text
stringlengths
3
252k
Тойқазан - Алматы облысында жыл сайын өткізілеті Қазақстан халқының ұлттық тағамдары фестивалі. Фестивальда қазақ асханасының ең жақсы тағамдар дайындау үшін жарыс өтеді. Бұл Ет (тағам), бауырсақ, қуырдақ және басқа да тағамдар. Фестиваль жыл сайын мыңнан көп келуші жинайды. Фестивальдің символы мереке, яғни - Той қазаны болып табылады. Қазан - достықтың нышаны болып табылады. Фестивальдің негізгі бәсекелестердың түрлері: * бауырсақ пісіру * ет асу * қуырдақ қуыру * ат шабыс * блогерлер арасындағы ән мен терме конкурстары * киіз үй тігу және де басқа көріністер. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * ТАҒАМДАР МЕРЕКЕСІ * ТОЙҚАЗАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ФЕСТИВАЛІ Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2014 жылы. * «ТОЙҚАЗАН» — ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР МЕРЕКЕСІ Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2014 жылы.
Көрікті ойраш (лат. Ostrowskia magnifica) – қоңыраугүлдер тұқымдасының ойраш туысына жататын көпжылдық өсімдік. Мәртебесі: сирек кездесетін, жеке типті туыстың қалдық түрі. Угам жотасының тек үш сайында ғана (Мақбалсай, Алмалысай, Пияздысай) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Солтүстік Ауғанстан мен Памир-Алайда (Тәжікстан) таралған. Солтүстік тасты тік беткейлерде бұталармен бірге немесе жасыл жекелеген арша ағаштарымен өседі. Өте әдемі, биік (1,5 м) көпжылдық өсімдік, піспек тәрізді жапырақтары мен шеңбері 12 см, ірі ақ және көгілдір гүлдері бар. Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіне бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше – жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар. Осы тамыршалары арқылы жаздың ыстық кезеңінде жер үсті бөліген сумен қамтамасыз ететін ылғалды жинайды. Тамыры 20-35 см тереңдікте орналасады. Бұл өну бүршігін ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Сонымен қатар ересек дараларын басқа жерге отырғызу қиынға түседі. Қазақстан популяциясы 1000 дараға дейін жетеді. 1968 жылы тек Мақбал сайынан ғана 850 дара есептелген болатын. 30 жылдан кейін осы жерден көлемі 500 шаршы метр популяциясы сипатталып жазылған болатын, оның жоғарғы тығыздығы бір шаршы метрде 5-6 гүлдеп тұрған дара. Мұндай тартымды сәндік өсімдікті көгалдандыру жұмысында кеңінен қолдану керек. Мәдени түрде XIX ғасыр соңынан белгілі. Б.А.Федченко 1898 жылы Швейцарияда гүл өсіруші Марк Мишельден керемет көшеттерін көрді. Тұқымымен көбейтеді, алғашқы көшеттері Ташкентте төртінші жылы, Алматыда бесінші-алтыншы жылдары гүлдейді. Табиғатта көшеттері 10 жылдан кейін, көбіне 16 жылдан кейін гүлдейді. Қазақстан популяциясы Угам қорығында орналасқан. Оның жағдайына үнемі бақылау жасап, толық қорғауға алу керек. ## Дереккөздер
Ақшыл сепкілгүл (лат. Fritillaria pallidiflora) – лалагүлдер тұқымдасының сепкілгүл туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Тарбағатай мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы субальпілік шалғыңдар мен жартастарда өседі. Биіктігі 40 см-дей, жуашығы ұсак, домалақ болады. Бұтақсыз сабағына жапырақтар кезектесіп немесе қарама-қарсы ор-наласады. Төменгі жапырақтары ланцет тәрізді, ал жоғарғы жапырақтары шоғырланып келеді. Ірі гүлі қоңырау тәрізді, дара немесе 2- 5 гүлі бар иілген шашақ гүл шоғырына бірігеді. Гүл күлтесі сарғыш не ақшыл жасыл, ал оның ішкі жағында қоңыр-кызыл түсті дақтары бар. Осыған байланысты ол Ақшыл сепкілгүл деп аталған. Ақшыл сепкілгүлдің жағымсыз иісі болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі — көп тұқымды қауашақ. Ақшыл сепкілгүл — сирек кездесетін өсімдік. Жылдан-жылға таралу аймағының тарынуына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Мәртебесі: сирек кездесетін, дәрілік эндемик түр. Жоңғар Алатауы (солтүстік және оңтүстік үлкен жоталары) және Тарбағатайдың оңтүстік баурайында кездеседі. Қазақстан жерінен тыс тек Жоңғарияның (Құлжа) Қытай бөлігінде таралған. Шалғындарда, жасыл түсті беткейлерде, бұталар арасында, сирек таудың жоғарғы белдеулерінде төселіп өсетін арша алқабында өседі. Үлкен топ болып немесе бір шаршы метрде 4-5 дара болып шашырап кездеседі.Өте тертымды сәндік көпжылдық өсімдіктің ірі жалғыз немесе жоғарғы жағында шашақта төмен салбырап тұратын (6-ға дейін) сары түсті гүлдері болады. Пиязшығы ірі, шеңбері 2,5 см, топырақ бетінен онша терең орналаспайды. Бұрын гүл шоқтарына жинағаннан зардап шексе, соңғы онжылдықта кейбір елді мекенді жерлерде қасақылық кәсіпшіліктер ашылып, Қытай саудагерлеріне дәрілік шикізат ретінде пиязшықтарын жаппай жинау орын алып отыр. Осындай белсенділікпен жинау тоқтамаса, жақын арада түрдің жоғалып кетуі ғажап емес. «Қызыл Кітаптық» өсімдік түрлерін қорғау шараларын іске асырып, халық арасында насихат жұмыстарын жүргізу керек. Әрбір қазылған пиязшық үшін 360 мың теңге айып төлейтінін білсе, көпшілігі мұндай заңды бұзуға болар-болмасын ойланатын еді. Маймұр Қазақстанның оңтүстігінде және тіпті Мәскеу жағдайында да мәдени түрде жақсы өседі (бірінші Санкт-Петербургте 1857 жылы өсіріліп байқалған болатын). Жаңа жиналған тұқымдарын күзде ексе, көктемде өседі. Екпе көшеттері төртінші жылы гүлдейді. Түрді қорғап қалу үшін арнайы қорғалатын қорықшалар ұйымдастыру және мәдени түрде өсіруді (көгалдандыруға пайдалану) жолға қою. ## Дереккөздер
Сортөбе 1 (Савас) мекенжұрты, XIII - XIV ғғ, (археол.). Темір стансасының оңтүстік-шығысында, 3 км жерде, теміржолдан 600 м қашықтықта. Географиялық координаттары 42T 456267 UTM 4739747. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды 2005 жылы зерттеген (К. М. Байпақов., Д. А. Воякин). Қырдың солтүстік беткейінде орналасқан. "Алаңқайлы төбе" типтес ескерткіш. Сопақша келген төбе шығыстан батысқа созылып жатыр, көлемі 70x50 м. Орталық төбенің көлемі 30х25 м, жосыны шаршы тәріздес, алаңнан 1 м-ге биік Алаң төбеге батыс жағынан жапсарласады. Оның көлемі 50x40 м. Шығыс және оңтүстік жағында ор қазылған. Шығыс ор тереңірек, бұо ордың табанымен қара жол өткен. Төбенің бетінде күйген жерлер мен күл кездеседі. Мұнда қыштың көптеген сынықтары бар. Қыштың қалыңдығы 5 см. Орталық төбеде шұқыр қазылған. Оның айналасында қыш пен көзе сынықтары шашылған. Көзе сырланбаған, ашық түсті ангобпен көмкерілген. Ордың ар жағында, қырдың үстінде дөңделек келген, диаметрі 20 м, биіктігі 1 м оба бар. ## Дереккөздер
Раңмортық (лат. Eremopyrum bonaepartis) – астық тұқымдасының мортық туысының бір түрі. Биіктігі 5—30 см, бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы таспа пішінді, гүлі жасыл, көк түсті. Масағы гүл шоғына топтанған, ұзындығы 12— 15 мм, тікенді, сәуір — майда гүлдейді. Раңмортық Жерорта теңізі жағалауы, Еуропа, Кавказ, Орта Азия, Кіші Азия, Иран. Үндістанда таралған. Қазақстанда Бетпақдалада, Мойынқұмда, Балқаш-Алакөл алқабында, Қызылқұмда, Іле, Қырғыз Алатауы, Қаратауда далалы шөлді аймақта өседі. Раңмортық ерте көктемде құнды мал азығы, жауын мол жылы пішенге. ## Дереккөздер
Ерлан Дәулетұлы Стамбеков (17 желтоқсан 1966 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, кәсіпкер, ақын, әнші және 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты. Ол бұған дейін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2016–2019 жылдары Алматы қаласы мәслихатының депутаты, 1989–1993 жылдары Алматы қалалық кеңесінің халық депутаты болған. Стамбеков өзінің бүкіл мансабында бизнесте, мемлекеттік және энергетикалық салаларда әртүрлі қызметтерді атқарды. ## Ерте жылдары және мансабы Алматыда туып-өскен Стамбеков 1984 жылы Алматыдағы №36 орта мектепте білім алып, 1991 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында инженер-экономист мамандығын алды. Бірінші курстан кейін ол 1985 жылдан 1987 жылға дейін КСРО Қарулы Күштері қатарында екі жыл қызмет етті. Институтты бітіргеннен кейін ол Алматы қор биржасында брокер болып еңбек жолын бастады. Одан кейін 1992–1997 жылдар аралығында ол «Анар» халықаралық сауда үйінің директоры қызметін атқарды. Осыдан кейін Стамбеков серіктестерімен Қазақстанның жанармай құю станциялары нарығында корпоративтік клиенттерге арналған смарт-карта Alacard жобасын ойлап шығарды. Бұл бастама сәтті болды да, елде қаржы және отын секторында смарт-карталар алғаш рет енгізілді. 2000 жылдардың басында ол мұнай-газ секторына кірісті, алдымен Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне қарасты Мұнай-газ кешені Бас диспетчерлік департаменті РМК директорының бірінші орынбасары болды. Стамбеков қоғамдық міндеттерімен қатар, кәсіпкерлердің мүддесін қорғады. Еңбек жолында алға жылжыған ол 2001 жылы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2001–2003 жылдар аралығында Стамбеков ALA Data Systems ltd. бас директоры қызметін атқарды. Одан кейін 2003–2004 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік даму департаментінің директоры қызметін атқарды. Стамбеков 2004 жылы ALA Data Systems ltd бас директоры қызметіне қайта оралды. Сонымен қатар, ол Alacard Petroltech президенті қызметін атқарды. Оның бұл міндеттемесі Қазақстандық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті, сондай-ақ 2013 жылғы қазаннан 2014 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры және 2015 жылғы 18 желтоқсаннан 2018 жылға дейін «Атамекен» Өңірлік Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. «Атамекенді» басқарған кезінде ол салық заңнамасын қайта қарап, борышкер кәсіпкерлерге рақымшылық жасау арқылы дағдарысқа қарсы шара қолдануды ұсынып, салық өкілдерін «бопсалаушы дерлік» деп сипаттады. ## Саяси мансабы Стамбеков саяси сахнаға алғашында 1989 жылы Алматы халық депутаттары кеңесінің мүшесі болып келді де, ол әкім Заманбек Нұрқаділов жанындағы кеңестің жастар ісі, дене шынықтыру және спорт, ауған жауынгерлері жөніндегі комиссиясын басқарып кетті. Сол жылы Стамбеков Тай-Қазан киелі жерінің Санкт-Петербургтен Қазақстанға қайтарылуына үлес қосты. Ол Алматы қаласындағы №7 сайлау округінен 2004 жылы өткен заң шығарушы сайлауда Мәжіліс төменгі палатасына тәуелсіз кандидат ретінде депутаттық мандатқа үміткер болды, алайда сайлана алмады. 2016 жылғы наурызда Стамбеков Жетісу ауданындағы №25 сайлау округінен Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Ол сол қызметте 2018 жылғы 3 сәуірдегі отставкасына дейін қызмет етті; депутаттығының тоқтатқан себебі «бірқатар халықаралық жобалар» болды. ### Мәжілістегі депутаттығы 2023 жылғы 29 наурызда Стамбеков ресми түрде Мәжілістің 8-шақырылымының депутаты болып сайланды да, бірден Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Сайлаулары 2023 2023 жылы парламент сайланып жатқанда Стамбеков Алматы қаласындағы №4 сайлау округінен депутаттыққа тәуелсіз кандидат ретінде өз үміткерлігін ұсынған. Сайлау кезінде сайлау округінде бәсеке орын алды, өйткені барлық сауалнамаларда үміктердің ешқайсысы 7% аспайтын қолдау көрген. Стамбеков саяси бақылаушылар тарапынан аз қолдау көрген үміткерлердің бірі ретінде қарастырылды. Жалпы болжамға қарамастан, Стамбеков 15,930 дауыс (20.7%) жинап, Мәжіліс мандатын жеңіп алды. Бұл оның екінші орындағы қарсыласы Санжар Боқаевтың сайлау нәтижелеріне қарсы шығуына әкелді, ол Стамбековті заңсыз түрде дауыс санын бұрмалады деп айыптады. Боқаевтың қолында 101 сайлау хаттамасы бар, ол жерде Стамбековтің бар болғаны 2,825 дауыс жинап, Константин Малиновскийден кейін үшінші орын алғаны көрсетілген. Стамбеков Боқаев пен оның сайлауалды тобының айыптауларын «қудалау және айла-шарғы жасау» деп бағалады. Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында Стамбеков сайлаудың адалдығына және «барлығына тең және әділ жағдайлар жасалғанына» сенім білдірді. Боқаевпен округтік дауыс берудің даулы нәтижелері туралы талқы жүргізуге де болады деді. ## Қалған қызметі Стамбеков белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады, 2004 жылдан бері «Парыз» қайырымдылық қорын басқарады және балаларға қымбат ота жасауға көмектесетін түрлі жобаларды басқарады. Ол сондай-ақ Қазақстан халқының ұлттық тағамдарын дәріптейтін жыл сайынғы «Тойқазан» фестивалі сияқты туристік шараларды өткізеді. 2016 жылы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Стамбеков Тойқазан фестивалін Октоберфест сияқты дамытуға мүдделі екенін білдірді. Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне алаңдаған ол 2014 жылы жыл сайынғы Алма-Қала алма көшеттерін отырғызу науқанын өткізуге бастамашы болды және AlES компаниясының Алматы 2-ЖЭО-ны табиғи газға көшіру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды. Стамбеков өзінің іскерлік және әлеуметтік міндеттерінен бөлек, поэзия мен музыка жазуда шығармашылық шабыт табады. 2014 жылы ол ақын Василий Гаврилилидимен бірге Бір жерде (Где-то) атты альбом шығарды. Стамбеков сонымен қатар «Көшпенділер сиқыры» музыкалық тобының негізін қалаушылардың бірі. ## Өз өмірі Стамбеков үйленген, төрт баласы бар. Стамбеков спортқа құмар, каратэмен айналысады, футбол ойнайды және жаяу серуендегенді ұнатады. ## Дискографиясы ### Альбомдары * Бір жерде (Где-то) (2014) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Стамбектовтің ресми сайты * Мәжілістің ресми сайтындағы өмірбаяны
Тойқазан - Алматы облысында жыл сайын өткізілеті Қазақстан халқының ұлттық тағамдары фестивалі. Фестивальда қазақ асханасының ең жақсы тағамдар дайындау үшін жарыс өтеді. Бұл Ет (тағам), бауырсақ, қуырдақ және басқа да тағамдар. Фестиваль жыл сайын мыңнан көп келуші жинайды. Фестивальдің символы мереке, яғни - Той қазаны болып табылады. Қазан - достықтың нышаны болып табылады. Фестивальдің негізгі бәсекелестердың түрлері: * бауырсақ пісіру * ет асу * қуырдақ қуыру * ат шабыс * блогерлер арасындағы ән мен терме конкурстары * киіз үй тігу және де басқа көріністер. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * ТАҒАМДАР МЕРЕКЕСІ * ТОЙҚАЗАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ФЕСТИВАЛІ Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2014 жылы. * «ТОЙҚАЗАН» — ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР МЕРЕКЕСІ Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2014 жылы.
Майкөбен, Майкөбең – Ащысу алабындағы ағынды көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан батысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 233 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,5 км2, ұзындығы 2,6 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,9 км. ## Сипаты Ащысу өзені өтетін (3 км жерден) шығыс жағалауы батпақты. Онда қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Басқа жағалауларында қамыс сирек. Шарасында жыл бойы су болады. Көктем айларында суы сәл ашқылтым, жазда тұзды. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында ериді. Жағалауы - шабындық. ## Дереккөздер
Қара шешек (лат. variola, variola vera) немесе табиғи оспа — тек қана адамдар ауыратын контагиозды немесе жоғары жұқтырмалы вирусты инфекция. Қоздырғыштары - Poxviridae тұқымдасының, Chordopoxvirinae бөлімінің, Orthopoxvirus тегінің келесі түрлері: * Variola major (леталдығы 20—40 %, кей мәлімет бойынша — 90 %) * Variola minor (леталдығы 1—3& %). Қара шешекпен ауырған адамдардың денелерінде көптеген тыртықтар қалады және көбіне көру қабілетін толайым жоғалтады. ## Дереккөздер
Тан әулеті (18 маусым 618 — 4 маусым 907, қыт. 唐朝, Танчао) — Ли Юанеммен құрылған Қытайдың императорлық әулеті. Оның баласы, Ли Шиминь императоры, дихандардың көтерілістерінбасқаннан кейін озық, ілгерінді саясат жүргізе бастады. Тан әулетінің кезеңі Қытай тарихында елдің құдіреттілігінің заманы болып саналады. Дәл осы кезде Қытай дамуында басқа елдерден озып кеткен. ## Тан әулетінің императорлары ## Галерея ## Дереккөздер
Майдантал жотасы – Талас Алатауы жотасының оңтүстік сілемі. ## Географиялық орны Піскем және Өгем жоталары аралығында Қазақстан және Өзбекстан шекарасы бойында орналасқан. Түркістан облысы Төле би ауданының шығысын бойлай солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-ге созылып жатыр, енді жері 14 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 4133 м. Қазақстанға қарайтын батыс беткейінен өзімен аттас өзен өтеді. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық тұрғысынан Майдантал жотасы прекембрий мен палеозойдың шөгінді, метаморфтық және жанартаутектік жыныстарынан (тақтатас, әктас, құмтас, мәрмәр, гнейс, гранит) түзілген. ## Сипаты Тау бастары тік сүйір келген, беткейлері тік құлама, құзды шатқалдардан тұрады. Жотаның орталық бөлігінде мұздықтар шоғыры (аумағы 6 км2-ге жуық) кездеседі. Талас Алатауы жотасымен түйісетін жерінде абсолюттік биіктігі 3524 м болатын өзімен аттас асу орналасқан. Жотаның солтүстік беткейінде Күркіреусудың саласы Майдантал өзені бойымен жүретін соқпақ жел Сайдантал арқылы оңтүстік беткейдегі Піскем жотасының бастауынан алады. Одан салт атты адам маусым-қыркүйек айлары аралығында өте алады. ## Өсімдігі Жотада биікітік белдеулік анық байқалады. Майдантал өзені бойында жаңғақ, долана, т.б. жеміс ағашынан тұратын тоғай қалыптасқан. Одан жоғарыда терек, қайың, арша аралас тобылғы, т.б. өскен. Жоғарғы беткейінде альпілік және субальпілік шалғын қалыптасқан. ## Пайдалы қазбасы Тау шатқалында және Майдантал және Піскем өзендері аңғарында тау хрустальдарының шашыранда кен білінімдері бар. ## Дереккөздер
Жаңа шілік 1,2,3 тұрақтары - Түркістан облысындағы кейінгі неолит - ерте қола дуәірінің археологиялық ескерткіштер кешені, Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары. ## Географиясы ОҚО Отырар ауданындағы Жаңа Шілік ауылының солтүстік-шығыс шетінде. 1974 ж. Оңтүстік-Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеуші отряды (Х. А. Алпысбаев) зерттеген. ## Жалпы сипаттама Халцедоннан жасалған бұйымдар солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 км созылып жатқан, бір-бірінен 600-800 м қашықтықта орналасқан үш жерден жиналды. Тұрақтан жиналған коллекция 89 тас бұйымнан тұрады, олардың ішінде: * қысқа отщептерден дайындалған, дөңгелек және тік ретуштелген екі қырғыш; * 25 пышақ тектес пластина, олардың 12-сі ретушсіз, 5 -уінің шеті ретуштелген. Барлық пышақ тектес пластиналар түрлі тас түрлерінен жасалған, атап айтқанда, кремний, кварцит, халцедон бұйымдары кездеседі. Сонымен қатар, тұрақта керамика сынықтары табылды. ## Дереккөздер
Северцов қарақабығы (лат. Ungernia sewerzowii) – амариллистер тұқымдасына жататын ,сирек кездесетін ,дерлік эндемик түрлі өсімдік. Мәртебесі: сирек кездесетін, дерлік эндемик түр. Батыс Тянь-Шаньда (Талас Алатауы, Угам жотасы, Қаржантау) және Сырдария Қаратауының оңтүстік бөлігінде (Боролдай, Кіші Қаратау) кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстанның шекаралас аудандарында да таралған. Таудың төменгі және ортаңғы белдеулеріндегі тасты және ұсақ шағыл тасты беткейлерінде, бұталар арасында өседі. Ерекше маусымдық даму ырғағымен ерекшеленеді. Ерте көктемде жапырақтары пайда болады, сөйтіполар жаз басында қурап қалады. Гүл өсетін сабағы маусым соңында шығады. Оның жапырағы болмайды, ұшында қызыл түсті 3-17 гүлден тұратын шатыр тәрізді гүлшоғыры болады. Қара қабыршақпен қапталған үлкен пиязшықтың жуандығы 7 см, онда қор заттар жиналған, соның нәтижесінде сабағы жақсы дамиды. Мәдени өсірілуі дерлік белгісіз. Алматыда жақсы өседі. Гүлдеуі мен жеміс беруі ретсіз. Табиғатта жекелеген популяциялары кездеседі, тұқымымен және вегетативті жолмен көбейеді. Соңғы жағдайда ондаған пиязшықтан тұратын тығыз топ құрайды. Ақсу-Жабағылы қорығы, Боролдай және Бөріқара қорықшаларында қорғалады. ## Дереккөздер «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Қызыл кітап беттерінен. А.А.Иващенко. Алматы 2006 жыл.
Соғды шағаны , ылғал сүйгіш шаған (лат. Fraxinus sogdiana) – зәйтүндер тұқымдасына жататын өте сирек кездесетін өсімдік. Мәртебесі: саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Үштік дәуірдің жалпақ жапырақты ормандар қалдығы. Балқаш-Алакөл шұңқырында, Жоңғар және Іле Алатауы, Кетпентау мен Қаратау, Талас Алатауының батыс бөлігінде (Даубаба) тау және шөл өзен аңғарларында өседі. Қазақстаннан тыс Орта Азияның Памир-Алай және Копетдагты қосқандағы оңтүстік аудандарында кездеседі. Сұлулығы керемет, ылғал сүйгіш ағаш. Жайылма ормандарда, сирек тау беткейлерінде жолақты немесе оқшауланған тоғайлар болып өседі. Тұқыммен көбейеді. Екпе көшеттерінің көбі бірінші жылы қурайды, тек су маңындағылары ғана қалады. Алғашқы 20 жылда небары 2 метр биіктікке жетіп, өте баяу өседі. Одан кейінгі жылдары өсуі қарқындайды, 30 жылда 5 метрге жетеді, ал 70 жылда 18 метр болады. Шағанның табиғаттағы жасының шегі - 300 жыл. Мұндай алыптардың биіктігі 25 метрге жетеді, ал діңінің жуандығы 1,5 метрден асады. Соңғы онжылдықта малды шектен тыс бағуға, су тәртібінің өзгеруіне, заңсыз ағаш кесуге және өрттерге байланысты, түр саны қысқарып отыр. Ең жақсы шаған ормандары Берікқара, Қошқарата, Боролдай, Қаратау өзендері аңғарларында сақталған, тығыздығы 1 га жерде 133-200 шаған өседі. Ең белгілі шаған тоғайлары Шарын өзенінің бойындағы Сарытоғай сайында, Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан. Мұның көлемі 800 га. 1964 жылы Шарын шаған тоғайы табиғат ескерткіші болып аталған, ал 2004 жылы мұнда ұлттық парк құрылды. ## Дереккөздер
Шоқанның сот реформалары туралы жазбалары - XIX ғасырдың 60 жылдары патшалық Ресейдің қазақтар үшін отарлық әкімшілік - басқару органдары мен сот жүйесін қайта құру реформалары жөнінде Шоқан Уәлихановтың жазған мақалалары мен хаттары. ## Реформаның мәні Бұл реформаның жалпы рухын қуаттаған Шоқан қазақ халқының саяси-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, қорғауға тырысты. Реформаның прогрестік заңдылыққа сүйеніп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қазақ халқының орыс халқымен достығын нығайтуға бағытталуын қуаттады. Патша үкіметінің 1854 жылы XIX мамырдағы қазақтың билер сотын сайлау принципіне көшіру мен мемлекет органы арқылы бекітілуі жөніндегі заңына Шоқан қарсы шығып, сот реформасының бұл түрі халық мүддесіне қайшы келетінін көрсетті. Ол "билерге чиновниктік атақ беріп, олардың лауазымын көтеруді көздеген бұл заң" - билікті халықтың әдет-ғұрыптары мен құқығынан ешбір хабары жоқ баққұмар байларға береді деген ойда болды. Бұл тәртіппен сайланған чиновник-билер жұрттың бәрінен пара беріп жүретін болыстар тәрізді болып кетеді деп қауіптенеді. Шоқан 1854 жылғы заң халықтың мүддесіне қайшы келеді және империяның отаршылық заңдары мен соттарының рөлін арттырады деп, бұл соттық реформаға қарсы шықты. ## Қолданылған әдебиет Уәлиханов Шоқан, Мақалалары мен хаттары, А., 1949.
