text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бірсуат ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы әкімшілік бірлік. 2013 жылға дейін Бірсуат ауылдық округі деп аталған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Бірсуат ауылы. Округ құрамында болған Балуанкөл ауылы 2005 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. Мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады. Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солт.-шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Пәкістан, Бирма жерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. Бірақ 1970 – 1980 жылы саны қайтадан көбейе бастады. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Суреттер
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Қызыл - Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, темір жол стансасы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 3,6 км жерде орналасқан.
## Дереккөздер |
Құрманғалиев Ораз Шабанбайұлы (1944–2002) – химия ғылым докторы (1991), профессоры (1991). ҚазМУ-ды (1966, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы университетте оқытушы, ассистент, аға оқытушы, доцент (1966–81), Қарағанды мемлекеттік университетінде декан, кафедра меңгерушісі (1984–93) қызметтерін атқарған. 300-ден астам ғылым жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Құрғақ айрауық немесе Ақбаттауық (лат. Calamagrostis epigejos) – астық тұқымдасының айрауық туысына жататын шөптес өсімдік.
## Таралуы
Құрғақ айрауық саздауыт шабандықтарда, орман алаңқайларында, Республиканың барлық жазықтарында және тау етектерінде орын тепкен.
## Биологиялық сипаттамасы
Жапырағы таспа тәрізді, барынша керілген. Масақтары ұсақ, дара гүлді, күрделі жоғарғы гүл щоғырында жиылып қалың сыпырғышқа ұқсайды. Гүлдерінің гүлсерігі болмайды, аталығы үшеу, олардың майысқақ жіпшелері мен төменгі қарай иіліп тұратын тозаңқаптары бар. Жемісі ұсақ, бір ұялы, дәнек. Барлық астық тұқымдасатры сияқты құрғақ айрауық та желдің көмегімен тозаңдалады. Жазда жаппай гүлдей бастағанда, қандай да болсын бір қимыл олар топтасқан шілік тозаңынан жылтыр сарғыш бұлт көтереді.
## Пайдалануы
Шаруашылықта үй жануарлары үшін де, жабайы жануарларға азық ретінде де маңызы зор. Басқа да көптеген маңызды, пайдалы қасиеттері бар. Мықты сабағы тоқыма бұйымдарын жасауда, қағаз дайындауда және жерасты бөлігі халық медицинасында тыныс жолдары мен бүйрек ауруларын емдеуде қолданылады.
## Сыртқы сілтемелер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Айрауықтар тұқымдасы
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Айрауықтар тұқымдасы |
Қабылов Өмірбек (1898 жылы туған, қазіргi Жамбыл облысы, Мерке ауд.) — халық ақыны. Жас кезiнде байларға жалданды. Сов. дәуiрiнде колхозшы, шопан, ағаш ұстасы болып жұмыс iстедi. Қабылов ақындық өнерін ел аузындағы қиссадастандарды, толғау-жырларды жаттап айтудан бастады. Сов. заманында көптеген жыр шығарды. Қабылов жаңа өмір өзгерiсiн, еңбек адамдарының жасампаз iciн жырлады. Оның «Еңбекші колхоз халқымыз» , «Бақыт берген Октябрь» , «Сүйедi Совет елi бейбітшілік» т. б. өлеңдерi мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қабыловтың баспа жүзiн көрмеген көптеген шығармасы Қаз. ССР FА-ның М. О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қасиманов Садық (12.3. 1905, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 6.2.1977, Алматы) – педагог, этнолог, ақын.
* 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
* 1939 – 60 жылдары мектептерде мұғалім болды.
* 1960 – 71 жылдары Қазақстан ғылым академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
Қасиманов қазақ этнологиясын (қолөнер, ас-тағам, ұлттық ойын, т.б.) зерттеуге көп үлес қосты. Оның
* “Өс-өс, бөбек” (1961)
* “Сиқырлы сыбызғы” (1961)
* “Қазақ халқының қолөнері” (1962; 2-бас., 1969; 3-бас., 1995)
* “Қазақтың ұлттық ойындары” (1963, телавтор)
* “Қазақтың ұлттық тағамдары” (1977) сынды еңбектері қазақ халқының тұрмыстық және рухани мәдениетінен молынан мәлімет береді.
Бұл еңбектерде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қажетті үй-жай салу, киім-кешек тігу, азық-түлік дайындау, әсем бұйымдар жасау кәсіптері айтылып, олардың халықтың қоғамдық тарихымен байланысы ашып көрсетілді.
## Дереккөздер |
Будагов Лазарь Захарович(12.4.1812, Ресей, Астрахан — 30.12.1878, Санкт-Петербург) — шығыстанушы ғалым, түрколог, аудармашы. Қазан университетін бітірген (1840). Тифлис гимназиясында Әзірбайжан, парсы тілдерінен (1840 — 44), Санкт-Петербург университеттінде Әзірбайжан, түрік тілдерінен дәріс оқыды (1845—70). 1861 жылдан бастап оқытушылықпен қатар Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде аудармашы қызметін атқарды. Будагов — тек оқытушы, аудармашы ғана емес, сондай-ақ, түркі тілдерін салыстыра зерттеген алғашқы орыс ғалымдарының бірі. Оның “Түрік-татар тілдерінің салыстырмалы сөздігі” (екі томдық, 1225 бет. 1869, 1871 жылы) түркология тарихында ерекше орын алады. Сөздікте 24 тілге тән материалдар қатар беріліп, өзара салыстырылып, жолма-жол орыс тіліне аударылған. Жүйелі зерттелген осман түріктерінің тілінен бастап, сол кезеңде әлі зерттеле қоймаған Сібір, Шығыс Түркістан түркілерінің тілінен мол тілдік деректер берілген. Сөздік оғыз (оңтүстік-батыс) және қыпшақ (шығыс) бұтағына жататын тілдердің лексикасы негізінде құрылған. Түркі тілдерінің кейбір диалектілерін Будагов жер аттарына қарай: бұқарлықтардың, қоқандықтардың, хиуалықтардың, ферғаналықтардың, қашқарлықтардың тілі, т.б. деп жіктейді. Еңбекте осман, шағатай тілдерінің сөздік қорынан алынған түркі тілдерінің көне сөз үлгілері жиі кездеседі. Сөздікке 6 мыңдай қазақ сөзі, 205 мақал-мәтелі және жұмбағы енген.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том |
Бұлыңғыр балшықшы, бұлыңғыр тауқұдірет (лат. Tringa ochropus) – татреңтәрізділер отрядының тауқұдіреттер тұқымдасына жататын құс. Республикамыздың барлық облыстарында кездеседі. Орманды, өзектерді, батпақты-сазды жерлерді, шалшықтарды мекендейді. Қанатының ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 70 – 80 г-дай. Денесінің үстіңгі жағы қоңыр, көкірегі мен мойны сұр, теңбіл дағы бар, бауыры ақ болады. Басқа балшықшы құстардан ерекшелігі: құйрығының үстіңгі жағы шымқай ақ, арқасы қара. Бұлыңғыр тауқұдірет – жыл құсы. Наурыз айынан бастап ұялайтын аудандарға ұшып келеді. Жұптасып, ұясын ағаш басына салады. Басқа құстардың да ұяларын пайдалана береді. Көкшіл қоңыр түсті 4 жұмыртқа салады, оны тек мекиені шайқайды. Ұсақ жәндіктермен, жауын құртымен, моллюскілермен қоректенеді. Олар ауыл және орман шаруашылығының зиянкестерін жеп пайда келтіреді.
Бұлыңғыр Балшықшы (Tringa ochopus ) – шағын денелі (70-80 грамм, қанатының алымы – 45 см мөлшерінде ) балшықшы. Жоны – жасыл реңті, ұсақ ақ сепкілді қоңырқай қара. Алқымы, Бауыры және құйрық асты – ақ түсті. Құйрық үсті және құйрық өзі де – ақ, алайда құйрықтың ұшына таман екі жалпақ қара жолақтары болады. Оны ұшып жүргенде құйрық үстіндегі ақ реңнің қошқыл жонының айқын қарама-қарсылығы және құйрық шындағы жалпақ қара жолақтары бойыгнша ажыратып тану онша қиын емес. Еуразияның қоңыржай ендігінің үлкен бөлігін мекендйді. Қазақстанда тек қана Батыста және Солтүстікте, сондай-ақ Ертіс маңында ұялайды, дегенмен көбеюге қатыспаған (ұшып жүрген) дарақтар жазда барлық жерде дерлік кездеседі. Ұя салу үшін қандай да бола (тоқтау немесе ағынды) суға тікелей жақын орман шетін ұнатады. Басқа балшықшылардан айырмашылығы – ағаш басына қонақтаумен ғана шектелмей, бөтен ұяларды пайдаланып жиі ұялайды. Салындыды бар болғаны төрт ашық зәйтүн түсті немесе сепкілді қоңырқай түсті жұмыртқалары болады.
## Бізтұмсық БАЛШЫҚТЫ тұқымдастар
Бізтұмсық БАЛШЫҚТЫ тұқымдастар – 4 түрді біріктіріп, үш туыстан тұратын шағын санды құстар тұқымдасы. Ірі денелі (100- 500 г ), қарама-қарсы түсті және ұзын сирақты балшықшылар. Ортыңғы және сыртқы саусақты немесе 3 саусақтың барлығы жарғақпен қосылған.Тұмсықтың пішіні мен ұзындығы түрлі- түрлі. Қауырсын жабыны қалың, денеге тығыз жабысқан. Жеке жұп немесе шағын шоғыр түзіп мекендейді. Аталығы мен аналығының түсі бірдей . Ұясын қорғап, көбінесе жаралы болғансып, басқа жаққа бұрып жібереді. Тек қана жәндіктерді жеп, балапандарын солармен қоректендіреді. Қазақстанда 2 түрі- ұзынсирақ және бізтұмсық балшықшылар кездеседі.Бізтұмсық балықшылар туысы- жоғары қарай өзгеше иілген ұзын тұмсықты татрең тұқымдастарға жататын туыс. Бұдан басқа олардың артқы саусағы жақсы дамыған, ал алдыңғы саусақтары жарғақпен қосылған. Бар болғаны 2 түрден құралған , олардың біреуі Қазақстанда кездеседі.
## Дереккөздер
Құстар.Мектеп энциклопедиясы.Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. |
Əупілдек немесе Көлбұқалар туысы (лат. Botaurus) — Ескекаяқты құстар отрядының Құтандар тұқымдасының туысы.
Өзен-көл жағасын, қалың қамыс арасын мекендейді. Қанатының ұзындығы - 32-35 см, салмағы - 900 г. Жемін аулауға түнде шығады, бақа, итшабақ, ұсақ балықтар және су жəндіктерімен қоректенеді. Көбейер кезде ғана жұптасып, басқа уақытта жеке тіршілік етеді. Жыл құсы; жемсауына су толтырып алып, қайта шығарғанда ерекше дыбыс естіледі, əупілдек деп атануы осыған байланысты.
## Түрлері
* Botaurus lentiginosus
* Botaurus pinnatus
* Botaurus poiciloptilus
* лат. Botaurus stellaris - Үлкен әупілдек
## Дереккөздер |
Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров (14 қыркүйек 1912, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – 15 наурыз 1980, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1972), профессор (1959), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971).
* Қазақ кен-металлургия институтын (1940, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
* Жезқазған кен басқармасында әкімшілік қызметтер (1941–1952) атқарған.
* Қазақ кен-металлургия институтының (1952–1962) ректоры;
* 1960 жылдан Қазақ политехникалық институты) ректоры
* Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы және Кен ісі институтында зертхана меңгерушісі (1962–1964)
* Қазақ политехникалық институтында кафедра меңгерушісі (1965–1980) болды.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері жер астында кен қазу жұмыстарын кешенді механикаландыруға, қазба орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен жыныстарының физика-механика қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің геометрикалық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техника-экономика тиімділігі жоғары кенүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске енгізген.
## Шығармалары
* Классификация и выбор методов подземной разработки месторождений, А.-А., 1969;
* Технология добычи руд с твердеющей закладкой, М., 1979 (соавт.);
* Методы контроля физико-технических параметров подземной разработки руд, А.-А., 1979;
* Комплексная механизация подземной разработки руд, М., 1981.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
* http://kzs.808.kz/?p=3571
* http://www.topreferat.com/josparmat.php?id=1401(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.tau-2007.narod.ru/u_ulandari.html
## Дереккөздер |
Ашамүйізділер (лат. Antilocapridae) — жұптұяқтылар отряды күйісқайыратындар отряд тармағының тұқымдасы.
Тұқымдастың текелерінде аша тәрізді қысқа əрі жуан, ал ешкілерінде кішірек мүйізі болады. Мүйіз қапшығы жылма-жыл түседі. Тұқымдастың қазіргі уақытта бар бір ғана өкілі - аша мүйізді киікешкі . Дене тұрқы - 100-130см. Солтүстік Американың далаларын мекендейді. Отар-отар болып жүреді, көпшілігінде егіз лақ туады. Қолда ұстауға көндікпейді. Саны аз. Халықаралық "Қызыл кітапқа" тіркелген.
## Классификациясы
Ашамүйізділер тұқымдасында 2 тұқымдас тармағы мен 22 тек бар. Қазіргі заманда 70 жойлыған қазбалы түрінде табылған биологиялық түрі белгілі († белгісі).
