text
stringlengths
3
252k
Киренаиктер — Сократ ілімінің этикалық жағын дамытып, эпикуризм үшін негіз болған философиялық мектеп. Кирен мектебі сыртқы дүниенің адамның санасынан тыс өмір сүретінін мойындай отырып, оны толық танудың мүмкіндігін мойындамайды. Этика мәселелері жөнінде Кирен мектебі өмір сүрудің мақсаты ләззат алу деп санайтын гедонизмді насихаттайды. Бұл мектептің негізін Протагор мен Сократтың шәкірті Аристипп қалады. Ол ләззат алуға адам өзінің практикалық іс-әрекеті мен тілегін билеу арқылы жете алады деп үйретеді. Аристипптің жолын қуушылар антикалық материализм мен жаратылыстану ғылымына қарсы шығып, ең анық деп адамның субьективті түйсігін айтуға болады дейді. Ленин махизмнің Кирен мектебі іліміне идеялық жақындығын атай отырып, киренаиктер «Түйсікті таным теориясының принципі ретінде араластырады»,- дейді. Кирен мектебінің жақтаушылары дамытқан гедонистік этиканы 18 ғасырда Франция материалистері феодалдық-діни моральдарға қарсы күресу үшін пайдаланды. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл, 5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 443 бет
Виктор Львович Кирпичёв (1845 жыл, Петербург - 1913 жыл, Петербург) — теориялық және іс жүзінде қолданылатын мехника мен материалдар кедергісі саласындағы орыс ғалымы. Михайлов артиллериялық Академиясын бітіріп (1868), сонда оқытушылық қызмет атқарды. 1870 ж. Петербург технологиялық иснтитутында (1876 жылдан проф.) материалдар кедергісі, рафикалық статика, машина детальдары жөнінде лекция оқыды. 1885 ж. Харьков технологиялық институтының директоры болды, 1898 ж.Киевтің политехникалық институтының профессоры. «Материалдар кедергісі»(1884), «Графикалық статика негіздері»(1902) , «Механика туралы 24г3мелер» (1907) т.б. еңбектері жарық көрген. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 450 бет
Иван Иванович Неплюев (1693 - 1773) - Орынбор генералы - губернаторы. 1744 жылы қазақ халқын ата қоныстарынан ығыстыру жөнінде қосымша жобаның авторы. Бұл жобада қазақтарды Орал мен Сібір жағынан қоршауға алу жоспарланған еді. Әсіресе, Жайық қалашығы, Орынбор, Орск, Жаңа Ойыл шебі, Сібір шебіндегі әскерлерді қазақтарға қарай бағыттау болды. 1742 жылы 19 қазанда И.И. Неплюев қазақтарды Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар саламын, бұдан былай осы жарлық алғаннан кейін қамал маңында және Жайық өзенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады». ## Неплюев кадет корпусы Неплюев кадет корпусы – әскери мамандар даярлаған оқу орны. 1825 ж. 2 қаңтарда Орынборда ашылған. 1844 ж. Орынбор Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. Оқу орны Азия халықтарын отарлауға қажетті мамандар даярлау мақсатын көздеді. Алғашында арнайы жабық оқу орны болып, қазақ балалары қабылданбады. Кейін кадет корпусындағы екі эскадронның (Еуропалық және Азиялық) біріне, Азиялық эскадрондағы 30 орынға қазақ ақсүйектері мен старшындарының балаларын қабылдауға рұқсат берілді. Бірақ кейін патша үкіметі мұндай оқу орнында қазақ балаларын оқытуды қауіпті деп есептеп, 1868 жыл 4 тамызда қазақ балаларына бөлінген 30 стипендияны жойды. Енді қазақтар ерікті түрде өз қаражатымен оқитын болды. Бұдан кейін корпуста қазақ балаларының саны күрт азайып, бірен-саран ірі байлардың балалары ғана бітіріп шықтын. Орынбор губерниясының бірінші губернаторы Иван Иванович Неплюевтің құрметіне аталған. ## Дереккөздер
Қалымбетов Бердіқұл (15.3.1920, Сырдария ауданы – 16.2.1978, Алматы) – ғалым, ботаник-миколог, фитопатолог. Саңырауқұлақтарды зерттеген тұңғыш қазақ маманы, биология ғылымдарының докторы (1963), профессор (1967). Орта Азия мемлекеттік университетін (Ташкент қаласы) бітірген (1949). Қазақстанда микроскопиялық паразитті саңырауқұлақтардың биологиясын зерттеу мектебін қалыптастырған. 1953 – 78 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында споралы өсімдіктер биологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі (1968 – 78), сонымен бірге, 1955 – 57 жылдары Алматы ботаника бағының (қазіргі Бас ботаникалық бақ) директоры, 1970 – 78 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының (ҚазҰАУ) фитопатология кафедрасының меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері микология мәселелеріне (Қазақстан мен Түрікменстан микофлорасына) арналған. Қалымбетов саңырауқұлақтың ғылымға беймәлім 50-ден аса түрін ашқан. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## = Дереккөздер
Кирк(Kirk) Ханс Рудольф (11.1.1898,Хадсунн,-16.6.1962, Херхольм)- дат жазушысы. 1925 жылдан социалисттік бағыттагы газеттерде қызмет істей бастады. 1941 ж. гитлер армиясы тұтқынына түсті, концлагерьден (1943) қашып шықты да, астыртын жұмыстарға қатысты. Дат компартиясының органы «Ел және Халық» газетінде (1945) қызмет істеді. «Балықшылар» (1928) , «Мердігерлер» (1936) романдарында қара өмірінің сан қилы көріністері, тап қайшылығы суреттелді. Кейінгі романының жалғасы «Жаңа уақыт» деген атпен жарияланды (1939). «Клитгорд және оның балалары» романында (1948) со5ыс кезі мен соғыстан кейінгі кездегі әр түрлі оқиғаларға қатысқан дат коммунистерінің өмірін суреттеді. «Сайтанның қаржысы» (1952) романы мен «Көлеңке дірілі» (1953) жинағында дат халқы өміріндегі қилы-қилы кезеңдерді әнгімелейді. Киркнің публицистика және әдебиет мәселелеріне арналған «Әдебиет және тенденция», «Пролетарлық өнер туралы» т.б. еңбектері бар. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 444 бет
Ахмет Қалықов (1926 жылы туған, Сырдария ауданы Жеріктал қонысы – 2006) – еңбек ардагері, Социалисттік Еңбек Ері. Найман тайпасы Бағаналы руының Бабас бөлімінен шыққан. Еңбекке 15 жасынан араласқан. 1941 – 59 жылдары қазіргі Түркістан облысы "Көксу" кеңшарында шопан болып жұмыс істеген. 1959 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарына көшіп келді. 1962 жылдан "Қараөзек" кеңшарында қой шаруашылығы бригадасының бригадирі. 1965 жылы әр 100 саулықтан 185-тен қозы, әр қойдан 3,1 кг жүн, елтірінің 82%-ын бірінші сортпен өткізгені үшін Социалистік еңбек ері атағы берілді. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Халыков Ахмет, Ел қаһармандары  (орыс.)
Әбдіржан Қалыбаев (1935 жылы туған, Арал ауданы, Ұялы ауылы) – партия және шаруашылық қызметкері. ҚазМУ-ды, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. * 1957 – 65 жылдары Сырдария ауданындағы санақ мекемесінде инспектор, аға экономист, облыстық ауыл шаруашылық басқармасында аға экономист, облыстық өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау басқармасында аға экономист, «Ауылқұрылыс» СМУ-нда аға инженер, жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. * 1966 – 78 жылдары облыстық парткомда нұсқаушы, қалалық парткомда хатшы болды. * 1978 – 92 жылдары Қызылорда қалалық аткомы төрағасының 1-орынбасары, облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы, бас жоспарлау экономикалық басқармасының бастығы, Қызылорда қалалық аткомының төрағасы, * 1992 – 94 жылдары Қызылорда қалалық әкімдігінің басқарушысы, қала әкімі. * 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. * 1995 жылы облыс әкімінің көмекшісі. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және 2 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Жетіқарақшы — аспанның Солтүстік жартышарындағы Үлкен Аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді. Жетіқарақшының жеті жұлдызының ішінде 1,8 жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыз – Ырық (Алиот) пен Күш (Дубхе) есептеледі. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы астеризмінің төңірегінде көптеген галактикалар мен планетарлық тұмандықтар бар. Ең жақын галактика мен Жердің арақашықтығы 70 млн. жарық жылын құрайды. Жетіқарақшыдағы Жерден ең қашық орналасқан жұлдыз — Күш жұлдызы (Дубхе, 124 ж.ж.), ал ең жақын орналасқаны — Ерік жұлдызы (Мицар, 78 ж.ж.). ## Қазақы түсінік Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған. Жетіқарақшының ең жақсы көрінетін айлары — наурыз, сәуір айлары. Жетіқарақшы республиканың барлық аумағынан айқын көрінеді. Қазақтардың нанымы бойынша Жетіқарақшы күндіз ұрлық жасап, түнде күнәсін мойындаған жеті ұрының жаны, сондықтан олар өлгеннен кейін жеті жұлдызға айналып кетіпті-міс. Қазақ ертегілері бойынша Жетіқарақшы және Темірқазыққа қатысты екі ертегі сақталған. Біріншісі: Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз сол Ақпоз ат пен Көкбоз ат есептеледі. Темірқазыққа арқандалған тұлпарларды ұрлау үшін жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап баспалап айналып жүреді. Бірақ әр күні таң атып кетіп олар қапы қалып отырады. Екіншісі:Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті.Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады, Бәлкім көптеген халықтарда Жеті санының қастерлі болуы, әсіресе апта санауының жеті күнді негіз етуі осы жеті жұлдыздан құралған Жетіқарақшыға қатысты болса керек. ## Мәдени сипаты Үнділердің мәдениеті бойынша Жетіқарақшы "Saptarshi" деп аталған, яғни, Жетіқарақшының жеті жұлдызы Үнділердің жеті әулиесіне өкілдік етеді деп есептеп, оны "жеті әулие" деген мағынада атаған. Қытайлар оны "Солтүстік түкпірдің жеті жұлдызы" (běidǒu qīxīng) деп атаған. Гомердің «Илиада» дастанында "Аюдайын бұл адамдар Жетіқарақшы" деген өлең жолдары кездеседі екен. Грек мифологиясы бойынша Зевс сүлу ару Каллистоны ханымы Гераның қызғанышынан құтқару үшін оны аюға айналдырып жіберген екен. (Кейбір аңыздар бойынша аюға айналдырушы Гера.) Бірақ Гера оны қуғындауын тоқтатпай әйел аңшы құдайы Артемидаға әлгі аюды атып алуды бұйырады. Сонымен Зевс Аюды ғарышқа шығарып жіберуге мәжбүр болады. Сөйтіп Үлкен Аю шоқжұлдызы пайда болады. Ал, Темірқазық сол шоқжұлдыздағы өте жарық жұлдыздардан құралып, шөміш пішінді әйгілегендіктен, дербес те қарастырыла береді. ## Жетіқарақшы өзгерісі Үлкен аюға тән бес жұлдыз Үлкен аю шоқжұлдызы айналуымен бірге қозғалады. Екі шетіндегі Ерік (Дубхе) мен Дес (Алькаид) бұл шоқжұлдызға тән емес болғандықтан олар басқа бағытта қозғалады. Жетіқарақшының бүгінгі шөміш секілді пішіні ұзақ замандық өзгерістің жемісі. Жетіқарақшыны құраған жұлдыздардың қозғалыс ерекшелігі бойынша есептегенде, шамамен 50 000 жылдан кейін оның қазіргі пішіні толық өзгереді. Жетіқарақшының жеті жұлдыздары Қазақтың халықтық түсінігінде атаулары бар: Дубхе (α Үлкен Аю), қазақша Күш; Мерак (β) — Жігер; Фекда (γ) — Қайрат; Мегрец (δ) — Қуат; Алиот (ε) — Ырық; Мицар (ζ) — Ерік. Шөміштің сабындағы соңғы жұлдызын Алькаид (η) - Дес деп атайды. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Маубас Мұқанов (1898-1968), озат шопан, Социалистік еңбек ері (1948). Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Сталин атындағы ұжымшарының аға шопаны болып еңбек еткен. 1947 жылы 400 қазақы саулық қойдан 480 қозы өсіріп, қозылардың салмағын орташа есеппен 42,2 кг-ға жеткізген. Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Құлахмет Дүйсенұлы Қалменов (1926 ж.) – құқық қорғау органының қызметкері (1970), заң ғылымдарының кандидаты. ҚазКСР Ішкі істер министрлігінің 1 жылдық курсын (1945), Мәскеу жоғары офицерлік мектебін (1950) бітірген. 1945 – 48 жылдары Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облыстық ішкі істер басқармасында тергеуші болып істеді. 1950 – 53 жылдары Қазақ КСР ішкі істер министрлігінің аппаратында жауапты қызметтер атқарды, 1953 – 68 жылдары Шымкент облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының бастығы, 1968 – 80 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының бастығы, 1980 – 87 жылдары Ішкі істер минстірлігінің арнаулы мектебінің бастығы болды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Бөкеева Зәуреш Мұхаметкерейқызы, бұрынғы Бөкей Ордасы — 1956, Ташкент) — суретші. Жәңгір хан әулетінен. Әкесінің інісі Ш. Бөкеевтің қолында тәрбие алған. Оның арнайы шақыруымен келген италиялық суретшіден дәріс алған. Бірнеше шет тілдерін білген. Ж. Сейдалин, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ғ. Қарашев секілді қазақ зиялыларымен пікірлесіп тұрған. Бөкеева салған суреттер Азамат соғысы жылдарында және одан кейінгі кезеңдерде жоғалып, бүгінгі күнге дейін жетпеді. ## Дереккөздер
