text
stringlengths
3
252k
Сәндік жалатпа – әшекейлік бұйымдардың бетіне бедерлі немесе түрлі-түсті сурет түсіру мақсатында жүргізілетін процесс. Бұйымға сәндік жалатпа жасау үшін оның бетіне эмальды бояулар мен олардың қоспалары (мыс, канифольдың, глицериннің, целлюлозаның эфирлері т.б. жағылады да, арнаулы химия-термиялық өндеулерден өткізіледі. Сәндік жалатпа процесі әшекейлік мақсаттан басқа бұйымдарды, машиналарды, приборларды т.б. сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғау және олардың беттік ақауларын (кедір-бұдыр т.б.) жою үшін де пайдалынылады. Сурет түріне қарай сәндік жалатпа «балғалық», жармалы, әжімді, көп түсті т.б болып ажыратылады. ## Дереккөздер
Сатук Бограхан Абдулкарим (Абд әл-Кәрім) (915-955) – Қарахан мемлекетінің билеушісі. Арслан хан Базирдің баласы. Ол Қарахан әулетінде бірінші болып ислам дінін қабылдады. Самани әулетінің қолдауымен нағашысы, бас қаған Огулчарак Қадыр ханға қарсы шабуыл жасады. 942 ж. баласағұнды «сенімсіз түріктер» басып алды. С.б. А. Көп кешікпей Баласағұнды қайтарып, Қашғарды да өзіне қаратты. Оның баласы Арслан хан Байташ Құса 960 ж. исламды Қарахан қағандығының мемл. діні деп жариялады. Мұса исламды қорғау мақсатында Хотан мен Амударияға дейін кеңейтті. Оның өмірін суреттейтін «Тазкира-иБағрахан» атты еңбек жазылған.
Сауыр-Жарма мыс кенді белдеуі – Шығыс Қазақстан облысы жеріндегі мыс кенді геологиялық құрылым. Оңтүстік-шығыста Сауыр, Маңырақ тауларынан бастап, Шар өзенінің алабы арқылы солтүстік-батыстағы Дегелең тауларына дейін созылған. Ұзындығы 450-500 км, ені 30-80 км. ## Геологиялық құрылымы, құрамы Геологиялық тұрғыдан алғанда Сауыр-Жарма мыс кенді белдеуі Шыңғыс-Тарбағатай каледонидтерімен терең жарылыс арқылы шектесетін Зайсан геосинклиналь жүйесінің оңтүстік–батыс қанаты болып саналады. Мұнда жоғарғы палеозойдың шөгінді-вулкантекті жыныстары, гранитоидтар, негізді және ультранегізді интрузиялар тараған герцин тектогенезінің сауыр фазасымен байланысты түзілген андезит, дацит, липарит құрамды эффузиялық жыныстары мен гранитоид интрузиялары бір тұтас орогендік-вулкандық белдеу құрайды. Белдеудегі гранитоидтарда мыс порфирлі (Қызылқайың, Кенсай), негіз құрамды интрузияларда никелді мыс (Мақсұт), гипербазиттердің үгілу қыртысында силикаттық никель (Горностай т.б. ) кендері тараған. Мыс-порфирлі және никелді мыс кендерінің келешегі зор. ## Дереккөздер
Сәтбаева Раушан Әбікейқызы (16. 12. 1916 жылы, Павлодар қаласы) - қазақ онкологы, медицина ғылымдарының докторы (1972). Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Ташкент медициналық институтын бітірді (1940). Алматы қалалық № 2 поликлиника дәрігері (1940-41). 1941-63 жылдары Алматы медициналық институтының госпитальдық хирургия кафедрасында ординатор, ассистент, доцент. 1963 жылдан Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жалпы онкология бөлімінде аға ғылыми қызметкер, ал 1964 жылдан сол бөлімнің меңгерушісі. Сәтбаеваның 57 ғылыми еңбегі бар. Бұл еңбектерінің көпшілігі онкологиядағы хирургия мәселелеріне және қылтамақ ауруының ерекшеліктеріне арналған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ҚАНЫШ-ҚАЗАҚ Мұрағатталған 26 қазанның 2014 жылы.
Райхан Әбікейқызы Сәтбаева (15. 11. 1912 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 1-ауыл - 1989) - қазақ терапевтісі, медицина ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері. Қазақ әйелдері арасынан шаққан тұңғыш терапевт-ғылым докторы. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Орта Азия медициналық институтын бітірді (1935, Ташкент). 1935 жылдан Алматы медициналық институтында госпитальдық терапия кафедрасында клиника ординаторы (1938-38), ассистент (1938-45), доцент (1945-50), ал 1951 жылдан госпидальдық терапия кафедрасының меңгерушісі. Оның 160-тан астам ғылыми еңбектері бар (соның ішінде «Силикоз» монографиясы т.б.). Бұл еңбектерінің көпшілігі жүрек, кан-тамыр ауруларына арналған. С. - Бүкіл одақтық тераевт қоғамының, Бүкіл одақтық кардиологтар және нефрологтар қоғамының басқарма мүшесі, сондай-ақ Республикалық Ғылыми терапевтер қоғамының және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы терапиялық мәселелер жөніндегі проблемалық комиссияның төрайымы болған. Ленин орденімен және медальдармен марапатталды. ## Дереккөздер
Колючин шығанағы — Чукот теңізінің шығанағы. Чукот түбегінің солтүстік жағасында. Ұзындығы 100 км, ені шығанаққа кірер тұсында 2,8 км, ішкі бөлігінде 37 км-дей. Тереңдігі 7-14 м. Жылдың көпшілік уақытында мұз құрсанып жатады. Су деңгейі жарты тәуліте бір көтеріледі (0,1 м).
Лев Наумович Свердлин (16. 11. 1901, Астрахан, - 29. 8. 1969, Москва) – кеңес актері, педагог, КСРО халық артисі (1954). Мәскеудегі А. В Луначарскй атындағы театр техникумында (В.Э. Мейерхольдтың курсы бойынша), одан кейін Мейерхольдтың Мемлекеттік Театр шеберханасында оқыды. 1926 жылдан Мейрхольд атындағы театр актері. 1938-41 ж. Вахтангов атындағы театрда, 1943 жылдан өмірінің соңынна дейін Мәйскеудің Маяковский атындағы театрында қызмет етті. Негізгі рольдері: Счастливцев, Тихон (А. Острицкийдің «Орманы» мен «Найзағайында») Верейский, Хлебников, (А.Штейннің «Намыс соты» мен «Жеке ісінде»), Степанов (Алешиннің «Директорында»), Илья Журбин (Кочетов пен Қараның «Журбиндер семьясында»), Аздақ (Брехттің «Кавказ борлы айналымында»), Полоний (Шекспирдің «Гамлетінде»), т.б 1924 жылдан киноға түсіп, педагогикалық қызметпен шұғылданды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1947, 1949, 1951). Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Сарыбас торғай шымшықтар-Азия, Еуропа, Сүлтүстік Африка және Солтүстік Америка-ның шыршалы ормандарында және бұталы өсімдіктерінде кездеседі.Дене тұрқы 10–20 см, салмағы 7–25 г. Отырықшы құс, бірақ жиі қоныс аударып жүреді. Саябақ, бау-бақша, орман және өте кең алқапқа таралған. Бұлар үшін ауылдағы немесе қырлардағы үйлердің шарбақтарына жағалай өсетін қара бүлдіргендер ең жақсы пана, ұя болып табылады. ## Ерекшелігі Ең басты ерекшелігі қысқа шолақты құйрықты, дене бітімі дөңгелек тәрізді болып келетін шымшықтар сары бас торғай шымшықтардан кейінгі еліміздегі ең кішкентай құс болып табылады. Дене тұрқы 7–10 см, салмағы 7-9 грамм. Денесінде көлденең қою жолағы бар, ашық сұр түсті, ақ қасты жолақты құс. Осы жолақ түктерінің шығуына байланысты ер жеткендігі белгілі болады. Арқасы жасыл түсті, бауыры сұрғылт жасыл, қанаттары мен құйрықтары қоңырқай сұр болып келеді. Аталықтарының төбесінде қызыл айдар, аналықтарында сары айдар, ал балапандарында ешқандай белгі болмайды. Тұмсығы мен аяқтары қоңыр түсті, дене тұрқымен салыстырғанда зор дауысты болып келеді. Көбінесе 5 секундқа дейін, “тси-тси-тсиик-тррр” деп сайрайды. Қызылтамақ шымшықтардан да жиі және қатты дауыс шығарады. ### Қоректенуі Жерден немесе ағаштардан тапқан әр түрлі құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Яғни зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. ### Мекен етуі Шымшықтардың құйрықтары да өздері сияқты шапшаң қимылдайды. Жалпы ашық жерлерде жүргенді ұнатпайды, бірақ қыста азық табу үшін бұл әрекеттерінен бас тартады. Дала қараңғы болса да ұшып жүре береді. Ұшқан кездерінде қанаттарын жиі қағып, жерге жақын, қысқа аралықта, түзу сызық бойымен ұшады. Ертегілерде шымшықтар өте зерек және қу болып келеді. Шымшықтар отырықшы, жергілік құс болып табылады. Тек қана Солтүстік Еуропадағы түрі көшпелі болып келеді. Балтық теңізінің үстімен өткенде теңіздегі кемелерді қонақтайтын аялдама ретінде қолданады. ## Дереккөздер [1]
«Жексұрын мен 2» (ағылш. Despicable Me 2) — 2013 жылы шыққан американдық анимациялық комедиялық фильм. Фильм танымал хит - "Жексұрын мен" (2010) -нің жалғасы және "Жексұрын мен" франшизасының екінші бөлігі. Әлемдік премьера 2013 жылдың 16 маусымында, Қазақстанда премьера 2013 жылдың 15 тамызында өтті. Фильмнің режиссерлері Пьер Коффин мен Крис Рено болды, сценарийін кен Даурио мен кино Карр жазды. Басты рөлдерді Стив Карелл, Кристен Уиг, Бенджамин Братт, Миранда Косгроув және Рассел Брэнд сомдады. "Жексұрын мен 2" сюжеті бұрынғы супервайзер грюдің басты кейіпкері айналасында өрбиді, ол қазір игі істерге бет бұрып, үш асырап алған қызына қамқорлық жасайды. Алайда, ГРУ жұмбақ қылмыскерді ұстау үшін құпия миссияға тартылған кезде оның тыныш өмірі бұзылады. Бұл істі шешу үшін ол бұрынғы зұлым трюктерді қайтадан қолға алып, өз дағдыларын қолдануы керек. "Жексұрын мен 2" фильмі әзіл мен эмоционалды сәттерді жомарттықпен араластыра отырып, көрермендерді көңілді және көңілді шытырман оқиғалармен қуантуды жалғастыруда. Ол өзінің жоғары анимациялық сапасымен, жарқын кейіпкерлерімен және қызықты сюжетімен назар аударды. Фильмді сыншылар жақсы қабылдады және коммерциялық тұрғыдан сәтті болды, бұл кино тарихындағы ең көп ақша тапқан анимациялық фильмдердің бірі болды. ## Сюжеті Бұрынғы суперзұлым Грю отбасылық өмірге бейімделіп, таза бизнес арқылы адал еңбек етуге тырысып жатқанда, Арктикадағы құпия зертхана ұрланып кетеді. Зұлымдыққа қарсы лига Грюдің көмегіне жүгінеді. ## Рейтинг Әр түрлі сайттардағы "Жексұрын мен 2 " фильмінің рейтингі сыншылар мен пайдаланушылардың пікірлеріне байланысты аздап өзгеруі мүмкін. Міне, осы фильмнің рейтингтерін табуға болатын бірнеше танымал сайттар: * IMDb (Internet Movie Database): 7.3/10 IMDb-бұл фильмдер туралы ең үлкен және танымал интернет-ресурстардың бірі, ал "Жексұрын мен 2-ге" арналған 7.3/10 рейтингі сайт қолданушысының фильмді оң қабылдауын көрсетеді. * Rotten Tomatoes: 73% (Сыншылар), 77% (Көрермендер) Rotten Tomatoes-сайт шолу агрегаторы, ол сыншылар мен көрермендердің пікірлерін ұсынады. Сыншылар арасында 73% және көрермендер арасында 77% рейтингі көпшіліктің фильмді оң бағалағанын көрсетеді. * Metacritic: 62/100 Metacritic сонымен қатар сыншылардың пікірлері негізінде орташа рейтингті есептейтін шолу агрегаторы болып табылады. 62/100 рейтингі сыншылардың аралас пікірлерін көрсетеді.
Curiosity (қазақша мағынасы қызығушылық дегенді білдіреді) — Марс бетіндегі Гейл кратерін зерттеуге арналған NASA-ның Марс ғылыми лабороториясы миссиясының аппарты (MSL). Curiosity қарашаның 26, 2011 жылы Cape Canaveral станциясында сағат 10:02 EST ұшырылып Гейл кратерінің Aeolis Palus деген жерінде тамыздың 6, 2012, 05:17 UTC уақытында сәтті қонады. Қонған орнының координаттары: 4°35′22″ о. е. 137°26′30″ ш. б.4.5895° о. е. 137.4417° ш. б. / -4.5895; 137.4417   . Аппарат мақсаттары мен тапсырмалары: Марс ғаламшарының климатын және геологиясын зерттеу; Гейл кратерінің арнайы телімдерінде бұрын соңды қоршаған ортада (микробиологиялық) тіршілік иелері болды ма, соның ішінде Марстағы су; және адамзаттың болашағы үшін ғаламшараралық тіршілік мүмкіншілігі сияқты сұрақтарға жауап іздеуге көмектесу. Curiosity's дизайны жоспарланған Марс 2020 миссиясының негізін қалайтын болады. 2012 жылы қараша айында Curiosity-дің екі-жылдық миссиясы белгісіз уақытқа дейін ұзартылды. ## Құрамы ## Суреттер * * * * * * * * * * * * * * * Ауқымды суреттер ## Дереккөздер
Аластатылғандар (фр. Les Misérables) — 2012 жылғы француздық драмалық мюзикл. Фильм Universal Pictures компаниясы таратқан британдық және американдық туынды болып табылады. ## Сюжет Оқиға ХІХ ғасырдың басында, Француздық революцидан 10 жылдан кейін өтеді. Түрмеге қамалуы тиіс Жан Вальжан, қатал соттан қашып, ұзақ жылдар бойы жасырынып жүруге мәжбүр болды. Париж полициясының инспекторы Жавер оны тұтқандауды өмірінің басты ісі деп есептейді. Жан Вальжан үшін маңызды адамдардың бірі - Фантина есімді әйел . Ол қайтыс болғаннан кейін, Жанға әйелдің қызы Козетта ғана өміріндегі ең жақын адам болып қалады. Қыздың бақыты үшін Жан бәріне де дайын болған. ## Рөлдерде ## Түсім ### Кассалық алым Аластатылғандар Солтүстік Америкада $ 148,8 миллион және басқа аумақтарда $ 291 миллион доллар, бүкіл әлем бойынша $ 441.8 миллион ақша пайда тапты. Солтүстік Америкада Аластатылғандар 2012 жылы 25 желтоқсанда 2 808 театрда прокатқа шығып, бірінші орынға, $ 18.1 миллионға ие болды. Бұл сома музыкалық фильмнің ашылу күніндегі ең жоғары британдық рекордты құрады, бұған дейін «Музыкалық орта мектеп 3: Бітіру жылы», сонымен қатар Рождество күні шыққан фильм үшін ашылған екінші ең жоғары күн болды. Алғашқы демалыста ол $ 27.3 миллион табыс тапты, және Босатылған Джанго және Хоббит: Күтпеген саяхаттан кейін үшінші орынға тұрақтады. ### Пікірлер,мадақтар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Аластатылғандар (фильм, 2012) (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * TCM киносайты * «Аластатылғандар (фильм, 2012)» (ағыл.) Box Office Mojo сайтында * Rotten tomatoes * Аластатылғандар (фильм, 2012) (ағыл.) Metacritic сайтында
Сұлтан ІІ- Абдулхамит ханның таққа отырған 1876 жылдан қазіргі күнге дейін ешбір кезеңде өзектігі, беделі түспеді. Түркияда да, шетелдік баспаларда да атқарған еңбектері, қызметтері әлі күнге дейін ел аузында. Осылай жалғасып кете беретіні де сөзсіз. ## Тарихқа қосқан үлесі Сұлтан Абдулхамит ханға батыстың ашуы, өшпенділігі бар. 33 жыл бойы империяның ең әлсіз кезеңдерінде олардың жолын кесіп отырды. Өздерін жоғары білімді деп санайтын европалықтардан басым түсіп отырды. Онда да аталары секілді әскер күшімен емес, дипломатиялық жолмен... Яһудилер Израил мемлекетінің құрылуын жарты жүз жылға кешіктіргені үшін оған тістерін қайрауда. Гректер 1897 жылғы соғыста Афина қақпаларына дейін шегінгендері үшін жек көреді, “Megali İdea” (ұлы идея) деп аталатын жоспарларын кешіктірді.Сұлтан Абдулхамит хан империяның жинақталуын, құлдырауын тоқтатуға тырысты. Әйтсе де ішкі факторлар түрік империясының құлдырауында сыртқы факторларға қарағанда көбірек әсерін тигізді. Бұл мақсатта сыртқы және ішкі оппозиция әр түрлі жолдарға барды. Жала жабу, өтірік өсектер тарату, кінәлау, қастандық, төңкеріс, көтеріліс ұйымдастыру, бомба жару, тонаушылық т.б... Одан кейінгі билікке келгендер отанын қанға булықтырып, әлсіретіп 10 жылдың ішінде Адриатик теңізінен Үнді мұхитына дейінгі аралықты қамтыған Осман империясын дұшпандардың жемтігіне айналдырып, құлдырауына себепкер болды. ### Осман империясы Сұлтан Абдулхамит хан империяның жинақталуын, құлдырауын тоқтатуға тырысты. Әйтсе де ішкі факторлар түрік империясының құлдырауында сыртқы факторларға қарағанда көбірек әсерін тигізді. Бұл мақсатта сыртқы және ішкі оппозиция әр түрлі жолдарға барды. Жала жабу, өтірік өсектер тарату, кінәлау, қастандық, төңкеріс, көтеріліс ұйымдастыру, бомба жару, тонаушылық т.б... Одан кейінгі билікке келгендер отанын қанға булықтырып, әлсіретіп 10 жылдың ішінде Адриатик теңізінен Үнді мұхитына дейінгі аралықты қамтыған Осман империясын дұшпандардың жемтігіне айналдырып, құлдырауына себепкер болды. ### Заман мақтанышы Бүгін түрік халқы ІІ- Сұлтан Абдулхамит ханның қызметтерін, отанына деген сүйіспеншілігін біліп, оны мақтан тұтуда. Оның беделі тарихи тұрғыдан да ашықталып қабыл етілуде. ## Дереккөздер Үлгі:Http://www.balalaralemi.kz/article/249/Sultan-II----Abdulhamid-han
Мамыр революциясы-Рио-де-ла-Плата патшалығының Буэнос- Айрес қаласында 1810-шы жылы өткен саяси және қоғамдық оқиғалардың жиынтығы. Төңкерілістің басты мақсаты- патша Сиснеросты тақтан қуу. Төңкерілістің қозғаушы күштері- Буэнос- Айрестың испандық аристократтары. Бұл революцияның ешқандай қырғынды салдары болған жоқ. Мамыр революциясы Аргентина республикасының тәуелсіздік алуына бір қадам ретінде бағаланады. ## Дереккөздер Мамыр революциясы
Ханка — Ресейдің Приморье өлкесіндегі көл, Қытаймен шекарада. Жалпы ауданы 4190 км квадрат (оның 3030 км квадрат Ресейде), тереңдігі 10,6 м. Ханка ойпатының орталығындағы тектоникалық ойыста қалыптасқан. Ханка көлінің мөлшері деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Жағалауының көпшілік бөлігі батпақты. Суы тұщы, лайлы. Көлге Лефу, Мо, синтуха, т.б. өзендер құйып, Сунгача өзеніне (Уссурийдің сол саласы) ағып шығады. Қарашадан сәуірге дейін қатады. кеме жүзежі. Сазан, су тасбақасы, ондатра тіршілік етеді; жағалауында суда жүзетін құстар ұя салады.
