text
stringlengths 3
252k
|
---|
Дремасов Владимир Кудратович (30 сәуiр 1937 жыл, Ашхабад қаласы) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы.
1969 ж. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Целиноград ауыл шаруашылық институтының жанындағы кеңшар және ұжымшар басшыларының республикалық мектебін, КОКП ОК жанындағы Мәскеу жоғары партия мектебін (1976) бітірген.
## Қызмет жолы
* 1966-68 ж. Амангелді кеңшарында зоотехник, Ленин аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары,
* 1968-70 ж. Корнеев кеңшарының директоры, Тимиряцев аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
* 1971-75 ж. Қазақстан Компартиясы Тимирязцев аудандық комитетінің 2 хатшысы,
* 1975-77 ж. Жамбыл аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
* 1977-85 ж. Жамбыл аудандық атқару комитетінің төрағасы,
* 1985-89 ж. Құс шаруашылығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы өндірістік бірлестігінің бас директоры,
* 1989-90 ж. облыстық атқару комитетінің төрағасының 1 орынбасары болып қызмет атқарған.
* 1990 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы «Север» агрофирмасының бас директоры.
## Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен, медалдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қызылжарсай – Ойыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 22 км.
## Бастауы
Бастауын Қобда ауданы жерінен алып, Қайыңды өзеніне Ақсарай қыстауы маңында сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Бастауындағы арна жағалауы биіктігі 7 м болатын жарқабақты келген. Орта және төменгі арнасы кеңейіп құм-төбелі жазық өңірмен өтеді. Жаз айларында ағысы қарасуларға бөлініп қалады.
## Дереккөздер |
Қаттыкөл, Аппақ — Ойыл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының солтүстік-шығысында 2 км жерде, теңіз деңгейінен 13 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Күрделі пішінді көлдің аумағы 3,8 км2, ұзындығы 13 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 17,2 км. Көлдің оңтүстігін ала бірімен-бірі тармақтармен жалғасқан бірнеше көл тізбектері жатыр. Көктем айларында Ойылдың тармағы - Көздіқара өзенінің тасуынан бұл көлдер Қаттыкөлмен бірігіп кетеді. Суын шабындықты суландыруға және мал суаруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ – Шу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 127 км, су жиналатын алабы 3720 км2.
## Бастауы
Бетпақдаланың оңтүстік бөлігіндегі аласа төбешіктерден басталып, Көкқайнар ауылы тұсында тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Қар суымен толығады. Жағасы аласа жарлы. Көктемде арнасында 10-15 күндей ағын болып, жазда тартылып, су тапшы жылдары құрғақ арнаға айналады. Жылдық орташа су ағымы Ақбастауға құяр тұсында 0,05 м3/с.
## Дереккөздер |
Сарыайдын — Сарыөзен (Кіші Өзен) алабындағы көл.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылынан шығысқа қарай 2 км жерде, Сарыөзеннің сағасында орналасқан. Теңіз деңгейінен 6,0 м төмен.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,95 км2, ұзындығы 3,5 км, ені 2,3 км, жағалауының ұзындығы 12 км. Жаз айларында Сарыайдынның суы тартылып қалады. Жағалауы шабындық және жайылым.
## Дереккөздер |
Құлжанов Бауыржан Ниязұлы (1953, Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы (қазіргі Аққайың ауданы), Ленин ауылы) — қазақша күрестен спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Кеден қызметінің алғашқы полковнигі. Петропавл педагогокалық институтын, Омбы дене тәрбиесі институтын, Ресей кеден академиясын бітірген. 1974 ж. Қазақстан чемпионы, Қажымұқан жүлдесінің иегері.
## Еңбек жолы
* 10 жыл бойы еркін күрес, самбо, қазақша күрестен облыстың құрама командасының құрамында болды.
* 1993 ж. қайтадан жасақталған Солтүстік Қазақстан облысы кеден қызметінің бастығы болып сайланды.
* 2002 ж. Жамбыл облысы бойынша кеден басқармасының бастығы қызметіне ауыстырылды.
* Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының кеңесшісі.
2003 ж. Бауыржанның 50 жасқа толу құрметіне республиканың спорт комитетінің шешімімен Петропавл қаласында қазақша күрестен Қазақстан кубогі өткізілді.
## Дереккөздер |
Сабыр Сарығожин (туған жылы белгісіз, Қаратөбе ауданы - 1925 жыл, Лондон) - Алашорда әскери комиссары.
## Өмірбаяны
Сабыр бала кезінде Оралдағы реалды әскери мектебіне түсіп, оны аса жақсы нәтижемен бітіріп, Мәскеудегі жоғары әскери мектепке жолдама алады. Осы арада айта кететін жайт, С.Сарығожиннің аталған оқу орындарына қай жылдары түскені, қашан бітіргені белгісіз. С.Сарығожин Мәскеудің жоғары X әскери мектебін үздік бітіреді. Бірақ бұл оған пайда бермейді. Оның алғырлығы мен тапқырлық талантына қызыққан патша жандармдары Сабырды елге қайтармай, өздері үшін қызмет істетудің қамын жасап, Мәскеуге алып қалады. Сонымен, ол көп жылдар Мәскеуде Ресей патшасы әскерінде қызмет етеді. С.Сарығожиннің елге қашан оралғаны да анық емес.
1918 жылы Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің әскери комиссары болып тағайындалады. Ол жұмысты бір жыл атқарады. Сол кезде Алаш әскерінің кәсіби деңгейін көтеру үшін барын салып жұмыс істесе керек. Алашорда таратылып, қызыл үкімет орнай бастаған кезде бұрын ақ патша әскерінің құрамында жұмыс істеген, кейін Алашорданың әскери комиссары болған адамды қызыл үкіметтің аяусыз жазалайтынын сезсе керек, 1919 жылдың күзінде Қара теңіз арқылы шетел асып, Ұлыбританияға жетеді.
Лондонда не істеді, қалай өмір сүрді - ол жағы бізге белгісіз. 1925 жылы қайтыс болғаны туралы ғана дерек бар.
## Дереккөздер |
Янг Соух Тегін (Янсу тегін) — Түрік қағанатының батыс аймағының ханы, батыс аймақ билеушісі Қара Шұрын Түріктің екінші ұлы. Пайкенд және Бұхараның билеушісі.
## Төремен Апа-ханмен соғыс. 587 жыл
Янг Соух Тегіннің есімі қытай деректерінде өте аз кездеседі. Мұның себебі, ол қағанаттың жоғарғы билеушісі болмаған. Деседе ол Батыс Түрік қағанаты тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі. Өйткені Батыс Түрік қағанатындағы билеуші династияның негізін Янг Соух тегін қалаған. 587 жылы біртұтас қағанат қаған мен батыс аймақ билеушісі Қара Шұрын Түрік арасындағы алауыздық салдарынан әлсірей бастады. Қытай дипломаттары қағанды абыройлы хандардың бірі Төремен Апа-ханмен соғысуға арандатты. Нәтижесінде Төремен Қара Шұрын Түрікпен одақтасып қағанға қарсы шықты. Кейіннен бұл одақ тарап кетті де, Төремен Бұхарадан 40 шақырым жердегі Пайкенд қамалын басып алды. Апа-хан Бұхара халқына қысым көрсеткендіктен, байлар қашып кетсе, кедейлер қағанаттан көмек сұрады. Қара Шұрын Түрік қағанмен келісіп Төремен Апа-ханға қарсы жорыққа аттанды. Әскерді Ашина Чулохоу қытай байрақтарымен бастап келді (Төременге қарсы қытай әскері жорыққа аттанды деген сыбыс таратты). Ал шығыс жақтан Қара Шұрын Түріктің екінші ұлы Янг Соух тегін аттанды. Онымен қоса оларға Баға Ышбара ханның ұлы Тұлан және Қара Шұрын Түріктің үлкен ұлы Күлік Сібір де қосылды.
## Дереккөздер |
Ыбырайым Таусиқұлы Тәжиев (20.4. 1904, қазіргі Сырдария ауданы Қараөзек өңірі – 28.9.1960, Мәскеу) – мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты (1948).
## Өмірбаяны
* 1919 – 1920 жж. Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленді.
* Қазақ халық ағарту институтын (1923), Ленинград (Санкт-Петербург) политехникалық институтын (1931) бітірген.
* 1931 – 1933 жж. Мәскеудегі «Оргэнерго» мемлекеттік тресінде инженер, қуат тобы меңгерушісінің орынбасары, «Средазэнерго» тресінің бастығы болып істеді.
* 1933 – 1937 жж. Алматы орталық электр станциясының құрылысының, Алматы электр энергиясы басқармасының бастығы.
* 1937 – 1940 жж.[Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, халық комиссары, Қазақ КСР ХКК төрағасының орынбасары болды.
* 1940 – 1943 жж. Қарағанды СЭС-і құрылысының бастығы, КСРО электр станциялары халық комиссариатының бүкілодақтық «Главпромэнергомонтаж» бас басқармасының бастығы.
* 1943 – 1953 жж. Республикалық мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы және ХКК төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
* 1954 – 1959 жж. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
* 1959 – 1960 жж. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі болды.
## Марапаттары
* 3 рет Еңбек Қызыл Ту
* «Құрмет белгісі» ордендерімен
* медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сәлкен Дәуленұлы Дәуленов (10 қазан 1907 жыл, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы - 29 ақпан, 1984 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері.
## Өмірбаяны
* Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Алты-Қарасу болысында бақташы болып бастады.
* 1925 жылдың қыркүйегінен Ақтөбе қаласындағы балалар коммунасының тәрбиеленушісі.
* 1927 жылдың қарашасынан - Ақтөбе округтік комсомол комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі.
* 1928 жылдың қыркүйегінен - Ташкент қаласындағы Ортаазиялық мемлекеттік универститеті жанындағы жұмысшы факультетінің студенті.
* 1931 жылдан - Ортаазиялық жоспарлау-экономикалық институтының студенті, оны 1933 жылы бітіріп шықты.
* 1933 жылғы желтоқсаннан Тәжік АКСР-і Жырғатал ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары
* 1934 жылғы тамыздан - Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жоспарлау бөлімінің бастығы.
* 1936 жылғы қарашадан - Алматы қаласы Ленин аудандық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы
* 1937 жылғы желтоқсаннан - Алматы қалалық партия комитетінің үшінші хатшысы.
* 1938 жылдың ақпанынан - Қазақстан Коммунистік партиясының үшінші, екінші хатшысы болды
* 1939 жылдың қазанынан - Башқұрт АКСР-і Абзелил ауданы Янгель астық кеңшарының директоры.
* 1944 жылдың маусымынан - Талдықорған облыстық жер басқармасының бастығы.
* 1945 жылдың сәуірінен - Түркістан облысы еңбекші депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы
* 1951 жылдың ақпанынан - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Су шаруашылығы бас басқармасының бастығы
* 1953 жылғы мамыр-қараша аралығында - Қазақ КСР ауыл шаруашылығы және дайындау министрлігінің бас басқармасының бастығы.
* 1953 жылдың қарашасынан - Қазақ КСР жоғары тұтыну тауарлары өнеркәсібі министрінің орынбасары.
* 1954 жылдың тамызынан - Қазақ КСР су шаруашылығы министрі.
* 1957 жылдың шілдесінен - Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.
* 1960 жылғы қыркүйектен - Семей облысы партия комитетінің 1-хатшысы.
* 1961 жылдың қаңтары 1962 жылдың қыркүйегі - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
* 1963 жылдың ақпанынан - Жамбыл облысы жоспарлау комитетінің төрағасы.
* 1966 жылдың ақпанынан Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитетінің аумақтық жоспарлау бөлімінің бастығы.
* 1975 жылдың сәуірінен - ордақтық дәрежедегі зейнеткер.
* 1961 – 1963 жылдары КОКП ОК-нің мүшесі және КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаты.
## Марапаттары
* 3 рет Еңбек Қызыл Ту
* 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әбдіқадыров Кәкім (1920, бұрынғы Сырдария облысы 14 разъезд – 1.11.1978) – соғыс ардагері, [Даңқ ордені|Даңқ орденінің толық иегері (1942 – 43).2-дүниежүзілік соғыс| 2-дүниежүзілік соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. Ленинград майданы құрамында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын қорғауда 2 рет ауыр жарақат алған. Соғысты Прага қаласында аяқтаған. Бірнеше медальдармен марапатталып, 4 рет Жоғарғы Бас қолбасшыдан алғыс алған. Соғыстан кейін халық шаруашылығында еңбек еткен.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, |
Боғда Қараұлы (1765 жыл — 1845 жыл) — күйші композитор
## Өмірбаяны
Абылдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы.
Ол Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбет Өтемісұлымен жақсы қарым-қатынаста болған.
## Шығармашылығы
Оның күйлері Ақтөбе, Орал, Маңғыстау өңірінде кеңінен таралған. Б.Асан Қайғының, Соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар “Алпыс екі Ақжелеңді” түгел тарта білген күйші.
Боғданың кең тараған “Боз төбе”, “Жем суының тасқыны”, “Екіндіде ел іздеген”, “Боғда”, “Қара жаяу” күйлері — терең философиямен толғауға толы лирикалық туындылар. Олардың мейлінше сұлу, қалыпты ырғағынан қайрат, сабырлылық пен жігерлілік сезіледі. Бізге жеткен шығармаларының ішінде дәстүрлі жанрдағы “Сегіз лақ” (ортеке жанрында), “Кербез Ақжелең” мен “Кербез Керік” (Ақжелең жанрында) тәрізді күйлері де мазмұндылығымен, бейнелеу мәнерімен, өзіне ғана тән ерекшелігімен назар аудартады.
## Ізін жалғастырушылары
Қазіргі орындаушыларға Боғданың оншақты күйі белгілі. Оның “Боз төбе” күйін ең алғаш А.В.Затаевичке орындап беріп, нотаға түсірткен Ғ.Мұхитов. Одан кейін күйші мұрасын арнайы зерттеген — Т. Мерғалиев. Боғда күйлері белгілі домбырашылар С.Жалмышев, Боғда Басығараевтардың репертуарынан орын алған.
## Дереккөздер |
Сарыбие – Көктас алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Ақжол қыратының оңтүстік беткейінен ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Көктас өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 35 км.
## Гидрологиясы
Жағасы жайдақ, арнасы біршама ирелең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жеке қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабы шөбі шүйгін жайылымдық болып табылады.
## Дереккөздер |
Сарыөлең – Тоқырау алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км.
## Бастауы
Дуақтас тауының беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Қаршығалы өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысында тау өзені , төменгі бөлігі жазық өзені сипатын алады. Жағасы жайдақ, түбі құмдауытты. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірдің аяғында тасиды, шілдеде төменгі деңгей орнайды. 1 саласы (Кеңасу өзені) бар , ұзындығы 15 км. Ақжарық және Кеңасу ауылдарын ауыз сумен жабдықтауға пайдаланылады. Өзен алабында шабындық жерлер мол.
## Дереккөздер |
Шатыркөл – Шу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 233 км2.
## Бастауы
Кіндіктас тауының батыс беткейіндегі бұлақтан басталып, Көктөбе ауылынан 3,3 км шығыста тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Аңғары астау тәрізді, беткейлері тік, арнасы ирелең. Жауын-шашан, жер асты суымен толығады. Наурыз — сәуір айларында тасып, жазда қара суларға бөлініп қалады. Көпжылдық орташа су ағымы сағасында 0,055 м3/с.
## Дереккөздер |
Дзюдодан әлем чемпионаты 2015 қазақстандық Астана қаласындағы Алау мұзайдыны сарайында 2015 жылдың 15 - 30 тамыз күндері аралығында өтті.
## Өтілу кестесі
Астана уақыты бойынша (UTC+6).
## Медальдық есеп
## Дереккөздер |
Қарақой – Торғай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Әйтеке би және Ырғыз аудандарының жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Тұмабұлақ ауылының тұсындағы бұлақтардан алып, Күйіккөл сорына құяды. Ұзындығы 67 км.
## Гидрологиясы
Иірімділігі орташа, өзен аңғары мен су жиналатын алабы құмды, сортаңды топырақтардан тұрады. Жағалауының кейбір бөліктерінде бұталар өскен. Өзен бойында Қарабастау, Ақбақан, т.б. қыстаулар орналасқан. Суы тұзды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады.
## Дереккөздер |
Қалжыр — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл, Қалжыр ауылдық округі орталығы. КАТО-дағы коды — 635263100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жиделі (бұрынғы атауы Ордынка) — Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданы, Боран ауылдық округі құрамындағы ауыл. КАТО-дағы коды — 635243300.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Елдос Бақтыбайұлы Сметов (9 қыркүйек 1992, Каменка, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Париж Олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл). Ол Франциядағы Париж қаласында өткен 2024 жылғы Жазғы Олимпияда ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Елдос Париж 2024 олимпиада ойындарында дзюдо бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальды еншіледі. Париждегі ойындардың финалында ол Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.
## Жеке өмірі
Елдос Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде оқиды. Әкесі-жеке кәсіпкер, анасы-үй шаруасымен айналысады. Елдос Сметов өзінің дзюдомен кәсіпқой дзюдошы ағасы Жандос Сметовтан үлгі алып, 5 жасынан спортқа белсене араласып келеді. 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған.
Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында алғашқы жеңіс Еддос Сметов қарсыласы Иппонды жеңіп, ливиялық Мұхаммед Елқависті жеңді. Сметовтың екінші жеңісі дзюдодағы көптеген әлем чемпионаттарының жүлдегері болып табылатын британдық Эшли Маккензиге қарсы күрес жүргізді. Қарсыластың теориялық тұрғыдан күшті болғанына қарамастан, қазақ жоғары қолды алды. Содан кейін Сметов Өзбекстаннан келген дзюдошы Дюрбек Урозбевты шалқасынан құлатқан болатын. Финалда дзюдошылар Әзірбайжан балуаны Орхан Ильхамлы Сафаровты жеңді. Бұл шайқас қатал болды, бірақ қалыпты уақыт аяқталғанға дейін 20 секунд өткенде қазақ қарсыласын жеңді. Финалда Елдос Сметов ресейлік дзюдошы Беслан Мудрановты қосымша уақытқа жоғалтып, «күміс» алды. Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерінің алғашқы жаттықтырушысы - Ахмет Жұмағұлов. Ұлттық құраманың құрамында Елдос Сметов Ермек Иманбековтың басшылығымен жаттығады. Бразилиядан Қазақстанға сәлем жолдаған Елдос Сметов болашақта алтын медаль үшін қуанышқа бөленетін отандастарға уәде етті.
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Елдос Сметов финалда Беслан Мудрановты ұтқан болатын. Алайда ресейлік жаңартылған IJF рейтингінде алтыншы орында қалды.
Елдос Сметов халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында 2017 жылдың қаңтарында жаңартылған дзюдо рейтингісіне қатарына кіреді. Ерлер ішіндегі 60 кг дейінгі салмақ санатына Қазақстаннан келген Елдос Сметов жетекшілік етті, ол өткен жылдың желтоқсан айында татами шеберлерінің тізімінде үшінші орынға ие болды. Оның үстінде Азербайжанның Орхан Сафаров (екінші орын) және корейлік Ким Вон Джин (бірінші орын) болды. Қазір жеңіл салмақта жаңа көшбасшы болып келеді.Сонымен қатар, дзюдошының танымалдығы жоғары деңгейде. Әлеуметтік желілерде Елдос Сметовтың 60-тан астам жалған парақшалары бар.
