text
stringlengths
3
252k
Шолақшалқар – Нұра өзеннің алабындағы ағынды көл. ## Географиялық орны Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Ауданы 58,1 км 2. Қорғалжын ойысының арналық қазаншұңқырында. Аңғары жазық, түйетайлы, батпақты, жағасы тік, кемерленген, жарлауытты. Көлді Нұра өзені жарып ағады. Жауын-шашын суымен толығады. Суы мол жылдары көл шарасынан асып жайылып, маңайындағы көлдерге ұласады. Суы тұщы. Балыққа бай, мөңке, шортан, шабақ, аққайран, сазан мекендейді. ## Дереккөздер
Шолаққорған — ауыл, Түркістан облысы Созақ ауданының (1934 жылдан) және Шолаққорған ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Қаратаудың солтүстік беткейінде, далалы, шөлді мекенде орналасқан. Ауыл арқылы Шымкент-Кентау, Түркістан-Жаңатас автомобиль жолы өтеді. ## Халқы ## Тарихы Шолаққорған — ортағасырлық қалашық. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген. Қала қирандысы төрт бұрышты биіктігі 15 м-ге жуық, шығыстан батысқа қарай 160 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 м-ге созылған үсті тегіс төбе. Сырты саз дуалмен қоршалған. Тіршілік еткен мерзімі үстінен жиналған қыш ыдыстардың сынықтарына қарап қаланың XIII–XVI ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. Өкінішке орай Қаратаудың терістігімен өтетін Керуен жолының мықты бекінісі болған қаланың үстіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен. 1957 жылдан қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. Аудан орталығы 1934 жылы Созақтан Шолаққорғанға көшірілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Бейресми сайты(қолжетпейтін сілтеме) * Ауа райы rp5.kz сайтында * Суреттері foto-planeta.com сайтында
«Шәкір-Шәкірат» – батырлық дастан. Ол қазақ арасына кең тараған қиял-ғажайып ертегілер мен «Мың бір түннен» алынып, жеке қиссаға айналдырылған. Дастанда ағайынды Шәкір мен Шәкірат атты екі жетім баланың көптеген қиындықтарды бастан кешсе де, адамгершілік, парасаттылық жолдан таймай, бір-біріне көрсеткен адалдығы мен қайырымдылығы, халық алдындағы беделі жан-жақты баян етіледі. Қазақ халқының талай ұрпағы жаттап өскен дастан алғаш рет 1840 жылы Қазан қаласында «Қисса-и Шәкір-Шәкірат падиша һашим балалары» деген атпен жеке кітап болып басылды. Кейін де осы атпен сол қалада 1872, 1899 жылы және Ш.Хұсайынов баспасынан бірнеше рет (1880, 1883, 1888, 1890, 1894, 1901, 1909, 1912, 1916) жарық көрді. 1894 жылғы шыққан басылымы 10 мың дана таралыммен жарық көргені жайлы мәлімет хақас ғалымы Н.Ф.Катановтың сол жылғы «Деятель» журналында (10-нөмір) жарияланған мақаласында берілген. Жыр ел арасына ауызша кең тараған. Қолжазба нұсқалары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Ташкент, Алматы, Семей қалаларының архивтері мен мұражайлары және кітапханалар қорында сақталған. Дастанның кітаптық басылымдар негізінде қарағандылық халық ақыны Тәужи Айнатасов жырлаған «Шәкір-Шәкірат» және Нұрғазы Омаровтың жырлауынан жазып алған «Шәкір-Шәкірат қиссасы» атты нұсқалары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының қорында сақтаулы. ## Дереккөздер:
Шоланов Ғабдолла (1907, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 22.2.1966, Алматы) – экономист-ғалым, экономика ғылымының докторы (1956), профессор (1960), Қазақ КСР-і ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962). Гурьев кеңес-партия мектебін (1926) бітірген. 1928 – 1931 жылдары Омбы жұмысшы факультетінде, 1933 – 1937 жылдары Новосібірдегі Марксизм-ленинизм институтында оқыған. 1926 – 1928 жылдары Гурьев облысында Қызылқоға болыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1931 – 1933 жылдары Омбы қазақ педтехникумының оқытушысы, директоры. 1937 – 1939 жылдары Қазақстан К(б)П Балқаш қалалық, Қарағанды облысы комитетінің 2-хатшысы. 1939 – 1942 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1942 – 1945) Қазақ КСР-і Халком кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан КП ОК-нің кадрлар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1945 – 1948), “Коммунист” журналының бас редакторы (1946 – 1950) болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1941 – 1946) және Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (1938 – 1947) депутаты болып сайланды. 1938 – 1947 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1948 жылы Қазақстан КП ОК-нің шешімімен Қазақ КСР-і ғылым академиясына жіберіліп, экономика секторын басқарды. Бұл сектордың экономика институты болып құрылуына (1952) күш салған ол өмірінің соңына дейін осы институттың директоры қызметін атқарды. Шоланов 60-тан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде бірнеше монография кітаптың авторы. Ол Қазақстанның 1917 жылдан 1945 жылға дейінгі экономикалық тарихы бойынша материалдарды алғаш рет жүйелеп, қорытындылаған 3 томдық “Қазақ КСР-і халық шаруашылығы тарихы” очерктерін (орыс тілінде) әзірлеуге белсене ат салысты. Көптеген ғылым кандидатын дайындаған ол КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрінің жоғары аттестациялық комиссиясының мүшесі болды. Шоланов Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Шығармашылығы * Экономическое развитие Казахстана за 30 лет, А.-А., 1951; * Промышленность Казахстана за годы Советской власти, А.-А., 1952; * Промышленность Казахстана с середины 19 века до Великой Отечественной войны Советского Союза, М., 1955. ## Дереккөздер:
Шормақ 1, 2, 3 – көне қорғандар, обалар. Алматы облысы Қоңыр ауылынан 8 км жердегі Шормақ ойпатында орналасқан. 1956 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Шормақ 1 – 81 тас обадан тұрады. Обалар бірнеше тізбектерден құралған. Аумағы 4 м-ден 22 м-ге дейін, биікт. 0,12 м-ден 1,55 м-ге дейін. Қайтыс болған адамдарды тас табыттың ішіне шалқасынан жатқызып, басын құбылаға қаратып жерлеген. Кейде қабір іргелері ағаш кесінділерімен бекітілген. Қазбадан табылған қыш ыдыстар, темір пышақтар, түйреуіштер, қола біздер бойынша бұл обалар біздің заманымыздан бұрын 3 – 1 ғасырларға жатады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл зираттар ежелгі үйсін тайпаларынан қалған ескерткіш. Шормақ 2 – 103 тас обадан тұрады. Обалардың өзара орналасуы, өлшемдері Шормақ 1-ге ұқсайды. Зерттелген 6 обаның барлығы тоналған. Алайда жерлеу жобаларының ұқсастығына сай Шормақ 2-ні де біздің заманымыздан бұрын 3 – 1 ғаысрларға жатқызуға болады. Шормақ 3 – обасының не бары үшеуі зерттелген. Олардың аумағы 6 – 8 м де, биіктігі 0,25 – 0,5 м. Шормақ 3 біздің заманымыз 4 – 5 ғасырларына жатады. ## Дереккөздер
Шолпы – қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. ## Шолпы тағу мәні мен сипаты Шолпыны о баста әйелдер қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау мақсатында шолпы, шашбау таққан. Кейде олардың салмағы 3 кг-ға жеткен. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі. ## Түрлері мен атаулары Дәстүрлі қазақ қоғамында шолпының – көзді шолпы (асыл тас қондырылған), қозалы шолпы, қоңыраулы шолпы, шынжырлы шолпы, қос үзбелі шолпы, маржанды шолпы, меруертті шолпы, ақықты шолпы, т.с.с. түрлері мен атаулары кездеседі. * Қозалы шолпы - күміс қозалармен әшекейлеп жасаған шолпы. Қозалы шолпылар да негізінен алақан төңірегіне үзбеленген ромб, тұмарша домалақ қозалардан құралып, көптеген салпыншақтардан тұрады. * Қоңыраулы шолпы – қозғалған сайын сыңғырлап нәзік дыбыс шығаратын бірнеше қоңырауы бар шашқа тағатын шолпының түрі. Қоңыраулы шолпылар көбіне біріне-бірі тізбектелген әртүрлі пішіндегі, сырты өрнектелген іші қуыс құтышалардан құралады да, оның ішінде сылдырмақтары, төменгі жағына қарай қоңыраулары болады. Сондай-ақ, кейбірінің бұрыш-бұрыштарында меруерт, күміс теңге, моншақ сияқтылармен үзбеленеді. Бұлардың барлығы бей-берекет орналастырылмай барлығы үйлесімді ретпен орнатылады және бір-біріне тиіп сыңғырлаған дыбыс шығарады. Ерте кездерде бұндай шолпылар қыздардың жүріс-тұрысынан да «хабар» берген. Халық өлеңінде сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосады деуі осыны аңғартады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993; * Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995; * ҚӘТС. Алматы: Арыс, 2009; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Шиелі ауданы – Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 34,3 мың км². Орталығы – Шиелі кенті. ## Географиялық орны Аудан батысында Сырдария ауданы және Қызылорда қаласымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, оңтүстік-шығысында Жаңақорған ауданымен, шығысында Түркістан облысының Созақ ауданымен шектеседі. ## Тарихы Шиелі ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3239755 га. Шиелі ауданы - ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені "Таңбалы тас" тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты « Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке – Қызылқұм. XX ғасыр әлемдік дамуда небір ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды. ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге халық санасының оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты Сыр жігерлерін (сексеуіл) жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш «Таштоп», кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды. 1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады. Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаевшылар қозғалысына ұласты. Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді. 2000 жылғы Сыр бойындағы он ғасыр адамдарының бесеуі Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев, Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек. Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен тұрады. Аудандағы 40 елді – мекенде барлығы 77121 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 30459 адам, ауылдық елді – мекендерде 46662 адам тұрады. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін 95,7 пайызын қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,4 пайызын корей ұлтының өкілдері құраса, қалған 1,0 пайызын басқа ұлт өкілдері құрайды. Аудан бойынша 47 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл аумағына орналасқан. Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, «Жеңіс» мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері мен 19 ауылдық клубтар, 5 халықтық ұжымдар, 2 мәдени қызмет көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 2 музей мәдени қызмет етуде. Ауданда 40 мектеп (оның 32 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 19 – ы типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған. 20 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі және оқушылар үйі) бар. Ауданда 23 СТК – дан бөлек 4 саяси партия өкілдіктері, 15 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйымдары, 6 діни, 2 жастар қоғамдық бірлестіктері бар. ## Әлеуметтік-экономикалық паспорты 2011 жыл 1 шілдеге АУДАННЫҢ АУМАҒЫ 3239755 га Елді мекендердің аумағы Шиелі кенті 3687Ауылдық округтерАқмая 12965 Ақтоған 105328 Алмалы 2965 Бәйгеқұм 3382 Бестам 4875Гигант 21592Жанатурмыс 19479 Еңбекші 498609Жиделіарық 2753Жөлек 70805 Жуантөбе 6614Иіркөл 19652Керделі 7095 Қарғалы 418902Майлытоғай 92658Сұлутөбе 608075Қоғалы 415176Талаптан 416641Тартоғай 338832Телікөл 84726Төңкеріс 15972 Ортақшыл 68972 Аудан жерлерінің санаты:• ауылшаруашылық жерлер - 192540 га• елді мекендер жері - 61646 га• өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа жерлер- 4376 га• орман қорының жері - 1663265 га• су қорының жері - 18545 га• бос жерлер - 1486543 га ## Халқы Тұрғындар саны – 82 399 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,70%, орыстар – 2,05%, корейлер – 0,84%, басқа ұлт өкілдері – 0,42%. ## Әкімшілік бөлінісі 38 елді мекен 22 ауылдық округ пен 1 кенттік әкімдікке біріктірілген: ## Аудан басшылары * 1928 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шушанян Говор Агенесович * 1929 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы – Федосов * 1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Коморов Ефим * 1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Кенжеғараев Әбен * 1941-1945 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Жүгрәлин Ғиззат * 1945-1948 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Иманқұлов Иса * 1948-1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Қаракөзов Көмекбай (керейіт) * 1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Нұржанов Алпысбай * 1952-1954 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әлжанов Әмзе * 1954-1957 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Оспанов Сейдолла * 1957-1962 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбдікәрімов Исатай * 1962-1964 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Сопбеков Байбол * 1964-1970 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Мұхамеджанов Ғафур * 1970-1983 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Бәйімбетов Орынбасар * 1983-1987 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шаухаманов Сейілбек * 1987-1989 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбенов Абдолла * 1989-1992 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Ахметжанов Машарап * 1992-1994 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ердешбаев Жолдасбек * 1994-1995 жылы Шиелі ауданының әкімі - Әбибуллаев Ибрагим * 1995-2000 жылы Шиелі ауданының әкімі - Тұрабаев Жарылқасын * 2000-2001 жылы Шиелі ауданының әкімі - Жүсіп Серік * 2001-2008 жылы Шиелі ауданының әкімі - Мұстафаев Ерлан Төлегенұлы * 2008-2013 жылы Шиелі ауданының әкімі - Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы * 2013 - 2014 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы * 2014 жылдың мамыр айынан бастап Шиелі ауданының әкімі - Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы ## Бюджет 2011 жылға арналған аудандық бюджет кірісі 5 млрд. 891 млн. 80 мың теңгеге нақтыланып, 2010 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өсті. Аудандық бюджетке 9 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аудандық бюджет өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 307 млн. 31 мың теңгенің орнына 1 млрд. 347 млн. 520 мың теңге болып 103,1 пайызға жеткен. Бюджет шығысы 5 млрд. 872 млн. 278 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға (болжам 5 млрд. 896 млн 285 мың теңге) орындалды. ## Инвестиция Облыс бойынша 2011 жылы 221 млрд. 640 млн теңге инвестициялық қаржы тартылып 85,3 пайызды ғана құраса, жалпы көлемнен аудан үлесі 4.8 пайызды құрап, 124,9 пайызға өскен. Қаржы көлемін тарту көрсеткіші жағынан Қызылорда қаласынан кейінгі деңгейде орын алған. Негізгі қорға салынған инвестиция көлемінде жергілікті бюджет қаржысы 5,4 пайыз, республикалық бюджет қаржысы 11,6 пайыз, кәсіпорындардың салған меншікті қаражаттары 82,9 пайызды құрады. ## Өнеркәсіп саласы 2011 жылы облыс көлемінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі – 100.0 пайызды құраса, есепті кезеңде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 16 млрд. 167 млн теңгенің өнімін өндіріп, 100.0 пайызға орындалған яғни, облыстың орташа көрсеткішімен бір деңгейде болып отыр. Оның ішінде: тау-кен өндірісінде облыс бойынша 99,9 пайызды құраса, ауданда 10 млрд. 436 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 106,4 пайызға өскен. ## Ауыл шаруашылығы саласы Ауданның ауылшаруашылығы 2011 жылы барлық көрсеткіштер бойынша облыс көлемінде І орын алып жылды қорытындылады. Жыл бойында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұқсату, өңдеу көрсеткіштерінен облыс рейтингісі бойынша аудан І орынмен қорытындылады. 2011 жылы ауданда 7 млрд. 731 млн. 678 мың теңгенің жалпы ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген. 2010 жылмен салыстырғанда өсім 120,6 пайызды құрап, 1 млрд. 318 млн. 891 мың теңгенің өнімі артық өндірілген. Ауданда өндірілген күріш көлемі есепті кезеңмен салыстырғанда 106,7 пайыз, өңдеу көрсеткіші 100,5 пайыз болып отыр. Ауданда егін шаруашылығы бойынша 2011 жылы 23967 гектар жерге түрлі ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 8400 гектар күріш, 1650 гектар бидай, 233 гектар тары, 160 гектар дәндік жүгері, 249 гектар мақсары, 56 гектар күнбағыс, 1624 гектар картоп, 1857 гектар бақша, 1180 гектар көкөніс егілсе, 2650 гектарға жаңа жоңышқа, 5736 гектарға ескі жоңышқа дақылдары орналасты. Жалпы егіс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 128 гектарға артық егілді. Оның ішінде күріш дақылының көлемі 64 гектарға артты. Аудан дихандары 2011 жылы 8400 гектар күріш дақылының әр гектарынан 45,0 центнерден орта өнім жинап 37800 тонна, картоп дақылының әр гектарынан 205,0 центнерден 33292 тонна, көкөністің әр гектарынан 175,0 центнерден 20060 тонна, бақшаның әр гектарынан 200,0 центнерден 37140 тонна өнім алды. Мал шаруашылығы Аудандық статистика бөлімінің ұсынып отырған №24 үлгідегі мал шаруашылығының есебі бойынша 2011 жыл аяғындағы есеп бойынша ірі қара 38559, қой-ешкі 110984, түйе-931, жылқы 7026, құс 42628 басты құрады. Ауданда орта есепппен әр 100 аналықтан 72 бұзау, 110 қозы-лақ, 75 бас құлын, 47 бас бота алынса, (тірілей салмақта) 4613,4 тонна ет, 17260,0 тонна сүт, 2 млн 605 мың дана жұмыртқа өндірілген. “Сыбаға” бағдарламасы бойынша ет бағытындағы ірі қара малын 2 шаруашылық (Нәлібаев ш.қ., Асан ш.қ.) 41 бас мал алса, Байсын ш,қ, 180 басқа құжаттарын өткізген. 2012 жылдың қаңтарына асыл тұқымды мал басы МІҚ 483 бас оның ішінде аналығы 177 бас, қой 8153 бас аналығы 5768 бас, түйе 264 бас аналығы 130 бас құрайды. Ауданда 8 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысса, оның ішінде 5 қой, 2 ірі қара, 2 түйе шаруашылығы. 5 шаруашылық үкіметтен арнайы статус алған. Жыл басынан ауданда ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен сарып (бруцеллез) малдарды санитарлық союға 1308,4 мың теңге, ауру уақ малдарды санитарлық жоюға 584,0 мың теңге, эхинококкоз, құтыру, лишмониоз ауруының алдын алу үшін бұралқы ит, мысықтарды жоюға 777,8 мың теңге, Конго–қырым қанды безгегі ауруын болдырмауға (дезинфекция) 1 млн 995 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. ## Шағын кәсіпкерлік саласы 2011 жылы ауданда шағын кәсіпкерліктің 2746 субъектісі тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға өссе, (оның ішінде заңды тұлға - 181, жеке тұлға 2121, шаруақожалықтар 444) шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 5375 адамды құрап, 7,7 пайызға артты. Жыл басынан бюджетке 217 млн. 461 мың теңге түсім түскен. Кәсіпкерлікті дамытуға несие қаржы беруші банктер мен шағын несие ұйымдар тарапынан 2010 жылы 3178 субъектіге 993 млн. 400 мың теңге берілсе, 2011 жылы 4673 субъектіге 1 млрд. 564 млн. 100 мың теңге беріліп, несие қаржы көлемі 157 пайызға өскен. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына Шиелі ауданынан жалпы құны 1 млрд. 704 млн теңгені құрайтын 6 жоба ұсынылып, өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. Оның ішінде, «Алтын бала - 08» ЖШС-нің қамыс жаңқасынан тақта шығару зауыты, «MKS-Company» ЖШС-нің химиялық заттарды сақтау қоймасы, жеке кәсіпкер С.Ермахановтың шұбатты қайта өңдеу цехы, жеке кәсіпкер П.Маханбеттің мал сою пункті, «Шиелі-Авангард» ЖШС-нің сүтті қайта өңдеу зауыты және жеке кәсіпкер Е. Қожахметовтің макарон өнімдерін өндіру цехы. Жоғарыда аталған индустриялдық-инновациялық бағдарламаны одан әрі жалғастыру мақсатында 2012 жылға ауданнан жалпы сомасы 800 млн теңгені құрайтын «Балауса» ЖШС-нің ванадий өнімін жаңа технология бойынша өндіру жобасы индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылды. Жалпы сомасы 580 млн теңгені құрайтын «Шиелі тас – Оңтүстік» ЖШС-нің әк шығару зауыты «Қызылорда-Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы индустрияландыру картасына енгізілді. ## Әлеуметтік сала Аудандағы 2011 жылғы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 1 айдағы орташа шамасы жан басына шаққанда 15090 теңгені құрап, облыстық орташа деңгейден теңгеден төмен болуы аудандағы негізгі азық-түлік, тұтыну тауарларының бағаларының тұрақтылығының дәлелі. 2.Орташа атаулы айлық жалақы: Ауданда 2011 жылы бір жұмыскерге шаққандағы орташа атаулы айлық жалақы 84594 теңгеге жетіп, жалақы деңгейі Қызылорда қаласындағы орташа деңгейден ғана төмен болып отыр. 3. Жұмыспен қамту: Ауданда жалпы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,9 пайызды құраса, 2011 жылы 5,8 пайызға түскен, Жұмыссыз мәртебесін алған азаматтардың экономикалық белсенді халыққа қатысы, яғни, ресми жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 0,5 пайыздан 2011 жылғы 0,3 пайызға кеміп біршама төмендеген. 2011 жылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 2774 азаматтан тұрақты жұмысқа 2105 азамат орналастырылды. Кент және ауыл әкімдерімен 369 келісім-шарт жасалып, 906 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 25 млн. 697 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам тартылып, 562 мың теңге қаржы жұмсалды. 4. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы: Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру және жастар тәжірибесін өткізуге республикалық бюджеттен 16 млн. 120 мың теңге бөлінді. 92 мекемемен келісім-шарт жасалынып, 74 азамат жастар тәжірибесіне жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 241 азамат тартылды. 5. Әлеуметтік төлемдер: Аудан бойынша тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсету мақсатында 1022 отбасына 16 млн. 236 мың теңге тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақыға 9372 балаға 124 млн. 968 мың теңге төленсе, атаулы әлеуметтік көмекке 269 отбасына 12 млн. 755 мың теңге, үйден оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек 117 балаға 5 млн. 134 мың теңге төленді. 6. Ардагерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау: Аудан көлемінде 2215 мүгедек азаматтар есепте тұрса, оның ішінде бірінші және екінші топтағы мүгедектер 1117, үшінші топтағы мүгедектер 763, ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны 335. Жыл басынан 77 бірінші топтағы мүгедекке 68 жеке көмекші қызметіне 7 млн. 904 мың теңге, 20 мүгедекке 3 ымдау тілі маманы қызмет жасап, оларға 1 млн. 66 мың теңге қаржы жұмсалды. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 8 млн. 205 мың теңгеге гигиеналық құралдар алынып, 259 мүгедекке таратылды. 2011 жылдың басынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет үшін 23 ардагерге, бөгде біреудің көмегін қажет ететін 80 жастан асқан жалғызбасты 12 зейнеткерге, «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған және Қазақстан Республикасының құрметті атағына ие болған 6 азаматқа, Ауған соғысы мен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар мен мүгедектеріне және Семей полигонына тікелей қатысушыларына коммуналдық төлемге барлығы 137 азаматқа, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек етіп «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған 47 ардагерге коммуналдық төлемге, барлығы 10 млн. 409 мың теңге аудандық бюджеттен, қаржы төленді. ҰОС-ның ардагерлеріне, тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен ардагерлерге және тылда еңбек етіп «Ерен еңбегі үшін» марапатталған ардагерлерге Жеңістің 66 жылдық мерекесіне орай бір жолғы материалдық көмекке облыстық бюджеттен 982 адамға 28 млн. 776 мың теңге қаржы төленді. ## Білім саласы Ауданда 40 мектеп, 29 мектепке дейінгі, 2 мектептен тыс мекеме және кешкі жалпы білім беретін мектеп, 1 «Сыр Ұланы» жазғы демалыс лагері жұмыс жасайды. Білім мекемелерінде барлығы 2625 мұғалім, жаңа оқу жылында 15621 оқушы, мектепке дейінгі мекемелерде 3 980 бала білім алып, тәрбиеленуде. 2011 жылы 37 млн. 108 мың теңгеге 7 мектеп биология, лингофонды және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды. Бүгінгі күні 34 мектепте мультимедиялық кабинет, 37 мектепте интерактивті тақталар, 1210 компьютер бар. 40 мектеп интернет желісіне қосылып, барлығында Web-сайдтар ашылған оған бөлінген қаржылар толық игерілді. Аудандық бюджеттен жалпыға міндетті оқу қорына 75 млн. 254 мың теңге, оқулықтар алуға 14 млн. 980 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Ауданда «Балапан» бағдарламасын іске асыру бағытында, 4 жеке (Шиелі кентінен «Абылай», «Жадыра» Жаңатұрмыс ауылынан «Шұғыла», Ақмая ауылынан «Жадыра»), балалар бақшасы мектептер жанынан 4 шағын орталықтар (№48, №244 Шиелі кентінен, №153 Тартоғай, №206 мектеп Жиделіарықі ауылдарындағы мектептерде) ашылды. Қазіргі таңда ауданда 29 (16-і мемлекеттік, 1-уі ведомоствалық, 12-і жеке) бала бақша, 8 шағын орталықта 3 980 бала қабылданып, мектепке дейінгі мекемемен қамту 66,0 пайызды құрады. Аудан бойынша 32 орта, 3 негізгі мектеп медициналық кабинеттермен қамтамасыз етілген. 2011 жылы 15 621 оқушы 100 пайыз толық медициналық бақылаудан өтті. Білім беру мекемелерін жай жөндеу жұмыстарына 16 млн. 896 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Бұрынғы «Жеңіс» кинотеатры «Оқушылар үйі» теңгеріміне беріліп жергілікті бюджеттен ғимаратты қайта жаңғырту, күрделі жөндеу және бу қазандығы ғимаратын салу жұмыстарына - 93 млн. 378 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. ## Денсаулық сақтау саласы Шиелі ауданының халық саны - 77145 (77056). 18 дейінгі балалар саны - 24813 (24498),1 жасқа дейінгі балалар саны - 1847, әйелдер - 37821(36135), туу жасындағы әйелдер - 17579(17251). Күндізгі стационарлық жұмыс туралы Барлық төсек саны - 80, «Шапағат» ауылдық емханасы-16 , «Болашақта» ауылдық емханасы - 24, Көкшоқы емхана-3, АА Бәйгеқұмда-12, АА Тартоғай-7, ДА қарғалы-4, ДА Ақмая-3, ДА Сұлутөбе-10, ДА Балаби -3. Барлық шыққан аурулар саны -1440, Орташа төсек күні -7,8. Амбулаторлық көмек Амбулаторлық көмек көрсетіп жүрген дәрігер саны - 84, оның ішінде дәрежелісі - 29-34,5%. 10 мың халық санына шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші-10,3. Емханаларға барлық көрінген науқас саны-200407. Алдын алу тексерістен өткені - 115607Ауруына байланысты көру- 84800Үйіне барып көрілгендер – барлығы - 28875, Активпен барып көру – 14373Емханаларда қабылдау кезінде бір сағаттық көрсеткіш -5,3 (5,2), үйге барып көрудің 1 сағаттық салмағы -2,2 (2,0). Барлық тіркелген науқас –35584.Алғашқы тіркелген науқастар- 21235, Аудандық емхана, Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары және аудандық емдеу алдын алу мекемелерінің СӨСҚ мамандары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында санитарлық-ағарту мен үгіт насихат жұмыстарын барлық емдеу алдын алу мекемелерінде жүргізуде. ## Мәдениет Аудан халқына 27 мәдениет үйлері мен клубтары, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 2 музей, 2 мәдени қызмет көрсету кешені, 5 халықтық ұжым барлығы 68 мәдениет мекемелері халыққа қызмет көрсетеді. Аудандағы мәдениет мекемелерінің 2010 жылғы жалпы бюджеті 147 387,0 мың теңгені құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 192 745,0 мың теңгеге жетті. 2011 жылы облыстық бюджеттен 7 млн 547 мың теңге қаралып, 4 млн 717 мың теңгесіне 25 орындық автобус көлігі, 2 млн. 800 мың теңгесіне көркемөнепаздардың ұлттық киімдері алынды. Аудандық мәдениет үйінің ақылы қызметтен тапқан 2 млн 400 мың теңгеге аудандық мәдениет үйі, Н.Бекежанов, Ы.Жақаев, Бидайкөл, Сұлутөбе, Жөлек ауылдық мәдениет үйлері мен Алғабас, Ә.Тәжібаев ауылдық клубтарына барлығы 8 музыкалық дыбыс күшейткіш аппаратуралары алынды. Аудан өнерпаздары 4 республикалық, 3 аймақтық, 20 облыстық, 12 аудандық байқауларға қатысып, нәтижесінде 8 – бас жүлде, 15 - І орын, 11 – ІІ орын, 18 - ІІІ орынды иеленді. Өткен жылы Шиелі ауданында 2 республикалық, 5 облыстық, 12 аудандық байқаулар өткізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Алтын күз-2011» мерекесімен бірге екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 120 жылдығы республикалық деңгейде атап өтілді. Мерейтой аясында республикалық ақындар айтысы, дәстүрлі ән фестивалі өткізілді. Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи мұражайын кент орталығынан соғуға облыс бюджеттен 70 млн. 700 мың теңге қаржы қаралып, 2012 жылға 26 млн теңге бөлініп отыр. ## Спорт Қазіргі таңда ауданда 1500 орындық 1 стадион, 150 орындық 1 стадион, 1 спорт кешені, 31 спорт зал, 207 спорт ойындарының алаңдары және 21 спорт залға бейімделген залдар, 1 теннис корты, 1 боулинг орталығы жұмыс жасайды. Онда 15700 спортшы спорттың 20 түрімен шұғылданады. 240 дене шынықтыру мамандары жұмыс жасайды. Аудандағы 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1002 спортшы жас өспірімдер спорттың 11 түрінен футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, дзю-до, еркін күрес, грек-рим күрестеріне, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, таеквандо, бокс секцияларына қатысады. 2011 жылы 243 аудандық жарыс өткізілді, 26 облыстық, 13 Республикалық және 4 Халықаралық жарыстарға қатысып, аудан спортшылары 3 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 8 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат және 9 І-ші разрядты спортшылар дайындалды. Әр түрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және облыстық жарыстарға қатысу үшін қаралған 4708,0 мың теңге, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге қаралған 1070,0 мың теңге толық игерілді. 2011 жылы ауыр атлетикадан Андрей Құдайбергенов пен Әсел Аманкелді Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпиондары атанды. Тоғызқұмалақтан №157 мектеп оқушысы Айнұр Есенова және таеквондодан №50 мектеп оқушысы Ақниет Садықова ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды. 2011 жылы «КазАтомПром» ұлттық компаниясының демеушілігімен «Көкшоқы» елді мекенінде жалпы құны 106 млн теңге тұратын орталық стадион пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жеке азаматтардың демеушілігімен ауылдарда балалар спорт алаңдарын салу дәстүрі жалғасын тауып келеді. 2011 жылдың мамыр айында Ақтоған ауылының тумасы «Жезкиік және К» ЖШС директоры Махантаев Шәймерден 40 млн теңгеден астам қаржыға ауылдағы №155 мектеп ауласынан балаларға арналған спорт алаңын салып, пайдалануға берілді. Спорттық алаңда футбол, волейбол, арнайы жүгіретін жолдар қарастырылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * www.shieli.gov.kz Мұрағатталған 6 мамырдың 2020 жылы.