Ерғали Баймұхамедұлы Алдоңғаров (1901, Торғай облысы Қостанай уезі Қарабалық болысы, Шұбартеңіз ауылы — 1930) — Қазақстан Жастар Одағын, қазақ баспасөзін ұйымдастырушылардың бірі. Қостанайда екі жылдық училище, екі жылдық мұғалімдік курсты бітірген. 1919 жылы Қостанай губерниясында кеңес қызметіне белсене араласып, РКЖО губерниялық комитетінің мұсылман секциясын ұйымдастырды. 1919 — 1925 жылдары РКЖО Қырғыз (Қазақ) өлкелік комитетінің төралқа мүшесі, Түркістан РКЖО Орталық Комитеті “Жас қайрат” газетінің, Қырғыз (қазақ) өлкелік “Жас қазақ”, “Лениншіл жас”, “Пионер” журналдарының редакторы, “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. ## Дереккөздер
## "Титандардың қаһары (Wrath of the Titans / Гнев Титанов)"фильмі Жыл:2012 Ел: АҚШ , Испания Режиссер: Джонатан Либесман Басты рөлдерде: Рэйф Файнс , Лиам Нисон , Розамунд Пайк , Дэнни Хьюстон , Эдгар Рамирес , Билл Найи , Сэм Уортингтон , Тоби Кеббелл , Джон Белл , Лили Джеймс Продюсер: Бэзил Иваник Жанр: Фэнтези , Боевик , Қызық оқиғалы Бюджет:$150 000 000 Әлемдік табысы:$305 270 083 Қазақстандағы табысы:$918 098 Әлемдік премьера: 28 наурыз 2012 Қазақстандағы премьера: 29 наурыз 2012 Жас шектеуі:PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды Ұзақтығы: 99 минут ## Қысқаша суреттемесі Теңіз құбыжы Кракенді Персей жеңгеннен кейін 5 жыл өтеді. Енді батыр қарапайым күн кешіп, 10 жасар ұлын тәрбиелеуде. Дегенмен Құдайлар мен Титандар арасындағы билікке талас әлі тоқтай қоймаған еді. Аид бастаған бүлікшілер Титандардың әміршісі Кроноспен бірігіп Зевсті тағынан тайдыру әрекетін тағы ұйымдастырады. Персей серіктес жауынгерлермен бірге әкесі Зевсті құтқару үшін тағы жорыққа аттанады. ## Рейтинг 4.5/10 ## Сын,рецензия "«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқанГефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан«Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады. «Титандар шайқасының»(шатаспаңыз) сиквелі болған бұл фильм бізге түсіру командасын толықтай өзгертіп келіпті. Тек толқынданған бұйра шашын жіберген Персей бастаған негізгі актерлар тобы ғана сол қалпы (Андромеданы бұл жолы Розамунд Пайкойнайды).Алғашқы фильмде Кракенді құрдымға жіберген Персейдің осы жолғы шабысы бөлек: ағаш тақтайменХимераның отын қайтарады, қанатты атымен бірге «атасы» Кроностың лавалы жауынының астында қалады, лабиринтта адасады, Минотаврдың мүйізінен оңбай таяқ жейді, бір сөзбен айтқанда, көрмеген құқайы қалмайды. Бірақ, бейнеттің де зейнеті бар, ақыр соңында… ә, жоқ, оны өздеріңіз көріп аларсыздар. «Титандар қаһарының» кемшілігі 3D-эффектілер де, актерлер ойыны да (туынды оны қажет етпейтін де сияқты),сюжеттік желісінің қарабайырлығы да емес. Фильмді құртқан топас диалогтармен осыған дейін жүздеген, мыңдаған фильмде кездескен қисын мен көркемдіктен жұрдай «адами» көріністер.Кроносқа еркінен тыс күшін беру үшін Аид пен Арес қол-аяғын керіп тастағанда, «а-ля Иса Мәсіх» стиліндегіЗевстың «Аид, кешір мені» дейтіні бар (қорс-қорс жыладым). Ағасының «Не үшін кешірім сұрайсың?» деп шыжбалақтағанына, найзағайлы құдай «Мен де сені кешірдім» деп жауап береді. Немесе Гефестің кім екенін сіз бен бізге түсіндіру үшін Андромеда міндетті түрде «Гефест деген кім?» деп сұрайды. Немесе Арес «әкем», «бауырым» дегенді сөз арасында Зевс пен Персейге қатысты міндетті түрде айтып отырады. Дұрыс қой, попкорн жеп ауыз-басы малжаңдап отырған көрермен қайдан білсін кімнің кім екенін…Түсінемін, баз біреулер грек мифологиясы туралы мүлде мәлімет қарастырмаған шығар. Біреуге ол керек те емес шығар. Бірақ сеніңіз, бір айтылған деректің мың қайтара айтылуы миды тоздырады-ақ. Ми демекші, «Титандар қаһарының» әсері көзіңіздің қарашығынан ары аса қоймайды. Әлгіндей сәттерде аздап ашу импульcтерін жібергеніңіз болмаса, жалпы алғанда экранға еш мағынасыз көзбен қарап-ақ не болып жатқанын түсініп отырасыз. Жаңа режиссер Джонатан Либесманда кінә жоқ деп ойлаймын, «Лос-Анджелес үшін шайқасты» түсірген маман жаңа туындысын әрлеп-сырлауға тырысқан-ақ сияқты. Көрермен ретінде менің көңілімді қалдырған сценаристер Дэн Мазо, Дэвид Джонсон, Грег Берланти болды. Әйтпегенде, әжептеуір дүние шыққандай-ақ екен.«Титандар қаһары» «Фавн лабиринті» емес, қайбір актердің кәсіби шеберлігін бөле-жара атау ауырлау. Қабақты түйіп, кіжіне жүгіріп, қылышпен оңды-солды сермеу кинода қиын іс емес. Бірінші бөлімнен кейін балықшы болып безіп кеткен, бірақ, кейін тірі тұрғанда әкемді тентіретпеймін деп Тартарға тартатын Персей (Сэм Уорингтон), «ақсақалды қария, ақылы көп дария» бас кейіпкердің әкесі Зевс (Лиам Нисон), таяғына сүйеніп, әуелі жауыз, артынан мейірімді баба бола қалған Аид (Рэйф Файнс), Посейдонның әрі қу, әрі бұзақы бел баласы Агенор (Тоби Кеббел), ақсары шашын жайып, алқызыл еріндерін бас қаһарманға өпкізген Андромеда (Розамунд Пайк) – бұл кейіпкерлердің барлығын кино саласында көпшілікке танымал деген актерлер ойнайды. Бірақ, сіз, ең болмағанда «Аватардағы» Уорингтонның (Джек Салли) рөлінен алғандай әсерді бұл фильмнен ала алмайсыз.Жобаны құтқарып қалған 3D-эффектілер, түсініксіз тілде сөйлесетін циклоптар, екі басты химера, алып отты Кронос, мүйізді Минотавр, шым-шытырық лабиринт, арқалары бір-біріне жабысып қалған қу сүйек қаңқа жауынгерлер, әдемі табиғи көріністер. Бас қаһарманның үлкенді-кішілі түрлі құбыжықтармен қырылысқаны қызық, әйтеуір, қазіргі технология кітапта оқып, көзіңе елестеткеніңді алдыңа әкеліп көрсете алатын болды ғой. Оған да шүкір. P.S. Грек мифологиясы бойынша Уран (аспан) мен Геядан (жер) туған еркегі-әйелі аралас 12 титанды бұл фильмнен ырымға таппайсыз…" ## Фильмнің саунтектері Wrath of the Titans Javier Navarrete Humans Stopped Praying Javier Navarrete Zeus in the Underworld Javier Navarrete Attack of the Chimera Javier Navarrete Son of Zeus Javier Navarrete ## Тағы қараңыз Грек мифологиясы ## "Титандардың қаһары (Wrath of the Titans / Гнев Титанов)"фильмі Жыл:2012 Ел: АҚШ , Испания Режиссер: Джонатан Либесман Басты рөлдерде: Рэйф Файнс , Лиам Нисон , Розамунд Пайк , Дэнни Хьюстон , Эдгар Рамирес , Билл Найи , Сэм Уортингтон , Тоби Кеббелл , Джон Белл , Лили Джеймс Продюсер: Бэзил Иваник Жанр: Фэнтези , Боевик , Қызық оқиғалы Бюджет:$150 000 000 Әлемдік табысы:$305 270 083 Қазақстандағы табысы:$918 098 Әлемдік премьера: 28 наурыз 2012 Қазақстандағы премьера: 29 наурыз 2012 Жас шектеуі:PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды Ұзақтығы: 99 минут ## Қысқаша суреттемесі Теңіз құбыжы Кракенді Персей жеңгеннен кейін 5 жыл өтеді. Енді батыр қарапайым күн кешіп, 10 жасар ұлын тәрбиелеуде. Дегенмен Құдайлар мен Титандар арасындағы билікке талас әлі тоқтай қоймаған еді. Аид бастаған бүлікшілер Титандардың әміршісі Кроноспен бірігіп Зевсті тағынан тайдыру әрекетін тағы ұйымдастырады. Персей серіктес жауынгерлермен бірге әкесі Зевсті құтқару үшін тағы жорыққа аттанады. ## Рейтинг 4.5/10 ## Сын,рецензия "«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқанГефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан«Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады. «Титандар шайқасының»(шатаспаңыз) сиквелі болған бұл фильм бізге түсіру командасын толықтай өзгертіп келіпті. Тек толқынданған бұйра шашын жіберген Персей бастаған негізгі актерлар тобы ғана сол қалпы (Андромеданы бұл жолы Розамунд Пайкойнайды).Алғашқы фильмде Кракенді құрдымға жіберген Персейдің осы жолғы шабысы бөлек: ағаш тақтайменХимераның отын қайтарады, қанатты атымен бірге «атасы» Кроностың лавалы жауынының астында қалады, лабиринтта адасады, Минотаврдың мүйізінен оңбай таяқ жейді, бір сөзбен айтқанда, көрмеген құқайы қалмайды. Бірақ, бейнеттің де зейнеті бар, ақыр соңында… ә, жоқ, оны өздеріңіз көріп аларсыздар. «Титандар қаһарының» кемшілігі 3D-эффектілер де, актерлер ойыны да (туынды оны қажет етпейтін де сияқты),сюжеттік желісінің қарабайырлығы да емес. Фильмді құртқан топас диалогтармен осыған дейін жүздеген, мыңдаған фильмде кездескен қисын мен көркемдіктен жұрдай «адами» көріністер.Кроносқа еркінен тыс күшін беру үшін Аид пен Арес қол-аяғын керіп тастағанда, «а-ля Иса Мәсіх» стиліндегіЗевстың «Аид, кешір мені» дейтіні бар (қорс-қорс жыладым). Ағасының «Не үшін кешірім сұрайсың?» деп шыжбалақтағанына, найзағайлы құдай «Мен де сені кешірдім» деп жауап береді. Немесе Гефестің кім екенін сіз бен бізге түсіндіру үшін Андромеда міндетті түрде «Гефест деген кім?» деп сұрайды. Немесе Арес «әкем», «бауырым» дегенді сөз арасында Зевс пен Персейге қатысты міндетті түрде айтып отырады. Дұрыс қой, попкорн жеп ауыз-басы малжаңдап отырған көрермен қайдан білсін кімнің кім екенін…Түсінемін, баз біреулер грек мифологиясы туралы мүлде мәлімет қарастырмаған шығар. Біреуге ол керек те емес шығар. Бірақ сеніңіз, бір айтылған деректің мың қайтара айтылуы миды тоздырады-ақ. Ми демекші, «Титандар қаһарының» әсері көзіңіздің қарашығынан ары аса қоймайды. Әлгіндей сәттерде аздап ашу импульcтерін жібергеніңіз болмаса, жалпы алғанда экранға еш мағынасыз көзбен қарап-ақ не болып жатқанын түсініп отырасыз. Жаңа режиссер Джонатан Либесманда кінә жоқ деп ойлаймын, «Лос-Анджелес үшін шайқасты» түсірген маман жаңа туындысын әрлеп-сырлауға тырысқан-ақ сияқты. Көрермен ретінде менің көңілімді қалдырған сценаристер Дэн Мазо, Дэвид Джонсон, Грег Берланти болды. Әйтпегенде, әжептеуір дүние шыққандай-ақ екен.«Титандар қаһары» «Фавн лабиринті» емес, қайбір актердің кәсіби шеберлігін бөле-жара атау ауырлау. Қабақты түйіп, кіжіне жүгіріп, қылышпен оңды-солды сермеу кинода қиын іс емес. Бірінші бөлімнен кейін балықшы болып безіп кеткен, бірақ, кейін тірі тұрғанда әкемді тентіретпеймін деп Тартарға тартатын Персей (Сэм Уорингтон), «ақсақалды қария, ақылы көп дария» бас кейіпкердің әкесі Зевс (Лиам Нисон), таяғына сүйеніп, әуелі жауыз, артынан мейірімді баба бола қалған Аид (Рэйф Файнс), Посейдонның әрі қу, әрі бұзақы бел баласы Агенор (Тоби Кеббел), ақсары шашын жайып, алқызыл еріндерін бас қаһарманға өпкізген Андромеда (Розамунд Пайк) – бұл кейіпкерлердің барлығын кино саласында көпшілікке танымал деген актерлер ойнайды. Бірақ, сіз, ең болмағанда «Аватардағы» Уорингтонның (Джек Салли) рөлінен алғандай әсерді бұл фильмнен ала алмайсыз.Жобаны құтқарып қалған 3D-эффектілер, түсініксіз тілде сөйлесетін циклоптар, екі басты химера, алып отты Кронос, мүйізді Минотавр, шым-шытырық лабиринт, арқалары бір-біріне жабысып қалған қу сүйек қаңқа жауынгерлер, әдемі табиғи көріністер. Бас қаһарманның үлкенді-кішілі түрлі құбыжықтармен қырылысқаны қызық, әйтеуір, қазіргі технология кітапта оқып, көзіңе елестеткеніңді алдыңа әкеліп көрсете алатын болды ғой. Оған да шүкір. P.S. Грек мифологиясы бойынша Уран (аспан) мен Геядан (жер) туған еркегі-әйелі аралас 12 титанды бұл фильмнен ырымға таппайсыз…" ## Фильмнің саунтектері Wrath of the Titans Javier Navarrete Humans Stopped Praying Javier Navarrete Zeus in the Underworld Javier Navarrete Attack of the Chimera Javier Navarrete Son of Zeus Javier Navarrete ## Тағы қараңыз Грек мифологиясы
Әбу Махмұд Хамид ибн әл-Хизр әл- Ходжанди (тәж. Абу Махмуд Хамид ибни ал-Хизр ал-Хучанди) – Ходжент қаласында туып өскен және Рейде еңбек еткен парсылық математик және астроном. Оның жақсы танысы Аль-Бирунидің айтуынша, ал-Ходжанди ’’өз кезеңінде астролябтар мен басқа құралдарды құрастырудың өте ерекше көрінісі болды’’. Ол Рей жерінде әлемге танымал ‘’Фахтиев секстантын’’ құрды, бұл Ал-Бируни трактаттарында сипатталған. Ал-Ходжанди бірқатар астрономия ғылымының еңбектерін жазған: ’’Астролябпен әрекеттер туралы кітап «Заркала»’’, ’’Әмбебап құрал туралы кітап’’, ’’Көкжиектің тимпаны туралы кітап’’, ’’Эклиптиктің көлбеулігін анықтау туралы кітап ’’, ’’Аймақтың көлбеулігі мен кеңдігін анықтау туралы кітап’’, ’’Құбыла азимуты туралы кітап’’. ‘’Өткен түннің сағаттары туралы кітапта’’ ал- Ходжанди (Абуль-Уафа мен Ибн Иракпен бір кезде) сфералық үшбұрыштың синустар теоремасын дәлелдеп, сфералық астрономия есептерін шығарылуын жеңілдетті, одан бұрын олар толық төртжақ үшін арналған Менелая теоремасы арқылы шығарылды. Анықталмаған анализде ал-Ходжанди кубтық сандардың сомасы кубтық сан бола алмайтынын дәлелдеуге тырысты – бұл ұлы Ферма теоремасының жеке оқиғасы. Бұл дәлелдеу сақталмаған; ол туралы Ибн ал-Хусайн өз шығармасында айтып кетті. ## Әдебиеттер * Абдулла-заде Х. Ф., Негматов Н. Н. Абу Махмуд Худжанди. Душанбе: Дониш, 1986. * Булгаков П. Г. Ранний трактат Бируни о секстанте Фахри. Историко-астрономические исследования, 11, 1972, с. 211—219. * Матвиевская Г. П. Учение о числе на средневековом Ближнем и Среднем Востоке. Ташкент: Фан, 1967. * Матвиевская Г. П. Очерки истории тригонометрии. Ташкент: Фан, 1990. * Таги-заде А. К., Вахабов С. А. Астролябии средневекового Востока. Историко-астрономические исследования, 12, 1975, с. 169—225. * Таги-заде А. К. Квадранты средневекового Востока. Историко-астрономические исследования, 13, 1977, с. 183—200. ## Сілтемелер * Джон Дж. О’Коннор и Эдмунд Ф. Робертсон. Абу Махмуд аль-Ходжанди
Муравьев Михаил Никитич (5. 11. 1757, Смоленск, - 10. 8. 1807, Петербург) – орыс жазушысы, қоғам қайраткері. 1768 – 1770 ж. Москва университеті жанындағы гимназияда, кейіннен университетінде оқыды. 1803 жылдан бастап халық ағарту министірлігінде, Москва университетінде қызмет істеді. Ағарту саласындағы реформаларға, ғылыми, әдеби қоғамдарға қарауға, газет, журналдар уйымдастыруға белсене қатысты. Оның 1773 ж. «Мысал өлеңдер», «Аударма өлеңдер» 1774 ж. «Әскери әндер», «М. В. Ломоносов туралы сөз», 1775 ж. «Ода» т.б. шығармалары жарияланды. М. өз творчествосында табиғатты суреттеуге баса назар аударды, жаңа өлшем, образ жүйесін табуға тырысты, итальян және грек поэзиясын зор ыждағаттықпен зарттеп үйренді. М. – орыс сентиментализмнің негізін салушылардың бірі. Ол – «Оскольд» повесі және көптеген балладалық шығармалардың авторы.
Бағрам Мұсаұлы Мусин (1. 10. 1906 ж. т., Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы (қазіргі Шал ақын ауданы), 3-ауыл - 1978 жыл) – ғалым-зоотехник. Ғылым кандидаты (1936), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі. 1 Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институын бітірген (1932). 1936 жылдан Қазақтың мал өсіру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер. Малдың жаңа тұқымы – қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1951) атағы берілген. Мусин Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ГОЛОСОВАНИЕ ЗА ЛУЧШИЙ ОТВЕТ * Реферат по биологии 6 класс баграм мусаулы мусин
Аштық ойындары (ағыл. The Hunger Games ) — режиссёр Гэри Росстың Сьюзен Коллинзтың романдары бойынша түсірілген фильмдер жинағы. Әлемдік көрсетілімі 2012 жылы 12 наурызда шықты. Фильмнің слоганы: «Сәттілік сендермен бірге болсын!» ## Сюжет Болашақ. Мемлекет жыл сайын өлімге бәс тіккендердің арасында ойын өткізеді, бұны бүкіл әлем тікелей эфирден тамашалайды. Жеребе тартылып, Ойындарға қатысу бұйрығы жас Китнисс пен оған сырттай ғашық Питке беріледі. Олар бала кезден бері дос, бірақ енді бір-біріне жау болады. Аштық ойындарының заңына сәйкес 24 қатысушының ішінде біреуі ғана жеңіске жете алады. ## Рөлдерде * Дженнифер Лоуренс , * Элизабет Бэнкс , * Стэнли Туччи , * Джош Хатчерсон , * Вуди Харрельсон , * Лиам Хемсворт , * Дональд Сазерленд , * Уэс Бентли , * Тоби Джонс , * Уиллоу Шилдс , * Александр Людвиг , * Ленни Кравиц , * Сандра Эллис Лэфферти , * Паула Малкомсон , * Дайо Окенайи , * Амандла Стенберг ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты * Киностан сайтныда рейтингі Мұрағатталған 1 ақпанның 2015 жылы. * http://www.imdb.com/title/tt1392170/ * Internet Movie Database сайтында
6 қаһарман немесе Қайтпас қайсар (ағылш. Big Hero 6) — 2014 жылы жарық көрген режиссер Дон Холл мен Крис Уильямстың анимациалық 2D және 3D-да шыққан мультфильмі. «Walt Disney Animation Studios» студиясымен жасалып, «Walt Disney Pictures» кинокомпаниясымен шықты. Әлемдік премьерасы 2014 жылы 23 қазанда, ал Қазақстанда 25 қазанда шығып, 〒230 302 081 табыс тапты. ## Сюжет Хиро Хамада есімді жасөспірім роботтар құрастырудың шебері. Ағасы Тадашимен бірігіп, Сан-Францисконың техникалық университетінде ең озық идеяларды іске асырады. Бірқатар құпияға толы оқиғалардан кейін олар әлдемкімдердің қастандығына тап болады. Сол кезде Хиро Бэймакс деген көңілді әрі мейірімді роботты соғысатын етіп қайта бағдарламайды. ## Басты рөлдерді дыбыстаған * Алан Тьюдик * Дженезис Родригез * Джеймс Кромуэлл * Джейми Чунг * Майя Рудольф * Дэниэл Хенни * ТиДжей Миллер * Чарльз Адлер * Кіші Дэймон Уайанс * Кэти Лоус * Райан Поттер ## Манга 2014 жылдың 20 тамызынан бастап Харуки Уэноның иллюстрациялары «Баймакс» аталып, Kodansha’s Magazine Special-да шығарылып жатыр. ## Саундтрек «Immortals»-тан басқа өлендердің барлығы Генри Джекманның туындылары. * «Immortals» — Fall Out Boy * «Hiro Hamada» * «Nerd School» * «Microbots» * «Tadashi» * «Inflatable friend» * «Huggable Detective» * «The Masked Man» * «One of the Family» * «Upgrades» * «The Streets of San Fransokyo» * «To the Manor Born» * «So Much More» * «First Flight» * «Silent Sparrow» * «Family Reunion» * «Big Hero 6» * «I Am Satisfied With My Care» * «Signs of Life» ## Сыртқы сілтемелер * Internet Movie Database сайтында * Киностан сайтында Мұрағатталған 1 ақпанның 2015 жылы.
