text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексерту үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.
## Жеміс шіркейлері
Ең алғашқы ғарышқа ұшырыған жәндіктерге жеміс шіркейлері жатады. Оларды 1947 жылы V-2 зымыраны бортында ұшырды. Зымыран шіркейлерді жүгерісі бар қораппен бірге алып ұшты. Бұл тәжірибенің мақсаты жоғары биіктіктегі радиацияның шіркейлерге әсерін тексеру болды.
### Альберт 1,2 және 3.
Альберт 1 мен 2 – ғарышқа ұшырылған екі макака маймыл. Альберт1 1948 жылдың 11 маусымында ұшырылды. Ол Нью-Мехикодағы Аққұмадрдан "V-2 Блоссом" зымыраны бортында ұшырылды. Ол ұшу кезінде тірі қалып, Жерге түскенде соққы әсерінен өлді. Альберт-4 1949 жылдың 12 желтоқсанында ұшырылды. Бұл ең алғашқы сәтті ұшу болып, маймылға ешқандай зиян келген жоқ. Бірақ Альберт-4 соққы әсерінен өлді.
### Йорик
Йорик- ғарышқа ұшыру кезінде тірі қалған ең алғашқы маймыл. Йорик және оған қоса 11 тышқан ғарышқа 1951 жылдың 20 қыркүйегінде ұшырылды.
### Ғарыштағы өрмекші торлары
Алғашқы ғарыштағы өрмекші торлары 1973 жылы Скайлэб бортына соғылды. Бұл торды Арабелла және Анита деген екі еуропалық бақша өрмекшілері жасаған.
### Ғарыштағы алғашқы иттер
Ғарышқа иттерді алғаш рет Кеңес Одағы ұшырды. 1951 жыл мен 1952 жылдар арасында тоғыз ит жұптарымен ұшырылды. Үш ит екі реттен ұшқан. Иттер парашютпен қайта оралатын герметикпен бекітілген контейнерлергде болды.
### Лайка
Лайка- орбитаға жеткен ең алғашқы жануар. Оны 1957 жылдың 3 қарашасында Кеңес Одағы әлемнің екінші жасанды серігі – "Спутник-2"-нің бортында ұшырды. Лайка кабинасына телевизиялық камералар мен айналадағы температура мен қысымды өлшейтін сенсорлар орнатылды. Сенсорлар, сонымен қатар Лайканың қан қысымын, тыныс алу жиілігін және жүрек соғысын өлшеп, микрогравитация әсерін зерттеуге арналды.
### Сэм және Сэм ханшайым
Сэм мен Сэм ханшайым 1959 және 1960 жылдар ұшты. Сэм Меркурий бағдарламасы бойынша "Кіші Джо" бортында ұшып , 85 км биіктікке жетті. Ал Сэм ханшайым "Кіші Джо 1В" бортында ұшырылды. Оның ұшуы қысқа уақыттық болып, тек 13 км биіктікке ұшты.
### Эйбл және Бэйкер
Эйбл және Бэйкер- ғарыш снаряды бортындағы биокапсулада ұшырылған екі маймыл. Эйбл-американдық макака болса, Бэйкер перулік тиін тәрізді маймыл болды. Эйбл және Бэйкер – ғарышқа ұшуда тірі қалған ең бірінші маймылдар. Эйбл ұшудан төрт күннен соң медициналық операңия барысында өлді, ал Бэйкер Алабамадағы Ханствиллде АҚШ-тың Ғарыш және Зымыран орталығында өмір сүрді. Ол 1984 жылы өлді.
### Хэм-астрономиялық шимпанзе
Хэм ғарышқа ұшырылған алғашқы адам тәрізді маймыл болды. Ол ұшу үшін қысқа тізімге енгізілген 40 шимпанзе ішінен таңдалды. 1961 жылдың 31 қаңтарында ұшырылды. Ұшу 16 минут 39 секундқа созылып, капсула Атлант мұхитына құлады. Хэмді құтқару тобы судан табысты түрде шығарып алды. Хэмнің ұшуы кейін Енос шимпанзе жалғастырды. Енос Жерді сәтті айналып шықты.
## Дереккөздер |
Қозыкөш, Қозыкеш – Есіл өзенінің оң саласы. Нұра мен Есіл өзендерін жалғастыратын қыларна.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Целиноград ауданының оңтүстігімен ағады. Ұзындығы 40 км.
## Бастауы
Бастауын Нұра өзенінің оң жағалауындағы Қосшы және Қарамойыл ауылдары аралығынан алады.
## Гидрологиясы
Нұра мен Есіл өзендерінің қосылатын телімінің ені 2-6 км және Есіл өзеніне қарай еңкіш келген аңғар тәрізді ойлауыт түрінде қалыптасқан.
## Өсімдігі
Жайылымының сортаңдау шалғынды және қоңыр топырағында әр түрлі шөптесіндер аралас бидайық, айрауық, арпабас, сораң, ақтікенді-жусанды өсімдіктер өскен.
## Шаруашылықтағы қолданысы
Сарқырама және Мұқыр, сонымен қатар Қозыкөштің төменгі ағысында Нұра өзенінің суы Есілге мөлшерден тыс кетіп қалмау үшін топырақтан үйілген су жиналатын бөгеттер солынған. Бұл су жайылманы көлтабандатып суландыруға да пайдаланады. Өзен аңғары жоғарғы өнімді шабындық саналады.
## Дереккөздер |
Қозыбасы – Жетіжол жотасының солтүстік-шығысындағы аласа тау.
## Географиялық орны
Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылының шығысында 14 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1149 м. Ендік бағытта 12 км-ге созылған, енді жері 2,5 км.
## Жер бедері
Беткейлері керпештеліп, адыр түзген. Олар сай-жыралармен тілімделген. Батысымен Сасық қайнараның жылғасы өтеді. Шығыс Соқырбұлақ өзенінің жылғалары бастау алады. Тауалды қоңыр топырағында таудың далалық өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қарасубұқты – Сарықопа көлі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 34 км.
## Бастауы
Бастауын Аққошқарадыр (165 м) тауының батысындағы шағын көлдерден алып, Шолақ Қарасу қыстауы маңында Сарықопа көліне құяды.
## Гидрологиясы
Жағалауы жазық. Өзен суы ащы. Арнасында көктем айларында ғана су болады, басқа уақытта қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Гүлкекіре немесе кекіре (лат. Centaurea) — астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Еуразия, Африка, Америка және Аустралияда (1 түр) кездесетін 550-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты, қорымтасты беткейлері мен қалың бұталардың арасында 27 түрі өседі. Сабақтары тік, жатаған, қысқа сабақты түрлері де кездеседі. Жапырақ тақталарының шеттері қауырсын тәрізді терең ойықталған, ұзын сағақты. Майда гүлдері себетгүлге шоғырланады. Себетгүлдің сыртындағы орам жапырақшалары қалың, жылтыр, кей түрін түк басқан. Өсімдіктердің түрлеріне қарай себетгүлдері бірігіп қалқанша, сыпыртқы, шашақ гүл шоғырларын құрайды. Гүлдері сары, қызғылт, көк, күлгін түсті, бір-бірімен бірігіп кеткендіктен түтікше гүл деп аталады. Аталықтарының жіпшелері жалпақ, түкті, аналық аузы қос тілімді. Мамыр–маусым айларында гүлдеп, шілде–тамызда жемісі піседі. Жемістері — айдаршалы тұқымша, айдаршасыз түрлері де кездеседі. Гүлкекіренің біраз түрлері сәндік үшін өсіріледі, олар гүлдеу кезінде шірне бөлетін балды өсімдіктер. Дәрілік, бояу алатын, улы түрлері бар. Негізінен Гүлкекіре – жаздық және күздік дақылдардың арамшөбі.
## Өсімдік туралы
Гүлкекіренің біржылдық, екіжылдық және көпжылдық түрлері бар. Гүлкекіре негізінен Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африканың табиғатында өседі. 500-ден аса түрі белгілі. Қазақстанның табиғатында да көптеп таралған. Гүлкекіренің қазақ даласында оншақты түрі өседі. Сондықтан да халық арасында оның «қозыошаған», «торғайкөкбас», «түкті көк аяқ» деген секілді жанама атаулары бар. Емдік қасиетіне байланысты дәрілік мақсатта пайдаланылады. Көгалдандыруда 30-дан аса түрі кеңінен қолданылады. Гүлдерінің түсі көп: ақ, көк, қанық көк, сары, күлгін, қызыл болып келеді. Гүлкекірені топтап, жекелеп немесе альпі шоқысына да отырғызады. Оншақты түбін топтап гүлзарларға, жол жиектеріне егеді. Кейде гүлшоғыр жасау үшін де қолданады. Табиғаттағы гүлкекіре аласа болады. Ал, топырағы қатты, алакөлеңкеге отырғызылған гүлкекіренің биіктігі 40–70 сантиметрге жетеді. Гүлкекіре көп күтімді қажет етпейтін өсімдік. Гүлдеу мерзімі сұрпына қарай маусым, қыркүйек айларына сәйкес келеді. Гүлдеу мерзімін ұзарту үшін оның гүлдеп кеткен сабақтарын қырқып отыру керек.
## Дереккөздер |
Абдылас Малдыбайұлы Малдыбаев – (1906 жыл 7 шілде, Қырғыз КСР, Кемин ауданы – 1971 жыл) – қырғыз кеңес композиторы, әнші (тенор), КСРО халық әртісі (1939). 1939 жылдан КОКП мүшесі.
## Еңбек жолы
* 1929 жылы музыка-драмалық театр (қазіргі Қырғыздың опера және балет театры) труппасына қабылданды.
* 1947-50 жылдары Мәскеу консерваториясында Г.И.Литинскийдің және В.Г.Ференің класында оқыды. Ол В.А.Власов және В.Г.Феремен бірге «Ажал орнына» (1938), «Айжүрек» (1939), «Манас» (1939), «Тоқтағұл» (1958) атты тұңғыш музыкалық драмалар мен опералардың авторы.
* 1966 жылы Қырғыз КСР-і гимнінің авторы. Ол аталмыш туындыларда басты партияларды орындады. Малдыбаев қырғыз кеңес музыкасының негізін салушы өнер қайраткерлерінің бірі.
* 1939-67 жылдары Қырғызстан Композиторлар одағының төрағасы.
* 1-сайлаудағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 2,4-сайлаулардағы Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
## Марапаттары
Ленин орденімен және басқа 4 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Келтеминар мәдениеті - неолит және энеолит дәуірлеріне жататын археологиялық мәдениет (б.з.б. 4-3 мың жылдықтар). 1939 жылдары С.П. Толстов басқарған археологиялық және этнографиялық экспедициясы Хорезмнен ашты. Маңынан алғашқы ескерткіштер табылған көне Келтеминар каналының атымен аталған. Келтеминар мәдениеті негізінен Әмударияның ежелгі Ақшадария атырауына және оған жапсарлас жатқан аймақтарға тараған. Келтеминар мәдениеті тұсындағы халықтардың мекен - тұрақтары өзен, көл жағалауына орналасқан. Тұрақтардан рулық қауым мекендеген құрама уықты үлкен жаппа қамыс үйлердің қалдығы табылды. Келтеминарлықтар жеміс теріп, балық аулап, аңшылықты кәсіп еткен. Келтеминар мәдениетінің соңғы кезеңінде мұндағы халық ірі қара мал өсірген. Халықтың еңбек құралдары түгел дерлік тастан істелген. Көп қырлы және бір жүзді тас сынықтары ағашпен немесе сүйекпен сапталған. Күйдірілген қыштан түбі сүйір дөңгелек ыдыстар жасалған. Олардың беттеріне әдемі өрнектер сызып немесе бастырып салынған. Келтеминар мәдениеті төменгі Обь және Орал маңындағы неолит мәдениетінің дамуына ықпал еткен.
## Дереккөздер |
Павел Иванович Мельников (лақап аты – Андрей Печерский; 1818 жыл 6 қараша, Нижний Новгород – 1883 жыл 13 ақпан, Нижний Новгород) – орыс жазушысы.
## Еңбек жолы
Дворян отбасында туған. 1837 жылы Қазан университетінің сөз өнері факультетін бітірген. Мельников әдеби қызметін XIX ғасырдың 50 жылдары бастады. «Красильниковтар» (1852), «Поликарп атай» (1857) т.б. алғашқы әңгімелерімен жұрт назарын аударды. Оның көрнекті шығармалары - «Орманда» (1871-1874), «Тауда» (1875-1881) романдары. Бұл шығармаларында сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан шындығын суреттеді. Ол тарих, этнография және статистика мәселелері жөнінде де көптеген еңбектер жазды.
## Шығармалары
* Полное собрание сочинений, т. 1-7, П., 1909;
* Собрание сочинений, т. 1-6, М., 1963.
## Дереккөздер |
Қотырбұлақ – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Талғар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км, су жиналатын алабы 81,5 км2, ең көп жылдық орташа су ағымы 0,5 м3/с. Қотырбұлақтың сол жағалауына таяу жерде теңіз деңгейінен 1870 м биіктікте "Алматау" атты туристік база орналасқан.
## Бастауы
Бастауын Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Қотырбұлақ және Шыбындысай тауларындағы бұлақтардан алып, Кіші Алматы өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы және орта арнасы тік тау шатқалдарымен ағып, төменгі арнасы тауалдының сай-жыралары өңірімен өтеді.
## Өсімдігі
Тау ішіндегі жағалауларында қарағай, шырша, қайың, көк терек, орта ағысында жемісті ағаштар мен жидектер (алма, алмұрт, долана, өрік, орман ішінде бүлдірген, құлпынай, итмұрын, т.б.) өскен.
## Дереккөздер |
Қазақстан азаматтарына қойылатын визалық талаптар — бұл басқа мемлекеттердің билігі Қазақстан азаматтарына қоятын кіруге әкімшілік шектеулер. Қозғалыс еркіндігі жағынан Орталық Азияда бірінші орын алады.
## Виза талаптарының картасы
## Қазақстан азаматтарының жол жүру құжаттары
*
*
*
*
## Өзгерістер
Визалық талаптарды алып тастады: Түркия (1992 жылғы 2 сәуір), Моңғолия (1995 жылғы 2 қаңтар), Барбадос (1995 жылғы 21 қыркүйек), Албания (1998 жылғы 29 маусым), Самоа (1998 жылғы 15 желтоқсан), Эквадор (1999 жылғы 15 шілде), Кук аралдары (4 ақпан 2002 ж.), Антигуа және Барбуда (17 ақпан 2002 ж.), Гаити (14 ақпан 2004 ж.), Филиппиндер (15 Сәуір 2014 ж.), Доминика (13 мамыр 2004 ж.), Намибия (2 тамыз 2005 ж.), Ниуэ (11 Ақпан 2007 ж.), Сент-Винсент және Гренадиндер (5 наурыз 2007 ж.), Сербия (28 мамыр 2012 ж.), Гонконг (26 шілде 2012 ж.), Колумбия (2014 ж.), Аргентина (1 қараша 2014 ж.), Оңтүстік Корея (29 қараша 2014 ж.), Индонезия (қыркүйек 2015 ж.), Бразилия (6 қыркүйек 2016 ж.), Коста-Рика (желтоқсан 2016 ж.), Біріккен Араб Әмірліктері (10 наурыз 2018 ж.), Черногория (15 сәуір 2019 ж.), Оман (1 сәуір 2022 ж.), Мальдив аралдары (9 мамыр 2022 ж.), Андорра (5 тамыз 2022), Иран (11 Қараша 2022), Қытай (18 мамыр 2023), Тайланд (19 сәуір 2024 ж.)
Келу визаларын енгізді: Камбоджа (1995 ж. 15 қараша), Палау (1996 ж. 2 шілде), Кабо-Верде (1998 ж. 27 наурыз), Лаос (1998 ж. 1 шілде), Ливан (1999 ж. 4 наурыз), Кения (1999 ж. 15 наурыз), Боливия (1999 ж. 30 маусым (2000 ж. 19 шілде), Никарагуа (2000 ж. 23 тамыз), Бангладеш (2001 ж. 19 наурыз), Комор аралдары (2001 ж. 1 шілде), Ямайка (2002 ж. 14 наурыз), Макао (2002 ж. 11 мамыр), Уганда (2002 ж. 9 қараша), Замбия (2003 ж. 15 қаңтар), Непал (2003 ж. 16 ақпан), Мадагаскар (2003 ж. 28 қыркүйек), Маврикий (2004 ж. 19 қаңтар), Тувалу (2006 ж. 15 қазан), Мозамбик (2008 ж. 1 қыркүйек), Қатар (2017 ж. 22 маусым), Руанда (2018 жылғы 1 қаңтар) және Сауд Арабиясы (2019 жылғы 27 қыркүйек).
Электрондық визалар енгізілді: Аустралия (2013 жылғы қарашадан бастап электрондық қонақ визасы), Лесото (2017 жылғы 1 мамыр), Джибути (2018 жылғы 18 ақпан), Үндістан (2018 жылғы 5 наурыз), Эфиопия (2018 жылғы 1 маусым) және Сауд Арабиясы (2019 жылғы 27 қыркүйек).
Визалық талаптарды қалпына келтірді: Эстония (1 шілде 1992 ж.), Латвия (1993 ж.), Литва (1 қараша 1993 ж.), Словакия (6 мамыр 1994 ж.), Мажарстан (6 қараша 1996 ж.), Болгария (1 қаңтар 1999 ж.), Түрікменстан (19 маусым 1999 ж.) Румыния (2000 ж.1 шілде), Чехия (2000 ж. 22 қазан) және Польша (2001 ж. 12 қаңтар).
## Визалық талаптар
Туристік мақсатта саяхаттайтын қарапайым төлқұжат иелеріне арналған визалық талаптар:
## Тәуелді, даулы немесе шектеулі аумақтар
Мойындалмаған немесе ішінара танылған елдер
Тәуелді және аутономды аумақтар
## Төлқұжатты пайдалануға шектеулер
* Араб лигасы: Араб лигасының Израильді бойкоттауы нәтижесінде Араб лигасының көптеген елдері паспортында Израильге кіру туралы куәлігі бар немесе пайдаланылмаған Израиль визасы бар саяхатшыларға кіруден бас тартады.
* Иран: соңғы 12 айда Израиль визасы/мөрі бар төлқұжат иелеріне кіруден бас тартылды
* Әзірбайжан: Әзірбайжан мен Армения арасындағы бірінші Таулы-Қарабақ соғысы нәтижесінде Әзірбайжан қазақстандық немесе басқа паспорттары бар армян тектес адамдарға кіруден бас тартады. Ол сондай-ақ төлқұжатында өзін Таулы Қарабақ Республикасына кіру туралы куәлігі бар шетелдіктерге кіруден қатаң бас тартады, оларды персона нон грата деп атайды.
## Болашақ өзгерістер
Қазіргі уақытта Қазақстан Сан-Мариномен, Вьетнаммен, Солтүстік Македониямен өзара визасыз режим талқылауда. Қазіргі кезде Қазақстан тағы 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Аустрия, Сауд Арабиясы, Бахрейн және тағы басқа мемлекеттер бар.
2023 жылдың 21 тамызында Қазақстан президентінің Вьетнамға сапары елдер арасында визасыз режимге қол қойды
## Тағы қараңыз
* Henley паспорт индексі
* Қазақстанның сыртқы саясаты
* Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты
* Қазақстанның визалық саясаты
* Қазақстан азаматының жеке куәлігі
## Дереккөздер |
Қонай Жаркөл, Құнай Жаркөл — Жаркөл көлінің оңтүстік-батысындағы ағынды көл. Тобыл өзені алабында.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 190 м биіктікте жатыр.
## Сипаты
Аумағы 4,5 км2, су жиналатын алабы 80,6 км2. Ұзындығы 4 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 10,8 км. Солтүстігінде Ұзынкөл, Жатқамбай, шығысында Саратовское көлдері бар. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірде ериді. Жағалауына қамыс, бұталар өскен. Көлден Рудный кен орындарына канал тартылған.
## Дереккөздер |
Қотыр – Кент тауларындағы тау сілемі.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Қадыр өзенінің оң жағасында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 5 – 6 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Ең биік жері 1188 м.
## Геологиялық құрылымы
Орта және жоғарғы тас көмір дәуірі гранитоидтарынан түзілген. Беткейлері тік, жыралармен жиі тілімделген. Солтүстік жағында тік жартаспен шектеледі.
## Өсімдігі
Қызыл қоңыр топырағында көде, жусан, тобылғы өседі. Аласа қараған шоғырлары, қайыңды-көктеректі тоғай мен әр түрлі шөп өскен шалғын кездеседі. Қотыр тауының оңтүстік беткейінен Қадыр өзені бастау алады.
## Дереккөздер |
Александр Павлович Самойленко – (1948 жыл, 14 тамыз, Алматы облысы, Талғар қаласы) – жазушы, аудармашы.
## Еңбек жолы
1971 жылы ҚазҰУ-ды бітірген. “Простор” журналының бөлім меңгерушісі, “Литературна газетаның” Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болған. Қазір “Столичная жизнь” газетінің бас редакторы. Бірнеше повесть, әңгімелер жинақтары шыққан. Қазақ жазушылары Т.Иманбеков, Х.Абдуллин, Қ.Жұмаділов шығармаларын орыс тіліне аударған.
## Белгілі шығармасы
Год журавлей. Повесть, Рассказы. Алматы, 1979.
## Дереккөздер |
Шәкен Оңалбайұлы – (1937 жыл, ҚХР, Алтай аймағы, Қаба ауданы) – ақын.
## Еңбек жолы
Шыңжаң тіл-жазу комитетінде бөлім бастығының орынбасары, “Шұғыла” журналының бас редакторы, 1989-97 жылдары Шыңжаң әдебиет-көркемөнершілер бірлестігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Ақынның “Жылдар сыры” (1979), “Бүркітші” (1984), “Жарқын жол” (1985), “Жасыл әлем” (1988), “Замандас” (1989), “Саяхатшылар” (1988), “Туған жерге, өлең жырға, сүйген жарға махаббат” (1990), “Бәйге” (1998), т.б. өлең кітаптары жарық көрді.
## Дереккөздер |
Саржан Томанышұлы (17 ғасыр) – би, шешен, батыр, аңшы.
Найман тайпасының Матай елінен шыққан.
Әкесі Томаныш кезінде Ташкент шаһарын билеп тұрған айтулы би болған. Ол өз тұсындағы Абылай хан, Әлмәмбет, Төле би, Бұқар жыраумен замандас болып, ел тыныштығы, халық қамы үшін күрескен билер қатарында жүрген. Әсіресе Бұқар жыраумен жиі кездесіп, тұздас-дәмдес болған. Өзі билікке, ел басқару ісіне баулып жүрген әкесі Саржанды Бұқар жырауға теліп, одан ақыл, нақыл, өнеге алуды қалаған. Сондай-ақ, ұлы кісілердің тәрбиесінде ер жеткен Саржан 14–15 жасынан-ақ ақындық өнерге, билікке араласып, артында тәлімдік, тәрбиелік сөздер қалдырған.
