text
stringlengths 3
252k
|
---|
Елді мекендер:
* Түрген – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл.
* Түрген – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Түрген – Іле өзенінің сол саласы.
* Түрген шатқалы – Іле Алатауының ең ұзын әрі кең шатқалы. |
Озмыш Тегін (т. ж. б. – 744) – Шығыс Түрік қағанатының қағаны. 734 жылы Білге қаған қайтыс болғаннан кейін Шығыс Түрік қағандығында тақ таласы басталады. Білге қағанның туысы Озмыш Тегін таққа отыра салысымен мемлекет құрамындағы қарлұқ, басмыл және ұйғыр тайпалық бірлестіктері оған қарсы шықты. 744 ж. қарлұқ, басмыл және ұйғырлардың біріккен күшінің қысымымен Озмыш Тегін биліктен кетіп, өлтірілді.
## Ішкі сілтемелер
* Шығыс Түрік қағанаты
* Ұйғыр тайпасы
* Қарлұқ қағанаты
## Дереккөздер
* Кляшторный С.Г., Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии, М., 1964;
* Гумилев Л.Н., Этногенез и биосфера Земли, Л., 1990.С. Сыздықов
## Тағы қараңыз |
Жүсіпов Бейбіт Ғазизұлы (1948 жылы туған) — заңгер, әділет кеңесшісі. Свердлов заң институтын (1988), Алматы Жоғары Партия мектебін (1989) бітірген.
## Еңбек жолы
* 1970 жылы — Целиноград облысы, Алексеевка аудандық прокуратурасында тергеуші,
* 1971 жылы — аға тергеуші,
* 1974 жылы — Целиноград облыстық прокуратурасының тергеу бөлімі бастығы,
* 1976 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград қалалық комитетінің өнеркәсіптік бөлімінде нұсқаушы,
* 1977 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің әкімшілік және қаржы-жоспарлау органдары бөлімінде нұсқаушы,
* 1981 жылы — Тың көлік прокурорының орынбасары,
* 1982 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі,
* 1988 жылы — мемлекеттік құқықтық бөлімінің меңгерушісі,
* 1990 жылы — Целиноград облыстық Халық депутаттар кеңесінің төрағасының орынбасары,
* 1992 жылы — Целиноград облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары,
* 1995 жылы — Целиноград облысының әкімінің орынбасары,
* 1998 жылы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығару және сот- құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі,
* 1999 жылы — Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс джәне қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі,
* 2001 жылы — Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі,
* 2002 жылы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Апаараты жетекшісінің орынбасары,
* 2004 жылы — Қазақстан Республикасы Жоғары соты Аппаратының жетекшісі,
* 2007 жылдан — Қызылорда облысының әкімінің бірінші орынбасары.
Қазақстан Республикасы ордені және КСРО орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Йоллығтегін қаған — Шығыс Түрік қағанатының 9-шы қағаны. Білге қағанның ұлы.
## Басқаруы
Әкесі өлгеннен кейін қағанат ақсүйектерінің келісімімен таққа отырған еді. Бұл адам - жазушы, тарихшы, екі бірдей орхон жазбалары мәтіндерінің авторы. Ол әкесінің саясатын жалғастырып, тығырықтан шығар жол іздеді.Әкесі Қытай императорының тапсыруымен өлтірілгеніне қарамастан, ол Қытайға үш рет елшілік жібереді.Йоллығтегін ең жақсысы - дүниенің төрт бұрышындағы бүкіл халықты бағандырып, басын игізіп, тағзым еткізу деп есептеді. Оның ата-бабалары да осылай істеген. Ол әрқашан да көшпенділер тұрмысына қытай мәдениетінің дендеп кіруіне қарсы болатын. Ол материалдық мәениетті қытай идеологиясын енгізудің құралы деп түсінді. Йоллығтегіннің: "Алтын, күміс, өнімді, жібекті сонша көп беріп жатқан табғаш халқы сөзі тәтті, қазынасы асыл еді. Тәтті сөзін, жұмсақ қазынасын беріп, алыс халықты өзіне жақындатқан еді. Жақын қонған соң,олардан жаман-жақсылықты енді үйренген едік. Игі білгіш кісілерді, игі батыр кісілерді қозғалта алмады. Бір кісі жаңылса, руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөз, жұмсақ қазынасына көп сеніп, түркі халқы жойылды!Сонда өш адамдар былай сендірген еді: "Жырақ болса,жаман сыйлық берер, жақын болса, жақсы сыйлық берер",-деп...Білік білмес кісілер сол сөзді алып, жақын барып, көп кісі өлді...Өтүкен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Сонда, түркі халқы, тоқ болатын едің. Ашсың ғой сен: аштықта тоқтықты түсінбейсің, бір тойсаң, аштықты ойламайсың сен!",-деген сөзі түркі халықтары үшін бүгін де көкейкесті емес деп ешкім айта алмас.Сөйтіп,Йоллығтегін есімі тек қағандығымен емес, бәрінен бұрын, тасқа ойып жазғанымен мәңгілік қадірлі болып қалды. Ол, әсіресі, түркі халықтарының бірлігін армандады. Ендеше, ол сонау Кұлтегін ескерткішіндегі үлкен жазудың әріп-харіптерінен: "Үстіңнен тәңірі баспаса, астында жер айырылмаса, түркі халқының ел-жұртын кім құртады?! Түркі халқы, өлдің!... Біресі ілгері шаптың, біресе кері шаптың. Барағн жерден не жақсылық таптың? Қаның судай ақты, сүйегің таудай болып жатты. Бек ұлдарың құл болды, сұлу қыздарың күң болды...",-деп тұрғандай. 739 жылы Йоллығтегін қайтыс болды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
## Жүздік құрылым туралы
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.
Шығыстанушы Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.
Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.
М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
* а) ішкі аумақтық тұтастық;
* ә) этностық туыстық;
* б) шаруашылық-мәдени бірлік;
* в) саяси басқару ортақтастығы.
Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.
Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.
Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".
Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-моңғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.
Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек.
## Ұлы жүз тайпалары
Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:
* сарыүйсін;
* шапырашты;
* ошақты;
* ысты;
* албан;
* суан;
* дулат;
* сіргелі;
* қаңлы;
* жалайыр;
* шанышқылы.
Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.
### Сарыүйсін
Сарыүйсіндер Іле өзенінің сол жағалауын, Іле Алатауының баурайларын, Талас өзенінің оң жағалауын, Қорағаты өзенінің екі бойымен Шуға құяр сағасына дейінгі жерлерді мекендеген. Ұраны — Бақтияр, Байтоқ.
### Шапырашты
Шапыраштылар Іленің бойының сол жағалауындағы тармақтарын, Шу өзенінің оң жағалауында, Іле Алатауының бөктерлерінде өмір сүрді. Ұраны — Қарасай.
### Ошақты
Ошақтылар Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың оңтүстік-шығыс баурайын жайлаған. Ұраны — Жауатар.
### Ысты
Ысты — Балқаш көлінің солтүстік өңірі мен Жамбыл облысы аумағында орналасқан. Ұраны — Жауатар.
### Албан
Албандар Жетісуда, Алтынемел жонының оңтүстік-шығыс белігінде, Іле Алатауының теріскей бөктерінде, Іленің жоғарғы жағында, Текес, Шарын өзендерінің бойында қоныстанған. Ұраны — Райымбек.
### Суан
Суандар Жетісудың Алтынемел бөктерінде, Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығыс баурайында, Көктерек өзенінен Қорғасқа дейінгі аралықта орналасқан. Ұраны — Райымбек, Байсуан.
### Дулат
Дулаттар Іле өзенінен бастап, Шу, Талас, Сырдың ортаңғы ағысына дейінгі жерлерді жайлаған. Ұраны — Бақтияр.
### Сіргелі
Сіргелілер Шу өзенінің орта ағысының сол жақ жағасын, Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың баурайын жайлады. Ұраны — Тоғанас.
### Қаңлы
Қаңлылар Іле Алатауының баурайында, Іле өзенінің сол жақ жағалауын жайлаған. Қаңлылардың біраз топтары Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның әр аймағында да орналасқан. Олар шанышқылы тайпасымен аралас-құралас отырған. Ұраны — Айырылмас.
### Жалайыр
Жалайырлар Жоңғар Алатауының баурайында, Алтынемел, Арқарлы, Малайсары таулары, Қаратал, Іле өзендерінің аралығы, Балқаштың оңтүстік-шығысын мекендеді.
### Шанышқылы
Шанышқылы — Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шектескен аумағында орналасқан. Ұраны — Айырылмас.
## Орта жүз тайпалары
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):
* арғын;
* найман;
* қыпшақ;
* қоңырат;
* керей;
* уақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, моңғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған.
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.
### Арғын
Арғындар батыста Торғай қыратынан бастап, шығыста Шыңғыстау мен Балқаштың терістік-батысына дейінгі аралықты жайлаған. Олар бұрынғы Павлодар, Ақмола, Қарқаралы уездерінде, Семей уезінде, Көкшетау уезінде, Торғай уезінде, Атбасар уезінде, Қостанай уезінде, Омбы уезінде орналасты. XIX—XX ғасырлар шегінде арғындардың жалпы саны 500 мыңға жуық болған. Ұраны — Ақжол.
### Найман
Наймандар Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерінде, Алтайдан Жоңғар Алатауына дейінгі тау бөктері мен жазықтықтарда орналасты. Наймандардың біраз бөлігі Сыр бойында да жайлады. Қазан төңкерісіне дейін наймандар мына уездерде таралды: Лепсі, Қапал, Өскемен, Зайсан, Атбасар, Семей, Павлодар, Перовск, т.б. Ұраны — Қаптағай.
### Қыпшақ
Қыпшақтардың жайлаған өлкесі, негізінен, Орталық Қазақстан, оңтүстікте Сырдың орта, төменгі ағысынан Тобыл өзенінің сағасына дейін. Қыпшақтардың уездер бойынша орналасуы мынадай болды: Торғай, Қостанай, Перовск, Павлодар, Омбы уездерінде. Ұраны — Ойбас.
### Қоңырат
Қоңыраттар Оңтүстік Қазақстанды, Сырдария өзенінің ортаңғы ағысы бойын жайлады. Шымкент, Перовск уездерінің әркайсысында, сонымен қатар қоңыраттардың көпшілігі Ташкент уезінде, Орта Азияның тағы басқа уездерінде өмір сүрді.
### Керей
Керейлер Солтүстік жәнө Шығыс Қазақстан өңірлерінде, Ертіс пен Есіл өзендерінің орта ағысы, Алтайдың батыс баурайында орналасқан. Петровск уезінде, Омбы уезінде, Қарқаралы, Қостанай уезінде, Семей, Зайсан уезінде керейлер мекендеді. Ұраны — Ақжол, Қарақожа.
### Уақ
Уақтар Торғай мен Тобыл өзендерінен Шығыс Қазақстанның шекарасына дейінгі әр жерде топ-топ болып шашыранды орналасқан. Семей, Петропавл, Павлодар уезінде уақтар тұрған. Ұраны — Жаубасар, Мүкамал.
Орта жүз құрамында осы аталған негізгі тайпалармен қатар төрелер, төлеңгіттер, қырғыздар, шалақазақтар болды.
## Кіші жүз тайпалары
Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.
### Байұлы
Байұлы 12 атадан тұрды. Олар:
* адай;
* шеркеш;
* есентемір;
* таз;
* ысық;
* беріш;
* байбақты;
* қызылқұрт;
* тана;
* масқар;
* алаша;
* алтын;
* жаппас.
Кей шежірешілер алтын мен жаппасты біріктіріп (алтын-жаппас) бір ата деп есептейді. Байұлының тайпалары Жайық иен Жемнің аралығын, Үстірттің біраз жерін, Маңғыстау түбегін, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын жайлаған.
### Әлімұлы
Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар:
* шекті;
* шөмекей;
* төртқара;
* кете;
* қаракесек;
* қарасақал.
Әлімұлы рулары қыста Жем мен Каспийдің арасында, Арал теңізінің солтүстік-батысына дейін, Борсық құмдары, Қарақұм, Қуаңдария мен Жаңадарияның аралығын қыстаған. Жазда Ақсақал көлінен солтүстікке қарай Торғай, Тобыл, Ырғыз, Ор, Елек, Қобда, Жем, Ойыл өзендерінің бойында, Мұғалжар тауларында көшіп жүрген.
### Жетіру
Жетіру аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар:
* табын;
* тама;
* кердері;
* керейт;
* телеу;
* рамадан;
* Жағалбайлы.
Жетіру аталары қыста Сырдарияның орта ағысын және сол маңдағы аумақтарды қыстаса, жазда солтүстікке қарай жылжып көшіп, Орал тауы баурайына дейін баратын.
## XIX ғасыр
1801 жылы патша өкіметі 5 мың қазақ шаңырағын Жайық пен Еділ өзендерінің арасына көшірді. Бұл жерде Бөкей ордасы құрылды, ол 1812 жылы Бөкей хандығы деп, ал 1845 жылы Ішкі орда деп аталды. Осы Ішкі ордада XIX ғасырдың ортасына қарай адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ысық, қызылқұрт, кете, масқар, ноғай, жетіру, таз, тана, төлеңгіт, шеркеш руының адамдары тұрды.
XIX ғасырдың соңына қарай қазақ халқы бүгінгі Қазақстан жерінің барлық аумағын алып жатты, тіпті одан тыс көршілес аймақтарда да таралды. Мысалы, Орта жүз қазақтарының кейбір топтары моңғолия, Жоңғария, Батыс Сібір және Орталық Азия жерлерінде де тұрды. Кіші жүз қазақтары оңтүстік-шығыс Еуропа жерлерінде, Орал тауы маңында, Орталық Азияда да тұрды. Ұлы жүз қазақтарының кей топтары Жоңғария, Шығыс Түркістан және Орталық Азия жерлерінде де өмір сүріп жатты.
## Дереккөздер |
Білге Құтлұқ қаған (骨咄葉護 - Гудоеху, жеке аты 阿史那骨咄葉護 - Ашина Гудо) - 739 жылдан 741 жылға дейін билік еткен Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Білге қағанның екінші ұлы.
## Басқаруы
Йолығтегін қаған қайтыс болған соң, билік оның інісі Құтлұқтың қолына көшті. Алайда Құтлұқтың билікке іс жүзінде араласуға мүмкіндігі болмағаннан соң, оның анасы билікті өз қолында ұстады. Қытайлық әскербасы Ли Чжи түріктерге грамота алып келді. Онда император Құтлұқты қаған ретінде мойындайтынын мәлімдеді. Жаңа жылда қаған императорға құттықтау жіберді.741 жылы қаған билігі, дәлірек айтқанда Иньсы Даганның билігі әлсірей бастады. Рулық бірлестіктер оған бағынбайтын болды. Хандар өз әскерлерін жиып, бір-бірімен қырқыса бастады. Қаған батыс аймақтың шадын өлтіріп, әскери билікті өз қолына алды. Шығыс аймақтың шады Пан Күлтегін өзінің қауіпсіздігіне алаңдап, азаматтық соғысты бастап жіберді.
## Азаматтық соғыс
Ал келесі болған оқиғалардың шынайылығына келгенде дереккөздер (Цзычжи Тунцзянь, Тан Шу, және түріктердің руна жазулары) әртүрлі мәліметтерді келтіреді. Тан Шудың нұсқасы бойынша, Пан Күлтегін Білге Құтлұқ қағанды өлтіріп, билікті өз қолына алады.
## Тағы қараңыз |
Құлынбек қаған (Ашина Гулунфу) — 743 жылдан 745 жылға дейін билік еткен Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Пан Күлтегінның ұлы. Шығыс түріктерінің соңғы қағаны.
Баймэй — Түрік қағандығының соңғы қағаны (744 —45), Өзміш қағанның інісі. Басмылдар Таң империясы қолдап отырған Өзмішті өлтірген соң, Ашина тайпасының ақсақалдары Баймэй (Аққас) қағанды таққа отырғызады (744). Бұл кезге дейін Түрік қағандығының қол астында болып келген басмыл, қарлұқ, тоғыз оғыз тайпалары күшейіп, тоғыз оғыздар басшысы Құлбойла 745 жылы Баймэй қағанды өлтіріп, өз қағандығын құрды.
## Басқаруы
Қағанаттың қалдықтарына билік етті. Ұйғырлар мен қарлұқтар басмал ханын өлтіріп, оның басын Чанъанға жіберді. Ұйғыр ханы Пэйло өзін Құтлұқ Білге Күлхан қаған деп жариялады. Ол басмылдардың бір бөлігін жойып жіберді. 744 жылы тандық әскербасы Ван Чжунцы түріктердің қалдықтарын жоюға аттандырылды. Ол 11 ру мен шығыс апа тарханын Сахэней тауының етегінде жойып жіберді. Баймей қаған батысқа қарай шегінді, алайда оны ұйғырлар қолға түсіріп, басын алды. Қағанның жесірі Пофу халықтың бір бөлігін бастап, Қытайға көшіп кетті. Қытайда қаған жесіріне атақ беріліп, өмір сүруіне жағдай жасалды.Император Сюань-цзун ( Тан әулеті, 712—756) соңғы қағанның басын алып Хуаэлоу сарайында үлкен мереке ұйымдастырды. Шығыс түріктері уақыт өте келе жойылып кетсе де, олардың ұрпақтары найман, керей сияқты тайпалар кейіннен ірі, дамыған мемлекеттерді құра алды.
## Тағы қараңыз |
Жанғоразов Ибрагим Дәуітұлы (қараш.-малқ. Жангоразланы Даудну жашы Ибрагим; 19.07.1937 — 15.01.2020) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы, Соцалистік Еңбек Ері (1981). Кабардин-Балқар мемлекеттік университетін бітірген (Нальчик, 1979).
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1957 ж. Ақмола малдәрігерлік техникумын бітіргеннен кейін , Инжевский кеңшарында бастады. 1957-59 ж. Инжевский кеңшарының негізінде құрылған Вишневский құс өсіру өндірістік бірлестігінің зоотехнигі, 1959-61 ж. бөлімше меңгерушісі, 1961-67 ж. бас зоотехнигі, 1967 ж. бас директоры. Жанғоразовтың басшылығымен шұаруашылықта, өндірістік негізде тұқым өсірудің тиімді тәсілдерін қолдана отырып, балапан-бройлерлер өсірудің алдыңғы қатарлы технологиясы жүзеге асырылды. Өндірістің барлық салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. ҚазКСР халық депутаты (1990). «Есіл жағалауындағы бройлер цехы» (1980), «Инжевский ертеңге көз тігеді» (М.,1984) кітаптарының авторы. Қазақстан Республикасы орденімен, КСРО ордендері және медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жанғоразов Ибрагим Дәуітұлы (қараш.-малқ. Жангоразланы Даудну жашы Ибрагим; 19.07.1937 — 15.01.2020) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы, Соцалистік Еңбек Ері (1981). Кабардин-Балқар мемлекеттік университетін бітірген (Нальчик, 1979).
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1957 ж. Ақмола малдәрігерлік техникумын бітіргеннен кейін , Инжевский кеңшарында бастады. 1957-59 ж. Инжевский кеңшарының негізінде құрылған Вишневский құс өсіру өндірістік бірлестігінің зоотехнигі, 1959-61 ж. бөлімше меңгерушісі, 1961-67 ж. бас зоотехнигі, 1967 ж. бас директоры. Жанғоразовтың басшылығымен шұаруашылықта, өндірістік негізде тұқым өсірудің тиімді тәсілдерін қолдана отырып, балапан-бройлерлер өсірудің алдыңғы қатарлы технологиясы жүзеге асырылды. Өндірістің барлық салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. ҚазКСР халық депутаты (1990). «Есіл жағалауындағы бройлер цехы» (1980), «Инжевский ертеңге көз тігеді» (М.,1984) кітаптарының авторы. Қазақстан Республикасы орденімен, КСРО ордендері және медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Айдабол би Құлболдыұлы (1660 - ХVІІ) - белгілі би, шешен. Орта жүздің Арғын руының Сүйіндігінен тарайтын Құлболды батырдың баласы.
1660-ХVІІІ ғасырларда Ташкент қаласы маңында туып-өскен. Айдабол 13 жасында би атанған. Шешендік өнерімен, әділ шешімдерімен сый-құрметке ие болған.
«Айдабол би айтқан екен» деген сөздер ел аузында нақыл болып қалған. Алысты болжап, адамгершілікті жоғары ұстаған ол дүниеқор, қиянатшыларды аяусыз әшекерлеген. Әділдігі сондай, бір дауда «Төрелішім дұрыс болмаса, ұлым Тайгелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп ант су ішкені туралы аңыз сақталған.Айдабол Құлболдыұлы Батыр жәнi Тәуке ханның тұсында би болған. Тарихта бізге белгілі бұл уақытта қазақ хандығы мен хандары Ташкент қаласымен өте тығыз байланыста болған. Орта жүздің Арғын тайпасы ішіндегі Сүйіндік руының бір атасы Айдабол би атымен аталады.Айдабол бидің тоғыз ұлы, төрт әйелі болған. Бірінші әйелінен Жанқозы, Малқозы, Бозқозы, Кенжеқозы, екінші әйелінен Аққозы мен Қарақозы, үшінші әйелінен Тайгелтір, төртінші әйелінен Қожагелді, Қосжетер атты ұлдары болған. Айдабол би және оның ұлдары жөнінде баяндайтын қара сөздер М.Көпейұлының жазба мұрасында сақталған.
## Ұрпақтары
Сондай-ақ Айдабол би ұрпақтарынан Қазақстанға белгілі мәдениет, өнер және ғылым қайраткері, КСРО халық артисі Шәкен Айманов (1914-1970), атақты әнші, ақын Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), қазақ әдебиетінің классигі, ақын-ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920), КСРО халық артисі, Қазақстанныңеңбегі сіңірген мәдениет қайраткері Кәукен Кенжетаев (1916—2008), ғылым қайраткерлері, академик Хамза Жуматов (1912-1972), академик Шапық Шокин, геолог-академик Жақан Ержанов (1922-2003), академик Арықтай Қайыпов (1814-1993), атақты Жасыбай, Сары, Олжабай батырлар, әкелі балалы Едіге және Шоң билер шыққан.Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол кенті, тағы басқа атаулар би есімімен байланысты туған.
## Әдебиеттер
* Шорманов С., Ескі һәм жана билер, "Қазақ", 1914 ,23 сәуір;
* Сейфуллин С., қазақ әдебиеті. Билер дәуірінің әдебиеті. 1 кіт. Қ. - о., 1932
* Аллаберген Қ., Айдабол Сары батыр, 2008.07.07
## Дереккөздер |
Марқұз Бұйрық хан - керейт ұлысының ханы. Керейттер Марқұз Бұйрық тұсынан бастап моңғол тайпаларымен етене жақын достықта болған.
