text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жаман Қарасай – Каспий теңізі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 55 км шамасында.
## Бастауы
Көлеңкелі тауының солтүстік-батыс беткейінен ағатын Ақкенттік бұлақ суының қосылуынан түзіліп, Молаорпа қыстауының батысындағы ойысты аңғарға жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, құмдақты. Қар, жаңбыр суларымен толығады.
## Дереккөздер |
Жаман Қантөрткіл – Шағырай қыратының оңтүстігіндегі төбе.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Оймауыт ауылының солтүстік-шығысында 37 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 252 м. Батыстан шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.
## Геологиялық құрылымы
Мезозой дәуірі бор кезеңінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Құмды, қоңыр сортаңды топырақ жамылғысында тасбұйырғын, еркек шөп, қара жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Жылтыржон, Жалтыржон – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы құм. Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Лепсі, Ақсу өзендері аралығында.
## Жер бедері
Абсолютік биіктігі 460 м. Құмдағы құм төбешіктердің биіктігі 3 м, ал құм жондарының биіктігі 15 – 40 м шамасында.
## Өсімдігі
Жусан, еркек шөп, айрауық, бидайық, қызылмия, жыңғыл, шеңгел өседі. Жалтыржон қысқы, көктемгі мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Жалтыркөл – Сырдария алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Қазалы ауданы жерінде, Бекбаулы темір жол стансасының оңтүстігінде 2 км жерде. Теңіз деңгейінен 54,4 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 13,3 км2. Жағасы жайпақ, аласа жыралармен тілімденген. Көл Сырдарияның суымен (көктемде) және қар суымен толығады. Жаздың ыстық айларында суы кермектеніп, минералдылығы артады. Қарашаның 2-жартысында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі.
## Дереккөздер |
Жалпаққайың – Қызылтас тауының солтүстігінде, Тоқырау және Жәмші өзендерінің аралығындағы оқшау тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде. Абсолюттік биіктігі 1104 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, ені 1,5 км шамасында.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Беткейлері тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Жоғарғы кембрий және кембрий жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңды топырағында жусан, боз, бетеге, бұталы өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Жаманқарт – Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылынан шығысқа қарай 12-13 км жерде орналасқан шоқылы тау.
## Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5-6 км-ге созылған, ені 2-3 км. Ең биік жері 625 м. Беткейі жайпақ, негізгі жыныстары жер бетіне шығып жатады.
## Геологиялық құрылымы
Девон жыныстарынан түзілген.
## Дереккөздер |
Жаман Қызыларай – Қызыларай тау жүйесінің шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-ге созылып жатыр, ені 8 км. Ең биік жері 1283 м.
## Жер бедері
Беткейлері көлбеу, сай-жыра, аңғарлармен бөлінген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлаққа бай, Қаршығалы, Қарасу, Ақсай өзендері бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Пермь жүйесінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Аласа таулы қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, сұлыбас, жусан, әр түрлі бұталар, арша өседі. Шөбі шүйгін, тау аңғарларында қыстаулар (Байғазы, Сона, Кеңасу, т.б.) орналасқан.
## Дереккөздер |
Жаман Сарысу – Сарысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағып өтеді.
## Бастауы
Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Жақсытағылы, Шетшоқы және Байназар тауларының етегінен бастау алып, Көктіңкөлі көлін жарып ағады да Атасу кенті тұсында Сарысу өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 155 км, су жиналатын алабы 9200 км2. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы жоғары жағында тік жарлы, енсіз келеді, бірте-бірте кеңейіп 100 – 120 м-ге жетеді. Салалары – Құрманақа, Жаманөзек, Қарағанды, Қайрақты, Сұлуайса, т.б. Жылдық орташа су ағымы 0,6 м3/с. Тамыз айынан бастап деңгейі күрт төмендейді. Жайылым суландырылады.
## Дереккөздер |
ЖАМАН САРЫТАУ– Павлодар облысы Баянауыл ауданының оңт-нде орналасқан кішігірім тау. Қарақуыс (764 м) тауының оңт.-батысында, Күркелі (775 м) тауынан солт.-шығысқа қарай 10 км жерде. Биікт. шамамен 600 м-ден аспайды. Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Шығысынан Сарыөзен өз. ағып өтеді. Қарасу және Еспе өзендерінің бірнеше тармақтары бастау алады. Шығыстан батысқа 2 км-ге созыла орналасқан. Девон мен тас көмірдің ортаңғы және жоғ. гранитоидтарынан түзілген. Күңгірт сары топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас өседі. |
Жаман Қазығұрт – Мөкішқарасу және Қазығұрт өзендерінің аралығындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Қарақасқа ауылынан шығысқа қарай 27 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 536 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Маңында өзімен аттас қыстау, бірнеше ұсақ шоқылар бар. Батысында Ырғай, солтүстігінде Жамантөбе, шығысында Амантау, оңтүстігінде Қазығұрт тауларымен шектеседі.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір жыныстарынан және девон гранитоидтарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр, боз топырақ жамылғысында тал мен дала өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Жамансор — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Миялы ауылынан оңтүстікке қарай 120 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 449 адам (240 ер адам және 209 әйел адам) болса, 2009 жылы 443 адамды (218 ер адам және 225 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 448 адамды (230 ер адам және 218 әйел адам) құрады.
## Мәдени-әлеуметтік мекемелері
* Жамансор бастауыш мектебі
## Транспорты
Елді мекен арқылы Атырау-Қандыағаш темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Жаман Телқара – Торғай және Ырғыз өзендерінің алабында орналасқан.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Телқара өзенінің саласы. Ұзындығы шамамен 40 км.
## Бастауы
Телқара өзеніне оңтүстігінен келіп құяды.
## Гидрологиясы
Суы тұзды. Арнасы тар, тақыр саздақты. Қар, жаңбыр суларымен толығады. Көктемде еріген қар суымен ағады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен бойында Тастыбек, т.б. көптеген қыстаулар мен бұлақтар бар. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жаман Тағылы – Сарыарқаның ортаңғы бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақадыр кентінен солүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 3 км. Ең биік жері 814 м. Беткейлері тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, қараған, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Жамансай – Талдысай өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігімен ағады. Ұзындығы 35 км.
## Бастауы
Бастауын Бесбидайық темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жердегі Бауман ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерден алады. Төмендігі ағысында Ащылысай өзеніне оң жағынан құяды. Одан басқа Жамансайдың жалпы ұзындығы 28 километр болатын ұсақ 6 саласы бар.
## Өсімдігі
Аңғарында бұта аралас сұлыбасты бетегелі өсімдіктермен қатар бұта шоғырлары да кездеседі.
## Гидрологиясы
Суы қараша айында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде мұзы түседі. Қыста мұз түбіне дейін қатады. Қар, жер асты суларымен толығады. Шілде айының ортасында Жамансайды, қамыс шоғырлары басып қарасуларға бөлініп қалады. Жайылмасында шабындығы мол. Суын жайылымдарды суландыруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Жамантау – Мұғалжар тауының солтүстік бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жамбыл ауылының оңтүстік-шығысында 21 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 561 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Солтүстік-шығыс беткейі тік, оңтүстік-батысы көлбеу келген.
## Геологиялық құрылымы
Тау силур, девонның жасыл тасты эффузивті габбро тәрізді интрузивті жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, көде, қараған және бұталы өсімдіктер өседі. Баурайында көптеген бұлақтар мен өзендер бар. Мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көлдер:
* Жамантұз – Сілеті алабындағы көл. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы жерінде.
* Жамантұз – Есіл алабындағы көл. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жерінде.
* Жамантұз – Ертіс өзенінің орта ағысы мен Шідерті өзені аралығындағы тұйық алапта жатқан көл.
* Жамантұз – Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл. Павлодар облысы Ақтоғай ауданында. Барлыбай ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде.
* Жамантұз – Ақмола облысы Бурабай және Зеренді аудандарының шекарасында, Қылшықты өзенінің сол жағалауында орналасқан тұзды тұйық көл.
* Жамантұз – Павлодар облысы Май ауданында орналасқан тұзды тұйық көл. Ертіс өзені алабында. Малайсары батыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км жерде, Түндік өзенінің сол аңғарында.
* Жамантұз – Шалқар көлі алабындағы тұйық көл. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан.
* Жамантұз – Қостанай облысы Жангелді ауданы Көкалат ауылынан оңтүстікке қарай 17 км жердегі тұйық көл. Торғай өзені алабында.
Ауылдар:
* Жамантұз - Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. |
Жалтыршөп (лат. Luzula) – елекшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында, сондай-ақ тропиктік таулы белдеулерде тараған 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда таулы аймақтар мен ылғалы мол орманды жерлерде өсетін 6 түрі белгілі. Биіктігі 10 – 50 см, қысқа немесе төсемелі тамырлары бар өсімдіктер. Сабақтары қалың жапырақты. Жапырақтары ұзынша, жапырақ тақталары таспа тәрізді. Гүлдері қоңыр немесе жасыл түсті, сабақ ұшында біреу не бірнешеуден жетіледі. Олар сыпыртқы не себет гүлшоғырына топталған. Жаздың басында гүлдеп жемістенеді. Жемісі – үш қырлы қорапша. Тұқымы ұсақ, домалақ. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.
## Дереккөздер |
Жамантұз — Ертіс өзенінің орта ағысы мен Шідерті өзені аралығындағы тұйық алапта жатқан көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде, Ертіс аңғарының сол жағында, теңіз деңгейінен 123,5 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 2,6 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жағасы жайпақ, батпақты, солтүстік жағалауы көтеріңкі кемерлі келеді. Қараша – сәуір айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал суарылады. Алабы – жайылым. |
Жамантұз — Есіл алабындағы көл. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жерінде.