Матақ – Нұра алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алқабы 1740 км2. ## Бастауы Шымылдықжал тауындағы бұлақтан басталып, Үлкен Шөладыр тауы тұсында Нұраға құяды. Арнасы көбіне тік жарлы. ## Гидрологиясы Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны Матақ бекеті тұсында 0,13м3сек. Алабы жайылым. ## Дереккөздер
Жігіттің зары-Рысбек Жәкеновтің өз айтуынан жазылып алынды. Дүниеден өткен адамға арнап шығарылған осы тәрізді әндер жоқтаудың бір түріне жатады.Бірақ олар Балқаш өңірінде "Жоқтау","Дауыс қылу"сияқты ешқашан да копшілік алдында айтылмйды.Зарлы әндерді ер адам ен далада шөп шауып немесе мал іздеп жүрген кезде айтады.Ал,мұнды әндерді әйелдер де айта береді.Қазақта оны мұнын шағу дейді .Мұнды әндер-жоқшылықтың тауқыметін әбден тартқан кезде қолғабысын тигізсін деген мақсатта ең жанашыр адамының алдында ғана жылап отырып айтатын,халық фольклорында өте сирек кездесетін шығармалар. ## Дереккөздер Қазақ музыкасы кітабы, 2005 жыл алматы, 455 бет
Дер кезінде (ағылш. About Time) — 2013 жылы британдық режиссер Ричард Кёртис түсірген фильм. Басты рөлдерде: Донал Глисон, Рэйчел МакАдамс, Билл Найи, Том Холландер, Марго Робби, Лидия Уилсон, Линдсэй Дункан, Уилл Меррик. Сценарийді жазған: Ричард Кёртис, продюсеры Тим Беван, Эрик Феллнер. Фильмнің жанры комедия, драма, фантастика. Фильм слоганы:"A new funny film about love. With a bit of time travel." Фильмнің бюджет:$9 500 000, әлемдік табысы: $82 922 921 ## Қысқаша сюжеті Тимнің өмірде жолы болды, ол жас, көркем, болашағынан үміт күттіретін адвокат, сондай-ақ уақытқа сапар шеге алады. Арманындағы қызды сүйсіндіру үшін, ол алғашқы кездесу күнін қайталап бастан өткізуге бар. Негізінде бір көргеннен ғашық болу әрдайым бірінші әрекеттен-ақ сәтті бола бермейді. ## Дереккөздер
Қарда жүргіш — қыс мезгілінде қарда сырғанауға арналған механикалық шана. ## Шығу тарихы Әлемдегі ең бірінші қарда жүргішті ойлап тапқан Жозеф-Арман Бомбардье Канада-ның Валькур қыстағында 1907 жылы дүниеге келген. Ол бала күнінен қолымен бір нәрсе жасауды, құрастыруды жақсы көрген. Жақындары оның бойынан ерекше инженер-лік қабілетін байқаған. Жозеф-Арман Бомбардье 13 жасында өзінің ең алғашқы механикалық ойыншығы – паровозды құрастырды және оның қозғалтқышы ретінде үстел сағатының механизмін пайдаланды.Жасөспірім кезіңде, оған қалың қарда жүретін машина құрастыру туралы ой келді. Канадада қар көп жауады және қыста жолдар қар астында қалады.15 жасында ол өзінің ең алғашқы «механикалық шанасын» – қарда жүргішті құрастырды. Бір-бірінің артына бекітілген шаналарда ескі «Форд» көлігінің қозғалтқышы орнатылды, ал оған ұшақтың үлкен пропеллері (әуе винті) бекітілді. Сосын, көп жылдар бойы Жозеф жылдам әрі жеңіл машинаны жасап шығаруға тырысты. Ол қарда жүргіштің өнеркәсіптік түрлерін және қазір қысқы демалысты жақсы көретіндер отыратын бір орынды түрінде ойлап тапты. ## Дереккөздер
Аққан жұлдыз — Сәбит Мұқановтың романы, екі кітаптан тұрады. Бұл шығарма атақты ғалым Шоқан Уәлиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма. Мұқанов осы тақырыпта "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды. Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Аққан жұлдыз» (1967-1970) романы туды. Жазу барысында арнайы Қытайға, Шыңжаң өлкесіне барып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп біледі. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларын күні-түні ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Шоқанның қоғамдық өмірден шеттелуіне, одан «безінуі» мен «түңіліске» патша шенеуніктері тарапынан көрсетілген сенімсіздік пен жан күйзелісі себепші болады. Оның астарында Шоқан Уәлихановтың өз халқының шығу тегін қазбалау, этностық аумағы мен жер-су аттарының түп-төркінін анықтау, «еркіндік» пен «теңдік» туралы идеялары жатты. «Тұманды дәуірде» өмір сүріп, өз халқының алдында «болу не болмау» мәселесінің тұрғанын бүкіл болмысымен, жан-дүниесімен ұғынған Шоқан Уәлиханов ұрпақтары үшін жарық жұлдыз екенін Сәбит Мұқанов тағы бір дәлелдеді. Өз халқын жан-тәнімен сүйген Шоқанды «тамаша ойшыл» ретінде суреттейді. Еңбектің көркемдік жағы Шоқанның тұлғасын өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігін сынай отырып жазылуымен ерекшеленеді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының ара-жігі, сол кезеңде қабылданған реформаның, патшалық Ресейдің қол астына кірген қазақтың жайы кеңінен қамтылған. Шоқан туралы жазған еңбегінің 2 кітабы ғана аяқталған. Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды.
Жазылбеков Нұрлан Әбдіжапарұлы - Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі 1956 жылы Алматы облысында туған. Алматы энергетика институтын (1981 ж.), Экономика және құқық академиясын (2004 ж.) бітірген. Оқу бітіргеннен кейін Алматы энергетика институтында ғылыми қызметкер, Жамбыл шыны зауытында бас энергетик болып жұмыс істеген. 1987-1989 жж. – Жамбыл қаласының тұрғын үй шаруашылығы өндірістік тресі электр қызметінің бастығы. 1989-1991 жж. – Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты ҒЗЖ-ның бас инженері. 1991-2012 жж. - кәсіпкерлік қызмет атқарды. 2003-2012 жж. – «Қарасай кәсіпкерлер одағы» ҚБ төрағасы. 2009-2012 жж. – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» Алматы облысы бойынша басқармасының төрағасы. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2005 жылдан бастап - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» басқармасының мүшесі. 2011 жылдан бастап - «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі. 2012 жылдан бастап - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» төралқасының мүшесі. «Құрмет» орденімен, 2 дәрежелі «Атамекен» медалімен, «Тандаулы тұлғалар» энциклопедиясының батыры құрмет медалімен марапатталған. Үйленген, төрт баласы бар. ## Дереккөздер
Джон Р. Р. Толкин жазған Сақиналар әміршісі романы желісімен Питер Джексонның түсірген трилогиясы. Келесі фильмдерден тұрады: * Сақиналар әміршісі: Сақина бауырластығы (2001), * Сақиналар әміршісі: Екі қамал (2002), * Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы (2003). ## Түсіру тобы ## Қызықты деректер •"Сақиналар әміршісі" кітабы бойынша кино түсіруге рұқсат 1969 жылы алынған. Алғашқы фильмге «The Beatles» тобының әншілері түспекші болған. Джон Леннон Голлумды, Пол МакКартни - Фродо, Ринго Старр – Фродоның досы Сэмді, ал Джордж Харрисон Гендальф ролін сомдамақшы болған. Алайда, режиссер Стэнли Кубрик мұндай фильм түсіру мүмкін емес деп бас тартқан. •Питер Джексон алғаш рет фильмді түсіре бастаған кезде "Сақиналар әміршісі" кітабының 27 данасын құртқан, ол әр кітапқа өз ойларын жазып, сол беттерді түсірілім кезінде жыртып алып отырған. •Фродоның ағасы Бильбо Беггинстың ата-анасының суретін Питер Джексон өз қолымен салған. •"Сақиналар әміршісі" фильмі бас-аяғы 17 Оскар сыйлығын алған. Фильмнің 3- бөлімі 11 оскарға ие болды. Бұндай жетістік тек "Титаник" пен "Бен-Гур" фильмдерінде ғана бар. •Фильмді түсіру барысында барлық актерлар парик киіп жүрген. Тек Питер Джексонның ұлы Билли ғана парик кимеген. Себебі, режиссер өзінің ұлының шашын "нағыз хоббиттердің шаш үлгісі" санаған. Айтпақшы, фильмнің 3 бөлімінде режиссердың ұлы мен қызы және өзі түскен. •Фильмді түсіру кезінде хоббитердің «аяғы» мен «құлақтарының» 1800 сыңары қолданған. Себебі, киноны түсірудің әр күні жаңа аяқ киім киюге тура келген. Ал киілген аяқ киімдер сол күні өртеліп отырған. •9 бауырды сомдаған 9 актердың сегізінде эльфтер таңбасы бойынша жазылған "9" бейнеленген татуаж бар. Элайджи Вудта ол таңба ішінің төмен жағында, ал Блумда иығының астында, ал 2 актерда тобығында болса, қалған төртеуінің иығында орналасқан. Бұл татуажды салудан гном Гимли Джонды сомдаған актер Рис-Дэвис бас тартқан. • Фильмді Жаңа Зеландия аралдарында түсірген. Түсіру жұмыстары Жаңа Зеландия мемлекетіне 200 миллион доллар пайда әкелген. Жаңа Зеландия мемлекеті киноның түсірілуіне көп көмектескен, тіпті "Сақина әміршісі" фильмі бойынша министірлік құрған. •Фильмді түсіру кезінде Жаңа Зеландия аралдарына өте көп мөлшерде шаштар алынып келінген. Бұл шаштардан актерларға париктер жасалған. Шаштардың басым бөлігі Ресейден сатылынып алынған екен. • Weta Workshop компаниясы "Сақиналар әміршісі" фильміне арнайы 10 мың жебе, 500 садақ және 48 мың қорғаныш құралдарын жасап шығарған. ## Тағы қараңыз * Хоббит (кинотрилогия) ## Сыртқы сілтемелер * http://www.lordoftherings.net/
Ханды Жұбату - Күйдің анызын айтып,орындаған Қ.Құмақайұлы.Күй туралы аңыз :Ерте кезде Бір хан болыпты.Ханның жалғыз баласы жаугершілікте қаза табады.Ұлының қайғысын көтере алмай ,бүк түсіп жатып қалған ханды жұбатуға ешкімнің дәрмені жетпейді. Бұл хабарды ел аралап ,күй тартып жүрген бір сыбызғышы ақсақал естиді.Ол хан сарайының алдына келіп, сыбызғысын тартады.Сыбызғы үнін естіген хан басын көтеріп ,уәзірлеріне :Мына сыбызғы Тартып отырған адам кім екен,бері шақырындаршы,деп әмір етеді.Сыбызғышыны ханның алдына алып келеді.Хан оның сыбызғы тартуын өтінеді.Сыбызғышы қарт көңіл толқытатын мұнды күй тартады.»Бұл күйдің аты не?»-деп сұрайды хан.»Күйімнің аты «Жұбату»-еді,-деп жауап қатады сыбызғышы.Хан сол күйді сыбызғышыға қайта-қайта тартқызып ,бірнеше күн қонақ қылып ,астына ат мінгізіп,үстіне шапан жауып аттандырады екен."Хан жұбату" күйі осыдан қалыпты. ## Дереккөздер Қазақ музыкасы кітабы , Алматы 2005 жыл -459 бет http://referatik.kz/load/azasha_referattar/n/aza_khaly_muzykasy_turaly/8-1-0-1276 Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Шәңгек - тармақтала өскен бұтақтары бар қатты ағаштан, еліктің мүйізінен немесе темірден жасалған аспа. Оны көбіне қазақтар жоғары байлап қойып малды іліп сою үшін пайдаланған. Ағаштан жасалынған бірнеше шәңгектерді көлденең асылған бақанның бойына бекітіп, соғымды кептірген. Темір Шәңгек сан алуан жұмыстарға (құдыққа түскен заттардыалу, салдауыр орнына қолдану, құз-жартасқа өрмелеу, т.б.) пайдаланылады. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Дени́с И́горевич Царгу́ш (абх. Денис Царгәы́ш; 1987 жылы 1 қыркүйекте туған) - ресейлік балуан. Төрт дүркін Ресей чемпионы (2006, 2009, 2010, 2012), үш дүркін Еуропа чемпионы (2010, 2011, 2012), үш дүркін әлем чемпионы (2009, 2010, 2014). Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. Ұлты - абхаз. Діні бойынша - мұсылман. ## Дереккөздер https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A6%D0%B0%D1%80%D0%B3%D1%83%D1%88,_%D0%94%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%81_%D0%98%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87
Бағрам Мұсаұлы Мусин (1. 10. 1906 ж. т., Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы (қазіргі Шал ақын ауданы), 3-ауыл - 1978 жыл) – ғалым-зоотехник. Ғылым кандидаты (1936), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі. 1 Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институын бітірген (1932). 1936 жылдан Қазақтың мал өсіру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер. Малдың жаңа тұқымы – қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1951) атағы берілген. Мусин Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ГОЛОСОВАНИЕ ЗА ЛУЧШИЙ ОТВЕТ * Реферат по биологии 6 класс баграм мусаулы мусин
Қыз алып қашқан- Күй Қ.Кәлектен жазылып алынды.Нотаға түсірген А.Хабыкей.Күй туралы аңыз :жалғыз қызы бар бір баймен жалғыз ұлы бар екеуі құда болады.»Екі жарты бүтін болсын ,сән-салтанаты келіскен түтін болсын!Біреуміз келінім демейік,біреуіміз күйеуім демейік.Екеуіміздің ортамыздағы екеуімізге ортақ отау болсын»-деп келіседі.Берік сөз байласқан екі байдың бесікте құдалық сөйлескеннен кейінгі қарым қатынасы күн өткен сайын нығая береді.Екі бай іргелес жайлап,іргелес қонып ,екі ауылдың ортасына дәнекер боп тігілген сәнді отауды асыға күтеді.Қыз бен бала бірге ойнап ,біте қайнасып өседі.Сәби жүрек бірінің-біріне құдалық жолымен таңылғанын да сезбейді.Олар күні ертеңгі бір-бірінен бөлінбес бір бүтін болғандықтан емес ,балалық жетелеуімен ойын қызығына ерумен де тату өседі.Ұл ер жетіп,қыз бойжеткеннен кейін аралары алыстай бастайды.Қолан шашты салиқалы қыз жігіт жүрегін баурап,жүрегіне от тастағанымен қыз жігітті сүймейді.Жігіттің ештемеге икемі жоқ дөрекі қимылы,шөп басын сындырмайтын еріншектігі,дүнк мінезі қыз сезімін аулақтата береді .Бірақ бесіктен құда боп,қысқа арқан ,та тұсаусап қойғанын естіген жігіттің жақтыртпағанымен шаруасы да болмайды. Жігіт қызды еріксіз алып қашады екен. ## Дереккөздер Қазақ музыкасы кітабы, алматы 2005 жыл, 460 бет http://kzmusic.ucoz.net/load/terme_men_tol_aular/terme_men_tol_aular/aza_ty_d_st_rli_my_k_ji/22-1-0-70
Шеттентек – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі Күнгей жотасының солтүстік беткейінен басталып, Тоқжайлау ауылынан 6,5 км төменде Ортатентек өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 49 км. Су жиналатын алабы 415 км2. Аңғары тар шатқалды, Күнгей жотасы мен Қайқаң таулары арасындағы тауаралық ойпаңға шыға кеңейе түседі. Алабында бұлақ, бастау, тұмалар көп. Негізгі салалары - Айпара, Жіңішке, Қарасай. Мамыр-шілде айларында тасып, қазан айынан бастап сабасына түседі. Суының минералдылығы 50-250 мг/л. Ағыны қатты, суы мол. Көп жылдық орташа су ағымы сағасы тұсында 3,60 м3/с. Суы Тоқжайлау ауылын тұрмыстық-шаруашылық суымен қамтамсыз етуге пайдаланды. ## Дереккөздер
Шетен қора - талдан тоқылған шаруашылық құрылысы. Ол құрылыс материалдары тапшы жерлерде тұрғызылады. Шетен сөре ұзындығы 3-3,5 м, биіктігі 1,5-2 м етіп жас талдан тоқылады. Бұл үшін ұзындығы 2-2,2 м, диаметрі 3-3,5 см ұшталған қадаларды бір-бірінен 30 см жерге қадайды да, жіңішке жас шыбықтарды бірін астынан, бірін үстінен алып, қадаларын алма кезек айналдыра, төменнен жоғары қарай өріп, тоқиды. Осылай даярланған шетек сөрелерді біріне-бірін жалғастырып, түйістіріп, төбесін жауып, мал қоралар, төл қамайтын орын, ықтасын, құрал-жабдықтар сақтайтын қоймалар, т.б. шаруашылыққа қажетті құрылыстар жасалынады. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Ұшардың ұлуы — Қорқыттың авторлығында жеткен күй. Алғаш рет М.Жарқынбековтың «Ғасырлар үні» оқу құралында 1986 жылы жарық көрген. Антологияға кірген күйдің осы түрі нотаға неғұрлым нақты түрінде түсірілген. Аңызын айтып, күйін тартып берген Н.Шәменұлы (1883-1979), жазып алған М.Жарқынбаев. ## Күйдің аңызы Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармаймын. Ұшар деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көзі - тазыны іздесе, ол ұшты-күйді жоқ боп шығады. «Ескі жұртта қалған болар!» - деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген ана: «Жалғызымнан айрылдым ,Қанатымнан қарйылдымҰшар, Ұшар, кә, кә...»- «Жалғызымнан айрылдым ,Қанатымнан қарйылдымҰшар, Ұшар, кә, кә...»- деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінен айрылған тазы - қос мұңлық қосылып күіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға айланысты шығарған күйі «Ұшардың ұлуы» деп аталады. ## Дереккөздер
## Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңін талдау Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген. «Отыз бір – он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды. Жылады сорлы халық малын айтып, «Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», - Дейді де, еңірейді, егіледі Қайғының күндіз-түні күйін тартып. – Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда, атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр. Жөнелді абақтығы соры қайнап. Барады боздақтардың көзі жайнап. Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ Білмеді не боларын сырттағы ел Қамалғандарды тірідей тартты азап. Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек. Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі: ... Аттандық ұлығының қонысына Елді сорған борсықтай болысына. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып Көксеген азаттықтың соғысында. Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ. ## Дереккөздер http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/25220/ ## Сыртқы сілтемелер http://bankreferatov.kz/kazakstan-tarihi/888-zh-zhabaev.html http://e-history.kz/ru/biography/view/25 ## Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңін талдау Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген. «Отыз бір – он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды. Жылады сорлы халық малын айтып, «Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», - Дейді де, еңірейді, егіледі Қайғының күндіз-түні күйін тартып. – Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда, атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр. Жөнелді абақтығы соры қайнап. Барады боздақтардың көзі жайнап. Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ Білмеді не боларын сырттағы ел Қамалғандарды тірідей тартты азап. Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек. Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі: ... Аттандық ұлығының қонысына Елді сорған борсықтай болысына. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып Көксеген азаттықтың соғысында. Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ. ## Дереккөздер http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/25220/ ## Сыртқы сілтемелер http://bankreferatov.kz/kazakstan-tarihi/888-zh-zhabaev.html http://e-history.kz/ru/biography/view/25
Ши жұн ханша (т.ж.б. - б.з.б. 103) - үйсін күнбиіне ханымдыққа берілген Хань елінің қызы. Ғұн еліне қарсы соғыста өзінің дәрменсіздігін түсінген Хань империясы далалық мемлекеттер арасындар одақтас іздейді. Осы мақсатпен б.з.б. 108 ж. У-ди патша туысы князь Жиәннің қызы Ши жұн ханшаны "император қызы" деп Елжау биге ұзату туралы шешім қабылдады. Хань паншалығының ханшасы Ши жұн ханшаны Үйсін еліне ұзату әдеттегі құдалық қатынас емес, олардың ғұндарға қарсы күресіндегі үлкен стратегиялық маңызды мәселе және батыс өңірдегі ең ірі мемлекет - үйсіндермен одақ жасаудың бір тәсілі еді. Ол Хань патшалығының ықпалын батыс өңірге жүргізуге жол ашты. Ши жұн ханшаға Қытай елі жансыздық әрекетті жүктеді. Ол үйсін елін зерттеп, білу және одақтас елдің мықты болуын қамтамасыз ету, ел билеушілерінің басын бірлікте ұстан еді. Тарихта Ши жұн ханшаның "Аққу әні" деп аталатын өлеңі сақталған. Жасы келген Елжау би Ши жұн ханшаны немересі жөнші (Шыншы) биге қосқан. Олардан Шауфу атты қыз дүниеге келген. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Шібір қаған (т.ж.б. - 619) - бірінші Шығыс Түрік қағанатының билеушісі (608-619). 608 ж. күзде Қытайға жартылай бағынышты түркілердің билеушісі қайтыс болды да Суй әулетінен шыққан императо Ян-ди оның орнына Дұғишадты тағайындады. ## Басқаруы Дұғи " Шибір хан" лауазымын қабылдады. Көп ұзамай Қытайда ян-диге қарсы көтеріліс басталды. Осыны пайдаланған Шибир қаған көтерлісшілермен одақтасып, Ішкі Қытайға жорық жасады. Көп ұзамай Шибир қағанның Қытайға жасаған шапқыншылықтары империяның астанасына дейін жетті. Ол көтерісшілердің басшылы Ли Юаньнің император тағына отыруына көмектесті. 618 ж. Ли Юань таққа отырып, өзін Гаоцзу императормын деп жариялап, Тан әулетінің негізін салды. Бірақ билікке қол жеткізген табғаштар түркілерге байырғы қытайлардан бетер жау болып шықты. Сондықтан Шибир қаған оларға қарсы 619 ж. жорыққа аттанды. осы жорық барысында Шибир қаған аяқ астынан ауырып, қайтыс болады. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007. ## Тағы қараңыз
Тарғыл тана — бұл күй Қорқыттың авторлығында жеткен. Аңызын айтып, күйін тартып берген Н.Шәменұлы (1883-979), жазып алған М. Жарқынбаев. ## Күйдің аңызы "Қорқыт қырық жасқа келегенде оған ажалының жақын екендігі жайлы бір құдырет аян береді.Қорқыт жарық дүниені қимай, адам баласы мәңгілік жасайтын Жерұйық іздемекші болып, Желмаясына мініп, жолға шығады. Мұны көрген тәңірі періштелерімен ақылдасып:" Егер бұл адам өлімді ешқашан аузына алмайтын болса, онда мәңгілік өмір сүреді. Жанын олжағанына тәубе қылса, еркіне жіберейік, қанша өмір сүрсе де, жүре берсін",-депті. Бұл сөзді естіген Желмаяға тіл бітіп: "Егер ешбір дүниеге мойын бұрмай, тек қана өмірді ойласаң, мен сені өлімнен алып шығамын",-деген екен. Бұдан кейін Қорқыттың көңілі жайланып, өлімді ешқашан ойына алмауға тырысады. Бір күні Қорқыт Желмаясымен ел аралап келе жатып, далада мал бағып жүрген жас баланы ұшыратады. Қорқыттан үркіп, бір тарғыл тана табыннан бөлініп тұра қашыпты. Оны қайтарам деп қуа жөнелген баланың аяғына шөгір кіріп, танаға жете алмай жылап отыра кетеді. Баланы аяған Қорқыт оны өзі қайтармақшы блады. Бірақ қанша қуса да, тана жеткізбейді. Әбден ыза болған Қорқыт: "Өлсем де жетемін!" - деп өршелене қуады. Мұны естіген тәңірі тарғыл тананы тасқа айналдырып жібереді. Денесі тасқа айналып, жаны шығарда тіл бітіп: Менің өзім қара едімҚарадан туған ала едім.Туған жерім-Қазалым,Мына тау болды-ау ажалым,- деп ыңыранады. Тананың жарық дүниемен қоштасардағы осы қиналысын өрген Қорқыт сол жерде қобызын қолына алып, "Тарғыл тана" күйін шығарған екен. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Тарғыл тана(қолжетпейтін сілтеме) — SazAlem сайтында
Әуппай — Қорқыт атаның авторлығында жеткен қобыз күйі. Алғаш рет 1986 жылы М.Жарқынбековтың «Ғасырлар үні» оқу құралында жарық көрген. Аңызын айтып, күйін тартып берген Н.Шәменұлы (1883-1979), жазып алған М.Жарқынбаев. ## Күйдің аңызы Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-қашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол Дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: "Әуппай, әуппай", - деп жұбатып тұрады. Сонда қолынан келер қауқары, жәрдем берер халі жоқ күйші: Айналайын балам-ай,Жас балаңа алаңдай,Аш болсан да ойыңдаАман сақтау балаңды-ай, - Айналайын балам-ай,Жас балаңа алаңдай,Аш болсан да ойыңдаАман сақтау балаңды-ай, - деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй тілімен сөйлеткен екен. ## Дереккөздер
