады (1903). Күн температурасын өлшеу жөнінде тәжірбилер жүргізді. Жарқырауық немесе күміс бұлттар деп аталатын бұлттардың болатындығы ашты (1885). Айнымалы жұлдыздарды зерттеу үшін 1895 жылы Цераскийдің инициативасымен аспанды жүйелі түрде фотоға түсіру жұмысы басталды.
## Дереккөздер |
Қуандық Құлмамырұлы Қасымов (1957 ж., Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы) - 1984 ж. Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында оқып, драма театры және кино актері мамандығын алды. 1984 жылы Жамбыл облысы қазақ драма театрында, 1992-1994 ж. Ақмола облысындағы музыка драма театрында актер, қоюшы-режиссер қызметін атқарады. 1998 жылы наурыз айынан облыстық драма театрының қоюшы режиссері, тамыз айынан бас режиссері болып еңбек етіп келеді.
1998 ж. 4-республикалық театр фестивалінің "Үміт" жүлдесінің, 1999 жылы Бішкекте өткен "Айтматов және театр" атты халықаралық театр фестивалінде "Ең үздік режиссура" үшін лауреат атанды, 2001 жылы "Ресрублика тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалімен марапатталды. М. Байжиевтің "Құдалар", Ш.Айтматов пен М.Шахановтың "Сократ түні", Ә.Әземқлының "Кейуана", Е. Әлімжановтің "Жанұран", Д. Исабековтің "Пері мен періште", Ш.Мұртазаның "Ноқтаға басы сыймаған" т.б. пьесаларын сахналап, келешегінен зор үміт күттіретін режиссер екендігін танытты. Қ.Қасымовтың шығармашылығын ашып көрсететін ерекшелігі - театр сахнасына қойылатын жанрларды аса талғампаздықпен таңдай білуі және барлық жанрлар бойынша көркем идея таба білетін жан-жақтылығы. Сахнаға шығарған қойылымдар ішінде мелодрама , трагедия, трагокомедия, психологиялық-лирикалық драма мен мюзиклдер бар.
2001 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы Қырғызстан Республикасының «Маданияттың мыкты кызматкери» төс белгісімен марапатталды.
2007 жылы «Қазақстан ардагерлері» кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының рөлін үздік сомдағаны үшін «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.
2008 жылы Қырғызстан Республикасының ІІІ республикалық Театрлар фестивалінде М.Рысқұлов атындағы Қырғыз академиялық музыкалық-драма театрында Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасы бойынша қойылған спектакль үшін «Ең үздік инсценировка» номинациясын және Қырғыз драматургі Т.Абдықадыров атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын жеңіп алды.
Қ.Қасымов М.Байжиевтің «Құдалар», Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні», Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-ана», Ә.Әмзеұлының «Кейуана», Е.Әлімжанның «Жанұран», «Бір қазаққа – бір қатын?..», Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік», Д.Исабековтың «Пері мен періште», Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», У.Шекспирдің «Ричард ІІІ», С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» т.б. пьесаларын сахналады.
Режиссер Қ.Қасымовтың Қырғызстан Республикасының Халық суретшісі Марат Шарафидиновпен ұзақ жылдар бойына шығармашылық байланыста болуы театр ұжымы үшін жемісті кезең болды.
Қ.Қасымовтың шығармашылығын ашып көрсететін ерекшелігі – театр сахнасына қойылатын жанрларды аса талғампаздықпен таңдай білуі және барлық жанрлар бойынша көркем идея таба білетін жан-жақтылығы. Сахнаға шығарған қойылымдары сан түрлі жанрда болып келеді, яғни олардың ішінде мелодрама, трагедия, трагикомедия, психологиялық, лирикалық, драма мен мюзиклдер бар.
Қ.Қасымов қазіргі таңда театрдың бас режиссері болып қызмет етуде.
## Дереккөздер |
Кира Александровна Крейлис-Петрова (туғ. 1 шілдеде 1931, Ленинград) — ресей және кеңес театр мен киноның әртісі.Ресейдің еңбегі сінген әртісі(1993).
## Биография
Кира Петрова Ленинградте туған блокаданы көзі көрді.Кіші кезінен бастап скрипка онауымен бастады,қастарындағы адамдарды күлдіртуге жақсы көрген.Мектепті бітіріп актриса болуға шешті.Бірінші реттен ол МХАТ мектеп-студиясына түсті.