* Antilocaprinae тұқымдас тармағыТриба AntilocapriniAntilocapra тегіAntilocapra americana – Ашамүйізді киік, Айыр мүйізTexoceros тегі †Texoceros altidens †Texoceros edensis †Texoceros guymonensis †Texoceros minorei † Texoceros texanus † Texoceros vaughani †Триба Ilingoceratini †Ilingoceros тегі † Ilingoceros alexandrae † Ilingoceros schizoceros †Ottoceros тегі † Ottoceros peacevalleyensis †Plioceros тегі † Plioceros blicki † Plioceros dehlini † Plioceros floblairi †Sphenophalos тегі † Sphenophalos garciae † Sphenophalos middleswarti † Sphenophalos nevadanus †Триба Proantilocaprini †Proantilocapra † Proantilocapra platycornea †Osbornoceros тегі † Osbornoceros osborni †Триба Stockoceratini †Capromeryx тегі (= Breameryx) † Capromeryx arizonensis (= B. arizonensis) † Capromeryx furcifer (= B. minimus, C. minimus) † Capromeryx gidleyi (= B. gidleyi) † Capromeryx mexicana (= B. mexicana) † Capromeryx minor (= B.minor) † Capromeryx tauntonensis †Ceratomeryx тегі † Ceratomeryx prenticei †Hayoceros тегі † Hayoceros barbouri † Hayoceros falkenbachi †Hexameryx тегі † Hexameryx simpsoni †Hexobelomeryx тегі † Hexobelomeryx fricki † Hexobelomeryx simpsoni †Stockoceros тегі † Stockoceros conklingi (= S. onusrosagris) †Tetrameryx тегі † Tetrameryx irvingtonensis † Tetrameryx knoxensis † Tetrameryx mooseri † Tetrameryx shuleri † Tetrameryx tacubayensis †
* Триба AntilocapriniAntilocapra тегіAntilocapra americana – Ашамүйізді киік, Айыр мүйізTexoceros тегі †Texoceros altidens †Texoceros edensis †Texoceros guymonensis †Texoceros minorei † Texoceros texanus † Texoceros vaughani †
* Antilocapra тегіAntilocapra americana – Ашамүйізді киік, Айыр мүйіз
* Antilocapra americana – Ашамүйізді киік, Айыр мүйіз
* Texoceros тегі †Texoceros altidens †Texoceros edensis †Texoceros guymonensis †Texoceros minorei † Texoceros texanus † Texoceros vaughani †
* Texoceros altidens †
* Texoceros edensis †
* Texoceros guymonensis †
* Texoceros minorei †
* Texoceros texanus †
* Texoceros vaughani †
* Триба Ilingoceratini †Ilingoceros тегі † Ilingoceros alexandrae † Ilingoceros schizoceros †Ottoceros тегі † Ottoceros peacevalleyensis †Plioceros тегі † Plioceros blicki † Plioceros dehlini † Plioceros floblairi †Sphenophalos тегі † Sphenophalos garciae † Sphenophalos middleswarti † Sphenophalos nevadanus †
* Ilingoceros тегі † Ilingoceros alexandrae † Ilingoceros schizoceros †
* Ilingoceros alexandrae †
* Ilingoceros schizoceros †
* Ottoceros тегі † Ottoceros peacevalleyensis †
* Ottoceros peacevalleyensis †
* Plioceros тегі † Plioceros blicki † Plioceros dehlini † Plioceros floblairi †
* Plioceros blicki †
* Plioceros dehlini †
* Plioceros floblairi †
* Sphenophalos тегі † Sphenophalos garciae † Sphenophalos middleswarti † Sphenophalos nevadanus †
* Sphenophalos garciae †
* Sphenophalos middleswarti †
* Sphenophalos nevadanus †
* Триба Proantilocaprini †Proantilocapra † Proantilocapra platycornea †Osbornoceros тегі † Osbornoceros osborni †
* Proantilocapra † Proantilocapra platycornea †
* Proantilocapra platycornea †
* Osbornoceros тегі † Osbornoceros osborni †
* Osbornoceros osborni †
* Триба Stockoceratini †Capromeryx тегі (= Breameryx) † Capromeryx arizonensis (= B. arizonensis) † Capromeryx furcifer (= B. minimus, C. minimus) † Capromeryx gidleyi (= B. gidleyi) † Capromeryx mexicana (= B. mexicana) † Capromeryx minor (= B.minor) † Capromeryx tauntonensis †Ceratomeryx тегі † Ceratomeryx prenticei †Hayoceros тегі † Hayoceros barbouri † Hayoceros falkenbachi †Hexameryx тегі † Hexameryx simpsoni †Hexobelomeryx тегі † Hexobelomeryx fricki † Hexobelomeryx simpsoni †Stockoceros тегі † Stockoceros conklingi (= S. onusrosagris) †Tetrameryx тегі † Tetrameryx irvingtonensis † Tetrameryx knoxensis † Tetrameryx mooseri † Tetrameryx shuleri † Tetrameryx tacubayensis †
* Capromeryx тегі (= Breameryx) † Capromeryx arizonensis (= B. arizonensis) † Capromeryx furcifer (= B. minimus, C. minimus) † Capromeryx gidleyi (= B. gidleyi) † Capromeryx mexicana (= B. mexicana) † Capromeryx minor (= B.minor) † Capromeryx tauntonensis †
* Capromeryx arizonensis (= B. arizonensis) †
* Capromeryx furcifer (= B. minimus, C. minimus) †
* Capromeryx gidleyi (= B. gidleyi) †
* Capromeryx mexicana (= B. mexicana) †
* Capromeryx minor (= B.minor) †
* Capromeryx tauntonensis †
* Ceratomeryx тегі † Ceratomeryx prenticei †
* Ceratomeryx prenticei †
* Hayoceros тегі † Hayoceros barbouri † Hayoceros falkenbachi †
* Hayoceros barbouri †
* Hayoceros falkenbachi †
* Hexameryx тегі † Hexameryx simpsoni †
* Hexameryx simpsoni †
* Hexobelomeryx тегі † Hexobelomeryx fricki † Hexobelomeryx simpsoni †
* Hexobelomeryx fricki †
* Hexobelomeryx simpsoni †
* Stockoceros тегі † Stockoceros conklingi (= S. onusrosagris) †
* Stockoceros conklingi (= S. onusrosagris) †
* Tetrameryx тегі † Tetrameryx irvingtonensis † Tetrameryx knoxensis † Tetrameryx mooseri † Tetrameryx shuleri † Tetrameryx tacubayensis †
* Tetrameryx irvingtonensis †
* Tetrameryx knoxensis †
* Tetrameryx mooseri †
* Tetrameryx shuleri †
* Tetrameryx tacubayensis †
* Merycodontinae тұқымдас тармағы †Cosoryx тегі † Cosoryx agilis † Cosoryx cerroensis † Cosoryx furcatus † Cosoryx ilfonensis † Cosoryx trilateralis †Merriamoceros тегі † Merriamoceros coronatus † — орта миоцен КалифорнииMeryceros тегі † Meryceros crucensis † Merycerus crucianus † Meryceros hookwayi † Meryceros joraki † Meryceros major † Meryceros nenzelensis † Meryceros warreni †Merycodus тегі † Merycodus furcatus † Merycodus grandis † Merycodus necatus † Merycodus prodromus † Merycodus sabulonis †Paracosoryx тегі † Paracosoryx alticornis † Paracosoryx burgensis † Paracosoryx dawesensis † Paracosoryx furlongi † Paracosoryx loxoceros † Paracosoryx nevadensis † Paracosoryx wilsoni †Ramoceros тегі † Ramoceros brevicornis † Ramoceros marthae † Ramoceros merriami † Ramoceros osborni † Ramoceros palmatus † Ramoceros ramosus †Submeryceros тегі † Submeryceros crucianus † Submeryceros minimus † Submeryceros minor †
* Cosoryx тегі † Cosoryx agilis † Cosoryx cerroensis † Cosoryx furcatus † Cosoryx ilfonensis † Cosoryx trilateralis †
* Cosoryx agilis †
* Cosoryx cerroensis †
* Cosoryx furcatus †
* Cosoryx ilfonensis †
* Cosoryx trilateralis †
* Merriamoceros тегі † Merriamoceros coronatus † — орта миоцен Калифорнии
* Merriamoceros coronatus † — орта миоцен Калифорнии
* Meryceros тегі † Meryceros crucensis † Merycerus crucianus † Meryceros hookwayi † Meryceros joraki † Meryceros major † Meryceros nenzelensis † Meryceros warreni †
* Meryceros crucensis †
* Merycerus crucianus †
* Meryceros hookwayi †
* Meryceros joraki †
* Meryceros major †
* Meryceros nenzelensis †
* Meryceros warreni †
* Merycodus тегі † Merycodus furcatus † Merycodus grandis † Merycodus necatus † Merycodus prodromus † Merycodus sabulonis †
* Merycodus furcatus †
* Merycodus grandis †
* Merycodus necatus †
* Merycodus prodromus †
* Merycodus sabulonis †
* Paracosoryx тегі † Paracosoryx alticornis † Paracosoryx burgensis † Paracosoryx dawesensis † Paracosoryx furlongi † Paracosoryx loxoceros † Paracosoryx nevadensis † Paracosoryx wilsoni †
* Paracosoryx alticornis †
* Paracosoryx burgensis †
* Paracosoryx dawesensis †
* Paracosoryx furlongi †
* Paracosoryx loxoceros †
* Paracosoryx nevadensis †
* Paracosoryx wilsoni †
* Ramoceros тегі † Ramoceros brevicornis † Ramoceros marthae † Ramoceros merriami † Ramoceros osborni † Ramoceros palmatus † Ramoceros ramosus †
* Ramoceros brevicornis †
* Ramoceros marthae †
* Ramoceros merriami †
* Ramoceros osborni †
* Ramoceros palmatus †
* Ramoceros ramosus †
* Submeryceros тегі † Submeryceros crucianus † Submeryceros minimus † Submeryceros minor †
* Submeryceros crucianus †
* Submeryceros minimus †
* Submeryceros minor †
## Дереккөздер |
Бегайдаров Шайхы (1923, Атырау облысы). КСРО мұнай өндіру өнеркәсібінің үздігі. 1941—1947 жылдары — Индер борат кенішінде электр монтері оқушысы, монтер, электрик. 1947-1983 жылдары — «Ембімұнай» бірлестігі Арнаулы жендеу қурылыс басқармасында қалаушы, экспедитор, тракторшы, қубырды курделі жендеу цехының экскаватор машинисі. 1983 жылдан зейнеткер. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті — Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны.
Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент).
## Тарихы
1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады.
## Институттар
* Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
* Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты
* Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты
* Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты
* Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
* М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебі
* Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты
* Цифрлы технологиялар және кәсіптік даму институты
* Әскери институт
## Білім беру бағдарламаларының тізімі
* 6B07111 Робототехника және мехатроника
* 6В05201 Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау
* 6В07110 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В04101 Математикалық экономика және деректерді талдау
* 6В06101 Математикалық экономика және деректерді талдау
* 6В05205 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В07501 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В07207 Инженерлік физика және материалтану
* 6B07304 Геокеңістіктік цифрлық инженерия
* 6В07206 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В05202 Гидрогеология және инженерлік геология
* 6B02102 Дизайн
* 6В07112 Электрондық және электрлік техника
* 6В07104 Электрондық және электрлік техника
* 6В07301 Сәулет және дизайн
* 6В02101 Сәулет және дизайн
* 6В07113 Робототехника және мехатроника
* 6В07106 Инженерлік механика
* 6В05101 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В07219 Түсті металдар металлургиясы
* 6В05206 Инженерлік экология
* 6В07217 Сирек және радиоактивті элементтер технологиясы
* 6В07116 Негізгі өндіріс және жаңа материалдар технологиясы
* 6B07307 Архитектура
* 6В07130 Инженерлік механика және модельдеу
* 6В07131 Машина жасаудағы дизайн және технология
* 6В07105 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В07220 Жаңа материалдарды өңдеуге арналған машиналар мен технологиялар
* 6В07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
* 6В07203 Металлургия және минералды өңдеу
* 6В07213 Пайдалы қазбаларды өңдеу
* 6В07212 Металлургиядағы қайта өңдеу
* 6В07219 Түсті металдар металлургиясы
* 6В07125 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
* 6В05105 Биотехнология
* 6В07117 Мұнай-химия өнімдерінің химиялық технологиясы
* 6B07303 Геокеңістіктік цифрлық инженерия
* 6В07310 Жерге орналастыру және кадастр
* 6В07216 Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы
* 6B07101 Энергия
* 6В07205 Тау-кен инженериясы
* 6В11201 Жұмыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік
* 6В07306 Инженерлік жүйелер мен желілер
* 6В05203 Қолданбалы геология
* 6B06106 Ақпараттық жүйелер
* 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу
* 6В06102 Информатика
* 6В05204 Гидрогеология және геоэкология
* 6В08601 Су ресурстары және суды пайдалану
* 6В07211 Гидрогеология және инженерлік геология
* 6В07115 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
* 6В07214 Бұрғылау техникасы
* 6В07204 Мұнай техникасы
* 6B07126 Магистральдық желілер және инфрақұрылым
* 6В07124 Локомотивтерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы
* 6В07123 Автомобильдерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы
* 6В07108 Көлік техникасы
* 6В07107 Пайдалану және сервистік инженерия
* 6В07132 Болжамдық технологиялар және машина диагностикасы
* 6В07114 Биомедициналық инженерия
* 6B11310 Сандық логистика
* 6B11301 Көлік қызметтері
* 6В07129 Ядролық энергия
* 6В07109 Инженерлік физика және материалтану
* 6В04104 Стартап бакалавры
* 6В07121 Ғарыштық технологиялар және технологиялар
* 6В06201 Телекоммуникациялар
## Атақты түлектер
* Талғат Бигелдинов
* Асқар Құлыбаев
* Ебней Бөкетов
* Қырымбек Көшербаев
* Ғалым Оразбақов
* Ахметжан Сәлімбаев
* Владимир Божко
* Заманбек Нұрқаділов
* Нартай Дұтбаев
* Серікбек Дәукеев
* Алик Айдарбаев
* Бекболат Тілеухан
* Иран Ғайып
* Ілияс Есенберлин
* Медеу Сәрсеке
* Тайыр Мансұров
## Дереккөздер |
Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдерінің өздік ерекшеліктері бар. Олардың көбі бұрынғы заманнан сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған. Олардың әр-алуан түрлері бар және, ең алдымен, ер адам мен әйелдің киімі деп бөлінеді. Екі түрлі киімнің де өздік айырмашылықтары бар. Ер адамдардың ұлттық киімдерінің модельдері бір қалыпты ұқсас, тек қана қара, қоңыр немесе қара көк түсті болған. Егер сұлу да сымбатты қазақ қыздарының киім-кешектері туралы айтсақ, оларға сан жоқ және де неше түрлі үлгілері бар, қызыл, сары, жасыл, ақ сияқты ашық түсті болған. Бұған себеп, әйел затының көркем заттарды, киімдерді ұнатып киюі не тағуы. Оның үстіне, қазақтардың әлеуметтік деңгейін әйелдердің киіміне қарап анықтауға болатын, сол себепті де олардың киімдері ер адамдардың киімдерімен салыстырғанда қымбат матадан тігіліп, асыл тастармен әрлендірліген.Негізінде қазақ қыздары жастайынан ұлттық киімдерді киюді бастаған. Тіпті жаңа туған баланы да әдейі киіндіріп қоятыны бар еді. Олар өміріндегі белгілі бір себепке орай белгілі ұлттық киім киетін. Қиімнің үлгісі қыздың жасына және мәртебесі мен дәрижесіне байланысты болған. Киілетін киімнің тігілуі де, әшекейі де әр түрлі болатын.
## Жаңа туған қыз баланың киімі
Дүниеге жаңа келген нәрестеге иткөйлек кигізген. Иткөйлек дегеніміз қазіргі кездегі жейде сияқты, яғни түймесіз арты ашық, етек- жеңі кең көйлек. Бұл киімді бала қырқынан шыққанға дейін киеді, яғни сәбидің дүниеге келгенінен бастап тура қырық күн бойы. Иткөйлек жұмсақ, табиғи матадан, көбінесе шыт, сиса, бәтес, бөз сияқты маталардан тігіледі, себебі ол жас сәбидің нәзік терісін тітіркендірмей, батпау керек. Иткөйлекті сәбиге ырымдап кигізеді, аңыз бойынша ежелгі уақытта ит адамның қорғаушысы болған, сол себепті де көйлек нәрестені ажалдан, жаман көзден сақтау үшін осындай көйлек кигізетін. Қосымша айта кетсек, қазақтар нәрестенің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенген, дәл сондықтан да иткөйлекті көрінген жерге лақтырып не біреуге беруге болмайды. Оны қазақтар асыл зат секілді сақтаған. Бас киімдер жайлы айтсақ, қыз балаға туғанынан бастап сылау тақия кигізетін болған. Сылау тақия дегеніміз жаңа туған балалар киетін бас киім, тіпті телпек деп айтуға болады. Соңымен қатар балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, былғарыдан жасалған бойтұмардың ішіне сол оқылған қағазды салып, сәбидің мойынына іліп немесе киіміне тігіп қоятын. Мұндай ерекшелік көптеген қазақ балаларында болған. Сонда бойтұмар бір жағынан нәрестені тіл- көзден сақтайтын зат болса, екінші жағынан сырт көзге әшекей сияқты көрініп тұратын. Бала бір-бір жарым жасқа толғанда оның басына сырма атты тақияны кигізеді.
## Жасөспірім қыз баланың киімі
Бұл жаста қызды қыз деп бөле бастайтын кез. Баланың есі кірер жасында, яғни төрт-беске толғанда, қысқа шаштарын екі не бір жағынан тартып өріп қойып, басына ою-өрнекпен не моншақтармен өрнектелген, үкісі бар тақия, ал үстіне тізесін жауып тұратын түрлі-түсті көйлек кигізіп қоятын. Қыздардың тақиясы ұлдардың тақиясынан басты айырмашылығы келесіде: ол қымбат, сапасы жоғары матадан тігілуі және үкісінің бар болуы. Кішкентай қыздың ұлттық киімінін тағы біреуі- желетке. Желеткені де әдемі көрінсін деп неше түрлі оюлармен, немесе моншақтармен тігіп қоятын. Желетке көбінесе қыз баланын жылы жүрсін деп кигізіп қоятын, соңдықтан оны жылы, қалын маталардан тігетін. Аяқтарына теріден жасалған етік киетін, балалардың етігі жұмасқ және жеңіл болған, бұл бүлдіргендердің еш қиындықсыз қимылдап жүре алуы үшін. Әлі кішкентай болғандықтан, оларға аса қымбат әшекей бұйымдарды тағуға рұқсат болмаған. Тек қана құлағына кішігірім сырға мен саусақтарына сақина тағуға болатын. Соңымен қатар, баланың аяғы тоңбасы үшін оған байпақ кигізіп қоятын. Байпақ дегеніміз аса жылы аяқ киім, ол киізден жасалып, ал кейде жүннен тоқылып, етіктің ішінен киілетін. Негізінде байпақ тізені жауып тұруы керек, сол себепті оның қонышы етіктің қонышынан ұзынырақ болады. Тізеге келетін жері былғарымен, барқытпен не басқа матамен көмкеріледі. Қыздардың шашын шашбаумен бірге өретін, бұл әдемі көрініп және де шашты төмен тартып оның тез өсуіне себептес болады деп есептелген. Шашбау деген тиындармен тігілген қыздың шашына тағылатын лента.
## Бойжеткеннің киімі
Бұрынғы кезде казақтың қызы 12-13 жасынан бастап бойжеткен деп есептелетін. Бұл жасында бойжеткен қыздар әсіресе өзгеше және көркем киінетін. Олар сұлулығын көзге түсетіндей аса әдемі киімдерді киген, таққан қымбат әшекейлерімен таң қалдырып етіп жүрген. Басындағы тақиялары неше түрлі моншақ-тастармен, түрлі-түсті жіптермен безендірілген, ал тақияның үкісі молырақ болған еді. Кей кезде тақияның орнына бөрік киетін. Бөрік те баршаның көзіне ілінетіндей әрлендірілетін. Оның төбесіне үкі, жібек шашақ тағып, жібек жіппен кестелеп, меруерт, маржан не алтын – күміс түймелер қадайтын. Үстіндегі көйлектеріне көшсек, олар аса бос емес, керісінше өзіңе шақ, тіпті кеудесінен тарлау, ыңғайлы, қыз баланың кеудесін жауып тұратын болған, ал етегі ұзын және қос етекті болған. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, торғын не шәйі сияқты асыл матадан тігілетін. Мұндай көйлектің етегі кең, жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынады екен. Тіпті көйлектің жағасы тік шығарылып түрлі кестелермен әрлендірілген, ол артынан не бір жақ иық үстінен түймеленеді. Үстіндегі желетке не камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы матадан тігіледі, ал астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылатын, киімнің өзі де әдемі тастармен әрленетін еді. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігіледі. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасалған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадайды. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Дәл осы желеткені қатты тартып тастап жас қыздар өз төсін жасырған. Желеткені не камзолды белден буып тұратын белбеу атты бұйым алтыннан, күмістен және былғарыдан жасалған . Осы жастағы қыздар тек қана ашық түсті киімдер киген, себебі бұл жастықтың белгісі болған. Аяқтарына биік өкшелі әрі жеңіл аяқ киім, яғни етік киген. Етік – ертеде иленген теріден, бертінде былғарыдан тігілген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді. Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тігілген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Етіктің басқа да түрі бар.Ондай аяқ киімнің табанына түрлі өрнектер салып, өзің көкшіл түске бояп қоятын. Дәл осындай етік «көк сауыр етік» деп аталатын. Бұл кезде әшекей бұймыдар да аса көп тағылатын. Ұзын қолан шаштарына көптеген тиындармен безендірілген шашбау не күміс шолпы тақса, қолдарына күмістен жасалып қымбат тастармен безендірілген білезіктер, саусақтарына тастары бар сақиналар. Соңымен қатар жалпы жас қыздарға тән әшекей - құлаққа тағатын сырға еді. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар таққандықтан, олар жеңіл болатын, жасалынатын материалы алтын не күміс. Сырғамен қатар жиі тағылатын және де сырғамен бірдей материалдан жасалатын әшекей – алқа деп аталады.
## Ұзатылатын қыздың киімі
Ұзатылатын қыздың киімінің ең басты ерекшелігі - сәукеле. Сәукеле бас киімдерінің ішіндегі ең әдемісі әрі күрделісі болып есептелген. Қалыңдық күйеуінің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі, ол қиық конуска ұқсас болып көрінеді. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығы асыл матадан жасалады. Содан кейін төбені кестелеген, шет-шетіне құндыз жұрын ұстаған немесе алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекелейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақты, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген желекті осы қатырғыға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды, оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап тәрізді белге дейін жетеді. Осы бас киімнің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған, әсем түрлері көп. Бұларды «жыға» деп атаған.