Шамкенов Аманжол (20 шілде 1927, Павлодар облысы Ертіс ауданы Қазақстанның 10 жылдығы атындағы ауылы — 29 тамыз 2004, Алматы) — ақын, драматург. * ҚазМУ-ды бітірген (1950) * 1950 — 54 жылы “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы * 1954 — 56 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің репертуар жөніндегі бас редакторы * 1956 — 61 жылы Қазақ радиокомитетінде бөлім меңгерушісі * 1961 — 63 жылы “Жазушы” баспасында бөлім меңгерушісі * 1963 — 70 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет, кейіннен “Жазушы” баспасында бас редактордың орынбасары, бас редакторы * 1970 — 79 жылы Қазақстан Жазушылар одағында сын секциясының меңгерушісі, хаттау бюросының директоры болып істеді. ## Шығырамашылығы Шығармаларында өмір, уақыт, заман, бейбітшілік, бүгінгі замандас, адам тағдыры туралы толғайды. * Тұңғыш өлеңдер жинағы “Студент сыры” 1951 жылы жарық көрді. * “Жасыл жайлау” (1954) * “Лирикалық өлеңдер” (1957) * “Дала тынысы” (1960) * “Тың дәптері” (1964) * “Ертіс перзенті” (1966) * “Шырша” (1972) * “Жайлау кеші” (1976) * “Қасиетті топырақ” (1984) * “Таңдамалы” (1987), т.б. кітаптары * “Тың сыры” (1960) * “Толқын үстінде” (1963) * “Шашақ” (1979) атты повестері мен әңгімелері сондай-ақ драматургия саласында * “Бір махаббаттың сыры” (1960) * “Табамын сені” (1975) * “Сен жалғыз емессің” (1984) пьесалар жинақтары баспадан шықты. * “Кездесу” (1957) * Өжет жан” (1958) * “Шыңдағы гүл” (1962) жинақтары орыс тіліне аударылып басылды. Ш. — көптеген ән текстерінің авторы. С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Г.Гейне] С.Есениннің шығармаларын, Н.Хикметтің “Әпенде”, М.Шатровтың “Большевиктер” пьесаларын, Г.Тушканның “Жора” романын қазақ тіліне аударған. ## Дереккөздер
## Алтыбас Ақмолда Ақмолда ОРынбайұлы, Алтыбас Ақмолда, өз аты Әлмұхаммед - ақын. Ол Торғай уезі, Аққұм болысындағы Молтыркиік деген жер, 1925 жылы қайтыс болды. ## Өлеңдері Өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышына" енген. Алғашқы өлеңдерінен сақталғаны - Ресей империясының жергілікті құқық қорғау органдары 1886 ж. Троицкіде Байтұрсын (Ахмет Байтұрсынұлының әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге жер аударғанда, соларды арашалай алмаған уезд бастығының көмекшісін сынға алған өлеңі. Бұл өлең Муфтахиддин Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енген (Ақмолла. Күндер мен түндер; өлеңдер, толғаулар, термелер, айтыс, 1986 ж.). 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан. "1916 жыл. Билерге" өлеңінде А.О. қазақ жастарын байлап-матап, солдатқа беріп жатқан жергілікті әкімдер қылығын әшкерелейді. Ә.Жангелдинге, Т.Сейдалинге, Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңдері де бар. Алтыбас Ақмолданың жетпіс өлеңі Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ақмолда Орынбайұлы мен Қарпық Шолақұлының шығармаларындағы үндестік(қолжетпейтін сілтеме) ## Алтыбас Ақмолда Ақмолда ОРынбайұлы, Алтыбас Ақмолда, өз аты Әлмұхаммед - ақын. Ол Торғай уезі, Аққұм болысындағы Молтыркиік деген жер, 1925 жылы қайтыс болды. ## Өлеңдері Өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышына" енген. Алғашқы өлеңдерінен сақталғаны - Ресей империясының жергілікті құқық қорғау органдары 1886 ж. Троицкіде Байтұрсын (Ахмет Байтұрсынұлының әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге жер аударғанда, соларды арашалай алмаған уезд бастығының көмекшісін сынға алған өлеңі. Бұл өлең Муфтахиддин Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енген (Ақмолла. Күндер мен түндер; өлеңдер, толғаулар, термелер, айтыс, 1986 ж.). 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан. "1916 жыл. Билерге" өлеңінде А.О. қазақ жастарын байлап-матап, солдатқа беріп жатқан жергілікті әкімдер қылығын әшкерелейді. Ә.Жангелдинге, Т.Сейдалинге, Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңдері де бар. Алтыбас Ақмолданың жетпіс өлеңі Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ақмолда Орынбайұлы мен Қарпық Шолақұлының шығармаларындағы үндестік(қолжетпейтін сілтеме)
* Шагабутдинов Багаутдин (Бари) (1892, Тамбов облысы Азиево кенті — 1920, Бұхара қ.) — революцияшыл қайраткер. * 1910 ж. ата-анасымен Верныйға (Алматы) көшіп келіп, жергілікті саудагерлерге көшір, кейін пошта тасушы болды. * 1914 ж. 1-дүниежүз. соғыстың басталуына байланысты әскерге алынды. Шагабутдинов майданда жүріп рев. идеялармен танысты. * 1917 ж. майданнан қайтып, Ташкент пен Жетісу облысында кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсене қатысты. Ташкент пен Жаркентте большевиктік билікке қарсылық көрсеткен топтарды басып-жаншуға көмектесті. * 1919 ж. Жетісу облысы рев. к-тінің төрағасы, облыстық әскери комиссардың көмекшісі қызметін атқарды. * 1920 ж. Жетісу облысы соғыс комиссары және кеңес өкіметінің идеяларын насихаттайтын Жетісу облысы “Ұшқын” газетінің қызметкері болды. * 1920 ж. Түркістан АКСР-і кеңестерінің 9-съезінде Түркістан ОАК-нің және оның төралқасының мүшесі болып сайланды. Сол жылы М.В. Фрунзенің ұсынысымен Бұхар Халық Кеңес Республикасының тұңғыш әскери министрі болып тағайындалады. Бірақ бұл қызметте ұзақ бола алмай, сол жылы қазан айында жаудың қолынан қазаға ұшырады. Алматы қ-ндағы бір көшеге Ш. аты берілген. ## Сілтемелер * Жетісу * Түркістан АКСР * Түркістан ## Дереккөздер
Шабатұлы Мәмбетбай (1864, қазіргі Ақмола облысы Атбасар ауданы — 1916, Қарағанды облысы Жезді кенті) — Орталық Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. 1916 жылғы Маусым жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде Қарсақпай, Байқоңыр, Жезқазған жұмысшыларынан, Қарақойын, Қашырлы бойындағы елдерден жиылған жасақты бастап, Амангелді Иманов қолына қосылды. Шабатұлы жасағы патша әскерлерінің Атбасардан шыққан жазалаушы тобына Қаражарда, Қыпшақ өзені бойында соққы берді. Бірақ күші басым жауға төтеп бере алмай, Терісаққан бойында бірнеше жолдастарымен бірге ерлікпен қаза тапты. ## Дереккөздер
Шабантегі Үсен Шәуенұлы (1887, қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданы — 17.4.1989, сонда, Жиенбет ауылы) — халық емшісі, көріпкел, әулие. Ұлы жүз ішіндегі дулаттың шымыр тармағынан шыққан. Әкесі Шәуен ел ішінде палуандығымен, суырып салма ақындығымен белгілі болған. Анасы Қыздарбек емшілікпен айналысқан. Шабантегі атбегілігімен, көріпкелдігімен, үлкен сынықшы, емшілігімен аты шықты. Тамыр ұстап, түрлі шөптерден дәрі-дәрмек жасаған, көріпкел құмалақшы болған. Мал арасындағы небір ауруларды да емдеген. Ел арасындағы әңгімелерге қарағанда 1932—33 жылдардағы ашаршылықты алдын ала болжап, ауылдастарын аман алып қалған. Оған қоса күйші әрі суырып салма ақындығы да болған. Шабантегінің сынықшылығы ұлдары Серікбай мен Әлпиге, қыздары Жұмай мен Айдынға қонған. Зиратының басына күмбезді кесене тұрғызылып, оған ел барып зиярат етеді. ## Сілтемелер * Жиенбет * Шәуен би * Жұмай (көл) ## Дереккөздер
Петр Александрович Чиянев (1919—1996) — артиллерия зеңбіректері полкінің командирі, старшина, Кеңес Одағының Батыры (1945). ## Өмірбаяны Қарапайым орыс шаруалары үйінде дүниеге келген. Қызыл Армия қатарында 1939 жылдан. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1945 жылдың ақпанында Германияның Врицен қаласының маңында болған шайқаста командир Чияневтің басшылығымен оның артиллериялық полкі жаяу әскер мен танкілердің шабуылдарына тойтарыс беріп, жаудың бес танкісін және көптеген тірі күштерін жояды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен 1945 жылдың 24 наурызынан басшылықтан түскен барлық тапсырмалардың толық орындалғаны және фашистік басқыншыларға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін старшина П. А. Чияневке Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Барлық әскер елге қайтарылғаннан кейін 1945 жылы туған ауылына келіп, кеңес шаруашылығында жұмыс жасайды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=6508 * https://ru.wikipedia.org/wiki/Чиянев,_Пётр_Александрович
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры – Қазақстан және ТМД елдері бойынша ең көне және алдыңғы қатарлы театрлардың бірі. ## Тарихы * 1899 жылы Ақмолада драма өнерін сүйетін қауым мен жергілікті көпестердің арқасында театр ашылып, көп ұзамай ол қала тұрғындары арасында асқан танымалдылыққа ие болды. Театрдың штаты 1920-жылдардың басында ғана толықтай жасақталып болды. * 1940–жылдары Ақмола театры алдыңғы қатардағы шығармашылық ұжымға айналды. * 1943 жылдан бастап қазақ бөлімі өз жұмысын бастады. Осы кезеңдегі алғашқы қойылым — Ғабиден Мұстафиннің "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" пьесасы бойынша қойылған "Жарыс" спектаклі болды. * 1955 жылы "Ақмола өлкелік драма театры" деген атпен қайта құрылып, сол жылы 22 желтоқсанда тұңғыш рет театр шымылдығы В. М. Гусевтің «Иван Рыбаков» атты драмасымен ашылды. Алғашында жаңа ашылған театр труппасына МХАТ, Кіші театр, Мәскеудің Сатира және Ленин комсомолы атындағы театрлары қамқорлық жасады. Театр репертуарынан классикалық (А. Островскийдің «Тұңғиығы», совет (Погодиннің «Тыңға аттанған үшеуі», «Үшінші шабыты» мен «Кремль куранттары», Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», Лондонның «Ұрлығы»), және шетел (Де Филиппоның «Филумена Мартураносы», Крониннің «Броуди қамалы» тағы басқа) драматургиясының туындылары орын алды. Мұнда режиссер Е. Е. Орел, А. Смеляков, актерлер А. А. Броженко, И. М. Быстрицкая, М. Ковалева, Г. Морев, Н. Г. Назарковская, Г. А. Пономарев, Д. Ф. Терентюк, К. Чистякова тағы басқа қызмет етіп, театр труппасының қалыптасып дамуына үлес қосты. * 1959 жылдан бастап театрға Максим Горькийдің есімі берілді. Қала тұрғындары Михаил Рощиннің "Валентин және Валентин", Алексей Коломиецтің "Көгілдір бұғылар", Бертольт Брехттің "Кураж шешей мен оның балалары", Вина Дельмардың "Ертеңгі күнге жол бер" және т.б. қойылымдарды сүйіп көрді. Гастрольдік сапармен театр труппасы Балқашта, Днепропетровскіде, Екібастұзда, Жезқазғанда, Кривой Рогта, Көкшетауда, Қарағандыда, Новосибирскіде, Теміртауда, Алматыда (1969) тағы басқа қалаларда болып, өнер көрсетті. * 1966 жылы облыстық драма театрына айналды. * 1991 жылы театрдың репертуары жаңа қойылымдармен толықты. Олар — Иранбек Оразбаевтың "Шыңғысхан" (1992 жыл), Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының желісі бойынша қойылған "Ақиқатты іздеп ерте есейдің" (1995 жыл), Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған театр фестивалінде бірінші орын алған "Кене хан". Соңғысында басты рөлдерді сомдаған Константин Переверзев пен Наталья Косенко Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ал Владимир Архипенков "Қазақстан халық әртісі" атағын иеленді. Театр труппасында Қазақстан ССР халық әртісі Е. Е. Орел, Қазақстан ССР-інің еңбек сіңірген әртістері В. Т. Архипенков, Л. С. Групп, Е. Марулина, Н. М. Моливидов, Молдавия ССР-інің еңбек сіңірген әртісі Р. И. Светинская, режиссер В. Е. Горюнов тағы басқа қызмет етеді. Театрдың бас режиссері – Қазақстан КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері И. И. Сермягин. ## Жаңа кезең жетістіктері Қазір орыс драма театры репертуарында Н. Гоголь, А. Чехов, Ж. Кокто, А. Вампилов, У. Шекспир, Т. Уильямс, С. Мрожек, Б. Бехта шығармалары негізінде қойылған 20-дан астам қойылым бар. Бірнеше жылдың көлемінде көрерменді бала кезінен тәрбиелеу ісі дәстүрге айналды. Осыған орай, өнерді бағалайтын жас балғындарға арналған 10-нан астам музыкалық ертегілер театр репертуарынан орын алды. Гастрольдік сапарлар мен әртүрлі көлемдегі театр фестивальдарына қатысу театр өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Марапаттары: * Мәскеу қаласына гастрольдік сапар өткізуге шақырту алған – Саранск қаласындағы (Мордовия, 2006 ж.) Ресей және алыс-жақын шет мемлекеттердің орыс драма театрларының Халықаралық фестивалі: Құрмет дипломдарымен марапатталған, Санкт-Петербург қаласындағы «Встречи в России» атты ТМД және Балтық елдері орыс театрларының IX, XII және XIV Халықаралық фестивалінің қатысушысы; * театр әртістері лауреат атанған, Гранададағы (Испания, 2007 ж.) орыс тілі жылына арналған, Бүкіләлемдік конгресс аясында өткен Халықаралық театр фестивалі; * Пекин қаласына (Қытай, 2008 ж.) У.Шекспирдің шығармашылығына арналған, ІІІ Халықаралық театр фестиваліне сапар; * 2009 жылғы Ресейдің оңтүстік-орал астанасы Челябинскіге гастрольдік сапар; * XVII және XVIІІ Республикалық драма театрлары фестиваліне қатысушы (2009 және 2010 жылдардың күз мезгілі); * Қазақстанның Өскемен, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау және т.б. қалаларындағы гастрольдік сапарлар; * 2011 жылдың наурыз айы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған, І Ұлттық театрлар фестивалі; * Махачкаладағы (Дағыстан Республикасы, 2011 ж.) Солтүстік Кавказ елдері және Қара теңіз бен Каспий теңізі аймақтарындағы мемлекеттердің драма театрларының ІІІ Халықаралық фестивалі; * Қазақ-венгер байланысы тарихында театр тұңғыш рет Р. Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» қойылымымен, халқының көп бөлігін ғұндар (венгер қыпшақтары) құрайтын Сольнок қаласында (Венгрия, 2011 жылы) ғажайып гастрольдік сапар жобасына қатысты. Бұл Ортаазиялық Қазақстан мен Европалық Венгрияны байланыстырудағы түрік мәдениетінің маңызын көрсететін жоба болды. Алынған жоғары марапаттар мен орындар Горький театрының жаңа кезеңінің символына айналды. * 2012 жылы театр Академиялық мәртебе алды. * 2016 жылы Брест қаласындағы "Ақ Вежа" фестивалінде театр актрисасы Полина Харламова "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясында марапатталды. Осы жылы театр Мәскеудегі Астананың он күндігі бағдарламасының аясында "Сақ патшасы Томирис" қойылымын қоюға Қазақстан атынан барған жалғыз өнер ұжымы болды. * 2017 жылдың шілде айында IV Қазақстанның этникалық театрлары атты республикалық фестивальде театр актрисасы Светлана Фортуна Анна Каренинаны сомдағаны үшін "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясында марапатталды. Қазан айында Көкшетау қаласында өткен "Күзгі театр" республикалық фестивалінде Александр Яблонскийдің пьесасы бойынша қойылған "Пұтқа табынушылар" спектаклі ең үздік атанды. Осы жылы театрдың басты суретшісі, ҚР мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтовке "Қазақстанның үздік суретші-сценографы" номинациясында "Сахнагер" ұлттық театр жүлдесі табысталды. * 2018 жылдың сәуір айында Санкт-Петербург қаласында ТМД және Балтық мемлекеттерінің қатысуымен өткен" Ресейдегі кездесулер" атты халықаралық орыс театрлары фестивалінде Максим Горький атындағы мәдениет ордасы "театр саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" КСРО халық әртісі Кирилл Лавровтың жүлдесін иеленді. Маусым айында Астананың 20-жылдығына арналған VI халықаралық SAMGAU театрлар фестивалінде "Евгений Онегин" қойылымы бас жүлдені жеңіп алды. Қыркүйек айында театр ұжымы Астананың 20-жылдығы мен театрдың көрнекті қайраткері, актер, режиссер және Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтің 80-жылдығына арналған XXVI Қазақстанның драма театрлары республикалық фестивалінде Томиристің жарқын бейнесін халыққа жеткізе білген актриса Анастасия Вороцова "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясын жеңіл алды. Қараша айында театр актері, ҚР халық әртісі, мәдениет қайраткері Сергей Матвеев II республикалық театрлардың кіші фестивалінде "Ең үздік ер адам бейнесі" номинациясын иеленді. Кіші формадағы фестиваль "Дарын" жастар сыйлығының иегері, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетовтің атымен аталады. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Роман Чехонадский "Үздік ер адам бейнесі 2018" номинациясын жеңіп алды. Жас актерлер Полина Харламова мен Сергей Маштаковқа "Үміт" номинациялары берілді. "Жыл адамы 2018" республикалық жобасының нәтижесі бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Қасенов "Мәдениет қайраткері" номинациясын жеңіп, "Алтын адам" сыйлығының лауреаты атанды. ## Тетар актерлері Бүгінгі таңдағы театр ұжымының өзегін – Қырғызстанның Халық әртісі, «Мәдениет қайраткері» Сергей Матвеев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Достық орденінің иегері Наталья Косенко, сахна майталмандары «Ерең еңбегі үшін», «Құрмет» ордендерінің иегері Владимир Иваненко, «Мәдениет қайраткері» Николай Макаров, «Ерең еңбегі үшін медалінің иегері» Людмила Крючкова, «Мәдениет қайраткері» Роман Чехонадский, Нина Дроботова, Наталья Матвеева, Зинаида Абаназиди, Маргарита Мухаметдиева, Игорь Седин, Светлана Фортуна, Александр Корженко, Иван Анопченко, Денис Анников, Виктор Житков, Лариса Лебедева, Болат Кирибаев, Ирина Наумова және жас талантты актерлар құрайды. 2007 жылдан театрды Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасының, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойлық медалінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Мәдениет қайраткері» Қасенов Еркін Тілеуғазыұлы басқарды. 2009 жылдан театрдың бас режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, профессор Бекпулат Парманов және бас суретшісі – «Мәдениет қайраткері» Қанат Мақсұтов (2012 жылғы мәліметтер). ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер
Асқар Байжігітұлы Можанов (13 маусым 1973(19730613), Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы С.Өтепов ауылы) – кикбоксшы, еңбек сіңірген спорт шебері (1995). Алғашқы бапкері Виктор Николаевич Лелекин. КСРО чемпионы (Новокузнецк, 1991), Еуропа чемпионы (Грекия, Кавала, 1992; Финляндия, Хельсинки, 1994), кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (Франция, Гавр, 1992, Бішкек, 1997), әлем чемпионы (Дания, Одензе, 1993; Украина, Киев, 1995). 1992 – 95 ж. Азия құрлығының чемпионы атанды. ## Дереккөздер