Шұбар киік- көп тарамаған , аса сирек күй. Бұл да күйменен аңыздың ажырауының мысалы бола алады. Күйдің өз басы жезқазғандық домбырашы Досан Торғайұлынан (Ермұрат Үсеновтың жеткізуінде), ал хикаясы Сыр бойының ақиық жырауы Шәмшат Төлеповадан алынды. Күйде Шұбар киікке келіп болған Мұхамбет пайғамбар бейнесінің ұшырауына қарап, біз күйді архаикалық күй емес, керісінше , сахара мәдениетіне ислам эстетикасы ықпал ете бастаған заманда тууы мүмкін деп жорамалдайды. ## Күйдің аңызы Ертеде көздегенін жібермейтін бір мерген аңшы болыпты. Күндердің күнінде , сар даланы кезіп аң аулап келе жатып, жайылып жүрген жалғыз шұбар киікті көреді. Баспалап келіп тақағанда киіктің желіні шертіп тұрған ұрғашы екенін көреді. Бірақ, аңшы "сенде жазық жоқ , менде азық жоқ" , - деп қолы қалтырамай садақ кезенеді. Әлдебір қатерді сезген шұбар киік селт ете асын көтеріп алады да, садағын кезеп тұрған аңшыны көреді. Жайдың оғындай жебеден құтыла алмасын сезген шұбар киік ааңшыға қиыла сөйлейді. "Ей, Сұрмерген , жаныма сауға сұраймын. Әлі бауыр көтеріп үлгермеген егіз лағым бар еді. Сол панасыз лақтарымды аңсап, жүрегім елжіреп , желінім дертіп келемін. Мені атпа. Тілімді алсаң, "атқан оғын жерге түспесін",- деп батамды берер едім. сонда сен ұшқан құс пен жүгірген аңды құтқармас несібәлі аңшы боласың. Өле-өлгенше тарықпай өтесің! Жаныма сауға сұраймын, атпа!"-дейді. Бірақ аңшы сөзге құлақ аспайды. Садақты тартып жібереді. сол сәтте киелі киік шұбар тасқа айналыпты дейді.Осыдан кейін мергеннің аңшылықта жолы болмапты. ## Дереккөздер Қазақ музыкасы кітабы, Алматы 2005 жыл , 482,483 бет http://collegy.ucoz.ru/publ/24-1-0-9094
Пішен жегілер (Psocoptera) – бунақденелілердің бір тобы. Шала түрленіп дамиды, ұсақ (1-10 мм), денесі жұқа, нәзік, өте жұмсақ. Пішен жегілердің қылқан жапырақты ормандарда, орманды жерлерде таралған 800–ге тарта түрі белгілі. Ағаш бұтақтарында, ағаш діңінің қабықтарының жарылған жерлерінде, жапырақ қалдықтарының астында, қамба, қоймаларда кездеседі. Жұмыртқаларының сыртын өрнекпен торлап, мекендейтін жерлеріне салады. Дернәсілдері ерекестеріне ұқсас келеді, айырмашылығы - қанат бастамаларының дамуына байланысты. Дернәсілдері мен ересек түрі қына, саңырауқұлақ, органикалық қалдықтар, шөп–шаламмен қоректенді. Пішен жегілердің басы денесінен айқын бөлінген, фасетті көзі үлкен, кейбіреулерінде екі жұп жарғақ қанаты болады. Ауыз мүшелері – кеміргіш, 11 – 14 бунақты жіп тәрізді жіңішке, жұп мұрты болады. Пішен жегілердің үйде кездесетін түрі кітаптарды, ботан және энтомологиялық коллекцияны бүлдіреді. ## Дереккөздер
Шижаға шайқасы, Арал теңізінің солтүстік-шығысында 1216/18 жылдары Мұхаммед Хорезмшах пен Жошы ханның арасында өткен. Хорезмге көршілес қыпшақтарға қашқан тоқтабек бастаған меркіттердің бір тобын жою мақсатымен Жошы оларды өкшелей қуып, Торғай даласына жеткен. Осы жорықта олар Терменбас тауының етегіндегі Қаракөлдің жағасында Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездеседі. Әскерінің аздығына қарамастан Жошы батыл қимылдап, өзінің қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. осы шайқастан кейін Хорезмшах Шыңғыс ханның Хорезмге жасаған шабуылы кезінде моңғолдармен далада шешуші шайқастарға шығуға батылы жетпей, өз әскерлерімен елдегі қалалар мен бекіністерді паналауға мәжбүр болды. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Қосым Пішенбаев – ұста, зергер, руда танушы. 1844 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шоқпар ауылында дүниеге келген. Жасынан үй ішіне қажетті, күнделікті қолданыстағы әр алуан бұйым-заттарды шебер жасауымен көзге түседі. Алғаш рет Майбұлақ]] деген жерден мыс кенін тауып, оны орыс кәсіпкері С.И.Поповқа хабарлайды. Сол жерге Попов «2 мамыр 1866 жыл, ашқан 22 жасар қырғыз (қазақ) Қосым, С.И.Поповтың меншігі» деген жазулы бағана белгі орнатады. Осыдан кейін ол әр түрлі кәсіппен (ауыл ұстасы, зергер, жер өлшеуші, кен іздеуші, егінші) айналысады. 1904 – 1906 жылдары Майбұлақ кенін екінші рет қайта тауып дәлелдеді, әрі осы жерден қорғасын кені ашылып, Пішенбаев Қосым маркшейдер болып тағайындалады. Баянауыл өңіріндегі (Берікқара, Екібастұз, Жартас, Жосалы, Көктас, Қазанауыз, Майкүбі, Майқайың) мыс, көмір, қорғасын, алтын кендерін алғаш рет ашқан. ## Дереккөздер
Пішеншілер (Opiliones) – өрмекшітәрізділердің бір отряды. Жең шарында кең тараған, 4 мыңға жуық түрі белгілі. Денесінің ұзындығы 1 – 22мм. Өрмекшілерге ұқсас, бірақ олардың жіңішке әрі ұзын (16 см-дей) аяқтарымен ерекшеленді. Аяқтарын ұстағанда соңғыларын өте жеңіл үзіліп, біраз уақытқа дейін дірілдеп, созылып қозғалып тұрады (бұл олардың аутотомия екендігін көрсетеді. Соған байланысты оларды пішеншілер деп атайды. Құрсағы 9 – 10 бунақты, негізгі кең буыны арқылы бас – кеуде бөлімімен байланысқан. Хелицералары қысқаш тәрізді. Түтікшелі трахеялары арқылы тыныс алады. Өрмек және улы бездері жоқ. Көбісі жыртқыштар,өрмекшілермен, көпаяқтылармен, шырышты ұлулармен, жәндіктермен қоректенеді. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 7 том.(н-с) Алматы, 2005 жыл
Шетырғыз – Торғай алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Мұғалжар, Шалқар және Ырғыз аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 178 км, су жиналатын алабы 4740 км2, жалпы құламасы 288 м. ## Бастауы Мұғалжардың шығыс бөлігіндегі Айрық тауындағы бұлақтан басталып, Шеңбертал ауылынан 10 км солтүстікте Ырғыз өзеніне оң жағынан құяды. Басты салалары - Сырлыбай (ұз. 50 км), Қайыңды (ұз. 98 км). ## Гидрологиясы Алабының жоғарғы бөлігі төбелі, қалған бөлігі жазық. Аңғары жоғарғы бөлігінде шатқалды, ені 200 - 600 м, биіктігі 20-50 м, беткейлері аспалы. Төменде 1-4 км-ге дейін кеңейіп, беткейі жатықтанады. Арнасы айқын қалыптасқан, ирелең, ені жоғарғы ағысында 40-60 м-ден төменде 160-170 м-ге дейін өседі. Көктемде тасып, жазға қарай қарасуларға бөлінеді. Суының минералдылығы көктемде 200-600 мг/л-ден жазда 2,5 г/л-ге дейін өседі. Көп жылдық орташа су өтімі Қаратоғай ауылы тұсында 0,99 м23/с., тасынды көлемі жылына 28 мың т. Ауыз суға, мал суғаруға пайдаланады. Алабы - жайылым, шабындық. ## Дереккөздер
Сары өзен — орындаған Ә.Дәулетхан. Нотаға түсірген С.Бүркітов. "Сары өзен" қазақ арасына ең көп тараған күй. Әсіресе, бұл күй Орталық Қазақстан, Семей, Шығыс Түркістан , монғолияда ерекше мәшһүр болған. Күйдің көптеген нұсқалары , соған сәйкес аңыздары бар. ## Күйдің аңызы "Сары өзен" қазақ арасына ең көп тараған күй. Әсіресе, бұл күй Орталық Қазақстан, Семей, Шығыс Түркістан, Моңғолияда ерешкше мәшһүр болған. Күйдің көптеген нұсқалары, соған сәйкес түрлі аңыздары бар. Ол аңызда қалмақтың тұтқынына түскен қазақ жігіті өзінің сыбызғышылық өнерінің арқасында ханға жағып бостандық алады. Бір аңызда (Баян-өлгий қазақтарының "домбыра және сыбызғы күйлері" жинағында) бай қызының күңі ретінде жат елге ықтиярсыз аттаңдырылған домбырашы қыз өзінің биік өнерінің арқасында басына бостандық алып еліне қайтады. Бұл күйге әр заман өз таңбасын салып, өз проблемаларын жүктеп отырған. Мысалға, алдыңғы нұсқа қалмақ пен қазақтың арасындағы жаугершілік заманда тұған сияқты. Ал екінші нұсқада қалмақ халқының сағы сынып тарих сахнасынан кекеннен кейінгі жердегі қазақтың ауыр тағдырының келесі бір шытырман сауалы - әлеуметтік теңсіздік мәселесі көтерілген. Т.Мерғалиевтің "Домбыра сазы" атты кітабында (Алматы, 1972) "Сары өзен" күйінің мынандай бір аңызы келтірілді (бұл аңыз Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-Май колхозының тұрғыны Мерхадин Меруерттен алынған): "Ерте заманда, қалмақтың бір шапқыншылығы кезінде, топ ішінде Саймақ есімді жылқышы тұтқынға түседі. Қалмақ еліндегі бір той кезінде Орда сыртынан Саймақтың сыбызғысының үнін естіген хан елең етіп: "Ол кім? Менің алдыма келтіріңдер" - дейді. Ханның алдына келген Саймақ өзінің биік өнерімен жұртты таңқылдырады. Риза болған хан Саймақтың басына бостандық беріп еліне қайтарады. Ел шетіне жетіп, Саы өзеннің жағасына келгенде, Саймақтың астындағы аты оқыранады. Сонда аңсап жеткен елін көріп Саймақ осы күйді шығарған екен" - дейді. Бұл, халық әфсанасының талқысына түсіп, қарабайырланып кеткен үлкен шежіре-хикая. Бұл хикаяның тарихи шындыққа жанасатын ескі нұсқасы зерттеуші Таласбек Әсемқұловта да бар. Бұл аңыз сорабында Саймақтың асыл тегі қазақ емес - қалмақ. Қазақтың жасаған жойқын бір жорығының кезінде, қалмақ ордасынан алынған тұтқындардың ішінде бір жүкті әйел келген екен. Қазақ жеріне келгеннен кейін босанып, ұл туады. Атын Саймақ қояды. Уақыт өтеді. Тұтқындар қолдарынан кісендері алынып азат етіледі, байырғалыланып қазаққа сіңіп кетеді. Саймақ алдымен қозышы бала, қойшы бала болады. Есейе келе қолына құрық ұстап, жылқы бағады. Кейіннен әскер қатарына алынып, көптеген жорықтарға қатысады. Соғыс үстінде үлкен ерлігімен көзге түсіп, ақыры жылжи-жылжи үлкен әскербасы дәрежесіне жетеді. Күндердің күнінде қазақ пен шүршіттің арасында жойқын соғыс басталады. Осы соғыста Саймақ қазақтың ең таңдаулы әскерін басқарады. Алайда қазақ жеңіледі. Тіршіліктің көзі - Ұлы Сары Өзенді, оның бойындағы шұрайлы қоныстарын тастап шығады. Осы кезде елмен бірге жеңілістің, сұмдық қорлықтың күйігін тартқан Саймақ, қолына қобызын алып, өлмес жыр - ұлттық намысқа, кекке, ата қонысы үшін күреске шақырған "Сары өзен" күйін шығарыпты. Осы аңыздың бір дәлелін Л.Гумилевтың ғұндар туралы жазған тарихи кітаптарынан табамыз. Ғалымның айтқандарына келетін болсақ, ғұндар мен қытай жұртының арасындағы этникалық соғыс - пәленбай мың жылдан бері келе жатқан соғыс. Өзен мен көл, жайылым үшін, сауда жолдары үшін, қалалар үшін кезек шабысқан екі жұрт бұл жолда миллиондаған адамды харап қылды, теңіздей қан төкті. Ал, әңгіменің өзегі болып отырған Сары өзен қазіргі Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені (қытай тілінен аударғанда "Сары өзен" деген мағынаны береді). ## Дереккөздер ## Әдебиет * Қазақ музыкасы кітабы, Алматы 2005 жыл, 485, 486 бет.
Шоқ орман - әр жерде шоқталып өсетін бұталы және ағашты өсімдіктердің бірлестігі. Шоқ ормандар солтүстіктің ылғалы мол кең алқабын алып жататын орманды (тайга) белдемнің оңтүстігінен орын алған орманды-далалы және дала белдемдерінде кездеседі. оманда белдем мен дала белдемнің ортасында жатқан орманды-дала белдемінде жер бедеріне сәйкес орманды алқап өссе, кей жерлерде дала шөптері өседі. Терістіктен оңтүстікке қарай ауа райына байланысты ағаш түрлері де өзгереді. Ол суыққа төзімді қылқан жапырақты орманнан майда және жалпақ жапырақты орманға ауысады. орман құрамында қайың, жабайы шие, итмұрын, т.б. болады. Шоқ ормандардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында кездесіп, 600-700 мығ га жерді алып жатыр. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Ерке атан — айтушы мен орындаушы М.Шәутиев. Нотаға түсірген Е.Тұңғышұлы. ## Халық күйдің аңызы Баяғыда шал мен кемпір болады. Олардың жалғыз қызы, мал дегенде , боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға бауыр басып, әден үйренісіп кетеді.Күндердің - күңінде қыз бой жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. Ол уақытта қызға : "Не қалайсың?" - дейді екен. Сонда қыз : "Кішкентайдан бірге өскен ерке атанды қалаймын",-дейді екен. бірақ, әкесі "малымның басы" дей ме , әйтеуір атанды қимады. Сонымен, қыз әке-шешесін , елін, жұртын тастап сыңсуға салып кете барады. қызға әбден үйреніп, бауыр басқан ерке атан қыздың көшінің артынан жүгіріп бара жатып дарияға түсіп кетеді. Сүйікті жануарына жаны ашыған қыз : "Әке-ке-ау, әке-ке-ау , ерке атан кетті, қайтейін",-деп жылайды. ## Дереккөздер Қазақ музыкасы кітабы , 2005 жыл Алматы , 484 бет
Токмаков Евгений Петрович (29.9.1916,Ресей,Чита қаласы) — екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, майор, әуе барлаушысы. Орыс. 1939 жылы азаматтық әуе флотының ұшқышы мамандығын алғаннан кейін Қарағанды қаласындағы авиациялық отрядта ұшқыш болған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы Қарағанды қаласына әскери комиссариатынан шақырылып, 1942 жылдан Солтүстік-Батыс майдан 6-әуе армиясы 72-барлау әуе полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Орел қаласы аймағында Токмаков ерекше тапсырмамен жау әуежайын суретке түсірді. 129 рет барлау сапарына шығып, мыңдаған метр фотопленкаға жау нысандарын суретке түсірген Токмаковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (13.4.1944). 1946 жылы запасқа щықты. 1953 жылы Львов қаласындағы (Украина) сауда-экономикалық институтын бітірді. Ленин, Қазан революциясы, 3 рет "Қызыл Жұлдыз", Александр Невский, 2 рет бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шу-Іле антиклинорийі - Шу-Іле таулы өлкесін қараушы каледондық құрылым. Оның ұзындығы 350 км, ені 80-100 км. Ядросы протерозойдың гнейс-амфибиолитті кешенінен және рифейдің метаморфтанған жанартаулық шөгінді қабаттарынан, қанаттары төменгі палеозой тау жыныстарынан түзілген. Синклинорийлік белдемдері жоғары ордовиктің терригендік теңіз шөгінділерінен, девондық орогендік жанартаулық кесекті молассасынан жаралған. төменгі палеозоймен сәйкес солтүстік-батыс бағытта созылған қатпарлықтары көбінесе брахи пішінді. Герцин қатпарлықтары тектоникалық жарықтармен грабен-синклиналдарға бөлінген. Олар жоғарғы девон, төменгі карбонның теңіз шөгінділеріне толған, баяу қатпарланған және каледон құрылымдарына шалыс орналасқан. Шу-Іле антиклинорийі солтүстік-батыс бағытта созылған ірі терең жарылымдар (Жалайыр - Найман, Сарытума, т.б.) жіктеледі. Осы жарылымдарды бойлап көптеген ультранегізді, габбро-плагиогранитті ірі интрузиялар енген. Төменгі палеозой шөгінділерімен түсті металдар, темір, марганец, ванадий, фосфорит шоғырлары байланысқан. гранит интрузиялары маңында алтын кездеседі. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Қытайбұршақ – жан-жақты пайдаланатын дақыл ретінде ерекшелінеді. Тұқымның құрамына 30-52% айтарлықтай ақуыз, 17-27% май және 20%-дай көмірсуы, минералды тұздар, витаминдер кіреді.Қытайбұршақтың ақуызы өте жоғары сіңімді, суда жақсы ерулігімен ерекшелінеді; жоғары дәрежілі амин қышқылдарының көлемі бойынша, басқа дәнді бұршақ дақылдарынан артық болып келеді. Қытайбұршақ дақылы диабет ауруларымен ауыратын адамдарға емдәмділік азық-түлік есебінде пайдалануға ұсынылады. Қытай-бұршақтан әртүрлі азық-түліктік тағамдар жасалынады (май, маргарин, тоң май, сүт, ұн, кондитерлік заттар, тартылған ет және т.б.). Ол және сол сияқты ақуыздары аз астық жемшөптік құраманың және сүрлемділік малазықтары үшін негізгісі болып саналынады. Мал азығы есебінде күнжара, шрот және қытайбұршағы ұны да есепке алынады. Қытайбұршағының көк балаусасын бұршақбастар және дәннің то-лыға бастаған кезеңінде жинап алғанда, бұдан өте құнды мал азығы алынады.Қытайбұршақ жақсы алғыегіс, ол топырақты азотпен байытады және отаулық дақыл есебінде танаптарды арамшөптерден тазартуға көмектеседі. ## Биологиялық ерекшеліктері Қытайбұршақ – қысқа күнділік, жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымның өнуіне қажетті минималды температура +8˚С, қолайлы температура 20-25˚С. 30˚С-ден жоғары температура оның өсіп-жетілуіне зиянды әсерін тигізеді. Қытайбұршағының қалыпты өсіп, дамуы мен пісуіне керекті белсенді ауа температурасының жиынтығы 1700 – 3200˚С. Ол басқа дәнді бұршақты дақылдарға қарағанда көктемгі бозқырауларға төзімсіз. Бұл дақыл әсіресе көктеу және гүлдену, дәнді құрастыру және толықтыру кезеңдерінде жоғары жылылықты талап етеді. Көктеу және бүрленудің бастапқы кезеңдерінде топырақтағы ылғалдың жетіспеуі, оның одан әрі өсіп-жетілуіне керісінше әсерін тигізеді.Қытайбұршақ – жарық сүйгіш дақыл, алайда ерте пісетін сорттарға күннің ұзақтығы әсер етпейді. Бұл дақыл өздігімен тозаңданатын, бірақ кейбір сорттарында айқас тозаңдану да байқалынады. Ол әртүрлі топырақтарда өсе береді, бірақ ол үшін жақсысы – саздақ және құмды қара топырақтар, сор және сортаң, ашщы және батпақтанған топырақтар жарамайды. ## Агротехника ерекшеліктері Ауыспалы егісте қытайбұршақты – бидай, жүгері, қант қызылшасы, күріш және көкөністерден кейін орналастырады. Бұл дақылды бір орында қатарынан екі жыл орналастыруға болмайды, қаныққан ауыспалы егісте, оны бір орында 2-3 жылдан кейін, тіпті 4-5 жылдан кейін қайтарған орынды.Топырақты-климаттық жағдайларға байланысты жақсылары, (27-30 см) тереңдікті жырту немесе жырғалау болып есептелінеді. Отамалы және кеш орылатын дақылдардан соң, топырақты орынсыз сыдырғылаудың қажеті жоқ.Алғыегісте, бұрын себілген дақылдарда органикалық тыңайтқыштар сіңірілінеді. Сондай ақ, фосфорлы және калийлік тыңайтқыштар қолданамыз. Азоттық тыңайтқыштарды қытайбұршағы үшін сіңіруге болмайды. Басқа дәнді бұршақ дақылдары сияқты, бұл дақыл микроэлементтерге тәнімді, әсіресе молибденге. Молибдендік тыңайтқыштармен тұқымдарды себетін күні нитрогинмен қосып бірақ жасайды да, себеді. ## Сорттар * Гибридная 670. Сорт Қазақ ҒЗИ-да шығарылған. Сорт орташа піскіш, вегетациялық кезеңі 130-135 күн. 1000 дәннің массасы – 176-200 гр. Дәнінде 37,2-43,9% ақуызы бар. Төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 20-21 см. Бұршаққаптары аз жарылады. Өнімдігі жоғары. Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелген. * Казахстанская 200. Сорт Қазақ ҒЗИ-да шығарылған. Кеш пісетін сорт, вегета- циялық кезеңі 148-150 күн. Дәндері орташа ірі, 1000 дәннің массасы 145-165 гр. Дәндегі протеин көлемі 37,2-38%. Төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 20-21 см. Бұршаққаптары аз жарылады. Өнімдігі жоғары. Алматы және Шымкент облыстарында тіркелген. * Аврора. Сорт қытайбұршақтылық БҒЗИ-да шығарылған. Ерте пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 95-104 күн. Өсімдіктің биіктігі 60-тан 80 см аралығында. Төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 8,3 см, 1000 дәннің массасы 170 гр. Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. * Букурия. Сорт Молдованың АШҒЗИ-да жекелей сұрыптау әдісімен алынған. Ерте пісетін сорт, өсімдіктердің биіктігі 70-80 см, төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 12-13 см, 1000 дәннің массасы 168 гр. Алматы облысында тіркелген. * Скынтея. Сорт Молдованың АШҒЗИ-да жекелей сұрыптау әдісімен алынған. Орташа пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 116 күн. Өсімдіктердің биіктігі 52-79 см, төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 9,1 см, 1000 дәннің массасы 151 гр. Жамбыл облысында тіркелген. ## Дереккөздер
Серғазин Айтқазы (07.12.1918 жылы туған, Семей облысында, Шұбартау ауданы, 10-ауыл) – қазақ совет радиологы, медицина ғылымының докторы (1967), профессор (1968). Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. 1953 жылдан КОКП мүшесі. Алматы педагокилақ институтын бітірді (1942). Ол Ұлы Отан соғысына қатысты (1942-1945). Балқаш, Іле ауданындағы ауруханасында бас дәрігер (1946-1949), қазақ т.ж. басқармасының Үштөбе поликлиникасының және Шымбұлақ балалар санаторийінің бас дәрігері (1949-1954), Алматы мед. Институтының рентгенология және радиология кафедрасының ассистенті (1955-1957), Қазақ т.ж. басқармасының орталық ауруханасының бас дәрігері (1957-1961), ал 1961 жылдан Алматы мед. Институты рентгенология және радиология кафедрасының меңгерушісі. Оның 60-тан астам ғылыми еңбектері мен бір монографиясы бар. Қазақстан рентгенолог және радиологтар ғылыми қоғамы председателінің орынбасары. Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Халық комиссиясы, БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі, ЭКОСОС (United Nation Population Commision of the, ECOSOS)- ЭКОСОС-қа халық саласындағы жалпы саясат мәселелері бойынша кеңес беруші, зерттеулер жүргізуді және халық қозғалысының үдерістері, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалдастығы туралы ақпарат таратуды ұйымдастырушы атқарымдық орган. 1946 ж. құрылған. халық санын болжап, бағалаумен айналысады, елдердің демографиялық саясатты әзірлеуіне жәрдемдеседі, БҰҰ-ның халық саласындағы қорымен байланыс орнатқан және аймақтық экономикалық комиссиялардың демография саласындағы қызметіне әдістемелік басшылық жасайды. Комиссияның құрамына БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кіреді, олар 4 жылға сайланады. Комиссия сессиялары, әдетте 2 жылда 1 рет өткізіледі. Атқарушы органы - БҰҰ хатшылығының халықарлық экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің халық бөлімі. Штаб-пәтері - Нью Йоркте. Жұмыс жүргізу тілдері - ағылшын, француз, испан тілдері. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Халықтың гинетикалық құрылымы - халықтың белгілі бір мекенде тұруының ұзақтығы бойынша құрылымының шартты атауы. Тұрақты халық (жергілікті жерде туып-өскендер) және басқа аудандардан (қалалардан, ауылдардан) көшіп келген кірме халық түрлеріне бөлінеді. Соңғылары бұрыннан тұратындарға және жаңадан қоныстанғандарға ажыратылады. Халықтың гинетикалық құрылымы туралы мәліметтерді санақ материалдарынан және арнаулы зерттеу материалдарынан алуға болады. Халықтың гинетикалық құрылымын білу жаңадан қоныстанушылардың сіңісіп кетуі қиын аудандардан көші-қон саясатын әзірлеу үшін ерекше маңызды. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Көктеке тұқымдастар- торғайтәріздестер отрядына жататын 73 тұқымдастардың біреуі. Шаған денелі (15-40г) бунаққоректі құстар. Біркелкі ашық реңділері басым Тік бетке- ормандардағы ағаш діңдеріне немесе таулы жерлердегі жартастарға өрмелеуге бейім. Олардың сыртқы көрінісіне құйрық пішінінің келте болу қасиеті тән, сондықтан құс денесі толығымен қысқа тәрізді болып байқалады. Тұмсықтары үшкір, мықты, қашау тәрізді болғандықтан, өсімдіктердің қатты жемісін шағуға және сүйекті қашауға қолайлы. Өзіндік ерекшелігі- жабық ұяларын салу кезінде сазды пайдалануы. Біршама қысқа аяғының күшті саусақтары өте имек, екібүйірі қысыңқы тырнақтармен қаруланған. Құс солардың арқасында кез келген қалыптағы ік беткейде денесін ңай ұстап тұра алады. Тоқылдақтар тәрізді құйрығын пайдаланбайды. Қауырсын жабыны қалың, жұмсақ. Аталығы мен аналығының еңі бірдей, тек жас құстар ересектермен аздап күңгірттеу келеді. Отырықшы құстар. Жазда- бунақденелілермен , қыста алуан түрлі жемістер, оның ішінде сүйекті қолтұқымдармен қоректенеді.Тұқымдастада 3 туысқа жататын 23-35 түр бар. Қазақстанда көктеке туыстастардан 2 түр тіршілік етеді. ## Дереккөздер мектеп энциклопедиясы "Құстар", Автор:А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь.