Махмұд Шабустари ибн Абдулкәрім (1287-1320) - әзірбайжан философы-пантеист. Махмұд Шабустаридың "Құпия-сыр бақшасы" деп аталған философиялық поэмасы ағылшын, неміс, француз, түрік тілдеріне аударылды. Махмуд Шабустари Платонның дүние екі жақты дегеніне қарсы шығып, "дүние біртұтас", "болмыс сырттай алуан түрлі болғанымен, іштей біртұтас" - дейді. Махмуд Шабустаридың пікірінше, тәңір мен табиғат біртұтас болып жаралған; құдай табиғатпен имманентті, онымен ажырамастай бірлікте. Махмуд Шабустари сонымен бірге "форма материясыз, материя формасыз сияқты, болмыссыздан басқа ешетеңе емес", дүниедегі барлық заттар болмыссыздықтың осы екі түрінен құралады деп ұйғарды. Махмуд Шабустари органикалық дүние ұзақ эволюциялық жолдан өтіп барып неорганикалық дүниеден пайда болды дегенді айтады. Төрт элементтің (от,ауа, су, жер) қосындысы мен араласуынан, - деп жазды ол, - минералдар пайда болады, минералдардан өсімдік, өсімдіктерден жануарлар, жануарлар дүниесінен (әбден жетілгеннен кейін) адам пайда болды. Махмуд Шабустари адам ұзақ эволюцияның нәтижесі, тікелей маймылдан шыққан дейді. ## Дереккөздер
Махмұд Ялавач (түркі ялавач — «елші»; ? — 1254 жыл) - монғолдардың Мәуереннаһрдағы бірінші даругачиі. Монғолдар Орта Азияға шапқыншылық жасамас бұрын Шыңғысханның Хорезм Мұхаммед шаһқа жіберген үш елшісінің бірі. Шыңғысхан Дешті Қыпшақ және Мауараннахрды басып алғаннна кейін Үгедейдің Мауараннахрдағы даругачиі болды. Тарихшы Жувейнидің айтуына қарағанда, Махмуд-Ялавач және оның баласы Масуд бектің тұсында моңғол шапқыншылығы бәсеңдеп, Бұхардың экономикасы, мәдениеті мен ғылымы өркендей түскен. Махмуд-Ялавач моңғолдардың Қытайдағы даругачиі болды (1251-59). ## Дереккөздер
Жигмонд Кишфалуди-Штробль (маж. Kisfaludi Strobl Zsigmond; 1 шілде 1884(18840701), Альшорайк — 14 тамыз 1975, Будапешт) - венгр мүсіншісі, ВХР-дің халық суретшісі (1952), КСРО Көрсемсурет академиясының құрметті мүшесі (1958). Будапештегі Сән және қосалқы өнер институтында (1900-1905), Венадағы қосалқы өнер академиясында (1905-1906) және Париждегі Жюлиан академиясында. (1906-1908) оқыды. 1924 жылдан Будапешт Көркемсурет академиясының профессоры. 1910-1920 ж. негізінен динамикалық композияциясымен ерекшеленетін монументті-сәндік пластикалар («Садақшы», қола, 1918-1919, Ленинград, Эрмитаж) жасады. Венгрияда халық өкіметі орнағаннан кейін, Жигмонд Кишфалуди-Штробльдің негізгі еңбектері өмірге келді: Геллерт тауындағы (Будапешт) маңы Бостандық ескерткіші, портреттер («Сомерсет Моэм», 1948) және қондырмалы мүсінге жататын шығармалары («Шалғышы», 1954). Кошут атындағы Сыйлықтың лауреаты (1950, 1953). ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 455 бет ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Жигмонд Кишфалуди Штробль * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Жигмонд Кишфалуди Штробль
Көкқұйрықтар туысы - Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздес құстар отрядына сайрақ тұқымдастарға жататын 13 туыстың біреуі. Бұлқын қауырсындарының ұшы майысқақ ине тәрізденіп келетін қызылқұйрықтар мен бұлбұл құстарға жақын, шағын денелі құстар. Еуразия тайгасынан, Азияның оңтүстігіндегі тау ормандарында қоныстанып, бунақденелілермен қоректенетін нағыз орман құстары. Көкқұйрықтар туысында 5 түр бар, Қазақстанда бір түрі – көкқұйрық кездеседі. ## Сипаттама Көкқұйрық - сырттай қарағанда қызылқұйрық сияқты шағын денелі (20 г шамасында) құс. Уақытының көпшілігін ағаш және бұталардың бөрікбасында өткізеді, алайда жерге де түседі, жерге секектеп жүреді. Тасшыбшық тәрізді тәрізді иіліп, тізесін бүгеді де, қызылқұйрық тәрізді ұйрығын селтендетеді. Бунақденелілерді ауадан аулаған кезде шыбыншыны еске түсіреді, ал шақыру белгісі саяшыл сарықасқаға көбірек ұқсайды. Ересек аталықтар - жонының көк түсінен, ал аналықтар және жас аталықтар денесіндегі жабын қауырсындардың жалпы зәйтүн түсті қоңырқай өңімен бірге құйрықүсті реңінің көгілдірлігі бойынша оңай танып білінеді. Еуразия тайгасында таяуда ғана республиканың ең шығыс шекарасына жақын Алтай ормандарында ұлайтын орындары табылды. Солтүстік және Шығыс Қазақстанның басқа жерлерінде қыркүйек-қазанда оқта-текте ұшып өткен кезде кездеседі. ## Дереккөздер * Мектеп энциклопедиясы, Құстар, жануарлар құстар сериясы, Алматы 2010
«Хазар сөздігі: сөздік романы» — серб жазушы, көркемөнерші, пәлсапа докторы Милорад Павич (серб. Milorad Pavić) жазған тұңғыш романы. Басылымға 1984 ж. шықты. Бұл кітап 8 ғ. аяғында, 9 ғ. басында болған тарихи оқиғалар негізінде жазылған: Хазар қағандығындағы дүниедегі үш түрлі діннің (яһудилік, мәсіхшілік, ислам) өкілдері бетпе-бет айтысын бейнелейді. Сол кезде қазар ақсүйектері мен баршаның көбі яхудилікке айналған. Аңыздық айтылымда болған әйгілі хазар таласы негізінде хатқа қалдыру арқылы жазылған деп саналады. Аңыздық айтылымда ол кітап екі түрлі, алтын жане күміс басылымда, кімде-кім ол кітапты ашса қарғысқа қалады делінген. Осылайша дүниедегі үш түрлі дін, дүниеде қазірге дейін жұмбақ болып келе жатқан талай сырлы құбылыстар жайлы сыр шертетін осы кітаптар жүз жылға дейін адам баласы оқуға болмайды деп шектеліп тасталған. Қазір дүниеде шын-өтірігі аралас бірнеше парағы ғана сақтаулы. Енді осы кейінгі «Қазар сөздігіне» оралсақ, бұл кітапты Милорад Павич сол көне кітаптың жүлгесіне негізделіп жазған. Бұл кітап әлем әдебиетінде сөздік роман жазудың алғашқы үлгісін жаратты, онымен қоймай кітап Қара теңіз бен Арал теңізі аралығында жасаған сырлы ұлыс қазарлар жайлы сыр шертеды. Тұтас кітап өз алдына бір енциклопедия дерліктей. ## Қызық деректер Романның екі нұсқасы бар: ерлердің және әйелдердің, айырмашылығы тек бір сөйлемде. ## Сыртқы сілтемелер * Хазарский словарь (орысша)
Қотырқой – Үлкен Қотырқой тауының батысындағы асу. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Бостан ауылының солтүстігінде 8 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері шамамен 1600 м. Мамыр-қазан айларында салт адам өте алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Солтүстігінен Көктал, оңтүстік беткейінен Терісаққан өзендерінің салалары бастау алады. Асу Күреңбел мен Ынтымақ елді мекендерінің жол қатынасын байланыстырады. ## Дереккөздер
Маха Бандула (1782 жыл - 1825, Данубью) - Бирманың әскери қолбасшысы Маха Бандула 19 ғасырдың 20 жылдарының басында Ассам жорықтарын басқарып, бұл князьдықты Бирмаға қосты. 1824 ж. мамырда Маха Бандула Бенгалия аймағын басып кіріп, бірқатар жеңістерге жетті. Артилл. атыстар кезінде қаза тапты. ## Дереккөздер
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет (1951 жылы туған, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы) - ақын. ҚазҰУ-ды, Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. Алматы облысысында "Жетісу", Қостанай облысында "Қостанай таңы" газеттерінде, облыстық телекомпанияда қызмет істеген. "Қазақ тілі" қоғамы облыстық ұйымы басқармасының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облысында бойынша әдеби кеңесші, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, болып қызмет атқарған. "Азия - Транзит" (Қарағанды), "Сарыарқа" (Астана), "Жас қазақ" журналдарының ақылдастар алқасының мүшесі. Қазақ және орыс тілдерінде поэзиялық және прозалық он жеті кітабы шыққан. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Балаларға арналған "Күлімдеді күніміз", "Гүл мен бидай", "Біздің бақша", "Шынар", "Аяз және Қыдыр" атты кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енгізілген. "Ақсұлу" тарихи драмасының, "Алғыс пен Қарғыс немесе жарық пен көлеңке", "Таза бұлақ" пьесаларының авторы. Бірқатар кітаптарды құрастырған. ## Дереккөздер
Георг Людвиг фон Маурер (нем. Georg Ludwig von Maurer; 2 қараша 1790(17901102), Эрпольцхайм — 9 мамыр 1872, Мюнхен) - неміс тарихшысы, маркалық немесе қауымдық теорияны жасаушы. 1826 жылдан Мюнхен университетінің заң прфессоры. Көп жылдар бойы Бавария үкіметінде жауапты қызметтер атқарды. Маурер конститутциялық монархияны жақтады. Марксизмнің негізін салушылар Маурер еңбектерін жоғары бағалай отырып, оның әр дәуірдегі тарихи деректерді шатастыру, тарихтағы зорлық-зомбылық әдістерін жете бағаламау сияқты кемшіліктерін қатаң сынады. ## Дереккөздер
Қызылсерік – Тарбағатай жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау сілемі. ## Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Қазымбет ауылының солтүстік-шығысында 24 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2033 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қаарай 13 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері тіктеу. Батысы, солтүстігі және шығысымен Базар, оңтүстігінде Қусақ өзендерінің салалары тау бөктеріндегі бұлақтардан бастау алады. Батысында Базар, Үржар, оңтүстігінде Тікжолдың асуы орналасқан. ## Өсімдігі Тау шатқалында көк терек, қайыңнан тұратын орман, қара және қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Тарбағатай мына мағыналарға сілтеуі мүмкін: * Тарбағатай ауданы * Тарбағатай жотасы * Тарбағатай тауы * Тарбағатай аймағы * Тарбағатай кемпіршөбі * Тарбағатай көшесі (Астана) * Тарбағатай (ауыл) * Тарбағатай ауылдық округі * Тарбағатай көшесі (Алматы) * Тарбағатай дембеті * Тарбағатай халық театры
Үшарқар-Таразы — Орион шоқжұлдызындағы аңшының белдігін бейнелейтін астеризм. Астеризм үш ақ-көгілдір (көгілдір аса алып) жұлдыздан тұрады: Альнитак (ζ Орион), Альнилам (ε Орион), Минтака (δ Орион). Олар араб тілінен сәйкесінше «мата белбеу», «інжудің жібі», «белдік» деп аударылады. Орион шоқжұлдызын аспаннан осы үш жұлдыз арқылы оңай табуға болады. Олар бір-бірінен бірдей бұрыштық арақашықтықта және бір сызықтың бойында орналасқан. Сызықтың оңтүстік-батыс шеті көгілдір Сириус жұлдызына, ал солтүстік-шығыс шеті қызыл Альдебаран жұлдызына сілтейді. Астеризмді бақылайтын ең жақсы уақыт — қарашадан қаңтарға дейінгі аралық. Үшарқар-Таразы аспан экваторына өте жақын орналасқандықтан, екі жартышардан да көрінеді.