Қыз ұзатуда киілетін көйлек жайлы айтсақ, ол басқа көйлектерден аса ерекшеленеді, себебі ұзату күнінде қыздың бұрынғыдан да әсіресе сымбатты және сұлу болуы керек. Киген көйлегі сәукелесі сияқты қымбат матадан тігіліп, бас киімі не түсі сай не бірдей болуы керек. Қыз ұзату көйлегі неше түрлі ою-өрнектермен, маржан және басқа да асыл тастармен безендірілген болуы керек. Бұл деген қалындықтың қаншалықты көркем екенін, сұлулығының мөлшерін көрсететін. Келесі қарастырылатын киім ол шапан. Шапан – қалындықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестелер тігілген. Бұл - өсіп-өңсін, өркенді болсын деген тілек белгісі. Әшекей бұйымдар туралы айтсақ, олардың да саны артылуда. Бұл жолы әшекей бұйымдардың саны аса көп, қымбат болуы керек. Алтын сырға, білезік пен алқа, қымбат тастары бар жүзік, асыл тастармен әрленген шолпы, алтыннан жасалған белбеу. Көбінесе қалындықтың қыз ұзату киімі ақ жібектен тігіледі, камзолы не шапаны да дәл сондай түсті немесе түсі сәйкес болатындай тігіледі. Кейде көйлектің сыртынан шапан емес камзол киетін. Ол болса алтын түсті жіптермен кестеленіп әрлендірілген, тағы да асыл тастар мен түрлі түймелер қадалған. Аяқтарына бұрынғыдай сапиян етік не көк сауыр етік киетін, той кезінде бұл етіктер одан да әдемі көрінсін деп ою-өрнектерін молырақ кестелеп тігілетін.
## Жас келіншектің киімі
Келін жұбайының үйіне келгенде, яғни өзге үйдің босағасын аттағаннан кейін, оған жаулық салып өз қызы ретінде еншілеп алады. Тұрмысқа шыққан жас келіншек бастапқыда басына ормал тағып жүреді. Бұл орамалды тағуының себебі үй шаруасын атқарғанда шашы оған бөгет жасамуы үшін, соңымен қатар тамақ әзірлегенде шашы байқаусыздан жейтін тағам арасына түсіп кетпес мақсатымен. Кейбір адамдардың пікірі бойынша, жас келіннің орамал тағуының себебі ол тіл-көзден сақтануы үшін, себебі үйге жақын арада келін болып түскен олар, үйге жас келінді көруге келген көптеген адамдармен кездесуге тура келеді. Жас келіндер әсіресе ақ орамал тағатын. Неге ақ орамал десек, қазақтарда бұрын ақ орамал ақ ниеттің, адалдықтың белгісі болып есептелетін. Егер киім жайлы айта кетсек, жаңа түскен келіншектің киімі бойжеткеннің киімінен айырмашылығы аса көп деп айтуға болмайды. Ең басты айырмашылығы ол бұрынғыдай бөрік не тақия кимей, қарапайым ақ немесе ашық түсті орамал тағуы. Дәл осы орамал арқылы қыздың тұрмысқа шыққанын білуге болады. Басқа айырмашылығы ол киімдерінің үлгілері бұрынғыдай болса да, яғни қос етек көйлек, камзол кисе де, олардың біраз қарапайымырақ болуы. Көйлектерінің жағасына қол инемен көркемдеп қайып тігіп қоятыны да бар болған, соңымен қатар сол жағаларының өңіріне бірнеше түйме қадап қоятын. Бір сөзбен айтқанда, киімдері жас қыз болып жүрген кезінен айырмашылығы ою-өрнектерінің аз болуы және де маржан мен асыл тастарының саны бұрынғыдан кем болуы. Егер әшекей бұйымдар жайлы айтсақ, олардың қымбаттылығы да, саны да азаятын. Бұған себеп қыз келіншектің үй жұмысын атқаруға ыңғайлы болсын деп, соңымен қатар аса бағалы әшекейлердің жұмыс істеп жүрегенде бүлініп қалмасы үшін. Жалпы айтсақ, жас келіншектердің киімі тұрмысқа шықпаған қыздырдың киіміне аса ұқсас, дегенмен бұл тек уақытша ғана. Келіншек бала туғаннан бастап басқа киім кию керек болатын. Жас келіншектер аяқтарына етіктен көрі мәсі киетін. Мәсі ол жұмсақ былғарыдан не құрымнан тігілетін аяқ киім. Етіктен айырмашылығы - өкшесінің болмауы, сонымен қатар сыртынан кебіс кию керектігі. Кебіс те былғарыдан тігіледі, бірақ оның басы жұмсақ былғарыдан, ал табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Жас келіншектер кебісті ою-өрнектеп тігеді, бұл сүйкімсіз көрінетін аяқ киімнің түрін жұмсартып, қыздың аяқ киіміне ұқсауына себептес болады.
## Әйелдердің (ана болғандардың) киімі
Келіншек алғаш рет балалы болғанда орамал емес, оның орнына кимешек кие бастаған. Кимешекті кию құрметке ие болу деп саналған, яғни келіншектің нәрестені дүниеге әкеліп жұбайының ұрпағын жалғастыруға мүмкіндік беретіні үшін қадірленген. Қазақтың нақылы: «Кимешек киім ғана емес – мәртебе. Кигеннің ажарын ашады, қарағанның мысын басады» деп бекерден бекер айтпайды ғой. Соңымен қатар, баланы емізіп отырғанда ананың кеудесі ашылып қалмас үшін кимешекті киген деп айтады. Осылай кимешек ана болғанның белгісі деп есептеледі. Жас әйелдер кимешектерін түрлі оюлармен, өрнектермен әшекейлеп, сәндеп киген. Негізінде кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен көбірек пішіліп әйелдің басын, иығын, кеудесі мен жауырынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдің жағдайын, жасын білуге болатын. Мысалы, егер кимешек тек қана ақ матадан, ешқандай ою-өрнексіз, кестесіз болса, бұл әйелдің жесір болып қалғанының белгісі болып есептелетін. Айта кетсек, әр жасқа сай кимешектің түрлері болады. Дәл сол себепті әйелдің жас не аса жас емес екенін білуге болады. Әйелдің жасына жас қосыла бере, оның кимешегі де қарапаыймырақ бола бастайды. Қазақстанның жерінде бұл бас киімнің әр алуан түрі бар, яғни түрлі жерде оны басқалай, өзгеше тағады. Мысалы, Шығыс Қазақстандағы келіншектердің кимешегі қысқа болып, алдынғы жағына бұрышы қиылған төрт гүл келеді, ал Сырдарья жерлеріндегі келіншектер бет жағы шаршы келіп, төменгі ұзын ұшы омырауға түсіп, төбесі жинақтала келе түйіліп, кейде-кейде оның үстіне бөрікше киілетін бүрмелі кимешекті киетін. Әйел дүниеге екінші баланы әкелгенде, оның кимешегінің үстіне шылауыш жабады. Шылауыш дегеніміз кимешектің үстіне тағылатын үлкен ақ орамал. Осы шылауышты төбелдірік атты ою-өрнекпен кестелеп, оны қымбат тастармен әрлендірілген түйреуішпен қадап қоятын. Кимешек аса ыңғайлы бас киім екенін дәлелдейтін факт, әйелдердің кимешек киіп түрлі ұй жұмстарын атқарғаны, олардың осы бас киімді киіп тойға, қонаққа аттануы, яғни әрдайым оны киюі. Үстіне киетін киім туралы жалпы айтқанда, құрсақ көтерген әйел киімдерін молдау қылып тігеді, бірақ қызбен салыстығанда әшекей саны азырақ болады. Көйлектер жайлы айтсақ, егер әйел әлі де жас болса, оның киімі өзгеріссіз қалады. Әйтсе де өңірі бүрмеге дейін ашық, оның асты-үсті әдіптеліп сырып өрнектелетін көйлектер де бар, киімнің мұндай ашықтығын «қақпа» деп атайтын. Ана болған әйел осы қақпа арқылы бала емізетін. Егер де әйел орта жасқа келіп қалса, ол біраз бостау киім-кешек киетін, белі мен жеңі кең болып бүріледі және де бұрынғыдай қос етек емес, тек қана бір етегі бар көйлек. Бала туған келіншектер көйлектерінің жақтарын жас қыздар сияқты оқаламайды, жай ғана кестелейді. Аяқтарына көбінесе мәсі киетін. Мәсі былғарыдан тігіледі. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық киілуі қажет. Бұл аяқ киім өте жұмсақ және жеңіл, сол себепті де оны кию өте ыңғайлы деп есептелген. Ал әшекей бұйымдарды қарастырсақ, олардың саны да, маңызы да жыл сайын артатын. Нақтылап айтсақ, әйелдің орта жасқа таяған сайын оның көбірек жүзік, сақина, білезік таққаны абзал болып есептеледі. Әшекей бұйымдардың да салмағы, бағасы ақырындап арта бастайды.
## Әжелердің киімі
Қазақ әжелерінің киімі басқа әйелдерден өзгеше болатын. Бастарына киетін кимешек ешқандай ою-өрнексіз, тек қана аппақ матадан болатын. Бірақ мұндай кимешек киген адам аса қадірлі және құрметті болып есептелген еді. Қазақ халқының бұрынғы нақылы бар ғой: «Кимешек қартатпайды, марқайтады» деген, дәл сол нақылға сүйеніп отырып әжелерімізді аса ардақты адамдар деп айтсақ қателеспес едік. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін. Шалма дегеніміз еркектер мен әйелдер басына орап қоятын матаның бір бөлігі деп айтуға болады. Әжелер ашық түсті шалма тақпаған. Егер қарт әйелдердің киімі жайлы айтсақ, олар неғұрлым етекті және де мол қаусырмалы, үлкен қалталы болатын. Осы қалталар керекті заттарды салып қою үшін әдейі тігілетін. Көйлектері жас келіншектердің киімдерімен салыстырғанда бос, қос етекті емес болған, соңымен қатар аса ашық түсті, яғни сары, қызыл, жасыл сияқты болмаған. Ою-өрнек, не моншақ пен асыл тастар көйлекке қадалмаса да, басқа әйелдердің көйлектеріне тән оқалы жақ болған. Қарт әйелдердің үстіндегі камзол болса аса бай оқалы өңірмен безендірілген. Камзолдары қымбат, сапалы матадан тігілетін, көбінесе көк не жасыл түсті болатын. Олардың әшекейлері көбінесе тана және жылтыр болатын. Қалталарына күміс тіс шұқығыш пен күміс тарақтарын салып алатын. Жас қыздар сияқты шаштарына әрлендірілген шолпы тақпаған және де алтын-күміс алқа салмаған. Ал асыл тастары бар білезік, ауыр алтын сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекейлі заттарды басқа әйелдер сияқты таға берген. Әжелер аяқтарына кестеленген мәсі не көксауыр кебіс киетін. Қарт адамдар суыққа аса сезімтал болғандықтан аяқтарын жылуда ұстау үшін байпақ киетін. Байпақ ол, айтылып кеткендей, киізден тігіліп, етіктің ішінен киілетін аяқ киім түрі. Оның ұзындығы әдетте тізеге дейін болады, себебі байпақтың қонышы етіктің қонышынан қысқа емес, керісінше ұзынырақ болуы тиіс. Қарт әйелдердің киімдері көбінесе қымбат және қалың матамен тысталатын.
## Дереккөздер |
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті — Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны.
Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент).
## Тарихы
1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады.
## Институттар
* Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
* Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты
* Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты
* Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты
* Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
* М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебі
* Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты
* Цифрлы технологиялар және кәсіптік даму институты
* Әскери институт
## Білім беру бағдарламаларының тізімі
* 6B07111 Робототехника және мехатроника
* 6В05201 Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау
* 6В07110 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В04101 Математикалық экономика және деректерді талдау
* 6В06101 Математикалық экономика және деректерді талдау
* 6В05205 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В07501 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В07207 Инженерлік физика және материалтану
* 6B07304 Геокеңістіктік цифрлық инженерия
* 6В07206 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В05202 Гидрогеология және инженерлік геология
* 6B02102 Дизайн
* 6В07112 Электрондық және электрлік техника
* 6В07104 Электрондық және электрлік техника
* 6В07301 Сәулет және дизайн
* 6В02101 Сәулет және дизайн
* 6В07113 Робототехника және мехатроника
* 6В07106 Инженерлік механика
* 6В05101 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В07219 Түсті металдар металлургиясы
* 6В05206 Инженерлік экология
* 6В07217 Сирек және радиоактивті элементтер технологиясы
* 6В07116 Негізгі өндіріс және жаңа материалдар технологиясы
* 6B07307 Архитектура
* 6В07130 Инженерлік механика және модельдеу
* 6В07131 Машина жасаудағы дизайн және технология
* 6В07105 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В07220 Жаңа материалдарды өңдеуге арналған машиналар мен технологиялар
* 6В07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
* 6В07203 Металлургия және минералды өңдеу
* 6В07213 Пайдалы қазбаларды өңдеу
* 6В07212 Металлургиядағы қайта өңдеу
* 6В07219 Түсті металдар металлургиясы
* 6В07125 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
* 6В05105 Биотехнология
* 6В07117 Мұнай-химия өнімдерінің химиялық технологиясы
* 6B07303 Геокеңістіктік цифрлық инженерия
* 6В07310 Жерге орналастыру және кадастр
* 6В07216 Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы
* 6B07101 Энергия
* 6В07205 Тау-кен инженериясы
* 6В11201 Жұмыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік
* 6В07306 Инженерлік жүйелер мен желілер
* 6В05203 Қолданбалы геология
* 6B06106 Ақпараттық жүйелер
* 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу
* 6В06102 Информатика
* 6В05204 Гидрогеология және геоэкология
* 6В08601 Су ресурстары және суды пайдалану
* 6В07211 Гидрогеология және инженерлік геология
* 6В07115 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
* 6В07214 Бұрғылау техникасы
* 6В07204 Мұнай техникасы
* 6B07126 Магистральдық желілер және инфрақұрылым
* 6В07124 Локомотивтерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы
* 6В07123 Автомобильдерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы
* 6В07108 Көлік техникасы
* 6В07107 Пайдалану және сервистік инженерия
* 6В07132 Болжамдық технологиялар және машина диагностикасы
* 6В07114 Биомедициналық инженерия
* 6B11310 Сандық логистика
* 6B11301 Көлік қызметтері
* 6В07129 Ядролық энергия
* 6В07109 Инженерлік физика және материалтану
* 6В04104 Стартап бакалавры
* 6В07121 Ғарыштық технологиялар және технологиялар
* 6В06201 Телекоммуникациялар
## Атақты түлектер
* Талғат Бигелдинов
* Асқар Құлыбаев
* Ебней Бөкетов
* Қырымбек Көшербаев
* Ғалым Оразбақов
* Ахметжан Сәлімбаев
* Владимир Божко
* Заманбек Нұрқаділов
* Нартай Дұтбаев
* Серікбек Дәукеев
* Алик Айдарбаев
* Бекболат Тілеухан
* Иран Ғайып
* Ілияс Есенберлин
* Медеу Сәрсеке
* Тайыр Мансұров
## Дереккөздер |
Мұфтах Диаров (9 тамыз 1933 жылы туған, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы - 17.3.2021) – геология-минералогия ғылымының докторы (1972), профессор (1979), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Индер (Дендер) геологиялық барлау экспедициясында геолог, партия бастығы, бас геолог (1955–64), Қазақ мұнай барлау ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1964–78), Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтында директордың орынбасары, директор, лаборатория меңгерушісі (1978–92), Қазақстан Ғылым Академиясы Батыс бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары (1992–97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан «Атырау–Ғылым» АҚ-ның вице-президенті. Негізгі ғылыми еңбектері Каспий ойпатындағы бор, борлы калий тұздары кендерін іздеу, барлау мәселелеріне арналған. Диаров Дендер күмбезі өңіріндегі ірі-ірі элювийлі борат кендерін, аса ірі Сәтимола борат кенін ашушылардың бірі. Оның зерттеулері негізінде Орталық Каспий калийлі-борлы аймағы жіктелді.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.on.kz/on/community/258/blogpost/3639/ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Балдырбасқан — су түбінен көтеріңкі өлі және тірі төсемдіктерде өсетін өсімдіктер жиынтығы. Теңіздерде қоңыр, қызыл балдырлар, тұщы суларда улотрикстер, эдегендер, кладофоралар, коньюгаттар, харалар, пеннатты балдырлар өседі. Балдырлардан бөлініп шыққан органикалық заттар шірудің нәтижесінде түзілген заттар төсемдігін бүлдіріп зиян келтіреді. Тазартқыш қондырғылар жұмысының сапасын төмендетеді.
## Дереккөздер |
Бірсуат ауылдық округі — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бірсуат, Сәуле ауылдары кіреді. Орталығы – Бірсуат ауылы. Округ құрамында болған Тассу ауылы 2008 жылы, Кішкентай ауылы 2009 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Балсірі — кейбір құстардың (сұңқарлар, жапалақтар, кептерлер, тотықұстар) үстіңгі тұмсығының түп жағында болатын қалыңдау терілі қатпар, онда сыртқы танау тесіктері орналасқан. Балсіріде қауырсын болмайды және оның түсі ашық реңді, үстіңгі тұмсықтың қорғалуын жеңілдетеді.
## Дереккөздер |
Тебенқұйрық шулығаш (лат. Hirindapus caudacutus) – Apodiformes отрядының Шулығаштар тұқымдастарының құсы. Жоны қошқыл қоңырқай және бауыры – ашық күрең, едәуір ірі денелі (жүз қырық, елу грамм шамасында) шулығаш. Қанаттары – қара, алқымы және құйрықасты – ақ. Қыста құйрық ұшы тегістеп қиылған, алайда он құйрық қауырсындарының сояуы пәрден кейін ұзарып, үшкірленіп бітеді. Тебенқұйрық шулығаш Қиыр Шығыс және Шығыс Сібірдің нағыз оңтүстігіне қоныстанады. Бұл шулығаштардың бірнешеуі бір рет Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөліктерінен және нағыз оңтүстігінен ауланады. Олардың ұшып өту жолынан біздегі оңтүстік және шығыс шекарасына таяу болуы да мүмкін. Бұл шулығаш әуеде ұшып жүріп, шіркейлерді жейді. Қиқуы – стри-и деген ащы дауыспен үйірде шуыл шығаратындықтан, шулығаш деп аталған. Еуразия және Солтүстік-Батыс Азияға кең таралған. Бүкіл Қазақстан бойында кездеседі.
## Дереккөздер |
Нарманбет Орманбетұлы (1859, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет атындағы ауыл Саға жері – 1918) – ақын.
## Өмірбаяны
Алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан. 1917 – 18 ж. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметінде болды. Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адамгершілік, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған (“Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”). Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Ол орыс отаршылдығын, ел басындағы қасіретті, азаттыққа қол жеткізуді жырлаған (“Аждаһаның аузында”, “Ұран”, т.б.). Патшаның тақтан құлауын қуана қарсы алып, “Тілекті берген күн” атты өлеңін шығарса, оның “Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” атты өлеңдері махаббат, жастық тақырыбына арналған.Нарманбет 1918 жылы Қарқаралыда совдептің уездік судьясы болып қызмет істеп жүргенде ауырып қайтыс болған. Абай дәстүріндегі Нарманбет сол кездің өзінде белгілі ақын, әрі шешен болған. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығармаларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып және 1939-1944 жылдардағы хрестоматияларда жарияланған.