## Жетістіктері
Осы жылдар аралығында Елдос Сметов 2010 жылы Мороккода өткен жастар арасындағы жарыстан чемпион атанды, 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасында жастар арасында өткізілген жарыста қола медаль, 2011 жылы Қытайда әлемдік қола гран-при жүлдесін алды. 2011 жылы Өзбекстанда өткізілген жарыста әлем кубогының жүлдегері атанды,2013 жылы Польшада өткізілген Еуропа кубыгын, 2013 жылы Грузияда Еуропа кубыгының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар, 2013 жылғы Турциядағы күміс жүлдегері, 2013 жылы Таиландта өткізілген Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылы Алматыда өткізілген әлемдік гран-придың бас жүлдегері атанды. «TAK Astana Club» құрамында болып, 2013 жылы Астанада болған халықаралық жарыста 1-орынды иеленді. 2013 жылы болған Бразилиядағы әлемдік чемпионатта белсенді қатысқан. Париж 2024 олимпиада ойындарында мықты қарсыластарын артқа тастап, алтыннан алқа тақты.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Елдостың Facebook.com-дағы жеке беті
* Қазақстан дзюдо федерациясы Мұрағатталған 8 тамыздың 2016 жылы.
* Халықаралық дзюдо федерациясы
* Биографиясы(қолжетпейтін сілтеме) |
Көкдала сөзі мынадай мағынала білдіруі мүмкін:
## Елді мекен атауы
* Көкдала — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Көкдала — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл.
## Басқа
* Көкдала (құдық) — Жаңадария өзенінің аңғарындағы артезиандық құдық. |
Шамғали Харесұлы Сарыбаев (11.3.1893, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы — 5.4.1958, Алматы) — ғалым, қазақ тілі әдіснамасының негізін салушылардың бірі, пед. ғыл. канд. (1943), доцент (1947).
Байұлы тайпасының Байбақты руының Бұғанай бөлімінен шыққан.
* Орынбордағы “Құсаиния” медресесін бітіріп, 1916 жылдан Түркістан маңындағы ауылдарда мұғалім, 1918 ж. Шымкентте уездік оқу-ағарту басқармасының бастығы болды.
* Шымкент қаласында тұңғыш рет педагогикалық курс ашып, қазақ тілінен сабақ берді, Ақтөбе майданында үгітші болды.
* 1919 — 20 жылдары Ташкенттегі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
* 1921 — 23 жылдары Алматыда қазақ педагогикалық техникумын ұйымдастырды.
* 1923 — 54 жылдары Ташкенттегі Орталық Азия коммунистік университетінде, Алматыдағы Қазақ журналистика институтында, Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында, Қазақ мемл. университетінде дәріс оқыды.
* Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, педагогика туралы 100-ге тарта ғылыми мақаласы, сондай-ақ он шақты монографиясы жарық көрген. Көп жылдар бойы қазақ, қарақалпақ ауыз әдебиеті материалдарын жинады. Жамбыл туралы алғаш рет мақала жазды (“Терме” журналы, 1925, ғ1). “Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі” атағын алған, “Құрмет белгісі” орденімен (1954), көптеген медальмен марапатталған.
## Ұрпақтары
Ұлдары: Болат Сарыбаев - танымал музыка аспаптарын зерттеуші, Шора Сарыбаев - лингвист-ғалым.Немерелері: Талғат Болатұлы Сарыбаев - композитор, Қайрат Шораұлы Сарыбаев - дипломат.
## Шығармалары
* Еңбек және мектеп. Бастауыш мектептің үшінші жылына арналған оқу кітабы, А., 1930;
* Жаздырып үйретудің әдістері, Таш., 1932;
* Үшінші кластың ана тілі оқулығына методикалық нұсқаулар, А., 1955;
* Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері, А., 1956.
## Сілтемелер
* Сарыбаев Шора Шамғалиұлы
* Сарыбаев Болат Шамғалиұлы
## Дереккөздер |
Егінсу — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Егінсу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Йигит Өзшенер (түр. Yiğit Özşener, 6 сәуір 1972) — түрік актері. Түркияның Езел және т.б телесериалдарында басты рөлдерді сомдады.
## Биографиясы
Йигит Өзшенер 1972 жылы 6 сәуірде Түркияның Измир қаласында дүниеге келген.Өзшенер 1996 жылы Ыстамбұлдағы Йылдыз университетінде коммуникация саласының инженері мамандығын алып шығады. Өзшенер Şahika Tekand студиясында актерлік шеберлікке үйренген. Онымен қоса әртүрлі пьесаларда ойнады. Солардың қатарында Гарольд Пинтердың Мылқау даяшы қойылымы да бар. Ол Turkcell роликторында "Özgür Çocuk" (Еркін бала) рөлін ойнау арқылы көпшіліктің назарын өзіне аударды. Ол Karanlıkta Koşanlarс Uğur Yücel сериалында ойнады. Кейіннен Üzgünüm Leyla сериалында ойнаған болатын. Онымен қоса O Şimdi Asker, Gece 11:45 және Beş Vakit фильмдерінде басты рөлдерді сомдады. 2007 және 2009 жылдар аралығында, ол Жүрек әуені сериалында Джемиля Пашазаденың рөлімен көрінді. Бұл сериал Решат Нури Гюгтекинның романына негізделген болатын. 2009 жылдан бастап, ол Езел сериалында Дженгиз Атайдың рөлін ойнады. 2011 жылы Aşk Tesadüfleri Sever фильмінде және Kaybedenler Kulübü (Жолы болмағандар клубы) фильмдерінде басты рөлдерді сомдады.
## Фильмографиясы
* . Üzgünüm Leyla (2000)
* . Herkes Kendi Evinde (2000)
* . Karanlıkta Koşanlar (2001)
* . Yeşil Işık (2001)
* . Zeybek Ateşi (2002)
* . Unutma Beni (2002)
* . O Şimdi Asker (2002)
* . Prenses...Kankam ve Ben (2003)
* . Crude / Fırsat (2003)
* . Giz (2003)
* . Estağfurullah Yokuşu (2003)
* . Apartman (2004)
* . 24 Saat (2004)
* . Çalınan Ceset (2004)
* . Gece 11:45 (2004)
* . Arapsaçı (2004)
* . Tombala (2005)
* . Rüzgarlı Bahçe (2005)
* . Kabuslar Evi: Onlara Dokunmak (2006)
* . Rüya Gibi (2006)
* . Beş Vakit (2006)
* . Prenses Lissi ve Karadamı Yeti (2007)
* . Yoldaki Kedi (2007)
* . Kayıp (2007)
* . Dudaktan Kalbe (2007)
* . Kung Fu Panda (2008)
* . Güneşi Gördüm (2009)
* . Ezel (2009)
* . Aşk Tesadüfleri Sever (2011)
* . Kaybedenler Kulübü (2011)
* . Народ моего деда/Dedemin İnsanları (2011)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Иигит Өзшенер (ағыл.) Internet Movie Database сайтында |
Сары-Өзен полигоны – кеңес үкіметінің су қоймасына шұңқыр жасауға арналғанэкскавациялық, калибрлік полигон. Сары-Өзен полигоны Семей полигонының бір бөлігі.
«Сары-Өзен» алаңындағы ұңғымалардың орналасу сұлбасы «Сары-Өзен» алаңында 1965 жылдар мен 1980 жылдар аралығында 24 ұңғымада жерасты ядролық жарылыстары жасалды. «Сары-Өзен» алаңына жақын жатқан, Мұржық таулы массивінде, тағы бір жерасты ядролық сынақ – «Лазурит» іске асты. Алаң аумағының негізгі ластануы, №№101,111 және 215 ұңғымаларда және №№1003,125 ұңғымалардағы экскавациялық жарылыстар барысында орын алған штаттан тыс радиациялық жағдайлардан туындаған.
«Сары-Өзен» алаңындағы ұңғымалардың сағалық алаңдарының шегіндегі радионуклидтердің кеңістіктегі бөлінісі, «Балапан» алаңындағы бөлініске сәйкес келеді. Ядролық жарылыстардың топырақты сыртқа лақтыруы себебінен ұңғымалардың аймағындағы қоршаған ортаның радиоактивті ластануы бірнеше метрге созылған, ал №101 ұңғымада сынақтар өткізу барысында орын алған радиоактивті түсулер есебінен, бірнеше километрдегі арақашықтықта кездеседі. «Сары-Өзен» алаңындағы радиологиялық зерттеулер барысында 4 белгісіз ұңғыма анықталды, оларды ұқсастыру мүмкін болған жоқ.
№101 ұңғымадағы ЭДҚ мәніЭДҚ максималды мәні олардың бірінде тіркелген - 2,0 мкЗв/с, сонымен қатар: 137Cs – 2*103, 90Sr – 4*103, 241Am – 2*104 Бк/кг техногенді радионуклидтердің топырақтағы сынамаларындағы жоғары қатары тіркелген. Қазіргі уақытта «Балапан» және «Сары-Өзен» алаңдарындағы барлық ұңғымалардың бастары бөлшектенген. |
Тоғон Темір хан( 25 мамыр 1320 — 23 мамыр 1370; таққа отырғандағы есімі Ухағату қаған немесе Ухағанту қаған — «ақыл иесі») қытай тарихында Шуньди — Юань Империясының соңғы императоры. Оның билік құрған уақытында моңғол ақсүйектерінің өзара қырқысы және хань халықтарының көтерілісі өршіп тұрған еді. Ол хандық құрған кезеңде 1368 жылы моңғолдар Қытайдан қуылды. Юань әулеті тақтан біржолата кетіп, билікке Мин династиясы келді.
## Таққа отырғанға дейінгі жағдай
Тоғон Темір хан Хошиланың отбасында дүниеге келген. Сол кезде Хошила Орталық Азияға қоныстанған болатын. Есен Темір хан қайтыс болғаннан соң импирияда өзара қырқыс туындады. Осы кезде Тоғон Темір әкесімен бірге Шандудан Моңғолияға аттанды. Хошиланың өлімінен соң таққа Тоғон Темірдің бауыры Туғ Темір отырды. Тоғон Темір осы кезеңде сарайдан шеттетіліп, Корё еліне, кейіннен Гуансиге жер аударылды. 1332 жылы Туғ Темір қайтыс болды. Оның жесір қалған әйелі Будашири қатын күйеуінің өсиетімен, Туғ Темірдің ұлы Ел Тегісті емес, Хошиланың ұлы Иринджибалды таққа отырғызды. Иринджибал екі айдан кейін қайтыс болғаннан соң таққа оның ағасы Тоғон Темір отырды. Регент Ел Темір таққа Ел Тегістің отырғанын қаласа да, Будашири мұнымен келіспей Тоғон Темір Гуансиден қайта оралды.
## Басқаруы
Қытай деректеріне сүйенсек, Тоғон Темір уақытының көп бөлігін аңшылықпен өткізіп, әртүрлі теріс қылықтарымен белгілі адам болған. Онымен қоса механикамен әуестеніп, сарай бақшасына әртүрлі механикалық құрылымдарды құрастырумен айналысқан. Елді мемлекеттік канцлерлер басқарған. Олардың ішінде екі тұлға ерекше маңызға ие болған. Олар: Баян және меркіт тайпасынан шыққан Тогто болды.Баян жас императордың барлық қарсыластарын жойып, кейіннен Ханьлиньи Академиясын жауып тастады. Қызметтік емтихандарды алып тастады. Ал 1340 жылы сарайдағы берекетсіздік нәтижесінде басы алынды. Тогто өзін дарынды саясаткер ретінде көрсетті: емтихандарды қалпына келтіріп, салық көлемін азайтты және Ұлы каналдың құрылысын қайтадан жаңғыртты. 1355 жылы ол жазаға тартылып басы алынды. Нәтижесінде орталық билік әлсіреді. Солтүстіктегі бірнеше моңғол қолбасшылары жеке дара билік ете бастады (олардың ішінде Болод Темір, Цаган Темір және Хух Темір болды). Тоғон Темірдің билігінің кейінгі жылдарында елде бірнеше рет су тасқыны болды, халық арасында ауру жайлады. Сонымен қатар инфляцияға және күштеп жұмысқа жегуге (каналдың құрылысына) қарсы халық наразылығы белең алды. Осының нәтижесі ұлт-азаттық көтеріліске алып келді. 1351 жылы Қызыл орамалдылар көтерілісі басталды. 1356 жылы көтерілісшілердің көсемдерінің бірі Чжу Юаньчжан (болашақ император Хунъу) Нанкинді басып алды. Өзінің қарсыластарының көзін жойған ол Қытайдың оңтүстігіне ықпалын таратты. 1360 жылдардағы солтүстік моңғол билеушілерінің қырқысына назар аударған Чжу Юаньчжан 1368 жылы Бейжіңді басып алды. Ал Тоғон Темір әйелімен бірге солтүстіктегі астана Шандуге қашып кетті. Сол жылы Чжу Юаньчжан өз астанасын Нанкиннен Бейжіңге ауыстырып, өзін Мин династиясының императоры деп жариялады.
## Мұрасы
Моңғолдың құпия шежіресінде «Тоғон Темірдің мұңы» атты өлең жазып қалдырылған.
## Отбасы
Тоғон Темірдің патшайымы және мұрагер Аюширидардың анасы Патшайым Ки есімді атақты корей қызы болған.
## Саяхатшылар
Шамамен 1338—1349 жылдары Тоғон Темірге Дели сұлтандығының (Мұхаммед Тұғлақтың) елшісі ретінде атақты араб саяхатшысы Ибн Баттута келді.
## Кинода
Тоғон Темір хан 2013 жылы жарыққа шыққан оңтүстіккореялық Әмірші Әйел (Патшайым Ки) телесериалында басты кейіпкерлердің бірі болды. Ханның рөлін Чжи Чжан Ук ойнады. |
Сай-Өтес эксперименті (ресми емес атауы Маңғышлақ) – кеңес үкіметінің өндірістік мақсаттағы термоядролық жарылыстары (мақсаты шөлейт, құрғақ жерлерде су қорын жинауға арналған үлкен ойық жасау болатын) болып табылады.
Эксперимент 1969-1970 жылдары жүргізілген және бірнеше жерасты жарылыстары болған. Құжаттар бойынша, экспериментті атқару Орташа машинажасау министрлігіне жүктеліп, Сай-Өтес ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 100-115 шақырым жерден (қазіргі Маңғыстау облысы) эксперимент өткізуге орын бөлінген
Осы жобаның аясында үш сынақ өткізілген. Екі жарылыстың нәтижесінде эксперимент ішінара орындалып, жер беті аздап шұңқырайған. Бірақ эксперимент табысты болмады. Себебі жерастындағы тау жыныстары жарылған кезде бірақ үгітіліп кетпей, жиналған су кесек тастардың арасынан тоқтамай ағып кете берді.
## Дереккөздер |
Шора Шамғалиұлы Сарыбаев (2 наурыз 1925 жылы, Ташкент — 2 мамыр 2018 жылы, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1985). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
## Толығырақ
Байұлы тайпасының Байбақты руының Бұғанай бөлімінен шыққан.
ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 — 95 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 — 60, 1967 — 95), институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы институттың бас ғылыми қызметкері. Ғылыми-зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғылыми мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Сарыбаев профессор Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1966), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” (1969), “Жаңа атаулар сөздігін” (1992) құрастырушылардың бірі. “Қазақтың аймақтық лексикографиясы” (1976) монографиясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Сарыбаев “Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші” атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық, докторлық диссертацияларының библиографиялық көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықар. конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. 2018 жылдың 2 мамырында 94 жасына қараған шағында дүниеден озды.
## Шығармалары
* Междометие в казахском языке, А., 1959;
* Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, А., 1960;
* Современный казахский язык, А., 1962 (телавт.);
* Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1966 (телавт.);
* Қазақ диалектологиясы, А., 1967 (телавт.);
* Қазақ, моңғол тілдерінің туыстығы жайлы, А., 1967;
* Монгольско-казахские лексические параллели, А., 1971;
* Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, А., 1975 (телавт.);
* Казахская региональная лексикография, А., 1976;
* Қазақ тіліндегі аймақтық лексика, А., 1989 (телавт.);
* Қазақ тіл білімі мәселелері, А., 2000;
* Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, А., 2005 (телавт.).
## Ғылыми атақтары
* 1977 жылы Филология ғылымдарының докторы құрметті ғылыми атағы;
* 1979 жылы профессор құрметті ғылыми атағы;
* 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
## Мемлекеттік марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
* 1985 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді;
* 1985 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» құрметті медалі;
* 2001 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды.
* 2005 жылы «Ұлы Отан соғысына 60 жыл» медалі;
* 2005 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы;
* 2007 жылы жоғарғы президент жарлығы бойынша мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапаттады;
* Көптеген медалдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Балапан полигоны – кеңес үкіметінің су қоймасына шұңқыр жасауға арналғанэкскавациялық, калибрлік полигон. Балапан полигоны Семей полигонының бір бөлігі.
«Балапан» алаңыныңдағы ұңғымалардың орналасу сұлбасы "Балапан" алаңы полигонның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және 780кm² аумақты алып жатыр. Сынақ алаңы ұңғымалары, жерасты ядролық жарылыстарды және қарапайым жарылғыш заттектерді пайдалана отырып үлгідегі тәжірибелерді өткізуге пайдаланылды. Бұл алаңда барлығы 105 ядролық сынақ өткізілді және жоғары қуатты – 150 кт дейін болды, сонымен қатар жасанды су қоймасын (15 қаңтар 1965 жыл) жасау мақсатында, топырақ шығарындысымен жасалған КСРО-дағы ең алғашқы экскавациялық жарылыс болды. 4 ұңғымада (№№1007, 1069, 1204, 1301) штаттан тыс жағдай болды, олардың нәтижесінде жердің қомақты түрде ластануына жол берілді.
Атмосфералық сынақтарға қарағанда, ұңғымаларда өткізілген жерасты ядролық жарылыстарының есебінен радиоактивті ластану төменірек. Радиоактивті өнімнің бөлінісінің негізгі үлесі жыныс қабаттарында «көмулі» қалады. Ұңғымаларда жерасты ядролық жарылыстар қалыпты радиациялық жағдайда радиоактивтіліктің басым бөлігі жерастында, жарылыстың эпицентрінде қалады, ал оның сәл бір бөлігі инертті газ түрінде жер үстіне шығады.
Ұңғымалардың сағалық алаңдарын зерттеу барысында, радиациялық параметрлер көп жағдайда нормативтен аспайтынын көрсетті. Радионуклидтердің максималды шоғырлануы ұңғымалардың басында орын алған. Солай бола тұра, 10 ұңғыманың сағалық алаңдарында (оның 2-уі штаттан тыс жағдай орын алған - №1301 және №1069 ұңғ.) топырақ жамылғысының радиоактивті ластануы байқалды және ондаған метрден жүздеген метрге дейін таралған, ал тиесілі белсенділігі бойынша радиоактивті қалдықтармен теңдес. Радионуклидтердің тиесілі белсенділігі 241Am – 3*105, 137Cs – 2*106, 90Sr – 2*105, 152Eu – 5*102, 154Eu – 4*102, 239+240Pu – 2*106 Бк/кг жетеді.
