text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қарабас өгізшағала (лат. Ichthyaetus ichthyaetus) – татреңтәрізділер отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ – Жайық өзендерінің суқоймаларында, Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында, Павлодар мен Қарағанды облыстарының суқоймаларында, Балқаш – Алакөл су алабында ұялайды. Ұшып келу және ұшып кету кезеңдерінде Қазақстанның барлық суқоймаларынан, оның ішінде Оңтүстік Алтайдың таудағы көлдерінен де кездестіруге болады.
Ұялайтын жерлері – ащы көлдердің аралдары. Қанатының ұзындығы 45 – 55 см, салмағы 1,2 – 1,9 кг-дай болатын ірі құс. Бауыры ақ, арқасы көгілдір, атына сай басы қара, көзінің айналасы – ақ, тұмсығы сары, оның ұшы қызғылттау, сирағы – жасыл сары болып келеді. Қанатын баяу қағып, асықпай ұшады. Үлкен шоғыр құрып топталып ұялайды. 3 – 4 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ұясын жерге салып, ондағы 1 – 4 шұбар жұмыртқаны қоразы мен мекиені 25 – 30 күндей шайқайды. Басқа шағалалардан ерекшелігі – балапандарының түсі – аппақ, өзіне жақын қарабас, мойнақ не реликті шағалалардың балапандарына ұқсас болуында. Қарабас өгіз шағаланың негізгі қорегі – балық, жәндіктер (қоңыздар, көкқасқа шегіртке), кесірткелер, кеміргіштер (сарышұнақтар мен құм тышқандары), сол сияқты майда құстар, кейде үйректер мен қасқалдақтарды да ұстайды. Қарабас өгіз шағала – жыл құсы. Ақпанның аяғы – наурыздың басында ұшып келіп, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді. Көпшілігі Каспий теңізінің жағалауларында қыстайды. 1976 жылдан Алматы хайуанаттар бағында бірнеше жұбы бар. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Наурызым мен Қорғалжын, Алакөл қорықтарында, сол сияқты «Реликт шағала» қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Таңсық – Аягөз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы аумағында. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 2550 км2.
## Бастауы
Тарбағатай жотасының батыс сілемінен басталып, Қолдар көлінің солтүстік-батысында 7 км-дей жерде жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Аңғары кең. Арнасы тік жарлы, жайылмасы жалпақ. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Басты салалары: Шәумен (Байатасай), Қарақатын, Жыланды, Сайқарқамыс. Жылдык орташа су ағымы 0,38 м3/с. Жайылмасы - шабындық.
## Дереккөздер |
Қарлығаш Лекерқызы Қабдолова - 1954 жылы туған. Педагогика ғылымдарының докторы (2007 ж.).
ҚазПИ-ді (1976, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1987) жылы бітірген. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қызылту орта мектебінде (1976-1978), Алматы қаласындағы №103, №12 мектептерде мұғалім, мұғалімдер институтында әдіскер, оқытушы (1984-85), ҚазҰПУ–да доцент (1995- 2002), Қазақ тіл білімі академиясын да зертхана меңгерушісі, ғалым–хатшы (1993- 2003), т.б. қызметтер атқарды.
«Ұлттық мектептің оқу қостілдігі жағдайында сөзжасамның кешенді бірліктерін байланыстыра оқытудың теориясы мен әдістемесі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Қазірде 50- ден астам ғылыми еңбектердің авторы.
## Дереккөздер |
## Дүнген музыкасы
Дүнген музыкасы– дүнген халқының музыкасы.
Дүнген музыкасы бір дауысты, пентатоникалық ладқа негізделсе, одан диатоникалық ладтардың элементі байқалады. Әуен-ырғағында дыбыстар ұзындығы көбінесе жұп болады, жай синкополар да кездеседі. Дүнген музыкасының өлшемі 2/4 және 4/4. Кейде өлщем ауыспалығына байланысты үш ширектік өлшемде кездеседі. Дүнген музыкасының милодиясынан дыбыстардың қайталануы, алшақ интервалдарға секіріс байқалады.
Дүнгеннің музыкасының халық аспаптары бірнеге түрге бөлінеді.ысқылы аспаптар:
* михузы
* эрхузы
* сыхузы
үрлемелі аспаптар:
* ди,
* ще,
ішекті аспаптар:
* санчанцзы
* пиба
* ёнчин
* кучанцзы
cоғып ойнайтын аспап:
* вазы.
Дүнгендер әнді өз ана тілінің фонетикалық ерекшелігіне байланысты аса жоғары емес, біркелкі орташа дауыста айтады. «Нанчор Данфи», «Мынчжано» сияқты көне халық әндері танымал болды.
## Дереккөздер
## Дүнген музыкасы
Дүнген музыкасы– дүнген халқының музыкасы.
Дүнген музыкасы бір дауысты, пентатоникалық ладқа негізделсе, одан диатоникалық ладтардың элементі байқалады. Әуен-ырғағында дыбыстар ұзындығы көбінесе жұп болады, жай синкополар да кездеседі. Дүнген музыкасының өлшемі 2/4 және 4/4. Кейде өлщем ауыспалығына байланысты үш ширектік өлшемде кездеседі. Дүнген музыкасының милодиясынан дыбыстардың қайталануы, алшақ интервалдарға секіріс байқалады.
Дүнгеннің музыкасының халық аспаптары бірнеге түрге бөлінеді.ысқылы аспаптар:
* михузы
* эрхузы
* сыхузы
үрлемелі аспаптар:
* ди,
* ще,
ішекті аспаптар:
* санчанцзы
* пиба
* ёнчин
* кучанцзы
cоғып ойнайтын аспап:
* вазы.
Дүнгендер әнді өз ана тілінің фонетикалық ерекшелігіне байланысты аса жоғары емес, біркелкі орташа дауыста айтады. «Нанчор Данфи», «Мынчжано» сияқты көне халық әндері танымал болды.
## Дереккөздер |
Құрмет Қабдықайырұлы (5.1.1937 жылы, Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы) – физика-математика ғылымдарының кандидаты (1966), педагогика ғылымдарының докторы (1994), профессор (1985).
ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) және Харьков политехникалық институтының аспирантурасын (1960) бітірген. ҚазМУ–да аға оқытушы, доцент (1962-74), Алматы халық шаруашылығы институтында (1974-85, қазіргі Қазақ экономалық Университеті) кафедра меңгерушісі, Семей педагогикалық институтында (1985-86, қазіргі Семей мемлекеттік университеті) проректор, ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1986-2002), 2002 жылдан профессор қызметтерін атқарды.
«Об одной системе интегро–дифференциальной уровнений» тақырыбында кандидаттық, «Дидактические основы совершенствования математического образования в высшей школе» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Петр Семенович Коган (1872 жыл 20 мамыр, Лида қаласы – 1932 жыл 2 мамыр, Мәскеу) – кеңес әдебиетін зерттеуші, сыншы.
## Еңбек жолы
1896 жылы Мәскеу университетінің тарих-филология факультетін бітірді. 1910 жылы Петербург университетінің герман-роман факультетінде доцент, одан соң Мәскеу Мемлекеттік университетінің профессоры. 1921 жылы Мемлекеттік өнер ғылымдары Академиясы құрылғанда оның президенті болды. Еңбектері 1895 жылдан жариялана бастады. Коган орыс әдебиетінің тарихын жүйелі зерттеушілердің бірі. Ол жазған «Орыс әдебиетінің жаңа дәуіріндегі тарихи очерктері» (1-3 томдар, 1908-12 жылдар) және «Батыс Еуропа театрларының очерктері» (1934) бірнеше рет қайта басылды.
## Дереккөздер |
## Сайдали Вализаде
Сайдали Вализаде (10. 10. 1900 жылы Тәжікстан) – тәжік совет ақыны. Тәжікстан ССР-інің еңбек сіңіргені әртісі (1945).
## Еңбек жолы
Сайдали Вализаде шығармашылық жолын ауызша өлең шығарып, ән айтудан бастады.Ол алғашқы өлеңінде ("Езілген дихан", 1917) Бұхар әмірінің тәртібін сынады, Ол – тәжік тілінде Ленин туралы тұңғыш жазылған "Ленин – досымыз және көсеміміз" атты өлеңнің авторы. Көптеген шығармаларында жаңа өмір шындығын шабыттана жырға қосты ("Папаниндықтар" атты поэмасы т. б.)Сайдали Вализаденің туған ел үшін ерлікпен қаза тапқан тәжік солдаты туралы жазылған "Сайдқұл Тұрдыев" поэмасы Ұлы Отан соғысы кезінде көпшілікке кең таралды. Ол "Өлеңдер" (1949),"Өлеңдер мен поэмалар" (1965) т. б. жинақтарын шығарды. Сайдали Вализаде шыармаларында кездесетін фольклорлық әуен жазба әдебиет дәстүрімен берік үндестік тапқан.
## Дереккөздер
## Сайдали Вализаде
Сайдали Вализаде (10. 10. 1900 жылы Тәжікстан) – тәжік совет ақыны. Тәжікстан ССР-інің еңбек сіңіргені әртісі (1945).
## Еңбек жолы
Сайдали Вализаде шығармашылық жолын ауызша өлең шығарып, ән айтудан бастады.Ол алғашқы өлеңінде ("Езілген дихан", 1917) Бұхар әмірінің тәртібін сынады, Ол – тәжік тілінде Ленин туралы тұңғыш жазылған "Ленин – досымыз және көсеміміз" атты өлеңнің авторы. Көптеген шығармаларында жаңа өмір шындығын шабыттана жырға қосты ("Папаниндықтар" атты поэмасы т. б.)Сайдали Вализаденің туған ел үшін ерлікпен қаза тапқан тәжік солдаты туралы жазылған "Сайдқұл Тұрдыев" поэмасы Ұлы Отан соғысы кезінде көпшілікке кең таралды. Ол "Өлеңдер" (1949),"Өлеңдер мен поэмалар" (1965) т. б. жинақтарын шығарды. Сайдали Вализаде шыармаларында кездесетін фольклорлық әуен жазба әдебиет дәстүрімен берік үндестік тапқан.
## Дереккөздер |
## Садуль Жорж
Садуль Жорж (04. 02. 1904, Нанси, – 13. 10. 1967, Париж) – француз кино теоретигі әрі сыншы, өнер тану ғылымдарының докторы, профессор, коммунист. Қарсыласу қозғалысына белсене қатысып, "Летр франсез" атты астыртын газетте қызмет еткен. Мақалалары "Юманите" т.б. газет-журналдарда жарияланды. Жоғары кино білімі институтында және Фильмол. институтында қызмет етті.
## Дереккөздер
## Садуль Жорж
Садуль Жорж (04. 02. 1904, Нанси, – 13. 10. 1967, Париж) – француз кино теоретигі әрі сыншы, өнер тану ғылымдарының докторы, профессор, коммунист. Қарсыласу қозғалысына белсене қатысып, "Летр франсез" атты астыртын газетте қызмет еткен. Мақалалары "Юманите" т.б. газет-журналдарда жарияланды. Жоғары кино білімі институтында және Фильмол. институтында қызмет етті.
## Дереккөздер |
Құс жолы (ағылш. milky way, мағынасы "cүт жолы") — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құсжолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.
## Этимологиясы
Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құсжолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құсжолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Кейде Галактика (бас әріппен) деп те жазылады.
Құс жолы — кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген километр жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады. Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған.
## Ашылу тарихы
Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы Галилео Галилей байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде зерттеуді XVIII ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты. Василий Струве 1847 жылы көлем бірлігіндегі жұлдыздар саны галактикалық жазықтыққа жақындаған сайын көбейетіндігін, ал Күннің галактика ортасында орналаспағандығын анықтаған. Ол 1859 жылы бүкіл Галактика жүйесінің осьтен айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде XX ғасырдың 1-ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты. XX ғасырдың 20-жылдарында америкалық астроном Харлоу Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген шоқжұлдызында екендігін анықтап, күннің галактика орталығында орналаспағандығын дәлелдеген. Швед астрономы Бертиль Линдблад жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына сүйене отырып, Галактиканың динамикасы мен құрылысын зерттеген, Галактика құрылысының күрделі екендігін ашқан. 1927 жылы голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу кезінде Галактиканың меншікті кіші осінен айналатындығын дәлелдеді. Галактиканың ортасына жақын бөліктері сыртында жатқан бөліктеріне қарағанда жылдамырақ айналады. Галактиканың орталығынан күнге дейінгі қашықтық 10 кпк. Күн 250 км/с жылдамдықпен галактика орталығын екі жүз елу миллион жылда (айналу периоды) толық бір рет айналып шығады. Галактикалар – біздің Галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. Олар аспанда Құс жолынан тыс жарық тұман түрінде көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те атайды. Америка астрономы Эдвин Хаббл XX ғасырдың 20-жылдарында бізге ең жақын Галактика өте әлсіз көптеген жұлдыздардан тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес айнымалы жұлдыздардың болатындығын байқаған. XX ғасырдың 30-жылдары эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары көптеген сақина, дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы Галактика ашылды. Қуатты радиосәуле шығаратын топтасқан галактика N-галактикалар қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз тәріздес көзі квазарлар деп, ал қуатты радиосәуле шығаратын бұрыштық өлшемі бар Галактика радиогалактикалар деп аталады. Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу нәтижесінде америкалық астрономдар мынадай қорытындыға келді: оның орталығында осыдан бір жарым миллион жыл бұрын жарылыс болған, соның салдарынан ыстық сутек ағыны 1000 км/с жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар ағынын тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы себеп болған. Астрофизик Виктор Амбарцумянның пікірі бойынша, мұндай жарылыстар қазір де жүріп жатыр. Бұрынғы КСРО-да жасалған Галактика каталогында он бесінші жұлдыздық шамадан жарығырақ отыз мыңдай Галактика бар. Олар барлық аспанның төрттен үш бөлігін қамтиды. Бес метрлік телескоппен жиырма бірінші жұлдыздық шамаға дейінгі бірнеше миллиард Галактикаларды көруге болады.