## Шығармалары
Шығармалары: "Нарманбеттің өлеңдері"], А., 1939; Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары, Қарағанды, 1998.
Халыққа тарихи таңдау заманы туғанда, дұрыс жол сілтеуге тырысты
## Сілтемелер
* Отаршылдық
* Өлең
* Патриот
* Әдебиет
## Дереккөздер |
Сарыторғайлар немесе сұлыкештер (лат. Emberіzіdae) — сайрағыш торғайлар отрфдының тұқымдасы.
Еуразия мен Африканы мекендейтін 39 түрі бар. Қазақстанда Сарыторғайлардың 3 туысына жататын 17 түрі кездеседі. Сарыторғайлар ормандағы, далалық және шөлді аймақтардағы бұта не биік ағаштарды, кейбір түрі таудағы альпілік белдеуге дейін мекендейді. Сарыторғайлардың тұрқы 12,5 — 20 см, тұмсығы конус тәрізді, сүйір, кейде үрлеп қойған сияқты болады. Қауырсындары қоңырлау, қызыл қоңыр, кейде сарғылт түсті. Республикамызды мекендейтін Сарыторғайлардың құйрығында ойығы болады, ал Америкада тіршілік ететін Сарыторғайлардың құйрығы дөңгелектеніп не сатыланып келеді. Қазақстанда ең көп тараған түрі — сарғалдақ сұлыкеш (Еmberіza brunіceps), қамыс сұлыкеші (Emberіza schoenіclus). Таулы аймақтардан ақбас сұлыкешті (Emberіza leucocephala), тау сұлыкешін (Emberіza cіa), жартас сұлыкешін (Emberіza buchananі), тарышыл сұлыкешті (Emberіza calandra) кездестіруге болады. Сарыторғайларлардың кейбір түрі қайтпайтын құстар, кейбіреулері жылы жаққа қайтады не қыста тау етегіне қоныс аударады. Ұясын жерге немесе аласа бұтаға салады, аналығы 3 — 6 жұмыртқа басады. Негізінен өсімдік дәнімен, жазғы жәндіктермен қоректенеді. Сарыторғайлардың барлығы дерлік жақсы сайрайды.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Шөже тұқымдасы (лат. Regulidae) – торғайтәріздес құстар отрядына (Қазақстанда ұсынылған 23 тұқымдастан) жататын 73 тұқымдастың біреуі.
Сыртқы көрінісі бойынша шымшықтар немесе сарықастарды еске түсіретін ең кішкене денелі құстардың бірі. Бұлар – нағыз орман құстары, ағаштардың бөрікбасында көбірек жүреді, жерге өте сирек түседі. Жабын қауырсындары – жұмсақ, үлпілдек. Ұсақ бунақденелілерді жейтін құстарға арналған жіңішке, қысқа тұмсықты болып келеді. Қыста бунақденелілерден басқа да әр алуан тұқымдарды жейді. Реңінде шұбарлық жоқ, алайда әдемі түстер көбірек қатысады. Аталықтары әдетте аналықтардан қанығырақ боялған. Өте сақ құс, қылқанды ағаштар мен бұталардың бөрікбастарына ұяларын жақсы жасырады. Отырықшы және көшпенді құстар болып саналады.
Еуразия, Солтүстік Африка және Солтүстік Американың қылқанды ормандарында таралған 3 туыстан, шөже тұқымдастарда 5-6 түр бар. Қазақстанда екі туыстан – шөжелер туысы және бір түрден тұратын әсем шымшық туыстарынан екі түр кездеседі.
## Дереккөздер |
Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы – 26 ақпан 1938 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.
## Қысқаша өмірбаяны
* Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
* 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
* Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
* 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
* 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
* 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
* Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
* 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
* 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
* 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі.
* 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
* 1938 жылы ату жазасына кесілген.
* 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.
## Еңбектері
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.
Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.
Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.
### Библиография
* 1917 жылы - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері.
* 1923 жылы - «Байшұбар».
* 1926 жылы - «Балаларға тарту».
* 1928 жылы - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.
* 1929 жылы - «Күй» поэмасы.
* 1931 жылы - «Кек» және «Турксіб» пьесасы.
* 1934 жылы - «Күйші» поэмасы.
* 1936 жылы - «Исатай - Махамбет» пьесасы.
* 1936 жылы - «Құлагер» поэмасы.
Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.
Поэмалары
* «Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды.
* "Күй" - 1929 жылы жазылған.
* "Күйші" - 1934 жылы жазылған.
* "Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды.
* "Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді.
* "Исатай" - 1960–1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-ші томында жарық көрген.
* "Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған.
* "Байкал" - 1937 жылы жазылған.
* "Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды.
* "Қолбала" - 1964 жылы Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды.
* "Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған.
* "Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды.
* "Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған.
* "Жорық" - 1935 жылы жазылған.
Лирикалық өлеңдері
- "Әнші апама" (1909)
- "Күзгі гүлге" (1912)
- "Тілек" (1912)
* 1915–1920 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920),
* 1921–1924 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924).
* 1925–1930 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926),"Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930),
* 1931–1937 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).
Сатиралары
"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928).
## Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар
Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
## Отбасы
Ол 4 рет үйленді.
* Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)
* Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті.
* Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды.
* Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады.
### Фатима Ғабитовадан туған балалары:
* Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер.
* Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті.
* Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург.
### Фатима Төребаевадан туған балалары:
* Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты.
### Асырап алған балалары:
Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.
* Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты.
* Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог.
## Қазақ әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ілияс Жансүгіров
* Ілияс Жансүгіров |
Шұбарқұрлар туысы (лат. Tetrastes) – үш түрден тұратын тауықтәріздестер құстар отрядының 11 туысының біреуі. Шағын денелі, салмағы 0,5 кг, басында өзіне тән айдары бар құс. Табаны шала қауырсынданған. Қазақстанда тек қана шұбарқұр (кейде сұрқұр деп те аталады) өмір сүреді.
## Түрлері
* Шұбарқұр - лат. Tetrastes bonasia (Linnaeus, 1758).
* Северцев шұбарқұры - лат. Bonasa sewerzowi (Przewalski, 1876).
* Жағалы шұбарқұр - лат. Bonasa umbellus (Linnaeus, 1766).
Шұбарқұрлар жылдың үлкен бөлігінде ағаш бүршіктері және сырғаларымен қоректенеді, ал жазда жидектерді, тұқым және әр алуан бунақденелілерді талғау қылады. Құрлар қыста қар шұңқырларында түнейді, өте суық күндері күндері күндіз де сол шұңқырларда болуы мүмкін. Жылдың көпшілік бөлігін орманда, жерде өткізеді, қауіп төнген шақта ағаш басына ұшып барып қонақтауға ұмтылады. Әдетте көзге аз шалынатын ағаш бөрікбасының ортасына таман, ағаш діңіне қонақтайды.
## Дереккөздер |
Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы – 26 ақпан 1938 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.
## Қысқаша өмірбаяны
* Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
* 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
* Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
* 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
* 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
* 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
* Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
* 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
* 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
* 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі.
* 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
* 1938 жылы ату жазасына кесілген.
* 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.
## Еңбектері
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.
Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.
Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.
### Библиография
* 1917 жылы - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері.
* 1923 жылы - «Байшұбар».
* 1926 жылы - «Балаларға тарту».
* 1928 жылы - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.
* 1929 жылы - «Күй» поэмасы.
* 1931 жылы - «Кек» және «Турксіб» пьесасы.
* 1934 жылы - «Күйші» поэмасы.
* 1936 жылы - «Исатай - Махамбет» пьесасы.
* 1936 жылы - «Құлагер» поэмасы.
Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.
Поэмалары
* «Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды.
* "Күй" - 1929 жылы жазылған.
* "Күйші" - 1934 жылы жазылған.
* "Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды.
* "Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді.
* "Исатай" - 1960–1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-ші томында жарық көрген.
* "Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған.
* "Байкал" - 1937 жылы жазылған.
* "Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды.
* "Қолбала" - 1964 жылы Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды.
* "Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған.
* "Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды.
* "Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған.
* "Жорық" - 1935 жылы жазылған.
Лирикалық өлеңдері
- "Әнші апама" (1909)
- "Күзгі гүлге" (1912)
- "Тілек" (1912)
* 1915–1920 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920),
* 1921–1924 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924).
* 1925–1930 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926),"Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930),
* 1931–1937 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).
Сатиралары
"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928).
## Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар
Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
## Отбасы
Ол 4 рет үйленді.
* Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)
* Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті.
* Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды.
* Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады.
### Фатима Ғабитовадан туған балалары:
* Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер.
* Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті.
* Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург.
### Фатима Төребаевадан туған балалары:
* Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты.
### Асырап алған балалары:
Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.
* Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты.
* Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог.
## Қазақ әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ілияс Жансүгіров
* Ілияс Жансүгіров |
Шұбарқұр кейде Кәдімгі шұбарқұр кейде Сұрқұр (лат. Tetrastes bonasia) – шұбар реңді, басында кішкене айдары бар, тауықтәріздестер отрядының Қырғауылдар тұқымдасына жататын шағын денелі (300-500 г) құс. Аталығының қара алқымы ақ жолқпен көмкерілген; аналығының алқымы – шұбар. Еуразияның аралас ормандарында өмір сүреді.
Қазақстанда Алтай және Қалба Алтайынан кездеседі. Шұбарқұрлар жылдың үлкен бөлігінде ағаш бүршіктері және сырғаларымен қоректенеді, ал жазда жидектерді, тұқым және әр алуан бунақденелілерді талғау қылады. Құрлар сияқты қыста қара шұңқырдарында түңейді, өте суық күндері күндіз де сол шұңқырларда болуы мүмкін. Жылдың көпшілік бөлігін орманда, жерде өткізеді, қауіп төнген шақта ағаш басына ұшып барып қонақтауға ұмтылады. Әдетте көзге аз шалынатын ағаш бөрікбасының ортасына таман, ағаш діңіне қонақтайды. Аңшылық кәсіптің зерзаты болып саналады.
## Шұбарқұрдың дауысы
Шұбарқұрдың дауысы - еміс-еміс естілетін әуезді ысқырық. Аталықтары осы дыбысты пайдаланып, күйттеу маусымында бірін-бірі іздестіріп, төбелеседі. Аңшылар бұл кезде аталықтың даусына салып, оларды оңай еліктіреді.
## Дереккөздер |
Теңбілтөс бозторғай - Қазақстанда бозторғайлардың ішінен тауда тіршілік ететін түрі. Бұлар ең кішкентай бозторғайлар (салмағы 18-25г), мығым денелі, қысқа мықты тұмсықты және қоңырсұр қауырсынды құстар. Бұларды қашықтықтан айыру қиын, тек сор бозторғайдың түсі ақшыл және сортаң өсімдіктің маңынан кездестіруге болады.
Теңбілтөс бозторғай сұр бозторғайдан ақшыл және кеудесіндегі екі қоңыр дағымен ерекшеленеді (сұр бозторғайдың бұл жерінде ұзыншақ теңбілдері бар). Тіршілігі мен таралуы жағынан бұл екі түр бір-біріне жақын. Екеуі де жұптасып тіршілік етеді, ұяларын қураған шөл өсімдіктерінің маңындағы шұңқырларға салады. 4-5 жұмыртқаларын аналығы 10 күнде басып шығарады, аталығы көмектеседі. Балапандары 10 күннен кейін ұядан жүріп шығады да, біраз күннен кейін ұшады. Жылына екі рет балапан басып шығарады. Балапандарын тек жәндіктермен, ал ересектері өсімдік дәндерімен де қоректенеді. Бұл екі түр - шөл және шөлуйттің ең көп таралған түрлері. Қазақстанда наурыздан қазанға дейін кездеседі.
## Дереккөз
Қазақстандағы жануарлар әлемі |
Шулығаштар тұқымдасы (лат. Apodidae) – Ұзынқанаттылар отрядының 19 туысты біріктіретін құстар тұқымдасы.
Шулығаштар тұқымдастарының құстары көбіне шағын денелі (520 г), жабын қауырсындары тығыз, орақ тәрізді ұзын қанатты және қысқа, әлсіз аяқты құстар. Құйрығы қысқа, ұшы айыр немесе тегіс қиылған. Едәуір үлкен көзі бастың екі жағында орналасқан және алды-артынан, үстінен үлкен жылдамдықпен келе жатқанда бунақденелілермен қақтығысудан қорғайтын қатқыл қауырсындармен бүркелген. Тұмсығы қысқа, аузы үлкен. Температура төмендеген кезде биохимиялық үдерістер тежеледі де, естен танып қалуы мүмкін.
Шулығаштар тұқымдасында 55-ке жуық түрлері бар. Қазақстанда екі туыстан төрт түрі кездеседі, бірақ қалған түрлері сирек кездесуі мүмкін.
## Туыстары
Шулығаштар тұқымдасы 2 тармаққа бөлінген 19 туысты біріктіреді:
* Apodinae тұқымдас тармағыAeronautesApusChaeturaCollocaliaCypsiurusHirundapusHydrochousMearnsiaNeafrapusPanyptilaRhaphiduraSchoutedenapusTachornisTachymarptisTelacanthuraZoonavena
* Aeronautes
* Apus
* Chaetura
* Collocalia
* Cypsiurus
* Hirundapus
* Hydrochous
* Mearnsia
* Neafrapus
* Panyptila
* Rhaphidura
* Schoutedenapus
* Tachornis
* Tachymarptis
* Telacanthura
* Zoonavena
* Cypseloidinae тұқымдас тармағыCypseloidesStreptoprocne
* Cypseloides
* Streptoprocne
## Дереккөздер |
Сутартар тұқымдастар (лат. Rallidae) - 119-дан 165-ке дейін түрлері бар тырнатәріздес құстар (лат. Gruiformes) отрядының ішіндегі ең үлкен тұқымдас құстар. Түрлер санынң осындай шашыраңқы болуына жүйелеу топтарының күрделілігі себепкер болды. Сутартар құстардың дене мөлшері орташа (20-30 грамнан 1,5-2 килоға дейін, негізгі массасы 100-200г), денесі екі қапталынан қысыңқы келеді. Қанаты - қысқалау және дөңгеленген, жабын қауырсындары - жұмсақ және қопсыңқы. Қоректі талғамайды. Құрлықтағы және судағы қалың өсімдіктер болуын да ұнатады, ылғалды биотоптар әрқашан тиімділік жасайды. Ашық орындарда сирек шығады және сақ құстар, нашар және зауықсыз ұшады, оның есесіне жақсы жүгіріп, жақсы жүзеді. Көптеген түрлерінің құйрықасты қауырсындары ашық реңді болып келеді. Ол белгі беріп, қалың қопамен байланыс жасау қызметін аткарады. Дауыс ерекшелігі де байланыс ұстауына себепкер болады.
Қазақстанда 8 түрді қамтитын 6 туыстас бар.
## Дереккөз
* Қазақстандағы жануарлар әлемі |
Сұржағал - үлкен сұқсырдан ғана аздап кішірек едәуір ірі денелі (520-1000 г) құс. Қара реңді төбесі, құлақ будасы және тік қиылған қара айдарына қарама-қарсы екі жағы мен иегі сұрғылт түске боялған. Мойны- қызғылтсары. Қазақстанда барлық жерге дерлік ұялайды. Негізінде су жәндіктерімен қоректенетін болғандықтан, ұялауға іздестірілетін суқойма таңдауда онда балықтардың болуы міндетті емес.
Сыртқы көрінісі және қылығы үлкен сұқсырды еске түсіргенімен қалың өскен жерлер жиегінде жиі жүреді. Ұяларды қалқыма аралшаларға, сондай- ақ жығылған қамыстарға да орналастырады. Салындыда 6 жұмыртқаға дейін болса да, ұялас балапандар саны аз болады. Сірә, жұмыртқалардың барлығынан балапан жарып шықпайтын болса керек. Одан басқа тіршілігінің алғашқы күнінде олардың көпшілігі өліп қалады. Жұмыртқаларды ата- енелер 23 күнге жуық басады, бұдан соң тағы бір ай балапандар қанатына көтерілгенше қамқорлығына алады. Балапандар 2,5 ай шамасында өз бетімен жүре алатын болады. Ұялау орындарында сәуірден қазан айы бойы жүреді.
## Дереккөздер |
Атабаев Қамбарбек Махамбетұлы (25.8.1947 жылы туған, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (2000 жылы), проффесор (2002 жылы).
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1971 жылы).
1971 – 74 жылдары орта мектепке тарих пәнінің оқытушысы,
1977 – 84 жылы Тараз университетінде оқытушы,
1984 – 93 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті,
1998 жылдан ҚазҰУнің деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері деректанудың қазақ тіліндегі ұғымдары мен терминдерін жасап, ұлттық төл деректеріміздің ерекшеліктерін анықтауға қомақты үлес қосты. Екі ғылыми монографияның, екі оқу құралының, жүзге тарта ғылыми - теориялық және проблемалық мақалалардың авторы.
## Шығармалар
* Мерзімді басылым ХІХ ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде, Атабаев, 1993 жыл;
* Деректанудың теориялық мәселелері, Атабаев, 1999 жыл;
* Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (ХІХ ғасыр соңы – XX ғасырдың басы), Атабаев, 2000 жыл;
* Қазақстан тарихының деректанулық негіздері, Атабаев, 2002 жылы;
* Ұлт және тарих, Атабаев, 2007 жылы.
## Сілтемелер
* ҚазҰУ
* Абай
* Тараз
## Дереккөздер |
Ақсай шошқасы — етті майлы тұқымдық топ. 1952 жылдан Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймақтарында өсіріледі, онымен Алматы зоотехникалық мал шаруашылығы технологиясы ғылыми зерттеу институты шұғылдануда. Тұқымдық топ шығаруде жергілікті шошқаның мегежіңі мен ірі ақ шошқа қабаны, одан кейін беркшир шошқасының қабаны пайдаланылады. Генеалдық құрылымы жағынан 6 линиясы, 7 тұқымдасы бар.