## Дереккөздер |
Санбай Қалмағамбетұлы – (1861 жыл, Түркістан облысы, Қызылқұм ауданы, Мыңшұқыр – 1922 жыл, Ташкент облысы, Піскент ауданы) – ақын.
## Өмірбаяны
Санбайдың арнау өлеңдері, сын-сықақ шығармалары, айтыстары кезінде Оңтүстік Қазақстан еліне кең тараған. Оның әкесі Қалмағамбет ақын болған. Санбай табанда төгіп өлең айтуға, әріптесін ұтымды сөзбен жеңуге шебер болған. Оның Наркүміс қызбен айтысы халық арасында белгілі. Ақынның өлеңдері өз тұсында жазып алынбағандықтан, көбі ұмытылған.
## Дереккөздер |
Ұлық Мұхаммед (1405–1445) — Алтын Орда (1419–1423; 1428–1437) ханы. Қазан хандығының негізін қалаушы. Тоқа Темірдің сегізінші ұрпағы. Хан тағы үшін бір мезгілде Мұхаммед есімді екі хан күрес жүргізгендіктен, жазба деректер де олардың бірін "Ұлұғ" – Үлкен, екіншісі – "Кішік" - Кші Мұхаммед деп атаған. 1419 ж. Алтын Ордадағы билікті басып алады. Бірақ оның дұшпандары Саид Ахмет, Кішік Мұхаммед, арақ хан маңына топтасқан ақсүйектер қарсылығының салдарынан оның билігі ұзаққа бармайды. 1423 ж. Ақ Ордада билігі Барақтың қолына көшіп, Ұлық Мұхаммедтің билігі уақытша Еділ бойымен шектеледі. 1427 ж. Барақ хан қаза болңаннан кейін, Ұлық Мұхаммед Алтын орданың көп бөлігін өзіне қаратты. 1433 ж. Кішік Мұхаммед Сарай қаласын басып алғандықтан, ол Еділдің жоғары жағындағы бұлғар жеріне кетті. Сол жақтан Қазан хандығын құрады.
## Дереккөздер |
Асау Жүрек - режиссер Осман Синавтың атыс-шабыс жанрндағы сериалы. Сериал 1998 жылы маусымның 5 күні Show TV арнасында алғаш көрсетілді.
## Басты рөлдерде
* Ойлум Өктем
* Зейнеп Токуш
* Мелда Бекжан
* Демир Карахан
* Күршат Алниачык
* Али Сүрмелі
* Бестеджи Ариа
## Көрсетілімдер
* 2001 - 2003 Deli Yürek (Tarihi) Show TV
* 2002 - 2004 ATV
* 2005 - 2013 Kanal Avrupa
* 2005 - 2007 Kanal D
* 2007 Kanal A
* 2009 - 2011 Kanal 7, TRT Avaz
* 2013 Show TV
## Сыртқы сілтемелер
* Deli yürek w bazie filmweb |
Сәменұлы Текебай (1725 ж.ш., Жамбыл ауданы, Жайсаң ауылы - 1802) - қазақ батыры. Жоңғар қақпасын күзетіп, ойрат-қалмақтармен шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Алматы облысы, Кербұлақ ауданының, әкесі Сәмен батырдың атындағы күмбез қасына жерленген.
## Дереккөздер |
Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.
Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 5 ауданға бөлінген.
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
Қала бес әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Нұра» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.
## Географиясы
2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қала территориясы аумағы – 797,33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 км² қалаға қосылғаннан кейін).
Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі — төмен террассалар. Каштан топырағы басым.
Қаланың геологиясы — солтүстік бөлігінде бөлінбеген палеозойлық шөгінділер, ал оңтүстік және батыс бөліктерде орта төрттік шөгінділер. Қаланың көп бөлігі шөгінді тау жынысында, негізінен құмдақ саздарда жатыр.
Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.
## Тарихы
Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 жылы Ақмолинск қала мәртебесін алды.
1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 жылы 10 маусым Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Астана қаласы Ақмола облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Целиноград, Шортанды және Аршалы) шектеседі. Қаланың өсуі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағын екі бөлікке бөлді.
2018 жылғы 7 ақпанға дейін Астана территориясына қаладан басқа (69 822 га) 2 орманшылық учаскілері де (шығыста аумағы 459 га мемлекеттік орман тәлімбағы, солтүстікте Қоянды су қоймасындағы саяжай (12 саяжай қауымдастығы бар). Аталған массив аумағы Мемлекеттік жер кадастріне сәйкес 900 га, Астананың бас жоспарына сәйкес 850 га, ал қала территориясы балансына (2018 жылғы 16 наурыздан № 131 Қазақстан Республикасының Үкімет Жарлығы) сәйкес 733 га құрайды.
2018 жылғы 7 ақпанда қала аумағына Ақмола облысы Целиноград ауданының территориясынан қосымша 8 719 га аумағымен 3 учаскілер (тұрғындары жоқ), соның ішінде халықаралық әуежайға жақын 7 300 га учаскі, қаладан оңтүстікте орналасқан ұлттық пантеон (959 га) және солтүстік-батыста орналасқан қалалық зират (460 га) қосылды.
2018 жылғы 16 наурызда Алматы және Сарыарқа аудандарының бөліктерінен төртінші аудан Байқоңыр ауданы құрылды.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шешімі бойынша қаланың атын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Астана атауы қайтарылды.
## Басшылар
## Халқы
2020 жылғы 1 қаңтардағы қала түрғындар саны 1 136 008 адамды құрады. ҚазСтаттың ресми есебі 2017 жылғы 1 қаңтарда елордада 972 672 тұрғынды, 2017 жылғы 1 маусымда 1 002 874 тұрғынды, ал 2020 жылғы 1 қаңтарда есептің жаңа методикасына сәйкес 1 136 008 тұрғынды тіркеді.
2009 жылғы халық санағы бойынша қала тұрғындарының тек 36% -ы Астана қаласында туып-өскен болып шықты. Қала негізін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мигранттар құрады, атап өтсек 19,4% — Ақмола облысы тұрғындары, 7,4% Түркістан облысы тұрғындары, 6,3% — Қарағанды мен Қостанай облыстары тұрғындары құрды.
КазСтаттың 2016 жылғы 1 қазан жағдайы деректері бойынша қаланың еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер жасы 16—58, еркектер жасы 16—63) саны 478 432 адамды құрайды, соның ішінде 21 мың жұмыссыз және 92 мың жұмыс күшіне енбейтін тұлғалар.
Некеге тұрудың орташа жасы — еркектер үшін — 27,5 жас, ал әйелдердер үшін — 25,3 жас.
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны — 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж. — 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
### Демография динамикасы
Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады — бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.
### Агломерациясы
«Астанагенплан» ҰЗМИ «Астана агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық схемасы» жобасын жасады.
2015 жылдың қарашасында қабылданған бұл құжатпен жалпы ауданы 21,75 мың км² болатын, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының 127 елді мекені, сондай-ақ Ақкөл облысының төрт ауданы (Урюпин ауылдық округі, Еңбекші ауданы, Кеңес ауылдық округі, Ақкөл қалалық әкімшілігі) қоса, Астана агломерациясының шекаралары анықталды. Қала маңы аймағының белгіленген шекараларында 196 мың адам, ал Астана қаласында 814 мың адам тұрады. Астана қала маңы түрғындарының тығыздығы 9 адам/ км² құрады (бүкіл Қазақстан халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге шамамен 7 адам).
Агломерацияны дамыту жобасымен 2020 жылы агломерация саны 1,2 миллион адамға дейін, ал 2030 жылға қарай 1,5 миллионнан астам адамға өседі деп күтілуде.
## Табиғаты мен климаты
Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ.
Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Жазы жылы, бірақ қысқа. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50 °C аязға дейін баруы мүмкін. Қар жамылғысы қалың болып, қыстың ұзақтығы 4-5 айға созылады. Астана Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады.
Жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына шамамен 300-350 мм құрайды. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем мен жазда түседі. Қыста жауын-шашын аз болып, қар мөлшері орташа деңгейде болады.
Ауа ылғалдылығы төмен, орташа жылдық көрсеткіші шамамен 60% құрайды. Қыс мезгілінде ылғалдылық көбінесе төмен болады.
Астанада желдің жылдамдығы жиі өзгереді, бірақ орташа жылдамдығы 4-6 м/с шамасында болады. Қыста қатты желдер мен борандар болуы мүмкін, бұл суықты қатты сезіндіреді.
Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен — ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
## Экономикасы
Астана қаласы экономикасын сауда, транспорт пен байланыс, құрылыс құрайды. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Астана мен Алматы қалаларының жиынтық аймақтық өнім көлемі Қазақстанның жалпы сауданың жартысынан астамын құрайды. Бөлшек тауар айналымы бойынша да Астана қаласы республикада екінші орында. Құрылыс өсімі бойынша Астана қаласы республика бойынша көшбасшы. 2009 жылы Қазақстан бойынша эксплуатацияға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі Астана қаласына келді. Астана бес жылдан астам тұрғын үйлерді эксплуатация енгізу бойынша көшбасшы.
Өнеркәсіптік өндіріс көбінесе құрылыс материалдарын, тамақ өнімдері мен сусындарын және машина жасауда шоғырланған. Қазақстан бойынша Астана қаласы металдан жасалған құрылыс материалдарын, қолдануға дайын бетон және бетоннан жасалынған құрылыс өнімдерін жасаудан көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандықтары мен қондырғыларды өндірудегі қаланың үлесі салыстырмалы жоғары.Инвесторларды жұмылдыру және жаңа бәсеке қабілетті өндірісін дамыту мақсатында қалада «Астана — жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағы қызмет атқаруда.
АЭА-ның артықшылықтары - салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы құқықтық режимнің болуы. АЭА аумағында әртүрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, қаланың дамуы өндірістің жалпы көлемінде инновациондық өнімнің жоғары үлесі бар, дамыған өндірістік секторларға (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өңдеу және т.б.), қаланың жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігін қамтамасыз ететін шағын бизнеске және дамыған туризм секторына бағытталған бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.
2009 жылы өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 77,25 млрд.теңге көлемінде өнім шығарылды — бұл өндеу өнімінің жалпы көлемінің 81% құрайды. Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады:
* Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %),
* Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер;
* Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю;
* Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар;
* 1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кішігірім шағын кәсіпорындарды қоспағанда, Астана қаласында орташа айлық жалақы орташа есеппен 308 135 құрайды. 1 мың адамнан 688 адам. үйден Интернетке кіру мүмкіндігі бар. 2019 жылдың IV тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды. Экономиканың салалар бойынша өсу қарқыны (2020 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қаңтарына дейін): өнеркәсіп (100,4%). құрылыс (130,7), көлік (110,6), ауыл шаруашылығы (98,5), сауда (101,4), байланыс (115,8).
## Көлік
Астана қаласы Петропавл — Қарағанды — Балқаш және Барнаул — Павлодар — Астана — Қарталы — Магнитогорск қалаларын қосатын темір жолдар қиылысында орналасқан және темір жол вокзалы бар қала. Қалада «Қазақстан Темір жол» ұлттық темір жол компаниясының бас офисі орналасқан.
2017 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде мыңжылдық аллеясына жақын «Нұрлы Жол» атауына ие болған жаңа темір жол вокзалы салынды. Қаланың өнеркәсіптік бөлігінде ЖЭС-3 ауданында жүкті вагондар үшін терминал салынбақ.
Шоссе жолдарының ірі торабы: қала іші арқылы А-1 Астана — Петропавл және М-36 Челябинск — Алматы трассалары өтеді. 2019 жылдың соңында Астана қаласы айналасындағы айналма жолы толығымен ашылды.
Қалалық көлік автобустармен ұсынылған (92 бағыт, 871 бірлік), соның ішінде 15 электр автобустары (2020 жылдың соңына дейін 100 бірлік болуы тиіс). Қалалық маршруттар желісінің жалпы ұзындығы (2004 ж) — 1 720 км, жылдық жолаушылар ағыны — 115 млн. адам, жолакы құны 90 теңге (қолма қолсыз төлем немесе смс) немесе 180 теңге (қолма қол төлем).
Троллейбустық қозғалыс 1983 жылы ашылды (3 маршрут, бірақ 2006 жылдан бастап контакт желісі 51,7 км құрайтын бір маршрут қалдырылды). 2008 жылы жалғыз троллейбустық парк мемлекеттік комиссиясының шешімімен жабылды.
2014 жылдан бастап Астана қаласында «Astana Bike» қызмет етуде. 2017 жылы жүйе 40 станция және 1000 велосипедтен тұрды. Жүйеде бір сезонға тіркелу 5000 теңге тұрады + RFID картасы үшін кепіл. Велосипедті жалға алудың алғашқы жарты сағаты ақысыз, одан әрі қарай — 100 теңге. Велосипедті 3 сағатқа жалдағаннан кейін жүйе автоматты түрде велосипедті қайтару керек екендігін хабарлайды. 4-ші сағат және одан кейінгі жалға алу 1 000 теңге тұрады.
Қалада әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алатын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бар. Әуежай қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан.
2017 жылы реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн жолаушыға жетті. Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шармы метр құрды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы әуежайының жүк терминалының өткізу қабілеттілігі жылына 15 мың тонна.
Астана қаласынан 30-35 км қашықтықта орналасатын жаңа халықаралық әуежайды салу жоспары бар. Екі нұсқа қарастырылуда: Көкшетау трассасындағы Шортанды аудандық орталық пен Қарағанды трассасындағы Осакаровка ауылы. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежай ішкі рейстерді қабылдап жұмысын жалғастырады, ал жаңа әуежай халықаралық бағыттарды қабылдайды деп ұсынылады.
2008 жылдан бастап қала шеңберінде Есіл өзені бойымен кеме жүру ұйымдастырылды. «Кеме өткізетін Есіл» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала әкімділігімен арнайы мекеме «Есіл-Астана» құрылды. Бірінші кеме 2008 жылы өтті.
## Мәдениеті
Қалада Ақмола облыстық филармониясы, мұражайлар (ҚР Ұлттық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайы, бейнелеу өнері мұражайы, Сәкен Сейфуллин мұражайы), театрлар ( К. Бәйсеитова атындағы үлттық опера және балет театры, К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ұлттық ғарыш орталығы, болашақ энергия мұражайы «Нұр Әлем», кітапханалар.
Қаланың мәдени-ағарту мекемелеріне Конгресс Холл, Жастар сарайы және Президенттік мәдениет орталығын да жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.
* 2000 жылғы 6 шілдеде Азат Боярлиннің жобасы бойынша «Өмір діңгегі» бұрқағы жасалынды. Құрылыс тек символдық сипатқа ие, ол өмірдің мәңгілік циклын көрсетеді. Алаңның ашылуы Қазақстан тұңғыш президентінің 60-жылдығына арналды.
* 2006 жылдың 24-30 қазан аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының IV Дельфий ойындары өтті. Іс-шараны дайындауды және өткізуді Қазақстанның Ұлттық Дельфий комитеті мен Халықаралық Дельфий комитеті бірлесіп жүзеге асырды.
* 2012 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының VII Дельфий ойындары өтті. Ойындарда 16 елден мыңнан астам өнер қайраткерлері қатысты: Австрия, Әзербайжан, Армения, Афганистан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Румыния, Тажікстан, Түркия, Украина.
### Қаланың көрнекі орындары
* Бәйтерек — Астана қаласының басты символы және көрнекі. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған. Жобаның сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков.
* Қазақ Елі — Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңындағы ескерткіш. 91 метрлік стела Самрұқ құсымен – құстар патшасы, халық қорғаушысы — жабдықталған. Самрұқтың мифологиялық бейнесіне Қазақстанның екінші маңызды монументі Бәйтерек (аудармасы – Тіршілік ағасы) жатқызылады.
* Нұр Жол Бульвары (бұрынғы Су-жасыл бульвар) — ән салатын субұрқақтар аллеясы бар жаяу жүргіншілер аймағы.
* «Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
* Тәуелсіздік Сарайы — дипломатиялық және басқа халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; сонымен қатар ғимаратта қолданыстағы және болашақ нысандары бар Астананың кең макет-жоспары бар.
* Бейбітшілік және Келісім Сарайы — дәстүрлі қазақстандық және әлемдік діндер өкілдерінің саммиттері мен съездеріне арналған Конгресс-холл. Архитекторы Норман Фостер.
* «Қазақстан» — Орталық концерт залы.
* «Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті.
* «Жастар» — Оқушылар мен жастар шығармашылығы сарайы.
* «Хан Шатыр» — ең үлкен сауда және ойын-сауық орталығы (әлемдегі ең үлкен шатыр саналады). Архитекторы Фостер, Норман.
* «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені - EXPO-2017-нің бірегей мәдени-туристтік имидждік жобасы.
* «Мәңгiлiк ел» қақпасы — Қазақстанның Тәуелсіздігі мерей тойына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша салынған сәулеттік құрылыс.
* Ұлттық ғарыш орталығы.
* «Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы ЭКСПО 2017 — сфералық ғимарат «Нұр Әлем». Биіктігі — 100 метр, диаметрі — 80 метр. Нұр Әлем Стокгольмдегі диаметрі 30 метрлі Эрикссон-Глоб аренасынан кейін әлемдегі ең биік сфералық ғимарат болып саналады.
### Театрлар, концерт залдары және мұражайлар
Астана қаласында 27 кітапхана, 68 514 экскурсия өткізілген 8 мемлекеттік мұражай бар (2011 жылы 415 500 адам кіріп шықты), 99 шара өткізілген 10 демалыс және көңіл көтеру паркілері (2011 жылы 1 492,2 мың адам қабылдады), 6 кинотеатр бар.
* «Қазақстан» орталық концерт залы — бұл әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды: әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері, мерекелік және ресми кездесулер, көрмелер, конференциялар, презентацияларды ұйымдастыруға арналған жас астананың ерекше кешені. Архитекторы Манфреди Николетти.
* Астаналық цирк — Астана қаласының ойын-сауық мекемесі. Қазақстандағы 3 басты цирктердің бірі; бұрыңғы КСРО территориясында ең жаңа цирктердің бірі және «ұшатын табақ» түріндегі екі ерекше ғимараттың бірі (біріншісі Казаньдағы цирк).
* К. Бәйсеитова атындағы ұлттық опера және балет театры — елдегі ең жас музыкалық театр, классикалық мұраны түсінетін және жаңарып жатқан қазақстандық қоғамның рухани қажеттіліктерін іске асыратын, сондай-ақ қазақ және әлемдік музыкалық дәстүрін жалғастырушысы.
* Астана Опера — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған театр. 2013 жылы құрылған театр ғимараты ұлттық маңызы бар сәулет ескерткіші ретінде танылды.
* К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры.
* Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры.
* Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы — Орта Азияда ең үлкен мұражай. Мұражай «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.
* Заманауи өнер мұражайы.
* Президенттік мәдениет орталығы — Елбасы Н.Назарбаевтың бастасымен құрылды. Ғылыми-зерттеулік және мәдени-білім кешеннің ерекшелігі — оның құрамына мұражай, кітапхана, концерт залы кіреді.
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
* АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — совет одағының ең үлкен әйелдер лагері, ГУЛаг архипелагы үш аралының бірі.
* Атамекен — Қазақстанның үлкейтілген картасындағы табиғат, архитектура және өмір сүру этно-мемориалды кешені.
### Ғимараттар
* ҚТЖ мұнарасы — Қазақстан Темір Жолы ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* Транспорт мұнарасы — Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* «Солтүстік Шұғыла» — үш биік ғимаратты тұрғын үй кешені.
* «Триумф Астаны» — биік тұрғын үй кешені.
* «Думан» ойын-сауық орталығы — аквариум, 5D кинотеатр, динозавр саябағы және басқалары бар.
* Керуен — сауда-ойын-сауық орталығы.
* МЕГА Silkway — сауда-ойын-сауық орталығы.
### Спорттық ғимараттар
* «Астана Арена» спорттық кешені — 30 мың отыру орны.
* Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион — 12 350 отыру орны.
* «Алау» мұз айдыны — 8 мың отыру орны.
* «Сарыарқа» (велотрек) — 8 мың отыру орны.
* «Қазақстан» спорт сарайы — 5 532 отыру орны, 1 мыңға жуық тұрған орындар.
* «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы — 12 мың отыру орны.
## Әкімшілік бөлінуі
Астана қаласы Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарайшық аудандарына бөлінген.
## Су қоры
Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш, Шенет, Ағанас, т.б.
Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы — 2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.
Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар:
* Вячеслав (пайдалану көлемі — 375,4 млн текше м)
* Сергеев (пайдалану көлемі — 635,0 млн текше м)
* Петропавл (пайдалану көлемі — 16,1 млн текше м)
Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған, сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Астана қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).
Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы — 3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.
Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2 — нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.
Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы — жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне: Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады), Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.
## Бауырлас қалалары
Астананың 20 бауырлас қаласы бар.
## Астана туралы деректер
* Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
* Астана — Моңғолия елордасы Ұланбатырдан кейін ғаламшардағы екінші ең суық астана.
## Тағы қараңыз
* Астана велоклубы
* Астана көшелері тізімі
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Шоң Едігеұлы, Шоң би (1754, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бұтағынан шыққан.
Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге бидің ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, қол астындағы халықты төрелердің билігіне қарсы ұйымдастырды. 18 ғасырдың 2-жартысында құба қалмақтардың беті қайтқаннан кейін Шоң би одан жүз жылдай бұрын өз ата-мекендерінен Орта Азияға қоныс аударуға мәжбүр болған Сүйіндіктен тарайтын Қаржас, Жанболды, Құлболды, Жолболды (Орманшы) ұрпақтарын “Төртуыл” одағына біріктіріп, Баянауыл өңіріне көшіріп әкелді. Бұл істі жүзеге асыруға оған Сәти би, Айдабол руының батыры Олжабай жәрдемдесті. Шоң би “Төртуылға” төбе би болып сайланған соң, төрелерді елден шындап ысырып шығару ісін қолға алды. Хан иемденген жайлауды тартып алу мақсатында бүкіл елін Нұра өзеннің бойына қоныстандырды. Бөкей төре Шоң би жасағына қарсы қол аттандырды. 1817 ж. маусым айында болған бұл шайқаста Шоң би жеңіп шығып, оның халық арасындағы беделі өсе түсті. 1822 ж. патша өкіметі бекіткен ереже бойынша Орта жүзде хандық жойылды. Оның орнына дуандар (округ) құрылып, оны төреден шыққан аға сұлтандар басқарды. Шоң би қарапайым халықтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан атанған тұңғыш би. Шоң би шәкірттерінің ішіндегі ең белгілісі – Шорман Күшікұлы болды. Шоң би жөніндегі жазба деректер Ресей архивтерінде көп кездеседі. Ол жөніндегі халық арасына тараған аңыз-әңгімелер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде жан-жақты айтылады. Жазушы І.Исабай осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп “Шоң би”, “Серт” атты кітаптар жазды. Павлодар қаласындағы көшелердің біріне Шоң би есімі берілген. Шоңның мәйіті Түркістан қаласына апарып жерленген.Шоң бидің ататегі қазақ шежіресінде былай таратылады. Арғын, оның ішінде Мейрамсопыдан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар). Сүйіндіктен Қаржас, Жанболды, Қүлболды, Жолболды (Орманшы) (бұл төрт ауыл аталарын ел "Төртұлы" (Төртуыл) деп атаған екен). Құлболдыдан Айдабол би, одан Жанқозы, одан Төлебай, одан Едіге би. Едіге биден ағайынды Шоң, Торайғыр билер туған.Айдаболдан Жанқозы, Малқозы,Кенжеқозы, Аққозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер), Қожагелді аталарын таратады.