XIX ғасырда француз ғалымы Мессье барлық тұмандықтардың жүйелі тізімін жасады. Оған жүзден астам тұмандықтар енді. Тек XX ғасырда ғана бұл түмандықтардың табиғаттары анықталды. Олардың тозаң мен газ араласқан түмандықтардан, шар тәрізді және шашыраған газ шоғырларынан, галактикалардан түратыны белгілі болды. Жүлдыздар арасындағы кеңістік бос тәрізді болып көрінеді. Шынында, барлық жүлдыздар арасындағы кеңістіктер заттарға толы. XX ғасырдың басында жүлдыздар жарығының жұтылу немесе әлсіреу қасиеті ашылды. Жарықты жұтатын заттың Құс жолында шоғырланғаны және шүйке тәрізді құрылысы бар екені анықталды. Бұл зат физикалық құрамы жақсы зерттелген тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар арасында тозаңнан басқа өте үлкен мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе көп). Олар бейтарап сутегінің 21 см толқын ұзындығында сәулелер шығарады. Егер бейтарап сутегі бұлтына жақын жерден көк ыстық жұлдыз тұтанса, жұлдызаралық газдар мен тозаңдардың сәулеленуі байқалады. Жұлдыздың шығарған ультракүлгін кванттарын бұлттың атомдары жұтады да, осы атомдар жарық кванты түрінде кайта сәуле шығарады.
Орионның үлкен тұмандығы — ең жарық газды тұмандық. Дүрбі арқылы (қырағы көзге құралсыз көзбен де көрінеді) бір сызық бойына орналасқан үш жұлдыздан сәл төменде орналасқан Орионның белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы шамасында.
Ыстық жұлдызды қоршаған иондалған газдар аймағын жұлдыздардың ультракүлгін сәулелерін өте интенсивті сәуле ретінде қайта шығаратын машина ретінде елестетуге болады. Оның спектрінде әр түрлі химиялық элементтердің сызықтары бар. Газды тұмандьщтардың түсі де газдың температурасына, тығыздығына және химиялық құрамына байланысты әр түрлі: жасылдау, кызғылт және басқа да түспен реңдес келеді. Газ тұмандықтарының пішіні әр түрлі. Кейбіреулерінің пішіні ортасында жұлдызшасы бар сақина торізді — бұл планеталық тұмандықтар.
Баска тұмандықтар газдардың жеке жарық шығаратын талшықтарынан тұрады. Көптеген тұмандықтардың пішіні бұрыс, олар кәдімгі сия тамшысының дақтарына ұксайды. Жарық сүзгілері арқылы қарағанда кейбіреулері жеке талшықтардан тұратын болып шықты.
Белгілі Шаян тұмандығы осындай. Бұл ең жақсы зерттелген жарылған жұлдыздың (аса жаңа) бөліктері. Біздің Күн бір-бірінен қашықтығы, уақыт, газ бен шаң-тозаң бұлттары, әр түрлі сәуле шығару түрлерімен бөлектенген 150 млрд жұлдыздың біреуі ғана. Бірақ олардың бәрі бірге ортақ центрден,яғни "Құс жолы" деп аталатын галактиканың ядросынан айналады.
Галактикалар — жұлдыздар, газ, шаң-тозаңның бәрі бірге гравитация щпиімен ұсталып тұратын ең ірі жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің жұтатын материямен толтырылған галактика жазықтығында жатуынан Құс жолы құрылымының көптеген бөліктері жердегі бақылаушыға көрінбейді. Әйтсе де оны біздің галактикаға ұқсас галактикалар аркылы зерттеуге болады. XX ғасырдың 40-жылдары Андромеда тұмандықтары деген атпен белгілі M31 галактикасын бақылап, неміс астрономы Вальтер Бааде осы алып ғаламның жазық линза тәрізді дөңгелегі әлде қайда сирек сфера түріндегі жұлдыздар бұлтынан тұратынын байқады, оны гало деп атады.
Бұл тұмандық біздің галактикаға өте ұқсас болғандықтан, В. Бааденің ұйғарымынша, Құс жолының да құрылымы болуы тиіс. Галактикалық дөңгелектердің жұлдыздары қоныстанудың I түрі, ал гало жұлдыздары қоныстанудың II түрі деп аталады. Қазіргі зерттеу жұмыстары жұлдыздык қоныстанудың екі түрі кеңістікте орналасу жағдайларымен ғана емес, қозғалу сипатымен, сонымен қатар химиялық құрамдарымен де өзгешеленетінін көрсетіп отыр. Бұл ерекшеліктер, біріншіден, дөңгелектер сфералыққұраушыларының қалай пайда болу себептеріне байланысты. Галактикалық дөңгелектің диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болады. Галактиканың орталығынен галоның ең тығыз орталык бөлігіне дейінгі бірнеше мың жарық жылына тең аралық "балдж" ("қалыңданған") деп аталады.
Біздің галактиканың шегі галоның өлшемімен анықталады. Галоның радиусы дөңгелектің өлшемінен едәуір үлкен және кейбір мәліметтер бойынша бірнеше жүз мың жарық жылына жетеді екен.
Құс жолы галосының симметрия орталығы галактикалық дөңгелектің орталығымен сәйкес келеді. Біздің галактикада Күн тәрізді дара жұлдыздар сирек кездеседі (30%-дан көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос жұлдыздар немесе бірнешеу болып келеді. Галактикада күрделі жұлдыздар жүйесі табылды, атап айтсақ, шашыранды (ондаған жұлдыздардан тұратын) және map тәрізді (жүз мыңдаған жұлдыздардан тұрады) жұлдыздар шоғырлары. Шар тәрізді жұлдыздар шоғыры галактиканың орталығыне жинақталған. Шашыранды жұлдыздардың шоғыры шар тәрізді жұлдыздар шоғырынан әлдеқайда көп, олар галактика (спиральді галактика жайлы сөз болып отыр) спиралінің тармағында, галактиканың дөңгелегінде басымырақ орналасқан.
Дөңгелек жұлдыздардың қоныстануы Гало жұлдыздарының қоныстануынан ерекшеленеді. Дөңгелек жазықтығының маңайына бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болған жас жұлдыздар және жұлдыздар шоғыры жинақталған. Олар жазық кұраушыларды кұрайды. Олардың арасында ыстық және жарық жұлдыздар өте көп. Ертерек пайда болған жұлдыздар дентрде немесе центрге жакын орналасып, біздің галактиканың сфералық құраушысын құрайды. Сфералык кұраушының жұлдыздары галактиканың орталығыне шоғырланады. Галоның жұлдыздары мен жұлдыздык шоғырлары галактика орталығын айнала өте созылыңқы орбитамен қозғалады. Жеке жұлдыздардың қозғалыстары ретсіз болғандықтан тұтас алғанда гало өте жай айналады.
Галактиканың сфералық кұраушысындағы "қоныстанудың" жасы 12 млрд жылдан асады. Оны, әдетте, галактиканың өзінің жасы деп есептейді. Ауыр химиялық элементтер үлестерінің аз болуы гало жұлдыздарының сипаттамаларының ерекшелігі болып табылады. Шар тәрізді жұлдыздар шоғырындағы жүлдыздардың құрамында металдар Күнге қарағанда жүз есе аз. Жұлдыздар шоғырының көмегімен галактикадағы Күн жүйесінің орны табылды.
Галомен салыстырғанда дөңгелек елеулі түрде тезірек айналады. Оның айналу жылдамдығы центрден әр түрлі қашықтықтарда түрліше болады. Ол жылдамдығы центрде нөлден басталып, одан 2 мың жарық жылындай қашықтықта 200—240 км/с-қа дейін артады, содан кейін біраз кемиді де қайтадан шамамен аталған мәнге дейін өседі, әрі қарай процесс тұрақты қалады. Дөңгелектің өз осінен айналу ерекшеліктерін зерттеу оның массасын анықтауға көмектеседі. Есептеулер бойынша оның массасы Күн массасынан 150 млрд есе артық.
Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни полюстен қарасақ, онда біз мыңдаған жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың орталығы, материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді.
Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар (массасы миллион Күннің массасындай). Ғаламның орталык аймақтарына жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын орбір парсек куб көлемдегі жұлдыздар саны бірнеше мыңға жетеді. Жұлдыздардың арақашықтықтары Күннің маңайындағы қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика ядросына жақын орналаскан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан.
Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығына жақын жинакталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде кұрылымы біртекті емес ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жұлдыз бен газдың химиялық құрамы Күндегі сияқты.
Күн өзіне жақын барлық жұлдыздармен бірге 200—220 км/с жылдамдықпен галактика орталығын айнала қозғала отырып, 200 млн жылда бір айналым жасайды. Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ітттінде галактика орталығын 30 рет айналып шыққан.
## Басқа галактикаларды ашу
Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашыктықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.
Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын "Магеллан бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салыпқарағанда бұлт "толқып" тұрған тәрізді. Астрономдар оның толкуын біздің галактикаға жакын орналасуымен түсіндіреді. Бір кездері "Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар біздің Галактиканың серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін олардың тағы да бір-біріне жақындауы мүмкін.
"Магеллан бұлтынан" сәл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" жәнө "Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын құрайды.
Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюциясы жайында жұлдыздардың эволюциясына қарағанда олде кайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті.
Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.
Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.
Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипетік галактикалар жатады. Олардың кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.
Сыртқы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер енгізді: Е0 (сфералық), E10 (қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды). Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ (белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш түрге
* 'Sa (ең ірі ядро),
* Sb (орташа ядро),
* Sc (кіші ядро), сол сияқты Sba, Sbb, Sbc деп бөлінеді. Барлык бұрыс галактикалар бір белгімен 'ir деп белгіленді.
Бірнеше мың өте жарық галактикалардың ішінде шамамен 80%-ы спиральді, 17%-ы эллипсті және 3%-ы бұрыс галактика. Галактикаларға дейінгі қашықтықтарды әр түрлі әдістермен анықтайды: цефейдтер, жаңа және аса жаңа жұлдыздар, өте жарық, жұлдыздар бойынша т. с. с.
## Квазарлар
1963 жылдан бастап астрономдар жұмбак объект квазарларды зерттей бастады (радиосәуле шығарудың квази жұлдыздық көздері деген сөзден қысқартылған). Квазарлар әлемнің ең энергетикалық қаныққан денелері. Бұл жұлдыздарға ұқсас денелер минутына Күннің 10 млн жылда шығаратын энергиясынан артық энергия шығарады. Олардың жарқырауы тұтас галактиканың жарқырауынан жүз есе артық бола алады. Көптеген квазарлар рентгенді сәуле шығарудың қуатты көздері. Олардың спектрлерінде кәдімгі жұлдыздардың атмосфераларында болатын химиялық элементтер кездеседі. Бірақ квазарлардың үздіксіз спектрлері энергияның үлестірілуі синхротрондық механизмге сәйкес болатынын көрсетті, яғни магнит өрісінде қозғалатын асқын энергиялы электрондар жарық шығарады.
Квазарлар ғарыштағы ең алыс денелер болып саналады (оларға дейінгі қашықтық миллиардтаған жарык жылын күрайды), олардың спектрі қошқыл-қызыл, демек, олар бізден өте үлкен жылдамдықпен қашықтап барады. Көптеген квазарлардың периоды бірнеше апта, амплитудасы 3m-ге дейін өзгеретін жылтырауы айнымалы болады. Бұл олардың сызықтық өлшемдерінің жұлдыздармен салыстыруға келетінін, дегенмен үлкен емес екенін көрсетеді. Квазарлар өте алыс галактикалардың жас, белсенді ядролары болуы мүмкін.
## Дереккөздер |
Клин Дмитров қырқасы- Смоленск-Мәскеу қыратының шығыс бөлігі, көп жері Мәскеу облысының солтүстігінде ұзындығы 200 км, ені 25-55 км. Биіктігі 285м-дей. Бор дәуірінің құмды-сазды жыныстарынан түзілген негізін антропогеннің мореналары мен саздақтары жапқан. Өзен аңғарларымен (Клязьманың және Волганың жоғарғы ағысындағы салаларымен) тілімделген. Қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты орман өседі. Қырқаны Мәскеу атындағы канал кесіп өтеді.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 476 бет |
Мамай – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ағынсыз көл.
## Гидрографикасы
Ауданы 41 - 44,5 км2- ге дейін өзгереді. Ұзындығы 8,5 км, ені 7,9 км. Орташа тереңдігі 1,6 м. Көл аласа төбешіктер арасындағы қазан шұңқырда. Жағасы көбіне жайпақ, тек оңтүстік-шығыс бөлігі тік жар. Мамайдың Тәттімбек өзені құйған тұсында кішігірім бірнеше құм қайраң бар. Түбі жатық, шөккен лайдың қалыңдығы 1 м-ге жетеді. Суының түсі жасыл, ащы, тек мал суарылады. Көлдің сотүстігінде Мамай ауылы орналасқан.