Шолтыров Махмұт Измайұлы (5.8.1885, бұрынғы Ішкі Орда, Примор округі, ғ3 старшындығы – 5.6.1965, Алматы) – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Қазан университетінің медициналық факультетін бітіргеннен (1911) кейін Гурьев облысы Бөкей губерниясында учаскелік дәрігер, ауылдық жерлерде 40 жылдан астам дәрігер болды. И.И. Мечников, Н.Клодницкий, С.Никаноров, Д.Заболотный, Н.Жуков-Вережников, Н.Гайский, т.б. ғалымдармен бірге Каспий өңірінде оба індетіне қарсы күрес жұмыстарына қатысты. Қазан төңкерісінен кейін Қызыл армия қатарында армия лазареті дәрігері болды. Волга – Каспий ревкомы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1920), Теңіз ауданында дәрігерлік телімнің дәрігері (1920 – 28), Батыс Қазақстан облысы Теңіз ауданы жылжымалы медикалық пунктінің меңгерушісі (1928 – 30), сол ауданда денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1930 – 34), Ганюшкинодағы обаға қарсы стансада бөлім меңгерушісі (1934 – 46), Жамбыл облысы Шу ауданындағы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі және аудандық аурухананың бас дәрігері (1946 – 57) болып қызмет атқарған. Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Шонжы (рус. Чунджа, уйг. Чонҗа‎) — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, аудан және Шонжы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Қонаев қаласынан шығысқа қарай 265 км-дей жерде, Қарадала алқабының солтүстік бөлігінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1868 жылы Чунджи аумағына Түркістан өлкесін дамыту жөніндегі арнайы комиссия келген. Оның құрамында генерал-майор, этнограф, Жетісу облысының әкімдерінің бірі Фридерикс Н.Е. болған. Ол бұл жерде бау-бақша мен саз балшықтан салынған ғимараттарды көрген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерде XIX ғасырдың ортасында шағын ауыл болған, онда Қытай шекарасының пикеті де болған. Қытаймен шекарадағы тұрақсыз жағдайы мен көшпенділердің шапқыншылығы салдарынан тұрғындар бұл ауылдан шығып кеткен. Кейінірек бұл ауыл Құлжадан келе жатқан керуендерді бақылайтын бекеті ретінде уақытша орыс шекара жасағының қолында болған. 1872 жылы Верный қаласынан әскери губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бұйрығымен болашақ ауылдың маңайына Жетісу казактарының отбасылары жіберілді. Олардың міндеті Құлжа, Қашқар және Үш-Тұрфаннан Верный қаласына және кері қарай өтетін керуен жолдарын қорғау үшін елді мекен құру болды. Казактар отбасыларымен картада көрсетілген Чунжа өзенінің маңындағына қонысқа келді. Айналадан олар бау-бақша мен бірнеше бос қалған құрылыстарды тапты. Қоныс аударушылар бұл жерге бекініп, қоныстана бастау үшін көп күш жұмсады. Сол жылы әкімшіліктің шешімімен Чунджинский шағын елді мекені құрылып, кейін ол Чунджа (қаз. Шонжы) ауылы деп аталды. Шонжыда 1932-1934 жылдары ұжымшар құрылды, 1957 жылы бұл шаруашылық ірілендірілді. 1996 жылы оның негізінде Шонжыда “Телремстрой”, “Жолаушы”, “КазРосБройлер”, “Әлнұр” ЖШС-тері және мемлекеттік “Шарын” құс фабрикасы, т.б. шаруа қожалықтары құрылды. ## Атауы 1869 жылы шыққан «Вестник Европы» ғылыми-саяси журналындағы «Туркестанъ и его реформы» атты мақалада былай делінген: «Шонжы» сөзі Чунджа елді мекені атауының қазақ тіліндегі транскрипциясы. Бұл есімнің қазақ тілінде дұрыс жазылуы «Қазақстан Республикасының топонимдері» анықтамалығында 2001 жылғы басылымның 407-бетінде берілген. Моңғол тілін зерртеуші Нәпіл Базылханнның жұмыстарына тоқталып, Әлімғазы Дәулетхан “Шонжы” атауына осындай сілтемелер қалдырды: "Шыңғыс қаған тақ мұрагерлері салғызып әскери, әрі сауда жолының амандығын бақылайтын (бекет, өртең - Ленгер-Шонжы аталған) тоғыз жолдың торабындағы бекіністің соңғы топонимикалық атауы "Шонжы" ретінде бізге жетіп отыр. "Қазіргі моңғол тілінде: Conji > Чонжы, Цонж түрінде кездеседі. Қазақ тілінде "Шонжы" тұлғасында топоним ретінде кездеседі. Моңғол тіліндегі "Чонжы-Цонж" сөзінің мағынасы: 1. Алысты қарауылдайтын биік жартас. 2. (Ауыспалы) Шекара аумақтарды қорғаушы қорған, бекініс". Осылайша, Чонжы, Цонж сөздері қазақшаланып қазіргі таңда “Шонжы” ретінде қолданылады. Шығыс Түркістанда Үрімжі қаласына жақын жерде жергілікті Қазақтар тығыз орналасқан "Шонжы" деген аудан бар. ## Жол қатынасы Шонжы арқылы халықаралық дәрежедегі Алматы – Жаркент – Қорғас автомобильдік жолы өтеді. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Шортанды – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл. * Шортанды – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, аудан орталығы. Басқа мағыналар: * Шортанды – Ақмола облысы Щучинск қалалық әкімдігі аумағындағы көл. * Шортанды – Тобыл өзені алабындағы өзен.
Шорманов Мұса (1819, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы – 26 желтоқсан 1884, Омбы) – Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен. ## Өмірбаяны Қаржас руынан шыққан атақты би Шорман Күшікұлының үлкен ұлы. Шорман бидің Мұсадан басқа: Мұстафа, Иса, Аужан атты үш ұлы мен Зейнеп атты қызы болған. Шорманов өз заманы үшін жеткілікті білімді, көпке танымал және беделді адам болған. Александр Лукин деген офицердің қолында екі жыл оқып, орысша сөйлеу мен жазуды үйренген ол 1833 ж. Баянауыл сыртқы округі ашылғанда үмбетейлердің болысы болып сайланды, 1843 жылдан округтік қазысы болды. 1844 ж. Баянауылда мешіт құрылысын ұйымдастырып, медресе ашты. 1847 – 49 ж. Сібірден 60 мыңдай қазақтарды көшіріп әкеліп, округке таратып қоныстандырды. 1854 жылдан – аға сұлтан. Шорманов Мәскеу мен Петербургте екі рет: 1855 ж. Ресей патшасы Николай І қайтыс болғанда, 1856 ж. Александр ІІ патша таққа отырған салтанатына барған. Қоғамдық істермен белсене араласып, өзінің туған жиені, белгілі ғалым Ш.Уәлихановпен тығыз байланыста болды. Абайдың әкесі Құнанбай істі болып, Омбыға тергеуге шақырылғанда, Дала генерал-губернаторына кепілдеме беріп, қамаудан босатып алған. 1868 ж. жаңа басқару ережесі бойынша округтер жабылып, аға сұлтандық жойылғаннан кейін 1869 ж. Шормановқа полковник әскери атағы беріліп, жылына 350 сом жалақы төленетін демалысқа шығарылды. Енді ол елінің этнографиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Сібірде шығып тұратын газеттерге материалдар ұсынып, Географиялық қоғам ұйымдастырған көрмелер мен оның Г.Н. Потанин, Н.И. Ядринцев, Н.Ф. Костылецкий сияқты мүшелеріне қазақ елі жөнінде материалдар дайындап тұрды. Орыстың кен іздеуші көпестері келе бастағанда оларға жол көрсетуші қазақтарға жер-су аттарын орысшаламау жағын қатаң тапсырған. 1882 ж. Дала генерал-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің тапсыруымен Павлодар мен Семей уездерінің шекарасын белгілеуге қатысқан. Қазақ жастарының білім алуына үлкен көңіл бөліп, көшпелі дала гимназиясын ашу жөнінде Батыс Сібір басшыларына бірнеше рет хатпен өтініш білдірген. Шорманов Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Ақкелін қонысында жерленген. ## Дереккөздер
ШОҚЫНДЫРУ – христиан дінін қабылдаудағы бастапқы жоралғы, діни ғибадат. Шоқындыру дәстүрлі діни конфессия ретінде христиан дінінің негізгі үш тармағының өкілдері: католиктер, протестанттар мен православтар арасында таралған. Ғибадат ретінде әуелгі бастауы Исраил ұрпағына жіберілген Иса пайғамбарға қасиетті төрт кітаптың бірі Інжілдің келуінен басталып, христиандар Құдайдың ұлы деп қабылдаған Иса пайғамбардың шармық ағашқа керіліп өлтірілді деген сенімге байланысты орнықты. Маңдай мен екі иыққа үш саусақты ретімен тигізіп, үш рет еңкею арқылы шармыққа керілген пайғамбарға құрмет көрсету нышаны ретінде пайда болған, шоқыну рәсімі кейіннен христиан дінін қабылдаудың бірден-бір бастапқы шарты ретінде қалыптасты, шіркеу діндарлары христиан дінін қабылдаушыларға шоқындыру рәсімін жүргізуді қағидалық дәстүрге айналдырған. Шоқыну мен шоқындыру рәсімдері жөнінен христиандық дәстүрлі үш тармақтың негізгі салт-жораларында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. ## Шоқындыру саясатының тарихы Орта ғасырлардан бастап христиан дінінің иерархияларға жіктеліп, орталықтандырылуына байланысты шоқындыру миссионерлік қызмет пен діни-саяси ықпал ету құралдарының ажырамас бөлігіне айналды. Құтқарушы (Мессия, Машшиах) Исаның қызметіне сәйкес қалыптасқан христиандық миссиялық (мессиялық) қызметті шоқындырумен ұластырған Рим католик шіркеуі мен кейіннен құрылған Мәскеу православ орталығы миссионерлік стандар арқылы ықпал аймақтарын әрі қарай өрістету барысында мемлекеттік отаршылдық саясатпен бірлесе отырып шоқындыру саясатын жүргізді. Соның арқасында Рим католик шіркеуі Батыс және Шығыс Еуропаның басым бөлігі мен кейбір Шығыс Азия елдерін және Америка мен Оңтүстік және Орталық Африка құрлығының негізгі халқын шоқындырып, христиан дінінің католик тармағына енгізді. Шоқындыру саясатының белсенді жүргізілуі үш тармақ арасындағы бақталастықты күшейтті, әуелден қалыптасқан қағидалық және апокрифтік айырмашылықтарды онан сайын алшақтатты. Православ тармағының дүние жүзі бойынша орталығы болып саналатын мәскеулік шіркеудің шоқындыру саясатын Қасиетті Синод үйлестіріп отырды. Бұл тармақ негізінен Оңтүстік және Шығыс Еуропадағы славян тектілер мен Солтүстік-Шығыс Азиядағы кейбір елдерге тарады. Қазіргі Оңтүстік Корея мемлекетінде православтар діни көпшілік қауымдардың бірінен саналады. ## Қазақ халқыны шоқыну саясаты Қасиетті Синод 19 ғасырдың 1-жартысынан бастап Еділ бойы халықтарын күштеп шоқынуды бастады және Орта Азия елдеріне қатысты да шоқындырудың бастапқы қадамдарын жасады. 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ пен қырғыз халқының әкімшілік-аумақтық және саяси тұрғыдан толығымен Ресейге тәуелділікке түсуіне орай шоқындыру саясаты аталған екі халық арасында мейлінше өрістеді. Қазақ даласында 19 ғасырдың соңына қарай 17 миссионерлік стан жұмыс істеп, негізінен Қазан діни академиясының арнаулы миссионерлік курсын бітірген және қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген миссионерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жергілікті халық тарапынан күшті қарсылықтар болғанына қарамастан отаршыл билік қазақ пен қырғыз халқының кей бөлігін ішінара шоқындыра алды. Оның ішінде алдау, арбау жолымен шоқындырылғандар да, сол діннің жолына шынайы түскендер де болды. Алдыңғылары сәті келгенде ислам дініне қайта өтті, кейінгілері орыс шенеуніктері мен діндар миссионерлерінің ерекше қамқорлығына ие болып әрі қарай діни білім жетілдіріп, діни дәреже алды. Осы топтың қолымен шоқындыру құралдарының бірі болып табылатын орыс тіліндегі діни әдебиеттер (миссионерлік әдебиеттер) қазақ тіліне аударылып, Қазан қаласындағы Аударма комиссиясының есебінен жарық көрді. Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметі діни қызмет пен шоқындыру ісіне ресми түрде тыйым салды. 1991 жылғы тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда діни сенім бостандығы жариялануына байланысты діни қызметтің кез келген түріне еркіндік берілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда христиан дінінің үш тармағы да жұмыс істейді. Оның ішінде үшеуінің де миссионерлік стандары құрылып, жергілікті халық пен сырттан келушілерді шоқындыру ісі жүйелі түрде жолға қойылған. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Шорлар (шор. шор-кижи, тадар-кижи, татар, шорд-кутум) – Батыс Сібірдің оңтүстік-шығысын мекендейтін түркі тілдес халық. Негізінен, Кемерово облысындағы Кондома мен Мрассу өзендері алабында қоныстанған. Шорлар өздерін қобый, қарға, қый, аба, шор деген ру аттарымен немесе мекен-жайымен байланыстырып: таяш-чоны (таяш болысы), лерас-кижи (лерас адамы), кондом чоны (кондом халқы), чыш киж (сырт адамы) деп атаған. 17 – 18 ғасырлардағы Ресей деректерінде Шорлар кузнецкілік, кондомалық және мрассулық татарлар деп көрсетілген. Тек кеңес өкіметі тұсында ғана “шор” термині жалпыхалықтық атауға ие болды. Кейінгі жылдары ассимиляцияның әсерінен Шорлардың саны өспей отыр. Жалпы саны 16,8 мың адам, оның 14 мыңы шор тілін ана тілім деп таниды (2001). ## Атауы "Тадар-кижи" (татар адамы) 1926 жылға дейін шор тайпаларының ортақ атауы болды. Ресми құжаттардағы "шор" атауы В. Радловтың мрасстық және кондомдық татарлардың этномәдени ортақтығы туралы айтылған мәлімдемесінен кейін бекітілді. Бүгінде "тадар-кижимен" қатар "шор киши" атауын да кездестіруге болады. ## Тілі Шорлардың басым бөлігі орыс тілінде сөйлейді. Халықтың 60 % туған ана тілі ретінде орыс тілін белгілеген. Лингвисттер шор тілінде екі негізгі диалект бар деп көрсетеді: мрасс (шығыс түркі тілдерінің хакас тобы) пен батыс түркі тілдерінің солтүстікалтайлық тобы. Кемерово мемлекеттік университетінде шор тілін зерттейтін ғылыми мектеп бар.Шор тілі – жазуы жоқ тіл, соңғы жылдары жазба жасауға талпыныс жасалуда. Шор тіліндегі алғашқы әліппе 1999 жылы жарық көрді. ## Діні және фольклор Христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Мерекелері * Чыл пазы - Жаңа жыл, күн мен түннің теңесетін уақыты (20-21 наурызға сәйкес келеді). * Мылтық-Пайрам - осы күні шорлар болашақты анықтау үшін тұшпара ішіне күнделікті қолданатын заттардың кішірейтілген нұсқасын салады. * Шор-Пайрам - мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына арналған мереке. Түркітілдес халықтар сияқты тойлайды (шағын енгізулері бар). ## Тарихы Этникалық құрамы түркі, кетостяк тайпаларының араласуынан қалыптасқан. Шор этносы VI-IX ғғ. жергілікті кеттілді халықтар мен шеттен келіп орныққан түркітілдес тайпалардың араласуынан қалыптасқан. Кейбір зерттеушіліердің пікірі бойынша, шор этносы Кузнецк уездінің пайда болуынан кейін XVII ғ. қалыптасқан. Шорлар туралы алғашқы жазба деректер орыстардың Том өзенінің жоғарғы ағысында орныққаннан соң кездеседі. XX ғ. басына дейін шорлар, негізінен, рулық-тайпалық қоғамда өмір сүрген. ## Кәсібі Ерте кезден аңшылықты кәсіп етіп, мал қосалқы рөл атқарған. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейін шорлардың басым бөлігі балық аулаумен, аң терісімен айналысқан. Аздаған бөлігінің кәсібі ретінде жер өңдеу, сауда-саттық, жүк тасушылық болды. Шорлардағы қолөнер кәсібі (тоқыма, қыш-құмыра жасау, тор өру) үй сипатына ие болып, негізінен, әйелдердің қолында шоғырланды. Ағаш пен тері өңдеу кей жер жерлерде жаппай орын алды. Солтүстік шорлар ертеден темір рудасын өндіру және оны өңдеумен айналысты. Орыстардың солтүстік шоларды "кузнецкие татары" деп атауының себебі - осы. Ресей құрамына кіргеннен кейін патша жарлығымен шорларға темір өнеркәсібімен айналысуға қатаң тыйым салынды. ## Мәдениеті Шорлардың тұрмыс-тіршілігі, фольклоры, тілі, ұлттық өнері, мәдениеті солтүстік алтайлықтар мен хакастардың кейбір этникалық топтарына жақын. Ханты-мансилермен де Шорлардың тұрмыс-тіршілігінде ұқсастықтар бар. Мысалы, музыкалық аспаптары ортақ. Солар секілді ағаштан баспана тұрғызады. Қайыңды қасиет тұтып, құдайға табынған кезде қайың маскасын киіп жүреді. Халық ауыз әдебиеті жанрына қай, нық (ерлік поэма мен дастандар), пурунғу чоөк (еңбек ертегілері мен аңыз-әңгімелер) жатады. Ежелгі заманнан бері негізгі тағамы жануарлар мен құстардың, балықтың еті болған. Ет пен балықты отқа қайнатып, қуырды. Сосын оны қол диірменге салып, ұн, ботқа, торт пісірді. Егіншілік дамығаннан кейін арпа, бидай ұны, жарма дақылдары қолданыла бастады. Сүт қосылған талқан ұны, шай, бал, қаймақ, сары май, одан пісірілген саламат ботқасын жеді. Далада тұратын шорттар сүт өнімдерін: сүзбе, қышқыл сүт, пыштак, сары май және сүзбе тұтынған, кейін көкөністерді пайдалана бастады. Ет сорпасы ұзақ уақыт бойы баяу отта дайындалып, оған талған мен жабайы пияз, содан кейін үгітілген сәбіз араластырылған пияз қосылды. Осы уақытқа дейін адамдар ет тартқышты немесе заманауи араластырғыштарды пайдаланбайды, ет негізінен тек пышақпен туралады.Сусындардан әртүрлі шөп шайлары, айран және сарысу, бөз пайдаланады. ## Этникалық топтары Y-хромосомасының сеоктар бойынша таралуы Шорлардың Ресей Федерациясындағы саны: ## Қазақстандағы шорлар Қазақстанның шор диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай: * 215 (1970 ж.), * 381 (1979 ж.), * 382 (1989 ж.), * 212 (1999 ж.), * 96 (2009 ж.) адам. ## Дереккөздер
Шу каналы – Жамбыл облысы шаруашылықтарының жайылымдарын суландыруға және егін суаруға арналған. Шу өзені бойындағы Қазықты бөлігінен басталып, Мойынқұм, Бетпақдала өңіріне тартылған. ## Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 82 км (Оң жақ және Сол жақ каналдарды қосқанда). Каналдың ені 5 – 15 м, тереңдігі 3 – 6 м. Орташа су шығыны 8 м³/с. 4140 га жерді суарады, 200 мың га жерді суландырады. ## Дереккөздер
Шортанбай Балық Зауыты – балық аулау және өңдеу кәсіпорны. 1910 ж. құрылған. Каспий теңізінің жағасында, Қиғаш пен Теплая өзендерінің қиылысындағы аралда (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылы) орналасқан. Балық ыстау-қақтау, тұздау, тоңазыту цехтары жұмыс істейді. ## 1900 – 1936 жылдар аралығы 1900 жылдары Еділ өзенінің тармағындағы Шортанбай аралына орыс қожалығы алғаш балық қабылдап-өңдеу бөлімінің «Рыбообрабатывающий промысл» деген - батаға құрылыс жұмысы басталған. Алғашқы кезде тұздалған және кептірілген балық өнімдерін шығарған.1917 жылы Октябрь революциясынан кейін басқа мекемелермен бірге үкімет қарауына алынып, 1918 жылы басқа батағалармен бірге серіктестік құрылды.1923 жылы «Волго-Каспий госрыбторг. промысл» құрамына енгізілген, соңынан «УК Трест Каспийрыба» болған.1930 жылдары Каспий теңізінде су деңгейінің төмендеуіне байланысты көптеген ұсақ балық қабылдау бөлімдері жабылып, біріктірілді. 1934 жылы Шортанбай балық зауыты болып құрылып құрамына Шарон өзеніндегі Талап, 6-ой, Ганюшкино, Зормата тағы басқалармен және Қиғаш өзені бойындағы Утера, Булгачный, Мокрый, Новый Быт.Телячий т.б бөлімдері қосылды.1936 жылдан бастап балық зауыты жұмысқа қажетті техникалармен жабдықталып, электростанция, барлық балық қабылдау, тұздау және тұрғын үйлері, тұздалған және кептірілген өнімдер шығарып Астрахан қаласына жіберіп тұрған. ## 1960 – 2017 жылдар аралығы 1961 жылы балық қатыратын тоңазытқыш салынып, 1963 жылы жаңа дизель электростанциясы, 1971 жылы кәріз суын қабылдайтын қойма іске қосылған. 1962-1963 жылдан бастап балықты ыстап шығару жұмыстары басталып, ысталған табан, қызыл қанат, вобла, каспий теңізінен килька, мұхит өнімдері сельд, скумбрия т.б.өнімдер өңделінген. 1974 жылы 150 тонна қолдан балық өсіретін тоған шаруашылығы іске қосылды. 1979 жылдан бастап қызыл балық тұқымдастары, соңынан өзек балықтарын әдейі бөлшектеп өндіру басталып, 1991-1992 жылдары шортан, қызыл балық уылдырықтарын темір, әйнек ыдыстарға салып шығара бастады. Тоңазытылған балық өнімдерін ұлғайту мақсатында 1984-1989 жылдары тәулігі не 20 тонна қатыратын, 500 және 400 тонна сақтайтын тоңазытқыштар іске қосылды. 1990-1991 жылдары қосымша 300 тонна балық қабылдайтын бөлім салынып, жаға бойындағы балық қабылдайтын қондырғылар жаңартылды.1994 жылы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Шортанбай балық зауыты «Шортанбай» акционерлік қоғамы болып құрылып, 1999 жылдан бастап «Каспий балық» өндірістік кооперативінің Шортанбай балық қабылдау бөлімі болып жұмысын жалғастыруда.1999-2017 жылдар аралығында жаңадан 20 тонналық тоңазытқыш, ысталған-кептірілген балықты сақтайтын тоңазыту қойма, балық ұнын өндіретін қондырғы, мұз өндіргіш (10-15 т.), тез қатырғыш қондырғы, балық кептіргіш қондырғы, тәулігіне 20 т. кептіретін тоңазытқыш «Батыс» т.б.қондырғылар іске қосылды. ## Тасымал құралдары 1970-1990 жылдар аралығында ағаш кемелер мен тірі балық тасымалдайтын кемелер жаңартылып, қосымша қабылдау бөлімі ПРП 20, «Бобер» - 5 дана, өзі жүріп қабылдағыш 6 дана «Кологок» іске қосылып, кеме сүйрейтін баркастардың двигательдері жаңартылып, қабылдау пункттерімен хабарласуды жақсарту үшін жаңа рациялармен қамтамасыз етілді. 1981 жылы ірі қара мал өсіретін бөлім ашылып, жұмысшыларды сүт, етпен қамтыды.1984 жылы «ВРПО Каспрыба» шешімімен зауытқа қарасты Астрахань бөлімі жабылып, жылдық балық қабылдап өңдеу көлемі 8000 тоннаға дейін төмендеп, жұмысшылар саны 600 адамға дейін азайды. ## Зауыттың әр жылдардағы басшылары: Ленераев, Карпов, Золотов, Даулетьяр Мухаметяров 1960 жж, Қайыржан Әлиев 1967-1971 жж, Маннап Қадыров 1971-1986 жж, Жамбыл Бегалиев 1986-1991 жж, Саясат Зұлхарнаев 1991-1999 жж, Уалитхан Әмірғалиев 1994-1995 жж, Болат Абдулов 1999 жыл. ## Дереккөздер
Шұбарши — Ақтөбе облысының Темір ауданындағы кент, Сарыкөл ауылдық округі орталығы, 2019 жылға дейін таратылған Шұбарши ауылдық округі орталығы болды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде, Темір өзенінің жағалауының аңғарында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 3590 адам (1722 ер адам және 1868 әйел адам) болса, 2009 жылы 3736 адамды (1831 ер адам және 1905 әйел адам) құрады. ## Транспорты Елді мекен арқылы Ақтөбе-Қандыағаш-Шұбарқұдық-Темір-Кеңқияқ-Шұбарши-Жаңажол тас жолы өтеді. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 39-жылдары осы өңірде мұнай кәсіпшілігінің дамуына байланысты қаланған. Кентте “Ақтөбемұнайгаз” ЖШС-нің бөлімшесі, “Айқап”, “Сабор”, “Тасқұдық”, “Кенжылуэнергия”, “Жазира”, “Көкжидемұнай” ЖШС-тері орналасқан. ## Инфақұрылымы Орта мектеп, амбулатория, бірнеше дүкендер, мейрамхана, клуб, наубайхана, орталық сауда орталығы және басқа да салалар бар. ## Дереккөздер
Шүлбі — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы кент, Шүлбі кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Семей қаласынан шығысқа қарай 70 км жерде, Шүлбі бөгені жағалауында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1978 жылы Шүлбі СЭС-і салынуына байланысты қаланған. Кентте СЭС-ке қызмет көрсететін кәсіпорындар (AES “Шүлбі СЭС” ЖШС-і, Ертіс-гидроқұрылыс” АҚ) мен мекемелер орналасқан. ## Дереккөздер
«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді. ## Дереккөздер
Шортанды ауданы – Ақмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Шортанды кенті. ## Географиялық орны, жер бедері Солтүстігінде Ақкөл ауданымен, шығысында Астрахан, батысында Ерейментау аудандарымен, оңтүстігінде Целиноград ауданы және Астана қаласымен шектеседі. Шортанды ауданы Сарыарқаның солтүстігін ала орналасқан. Жер бедері – саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі. ## Тарихы Шортанды ауданы 1939 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы Новокубанка ауылы болып, 1954 жылы Шортанды кентіне ауыстырылған. 1963 жылы аудандарды ірілендіру кезінде Алеексев ауданымен біріктіріліп, 1966 жылы қайта бөлінген. ## Климаты Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы жылы, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –17 – 18°С, шілденікі 19 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Аудан жері арқылы Қалқұтан өзені мен оның салалары – Дамса, Ащылыайрық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балықты, Бозайғыр, Сасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар. ## Топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Негізінен селеулі-бетегелі, түрлі шөпті-бетегелі өсімдіктер өседі. Олардың ішінен сәбізшөп, сәлбен, жусан, сары қызылбояу, төскейшөп, ойпауытты жерлерінде өлең, қоға, жұлдызгүл, т.б. өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан дала бүркіті, бөктергі, үкі, бозторғай, үйрек, қаз, т.б. мекендейді. ## Халқы Тұрғындар саны: 29538 адам (2019). * Ұлттық құрамы: орыстар (34,36%), қазақтар (39,95%), украиндар (6,18%), немістер (6,20%), поляктар (4,64%), беларустар (2,80%), татарлар (1,72%), басқалары (4,15%) Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,9 адам. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 29 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Шаруашылығы Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, оған қосымша сүтті, етті-сүтті мал, шошқа, жылқы, картоп, көкөніс өсіруге маманданған 1 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зертеу институтының тәжірибе шаруашылығы болған. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты олардың барлығы дерлік жекешелендірілді. Ауданның барлық шаруашылық салалары 2006 жылы 4038,9 млн. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп саласында “Қазақалтын кен-металлургия” АҚ-ның бөлімшесі – Жолымбет алтын кеніші, жиһаз фабрикасы (Шортанды), тігін фабрикасы (Жолымбет), май зауыты, аудандық баспахана, т.б. жұмыс істейді. Бұлар 2104,5 млн. т өнім өндірді (2005). Ауыл шаруашылығымен 35 кәсіпорын, 109 шаруа қожалығы, 8123 жұртшылық (жеке шаруа) шұғылданады (2005). Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 438,5 мың га, оның 287,4 мың га-сы егістік, 2,6 мың га-сы шабындық, 148,2 мың га-сы жайылым. Көп жылдық отырғызылған ағашы 0,3 мың га жерді алады. 2007 жылдың басында ауданда 18,9 мың бас мүйізді ірі қара, 7,6 мың қой мен ешкі, 23,0 мың шошқа, 2,1 мың жылқы, 34,3 мың құс болды. Олардан 4,6 мың т ет, 23,7 мың т сүт, 3829 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда 3 балабақша, 4 бастауыш, 11 негізгі, 16 орта мектеп, 1 кәсіптік-техн. мектеп, 31 кітапхана, орт. ауданы аурухана, 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Шортанды кентінде мәдениет және демалыс саябағы орналасқан. Аудан жері арқылы республикалық маңызы бар Астана – Көкшетау автомобильдік жолы өтеді. ## Дереккөздер
* Шығанақ – мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан және негізгі су айдынымен еркін, тұрақты су алмасатын бөлігі. * Шығанақ (көл) - Шідерті өзені алабындағы көл * Шығанақ (Мойынқұм ауданы) - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы кент. * Шығанақ (Сарысу ауданы) - Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл. * Шығанақ (өсімдік) * Шығанақ (роман) - Ғабиден Мұстафинның романы.