Қабанының салмағы 300-350, мегежіні 230-250 кг. Әр жылы 11-12 ден торай табады, екі айлық торай 15-18 кг тартады. Асыл тұқымды шошқа өсіретін шаруашылықтарда 10,8 мыңы бар. Қазіргі таңда таңдаулы шошқа топтары Алматы облысының Ақсай оқу шаруашылығы мен Қаскелең ауданында, Шымкент облысының ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында өсіріледі. Тұқым жақсарту жұмысымен Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институты шұғылданады.
## Дереккөздер |
Ақ селеу (лат. Stipagrostis pennata) – астық тұқымдасының селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Ақ селеу көбінесе құмды және құмдауыт жерлерде, орманды алқаптардағы қара топырақты аудандарда жақсы өседі. Биіктігі 30 – 40 (60) см, сабағы түбінен шоғырланған, жалаң тықыр. Тамыр сабағының ұзындығы 10 м-ге дейін жетеді. Жапырағы жіңішке (3 мм). Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Дәнегі пісісімен жер бетіндегі бөлегі қурап қалады. Ақ сеуел масақтанғанға дейін жақсы мал азығы. Шөбінің сапасы орташа, өнімділігі 3 – 5 (10) ц/га. Жайылмалы құмды жақсы бекітеді. Тамыры сапалы щетка жасауға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Әділбек Қалибекұлы Алдабергенов (6 ақпан 1961, Жұлдыз ауылы, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақ, генерал-майор (7.5.2007).
## Өмірбаяны
* Орта мектептен кейін жұмыс істеп, мерзімді әскери қызметін өтеген (1979-80).
* Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін (1984)
* М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны сырттай бітірген (1996).
* Ортаазия әскери округі әскерлері қолбасшысының қарамағына жіберіліп, 42610 әскери бөлімнің арнайы жасақталған тобының командирі
* Прикарпат әскери округі 186-ші арнайы мақсаттығы жеке жасақтын тобының командирі
* Ортаазия әскери округі 71170 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі
* Германиядағы кеңес әскерлері тобы п.п. 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі (1984-88)
* Германиядағы кеңес әскерлері тобы 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған ротасының командирі
* 21208 әскери бөлімі арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары - штаб бастығы
* Приволжск-Орал әскери округі арнайы жасақталған бригадасы арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары - штаб бастыты
* ҚР ҚМ-нің қарамағында, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальоны командирінің орынбасары
* жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальон командирі
* жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы (1988-97)
* жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасының командирі
* Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы
* 14776 әскери бөлім басқармасының бастығы
* Ұтқыр күштер қолбасшысының орынбасары
* Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1997-2004)
* «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы,
* аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының штаб бастығы
* 14776 әскери бөлімнің командирі
* ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы (2004 - қазірге дейін).
## Марапаттары
* «Қызыл Жұлдыз» ордені
* 2-дәрежелі «Айбын» ордені
* «Даңқ» ордені
* медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
"Манашұлы Тұяқбай" - Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпосының жеке батырлар цикліне жататын батырлық жыры.
756 жолдан тұратын жырда жау қолынан қаза тапқан Манашы батырдың баласы Тұяқбай бастаған қазақ батырларының бірлесе қимылдап, қалмақтарды жеңуі, ата кегін алуы сөз болады. "Манашұлы Тұяқбай" жырының негізгі идеясы мен тақырыбы - сыртқы жауға қарсы бірлесе күш жұмсап, елін, жерін аман сақтау. Жыр - сол замандағы Ноғайлы билерінің арасында болған алауыздықты сынай отырып, тату болуды үндейтін ұрпақтарды үлгі етеді де, ортақ жауды жеңуге бірлік керек екендігін уағыздайды. Мұрын жырау бұл жырды Қашаған, Нұрым жыраулардан үйренген. 1942 жылы Алматы қаласында Мұрын жырау айтуынан жазып алынған бұл жыр нұсқасы толық, 7-8 буынды жыр үлгісінде құрылған. Жыр композициясы зұлымдықпен ізгілік, ездік пен ерлік сияқты шиеленіскен драмалық сарындарға құрылған, сюжет желісі бай. Мұрын жыраудан жазып алынған жыр нұсқасы "Батырлар жырының" 2-томында (1961), "Қазақ халық әдебиеті" көптомдығының 12-томында (1990) жарияланған.
Қолжазба нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Ақтаспа өсімдігі (лат. Astragalus cognatus) —- бұршақ тұқымдасына жататын шалабұта. Мойынқұм, Балқаш, Алакөл маңындағы құмды жерлерде сексеуіл, жүзгін, теріскен арасында өседі. Маусым, Мамыр айларында гүлдеп, Тамыз бен Шілде айларында жемістенеді. Биіктігі 36-50 см. Жапырағы жұмыртқа пішіндес. 3-4 жұптан тұрады, ұзындығы 4-10 см. Гүлі көгілдір түсті. Дәні қызыл қоңыр. Жайылым шөбі, мал, әсіресе қой мен түйе азығы.
## Дереккөздер |
Қыдырбаев Жасұлан (28 қыркүйек, 1992, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы, Қазақстан) — Қазақстандық ауыр атлетші. 2014 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді. Алматы облысы құрамасына ілікпегендіктен Жамбыл облысы атынан шыға бастаған.
## Марапаттары
### Әлем чемпионаты
* Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2014 — Алматы 94 кг дейін салмақта алтын медаль.
* 94 кг дейін салмақта алтын медаль.
## Дереккөздер |
Ақтөбе химия зауыты - технологиялық контактілі күкірт қышқылы, технологиялық олеум, жай ұнтақталған және түйіршіктелген суперфосфат, кремний-фторлы, натрий, бор қышқылы, бура және т.б химиялық өнімдер өндіретін Ақтөбеде орналасқан зауыт.
Бұл зауыттың құрылысы 1929 жылы басталып, 1934 жылы алғашқы өнімін береді. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан және халық мұқтажы үшін химиялық өнімдер шығарды. Ал 1945 жылы негізгі және қосымша өнімдерді өндіру қуатын арттыру мақсатында зауыт қайта жабдықталды. Бұл жөндеу жұмыстарынан кейін бор қышқылы, суперфосфат, бура, бор магнийлі тыңайтқыштар цехтары салынды. 1953 жылы өндірістік бор қышқылы қалдықтарынан микротыңайтқыштар шығару ұйымдастырылды.
## Дереккөздер |
Теңгебастар тұқымдасы (лат. Butomaceae) – көпжылдық даражарнақты өсімдіктер. Дүние жүзінде кең таралған, негізінен Солтүстік Жарты шарда кездесетін 4 туысы, 7 түрі бар. Қазақстанның таулы жерлерінен басқа аймақтарда таралған жалғыз туысы теңгебас, оның бір түрі - ақ шоқан не шатырлы теңгебас бар. Сулы және батпақты жерлерде өседі. Биіктігі 40-150 см, сабағы жылтыр, қатты. Тамыр түбінен өсетін жапырақтары ұзын, төмен жағындағылары үш қырлы, жоғарғы бөлігіндегілері жалпақ, 5-10 мм. Судағы жапырақтары таспа тәрізді ұзын болады. Гүлдері қосжынысты, аталығының саны 9, кейде одан көп болады, аналығы алтау бір. Ақшыл қызғылт түсті көп гүлдері ұзын гүл сағағында жетіліп, шатырша гүл шоғырына топталған. Жәндіктермен тозаңданады. Жаздың басынан қара күзге дейін гүлдейді. Жемісінің пішіні сопақша, жоғарғы жағы үшкір. Тұқымы өте көп, бір өсімдік 10 000-дай тұқымдас береді. Тағам ретінде пайдаланылады, одан крахмалы көп ұн алынады. Жапырақтары тоқыма заттар жасауға пайдаланылады. Теңгебасты ондатр, құндыз, бұлан 0жақсы жейді, оныменен су құстары қоректенеді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы 8-том |
Ақұнтақ кеселі - шөптесін, ағаш, шала бұта өсімдіктердің ақұнтақ саңырауқұлағы тудыратын ауруалар тобы. Бұл саңырауқұлақтар Қазақсанда ауыл шаруашылығының 66 түрін, соның ішінде қант қызылшасы, асқабақ, жүзім зақымдайды. Ақ ұлпа күйінде өсімдік жапырағына, өркені мен сабағына, гүлі мен жемісіне түседі де, кейін киіздей үйысып, көптеген ұсақ қара даққа айналады. Ауру салдарынан өсімдіктің жапырағы мен өркені солып, сүрегі өсуін тоқтатады, жемісі шіри бастайды. Бұл аурудың қоздырғышы Ақұнтақты саңырауқұлақтар конидиялар, жемісі арқылы тарап, өсімдік қалдықтарында, мицелий күйінде өсімдік бүршігінде т.б органдарда қысап шығады.
## Емдеу
Арылу шаралары: сүдігерді терең жырту, фосфор, калий тыңайтұыштарын шашу, ауыл шаруашылығына ақұнтақ кеселіне төзімді сорттар мен түрлерді пайдалану, өсімдікке күкіртті препараттар бүрку.
## Дереккөздер |
Ақ шірік (→Ақшірік) немесе Альтернариоз — күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр және тағы басқа өсімдіктерде, сонымен қатар қоймадағы көкөністерде саңырауқұлақ салдарынан болатын өте хауіпті ауру. Қоздырғышы – Ascomycetes класының Helotiales қатарына жататын саңырауқұлақтар. Ақ шірік өсімдікті істен шығарады.
Күресу жолы: ақ шірік жұққан тұтас өсімдікті немесе оның бөлімін отап құрту, тұқымын тазалау, екінші дақыл егу, овощтар сақталатын қойманың температурасын 1—3 градуста ұстау және оны желдетіп тұру.
## Дереккөздер |
## Қысқаша мәлімет
Жүргенбаев Әбділда(1914, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы – 6.4.1986, сонда) – ақын, жыршы. Нартай Бекежановтың концерттік бригадасында (1938 – 48) өнер көрсеткен. Әр жылдарда өткен (1943, 1946) республикалық ақындар айтысына қатысып, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Кенен Әзірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Құлжабай Төлеуовтәрізді белгілі ақындармен айтысқан. Жүргенбаевтан “Көрұғлы” дастанының көне нұсқасы, “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр” эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына “Байбатша”, “Атымтай жомарт”, “Шәкір-Шәкірат”, т.б. дастандарды тапсырған. Шығармалары әр жылдары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1966) жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргенбаевтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген.
## Сілтемелер
* Қызылорда облысы
* Нартай Бекежанов
* Есдәулет Қандеков
* Үмбетәлі Кәрібаев
* Кенен Әзірбаев
## Дереккөздер
## Қысқаша мәлімет
Жүргенбаев Әбділда(1914, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы – 6.4.1986, сонда) – ақын, жыршы. Нартай Бекежановтың концерттік бригадасында (1938 – 48) өнер көрсеткен. Әр жылдарда өткен (1943, 1946) республикалық ақындар айтысына қатысып, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Кенен Әзірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Құлжабай Төлеуовтәрізді белгілі ақындармен айтысқан. Жүргенбаевтан “Көрұғлы” дастанының көне нұсқасы, “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр” эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына “Байбатша”, “Атымтай жомарт”, “Шәкір-Шәкірат”, т.б. дастандарды тапсырған. Шығармалары әр жылдары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1966) жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргенбаевтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген.
## Сілтемелер
* Қызылорда облысы
* Нартай Бекежанов
* Есдәулет Қандеков
* Үмбетәлі Кәрібаев
* Кенен Әзірбаев
## Дереккөздер |
Өзен шырылдақ (лат. Locustella fluviatilis) – Торғайтәрізділер отрядының Locustellidae тұқымдасының Locustella туысының орташа денелі (18-25 г) шырылдақ. Өзен шырылдағының жоны – зәйтүн түстес қоңырқай, бауыры – ақшыл, алқымы мен төсінің жоғарғы бөлігінде көмескі қошқыл бойлай созылған алабажағы болады. Қазақстанда тек қана Жайық өзенінің орта ағысы аңғарында және оның кейбір сағаларында ұялайды. Биік шөптері қалың және бұталарды, әсіресе қандыағаш немесе қайың түбір өркендері бар ылғалды шалғындар мен суқоймалар жағаларын ұнатады.
Бұл шырылдақтың әуені кәдімгі және бұлбұлдың шырылдақтардың әуенінен дөрекілеу және қаттырақ. Әуен шолпылдаған дыбыстардан басталып, соңынан бірнеше минут үлкен шекшектің шырылынан аумайтын үздіксіз дыбыспен жалғасады. Ұялау тіршілігі егжей-тегжейлі анықталмаған. Аузы ашық тостағаншаға ұқсас ұялары қалың шөпке жақсы жасырылады. Салындыдағы 4-6 сұр және қоңыр бозғылт секпілді ашық түсті жұмыртқаларды аналығы 13 күндей басады. Өзен шырылдақтарының оңтүстікке қарай қозғалысы шілденің соңынан-ақ басталып, тамыздың бүкіл бірінші жартысына дейін созылады, ал олар осы айдың соңында шығыс Африкадағы қыстау орнына да жетіп үлгереді.
## Дереккөздер |
Жамбыл — Жетісу облысы Көксу ауданы, Лабасы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстікке қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Уқорғасындар немесе Бəрпі (лат. Aconitum) — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер жүзіне кең тараған 300 түрі бар. Соның ішінде Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Жиі кездесетін түрі - ақезу бәрпі, таулы аймақтардың орманды алқаптары мен шалғындарда, өзен-сай жағасында өседі. Биіктігі - 70-200 см, тамыры - жіпшеленген шоғыр, сабағы - қабырғалы, түкті, жапырақтары - ірі, ұзындығы - 10-20 см, көлденеңі - 20-40 см, саусақтала тілінген, гүлшоғы бұталанған, көп гүлді. Гүлдері қоңыркөк, кейде сарғылт түсті. Маусым - тамызда гүлдейді. Қыркүйек - қазанда жемісі піседі. Бəрпі - улы, дəрілік өсімдік. Жүрек ауруына шипалы аллопинин дәрісі алынады.</ref>
## Дереккөздер |
Көксу каналы – Жетісу облысы Көксу, Қаратал аудандары арқылы ағатын канал. 1939-40 жылдары салынған; кейіннен бірнеше гидротехикалық құрылыстармен ұлғайтылды. Көксу өзені бойындағы Көксу темір жол станциясы тұсынан басталады.
## Гидрологиялық сипаты
Жалпы ұзындығы 103 км, оның ішінде негізгі магистралы 42 км, осыдан тарайтын 10 тармақтың ұзындығы 61 км. Канал табанының ені 5 – 10 м, беті 8 – 15 м, тереңдігі 1,2 м. Орташа су ағымы 25 м³/с. Қаратал, Ескелді би, Көксу аудандары шаруашылықтарының 20 мың га-дан астам егістігін және бау-бақшасын суғарады.
## Дереккөздер |
Ақшілік (лат. Salix lapponum) – талдар тұқымдасына жататын бұта. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының батпақты көл жағалауларында, таудың альпі белдеулерінде өседі. Мамыр және маусым айларында гүлдеп, тамыз, шілде айларында жемістенеді. Биіктігі 1-1,5 м. Діңі сарғыш қоңыр, бұтақтары күрең түсті. Жапырағы сопақтау, кезектесіп орналасқан, ұзындығы 5-8, ені 2-3 см. Гүлшоғыры шашақ, жапырағынан бұрын ашылады. Қалемшесі, шыбығы арқылы өсіп өнеді. Жемісі қауашақ. қабығының 100 ден 12 бөлігін таннид құрайды.Илік, шірнелі өсімдік.
## Дереккөздер |
Бозғы - құлақты түлендер тұқымдасы, бозғы туыстарына жататын ең ірі түрі. Еркектерінің дене тұрқы - 300-340 см. Осы тұқымдасқа жататын түлендердің ұрғашылары еркегінен бір метр қысқа болады. Еркегінің салмағы - 1000-1120 кг, ұрғашысының салмағы - 300-350 кг. Терісі түбітсіз болады. Бозғыда құлақ қалқасының нұсқасы ғана бар.
## Дереккөздер |
Әділ сауда (ағылш. Fair Trade) — халықаралық еңбектің, экологиялық және қоғамдық реттелудің, сондай-ақ қоғамдық-саяси қатынастағы таңбаланған және таңбаланбаған тауарлардың, қолөнер еңбегінен бастап ауыл шаруашылық өнімдерінің әділ үлгісін қолдайтын, арнайы ұйымдастырылған қоғамдық қозғалыс. Соның ішінде, бұл қозғалыс дамушы елдердің дамыған елдерге арналған экспортына көп мән береді.
Әділ сауда тақырыбындағы талқыланатын басты мәселе — әділ сауданың «әділ емес» екендігі жөніндегі сыни көзқарастар болып табылады. Әділ сауданың қағидаларын қолдаушылардың айтуы бойынша, тауар бағасының тұрақсыздығы көптеген дамушы елдердің ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ете алмайды, осылайша олар қолайсыз жолмен қарыз алуға мәжбүр болады. Сондай-ақ әділ сауданы жақтаушылардың ойынша, нарықтағы бағалар өндірістің экологиялық және әлеуметтік компоненттен құралған ақиқатты құнын көрсете алмайды. Ал, әділ сауда осындай мәселелерді шешуде экономикалық дамуға мүмкіндік беретін, дамушы елдердегі өндірушілер мен қарапайым жұмысшыларға тиімді саудалық жағдай ұсынатын, «этикалық» тауарлардың альтернативті сауда жүйесін орнатуды көздейді.
Әділ сауданы еркін сауданың орнын басушысы немесе оның альтернативі ретінді жиі қарастырады.
Мамыр айының екінші сенбісі Халықаралық әділ сауда күні болып табылады. Бұл күні Еуропа мен Солтүстік Американың көптеген елдерінде әділ сауданың басты мүдделерін қоғамға түсіндіру мақсатында әртүрлі акциялар мен іс-шаралар өтіп тұрады. 2009 жылы Халықаралық әділ сауда күні 9 мамыр күнімен сәйкес келді.
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Әділ сауда
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Әділ сауда |
Жайсаң — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаштан солтүстікке қарай 22 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бір өкпелілер (лат. Monipneumones) — сүйекті балықтардың Қалаққанаттылар класының отряды.