Генрих Осипович Графтио – энергетика саласындағы совет ғалымы, КСРО ғылым академигі(1932). 1892 жылы Одессадағы Новороссийск университетін, 1896 жылы Петербург жол қатынас инженерлік университетін бітірді. 1897 жылдан Петербург электротехника институтында сабақ берді. 1921 жылдан профессор, ГОЭЛРО жоспарын құрастыруда белсене қатысып, Кавказ аймағын электрлендіру секциясын және транспорт секциясын басқарды. 1921-1927 жылдары ВОЛХОВ Су электр станциясынның бас инженері болып жұмыс істеді. ## Дереккөздер
Мусин Нұрхан [1891, Қостанай обл., Шұбар бол. (қазіргі Қостанай обл., Жетіқара ауд.), - 15. 9. 1942] – совет әскери қайраткері, азамат соғысына қатысушы. Шаруа отбасында туған. 1921 жылдан КОКП мүшесі. Жоғары бастауыш уч-щені (1918), Орынборда атты әскерлер командирлерін даярлайтын курсты (1921), Ленинградта Қызыл Армияның жоғары саяси қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсын (1927) бітірген. 1919 ж. Торғай у-не Ә. Жанкелдин уйымдастырған еріктілер отрядында эскадрон командирі болып, алашордашыларға қарсы күресті. Қостанайды контррев. Күштерден азат етуге қатысып, қаланың қарауыл отрядын басқарды. Қостанай уезінде совдептердің жұмысын жолға қоюға, қазақ жауынгерлері арасында сауатсыздықты жоюға, қала жастарының арасында мәдени-ағарту жұмыстарын уйымдастыруға белсене ат салысты. 1921 – 23 ж. Түркістан майданының штабында жұмыс істеді. 1923 – 25 ж. Ерекше қызмет атқаратын әскери бөлімдер (ЧОН) штабының комиссары, 1925 – 26 ж. Орынборда Қазатком атынд.әскери мектептің комиссары. 1927 – 38 ж. Қостанай губ. Әскери комиссарының көмекшісі, губ. сот председателінің орынбасары, Қазақ атты әскер полкінің комиссары Шымкент окр., Петропавл обл. Әскери комиссары, ҚАССР әскери комиссариатының көмекшісі, губ. сот председателінің орынбасары, Қазақ атты әскер полкінің комиссары, Шымкент окр., Петропавл обл. әскери комисары, ҚАССР әскери комиссариатының бөлім бастығы. М. Советтердің бүкіл қазақстандық ,-съезінде Қазатком мүшелігіне кандидат болып сайланды.
Муталиев Хаджи – Бекир Шовхалович (20. 6. 1910, Экажево с., - 11. 9. 1964, Грозный) – ингуш совет ақыны. Ингуш совет поэзиясының ірге тасын қалаушылардың бірі. Шығармалары 20 жалдардың 2 жартысынан бастап жарияланды. М. «Мәдени жасақшылар», «Қанға қан, жанға жан» атты пьесаларында ел ішіндегі кулактар мен молда-балгерлерді әшкерледі. Оның «Ана мен қыз», «Большевиктер келеді» әңгімелері мен «Жаңа қонақтар», «Қаһарлы күн», «Кунта кегі» атты поэмаларында жаңа өмірдің көріністері мен ескі әдет-ғұрып, шарниағатқа қарсы күрестер сипатталды.М-тің «Жолда» атты өлеңдер жинағы Москвада басылды (1964).
Мухтар Аскад (23. 12. 1920 ж.т., Ферғана) – өзбек совет жазушысы. 1954 жылдан КОКП мүшесі. Орта Азия Мемекеттік. Университетін бітірді (1942). Мухтардың алғашқы шығармасы 1938 жылы жарық көрді. 1947 ж. «Болат балқытушы» роэмасы орыс, өзбек тілдерінде жарияланды. «Менің Отандастарым» (1949), «Болатшылар қаласы» (1950), «Келешекпен кездесу» (1951), «Шын жүрекпен» (1956), «Өмірге жолдама», «Таңдамалылар» (1958) т.б. тағы басқа кітаптары басылып шықты. Мухтардың ең елеулі шығармасы – «Апалы –сіңлілер» романы (1954). 1961 ж. жазған «Туылу» романы да жазушы табысы. М. балаларға арнап «Ерлік шыңы» (1947), «Жас патриоттар» (1949) пьесаларын жазды. Мухтар көркем аудармамен де шұғылданады. Ол Ф. Шиллердің «Қарақшылар» А. Пушкиннің «Сараң сері», В. Маяковскидің «В. И. Ленин» т.б. шығармаларын, қазақ ақындары Т. Жароков, Ө. Тұрмажанов туындыларын өзбек тіліне аударды. М-дың «Апалы-сіңлілер» романы қазақ тілігде (1960) шықты.
Ақтөс кептер- көк кептерге өте ұқсас қс. Одан және басқа кептерлерден айырмашылығы : басы- қошқыл және жоны- ақ. Одан басқа тамағынан төменгі бауыры ақ түсті. Орталық Азияның биік тауларына қоныстанады.Қазақстанда Солтүстік және Орталық Тәңіртаудың адам бара алмайтын аудандарында болуы мүмкін, өйткені ақтөс кептер 1954 жылы Іле Алатауының биік тауларынан белгілі болған. Шоғырланып өмір сүреді, отырықшы құс. Өмір сүру дағдылары зерттелмеген. ## Дереккөздер
Мұнайды судан арылту - мұнайға араласқан суды бөліп шығару. Мұнайға араласқан су мех. қоспа немесе эмульсия күйінде болады. Осыған қарай мұнайды судан арылту үшін екі түрлі тәсіл пайдаланылады. Алғашқы тәсілде мұнайға араласқан су тұндыру нәтижесінде бөлінеді. Су мұнайдан ауыр болғандықтан, ол мұнайдың астына тұнады. Тұндырылған су ағызылып жіберілед. Екінші тәсілде мұнайға араласқан эмульсия күйіндегі су арнайы тәсілмен тұндырылады. Эмульсияны ыдырату үшін беттік активті заттар (деэмульгатор) немесе жылыту қа дейін), центрден тепкіш күш әсерлері, сүзу т.б. пайдаланылады. Соңғы кезде деэмульгатор тікелей мұңай құбырларына жіберу тәсілі пайдаланып жүр.
Сейтен — Ертіс алабындағы ағынсыз көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Чигириновка ауылының солтүстік-батысына қарай 15 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 138 м биіктікте. ## Гидрографикасы Ауданы 15,8 км2, ұзындығы 5,4 км, енді жері 4,4 км, жағалау бойының ұзындығы 19,2 км, терендігі 2 м. Жағалаулары тік жарлы келген, жарларының биіктігі 3 - 13 м. Пішіні - сопақша. Суы ащы, шаруашылықка жарамсыз.
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (31 тамыз 1962, Қарағанды, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжіліс төрағасы (2016-2022), Президент Әкімшілігінің басшысы (2014-2016). Саясаттану ғылымдарының докторы және тарих ғылымдарының кандидаты. ## Отбасы * Әкесі - Зайролла Нығматулин (1919 - 2013) - Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін, Жуков, Ленинградты қорғағаны үшін, Батылдық үшін медальдарімен және Құрмет, Қызыл жұлдыз, Отан соғысы, Даңқ ордендерімен марапатталған. * Анасы - Зейнеп Қәриева (1920-2018). * Әйелі - Венера Хамитқызы Баймырзаева (1961 жылы туған). * Балалары: * Үлкен баласы - Нұржан Нұрланұлы Нұржанов (1988 жылы туған) - «ҚазМұнайГаз-Аэроның» бас директоры (2019-2022), «Бәйтерек» холдингінің» Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі (2018-2019), «ҚазТрансГаз» Бас директорының техникалық саясат жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі (2016-2018), «ҚазТрансГаз» газ маркетингі жөніндегі (2014-2016) және қаржы жөніндегі (2013-2014) басқарушы директоры. Үйленген, 3 баласы бар. * Ортаншы баласы - Нұрхан Нұрланұлы Нұржанов (1993 жылы туған) - KAZChemicals ЖШС басшысы. * Кіші баласы - Мәди (2003 жылы туған). * Сыңары – Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин (1962 жылы туған) - Сенаттың 4-сайланым (2007-2011), (2011-2015), 3-сайланым (2004-2007), 2-сайланым депутаты (1999-2004), Импульс ЖШС Бас директоры (1995-1999), Ер-Қанат Сауда үйінің директоры (1993-1995) және техника ғылымдарының кандидаты. Әйелі - Бақыт Қәрібекқызы Серікбаева (1962 жылы туған).Балалары: * Балалары: * Үлкен баласы - Малика Ерланқызы Бектұрова (1983 жылы туған) - Green Mine компаниясының басшысы (2021 жылдан бастап), Астана қаласы әкімінің орынбасары (2016-2021) және техника ғылымдарының кандидаты. Күйеуі - Қазаэронавигация бас директоры (2014-2022), Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары (2006-2014), Эйр Астана әуекомпаниясы Президентінің орынбасары (2004-2006).Балалары: қыздары - Дәния (2007 жылы туған) мен Дәрия (2010 жылы туған); ұлы - Әлімжан (2009 жылы туған). * Балалары: қыздары - Дәния (2007 жылы туған) мен Дәрия (2010 жылы туған); ұлы - Әлімжан (2009 жылы туған). * Ортаншы баласы - Мәдина (1984 жылы туған). * Кіші баласы - Кәрима (1995 жылы туған). * Ағасы Арғын Нығматулин – «Сарыарқа хоккей клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты. ## Өмірбаяны Қожа руынан шыққан. * 1984 — Қарағанды политехникалық институты, инженер-механик * 1984–1985 жж. — «Қарағандыоблгаз» ӨБ автоколонна басшысы, инженері. * 1985–1990 жж — Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. * 1989 — ЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебі (Мәскеу гуманитарлық университеті), саясаткер. * 1990–1993 жж. — Қазақстан Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы. * 1993–1995 жж. — «Тенгри» қазақстандық-американдық бірлескен кәсіпорынның президенті. * 1995–1999 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. * 1999–2002 жж. — Астана қаласы әкімінің орынбасары. * 2002–2004 жж. — ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі. * 2004 жылдың маусым айынан, 2006 жылдың қаңтар айы аралығында – ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. * 2006 жылдың қаңтарынан, 2009 жылдың қарашасы аралығында Қарағанды облысының әкімі. * 2009 жылдың қараша айынан, 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында – «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары. * 2012 жылы 20 қаңтарда бірауыздан ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды. * 2014–2016 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы * 2016 жылы 22 маусымда бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды. * 2019 жылғы 22 тамызынан — «Nur Otan» Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі. * 2022 жылдың 1 ақпанында өз еркімен Мәжіліс төрағасы қызметінен кетті. ## Басқа да қызметтері * 2012 жылдан — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі * 2011 жылы — ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі * 2009–жылдан — «Нұр Отан» ХДП Саясикеңесі Бюросының мүшесі * 2000–2002 жж. — «Отан» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы * 2002 жылдан — «Air Astana» әуекомпаниясының директорлар кеңесінің төрағасы * 2003 ж. — «Қазақтелеком» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы * 2002–2003 жж. — «Астана халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы * 2002–2003 жж. — «Ұлттық ақпараттық технология» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі ## Халқарылқ ұйымдардағы қызметтері * 2013 жылы 11 сәуірде бірауыздан Еуразиялық Экономикалық Одақ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болып сайланды (ЕурАзЭО ПАА). * Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы – мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі (ТМД ПАА). * Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі (ҰҚШҰ ПА). * Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы (ТүркПА). ## Отбасы * Үйленген. Үш баласы және Акбар, Абылай, Таир және Айсара, Адель немерелері бар. * Егіздің сыңары – Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Комитет мүшесі. * Ағасы Арғын Нығматулин – «Сарыарқа хоккей клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты. ## Білімі * Мәскеу гуманитарлық университеті * Қарағанды политехникалық институты ## Марапаттары * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орденінің (2015 ж.) * 2-ші дәрежелі Барыс орденінің (2009ж.) * Құрмет орденінің (2004ж) * Достық Ордені (Ресей, 2014) * «Достастық» Ордені (2014) * «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2006) * «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалінің (2008) * «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) * «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалінің (2018) медальдарының иегері. ## Дереккөздер
Мұқаметханов Қайым (шын аты Ғабдұлқайым) (5 қаңтар 1916, Семей қаласы – 2004) — қазақ совет драматургы. Филология ғылым кандидаты (1950), доцент Н. К. Крупская атынд Семей педогогиқалық институтын бітіріп (1940), сонда мұғалім болып істеді. 1942–1947 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі, 1947–1951 жылдары Семей қаласындағы Абай музейінің диреторы. 1951 жылдан бастап Семей пед. институтында оқытушы болып келеді. «Абай шығармаларының текстологиясы» (1959) атты ғылыми-зерттеу еңбегімен қатар «Перне» (1944), «Майданнан майданға» (1947), «Комиссар Ғабасов» (1960), «Ер Білісай» (1973) атты пьесалары бар. М. - Қаз ССР-інің мемлекеттік гимнінің текстін жазушылардың бірі. Ол аударма жұмысымен де шұғылданып келеді. У. Гаджибековтің «Аршин мал алан», Ш. Камалдың «Хажы Әфәнді үйленді» пьесаларын қазақ тіліне айдарған. ## Дереккөздер
Мұнай цистернасы - мұнай және оның өнімдерін тасымалдауға арналған болаттан жасалған аумақты ыдыс. Ол темір жол вагонының рамасында орнатылғады. Пішіні цилиндрге ұқсас. Оған 25 - 50 т мұнай сияды. Мұнай цистернасының астынғы жағында мұнай ағызатын тетік (шүмек) болады. Мұнай өздігінен не қол насосымен, кейде механикаландырылған құралдар арқылы ағызылады. Тұтқыр келетін мұнай өнімдерін ағызу үшін Мұнай цистернасы бумен немесе электрлік жылу арқылы қыщдырылады. Тұтқыр мұнай өнімдерінің (битум, гудрон, асфальт т.б.) тасымалдау арнайы жылу сақтауыш вагондар қолданылады.
Мұңайтбасов Әзберген (1806–1873) — Кіші жүз Шекті руы қазақтардың патша өкіметіне қарсы көтерілістердің уйымдастырушыларлың бірі, батыр. Ол 1855 жылы Көтібарұлы Есет батырмен бірге Елек өзенінің бойында патша өкіметін жақтаушы сұлтан-әкім Жантөринді өлтірген. 60 жылдары Хиуа хандығына қарасты Қоңырат қ-ның бастығы болып, Яһаумуд шапқыншылығынан қорғану үшін қаланың маңында бекініс («Әзберген қорғанбағы» аталған) салдырған. Торғай обл. қазақтарының 1869–1873 жылдары аралығындағы патша өкіметіне қарсы көтерілісіне басшылық етті. Ұрыста қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалды. 1873 жылы патша үкіметі Хиуа қ-н басып алуға әскерін жорыққа аттандырғанда М-ты тұтқыннан босатып әскерлерге жол көрсетуші етіп жіберді. Көтерілістің басқа басшылары сияқты М. та отаршылық езгіге қарсы бұқара наразылығын үстем тап муддесіне пайдалануды көздеді. ## Дереккөздер
Мұса Ғали ( толық аты жөні -Ғабдрахман Ғали ұлы Ғалиев) ( 15.10.1923 ж.т., қазіргі Башқ. АССі, Шишмә ауд.) башқұрт совет ақыны. Кедей шаруа отбасында туған. Башқұрт Мемлекеттік Пед. институтында (1948 - 52), Москвадағы Максим Горький атынд. Әдебиет ин-тының жоғары әдеби курсында оқыды. Мектепте мұғалім, газет журналдарда бөлім меңгерушісі, Башқұрт Жазушылар одағында әдеби консультант т.б. қызметтер атқарды. Мұсаның алғашқы өлеңі 1940 ж. жарияланды. Тұңғыш кітабі - «Жарқын күн» 1953 ж. жарық көрді. Содан бері оның «Жол басы» (1954), «Туған жер»(1957), «Ақ Еділ жырлары» (1961), «Тырналар қайтқанда» (1963), «Таулар шақырады» ( 1968) т.б. өлеңдер жинақтары шықты. Орыс тілінде «Ақ Еділ жырлары» (1961), «Күн көзі мен көз жасы» (1965), «Мөлдір шық» (1966), «Көктем жүрегі» (1971), «Таңдамалы лирикалар» (1972), т.б. кітаптары бюасылды. Мұса аудармамен де айналысып, В. Шекспир, А.С Пушкин т.б. бірқатар шығармаларын башқұрт тіліне аударды. Мұса Еңбек Қызыл Ту және басқа ордендермен марапатталған.