## Дереккөздер |
Ковалевский Владимир Онуфриевич (02.08.1842, Шустянцы селосы, Витебск губерниясы, Қазіргі латвия - 16.04.1883, Мәскеу) - орыс палеонтологы. А.О. Ковалевскийдің інісі. К.Ч.Дарвин, Т.Гексли, Ч.Лайелдің бірнеше кітаптарын аударып, дарвинизм ілімін таратқан. 1872 жылы Йен университетінде жылқының палеонтологиялық тарихынан диссертация және 1875 Петербург университетінде анхитерий туралы магистрлік диссертация қорғаған. 1880 жылы Мәскеу университетіне доценттіке сайланған. Ковалевскийлің тұяқты жануарлардың тарихи дамуы туралы еңбектері жаңа ғылым - эволюциялық палеонтологияның негізі болды. Ковалевский органның морфологиялық өзгерістерінің дамуы тірілік жағдайының өзгеруіне байланысты екенін дәлелдеді. Ол омыртқалы жануарлар филогенезін шешуде эволюциялық ілімді кең қолданған.
## Қолданылған әдеибет
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 484 бет |
Кешқұрым - қазақ жазушысы Мұхтар Мағауинның бастау кезеңдегі жазылған шығармасы. Автордың баспасөз бетінде жарияланған тұңғыш әңгімесі (1964 жыл).
## Тарихы
Шығарманы кезінде ешбір газет, журнал басуға қабылдамаған. 1963 жылы "Жұлдыз" журналына ұсынған нұсқасының соңында проза бөлімінің меңгерушісі Амантай Байтанаевтың көк сиямен жазылған қорынытнды пікірі бар:
"Автордың не айтқысы келгенін түсіну қиын. Қазір жасы алпысқа келіп қалған Жұмағұл қарт ертеде өткен бір ағат ісіне өкініш еткендей бір түйін бар сияқты. Ол жас кезінде бір келіншекпен жүреді. Онымен тұз-дәмі жараспай, қосыла алмай қалады. Жүкті болып қалған сондағы келіншектен Жаннат деген қыз туады. Сол қыздың өскенін (22-де) тұрмысқа шыққалы жатқан кезін көрген қарт Жұмағұл қатты өкінішке қалады. Өзі 7 беттік әңгіменің жартысынан көбі ертеде өткенді еске түсіруге арналған. Қорыта келгенде, автор осы әңгімені жазарда алдына белгілі бір мақсат қоймаған сияқты. Ұсынатын моралі күңгірт қалады. Әңгіменің тілінде, көркемдігінде көп кемшілік бар. Бұл қалпында басуға ұсына алмаймыз" .
Жас автор төрелік сұрап барған Зейнолла Серікқалиев те шығарма басуға жарамсыз деген пікір айтады.
Келлер жилы 1964 жылы журналдың жастарға арналған саны дайындалып жатқан кезде жауапты хатшы Қадыр Мырзалиевтің алдына ұсынылған үш шығарманың ішінен ол "Кешқұрым" әңгімесін таңдайды. Автордың шығармасы "Жұлдыз" журналының 1964 жылғы #4 санында жарыққа шығады.
Шығарма орыс, эстон, шыбаш, армян тілдеріне аударылған. 1967 жылы Бүкілодақтық "Огонек" журналының сыйлығын алады.
## Мазмұны
## Кейіпкерлері
* Жұмағұл ақсақал -
* Жаннат -
## Дереккөздер |
Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтбаев есімін берген.
Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтпаевтың құрметіне осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтпаев есімін берген.
Николай Черных Қырым астрофизикалық ғылыми зертханасында 1963 жылдан бастап жұмысын бастаған. Галактиканың кіші көлемді ғаламшарларын (астероид) зерттеу, барлау, анықтау жұмыстарымен айналысып, 537 кіші ғаламшар ашқан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Черных 1459 астроном ғалымның арасынан кіші ғаламшарларды ашу бойынша 31-ші орынды иеленді. Ал жары Людмила Ивановна әйел астрономдардың ішінен 268 кіші планета ашып 2-ші орыннан көрінген.
Николай Черных 1979 жылы Марс пен Юпитер арасында қозғалып жүрген кіші ғаламшардың атын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімімен атаған. "Абай ғаламшары" Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығының каталогына 4466-шы болып тіркелген. "Абай ғаламшары" әр бес жыл, төрт күн сайын Күн жұлдызын бір мәрте айналып шығады. Сонымын қатар, Черных тап осы жылы тағы бір кіші ғаламшарға "Қазақстания" деген атау қойған болатын. "Қазақстания" ғаламшары Күнді 3 жыл 3 ай 10 күнде айналып шығады.
## Сыртқы сілтемелер
* Қаныш Сәтпаев атындағы планета барын білесіз бе?(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Виртуалды мұражай (вебсайт-мұражай) — мұражай экспонаттарын тамашалауға арналған веб-сайт. Қолданушы мұражайдың ішіндегі көріністерді алға-артқа, жоғары-төмен жылжыту арқылы көре алады. Ішіндегі заттар сан алуан, әр түрлі болып келеді: тарихи экспонаттар, сурет өнері, виртуалды жинақтар, артефактар т.б көптеген ескі мұралар бар. Виртуалды мұражай тарихи ескерткіштердің сақталуы мен халыққа ұсынылу мәселелерінің оңтайлы шешімі болды. Мұражайды үйден шықпай интернет арқылы тез және анық көре аласыздар.Ең бірінші мұражай веб-сайт ретінде интернетте 1991 жылы ашылды. Олар алғашқыда қарапайым сайт болды, кейіннен мұражайды панорама түрінде көруге мүмкіндік пайда болды. Николь Пошем дейтін француз студенті «онлайн-Лувр» деп аталатын веб-сайт ашып, «жылдың үздік ресурсы» деген номинациясын жеңіп алды. Басшылардың қойған талаптарына байланысты оның атауы өзгертілді.
Кілем жасаушылардың көшбасшысы болып саналатын Шығыс халқы, кілем тоқу шеберліктерін дамыта түсті. Кілем жасау кезінде кілем шеберлері түрік халқының ою-өрнектерін пайдаланып, бір нақышқа келтіріп түріктердің ұлттық символын қалыптастырған.
Түркиядағы Қасиетті София Соборы мұражайындағы кілемдер Түркия Кілем Мұражайының жәдігерлері болып табылады. Жалпы Түркия Кілем Мұражайында 806 кілем көрмеге қойылған, соның 400 нұсқасы тарихи маңызы бар ескерткіш.
Түрік кілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т.б. деп аталады. Гүлді (парсы кілемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою-өрнекті болып келеді. Кілем түріктерде әсемдік үшін, сондай-ақ, үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын болған. |
Тентек – Алакөл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 200 км. Су жиналатын алабы 5390 км2.
## Бастауы
Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан (Көкетау және Сарыбүйрек) басталып, Сасықкөл көліне таяу ұсақ көлдерге құяды.
## Гидрологиясы
Ірі салалары - Шынжылы, Шымбұлақ, Ағынықатты, Аршалы, т.б. Жоғарғы бөлігіндегі аңғары мен арнасы тар шатқалды. Алакөл ойысына шыққан жерінде аңғары кеңейіп, 3 тармаққа бөлініп, Үшарал қаласынан төмен 5 км жерде қайтадан бір арнаға қосылып, жайылып ағады. Еріген қар, мұз суларынан наурыз - сәуір айларында тасиды. Жылдық орташа су ағымы Ынталы ауылы тұсында секундына 47,1 м3. Суы тұщы, мөлдір, ауыз суға, егістік суғаруға пайдаланьлады. Ш. Уәлиханов 1856 жылы өзінің Қапал - Верный - Ыстықкөл - Құлжа саяхаты кезінде Тентек аңғарын зерттеді. Өзенге Тентек суғару жүйесі салынған.
## Дереккөздер |
Мамық астра - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 10-80 см, жапырағы бүтін жиекті, қандауыр пішінді, кезекті орналасқан. Гүлі қос жынысты, көбіне сары не көк, қызғылт түсті, себет гүл шоғына топтанған. Мамық астра Еуропа, Орта Азия, Батыс, шығыс Сібірде таралған, Қазақстанда сор, сортаң жерлерде өседі. Мамық астрадан медицинада дәрі алынады, гүлінен ара бал жинайды.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы және Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2194 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.
## Жер бедері
Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілмденген. Кейбір бөлігінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудан Қандысу, Сарыемел өзендерінің салалары бастау алады.
## Өсімдігі
Беткейі мен шатқалында қайың, терек, аралас қылқан жапырақты шоқ орман кездеседі.
## Дереккөздер |
Оңал Шегебаев (25.5.1947, Түркістан облысы Төле би ауданы Жаңаұйым ауылы — 21.11.1997, Алматы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1992). Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1997).
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ аграрлық университеті) бітірген (1969). 1969 — 1972 жылы қазіргі Түркістан облысы мемлекеттік сұрыптау стансында кіші, аға ғылым қызметкер, аға агроном болды. 1972 — 1995 ж. В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институтында аспирант, кіші және аға ғылым қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, биотехнология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996—1997 жылы А.И. Бараев атындағы, Астық шаруашылығы институтының директоры болды.
Шегебаевтың негізгі ғылым еңбектері астық дақылдарының генетикасы мен биотехнологиясына және оларды сұрыптау жұмыстарына арналған. Оның қатысуымен 34-тен астам ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтері алынды. Шегебаев 130-дан аса ғылым еңбектің, оның ішінде 18 авторлық куәліктің авторы.«
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Генетико-биотехнологические аспекты экологической селекции пшеницы в Казахстане |
Қарашоқы – Алмалытау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау массиві.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Панфилов ауданы және Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2014 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.
## Жер бедері
Беткейлері тік жартасты, тар өзен арналарымен тілімденген. Солтүстігінде Сұртас шыңы, Сарышоқы, Қорғас, оңтүстігінде Кіші Ойжайлау таулары бар. Таудан Қорғас өзенінің салалары бастау алады.
## Өсімдігі
Таудың далалық шалғынды топырағында мүк, қына, гүлді өсімдіктер, қарағай, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Қараүңгір тауларының солтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылының оңтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 828 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 3 км.
## Жер бедері
Таудың беткейінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Ақынбай төбесі, шығысында Егіндібұлақ бұлағы, батысында Ақынбай қонысы бар.
## Өсімдігі
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында дала мен шөлейт өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Баһрам Шақшақұлы (ХVIII ғасырдың соңы – ХIХ ғасырдың басы) — әйгілі әнші-ақын, күйші, композитор, әрі ел қорғаны батыр, әрі атақты түйе балуан Сегіз сері өнерпаздың туған әкесі. Баһрам 1779 жылы (доңыз жылы) наурыз айында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы«Благовещенка» (Жекекөл) кеңшарына қарасты Гүлтөбе деген орманды, көлді қоныста Шақшақ би Көшекұлының шаңырағында дүниеге келіп, Омбы шаһарында 1826 жылы (ит жылы) жазда ауырып қайтыс болған (шежіре деректері бойынша). Баһрам жас бала кезінде ауыл молдасынан оқып хадимше хат таниды, онан соң әкесі Шақшақ би Баһрамды Уфа, Қазан шаһарларындағы достарының үйлеріне қойып, сол қалалардағы медреселерде оқытады. Баһрам әуелі Қазан медресесінде оқып, оны жақсы бітіреді де, онан кейін Уфадағы медресеге оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдайды. Шақшақ би 1793 жылы (сиыр жылы) өзінің тоғызыншы баласы Баһрамды Самарқандағы таныстарының үйлеріне қойып, сондағы медресеге оқуға береді, оны тәмам еткен соң Бұхара шаһарындағы медреседе Баһрам екі жыл оқып, діни білімін жетілдіре береді. 1798 жылдың жазынан бастап ол жерсу үшін отаршыл әскерлермен болған соғыстарға қатысып, 1821 жылдың аяғына дейін Марал ишан Құрманұлын қолдап, күреске қатысады. 1821–1826 жылдары аралығында Омбы шаһарында медреседе балаларға дәріс беріп, ұстаздық қызмет атқарады. Баһрам ақын кезінде «Жағыфар – Таһир», «Жанәбіл сардар», «Хамза балуан», «Қайғылы белдеу», «Дәулен батыр», «Таузар сардар», «Сойырғаш батыр», «Қара батыр» және басқа дастандар шығарған. Оның көптеген насихат өлеңдер де шығарғаны елге мәлім.Баһрамның анасы Айман Атығай Құлеке батырдың қызы екен, ал оның зайыбы Жамал – Жаулыбай Қарауыл Қанай шешеннің Бақы деген баласының қызы.
## Дереккөздер |
Әбілжан Ұмышұлы Ұмышев 1912 жылы бұрынғы Көкшетау, Ақмола облысындағы Зеренді ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Еңбек жолын 1930 жылы мұғалім болудан бастаған. Ұлы Отан соғысы жылдары және одан кейін аудандық жер бөлімінің бастығы, Көкшетау аудандық партия комитетінің хатшысы, Володар аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Грачев МТС–нің директоры, Чистопол аудандық атқару комитетінің төрағасы (қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) қызметтерін атқарған.1989 жылы қайтыс болды.
## Дереккөздер
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 |
Тұрғынов Байман Тұрғынұлы 1927 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданындағы Бірлік ауылында туған. Еңбек жолын 1942 жылы туған ауылында бастады. 1944 жылы Теміртау қаласындағы металлургия зауытында құюшы, құю цехының мастері болып істеді. Ауылшаруашылық техникумын бітіргеннен кейін 1955-1960 жылдары «Мамлют» асылтұқымды кеңшардың №2 бөлімшесінде агроном, ал 1960 жылдан осы шаруашылықтың бас агрономы қызметін атқарды.1973 жылы 10 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Байман Тұрғынұлына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұған дейін ол екі рет Ленин орденімен марапатталып, «Қазақ ССРінің еңбек сіңірген агрономы» атағын алған болатын.