Шағалалы өзенінің салалық аңғарының сол жағында, теңіз деңгейінен 123,2 м биіктікте жатыр. Аумағы 29,6 км², ұзындығы 16,5 км, енді жері 6,4 км. Жағалау бойының ұзындығы 20 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Көктемде іргелес Кішкенесор көлімен ұласып кетеді. Жағасы жайпақ, оңтүстік жағы батпақты, солтүстік жағы кемерлі. Қараша – сәуір айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы шабындық, жайылым ретінде пайдаланылады. |
Жамантұз — Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында. Барлыбай ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен 110 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 9,3 км2, ұзындығы 5,3 км, енді жері 3,2 км. Жағалау бойының ұзындығы 15,4 км. Суы қарашада қатып, сәуірдің басында ериді. Көлдің шығысында Қосерін, Аралсор, т.б. тұзды көлдер орналасқан. Жағасында қамыс өседі. Мал суаруға пайдаланылады. |
ЖАМАНҚҰМ– Нарын құмының орт. бөлігіндегі қоныс. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында. Теміржан қыстауының шығысында 15 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 5 м биіктікте. Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 15 км-ге, ені 5,5 км-ге созылған. Солт.-батысында бірнеше ірілі-ұсақты төбешіктер бар. Маңайында Құмысал, Ақпыш, Бектілеу қыстаулары, батысында Теректіқұм қонысы орналасқан. |
ЖАМАНОРҚАШ– Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар т. ж. ст-ның солт.-шығысында 10 км жердегі жайлау. Үшқаттысай өз-нің бастауында орналасқан. Екі Ағайынды тауының баурайында жазық далалық аймақты қамтиды. Сұр қоңыр, сортаңды топырақ жамылғысында көкпекті, қара жусан, бұйырғын өседі. Батысынан Жем – Шалқар т. ж. өтеді. |
Жамантұз — Ертіс өзені алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Май ауданында орналасқан. Майтүбек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, теңіз деңгейінен 142 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 19,8 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 3,1 км. Жағалау бойының ұзындығы 20 км. Су деңгейінің жыл бойғы ауытқу мөлшері 0,2 м. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Көл маңайында Үлкен Тоғызбай, Қайнама қыстаулары орналасқан. Суы ащы, сілтілігі орташа, мал жайылымына пайдаланылады. |
Жамантұз — Шалқар көлі алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 178,7 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 5 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 2 км, жағалауының ұзындығы 10,5 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, төмендегісі қазан айында байқалады. Кей жылдары тартылып қалады. Суы тұзды, сілтілі, кермек.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жайпақ келген. Солтүстік-батыстан Тебез көліне құятын Балғасын өзені ағып өтеді. Жағалауында сор өсімдіктері өседі. Оңтүстік-батысынан Шалқар – Ақтөбе темір жолы өтеді. |
Жамантұз — Қостанай облысы Жангелді ауданы Көкалат ауылынан оңтүстікке қарай 17 км жердегі тұйық көл. Торғай өзені алабында. Теңіз деңгейінен 111 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,8 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 12,5 км. Негізінен қар және жаңбыр суларымен толығып, жазда тартылып қалады. Суы ащы. Көл жағалауында қамыс, қоға, жусан, т.б. сор өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Жамантұз — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Қанай би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде, Жамантұз көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаманты – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы өзен.
## Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс сілемі Жабық және Күнгей жоталарынан алып, Көктұма ауылы тұсында Алакөлге құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 652 км2. Теңіз деңгейінен 2800 м биіктікте. Мұз жамылғысы желтоқсан айында пайда болады, мұздың еруі мен су тасқыны наурыз айының соңынан сәуірге дейін. Жаманты өзеніне екі ағын құрамдасады, солтүстіктен ағатын Қарабұлақ өзені және ағыстан төмен орналасқан Қызылтал өзені. Қызылтал өзенінің атырабында екі шағын Жасылкөл көлі орналасқан. Шатқалдың сағасында Балқаш-Алакөл қазаншұңқырында петроглифтер (жартас суреттері) бар.
## Гидрологиясы
Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Сәуір – маусым айлары аралығында су деңгейі көтеріліп, жылдық ағыстың 80%-ы осы кезде өтеді. Егін суғаруға және шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады.
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы облысы туризмінің ресми сайты Мұрағатталған 3 мамырдың 2020 жылы.
* Жоңғар Алатау ұлттық паркінің ресми сайты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2020 жылы. |
Жаманты суғару жүйесі – Алматы облысы Алакөл ауданындағы суғару арнасы. 1983 ж. іске қосылған.
Секундына 4,3 м3 су өткізеді. Ұзындығы 4,7 км. Бұл жүйе осы өңірдегі шаруашылықтардың 3 мың га жерін суландырады. Бойында 5 гидротехникалық қондырғы бар.
## Дереккөздер |
Жаманшығанақ– Қызылорда облысы Арал ауданындағы жер. Арал теңізіндегі Тұщыбас қолтығының батыс жағында орналасқан. Арал қаласынан 180 км батыста. Климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы – 9 – 13°С, шілдеде 25 – 27°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 115 – 130 мм. Өсімдік жамылғысы бұталар аралас еркек шөп, жусан, қоянсүйек, жүзгін, эфемерлерден тұрады.
## Дереккөздер |
Жаманшұбар– Мойынқұм құмының оңтүстігіндегі қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында. Теңіз деңгейінен 246 м биіктікте орналасқан. Шығыс бөлігі жазық тақырлы. Батысынан Сарысу өзені ағып өтеді. оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан облысымен 25 км жерде шектеседі.
## Дереккөздер |
Жамбыл мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Аңғардың басты бөлігін алып жатыр. Кіші Басқан өзенінің бастауында орналасқан. Мұздықтың тілі 3120 м биіктікте бітеді. Фирн межесі 3600 м биіктікте өтеді.
## Аумағы
Мұздықтың ұзындығы 6 км, ашық бөлігі 5,3 км, ауданы 11,2 км2. Екі тармаққа бөлінген мұздықтар солтүстікке қарай созылған жалпы мұздықтың тілін құрайды. Мұздық аумағы жылына орта есеппен 2,5 м-ге қысқаруда. 1947 жылы мұздыққа альпинистер көтеріліп, оған Жамбыл Жабаев есімі берілген.
## Бақылау жұмыстарының жүргізілуі
1956 жылы ҚазКСР-і Ұлттық ғылым академиясының География секторының (1983 жылдан институт) экспедициясы бақылау жұмыстарын жүргізді (абляция ауданы тілінің беткі биіктігін, оның бітуін өлшеу, мұздың қозғалу жылдамдығын анықтау және т.б.). 1957 жылы, 1959 және 1962-1968 жылдары бақылау жұмыстары қайта жүргізілді. 1966 жылы фототеодолиттік түсіру арқылы толықтырылды.<
## Дереккөздер |
Жамбыл – Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 972 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 – 45 км-ге созылған, ені 10 – 15 км.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Таудың жоғарғы жартасты бөлігінің түпкі жыныстары ашық, беткейлері тік құлама болып келеді. Палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан түзілген.
## Өсімідгі
Қиыршықтасты сұр қоңыр топырағында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым өскен. Өзен арналары бойында тобылғы шоғырлары кездеседі.
## Дереккөздер |
Жаманты минералды суы – Алматы қаласынан батысқа қарай 135 км жерде орналасқан шипалы су көзі. Алматы облысы Жамбыл ауданы Бесмойнақ ауылының солтүстік-батысындағы Жаманты өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 1620 м биіктікте. Жергілікті халық оны «Қайнар арасан» деп атайды.
## Сипаты, құрамы
Бұлақтар Жаманты өзенінің аңғарын кесіп өтетін, беті борпылдақ шөгінді жыныстармен жабылған тектоникалық жарықтардан шығып жатыр. Бұлақтардың жалпы су өнімділігі тәулігіне 235 м3, минералдылығы 0,4 – 0,7 г/л, температурасы – 26,3°. Суының құрамында сульфат, гидрокарбонат, кальций, натрий және денсаулыққа пайдалы микроэлементтер: ортокремний қышқылы (36 – 40 мг/дм3), фтор (3,7 – 5,0 мг/дм3) бар. Жаманты минералды суы аяқ, қол, жүйке, т.б. ауруларды емдеуге пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жанама – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Жарма ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Қалба жотасының оңтүстік беткейінен бастау алып, Маршанка қыстауының тұсында Шар өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 816 км2. Беткейі тік жарлы, жыралармен тілімденген. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің басында ериді. Суы ауыл, мал шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікке пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жамбыл жер асты су кен орны - Қостанай облысы жерінде. 1967 жылы барланып, сол жылы Жамбыл ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылды.
## Геологиялық құрылымы, сипаты
Кен орны аллювийлі шөгінділермен ұштасқан. Сонымен қатар бұл аймақта бақша өсіруге арналған суландырылатын жерлер де орналасқан. Тәуліктік су қорының мөлшері 1700 м2. Жамбыл ауылы Қаратомар су құбырына қосылғаннан кейін Жамбыл жер асты су кенінің жұмысы тоқтатылды.
## Дереккөздер |
Жанбай жайлауы– Каспий теңізінің жағалауында, Жанбай каналының бойында орналасқан жайлау. Атырау облысы Исатай ауданында №14 темір жол станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде. Оңтүстігінде Маслинский түбегі орналасқан. Құмды алқапты солтүстіктен құм шағылдары қоршап жатыр.
## Дереккөздер |
Жанбай – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі арал.