Қызылтас сөздері төмендегідеймағыналар білдіруі ммүкін: * Қызылтас 1998 Көкбай ауылы * Қызылтас таулары * Қызылтас (тау, Ақдала қонысы) * Қызылтас (тау, Ақтау таулары) * Қызылтас (тау, Ешкіөлмес таулары) * Қызылтас (тау, Жалпақтау таулары) * Қызылтас (тау, Кішітау таулары) * Қызылтас (тау, Қалба жотасы) * Қызылтас (тау, Қаратоғанбай таулары) * Қызылтас (тау, Түнғатар тауы) * Қызылтас (тау, Шұнақ таулары) * Қызылтас (төбе, Қараүңгір таулары) * Қызылтас (төбе, Тасжарған төбесі) * Қызылтас (шоқылы тау, Қарағанды облысы) * Қызылтас үңгірі
Қызылтас – Қалба жотасының шығыс бөлігіндегі аласа тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Төменгі Тайынты ауылының оңтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1108 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі тіктеу, жартасты келген. Солтүстік-шығысында Ляпунов шоқысы, оңтүстігінде Холодная Сопка (Суықшоқы), оңтүстік-шығысында Серебряная (Күмісті), оңтүстік-батысында Қараала таулары орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Ортаңғы және жоғарғы девон дәуірінің тау жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, қызғылт селеу, итмұрын, тобылғы, ешкісабақ, қараған, өзен арналарында қарағай, қайың, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Қызылтас – Ешкіөлмес тауларының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау тізбектері. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Киік аулының оңтүстік-батысында 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1037 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп 11 км-ге созылған, енді жері 4 км. ## Жер бедері Беткейлері тау аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Баурайындлағы бұлақтардан Мойынты, Қараеспе өзендері бастау алады. Солтүстігінде Қараматақ, оңтүстігінде Өзенжал, оңтүстік-батысында Қаратөбе, оңтүстік-шығысында Ақтас таулары бар. ## Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, қараған, селеу, бұталар өседі. Беткейі жазғы жайылымдыққа және қыстауға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жанси Батович Кимонко (1905, желтоқсан, Хабаров өлкесі - 1949) - удэгей кеңес жазушысы, қоғам қайраткері. Кимонконың жастық шағы жоқшылықпен өтті. Азамат соғысы жылдары Қиыр Шығыста партизандарға көмектесті. Удэгейлерден бірінші білім алушы, тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы. 1934-1936 ж. Ленинград Солтүстік халықтары иснтитутында, Кеңес құрылыстық орталық курсында (1937) оқыды, кейін өз елінде селолық кеңес төарағасы болды. Кимонко - удегей әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Сукпай аққан жерде» (1950), «Орман үстіндегі шапақ» (1948), «Қызыл Ту» (өзі өлген соң 1950 ж. басылды) повестері, т.б. шығармалары бар. «Қызыл Ту» повесі орыс, шетел тілдеріне аударылды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * КИМОНКО Джанси Батович * Кимонко Джанси Батович
Қызылтас – Қаратоғанбай тауларының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының солтүстік-батысында 29 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1086 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 7 км. ## Жер бедері Беткейі тік шоқылардан тұрады. Етегіндегі жартастардың биіктігі 7-10 м. Оңтүстігінде қойтастардың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Жалпаққайың, шығысында Арқарлы таулары бар. Батысындағы бұлақтардан Майөзек өзені бастау алады. ## Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларында бидайықты шалғын өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Клешня Марк Акимович (1899, Днепропетровск облысы - 1961, Ақмола облысы)- партия қызметкері, Социалистік Еңбек Ері (11.1.1957). Семей губерниясы Кеңес партия мектебін бітірді (1927). Қазақстандағы Азамат соғысына қатысты. 1917-1926 ж. Семей, Павлодарда болыстық, уездік органдарда қызмет істеді. 1928-1934 ж. Павлодар окургтік аткомының нұсқаушысы және оның бөлім меңгерушісі, М.Горький ауаткомының және Булаев ауаткомының төрағасы. 1934-1937 ж. Ақмола аудандық жоспарлау бөлімінің және жер бөлімінің меңгерушісі, Тельман ауаткомының төрағасы. 1937-1942 ж. Қарағанды облысы астық шаруашылығы басқармасының бастығы, Ақмола ауаткомының төрағасы. 1942-1951 ж. Қазастан КП Балқашин аудандық комитетінің хатшысы. 1951-1958 ж. Шортанды аудандық партия комитетінің бірінші хатшасы болды. ## Дереккөздер * КЛЕШНЯ Марк Акимович Мұрағатталған 22 желтоқсанның 2016 жылы.
Қызылтас – Түнқатар тауының оңтүстік-шығысындағы тау сілемі. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 1000 м. ## Жер бедері Төбесі жазық, бөлектенген тау тізбегінен тұрады. Беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік беткейі жартасты. ## Геологиялық құрылымы Соңғы тас көмір және пермь гранитоидтарынан түзілген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында селеу, сұлыбас, көде өседі. Беткейі қысқы жайылым ретінде де пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қызылтас – Ақтау тауларының оңтүстік-батысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 857 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 2 км. ## Жер бедері Беткейі көлбеу төбелерден тұрады. Таудың етегінде қорымтас үйінділері жиналған. Баурайындағы бұлақтардан жылғалар бастау алады. Шығысында Қосшоқы, оңтүстік-шығысында Қотыржал таулары, оңтүстігінде Ақсай, Талдыбұлақ, батысында Жексембі қыстаулары орналасқан. ## Өсімдігі Қиыршықтасты, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, селеу, бұталар, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Қызылтас – Жалпақтау тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінің оңтүстік-батысында 31 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 732. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейлері көлбеу қырқалардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етектерінде қойтас жыныстарының мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Құммола, Жуантөбе таулары, батысында Қосбұлақ бұлағы, шығысында Қызыладыр қонысы бар. ## Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, сұлыбас, қозықұлақ, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Қызылтас – Шұнақ тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінің оңтүстік-батысында 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 791 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылған, енді жері 6 км. ## Жер бедері Беткейі көлбеу, қырқалардан тұрады. Солтүстік-батысында Шауыпкелді, солтүстік-шығысында Айыртау, оңтүстігінде Қарауылшоқы таулары, батысында Қараоба төбесі, шығысында Бұлаққұдық құдығы мен Кеңаңғар қонысы жатыр. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, селеу, бетеге аралас бұталы өсімдіктер өседі. Баурайы бұлақтарға бай. ## Дереккөздер
## Алтыбас Ақмолда Ақмолда ОРынбайұлы, Алтыбас Ақмолда, өз аты Әлмұхаммед - ақын. Ол Торғай уезі, Аққұм болысындағы Молтыркиік деген жер, 1925 жылы қайтыс болды. ## Өлеңдері Өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышына" енген. Алғашқы өлеңдерінен сақталғаны - Ресей империясының жергілікті құқық қорғау органдары 1886 ж. Троицкіде Байтұрсын (Ахмет Байтұрсынұлының әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге жер аударғанда, соларды арашалай алмаған уезд бастығының көмекшісін сынға алған өлеңі. Бұл өлең Муфтахиддин Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енген (Ақмолла. Күндер мен түндер; өлеңдер, толғаулар, термелер, айтыс, 1986 ж.). 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан. "1916 жыл. Билерге" өлеңінде А.О. қазақ жастарын байлап-матап, солдатқа беріп жатқан жергілікті әкімдер қылығын әшкерелейді. Ә.Жангелдинге, Т.Сейдалинге, Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңдері де бар. Алтыбас Ақмолданың жетпіс өлеңі Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ақмолда Орынбайұлы мен Қарпық Шолақұлының шығармаларындағы үндестік(қолжетпейтін сілтеме) ## Алтыбас Ақмолда Ақмолда ОРынбайұлы, Алтыбас Ақмолда, өз аты Әлмұхаммед - ақын. Ол Торғай уезі, Аққұм болысындағы Молтыркиік деген жер, 1925 жылы қайтыс болды. ## Өлеңдері Өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышына" енген. Алғашқы өлеңдерінен сақталғаны - Ресей империясының жергілікті құқық қорғау органдары 1886 ж. Троицкіде Байтұрсын (Ахмет Байтұрсынұлының әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге жер аударғанда, соларды арашалай алмаған уезд бастығының көмекшісін сынға алған өлеңі. Бұл өлең Муфтахиддин Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енген (Ақмолла. Күндер мен түндер; өлеңдер, толғаулар, термелер, айтыс, 1986 ж.). 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан. "1916 жыл. Билерге" өлеңінде А.О. қазақ жастарын байлап-матап, солдатқа беріп жатқан жергілікті әкімдер қылығын әшкерелейді. Ә.Жангелдинге, Т.Сейдалинге, Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңдері де бар. Алтыбас Ақмолданың жетпіс өлеңі Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ақмолда Орынбайұлы мен Қарпық Шолақұлының шығармаларындағы үндестік(қолжетпейтін сілтеме)
Қызылтас – Тасжарған төбесінің солтүстік-батысындағы оқшау төбе. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Мәдениет ауылының солтүстік-шығысында 18 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 706 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. ## Жер бедері Беткейі көлбеу келген. Солтүстігінде Ажар, Сарыбұлақ қыстаулары, батысында Қойтас жоны, оңтүстігінде Саянбай, Жолдас қыстаулары мен Көкен бұлағы, шығысында Кіпірбай қыстауы орналасқан. ## Өсімдігі Сортаңды сұрғылт топырақ жамылығысында дала өсімдіктерімен қоса аралас астық тұқымдас өсімдікітер өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс. ## Дереккөздер
Қызылтас – Кішітау тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 542 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. ## Жер бедері Беткейі көлбеу, солтүстік бөлігіндегі жартастардың биіктігі 20-25 м-ге жетеді. Шығысынан Көкдомбақ өзенінің саласы бастау алады. Солтүстік-шығысында Итауыз, солтүстік-батысында Ақжал, оңтүстігінде Жанай таулары, батысында Ащықұдық құдығы, шығысында Жаман қыстауы жатыр. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, селеу, қылқұрт, бұталы өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қызылтау – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау. ## Географиялық орны Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында, Баянауыл тауларынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Еспе өзенінің аңғарынан Балатүндік өзенінің аңғарына дейін 65 км-ге созылып жатыр. Ені 10 — 15 км. Абсолюттік биіктігі 800 м. ## Жер бедері Күмбез, шошақ тәрізді денудациялық аласа таулар мен ұсақ шоқы, төбелер тобынан тұрады. Ірі таулары: Қарақуыс (764 м) пен Әулие (1055 м). Беткейлері сайлармен тілімделген. Етегінде бұлақтар бар. ## Геологиялық құрылымы Таулар соңғы тас көмір, пермь кезеңдерінің граниттерінен, төменгі және орта девон жыныстарынан түзілген. Тау етектерін төрттік дәуірдің делювийлік-пролювийлік шөгінділері жауып жатыр. ## Өсімдігі Қызылтаудың қоңыр топырағында қараған, тобылғы, сұлыбас, қылқан селеу, бетеге, жусан өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қызылтас – Табақкеңтатыр аңғары мен Балқаш көлінің аралығындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Орта Дересін ауылының солтүстік-шығысында 47 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 447 м. ## Жер бедері Беткейі адырлы жыралармен қатты тілімденген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Жырық, солтүстік-шығысында Бөрітүскен құдықтары, шығысында Көпшоқы, оңтүстік-шығысында Итмұрынды таулары орналасқан. ## Өсімдігі Қиыршықты қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Бауыржан Момышұлы — 2013 жылы режиссер Ақан Сатаевтың батыр Бауыржан Момышұлы туралы шыққан 5 бөлімді мини-сериал. ## Суреттеме Фильмде батальон командирі ретінде ұрысқа қосылған Бауыржан Момышұлының алғашқы шайқасы, оның майдандас достарының екіұдай көңіл-күйі, өзіне де, өзгеге де талапшыл командирдің жаужүрек мінезі туралы баяндалады. ## Басты рөлдерде * Төлеубек Аралбай * Виктор Ашанин * Мақсат Сәбитов * Әсел Сағатова * Еркебұлан Дайыров * Саят Исембаев * Асылхан Төлепов ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Кинопоиск сайтында рейтингі * Сериал трейлері * Киностан сайтында мәлімет Мұрағатталған 13 ақпанның 2015 жылы.