Цератод тұқымдасына, неоцератод туысына жататын қос тынысты балықтардың ең ірісі, өкілі - неоцератод. Ұзындығы 175 сантиметрге жететін осы кездегі қос тынысты балықтардың ең ірісі Солтүстік Шығыс Австралиядағы Квинсленда өзенінде тараған. Өкпесі айқын екі бөлімге бөлінбеген бір өкпе қапшығынан тұрады. Желбезектері жақсы дамыған. Неоцератод бір мезгілде өкпесімен де желбезегімен де, немесе әрқайсысымен жеке тыныс ала алады. Сондықтан олар басқа балықтар тіршілік ете алмайтын, өсімдік өте қалын, өскен суларда да тіршілік ете алады. Жазда су тартылып, оның ішіндегі өсімдіктер шіріп, судағы оттегі мейлінше азайған кезде, неоцератодтар тек қана өкпесімен тыныс алады. Ол кезде балық судан басын жиі шығарып, ауа қабылдайды. Күзде олардың мекендеген суларына жаңа сулар қосылған кезде өкпенін, қызметін желбезек атқарып, қанның тотығуы желбезек арқылы орындалады. Олар құрғап қалмайтын суларда тіршілік етеді де, ұйқыға жатпайды. Су түбіне жақын қабатта, көбінесе су тубінде кездеседі. Шаянтәрізділермен, моллюскалармен және құрттармен қоректенеді. Көбінесе қыркүйек пен қазан айларында көбейеді. Жұмыртқасын су өсімдіктерінің арасына салады. Шабақтары ешбір өзгеріссіз дамиды, олардың сыртқы желбезектері болмайды.
## Дереккөздер |
Қобда — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, аудан және Қобда ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан батысқа қарай 100 км жерде, Қобда өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 5288 адам (2697 ер адам және 2591 әйел адам) болса, 2009 жылы 5244 адамды (2476 ер адам және 2768 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Белл-Мажанди заңы (ағылш. Bell–Magendie law) — афференттік талшықтар жұлынға оның артқы түбірлері арқылы кіреді, эфференттік талшықтар алдыңғы түбірлер арқылы одан шығады. Рефлекстің анатомиялық осы қағидасын алғаш 19 ғасырдың басында Ч.Белл ұсынған. Мұндай шешімге өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ф.Маржанди де келген. Сондықтан Белл-Маржанди заңы деп аталады. Іс-қимыл рефлекстерінің реттелуі де осы заң бойынша іске асады. Алдыңғы түбірлердің құрамына денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жататын қозғағыш нейрондардың сезгіш ассон талшықтары кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасқан эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді. Тәжірибеде Белл-Мажанди заңын жұлынның алдыңғы және артқы түбірлерін кесу арқылы байқауға болады. Артқы түбірлерді кескеннен кейін жануар кесілген жағындағы сирағымен қозғала алады, бірақ бұл жағындағы сирағының сезу қабілеті толығымен жойылады. Алдыңғы түбірлерді кескеннен кейін, сезу қабілеті сақталғанымен, сирақтары мүлде қозғалмайды, сәл болады. Артқы түбірлерді тітіркендіргенде жалпы қозғалыс реакциясын тудырады да, алдыңғы түбірлерді тітіркендіргенде қозғалыс пайда болмайды.
## Дереккөздер |
Біртанаулылар - дөңгелекауыздылар класының отряды. Дене тұрқы - 50-60 см. Арқа жүзу қанаты болмайды. Желбезек саңылауларының саны - 1-15. Көзі тері астында орналасқан. Қан тасымалдау жүйесі тұйықталмаған. Субтропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде мекендейді. Отряд құрамына 20-ға тарта түр бар. Барлық біртанаулылар - жыртқыштар немесе паразиттер. Бұрғы тәрізді тілінің көмегімен балықтың денесіне еніп, бұлшықеттері мен ішкі мүшелерін жейді. 20-30 (ұзындығы - 18-20 мм) уылдырық салып, оларды су астындағы заттарға бекітеді. Уылдырығын жазда шашады. Дернəсілдері түрленбей тура дамыды. Кәсіптік маңызы жоқ. Денесінен көптеп шырышты зат бөліп шығарады. Кейбір аудандарда балық шаруашылығына зиянын тигізеді.
## Дереккөздер |
Ойыл — Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, аудан және Ойыл ауылдық округі орталығы. Бұрын Адай уезінің орталығы болған.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 306 км-дей жерде, Ойыл өзенінің жағалауында, Барқын құмының батысында орналасқан.
## Инфақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, дәріхана, сауда орындары, т.б. мекемелер бар.
## Транспорты
Елді мекен арқылы Ақтөбе – Шұбарқұдық – Қандыағаш – Ойыл – Қобда - Қарауылкелді - Алға автомобиль жолы өтеді.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 5591 адам (2848 ер адам және 2743 әйел адам) болса, 2009 жылы 5340 адамды (2623 ер адам және 2717 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Арай сарықас (лат. Phylloscopus inornatus) – лат. Phylloscopidae тұқымдасының кішкене сарықастардың (5-7 г) біреуі.
Арай сарықастың жазда жоны сұрғылт жасуылдауы және бауыры ақшыл түсті болады. Күзде қауырсындары жаңарып, жоны жасылдау, қасы сары және қанатында көлденең екі ақшыл жолақты, сондай-ақ ішкі екінші дәрежелі желпуіш қауырсындарын жалпақ ақшыл көмкерме жиектейді. Арай сарықастың жасыл сарықастан негізгі айырмашылығы осы, сол арқылы басқа маусымдарда оны шатастырады. Бұдан әрі сөз көмескі сарықас туралы болмақшы. Бұл оңтүстік түршесі Тәңіртаудан Алтайға дейін тау орманында мекендеген, таяуда ғана өз алдына жеке түр болып бөлінеді. Ал Сібірдің бүкіл солтүстігінде мекендейтін реңсіз сарықас түршесінің жабын қауырсындарының реңі едәуір ашық түсті. Ол Қазақстан арқылы тек қана көктемде және күзде ұшып өтеді. Көмескі сарықастар Қазақстанда жарты жыл – сәуірдің соңынан қазанның соңына дейін болады.
## Дереккөздер |
Ақбауыр сұрқарлығаш (лат. Apus melba) – ұзынқанаттылар отрядының сұрқарлығаштар тұқымдасына жататын құс.
Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында кездеседі. Аласа тау сілемдерін, үңгір, жартастарды мекендейді. Қанатының ұзындығы 20 – 22 см, салмағы 70 – 120 г. Арқасы мен мойнының түсі сұр. Қанаттары ұзын әрі орақ тәрізді имек келеді. Тұмсығы мен аяғы қара түсті. Аяқтары өте қысқа. Жерге қонбай, үнемі әуеде ұшып жүреді. Басқа сұрқарлығаштардан бауырының ақ болуымен ерекшеленеді. Ірі тастар арасындағы терең қуыстарға ұя салады. Ұясы кездейсоқ бұзылса, қайта жұмыртқалайды. Мекиені мен қоразы 3 – 4 ақ түсті жұмыртқаны кезектесіп, 18 – 21 күндей басады. Балапандарын 40 шақты күнде ұядан ұшырады. Ақбауыр сұрқарлығаш – жыл құсы. Тамыз – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Оңтүстік Африкада қыстайды. Сәуір – мамыр айларында қайта оралады. Ақбауыр сұрқарлығаш зиянкес жәндіктермен қоректеніп, пайда келтіретін құс.
## Дереккөздер |
Далалық шіл (лат. Ammoperdix griseogularis) – тауықтәрізділер отрядының Қырғауылдар тұқымдасының ақшыл реңді, шағын денелі (200 г шамасында) тауықіспетті құс.
Далалық шілдің аталығы қызыл қошқыл қызғылт реңктің сұр реңді, маңдайы және көз үстіндегі жолағы – қара, тұмсығы – қызыл сары, дененің екі қапталында тат түсті жиекпен көмкерілген жалпақ қара жолақтар орналасады. Аналығы көмескілеу реңкті болып келеді. Ирак, Иран, Ауғанстан, Пәкістан және Орта Азияда қоныстанады. Қазақстанда тек қана Үстірттегі Сам құмында кездескен. Ұялау тіршілігінің егжей-тегжейі беймәлім.
## Дереккөздер |
Жуантұмсық сарықас (лат. Phyllpscopus schwarzi) – Торғайтәрізділердің мақтанторғай тұқымдасының (лат. Phylloscopidae) Сарықастар туысының құсы. Бұл жылыстау кезінде Қазақстанға екі рет ұшып енген сібірлік сарықас. Сыртқы кейпі қоңыр сарықастан айнымайды. Себебі бұл сарықастың да сыртқы кейпі қоңыр, тұмсығы – өте жуан. Сондықтан жуантұмсық деп атап кеткен.
## Дереккөздер |
Бозбас сұлыкеш (лат. Emberiza spodocephala) – Сарыторғайлар тұқымдасының Шығыс Сібір және Қиыр Шығыста қоныстанатын түрі. Қазақстанға қыста Зайсан қазаншұңқырынан ұшып келеді.
## Дереккөздер |
Қара шулығаш (лат. Apus apus) – шағын денелі (40-45 г, қанатының алымы – 45 см мөлшерінде) шулығаш. Қара шулығаштың реңі – қара, алқымы – ақшыл, қанаты – орақша иілген ұзын және аяғы – өте қысқа. Жылдам және оңтайлы ұшады. Ол әуеде ұшып жүріп, шіркейлерді жейді. Қиқуы – «стри-и» деген ащы дауыспен үйірде шуыл шығаратындықтан «шулығаш» деп аталған.
Еуразия (Байкал аймағынан шығысқа қарай) және Солтүстік-Батыс Азияға кең таралған. Бүкіл Қазақстан бойынан кездеседі.
## Дереккөздер |
Қарамойын сұқсыр (лат. Podiceps nigricollis) – Сұқсыр үйректер тұқымдасының Сұқсырлар туысына жататын жоны – қошқыл, қаралтым, бауыры – ақ, орташа денелі (300-420 г) құс. Бастың екі жағында татреңді сарғыш қауырсындар будасы орналасқан.
Қамыс, қоға, құрақ өскен тоқтау сулы немесе су нашар ағатын жазықтық суқоймаларда, Қазақстанның бүкіл аумағына дерлік қарамойын сұқсырлар орын тебеді. Бұлар – сұқсырлар ішіндегі ең қауымшыл құстар: 5-6-дан бірнеше жүздеген жұптарға дейін шоғырлар түзіп. Олардың арақашықтығын 1 метрге дейін алшақтата қоныстанады. Су маңындағы шағалалар, қырқылдақтар, үйректер тәрізді басқа құстармен көршілес жайбарақат өмір сүреді. Суда қалқып жүретін ұяларына 3-6 ашық жасылдау түсті жұмыртқа салады. Бірнеше күндерден кейін ата-енелері өздері болмайтын уақытта ұяны бүркемелеген өсімдіктердің шіруінен жұмыртқалар қоңыр түске боялады. 3 аптадан соң басылған жұмыртқалардан жолақты балапандар жарып шығып, денесі кеуіп үлгерместен суға беттейді. Бұл сұқсырлар жәндіктермен – су бунақденелілері, ұлулармен, т.б. қоректенеді, балық шабақтарын негізінде балапандарды қоректендіру кезеңінде аулайды.
## Дереккөздер |
Қызғылтсары сайрақ (лат. Turdus naumanni) — Торғайтәрізділер отрядының Сайрақ тұқымдасына жататын Нағыз сайрақтар туысының қаражемсаулы сайраққа ұқсас құс.
Қызғылтсары сайрақтың қанатында қошқыл қоңыр түс көбірек, ал оның дауысы шетен сайрақтың дауысын еске түсіреді. Енисейден Камчаткаға дейінгі Сібір ормандарында мекендейді. Қазақстанға тек қана бір рет ұшып келуі – оның біреуі 1927 жылы 16 қазанда Желек қыстауына жақын Сырдария аңғарында аулап алынды.
## Дереккөздер |
Қазіргі кезде облыста 290 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 6238 фермерлік және шаруа қожалықтары, 1155 халықтың жеке қосалқы шаруашлықтары бар, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Агробизнесті тиімді жүргізуі мақсатында 6 мыңнан астам ауыл шаруашылық кұрылымдарына 2 млрд 180 млн теңге көлемінде нақты мемлекеттік көмек көрсетілді, оның ішінде 299,6 млн теңге — облыс бюджетінен. Мемлекеттік инвестициялау, демеуқаржылар және бюджеттік кредиттеу жолымен бюджеттік бағдарламалар арқылы ғана емес, сонымен қатар жаңа нысандары — ауылдық кредиттік серіктестіктер (АКС) және Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы да жүргізілді. Облыста жұмыс істейтін 7 АКС 2005 ж. 80 жоба бойынша 191,3 млн теңге жеңілдікті кредит берді, ол 2004 жылмен салыстырғанда 3,7 есе артық. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынын филиалымен бірге осы қор арқылы республикалық бюджет есебінен пилоттықмикрокредиттеу үшін ауылдық аудандар анықталды. Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Бұқаржырау, Шет және Жаңаарқа аудандарының үй шаруашылықтары 34,2 млн теңгеге 434 кредит алды.
Облыс қалалары экономиканың нақты секторы және ауылдық аудандармен шефтік байланыстарды жаңартқан, жыл сайынғы әзірленетін және іске асырылатын облыстағы ауылды кайта түлету жөніндегі негізгі іс шаралар жоспары 2005 ж. ауылға 1 млрд 829 млн теңге бюджеттен тыс инвестициялар тартуға мүмкіндік берді.
2005 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 34,5 млрд теңге болды. Дәнді дақылдар 2004 жылы 845,5 га жерді алса, 2005 жылы 861,7 мың гектарға жетті. Картоп және көкөніс көлемі тиісінше 4% және 6%-ға өсті. Майлы дақылдар 470 га жерді алды, оның 100 га жері — жоғары ақуызды соя. Дәнді дақылдарды және басқа да өнімдерді себу көптеген аудандарда ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде өтті.
Лизингтік және кредиттік қатынастарды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар агроқұрылымдардың энергиямен жарақтандырылуын жақсартты. 2005 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша лизингке 56 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды,оның ішінде 8 комбайн — облыстық бюджет есебінен. Сонымен бірге «Казафофинанс» АҚ арқылы жеңілдікті кредиттер есебінен Осакаров ауданында МТС құрылды, Жаңаарқа, Абай жәнеБұқар жырау аудандарында маманданған афосервис-орталықтар кұруға облыстық бюджеттен260 млн теңге кредиттік ресурстар бөлінді. Мал шаруашылығында мал мен құс саны 570,6 мың бас болды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. Жалпы облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді: ет өндіру көлемі 8%, сүт - 6%, жұмыртқа - 7%, жүн - 8%-ғаөсті. Тамақ өнеркәсібі өндірісінің өсуінің оң үрдісі байқалады. Жезқазған қаласында тәулігіне 65 тонна астық өндіретін жаңа диірмен кешені «Нан өнімі» АҚ іске қосылды. Теміртаудағы «Аяна» ЖШС-де жаңа өнім шығаруға мүмкіндік беретін жаңа сүт құрал-жабдығы орнатылды.
Облыс халқын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бойынша қалаларға жоспар-тапсырма жеткізілді және 132 мың тонна көлемінде астықтың азық-түліктік қоры қалыптастырылды, оның ішінде бірінші сортты нан өндіру үшін — 70 мың тоннабидай, картоп қоры — 5,6 мың тонна, көкөніс - 2,9 мың тонна.Облыс қалаларында жыл сайын селолық аудандар өткізетін «Ауыл—Береке» жәрменкесі 107 млн теңгенің өнімін нарықтық бағадан төмен бағамен өткізуге мүмкіндік берді (2005), бұл 2004 жылмен салыстырғанда 67%-ға артық.
ҚР-ның агроөнеркәсіп кешенін 2006-2010 жылдарда тұрақты дамыту Тұжырымдамасында қойылған міндеттер негізінде, ауыл шаруашылығы департаменті облыстың аймақтық бағдарламасын әзірледі. Оны 5 жыл ішінде іске асыру үшін 31,8 млрд теңге көлемінде қаржылық инвестициялар бөлу көзделеді.Осы бағдарламаға сәйкес егін егілетін аумақтың құрылымын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, өнімділігі төмен жерлердегі бидай егістіктерінің көлемін қысқарту есебінен мал азығы дақылдары егістігі ұлғайтылады. Астық өндірудіңтиімділігін арттыру үшін астық егілетін жерлерді дымқыл ресурс сақтайтын технология негізінде өңдеуге біртіндеп көшу көзделген.Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясында белгіленген басымдылықтарға сүйене отырып, «Аграрлық кредиттік қорпорация» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін орта және ірі әлеуметтік даму және кәсіпкерліктің аймақтық құрылымдарына біріктірудіынталандыру мақсатында дайындау-өткізу кооперативтерін құру жоспарланған. Онда «локомотив» рөлінде ірі қайта өңдеу кәсіпорындары болуы тиіс:сүт сатып алу бойынша Абай, Шет, Жаңаарқа, Осакаров және Бұқар жырау аудандары, ет сатып алу бойынша (мал сою алаңдарын орналастырып) — Бұқар жырау ауданы және Балқаш қаласы.
## Дереккөздер |
Тентекқұс тұқымдастар (лат. Caprimulgidae) – кішкене және орташа денелі өкілдерді қамтитын Тентекқұстәрізділер құстар отрядына жататын құстар тұқымдасы. Тентекқұс тұқымдастар жетпіс алты түрді біріктіретін он тоғыз туыстан құралады. Бұл құстар негізінде тропиктер мен субтропиктер құстары, тек кейбіреулері ғана қоңырдай ендікте өмір сүреді. Қазақстанда бір туыстың – нағыз тентекқұс туыстардың өкілдері тіршілік етеді.
## Дереккөздер |
Тентекқұстардың туысы (лат. Caprimulgus) – негізінде шағын денелі тентекқұс тұқымдастарға жататын негізгі туыс. Барлық континенттерде қоныстанатын тентекқұс туыстылардың қырық алты түрі бар. Қазақстанда екі түрдің өкілдері -кәдімгі тентекқұс және қылаң тентекқұс кездеседі.
## Дереккөздер |
Тентекқұстәрізділер (лат. Caprimulgiformes) - жапалақтарға жақын құстар.
Тұмсығы қысқа, ауызы жалпақ. Көпшілік түрлерінің ауыз шетіне, жәндіктерді жақсы ұстауға мүмкіндік беретін, қылтанақтар орналасқан. Кешкі және түнгі құстар. Нақтылы теңтек құстардың қанаттары мен құйрықтары ұзын, қауырсыны жұмсақ, бұлаң түсті. Кәдімгі тентекқұс Еуропадан Байқалға дейін таралған. Орманның ашық алаңдары, ағашы шабылған орман жері, ашық шөлді аймақтарды мекендейді. Жұмыртқаларын жерде шұңққырға салады. Жұмыртқаны еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады. Балапандарының көздері ашық, денесін қалың түбіт жапқан. Зауза қоңыздарымен қоректенеді.