Мұсаев Аяпберген (1880, қазіргі Қарақалпақ АССР-і, Мойнақ ауд., - 3.3. 1936, сонда) -қарақалпақ ақыны Ауыл мектебінде оқып сауатын ашқан. Шығармалары 1930 жылдан бастап жарияланды. Мұсаевтың жаңа соц. құрылысты жырлаған «Мойнақ», «Партия халық қорғаны», «Бірінші май», «Насихат», интернационалдық идеяны көтерген «Оразбай», «Есқали», «Сәңкібай» т.б. өлеңдері бар. Оның атын көпке танытқан шығарма «Ленин» поэмасы. Шығармаларының таңдамалы жинағы жарияланды. Бірсыпыра өлеңдері орыс тіліне аударылған.
Мұхамбаев Ақаш (1922 Гурьев обл., Жылыой ауд., Ембі аул Советі, - 25. 08.1968, Гурьев облысы, Ембi ауданында, Кұлсары пос.) - мұнай өнеркәсібінің шебері, Соц. Еңбек Ері (1963). «Казнефтегазразведка» басқармасына қарасты Оңт. Ембі экспедициясында ұзақ жылдар бойы мұнайшы-бұрғышы болып істеді. 1945 жылдан КОКП мүшесі. Жаңа ЗД, 5Д, БУ-75 бұрғылау қондырғыларын алғашқы игерушілердің бірі. Тұғырақшан, Үлкентөбе, Боранкөл, Прорва мұнай кендерін игеруге қөп еңбек сіңірді, ондаған маман мұңайшылар тәрбиелеп шығарды. Оның есімі КСРО Геологиялық министрлігінің Еңбек Даңқы кітабына жазылды (1967). Ленин орденімен және медальдармен наградталды.
Мұстанбаев Ыдырыс (1902, Семей уезі, - 1937) - әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері. 1919 жылдан бастап КОКП мүшесі. Семей гимназиясын ұздік бітірген (1919). Семей, Өскемен, Аякөз өңірінде Совет өкіметін орнату және нығайту ісіне белсене қатысты. Оралда және Семейде губ. прокурор қызметін атқарды. 1925 - 27 ж. Қаз АССР Байланыс халық комиссары болды. Одан кейін Қазақстан Өлкелік партия комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Мұстанбаев мемлекеттік және қоғамдық жұмыстармен бірге әдебиетпен де шұғылданды. Бірнеше әңгіме, очерк, сынмақалар жазды. Олардың ішінде «Ұлы ақын Абай» («Қазақ тілі» газеті, 1924 ) «Сыбан Сабырбай ақынның Сотанбай төреге айтқан өлеңі» («Таң» журн. 1925 ), «Көркем әдебиет туралы» («Қызыл Қазақстан»,1927 ), «Сын мен баспасөз туралы» («Еңбекші қазақ», 1928 ) «Түйеден Түрксібке» («Социалды Қазақстан», ) т.б. туындылары назар аударды.
Мұхаммед Тұғлақ – Дели сұлтандығының 1325–51 жылдардағы басшысы. 1326–27 ж. ол сұлтандық астанасын Девагири қаласына көшірді. Мұхаммед Тұғлақ алым-салықты өсіріп, қазынаны құны төмен тиынмен толтырмақ болды. Соның салдарынан елдің шаруашылығы құлдырап кетті. Мұхаммед Тұғлақ – өз заманының жан-жақты білімді адамдардының бірі болған еді. Ол астрономия, философия, математика тағы басқа ғылымдармен шұғылданды. Парсы тілінде өлеңдерді жазуды ұнатты.
«Мұхит ат-тауарих», «Жалпылама тарих» – Мұхаммед Әмин Мырза Мұхаммед Заман Бухари Суфийанидің (лақап аты – Кирак Йаракчи) тарихи шығармасы. Ол 1966 ж. Парсы тілінде жазылған, алғы сөзден және он тараудан тұрады. 1–7 тараулар дүниенің жаралуы, Адам ата, пайғамбардар, мұсылмандар заманына дейінгі патшалар мен данышпандар ғұламаларға, сегізінші тарау Шыңғысхан мен Шыңғыс әулетіне, тоғызыншы тарау әмір Темір әулетіне, ал оныншы, негізгі тарау Аштархан әулетәнен шыққан Сұбхан-Кулидің хандық құру (1680–1702) тарихына арналған. Шығармада қазақтар, Тәуке-ханның ел басқаруы жайында кейбір деректер келтірілген. «М. Ат-т-тың» түп нұсқасы қолжазба түрінде сақталған, оның Мұхаммед Рафи ахунд Хваразми Орта азиялық түрік тіліне аударылған нұсқасы бар, орыс тіліне аударылған кейбір үзінділері «Материалы по истории түркмен и Туркмении» деген жинақтың 2-томында басылған.
Мұрзақ - Қоба мезолит дәүіріндегі аңшы тайпалар тұрған үңгір. Қырымдағы Севастополь қаласына жақын жерде орналасқан. Совет археологы Сергей Николаевич Бибиков пен антрополог Евгений Владимирович Жиров 1936 жылы оны тауып, қазба жұмыстарының нәтижесінде әр түрлі шақпақ тастардан жасалған шағын құралдар мен қазіргі тағы жануарларға ұқсас аңдардын сүйектері, ұлу қабыршықтары тапқан болатын. Солармен бірге екі өліктің (еркек пен әйелдің) бейіті зарттелді.
Мұхатов Уәли, Уәлимұхамед (5. 5. 1916 ж. т., Түрікм. КСР-і, Багир аулы) – КСРО халық артисі (1965). 1951 ж. Москва консерваториясын (С. Н. Василенконың класы бойынша) бітірді. Мұхатов– Түрікм. КСР-і гимнінің (1946), көптеген симфониялық шығармалардың («Түркімен сюиталары», 1950, «Менің Отаным», 1951) кантаталардың, А. Г. Шапошникпен бірлесіп жазған «Ақын мен сот» (1947), «Зұһра мен Таһир» (1953) операларының, «Ақ мамық» (1945) балетінің (А. Ф. Зноско-Боровскиймен бірге), ән-романстардың, аспаптық, камералық т. б. шығармалардың авторы. М. творчествосының биік белесі – «Қанды су айырық» операсы (1967). 4–5 сайл. КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1951, 1952). Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Телевизиялық мұнара–ұшар басына телевизия,радиохабар тарату,радиотелеграф пен радиореле байланыстарының антенналары орнатылған биік мұнара,Телевизиялық мұнарада жоғары көтергіш,радиотартқыш және тағы басқа қосымша электрондық жабдықтар болады.Дүниежүзіндегі ең биік телевизиялық мұнара Москвадағы Бүкіл одақтық телевизиялық орталықтың мұнарасы.Оның биіктігі 533метр,Республикамыздың Алматы қаласында теңіз деңгейінен 1080 метр жоғары орналасқан Көктөбе жотасында биіктігі 360 метрлік телевизиялық мұнара бар. ## Дереккөздер Қазақ совет энциклопедиясы,11 том
Темір әулеті – Темір мемлекетінде (1370 – 1507) билік жүргізген әулет. Негізін Әмір Темір қалаған. Ол өлгеннен кейін Темір мемлекеті жеке иеліктерге бөлініп, онда ұрпақтары билік жүргізді. 1405 – 1409 жылы Мауераннахрда Халилсұлтан ибн Мироншаһ, Хорасанда Шаһрух (Әмір Темірдің кенже ұлы) билік етті. Дегенмен, жазба деректерде Темір мемлекетінің басшысы 1409 – 1447 жылы Шаһрух, 1447 – 1449 жылы Ұлықбек деп саналады. Бірақ жергілікті билеушілер олардың билігін мойындай қоймады. Мауераннахрда 1449 – 1450 жылы Әбдулатиф ибн Ұлықбек, 1450 – 1451 жылы Абдуллоһ ибн Ибраһимсұлтан, 1451 – 1458 жылы Әбу Саид ибн Сұлтан Мұхаммад, 1469 – 1494 жылы Сұлтан Ахмад ибн Әбу Саид, 1494 – 1498 жылы Махмуд ибн Әбу Саид, 1498 – 1500 жылы Сұлтан Әли ибн Сұлтан Махмуд; Хорасанда 1449 – 1457 жылы Әбілқасым Бабыр, 1457 – 1459 жылы Сұлтан Махмұд ибн Әбілқасым Бабыр, 1460 – 1506 жылы Сұлтан Хұсейн Байқара, 1506 – 1507 жылы Бадиуззаман билік етті. 1500 жылы Мауераннахрды Мұхаммед Шайбани басып алып, 1507 жылы өз үстемдігін Герат пен Хорасанға орнатып, ондағы Темір әулетін биліктен тайдырды. Темір әулетінің өкілі болып табылатын Бабыр 1526 жылы Үндістанда 1858 жылға дейін билік құрған Моғол әулетінің негізін қалады. Темір әулеті жайында Низами әд-Дин Шами “Зафар-нама”, Гийас әд-Дин Әли Йезди “Темірдің Үндістанға жасаған жорығының күнделігін”, Мұхаммед бин Фазлаллах Мусви “Тарих-и Хайрати”, Шараф әд-Дин Әли Йезди “Зафар-намауылыий Тимури” жазбаларында деректер мологиялық Сонымен қатар Бабыр жазған “Бабырнамада”, оның қызы Гүлбадан бегім жазған “Құмайыннамеде” Темір әулетінің тарихы баяндалады. ## Сілтемелер
Темекілі– Семей облысының Аякөз ауданындағы теміржол станциясы,Түрксіб темір жолының салынуымен байланыс ірге көтерді.Халқы 68 адам (1976).Станцияда жүк тиеп,түсіру жұмыстары атқарылады,Клуб,қызыл бұрыш,халыққа тұрмыстық қызмет көрсеттін орындары бар. ## Дереккөздер Қазақ совет эенциклопедиясы,11 том
Темірлік – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Алматы облысының Кеген ауданы жерімен ағады.Ұзындығы 57 км, су жинайтын алқабының көлемі 523 км2. ## Бастауы Кетпен тауының батыс беткейінен басталып, Темірлік елді мекенінен 15 км төмен Шарын өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аралас қоректенеді. Орташа жылдық ағыны Темірлік ауылының тұсында 1.86м3с. ## Дереккөздер
Дастен Шакиров — қазақстандық актер, тележүргізуші. 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 Ш. Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназияға оқуға барып, 2005 жылы бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбы бойынша 7 жыл оқуын қызыл дипломмен тәмамдайды. Гимназияны бітірген соң, Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясына «Финансы» мамандығының ағылшын бөліміне оқуға түседі. 2009 жылы оқуын аяқтап, диплом алып шығады. 2007 жылы модел агенттігіне жұмысқа орналасып, жарнама роликтері мен бейнеклиптерде түсе бастайды. Спортпен жиі айналысады: жүзу, жүгіру, бокс. Шахмат ойнағанды, классикалық, джаз және заманауи өлеңдерді тыңдағанды жақсы көреді. ## Фильмографиясы * «Жаным» 2010 ж * «Болашақ» 2011 ж * «Коктейль для звезды 2» 2011 ж * «Достар» 2012 ж * «Оазис любви» 2012 ж * «Одноклассники» 2012 ж * «Жаужүрек мың бала» 2012 ж * «Бауыржан Момышұлы» 2013 ж * «Вопреки всему» 2013 ж * «Параллельные миры» 2013 ж * «Парыз» 2013 ж * «Молоко, сметана, творог» 2013 ж * «Махаббатым жүрегімде» 2014 ж * «Рэкетир 2» 2015 ж
Керіш бұғазы — Керіш, Таман түбектері аралығындағы бұғаз. Қара және Азов теңіздерін жалғастырады. Ұзындығы 41 км, ені 4-15 км. Жағасы жайпақ, кей тұсында жарқабақты. Батыс жағасында ірі Керчь порты орналасқан. Осы порт пен Кавказ арасында кеме (параход) және тауар жүк паромы қатынайды.
Тенеке – Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 600 км2. ## Бастауы Қоянды тауының оңтүстік-батысынан басталып, Шолақсор көліне құяды. ## Гидрологиясы Арнасы көбіне жарлы. Қар суымен толығады. Көктемде су деңгейі біраз көтеріледі, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Орташа жылдық су ағымы 0,30 м3/с. Суы мал суаруға пайдаланылады. Алабы мал жайылымы. Тенекеге жалпы ұзындығы 87 км болатын 31 ұсақ өзендер мен жылғалар құяды. ## Дереккөздер
Удокан рудалы ауданы–Чита облысының солтүстігіндегі мысты құм тастар формациясыны кенді өңірі.1949 жылы ашылды.Орта Витим таклы өлкесіндегі Удокан,Қалар жоталарында орналасқан . ## Дереккөздер Қазақ совет энциклопедиясы,11 том
Сайфуллин Гани Бекинович (1.7.1905, Ресей, Татарстан, Сарманов ауданы, Старый Кашир селосы - 14.10.1973, Қазан қаласы) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, генерал-майор, 25-атқыштар корпусының командирі. Татар. Селолық медреседе оқығаннан кейін, 1923-26 жылдар аралығындакеңестік партиялық мектепті тәмамдап, Семей облысындағы Бұқтырма кентінде нұсқаушы қызметін атқарды. 1927 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, бірінші Қызыл қазақтар дивизиясында қатардағы жауынгер болды. 1930-31 жылдар жаяу әскер училещесінде, 1941 жылы М.В.Фрунзе атындағы кешкі факультетте оқыды. Сол жылдың маусым айынан бастап Ұлы отан соғысында Мәскеу, Калинин майдандарындағы шайқастарға қатысты. 1941-42 жылдар аралығында Сайфуллин қатысқан 709-Алтай атқыштарполкі 73 елді мекенді жаудан азат етті. Сайфуллин Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизисының командирі болды. Харьков, Курск, Воронеж, Ворошиловград және Ростов облыстары аймағында аса ауыр қорғаныс ұрыстарына қатысты. Жаңадан құрылған гвардиялық дивизияны басқарып, Белгород, Харьков қалаларын азат етті. Днепрдің оң жағалауына өтіп, плацдарм құрып, оны қолдан шығармады. Көрсеткен ерліктері үшін Сайфуллинге КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1943). Сондай-ақ ол Ленин, Қызыл Ту, екінші дәрежелі Суворов ордендерімен және медальдармен марапатталды. ## Дереккөздер
Кинотеодолит станциясы - ұшырғыш-зымырандардың активті аймақтағы ұшу сәтін кинопленкаға түсіруге арналған станция. Ұшырғыш-зымыранның ұшуын қадағалау кезінде кинотеодолиттің объектив осінің кеңістікте бағдарлану сәті кинопленкада белгіленіп отырғандықтан, ондағы суреттерден ұшырғыш-зымыранның ұшу траекториясының сипаттамаларын анықтау мүмкіндігі бар. Ғарыш айлақтарында кинотеодолит станциясының желілері құрылады. Бұлардың жұмысын уақыт қызметі үйлестіріп отырады. ## Дереккөздер
Ерінгүл (лат. Galeopsis) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Әсем ерінгүл (лат. Galeopsis speciosa) – биіктігі 15-20 см-лік ерінгүл тұқымдас бір жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы тік, бұтақты келеді. Сабағының қысқа да жатынды түктері болады. Жапырақтары қысқа, сағақты, тиісті қияқ сияқты да, гүлдері шымқай қызыл түсті келеді. Жемісі піскеннен кейін төрт домалақ жаңғаққа бөлінеді. Жаз айларында гүлдейді. Ресейдің Арктикадан басқа Еуропалық бөлігіндегі барлық аудандарындағы егістік жерлерде, күздік егіс танабында, тыңайған жерлерде, үй маңында өседі. ## Құрамы Ерінгүл құрамында майлар, балауыз, шайыр, сары және ащы заттар, алма мен галла қышқылдары бар. ## Қолданысы Дәрі мақсатында ерінгүлдің шөбі пайдаланылады. Халық медицинасында өкпе туберкулезінің әр түрлі формаларын – созылмалы бронхитті, бронхоэктазия ауруларын, бронх демікпесін емдеу үшін ерінгүл шөбін пайдаланылады. ## Дереккөздер
Керуен басы - керуен басшысы, керуеншілер арасындағы жер-су жағадайымен таныс, жөн-жосықты білетін адам. Керуен басына сапарға шығар алдында көпті көрген, көне көз адамды сайлайтын болған. ## Дереккөздер
Үшінші июнь төңкерісі– 03.07.1097 жылы патша үкіметінің мемлекеттік Думаны таратқан,желтоқсанда қабылданған сайлау заңына өзгеріс енгізген саяси акциясы.Бүл күн тарихқа “Ү. и.т.” деген атпен кірді.Оны ұйымдастырушылар “дворяндардың бірлескен советі”,октябристер мен кадеттер еді.Сайлау ережелеріне 3 июнь манифесі енгізген өзгерістер еңбекшілерді 1905 жылы 11 декабрьдені Указ бойынша берілген онсыз да болымсыз сайлау правосынан айырды. ## Дереккөздер Қазақ совет энциклопедиясы,11 том
Маржанағаш - бұршақ тұқымдасына жататын ағаш. Діңі, бұтағы тікенді болып келеді. Үш құлақты жапырағы жыл сайын түседі. Гүл шоғыры саусақ салалы. Гүлі қызыл, ұзындығы 5 см. Жемісі - маржан тәрізді ашық қызыл тұқымша. Маржанағаш тропиктен тараған. Ауа райы жылы жерлерде әсемдік үшін өсіріледі, Бразилияда Марданағашының қабығынан медицинада дәрі алынады. Америкада Маржанағаш тез өсетіндіктен кофе, какао плантациясында егіледі. ## Дереккөздер
Саурық Ыстамбекұлы (1814–1854) — Қазақ батыры. Қытай, Қоқан, Қырғыз шапқыншылығына қарсы күрестерде қол бастаған. Үйсін Шапырашты тайпасының Еміл-Есқожа руынан шыққан, Қарасай батырдың 5-ұрпағы. Немере iнісі, Сұраншы батырмен бірге Жетісуды Ілеге дейін билеген қоқан ханы мен қырғыздың Орман ханына қарсы жергілікті халықтан жасақ құрып, қазақ жерін, Жетісуды қорғаған. Ол жайлы халық арасында түрлі аңыздар қалыптасқан. Ұлы Жүз қырғыз-қайсақтары туралы: "Хотя до появления русских войск в этой части степи Большая орда и считалась под покровительством России с 1824 года, но китайцы не переставали посылать в Заилийский край свои отряды для сбора ничтожной дани до 1840 году, в который они потерпели горестное и плачевное поражение от здешних чапраштов при урочище Тирен-Узек. Отряд состоял из трех тысяч китайцев и собирая ясак, намеревался пробраться к ташкентскому аксакалу для переговоров. Еще до сих пор китайцы не могут забыть этого поражения и с глубоким негодованием отзываются о всяком кайсаке чапраштинского поколения" - деп, Шоқан Уәлиханов, Қашқарга барғанда, сол 3 000 қытай жасағынын, қашып кұтылған қалдыктарымен кездесiп, әңгiмелескенi тұралы жазады. Сол 1840 жылы қытайлармен болған соғыста Шапырашты әскерiн Қарасай батырдың, Түркпенінен тарайтын, шөбересi, Дәулет батырдын немерелерi Саурық пен Сұраншы батырлар басқарған. 1853 жылы Сұраншы мен Саурық 300 жасақпен, Тілеуқабыл руын шапқан қоқандықтардын 20 000 әскерiн, казiргi Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қопа станциясы маңында тас талқан етiп жеңгенін, сол оқиғаларға өзі қатысып, көзімен көрген Сүйінбай ұстазы мен үлкендерден естігенін айтқан, Жамбылдың жырларынан білеміз. Ол Ресейдің Жетісуды жаулап алу саясатына наразылық танытушылардың да алдыңғы қатарында тұрып, орыс әскерлерінің Тойшыбек бекінісіне шабуылына ашық қарсылық білдірді. Деректерге қарағанда Қарақыстақ өзенінің төменгі сағасында Саурық батырдың бекінісі болған. Бекініс төртбұрышты, қалың қабырғалы болып келген. Қабырғаларының ұзындығы 75 метр, ал ішкі ауданының жалпы көлемі 562 м2 болған. Саурық батыр ел арасындағы дау-дамайды болдырмауға күш салып, қазақ-қырғыз халықтарының тату көршілік бас қосқан жиындарына белсене атсалысқан. Саурық батыр қырғыздармен соғыс кезінде қаза тапқан. Батырдың ерлігі туралы халық поэмаларында, аңыздар жырланған. ## Дереккөздер
Сарез (тәж. кӯли Сарез) – Тәжікстандағы Памирда орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 3239 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы 70,8 км, ендірек жері 3,4 км, ең терек жері 500 м. 1911 жылы жер сілкіну кезінде Мургаб өзенінің аңғарының бөгелуінен пайда болған. Көлдің ауданы біртіндеп ұлғайып, 1946 жылы 86,5 кm² жетті. Суы тұщы. Қыс мезгілінде қатады. ## Сыртқы сілтемелер * Озеро-бомба Мұрағатталған 20 қарашаның 2014 жылы. * НАСА фотосуреттері * Красота — страшная сила. Сарезское озеро себя ещё покажет… Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. * Озеро Сарез Мұрағатталған 8 қаңтардың 2014 жылы. * Мифы о снижении риска прорыва Сарезского озера и реальность * Озеро Сарез на Памире: история, проблемы, решения… Мұрағатталған 17 сәуірдің 2013 жылы. * Гора к Магомету или Магомет к горе… (обсуждение проблем Рогунской ГЭС, Аральского моря и Сарезского озера)(қолжетпейтін сілтеме) * Сарез, Рогун, Арал * Л. П. Папырин. Сарезская катастрофа: геофизический прогноз
Алишер Узоқов (1984 жылы 25 тамызда Ташкент) - өзбек актері, тележүргізуші. Әкесі Мухаммаджон Узоқов, шешесі Шохида Узоқова актриса. Бала күнінен театрда рөлдері болған. 2009 жылдың «ең жақсы актері» атағы бар. Отбасылы, бір баласы бар. ## Фильмография * «Соңғы мезет» (Суңги лахза) фильмінде басты рөлде Алишер Узоқов салмақты, отбасын құрмаған хирург. * «Өзге» (Тельба) фильмі. * «Мистер хеч ким» фильмі. ## Белсенділік: * 2001-2005 жж. – Өзбекстан мемлекеттік өнер институтының студенті * 2001-2003 жж. – Мукими атындағы музыкалық драма театры * 2006-2009 жж. – Өзбек ұлттық академиялық драма театры * 2017 ж. - қ.у. — «ZO`R» телерадиокомпаниясының продюсері ## Дереккөздер
Бобур Юлдашев –1979 жылы 16 қаңтарда белгілі театр режиссері Бахадыр Юлдашев (клипмейкер емес) пен белгілі актриса Римма Ахмедованың отбасында дүниеге келген. 1993 пен 1998 жыл аралығында Жастар театырының жанындағы Мектеп Студияда дәріс алған, кейін М.Уйгур атындағы Ташкент өнер институтын тәмәмдаған. Театрда 1992 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Сол уақыттан бері 40 рөл, оның ішінде 10 басты рөлде ойнаған. Жұбайы Аня да осы театрда әртіс. Екі қызы Наврұза 5 жаста, Ирис 1 жастан асты, 13 жасар ұлы Диёр бар.1988 жылдан бастап киноға түскен. Өзбекфильм киностудиясының киноларында 30 дан астам рөлді сомдаған, оның ішінде 12 басты рөл. Ресей кинематографында да жұмыстары бар. ## Түскен фильмдері «Продавец снов», «Бедолаги», «Домла», «Зангир», «Уткан кунлар», «Сардор-1,2», «Остона», «Аел зоти», «Муки сердца» (Қазақфильм), «Олашакшак», «Такдир», «Дев ва пакана», «Близнецы» (Ресей сериалы), «Севинч», «Сардор», «Омад», «Янги йил кечаси», «Ягона ва бетакрор», «Мен сени…ёхуд екзаклар», «Ягона гувох», «Осмондаги болалар 2», «Ватан», «Мухабатимсан», «Мактуб», «Қасд». ## Жақсы көретін актері Обид Юнусов, Ҳожиакбар Нурматов, Мурод Ражабов, Эркин Комилов ## Дереккөздер «Өнеге» журналы, сәуір, 2011