## Цзинь еліне қарсы жорықтар
Цзинь мемлекетіне бағынышты болғандықтан және шығыс жағындағы көрші татарлармен арадағы бейбіт келісімнің болмауынан еш жарасымды болмады. Сондықтан көршілес екі тайпа Марқұзды аңдаусызда қолға түсіріп, Цзинь еліне ұстап береді. Ақырында Алтан хандығы Марқұзға өлім жазасын қолданады. Сонда керейттер Марқұз Бұйрықтың кегін қайтару үшін татарларға екі мәрте соққы береді.
## Керейттердің христиан дінін қабылдауы
Ауыр шайқастардың бірінде қайтып келе жатқан Марқұз қолы шөл далада адасып кетеді. Қалың әскердің алдында не істерін білмей қатты қиналып келе жатқан Марқұз Бұйрық ханның көзіне буалдыр бейне елестеп, қолымен жол сілтейді. Сол бейне сілтеген бағытпен жүре берген керейт сарбаздары шөл даланың қақ ортасындағы суаттың үстінен түседі. Осы оқиға ел арасында кең тарап Мервтегі христиан дінін уағыздаушыларға да жетеді. Олар Марқұз Бұйрық ханға жаушы жіберіп христиан дінін қабылдауға үгіттейді. Олар жаушы арқылы суатқа нұсқаған бейненің Сергий әулие екенін айтады. Уағызға ден қойған хан халықты христиан дінінің несториан бағытына кіргізеді. Өзі Марк есімін иеленді. |
Петер Христиан Абильдгор (дат. Peter Christian Abildgaard; 22 желтоқсан, 1740 жыл, Копенгаген - 21 қаңтар, 1801 жыл) - дат ветеринары.
## Биография
* 1740 жылы - Копенгагенде дүниеге келген
* (1775 - 1782) жылдары - ол Копенгагенде қалалық бас дәрігер болды
* 1773 жылы - Патшалық ветеринарлық мектебін құрды
* 1802 жыл - Өзі құрған Патшалық ветеринарлық мектебінде директор және оқытушы болып жұмыс істеді. Осы жыл дүниеден озды
Абильдгор Дания ғылыми ветеринария құрылтайшысы болып табылады. |
Уәлихан Сиянбекұлы Қоңырбаев (1945—2022) — инженер-механик, саясаткер, 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші, ЕҰУ-дің құрметті профессоры, полковник.
Қарағанды политехникалық институтын (1969), Алматы Жоғары Партия мектебін (1979), КСРО ҰҚК Жоғары мектебі жанындағы КСРО ҰҚК органдары басшы құрамын дайындау курсын (1987) бітірген.
## Өмірбаяны
1945 жылы 9 қарашада Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылында туған. Қазақ.
Әкесі - Қоңырбаев Сиянбек (1912-1970). Анасы - Қоңырбаева Шәмшібану Омарқызы (1917), зейнеткер, педагог-кітапханашы болып қызмет еткен.
Қарағанды политехникалық институтын (1969) автомобиль көлігінің инженер-механигі мамандығы бойынша; Алматы жоғарғы партия мектебін (1979) саясаттанушы мамандығы бойынша; КСРО МҚК жоғарғы мектебі жанындағы КСРО МҚК органдары жетекші құрамында дайындық курсын (Мәскеу қаласы, 1987) бітірген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры (2004 жылдан). ҚР түрлі газеттері мен журналдарында жарияланға 20-дан астам мақаланың авторы.тақырыптары: «Дипломатическое право», «Консульское право», «Консульская служба и применение их в практической жизни, в интересах граждан Республики Казахстан».
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте, взвод командирі, кавказдық әскери округтың дербес инженер-саперлік батальонының инженерлік қызметінің бастығы. 1971 жылдан - Көкшетау қаласы №4 автомекемесінің НОТ жоспарлары бойынша инженер. 1973 жылдан - Көкшетау облысы автокелік жұмысшылары кәсіподағы облыстық комитетінің хатшысы. 1975 жылдан - Көкшетау облыстық компартиясы ұйымдастыру белімінің нұсқаушысы. 1977 жылдан - Алматы жоғары партия мектебінің тыңцаушысы. 1979 жылдан - Семей облыстық партия комитеті ендірістік-көлік бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшының көмекшісі. 1982 жылдан - Семей қаласы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1985 жылдан - КСРО МҚК жоғарғы мектебі жанындағы КСРО МҚК органдары жетекші құрамында дайындық курстарының тыңдаушысы. 1987 жылдан - ҚР ¥ҚК органдарында қызмет еткен. 1992 жылдан - ҚР СІМ жанындағы дипломатиялық өкілдермен жұмыс департаментінің бастығы. 1997 жылдан - Монғолиядағы ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі. 1999 жылдан - ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры.
2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Дипломатиялық рангі - 2-ші санаттағы тетенше және екілетті Елші. Шетелдердегі отандастардың мәселелері женіндегі үкіметтік комиссияның мүшесі; «Аптын Бесік», «Дипломатия жаршысы» («Дипломатический курьер») журналдары редакциялық алқасының мүшесі. 10 медалімен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (2003) және басқа медальдармен марапатталған.
Әскери атағы - полковник.
Үйленген. Жұбайы - Қоңырбаева Жәния Мұхамеджанқызы, балабақша меңгерушісі. Балалары - Еділ (1970 ), Айгүл (1973), Алмагүл (1976). Немерелері - Айғаным (1996), Әйгерім (1998), Алуа (2005), Уәлижан (2010).
2022 жылғы 10 маусымда Уәлихан Сиянбекұлы Қоңырбаев қайтыс болды.
## Қызметтері
* 1969-77 ж. АТК инженері, автокөлік қызметкерлері кәсіподақтары Көкшетау обкомының хатшысы, КП Көкшетау обкомының нұсқаушысы,
* 1979-85 ж. Семей обкомының нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бірінші хатшысының көмекшісі, Семей қаласы Ленин ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы,
* 1985-92 ж. ҚазКСР ҰҚК тыңдаушысы, жедел бөлімше бастығы, партком хатшысы,
* 1992-99 ж. ҚР СІМ дипкорпусқа қызмет көрсету басқармасының топ жетекшісі, дипломатиялық өкілдермен жұмыс департаментінің бастығы,
* 1999-2007 ж. Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы істерінің уақытша сенімді өкілі,
* 2007 ж. ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры.
* 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Қазақстан Республикасы медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Конурбаев Валихан Сиянбекович (персональная справка) (орыс.) online.zakon.kz. |
Азамат Тахирұлы Мұсағалиев (орыс. Азамат Тахирович Мусагалиев; 25 қазан 1984, Құмөзек, Астрахан облысы) — ұлты қазақ ресейлік актёр, әзілкеш, тележүргізуші және музыкант, «Камызяк өлкесінің құрамасы» КТА командасының капитаны, тележүргізуші, «Бір кездері Ресейде» шоуының қатысушысы, ТНТ телеарнасында «Логика қайда?», «Интерндер» сериалының актёрі.
## Өмірбаяны
Азамат Мұсағалиев 1984 жылы 25 қазанда Астрахан облысы, Құмөзек қаласында дүниеге келді. Қаладағы №4 мектепте оқыды. Ұлты бойынша — қазақ, адай (ру) тұқымынан шыққан.
Мектепті бітіргеннен кейін мединститутқа емдеу факультетіне түскісі келді, бірақ өз ойынан айнып, нәтижесінде Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің экология және балық қорғау факультетіне түсіп, балық қорғау инженері мамандығын бітірді.
## КТА
КТА-да ол 10-сыныптан бастап ойнай бастады. Азамат бастапқыда өмірді КТА-мен байланыстыруды жоспарламаған. Университетті бітіргеннен кейін Астрахан қаласында инженер-эколог мамандығы бойынша диплом алды, бірақ мамандығы бойынша жұмыс жасамады. Студенттік жылдары ол Ресейдің қалаларын аралап, осылайша ақша табатын қалалық команда құрды.
2007 жылы Азамат Мұсағалиев Астрахан ұлттық құрамасының КТА «Альтернатива» командасының жаңа ойыншысы болды. Көп ұзамай ол Камызяк өлкесінің құрамасының капитаны болып сайланды. Ұлттық құрама КТА Жоғары лигасының маусымында үздіктер қатарынан көрінді.
2011 жылы «Камызяк өлкесінің құрамасы» Премьер-лиганың финалисті болды. Өз командасымен Азамат 2012 жылғы Жоғары лигадағы ойынның жартылай финалына жетіп, 2013 жылғы финалда 2-ші орынға ие болды. Ол кезде Мұсағалиев екі лауазыммен қатар жүрді: капитан және командалық құраманың фронтмені.
Қырғызстанда Азамат 2013 жылы Бішкекте басталған «АЛА-ЖШС» аймақтық лигасының негізін қалаушылардың бірі және бірінші редакторы ретінде танымал.
2015 жылы «Камызяк өлкесінің құрамасы» КТА Жоғары лигасының чемпионы атанды.
## Телевизия
2014 жылы Азамат Бірінші арнадағы «Әзіл сезімі» шоуының қатысушысы болды. Дәл сол жылы TNT-да «Бір кездері Ресейде» шоу-бағдарламасында өнер көрсетті.
2015 жылы «Интерндер» сериалына түсіп, ТНТ-да «Логика қайда?» ойын-сауық шоуының жүргізушісі болды.
2018 жылы ол ТВ-3 арнасында «Әдеттегіден басқа бәрі» жобасының төрешісі болды.
## Жеке өмірі
Азамат Мұсағалиевтің әйелі Виктория Мұсағалиева (2008 жылдан үйленген) және екі қызы бар — Милана мен Ляйсан.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Азамат КиноПоиск дерекқорында
* Азамат Мұсағалиев Instagram-да |
Төремен Апа-хан - Түрік қағанатының апа-ханы. Мұқан қағанның төмен текті қызметшісінен дүниеге келген үлкен ұлы.
## Биографиясы
Төремен 581 жылы Тобо қаған қайтыс болғаннан кейін таққа үміткер атанып, қаған болуы тиіс болатын. Төмен тектілігінен әрі мінезділігінен Төремен түрік ақсүйектері тарапынан қолдау таппады.Таспар қағанның өлімінен соң Төременнің немере бауырлары, яғни Қара-Еске қағанның ұлдары тақты кезекпен иеленді. Ашина Шету Баға Ышбара қаған атанып, 581 жылы Төременге Або (阿波系) аймағын беріп, сол жердің Апа-ханы етіп тағайындады.Апа-хан келе-келе иеліктерін күшейтіп, Телеліктер, Кучтар, ивуліктерден салық жинай бастады. 583 жылы Апа-хан қағанның Суй елімен соғысына қатысты. Апа-ханның әскері жеңіліс тауып, қаған қытайлықтармен келісіп алуы мүмкін деп Апа-ханнан күмәндана бастады. Қытай дипломаттары расыменде Апа-ханмен кездесіп, Баға Ышбара қағанды тақтан тайдырып, тақты өзі алуға көндірмек болды. Олар Төременге Суй елімен достық қатынаста болуды үгіттеді.
## Азаматтық соғыс. 584—587
584 жылы ақпан-наурыз айларында қаған Апа-ханның тұрағын шабуылдап, оның руын жойып жіберді. Ал Төременнің өзі бұл кезде тұрақта болмаған еді. |
Дремасов Владимир Кудратович (30 сәуiр 1937 жыл, Ашхабад қаласы) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы.
1969 ж. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Целиноград ауыл шаруашылық институтының жанындағы кеңшар және ұжымшар басшыларының республикалық мектебін, КОКП ОК жанындағы Мәскеу жоғары партия мектебін (1976) бітірген.
## Қызмет жолы
* 1966-68 ж. Амангелді кеңшарында зоотехник, Ленин аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары,
* 1968-70 ж. Корнеев кеңшарының директоры, Тимиряцев аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
* 1971-75 ж. Қазақстан Компартиясы Тимирязцев аудандық комитетінің 2 хатшысы,
* 1975-77 ж. Жамбыл аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
* 1977-85 ж. Жамбыл аудандық атқару комитетінің төрағасы,
* 1985-89 ж. Құс шаруашылығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы өндірістік бірлестігінің бас директоры,
* 1989-90 ж. облыстық атқару комитетінің төрағасының 1 орынбасары болып қызмет атқарған.
* 1990 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы «Север» агрофирмасының бас директоры.
## Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен, медалдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Құлжанов Бауыржан Ниязұлы (1953, Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы (қазіргі Аққайың ауданы), Ленин ауылы) — қазақша күрестен спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Кеден қызметінің алғашқы полковнигі. Петропавл педагогокалық институтын, Омбы дене тәрбиесі институтын, Ресей кеден академиясын бітірген. 1974 ж. Қазақстан чемпионы, Қажымұқан жүлдесінің иегері.
## Еңбек жолы
* 10 жыл бойы еркін күрес, самбо, қазақша күрестен облыстың құрама командасының құрамында болды.
* 1993 ж. қайтадан жасақталған Солтүстік Қазақстан облысы кеден қызметінің бастығы болып сайланды.
* 2002 ж. Жамбыл облысы бойынша кеден басқармасының бастығы қызметіне ауыстырылды.
* Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының кеңесшісі.
2003 ж. Бауыржанның 50 жасқа толу құрметіне республиканың спорт комитетінің шешімімен Петропавл қаласында қазақша күрестен Қазақстан кубогі өткізілді.
## Дереккөздер |
Құл саудасы — 1737 ж. император әйел Анна Иоанновнаның Жарлығымен құл сату заңдастырылды.
Қазақ халқының жоңғарлармен болып тұратын үздіксіз қарулы қақтығыстары, Хиуа хандығының орыстар мен қазақ ауылдарына шабуылдары жау жағында тұтқындардың көп болуына әкеліп соқтырды. Олар қолға түскендерді құл етті. Жұт жылдары еш нәрсесі қалмай кедейленіп қалған қазақтар оларды өлімнен құтқару үшін оларды құлдыққа сатып жіберді. 1755 бекітілген жарлық бойынша крепостной адамдар тауарға айырбас ретінде немесе сатып алуға құқық алды және сатып алынған құл міндетті түрде шоқындырылды. Құл саудасы Жоңғар хандығының құлдырауымен күшейе түсті. Ең бастыты ішкі базар - Ірбіт жәрмеңкесі болды, сауда сонымен қатар жүйедегі бекіністер мен Сібір қалаларында да жүргізілді.
Бағалар жинақталып қалған конунэктурамен белгіленді. 1737 ж. 40 жастағы әйелдер 12 сомға, бұхарлық 30 жастағы ер адам әйелімен - бір ат, айғыр және 16 сомға, 40 жастағы қазақ әйелі - бір ат және 6 сомға сатылды. 1748 ж. әулиеПетр бекінісінде бір 25 жасар бұхарлық әйел құлыны бар бір бие және бір шекпен, ар бұхарлық 16 жасар ер бала - 12 сомға,20 жасар қазақ бала- 15 сомға сатылды. Бұл бағалардың барлығы жоғары саналды. Екі пұт сиыр еті 80 тиын тұрды, ал ат - 5 аршын шұға (91,5 тиын) және 4,57 сомға сатылды. 1822 ж. Жарғы бойынша құлдық жойылды.
## Дереккөздер |
Ұрыс хан (اوروس خان; 1377 жылы қайтыс болған, Мұхаммед Ұрыс, Орыс, Арыс, Ұрұс, Орыс хан деп те аталады) - 1368 жылдан Алтын Орданың Шығыс бөлігінің ханы, 1372-1374 және 1375 ж . Алтын Орда ханы. Ол шығыс Дешті Қыпшақты өз билігіне біріктіре алды.
Кейбір деректерде ол Тоқатеміридтер әулетінен шыққан делінеді, яғни – Жошының ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы, басқаларында Жошының тағы бір ұлы Орда Еженнің ұрпағы деп аталады. Ұрыс ханның немерелері Барақ пен Болат бытыраңқы ұлыстарды біріктіріп, Алтын Орданы қалпына келтіруге тырысты, бірақ жеңіліске ұшырады. Олардың ұлдары Керей мен Жәнібек Алтын Орда тайпаларының бір бөлігін біріктіріп, Қазақ хандығын құрды.
## Шығу тегі
Ұрыс ханның тегіне қатысты бірнеше дерек бар. Олардағы деректер бір-бірінен ерекшеленеді. Кейбір деректерге қарағанда, ол Шыңғыс ханның ұлы Жошының ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы болған. Басқалардың айтуынша, ол Жошының тұңғыш ұлы Орда Еженнің (Орда) ұрпағы.
Сонымен бірге әр түрлі дереккөздерде Ұрыс ханның арғы аталарының шежірелері әртүрлі. Дереккөздердің бірінші тобына мыналар жатады:«Муизз әл-ансаб». 829 (1426) жылы Темірид Шахрухтың тапсырмасы бойынша белгісіз автор құрастырған. Онда мынадай шежіре бар: Тоқа Темір - Ұрұңташ - Ашық - Бақтук - Тимур-Қожа - Бадақ - Ұрыс хан.
« Таварих-и Гузида-йи Нусрат Наме » («Нусрат-наме»). 1504 жылы жазылған. Онда мынадай шежіре бар: Туқа-Тимур - Үз-Тимур - Қожа - Бәдік - Ұрыс хан.«Шаджара-и түрік». Хиуа хандығының ханы Әбу-л-Ғазидің (1603-1664) еңбегі. Онда мынадай шежіре бар: Тұқай-Тимур - Үз-Тимур - Қожа - Бадақұл - Ұрыс хан.«Шыңғыс-наме». 1550 жылы жазылған Өтеміс-қажы трактаты.« Бахр әл-асрар ». Тарихшы Махмұд ибн Уәлидің 1634-1640 жылдары жазылған еңбегі.
Дереккөздердің екінші тобына мыналар жатады:«Мунтпаһаб ат-таварих-и Муини», немесе «Анонимді Ескендір». 1413/1414 жылы Муин ад-Дин Натанзи жазған. Онда мынадай шежіре бар: Орда – Құлы – Тұмақан – Ноғай – Сасы Бұқа – Ерзен – Шымтай – Ұрыс хан.
«Нусах-и жаханара». 1564 - 1565 жылдары жазылған әл-Ғаффари еңбегі. Онда мынадай шежіре бар: Орда – Құлы – Нұқай – Сасы-Бұқа – Ерзен – Шымтай – Ұрыс хан.«Тарих-и Хайдари». 1611-1619 жылдар аралығында Хайдар ибн Али Хусайни Рази жазған . Онда мынадай шежіре бар: Орда – Құлы – Бұқай – Сасы-Бұқа – Идерең – Жижай – Ұрыс хан.«Джами ад-дувал». 17 ғасырдағы Османлы тарихшысы Мунаджим Башидің еңбегіБірқатар заманауи тарихшылар Урусты Тук-Тимурдың ұрпағы деп есептейді және Муизз әл-ансаб келтірген шежіре деректері дұрыс деп тұжырымдайды, алайда басқа тарихшылар Урысты Шымтайдың ұлы .
## Сығанақ ханы
1361 жылы хан Шымтай қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың Шығыс бөлігінде аралық күрес басталып, одан Шымтайдың ұлы Ұрыс жеңіп шығып, 1368 жылы Сығанақта хан болып отырды. Ол шығыс Дешті Қыпшақты біріктіре алды. Бұл кезеңде ол Маңғышлақ ұлысының билеушісі Түй-Қожаны өлтірді, нәтижесінде соңғысының ұлы Тоқтамыс оның басты қарсыласы болды.
Ұрыс хан Сығанақта таққа үміткерлердің пайда болуын болдырмау үшін Тоқатеміридтер руының қалған бөлігінің барлығын дерлік қырып салды. Ақсүйектердің қолдауымен ол өз билігін нығайту бағытын ұстанды. Ол өзін егемен билеуші деп жариялап, өз ақшасын шығара бастады.
## Алтын Орда ханы
Бұл кезеңде Алтын Ордада өзара қақтығыстар орын алды. Оларды пайдалануды ұйғарып, Ұрыс Төменгі Еділ бойын өз иелігіне қосуға тырысты. Кейін Алтын Орда тағын алу үшін Мамай мен оның қолбасшыларына қарсы күреске өзі араласты .
Ашсүйектерге арқа сүйеген Ұрыс хан 1372 жылы Ақ Ордаға қарсы жорық жасап, Алтын Орданың егемен билеушісі болды. 1370 жылдардың ортасында Қажы-Тарханды (қазіргі Астрахань) алды.
1374 жылы Ұрыс хан шығыста жүргенде Сарай-Беркеде хан атағынан айырылды. Черкес хан болды хан болды . Ұрыс хан Сарай-Беркеге қайтып оралғанда, Мамайдың қолбасы Бұлақ хан сол жерде билеп тұрған еді. 1375 жылы маусымда Ұрыс хан қайтадан Алтын Орда ханы болды. Алайда, Бұлақ хан көп ұзамай Сарай-Беркені қайтарып алып, Ұрыс ханды Сығнаққа айдап әкетті.
Тоқтамыс Әмір Темірдің қалың әскерімен әкесінің өшін алу үшін Ақ Ордаға жорыққа шықты. Тоқтамыстың Сауран қаласына жақындағаны туралы хабарды алған Ұрыс хан оған қарсы екінші ұлы Құтлық Бұқа бастаған Алтын Орда әскерін жібереді. 1376 жылы Сауран маңында қанды шайқас болды. Бұл шайқаста Құтлұқ-Бұғаның өзі қаза тапты, бірақ оның жауынгерлері жау әскерін талқандады. Тоқтамыс Самарқанға шегінуге мәжбүр болды.
Әмір Темір Тоқтамысқа қосымша әскер тапсырып, оны тағы да Сауранға жорыққа аттандырды. Бұл жолы Ұрыс хан үлкен ұлы Тоқтақияны қаланы қорғауға жібереді. Тоқтамыс шайқаста тағы жеңіліп, майдан даласынан қашады.
1377 жылы Темірлан Ұрыс ханға қарсы шайқасқа шықты, бірақ олардың арасындағы қарулы қақтығыс Ұрыс ханның күтпеген жерден қайтыс болуына байланысты болмады. Шыңғыснаманың жазуынша, оны шайқаста Тоқтамыстың ұлы Жалал ад-Дин өлтірген.
## Ұрыс хан мен Алаша хан
Кейбір қазақ тарихшылары, атап айтқанда, Радик Темірғалиев Ұрыс хан мен Алаша ханды бір тұлға деп көрсетеді . Қазақ хандары дәстүр бойынша Ұрыс ханнан шыққанын білдірді. Ұрыс ханның Тоқтақия ұлы Керей ханнан шыққан шөбересі Ұрыс ханның тағы бір ұрпағы Қойрышақ ханның шөбересі және оның немересі Барақ ханның ұлы Жәнібек хан лақап аты Әбу Саидпен бірге Қазақ хандығының негізін қалаушылар болды.
## Ұлдары
* Құтлұғ Бұға
* Тоқтақия
* Темір Мәлік
* Құйыршық
## Шежіре
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Қазақ хандығының Ресей құрамына кіруі — XVIII ғасырдың орта шенінде басталып, IXX ғасыр ортасында аяқталған тарихи процесс.