## Дереккөздер
Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы. |
Телюк Петр Захарович 1925 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданы Кривощеково селосында туған. Еңбек жолын 1941 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданындағы «Новый труд» ұжымшарында бастаған. 1942 жылы Ақмола-Қарталы теміржолын салуға қатысқан. 1943 жылы Кеңес Әскері қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысушы, жараланған. 1944 жылдан партия, Кеңес және комсомол ұйымдарында қызмет атқарған. 1969-1975 жылдары Бескөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1975 жылдан Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болған.1973 жылы 10 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Петр Захарович Телюкке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен қатар екінші рет Ленин орденімен, екі «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
## Дереккөздер
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 |
Қарашоқы – Ақшатау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласынан батысқа қарай 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 985 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.
## Жер бедері
Солтүстік-шығыс беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Кейбір бөлігінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Батысында Қарапішен тауы мен Саға қыстауы, шығысында Шұбарағаш, оңтүстігінде Қырыққұшық қоныстары бар.
## Өсімдігі
Тауалдының бозғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері аралас бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Айғыз өзенінің аңғарындағы оқшауланған шоқылы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылының солтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 662 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
## Жер бедері
Беткейі тіктеу келген. Солтүстігінде Омар, Қожа қыстаулары, шығысында Қошқарбай бұлағы мен Ақшоқы тауы, оңтүстігінде Апа қонысы, батысында Алтынқазық тауы мен Жуантөбе бұлағы бар.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, боз, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Қаратөбе тауының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Қаражал қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 641 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.
## Жер бедері
Қырқалы төбелері көлбеулеп жазыққа ұласады. Батысында Бектау, шығысында Шоқымың, оңтүстігінде Жанай таулары орналасқан.
## Өсімдігі
Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз жусан, қара жусан, баялыш, қылқан селеу, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Қоңыртемірші тауларының оңтүстік-шығысындағы тау массиві.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қошқар ауылының оңтүстік-шығысында 37 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 939 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-ге созылған, енді жері 7 км.
## Жер бедері
Солтүстік және оңтүстік беткейлерін қорымтастар алып жатыр. Қарашоқыны солтүстігінде Көктас, Үшқайың, оңтүстігінде Шұбарайғыр, Жауыр, батысында Қошқар, шығысында Сандықтас таулары қоршаған.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір жүйесінің тау жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұталар өседі. Атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар.
## Дереккөздер |
Батырев Яков Иванович (21 наурыз 1910 жылы, Жамбыл ауданы Новомихайлов селосы – 1989 жылы Тольятти) – еңбек және соғыс ардагері, 3 дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері.
## Өмірбаяны
1927-1933 жылдары Новомихайлов селосындағы «Зорька» коммунасында, Буденный атындағы ұжымшарда, 1933-1939 жылдары Преснов МТС-нда жұмыс істеді. 1941 жылдан 314 атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. 1944 жылы мамырда 46 атқыштар дивизиясының жекелеген 40 мина тазалаушылар батальоны командирінің орынбасары болды. 1945 жылы қазанда туған ауылы Пресновқа келіп, тракторшы, комбайншы және бригадир болып еңбек еткен.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Бала Қосмұрын жотасының оңтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Шұбартөс ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1136 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7-8 км-ге созылған, енді 5,5 км шамасында. Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
## Өсімдігі
Таудың қоңыр топырағында қылқан боз, бетеге, қау, сұлыбас, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Филиппенко Петр Яковлевич 1917 жылы Омбы облысы Есілкөл ауданындағы Орловка селосында туған. 1933 жылдан «Красная Орловка» ұжымшарында еңбек ете бастады. 1935-1939 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі М. Жұмабаев) ауданында мектеп меңгерушісі болып істеді.1939-1943 жылдары Кеңес Әскері қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылдан Булаев ауданының партия Кеңес органдарында қызмет атқарды. 1955-1973 жылдары Кеңес аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1973-1979 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің партиялық комиссиясын басқарды.1957 жылы Ленин орденімен, 1966 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. КОКП-ның ХХІІ съезінің делегаты болып сайланған.1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Петр Яковлевич Филиппенкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
## Дереккөздер
Орысша уикипедия |
Қарашоқы – Жақсыбұталы тауының солтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауылының шығысында 48 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 309 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейлері жонды-белесті төбелерден тұрады. Солтүстік-батысында Қабырғатау қонысы, оңтүстік-батысында Қарақолданы, оңтүстігінде Ақшат таулары орналасқан.
## Өсімдігі
Құмайтты сұр, сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, жантақ, тобылғы аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Бектауата тауларының батысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты темір жол стансасының шығысында 49 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 527 м. Мойынты және Қарабұлақ өзендерінің аралығында. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км шамасында.
## Жер бедері мен геологиясы
Беткейі тіктеу, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Делювийлі-пролювийлі шөгінділерінен, орта және жоғарғы тас көмір жыныстарынан түзлген.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғасында жусан, селеу, боз, баялыш, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Үстірт жазығының солтүстік бөлігіндегі төбе.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Дияр ауылының оңтүстік-шығысында 135 км жерде, Мыңжылқы сексеуіл қонысының солтүстік-батысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 189 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
## Жер бедері
Батысында Доңызтау кемері, солтүстігінде Шағырай үстірті, шығысында Қошқарата құмы бар.
## Өсімдігі
Сортаңды сор топырағында шөл өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Сергей Каримов (21 желтоқсан 1986 — 24 желтоқсан 2019) – қазақ-неміс футболшысы, сол қапталдағы қорғаушы.
## Өмірбаяны
1986 жылы, 21 желтоқсанда Қарағанды облысы, Саран қаласында дүниеге келген. Сереганың әкесі орыс, анасы неміс. 1995 жылы отбасымен бірге Германияға қоныс аударған. Анасы «Фольксваген» концернде жұмыс істейді. Әкесі сол жақта қайтыс болған. Қарағандыда тұрғанда кенші болған. Туған әпкесі әлі күнге дейін Қазақстанда тұрады.
### Карьерасы
Каримов 2005-2011 жылдар аралығында Германия Бундеслигасындағы «Вольфсбург» клубында өнер көрсетті. Көбіне қосалқы құрамда ойнағаны белгілі. Ал негізгі құрамдағы алғашқы ойынын 2007 жылдың 8 желтоқсанында «Штугартқа» қарсы өткізген. 2008 жылы Германия кубогының 1/16 финалында «Шальке 04» командасының қақпасына 90 минутта өзінің алғашқы голын соқты. Тоқсан минут бойы 0:1 есебімен ұтылып жатқан командасын жеңілістен құтарып қалады. Ойын соңындағы пенальтиде жеңіс голын соғып, «Вольфсубргты» келесі кезеңге алып шыққан болатын. Сол кезде бас бапкер Феликс Магат Сергейдің өнеріне риза болып, футболшымен 2010 жылға дейін келісімшарт жасайды.2009 жылы «Вольфсубрг» клубымен Германия чемпионатында топ жарған. Кейіннен «Дуйсбург» командасына ауысты.
### Ұлттық құрама
2008 жылы Қазақстан футбол федерациясы Сергейге Қазақстан ұлттық құрамасында ойнауға ресми түрде ұсыныс жасады. Арада екі жыл өткенде, Қазақстан – Оман арасындағы кездесуге қатысты. Бұл оның ұлттық құрамадағы дебюттік матчы. Одан кейінгі жылдары Каримовты Қазақстан құрамасынан көргеніміз жоқ.
## Жетістіктері
### Клубпен
Германия Чемпионы: 2008/2009
## Сілтемелер
* Статистика на fussballdaten.de (нем.)
* Профиль на сайте footballdatabase.eu (ағыл.)
* Сергей Каримов: «Моя семья счастлива, что я буду играть за Казахстан» Мұрағатталған 11 қаңтардың 2011 жылы. |
Голопятов Семен Федорович (15 ақпан 1918 жылы, қазіргі Ғ.Мүсірепов ауданы Раисов селосы – 8 желтоқсан 1987 жылы, сол ауданда Рузаев селосында) – 3-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Тракторшы, механизатор болып жұмыс істеді. 1936-1938 жылдары Қызыл Армия қатарына алынып, 1941 жылдан Ленинград майданының 310-атқыштар дивизиясының 860-артиллерия полкінде зеңбірек көздеушісі болды.
## Дереккөздер
* Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы. |
Васильев Семен Ефимович (16 ақпан 1894 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Пронькин селосы – 8 қыркүйекте 1972 жылы, Ресейдің Ставрополь қаласында) – қатардағы жауынгер, «Даңқ» орденінің 3-дәрежесінің толық иегері. Прокопьевск қаласында шахтада жұмыс істеген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1941 жылдың тамыз айынан Екінші дүниежүзілік соғыстың майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Васильев 70-атқыштар дивизиясының 538-артиллериялық миномет полкінің байланысшысы болған. 1945 жылы армия қатарынан босатылып, Ақмола облысының «Белгородский» кеңшарында жұмыс істеген. 1964 жылы Ставрополь қаласына көшіп кеткен.
## Марапаттары
* Даңқ ордені 3 дәрежелі (27.05.1944)
* Даңқ ордені 2 дәрежелі (31.08.1944)
* Даңқ ордені 1 дәрежелі (31.05.1945)
## Дереккөздер
* Айбын Энциклопедия
* Орысша уикипедия |
Константин Энгель (нем. Konstantin Engel; 27 шілде 1988 жыл, Қарағанды, Қазақ КСР)– қазақ-неміс футболшысы, қорғаушы.
## Өмірбаяны
1988 жылы, 27 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Отбасымен бірге Германияға қоныс аударған неміс футболшыларының бірі. Павлодар қаласында әжесі тұрады. Константин Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылмай тұрып, 2002 жылы туыстарына бір рет келіп кеткен.
## Карьерасы
Футболдағы карьерасын «Виктория 08» клубының жастар құрамасынан бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында II Бундеслигадағы «Оснабрюк» командасында өнер көрсетті. Одан кейінгі жылдары «Энерги» сапында ойнады. Ал қазіргі кезде «Ингольштадт 04» клубының ойыншысы.
## Ұлтық құрама
Мирослав Беранектің тұсында Қазақстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырылып жүрді. 2012 жылы Қырғызстанға қарсы алғашқы ойынын өткізді. Барлығы 11 кездесуге қатысқан.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2016
## Сілтемелер
* http://www.sports.ru/tags/77103432/posts/
* Профиль на сайте footballdatabase.eu (ағыл.)
* Профиль на сайте ФК «Энерги» Котбус Мұрағатталған 23 шілденің 2012 жылы.
* Профиль на transfermarkt.de (нем.)
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Желтау тауларының оңтүстік-шығысындағы төбе.
## Географиялық орны
Атырау облысы Жылыой және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандары аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 141 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.
## Жер бедері
Етегінде бірнеше ұсақ төбелер бар. Батысында Ырғызбай жайлауы, шығысында Манайсары соры, Үштөбе, оңтүстігінде Жаршоқы төбелері орналасқан.
## Өсімдігі
Сортаңды сұр топырақ жамылғасында жусан, сораң, еркек шөп, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Арма́н Фалье́р (фр. Armand Fallières) (6 қараша 1841 жылы, Мезин, — 22 маусым 1931 жылы) — мемлекеттік француз қайраткері, Франция президенті 1906—1913).
## Өмір баяны
Тараған діні: Фальердің атасы ұста болған, әкесі— жер иеленуші және сот төрешісі болған. Саяткерлікпен 1870 жылдары, 1883 жылы премьер-министр болды, сосын 16 жыл бойы министр болып келді. 1899 жылы, Эмиль Лубені республика президенті ретінде сайлағаннан кейін , Франция сенатына ауысты, ал 1906 жылы Лубенің ізбасары болды, Поля Думерді сайлаудан жеңіп шықты.
## Дереккөздер
Орысша уикипедия |
Хасен Рүстемұлы, Қасен Ыбрайым (1921, Қытай, Ганьсу өлкесі, Лин Щиа облысы Да Хыжиа ауданы - 15.10.2006, Пекин) - Қытайдағы қазақтардан шыққан әскери генерал. Атасы Ыбрайым Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктума ауылынан шыққан. Хасен Рүстемұлы жасынан жетім қалып, күнкөріс қамымен Ішкі Қытайға кеткен. Онда жүріп елдегі азамат соғысына араласты. Қытай жұмысшы-диқандар қызыл армиясына алындып, байланысшы, взвод, рота командирі (1932-37), Мао Цзэдунның оққағары, телеграф тәржімашысы (1937-39) болды. Әскери білім алып, партия мектебінде оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында полк басқарып, жапон басқыншыларына қарсы соғысты. Қытайдағы азамат соғысы кезінде дербес полкті басқарып, Тай Юань қаласын гоминьдандықтардан азат етті. ҚХР құрылғаннан кейін, танк армиясын басқарды (1952), корей соғысына қатысты. Одан танк мектебінің ректоры, армиялық партия ұйымы бас хатшысының орынбасары болып істеді. 1972-85 ж. жоғары әскери басшылық қызметтерде болды. 1985 ж. армия генералы дәрежесінде зейнетке шықты. Хасен Рүстемұлы ҚХР-дың 7-сайланған парламентінің мүшесі, Қытайдың "Дербес еркіндік", "Азаттық", "1-тамыз" ордендерімен марапатталды.
## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007. |
## Заир музыкасы
Заир музыкасы-заир халқының ұлттық музыкасы.
## Тарихы
Музыка мәдениетінің даму процесі, профессионалдық музыкасының қалыптасуы Заир жерінде ертедегі таптық мемлекеттер дәуірінен басталады. 15 ғасырдың аяғында португалдықтардың заир жеріне келуі және сауда-саттық ісінің дамуы африкан халықтары мәдениетінің өркін жоюына үлкен кедергі келтірді. Сондықтан да заир халқының музыкасынан (әсіресе пигмей халықтарынан) ықылым заман әуені байқалады.