## Арық бимен болған оқиға
Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты:-Ар0аның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле?Сонда Арық би:-Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой, - депті.Шоң би басқа сөзге келмей, жанындагы жігіттерге қарап:-Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын беріңдер, - деп билікті көп созбай тындыра салыпты.Елдің айтуына Қарағанды Шоң би дінсіз де, діншіл де болмаған көрінеді. Керек жерінде дәрет алып, намазға да тұрған, дұға да оқыған. Ал, ел ісінің қауырт та көптігінен ол шарттардың бірін де істемеген кездері болған сияқты. Шоң бидің осы мінезін білетін қожа, молдалар оған көбінесе үйір бола бермеген. Ал, үйір болған күнде, оған әрқилы сұрақтар беріп, сүріндірмек те болыпты.Бір жолы оған Сәлі деген молда барып үйінде қонақ болып отырады. Дастарқан үстінде әртүрлі әңгіме сұрақ болатын әдет қой. Әлгі молда биге мынадай сұрақ беріпті, оған Шоң былай жауап беріп отырыпты:-Еркектің бақытты болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің бақытсыз болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің өрісі неден?-Әйелден.Еркектің көрісі неден?-Әйелден. -Еркектің абыройы неден?-Әйелден.-Еркектің абыройсызы неден?-Әйелден.Сөлі молда сәл сабыр етіпті де, енді мынадай сұрақ беріпті:Акылға кең, тілге шешен Шоң би оның сүрағына лайықты қысқаша бірыңғай жауап беріп отырыпты:-Әйелдің адал болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің надан болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің үй болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің би болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің күң болмағы неден?-Еркектен.
-Әйелдің сымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің қымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің базарлы болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің ақылды болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің бақылды болмағы неден?-Еркектен.Осы жерге келгенде шамасы Сәлі молданың терме сөзі ада болса керек.-Сізге дауа жоқ екен? - депті.-Сұрағыңызға қарай жауап, өзіңізге де сауап, - депті Шоң би.-"Әйелден, әйелден", "еркектен, еркектен", - дей бересіз. Түсіндіріп, таратып айтпайсыз ба, бүл бір-бір ауыз сөзіңізге кім түсінеді? Мәселенкі "жақсы мынадай болады" деп оған дәлел келтірмейсіз бе? - депті молда. Сонда Шоң би:Ей, молдеке, - депті. - "Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын" дегендей, ол сұрақтарыңызға жеке-жеке тоқталып, дәлелдер келтіріп, ұзақ-сонар әңгіме ете берсем, таң атып, күн шықпайды. Ел жататын уақыт болды, жатпайсыз ба, таңғы нәсіп тәңірден деген. Мен ертелеп жол жүруім керек, солай молдеке, әзірше сол қысқа жауапты қанағат етіп аттана тұрасыз да.Төрелер қазақ руларын өзара бөліп алып билеген. Ал төресі жоқ рудың қоғамдық істерге араласуға, белгілі бір қоғамдық мәселе жайында өз шешімін, пікірін айтуға құқы бола бермеген. Бұл кара халықты үстем тапқа кіріптар етіп ұстаудың бірден-бір жолы еді. Сондыктан да ондай рулардың билері хан тұқымынан төре сұрап жүрген. Мысалы Ахмет Байтұрсынов Қаракесек руының Шор деген биінің 1748 жылы "еліме хан қоямын" деп Барақтан 14 жасар Бөкей деген баласын сұрап әкелгенін айтады.Ресей үкіметінің Орта жүз қазақтары үшін 1822 жылы шығарған жарлығы бойынша Қарқаралыда тұңғыш ашылған (1824 жылы) сыртқы округқа Қаракесектің әр руын - Шаншарды Тама төре, Алтайды Түгім төре, Шордан тараған үш тармақтың әркайсысын Тәуке, Әбілғазы, Батыр төрелер, Әлтеке- Сарымды, Ғазы төре, Әлтөбетті Әбілмәмбет төре, Қарсен Керейді Құдайменді төре, Қояншы Тағайды Шаңқай төре, Тобықтыны Бірелі төре, Бура найманды Әли төре, Керейді Жәңгір (Бөкейдің немересі) төре басқарып келген екен. ...Айдаболдың Едігесі дүние салған кезде қазақ елінің ішкі әлеуметтік- саяси жағдайы осындай еді. Ал әкесінің билік таяғы қолына тиген Шоң мұндай әділетсіздікке немкұрайды қарай алмады. Ол бірден ел арасынан төрелерді қуу саясатын ұстанды. Бұған көнгісі келмеген төрелер халықты оған қарсы қою мақсатында Шоң жөнінде неше түрлі лақап-өсек таратты. Шоң өз кезегінде халықтан айрылып қалмау үшін ата-баба дәстурін жаңыртуға дейін барды.1730 жылы құба қалмақтың беті қайтқаннан кейін сонау Орта Азиядан Арқаға карай қоныс аударуға бел байлағанда елдің басын қосып, күш жинау үшін Қаржас биі Сәти, Айдабол батыры Олжабай, Сүйіндіктен тараған Қаржас, Құлболды, Жанболды, Орманшы ұрпақтары "Төртұлы" деген одаққа косылып (басқа рулар да кірген) Жоңғар басқыншылығы тегеурінінен жүз жыл бұрын тастап кетуге мөжбүр болған Баянауыл өңіріне кайтып келеді.Міне, Шоңның төрелермен шайқаста күш алу үшін, яғни халықты төңірегінен шығармау үшін жаңғыртқан "Төртұлы" одағы осы еді. Ата дәстүрі қайта бас көтеріп, халық Шоңды "Төртұлыға" төбе би қылып сайлап алғаннан кейін төрелерді елден енді шындап қуа бастайды...Шоң балашағасымен қыруар ауыл болып барып, Бөкейдің жылдағы жаулауы Нұра бойын түгел алып алады. Енді Бөкей атқа қонады. Төрт жүздей Қаракесек жігітгерін сойыл-шоқпармен қаруландырып Нұраға карай жібереді. Мақсат белгілі - Шоңды жайлаудан қуып шығу. Осы тұста Жаңа- батыр баласы Жанақ ақынның (1768-1850) халықты хан қолына беруге шақырған өлеңі еске түседі.Бөкей сұмдық бастады,Қаракесек, Қуандық,Ел ішіне от тастады. Жақынын жау деп таныпты.Қаракесек бауырмен,Біз де карап жатпайық,Араны отыр ашқалы...Жинайык барша халықты,Қаракесек, Қуандық, Егізім деп жүргендер,Сүйіндікке жауықты. Сүйіндік жау деп шауыпты.Ыкыласы олардың, Қамданайы, Шоң аға,Төрелерге ауыпты. Келетін жау қауіпті.Ханның жайлауын басып алу жайлы қимылға барған Шоң да, Жанақ айтқандай, камсыз болмайтын... Халық аузында калған Шоң мен Бөкейдің Нұра соғысы 1817 жылдың маусым айында болады. Сойыл-шоқпар соғылады, бас жарылып, көз шығады, адам майып болады... Сонда да бұл соғыста Шоң жеңіп, халық алдында мәртебесі көтеріліп қалады.Сөйтіп Шоң қарапайым қазақтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан болған тұңғыш би. Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның Мұсасының, Өскенбайдың Құнанбайының, Жайнақтың Ыбырайының, Зілқараның Мұсатының, Естенестің Есенейінің әр кезде әр округқа аға сұлтан болып сайланғаны тарихтан белгілі.Торайғыр мен Шоң ағайынды кісілер екен. Бірде екеуі катты араздасып калады да, ағасына өкпелген Шоң Бағаналы (Құлнияз) Бабырға көшеді. Татуластырмақ болып басу айтқан ел жақсыларының сөзін тыңдамайды.Шоңның көші жаңа ғана шығып бара жатқанда, қозысын суға кұлатқан сол ауылдың бір қозышы баласы кездескен біреуден "ана топ кімдер, ана көш кімнің көші" деп сұрайды. Әлгі кісі мән-жайды түсіндіреді. "Анау елден кетіп бара жатқан Шоңның көші, мыналар соңынан ере алмай, киып кете алмай тұрған туғандары дейді. Осыны естіген бала таймен шапқылап отырып, көштің алдын орайды да көш бастап бара жатқан Шоңға сәлем береді.- Ассалаумагалейкум, ата, жол болсын. Қайда көшіп барасыз? - дейді. Қасқая қарап, аталап, сәлем берген баланы елеп, Шоң тоқтап жөнін айтады. Сонда бала: - Е, мұнан барсан барасын, Батан алы Бабырға. Өзіне жейтін бас болса, Сыбағаңа тартылар. Бір сындырғы қабырға, Ат пен жігітің сай болса,Барымтасына жарарсың. Қызың сұлу, тазың алғыр болса, Бозбаласына жағарсың. Ел көшкенде, сен түндігңе қарарсың. Мұндағы Торайғыр, Шоң деген, Аттан бір айырылып қаларсың, - дейді.Шоң ойланып тұрып қалады. "Не істейміз?" - деп соңына ерген ел жақсыларынан сұрайды.-Е, не істеуші ек, алға тартамыз да. Елдің бүкіл жақсысы мен жайсаңы жалынтанда тоқтамағанда, енді бір қаршадай бала айтты деп жолдан қайту ұят емес пе? - дейді.-Жоқ, олар осы баланын сөзін тауып айтса қайда қалыпты. Мен кімнен жеңілсем, соны мойындаймын, көштің бетін елге бұрыңдар, - деп Шоң райдан қайтқандығын білдірген көрінеді.-Алда, ерім-ай, енді қайтсін. Дұрыс-ақ-ау. Шоңның шоңдығын танытар мінез ғой бұл, - депті қасындағы кісілер.Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғалып, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрган бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:-Уа, кімсің? - дейді.-Кереймін, - дейді Нұрбай.-Керей болсаң атың кім?-Атым Нұрбай.-Нұрбай қарақшы сен бе едің?-Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде калқайып жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді, - дейді Нұрбай батыр.-Жол болсын, неғып жүрсің? - дейді Шоң.-Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.-Сенің атын Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар, - дейді Шоң.-Бәрекелді өзім де сізді анығын айтар деп едім. Әділін айттыңыз, - дейді Нұрбай.-Қалжыңға түсінбейсің бе, - дейді Шоң.Нұрбай:-"Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас" деген сөз бар. Әділ би болсаң малымды қайтар.Шоң би олардың малын қайтарып береді.
## Дереккөздер
## Өмірбаяны
Шоң Едігеұлы, Шоң би (1754, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бұтағынан шыққан.
Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге бидің ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, қол астындағы халықты төрелердің билігіне қарсы ұйымдастырды. 18 ғасырдың 2-жартысында құба қалмақтардың беті қайтқаннан кейін Шоң би одан жүз жылдай бұрын өз ата-мекендерінен Орта Азияға қоныс аударуға мәжбүр болған Сүйіндіктен тарайтын Қаржас, Жанболды, Құлболды, Жолболды (Орманшы) ұрпақтарын “Төртуыл” одағына біріктіріп, Баянауыл өңіріне көшіріп әкелді. Бұл істі жүзеге асыруға оған Сәти би, Айдабол руының батыры Олжабай жәрдемдесті. Шоң би “Төртуылға” төбе би болып сайланған соң, төрелерді елден шындап ысырып шығару ісін қолға алды. Хан иемденген жайлауды тартып алу мақсатында бүкіл елін Нұра өзеннің бойына қоныстандырды. Бөкей төре Шоң би жасағына қарсы қол аттандырды. 1817 ж. маусым айында болған бұл шайқаста Шоң би жеңіп шығып, оның халық арасындағы беделі өсе түсті. 1822 ж. патша өкіметі бекіткен ереже бойынша Орта жүзде хандық жойылды. Оның орнына дуандар (округ) құрылып, оны төреден шыққан аға сұлтандар басқарды. Шоң би қарапайым халықтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан атанған тұңғыш би. Шоң би шәкірттерінің ішіндегі ең белгілісі – Шорман Күшікұлы болды. Шоң би жөніндегі жазба деректер Ресей архивтерінде көп кездеседі. Ол жөніндегі халық арасына тараған аңыз-әңгімелер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде жан-жақты айтылады. Жазушы І.Исабай осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп “Шоң би”, “Серт” атты кітаптар жазды. Павлодар қаласындағы көшелердің біріне Шоң би есімі берілген. Шоңның мәйіті Түркістан қаласына апарып жерленген.Шоң бидің ататегі қазақ шежіресінде былай таратылады. Арғын, оның ішінде Мейрамсопыдан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар). Сүйіндіктен Қаржас, Жанболды, Қүлболды, Жолболды (Орманшы) (бұл төрт ауыл аталарын ел "Төртұлы" (Төртуыл) деп атаған екен). Құлболдыдан Айдабол би, одан Жанқозы, одан Төлебай, одан Едіге би. Едіге биден ағайынды Шоң, Торайғыр билер туған.Айдаболдан Жанқозы, Малқозы,Кенжеқозы, Аққозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер), Қожагелді аталарын таратады.
## Арық бимен болған оқиға
Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты:-Ар0аның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле?Сонда Арық би:-Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой, - депті.Шоң би басқа сөзге келмей, жанындагы жігіттерге қарап:-Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын беріңдер, - деп билікті көп созбай тындыра салыпты.Елдің айтуына Қарағанды Шоң би дінсіз де, діншіл де болмаған көрінеді. Керек жерінде дәрет алып, намазға да тұрған, дұға да оқыған. Ал, ел ісінің қауырт та көптігінен ол шарттардың бірін де істемеген кездері болған сияқты. Шоң бидің осы мінезін білетін қожа, молдалар оған көбінесе үйір бола бермеген. Ал, үйір болған күнде, оған әрқилы сұрақтар беріп, сүріндірмек те болыпты.Бір жолы оған Сәлі деген молда барып үйінде қонақ болып отырады. Дастарқан үстінде әртүрлі әңгіме сұрақ болатын әдет қой. Әлгі молда биге мынадай сұрақ беріпті, оған Шоң былай жауап беріп отырыпты:-Еркектің бақытты болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің бақытсыз болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің өрісі неден?-Әйелден.Еркектің көрісі неден?-Әйелден. -Еркектің абыройы неден?-Әйелден.-Еркектің абыройсызы неден?-Әйелден.Сөлі молда сәл сабыр етіпті де, енді мынадай сұрақ беріпті:Акылға кең, тілге шешен Шоң би оның сүрағына лайықты қысқаша бірыңғай жауап беріп отырыпты:-Әйелдің адал болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің надан болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің үй болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің би болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің күң болмағы неден?-Еркектен.
-Әйелдің сымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің қымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің базарлы болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің ақылды болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің бақылды болмағы неден?-Еркектен.Осы жерге келгенде шамасы Сәлі молданың терме сөзі ада болса керек.-Сізге дауа жоқ екен? - депті.-Сұрағыңызға қарай жауап, өзіңізге де сауап, - депті Шоң би.-"Әйелден, әйелден", "еркектен, еркектен", - дей бересіз. Түсіндіріп, таратып айтпайсыз ба, бүл бір-бір ауыз сөзіңізге кім түсінеді? Мәселенкі "жақсы мынадай болады" деп оған дәлел келтірмейсіз бе? - депті молда. Сонда Шоң би:Ей, молдеке, - депті. - "Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын" дегендей, ол сұрақтарыңызға жеке-жеке тоқталып, дәлелдер келтіріп, ұзақ-сонар әңгіме ете берсем, таң атып, күн шықпайды. Ел жататын уақыт болды, жатпайсыз ба, таңғы нәсіп тәңірден деген. Мен ертелеп жол жүруім керек, солай молдеке, әзірше сол қысқа жауапты қанағат етіп аттана тұрасыз да.Төрелер қазақ руларын өзара бөліп алып билеген. Ал төресі жоқ рудың қоғамдық істерге араласуға, белгілі бір қоғамдық мәселе жайында өз шешімін, пікірін айтуға құқы бола бермеген. Бұл кара халықты үстем тапқа кіріптар етіп ұстаудың бірден-бір жолы еді. Сондыктан да ондай рулардың билері хан тұқымынан төре сұрап жүрген. Мысалы Ахмет Байтұрсынов Қаракесек руының Шор деген биінің 1748 жылы "еліме хан қоямын" деп Барақтан 14 жасар Бөкей деген баласын сұрап әкелгенін айтады.Ресей үкіметінің Орта жүз қазақтары үшін 1822 жылы шығарған жарлығы бойынша Қарқаралыда тұңғыш ашылған (1824 жылы) сыртқы округқа Қаракесектің әр руын - Шаншарды Тама төре, Алтайды Түгім төре, Шордан тараған үш тармақтың әркайсысын Тәуке, Әбілғазы, Батыр төрелер, Әлтеке- Сарымды, Ғазы төре, Әлтөбетті Әбілмәмбет төре, Қарсен Керейді Құдайменді төре, Қояншы Тағайды Шаңқай төре, Тобықтыны Бірелі төре, Бура найманды Әли төре, Керейді Жәңгір (Бөкейдің немересі) төре басқарып келген екен. ...Айдаболдың Едігесі дүние салған кезде қазақ елінің ішкі әлеуметтік- саяси жағдайы осындай еді. Ал әкесінің билік таяғы қолына тиген Шоң мұндай әділетсіздікке немкұрайды қарай алмады. Ол бірден ел арасынан төрелерді қуу саясатын ұстанды. Бұған көнгісі келмеген төрелер халықты оған қарсы қою мақсатында Шоң жөнінде неше түрлі лақап-өсек таратты. Шоң өз кезегінде халықтан айрылып қалмау үшін ата-баба дәстурін жаңыртуға дейін барды.1730 жылы құба қалмақтың беті қайтқаннан кейін сонау Орта Азиядан Арқаға карай қоныс аударуға бел байлағанда елдің басын қосып, күш жинау үшін Қаржас биі Сәти, Айдабол батыры Олжабай, Сүйіндіктен тараған Қаржас, Құлболды, Жанболды, Орманшы ұрпақтары "Төртұлы" деген одаққа косылып (басқа рулар да кірген) Жоңғар басқыншылығы тегеурінінен жүз жыл бұрын тастап кетуге мөжбүр болған Баянауыл өңіріне кайтып келеді.Міне, Шоңның төрелермен шайқаста күш алу үшін, яғни халықты төңірегінен шығармау үшін жаңғыртқан "Төртұлы" одағы осы еді. Ата дәстүрі қайта бас көтеріп, халық Шоңды "Төртұлыға" төбе би қылып сайлап алғаннан кейін төрелерді елден енді шындап қуа бастайды...Шоң балашағасымен қыруар ауыл болып барып, Бөкейдің жылдағы жаулауы Нұра бойын түгел алып алады. Енді Бөкей атқа қонады. Төрт жүздей Қаракесек жігітгерін сойыл-шоқпармен қаруландырып Нұраға карай жібереді. Мақсат белгілі - Шоңды жайлаудан қуып шығу. Осы тұста Жаңа- батыр баласы Жанақ ақынның (1768-1850) халықты хан қолына беруге шақырған өлеңі еске түседі.Бөкей сұмдық бастады,Қаракесек, Қуандық,Ел ішіне от тастады. Жақынын жау деп таныпты.Қаракесек бауырмен,Біз де карап жатпайық,Араны отыр ашқалы...Жинайык барша халықты,Қаракесек, Қуандық, Егізім деп жүргендер,Сүйіндікке жауықты. Сүйіндік жау деп шауыпты.Ыкыласы олардың, Қамданайы, Шоң аға,Төрелерге ауыпты. Келетін жау қауіпті.Ханның жайлауын басып алу жайлы қимылға барған Шоң да, Жанақ айтқандай, камсыз болмайтын... Халық аузында калған Шоң мен Бөкейдің Нұра соғысы 1817 жылдың маусым айында болады. Сойыл-шоқпар соғылады, бас жарылып, көз шығады, адам майып болады... Сонда да бұл соғыста Шоң жеңіп, халық алдында мәртебесі көтеріліп қалады.Сөйтіп Шоң қарапайым қазақтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан болған тұңғыш би. Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның Мұсасының, Өскенбайдың Құнанбайының, Жайнақтың Ыбырайының, Зілқараның Мұсатының, Естенестің Есенейінің әр кезде әр округқа аға сұлтан болып сайланғаны тарихтан белгілі.Торайғыр мен Шоң ағайынды кісілер екен. Бірде екеуі катты араздасып калады да, ағасына өкпелген Шоң Бағаналы (Құлнияз) Бабырға көшеді. Татуластырмақ болып басу айтқан ел жақсыларының сөзін тыңдамайды.Шоңның көші жаңа ғана шығып бара жатқанда, қозысын суға кұлатқан сол ауылдың бір қозышы баласы кездескен біреуден "ана топ кімдер, ана көш кімнің көші" деп сұрайды. Әлгі кісі мән-жайды түсіндіреді. "Анау елден кетіп бара жатқан Шоңның көші, мыналар соңынан ере алмай, киып кете алмай тұрған туғандары дейді. Осыны естіген бала таймен шапқылап отырып, көштің алдын орайды да көш бастап бара жатқан Шоңға сәлем береді.- Ассалаумагалейкум, ата, жол болсын. Қайда көшіп барасыз? - дейді. Қасқая қарап, аталап, сәлем берген баланы елеп, Шоң тоқтап жөнін айтады. Сонда бала: - Е, мұнан барсан барасын, Батан алы Бабырға. Өзіне жейтін бас болса, Сыбағаңа тартылар. Бір сындырғы қабырға, Ат пен жігітің сай болса,Барымтасына жарарсың. Қызың сұлу, тазың алғыр болса, Бозбаласына жағарсың. Ел көшкенде, сен түндігңе қарарсың. Мұндағы Торайғыр, Шоң деген, Аттан бір айырылып қаларсың, - дейді.Шоң ойланып тұрып қалады. "Не істейміз?" - деп соңына ерген ел жақсыларынан сұрайды.-Е, не істеуші ек, алға тартамыз да. Елдің бүкіл жақсысы мен жайсаңы жалынтанда тоқтамағанда, енді бір қаршадай бала айтты деп жолдан қайту ұят емес пе? - дейді.-Жоқ, олар осы баланын сөзін тауып айтса қайда қалыпты. Мен кімнен жеңілсем, соны мойындаймын, көштің бетін елге бұрыңдар, - деп Шоң райдан қайтқандығын білдірген көрінеді.-Алда, ерім-ай, енді қайтсін. Дұрыс-ақ-ау. Шоңның шоңдығын танытар мінез ғой бұл, - депті қасындағы кісілер.Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғалып, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрган бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:-Уа, кімсің? - дейді.-Кереймін, - дейді Нұрбай.-Керей болсаң атың кім?-Атым Нұрбай.-Нұрбай қарақшы сен бе едің?-Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде калқайып жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді, - дейді Нұрбай батыр.-Жол болсын, неғып жүрсің? - дейді Шоң.-Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.-Сенің атын Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар, - дейді Шоң.-Бәрекелді өзім де сізді анығын айтар деп едім. Әділін айттыңыз, - дейді Нұрбай.-Қалжыңға түсінбейсің бе, - дейді Шоң.Нұрбай:-"Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас" деген сөз бар. Әділ би болсаң малымды қайтар.Шоң би олардың малын қайтарып береді.