## Алғышарттары
Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. Жайылым жер үшін қырқысқан руаралық тартыстарға белсене қатысқан Шыңғыс тұқымдарының алакөздігін уақытша болса да әлсіреткен Тәуке мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел хандар тұсындағы елден әлдеқайда берік болды. Алайда 1718 жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің ізбасары Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған Кіші Жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып танылды.
## Жоңғар агрессиясы
Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндірген жоңғар хандығы еді. Жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-ғайыр аумақты өзіне қарату болды. 1710 жылы Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күрес ұйымдастыруды бірлесіп шешуді қажет деп тапты. |
Құлеке батыр немесе Құлеке Тәңірбердіұлы (1710-1771, Иманбұрлық - Аютас аралығы) — батыр, тарихи тұлға, заманының көрнекті мемлекет қайраткері.
Абылай ханның сенімді серігі, оң қолы болған. Елшілік қызмет те атқарған. Тарихи құжаттарда Құлеке есімі алғаш рет 1742 ж. тамыз айында кездеседі. Сол жылғы 23-30 тамыз күндері Орынбор қаласында арнайы комиссияның бастығы, құпия кеңесші-сенатор И.И.Неплюевтің алдында орыс патшайымы адалдығы туралы қазақтың бір топ батырлары мен билері ант берген. Осылардың арасында Құлеке батыр да 28 тамыз күні 35-ші болып ант беріпті. Бұл туралы «Русско-казахские отношения в ХVI-XVIII веках» деген құжатта №96-шы номермен сақталған.
1961 жылы Алматыда кітап болып басылған. Бұдан кейінгі жылдары Құлеке батыр орыс үкіметімен жақсы қатынастарда болады. Осы 1755 жылы қазақтар Ертістің шығыс бетіне өтіп , қонып жүргенін сол кездегі заңдардан көреміз. Сол жылы Керекуден төмен һәм Семейден жоғары (24 шілдедегі №209 патша жарлығында ) қазақ Ертіс өтіп, әл бермеген соң, шепте әскерлерді молайту керек дейді. Сол жылғы патшаның тағы бір жарлығында Ертіс өтіп, қоныс алып жүрген Құлеке батыр атты казактармен соғысып, шығыс бетінде әлденеше қазақ түтіні қоныс қылып, кетпегендігі айтылады. Өйткені Абылайдың пәрмені соны талап етті. Абылай хан атынан бірнеше рет елшілікке барады. Көптеген құжаттарда Құлеке батырмен қатар Құлсары батыр, әулиенің есімі жиі аталады. Соған қарағанда Құлсары батыр да беделді, тарихи тұлға.
Құлеке батырдың ата-тегі: Атығай ішінде Бәйімбет → Жоламан → Дәулетей → Тәңірберді (Тәйірберді).
Одан төрт ұл туған:
* Тілеке,
* Құлеке,
* Қожаберген,
* Ақан-Барақ.
Құлекенің алты ұлы болған: Бәбеке, Мөңке, Тілеуке (Шал ақын), Шардақ, Қазақбай, Жүсіп.
Шал ақын бір өлеңінде әкесі Құлекенің атақты батыр болғанын сөз етеді:
## Дереккөздер |
Салғара Жанкісіұлы (1758 жыл, Ащылы-Тұщылы қонысы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Преснов ауылы - 1859 жыл, Преснов станциясынан 6 км жердегі Марқаш көлінің жағасындағы Жалағаш қонысы) — ақын, композитор, ұлт-азаттық қозғалысының батыры. Атақты батыр әрі жырау Жанкісі Көшекұлының ұлы. Қожабергеннің Асқап медресесінде, содан кейін Үргеніш қаласындағы медреседе оқыған. Оқуын бітірген соң мешіт имамы және медресе оқытушысы болып жұмыс істеген. 18-ғасырдың соңғы ширегінде басқа жақтан келгендердің басып кіруіне қарсы соғысқа белсене қатысқан.
## Шығармалары
Салғара жас серілерден құралған топты басқарған. Өз әндерін қобыздың сүйемелдеуімен, ал күйлерін сыбызғымен орныдаған. 1782 ж. Салғара атақты "Жиырма бес" өлеңін шығарған. Ол «Жүсіп-Зылиха», «Бозжігіт», «Қасым Жомарт», «Сәйфүлмәлік-Бәдигүлжамал», «Иранғайып», «Шәкір-Шакрат» дастандарының , «Кү астындағы Күнікей қыз» бен «Керкұла атты Кендебай» қазақ ертегілері желісіне құрылған өз нұсқасын жазған. Салғара «Күйік шаһар», «Шатыра соғысы», «Үш төре», «Бала зары», «Көшкен жұрт» өлеңдері, «Қызыл бидай», «Тобылғы сай», «Алай көк». «Шалқыма», «Ахау-айым», «Еркем-ай», «Тоқсан бес», «Мұнанай» әндерін, «Бәйбіше», «Боз тұлпар» күйлерін , т.б. шығарған.
## Дереккөздер |
Сартақ хан (т. ж. б. — 1256) — 1255-56 жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы, Бату ханның үлкен баласы, Шыңғыс ханның шөбересі. Жас кезінде әкесінің ықпалымен белгілі орыс князі Александр Невскиймен анда болған. Еділ өзенінің төменгі сағасының батыс жағалауынан бастап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы мен Қырым аралығында билік құрды.
## Билігі
1256 жылы француз королінің Қарақорымға жіберген елшісі Рубрук ең алдымен Сартақтың сарайына аялдап, оған корольдің түрік және араб тілдеріне аударылған грамотасын табыс еткен. Сартақ әкесі Бату қайтыс болған соң Мөңке ханның (Қарақорымда) ұйғарымымен хан тағына отырды. Бірақ көп ұзамай қайтыс болып, тақты әкесінің інісі Берке иеленді. Сартақты Батудың iнiсi Берке өлтiрткен.
## Түсініктеме |
Төле-Бұқа(т.ж.б. – 1291) – Алтын Орда ханы (1287 – 91). Бату ханның шөбересі. Ататегі: Бату — Тұқан - Тарбу - Төле Бұқа 1285- 87 жылы аралығында Туда Мөңкенің Венгрия және Польша жерлеріне жасаған жорықтарына қатысты. Мөңке Темірдің ұлдарымен бірлесіп, Туда Мөңкені тақтан тайдырды. Кейін өзі Алтын Орда ханы болды. 1288 жылы Рязаньға жорық ұйымдастырып, қаланы өртеді. Артынша Польша мен Венгрияға жорық жасады. Польша жеріндегі шайқастың бірінде Ноғай Төле Бұқаны тастап кетті. Соның салдарынан Төле Бұқа шайқаста жеңіліс тауып, жау қолынан кұтылып шықты. Оның билік етуі кезінде тақ таласы өрши түсті. Ол Ноғайдың ұйымдастыруымен қастандықпен өлтірілді. Одан кейін билік Тоқтаның қолына көшті.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Меңгу Темір - 1266 - 1280 жылдар аралығында билік құрған Беркеден кейінгі Алтын Орда ханы.
## Басқаруы
Оның билігі кезінде Алтын Орда өмірінде ешбір саяси эәне мәден өзгеріс болмаған. Меңгу Темірдің орыс князьдерімен арасындағы қарым - қатынасы Берке хан саясатын жалғастырады. Египеттік араб тілінде жазатын жылнамашылардың айтуынша, Меңгу Темір тамағына шыққан белгісіз бір жарадан қайтыс болған. Меңгу Темір кезінде Алтын Орда тарихында бірнеше маңызды оқиғалар болды. Бұл бір жағынан Қырымның болашақтағы тағдыры үлкен рөл атқарған Кафедегі (Феодосия) генуялық сауда колониясының пайда болуы болса, екінші жағынан саяси сахнада Ноғай секілді танымал тұлғаның қалыптасуы еді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Құлпа хан - Алтын Орда мемлекетінің 13-ші ханы.
## Басқаруы
Бердібек ханды өлтірген өгей бауыры Құлпа болатын.Ол 1358 және 1359 жылдары Гүлістанда,Берке Сарайда,Азақ пен Хорезмде өз атынан ақша шығарады.Бұл Құлпаның Алтын Орданың көп бөлігін қолында ұстағанының дәлелі.Бір қызығы,дәл сол жылдарда және сол жерлерде Наурыз есімді екінші бір Алтын Орда тағынан үміткер өз атынан ақша бастырған.Ал алтынордалық ақсүйектер Құлпаның да,Наурыздың да Алтын Орда тағына келгеніне онша қуанған жоқ.Себебі,олар Жәнібек ханның заңды әйелдерінен тумаса керек немесе олардың аналарының Алтын Ордада айтарлықтай ықпалдары болмаған.Құлпа мен Наурыз бір мезгілде қатар билік еткен.Құлпаның билігінің әлсіздігін пайдаланып,Наурыз оның иелігін біртіндеп басып ала береді.Ақырында,Құлпа да,оның ұлдары да Наурыздың қолынан ажал табады.Бұл Алтын Ордадағы жағдайды бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті.Елдегі ішкі тартыс 1360 жылдан 1380 жылдарға дейін,табаны күректей 20 жылға созылды.Құлпа мен Наурыз билікке келгеннен бастап ,1380 жылға дейінгі 20 жыл ішінде Алтын Орда тағына,зерттеушілердің есебінше 25-тей хан отырған.Олардың кейбіреуі,тіпті,империя астанасында билікті басып алуға қол жеткізді,алайда елді басқара алмады.Бұл әміршілердің ордалары бірде Ұлы даланың бір басынан, енді бірде басқа басынан көрініп тұрды.Мемлекеттік билік те бір жерден екінші жерге ауысып жүрді.Алтын Орда тарихындағы бұл кезең орыс жылнамаларында"Ұлы бүлік"деп аталады.Қазақта"нар мойыны Бердібек хан тұсында кесілген"деген сөз бар.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Туда Меңгу хан (туған жылы мен қайтыс болған жылдары белгісіз) — Алтын Орданың 6-шы ханы. Ол Меңгу Темір ханның інісі әрі мұрагері.
## Биографиясы
Ол туралы Новайри: "Исламның барлық дәстүрін ұстанған, әрқашан шейхтар мен факирлер ортасында жүрген мұсылман", - дейді. Ол танымал тұлға болмаса да, Талас құрылтайы оны Алтын Орда ханы етіп сайлады. Туда Меңгуді сайлау кезінде Ноғай өзін Маңғыт ордасының ханы деп жариялады. Екеуінің арасындағы қақтығыстан сақтанған құрылтай қыпшақ ханы Ноғайды маңғыттардың ханы деп тануды жөн көрді. Болгариядағы Тертер хандығы Ноғаймен тығыз байланыстағы нағыз моңғол протектараты болды. Ал Туда Меңгудің Ноғайға ашық қарсы шығуға жеткілікті күші болған жоқ. Туда Меңгу исламды жанды тану ретінде қабылдады. Ол исламдық ойды мистикалық оқудың жалғастырушысы, суфист болды. Суфизмнің әсерінен ол билікке қызығушылығын жоғалтты. Кейіннен ханның жан күйзелісіне ұшырағаны белгілі болды. Соңында Туда Меңгу тақтан тайып, орнына Төле Бұқа хан сайланды.
## Әдебиет
* Алтын Орда: Қазақ хандығы. Аруна баспасы, 2007. ISBN 9965-26-042-7
## Тағы қараңыз |
Ұлақшы хан — 1256–1258-ші жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы. Сартақтың, кейбір деректерде Бату ханның ұлы.
## Басқаруы
Әл-Жуайни "Әлем жаулаушысының тарихы" атты еңбекте былай деп жазады: "Сартақтың өлімінен соң, Мөңке қаған Алтын Ордаға әмірлерді аттандырады, Бату ханның әйелі мен бала-шағасына, бауырларына көңіл бөледі. Бату ханның үлкен әйелі Буракчин хатунға Сартақтың ұлы Ұлақшыны кәмелетке толып, әкесінің тағын иеленгенше тәрбиелеуін және билікті қолына алуын тапсырады. Бірақ тағдырдың жазуы басқаша болып, Ұлақшы сол жылы қайтыс болады". Кей жазба деректерде Ұлақшының есімі 1257-ші жылы аталатынын естен шығармаған жөн. Басқаша айтқанда,ол кезде Ұлақшы тірі, ал Берке әлі билік басына келмеген кезі. Беркенің Алтын Орда ханы болып тағайындалуы кезіндегі жағдай беймәлім күйінде қалып келеді. Тек оның таққа оп-оңай келіп отыра салмағанын аңғартатын көмескі мәліметтер ғана сақталған. Оның өзі аз. Ең әуелі Беркеге Бату ханның үлкен әйелі Буракчин хатунның қолындағы билікті алуға тура келді. Ол Сартақтың шешесі әрі тақ мұрагері Ұлақшының әжесі болды. Немересінің жасы жеткенше бүкіл билік соның қолына тапсырылған. Сартақтың шешесінің Алтын Ордада беделі күшті еді. Немересі Ұлақшы өлгеннен кейін де Буракчин хатун билік тізгінін оңайлықпен жібере қоймады, біраз уақыт қолында ұстады. Ол заң негізінде билік етті, мұнда тосын немесе жасырын ештеңе болған жоқ. Моңғол империясында әйелдер саясатқа белсене араласқан, құрылтайларға қатысты және олардың пікірлерімен де санасты. Мұның дәйектері ортағасырлық қолжазба деректерінде сақталған. Мысалы үшін, XIV ғасырдың 30-шы жылдарында Дешті Қыпшақ жеріне келген арабтың белгілі саяхатшысы ибн Баттутаның қолжазбаларында мынадай жолдар кездеседі: "Бұл аймақтан мен бір ғажап көрдім-әйел затына құрмет ерекше. Олар тіпті еркектерден де сыйлы". Мұсылман қағидаларына үйренген ибн Баттута үшін мұндай жағдай мүлде өзгеше, көз үйренбеген құбылыс. Ал Алтын Орда халқына мұның тосын ештеңесі де жоқ болатын.Жалпы, Моңғол империясында әйелдің әлеуметтік сатысы биік болғанын XV ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы әл-Макризидің еңбегінен, бүгінге жеткен Жасақ үзіндісінен де көреміз: "Шыңғыс хан соғысқа жарамды әйелдер, еркектер жорыққа кеткенде, солардың міндетін атқаруға тиіс деп бұйырды". Қоғамның ең биік сатысында да әйелдің алар орны олқы болмады. Алтын Орда жайлы әл-Омари былай деді: "Бұл мемлекеттің халқы халиф белгілеген заңдармен жүрмейді, әйелдері билікке еркектерінен кем араласпайды. Осы елдің әміршілерінің қолынан шыққан талай қағазды көрдім. "Хатундар мен әмірлердің пікірлері осыған саяды" деген секілді сөздер бәрінде кездеседі". Сөздің қысқасы, Буракчин хатун немересі Ұлақшы қайтыс болғанына көп болмаса да, Алтын Орда билігін ұстады. Бірақ, Жошының үшінші ұлы, Бату ханның інісі Берке бастаған үлкен қарсылыққа ұшырайды. Беркенің көрсеткен қысымынан қорқып,ол елден қашпақ болады. Сөйтіп, Құлағудан көмек сұрайды. Құлағу қол ұшын созып, пана болуға келісімін береді. Алайда Берке Буракчин хатунды ұстап алып, өлтіруді бұйырады. Билік басына да содан соң келеді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Иманәлиев Бауыржан (04.02.1954, Алматы облысы , Қарасай ауданы, Жетісу ауылы, - 19.05.2006, Алматы)- баспагер, кітап безендіруші, Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (2004). Алматы энергетика институты (1982), Прага қаласындағы (Чехословакия) баспа ісі институтын (1993) бітірген.
## Қызмет жолы
1982-88 ж. «Главриссовхозстрой» тресінде бөлім меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, 1988-90 ж. «Медекқұрылыс» басқармасында бас механик-энергетик, кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1990-92 ж. «Васинкрафт» бірлескен кеңес-швейцария кәсіпорындарында аймақтық директор қызметтерін атқарған. 1993 жылдан «Бауыр» баспасының директоры, сонымен бірге 2000 жылдан «Аруна» баспасы директорының орынбасары болды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы (2004-06) аясында шығарылған кітаптар дизайнінің авторы. Халықаралық және отандық кітап көрмелерінің жүлдегері.
### Дереккөз |
Құзыр хан (1361) — Алтын Орданың 1360—1361 жылдары билік еткен ханы, Сасы Бұқаның ұлы. Құзыр хан Орда Ежен әулетінен шыққан тұңғыш Алтын Ордалық хан болды.
## Басқаруы
Ол Ақ Орданың тумасы. Құзыр, «Ескендір Анонимінде» Ақ Орда ханы Сасы Бұқаның ұлы деп көрсетілген. 1359 жыл ол өзін Гүлстанда хан деп жариялады. 1360 жылы Наурыз ханның иеліктеріне басып кіріп, орда ақсүйектерімен құпия келіссөздер жүргізе бастады. Нәтижесінде олар Наурызды Құзырға ұстап берді. Құзыр Наурыз ханды, оның әйелі Тайдұлу мен Наурыздың ордалық серіктерін қырып тастады. «Ескендір Анонимінің» хабарлауынша, Құзыр бір жылдай билік еткен. Русьтағы болып жатқан істерге Құзыр араласып отырды. Руське елші жіберіп, мәскеу кнәзі Дмитрий Ивановичты өзіне шақырған. Дмитриймен қоса, Құзырдың сарайында Андрей Константинович Суздальский інісімен, Константин Васильевич (ростов кнәзі) және Михаил Ярославский болған. Ұлан-ғайыр аумақты басқарған (оның дәлелі ол Гүлістан, Жаңа Сарайда, Хорезмде және Азақта теңге соқтырған). Хандықты басқаруда темірдей тәртіпке арқа сүйеген. Қанша шаралар жасаса да үлкен ұлы Темір Қожа ұйымдастырған сарай төңкерісі нәтижесінде қаза болды. |
Ордамәлік хан — 1361 жылдың қыркүйек-қазан айларында билік еткен Алтын Орда ханы. Есімі «орданың билеушісі» деген мағына береді.Ордамәлік Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы болатын. Тоқа Темірдің ұрпақтары оған дейін Алтын Орда тағына үміткерлік еткен емес. Алайда Тоқа Темір ұрпақтарының абыройы Орданың батыс бөлігінің билеушісі қият Теңіз Бұға тақтан тайдырылып, таққа Тоқа Темірдің ұрпағы Қара Ноғай келгеннен бастап артқан болатын.Шибандық хан Құзырдың өлімінен соң 1361 жылы таққа оның ұлдары Мұрад пен Темір Қожа таласты. Темір Қожа жоғарғы билікті өз қолына алып, Сарай қаласын басып алды. Бірақ Мұрад жеңілмеген еді, ол Гүлстанда тұрақтады. Осы уақытта тақ таласына шығыстан келген Ордамәлік араласты. Темір Қожа Сарайдан қашып кеткен соң, жергілікті атқамінерлер таққа Мұрадты отырғызуға тырысты, алайда Ордамәлік оның алдын орап кетті. 1361 жылы қыркүйекте ол Сарайды басып алып, бір айға жуық билікті ұстап тұрды. |
Мір Болат хан, Пір Болат хан — Алтын Орда ханы (1364- 1365). Мір Болат Жошының ұлы Шибанның ұрпақтары арасынан шыққан алғашқы Алтын Орда ханы. Мір Болаттың билігі жайлы ақпарат өте аз. Берке Сарайда Мір Болат деген жазуы бар 1362— 1363 жылдары соғылған тиындарға қарағанда Мір Болат Берке Сарайды Мұрад ханнан аз уақытқа тартып алған. Алтын Орданың астанасы Берке Сарай үшін тартыс тоқтаусыз жүрді. Жеңіс Берке Сарайдың билеушілерінің үнемі қолына тие бермеді. 1364 жылы күзде Мір Болат Берке Сарайды басып алды да, бір жылдай билік етті. Көп ұзамай Мір Болатты оның бас әмірі Ілияс өлтірді. Билік Мамай таққа отырғызға Абдулла ханың қолына түседі.
## Тағы қараңыз |
Әзіз Шейх хан (араб.: ﻋﻪﺯﻳﺯ ﺷﻪﯿﺌﺡ) — 1365 жылдан 1367 жылға дейін билік еткен Алтын Орда ханы. Әзіз Шейхтың есімі арабша «Әзіз» - «бағалы, қымбатты» және «шейх» - құрметті деген мағынаны береді. Әзіз Шейхтың шығу тегі жайлы көзқарастар әртүрлі. Әрине оның Шыңғыс тұқымынан екенінде күмән жоқ. Р. Ю. Почекаев оны шибандық санап, шығу тегін былай таратады: Шибан — Сайлықан — Құтлұқ-Темір— Буралтай — Барық — Түн Қожа — Әзіз Шейх. Ол Әзіз Шейхты өзге шибандық — Мұрадтың мұрагері дейді. А. П. Григорьев дәлме-дәл тұжырымдама жасауға қашқалақтайды. Алайда оның Өзбек ханның әулетіне қатысы жайлы жорамал жасайды. Якубовский «Ескендір анонимінің» сөздерін мысалға келтіреді. Бұл еңбекте Әзіз Шейх Темір Қожаның ұлы, әрі Орда Шейхтың немересі деп жазылған.Әзіз Шейх Ордадағы аласапыран кезінде билік жүргізді. Сарайдағы аласапыранға Абдулла ханды қолдайтын Мамайдың қатысы бар (Мамай Шыңғыстық болмағандықтан хан тағына отыра алмады). Мамай орданың батыс аймағында мықты тірекке ие болды.
## Тағы қараңыз |
Темір Қожа хан — 1361 жылы билік еткен Алтын Орда ханы. Темір-Қожа Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен әулетінің өкілі.Ол Құзыр ханның үлкен ұлы. Ол әкесіне қарсы қастандық ұйымдастырып, сарайда төңкеріс жасады. Соның нәтижесінде Құзыр хан мен оның кенже ұлы өлтірілді, ал Темір Қожа Алтын Орданың тағына отырды. Бар болғаны бес аптадай билік етті. Жаңа Сарайда өзінің атынан теңге соқтырып үлгерді.Ордалық ақсүйектер Темір Қожаның алғашқы билік күнінен бастап оған жау ретінде қарады. Осы жағдайды өз мүддесіне пайдаланған беклербек Мамай ханға қарсы шықты. Мамай хан тағына Абдаллахты (Өзбек ханның ұрпағы) отырғызды. Елде өзара қантөгіс басталды. Мамайға қарсы шығатындай күші болмағандықтан Темір Қожа Еділге қарай қашты, сол жерде өлтірілді. |
Хасан бин Бекқұнды — шибандық Алтын Орда ханы. 1368 жылдан билік еткен. 1368 жылы Мамай Берке Сарайдағы Абдулла ханды тастап Қырымға аттанды. Оның мақсаты өзіне қарсы шыққан Қажы Черкесты жаныштау болатын. Абдулла ел астанасын қорғап тұра алмады. Көп ұзамай қала Ұлыжай Темірге өтті. Бірақ 1368 жылы қаланы Мір Болат ханның жиені шибандық Хасан басып алды.Хасан хан хандықты ұзақ басқара алмады — 1369 жылы оны әмір Мамай Берке Сарайдан қуып шықты. Астанаға шабуыл кезінде қаза болған. Таққа қайтадан Абдулла отырды.