Гүлсәуле Орымбаева (1952 жыл, Жамбыл облысы, Бірлік елді мекені) — «Салтанат» ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері. ## Отбасы Арғы тегі қазақ халқының ардақты ақыны, әншісі, жыршысы, сазгері – Кенен Әзірбаев. Ол 11 жасынан домбыраға қосылып, өзі өлең шығара бастаған-ды. Гүлсәуленің әкесі – Әбдіқадыр Құстүнінов Ұлы Отан соғысына қатысты. Берлинге дейін жеткен. Ол Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитетінде қызметте болған. Ішкі істер министрлігінің полковнигі дәрежесіне жеткен. Анасы – ҚР еңбек сіңірген ұстазы. ## Өмірбаяны Әке өнерге жақын және өзі де музыка аспабында ойнап, ән сала білген. Гүлсәуле оның сүйемелдеуімен жас кезінен билеуді ұнатты, 5 жасында музыка тактысына елтіп билей бастайтын-ды. Тіптен өзі де талдырмаш бойын би ырғағымен қозғалта түсіп, би шығарды. Гүлсәуле бірінші және екінші сыныптарда оқып жүргенінде гастрөлдік сапарлармен ауылына келген әйгілі биші Шара Жиенқұлованың биін көргенінде, аузын ашып, әртістің қимыл-қозғалыстарынан көзін айыра алмады. Оның қиялын жұмбақтай пері биші баурап алды. Содан кейін ұлы биші ұлттық билерді орындаушылығымен оның қиялды-сүйіктісіне айналды.Әбекең мен Гүлсәуле хореографиялық училищеге келіп жеткенде оған осы жылы оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталып қалыпты. Әке Гүлсәуленің көзінде жылт-жылт еткен көз жасына шыдамай, ол үшін комиссияны жинауды сұрайды. Әке мен қыздың қуанышына орай тексерістерінен кейін төраға: «Қабылданды», – деп қуантты. Гүлсәуле ұстазы Шара апасының тобына қабылданды. Гүлсәуленің қуанышында шек жоқ. Шара Жиенқұлова сол хореографиялық училищенің директоры еді, сөйте тұра өзі бірінші бітіретін шәкірттерді тәрбиелейді.Ол хореографиялық училищені үздік тәмамдағасын, жоғары музыкалық білім алу мақсатымен Қыздар педогогикалық институтына оқуға түседі. Әртістік жолы «Гүлдер» ансамблінде басталып, мұнда 10 жыл қызмет істеді. Осы уақытта гастрөлдік сапарлармен Бирмада, Сингапурда, Малайзияда, Пәкістанда болды. Қазақстанның аймағын, Кеңес Одағының барша республикаларын тұтас шарлады. ## Марапаттары * Өнердегі ерен еңбегі үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді. * ҚР Президентінің жарлығымен ол «Астана» медалімен * 2007 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. ## Дереккөздер
Қызылтас – Қараүңгір тауларының солтүстік-шығысындағы төбе. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Мәдениет ауылының оңтүстік-батысында 16 км жерде, Бақанас өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 729 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 1 км. ## Жер бедері Беткейі жонды-белесті келген адырлардан тұрады. Солтүстігінде Ақөгіз, батысында Үлкен Күйкентай таулары, шығысында Тасжарған төбесі, оңтүстігінде Жіңішкеөзек, оңтүстік-батысында Белеу қоныстары жатыр. ## Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында көкпек, жусан, бұйырғын, боз, селеу, бетеге, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі. Алабы - жайылым. ## Дереккөздер
Ләзиза Имашева — "Аударма" баспасының редакторы. 1974 жылы қазіргі Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған), Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында туған. 1999 жылы Алматы халықаралық Журналистика институтын бітірген. 2002 жылы "Шабыт" фестивалінде үшінші, 2003 жылы Ғабиден Мұстафиннің 100 жылдық мерейтойына арналган бәйгеде жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Әңгімелері 2004 жылы жас жазушылардың "Көк күмбез", 2005 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген "Жас толқын" жинақтарына енген. 2002—2004 жылдары республикалық "Қазақстан әйелдері" журналында қызмет етті. 2004 жылдан "Аударма" баспасында редактор. ## Дереккөздер
Қызылтас – Ақдала қонысының солтүстік-батыс бөлігіндегі аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінің оңтүстік-шығысында 47 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 649 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәрізді 5 км-ге созылған, енді жері 2 км. ## Жер бедері Беткейі жонды-белесті, етегінде жақпартастар мен қойтастардың үйінділері шоғырланған. Батысында Аққұдық құдығы, оңтүстігінде Сасырлы, оңтүстік-батысында Киіктау таулары бар. ## Өсімдігі Қоңыр, сортаң топырағында бетеге, селеу, көкпек, жусан, боз, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Сапарғали Әлімбетов (1888, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, бұрынғы Шамака. - 10.10.1956, Семей қаласы) - айтыс ақыны, жырау, сері. Найман тайпасының Қаракерей руының Байыс атасынан тараған. Ескіше сауат ашқан. 1941 жылы халық ақындары Төлеу Көбдіков, Нұрлыбек Баймұратовпен бірге Семей облысының шалғайдағы аудандарында үгіт бригадасын ұйымдастырып, өлең, жырларымен халыққа жігер береді. Түрлі айтыстарға қатысып, Есенсары Құнанбаевпен, Маясар Жапақовпен, Қалқа Жапсарбаевпен, Қуат Терібаевпен, Мағжан Орынбаевпен айтысқан. Әлімбетовтің ақындық, айтыскерлік жолға түсуіне Iлияс Жансүгіров ықпал еткен. Оның толғаулары облыстық, республикалық газеттерде жарияланған. "Мейір батыр", "Молдабай палуан", "Қамбадағы айқас", "Қос жалшының өлімі", "Ақтардың әрекеті". "Қойгелді батыр" тарихи дастандарының авторы. "Қызыл жұлдыз" орденімен, "Құрмет" грамотасымен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қанат Шайханұлы Асаубаев (1948 ж.т., бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Сергиополь (қазіргі Мамырсу) ауылы) — кәсіпкер. * Қазақ политех. ин-тын (ҚазҰТУ-ды) бітірген. * Осы оқу орнында автоматика және басқару жүйесі ф-тінің деканы (1986 — 92), 1-проректор (1992 — 99) қызметін атқарған. * «Қазақалтын» АҚ-ның президенті (1999 — 2008) * 2008 жылдан «Kazahgold» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * АСАУБАЕВ(қолжетпейтін сілтеме)
Биғали Әбдікерұлы Қайыпов (16.7.1951 жылы туған, Арал қаласы) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты. Қызылорда педагогика институтының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін, Алматы халық шаруашылық институтының жоспарлау-экономика факультетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Еңбек жолын 1968 – 69 жылдары ауылдық мектепте мұғалім болып бастады. Облыстық, республикалық комсомол комитеттерінде бөлім меңгерушісі, хатшы, Қазақстан Компартиясы ОК-нда нұсқаушы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының көмекшісі болып істеді. 1985 – 95 жылдары Сырдария аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Арал аудандық партия комитеттінің 1-хатшысы, аудандық Кеңестің төрағасы, Арал ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 1995 – 99 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты, 1999 – 2001 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, 2001 жылдан Республиканың мұнай өндірісі саласында басшылық қызметте. ## Дереккөздер
Яков Исаакович Клейнбок (1908 жыл 23 мамыр, Брест – 1961 жыл 15 қаңтар, Алматы) — мал дәрігері, ветеринария ғылымының докторы (1944), профессор (1944), Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1951), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). 1944 жылдан КОКП мүшесі. ## Еңбек жолы 1932 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітіріп, осы институттың мал патологиясы және емдеу кафедрасында ассистент, ал 1937 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін осы кафедраны меңгерді. Клейнбок жылқының асқазан органдары ауруларын зерттеуде айтарлықтай еңбек етті. ## Шығармалары * Ол 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы; * Негізгі еңбектері «Диагностика, клиника и терапия заболевания желудка лошадей», «Прогрессивный никробронхит лошадей» және т.б; ## Марапаттары * 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордені; * Түрлі медальдар. ## Дереккөздер
Кенерелік – еден мен қабырғаның жапсарындағы саңылауды жауып тұратын құрылыстық элемент. Кенерелік жылу және дыбыс өткізбейді әрі бөлме ішіне сән береді, сондықтан оны қырлап, әрлеп жасайды. Еден қандай материалдан төселсе, кенерелік те содан істеледі. Негізінен кенерелік мыстан, ағаштан, керамика мен бетоннан және т.б. материалдардан жасалады. ## Дереккөздер
Матақ – Нұра алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алқабы 1740 км2. ## Бастауы Шымылдықжал тауындағы бұлақтан басталып, Үлкен Шөладыр тауы тұсында Нұраға құяды. Арнасы көбіне тік жарлы. ## Гидрологиясы Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны Матақ бекеті тұсында 0,13м3сек. Алабы жайылым. ## Дереккөздер
Бұхар көтерілісі — революцияшыл халық жасақшыларының қолдауымен Бұхар әмірлігіне қарсы Қызыл Әскер бөлімдері жүргізген жауынгерлік қимылдар. Азамат соғысы кезінде Бұхар әмірлігінің билеуші топтары Бұхарды Орта Азиядағы контрреволюция күштердің орталығына айналдырды. Халықарарлық империалистік күштер Бұхар әмірлігін Совет Түркістанға қарсы күрес ошағы деп бағалап, арандатушылық әрекеттер жүргізді. Ағылшын интервенттері Бұхар әмірін қару-жарақпен жабдықтады. Ағылшын және түрік офицерлері әмір әскерлерін соғыс өнеріне үйретті. Бұхар әмірінің қарамағында 8,7 мың найзагер, 7,5 мыңнан астам қылышкер болды. Әмірдің халыққа жат саясатының ауыртпалығы бұқара халыққа түсті. Бұхар Компартиясының 4-съезі (1920 жылы тамыз, Чарджоу) әмір өкіметіне қарсы қарулы көтеріліске шығуға шешім қабылдады. Чарджоу, Каган, Термез және басқа аудандарда халық жасақтары құрылды. Самарқанда Шығыс мұсылмандарының 1-полкі ұйымдасты. 28 тамызда Бұхар еңбекшілерінің қарулы көтерілісі басталды. Бұхар революциялық комитеті бұқара халықтың атынан РКФСР және совет Түркістан үкіметтерінен көмек сұрады. Көмек көрсету міндеті Түркістан майданына жүктелді. Майданның командашысы Фрунзе Қызыл Армия бөлімдеріне көтерілісшілерге көмек көрсету жөнінде бұйрық берді (28 тамыз). Түркістан майданы 6 – 7 мың найзагер мен 2 – 2,5 мың қылышкерді, 35 жеңіл және 5 ауыр зеңбіректі, 5 бронды поезд бен 11 самолетті Бұхар әмірінің әскерлеріне қарсы қойды. Бұхар революцияшыл отрядтары бөлімдерінде 5 мың найзагер мен 2 мың қылышкер болды. 29 тамызда көне Чарджоу Совет әскерлері мен көтерілісшілердің қолына көшті. 1 қыркүйекте Наразым, Бурдалық, Қарши, Шахрисяба, Чиракчи, Хатырчи, Кермине сияқты Бұхара әмірлігінің қалалары мен елді мекендері азат етілді. 2 қыркүйекте ескі Бұхара қамалы тізе бүкті. Бұхар операциясының жеңіспен аяқталуы нәтижесінде Бұхар халықтық совет республикасы құрылып (6 қазан), Совет өкіметінің Шығыстағы бір тірегіне айналды. ## Дереккөздер
Арынғазы Қайсақанов (1912 жыл, Семей губерниясы, Көкен ауылы (бұрынғы Жаңа Семей ауданы - 7.03.1976) – экономист, партия кеңес қызметкері. Уақ тайпасынан шыққан. БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген (1949). Еңбек жолдары: Семей облыстық мал шаруашылығы басқармасы қаржы-өндіріс бөлімінің бастығы (1935), Алматыда мемлекеттік жоспарлау комитетінде экономист (1935 – 37), есеп-санақ комитетінде экономист (1937 – 39), Жамбыл облыстық есеп-санақ мекемесінің бастығы (1939 – 41), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1941 – 44), Жамбыл облыстық парткомы хатшысының орынбасары (1944 – 46), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1946), Қарағанды облаткомы төрағасының орынбасары (1949 – 50), Қызылорда облаткомының төрағасы (1950 – 53), ҚКП ОК-нде жауапты ұйымдастырушы, Алматы облысы, Қаскелең аудандық парткомының 1-хатшысы (1953 – 57), Гурьев (Атырау) облаткомының төрағасы, Семей облаткомы төрағасының орынбасары (1957 – 73). Бүкілодақтық, республикалық партия съездеріне бірнеше мәрте делегат болып қатысты, Жоғарғы Кеңеске (3,5 шақырылмдарына) депутат болып сайланды. 3 мәрте Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Едіге Айдарбекұлы Масанов (9 ақпан 1922(19220209), Семей — 14 шілде 1965, Алматы) — қазақ кеңес этнографы. ## Өмірбаяны Мәскеудің М.В. Ломоносов атындағы университеттің тарих факультетін бітірді. КСРО ҒА Миклухо-Маклай атындағы этнография институтында "19 ғасырдың 2 жартысы - 20 ғасырдың басындағы қазақ халқының үй кәсіпшілігі мен қол өнері" деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады. ҚазКСР Ғылым академиясы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер болып істеп, республиканың әр түрлі аудандарына жіберілген этнография экспедицияларды басқарды. Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин жайлы құнды деректер жариялады. Оның "КСРО-дағы қазақ халқын этнографиялық тұрғыдан зерттеу жөніндегі очерктері" - революцияға дейінгі Қазақстан жайлы этнографиялық тұңғыш шығарма. ## Отбасы Баласы — Нұрболат Едігеұлы Масанов. ## Дереккөздер