## Дереккөздер |
Қалың мал - қазақтың бұрыннан келе жатқан салт дәстүрінің бірі. «Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне, сонымен бірге салауаттарына да байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Негізінен қыз алатын, яғни Қалың беретін жақты қинамайды. Жігіт жақ қалың берсе, қыз жақ кит кидіретін болған және қыз жасауын береді. Осылайша екі жастың отауын тігіп, шаңырағына керекті заттарды толықтап беретін болған. Қазақта: "теңін тапса тегін бер" - деген осыдан шықса керек. Деседе "қалыңсыз қыз болсада, кәдесіз қыз болмайды" - деп ата салттан аттамауды да дәріптеп отырған. Мұнда қалың малға сүтақы да кіреді.
«Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» деп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
## Дәстүрлі қалыңмал түрлері
* Бас жақсы: түзу мылтық, берік сауыт, жақсы сырт киім, қашса құтылатын, қуса жететін бір сәйгүлік және малдығы артық бір түйе немесе олардың орнына бес ірі қарадан 20 жылқы берілген.
* Қара мал: қалың малдың ең өзекті бөлімі ірі қара саны бір жиырма, бес жиырмаға дейін (21-25 жылқы) барған.
* Той малы: қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны. Той малы 20-70 бас жылқыға дейін жеткен.
* Сүт ақы: қалыңдықтың анасына берілетін 1-7 түйе. Қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы.
* Жігіт түйе: бұған 2 түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер-тұрман беріледі.
* Ілу: қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілген кәде. Егер ілуге көп қаражат жұмсалса, тиісінше қара мал саны азайтылған.
* Дөңгелек қалың: он шақты қарадан аспаған (кедейлер ортасында жүрген).
* Балама қалың: 10-15 ұсақ мал орнына бір тәуір жылқы берілген.
* Олқы қалың: 37 ірі қара - әйелі өліп, балдызын алғанда төленген.
## Дереккөздер |
Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі.
## Сипаттама
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Ұлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сипаты айқындала түсті.
Маркстік-лениндік принциптерін дамыту, орнықтыру барысында субьективтік сынмен де, нормативтік, яғни бір қалыптан шықпайтын догматикалық сынмен де күресуге тура келді. Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер – өнер үшін» немесе «өнер – саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды.
## Дереккөздер |
Аралсор ұңғымасы – Каспий ойпатының Ащыөзек өзені жағасында, Аралсор көлінің солтүстігінде 1961 жылдың 4 қазанынан бұрғылана бастаған КСРО мен Еуропадағы бірінші шыңырау скважина. Жобаланған тереңдегі 7000 м. «Аралсор – 1» деп аталатын бұл скважинаны бұрғылаудағы негізгі мақсаттар: 1) тұз қабаттары үстіндегі пермь триас тағы басқа жүйелердің жете тексерілмеген барлық шөгінділерін зерттеу; 2)пермь жүйесінің төменгі бөлімінің кунгур ярусына жететін тұз қабаттарын және тұз астындағы шөгінділердің мұнай мен газ беру мүмкіндіктерін анықтау. Мұндай тереңдігі скважинаны бұрғылауға лайықталған арнаулы бұрлығау қондырғысы бұрын болмағандықтан, біраз техникалық өзгерістер енгізілген «Уралмаш ЗД» бұрғылау қондырғысын пайдалану ұйғарылды. Бұл жерде бұрын мұндай терең скважина бұрғыланбағандықтан және геологиялық деректер жеткіліксіз болғандықтан, 4 колонналы скважина конструкциясының жобасы бекітіллді. Бірақ бұрғылау кезіндегі нақтылы геологиялық-техникалық жағдайларға өзгерістер енгізілгеннен кейін скважинаның конструкциясы болады. Жыныстары каспий ойпатында тереңде жатқындықтан, оларға «Аралсор – 1» сияқты аса терең скважиналар арқылы жетуге болады. Бұл скважинаны бұрғылау көптеген техниканы, технология жаңалықтарды өндірістік сыннан өткізуге мүмкіндік берді. Осы скважинаны бұрғылаудағылыми және практикалық мәні бар жаңа деректер алынды.
## Дереккөздер |
Тұран университеті 1992 жылы құрылған.
Университет ректоры — Алшанов Рахман Алшанұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласы мәслихатының орынбасары , Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті.
«Тұран» университеті білім беру корпорациясының бөлігін қалыптастырады, ол жоғары, кәсіптік және орта білім беру мекемесі, ғылыми-зерттеу орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың ерікті бірлестігі болып табылады. Корпорацияның мақсаты - талап-шығармашылық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдық ресурстарын пайдалана отырып, әр түрлі салалардағы мамандар дайындау.
Білім беру корпорациясының үздігі «Тұран» университеті көп сатылы білім беру принципін қамтамасыз ететән тұтас жүйе болып табылады.
«Тұран» Қазақстандағы алғашқы және ең ірі жеке меншік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Әлемдік білім беру кеңістігіне бәсекеге университет өзін қабілетті, жоғары сапалы білім мен жеке дамуын қамтамасыз ететін, ғылыми инновациялық зерттеу жұмыстарын іске асыратын, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі бар институт ретінде таныта білді.
«Тұран» университеті білім берудің толық циклын (бакалавриат, магистратура және докторантура, PhD) қамтамасыз етеді және үш кафедраны (экономикалық, гуманитарлық, құқықтық және «Кино және телевидение академиясы») қамтиды. 2010 жылы аттас университеттің қосылуы нәтижесінде "Кино және телевидение академиясы " факультеті құрылған болатын. Университет төрт институттардан тұрады: қазақ қоғам жүйесінің ғылыми-зерттеу институты; Дүниежүзілік нарықты ғылыми-зерттеу институты, туризмді ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық Көшбасшылық институт.
Университетте 361 оқытушы бар. Оның ішінде 55 ғылым докторы, профессорлар, 215 ғылым мен доцент кандидаттары, 1 PhD доктор. Сонымен бірге, 49-дан астам тәжірибеден өткен зерттеушілер оқу процесін қамтамасыз етеді.
Университет жанында Қазақстан маркетинг ассоциациясы, Халықаралық туризм академиясы орналасқан және жұмыс істейді.
«Тұран» ұстанымы - «Баршаға арналған Университет». Бұл - оқытушылар жоғары оқу нәтижелерін және жоғары мектеп түлектеріне арналған білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ете алады дегенді білдіреді. Мысалы, 2012 жылы TIBS Халықаралық Бизнес мектебі құрды. TIBS - ағылшын бакалавры, бұл шетелде білім алу мүмкіндігі, сондай-ақ қос диплом алу мүмкіндігі болып табылады, практикалық білімге бағытталған.
Кәсіпқойлық МЖӘ университеті ҰБТ және КТ қорытындылары бойынша төмен нәтижелер алған түлектерге арнап мүмкіндік береді. Бұл әрекетті орындау үшін, мұғалімдердің оқу-әдістемелік қызметін дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының өзге де жоғары оқу орындары, шетелдік ғалымдар шақырылды, ғылыми-әдістемелік семинарлар, тренингтер, семинарлар өткізілді.
Университетте төмен отбасылардан шыққан студенттерге материалдық қолдау жүйесі бар.
«Тұран» университеті - көпұлтты білім беру ордасы, университетке түрлі ұлт өкілдері қабылданады. Атаулы жүйе тұлғааралық қатынастар, төзімділік деңгейін көтереді.
* Мекен-жайы: 050020, Алматы қ., Сатпаева 16-18-18a
* Телефоны: 8 (727) 260-40-00
* Ресми веб-сайт: www.turan-edu.kz
## Дереккөздер |
Досымбек Әлмаханбетұлы Сыдық (1951 жыл 17 мамыр, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қалпақ ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2002).
## Еңбек жолы
* 1972 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
* 1974-1984 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер қызметін атқарады.
* 1984-1987 жылдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқытушы.
* 1987-1992 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет етеді.
* 1992 жылдан Түркістан облысы Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінде бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
* «Формирование высокопродуктивных агрофитоцессозов кукурузы на поливных землях Южного Казахстана» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Омар Сыздықов (1936 жыл 1 ақпан, Оңтүстік Қазақстан, Арыс) – педагогика ғылымдарының докторы (2002). ҚР педагогика ғылымдары (2005) және Халықаралық ақпараттандыру академияларының (2003) академигі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1970).
## Еңбек жолы
* 1963 жылы Ташкент политехникалық институтын бітірген;
* 1959-1963 жылдары Кентау экскаватор зауытында цех бастығы;
* 1963-1969 жылдары Ащысай түсті металл комбинатында инженер;
* 1969-2005 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) оқытуышы, аға оқытушы, доцент, профессор;
* 1974-1979 жылдары Алматы металл өңдеу зауытының директоры болды;
* 2005 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* «Болашақ инженерлердің кәсіптік-технологиялық даярлығын жетілдірудің дидактикалық негіздері» тақырындағы докторлық диссертациясы;
* 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Тұран университеті 1992 жылы құрылған.
Университет ректоры — Алшанов Рахман Алшанұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласы мәслихатының орынбасары , Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті.
«Тұран» университеті білім беру корпорациясының бөлігін қалыптастырады, ол жоғары, кәсіптік және орта білім беру мекемесі, ғылыми-зерттеу орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың ерікті бірлестігі болып табылады. Корпорацияның мақсаты - талап-шығармашылық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдық ресурстарын пайдалана отырып, әр түрлі салалардағы мамандар дайындау.
Білім беру корпорациясының үздігі «Тұран» университеті көп сатылы білім беру принципін қамтамасыз ететән тұтас жүйе болып табылады.
«Тұран» Қазақстандағы алғашқы және ең ірі жеке меншік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Әлемдік білім беру кеңістігіне бәсекеге университет өзін қабілетті, жоғары сапалы білім мен жеке дамуын қамтамасыз ететін, ғылыми инновациялық зерттеу жұмыстарын іске асыратын, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі бар институт ретінде таныта білді.
«Тұран» университеті білім берудің толық циклын (бакалавриат, магистратура және докторантура, PhD) қамтамасыз етеді және үш кафедраны (экономикалық, гуманитарлық, құқықтық және «Кино және телевидение академиясы») қамтиды. 2010 жылы аттас университеттің қосылуы нәтижесінде "Кино және телевидение академиясы " факультеті құрылған болатын. Университет төрт институттардан тұрады: қазақ қоғам жүйесінің ғылыми-зерттеу институты; Дүниежүзілік нарықты ғылыми-зерттеу институты, туризмді ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық Көшбасшылық институт.
Университетте 361 оқытушы бар. Оның ішінде 55 ғылым докторы, профессорлар, 215 ғылым мен доцент кандидаттары, 1 PhD доктор. Сонымен бірге, 49-дан астам тәжірибеден өткен зерттеушілер оқу процесін қамтамасыз етеді.
Университет жанында Қазақстан маркетинг ассоциациясы, Халықаралық туризм академиясы орналасқан және жұмыс істейді.
«Тұран» ұстанымы - «Баршаға арналған Университет». Бұл - оқытушылар жоғары оқу нәтижелерін және жоғары мектеп түлектеріне арналған білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ете алады дегенді білдіреді. Мысалы, 2012 жылы TIBS Халықаралық Бизнес мектебі құрды. TIBS - ағылшын бакалавры, бұл шетелде білім алу мүмкіндігі, сондай-ақ қос диплом алу мүмкіндігі болып табылады, практикалық білімге бағытталған.
Кәсіпқойлық МЖӘ университеті ҰБТ және КТ қорытындылары бойынша төмен нәтижелер алған түлектерге арнап мүмкіндік береді. Бұл әрекетті орындау үшін, мұғалімдердің оқу-әдістемелік қызметін дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының өзге де жоғары оқу орындары, шетелдік ғалымдар шақырылды, ғылыми-әдістемелік семинарлар, тренингтер, семинарлар өткізілді.
Университетте төмен отбасылардан шыққан студенттерге материалдық қолдау жүйесі бар.
«Тұран» университеті - көпұлтты білім беру ордасы, университетке түрлі ұлт өкілдері қабылданады. Атаулы жүйе тұлғааралық қатынастар, төзімділік деңгейін көтереді.
* Мекен-жайы: 050020, Алматы қ., Сатпаева 16-18-18a
* Телефоны: 8 (727) 260-40-00
* Ресми веб-сайт: www.turan-edu.kz
## Дереккөздер |
Сатай Мақсұтұлы Сыздықов (1954 жыл 14 қаңтар, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) – тарих ғылымдарының докторы (1996), профессор (2000).
## Еңбек жолы
* 1975 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін және 1983 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген;
* 1980-95 жылдары Қарағанды кооперативтік интитутында оқытушы;
* 2002-2005 жылдары ҚазМУ-да аспирант, аға оқытушы, доцент;
* 2005-2007 жылдары ҚазҰПУ-да декан қызметтерін атқарды. ;
* 2008 жылдан кафедра меңгерушісі.
## Ғылыми еңбектері
* Негізгі ғылыми еңбектері Түрік қағандығы, Қарахан мемлекеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, түріктердің тарихи мұрасына арналған;
* «Орталық Азияны мекендеген қарлұқтардың тарихындағы мәселелер (VII – XII ғғ.)» деген тақырыптағы докторлық диссертация;
* 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Ерлан Ағзамұлы Тайғұлов (1957 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1997).
## Еңбек жолы
* 1980 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медициналық академиясы) және 1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аспирантурасын бітірген;
* 1980-1983 жылдары Семей қалалық ауруханасында дәрігер болды;
* 1989 жылдан Семей мемлекеттік медицина институтында ассистент, ғылыми қызметкер, доцент; қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* 1996 жылы «Результаты применения эритроцитарных фармакоцитов в комплексном лечении хирургических больных с воспалительными заболеваниями печени и желчных путей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады;
* 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Ғали Нұртазаұлы Кемелов (1897 жылы туған, Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, Мәдениет ауылы - 1946 жылы дүниеден озды) - қазақ кеңес математигі, алғашқы қазақ доценттерінің бірі. 1923 жылы Н.К. Крунская атындағы Коммунисттік тәрбиие академиясын бітірген. 1934-35 жылы Семейдің геологиялық - барлау институтында (қазіргі Алматыдағы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехнологиялық инститe), 1935-1937 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында жоғары математикадан сабақ берген. Қазақ тіліне тұғыш рет "Чарьлз Дарвин және оның ілімі" (1925 жылы) атты еңбегін аударған. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстанда математик ғалымдарды даярлауда елеулі еңбек сіңірген.
## Дереккөздер |
Кеме шайқалысы - кеменің әр түрлі сыртқы күш әсерінен тербелуі. Кеменің шайқалысын су толқыны, жел, кемені жұлқи тарту, реактивтік импульс (кемеден артиллериялық және торпедалық снаряд ату кезінде), су астындағы жарылыстар және т.б. әсерлер тудырады. Кеме шайқалысы бүйірлік, кильдік, тік бағыттық болып ажыратылады. Кеме шайқалысы кезінде осы үшеуінің бір мезгілде әсер етуі де мүмкін. Кеме шайқалысының сипаты мен шамасы толқынға, толқын ммен кеменіңжүзу бағытына, сондай - ақ кеменің мөлшеріне т.б. байланысты. Кеме шайқалысының зиянды жақтары бар (қатты шайқалыс кезінде кеменің аударылып кетуі, бүйір корпусының бүлінуі, басқару құрылғысы мен басты механизмдердің істен шығуы т.б.), кеме жасауда осы жайттарға қарсы шаралар ескеріледі. Кеме шайқалысын бәсеңдету үшін әр түрлі тыныштандырғыш қондырғылар пайдаланылады. Кеме шайқалысының теориясының негзін салған орыс ғалымы А.Н. Крылов, ал оның гидродинамикалық теориясын жасған Н.Е.Жуковский болды.
## Дереккөздер |
Көккекіре (лат. Centaurea cyanus) – астралылар тұқымдасының гүлкекіре туысына жататын арам шөп. Зембілге жиналған гүлдерінің шетіндегілері үлкендеу, көгілдір түсті (өте сирек болса да ақ және қызғылт түстілері де кездеседі) келеді. Көккекіренің біржылдығы да, екіжылдығы да, болады. Биіктігі-30-60 см. Бұтақты болып өседі.
Бұл республикамыздың Орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында кең таралған. Қай жерде кездессе де шашыранды және сирек өседі.Дәрі мақсатында бүкіл жер үстіндегі бөлігі мен гүлдері пайдаланылады.
## Химиялық құрамы
Көккекіре гүлдерінде - бояулы заттар, цианин глюкозиттері, ащы глюкозидтер, ценаурин, немесе кницин, цикорин глюкозиді, минералды тұздар болады.
*
*
*
*
*
## Қолданылуы
Көккекіре гүлдерін несеп жүргізетін, қызба ауруларыен сырқаттанғандардығ қызуын төмен түсіретін дәрі ретінде оның гүл желектерінен тұнба жасап ішеді. Несеп-жыныс органдарының қабынып ауруларына көккекіре желегін ырғай тамырына, жүгері қауызына, қайың бүрлеріне, ошаған шөбіне қосып пайдаланады. С.С. Сахобиддиновтың деректері бойынша (1948) кекіре жапырақтарынан жасалған тұнбаны безгек ауруына қарсы ішеді, ал тамырдан жасалған препаратын шеменге қарсы пайдаланады.
## Дереккөздер |
Қияршөп (лат. Borago) – айлауыктар тұқымдасына жататын тарбақ бұтақты біржылдық шөп тектес өсімдік. Жапырақтары жұмыртқа пішінді, жіңішке сабақты көгілдір гүлді келеді. Июнь - шілде айларында гүлдейді. Жапырақтарының дәмі қиярдың дәмі секілді болғандықтан оны халық арасында және 18-19 ғасырларда шыққан әдибиеттерде қияршөп деп атап кеткен. Қияршөп балды жақсы беретін өсімдік.
## Таралуы
Қияршөптің тегі Кіші Азиядан шыққан, егіп өсіріледі, бірақ аздап жабайыланған өсімдік. Оны Орал, Ақтөбе, Шымкент, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінен сирек те болса кездестіруге болады.
## Химиялық құрамы
Е. Залесова мен О.Петровскаяның деректері бойынша қияршөп құрамында құрамында селитраның барлығы бұдан бір ғасырға жуық уақыт белгілі болған. Сондай-ақ оның бойында май қышқылдары, сапониндер, пентоздар, аздап эфир майы кездеседі. Дәрі мақсатында оның жер үстіндегі бөлігі мен гүлдері пайдаланылады. Қияршөп шөбін қазанақпен, көкпекпен қосып қайнатынды жасап созылмалы бронхитпен, өкпе демікпесімен, шемен ауруымен сырқаттанушыларға емге қолданады.
## Дереккөздер |
Қотыр тауы – Кеңтарлау аңғарының батысындағы аласа тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жаңаорталық ауылынан оңтүстікке қарай 23 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 556 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі қатты тілімделген. Солтүстік-шығысында Сарыоба, оңтүстігінде Ақшаадыр таулары, шығысында Қаражырын құдығы орналасқан.
## Өсімдігі
Бозғылт сұр топырақ жамылғысында баялыш, көкпек, боз, қара жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Орысқазған мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Сағыз өзені сағасының аңғарынан анықталды. Пайдалануға 1987 жылы берілген.
## Геологиялық құрылымы
Геологиялық құрылымына қарай кен тұзды төбелік кендер тобына жатады, алаңының аумағы 12x6 км. Алаңынан үш мұнайлы учаске ашылып, игерілуде және өнім беретін 16 қабат анықталды. Бұлардағы неоком, юра және триас кезеңдерінде түзілген мұнайлы кен кабаттарының бәрі құрылымы бойынша тұтас не бір-бірімен сабақтаса жатқан жердің құрылымдық қыртысы қатарына жатады. Төменгі триаста қалыптаскан шөгінділерде саздақ топырақ, ұсақ құм түйіршіктері, бір-бірімен байланысы онша берік емес құмайт қыртыстар кездеседі. Юралық қабаттар көбіне қыртысқа айналған жыныстардан тұрады. Бор жүйелерінде саз балшық пен ұсақ құм түйіршіктері аралас ұшырасады.
## Жатыс сипаты
Кен түзілген қабаттардың орташа тереңдігі 400-900 м аралығында. Мұнайы мол неоком қабаттарының қалыңдығы 2,1-4,25 м-ге, юралық шөгінділерде 5-9,7 м-ге, триастық тұнбалар 5,8 м-ге дейінгі мөлшерде қалыптасқан.
## Құрамы
Мұнайдың құрамында 0,18-0,84% күкірт, 18-69% мөлшерінде басқа да жеңіл заттар бар. Кенде 1988 жылы 69,695 мың т.мұнай өндіріліп, ең жоғары мөлшерде өнім алынды.
## Дереккөздер |
Қотыржал тауы – Ақтау тауларының оңтүстік-батысындағы аласа тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 17 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 772 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылған, енді жері 1 км.