## Географиялық орны
Атырау облысы Құрманғазы ауданы жерінде. Еділ атырауының шығыс шеткі тармағына қарама-қарсы 17 шақырым жерде орналасқан. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан аралдың ұзындығы 20 шақырым, ені 4 шақырымдай. Аралдың жағалаулық қайраңдары балықтардың ұрық шашуына өте қолайлы.
## Сипаттамасы
Арал жағалаудан 1,5 шақырым жерді алып жатыр. Аумағының ауданы 108 км2. Жер бедері саз батпақты келеді, онда қамыс, құрақ өседі. Батысымен балық аулайтын кемелерге арналған теңіз каналы жүргізілген. Құрлықпен паром арқылы қатынайды. Аралда елді мекен жоқ.
## Дереккөздер |
Жамбыоба – Маралды көлінің оңтүстік-батысындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Павлодар ауданы, Ертіс өзені алабында, Жертұмсық ауылының шығысында 22 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 135 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 3 км2, ұзындығы 2,2 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұзды, сілтілі және кермек. Батысында қарағай ормандары, жағалауындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге, т.б. түрлі өсімдіктер өседі. |
Жаңсеңгір атаулары:
* Жансеңгір – Ерейментау тауларының батысында тұрған оқшау тау.
* Жансеңгір – Шалқар көлі алабындағы тұзды көл. |
Жанғыш тақтатас — органикалық және минералдық заттардан тұратын жұқа қабатты шөгінді тау жынысы.
Суқоймаларының (көл, теңіз, т.б.) түбінде мақтаға ұқсас серне (коллоид) түрінде шөккен органикалық заттар нығыздалып минералдық заттармен араласады. Нәтижесінде, аумағы мыңдаған км²-ге жететін Жанғыш тақтатас түзіледі. Құрамындағы органикалық заттарда көміртек (56 – 82%), сутек (6,8 – 11,5%), азот (5%-ға дейін), күкірт (1,5 – 9%) және оттек болады. Түсі қоңыр, сарғыш қоңыр, сұрғылт. Нақышы жапырақты немесе шомбал. Термиялық өңдеу тәсіліне және органикалық заттардың (керогеннің) құрамына қарай Жанғыш тақтатастан әр түрлі заттар алынады. 200 – 350°С-қа дейін қызған кероген балқыма күйде болады. Оның құрамындағы заттарды еріткіштердің көмегімен ажыратады. Термобитумды 450°С-қа дейін қыздырса, ол ыдырап су, газ және шайыр бөлініп шығады: температурасы көтерілген сайын шайырдан метан мен сутек бөлінеді. Жанғыш тақтатас отын, энергетикалық, химиялық шикізат ретінде пайдаланылады, олардан түрлі битумдар, фармацевтик. шикізат, резина жұмсартқыштарын, зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын улы заттар, т.б. өндіріледі. Жанғыш тақтатасдың күлі аса бағалы тұтқыр зат ретінде құрылыс кірпішін және жылу өткізбейтін материал жасауда пайдаланылады. Қазақстанда Алтайда (Кендірлік), Сарыарқада, Каспий маңында Жанғыш тақтатастың кендері бар.
## Дереккөздер |
Жанбел, Қарасу, Қойбас, Мұқаш – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы өзен. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 376 км2.
## Бастауы
Маңырақ тауынан басталып, Зайсан көліне құяды.
## Гидрологиясы
Ағын модулі 1 км2-ге 1,5 – 3,0 л/с. Қар, жер асты суларымен толығады. Өзен суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жангелді ауданы (1928–1956 жылдары Торғай ауданы) — Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 37,6 мың км². Аудан орталығы – Торғай ауылы.
## Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Қамысты, Науырзым аудандарымен, шығысында Амангелді ауданымен, батысында Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би аудандарымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.
Жангелді ауылының жері негізінен Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатыр. Солтүстік-батысы теңіз деңгейінен биіктігі 210 – 310 метр бойлық бағыттағы Теке, Қызбел, Жыланды және Қарғалы таулары орналасқан Торғай үстіртінің оңтүстік-батыс шетін қамтиды. Жер бедерінің жалпы еңісі оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұм құмдары жатыр. Кен байлықтарынан құрылыс материалдары кен орындары бар.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 22 – 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 225 – 275 мм. Жерінің топырағы негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, оңтүстігінде сортаң және құмдақ келеді. Дала өсімдігінен далада қау, шағыр, жусан, сүтемген, бидайық, өзен бойлары мен сай-салаларда тал, жиде, жүзгін, қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, жабайы шошқа, ақ бөкен, сарышұнақ, ондатр кездеседі; құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, шағала, қызғыш бар.
## Су торабы
Жер беті сулары Торғай, Өлкейек, Ұлы Жыланшық және Теке өзендерінің салаларынан және ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Торғайдың Қабырға тармағы жаз бойы суалмайды. Ірі көлдері: Ақкөл, Жаман Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ащытастысор.
## Халқы
Тұрғындар саны – 12 251 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,71%, татарлар – 0,12%, орыстар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,07%.
## Әкімшілік бөлінісі
22 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 7 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3759,7 мың га (2008), оның ішінде 27,8 мың га жері егістік, 90,2 мың га шабындық, 338 мың га жайылым. Жангелді ауданында жолаушылар мен жүк тасымалы республикалық маңызы бар Арал – Ырғыз – Торғай – Амангелді – Арқалық автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Жангелді ауданы – тарихи өлке. Ә. Жангелдиннің революция қызметі, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы азаттық көтеріліс Торғай даласымен байланысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашты.
## Дереккөздер |
Жантай – Өлкейек өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Жабасақ ауылының солтүстік-шығысындағы бұлақтардан бастау алады. Амангелді ауылының тұсында Толыбай өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 48 км. Аңғарында Жандай, Сандал, т.б. көптеген қыстаулар бар. Жағасы жайпақ. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің басында ериді. Суы мал суаруға, егін шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жантау – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының солтүстігіндегі тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 км-ге созылған, ені 8 км. Ең биік жері 1217 м.
## Геологиялық құрылымы
Кембрий жүйесінің жыныстарынан түзілген.
## Жер бедері
Сай-жыра, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлақтарға бай, Қараменде, Найманбай өзендері бастау алады.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Жамбайсор – Көкшетау қыратының шығысындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы жерінде орналасқан. Қарасу өзенінің оң жағында, теңіз деңгейінен 225 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 10,7 км2, ұзындығы 6,8 км, енді жері 2,8 км. Жауын-шашын және Қарасу өзенінің жайылма суымен толысады. Жағасы жайпақ, оңтүстік және шығыс жағы биік кемерлі келген. Қараша – сәуір аралығында мұзы қатады. Суы тұзды, мамыр айына дейін мал ішуге жарамды. Алабы – жайылым.
## Дереккөздер |
Жанарқыз – Зайсан көлінің оңтүстік-батысындағы төбе.
## Жер бедері
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қара Ертіс аңғарында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктік 452 м. Пішіні дөңгелек тәрізді келген төбе Бозайғырқұм құмының солтүстік-батысында. Оңтүстігінде Қайнар бұлағы, солтүстігінде Ақтөбе төбесі, шығысында Ақжан құмы орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Төрттік кезеңінің ортаңғы шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Құмды, шалғынды сұр қоңыр топырақ жамылғысында қарабарақ, жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Жамбасқұдық – Бала Құндызды өзенінің оң жағалауында, Нұра кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан шоқы.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Ең биік жері 511 м. Ұзындығы мен ені 5–6 км. Тас көмір және девон жыныстарынан түзілген, түпкі жыныстарының жер бетіне шығуы жиі кездеседі.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр сортаң топырағында дала өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Жанқара – Көкшетау тауының оңтүстік-батысындағы шоқы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Бурабай ауданы Озерное ауылының солтүстік-батысында 4 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 474 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Оқшау келген таудың беткейі жайпақ, қатты тілімденген.
## Геологиялық құрылымы
Девон, силур кезеңдерінің граниттерінен түзілген.
## Өсімдігі
Шымды-күлгінді, шалғындық топырақ жамылғысында жусан, бидайық, арпабас, айрауық аралас шөптесіндер, қайың, терек, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. Маңайында демалыс үйлері орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Көкшетау – Щучинск темір жолы мен автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Жанғабылсор – Жайық алабындағы тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерінде орналасқан. Бұлдырты өзенінің төменгі ағысында, Қарақұдық ауылынан батысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 10 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 8,9 км2, ұзындығы 7,6 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 39 км. Суы қарашада қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Солтүстігінде Бұлдырты өзеніне жетпей құмға сіңіп кетеді. Суы кермек, аздап сілтілі. Мал шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жыландышалқар – Нұра өзені алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан ағынды көл. Шишалқар, Ұялышалқар, Жәнібекшалқар көлдерінің аралығында, теңіз деңгейінен 328 м биіктікте. Қорғалжын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км жерде.
## Гидрографикасы
Аумағы 15,8 км2. Ұзындығы 5,1 км, енді жері 4,8 км, жағалау бойының ұзындығы 16,6 км. Нұра өзені солтүстігінен құйып, батысынан ағып шығады. Сәуірде мұзы ериді. Жағалауында қамыс құрақтары өседі. Суы тұщы. Мал шаруашылығына және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылады. Батысында Ұялы ауылы орналасқан.
## Дереккөздер |
Жамбыл шыңы – Іле Алатауындағы шың. Шыңға 1937 жылы Е.Колокольников бастаған алматылық альпинистер көтеріліп, оған Жамбыл Жабаев есімін берген.
## Географиялық орны
Алматы облысы Талғар ауданы жерінде. Сол және Орта Талғар өзендерінің суайрығы саналатын Жаңа сілемнің оңтүстік шетінде. Биіктігі 4355 м.