Қызылтау – Семізбұғы тауының солтүстік-батысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылының шығысында 17 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 776 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км-ге созылған, енді жері 4,5 км. ## Геологиялық құрылымы Силур кезеңінің жыныстарынан түзілген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады. ## Жер бедері Қырқалы төбелерден тұрады. Беткейі мен баурайында таудың қиыршықтастары мен қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Төрткөл көлдері, оңтүстік-шығысында Жартас таулары орналасқан. Оңтүстігінен Жартас өзенінің саласы бастау алады. Беткейлері тік, көптеген өзен аңғары, сай-жыралармен тілімделген. Оңтүстік-шығыс беткейі тік жартасты, кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м-ге жетеді. ## Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында бетеге, көде, жусан, қараған өседі. Оңтүстік-шығыс және шығыс беткейлерінен бұлақтар бастау алады. Қызылтаудың Сарыадыр деген жерінде 1919 жылы Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашқан С. Сейфуллин паналаған. ## Дереккөздер
Қызылтау сөзі мынадай мағыналар беруі мүмкін: Елді мекендер: * Қызылтау – Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақшоқы ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Қызылтау – Қарағанды облысы Шет ауданы, Кәрім Мыңбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Таулар: * Қызылтау (тау, Павлодар облысы) * Қызылтау (тау, Семізбұғы тауы) * Қызылтау (тау, Шет ауданы) * Қызылтау (тау, Кеңаңғар қонысы) * Қызылтау (тау, Арғанаты таулары) * Қызылтау (тау, Жаманайбат таулары) * Қызылтау қорықшасы * Қызылтау (Жамбыл облысы)
Шырынкүл Қазанбаева (12.09.1920 жылы, Шиелі ауданы Н.Бекежанов ауылы – 11.06.2018 жылы, сонда) – еңбек ардагері. Социалисттік Еңбек ері (13.12.1972). Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. 1940 жылы Шиелі МТС-ндағы 3 айлық тракторшылар курсын бітіріп ауданда 1-болып тракторға отырған әйел адам. 1946 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Н.Бекежанов ауылында күріштің әр гектарынан 55 – 70 ц-ден өнім алған. 1966 жылы есімі Қазақстанның Алтын кітабына жазылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ленин (1964 ж.,1972 ж.), «Құрмет белгісі» (1966 ж.), Еңбек Қызыл Ту (1971 ж.) ордендерімен және ондаған медальдармен, социалистік жарыстың алтын, күміс белгілерімен марапатталған. Қызылорда облысының (2007 ж.), Шиелі ауданының (2010 ж.) құрметті азаматы. ## Дереккөздер * ҚАЗАНБАЕВА ШЫРЫНКҮЛ// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева
Қазантаев Қонысбек Төрешұлы (1923, қазіргі Қызылорда қалалық округі, Қызылжарма ауылы – 17.8.2000, Қармақшы ауданы) – қоғам қайраткері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазалы орыс-қазақ педагогикалық училищесін (1942), Алматы жоғары партия мектебін (1950) бітірген. 1945 – 63 жылдары Қармақшы аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, төрағаның орынбасары, төраға, 1963 – 75 жылдары Тереңөзек (қазіргі Сырдария), 1975 – 85 жылдары Жалағаш аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Қазантаев «Құрмет белгісі» (1958), Еңбек Қызыл Ту (1971), Ленин ордені (1966, 1973, 1976), «Октябрь революциясы» (1981), «2-дәрежелі Отан соғысы» (1988) ордендері, медальдармен марапатталған. КСРО және Қазақстан Жоғарғы кеңестеріне депутат болған. Қызылорда қаласында бір көшеге Қазантаев есімі берілді. ## Дереккөздер
Бөкей мектептері — XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Бөкей ордасы аумағында шәкірттерге арнаулы орта білім мақсатында ашылған оқу орындарының бірі, 1841 жылы 6 желтоқсанда Жәңгір ханның бастамасымен тұңғыш рет Орда қаласында ұйымдастырылған орысша-қазақша мектеп. 1868 жылы Бөкей ордасының 7 әкімшілік-аумақтық бөлігінде: Қамыс-Самар, Талов, Нарын, Қалмақ, Тарғын және 1,2-і Теңіз жағалауы округтерінде бастауыш мектептер болды. 1879-80 оқу жылында Жәңгір мектебі 2 кластық училищеге айналды. 1883 жылы Ордада қазақ қыздарына арналған мектеп, 1893 жыл Қанішкенде (Ганюшкин) 2 кластық училище, 1895 жылы Хұсни-Жамал Нұрлыханованың қазақ қыздарына арналған жеке мектебі ашылды. 1899 жылы 1 қыркүйекте Ордада бастауыш білім беретін орыс мектебі ашылды. 1904-05 оқу жылынан бастап бұрынғы Жәңгір мектебінің ізінде ашылған 2 кластық училище ірілендіріліп, арнаулы білім бере бастады. 1911 жылы Орда қаласында 2 қыздар мектебі шәкірттер қабылдады. Сол жылы Бөкей ордасы аумағында бір 4 кластық қалалық училище және оның жанындағы педкурс, төрт 2 кластық (олардың біреуі – қыз балаларды оқытуға арналған), отыз бес бастауыш мектеп (олардың 29-ы ер балаларға, 6-ы қыз балаларға арналған), екі діни мектеп жұмыс істеген. ## Түсініктемелер * "Сен білесің бе?" энциклопедиясы. /Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы * Оралда Бөкей ордасы мектептері мұражайларының көрмесі ашылды Мұрағатталған 16 ақпанның 2015 жылы. * Бөкей мектептері
Сарайшық — орта ғасырлық қала, Жошы Ұлысының ірі сауда және экономикалық орталығы. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 45 км жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында, Махамбет ауданы Сарайшық ауылы маңында орналасқан. ## Тарихы Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласы дереккөздерге сәйкес 13 ғ. Бату ханның кезінде салынған. Қала үстімен Еуропа елдері мен Алтын Орда астанасынан Хорезм қалаларына, сондай-ақ Үндістан, Ирак және Қытайға басты құрлықтық керуен жолдары өткен. Бірқатар қолайлы жағдайлар салдарынан Сарайшық, көптеген талантты шеберлердің қолдарымен салынған салтанатты сарайлар, ақша сарайы, керуен-сарай, моншалар, мешіттер, медреселер мен басқа да әсем құрылыстарымен, тез арада Жошы Ұлысы империясының басты саяси, сауда-экономикалық және мәдени орталықтарының біріне айналған. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті. Сарайшық туралы алғашқы естеліктерді, Ұлысу (Жайық) өзеніндегі көпір туралы араб саудагер-саяхатшысы Ибн Батута қалдырды. Ол бұл аймаққа 1333 (1334) жылы Өзбек ханның (1312-1342 ж.ж.) билігі тұсында келген. Сарайшықтың қарқынды дамуына Берке ханның (1257-1266 ж.ж.) жаңа дін – исламды қабылдауы да септігін тигізді. Кейіннен Өзбек ханның тұсында ислам - Алтын Орданың мемлекеттік дініне айналды, едәуір уақыт алшақтығына қарамастан, бұл екі тарихи оқиға да Сарайшық қаласында орын алған. Бұл Сарайшықтың ерекше маңызын, бүкіл Алтын Орданың рухани-идеялогиялық орталығы болғандығын көрсетеді. Сарайшықта Алтын Орданың бірнеше хандары мен тарихи тұлғалары жерленген, оның ішінде Меңгі-Темір (1266-1281 ж.ж.), Тоқты (1280-1312 ж.ж.), Жәнібек (1342-1357 ж.ж.), Бердібек (1357-1359 ж.ж.), Тоқтамыс ханның басы (1380-1406 ж.ж.) және қазақ ханы Қасым (1511-1524 ж.ж.) бар. Алтын Орданың ыдырауынан кейін Сарайшық XVI ғасырдың 40-жылдарына қарай біртұтас Ноғай Ордасы мемлекеті боп қалыптасқан Маңғыт жұртының астанасы болды. Атақты Қасым хан да (1511-1524 ж.ж.) Сарайшықты Қазақ мемлекетінің астанасы етеді. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының аумағы қазіргі Қазақстанның көлемінде кеңейеді, ал тұрғындар саны миллионнан асады. Бірақ, Қазақ хандығы тарихындағы шиеленісті жағдайлар нәтижесінде, Қасым хан мұрагерлері тұсындағы аумақ тұтастығын және ел тәуелсіздігін қорғауға байланысты, сансыз қақтығыстардың кесірінен Сарайшықтан уақытша айырылуға мәжбүр болды. Ақыры 1568 жылы Хақназар хан (1538-1580 ж.ж.) Қазақ хандығы құрамына Сарайшықты қайтарып алды. Сарайшық қаласы 1580 жылы казактардың қарақшылық шабуылы нәтижесінде түпкілікті құлайды. Қала құландысына 1937 жылы кәсіби археолог Н.Арзютов ғылыми зерттеу мақсатында археологиялық қазба жұмысын жүргізді. 1950 жылы академик Ә.Х.Марғұлан да Сарайшыққа қазба салады. 1996-2008 ж.ж. Сарайшық қаласы орнына археолог З.Самашевтың жетекшілігімен кең көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүрді. 2019 жылдан бастап "Сарайшық" музей-қорығының археологтары қала орнында тұрақты зерттеу жүргізуде. Сарайшық қаласы құландысындағы зерттеулер нәтижесінде, Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінен, ортағасырлық Батыс пен Шығыс өркениеті орталықтарымен мәдени байланыстар және сауда-экономикалық дамудың серпіні жөнінде бай материалдар жинақталды. Қала орнында ондаған көп функционалды бөлмелерден тұратын тұрғын үй-шаруашылық кешені қазылды, жергілікті немесе шеттен келген сырлы және сырланбаған қыш бұйымдардың көптеген үлгілері алынды. Оның ішінде алтынмен әшекейленген, зооморфты немесе өсімдік тәріздес оюларымен ерекшеленетін түрлері де кездеседі. Сырлы қыш бұйымдардың сынықтарында діни немесе басқа тақырыптағы жазулар бар. Бұл қыш материалдардан басқа, түрлі тұрмыстық-шаруашылық маңызы бар заттар, қару-жарақ бұйымдары және сансыз көп тиындар табылды. Сарайшық пен оның төңірегінің қалалық мәдениеті Төменгі Поволжьенің, Хорезмнің және Орта Азияның үйлесімді мәдениетімен салыстырғанда, өзіндік ерекшелікке ие, бұл оның терең далалық тамырын соншалықты дәрежеде қамтуында, Дешті-Қыпшақ пен Ұлы Даланың басқа да шеткі аймақтарымен тығыз байланысында көрінеді. Қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалады. ## Жазба деректер Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы - Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде 1334 ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке — Алтын Орданың бас қаласы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол, Біз Сарай қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарай-жук қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталған үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейін екінші жүзбелі көпір осында екен. Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі - Антоний Дженкинсон. Ол 1558—59 жж. Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғып былай жазған: Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүленге Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен. ## Зерттеулер Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 ж. жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде «қала 12 ғ. салынған» деп айтады. Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. 1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына керамикалық ірі құмыра ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйірінде жазулар жазылған. Құмыра сол кездегі губерния орталығы Орал қаласындағы музейге тапсырылады. Құмырадағы жазуды ғалымдарға оқытқанда Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы жазбамен мәндес: Адам көркі – жүз,бұл жүз көркі – көз,Ауыз көркі – тіл,бұл тіл көркі – сөз.Тағы көрік кісіге –білім мен өнер,Жанын құрбан етер білім үшін ер, - деген шумақ шыққан. Ал бүйіріндегі “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп жазылған.
Бозбас отқұйрық (лат. Phoenicurus caeruleocephala) – торғайтәрізділер отрядының сайрауық тұқымдасына жататын сайрағыш құс. Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қылқан жапырақты ормандарында мекендейді. Қанатының ұзындығы 15 – 16 см, салм. 15 – 17 г. Қоразының қанатында ақ дағы бар. Арқа жоны қара, бауыры ақ, ал мекиенінің түсі бозғылт, құйрығы қара болады. Даусы ащы, шырылдақ. Бозбас отқұйрық – жыл құсы. Сәуірде ұшып келіп, ұясын тастың астына, шөптің үйіндісіне, ағаштың түбіне жасырып салады. Жылына 2 рет жұмыртқалайды. Ашық түсті 3 – 5 жұмыртқаны мекиені 2 аптадай басып, балапандарын 10 – 15 күнде қанаттандырады. Ұядағы балапандарыдары тамыз айында түлей бастайды да, ұшқат жидегімен, ал ересектері ұсақ жәндіктермен, өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Қыркүйекте жылы жаққа ұшып кетеді. Бозбас отқұйрық зиянкес жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. ## Дереккөздер
Қызылбауыр қызылқұйрық (лат. Phoenicurus erythrogacter) — қызылқұйрықтардың ең ірі денелі 25-32 г және ашық өңді құстардың бірі. Ересек аталықтың реңінде үш түс: қара (жонының үлкен бөлігі мен түсі), кірпіш өндес қызыл (бауыры, құйрықүсті, құйрығы) және ақ түстер басымырақ байқалады. Аналығы кез келген басқа қызылқұйрықтардың аналығына ұқсас қоңырқай болып келеді. Әуені қара сайрақтікі сияқты сыбызғының ызыңына ұқсас - әдемі, алайда онда қара бұлыңғыр балшақшынікі сияқты әуені аз шықылықтау немесе сусымалы тастардың шуылына ұқсас өзінше түзетілер болады. Қызылбауыр қызылқұйрық - теңіз бетінен 3000 м жоғары альпі белдеуінде мекендейтін ең биік тауларда өмір сүретін құс. Қазақстанда тек қана оңтүстік және солтүстікте - Батыс Тәңіртаудан Алтай тауларына дейінгі биік тауларда өмір сүреді. Отырықшы құс, қыста жидекті бұталар, әсіресе шырғанақтар және зеректер өсетін өзен аңғарларына және тау етектеріне төмендеп түседі. Қызылбауыр Қызылқұйрықтар наурыздың соңына қарай альпі белдеуінің жартастарына - ұялау орындарына ұшып келеді. Бұл кезде солтүстік беткейдегі қар әлі еріп кетпейді, ал оңтүстік беткейде шөптердің, гүлдердің өркендері пайда болып, бунақденелілер де белсенді тіршілігін жалғастырады. Ұяларын адам баса алмайтын жартастардың жарықтарына және ойықтарына, сондай-ақ құрылыс бар жерде солардың шатырларына салады. Салындыдағы 3-5 қызыл ноқатты ақ жұмыртқаларды аналығы басады, ал балапандарын ата-енелері бірлесіп қоректендіреді. Бұл құстардың биологиясы аз зерттелген, дегенмен олар осыншама биіктікте де бір жазда екі рет балапан өргізеді деген болжам бар. ## Дереккөздер