## Дереккөздер |
Сарыжағал қараторғайлар туысы немесе Майналар (лат. Acridotheres) — торғайтәріздестер отрядының қараторғай тұқымдастарынан шыққан азиялық әнші құстардың туысы..
Бұл Оңтүстік Азиялық шағын (бар болғаны алты түр) тобы, бұлардан тек қана бір түрі солтүстікке – қоңыржай ендікке, Солтүстік Азия шегіне ғана ұшып енеді. Қараторғайлар өз атамекендерінде отырықшы немесе жылыстағыш дағдыда өмір сүреді. Қоңыржай ендіктерде – жыл құсы. Қазақстанда екі туыстан – қараторғай және сарыжағал қараторғай туыстастарынан үш түр кездеседі.
Үндістанда «Гракл» деп аталатын Қасиетті майна (лат. Gracbla religiosa) - ұзындығы 25 см, қанатында ақ дақтары бар оның қауырсыдары жылтыр қара. Оның ерекшелігі ретінде сары сырғаны, аяғы мен тұмсығының қызғылт сарылығын айтуға болады.
Майна табиғатта қытқылдайды және шаңқылдап айқайлайды. Майна өзінің басты қарсыласы сұр тоты құсқа қарағанда, адамның даусын ұқсатып салуға икемді. Әдеттегі үнді майна (лат. Acridotheres tristis) Аувстралия, Жаңа Зеландия мен Гавайяға әкелінді.
Айдарлы майна (Acridotheres cristellus) Қытай мен Индонезияда мекендейді, Британдық Колумбияға (Канада) алып барғанымен, ол жерде көбеймеді.
## Дереккөздер |
Теңбіл шырғалақ (лат. Limosa fedoa) — Татреңтәрізділер отрядының Тауқұдірет тұқымдастарына жататын кәдімгі шырылдақтан сыртқы көрінісі аумайтын шырылдақ. Оларды бірінен-бірін дауысы бойынша (теңбіл шырылдақтың «чирр-чирр» деген дауысы қатты), сондай-ақ денесінің екі қапталында бойлай созылған қощқыл алабажақтардың бар немес жоқтығымен ажыратуға болады, оларды тек қана құсты қолға ұстағанда (кәдімгі шырылдақтың екі қапталы – біркелкі түсті) байқалады. Теңбіл шырылдақ Обьтің шығысына қарай Сібірде орын тебеді. Қазақстанда Азияның оңтүстігіне маусымдық жылыстау кезінде ғана болады.
## Дереккөздер |
Сусылдақ (лат. Bucephala clangula) – Қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдас тармағына жататын Сусылдақ үйректер туысының үйрегі.
Басы үлкен, дене бітімі мығым, едәуір ірі денелі (0.5-1.4 кг) үйрек. Жалпы қара реңді, аталықтың төсі қарама-қарсы ақ реңді,қанатында көзтартары бар және аяғында дөңгелек теңбілдері болады. Аналықтары айтарлықтай қарама-қарсы реңді емес, негізгі реңкі – қошқыл қоңыр. Құстың бұл түрі ұшып жүріп, қанатымен өзіне тән ызыңдаған дыбыс шығарады. Еуразияның және Солтүстік Американың орман зонасында таралған, Қазақстанда орманды дала зонасында орын тебеді. Қуысты ескі ағаштары бар жерге таяу көлдерде болады. Бұл үйрек ұяларын ағаш қуыстарына орналастырады. Салындыдағы 4-14 сұрғылт жасылдау жұмыртқаларды аналығы басады, аталығы алғашқы күндері ұяны маңайлап ұшып жүреді. Аталықтар инкубациялық кезеңнің орта шенінде ұялау аумағын тастап, түзу сызық жасап топталады. Жұмыртқа жарып шыққан балапандар ұяда бір тәулік болады да, денесін кептіріп, күш жинаған соң аналықтың қарқылдаған дауысын да жақыннан естіп, ұядан кетеді. Негізінде сусылдақтар жануартекті азықтармен қоректенеді.
## Дереккөздер |
Сусайрақтар туысы (лат. Enicurus) – Торғайтәрізділер отрядына жататын Шыбыншылар тұқымдасының он үш туысының біреуі. Туыстың тек қана бір түрі бар – ол әуезшіл сайрақ.
## Дереккөздер |
Сутартар – тырнатәріздес құстар (лат. Gruiformes) отрядының Сутартар тұқымдасына жататын құс.
Сұр-қоңыр түсті, ұзындығы 25 см-дей, салмағы шамамен 130 – 180 г болатын кішкентай құс. Оның ащы шырылдауық даусы бар. Сутартарлар жасырын өмір сүреді, сол себептен де көзге көп көріне бермейді. Олар тез жүгіру және жақсы жүзу қабілетіне ие, әдетте жүзген кезінде құйрығын қозғалтып сүңгиді. Сутартарлар өзендегі қалың қамыстың арасында тіршілік етеді. Ұяларын қамысқа, қалың тал бұталарына және су үстінде өсетін өсімдіктерге салады.
Жабын қауырсындары – қошқыл, құйрығының екі қырында ақ қауырсындары болады. Сутауық суда құйрығын жайып, жиі тік ұстайды, құйрық қырындағы ақ түс сондықтан жақсы көрінеді. Маңдайындағы әдемі қызыл шытырасы дәл сондай қызыл тұмсыққа қосылады. Австралиядан басқа барлық материктерде кеңінен қоныстанған.Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі суқоймалардың қалың қамысында өмір сүреді, сондай-ақ Жайықта және Орталық Қазақстанның кейбір көлдерінде тіршілік етеді. Жеке жұп түзіп орнығады, көбінесе қалқыма ұялар салады. Бір жазда екі рет балапан өргізіп үлгіреді. Бірінші салындыда 6-11, екіншісінде – 2-6 теңбілді тат түстес жұмыртқалар болады. Аналығы алғашқы ұялас балапандар өз бетімен тіршілік ете алғанға дейін екінші салындыға жұмыртқа салады, сөйтіп оны аталығы қамқорына алады. Сан алуан бунақденелілерді жейді, әдетте оларды өсімдік бетінен шоқиды. Қазақстанда сәуірдің соңынан қазанның аяғына дейін болады.
## Дереккөздер |
Сұңқартек (лат. Falco jugger) – Сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Бұл оңтүстік батыстық сұңқар, Үндістан, Пакистан, Непал, Бутан, Бангладеш, Афганистан, Мьянма және юго-востоке Иранның оңтүстік-шығысында мекендейді. Орта Азияда бір-ақ рет – Өзбекстан және Қырғыстанның шекарасында Чиназдан байқалған.
## Дереккөздер |
Шөже тұқымдасы (лат. Regulidae) – торғайтәріздес құстар отрядына (Қазақстанда ұсынылған 23 тұқымдастан) жататын 73 тұқымдастың біреуі.
Сыртқы көрінісі бойынша шымшықтар немесе сарықастарды еске түсіретін ең кішкене денелі құстардың бірі. Бұлар – нағыз орман құстары, ағаштардың бөрікбасында көбірек жүреді, жерге өте сирек түседі. Жабын қауырсындары – жұмсақ, үлпілдек. Ұсақ бунақденелілерді жейтін құстарға арналған жіңішке, қысқа тұмсықты болып келеді. Қыста бунақденелілерден басқа да әр алуан тұқымдарды жейді. Реңінде шұбарлық жоқ, алайда әдемі түстер көбірек қатысады. Аталықтары әдетте аналықтардан қанығырақ боялған. Өте сақ құс, қылқанды ағаштар мен бұталардың бөрікбастарына ұяларын жақсы жасырады. Отырықшы және көшпенді құстар болып саналады.
Еуразия, Солтүстік Африка және Солтүстік Американың қылқанды ормандарында таралған 3 туыстан, шөже тұқымдастарда 5-6 түр бар. Қазақстанда екі туыстан – шөжелер туысы және бір түрден тұратын әсем шымшық туыстарынан екі түр кездеседі.
## Дереккөздер |
Шүрілдектер (лат. Charadrius) – татреңтәрізділер отрядының бір туысы. Бұл құстардың дене тұрқы 15 – 25 см, мойны, аяғы қысқа, тұмсығы түзу, аса ұзын болмайды. Арқасы сұрғылт немесе саз түстес, бауыры ақ, кейбіреуінің жемсауында көлденең орналасқан жирен жолағы болады. Қанаты үшкір. Жерде жақсы жүгіреді. Жер шарында кең тараған (Антарктикада ғана кездеспейді), 23 түрі бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 7 түрі:
* қарғылы шүрілдек (Charadrius hiaticula)
* шаушүрілдек (Charadrius dubius)
* жуантұмсық шүрілдек (Charadrius leschenaultii)
* келтетұмсық шүрілдек (Charadrius mongolus)
* сарысағақ шүрілдек (Charadrius asiaticus)
* шығыс шүрілдегі (Charadrius veredus)
* теңіз шүрілдегі (Charadrius alexandrinus)
Жиі кездесетін шау шүрілдектің дене тұрқы 18 см-дей, салм. 30 – 40 г. Тұмсығы қысқа, аяғы да онша ұзын емес. Арқасы қоңыр сұр, бауыры – ақ, басы, мойны және жемсауы – қара ала. Жер бауырлай ұшады, шапшаң жүгіреді, малта тастардың арасынан оларды байқау оңай емес. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Жыл құсы. Қазақстанға наурыздың ортасында ұшып келіп, жерді шұңқырлап, төсенішсіз ұя жасайды. Ондағы 4 ала жұмыртқаны ата-енесі кезек басып, 24 – 26 күнде балапан шығарады. Жылына 2 рет жұмыртқалайды. Қыркүйектің аяғында қыстау үшін Африка мен Азияның оңтүстігіне ұшып кетеді.
## Галерея
## Видео
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
## Дереккөздер |
Досов Құмар (1932-1991, Атырау облысы). Доссор кәсіптік училищесін бітірген (1948). 1948-1952 жылдары — Доссор, Қаратон МКБ-сы бұрғылау цехында бұрғышының көмекшісі,бұрғылау жұмысшысы. 1952-1956 жылдары — Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1956-1961 жылдары — Қаратон, Қошқар МКБ-да мұнай өндіру операторы, ұңғыны жер асты жөндейтін аға оператор. 1961-1987 жылдары — «Ембімұнай» бірлестігі Байшонас мұнай кәсіпшілігінде үңғыманы жер асты жендеу бригадасында аға оператор. 3-дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әбілқайыр Ысқақұлы Досов (1899, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысы – 1937) – қоғам қайраткері. Алаш партиясына арыз жазған, түрмеге қамаған.
## Өмірбаяны
* 1916 жылы Омбы орыс-қырғыз (қазақ) жетім балалар пансионында тәрбиеленіп, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесіне мүше болған.
* 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қырғыз (қазақ) кеңесі және облысы революциялық трибунал мүшелігіне сайланды.
* Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарды.
* Көкшетау облысы төтенше комиссиясының инспекторы, РК(б)П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қырғыз (қазақ) секциясының хатшысы, «Кедей сөзі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды.
* 1920 жылы қазан айында өткен Қазақ кеңестерінің 1-құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің төралқа мүшесі және хатшысы болып сайланды.
* 1922–1926 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, Түркістан облысы ревкомының, Орал облысы атқару комитетінің төрағасы
* 1926–1927 жылдары Қазақстанның БОАК жанындағы өкілі болды.
* 1927 – 1930 жылдары БОАК төралқасының мүшесі
* 1930 – 1937 жылдары БК(б)П ОК-нің нұсқаушысы
* Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің 2-хатшысы
* Ақтөбе облысы партия комитетітінің 1-хатшысы
* 1937 жылдан Шымкент қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған.
* 1933 – 1937 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің, Қазақстан КП ОК-нің, БОАК және Қазақ ОАК-нің мүшесі болып сайланған.
* БК(б)П 17-съезінің делегаты болды.
* 1937 жылы 28 қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілді.
* 1956 жылы 12 қазанда ақталды.
## Дереккөздер |
Тевкелев Құтлұғмұхаммед (1850, Уфа губерниясы Белебей уезі – өлген жылы белгісіз) – қоғам қайраткері, Ресейдегі мұсылмандар қозғалысы жетекшілерінің бірі. 1870 жылы Паж кадет корпусын бітіріп, әскер қатарында офицер болып қызмет етті. 1877 – 1878 жылы орыс-түрік соғысына қатысты. 1885 жылы отставкаға шығып, қоғамдық жұмыстармен айналысты. 1887 – 1905 жылы Уфа қалалық думасының, Уфа губерниясы мен Белебей уезі земство басқармасының мүшесі. Бүкілресейлік бірінші мұсылман съезіне қатысты. Бірінші Мемлекеттік Думаға және екінші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды. Бүкілресейлік екінші мұсылман съезіне қатысып, онда Ресей империясындағы мұсылман халықтардың мүддесін қорғайтын саяси партия құру керектігін жақтады. Бүкілресейлік үшінші мұсылман съезін өткізуге белсене ат салысты. “Ресей мұсылмандары одағы” партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Үшінші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, онда Мұсылман фракциясына төрағалық етті. Қазақтар мен Түркістан өлкесінің өзге де жергілікті халықтарының 1907 жылғы 3 маусым заңына сәйкес Мемлкеттік Дума жұмысынан шеттетілуіне қарсылық білдіріп, бұл заңның өзгертілуін талап етті. Төртінші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, тағы да Мұсылман фракциясына жетекшілік етті. Қазақтардың діни істерінің Орынбор мүфтилігі қарамағында болуын жақтап, бұл жөнінде Мемлекеттік Думаға өзінің ұсынысын түсірді. 1914 жылы маусымда оның тікелей ат салысуымен бүкілресейлік мұсылман съезі өткізілді. 1916 жылғы 25 маусым жарлығына өзінің наразылығын танытып, Мин. Кеңесі төрағасының атына қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де жергілікті халықтардан майданның қара жұмысына адам алуды тоқтата тұру керектігі жөнінде мәлімдеме түсірді. Осы жылы қыркүйекте патша өкіметінің көтеріліске шыққан халықты қару күшімен басу кезінде тигізген зардаптарын тексеру үшін А.Ф. Керенский, М.Шоқай, т.б. қайраткерлермен бірге Түркістан өлкесінде болып қайтты. 1917 жылы наурызда Уақытша үкімет жағдайында Ресей мұсылман халықтарының саяси әрекеттерін үйлестіру және мүдделерін қорғау мақсатында құрылған Ресей мұсылмандарының уақытша орталық бюросы құрамына енді.
## Сілтемелер |
Сабалақ құтантар туысы (лат. Ardeola) — құтандар тұқымдастарға жататын 14 туыстың біреуі. Сабалақ құтан туыстылар оңтүстік өңірлерде қоныстанатын 6 түрді қамтиды. Қазақстанда тек қана бір түрі - сары құтан бар.
## Түрлері
* лат. Ardeola grayii
* лат. Ardeola ralloides - Сары құтан
* лат. Ardeola bacchus
* лат. Ardeola speciosa
* лат. Ardeola idae
* лат. Ardeola rufiventris
## Дереккөздер |
Құтандардың негізгі туысы (лат. Ardea) - 11 түрден құралған Дегелектәрізділер отрядының Құтандар тұқымдастарға жататын негізгі туыс. Қазақстанда 2 түрі - көк құтан және қошқыл құтан өмір сүреді.
## Дереккөздер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Құтандардың негізгі туысы
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Құтандардың негізгі туысы |
Созақ, Хұзақ - ежелгі қала орны. Қала 13 ғасырдың жазба деректерінде Хұзақ деген атпен аталады, ал 16 ғасырдан бастап Созақ деген атпен белгілі.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан.
## Тарихи сипаты
Қаланың сырты дуалмен және ормен қоршалған. Онда 500-ге жуық үй болған. Қала маңында егіншілікпен айналысқан мекендер орналасқан. Зерттеу жұмыстарын 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Марғұлан), 1947-48 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1982-83 жылдары бұрынғы Шымкент (қазіргі Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институты) археологиялық экспедиция тобы зерттеген. Олар қаланың 10 ғасырда пайда болып, 18 ғасырға дейін өмір сүргенін анықтады. Созақтың бұрынғы орны Тарсатөбе деп аталады. Ол биіктігі 20 м мұнаралы дуалдармен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында үйлердің жұрты, көптеген қыш заттар, хумдар — тамақ, астық сақтауға арналған ыдыстар, тегенелер, қаракөк және көкшіл түсті бояулармен боялған табақшалар, 15-16 ғасырлардағы бірнеше мыс тиындар табылды.
## Дереккөздер |
Сүзбе тары — қазақтың ұлттық тағамы. Қатық айран сүзбесін таза орамал не матадан тігілген дорбаға сүзіп қояды. Бір - екі сағаттан соң сүзбенің сары суы ағып, сүзбе қоймалжың болған кезде, оған жеткілікті мөлшерде тұз салып, бірге бір мөлшерде ақталған тарыны жармалап, араластырып, тазаланып, түгі сыртына қаратылып үрленген, кептірілген қойдың қарнына салып, қалған сары суы шығуы үшін қарынды сыртынан төбен инемен піспектейді де, көлеңкеге қойып кептіреді. Қоспа әбден кепкен кезде, оны қыстық құрт-маймен бірге сақтайды. |
Жаңаауыл ауылдық округі – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Атақоныс, Әбдіхалық, Жаңаауыл, Қараой, Мырзашөл, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Мырзашөл ауылы.
## Дереккөздер |
Тоғайбұлбұл туысы (лат. Cercotrichas) — Қазақстан фаунасындағы Торғайтәрізділер отрядының Шыбыншылар тұқымдасына жататын он үш туысының бірі.
## Түрлері
* Cercotrichas barbata (Hartlaub et Finsch, 1870)
* Cercotrichas coryphaeus (Lesson, 1831)
* Тоғайбұлбұл - Cercotrichas galactotes (Temminck, 1820)
* Cercotrichas hartlaubi (Reichenow, 1891)
* Cercotrichas leucophrys (Vieillot, 1817)
* Cercotrichas leucosticta (Sharpe, 1883)
* Cercotrichas paena (A.Smith, 1836)
* Cercotrichas podobe (Statius Müller, 1776)
* Cercotrichas quadrivirgata (Reichenow, 1879)
* Cercotrichas signata (Sundevall, 1850)
Қазақстанда тоғайбұлбұл туысының тек қана бір түр – тоғайбұлбұл түрі бар, мұны кейбір әдеби деректемеде қызғылтсары құйрықты сандуғаш деп те атайды.