## Сипаттама
Заир музыкасы әртүрлі аспапқа бай. 50 жылдары пайда болған мәдени-ағарту қоғамдары африкандықтарды өз ұлтының тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін білуге шақырды. Африка ұлттық музыкалық мәдениетін қадірлеуді насихаттады. 1960 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Заирдың мәдени өмірінде болған күрделі өзгерістер музыкасынан да көрініс тапты. Гитарашылар стилі пайда болды. Африка халық музыкасын жандандырып орындауда еуропалық музыкалық аспаптары (гитара, саксафон тағы басқа) қолданылады. Тек Заирға ғана емес, көптеген елдерге белгілі профессионалдық оркестр қалыптасуда, музыканттар мен орындаушылар тәрбиеленуде. Дакар (1966 жылы) мен Алжирде (1969 жылы) өткен африка өнерінің фестивальдарында заир музыкалық коллективтері жүлдеге ие болды. 1968 жылы Киншасада Музыка және драматургия өнерінің ұлттық академиясы құрылды.
## Дереккөздер
## Заир музыкасы
Заир музыкасы-заир халқының ұлттық музыкасы.
## Тарихы
Музыка мәдениетінің даму процесі, профессионалдық музыкасының қалыптасуы Заир жерінде ертедегі таптық мемлекеттер дәуірінен басталады. 15 ғасырдың аяғында португалдықтардың заир жеріне келуі және сауда-саттық ісінің дамуы африкан халықтары мәдениетінің өркін жоюына үлкен кедергі келтірді. Сондықтан да заир халқының музыкасынан (әсіресе пигмей халықтарынан) ықылым заман әуені байқалады.
## Сипаттама
Заир музыкасы әртүрлі аспапқа бай. 50 жылдары пайда болған мәдени-ағарту қоғамдары африкандықтарды өз ұлтының тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін білуге шақырды. Африка ұлттық музыкалық мәдениетін қадірлеуді насихаттады. 1960 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Заирдың мәдени өмірінде болған күрделі өзгерістер музыкасынан да көрініс тапты. Гитарашылар стилі пайда болды. Африка халық музыкасын жандандырып орындауда еуропалық музыкалық аспаптары (гитара, саксафон тағы басқа) қолданылады. Тек Заирға ғана емес, көптеген елдерге белгілі профессионалдық оркестр қалыптасуда, музыканттар мен орындаушылар тәрбиеленуде. Дакар (1966 жылы) мен Алжирде (1969 жылы) өткен африка өнерінің фестивальдарында заир музыкалық коллективтері жүлдеге ие болды. 1968 жылы Киншасада Музыка және драматургия өнерінің ұлттық академиясы құрылды.
## Дереккөздер |
Күңгіт қаласы – Іле өзенінің бойында болған көне қала. Жазба деректерде аталғанымен дәл қай жерде орналасқаны анықталмаған. Түркештердің алғашқы қағаны Үш Елік (Үшілік) өзінің қағандығын басқаруды бір жүйеге келтіру үшін әкімшілік өзгерістер жүргізгенде иелігіндегі жерін Ұлы Орданың орталығы ретінде Шу өзенінің басындағы Суяб қаласын белгілесе, Кіші орданың орталығын К. қ. етіп бекіткен. Бірқатар зерттеушілер К. қ. атауын Қаялық (Қойлық) қаласының бір атауы деп есептейді. Қытайтанушы Ю. А. Зуевтың зерттеуіне қарағанда қытай жазба деректері бойынша, 682 жылы қимақтар түркі тайпаларымен бірге Іле өзенінің алқабындағы К. қаласын қытайлардан қорғауға қатысқан деген мәліметтер бар.
## Дереккөздер
Зуев Ю. А., Из древнетюркской этнонимики, // Труды института Истории, архелогий АН КазССР, т.15 А.-А., 1962Гумелеев Л. Н., Древние тюрки, М., 1967 |
Петр Фомич Толочко (10 маусым 1922, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Березов селосы - 17 ақпан, 2010, Челябі облысы) – ардагер, 3-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері.
* 1941 жылы Қызыл Армия қатарына алынған.
* 1942 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының ұрыстарына қатысқан.
* 1946 жылы әскер қатарынан босатылып, жүргізуші болып жұмыс істеген.
* Рузаев ауданының Құрметті азаматы.
* 1945 жылы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысқан
## Дереккөздер |
Магомет Амайұлы Мамақаев (Лақап аты - Могмет Тур) (29.12.1910 Ачхой-Мартан ауылы, - 02.08.1973, Грозный) - чечем совет жазушысы. 1927 жылдан КОКП мүшесі. Шығармалары 1926 жылдан бастап жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы - "Қарлығаш". Ол - "Үшқын", "Менің жлдамам", Ораламын, "Тас та сөйлейді", "Мартан жері" т.б. өлеңдер жинақтарының авторы. "Революция мүриді", Зелимхан романдарында революциялық оқиғаны, 20 жылдардың бас кезіндегі чечен жеріндегі әлеуметтік - таптық қайшылықтарды бейнелейді. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер |
Зинзивер Яков Акимович (18 тамыз 1920 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Новоприречный ауылы – 2 наурыз 1979 жылы, Украина, Донецк облысы) – 3-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысындағы ұрыстарға қатысқан. Кіші сержант, 302-атқыштар дивизиясының 827-атқыштар полкінің байланысшысы болған. І Украин майданында 1944 жылдан маусым айында жаудың бораған оғының астында үзілген 27 байланыс желісін іске қосқан. Донецк облысында тұрып, жұмыс істеген.
## Марапаттары
* Қызыл Жұлдыз Ордені
* Даңқ Ордені 3 дәрежелі(Бұйрық 12 тамыздан,1944)(№ 192893)
* Даңқ Ордені 2 дәрежелі(Бұйрық 17 ақпаннан,1945) (№ 44283)
* Даңқ Ордені 2 дәрежелі(Бұйрық 26 мамырдан,1945)
* Даңқ Ордені 1 дәрежелі (31 наурыз,1956 жыл) (№ 2391)
## Дереккөздер
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
* Орысша уикипедия |
Мансұр Тиатұлы Ғатаулин (1903 жыл – 1937 жыл) – партия және қоғам қайраткері.
## Еңбек жолы
1932 жылдан Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі. 1936 – 1937 жылдары Ақмола аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.
## Мансұр Ғатаулиннің наразылығы
Мансұр Ғатаулин Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің әрекетіне өз наразылығын ашық білдірді, ұжымдастыру жылдарындағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық жағдайлары жөнінде хабарлады, сол үшін қуғын-сүргінге ұшырады. 1930 жылдардағы Қазақстандағы апатты жағдай жөнінде айтылған Ғ.Мүсірепов, М.Дәулетқалиев, Қ.Қуанышев, Е.Алтынбековтермен бірге «Бесеудің хатына» қол қойды.
1937 жылы қараша айында Қарағанды қаласында Қарқаралы округінің арасында М.Ғатаулин де болған жетекші партия, кеңес қызметкерлерінің үстінен сот процесі өткізілді. Жалған айып тағылып, М. Ғатаулин 1937 жылдың қарашасында атылды. 1957 жылы ақталды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «БЕСЕУДІҢ ХАТЫ» НЕМЕСЕ ЛЕКЕРОВ НЕДЕН ЖАЗЫҚТЫ БОЛДЫ? Мұрағатталған 8 ақпанның 2015 жылы.
* Ол заман қайтып келмегей... |
Гарб-Шрарда-Бени-Хсен (араб.: الغرب شراردة بني حسين) — Марокконыӊ он алты облысыныӊ бірі. Солтүстікте орналасқан. Жер аумағы — 8 805 км². Тұрғыны — 1 859 540 адам (2004 жылғы санақ), әкімшілік орталығы — Кенитра.
## Әкімшілік бөлім
3 ауданнан құралған
* Кенитра (ауданы — 3253 км²) (әкім. центр — Кенитра)
* Сиди-Касем (ауданы — 4060 км²)
* Сиди-Слиман (ауданы — 1492 км²)
## Дереккөздер
Орыс Википедиясы |
Сыщенко Николай Николаевич (9 мамыр 1923 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Рузаев селосы – 10 наурыз 1979 жылы,Көкшетау облысының Щучинск қаласы) – 3-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Ұжымшарда жұмыс істеген. 1942 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына алынып, Ұлы Отан соғысының майдандарында 1942 жылдан ұрыстарға қатысқан. 238-атқыштар дивизиясы 837-атқыштар полкінің минометшілер тобының командирі болған. 1946 жылы әскер қатарынан босатылған. Щучинск қаласында тұрып, жұмыс істеген.
## Дереккөздер
Орысша уикипедия
## Тағы қараңыз
Сыщенко Николай Николаевич |
Әнуар Оспанұлы Сегізбаев (19. 1. 1935 ж.т., Целиноград облысы, Шортанды ауданы, Елизаветинка селосы) – қазақ совет травматологы және ортопеді, медицина ғылымының докторы (1970), профессор (1973). 1967 жылдан КОКП мүшесі. 1960 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Осы институттың травматология және ортопедия кафедрасаның аспиранты, ассистенті (1963). 1966–70 жылдары Республикалық дәрігерлер білімін жетілдіру институтының травматология және ортопедия кафедрасының доценті, меңгерушісі (1970–76), ал 1976 жылдан институттың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.
Сегізбаевтың 47 ғылыми еңбегі бар. Оның көпшілігі жарақат, сынық т. б. емдеу жөнінде, ал іштен туа пайда болған жамбастың шығуын емдеу жөніндегі еңбегі үшін авторлық куәлік алған. Сегізбаев бүкілодақтық травматологтар және ортопедтер ғылыми қоғамының мүшесі. Қазақстандағы осы қоғамның председателінің орынбасары.
## Дереккөздер |
Седан (фр. Sedan) – Францияның солтүстік-шығысындағы, Бельгия шекарасының қасындағы Маас өзенінң жағалауында орналасқан Арденна департаментіндегі қала. Халығы 20 548 адам (1999), жер аумағы 16,28 кm³.
Металлургия, құбыр прокаты, жүн мата, кілем тоқу өндірісі дамыған. 19 ғ-дың аяғына дейін бекініс. Француз-прусс соғысы (1870-71) кезінде Седан ауданында 1870 ж. 1, 2 сентябрьде неміс армиясы француздардың маршал М. Э. Мак-Магон басқарған Шалондағы армиясын талқандады. Фрацуздардың 17 мыңға жуық солдаты мен офицері өлді және жараланды. Немістер 100 мыңнан астам адамды, оның ішінде император Наполеон ІІІ-ні тұтқынға алды. Шалондағы армияның тізе бүгуі Екінші империяның бонапарттық тәртібінің құлауын жеделдетті. 4 қыркүйекте Парижде революция басталып, Францияда республика жарияланды.
## Галерея
* Седан қаласы
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Сейд әзім шируани (9. 7. 1835, Шемаха, – 20. 5. 1888, сонда) – азербайжан ақыны. Діни қызметкердің отбасысында туған. Иракта жоғары діни оқу орнын бітірген. Туған еліне қайтып келген соң, діни лауазымнан бас тартып, өз бетінше жаңаша мектеп ашты да, онда парсы, азербайжан және орыс тілдерін оқыттырды. Ғашықтық-лирикалық ғазелдерінде ол Физули дәстүрін жалғастырды. Сатиралық өлеңдері мен мысалдарында Сейд әзім шируани діндарларды әжуалап, мешеулік пен қараңғылыққа қарсы шықты, халықты мәдениетке үндеді. Замандас ақындар оны өздеріне ұстаз тұтқан. |
Қарашоқы – Доңызтау кемерінің солтүстігіндегі төбе.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Дияр ауылының оңтүстік-шығысында 40 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 50 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Сарыбай, Теріскен, батысында Сарықұм құмдары, шығысында Елдіжан-Қарашоқы төбесі бар.
## Өсімдігі
Сортаңды топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі шоқылы таулар.
## Географялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Өркен ауылының оңтүстігінде 27 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 551 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта тізбектеле созылған шоқылардың ұзындығы 13 км, енді жері 3-4 км.
## Жер бедері
Беткейлері көлбеу келген. Батысында Данажал, солтүстігінде Ортақарауыл таулары, оңтүстігінде Майқұдық, Тайсойған қоныстары бар.