Кира Петрова оқыған курсы жұлдыз курсы болған екен: Галина Волчек, Анатолий Кузнецов, Игорь Кваша, Леонид Броневой, Ирина Скобцева, Пётр Фоменко, Людмила Иванова және тағы басқа.Институтте Кира Александровна болашақ режиссёрі Якова Крейлисқа күйеуге шықты және Крейлис-Петрова тегің алды.
## Дереккөз
## Сілтемелер
http://www.alexandrinsky.ru/about/troup/petrova.html |
Аркадий Васи́льевич Трусов (28 желтоқсанда 1904 (10 қантарда 1905), Казан губерниясы — 14 шілдеде 1982, Ленинград) — кеңес пен ресей театр және киноның актері.Ресейдің еңбегі сінген әртісі(1942).
## Биография
Аркадий Трусов 10 қантарда 1905 жылы Алексеев аулында туған. 1930-жылдары Аркадий Трусов флот өнерпаздығының Кронштадтегі әртісі болды,ал 1905 жылдан - Балтийский флоттың әртісі.
Кинематографиядағы дебюты «Белинский» фильмінде болған.Сол уақыттан бастап «Ленфильмдегі» ең әйгілі актер деп саналған ( 1956 жылы ауысты), онымен 120 кино рөлдері оналынған болатын.
Аркадий 14 шілдеде 1982 жылы қайтыс болған. Ол Санкт-Петербургете Большеохтинскийзиратында жерленген. |
Исканде́р Абдурахма́нович Хамра́ев (5 маусымда 1934 жылы, Самарканд — 10 қазанда 2009 жылы) — кеңес пен ресей кинорежиссер және сценарийші,өнерге еңбегі сіңген қайраткер(1998).
## Биография
Искандер Хамраев Самаркандте туған,кейін Ленинградке көшті.Ленфильмде Искандер 1961 жылы өзінің бірінші «Старожил» фильмің түсірді,іш жылдан кейін-«Поезд милосердия» түсірдіОның ең әйгілі фильмдердің ішінде: «Грядущему веку», «Красная стрела» ( И.Шешуковпен бірге), «Соль земли», «Убийство на Монастырских прудах». Хамраев Санкт-Петербург кино мен телевидениенің университетінде оқытқан. Искандер режиссура кафедраның профессоры.
Искандер Хамраев 10 қазанда 2009 жылы қайтыс болды.
## Дереккөз
## Сілтемелер
http://www.kino-teatr.ru/kino/director/sov/13252/bio/ |
Даниил Львович Сагал (14 (27) қазанда 1909, Екатеринослав — 18 шілдеде 2002, Мәскеу) — кеңес театр мен киноның актері. Ресей Федерациясының халық әртісі (1964). Сталин сыйлығының лауреаты (1950).
## Өмірбаяны
Даниил Сагал Екатеринославта (қазіргі Днепропетровск) туған. 1931 жылы В. Э. Мейерхольд атындағы театр студиясың бітірді. Сол жерде 1938 жылға дейін актер болды. 1943—1989 жылдары — Кеңес әскер орта театрының актері.
Туған ағасы — американдық сценарийші Борис Сагал, жиен — Кэти Сагал актриса.
Даниил Сагал 18 шілдеде 2002 жылы қайтыс болған. Ол Мәскеу қаласында Введенск зиратында жерленген.
## Сілтемелер
http://www.vvedenskoe.pogost.info/displayimage.php?pos=-17607 Мұрағатталған 13 желтоқсанның 2013 жылы. |
Светлана Исааковна Мазовецкая (туғ. 22 тамызда 1925) — кеңес пен ресей театр мен киноның актрисасы.
## Биография
С.И.Мазовецкая 22 тамызда 1925 жылы туған.1949 жылы Светлана Мазовецкая Островский атындағы Ленинград театр институтың бітірді,содан кейін Ленин комсомол атындағы Ленинград труппасына қабылданды.Сол жерде екі жыл жұмыс істеп актриса Балтика флотынының Ленинград театрына көшеді,ал кейін ол Солтүстік флоттың театрында,Ленсовет атындағы театрында,киноактер театр-студиясында жұмыс істейді.
Бірінші кинодағы рөлді Светлана 1956 жылы Иосиф Гандин режиссерінің Қыз бен Қолтырауын фильмдерде түскен.Кейін "ленфильм" киностудиясында мінезді актрисасының амплуасы бекітілген.