Шорман Күшікұлы, Шорман би (1799, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1837, сонда) – төбе би, аға сұлтан. ## Өмірбаяны Орта жүз арғынның ішіндегі Сүйіндік қаржас руынан шыққан., өз еліне танымал Сәтиұлы Күшік шешеннің ұлы. Шын есімі – Жұмабай. Қуандық руының Қожы төре бастаған жігіттері қаржастардың жылқысын барымталауға келгенде екі жақ сойылдасып, барымташылардан үш адам (ішінде төренің өзі де бар) қаза тапқан. Мұны естіген Уәли хан қаржастарға қыруар жылқы құн кеседі. Осы даулы, шешімі қиын мәселені өз руының пайдасына шешіп шыққан 15 жасар Жұмабай “Бала би” атанып кеткен. Бұл жөнінде өз еңбектерінде Ш.Уәлиханов та жазған. Осы оқиғаның тағы бір нұсқасы Шоңмен байланысты баяндалады. Жұмабай ханнан жеңіспен оралған соң Шоң оған Шорман атағын беріп, қаржас руының төбе биі етіп тағайындаған. Ол төрелерге билік бермеу мақсатымен сүйіндік арасынан хан тұқымын аластау жөніндегі Шоң бидің саясатын қолдап, оны іске асыруға көмектескен. Жер дауын шешу, жалпы қазақтарды жерге орналастыру мәселелері бойынша 1822 жылдан бастап Шоңмен бірге Батыс Сібірдегі отарлық әкімшілікке бірнеше рет хат жолдайды. Шоңның тапсыруымен Тобыл, Омбы, Кереку, Қызылжар қалалары мен Ірбіт, Үркіт (Иркутск) жәрмеңкелеріне барады. Архивте Шорманның 1830 ж. Омбыға, 1832 ж. Тобылға барып, губернаторға жолыққаны жөнінде дерек сақталған. Баянауыл округі ашылғанда Шорман би аға сұлтанның орынбасары болып тағайындалды да, Шоң қайтыс болғаннан кейін оның орнын басты. Алайда Шорман би аға сұлтан міндетін бір жылдай ғана атқарып, келесі жазда дүние салды. Мәшїүр Жүсіп Көпейұлының жазуы бойынша Шорман би Ақмырза өзені Сілетіге құяр тұсына жерленген. Шорманның тұңғыш қызы Зейнеп – Ш.Уәлихановтың анасы. Үлкен ұлы Шорманов Мұса белгілі адам болған. ## Бала би Әкесінен төрт жасында жетім қалып, әжесінің, ағайын-туыстарының қолында жүреді. Бір күні Күшіктің үйіне сол өңірге танымал би барады. Шорман баланын әжесі мен шешесі ол қонақка не берерін білмей сасып қалады. Сонда төрт жасар Шорман сол үйдің еркегіне ұқсап бидің алдына дастарқан жаяды да, алдына бір табақ ыстық сүтті қоя салады: - Қаптың түбі қағылды, бетке күйе жағылды, алдыңызда ыстық сүт, асықпай отырып жұт, - деп, аға бидің бетіне қарайды. Би жас баланың тақпақтай айтқан тапқыр сөзіне қайран қалады. Бала тағы да:- Би ата, биыл қыс қатты болып, мал жұтап жатыр. Ауылдың да сәні кетті. Астық таусылды. Елдің жағдайы қиындап барады, - деп өз үйі емес, бүкіл ауыл, ел тағдырына қамқор бола сөз козғайды. Талайды көрген би жас баланың бұл сөзіне тәнті болады да, әжесіне былай деп қолқа салады:- Немереңіз болайын деп тұр екен. "Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады" дегендей, маған беріңіз, мен ертіп жүріп ел аралатайын, тәрбиелеп көрейін. Түбі осы балаңыздан бірдеңе шығар, - дейді. Баланың шешесі: - Шорман әлі жас қой, бұғанасы қатсын, - дейді. Әжесі: - Мақұл ғой би-еке, жасы жетіге толғасын сізді өзім іздеп тауып аламын, - дейді. Осы уәде келісім бойынша Шорман жеті жасқа келгенде әлгі би атасына шәкірт боп соңына ереді. Ел аралайды, жұрт таниды. Талай ел басы игі жақсылармен кездесіп, олардың сөзін тындайды. Ел билігіне араласып, өзі шағын дау-жанжалдардың түйінін шешіп "Бала би" аталады. Шорман он бір жасында нағашысының аулына барады.Нағашысы: - Осында қал, отау тігіп, алдыңа мал салып берейін. Бір үй болып отыр. Жиені: - Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген. Елімді тапқаным жөн болар. Шорман осыны айтады да нағашысына:- Көршіңіздің қызына көзім түсті. Менде, ол да бір-бірімізді ұнаттық. Осыған құда түсіп беріңіз,- деп сұранады. Нағашысы жиенінің бұл өтінішін орындайын деп, көршісіне барса, ол айтыпты:- Өзі жоқ-жұқаналы, жетім бала екен. Қызымды бере алмаймын. Енді қыздың үйіне Шорман баланың өзі барады, ары-бері сөйлесіп көреді. - "Жас өспей ме, жарлы байымай ма", отағасы, бізді де бір сынап көріңіз. Түбі ұятқа қалмассыз. Тапқыр баланың сөзін байқаған қыздың әкесі көнеді. - Ауылыңа барып, бір айналып соғарсың. Оған дейін қыздың жасау-жабдығын дайындайық. Шорман аулына қайтқан соң қыздың шешесі: - Отағасы, талай от ауызды, орақ тілді шешендерге, талай бай, бектерге дес бермеуші едіңіз. Бір жетім балаға уәж айта алмай қалғаныңыз қалай? Бәйбішесінің бұл сөзіне бай:- Бала - болатын бала тәрізді. Түбі осы баладан айтулы кісі шығады, көрерсіз бәйбіше, қызымыз оған барса қор болмайды. Аузынан түйдек-түйдек шыққан ақылды, шешен сөзін көрмейсіз бе? Көп сөзді қой, қызыңның жасауын әзірле! Сонымен бай той жасап қызын ұзатады. Шорманнын нағашысы да беташар той жасап, жиеніне ақ отау тігіп енші береді. ## Шорман би Шорманның жасы он үшке толған жылы Баянауыл округінің биі Едігеұлы Шоң би қартайып, орнына кімді билікке ұсыну керек деген сөз көтеріледі. Әр ауыл өз кісілерін ұсынып жатады. Сонда Шоң би: - Менің орныма би болуға Шорман лайық. Ол - бала, бала болса да - дана, ақылды. Ел жағдайын жетік біледі. Ешкімге бұра тартпайды. Әділ сөйлейді. Адамгершілігі, халыққа деген қамқорлығы мол. Сонымен бүкіл округ болып Шоң атаның ұсынысын мақұл көріп, он үш жасар Шорман би болып сайланады. Содан былай қарай Шорман әр кезі "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп отыратын. Еліне шын жаны ашитын би надандықты, жатып ішер жалқаулықты, ел ішін індеттей жайлаған жаман әдет, салт-санаға қарсы күреседі, мектептер салғызып, мұғалімдікке сауатты адамдар іздестіреді. Түркі тілдерімен қатар орыс, араб, парсы тілдерін оқытатын адамдарды да осы іске тартады. Шорманның "қара қылды қақ жаратын" әділдігі ел аузында аңыз болып кетті. Енді оның төрелігіне жүгінуге тек Баянауыл ғана емес, Кереку өңірінің әр түкпірінен келетін болды. Оның абырой-атағын, халық арасындағы беделін көре алмайтын іші тарлар да аз болған жоқ. Қызғаныштан өртенген олар Шорман атына кір келтіретін сан-қилы өтірік-өсек таратып, жала-жабудан жалықпады. Мұны да місе тұтпай, Шорманның жаулары оны өлтіруді мақсат етіп, талай рет қастандық та ұйымдастырды.Бірде ел аралап жүрген диуанаға көп ақы беріп, Шорманды өлтіртпек болады. Бір дауға төрелік айтуға бөтен ауылға келіп жатқан Шорманды көрсетпек болып, олар диуананы сонда ертіп келеді. Ымырт жабылған кез болса керек. Ашық есіктен үй ішінде жанып тұрған от жарығымен төрде отырған Шорман анық көрінеді. Диуана Шорманға көзі түсе салысымен селк етіп, қолымен көзін көлегейлей қояды. Біршама уақыттан соң өз-өзіне келіп: "Оның екі иығында екі періште отыр, бас жағында бір сәуле жарық шашып тұр. Қасиетті адам болса керек. Басымнан төмен қарай алтын құйсаңдар да, оған қиянат жасай алмаймын", - деп ат-тонын ала қашыпты. ## Ел арасындағы сөздер ### 1 Шалғай ауылдың бірінде Шорман би жесір дауын шешіп, бір үйде дем алып жатса, сырттан абыр-дабыр, айқай-шу шығады. Жатқан орнынан енді тұрып киіне бергенде, есіктен бір жігіт жүгіріп келіп, оның артын тасалай қояды. Жігіттің артынан қуып барған адам, қолындағы шоқпарын сілтеп қалғанда, жігіт бұғып қалып, шоқпар Шорманның бір қолын сындырып жібереді. Шорман би қолын ұстап отырып қалады. "Байтал түгіл бас қайғы" дегендей, енді жұрт қашқан жігітті былай қоя салып, биді қоршалай береді. Біреулер қолын таңып, енді бірі сынықшы іздеп, көрші ауылға шабады. Көп кешікпей сынықшы да келеді. Ол бидің салбырап қалған қолын сипалап отырып, сынған сүйектерін теріп орын-орындарына салады. Бәрі жиналып жұмсақ арбаға мінгізіп Шорманды үйіне жеткізеді. Ауыл адамдары әлгі шоқпар сілтеп бидің қолын сындырған адамды ұстап алып, дарға аспақшы болады. Сонда Шорман би оларға барып: - Ағайын, дарға аспаңдар. Қоя беріңдер. Оны өлтіргенде, менің сынған қолым бүтінделер дейсің бе? Тірі жүре берсін. Тек осы жұрттың алдында бұдан-былай зорлық зомбылық жасамаймын, қайырымды боламын, - деп уәде берсін, - депті. Жиналған көпшілік: "Япырым-ай, мына Шорман би не деген адамгершілігі зор, кешірімді еді",- деп оған тәнті болысыпты. ### 2 Күздің ызғарлы күнінде бір байдың бордақылап семіртіп, енді соямын деп отырған көк биесі ұшты-күйлі жоғалады. Бай балалары ізге түсіп ары қарайды, бері қарайды, ауыл-ауылға сұрау салады, дерегі шықпайды. "Пәленше жылқы сойыпты", "түленшенің үйі жылқы сойып, кісі күтті" деген сөзбен әлгі бай Қарқаралы аулының екі жігітінен сезіктеніп, Шорман биге айтып шағынады. Би ол екі жігітті алдырады. Екеуінен сұраса: - Биеке-ау, кім жылқы соймайды дейсіз? Сойсақ, өз жылқымызды сойдық, - деп, тән алмайды. Бай екілене түсіп:- Осы екеуінің біреуі, қайсысы екеніне көзім жетпейді, - дейді. Шорман екі жігіттің көзіне тіке қарап тұрыпты да, қара мұртты қоңқақ мұрын жігітке: - Сен өз атыңды сойыпсың, дұрыс па? - дейді. Әлгі жігіт қуанып кетеді:- Иә биеке дәл айтып тұрсыз. Өзімнің күрең атымды екі айдай байлап сойғаным рас. Сенбесеңіз терісі, малханада әлі жаюлы тұр. Ой, қасиетіңнен айналайын биеке, дәл таптыңыз. Шорман шегір көз ұзын тұраға қарап: - Сен өз жылқыңды соймағансың, сойғаның мына кісінің бордақылап отырған көк биесі, дұрыс па? - дейді. Ұзын тұра сәл бөгелеіп тұрады да:- Ой, биеке-ай, онда бар көк бие, менде жоқ дейсіз бе, сойғаным өз бием, - деп ерегісе түседі.- Сен менімен ерегісе берме, - дейді Шорман би, - сенің мына кісінің көк биесін бір түнде ұрлап сойғаныңды көзің де, сөзің де айтып тұр. Шындықты мойындағанның айыбы жоқ. Ал мойындамасаң күнәсі көп. Күнәкар болмаймын десең, менің тілімді ал?! Енді сөзді соза берсең, артыңнан тағы бір ұрлығың "мен мұндалап" тұр. Жігітім, түсінесің бе, жоқ па? Би "көзің де, сөзің де айтып тұр", "тағы бір ұрлығың мен мұндалап тұр" дегенде барып әлгі ұзын тұра: "бұл бидің көріпкел әулиелігі бар" деуші еді, рас екен ғой. Қой болмас, шынымды айтып, кешірім сұрайын" дейді. - Би-аға, айып етпеңіз. Бұл кісінің биесін көршім Николай екеуміз сойып алғанымыз рас еді. Еті терісіне оралған күйі Николайдың үйінде сақтаулы тұр. Осы қазір апарып бер десеңіз, апарып береміз, - деп жалыныпты. Шорман бидің шыншыл, әділ билік айтатын және адамды бір көргеннен танитын, бұрын-соңды не істеп жүргенін айтпай табатын көріпкел әулиелік қасиеті, тапқырлық шешен сөздері жөнінде ел арасында аңыздар көп. Оның бірқатары өзінің баласы Шорманұлы Мұсаның (1819-1885) архивынан, фольклоршы Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларынан табылады. ## Дереккөздер
Шүрексор – Ертіс алабындағы ағынсыз көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. ## Гидрографикасы Ауданы 80,94 км2, ұзындығы 25 км, ең енді жері 10,2 км, су жиналатын алабы 1784 км2. Көл негізінен қар, аздап жер асты суымен толығады. Көктемде батысынан Көкөзек өзені құяды. Қарашаның алғашқы жартысында қатып, сәуірдің соңында мұзы түседі. Алабы жайылым, шабындық. Суы мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Шығыс Көкшетау Синклинорийі, Степняк синклинорийі – Сарыарқаның солтүстігіндегі каледондық геологиялық қатпарлы құрылым. Ақмола облысының аумағында орналасқан. Ол Көкшетау антиклинорийінің шығыс және оңтүстік-шығыс қанатын көмкерген. Бойлыққа жуық бағытта 250 км-ге созылып, оңтүстікте ортаңғы палеозой қабаттарымен жабылған. Ені 100 км. Батысында Көкшетау антиклинорийіне қарай тіктеу құлаған Жөкей-Ақбейіт жарылымдар белдемімен шектелген. Негізінен кембрий мен ордовиктің терригендік-жанартаутекті тау жыныстарының қабаттарымен толған және ірі интрузиялармен кептелген жалпы меридиандық бағыттағы қатпарлықтар түзеді. Солтүстікте қатпарлықтар бағыты әуелі солтүстік-батысқа, одан соң ендік бағытқа ауысады. Құрылымның қанаттарында тік, изоклиналдық, өзегінде қарапайым пішінді қатпарлықтар тараған. Тектоникалық жарықтар арқылы Балықты – Жолыбай, Қозған – Ақсу, Степняк – Мамай блоктарына бөлінген. Синклиноридің орталығы шенінде девон мен тас көмір шөгінділерінен құралған және төменгі тау жыныстары бетінде шалыс жатқан брахисинклиналдық қатпарлықтар (Көксеңгір, Итеймен, т.б.) орын тепкен. Көптеген ірі кен (алтын, темір, молибден, т.б.) орындары бар. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Шығыс Бөлік – Кіші жүздегі хандық билік жойылғаннан кейін (1824) құрылған әкімшілік аймақ. Құрамына Кіші жүздің, негізінен әлімұлы тайпасының рулары мекендеген жерлер мен Сырдарияның төмендегі саласындағы қазақ рулары кірді. Шығыс Бөліктің Орта жүзбен шекарасындағы аудандарда арғын, қыпшақ, керей руларының ауылдары көшіп қонды. 1831 ж. Кіші жүзді басқарудың дистанциялық (бекінісаралық) жүйесі енгізіліп, жаңа тәртіп бойынша рубасылардың құқықтары елеулі түрде тежелді. Шығыс Бөлікте мұндай дистанциялардың саны 28-ге жетті. Шығыс Бөліктің патша үкіметі тағайындаған алғашқы сұлтан-правителі Жұма Құдаймендиев болды (1824 – 30). Кейіннен Шығыс Бөлікті Жантөре Жиїангеров (1830 – 35), Шотай Бақтыгереев (1835 – 41), Ахмет Жантөрин (1841 – 51), М.Жантөрин (1851 – 69) сұлтандар басқарды. Шығыс Бөлік сұлтан-әкімдерінің ордасы Усть-Үй стансасында орналасты. Шығыс Бөлікті 1843 жылғы санақ бойынша 18 мың адам мекендеген. ## Пайдаланатын әдебиет * Зиманов С.З., Политический строй Казахстана конца XVІІІ и первой половины XІX веков, Алма-Ата, 1960; * Мәшімбаев С., Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, Алматы, 1994. ## Сілтемелер * "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
* Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры (Өскемен) * Ф. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік орыс драма театры
Майя Хажетдинқызы Шығаева (21 қаңтар, 1927 жылы Ресей, Астрахан қаласы — 20.02.2017) – қазақстандық биолог ғалым, Биология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. КСРО Өнертапқышы. ## Жалпы мәліммет * Майя Хажетдинқызы Шығаева 21 қаңтар, 1927 жылы Ресей, Астрахан қаласында туған. Ұлты - Қазақ. * 1949 - 1952 жылдары Қазақ медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. * 1952 - 1955 жылдары Қазақ медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті)нің микробиология мамандығы бойынша асперантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * 1949-1952 жж. - ҚазССР ҒА микробиология секторының аспиранты * 1952-1956 жж. Микробиология секторы бойынша аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер. * 1956-1962 жж. ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институтының ғалым хатшысы. * 1957-1959 жж. аудандық кеңестің депутаты болды. * 1960-1963 жж. «Микроорганизмдердің өзгергіштігі» зертханасының аға ғылыми қызметкері. * 1963 жылдың қазан айынан бастап 1972 жылдың мамыр айына дейін ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және «Микроорганизмдердің генетикасы мен селекциясы» зертханасының меңгерушісі. * 1972-2000 жж С.М. Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) микробиология кафедрасының меңгерушісі қызметін. * 1975-1985 жж. аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ биология факультетінің деканы болып қызмет атқарды. * 2000 жылдан бастап осы уақытқа шейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультеті микробиология кафедрасының құрметті профессоры болып жұмыс істеуде. ## Шығармашылығы Негізгі ғылыми еңбектері жалпы микробиология мәселелеріне арналған. Шығаева Қазақстанда микробиологиялық зерттеулердің жаңа бағыты – микроорганизмдерді антибиотик, мал азықтық препараттар алуда, сондай-ақ нан пісіру және сүт өнеркәсіптерінде пайдалану мәселелерімен; микроорганизмдердің селекциясы мен генетикалық өзгергіштігін және ұлттық сусындардың (қымыз, шұбат) микрофлорасын зерттеумен; жаңа микроб өнімдерін (полисахарид, жоғарғы беттік-белсенді заттар) алумен; мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациялық технологиясын жасаумен және олардың табиғи және техногенді экожүйелердегі жағдайын бақылаумен шұғылданды. 46 автомобильді куәлік пен патенттің иегері. Шығаеваның жетекшілігімен 7 докторы және 41 кандидаттық диссертация қорғалды. 330-дан аса ғылыми еңбектері мен 10 монографиясы жарық көрді. ## Ғылыми еңбектері * Химический мутагенез, Алма-Ата, 1980; * Микрофлора национальных кисломолочных напитков, Алматы, 1983; * Мутагены и комутагены, Алматы, 1994. ## Мемлекеттік марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған. * 1969 жылы «Биология ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; * 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына – 100жыл» құрмет белгісі; * 1977 жылы профессор (атағы); * 1977 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. * 1980 жылы КСРО Білім министрлігінің құрмет белгісі; * 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені; * 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына енгізу туралы» құрмет грамотасы; * 1989 жылы «Еңбек ардагері» медалі; * 1995 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты; * 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награды «Парасат ордені» мен марапатталды. * 1997 жылы «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» атағы; * 2000 жылы Американың Биография иниститутының «Жыл әйелі» құрметті атағымен ордені; * 2001 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 10 жыл» медалі; * 2004 жылы «Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін» медалі; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2009 жылы Әл-Фараби атындағы алтын медаль иегері.
Шымбұлақ шаңғы базасы — Алматыдан 25 км жерде, Кіші Алматы шатқалының көркем жерлерінің бірінде, теңіз бетінен 2270 м биіктікке орналасқан спорттық тынығу кешені. 1954 жылы ашылды. 1956 жылдан тау шаңғысынан республикалық чемпионаттар өткізіліп тұрады. Елімізде тау шаңғысының дамуына үлкен үлес қосқан осы базада ұзындығы 3100 м 2 аспалы жол спортшыларды 3200 м биіктікке алып шығады. Аспалы жолдардың астындағы 3 мың м-ге созылған, жоғарғы және төменгі нүктелерінің биіктігі 800 м. Шаңғымен шапшаң түсу жолдарының параметрлері халықаралық талаптарға сай. Спортшыларға арналған бір мезгілде 150 адам демалатын тұрғын үйлері, асхана, т.б. бар. Шымбұлақ шаңғы базасында спортшылар жылына 7-8 ай жаттығады. ## Дереккөздер
Шығыр — өзен-көлден су тартып, егін суаруға арналған құрылғы. Қазақстанда көне заманнан белгілі. Шығыр көптеген ағаш бөліктерден (оқ, кіндік, жоғарғы тегершік, төменгі тегершік, кегей, қасынек, шелек, астау, т.б.) тұрады. Оқ — үз. 6—7 м жуан да жүмыр бөрене. Ол берік орі жеңіл болып, жегілген көлікке көп күш түсірмей, тез айналуға лайықталып жасалады. Оқтың бір басы — торт қырлы, төменгі тегершік үңғысына кіргізілген, екінші басы — үшкір, оуітгің қарсы бетіндегі жуан бөрене кеспелтегіне, мұндағы ұяға асылып қойылған. Мұндай ұялардың жалпы саны — 10—12. Осы ұяларга өрбіреуінің үз. 4—12 қарыс төрт қырлы кегейлер сына тәрізді етіп кіргізілген. Әрбір кегейдің ұшындағы тесікке ұзындығы 2 қарыстай кулакиіа кигізілген. Шыбық таспамен байлап тасталған, сыптай өрімтал өзегін как жарып өткен осындай құлақшалардың екі жак басы шыбык бүрамаларымен бекітіліп, жалғастырылған. Кегей бастарының өзара біріктірілуі нәтижесінде біртүтас шеңбер — касынек пайда болады. Қасынекке ағаштан не каңылтырдан жасалған 50— 60 шелек байланған. Олар сол кисайта (көлбеу) орнатылған. Оқтың екінші басындағы төменгі тегершіктері аркылы байланысқан, жоғарғы тегершік үңғысы кіндікке кигізілген. Кіндік тік орнатылған, оның екі жак басы үшкір, төменгі жағында тегершік астына бекітілген кеспелтек, жоғарғы жағында ұзындығы кісі бойындай көптеген тіреулер бар. Әрбір тіреу моткенің ортасындағы ойык-үяға сүғылған. Ұя іш жағынан мезғіл-мезгіл тегершік жер ошағының арасынан терендігі тізеден келетін арык казылған. Ок осы арыкка жаткызьшады да, үсті тақтаймен жауып тасталады. Кіндіктіңтүп жағына байланған калжуырға жегілген көлік (ат, түйе, өгіз, есек) жүре бастаса болды, жоғарғы тегершік төменгі тегер- шікті, төменгі тегершік оқты айналдыра бастайды. Мунын нәтижесінде октың екінші басындағы шеңбер — касынек жартылай әуітке сүңгіп, бірден 6—7 шелек су тартып шығарады, су толассыз астауға қүйылып тұрады, одан орі егістікке кетеді. Ш-ды қазақ халқы 20 ғ-дың ортасына дейін пайдаланған (Ш.Берсиев, т.б.). Отырар ал- қабынан Ш. орындары көптеп табылған. Муны Оңт. Қазақстан кешенді археология экспедиция қүрамында болған ирригац. топтың (жетек. В.Грошев) зерттеулері нақты долелдеп берген. Мыс., Темір арык каналы бойынан 10 шақты Ш-дың орны анықталған. Олардың бірі Талапты кенті маңынан үшырасқан. Археологтар бүл жерге үз. 8 м, ені 1,25 м траншея түсіріп, көне Ш. орнын аршыған. Қазба кезінде шелек секілді пайдаланьшған қүмыралар сынықтары алынған. Ш. шүңқырының тағы бір орны одан 500 м жерден, канал бойынан табылған. Мунда археолог- тар үз. 9 м, теренд. 1,7 м траншея қазып, III. орнын аршыған. ## Дереккөздер
Шымтезек (нем. Torf) — батпақ жерлерде толық ыдырамаған өсімдік қалдықтарынан түзілетін жанғыш, пайдалы қазбалар. Құрамының 50–60 -ы көміртек. Меншікті жану жылуы 24 МДж/кг. Ш-тің әлемдік қоры шамамен 500 млрд. т. Шымтезектің ыдырау дəрежесі – гумин қышқылдарынан жəне қарашірікке айналмаған өсімдік қалдықтарының ұсақ бөлшектерінен тұратын шымтезектің құрылымы (толық ыдыраған) бөлігінің оның жалпы массасына қатынасын көрсететін сипатама. ## Қалыптасуы Өсімдіктердің, өмір сүру ұзақтығы шектеулі. Оның жапырақтары, гүлдері мен сабақтары құрғаған кезде олар жерге түседі, саңырауқұлақтар сияқты бірқатар микроорганизмдер оларды ыдыратады. Бұл батпақтарда, батпақтарда немесе батпақты жерлерде болған кезде, бұл жерлерде микробтардың белсенділігі өте төмен, сондықтан шымтезек бірнеше жылдар бойы қалыптасып, қалыңдығы бірнеше метрге жетеді. ## Дереккөздер
Шығыс Қарахан қағандығы – ортағасырлық мемлекет. Жетісу мен Шығыс Түркістан аумағын (1041 – XIII ғасырдың басы) қамтыды. Жеке иеліктер жүйесіне негізделген Қарахан мемлекеті батыс және шығыс бөліктерден құралды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс, Мауераннахр батыс иеліктердің құрамына енді. Шығыс иеліктердің саяси орталығы Баласағұнға таяу жердегі Орда (Қара Орда, Күз Орда), кейіннен Қашқар қаласы, ал батыс иеліктердікі – Үзгент, кейінірек Самарқанд қаласы болды. Екі иелік те уақыт өте келе дербес мемлекеттер – Шығыс және Батыс Қарахан қағанаты болып бөлініп шықты. XI ғасырдың бас кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанда Тұған хан билік жүргізді. Оның билік жолындағы бәсекелесі Харун боғраханның ұлы Қадыр хан Жүсіп болды. 1005 ж. Қадыр хан Жүсіп Тұған ханды Қашқардан қуып шығып, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. 1017 – 1018 ж. Жетісуға шығыстан көшпелі тайпалар шабуылдар жасады. Басқыншылармен болған шайқастардың бірінде Тұған хан қаза тапты. Бұл уақытта Қадыр хан Жүсіп айтарлықтай күшейіп, Қарахан мемлекетіндегі бар билікті өз қолына алды. 1026 ж. Қадыр хан мен Ғазнауи сұлтандығының билеушісі Махмұд Ғазнауидың арасында батыс иеліктердің билеушісі Әли тегінге қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Олар Әли тегін иеліктерін басып алып, оны Қадыр ханның ұлы Инал тегінге бермек болды. Көп ұзамай Қадыр хан қайтыс болып, Шығыс Түркістан мен Жетісуды “арслан хан” деген жоғарғы атақ алған оның үлкен ұлы Сүлеймен Боғра тегін иемденді. Тараз бен Исфиджабтағы билік Қадыр ханның екінші ұлы Мұхаммад Жаған тегінге берілді. Олардың екеуі де Ғазнауи сұлтаны Махмұдтың ұлы Масудпен байланыста болды. Олар Мауераннахрды Әли тегіннен тартып алу әрекетіне қайта кіріскенімен, тағы да сәтсіздікке ұщырады. Мауераннахр билеушілері жеке бөлініп шығуға ұмтылып, шығыс бөліктегі бас қағанның билігін мойындағысы келмеді. XI ғасырдың 40-жылдарындағы саяси оқиғаларда Ибрахим ибн Наср көрнекті рөл атқарды. Ол әулет ішіндегі талас-тартыста Әли тегін ұлдарын жеңіп шығып, тамғаш боғра хан атағын алды да, Мауераннахрдың толық билікті қожасына айналды. Оның кезінде Қарахан мемлекеті түпкілікті екіге бөлініп болды. Ибрахим тамғаш Боғра хан Батыс қағандықтың астанасын Үзгенттен Самарқандқа көшіріп, өз иеліктеріне Ферғананы қосып алды. 1042 ж. Сүлеймен Арслан хан (Шараф әд-Даула) Шығыс қағандық әулеті мүшелеріне жер иеліктерін бөліп беріп, өзіне Қашқар мен Баласағұнды қалдырды. Сөйтіп, Қарахан мемлекетінің дербес және жартылай тәуелді иеліктерге ыдырауы құқықтық жағынан бекітілді. Алайда Шығыс Қарахан қағандығындағы өзара тақ таласы тоқтамады. 1056 ж. Мұхаммад Жаған тегін Боғра хан өз інісі Арслан хан мен оның иелігін талқандады. Таққа отырған Ибрахим Боғра хан соғыста қаза тапты. Бұдан кейін Шығыс Қарахан қағандығында 15 жыл бойы (1059 – 1074) Қадыр хан Жүсіптің балалары: Тоғрұл хан мен Харун Боғрахан билік жүргізді. Олардың тұсында Ферғана қосылып алынып, екі қағандық арасындағы шекара Сырдария өз. арқылы өтті. 1074 – 1102 ж. Шығыс Қарахан қағандығына Баласағұн, Қашқар, Хотанды иемденген Харун Боғра хан билік жүргізді. Оның кезінде Қарахан мемлекетіне өзінің ең жоғарғы саяси күш-қуатына ие болған салжұқтар мемлекетінің тарапынан қауіп төнді. 1089 ж. салжұқ сұлтаны Мәлік шах I (1072 – 1092) көп әскерімен батыс қағандықтың жеріне баса-көктеп кіріп, оның астанасы – Самарқандты басып алды. Салжұқ әскері Үзгентке дейін жеткен кезде Боғра хан өзінің Мәлік шахқа тәуелділігін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ салжұқтар Қарахан әулетінен шыққандардың ішінен өздеріне қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Бұл кезде Тоғрұл тегіннің ұлы Қашқарды қоршауға алды. Харун Боғра хан тұтқындалды, алайда Атбашидің билеушісі Жақыптың араға түсуімен босатылды. Мәлік шах Жақыппен келісім жасасып, Үзгенттен кетті. 1102 ж. Харун Боғра хан қайтыс болғаннан кейін Тараз бен Баласағұнның билеушісі Қадыр хан Жәбірейіл салжұқтардың үстемдігіне қарсы шықты. Мауераннахрды басып алған ол салжұқтардың иеліктеріне қарай қозғалды. Бірақ Термез түбіндегі шайқаста жеңіліс тауып, өлтірілді. Бұл оқиғалардан кейін салжұқ сұлтаны Санжар Мауераннахрдың билеушісі етіп Ибрахим тамғаш ханның шөбересі Арслан ханды (1102 – 1130) тағайындады. Ол тәуелсіз саясат жүргізуге тырысты. Арслан ханның мемлекеттік өкімет билігін орталықтандыруға ұмтылуы діни, әскери, зайырлы ақсүйектердің қарсылығына ұшырады. Арслан хан Санжар сұлтанды көмекке шақырды, ол өз әскерлерімен Мауераннахрға шабуыл жасап, 1130 ж. Самарқандты алды. Ауыр науқасқа шалдыққан Арслан хан көп ұзамай Балхта қайтыс болды. Қарақытайлардың Жетісу мен Мауераннахрға баса-көктеп кіруі Шығыс Қарахан қағандығының құ-лауын жеделдете түсті. Өзара тақ таласынан әрі қарақытайлардың шабуылынан әбден әлсірген Шығыс Қарахан қағандығына 13 ғасырдың бас кезінде Хорезм мемлекеті қауіп төндірді. 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммедпен болған шайқаста соңғы билеушісінен айрылған Шығыс Қарахан қағандығы мемлекет ретінде біржолата жойылды. ## Дереккөздер