1069 ұңғымадағы 137Cs, мКи/км2 жерүсті ластану тығыздығының бөлінісінің сұлбасы «Балапан» алаңында өткізілген жерасты ядролық жарылыстар кезінде құламай қалған «ауыз құйылыстарының» орын алуы – олардың кенеттен, аяқасты құлап кетуіне шынайы қатер тудырады. Жер астында жану процестері нышанының орын алуы, жер бетіне жерасты газдарының бірден шығып, артынан өртке ұласу қаупі бар. Бұған дәлел, ядролық сынақ жасалған соң, 17 жылдан кейін «Глубокая» ұңғымасында жарылыс шығып, соңынан диаметрі 100м-ден аса, тереңдігі 30м шұңқыр пайда болды. |
Дәжжәл, Тажал (араб.: دجّال) Ислам дәстүріне қатысты сөз, араб тілінен аударғанда өтірікші, алаяқ деген мағана береді. دَجَلَ (дәжәлә) етістігі өтірік айту, алдау, шатыстыру, алтын жалату, бояу деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:
— Муснад Ахмад
Терминологияда: «Дәжжәл деген үлкен биліктің иесі болатын яһуди ер адам. Заманның ақырында шығып, жер бетіндегі ең үлкен сынақ (фитна) болады. Ол өзін алғашқыда пайғамбармын деп, содан кейін құдай екенін айтады. Оған надандар мен қарапайым халық артынан еріп, оған Аллаһ тура жолға салған салихалар мен тақуалар қарсы тұрады. Ол бірде бір қаланы қалдырмай барлық жерді шарлап шығады, тек Мекке мен Медине қаласынан басқа. Дәжжәл Мәриям ұлы Исаның ﵇ қолынан қаза табады»
## Дәжжәлдің сипаттары
Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:
— Сунан Әбу Дәуд
Ол тағы айтты:
— Сахих Муслим
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қиямет |
Сайөтес, Сай-Өтес, Өтес, Өтес сайы — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, Сайөтес ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде, Батыс Жаркемер үстіртінің шетіне таяу орналасқан.
Өтес – Солтүстік Үстірт шатқалының Қайдақ шығанағына қарап жатқан сай басы. Сайда бірнеше тұщы сулы құдық бар. Құдықтың оңтүстік бетіндегі қыр үстіндегі мола да Өтес атымен аталады.
## Халқы
## Тарихы
1964 жылы Мақат-Маңғыстау темір жолының салынуына байланысты Өтес кенті құрылды. Ол біраз жылға дейін Үстірттегі геофизикалық барлаушылардың, құрылысшылардың базалық орталығы болып тұрды.
### Қазіргі жағдайы
Қазір Сайөтесте мұнай айдау стансасы және темір жол мен автомобиль жолы тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді.
## Әлеуметтік мекемелері
* Өтес орта мектебі — теміржолшылардың балаларын оқытатын мектеп болып салынып, 1965-1966 оқу жылын 120 оқушы 3 мұғаліммен бастады. 1978 жылы 8 жылдық орталау, 1989 жылдан бастап орта мектеп дәрежесіне көтерілді.
* «Балдәурен» балабақшасы
* «Жауқазын» балабақшасы
## Тағы қараңыз
* Сай-Өтес эксперименті
## Дереккөздер |
Мәженова Райхан (7 мамыр 1956 жылы туған) - жазушы, баспагер, ғалым-педагог, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері
## Өмірі
Мәженова Райхан 1956 жылы 7 мамыр айында Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін 1978 жылы бітірді. Еңбек жолын Сарыжаз орта мектебінде мұғалім болудан бастады. 1979 - 94 ж. "Мектеп" Баспасында редактор болып, 50-ден астам оқулықты басып шығарған. 1994 жылдан ҚР Медениет және ақпарат министірлігінде баспа бағдарламаларын қалыптастыру және кітап өнімінің сапасын бақылау бөлімінің бастығы болып істейді. Мәженова Райхан кәсіби баспагер ретінде республикамызда баспа ісін қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолында көп еңбек сіңірді.
### Кітаптары
Әдіскер-ғалым "Санауды үйренйік" (1995), "Гүлге тұнған шық" (1997), "Ер тағдыры - ел тағдыры" (1997), "Балдырғандарға арналған математика" (2000), "Оралхан" (2000), "Мектеп жасына дейінгі балалардың математикаға қызығушылығын халықтық педагогика негізінде қалыптастыру" (монография, 2001), "Арман қанатында" (2004, жинақ), "Қазақтың баспагерлері" (2005), "Бәрін, бәрін білгім келеді..." (2006) және т.б кітаптардың авторы.
### Еңбегі мен марапаттары
Мәженова Райхан Балаларға арналған әдебиет пен физика, математика, астрономия, т.б. оқулықтар мен оқу құралдарын қазақ тіліне аударған. Мәженова Райхан Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (5005), Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2006).
### Дереккөздер
* Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. |
Ұлан Сапарұлы Байжанов (9 тамыз 1958 жыл Алматы қаласы) - заңгер, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі (1999-2002).
## Өмірбаяны
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
* 1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.
* 1991-1995 жылдары - Алматы қалалық әділет басқармасының бастығы.
* 1995-1997 жылдары - «Алматы - Заң» құқықтық орталығының бас директоры.
* 1997-1999 жылдары - «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының вице-президенті - атқарушы директоры.
* 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі.
* 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, «Мұнайконсалтинг» жабық акционерлік қоғамының президенті, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы президентінің аппарат басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.
* 2011 жылғы қаңтардан – 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Бас прокуратурасы аппаратының жетекшісі.
* 2015 жылдың тамызынан - Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.
## Марапаттары
* Медальмен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Замир Садықұлы Сағынов (1966 жыл 18 қазан Батыс Қазақстан облысы) - қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
* Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша тәмамдаған, инженер-құрылысшы.
* 1991 -1998 жылдар аралығында Фурманов аудандық автожол мекемесінде жол мастері, прораб, Облыстық "Орал жолдары" қазынашылық кәсіпорынының бас инженері, жол қауіпсіздік байланыс және жол қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен.
* 1999-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық "Қазақавтожол" РМҚК пайдалану жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облыстық Автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Казталов ауданының әкімі қызметін атқарған.
* 2006 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
* 2008 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
* 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
* 2014 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.
* 2015 жылдың тамызынан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
## Марапаттары
* «Ерен еңбегі үшін» медалі
* «Астанаға 10 жыл» медалі.
## Дереккөздер |
Мәди Қанатбайұлы Елеусізов (3 сәуір 1976 жыл Ақтөбе облысы) - қоғам қайраткері, Мәртөк ауданының әкімі (2010-2015).
## Өмірбаяны
* 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист
* 2007 жылы Ресей кеден академиясын (Мәскеу қ.) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
* 1997-2009 жылдары - «Южбозой» акционерлік қоғамының, Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасының экономисі.
* 2009-2010 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
* 2010 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі.Мәди Қанатбайұлы Елеусізов
* 2015 жылдың ақпанынан «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
* 2015 жылдың тамызынан - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
## Қоғамдық қызметі
* «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
## Дереккөздер |
Чакилов Құрсақбай (1922, Форт-Шевченко қаласы – 1970, Жаңаөзен қаласы) – соғыс ардагері, педагог. Түрікменстанда педагогикалық училищені бітірген (1940). Еңбек жолын Екінші бесжылдық ұжымшарында мұғалімдіктен бастады. 1941 ж. Кеңес Армиясының қатарына алынып, Саратов қаласындағы артиллерия училищеде оқыған. 1942 – 47 ж. әскер қатарында болды. Соғыстан кейін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында, 1956 жылдан Форт-Шевченкода мұғалім болады. 1957 жылдан ауданы «Колхоз жолы» газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Қызыл жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Богдан Хмелницкий ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов (24 тамыз 1950 жыл) - саясаткер, Қазақстан патриоттары партиясы төрағасы, медицина ғылымдарының докторы.
## Білімі
* Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, дәрігер.
* «Әділет» жоғары құқық мектебі заң академиясын бітірген, заңгер.
## Қызмет жолы
* Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтында учаскелік дәрігер, дәрігер-хирург, бөлім меңгерушісі
* Қазақтың дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты онкология кафедрасының ассистенті, профессоры
* Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Денсаулық сақтау комитетінің консультанты
* Қазақстан Республикасы МАК химиялық, биологиялық, медициналық және ауылшаруашылық ғылымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары
* Сенат Аппараты комитеттермен жұмыс істеу бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі
* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен баланың денсаулығын қорғау бағдарламаларын үйлестіру бөлімінің бастығы
* Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заң шығарушылық қызмет және мониторинг орталығының, заң жобалау жұмыстары орталығының сектор меңгерушісі, Заңнама бөлімінің бас консультанты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.
* ҚР Парламент Сенаты аппараты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісі.
* 2015 жылдың тамызынан - Қазақстан патриоттары партиясы төрағасы.
## Марапаттары
Үш медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әли Әбдікәрімұлы Бектаев (20 сәуір 1962 жыл Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы) - саясаткер, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазығұрт ауданының (07.2000-09.2002) және Түркістан қаласының (02.2006-05.2008) әкімі.
## Өмірбаяны
Суан руынан шыққан.
* 1984 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген
* 1992 жылы ҚМЭБИ-н мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
* 08.1984-07.1985 жылдары Шымкент облысы Ленгір ауданы Сейфуллин атындағы кеңшардың бас инженері.
* 07.1985 - 08.1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Сайрам аудандық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
* 08.1987-11.1989 жылдары Қазақстан Компартиясы Шымкент облысы Сайрам аудандық комитетінің нұсқаушысы.
* 11.1989 - 08.1990 жылдары Шымкент облысы Сайрам ауданының Фрунзе атындағы кеңшары партия комитетінің хатшысы.
* 08.1990-11.1990 жылдары Ташкент жоғары партия мектебінің тыңдаушысы.
* 11.1990-07.1992 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің, Қазақ экономика, менеджмент және болжамдау институтының тыңдаушысы.
* 07.1991-10.1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің консультанты.
* 10.1991-03.1992 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы “Қазығұрт ЛТД” ӨКФ бас директорының орынбасары.
* 03.1992 - 03.1994 Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары.
* 03.1994-03.1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі басқармасының бастығы.
* 03.1998-02.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі туризм және спорт басқармасының бастығы.
* 02.1999-05.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі спорт және дене шынықтыру департаментінің бастығы.
* 05.1999-10.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі мемлекеттік қызмет департаментінің бастығы.
* 12.1999-07.2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар жөніндегі басқармасының бастығы.
* 07.2000-09.2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі.
* 09.2002-02.2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
* 02.2006-05.2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі.
* 05.2008-08.2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
* 2015 жылдың тамызынан Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы
## Дереккөздер |
Анджелла Атжомартқызы Мырзамәдиева (30 қыркүйек 1954, Алматы қаласы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1996), профессор (2002). 1979 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірді. 1979-96 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым акадаемиясының Физиология институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болды. 1996 жылдан осы мекеменің лимфоайналым лабораториясының бас қызметкері. 80-нен аса ғылыми жарияланымның, соның ішінде 1 монографияның, 4 патенттің авторы.
## Дереккөздер |
Көбе, көбе сауыт – дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың соғыста кебенек (киіз кеудеше) сыртынан киген сауыты.
Оның 2 түрі болған:
* жүрек тұсын, білекті, тізені, иықты садақ оғынан, қылыштан, найзадан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған көбе;
* бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мыс, кейде алтын мен күміс табақшаларды қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған көбе.
Ол үшін алдымен қалың қатты теріден, сүйектерден, темірден белгілі бір пішінде тілікшелер берік мата, киіз немесе теріден жасалған астарға қайыспен немесе сыммен тігіп бекітіледы. Адам қимылына кедергі келтірмес үшін, көбелер жоғары және орта тұсынан ғана бекітіліп, төменгі жағы бос қалдырылады.
Көбе сауыттың сыртқы пішіні әр түрлі болып келеді. Ұзын немесе қысқа етекті, жеңді немесе жеңсіз, жағалы немесе жағасыз түрлері де кездеседі. Көбе сауыттың жеңдері ішкі қолтық жағынан ашық болып жасалады. Көбе сауыт бүйірлерінен ашылып, мойыннан киіледі де жеңдері, бүйірлері баулармен байланады. Ұзын етекті сауыттар да қозғалуға кедергі келтірмес үшін алдынан және артынан немесе екі бүйірінен жырылып жасалады. Көбе сауыттан денеге оқ, қару өтпес үшін кейде кеуде, арқа тұсына, иықтарына болат тақташалар орнатылады.
Кейінірек жеңіл көкірекше түрі шыққан. Садақ оғы көбені бұза алмағаннан кейін көбе бұзар қозыжауырын жебелер шыққан. «Көкірек қысқан көбені, қозыжауырын ғана бұза алар» деген сөз осыдан қалған. Батырлар мінетін аттың арқасы мен жонын, қабырғасы мен мойнына жабатын көбелер де жасалған.
## Этимология
Көбе сөзі қазақ тілінде құс қанатының бірін-бірі баса орналасқан қауырсындарға, адам тырнағы мен қатпарлы орналасқан тастар қабатына қатысты қолданады. Бұндай орналасуды көбелену дейді, оны табиғатта әсіресе жыланның тері құрылысында, құстардың қауырсынында, балықтың тері қабыршақтарында және сол сияқты басқа да жануарлар мен өсімдіктер арасында кездестіруге болады. Кішкендай бөлшектердің бірін-бірі баса орналасуы арқылы материалдың қорғаныс қасиеттері күшейеді, осыны білген көшпелі халық бұны өз сауыттарын кұрғанда қолданған. Ондай сауыт түрін "көбелі сауыт" деп атайтын. Осы сауыттың бір-біріне баса орналасқан қорғаныш бөліктерін - темір иә сүйекті "көбе" деп атайды.
## Дереккөз |
Павел Ильич Арчаков (20.03.1924 жыл, Атбасар ауданы, Дружный а. - 16.04.2015) — Даңқ орденінің толық иегері.
* 2-дүниежүз. соғыс алдында Старощербинск ст-нда (Краснояр өңірі) тұрып, жұмыс істеді.
* 1941 ж. қыркүйегінде атқыштар кавалериясы эскадронында жаудың парашют және теңіз десанттары топтарына қарсы шайқасқа қатысты.
* 1942 жылдың жазынан 276 атқыштар дивизиясының 871-ші атқыштар полкінің құрамында автоматшы, бөлім командирі, рота старшинасы.
* 1944 ж. 30 қарашада әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтап қалған.
* 1947 жылдан запаста. Старощербинск ст-нда тұрады
* 1988 ж. «Знамя Ленина» ұжымшарында жұмыс істеген.
* Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жүнісов Мәжит (21.9. 1917,Жаңақала ауданы — 1945, Прага) — Кеңес Одағының Батыры (1943). Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ майданға алынады.303-атқ. див-ның құрамында гвардия автоматшысы болады.1943 ж. қыркүйек айында Днепр үшін болған шайқаста ерекшеерлік көрсетті. Жаңақала ауданы Жаңа Қазана-нда Ж-ке ескерткіш мүсін орнатылған (1966).
## Дереккөздер |
Жүнісов Ниетқали (1904-1965) — жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (22.10.1949). 1904 жылы Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы), Орда ауданында туған.
## Еңбек жолы
* 1931 жылдан Куйбышев атындағы колхозда қоғамдық мал шаруашылығында істеген.
* 1942-1943 жылдары Совет Армиясы қатарында Ұлы Отан соғысына қатысып, ауыр жарақат алады.
* 1943-1963 жылдары Орда ауданындағы Куйбышев атындағы ұжымшарда аға жылқышы, ферма меңгерушісі болып еңбек етті. Жылқыны қысы - жазы бірдей жайып бағу жағдайында 57 биеден 57 құлын алған.
## Наградалары
* Социалистік Еңбек Ері (22.10.1949)
* Медальдар
## Дереккөздер
* Сайт "Герои страны" |
Бикен Ырымқызы Римова (1 қаңтар 1923 жыл, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек а. — 6 қаңтар 2000 жыл, Алматы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі (1966).
## Өмірбаяны
Бикен Римова театрды бала кезінен ұнатқан. Ол драмалық үйіпмелерге қатысып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының болашақ әртісіне Қалибек Қуанышбаев, Күләш Бәйсейітова, Құрманбек Жандарбеков сияқты қазақ драмалық өнерінің шеберлері көп әсерін тигізді. 1943 жылы Алматы театр уч-щесін бітірген. 1940 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақтың мемл. академ. драма театры (Алматы) труппасында қызмет етті.
## Ойнаған рольдері
Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтің “Ақан Сері - Ақтоқты” трагедиясындағы Мәрзия (1942). Актриса кезінде
* Сәуле (Ә.Әбішев, “Достық пен махаббат”, “Күншілдік”),
* Фарида (Ә.Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес”),
* Қамаш (М.Иманжанов, “Менің махаббатым”),
* Ғайни (Т.Ахтанов, “Күтпеген кездесу”), т.б. рөлдерді орындап, қазақ сахнасында замандастар образын жасауға елеулі үлес қосты.
* Еңлік (М.Әуезов, “Еңлік-Кебек”),
* Зылиха, Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Сырымбет саласында” және “Алдар Көсе”),
* Сарыжорға (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”),
* Күнікей (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”),
* Зейнеп (М.Әуезов пен С.Соболев, "Абай"),
* Жаңыл, Жер-Ана (Ш.Айтматов, “Аңсаған менің әнімсің” мен “Ана — Жер-Ана”, соңғы спектакльдегі рөлі үшін Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйл., 1966),
* Жиіан (Ж.Файзи, “Башмағым”),
* Бостан, Күмри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”),
* Сидзе (М.Каору, “Шығыстағы бір бейбақ”),
* Донна Эльвира (М.Фриш, “Дон Жуанның думаны”), т.б. рөлдерде ойнады.
## Кино саласындағы рольдері
1955 жылдан киноға түсіп
* "Тақиялы періште"
* "Менің атым - Қожа"
* “Өжет қыз”
* “Ана туралы аңыз” (1964)
* “Там-там үні” (1968)
* “Ұлдың оралуы” (1977)
* “Ай астындағы үй” (1983)
* көп сериялы “Тоғысқан тағдырлар” телефильмінде (1996 — 1999), т.б. фильмдерде елеулі рөлдер жасады.
## Жазған шығармалары
* “Абай – Әйгерім” (Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша, 1979)
* “Қос мұңлық” (1991) атты драм. шығарма
ұстаздары мен сахналас серіктері туралы “Өнердегі өнегелі өмірлер” (1997) кітабын жазды.
## Есте сақтау
* Актриса есімі Талдықорғанның қазақ драма театрына (2000) берілді.
## Марапаттары
* “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған
## Дереккөздер |
Ерқасов Көпен Ерқасұлы, 1952 жылғы 4-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданының Тесік Ұя ауылында қатардағы шаруаның отбасында дүниеге келді. Осы өңірдің Ақбұлақ ауылында өсіп-өнді. Алты жасында, 1958 жылы Горный селолық кеңесіне қарасты Жалаңаш бастауыш мектебінің бірінші класына барып, 1968 жылы Горный (қазіргі Ақбұлақ) орта мектебін 16 жасында бітіріп шықты. Ән салуға қабілеті болғандықтан 1968 жылғы 1-қыркүйектен 1969 жылғы 19-тамызға дейін Горный селолық Кеңесіне қарасты Майтерек селолық клубының меңгерушісі болып істейді. 1969 жылы күзде Өскемен ауылшаруашылық техникумының зоотехния бөліміне оқуға түсіп, онда 1970 жылғы көктемге дейін оқыды. Әскери міндетін Совет әскерлерінің сол кездегі Германиядағы Тобына кіретін әскери бөлімінде 1970 жылғы 1-маусымнан 1972 жылғы 20 мамырға дейін атқарды.