1980 жылдың ортасында Светлана Мазовецкая Израильге қоныс аударды. |
Роза Ивановна Макагонова (28 қазан 1927, Самара — 18 сәуір 1995, Мәскеу) — кеңес киноактриса, Ресейдің еңбегі сіңген әртісі.
## Биографиясы
Роза Макагонова 28 қазанда 1927 жылы Самара қаласында туған.1951 жылы ВГИКті бітірді (Сергей Юткевич пен Михаил Ромманың шеберханасы) және 1990 жылға дейін Мемлекеттік киноактер театрында жұмыс істеді.
Роза 50-ден астам шетел мен кеңес кинофильмдердің орыс тіліндегі дубляжда және мультфильмдерді дауыстатуды қатысқан.
Роза Макагонова 18 сәуірде 1995 жылы қайтыс болған. Ол Мәскеуде Хованск (Орта) зиратында жерленген.
## Отбасы
Роза Макагонова кинорежиссер, актер және сценарийші Владимир Басовқа күйеуге шыққан.
## Марапаттар мен атақтары
Ресей Федерациясының еңбегі сінген әртісі(1976 жылы)
## Сілтемелер
* http://www.kinopoisk.ru/level/4/people/277566/
* http://web.archive.org/web/20070423142045/
* http://www.tvkultura.ru/issue.html?id=56704 Мұрағатталған 23 сәуірдің 2007 жылы. |
Николай Александрович Холодковский(19.02.1858,Иркутск - 02.04.1921,Петроград) - көрнекті орыс зоологы және әдебиет саласында аудармашы - ақын. Медицина хирургиялық академияны бітірген (1880), Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтының приват - доценті(1885), кейін осы институттың профессоры, Соғыс медицина академиясының профессоры(1892).
## Еңбектері
Холодковский зоология, биология саласындағы көптеген теориялық және ғылыми - зерттеу, тәжірбие жұмыстарының авторы. Мысалы, қылқан жапырақты ағаш зиянкестері - херместердің күрделі даму циклін зерттеудегі және "Краткий курс энтомологий"(1890),"Атлас человеческих глист"(1898-99), "Учебник зоология и сравнительной анатоми")1905,1933) т.б. еңбектерінің отандық паразитология ғылымын дамытуда, Ресейде дарвинизмді кеңінен таратуда маңызы зор болды.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 42 бет |
Густав Холоубек (пол. Gustaw Teofil Holoubek) (21.04.1923 жылы туған,Краков-06.03.2008,Варшава) - поляк актері.
## Өмірбаяны
1949 жылы Краковтағы Жоғары драма мектебін бітірді. Краков, Катовице театрларында қызмет етті. 1958 жылы Варшаваға қоныс аударды. Сол жылдан ол - осындағы "Театр Народовы" труппасында актер. Ойнайтын кеіпкерінің ішкі жан дүниесін философиялық мазмұнмен байыта отырып, терең психологиялық бояумен бейнелеу, оған қосы сахналық қаһармандардың мінез ерекшелігін тап басу әрі көркем жинақтау мен парасаттылыққа ұмтылушылық оның актерлік өнеріне тән қасиет.
## Рөлдері
Театрда Гец (Сартрдың "Пері мен тәңірісінде"), Эдип(Софоклдың"Эдип патшасында"),Гамлет, Ричард II(Шекспирдің осы аттас трагедияларында),ал кинода (1953 жылдан) Феликс Дзержинский ("Жеңіс солдатында"), Куба ("Тұзақта",1958),Анджей ("Заң мен кулакта",1964), Наполеон("Марыся мен Наполеонда",1966) т.б. рөлдерді орындады.
## Сыйлықтары
* ПХР Мемлекет сыйлығының лауреаты (1966).
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 42 бет |
Дмитрий Федорович Ходулов(4.08.1912 жыл, Мегино-Кангалас ұлысы-03.10.1977, Мегино-Кангалас ұлысы)-якут кеңес актері, КСРО халық артисі (1958).
## Өмірбаяны
1934 жылы Якуттың П.А.Ойунский атындағы музыкалы-драма театр жанындағы драма студияны бітіргеннен кейін, сол жылы осы театрдың негізгі құрамына қабылданды. 1935 жылы С.П.Ефремовтің "Ағайындылар" спектаклінде Николай рөлін орындап, актер оның күрделі жан дүниесін, ікшкі қайшылығы мен өзіне тән мінез ерекшелігін жан-жақты ашып бейнеледі.