## Деректер
Кейбір авторлар Хасан ханды Еділ Бұлғарииясының билеушісі Асанмен шатастырады. Асанды Әзіз Шейх хан тағайындаған болатын. Алайда А. В. Пачкалов Шибандық Хасан мен Бұлғарлық Асанның (Исаи) мүлдем екі бөлек қайраткер екенін сенімді түрде дәлелдеп берді.
## Тағы қараңыз |
Мұрад хан — 1362 жылдың қыркүйегінен 1364 жылдың күзіне дейін билік еткен Алтын Орда ханы. «Ескендір анонимінде» Мұрад (Никонов жазбасында Амұрат) Орда Шейхтың (Жошылықтардың Ақ Ордалық тармағы) ұлы делінген. Никонов жазбасында Мұрад Құзыр ханның ұлы делінген. Еділ бойындағы шайқаста 1362 жылы Келдібекті талқандап, Мұрад Сарайдағы билікті басып алды. Осылайша ол Мамай мен Абдолланың Алтын Орда тағы таласындағы басты жауына айналды. Мұрадтың билігі кезінде Ордадағы шиеленіс үдей түсті. Мемлекеттен бүтін бір облыстар бөлініп жатты. Олардың билеушілері тәуелсіздіктерін жариялады (мысалға Солтүстік Хорезм). Елде қосбилік орнады (Абдулла мен Мамай Мамай Ордасын басқарса, Мұрад Сарайда басқарды). Қарсыластар үнемі бір-бірімен қырқысты. Мұрад орыс кнәздерімен жақсы қатынасты болды (Мұрад Дмитрий Ивановичке, кейіннен Дмитрий Константиновичке ұлы кінәз атағын берді). Мұрад үлкен саяси күшке ие болғандықтан, онымен өзге мемлекеттердің билеушілері санасатын болды. Алайда көп ұзамай ханның билігіне сызат түсті. Аз уақытқа ел астанасын Мір Болад басып алған болатын. «Ескендір анонимінің» хабарлауынша, Мұрад үш жыл патшалық құрған. Кейіннен Мұрадты өзінің бас әмірі Ілияс өлтіреді.
## Тағы қараңыз |
Ақтау қаласындағы Қысқы Мәдениет үйінің ғимараты — Маңғыстау «Мәдениеттік тарихи-мәдени қорығы» Мемлекеттік Мекемесінің әкімшілігі орналасқан құрылыс. Ақтау қаласы, 3-ші молтекауданындағы №66 үй құрылысы, 1957 жылы салынған. Аталмыш ғимарат бүгінгі күнде Ақтау қаласында сақталып отырған, өткен ғасырдың орта тұсындағы қала тұрмысында ерекше орын алған оқиғалардың куәсі дерлік, бір қабатты, аласа цоколді алғашқы қоғамдық көпшілік құрылыс және тарих және сәулет құрылыс ескерткіш нысаны.
## Ғимараттың сипаттамасы
Құрылыстың жазық жоспары созылыңқы, төрт бұрышты етіп батыс жақтан шығысқа қарай бағытталған. Іргетасы тереңдігі 0,5 м болатын сазды лай балшықпен тас сынықтары толтырылып құйылған. Қабырға құрылысы да толық өңделмеген Борлы кенішіндегі тастан қаланған.Жоғарғы жағы сыланып, ақталған. Кіріп-шығар 5 есігі бар. Терезе көзі қосар қабатты, фрамуга әйнегі салынған. Бөлмелердің ішкі жақ төбесі жалпақ жұқа фанерамен қапталып, шеттері ағаш рейкамен көмкерілген.
Ғимаратта бастапқы кезде желдететін, орталық жылыту жүйесіне қосылған 13 бөлме болған. Едені ағаш, шатыр құрылысы қыр арқалы етіп, төрт қабат қара майлы қағазбен жабылған. Шатырда 3 желдету тесігі және оңтүстік жаққа қараған еңіс арқасында жарық түсірер терезе көзі шығарылған. Жалпы жазық жоспардағы ауқымы 18×2,6 м. Ғимарат құрылысының ескеруіне байланысты 2004 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыр жабындысы қаңылтырмен қапталып, пластикалық терезелер орнатылған. Сондай-ақ ішкі бөлме құрылысына да қайта жоспарлау арқылы құрылымына өзгерістер енгізілген. Ғимаратта әр жылдары мәдениет мекемелері орналасқан. Қазіргі күні мұнда «Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық» Мемлекеттік Мекемесінің әкімшілігі орналасқан. Қорық үйінің тұрған жері - қаланың алғашқы абаттандырылған, жағдайы жасалған қоғамдық және тұрғын үй құрылыстары салынған маңда орналасқан, іс жүзіндегі өзінің бастапқы мән-маңызын сақтап қалған Ақтау қаласындағы алғашқы бой көтерген ғимараттардың бірі.
## Дереккөздер |
Еркін Тілекұлы Мергенов (6.3.1940 жыл, Алматы 27.07.2015 жыл, Алматы) – мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
## Өмірбаяны
* 1962 жылы Алматыда Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген, мүсін бөлімі.
* 1963-1963 жылдары Кеңес Армиясы, Орта Азия әскери округі қатарында әскери борышын өтеді.
* 1966-1967 жылдары Алматы қаласы №105 орта мектепте сызу және сызу пәнінен сабақ берді.
* 1973 жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетітын бітірген.
* 1987 – 92 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
* 1980 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі.
* 1981 жылы Латвия КСР-нің Рига қаласында жеке көрмесі өтті.
* 1982 жылы КОКП қатарынан шығарылды. 1985 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарына қайта алынды.
* 1987-1994 жылдары Қазақ КСР суретшілер одағының XII съезінде Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болып сайланды.
* 1989 жылы КСРО Суретшілер Одағынан халық депутаты болып сайланды, Мәскеу қаласы, Сол жылы жеке көрмесі өтті, (Орталық Суретшілер үйі).
* 1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
* 1990 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарынан шықты.
* 1991 жылы Германиядағы Дуйсбург қаласында өткен Халықаралық көрмеге белсенді қатысады.
* 1994 жылы Қазақстан суретшілер одағының мүшелігінен шықты.
* 1998 жылдан Халықаралық суретшілер одақтары конфедерациясы кеңесінің мүшесі, Мәскеу қ.
* 1999-2000 жылдары Қазақстандағы Сорос заманауи өнер орталығының басқарма төрағасы болды.
* 2000 жылы «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Платина Тарлан» тәуелсіз ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
## Шығармашылығы
Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етеді. Оның мүсіндері замандастар бейнесінің шынайылығымен, өмір мен уақыт тынысын сезіндіретін шымырлығымен ерекшеленеді.
Еркін Тілекұлы Мергеновтің :
* “Махамбет” (1973, қола),
* “Олжас Сүлейменов портреті” (1982, қола),
* “Қазақ КСР-інің халық артисі Е.Өмірзақов” (1982, гипс),
* “Жаңғырық” (1983),
* “XX ғасыр” (1988), т.б. портреттер топтамасы бар.
## Дереккөздер |
Мұхаммед Бұлақ хан (Ғияс-әд-дин Мұхаммед Бұлақ хан) — 1370 жылдан бастап билік еткен Алтын Орда ханы. Абдолла ханнан кейін бала кезінде таққа отырған. Ордда, Қажы Тарханда, Қырымда және Жаңа Мажарда теңге соқтырған. 1372 жылы Алтын Орданың астанасы Берке Сарайды Ақ Ордалық Ұрыс хан басып алды. Мұхаммед Бұлақ Қырымдағы Мамайға қашты. Ұрыс хан 1374 жылы Сарай қаласын тастап, Ақ Ордаға оралған соң, астананы Черкес басып алып Алтын Орда ханы болып жарияланды. Ол ұзақ тақта отыра алмады. 1375 жылы Мамай Берке Сарайды қайтарып алды да, қайтадан Мұхаммед Бұлақты хан етті.Шығыстан тағы да Ұрыс хан Берке Сарайды бір ай мерзімге басып алса да, мықтылап орныға алмады. Мұхаммед Бұлақ Сарайды қайтарып алып, хандықты қайта қолына алды.1375 жылдың аяғында Сарай қаласын Ғиас уд-Дин Қағанбек хан басып алды. Мұхаммед Бұлақ 1380 жылға дейін, өзінің өліміне дейін хан тағын қайтара алмады. Күлік шайқасында қаза болуы мүмкін.
## Тағы қараңыз |
Шевченко Тарас Григорьевич ескерткіші — 1982 жылы ескерткіш Ақтау қаласында орнатылған. Ол өмірі мен шығармашылығы Маңғыстау облысында өткен украин ақыны және 19 ғ. суретшісіне арналған. Монументтің композициялық осі теңізге қарата орнатылған және теңіз жағалауына қарай жайлы етіп жасалған. Ақынның қоладан отырған қалпын сомдап құйылған ескерткішінің биіктігі 5,6 м, 7,3×16,2×1 өлшемдегі тұғыр табандық Янцев кенінде өңделген гранит тас алаңша үстіндегі орналасуы еркін шығармашылық өрісте оңтайлы шешім тапқан. Тұғыр табандық төсемге қойылған өрнекті екі түсті тастың өзі Маңғыстау жерінің нышанын білдіріп тұр. Табан астындағы төсемді тастың өзінде аумағы 4,8 м болатын дөңгеленген тесік бар. Мұндағы композицияны егілген гүлдермен де әрлене түскен. Ең басты гүл егілер орынның аумағы 35×7 м болатын тағы да сол Янцев кенішінде өңделген гранит таспен қапталған. Оң қас беттегі гүлзардың аумағы 5×5 және жасыл өскеннің айналасы да фантурамен көмкерілген.
Монумент алдындағы кеңістік тротуарлық жолдың тұсында пішінді келген бетонды таспен жалғасқан. Негізгі материал қола, гранит, тераццо және латунь. Ескерткіштің авторы : украина халық суретшісі Вронский Макар Кондратович, өзбекстанның халық суретшісі Сухенко Виктор Васильевич және Федоров Евгений Борисович. Тұтас туындының жобасы және сәулет құрлыс бөлімі Ленинград (Санкт-Петербург) қаласының 'ВНИПИЭТ институты.
## Дереккөздер |
Арабшах Мұззаффар (Араб оғлан) — Алтын Орда ханы (1377— 1380), «Ұлы дүрбелең жылдардың» өкілі. Ол Қағанбектің ұлы. Әкесі жағынан Жошы ханның бесінші ұлы Шибанның ұрпағы. Оның дүниеге келген дәлме-дәл уақытын анықтау қиыншылық тудырады. Себебі, көнеорыс және өзге деректер мемлекеттік қайраткерлердің есімін белгілі бір оқиғаларға қатысты ғана атап өтетін болған. Ол жайлы мәліметтер 1377 жылдан бастап кездеседі. Сол жыл Руське шабуыл жасаған болатын. Біріккен мәскеу-нижегород әскері ордалықтарға қарсы тұрса да, тас-талқан болып жеңілді. Бұл шайқас тарихта «Пьян қырғыны» деген атпен қалды. Қазіргі тарихшылар орыс жазбаларына сүйеніп Арабшах Мамайға қызмет еткен деп тұжырымдайды. Ал оның жорығын жазалау ретінде қабылдайды. Орыс әскерінің тас-талқан жеңілісінен соң (2 тамыз), Арабшах Нижний Новгородты тонады (5 тамыз). Сол жылы Засурьеге шабуыл жасады. Осыдан кейін оның есімі жылнамаларда кездеспейді. Нумизматикалық деректерге қарағанда Арабшах аз уақытқа Берке Сарайды басып алған. Оның соқтырған тиындары бізге жеткен. Оның билігі Берке Сарайды Тоқтамыс басып алғанға дейін соғысқан.
## Тағы қараңыз |
Ағашқұдық қорымы — 19-20 ғасырлардағы археологиялық ескерткіші.
Бейнеу стансасынан солтүстік-шығыс жағынна қарай 76 шақырым қашықтықта. Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ экспедициясы (2007 ж.) зерттеген. Қорым шағын дөң үстінде орналасқан 72 нысанды қамтиды. Олардың ішінде 2 сағанатам, әртүрлі тас қоршау, тас үйігі, бірнеше сазды төмпешік пен шағын құлпытас, сынастар бар. Қорымның солтүстік-шығысқа қарай 1 оба тұр.
Обаның оңтүстік-батысында сағанатам орналасқан. Ол іргетассыз 1 баспалдақты цокольге тұрғызылған. Пішіні төрт бұрышты 4,83×3,81 м есік қуысы бар еске алу орны саналатын қоршау. Қабырғалары дәстүрлі түрде тұрғызылған: іші-сырты қаптама жалпақ тастар анкерлік белдеулермен алмасып тұрады. Олалдың арасы саз балшықпен қаланып, шойтаспен толтырылған. Қабырға құрылымын жабын сом тас қаландысының белдеуі аяқтайды. Қабырғаға жан-жануарлар бейнелері салынған.
## Сағанатам
Сағанатам қабырғасы бұзылғандықтан, үлкен тастан қаланған құрылыс қабырғасында жарық қуыстар байқалады. Оларда анкерлік белдеу толқыны тәрізденіп көрінеді.
## Дереккөздер |
Ғийас уд-Дин Қағанбек хан — Алтын Орданың жиырма тоғызыншы ханы (1375- 1377), түмен ханы (1375—1396).Ол Ақ Ордадан шыққан билеуші болатын. Қағанбек Жошы әулетінің шибандық тармағынан тараған. Қағанбек 1375 жылы Берке Сарайды басып алып, өмірінің соңына дейін, яғни 1377 жылға дейін Алтын Орданың ханы болған.
## Тағы қараңыз |
* Тоқтамыс хан (шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы (1380 – 97/98).
Елді мекендер:
* Тоқтамыс – Абай облысы Абай ауданындағы ауыл.
* Тоқтамыс – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл. |
Нұрлан Сағынтайұлы Рақымжанов (1963 ж.т.) - Бөкей ордасы ауданының әкімі.
## Білімі
* 1986 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген
* 2010 жылы Орал қаласындағы «Евразия» институтын мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
* 1981 жылы «Чапаев» асыл тұқымды мал заводында жұмысшы.
* 1986-1990 жылдары осы заводтың механик - бақылаушысы.
* 1990-1993 жылдары «Чапаев» асыл тұқымды мал заводының инженері.
* 1993-1997 жылдары «Родник Новый» колхозының бас инженері.
* 1997-1998 жылдары «Ақ бұлақ» ЖШС- нің директоры.
* 1999 жылы «Сана» ЖШС директоры.
* 1999-2002 жылдары Шағатай ауылдық округінің әкімі.
* 2002-2008 жылдары Ақжайық ауданы ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы.
* 2008 жылдан Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары.
* 2013 жылдың 28 маусымынан Бөкей Ордасы ауданының әкімі.
## Дереккөздер |
Ақтау қонысы — неолит-энеолит археологиялық ескерткіші. Теңіздің жағалаулық тепсеңді биіктігінің (террасада) шетінде орналасқан. Археологиялық тұрғыдан Ақтау қаласының аймағында 2001 жылы зерттелген. Қазба алаңы 700 m² жерді алып жатыр. Ескерткіштің салыстырмалы даталануы - б.з.д. V мыңжылдықтың соңы.
## Қоныс сипаты
Қоныста үлкен тұрғын-жай қалдығы мен шаруашылық аумақтағы алаңқай орны табылды. Сопақ пішінді үйдің мөлшері 16×12 м. Қазба жұмыстарын бастар алдында үй қабырғасының тас өрімі (қала салу кезінде қиратылған) толықтай қираған күйде болды. Үйдің төбесі, сірә, итарқалы және қамыс бумаларымен жабылған болса керек. Бұл үй арнай жасалған, үй қабырғасынан бойлата жіберген құдықтары бар пештермен жылытылған. Үйдің ішінде құрбандық шалу іздері көбінесе ашық түрде жаққан оттың күлі түрінде сақталған көптеген шұңқырлар анықталды. Кейбір шұңқырларда тас еңбек құралдары , қыш ыдыстардың ұсақ сынықтары және ұлу қабыршықтарынан жасалған әшекейлер болды. Тұрғынжайдан шығысқа қарай 30 м жердегі шаруашылық алаңы жақсырақ сақталыпты. Ол өлтірілген жануарлардың терілерінен өңдеу, шақпақтастан еңбек құралдары мен олардың алғашқы шикізаттық дайынын жасау, қару-жарақты жөндеу үшін пайдаланылған. Осы жерде ірі жануарлар мен терісі бағалы ұсақ аң немесе құқстарды атуға арналған жебелердің тас жебе ұшының сынықтары табылды. Жалпы, еңбек құралдарының негізгі құрамы өзгермеген. Микролиттер ішінде ассиметриялық үшбұрыштар әдеттен тыс көп, олар Маңғыстаумен шекараласатын аймақтарда тек мезолиттік және ерте неолиттік дәуірлерді ғаан сипаттайды. Бұл дерек Маңғыстаудың жағалаулық тұрғындарында шаруашылық және мәдени дағдылардың ұзағынан сақталғанын көрсетеді. Тұрғын-жайларда да , шаруашылық алаңында ад, жақ сүйек тәрізді тескіш станоктарға арналған ұсақ тас тескіш, теңіз қабыршақты тастан жасалған құралдардың шикізаттық дайыны мен дайын бұйымдары (моншақ, алқа, салпыншақтар) мен әшекейлердің қолөнер өндіріс ошағы орны сайрап жатыр. Осы жерде көп бөлігі геометриялық өрнектермен әшекейленген қыш ыдыстың сынықтары табылды. Алдын-ала жасалған болжам бойынша, ыдыстары биік, кішігірім жалпақ дүмді болып келген , төліздік типтегі қыш бұйымдарға ұқсас. Өрнек салу ісінде сорғалата сызық салу, түйреу, ою техникалары ирек және тарақ тәрізді штамп басу әдісі қолданылған. Өрнектердің кейбір түрлерінен жергілікті тұрғындардың Солтүстік жақтағы көршілерімен - Каспийдің солтүстік жағалауы, Төменгі Еділ және Оңтүстік Орал тұрғындарымен байланысы жақсы байқалады. Бұндай байланыстар не төліз мәдениетінің қозғалмалы аңшылары арқылы, не Маңғыстау өңіріне келгеннен соң тікелей солтүстік халықтарының өкілдері арқылы жүзеге азуы да мүмкін. Табылған заттар арасында қоныс тұрғындарының жергілікті әкті-құмтастан жасаған тас ыдысы да бар.
## Дереккөздер |
Мәдина Қожбанқызы Бегалиева (19 наурыз 1899 жылы, Жәнібек ауданы - 20 желтоқсан 1974 жылы, Алматы) — қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер-металлург, қоғам және мемлекет қайраткері, ұстаз. Бұрынғы Бөкей Ордасы, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген .
## Өмірбаяны
* 1907-1909 ж. Ордадағы қазақ қыздарына арналған екі жылдық мектепте оқиды
* 1913-1916 ж. Хан Ордасындағы педагогикалық курста оқиды.
* 1917-1919 ж. Жаңақаладағы қыздар мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді
* 1919 ж. Орда қаласына бастауыш мектеп мұғалімі болып ауысадыы, сол жылы үлгілі атты әскер еріктілер полкының жауынгерлеріне арналған сауат ашу мектебіне мұғалім болады.
* 1922 ж. Бөкей губерниялық комитетінің аппаратына қызметке шақырылып, әйелдер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
* 1931-1935 ж. Мәскеудегі Өнеркәсіп академиясында оқиды. «Балқаш мыс қорыту зауытының жобасы» атты тақырыпта диплом жобасын «өте жақсы» қорғап, инженер-металлург біліктілігін алып шығады.
* 1936-1940 ж. Балқаш мыс қорыту зауытының инженер-металлургі болып жұмыс істейді.
* 1940 ж. соңында М.Бегалиева Алматы қаласына келіп, Қазақ тау-кен институтының ауыр және түрлі-түсті металдар кафедрасының жанындағы лабораторияда меңгеруші болып жұмыс істейді.
* 1942-1944 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) облысында әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
* 1944 жылы Қазақстан КП ОК-нің әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің нұсқаушысы қызметіне ауыстырылады. Содан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрлігінде бақылаушы қызметтерін атқарған.
* 1949 жылы одақтық маңызы бар дербес зейнетақы демалысына шығады.
* 1974 жылы 20 желтоқсанда ұзаққа созылған ауыр науқастан 76 жасына қараған шағында Алматы қаласында дүниеден озды.
## Отбасы
М.Бегалиева қазақтың дарынды ғалымы, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы математика және тіл білімі оқулықтарының бірнеше басылымының авторы Ғали Бегалиевпен отау құрып, Темір есімді ұл, Шолпан, Нахия, Роза есімді үш қызды дүниеге әкелді.
## Естеліктері
Өзінің қазақ қыздарының құқығын қорғау жолына түсу себебін М.Бегалиева былай деп түсіндіреді: «Біздің ауылда сұлу қыз деп танылған менің құрдасым Бадиша Сейдалиеваны үлкен қалың мал үшін 60 жастағы бай – әйелі өлген Есқали Сәрсеналиевке сатты. Есқалидың балалары Бадишадан да үлкен болды, ал үлкен ұлының жұбайы онымен жасты еді. Бадиша анасы мен ағаларына қанша жалынып, әкесінің моласына барып жылағанымен, оған ештеңе көмектесе алмады, 14 жастағы Бадиша шалдың әйелі болды. Бүкіл ауыл қарсы болып, әйелдер мен қыздар Бадишаның ағаларын қарғағанымен, оған ешкім көмектесе алмады. Адамға осылайша қорлық көрсету – менің жанымды түршіктірді. Мен осы кезден бастап патриархалдық тәртіпке қарсы күресуге бел байладым».
## Дереккөздер |
Ақтау қорымы (б.з.д.13-11 ғғ.) — Ақтау жерінде (1989-1993 жж.) археологиялық тұрғыдан зөрттеу жүргізілген.