Мұсаев Мұқат - (1919 жыл — 1954 жыл 3 мамыр) - 795 атқыштар полкінің пулемётшісі, қатардағы жауынгер және Кеңес Одағының батыры. ## Өмірбаяны 1919 жылы Астрахан облысы Харабалинск ауданы Селитренное ауылындағы қарапайым қазақ жұмысшыларының үйінде дүниеге келген. Кеңес шаруашылығнда жылқышы болып жұмыс жасайды. 1941 жылдан Қызыл Армия қатарында болса, ал 795 атқыштар полкіне 1944 жылдың мамыр айында келеді. 1944 жылдың 25 қазанында қатардағы жауынгер М. Мұсаев Тисафюред қаласындағы Тиса өзенінен алғашқылардың бірі болып қолдағы барлық саймандармен өзеннің екінші жағасына тез жүзіп өтеді. Екінші жағаға келе салысымен жау тылына жүзіп келе жатқан ротаны қорғау үшін оқ жаудырады. Жаудың 18 қарсы шабуылына тойтарыс беруде қатысады. Нәтижесінде батарея бөлімшесін жояды. Соғыс кезінде алған қатты жарақатына қарамастан, ұрыс даласын тастамай, ақыр оғы қалғанша оқ жаудырады. Пулемётінің оғы біткен кезде қолындағы гранаталармен жаудың пулемёт нүктесіне жорғалап барып, жаудың мақсатын жойды және тауып алған пулемётпен оқ жаудырып, артта қалған әскердің алға жылжуын қамтамасыз етеді. КСРО жоғарғы кеңесінің қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында ерлігі мен батырлығы және соғыс тапсырмаларының бұлжытпай орындалғандығы үшін Мұсаев Мұқатқа Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен марапатталады. 1945 жылы елге қайтарылып, Астрахан облысы Наримановск ауданы Буруны ауылында жұмыс жасайды. Түйе шаруашылығын меңгереді. 1954 жыл 3 мамырда қайтыс болады. Кейіннен, Енотаевка ауылының орталық көшелерінің бірі батырдың атымен аталып кетеді. ## Сілтеме http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1449
Долорес Мұқышқызы Жанғозина (1937 ж.т., Ақмола облысы Атбасар қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1992). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1961). Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығында кіші (1961–70), аға (1970–78) ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1978–86) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Долорес Мұқышқызы Жанғозина 146 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Индер ас тұзы кен орны - Атырау облысының Индер ауданындағы Индер көлі ойпатында орналасқан. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. ## Геологиялық құрылымы Ойпаттың геологиялық құрылымы күрделі. Кеннің бүкіл беті түгелдей дерлік жаңа шөгіндімен жабылған. Ескі шөгінді сары, ұсақ кристалды. Сусымалы мөлдір, ашық сары, ұсақ кристалды, бос, кейбір жерлері қатаймаған, сазды материалдармен ластанбаған, қырлы тұз — жоғарыда аталған тұздардан жақсы қалыптасқан мөлдір, ашық сұрғылт, кейбір жерлерде қызғылттау ірі галит кристалдарымен ерекшеленеді. Тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 м-ден 8 м-ге дейін азаяды. Тұз негізінен ақ, шыныдай мөлдір. Терригендік материалдардың қоспалары оған қызғылт және сұрғылт өң береді. ## Минералдары Негізгі минералдары: гидрогалит– NaCl•2H2O, мирабилит – Na2SO4•10H2O және карналлит – KCl•MgCl2•6H2O. Литоликалық тұрғыдан кен тұзы жоғарыдан төмен қарай жаңа шөгінді (қалыңдығы 0,05 – 1 м), ескі шөгінді (0,2 – 3 м), сусымалы (10 – 25 м), қырлы (15 – 30 м) және қара мөлдір тұз болып ажыратылады. Тұз құрамында бром, йод, т.б. микроэлементтер бар. Кен орнын «Индертұз» АҚ игеруде. Қара тұз — сұрғылт, тығыз, кейде балшық пен гипс жұққан, орташа және ірі кристалды болып келеді, басқа түрлерден өзгеше ерекшелігі — өте тығыз болып келуінде. Химиялык сараптаудың мәліметтері бойынша кен тұзының құрамында бром, йод және басқа микроэлементтер мол. Шөгу жағдайы мен сапасына орай, Индер ас тұзы кені қатты пайдалы қазбалар кен орындары қорының жоғары 1-тобына жатқызылған, баланстық қоры А+В+С, категориясы бойынша 646,76 млн т, С2 категориясы бойынша 455,529 млн т, жалпы болжамды қоры 2 млрд т болып есептеледі. ## Дереккөздер
Майөзек – Жәмші алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км, ірі саласы - Керуенбұлақ (13 км). ## Бастауы Бастауын Қызылтас тауының (1086 м) батыс-беткейіндегі бұлақтардан алып, Нүркен ауылынан жоғары Жәмші өзенінің саласы - Түлкілі өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы ағысының 10 км-дей арнасы таудың жарқабақты шатқалымен өтеді. Орта және төменгі арнасының аңғары кең. Алабы мал жайылымына қолайлы. Жаз айларында арнасында су болмайды. ## Дереккөздер
Мұсаев Мұқат - (1919 жыл — 1954 жыл 3 мамыр) - 795 атқыштар полкінің пулемётшісі, қатардағы жауынгер және Кеңес Одағының батыры. ## Өмірбаяны 1919 жылы Астрахан облысы Харабалинск ауданы Селитренное ауылындағы қарапайым қазақ жұмысшыларының үйінде дүниеге келген. Кеңес шаруашылығнда жылқышы болып жұмыс жасайды. 1941 жылдан Қызыл Армия қатарында болса, ал 795 атқыштар полкіне 1944 жылдың мамыр айында келеді. 1944 жылдың 25 қазанында қатардағы жауынгер М. Мұсаев Тисафюред қаласындағы Тиса өзенінен алғашқылардың бірі болып қолдағы барлық саймандармен өзеннің екінші жағасына тез жүзіп өтеді. Екінші жағаға келе салысымен жау тылына жүзіп келе жатқан ротаны қорғау үшін оқ жаудырады. Жаудың 18 қарсы шабуылына тойтарыс беруде қатысады. Нәтижесінде батарея бөлімшесін жояды. Соғыс кезінде алған қатты жарақатына қарамастан, ұрыс даласын тастамай, ақыр оғы қалғанша оқ жаудырады. Пулемётінің оғы біткен кезде қолындағы гранаталармен жаудың пулемёт нүктесіне жорғалап барып, жаудың мақсатын жойды және тауып алған пулемётпен оқ жаудырып, артта қалған әскердің алға жылжуын қамтамасыз етеді. КСРО жоғарғы кеңесінің қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында ерлігі мен батырлығы және соғыс тапсырмаларының бұлжытпай орындалғандығы үшін Мұсаев Мұқатқа Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен марапатталады. 1945 жылы елге қайтарылып, Астрахан облысы Наримановск ауданы Буруны ауылында жұмыс жасайды. Түйе шаруашылығын меңгереді. 1954 жыл 3 мамырда қайтыс болады. Кейіннен, Енотаевка ауылының орталық көшелерінің бірі батырдың атымен аталып кетеді. ## Сілтеме http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1449
Ақтөбе планетарийі — 1967 жылы жұлдызды аспанның құбылыстарын таныстыру, дәріптеуге арналған астрономиялық ағарту орталығы. Қазақстан бойынша тұнғыш стационарлы планетарий Ақтөбе қаласында 1967 ж. ашылды. Планетарийдің негізгі бөлмесі – бұл жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болады. Сонымен қатар жұлдызды бөлмеде астрономия, ғарыш, табиғаттану бойынша қызықты дәрістер оқылады. Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», сондай – ақ астрономиялық бұрышпен танысып, көптеген мағлұмат алуына мүмкіндік жасалған. ## Шығармашылық жұмыстар Планетарий іргесінде жаратылыстану ғылымдары мен космонавтика саласына арналған шаралар мен қатар еліміздің дәстүрлі мерекелері де аталып өтілуде. Ақтөбе Планетарийі 2008 жылы, құрамында елуге жуық Ресей және Еуразиялық Планетарилерінің ынтымақтастық ассоциациясы мүшелігіне енді. Бүгінгі Планетарий: * Оқушылар мен студенттерге арналған ғылыми танымал, балалардың бағдарламасын өткізу; * телескоппен бақылау жұмыстарын ұйымдастыру; * базадан тыс шаралар, көрмелер, конкурстар, конференциялар өткізу; * ұстаздар мен оқушыларға әдістемелік көмек көрсету. Бүгінде Ақтөбе Планетарийі В. Г. Фесенков атындағы Алматы астрофизика институтымен, Ресей ғылым академиясының бас обсерваториясы, Санкт-Петербургтың Пулков обсерваториясымен, Москва, Орынбор, Төменгі Новгород планетарийлерімен және Байқоңыр ғарыш мұражайымен тығыз шығармашылық байланыста. Осында астрономия, жер, ғарыш, табиғаттану, география салалары бойынша дәрістер оқылып , қызықты әңгімелер айтылады. А.п. қорында 7м. астам диапозитивтер мен слайдтар, астрономия саласы бойынша болып жататын құбылыстарды көрсететін құрал-жабдықтар бар. 70 орындық дәріс залында күн сайын бірнеше рет дәріс оқылады, күн, ай, басқа да планеталар қозғалыстары "Цейс" аппаратының көмегімен көрсетіледі. 30 жылдан астам уақыт ішінде А.п. 24 мыңнан астам дәрістер, әсерлі әңгімелер өткізілді. Оның негізін салушы, алғашқы директоры Н.П.Зафирис. Бұл Қазақстандағы теңдесі жоқ алғашқы ірі жалғыз планетарий. ## Дереккөздер
Маковецкий Петр Емельянович (туған жылы - өлген жылы белгісіз) — этнограф. Қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын зерттеген. Семей облысы статистикалық комитеттің құрметті мүшесі болған. Семей қаласының бітістіруші судьясы қызметін атқарған. Маковецкий Семейге жер аударылған Ресей интеллигенттері С.С. Гросс, А.Л. Блек, А.А. Леонтьев, Н.И. Долгополов, П.Д. Лобановский, Е.П. Михаэлис, т.б. кісілермен достық қарым-қатынаста болып, оларды этнографиялық зерттеу жұмысына тартқан. Ол Абайдан қазақтың бұрынғы билік заңдарын, жол-жораларын жазып алған. * 1886 жылы Маковецкийдің басшылығымен “Қырғыздардың заңдық әдет-ғұрыптарын оқып-үйренуге арналған материалдар” атты кітап шығарды. * 1887 жылы Семей статистикалық комитетінің жалпы жиналысында облыс этнографиясын зерттеу жөнінде Маковецкий ұсынған бірнеше ғылыми жоспарға сәйкес Семей мұражайына көптеген этнографиялық заттар жиналды. * Олардың 30-ға жуығы 1887 жылы Екатеринбургтегі Сібір-Орал ғылыми-құрылыс көрмесіне қойылды. ## Дереккөздер
Қазақша тонау (орысша Ограбление по-казахски ) — 2014 жылы жарық көрген режиссер Қайыржан Орынбековтың комедия мен боевик жанрындағы фильмі. ## Сюжеті Сюжетте қытай мафиясынан 10 миллион еуро ұрлап кеткен төрт дос туралы баяндалады.Ақша ұрлау және оны ұйымдастыру киноның классикалық үлгісіне айналып үлгерді. Ұрлық туралы барлық кинолар секілді – көп ақша, атыс-шабыс, талас-тартыс. Әзіл-оспағы бар қазақстандық комедия. Кино желісі қиын жағдайға түсіп қалған 4 достың өмірі туралы. ## Рөлдерде Байкенже Белбаев, Ерік Жолжақсынов, Төлепберген Байсақалов, Ерболат Тоғызақов, Жандос Айбасов, Аружан Жазылбекова, Игорь Шин, Алексей Егоров, Ержан Бөлтірік, Дархан Дайырбек, Сафуан Шаймерденов ## Сыртқы сілтемелер * Киностан сайтында толық мәлімет Мұрағатталған 28 желтоқсанның 2014 жылы. * Кинопоиск сайтында рейтингі * "Қазақша тонау" фильмінің трейлері шықты Мұрағатталған 28 желтоқсанның 2014 жылы. * Фильм жайлы Мұрағатталған 28 желтоқсанның 2014 жылы.
Майөзек, Қайнар – Ащысу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 33 км. ## Бастауы Бастауын Жуантөбе тауының шығыс баурайындағы бұлақтардан алып, Жаңатілек ауылынан төменде Тұз көліне құяды. ## Гидрологиясы Аңғарының басым бөлігі сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Жағалауы жарлауытты, сағасы батпақты. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Сағасы шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Мағзаман әулие (1461-1542)Оқымысты, ақын, дін және мемлекет қайраткері. Толық аты-жөні Сайд Ахмат Жалаладдин Косани. Ферғана аймағының Косан шахарында 1461 жылы Сайд Жалаладдин ибин Жамаладдиннің отбасында дүниеге келеді. Сайд қожа әулетінен. Хазіреті Әлидің баласы, Имам Хусейннің ұрпағы. Анасы Сайд Абдулла Аржанд нәсілінен болған Мир Сайд Жүсіптің қызы. Алғашқы ұстазы Самарқандық ғұлама Маулана Мир Сайд Әлиден тіл білімінің синтаксис, морфология саласы бойынша білім алып үздік бітірген шәкірт, ұстазының кеңесімен Ташкентте тұратын Хазірет Ахрар Уалидің жақын шәкірті және орынбасары болған Маулана Мұхаммед Қазидың шәкірті болып қабылданады. "Нахшбандия" ілімінің ғылыми-теориялық мәселерімен айналысып, отыздан астам іргелі ғылыми еңбектер жазып қалдырады. Аса талантты шәкірт ұстазының ілтипатына ілініп, одан әрі Қожа Ахрар Уали, Абдрахман Жами секілді ғұламалардан дәріс алып, іліми кеңестеріне қатысады. Мақдум Мағзам "Хазіреттердің ұлығы" деген діни білімі мен іліми дәрежесіне берілген биік мәртебе. Олар: Имам Мағзам(699-767ж), Ғавсул Мағзам (1079-1166ж), Мақдум Мағзам (1461-1542). Бұл атақ Сайд Ахмат Жалаладдин Косаниге отызға жетпей беріледі. Сол дәуірдің діни, саяси-әлеуметтік мәселелеріне араласып, мемлекеттік іс басқару жүйелері туралы еңбектер жазады. XVI ғасырда Самарқанд, Бухара, Хиуа хандықтарында болған ірілі-уақты тақ тартыстары мен тарихи төңкеріс кезендерін басынан өткеріп, оқиғаның бел ортасында болады. Захраддин Мұхаммад Бабур мырзаның дұшпандары оның діни кеңесші, ұстазы, және пірі болған Маулана Мұхаммед Қазиды өлтіреді. Оның Орнына шәкірті Сайд Ахмад-Мақдум Мағзам пір болып сайланады. Осы кезеңнен бастап Захраддин Бабур мен Мақдум Мағзам өз биліктерін нығайту мақсатында Мауренахырдың иен даласын мекндеген жауынгер Алшын бірлестігінің көсемдері мен қолбасшыларының көмегіне қол артады. Нәтижесінде Мұхаммед Шайбанимен болған ақырғы ұрыста Захраддин Мұхаммед Бабур мырзаның қолы жеңіліске ұшырап, Самарқанды тастап шығады. "Бабырнама" кітабында бұл кезең анық баяндалады. Бабыр патша Ауғаныстанға қарай шегінгенде Мақдум Мағзам (Сайд Ахмад Жалаладдин Косани) Алшын Аспан тайпасының перзенті, мүриті әрі досы Айтқұл бидің кеңесімен Алшын бірлестігіндегі қалын елге қосылып Жанадария-Сырдария аралығын мекендеп тұрып қалады. Алшын жұрты Мақдум Мағзамды (Сайд Ахмад Жалаладдин Косани) пір сайлап, қол береді. Алшын Сарыбай бидің қызы Қамар анамызға үйленіп одан Хаһназар (Ақназар) атты жалғыз бала туады. Хаһназардан: Есназар шейх, Қосназар шейх, Солтанай шейх, Мақұл шейх төрт бала туады. Мақдум Мағзам - Мағзаман әулие баласы Хаһназар (Ақназар) он үш-он төртке келгенде ел-халқын жинап қоштасып, баласы Хаһназарды Алшын жұртына пір сайлап, өзі досы Айтқұл бимен Самарқандқа оралады. Бұл кезең Жәнібек сұлтанның (1528 жылы қаза болды) Самарқанд тағына отырған уақыты еді. Жәнібек сұлтан дін мемлекет ісіне Мақдум Мағзамды арнайы шақыртып Самарқандтың қасындағы Ақдария-Қарадария деген жерден Миянкөл деген аралды беріп қоныстандырады. Мақдум Мағзам бұл кезде 52 жаста еді. Жаңа қонысқа Мақдум Мағзам өз қолымен он түп шынар отырғызып, ол зәулім ағаш болып өседі. Нәтижесінде "Дахбед" аталып күні бүгінге ұрпаққа жетіп отыр. "Дахбед - парысша он түп тал" - деген ұғымды береді. Қазақ даласындағы ескі әңгімелері мен аңыз, әпсаналар желісінде Мақдум Мағзам - Мағзам қожа жөнінде деректер жиі кездесіп отырады. Амудария мен Сырдарияның ортасын мекендеген Алшын бірлестігіндегі халықтар арасында бұл кісінің ат-есіміне байланысты және оның ұрпақтары мен замандастары жайлы ұзақ-ұзақ әңгіме желілері сақталған. Далалық көшпелі ел "әулие" десе, отырықшы "қожа" деп, ал мемлекет мәртебесіндегі үлес салмағына орай "мақтум" (ілім иесі) деп халық арасында ықылас-беделге ие бұл тұлғаның ел жадынан өшпей бүгінгі ұрпаққа жетуі, ұлттық рухани мұрамыздың бізге беймәлім парақтары екені даусыз. Бүгінгі ұрпақтары орта Азияның барлық аймақтарында түрлі ұлттар мен ұлыстар арасында қоныс теуіп, негізінен діни-ағартушылық жолды ұстанған әулет ізбасарлары өздерін Мақдум Мағзам, Мағзаман қожаның ұрпақтарымыз деп таныстырады. Арғы тегін Сайд қожалардан тараған Түрікмен қожа тармағына жатқызады. Түрікмен қожа аталу себебі Алшын түркілерінің "пірі, қожасы" деген ұғымды береді. Соңына отыздан астам іргелі ғылыми еңбектер жазып қалдырған ілім иесі Мақдум Мағзаман 1542 жылы 81 жасында өмірден өтті. Қабірі Самарқанд қаласына іргелес Дахбет елді мекенінде
Ерік Қалиұлы Жолжақсынов (15 мамыр 1959 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қарақас ауылы) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Астана Циркінің бас директоры. ## Өмірбаяны 1959 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жолжақсынов Қали, марқұм, ұжымшардың төрағасы болған. Анасы — Жолжақсынова Жазира, марқұм, мұғалім болған. Ағасы Досқан Қалиұлы Жолжақсынов. 1977 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын тәмәмдаған. 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. 1989 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің актері (қазіргі — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). 2011 жылдан «Астаналық цирк» МКҚК бас директоры ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Әскери шені — капитан. ## Отбасылық жағдайы Үйленген. Жұбайы: актриса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Тілеуова. Ұлы — Жолжақсынов Мадиар (1986 жылы туған); қыздары — Жолжақсынова Қорлан (1987 жылы туған), Жолжақсынова Айханым (2001 жылы туған). ## Фильмдері * 1980 — Ойлануға кеткен ай (орыс. Месяц на размышление); * 1980 — Невозможные дети; * 1982 — Қош бол, Медеу (орыс. До свидания, Медео); * 1984 — Ақ барыстың ұрпағы (орыс. Потомок Белого Барса); * 1986 — Жәбірленушілерде шағым жоқ (орыс. Потерпевшие претензий не имеют); * 1986 — Махаббат сағымдары (орыс. Миражи любви); * 1988 — Таудан асып (орыс. Выше гор); * 1989 — Кек (орыс. Месть); * 1990 — Қараңғылық әміршісі (орыс. Повелитель тьмы); * 1994 — Қара балықтың іздері; * 1998 — Заман-ай; * 1998 — Омпа; * 2000 — Чек; * 2000 — Тоғысқан тағдырлар (орыс. Перекресток); сериал; * 2003 — Күнә / Қасиетті күнә; * 2004 — Түнгі блюз; * 2005 — Көшпенділер; * 2005 — Күнә; * 2005 — Сағым; * 2006 — Хоккайдо полициясы (орыс. Полиция Хоккайдо); * 2006 — Кек; * 2007 — Мангазейге жол; * 2008 — Махамбет / Махамбеттің қылышы (орыс. Меч Махамбета); * 2008 — Уылдырық-өмір; * 2008 — Күміс (орыс. Серебро); * 2009 — Прыжок афалины; * 2009 — Ағайынды (орыс. Братья); сериал; * 2009 — Лавэ; * 2010 — Махаббат тәлкегі (орыс. Ирония любви, Қазақстан, Ресей); * 2010 — Хоккайдо полициясы. Орыс бөлімі (орыс. Полиция Хоккайдо. Русский отдел); аяқталмаған; * 2012 — Ведьмин ключ (Ресей); * 2012 — Жаужүрек мың бала; * 2012 — Испытание (Ресей). * 2015 — Қазына. ## Марапаттары * ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985); * КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1989); * ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). * 2016 жылғы президент жарлығы бойынша "Парасат" орденімен марапатталды. * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Киностан сайтында Мұрағатталған 28 желтоқсанның 2014 жылы.