## Отбасы
Жұбайы Мария Васильевна Кузьмина (08.03.1919 – 03.06.2002, Олекмин ауданы, Токко ауылының тумасы. Олар 12 баланы дүниеге әкелді, оның екеуі сәби кезінде қайтыс болды.
## Баяқа рөлдері
Ақ бақсы (Ойунскийдің "Қызыл бақсысында"), Петр (А.И.Софроновтың "Махаббатында"), Лоокут (Т.Сметаниннің "Лоокут пен Ньюргусунында"), Платон Кречет, Отелло (Корнейчуктың және Шекспирдің осы аттас драма шығармаларында), Сатин, Егор Булычов (Горькийдің "Шыңырау түбінде" мен "Егор Булычов және басқаларында") т.б. рөлдерді ойнады. Режиссурамен және көркем сөз оқумен шұғылданды. Ол - мәнерлі қимыл-әрекетке, бейнелі грим мен мимикаға ден қоятын сахна суреткері.
6 -сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің, 5-сайлау Якут КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты әрі Президиум мүшесі.
## Сыйлықтары
Қазан Революциясы орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Петр Петрович Хузангай (чув. Петĕр Хусанкай; 22 қаңтар, 1999, Сиктерма, Қазан губерниясы (қазіргі Татарстанның Алькеевск ауданы) – †4 наурыз, 1970, Чебоксары) — чуваш кеңес ақыны. Чуваш АКСР-нің халық ақыны (1950). 1943 жылдан КПСС мүшесі. Шаруа отбасысында туған. Қазандағы Шығыс педагогикалық институтында оқыды (1927-29). Ұлы Отан соғысына қатысты. 1958-60 жылдары Чуваш Жазушылар одағының председателі болды.
## Еңбектері
Шығармалары 1924 жылдан жариялана бастады. 1928 жылы "Дауылдан кейін" тұңғыш өлеңдер жинағы шықты. "Магниттау"(1933), "Таня"(1942), "Антраманның семьясы"(1954), "Ұлы жүрек"(1960) т.б. поэмалары жарық көрді.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы, 12 том, 60 бет |
Нағима Замалеевна Хусаинова (21 қазан 1911, Қазан - 17 қараша 1971, Алматы) — қазақстандық биолог, биология ғылымының докторы (1958), профессор (1959), 1945 жылдан КПСС мүшесі. Қазан мемлекеттік университетін бітірген (1932). Қазан гидрометеорологиялық техникумында оқытушы (1930-32), Қазан мемлекеттік университетінің ассистенті және аспиранты (1933-35). 1935-60 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің зоология кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі, декан профессоры. Гидробиология және ихтиология кафедрасының меңгерушісі (1961-71).
## Еңбектері
Хусаинованың негізгі ғылыми еңбектері су шаяндарының, насекомдардың, моллюскілердің, балықтардың систематикасын, экологиясын, зоогеографиясын және тоғандарда су жәндіктерін жерсіндіру кезінде болатын биоценоздық өзгерістерді зерттеуге арналған. 70 - тен астам ғылыми еңбектері (2 монография) авторы.
## Сыйлықтары
* "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 61 бет |
Антонина Георгиевна Хрипкова(19.02.1920 жылы туған,Орел облысы,Красная Заря ауданы) - кеңес педагогы. биология ғылымдарының докторы, профtссор. КСРО Педагогика ғылым академиясының толық мүшесі. 1943 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірі
1941 жылы Дондағы Ростов педагогикалық институтының химия және биология факультетін бітірді. Хрипкова 1941-43 жылдары Чкалов облысының Андреев ауданында, Андреев селосы мектебінде орта мектеп мұғалімі және директоры, 1943-46 жылдары Дондағы Ростовтың Октябрь ауданында ВЛКСМ облыстық комитетінің хатшысы болды. 1947-49 жылдары Дондағы Ростовтың Орджоникидзе ауданының оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1951 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін, 1968 жылға дейін Дондағы Ростов педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. 1969 жылдан КСРО Педагогика ҒА вице - президенті және 1974 жылдан КСРО Педагогика ғылым академиясының Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми - зерттеу институтының докторы. Хрипкова өзінің ғылыми қызметінде педагогикалық маңызды проблемаларын зерттеумен шұғылданды. 100 - ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол КСРО кәсіподақтар 12 - сезъінде ВЦСПС - тің мүшелігіне сайланды (1959), 7 - сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты,1970 жылдан Кеңес әйелдері комитетінің мүшесі.