## Жер бедері
Шың конус тәрізді, басында қар жатады. Шығыс және батыс беткейлерінде шағын мұздықтар кездеседі.
## Дереккөздер |
Жанбазар – Түндік өзені мен оның оң саласы Ащышиөзек өзенінің арасындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы, жер бедері
Тау ордовик, девон, силур жыныстарынан түзілген. Абсолюттік биіктігі 888 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 – 16 км-ге созылып жатыр, ені орталық, солтүстік бөлігінде 4 – 5, оңтүстігінде 7 – 8 км. Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен аз тілімденген. Тау етектерінде бұлақтар бар.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, қызыл жусан, аустрия жусаны, жатаған қарағаш өседі.
## Дереккөздер |
Жантайсор — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылының оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан көл. Үлкен Қараой көлінің алабында. Теңіз деңгейінен 85 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 6,8 км. Дөңгелек тұйық көл. Қар және жауын-шашын суларымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуір айында ериді. Көл қазаншұңқырының түбі сазды.
## Жағалау сипаты
Жағалауы негізінен жайпақ. Бетеге, боз, селеу, жусан, т.б. өседі. |
Жаңаарқа қойы – қылшық жүнді қазақы қой тұқымы. 1992 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» асыл тұқымды қой з-тында жергілікті қазақы қой тұқымынан күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Қошқарларының тірідей салмағы 95 – 100 кг, саулықтары 60 – 65 кг. Жаңа туған қозылары 3,8 – 4 кг, кейде 5,7 кг тартады. Енесінен айырғанда қозыларының салмағы 39 – 41 кг-ға дейін жетеді. Әр қойдан орта есеппен 2,9 – 3,1 кг жүн қырқылады. Жүні ақ және ақшыл түсті. Әр жүз саулықтан 85 – 90 қозы алынады. Жаңаарқа қойы жаздың аптап ыстығы мен қыстың үскірік аязына шыдамдылығымен ерекшеленеді. Жаңаарқа қойы күтімді көп қажет етпейтін, тез жетілгіш қой. Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарының шөлді және шөлейт аудандарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Жантезек, Қаработа, Сабаз – Алакөл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Тарбағатай тауының орта бөлігіндегі Сұлужотаның оңтүстік беткейінен басталып, Бақты ауылынан 25 км-дей төменде Еміл өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 64 км, су жиналатын алабы 1220 км2. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Суы егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
ЖАҢАЖОЛ ТАБИҒАТ АУМАҒЫ, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл – Тобыл өзендері аралығында орналасқан аймақ. Аумағы 123,7 мың га, оның ішінде 45,3%-ы егістік, 35,7%-ы жайылым, 4,2%-ы орман, 0,8%-ы бұталы өңір, 3,1%-ы батпақ, 9,1%-ы көл, 1,8%-ында құрылыс ғимараттары мен жолдар орналасқан. Жер бедері жонды-төбелі. Жер беті сулары 188 көлден тұрады. Олардың жалпы аумағы 11301 га. Батпақты-көлді жерлері су жәндіктері мен құстарының, су маңындағы жан-жануарлардың дамуына қолайлы. Аймақтың негізгі ортасы – астық дақылдары, т.б. сан түрлі шөптесін өсімдіктері бар құнарлы қара топырақты құрайды. 29 тұқымдасқа жататын биік өсетін өсімдіктің 163 түрі анықталды. Қайыңды және қайыңды-көктеректі ормандар өскен. Жан-жануарлар әлемінде сүтқоректілердің 27 түрі, құстың 130 түрі (15-і Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген) кездеседі. |
Жаңаталап мұнай кен орны — Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан.
Барлау жұмыстары Шығыс Жаңаталап алаңдарына ойысып әрі жалғасып жатқанмен, жалпы кеннің негізгі алаңы 1974 жылы қыркүйек айынан бастап «Ембімұнай» бірлестігінің орталық ғылыми-зерттеу зертханасы жасаған технологиялық бағдарламаға сай игеріле бастады.
## Геологиялық құрылымы
Тектоникалық тұрғыдан кен орны тұз күмбезді үзілген типті құрылымға жатады. Мұнай мен газдың өнеркәсіптік қоры негізінен солтүстік (орталық алаң) және шығыс (оңтүстік және солтүстік күмбездер) қанаттарға жинақталған. Мұнда 9 мұнайлы қабат барланып анықталған. Солтүстік күмбездегі мұнай апт, неоком және орта юралық қабаттардан табылды. Оңтүстік күмбездегі мұнай көзі апт қабатымен ғана байланысты. Шығыс Жаңаталап тұз күмбезді төбелері жер асты жыныстарының қозғалысынан 4 блокқа бөлінген, өнеркәсіптік мұнай көздері блоктардың шеңберіндегі орта юра шөгінділері қабаттарынан анықталды.
## Құрамы
Барлық қабаттардың мұнайы ұсақ күкіртті (0,17 – 0,38%), шайырлы (5 – 14%), парафинді (VІІІ және ІX) мұнай түріне жатады. |
Жаңасай – Шу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Қордай ауданында.
## Бастауы
Жетіжол жотасынан бастау алатын өзен.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 35 км. Шу өзеніне Ауқатты ауылының маңынан құяды. Алабының жер бедері таулы жарқабақты. Негізінен қар суымен толығады. Қарашаның аяғында суы қатып, наурызда ериді. Жайылмасы шөбі мол шабындықтар.
## Дереккөздер |
Жаңажол шоқ орманы – республикалық мәндегі табиғи ескерткіш.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының орман шаруашылығы аумағында орналасқан.
## Жер бедері, сипаты
Аумағы 9 га. Көне қарағайлы орман Есіл – Тобыл өзендері аралығында, континенттік олигоценнің құмдауытты-алевритті шөгінділер шетінен басталып, орманды далаға ұласады. Жоғарғы тұсында орташа жасы 110 жыл болатын 90-нан 150 жыл жасаған жай қарағай басым. Ағаштардың орташа биіктігі 20 м, діңінің орташа диаметрі 30 см. Механикалық құрамы жеңіл орманның сұрғылт топырағы шірінді қылқан жапырақпен бүркемеленген. Кей жерлерінде шымды астық тұқымдас шөптесін өскен. Орманда бұғы мүгі, имек қырыққұлақ, емдік қырлышөп, дөңгелек жапырақты алмұртшөп, мысықтабан, итбүлдірген өседі. Мұнда қайың мен көк теректің ұсақ жапырақты түрлері де кездеседі. Орман өзіне қолайсыз физикалық-географиялық белдемде орналасқан. Ол Жаңажолдағы қорғалатын табиғат аумағының құрамдас бөлігі болып саналады және республикалық деңгейдегі көрікті қорықша ретінде ерекше қорғауды қажет етеді.
## Дереккөздер |
Жаңатас фосфорит кен орны — Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан. Кен орны 1935 жылы ашылып, 1964 жылдан пайдаланылып келеді.
## Геологиялық құрылымы
Жаңатас фосфорит кен орны төменгі кембрийдің Шолақтау шоғырынан орын алған. Осы шоғырдың фосфоритті горизонттары үлкен асимметриялық қатпардың солтүстік-шығыс қанатында. Үлкен аймақтық жарылыспен қиылған бұл құрылым құрамасы 30°-тан (солтүстік-батыста) 75°-қа (оңтүстік-шығыста) жететін, бағыты әр түрлі кішігірім жарылыстармен тілінген.
## Жатыс сипаты
Кеннің құнарлы горизонты фосфорит шақпақтастарының қабатшалары бар фосфориттер мен фосфорит конгломераттарынан, фосфоритті және кремнийлі тақтатастардан, фосфаттанған доломиттерден тұрады. Мұнда екі фосфорит горизонттары бар, төменгінің орташа қалыңдығы 7,5 м, ал жоғарғысында 18 м. Бұл екі қабат бір-бірінен орташа қалыңдығы 18 м фосфорит-тақтатасты қабатпен бөлінген. Фосфориттің құрылымы кристалды, жасырын кристалды, түйірлі, оолитті болып келеді. Кен бойынша Р2О5-тің орташа мөлшері 15-17%-дан 35%-ға дейін жетеді. Жылына 84 млн. т. фосфорит беретін Оңтүстік-Шығыс және Орталық карьерлері 1975 жылы, ал Солтүстік-Батыс карьері 1980 жылдан кейін іске қосылды. Мұндағы фосфорит сары фосфор, термиялық фосфор қышқылы мен фосфорит ұнын алуға пайдаланылады. |
Жаңғыбай – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан тау. Маныссай құрғақ арнасының батыс аңғарында.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 153 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 3 км-ге созылып жатыр. Енді жері 1,5 км. Беткейлері көлбеу келген. Мал жайылымына пайдаланылады.
## Геологиялық құрылымы
Төрттік кезеңнің төменгі жыныстарынан түзілген.
## Дереккөздер |
Жаңатөбе алтын кен орны – Ақмола облысы жерінде орналасқан.
Кен орны 1932 жылы ашылып, барлау жұмыстарымен қатар бұл кеннен алтын өндіріліп келді. Кенге алғашқы сипаттаманы 1937 жылы М.Әзірбаев берді.
## Геологиялық құрылымы
Кен Қырыққұдық интрузия массивін бойлап антиклиналь қатпарға жиырылған ортаңғы ордовиктің альбитофирлері, порфириттері мен туфогендік-шөгінді жыныстарынан орын алған. Кентас денелері 20-дан астам күрделі пішінді кварц желілерінен, оларға қоса кейбір порфириттер мен порфирит туфтарынан тұрады.
## Минералдары, құрамы
Кентас минералдарынан пирит, халькопирит, пирротин, сфалерит, марказит, магнетит, саф алтын, электрум және темірлі қосылыстар кездеседі. Кентас сапасы орташа. Жаңатөбе алтын кен орны кішірек кендер қатарына жатады.