## Өсімдігі
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, балыш, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Сейтлиев Қара (1. 1. 1915, Қараған қыстағы, қазіргі Түркім. КСР-і, Бахарден ауд., –2. 5. 1971, Ашхабат) – түрікмен совет ақыны. Түркім. КСР халық жазушысы (1967). 1950 жылдан КОКП мүшесі. Пед. Техникумды (1932), Баку пед. институтын (1941) бітірді. «Ақын жыры» атты алғашқы жинағы 1941 жылы шықты. «Жауынгер жыр» (1942), «Қайнар» (1950), «Көтерілген күн» (1955), «Үндістан гүлдері» (1960) тағы басқа көптеген өлеңдер жинағы жарық көрді. Сейтлиев өнеріне В. В. Маяковский үлкен ықпал етті. Бірқатар өлеңдеріне музыка жазылды. «Бақташының қызы», «Бақташының ұлы» (Ғ. Мұхтаровпен бірге) пьесалары сахнада қойылып келеді. Сейтлиев шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды («Түркімен жырлайды», 1963). Сейтлиев 1964–70 ж. Түркімен. КСР Мәдениет министрі, 2–7-сайл. Түркім. КСР Жоғ. Советінің депутаты болды. |
Сейілжанова Гүлсім (8. 10. 1924 жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір с-зы) – қазақ совет ақыны. 1945 жылдан КОКП мүшесі. Алматы санақ техникумын (1949) бітірген. Колхоз шаруашылығында (1943–51), сауда орындарында (1951–59), Республика халық творчествосы үйінде (1959–73) қызмет атқарды. Вера Инбер, Соломея Нерис тағы басқа ақындардың бірсыпыра өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Ана гүлі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Білезік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Шалқыма. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Алқоңыр. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1975; Тау қызы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Сәуле. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жүрегімнің айнасы. Өлеңдер, поэма. А., «Жазушы», 1986; Асу. Өлеңдер. А., 1995. |
Сейш (франц. Seiche) – су айдындарында (теңіз, көл, шығанақ, бұғаз) көбіне ұзақ уақытқа (бірнеше мин-тан ондаған сағ-қа дейін) сақталып тұратын толқын. Сейіп–сыртқы күш (атмосфера қысымының, желдің, сейсмикалық құбылыстар тағы басқа күрт өзгеруінен) және айдын жағасынан серпіліп кері қайтқан толқын әсерінен пайда болды. Сейіп кезінде бір немесе бірнеше тура бағытта бүкіл айдын массасында деңгейі өзгермейтін,түйін немесе түйіндік сызық деп аталатын толқу қозғалыстары жүреді. Сейіп амплитудалары бірнеше мм-ден бірнеше м-лік болады. Мыс., Женева көлінде сейіп амплитудасы 2 м, сақталу ұзақтығы 1 сағ, Алжир қойнауында 1 м және 1 мин, Азов теңізінде 10–25 см, 23 сағ болды. |
Сексенбаев Ерназар (1917 жылы туған, Қызылорда облысы, Қармақшы ауаны, Чапаев атынд. к-з) – Ұлы Отан соғысының партизаны. 1941 жылдан КОКП мүшесі. 1931–1934 жылдары балалар үйінде тәрбиеленді. Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің жұмысшы факультетін бітіріп (1937), оқу-ағарту саласында қызмет атқарды. 1939 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылды. Фин соғысына қатысты. Саяси жетекші Секксенбаев Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен-ақ неміс-фашистеріне қарсы шайқасты. Сексенбаев Совет Одағының Батыры атағын 2 рет алған ген.-м. А. Ф. Федоровтың партизан құрамасында атқыштар взводының командирі болды. 1961 жылдан Қызылорда обл. Чапаев атынд. к-здың председателі. Қазақстан КП 14-съезінің делегаты. Сексенбаев 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 Еңбек Қызыл Ту ордендермен және медальдармен марапатталған. |
Сейітов Өтеген Сейітұлы (15. 9. 1923 жылы туған, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Ақтоғай с-зы) – Қазақстанның партия совет қызметкері, юрист. 1-дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі. 1947 жылдан КОКП мүшесі. 1953 ж. Алматы мемлекеттік заң ин-тын бітірген. Сейітов прокуратура жүйесінде 1941 жылы обл. Прокуратура секретарь қызметінен бастап, 1942–45 жылдары Совет Армиясы қатарында Ұлы Отан соғысына қатысты. Прокуратура органдарында: ауд. прокуратураның тергеушісі, терген бөлімінің прокуроры (1945–49), обл. Прокуратураның аға тергеушісі (1950–51); респ. прокуратураның тергеу бөлімінде прокурор (1951–59); Алматыда Совет ауд. Прокуроры (1959–60); Алматы обл. Прокуроры (1961–62) болды. Сейітов 1962–66 ж. Қаз. ССР прокурорының бірінші орынбасары, 1966 жылдан респ. Прокуроры қызметін атқарады. Қазақстан КП 12-, 13-, 14-съездеріне делегат, 1966 жылдан Қазақстан КП ОК-не мүше. 7, 8, 9-сайл. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты. Сейітов 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендері және медальдармен марапатталған. |
Қошқарата – Доңызтау кемерінің шығысындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қосқақ ауылының оңтүстік-шығысында 48 км жерде ораналсқан. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 7 км.
## Геологиялық құырылымы
Негізінен палеоген кезеңінің тау жыныстарының үгілуінен қалптасқан.
## Жер бедері
Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Құм шетінде Сұлтанқазған, және т.б. артезиан құдықтары 1-25 м тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Сарытақыр, оңтүстігінде Мыңжылқы сексеуіл қоныстары, батысында Қарашоқы төбесі, шығысында Қыздаршыққан құмы орналасқан.
## Өсімдігі
Құмды, сұр топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Семевский Василий Иванович [25. 12. 1848 (6. 1. 1849), Витебск губерниясы, Полоцк қаласы,–21. 9. (4. 10). 1916, Санкт-Петербург] – орыс тарихшысы. Санкт-Петербург университетін (1872) бітірді. Осы университеттің приват-доценті (1882–86). «Теріс бағыты» үшін оқытушылықтан шығарылды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1905 жылы азат етілген Шлиссельбург тұтқындарына көмектесу комитетінің председателі және саяси жер аударылғандарға көмек комитетіне мүше болды. 1906 жылдан халықтық социалистер партиясына мүше. 1913 ж. «Голос минувшего» журналын шығаруға қатысты және оның редакторларының бірі болды. Семевский – либерал-халықшылдық бағыт ұстаған тарихшы. |
Аббасов Әбдікәрім (1920, Қырғызстан, Қаракөл - 27.8.1949) - қоғам қайраткері, Үш аймақ төңкерісі басшыларының бірі. Ұлты - ұйғыр. Әке-шешесі 1927 ж. Шыңжаңға қоныс аударады. 1938 ж. Шыңжаң интернатында оқып жүрген кезінде Аббасов Сауандағы лагерьге айдалды (1941). 1942 ж. Құлжадағы қыздар орта мектебінде мұғалім, аймақтық әкімшілікге аудармашы болып жұмыс істеді. 1944 ж. Құлжадағы Үш аймақ көтерілісіне катысты. Үш аймақ Уақытша үкіметінің мүшесі, Ішкі істер жөне үгіт-насихат министрі, 1945 ж. сөуірде Үш аймақ ұлттық армиясының саяси комиссары, 1946 ж. Шыңжаң аймағындағы бірлескен үкіметінің мүшесі, бас хатшысының орынбасары болды. Сол жылы желтоқсанда Нанкиндегі жалпыхалықтық кұрылтайға қатысты. 1948 ж. Шыңжан Бейбітшілікті қорғау демократиялық одағының мүшесі. Ақпарат басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1949 ж. ұшақ апатынан қаза тапты.
## Дереккөздер |
Семененко Николай Пантелеймонович (3 (16). 11. 1905 жылы туған, Мариуполь, қазіргі Жданов қаласы)– совет геологы, УССР ғылым академиясының академигі (1948). 1932 жылдан КОКП мүшесі. Днепропетровск тау-кен институтын бітіргеннен кейін (1927) сонда жұмысқа қалдырылды. 1937 жылдан сол институттың профессоры. УССР ғылым академиясының Геология Ғылымдар институтында бөлім меңгерушісі (1944 жылдан), Киев университетінің профессоры (1944-52), УССР ҒА-нда акад.-секретарь (1948–50) және осы акаддемияның Метеориттер жөніндегі комитеттінің председателі, Геохимия және минералдар физикасы институтының директоры (1969). Семененконың негізгі еңбектері докембрий кристалдық массивтерін геол.-петрогр. жағынан, Кривой Рог темір рудалы бассейнінің геологиясын, Украинаның темірлі-кренийлі формацияларын зерттеуге арналған. Семененко петрография мен геохронология мәселелеріне арналған еңбектердің авторы. 2 рет Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған. |
Сегура (ис. Segura) — Испанияның оңтүстік-шығысындағы өзен. Бастауын Хаэн провинциясында алады. Өзен Каласпарра, Сьеса, Мурсия, Ориуэла, Рохалес қалаларынан өтіп Жерорта теңізіне құяды. Негізгі салалары: Мундо, Альхарабе, Мула, Сангонера, Бенамор және Гуадалентин. |
Әнуар Оспанұлы Сегізбаев (19. 1. 1935 ж.т., Целиноград облысы, Шортанды ауданы, Елизаветинка селосы) – қазақ совет травматологы және ортопеді, медицина ғылымының докторы (1970), профессор (1973). 1967 жылдан КОКП мүшесі. 1960 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Осы институттың травматология және ортопедия кафедрасаның аспиранты, ассистенті (1963). 1966–70 жылдары Республикалық дәрігерлер білімін жетілдіру институтының травматология және ортопедия кафедрасының доценті, меңгерушісі (1970–76), ал 1976 жылдан институттың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.
Сегізбаевтың 47 ғылыми еңбегі бар. Оның көпшілігі жарақат, сынық т. б. емдеу жөнінде, ал іштен туа пайда болған жамбастың шығуын емдеу жөніндегі еңбегі үшін авторлық куәлік алған. Сегізбаев бүкілодақтық травматологтар және ортопедтер ғылыми қоғамының мүшесі. Қазақстандағы осы қоғамның председателінің орынбасары.
## Дереккөздер |
Киау Кауануи (ағыл. Keahu Kahuanui; туған 7 сәуір 1986 ж Гонолулу, Гавайи, АҚШ) — американдық актер. Әлемге көбінесе "Волчонок" атты американдық драматикалық сериалында ойнаған Дэнни рөлімен әйгілі.
## Өмірбаяны
Киау Кауануи 1986 жылы 7 сәуір күні Гавайи, Гонолулуда дүниеге келген. Жастайынан Лос-Анджелесте тұрақты үйді тапқанша дейін отбасымен бірге көп көшіп жүрген. Орта мектепті оқып шыққан соң, Киау Бостондық университетті бакалавр халықаралық қатынастары дәрежесімен аяқтады. Біраз уақыт бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген.
2011 жылы "Волчонок" сериалында Кауанидің дебюты болды. 2014 жылы «Afterglow» журналына түсті.
## Дереккөздер
* Киау Кауануи Internet Movie Database сайтында
* Киау Кауануи |
Арпалыс. Волоколамск тас жолы - повесть.
Арпалыс - Александр Бектің қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог Ұлы Отан соғысының 1943-1944 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.
## Қысқаша мазмұны
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.
## Шығарманың басты кейіпкері
Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанынын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл әскер қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
## Қызықты мәліметтер
Автор бұл повесть сюжеттерін Бауыржан Момышұлының өз естеліктерін айтумен (диктовка) қағазға түсірді. Бекке Момышұлы мына шартты қойды: "Шартымыз мынадай болсын. Сіз шындықты жазуға міндеттісіз. Кітап дайын болғасын маған әкелесіз. Бірінші тарауын оқимын да, ұнамаса: "Жаман екен, өтірік жазыпсыз!" деймін. Сонда сол қолыңызды үстел үстіне қоясыз. Әп!— деймін де, сол қолыңызды шауып тастаймын! Екінші тарауын оқимын. "Жаман екен, өтірік сықпыртыпсыз!" десем болғаны, оң қолыңызды тоса береңіз. Әп!— деймін де, оң қолыңызды тағы шабамын. Көнемісіз?" Бек: "Көнем" деп жауап берді.
"Арпалысты" жазу бірнеше жылға созылды, қолжазбасын оқу, түзету керек жерлеріне Бауыржан Момышұлының өзі қатынасқан. Мұның өзі автор үшін қаншама азап болды. Бауыржан батырдың майыспайтын түзу мінезділігіне Бек ұзақ уақыт шыдап келген болатын, кейде өз қарсылығын, наразылығын айтатын.Кітаптағы Баукеңнің айтылуымен жазылған әңгімелер – 90–95%, өзінің көрген–білгендері, түйсінгендері, жалпы сөздері – 5–10%.
## Тағы қараңыз
* Александр Бек
* Бауыржан Момышұлы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.kitap.kz/ru/content/akikat-pen-anyz Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2013 жылы. |
Алтай Тайжанов (1948 жыл 24 желтоқсан, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз) – философия ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1997).
## Еңбек жолы
* 1975 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген;
* 1975-1991 жылдары Рудный индустриялық институтында, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент;
* 1997-2000 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университетінде проректор болды;
* 2000 жылдан осы институтта кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
«Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 300-ге жуық ғылыми жарияланым мен 10 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Сағынтай Есенғалиұлы Тайбағаров (1933 жыл 25 тамыз, Қостанай – 2007 жыл 27 тамыз, Алматы) – медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973).
## Еңбек жолы
* 1958 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және 1963 жылы аспирантурасын бітірген;
* 1963 жылдан осы оқу орнында ассистент, доцент болған;
* 1973-2002 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарған;
* Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы болған.
## Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектері онкология, фониатрия, көмей аурулары мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер |
Еркін Тілепбайқызы Тазабекова (1956 жыл, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1997), профессор.
## Еңбек жолы
* 1978 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген;
* 1978 жылдан осы оқу орнында кіші, аға ғылыми қызметкер, аспирант, ассистент, доцент қызметтерін атқарды;
* Қазіргі кезде сол оқу орнында профессор.
## Ғылыми еңбектері
1995 жылы «Ферментативная активность почв Республики Казахстан и пути ее регулирования» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Казвини Хамдаллах Мостоуфи (1284-1350) – иран географы. Казвини қаласының ақсүйек шенеуліктер отбасынан шыққан. Хулагу әулеті тұсында өзі де ірі финанс шенеулігі болған. Казвини «Таңдамалы тарихтың» авторы; мұнда әсіресе монғол ильхандары мен Иранның жергілікті әулеттердің тарихтары, атақты адамдар өмірбаяны, Казвини қаласы мен уәлаяты жөніндегі материалдар неғұрлым құнды. Казвини 1331-1332 жылы «Зафарманы»(«Жеңіс кітабы») аяқтады. Казвини Казвини қаласы туралы көптеген құнды мәліметтер қалдырды.