## Жер бедері
Тік келген беткейлері тілімденіп, эрозиялық процестерге ұшыраған. Солтүстігінде Қосшоқы таулары, батысында Ақсай, шығысында Қорған, оңтүстігінде Сауғабай қыстаулары жатыр.
## Өсімдігі
Тауалдының қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас астық тұқымдас шөптесіндер, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Сағым күн(Sun dog)— қораланудың айырықша түрі, ерекше бір атмосфералық оптикалық құбылыс есептеледі. Кеңістікте қалқыған алты қырлы мұз кесектері ретті түрде күн сәулесін сындырып, шағылыстырғанда әуелгі күннің екі жағынан екі (не төрт) күн пайда болады. Мысалы 2013 жылы Қытайдан 5 күн бір уақытта көрінген болатын.
Сағымкүн көбінесе 22° қоралануда пайда болады. Ол әлемнің кез келген түкпірінде, кез келген маусымда болуы мүмкін, бірақ ылғи да анық, көрнекі бола бермейді. Әсіресе күн батқан кезде көбірек көрінеді.
Сағым күн өте мұз кристалдары өте суық ауада, ауа ағысы біршама баяу өңірде көбірек пайда болады. Сағым күндер шынайы күнге салыстырғанда қызарыңқы болады.
Грек тілінде Parhelion (παρήλιον – parēlion) сөзінің мағынасы "күннің қасында" дегенді білдіреді. Ал ағылшын тіліндегі Sun dog сөзінің келіп шығуы әлі толық анық емес, көбінесе оны ежелгі Скандинавия ертегілерімен байланыстырады.
Ежелгі грек философы Аристотель өзінің «Метеорология — Ауа райы туралы» кітабында былай жазған: "Күн секілді екі жасанды күн күнмен бірге туып, бірге айналып, ақыры бірге батты" деп жазады. Ол тағы "Жасанды күндер" әрқашан бірдей биікте және бірдей қашықтықта болады, көбінесе күн шыққан және батқан кезде анық көрінеді, ал түсте тым аз көрінеді деп түсіндірді.
Ақын Араттың (Aratus, «Phaenomena» 880-891)жазуынша, Сағым күн оның ауа райын болжауының бір дерегі есептеледі, ол Сағым күнге қарай отырып жаңбыр мен желді, болуы мүмкін дауылды нөсерді болжай аламын деген.
Артемидор (Oneirocriticaлық, «Түс жору кітабы») өз кітабында жасанды күндер арасындағы Құдайлар туралы айтады.
Республикашыл шешен Цицерон Сағым күнді сенаттың екіжүзділігіне теңеу ретінде қолданады.
Сенека өзінің табиғат туралы кітабында да Сағым күнді тілге алады.
1629 жылы жазда Римде көрінген Сағым күн Декарттың метафизиканы тастап, табиғат философиясын зерттеу еңбектерін жазуына түрткі болған екен.
## Дереккөздер |
Кеурексасыр немесе Асафетида (лат. Ferula assa-foetida) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көпжылдық емдік қабілеті жоғары өсімдік. Жапырақтары өте ірі болып келеді. Гүлдері сары, шатыр секілді болып келеді де, олар бұтақты сабаққа топталып өседі. Кеурексасырдың жаңа кезінде өзіне тән усарымсақ сияқты исі болады. Тамырын қиғанда одан шырын-шайыр шығады да, олар сұр, немесе қоңыр түстеніп әр түрлі көлемде қалады. Өсімдіктің тамырынан дайындалған хош иісті шайыр. Өзіндік дәмі бар және емдік қасиеті бар. Дәмі сарымсаққа ұқсайды.
## Химиялық құрамы
Шырышты шайырда 5-20 пайыз эфир майы болады, ал, оның құрамына органикалық сульфидтер кіреді. Демек, кеурексасырдағы жағымсыз усарымсақтың иісі осыған байланысты.
## Қолданылуы
Кеурексасыр жалпы денсаулықты нығайтатын және истерия, неврастения, вегетаневроздар кезінде сергітетін дәрі ретінде пайдаланады. Сондай-ақ оны басқа да дәрі өсімдіктерімен қосып өкпе туберкулезін, экссудативті диатезді, лимфоаденитті (без қабынуын) және оститтерді (сүйек ауруы) емдеуге қолданады. Кеурексасыр препараттарын суық тиюге қарсы және қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдалынуға болады. Кейбір тері ауруларына дәрі май күйінде дене сыртына қолданады. Өкпенің қақырық аз бөлінетін, ентігу және демікпе ұстамасы қосарланатын созылмалы қатары бар қарт адамдарға кеурексасыр шайыры көп көмек береді. Сонымен бірге бұл өсімдіктің шайыры етеккірі келгенде құрсақтың төменгі жағында байқалатын ауыртуларды тыныштандырады.
## Дереккөздер |
Қараермен (лат. Artemisia vulgaris) – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көпжылдық өсімдік. Шілде айынан бастап, қыркүйекке дейін гүлдейді. Қазақстанның барлық жерінде өседі. Қараерменнің шөбі мен тамырында эфир майы, холин, адонин, инсулин, шайыр, қант, май, каротин, А, В, және С витаминдері, шырышты және илік заттар болады. Қараерменді халық медицинасында ыстықты төмен түсіретін , тыныштандыратын, құрысуды, әртүрлі ауыртуларды басатын әлдендіретін, асқазан жараларын жазып, глистерден (ішек құртынан) тазартатын, босануды тездететін дәрі деп біледі.
Көптеген елдердің халық медицинасында қараермен етек кірінен тазаруды, сондай-ақ қояншық ауруын, истерияны, неврастенияны, шаншуды, жүйке ауруына байланысты ұйқысыздықты, сол сияқты астың дұрыс қорытылуын реттейтін дәрі ретінде талай замандардан бері пайдаланып келеді. Тіптен оны кейде шемен ауруы мен жатырдан қан кеткенде де қолданады. Шығыста токсикозға, невралгияяға, терінің іріңді ауруларына қарсы қолданылады. Қояншық ауруын емдеу үшін қараермен тамырын көкшешек шөбіне, түймешетен гүлдеріне, арыстанқұйрық шөбіне араластырып пайдаланады.
## Дереккөздер |
Қара алқа (лат. Solanum nigrum) – алқалар тұқымдасына жатады.
## Ботаникалық сипаттамасы.
* Биіктігі 4 метрге дейін жететін бір жылдық, жартылай бұталы өсімдік.
* Жапырақтарының сағақтары ұзын, сопақша үшбұрыштылау болып келген, ұштары сүйір.
* Көкшіл және ақ түсті, ұсақ әдемі гүлдері шатыр тәрізді шоқталып өсіп, жерге қарай иіліп, салбырап тұрады.
* Гүл тостағаншаларының қалақшасы да, жапырақшасы да бес – бестен болады.
* Жемісі – қызыл қоңыр түсті. Ішінде бірнеше тұқымы бар.
* Өсімдік маусым – қыркүйек айларында гүлдейді.
## Табиғатта таралуы.
Қара алқа Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Әсіресе олар ылғалды ормандарда, жабайы өсетін бұталардың, баубақшалардың арасында, өзен мен көл жағалауларында жиі кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде оның жоғары бөлігі, жапырағы, гүлі күз кезінде жиналып алынып, көлеңкеде кептіріледі.
## Химиялық құрамы.
Қара алқаның дәрілік шикізатының құрамында салоецин, саланенин, танин, ащы заттар, С дәреумені, дулкамарин, кейбір органикалық қышқылдар, каротин және басқа да заттар болады.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында қара алқа шөбімен малдың түрлі тері ауруларын, есек жемді, демікпені емдейді. Қара алқаның көктемінде және күзде жинаған жас сабақтарынан тұнба жасайды. Ол үшін бір литр суға 50 грамм майдаланған қара алқа шөбі салынып, орталанғанша қайнатылады. Содан кейін сүзіп алып, тұнбасын тері қышымасына, есекжемге жағып емдейді. Арнайы ыдысқа - спринцовка - тұнбаны сорғызып алып, ептеп жууға да болады.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Қара алқа — "Қайнар", 1988. — Б. 188. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
http://kopilkaurokov.ru/biologiya/uroki/166277http://bilimsite.kz/biologia/3247-alka-tukymdastary.htmlhttp://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/19001 Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.http://mapyourinfo.com/wiki/kk.wikipedia.org/Алқалар%20тұқымдасы/ Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
https://halykemi.wordpress.com/about/ |
Шаянмойын таран, Жылантаран (лат. Botsc) – тарандар тұқымдасының жылан таран туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 50-80 см. Тамырға жақын орналасқан жапырақтары ұзын, қанатты, қандауырлы-сопақша сағақты болып келеді. Сабақтары қысқа сағақты болады. Жапырақтарының бәрі қымыздық сияқты. Гүлдері-қалың масақ. Жемісі- жаңғақ. Шілде-тамыз айларында гүлдейді.
## Қолданылуы
КСРО-ның Еуропалық бөлігінің барлық жерлерінде, дымқыл жайылымдарында, орман шетінде өседі.
## Химиялық құрамы
Тамыр сабағында илі заттар, крахмал, глюкоза, С витамині кездеседі.
Дәрі мақсатында тамыр сабағы пайдаланылады. Жылантаран өте күшті қан тоқтататын, несеп жүргізетін және ас қорыту жолының функциялық қызметін реттейтін дәрі. Бұл өсімдіктің препаратын халық медицинасында қуық ауруларын мен өт тасы ауруларына, ішкі органдардан қан кеткенде, қарын мен ұлтабар жарасында, іш өту, дизентерия ауруларына (ішкізу арқылы) пайдаланылады. Дене сырт жарақаттанып, қан аққанда, шиқан шыққанға, қызылиек қабынғанға, ақ етеккір келуіне қарсы пайдаланды. Жылантаранды тек қайнатынды немесе сығынды түрінде ғана емес, сонымен қатар ұнтақ түрінде (қан аралас іш өту кезінде) де ішеді. Егер деректерге сүйенетін болсақ, жылантаран препараттарын жаңадан пайда болған қатерлі ісікке қолдануға болатын көрінеді.
## Дереккөздер |
Қуыр-қуыр-қуырмаш - ұлттық ойын. Көбінесе бүлдіршін балалар ойнайды.
## Ойын ережесі
Ойынға екі бала қатысады: бір бала қолының бес саусағын түйістіреді де, бір қолымен оны бүркемелеп, екінші балаға ортаңғы саусағымды тап дейді. Егер ол тапса ұпай алады. Бірақ ұтқан ойыншы ұпай алу үшін мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі шарт: бас бармақтан бастап саусақтар атын: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкетай бөбек деп түгел айтып береді. Сөйтіп, бес саусақты түгел жұмады. Тағы да бас бармақтан бастап, бес саусақты түгел ашып:"сен тұр - қойыңа бар, сен тұр - түйеңе бар, сен тұр - жылқыа бар", - деп санап шығуы керек. Содан кейін "қуыр- қуыр - қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Әжең келсе есік аш, Қасқыр келсе мықтап бас, Ұры бөрі сұғанақ, Мұның бәрі малға қас" деп ұпай таратушының алақанын қытықтайды.Сөйтіп, ойын бірнеше рет қайталанады.
## Балаларға пайдасы
Бұл ойын, алдымен, шабан қимылдайтын бүлдіршіндердің қимылын тездетуге септігін тигізеді, тілін жаттықтырады, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі. Ұяң, жасқаншақ балаларды топтасып жұмыс істеуге дағдыландырады, балалардыың мінез - құлқын шыңдайды.
## Дереккөздер |
Мұрат Жолдыбайұлы Қосыбаев (15 тамыз 1925(19250815) Орал - 1990 жыл Алматы) - режиссер. Алматыдағы киноактрелер мектебін (1947 жылы), Ташкент театр институтын бітірген (1954 жылы). 1954-1959 жылдары Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер таетрында, 60-64 жылдары Қарағанды облыстық драма театрында бас режиссер қызметтерін атқарды. Ол аталмыш театр сахналарында "Есірткен ерке" (Ш. Құсайынов, 1954 жыл), "Әпенде" (Н. Хикмет, 1957 жыл), "Ыбырай Алтынсарин" (М. Ақынжанов), "Бүліншілік" (Д. АФурмановтың романы бойынша, 1957), "Үйлену" (Н.В.Гоголь), "Қара қыпшақ қобыланды" (М.Әуезов), "Беу,қыздар - ай!" (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов), "Ақан сері - Ақтоқты" (Ғ.Мүсірепов), т.б. спектакльдерді сахналады.
## Дереккөздер |
Кетбұқа - Орта жүз Найман тайпасынынң руы. Ол көбінесе "бағаналы" деген атпен мәлім, өйткені кетбұқаның рулқ таңбасы бақан болған. Сондай - ақ қарақалпақтардың Қоңырат тайпасының құрамында Бақанлы деген кетбұқаға жақын ру бар. Тарихи деректерге қарағанда, Шыңғысхан наймандарды талқылағаннан кейін, кетбұқа жоғары Ертіс пен Алтайдағы өз қоныстарын тастап, батысқа қарай жылжыған. Кетбұқа қыста Сарысу, Шу өзендерінің төменгі сағасын, Қаратаудың батыс бөктері мен Сырдария жағасын мекендеп, жазда Ұлытау, Арғанаты таулары мен Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді зендерінің алқаптарын жайлаған. Кетбұқа Ақтаз, Байназар, Жырық, Бадана, Бекболат, Сарғалдақ, Көкжарлы, Төртқара, Қожас, Ибеске, Жұртшы, Қоқан болып бөлінеді. Кетбұқаның таңбалары: Y, Z т.б.
## Дереккөздер |
Кетондар - құрамында екі көмірсутек радикалымен байланысқан карбонил тобы >C=O бар органикалық қосылыстар класы. Жалпы формуласы RCOR^1. Кетондар алифатты, алициклді, ароматты немесе гетероциклді қатарларға бөлінеді. Алифатты қатардағы ең қарапайым кетондар - ацетон CH3COCH3, ароматты қатарда - бензофенон C6H5COC6H5. Кетондар органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Кетондар реакцияларын екі түрге бөледі:карбонилге қосылу реакциялары (сутектің, көгерткіш қышқылдың т.б. қосылуы); карбонил топтағы оттектің орнын басу реакциялары (галогендермен, гидроксил амимен т.б. алмастыру). Кеттондарды алу әдістері альдегидтерге ұқсас. Оны екіншілік спирттерді тотықтыру, карбон қышқыл тұздарын құрғақ айдау т.б. әдістермен алады. Кетондар еріткіштер ретінде және түрлі органикалық синтезде кеңінен қолданылады.
## Дереккөздер |
Марат Жақсылықұлы Әбиев (1989 жылы 6 қыркүйекте туған) — қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы, ең жас миллионер болып табылады, Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша, 2013 жылы қарашадағы Әбиев Мараттың дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған.
Мараттың басшылығымен және жас мамандардың кәсіби командасының арқасында қазақстандық құбыр өнімдерін Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылардың 80% жуығы мойындап, сатып ала бастады.
## Өмірбаяны
Әбиев Марат Жақсылықұлы 1989 жылы 6 қыркүйекте Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында дүниеге келген.
1999 жылы экономикалық дағдарысқа байланысты Әбиевтердің отбасы облыс орталығы Ақтөбе қаласына көшіп келген.
### Отбасы
Әкесі Әбиев Жақсылық Медихатұлы – В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша тәмамдаған. Ақтөбе мұнай барлау экспедициясында дизельші, Октябрь бұрғылау жұмыстарының басқармасында (АБЖБ) механик, цех бастығы; Орталық Өндірістік қызмет көрсету базасында – бас инженер; «Ұлы қабырға» ҚҚБҚ ЖШС – цех бастығы қызметтерін атқарған. Өмірінің соңғы жылдарында «Ақ берен» РМКК подполковник атағында шұғыл жұмыс командирінің орынбасары қызметінде болған.
Анасы Әбиева Тамара Асауханқызы – «Сәулет және құрылыс конструкциялары» курсы бойынша ЖОО оқытушысы, шахматтан ҚазКСР чемпионы.
Қарындасы Жақсылық Маржангүл Жақсылыққызы – ҚАЗ ГЗУ студенті.
Орта мектепті тәмамдаған соң Ақтөбе Кооперативтік Техникумына оқуға түсіп, 2009 жылы «Ақпарат өңдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2002 жылы желілі маркетингпен айналыса бастады.
2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Ақтөбелік Рэп топтарына продюсерлік ете бастайды.
2004 жылы компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына қызмет көрсетумен айналысатын «ААА Тechnology» компаниясының іргесін қалады.
2007 жылдан бастап Әбиев М.Ж. жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істей бастайды, сол кезде ол «W» және "IT-outsourcing" компанияларын құрған. «W» компаниясы – сайттар ашумен, әрленімімен және сайттарға қызмет көрсетумен айналысқан веб-студия. Ол Ақтөбе облысының нарығындағы сайттар ашу қызметтерін ұсыну саласындағы тұңғыш компаниялардың бірі болған. «W» веб-студиясы «Қызмет көрсету саласының үздігі» марапатына ие болды. Компания жұмыстарды толығымен және жартылай қолдау қызметтерін, сондай-ақ компаниялардың IT – инфрақұрылымдарына қызмет көрсету және жаңғырту бойынша қызметтерін ұсынды.
2009 жылы Марат «Евромобайл Қазақстан» ЖШС құрды, компанияның басты бағыты автокөлік құралдарының спутниктік мониторингі қызметін ұсыну болды.
2011 жылы «KSP Steel Сауда үйі» ЖШС іргесін қалады. «KSP Steel Сауда үйі» «KSP Steel» ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай-газ саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға арналған болаттан жасалған жапсарсыз құбырлардың жалғыз өндірушісінің өнімдерін сатудың көлемін арттыру үшін ашылған болатын.
«KSP Steel Сауда үйі» ЖШС арқасында Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың шамамен 80% қазақстандық құбыр өнімдерін мойындап, сатып ала бастады. Бұған дейін Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылары тауарларды тек шетелдік жеткізушілерден сатып алатын еді.
«KSP Steel Сауда үйі» «Тауарлар саласындағы үздік» медалі, «Қазақстандық өнімді таңдаймыз» дипломы, «Еуропа – Азия – шекарасыз әріптестік» медалі сияқты лайықты марапаттарына ие болды.
2012 жылы «Қазақстанның тауар өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ құруға бастама жасалды. Қауымдастықтың басты міндеті «Отандық тауар өндірушілерді қорғау және қолдау» болып табылады.
Сонымен қатар Марат Әбиев Ұлыбританияда, Ресей Федерациясында қазақстандық өндіріс тауарларын сатумен айналысатын компаниялардың құрылтайшысы болып табылады. Ол сонымен бірге Ұлыбританиядан, Ресей Федерациясынан, Түркиядан, Қытай Халық Республикасынан, Белоруссиядан Иран Ислам Республикасына металл, азық-түлік, медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша халықаралық сауда-саттықпен де айналысады.
## Библиография
* «Қазақстандық арман» (2013)
## Дәулеті
Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша 2013 жылдың қараша айында Марат Әбиевтің дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған
## Қосымша фактілер
* Kapital.kz іскерлік порталы Марат Әбиевті 2013 жылдың тұлғасы деп атаған. Сондай-ақ 2013 жылдың тұлғалары ретінде: Нұрсұлтан Назарбаев, Григорий Марченко, Кеңес Рақышев және Михаил Ломтадзе аталған.
## Дереккөздер |
Роберт Юрьевич Виппер – кеңес тарихшысы. КСРО Ғылыми академиясының академигі (1943). Мәскеу университетінің профессоры. ХХI ғасырда кальвинизм дәуірінде Женевадағы шіркеу мен мемлекет деген докторлық дессертациясынан кейін (1984) көпшілікке әйгілі бола бастады. Виппер сонымен қатар – ежелгі тарих, орта ғасырлар тарихы, жаңа тарих бойынша әлеуметтік-экономикалық факторларға едәуір мән бере отырып, буржуазия-либералдық бағытта жазылған көптеген оқулықтардың авторы. Ол өзінің еңбектерінде орыс мемлекетін құруда және феодалдық бытыраңқылықты жоюда Иван Грозныйды көп еңбек сіңірген мемлекет қайраткері етіп көрсетті. Христиан әдебиетінің дамуы(1946) және Орта ғасырлар тарихы(1947) атты зерттеулер жазып қалдырды.
## Дереккөздер |
Порфирий Иванович Войноральский (1844 — 1898) – орыс революционері, халықшыл. Пенза губерниясында дворян тегінен шыққан. 1874 жылы көктемде халық арасында үгіт жүргізу ұйымын құрушылардың бірі. Оның қаржысына Мәскеуде ‘’халық арасына барып’’ үгіт жүргізушілерді қолүйірмелеріне үйрететін егіншілік және ағаш өңдейтін шеберханалар ашылды. Порфирий сонымен қатар Саратов, Пенза және Самара губернияларында бірнеше революциялық уірмелер құрды. 1847 жылы тұтқынға алынып, 193 адам процесі бойынша 10 жыл айдауға кесілді.
## Дереккөздер |
Кермексабын (лат. Limonium otolepis) - кермек туысының бір түрі. Биіктігі 20-120 см, сабағы түксіз, тамыры жуан, жапырағы ерте түсетн көп жылдық өсімдік. Жапырағы сопақша пішіндес. Тұқымы қызғылт қоңыр, ұзындығы 1,1 мм, ені 0,6 мм. Мамыр - тамыз айларында гұлдейді, маусым - қыркүйек айларында жеміс береді. Кермексабын Солтүстік Ауғанстан, Батыс Қытайда, Орта Азияда таралған. Қазақстанда Ембі, Қарқаралы, Арал маңы , Қызылорда облысы, Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұмда, Түркістан төңірегінде, Шу-Іле тауында, Қаратау, Батыс Тянь-Шяньда өседі. Кермексабынның тамырында 6-21 %-ға дейін илік зт - танин болады.
## Дереккөздер |
Өскенбай мазары - архитектуралық ескерткіш. Атырау облысы, Махамбет ауданында Жайық өзенінің сол жағында, 15-ауылдан солтүстік - шығысқа қарай 35 шақырым жерде, Атырау қаласынан 100 км қашықтықта, Сары деген жерде.
Осы өңірдегі белгілі Өскенбай деген ауқатты адамның басына тұрғызылған. Мазар жылқының қылы араластырылып, сүтке илеген шикі кірпіштен салынған. Ішінде он шақты адам жерленген. Ертеде іші сәнді безендіріліп, түрлі әшекейлер болған, бұйым-мүліктер, ыдыс- аяқтар қойылған. Жаздың ыстығында да, қыстың суығында да әрлі-берлі өткен жолаушыларға пана боп, тынығып кетуіне мүмкіндік жасалынған. Биіктігі — 8,8 м. Мазар шамамен 19 ғ-дың бас кезінде ежелгі архитектуралық әдіспен салынған. Композициялық құрылысы 8—9 ғ-да Сарыарқада салынған Домбауыл мазарына ұқсайды.