Миха́йловка — Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл, Михайлов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Железинка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1906 жылы “Ыстықкөл” қонысы орнында қаланды. 1928 жылға дейін Максим Горький ауданының, 1935-44 жылдыры Өрлітөбе, 1944-57 жылдыры Михайлов ауданы, 1957- 64 жылдыры қайтадан Өрлітөбе ауданы құрамында болған. 1964 жылдан Железин ауданының құрамында. 1961-95 жылдыры сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде “Михайловский” ӨК құрылды. ## Дереккөздер
Меңгу Темір - 1266 - 1280 жылдар аралығында билік құрған Беркеден кейінгі Алтын Орда ханы. ## Басқаруы Оның билігі кезінде Алтын Орда өмірінде ешбір саяси эәне мәден өзгеріс болмаған. Меңгу Темірдің орыс князьдерімен арасындағы қарым - қатынасы Берке хан саясатын жалғастырады. Египеттік араб тілінде жазатын жылнамашылардың айтуынша, Меңгу Темір тамағына шыққан белгісіз бір жарадан қайтыс болған. Меңгу Темір кезінде Алтын Орда тарихында бірнеше маңызды оқиғалар болды. Бұл бір жағынан Қырымның болашақтағы тағдыры үлкен рөл атқарған Кафедегі (Феодосия) генуялық сауда колониясының пайда болуы болса, екінші жағынан саяси сахнада Ноғай секілді танымал тұлғаның қалыптасуы еді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Йоллығтегін қаған — Шығыс Түрік қағанатының 9-шы қағаны. Білге қағанның ұлы. ## Басқаруы Әкесі өлгеннен кейін қағанат ақсүйектерінің келісімімен таққа отырған еді. Бұл адам - жазушы, тарихшы, екі бірдей орхон жазбалары мәтіндерінің авторы. Ол әкесінің саясатын жалғастырып, тығырықтан шығар жол іздеді.Әкесі Қытай императорының тапсыруымен өлтірілгеніне қарамастан, ол Қытайға үш рет елшілік жібереді.Йоллығтегін ең жақсысы - дүниенің төрт бұрышындағы бүкіл халықты бағандырып, басын игізіп, тағзым еткізу деп есептеді. Оның ата-бабалары да осылай істеген. Ол әрқашан да көшпенділер тұрмысына қытай мәдениетінің дендеп кіруіне қарсы болатын. Ол материалдық мәениетті қытай идеологиясын енгізудің құралы деп түсінді. Йоллығтегіннің: "Алтын, күміс, өнімді, жібекті сонша көп беріп жатқан табғаш халқы сөзі тәтті, қазынасы асыл еді. Тәтті сөзін, жұмсақ қазынасын беріп, алыс халықты өзіне жақындатқан еді. Жақын қонған соң,олардан жаман-жақсылықты енді үйренген едік. Игі білгіш кісілерді, игі батыр кісілерді қозғалта алмады. Бір кісі жаңылса, руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөз, жұмсақ қазынасына көп сеніп, түркі халқы жойылды!Сонда өш адамдар былай сендірген еді: "Жырақ болса,жаман сыйлық берер, жақын болса, жақсы сыйлық берер",-деп...Білік білмес кісілер сол сөзді алып, жақын барып, көп кісі өлді...Өтүкен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Сонда, түркі халқы, тоқ болатын едің. Ашсың ғой сен: аштықта тоқтықты түсінбейсің, бір тойсаң, аштықты ойламайсың сен!",-деген сөзі түркі халықтары үшін бүгін де көкейкесті емес деп ешкім айта алмас.Сөйтіп,Йоллығтегін есімі тек қағандығымен емес, бәрінен бұрын, тасқа ойып жазғанымен мәңгілік қадірлі болып қалды. Ол, әсіресі, түркі халықтарының бірлігін армандады. Ендеше, ол сонау Кұлтегін ескерткішіндегі үлкен жазудың әріп-харіптерінен: "Үстіңнен тәңірі баспаса, астында жер айырылмаса, түркі халқының ел-жұртын кім құртады?! Түркі халқы, өлдің!... Біресі ілгері шаптың, біресе кері шаптың. Барағн жерден не жақсылық таптың? Қаның судай ақты, сүйегің таудай болып жатты. Бек ұлдарың құл болды, сұлу қыздарың күң болды...",-деп тұрғандай. 739 жылы Йоллығтегін қайтыс болды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Әмір Темір жорықтары - Әмір Темірдің Алдыңғы (Батыс) Азияны жаулап алу үшін үш жылдық (1386 - 1389), бес жылдық (1392 - 1397), және жеті жылдық (1399 - 1405) жасаған жорықтары. Ол алдымен Иранды бағындырудан бастады. 1381 жылы күрттердің орталығы Гератты оңай басып алып, одан әрі Иранның солтүстік - шығысындағы Хорасан аймағына аттанады. Бұл жерде өзара билікке таласып жатқан Әли Бек, Әли Муайад, Әмір Уәли айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды. Әли Бек пен Әли Муайад өз еріктерімен Темірге жеңілгендіктерін мойындайды. 1385 жылы Әмір Темір Шығысқа - Эльбурза және Гилтана таулы аймағына қарай кенеттен бұрылып, жолында кездескен барлық қалаларды бағындырады. Осылайша ол Мазендеранға жетіп, оның барлық қалалары мен астанасы Астарабатты күйретеді. Әмір Уәли Әзірбайжан жеріне қашады. Бұл жорықтан соң Әмір Темір Самарқанға оралады. Парсылар елін бағындыруға Әмір Темір 1392 жылы тағы да келеді. Мазандеран жері арқылы өтіп, ол әлі де бағындырылмаған қалаларды алады. 1393 жылы Күрдістан мен Луристанды бағындырады. Темір барлық қалаларды бағындыра отырып Иранның солтүстігіндегі Түркия мен Сирияға қақпа қызметін атқаратын Диярбақырға жетеді. Осы жерде Эдессе қаласын жаулап алу арқылы Сирия мен Египетке қарсы соғыс жариялайды. Бірақ Әмір Темір осы жерден Самарқанға қайтып кетеді. Алдыңғы Азияны жаулауды аяқтауға Темір 1399 жылы қайта оралады. Мұнда ол кезде екі мықты мемлекет: мәмлүктер және Осман империясы үстемдік құрған болатын. Әмір Темір жорықты алдымен Сирияға жасауды ұйғарады. 1400 жылы қазан айында Сирияға еніп, қалаларды бірінен соң бірін бағындырады. 1400 жылы желтоқсанда Сирия астанасы Дамаск қаласын қоршайды. Бірнеше күнгі шайқастан кейін қала әмірі Фараж әскерімен қаланы тастап, Египетке қашып кетеді. 43 күндік қоршаудан кейін Дамаск қаласы берілуге мәжбүр болады. Әмір Темір қала халқын тонауға ұшыратып, отқа орайды. Бұдан кейін Темір Сирияның бағынбаған басқа қалаларын бағындырып, одан әрі Месопотамияға кетеді. ## Дереккөздер * Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7
Мағзаман әулие (1461-1542)Оқымысты, ақын, дін және мемлекет қайраткері. Толық аты-жөні Сайд Ахмат Жалаладдин Косани. Ферғана аймағының Косан шахарында 1461 жылы Сайд Жалаладдин ибин Жамаладдиннің отбасында дүниеге келеді. Сайд қожа әулетінен. Хазіреті Әлидің баласы, Имам Хусейннің ұрпағы. Анасы Сайд Абдулла Аржанд нәсілінен болған Мир Сайд Жүсіптің қызы. Алғашқы ұстазы Самарқандық ғұлама Маулана Мир Сайд Әлиден тіл білімінің синтаксис, морфология саласы бойынша білім алып үздік бітірген шәкірт, ұстазының кеңесімен Ташкентте тұратын Хазірет Ахрар Уалидің жақын шәкірті және орынбасары болған Маулана Мұхаммед Қазидың шәкірті болып қабылданады. "Нахшбандия" ілімінің ғылыми-теориялық мәселерімен айналысып, отыздан астам іргелі ғылыми еңбектер жазып қалдырады. Аса талантты шәкірт ұстазының ілтипатына ілініп, одан әрі Қожа Ахрар Уали, Абдрахман Жами секілді ғұламалардан дәріс алып, іліми кеңестеріне қатысады. Мақдум Мағзам "Хазіреттердің ұлығы" деген діни білімі мен іліми дәрежесіне берілген биік мәртебе. Олар: Имам Мағзам(699-767ж), Ғавсул Мағзам (1079-1166ж), Мақдум Мағзам (1461-1542). Бұл атақ Сайд Ахмат Жалаладдин Косаниге отызға жетпей беріледі. Сол дәуірдің діни, саяси-әлеуметтік мәселелеріне араласып, мемлекеттік іс басқару жүйелері туралы еңбектер жазады. XVI ғасырда Самарқанд, Бухара, Хиуа хандықтарында болған ірілі-уақты тақ тартыстары мен тарихи төңкеріс кезендерін басынан өткеріп, оқиғаның бел ортасында болады. Захраддин Мұхаммад Бабур мырзаның дұшпандары оның діни кеңесші, ұстазы, және пірі болған Маулана Мұхаммед Қазиды өлтіреді. Оның Орнына шәкірті Сайд Ахмад-Мақдум Мағзам пір болып сайланады. Осы кезеңнен бастап Захраддин Бабур мен Мақдум Мағзам өз биліктерін нығайту мақсатында Мауренахырдың иен даласын мекндеген жауынгер Алшын бірлестігінің көсемдері мен қолбасшыларының көмегіне қол артады. Нәтижесінде Мұхаммед Шайбанимен болған ақырғы ұрыста Захраддин Мұхаммед Бабур мырзаның қолы жеңіліске ұшырап, Самарқанды тастап шығады. "Бабырнама" кітабында бұл кезең анық баяндалады. Бабыр патша Ауғаныстанға қарай шегінгенде Мақдум Мағзам (Сайд Ахмад Жалаладдин Косани) Алшын Аспан тайпасының перзенті, мүриті әрі досы Айтқұл бидің кеңесімен Алшын бірлестігіндегі қалын елге қосылып Жанадария-Сырдария аралығын мекендеп тұрып қалады. Алшын жұрты Мақдум Мағзамды (Сайд Ахмад Жалаладдин Косани) пір сайлап, қол береді. Алшын Сарыбай бидің қызы Қамар анамызға үйленіп одан Хаһназар (Ақназар) атты жалғыз бала туады. Хаһназардан: Есназар шейх, Қосназар шейх, Солтанай шейх, Мақұл шейх төрт бала туады. Мақдум Мағзам - Мағзаман әулие баласы Хаһназар (Ақназар) он үш-он төртке келгенде ел-халқын жинап қоштасып, баласы Хаһназарды Алшын жұртына пір сайлап, өзі досы Айтқұл бимен Самарқандқа оралады. Бұл кезең Жәнібек сұлтанның (1528 жылы қаза болды) Самарқанд тағына отырған уақыты еді. Жәнібек сұлтан дін мемлекет ісіне Мақдум Мағзамды арнайы шақыртып Самарқандтың қасындағы Ақдария-Қарадария деген жерден Миянкөл деген аралды беріп қоныстандырады. Мақдум Мағзам бұл кезде 52 жаста еді. Жаңа қонысқа Мақдум Мағзам өз қолымен он түп шынар отырғызып, ол зәулім ағаш болып өседі. Нәтижесінде "Дахбед" аталып күні бүгінге ұрпаққа жетіп отыр. "Дахбед - парысша он түп тал" - деген ұғымды береді. Қазақ даласындағы ескі әңгімелері мен аңыз, әпсаналар желісінде Мақдум Мағзам - Мағзам қожа жөнінде деректер жиі кездесіп отырады. Амудария мен Сырдарияның ортасын мекендеген Алшын бірлестігіндегі халықтар арасында бұл кісінің ат-есіміне байланысты және оның ұрпақтары мен замандастары жайлы ұзақ-ұзақ әңгіме желілері сақталған. Далалық көшпелі ел "әулие" десе, отырықшы "қожа" деп, ал мемлекет мәртебесіндегі үлес салмағына орай "мақтум" (ілім иесі) деп халық арасында ықылас-беделге ие бұл тұлғаның ел жадынан өшпей бүгінгі ұрпаққа жетуі, ұлттық рухани мұрамыздың бізге беймәлім парақтары екені даусыз. Бүгінгі ұрпақтары орта Азияның барлық аймақтарында түрлі ұлттар мен ұлыстар арасында қоныс теуіп, негізінен діни-ағартушылық жолды ұстанған әулет ізбасарлары өздерін Мақдум Мағзам, Мағзаман қожаның ұрпақтарымыз деп таныстырады. Арғы тегін Сайд қожалардан тараған Түрікмен қожа тармағына жатқызады. Түрікмен қожа аталу себебі Алшын түркілерінің "пірі, қожасы" деген ұғымды береді. Соңына отыздан астам іргелі ғылыми еңбектер жазып қалдырған ілім иесі Мақдум Мағзаман 1542 жылы 81 жасында өмірден өтті. Қабірі Самарқанд қаласына іргелес Дахбет елді мекенінде
Күшілік хан (1180 - 1218) - найман Таян ханның үлкен баласы әрі мұрагері, найман ханы. ## Жаугершілік өмірі 1204 жылы 15 шілдеде Шыңғыс хан әскерлері мен наймандар арасында болған "Наху Қон" шайқасы кезінде Күшілік жиырмадан жаңа асқан жігіт болатын. Рашид әд-Дин ел арасында "Күшілік хан жын - шайтандарды қосақтап саудырып, сүтінен қымыз ашытқан" деген аңыз тарағанын айтады. Осы шайқаста Таян хан бастаған 55 мың сарбазы бар найман қолы әскерт дайындығы күшті Шыңғыс хан әскеріне қарсы аттанады. Қадырғали Жалайырдың жазуына қарағанда, ұрыс кезінде Таян хан қайтыс болып, наймандар жағы жеңіліске ұшырайды. Найман жұртының ендігі тағдыры өзіне байланысты болған Күшілік хан Тамир өзені бойына бекініс салып, Шыңғыс хан қолына қарсылық көрсеткенімен, төтеп бере алмай кері шегінеді де, Кемчугтегі ағасы Бұйрық ханға барып қосылады. 1204 жылы Бұйрық хан Урунгу өзені бойында Шыңғыс хан әскерімен шайқаста қаза табады. 1205 жылы (сиыр жылы) Шыңғыс хан Кем асуын асып, Бұқтырма өзенінің бойында Күшілік хан мен меркіт Тоқта бектің біріккен әскерімен шайқасады. Тоқта бек қаза табады, ал Күшілік хан Бесбалық арқылы шегініп, Шу бойындағы Лиау (Ляо) патшалығының билеушісі Жилугуға келіп бас сауғалайды. Олардың одақтасуына "ағайыншылық" байланыс емес, екі елдің басына түскен тағдыр тауқіметі себепші болса керек. Күшілік хан атамекенінен айырылып, Жетісу асса, бұл кезде Лиау патшалығы да өзіне сенімді серіктес іздеп, қолдау күтіп отыр еді. Күшілік хан Жилугудің сеніміне еніп, Лиау патшалығының билігін өз қолына алды. Күшілік хан 1212 жылы Алтай жорығына аттанып, Алмалықты шапты, Қашқарды бағындырды. Шыңғыс хан сол жылы Тоғышар мерген бастаған үш мың атты жасақты қарақытай шекара шебіне орналастырып, Жебе бастаған 20 мың сарбазды Күшілік ханға қарсы аттандырған ("Моңғолдың құпия шежіресі"). 1218 жылы Жебе қолымен болған шайқаста Күшілік хан қаза табады. ## Дереккөздер
Жебе ноян (XII - XIII ғасырларда өмір сүрген) - Шыңғыс ханның ең сенімді қолбасшыларының бірі. Азан шақырып қойған аты - Жорғатай. Жорғатай исут руынан шыққан. Исут руы Жебенің жас күнінде - ақ, тайшуттық Жамұхаға тәуелді болған. ## Өмірбаяны Жебе ноян алғашқы кездері бірнеше жыл Шыңғыс ханға қарсылас та болған, бірақ кейіннен сенімді қолбасшыға айналды. Оның Жебе аталуы жөнінде аңыз да бар. Бірде тайшуттармен шайқаста, Шыңғыс ханның астындағы аты садақ жебесі тиіп жалп етіп құлайды. Жебенің иесі Жорғатай екен. Кейін қолға түскен Жорғатай шірене тартқан жебесімен Шыңғыс ханның астындағы атын атып құлатқанын мойындайды. Тұтқында жатқан ол: "...Егер сен мені өлтіруге бұйырсаң, жерді босқа былғап әуре боласың. Ал, мені тірі қалдырар болсаң, мен сенің адамыңның бірі боламын. Сен үшін терең суды қақ айырып, қатты тасты уатып - ақ берермін", - деген екен. Жебе де, Сүбедей сияқты, Жамұханың ең сенімді қолбасшысы болатын. Сондықтан, Шыңғыс хан ол екеуін бірі - бірінен жарып қарамай, қатар қоятын. 1224 жылғы Қалқа өзеніндегі шайқаста және Кавказ жеріндегі жорықтардан жеңіспен оралған Жебе мен Сүбедей қайтар жолда Жайық өзенінің оңтүстігін жағалай жүріп отырып, сол маңдағы қаңлы жұртын жаулап (қазіргі Қазақстанның солтүстігі) алды. Осы бағытпен Үлкен Ордаға қарай қайтар жолда Каспий теңізінің солтүстігінен айнала бере, сол жерде Жебе ауырып қайтыс болады. ## Дереккөздер * Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7
Боғуршы (Бұғыршы Нағубаянұлы) - моңғол әскерінің қолбасшысы. ## Өмірбаяны Темучинмен қатар XII - XIII ғасырларда өмір сүрген. Ол Шыңғыс ханның өзі сайлаған тоқсан бес ноянның ішіндегі ең беделдісі. Боғуршының қол астында мыңнан астам әскер болған. Боғуршының ноян атағын алуы жас күнінде Темучиннің барымталанған сегіз жылқысын қайтаруға көмектесіп, Бөртеге үйленген кезінде анттасып, бір - біріне дос болуынан басталады. Өзгені сыйлайтын, өзін сыйлата да білетін Боғуршы ноян жас күнінде Темучиннің ризалықпен ұсынған жылқысын алмапты. Қайта ол: "Адал достан олжа алсам, көрсеткен жақсылығым қайсы?" - депті. Темучин мен Боғуршы екеуі қарымтадан қайтқанда, әкесі Нағубаянға барып амандасып дос болғандарын айтып, батасын алады. Темучин мен Боғуршының достығы, міне, осылай басталады. Боғуршы мыңбасылық қызметтен бөлек, кейіннен қайта жасақталған он мыңдық әскери құрамаларға басшылық жасаушы да және негізгі әскери құраманың оң жақ қанатын басқарушы да болды. Егер түркі - моңғол әскерінің әскерінің саны 129 мың болса, соның 30 мыңнан 47 мыңға дейінгісі Боғуршының қол астында болған. Түркі - моңғол әскері әр елді жаулап, оны қосып алып отырған сайын Боғуршының әскерінің саны да көбейген. Осылайша ең көп әскер саны 230 мыңға да жеткен. Ал осы Боғуршы бастаған оң қол немесе оң жақ кейіннен борунғар деп аталады. ## Дереккөздер
«Кең Жылой» — Атырау облысының Жылыой ауданындағы қоғамдық-саяси газет. Алғаш саны «Социалды ауыл» деген атпен 1933 ж. шыға бастады. Тұңғыш редакторы - Төлеген Мұхамбетов, 1941-92 ж. газет «Социалистік ауыл», «Коммунизмге алға», «Ембі» деген атпен шығып келді. 1992 жылдан «Кең Жылыой» атанды. «Кең Жылыой» аудан экономикасы мен мәдениетінің даму барысын, келелі мәселелерін кеңінен жазып көрсетеді. Мұнай алаңдарының ашылуы, «қара алтын» өндірудің жай-күйі, а. ш. өндірісін тиімді жүргізу, әр саланың өнегелі адамдарын дәріптеу - газеттің негізгі тақырыптары. Газетте Теңіз мұнай-газ кен орнын игеру, шетелдік іскер топтармен бірлескен жұмыс мәселелері көтеріледі. Әр жылдарда газетке С. Анайысов, Қ. Жаксылықов, Н. Ерғалиев, С. Ерғалиев, Д. Жолмұханов, Д. Артығалиев, С. Байтауов, Р. Әлмағамбетов, Т. Текеев, Ғ. Сайханов, М. Далбаев, Б. Дәулетов, Қ. Оразбаев басшылық жасады. 2002 жылдан бастап бас редактор - аудандағы тұңғыш әйел редактор С. Шәтенова. Осы басылымда кезінде ақындар М. Сатыбалдиев, А. Өтегенов, қаламгерлер С. Айтжанов, Қ. Мыңтұрғанов, Қ. Кідібасов, С. Оразғалиев, Қ. Ыбырайұлы, Қ. Сұлтанғалиев, тағы басқалар еңбек етті. «Кең Жылыой» газеті редакциясы өз жұмысында қоғамдық тілші-авторларға арқа сүйейді. Аптасына бір рет шығады. Газет құрылтайшылары — Жылыой ауданының әкімшілігі, аудандық мәслихат және редакция ұжымы. Таралымы 1089 дана (1999). ## Дереккөздер
Каспий маңы қарақұмы. Атырау облысының қиыр оңт.-шығысында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 шақырымға созылып жатыр, ені 65 км. Ауданы 7100 км². Жартысы Маңғыстау облысында жатыр. Теңіз трансгрессиясы нәтижесінде шайылған Үстірт тау жыныстары теңіз суының астынан босағаннан кейін жел әрекетімен өңделіп қырқалы-төбелі құмдар түзген. Жерінің абсолюттік биіктігі солтүстікте 20 м, оңтүстікте 14 м-ге дейін төмендейді. Құмды төбешіктер қырқаларының биіктігі 5—6 м. Араларында сор мен тұзды көлдер барлық жерінің 10%-ын қамтиды. ## Дереккөздер
Дели сұлтандығы (1206 - 1526) - Солтүстік Үндістанда өмір сүрген мемлекет. Астанасы Дели қаласы болды. ## Тарихнамасы Дели сұлтандығы Солтүстік Үндістанды Орталық Азиядан шыққан мұсылмандар жаулап алуы нәтижесінде құрылған. 1206 жылы Үндістандағы әскер басшысы әрі билеуші мирасқоры Құтб әд - Дин Айбек өзін Солтүстік Үндістанның сұлтанымын деп жариялады. Дели сұлтандығы Ала әд - Дин Хилжаның тұсында күшейіп, оның жері едәуір ұлғайды. Бірақ XIV ғасырдың орта шенінен бастап Дели сұлтандығы әлсірей бастады. Әмір Темірдің 1398 - 1399 жылдары Үндістанға жасаған жорықтары салдарынан сұлтандық ыдырап кетті. 1526 жылы Дели сұлтандығын моғолдар әулеті жаулап алады. ## Дереккөздер
Берке хан (1209—1266) — Жошының үшінші ұлы, Батудың інісі, Алтын Орда ханы. Көк Орда мен Ақ Орда билігін тиімді бекіткен хан ретінде тарихта аты қалған. ## Өмірбаяны Берке хан 1209 жылы туған. Ол әкесінің көзі тірісінде Дешті Қыпшақ пен Түркістанның әміршісі болып тағайындалған. Берке билік жүргізген тұста (1257 - 1266) Алтын Орда ірі мемлекет ретінде қалыптасты. Берке билік басына келісімен исламды ресми дін етіп жариялап, Алтын Орда билеушілеріне мұсылман дінін қабылдатқызды. Құбылай хан билікке келгенде, Берке оны Шыңғыс хан империясындағы ұлы хан ретінде мойындаудан бас тартады. Сөйтіп, Жошы ұлысын дербес мемлекетке айналдыруға тырысады. Еділ бойындағы Ахтуба деген жерде Берке Сарайы қаласын салдырады. Салық салу үшін 1257 жылы Русь халқына санақ жүргізіп, салық жинаушыға "басқақ" лауазымын тағайындайды. Ол Хулагу мен Құбылайға қарсы соғыстарда мәмлүк сұлтандарын, Арықбұғаны қолдайды. 1262 - 1265 жылдардағы Алтын Ордаға тәуелді деп есептелген шағатайлық хан Алғудан (Алғұй) Хорезмді тартып алады. Берке батыс көршісі болгар ханы Константин Тешаның өтініші бойынша Византия императоры Михаил Палеологтың Балқандағы ісіне араласады. 1262 жылы Берке әскері ильхандықтардың одақтасы болған Византия иеліктерін талқандайды. 1266 жылы Кавказға жасаған жорық кезінде Берке қайтыс болып, оның денесі Берке Сарайында жерленеді. Берке Құбылайды Шыңғыс хан империясының ең жоғарғы билеушісі ретінде мойындаудан бас тартып, Жошы ұлысын дербес мемлекетке айналдыруға тырысты. Тек халифтардың діни үстемдігін ғана мойындайтынын білдіріп, соңғы халиф Наср әд-Диннің атымен теңгелер шығарды. Берке билік еткен тұста сауда, қолөнер дамыды. Ахтубада Сарай-Берке қаласы бой көтеріп, Еділ бойында қала құрылысы өрістеді. Берке салық салу үшін Русьте халық санағын жүргізді (1257), оны жинайтын басқақ лауазымын белгіледі. Алтын Орда мен Ирандағы Хулагу мемлекеті арасындағы соғыс Беркені Египеттегі мәмлүк сұлтандарымен жақындастырды (қ. Алтын Орда — Египет қарым-қатынастары). Алтын Орда мен Дешті Қыпшақтың араб авторлары жазбаларында Берке жері деп аталуы осы достық қатынасты айғақтайды. 1262 ж. Берке әскері хулагуліктердің одақтасы Византияның иеліктерін талқандады. Берке 1266 ж. Кавказға жасаған жорық кезінде қайтыс болып, Сарай-Беркеде жерленді. ## Берке Сарай қаласы Берке Сарай қаласын 1260 жылы Берке хан салдырған. Берке Сарай XIV ғасырдың 1 - жартысында гүлденді. 1333 жылы сол қалада болған араб саяхатшысы ибн Баттута: "Жазираға салынған көрікті қалалардың бірі, адам көп. Онда сұлу көшелер мен сәулетті базарлар бой түзеген. Қаланы әр түрлі халықтар: моңғолдар, асылар, қыпшақтар, черкестер, орыстар және византийліктер мекендейді..." деп жазды. Берке Сарайын 1353 жылы Әмір Темір күйретті. Берке Сарай қаласының орнына жақын жерде қазіргі Ресейдің Волгоград қаласы тұр. ## Дереккөздер