Әскерден қайтып келген соң Өскемен ауылшаруашылық техникумынан құжаттарын алып, Алматыдағы сол кездегі С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл Фараби атындағы Ұлттық университет) журналистика факультетінің дайындық бөліміне оқуға түсіп, келесі жылы бірінші курстың студенті болып қабылданды. Университетте үздік оқығандықтан топ комсоргі, факультет кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Үшінші курсты бітіргеннен кейін үйленіп, сырттай оқуға ауысқан соң, Марқакөл аудандық «Маяк»-»Шамшырақ» газетіне жұмысқа орналасады. Жұмыс істей жүріп, университеттегі оқуын журналист мамандығы бойынша 1979 жылы бітіріп, диплом алды.
Аудандық газетте хаттар мен бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. «Шамшырақта» 1976 жылдан бастап 1997 жылға дейін табан аудармай 21 жыл бойы жұмыс істеді. Сол кезде әр жылдары Марқакөл аудандық газетінің редакциясы мен баспахана кәсіподақ комитетінің төрағасы, партия ұйымының хатшысы, аудандық халықтық бақылау комитетінің мүшесі, аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы бола жүріп, аудан көлемінде бұрын орысшаланып кеткен немесе атауы таза орысша қойылған Алексеевка, Горный, Черняевка, Бобровка, Успенка, Орловка, Сорвенка, Николаевка, Архиповка, Рождественка секілді ауыл-село аттарының қазақшалануына көп күш салып, «ұлтшыл» деген атақ алды. Дегенмен бұл реттегі еңбегі текке кеткен жоқ. Қазір ол ауылдардың Теректі, Ақбұлақ, Қалжыр, Төсқайың, Ақжайлау, Шанағаты, Бұғымүйіз, Мойылды, Қайнарлы, Жиделі деп аталуына ақынның көп маңдай тері сіңген.Марқакөл ауданы таратылып, газет жабылғаннан кейін бір жыл ауылда жай шаруамен айналысты. 1998 жылы Өскемен қаласына көшіп келіп, «НТК-Восток» телеарнасында диктор-журналист, қазақ бағдарламаларының редакторы, қазақ бағдарламаларының директоры қызметтерін атқарды.
2001 жылы бұл телеарна жабылғаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (қазіргі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне) мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі бас маман аудармашы болып істейді.
Өлеңдері Марқакөл аудандық «Шамшырақ», облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар»), «Лениншіл жас» (Жас Алаш), «Тіл мен діл» «Ертіс өңірі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз», «Ақ Ертіс», «Шолпан» журналдарында жарияланған.
Алғашқы өлеңі 1984 жылы Алматыдан шыққан жас ақындардың «Қарлығаш» ұжымдық жинағында, 1988 жылы төрт автордың өлеңдерін біріктіріп Алматыда жарық көрген «Төрткүл дүние» жыр жинағында жарияланды. Енді кітабы шығарайын деген кезде өкімет ауысты. Сөйтіп қаржы жоқтығын айтып «Жалын» баспасы 1992 жылы қолжазбасын қайтарып береді. «Марқакөл маржандары» деп аталатын сол кітапты өз қаражатына 2003 жылы ғана шығарды. 2004 жылы Өскеменде «Ағажай Алтай» атты жеке жыр кітабы жарық көрді.
2005 жылы өлеңдері Шығыс Қазақстан облысы ақын-жазушыларының «Алтай әуендері» атты хрестоматиясында жарияланды. 2006 жылы «Жүректегі жазулар» деген жыр кітабы Шымкентте жарық көрді. Оны жариялауға Өскемендегі «Нимекс-Текстиль» ЖШС директоры Бақыт Әсембекұлы Қаныбеков демеушілік жасады.Облыс ақындарының Т. Нұқай атындағы жыр мүшәйрасында 2006 жылы бірінші орынды жеңіп алды.
2007 жылы облыстық мәдениет басқармасы жариялаған «Әдеби үрдісті қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін» конкурсының поэзия номинациясы бойынша сыйлығын алды. Сол қаражаттың үстіне өз ақшасын қосып, жазылып, дайын тұрған «Ақиқат» атты жыр жинағымды 300 данамен шығарып, оқырмандарға таратты, кітапханаларға өткізді.
2008 жылы облыс ақын-жазушыларының «Алтын тамыр» атты 8 томдық жинағының алғашқы томдарының бірінде төрт ақынның бірі болып жарияланды. 2009 жылы «Бәйтерек» атты жыр жинағымды өз қаражатына шығарды.2011 жылы “Ақбұлақ” атты таңдамалы өлеңдер жинағым облыс әкімі Б. Сапарбаевтың араласуынан кейін облыстық мәдениет басқармасының демеушілік етуімен жарияланды. Мерзімді баспасөзде жарияланып, жақсы бағаланған “Ақнайман қырылған” атты поэмамды кезекті жыр жинағыма кіргізіп, оны да биыл өз қаражатына шығарды.Шымкенттің жігіттері демеуші болып жатқан ақиық ақынға Алтайдың бай-манаптарының да бір қарасатын кезі жеткен сияқты...
2007 жылы Қазақстан жазушыларының Алматы қаласында өткен кезекті ХШ құрылтайының делегаты болып сайланды. Мәскеулік жазушы Владимир Губаревтің «Сталиннің саяжайы» атты спектаклін, Александр Пушкиннің, Сергей Есениннің, Ярослав Смеляковтың бірер өлеңін орыс тілінен қазақшаға тәржімеледі. «ШҚО бизнес-кітабының» аудармашысы.
Жазушы Серік Байхоновтың «Мейірбан шөптер» деген әңгімесін қазақ тілінен орыс тіліне аударды. Аздап домбыра шертіп, ән саламын. Өзімнің «Туған жер» атты әнім, Мұқағалидың сөзіне шығарған «Сынық қанат шағалам», «Сағындым-ау» атты әндерім бар. Бірақ олар әлі күнге дейін нотаға түспеген, музыкамен безендірілмеген. Сондай-ақ ақын өлеңдеріне сазгерлер Төлеухан Әбедимов «Дәрігер», Маржан Маниярова «Марқакөлді аңсау», Бағдат Есдәулетова «Қытай қазақтарының әні», Уатхан Жүнісов «Ағайын» деген әндер жазды.
Аудандық газетте істеп жүрген кезде КСРО Журналистер Одағының мүшесі болдым. 2005 бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесімін. Соған орай “Қазақстан жазушылар одағының мүшелері” атты энциклопедиялық бір томдық анықтамалықта, биыл жарық көрген “Шығыс жұлдыздары” атты екі томдық анықтамалықта өзге әріптестеріммен қатар суретім мен қысқаша өмірбаяным жарияланды. Аты-жөнім Қазақстан жазушылар одағының мүшелері телефон анықтамалығына кірген.
Мүсілім Құмарбековтың «Жар жағасындағы үй», Дүйсенбі Смайылұлының «Өзегі өршіл өлеңім», Төлеухан Қоғабаевтың «Жақсыдан – шапағат», облыстық мұсылман әйелдері лигасының төрайымы Г.Етекбаева құрастырған «Ақниет әжелер ғибраты», облыстық әкімшілік пен облыстық мәдениет басқармасы шығарған «Шығыс Қазақстан облысының сәулет ескерткіштерінің Тізбесі» кітаптарының редакторы болдым, соңғысына аудармашы ретінде де көп еңбек сіңірді.
## Шығармалары:
* Ерқасов К Ақиқат [Мәтін] : өлеңдер мен толғаулар / Ерқасов К. - Өскемен : [Рудный Алтай газеті редакциясының баспаханасы], 2008. - 306 б.
* Ерқасов К Марқакөл маржандары [Мәтін] / Ерқасов К. - Алматы : Қазақпарат, 2003. - 180 б.
* Ерқасов, Көпен. Бәйтерек [Мәтін] / К. Ерқасов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2009. - 317 б.
* Ерқасов К. Егемен болдық,ел болдық [Мәтін] : [Қазақстан егемендігі туралы өлең ] / Ерқасов К. // Дидар. - 2000. - 4сәуір
* Ерқасов К. Марқакөл [Мәтін] : [Марқакөл туралы өлең ] / Ерқасов К. // Дидар. - 2000. - 4сәуір
* Ерқасов, Көпен. Ақнайман қырылған [Мәтін] : [Нәубет жылдары Қытай асуға бел буған ақнайман көші қызылдардың жаңбырша жауған пулемет оғынан түгелдей жер құшқан. ] *К. Ерқасов // Дидар. - 2011. - 7 шілде.- Б.5.; 9 шілде.- Б.7.
## К. Ерқасов туралы:
Қаңтарбаев Ә Көпенде күрсініс көп [Мәтін] / Қаңтарбаев Ә // Дидар. - 2005. - 15 қаңтар.- Б.6
Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. [2-ші кітап] : С. Ғабдуллаұлы. Х. Балшабеков. Ғ. Байбатыров. К. Ерқасов. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 326 б.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Мәмедсадық Мәмедағаұлы Абдуллаев (1 шілде 1924 жыл, Ленкорань – 18 қазан 2006 жыл, Баку) — кеңестік және әзербайжандық анатом, гистолог, еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Төлебиев Әбдуәли Төлегенұлы (12.9.1953 жылы туған, ІХР, Лаусечум қаласы) – суретші, кескіндемеші, педагог. 1975 жылы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік педагогикалық университеті) көркемсурет-графика факультетін бітірген. Қазақ КСР-і ғылым академиясының Тарих және археология институтында суретші-археолог (1975 – 76), Қазақ политехникалық институтындағы (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) сурет кафедрасының ассистенті (1976 – 80), қазіргі Қазақтың бас сәулет-құрылыс академиясындағы сәулет және сурет кафедрасында аға оқытушы, доцент (1980 – 2006) болды. 2007 жылдан дизайн факультетінің бейнелеу өнері секторын басқарады. 3 монографияның, 6 оқулықтың, 6 оқу-әдістемелік құралдардың, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы.Бүкілодақтық, республикалық және Бухарест қаласында өткен Халықаралық (1992, Румыния) көрмелерге қатысқан.
## Дереккөздер |
Аман Ғұмырұлы Төлеев (орыс. Аман Гумирович Тулеев, тат. Әман Гомәр улы Түлиев, туған аты-жөні Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев; 13 мамыр 1944 жыл Красноводск, Түрікмен КСР – 20 қараша 2023 жыл, Кемерово, Кемерово облысы) — ресейлік саяси қайраткер, Біртұтас Ресей саяси партиясы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Кузбасс облыстық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, технология ғылымының докторы (2000).
Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.
## Өмірбаяны
Жаңасібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір жолшы болып бастады. 1967 – 73 жылдары Новокузнецкідегі Мундыбаш станциясында кезекші, бастықтың көмекшісі, станция бастығы, 1973 – 1985 жылдары Междуреченск темір жол станциясының бастығы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімшесі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, 1985 – 1988 жылдары Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988 – 1990 жылдары Кемерово темір жолының бастығы болды. 1990 – 1993 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылдары Кемерово облыстық заң шығарушы жиналыстың төрағасы, 1996 – 1997 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.
Төлеев “Долгое эхо путча” (1992), “Власть в руках человека и ... человек в руках власти” (1993), “На изломах жизни...” (1993), “Цена иллюзий” (1995), “Отечество – боль моя” (1995), “Судите сами” (1996) атты кітаптарын жазған. Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моңғолияның көптеген ордендерімен марапатталған. Саяси тұлға ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтқан.
## Дереккөздер |
Алма Оразбаева (28 желтоқсан 1898, Бөкей ордасы, — 1948, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой станциясы) — мемлекет және қоғам қайраткері.
## Білімі
* Жұмысшы отбасында дүниеге келген.
* Ордадағы 1 кластық орыс-қазақ мектебінде сауат ашқан.
* 1909-11 ж. Симбирскідегі чуваш мектебінде оқиды. Әкесінің қайтыс болуына, қаражат тапшылығына байланысты оқуын аяқтай алмай, елге оралып, алдымен Ордадағы жаңадан ашылған 2 кластық қыздар мектебінде оқиды.
* Кейін осындағы жоғарғы бастауыш ерлер мектебі жанындағы 3 жылдық курсты бітіріп, бастауыш класс мұғалімі мамандығын алып шығады (1916).
## Еңбек жолы
* Ұстаздық жолын Новая Казанка ауылында бастайды.
* 1917 ж. мамыр айында С.Меңдешевтің бастауымен Ордада өткен, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап еткен мұғалімдер съезінің жұмысына белсене қатысады. Ордада Кеңес өкіметі орнаған күннен бастап әйел теңдігі, жесір дауы мәселелеріне тікелей араласьш, өзінің жалынды сөздерімен, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған уытты мақалаларымен қазақ әйелдерінің көзін ашуға тырысады.
* Оразбаеваның ұйымдастырушылық қабілеті қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін құру кезінде ерекше байқалды.
* 1919 ж. 17 маусымда Қазақ әскери істер жөніндегі комиссариатының бұйрығымен комиссариаттың саяси-ағарту бөлімінің үгітшісі болып тағайындалып, көп ұзамай Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университеті жанындағы үгітшілер мен насихатшылар курсына оқуға жіберіледі.
* 1919 ж. қазанда осында РК(б)П қатарына қабылданады.
* 1919-28 ж. РК(б)П Орынбор губкомы қазақ секциясының жауапты хатшысы
* Бөкей губерниялық партия комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі
* Қазақстан өлкелік саяси-ағарту бас басқармасының бөлім меңгерушісі болып істейді.
* 1928 ж. БК(б)П ОК Оразбаеваны Қазақстаннан шақырып алып, Саратовқа жұмысқа жібереді. Ол мұнда Нижне-Волжск өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі және әйелдер бөлімінің меңгерушісі әрі өлкелік колхоз одағы төрағасының орынбасары міндетін қоса атқарады.
* 1929 ж. Коминтерниянің тапсырмасымен Моңғол Халық Республикасына іссапармен барып қайтқаннан кейін айықпас дертке шалдығып, 1931 ж. зейнетке шығады.
## Қоғамдық қызметі
* БОАК-нің мүшесі
* РК(б)П ОК-нің жұмысшы және шаруа әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі комиссиясының мүшесі
* Қазақ АКСР ОАК-нің әрі президиум мүшесі болып сайланады.
* Партияның 12, 13, 14-інші съездеріне делегат
* 14-Бүкілодақтық партия конференциясына делегат
* коммунист әйелдердің 3-халықаралық конференциясына делегат
* Коминтерінің 5-конгресіне делегат болып қатысады.
## Александр Викторович Затаевичтің бағалауы
Оразбаеваның қазақ өнеріне, өнерлі жастарға жасаған қамқорлығы да ерекше.
А.В.Затаевич одан халқымыздың 10 әнін («Жайық», «Қосай», «Танысу жыры», «Зейнешім», «Саржан», «Төртпішен», «Ғиндаш», «Айнамкөз» және «Қоштасу» әнінің екі түрлі нұсқасы) жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына кіргізген.
Оразбаеваның даусы мен орындаушылық шеберлігін Затаевич:
деп жоғары бағалады.
## Дереккөздер |
Хақназар хан (башқ. Аҡнаҙар хан, орыс. Акназар царь, Окназар царь, 1509 - 1580) — Қазақ Ордасында (1538—1580жж.) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
## Билігі
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
## Өзгерістер
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
## Дереккөздер |
Жандосов Санжар Оразұлы (29.1.1930, Алматы қаласы - 12.8.1992, сонда) - қоғам және мемлекеттік қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген экономисті. 1947 ж. Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, 1963 ж. ҚазМУдің экономика факультетін, 1967 ж. СОКП ОК жаныңдағы Қоғамдық ҒА-н бітірген.
Әкесі О.Жандосов сталиндік репрессияға ұшырағандықтан ол 7 жасыңда отбасымен Өскемен, Ташкент, Қоқан қаласына (1937-47) жер аударылған. 1947-57 ж. Гурьев (Атырау) облысындағы Қосшағын, Құлсары мұнай өндіру көсіпшіліктерінде жұмыс істеген. "Халық жауы" деген жаламен жазықсыз жазаланған өкесі ақталған соң Санжар Алматыға оралып, Қазақ КСР жоспарлау комитетінде (1957-58), Алматы қ-лық партия комитетінде (1959-63; 1969-71), Алматы облыс партия комитетінде (1963-64), республика теле-радиохабарлары комитетінде, Қазақстан КП ОК-нде (1967-69; 1975-79) әр түрлі жауапты қызмет атқарған. 1971-75 ж. Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика ҒЗИ-ның директоры, 1979-83 ж. Республикалық білім беру қызметкерлері көсіподақ комитетінің төрағасы, 1986-90 ж. Қазақ КСР Еңбек және олеум, мәселелер жөніндегі мемлекеттік к-т төрағасы. 1990-92 ж. Қазақстанның "Интертренинг" ұйымын басқарып, Шаруа қожалығы қауымдастығының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті болды. Жандосов қоғамдық тұрмыстың қай саласында еңбек етсе де косіби біліктілік пен тежірибеліктің, азаматтық табандылық пен алғырлықтың үлгісін көрсете білді. Ол тарихи шындық пен саяси-әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру бейресми мақсатында құрылған "Әділет" ("Справедливость") тарихи-ағартушылық қоғамын басқарып, "Алматы қаласының еңбек потенциалының тиімділігі үшін" атты хальгқ университетін ұйымдастырды. 2 мәрте "құрмет белгісі" және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. 40-қа жуық ғылыми еңбегі жарияланған.
## Отбасы
5 бала (4 қыз және бір ұл), Ілияс Жансүгіров (анасы Ильфе) мен революционер Ораз Жандосов (әкесі Санжар) немерелері болды
1) Қызы – Ажар Жандосова – Алматыдағы (Көкжайлау) экологиялық қозғалыс белсендісі Еркін Қалиевтің әйелі.
2) Қызы - Дина Алдабергенова-Джандосова, бард музыкант.
3) Қызы – Жанар Жандосова, психология ғылымдарының кандидаты, «Сандж» ғылыми-зерттеу орталығының негізін қалаған, Алматы, Астана. Немересі Әсия Төлесова – белсенді және Алматыдағы «Оян, Қазақстан» оппозициялық жастар қозғалысының негізін қалаушы, Алматы.
4) Қызы – Фатима Жандосова (Испания), оппозициялық қозғалыс белсендісі, 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламенттік сайлауды бақылау жүйесін Қазақстанның Азаматтық қоғам коалициясындағы (ХҚКО) ірі ұйымдастырушыларының бірі.
5) Ұлы - Кенен Жандосов (АҚШ).
Жандосов, Ураз Әлиұлы (профессор, тарих ғылымдарының кандидаты) Санжар Уразұлының жиені.
## Дереккөздер |
Алма Оразбаева (28 желтоқсан 1898, Бөкей ордасы, — 1948, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой станциясы) — мемлекет және қоғам қайраткері.
## Білімі
* Жұмысшы отбасында дүниеге келген.
* Ордадағы 1 кластық орыс-қазақ мектебінде сауат ашқан.
* 1909-11 ж. Симбирскідегі чуваш мектебінде оқиды. Әкесінің қайтыс болуына, қаражат тапшылығына байланысты оқуын аяқтай алмай, елге оралып, алдымен Ордадағы жаңадан ашылған 2 кластық қыздар мектебінде оқиды.
* Кейін осындағы жоғарғы бастауыш ерлер мектебі жанындағы 3 жылдық курсты бітіріп, бастауыш класс мұғалімі мамандығын алып шығады (1916).
## Еңбек жолы
* Ұстаздық жолын Новая Казанка ауылында бастайды.