Шынылық құм, әйнектік құм – шыны бұйымдарын дайындауға жарамды кварц құмдары. Шынылық құм гранит, гранитгнейс, құмтас, тағы басқа құрамында кварц мол тау жыныстарының физикалық, химиялық үгілуінен түзіледі. Үгілу процесі нәтижесінде пайда болған материалдар бастапқы орнынан ағын су, жел, мұздықтардың еруі әрекетінен көшіп, ұсақталып, іріктеліп, басқа орынға жиналғанда Шынылық құмның кендері қалыптасады. Шынылық құм бастапқы орнынан неғұрлым алыс жиналса, соғұрлым ірілеу, жұмыр әрі таза болып келеді. Түзілу тегіне қарай Шынылық құм элювийлік, делювийлік, мұздық, аллювийлік болып бөлінеді. Әсіресе соңғы екеуінің өндірістік мәні жоғары. Шынылық құм кендері үгілген тау жыныстарының көшу бағытына біршама сәйкес, ұзынша қабаттардан, линзалардан тұрады; бұлардың арасында саз, саздақ, сазды құмдардың қабатшалары кездеседі. Шынылық құм түйірлерінің орташа ірілігі 0,1 – 0,5 мм, құрамындағы кварц мөлшері 96% (жоғары сапалы құмда 98,5%), темір тотықтарының мөлшері 0,1% және түс беруші өзге қоспалар %-дың жүзден немесе оннан бір бөлігі шамасында болады. Тазартылған шикізатқа шыныны түссіздендіріп, оған мөлдір түс беру үшін балқыған шихтаға марганецтің асқын тотығы, шыны күңгірттенбеуі үшін 0,1 – 0,7%-дай церий тотығы, шынының беріктігін арттыру мақсатында аздаған мөлшерде алюминий тотығы қосылады. Шынылық бұйымдардың қолдану аясына қарай Шынылық құмдағы кварц пен тотықтардың мөлшеріне белгілі шек қойылады. Оптика, радиолампа, көзәйнек, айна, тағы басқа дайындалатын Шынылық құмда кварц мөлш. 99,3 – 99,8%-дан кем болмауы, ал терезе әйнегі, ыстыққа төзімді шыны дайындалатын Шынылық құмда кварц 98,5% болуы шарт. Кварц түйірлерінің ірілігі мейлінше біртекті құмнан сапасы жоғары шыны жасалады. Қазақстанда жоғары сапалы Шынылық құм кендерінің бірі Щучинск қ-ның (Солтүстік Қазақстан облысы) маңында орналасқан. ## Дереккөздер
Шыңғырлау, Утва – Жайық алабындағы өзен. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Бөрлі аудандары аумағында. Ұзындығы 290 км, су жиналатын алабы 6940 км². ## Бастауы Орал тауының оңтүстігіндегі Шыбынды тауы (279 м) бұлақтарынан басталып, Бөрілі ауылының тұсында Жайық өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Алабының жоғары бөлігі ұсақ төбелі, төменгі бөлігі белесті жазық. Арнасы ирелең, жағасы тік жарлы. Аңғары жоғарғы 60 км бөлігінде әлсіз қалыптасқан, ені 1 – 2 км, беткей биіктігі 5 – 15 м, ортаңғы бөлігінде айқын, ені 2 – 4 км, төменде 4 – 8 км-ге дейін кеңейіп, айналадағы ортамен тұтасып кетеді. Жайылмасы 2 км-ге дейін, төм. бөлігінде ескі арналар, тармақтар кездеседі. 30-дан астам саласы бар. Негізгілері: Қайыңдысай, Ұлысай, Ақбұлақ, Қараоба. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктемде тасып, жазда сабасына түседі, қыста қатады. Көп жылдық орташа су ағымы Кеңтүбек ауылы тұсында 5,64 м³/с. Сағасынан 244 және 250 км қашықтықта екі бөген салынған. Суы егіс суаруға пайдаланады. ## Дереккөздер
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты ғылыми мекеме. Бұрынғы Ұлттық ғылым академиясының Шығыстану секторы және Ұйғыртану институты негізінде 1996 жылы 11 қарашада құрылған. Шығыстану институты ғалым Р.Б.Сүлейменов есімімен аталады. Институттың негізгі қызметінің бағыты – Қазақстанның шығыс елдерімен тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынасы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Институт ғылыми-талдау баяндамаларын, нұсқаулар, мемлекетті мекемелер үшін баяндама-хаттар дайындайды. Үкімет мекемелері мен халықаралық ұйымдарға консалтингтік қызмет көрсетеді. Ол Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Франция, Жапония, Египет, Иран, Моңғолия, Голландия, Үндістан, Корея, Италия, Германия және т.б. елдердің 30-дан астам ғылыми орталықтарымен шығармаларына байланыс жасайды. Институтта арабтану, ирантану, түркітану секторларынан тұратын Орта және Таяу Шығыс елдері; Орталық Азия, үндітану, моңғолтану секторларынан тұратын Орталық және Оңтүстік Азия; қытайтану, жапонтану, корейтану секторларынан тұратын Азия-Тынық мұхит аймақтары; халықаралық қатынастарды кешенді зерттеу, т.б. бөлімдер мен қытайтану, ұйғыртану орталықтары бар. Онда Қазақстанық шығыстану: саяси-экономикалық және мәдени байланыстар, Түркі халықтарының рухани таным жүйесіндегі ұйғырлардың мәдениеті мен тарихы, Қазақстан мен Орта Азияның мәдениеті мен тарихы жағдайындағы Шығыс және Батыс Еуропа жазба мәлімет көздері, Қазақстан және Шығыс шет елдерінің саяси және әлеуметтік мәдени мәселелері, тіл, Қазақстандағы дін саясаты, қазақтардың ғарыш туралы танымы, Қазақстандағы мемлекет және ислам (тарихи шолу), Түркі сөздігінің фоно-морфо-лексика-семантикалық құрылымы: саралану мәселелері, т.б. көлемді тақырыптарда ғылыми-сарапшылық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Институт ұжымында 14 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты қызмет істейді. Институт Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқулықтар мен оқу-әдістемеліктерін, “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша “Түрік, араб, парсы, қытай, моңғол әдебиеттеріндегі Қазақстан тарихы” атты 21 томдық жинақ шығарды. 40-қа жуық шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатқан. 2004 ж. институт жанынан ЮНЕСКО-ның “Ғылым және руханилық” кафедрасы ашылды. Институт ғалымдарымен бірнеше ғылыми, ғылыми-көпшілік конференциялар, кездесулер өткізіліп тұрады. ## Еңбектер Соңғы жылдары төмендегідей еңбектер жарық көрді: «Қазіргі заманғы Шыңжаң және оның қазақ-қытай қатынастарында алатын орны», Өтеміш қажының «Шыңғыснамесі», Қожа Ахмет Йасауидің «Хикметтері» қазақ және орыс тілдерінде, «Орта Азия мен Қазақстанды шетелдік зерттеушілер», «Арғы ата-баба есімдері (Көне түркі ономастикасының шығу тегі мен ерекшеліктері)», «XІV–XІX ғасырлардағы Шығыс Түркістан, Орта Азия және Қазақстан тарихы жайында Қытай деректері мен материалдары», «XV–XVІІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азия: тарих, саясат, дипломатия» ; халықар. конференциялар материалдары: «Жібек жолы және Қазақстан», «Қазақстандық моңғолтанудың өзекті мәселелері: өткені, бүгіні мен келешегі», «Посткеңестік Шығыс елдеріндегі мемлекет және қоғам: тарих, қазіргі заман, болашақ», «Қазақстан – Үндістан: ежелгі заман, орта ғасырлар және қазіргі заман», «Ислам: тарих және қазіргі заман» ; ұлттық орта мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары. ## Дереккөздер:
Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. ## Географиялық орны Абай облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында. ## Жер бедері Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр. Абсолюттік биіктігі 1000 – 1100 м, ең биік жері – Ақшатаудағы Қособа тауы (1305 м). Жылына 200 – 250 мм шамасында жауын-шашын түседі. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған және Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Құрбақанас, Көксала, т.б. өзендер басталады. ## Геологиялық құрылымы Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат, т.б. жыныстардан түзілген. ## Өсімдігі мен жануарлары Беткейінде бұта (тобылғы, қараған), аңғарларында тал, терек, қайың, шалғын шөп өседі. Арқар, киік, қасқыр, түлкі, борсық, суыр, т.б. мекендейді. ## Дереккөздер
Шығанақсай – обалар тобы. 32 қорғаннан тұрады. Сырдария өзенінен 5 км жерде, Кәрітоғай сайында орналасқан. 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) зерттеп, бес қорғанға қазба жұмыстарын жүргізген. Обалардың аумағы 8 – 16 м, биіктігі 0,3 – 0,5 м. Ерекше көзге түсетін екеуінің аумағы 22 м, биіктігі 1,2 м. Қазба кезінде жерленген адамдардың қабірінен қыш ыдыстар, темір найза, темір айылбас, т.б. заттар табылған. Ғалымдардың пікірінше Шығынақсай шамамен 6 ғасырға жатады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Үлгі:Шындауыл Шыңдауыл — соқпалы музыка аспабы. Шыңдауыл дауылпаздың бір түрі. Ол жезден жасалып, шанағының бір жағы көнмен (симфония оркестрде қолданылатын литавра музыкалық аспабы тектес) қапталады; ал оның астыңғы жағында түрлі түсті жіптен тоқылған бау өткізетін шығыршығы болады. Металдан жасалған шанағы ою-өрнекпен безендіріледі. Шыңдауыл аспабын бүйір жағына бекітілген қайыстан ұстап тұрып, көн теріні соғып ойнайтын болған. Шыңдауылдың өзіне тән дыбыс күші, бояуы бар. Шыңдауыл көлемі жағынан әр түрлі болып келеді. Ертеректе Шыңдауылды аңшылар да пайдаланған; осыған қоса кезінде акад. Ә.Марғұлан Шыңдауыл аспабының ерте заманда әскери-шерулік сипат алғанын да атап өтеді. Қазіргі кезде Шыңдауылдың жетілдіріліп жасалған түрі халық оркестрлері мен ансамбльдерде қолданылады. ## Дереккөздер Маргулан А., О носителях древней поэтической культуры казахского народа (Сборник статей к шестидесятилетию М.О. Ауэзова) А.-А., 1959.
Шығыс Мұғалжар антиклинорийі – Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан аса ірі геологиялық құрылым. Ол батысында Магнитогор антиклинорийінің оңтүстік бөлігімен, шығысында Ырғыз (Шығыс Орал) синклинорийімен шектелген. Жоғарғы протерозой және төменгі палеозой тау жыныстарынан, геологиялық жасы әр түрлі гранитоидтардан құралған. Шығыс Мұғалжар антиклинорийі Оралдағы Орал – Тобыл антиклинорийінің оңтүстік жалғасы болып саналады. Ол көршілес синклинорилермен аса терең жарылымдар арқылы түйіседі. Ұзындығы 200 км-ге жуық, ені 50 км. Пішіні асимметриялы; шығыс бөлігінде ортаңғы-жоғарғы палеозой құрылымдары кеңінен дамыған. Шығыс Мұғалжар антиклинорийі ұсақ қатпарлықтарға жиырылып, жарылымдармен тілінген, тізбектеле орналасқан біршама ірі антиклиналдар мен синклиналдардан тұрады. Мұнда оңтүстіктен солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай созылған Қарасай антиклиналы, Қарабұтақ антиклиналы сияқты құрылымдар бар. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Шымылдық — ұлттық бұйым. Ашпалы және тұтас шымылдық деп аталатын түрлері бар. Оның кең таралған ашпалы түрі төсектің алдына тұтылып, түнде ұйықтаған кезде кеңістіктен төсекті бөліп тұратын камера қызметін атқарады. Мұндай шымылдық жібек, атлас, ақ сұрып, торғын, торқадан тігіледі, сондай-ақ екі бөліктен тұрады. Биіктігі 2 м-дей, ені 4,5 м-дей болады. Басқы жиегіне әсемдік үшін зер салынып, көз тимес үшін үкі тағылады. Жасау шымылдықның термелі бау өткізілетін жері шымылдық балдағы деп аталады. Жоғары жағына екі-үш қарыс «шолақ ымылдық» (шымылдық желбіршегі) орнатылады. Тұтас шымылдықтар көбіне өлікке арналып құрылады. Шымылдық (өзб. Chimildiq; тәж. Чимилдиқ) — өзбек және тәжік дәстүрлері бойынша жас жұбайлар неке түнін өткізетін бөлменің бұрышында ілінген арнайы матадан (әдетте ақ түсті) шатыр тәрізді перде. Шымылдықты болашақта жас жұбайлар тұратын бөлмеде, күйеу жігіттің үйінде іліп қояды. Дәстүр бойынша, шымылдық — қалыңдық пен күйеу жігіттің таза, тазаратын жері. Әдетте, арнайы мата шымылдыққа мата ретінде қызмет етеді (кейбір аймақтарда сузани, чок, парда деп аталады). Шымылдық бөлменің бұрышына ілініп, осылайша үшбұрышты кеңістік жасайды. Шымылдық атауы өзбектер мен тәжіктер арасында бірдей кездеседі. Алайда Өзбекстан мен Тәжікстанның кейбір аймақтарында чимилдік басқаша аталады. Мысалы, Өзбекстанның Хорезм облысында оны Кушана (өзб. ko'shana), Өзбекстанның кейбір басқа аймақтарында гушанка немесе гушанга деп аталады (өзб. go'shanka / go'shanga). Тәжікстанның кейбір аймақтарында оны чимилик немесе чимиллик деп атайды (тәж. чимилиқ / чимиллиқ). Шымылдықты ілу дәстүрі Өзбекстан мен Тәжікстанның барлық дерлік аймақтарында (Таулы Бадахшан автономиялық облысы мен кейбір басқа таулы аймақтарды қоспағанда), сондай-ақ көршілес елдерде тұратын өзбектер мен тәжіктер арасында (Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан). Шымылдықты әдетте күйеу жігіттің үйінде іліп қояды, бірақ Өзбекстан мен Тәжікстанның кейбір аймақтарында, мысалы, Өзбекстанның Самарқанд, Бұхара, Қашқадария және Сурхандария облыстарында, Тәжікстанның Соғды облысының кейбір жерлерінде шымылдықты алдымен іліп қояды. қалыңдықтың үйінде, содан кейін үйлену тойы аяқталғаннан кейін күйеу жігіттің үйіне аударылады. Әдетте, чимілдік неке түнінің келесі күні жойылады, ал кейбір аймақтарда екі-үш күнге, тіпті қырық күнге дейін созылады (тәжік тілінен аударғанда чилла деп аталатын, яғни қырық күн). Ертеде жас жұбайлардың баласына жастық пен көрпелер шымдылық матасынан тігілген. Тәжіктердің парчабурон деген әдеті бар, онда шымылдыққа арналған материалды бірге тігеді. ## Шымылдыққа байланысты әдет-ғұрыптар Дәстүр бойынша кей өңірлерде күйеу жақтың әйелдерін шымдылық бар бөлмеге шақырып, тәтті, жеміс-жидек, тағамдармен дәмдестіреді де, біраз уақыттан кейін ыстық тағам ұсынады (мысалы, Бұхарада оши-орд — кеспе қосылған сорпа беріледі, кейбір аймақтарда палау немесе басқа тағамдар). Ас ішіп болғаннан кейін ең үлкен және ең құрметті әйелдер қалыңдықты шымылдыққа жетектеп, әр өңірде әртүрлі аталатын арнайы әнді оқиды (Саломнома, Келін-салом, т. б.). Кейін кей өңірлерде күйеу жігіттің достарына екі жағынан мықтап ұстайтын пояндоз (арнайы мата) беріледі де, күйеу жігіт одан секіріп өтіп, қалыңдыққа шымылдыққа кіруі керек. Мұны кейбіреулер күйеу жігіт қалыңдықты өзіне баурап алу үшін еңсеруі керек символдық кедергі деп санайды. Көптеген аймақтарда қалыңдық пен күйеу жігіттен кейін әйел немесе әйелдер екі жағылған шырақпен шымылдыққа кіреді, олар жас жұбайлардың басын үш рет айналдырады, сондай-ақ шымылдықты айналдырады, содан кейін шымылдығының көмегімен айна, әйелдер жас жұбайларға бір-бірін көрсетеді. Дәстүр бойынша, жас жұбайлар алдында ешкім арнайы айнаға қарамауы керек еді. Осыдан кейін күйеу жігіт саусағының ұшында (көбінесе кішкентай саусақ) үш рет (әр аймақта әртүрлі) бал жейді, содан кейін қалыңдықты емдейді. Кейбір аймақтарда күйеу жігіт алдымен қалыңдықты емдейді, содан кейін өзі тамақтанады, ал басқа аймақтарда қалыңдық күйеу жігітті саусақтарымен балмен емдейді. Кейбір аймақтарда қалыңдықтың оң қолына қымбат емес зергерлік бұйымдар немесе сағаттар қойылады, содан кейін әйел немесе әйелдер күйеу жігітке қалтасын толтыратын арнайы матадан (көбінесе қарапайым дастархан) тәттілер береді. және күйеу жігіттің қолының астына екі жағынан екі бөліктен тұратын төрт бәтір нан беріледі. Дәстүр бойынша бұл нанды құрметтейтіндей жас жұбайлардың бір-біріне деген құрметін білдіреді. Кейбір аймақтарда күйеу жігітке қалыңдықтың аяғына бір аяқ басуды бұйырады. Дәстүр бойынша бұл күйеуінің әйелінен басымдылығын білдіреді. Егер күйеу жігіттің орнына қалыңдық бірінші болып жасаса, кейбір аймақтарда бұл жаман форма болып саналады. Кейбір аймақтарда күйеу жігіт қалыңдықтың аяғын басқаннан кейін соңғысынан жауап беруге рұқсат етіледі. Содан кейiн кейбiр аймақтарда күйеу баланы отырғызу үшiн әйелдер ән айтады (бұған дейiн жас жұбайлар жоғарыдағы әдет-ғұрыптарда тұрады). Мінсіз әдет-ғұрыптардан кейін әйелдер күйеу жігіттің достары мен балаларына тәттілер мен торттар, кейде ақша береді. Осыдан кейін күйеу жігіттің достары, туыстары және басқа да шақырылған қонақтар жас жұбайлардың үстіне тәттілерді, кейде ақшаны құйып, оларды ерлі-зайыптылық өмірге ұзартады. Дәл сол күні, әдетте, кешке күйеу жігіттің туыстары (үй иелері болғандықтан) қонақтарға ыстық тағам ұсынады (кейбір аймақтарда бұл машкичири — ботқа немесе сорпа, басқаларында палау немесе басқа тағам). Ас біткен соң қонақтар үйлеріне тарайды, ал қалыңдық жағынан нағашылары немесе басқа туыстары түнеп қалады. Келесі күні оның туыстары қалыңдыққа әкелінген тамақпен келеді (көптеген аймақтарда бұл самса немесе тәттілер). Кейбір аймақтарда рубинони (тәжік тілінен сөзбе-сөз аударғанда бет қалыңдық немесе жай қалыңдық) деп аталатын іс-шара өткізіледі. Қалыңдық ұлттық той көйлегін киеді, оған күйеу жігіттің туыстары (кейде қалыңдықтың туыстары) сыйлықтарын береді. Арада бірнеше күн өткен соң (әдетте келесі күні немесе екі-үш күннен кейін, кей жерлерде тіпті қырық күннен кейін де) келіннің туыстары келіп, шымылдықты шешіп алады. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Шымылдық — Национальная энциклопедия Узбекистана (өзб.). — Ташкент, 2000-2005 жж. * Шымылдық — Тәжік ұлттық энциклопедиясы — Душанбе, 2012-2015 жж. (тәж.) ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы, 9 т. * Өзбек үйлену тойы (Rusvesta.ru) * Feruza Jumaniyozova — Chimildiq | Феруза Жуманиёзова — Чимилдик * Chimildiq | Чимилдик
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (қысқаша Аманжолов университеті, ШҚУ не АУ) – көп жылдық тарихы бар Қазақстанның ескі университеттер қатарына кіретін, сондай-ақ, жаратылыстану және гуманитарлық бағытта білім беретін жоғары оқу орны. * 1952 ж. Өскемен педагогикалық институты ретінде құрылған. * 1991 ж. университет мәртебесі берілді. * 2003 жылдан С.Аманжолов есімімен аталады. Университетте бакалавриатта – 40, магистратурада – 18 мамандық бойынша кадр даярлау жүзеге асырылады. 2 ғылыми мамандық бойынша доктарантура, 12 ғылыми мамандықта аспирантура жұмыс істейді. Университет 1952 жылдан бері Қазақстанның шығыс өңірлері үшін 50 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Қазіргі күні 8 факультеті мен көпсалалы колледжінде 11 мыңнан астам студент оқиды. 34 кафедрада 800-ден астам оқытушы еңбек етуде. Университеттің ғылыми және оқытушылық ұжымын қалыптастыруда елімізге белгілі ғалымдар: Е. Мәмбетқазиев, Ж.Уәлиев, А. Темірбеков, т.б. үлкен еңбек етті. Университеттің Моңғолияда шетелдік бөлімшесі жұмыс істейді. Университетте Н.Ә. Назарбаев атындағы Жоғары инновациялық білім беру технологиялар орталығы (ЖИБТО) ашылған. Оның негізгі мақсаты электронды оқу материалдарын, электронды кітапханалар, мультимедиалы зал, оқу бағдарламаларын, электронды оқыту құралдарын, т.б. дайындау болып табылады. Жалпы университеттік электронды ақпараттық желі және білім беру порталы жұмыс істейді. Университеттің 5 ғылыми-зертеу институтында, 4 ғылыми-зерттеу зертханасында, Түркітану орталығында негізгі және қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Университет бастамасымен жыл сайын облыстық “Мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Мемлекеттік тілді үйренудің тиімді тәсілдеріне арналған арнайы компьютерлік бағдарламалар енгізілген. ## Бүгінгі университет құрылымы Құрамына 4 факультет кіреді: * Экономика және құқық факультеті * Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті * Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті * Психология, педагогика және мәдениет факультеті ### Университет бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – еліміздің Шығыс аймағындағы алдыңғы қатарлы, ғылыми, әдістемелік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет білім берудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу базасын кеңейтіп, жоғары сапалы білім беру қызметтерін жүзеге асырады. Университет түлектері жұмыс нарығында бәсекеге сай және Қазақстанда, шетелдердің түрлі экономикалық салаларында қызмет етуде. ### Университет құрылымы Университет құрылымы (2015 жылдан бастап): 4 факультет (жаратылыстану ғылымы, математика, физика және технологиялар; экономика және құқық факультеті; психология, педагогика және мәдениет факультеті, тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті) және 19 кафедра.  4 факультетте 45 бакалавриат мамандығы бойынша, 30 магистратура және 3 докторантура мамандығында білім алуда.  Университетте 400-ден астам жоғары білікті оқытушы қызмет етуде, оның 19-ы ғылым докторлары және 150-ден астамы ғылым кандидаттары мен Phd докторлары.Білім беруді интеграциялау мақсатында университетте жаңа ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру құрылымдары ашылған. 2013-2014 оқу жылы «Алтайтану» ҒЗО; «Назарбаевтану»ҒБО; Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы; студенттер бастамалары орталығы; академик Зәки Ахметов атындағы шығармашылық зертхана ашылды. 2014-2015 оқу жылы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы; сот отырысы залы; қылмыстық-атқару қызметі кабинеті; «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, ШҚО құрылуының мұражайы, G-Global халықаралық жобаларды іске асыру орталығы ашылды. 2015-2016 оқу жылы «Шығыс Қазақстанның өсімдіктерін эфир майларын идентификациялау» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде фитохимия зертханасы,студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталықтары ашылды. ### Университет құрылымдарының жұмысы Университет құрылымдарының жұмысы 2014 жылдың 13 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кеңесі мен ЖОО-ның оқу және әкімшілік құрылымдарының жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2015-2020 жж арналған даму стратегиясы» жоспары негізінде іске асырылуда. Университеттің міндеті: халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде университет ролін алдыңғы қатарлардан көрсету, Қазақстанның инновациялық дамуы үшін бәсекеге сай мамандарды даярлау.Университетте 2014 жылы SMART-университет енгізу және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Университеттің техникалық регламентінің құжаттары бекітілген; университет ішінде электронды құжат айналымы жүргізілуде, ақпараттық-білім беру порталының жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы қосылды; электронды форматқа көші білім беру бағдарламарын құру бойынша факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің қатысуымен семинарлар, коучингтер жүргізілді; Университетте 2014 жылы автономияға көші және корпоративтік басқару принциптерін енгізуге көшу Жоспары құрылды. Университете алыс және жақын шетел студенттері білім алуда.(Моңғолия, ҚХР, РФ, Өзбекстан және т.б.) ## Ғылыми және инновациялық жұмыстың негізгі бағыттары ШҚМУ-да ғылыми-зерттеу жұмысы (Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана, «Экология» ғылыми-зерттеу орталығы) «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы, біліктілікті растау орталығы, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы және университет кафедралары негіздерінде жүзеге асырылуда. Университеттің негізгі ғылыми бағыттары: Физика, нанотехнология,табиғи және технологиялық және әлеуметтік-экономикалық процесстерді  математикалық үлгілеу аймағындағы фундаменталды зерттеулер.Шығыс Қазақстанның генетикалық ресурстарын пайдалану және толықтыру үшін дәнді дақылдар биотехнологиясын құру. Шығыс Қазақстанның флорасы мен фаунасының мәселелерін зерттеу және аймақтың био әртүрлілігін сақтау. Алтай, Шығыс Қазақстанның және жалпы аймақтың әдеби мұрасының тарихы мен мәдениетін зерттеу.Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы фундаменталды, ғылыми зерттеу және инновациялық, ғылыми-техникалық жұмысты дамытуға бағытталған.Жылдан жылға университет студенттері әр түрлі деңгейдегі сайыстар, олимпиадалар мен конференциялардың лауреаттары және жеңімпаздары атануда. ## Халықаралық байланыс Университеттегі халықаралық байланыс белді мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен қатынас орнатуға бағытталған. 2015-2016 оқу жылы университет 71 Халықаралық келісімге қол қойған.ШҚМУ серіктестері арасында Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Түркия, Германия, Поляк Республикасы, Чехия, Франция, Швейцария, Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея, Моңғолия және АҚШ бар. Халықаралық байланыстың негізгі бағыты біріккен білім беру бағдарламаларын іске асыру, шетел мемлекеттеріндегі оқу орындарында тәжірибеден өтіп, 2 диплом алу мүмкіндігін беру. Бүгінде университетекі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның университеттерімен (Джиогсанг Ұлттық университеті, Ченгджу Университеті), Қытай, Польша (Адам Мицкевич атындағы Университет, Вроцлав университеті), және Ресей Федерациясы (Ползунов атындағы Алтай университеті, Алтай мемлекеттік университеті және т.б.)Университет бес халықаралық Ассоцияцияның мүшесі болып табылады: Еуразиялық университеттер Ассоцияциясы, Халықаралық Жоғарғы Академиялық мектеп, университеттер Ұлы хартиясы, «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық координациялық кеңесі, Азиялық Университеттер  Ассоцияциясы. ## Кәсіптік бағдар жұмысы Кәсіптік бағдар жұмысы – университеттің студенттерді сапалы контингентпен қамтуды ұйымдастырудағы негізгі бағыттарының бірі. Маркетинг және оқу орнына дейінгі дайындық Орталығы факультет декандарымен, кафедралармен және профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесіп университете кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастырады. 2014 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО Білім басқармасы арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. ШҚО Білім мекемелерімен серіктестік және іс-қимылдың жаңа формалары дамуда: Университеттің базалық мектептерінде «Шығыстың алтын қоры» кәсіби бағдар орталықтары жүйесін құру;Униеверситеттің профессорлық-оқытушылар құрамының дайындауымен түлектер ҰБТ-ға дайындалатын «Өсу орталығы» құрылуы;Мектептегі туризмнің дамуы, университете білім беру турларын өткізу;Оқушылар үшін қосымша білім беру жобаларын іске асыру; ШҚО ББ-мен тығыз байланыс орнату мақсатында мектеп оқушылары үшін олимпиадалар өткізілуде. Мектеп аралық пәндер арасында аймақтық және облыстық олимпиадалар химия, қаза тілі, ағылшын тілі, биология, математика және физика пәндері бойынша өткізіледі. ### Тәрбие жұмысы Университетте дәстүрлі түрде «ШҚМУ аруы», «Студенттік көктем», «Бірінші курс таланттары», «Би сайысы», «Counter-strike» компьютерлік ойыны форматындағы киберспорттан университет чемпионаты және т.б.Студенттер «Жас Отан» ЖҚ, «Жастар лигасы» АҚ ұйымдастыратын «Жастар Отанға!», «Болашақ - біздің қолымызда», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Қан тапсырып, адам өмірін сақта», «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» және т.б. сынды әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысады. Университет студенттері спорттада жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 21 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Олар: футбол, волейбол, қол күресі, бадминтон, қысқы және жазғы президенттік күрсе, жеңіл атлетика, спорттық бағдар, баскетбол, гір көтеру және т.б. алаңдары бар. ## Дереккөздер * Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 26 мамырдың 2016 жылы.