## Қорымның сипаты
Қаланың қырат тәрізді биіктеу келген солтүстік жақ шетінде орналасқан. Кешен 2 қабір, құрбандық шалу орны мен 3 меңгірден тұрады. Қабір құрылыстары қатты қираған. Диаметрі 6 м болатын №1 қабірдің ені 1 м дейін зәулім тас қоршауы болған. Шығыс жағында бұл қоршаудың тас түбіндегі үлкен жырық тесіктің ізімен жалғасқан, кейінен ажыраған іргесі бар. Қоршаудың ішіне жартасты жерге жасалған жерлеу бөлмесі орналастырылған. Құрылымдық тұрғыдан ол бойлық осі шығыс-батыс бағыты бойынша қойылған және периметрі бойынша, сірә, дөңгелек пішінді платформа түріндегі тастармен құрсалған, мөлшері 1,6×1,7 м тас жәшіктен тұрады. Жерлеу қабірі үстінен жалпақ тас жабындыларымен жабылған сыңайлы. Жерлеу ерте заманда-ақ тоналған. Жәшіктегі қаңқа сүйектері бастапқы орындарынан ауытықыған. Батыс жақ бөлігінде түбі жалпақ, дөңгелек кесінді түріндегі және ернеуіне қарапайым шырша өрнегі бар жабыстырма әдісімен жабыстырылған ыдыс жатты. Жерлеу орны мен қоршау арасындағы кеңістік сакралдды, таза болып шықты. Қоршау маңайында сырт жағынан құрбандық шалу, еске алу рәсімінің іздерінің (күл дағы, жабыстырма ыдыс сынығы , жануар сүйектері) бар екені анықталды. Екінші бір қабірде тастан жасалған, мөлшері 3,8×3,2 м, бойлық осі шығыс-батыс бағыты бойынша орналастырылған, пішіні сопақ платформалы. Биіктігі - 0,5 м. Платформаның шетін ала қаланған қалың тас қабырға пішіні де сопақ, мөлшері 1,4×0,8 м және тереңдігі 0,4 м қабірді қоршайды. Бөлмелік қабырға бұрыштары екі қатар етіп шығарылып, 17 жалпақ таспен тігінен қаланған. Қабір үсті көлденең жатқызылған 2 жалпақ таспен жабылған. Мәйіт сол жақ жамбасында бүріскен күйінде оңтүстікке қаратыла, тікелей жартасты жерге жерленген. Қабір шұңқырының оңтүстік-батыс бұрышында, мәйіттің бас жағында пішіні текшелік кішігірім жабыстырмалы өрнексіз ыдыс орналастырылған. Платформа өз кезеңінде шағын, диаметрі 6 м тас қабырғамен қоршалған, ал оның шығыс бөлігінде құрбандық шалу және еске алу рәсімдерінен кейін қалған заттай қалдықтар шоғырланған.
Қабірден шығысқа қарай 75 м жерде тігінен орнатылған жалпақ белгітастың түбірі табылды. Белгітастың жалпақ бетінің бойлық осі солтүстік-оңтүстік бағыт бойынша бағытталған. Екінші белгітас орнатылған жерде №1 қабірдің шығыс жағына қарай 900 м жерден табылды. Белгітастың тегістік бетінің бойлық осі шығыс-батыс бағыт бойынша қойылған. Үшінші құлап жатқан өңделмеген жалпақ тас белгісі №2 қабірдің батыс жағына қарай 210 м жерден табылды. Оның өлшемі — 1,5×0,8×0,18 м. Жоғарғы жағы тігінен қиыс шабылып, ал түп жағына қарай жіңішкерген. Белгітас жалпақтығының бойлық осі солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс сызығы бойынша бағытталған. Барлық белгі тастардың маңайында ошақ күлінің жағы бары анықталған. Қабір №1-ден солтүстік-шығысқа қарай 350 м жерде диаметрі 1,8 м тігінен орнатылған жалпақ тастардан жасалған құрбандық шалу орнының қоршау бар. Оның жанында жабыстыру әдісімен жасалған ыдыс, жануар сүйегінің сынықтары және 2 ошақ орны табылды.
## Дереккөздер |
Темірқұтылық хан(т.ж.б. – 1400) – Алтын Орда ханы (1395 – 1400). Ұрыс ханның немересі. Әмір Темір 1395 ж. Тоқтамысты талқандағаннан кейін Алтын Орда тағына Т. Қ-ты отырғызды. Билікті ханның атынан Едіге би жүргізді. Сарай, Хажы-Тархан, т. б. қалаларда Темірқұтылықтың есімі жазылған теңгелер табылған.
## Тағы қараңыз |
Темір хан (туған жылы белгісіз – 1412 жыл) – Алтын Орданың ханы (1411–1412). Ұрыс ханның ұрпағы. Әкесі Болат хан қайтыс болғаннан кейін Едіге бидің қолдауымен билікке келді. Едігенің қызына үйленді.
Әкесінің венециялық саудагерлердің факториясы болып табылатын Қырымдағы Тана қаласын басып алу жолындағы әрекетін жалғастырып, бұған қол жеткізді. Оның қаланы басып алуы венециялық саудагерлерге 100 мың дукаттан астам шығын әкелді. Едігемен бірлесіп Тоқтамыс хан ұрпағы – Жәлеләддинмен күрес жүргізіп, оны Литва князі Витовтаның иелегіне барып паналауға мәжбүр етті. Жалеләддинмен күрестегі табыстар Темірдің беделінің артуына ықпал етті. Ол өзінің қолдаушысы болған Едігенің ықпалынан құтылуды көздеп, оған қарсы күрес жүргізді. Жайық өзен бойында, Сарайшық қаласы маңында Темір мен Едіге әскерлері арасында шайқас болды. Бұл шайқаста жеңілген Едіге Хорезмнің астанасы Үргенішке қашты. Темір өз әскерімен Едігенің көзін жою мақсатындағыа Үргенішке жорыққа аттанып, қаланы 6 ай бойы қоршауға алды. Бірақ Темірдің жорықта жүргенін пайдаланған Жалеләддин Сарайшықты басып алды. Темір қайтып оралғанда Жалел әд-Дин әскерінен жеңіліс тауып, өзі қашуға мәжбүр болды. Осыдан кейін көп ұзамай Темір белгісіз жағдайда қайтыс болған.
## Дереккөздер |
Шәріпжан Заханұлы Ескендіров (1946 жыл, Түркістан облысы, Шымкент) – химия ғылымдарының докторы (1979).
## Өмірбаяны
* 1968 жылы Қазақ химия-технология институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітіреді.
* 1968-72 жж. Қазақ химия-технология институтында оқытушы
* 1972-1975 жж. Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасында оқыған.
* 1976-1983 жж. – Қазақ химия-технология институтының механикалық факультетінің деканы, доцент.
* 1983-1991 жж. – Қазақ химия-технология институтының "Басқару жүйесін автоматтандыру" кафедрасының меңгерушісі
* 1991-1992 жж. – "Органикалық химия жәнее кибернетика" факультетінің деканы.
* 1992-1997 жж. – "Жүйелерді автоматтандыру және есептеу машиналары" кафедрасының меңгерушісі.
* 1997-2000 жж. – "Ақпараттық технология және жүйелерді автоматтандыру" факультетивінің бірінші деканы.
* 2000-2002 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дамыту жөніндегі проректоры.
* 2002-2004 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің проректоры.
* 2004-2006 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.
* 2006-2012 жж. – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының профессоры.
## Ғылыми жұмысы
* Ескендіров 252 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы, 2 авторлық куәлігі бар.
* Докторлық диссертация атауы: «Моделирование и проектирование жидкофазных реакторов смешения» (1995 ж.)
## Жетістіктері
* 1997 жылы - ҚР Білім беру ісінің үздігі.
## Дереккөздер |
Тұрмағанбет қорымы — 19-20 ғғ., N045°25,441; E055°35.065 Ақтау қаласынан солтүстік-цығысқа қарай 33 қашырым, Шаршықұдық құдығынан шығысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан. "Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі бойынша Қазақстан ғылыми-зерттеу институты" экспедициясы (2007 ж) зерттеген. Қорымда 40-тан астам қабір үсті құрылысы, оның ішінде 18 тас қоршау мен қам кесектен қаланған 5 қоршау, 7 тас үйіндісі, кесене, 9 құлпытас ескерткіші бар. Қорымдағы ескерткіштерден Кіші жүз руларының таңбаларын анықтауға болады.
Мұндағы кесене бір бөлмелі, дулыға тәрізді күмбезді және пішінді түйіншекпен әспеттелген. Қабырға қаландысы жақсылап өңделген ұлутастан саз балшық арқылы байланыстырылып өрілген. Есік қуысы тік бұрышты пішінде, шығыңқы болып тұратындай етіп жасалған. Ішкі жақ қабырғасы да геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендіріліп, түрлі бояумен сырланған.
Қорымның ортасында тік бұрышты жоспарлы, центрлік типтегі сағанатам орналасқан. Оның қабырғасы 2 параллель қатармен жалпақ тастас қаланып, орта кеңістігі нығыздап толтырылған. Сырт қабырғасы жақсылап өңделіп, сұлбалық өсімдік элементті және түрлі өрнектермен әшекейленген. Қорымдағы құлпытастардың жай тегістік бетті, жоғары жағы үш бұрышты және дөңгеленген түрде, өсімдік өрнектерімен безендірілген. Кесененің қабырғааралық тегістік беттері уақыт табынан зақымдалған. Сол сияқты сағанатамның да сол қабырғасы қаландысы бұзылған.
Қорымдағы тас қоршаулар жерлеу ескерткіштерінің басым бөлігін құрайды. Осы қатарда төртқұлақ тәрізді қабір құрлысы жалпақ ұлутастардан көлбейлей қойып қаланған. Үлкен сомтас кесектері шала өңделіп, қоршаулардың біршамасы осы тастардан қаланған.
## Дереккөздер |
Керімберді, Кәрімберді (тат. Kärimbirde xan) – Алтын Орда ханы (1412/13 – 1414/16), Тоқтамыс ханның баласы. 15 ғ-дың бірінші ширегінде Алтын Орданың ыдырау процесі тереңдеп, ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсерімен хандар жиі ауысып отырды. їижраның 815 ж. (1412/13) Керімберді Ұлы Литва князьдігімен жақындаса бастаған туған ағасы Жалал әд-Динді өлтіріп, хан тағына отырады. Керімберді сыртқы саясатта Мәскеу князьдігіне жылы шырай көрсете бастайды. Бұған қарсы Ұлы Литва князі Витовта Вильно қ-нда Бессабулды хан етіп тағайындап, Сарайға қарсы жорыққа аттандырды. Шамамен 1415 жылдың соңында Керімберді Бессабулдың әскерін талқандап, оның өзін өлтіреді. Керімберді. Алтын Орданың ішкі саяси өміріндегі талас-тартыстарды тоқтата алмады. 1414 жылдың басында Тоқтамыс ханның басқа бір ұлы Кебек сарай төңкерісі нәтижесінде Керімберді ханды биліктен ығыстырып, таққа өзі келеді. Керімберді ханның одан кейінгі тағдыры және ұрпақтары туралы нақты дерек жоқ.
## Дереккөздер:
## Тағы қараңыз |
Қарамөңке ғибадатханасы — (Бейнеу ауданының шекарасында) Бейнеу -Маңғыстау теміржол тармағының Үстірт стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 10,5 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш типологиясы бойынша Байте тобына жатады.
Қарамөңке ғибадатханасының орталық элементі — жоспарда жомалақ қабырғалары құлаған бұл мәдени құрылыс жерлеу ескерткіші емес. Бұл жерде жерленгеннің және жерлеу құрылыстарының қалдықтары да көрінбейді (сүйек, заттар); сонымен қатар, оттың, үлкен шеңбер қабырғаларымен шектелген жер үсті құрылыстары байқалмады.
Шеңбер қабырғаның сыртқы беті тақта тастармен жақсы өңделген, ішкі кеңістік көрінбек үшін қабырғадағы саңылауы ұсақ тастармен бекітілген. Қабырғаның негізгі көлемі бір қатар етіп қалап, тұрғызылған. Кейбір жерлерде цокольдағы тақта тастар қосымша екінші тастармен (ішінен) қаланған. Екі қаламаның үстінен үлкен тақта тас қойылған, сол себеппен қалама қайта бір қатарға айналған.
Шеңбер қабырғамен қоршалған ішкі кеңістікте дәліс "дромос" арқылы өткен; ішінде ішкі кеңістікті екіге бөліп тұратын тас қоршау орналасқан.
Тас мүсіндердің қалдықтарымен қатар тас табылды. Осындай құрбандық табақ-тостаған Бәйте 3 аумағында да табылған.
Ғибадатхананың басты құрылымына 8 тас үйіндісі, 2 тас қаландысы, 5 тас құрбандық ыдыс немесе оның сынықтары , бір стела-меңгір, 80-ге жуық үлкен және орташа антропоморфты тас мүсіндердің қалдықтары қосылады.
Оның және бір ерекшелігі, басқада Үстірттегі ғибадатханалар сияқты мұнда заттай олжалардың, сүйек және жерлеу орнының болмауы б.з.д. 4-2 ғғ. жатқызылады. Ескерткіштердің жасын анықтау тас мүсіндегі қылыш пен қанжарларға қарап қойылады. Қазіргі жер бетінен табылған қиыршық тастардың ғибадатханаға еш қатысы жоқ. Ғибадатхана шамамен б.з.д. 4-2 ғғ. аралығңында қызмет еткен. Басқада Батыс Үстірт ғибадатханалары сияқты көшпелі ел өмірінен қалған ескерткішті, мәдениеті және этномәдениеті жағынан сармат немесе сақ-массагеттер болуы да әбден мүмкін
## Дереккөздер |
Болат хан (белгісіз – 1410) — Алтын Орданың ханы (1407– 1410). Болат Шәдібек ханның ұлы. Алтын Орда тағына Болатты әмір Едіге отырғызған. Әлсіреген мемлекеттің ханы болған Болат Алтын Орданың халықаралық деңгейдегі абыройын арттыруға тырысты. Бұл мақсатта оған Едіге бидің саясаты көмектесті. Болат орыс кінәздерінен атақ-абырой алу үшін, жанжалдарды шешерде Ордаға келуін және салық төлеуді талап еткен.
1407 жылы Болат Тверь кнәздігіне Иван Михайлович пен Юрий Всеволодович таласқанда, Иван Михайловичты қолдаған. 1408 жылы Болат хан Литвамен соғысқан.
1409 жылы Едіге Руське үлкен жорық жасады. Едіге Мәскудің дәл түбінде тұрғанда, Орда таққа үміткер пайда болып Болат Едігені шақырып алды. 1409 жылы Болат Гераттағы Шахрухқа елшілік аттандырды. Елшіліктің мақсаты Шахрухты Самарқанда таққа отыруымен әрі екі ел арасындағы достық қатынастардың жандануымен құттықтау болды.
1409—1410 жылдары Болаттың сарайына Мысырлық билеуші әл-Мәлік ән-Насыр Фарадждың елшілігі келді. Болат хан 1410 жылы қайтыс болды.
## Тағы қараңыз |
Жәлеләддин хан (1380–1412) — Алтын Орда ханы, Тоқтамыс ханның үлкен баласы. Шешесі Тоғай-Қажы бектің қызы. Жалеләддин Алтын Ордадағы дүрбелең жылдары 3 рет билік басына келді. Ол Едігемен күресінде Литва князі Витовттың қолдауына сүйенді.
Жалеләддин 1407 жылы Шәдібекті Алтын Орда тағынан ығыстырып, алғаш рет билікті өз қолына алады. Едіге Хорезмге жасаған жорығынан оралғаннан кейін Жалеләддин Бұлғарларға қашып, өзін онда хан етіп жариялайды. Бірақ Едігенің ықпалымен ол жақтан да қуылып, Жалеләддин інісі Керімбердімен Ресейге, қалған бауырлары Сығанақ қаласына кетеді. 1408 жылы Едігенің Руське жорығы кезінде Жалеләддин Витовтты паналап, алғашқында Торн қаласына, кейін Грондоға қашады. 1408 жылдың аяғында Витовттың қолдауымен Болат ханға қарсы шығып, екінші рет билік басына келеді. Едіге Русьтен оралғаннан кейін Жалеләддин қайтадан Литваға қашып барып, 1409 жылы Витовтпен Тевтон орденіне қарсы бірлесіп күрес жүргізу жөнінде келісім жасайды. 1410 жылы Жалеләддин 40 мың адамдық әскерімен Грюнвалбд шайқасына қатысады. Бұл соғыста Витовт бастаған одақтастар әскері тевтондарды жеңеді. Осыдан соң Жалеләддин Қырымды алып, Болат ханға қарсы күрес жүргізеді. Алтын Орданың жаңа ханы, Болат ханның ұлы Темірден жеңілген Жалеләддин Литваға қашады. Бірақ Темір хан мен Едіге арасындағы кикілжің нәтижесінде 1411 жылдың соңында Жалеләддин үшінші рет билікке келеді. Темір өлгеннен кейін өз ықпалын күшейткен Жалеләддин Бұлғар, Қажы-Тарханды (Астрахан) өз иелігіне қосып алады. 1412 жылдың аяғында інісі Керімбердінің, ал басқа бір деректерде бауырлары Сұлтан Мұхаммед пен Кебектің қолынан қаза табады. Жалеләддиннің Аманбек, Әбд Сайид есімді екі баласы болған.
## Тағы қараңыз |
Кепек хан (Кебек) — 1414 жылы билік еткен Алтын Орда ханы, Тоқтамыс ханның ұлдарының бірі. Шпулердің пікірінше Кепек хан поляк жазбаларында латынша Betsabul делінген дейді. Кепек жазбаларда Бетсбулан немесе Бешсабұл делінген. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейінгі таққа таластың белсенді қатысушыларының бірі. 1414 жылы литов кнәзі Витовтың қолдауымен келді, ал Керімберді Мәскеу кнәзінің қолдауына ие болған. Аз уақытқа Сарайда билік құрса да, көп ұзамай Едігенің қысымына шыдамай, тақтан тайды. Едіге Шөкрені хан етті. Олар Кепекпен күресте жеңіске жетті. Алайда Витовтың қол астында болған оңтүстік орыс жерлерінде біразға дейін хан саналған. Кейбір авторлар (Б. А. Ахмедов, Г. Е. Грум-Гржимайло) Тоқтамыстың ұлы Кепек пен Худайдатты бір адам дейді. Алайда бұл тұжырым көбіне теріске шығарылады.
## Тағы қараңыз |
Жаппарберді хан (туған жылы белгісіз – 1417 жыл) — Ақ Орда ханы (1416), Тоқтамыс ханның 6-баласы. Жаппарберді Жошы ұлысындағы үш саяси топ — Мәскеу, Литва князьдігі және Едіге биді жақтаушылар арасындағы билік үшін таласта Литва князі Витовтаның әскери, саяси қолдауына арқа сүйеді. 1413 жылы Витовтаның көмегіне сүйенген Жаппарберді мен Бетсабул (Бақтыбек болуы мүмкін) әскері Келімберді ханмен шайқаста жеңіліске ұшырап, Бетсабул қаза табады да, Жаппарберді қалған әскерімен Литваға оралады. 1416 жылы Витовтаның әскерімен Ордаға келген Жаппарберді Едіге хан етіп сайлаған Шыңғыс Шөкре оғланды өлтіріп, оның орнына өзі хан болады. Көп ұзамай Дервиш ханның ықпалымен Еділ бойынан қуылады. Жаппарберді Қырымға кетіп, Каффаны паналайды. Едігенің әскері Каффаны қоршауға алады, Жаппарберді Литваға қашып бара жатқан жолда өзінің серіктерінің қолынан қаза табады.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы
## Тағы қараңыз |
Шөкре хан — Алтын Орда ханы (1414— 1416), Чинга-Тура билеушісі (1407— 1413).
## Шығу тегі
Шөкре хан Тоқа Темірдің бесінші ұрпағы. Ж. М. Сәбитовтың пікірінше оның генеалогиясы:Шыңғысхан — Жошы хан — Тоқа Темір — Өз-Темір — Абай — Меңгәсір — Ақмыл — Шөкре.Генеалогияға сүйенсек Шөкре: Ұрыс ханның, Тоқтамыс, Темірқұтылық, Шәдібек, Жәлеләддин, Керімберді Жаппарберді, Барақ және Ұлық Мұхаммедке жақын туыс болып, шығады. Тауарих-и гузиде нусрат намаға сүйенсек Шөкренің екі ұлы — Байсүнгір мен Лал және қызы Тұлыншақ болған.
## Биографиясы
Шөкре оғланның есімі Темірланның 1404 жылы қарашада басталған Қытайға жорығы кезінде аталады. Сол дереккөзде Шөкре Тоқтамыстың ұлы делінген. 1405 жылы қаңтарда Шөкре оғлан басқа ханзадалармен Темірланның Тоқтамыс елшілерін қабылдауында болады. «Ескендір анонимінде» «Шәкіре оғлан өмірінің көп бөлігін Темірдің ордасында өткізген» делінген.
## Тағы қараңыз |
Жантас кесенесі — ХХ Ғ. 20-шы жылдары. архитектуралық ескерткіш Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 107 шақырым жерде орналасқан. (азимут 68°).
Географиялық координаттары:45°12′43,5"с.е.66°47′49,7"ш.б.
Ескерткіш Телекөл көлінің маңайында орналасқан өлшемдері кішігірім кесенелер тобына жатады (Құлбаба, Айғыржал және т.б.).
Ескерткіш тік бұрышты қам кесектерден және күйдірілген кірпіштерден (7×14×26 см, 10 қатар+10 жым=0,82 м) тұрғызылған. Жоспарындағы сақталған аумақтық өлмешдері-5,70×5,70 м, биіктігі-2,20 м. Қазіргі уақытта кесене қатты қираған: күмбезі толығымен құлаған, тек кіреберіс ойығының кескінің жоғалтқан негізгі қасбеттің қабырғасы мен корпусының шығыс бұрышы ғана сақталған.
## Кесене сипаты
Кесене бір камералы, жоспарында шаршы пішінді болып келген негізі күмбез асты барабаны жоқ күмбезбен жабылған. Маңайдағы монументалды кесенелерден айырмашылығы сол, оның оңтүстік-батыс қасбеттің ортасына салынған кіреберіс есігі сәулелі кескіндегі аркамен безендірілген.
Ескерткіштің негізгі аумағы таспасы түріндегі ернеумен көмкерілген. Кірпіштер ұзына бойы орналасқан толқын тәрізді жолақтар түріндегі екі бедерлі өрнектермен әсемделген. Негізгі қасбетте кіреберіс ойығын қапталдап тұрған екі қабырғаның қалдықтары бар.
Кесененің камерасы жоспарында шаршы пішінді, жарты циркуль кесінді сегіз қырлылықты құраған. Аркалар қабырғалық жауырыншаларға (пилястрлерге) тірелген.
Бұрыштық аркалардың қуыстары камера бұрыштарынан арка табанының биіктігінде басталатын кірпіш қаландыларының қатарымен толтырылған. Кесененің күмбезі күмбез асты аркаларының табандары деңгейінде басталған кірпіш қаландыларынан шығарылған.
Кесене архитектурасының тартымдылығы сол, оның шектелген аумақ жағдайындағы композициялық құрылымдары барынша шешімін тапқан.