* 1917 ж. мамыр айында С.Меңдешевтің бастауымен Ордада өткен, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап еткен мұғалімдер съезінің жұмысына белсене қатысады. Ордада Кеңес өкіметі орнаған күннен бастап әйел теңдігі, жесір дауы мәселелеріне тікелей араласьш, өзінің жалынды сөздерімен, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған уытты мақалаларымен қазақ әйелдерінің көзін ашуға тырысады.
* Оразбаеваның ұйымдастырушылық қабілеті қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін құру кезінде ерекше байқалды.
* 1919 ж. 17 маусымда Қазақ әскери істер жөніндегі комиссариатының бұйрығымен комиссариаттың саяси-ағарту бөлімінің үгітшісі болып тағайындалып, көп ұзамай Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университеті жанындағы үгітшілер мен насихатшылар курсына оқуға жіберіледі.
* 1919 ж. қазанда осында РК(б)П қатарына қабылданады.
* 1919-28 ж. РК(б)П Орынбор губкомы қазақ секциясының жауапты хатшысы
* Бөкей губерниялық партия комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі
* Қазақстан өлкелік саяси-ағарту бас басқармасының бөлім меңгерушісі болып істейді.
* 1928 ж. БК(б)П ОК Оразбаеваны Қазақстаннан шақырып алып, Саратовқа жұмысқа жібереді. Ол мұнда Нижне-Волжск өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі және әйелдер бөлімінің меңгерушісі әрі өлкелік колхоз одағы төрағасының орынбасары міндетін қоса атқарады.
* 1929 ж. Коминтерниянің тапсырмасымен Моңғол Халық Республикасына іссапармен барып қайтқаннан кейін айықпас дертке шалдығып, 1931 ж. зейнетке шығады.
## Қоғамдық қызметі
* БОАК-нің мүшесі
* РК(б)П ОК-нің жұмысшы және шаруа әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі комиссиясының мүшесі
* Қазақ АКСР ОАК-нің әрі президиум мүшесі болып сайланады.
* Партияның 12, 13, 14-інші съездеріне делегат
* 14-Бүкілодақтық партия конференциясына делегат
* коммунист әйелдердің 3-халықаралық конференциясына делегат
* Коминтерінің 5-конгресіне делегат болып қатысады.
## Александр Викторович Затаевичтің бағалауы
Оразбаеваның қазақ өнеріне, өнерлі жастарға жасаған қамқорлығы да ерекше.
А.В.Затаевич одан халқымыздың 10 әнін («Жайық», «Қосай», «Танысу жыры», «Зейнешім», «Саржан», «Төртпішен», «Ғиндаш», «Айнамкөз» және «Қоштасу» әнінің екі түрлі нұсқасы) жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына кіргізген.
Оразбаеваның даусы мен орындаушылық шеберлігін Затаевич:
деп жоғары бағалады.
## Дереккөздер |
Зәкәрия Жүсіпқалиұлы Сисенғалиев (23 шілде 1957 жыл, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы) — қазақ ақын, журналист.
## Өмірбаяны
* 1988 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген.
* 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген.
* 1977-1989 жылы аудандық «Жаңарған өңір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы.
* 1991-1992 жылы облыстық «Орал өңірі» газетінің меншікті тілшісі.
* 1992-1993 жылы аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы болды.
* 2001 жылдан Жаңақала аудандық әкімінің орынбасары.
«Әнім сенсің, Жаңақала» атты өлеңдер жинағы (А., 2001) шыққан. Сисенғалиевтің 30-дан аса өлеңіне Әсет Бейсеуов, Базарбай Жұманиязов, Донеділ Қажымов, Т.Шәмелов, т.б. композиторлар ән жазған.
## Дереккөздер |
Евгений Григорьевич Брусиловский (12 қараша 1905, Ресей, Дондағы Ростов — 9 мамыр 1981, Мәскеу) — композитор, Қазақстанның халық артисі (1936).
## Өмірбаяны
* Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясын бітірген (1931).
* 1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді.
* 1933 — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті.
* 1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі
* 1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы
* 1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі
* 1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі
* 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды.
## Шығармашылығы
Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “Кеңестік Қазақстан” атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (Мұқан Төлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп) жазды.
Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды.
1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” балетін жазды.
## Шәкірттері
* Б.Байқадамов
* А.Бычков
* К.Күмісбеков
* Қ.Қожамияров
* Н.Меңдіғалиев
* Қ.Мусин
* С.Мұхамеджанов
* Е.Рахмадиев.
Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді.
## Марапаттары
* КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін)
* Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты.
* Ленин
* Еңбек Қызыл Ту
* Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.
## Есте қалдыру
Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар.
## Дереккөздер |
Мәмбеев Сәдуақас (1898, бұрынғы Сырдария губерниясы Перовск уезі, Шиелі ауылы — 1958, Ресей, Красноярск өлкесі) — қоғам қайраткері, заңгер. 1914 ж. орыс-қазақ мектебін, Мәскеудегі екі жылдық заң курсын бітірген. 1922 ж. шілдеде Сырдария губерниясының, прокурорының көмекшісі, 1925 — 1928 ж. Жетісу губерниясының прокуроры, Қазақ АКСР Әділет халық комиссары және республика прокуроры қызметін атқарды. 1931 — 1938 ж. Орта Азия әскери округі Қазақстан бөлімінің прокуроры болды. 1939 — 1955 ж. жазықсыз жер аударылды. 1955 жылы ісі қайта қаралып, ақталды.
## Дереккөздер |
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов (6 маусым, 1972 жыл, Ақтөбе облысы, Алға ауданы) - Қостанай облысының әкімі.
* Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры.
* Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған.
* Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы
* «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры
* Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
* Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
* 2011 жылғы 22 шілдесінен Ақтөбе облысының әкімі.
* 2015 жылдың 11 қыркүйегінен Қостанай облысының әкімі.
* Құрмет орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Алтынбаев Қалихан Қалиасқарұлы (1927-2002) – айтыс ақыны. Республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1927 жылы 27 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында дүниеге келген. Бала жасынан ақындық өнерге ден қойған. Ол көпке алдымен айтыс ақыны ретінде танылды. Алғаш рет 1947 жылы Көсембек Байқұтановпен сөз сайысына түседі. 1957 жылы Заманбек Оразаевпен айтысады. Бұл айтыс сол жылы ақын В.Копытиннің аударуымен республикалық «Ленинская смена» газетінде жарияланды. 1959 жылы республикалық айтыста Тәңірберген Әміреновпен жыр сайысына түсіп, екінші орынды иеленді. Қ.Алтынбаев өз өмірінде отызға тарта айтысқа түседі. Оның айтыс өлеңдері «Ақындар жыры» (1961), «Айтыс» (3 том, 1966), «Ақындар шықты айтысқа» (1969), «Қазақтың қазіргі поэзиясы» (1975) жинақтарында жарияланған. «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтарының, «Қалбатау», «Ақсуат», «Көкпекті» танымдық зерттеу кітаптарының авторы.
Қойбағар, Тепек, Мамай батыр, Барақ шыққан бауырында, Ақырғы айқас, т.б. тарихи дастандары бар.
Оның ұлттық мәдениет тарихы, Абай мен Мұхтар, белгілі ақындар мен жыраулар туралы, қазақтың атбегілік, балуандық өнері туралы ғылыми-көпшілік, этногра-фиялық мақалалары, ру-тайпалар туралы шежірелері облыстық, республикалық баспасөз бетінде жарияланған. Қ.Алтынбаевтың суырып-салма ақындық өнеріне С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмайылов, М.Қаратаевтар жоғары баға берген.
## Дереккөздер |
Бәкір Яхиянұлы Баяхунов (1933) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1990).
Алматы консерваториясын (проф. Қ.Қожамияровтың класы бойынша) бітірген (қазіргі Қазақ ұлттық кон-серваториясы, 1960). 1960 - 1963 ж. Мәскеу консерваториясында муз. білімін шыңдады. 1963 ж. Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (1991 жылдан проф.) дәріс береді. Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының орынбасары. Баяхунов қазақ халық музыкасын өңдеуде ("Күй" симфониясы, 1965; "Қамбар батыр", 1972; "Ысқырма" 1973 ж) елеулі еңбек етті. Сонымен қатар бірнеше кинофильмдерге музыка жазған. Баяхунов қазақ домбыра музыкасының полифониясы туралы мақалалар, дүнген халық әндері туралы зерттеулер жазды.
## Дереккөздер |
Жолымбетов Әтейбек - (24.01.1912, Алматы облысы, Іле ауданы, Тастақ ауылы – 07.07.1994, Алматы) – актер, Қазақстанның халық әртісі (1971; 1962 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі).
Еңбек жолын туған ауылында есепші, малдәрігері болып бастаған. Қазақ драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін (1936), театрдың негізгі құрамына қабылданады. 1936 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ драма театрының актері болды. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты (1936, 1958). Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – Н.В. Гогольдің “Ревизор” комедиясындағы Христиан Иванович рөлі (1936).
Жолымбетовтың Қазақ драма театры сахнасында бұдан кейінгі сомдаған рөлдері өз ерекшелігімен ұлттық өнер тарихында қалды. Олардың ішінде Иван (М. Ақынжановтың “Исатай – Махамбетінде”), Жылкелді, Жантық, Жапар (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” және “Амангелдісінде”), Фогель (М.Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің “Намыс гвардиясында”), Аламанов (Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың “Шаншарларында”), Алшағыр, Қазан, Арыстан (Мұхтар Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” мен “Айман – Шолпанында”), Гроссман (Қажым Жұмалиев пен Әбу Сәрсенбаевтың “Арбасуында”), Малышев (Зейін Шашкиннің “Заман осылай басталдысында”), Оразбай (Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абайында”), Барақ (Қ.Бекхожиннің “Ұлан асуында”), Серке (Қ.Мұқашевтің “Парторгінде”) т.б. рөлдер бар.
Жолымбетов аударма спектакльдерге де қатысып, бірқатар қызғылықты образдар жасады. Олардың арасынан Дулебов (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушыларында”), Мадам-қатын, Гортензио (У.Шекспирдің “Асауға тұсауында”), Кәрімбай (Д.Файзидің “Башмағымында”), Жорабай (С.Ахмадтың “Күйеуінде”), т.б. бөліп айтуға болады. Жолымбетов 1945 жылдан бастап киноактер ретінде де елге танылды. Әсіресе, Ораз (“Абай әнінде”, 1946), Майбасар (“Жамбылда”, 1952), Қапан (“Бұл Шұғылада болған едіде”, 1955), Милиционер (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1958), Қарасақал (“Алдаркөседе”, 1965) рөлдерін көрермендер жылы қабылдады.
Актер есімі радиодан көркем мәтін оқудың шебері ретінде халық жадында қалды.
## Сілтеме |
Әтіркүл Жұмабайқызы Дүйсекенова (1940 жылы туған, Жуалы ауданы Ынтымақ ауылы) – театр артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1986).
## Өмірбаяны
* 1958 ж. орта мектепті бітіргеннен бастап облыстық драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді.
## Рольдері
* Гогольдің «Ревизорында» Мария Антоновна
* М.Шолоховтың «Тынық Донында» Ильинична
* М.Әуезовтің «Еңлік Кебегінде» Еңлік
* «Қаракөзінде» Қаракөз, «Айман-Шолпанында» Айман
* Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Баян
* т.б. 70-ке жуық рөлдерде ойнап, өзінің талант қуатын көрсетті.
Оның сахнадағы оттылығы, жігерлілігі, сергектігі көрерменді ерекше қызықтыратын. Дүйсекенова жан-жақты талғампаз өнер иесі. Өзінің сахнада сәнді жүре білуімен, ішкі мәдениеті арқылы әсем көрініс сыйлайтын даралығымен, қимыл мен сөз мәнерін қиыннан қиыстыратын тапқырлығымен таңдандыра білген табиғи талант.
## Дереккөздер |
Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892, Желтау маңы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 26 ақпан 1938, Алматы) – режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таныды. Жас кезінен өмір теперішін көп көрсе де, Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өсті. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. Әсіресе Қоянды жәрмеңкесіне барып, халық сауыққойларының думанын тамашалау оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырды. 1913 ж. Омбы қаласына келіп, біраз уақыт зауытта жұмыс істеді. Мұнда С.Сейфуллинмен, Н.Нұрмақовпен және Б.Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді. 1915 – 1916 ж. бухгалтер курсында оқып бітіріп, зауытта бухгалтердің көмекшісі болып қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ, патша үкіметінің жарлығымен Шанин майдан жұмысына тартылады; одан туған ауылына 1917 ж. оралды. Сол жылдан бастап Қарқаралыда, Павлодарда (1921 – 1922), Зайсанда (1922), Семейде (1923) және ҚазАКСР ОАК мүшесі болып, т.б. қоғамдық жауапты орындарда қызмет етті. Саяси-әлеуметтік және қоғамдық істерге белсене қатысу Шаниннің ой-өрісін кеңейтіп, кейінгі режиссерлік әрі жазушылық қызметіне игі ықпал жасады. 1920 ж. Семей қаласында «Ес аймақ» труппасын басқарды. Режиссерлік өнер жолын осы труппадан бастаған Шанин халық жыры негізінде жазылған өзінің «Арқалық батыры» мен С.Сейфуллинменнің «Қызыл сұңқарларын» (1922) қойды; сонымен қатар өзі осы аталмыш спектакльдерде Арқалық батырдың және Еркебұланның рөлін орындады. Бір бөлімді «Торсықбай» комедиясы 1925 ж. Семейдің «Таң» журналында жарияланды. Бұдан кейін ол қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының директоры (1926) болумен қатар оның көркемдік жағын басқарды. Шанин Қазақстандағы тұңғыш ұлт театрының негізін салып, оны ұйымдастыруда, сондай-ақ профессионалдық тұрғыда қалыптастырып, сахналық-шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді. Алғашқы шығармашылық-ұйымдастырушылық қызметінен бастап Шанин актерлер мәдениетін көтеруге, театр жұмысын белгілі бір жоспар бойынша жүргізуге, репертуардан тәрбиелік һәм идеялық-көркемдік сапасы жоғары драм. шығармалардың орын алуына ерекше көңіл бөлді. Бұл мәселелер «Қазақтың мемлекеттік театры», «Мемлекет театрының артистері» (1927), «Қазақстан мемлекеттік театры» (1928), «Театр тарихынан» (1931), «Сахна техникасын меңгерейік», «Сахнада шындықты тану» (1935) атты әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларында жан-жақты қарастырылып қамтылды. 1927 ж. бір топ өнер шеберлерін бастап, Мәскеу қаласында өткен этнографикалық концертке қатысады, 1932 – 33 ж. қазіргі Қырғыздың мемлекеттік академиялық драма театрының (Бішкек қаласы) бас режиссері болды. 1934 ж. ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Қ.Жандарбековпен бірге Е.Г. Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қойды. Осы музыкалық спектакльдер Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде жоғары бағаланды. 1936 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарған Шанин алғашқы музыка театр өнерінің қалыптасып дамуына да мол үлес қосты. Шанин қаламынан туған күрделі «Арқалық батыр», «Шахта» пьесалары 20 ғ-дың 30-жылдары республикада жаңа ұйымдаса бастаған көптеген қазақ театрларының (Семей музыкалы драма театры, Қарағанды облысы драма театры, Шымкент облысы драма театры, Жамбыл облысы драма театры) репертуарынан орын алды. Ш. халық би өнеріне де көңіл аударып, «Киіз басу», «Қоян-бүркіт», «Өрмек», «Шашу», т.б. секілді билерді музыкалық спектакльдерде пайдаланды. А.В. Затаевич, Д.И. Ковалев пен Л.А. Хамиди Шаниннің орындауында бірқатар халық әндерін жазып алды; өз тұсынан да ән-күйлерді нотаға түсірді. Кезінде Ш. шығармашылығын Әуезов, Қ.И. Сәтбаев, Ғ.М. Мүсірепов, т.б. жоғары бағалады.
1972 ж. Шымкент облысы драма театрына және 1992 ж. бұрынғы «Южный» кеңшарына (Павлодар облысы) Шаниннің есімі берілді. 1973 ж. Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында «Торсықбай» және «Айдарбек» комедиясы (реж. Ә.М. Мәмбетов пен Қ.Р. Жетпісбаев), ал 1992 ж. Шымкент облысы драма театрында «Арқалық батыр» драмасы (реж. Ә.Т. Құлданов) қойылды.
## Дереккөздер |
Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов (20 мамыр 1934 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған) – қазақстандық опера және камералық әншісі. Қазақстанның халық әртісі. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің профессоры. «Парасат» Орденінің иегері.
## Жалпы мәліметтер
Алматы облысының «Еңбекші қазақ» ауданның Қаракемер атты мекенінде Нариман 1934 жылдың мамыр айының 20-жұлдызында өмірге келді.Нариман Нұрмағамедұлы опера және балет театрының табал-дырығын 1963 жылы аттады. Содан бері оның өмірі, жан тылсымы сонымен біте қайнауда. 46 жыл қас қағымдай өте шықты.Нариман 1957 жылы Алматыда ұйымдастырылған жастардың Республикалық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алып, жүлдегер атанды. Қазақстан Ленин комсомолының бірінші хатшысы қолынан диплом алды. Фестиваль барысында оның әншілікке деген дарынын таныған Байғали Досымжанов және Бекен Жылысбаев Нариманға консерваторияға түсуге ақыл береді. Ол ақыры консерваторияға 1957 жылы қабылданып, Бекен Жылысбаевтың шәкіртіне айналды, ал опералық класс өнері бойынша тәлім-сабақты Құрманбек Жандарбековтен алды. Қос ұстаз Нариманның әншілік қанатын 5 жыл бойы баптай түсті. Ол консерваториядағы студенттік шағынан бастап Алматы опера және балет театрының басшыларына дауысы қатты ұнағасын сондағы қойылымдарға қатыса бастады, ал 1963 жылы консерваториядағы оқу жылдарын тәмамдағасын опера және балет театрында әнші-солист қызметін атқаруға кірісті. Театрдың табалдырығын аттағаннан бастап-ақ өзін қалың қауым алдында дарынды кәсіби әнші екенін бірден байқатты, театр басшылары оның күрделі вокалдық дәрежеге жететініне толық сенді. Нариман Қаражігітов операның бір партиясынан соң екіншісін игеріп алып кетуі шұғыл дамып, шеберлігі арта берді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» – Айдар, Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сарасындағы» – Біржан, Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғынындағы» – Балпан, «Жалбырында» – Елемес, «Қыз Жібегіндегі» – Төлеген, Монцарттың «Дон Жуанындағы» – Дон Оттави, Мусоргскийдің «Борис Годуновындағы» – Самозванец, Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамысындағы» – Қараман, Рубинштейннің «Демо-нындағы» – Синодал рөлдері тамаша орындады. Әсіресе, Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсында бас партияны игеруде өзі-нің қолтаңбасын айқын танытты. . Сахнаға алғаш шығарған рөлі Сыдық Мұхамеджановтың комедиялық «Айсұлу» операсындағы – Әубәкір образы. Бұл әртістің репертуарындағы алғаш орындалған кейіпкер. Ол партияны да өнерге деген жан-жақтылықты серпілісте, шебер түрлену бағытында орындады. Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» қазақ операсының ұлттық мәдениеті тарихындағы түндікті алғаш ашты. Театрдың опералық қойылымының тұсау кесері. Биссимилласы содан басталды, қанатын толғай қағуға кірісті. Мұнда махаббаттың, пәк сүйіспеншіліктің асқақ шыңы сипатталып, жырланды. Опера желісінде Төлеген жауыздықтан мерт болғасын, Қыз Жібек мұндай орны толмас қайғыны көтере алмай өзін-өзі пида қылады, өмірімен қоштасады. Төлеген рөлін өткен мезгілдерде Қанабек Байсейітов және Байғали Досымжанов орындаған. Әрі қарай тізгін Нариман Қаражігітовтің қолына тапсырылды.Абай, Мұхтар, Шәкәрімдердің туған елі – Семейде қойылған Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы Роза Жаманова мен Нариман Қаражігітовтің басты рөлдерді орындауымен жемісті өтті. 1968 жылы Нариман Нұрмағамедұлы Канаданың Монреал қала-сында дүниежүзілік көрмеге қазақстандықтарды Байкен Әшімов, Сабыр Ниязбеков, Саттар Имашев бастап келген делегация құрамында болды. Ол сонда Нұрғиса Тілендиевтің «Жан сәуле» және халық әні «Ақбақайды» үлкен шабытпен орындады.Накең әншілігімен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда біраз жылдар ұстаздық қызмет атқарды. Ол 1967 жылы жеке классикалық әндерден сабақ берді, дәрістер оқыды. Оның шәкірттері қатарында белгілі әншілер – Ғафиз Есімов, Болатбек Бө, Мұрат Құсайынов. Бұл күндері Накең Қыздар педагогикалық университетінің профессоры.