Бақтыбек Жұбандықұлы Таубаев (1942 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылында туған) — ауыл-шаруашылығы ғылым докторы (2005), профессор (2006). Қазақ мемлекеттік Агро шаруашылық институтын (1964, қазіргі қазақ ұлттық Аграрлық Университетін) бітірген. Атырау облысы Агро шаруашылық тәжірибе станциясында бөлім меңгерушісі, лаборатория директоры (1964- 1969 ж.ж), Атырау облыстық Партия комитетінің қызметкері, Балықшы, Махамбет, Индер аудандары халық депутаттары атқару комитеттерінде төраға, бірінші хатшы, облыстық Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық Агроөндірістік кешен төрағасы қызметтерін атқарды (1969- 1992). Қазақ жемшөп өндіру және жайылым ғылыми- зерттеу Институтының Батыс аймақтық және биоресурстар бірлестігінің директоры, төрағасы (1992- 2002), Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі міндеттерін қоса атқарған. Осы оқу орнында проректор (2002-2006) болды. 2006 жылдан бастап декан қызметін атқарды. «Еділ- Жайық аралығындағы табиғи жайылымдардың өнімділігін арттыру бағытында топырақты негізгі өңдеу әдістері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми Жарияланым мен 3 монографияның авторы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1976). ## Дереккөздер
Қызылтау – Арғанаты тауларының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Терісаққан ауылынан (Ұлытау) 25 жерде орналасқан. Терісаққан өзені аңғарында. ## Геологиялық құрылымы Силурдың интрузивтік жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 492 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доға тәріздес созылған таудың ұзындығы 18 км шамасында. Енді жері 4 км. Беткейлері көлбеу келген көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. Оңтүстігінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр карбонатты топырақ жамылғысында жусан, селеу, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Қызылтау – Кеңаңғар қонысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аласа тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінің оңтүстік-батысында 68 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 530 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейі адырлы, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Көрқұдық құдығы, батысында Жүрісбай төбесі мен Ақсортопырақ қонысы, оңтүстігінде Сарық, шығысында Қоңырадыр таулары бар. ## Өсімдігі Қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, тобылғы, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қоңыратбай – Жетіқоңыр құмының оңтүстік-шығысындағы төбе. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінің оңтүстік-батысында 130 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 400 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 13 км-ге созылған, енді жері 6 км. ## Өсімдігі Сұр, сортаң топырақ жамылғысында боз жусан, қара жусан, баялыш, бұйырғын, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қызылтау – Жаман Айбат тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінің оңтүстік-батысында 142 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 360 м. Солтүсттік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. ## Жер бедері Жер бедері жонды-белесті келген. Солтүстігінде Ұзыншығанақ қонысы, батысында Жүзжасар, шығысында Қоңыратбай төбесі бар. ## Өсімдігі Сортаң, сұр топырақ жамылғысында боз жусан, баялыш, бұйырғын, т.б. шөлге тән өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қоңыржал – Басқағыл тауларының шығысындағы жота. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сәтбаев қаласының солтүстік-шығысында 42 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 517 м. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес созылған бірнеше шоқылардан тұрады. Ұзындығы шамамен 30 км шамасында, енді жері 2-3 км. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы девон, силур кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. ## Жер бедері Тізбектелген жонды-қырқалы шоқылардың аңғарлары құрғақ өзен арналарымен тілімденген. Баурайындағы бұлақтардан Сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендерінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Карбонатты қоңыр топырақ жамылғысында бұта араласы жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт өседі. Қоңыржалдың оңтүстігінде 21 км жерде өзімен аттас тау орналасқан. ## Дереккөздер
Бақтыбек Жұбандықұлы Таубаев (1942 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылында туған) — ауыл-шаруашылығы ғылым докторы (2005), профессор (2006). Қазақ мемлекеттік Агро шаруашылық институтын (1964, қазіргі қазақ ұлттық Аграрлық Университетін) бітірген. Атырау облысы Агро шаруашылық тәжірибе станциясында бөлім меңгерушісі, лаборатория директоры (1964- 1969 ж.ж), Атырау облыстық Партия комитетінің қызметкері, Балықшы, Махамбет, Индер аудандары халық депутаттары атқару комитеттерінде төраға, бірінші хатшы, облыстық Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық Агроөндірістік кешен төрағасы қызметтерін атқарды (1969- 1992). Қазақ жемшөп өндіру және жайылым ғылыми- зерттеу Институтының Батыс аймақтық және биоресурстар бірлестігінің директоры, төрағасы (1992- 2002), Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі міндеттерін қоса атқарған. Осы оқу орнында проректор (2002-2006) болды. 2006 жылдан бастап декан қызметін атқарды. «Еділ- Жайық аралығындағы табиғи жайылымдардың өнімділігін арттыру бағытында топырақты негізгі өңдеу әдістері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми Жарияланым мен 3 монографияның авторы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1976). ## Дереккөздер
Қоңыржал – Қаракеңгір өзені аңғарындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сәтбаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 41 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 507 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. ## Жер бедері Беткейі тіктеу келген, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Сай-жыралармен тілімденген. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр, сұр топырақ жамылғысында селеу, жусан, көкпек, сұлыбас, еркек шөп, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Қоңыржал – Қарқаралы тауларының батысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының батыс бөлігінде орналасқан. Байқожа мен Ақбастау өзендері аралығында. Биіктігі 946 м. Ұзындығы мен ені 3-5 км. ## Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір дәуірі гранитоидтарынан түзілген. ## Жер бедері Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілмденген. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, тобылғы өседі. Оңтүстік және шығыс бөліктерінде көптеген бұлақтар бар. ## Дереккөздер
Асқар Кіребайұлы (1946 жылы туған, Жалағаш ауданы Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) – ақын. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1980). Еңбек жолын 1964 жылы бастап, Сырдария ауданында «Сырдария» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. 1980 жылдан Қызылорда облысы «Ленин жолы» («Сыр Бойы») газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған, Шиелі аудандары бойынша меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, Жалағаш ауданы «Жаңадария», Сырдария ауданы «Сырдария», республиканың «Кәсіпкер», «Қарашаңырақ» газеттерінде бас редактор, «Ауыл», «Заман – Қазақстан» газеттерінде меншікті тілші, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында директор қызметтерін атқарған. 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» атты жыр жинағына өлеңдері енген. Алғашқы кітабы «Сыршыл көңіл» деген атпен 1978 жылы жарық көрді. 1987 жылы балаларға арналған «Алғашқы бәйге», 1992 жылы «Іңкәрдария» өлеңдер жинағы жарық көрді. «Сыр өңірінің қара шаңырағы» театр тарихы туралы, «Өркенді өнер» атты прозалық шығармалары мен «Аламесек» өлеңдерінің толық жинағы шықты. Қызылорда облысы драма театрында «Арманым. Әнім. Іңкәрім» поэт. қойылымы, 2005 жылы «Махаббат пен Ғадауат» атты драмалық спектаклі сахналанған. ## Дереккөздер
Аябіл Күнбазаров (1939 жылы туған, Қызылорда облысы Арал ауданы Тұрсынбике ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1992). КСРО өнертапқышы. Қазан технология институтын (1963) бітірген. Ташкент қаласындағы Орта Азия геология және минералды шикізат ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1972–96), Науаи тау-кен институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1996–98) болды. 1998 жылдан Қызылорда мемлекеттік университетінде профессор қызметінде. Ғылыми еңбектері - мұнаймен ластанған және тұзданған жерлерді биотехнолиялық жолмен қалпына келтіруге, техногендік қалдықтарды қайта өңдеп биогумус, биогаз, т.б. алудың өндірістік негіздерін жүзеге асыруға арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы, 20 патенті бар. ## Дереккөздер
Байқадам Қаралдин - 1877 жылы желтоқсанның 18-інде, бұрынғы Торғай уезі, Қараторғай болысында дүниеге келген (Қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байқадам ауылы). 1930 жылы мамырдың 5-інде қайтыс болды. Қоғам және мемлекет қайраткері. Қаралдин 1891 жылы Торғай орыс-қазақ екі жылдық училищесін бітіргеннен кейін уездік басқармада есепші және көшірмеші болып істеген. 1903 жылы үлгілі қызметі үшін уездік басқармаға үшінші разрядты шенеунік болып қабылданады. 1911 жылы аудармашы қызметіне жоғарылытады. Қаралдин 1909-1910 жылдары Торғай және Сырдария облыстарының қыстақтарын зерттеуге белсене араласып, Страховск бөгенін салуды басқарды. 1916 жылғы Торғай көтерілісінің қарсаңында уезд бастығы Гарф пен губернатор Эверсманға патша жарлығына наразы халықтың талаптарын түсіндіруге күш салды. 1916 жылғы 8 желтоқсанда Қаралдин бірқатар көтеріліс басшыларымен бірге патша өкіметіне опасыздық жасағаны үшін дарға асу жазасына кесілді. Оның бұл жазадан құтылуына Ресейдегі ақпан төңкерісі себеп болды. Қаралдин Қазан төңкерісінен кейін Торғай уездік халық комиссары болып, бұл қызметін 1918 жылы мамыр айына дейін атқарды. Уезде Кеңес өкіметі қалпына келтірілген соң Торғай уездік атқару қызметінің төрағасы болып сайланды. Бір жылдан кейін, Әліби Жангелдин, Ахмет Байтұрсынұлымен бірге Мәскеуге барып, үкімет басшыларымен болған Алашорда мәселелері бойынша келісімге қатынасты. 1919 жылы тамызда жаңадан ұйымдастырылған Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери революциялық комитеттің хатшысы болып тағайындалды. 1920 жылы маусымда Торғай уездік атқару қызметінің мүшесі және жер бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. Ол Жангелдинмен бірге РКФСР ХКК-нің 1919 жылы 10 шілдедегі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы» декретінің жобасын әзірлеуге қатысты. В.И.Ленин қолқойған бұл декреттің Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуына негіз болғаны белгілі. КСРО-да бай-кулактардың мал-мүлкін тәркілеу науқаны басталғанда Қаралдин де заңсыз айыпқа тартылды. Өзін жазықсыз жападан арашалап алу үшін Қызылордағабарған Қаралдин дереу тұтқындалып, кешікпей Семейде атылды. Қазақ КСРО Жоғарғы соты алқасының 1960 жылғы 18 ақпанындағы шешімімен ОГПУ “үштігінің” 1930 жылғы 25 мамырдағы үкімі негізсіз деп танылып, Қаралдин толық ақталды. Қазір Қостанай облысы, Амангелді ауданының бір елді мекені Қаралдин есімімен аталады. Оның ұрпақтары арасынан көрнекті композитор Бақытжан Байқадамов, Қазақ КСР халық әртісі Айсұлу Байқадамова, қаламгер Данабике Байқадамова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Күнімжан Байқадамова еліміздің белгілі азаматтары болды. ## Дереккөздер
Мусин Қорған Нұрханұлы (1926 жылы туған) - 1970 жылдан Қазақ Совет Социалистік Республикасының селолық құрылыс министрі. 1959 жылдан КОКП мүшесі. Ташкенттің ауыл шаруашылығын суландыру және механикаландыру институтын бітірген (1953 жыл) соң инженерлік, су тех. қызметтер атқарады. 1966-70 жылдары ҚазКСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбсары, 1-орынбасары. 1970 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі. 8-9-10 сайл. Қазақ Совет Социалистік Республикасының Жоғарғы Совет депутаты болып тағайындалады. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы.