## Дереккөздер |
Кермине - Самарқан мен Бұхара аралығындағы жол бойына орналасқан орта ғасырдағы сілен. Қазіргі Кермине стансиасы. Наршаһи Бұхарадан Керминеге дейін 14, ал Самани мен Яхкутхамади 18 фарсах деп есептеді. Бұхар тарихшысы Наршаһи жайында айтылатын аңыздарға қарағанда, қала алғашқыда Бадия - и хурдек (сөзбе - сөз аударғанда "Құмырашық") деп аталған. Араб тарихшысы Саманидің деректері бойынша, қала өзінің жаңа атын арабтардан алған. Өйткені арабтар осында келгенде жердің құнарлылығы мен суының молдығына қарап, "Арменияға ұқсайды" (қаарминийа) деп қайран қалады,содан былай қала осылай аталып кеткен. Самани қаланы қираған шағында көрген. Ол қала 1158 жылы қираған деп есептейді. Бірақ 14- ғасырда Кермине ірі қала болған.
## Дерек көздер
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев |
Қошқарата – Боралдай өзенінің оң саласы.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Бәйдібек және Жамбыл облысы Жуалы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 78 км.
## Бастауы
Бастауын Қаратау жотасындағы Ақшоқы, Арқарлы тауларынан алып, Бәйдібек ауданындағы Қаратас ауылының солтүстігінде 10 км жерде Боралдай өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы арнасы тау шатқалымен өтеді, төменгі ағысында арнасы тар, тік жарлар кездеседі. Аңғарында жабайы жеміс ағаштары басым. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,2-0,4 г/л.
## Шаруашылықтағы қолданысы
Жергілікті тұрғындар Қошқаратаның суын егін, бау-бақша суғаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен 10-ға жуық ирригациялық каналдар тартылған.
## Дереккөздер |
Қосқамбай – Ақирек тауларының шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Саумалкөл көлінің солтүстік-шығысында, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорманов ауылының солтүстік-батысында 34 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 628 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км.
## Жер бедері
Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Солтүстігінде қорымтас үйінділері кездеседі.
## Өсімдігі
Тауалдының қара топырақ жамылғысында бетеге, бидайық, т.б. дала өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қошқарбай – Шағалалы алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Зеренді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 49 км, су жиналатын алабы 524 км2, жалпы ұзындығы 90 км болатын шағын 30 саласы бар.
## Бастауы
Бастауын Зеренді таулары және Байөтер тауы етегіндегі бұлақтардан алып, Кеңөткел ауылы маңында Шағалалы өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысы және төменде (сағасында) сайлы-жарқабақты жермен ағады. Негізінен жер асты суымен толығады. Арнасында жыл бойы су болады.
## Өсімдігі
Қошқарбай тауы маңында сол жағалауында қарағай, қайың, көк теректен тұратын орман қалыптсақан. Жағалау бойы шабындыққа пайдаланылады. Біршама жері егістікке жыртылған.
## Дереккөздер |
Арамшытыр (лат. Lepidium ruderale) – орамжапырақ тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Сабағы бұтақты, биіктігі 40-70 см болады. Олар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында өседі.
## Химиялық құрамы
Химиялық құрамы аз зерттелген. Шөбінде эфир майы, аздаған синиль қышқылы, ұрығында 21-23 пайыздық тез кебетін май болады.
## Қолданылуы
Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) деректері бойынша арамшытыр шөбінен әзірленген қайнатындыны жаңа шыққан қатерлі ісіктерге қарсы қолданады. В. Дерикердің мағұлматына қарағандда сабағының жоғары жақ бөлігін ақ етеккір мен жатырдан қан кеткенде дәке немесе мақта шылап дене сыртына басады. Шөп шырынынан белсіздік ауруымен сырқаттанушылардың тік ішегіне клизма жасайды. Мұндағы бір еске аларлықтай жай бұл дәріні қолданған кезде біртіндеп білінетін әлсіздік пайда болмайды. Өте асқынған аурудың өзінде де 4-5 апта ішінде ауру беті бері қарап, адам әлдене бастайды.
## Дереккөздер |
Ровное мұнай-газ кен орны — Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс жағалауынан, Еділ-Жайық өзендері аралығында. Атырау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 км жерде. Пайдалануға 1978 жылы қазанда берілген.
## Геологиялық құрылымы
Кен құрылымы тұз үсті шөгінділері бойынша көлемі 4,5x2 км болатын антиклинальді қатпарға ұқсайды, алаңы көтеріңкі келген солтүстік қанат пен түсіңкі оңтүстік қанаттарға опырылуы арқылы бөлшектенгені айқын байқалады. Мұнай көздері негізінен солтүстік қанатқа тән, өнім борлық неогендік және төрттік жүйелердің шөгінділерімен ашылды, сонымен бірге апт және неоком қабаттарынан екі мұнайлы шөгінді шоғыры анықталды. Шөгінділер қабатты, күмбезді, тектоникалық экрандалған.
## Жатыс сипаты, құрамы
Өнімді шөгінділердің жатқан тереңдігі 655—694 м-ге дейін жетеді, шөгінділер қалыңдығы 38 м-ге дейін, мұнай көздерінің нақты алаңының аумағы 357 га- ға жуықтайды. Кен қабаттары 2-3 қабыршақ құм кезектесіп отыратын ұсақ және қиыршық саздан тұрады. Өндірілген мұнайдың 70%-ға жуығы бұрқақты мұнаралардың үлесіне тиеді. Бұл мұнаралардағы мұнайдың көлемі тәулігіне 30—34 т-ға тең. Кендегі апт жөне неоком қабаттарының мұнайы жеңіл, шамалы күкіртті (0,18%), болмашы парафинді (3%-ға дейін) келеді.
## Дереккөздер |
Сыртыдән итжүзім (лат. Bryonia alba)) - асқабақ тұқымдасы итжүзім туысына жататын сабағы жерге жайылып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Тамыры - ірі, әрі жуан, сыртқы жағы сары, сыдырап қарағанда ішкі жағы ақ түсті. Тамырының жоғарғы жағынан шығатын, ұзындығы 4 метрге дейін жететін жіңішке сабақтары кішкене жіпшелері арқылы басқа өсімдіктерге орала өсіп кете барады.
* Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігінің барлық жерлерінде де кішкене тікенектері бар.
* Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, жұмыртқа тәрізді, сағақтары ұзын, 5-7 салалы, түп жағында ойығы бар.
* Гүлдері бір жынысты, бір үйлі, ашық жасыл, кейде сары түсті болып келеді. Аналық гүлдерінің гүл сабағы қысқа, Сабағына өрмелей көтерілген аталық гүлдердің гүл сағақтары ұзын, өсімдіктің жоғарғы жағына орналасқан аналық гүлдерге қарағанда ол ірілеу. Гүл тостағаншаларының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бас-бестен.
* Жемісі - дөңгелек, қара етті жидек. Жаз айларында гүлдейді.
## Өсетін жері
Сыртыдән итжүзім - ылғалды жерлерде, бұталардың арасында, өзендердің жағасында, таулы беткейлерде, ормандардың шеттерінде, үй маңындағы шарбақтардың түбінде өседі.
## Құрамы
Құрамында улы гликозидтер, илік заттар, органикалық қышқылдар, сапониндер бар.
## Емдік қасиеті мен қолданысы
Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын гүлдегенге дейін қазып, жинап алады. Тамырынан жасалған дәрілердің ауырған жерлерді тыныштандыратын, қан тоқтататын, несеп айдайтын, жарақаттардың жазылуын тездететін, іш жүргізетін, жөтелді басатын қасиеттері бар. Халық медицинасында буындар сырқырағанда, бұлшық еттер қабынып ауырғанда, жатырдан қан кеткенде және құяң ауруын емдеу үшін пайдаланылады. А.К. Форманян аттамалы ақшөптің гипертониялық ауруларды емдеуде жақсы әсер ететінің байқаған. Аттамалы ақшөппен теріні ақ таңдақтардан, меңдерден, бөрткеннен тазартады, сондай-ақ ісіктер мен қанталанған жерлерді жұмсартады. Сол сияқты Кавказда, Орта Азияда кездесетін аттамалы ақшөптің "адам-тамыр" деп аталатын екінші бір түрі де қасиеті жағынан осыған ұқсас. Мұның бастапқысынан айырмашылығы өте шырынды, тамыры жұмсақ және қызыл болады. Бұл тамырды Арменияда ревматизмді емдеу үшін дене сыртына қолданады. Аттамалы ақшөп улы өсімдік болғандықтан оны абайлап ұстап, сақтықпен пайдаланған жөн.
## Сақтық шарасы
Өсімдіктің тамыры улы, одан жасалған дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз қолданса, адамды уландыруы мүмкін. Ондай жағдайда аурудың іші түйнейді және басы ауырады, құсады, қан аралас іші өтеді, бұлшық еттері жиырылып, денесі тырысады, бүйрегі қабынады, орталық жүйке жүйесі істен шығады.
## Дереккөздер |
Көпжылдық дәстүргүл (лат. Bellis perennis) – астралылар тұқымдасының дәстүргүл тегінің көпжылдық шөптес өсімдігі.
## Таралуы
Табиғи ареалы — Солтүстік Африка, Азия, Кавказ, Еуропа.
## Сипаттамасы
Көпжылдық дәстүргүлдің биіктігі 10—30 см.
Тамыр сабағы қысқа.
Оның жапырақтары жұмыртқа тәрізді сопақша, немесе күрек сияқты, сағақ жағы жіңішкелеу, жиегі кедір-бұдырлы келеді. Ал, жапырақсыз сабақтарында жеке-жеке орналасқан ақ түсті немесе қызыл өңді гүл зембілі болады. Өсімдік 10-15 см-лік биіктікке дейін өседі.
Гүлшоғыры — жеке тұрған себетше, гүлдердің түсі ақ, қызғылт немес қызыл болады. Гүлшоғырлардың диаметрі 3—8 см болады. Көбіне көктемде, жаздың басында, кейде жазы бойы гүлдейді.
Жемісі сары түсті 0,5 мм ұзындығы, маусымда піседі.
## Химиялық құрамы
Дәстүргүлдің химиялық құрамы жете зерттелген жоқ. Көпжылдық маргариткада негізгі әсер етуші зат эфир майы және инсулин бар.
## Қолданылуы
Көпжылдық дәстүргүлдің суға қайнатылған (жер бетіндегі бөлігін кептіргеннен кейін) қайнатындысы қан тоқтататын дәрі ретінде қан құсып туберкулез ауруларына, жатырынан қан кетіп азап шегіп жүргендерге, ал жөтелмен, бронх демікпесімен аурушыларға қақырық түсіретін және қабынуларға қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланады.
Оны сәндік өсімдік ретінде де көбіне бақтарда өсіреді.
## Галерея
## Дереккөздер |
Рахим Шакил Стерлинг (ағылш. Raheem Shaquille Sterling; 1994 жылы 8 желтоқсанда туған, Кингстон, Ямайка) — ағылшындық футболшы, "Арсенал" клубы мен Англия құрамасының жартылай қорғаушыcы. 2014, 2018 жылғы әлем чемпионатына, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына және 2018/19 маусымында УЕФА Ұлттар Лигасына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Манчестер Сити»
* Англия чемпионы (2): 2017/18, 2018/19, 2020/21, 2021/22
* Англия кубогы: 2018/19
* Лига кубогы (2): 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21
* Англия суперкубогы: 2018
### Жеке
* Golden Boy сыйлығының иегері: 2014
* Англия Премьер Лигасының үздігі (2): тамыз 2016, қараша 2018 [14]
* Англия премьер лигасының үздік жас ойыншысы: 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ливерпуль ресми сайтында Мұрағатталған 31 мамырдың 2014 жылы. » ойыншы профилi (ағыл.)
* thetopforward.com сайтында ойыншы профилi (ағыл.)
* transfermarkt.com сайтында ойыншы профилi (ағыл.) |
Қызқаш, Қысқаш – Аралқұм құмының шығысындағы таулар.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы Көктерек ауылының солтүстігінде 8 км жерде, Лепсі өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 740 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-ге созылған, енді жері 10 км.
## Жер бедері
Тізбектелген ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Беткейлері сай-жыралармен қатты тілімделген. Солтүстік-батысында Баскерегетас, солтүстік-шығысында Өтентай таулары, солтүстігінде Белсексеуіл құмы, шығысында Жартұма, Қанжығабұлақ бұлақтары орналасқан.
## Өсімдігі
Қиыршықтасты қоңыр топырағында сұр жусан, баялыш аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ — Орта Азия аумағында алдыңғы қатарлы емдеу мекемесі. Мұнда заманауи кардиология, кардиохирургия және интервенцияның барлық саласы қамтылған. Көмек ересектермен қоса, балаларға да көрсетіледі. Алдағы уақытта жүрек патологиясына шалдыққан науқастардың жүрегін ауыстыру, жүрек клапанына операциялар жасау жоспарланған. Сондай-ақ, аритмияға шалдыққан балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсетілмек.
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы 2011 жылы Астана қаласында көпшілікке есігін ашты. Бұл ұйымда ауыр дәрежедегі жүрек - қантамыр сырқаттары бар науқастарды хирургиялық ота көмегімен емдеу жасалады. Ұйымның Басқарма Төрағасы болып Қазақстан Республикасының штаттан тыс кардиохирургы Юрий Владимирович Пя тағайындалған. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы – жүрек-қан тамыр ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту саласында мамандырылған қазіргі заманға сай әлемдік класстағы клиника. Орталықтың бірегейлігі заман талабына сай барлық кардиология, кардиохирургия және интервенционды кардиология бағыттарындағы синергиясы болып табылады. Қазіргі уақытта Орталықта ересектер мен балаларға жүрек және қан – тамырға ота жасаулар, сонымен бірге жоғарғы санаттағы күрделі ота жасаулар толық спектрлі түрде жасалады.
Орталықтың ең басты міндеттерінің бірі медициналық ғылым мен тәжірибе интеграциясы, Орталық мамандарының озық ғылыми зерттемелер ендіруі үшін бірегейлі мүмкіндіктері болып келеді. Орталықтың көпсалалы қызметтерінің бар болуы Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия аймақтарында басты ұйым болуына мүмкіндік береді. Орталықтың негізгі клиникалық бағыты болып туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек қызметінің созылмалы жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуын емдеу. Орталық «жабық кезеңмен» науқастарға кардиологиялық көмек көрсетумен бірегей болып табылады, яғни, амбулаторлық тексерістен жоғарымамандандырылған кардиохирургиялық және интервенциялық көмек көрсету мен кешенді оңалтуға дейінгі кезең болып табылады. Орталық Назарбаев Университетінің ғылыми және білім беру базасы болып табылады. Стационарлық көмек көрсету үшін Орталық медициналық техниканың соңғы үлгідегі заман талабына сай диагностикалық және емдеу жабдығымен жабдықталған: ARTIS zee biplane бипланды ангиографиялық жүйесі, ARTIS zee floor ангиографиялық жүйесі, iLED светодиодтарда операциялық шамдар, Stockert S5 жасанды қан айналымы аппараты, жүректі зерттеу үшін ультрадыбыстық аппараттар. Кейінгі жылдары Орталық қазақстандық сәйкестікті, денсаулық сақтаудың үздік халықаралық моделі мен ғылыми тәжірибесін үйлестіретін кардиохирургиядағы ұлттық бренд ретінде дамиды. Бұл бағытта Орталық серіктестіктері келесі елдерінің жетекші клиникалары болып табылады: Германия, Италия, Бельгия, Франция, Түркия, АҚШ, Израиль. |
Рахимов Нәби (өзб. Nabi Rahimov; 7 қараша 1911 жыл, Қоқан — 23 қараша 1994 жыл) — өзбек кеңес актері, КСРО халық әртісі (1964). 1945 жылдан КОКП мүшесі.
## Өмірбаяны
1926 жылдан Қоқандағы әуесқойлар коллективінің спектакліне қатысады.
1929 жылдан Өзбек драма театрының құрамында қызмет етеді.
1946 жылдан Ташкенттің театр институтында педогогикалық қызметпен шұғылданады.
## Рөлдері
Ол өткір мінезді, комедиялық дарынымен ерекше көзге түсті. Рольдері: Яго (Шекспирдің «Отеллосында»), Хлестаков (Гогольдің «Ревизорында»), Етов, Мамасалиев (Ұйғынның «Махаббаты» мен «Ұшуында») т. б. Киноға түскен.
## Марапаттары
Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Атбасталшын (лат. Aésculus) - тұқымдас биік те көрікті ағаш. Оның қою өскен бір-біріне қарама-қарсы орналасқан саусақ тәрізді жапырақтары болады. Гүлдері ақ және қызыл түсті болып келіп пирамида тәрізді бұталарының жоғары жағында күлтеленіп тұрады. Ішінде шар тәрізді домалақ дәні бар, миуасы-сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді сопақша қауашақ. Атбасталшын мамыр - маусым айларында гұлдейді. Бақтар мен парктерде өседі.
## Химиялық құрамы
Атбасталшынның қабығында илік заттар, ащы заттар, эскулин, фраксин, сапонин глюкозидтері және май болады.
## Қолданылуы
Атбасталшынның қабығы мен жемісін халық медицинасында созылмалы іш ауыруды, безгекті емдеу үшін қолданады. Жемісін жатырдан және геморрой жарасынан қан кеткен кезде және буын ревматизмін емдеуге пайдаланады. Оның сығындысын (веностазинді) геморрой кезінде көк тамырлардың варикозды кеңеюі және тромбофлебитте, сондай-ақ артериосклерозбен сырқаттанғанда айықтырғыш ретінде қолданады.
## Дереккөздер |
Белқарағай — Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы ауыл, Белқарағай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Катонқарағай ауылынан батысқа қарай 24 км-дей жерде, Алтай тауының етегінде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 18 ғасырдың соңында қаланған. Кеңес өкіметі орнағанға дейін шағын әскери бекініс болды. Черняховский атындағы совхоз бен сельсовет орталығы орналасты.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік акушерлік пункт бар.
## Дереккөздер |
Рашид Каримұлы Рахимов (4 мамыр 1932 жыл) — тәжік совет экономисі, экономика ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970), Тәжік ССР ғылым академиясының корр. мүшесі (1973). 1959 жылдан КОКП мүшесі. Г. В. Плеханов атындағы Мәскеу Халық шаруашылық институтын бітірген (1953). 1954—64 ж. Тәжік КСР ҒА экономика бөлімінің ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі; 1964 жылдан Тәжік КСР ҒА Экономика институтының директоры, 1969 жылдан КСРО ғылым академиясының «Негізгі қорлардың, күрделі қаржылар мен жаңа техниканың тиімділігі» проблемасы жөніндегі ғылыми кеңестің Тәжік республикалық филиалының төрағасы, 1974 жылдан КСРО ғылым академиясының «Халық шаруашылығын оптималды жоспарлау және басқару» проблемасы жөніндегі Тәжік территориялық секциясы төрағасы. Рашид Рахимовтың алғашқы ғылыми жұмыстары Тәжікстан өнеркәсібі салаларында еңбек өнімділігін арттыруға арналса, кейіннен ол тек Тәжік КСР-і ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орта Азия өнеркәсібінің негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеп келеді. Оның бірсыпыра еңбектері өндірісті одан әрі дамыту және орналастырудың тиімділігін зерттеуге, аймақтың халық санын дамытудың ұзақ мерзімді программаларын жетілдіруге, күрделі қаржыны болжауға және территориялық-өндірістік комплексті интенсивті модельдендіруге арналған.
## Дереккөздер |
Қояндытау жотасы – Жетісу Алатауының оңтүстік-батысындағы жота. Алтынемел жотасының шығыс жалғасы. Абсолюттік биіктігі 3459 м (шығысындағы Суаттау тауларында), орташа биіктігі 2500 – 3000 м. Қояндытау жотасын Тамшы асуынан шығысқа қарай шартты түрде Суаттау таулары деп атайды.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 55 км-ге созылып жатыр, орта тұсындағы енді жері 20 км-ге жетеді.
## Геологиялық құрылымы
Геологиялық тұрғысынан жотаның жер қыртысы палеозойдың эффузивті және гранитті жыныстарынан түзілген. Сондай-ақ тас көмір, пермь дәуірінің шөгінділері де кездеседі.
## Су торабы
Солтүстік беткейінен Кескентерек өзенінің салалары бастау алса, оңтүстік беткейінен Көктерек, Бурақожыр, Қайшы өзендері бастау алады және осы өзендердің арналары тілімденген.
## Өсімдігі
Жота беткейінде биіктігі орташа тау ландшафтысы қалыптасқан. Оңтүстік және солтүстік беткейлерінің етегінің қоңыр және қызғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері өседі. Одан жоғарыда көк терек, ақ терек, қайың аралас жеміс ағаштарынан тұратын сирек орман қалыптасқан. Солтүстігінің 2500 м биіктігінде қарағай шоқтары кездеседі. Одан жоғарыда альпі шалғындары өседі.
## Дереккөздер |
Қояндықопа – Тобыл өзенінің алабындағы көл. Сыпсыңағаш қолатының солтүстік бөлігінде.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылының шығысында 23 км жерде орналасқан.
## Аумағы
Теңіз деңгейінен 235 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,3 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,1 км. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады.
## Жер бедері
Жағалауы жазық, оңтүстік бөлігі батпақты, қамыс, құрақ өскен. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Батысында Досайқопа, шығысында Соркөл, оңтүстігінде Шұжық көлдері, солтүстігінде Томарлықопа батпағы жатыр. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қызылтаспа, Құстаран (лат. Polygonum aviculare) – тарандар тұқымдасына жататын сабақтары жайылыңқы, 30 см-ге дейінгі биіктікте өсетін жапырақтары сопақтау, немесе қияқ тәрізді бір жылдық шөп тектес өсімдік. Гүлшоғыры ірілеу, ұзындау, ұшы үшкірлеу келеді. Маусым айынан бастап бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Көпшілігі тамыз айының екінші жартысында пісіп жетіледі, гүлдері жасыл түсті. Қазақстанның барлық жеріне кең тараған.
## Химиялық құрамы
Қызылтаспа гүлдеген шағында 8,9 пайыз күлдер, 4,4 пайыз протеин, 2,8 пайыз май, 5,3 пайыз клетчаткалар, 4,4 пайыз азотсыз заттар, илік заттар, шайырлар, балауыз қанты, авикулярин глюкозиды, флавондар, 8 мг пайыздай каротин, 120 мг пайыз С витамині, К витамині, аздаған эфир майы кездеседі. Тамырында оксиантрахинондар бар.