## Дереккөздер |
ЖАҢҒЫЗҚҰДЫҚ– Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қ-нан солт.-батысқа қарай 20 км жердегі жайлау. Шыңғырлау өз-нің оң жағалауында орналасқан.
Солт.-батысында өзендегі Дәулетқали аралы, батысында жайлауға арналған бұлақ көздері бар. Ж. жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. |
Жаңағали – Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылынан батысқа қарай 45 километр жерде орналасқан жайлау. Нарын құмының құм шағылдары мен қырқаларының аралығында жатыр. Шығысынан Бағырлай каналы өтеді. Ақшкола, Тұма, Нәдір қыстауларымен қатар орналасқан. Жусан, жантақ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жалғызтөбе желі — Шығыс Қазақстан облысы Жаңғызтөбе кентінің маңында оңтүстік-шығыстан соғатын дауылды жел. Ол Қара Ертіс өзенінің аңғарында түзіледі де Көкпекті өзенінің ағысына қарсы бойлай, Қаражол тауының Семей — Зайсан автомобиль жолы өтетін асудан асқаннан кейін күшейе түседі, Жарма мен Жаңғызтөбе темыр жолы станцияларының аралығында тым қатты соғады. Көп жылдық бақылау нәтижесінде жел Жалғызтөбе кенті төңірегінде қыс бойы орта есеппен 68 күн, ал тек қаңтар айында 16 күн соғып тұратыны анықталды. Қыста желдің орташа жылдамдығы 40 м/с-тан 70 м/с-қа дейін (қаңтарда) жетеді.
## Дереккөздер |
Жаңақұдық — Соркөл қонысының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан құдық. Қарағанды облысы Шет ауданында. Тереңдігі 4 м, су шығымы 450 л/сағ. Жанында Тақырқұдық, Қалиқожа құдықтары бар. Бұлақтың бойы мал жайылымына пайдаланылады. |
ЖАҢАБАЙ – Сырдария және Арыс өзендерінің аралығындағы құдық. Түркістан облысы Отырар ауданында. Тереңд. 5 м, су шығымы 600 л/сағ. Оңт-нде Шыбықбел, Минас,т.б. артезиан құдықтары орналасқан. Маңында көптеген қыстаулар бар. Құдық мал суаруға пайдаланылады.
## Түсініктемелер |
Жаңғырық мұздығы – Іле Алатауының орта тұсындағы оңтүстік беткейлік қазаншұңқырда қалыптасқан мұздық. Талғар шыңын Күнгей Алатауымен жалғастыратын Шілік-Кемін кезеңінің шығысында (4490 — 4520 м биіктікте) жатыр. Шілік (Жаңғырық тармағымен) және Шу өзендерінің салалары (Шоң-Кемін) осыдан басталады. Мұздық суы терең шатқалға құлап аққанда төңірегіне түрлі тембрлі жаңғырық шығады. Сондықтан мұздық “Жаңғырық мұздығы” деп аталған.
## Аумағы
Жалпы ауданы 17,7 км2 (ашық бөлігі 17,3 км2), ұзындығы 8,9 км, таза мұзының көлемі 2 км3. Абляциялық ауданы 5,9 км2. Фирн алаңы 3950 м-ден жоғары қарай орналасқан. Мұздық тілі 3510 м-ге дейін төмендейді. Жаңғырық мұздығы орташа есеппен жылына 9-10 м-ге қысқаруда.
## Дереккөздер |
ЖАПАҚ(Nanophylon) – алабұталар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөл-шөлейтті жерлерде, аласа таулардың кесекті және тасты баурайларында өсетін 1 түрі – тасбұйырғын Ж. (N. erіnaceum) бар. Биікт. 5 – 15 см, бұта. Тамырлары шырматылып, шым түзеді. Қысқа және бірнеше рет бұтақтанған сабағы сүректі, көбінесе жуан болады. Кезектесіп орналасқан жапырақтары қысқа, етжең, біз тәрізді. Гүлі қос жынысты, олар бір-бірден жапырақ қолтығынан жетіледі. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Ж. – дәрілік өсімдік. Оның тұнбасын қышыма ауруын емдеуге қолданылады. Ж. – түйе, ешкі және қойдың қысқы азығы. Бұл өсімдік бұйырғынмен бірге өскен жерлерде нағыз шөлейттік ландшафт құрайды. |
Құлақты жапалақ (лат. Asio otus) – түнде тіршілік етуге бейім жапалақ тәрізділер отрядына жататын Нағыз жапалақтар тұқымдасының Құлақты жапалақтар туысына жататын отырықшы құс.
Қызылорда облысының тоғайлы, ну шеңгелді, жиделі, сексеуілді аудандарында кездеседі.
Қанатының ұзындығы 276 – 309 мм (аталығында) және 282 – 320 мм (аналығында) болып келеді. Түсі сарғыш қоңыр, арқасында ақ жолақтармен алмасып отыратын сұр көлденең белдеулері бар. Қауырсыны үлпілдек, жұмсақ. Аяқ немесе балақ қауырсындары ұзын, құйрығының түсі қоңыр-қошқыл. Жапалақтың ерекше көзге түсетін белгісі ұзындығы 3 – 7 см болатын құлақ сияқты қауырсындары. Көзінің қарашығы сары немесе қызғылт сары, ал тұмсығы мен тырнақтары істік, өткір, иілген түстері қара болып келеді. Ұяларын қалың, биік сексеуіл мен жиде арасында салады. Онда 2 – 3 балапанын 4 аптада басып шығарады. Жапалақты үлпілдек қауырсындары үшін аулайды. Ол кемірушілер санын азайтып, табиғатқа пайда келтіреді.
## Дереккөздер |
ЖАҢҒЫЗАҒАШ– Жайық өз-нің оң жағалауында орналасқан қыстау. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе а-нан оңт.-батысқа қарай 28 км жерде. Сарыой каналының бойында, теңіз деңгейінен 20 м биіктікте. Сортаң шөлейтті топырағында астық тұқымдас жусанды және бұталы өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы. |
Жарағаш – Ертіс алабындағы тұзды, тұйық көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Железин ауданындағы Майлы ауылының шығысында 11 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 11,4 км2, ұзындығы 4 км, ені 3,5 км. Дөңгелек келген көлдің жағалауы жайпақ, сортаң. Онда қамыс, құрақ өскен. Суы тұзды, ішуге жарамсыз.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Жаңасу – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл.
* Жаңасу – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл.
* Жаңасу – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Жаңасу – Ертіс алабындағы өзен. |
Жаркент−Арасан — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауылда республикалық маңызы бар бальнеологиялық шипажай орналасқан.
## Географиялық орны
Аудан орталығы − Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының табиғаты әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте, Бурақожыр өзенінің аңғарында орналасқан.
## Шипажай сипаты
1967 жылы ашылған, 160 орны бар (2009) шипажай. Жыл бойы жұмыс істейді. Негізгі емі – құрамында радоны бар хлор-сульфат натрийлі минералды суы. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері және гинекологиялық ауруларды емдейді. Климаттық факторлар (таудың шипалы таза ауасы, өсімдігі, табиғат ландшафтысы) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия, массаж, инемен емдеу, емдік дене шынықтыру қолданылады.
### Климаты
Қысы жұмсақ, жазы қоңыржай, таулы жерге тән. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –5°С, шілдеде 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700 мм.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаркен сөзінің мағыналары:
Елді мекен:
* Жаркен – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы ауыл.
Көл:
* Жаркен – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы тұйық көл. |
Жаржалтыркөл – Тобыл алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Фёдоров ауданы Андреевка ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 187 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 6 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 8,2 км. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұзды. Оңтүстік жағында Ұзынкөл көлі орналасқан. Мал шаруашылығына пайдаланылады. |
Жаркөл – Торғай алабында орналасқан тұзды көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде.
## Гидрографикасы
Аумағы 14,1 км2, ұзындығы 9,5 км, енді жері 2,8 км. Жағалау бойының ұзындығы 30 км. Байтақкөл көлінің батысында, теңіз деңгейінен 76 м биіктікте жатыр. Солтүстік-шығысында Бөкенкөл көлі орналасқан, батысынан Сарыөзек өзені ағып өтеді. Суы қарашаның аяғында қатып, наурызда ериді. Суының тұздылығы жоғары, сілтілігі орташа.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Жаркөл – Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл.
* Жаркөл – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Дружба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Жаркөл – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Шөптікөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Көлдер:
* Жаркөл – Жарқайың ауданындағы көл;
* Жаркөл – Атбасар ауданындағы көл;
* Жаркөл – Науырзым ауданындағы көл;
* Жаркөл – Баянауыл ауданындағы көл;
* Жаркөл – Ырғыз ауданындағы көл;
* Жаркөл – Арқалық қалалық әкімдігі аумағындағы көл;
Басқа мағыналар:
* Жаркөл — қоныс орны.
* Жаркөл — Астана қаласындағы көше. |
Жаркөл – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Арқалық қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 14,3 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 2,1 км, тереңдігі 1-1,5 м, түбі тегіс. Жағасы тік жарлы (биіктігі 10-15 м-дей), оңтүстік-батыс жағасы жайпақ келген. Суы тұзды. Алабы – шабындық.
## Дереккөздер |
Жаркөл – Есіл алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Атбасар ауданы Қосбармақ ауылының оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 327 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 12,6 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 3,7 км, жағалау бойының ұзындығы 13,9 км. Солтүстігінде бірнеше ұсақ көлдер бар. Есіл өзенінен бөлініп шығатын Бадамша-Қарасу уақытша арнасымен толығып отырады. Қарашаның басында суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауын қамыс, қоға шөптесін өсімдіктері басқан. Суы тұщы, мал шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер
|
Елді мекендер:
* Жарқайың – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл.