## Дереккөздер |
Айғыржалы кесенесі — ХІХ ғасырдың кесенесісі болып табылады. Ескерткіш Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 106 шақырым жерде (азимут 68°), Сарысу өзенінің сағасындағы жайпақ төбелердің бірінің үстінде орналасқан. Айғыржалының әкесі - Сырдарияның төменгі ағысы қоқандықтардың иелігінде болған кездегі би болған. Сондықтан кесене ХІХ ғ. екінші жартысына жатады деп саналады.
## Кесененің сипаты
Өлшемдері кішігірім мемориалдық құрылыстар тобына жататын ескерткіш қам кесектерден тұрғызылып, күйдірілген кірпіштермен (8×14×30 см, 10 қатар + 10 жым = 0,95 м) қапталған. Негізі қасбеттегі қабырғаның ұзындығы 4,40 м, сақталған биіктігі 2,30 м. Ескерткіш өте қатты қираған, тек негізгі қасбеттің кіреберіс ойығы бар қабырғасы ғана сақталған.
Кесененің кіреберіс бөлігі жетілдірілген бір камералы. Жоспарында шаршы пішінді болып келген негізі күмбез асты барабаны жоқ күмбезден жабылған. Оңтүстік-батыс қасбеттің ортасына салынған кіреберіс есігі сәулелі кескіндегі аркамен безендірілген. Негізгі қасбетте бетше босағаның болғандығын білдіретін кіреберіс ойығын қапталдап тұрған екі қабырғаның қалдықтары бар Ескерткіштің негізгі аумағы кірпіш таспасы түріндегі ернеумен көмкерілген. Кірпіштер ұзына бойы орналасқан толқын тәрізді жолақтар түріндегі екі бедерлі өрнектермен әсемделген.
Іргесі шығыңқы болып келген ескерткіштің жоғары бөлігін кірпіштің екі таспасынан тұратын ернеу көмкеріп тұр. Қабырға қаландылары ашық және қоңырқай түсті кірпіштермен көзтатарлық шахмат түрінде безендірілген.
Камерада қабырғалық жауырыншаларға (пилястрлерге) тірелген сегіз арка болған, олардың төртеуі бұрыштарында, қалған төртеуі- қабырғалар бойында орналасқан. Аркалар жарты циркуль кесінді болып келген, бұрыштық аркалардың қуыстары арка табанының биіктігінен басталатын кірпіш қаландыларының қатарымен толтырылған.
Күмбезі , төменгі бөлігі кіреберіс ойықтың үстінде сақталған, жалған қаландылармен қаланған. Қабір үсті ескерткіштерінің іздері байқалмайды.
## Дереккөздер |
Фома (Томаш) Матвеевич Августинович (1809 жыл, Кривичи - 1891 жыл, Свентяны) —Ресей әскери дәрігер, ботаник және этнограф.
## Естелік
* Сахалиндегі тау Августинович атымен аталған |
Шалбас батыр мұнарасы — XVIII-XIX ғғ. жататын мұнара. Архититектуралық ескерткіш Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60,6 шақырым жерде (азимут 295°), үстіне қалың сексеуіл өскен, айналасында кейінгі жерлеу орындары бар кішігірім төбешікте орналасқан.
Географиялық координаттары:
45°04′61,3"с.е.
64°49′95,3"ш.б.
## Шалбас батыр жайлы аңыз
Шалбас батыр (табын руынан) аңыз бойынша, қалмақтармен болған соғыста өлімші болып жараланып, үйіне қайтып келе жатқанында қаза тапқан, сол жерге мұнара тұрғызылған. Шалбас батыр осы өңірге танымал Қалжан ахунның арғы атасы болып саналады.
## Мұнара сипаттамасы
Мұнара тікбұрышты қам кесектерден (7/9×16/18×31 см, 10 қатар + 10 жым = 1,0 м.) тұрғызылған, аумақтың өлшемдері: диаметрі- 2,70 м, сақталған биіктігі- 6,70 м.
Ғимарат жоспарында дөңгелек, үстіне қарай ақырындап тарылған, жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі әрең көрінетін "тартылым" түрінде жасалған, шығынқы іргесі бар. Мұнараға кіретін қиылған жебе тәрізді аркалы ойық іргенің үстінен басталып, оңтүстік, оңтүстік-батысқа бағытталған, ойық сыртқа қарай кеңейген. Мұнараның жоғарғы бөлігінде де ойық (кескіні шаршыға жақын) бар, оңтүстікке бағытталған оның көлемі кішірек. Мұнараның тұрқы тік осінен аздап ауытқыған.
Мұнараның іші қуыс, қабырғасының қалыңдығы 80 см-ге жуық, қаландысы іш жағынан сырғауылдармен көлденең байланыстырылған. Ішкі кеңістігінің үсті төселген сырғауылдардың үстіне жайылған саз балшық қабаттарымен жабылған.
### Мұнарадағы өзгерген заттар
Мұнараның қаландысында терең жарықтар бар, ескерткіштің беті атмосфералық құбылыстардың әсерінен қатты зақымдалған. Ескерткіштің қисаюына, терең жарықтың пайда болуына, теміржол құрамдарына берілетін дірілдерге қарамастан, ескерткіштің қаншама жылдар бойы сақталып, бекем тұруына - көлденең қойылған сырғауылдардан жасалған байламдардың қатысы өте зор.
Мұнара адамдар туралы естеліктерді ішіне жасырған, бірақ жерлеу ғұрыптары іске асырылмайтын ерекше монументальді коммеморативтік құрылыс. Қазақ архитектурасындағы мұндай ескерткіштер шектелген аймақтарда, тек Сырдарияның төменгі ағысында ғана кездеседі, сонысымен олар бірегей. Сондықтан әр ескерткіштің тарихи-мәдени маңызы зор. Сонымен қатар, бір типті мұнаралар жоқ, олардың барлығы, соның ішінде Шалбас мұнарасы да жеке композициялық өңдеуден өткен. Бұл олардың сәулетшілік құндылығын арттырады.
## Дереккөздер |
Бөріжар – Арыс өзенінің алабында.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Ордабасы ауданы жерімен ағатын өзен. Сайрамсу өзенінің сол тармағы. Жамбыл ауылының тұсында Бадам өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 57 км. Су жиналатын алабы 1,7 мың км², жылдық ағымының мөлшері 0,025 м³, жылдық су ағымы 0,77 м³/с. Сәуір айының ортасында су деңгейі көтеріледі. Жаздың ыстық айларында өзеннің суы қарасуларға бөлініп қалады. Көктемде суы тұщы, жазда ішуге жарамсыз. Көбінесе мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Юша Ахъядович Айдаев (20 наурыз, 1938 жыл, Ескі Атаги, Шешен-Ингуш АКСР, РСФСР, КСРО - 1 маусым, 2004 жыл, Грозный, Шешенстан, Ресей) — шешен ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
## Биография
Ескі Атаги ауылында 1938 жылы дүниеге келген. 1962 жылы ол тарих және шешен-ингуш мемлекеттік педагогикалық институтының филология мамандығы бойынша бітірді.
## Сыртқы сілтемелер
* Шешенстан жазушылары Мұрағатталған 12 маусымның 2015 жылы. |
Су добы спорты Азия ойындарынды 1951 жылдағы Нью Делидегі ойындардан бастап ойналып келеді.Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бастап қатысып Ерлер құрамасы Азия құрлығындағы үздік команда тізгінін бермей келеді.
## Құрытынды
### Ерлер
### Әйелдер
## Medal table
## Қатысушы елдер
### Ерлер
### Әйелдер
## Сілтемелер
* All Asian Games Results Мұрағатталған 11 тамыздың 2011 жылы.
## Сыртқы сілтемелер
* Medallists from previous Asian Games - Water polo(қолжетпейтін сілтеме) |
Шағатай қорымындағы кесене — ХІХ ғасырға жататын кесене. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 99,3 шақырым жерде (азимут 64°) , Телекөл көлінің маңындағы қорымның батыс бөлігінде орналасқан.
Географиялық координаттары:
45°13′90,2"с,е,
66°39′89,3"в.б.
## Кесене сипаты
Қорым қам кесектерден тұрғызылған бірнеше жерлеу қоршауларынан және қабір үсті ескерткіштері - "көктастардан" тұрады. Осы құрылыстарға тән ерекшелік айналасындағы бірнеше шақырымға созылып жатқан жергілікті ескерткіштерден күрт ерекшелейтін жоғары деңгейдегі тепе-теңдік.
Кесене тікбұрышты қам кесектерден (6,5/9×19×35 см, 10 қатар +10 жым = 0,89 м) тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері - 4,50×2,87 м, биіктігі-3,40 м. Кесене жоспарында тікбұрышты, үсті күмбезбен жабылған. Қабырғаларының жоғары бөлігі ішіне қарай аздап еңкейген. Оңтүстік, оңтүстік-батысқа бағытталған негізгі қасбетінің ортасында жебе тәрізді аркамен көмкерілген кіреберіс ойығы бар. Ескерткіштің күмбезі негізінің үйлесімділігіне сай тікбұрышты болып келген. Күмбездің жоғарғы бөлігі қатты бүлінген, бірақ қалдықтарына қарағанда ол төрт жақты қаландыдан шығарылған, тек ұзын жақтарының қаландылары дөңгеленген. Соған қарағанда (сұлбасы сүйірлеу болса керек) композиция "сағана" типті қабір үсті ескерткішімен көмкерілген жоғары көлемдегі параллепипедті еске түсіреді. Осындай типтегі қабір үсті ескерткіштері Қазақстан аумағында кең тараған.
Ескерткіштің камерасы да жоспарында тікбұрышты, сыртқы кескініне лайық. Қабырғаларынаң төменгі бөлігі тік, мөлшермен кіреберіс аркасының құлыптық деңгейінен бастап күмбезге өтетін жерге дейін біртіндеп ішке қарай еңістелген. Камера арнайы сыланбаған, дегенмен ол төменгі бөліктен күмбездің басына дейін қаландыдан шыққан лаймен сыланған.
Қорымның басқа ескерткіштері (қоршаулары) өздерінің көлемдері мен мөлшерлері жағынан сипатталған кесенемен бірдей, бірақ олардың күмбездері жоқ, оның есесіне олардың қасбеттері немесе интерьерлері сәнді аркалы текшелермен өңделген.
Шағайтай қорымының өзгеше тұрпаттағы жерлеу қоршауларының жергілікті архитектураны біршама байытарына сөз жоқ.
## Дереккөздер |
Мыңарал кесенесі — cалынған уақыты: б.з.д. І мыңжылдықтың 2-жартысы. Археологиялық Мыңарал кесенесі Баланды І бекіністі тұрақ-жайынан батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан.
Географиялық координаттары:44°10′51,9"с.б.063°18′02,1"ш.е.
Ескерткішті 2006 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов) ашып,координаттарын анықтаған және суретке түсірген, 2008-2009 жылдары қазба жұмыстарын жүргізген. Дөңгеленіп, кейбір жерлері шошайған төбешік түрінде болып келген құрылыстың диаметрі — 14 м, сақталған биіктіктері — 0,7-1,5 м.Қазба барысында ескеркіштің төрт бөлмеден тұратындығы анықталды. Еденіне көлемі 40×30×10 см болатын қам кесек төселіп, бетіне қалыңдыңы 3 см-ге жуық лай жағылған. Кірер есіктің ені 80 см-ге жуық.
## Оңтүстік-батыс бөлме
Оңтүстік-батыс бөлмеде оңтүстік-батыс қабырғадан 1,4 м, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан ортаңғы қабырғадан 1,7 м жердегі көлемі 80×80×20 см болатын қам кесек орналасқан. Үстіңгі бетіндегі тереңдігі 10 см болатындай екі ярусты конус іспетті ойықшаға қарағанда бұл қам кесек бағана іргетас қызметін атқарған. Бағана іргетасынан батысқа қарай 50 см жерден бетіне саусақпен салынған шеңбер (О) тәрізді таңбасы бар екі кесек табылды. Бұл бөлменің еденіне де көлемі 40×40×10 см болатын қам кесектер төселіп, бетіне қалыңдығы 3- см-ге жуық лай жағылған.
### Солтүстік-шығыс бөлме
Ал, солтүстік- шығыс бөлмеге кіретін есік бөлменің оңтүстігінде, батыстан шығысқа қарай созылып жатқан ішкі қабырғаның шығыс жағында орналасқан. Ішкі қабырғаны кесіп өтіп бірінші бөлмемен байланысып жатқан бұл есіктің ені 1 м.Бұл бөлмедегі еденнің үстіне үш адам жерленген. Мәйіттердің жанынан шарықта істелген құмыра, жапсырмалы әдіспен істелген көзе (сақталуы нашар) мен шарықта жасалған тостаған (диаметрлері: ернеуінікі-20 см, түбінікі-7 см, биіктігі-7 см) және құрбандық малының қабырға сүйектері қойылған. Бағана іргетасы бөлменің қақ ортасында орналасқан. Екі ярусты болып келген оның көлемі 1×1×0,2 м. Осы іргетастың жанынан саусақпен салынған доға тәріздес таңбасы бар кесек жатыр.
### Төртінші бөлме
Төртінші бөлмеде құрылыстың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Тік қабырғаларының ұзындығы - 3 м. Бөлмеге кіретін есік оңтүстікте, батыстан шығысқа қарай созылып жатқан ішкі қабырғаның батыс жағында да есік орналасқан. Ішкі қабырғаны кесіп, екінші бөлмеге өтетін есіктің ені 1 м.
Бұл бөлменің басқа бөлмелерден ерекшелігі - мәйіттердің еден астындағы қабір шұңқырына жерлегендігінде. Бөлмеден екі қабір шұңқыры шықты.
Бірінші қабір шұңқыры
Бірінші қабір шұңқыры бөлменің шығыс бөлігінде, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан қабырғаға іргелес орналасқан. Бұрыштары дөңгеленген тікбұрыш пішінді болып келгеноның ұзындығы -2,7 м, ені-0,95 м, тереңдігі-0,62 м. Қабір шұңқырының қабырғалары өлшемдері 34×28×9 см болатын қас кесектермен өрілген. Табанына да дәл осындай кесектер төселген.
Екінші қабір шұңқыры
Екінші қабір шұңқыры бөлменің батыс бөлігінде, доғалдау болып келген солтүстік-батыс қабырғаға іргелес орналасқан. Жобасында бұрыштары дөңгеленген тікбұрыш пішінді бұл қабір шұңқырының ұзындығы -2,4 м, ені-0,85 м, тереңдігі-1,3 м.Мұнда да алдыңғы шұңқыр тәрізді қабырғалары біркелкі кірпіштермен өрілген. Бұл екі бөлменің еденіне де көлемі 40×30×10 см болатын қам кесектер төселіп, бетіне қалыңдығы 3 см-ге жуық лай жағылған.
### Мыңарал кесенесіне жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесі
Мыңарал кесенесіне жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде мынадай көріністер айқындалды: - құрылыс алдын-ала дайындалған қалыңдығы 740 см-ге жететін платформаның үстіне салынған. Қабырғалары төменгідей сипатта қаланған; қабырғалардағы кесек қаландылары құрылыс заңдылықтарына сай әдіспен қаланып, әр қатардың арасына бір деңгейде лай төселген. Кесектер арасындағы байланыстың үстіне кесекті ұзынынан қою іске асырылған (кейбір жағдайларда кесектің ⅓ бөлігі пайдаланылған): - беттеріне 1-1,5 см лай дағылған қабырғалаларының ішкі беттері ақ түсті әкпен әктелген.
Кейбір археологиялық қазба материалдары, соынң ішінде қара түсті ангоб жағылған шин мен тостаған және жапсырмалы әдіспен жасалған көзе ескерткішті б.з.д. IV-II ғғ. мерзімдеуге, яғни Шығыс Арал өңірінде өмір сүрген халықтардың материалдық мәдениеті мен жерлеу дәстүрінің кейбір қырларына жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Қазба жұмыстары барысында алынған ақпараттар сол дәуірдің жерлеу-ғұрыптық дәстүрін , шаруашылық және әлеуметтік жағдайын толығымен қалпына келтіру мәлелері бойынша түсінігімізді кеңейте түсті. Зерттелген жайларға қарағанда, Шығыс Арал өңірінің көне тұрғындары жерлеу ғұрыптары мен ерекшеленетін бірнеше тайпаларға немесе руларға бөлінген деген жорамал айтуға болады. Сонымен қатар, зерттеліп жатқан аймақтағы тұрғындардың жерлеу дәстүріндегі ерекшеліктер этникалық емес, әлеуметтік сипатта болған деген болжамды да теріске шығармаймыз. Бұл өз кезеңінде деректік базаны кеңейту мақсатын жүзеге асыруды қажет етеді.
## Дереккөздер |
Су айдау мұнарасы — ХХ ғасырдың басында салынған. Архитектуралық ескерткіш Алматы қаласының орталық бөлігінде, А.Байтұрсынов атындағы көшенің бойындағы кварталдың түкпірінде (драматеатр ғимараты мен психиатрлік аурухананың ортасында) орналасқан.
Мұнара қала вокзалының маңында, Орынбор -Ташкент теміржолы магистралін салу кезінде тұрғызылған.
Ғимарат сегіз қырлы (бұрыштары кесілген шаршы), күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 16,5 м, диаметрі 6,5 м, іргетасы таспалы, тастардан нығыздалып қаланған.
Мұнараның ішкі көлемі қаба аралық жабындылармен үш қабатқа бөлінген, бірақ қасбеті компизициясы екі бөліктен тұрады. Төменгі екі қабаты бір-бірімен композициялы біріккен, ал жоғарғы үшінші қабаты төменгілерден ернеу арқылы бөлінген (қалану тәсіліне байланысты оның диаметрі үлкен).
Сегіз қырлының бұрыштары жауырыншалармен әдіптелген, ал үстемдік жағдайдағы жоғарғы қабаттың бұрыштары жонып тегістелмеген жауырыншалармен айрықша ерекшелінген. Барлық үш қабаттың ұзына бойы және көлденеңінен осьтерінде төрт-төрттен терезе ойықтары бар. Есік ойығы бірінші қабаттың солтүстік жағында орналасқан. Ойықтар тікбұрышты, құлыпты тастарды көз алдымызға елестететін сына тәрізді қосқыштармен жабылған. Есік ойығының үстіңгі жағы үшбұрышты үшкір маңдайша бейнесіндегі сандрикпен әдіптелген.
Мұнара көлемі шығыңқы ернеумен аяқталады. Жазық шатыр балюстрада түрінде жеңіл парапеттермен қоршалған. Баспалдақ бірінші деңгейде орналасқан.
Облыстық халық депутаттары Кеңесінің 29,09,1986 жылғы №483 шешімі бойынша ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынған.
Архитекторлар мұнараның қала орталығында орналасатындығын ескеріп, осындай нұсқадағы теміржол мұнараларына тән жоғарғы ағаш қабатынан бас тартқан. Мұнара толығымен кірпіштен қаланған. Ғимаратты 1985 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.
## Дереккөздер |
Құлбала кесенесі. 1920 жж. сәулет ескерткіші. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан (азимут 67°).
Географиялық координаттары:45°11′51,7"с.е.66°43′56,4"ш.б.
Ескерткіш Телікөл көлінің маңайында орналасқан өлшемдері кішігірім кеснелер орналасқан тобына жатады (Құлтан, Ахмет Ишан, Ақтай және т.б.). Кесене көне каналдың (немесе Сарысудың бір тармағының арнасы) жанындағы айналасынан биік болып келген қырқаның үстінде орналасқан. Кесенеден оңтүстік-батысқа қарай қам кесектерден тұрғызылған қоршаулар қалдығы мен шайылып кеткен қабір үсті ескерткіштері, сонымен қатар қазақ қыстақтарының орындары мен неолит тұрағының іздері бар.
## Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш қам кесектерден тұрғызылып, тік бұрышты күйдірілген кірпіштермен (6,5/8×14×28 см, 10 қатар+ 110 жым = 0,86 м) қапталған. Жоспарындағы аумақтық өлшемдері - 5,50×9,30 м, сақталған биіктігі-3,0 м. Ескерткіш қатты бүгілген: жерлеу камерасы толығымен жойылған, тек қабырғасының солтүстік-шығыс бөлігінен және камера кіре берісінің солтүстік-шығыс жартысынан басқа.
Кесене жоспарында екі камералы (кіші кіре беріс және үлкен жерлеу), екеуі де күмбезбен жабылған. Кіші камераның бетше босағалы кіре беріс ойығы солтүстік-батысқа бағытталған. Іргесі шығыңқы болып келген ескерткіштің жоғарғы бөлігін қырынан қойылған кірпіштер қатарынан түзілген ернеу көмкеріп тұр.
## Кіреберіс камера
Кіреберіс камера жерлеу камерасына апаратын күмбезді дәлізден, сондай-ақ осы дәліз ойығымен байланысқан параллелді екі тар бөлмеден тұрады. Сақталған (батыстағы) бөлмеде шатырға шығатын ойық бар. Кіші камера негізінен жабындысында, кіреберіс дәліздің үстінде күмбезше бар. Оның жоғарғы бөлігі күйдірілген кірпіштен өрілген, ал төменгі бөлігі қам кесектерден қаланып, күйдірілген кірпіштермен қапталған. Кіреберіс камера жерлеу камерасына байламсыз жалғанған. Кіре беріс дәліздің екі жағындағы тар бөлмелер монументальді кесенелердің осындай элементтерін механикалық тұрғыдан көшірудің нәтижесінде пайда болған. Монументальді кесенелерде олар баспалдаққа арналған.
## Үлкен (жерлеу) камера
Үлкен (жерлеу) камера, сақталған бөліктерінде қарағанда, жоспарында шаршы пішінді, жарты циркуль кесінді сегіз аркамен бөлінген: олардың төртеуі жақтарының ортасында, қалған төртеуі - бұрыштарында орналасып, күмбез асты сегіз қырлылықты құраған. Аркалар қабырғалық жауырыншаларға (пилястрлерге) тірелген. Бұрыштық аркалардың қуыстары камера бұрыштарынан арка табанының биіктігінде басталатын кірпіш қаландыларының қатарымен толтырылған. Камераға кіретін есік ойығы сәулелі кескіндерге аркамен безендірілген.
Күмбезі сақталмаған, бірақ та басқа ескерткіштерімен ұқсақтығына қарағанда, бес аркамен басталып, жасанды қаландылармен өрілген.
Құлбалы кесенесі екі камералы кесененің кішірейтілген нұсқасы болып табылады.
## Дереккөздер |
Майсор — Ертіс алабындағы тұзды көл, Ертіс-Қарағанды каналының сол жағалаулық аңғарында, теңіз деңгейінен 216 м биіктікте жатыр.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Екібастұз қаласының оңтүстік-батысында 10 км жерде.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,1 км2, ұзындығы 2,2 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 6,9 км. Жағалауы жазық, қамыс шоғырлары кездеседі. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Майсорды бірнеше шағын тұзды көлдер қоршап жатыр.