Шүршіттер (Чжурчжэнлер) - қазіргі Маньчжурия жерін мекендеген тұңғыс тектес тайпалар. Олар Бұйра көлінен Амур көліне дейінгі аймақты қоныстанған. Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан Шыңғыс хан билік құрғанға дейінгі кезеңде Моңғол үстіртінде жеті мемлекет құрылған. Сол мемлекеттердің бірін осы шүршіттер құрған болатын. Қытай жазбаларында батыстағы көшіп - қонып жүретін көршілерінің бірі сушеньдер деп аталған. Негізінде, сушеньдер - әр түрлі тайпалардан құралған шүршіт тайпалары. Шүршіттер мал бағып, аң аулап күн көрген. Олар ерте кезден - ақ Қытаймен сауда - айырбас жасап, жібек матасын алу үшін темір, қару - жарақ, малдан жылқы, тері, аң терісі, женьшень шөбінің тамыры және өзеннен терілген асыл тастарымен айырбас жасасқан. Қидандардың шүршіттерді басып алуы шүршіттердің өміріне үлкен өзгеріс әкелді - олардың жаңа мемлекетінің құрылуына себеп болды. 1115 жылы шүршіттердің ең танымал көсемі Агуда болып танылды. XII - XIII ғасырлар шүршіттерге үлкен өзгерістер әкелді. Олар егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көше бастады. 1115 жылы шүршіттердің Цзинь империясы құрылып, ол 1234 жылы моңғолдар жаулап алғанға дейін өмір сүрді. ## Дереккөздер
Шалақазақтар, шала қазақтар (қыр. чалаказактар, орыс. шала-казахи) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау). Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса ата-анасының қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды. ## Терминнің пайда болуы Шалақазақтар туралы алғашқы деректер XVII—XIX ғасырлардан бастап кездеседі. Ол кезде бұл атаумен қазақ даласына қоныс аударып, қазақтармен туыстасқан татарлардың, Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық келімсектердің, орыс сарбаздарының, казактар мен қалмақтардың ұрпақтарын атаған. Шалақазақтардың бірінші ұрпағы қазақ тілінде сөйлеу білген, ал екінші ұрпағына ол ана тілі болып кетті. Сонымен қатар «Шалақазақтар» деп Наймандардың Қаракерей руының Мәмбет елінің бір тармағы және сарыбағыш руының абла елінің қырғызданып кеткен қазақтарын атайтын еді. Қазіргі шалақазақтардың, тарихи шалақазақтарға еш қатысы жоқ. ## Қазіргі замандағы шалақазақтар Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне еніп кеткен, орыс мектептерінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін «нағыз қазақ» санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың «кемістігі» туралы пікір қалыптасқан. Қазақ ұлтшыл-патриоттарының көзінде қазақ тілін білмей, өзінің ұлтына қатыстығын жоққа шығаратындар да, мойындайтындар да «шалақазақ» саналады. Ұлтшыл патриоттардың негізгі талабы — бүкіл орыстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін меңгеруі. Қазақ жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, орыс тілінің мемлекеттік тілмен теңдігіне сілтейтіндер «20 жыл ішінде қазақша сәлемдесуді де үйренген жоқ немесе үйренгісі келмейді», ұлтшылдардың көпшілігі қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлей алады, ал тіл реформаларына қарсылық танытқан орыстілділер тек қана орыс тілін меңгерген. «Егер барлық орыстілділер республиканың екі негізгі тілін қолдана білгенде, тілдік мәселе өздігімен шешілетін еді», — деді Смағұл Елубай. Талғат Мамырайымовтың пікірінше, кеңестік дәуірде қазақ мәдениеті «мешеу», ал орыс мәдениеті «озық» деп танылғандықтан, қарапайым халық пен зиялы қауымның арасында «олқылық комплексі» пайда болған. Кеңес Одағы заманында қазақша сөйлеу, қазақ мәдениетінің иесі болу «дөрекі» саналатын, орыс тілін білмеу «мәмбеттіктің» белгісі және қызмет сатысында жоғарылауға кедергі болды. Болат Жанаевтың айтуынша, «қазақтілділер мен орыстілділер арасындағы алшақтық асыра көрсетілген», себебі көп шалақазақтың «нағыз қазақ» тума-туыстары бар және олар жастайынан олардың дәстүрлерінен үлгі алып өседі. ## Шалақазақ тілі «Шалақазақ тілі» деп орыс тілінен көптеген сөздер кірген қазақ тілін атайды. Украинадағы суржик пен Беларусьтегі трасянкаға ұқсас. «31 арнаның» оқушылар арасындағы сауалы бойынша, ең көп тараған шалақазақ тілінің сөздері болып «грузить етпе», «мешать етпе», «поздравить ету» және т. б. сөздер танылды. ## Дереккөздер
Шалақазақтар, шала қазақтар (қыр. чалаказактар, орыс. шала-казахи) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау). Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса ата-анасының қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды. ## Терминнің пайда болуы Шалақазақтар туралы алғашқы деректер XVII—XIX ғасырлардан бастап кездеседі. Ол кезде бұл атаумен қазақ даласына қоныс аударып, қазақтармен туыстасқан татарлардың, Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық келімсектердің, орыс сарбаздарының, казактар мен қалмақтардың ұрпақтарын атаған. Шалақазақтардың бірінші ұрпағы қазақ тілінде сөйлеу білген, ал екінші ұрпағына ол ана тілі болып кетті. Сонымен қатар «Шалақазақтар» деп Наймандардың Қаракерей руының Мәмбет елінің бір тармағы және сарыбағыш руының абла елінің қырғызданып кеткен қазақтарын атайтын еді. Қазіргі шалақазақтардың, тарихи шалақазақтарға еш қатысы жоқ. ## Қазіргі замандағы шалақазақтар Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне еніп кеткен, орыс мектептерінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін «нағыз қазақ» санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың «кемістігі» туралы пікір қалыптасқан. Қазақ ұлтшыл-патриоттарының көзінде қазақ тілін білмей, өзінің ұлтына қатыстығын жоққа шығаратындар да, мойындайтындар да «шалақазақ» саналады. Ұлтшыл патриоттардың негізгі талабы — бүкіл орыстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін меңгеруі. Қазақ жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, орыс тілінің мемлекеттік тілмен теңдігіне сілтейтіндер «20 жыл ішінде қазақша сәлемдесуді де үйренген жоқ немесе үйренгісі келмейді», ұлтшылдардың көпшілігі қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлей алады, ал тіл реформаларына қарсылық танытқан орыстілділер тек қана орыс тілін меңгерген. «Егер барлық орыстілділер республиканың екі негізгі тілін қолдана білгенде, тілдік мәселе өздігімен шешілетін еді», — деді Смағұл Елубай. Талғат Мамырайымовтың пікірінше, кеңестік дәуірде қазақ мәдениеті «мешеу», ал орыс мәдениеті «озық» деп танылғандықтан, қарапайым халық пен зиялы қауымның арасында «олқылық комплексі» пайда болған. Кеңес Одағы заманында қазақша сөйлеу, қазақ мәдениетінің иесі болу «дөрекі» саналатын, орыс тілін білмеу «мәмбеттіктің» белгісі және қызмет сатысында жоғарылауға кедергі болды. Болат Жанаевтың айтуынша, «қазақтілділер мен орыстілділер арасындағы алшақтық асыра көрсетілген», себебі көп шалақазақтың «нағыз қазақ» тума-туыстары бар және олар жастайынан олардың дәстүрлерінен үлгі алып өседі. ## Шалақазақ тілі «Шалақазақ тілі» деп орыс тілінен көптеген сөздер кірген қазақ тілін атайды. Украинадағы суржик пен Беларусьтегі трасянкаға ұқсас. «31 арнаның» оқушылар арасындағы сауалы бойынша, ең көп тараған шалақазақ тілінің сөздері болып «грузить етпе», «мешать етпе», «поздравить ету» және т. б. сөздер танылды. ## Дереккөздер
Уақтар - IX - XIII ғасырларда "онгуттар" деп аталған тайпа. Рашид әд-Дин уақтарды: "онгуттар, яғни ақ татарлар IX - X ғасырлар аралығында Ляо (қидандарға) тәуелді болған ел", - дейді. Уақтар түркі тайпасының бір тармағын құрайды. ("онгуттар" - қорық қорушылар). XII ғасырдың басында уақтарды Бинуй дигит хури басқарды. Дигит хури қызметке берілетін лауазым емес, оны ата - тегіне қарай берген. Бұл атақ әулеттің билеушілік салтымен әрі Алтын ханның ұйғаруымен берілетін. "Дигит хури" тұңғысша тайпа билушісі деген мағынаны білдіреді. Уақ тайпа бірлестігін Алтын хан сайлаған ""дигит хури" басқарды. Бинуй өлгенде оның мұрагері Шенгуйді Алтын хан кепілге өз қолына алдырады да, Алакуш тегінді "дигит хури" етіп сайлайды. XII ғасырдың орта тұсында, Шыңғыс хан жорығы кезінде, уақтарды - Алакуш тегін басқарды. ## Дереккөздер
Геннадий Георгиевич Павлюк, лақап аты Ибрагим Рустамбек (1958 — 2009 22 желтоқсан, Алматы) — тәуелсіз журналист. Қазақ, Қырғыз, Ресейлік БАҚ - ында жарияланып тұрды. Бішкек және Шолпон-Ата қалаларында тұрған. Ресей журналистер Одағының мүшесі, түрлі халықаралық сыйлармен, сыйлықтармен марапатталған. ## Өмірбаяны Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз Ұлттық университетін және Белоруссия мемлекеттік университеті асперантирасын бітірген,филология ғылымдарының кандидаты. «Қырғызстан Аргументтері мен фактілері », «Ақ кеме» газеттерінің негізін қалаушысы және бас редакторы. Қырғызстандағы «Комсомол шындығы» өкілдігінің бас редакторы болып та жұмыс жасады. Алматыда өлтірілген. 16.12.2009 байланған қол - аяқтарымен 6 қабаттан лақтырылғаны анықталған. Есін жимай, қайтыс болған. 2011 жылдың 8 қазанында Бішкекте журналист атына ескерткіш ашылды. Жесір қалған Ольга Колосованың айтуы бойынша «тергеудің тек бір ғана нұсқасы бар, БАҚ - пен жарияланған. Оны сейфтің құпи сөзін білу үшін ұрлап кетуі мүмкін дейді, сейфте көп қаражат және құнды заттар болғандығы расталған.» 2010 жылы Геннадийге Бішкек қаласындағы Баялин атындағы жасөспірімдер кітапханасының маңында ескерткіш қойылған. Алайда 250 килограмдық қола ескерткіш екі жылдан кейін - 2012 жылдың 20 мамырында ұрланып кеткен. Кейіннен оны кесілген күйінде тауып алған, қайта қалпына келтіру үшін шамамен 100 кг қола жетіспеген. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жеке қорынан қаражат бөлген. ## Сілтемелер * http://www.centrasia.ru/person2.php?&st=1260859495 Мұрағатталған 29 желтоқсанның 2014 жылы. Павлюк (Ибрагим Рустамбек) Геннадий Георгиевич — ЦентрАзия
Шырақтың ерлігі - парсы - сақ соғыстары кезіндегі батыл сақ малшысының парсы әскерін айлалығымен жеңуі. ## Шырақтың жасаған ерлігі Б.д.д 520 жылы парсы патшасы Дарий I жеті жүз мың әскер жинап, Скифияға жорыққа аттанады. Ол жүз жыл бұрын Мидияға басып кіргендері үшін скифтерден кек алмаққа бекінеді. Шын мәнінде, парсы патшасы Азияны ғана емес, Еуропаны да бағындыруды ойлады: ол скифтерді талқандап, Грекия бидай алатын Қара теңіз жазираларын қолға түсірмекші болды. Дарийдің бұл жерлерді басып алуды көксеген себебі - Грекияны скифтердің қолдауынан айыру еді. Бірақ бұл жорықта оның жолы болмады. Дарийдің сәтсіз жорығы мен соған қатысты Шырақтың ерлігі жайында бізге Геродот, Страбон мен Полиэн баян етеді.Геттердің шөл даласы - тұтастай сусыз жазық медиен. Осында Гистасптың ұлы Дарий Истрден өткен соң өзінің бүкіл әскерімен шөлден қырылу қаупіне ұшырап, арандап қалады. Алайда, патша кеш те болса қатерді аңғарып, кері бұрылады. Олар өз жасақтарының бірін скифтерше киіндіріп, Скунха (Скун хасақ) патша басқарған скиф әскеріне жақындап келеді де, мұндай зымияндықты күтпеген далалықтардың абыржуын пайдаланып, оларды тас-талқан етеді. - Қазір біз елсіз әрі сусыз шөл даланың шетінде тұрмыз. Артымыздан өзінің жер қайысқан әскерімен Дарий келе жатыр. Егер осы бетте соңымыздан еліктіріп ертіп тура жүре берсек, оларды шөлдің қақ ортасына шейін апарып, сеспей қатыруға болар еді. Өмір адамаға бір-ақ рет беріледі, күндердің күнінде, бәрібір, әйтеуір ажал алмай қоймайды. Ендеше, келешек ұрпақ сені туған жерің үшін, өзіңнің халқың үшін өмірін қиған адам ретінде есте сақтайтындай етіп өлген жақсы емес пе! Мен өз борышымды өтеймін. Бірақ сендерге айтар өтінішім де бар: мен өлгеннен кейін балаларыма қамқор болыңдар, олар ештеңеден мұқтаждық көрмесін, жетімдік тақсіретін сезінбесін.- Шырақ! - деп жауап берді скиф патшалары. Сен осы далада өмір бойы жылқы бақтың, мұндағы әрбір шұқанақты білесің. Біз балаларыңды қамқорлыққа алуға уәде береміз. Олар жетімдік көрмей, өмір бақи арғымақ ат мініп жүретін болады. Олардың бастарына, тіпті, құс қанатының да көлеңкесі түспейді!- Ал енді, - деді Шырақ, - мені қидалап-кескілеңдер, бетімді өне бойымды сау жер қалдырмай тілім-тілім етіңдер, құлақтарымды кесіп құнтитыңдар, мұрнымды кесіп шұнтитыңдар. Сөйтіп, жарақаттап, ит-қор етіп, парсылардың жолына лақтырып тастаңдар. Әйтпесе, олар маған сенбейді!Бірақ скифтердің батырға зақым жасауға батылдары бармады. Сонда ол өз пышағымен бетін, бүкіл денесін кескілеп тастайды. Сөйтіп, көп ұзамай парсыларға қанға боялған күйінде жолығады. Парсыларды көрген бойда Шырақ айқай салды:- Құтқарыңдар мені! Қараңдар олардың маған не істегенін! Қайткенде есемді қайтаруым керек. Мен сендерді айналма жолдармен алып жұріп, скиф әскерінің ту сыртынан шығарамын. Мені қорлап- жәбірлегені үшін олардан қалай да кегімді аламын!Сөйтіп, Шырақ парсылардың сеніміне кіріп, оларды шөл даланың шалғай түкпіріне бастай жөнеледі. -Төңіректегі құдықтар түгел уланған, шөбі өртелген, - деді Шырақ парсыларға. - Бұл жерлерде су жоқ. Біз келе жатқан жол - жалғыз жол. Мұны тек мен ғана білемін.Олар осылай жеті күн, жеті түн жүрді. Дарийдің сарбаздары шөл мен аптап ыстықтан ауырып, өле бастады. Ақыры патшаның сабыры таусылды. Оның Ранасбат деген сардары семсерін ала Шыраққа ұмтылды.- Уа, жеңіс деген осы! - деп шаттана дауыстады Шырақ. - Мен өзімнің ата-бабаларымның жерін жаулап алғысы келген парсы патшасы Дарийдің әскерін жалғыз өзім жеңдім. Сендерді жан-жақтарыңнан елсіз, сусыз ен дала, қу медиен қоршап тұр, қай жаққа жүрсеңдер де мейілдерің, еш жерден елді де, суды да таппайсыңдар. Шөлден шығу үшін жеті күн жол жүру керек. Ал мен кіндігімді кескен туған жерімде қаным төгілетіні үшін және сүйегім осы арада жерленетіні үшін бақыттымын! Ашу кернеген Ранасбат семсерін сермеп қалды. Шырақ туған жердің құмын құшақтай құлады. Бақташының құлақ естімеген қылығы, жан тітіреткен ерлігі парсыларды қатты сескендірді. Олардың бойын үрей биледі. Қайда барарларын, не істерлерін, қалай жан сақтарларын білмей дағдарды. Қырғыннан құтылатын жол жоқтай көрінді.Бақташы Шырақтың парсыларға құрған осы қақпанында жау қолының тең жартысы ажал құшты. Қалған жартысы асығыс арттарындағы скиф сахарасында оралды, Истр өзеніндегі көпірден өтіп, өз елдеріне безе қашты.Сөйтіп, жеңіс іздеп келген жаудың қаншасы қу медиен, құла дүзде қаталап өлді, қаншасы құм астында жатып қалды! Ал Шырақтың есімі, оның ерлігі туған жерді қорғау жолындағы, бостандық жолындағы қаһармандық пен жанқиярлықтың үлгісі ретінде ғасырлар бойы өшпей жасап келеді! ## Шырақтың ерлігінің маңызы Осы соғыс кезінде Шырақ өз елі үшін өшпес ерлік жасаған. Ол өзінің өмірін қиып, көптеген сақ тайпаларын Дарийдің қаһарынан қорғап, қырғыннан сақтап қалған болатын. ## Дереккөздер Қазақстан тарихынан әңгімелер: Жалпы білім беретін мектептің 5 - сыныбына арналған оқулық. 2-басылымы, өңделген. Алматы: Атамұра, 2010. - 208 бет. ISBN 978-601-282-046-1Ежелгі Қазақстан аңыздары. Қазақстан балалар энциклопедиясы. Алматы: "Аруна" баспасы, 2010. 248 бет. ISBN 9965-26-144-X
Матвей Федорович Шкирятов (1883 жыл 3 (15) тамыз, Вишняково ауылы Тула облысы, Ресей империясы — 1954 жыл 18 қаңтар, Мәскеу, РКФСР) — кеңес және партия қайраткері. Сталиндік репрессияны ұйымдастырушылардың бірі. ## Өмірбаяны Шаруа отбасысында дүниеге келген. Мәскеу, Дондағы Ростов, Тулада партиялық жұмыс атқарды. Бірнеше рет тұтқындалып айдауда болды. 1915 жылы армияға алынып, онда солдаттар арасында революциялық үгіт жүргізді. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін солдат депутаттары Мәскеу Кеңесі атқарушы комитетінің және РСДЖ (б) П Мәскеу комитеті жанындағы әскери бюросының мүшесі, Тула Кеңесі атқарушы комитетінің және әскери-революциялық комитетінің мүшесі. 1918 – 20 жылы тігіншілер кәсіподағы ОК хатшысы, одақтың Мәскеу губерниясы бөлімінің төрағасы, партияның Мәскеу қалалық комитетінің және Мәскеу комитетінің мүшесі. 1921 жылдан РК(б)П ОК аппаратында істеді, партия қатарын тексеру және тазалау жөніндегі Орталық комиссияның төрағасы. 1923 – 34 жылы Орталық Бақылау комиссиясы Төралқасының мүшесі, 1923 – 27 жылы Орталық Бақылау комиссияның хатшысы, 1923 – 24 және 1930 – 34 жылы БК(б)П Орталық Бақылау комиссиясы партия алқасының хатшысы. 1934 жылдан БК (б) П ОК жанындағы Партиялық бақылау комиссиясына мүше, төрағаның орынбасары, 1952 жылдан КОКП ОК жанындағы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы. Партияның 8 – 19-съездерінің делегаты, 11 – 16 съездерге Орталық Бақылау комиссиясының, 18 – 19 съездерге Орталық комитет мүшесі болып сайланды. 1952 – 53 жылы КОКП ОК Төралқасының мүшесі. БОАК және КСРО ОАК мүшесі болды. 1 – 3 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Қызыл алаңда жерленген. ## Марапаттары 3 рет Ленин орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Хобыжықтар (Хоббит + құбыжық (гоблин), орыс. хобгоблин) – ағылшын фольклорында кішкентай жын (үй перісі мен орман перісі секілді) деген мағынаны береді. Олар үйлерінен өте сирек шығады, оттың қасында жылынғанды жақсы көреді. Өте ренжігіш, өкпешіл болып келеді. Егер ренжіп қалса, қожайындарын көп әуреге салады. Ең алдымен - сүт ашып кетеді, киімдер өздігінен секілді жыртыла бастайды, жуылған еден кері лас болып қалады. Бір өкпелі хобыжық өзімен бірге барлық кілттерді алып кетіп, сүйікті құймағын пісіріп бергенше беруден бас тартқан деседі. Олардың бойы 2 фут, терісі қоңырқай, тыр жалаңаш немесе қара киім киіп жүреді. Ақкөңілділігі мен әрқашанда көмекке келуге дайын тұратынындықтарына қарамастан, хобоқұбыжықтар күмәнді абыройға ие болды. Көбіне оларды әзәзілдермен, жындармен шатастырды. Мысалыға, Джон Беньянның "Қажыға барушының жолы" атты кітабында «және жексұрын пері хобоқұбыжық» деген сөзді кездестіруге болады. ## Мәдениетте * Хобыжық (кейіпкер) — Marvel комиксындағы фантастикалық кейіпкер. * Хобыжық — компьютер ойындарынағы құбыжықтың дамыған түрі. (Қылыш пен Сиқырдың каһармандары, The Elder Scrolls IV: Oblivion, D&D (ағыл.)). * Хобыжықтар сонымен қатар Нэнси Фармердың «Сұр алмалар жері» атты фантастикалық романында да кездеседі. ## Сонымен қатар * Құбыжық * Хоббит ## Дереккөздер
Илья Юльевич Шлепянов (1900 жыл 27 қазан, Чернигов — 1951 жыл 21 желтоқсан , Мәскеу) — кеңес режиссері, театр суретшісі, РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі (1933). ## Өмірбаяны 1925 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік жоғары режиссерлер шеберханасын бітірді. Оқып жүрген кезінде Мейерхольд атындағы театр спектакльдерін (Подгаецкийдің «Д. Е.», Файконың «Мұғалім Бубус» және Эрдманның «Мандаты») көркемдеді; бұл қойылымдарды безендіруде түрлі сахналық тәсілдер (жылжымалы қалқан-тақталар, дөңгелек айналмалы сахна, тағы басқа) қолданды. 1926 – 28 жылы Баку жұмысшы театрының бас суретшісі болды. Бұдан кейін Мәскеудегі Революция театрында (1937 жылға дейін) режиссер, әрі бас суретші болып, Н. Ф. Погодиннің «Балта туралы жыр», «Менің досым», «Той тарқар» және У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» қойылымдарының демократиясын жазды. Фотомонтажды пайдалану, әсіресе сахналық көркемдеуде конструктивті-архитектуралық принципті қолдану – оның осы жылдардағы демокрациялық еңбектеріне тән қасиет. 1930 жылдардың аяғынан бастап негізінен режиссерлікпен шұғылданды. 1938 – 1939 жылы Ленинградтың Кіші опера және балет театрында, 1940 – 44 жылы осындағы Ленсовет театры мен Мәскеудегі Сатира театрында қызмет етті. 1944 жылдан Ленинградтың С. М. Киров атындағы опера және балет театрының бас режиссері болып, Дж. Вердидің «Травиата», П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» мен «Орлеан қызы», М. П. Мусоргскийдің «Борис Годунов», Д. Б. Кабалевскийдің «Тарастың отбасысы» атты операларын қойды. Қойылымдарды қоюда монументті түрге, ал мизансценаларды құруда композициялық айқындыққа ұмтылушылық Шлепяновтың режиссерлік өнерінің ерекшелігі болып табылады. ## Марапаттары Илья Юльевич Шлепянов қажырлы еңбегі мен қосқан үлесі үшін РКФСР-дың еңбек сіңірген әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946, 1951) болып, Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлықпен марапатталған. ## Дереккөздер