Шығыстану – Шығыс деп аталған Азия және ішінара Африка (негізінен Солтүстік Африка) елдерінің тарихын, экономикасын, тілдерін, әдебиетін, этнологиясын, өнерін, дінін, философиясын, мәдениетінің материалдық және рухани ескерткіштерін кешенді түрде зерттейтін ғылым. Шығыстанудың ішінде аймақтық салалар: египет зерттеу, ассирия зерттеу, семит зерттеу, арабтану, ирантану, түркітану, қытай зерттеу, моңғолтану, үндітану, жапонтану қалыптасты. Ғылымның алға қарай дамуына байланысты Шығыстануда жаңа аймақтық салалар қалыптасуда (шумер зерттеу, урарту зерттеу, кумрантану, корейтану, малайтану, т.б.). Еуропадағы Шығыстану білімдерінің қайнар көздері еур. халықтардың Азия мен Солтүстік Африка халықтары арасында сауда, саяси байланыстар орнатқан ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Шығыстанудағы Шығыс жөніндегі алғашқы деректер ежелгі грек авторларының еңбектерінде келтірілген. Шығыс елдері жөніндегі көптеген деректер Батыс пен Шығыс мәдениетінің арасындағы «көпір» қызметін атқарған сириялық, византиялық, ежелгі армян және ежелгі грузин әдебиеттерінде кездеседі. 12 ғасырдан бастап Алдыңғы Азия мен Қиыр Шығыс елдерінде болған елшілердің, діни миссионерлердің, көпестердің, саяхатшылардың көптеген жазбалары пайда болды. Шығыстанудың білімнің ерекше саласы ретінде пайда болуы капиталдың алғашқы қорлану дәуірі мен шығыс елдеріне еур. мемлекеттердің баса-көктеп кіруінің басталуымен байланысты болды. Шығыстанудың дамуына халықаралық байланыстардың жалпы кеңеюі де ықпал етті. 16 ғасырдың соңында арабтанушы Постельдің, Алдыңғы Азия тарихын жазушы Роттың, Бриссонийдің еңбектері жарық көрді. 15 ғасырда Ресейде А.Никитиннің Үндістанды сипаттауы, 1618 жылы И.Петлиннің Қытайға саяхатының қолжазбалары пайда болды. 17 ғасырдың соңында бірқатар университеттерде (Лейден, Париж, Оксфорд) шығыс қолжазбаларының айтарлықтай мөлшері жинақталып, соның нәтижесінде жазба деректерге сүйенген алғашқы жүйеге көтерілген еңбектер жарық көрді (әсіресе, Парижде 1667 жылы басылып шыққан д’Эрбелоның «Шығыс кітапханасы»). Ресейде Г.С.Лебедев Еуропадағы ең алғашқы санскрит грамматикасының бірін (1801) құрастырды және бірнеше қолданыстағы үнді тілдерінің грамматикалық құрылысына сипаттама берді. 19 ғасырдағы неғұрлым көрнекті шығыстанушы Никита Яковлевич Бичурин (Иакинф) болды. Ресей шығыстанушыларын дайындау бастапқыда Қазан университетінде (1807 жылдан), кейіннен Санкт-Петербург университетінде (1819 жылдан) жүргізілді. 1818 жылы Ресей шығыс қолжазбалары мен металл ақшаларының қоймасы – Азия музейі құрылып, ол академиялық шығыстанушы орталыққа айналды. ## Шығыстану салалары Африканистика шығыстану саласынан бөлініп шыққан, арменистика, картвелология дисциплиналарын ішіне алатын кавказтануға да қатысы бар. * арабистика * ассириология * буддология * вьетнамоведение * египтология * индологиясанскритология * санскритология * индонезтану * иранистика * корейтану * қырғызтану * малаистика * моңғолтануойраттануқалмықтану * ойраттану * қалмықтану * османистика * семитологияарамеистикабиблеистикагебраистикакумранистикасабеистикаугаритоведениеэфиопистика * арамеистика * библеистика * гебраистика * кумранистика * сабеистика * угаритоведение * эфиопистика * синология (қытайтану, китаистика) * таистика * тибетология * тунгус-маньчжуротану * тюркология * урартология * филиппинистика * шумерология * жапонтану 19 ғасырдың 2-жартысында шығыс қолжазбалары мен кітаптарының ең ірі еур. қоймаларының тізбелері пайда болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Жапония, Қытай, Үндістан, Иран мен Түркия, т.б. шығыс елдерінде зерттеуді ең соңғы әдістердің көмегімен жүргізген ірі тарихшылар мен тіл мамандары жұмыс істеді. Бұл әсіресе Ресейдегі – шығыс халықтарының өкілдері Әзірбайжан М.Ф.Ахундовтың, бурят Д.Банзаровтың, қазақ Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметінен өте айқын көрінді. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Моңғолиядағы Орхон өзені жағалауынан табылып, орхон жазбалары деген атауға ие болған ежелгі түркі жазба ескерткіштерін ашты. Бұл ескерткіштер ежелгі көшпелі мемлекеттердің тарихын оқып-үйренуде маңызды дерек болды. Академик В.В.Радлов бірінші болып енисей және орхон жазбаларын толық аударып, ғылыми түсініктеме берді. В.В.Вельяминов-Зернов, Н.В.Ханыков, В.В.Григорьев, Н.И.Веселовский, В.В.Бартольд, т.б. Ортa Азия тарихы мен географиясына байланысты көптеген зерттеулер жүргізді. Шығыстанудың қазақ топырағында дамуына Орынбор, Ташкент қалаларында жұмыс істеген орыс Географиялық қоғамының бөлімшелері, Түркістан археология әуесқойлары ұйымы, Орта Азия мен Қазақстандағы шығыстану қоғамы бөлімшелері зор үлес қосты. Жергілікті архитектуралық жәдігерлердің тарихи-топонимдік суреттемелерін жасау, оларға қатысты ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерді жазбаға түсіру, жариялау осы ұжымдардың үлесіне тиді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Шығыстану мәселелері бойынша көптеген зерттеу еңбектері жарық көрді. Осы салада М.Әбусейітова, К.Хафизова, З.Қинаятұлы, Н.Мұқаметханұлы, т.б. ғалымдар елеулі еңбек етті. 1996 жылы Қазақстан ғылым академиясы жанынан Шығыстану институты құрылды. ## Қазақстан шығыстанушылары * Әлкей Хақанұлы Марғұлан * Бақтыкерей Құлманов * Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов * Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі * Рамазан Бимашұлы Сүлейменов * Сатылған Сабатаев * Халиди Құрбанғали * Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков * Еркін Ұланұлы Байдаров * Бахтияр Тасымов * Берік Сақбайұлы Арын ## Ресей әскери шығыстанушылары * Иван Андреев * Владимир Арсеньев * Алексей Вандам * Михаил Вронченко * Дмитрий Милютин * Николай Пржевальский * Андрей Снесарев * Юзеф Ходзько ### Ресейдегі әскери шығыстану Қазiргi Ресейдiң аумағында мемлекеттiк бiлiмдер, меншікті князьдіктердің, пайда болуы кезінде, Шығыс елдерi туралы түрлi ақпаратты, әскери аспектілерді талдауды, сақтауды жүзеге асырған ұйымдар да болды. «Петрге дейiнгі» дәуірде шығыстану ақпараттарын жинақтаған басты мемлекеттiк құрылымдар Сiбiр және Құпия приказдары болды. Императорлық Ресейдің реформаланған дәуiрінен, Наполеон соғыстарына шейін, Азиялық Шығыс пен Солтүстік Африка елдерi туралы ақпарат сыртқы істер министрлігінен өтті.Шығыс пен Солтүстік Африка елдерi туралы әскери ақпаратты толық жүйелік және мақсатты сипатта табу мен өңдеуді ХІХ ғасырда Ресей империясының әскери тізімдемесінде алған болатын. Әскери шығыстану ақпаратының үлкен және ең бағалы бөлігін ресейлiк елшiлiктердегі квартирмейстер қызметiнiң офицерлерi және Ресейлiк армияның бас штабтың офицерлерi тапты. XIX ғасырда әскери-географиялық экпедициялар, соның ішінде Шығыс елдеріне де, кең тарау алды. Әскери мекемелерге жеткізілетін мағлұматтар жазбахаттар, баяндамалар, есептер, шолып өтулер, арнаулы сипаттамалар, сөздiктер,географиялық орындардың координаттары мен шыңдары, жоспар, сызбалар, географиялық карта және басқа да пiшiнге ие болды.Шығыстанудың төңiрегiдегi ресейлiк әскери барлау органдары Сыртқы Істер Министрлiкпен, Орыс Географиялық қоғамымен, университет, академия және институттармен, сонымен бiрге шығыстану сипатындағы пайдалы ақпарат алған жеке азаматтық тұлғалармен ынтымақтас қойды.XIX ғасырдың 2- жартысында шығыстанудың ұлттық ресейлiк ғылыми әскери мектебi құрылды - ағылшын, голландиялық, француз, немiс сияқты әлемдегі жетекші шығыстану әскери мектептерiнiң қатарындағы ең күштi мектептердің бiрi.Дегенмен, 1917 жылды Қазан революциясынан кейiн және большевиктердің келуімен, әскери шығыстанудың барлық ресейлiк әскери ғылым сияқты берекесі болмады. Елден 2 миллионға жуық адам жер аударды, көп шығыстанушылар Азамат соғысы кезіндегі жоқшылықтан және опаттардан қаза болды, қуғын-сүргінге ұшырады. Әскери шығыстанудың қайта өркендеуi, жаңа идеологиялық және концептуалды негiздерде, ендi ғана XXғасырдың 30-жылдарында болды. Дегенмен, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың алдындағы кезеңде жаңа қуғын-сүргіндер ресейлiк әскери шығыстануды едәуiр дәрежеде қансыратты және көп ысыраптардың орны толмас болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ресейлік әскери шығыстанушылардың назарын едәуiр дәрежеде Кавказға аударған болды және Түркия, Иран; Жапония, Курил, Тува, Моңғолия, Солтүстiк-шығыс Қытай және Сахалинді соғыс әрекетінің майданы сияқты зерттедi. 1944жылы Тува КСРО құрамына ендi.1991—1998 жылдарда КСРО-ның ыдырауы ресейлiк әскери шығыстануға көптеген жоғалтулар әкеліп, шығынға ұшыратты, бiрақ бұл ғылыми пән қазiргi уақытта қайта қалпына келтірілуде. Әскери шығыстанудың «ескі» жетістіктері бүгінде ғылыми айналымға қайта енгiзiлуде, ал ресейлiк әскери шығыстанушылардың тамаша еңбектері қазiргi ғылыми шеңберлерге ғана емес, көп жұртшылыққа мәлiмденуде. Бұл ресейлiк әскери шығыстанудың мәдени жетiстiктерiнің жаңа «ашылулары» - мәселелердi қамту бойымен, кең және ғылыми сапа бойымен, барлық ресейлiк ғылымға сый көрсетедi. Тiптi, XIX—XX ғасырлардағы ресейлiк әскери шығыстанудың ғылыми мұрасы әскери шығыстанушының шығыстың зерттеуi облыстары көлем бойымен едәуiр аса басым түсетiн сапа көпшiлiгiнде ғылыми нәтиже алды. Ресей әскери мекемесіне тиісті Шығыс пен Солтүстік Африка елдерi туралы ерекше бағалы ақпараттың едәуiр бөлiгі әлi де жарияланбаған, қорыта келгенде, ғылыми айналымда емес. Мұндай жағдайдың себебінің бiрi - әскери шығыстанудағы келелі мәселелердің мұрағаттық қорларының дәстүрлi «жабықтығы», рұқсатқа тек ресми тұлғалар ғана қол жеткізе алады. ## Ресей шығыстанушылары * Аввакум Честной * Аделунг, Фёдор Павлович * Алексеев, Василий Михайлович * Алиханова, Юлия Марковна * Алпатов, Владимир Михайлович * Андреев, Михаил Степанович * Антонова, Кока Александровна * Базили, Константин Михайлович * Барадийн, Бадзар Барадиевич (Барадин) * Бартольд Василий Владимирович * Берже, Адольф Петрович (Берде) * Никита Яковлевич Бичурин * Блаватская, Елена Петровна (1831—1891) * Богораз, Владимир Германович * Бонгард-Левин, Григорий Максимович * Броссе, Марий Иванович * Бунаков, Юрий Владимирович * Буниятов, Зия Мусаевич * Ванина, Евгения Юрьевна * Вайнштейн, Севьян Израилевич * Васильев, Борис Александрович * Васильев, Василий Павлович * Вахтин, Борис Борисович * Владимирцов, Борис Яковлевич * Влангали, Александр Георгиевич * Влангали, Георгий Михайлович * Волков, Сергей Владимирович * Габучан, Грачия Михайлович * Гамкрелидзе, Тамаз Валерианович * Гафуров, Бободжан Гафурович * Гафуров, Закерия Шагизанович * Гевелинг, Леонид Владимирович * Гневушева, Елизавета Ивановна * Гомбоев, Галсан * Грибоедов, Александр Сергеевич * Григорьева, Татьяна Петровна * Гурко-Кряжин, Владимир Александрович * Густерин, Павел Вячеславович * Дандарон, Бидия Дандарович * Доржиев, Агван-Лобсан (Агвандоржиев) * Дмитриев, Николай Константинович * Долинина, Анна Аркадьевна * Дорн, Борис Андреевич * Дьяков, Николай Николаевич * Дьяконов, Игорь Михайлович * Дьяконова, Елена Михайловна * Елизаренкова, Татьяна Яковлевна * Елисеев, Сергей Григорьевич (с 1921 — Франция) * Жуковский, Валентин Алексеевич * Завадовский, Юрий Николаевич * Иванов, Владимир Алексеевич * Игнатович, Александр Николаевич * Казембек, Александр Касимович * Казин, Всеволод Николаевич * Кантемир, Дмитрий Константинович * Кирпиченко, Валерия Николаевна * Князев, Александр Алексеевич * Ковалевский, Егор Петрович * Ковалевский, Осип Михайлович * Ковалёв, Александр Александрович (арабист) * Ковельман, Аркадий Бенционович * Кондратьев, Сергей Александрович * Кононов, Андрей Николаевич * Конрад, Николай Иосифович * Коробов, Владимир Борисович * Коротаев, Андрей Витальевич * Корш, Фёдор Евгеньевич * Крачковский, Игнатий Юлианович * Крымов, Афанасий Гаврилович — толық есімі Го Шао-тан (Куо Жа-тон, Куо Шао-тан; лақабы: А. Г. Афанасьев, Е. Куо) * Куделин, Александр Борисович * Курдоев Канат Калашевич * Кычанов, Евгений Иванович * Ланда Роберт Григорьевич * Ланьков, Андрей Николаевич * Латышев, Игорь Александрович * Лебедев, Герасим Степанович * Левин, Сергей Фридрихович * Литвинский, Борис Анатольевич * Майнагашев, Степан Дмитриевич * Макаренко, Владимир Афанасьевич * Малявин, Владимир Вячеславович * Сергей Ефимович Малов * Марр, Юрий Николаевич * Мейер, Михаил Серафимович * Мендрин, Василий Мелентьевич * Мерварт, Людмила Александровна * Микульский, Дмитрий Валентинович * Минаев, Иван Павлович * Минорский, Владимир Фёдорович * Наумкин, Виталий Вячеславович * Невский, Николай Александрович * великий князь Николай Константинович * Никитин, Леонид Александрович * Новосельцев, Анатолий Петрович * Обермиллер, Евгений Евгеньевич * Ольденбург, Сергей Фёдорович * Орбели, Иосиф Абгарович * Османов, Магомед-Нури Османович * Остроумов, Николай Петрович * Павленко, Андрей Петрович * Пак, Борис Дмитриевич * Паллас, Петер Симон * Панкратов, Борис Иванович * Парибок, Андрей Всеволодович * Патканов, Керопэ Петрович * Погадаев, Виктор Александрович * Позднеев, Алексей Матвеевич * Поливанов, Евгений Дмитриевич * Попов, Александр Васильевич * Поппе, Николас (1897 – 1991) * Празаускас, Альгимантас Аугустинович * Примаков, Евгений Максимович * Василий Васильевич Радлов * Разумовский, Константин Иванович * Рейснер, Марина Львовна * Рерих, Николай Константинович (1874—1947) * Рерих, Юрий Николаевич (1902—1960) * Рерих, Елена Ивановна (1879—1955) * Розенберг, Оттон Оттонович * Рождественский, Юрий Владимирович * Руденко, Маргарита Борисовна * Рудов, Леонид Николаевич * Рыбаков, Ростислав Борисович * Санчес, Алкаэн Альбертович * Саблуков, Гордий Семёнович * Сагадеев, Артур Владимирович * Семененко, Иван Иванович * Сенковский, Осип (Юлиан) Иванович * Скачков, Пётр Емельянович * Слинкин, Михаил Филантьевич * Смирнов, Илья Сергеевич * Соколов-Ремизов, Сергей Николаевич * Стеблин-Каменский, Иван Михайлович * Суворова, Анна Ароновна * Терентьев, Михаил Африканович * Толстой, Лев Николаевич (1828—1910) * Топоров, Владимир Николаевич * Топчибашев, Мирза Джафар * Торчинов, Евгений Алексеевич * Туманский, Александр Григорьевич * Туманян, Тигран Гургенович * Ухтомский, Эспер Эсперович * Федоренко, Николай Трофимович * Флюг, Константин Карлович (Флуг, Константин Константинович) * Фомичев, Владимир Дмитриевич * Фролов, Дмитрий Владимирович * Фролова, Ольга Борисовна * Хакимов Карим Абдрауфович * Хана Яфиа Юсиф Джамиль * Ханыков, Николай Владимирович * Хвольсон, Даниил Авраамович * Цыбиков, Гомбожаб Цэбекович * Челышев, Евгений Петрович * Черняев, Сергей Иванович * Чуфрин, Геннадий Илларионович * Шапшал, Сергей Маркович * Шмидт, Александр Эдуардович * Шмидт, Яков Иванович * Шнейдер, Евгений Робертович * Шумовский, Теодор Адамович * Щербатской, Фёдор Ипполитович * Щуцкий, Юлиан Константинович * Юшманов, Николай Владимирович ## Белорус шығыстануылары * Вронченко, Михаил Павлович * Ходзько, Юзеф Янович * Вандам, Алексей Ефимович ## Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка шығыстанушылары * Абель-Ремюза, Жан-Пьер * Браун, Эдвард Гранвил (Ұлыбритания) * Бюрнуф, Эжен * Вудрофф, Джон Джорж (Ұлыбритания) * Гай Лэ Стрэнж (Ұлыбритания) * Демьевилль, Поль * Елисеев, Сергей Григорьевич (Франция) * Жюльен, Станислас Эньян * Кёрёши Чома, Шандор * Кремер, Альфред фон * Ла Валле-Пуссен, Луи * Леви, Силвен * Масперо, Анри * Масперо, Гастон * Мюллер, Фридрих Макс * Паллас, Петер Симон * Пеллио, Поль * Пилсудский, Бронислав * Райшауэр, Эдвин * Рамстедт, Густав * Рис-Дэвидс, Томас * Розенталь, Франц * Роули, Джордж * Сенар, Эмиль * Турман, Роберт * Туччи, Джузеппе * Шампольон, Жан-Франсуа * Шиммель, Аннемари * Шор, Мойше ## Азия және Африка шығыстанушылары * Аоки Бункё * Нандзё Бунъю ## Дереккөздер: * Густерин П. В. По следу Кантемира. Российскому востоковеджению исполняется 300 лет // Российская газета. 2011, № 147 (8 шілде). * Алексеев М. Н. Военная разведка Российской империи — от Александра I до Александра II. — М.: Вече, 2010. — 480 с. * История отечественного [российского] востоковедения до середины XIX века. М., 1990. * Липранди И. П. Обозрение пространства, служившего театром войны с Турцией с 1806 по 1812 ж. СПб., 1854.
Шідерті — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі құрамындағы кент, Шідерті кенттік әкімдігі орталығы. ## Тарихы Екібастұз қаласынан батысқа қарай 50 км-дей жерде, Шідерті өзеніндегі Ертіс-Қарағанды каналының оң жағасында, Екібастұз шоқыларының солтүстік беткейіндегі дала белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Бурабай ауданы – Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 5,9 мың км². Тұрғыны 71,4 мың адам (2023). Аудандағы 52 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдігіне және 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Щучинск қаласы. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде СҚО-ның Тайынша ауданымен, шығысында Біржан сал, батысында Зеренді, Сандықтау аудандарымен, оңтүстігінде Бұланды ауданымен шектеседі. ## Тарихы Аудан 2009 жылға дейін "Щучье ауданы" деп аталған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 81739 адам (39327 ер адам және 42412 әйел адам) болса, 2009 жылы 73169 адамды (34856 ер адам және 38313 әйел адам) құрады. Ұлттық құрамы:Орыстар (45,86%), қазақтар (40,63%), украиндар (3,41%), немістер (3,37%), беларустар (1,42%), поляктар (1,27%), басқалары (4,04%) (2009). ## Әкімшілік бөлінісі 52 елді мекен 9 ауылдық округ пен 1 кенттік және 1 қалалық әкімдікке біріктірілген: ## Дереккөздер
Ығылман Шөрекұлы (1876, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылы – 1932, сонда) – ақын. Жасында ауыл молдасынан оқып, хат таныған. 15 – 16 жасынан өлең шығарып айта бастады. Қисса-дастандарды кітаптардан оқып, замандас жырау-жыршылар арқылы көп жаттаған. Жас кезінде Атырау өңірінде аты әйгілі Абыл, Ақтан, Қалнияз, Нұрым, Досжан, Махамбет, Төлеген тәрізді ақындардың өлеңдерін өнеге тұтып, Жаскілең, Бала Ораз, Жылқышы, Мұрат сияқты ақын-жыраулардың көзін көріп, тәлім алған. Көзі тірісінде бірсыпыра өлеңдерін Ташкентте шығып тұрған “Сәуле” журналында жариялады. Осы қалада сондай-ақ 1836 – 37 ж. ұлт-азаттық көтерілісі мен оның жетекшілері Исатай мен Махамбеттің қаїармандық ерлігіне арналған тарихи дастанын бастырды (“Исатай-Махамбет”, Ташкент, 1925). Бұл дастан кейін де бірнеше рет жарияланды. Ақынның “Исатай-Махамбет”, “Өзім туралы”, “Ақындар туралы”, “Шешендер туралы”, “Батырлар туралы”, “Халық алдында”, “Толғау”, “Күреңатқа” деген халыққа кеңінен танымал өлеңдері бар. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Шілік, Шелек – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Алматы облысының Талғар, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 245 км, су жиналатын алабы 4980 км2. ## Бастауы Күнгей Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шелек ауылынан 20 км солтүстікте Қапшағай бөгеніне құяды. Жоғары бөлігінде тар шатқал жасап ағады, төменде жайылып, жағасы жайпауыттанады. ## Гидрологиясы Жауын-шашын, мұздық, жер асты суларымен толығады. Өзеннің 70-тей саласы бар. Басты салалары – Талды, Жіңішке, Сарыбұлақ, Асы. Суының минералдылығы тасу кезінде (сәуір – қыркүйек айларында) 100 – 150 мг/л-ден сабасына түскенде 250 – 300 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Малыбай ауылының тұсында 32,2 м3/с. Суының басым бөлігі егін, бау-бақша суаруға пайдаланылады, жоғарғы алабы – жайылым, шабындық. Бойында бірнеше шағын СЭС-тер және Бартоғай бөгені салынған. Одан су Үлкен Алматы каналына жіберіледі. Ш.Уәлиханов Шілік аңғарында 1856 жылы болып, өзен алабының табиғаты, тұрғындарының кәсібі туралы дерек жинаған, археологиялық зерттеу жүргізген. Ол мұнда ежелгі суару жүйесінің болғандығы туралы болжам жасаған. ## Дереккөздер
Әлім Ыдырысов Акрамұлы (30.10.1939 ж. туған, Қызылорда қаласы) – ғалым, медицина ғылыми докторы (1994), профессоры (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). 1963 ж. Алматы (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) медицина институтын бітірді. 1966 – 69 ж. осы ин-ттың оперативтік хирургия және топография анатомия кафедрасының ассистенті, 1969 – 80 ж. Ақтөбе медицина институтында доцент, 1984 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты хирургия (қолданбалы) анатомия және эксперименттік хирургия мәселелеріне арналған. Ыдырысов ішкі органдардың патология жағдайындағы морфо-функционалдық күйінің әр түрлі аспектілері мен оларды реттеуді зерттеді. Құрсақтың қатерлі ісіктері мен қабыну жағдайларын ұзақ уақыт катетер арқылы аймақтық артерия ішілік химия терапиямен және жедел деструктивті (бұзылу) панкреатитті емдеу әдістерін ұсынып, жетілдірді. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Ыдырысовтың басшылығымен 3 ғылыми докторы мен 6 ғылыми кандидаты дайындалды. ## Сілтемелер * Макро-микроциркулярное русло органов живота в условиях внутриартериальной и системной химиотерапии, А., 1999; * Вопросы морфологии и клиники (Респ. Сборник научных работ), А.]], 1991 – 2002; * Адам анатомиясы (Атлас), т. 1, Астана, 2005 (ред. жетекшісі).