## Дереккөздер |
Қадырберді хан – 1419 жылдан бастап билік еткен Алтын Орда ханы, Тоқтамыстың ұлдарының бірі. Тоқтамыстың талқандалғанынан кейінгі таққа таластың қатысушыларының бірі. 1419 жылы литов кнәзі Витовттың қолдауымен таққа отырды. Осы жолда ол беклербек Едігенің қолшоқпары Дервиш ханды өлтірді. Кейбір деректерде Қадырбердіні Едігеге қарсы шыққан өзінің үлкен ұлы Hұр ад-Дин дейді. Едіге Қырымға қашып кетеді. Онда ол қырымдық Тоқа Темірліктерден шыққан Бек Суфиді хан етеді. Хан мен Едігенің аты жазылған теңгелер соғыла бастайды. Алайда Бек Суфиді Қадырбердінің қолы тас-талқан етті. Сонда да Бек Суфи Қырымның жекеленген аймақтарына хижраның 825 жылына (1422 ж.) дейін үстемдігін жүргізген. Едіге Оралдағы иеліктерінде бой тасалауға мәжбүр болды. Хижраның 822 жылы (1420) Едіге Қардырбердінің қолынан қаза болды. Қадырберді де шамамен сол уақытта Қырымда қайтыс болады. Алайда деректерде Қадырберді мен Едігенің өлімі жайлы мәліметтер қарама-қайшылыққа толы. Әл Айнидің хабарлауынша Қадырберді шайқаста қаза болса, ал Едіге жараққаттан қайтыс болған.
## Тағы қараңыз |
Дервиш хан – 1417-1419 жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы.«Муизз ал-ансабта» Дервиштің ата-тегі былайша көрсетілген: Дарвиш - Тұқрақ - Алты Құртұқ - Тоқтай - Темір Қожа - Тақтақ - Ашық - Ұрынғташ - Тоқа-Темір - Жошы. Ол өзінің ізашары Сайд Ахмадтың және Шөкре оғланның жиені болып табылады. Алайда Г. Е. Грумм-Гржимайло және В. В. Трепавлов оны Шайбандық деп есептейді. Тоқтамыстың Темір қолынан талқандалғанынан кейінгі таққа таласқа қатысқан. Осы таласта Тоқтамыстың ұлдары өзара қырқысқан болатын. 1416 жылы Едігенің қолшоқпары Шөкренің белгісіз жағдайда тақтан кетуінен кейін, таққа Жаппарберді келді. Шөкре Жаппарбердімен таласта қаза болуы мүмкін. Алайда 1417 жылы Жаппарберді тақтан айырылып, Қырымға қашты. Сол жерде өзінің одақтастарының қолынан қаза болады. Таққа Едігенің қолшоқпары Дервиш келді. Едігенің абыройының жоғары болғаны соншалық, оның есімі Дервиш ханның есімімен қатар теңгелерде таңбаланатын болған. 1419 жылы Дервиш ханды Тоқтамыстың кіші ұлдарының бірі Қадырберді өлтіріп, тақты иеленді.
## Тағы қараңыз
Шөкре хан
Ордамәлік хан
Қадырберді хан |
Орда Ежен хан (туған жылы белгісіз – 1253 жылы дүниеден озған) – Жошы ұлысының сол қанатының алғашқы билеушісі (1226 – 1253), қолбасшы Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның үлкен ұлы, қазақ хандарының арғы атасы. Орда Ежен 1236 – 1242 жылы моңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда Ежен, оң қанатын Бату хан басқарған. Осының негізінде 13 ғасырдың ортасында әскери-саяси иеліктер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Жошы ұлысының сол қанатын билеген Орда-Ежен інілерімен қосылып Алтын Орда құрамына енетін, ішкі-сыртқы саясаты тәуелсіз Ақ Орда мемлекетін құрды. Рашид әд-Дин Алтын Орда мен Ақ Орда жөнінде олар бір-бірінен өте алыста жатты және өзара тәуелсіз ұлыстар болды деп жазды. Алғашында Орда-Ежен өзінің ордасын әкесі Жошының орталығына жақын жердегі Ертіс өзенінің жағалауына жайғастырды. Дегенмен, 1246 жылы Плано Карпини Моңғолияға бара жатқан сапарында оның ордасы Алакөл маңында болды деп көрсетеді. Орда Ежен өз беделінің күштілігіне қарамастан әкесінің орнына інісі Батудың Алтын Орда тағына отыруын қолдады. Қарақорымда Күйікті ұлы хан көтерген құрылтайға Жошы әулетінің атынан қатысты. Осы жиында Шыңғыс хан ұрпақтарының үлкендері ретінде Мөңке екеуі бірігіп, көтеріліске шыққандардың ісін тексеріп, жазаға тартты. Орда-Еженнің саяси рөлі тек Жошы ұлысында ғана емес, бүкіл моңғол империясында да жоғары болды. Рашид әд-Диннің айтуы бойынша, Алтын Орда билеушісі ресми түрде Бату болғанымен, Мөңке хан Шыңғыс хан империясының атынан өзі шығарған үкімдері мен жарлықтарында Орда-Еженнің атын Батудан бұрын қойған. Орда-Ежен өлген соң оның орнына төртінші ұлы Күнқыран келді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Николай Иванович Баев (1945 жылдың 9 мамырында туған, Саратов облысы, Васильевка ауылы) – тау инженері, заңгер. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылымының депутаты (1994).
## Өмірбаяны
### Білімі
1969 жылы Мәскеу геологиялық барлау институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.
1996 жылы Қазақ Ұлттық Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
### Қызмет жолы
Еңбек жолын Орал облысындағы кеңшар комбайыншының көмекшісі болып бастаған.
1958—1964 жылдары Орал механикалық зауытының токары.
1972 — 1988 жылдары Каспий маңы тау-металлургиялық комбинатының мастеры, бастығының орынбасары, телімінің бастығы, аға инженері, бас инженері, карьер бастығы, кеніш директоры.
1988—1991 жылдары Шевченко қалалық партия комитетінің бірінші секретарі.
1990 — 1991 жылдары Маңғыстау облыстық партия комитетінің секретарі.
1991 — 1992 жылдары Ақтау қалалық атқарушы комитетінің председателі.
1992 — 1994 жылдары Ақтау қалалық администрациясының басшысы.
1994 — 1995 жылдары 13-ші шақырылымының ҚР Жоғарғы Кеңес депутаты.
наурыз — қазан 1995 жыл аралығы - ҚР министрлер кабинетінің қарамағындағы қорғаныс өнеркәсібінің председатель орынбасары.
1995 — 1997 жылдары ҚР экология және биоресурстар министрі.
қазан — қараша 1997 жыл аралығы - ҚР премьер-министр кеңесшісі.
1997 — 1999 жылдары Маңғыстау облысы әкімі.
1999 — 2007 жылдары «ҚазақТүрікМұнай» БК ЖШС генералды дирекциясының кеңесшісі.
2007 жылдың наурызынан бері - «ҚазақТүрікМұнай» БК ЖШС ҚР үкіметімен бірге байланыс және заңдық сұрақтар бойынша басқарушы.
## Марапаттары
* Парасат ордені
* Астана медалі
* ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
* ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
## Дереккөздер |
Сығанақ қалашығы (Жаңақорған ауданы) — VI — IX ғасырларға жататын, Сунақ ата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан қалашықтардың бірі.
Географиялық координаттары:44°09′27″с.е.066°57′41″ ш.б.
## Қалашық сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі 158 м. 1867 ж. П.И.Лерх Сығанақтың құландызындысына көңіл аударған. Ескерткішті 1907 ж. И.А.Кастанье, 1927 ж. А.Ю. Якубовский, 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), ХХ ғ. 70 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының палеоэтнографиялық тобы (С.Ж.Жолдасбаев) зерттеген. 2003 ж. Халықаралық қазақ түрік университетінің археология және этнография кафедрасының археологиялық экспедициясы (С.Ж.Жолдасбаев) кеешенді қазба жұмыстарын бастады. 2004 ж. Халықаралық қазақ түрік университеті Тұран археологиялық экспедициясы (М.Елеуов) қалашықтың географиялық координаттарын анықтады.
Жоспарында бесбұрышты болып келген қалашықтың өлшемдері ) солтүстік бөлігі -275 м, солтүстік-батыстан батысқа -175 м, оңтүстік-батыстан батысқа-190 м, оңтүстік бөлігі-175 м, оңтүстік-шығыстан шығысқа -320 м. Қалашыққа кіретін қақпа (ұзындығы 20 м дәліз тәрізді болып келген) ескерткіштің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қаланы қоршаған қорғаныс құрылысының биіктігі кей жерлерде 6-7 м-ді құрайды. Бұрыштарында және бұрыштарынан 40-50 м жерлерде мұнараның қалдықтары сақталған. Рабад пен шахристан жоспарында бесбұрыш формалы. Өлшемдері: солтүстік бөлігінде - 250 м, батыс бөлігінде-650 м, оңтүстік бөлігінде-250 м, оңтүстік-шығыс бөлігінде-450 м, солтүстік-шығыс бөлігінде-350 м.
## Дереккөздер |
Ақтөбе қалашығы (Жаңақорған ауданы) — Сунақ ата ауылынан шығысқа қарай 13 шақырым жерде орналасқан.
## Қалашық сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі 157 м. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) зерттеген, 1966 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы қайта зерттеген. 1991 жылы ҚазМУ-дің археологиялық экспедициясының тобы (М.Елеуов) ескерткіштің орналасқан жерін анықтап, жоспарын түсірген. 2004 жылы Халықаралық қазақ түрік университеті Тұран археологиялық экспедициясы (М. Елеуов) географиялық координаттарын анықтап, жоспарын қайта түсірген және ескерткішті айнала қоршаған үймек жалдың бір жеріне барлау қазбасын салған. Қоныс екі бөліктен тұрады. Төбе түрінде болып келген орталық бөліктің көлемі 65×55 м, биіктігі 6 м. Орталық бөлікті сырттай қоршаған алаңның көлемі 60-70 м, биіктігі 1-1,5 м. Алаңның шетінде ені 10-11 м, биіктігі 0,8-1 м болып келген қорғаныс құрылысының қалдықтары сақталған. Қорғаныс құрылысының шығыс жағында екі төбе орналасқан. Диаметрлері 10-15 м, биіктігі 1,5-2 м болып келген бұл төбелер минареттердің қирандысы болса керек. Шамасы, осы жерде қаланың қақпасы орналасқан. Орталық бөліктің айналасындағы алаңның көлемі 60×70 м, биіктігі 1-1,5 м. Алаңның айналасындағы үймек жалдың шығыс жағында мұнара тәрізді екі төбе бар. Олардың өлшемдері 10-15 м, биіктіктері 1,5-2 м.
## Дереккөздер |
Қосаман кесенесі (Арал ауданы) — ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басына жататын, архитектуралық кесене. Ақеспе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым, Қосаман елді-мекенінен 1 шақырым жерде, жайдақ төбенің үстінде орналасқан. Ескерткіштің оңтүстігінде ерте заман құрылысының қиранды үйіндісі орналасса, ал шығыс жағында ағып кеткен қам кесекті қоршаудың үйіндісі бар.
## Кесене сипаты
Ескерткіш қам кесектерден тұрғызылып, күйдірілген кірпіштермен қапталған. Іргесі қам кесек блоктары мен өңделмеген тастардан қаланған. Ескерткіштің төменгі бөлігінде (іргетасының жанына) кірпіш қаландысының тұзданып кетпеуі үшін қамыс қабаты төселген. Ескерткіш өлшемдері әртүрлі екі камерадан тұрады.
### Кіші камера
Кіші камера (кіреберіс) жоспарында шаршы пішінді, негізгі камераға оңтүстік жақтан жалғасқан.
### Үлкен камера
Шаршы пішінді болып келген үлкен камера дөңгелек корпусқа енгізілген және үстінде тас төбелік ойығы бар жарты шар іспетті күмбезбен жабылған. Камерада күмбезделіп келген екі қабір үсті ескерткіші бар.
### Қазіргі жағдайы
Ескерткіш қатты бүлінген, әсіресе оның кіреберіс камерасы , одан тек кіреберіс ойығы бар қабырға мен күмбезінің негізі ғана қалған.
Кесене кіреберісі бүйірлік қасбетте орналасқан ескерткіштердің бір түрі.
Ескеркішті 1986 ж. "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.
## Дереккөздер |
Бұзық қалашығы (Жаңақорған ауданы) - X-XV ғасырларға жататын Көктөбе ауылынан батысқа қарай 2,5 шақырым , Артық ата қалашығынан солтүстіккке қарай 0,4 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: 43°12′09″ с. е. 67°44′56″ ш. б.43.20250° с. е. 67.74889° ш. б. / 43.20250; 67.74889
## Қалашық сипаты
Теңіз деңгейінен 172 м. Ескерткішті 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) ашқан, 2004 ж. Халықаралық қазақ түрік универститеті Тұран археологиялық экспедициясы (М.Елеуов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.Қалашық жоспарында дөңгелек төбе пішінді , диаметрі - 310 м, биіктігі - 1,5-2 м. Қоршап жатқан үймек жалының биіктігі- 1-1,5 м. Қорғаныс қабырғасында бір-бірінен 35; 45; 50; 55; 65 м қашықтықта орналасқан 15 мұнараның орны сақталған. Биіктіктері 0,5-0,8 м болып келген мұнаралар қабырғадан сыртқа қарай 2 -4 м шығыңқы орналасқан.
Жоспарында Г-тәрізді болып келген қақпа қалашықтың оңтүстік-батыс жағында орналасқан.
Ескерткіш ені 8-12 м, тереңдігі 1-1,5 м ормен қоршалған. қалашықтың ішкі бөлігінде бірнеше құрылыстың қалдықтары сақталған. Қақпадан солтүстік-шығысқа қарай 120 м жерде көлемі 25×15 м болып келгшен құрылыстың қирандысы бар. Қалашықтың сыртында , қақпадан оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай үстінде қыш ыдыстар сынықтары шашылып жатқан құқрылыстың қалдықтары бар.
## Дереккөздер |
Тілеулес Ишан кесенесі (Арал ауданы) — ХІХ ғасырға жататын архитектуралық ескерткіштердің бірі. Қызылжар ауылынан (бұрынғы Райым кеңшары) шығысқа қарай 5 шақырым жерде, қам кесектерден тұрғызылған жерлеу қоршауларынан тұратын қорымның шығыс бөлігінде орналасқан.
## Кесене сипаты
Ескерткіш тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық -9,75×10,74 м, сақталған биіктігі -7,0 м.
Кесене екі камералы, біреуі-кіреберіс, екіншісі-жерлеу камерасы. Екі камера да призмалық корпусқа енгізілген.
### Кіреберіс камера
Кіреберіс камера жоспарында тікбұрышты , аркалы болып келген кіреберіс ойығы оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан, ал оған қарама-қарсы қабырғада жарық түсетін ойық бар. Камера қаландылардан шығарылған күмбезбен жабылған. Оның солтүстік-шығыс қабырғасында жерлеу камерасына кіретін ойық орналасқан.
### Жерлеу камерасы
Шаршы пішінді болып келген жерлеу камерасы дөңгелек күмбез асты барабанында тұрған күмбезбен жабылған. Камераның шаршы негізінен күмбез шеңберіне өту камера бұрыштарынан шығарылған қаландылар арқылы іске асырылған. Күмбездің негізіне дейін сыланған , камерада қам кесектерден тұрғызылған екі сағана бар.
Ескерткіш атмосфералық құбылыстардың әрекетінен қатты бүлінген, күмбезінің жоғарғы бөлігі құлаған, қабырғаларында терең жарықшалар бар.
## Дереккөздер |
Сарлыбай кесенесі (Қазалы ауданы)- Қазалыдан 32,7 шақырым қашықтықта орналасқан (азимут 224 градус) 1891 жылғы архитектуралық ескерткіш.
Географиялық координаттары:
45°32′87,6″с.е.
061°48′96,5″ш.б.
## Ескерткіш сипаты
Ескерткіш күйдірілген тікбұрышты кірпіштерден (7×14×28 см, 10 қатар+ 10 жым = 0,88 м) тұрғызылған, өлшемдері - 8,60×10,43 м, биіктігі - 6,0 м.
Кесене екі камералы, біріншісі -ұзын тар дәліз түрінде болып келген кіреберіс камерасы, екіншісі- жоспарында дөңгелек, күмбезбен жабылған жерлеу камерасы.
Созыңқы тікбұрыш іспетті болып келген кіреберіс бөлік негізгі аумаққа оңтүстік жақтан жалғасқан. Аркалы болып келген кіреберіс ойығы шығысқа қаратылған. Ол сәулелі кескінді аркамен жабылған.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған. Камераның қабырғалары күмбездің негізіне дейін сыланып, әктелген, кіреберіс ойықтың жоғарғы жағы аркалы болып келген. Бөлмеде сағаналы қабір бар, ол күйдірілген кірпіштен сатылы етіп қаланған.
Ескерткіштің бұзылуына байланысты, оның кіреберісіндегі күмбезшесі жойылған. Күмбез бен ернеуінің кейбір бөліктері қираған. Қазіргі кезде ескерткіш жөндеуден өткізілген.
### Дереккөздер |
Қазақстан тарихында Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығы құрылады. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады. XIX ғасырдың бірінші ширегінде Ресей билігі алдыменен Орта жүзде (1822), содан кейін Кіші жүзде (1824) хандық билікті жояды.
Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге бөлінеді. Біріншісі - бір орталықтан басқарылған кезең, екіншісі - бытыраңқылық кезең деп аталады.
Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең 1715 - 1824 жылдар аралығын қамтиды.Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе «текетірес», жоңғарлармен алғашқы күрес, «алтын ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тайыр хан, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар бір мезгілде, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын хан, қайта Есім хан, Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең – бытыраңқылық кезең басталып Қазақ елінде - Ұлы жүзде, Орта жүзде және Кіші жүзде жеке хандар пайда болады.
## Қазақ хандығының құрылуы
1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі.
## Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос|этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.
## Қазақ хандығындағы биліктің жойылуы
XIX ғасырдың басында Ресейдің орта жүздегі саясаты белсенді болып, шаруашылық саласында жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Жайық, Каспий теңізі, Ертіс, Зайсан көлі маңындағы қазақтар бұрын мал өсірумен айналысса, енді олар балық аулаумен шұғылдана бастады. Сонымен қоса шығыс және орталық аймақтарда тас көмір, түсті металл, өндіретін алғаш кен орындарын игеру жүзеге асырылып, ХІХ ғ. ортасына қарай су және жел дирмені, ұсталық, май, кен, былғары өңдеу зауыттары іске қосыла бастады.Тау кен өндірісіне Орал әскери шебі бойында тартылған жатақтардың саны жыл санап өсе түсті. Мысалы: 1820 жылы 6 мың адам болса, 1824 жылы ол сан 2 мыңға өскен. Уәли билігінің әлсіздігі Ресейдің бұл аймаққа ықпалын күшейте түсті. Империя құрамына Қазақстанның қосылуы, оның орналасқан геосаяси жағдайы Ресей үшін тиімді болды. Сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия халықтарымен Сібірмен тиімді сауда қатынасы Ресей үшін тиімсіз еді. Осындай жүріп жатқан ілгерлеушіліктерге патша үкіметі талабын қанағаттандырып, Ресейдйң басшылық, және саяси жағынан жүргізіліп отырған шаралары жандана түсті. Сондықтан да халық арасында ықпалы төмендей түскен қазақ хандықтары патша үкіметінің билеу саясатына қарсылық ұйымдастыра алмады. Қытай жағына “ауып түсіп”, “Богдыханның бодандығын қабылдауы” мүмкін деген қауіптері де хандық институттың жойылуын тездетті. 1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті.
## Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр)
Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-66 ж.) Батыс Жетісуда құрылды. Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.
## Қазақ хандығының Ресей құрамына кіруі
Қазақ хандығының Ресей құрамына кіруі - XVIII ғасырдың орта шенінде басталып, IXX ғасыр ортасында аяқталған тарихи процесс.
## Тағы қараңыз
* Қазақ хандығының жылнамасы
* Қазақ хандығының дәстүрлі аймақтық-әкімшілік құрылымы
* Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы
* Қазақ хандары
## Дереккөздер |
Ораз ақын мазары — ХІХ ғасырға жататын, архитектуралық ескерткіш. Шөмішкөл ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жердегі жайдақ төбешіктің үстіне орналасқан. Ескерткіштің айналасында шөгіп кеткен жерлеу қоршауларының қалдықтары бар.
## Мазар сипаты
Ораз Ақын (руы әлім-жақайым) ескерткіші тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері -9,10×12,20 м, сақталған биіктігі-5,70 м.
Кесене екі камералы, біреуі- кіреберіс, екіншісі-жерлеу камерасы. Тікбұрышты кіреберіс камера дөңгелек болып келген күмбезді негізгі аумаққа жалғасқан.
Жоспарында тікбұрышты болып келген кіреберіс камераның аркалы кіреберіс ойығы оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан, ал оған қарама-қарсы қабырғада жарық түсетін ойық бар. Камера қаландылардан шығарылған күмбезбен жабылған, оның жайдақ шатыры қарсы орналасқан үш мұнарашамен көмкерілген.
Дөңгелек болып келген жерлеу камерасы іргесі шығыңқы және күмбез асты барабанында тұрған парабола кескінде күмбезбен жабылған, кесілген конус іспетті корпусқа енгізілген.
## Дереккөздер |
Қалжан Ахун сағанасы немесе Қалжан Ахун мешіті — ХХ ғасырдың басына жататын, архитектуралық ескерткіштердің бірі. Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан (азимут 296°). Географиялық координаттары: 45°04′56″ с. е. 64°50′43″ ш. б.45.08222° с. е. 64.84528° ш. б. / 45.08222; 64.84528
Діни ғұлама Қалжан Ахун Бөлекбайұлы салдырған. Іргетасы 1902 жылы қаланған. Қалжан Ахун Бөлекбайұлы (руы қожантай табын) - белгілі ғалым (1862-1916 ж.), Бұхарадағы Күкелдаш медресесінің заң факультетін бітірген. ОЛ-суырып салма ақын, жұлдызшы , табиғат өзгерістерін болжаушы, сонымен қатар рухани жетекші, жергілікті халықтың арасында үлкен беделге ие болған адам.
1922 – 30 жылдары алғашқыда «Ақжол» мектеп-интернаты, кейін жеті жылдық мектеп болды. 1937 жылы кеңес белсенділері бұзған. 1989 жылы мешіт облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының есебіне алынған. Қазір Жалағаш пен Сырдария аудандарының тұрғындары қамқорлыққа алған.
## Сағана сипаты
Сағана тікбұрышты күйдірілген , жоғары сапалы кірпіштерден (6/7×13×28 см, 10 қатар + 10 жым = 0,85 м ) тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері - 9,8×14,5 , биіктігі -3,8 м.