"Қидан мемлекетінің тарихы" (қытайша - Ци-дань Го Чжи, "齊 - 進貢過之" ) - 1180 жылы жазылған тарихи шығарма. Авторы Е Лун - Ли (Юйлинь) - Сун патшалығының лауазымды қызметін атқарған адам. Ол оңтүстік Сун императоры Сяо - Цзунның (1163 - 1189) бұйыруымен Ляо мемлекетінің тарихын баяндап, осы кітапты жазды. Бұл өзге мемлекеттің тарихына арналған қытайлық бірінші шығарма болатын. Шығарма 27 тараудан және қосымша 5 толықтырулардан тұрады. Онда қидандардың тарихта таныла бастауы; хронологиялық реттілікпен берілген танымал тоғыз билеушінің өміріндегі маңызды оқиғалар; қидан императорларының шығу тегі шежіресі; Ляо империясының географиялық картасы және Сун императорына арнап құрастырылған мәліметтер келтірілген. Алғашқы он екі тарауында қидан императорларының мемлекеттік іс-шаралары, Абаоцзи көсемнің қидан мемлекетін 907 жылы құруы мен оның 1125 жылдан кейін құлдырауы баяндалады. Одан кейінгі жеті тарауда (13 - 19) қидан билеушілерінің отбасы жөнінде, қызметкерлері жайында (қидандарға қызмет еткен қытайлықтар жайлы) айтылады. 20-тарауда Цзинь және Сун әулеттері арасындағы мемлекетаралық құжаттар, 21-тарауда қидан және Сун әулетінің арасындағы сый - сыяпат, тарту-таралғылар алмасу және қидандарға тәуелді иеліктерден әкелінген дүниелер жайлы мәліметтер, 22 және 23-тарауларда қидандардың географиялық орналасуы, 24 және 25 тарауларда қидан жеріне барған қытай саяхатшыларының қолжазбалары берілген. 26-тарауда қидандармен көршілес иеліктер жайында айтылса, 27-тарауда қидандардың салт-дәстүрі туралы сөз болады. ## Дереккөздер
Құйынды мекен кор. 바람의 나라 - Оңтүстік Кореялық тарихи телесериал. Сериал елді елең еткізген Ханзада Жумоң фильмінің жалғасы болып табылады. Фильмнің басты кейіпкері - Когурё патшасы Темусин. Темусин атасы Жумоңның ұлы істерін жалғастырады. Бұл сериалда да басты рөлді Сон Иль Гук сомдады. ## Сюжеті Корея ежелгі Когурё мемлекеті дәуірінде. Жумоң патша негізін қалаған Когурё Юри патша тұсында біраз әлсірейді. Юри әкесі Жумоңның қас жауы Пуё патшасы Тэсоның билігін мойындап, оның алдында бас июге мәжбүр болады. Алайда Юридың ұлы Мухюль Тэсоны жеңіп, атасының кезіндегі Когурёның даңқын қалпына келтіреді. Бірнеше жылдан кейін ересек Мухюл өзінің досы Марумен бірге қалыпты өмір сүруде. Чолбон көшелерінде Чу Балсо деген топтың жетекшісі Мухюлды ұрып-соғып, оның әпкесі Се Рю қоштасу кезінде берген медалын алады. Хи-Ап Мухюл мен Мароны үңгірден шыққаны үшін түрмеге отырғызады. Үңгірге қара реңктер, Пуё арнайы және жасырын күштері шабуыл жасайды. Хён-ап Мороға барып, Чолбон губернаторы Хи Мённан көмек сұрауды өтінеді. Реңктер қабірдің қатал қорғаныс механизмімен қорғалатынын түсінеді және Мухюлге барып, Хён-аптың өмірі арқылы Жумонгтың қылышын әкеледі. Хён Мён мен оның адамдары келіп, көлеңкелерді өлтірген кезде Мухюл тұзақтардан өтіп, қылышты алып келеді. Хи Мёнонг өзінің бұрынғы тұлғасын айтпай-ақ, Мухюл мен Мароны өзімен бірге алып кетеді. Екеуі капитан Гви Юумен танысады, олар жаттығу кезінде оларды қорлайды. Король Даесо Юрийді сарайына саяси достыққа шақырады, ал соңғысы оны қабылдайды. Біліктілікке қол жеткізген Мухюл Чу Балсо мен оның адамдарын шекараларға дейін қуып жетеді. Лагерьде Ён есімді дәрігер Мухюлды емдейді, ол оған ғашық болады. Хи Мён және оның әскері лагерьге шабуыл жасап, Мухюлды құтқарады, ол өз кезегінде Чу Балсо мен оның адамдарын құтқарады. Чу Балсо Мухюлдың медалін қайтарады. Даесо шабуылға ашуланып, Юрийді қорлайды, ол Хён Мёнді қызметінен босатып, жазалайды. Хи Мён мен Мухюл Буюге интеллектуалды сапармен барады. Олар қара реңктің тұтқындалған құлдарға уларды тәжірибе жасап жатқанын түсінеді. Мухюлд Тэсо-ға шабуыл жасау үшін қолайлы жағдайды біледі және Хи Мёнға хабарлайды, ол өз кезегінде Юриге айтады және олар Тэсо өлтіріліп, елі көшбасшы болғаннан кейін Буюға шабуыл жасауды жоспарлайды. Чу Балсо мен оның адамдары Тэсо-ға жасалған шабуыл үшін жалданады, бұл сәтсіздікке ұшырайды және ол Юрийден Хи Мёнді оған тапсыруды талап етеді, әйтпесе Когурё жойылады. Юри мұны қабылдамай, соғысқа дайындалады, бірақ тайпа басшылары оның баласын жеткізуді талап етеді, өйткені Буюнес армиясы Когурёның әлдеқайда күшті. Хи Мён Деесоның лагеріне барып, Когурёдан кетіп бара жатқанда, Пуё әскерінің талапымен өзін өлтіреді. Санг Ганың асырап алған баласы Бэ Гук Хи Мённың адамдарына шабуыл жасайды, мұны Юридің бұйрығы деп айтады. Мухюл мен Маро қашып кетеді, бірақ олар қара реңктерге түседі. Бір жылдан кейін Юри әскерін күшейтіп, Буюға қарсы көршілермен одақ құрды. Қара көлеңкелер лагерінде Мухюл Юриден кек алу үшін бірнеше тәжірибеден өтті. Реңктердің көшбасшысы, ол да Ёонның әкесі, Мухюлдың ниетін түсінеді және оны сынап көргеннен кейін оны және Мароны жалдайды. Бірнеше апта бойы ауыр жаттығулардан кейін олар білікті реңктерге айналады. Олар сонымен қатар Дожинмен дос, тағы бір талантты көлеңке. Хе-Ап, Гви Юу және Чу Балсо Юрийдің ұлының өліміне де, оның ізбасарларына шабуыл жасауға да қатысы жоқ екеніне көз жеткізбей тұрып, Юрийді өлтіруге тырысады. Мухюл, Маро және Дожин Когурё мен қытайлық алымды өлтіруге тағайындалып, сәтті аяқталады. Даоно, Буонесей өкіметі Са Гоудың қастандық жасауымен, Ёонның әкесін және өзін өлтіруді бұйырады. Ёнге де ғашық болған Дожин әкесін өлтіреді, бірақ Мухюлге Когурё қашуға көмектесуін өтінеді. Са Го Дожинді одан құтылу үшін шетелде тағайындайды. Ол қашып кетіп, Бэ Гукты оны жұмысқа алуға көндіреді. Дао Юрийді өлтірумен Муйхул мен Мароны тағайындайды. Олар Когурё мен бірге саяхаттайды, ал Мухюл Хе-Аптың тоқтамай тұрып әкесін өлтіруге тырысады. Юри Мухюлдің тұлғасы туралы шындықты түсінеді және пайғамбарлыққа сенімді. Хе-Ап Юрийді Юридің кінәсіздігіне сендіреді және Мухюл Юриге Доциннің уақытылы ескертуімен аман қалған Дезоны өлтіріп, оны жоюға рұқсат береді деп сендіреді. Дожиннің көмегімен Баэ Гук Буюға саяхат жасайды және Даесомен құпия одақ құрады. Мухюл өзінің шынайы тұлғасын біліп, билікке Юриймен ресми түрде танысады. Олар оны пайғамбарлыққа байланысты қабылдамайды, бірақ Мухюл оларды пайғамбарлықты дұрыс емес дәлелдеуге мүмкіндік беруге көндіреді. Юридің әйелі өзінің ұлы Еёжинді тәж-ханзада етіп құруды жоспарлайды Тэсо мереке өткізіп, Когурё еліне құрметіне шақырады. Мухюл алымдардың басшысы ретінде барлау және интеллекті алу жоспарымен сапар шегеді. Олар Буюудың соғысқа дайындалып жатқанын түсінеді. Мухюл оралып, әскерге дайындалуға шешім қабылдайды. ## Басты рөлдерде * Сон Иль Гук - Ханзада Мухюль / Темусин. * . Чой Жуң - ханшайым Юон. * . Ким Жуң - ханшайым Ли Жи * . Пак Гун - ханзада Дожин. * . Жуң Жин - Юри патша. * . Ким Хие - Мию ханым. * . Ли Жоң - ханзада Ха Муёң (Мухюльдің ағасы). * . Ли Си - жас Юн Хва * . O Юн - Хие Ап. * . Ким Джае - Чуе Баль Су. * . Жаң Tae - Маро қолбасшы. * . Ким Сан - Махуаң. * . Хан Джин - Тэсо патша. * . Пак Жун - Са Гу. * . Им Жун - ханшайым Серуй. * . Ким Буён - Сан Га. * . Ким Уон - Гон Чан. * . Ким Муён - Гу Чу. * . Джан Сан- Ба Гуек ## Жүлделер * . 2008 KBS Drama Awards: үздік актер (Сон Иль Гук) * . 2008 KBS Drama Awards: үздік жұп (Сон Ил Гук пен Чой Жун Он) * . 2008 KBS Drama Awards: үздік актер (Жун Жин-кіші) ## Халықаралық хабар тарату * Жапония Жапонияда 2009 жыл 15 қазанда бастап Fuji Television-де эфирде көрсетілді «風の国» деген атпен бастады. * АҚШ АҚШ-та 2011 жыл 27 тамыздан бастап KNTV-де эфирде көрсетілді «The Kingdom of the Winds» деген атпен бастады. * Тайланд Таиланд-та 2009 жыл 12 шілдеден бастап Channel 3 HD-де эфирде көрсетілді «มูยุล มหาบุรุษพิชิตแผ่นดิน» деген атпен бастады. * Қазақстан Қазақстанда 2020 жыл 7 тамыздан бастап Astana TV-де эфирде күн сайын сағат 10: 30-да (Нұр-Сұлтан уақыты) «Құйынды мекен» деген атпен бастады. ## Тағы қараңыз * Сеул * Сон Иль Гук ## Сыртқы сілтемелер * The Kingdom of The Windsr _at HanCinema * http://twitchfilm.com/2008/09/first-look-at-kingdom-of-the-wind-beethoven-virus.html Мұрағатталған 24 қазанның 2014 жылы. * http://sports.hankooki.com/lpage/entv/200809/sp2008090313511094350.htm ## Дереккөздер
"Алтан тобчи" ("Алтын шежіре") - Шыңғыс хан империясы туралы ірі тарихи шығарма. Шығарманың толық аты - "Хандардың тегі туралы алтын шежіре". "Алтан тобчидің" осы күнге жеткен екі нұсқасы бар. Бір - бірінен ажырату үшін бұл нұсқаларды "Кіші алтан тобчи" және "Үлкен алтан тобчи" деп атайды. ## Бірінші нұсқасы "Алтын шежіренің" алғашқы кіші нұсқасының авторы белгісіз. Шамамен XVII ғасырда жазылған. Бұл нұсқадағы Шыңғыс хан туралы шежіре - аңыздар мен Үгедей, Құбылайлардан бастап Тоқа Темірге, ең соңы Линдан ханға дейінгі 270 жыл ішінде өткен оқиғаларды баяндайтын тараулардың [ғылыми маңызы зор. ## Екінші нұсқасы "Алтын шежіренің" екінші нұсқасын 1630 жылы ордостық Лубсан Данзан өңдеп, толықтырған. ## Дереккөздер
Жөке ағашының саясында (түр. Ihlamurlar altında) — Avşar Film шығарған және 2005 және 2007 жылдар аралығында Kanal D арнасында көрсетілген түрік драмалық телехикаясы. Жалпы музыкасы Интизарға тиесілі 2 маусымнан тұратын сериал 80-ші бөлімнен аяқталды. ## Сюжеті Йылмаз мен Элиф бір төңіректе өскен және бір-бірін жақсы көретін екі ғашық. Үйленеді деп ойлағанымен, өмір оларды уақыт өте басқа бағытқа лақтырады. Текинер Холдингтің мұрагері Өмер Элифке ғашық болып, оған үйленеді. Бұл жағдайды ешқашан қабылдамайтын Йылмаз Текинер отбасының қызы Филизге жақындай бастайды. Уақыт өте келе Йылмаз мен Филиздің арасында үлкен махаббат басталады. ## Актерлер мен рөлдері ## Таратылым кезеңі ## Сыртқы сілтемелер * Offizielle Website zur Sendung Мұрағатталған 2 қыркүйектің 2014 жылы. * Ihlamurlar Altında Мұрағатталған 2 қыркүйектің 2014 жылы. bei Kanal D ## Дереккөздер
Үстемдік еркі (нем. Wille zur Macht, ағылш. Will to power) — Неміс ойшылы Фридрих Ницше тірі және сау кезінде жоспарлаған, бірақ жазылып бітпей қалған кітабы болып, оны басқалар одан қалған қолжазбаларынан құрастырған. Ф.Ницшенің жарияланған кітаптарына енбей қалған үзінді сөздері мен нақылдарын оның мұрағатына заңдық мұрагер болған қарындасы Элизабет (Elisabeth Förster-Nietzsche) Ф.Ницшенің досы Heinrich Köselitz ("Peter Gast")-пен бірлесіп реттеп, «Үстемдік еркі» (der Wille zur Macht) деген тақырыппен 1901 жылы, және 1906 жылдары екі рет басып шығарды. ## Қате аударма Аталған кітаптың аты және аталған идея (Ф.Ницшенің бүкіл философиясының тағаны) кейде орысша нұсқасындағы «Воля к власти» аудармасына орай қазақша «Билік еркі» деп қате аталып жүр. Билік сөзінің саяси мағынасы қою болғандықтан Ф.Ницшенің әуелгі түпнұсқа идеясына сай келмейді. XX ғасырдың әйгілі ойшылы Мартин Хайдеггер 1930 жылы Ф.Ницше кітаптарының идеяларынан сабақ бергенде "Физикалық күш пен Саяси күш бұл идеяға тіке қатысы жоқ" деп ашық айтқан. Неміс тіліндегі Macht сөзінің мағынасы «үстемдік», «күш», «құдірет» сөздеріне сай келеді және Ницшенің айтпақшы болғаны да осындай күштілікке, құдіреттілікке, үстемдікке, жеңімпаздыққа жетуге талпынған ерік туралы болып отыр. Аталған терминнің ағылшынша нұсқасы мен французша нұсқасында да осы мағына көрнекіленген: "The Will to power", немесе "Volonté de puissance". Демек оны қазақша «Үстемдік еркі» деп аудару Фридрих Ницшенің түпнұсқа идеясына жақынырақ келеді. ## Түнпнұсқаны бүлдіру Кейінгі зерттеулер бойынша Ницшенің қарындасы Элизабет Ф.Ницшенің досы Peter Gastпен бірлесіп, бұл кітапты өз қалаулары бойынша келсін-келмесін өзгерткені, әсіресе өздерінің саяси идеялары бойынша көптеген үстемелер мен толықтаулар қосып, мәтін мағынасын мүлде бұзатын түзетулер еңгізгені белгілі болды. Ф.Ницше тірі кезінде өз идеяларына өзгеріс енгізуге қарсы болғаны, әсіресе қарындасының антисемиттік идеяларына бола ренжісіп, сау кезінде көріспей кеткені белгілі. Бірақ Ф.Ницшенің есі ауысып, ештеңені сезбейтін кезге жеткеннен бастап ол ағасының кітабын Нацистік идеялармен өңдеп, Нацизм идеологиясына Ф.Ницшенің неміс қоғамындағы жоғары беделін пайдаланып көмек беруге тырысты. Олар тіпті автор айтпаған сөздерді де араластырып, басқа автордың сөздерін де еш сілтемесіз қосып, оларды да Ф.Ницшенікі дегендей қате түсінік қалыптастырған екен. ## Түпнұсқаға қайтару 1960 жылдары зерттеушілер Mazzino Montinari мен Giorgio Colli Ф.Ницше қолжазбасын түбегейлі қайта зерттеп, түпнұсқаға біршама жақындаған алғашқы нұсқасын жариялады, және нақыл сөздердің рет тәртібін түзетті. Бұл нұсқасы кейін әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Тек қазақша нұсқасы күні бүгінге дейін Ф.Ницшенің басқа кітаптары секілді әлі аударылған жоқ. Бұдан басқа Ф.Ницшенің мысалы ертерек кезде жазған «Грек трагедия дәуірінің ойшылдары» делінетін жинағы ол қайтыс болған соң басылып шыққан. Аталған кітапта Ф.Ницше Сократқа дейінгі Грек ойшылдарының даналығына талдау жасайды. ## Дереккөздер
Отыз алты айла (Sān shí liù Jì) — ("Қытайдың 36 қулығы" деп те аталады,) әуел баста соғыста, сосын саясатта, мәдениетте, экономикада, тұрмыста қолданылған қулық-сұмдықтар топтамасы, ол сонымен бірге адамдардың жеке қарым-қатынастарында, көп жағдайда алдамшы немесе қалыптан тыс әдістерге сүйене отырып бірқатар айла-шарғыларды қолдану туралы қытай тілінде жазылған арнаулы шығарма. Оны заманымыздың V ғасырында, Қытайдың Лю Сун патшалығы заманында Tan Daoji деген әйгілі соғыс генаралы ежелгі кітаптардағы қытай қулық-сұмдықтарын жинақтап, өзінің соғыс амалдарын қорыту арқылы жазып қалдырған. Негізінен қытайды түсіну үшін қытайдың әскери айла-шарғыларын түсіну керек. Олардың ең ежелгі ойшылы Лао-цзы айтқан екен: "Жұмсақ қаттыны, әлсіз күштіні жеңеді" деп. Яғни тамшы су тасты теседі, жұмсақ, биязы амалдар қатал келуге қарағанда өнімді болады, қатып алғандар тез сынады, жұмсақ, бейімделгіш нәрсе өміршең, ортаға сәйкестенгіш болады. Ал, әлсіз күштіні жеңетін себебі, әлсіздер өз әлсіздігі себепті ақыл ойлай бастайды, қулық қарастырады, шығар жол іздейді. Ал, күштілер өз күшіне сеніп қалады, күштілік көбінесе қулықтың алдында сәтсіз болады. Ертегілерде кездесетін "арыстанды құдыққа құлатқан құмырсқа" туралы әңгіме желісі көбінесе осы идеяны айтатын секілді. Сондай-ақ, Лао Цзы "Соғыспай жеңу" деген идеяны ұсынған. Бұл идея бойынша егер жауыңды соғысып жеңсең, күшпен бойұсындырсаң, олардың көңілінде қайткен күнде де өшпенділік болады, бүгін болмаса, ертең, ертең болмаса бүрсікүні күшейсе сенен өш алмай қоймайды. Соғыспен жеңу уақыттық қана бойұсынуды туғызады. Ал, соғыспай жеңу деген жауыңды жұмсақ амалдармен риза етіп, сеніміне бөленіп, мәдени тәуелді етіп, өз аяғымен саған келіп берілуге қол жеткізу. Мұндай жеңіс тұрақты болады. Сондықтан "соғыспай жеңуге" тырысу керек дейді. Сосын Лао Цзы және "Құпиялықта құдірет бар", "Құпиялық үрей туғызады" деп есептеп, құпиялыққа мән беруге, құпиялық арқылы өз жараңды сыртыңа білдірмей ("Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде"), сыртқа күшті көріну керек екенін ескертеді. Құпиялығы жоқ нәрсені кез келген нәрсе жеңіп алады, сондықтан Бірінші ереже Құпиялық болуға тиіс деп есептеген. Лао Цзыдың бұл идеяларының бәрі бүгіндері Қытай мәдениетінің қанына сіңіп кеткенін байқаймыз. Қытай айлакерлігінің үлкен бір тамыры осы Лао Цзыдың идеяларында жатыр. Қытайдың айлакерлікке қатысты кітаптары осы "Отыз алты айламен" шектелмейді. Осыдан 2500 жыл бұрынғы қытай ойшылы Сун Цзы "Сун Цзының соғыс өнері" кітабын жазған. Аталған кітап күні бүгінге дейін әр елдің қорғаныс саласындағы оқыту істерінде, үлкен әскери жобалар мен әркекеттерде тікелей пайдаланылады. Бұдан басқа Қытайдың әйгілі романдарының бірі "Үш патшалық хикаясы" деген кітабында да не бір айла-тәсілдер әдеби тәсілде айшықты жазылған. Онда қытай үш патшалық болып бөлінген кезде әскери айлакерліктің не бір тірі мысалдар көрсетілген. Қытайды азат етуші көсемі Мау Зыдоң Қытайдың ішкі соғысы мен жапонға қарсы соғысында осы Дао ағымының, сосын Сун Цзының әскери ілімдерін жетілдірген, "Отыз алты айла" кітабындағы көптеген соғыс айлаларын тіке қолданған. Әсіресе партизандық соғыс жасау, соғыстың қозғалысты күйін сақтау, жау күшті, өзі әлсіз болғанда ұзаққа созылатын соғыс жасау, практикалық білімді негіз ету, қарапайым халықтың күшіне сүйену, шаруаларға жер бөліп беріп қолдауын қолға келтіру секілді көптеген ережелермен, айла-тәсілдерді дамытты. Оны Батыс әлеміне алғаш рет таныстырған швейцариялық Һарро фон Зенгер болатын. Ол Тайбэй университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде «Түк шықпаса, онда қашып құтыл» деген қытай мақалымен танысады. Қазір бұл кітап әлемдегі әскери соғыс тактикасы мен стратегиясы үшін маңызы айырықша әлемдік кең тараған кітаптардың бірі есептеледі. Қытай елі 5000 жыл бойы көптеген халықтар жағынан бодан етілсе де, ақыры қытайлық мәдениет бәрін жеңіп, өзін билегендерді түгел қытайландырып шығуына бұл кітаптың зор әсері болғаны сөзсіз. ## Отыз алты түрлі айла "Соғыс атаулының бірі ғана соғыс, тоғызы қулық" деген сөз бар. "Соғыста ұят болмайды" деген де пікір бар. "Отыз алты айла" кезінде арнаулы түрде соғыс үшін ойластырылған қараңғы амал-тәсілдер есептеледі. Онда этикалылық, адамгершілік ескерілмеген. Көбінесе соғыстың мақсаты жеңу екен, ендеше жеңіске алып барған кез келген тәсіл дұрыс тәсіл дегенге негізделген. Әрине, бұл айла-шарғылар қазір тек соғыста ғана қолданылмайды, ол кез-келген салада, күнделікті тұрмыста, саясатта, экономикада, саудада, спортта, адамаралық байланыста жалпыбеттік қолданылады. Әр ұлттың өзіндік "36 қулығы" бар, тек ішіндегі ең жүйелі және өнімдісі қытайдікі болса керек. Әрине, қулықты білу қу болу үшін емес, ең маңыздысы қулыққа төтеп беру үшін, ең бір сәтсіз кезде қиындықтан шығу үшін, жамандықпен күресу үшін, сол қулықтардың өзіне төтеп беру үшін болмақ. Қазіргі әлемдегі текетірестер мен бәсекелестіктерде, тіпті қақтығыстарда осы қытай 36 қулығының ізі байқалады. Қытайдың отыз алты айласының негізгі мазмұны мен мағынасы төмендегідей (қазақшаға еркін аударма жасалды): ### Бірінші тарау: Жеңу айлалары Бірінші айла: Аспанды алдап теңізден өту айласы — көрініп тұрып көрінбеу, яғни көз үйренген нәрсеге адам күдіктенбейді. Демек көз үйренгендей үйреншікті жалған көрініс жасау. Қарамаққа ашық болу, бірақ сол ашықтың тасасында жеңіске апаратын жабық құпия жасыру. Екінші айла: Бірін құтқарып, бірін қоршау айласы — топтасқан жаудан бөлшектенген жау оңай. Демек жауыңды бөлшектеу, жауыңды қолдаушылардан айыру ең басты ереже болуы керек. сондай-ақ алдымен жаудың әлсіз тұстарын талқандап, сосын күшті бөліктеріне ауысу керек. Сондай-ақ соғыс жаудың территориясында болуына қол жеткізудің өзіндік маңызы бар. Үшінші айла: Біреудің пышағын қарызға алып адам өлтіру айласы — Басқалардың қолымен адам өлтіру. Өз күшіңді ысырап етпей, өзгелерді жауыңа қарсы салып, басқалардың күші арқылы жеңіске жету. Төртінші айла: Жауды жұмыс істетіп дем алу айласы — Қаталдық пен жұмсақтықты алма-кезек қолданып, жауды титықтатып құрту; Бұл айла бойынша қоршауға түскен жау қорғанамын деп қуатын сарқиды, сөйтіп күштіден әлсірейді. Сол орайда күшейіп, ырықсыз күйді жеңу керек, бірақ бірден шабуылға өтпей жаудың өз-өзінен күйреуін күту керек. Бұл жауды шаршатып, өз қуатын арттырып жеңіске жету айласы есептеледі. Бесінші айла: Топалаңда тоқаш ұрлау айласы — жауың бір бәлеге ұрынып, қатты қиыншылыққа ұшырағанда орайды қалт жібермей мақсатыңа жету. Жығылған кезде жұдырықтап үлгеру, ес жидырмай соққылау. Жауға ешқашанда жанашырлық танытпау. Алтыншы айла: Шығыстан қылаң беріп, батыстан соққы беру айласы — Шығыстан қылаң беріп, батыстан соққы беру. Бетіне күліп, құшақтап тұрып, арқадан пышақ ұру. Оңнан былай, солдан алай шығу, сөйтіп жауыңды қаймықтыру, есін шығару, алдап торға түсіру; ### Екінші тарау: Жаумен байланысу айлалары Жетінші айла: Жоқтан бар жасау айласы — жалғанды расқа айналдыру; ашық-әшкере көрініп, жалған көрініс жасап, жаудың күдігін арттырып, сасқалақтаған сәтте бас салу. Сегізінші айла: Көрнеуде жол жасап, көмескіде көпірден өту айласы — жаудың ішіне кіріп, алып, ішінен ыдырату, жалған өсек тарату, бірін біріне айдап салу; Тоғызыншы айла: Қарсы жағада өртті тамашалау айласы — Егер жаудың ішінде алауыздық өршіген кезде жауға соққы берсең, олар алауыздықты тастап, саған қарсы біріге бастайды. Сондықтан алауыздық туылғанда одан алыстау керек, сонда алауыздық асқынып жау быт-шыт болады. Оныншы айла: Күлкінің артына пышақ жасыру айласы — орай келмеген кезде барынша ақкөңіл, бейшара, аңқау, сабырлы болу, бірақ құпия түрде барлық әзірлікті толассыз жасау, жағдай пысып жетілгенде арыстандай айбаттанып шыға келу; Он бірінші айла: Бір ағаштың амандығы үшін екінші ағашты кесу айласы — зиянды, жеңілісті, сәтсіздікті, жамандықты пайдаға айналдыра білу, жамандықтың, зиянның, өз қателігіңнің бойынан жақсылық пен пайда қарастыру; Он екінші айла: Ебің келсе ешкі жетелеу айласы — Ілік іздеу, азырақ тесік болса соның кеңейуіне, азырақ жыртық болса соның дал-дұл болып жыртылуына қол жеткізу. Жаудың азырақ қателігінен толық пайдалану, ине өткен жерден жіп өткізу ### Үшінші