## Тарихы
Хамдаллах Мостофи Рашид ад-Дин өткізген ғылыми жиналыстарға қатысып, тарихи шығармалар жасауға қызығушылық танытты. Хамдаллахтың өзі айтқан, бірақ бұл тек әдеби Конвенция болуы мүмкін-ол 40 жасында жаза бастаған. Бұл жағдайда ол 1318 жылы оның меценатының өлімінен кейін болды. Тарих-и гузиденің ("таңдалған Тарих") еңбегі 1330 жылы аяқталып, Рашид ад-Диннің ұлы Гийас ад-Дин Рашидиге арналды[4], Илхан Абу Саидтің вазирі. Тарих - и гузиде-бұл негізінен Джами ат-таварихке негізделген жалпы тарих туралы қысқаша нұсқаулық. "Таңдалған оқиға" алғы сөзден, алты тараудан және қорытындыдан тұрады; ондағы әңгіме 1329 жылға дейін жеткізілді. Кейінірек шежірені Хамдаллахтың өзі (1344 жылға дейін) және оның ұлы Зейн ад-Дин (1392 жылға дейін, Тимурдың Иранды жаулап алуы) толықтырды. Алтыншы бөлім Тарих - и гузиде Казвиннің тарихи-географиялық сипаттамасын қамтиды.1335 ж. Хамдаллах Мостоуфи Зафар-намэ ("Жеңіс кітабы") поэма-жылнамасын жасауды аяқтады. 75 мың бейттен (екі жолдан) тұратын өлең әйгілі Шах-наме Фирдоусидің жалғасы ретінде жазылған; оқиғалардың экспозициясы 1331/1332 жылмен аяқталады. Тарихи дерек көзі ретінде моңғол кезеңін сипаттайтын Зафар-наманың үшінші бөлігі құндылық болып табылады; басқа дереккөздерде жоқ күндер мен фактілер бар.
## Дереккөздер |
Арпалыс. Волоколамск тас жолы - повесть.
Арпалыс - Александр Бектің қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог Ұлы Отан соғысының 1943-1944 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.
## Қысқаша мазмұны
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.
## Шығарманың басты кейіпкері
Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанынын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл әскер қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
## Қызықты мәліметтер
Автор бұл повесть сюжеттерін Бауыржан Момышұлының өз естеліктерін айтумен (диктовка) қағазға түсірді. Бекке Момышұлы мына шартты қойды: "Шартымыз мынадай болсын. Сіз шындықты жазуға міндеттісіз. Кітап дайын болғасын маған әкелесіз. Бірінші тарауын оқимын да, ұнамаса: "Жаман екен, өтірік жазыпсыз!" деймін. Сонда сол қолыңызды үстел үстіне қоясыз. Әп!— деймін де, сол қолыңызды шауып тастаймын! Екінші тарауын оқимын. "Жаман екен, өтірік сықпыртыпсыз!" десем болғаны, оң қолыңызды тоса береңіз. Әп!— деймін де, оң қолыңызды тағы шабамын. Көнемісіз?" Бек: "Көнем" деп жауап берді.
"Арпалысты" жазу бірнеше жылға созылды, қолжазбасын оқу, түзету керек жерлеріне Бауыржан Момышұлының өзі қатынасқан. Мұның өзі автор үшін қаншама азап болды. Бауыржан батырдың майыспайтын түзу мінезділігіне Бек ұзақ уақыт шыдап келген болатын, кейде өз қарсылығын, наразылығын айтатын.Кітаптағы Баукеңнің айтылуымен жазылған әңгімелер – 90–95%, өзінің көрген–білгендері, түйсінгендері, жалпы сөздері – 5–10%.
## Тағы қараңыз
* Александр Бек
* Бауыржан Момышұлы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.kitap.kz/ru/content/akikat-pen-anyz Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2013 жылы. |
Нариман Болтайұлы Табынбаев (1961 жыл 23 ақпан, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті) – медицина ғылымдарының докторы (2005).
## Еңбек жолы
* 1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген;
* 1984-1986 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ауруханасында дәрігер;
* 1986-1993 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары;
* 1994-96 жылдары Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасында дәрігер, бас дәрігердің орынбасары;
* 1997-2007 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі;
* 2007-2008 жылдары бас дәрігер болды;
* 2008 жылдан Қызылорда қаласындағы медициналық орталықтың бас дәрігері.
* 2014-2015 жж – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Астана қ.
* 2015-2018 жж – Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының директоры, Астана қ.
* 2018-2020 - УОЗ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКҚК директоры, Алматы қ.
* 2020 жылдың 8 желтоқсанынан бастап – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
* 2022 жылдың 20 маусымында Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
## Ғылыми еңбектері
«Хирургическое лечение обструктивных уропатий у детей (клинико-экспериментальное исследование)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 110-нан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Тілепбай Тазабеков (1929 жыл 20 қыркүйек, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көксу ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1980), профессор (1985).
## Еңбек жолы
* 1951 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және 1954 жылы республикалық Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген;
* 1954-1955 жылдары Ақмола облысында агроном болған;
* 1955 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университінде кафедра меңгерушісі, проректор, ректор қызметтерін атқарған.
## Ғылыми еңбектері
«Почвы Заилийского Алатау и пути повышения их плодородия» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыстары тауалды топырақтардың құнарлылығын арттыру мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер |
Бибі Диқанбайқызы Керімжанова (1920 жыл, Қырғызстан – 1983 жыл) – қырғыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Қырғыз ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1954). Қазақ.
## Еңбек жолы
* 1941 жылы Қырғыз мемлекеттік педагогика институтын бітірген.
* 1947 жылдан Қырғыз КСР ҒА-нда қызмет істейді, 1950 жылдан бөлім меңгерушісі.
## Ғылыми еңбектері
Ол көптеген мақалалар мен 36 ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторы. Оның
* «Ақынның шығармашылық жолы» (1960)
* «Семетей және Сейтек» (1961)
* «Қырғыз поэзясының ұйқасы» (1962)
* «Қырғыз өлең құрылысының кейбір мәселелері» (1961)
* «Қазан әкелген әдебиет» (1964), және т.б. монографиялары бар.
* «Қырғыз кеңес әдебиетінің тарихы» (1970)
* «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы»'атты көп томды еңбек авторларының бірі.
## Марапаттары
ұлттық әдебиеттану ғылымын танытуға сіңірген еңбегі үшін
* «Еңбек Қызыл Ту» ордені
* «Құрмет белгісі» ордені
* медальдар.
## Дереккөздер |
Терісаққан сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
Елді мекендер:
* Терісаққан – Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл.
* Терісаққан – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл.
* Терісаққан – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Терісаққан – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Терісаққан – Есіл алабындағы өзен. |
Күләш Керімбайқызы Сырманова (1954 жыл 3 қаңтар, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жаңаауыл) – техника ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999).
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
## Еңбек жолы
* 1975 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген;
* 1976-1997 жылдары осы институтта кіші, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды;
* 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде декан.
## Ғылыми еңбектері
80-нен астам ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Тер (ис. Ter) — Испаниядағы өзен. Пириней тауларынан басталады, Жирона қаласынан өтіп Жерорта теңізіне құяды. Бұл өзен кезінде римдіктерге Альба ретінде танымал болған. |
Алагон (ис. Río Alagón) — Испаниядағы өзен, Тахо өзенінің ең ұзын саласы. Бастауын Испанияның шығысындағы Саламанка провинциясынан алады. Өзенде 3 бөген орналасқан. Сағасынан 50 км-де Кориа деген жалғыз қала орналасқан. |
Жігіттің сарбаздары (корей тілінен 꽃보다 남자 Ккот пода намджа, Гүлденде әдемі жігіттер)- оңтүстік корейлік телесериал (дорама). Алғаш рет KBS2TV каналында 2009 жылы 5 қаңтарда Кореяда көрсетілді. Бұл дораманы Филиппин, Қазақстан, Сингапур, Тайван, Гонконг, Индонезия, Таиланд, Вьетнам, Канада және Израиль елдерінің телеарналарында көрсетілді. Режиссер Чон Ги Сан, продюсер Квак Джон Хин, сценарист Юн Джи Рён,
## Сюжет
Кым Джан Ди кедей отбасыдан шыққан оқушы Синхва атты бай балаларға арналған мектепке келеді. Мектепте бәріне танымал F4 деп аталатын жігіттер оқиды. Джан Ди әрқашан F4 тиіскен балаларды жақтайды. Уақыт өте келе Ку Джон Пхё F4 басшысы Джан Ди-ді ұната бастайды, бірақ қыз осы топтың мүшесі Юн Джи Ху-ға ғашық болады.
## Әртістер
Ли Мин Хо - Ку Джон Пхе
Ку Хе Сон - Сон У Бин
Ким Хён Джун - Юн Джи Ху
Ким Бом - Со И Жон
Ким Джун - Кым Джан Ди
Ким Со Ын - Чу Га Ыль
Ким Хён Джу - Ку Джун Хи
Ли Хё Ён - Кан Хи Су
## Жүлделері
Премия BaekSang Arts Awards номинациясы «Ең үздік бастаушы телеактер»
Премия BaekSang Arts Awards номинациясы «Ең танымал актер»
## Дереккөздер
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D1%87%D0%B8%D0%BA%D0%B8_%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%88%D0%B5_%D1%86%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B2 |
## Бұғра хан
Бұғра хан – Орта Азияда, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда және тараған Өарахан әулеті билеушілерінің жалпы лауазымы. Орта ғасырдағы жазушылардың айтуынша, Яғма ұйғыр-яглакарлардың ұрпағы екен.
Аңыз бойынша, оны түйе майымен тамақтандырыпты. Олар түйені қасиетті жануар деп білген. Сол себепті осы тайпадан шыққан билеушілердің өз атына лауазым-ат қосарланып айтылатын болған. Қархан әулетінің Бұғра хандар тармағының негізінен салушы Сатук Бұғра хан Абд әл-Керим (955 – 56 жылдары өлген) болған. Ол ислам дінін қабылдап, оны өзінің күллі мемлекетіне (шекарасы әлі анықталмай келеді) таратқан. Оның немересі Бұғра хан Харун ибн Мұса 10 ғасырдың аяқ шенінде Мауараннахрды жаулап алды,
## Дереккөздер
## Бұғра хан
Бұғра хан – Орта Азияда, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда және тараған Өарахан әулеті билеушілерінің жалпы лауазымы. Орта ғасырдағы жазушылардың айтуынша, Яғма ұйғыр-яглакарлардың ұрпағы екен.
Аңыз бойынша, оны түйе майымен тамақтандырыпты. Олар түйені қасиетті жануар деп білген. Сол себепті осы тайпадан шыққан билеушілердің өз атына лауазым-ат қосарланып айтылатын болған. Қархан әулетінің Бұғра хандар тармағының негізінен салушы Сатук Бұғра хан Абд әл-Керим (955 – 56 жылдары өлген) болған. Ол ислам дінін қабылдап, оны өзінің күллі мемлекетіне (шекарасы әлі анықталмай келеді) таратқан. Оның немересі Бұғра хан Харун ибн Мұса 10 ғасырдың аяқ шенінде Мауараннахрды жаулап алды,
## Дереккөздер |
Малсырғанақ – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі асу.
## Географиялық орны
Абай облысы Үржар ауданы жерінде.
## Жер бедері
Биіктігі 2110 м. Тарбағатайдың оңтүстік беткейіндегі Подгорное ауылынан шыққан соқпақ Сұлу жота мен Жуантөбе аралығынан өтіп, сотүстік беткейіндегі Тебіскен өзенінің бастауынан асып түседі.
## Дереккөздер |
Малхан жотасы - Байқал сыртының оңтүстігіндегі (РКФСР-дің Бурят АССР-і мен Чита обылысы), хилок пен Чикой өзендері аралғындағы тау жотасы. Ұзындығы 250 км, орташа биіктігі 1200-1300 м. Негізінен гранодиорит, гранит және тақтастан түзілген. Жалдары күмбез тәрізді шоқыдармен бітеді. Оңтүстік беткейі қарағайлы орман, солтүстігі балқарағайлы тагамен жамылған.
## Дереккөздер |
Қыстаубай өзені – Ащысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Абай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км, жалпы ұзындығы 26 км болатын 7 жылғасы бар.
## Бастауы
Бастауын Шыңғыстау жотасының оңтүстік-шығысындағы тау баурайынан алып, Ақдала қонысында жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Өзеннің Жүрекадыр ауылына дейінгі арнасы тау шатқалымен ағады және жартасты келеді. Жүрекадыр ауылынан төменде арнасы кеңейіп жазық жермен өтеді. Ауылдан кейінгі бөлігін Қос деп атайды. Таулы бөлігінде арнасында жыл бойы ағын болады. Жазық жерде ағыны қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Саду (порт. Rio Sado) — Сетубал және Бежа аймағында орналасқан Португалия өзені.
Саду елдегі басты өзен болып табылады. Бастауын Серра-де-Калдейран тауының солтүстік бөктерінде алады. Атлант мұхитына 175 км бойы сағасы кеңейіп оңтүстіктен солтүстікке қарай құяды, Сетубал қаласының маңынан. Өзен көпетеген бөгендермен шектелген, суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады, күріш, жүгері және басқада жеміс-жидектер өсіру үшін. Бұл өзенде басқа жерде өмір сүрмейтін дельфиндер тіршілік етеді. |
Қараоба – Сиректау тауларының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылының батысында 35 км жерде, Ай өзенінің аңғарында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 577 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Беткейлері жайпақталып, жазыққа ұласады. Солтүстік-батысында Көктөбе тауы, солтүстігінде Кенжебай көлі, шығысында Шұбарқұдық қонысы, Жаман Жартас, Бесқыз, Байсұлтан қыстаулары, оңтүстігінде Қарашаш, Құттыбике бұлақтары, батысында Ақөзек құдығы орналасқан.