У бүркігіш әбжылан — Африка мен Оңтүстік Азияның саванналары мен орманды алқаптарында өмір сүретін әбжыландар тобы. Бұл әбжыландардың ерекшелігі - олардың қорғану механизмі: 2-3 метр қашықтыққа жауының дәл көзіне бағыттап шаша алады. Олар жауынан қорғану үшін тіпті жауын соқыр ете алады. ## Жалпы сипаттамасы Олар көлемі жағынан ірі және ұзындықтары 3 м дейін жетеді. Олар негізінен әр түрлі улы емес жылан түрлерімен қоректенеді. Және кей–кезде үлкен кесірткелерге де ауыз салады. Әбжыланның уы негізінен – ерекше биологиялық қасиетке ие нәруыздар мен ферменттерден және токсиндік полипептидтерден тұратын күрделі қоспа. Ең токсинді полипептидтер тыныс жолы бұлшықеттері мен қаңқалы сал етуге әкелетін нейтроксин І мен нейтроксин ІІ қослыстары. Көзге түскен у жан төгісіз ауырсыну тудырады. Тіпті көзді уақытша не біржола соқырлыққа әкелуі мүмкін. Ал содан кейін көзге түскен у көз алмасы арқылы қанға түсіп, ағзаға өлім қауіпін тудыруы мүмкін.Әбжылан уын 4-6 рет шаша алды. Шығындалған у қорын қалпына келтіру үшін 1 тәулік қажет ## Түрлері * Naja ashei * Haemachatus haemachatus * Naja melanoleuc * Naja nigricollis * Naja oxiana. Уошберн университетінің (Washburn University; Казанс, АҚШ) биология факультетінің доценті серпентолог (жыландарды зерттейтін маман) Брюс Янг зерттеу жүргізу үшін бірнеше маңызды – қызыл, қоңыр және қара-ала ірі у шашатын кобра өкілдерін ұстап, зерттеу жүргізген. Зерттеудің бірінші бөлімінде Янг жыландардың қасында тұрып басын жан–жаққа қозғап жыландарды ашуландырды. Янг маңдайына жыландар қозғалысын бақылауға арналған компьютерге қосылған арнайы құрылғы тағып алған еді. Эксперименттің екінші бөлімі у шашқан кездегі жыландардың бұлшықет қозғалысын бақылауға арналды. Бақылау нәтижесінде Янг юасын қозғалтқан кезде жыландарда да зерттеушінің екі көзін бағытқа ала отырып, бастарын қозғалта бастаған. Ал серпентолог қозғалысын тоқтатқанда жыландар сол қалпы өз қозғалыстарын жалғастыра берген. Ғалымның түсіндіруі бойынша бұл баскетболистің допты шығырыққа салуға дайындалып тұрғаны тәрізді, әбжыланның өз уын жауының көзіне дәл бағыттап шашуға дайындаоып тұрғаны. Уын шашардан сәл бұрын әбжылан бас пен мойын бұлшық еттерінің көмегімен басын айналдыра отырып, уын шаша бастайды. У спрей тәрізді шашырап бүркіле бастайды. Удың негізгі басым бөлігі әрине жауының бетіне әсіресе екі көзіне бағытталыа шашылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей әбжылан уын шашқанда бұлшықеттерінің қатты серпінді күшпен жұмыс істейтіндігі соншалық бүркілген уын 2 м жоғары бағыттап, жауының көзіне дәл тигізе алады екен. . ## Дереккөздер
Аршашыл ементұмсық - денесі кәдімгі ементұмсықтан ірірек құс. Оның реңі көрнекті, құйрығы ұзын. Басы және тұлғасынан аддыңғы бөлігі- күңгірт қара: бауыры, құйрық үсті және қапталы- сары жасыл, сондай-ақ қара қанатындағы ақ түсті «көзтартар» басқа құстардың арасынан аталықты ерекше бөліп көрсетеді. Аналықтар және жас аталықтардың (өткен жылғыларын да қоса) жабын қауырсыны қара түстен сұр түске ауысады.Орталық және Орта Азияның – биік тауларында, Қазақстанда Тәңіртау және Жоңғар Алатауында қоныстанады. Бұл жерді бүкіл субальпі белдемі және шырша арасында кездесетін арша бұталары тар орман белдемінің жоғарғы бөлігін алып жатыр. Арша ементұмсығы көп уақытты қалың өскен арша нуныда қуатты тұмсығымен піскен бүржидектерді шағумен өткізеді. Сонымен бірге топтағы құстар бірімен-бірі «ке, ке-ке» деп дауыстасады. Ақырын шиқылдап, әуезді ысқырықтың алмасу әуені тек қана жақыннан сирек естіледі.Аршаның бүржидегін іздестіріп, қыста жылыстайтын отырықшы құс. Наурыздан бастап көбеюге кіріседі. Қомақты ұя қалың өскен ну арша немесе шыршаға орналастырылады. Ұяның ішкі жағына арша қабығы және тінінің жалпақ жолаөтары төселеді. Салындыдағы 3-5 ашық зәйтүн түстес қара екпілді жұмыртқаларды аналығы 15-16 күн басады. Балапандарды аталығымен бірлесіп 18 күнге жуық қоректендіреді, одан соң балапандар ұяны тастап, аталықың қамқорлығында болады, аналық екінші рет салынды салуға кіріседі. Аталық қамқорлық жасап, балапандарға және екінші рет салынды салып жатқан аналыққа жем тасиды. Ал бірде біз аталықтың алғашқы ұялас балапандарды да, екінші ұялас балапандарды да қоректендіргенін байқадық. ## Дереккөздер
ҚЫЗЫЛҚАНАТ ЖАРҚҰС-біздің фаунамыздың ең ашық және әдемі құстардың бірі. Бұл шағын денелі (16-19г), жоны- күл түстес сұр құс. Дөңгеленген үлкен қанатының арқасында торғайдан үлкен тәрізді болып көрінеді. Қанатын қомдаған кезде жай ғана қара түсті болып байқалады, ал қанатын жазып жібергенде көзге бірден бірінші дәрежелі желпуіш қауырсыннан ашық қызыл түс пен дөңгелек ақ теңбіл көзге шалынады. Жарқұс қанатын ұзақ жазбайды, көбінесе қанатын жиі қағып, жартасты бойдай жылжиды. Міне осы әп-сәтте қызыл түстің «жалт етуі» қанаттың үнемі жазылып тұруынан гөрі назарды өзіне көп аударады.Жартасты бойлай құйрықты тірек етпей, екпіндей секіре жылжығанда жартасқа бүкіл денесімен жармасқандай , ең қиындау жерлерде көзді ашып-жұмғанша қанатын жазып үлгереді. Көбінесе 1-2 м қашықтыққа ұшып өтеді. Ұшқан кезде дөңгеленген кең қанатты алабажақ құс ірі көбелекке ұқсап кетеді. Ол бәбісек сияқты пырылдап ұшып қонады. Дегенмен кейде жарқұс қанатын кең жайып, ауаның жылы ағысын пайдалана шарықтап ұшып, ұзақ уақыт қалықтайды. Көбінесе жартас жанында сан алуан күрделі бұрылыстар жасайды.Жарқұстың ысқырған әуені әдемі, бірақ ол сиреек сайрайды. Бұлар- жалпы алғанда үндемейтін құстар. Олар жіңішке, имек піскек тәрізді тұмсығымен жартас жарықтарынан әр алуан бунақденелілерді және өрмекшілерді алып жейді. Жарқұстар жартастың кең жарығына ұяларын салады. Олардың ұяларына жыртқыштар да , адамдар да бара алмайды. Сондықтан жарқұстың ұялау тіршілік әрекеті егжей-тегжейлі аз зерттелген. Аталықтың ұя басып жатқан аналыққа балапандарды жылатқан алғашқы күндері жем таситыны белгілі. Жұмыртқаларды басу ұзақтығы және балапандардың ұяда қанша уақыт болатыны анықталмаған. Жарқұстар қыста тауларда дв, соның ішінде ұялайтын орындарды да, сондай-ақ тауларға қалың қар жауғанда тау бауырларында да кездеседі. Мұндай күндері оларды алматының биік ғимараттарының қабырғаларынан да көруге болады. ## Дереккөздер
Маруэ (фр. Marahoué) — Кот-д’Ивуардыӊ облысы. * Әкімшілік орталығы— қала Буафле. * Жер аумағы — 13 323 км², тұрғыны — 791 689 (2010 жыл). ## Дереккөздер
Бәйдібек Қарашаұлы (VІ—VII ғасырлар аралығы) — Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі.Бәйдібектің әкесі Қараша (578–632 жыл) Қытай жылнамасында 530–604 жыл деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жылдар) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді.Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан. Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының қазасына күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7–8-ші ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады. Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған.Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға. Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000–2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ–VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады. Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытадыХалық жүрегінде сақталған және жазба түрдегі шежірелердің деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі, Жалайыр, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, және Дулат тайпаларының түп атасы Майқы би болып келеді. Соған байланысты "Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би" деген нақыл сөз халық аузында сақталып қалды. Оның аяғы ақсақ болды, сондықтан да күймеге мініп жүрді. Майқы би көп жасаған кісі, жеті ханды қолынан өткеріп, бар ғұмырын халық тағдырын ойлауға жұмсады. Ол 120 жасқа келгенде, үш жүздің еншісін берді, таңбасын таратты. Ұлы жүзге ту ұстатты, Орта жүзге қауырсын қалам, Кіші жүзге найза берді. Осы бөлістен соң Майқы би туралы "Хан біткеннің қазығы - бұқара жұрттың азығы" деген мәтел кең тарап кетті. Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы - Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан - Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан - Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы - Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы - Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды "Абақ" деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан - Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден - Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол - Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен - Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады. Ұлы Бәйдібек бабамыз 609–695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша кейінгі ғалымдардың нақты тарихи дереккөздерді салыстыра отырып жасаған тұжырымы бойынша шамамен (558–632) жылдары өмір сүрген. ## Деректердегі кездесулер Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) «Тарих-и Рашиди» атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 - 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “...бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. ## Халық аузынан Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі шығыс зерттеуші ғалым-этнограф Николай Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады. Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсін бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз. ## Бәйдібек бидің жастық кезі Байдібек би біздің заманымыздың 609 жылы Қаратаудың етегінде дүниеге келген. Жаугершілік кезінде үш жасынан әке-шешеден жетім қалады. Ағайындардың қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додагерлерден әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді. (Әрі қарай энциклопедиялық стильге келмейді.) Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей қалады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. Ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары арықтап, жылқысының мазасы кетіп калғанын көреді. Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғырған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кәне, не ақылдарың бар? - деп жылқышыларына сөз салады. Жылқышы шал айтады: - Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қайтадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз. Әлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады: - Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар өз малындай қарап, аман алып шығар, - дейді. - Байеке, егер маған тапсырсаңыз, - дейді бала жылқышы Бәйдібек, - жылқыңызды түгелдей Мойынқұмға қыстатып шығар едім. Ана жолы жоғалған қырық қысырақты іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сонда малын қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар: "өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамайды. Жел деген болмайды. Қар жұқа түседі. Мойынкұмның жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша жайылса да жетеді", - деп отырған. Шынтас бай Бәйдібек сөзін құптап, былай депті: - Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес екеніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, бораннан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр өзіңде, саған ерік бердім, — дейді. Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын үшке бөліп, он шақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай айдайды. Сөйтіп құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлайды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би оларға бір жігітін жұмсапты.- Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жаткан кімнің жылқысы екен? - Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса, Бәйдібек:- Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайымызды түсіндірейін, - дейді. Арыстан бидің қыстауы Қаратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен. Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отырған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып сәлем береді.- Қай ауылдың баласысың?- Үйсін Қараша бидің баласымын.- Е, е, жарықтық Қараша бидің де, онда бізге туысқан болдың ғой. Әкенді білемін. Жас кезімізде алдына барып, қолынан талай дәм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тыңдағанмын. Ал, бұл жылқы кімдікі, балам?- Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын. Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.- Е, е, шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі - ел нәсібі, ел нәсібі - ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір деген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар. Ауыл мынау - келіп кетіп тұрарсыңдар. Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жадыратты. Бағана жолда келе жатқанда "би кабыл көрсе дұрыс, қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз" деген ой-күдігінің бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұрқыраған дәу табақ ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі таусылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайынан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек баланың құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ, кимешегі бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай құйып отырған қызына: - Қонақ балаға төргі үйге төсек салып қой-дағы, өзің менің қасымда жат. Мына белі кұрғырды уқалап бер, - деді. Бәйдібек әңгімеге есі шығып, келгелі бері бәйбіше қызын жөнді байқамапты. Енді назарын салып еді: екі көзі танадай жалт-жүлт еткен, сұлуша бүйрек мұрын сары қыз келбетті-ақ екен. Тесіле қарап қалған жігітке тана көзін бір жарқ еткізеді де, күлімсіреген күйі орнынан тұрып, шешесінің айтқанын орындауға кетті. Бәйдібек ішінен "келгелі бері қызға неге көңіл аудармадым екен", - деді. Сонымен қыс күні біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанды. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыздың аты Гүлжамал еді. Оны әке, шешесі, аға, жеңгелері еркелетіп "Сары қыз" дейді екен. Бәйдібектің сары қызбен көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенін шешесі де, әкесі де сезеді, бірақ шеккі көрмейді. Қайта жиірек кездесіп, бір-біріне үйір бола бергенін қалайды. Әсіресе жеңгелері көп дәнекерші болады.Бір күні Арыстан би: - Балам, саған ықыласым түсті. Еліңде кұда түсіп, сөз сөйлерің бар ма?- Ондай жанашыр әке, шеше менде жок, өзіммен-ақ сөйлесе беріңіз.- Ендеше Сары қыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында қалсаң қайтеді?- Ақсақал, отау дегеніңіз жөн, бірак мұнда қала алмаймын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар. Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешікпей қайтып айналып соғайын.- Жарайды, мұның да жөн екен. - Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы болды. Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды. Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп айдай жаяды. Бірнеше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысының мұрты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады. Жылқышылар Мойыңқұм жайлауын қыстап шыққанын, ол елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын, тіптен Бәйдібекке жалғыз қызын бермек болғанын жырдай қылып баян етеді. Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын мейірі түсіпті: - Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенін арқаң. Жайлы өріс тауып жылқымның тай-тулағына дейін сондай қаһарлы қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін, Арыстан биге бар-дағы қалыңдығыңды алып қайт! Осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жар-жар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады. Гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Байтоқты он сегіз жасында Керей жұртының Ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың қуысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлікімен опат болады. Соның алдында ғана төркініне кеткен Ұшан аман қалады. Төркінінде жүріп Ұшан ұл табады. Оның атын Мырзақазы қояды. Еліне келген соң, Ұшан да қайтыс болып, бір жасқа толмаған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоқтының қарындасы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. "Қүдайдың берген сыйлығы" деп оны "сыйлық сары" қояды. Келе-келе ел оны "Сары үйсін" атап кетеді. Сары Үйсіннен - Қалша, Жақып туады. Бір шежіреде Қалша, Жақыпты Сары бәйбішенің қызы Алтыннан туған деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Қазақ қыздан туған жиенді шежіреге қоспайды.Гүлжамал (Сары бәйбіше) Байтоқты мен Алтыннан кейін тоғыз ұл туыпты. Олардың барлығы әкесі Бәйдібекке ұқсап шетінен батыр, палуан болып өседі.Қалша, Жақыптан Танай, Жанай, Жаулан (Тоқаш Бокиннің арғы аталары), Есім, Малай, Баба, Сүргінкел, Көпсерке, Қайқы, Софы, Сұлтанқұл ұрпақтары тарайды. Қазіргі Бәйдібек бидің Сары бәйбішесінен өрбіген Сары үйсін әулетінің дені Алматы облысының Балқаш, Күрті, Жамбыл ауданында тұрады. ## Екінші әйелі Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насаты батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен.Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған келін деп, кейін Мапрашты атап кетеді. Мапрашты Бәйдібек батыр үйіне келе сала еңсеріп игеріп кетеді, қысы-жазы малға да қарайды. Боранды күндері кәдімгі қарулы палуан жігіттермен бірдей қимылдап, атасының ойынан шығып жүреді. Кешікпей Мапрашты Досымбет деген ұл туады. Оның көзі бір-біріне атысып, шапыраштанып туған соң ел Шапырашты атап кетеді. Шапырашты да өсе келе әкесі Жалмамбет, атасы Бәйдібекке ұксап насаты батыр боп ер жетеді.Қазақ шежіресінде Шапыраштыдан Есқожа, Асыл, Айқым, Екей, Еміл, Шыбыл ұрпақтарын таратады. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы "Алатау" (1989) романында Шапыраштыдан Ыстық, Асыл; Ыстықтан Малды, Желді, Қалды; Малдыдан: Екей, Еміл; Екейдің бәйбішесінен Жәрімбет, Бейімбет; Тоқалынан Әнет, Жиет; Емілден Жайық, Алсай, Қойшыман; Жайықтан: Құл, Тайторы; Алсайдан: Көшек батыр. Қойшыманнан Есқожа, одан Қарасай батыр. Желдіден Шыбыл, Асылдан Әжіке, Орымбет, Төке, Төлеміс, Құттымбет, одан Наурызбай батыр боп келеді.Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапрашты ананың сіңілісі екен. Мапрашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты:- Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң, былай етерсің: Менің сіңлім Қарашаш та бойжетіп қалды. Сен соны ал. Ол біздің балаларымызды өгейсітпейді. Бауырына тартып, менен бетер бағып қағады.Келіннің бұл өсиетін атасы Бәйдібек те, оның әйелдері де кұптайды. Жалмамбет өзінің сүйікті жары Мапрапштының өсиетін бұлжытпай орындайды. 14 жасар Қарашашты айттырып алады. Қарашаш сұлу, әрі салдарлы, сабырлы, ақылды болыпты. Оның өзгелерден бір ерекшелігі үнемі өн бойын таза ұстап, иіс сабынмен жуынып-шайынып, қолы-бетіне иісті әтір жағып, сыланып-сипанып, үстіне қонымды таза асыл киімдер киіп, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Оның бұл әдет-дәстүрі келе-келе ауылдың қыз келіншектеріне үлгі-өнеге болып таралыпты. Қариялар, абысын-ажындар Қарашашты "Сыланды келін", "Иісті келін" деп атайды екен.Одан өсіп-өнген ұрпақтарды "Сыланды балалары", "Иісті балалары", кейін "Иісті", "Ысты" деп қысқаша атап кетеді. Бір шежіреде Ысты руының аталуын Сыланды ананың месті ыстап, баптап қымыз ашытуынан солай аталып кетіпті деп көрсетілген.