тарау: Шабуыл айлалары Он үшінші айла: Сабанды сабалап жыланды шошыту айласы — жауды толық барлап, бақылап алмай іске кіріспеу, күдікті нәрселерді абайлау, қақпан басудан сақтану, әр қадамды сенімді аттау; Он төртінші айла: Өлікті тірілту айласы — Пайдалыны тізгіндей алмасаң пайдаланба (беліңе көтере алмайтын шоқпар байлама), Пайдасызды қолдануға шамаң келсе пайдалан, егер пайдасызды тізгіндей білсең, басқаларды да тізгіндей білесің. Пайдасыздан пайдалы жасаудың жолын білу керек. Он бесінші айла: Жолбарысты таудан түсіру айласы — Жауды үрейлендіру арқылы өздігінен алдыңа келуіне қол жеткізу. Қорыққанға қос көрінеді дегенді толық кәдеге жарату. Жолбарысты тауынан айырсаң оны соғып алу оңай. Он алтыншы айла: Ұстау үшін босату айласы — Жауды қашырсаң, онда оны титықтатып қу, бірақ қайта шабуға мәжбүрлеме (қайта шапқан жау жаман), жаудың қуатын сарқуға, шаршатуға тырыс, тірегін бұз, сүйенішін құлат, бірақ берілуге орай қалдыр, сөйтіп барар жер, басар тауы қалмағанда сені жақтайтын, бағынатын болады. Он жетінші айла: Кірпішке гаухар айырбастау айласы — ебін тапсаң, мысты алтын деп, кірпішті гауһар деп жауыңды алдауға болады. Он сегізінші айла: Басшысын құртып бассыз қалтыру айласы — Жауыңның негізгі күшін күйреткенде ғана, басшысын ұстағанда ғана, тірегін құлатқанда ғана, күшін тонағанда ғана, рухын жаншығанда ғана жеңдім деп есепте ### Төртінші тарау: Солақай айлалар Он тоғызыншы айла: Отты отыннан айыру айласы — Күшің жетпесе, жауды ерегестірмей жұмсақ айланы қолдан. Жұмсақ қаттыны, әлсіз күштіні жеңеді. Бірден қатты күшке салу жеңісті алысты қиындатып, табысты ауырлатып жібереді. Жаудың негізгі күшімен айқаспай, оның тірегімен, сүйенішімен айқасу, азық-түлік, қазына-мүлік, қару-жарақ, дос-жаран секілділерін қолға келтіруге, бүлдіруге кірісу Жиырманшы айла: Суды шалпылдатып балық ұстау айласы — жауды ұлғайтпауға, жөргегінде тұншықтыруға, әлсіз кезінде ойрандауға, әсіресе жау қалаймақан болғанда, ішкі қайшылығы асқынып аласапыран болғанда басып алуға тырысу керек. Ондай жағдайда олардың бірбүтін жүйелі қарсылығы болмайды, бірін бірі құртады. ("Жіңішкені үзуге, жұқаны бүктеу оңай, ал жіңішке жуандаса, жұқа қалыңдаса оны үзу мен бүктеу қиын!" Тоныкөк ескерткіші); жиырма бірінші айла:Қабығыңа алтын жалату айласы — Салтанатты, керемет көрініс жасап жауды сескендіруге, назарын басқаға аударуға, шошытуға, үрейлендіруге, өздігінен келісім жасауға мәжбүр етуге болады. Жауды жылтырақ нәрсемен алдап апанынан шығаруға, жылтыр нәрселермен есін шығарып, сатқындарын сатып алуға болады. Адамдар көргеніне сенеді. Көргені керемет болса жүрегі сескенеді, абыржиды, алаңдайды. Бұл қазақтың "Бөрі арығын білдірмей жүнін қампитады" деген мақалына жақын келеді. Жиырма екінші айла: Есікті бекітіп ұрыны қамау айласы — Егер жауды қуғанда оған қашып құтылу орайын қалдырсаң, онда ол сол орайға жету үшін жанын салып күресетін болады. Егер оған еш қашып құтылу жолын қалдырмасаң, онда ол ұсталады. Сондықтан жауға жау қосылмасын десең жауды қоршап, қаумалап, шашау шығармай бағындыруға тырысу керек, Егер сөйте алсаң онда оны қоя бере сал. Жиырма үшінші айла: Алыспен сыйласып, жақынмен шайқасу айласы — Жағдайың нашар кезде алыспен, қиынмен айқаспай, жақынмен, оңаймен айқас, оңайды, нашарды жеңсең, күшің топталады. Екі жаудың арасында біреуіне көмек етуге уәде берсең де, уәдеңді орындауға асығып кетпе. Жиырма төртінші айла: Басып алу үшін көмектесу айласы — Ұсақ мемлекеттерде қиыншылық болғанда оларға көмекті аямай беріп, көмектесу сылтауымен оны өзіне қосып жеп алу. Қытай елі өзінің көп жерін осылай кеңейткен. ### Бесінші тарау: Жауға жақындау айлалары Жиырма бесінші айла: Үйінің діңгегін шіріген ағашқа ауыстыру айласы — Жаудың ұйымдасу әдісін, жоспар жүйесін, құпия ережелерін бұзып, өз ережесіне өзін қайшы ету, олардың сүйенген тірегін құпия ауыстыру, бұл олардың өнімді күресуіне кедергі келтіреді. Жиырма алтыншы айла: Қарағайға қарап теректі қарғау айласы — Қарамаққа А болып көрініп, шынтуайтыңда В болып өмір сүр. Шындығыңды сыртына шығара берме. Құпия нәрселер үрей туғызады. Құпиялықтың өзі үлкен күш, кейде қаттырақ сөйлеп зәресін алып, қолдауын қолға келтір. Лайықты қаталдық пен қорқыту бойұсынуға мәжбүр етеді. Жиырма жетінші айла: Байсалды түрде жынды көріну айласы — Өтірік ауырғандар ұсталып қалады, өтірік дірілдеп-қалшылдағандар алдап алады. Жиырма сегізінші айла: Үй төбесіне шығушының сатысын құлату айласы ең маңыздысы жаудың шабуылшысын құрту, артқы азық-түлік, құрал-жарақ секілді негіздік нәрселерін айыру. Негізгі тірегін құртсаң қалғаны сенің ырқыңда. Жиырма тоғызыншы айла: Ағаш басына гүл жайқалту айласы — Өзіңді жауыңа керемет етіп көрсету керексің. Отызыншы айла: Қонақты қожайын ету айласы — Жауыңды төрге шығарып, ақымақ ету, немесе керісі, жаудың төріне шығып жауды ақымақ ету. ### Алтыншы тарау: Жеңілгенсу айлалары 'Отыз бірінші айла: Сұлу әйелмен аздыру айласы — Сұлу әйелмен алдау, аздыру, әлсірету. Әсіресе жауыңның қолбасысын, сардарын сұлу әйел арқылы аздырып, екі ойлы етіп, құпиясын ұрлап, бөлшектеп құрту. Бұл айланы қытай тарихтар бойы Ғұндарға, Түріктерге, моңғолдарға қолданған. Отыз екінші айла: иен қаладан қорқыту айласы — қулық істеп жатқандай, қарамаққа өте жайбыр көрінгенсіп, қарамаққа қарсы жақты қулықпен құртып жатқандай көрініп, әсіресе күдікшілдерге керемет тор құрып қойғандай әдейі секем алдырып, ал шынтуайтында қарсы жақтың үрейі мен күдігін өршітіп, сол арқылы оларды екі ойлы етіп, титықтату. Отыз үшінші айла: Жансызды сатып алу айласы — Жансыздықты пайдалану, құрған тұзағыңа жауыңның түсуіне көмектесетін жансыздарды көп пайдалану, тіпті жауыңның жансыздарын мол ақшаға сатып алып, түрлі жолдармен өзің үшін жансыз болуға мәжбүрлеп, жаудың жоспарын тығырыққа тіреу. Отыз төртінші айла: Бейшара көріну айласы — өзіңді қинап, жазалап, бейшара көрініп, сол арқылы сенімділігіне кіріп аласың да, ары қарай ішінен іреп соя бастайсың. Алдымен зиян шексең де жақсылық жасауға тырысасың. Тасың өрге домалап алған соң, енді шын сырыңды паш етіп, пайда беретін жамандық жасауға кірісесің! Отыз бесінші айла: Мыңсан айланы өзара тоғыстыру айласы — бір түрлі қулықты емес, әралуан қулықтарды қатар, алмастырып, еркін қолдану. Қулығы пияздай қабат-қабат болғанда ғана жеңіске жетесің. Тек бір түрлі қулыққа шектелу ешқайда апармайды. "Қулығына құрық бойламас" деген сөз сол қулықтардың таусылмайтын, түрлі-түсті екенін, түрлі қулықтар тең қолданылғанын көрсетсе керек. Отыз алтыншы айла:Түк шықпаса қашып құтыл айласы — Бәрібір жеңе алмайтының белгілі болғанда шегіну, бой тасалау, бүкіл қосынды сақтап қалу үшін жол беру керек. Дегенмен кейде қашудың өзін қулыққа айналдыруға болады, мысалы өтірік шегініп, жауды қуалатып, жау қуалап шаршағанда, негізгі қосыннан алшақтағанда, жеңісіне масайрағанда, кеудесін ұрып кекірейгенде, сауыт-сайманын шешкенде, қайсарлығын әлсіреткенде, сергектігін жоғалтқанда қайта тап беріп тарпа бассалу .... ## «Айла-шарғы» ұғымы туралы Кейбір халықтар үшін, мысалы еуропа халықтары үшін, сондай-ақ Қазақ ұлты үшін «айла-шарғы» ұғымы жағымсыз мағынаға ие. Сондықтан Батыс тілдерінде «стратагема» деген сөз қолданылады. Ол сөзді «стратегия» сөзімен шатастырмау керек. Неміс тіліндегі «Дуден» түсіндірме сөздігінде List (айла-шарғы) сөзінің мағынасы былай түсіндіріледі: * мақсатына біреуді алдау арқылы қалыптан тыс қол жеткізудің жолы * мақсатына қалыптан тыс әдістер арқылы қол жеткізудің жолы «Айла-шарғы» ұғымы әдетте «алдау», «біреуге зиян келтіру» ұғымдарымен байланыстырып қолданылады. Осында «айла-шарғы» екінші мағынада, яғни өз мақсатыңа шын ниетіңді бүркемелеп, басқалар күптеген қадамдар жасау арқылы қол жеткізу деген мағынада қолданылған. ## Шығыс және Батыс елдерінде алатын орны Зенгердің айтуынша, Батыста айла-шарғы қолдануды арсыздық деп («Басқа амалы қалмаған қолынан түк келмейтіндердің қолданатын құралы» — Клаузевиц) және христиандыққа сай келмейтін іс деп бағаланады. Бұндай көзқарас Батыста мынадай нәтижелерге әкеп соқты: * айла-шарғы қалай болса солай, жоспарсыз қолданылады, * айла-шарғыға шебер Қиыр Шығыс елдерінің сондай қадамдары байқалмай және оған қарсы шара қолданылмай қалады, * айла-шарғыға шебер адам онысын этика талаптарына сай жоспарлап іске асыра алатын болса, батыстың айла-шарғылары әдетте жоспарсыз және мейір-рақым көрсетпей қолданылады, * Қиыр Шығыс елдерімен қарым-қатынас жасағанда, айла-шарғылар туралы жетімсіз білім түсініспеушіліктерге әкеп соғады, себебі батыстықтардың олардан хабары жоқ, ал шығыстықтар әр нәрсеге айла-шарғы тұрғысынан қарайды. Зенгердің айтуынша, Батыстың саясатшылары әсіресе адам құқықтары туралы әңгіме қозғағанда, бұл Қиыр Шығыста қазір қарқындап дамып жатқан, ертең Батысқа экономика және әскери күші жағынан бәсекелес болатын Қытайды әлсірету үшін ғана айтылатын айла-шарғы деп қабылдайды. Зенгер айла-шарғылар туралы білім мектеп жасынан бастап үйретілуі керектігі туралы бір Қытай газетінің мақаласын келтіреді. Оның ойынша, мақалада оны үйрету керектігі немесе керек еместігі туралы емес, оны қай жастан бастап үйретуге тиіс екендігі туралы болады. («Die Kunst der List», 2001). Оның айтуынша, айла-шарғыларды қолданудың екі түрі бар: * Белсенді – айла-шарғыларды өз мақсатыңда қолдану * Бақылаулы – басқалардың сөздері мен істерін талдап, айла-шарғыларын әшкерелеп отыру. Алайда бұл көзқарас толық емес. Мысалы, сақталып отырған Рим және Византия оқулықтарында айла-шарғының бірнеше түрі сипатталады, олардың кейбіреулері төменде келтірілген. Никколо Маккиавелли секілді саяси ойшылдар айла-шарғыны саясат пен соғыста қолдануға толығымен болады деп пікір білдіреді. Ал Клаузевиц болса, айла-шарғыны басқа амал қалмағанда қолдану керек, бірақ оның пайдасы онша жоғары емес, себебі оны басқа жақ түсініп қоюы мүмкін, оның үстіне керек күш пен материалдарды ысырап етеді дейді. Мидуэй шайқасы кезінде жапондықтармен дәл солай болды да. Отыз алты айла-шарғының ішіндегі көбі Батыста да қолданылып келген. ## Айла-шарғылар және этика Зенгер айла-шарғыларды этика тұрғысынан қарастыруға көп көңіл бөледі. Оның ойынша, христиан діні оған тыйым салмайды (ол Матай 10:16-ны тілге тиек етеді: «Мен сендердi қасқырлар арасына жiберiлген қойлар сияқты жiберiп отырмын. Сондықтан жыландай көреген, көгершiндей ақ көңiл болыңдар!»). Ол айла-шарғыларды қолданудың төрт түрін көрсетеді: * Айла-шарғыны зиян келтіру үшін қолдану * Айла-шарғыны бір мақсатқа қол жеткізу үшін қолдану * Айла-шарғыны жай әзіл үшін қолдану * Этикалық жағынан бейтарап қолдану. Айла-шарғыны шебер қолдану маңызды, ал басқалардың адамның өзіне қарсы бағытталған айла-шарғыларын ашу үшін оны өте шебер қолдана білу керек. ## Дереккөздер * The Thirty-six Strategies Of Ancient China by Stefan H. Verstappen * The 36 Secret Strategies of the Martial Arts: The Classic Chinese Guide for Success in War, Business and Life by Hiroshi Moriya, William Scott Wilson * The Book of Stratagems by Harro von Senger. ISBN 0140169547 * The 36 Stratagems for Business: Achieve Your Objectives Through Hidden and Unconventional Strategies and Tactics by Harro von Senger. ISBN 9781904879466 * Greatness in Simplicity: The 36 Stratagems and Chinese Enterprises, Strategic Thinking by Cungen GE. ISBN 7802076420
Александр Дмитриевич Цюрупа (1870 жыл 19 қыркүйек, Херсон  — 1928 жыл 8 мамыр , Қырым, Украина) – кеңес мемлекет және партия қайраткері, 1898 жылдан Коммунистік партия мүшесі. ## Өмірі 1887 жылы Херсон ауыл шаруашылық училищесіне түсті. 1891 жылы оқушылардың марксистік үйірмесін құруға қатысты. 1893 және 1895 жылы тұтқынға алынды. 1900 жылы Уфада В. И. Ленинмен танысты. «Искраның» агенті. 1901 жылы Харьков (РСДЖП комитетінің мүшесі), Тула, Тамбов губерниясында революциялық жұмыс жүргізді. ## Еңбек жолы 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін РСДЖП Уфа біріккен комитеті төралқасының, жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің, әскери-революцияның мүшесі, Қазан социалистік революциясынан кейін РСДЖ(б)П Уфа комитетінің мүшесі. 1917 жылы қарашада Лениннің ұсынуымен РКФСР Халкомсовы мен Еңбек және Қорғаныс советі төрағасының орынбасары, Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомы (1922 – 23) қызметін қоса атқарды. 1923 – 25 жылы КСРО Мемлекет Жоспарлау комиссиясының төрағасы. 1925 жылдан КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комитеті, 1923 жылдан партияның ОК мүшесі. Партияның 10, 12 – 15-съездерінің делегаты. ## Дереккөздер
Шаржау облысы – Түрікменстан құрамындағы әкімшілік бөлік. 1970 жылы 14 желтоқсанда құрылған. Жері 93,8 мың квадрат км. Халқы 565 мың (1977). 11 ауданға бөлінеді. 2 қаласы, 22 қала типтес поселкесі бар. Орталығы – Чаржау қаласы. ## Табиғаты Чарджоу облысы Амудария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан. Облыстың көпшілігін бөлігін Қарақұм шөлі, Гиссар жотасының сілемдері алып жатыр. Пайдалы қазындылары – табиғи газ, полиметалл рудалары, күкірт, калий тұздары. Қаңтардың орташа температурасы – 4 градустан – 2 градусқа дейін, шілдеде 28 – 32 градус. жылдық жауын-шашынның мөлшері 200 мм, тау етегінде 100 мм. Ірі өзені Амудария. Жері сұр, өзен аңғарлары шөгінді топырақты келеді. Негізінен қуаңшылыққа бейімделген өсімдік жамылғысы қалыптасқан, Амудария бойында тоғай өседі. ## Халқы Тұрғындарының басым көпшілігі (68,8%, 1970) – түрікмендер. Олардан басқа орыстар, өзбектер тұрады. Орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 5,4 адамнан. Қала халқы 45%. Ірі қалалары – тоғай өседі. ## Шаруашылығы. Чарджоу облысында тау-кен, химия, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсіп салалары дамыған. Табиғи газ, күкірт (Гаурдак), қорғасын өндіріледі. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындарынан автомобиль, кеме жөндеу (Чарджоу), жөндеу-механикалық (Керки) заводтары, химиялық саласынан ірі суперфосфат заводы (Чарджоу), ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге негізделген мақта тазалау, қаракөл елтірісін өңдеу заводтары, ет комбинаты, сүт, шарап заводтары (Чарджоу) бар. Жібек комбинаты, трикотаж, мақта, аяқ киім фабрикалары (Чарджоу) шоғырланған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары мақта егу, қаракөл қойын өсіру, жібек және бақша (қауын) шаруашылықтары. Облыста 79 колхоз және 7 совхоз бар (1973). Суармалы егіншіліктің үлесі басым. Егісі (мың га, 1972) 139,2 бұның ішінде технологиялық дақылдары 87,4, дәнді дақылдары 13,6, көкөніс-бақшасы 6,9. Басым егілетін технологиялық дақылы – мақта (86,2 мың га). Дәнді дақылдардан бидай, күріш, арпа егіледі. 1973 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 154,4 (бұның ішінде сиыр 62,0), қой мен ешкі 925,3, шошқа 28,1, жылқы 4,3. Темір жолының ұзындығы 487 км (1973). Негізгі темір жол магистралы Үргеніш – Чарджоу. Автомобиль жолы 2406км, бұның ішіндегі асфальтталғаны 1039,4 км. Чарджоу – Красноводск мұнай құбыры салынуда (1974). Амудария өзенінде кеме жүзеді. Педогогикалық институт, 6 арнаулы орта оқу орны бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Туркменистан, М., 1969 (серия «Советский Союз»).
Ақтамақ қарлығаш - торғайлар отряды қарлығаштар тұқымдасының өкілі. Ұсақ құс (салмағы 20 г), денесінің жоғарғы жағы – қара, төменгі жағы мен құйрық үсті – ақ түсті. Құйрығы қысқа, айыр. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығысында кездеседі, шөл және шөлейтті бөлігінде кездеспейді. Адам құрылыстарында ұялайды, бірақ оңтүстік және оңтүстік-шығыста тауда үлкен топ құрып тіршілік етеді. Ұясы тік беткейлерге тостаған сияқты бекітіледі, оны ылғал топырақтан салады. Тік жарлар мен кейбір құздарда қуыстар мен індерде ұялайды. 2-6, көбіне 4-5 ақ жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп 14-15 күнде басып шығарады. Ұсақ, ұшатын жәндіктермен қоректенеді. Ұялайтын жеріне сәуірдің басында ұшып келеді, қыркүйектің соңында ұшып кетеді. ## Дереккөздер
Тарғылбас құнақ- торғайтәрізділер отряды, құнақтар тұқымдасының өкілі. Дене мөлшері орташа (салмағы 18-30 г) құнақ. Аталығы ашық боялған: басы мен денесінің алдыңғы жағы жалтыраған қара, белі мен құрсағы ақ, кеудесі мен иығы қызғылт сары түсті. Тайга құсы, Қазақстанда тек Алтайдың таулы ормандарында ұялайды. Ұясы Оңтүстік Алтайдағы биік діңді ормандағы төмпешікті саздан табылған. Ұясы жерден биік, ағаш басына салады. 5-7 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады. Қазақстанда ұядағы тіршілігі толық зерттелмеген. Басқа құнақтар сияқты ересектері дәнмен, балапандары жәндіктермен қоректенеді. Тарғылбас құнақтар топ болып Қазақстанның оңтүстігінде қыстайды. ## Дереккөздер
Бейсенбай Тойсарин (1868, Семей облысы, Шұбартау өңірі - 1937) - қазақ биі, Сталиндік репрессия құрбаны. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. 1893 жылы мал дәрігерлік училищені үздік бітіріп, соңынан Том университетінде оқыған. Қиыр солтүстікте даха, нанай халықтарымен жұмыс істеген. Елге оралған соң, мал дәрігері болып қана қоймай, ағартушылық қызметпен де шұғылданған. Жиырма жылдан астам уақыт болыс болған. Бақанас өзенінің бойында Құйған деген жерде мектеп, дүкен ашқан. Бейсенбайдың ақ мектебінде жазушылар Мұхтар Мағауин, Төлек Тілеухан, ғалымдар Кәрім Ақанбаев, Блок Шайкеновтер, т.б. оқыған. «Алаш орда» көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов қуғынға ұшырап жүріп, Шұбартау өңіріне келіп Тойсарин Бейсенбайдың үйін паналаған. 1937 жылы Алматы облысында қамауға алынып, үштіктің үкімімен жазықсыз сотталған. Қай жерде өлгені, жерленгені белгісіз. ## Дереккөздер
Ғаббас Шөкімұлы (1919-1986) – қазақтың ақиық ақыны және жазушысы. Көптеген шығармалардың авторы. ## Өмірбаяны Жарма ауданының №24 ауылында дүниеге келді. 1936 жылдан Ұлан-Уде қаласында әкесі Шөкіммен берге (Серікмұхамед) «Паровоз-Вагон» зауытында газорезчик болып болып еңбек етеді. 1941-1945 жылдары сол зауыттың қару-жарақ жасайтын цехында жұмыс істейді. 1946 жылы елге қайтып оралып, Аягөз бен Жарма темір жол бекеттерінің арасында әртүрлі қызметтер атқарады. 1958 жылы Аягөз қаласына көшіп келіп, темір жол жұмысшыларын жабдықтау жүйесінде сатушы болып істейді. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Жұмыс барысында үздік еңбегі үшін сый-құрметпен, «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталып, «Коммунистік еңбектің екпіндісі» атағын алады. Шөкімұлы Ғаббас ауданаралық ақындар айтысына үзбей қатысқан, суырып салма ақын. Атақты Қ.Алтынбаев, М.Зүкенов, Т.Төлеуов сияқты ақындармен сөз қағыстырған. Азаматтық, саяси-әлеуметтік өлеңдер ақын шығырмашылығынан кең орын алған. ## Шығармалары Отан соғысындағы жеңіске арналған арналған «Өшпес ерлік», «Қанды шайқас» поэмаларында ел басынан өткен ауыр кезеңді, теңдессіз ерліктерді суреткерлікпен жеткізеді. Ақын тарихи тақырыптарға ден қойып, «Ботақара батыр», «Ақсақ құлан», «Тентек қыз», «Ақсақ киік» секілді поэмалар мен толғаулар жазған. Көзінің тірісінде бірнеше жыр жинақтары жарық көрді. 2002 жылы «Дала самалы» жинағы кітап болып, басылып шықты. 2007 жылы ұрпақ есінде сақтау мақсатында жерлестері Аягөз қаласында бір көшеге Ғ.Шөкімұлы есімін беруге ұйғарды. ## Дереккөздер
Бейсенбай Тойсарин (1868, Семей облысы, Шұбартау өңірі - 1937) - қазақ биі, Сталиндік репрессия құрбаны. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. 1893 жылы мал дәрігерлік училищені үздік бітіріп, соңынан Том университетінде оқыған. Қиыр солтүстікте даха, нанай халықтарымен жұмыс істеген. Елге оралған соң, мал дәрігері болып қана қоймай, ағартушылық қызметпен де шұғылданған. Жиырма жылдан астам уақыт болыс болған. Бақанас өзенінің бойында Құйған деген жерде мектеп, дүкен ашқан. Бейсенбайдың ақ мектебінде жазушылар Мұхтар Мағауин, Төлек Тілеухан, ғалымдар Кәрім Ақанбаев, Блок Шайкеновтер, т.б. оқыған. «Алаш орда» көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов қуғынға ұшырап жүріп, Шұбартау өңіріне келіп Тойсарин Бейсенбайдың үйін паналаған. 1937 жылы Алматы облысында қамауға алынып, үштіктің үкімімен жазықсыз сотталған. Қай жерде өлгені, жерленгені белгісіз. ## Дереккөздер