Нәжман Күнқожаев (25 желтоқсан 1929, Бөген ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР - 8 ақпан 2021, Алматы) — тарих ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974). ## Өмірбаяны Күнқожаев Нәжман 1929 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысы Аралдың Бөген ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Т.Г.Шевченко атындағы №13 мектепті алтын медальмен бітіріп, сол кездегі еліміздің жоғары оқу орындарының көшбасшысы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1953 жылы үздік дипломмен аяқтады. Университетті бітіргеннен кейін өзінің туған жеріне оралып, мұғалімдік еңбек жолын бастайды. 1953-58 жылдары Қазалы темір жолының Сексеуіл станциясында мұғалім, Бөген ауылында мектеп директоры болып қызмет жасады. 1958-1961 жылдары Қызылорда облысының халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. Қызылорда облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарғаннан кейін, 1963-1965 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқиды. 1965 жылы Жоғары партия мектебін бітіріп, облыстық комитетте дәріскерлер тобының жетекшісі болды. 1965-1983 жж Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарады, Философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі. 1983-1986 жылдары Атырау педагогикалық институтының ректоры қызметтерін атқарды. 1986–1992 жылдары Қызылорда педагогика институтында сырттай оқу бөлімінің проректоры, кафедра меңгерушісі. 1992 жылдан Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының профессоры, Алматы қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. ## Еңбектері 1966 жылы «1959-1969 жылдары Қазақстанның Оңтүстік облыстары партия ұйымдарының өнеркәсіп орындарына басшылық жасаудағы қызметі» атты тақырыпта тарих ғылымынан кандидаттық диссертация қорғады. 1972 жылы «1959-1972 жылдары Қазақстан Компартиясы өнеркәсіптің ғылыми-техникалық процесі үшін күресте» тақырыбында тарих ғылымынан докторлық диссертация қорғады. Н.Р.Күнқожаевтың 200 астам ғылыми мақалалары әртүрлі жинақтар мен журналдарда басылды. Оның 1972 жылы 11 баспа табақ көлемінде, 1974 жылы 20 баспа табақ көлемінде, 1983 жыл 10 баспа табақ көлеміндегі монографиялары осы уақытқа дейін ғылыми маңыздылығын жойған жоқ. 1997 жылы оның «Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасы: құрылымы және перспективасы» монографиясы 10 баспа табақ көлемінде жарияланып, республика ғалымдарынан жоғарғы баға алды. «Адам және қоғам» оқулығының тұңғыш авторы. Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде еліміздегі бүкіл мектептерге осы кітаппен оқуды ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынып, бекітті. Ғалымның 1997 жылы жазған «Әлеуметтану», 2001 жылы жарық көрген «Социология» оқулықтары Жоғары оқу орындарына таптырмас еңбек болып бағаланды. ## Марапаттары Қоғамдық, педагогикалық, ғылыми қызметі үшін Н.Р.Күнқожаев «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» меделімен, «КСРО Жоғары оқу орындарының үздігі», «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгілерімен, көптеген медальдермен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен екі рет және Алғыс хаттармен марапатталды. ## Дереккөздер
Қаражал – Қалба жотасының оңтүстік бөлігіндегі таулар. ## Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы Шәріптоғай ауылының солтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1144 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-ге созылған, енді жері 15 км шамасында. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Беткейі тіктеу, көптеген жартасты ұсақ шоқылармен, сай, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстігінен Шар, оңтүстігінен Көкпекті өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Қарғалы, шығысында Толағай, оңтүстігінде Ақшоқы таулары орналасқан. ## Өсімдігі Аласа таудың шалғынды қоңыр топырақ жамылғысында далалық астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қаражал – Қалба жотасының оңтүстік бөлігіндегі таулар. ## Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы Шәріптоғай ауылының солтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1144 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-ге созылған, енді жері 15 км шамасында. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Беткейі тіктеу, көптеген жартасты ұсақ шоқылармен, сай, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстігінен Шар, оңтүстігінен Көкпекті өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Қарғалы, шығысында Толағай, оңтүстігінде Ақшоқы таулары орналасқан. ## Өсімдігі Аласа таудың шалғынды қоңыр топырақ жамылғысында далалық астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қаратоғанбай – Қызылтас тауларының батысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет және Ақтоғай аудандары жерінде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 3-5 км. Абсолюттік биіктігі 1140 м. ## Жер бедері Сай, шатқалдармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудан бірнеше өзен бастау алады. Ірілері: Шиөзек, Саржа, Қарасай. ## Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Аласа таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Мал жайлымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Алатау бәйшешегі (лат. Crocus alatavicus) – құртқашаштар тұқымдасына жататын, Қазақстан аумағында өсетін, бәйшешектің белгілі түрі. Ірі қиыршық тасты, сазды беткейлерге, шабындықты және далалы учаскелерге тау етегінен орман белдеуінің жоғарғы шекарасына дейінгі бұта иеліктерінде өседі. Жоңғар Алатауында, бүкіл Тянь-Шаньда (Алматы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында) кездеседі. Онша биік емес (10-30 см-ге дейін), сабақ түбінде шоқталған, гүлдері дара, жиірек екі-төрттен воронка тәрізді. Гүлсерігінің жапырақтары аппақ, (ұзындығы 4 см) сырт жағы сұрғылт күлгін, барлық бәйшешектердің сабағы жетілмеген, сондықтан түтік гүлді топырақтың бетіне алып шығады. Аталығы үшеу, қызғылт сары тозаңдарымен, түйін бағанасы ұзын, жіп тәрізді, тісшелі. Дәл осы аналық ауыздағы егістік шафранының бағанын кулинарияда татымдар ретінде пайдаланады. Біз қарастырып отырған түр хош иісті болғандықтан түс бері үшін қолданылады. Бәйшешек жылдың әртүрлі кезеңінде гүлдейді: қаңтар-наурыздан сәуірге дейін, сәуірден мамырдың аяғына дейін, сондықтан оңтүстікте оны «подснежник», қазақша бәйшешек деп атайды. Жемісі (үшұялы қорапша) топырақтың жоғарғы қабатына орналасқан, пісіп болысымен (мамыр-маусым) олардың ұщы топырақ бетінде байқалады. Түр жоғарғы декоративтілігімен, ерте гүлдеуімен бағаланады. Бәйшешектің көптеген баулық сорттарын голландиялық сұрыптаушылар ашқан. ## Дереккөздер
Атыраудың алтын адамы — 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан (Жылыой ауданы) табылған археологиялық ескерткіштің шартты атауы. Ескерткіш алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары болып табылады. Археологиялық олжаны 1999 жылы белгілі архелог Зейнола Самашев тапқан. Б.з.д. III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен. Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адамзат тарихы үшін «Екінші алтын адам» табылды. ## Сипаттамасы 1999 жылы Аралтөбе қорғанына Ә.Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы кезекті қазба жұмыстарын жасады. Аралтөбе қорғанынан негізінен үш зират қазылып, оның алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылды. Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан жүзден астам жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра, темір қылыш кездесті. Қазылған үшінші зираттан тарихымыздың тереңдігін, түп - тамырымыздың тектілігін дүние дидарына жария еткен асыл қазына – Алтын киімді адам табылды. Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Әйел және ер адам мүрделерімен бірге олардың аяқ жағында мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған. Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, тіпті шашын түйген байламшасы, жанындағы қару - жарақтары, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне шейін алтын мен апталып, әшекейленген. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында б.з.д. ІІІ ғасыр б.з. ІV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататындығын дәлелдеп отыр. Белгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық мұражайында тұр. ## Дереккөздер
Ноғайбай Айғабылов (1928-2001) – қазақ психологы, орта мектеп оқушыларының тарихи атауларды ұғыну ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеген автор. ## Еңбектері * 1960 жылы Ленинград қаласында «6-шы класс оқушыларының таным әрекеттерінің кейбір жақтарын дамытудағы оқу тарихы суреттердің рөлі» деген тақырыпта кандитаттық диссертация қорғаған. * «Бастауыш класс оқушыларының ақыл-ой әрекеті белсенділігін арттыру» (Алматы,1970.), * «Бала мінезінің қалыптасуы және тәрбиелеу» (Алматы, 1970.), т.б. ## Дереккөздер
Қосмұрын сөзі мынадай мағыналар беруі мүмкін: * Қосмұрын (тау, Сарыарқа) * Қосмұрын (тау, Бала Қосмұрын жотасы) * Қосмұрын (тау, Сарыбұлаққұм құмы) * Қосмұрын (шоқы, Қызылорда облысы)
Қосмұрын – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінің оңтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 7-8 км. Абсолюттік биіктігі 1115 м. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлімінің жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Сай-жыралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлақтарға (Мүкібай, Айнабұлақ), жылға, өзендерге (ірілері - Талдыеспе, Алабасқы, Жаманөзек) бай. ## Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. Жайылымдық пен қыстауларға (Шағыр, Бекет, т.б.) пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қосмұрын – Бала Қосмұрын жотасының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Қызылағаш ауылының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1056 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 3 км. Бірнеше шоқылардан тұратын беткейлері тіктеу. Солтүстігінде Итемер, оңтүстігінде Сарымсақты таулары бар. Оңтүстік-шығыс беткейінен Кіндікті өзенінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас селеу, көде, бетеге, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Сәбит Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» атты романымен шатастырмау керек «Қасқыр ұлыған түнде» — Оралхан Бөкей жазған әңгіме. Жазушы бұл шығармасында осы заманғы ғылым мен техника табыстары, жетістіктері емес, сол жетістіктердің көлеңкесінде қалған жадау тіршілік кешкен қазақ ауылдары, ондағы адамдар тағдырын көрсетеді. Шағын әңгіменің кейіпкері Арайдың өз ауылының мүшкіл халін айта келіп: «... Бірақ сіздер мұндай ауылды менсінбей, тура, түзу де, жайлы тегіс жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сондай тамашаны ғана көріп жазасыздар», - деуі сол кезде ешкім айта алмайтын әлеуметтік шындық екені даусыз. Автор шығармасында реалистікте, романтикалықта, сипат көптеп кездеседі. Жазушы өзінің көптеген туындыларында өмір шындығын, обьективті жақтарын саралай отырып, өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау етеді. Жазушы шығармаларының қосжелілігінде дау жоқ. Оның шығармаларында романтикалық бейнелеу мен реалистік бейнелеу бір-бірене қарама-қарсы қойылмағаны оның басты ерекшелігі болып табылады. ## Қысқаша мазмұны Арнайы тапсырмамен қызметтік сапарға аттанған жас журналист жігіт (автор) жолда Арай есімді қызбен танысады. Екеуінің ортақ әңгімелері туындап, жақсы таныс болып алады. Қыз жолдан, қараңғы түнде иесіз даладан түсетіндіктен жігіт шығарып салайын деп қолқалайды. Дегенмен қыз қарсы болады. Екеуі межелі сәт туғанда қоштасып өз жолдарымен кетеді. Әйтсе де, келесі күні жылы шырайлы арумен жолығуды ойлап, жігіт қыз ауылына келеді. Сол түні қыздың қаза тапқанын және қасқыр талап кеткендігін естиді. Жігіт үшін әлемде адалдықтың нышаның бір-ақ сәтте қасқыр секілді жауыздар тырмалап тастайтындай көрінеді. Жігіт алғаш рет мақаласыз қалаға оралады. ## Шығарма кейіпкерлері * Лирикалық қаһарман - «МЕН»-жұмысбасты, әңгімеге көп жоқ, бастаса тоқтауы қиын жас журналист. * Арай - «тойған қозыдай томпиған» , «Ақ құба өңді», «Әдемі» , «Үнемі жуас халде, ауыр ойдың үстінде», әсте адам жатырқамайтын, адалдықтың нышаны болған ару. * Жігіт - Арайдың сыныптасы. Авторға Арай өлімін естірткен адам. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Оралхан Бөкей. Қасқыр ұлыған түнде Мұрағатталған 20 ақпанның 2015 жылы. * Қасқыр ұлыған түнде Мұрағатталған 20 ақпанның 2015 жылы.
Абыз - толғау - бұл күй ҚХАМ кітабында "Бақсы" күйі деп жазылған. "Абыз-толғау" күйін Базархан Қосбасаров "Қазақ аспапты музыкасының антологиясы" күйтабағынан қобызшы Дәулет Мықтыбаевтың орындауында жазып алған. Дәулет Мықтыбаев осы күйді "Абыз-толғау" деп орындап, тек қана "Толғау" немесе "Абыздың толғауы" деп айтпаған дейді шәкірті Ә.Жұмабекұлы . Бұдан шығаратын қорытынды: бұл күйді белгілі бір адамға теліп қою күмәнді. Сол себепті "Абыз - толғау " күйі жалпы абыздар мен бақсылардың ортақ сарыны. Күйдің мазмұны мен әуені "қорқыт" күйімен үндес. Мұның өзі қобыз дәстүрін жалғастырушы абыздар мен бақсылардың сарындары әу баста Қорқыттан тарағандығынның айғағы. ## Дереккөздер "Қазақ музыкасы" кітабы, Алматы 2005 жыл - 440 бет