* Жарқайың – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл.
* Жарқайың – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
Көл:
* Жарқайың – Есіл-Тобыл аралығындағы көл. |
Жаркөл – Сулысор көлінің батысында орналасқан тұзды көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан шығысқа қарай 7 км жерде. Теңіз деңгейінен 228 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,3 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 15,8 км. Суы қарашада қатып, сәуірдің 1-жартысында ери бастайды. Солтүстігінен Ащысу, оңтүстігінен бірнеше салалар келіп құяды. Оңтүстік-шығысында Шақшан (373 м) тауы, оңтүстік-батысында Тұзкөл көлі орналасқан. Суы кермек, аздап сілтілі.
## Дереккөздер |
ЖАРҚЫНБАЙ– Қарабауыр жонының солт-ндегі құдық. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында. Қошата құдығының оңт.-шығысында 32 км жерде орналасқан. Тереңд. 34 м, су шығымы 320 л/сағ. Маңайы тегіс жазықты келген. Солт-нде Молабай, Түзелбай, Жангүрші, Қазбасқазған құдықтары бар. Шығысында Өзбекстанмен шектеседі. Құдық мал суаруға пайдаланылады. |
Жарлы — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Нұркен Әбдіров ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 30 км жерде, Жарлы өзенінің екі жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Негізі 1929 жылы қаланды. 1951 жылға дейін Шекеме (ШКМ — школа крестьянской молодежи) ауылы деп аталып келді. 1951 жылы бұрынғы Ақшоқы, Нүркен атындағы, Қызылшілік, Жекежал, Кеңестас, Жаңатоған, Ұзынбұлақ ұжымшарларының бірігуінен Нүркен атындағы ірі ұжымшардың, ал 1963 жылы оның негізінде қайта құрылған Нүркен Әбдіров атындағы кеңшардың орталығына айналды. Ауылға өзен атына байланысты Жарлы атауы берілді. Жарлыда мал шаруашылығымен шұғылданатын Н.Әбдіров атындағы акционерлік қоғам жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп (1999 жылы 70 жылдығы тойланды), клуб, кітапхана, балабақша, сауда орындары бар. Жарлы - Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Н.Әбдіровтің туып-өскен жері, ауылында оған бюст орнатылған.
## Дереккөздер |
Жарлы – Ойыл алабында орналасқан өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде.
## Бастауы
Бастауын Жарлы темір жолы стансасының солтүстік-батысындағы бұлақтардан алып, Жарлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде Ащыойыл өзеніне сол жағынан құяды. Жалпы ұзындығы 42 км.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, табанын құм басқан. Жағалауында сексеуіл шоғырлары кездеседі. Маңында бірнеше қыстаулар (Қызыләскер, Сарымкөл, т.б.) орналасқан. Қуаңшылық жылдары қарасуларға бөлініп қалады. Мал шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жарлы – Қалдығайты алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Қалпақты тауының оңтүстігіндегі жазықтан алып, Жігерлен ауылы тұсында Қалдығайты өзенініне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 582 км2. Жылдық орташа су ағымы 0,75 м3/с. Аңғары кең, жағалауы жайпақ. Қар, жер асты суларымен толығады.
## Дереккөздер |
Жарлыкөл – Қалқұтан өзенінің алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Бұланды ауданының оңтүстік-шығысында, Никольское ауылының жанында, теңіз деңгейінен 374 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,2 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 8,9 км. Су жиналатын алабы 48 км2. Шығыс және оңтүстік жағалаулары биік, жарқабақты, солтүстігі мен батысы көлбеу, батпақты. Түбіне тұнба шөккен. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы тұщы, жұмсақ, мал суаруға пайдаланылады. |
Жарқамыс — Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы ауыл, Жарқамыс ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарауылкелді (Байғанин) ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 95 км-дей жерде, Жем өзенінің оң жағалауындағы боз жусан аралас әр түрлі шөптер өскен ақшыл сұр, сортаң қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1929 адам (957 ер адам және 972 әйел адам) болса, 2009 жылы 1852 адамды (983 ер адам және 869 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі Табын ауданының құрылуына байланысты 1928 жылы аудан орталығы болып қалыптасты. 1963 жылы қой шаруашылығымен айналысатын “Ақжар” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Жарқамыста шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істеді.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жарлыкөл – Нұра алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Целиноград ауданының оңтүстігінде, Жаңғызқұдық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7,5 км жерде.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 354 м биіктікте орналасқан. Аумағы 12,4 км2, ұзындығы 7,8 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 19,6 км. Су жиналатын алабы 186 км2. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары жарқабақты, батысы мен шығысы жайпақ. Көл түбіне лай тұнған. Жағалауында қамыс, құрақ өседі. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы тұщы және жұмсақ, мал суаруға пайдаланады. Көлге жыл құстары ұя салады. |
Жарқайың ауданы – Ақмола облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1955 жылы ұйымдастырылған. Орталығы — Державинск қаласы.
## Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Есіл ауданымен, батысы мен оңтүстігінде Қостанай облысының Қарасу, Науырзым, Амангелді аудандарымен және Арқалық қаласымен, шығысында Жақсы, Атбасар және Қарағанды облысының Нұра аудандарымен шектеседі.
Жарқайың ауданы дала белдемінде, Атбасар, Теңіз жазықтарының батысында орналасқан. Жер бедері ұсақ шоқылы, төбелі-белесті көлдік-аллювийлік жазық, абсолютті биіктігі 100 — 500 м.
## Тарихы
1955 жылы 22 қазанда Есіл ауданының ықшамдалуынан Баранкөл ауданы болып құрылып, құрамына Братолюбов, Ишим, Күркетал, Тауасар, Терісаққан, Үлгілі ауылдық кеңестері енді. Алғашқыда аудан орталығы «Баранкөл» кеңшарының орталығы болып, 1957 жылы Державин ауылына көшірілді. 1963 жылдың 2 қаңтарында Баранкөл ауданы Державин ауданы болып өзгертілді. Сол жылы Державин ауылына жұмысшы кенті мәртебесі беріліп, 1966 жылы қалаға айналды. 1970-1988 және 1990-1997 жылдары Державин ауданы Торғай облысының құрамына кірді. Сонымен бірге 1966-1997 жылдары ауданның оңтүстік-шығыс бөлігінде Жаңадала ауданы болды. 1997 жылы Державин ауданына қазіргі атауы берілді.
## Климаты
Климаты тым континенттік. Қысы суық, қары аз (20 см), жазы ыстық, құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –17 — 18°С, шілдеде 20 — 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 350 мм, оның басым бөлігі (50 — 60%-і) жылы маусымда жауады. Аудан жері арқылы Есіл, Тастыталды, Қарынсалды өзендерінің салалары ағып өтеді. Қар суымен толысатын ұсақ көлдер мен тоғандар көп.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Солтүстігіндегі қыратты жерлерінде карбонатты қара, оңтүстігінде қызыл қоңыр топырақ қалыптасқан. Мұндай жерлер бір-бірімен ұласып жатады. Есіл аңғарының топырағы түгелдей аллювийлік шалғындық. Қарынсалды өзенінің аңғары сортаң топырақты. Тың және тыңайған жерлерді игерген жылдары аудан жерінің басым көпшілігі жыртылған. Өсімдігі, негізінен, далалық белдемге тән: жусанды, бетегелі-селеулі және астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Шоққарағай, тобылғы, қараған, т.б. бұталар кездеседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, борсық, сарышұнақ, күзен, қосаяқ, дала тышқандары мекендейді, жазда оңтүстіктен ақ бөкен ауып келеді. Үйрек, қаз, дуадақ, т.б. далалық белдемге тән құстар кездеседі.
## Шаруашылығы, кәсіпорындары
Ауданда түрлі кәсіппен шұғылданатын 185 заңды тұлға тіркелген. Державинск қаласында “Авангард”, “Симба”, “Тұрмыс”, т.б. кәсіпорындар, “Агропромтехника” акционерлік қоғамы, нан зауыты, наубайхана, макарон, шұжық цехтары, диірмен, баспахана, Достық ауылында макарон, Львовское ауылында май, жарма өндіру, Уәлиханов ауылында диірмен, Пригородное және Фурманов ауылдарында май жасау цехтары жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығымен 24 серіктестік, 668 шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен 10 кәсіпорын шұғылданады. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 1161,4 мың га, оның ішінде егіндік 638 мың га, шабындық 15,1 мың га, жайылым 507,4 мың га (2000). Егін шаруашылығының басты салалары астық, картоп, көкөніс егу. 2001 жылдың басында ауданда 9,3 мың сиыр, 6,3 мың қой мен ешкі, 1,6 мың жылқы, 7,4 мың шошқа, 33,6 мың құс болды.
## Инфрақұрылымы
Жарқайың ауданында 24 орта, 4 бастауыш мектеп, 2 бала-бақша, ауданы аурухана, 21 акушерлік-фельдшерлік пункт, 18 клуб пен мәдениет үйі, 22 кітапхана бар (2000). 1956 жылдан “Целинное знамя” газеті шығарылады. Аудан жері арқылы Есіл — Арқалық темір және автомобиль жолдары өтеді.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 24326 адам (12246 ер адам және 12080 әйел адам) болса, 2009 жылы 15423 адамды (7510 ер адам және 7913 әйел адам) құрады.
Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 2,1 адамнан келеді.