## Қолданылуы
Дәрі жасау үшін медицинада оның жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Ғылыми медицинаның акушерлік-гинекологиялық тәжірибесінде қызылтаспа препараты әртүрлі жағдайларға байланысты жатырдан аққан қанды тоқтатып, оның қайталан анатомиялық жағынан бастапқы қалпына келуі үшін қызмет атқарады. Экспериментті деректерге қарағанда бұл өсімдіктің шөбінен алынған препараттар қан тамырының қабілетін арттырып қысымын төмендетеді, демалыс қозғалыстарының амплитудасы мен өкпенің желдену көлемін арттырады, жатыр бұлшық етінің тонусын көтереді. Препаратта флавонол глюкозидінің біраз мөлшерде кездесетіндігіне байланысты (диурезді) несеп бөлуді жақсартады. Халық медицинасында қызылтаспаны бүйрек, бауыр, қарын қатары, іш өту қуықтың ескілікті қатарымен жарақатына пайдаланады. Сондай-ақ оны организмде заттар алмасуы бұзылғанда, өкпе туберкулезімен, бүйрек-тас ауруларымен, нефрит, нефроз,пиэлит, циститпен сырқаттанған жағдайда да жиі қолданады. Ал артериосклероз ауруымен ауырғандар қызылтаспаға уқырықбуынды, арыстан құйрықты, гүлшетенді, ошағанды қосып пайдаланады. Қызылтаспамен қуық қатарының ескірген түрін де емдемейді. Кейбір дәрігерлер қызылтаспаның гипрохромдық анемия мен өкпе туберкулезін емдеудегі терапевтік тиімділігіне қатты ден қояды. Шығыс медицинасында қызылтаспа ыстықты төмендететін, несеп жүргізетін, қабынуларға қарсы қолданылатын, глист құрттарын шығаратын және нерві әлсірегенде, аурудан және кәріліктен әлсіздегенде тонус көтеретін дәрі ретінде қолданады. Сол сияқты терінің кейбір ауруларына жағатын май ретінде де пайдаланылады. Тропикалық безгекпен ауырғандар қызылтаспа шөбінен жасалған қайнатындыны ішеді. Қызылтаспа шөбін ыстық суға бөктіріп геморрой түйіндеріне, қабынған тік ішекке жапсырып басады. Көне заман фармакологтары бұл шөпті жараны жақсы жазатын дәрі қатарында санаған. Олар: "Қандай да болсын жараны жазып, қан ағысын баяулатады, тіпті қан ағысын әсіресе қан қақыртуды тоқтатады. Іш өткенде де нәтижелі емдейді" - деп жазады.
## Дереккөздер |
Арыстанқұйрық (лат. Leonurus cardiaca) – ерінгүлділер тұқымдасының сасықшөп тегіне жататын көпжылдық шөптес өсімдігі.
## Сипаттамасы
Арыстанқұйрық - үстіңгі бетін сұрғылт түк басқан көпжылдық өсімдік. Ағаштанып біткен тамырынан қызғылт түсті, бұтақты сабақтары өсіп шығады да, олардың биіктігі 50 см-ден 10 см-ге дейін барады. Сыртынан қарағанда сабақтары төрт ұырлы болып көрінеді де қырлары өткір келеді.
Жапырақтары - тегіс көкшіл сұр түсті, жатыңқы түкті. Сабақ жапырақтары сағақты, дөңгелек келіп, сына сияқты 5 жарнаққа бөлінеді.
Гүлдері биік, ашық қызыл түсті; бастары күлтеленіп тұрады. Күлтесі - қос ерінді.
## Таралуы
Арыстанқұйрық - далада, бұталар арасында, ойпатты жерлерде, Қазақстанның көптеген аудандарында кездесетін, емге пайдаланылатын өсімдік. Сондай-ақ мұның түркістан арыстанқұйрығы деп аталатын екінші түрі жалаң жасыл жапырақтарымен көзге түседі. Олар таулы аудандарда өседі.
## Пайдалануы
Арыстанқұйрық препаратының көңіл сергітерліктей өте жақсы қасиеті бар, оны науқастар жеңіл көтереді. Тыныштандырғыш әсері дәрілік валериянадан анағұрлым күшті. Халық медицинасында арыстанқұйрық препаратын "жүрек қатты соққанға", алқынып ауырғанға, қарын ауырғанға және өкпе қатарына қабылдау ұсынылады.
Ғылыми медицинада арыстанқұйрықты тыныштандырғыш дәрі ретінде жүрек қатты соққанға, ентіккенге, истерияға, жүрек неврозына, гипертонияға, жүрек талмасына және басқа да бірқатар ауруларға қарсы ем үшін ұсынады.
Арыстанқұйрықтың тонус көтерліктейде қасиеті бар. Үй жағдайында арыстанқұйрықтан халықтық медицинаның рецептімісен үш түрлі дәрі жасауға болады. Бұл ретте оның шөбі мен тамыры пайдаланылады. Шөбінен тұнба жасайды. Сүзілген тұнбаны белгілі доза бойынша жүрек қатты соққанда, ентіккінде, шемен ауруында ішеді. Арыстанқұйрықтың препаратын тек шеменді емдеуге ғана қолданғанда тұнбаға бірдейлік мөлшерде торғай тарысының шөбінен қосып пайдалануға болады.
### Синонимдары
The Plant List-тің 2013 жылғы мәліметі бойынша, Арыстанқұйрықтың келесі синонимдары бар:
* Cardiaca crispa (Murray) Moench
* Cardiaca glabra Gilib., nom. inval.
* Cardiaca stachys Medik.
* Cardiaca trilobata Lam.
* Cardiaca vulgaris Moench
* Lamium cardiaca (L.) Baill.
* Leonurus aconitifolius Schltdl. ex Ledeb.
* Leonurus campestris Andrz. ex Benth.
* Leonurus canescens Dumort.
* Leonurus crispus Murray
* Leonurus discolor W.D.J.Koch
* Leonurus glabra (Gilib.) Gilib., nom. inval.
* Leonurus illyricus Benth.
* Leonurus intermedius Holub, nom. illeg.
* Leonurus lacerus Lindl.
* Leonurus multifidus Raf., nom. illeg.
* Leonurus neglectus Schrank
* Leonurus ruderalis Salisb., nom. illeg.
* Leonurus trilobatus (Lam.) Dulac
* Stachys triloba Stokes
## Дереккөздер |
Кеуек шыны - шынының және газ бөліп шығаратын қасиеті бар әртүрлі шикізаттардың (әк, мәрмәр, тас көмір т.б.) ұнтақ қоспасын қыздыру арқылы ісіндіріп, соңынан күйдіру жолымен алынатын жылу өткізбейтін материал. Кеуек шыны алу үшін шыныға 0,5-3% газ бөлгіш заттар қосылып ұнтақталады да, жоғары температураға шыдамды болат қалыпқа салынып күйдіру пешіне жіберіледі. Одан шыққасын шынықтырылып, суытылады да, қажеттегі мөлшерге сай кесіледі. Бұның тығыздығы 200-500 кг/м³ беріктігі 20-150 кг/м³, жылу өткізгіштігі 0,03-0,12 ккал/м*сағ*град. Кеуек шыны үй қабырғалары мен жылыту және тоңазыту агрегаттары үшін жылу өткізбейтін материал ретінде қолданылады. |
Серпер — Атырау облысы, Құрманғазы аудандық газеті. Облыстың аудандық газеттері арасында алғаш жарық көрген басылым. Алғашқы саны «Балықшылар үні» деген атпен 1930 жылы 10 қазанда шықты. 1945 жылдың 1 қаңтарынан «Социалистік жол», 1963 жылдан «Ленин жолы», кейін «Кеңес үні», 1994 жылдан «Серпер». Алғашында 832 данамен аптасына бір рет екі беттік (шағын көлемді) болып шықты. Газетте көбіне балықшылық кәсіп туралы жазылып тұрды. Кейінірек аудан экономикасының әр тарапты болуына орай газет тақырыбы да кеңейе берді. Әсіресе, ауыл-шаруашылық мәселелері, малшылар өмірі, ауыл тұрмысы баса көрсетілетін болды. Ауданның экономикалық, саяси, мәдени өмірі кең қамтылып жазылды. Газеттің алғашқы редакторы - Шайдолла Молдабеков. Әр жылдарда газет редакторлары болып Б. Байменов, Ғ. Аманғалиев, Д. Жалмұханов, С. Хайдаров, X. Тәкішов, С. Ерғалиев, М. Ысқақов, Т. Құрманғалиев, Т. Хамеденов, Т. Берішбаев қызмет атқарды. Газетте бұрынғы жылдары М. Сатыбалдиев, Р. Отарбаев, Р. Иманғалиев, Қ. Елемесов, Қ. Ғұмаров сияқты қаламгерлер істеген. Редакторы – Таңатар Дәрелов. «Серпер» аптасына бір рет шығып тұрады. Таралымы 1087 дана (1999).
## Дереккөздер |
Леон Михайлович Шенгелая (лақап аты: Киачели Лео; 1884, Зугдид уезі, Обуджи селосы – 1963, Тбилиси) – грузин кеңес жазушысы. 1904 жылы Кутаиси гимназиясын бітірді, Харьков университетінің заң факультетінде (1905), Женева университетінде (1912) оқыды. Революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін қуғындалып, түрмеге түсті (1906). 1912 – 17 жылы шетелде болып, ақпан революциясынан кейін Грузияға оралды. Киачелидің “Баяғылар бұл күнде” атты алғашқы әңгімесі 1909 жылы жарияланды. Ол “Тариэль Голуа” романы (1915) арқылы жаңа грузин прозасының негізін салды. “Қан” (1927), “Гвади Бигва” (1938, КСРО Мемлекеттік сыйлығы 1941, қазақ тілінде шықты, 1952),”Тау адамы” атты романдары, т.б. шығармалары - грузин әдебиетіндегі социалды реализм үрдісінде жазылған көрнекті туындылар. Киачелиге Горькийдің әсері айқын болған (кейін ол Горькийдің шығармаларын грузин тіліне аударды); Грузин деревнясындағы 1905 жылғы революциясының жайын баяндаған повесть - «Тариэль Голуа» деп, одан әрі «Қан», «Гвади Бигва» романдарын жоғары бағалаған. Киачели – қысқа жанрдың да шебері. Оның “Князь әйелі Майя”, “Алмастыр Кибулан” т.б. новелаларында өмір шындығы асқан суреткерлікпен шебер бейнеленген. Киачели Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Каперс (capparis spinosa) — Жерорта теңізі бұтасының бүршіктері, оларды арнайы маринадтайды да, сол күйінде калья — көжелерге, тұз көжеге, бүйректен жасалған екінші (ет) тағамдарға, салаттарға дәмқосар ретінде қолданады. Құрғақ, маринадталған және тұздалған күйінде сатылады. Ағаш, бұта не көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тропик, субтропик аймақтарда өсетін 250-300 түр» белгілі. КСРО-да 2 түрі, оның ішінді Қазақстанда 1 түрі тікенді киеуіл өседі. Бұл- көп жылдық шала бұта. Жапырағы дөңгелектеу келген, гүлі ірі, ақ не солғын қызыл, аталығы көп. Жемісі бұршаққын тірәзді, қызғылт ет- женді жидек. Жер Орта теңізі маңында, Алдыңғы Азияда, Үндістанда, Оңтүстік Қырым, Кавказ, Орта Азияда, Қазақстанда саздауыт, қиыршық тасты, шөлді аймақта, сортаң жерлерде, Жоңғар, Іле Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Киеуілдің гүл бүршігі жеуге жарамды, жас жемісін, өркенінің ұшын сірке суында маринаттаған не тұздаған түрінде дәм-татымдық зат ретінде пайланады. Піскен жемісін шикілей де жеуге болады. Жемсінің құрамында 18% ақуыздық заттар, тұқымында 30% май, бітеу гүлінде 0,32%- тей рутин болады. Өсімдікте алколоид, капцарин бар, гүлінен бал арасы бал жинайды. Батыс және Оңтүстік Еуропада,Үндістанда,Филиппин аралдарында, Солтүстік Африка (Марокко), Солтүстік Африкада қолдан да өсіріледі.Дагестан жерінде өсетін жабайы түрлерінің кәсіптік маңызы бар.
## Дереккөздер |
Қоянды – Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау тізбектері.
## Географиялық орны
Көктал және Көксу өзендерінің суайрығында жатыр. Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылының шығысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3600 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 32 км-ге созылған, енді жері 19 км.
## Жер бедері
Тік жартасты беткейлер мен терең шатқалдар жиі кездеседі. Таудан Көксу мен Көктал өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстік баурайындағы жартастардың биіктігі 20 м-ге дейін.
## Геологиялық құрылымы
Герцин қатпарларының гранитті, гранодиоритті жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Биік белдеуінде жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Өзен арналары мен аңғарларында сирек қылқан және жалпақ жапырақты шоқ ормандар өскен.
## Дереккөздер |
Қоянды – Желтау тауларының оңтүстігінде, Қарасу өзенінің оң жағалауындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 904 м. Ұзындығы мен ені 3-3,5 км.
## Геологиялық құрылымы
Девон жыныстарынан түзілген.
## Жер бедері
Есенаман және Қарасу өзендерінің суайрығы саналады. Беткейлері тік, негізгі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында жусан, көде, бетеге, қараған, шатқал, сайларда әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Эмилий Ленц - Дерпт (Тарту) қаласында дүниеге келген. Дерпт университетiнде бiлiм алған. 1836 ж. Петербург университетiнiң физика және географиялық физика кафедрасын басқарған, 1840 ж. бастап физика-математика факультетiнiң деканы, 1863 ж. бастап Петербург университетiнiң ректоры болып қызмет атқарған. Ленцтiң негiзгi еңбектерi электромагнетизмге қатысты болды. 1833 ж. ол индукцияның ЭҚК-iнiң бағытын анықтау ережесiн (Ленц ережесi) ұсынды, ал 1842 ж. ол өз бетiнше (Джоульден тәуелсiз) токтың жылулық әсерi заңын ашты, кейiнiрек бұл заң Джоуль-Ленц заңы деп аталды.Б.С.Якобимен бiрге алғаш рет электр моторларындағы электромагниттердi есептеу әдiстерiн ойлап тапты. Метал кедергiлерiнiң температураға байланысын зерттедi.1823 жылдан 1826 дейін физика маманы ретінде Коцебу жер шары саяхатына қатысты. Экспедицияда болған ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін «Санкт-Петербург ғылым академиясының мемуарында» басып шығарды (1831). 1829 жылы генерал Эммануэлдің басшылығымен болған бірінші Эльбрус экспедициясына қатысты. 1828 жылы академия адъюнкты, 1834 жылы академик болып сайланды. Онымен қоса ол Санкт-Петербург университетінде профессор құрамында, ал соңғы жылдары ректор болды. Сондай-ақ әулие Петрдың Неміс мектебінде (1830-1831), Бас педагогикалық институтында және Михайлов атындағы артиллериялық мектебінде сабақ берді. Оның физика мен физикалық географиядан оқыған дәрістері тамаша айқындылығымен және қатаң жүйелілігмен ерекшеленетін. Оның физика (гимназияға) мен физикалық география бойынша жүргізген жетекшілігіде дәл осындай қасиеттерге ие болды; екі кітабы да бірнеше басылымдарға шыдады, бірақ ең біріншісі ерекше таратылды. Академик Ленцтің ғылыми қызметі де соншалықты жарқын және жемісті болды.Физика тарихында оның ғылыми еңбектерін құрметті орынға қояды. Оның көптеген зерттеу жұмыстары физикалық географияға (теңіз тұздылығы мен температурасы, Каспий теңізінің құбылмалылығына, жер магнетизмінің қысымы және т.б. туралы) қатысты. Бірақ ол ең алдымен электромагнетизм саласында жұмыс істеді. Бұл жұмыстардың маңыздылығына А.Савельевтің «Академик Ленцтің электромагнит туралы еңбегі» (1854) және В.Лебединскийдің «Ленц электромагнетизмнің негізін салушы ретінде» («Электр тогы» журн.1985) еңбектері бағытталған. Оның ізденістерінің ең басты нәтижесі физика кітаптарының барлығында баяндалады. Әсіресе• Индукция заңы («Ленц ережесі»), индукция тоғының бағыты үнемі екінші әрекетке (мыс. қозғалысқа) кедергі жасайды (1834 ж.)• «Джоуль – Ленц заңы»: тоқ өткізгіш бөлетін жылулық мөлшері тоқ күші мен өткізгіш қарсылығына тепе тең (1842 ж.).• «Пельтье құбылысын» растаушы тәжірибе: егер гальвандық тоқ ұштарын дәнекерлеп біріктіріліп, 0 °С дейін суытылған висмут және сүрме өзегінен өткізсек, дәнекерлеп біріктірген маңындағы шұқырға құйылған суды мұздатады (1838).• Электродтардың поляризациясы бойынша тәжірибесі (1847) және т.б.Ленц өзінің кейбір зерттеулерін Парротпен (дене қысымы туралы), Савельевпен (гальваникалық поляризация туралы) және академик Борис Якобпен (электромагнит туралы) бірге іске асырды. Оның «Записках Императорской Академии Наук», «Poggendorfs Annalen» журналдарына басылып шыққан мемуарларының тізімі «Biographisch-literarisches Handwörterbuch von Poggendorf» қа (I, 1424) енгізілген. |
Қоянды – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылының оңтүстік-батысында 45 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1676 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 2 км.
## Жер бедері
Беткейі тіктеу келген, баурайы сай-жыралармен тілімделген. Батысынан Сарыбұлақ өзенінің салалары бастау алады.
## Өсімдігі
Тау баурайындағы қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында көк терек, бұта аралас дала өсімдіктері өседі. Мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қоянды – Желдіадыр тауларының солтүтсік-шығыс бөлігіндегі аласа тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының оңтүстік-батысында 48 км жерде орналасқан.
## Жер бедері мен геологиясы
Абсолюттік биіктігі 524 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі көлбеу, аз тілімделген. Солтүстігінде Жидебек, оңтүстігінде Қарабұжыр таулары бар.
## Геологиялық құрылымы
Етегі делювий, пролювий және аллювий шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында қараған, бұтасы аралас жусан, селеу, бетеге өседі.
## Дереккөздер |
Қоянды – Ақтау тауларының солтүстік-батысындағы аласа тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылының оңтүстік-шығысында 36 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 617 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2 км.
## Жер бедері
Беткейі көлбеу, аз тілімделген. Батысында Керегетас (563 м) тауы, шығысында Қосбұлақ бұлағы бар.
## Өсімдігі
Етегіндегі бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Дуан округтік приказ (парсы: دیوان — мемлекеттік кеңес) — Ресей империясының 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғысына» сәйкес қазақ даласында ашылған округтердің орталығын орысша «Приказ», қазақша «Дуан» деп атаған. Кейде дуан атауы округ атауына балама ретінде де қолданылған. Аталған жарғы бойынша Орта жүз қазақтары 1824 — 68 жылдары 8 дуанға (Көкшетау, Қарқаралы, Аманқарағай, Ақмола, Аягөз, Үшбұлақ, Баянауыл, Көкпекті) бөлінген. 1859 жылдың аяғында Құсмұрын дуаны (1852 жылдан бастап Аманқарағай дуаны осылай аталған) жабылып, орнына Атбасар дуаны ашылған. Бірақ Құсмұрын дуаны жерінің негізгі бөлігі саналатын Қызылжар аймағы 1859 жылдың соңына қарай Көкшетау дуанына қараған.
Округтік приказ – Ресей үкіметі құрған әскери-әкімшілік басқару мекемесі. Округтік приказды аға сұлтан басқарып, құрамында облыстық бастық тағайындайтын екі заседатель мен сайланып қойылатын екі құрметті қазақ болды. Аға сұлтан Округтік приказдың төрағасы төрелер арасынан үш жыл мерзімге, жай қазақтан ұсынылатын заседательдер екі жыл мерзімге сайланды. Сайлауға сұлтандар мен билер ғана қатысты. округтік приказдың орыс-қазақтарынан жасақталған шептік әскері, полициясы мен соты болды. Ресей өкіметіне қарсы шығу, тонау, барымта, билікке бағынбаушылық қылмыстық істерге жатқызылды, оның үстіне барлық талап-арыз істері билердің қатысуымен ауылдар мен болыстарда тал-қыланатын болды. Сұлтандар жөніндегі шағымдарды қарау облысы басқарманың отырысына көшірілді. Әрбір округтік приказда барлығы 15-ке дейін штаттағы қызметкерлер болды. Жарғыда аурухана ұстау, мерекелер өткізу, мектептер мен училище ашу, қайырымдылықты қолдау, т.б. шаралар қарастырылды. Округтік приказдар халық санағын жүргізуге, округ аумағы арқылы өтетін сауда керуендерін бақылауға, салықты төлету ісін тексеруге міндетті болды.
## Дереккөздер |
Исаак Константинович Кикоин (15 (28) наурыз 1908, Кіші Жагорлар, Шавель уезді, Ковен губерниясы — 28 желтоқсан 1984, Мәскеу)) — кеңес физигі, КСРО ғылым академиясының академигі (1953; 1943 жылдан корреспондент мүшесі), Социалды Еңбек Ері (1951). Ленинград политех институтын бітерген соң (1930), сондағы Физики технология иснтитутында (1936), ал 1943 жылдан Атом энергиясы институтында қызмет істеді. 1944 жылдан Москва инженерлік- физика институтының, 1955 жылдан МГУ-дің профессоры. Негізгі ғылыми еңбектері атом физикасы мен техникасы және қатты денелер физикасы салаларына арналған. Кубтық кристалдардағы антизотропияның фото магниттік эффектілерінен алғаш бақылап, Кикоин-Носков эффектісін ашты (1933). Cұйық металдардағы Холл эффектісіне, асқын өткізгіштердегі гиромагниттік эффектіне байланысты өлшеулер жүргізді. Кикоин мектепте оқытылатын физика пәнінің программасы жөнінде құрылған Комиссияның орынбасары (1965) және жоғары оқу орындары мен орта мектептерге арналған оқулықтардың авторы, 5 рет Ленин орденімен және басқа орденмен, медальдармен марапатталған. Лениндік (1959) және Мемлекеттік сыйлықтардың (1942, 1949, 1951, 1953, 1967) лауреаты.
## Дереккөздер |
Дмитрий Андреевич Шомко (19 наурыз 1990, Екібастұз, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубының қорғаушысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазақстанның алты дүркін чемпионы. 2015 жылы Қазақстанынң үздік футболшысы атанды.
## Карьерасы
### Клубтық
Шомко мансабын 2006 жылы «Батыр Екібастұз» футбол клубында бастады.