## Марапаттары
* 1967 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы;
* 1976 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы;
* КСРОның «Еңбек ардагері» медалінің иегері.
* 2014 жылы «Парасат ордені» мен марапатталған.
* Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің профессоры.
әдебиет
* Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г |
Марат Төлегенұлы Жыланбаев (19 тамыз 1963 жыл, Қарқаралы ауданы) — қазақстандық ультрамарафоншы, суретші, оппозиционер, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Гиннесс рекордтар кітабында» жеті түрлі рекорд иесі, тіркелмеген оппозициялық Алға, Қазақстан партиясының төрағасы.
Жалпы 160 мың километрден астам жүгірген Жыланбаев, 2016 жылдың мәліметінше, — адамзат тарихындағы Азияның, Африканың, Аустралияның және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен бірінші және жалғыз спортшы.
2023 жылдың мамырында Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деген айыппен қамауға алынды, қараша айында 7 жылға сотталды. Азаттық радиосы және бірнеше құқық қорғаушылары оны «саяси тұтқын» қылып таныды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Жыланбаевтың босатылғанын талап етті.
## Өмірбаяны
Марат Жыланбаев Қарқаралы ауданындағы Фрунзе совхозында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан. Әкесі — Жыланбаев Төлеген Нығманұлы. Анасы — Жыланбаева Қаден.
Ата-аналарынан 7 жасында айырылғасын 1- мен 8-сынып аралығында Қарағанды облысының балалар үйi мен интернаттарда оқыған және тәрбие алған, училище, кейін дене шынықтыру техникумында білім алды. Комсомол берген мұғалім мамандығынан бас тартқан Жыланбаев еңбек жолын сылақшы болып бастады, сонымен қатар сурет салып, оны шетелде сатты.
Жыланбаев Қазақстан-ресей университеті Гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген (2005), экономист.
### Спорттық мансабы
19 жасында Қарағандағы алғашқы марафонына қатысып, 21 шақырым қашықтықты бағындырды. Өзінің Қарақұм шөлі арқылы марафонын Түрікменстанның Кушка қаласында бастады. Сегіз жылдан соң, 20 күн уақытта 1,200 шақырымды жүгіріп өтіп, Қарақұм шөлін бағындырды.
1993 жылы ол әлемдегі ең үлкен шөл, Сахараны 24 күнде жүгіріп өтті, онымен бірге бақылап жатқан адамдар болды. 1995 жылға қарай ол күніне 85 шақырым қашықтық жүгіріп жүретін, бұл оның денсаулығына үлкен жүк болды. Үкіметтен еш көмек ала алмаған Жыланбаев амнезиямен ауырып қалады, Мәскеуге қалай жеткенін ұмытып қалды, 17 жыл бойы уақытқа жүгіруді тоқтатуға мәжбүр болды.
2019 жылдың шілдесінде орын алған Ақтөбедегі жартымарафонға қонақ ретінде шақырылды, қала әкімі Ілияс Испановпен бірге 10 километр жүгірді, Ақтөбе медалімен наградталды.
1986 жылдан Жыланбаев — суретші-безендіруші және 1988 жылы өзі дайындық методикасын ойлап тапқан. 1990 жылдан «Мобиль» кооперативінде жұмыс істеген және 1991 жылы КСРО Еңбек сiңiрген бапкері Фёдор Склокинде жаттыға бастаған. 1992 жылдың қыркүйек айында Эльбрусқа мiну бойынша халықаралық жүгіру жарысында 2-орын алды және сол жылдың қазан айында Красноярская сотка халықаралық супермарафонында 1-орын алды.
1992 жылы 7 күн–7 марафон халықаралық супермарафонында 2-орын алса, келесі жылы шілде айында Канаданың Нанисивик аралындағы жүгіру жарысында да 2-орын алды. 1994 жылдың шілдесінде Өлі жазығы супермарафонында да 2-орын алды.
1996 жылдан бері Марат Жыланбаев — жеке кәсіпкер. Кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жеңіл атлетика федерациясының президенті (Екібастұз), «Екібастұздың болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің президенті. Халықаралық кластағы спорт шебері (1994).
Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, сол жылы Барнауыл қаласында (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы, Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30 тамыз–5 қыркүйек 1991) жүгіріп шықты. 20 күнде (2–22 сәуір, 1992) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993), Сахараны (Солтүстік Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Аустралиядағы Үлкен Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 жылы Мохаве шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.
Әлемдік рекордтары
### Саяси мансабы
1999 жылы Жыланбаев Екібастұз қалалық мәслихаты 2-шақырылымының депутаты болып сайланғанда саяси мансабын бастады. 2003 жылы Жыланбаев Екібастұз қалалық мәслихатының 3-шақырылымына сайланды, оған салмағы алты грамм алтын төсбелгі берілді. Мәслихаттағы депутаттығын 2007 жылы аяқтады.
Марат Жыланбаев 2023 жылғы кезектен тыс парламент сайлауындағы дауыс санау процесінің әділ өтуіне күмән келтірді, бірақ сонда да депутаттықтан үміткер ретінде тіркелді. "Ерте үгіт-насихатын бастады" деген айыппен оны кандидаттар қатарынан алып тастады. Сайлауалды бағдарламасында ол Қаңтар оқиғасы, бірінші президент Назарбаев пен оның отбасы жайлы тергеу ұйымдастырылуын талап еткен еді.
2023 жылдың 27 шілдесінде "Алға, Қазақстан" партиясы Әділет министрлігіне 17-рет тіркеуге құжат тапсырды. 2022 жылы ол "бастамашыл топтың тізімі заң талабына сай келмейді" деген уәж айтты да, тіркеуден бас тартты.
### Сотталуы
2023 жылдың мамыр айында Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деген айыппен қамауға алынды. Сол жылдың шілдесінде ол адвокаты Мейіржан Досақаревқа денсаулығының нашарлағанын, қамауда антисанитария көргенін айтты. Департаменттің айтуынша Жыланбаевтың "жағдайы қанағаттарлық, денсаулығына шағым жоқ". Эльвира Бекзадина айтуынша беріліп жатқан тағам сапасының нашар болғаны сонша, Жыланбаевтың тістері түсіп жатыр, бөлмесі маса, шыбын шіркейге толы, лас.
Азаттық радиосы мәліметінше дүние жүзінің 39 елінде демократия белсенділері мен құқық қорғаушылар, адвокаттар мен журналистерді біріктіретін World Liberty Congress үкіметтік емес ұйымы бұл жағдай жайлы "Марат Жыланбаев жөн-жосықсыз ұсталды" деп айтқан. Құқық қорғаушылар қауымдастығы және Азаттық радиосының өзі оны «саяси тұтқын» деп таныды.
Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталды. Жақында «белгісіз» куәгерлердің өтінішімен Марат Жыланбаевтың соты жабық отырысқа ауыстырылды. Бұған адвокаты, белсендінің өзі және оның жақтастары қарсылық білдірді. ҚАЖД хабарлауынша тіркелмеген партия жетекшісі ашық сот талап етіп, 1 қазан күні аузын тігіп тастады және "сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы Марат Жыланбаев тігісін алып тастады.". Жыланбаев соттың жабық өткізіліп жатқанын "заңға, конституцияға қайшы" деді. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Жыланбаевтың босатылғанын талап етті, ұйымның Орталық Азия жөніндегі зерттеушісі Мира Ритман «ол босатылуы тиіс» деген.
29 қараша күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 258-бабы 2-бөлігі бойынша сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 405-бабы 2-бөлігі бойынша оның қызметіне қатысқаны үшін Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды, ол жерде оның 7 жылғы сотталғаны жарияланған болды. Сот мәліметінше, Жыланбаев "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының жақтаушысы болды, ҚДТ басшысы мен оның шетелдік штабынан Қазақстан Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
## Марапаттары
* Ақтөбе медалі (2019).
## Жеке өмірі
Марат Жыланбаев үйленген. Жұбайы — Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы (1974 жылы туған), кәсіпкер. Ұлы — Рүстем (1988 жылы туған); қыздары — Айдана (1994 жылы туған), Азия (1998 жылы туған), Анелья (2003 жылы туған).[дереккөзі?]Діни көзқарасы — атеизм.
## Дереккөздер |
Рахымжан Тілеуімбетұлы Өтегенов (1949 жыл, Құлжа, Шығыс Түркістан - 1993 жыл) - журналист, ақын.
* 1973 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген.
* 1968 жылдан бастап Алматы облыстық «Жетісу»
* республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде
* Қазақ КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде
* «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде қызмет істеген.
## Шығармалары
Алғашқы өлеңдері
* 1969 жылы «Жас керуен»
* 1975 жылы «Көктем тынысы» атты жас ақындардың жинақтарында жарық көрген.
Шығармалары:
* Ақ шуақ. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977
* Көңіл көктемі. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982
* Арманымның ақ құсы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985.
## Дереккөздер |
Журавлев Николай Степанович 1926 жылы 9 мамырда РКФСР Новопаловка ауылында туған. Ворошиловград мемлекеттік көркемсурет училищесінің кескіндеме бөлімінің 1-ші курсын (1941); Ворошиловград мемлекеттік көркемсурет училищесін (1950) суретші - қыш бұйымдарын жасаушы; Харьков мемлекеттік институтын (1956) суретші-мүсінші мамандығы бойынша бітірген. ҚР Көркемөнер академиясының академигі (2007 жылдан). Бейнелеу өнері кафедрасының доценті (1971 жылдан). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситеттің профессоры (2001 жылдан). Бейнелеу өнерінің түрлері - мүсін (монументалды, жанрлық, портреттік). Көптеген станоктық және монументалды жұмыстардың авторы, сонымен қатар Қазақстанның қалалары мен аудан орталықтарындағы 30 астам мемориалды ескерткіштер, оның ішінде - «Кеңес билігі үшін күрескерлерге» 4 фигуралы композиция, Д. Фурманов (1967) пен О.Жандосовқа (1969) ескерткіштер.
1957 жылдан Алматы, Мәскеу, Баку, Ленинград, Ташкент, Семей, Қазан, Киев, Теміртау, Қараганды, Душанбе, Вильнюс, Фрунзе қалаларындағы тақырыптық, шығармашылық, көркемсурет көрмелердің қатысушысы. Жеке 2 көрмесін өткізді (1986, 2006). Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталуда.
1942-1945 жылдары - фашисттік концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқыны (Германия).
1956-1965 жылдары - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің сурет, мүсін, композиция, пластикалық анатомия, берік материалдардағы жұмыстар пәндерінің оқытушысы.
1965 жылдан - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің (Қазір Абай атындағы Қазақ үлттық педгогикалық университет) физика және математика фкультеті сызу геометриясы және графика кафедрасыныоқытушысы, 1966 жылдан - аға оқытушысы, 1968 жылдан доценттің м.а., бейнелеу өнері кафедрасының меңгеруші м.а., 1970 жылдан - бейнелеу өнері кафедрасының меңгрушісі, 1975 жылдан - сурет кафедрасының меңгерушісі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркемсурет және графика факультетінде оқытушылы әрі тәлімгер қызметтерін атқарып келеді. КСРО (1957 жылдан) және ҚР Суретшілер одағыны мүшесі. «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл туу құрметіне» (1970), көпжылдық адал қызметі үшін «Еңбек ардагері» (1986), Ы. Алтынсарин атындағы ағарт және ұстаздық қызметіндегі айрықша еңбегі үшін (1988)
## Марапаттар
«1941-1945 жылдарындағы ¥лы Отан соғысы Жеңісінің алпыс жылдығы» (2000) медальдармен; «Ы. Алтынсарин белгісімен (2008); КСРО Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Суретшіле одағының құрмет грамоталарымен марапатталған.
Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Өз елінің өркенде мен аман-саулығын ойлайтын қамқоршы адам». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақста жоғары дамыған 30 ел қатарына кіреді». Хоббиі - шахмат, балық аулау, саңырауқұлақ теру. Сүйіп оқитын әдебиеті - Р. Гамзатов, С. Есенин, Ш. Айтмтов, Ю. Никитин, С. Михалков. Үйленген. Ұлдары - Николай (1952 ж. т.), Александ (1958 жылы туған), Виктор (1960 жылы туған); қызы-Людмила (1956 жылы туған10 немересі және 5 шөбересі бар.
## Дереккөздер |
Әлібек Мұсаұлы Дінішев (7 шілде, 1951 жылы Алматыда туған) – кеңестік және қазақстандық опера және камералық әншісі (тенор), музыкалық педагог-профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1979) және КСРОның Халық артисі (1986).
ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012). "Казакстаннын Енбек Ерi" (2021).
## Толығырақ
* Әлібек Мұсаұлы 1951 жылы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Байбақты руының Құлсүйіндік бөлімінен шыққан.
* Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары.Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болатын, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастағанды. Мұсакең «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Журнал оқырмандарының тартымды, қалаулы баспасөзіне айналды. Ол Бойнидің «Овод» романын қазақшаға аударды, біраз мезгіл ҚазКСР-нің Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарды. Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі бүгінгі Әлібек Дінішевтің театры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккардеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркем үйірмесінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты.
* Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1978 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы берілді.
* 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсамолы жастар сыйлығының лауреаты
* 1979 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы);
* 1986 жылы 35 жасында Кеңестер Одағының Халық артисі (КСРО халық әртісі) құрметті атағы берілді.
* 1996 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды;
* 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты;
* 2003 жылы музыка саласы бойынша «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты;
* 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі
* 2011 жылы Қазақ муызка саласындағы ерен еңбектері үшін ҚР Жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынің өзі марапаттады (Астана, Ақорда 2011 жылы желтоқсан айында);
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
* 2012 жылы ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты құрметті атағымен елбасының өзі марапаттады (Астана,Ақорда 2012 жылы желтоқсан);
* 2021 жылы "Казакстаннын Енбек Ерi" атағымен марапаттады.
## Дереккөздер |
Өлкейек – Ақтөбе облысының Ырғыз, Қостанай облысының Жангелді аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 349 км, су жиналатын алқабы 3600 км2.
## Бастауы
Өлкейек Толыбай сағасынан шығыста 3 км жерде. Жантай мен Толыбай өзендерінің қосылған жерінен басталып, Балапан сағасынан оңтүстікте 15 км жерде Қызылкөлге құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысында белесті жазықпен ағады, аңғары 1 км-ден 3,5 км-ге жетеді. Жайылмасы екі жағында 0,6-2 км. Арнасы 20-30 м, бұл бөлігінде су жазда қара суларға бөлініп қалады. Қабырға өзені сағасынан төмен Өлкейек аңғары жайпақталып 7-8 км-ге ұлғаяды. Үлкенді-кішілі қарасулар (ең ұз. 9,8 км, ені 50—60 м, тереңдігі 7 м) кездеседі. Суы тұщы, жазда кермектенеді. Жылдық орташа су шығыны сағасы тұсында 1,60 м3/сек.
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Сәниев Мизамғали - ғалым-маман, экономика ғылымының кандидаты (1970), проф. (1993), Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1979).
1946 жылы Өлеңті 7 жылдық мектебін, 1949 жылы Алматы есеп-кредит техникумын, 1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
Еңбек жолын Мемлекеттік банктің Қазақ республика кеңсесінде қатардағы кредит инспекторы ретінде бастаған ол банк басқарушысына дейінгі кәсіби қызмет мектебінен өтті.
1972 жылы Мемлекеттік банктің Жамбыл облысының кеңсесін.
1977 жылы КСРО Мемлекеттік банктің Қазақ республикасының кеңсесі басқарушысының орынбасары.
1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында факультет деканы, кафедра меңгерушісі болды.
1993 жылы ҚР Банктер қауымдастығының президенті. Сәниев — 10 кітаптың және 100 шақты ғылыми-теориялық мақаланың авторы.
## Дереккөздер |
Төлеубаев Дәулен (1927, Қорғалжын ауданы) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1966). Қазақстан қой шаруашылығына еңбек сіңірген шебер. «КОКП ХХV съезі» атындағы кеңшарда шопан болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған.
## Дереккөздер |
Төлеубаев Жақсыбай (1951 жылы туған, Жамбыл облысы Тараз қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1995). Ысты руынан шыққан.
## Қысқаша өмірбаяны:
1975 жылы Жамбыл педогогикалық институтын (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген.1978 жылы Мәскеу гидромелиоративтік институтының аспирантурасын бітірген.1973 жылдан Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) оқытушы, аға оқытушы, доцент, қазіргі кезде профессор қызметін атқарады.
60-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер: |
Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев (1.10.1909 жыл, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар ауылы - 18.6.1982 жыл, Алматы) - қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (1962), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
## Өмірбаяны
* Марксизм – ленинизм институтын бітірген (Алматы, 1937).
* Қазақ марксизм - ленинизм ғылыми зерттеу институтының директоры (1937 - 38)
* “Социалистік Қазақстан” (“Егемен Қазақстан”) газетінің жауапты редакторы (1938 - 41) қызметтерін атқарды, осылармен бір мезгілде Алматы жоғары оқу орындарында дәріс оқыды.
* Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан (100-атқыштар бригадасының, 364-атқыштар дивизиясының саяси бөлім бастығы, Кеңес Армиясы Саяси бас басқармасы аппаратында жауапты қызметкер болды).
* 1946 - 56 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры
* 1956 - 68 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице - президенті қызметімен қатар, Экономика институтының директоры (1963 - 67)
* 1968 - 82 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
## Еңбектері
Осы жылдары ол елімізде ғылыми кадрлар даярлау, жаңа ғылым салаларын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы социал - демократиялық қозғалыстың тарихын жазу, марксизм - ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, басып шығару жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Оның ұсынысы бойынша Партия тарихы институтында арнаулы аударма секторы құрылды. Мұнда көптеген әлеуметтік - экономикалық ұғымдардың қазақ тіліндегі баламалары тұңғыш рет тілдік айналымға енгізіліп, әлеуметтік - экономикалық әдебиетті ғылыми тұрғыда аударудың негізі қаланды.