## Дереккөздер |
Бардин Иван Павлович (13.11.1883, Саратов губерниясы Широкий Уступ селосы — 7.1. 1960, Мәскеу) — ғалым, КСРО ғылым академиясының академигі (1932).
* Киев политехникалық институтын бітірген (1910).
* 1929 — 1936 жылдары Кузнецк металлургия комбинатын салу жұмысын басқарды.
* 1937 — 1939 жылдары Қара металлургия халкоматында басшы қызметтер атқарды.
* 1939 — 1944 жылдары КСРО ғылым академиясының Металлургия институтының директоры
* 1944 жылдан Орталық қара металлургия ғылыми-зерттеу институтының (1960 жылдан Бардиннің есімімен аталады) директоры, КСРО ғылым академиясының вице-президенті (1942) болды.
* Ұлы Отан соғысы жылдары Орал мен Қазақстанның экономикалық ресурстарын Отан қорғау мүддесіне пайдалану жөніндегі мемл. комиссияның төрағасы болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Ол қуатты әрі толық механикаландырылған жаңа металлургия зауытының жобасын, сондай-ақ мейлінше жетілдірілген металлургиялық агрегаттар жасау, оттектің қатысуымен өтетін процестерді жеделдету, оттек әсерімен металлургиялық шикізаттардың жаңа түрлерін жан-жақты пайдалану жөнінде іргелі зерттеулер жүргізді.
## Марапаттары
* Социалистік Еңбек Ері (1945).
* Лениндік сыйлық (1958)
* КСРО мемлекеттік сыйлығы (1942, 1949) лауреаты.
* 7 рет Ленин орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер
## Шығармалары
* Избр. тр., М., 1963 — 68, т. 1 — 2. |
Бегежанов Асай (1896, Адай уезі Аманқызылит ж. – 1956) – еңбек ардагері.
* 1932 – 34 ж. ұжымшар шаруашылығында
* 1934 – 54 ж. Чапаев атындағы ұжымшарда жылқышы, жылқы шаруашылығының бригадирі болды.
* Ленин (1949) орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Межелайтис Эдуардас Беньяминович (3.10.1919 жылы туған, Карейвишкий деревнясы Пакруой ауданы Литва) — литван ақыны. Алғашқы өлеңдері 1935 жылы жарық көрген. 1943 жылы “Лирика” атты тұңғыш жинағы шықты. “Отан желі” (1946), “Бұлбұлым менің” (1952) атты кітаптарында халқының ауыз әдебиетінің әсері байқалады. Ақын “Бөгде тастар” (1957), “Янтарьдағы күн” (1961), “Автопортрет”, “Оңтүстік панорамасы” (1963), “Түнгі көбелектер” (1966) атты жинақтарында адамдардың қилы тағдырлары жайлы жыр толғайды. Межелайтиске “Адам” атты жинағы үшін Лениндік сыйлық берілді (1962). Межелайтис шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Ақын Джордж Неру атындағы сыйлық лауреаты (1969). Таңдамалы өлеңдер жинағы қазақ тілінде жарық көрді (1970).
## Дереккөздер |
Қара Абулфазұлы Қараев (әз. Qara Əbülfəz oğlu Qarayev; 05.02.1918 жылы туған, Баку) — Азербайжан совет композиторы , қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), Азерб. КСР ғылым академиясының академигі (1959). 1949 жылдан КОКП мүшесі. 1935-1938 жылдары Баку консерваториясында оқыды. Творчестволық қызметі 1937 жылы басталды. 1946 жылы Москваның П. И. Чайковский атынд. консерваториясының композиция факультетін бітірді. Баку консерваториясының профессоры (1957). Лениндік сыйлық (1957) пен КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1946, 1948). Ленин ордені, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Коржинский Дмитрий Сергеевич (1.9.1899, Ресей, Санкт-Петербург – 1985, сонда) – орыс ғалымы, геологиялық-минералдар ғылылымының докторы (1938), профессор (1940), КСРО Ғылым Академиясының академигі. (1953), Социологистік Еңбек Ері (1969), физика-химия петрология және минералогия, физика геохимия ғылымдарының негізін салушылардың бірі. Ленинград тау-кен институтын бітірген (1926). 1926-29 ж. КСРО Геология камитетінде, Бүкілодақтық геология ғылыми-зерттеу институтында қызмет істеген. 1929-40 ж. Ленинград тау-кен институтында оқытушы болған. 1937 жылдан КСРО Ғылым Академиясында қызмет көрсеткен. 1969-79 ж. Экспериментальдік минералогия институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектерін Қазақстан, Шығыс Сібір, Орал және Орта Азияның геологиясы мен минералдық кен орындарын зерттеуге арнаған. Минерал түзілу процестерінің физика-химиялық теориясын жасады. Коржинский биметасоматиттік, жапсарлы-инфильтрациялық скарн түзілу және қышқылдық-негіздік гидротермальдік ерітінділер эволюциясы теорияcының негізін қалады. Магма кристалданғанда қышқылдык-негіздік өзара әрекеттесу принципін дәлелдеді. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1946, 1975) және Лениндік сыйлық (1958) лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдермен марапатталған.
Шығармашылығы: Минералды тепе-теңдік факторлары және тереңдіктің минералогиялық фациялары, М., 1940; минералдардың парагенездерін Талдаудың физика-химиялық негіздері, М., 1957; метасоматикалық зоналылық теориясы, М., 1969; минералдардың парагенездерін талдаудың теориялық негіздері, М., 1973.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Ландау Лев Давыдович [9(22).1.1908, Баку — 1.4. 1968, Мәскеу] — орыс ғалымы, КСРО ұлттық академиясының академигі (1946). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетін бітірген (1927). 1932 жылдан Харьковтегі Украина физика-техникалық институтында, 1937 жылдан КСРО ұлттық академиясының Физикалық проблемалар институтында, 1947 жылдан Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ-дің) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. 1926 ж. екі атомды молекулалар спектрінің қарқындылығы туралы өзінің ең алғашқы ғылыми жұмысын жариялады. 1927 ж. тығыздық матрицасы ұғымын тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізді. Ол металдың электрондық диамагнетизм теориясын (1930), антиферромагнетизм теориясын (1936), екінші текті фазалық ауысудың жалпы теориясын (1937), Ю.Б. Румермен біріге отырып, ғарыштық сәулелердегі электрон нөсерінің каскадтық теориясын (1938), сұйық гелийдің асқын аққыштық теориясын (1941), электрондық плазманың тербеліс теориясын (1946), В.Л. Гинзбургпен бірге асқын өткізгіштің жартылай феноменол. теориясын (1950), жоғары энергиялы бөлшектердің өзара соқтығысуы кезіндегі бөлшектердің тасқындап туу теориясын (1953), А.А. Абрикосовпен, т.б. бірлесе отырып кванттық электрдинамика негіздерін (1954 —1955), комбинациялық жұптылықтың жаңа принципін және екі құраушылы (компонентті) нейтрино теориясын (1956), Ферми сұйықтығының теориясын (1956 — 1959), т.б. жасады. Ландау Л.Д көптеген физик-теоретиктердің (И.Я. Померанчук, А.Б. Мигдал, И.М. Лившиц, А.А. Абрикосов, Е.М. Лифшиц, И.М. Халатников, т.б.) мектебін құруына ықпалын тигізді. Ресей ұлттық академиясының Теориялық физика институты Ландаудың есімімен аталады. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1946, 1949, 1953) Нобель сыйлығы (1962) және Лениндік сыйлық(1962), лауреаты болды, Социалистік Еңбек Ері (1954). 3 мәрте Ленин орденімен, т.б. орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Евгений Викторович Вучетич (28.12.1908, Ресей, Екатеринослав (қазіргі Днепр қаласы) - 12.4.1974, Мәскеу) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957), КСРО халық суретшісі (1959), Социалистік Еңбек Ері (1967), КСРО Көркемсурет академиясының академигі (1953).
* 1926- 1930 ж. Ростов суретшілер мектебінде, 1931 - 1933 ж. оқыған.
* Ленинград пролетарлық өнер институтында (қазіргі Санкт-Петербург) оқыған.
* 1957 - 1959 ж. "Қазақстан сюитасы" деген атпен республиканың атақты тұлғаларының (М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Б.Момышүлы, т.б.) мәрмәрден қашалған 19 портреттен тұратын сериясын жасады.
Лениндік сыйлық (1970), КСРО Мемлекеттік сыйлық (1946, 1947, 1948, 1949, 1950) және Дж. Неру атындағы сыйлықтың (1963) ие-гері. 2 рет Ленин орденімен, 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жаңаауыл ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ахметбұлақ, Жаңаауыл, Жаңаталап, Сарыөлең ауылдары кіреді. Орталығы – Жаңаауыл ауылы.
## Дереккөздер |
Айзада Рахымқызы Ешмаханова (19.10.1949 жылы туған, Қазалы қаласы) – педагог.
Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1973). 1973 – 1997 ж. қазіргі Әйтеке би кентінде Ж.Жабаев атындағы 234-орта мектепте химия пәнінің мұғалімі, 1997 – 2003 ж. Б.Мергенбаев атындағы 226-гимназияда дәріс берген.
1980 – 1985 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.
Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1980),КСРО халық ағарту ісінің үздігі белгісімен марапатталған (1984). |
Қамыстыбас — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Қамыстыбас ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 90 км, Қамыстыбас көлінен шығыс қарай 2 км жерде орналасқан. Қамыстыбастан оңтүстікке қарай Қызылорда қаласы 371 км. Қазалы ауданына 61 км. Байқоңыр ракета ұшу айлағына 178 км.
## Тарихы
1918 жылы құрылған. XIX ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығының жаугершілігіне қарсы Сыр бойы қазақтарының ұйымдастырушысы Жанқожа батырдың сарбаздарына қару-жарақ соғушы темір ұсталарының мекені болған. 1904 жылға дейінгі атауы – Темірші. Теміршіден дайындалған қару-жарақтарды Хиуа хандығына ғана емес, орыс отаршылдарына да қарсы сілтеген. Орыс отаршылдары 1904-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының ашылуына байланысты іргелес Қамыстыбас көлінің жағалауындағы Қамыстыбас қонысының атауымен атауды жөн көріпті.
1921 жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Поволжье мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде Ресейге 14 вагон балық жіберген. Балық Қамыстыбас ауылында бакауыздан тиелген, тарихи орын қазірге дейін сақтаулы тұр.
1920 жылы аурухана жұмысын бастады. Соғыс жылдарында жұмысын тоқтатпаған аурухана 2017 жылы жұмысын тоқтатты.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1531 адам (804 ер адам және 727 әйел адам) болса, 2009 жылы 1769 адамды (921 ер адам және 848 әйел адам) құрады.
## Ауыл суреттері
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Құйқалақ — аңды аулап, оны сойып, пісіргенше әбден ашыққан аңшылардың жүрек жалғау үшін жедел дайындалатын тағамы. Аңды сойғанша отты жағады да, олжаларының ішек-қарнын ақтармалап тастап, майлы тоқ ішегіне тұз сеуіп, аударады да, қос бүйрегін, көк бауырын, бауырын оттың қоламтасына көме қояды. Бұл — төстік қақтағанша-ақ орындалатын шаруа.
Төстік қақтауды да, құйқалақ көмуді де тек аңшылар жейтін тағам түрі екен деген ұғым тумаса керек, бұларды мал сойғанда да жасауға болады. Мұның бәрі де о баста аңшылардан бастау алған, әрі даярлау тәсілі өте қарапайым тағам түрі. |
Баймұқашев Юрий Дүйсенғалиұлы (1941 жылы туған, Бәйтерек ауданы Дарьинск селосы) — мүсінші. Арнаулы оқу орнын 1964 ж. бітірген. Баймұқашев - танымал адамдарға орнатылған облыс келеміндегі көптеген көрнекті мүсіндік ескерткіштердің авторы. Оның белгілі жұмыстары — Абай (Орал қаласында), Мухит Меретұлы (Қаратөбе ауданың Саралжын ауылында), Ж.Молдағалиев (Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылында), Темір Масин (Орал қаласында), Сәкен Сейфуллин (Орал қаласында), Ә.Әйтиев (Орал қаласында орнатылған) ескерткіштері.
## Дереккөздер |
Көктіңұлы Сапақ датқа, Сапақ датқа (би) Қалдарбекұлы 1814-1903 жылдар аралығында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сыр өңірінде дүниге келіп, өзінің бойындағы табиғат берген ақыл-парасаттылығымен, тапқырлығымен, сөзге шешендігімен халқын өз соңына ерте білген Қоңырат тайпасы, Байлар-жандар руынан шыққан қазақ батырларының бірі.
Көктіңұлы атану себебі, Қоңырат тайпасының 6-ата Көктіңұлы (Алғи, Байлар-Жандар, Құлшығаш, Тоқболат, Оразгелді, Қаракөсе) руларынан шыққандықтан өз замандастары Көктіңұлы Сапақ датқа деп атаса керек. Сапақ датқа 19-ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігіне қарсы күрес жүргізіп елін, жерін, халқын басқыншылардан азат ету жолында тер, қан төккен ірі тұлға. Аты шулы Мырза би оқиғасы да осы Сапақ датқамен тығыз байланысты. Аш көз Қоқан бегі Мырза би мал орнына қазақ қыздарынан зекет алғанда Бадам өзенінің жағасында, Ордабасы тауының баурайында, Қотырбұлақ қасында тап осы Сапақ датқаның туған інісі Мұсабек батыр қол жинап Мырза бидің басын алған. Қоқан хандығының Сыр бойындағы өкілі Мырза бидің қазасына қатты ашуланған Қоқан ханы Сыр бойының қазақтарын (Қоңыраттарды) жазалуға жіберген әскерін тоқтатқан да осы Көктіңұлы Сапақ датқа мен жандар Қанай датқа болатын.Сапақ датқа жайлы атақты ақындар көптеп жазды. Мысалға:Майлы қожа, Мәделі қожа, Сыр ақыны Ергөбек,Құлыншақ, Сыпыра шежіреші Байғұт Хәрпіш, Жамбыл Жабаев, Молда Мұса, айтыскер ақын Талап Өскенбаев, ағартушы ұстаз Бауыржан Момышұлының ұстазы Тәңірберген Отарбаев, Нәмет Сүлейменов, сенатор Болат Жылқышиевтың әкесі Әбжапар Жылқышиев, Сарыарқа шежірешсі Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ақын-жазушылар өз еңбектерінде жазып, қалдырып отырды.Көкшетаудың тумасы жас шежіреші Шыңғыс Оразалының айтуынша Сапақ датқа Малайсары, Сырымбет батырдың қарындасын тоқалдыққа алған, сол Малайсары мен Сырымбеттің қарындасынан туылған Сапақ датқа-ның ұрпақтары белгісіз себебтермен арқада қалып әлі күнге дейін Көкшетау обылысы Қызылту аудандарында тұрады делінген. Бұл жайында Сапақ датқа-ның оңтүстіктегі ұрпақтары біле бермейді.
Сапақ датқа бірнеше жолдастарымен Тәнен датқаның ауылына қонаққа шығады. Жолшыбай Сапақ датқаМайлы қожаға жолығып қалады. Сонда Датқа:— Уа Қожеке, дастарқан жағалайық, бізбен бірге жүр! — деп қолқалайды. Майлы қожа ақын өзінің асығыс екенін айтып ырзалықпен өз жөнімен кетеді. Майлы қожа бұл топтан тай шаптырым ұзағанда алдынан үш-төрт серігі бар Тәнен датқа жолаушылап ауылына қайтып келеді екен. Майлықожа ақынға ой келеді: «[[осы Тәнен датқа сөз таный ма екен? сынап көрейін!» —деп, сәлем—сауқаттан соң:— Уа, Датқа! Тура сенің шаңырағыңа жүрісі суыт бір топ аттылар барады! —дейді.Ойында ештеңе жоқ Тәнен датқа түрі өзгеріп:— Ой, пірім-ай! Олар кімдер болды екен? Ай, Майлы! Ең болмаса кескін —келбетін айт! - дейді. Сонда Майлы қожа ақын:
—Ай көзіме алғаш ілінген,
Адам шошиды түрінен!
Дөңгелек жүзді,дөң маңдай,
Қасы менен қабағын,
Ұрып-соғып қосқандай!
Оң қолында қыран бүкіт,
Қауқа сақалы ормандай!
Оң шекесінде құс тыртық,
Анасынан туып болғандай
Бұзау мұрын,алакөз,
Ұзындығы қолының,
Еңкеймей-ақ алғандай!
Қос құлағын сұрасаң,
'Құмғанның тура сабындай!'
Ондай бет пішін-көрмедім,
Мынау Бес күн жалғанда-ай!
Желісі суыт,түрі жаман!
Тәнен датқа жылдам бар!
Кетіп жүме арманда -ай!- дегенде Тәнен датқа күліп;—Ай,Қожеке!Осы сенің сұрағаның мен сынағаның қалмайды! Бұл айтып тұрғаның Сапақ датқа емес па?-деп ,жүрегі орнына түсіп, ауылына аяңдап берген екен. |
ҒАЛИЕВА Гүлжиһан (Ордабаева), Гүлжаһан Қалиқызы (11.11.1917, Алматы - 1982, сонда) - Қазақстанның халық артисі (1968), актриса, көркемсөз оқушы.
Сары Үйсін руынан шыққан.
Мәскеу қаласындағы театр өнері ин-тының жанындағы қазақ студиясын бітірген (1938). 1941 ж. Қазақ ақад. драма театрында, 1941 - 1946 ж. Орт. біріккен қиностудияда актриса, 1946 - 1965 ж. Қазақ филармониясында конферансье, 1965 - 1982 ж. Эстрада және цирк өнері студиясында (қазіргі Рес.п. эстрада-цирқ өнері қолледжі) директоры қызметін атқарған. Ол сондай-ақ, "Гүлдер" ансамблі мен Қазақ циркінің негізін қалаушылардың бірі. Ғ. - көрқемсөз оқудын, концерттік бағдарламалар жүгізудің шебері ретінде халық жадында қалды. Оның репертуарында Жамбыл, М.Әуезов, Т. .Жароков, Ә.Тәжібаев, Ж.Молдағалиев, т.б.шығармалары болды. Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендері мен марапатталған.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.