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 23 елді мекен 11 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 5 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Дереккөздер |
Жарсор – Итемген көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ивановское ауылынан батысқа қарай 7 км жерде. Теңіз деңгейінен 236 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,8 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 14,6 км. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Солтүстігінде ұсақ көлдер, оңтүстігінде Қыздың төбесі деп аталатын төбе орналасқан. Жағалауы тегіс келген. Суы аздап кермек татиды. Мал шаруашылығына жарамды. |
Жарман – Сыпсыңағаш қолатының шығысындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысының Науырзым ауданы жерінде, Наурызым қорығы аумағында орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 56,9 км2, ұзындығы 12,8 км, ені 7 км, тереңдігі 1-1,5 м. Су жиналатын алабы (Сарымойын көлімен қоса алғанда) 1860 км2. Көктемгі қар, жауын-шашын суымен толығады. Құрғақ жылдары көл кейде құрғап қалады. Су деңгейі жоғары болған жылдары солтүстігінде жатқан Сарымойын, Жаркөл көлімен жалғасып, ауданы 100 км2-лік айдынға айналады.
## Жағалау сипаты
Жағалауы қатты тілімденген. Көптеген шығанақтары, түбектері және аралдары бар. Түбі аздап адырлы, қалыңдығы 0,1-0,4 м, лайлы тұнбамен жабылған. Жағалауы ашық, жайпақ, саздақ құмнан түзілген. Солтүстік жағасында қамыс, құрақ өскен. Көлдің жағалауы мен жайылмаларында бетеге, боз, жусан, сораң, шалғынды өсімдіктер өседі. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар тіршілік етеді. Аққу, бірқазан, қоқиқаз, қаз, үйректер мекендейді. Жағалауы шабындық және мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жарсор – Өлеңті өзенінің сол жағалауындағы тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Әжі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 14 км, Қоянды (431 м) тауының оңтүстік-шығысынан 28 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 238 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,8 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 14 км. Солтүстік-шығысы мен шығысында ұсақ тұзды көлдер орналасқан. Оңтүстік-батыс жағалауы төбелі болып келеді. Бастауын солтүстік-батысындағы бұлақтардан алатын Ұзынсу жылғасы келіп құяды. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. |
Жарсор – Тоғызақ өзенінің оң аңғарында орналасқан тұйық көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайловка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде. Теңіз деңгейінен 221 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,6 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,2 км. Батысы және солтүстік-батысы орманды алқапқа ұласады. Жағалауы тегіс, жазықты келген. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Суы тұзды. |
Жарма - дақыл тұқымдастарға жататын бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері және қарақұмық дәнінен алынатын дәндердің жалпы атауы.
Жарма ретінде бұршақ тұқымдастарлық (бұршақ, фасоль, жасымық, ірі бұршақ) дәндерін де пайдаланады.
## Тағамдық қасиеті
Жарманың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Ол балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу (крахмалдың) мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады. Жармала аз мөлшерде дәрумендер мен калий (кальций, калий, магний, фосфор, темір) тұздары болады. Жармалан ботқа, үзбе кеспе (клецки), котлет, құймақ, пудинг, биточка, запеканка т.б. тағамдар дайындайды. Жарманы шағындал супқа қосады және басқа тағамдарға пайдаланады. Сөкті, тарыны ақтал, қауызынан тазартыл алады. Тазаланған сөк арнайы өңде лген тары дәні — жоғары, бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Сөк сіңімді болады әрі тез піседі. Сөктен кебіртек және қоймалжың ботқа, фарш, запеканка т.б. тағамдар әзірлейді. Кейбір сөктің ашқылтым дәмі болады. Оны кетіру үшін тарыны қайнаған суға әбден жуады.
## Қарақұмық жармасы
Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында жеңіл сіңетін белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық майы басқа жармалардың майымен салыстырғанда сақтауға төзімді келеді. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Өңдеу тәсілдері мен дән сапасына қарай қарақұмық жармасы мына сорттарға бөлінеді: ұнтақталмаған қарақұмықтың дәнінен тұратын тұтас жарма және тез пісетін жарма. Үнтақталған қарақұмық дәні тез піседі. Сұрыпталған жарманы бірінші және екінші сортқа бөледі. Ал ұнтақ жарма сортқа бөлінбейді. Жармалан қоймалжың ботқа, запеканка, биточка әзірлейді, ал сұрыпталмаған жарманы дербес тағам түріндегі көбіртек ботқа, сонымен бірге гарнир, фарш, жарма нан ретінде пайдаланады. Өңдеу тәсілдеріне қарай күріш ақталған, ажарланған және уатылған түрге бөлінеді.
## Ақталған күріш
Ақталған күріш — арнайы машинамен өңделіп талқандалған күріш дәні. Бұлай өңделген күріштің беті бұдыр болады. Арнайы машинамен өңделген таза күріш жоғары, бірінші және екінші сортқа ажыратылады. Ақталған күріштің дәні тұтас болады. Үнтақталған күріш жармасы — ұнтақталған күрішті арнаулы машиналарда өңдегенде алынатын жанама өнім. Күрішті сұйық, қою және тәтті тағамдарға, гарнирге т. б. самса сияқты тағамдар әзірлеуге пайдаланады. Гарнир, палау, самса сияқты басқа тағамдарға және пудинг дайындау үшін ақтал ған күріш пайдаланылады, өйткені ол пісірілген кезде онша езілмейді. Үнтақталған күріштей сұйық және қоймалжың сүт ботқасын, суппюре, сонымен бірге биточка мен котлет жасау пайдалы. Күріш жақсы пісу үшін алдымен салқын суға шайқау керек. Күріштің дәні езілмеу үшін оны қайнаған тұзды суға салу керек. Арпа жармасының түктелген және түктелмеген екі түрі болады. Ақталған жармалық дәні ірі болады. Дәннің ірілігіне қарай ақталған арпа жармасы бес түрге бөлінеді. (Ұнтақ жарма сіңімді келеді, әрі тез піседі. Жарманың бұл түрінен қоймалжың ботқа, котлет, запеканка т.б. әзірленеді. Ірі жарманы супқа салып, ботқа да пісіреді. Түктелмеген арпа жармасы ұнтақ, формасы әр түрлі болады. Бұл жарманы дайындағанда түктелмейді, сондықтан онда клетчатка көп болады. Арпаңың жармасы сортқа бөлінбейді. Үнтаңталған дәнінің ірілігіне қарай оның үш нөмірі болады. Бұдан ботқа пі сіре ді.
## Сұлы жармасы
Сұлы жармасы құрамындағы белок пен май мөлшері жағынан дақыл тұқымдастар дәні-нен дайылдалатын жарма арасында бірінші орын алады. Сұлыдан: буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындайды. Сондай-ақ геркулес үлпегі мен талқан жасалады. Сұлы жармасын супқа салады, суп пюре т.б. тағам дайындауға пайдаланады. Буланып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы дайындайды. Жаншылған сұлы жармасы жеңіл сіңеді, әрі тез піседі. Геркулес үлпегін буланып, жаншылған және келтірілген жоғары сортты түктелген сұлы жармасынан алады. Ол оңай әрі тез піседі. 10 —15 минут ішінде бұдан сіңімді және дәмді ботқа дайындауға болады. Талқан — сұлы дәнін арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарыл дайындауға болады. Оның құрамында организмге пайдалы, май тәрізді органикалық зат — леңитин бар.
## Бидай жармасы
Бидайдан манный, полтава және артек жармасы дайындалады. Манный жармас ын сапалы бидайдан дайындайды. Басқа жармамен салыстырғанда манный жармасыида клетчатка мөлшері аз болады (0,4%-тен аспайды). Осы қасиетіне байланысты диеталық және балалар тағамын дайындауға пайдалы. Манный жарманы сұйық тағамға себуге болады, одан қою тағам (ботқа, құймақ, запеканка, биточка, котлет) және тәтті тағам (пудинг, суфле, мусс) дайындалады.
## Полтава жармасы
Полтава жармасын қатты бидай сортының дәнінен алады. Ол үшін дәнді қабықтан (қауыздан) тазартады. Ол ақталған арпа жармасына ұқсас болады. Ірі жарманы суп, ал ұсақ жарманы ботқа, биточка т.б. тағам дайындауға пайдаланады.
## Артек жармасы
Артек жармасын қатты бидай сортының дәнінен дайындайды. Ұнтақталған бидай дәнінен алынған артек жармасы манный жармасына ұқсас келеді. Артек жармасынан сүтке пісірген сұйық және қоймалжың ботқа, запеканка, биточка т.б. тағамдар әзірлейді.
## Жүгері жармасы
Жүгері жармасын көбіне жүгерінің ақшыл және сұрғылт түсті сортының кремнийлі, тіс тәрізді дәндерінен дайындайды. Үй аспазшылығының қажеті үшін жүгері жармасының бес түрлі нөмірі шығарылады. Бұлардан ботқа, котлет т.б. дайындалады. Сонымен бірге үлпілдек дән алуға ірі жүгері жармасы, ал қытырлақ «түтікше» пісіруге жүгерінің ұсақ жармасын пайдаланады.
## Саго
Ең алғаш саго тропикалық елдерден әкелінетін. Оны саго пальмасының дәнінен алынатын крахмалдан дайындайтын. Қазір сагоны картоп пен жүгерінің крахмалынан алады. Басқа жармаға қарағанда саго құрамында белок аз болғанымен көмірсуларға бай болады. Сагоны супқа салады, ботқа, пудинг тағамдарымен қатар самсаның ішіне салып пісіреді.
## Дереккөздер |
Жарсуат жер асты су көзі, Жайық өзенінің сол жағасындағы аңғарда, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан 130 км жерде орналасқан. Су деңгейінің қалыңдығы 1,9 – 11,4 м. Ұңғымадағы су шығымы 29 – 35 л/с. Су көзінің Жайық өзенінің беткі суларымен байланысы бар, ішуге жарамды. Су шығаратын 10 ұңғыма орнатылған.