Бәйішевтің ғылыми еңбектері Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың тарихын, республика экономикасының даму кезеңдері мен саяси экономика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым 300-ден аса ғылыми мақала, 7 монография жариялады. Бұл еңбектер сол кезеңмен үндес, республиканың әлеуметтік - экономикалық жағынан дамуындағы шұғыл қажеттіліктер талабына сай келді. Бәйішев Қазақстанның өндіргіш күштерін орналастыру, республика еңбек ресурстарын саралау және оларды қоғамдық өндіріс мақсатына тиімді пайдалану, республикада экономика ғылымын дамытудың ірі де келешегі мол бағыттарын тұжырымдаудың көш басында болды.
## Марапаттары
* Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1968). КСРО орден, медальдерімен марапатталған.
* Октябрь революциясы ордені
* 1 дәрежелі Отан ордені
* Еңбек Қызыл Туы ордені
* Құрмет белгісі ордені
* Берлинді алғаны үшін медалі
## Дереккөздер |
Төлеубаев Жақан (1898 – 1978, Қорғалжын ауданы Қоржынкөл ауылы) – еңбек ардагері, қойшы. Социалистік Еңбек Ері (1948). 9 жасынан мал баққан. 1929 ж. алғашқылардың бірі болып ұжымшарға кірген. Қорғалжын ауданы Артық кеңшарында іріқара баққан, қойшы, жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі болып жұмыс жасаған (1930 – 55).
## Дереккөздер |
Николай Черныш - 1812 жылғы Отан соғысында ерлік көрсеткен әскери қайраткер.
## Биографиясы
Шын есімі Қазыбай, Әлім руынан шыққан. Оның ауылы жұттан қырылып қалған болатын. Бес жасар Қазыбай тек өзінің есімін ғана айтып бере алған. Өліп бара жатқан анасы оған еттің соңғы түйірін беріп, казактардың тұрағына апарады. Ол жерде Қазыбайды вахмистр Караевтың отбасы асырап алады. Вахмистдың анасы да далалық болатын. Қазыбай жазылып, өсе келе асырап отбасын туғанындай санайтын болды. Батыл да жігерлі бала өзінің көшбасшы екендігін көрсеткеннен кейін казактар оған терісінің қаралығына қарап Черныш деген лақап береді. Шоқынғаннан кейін оған Николай деген есім беріледі. Оның дүниеге келген уақыты шамамен – 1770-шы жылдар. Он жеті жасында Черныш қатардағы жауынгер ретінде әскери мансабын бастады. Ол ержүректігімен көзге түсіп келесі жылы кіші офицер шенін алады. Николай Кавказда қызмет етіп, түріктермен соғысқан. Ол ең алдымен жүздікті басқарып, кейіннен полктың басшысы болды. 1812 жылғы соғыста ол әскери старшын қызметінде болып төрт бірдей полкты басқарды. Черныш әсіресе Тарутин шайқасында ерекше көзге түсті. Генерал Орлов-Денисовтардың атты әскер полкының авангардында орналасқан Черныш сағат 7-де француздардың Тетеринка ауылына шабуыл жасады.
## Дереккөздер |
Қуағаш – Үлкен Қобда алабындағы өзен.
## Гегорафиялық орны
Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км.
## Бастауы
Бастауын Көлдіш тауының оңтүстік-шығыс етегіндегі бұлақтардан алып, Иманғали Білтабанов ауылы маңында Сауқайың өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Арнасының алабы кең, жағалау бойы ашық. Иманғали Білтабанов ауылы маңында, сол жағалауында шағын төбе орналасқан. Жаз айларында арна суы құрғап, қарасуларға бөлініп қалады.
## Дереккөздер |
Жантасов Амангелді Теміржанұлы (1955 жылы туған, Көкшетау қаласы) – әскери қайраткер, запастағы полковник.
* 1975 жылы Новосібір әскери-саяси Жоғарғы уч-щесіне оқуға түскен.
* 1979 жылы Кеңес Армиясы қатарында, Ауғанстан жерінде арнайы барлау басқармасында рота командирінің орынбасары (1981 – 83),
* Одесса әскери округіндегі десант бөлімінде әскери қызметін өтеді (1983 – 89),
* ҚР әскери комиссариатында (1990 – 97),
* 1997 жылдан 78-танк дивизиясы командирінің орынбасары болып тағайындалды.
ҚР Шығыс әскери округі командирінің орынбасары, 1-армиялық корпус командирінің орынбасары. «Қызыл Жұлдыз» ордені, медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Абубакир Назарымбетов (1925-1975, Атырау облысы). Қазақ КСР-ның құрметтімұнайшысы (1966). 1942-1965 жылдары - Мақат мұнай өндіру басқармасының операторкөмекшісі, операторы. 1965-1975 жылдары - «Өзенмұнай» мұнай өндіру басқармасының опе-раторы, аға операторы. Октябрь Революциясы орденімен (1971), «Ерен еңбегі үшін» медалі-мен марапатталған (1970).
## Дереккөздер |
Қуағаш – Қарғалы алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км.
## Бастауы
Бастауын Жосалы ауылынан жоғарыдағы сайдан алып, Тассай ауылынан төменде Қарғалы өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Арнасының басым бөлігі сайлы-жыралы жермен өтеді. Жағалауы орта ағысында жарқабақты келген. Жалпы ұзындығы 55 км болатын 8 саласы бар. Алабының жартысынан астамы егістікке жыртылған. Жағалау бойында бірнеше ірі елді мекендер (Бадамша кенті, Жосалы, Кемпірсай ауылдары), қыстаулар орналасқан. Арнасында жыл бойы су болады. Суы тұщы, ауыз су және шаруашылыққа жарамды. Алабында шабындық жерлер көп.
## Дереккөздер |
* Адай — Кіші жүз руы.
* Адай күйі — Құрманғазының күйі.
* Адай ата – қазақ халқының қалыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға.
* Адай биі — қазақтың ұлттық биі.
* Адай үстірті — Қостанай облысының Торғай төрткілді өлкесінің батыс бөлігіндегі үстірт.
* Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. |
‘’’Бисариев Жүсіп‘’’ (5.5.1913, бұрынғы Сырдария ауданы Қостам елді мекеніне қарасты 17 ауылы – 18.3.1978, Қызылорда қаласы) – қызметкер. Қазақ КСР-на еңбек сіңірген қайраткер. Тараз теміржолшылар училищесін (1933), Алматыдағы жоғары партия мектебін (1951) бітірген 1928 – 41 жылы Перовск теміржолындағы депода слесарь, паровоз машинисінің көмекшісі болды. 1941 – 43 жылы 2- дүниежүзілік соғысқа қатысады. 1943 – 46 жылы облыстық партия комитеті әскери бөлімінің нұсқаушысы, 1946 – 49 жылы Қазалы, Арал аудан партия комитетінің екінші хатшысы, Арал аудан комитетінің 1-хатшысы (1951 – 53), 1953 – 69 жылы Сырдария аудан атқару комитетіті төрағасының орынбасары, «Коммунизм», «1 май» ұжымшарларының төрағасы, Жалағаш ауданы «Жаңадария» кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. 1969 жылы республика дәрежедегі зейнеткерлікке шығып, облыс саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры болып істеді. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Құдайбергенов Ғалым Құлжанұлы(1947 ж.т.)-ғалым-агроном, ауыл шаруашылығы ғылым докторы(1993ж.). Орал(БатысҚазақстан ) ауыл шаруашылығы институтын бітірген(1970). 1970 ж. Есіл ауданы, Торғай облысындағы тәжірибе стансасының агрономы. 1982-88 жылдары шет елде іссапарда болды(Өсімдік және егін шаруашылық ғылыми зерттеу институты, Дархан қ., Моңғолия). 1989 ж. Целиноград облысы АПК төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, 1943ж. «Ақмола нан өнімдері» обл. Аукцион.компанияның президенті болды. 38 ғылыми жұмыстың авторы.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Аяпов Ахат (1909, Казталов ауданы, Беспішен ауылы) — бақташы, Социалистік Еңбек Ері (1966). 1931 жылдан ұжымшарда еңбек етті. 1944-45 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Энгельс атындағы ұжымшарда, «Тереңкел» кеңшарында аға бақташы, ферма меңгерушісі болды. Ол 1963-65 ж. табындағы мал басын аман сақтап, төл алуда жоғары көрсеткіштерғе жеткені үшін сол кездегі ең мәртебелі атаққа ие болды.
## Дереккөздер |
Құдайбергенов Әделхан Нұрғалиұлы (13.5.1938 ж.т., Ресей, Омбы облысы Горьковское аудан Кедей а.) – тарих ғылыми докторы (1991), профессоры (1992). ҚР Әлеум. ғылыми академиясының корр. мүшесі (1999). Қазақстан Білім беру ісінің үздігі. ҚазПИ-ді (1962, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1968) бітірген. Павлодар облысында мектепте мұғалім, Қазақ КСР-і Мин-лер Кеңесі жанындағы Бас мемл. және әскери құпия баспасы басқармасында редактор, аға редактор (1965–68), Алматы мемлекеттік медицина инстиутында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) оқытушы (1968–71), Алматы шет тілдері институтында (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) аға оқытушы, доцент, аға ғыл. қызметкер, кафедра меңгерушісі (1972–92), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (1992–2000, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетті) проректор қызметтерін атқарды. 2000 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі. «Культурное строительство в ауле и селе Казахстана в 1965–85 жж.» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Тұрсынғазы Рахимов (1951 жылы 15 қазанда туған) «Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебіренткен ерекше сезімнен туған ән ырғағын тыңдаушыға жеткізіп, көкірек көзін ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, отыз жылдай қазақ даласын шарлап, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, Семейлік әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Тұрсынғазы Рахимов - міне осындай өнер иесі.«Үш бақытым» деп Мұқағали жырлап өтсе, «үш ұстазым бар» деп Тұрсынғазы әркез мақтанышпен айтады. Өнер жолында үш дарын иесінен тәлім-тәрбие алғаны жайлы сөз кезегін сазгердің аузынан тыңдасақ: "Мен Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болғаныма бақыттымын. Ол кісі үнемі айтатын, «сен сазгерлікпен айналысасың» - деп. Ол кісінің көрегендігі ме, мен он жылдан кейін ән шығара бастадым. «Сені асырайтын қара домбыраң» дейтін екінші ұстазым Есімхан Обаев. Ол маған талай роль беріп сахнаға шыңдады. Сахнаға шығу үшін де шеберлік керек. Үшінші ұстазым – композитор Теміржан Базарбаев.1979 жылы алғаш әнім «Сәби болғым келедіні» жазғанда ақ батасын беріп, көп тәрбиелеген тәлімгерім еді...» 1993 жылы желтоқсан айының басында Алматыда сазгердің шығармашылық кеші өтті.1994 жылы Тұрсынғазының «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым, зерттеуші Төкен Ибрагимов.Осы жылы әнші Қытай еліне арнайы шақырумен барып, Үрімжіде өнер көрсетіп қайтты. Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – Мұқағали Мақатаев. Арқалы ақынның аруағы Тұрсынғазының талантын әлі күнге жебеп келеді. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосты. Оның «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн» , «Нені аңсаймын», «Я, жаратушы Аллам», «Қазағым-ай», «Аягөз ару» т.б. әндері жан дүниеңді тебірентетін дүниелер. Әр әннің өзінің шығу тарихы болады дегендей, сазгердің «Батыр баба - Қабанбай», «Ән атасы - Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Кейін Жәнібектен көз жазып қалған шақта Несіпбек екеуі «Ақбөкен» әнін шығарса, бертінде Есенғали Әділбековтың өлеңіне «Әнің қайда, Жәнібек» әні туды. 2004 жылы Тұрсынғазы Рахимовтың «Нені аңсаймын» деген ән жинағы жарық көрді. Жинақта ақын-журналистердің Тұрсынғазы жайлы туындылары орын алады.Жүсіпбек Елебековтың әншілік мектебін ұрпаққа үйретіп, Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінде ұстаздық етіп жүрген Тұрсынғазы Рахимов - өнер шырағын келер ұрпаққа жеткізген тәлімгер.
Әдебиеттер:
* Дүйсенбек Ә. Сәби сезім, сыршыл жүрек // Егемен Қазақстан.-2004.-3 шілде.-8б.
* Дәуренбеков М. Семейден ұшқан бір түлек: (Әнші Т. Рахимов туралы)// Семей таңы.-1976.- 9 желтоқсан.
* Жұртбаев Т. Сырлы сазгер // Халық кеңесі.-1993.-9 ақпан
* Жұртбаев Т.Тұрсынғазы туралы сыр ( сазгердің шығармашылығының 20 жылдығыны орай( // Семей таңы.-1993.-1993.- 16 қаңтар
* Зүкенов М. Сазгерге балуан сый тартты .- Семей таңы.-1999.-8 шілде
* Ибраев М. Аққумен әнін қосқан // Семей таңы.- 1991.-6сәуір
* Иманбаева А. «Сәби болғым келеді». //Мәдениет.-2010.-№4.-Б.17-19
* Рахимов Т. Нені аңсаймын..-Өскемен Медиа-Альянс,2004.-180б.
* Қамбаров Ж. Т. Рахимов.- Алматы, 2004.-196б.
* Рахимов Т. Сәби болғым келеді: әндер жинағы. Алматы «Атамұра»,1994-64б.
* Рахимов Т.Өнерім-өмірбаяным //Егемен Қазақстан.-2001.-30 қараша
* . Cабырбай Қ. Тұрсынғазының әндерін шырқады // Семей таңы.-2004.-10 желтоқсан.-4б.
* «Еркежирен» әнінің авторы. (Т. Рахимов) // Семей таңы.-1990.-9 қаңтар
* Семей сазгерлері: Био-библиографиялық естелік.Семей, 2006.-18б.
Пішімделінбеген мәтінді мында енгізіңіз |
Құдайбергенов Пірімқұл (18.1.1941 ж.т., Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қосағаш а.) – экономика ғылыми докторы (1992), профессор Ташкент т. ж. көлігі инженериялері институтын (1963) және Мәскеу басқару университетінің аспирантурасын (1974) бітірген. КСРО машина жасау мин-лігі жүйесінде шебер, прораб (1963–67), Автомобиль жолдары мин-лігінің «Оргтехдорстрой» тресінде аға конструктор, топ жетекшісі, бас инженерия (1967–70), Қазақ КСР-і Күрделі құрылыс мин-лігі жүйесінде бас маман (1970–74), Қазақ ұлттық тех. университетінде, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында қызметтер атқарды. 50-ден астам ғыл. жарияланым мен 4 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Өмірғалиева Қапуза — еңбек жолын аудандық газеттен бастады.. Аудармашы, әдеби қызметкер, жауапты хатшы, радиожурналист міндеттерін атқарды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Тіл комитетінің "Мемлекеттік тілді дамыту" баскармасында бас маман болып еңбек етті. Тіл жанашыры.
министрліктердегі, республикалық деңгейдегі мекемелердің әміршілдікәкімшілік жүйесіне мемлекеттік тілді енгізу проблемасын қоя білді. Үтымды үсыныстармен іс кағаздарын екі тілде жургізуге көз жеткізді. Алка мәжілісіне "Министрліктердегі, облыстық әкімшіліктердегі мемлекеттік тілдің жағдайы туралы" анықтамалар дайындады. Республикалық деңгейде тіл мәселесі жонінде конференциялар откізуге ат салысты."Экономика" баспасының қазақ редакциясында 5 жыл уақыт редактор (казір бөлім меңгерушісі) болып қызмет аткарып келеді. Осы жылдар ішінде қолынан экономика тақырыбына жазылған "Қазақ тілі", (А.О.Муса, І.М.Төлеңов, Е.Қ.Құдайбергенов, Г.Қ.Дәркенбаева), "Банктегі бухгалтерлік есеп" (С.Т.Міржақыпова) атты оқулықтары, "Қаржылық есеп" (Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева) және тағы басқа оқу құралдары, ПРООН тапсырысы бойынша аумақты көлемде Қазақстанның темір жол көлігі: қайта құрылымдау және әлемдік экономикаға кірігу жолдары (Е.Д.Атамқұлов, Қ.Қ.Жанғаскин) монографиясы, "Сүре сөз" (Т.Қ.Жүртбай) публицистикасы өтті. Қолданыска түспеген экономикалық терминдердің баламасын оқырманға дәл беруде және қазақ басылымына ендіруде авторлармен коянқолтық жұмыс жасайды.Халықаралық, республикалық кітап көрмелеріне қатысады, үнемі іздену үстінде.
## Дереккөздер |
Құдайбергенов Білім Қайнелұлы (1945 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Мостик а.) – философия ғылыми докторы (1997), профессор (1997). Орал мемлекеттік университетін (1972) және Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1976) бітірген. Осы оқу орнында ассистент (1972–73), Қалмақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, оқу ісі жөніндегі проректор (1977–91), ҚазМУ-да (1991–94, қазіргі ҚазҰУ) доцент, ҚР Білім және ғылыми мин-лігінде бөлім, басқарма бастығы (1994–97) болды. 1997 жылдан Қазақ экон. және құқық институтында профессор, оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды. «Социально-философские поиски духовности (историко-философские истоки и современные проблемы)» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Өтеғұлұлы Сармыс (1900, қазіргі Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауылы – ө. ж. б.) – саяси қуғын-сүргін құрбаны. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясаты кезінде қаржы бөлімінің салық агенті болып қызмет еткен. 1934 ж. РКФСР қылмыстық кодексінің 109-тармағымен айыпталып, 4 жылға сотталып, бір жарым жылдан кейін босатылады. Келгесін шикізат дайындау кеңсесінің агенті болып жұмыс жасаған. Адай көтерілісінің басшысы Мамай Салпықовқа көмек бердің, Қилыбаев, Қожановтардың нұсқауымен кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасап, ірі байларды салықтан жасырдың», – деген айып тағылып, 1938 ж. 10 жыл түрмеге, онан соң 5 жыл азаматтық құқы алыну жазасы беріледі. Өтеғұлұлының одан арғы өмірі белгісіз. 1955 ж. 22 ақпанда іс қайта қаралып, қылмыстық құрамы болмауына байланысты толық ақталған.
## Дереккөздер |
Өтеғұлұлы Әділ (1869, Жем бойы – 1931, Жем бойы, «Қаратоғай» қорымында жерленген) – әнші, «Адайдың жеті қайқысының» бірі. Ел ішінде кенже Әділ атымен танымал. Бозащы түбегін қыстап, Жем, Сағыз бойын жайлаған. Өтеғұлұлы өмірінің соңғы жылдарында кеңестік түрмеде отырған. Оның кейінгілерге жеткен әндері: «Жайма қоңыр», «Бес өрдек», «Әділдің қара әні».