Шірік-Рабат – көне қаланың орны. Шамамен б.з.б. 4–2 ғасырлар және б.з. 10–13 ғасырлар аралығында өмір сүрген. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан (Жаңақала кеңшары) оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде, Жаңадария арнасының сол жақ жағалауындағы ең биік төбенің үстіне орналасқан. * 1946 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.П.Толстов) тауып, * 1948–49 жылдары қайта зерттеген. * 1957–58 жылдары қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі жерлеу құрылысы, үлкен қоршау, көне қорған түбіндегі тұрғын үйдің бір бөлігі, қорғаныс қамалы мен мұнарасы және кейінгі ортағасырлық кезеңдегі Цитадельдің шағын бөлігі зерттелді. * 2004 жылдан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сай Шірік-Рабат археологиялық экспедиция (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеуді жалғастыруда. Төбенің аумағы 850×600 м, сопақша. Етегі екі қатар дуалмен және ені 30–40 м, тереңдігі 3–4 м ормен қоршалған. Қорғанға кірер қақпалар оңтстік мен батыс жағында. Қала бірнеше рет қайта тұрғызылған. Ең көне кезеңде (б.з.б. 4–3 ғасырлар) төбенің биік жеріне сол жерді мекен еткен патшалар жерленген 6 оба мен сыртын топырақтан үйген қорған салынған. Оңтүстік жағында жаугершілік кезде паналайтын және обаларды қорғаушылар тұрған бекініс-үйлер болған. Сәл кейінірек б.з.б. 3–2 ғасырларда қам кірпіштен өрілген үлкен сағана және бірнеше мазарлар мен жер асты катакомбалары салынған. Бірақ б.з.б. 2 ғ-да Жаңадария суының тартылуына байланысты қала өз тіршілігін тоқтатқан. Тек б.з. 9–13 ғасырлар аралығында өзен суы толысып, қайта жанданды. Қазба жұмыстары кезінде табылған жерлеу құрылыстары өте ерте заманда тоналған. Қазылған бірінші обаның биіктігі 3,5 м, диаметрі 60 м-ге жуық, ортасындағы диаметрі 30 м-ге жуық үлкен шұңқыры бар. Обаның ортасынан аумағы 7,5×7,5 м, тереңдігі 2,5 м қабір шұңқыры мен оңтүстік жағынан оған кіретін ұзын дәліз (ұзындығы 15 м) табылды. Қабір ішінен жалпақ темір семсер, үш қырлы ұңғылы қола жебе ұшы, жарты цилиндр тәрізді алтын бұйым табылды. Бұл заттар обаның көне екендігін, яғни б.з.б. 5–4 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Сырт жағынан дәліздің басталар тұсынан орта ғасырларда жерленген 10 адамның қабірі аршылды. Олар қосымша затсыз көмілген. Сонымен қатар екінші кезеңге жататын үш түрлі жерлеу құрылысы зерттелді. Ең үлкені – қаланың шығыс бөлігі қам кірпіштен салынған. Сақталған диаметрі 38,5, биіктігі 8,4 м. Оның іші бір-біріне өтетін дәліздері бар төрт бөлмеге бөлінген. Олардың аумағы бірдей 6×6 м, ұзындығы 10 м, ені 1,7 м. Бөлменің іргелерінен бірқатар алтын әшекей бұйымдар табылды. Олардың ішіндегі бірнеше үш қырлы қола және темір жебе ұштары, темір пышақ, тотығып кеткен қанжарлар мазардың шамамен б.з.б. 4 ғасырдың аяғы немесе б.з.б. 4–3 ғасырлар аралығында салынғанын көрсетеді. Бұл жерде табылған аса бір құнды бұйым ауыр қаруланған жауынгер (катафрактарий) сауытының бір бөлігі. Осы темір пластиналар арқылы сақ-апасиак жауынгерінің сауытын жаңғыртуға мүмкіндік туды. Зерттелген екінші мазар кішірек шаршы (19,5×19 м) бейнелі, сыртқы қабырғасының қалыңд. 5–5,5 м, қам кірпіштен соғылған. Табылған темір садақ ұшы мен керамика сынықтары бұл мазардың шамамен б.з.б. 3–2 ғ-ларда салынғанын көрсетеді. Жерлеу құрылыстарының үшінші түрі қаланың нақ ортасындағы үлкен обалар арасындағы ашық алаңнан табылды. Жер үстінде диаметрі 18–20 м, тереңдігі 0,5 м-ге жететін таяз шұңқырлар байқалып, соның екеуі зерттелді. Біріншісінде тереңдігі 5 м-ге жуық төртбұрышты қабір шұңқырының шығыс және батыс жағынан катакомбаға ұқсас жерлеу камералары салынып, аузын қам кірпіштермен өріп бекіткен. Ішінен үш адамның сүйегі табылды. Оның бірі белінде белбеуі, оған ілінген ұзын темір семсері мен пышағы бар ер адам, одан әрі іргеге қарай бір әйел және ер адам бірінің үстіне бірі қойылыпты. Бәрі де қымбат бұйымдармен әшекейленіп жерленген. Сондай-ақ оба ішінен тас, алтын моншақтар, жапсырмалар, т.б. табылды. Олардың ең құндысы – жауынгердің бас жағына қойылған керамика ыдыстың бүйіріндегі бес таңбадан тұратын жазу мен шебердің өзіндік белгісі. Бұл жазу Сыр бойынан табылған б.з.б. 4–2 ғ-лардағы ең көне жазу үлгілерінің бірі. Әлі оқылмаған. Дегенмен, көне соғды және Есік обасынан табылған жазуларға ұқсас. Қалған қабірлер түгел тоналған, қабірдегі адам сүйектері мен заттар шашылып қалған. Шірік-Рабат қазбалары Тұран ойпатын б.з.б. 1-мыңжылдықта мекендеген сақ, массагет тайпаларының мәдениеті мен шаруашылығының Оңтүстік Хорезм, одан арғы Ахемен әулеті билеген парсы елдерімен тығыз байланыста өрбіп, аса жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Қазіргі кезде көп бөлмелі үйдің 300 м2 алаңы аршылған. Қазылған жерден төрт бөлме шықты. Олардан әр түрлі деңгейде хумдар, көзелер, құтылар, сырты мен іші шыны бояумен сырланған ыдыс сынықтары, ошақ, тандыр және ташнау табылды. Бұл заттардың жасалу мерзімі шамамен 9–12 ғасырлар. ## Дереккөздер
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “Сәбидің бауы берік болсын”,-деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы тілінен аударғанда “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан кейін 40 күнге дейінгі уақыт қауіпті кезең болып саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күн бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған. ## Шілдеханада орындалатын салт-дәстүрлер ### Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Әйел аман-есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады. ### Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады. Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді. ### Қыз-келіншектер мен бозбалалар айтысады. Қыз-келіншектер мен бозбалалар айтысып жеңгендері тоғызын алады. ### Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады. Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді. ### Шілдеханаға тек қана жастар қатысады. Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті. ### Ас беріледі. Мал сойылып, кең дастарқан жайылады. Ет піскеннен соң, ақсақалдар еттің ең маңызды бөлігі – мойын омыртқаны нәрестенің анасына береді. Ол мойынға пышақ тигізбей, мүжіп жеуі керек. Кейін мойын әйелдерге беріліп, сүйекті еттен тазартады. Біткен соң, мойынды “Баланың мойны берік болсын” деген ниетпен биік жерге іліп қояды. ### Тыштырма рәсімі жасалады. Рәсімді бесікте нәрестенің әжесі орындайды. Ол қолына толған құрт, бауырсақ, тәтті, қант, ірімшікті алып, оларды бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, “Тышты ма?” деп сұрайды. Ал басқалар қолын созып, “Тышты, тышты”,-деп айтып, тәтті, бауырсақ алады. Кәдені перзент сүймеген әйелдер сәбилі болсын және “Сәбидің болашағы осындай тәтті және дәулетті болсын” деген ниетпен жасайды. ## Дереккөздер
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы, Володарский ауданы — 1930) — халық композиторы, белгілі әнші (тенор), ақын-импровизатор, қазақтың халық сазгері, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Қарауыл руының Құрманқожа бұтағынан шыққан. Кедей шаруа отбасында туған. Үкілі Ыбырай бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатты болған. Жасынан әнге, өлеңге құмар Үкілі Ыбырай қазақтың атақты әнші-ақындарынан (Орынбай, Арыстанбай Тобылбайұлы, Шөже, Біржан сал, Ақан, Балуан Шолақ, Тезекбай) үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңірді. Өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әндер бар. Оның әндері махаббат сезіміне, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Ел арасына кең тараған “Гәкку” әні Үкілі Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Бұл әнді Е.Брусиловский “Қыз Жібек” операсында (Жібектің негізгі ариясы), ал “Арарай” әнін “Ер Тарғында”(Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай поэзиясы, тақырыбы жағынан сан- алуан болып, бір саласы жастық дәуренді жырға қосады. “Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа” өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. ## Шығармалары Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай өндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хүсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп. ## Шығармалары * "Гәкку" (4 түрі), * "Қарақат көз", * "Арарай", * "Кідік-ай", * "Бір қызық ит жүгіріп аң ауласа", * "Дүние", * "Шалқыма", * "Көкше", * "Сүйгенім кете барды қасыма еріп", * "Қалқа бел", * "Қалдырған", * "Желдірме" т. б. ## Дереккөздер
Ырғыз – Торғай алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 593 км, су жиналатын алабы 31600 км2.Ақтөбе облысының шығысында орналасқан ол Қостанай, Қарағанды облысымен шекаралас. ## Бастауы Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Торғай өзеніне қосылып, Шалқартеңіз көліне құяды. ## Гидрологиясы 136 кішігірім саласы бар. Басты салалары: Бақсайыс, Үймола, Қарабұтақ, Шетырғыз. Аңғары жоғарғы ағысында 0,4 - 0,6 км-ден сағасына қарай 1,5 - 1 км-ге кеңейіп, Торғай өзенінің анғарымен тұтасып кетеді. Жайылымы 200 м-ден 2 км-ге дейін өзгереді, сағасына жақын айкын байқалмайды. Арнасы жоғарғы ағысында 20 - 50 м-ден, ортаңғы ағысында 120-160 м-ге дейін жетеді. Ағынының 90%-ы көктемгі су тасу кезінде қалыптасады, жазда төменгі ағысында қарасуларға бөлініп қалады. Суының минералдылығы тасу кезінде 50-100 мг/л-ден сабалық кезеңде 2000 - 3000 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Шеңбертал ауылы тұсында 6,70 м3/с. Өзен бойынан жалпы сыйымдылығы1,32 млн. м3 болатын 4 тоған салынған. ## Дереккөздер
Ырғақ, ритм (грек. rhythmus – үйлесімділік, réo – ағу) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. Музыкада музыкалық мелодияның ырғақтық құрылысы музыкалық заңдылықтармен айқындалады. Ырғақтың өлшем үлестерінің тегеурінді (әлді) және тегеурінсіз (әлсіз) түрлері болады; олардың ауысып келіп отыруы метр өлшемін түзеді. Дыбыстардың бір ырғаққа құрылуы музыкалық шығармалардың жақын немесе алшақ жаткан бөліктерінде кездесе береді. Осыған орай музыкалық формалардың музыкалық фразаларын, сөйлемдерін, кезеңдерін және одан да ірі бөлімдерін кұру заңдылықтары туады. Әрбір музыкалық жанрларға және ұлт музыкасына тән ырғақтық формалар мен қайырмалар болады. Кейбір музыкалық жанрларының өзіндік ырғақ ерекшелігі болады. Мысалы, мазурка, полька, лезгинка, т.б. Сондай-ақ, ырғақтың көркемдік құрал ретінде музыкалық образдарды айқындаудағы маңызы бар. Ырғақтың архитектурада, әсіресе архитектура ансамбльдер салу ісінде үйлесім тауып, жалпы көрінісінің үнасымды болуына ырғақ елеулі әсер етеді. Ырғақ сән және қолданбалы өнерде, әсіресе ою-өрнекте кеңінен қолданылады. ## Дереккөздер
Ырғыз Уезі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Қазақ даласын басқару үшін Ресей өкіметі шығарған уақытша Ережелерге сәйкес 1868 жылы Торғай облысының құрамында ұйымдастырылған. Солтүстігінде Қостанай, солтүстік-батысында Ақтөбе уездерімен, оңтүстігінде Сырдария облысымен (1867), Арал теңізімен шектесті. Қазақ жерін пайдалану жөніндегі 19 ғасырдың соңындағы мәліметтерге қарағанда Ырғыз уезінің солтүстігіндегі халықтың 45%-ы, оңтүстігінде 1,5%-ы егіншаруашылығымен айналысқан. Әкімшілік жағынан Ырғыз уезі 14 болысқа бөлінді. 19 ғасырдың бас кезінде уезд халқының жалпы саны 105 446 адамды құрады. Олар негізінен Кіші жүздің шөмекей, төртқара, шекті, тілеу, қаракесек, т.б. рулардың өкілдері болды. Тұрғындарының басым бөлігі бастапқыда уездің оңтүстігіндегі Кіші Борсық, Үлкен Борсық, Қарақұм аймағын, Арал теңізінің жағалауын мекендесе, кейіннен біртіндеп солтүстікке жылжып, егіншілікпен кеңінен шұғылдана бастады. 1928 жылы кеңес өкіметі жүргізген жаңа әкімшілік-аумақтық реформаларға байланысты Ырғыз уезі жойылды. ## Дереккөздер
Ысқы, қияқ – ысқылы-ішекті музыка аспаптарын тарту үшін қолданылатын жылқының құйрық қылы керілген ағаш таяқша. Ы-ның алғашқы аталуы 10 ғ-дағы жазба деректерде кездеседі. Осы жазбаларға қарағанда Ы. ең әуелі мұсылман елдері мен Византияда пайда болып, кейінірек еуропа елдеріне тараған. Ы-ның озық үлгілерін 18 ғ-да француз шеберлері Ф.Турт, Ж.Б. Вильом, сондай-ақ италиялық муз. аспаптар жасау шеберлері А.Корелли, В.Крамер, Д.Тартини мен Д.Б. Виотти, орыстың скрипка жасаушысы Н.Киттель, т.б. дүниеге әкелді. Ы-ның қылдарын қатты керіп, не болмаса босатып тұратын арнаулы бұрамалы мех. тетігі болады. Қазіргі кезде Ы-ның Турт жасап жетілдірілген түрі (қыл-ды тарту, босату тетігі бар) қолданылады. Оның ұзындығы 74 – 75 см-ге жетеді. Ы. қылының тұтқырлығын арттыру (дыбыс жақсы шығу үшін) мақсатымен оған шайыр жағылады. Қазақтың қылқобызы Ы-ның көне түрі қияқпен (садаққа ұқсас) тартылған ## Дереккөздер
Жұмағали Ысмағұлов (17 сәуір 1928 жылы туған, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Соналы ауылы) – публицист-жазушы, аудармашы, сыншы-әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1998). ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. * Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетінің журналистика бөлімін (1951), * КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1961). Ысмағұлов еңбек жолын әріп терушіліктен бастады. * 1943 – 54 бірқатар баспасөз органдарында қызмет атқарды. * Қазақстан Компартиясы ОК-де нұсқаушы (1954 – 58), * “Қазақ әдебиеті” газетінде бас редактор (1961 – 63), * Алматы облыстық “Жетісу” газетінде бөлім меңгерушісі (1963 – 64), * Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” газетінде жауапты редактордың орынбасары (1965 – 69) * Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында Марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі (1969 – 73) болып қызмет етті. * 1973 жылдан Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) директордың орынбасары болып тағайындалып, * 1982 – 87 жылдары директоры болды. * 1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. ## Шығармашылығы Ол бұқаралық ақпарат құралдарында істей жүріп, ұзақ жылдар бойы әдеби-сын саласында жемісті еңбек етті. Мерзімді баспасөз бетінде Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, т.б. ақын-жазушылар шығарм. жайында жазған әдеби-сын толғаулары мен публицист. эссе, очерктері * “Маржан мен махаббат” (1965) * “Адам мерейі” (1969) атты жинақтарда топтастырылған. Ы. шығарм. еңбектерінде саяси, ғыл. және көркем әдебиет аудармалары едәуір орын алады. Ол тәржімалаған О.Бальзактың “Үзілген үміттер”, “Жергілікті дәрігер”, А.Стендальдың “Қызыл мен қара”, В.Вересаевтың “Тығырықта”, Пауло Коэльоның “Заїир”, Ю.Бондаревтың “Жағалау” және “Таңдау”, В.Анчишкиннің “Арктика аңызы” романдары, В.Дальдің “Бөкей мен Мәулене”, Э.Казакевичтің “Көк дәптер” повестері жоғары бағаға ие болды. 1987 жылдан бері бірыңғай ғыл. жұмыспен айналысып келеді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет істей жүріп, ол А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың халқымызға қайта оралған шығарм. мұраларын зерттеумен алғашқылардың бірі болып айналысты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ұлы Абай шығарм-н жаңа тұрғыдан пайымдап зерттеу жұмысымен шұғылданып, 1994 жылы “Абай: ақындық тағылымы” атты монографиясын жариялады. ## Марапаттары * 1996 жылы Абайдың шығарм. мұрасын бастыру және зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін ҚР Мемл. сыйл-на ие болды. * “Халықтар достығы” * “Құрмет белгісі” ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923(19231215), Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002). ## Өмірбаяны Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды. * 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. * 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді. * 1947-1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды. * 1956-57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. * 1971—1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші. * 2013 жылы Алматыда қайтыс болды. ## Шығармашылығы Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио-Чио-Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы. ## Ойнаған рольдері * 1949 - Тыгрена ("Аласталған Алитет") * 1957 - Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957) * 1959 - Тана ("Бір түні", 1972) т.б.) * 1971 жыл - Қыз Жібек - Айгөз, Жібек анасы * 1972 жыл – Уайымдаған жас – Анвардың анасы ## Марапаттары * 1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені; * 1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді; * 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі; * 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені; * 1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді; * КСРОның «Еңбек ардагері» медалі; * 1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды; * 2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды; * 2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. ## Дереккөздер
Іле бөріқарақаты (Berberіs іlіensіs) — бөріқарақаттар тұқымдасына жататын тікенекті бұта. Іле Алатауының шатқалында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейінде, Іле өзенінің жайылма бөлігінде кездеседі. Биіктігі 3 м-ге жетеді. Ескі бұталары сұр қабықты, бір жылдық бұталары қызыл қоңыр қабықты. Тікенектері жай, 3 және 5-6 бөлікті. Жапырақтары қалың, жеміс салатын өркендеріндегі кос жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті және сопақтау, жеміс салмайтын өркендерінің жиегі тікенекті-тісті. Гүлшоғыры — көп гүлді шашақ, ұзындығы 5 см. Гүлдері сары түсті, диаметрі 3-4 мм, гүлсағақтарының ұзындығы 5-7 мм. Мамырда гүлдейді, маусымда жеміс салады. Жемісі ақшыл қызыл түсті, жұмыртқа пішінді, ұзындығы 7-8 мм, ені 3-4 мм. Сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Бөріқарақат
Қалихан Ысқақұлы Ысқақ (14 наурыз, 1935 жылы Катонқарағай ауданы, Топқайың - 13 тамыз, 2014 жылы Алматы) – қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Аягөз ауданының және Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы. ## Жалпы мәліммет Найман тайпасы Көкжарлы руынан шыққан. Қалихан Ысқақұлы 14 наурыз, 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген. 1952 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің «Филология» факултетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шығады. ## Еңбек жолы * 1967 – 1972 жылдары Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссердің жоғарғы курсын бітірген соң Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында аға реактор қызыметін атқарды. * 1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар одағыда драматургия секциясын басқарды; * 1998 жылдан Қақатың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімін басқарды; * «Жұлдыз» журналының проза бөлімін де басқарды. * «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді. ## Шығармашылығы * Қалихан Ысқақұлы проза жанрында жазушының коптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық корді: “Қоңыр күз еді” атты алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрген. Кейін “Дос хикаясы” (1963), “Менің ағаларым” (1965) повестер мен әңгімелер жинақтары, “Тұйық” (1975), “Қара орман” (1980), “Ақсу – жер жаннаты” (1989) романдары басылды. Пьесалары республика театрының сахнасында қойылды. "Сарша тамыз" (1968), "Ұшы қиырсыз жол" (1969), "Қараша қаздар қайтқанда" (1985). «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы. Жазушының жекелеген повесть, әңгімелер жинақтары, романдары орыс тіліне аударылып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларында басылып шықты. Кейбір таңдамалы шығармалары тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех, словен тілдерінде аударылды. * драматургия жанрында да жиырмадан астам еңбек берді. Солардың барлығы да Республикалық , облыстық театрлардың сахнасына шықты. Басты – бастылары : «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым». Автор «Есеней –Ұлпан» пьесасы үшін Ғ. Мүсірепов атындағы, «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. * кинодраматургия саласында да біраз туындылар берді.Оның сценариі бойынша жасалған толық метражды көркем фильмдер: «Сарша тамыз», «Ұшы – қиырсыз жол», «Күзет бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» бүкілодақтық экранға шықты. * аудармашы ретінде де көпке танымал. Орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері қазақ тілінде Қ. Ысқақтың аудармасында жарық көрген. * Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік тақырыпта да Қ.Ысқақаов жүзден астам мақала очерктер жариялады. ## Жеке қасиеттері Әскери атағы - отставкадағы аға лейтенант.Хоббиі - бильярд.Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, драма, кинодраматургия. ## Отбасы Үйленген. Жұбайы - Ысқақова Дәметкен Акбарқызы, зейнеткер. Қызы - Ысқақова Самал Қалиханқызы (1960 жылы туған); ұлдары - Абылай (1968 жылы туған), Әлихан (1970 жылы туған). ## Марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған. * 1992 жылы «Ақсу – Жер жаннаты» романы үшін егеменді тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. * 1994 жылы Аягөз ауданының Құрметті азаматы (атағы); * 1994 жылы Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы (атағы); * 2000 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері. * 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мемлекеттік медалі; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2007 жылы «Парасат ордені»нің иегері. * «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. * Халықаралық Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты; * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 20 жыл» медалі; * С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры (атағы); ## Дереккөздер
Іле Ойысы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауаралық тектоникалық құрылым. Солтүстігінде Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Борохоро (Бурақара) оңтүстігінде Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталарымен, шығысында Қытай жерінен басталып, батысында Қараой, Итжон үстірттерімен шектеседі. Іле Ойысы өзін қоршаған таулардан терең жарылымдармен шектелген. Ойыстың жалпы ұзындығы – 1000 км, республика жеріне батыс бөлігімен кіреді (көпшілік жері Қытайда), Қазақстанда батыстан шығысқа 300 – 350 км-ге созылып жатыр, ені шығысында 100 – 120 км, батысында 70 – 80 км, орта шенінде оң жағалаудан Қату, Қалқан, сол жағалаудан келіп, ойысты жіңішкертіп (25 – 30 км-ге дейін) екіге бөледі: батыс жағы Алматы, шығыс жағы Жаркент құлдималары. Ортаңғы бөлігін Іле өзенінің аңғары алып жатыр. Абсолюттік биіктігі шығысында 700 м, батысында 500 м, таулы жоталарға қарай 1000 м-ге дейін биіктей түседі. Бұл ойыстың палеозойлық тұғыры батысында 3000 м, шығысында 5000 м тереңдікте, үстін мезо-кайнозойлық шөгінділер жапқан құрылым тектоник. болғандықтан, жер сілкіну болып тұрады; 7 – 9 балдық белдемге жатады. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қуаң шілденің орташа температурасы 21,3 – 25,4С, қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа темп-расы –5,8 – 11,7С. Жылдық жауын-шашын мөлшері ойыстың түбінен ернеуіне қарай (Қапшағайда – 260 мм, Алматыда – 575 мм) және шығыстан батысқа қарай өсе түседі (Шелекте – 233 мм, Қапшағайда – 260 мм). Су торына Іле және оның салалары жатады. Жер бедерінде тау етегінің шөлейтті және жазықтық шөл ландшафтысы айқын ажыратылады. Іле Алатауы мен Кетпен жоталарының тау етегі жазығы дөңбектасты-малтатасты қабаттан түзілген, үстін ллсс тәріздес қоңыр саз жапқан, ашық қоңыр топырағында жусанды-изенді өсімдіктер өскен. Жетісу (Жоңғар) Алатауының тау етегі жазығының бозғылт сұр топырағында бұйырғынды-сексеуілді және тасбұйырғынды өсімдіктер кездеседі. Бұрын Іле өз-нің аңғары болған ойыстың түбін аллювийлік шөгінді басқан. Энергетикада, балық шаруашылығында зор маңызы бар Қапшағай бөгені салынған. Ойыстың оңтүстік етегін бойлай Шілік – Шамалған өзен аралықтарында Үлкен Алматы каналы тартылған. ## Пайдаланылған cілтемелер Ж. Ахметов
Ырғыз ауданы — Ақтөбе облысының шығысындағы әкімшілік бөлік. ## Географиялық орны Аудан батысында Шалқар, солтүстігінде Әйтеке би, шығысында Қостанай облысының Жангелді ауданы, оңтүстік-шығысында Ұлытау облысының Ұлытау ауданы, оңтүстігінде Қызылорда облысының Арал ауданымен шектеседі. Орталығы – Ырғыз ауылы. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 41,5 мың км². ## Халқы Тұрғындар саны 14999 адам (2019). Ұлттық құрамы – қазақтар (99,72%), орыстар (0,17%), басқалары (0,11%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудан жеріндегі 18 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Климаты Аудан климаты тым континенттік, қыста Сібір антициклоны ықпалын тигізсе, жазда шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз жетеді. Орташа жылдық температура 5,3 °C.Жылдың ең ыстық айы шілдеде ауаның орташа температурасы 25 °C. Тіркелген ең жоғарғы температура 44 °C. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері- 102-183 мм. Қаңтар-ақпан айларының орташа температурасы -12-17 °C. ең төменгі температура -39-42 °C аяз. ## Жер бедері Ырғыз ауданының аумағы солтүстіктен оңтүстікте қарай еңіс келеді. Аудан жері жер бедерінің сипатына қарай геоморфологиялық тұрғыдан 2 ауданға бөлінеді. Оның біріншісі, Мұғалжар тауының сілемдері, теңіз деңгейінен 200-250 м биіктікте жатқан бұл жайпақ үстірт Ырғыз өзенінің оң жақ сағаларымен енсіз, терең алқаптарға тарамдалып, Сарыбастөбе (теңіз деңгейінен биіктігі 205 м), Мәні әулие (211,8 м), Темірастау (241,3 м), Сарысай (275,4 м), Бөкенбай шоқысы (240,3 м), Суық бет (240,5 м), Қабанқұлақ (213,1 м) биіктері бір-бірімен жалғасып Айырқызыл құмына тіреледі. Аталған сілемдер аудан аумағында 150 шақырымға созылып жатыр.Іргесінде 4–5 шақырым жерде ағып жатқан Ырғыз өзенінің теңіз деңгейінен биіктігі 130,7 метр болса, Мәні әулие жотасының биіктігі 211,8 м.Ырғыз өзенінің сол жағын жағалай орналасқан Төлебай (246,2 метр), Бесмола (225,2 метр), Бесоба (232,2 метр), Қызылқабақ (214,8 метр) биіктіктері мен жоғарыдағы аталған Ырғыз өзенінің оң жақ жағалауындағы үстірттерінің арасы бағзы заманда Ырғыз өзенінің арнасы 4-5 шақырымға жайылып ағып Шалқар теңізіне құйғанын аңғартып-ақ тұр.Екінші морфологиялық аудан Торғай-Арал маңының төрткүл жазықтығы (Торғай үстірті) ауданның шығыс бөлігін алып жатыр. Ол солтүстіктегі Нұра биіктігінен (теңіз деңгейінен 200 м) басталып, Торғай-Ырғыз өзендері аяғында және Шалқар теңіз еңісіне (небәрі 50-70 метр) дейін созылады. Үстірттің бедерінде ондаған метр биіктігі бар тік жар, кейбір жерлері су арналары мен тілімдеген төрткүл биіктер болып келеді. Қараатозған (151,5 м), Нұра (166,4 м), Құланақ (160,2 м), Ақназар (160,1 м) Айырбидайық (140,7 м), Шалқар (184 м), Ақжар (183,4 м), Жанайшоқы (190,6 м), Сұңқарқия (191,5 м), Қосбүйрек (158,8 м), Жаманай (209,5 м), Мыңсай (180,2 м), Атанбас (193,3 м) шоқылары бір-бірімен тізбектеліп, 250 шақырымға созылып жайғасқан.Үстірттің бетінде, әсіресе, Торғай, Ырғыз, Өлкейек өзендерінің аяқтарында және Арал маңының терістігінде бос сулы көп ойпаттар, сортаңдар мен тақырлар көп. Жазықтың оңтүстік бөлігі Арал маңы ойпатындағы биіктіктер 80-150 метр аралығында құбылады. Мұндағы алқаптарды көлемді құмдар алып жатыр. Солардың ішіндегі ең ірілері Айырқызыл, Нарқызыл, Жаманқұм, Тәуіп болып Аралдың Қарақұмымен жалғасады.Теңдесі жоқ табиғаттың ғажайып құбылысы – Жаманшың метеорит кратері осы Ырғыз жерінің еншісінде. Ғалымдардың болжамы бойынша мұнан 700 мың жыл бұрын осы Жаманшыңға алып метеорит түскен. Сол он мыңдаған мегатонна бомбаның қуатындай жарылыстан тереңдігі 700 м, диаметрі 5,5 шақырымға созылатын шұңқыр пайда болған. Жарылыс төңірегіндегі қысым жүздеген килобарға, температура бірнеше мың градусқа жеткен. Осының нәтижесінде импактит, тектит (иргизит) жыныстары пайда болған. Мұнан миллиондаған жылдар бұрынғы Ырғыз даласында алып денелі хайуанаттар өмір сүрген. Осы ғажайыпқа қызыққан орыс геологтары К.К.Матвеев пен П.М.Василевский 1912-1916 жылдары Ырғыз аймағына зерттеулер жүргізіпті. К.К.Матвеев 1912 жылы осы өңірдің Шалқар теңіз (Құрдым) аймағындағы өзеннің жер қабатынан индрикотерий (сүт қоректілердің дүние жүзінде ішінара кездесетін алыбы) сүйегін тапқан. Ғылымдағы осы ғаламат оқиға туралы сол кездегі газет-журналдардың барлығы дерлік жазыпты. Өйткені, биіктігі бес метрдей, ұзындығы сегіз метрдей, бұл алып хайуанның әлемде теңдесі жоқ болатын. 1922 жылы 1-12 маусым аралығында Петроградта өткен бірінші Бүкілроссиялық геологиялық сезінде профессор А.А.Борисяк Ырғыздан табылған осы индрокотерий фаунасын жиналғандарға мақтанышпен көрсетіпті. Осындай бір алып хайуанаттың бірі 1979 жылы Ақши аулынан табылып, Ырғыз мұражайына тапсырылған мамонттың жілігі. ## Су жүйесі Бұл өлкені батысынан Ырғыз өзені, солтүстік–шығысынан Торғай өзені орап өтеді. Ырғыз өзені басын Мұғалжар тауының жотасы - Өтеш үстіртінен алып 440 шақырым оңтүстік–шығысқа ақса, Торғай өзені басын Ұлытаудан алып 150 шақырым солтүстік–батысқа құлайды да, одан оңтүстік–батысқа кілт бұрылып, шығысқа ағады. Осы екі өзен екі жүз километрден Ырғыз жерін басып өтіп, Тәуіп даласында тоғысып, әрі қарай бір арнамен Ырғыз–Торғай болып жұптаса Шалқар теңізіне (ел аузында Құрдым деп аталады) сарқылады. 136 үлкенді–кішілі салалар көктемде бар суын Ырғызға құйып, 31 мың шаршы шақырым алқапты суландырады.Бұл өлкеде Ырғыз, Торғай өзендерінен басқа: Өлкейек, Телқара, Қарақай, Ащысай, Сарыөзек, Шоңқай, Талдысай аталатын ұзынды–қысқалы өзендер мен отыздан астам аумақты көлдер бар. Бұлардың ішінде ұзын ағатындары: Өлкейек, Қарақай, Телқара.Өлкейек – Жантай, Толыбай өзендерінің қосылған сағасынан басталып, Нұра бойындағы Қызылкөлге құятын арасы 349 шақырымға созылатын, су шығатын алқабы 3600 шаршы шақырым құрайтын сулы өзен. Қарғын кезінде аңғары кей тұста 1 шақырымнан 3,5 шақырымға жетеді. Көктемгі қар суының тасқынынан кейін суы үзілген арналар қара суларға айналады.Қарақай – Басқұдық жерінен басталып, Күшіккөлге құятын ұзындығы 146 шақырымға созылатын өзен. Көктемгі тасқында суын 3150 шаршы шақырым алқапқа жаяды. Құрғақшылық жылдары арнасы үзіліп, көп тұстары құрғап қалады. Алқабынан мол түсімді мал азығы дайындалады. Телқара ағысы 100 шақырымға созылатын, Ырғыз жерінен басталып, Торғай өзеніне құятын, 1400 шаршы шақырым су шығатын алқабы бар өзен. Кең жайылымы – алуан түрлі шөп өсетін шабындық.Ырғыз ауданының көлдері ішінде Байтақ, Қызылкөл, Бақшақкөл, Малайдар, Қармақкөл, Айыркөл, Алакөл, Жаркөл, Аманкөл, Жалаңаш көлдерін атап өтіге болады. Байтақкөлдің көлемі 47 шаршы шақырым, тереңдігі 3 метр. Көктемде Торғай өзенінен сабасын толтыратын көл. Бөгенкөл – теңіз деңгейінен 52 метр биіктікте жатқан ағынды көл. Көктемде 12,5 шаршы шақырымға шалқып, төңірегіндегі ұсақ көлдермен тұтасады. Ырғыз елінің Байтақкөлден кейінгі мақтанышы – Қызылкөл. Бұл ұзындығы 11 шақырым, ені 6,2 шақырым, жалпы ауданы 14,6 шаршы шақырым ағынсыз, тұйық көл. Жағалауын белдеулеп шоқ-шоқ қамыс өседі.Ырғыз су бассейніне 87 мың шаршы шақырым су қоры жинақталғанымен, оның біразы көктемде Шалқар теңізіне (Құрдымға) сіңеді. Құрдым табиғаттың артық су жинайтын алапат қоймасы тәрізді. Өйткені, ұзындығы 22,6 шақырым, ені 10,9 шақырым, тереңдігі 1,6 м, жалпы көлемі 30 шаршы шақырым құрайтын тұйық көлдің сабасы көктем мезгілінде де ешқашан суға толған емес. ## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Түр-тұқымына қарағанда ауданда өсімдіктің әр түрлісі бар. Шөп бітіктігі негізінен екі түрмен сипатталады: далалықта – дақылдық, қуаң далада – жусанды өсімдіктер. Ауданда кездесетін түрі негізінен жусанды өсімдіктер. Олардың кейбіреулері мыналар: бидайық, қамыс құрақ, қоға, шағыр, көкпек, барқын, боздық, көде (еркек), алабота, қына, жантақ, түйе жапырақ, адыраспан, киік оты, жалбыз, қурай, есекмия, өлеңшөп, саңырауқұлақ, бүлдірген, жусан, шілік, қызғалдақ, жабайы тал, шеңгел, жыңғыл, тобылғы, изен.Географиялық орналасуы мен ландшафты-климат жағдайының әртүрлілігінен аудан жерінде аң-құстың түрлері де сан алуан. Өңірде сүт қоректілердің 42, құстардың 250 және балықтың 11 түрі кездеседі. Ауданда кездесетін жануарлар: жабайы шошқа, ақбөкен, бұлан, елік, шибөрі, қасқыр, шағыл мысығы, қамыс мысығы, қарсақ, түлкі, борсық, ақкіс, сасық күзен, су егеуқұйрығы, ондатр, саршұнақ, құмқоян, орқоян, аққоян, аламан. Бұлардың ішінде шағыл мысығы мен қызыл қасқыр ҚР «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған. Жабайы шошқа қамыс-құрақты қопалары бар ірі су арналарын, тоғайларды мекендейді. Тұяқтылар ішіндегі ең көп тарағаны киік. Ырғыз жерінде олар жаз айларында кездеседі, қысты үстірт жазығында, Байғанин және Шалқар аудандары өңірінде өткізеді. Қыс қатаң болса, одан әрі оңтүстікке көшеді. Өңірде құстың түрі көптеп кездеседі. Оның 35 түрі ұя салады, қалғаны жыл құстары. Құс түрлерінің көпшілігі тұрақты және кеңінен таралған. Ырғыз өңірінде мекендейтін кейбір құстар: сұрқаз, шаңқылдаққаз, от үйрек, даурықпа шүрегей, қызылтұмсық сүңгуір, барылдауық үйрек, сарыайдар үйрек, бізқұйрық үйрек, жалпақтұмсық үйрек, сұр үйрек, ысылдақ шүрегей, үлкен суқұзғын, үлкен әупілдек, қызылбас сүңгуір, алакөз сүңгуір, айдарлы сүңгуір, қасқалдақ, шіл, бөдене, көкқұтан, тауқұдірет, жылқышы, қызғыш, үлкен шалшықшы, қараторғай, айдарлы үйрек, секпілтас бейнарық, дала шілі, көк кептер, күжіркей, шаушалшық, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кіші шырғалақ, қарақаз, көкшіл көгершін, атшакөкек.Құстардың 32 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген. Олар: қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, кіші аққұтан, жалбағай, қарабай, қара дегелек немесе ләйлек, қоқиқаз, бидайық, реликті шағала, қара бауыр бұлдырық, балшықшы тұйғын, тұрымтай, үкі, бақалтақ қыран, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмір шүрегей, қара тұрпан, ақбас үйрек, дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, аққұйрық тарғақ, тарғақ, орақ тұмсық, кіші шалшықшы, дала қыраны, қарақұс, ителгі, көкқұс. Аудан аймағында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан. ## Дереккөздер
Экономикалық аудандастыру– елдің өзара бағынышты аудандары жүйесін немесе аумақтық еңбек бөлінісін көрсететін ірі өңірді бөлу. Экономикалық аудандастырудың негізгі мақсаты – өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясатын, соның ішінде аумақтық болжау және жоспарлау саясатын жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай жасау. ## Дереккөздер
Экономикалық реформа – шаруашылықты жүргізу, экономикалық басқару жүйесіндегі, экономикалық саясатты іске асырудың жолдары мен әдістеріндегі терең жаңғыртулар. ## Дереккөздер