## Дереккөздер |
Жарма - дақыл тұқымдастарға жататын бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері және қарақұмық дәнінен алынатын дәндердің жалпы атауы.
Жарма ретінде бұршақ тұқымдастарлық (бұршақ, фасоль, жасымық, ірі бұршақ) дәндерін де пайдаланады.
## Тағамдық қасиеті
Жарманың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Ол балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу (крахмалдың) мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады. Жармала аз мөлшерде дәрумендер мен калий (кальций, калий, магний, фосфор, темір) тұздары болады. Жармалан ботқа, үзбе кеспе (клецки), котлет, құймақ, пудинг, биточка, запеканка т.б. тағамдар дайындайды. Жарманы шағындал супқа қосады және басқа тағамдарға пайдаланады. Сөкті, тарыны ақтал, қауызынан тазартыл алады. Тазаланған сөк арнайы өңде лген тары дәні — жоғары, бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Сөк сіңімді болады әрі тез піседі. Сөктен кебіртек және қоймалжың ботқа, фарш, запеканка т.б. тағамдар әзірлейді. Кейбір сөктің ашқылтым дәмі болады. Оны кетіру үшін тарыны қайнаған суға әбден жуады.
## Қарақұмық жармасы
Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында жеңіл сіңетін белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық майы басқа жармалардың майымен салыстырғанда сақтауға төзімді келеді. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Өңдеу тәсілдері мен дән сапасына қарай қарақұмық жармасы мына сорттарға бөлінеді: ұнтақталмаған қарақұмықтың дәнінен тұратын тұтас жарма және тез пісетін жарма. Үнтақталған қарақұмық дәні тез піседі. Сұрыпталған жарманы бірінші және екінші сортқа бөледі. Ал ұнтақ жарма сортқа бөлінбейді. Жармалан қоймалжың ботқа, запеканка, биточка әзірлейді, ал сұрыпталмаған жарманы дербес тағам түріндегі көбіртек ботқа, сонымен бірге гарнир, фарш, жарма нан ретінде пайдаланады. Өңдеу тәсілдеріне қарай күріш ақталған, ажарланған және уатылған түрге бөлінеді.
## Ақталған күріш
Ақталған күріш — арнайы машинамен өңделіп талқандалған күріш дәні. Бұлай өңделген күріштің беті бұдыр болады. Арнайы машинамен өңделген таза күріш жоғары, бірінші және екінші сортқа ажыратылады. Ақталған күріштің дәні тұтас болады. Үнтақталған күріш жармасы — ұнтақталған күрішті арнаулы машиналарда өңдегенде алынатын жанама өнім. Күрішті сұйық, қою және тәтті тағамдарға, гарнирге т. б. самса сияқты тағамдар әзірлеуге пайдаланады. Гарнир, палау, самса сияқты басқа тағамдарға және пудинг дайындау үшін ақтал ған күріш пайдаланылады, өйткені ол пісірілген кезде онша езілмейді. Үнтақталған күріштей сұйық және қоймалжың сүт ботқасын, суппюре, сонымен бірге биточка мен котлет жасау пайдалы. Күріш жақсы пісу үшін алдымен салқын суға шайқау керек. Күріштің дәні езілмеу үшін оны қайнаған тұзды суға салу керек. Арпа жармасының түктелген және түктелмеген екі түрі болады. Ақталған жармалық дәні ірі болады. Дәннің ірілігіне қарай ақталған арпа жармасы бес түрге бөлінеді. (Ұнтақ жарма сіңімді келеді, әрі тез піседі. Жарманың бұл түрінен қоймалжың ботқа, котлет, запеканка т.б. әзірленеді. Ірі жарманы супқа салып, ботқа да пісіреді. Түктелмеген арпа жармасы ұнтақ, формасы әр түрлі болады. Бұл жарманы дайындағанда түктелмейді, сондықтан онда клетчатка көп болады. Арпаңың жармасы сортқа бөлінбейді. Үнтаңталған дәнінің ірілігіне қарай оның үш нөмірі болады. Бұдан ботқа пі сіре ді.
## Сұлы жармасы
Сұлы жармасы құрамындағы белок пен май мөлшері жағынан дақыл тұқымдастар дәні-нен дайылдалатын жарма арасында бірінші орын алады. Сұлыдан: буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындайды. Сондай-ақ геркулес үлпегі мен талқан жасалады. Сұлы жармасын супқа салады, суп пюре т.б. тағам дайындауға пайдаланады. Буланып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы дайындайды. Жаншылған сұлы жармасы жеңіл сіңеді, әрі тез піседі. Геркулес үлпегін буланып, жаншылған және келтірілген жоғары сортты түктелген сұлы жармасынан алады. Ол оңай әрі тез піседі. 10 —15 минут ішінде бұдан сіңімді және дәмді ботқа дайындауға болады. Талқан — сұлы дәнін арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарыл дайындауға болады. Оның құрамында организмге пайдалы, май тәрізді органикалық зат — леңитин бар.
## Бидай жармасы
Бидайдан манный, полтава және артек жармасы дайындалады. Манный жармас ын сапалы бидайдан дайындайды. Басқа жармамен салыстырғанда манный жармасыида клетчатка мөлшері аз болады (0,4%-тен аспайды). Осы қасиетіне байланысты диеталық және балалар тағамын дайындауға пайдалы. Манный жарманы сұйық тағамға себуге болады, одан қою тағам (ботқа, құймақ, запеканка, биточка, котлет) және тәтті тағам (пудинг, суфле, мусс) дайындалады.
## Полтава жармасы
Полтава жармасын қатты бидай сортының дәнінен алады. Ол үшін дәнді қабықтан (қауыздан) тазартады. Ол ақталған арпа жармасына ұқсас болады. Ірі жарманы суп, ал ұсақ жарманы ботқа, биточка т.б. тағам дайындауға пайдаланады.
## Артек жармасы
Артек жармасын қатты бидай сортының дәнінен дайындайды. Ұнтақталған бидай дәнінен алынған артек жармасы манный жармасына ұқсас келеді. Артек жармасынан сүтке пісірген сұйық және қоймалжың ботқа, запеканка, биточка т.б. тағамдар әзірлейді.
## Жүгері жармасы
Жүгері жармасын көбіне жүгерінің ақшыл және сұрғылт түсті сортының кремнийлі, тіс тәрізді дәндерінен дайындайды. Үй аспазшылығының қажеті үшін жүгері жармасының бес түрлі нөмірі шығарылады. Бұлардан ботқа, котлет т.б. дайындалады. Сонымен бірге үлпілдек дән алуға ірі жүгері жармасы, ал қытырлақ «түтікше» пісіруге жүгерінің ұсақ жармасын пайдаланады.
## Саго
Ең алғаш саго тропикалық елдерден әкелінетін. Оны саго пальмасының дәнінен алынатын крахмалдан дайындайтын. Қазір сагоны картоп пен жүгерінің крахмалынан алады. Басқа жармаға қарағанда саго құрамында белок аз болғанымен көмірсуларға бай болады. Сагоны супқа салады, ботқа, пудинг тағамдарымен қатар самсаның ішіне салып пісіреді.
## Дереккөздер |
Жартас бөгені — Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде. Сумен қамтамасыз ету және суғару мақсатында Шерубайнұра өзенінде 1935 жылы салынған су айдыны.
## Гидрологиялық сипаты
Аумағы 5 км², ұзындығы 3 км, ені 2,5 км, тереңдігі 6 м. Жағалау жиегінің ұзындығы 11,7 км, бөген суының көлемі 10,5 млн. м³. Жоғарғы бөлігі таспен, төменгі бөлігі шөппен бекітілген. Бөген бойында 3 су ағызушы гидротехникалық нысандар салынған. Жартас бөгені Шерубайнұра бөгенінен жіберілген су есебінен толығады. 1981 жылдан Ертіс-Қарағанды каналынан жүргізілген су тартқыш жұмыс істейді. Суы қарашада қатып, сәуір айында ериді. Суы тұщы, сәл сілтілі, гидрокарбонатты-сульфатты класқа, натрийлі топқа жатады. Суында мөңке, табан, көксерке, алабұға, тасбас, шортан тіршілік етеді. Жылына 10 – 20 ц балық ауланады. Бөген жағасында «Жартас» санаторийі орналасқан.
## Дереккөздер |
Жарсуат – Қорғалжын көлінің оңтүстігінде жатқан тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы аумағында орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 13,3 км 2, ұзындығы 4,9 км, енді жері 2,1 км. Жарсуаттың солтүстік жағалауы тік жарлы (биіктігі 1,5 – 1,8 м), жайпақ, батпақты келген. Көктемде суы көтеріліп Қорғалжын көлімен жалғасып кетеді. Көл табаны тегіс. Суы кермек татиды, мал суаруға жарамды. Мөңке, шабақ, қарабалық, сазан, алабұға балықтары бар.
## Дереккөздер |
Жартас құм кен орны - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында орналасқан. 1982 жылы ашылған. Нұра өзенінің 2-жайылмалық террасасымен ұштасып жатыр.
## Геологиялық құрылымы, сипаты
Жартас құм кені қимасының төменгі бөлігі аллювийлі құмды-қиыршықтасты шөгіндісінен, аллювийлі ұсақ түйірлі кварц құмынан түзілген. Жоғарғы өнімді қабаттың орташа қалыңдығы 3 м. Құрамы жағынан құм кварцты дала шпаты болып келеді, жұмырланған кварц түйірлерінің мөлшері 50-70%-ға, дала шпаттары түйірлері 30-50%-ға жетеді. Табиғи күйінде сылау-қалау ерітінділерін дайындауға болады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.