## Сыйлықтары
* Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 53 бет |
Зо́я Алекса́ндровна Кайдано́вская (Си́монова-Кайдано́вская; туғ. 5 қарашада 1976, Мәскеу) — кеңғс жіне ресей театр мен киноның актрисасы,тележүргізуші.
## Биография
Зоя 1976 жылы 5 қарашада Мәскеу қаласында туған.1999 жылы РАТИ музака театрының факультетің бітірген (О.Кудряшов профессоры.)
Ол «Умники и умницы» телевизиялық бағдарламада жұмыс істеді. Маяковский атындағы театрда қызмет еткен. 2008 жылы «Ника» сыйлығында «Открытие года» категориясы бойынша — Ларисы Садиловой «Ничего личного» бейнесіндегі ең мықты рөл үшін номинация алды.
## Отбасысы
Зоя Кайдановская — әгілі актерлердің қызы: Евгения Симонова мен Александр Кайдановскийдің, Юрий Вяземскийдің жиені.
Күйеуі — актёр Алексей Захаров, Алексей ұлы мен Варвара қызы бар. |
Құдаяр хан — Минг әулетінен шыққан Қоқан ханы. Арасына үзіліс салып 1845–1875 жылдарда билік еткен. Шерәлі ханның баласы. Өзінің аға-інілерімен және феодалдармен хандық үшін таласоны әлденеше рет тақтан тайдырды (1858–1862, 1863–1865). Өзара алауыздық, үздіксіз соғыс, салықтың өсуі халық бұқарасының жағдайын нашарлатты. Патша әскерінің Орта Азияны жаулап алуы барысында Ташкентті (1865), Ходжентті (1866) өзіне қаратуы Худоярды Ресеймен келісім жасауға мәжбүр етті (1868 жылдың қаңтары). Ол келісім бойынша, Қоқан хандығы өзін Ресейдің вассалы деп мойындады. Бұған риза болмаған феодалдар 1875 жылы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Худоярды тақтан тайдырды. Худояр патша әскеріне барып бас сауғалады. 1876 жылы ақпандаа Қоқан хандығы таратылып, оның территориясы Ресейге қосылды.
## Дереккөздер |
Валерий Михайлович Долженков (туғ. 21 сәуірде 1947 жылы) — ресей мен киноның актері.Ресей Федерациясының еңбегі сінген әртіс.
## Биография
Валерий Долженков 21 сәуірде 1947 жылы туған.1972 жылы ГИТИСті(актер шеберінің факультеті,педагог-В.С.Волгородский).Валерий орта бала театрында жұмыс істеген,кейін Г. Юденич театрында ойнаған.
2015 жылы Ёлки әншінің - Пара клипінде түскен. Осы клип 24 ақпанда 2015 жылы Ёлканың Velvet Music ресми сайтында шыққан. Тағы да осы клипте Валериймен бірге актриса Ольга Кондрашова болған.
## Атақтары
Ресейдің еңбегі сінген әртіс(2008) |
Никола́й Матве́евич Го́рлов (16 желтоқсанда 1908, Ресей империясы — 6 қарашада 1989, Мәскеу, КСРО) — кеңес театр мен киноның актері.
## Биография
Николай Горлов 16 желтоқсанда 1908 жылы туған.1935 жылы М.Горький атындағы театр техникумды бітірді.1929-1939 жылдары жұмысшы жастардың театрында ойнады,кейін «Союздетфильм» студиясының актері,Тбиллиская киностудиясында,киноактер театр-студиясында атер болды.1958 жылдан бастап "Мосфильм" мен М.Горький атындағы театрларда актер болды.Ол эпизодтық рөлдердің мастері.Николай «из народа» кейіпкерлерді ойнайтын күлкілі актер.
Николай Горлов 6 қарашада 1989 жылы Мәскеу қаласында қайтыс болған.
## Атақтары мен марапаттары
Рсейдің еңбегі сінген әртіс(1987)
## Сілтемелер
http://www.imdb.com/name/nm0331021/ |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.