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (9 шілде 1882, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 15 мамыр 1939, сонда) – ақын, аудармашы. Әлімұлы тайпасының Кете руының Құлыс тармағы. Алғаш Алдашбай ахуннан сауат ашқан. Бұхара қаласында әуелі “Мир Араб” (1896 – 1899), кейін Көкілташ медреселерінде (1896 – 1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. “Көкілташ” медресесінде тәжік жазушысы Садриддин Айнимен достасып, қабырға газетін бірге шығарысқан. Өзі медреседе оқи жүріп қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста “Шәкірттерге”, “Ұстаз ұсынысы”, “Шөлмек” өлеңдерін жазған. 1905 – 1925 жылы ауыл мектебінде мұғалім, 1936 – 1937 жылы Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. Ақын алғашқыда өз ауылындағы Қожабай, Алдашбай, Ораз, Қалжан ахундардың, яғни сол кезеңдердегі білімге аса бай, елді ауызына қаратқан шешен, бала оқытқан ишандардың алдынан мұсылманша білім алып, өзінің өте зеректігін ұстаздары алдында ерте танытады. Аса алғыр баланың бойындағы ерекше талантты байқаған ұстаздары оны сол кездегі Таяу, Орта, Шығыс және Орта Азия елдерінің ұлық тұтатын, XVI ғасырдан білім ордасы саналатын Бұхарадағы әйгілі оқу орны – “Мир Араб” медресесіне оқуға аттандырады. Ол 1899 жылдан бастап сондағы “Көкелташ” медресесінде оқиды.Белгілі мәдениет қайраткері, Тәжік Ғылым Академиясының алғашқы президенті, академик жазушы Садриддин Сайдмұратұлы Айни да (1878-1954) осы жылдары “Көкелташ” медресесінің шәкірті болғаны анық. Тұрмағамбет пен Садриддин осында танысып, дос болып , осы медресені бірге тәмәмдаған, бір-бірін ұлық тұтып, үлкен сыйластықта болғаны мәлім.Тұрмағамбет ақын осы медресе қабырғасынан білім ала жүріп, оның бай кітапханасынан Шығыстың ежелгі мол мәдени, әдеби мұраларын еркін аударып оқи білген. Ол арабтың классикалық дүниесі “Мың бір түнін”, үндінің “Тотынамасын”, парсының “Шаһнамасын”, Шығыстың жеті жұлдызы саналатын ақындар шоғырының шығармаларымен толық танысқан.1937 жылы “Халық жауы” ретінде жалған жазамен сотталады. 1939 жылы жазасының жалған екені анықталып түрмеден шығады. Осы жылдары ақын ана дүниеге ерте аттанып кетеді. Тұрмағамбеттің өлімі әдебиет әлеміне орыны толмас өкініш болып қалды. ## Шығармашылығы Тұңғыш мысал өлеңін (“Қара қоңыз”) 14 жасында, алғашқы дастанын (“Мәрді диқан”) 18 жасында жазған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттер негізінде оннан астам дастан (“Данышпан қарт”, “Тұтқын қыз”, “Рауа бану”, т.б.) жазған. ### Шығармалары Білім-ғылымды: * “Балаларыма” * “Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын” * “Ұлдарыма” * “Абайды оқығанда” Адамдық пен ізгілікті: * “Адамдық іс” * “Жақсы мен жаман” * “Қабанға қарсы ұмтылма ер дегенге” * “Толымды жігіт”, т.б. насихаттау болды. ### Өлеңдері * “Назым” * “Сөз берсем “жөндеймін” деп бұзасыңдар” * “Әр елдің бар бұлбұлы” * “Жоқ, – деме, – маза өлеңде” * “Жырыңды жаз жөрмелеп” * “Хазіреті Омардың хикаясы” * “Пендесін Алла жеткерер” * “Бұйрық” * “Жыл келді” * “Сыр бойы” * “Үш ғасыр жырлайды” (1965) * “Бес ғасыр жырлайды” (1985) * “Қасиетті Қармақшым” (2003) * “Ғасырлар толқыны” (2004) ### Жырлары * “Атаңның әуелінде белінде едің” * “Адам” ### Айтыстары Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. * “Тұрмағамбет пен Ермұраттың айтысы” діни айтыс * “Тұрмағамбет пен Жүрсіннің айтысы” хат айтыс * “Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы” хат айтыс * “Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы” жұмбақ айтыс * “Көкқұтан мен шымшық” мысал айтыс Тұрмағамбет бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі – топтық өнер жарысын қалыптастырды. “Алты ақынның өмір туралы айтысында” поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың қасиеттеріне теңестіріледі. Тұрмағамбет ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешеннің рөлін де атқарған. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері Тұрмағамбет ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді. Тұрмағамбеттің “Құрбанғалиға”, “Құлжан биге” атты сатиралық эпиграммасынан сарказм байқалады. Ақын 1936 жылы Фердоусидің “Шаһнамасын” қазақ тіліне еркін аударма жасады (40 мың жол). Бұл шығарманы Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенов, т.б. зерттеушілер жоғары бағалаған. Туындының “Рүстем–Дастан” аталатын бөлімі 1961 жылы, “Шаxнамауылы Рүстем – Дастан” деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), “Қасиетті Қармақшым” (2003), “Ғасырлар толқыны” (2004) жинақтарына енген. Зерттеуші Байділдаев Тұрмағамбеттің ел аузында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, “Назым” деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Өтеген Күмісбаев Тұрмағамбеттің “Рүстем–Дастанын” жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі “Шаһнамамен” салыстыра зерделеді (“Т.Изтлеуов и его Рустем – Дастан”). Ұ.Жанбершиева ғылыми-зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады (“Т.Ізтілеуовтің поэтикалық творчествосы”). Ақын қолжазбалары ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы. ## Тұрмағамбет туралы естелік 1981 жылы ақынның 100 жылдығына Бүкілодақтық «Мелодия» дыбыс жазу фирмасында Т. Ізтілеуовтың Ақмырза Тұяқбаевтың өз домбырасының сүйемелдеуімен орындаған үздік шығармалары (Нақыл термелері) мен «Рауа бану» поэмасының жазбасы қосылған альбомы шықты (1882-1939) және Ақмырза Тұяқбаевтың өз домбырасының сүйемелдеуімен орындаған үздік шығармалары (Нақыл термелер). 2007 жылы 2 қарашада қуғын-сүргінге ұшыраған ақынның туғанынан 125 жыл өтуіне орай Алматы қаласында Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта (бұрынғы Дзержинский мен Калинин) бұрынғы КГБ ғимаратына қарсы жағында қоладан ескерткіш орнатылды. 2009 жылы «Қазақфильм» киностудиясының ақын әрі аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы режиссер, сценарист - Жаңабек Жетіруов түсірген «Тұрмағамбет» деректі фильмі жарыққа шықты. ## Сілтемелер “«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том“«Тұрмағамбет Ізтілеуұлы»: Шығармалары / Баспа директоры: Есенғали Раушанов - Алматы «Жазушы» Бас редакциясы, 2007 ISBN 9965-21-513-8, I том
Іле ауданы — Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Өтеген батыр ауылы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Балқаш ауданымен, шығысында Алатау, Қонаев қалаларымен, батысында Жамбыл ауданымен, оңтүстігінде Қарасай ауданымен және Алматы қаласымен шектеседі. ## Тарихы Алғашында Іле ауданы 1928 жылы 17 қаңтар айында, орталығы — Сандық-Тай ауылында құрылды. Бірақ 1928 жылы 17 шілде айында Іле ауданы Қарғалы ауданына, орталығы — Безводное ауылы деп өзгертілді. 1930 жылы 30 қарашада Қарғалы ауданының орталығы — Елтай ауылы, 1933 жылы 16 қарашадан бастап — Қаскелең ауылы болды. 1935 жылы 31 тамызда — Дмитриевка ауылы, 1936 жылы 29 мамырда — Талғар ауылы (1959 жылдан бастап қала) болды. 1957 жылы 5 қазанда бұрынғы Алматы ауданының жерлері Іле ауданының құрамына қосылды. 1963 жылы 2 қаңтарда аудан жойылды. 1966 жылы 31 қаңтарда аудан қайта құрылып, орталығы Талғар қаласы болды. 1969 жылы 14 мамырда Талғар ауданы бөлініп шығып, аудан орталығы алғашында Николаевка ауылы, 1970 жылы 4 желтоқсанда — Қапшағай қаласы болды. Кейін 1978 жылы Энергетический кентіне көшірілді. 1997 жылы таратылған Күрті ауданының Күрті ауылдық округі Іле ауданының құрамына кірді. ## Жер бедері Аудан жерін Іле ойысының батысындағы көтеріңкі келген Қараой үстірті мен Іле Алатауының тауалды жазығы алып жатыр. Солтүстік-батысында төбелі-жонды Сарықұм және Қаскелең өзендерінің сол жағалауын бойлай Мойынқұм құмы орналасқан. Жер қойнауынан құрылысқа қажет Николаев қиыршық тас пен құм кен орны және Покровка жер асты (ыстық) су көзі барланған. ## Климаты, су жүйесі Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –9 – 13°С, шілденікі 22 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 350 мм. Аудан жерінен Іле, Қаскелең, Бесағаш, Күрті, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағып өтеді. Ең ірі көлі – Сорбұлақ. Одан басқа жалпы ұзындығы 53,8 км және жалпы ауданы 18,0 мың га жерді суаратын және суландыратын Байқан, Николаев, Жаңаарнасу, Қызылту, Оң жағалық Күрті каналы, Сорбұлақ су жүйелері мен жалпы сыйымдығы 36,2 млн. м3 болатын “Приютское”, “Ащыбұлақ”, “Алматы”, К-1, К-2, К-3 атты тоғандар мен әуіттер, Қапшағай бөгені орналасқан. ## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның солтүстік өңірінде құмды, құмды-сұр топырақ, үстіртті жерінің топырағы шамалы карбонатты сұр, сортаңды-сұр топырақ, тауалды жазығында бозғылт сұр, сортаңды қоңыр топырақ, Іле аңғары және өзен бойларында шалғынды сұр, бозғылт сұр топырақ қалыптасқан. Солтүстік өңірдің құмды төбелері мен үстіртті жерлерінде эфемерлі-боз жусанды, еркекшөпті-боз жусанды, Күрті өзені мен Қапшағай бөгені аралығында теріскен, еркекшөп, Күртінің орта ағысының оң жағалауында бұта аралас селеулі-жусанды дала қалыптасқан. Ауданның оңтүстік, оңтүстік-батысында шөлейт даланың эфемерлі-боз жусанды өсімдіктері өседі. Өзен-көл жағалауының шалғынды сұр топырағында сарсазан, қарақаңбақ, қамыс, құрақ өскен. Ауданның орталық бөлігінде жусан, жүзгін, ши аралас өсімдіктер қалыптасқан. Аңдардар қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қоян, қырғауыл, жабайы шошқа, сарышұнақ, аламан тышқаны, ондатра, т.б. кездеседі. ## Халқы Тұрғындар саны – 209181 (2019). * ұлттық құрамы – қазақтар (71,29%), орыстар (14,71%), украиндар (0,46%), немістер (0,72%), әзербайжандар (1,29%), корейлер (0,69%), күрдтер (1,82%), татарлар (0,55%), түріктер (1,27%), ұйғырлар (1,46%), басқалары (1,73%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 22 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Шаруашылығы Ауданда 1997 жылға дейін етті-сүтті мал, биязы жүнді қой, жылқы, шошқа, құс, астық, қант қызылшасы, көкөніс, бақша, жүзім-жеміс, балық аулауға маманданған 2 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, 1 құс фабрикасы, 1 құс зауыты болды. 1997 жылдан олардың барлығы жекешелендіріліп, 6 АҚ-ға, ЖШС-ке, 1,2 мыңға жуық шаруа қожалықтарына біріктірілді. Ауданда 17 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын бар, олар: темір-бетон өндіретін “Ремстройтехника” АҚ (Первомайский кентінде), қағаз-картон өнімдерін жасайтын “Іле қағаз-картон комбинаты” АҚ (Боралдай кентінде), “Алкан Пекинджиг Қазақстан” ЖШС-і (Өтеген батыр кенті), “Алматы қанты” АҚ, сүт өнімдерін өндіретін “Райымбек Агро” ЖШС-і (Өтеген батыр кенті), темекі өнімдерін өндіретін “Филипп Моррис” пен Галлахер Қазақстан” ЖШС-тері (Өтеген батыр кенті), темір-бетон шпалдары, құс еті мен құс шұжығын өндіретін “Бент” АҚ-ы (Первомайский кенті), “Стекольный комбинат САФ” АҚ-ы (Первомайский кенті) және жүзім шарабын өндіретін “Ақжол” ЖШС-і (Түймебаев а.), сонымен бірге Өтеген батыр кентінде ЖЭО-3 (бұр. Алматы ГРЭС-і) орналасқан. Ауданда 2006 ж. басында 38,7 мың ірі қара, 102,0 мың қой, 3,9 мың жылқы, 0,86 мың түйе, 32,3 мың шошқа, 1,65 млн. құс болды. А. ш-на жарамды жердің жалпы аум. 592,0 мың га, оның ішінде: жыртылатын жер 76,4 мың га, жайылымы 511,8 мың га, шабындығы 1,0 мың га. ## Инфрақұрылымы Ауданда жалпы білім беретін 40 мектеп, 2 колледж, 13 кітапхана, 2 мәдениет үйі бар. Емдеу-сауықтыру мекемелерінен 14 аурухана мен емхана, 28 фельдш.-акушерлік пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан аумағымен Алматы – Астана, Алматы – Өскемен автомобиль және темір жол жолдары өтеді. Аудан өңірінен Өтеген батыр (1699 – 1773), Т.Бокин (1890 – 1918), т.б. тарихи тұлғалар шыққан. Аудан аумағында б.з.б. 4 – 3 ғасырлардағы бейіттер (Боралдай ауылына таяу), ерте көшпелілер кезеңіндегі “Жалғызқорған” (Көкқайнар ауылы маңында), Первомайский кентінің жанында 1937–38 жылдары жазықсыз қуғын-сүргін құрбандары атылған “Қандысай” сайы, т.б. 26 тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштер бар. “Іле таңы” атты апталық газеті шығып тұрады (1.1.1970 жылдан). ## Дереккөздер
Іле көкжалбызы (лат. Nepeta transiliensis) – ерінгүлділер тұқымдасы, көкжалбыз туысына жататын шөптесін өсімдік. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауының тасты беткейлері мен Түрген өз-нің бастауында кездеседі. Биікт. 20 – 34 см, тамыры тарамдалған. Сабағы бұтақты, сыртын жай және безді түктер қаптап тұрады. Жапырақтары ұзынша қандауыр тәрізді, иректелген, өркен бойына қарама-қарсы орналасады. Тостағанша жапырақшалары бесеу, бір-бірімен кіріккен, түтікше тәрізді. Күлтесінің де саны бесеу, тұтасып біріккен үстіңгі ерні аталығы мен аналығын сыртынан бүркеп жаңбырдан қорғайды. Гүлдері ұсақ, күлгін көк түсті, қос жынысты, аталығы төртеу, аналығы біреу. Ұсақ гүлдері сабақ ұшына жиналып, күлтебас гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс салады. Өте сирек кездеседі, Іле Алатауының эндемигі, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
"Южный Казахстан" – облыстық газет. Алғашқы сандары Қазақстан Коммунистік Партиясының Шымкент облысында және қалалық комитеттері мен халық депутаттары облыстық кеңесінің органы ретінде “Смычка” деген атпен 1925 ж. 1 мамырдан 1930 жылға дейін жарық көрді. Кейіннен “Правда степи” (1930 – 1932), “Правда Южного Казахстана” (1932 – 62) деп аталды. 1962 жылдан қазіргі атауымен шығып келеді. Газетте негізінен өлкенің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық саясат мәселелері қозғалады. 1975 ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1979 ж. жиырма басылым ішінен іріктеліп, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің “Кеңес баспасөзі” бөліміне қойылған. "Южный Казахстан" қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің газеті ретінде ”Шаңырақ”, “Молодежка”, “Южанка” секілді қосымшаларымен аптасына үш рет шығады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз Оңтүстік Қазақстан (газет) ## Сілтеме * Ресми торбеті
51-аймақ (ағылш. Area 51) — әскери әуеайлақ, АҚШ Әуе күштерінің Эдуардс әскери базасының (ағылш. Edwards Air Force Base) қашықтағы бөліктемесі. Бұл Невада штатының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, әйгілі Лас-Вегас қаласынан солтүстік-солтүстік-шығыс жағында 133 километр қашықта.
Рая Айтбайқызы Жаңабаева (1947 қарашаның 12-інде туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент) - педагогика ғылымдарының докторы (2007). ## Қысқаша өмірбаяны * 1973 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ); * 1987 - аспирантурасын бітірген. * 1973 - осы университетте аға лаборант қызметін атқарды. * 1987 жылдан - оқытушы қызметінде. Ғылыми бағыты – қазақ этнопедагогика патриоттық ерлік тәрбиесі проблемасы. «Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми еңбегі және оқу құралдары жарық көрген. ## Дереккөздер
Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды. «Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. 2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап «Сто лет одиночества» романынан оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген. 2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты. «Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады.
Құдайберген Жаңабергенов – (1937 қаңтардың 9-ында туған, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы) - физик, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1971), педагогика ғылымдарының докторы (2000), профессор (2001). Халықаралық педагогика білім беру академиясының академигі (2003). ҚР білім беру ісінің үздігі. ## Қысқаша өмірбаяны 1959 - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.1966 – 1969 ж. Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында аспирант;1970 – 1981, 1995 – 1997 ж. Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі;1981 – 1993 ж. факультетт деканы, партбюро хатшысы қызметтерін атқарған. ## Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері «Қатты денелер физикасы», «Жоғары және орта мектепте физиканы оқыту әдістемесіне» арналған. 100-ден астам ғылыми еңбегі, 3 монографиясы, 4 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық лауреаты.Шығармалары: Физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы, А., 1998. ## Дереккөздер
Маралды облысының (Солтүстік- Сібір өңірі) Өрік ауылында қыпшақ руынан шыққан Сұлтан деген атақты бай тұрған. Сұлтанның Хұсни және Хорлан атты екі қызы болған. Хорлан атымен жиырма жастағы жас композитор шығарған “Хорлан” әні көпшілікке жақсы мәлім. Бұл әннің шығу тарихы мынадай: Ертіс өңірінде Ақкөл ауылынан елу шақырым жерде Сүлеймен деген бай өзінің малын ұстайды. Оның ұлы Шошанның қалыңдығы Маралдыдан болған. Қалыңдығы мен оның ата-анасын , көру үшін Шошан бірнеше атты Естайға беріп, оның қасына осы сапарда дос немесе серіктес ғана емес, үлкен рудың құрметті әншісі ретінде еруін сұрайды. Естай шақыруды қуанышпен қабылдайды. Шошанның қалыңдығының үйі Сұлтан ауылында болады. Күйеу жігіттің құрметіне барлық ауылдардан жігіттер мен қыздар жиналады. Дәстүрлі көңілді ойын-сауық басталады. Жастардың арасында Сұлтанның қыздары Хұсни мен Хорлан да бар еді. Өте сәнді киінген, басқа ақындар мен әншілерге ұқсамайтын Естай Хорланға бірден ұнайды. Естайға қыз да ұнайды. Қыз бен жігіт оңаша қалған сәтте, бір-біріне сүйетіндіктерін білдіреді. Хорлан айттырылып қойылғандықтан, үйлену туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Сондықтан, Естай қызды ұрлауға бел байлайды. Қыздың келісімін алған Естай туған ауылы Ақкөлге келіп, достарымен, туғандарымен ақылдасады. Достары оны қуанышпен қолдайды. Бір жыл өткен соң әнші өзінің досымен Маралдыға қайта келеді. Естай көрші ауылда қонақ бола отырып, Хорланға адам жібереді, бірақ қызға үйінен кетуге мүмкіндік болмайды. Жастардың ойлағаны туралы барлығына белгілі болады. Ашу кернеген әкесі қыз атастырылған жаққа жаушы жіберіп, “ақысы төленген” қалыңдықты алып кетулерін талап етеді. Асығыс той жасалып, Хорлан өз тағдырына мойынсұнып, алыс ауылға келін болып кетеді. Естай көзі жұмылғанша Хорланды ұмыта алмайды. Өзінің өмірлік қайғысы, орындалмаған арманы жөнінде ол атақты “Хорлан” әнін шығарады. Жігіттер қапы қалма бұл жалғаннан, Жігіттің арманы не сүйгенді алған,Сірә, сіздей жан тумас,Туса туар артылмас.Бұл ғаламды шарықтап,О, дариға ләуліктас,Бағдат, Мысыр, Шынмашын,Іздесем Хорлан табылмас. Естай жастық махаббатына берік, адал болады. Ол ұзақ жылдар сынауынан өтеді.Алпыс жеті жасқа келген Естай “Хорлан” әнін ерекше толғаныспен орындайды. Домбыраны қолына алған ол ұзақ үнсіздіктен соң, көзінен аққан жасын сүртіп, сосын ойнай бастайды, - дейді көзі көргендер, - “Домбыра шегін ол бос қоятын, сол себепті дыбыс та төмен, аса қайғылы, тұншығып шықты. Оның әні жылдар сынағынан өткен нәзік сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы болады. Әншінің қолындағы үлкен, алтын сақина болатын. Естай оны, “Хорланнан қалған естелік” деп ерекше бағалаған.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (7 қаңтар 1951 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы. ## Қысқаша өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан. * 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. * 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. * 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер. * 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде. * 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген. * 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған. * 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған. * 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған. * 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. * 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде. * 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. * 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры. * 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. * 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. * 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы. ## Ғарышқа ұшуы * 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. * 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге. * 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. ## Әскери атағы Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан). ## Хоббиі Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту. ## Марапаттары Қазақстан Республикасы: * «Халық қаһарманы» атағы (1995) * «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995) * «Отан» ордені (1998) * «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені * «Астана» медалі (1999) Ресей Федерациясы: * «Дружба народов» ордені (1991) * «Герой Российской Федерации» атағы (1994) * «Лётчик-Космонавт РФ» (1994) * «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998) * «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені Аустрия Республикасы: * Аустрия Республикасының ордені Америка Құрама Штаттары: * «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998) ## Жанұя жағдайы * Зайыбы — Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері. * Баласы — Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері. * Қызы — Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торабы Мұрағатталған 5 ақпанның 2007 жылы. (орысша) Мұсабаев ресми торабы * Космонавтика күні Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Талғат Мұсабаев жаңа комитеттің төрағасы болып тағайындалды(қолжетпейтін сілтеме)
Жаңарық — орта ғасырдан сақталған ежелгі қала орны. Бөген өзенінің бойында, қазіргі Шілік ауданынан (Түркістан облысы Қазығұрт ауданы) шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі Қ. Ақышев) зерттеген. Қала орны солтүстік бағыт бойынша 190 м-ге, батыс-шығыс бағыттары бойынша 300 м-ге созылып жатыр, биікт. 7 — 8 м. Жаңарықтың оңтүстігінде төбесі жазық дөңгелек мұнара тәрізді қамал болған. Оның төбесіндегі тегіс алаңның диаметрі 3 м, биіктігі 13 м. Айналасы бекіністік дуалмен қоршалған. Археологиялық қазба деректері қаланың 7 — 8 ғасырлардан бастап 13 — 15 ғасырларға дейін болғанын анықтады. Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар, әр түрлі темір бұйымдар (пышақтар, қол орақ сынықтары), тас диірмендер, шыны көзелер бұл аймақтағы халықтың отырықшы болғанын, мал шаруашылыңымен, қолөнермен айналысқанын көрсетеді. ## Дереккөздер
Қоңырауша (лат. Adenophora) – қоңыраугүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның альпі, субальпі таулы шалғындықтарында, жалпақ жапырақты (қайың, емен ормандары) ормандарда, таудың шалғынды беткейлерінде өсетін 3 түрі бар. Олар: лалажапырақты қоңырауша (A. lіlііfolіa), Ламарк қоңыраушасы (adenophora lamarckіі) және гималай қоңыраушасы (adenophora hіmalayana). Бұлардың биіктігі 15–100 сантиметр. Тамыры жуан, сабағы бұтақты, тік өседі. Жапырақтары қысқа сағақты, өркен бойына кезектесіп, топтанып орналасады. Сабағының ұшына таман орналасқан жапырақтары сағақсыз болады. Гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, жеке гүлі 5 тостағанша жапырақшадан, қоңырау пішінді 5 күлтеден, 5 аталықтан және жатыны 3 ұялы аналықтан тұрады. Аналық мойнының түбі шірне бөлетін сақина тәрізді дискімен қоршалған. Күлте жапырақшалары көгілдір, көк түсті. Маусымнан тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – 3 жақтаулы қауашақ. Піскенде қауашағының жақтаулары түп жағынан қақырап ашылады. ## Пайдаланған әдебиетттер
Қоңыраулы найза – басына қоңырау тағылған найза. ## Мәні Көшпелі халықтардың жауынгерлері найза, сүңгi басына әртүрлi әскери және дәреже белгiлерi ретiнде ту, байрақ, жалау, қоңырау таққан. Ту – қолбасылық, байрақ – әскербасылық дәреже белгiсi, ал түстi жалау – әскер бөлiктерiнiң айыру белгiсi болды. Ертеде қоңырау да бір арнайы әскери белгі болғанын топшылауға болады, бірақ кейін бұл дәстүр қолданыстан шығып кеткендіктен найза, сүңгілерге тағылған қоңыраудың атқаратын функциясын қазір тап басып айту қиын.Найзаға әскери белгі ретінде қоңырау тағу көне түркі заманынан белгілі. Осындай қоңыраулы сүңгі ұстаған жауынгер бейнесі көне түркілердің тастағы суреттерінде кездеседі. Кейін бұл дәстүр қазақтарда да ХVIII ғасырға дейін сақталды. Қазақтардың батырлық жырларында, жыраулар туындыларында найза жебесінің түбіне қоңырау тағылған «қоңыраулы найза» айтылады ("Қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып, қол төңкерер ме екенбіз?". /Ақтамберді жырау Сары ұлы; "Отыз беске келгенде, Қоңыраулы найза қолға алдың" /Ер Тарғын.).Қоңыраулы найза батыршылдықтың, жаугершіліктің белгісі болды. Көшпелілер өркениетінде кәсіби әскерилер ретіндегі батырлар институтының жойылуына байланысты қоңыраулы найза ұстау дәстүрі ХIХ ғасырда қолданыстан шығып қалған. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Алдаспан. XV–XVIII ғасырлардағы қазақ ақын–жырауларының шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1970; * Кайдаров А.Г. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистическое объяснение. Известия АН Каз ССР. Серия общественная. 1976. № 6. 24-35 бб.; * Ақсауыт. Екi томдық. Алматы: Жазушы, 1977; * Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлiк өнерiнiң сөздiгi. Алматы: Ғылым, 1991; * Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері). Алматы: Дәуір, 1996; Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. Ғылыми редактор және алғы сөздің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Алматыкітап, 2006; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Қоңыр әулие үңгірі – Абай облысы Абай ауданында, Шаған өзенінің оң жағасында. ## Сипаты Үңгірдің тар ауызы Шаған өзенінің жарқабақты жиегінен 80 – 100 м жоғары орналасқан ұзындығы 65 – 70 м, ені 10 – 22 м, биіктігі 2 – 14 м. Осы негізгі үңгірдің оң жағында 15 м жерде ені 50 см, биіктігі 110 см тар қуыс бар, бұл тар қуыс кеңейе келе ұзындығы 12 м, ені 10 м, биіктігі 5 м-дей үлкен бөлмеге ұласады. Бұдан 12 м солтүстік бағытта үңгір төбесінің биіктігі 20 м, диаметрі 5 – 7 м 2 күмбезді болып келеді де, көлге жалғасып аяқталады. Негізгі бөлменің төрінен көлге қарай шығар жолда, биіктігі 12 – 15 м бөлме бар. Үңгір ауасының температурасы 10 градустан аспайды. Қоңыр әулие үңгірінде көптеген атақты адамдар (Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, т.б.) болып, тамашалаған. ## Дереккөздер
Қоңырбас (лат. Poa) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде таралған. Қара, құм топырақты, саз балшықты жерлерде, дала мен шөлді аймақта өсетін 38 түрі бар. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – жуашықты қоңырбас (roa bulbosa). Биіктігі 8 – 30 (кейде 80) сантиметр. Сабағы тік, жылтыр, жапырағы жіңішке таспа пішіндес. Гүлі, әдетте, жапырағы бар баданаға айналған. Гүлшоғыры – масақ. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Жуашықты қоңырбас – мал азығы ретінде де бағаланады. Ал жылдық қоңырбас (Poa annua) – егістіктің арам шөбі болып саналады. ## Дереккөздер
Қоңырбөрік (шын аты Өтей) – қазақ халқының құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Ұлы жүздің албан тайпасындағы шыбылдан тарайды. Қоңырбөріктен Қалқаман (Біте, Базар, Майлы, Тама), Бойдақ (Құртқа, Мамай), Жарман (Қарақұл, Сарықұл) аталары өрбіп, іргелі руларға айналған. 19 ғасырда қоңырбөрік рулары, негізінен, Іле өзенінің сол жағалауынан Қытай шекарасына дейінгі аумақты, оңтүстігінде Іле Алатауының биік жоталарын, батыста Верный уезінің жеріне дейінгі аймақтарды, ішінара Оңтүстік Қазақстан өңірін мекендеген. Кейбір аталары Шыңжаң өлкесіндегі Текес, Іле бойын жайлап, мал өсірумен қатар егіншілікті де кәсіп еткен. Ұраны – Райымбек, таңбасы – дөңгелек () болып келеді. ## Тұлғалар * Жаңабай Құдайбергенұлы * Шормақ Басыбақұлы * Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов ## Пайдаланған әдебиетттер
Қоңырбиік (1992 жылға дейін — Громовка) — Абай облысы Жарма ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Делбегетей ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 71 км жерде. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 30-жылдардың бас кезінде ұжымшар орталығы болды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Сіләмхан Жапарханов (1927 жыл, 25 тамыз; Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қараш ауылы) — геология-минералогия ғылымдарының докторы (1974), професор (1982). ## Қысқаша өмірбаяны * 1953 - Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. * 1953–59 - Орталық Қазақстан геология басқармасының Ақадыр және Жезді экспедициясының гидрогеологы; * 1959–66 - Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы; * 1966–86 - Қазақстан ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында лаборатория меңгерушісі; * 1986–91 - Қазақ политехнологиялық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университеті) кафедра меңгерушісі,професор қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбегі кен орындарының жер асты суын зерттеу мәселелеріне арналған. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық (1980) лауреаты. ## Дереккөздер
Ұзақ Қайырбекұлы Жаппасбаев – технология ғылымдарының докторы (1991), професор (1993). ## Қысқаша өмірбаяны Байұлы тайпасының Алтын руының Мәметек бөлімінен шыққан. 1971 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ);1974 аспиран-турасын бітірген.1975–77 Алматы энергетика институтында ассистент;1977–97 ҚазМУ-да доцент, професор;1997–2001 ҚР Білім, мәдениет және денсаулық министірлігінде бөлім бастығы болды.2001 жылдан ҚазҰУ-да проректордың орынбасары қызметін атқарады. ## Еңбектері Ғылыми еңбектері әсерлесуші орталардың механикасындағы, көпфазалы орталардағы арналық ағындардың, сұйықтық пен газ механикасының есептерін математикалық модельдеу саласына арналған. 70-тен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Рахымбек Жапбасов (1942 маусымның 19-ы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарыкеңгір ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1996). ## Қысқаша өмірбаяны * 1968 - Қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. * 1968–95 - Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында қызметкер; * 1995 жылдан - ҚР Білім және ғылыми министірлігінің Жалпы генетика және цитология инстиутында әр түрлі ғылыми жұмыстар атқарады. "Қазақстанның қой тұқымдарына цитогенетикалық және тератологиялық скрининг (талдау) жасау" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Рахымбек Жапбасов 125-тен астам ғылыми-зерттеу еңбектің, 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Барыс Әлікенұлы Жапаров (1955 шілденің 30-ы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек ауылы) – технология ғылымдарының докторы (1988), професор (1990). ## Қысқаша өмірбаяны * 1976 - Қазақ политехнологиялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университеті) бітірген. * 1976–89 ж. - осы университетте инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі; * 1989–97 ж. - ҚР Министрлер Кеңесі жанындағы басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, институт проректоры; * 1997–99 - Түркиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі; * 1999–2000 - Түркия республикасындағы қазақ-түрік достық, қолдау және даму қоғамының төрағасы; * 2000–01 - «NOKІA NETWORKS OY» (Финляндия) фирмасының Түркиядағы өкілдігінің кеңесшісі болды. * 2001 жылдан - АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAІD) Орталық Азия университетінде экономика және бизнес «Білімдер желісі» жобасының атқарушы директоры және «КАЗРЕНА» ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры. ## Дереккөздер
Қоңыржал сөзі мынадай мағыналар беруі мүмкін: * Қоңыржал (жота, Басқағыл таулары) * Қоңыржал (тау, Қарқаралы таулары) * Қоңыржал (тау, Қаракеңгір аңғары)
Қоңыр көмір - пайдалы қазынды. Геологиялық жасы, құрамы, жанғыштығы жөнінен шымтезек пен тас көмір аралығынан орын алады. Шымтезектен тығыздығының жоғарылығымен, ал тас көмірден түрлі реңді қоңыр, қоңырқай түстерімен ажыратылады. Ауада ұсақ бөлшектерге үгілетін қоңыр көмір гумин қышқылды, су тартқыш және ылғалы мол келеді. Жанатын массасында көміртек 55 – 78%, сутек 4 – 6,5%, оттек 15 – 30%, т.б. шайыр 5 – 20%, ұшпа заттар болады, 5400 – 7400 ккал/кг жылу бөле жанады. ' Генетикалық белгілеріне қарай қоңыр көмір тығыз және борпылдақ (лигниттер) болып бөлінеді. Өнеркәсіптік жіктемеде табиғи ылғалдылығы бойынша қоңыр көмір 1Б, 2Б, 3Б сатыларына бөлінеді. Сыртқы белгілері бойынша қоңыр көмір жер сияқты қопсымалы және тығыз түрлерге ажыратылады. Сыну коэффициенті 1,60 – 1,72 аралығында, органикалық массасының меншікті салмағы 1,34 – 1,60. Спирт-бензол экстрактының өнімділігі 3 – 20%, бастапқы шайыр шығымы 5 – 20%. Гумин қышқылының мөлшері 60%-ға дейін ауытқиды, кейде одан да асады. Қоңыр көмірдің адсорбция шамасы жоғары және газ сыйымдылығы мол. Қоңыр көмір генетикалық топтарға, кластарға және петрограф типтерге бөлінеді. қазба көмірлердің көмірлену дәрежесі тұрғысынан жүйеленген тізбегінің ең бастапқы, яғни шымтезек пен тас көмір аралығындағы мүшесі; көмірлену дәрежесі нөлге тең, алайда шымтезектерден біршама каттылығымен ерекшеленеді; қоңыр немесе қоңырқай реңді қара түстерге боялған. Көмірлердің халықаралық жүйесіне сәйкес, Қ.к. мен тас көмірдің аралығындағы шекара оның ылғалды күлсіз массасының жану жылуы 5700 ккал/кг шамасында болуына сәйкес келеді деп есептеледі; Қоңыр көмірлердің орташа жану жылуы 6500—7200 ккал/кг қоңыр көмір әр түрлі геологиялық кезеңдерде қалыптасқан. Қазақстан аумағында негізінен юра кезеңінің қоңыр көмір алаптары мен кен орындары (Майкөбен, Торғай, Қарағанды, Леңгір, Боралдай, т.б.) көп. ## Дереккөздер
Жаңа химияляқ технология мен материалдар ғылым-зерттеу инстуты – Қазақстанда жаңа, экология таза химиялық технологиялар мен материалдарды өңдеудің теория және практикалық негіздерін жасаумен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығы. 1992 ж. Алматы қаласындағы ҚазҰУ-дың жанынан ашылған. Өнеркәсіптіктәжірибелік базасы «Машина құрастыру зауыты» акционерлік қоғамында орналасқан. Институт құрылымында ҚазҰУ-дың химия фаультеті кафедраларының эксперименттік базалары қамтылған. Зерттеулерінің негізгі бағыты – Қазақстанның мұнай-газ кен орындарындағы көмірсутекті шикізаттарды өңдеудің жаңа технологияларын жасау және шағын өндірістердің (шағын зауыттар, қондырғылар, т.б.) технология жобаларын дайындау. Иститут 1999 жылдан бастап «Отандық шикізаттар негізінде технологиялық байланысқан химиялық және мұнай-химиялық өндірістерді дамыту» атты кешенді ғылыми-технология бағдарламаның орындаушысы болып табылады. Соңғы жылдары институтта Қазақстан кен орындарындағы мұнайдың ерекшеліктері ескеріле отырып, оларды өңдеуге арналған қондырғылар жасалып, шағын зауыт құрылды (Алматы қаласындағы алғашқы қондырғы, Ақтау қаласындағы шағын зауыт). Қазақстандағы қоры мол қоңыр көмірден сұйық отын, битум, асфальттік жабын, т.б. алудың технологиялары жасалды. Институт орыс тілінде шығатын «Мұнай және газ», ағылшын тілінде шығатын «Еуразия химия-технологиялық журналы» атты ғылыми басылымдардың құрылтайшысы болып табылады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ҒЗИ Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2011 жылы.