## Өсімдігі
Сұр қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, теріскен, баялыш, бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Тамега (порт. Tâmega, ис. Támega) — Дуэро өзенінің саласы, бастауын Галисияда алады (Испания) сөйтіп ағысын Траз-уж-Монтеш, Дору-Литорал атты ежелгі провинцияларда жалғастырады. Су деңгейі онша жоғары емес, кішігірім бөгендер салынған, соған байланысты өзеннің көп бөлігі кеуіп кетпейді. |
Жаманадыр – Ерейментау ауданындағы тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 457 м. Қарабұлақ өзенінің аңғары Жамандырды Байғұлы тауынан бөліп тұрады. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 6-7 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Батыс беткейі тік құламалы, бұлақтар кездеседі, шығыс беткейінің етегінен 1,5-2 км жерде Теңіз көлі жатыр.
## Геологиялық құрылымы
Девон дәуірінің граниттері мен гранодиориттерінен түзілген.
## Өсімдігі
Қара-қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты-бозды өсімдіктер өскен. Кей жерлерінде қараған және тобылғы шоқтары кездеседі.
## Дереккөздер |
Жаманадыр – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында орналасқан тау. Шідерті мен Өлеңті өзендері аралығында. Абсолюттік биіктігі 443 м. Батыстан шығысқа қарай 7,5 км-ге созылып жатыр, ені 3 км.
## Геологиялық құрылымы, жер бедері
Тау ордовиктің ортаңғы және жоғарғы тау жыныстарынан түзілген. Беткейлері көлбеу келген.
## Топырағы, өсімдігі
Тау етегінде шала дамыған қою күлгін және ксероморфты топырақтар таралған. Қараған, жусан, т.б. бұталы петрофитті өсімдіктер өседі. Етегі мал және егін шаруашылықтарына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жақып Ақбаев (25 қазан 1876 жыл – 4 шілде 1934 жыл) — Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.
1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гимназиясына ауысып онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1903 жылы 1-дәрежелі дипломмен бітіріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын меңгеруге талаптанады. Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға және Санкт-Петербургтегі Археология институтына оқуға түсуге университет басшыларына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға бекітіп алады. Кейін осы тақырыпты түрмеде отырғанда ары қарай жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялайды. ЖОО бітірісімен Омбы сот палатасына қызметке тұрады. 1905 жылғы тамызда Омбы қаласындағы 2-учаскенің бітімші соты болады.
## Патша манифесі
1905 жылғы шілде айында Омбы қаласында патша әкімшілік орындарының мәжілісі өтіп, онда Дала өлкесінің генерал-губернаторы Сухотин бас болып қазақ өкілдерін Дума сайлауына қатыстырмау туралы мәселе қозғайды. Міне, осы шешімге қарсылық ретінде Ә.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен Қарқаралы уезінің 42 қазақ өкілетті адамдары атынан патшаға 1905 жылы 22 шілдеде Ақбаевтың құрастыруымен жеделхат жіберіледі. 1905 жылы 17 қазандағы патша манифесінен кейін жер-жерде бостандық, теңдік, сөз еркіндігі жөнінде қызу талас, митингілер өтіп жатты. Іле-шала осындай митингі, шерулер 19 қазанда Омбы қаласында өтіп, оған Ақбаев қызу кірісіп кетеді. «Үкіметке тіл тигізгені» үшін ол қызметінен қуылады. Артынан ол Кереку қаласы, Баянауыл станицасында жиындар өткізіп, патша режимін шенеген сөздер сөйлейді. 1905 жылғы 15-16 қарашада Қарқаралы қаласында өткен үлкен жиында ол тағы да жалынды сөз сөйлейді. Патшаның жергілікті әкімшілігі «мемлекеттік қылмыс істеп, опасыздық жасады» деп 1906 жылғы 11 қаңтарда тұтқындап, Семей түрмесіне жөнелтеді. Міне, осы кезден бастап Ақбаев патша және Кеңес өкіметі кездерінде үнемі қуғын-сүргінді, тепкіні көп көріп, абақты-айдаудан көз ашпады деуге болады. Жетісу облысының Қапал уезіне 2 жылға жер аударылады. Қайда жүрсе де ол патша шенеуніктерінің парақорлығын, халыққа жасаған озбырлығын үнемі әшкерелеп отырады. Қарқаралы уезіндегі шаруалар учаскесінің бастығы Цыловтың және де басқалардың парақорлығын әшкерелейді. Қапалда жүргенде де келімсектерден қиянат көрген қазақтардың мүдделерін қорғап, осында айдауда жүрген К.Төгісовпен бірлесіп, сот процесінде әділ шешім шығаруға ықпал жасайды.
## Кеңес үкіметі
Ақбаевтың патша әкімшілігінің жоғары орындарына өзінің жазықсыз жапа шегіп, айдауда жүрген мерзімін қысқартып, не сот үкімін бұзу жөніндегі арыз-шағымдарында (мысалы, сенатор граф Паленге жазылған осы құжатты және Ақбаевқа қатысты басқа да материалдарды алғаш тауып, жариялаған белгілі ақбаевтанушы-ғалым, М.Құл-Мұхаммед) өзінің жеке басының мәселелері көрініс тапқандай болып көрінгенімен, шын мәнісінде, ол құжаттарда патша әкімшілігінің озбырлық, зорлық-зомбылық, зымияндық саясаты, шенеуніктердің парақорлығы, жер мәселесінің ушығуы сияқты мәселелер көтерілген. Ақпан төңкерісінен соң 1917 жылғы 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезін өткізуге белсене араласып, оның облыстық комитетінің мүшелігіне де сайланады, сол жылғы 24 қыркүйекте өткен кеңесіне де қатысады. 1917 жылғы шілде айында болған Жалпы қазақтық съезде Құрылтай жиналысқа депутаттыққа ұсынылып, ал Желтоқсандағы съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтеді. Азамат соғысы жылдары Колчак және тағы басқа уақытша өкіметтер оны бірнеше рет абақтыға жауып, ату жазасына да кесіп, артынан ол үкімді бұзып, Ақбаевтың басы шыр айналып, Алашорда үкіметінің мүшесі ретінде елдік, алаш ісіне толыққанды бел шеше араласу мүмкіншілігінен айырылады.
## Қайтыс болуы
Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құрылады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болады.
## Зерттеулері
Ақбаевтың өмірі мен қызметі, саяси серіктері Ахмет Байтұрсынұлы және Ж. Досмұхамедов тағы басқа Алаш ардагерлерімен үндес келеді. Ақбаев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде отбасы-неке құқығын зерттеп, баспасөз бетінде публицистикалық материалдар жариялады. Қазақтың әдет-ғұрып, неке-отбасы мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Абай аулымен қоңсы қонып, жастайынан ұлы ақынның өлеңдерін жаттап өсті. 1909 жылы Абай жырларының Петербургте кітап болып шығуына қолғабыс жасады. «Қазақстандағы семья-неке қатынастары» (1907), «Қазақтың шығу тегі туралы» (1927) тағы басқа ғылыми зерттеулері Абайдың қарасөздері мен «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» шығармаларымен үндеседі. Алашорда қозғалысына белсене қатынасып, Семейде қызметте жүрген кезде Әуезовпен таныс-біліс, пікірлес, аралас-құралас болған.
## Дереккөздер |
Самсонов Алексей Тихонович (1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданындағы Петровка селосы) -Социалистік Еңбек Ері (1972).
## Өмірбаяны
Еңбек жолын 1941 жылы комбайнердің көмекшілігінен бастады, 1945 жылдан комбайнер болып істеді. 1954-1957 жылдары Преснов ауданындағы «Организованный труд» ұжымшар бригадирінің көмекшісі. Ал 1957 жылдан «Благовещенский» кеңшарының № 2 бөлімшесінің комбайнері болып істеді.
## Марапаттары
1967 жылы Ленин орденімен, 1971 жылы Октябрь революциясы орденімен марапатталған. 1972 жылы 13 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Алексей Тихонович Самсоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
## Дереккөздер |
Тормес (ис. Tormes) — Испания өзендерінің бірі, Дуэроға келіп құяды. Саламанка қаласында Тормес өзенінің бойында ежелгі аркалы көпір орналасқан, ал 15 көпір Ежелгі Римнен қалған. Жазғы айларда су тапшылығынан 1960 жылы көлемі 496 млн м³ құрайтын су қоймасы салынды. Осы су қоймасы адамдарды жазда сумен қамтамасыз етсе, қыста селден қорғаған. |
Силь (ис. Río Sil) — Испанияның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Миньо өзенінің сол саласы. Ұзындығы-228 км. Кантабри тауларынан басталады. Өзеннің жоғарғы бөлігінде Понферрад қаласы орналасқан.
## Галерея |
Самойленко Василий Афанасьевич 1911 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Октябрь ауданының Дмитриевка селосында туды. 1930 жылдан «Новый быт» ауыл шаруашылық артелінің колхозшысы. 1932 жылдан 1941 жылға дейін Коновалов МТС-де комбайнер болып істеді. 1941-1942 жылдары Ұлы Отан соғысы майдандарында шайқасты. 1942 жылдан 1957 жылға дейін Коновалов МТС-де трактор бригадасының бригадирі болы істеді. 1957 жылдан Тимирязев ауданындағы «Степной» кеңшарының комбайнері.1966 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Василий Афанасьевич Самойленкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
## Дереккөздер
* Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы. |
Жаманадыр – Қаратас тауының оңтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында. Тереңбұтақ және Құдайменде өзендерінің аралығында орналасқан.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Абсолюттік биіктігі 636 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, доға тәріздес. Енді жері 2 км. Оңтүстік-шығыс беткейі тіктеу келген. Оңтүстігінде бірнеше ұсақ шоқылар кездеседі. Девонның ортаңғы және төменгі кезеңінің тау жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қиыршықтасты, қара қоңыр топырағында жусан, бетеге өседі.
## Дереккөздер |
Мондегу (порт. Mondego, лат. Munda) — Португалиядағы өзен. Бастауын Серра-да-Эштрела тауларынан алып, Фигейра-да-Фош ауданынан Атлант мұхитына құяды. Ұзындығы - 234 км. Өзен Жағалауындағы ең ірі қала Коимбра қаласы. |
Уме (фр. Oumé)—Кот-д’Ивуардың орталығында орналасқан қала, әкімшілік орталғы Фромаже.
## Тұрғыны
2013 жылғы деректер бойынша 58 990 адам бар<.Адам санының жылдық динамикасы:
## Дереккөздер |
Ковалевский(Kowalewski) Осип Михайлович (28.12.1800-,Үлкен Бржест ауылы-20.10.1878, Варшава) - поляк және орыс ғалымы,Ресейдегі моңғол зерттеу ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Профессор (1833), Петербірг Ғалымдар Академиясының академигі (1847), Париждегі Азия қоғамының құрметті мүшесі (1839). 1820 жылы Вилен университетінің көне тіл және классикалық әдебиет факультетін бітірді. 1827 жылы буряттардың тілін және тұрмысын зерттеу үшін Ковалевский Байқал сыртына жіберілді. 1829 жылы Монғолияға бір жылдан, кейін Ресейдің діни миссиясының мүшесі ретінде Қытайға жіберілді. Мұнда ол қытай,маньчжур, тибет тілдерімен және санскриттің негізімен танысты. 1833-1860 жылдары Қазан университетінің профессоры. Ол Ресейдегі тұңғыш монғол тілі кафедрасының меңгерушісі болып , моңғол тілі мен тарихынан лекция оқыды. 1835 жылы "Моңғол кітаби тілінің қысқаша грамматикасын", 1836 - 37 жылы,2 томдық "Моңғол хрестоматиясын", 1844-49 жылы "Моңғол - орыс - француз сөздігін" жазды. Ковалевский орыстың монғол тану ғылымына үлкен үлес қосты.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 484 бет |
Ковалевский(Kowalewski) Осип Михайлович (28.12.1800-,Үлкен Бржест ауылы-20.10.1878, Варшава) - поляк және орыс ғалымы,Ресейдегі моңғол зерттеу ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Профессор (1833), Петербірг Ғалымдар Академиясының академигі (1847), Париждегі Азия қоғамының құрметті мүшесі (1839). 1820 жылы Вилен университетінің көне тіл және классикалық әдебиет факультетін бітірді. 1827 жылы буряттардың тілін және тұрмысын зерттеу үшін Ковалевский Байқал сыртына жіберілді. 1829 жылы Монғолияға бір жылдан, кейін Ресейдің діни миссиясының мүшесі ретінде Қытайға жіберілді. Мұнда ол қытай,маньчжур, тибет тілдерімен және санскриттің негізімен танысты. 1833-1860 жылдары Қазан университетінің профессоры. Ол Ресейдегі тұңғыш монғол тілі кафедрасының меңгерушісі болып , моңғол тілі мен тарихынан лекция оқыды. 1835 жылы "Моңғол кітаби тілінің қысқаша грамматикасын", 1836 - 37 жылы,2 томдық "Моңғол хрестоматиясын", 1844-49 жылы "Моңғол - орыс - француз сөздігін" жазды. Ковалевский орыстың монғол тану ғылымына үлкен үлес қосты.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 484 бет |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.