## Дереккөздер |
Ағыбаев Құдиярбек (07.11. 1952 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйідібек ауданы, Алмалы аулы) - pадиожурналист, оқытушы..ҚазМУ-ді бітірген (1976 жыл). 1970-80 жылдары республикалық "Еңбек таңы" - "Заря труда" журналында бөлім меңгерушісі, Парламенттің "Халықкеңесі" газетінде аға тілші, 1987-2001 жылдары Қазақ радиосында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, бас редактор, Бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2002 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ұстаздық қызметте доцент. Қазақ радиосында еңбеқ еткен жылдары "Қайта оралған дауыстар", "Жетісудың қайта оралған күйлері-ай", "Домбыра - дастан", "Асыл мұра", "Ел қорғаған ер баба", т.б. музыкалық және танымдық радиохабарларын жасады. Республикамыздың астықты өңірлерінде, экономикалық аймақтарда сан мәрте іссапарларда болып,еліміз тәуелсіздігінің жаңа орныға бастаған қезеңінде зиялы қауым өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, сондай-ақ еңбеқ адамдарымен жүздесіп, проблемалық тақырыптарға хабарлар әзірледі. 1971 жылдан бастап студент-жастарға арналған "Гүлдәурен" радиожурналының, "Бүгінгі күн тақырыбына" және "Түркістан" радиохабарының тұрақты редақторы, әрі жүргізушісі болды. Республикалық радиода алғашқы болып, тікелей эфирге шыққан ақпараттық-сараптамалық "Тәулік тынысы" - "Панорама дня" хабарының қалыптасуына атсалысты. 1990 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсылтан Назарбаевпен болған алғашқы радиосұхбатты жүргізді. Еліміздегі демократиялық жаңару мен нарықтық реформалардың жүзеге асуына өз үлесін қосты. Республикалық телерадио "Алтын қорында" сақталған, эфирден жиі орындалып жүрген 30-дан астам әндерін "Түнгі Алматы", "Жүрегім-жүрегімде", "Ана тілім", "Төгеді жаңбыр", "Қалай жүрсің сағынбай", "Түркістан", "Махаббат көктемі", "Балағашық", "Ақ кимешек көрінсе", "Қазығым алтын-қарттарым", т.б. белгілі опера әншісі Б.Бөкенов, эстрада жұлдыздары Лаки Кесоглы, С.Нұрмағанбетова, С.Стамғазиева, М.Түсіпбаева, Б.Есенәлиев, Е.Шақеев, Н.Әлқожаева, қ.Сыздықова, Қ. Әлімғазыұлы т.б. орындайды. 2001 жылы Оңтүстік Кореяның "LG" компаниясы шығарған "караоке" ән дискісіне 20 әні енді. Ол қазақ ән өнерін насихаттайтын "Қазақ музыкасының інжу-маржандары" (Қазақ радиосының АЛТЫН қорынан, 2001 жыл) CD дискісінің жарыққа шығуына жетекшіліқ етті."Қазақстаным - қара шаңырағым" атты республикалық ақындар радиомүшәйрасын, "Балақай" музыкалық радиофестивалін ұйымдастырды. Республикалық "Үкілім-ай" телеқонкурсының, "Балақай" радиофестивалінің, "Түркістаным -Тұраным", "Жаңа ғасырға - жаңа ән" республикалық конкурстарының жүлдегері.Бұқаралық ақпарат құралдарының даму проблемалары туралы жазған: "Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа көкжиегі", "Қазақстан медиа-қеңістігі: дамудың жаңа қезеңінде", "Қазақ радиосы - ұлттық рухтың көшбасшысы", "Редакторлық шеберлік негіздері" деп аталатын оқу құралдары, "Үзілмеген үміт" повестер мен әңгімелер, өлеңдер жинағы жарық көрді (2007 жыл). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, "Қазақ радиосының үздігі", "Еңбеқ ардагері" белгісінің иегері. Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі.
## Дереккөздер |
Қарашық, Хантағы – Сырдария алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысының Кентау қалалық әкімдігі аумағымен ағады. Ұзындығы 102 км, су жиналатын алабы 1210 км2.
## Бастауы
Қаратау жотасының ортаңғы бөлігіндегі Бессаз тауынан басталып, Текекөл көліне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменгі бөлігінде жайпақтанып кеңейе түседі. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Хантағы кенті тұсында 1,72 м3/с. Өзен бойына 1982 жылы Қосқорған бөгені салынған. Суы егін, бау-баша суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қармақкөл – Торғай алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 75 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 8,5 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 1,8 км. Ендік бағытта созылып жатқан Қармақкөл оңтүстігіндегі Байтақкөлмен ұзындығы 1 км болатын қыларнамен жалғасқан. Көлді Бөкенкөл, Жаркөл, Байтақкөл, т.б. шағын көлдер қоршап жатыр. Негізінен Торғай өзенінің суымен және жауын-шашынмен толысады.
## Жағалау сипаты
Жағалауында қамыс, құрақ қалың өскен. Мұнда жыл құстары ұя салады. Суында балық бар. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді.
## Дереккөздер |
Мырзабеков Смағұл - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1900 жылы Гурьев облысы (Атырау облысы), Денгіз ауданы, Зормат ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1930 жылы "Еңбекші" ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді.
* 1932 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласына бес айлық бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайытн курсты бітіреді.
* 1933-1937 жылдары Алматы советтік құрылыс институын бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысы, Денгіз аудандық атқарушы комитетінде нұсқаушы болып істейді.
* 1938-1942 жылдары - ҚазССР Халық ағарту комиссариатында кадрлар жөніндегі инспектор.
* 1941 жылы КОКП мүшелігіне өтеді.
* 1942-1943 жылдары - Павлодар облысы, Жолқұдық совхозында саяси бөлімнің бастығы.
* Ұлы Отан соғысы кезінде майданға саяси жұмысқа жіберіледі. Жауынгерлік істері үшін "Красная Звезда" орденімен және "За победу над Германией" медалімен наградталады.
* 1946-1952 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) 28 гвардияшылар ауданында аудандық атқарушы комитетінің председателі болады. 1946 жылы аудан 35388 гектар жердің әр гектарынан 10,8 ц-ден өнім алып, жоспарды жобалаған меже - 9,6 ц-ден асыра орындайды. 1947 жылы 40913 гектар жердің әр гектарынан алынған өнім 12,6 ц-ді құраған.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946)
* 2 мәрте Ленин ордені (1947), (1948)
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері ([[28.03.1948]])
* Медальдар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2013 жылы.
* |
Қарбасқан – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігіндегі тау. Қарасор көлінен оңтүстікке қарай 15-20 км, Қарқаралы қаласынан солтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Оңтүстіктен солтүстік-шығысқа қарай 1,5-2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Абсолюттік биіктігі 745 м. Беткейлері көбіне жайпақ, аз тілімденген, батысы тік жарлы.
## Геологиялық құрылымы
Пермь гранитоидтарынан түзілген.
## Топырағы
Толық қалыптасып жетілмеген қызғылт қоңыр, саздақты топырақ кездеседі. Шығысы батпақты, оңтүстік және солтүстік етектері сортаңды болып келеді.
## Дереккөздер |
Қожахметов Сұлтанбек (1912, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ ауылы – 1945, Солтүстік Кавказ) – алғашқы педагог-ғалымдардың бірі, педагогика ғылымдар кандидаты (1939). Петропавл пед. техникумын бітіріп (1930), осы оқу орнында қызмет етті (1930 – 32). 1932 – 37 жылы Қарағанды қалалық халық ағарту бөлімінде инспектор, КСРО Ұлт жастары институтында аспирант. 1937 – 41 жылы ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, ҚазПИ-де оқытушы, Қазақ КСР Оқу комиссариаты ғылым-зерттеу институтында педагогика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1941 – 45 жылы соғысқа қатысты. Қожахметов ұлттық мектептерді ұйымдастыру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын, оқу бағдарламаларын жасауда зор еңбек сіңірген. Жас ұрпақты адамгершілік пен әдепке, саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселелеріне арнап құнды еңбектер жазған.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
1981 жылы 15 ақпанда Батыс Қазақстан облысы ,Қазталов ауданы,Бостандық ауылында дүниеге келген. Бостандық орта мектебі,Ғұмар Қараш атындағы Қараоба мектеп гимназиясын 1998 жылы аяқтады.Сармалаев Қамбар ұстазынан бейнелеу өнерінен дәріс алған. Суретші,құмырашы. 2003 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетін үздікке аяқтады. 2004-2008 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды. 2009-2012 жылдары Орал қалалық С.Ғұмаров атындағы Балалар көркемсурет мектебінде дәріс берді.Қазіргі таңда Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қосымша білім беру педагогы,қыш құмыра үйірмесінің жетекшісі. Н. Е.Әміржанов туындыларының тақырыптары тарих, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, фольклорға арнайды және оларды графиканың күрделі техникаларының бірі линогравюрада орындайды. «Махамбет-2007» аймақтық көркемсурет көрмесі мен «Жазира Жайық-2009,2011,2012,2013» БҚО суретшілерінің шығармашылық көрмесіне қатысқан.
## Әдебиет:
1.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -14б. |
Қожахметова Клара Жантөреқызы (11.3.1951 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудан Ащысай а.) – педагогикалық ғылым докторы (1999), профессор (2000). Халықаралық педагогикалқ академиясының толық мүшесі (2002).
Орал педагогика институттын (1974, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) және ҚазПИ-дің (1989, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген.Батыс Қазақстан облысында (1974–81) және Алматы қалаласында (1981–83) орта мектепте мұғалім, директордың орынбасары, Республика Мұғалімдер білімін жетілдіру ин-тында әдіскер, кафедра меңгерушісі (1983–2002), Қазақ білім академиясында тәрбие мәселелері ин-тының директоры (2003–05) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қазақ мемллекеттік қыздар педагогика университеттінде проректор.
Сорос-Қазақстан қоры грантының (2000) және Ы.Алтынсарин атынд. сыйл. (2006) лауреаты.
## Дереккөздер |
Мәженов Ахметжан (1901-1983)- бірінші бесжылдық кезіндегі тұңғыш Социалистік Еңбек Ері (1920-1932), социалистік құрылысқа белсене қатысқан байырғы жұмысшы. 1901 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Жарма ауданы 8-ауылда туған.
## Еңбек жолы
* 1921-1927 жылдары - Риддер руднигінде қара жұмысшы.
* 1927-1930 жылдары - Түркістан-Сібір темір жолының құрылысшысы.
* 1930-1956 жылдары - теміржолшы болып істеді.
* 1936 жылы Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылық мектепті бітрген.
* 1938 жылдан КОКП мүшесі болды.
## Жетістігі
* Темір жол құрылысында екпінді еңбек жолындағы қозғалысты басқарушылардың бірі болды. Ол күніне 3 км жол төсеудің орнына 3,5 км жол төсеп, рекордтық жетістікке ие болған.
## Наградалары
* 1931 жылы Орта Азия мен Сібірді жалғастырған Түрксіб құрылысындағы үздік еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.
* Социалистік Еңбек Ері (1920-1932)
## Дереккөздер |
Тасқала (2004 жылға дейін — Каменка) — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл, аудан және Тасқала ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Ауыл аумағынан Шаған өзенінің саласы Деркөл өзені ағып өтеді, облысы орталығы - Орал қаласынан батысқа қарай 80 шақырым жерде Орал – Тасқала – РФ (Озинки) күре жолының бойында орналасқан. Ауыл "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның "Шипово" станциясы болып табылады.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 7054 адам (3427 ер адам және 3627 әйел адам) болса, 2009 жылы 7350 адамды (3504 ер адам және 3846 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мұхтар Рабатұлы Аймаханов (орыс. Мухтар Рабатович Аймаханов; 1 қаңтар 1967 жылы Қызылорда облысы Жосалы кентінде туған) - Ресей ғарышкері. Ұлты - қазақ. 2012 жылы Ресей ғарышкерлер отрядына қосылу үшін Қазақстан азаматтығын Ресейдікіне ауыстырды.
## Өмірбаяны
Мұхтар Аймаханов 1967 жылдың 1 қаңтарында Жосалы кентінде дүниеге келді.
Оқу кезінде Алматы аэроклубында ұшу дайындығын өтті. 1988 жылы Чернигов Жоғарғы әскери авиациялық училищесін «ұшқыш-инженер» мамандығымен бітірді. Сол жылдан бастап Аймаханов КСРО Қарулы Күштерінде ұшқыш ретінде қызмет етті. КСРО ыдыраған соң Мұхтар Қазақстан Республикасының әуе күштерінде қызметін жалғастырды.
1993-1998 жылдары әскери қызметтен кеткен соң «Алтын қазына Орталықазиялық депозитарлық жүйесі» АҚ, «Терминал» ЖШС, «МААГБОЛ» ЖШС компанияларында жұмыс істеді. 2002 жылы «Әділет» Жоғарғы құқық мектебін юриспруденция мамандығымен бітірді. Сол жылы «Алтын-Консалт» ЖШС компаниясының бас директоры атанды.
### Ғарышқа ұшу дайындығы
2001 жылының шілде айында Аймаханов Қазақстан Республикасының ғарышкерлер іріктеуіне қатысуға Аэроғарыш комитетіне мәлімдеме жіберді. 2002 жылы ол Ресей мен Қазақстан арасындағы келісім бойынша Мәскеудегі медико-биологиялық институтында тексеруден өтті. 2002 жылының 9 қарашасында Қазақстан ғарышкерлер отрядына қосылу үшін ұсынылған. 2002 жылының 17 желтоқсанында басты медициналық комиссиясын өтіп, жаттығулардан өтуге рұқсат алды. 2003 жылының 29 мамырында Аймаханов Ресей ғарышкер болуға кандидаттар тобында дайындығын бастады.
2003 жылының 16 маусымында Звездный городок қаласындағы Юрий Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау орталығында жалпы ғарыштық даярлау курсын өтті. 2005 жылының 28 маусымында ҒДО-ға мемлекеттік емтиханды «үздік» бағасымен тапсырды. 2005 жылының 5 шілдесінде Ведомствоаралық квалификация комиссиясының шешімімен «ғарышкер-сынаушы» атағына қол жеткізді. Өз ұшу дайындығын Халықаралық ғарыш станциясына ұшу бағдарламасы бойынша дайындалып жатқан ғарышкерлер тобында жалғастарды. 2007 жылы ҒДО ұшу дайындығын бітірді.
2008 жылдың қараша айында Айдын Айымбетовпен бірге 2009 жылдың күз айларында ғарышқа ұшу негізгі экипажының кандидат мүше ретінде қарастырылады. Алайда 2009 жылдың сәуір айында Ресей ғарыш агенттігінің басшылығы Қазғарыш басшылығынан: «қаржылық мәселелер сұрақтары бойынша мемлекет басшылық шешімімен қазақ ғарышкері ғарышқа ұшудан алынып тасталсын.» деген ресми хат алды (Ғарышқа ұшу 26 млн. $ бағаланды). Аймаханов Ресей ғарышкерлер отрядына қосылуға сұраныс жіберіп, Ресей ғарыш агенттігі оған Ресей азаматтығын алуға ұсынды. 2009 жылдан бастап Аймаханов Вавилов атындағы жаратылыстану тарихы мен техника институтының ғылыми қызметкері болып табылады. 2010 жылы РФ Президенті қарамағындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясындағы оқуын үздік дипломмен бітірді.
2012 жылы Аймаханов Ресей азаматтығын алды. 2012 жылдың 26 қыркүйегінде арнайы дайындықтардан өтуге жарамды деген Мемлекеттік медицина комиссиясынан мақұлдау алды. 2014 жылдың 27 қаңтарында Ресей ғарыш агенттігі ведомствоаралық комиссиясының шешімімен ғарышкер кандидат ретінде ҒДО ғарышкерлер отрядына қосылуға ұсынылды. 2014 жылдың 13 тамызында Гагарин ат. ҒДО ғарышкерлер отрядында ғарышкер-сынаушы ретінде тағайындалды. Қазіргі уақытта мамандандыру және жетілдіру тобында дайындалуда.
2014 жылдың 19 - 28 қазан аралығы Краснодар өлкесінің Туапсе ауданында экипаждың таулы жерде қону жағдайындағы іс-шаралар бойынша оқытуына қатысты.
Ол экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу бойынша диссертация дайындау үстінде.
## Отбасы
Әйелі - Эльмира. Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазҰМУ-да мұғалім ретінде жұмыс атқарды. Баласы - Исатай (2001 жылы туған).
## Дереккөздер |
Тура хан кесенесі (башқ. Торахан кәшәнәһе немесе Хан урҙаһы) — Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Шишмә ауданында XIV—XV ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіш. Ортағасырлық Орталық Азияда жиі кездесетін архитектураның үлгісі болып табылады. Аудан орталығынан (Шишмә кенті) оңтүстік-батысқа қарай (шамамен 12 км) Нижние Термы ауылына дейінгі жолдың бойында. Кесене қасында тастан салынған мешіт кесенемен бірге ритуальды-архитектуралық ансамбль құраған. Кейбір болжамдарға қарағанда, кесене «төрелік үйі» қызметін атқарған. Мешітпен қоса кесенені жан жақтан зират қоршаған. Алайда кеңес заманында «ескінің қалдықтарымен» күресі барысында құлпытастар толығымен жойылды.
## Сипаттамасы
Кесене жайлы ең алғаш жазба деректерді 1772 жылы П.И. Рычковтың қолжазбасынан табамыз. Ал XIX ғасырда Р.Г. Игнатьев пен П. Юдин одан әрі жүйелеп баяндаған. Оған қоса 1845 жылы В.С. Юматовтың кесене жайлы баяндамасы сақталған. Тура хан кесенесі қарапайым жолмен өңделген тастардан қаланған. Кесене ауданын өлшемі 6,6x6 м төртбұрыш құрайды. Биіктігі 1,8 м қабырғадан кейін күмбез тәрізді шатырмен жалғасқан. Кесенеде кірер жер қызметін атқарған шығыңқы орналасқан. Қабырғаның қалыңдығы - 1 м артық, биіктігі - 8 м. Бүгінде ғимарат заманауи металл тормен қоршалған. Кесенеге кіретін жер құлыпталған.
### Тура хан туралы
Тура ханның кім болғаны, туған жері мен уақыты туралы нақты деректер жоқ. Ол туралы айтылған деректер тарихи оқиғаларға негізделмеген. Бір деректерде Тура хан қазіргі Тобольск қаласына жақын жерде, Ертіс өзенінің бойында өмір сүрген Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы делінген. Туыстармен туған дау-дамайлардан кейін Батыс Сібір жерін қалдырып, башқұрт жеріне көшкен. Ол заманда башқұрт тайпаларының қоныстану араелы біршама кеңдеу болғанын ескерген жөн.
А.-З. Валиди Тура ханды Шибан әулетінен шыққан Махмұтбек ханмен байланыстырады.
Келесі бір пікір бойынша, Тура хан билігі Оңтүстік Орал тауларының екі беткейіне тараған Басман ханның ағасы ретінде сипатталады. Тура хан орта ғасырларда жиі болып тұратын өзара қақтығыс кезінде мерт болған. П. И. Рычков орыстардың башқұрт жерлеріне келмей тұрғанда, қазіргі Уфа аумағында үлкен қала болған деп жазады. Тура хан қаланы қысқы орда (Қараеділ өзенінің жағасындағы халық арасында «Чертово городище» атауына ие мекен) ретінде пайдаланған. Ал ханның жайлауы кесене орналасқан жерге сәйкес келеді.
Тарихшылардың басым бөлігі «Тура хан» адамдың есімі емес, оның лауазымы деп көрсетеді.
Соңғы кезде жарыққа шыққан мақалаларда Тура ханның башқұрт жерінде XVI ғасырдың бас кезінде билік еткені туралы тұжырымдарды кездестіруге болады. Табын, қыпшақ және т.б. тайпалардың шежірелерінде Туратауға жақын жерде, қазіргі Белая өзенінің бойында Тура ханның ордасы орналасқан делінеді. «Ол башқұрт халқының жеке-дара билеушісі ретінде көрсетілген. Ханның Көсем есімді ұлы болыпты. Сол заманда Сарайшықтың билеушісі Бурак ханмен жер мен су үшін үлкен қақтығыс болған. Шайқас кезінде Тура хан мен оның ағасы Басман ноғайлы Алтақардың қолынан қаза табады.»
## Сілтемелер
* http://ekabu.ru
* http://yuzhnyj-ural.ru
* https://kulturarb.ru |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.