Сол Қарашаш (Сыланды) анадан Ысты (шын аты Нұртай), Ошақты (шын аты Қырбай) балалары тарайды. Нұртай 16 жасында жауға қарсы ат қойып "Жауатарлап" шауып, жеңіп шыққан. Содан Жауатар батыр аталып кеткен. Жауатардан (Ыстыдан) Қосмағамбет, Досмағамбет, Сыдық тарайды. Бәйдібек атасы ол немерелеріне енші үлестіргенде Қосмағамбетке - ойық, Досмағамбетке - тілік, Сыдыққа - сызық ең салып береді. Содан олар Ойық, Тілік, Сызық аталып кетеді. Ойықтан (Қосмағамбет), Зорбай (Ауызүсіген), Қызылқұрт, Көкшекөз, Сәтек; Тіліктен (Досмағамбет) Мырза; ал, Ошақтыдан Байлы (Байназар), Аталық, Қоңыр, Тасжүрек ұрпақтары шығады. Күндестік. Нұрилә (660-738 )Бәйдібек биге 679 жылы 19 жасында тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады. Бұл жайлы сол кездегі қытайдағы Тан әулетінің тарихи Суйнама жылнамасының 74 ші бума 46 шы баянында жазылған. Нүрилә өуелі Сары бәйбішенің қолына түседі. Өзі адуын тік мінезді Сары бәйбіше алғашқы кезде жас келінді оған-бұған жұмсап, ынтымақ сақтап жүреді де, кейін түрткілеп күндей бастайды. Бәйдібек Ташкентке кеткен күннің ертеңіне жас келіншекті отынға жұмсайды. Қарулы Нұрила бір арқа жусанды көрші отыратын мүсәпір кемпірдің үйіне апарып тастайды да, қайта барып екінші арқа жусанды бәйбішенің үйіне әкеле жатса, Сары бәйбіше оны барыпты да, қамшымен сабай беріпті. Сондағысы: "бір арқа отынды неге ана үйге апарасың?" деп кінәлапты. Жас келіннің көйлегі жыртылып, басы жарылып қалады. Керегенің көзінен қарап, Зеріп ана дереу жүгірып барып екеуін ажыратады. Нұриләны үйіне әкеліп, өз көйлегін кигізеді. Қанын жерге тамызбай сүртіп алады. Ташкенттен оралған Бәйдібек бұл жанжалды естиді де, ертеңіне Нұриләға отау тігіп, бөлек ауыл етіп отырғызады. Айлар етеді. Бұлақ басында айы-күніне жетіп толғатып ұл табады. Ұлының атын Тілеуберді қояды. Ағайын-туыс, абысын-ажындар құтты болсынға жиналып, шілдехана өткізеді. Ел тарайды. Бәйдібек би Ақсақ Темірдің шақыруымен Ташкентке кетеді. Осындай оңаша кезді пайдаланып, Сары бәйбіше қасына ешкімді ертпей жалғыз өзі Нұриләның үйіне барады. Оның күндестік қастандығы әлі қалмаған екен. - Бар, сен малыңды жайғап кел, балаға мен қарай тұрайын, - дейді. Нұрилә бәйбіше сөзін екі етпей сыртқа шығып кетеді. Қойшы, жылқышылармен бірге малды қора-қопсыға жайғастырып үйіне келсе, бесіктегі бала шырқырап жылап жатады. Сары бәйбіше Нұриләға:- Балаң жылауық екен. Осындай шалажансар бала туасың ба, найсап! Бұл біздің отағасыдан емес, қойшы-қолаңнан ғой шамасы - дейді де, долданып үйіне қайтып кетеді. Нұрилә нәрестені бесіктен шешіп, емізгелі алдына ала бергенде, еңбегінің ойылып қалғанын көреді. Ол дереу Жантас деген аға жылқышыны шақырып Қатаған еліндегі Қон еміс деген емшіні алдырады.- Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, әлде үйде бөтен біреу болып па еді? - деп сүрайды. Нұрилә:- Үйде үлкен енем калып еді, - дейді.- Ә, қақпас, зәлім! - дейді Қон емес емші, - мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нәрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті. Оташы:- Нәрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Әйтеуір миы аман екен... Дереу бас жаңқаларын ептеп алып тастап үстінгі қабығына жаңа туған тасбақаның сүйегін жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан Тілеуберді баланың аты Жарықшақ аталып кете барады. Бұл күндестік, қастандықтың арты біраз сөз болып, Бәйдібек би сары бәйбішесін төркініне апарып тастамақ болады. Бәйбіше Нұрилә күндесіне барып, "Кешір мені" деп жалынады. Ақылды, сабырлы, қайырымды Нұрилә: "Бір жолға кештім" депті. Сөйтіп, ел аяғы тынышталыпты. ## Домалақ ана Сонымен Нұрила келіншек бұлақ басында жалғыз үй отыра береді. Бәйдібектің екінші зайыбы Зеріп болса, соның алдында Шаян өзені бойына жайлауға конғанды. Бәйдібектің билік жұмысымен Түркістан, Сауран жаққа кеткенін естіп, Сайрамда жатқан Қара Қайдар деген қарақшы Боралдайдағы Бәйдібек байдың жылқысына аттанады. Сабаудай-сабаудай оншақты жігіт бұлақ басында отырған жалғыз үйге бұрылады. Бөтен адамдардың үйіне бұрылғанын көре салып Нұрила әжесінің кимешегін киіп. Кемпірге ұқсап отыра қояды. Мұртты қара шойыртпақ: - Бұл кімнің үйі?- Біздің отағасының үйі.- Отағасың кім?- Бәйдібек би.- Өзі қайда?- Түркістан жаққа жолаушылап кеткен- Шөлдеп келеміз, сусын бар ма? Нұрила оларға ешкінің айранын ұсынады... Мұртты жігіт айранды менсінбей, қасындағы серіктеріне береді. Олар айранды сіміріп салып тағы сұрайды. Нұрила екі зерең айран берген соң: - Мырзалар, айран таусылды, - дейді. Мұртты жігіт: - Оқасы жоқ, жігіттер сусындаса болтаны, мен нан ауыз тиейін. Нұрила оған бір күлше нан береді. Қара мұртты күлшені шетінен опырып жейді де: - Күлшең тәтті екен, не қосып ең?- Өз емшегімнін сүтіне илеп пісіріп едім.- Пеле. Алланың рақымына қараңыз. Сіз бізге ана, біз сізге перзент боп қалдық қой! Сізді ұмытпаймыз... Қайтарда соға кетерміз. Екінші шегір көз жігіт: - Бәйдібек байдың жылқысы қайда? Нұрила сезіктене қояды: - Оны қайтерсіздер? Жылқыға да, жылқышыларға да тимеңіздер. Жолдарыңыз бола қоймас. Әуре боласыздар. Менің тілімді алсаңыздар, кейін қайтыңыздар! Алаңғасарлау бір жігіті: - "Қатынның тілін алған қараң қалады" демекші, алған бағытымыздан қайта қоймаспыз, - деп бәрі жүріп кетеді. Соның алдында үш күн, үш түн нөсер жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатқан кез екен. Қарақшылар өзенге барса, Боралдай суы кенересінен асып, бұрқырап жатады. Олар өзен жағалап өткел іздеп біраз әуре-сарсаң болады. Саяздау шығар деп бір жерінен өте берем дегенде, алдымен әлгі алаңғасар жігіттің аты тасқа сүрініп кетіп, ат-патымен суға ағып бара жатады. Тағы бір-екеуі шүңейтке түсіп кетіп аттарынан айырылып, өздері өлдім-талдым дегенде, малтып жағаға әрең шығады.Қара мұртты: - Жігіттер, болмас, кейін қайтайық. Әлгі кемпір тегін адам емес екен. Қайта барып кешірім сұрап, ауылды табайық, - дейді. Атынан айрылған үшеуі өзгелеріне мінгесіп, бәрі Нүрилаға қайтып барады. Алғашқы келгендегідей емес, бұл жолы бәрі аттарынан түсіп:- О, қасиетті Ана, кешіріңіз! Айтқан тіліңізді алмаймыз деп, осынша пәлеге ұшырадық! Оң батаңызды беріңіз, елімізге қайтайық! - дейді. Кішкентай Жарықшағын емізіп отырған Нұрила:- Ендеше қолдарыңды жайыңдар! Құдай оңдасын, әруақ қолдасын,Адал жүріп, адал тұрыңдар.Алдарыңнан жарылқасын! -деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы:- Диһнат мама! - деп оған тағзым етіпті. - Сіз маған шын ана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік!Бұл Қара Қайдар аталып кеткен қарақшылардың бастығы түркмен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскербасы болыпты. Ол өле-өлгенше Нүриланы "Диһнат мама" деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түркістанда жүрсе Түркістанға әдейі барып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті. Міне, содан былай карай Бәйдібек бидің кіші әйелі Нүрила "Домалақ ана" аталып кетіпті.Аққұс Сатыбалдыұлы (1806-1897) жазған шежіреде бұл оқиға осылай хикая етілген. Бұл шежіре кітап 1841 жылы Ташкент баспасынан жарық көрген. Бәйдібек баба, оның үш әйелі, олардан өсіп таралған ұрпақтар, әсіресе Домалақ ананың әулиелік керемет қасиеттері жөнінде жазылған бұл шежіре Аққұс ақсақалдан бұрын Әбілғазы Баһадүрдің "Инсанияти Диһнат мама" аталған кітабында жазылған. Бұл кітапты кезінде атақты Төле би оқып, баласы Қожабекке көшірткен. Ол қолжазба 1713 жылы Ташкентте Төле бидің жарлығымен басылып шыққан. Оны Төле бидің жиені Шина Қарабатырұлы көшіріп алып, Бабасейіт әулетіне таратқан. Одан бүткіл Дулат ұрпағына жайылып кеткен. ### Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы Бәйдібек және оның ұрпақтары жөнінде мұндай дерегі мол басылымдар көп емес. Оны зерттеп толықтырудың сәті енді түсіп отыр. Соңғы кезде Бәйдібек би жөнінде осы жолдардың иесі ел аузындағы әңгіме аңыз, нақыл, мақал-мәтелдерді жинастырып жүрген-ді. Алдағы уақытта осылайша бірлесе іздестіре беру ата-баба әруағы үшін кімге де болса парыз деп ойлаймыз.Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (680-761ж) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нұриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нұрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Оқуға береді. Жарықшақ оқуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады.Нұрила Жарықшақтан кейін Қызайым деген қыз, онан соң Тәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. (Бір дерек Күнбибі (Қызай), Ақбибі (Мұрын) және Сыбан деген үш қыз туыпты деп көрсетілген. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нұриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс, Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін "Қызай найман" деп атайды.Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он шақты мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды "Қызай тауы" деп атап кетеді.Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (723-816) туады.Албан мен Суан жау жүрек батыр, ал Дулат ақылды, сабырлы боп ер жетеді. Нұрила кіші келіні Бибіфатиманы еркелетіп "Бипаш" дейді екен.Кейбіреулер қазақ шежіре тарихында екі Дулаттың болғанын ажырата бермейді. Бірі - ежелгі Дулу тайпасындағы, екіншісі - одан мың жылдай кейін сол Дулудың есімімен аталып кеткен Бәйдібек бабадан тарайтын Дулат руының болғандығы.Б.з. дейінгі II ғасырда өмір сүрген ежелгі үйсін Мемлекетінің бір тармағы Дулу, Дуғлу тайпасы деп аталғаны рас. Үйсін елінің Күнби ханы балаларына енші үлестірерде өзінің батыр баласы Дулуға іле өзенінің бойын бөліп берді. Сол Дулу бастаған тайпа Үйсін Мемлекетінің одан кейін Түрік қағанатының айбынды жауынгер оң қанаты болады.Ак. Л. Н. Гумилев өзінің көне түріктер туралы кітабында (137 б.) былай жазады: "Ат үстінде шебер соғысатын ежелгі хундердің жауынгерлік машығын мұралаған дулулар қағанатта беделі зор үстем тайпа одағы болды".Міне, Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп койған. Демек, Дулу - б.з.д. II ғасырда ғұмыр кешкен тайпа болса, Дулат 723 -816 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады.734-736 жылдары Жарықшақ анасы Нұриламен ақылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан мен Суаннан өрбіген ұрпақтары, казіргы қытаймен шектес Нарынқол, Кеген, жаркент жерін, одан қалса алматы облысы маңын мекендеп кетеді. халық ауызында: Аспан таудың етегі,Албан ата мекені. деген сөз бар, бұл Аспан тау казіргі тян-шан тауы, оны кезінде үйсіндер Тәңір тауы деп атаған, себебі ол кезде бабаларымыз көк Тәңірыне сиынған, не тілеседе көкке қарап тілеп, сол көк аспанмен таласқан биік тауды, Тәңір тауы деп атаған екен.Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде халық арасында: Жаныс көп пе, қамыс көп пе,Сыйқым көп пе, қыйқым көп пе,Шымыр көп пе, шыбын көп пе,Ботбай көп пе, бота көп пе? деген мақал-мәтел таралып кеткен. ## Бәйдібектің ерлігі Бір шежіреде Бәйдібектің батырлығы былай хикая етілген. Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптан келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын-Емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен. Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр: - Енді кім шығады? - деп айқай салады. Найманның Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп барады. Тағы айқас, тағы найзаласу. Шектібай да дүлей Дөдеге төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.- Тағы кім бар? - дегенде, жауға қарама-қарсы қаптап тұрған сарбаздар арасынан ешкім "мен шығамын" дей қоймайды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдырмаш сары жігіт:- Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ, - дейді. Бәйдібек батыр: - Мін менің атыма, - деп астындағы ақбоз айғырын түсіп береді де, ол Дөдеге: - Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға калайсың? - деп кекетеді. Дөде:- Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел, - деп гүр ете қалады. Бәйдібек:- Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім, — деп өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сарбаздары: "Иә, Құдай қолдай гөр!" деп тілеп, шуласады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің күші басым болғанымен, айла-тәсілі аз екен. Ол Бәйдібектің әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезенеді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген дағдылы бір әдісі - құрыққа ұқсатып найзасының ұшына шылбырдан қыл тұзақ байналынатын-ды. Ол енді Дөдеге сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау-жағы да елей қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шауын найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде, Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзақты шалып алып, ат-матымен сүйрей жөнеледі. Дөде қолындағы найзасын тастай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойынын босатып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан аударылып кеткей аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналдырып тастайды да, жайына кете береді. Сөйтіп Дөде азаппен қылқынып жан тәсілім қылады. Бәйдібек жауды түре қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады. Бір бұл емес Бәйдібектің ел-жұртына шапқыншы жаудан қорғап қалудағы ерліктері жөніндегі шежіре-дерек, аңыз-әңгімелер аз емес. Кезінде солардың хатка түсе қоймаған. Бәйдібек би 695 жылдың күзінде cексен алты жасында Бала бөген басындағы өзінің қыстауында қайтыс болыпты. ## Домалақ ананың дүниеден өтуі ...Қараша бидің қызыл қыштан соққан кең үйіне Боралдайдан келген Домалақ ана балаларымен қауышты, немерелерінің бетінен сүйіп, арқа-жарқа боп калады. Қасиетті ананың жақындағы үйіне келгенін естіген қазақ, өзбек көршілері бірінен соң бірі келіп сәлемдесіп жатады. Айлар, жылдар өтеді.Бір күні Домалақ ана түс көріп ерте оянады. - Түсімде отағасы қасыма кел деп шақырады... Мені елге көшіріңдер.Жарықшақ Дулатты шақырады. Бәрі ақылдасып, анасың Боралдайға көшірмек болады. Дулат екі күймесін әзірлейді. Біріне анасы мен өзінің әйелі Күлзейнепті отырғызады. Екінші күймеге жол азық, сусын салып, өзі 20 жігітпен қасына ереді. Үш күн дегенде олар Бала бөгенге жетеді. Аттарын отқа қойып, өздері өзен жағасында сусындап отырады. Домалақ ана балаларына:- Мен елге жеткен соң олай-пұлай боп кетсем, аталарың Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар, - дейді. Балалары:- Ойбай, апа, ондай сөз айтпаңыз, сіз әлі шөберелеріңізді көресіз, — деп, көңілін жұбаткан болады. Сол өзеннің жағасында демалып отырған жерінде үзіліп кетеді. Қасына ерген бала-шағасы, жігіттері үрпиісіп, шоғырлана қалады. Сөйтіп, 738 жылдың мамыр айында қасиетті әулие ана Нүрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Дулат бастаған үрім-бұтағы басына сағана тұрғызады. Осы жерде мына жайттарға көңіл аударған абзал болар еді. Кей дүмше молдалардың Домалақ ана намаз кезінде қайтыс болды дегені шындыққа жараспайды. Домалақ ана (660-738) өмір сүрген 7-8 ғасырларда қазақ даласында ислам әлі келмеген кез. Бұл жалған мәлімет кейінгі діндар дүмшелердің шығарып жүргені. Кезінде Бәйдібек би кесімді, бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал-мәтелдерді көп айтқан. Олардың кейбірі айтыла-айтыла авторы ұмытылып, халықтық мұрага айналып кеткен. Дер кезінде хатқа түспеген соң көпшілігі ел есінен шығып та қалған. Өйткені Бәйдібек заманынан бері бірнеше ғасыр өтті емес пе. Десек те, Бәйдібек бабамыздың бірлі-жарым нақыл-мақалдары атадан балаға ауысып, айтыла келе бүгінге жетті. Оның сол Бәйдібек баба ұрпактарынан жазып алынған нұсқалары мыналар: ## Бәйдібек бидің нақылдары ### Нақыл Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:- Өзім асырап, есігіме салған кұлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.Би жалшыға сөз беріп:- Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би: Аяққа кісен салуға болар,Қолға кісен салуға болар,Ал, тілге кісен салуға болмас, - деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті. ### Нақыл Бай үйінің төрінде отырған бір молда "шариғат жолы олай, шариғат жолы былай" деп шариғат, мұсылмангершіліктен сөз қозғап, өзге жұртқа кезек бермей отырады. Есік жақта отырған байдың жалшысына молданың кедей-кембағалдарды кемсіте сөйлегені жақпай қалады. Жалшы:- Молдеке, сөзіңіз аузыңызда, жаңа "сіз" кедей, жоқ-жұқаналар өз пейілінен табады деп қалдыңыз. Сонда қасиетті "Құранда" солай жазылған ба екен? Менің естуімше, "Құранда" жоқ-жұқана қаріп-қасірлерге садақа беріп, қарасқан сауап деп жазылған сияқты еді. Сіз төрде отырып, жалған сөйлеп отырсыз, - дейді. Жалшының бұл сөзі шымбайына батқан молда:- Жап аузыңды, зәнталақ, сен маған қарсы сөйлеуге қандай қақың бар? - деп ашу шақырады. Отырған көпшіліктің бір жағы молданы, қалған жағы жалшыны қоштап абыр-дабыр боп жатқанда, олардың үстіне қасында 3-4 кісісі бар Бәйдібек би кіріп барады.- Бұл не жанжал дегенде, үй иесі "молдекең былай деп еді, менің жалшым оған қарсы шықты" деп болған әңгіменің жайын түсіндіреді. Сонда Бәйдібек би табан астында әуелі молдаға қарап:- Төрде отырып теріс сөйлегенің жөн емес, көпшілік ішінде төрде отырғанда абайлап сөйлеу керек. Төрді сыйлау кімге де болса парыз.- Ал, жігітім, - деп босағада отырған жалшыға қарап: - Есікте отырып кейіс шығарғаның жөн емес. Сенің сөзің уәжді болса да, мына табалдырықты сыйламайсың ба? Біреудің табалдырығын аттап келіп, у-шу шығару жігітке жараспайды. Ол үйдің шаңырағын сыйлау саған қарыз. Бұл сөздің түйіні енді былай болсын: - "Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,Есікте отырып керіс сөйлегеннен без", деп кесім айтып, көпшілікті риза етіпті. ### Нақыл Бір жолы үш жасар Жалмамбет әкесіне еріп Ташкент базарына барыпты. Саудагер, делдал дегендерді алғаш рет көрсе керек. Үлкендердің "Саудагер қулар алдап жеп кетіп жүрмесін" деген сөздерін естіп жүреді. Жолда бара жатып:- Көке, осы саудагерлер не жейді? - деп сұрапты. Сонда Бәйдібек жас баласына:- Саудагер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, - депті. ### Нақыл Бір жолы баласы Жалмамбет "менікі жөн, олардікі терне" деп бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Бәйдібек би баласына: - Өткелді саяз деме,Таяғыңды салып бойлат,Ісімді мақұл деме,Ағайынға салып ойлат, - деп ақыл айтыпты деседі қариялар. ## Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері Бәйдібек би өз тұсындағы жылқылы байлардың ішіндегі ең жылқысы көп байы болған деседі ел. Бабамыздың мыңдаған үйір-үйір жылқысы өзінің түс-түсі, тұқым-нәсілімен өріп, Қаратаудың Боралдай, Қостұра, Ақтасты, Керегетасты, Жетімтау шатқалдарының теріскей, күнгей жағын түгелдей қара құрымдай қаптап жатады екен. Жылқысы Боралдай өзеніне құлағанда, Боралдай, Бөген, Шаян өзенін кешкенде, ол өзендер де ақпай қалар еді, деседі жұрт. Ал, Бәйдібектің өзі жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты. Ол кісінің жылқышыларына айтқан аталы сөз, шаруа нақыпдары аз болмаған. Соның бірлі-жарымы мыналар: Малды жақсы баққаның -Өзіңе абырой тапқаның.Малды жаман баққаның -Келген бақты каққаның.Кендірмен байлама!Жыңғылмен айдама!Кендірменен байласаң,Жыңғылменен айдасаң,Мал өсер деп ойлама!Сиырда аунамақ жоқ,Жылқыда күйсемек жоқ,Таста тамыр жок,Суда қаймақ жоқ.Бір кісінің баласындай бол,Бір қолдың саласындай бол.Жылқышы жылқыныбаққанын айтар,Қойшы қойына өрістапқанын айтар,Түйеші түйесінің шаңдаққажатқанын айтар,Аңшы қақпаныныңқапқанын айтар,Мерген аңшы атқанын айтар,Саудагер матасынсатқанын айтар.Қасқыр мен ұры мінездес -Екеуі де түнді аңдиды.Бұлбұл мен гүл мінездес -Екеуі де күнді аңдиды. Бәйдібек бидің ел корғауда халық қамын ойлап айтқан аталы сөздері: Алыс жолға шығар болсаң,Алдымен жолдасыңды сайла.Жауыңды жығар болсаң,Алдымен қолбасыңды сайла.Керуен басы білікті болса,Түйе азбайды.Қолбасы білікті болса,Сарбазы тозбайды. Бәйдібек баба үрім-бұтағынан Кебекбай, Бөлтірік, Досай, Ноғайбай, Байжігіт, Сары би, Есенкелді, Сапақ сияқты би-шешендер, Қабан, Сүйінбай, Майкөт, Құлмамбет, Жамбыл тәрізді ақын-жыраулар шыққан. Бұған халық қамын ойлаған ел басшысы болған атакты мемлекет қайраткерлерін қоссақ, Бәйдібек бабамыздың қандай адам болғанын, оның артындағы өсіп-өнген ұрпақтарының жарқын болашағын танимыз. ## Дереккөздер
Миньо немесе Минью (ис. Miño, порт. Minho) — Испания және Португалия жерінде орналасқан өзен. Ұзындығы - 340 км, су алабының ауданы 2500 км². Өзеннің бастауы Луго провинциясында, Мейра аймағында Кантарби тауларынды орналасқан, кейіннен Галисия бірлестігінен өтіп Атлант мұхитына құяды. Миньода кішігірім су қоймалары мен 5 СЭС соғылған. Өзен субтропиктік климатқа ие. Ең ірі қалалары: Туй, Оренсе, Луго, Ла-Гвардиа (Испания); Каминья және Валенса (Португалия). ## Дереккөздер