Қоңырқұлжа ҚұдаймендеұлыӘкесі Құдайменде Орта жүзде Обаған мен Есіл арасындағы аймаққа билік жүргізді. 1820 – 30 жылдары алдымен Ұбайдолла, кейіннен Саржан сұлтандар Ресейге қарсы бас көтерген кезде Қоңырқұлжа өкімет әскеріне көмектесті. 1832 жылы Ақмола округі ашылғанда, оның алғашқы аға сұлтаны болып сайланды. 1837 – 47 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың басты жауларының бірі болды. (18 ғасырдың соңы – 19 ғасыр) – сұлтан. ## Пайдаланған әдебиетттер
Жанкент қорғаны — республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш. Қазалы ауданы территориясындағы Өркендеу ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғанның орнында VІІ - ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент қаласы өмір сүрген. Түрікмен тарихшысы Абұлғазы Баһадүрдің айтуынша, оғыз еліне жүздеген жыл астана болып келген, Сыр өзенінің аяғында тұратын ұлы мұра - Жанкент қаласы еді. Оғыздар осы жерді ерте заманнан мекендеп, патшалары астана қала - Жанкентте отырған. Жанкент шаһары Сыр өзенінің сол жақ бетінде, Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр. ## Тарихы Тарих - біздің кешегі өткеніміз. Бүгінгі күн - кешегінің жалғасы. Өлке тарихы - туған жердің тарихы. Жердің тарихын білу - елдің тарихын білу. Тарих еш бұрмалаусыз, қоспасыз, шындыққа сай болғанда ғана тарих. Әрбір жердің өзіне тән тарихы болады. Ал әр жердің өзіндік атауы - бұл тек өзіндік тарих. Аңыз бойынша Жанкентті билеп тұрған қатыгез Санжар хан Қарабура Әзім әулиенің қаһарына ұшырап, 1153 жылы қарауындағы халқымен бірге опат болады, сақталған жазба деректерге сүйенсек, 1219 жылы күзде Жанкент қаласына моңғолдар шабуыл жасайды. Халықты қырып, қаланы өртеп жібереді. Отқа оранған қаланың үстімен қаһарлы Жошы хан шауып өтеді. Жанкент шаһарының пайда болу тарихы негізінен алғанда «Бегім Ана» аңызының тарихымен пара-пар. Міне, осыдан соң, ондаған жылдардан кейін ғана қала халқы өздерінің сауда мен қолөнер кәсіпшіліктеріне қайта кіріседі. Қала ХІҮ ғасырда бұрынғы қалпына келеді. Енді жаңа Жанкент араб - мұсылман мәдениетінің орталығы саналады. Осылайша «мың өліп, мың тірілген» Жанкент тағы бір ғасыр өткен соң мәңгілікке жойылады. Яғни, ХҮ ғасырдан бері қаланың көне тарихтың куәсіндей томпиып орны ғана жатыр. Әл-Жувейнидің, Ан-Насавидің және Әл-Омаридің кейбір еңбектерінде ол “Шаҝаркент” деп те берілген. В.В. Бартольдтің пайымдауынша, Жанкент 10 — 11 ғасырларда Оғыз мемлекеттік бірлестігі билеушілерінің қысқы ордасы болған. Жанкентте 1867 жылы П.И. Лерх және М.К. Приоровтар кішігірім қазба жұмыстарын жүргізіп, жобасын түсірген. Зерттеуді келесі жылы (1868) В.В. Верещагин жалғастырды. Ал 1946 жылы Хорезм археолия-этнография экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қаланың нақты жобасын сызып, әуеден суретке түсірген. Қаланың жобасы шығыстан батысқа созылған, бұрыштары тік келген, көл. 375225 метр cолтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитаделінің көлемі 100100 метр, биіктігі 7 — 8 метр. Сыртқы қорғаныс қабырғасының сақталған бөлігінің биіктігі 8 метр, оның бұрыштарында орналасқан күзет мұнараларының оқ ататын қуыстарына дейін бұзылмаған. Ортағасырлық деректерде Ж. қаласын мұсылмандар қоныстанған. Гардизидің жазбаларында Ертіс өзенінің бойын жайлаған қимақтарға апаратын сауда жолына Жанкент арқылы өткен. Сондай-ақ, Сырдың бойымен Мауераннахрдан Жанкентке астық тасылған. Қаланың өрлеген шағы Шыңғыс хан шапқыншылығына дейінгі уақыт, яғни 10 — 12 ғасырлар аралығы. Оның парсыша аты Дех-и-Нау, арабша әл-Карьят әл-Хадиса, түрікше Янгикент, қазақша Жанкент, демек “Жаңа қала” деген мағынаны білдіреді. Қаланың 15 ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз, жазба деректерде де ешқандай мәлімет кездеспейді. ## Қаланың жойылуына не себепші? Бұл жайлы тарихи деректер былайша түсіндіреді. Жанкент Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының бо-йындағы қала болатын. Кейін құрлық арқылы өтетін дүние жүзілік керуен жолдары қысқара бастайды. Жанкент арқылы Сырдарияны кесіп өтетін үлкен жолдың да ғұмыры аяқталады. Сырдария мен Жаңадария, Қуаңдария бойындағы Жент, Жанкент, Күйіккескен, Күйік қаланы мекендеген халық осындай себептен және моңғол, жоңғар, қалмақ шапқыншылығының кесірінен күйзеліске түскендіктен атамекенді амалсыз тастап, бірте-бірте осы күнгі өзбек жеріне - Ташкент, Бұхара, Самархан, Хорезм маңына қоныс аударады. ## Зерттеу жұмыстары Зерттеушілердің пайымдауынша, Жанкент Ұлы Жібек жо-лында жатқан сауда - саттықтың үлкен қаласы болған. Мұнда хан сарайлары салынған. Жанкент әдемі кілем шығарудың, тұскиіз жасаудың, ат сайманын, садақ жебе жасаудың, көзе - сауыт шығарудың орталығы болған. Жанкент қаласының орнын бірінші рет қазып, зерттеген орыс ғалымы П. И. Лерх. Ол көрген кезде қаланың ескі қабырғалары, кейбір архитектурасы, көшелерінің ізі әлі жоғала қоймаған. Сыртынан қарағанда, Жанкент қаласының түрі үлкен төбе сияқты үйінді болып жатқан. Оның аумағы төрт бұрышты, жан-жағы тұтасымен биік қыш қамалмен қоршалған. Қамал қабырғасының қалыңдығы 6 метрдей. Ең жақсы сақталғаны: оңтүстік қабырғасы. Онда қатар - қатар тізбектеліп, бірнеше биік мұнаралар, оқ ататын тесік көздер сақталған. Ең биік мұнара оңтүстік батысында болған. Қаланың ортасында жан-жағын қоршаған ескі сарайдың орны. Онда ел басқарушылары тұрған. Үйлердің орнын, қабырғасын аршып көргенде, одан көптеген архитектура үлгісі, қабырғаға түсірілген суреттер, күйдірілген кірпіштер, көк, қызғылт шынымен жапқан көзе тақталар, терракоталар, ғаншпен жасалған өрнектер, көзе сынықтары, араб жазуымен әшекейленген сауыттар, тағы сол сияқты өнер өрнектері табылған. Жанкент қаласын қазғанда табылған өзгеше нәрсенің бірі – сол ескі дәуірлерде әдемі дүние жасайтын шеберхананың орны. Оны қазғанда ішінен кірпіш күйдіретін, көзе сауыт күйдіретін, әдемі глазурь шыныларының шеберхана орындары табылған. Олардың барлығында сол кезде өндірісте істеген жұмыстардың қалдығы көп табылған. Соның бірі - араб харпімен жазылған кірпіш. Шеберханада табылған қызық нәрсенің бірі - глазурь қорытатын пештің қалдығы. Оның үстінде шойын қазан сақталған, оның іші қатып қалған глазурьдің ізі. Олардың бірталайы ХІІІ - ХІҮ ғасырдағы Алтын Орда (Дешті Қыпшақ) заманы мәдениетінен хабар береді. Жанкентте мыстан, күмістен жасалған ХІІІ - ХІҮ ғасырлардың теңгеліктері табылған. Совет үкіметі кезінде Жанкентті зерттеп, одан осы сияқты көп заттар тапқан ғалым - С.П.Толстов. Әйтсе де, Жанкент шаһары толық зерттелді деп айта алмаймыз. Соңғы жылдан бері Қазалы ауданына келіп, Жанкентті зерттеуді қолға алған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының және Мәскеудегі Н. Н. Миклухо - Маклай атындағы этнология және антропология институтының ғалымдарының жұмысы әлі жалғасуда. 2007 жылы 26 қыркүйекте Қазалы қаласында аудан әкімі Айтбай Көшербайдың бастамасымен өткізілген Жанкент шаһарына байланысты халықаралық конференцияда Жанкент туралы, бұл шаһарды түпкілікті зерттеу, қала орнын ашық аспан астындағы музей ретінде туристік саяхаттың маршрутына енгізу жайлы мәселелер көрсетілді. Жанкент қаласы нақты қай ғасырда салынған, нендей себептермен жойылып кеткен деген сияқты сауалдарға толықтай жауап алатын уақыт әлі жете қойған жоқ. Әзірше осы кезге дейін жинақталғагн мәліметтерге сүйенер болсақ, Жанкент шаһарының дәуірлеу кезі оғыз мемлекетімен тығыз байланысты болған. Олай болса, оғыздар дегеніміз кімдер? Осыған қысқаша тоқталып өтсек. Әрі сол оғыздардан шыққан атақтылар қатарына кімдер жатады? ## Оғыздар. Қорқыт ата мен Әл - Фараби Ұлы ғалым академик Әлкей Марғұланның жазуынша, «Қазақтар өзінің шежіресі бойынша, арғы тегін ууз елінен, үш оқ тайпасынан шығарып, осы себептен үш жүз атандық» дейді. Сол шежіре бойынша олар өзін ту баста түрікменмен туыс болғанбыз деп есептейді. «Қыпшақ шежіресі» деген кітапта: «Алашаханның екі баласының біреуін Сейілхан, одан сегіз арыс түрікмен, екіншісі Жайылхан, одан қыпшақ, кейін қазақ пен қарақалпақ шыққан, түрікмендер боз оқтан, қазақтар үш оқтан тараған» делінеді. Ихсан Шайқ Дана ата «Оғыз-наме» атты шығармасында «Сейілханды» түрікмен елінің аты болып кеткен көзі дейді. «Оғыз-намені» жазғанда, оны барлық Сейілханға «бізден яд-гар болсын» деп тарту етіп ұсынады. Ихсан Шаиқтың байқауынша, Оғыз хан Орта Азия мен Қазақстандағы барлық тайпаларды біріктірген алып кісі болса, Сейілхан - тек түрікмен елінің аты. Жырда да айтылады: «Оғыз ханнан айырылсам, Күллі Сейілхан елтіміз»... Жанкент қаласы Мауереннаһр жерін Еуропамен, Индиямен, Иранмен байланыстыратын ұлы керуен жолында жатқан. Жан-кент қазіргі Арал теңізі өңірінен шыққан ас тұзын шет елдерге саудаға шығарған. Еуропа елдері осыдан мың жыл бұрын ас тұзын осы Жанкент шаһарынан алдыртқан, оған дейін еуропалықтар тамақты тұз салмай пайдаланған екен. Жанкент қаласын, барша оғыздардың даңқын әлемге паш еткен Қорқыт Ата еді. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның айтуынша, Қорқыт ҮІІ - Х ғасырларда Сыр бойын мекендеген Қаңлы ұлысының бір табы - Оғыз руы - Қияттардан шыққан. Ол кезде бұрынғы қаңлылар енді «Қаңлы - Қыпшақ» немесе «Оғыз - Қыпшақ» аталып, олардың астанасы Сырдарияның жағасындағы «Жанкент» қаласы болған. Қорқыттың туып - өскен қаласы осы - Жанкент, қазіргі Қазалының күн шығыс жағында. Қорқытты бірінші рет таң қаларлық әдемі сөзбен ғылым жүзіне келтірген арабтың географы Истахри. Ол кісі Хорезмді, Сырдың бойын аралап жүріп, түріктер арасынан бұрын өткен екі данышпан ойшыл туралы әфсаналар естиді. Бүгінде тарихи заманның биік ойшылы Қорқыт жырау туралы түрлі тілде байтақ көп мәліметтер жиналған. Оның көбі ескі түркі, парсы, араб жазуларынан алынған. Солардың ішінде көзге ерекше түсетін ең ғажабы орта ғасырдың асқан ғалымы, атақты тарихшы Рашид - ад - Диннің Қорқыт, Оғыз, олардың ұрпақтары туралы жазып кеткен «Жами - ат - тауарих» шығармасының бір бөлімінде әдемілеп суреттейді. Күншығыс әдебиетіне белгілі болған атақты күйші - музыкант Әбу Наср әл - Фараби, әдебиет, тарих, этнология, археология ғылымдарының теңдесі жоқ білгірі корифей ғалым, академик Әлкей Марғұланның анықтауы бойынша, Қорқыт тәрізді ол да осы айтқан Жанкентте туып, Отырарда өскен. Сондықтан кейін атақты ғалым өзінің лақап атын Фраби не әл-Фараби деп атаған. Әбу Наср әл - Фарабидің Қорқыт тәрізді атақты күйші болғаны Х ғасырдағы Византия жазушыларына да белгілі болады. Араб тілінде жазылған кітаптардың айтуынша, Фараби 870 жылы туып, 950 жылы сексен жасында қазіргі Сирия мемлекетінің Дамаск қаласында қайтыс болған. Сөйтіп, қобызымен ескі дүниені күңіренткен Әбу Наср әл - Фараби Қорқыт күйшінің ізін ала шыққан, соның шәкірттерінің бірі. Арун - Рашид заманында әл - Фараби күйшіні Жанкенттен Бағдатқа алдырып, Бағдат халқы Фарабидің сұлу күйін тыңдайды. Бағдатқа барған соң Фараби араб, грек фәлсафасын үйренеді. Бір кітабында Фараби: «Мен Арситотель шәкірттерінің ішіндегі халыққа ең белгілісі едім, музыка өнеріне маһир едім» дейді. Бұған қарағанда, Әл - Фараби Қорқыт күйін музыканың ең сұлу түріне жеткізіп, екінші жағынан Аристотельдің поэзия, музыка туралы жазғандарын оқыған, ол кездегі данышпан адамның бірі екенін көрсетеді. ## Дереккөздер
Қоңырөлең — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Қоңырөлең ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 1931-1997 жылдары кеңшар орталығы болған. Оның негізінде Қоңырөлеңде және округке қарасты Бөрібай би, Сарытөбе, Ынталы ауылдарында “Қоңырөлең”, “Аламан”, “Қарабұлақ”, “Вереинар”, “Сарытөбе” өндірістік кәсіпорын және 116 шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Қоңыртау – Абай облысы Аягөз ауданындағы таратылған ауыл. Таулар: * Қоңыртау – Жетісу Алатауының солтүстігіндегі тау. * Қоңыртау – Торғай үстіртіндегі аласа тау.
Қоңыр топырақ – жартылай құрғақ, құрғақтау аймақтарға бейімделген ормандар мен бұталар астында түзілетін топырақ типі.Қоңыр топырақ қабатының қалыңдығы 25 – 45 сантиметр, қарашірік 3 – 4-тен 7 – 9%-ға дейін, қоректік элементтер мөлшері аз, мыс, азот пен Р2О5 қосылыстары 0,1 – 0,2% шамасында. Топырақтың үстіңгі қыртысының түсі 13 – 25 сантиметр тереңдікке дейін қоңыр, ұсақ түйіршікті не тозаңды түйіршікті; топырақта кальций (70 – 80%), магний (15 – 30%) болады. Топырақ орташа сілтілі рН 7,0 – 7,5, гипс 80 – 12 сантиметр тереңдікте кездеседі. Қарашіріктің орналасуына қарай қоңыр топырақ қара қоңыр, қоңыр, ақшыл қоңыр деп үш топқа, ал механикалық құрамына байланысты сазды, құмды, құмайтты топырақ болып бөлінеді. Қоңыр топырақ дәнді және техникалық дақылдар, бау-бақша егуге пайдаланылады. Қазақстанның солтүстік аймақтарында тараған қара қоңыр топыраққа агротехникалық шаралар жүйелі жүргізілсе, бидайдан мол тұрақты өнім алуға болады. Ал оңтүстік өңірдегі ақшыл қоңыр топырақ сортаңдау болғандықтан шабындық пен жайылымға, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы алқабындағы жерлер суармалы егіншілікке пайдаланылады.Қоңыр топырақтар — Қазақстанның құрғақ далалар зонасын алып жататын, қара топырақты жерлердің оңтүстігінде орналасқан, түрі піскен талшын (каштан) сияқты, саздақ және құмдақ қоңыр топырақтар. Онда өсетін өсімдіктердің құнарсыздығына байланысты шірінді заттар аз болады (3%) және тереңдеген сайын кеми береді, азот пен фосфор да аз болады, астыңғы қабаттарында ерігіш тұздар болады. Көбінесе құрамында көмір қышқыл ізбесі болғандықтан қышқыл тисе көпіріп қайнайды. Қоңыр топырақтар құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерімен де, құрылымымен де ауыл шаруашылық дақылдарға өте қолайлы жене олардың гумусы көбейген сайын сапалылығы арта түседі. ## Дереккөздер * Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
Қоңыртөбе — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 13 км жерде. ## Халқы ## Тарихы 1957-97 жылдары мақта өсіретін кеңшардың орталығы болды. Бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. ## Дереккөздер
Қоңыртемірші – Сарыарқадағы тау, Қарқаралы тауының оңтүстік-шығысында 80 км жерде. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде орналасқан. Ең биік жері - Қарасораң шоқысы (1369 м). Оңтүстіктен солтүстік-шығыс бағытта 45 км-ге созылып жатыр, ені 10 – 15 км. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір дәуірінің жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Аралары өзен арналарымен тілімденген тізбекті, жоталы және күмбезді таулардан тұрады. Батыс беткейі тіктеу, жартасты келген, бұл бөлігі Ақтайлақ, Қазанғап өзендерінің аңғарымен, шығыс беткейі жазда тартылып қалатын Шақабай, Қаражан, т.б. өзен, бұлақ аңғарларымен тілімденген. Қоңыртемірші Түндік, Қусақ, Ақтайлақ өзендерінің суайрығы. ## Өсімдігі Шалғындық қызғылт қоңыр топырағында селеу, сұлыбас, бетеге, көде өседі, қайыңды-көктеректі орман, астық тұқымдас шөптесіндер кездеседі. ## Дереккөздер
Жабағылы суғару жүйесі – Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан. Жабағылы өзені Ақсуат тауынан бастау алады. Ол осы аумақтағы су көздерін және жер ресурстарын толық пайдалану мақсатында салынған. Cуландыру жүйесінің жалпы ұзындығы 36 км, су жиналатын алабы 0,221 км², орташа көп жылдық су ағымы 0,07 км3, орташа көп жылдық су шығымы 2,22 м³/с. Аумағы 2 – 3 мың га-дан астам жердегі бақша дақылдары мен шабындықтар суғарылады. Су өзен арнасынан ылдиға қарай өздігінен ағады. ## Дереккөздер
Жабайұшқан– Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан қоныс. Солтүстік-батысында Сеңгірқұм құмы бар. Батыстан шығысқа қарай 25 – 30 км-ге созылған. Енді жері 7 км. Қоныстың солтүстік және оңтүстік бөліктері 40 – 50 м-лік жыралармен тілімденген. Солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен төмен жатқан батпақты сор, оңтүстік бөлігіндегі жыралы беткейлерінде құрғақ арна кездеседі. ## Дереккөздер
Жабай – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 196 км, су жиналатын алабы 8800 км2. ## Бастауы Бастауын Зеренді тауынан алып, Тимашевка ауылының (Атбасар ауданы) тұсында Есіл өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Төменгі арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 400 м-ге дейін жетеді, суы тұщы (тұздылығы 0,8 — 1,0 г/л). Салалары - Жыланды, Айдабол, Сарымсақты. Көп жылдық орташа ағыны 0,89 м3/с. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Қазан айының аяғында қатып, сәуірдің екінші жартысында мұзы ериді. Өзенде көкбас, шортан, табан балық, шабақ бар. Суы шаруашылықтарда кеңінен пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жабайы шомыр (лат. Raphanus raphanistrum) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 10 — 70 см, жапырақтары жалпақ, кезектесіп орналасқан. Гүлі сары немесе ақ, жемісі — бұршаққын. Жаз бойы және күзде гүлдейді. Жаздық егістікте, тыңайтуға қалдырылған жерлерде көбірек өсетін арамшөп. Жабайы шомыр өспеу үшін астық тұқымын тазалайды, егіс алмастырылады, күздік қарабидай егіледі. Жабайы шомыр тұқымы пісіп жетіле бастаған кезде улы болады. Жас жабайы шомырды мал жақсы жейді, оны сүрлемге қосуға болады. Негізінен шикілей пайдаланылады, пәлегі малға беріледі. Жабайы шомырдың құрамында 1,58% қант, 1,92% болок, С витамині 20-25 мг%, минералды тұздар, ферменттер бар. ## Дереккөздер
Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын. Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі берілген көше және ескерткіштер бар. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды.Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіруде. ## Дереккөздер
Жаға – Атырау облысы Қызылқоға ауданында орналасқан қыстау. Ойыл өзенінің сол жағалауында, Миялы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде. Оңтүстік-батысында Тайсойған құмымен шектесіп жатыр. Қыстаудан оңтүстік-батыс бағытта Жарыпшыққан өзені ағып өтеді. Маңайында Қолқақұдық, Балабейіт, Құрманғазы, Еспекөл, Ақши, т.б. қыстаулар орналасқан. Жаға Ойыл өзенінің жақын орналасуына байланысты қолайлы жайылым. ## Дереккөздер
Жағалбайлы – Тарбағатай жотасының солтүстігінде, Бұғаз және Базар өзендерінің аралығындағы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Ұзындығы 20 – 25 км, ені 10 км. Биіктігі 900 – 1000 м аралығында. ## Жер бедері Беткейлері жайпақ, оңтүстік-шығыс бөлігі биік жартасты, тас жыныстары шығып жатады. ## Өсімдігі Қоңыр топырағында тобылғы, бетеге, қара сұлы, басқа да шөптесін өсімдіктер өседі. Жағалбайлының бөктеріндегі Сарыбұлақ, Ақтүбек қыстаулары мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жабыртау – Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Қаратау мен Текес жазығының аралығында орналасқан тау. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 2292 м, дөңгелене келген таудың ұзындығы мен ені 3 – 5 км. ## Жер бедері мен геологиялық құрылымы Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Төрттік кезеңнің аллювийлі-пролювийлі шөгінділері жапқан палеозойдың жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Таудың қоңыр және қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетегелі шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Жағал шақшақ (лат. Saxicola rubetra) – торғайтәрізділер отряды шыбыншылар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның солтүстік мен батыс аудандарының орманды далаларында, көбіне сазды шалғындықтар мен орман-тоғайларда мекендейді. Дене тұрқы 15 см, қанатының ұзындығы 8 см-дей, салмағы 15 – 20 г. Мекиені мен қоразының түсі бір-біріне ұқсас, арқалары теңбілді, қоңырқай сұр түсті, бауыры – ақшыл. Басқа сайрауық құстардан негізгі ерекшелігі – ересектерінде де, балапандарында да ақшыл түсті жалпақ қасының болуы. Даусы ашық, үні әуенді, оның көптеген сайрауық құстардың үндерін қайталай алатын қабілеті бар. Жағал шақшақ – жыл құсы. Қазақстанға сәуірдің аяғында ұшып келеді. Қалың шөп арасына шұңқыр жасап, ұясын жерге салады. Ұясын тайыз табақша тәрізді етіп, өсімдіктердің құрғақ сабақтары мен жапырақтарынан өріп жасайды. Оның түбіне майда өсімдік сабақтарын, кейде жүн мен қыл да төсейді. Ұясына 5 – 6 жұмыртқа (көк, жасыл түсті) салады. Оны мекиені 12 – 14 күн шайқайды. Балапандары ұядан 5 – 6 күнде ұшады. Ұсақ жәндіктермен және олардың жұлдызқұрттары, дернәсілдері, өрмекшілер, моллюскілер, жауын құртымен, т.б. қоректенеді. Қыркүйекте жылы жаққа ұшып кетеді. Жағал шақшақ зиянкес жәндіктерді жеп, орман шаруашылығына пайда келтіреді. ## Дереккөздер