Қосмұрын – Сарыбұлаққұм құмды алқабының оңтүстік-батысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 125 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 14 км-ге созылған, енді жері 5 км. Солтүстік және батыс бөліктерінде таудың түпкі тастары жер бетіне шығып жатыр. Беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Қосқиды, шығысында Тентексор қоныстары, батысында Аққайнар тауы орналасқан. Оңтүстігінен Жабысай өзені ағып өтеді. ## Өсімдігі Қиыршықты бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында шөл және шөлейтті өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қосмұрын – Үлкен Сарышығанақ шығанағының солтүстік-батысындағы шоқы. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Жалаңаш ауылының солтүстігінде 14 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 244 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 4,5 км-ге созылған, енді жері 3 км. ## Жер бедері Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстікке қарай еңістеніп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Жетікөл құдығы, оңтүстігінде Қушоқы шоқысы, батысында Жұмбас тауы бар. ## Өсімдігі Сортаң қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Әуезхан Сейтмағамбетұлы Күлімбетов (4.5.1964, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті) – стоматолог-ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты (1999). Алматы мемлекеттік медицина институты (Қазақ ұлттық медицина университеті) стоматология факультетін бітірген (1986). 1986 – 88 жылдары Ақтөбе облысында стоматология емханасында тіс дәрігері, 1989 – 2001 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында комсомол комитетінің хатшысы, ассисент, ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады. 2001 жылдан AS – DENT стоматологиялық клиникасында директор. Негізгі ғылыми жұмысы тіс ауруларын емдеуге арналған. Ол Арал маңында тұратын тұрғындардың ағзасына тіс протезіне қолданылатын металл қорытпаларының тигізетін әсерін зерттеді. Күлімбетов – Қазақстанда кандидаттық жұмысын (стоматология саласында) қазақ тілінде қорғаған тұңғыш ғалым. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Теңдібай Солдатбайұлы Көшеров (7.4.1944 жылы туған, Қызылорда қаласы) – ғалым-физик, профессор. КСРО және Қаз КСР-і білім беру ісінің үздігі. Қызылорда педагогика институтын бітірген (1967). 1967 – 91 жылдары институт комсомол комитетінің хатшысы, доцент, физика-математика факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, 1991 – 96 жылдары Қызылорда гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, 1996 – 98 жылдары университеттің физика кафедрасының меңгерушісі, 1998 – 2000 жылдары ҚМУ-дың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, 2000 – 01 жылдары Қазақ білім академиясының академик-хатшысы, кәсіби білім беру институтының директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңпрофессоры. Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты қатты денелердің физикалық дамуы – қышқыл беттеріндегі [гетерогендік процестердің радиация физикасының болашағына арналған. Көшеров 100-ден аса ғылыми еңбек жазған. ## Дереккөздер
Шақардың сарыны — ақындардың әрқайсысына тән сарындары және авторлық интонациялық түіндерден құралған өздерінің өлеңдері. Өз сарындары арқылы ақындар суырыпсалма шығарған немесе күні бұрын дайындалған өлеңдерін орындайды немесе сол өлең мазмұнына сәйкес әуенді түрлі мәнермен әшекейлеп отырады. Көптеген сарындар ақындардың жиі орындауларына байланысты сол авторлардың есімімен аталып кеткен. Осы мыш сарындар 1944 жылы Семей облысы Абай ауданында Әбенов Шәкірдің орындауынан Б.Г. Ерзакоич жазып алған болатын. Қолжазба энографтың мұражатында сақтаулы. ## Дереккөздер
Жетім перне — домбыраның "шайтан тиегі" мен бос перненің аралығына байланатын қосымша перненің халық арасында пайдаланатын шартты аты. Бұл перне қазақ домбырасынан гөрі дутар аспабында қолданылатын негізгі пернелердің бірі, әсіресе түрікменнің әуен-саздарында жиі қолданылады. Сондықтан да, Дәулеткерей мен Сейтекке дейінгі домбырашылар бұл пернені түрікмен пернесі деп атап келген. Кейде бұл пернені Сейтек перне деп атайды. Сейтек өзіне дейін, ешкім із салмаған Бапастың түрікмен күйлерінде ғана қолданылған пернені пайдаланады. Дәулеткерейдің Бапастың "Көрғұлы" немесе түрікмен күйлерінде қолданылған бұл перне қазақтың басқа домбырашыларында кездеспейді, ал Сейтектің екі күйінің бірі осы аталған "жетім пернеден" басталады. Сондықтан, бұл перне "Сейтек перне" деп аталады. ## Дереккөздер
Абыз – діни жоралғыларды басқарып, болжам жасап, жорамал айтатын беделді тұлға. . Абыздың ел басқару жүйесіндегі жəне тіршілік қамына байланысты алуан түрлі салттар мен ғұрыптарды, наным-сенімдер, жосындарды атқарудағы айрықша рөлі оның қоғамдағы аса беделді əлеуметтік тұлға болуына ықпал етті. Абыз əскери жорықтарда ұрыс барысына əсер ету, оған күш дарыту жəне қарсы жақтың күшін əлсіретуге бағытталған арнайы магиялық шараларды атқарған. Aбыздардың негізгі қызметі – хан, қолбасшы төңірегінде болып сəуегейлік, болжаушылық жасау. Деректерге қарағанда, абыздар жеке-дара əлеуметтік діни категория ретінде ерте орта ғасырда қалыптасқан. Алайда қазақ қоғамында абыздар атқаратын міндеттерді көп ретте бақсы, жырау, жауырыншы, жадышы да атқара берген. Фольклоршы Е.Тұрсынов байырғы əскери болжаушы-абыз қызметін кейіннен жырау типі алмастырған дейді. Қазақта абыздардың қызметі аса күрделі сипатта болған. Бұған Абайдың төмендегі сипаттамасы дəлел бола алады.«Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде бұлар мұсылман болдық депті. Сөйтсе де, бұрыннан бақсы-балгерлерге иланып, отқа, шыраққа табынатын əдеттерімен исламды тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-пұла хат таныған кісісі болса, оны «абыз» дейді екен. Ол абыз демек, əуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қоятын аты екен». Ежелгі бақсы-жыраулардың бір тобы абыз деп аталған - дейді академик Ə.Х.Марғұлан (Нысан абыз, Құрманбай абыз, Сабырбай абыз, тағы басқалар). Абыздың ерекшелігі ескі заманның хаттарын, жазылған сөздерін тани білген, тасқа, ағашқа, теріге түсірген жазуларын оқи білген. Далада тасқа түсірген жазулар кездессе, қазақтар оны пəлен абызға көрсет деп отыратын болған. Қазақта «киіз кітап» дейтін ұғым абыз аттарымен байланысты. «Абыздар бір жерде отырмайды, ылғи тау-тасты аралап, тасқа жазу түсіріп, ескі жазуларды оқып жүреді, жирен атқа мініп ел қыдырып, қобыз тартып, сарын айтып, сəуегейлік құрып жүретін болған. Қазақ абыздарының бір ерекшелігі олар сахарада əр заманда үстем болған салт-сананы біріктіріп (тəңірі, будда діні, мани), олардың аралас (синкретті) түрін қолданған», – деп жазaды Ə.Марғұлан. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының жинаған дерегінде əйгілі Наурызбай төреге Иман абыз айтты дейтін төмендегідей жыр жолдары қалған: Арқаны жүзі сары орыс алар,Қудалап қара топырақ қоныс алар.Сары қазы, сары қымыз, нан орнына,Картоп жеп қатын бала бір қуанар.Бұзау-торпақ, тайыншаға,Жүк артылар деп еді.Қарап тұрған жігітке,Қыз артылар деп еді.Көкек айы болғанда,Кемпір күйлер деп еді.Егіншінің қатыны,Байын билер деп еді.«Тоған басы мұрап» – деп,Арық шығар деп еді.Сол арықтың ішінен,Ыңғайы жоқ жаманның,Пышағы мен шақпағы,Қалып шығар деп еді.Бес қойға алған өгізді,Тегін дерсің деп еді.Жалаңаяқ сарттарды,«Бегім!» дерсің деп еді. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармасында Нысан абызды төмендегідей суреттеп, қазақ қоғамындағы абыздың əлеуметтік-рухани болмысын суреттеп мен рөлін берген: Ол кезде балгер болған Нысан абыз,Шын дəулескер бақсының өзі нағыз.Жыны айта ма, кім білсін, шыны айта ма,Айтқаны келеді деп қылады аңыз. Қазақ даласына ислам дінінің орнығуына байланысты халық арасында Құран Кəрімді жатқа білетін жəне бақсылықтың ұшқыны бар көріпкел, білгір адамды да абыз деп атаған. М.Əуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Нысан абыз қобыз тартатын əулие, көріпкел ретінде сипатталады. «Қазақ əдебиетінің тарихы» деген еңбегінде абыз сөзінің арғы тегі «хафиз» деген араб сөзінен енгенін, бұл ұғымның бақсылық құлдырағанда пайда болған синкретті ұғым екенін атап өткен. «Кей уақытта мұсылманшылық пен ескіліктің бітім қылған да жері бар. Ел əуелгі кезде мұсылманшылықты ұстаса да, мұсылманның молдасынан өзінің бақсысын артық көрген. Бақсыда үлкен қуат болып, елдің ықыласын өзіне тартып, билеп отырған. Сондықтан кей жерлерде бақсыға мұсылман əулиелерінің сипатын алып келіп, жамағаны бар. Мысалы, ескі замандарда абыз дегендер болған. Абыз деген сөз арабша «хапыз» деп шығады. Ізгі, əулие деген сөз. Бақсы өзі əулие орнында күтулі болады. Мінеки, бұл ескілік пен жаңаның жасаған бітімі», – дейді М.Əуезов. Қазақтың абыз ұғымы арабтың «хафиз» деген сөзінің түрленген нұсқасы. Хафиз (арабша حافظ – Һафез, көпше түрі حفاظ – Һоффаз), ал, парсы тілінде сақтаушы, еске жаттау қабілеті жоғары жан, өлең мен Құран Кəрімді жатқа айтушы деген мағынаны білдіреді. Ондай білімпаз адамдар Құранды жатқа айтып, даңққа бөленген. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының суреттеуіндегі сол кезеңдегі абыздардың образы өзінің дəлдігімен ерекшеленеді: «Біздің бала күнімізде Иманқұл молда осы сөзді сөйлеп отырушы еді: «Оспанқұл əшдүрден сексен төрт бала оқыған едік. Ол кісіден сабақ алғанның бəрі абыз атанды», – деуші еді. Өтеміс абыз, Елен абыз, Мəстек абыз, Керей Жанай абыз, Керейіт Шонай абыз, Ақкөл абыз. Ол күндегі абыздарды айта берсе, ұшы-қиыры жоқ. Сонда қожаның оқытатұғын оқуы, абыздардың бар үйренген сабағы бес Құран, намаз сабағы. Абыз атанғанның мəнісі бес Құранды жатқа біліп, бес намазды артынан əдет қылып оқығандығы».. ## Дереккөздер
Домбыра-контрабас — оркестрде ең үлкен екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап. Гармониялық аккомпанемент орындау үшін қолданылады. Қолдан иірген екі шек тағылады. Кварта бұрауына түсіріледі; контроктаваның ля нотасына, үлкен октаваның ре нотасына түсіріледі. Ноталары бас кілтіне жазылады. Дыбыс медиатор және шерту арқылы шығарылады. Диапазоны контроктаваның, ля нотасынан үлкен октаваның фа нотасына шейін болады. ## Дереккөздер
Мещандар (пол. mieszczanin — қалалықтар) — революцияға дейінгі Ресейде салық төлеуші сословиенің бір тобы. Мещандарға қала тұрғындарынан қол өнершілер, ұсақ саудагерлер, ұсақ үй иелері т.б. жатады. 1775 жылдан бастап капиталы 500 сомнан кем емес қала тұрғындары жатқызылды. 1-3 гильдия көпестерінен мещандардың айырмашылығы сол, олар жан салығын төледі, әскерге алынды. Мещандар деген атақ мирасқорлық жолымен берілді. Байырған мещандар гильдиялық дәрежедегі көпестерге, ал кедейленген көпестер мещандарға айналды. Помещиктерден бостандық алған шаруалар да мещандарға жатты. 1811 жылы Ресейде 949,9 мың мещандар болса (империя қала халқының 35,1 пайызы), 1897 жылы -7449,3 мың (44,3 пайыз) болды. 19 ғасырдың 60-70 жылдарында буржуазиялық реформалардан кейін көпшілігі қаланың ұсақ буржуазиясына айналды. ## Дереккөздер
Евгений Владимирович Макеев (24 шілде 1989 жыл, Череповец, Вологод облысы, КСРО) — қорғаушы шебіндеге орыс ойыншысы. Қазіргі таңда мәскеулік Спартак және Рессей ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. Атақты орыс ойыншысы Владимир Макеевтың баласы. ## Карьерасы Евгений "Шексна" футбол клубының шәкірті. Ең алғашқы ойнаған шебі оң қапталдағы жартылай қорғаушы. 2007 жылы мәскеулік "Спартак" командасының сапына ауысады. Ол командаға келе салып жастар сапында өнер көрсетеді, кейін ол "Спартак" командасының екінші құрамында өнер көрсетеді. Ол команданың сапында Евгений жарты жыл ішінде 33 ойын өткізіп екі голмен көзге түседі. 2009 жылы 15 наурызда Евгений Макеев ең алғаш рет негізгі құрамда петербургтық "Зенит" командасына қарсы ойын өткізеді. Чемпионаттың 8-ші кезеңінде Владимир Быстровтың пасынан соң, өзінің чемпионаттағы алғаш голын соғады. ## Ең алғашқы ойындары ### Рессей Чемпионаты * Бірінші ойыны: 2009 жыл 15 наурыз. "Спартак"—"Зенит" (1-1) * Бірінші голы: 2009 жыл 11 мамыр. «Спартак» — «Сатурн» — (4:0). Голды 7-ші минутта соқты. === Рессей Кубогы === * Бірінші ойыны: 2006 жыл 29 сәуір. «Шексна» — «Спартак» (0-2) * Бірінші голы: 2009 жыл 5 тамыз. «Спартак» — «Москва» — (1-2). Голды 9-шы минутта соқты. ### Еуро Кубоктар * Бірінші ойыны: 2010 жыл 15 қыркүйек. Чемпиондар лигасы. «Марсель» — «Спартак» — (0-1). ## Дереккөздер
Мещера ойпаты — Ресейдің Мәскеу, Владимир және Рязань облыстарындағы ойпаңды жазық. Клязьма, Мәскеу, Ока, Судогда және Колпь өзендері аралығында орналасқан. Мещёра ойпаты жазық (биіктігі 80-100метр) келеді, өзен және төрттіктегі мұздану суларының әсерінен пайда болған. Мещера ойпаты орталығындағы тектоникалық ойысты шамадан тас ылғалданған батпақты алқап алып жатыр. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температурасы қаңтарда 10-11°, шілдеде 18°. Жылдық жауын-шашын мөлшері 450-550 мм. Баяу ағатын Бужа, Цна, Гусь, Пра т.б. өзендері бар. Көлдер (Шатура, Спас-Клепиков), батпақтар кездеседі. Топырағы негізінен күлгінді, батпақты. Жерінің 50 пайызынан астам орман, өзен жиегіндегі құмдарда қарағайлы тоғай өседі. Клязьма және Ока аңғарлары – шабындық шалғын. Етті-сүтті мал, құс, және егін шаруашылықтары дамыған. Шымтезек, кварц құмдары өндіріледі. ## Галерея ## Дереккөздер
Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев (10 ақпан 1946 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Пірімов ауылы - 9 шілде 2020 жыл, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ## Өмірбаяны Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.). Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, А. Мейірбеков, Н. Өнербаев, М. Дәулетбақова т.б. әншілер орындап жүр. ## Марапаттары * 1994 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. * 2005 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. * 2014 жылы "Парасат" ордені берілген. * Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры. * 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегері. ## Отбасы Жұбайы - Дүйсекеева Баян Кеңесқызы (1947 ж.т.), республикалық медициналық училищесі педагогы. Ұлы - Дүйсекеев Нұркен Кеңесұлы (1976 ж.т.). Немерелері - Дүйсекеев Дәурен Нұркенұлы (2001 ж.т.), Дүйсекеев Дінмұхамед Нұркенұлы (2008 ж.т.). ## Дереккөздер
Миздақхан – Қарақалпақстанның Хожели қаласында орналасқан орта ғасырлық археологиялық қурылым. Хожелиден оңтүстікке қарай 3-4 км жерде. 1928 жылы (А.Ю. Якубовский), 1946 жылы (С.П. Толстов) және 1962-1966 жылдары археологиялық зерттеулер жүргізілді. Миздакхан орны екі төбешіктен тұрады. Біріншісінде (Гяур қала) бекіністің қалдықтары сақталған, екіншісінде зират және Назлымхан-Сулу мазары (13 ғасырдың соңы – 14 ғасырдың басы) бар. Будан басқа, Миздақханда суфи муғаллими Шамунға арналған Шамун-наби мазары, Халифа Ережеп медресеси, тағы Жомарт-қассап бийклиги бар. Жомарт-қассап бийклиги, алдын зороастриялық дахма ретинде қолланылған. Табылған қыш ыдыстар мен әр түрлі тұрмыс бұйымдарының ең көнесі болды. ## Дереккөздер
Леонид Фомич Козин (1926 жыл 22 тамыз, КСРО) – кеңес ғалымы, техника ғылымдарының докторы (1965 жыл), профессор (1971 жыл), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971 жыл). ## Еңбек жолы Электрохимия өндірісінің инженер-технологы мамандығы бойынша 1953 жылы Киевтің политехникалық институтын бітіріп, сонда қызмет істеді. 1961 жылдан бастап Қазақ КСР ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында амальгамдық химия зертханасының, ал 1969 жылдан Қазақ КСР ғылым академиясының Органикалық катализ және электрохимия институтының аса таза металдар зертханасының меңгерушісі. Козиннің 150-ге жуық ғылыми еңбегі жарық көрді, 30 шақты авторлық куәлік алған. Козиннің ғылыми еңбектері теориялық электрохимия, амальгамдық жүйелердің термодинамикасы және амальгамдық электродтар көмегімен аса таза металдар өндіру тәсілдерін табу мәселелеріне арналған. Қазіргі таңда Украинада Жалпы және бейорганикалық химия институтында Химия энергетикасы бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істеп келе жатыр ## Дереккөздер