2009 жылы "Ертісте" ойнай бастады. Клуб сапында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2011 жылы Астананың «Локомотивіне» жалға берілді, ол жақта Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
2012 жылы «Ертіс» футбол клубына оралды және онымен бірге ел вице-чемпионы және Қазақстан кубогының финалисі болды.
2014 жылы елордалық «Астана» клубына ауысып, қатарынан Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанды, тағы төрт рет Қазақстан Суперкубогын және бір Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
2021 жылдың 12 қаңтарында келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін клубтан кетті.
2021 жылдың басында "Роторға" ауысты. Жазға дейін ойнады да, Қазақстанға қайта оралып, "Ақтөбе" футболшысы атанды.
### Ұлттық құрама
2011 жылы тұңғыш рет ұлттық құрама сапында ойнады. 2013 жылы 4 маусымда Алматыда Болгариямен жолдастық кездесуде тұңғыш голын соқты.
2013 жылы 16 қазанда сырт алаңда ӘЧ-2014 іріктеуінде Ирландия қақпасына екінші голды соқты, бұл ойында Қазақстан 1:3 есебімен ұтылды.
2020 жылы Михал Билек құрама бапкерлігінен кеткен соң құрамаға сирек шақырылатын болды.
## Жетістіктері
### Командалық
«Ертіс»
* Қазақстан чемпионатың қола жүлдегері (1): 2010
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2012
* Қазақстан кубогының финалисі (1): 2012
«Астана»
* Қазақстан чемпионы (6): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019
* Қазақстан суперкубогы (4): 2011, 2015, 2018, 2019
* Қазақстан кубогы (1): 2016
### Жеке
* Қазақстанның үздік футбошысы: 2015
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Нэшнл футбол тим сайтындағы профилі
* Уорлдфутболнет сайтындағы профилі
* УЕФА сайтындағы профилі |
Тайсойған құмы – Атырау облысының солтүстік шығыс шетін алып жатқан құм.
## Географиялық орны
Каспий маңы ойпатының оңтүстік Орал алдының көтеріңкі оңтүстік-батыс қиыр шетін және Жем үстіртіне ұштасатын өңірін алып жатыр.
## Жер бедері
Ойыл өзенінің, әсіресе оның саласы Жарыпшыққан өзенінің ғасырлар бойы өзі өтетін аймақтардан шайып әкелген жыныстар шөгінділерінің шоғырынан қалыптасқан. Жалпы ұзындығы 83 км-ге жуық, ені 40 км, ауданы 2400 км2. Адырлы-қырқалы, кейде құмды-шағылды келеді.
## Климаты, өсімдігі
Өңірінің климаты куаң континенттік; каңтардың орташа температурасы — 13,8°С, шілдеде 24,4°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 180 мм, 1-2 м. Тереңдікте ыза сулы қабат кездеседі. Қуаң құмды жерге бейімделген шөптесін өсімдік бітік өседі. Тайсойған - Атыраудың ежелгі мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Киль бітім шарттары - 1814 жылы 14 қаңтарда Киль қаласында, бір жағынан Дания (Францияның одақтасы), екінші жағынан Ұлыбритания және Швеция арасында қол қойылған бітім шарттары. Данияның Ұлыбританиямен жасасқан шарты бойынша, ағылшын-дат соғысында (1807-1814) басып алынған жерлер (Гельголанд араларынан басқасы) Данияға қайтарылды. Штральзунд 20 жыл бойына ағылшын тауарларының базасына айналып, ағылшын мен швед саудасына жол ашылды. Дания Наполеон басқарған Францияға қарсы соғысқа қатысуға міндеттенеді. Швед-дат шарты бойынша, Дания Норвегияны Швецияға беріп, оның орнына швед Помераниясын және Рюген аралын алды.
## Әдебиет
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл, 5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев |
Бабарахым Машраб (өзб. Boborahim Mashrab; 1657 жыл, Әндіжан – 1711 жыл, Балх) — өзбек ақыны. Кедей отбасынан шыққан. Әндіжан қаласында оқыған. Еркін ойлылығы үшін қуғынға ұшыраған. Орта Азия мен Үндістанның көптеген қалаларына сопы-дәруіш ретінде саяхат жасаған.
Ірі жер иелерін, байларды, шенеуніктерді, дін басыларын әшкереледі. Балх әкімінің бұйрығы бойынша дарға асылған. Машрабтың лирикалары өзінің асқан шыншылдығымен, тілінің түсініктілігімен көзге түседі. Машраб поэзиясында фальклорлық сарын басым. Оның бізге жеткен махаббат және азаматтық лирикалары белгісіз автор құрастырған "Девона Машраб" деген жинағына енген.
## Дереккөздер |
Маялауыш - пішен мен сабанды маялауға және оны тасымал құралдарына тиеуге пайдаланылатын машина. Маялауыштың жылжымалы 6 тұрақты, аспалы, тіркемелі т. б. түрлері болады, СШР-0, 5Б, СНУ-0,5 т.б. маркалары бар. Топсалы рычагты СШР-0,5 маркалы Маялауыш "Белорусь" тракторына ілінеді. 500 кг жүкті 6 м. биіктікке көтереді. СНУ-0,5Б маркалы аспалы Маялауыш пішен мен сабан шөмелерін маялауға, көң, сүрлем т.б. тиеуге пайдаланылады. Бұның тырнауыш торы пішенді жинап алатын рама және қоршалған ысырма қабырғамен жабдықталған. Тордың ені 2,76 м, шөпті 7 м биіктікке көтереді. Жүк көтергенде машинаның берік болуы үшін алдыңғы арысты (мост) бөліп тастайтын механизм бар, ол трактор рамасын гидравликалық цилиндр арқылы жалғастырылған.
## Дереккөздер |
Қу, Балқантау – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі ұсақ шоқылы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1359 м. Сыртын солтүстік-шығысқа беріп доғаша иіліп жатады. Ұзындығы 15 – 20 км, ені 10 – 12 км.
## Геологиялық құрылымы
Силур мен девонның эффузиялық шөгінділерінен, гранитті, диоритті жыныстардан түзілген.
## Жер бедері мен өсімдігі
Беткейлері өзен аңғарларымен қатты тілімделген. Топырағы қоңыр, бозғылт қоңыр. Беткейлерінде селдір қарағайлы орман өскен. Тауаралық аңғары мен жыраларында тал, қарағай, түрлі бұталар өседі. Етектерінде бұлақ көздері бар.
## Дереккөздер |
Қу – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінен солтүстікке қарай 30 км жерде. Солтүстік -батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Абсолюттік биіктігі 780 м. Беткейлері тегіс келген окшауланған тау массивінен тұрады.
## Геологиялық құрылымы
Девон жүйесінің орта және төменгі бөлім жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. Тау беткейлерінде мол қорымтас жиналған. Шағын 8 өзен бастау алады. Ірілері — Кенжебайсай, Көктас. Жайылымдық жер және мал қыстауына пайдаланынады.
## Дереккөздер |
Қу, Балқантау – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі ұсақ шоқылы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1359 м. Сыртын солтүстік-шығысқа беріп доғаша иіліп жатады. Ұзындығы 15 – 20 км, ені 10 – 12 км.
## Геологиялық құрылымы
Силур мен девонның эффузиялық шөгінділерінен, гранитті, диоритті жыныстардан түзілген.
## Жер бедері мен өсімдігі
Беткейлері өзен аңғарларымен қатты тілімделген. Топырағы қоңыр, бозғылт қоңыр. Беткейлерінде селдір қарағайлы орман өскен. Тауаралық аңғары мен жыраларында тал, қарағай, түрлі бұталар өседі. Етектерінде бұлақ көздері бар.
## Дереккөздер |
Алтыншыбық немесе сары раушан (лат. Solidago) – астралылар тұқымдасының көпжылдық өсімдіктер тегі.
## Географиялық таралуы
Өсімдіктің 80-дей түрі солтүстік жарты шардың тропиктік емес жерлерінде, көбіне Солтүстік Америкада таралған. Кеңес одағының бұрынғы аймағында 23 түр бар.
## Сипаттамасы
Өсімдік сабағы тік, кейде жіптесін болады.
Кезекті жапырақтары эллипс тәрізді, үшкір, шеттері ара жүзі сияқты.
Гүл шашақтары алтындай сары. Олар ұзынша келген шашақ бас гүл болып жиналған. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді.
Жемісі кішкентай, паппусқа жабысқан. Ұзындығы 0,7—4,5 мм ені 0,2—0,8 мм, цилиндр пішіндес. Паппусы - жемісінен ұзын, көптеген түкшелерден тұрады.,
## Химиялық құрамы
Бұл аз зерттелген өсімдік. Әзірге белгілі болғаны, оның құрамында сапониндердің, алкалоидтардың болатындығы.
## Қолданылуы
Дәрі жасау үшін алтыншыбықтың гүлдеген кезіндегі жиналған шөбі пайдаланылады. Оны басқа дәрілік шөптермен қосып қайнатынды, немесе тұнба түрінде өкпе туберкулезіне, қарынның және ұлтабардың жарасына, сондай-ақ өт жолы тасы және шемен ауруы кезінде несеп жүргізетін дәрі ретінде қолданады. Оны әдетте көптеген басқа шөптермен араластырып пайдаланады.
Алтыншыбық шөбі ауыз ішіндегі ауруларды емдеу, жидіген қызыл иек етін қатайтып, нығайту және ауыздан келетін жағымсыз иісті жою үшін ауыз шаюға арналған тұнба жасауға пайдаланған. Болгар халық медицинасында алтыншыбық ұзаққа созылған бүйрек ауруын да, оның қабыну процестерін де, бүйректе тас пен құм пайда болғанда, несеп альбуминуриясында, сонымен қатар несеп қышқылының алмасу процесі бұзылғанда және асқынған ісіктерге қолданылады. Алтыншыбық көбіне қайнатынды түрінде пайдаланылады. |
Құрөзек – Ақсу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу және Қаратал аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 41 км, шағын 4 саласы бар.
## Бастауы
Егінсу ауылынан жоғарыда Көлденең өзенінен бөлініп шығып, Үшкөл -1 (Сораяқкөл) көліне құяды.
## Гидрологиясы
Өзен арнасы құм төбелер арасымен өтеді. Орта және төменгі ағысында сол жағалаулық аңғары сортаң топырақты жазық. Төменгі ағысында Қоянды қонысы орналасқан. Арнасымен тек көктем айларында 10-15 күн су жүреді. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Таңатар мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс шетінде, Доссор кентінен батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Кен 1960 жылы ашылды.
## Геологиялық құрылымы
Қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Ортаңғы юрада 28-140 м тереңдікте Ю-І, Ю-II, Ю-ІІІ мұнай қабаттары анықталды. Иірімдердің биіктігі 13-49,3 м.
## Қанығуы, құрамы
Мұнайға қанықкан қабат қалындығы 9,1-15,06 м. Мұнайы аз күкіртті (0,17-0,25%), аз парафинді (0,22-0,28). Кен орны 1963 жылы пайдалануға берілді.
## Дереккөздер |
Сәбира Майқанова (1 қаңтар 1914, Сырдария ауданы – 14 ақпан 1994, Алматы қаласы) – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі.
## Өмірбаяны
Байұлы тайпасы Жаппас руынан шыққан.
1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
## Ойнаған рөлдері
Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В.М. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И.П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Б.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиханы (А.Н. Островский «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), А.П. Чехов, («Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағайында») Марина, Көклән мен Мөржан, Мамық Майлин, «Майдан» (Әуезов, «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Қарагөзінде») т.б. рөлдерін ойнады.
1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт», 1995), Торғын («Біз осында тұрамыз», 1957), Дәметкен («Құйма», 1961), Камка («Қыз жібек», 1969) т.б. Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады (1983).
## Театрлық рөлдері
* Роза (Д.Рахменқұлов "Документ")
* Зотова (В.М.Киршон "Астық")
* Рая (М.Əуезов "Алма бақ")
* Гүлжəмила (М.Əуезов, Ə.Тəжібаев "Ақ қайың")
* Любовь Яровая (К.А.Тренев "Любовь Яровая")
* Ұлжан (М.Əуезов "Абай" романы бойынша)
* Зейнеп (С.Мұқанов "Шоқан Уалиханов")
* Мақпал (Ғ.Мүсірепов "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу")
* Толғанай (Ш.Айтматов "Ана-Жер-ана")
## Фильмографиясы
* 1954 - Дала қызы - эпизод
* 1954 - Махаббат туралы аңыз - Мақпал
* 1955 - Қыз-жігіт - Гүлбарша
* 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Ажар
* 1956 - Біз осында тұрамыз - Торғын
* 1958 - Теңіз дауылында - балықшы әйел
* 1958 - Бұл біздің ұлымыз - медбике
* 1961 - Қорытпа - Дәметкен
* 1966 - Менің арманым - Шолпан
* 1969 - Қызыл тас заставасында - әже
* 1969-1970 - Қыз-Жібек - Қамқа
* 1977 - Бір жолы және мәңгілікке - эпизод
* 1981 - Мерекелік үш күн - қарт әйел
* 1984 - Адамды қабылдаң! - эпизод
## Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
* 1967 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығын алды.
## Дереккөздер |
Әріпдәрі (Дәрілік жөтелшай) — ерінгүлділер тұқымдас көп жылдық өсімдік. Жапырақтары сабақты, сопақша формалы болып келеді де сыртында қысқа түктері болады. Төрт қырлы болып өскен сабағының биіктігі 60 см дейін жетеді. Жоғары жапырақтарының қойнауынан шығатын гүлдері ірі болады. Маусымнан тамыз айын дейін гүлдейді. Әріпдәрі КСРО-ның Еуропалық бөлігінде, Кавказда, Оралда,кең тараған, сондай-ақ құрғақ жайылымдарда,дөңесті жерлерде, бұталар арасында және орман ішінде өсе береді. Дәрі мақсатында гүлдеудің бастапқы кезінде жиналған гүлшоғымен бірге шөптері пайдаланылады.
## Химиялық құрамы
Шөпте ащы және илік заттар стахиндрин, бетоницин, холин, алкалоидтар бары анықталды.
## Қолданылуы
Әріпдәрі тек халық медицинасында ғана тыныс жолының әр түрлі қабынуларына,демікпеге,қан қақыратын асқынған өкпе туберкулезіне, невроз, бауыр, бүйрек, шемен, подагра аруларына, асқазан қатарына, шаншуға, іш кепкенге, несеп жүргізуге,іш өткізуге емдік дәрі ретінде қолданылады. Әріпдәрі шөбінен жасалған қайнатынды тері сыртындағы ауруды емдеуге-шіріншіге, венеаның жаралы варикозды кеңеюіне және іріңдеп көпке дейін жазылмайтын жараларға қолданылады. Аяғы жиі терлейтін адамдар бұдан ванна жасап пайдалануларына болады. Оны бауыр ауырғанда басқа дәрі-дәрмектермен қосып пайдаланады. Әріпдәрі шөбін қан кетулердің жеңіл түрінде пайдаланылады. Сонымен қатар әріпдәрі препараттарын суық тигенде, салданып ауырғанда, подагра кезінде де дәрі ретінде қолданылады. Болгарияда әріпдәріні гиперацидті гастрит, бронхит, демікпе, көкжөтел, бүйрек пен қуық қабынуларында, нерві әлсірегенде, бас айналғанда, бас ауырғанда, қояншық ауруында, сары ауруда,шығу шыққанда қолданады. Мұны тұнба ретінде ішеді.
## Дереккөздер |
Бойқалақай — ерінгүлділер тұқымдас көпжылдық өсімдік. Сабағы тік, бұтақсыз, түп жағы төрт қырлы,жоғары жағында түгі болады. Жапырақтарының сағағы ұзын болады да бұл да қалақай жапырақтары сияқты тиген жеріне күйдіргендей әсер етеді. Гүлдері жапырақтар қойнауында шоқталып орналасады. Күлтесі ақ немесе аздап қызғылт келеді де, қос ерінді болады. Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Май айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Жайылымдарда, бұталар арасында, тасты, көлеңкелі жерлерде өседі.
## Химиялық құрамы
Құрамында илік заттар,эфир майы, С витамині, сапониндер, флавоноидтар, алкалоидтар, ал жапырақтарында эфир майы, жалқақ, каротин кездеседі.
## Қолданылуы
Бойқалақайды халық медицинасында қан тоқтататын, несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Гүлдерінен жасалған тұнбаны, ұнтақты өкпеден, мұрыннан және жатырдан қан кеткенде, тыныс жолдары мен кеңірдек ауруларынд, өкпе туберкулезінде, безгекте, геморройда, бүйрек пен несеп жолының қабынуларында, әйелдердің ақ етеккірі келегенде, есекжемде, шиқан шыққанда, жараны емдегенде қолданылады. Гүлдерінен жасалған қайнатындыны өкпеден және жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін пайдаланылады. Шөбінен жасалған қайнатынлдыны нерв ауруларына, ұйқы қашқанға, циститке, уретрит пен нефрит, пиелитке, көкбауыр ауруларына қарсы қолданылады. Болгар халық медицинасында бойқалақайды ақ ететккір келгенде, етеккір дұрыс келмейтін жағдайда, сол сияқты бүйрек қабынып ауырғанда, қуық түйілулерінде және қарияларда болатын кіші дәретке отыру қиындаған жағдайда қолдануға кеңес беріледі. Бойқалақай препаратын сабыншөп, қызылтаспа шөбімен қосып жоғарыда аталған ауруларды емдеу үшін қолданғанда шипалық қасиеті арта түседі. Сонымен қатар спиртке ашытқан тамыры тіс ауруын тыныштандырады.
## Дереккөздер |
Илья Лукич Ким (1912 жыл, Приморье өлкесінің Уссурий облысы Суйфун ауданы, Корсаковка селосы - қайтыс болған жылы белгісіз) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы (1969), профессор (1969).
Ленинград қаржы-экономика институтын бітірді. (1937).1937-1941 ж. Түркістан облысының Өнеркәсіп банкісінің кредит инспекторы, аға кредит иснпекторы, басқарушының орынбасары, 1941-1951 ж, Ақтөбе облысы Өнеркәсіп банкі басқарушысының орынбасары, басқарушысы, 1951-1952 ж. Қазақтың Республикалық Коммуналдық банкісінің басқарушысы, 1952 жылдан Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары, 1961 жылдан Қазақ КСР қаржы министрі. 1974 жылдан Алматы халық шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі. Оның ғылыми жұмысы қаржы мен мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын, дамуын және нығаюын, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруды зерттеуге арналған.
Кимнің бұл салада 40-тан астам ғылыми еңбектері бар.
Қазақстан Коммунистік партиясының 11-12 съездерінде Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болып сайланды, 6-8 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Ленин Ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальдармен марапатталған
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ЧЕЛОВЕК-ЭПОХА. К 100-ЛЕТИЮ ИЛЬИ ЛУКИЧА КИМА |
Ақжар
## Елді мекендер
### Абай облысы
* Ақжар — Үржар ауданындағы ауыл.
### Ақмола облысы
* Ақжар – Аршалы ауданындағы ауыл.
* Ақжар – Целиноград ауданындағы ауыл.
### Ақтөбе облысы
* Ақжар – Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Ақжар – Ойыл ауданындағы ауыл.
* Ақжар – Хромтау ауданындағы ауыл.
### Алматы облысы
* Ақжар – Қарасай ауданының құрамында болған ауыл. 2014 жылдан бастап Алматы қаласына қарасты.
### Атырау облысы
* Ақжар – Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
### Жетісу облысы
* Ақжар – Алакөл ауданындағы ауыл.
* Ақжар – Қаратал ауданындағы ауыл.
### Жамбыл облысы
* Ақжар – Байзақ ауданындағы ауыл.
### Қарағанды облысы
* Ақжар – Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
### Қызылорда облысы
* Ақжар – Қармақшы ауданындағы ауыл.
### Түркістан облысы
* Ақжар – Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Ақжар – Келес ауданындағы ауыл.
* Ақжар – Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Ақжар – Сарыағаш ауданындағы ауыл.
### Шығыс Қазақстан облысы
* Ақжар – Тарбағатай ауданындағы ауыл.
### Қырғызстан
* Ақжар – Жалалабат облысы Тоқтағұл ауданындағы айыл.
* Ақжар – Нарын облысы Атбасы ауданындағы айыл.
* Ақжар – Нарын облысы Қошқар ауданындағы айыл.
* Ақжар – Ош облысы Қарасу ауданындағы айыл.
* Ақжар – Ош облысы Өзген ауданындағы ауыл.
* Ақжар – Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл.
* Ақжар – Талас облысы Талас ауданындағы айыл.
## Басқа мағыналар
* Ақжар – Сілеті алабындағы өзен.
* Ақжар – мұнай кен орны |
Махмуд Таха Әли (1902 жыл, Мансура - 1949 жыл) — мысырдың лирик ақыны.
Қолөнер мектебін бітірген. Өлеңдері 1927 жыл басыла бастады. Алғашқы өлеңдерінде туған жердің табиғатын жырлады. Француз романтиктердің ықпалы және Х. Мутрананың поэзиясы Махмуд Таханың ақындық өнерінің қалыптасуына әсер етті. Оның "Ком көлі", "Соқыр музыкант" атты өлеңдерінде Италия, Швейцария, Австрия, Германияда болған саяхаттарынан әсерлері кеңінен суреттелді. Кейбір өлеңдеріне ("Гондоза", "Клеопатраның түндері") ән жазылып, атақты әнші Әбд әл-Ваххабтың орындауында халық арасына кеңінен тарады. Тарихи баллада жанырына жазылған "Бір құрлықтан екінші құрлыққа" атты өлеңі Испанияны жаулап алушы араб қолбасшыларына арналған. Махмуд Таха кейінгі жылдары азаматтық патриоттық тақырыпқа "Египет", "Бостандыққа шақыру" т.б. өлеңдерін жазды. Ол- "Жиһангез теңізшісі", "Адасқан жандар", "Гүлдер мен шарап", "Шығыс пен Батыс" атты өлеңдер жинағының авторы. |
Жанси Батович Кимонко (1905, желтоқсан, Хабаров өлкесі - 1949) - удэгей кеңес жазушысы, қоғам қайраткері.
Кимонконың жастық шағы жоқшылықпен өтті. Азамат соғысы жылдары Қиыр Шығыста партизандарға көмектесті. Удэгейлерден бірінші білім алушы, тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы. 1934-1936 ж. Ленинград Солтүстік халықтары иснтитутында, Кеңес құрылыстық орталық курсында (1937) оқыды, кейін өз елінде селолық кеңес төарағасы болды. Кимонко - удегей әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Сукпай аққан жерде» (1950), «Орман үстіндегі шапақ» (1948), «Қызыл Ту» (өзі өлген соң 1950 ж. басылды) повестері, т.б. шығармалары бар. «Қызыл Ту» повесі орыс, шетел тілдеріне аударылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* КИМОНКО Джанси Батович
* Кимонко Джанси Батович |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.