Жоспарындағы тікбұрышты болып келген ескерткіш көлденең осімен оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бағыты бойынша созылған. Ескерткіш екі бөлікке бөлінген: оңтүстік-батысын мешіт алып жатса, ал қарама-қарсы жағында ішінде бірнеше қабір үсті ескерткіштері бар аула орналасқан.
Барлық құрылыс беті кірпіштен қаланған қабырғалармен қоршалған. Қабырғалардың бұрыштары пилястрлермен көмкерілген. Осындай элементтермен мешіт пен хазир-ауланың түйісіндегі қабырғалар да бөлінген. Мешіттің қабырғасы ауланың қабырғасынан биік және кірпіштер кронштейндерінен пайда болған ернеумен көмкерілген, ауланың ернеуі тым қарапайым, оның барлық қабырғасы (кіреберіс ойығы бар бөліктен басқа) екі құламалы болып аяқталған.
### Ескерткіш кіреберісі
Ескерткіштің кіреберісі оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан және үсті кірпіш пирамидалармен аяқталған аттикалық тәжделумен ерекшеленген. Аттиктік орталық мұнарашасы қалғандарына қарағанда биіктеу, оның астында, негіздік және аулалық қасбеттерінде араб графикасында орындалған "1334" деген санды филенкалар бар.
## Мешіт сипаты
Мешіт интерьерінде төбе жабылымы үш жақтан қабырғаға тіркелген, ал төртінші жақтан үш бағанаға сүйенген, солтүстік-шығыс жаққа ашылған айван түрінде болып келген. Ағаш бағаналар жасыл түске боялған, қиылысында шаршы іспетті, жоғарыға қарай тартыла түскен олар оймышты арқалық бар. Бұл арқалықтар айдалым шетінен айшықты консольдер түрінде шығып тұр. Платформа түрінде болып, жер деңгейінен көтерілген еденге кірпіш төселген. Түкпірге, оңтүстік-батыс қабырғаның ортасына да, түпкі жақта құлыптық жағында киль тәрізді кесілімге ие жарты циркуль кескінді аркамен көмкерілген сымбатты пішіндегі михраб қуысы жасалған. Михраб қуысы әсем жабыстырмалармен жиектелген, оның төменгі бөлігі жауырыншалар түрінде безендірілсе, ал жоғарғысы- қосарланған, бетше босаға пішінін қайталайды.
## Тағы қараңыз
* Қалжан Ахун Бөлекбайұлы
## Дереккөздер |
Қауғаната қалашығы (Қалғаната) — ауылдың шетінде орналасқан, 6 -18 ғасырларға жататын археологиялық мекен.
## Қалашық сипаттамалары
Географиялық координаттары: 42Т 0398421 UTM 47714977 1900 ж. Н.В.Руднев , 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген. Ортағасырлық Құджан (Құған) қаласымен сәйкес келеді. 16 ғасыр жазба деректерінде аты аталады. Ортағасырлық автор Хафиз Таныштың дерегі бойынша 1582 ж. Абдаллах хан Дешті Қыпшаққа жасаған жорығы кезінде Сүткент, Күнжан, Аққорған қалалары арқылы жүрген. Алайда, қаланың пайда болу кезі ерте заманға жатады. Төбе жөңгеленіп келген, биіктігі 10 м. Орталық төбенің диаметрі 160-170 м. Қала айнала мұнаралы қорғанмен қоршалған. Қабырға сыртында ені 10 м, тереңдігі 2 м ор байқалады. Қала қақпасы оңтүстікте болған. Қақпадан басталған көше қаланы екі тең бөлікке бөліп тұр. Орта тұсында батысқа қарай тағы бір көше шығады. Көшелер түйіскен жерде базар алаңы болғанға ұқсайды. Ол жерде диаметрі 25 м ашық жер сақталған. Орталық төбені қорғансыз рабад таға тәрізді қоршап тұр. Оның ені ордан бастап есептегенде 50 м. 17-18 ғасырлардың керамикасы сырсыз және сырлы заттардан тұрады. Бұлар бойында кертпелері бар құмдар , көзелер тектес ыдыстар, құмыралар, шүмекті ыдыстар. Тостағандар қалың, дөңгелек табанды, түссіз шыңылтыр жағылған. Ою-өрнек элементтері күрделі емес : олар спиральдар, ширатпалар қатарынан және дөңгелек , таңба түрінде "баспа" белгісінен тұрады.
## Дереккөздер |
Ұлық Мұхаммед (1405–1445) — Алтын Орда (1419–1423; 1428–1437) ханы. Қазан хандығының негізін қалаушы. Тоқа Темірдің сегізінші ұрпағы. Хан тағы үшін бір мезгілде Мұхаммед есімді екі хан күрес жүргізгендіктен, жазба деректер де олардың бірін "Ұлұғ" – Үлкен, екіншісі – "Кішік" - Кші Мұхаммед деп атаған. 1419 ж. Алтын Ордадағы билікті басып алады. Бірақ оның дұшпандары Саид Ахмет, Кішік Мұхаммед, арақ хан маңына топтасқан ақсүйектер қарсылығының салдарынан оның билігі ұзаққа бармайды. 1423 ж. Ақ Ордада билігі Барақтың қолына көшіп, Ұлық Мұхаммедтің билігі уақытша Еділ бойымен шектеледі. 1427 ж. Барақ хан қаза болңаннан кейін, Ұлық Мұхаммед Алтын орданың көп бөлігін өзіне қаратты. 1433 ж. Кішік Мұхаммед Сарай қаласын басып алғандықтан, ол Еділдің жоғары жағындағы бұлғар жеріне кетті. Сол жақтан Қазан хандығын құрады.
## Дереккөздер |
Мүбәрәк Қожа хан (т.ж.б. – 1345) – Ақ Орда ханы (1337/39 – 1340/41). Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Орда Еженнің ұрпағы, Ерзен ханның ұлы.
## Басқаруы
Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында хан көтерілді. Мүбәрәк Қожа жайлы деректер Муин әд-Дин Натанзи шығармаларында кездеседі. Ол Ақ Орда хандарының ішінде бірінші болып өз иелігін Алтын Орда хандарынан тәуелсіз деп жариялап, 1337–38 жылы Сығанақта өз атынан күміс ақша соқтырды. Мүбәрәк Қожаның дербестікке ұмтылуы Алтын Орда билеушілері тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Алтын Орда ханы Өзбектің (1312 – 42) Ақ Орданы қайтадан өзіне қарату әрекетінің нәтижесінде ол ордадан кетуге мәжбүр болды. Мұсылман авторларының айтуынша ол Алтай мен қырғыздар арасында қашып жүріп, қазаға ұшыраған. Көп ұзамай Алтын Орда ханы Өзбек қайтыс болып, мұрагері Жәнібектің (1342 – 57) жарлығымен 1344 жылы Мүбәрәк Қожа орнына оның інісі Шымтай хан болды. Ал Мүбәрәк Қожа аңсаған дербестікке Ақ Орда билеушілері Ұрыс және Тоқтамыс хандар жетті.
## Сілтемелер
* Шымтай хан
* Тоқтамыс хан
* Ақ Орда
* Алтын Орда
## Сыртқы сілтемелер
Сығынақ қаласы Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Ақтөбе 3 (Күйіктік) қалажұрты — Қоғам ауылының солтүстігінде, 13 км жерде орналасқан, 1-8 ғасырларға жататын археологиялық мекен.
## Сипаты
Географиялық координаттары: 42Т 439191 UTM 4755643. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген. Қала үш бөліктен тұрған. Цитаделі диаметрі 50 м, биіктігі 5 м төбе түрінде , шахристанның батыс бөлігінде орналасқан. Цитадель қабырғалары тіктеу , жоғары жағының диаметрі 35 м. Шахристан шаршы 110×110 м, тәріздәс болып келген, ол цитадельден аласалау, биіктігі 3-3,5 м. Қалаға оңтүстік жағынан кіретін болған. Шахристанның шығысында рабад орналасқан. Оның диаметрі 120 м, биіктігі 1,5 м. Қала айналдыра ормен қоршалған, қазір оның орны ені 10-15 м сай болып қалған. Төбеден жиналған материал Пұшық, Ақайтөбе және Қостөбе (оңтүстік) материалдарымен бірдей.
## Дереккөздер |
Қажы Мұхаммед хан (тат. Хаҗи Мөхәммәт хан, туған жылы белгісіз - 1423 немесе 1427) — Шибан әулетінен шыққан Жошы ұлысының ханы (1419), Түмен хандығының билеушісі (1420—1423/1427).
## Шығу тегі және ұрпақтары
Қажы Мұхаммед Шибанның жетінші ұрпағы. Шибан ұлысынының ханы Меңгу Темірдің шөбересі. Оның шежіресі келесідей:Шыңғысхан — Жошы — Шибан — Баһадур — Жошы Бұқа — Бадақұл оғлан — Менгу Темір — Бекқұнды — Әли оғлан — Қажы Мұхаммед. Генеалогияға сүйене отырып Қажы Мұхаммедті:
* Алтын Орда ханы Болат Темір мен Әлібектің шөбересі.
* Алтын Ордалық хандар Қағанбек пен Арабшахтың жиені.
* Мұхаммед Қожа бин Қағанбектің немерелес бауыры.
* Хиуа ханы Мұстафаның (1446— 1461) немерелес ағасы
* Әбілқайыр ханның немерелес ағасы
* Жұмадық ханның туысы деген қорытынды жасауға болады. Тауарих-и гузиде нусрат намада Қажы Мұхаммедтің үш ұлы: Сайидек хан, Махмұдек хан және Шиба Ғази бар делінген. Сайидектің шөбересі қасымдық хан Шах Әли II (1535 қайтыс болған). Өз кезегінде Махмұдектің ұрпақтарының қатарына Үлкен Орда және Сібір хандығының негізін салушы Ибақ, қазан ханы Мамүки, сібір ханы Ағалақ жатады.
## Әдебиет
* Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — С. 194—199. — 408 с. — 1,000 экз. — ISBN 978-5-91852-010-9.
* Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — С. 93, 95. — 752 с. — ISBN 5-02-018193-5.
* Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды. — Саранск: Мордов. кн. изд-во, 1960. — С. 195—208. — 279 с. — 1,500 экз.
* Тизенгаузен В. Г. XXV. Из летописи Бедреддина Элайни // Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. — СПб.: Типография Императорской Академии наук, 1884. — Т. I. Извлечения из сочинений арабских. — С. 533—534. — XVI, 564 с.
## Тағы қараңыз |
Көктөбе (Отрабадтық) І мекенжұрты — Қоғам ауылының солтүстігінде , 18 км жерде орналасқан 1-8 ғасырларға жататын археологиялық тұрақ.
## Сипаты
Географиялық координаттары: 42Т 439098 UTM 4760971. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген. "Алаңқайлы төбе" типіндегі ескерткіш. Орталық төбенің диаметрі 70 м, биіктігі 5 м. Оны алаң қоршап тұр. Алаңның ең енді жері- 40 м, ол оңтүстік-шығыс жағында. Төбе бетінен табылған керамика Қостөбенің (оңтүстік) жоғарғы қабатының керамикасымен сәйкес - нуалы тұтқасы және мойнында білік жүргізілген құмыралар, тікбұрышты ернеулі құмдар, бүдір салынған ыдыстар, сонымен қатар, шүмекті құмыралар, металдан жасалған шығыстық ыдыстарға еліктеген, жылтыратылған қызыл ангобты саптыаяқтар кездеседі. Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Жартөбе қалажұрты — Көксарай ауылының оңтүстігінде, 17,5 км жерде, Сырдарияның 3 км қашықтықта орналасқан, б.д. бірінші ғасырлары -12-15 ғасырларға жататын археологиялық мекен.
## Сипаты
Географиялық координаттары : 42Т 432563 UTM 4703690. 1900 жылы Н. В.Руднев, 1949-50 жж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының ирригациялық отряды (В.А.Грошев) зерттеген. Жосында шаршы тәрізді, көлемі 210×210 м, биіктігі 3 м төбе. Бұрыштары дүниенің төрт тарапына қараған. Оңтүстік бұрышында және оңтүстік-шығыс қабырғасында екі мұнарасы бар үймек-дуалмен қоршалған. Соңғы мұнарадан солтүстік-батысқа қарай төбе үстімен аласа үймек тартылған. Оңтүстік бұрыштағы мұнараның екі жағынан да үймек үстімен бойлай салынған биіктігі 2 м қабырға қалдықтары анықталды. Сыртқы жағынан ені 7-8 м, тереңдігі 1-1,5 м ормен қоршалған. В.А.Грошев қалажұртта көлемі 1,5×2×1,5 м шурф салынған. Кесіндіде ешқандай құрылыс конструкциялары табылмады. Сырсыз керамиканың ұсақ үлгілері кездесті. Алдын-ала мерзімі 12-15 ғғ. жатқызылды. Қайтара 18-19 ғғ. Сырдарияның сол жағалауын бойлаған керуен жолын күзеткен бекініс ретінде пайдаланылған.
## Тағы қараңыз
* Археологиялық ескерткіштер
* Обалар
## Дереккөздер |
Болатбай мекенжұрты — Қоғам ауылының солтүстік-батысында 7,5 км жерде, Марданкүйік қалажұртынан оңтүстік-батысқа қарай 1,7 км қашықтықта орналасқан, 1-8 ғасырларға жататын археологиялық мекен.
## Сипаты
Географиялық координаттары: 42Т 437101 UTM 4749661. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының отряды (К.М.Байпақов, Д.А.Воякин) зерттеген. "Алаңқайлы төбе" типіндегі ескерткіш. Сопақша келген, диаметрі 80 м, биіктігі 4 м төбе. Төбеге оңтүстік-шығыстан көлемі 80×80 м, биіктігі 1,5 м алаң жапсарласады. Алаң бетінде екі төбе байқалады. Негізгі төбе мен оған жапсарлас аумақтың беті қатты күйген. Мұнда кесектің күйген сынықтары табылды. Барлық керамика түрлері Қостөбе (оңтүстік) керамикасымен бірдей.
## Дереккөздер |
Төрткүл (Көлқұдықтық) — Көлқұдық ауылының солтүстік шетінде орналасқан, 9-11 ғасырларға жататын археологиялық мекен.
## Сипаты
Географиялық координаттары: 42Т 403628 UTM 4764665 . Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2004 ж. ашып, зерттеген (С.З.Ахмет, Н.О.Алдабергенов, З.К.Исабеков), Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 2005 жылы зерттеген (К.М.Байпаков, Д.А.Воякин, С.Ш. Ақылбек). Жосыны шаршы болып келген төрткүлдің көлемі 60×60 м, жандарымен аздаған ауытқуды айтпағанда дүниенің төрт бұрышына қарап тұр. Құрлық бетінен 2 м-ге шығып тұр. Ені 15 м, тереңдігі 3 м келетін терең ормен қоршалған. Сыртқа жартылай шығыңқы етіп салынған сегіз мұнарасы болған: 4-і бұрыштарында, 4-і қабырғалар ортасында. Оңтүстік-батыс бұрышының батыс жағында кіреберіс пандусының орны байқалады. Төрткүлге айналдыра рабад жапсарланады. Рабад көлемі 240×160 м, шығыстан батысқа созылып жатыр. Рабадты айналдыра ормен қоршаған, ордың ені 8-10 м, тереңдігі 1,5 м.
## Дереккөздер |
Сасы Бұқа хан — Ақ Орданың ханы (1318 — 1321). Баян ханның ұлы. Алтын Орда ханы Құзыр мен Ақ Орда ханы Ерзеннің әкесі.
## Басқаруы
Сасы Бұқа тұсында Ақ Орда әкесінің кезіндегідей Алтын Ордаға тәуелді болды. “Мунтахиб ат-тауарихи Муини” авторы Му’ин әд-Дин Натанзидің айтуынша Сасы Бұқа Өзбек ханның замандасы және Ноғайдың ұлы, Алтын Орданың батыс ұлысының билеушісі. Сасы Бұқа билік еткен кезеңі туралы мәліметтер сақталмаған. Натанзидің айтуынша, Сасы Бұқа 1321 жылы өз ажалынан қайтыс болған. Денесі Сауран қаласына жерленген.
## Пайдаланылған cілтемелер
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Ақтөбе 1 (Күйіктік) қалажұрты — Қоғам ауылының солтүстік-батысында , 11 км жерде орналасқан 8-13 ғасырларға жататын археологиялық мекен.
## Сипаты
Географиялық координаттары: 42Т 437015 UTM 4753515. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген. Қала үш бөліктен тұрады. Қала қалдығы үш қабатты : цитадель, шахристан және рабадтан тұрады. Цитадель шахристанның ортасында орналасқан, көлемі 80×30 м, биіктігі 5,5 м. Шахристан дөңгеленген пәс төбе болып қалған, оның диаметрі 200 м-дей, мұнаралы қабырғамен қоршалған. Шахристанға батыс және солтүстік жағынан кіретін болған. Рабад шахристанға оңтүстіктен жапсарласады. Оның орны көне каналдың бойына топтасқан биіктігі мен аумағы әртүрлі жайдақ төбе түрінде сақталған. Керамикасы асханалық көзелер , құмдар, су таситын құмыралар , дастархандар мен ошақтардың сынығынан тұрады. Сырлы керамикадан тостағандар, жайдак және дискітәріздес табанды кеселер бар. Шыңылтыры мөлдір, ақ ангобтың үстінен жағылған. Өрнектері қызыл, ашық қоңыр бояулармен жасалған. Өрнектері әдетте, орама гүлдерден тұрады.
## Дереккөздер |
Абдрахман Асылбек – 1 мамыр 1938 жыл Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы) – ақын.
* ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған.
* Аспирантурада оқыған, облыстық газетте
* республикалық Қазақ радиосында
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған.
* «Жазушы» баспасы
* «Жалын» баспасы
* Қазақстан жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында
* Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде
* республикалық «Әділет» газетінде
* «Мәдениет» газетінде
* «Заң» газетінде
* «Көзқарас» газетінде қызмет істеген.
* «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,
* Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, қазіргі кезде осы газетте бас редактордың орынбасары.
1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.
## Шығармалары
* Жапырақтар. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1961
* Қиял қиясында. Аңыздар.А., ҚМ КӨБ, 1963
* Алтын дән. Ертегі А., «Жазушы», 1967
* Ал атау аясында. Ертегі-поэма. А., «Жазушы», 1969
* Ғажап бала. Аңыздар, ертегілер. А., «Жазушы», 1969
* Балам туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971
* Әлемге үні тараған. Балладалар. А., «Жазушы», 1971
* Көкорай көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973
* Түрлі-түрлі бала бар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974
* Туысынды таптық ба? Сатиралық өлеңдер. А., «Жалын», 1976
* Светофор сыры. Өлеңдер. А., «Мектеп», 1977
* Алтын арай. Өлеңдер, ертегілер. А., «Жалын», 1980
* Ерден атайдың ертегілері. Ертегілер. А., «Мектеп», 1980
* Достық балладасы. Балладалар. А., «Жазушы», 1981
* Байқа, балақай. Өлеңдер. Әңгімелер. А., «Мектеп», 1982
* Бәйшешектер. Ертегілер. А., «Мектеп», 1984
* Хантау қойнауында. Деректі повесть. А., «Қайнар», 1982
* Ақ тілек. Өлеңдер, жүмбақтар, ертегілер. А., «Жалын», 1985
* За тучами - солнце. Сказки. А., «Жалын», 1986
* Сауысқанның сәлемі. Сықақтар, мысалдар. А., «Жазушы», 1986
* Сый қырлы сыбызғы. Ертегілер. А., 1988
* Ақ моншақты аруым. Әндер. А., «Өнер», 1995
* Шапағат шуағы. Өмірдерек. А., «Қайнар», 1997
* Балбүлақ. Өлеңдер, ертегілер. А., «Рауан», 2000
* Айдай сұлу аруым. Әндер. А., «Әуен», 2001
* Әнші бала. Әндер. А., «Әуен», 2002
* Сүйеді әкем. Әндер. А., «Әуен», 2003
* Биназар батыр. А., «Марш» 2004
* Байғозы батыр. А., «Мерей», 2005
* Құранға құрмет. А., «Асыл», 2007
* И.А.Крылов. Мысалдар. «Аударма», 2008.
## Дереккөздер |
Майсор — Шідерті алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында, Шідерті кентінен оңтүстікке қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен 262 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,2 км2, су жиналатын алабы 522 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 11,3 км. Жағалауы жазық, шығыс және батыс бөлігінде қамыс өскен. Көлге оңтүстігінен көктем айларында Құржаман өзені құяды. Оңтүстік-батысында Жарсор көлі жатыр. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Майсор — Шідерті алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бозшакөл темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде, теңіз деңгейінен 194 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,8 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Қазаншұңқырда жатқан дөңгелек пішіндес көл жағалауының басым бөлігінде қамыс өскен. Жаз айларында кей жылдары құрғап қалады немесе шалшықты батпаққа айналады. Қар, жауын-шашын суларымен толысады. Алабы шабындық және мал жайылымы. Онда бірнеше жайлау орналасқан.
## Дереккөздер |
Шымтай хан - Ақ Орданың ханы. Ерзен ханның ұлы. Мүбәрәк Қожа ханның інісі. Оның баласы атақты Ұрыс хан. Ұрыс ханның Алтын Орданың да ханы болғаны белгілі. Шымтай хан өзінің алдында билік еткен хандардың саясатын жалғастырды.
## Тағы қараңыз |
Жалаулы мекенжұрты (Аққұм ауылдық округі) — 4-12 ғғ. жататын археологиялық жер. Аққұм ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде.
## Мекенжұрттың сипаты
Географиялық координаттары: 42Т 403611 UTM 46811727. Ескерткіш Шардара ауданының территориясында орналасқан, алайда бұрынғы зерттеушілер оны Отырар ауданына жатқызып келген. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық - музейі (С.З.Ахмет) 2002 ж. зерттеген. Жалаулы тауының етегінде орналасқан, жергілікті тұрғындар оны "Қалмаққала" деп атайды. Мекенжұрты көлемі 56×42 м, биіктігі 2,3 м, сопақша келген төбе мен жайылып кеткен қабырғамен қоршалған алаңнан тұрады. ені 4-5 м, биіктігі 0,4 м болатын жон түрінде сақталған қабырғалары бірнеше бұрылыстармен салынған. Жалпы ұзындығы 212 м болатын солтүстік-батыс қабырғасы екі рет оңтүстік-батысқа қарай тік бұрылады, біріншісінде батыс бұрыштан 30 м жерден 2 м-ге , сосын 55 м-ден кейін 50 м-ге ішке енеді. Жалпы ұзындығы 165 болатын оңтүстік-батыс қабырға батыс бұрыштан 95 м-ге ұзаған соң солтүстік-батысқа қарай 20 м-ге тік бұрылады да сосын бұрынғы бағытымен 50 м тартылған. Оңтүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 140 м , солтүстік-шығыс қабырғасынікі 120 м. Төбе алаңның солтүстік бөлігінде орналасқан.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.