Ғаббас Шөкімұлы (1919-1986) – қазақтың ақиық ақыны және жазушысы. Көптеген шығармалардың авторы. ## Өмірбаяны Жарма ауданының №24 ауылында дүниеге келді. 1936 жылдан Ұлан-Уде қаласында әкесі Шөкіммен берге (Серікмұхамед) «Паровоз-Вагон» зауытында газорезчик болып болып еңбек етеді. 1941-1945 жылдары сол зауыттың қару-жарақ жасайтын цехында жұмыс істейді. 1946 жылы елге қайтып оралып, Аягөз бен Жарма темір жол бекеттерінің арасында әртүрлі қызметтер атқарады. 1958 жылы Аягөз қаласына көшіп келіп, темір жол жұмысшыларын жабдықтау жүйесінде сатушы болып істейді. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Жұмыс барысында үздік еңбегі үшін сый-құрметпен, «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталып, «Коммунистік еңбектің екпіндісі» атағын алады. Шөкімұлы Ғаббас ауданаралық ақындар айтысына үзбей қатысқан, суырып салма ақын. Атақты Қ.Алтынбаев, М.Зүкенов, Т.Төлеуов сияқты ақындармен сөз қағыстырған. Азаматтық, саяси-әлеуметтік өлеңдер ақын шығырмашылығынан кең орын алған. ## Шығармалары Отан соғысындағы жеңіске арналған арналған «Өшпес ерлік», «Қанды шайқас» поэмаларында ел басынан өткен ауыр кезеңді, теңдессіз ерліктерді суреткерлікпен жеткізеді. Ақын тарихи тақырыптарға ден қойып, «Ботақара батыр», «Ақсақ құлан», «Тентек қыз», «Ақсақ киік» секілді поэмалар мен толғаулар жазған. Көзінің тірісінде бірнеше жыр жинақтары жарық көрді. 2002 жылы «Дала самалы» жинағы кітап болып, басылып шықты. 2007 жылы ұрпақ есінде сақтау мақсатында жерлестері Аягөз қаласында бір көшеге Ғ.Шөкімұлы есімін беруге ұйғарды. ## Дереккөздер
Мәңгілік қайталаным (ағылш. Eternal return, "шексіз айналу, "мәңгі қайта пайда болу", "мәңгілік қайтым" деп те аталады,) — неміс ойшылы Фридрих Ницше дамытқан философиялық көзғарас, ол ғалам үздіксіз түрде, мәңгі бақи бірдей түрде шексіз қайталанумен болады деп есептейді, бұл ұғым бойынша ғарыштың қайталану саны мен жиілігіне ешкім білмейді, оның қалай қайталанатынын жорамалдау мүмкін емес деп қарайды. ## Тарихы Мәңгілік қайталаным ең алғаш ежелгі Мысырда айтылған, сондай-ақ ол Үнді философиясының маңызды тақырыбы болды, үнді діні мен бұдда дінінде арнаулы Мәңгілік қайталаным идеясы бар. Ежелгі гректерде Пифагор және Стоиктер осы түрдегі дүниетанымды дамытқан. Кейбір орталықамерикалық мәдениеттерде (мысалы Майя мәдениеті, сосын Әзтек мәдениетінде) де Мәңгілік қайталанымдық дүниетаным және діни сенім нұсқасы бар екені белгілі болды. Батыста классикалық дәстүрлі мәдениеттің құлдырауы мен христиандық түсініктің, христиандық теологияның орнығуымен Құдай дүниені алты күнде жаратты, ең ақырында соңғы сот өткізген соң дүние шексіз жұмақтық әлемге айналады деп түсіндіреді. ХІХ ғ. орта шенінде Еуропа физиктері егер уақыт шексіз болса, онда ұқсас пішіндегі материя шексіз қайталанады (жоқтан бар пайда болмайды) деп есептеді. Артур Шопенгауэр осы идеяны физикалық дүниетаным ретінде дамытқан болатын. Ф.Ницше Мәңгілік қайталанымға философиялық толғаныс жасап, батыс философиясын осы ұғымнан дамытудың сынағын жасады. Стоиктер бойынша: Әлемдегі барлық заттар кезінде ұқсас пішінде шексіз рет пайда болған, болашақта да солай болады, әрбір қайталаным ақыры отқа (conflagration)қайтып, сосын тағы жаңа қайталанымды бастайды деп есептеді. ## Ф.Ницшенің бұл идеяны түсіндіруі Ф.Ницше өзінің дәл осы идеяға бекінуіне 1881 жылдың тамыз айында тау басындағы орманды сейілдеп жүріп келгенін айтады. Ол бұл идеяға ежелгі грек ойшылы Гераклиттің өзгерістер туралы ілімі негізінде орныққанын жасырмайды. Ол мұны "Нигилизмнің ең ұшқары формасы", («Үстемдік еркі» кітабы) сондай-ақ нигилизмнен құтылу амалы деп түсіндіреді. Ол «Заратуштра осылай деген» кітабында былай айтады: Ф.Ницше бойынша Мәңгілік қайталаным идеясы қарамаққа ең ғылымисызы құсағанымен, оның "барлық философиялық жорамалдар арасындағы ең ғылымиы" («Үстемдік еркі» кітабы). Себебі, Ғаламның энергиясы жоғалмайды және уақыт шексіз, шекті күш шексіз уақыт жебесінде қозғалады, демек ол сөзсіз үздіксіз қайта туылуға тиіс. Бірақ бұл түрдегі онтологияны ғылыми тұрғыда дәлелдеу мүмкні емес, демек бұл идея тек физикалық, метафизикалық мағынада қойылмағаны анық. ### Басқалардың пікірі Әйгілі Ницшетанушы ғалым Кауфманның бұл туралы пікірі: "Мәңгілік қайталаным Ф.Ницше үшін ұғымдық мағынасына қарағанда кешірмелік сезінулік мағынасы басымырақ түсінік.... Ол өзінің осындай сезімді тұңғыш кешіргені туралы көп айтқан, өйткені бұл ол үшін тіршілікті (ақыр-соңы бәрібір жоғалудан) құтқарудың тамаша сәті болатын." Мартин Хайдеггердің айтуынша Ф.Ницше Шаттық ілімінің 341 нақыл сөзінде "Мәңгілік қайталаным" идеясын нақты дәйекті, дәлелденген пікір ретінде емес, жорамалдық пікір ретінде ортаға қойған деп есептейді. ## философиялық мағынасы Зерттеулерге сүйенсек, Ф.Ницше «Заратуштра осылай деген» кітабында үш түрлі Мәңгілік қайталанымды алға тартқан, ажыратқан. 1) Ғаламдық, немесе метафизикалық (физиканың ар жағындағы, физика шеше алмайтын) Мәңгілік қайталаным идеясы. Бұл Заратуштраның хайуандарының көкейіндегі Мәңгілік қайталаным. 2) Пессимистік және нигилистік мәңгілік қайталаным. Бұл әлемдегі баршаны шексіз дөңгелеген тұйық шеңбер бойындағы өлі қайталаным көру, не істесең де ештеңе шықпайды, қатал тағдыр бәрібір ештеңені артық, не кем етпейді деу, бұл «Заратуштра осылай деген» кітабында айтылатын Дүмшелер санасындағы мәңгілік қайталаным. Бұл екі түрлі Мәңгілік қайталаным идеясы мейлі өткен, мейлі қазір, немесе болашақ болсын, барлық нәрсе ұқсас пішінде, ұқсас негізде, түптүгел қатал түрде мағынасыз қайталана береді дегенге негізделген. Ал, Заратуштраның өзі (Ф.Ницшенің өзі) ол екі түрлі қайталаныспен келіспейді. Заратуштра өз хайуандарының "ұқсас заттардың қайталануы, туралы "былжырақтары мен күңкілін" пышақ кескендей тиып, оларды тікеден тіке түрде "жақсы ниетті ақымақ", "жыртық гармон" деп айыптайды. Ол сондай-ақ Дүмшеге қарап "Дүмше, екеуіміз қатар тұра алмаймыз" дейді. Егер хайуандар айтқан барлық нәрсе сол бір түп-түгел қалпымен қайталанатын Мәңгілік қайталаным болғанда, бәрі тек шеңберді бойлап айналады, барлық мүмкіндік текке кетеді, ештеңе өзгермейді, бәрі бос әурешілік болады. Пессимизм мен нигилизмге салынған Дүмшенің Мәңгілік қайталанымы да сол секілді. Әрине, Мәңгілік қайталаным тек Ницшеден басталмайды, ол туралы оған дейін де сансыз ой-тұжырымдар айтылған. Ежелгі Грек ойшылы Пифагор, Гераклит, стоиктер, ежелгі үнділер бұл мәселе туралы көп зерттеген және кейінгісі оны тіпті діни сенім деңгейге көтерген. Бірақ неге Ницше Заратуштраны тұңғыш "Мәңгілік қайтаналым" оқытушысы дейді? Өйткені, "Мәңгілік қайталаным идеясының ең түйінді негізі барлық іске және әрбір сәтке қарата айтылатын сол бір қарсы сұрақта жатыр: "сен осындай адамның қайталанып мыңдаған рет қайта туылуын қалайсың ба?" Немесе, "өзіңнің істемекші болған барлық ісіңе қарсы сұрақ қой: Менің өзімнің шексіз рет осылай жұмыс істеуімді күтемін бе?". Әрине, егер біз өзімізге осылай сауал қойсақ, осындай Мәңгілік қайталаным талабы бойынша өзімізді таңдасақ және іс-әрекетімізді өлшемдестірсек, онда біз тіршілікті қаралайтын, терістейтін істер мен күштерден ажыратамыз, тазалаймыз. Өйткені кез келген өмірге қарсы іс біздің қайта туылуымызды, шексіз қайта келуімізді күтпейді, үміттенбейді, тіпті қаламайды да. Шексіз қайта туылу мұнда өмірді растайтын, қолдайтын, ақтайтын белсенді күш. Ал, егер өмірді терістеу мәңгі қайталанды десек, онда ол өмірді өзінің кері жағына айналдырып, басқа бір өмірдің қайталаныуына алып барады. Азап пен қайғы өзін терістеудің бірі, адамның оған мәмілесі одан тезірек құтылу, алыстау, жеңу болады. Сондықтан оның ұраны әркез "тағы келші, қайталаншы" емес, "жоғалшы!" болуға тиіс. Егер біз әр рет белсенді түрде, қайсар түрде шаттыққа ұмтылып, жоғалған шаттығымыздың тағы да қайталануын тілесек, және осылай өмір сүрсек, міне бұл Мәңгілік қайталанымның адам үшін рухани талап екенін аңғарғанымыз. Демек шаттық қана қайта-қайта келсін, шексіз болсын деуге тұратын нәрсе. Сондай-ақ, шаттықта басқа талап жоқ, "шаттық тек өзін аңсайды, мәңгі болуды аңсайды, қайталануды аңсайды, бәрінде мәңгі бірдей болуды аңсайды", ал азап өзін аңсамайды, өзінің қайталануы мен мәңгілігін қаламайды, ол өзін терістеу мен асып түсуді, өзінен озуды күтеді. Әрине, егер жоғарырақ шаттық үшін, жоғарырақ махаббат үшін (бұл түрдегі Дионистік шаттық пен махаббат азап арқылы өз шаттығы мен махаббатын күшейтуге тырысады) азаптанса, онда бұл түрдегі азап пен қайғы өмірді терістейтін нәрсе емес, ол шаттықты растайтын, қолдайтын, жақтайтын күш боғаны. Демек, Заратуштраның (Ф.Ницшенің) Мәңгілік қайталанымы жоғарыда айтылған екі түрлі Мәңгілік қайталанымнан өзгеше, ол ең алдымен таңдау идеясы: Сен өзіңнің кезектегі өміріңнің қайта келуін, шексіз қайталануын қалайсың ба? —— Бұл сұраққа екі түрлі жауап беріледі: қолдау және терістеу. Міне бұл Мәңгілік қайталанымның адамды бағалағыштық, сынағыштық қасиеті, алдыңғы жауап белсенді, өз әрекетіне риза түрде белсенді берілу және қайталануын аңсау, ал кейінгісі кері кеткен, оның өз әрекетіне қарата өзінен келетін белсенді қолдаушы күш кем, демек ол ырықсыз күйде. Дегенмен, Мәңгілік қайталаным мағыналы шаттық иесінің мәңгі қайталануы болса, онда түкке тұрмайтын тобырлардың Мәңгілік қайталануы қалай болады? Әрине, олар ырықсыз, терістегіш, керітартпа күш болғандықтан өз өзіне қайшылығы себепті олар бір реттік қана, ешқашан қайталанбайды, соңғы рет қана болады. Бұл түрдегі сұрыптаудан белсенді, жігерлі, қолдағыш, растағыш күштер іріктеліп, барлық бейшара, кертартпа, кері кеткен, ырықсыз күштер ығыстырылады, аласталады. Осынау тазарту бейнелеп айтқанда Асқанадамды (супермен) туғызады. Бұл Ницшенің эволюция идеясымен де байланысты екенін көрсетеді —— Асқанадам Мәңгілік қайталанымның іріктеуі мен сұрыптауының нәтижесі. Ницшенің саясаттану идеясы бойынша қоғам дәрежелі болуға тиіс. Егер ұсақ тобырлар Мәңгілік қайталанымда тозып жоғалатын болса, біртіндеп әлеуметтік дәреже де жойылады. Мәңгілік қайталанымда тіршілікті шірітетін, кері кетіретін, әлсірететін терістеуші күштер мен керітартпа күштерге шығар жол жоқ. Тек тіршілікті жақтайтын күштер, жетілдіретін күштер, шабыттандыратын, жігерлендіретін күштер ғана Мәңгі қайталануға тиіс. Демек, Асқан адамның туылуына алып баратын Мәңгілік қайталанымда талғампаздық және сұрыптау жүреді: кәртею мен шіру ығыстырылады, әлсіздік шектеледі, тіршілікке қарсылық сыналады. Тек мықтылар ғана Мәңгілік қайталанады, әлсіздерге шығар жол жоқ, тек балалар ғана қайталанады, кәрілерде қайталану мүмкіндігі болмайды, тек дені сау кемел адамдар ғана қайталанады, ауырулар мен жабылар жойылып отырады, тек тіршілік күшін растаушы, жақтаушылар ғана қайталаанады, тіршілікті терістеуші күштер қайталанбайды. "Асық үйіру" мағынасында: "Мәңгілік қайталаным кездейсоқтықты да растайды, асық үйірудің рет саны мен асық үйірудің өзін растайды, қолдайды, содан сөзсіздік келіп шығады." Асық үйірудің нәтижесінің қайталану мүмкіндігі шексіздіктегі кездейсоқ бір рет, ол шекті күйдегі Мәңгілік қайталанымға алып барады". Шексіз көп кездейсоқтық болмаса, шекті сөзсіздік болмайды, көптік болмаса бірлік болмайды. Дегенмен, Ницше айтқан: "Сенің тұрмысыңдағы азабың, шаттығың, идеяң, тіпті айтып жеткізуге болмайтын барлық нәрселер, үлкенді-кішілі істер түгелдей сенің бойыңда қайталанады, ұқсас тәртіппен қайта көрінеді." Демек, қайталанбайтындарға қарағанда қайталанатындары көбірек болмақ. Дегенмен, егер бұл түрдегі растау мен терістеу мәмілесі егер Мәңгілік қайталану сенімінен туатын болса, ал қайталанудың өзі объективті түрдегі рас нәрсе емес болса, онда ол бейне И.Канттың Ақыл туралы үш жорамалы секілді тек субъективті нәрсеге айналады. Ондайда, растау мен терістеу мәмілесі өмірдің шолақтығына бола және барша жаратылғанның күйреуіне орай үмітсіздікке беріледі. Сондықтан Ф.Ницше мұнда Мәңгілік қайталанудың объективтігін баса дәріптеді. Ф.Ницшенің пікірі бойынша, егер біздің күштілігімізді қиялдау және жоспарлау мөлшеріміз шексіз болса, онда біз үшін Мәңгілік қайталанымның маңызы қалмайды. Өйткені, шексіз көп күш үшін көбею де, азаю да мәнін жояды. Сондықтан дүниеде күштің шамасы шексіз емес, сондай-ақ ол да барша кеңістікке бірдей тең шамада жайылған емес. Демек кеңістік пен күш ғарышта шексіз емес. Сондықтан Уақыт шексіз және кеңістік пен күш шекті болғандықтан, Мәңгілік қайталанымның сұрыптауға құрылған қайталануы іске асады. Ницше былай дейді: "Егер дүние-ғаламды мәлім көлемдегі, мәлім шамадағы күштердің орталығы деп мөлшерлесек, онда дүние өзінің өмір сүру ойынында белгілі шамадағы асық үйіру санының бірігуін бастан кешіреді. Шексіз уақытта әрбір мүмкін бірлік әрқашан шыға беруі мүмкін. ... Сондай-ақ әрбір бірігу мен келесі қайталанудың бірігуі арасында барлық бірліктер түгел шығуы мүмкін және бұл бірлікте әрбір белгілеу барлық нәтиженің себебі болуы да мүмкін. Міне бұл қайткен күнде мүлде тең шамадағы тәртіптің қайталанысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан дүние дегеніміз қайталаныс, ол басталудан ақырласуға дейін жылжыған ауысулар арқылы өзін туғызып, шексіз түрде өзін қайталайтын ойын." Ницше Шаттық ілімінде былай дейді: Өткен тарих айтып кеткендей, бұл түрдегі Қайталаныс ап-айқын емес, тарих та біркелгі, бір өлшемді, ұп-ұқсас қайталанбайды. Сондай-ақ бұл түрдегі Қайталаныс бізден алыс та емес, өйткені ол сенің өміріңнің ішінде қайталанып жатыр, сенің өміріңді құраған нәрселерді қайталап жатыр. Демек, Ницшенің көздеген мәселесі адам өмірінің мәнділігі мәселесіне барып тіреледі, содан "Ұқсастық қайталанады" идеясын ұсынады және сол арқылы "өмірде мән-мағына бар ма, әлде жоқпа" мәселесіне жауап қарастырады. Бейшар адамдар, дүрмекке ерген тобырлар, ақырласқан адамдар, кәртейгендер, азғындағандар, іріп-шірігендер, өмірді қаралағандар түгелдей қайталанбайды, сондықтан олар басқа бір нәрсеге табыну арқылы тағдырдан бойтасалағысы, ұлы нәрселердің етегіне оралып уақыт тезінен өткісі келеді. Нағыз қайталанатыны ғажайып сәттер, ұлы жүрек, қайсар ерік, жасампаздық, жеңімпаздық, даңық құштарлығы, билеу, бойсұндыру, ең болу, міне солар Мәңгілік қайталанады және Асқан адамды туғызады. Демек, Мәңгілік қайталаным нигилизм мен пессимизмге қарсы айтылған ең қуатты қарсылықтың бірі есептеледі. ## Дереккөздер
Гаухар қол - кеңес дәуірінде түсірілген Леонид Гайдайдың комедия жанрндағы фильмі. Авторға фильм туралы идея «Правда» газетінде жарық көрген А.Сахнинның контрабандашылар туралы мақалалар жинағынан кейін келген екен. Ескертпелердің бірінде құнды заттарды гипспен жеткізу амалы айтылады. Сценарий бойынша, фильм сюжеті былай болу керек: Семен Семенұлы Павлик (кейіннен Тимошкин болады, фильмнің шығуына қарай Горбунков деп ауыстырылады) есімді қарапайым кеңестік адам шетелдік турнеге аттанып, контрабандалық қулық-сұмдыққа тап болады. Фильм сценарийіне өте көп сын айтылған, бірнеше кейіпкерді ауыстыру туралы ұсыныстар да көп болған екен. ## Қызықты мәліметтер * Горбунковтың рөлі Никулин үшін жазылған. * «Союзциркте» Никулинге еңбек демалысы беріледі, мұндай жеңілдік бұрын-соңды ешкімге берілмеген. * «Шетелдегі» бөлімдер Әзірбайжанда түсірілген, ал Горбунковтың қаласы ретінде Сочи алынған. * «Қояндар туралы ән» алғашқы киносынамаларда параходта орындалған еді. Тек фильм шығар уақытта ғана оны «Сәтсіздік аралы» әніне ауыстырып жібереді. * Мироновтың қармақты аламын деп иілген баланың артынан тебетін кезінде баланың рөлін сомдаған Никулиннің туған ұлы. Осы көріністі түсіру өте қиынға соққан. Бала Мироновтың аяғы тимес бұрын суға құлап кете береді. Амалы қалмаған Гайдай Мироновтың ештеңе жасамастан жай ғана өте шығатынына уәде береді. Тыныштанған бала қармақты ұстай бергенде режиссер Мироновқа белгі береді. Дубль сәтті шыққанымен, бала режиссерге қатты ренжиді. Сәтті шыққаны соншалықты, Мироновтың «Құтқарыңдар! Көмектесіңдер! Мамаааа!»деп айқайлаған дауысына шынайы құтқарушылар жетіп келген екен. * «Қорқыныштар толқыны» әнін Светлана Светличная емес, Аида Ведищева орындап шығады. Светлана осы үшін Гайдайға қатты ренжиді. Фильмде оның дауысы да естілмейді, оның рөлін Зоя Толбузина дыбыстады. Светлананың өз дауысымен айтқан бір ғана сөзі бар: «Мен кінәлі емеспін!» * Гайдайдың барлық фильміне ән жазған – композитор Александр Зацепин: "«Жолы болмағандар аралы» көркемдік кеңеске ұнамағандықтан, қоқысқа тастап жібергілері келеді. Алайда, Мироновтың орындауындағы ән Гайдайға ұнайды да, міндетті түрде қосуын талап етеді". * Дәріхана жанында құлайтын көріністе оңайға соқпады. Миронов алғашқы дубльден-ақ сәтті жасап шықса, Никулин «әдемі» құлай алмайды. Алғашқыда банан қабығы қойылса, кейіннен қарбыз қабығына ауыстырылады. Екеуі де көмектесе алмаған соң, Никулинді Леонид Каневский алмастырады. Бұл сюжет Бакуде түсірілген. * Режиссер Гайдайға үй басқарушысының рөліне үміткер болғандардың ішінде Нонна Мордюкова мүлде ұнамаған. Актриса Андрей Мироновпен де тіл табыса алмаған. Миронов та жылы қабақ танытпайды. Түсірілім уақытында Миронов екеуі керісіп қала берген деседі. * Су астындағы көріністер дублерлердің және макеттің көмегімен түсіріледі. Себебі, ол кезде су астында түсіретін аппараттар болмаған. * Горбунковтың ұлының Мироновқа балмұздақ лақтыратын эпиозодында сүзбе пайдаланылған. Және оны лақтырған режиссер ассистенті екен. Тәрбиелі кеңес баласына бейтаныс актерға сүзбе лақтыру қиынға соққан. * Ең күлкілі эпизодтардың бірінде, яғни, ірі денелі жігіттің: «Әкей, шегуге темекі бар ма?» деп сұрайтын сәті Мәскеудегі Ленин даңғылындағы жерасты өткелінде түсірілген. Жігіттің рөлін сол кездегі «Смена» газетінің тілшісі Л. Плешаков ойнаған. Ол бұл рөлге сол кезде атағы шыққан Никулинмен сұхбат үшін ғана келіседі. Осы қысқа эпизодтың өзі 4 сағат бойы түсірілген. ## Тағы қараңыз * Леонид Гайдай
Төстік қақтау — аң терісін сыпырған соң, ақ ішек–қарнын ақтармалап тастап, төстігін, төс етегімен сылып алып, шыбықпен кереді де, тұздап, істікке шаншып, шоққа қақтайды. Майы еріп, отқа тамшылаған кезде лапылдап жалындайды. Төстік күйік шеке болып, еті қалың тұсы шала піспес үшін шоққа су сеуіп отыру қажет. Төстік – түз тағамы, оны сыртта, тым болмағанда, ауада даярлап жеген дұрыс. Төстікті көбіне терісімен сылып алып, жүнін үйтіп, тазалап алып қақтайды. ## Дереккөздер
Тоқсанбай Құлтумиев (1933, Атырау облысы, Қосшағыл а. - 1964) - белгілі домбырашы, әуесқой сазгер. Құрманғазының шығармаларын шебер орындаушы, насихаттаушы. Оның бірнеше күйлері, «Анашым», «Жазыңмен өмірімді жылытшы», «Өзіңсің ғой өмірімнің бұлбұлы» әндері жұртшылык көңілінен шыққан шығармалар. «Аманат» (1965) атты шығармалар жинағы жарық көрді. Тоқсанбай Құлтумиевтің атында Жылыойда саз мектебі бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақ деген – домбыра Тоқсанбай Құлтумиев атындағы аудандық күйшілер сайысы * Саңлақтың бірі де, бірегейі де – Тоқсанбай Биыл дарынды күйші Тоқсанбай Құлтумиевтің туғанына 80 жыл)
Әзидолла Есқалиев - домбырашы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. Ол 1.1.1934 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылында туды. Әзидолланың әкесі Есқали мен ағасы Әліпті халық «Өнердің шежіресі» деп атаған. Есқали әке бүкіл Батыс Қазақстан аймағына аты өрлеп шыққан Құрманғазының шәкірті, ізбасары Дина Кенжеқызы Нұрпейісованы әдейі шақыртып, бір апта үйіне қонақ қылып, оның орындауында талай сар қаймақ, өршінді күйлер – Құрманғазының «Төремұратын», «Қызыл қайыңын», Дәулеткерейдің «Топан», Наушанның «Байжұмасын», өзінің «Әсем қоңырын», «Бұл-бұл» күйлерін тыңдайды. Ара-арасында Әзидолланы сынап, ақыл кеңестерін берді. Әзидолланың алғашқы өнерге үйреткен ұстазы Дина болатын. Ол 1953 жылдың шілде айында Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетіне құжаттарын тапсырды. Емтиханды профессор, академик Ахмет Жұбановтың өзі қабылдады Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1960 жылы Қазақконцерттің солист-домбырашысы болып жұмыс істейді. Оның дарынды домбырашылығы Құрманғазы атындағы оркестрде айқара ашылды. Үздік өнері, орындаушылық дархан шеберлігі қалың қауымның көңілінен шықты. Әзидолла Есқалиев деген есім қазақтың байтақ даласына танымал домбырашыға айналды. Бұл жылдарда ол өзінің қарқынды, сәнді өнерімен тек қана байтақ Қазақстан жұртшылығын сусындатып, тамсандырып қана қоймай, Германия, Франция, Чехословакия, АҚШ, Алжир, Қытай, Моңғолия тағы да басқа көптеген шет мемлекеттердің сахна төрінде қазақтың күй өнерінің құдыретін жая түсті. Қазақ дейтін өнерлі ұлт, Қазақстан атты ел бар екендігін әлемге паш етті. Ә. Есқалиев орындаушылық шеберлігі жоғары, танымал концерттік орындаушы. Ә. Есқалиевтің орындауындағы музыкалық шығармалар радио мен теледидардан тұрақты беріліп тұрады. 17 күйтабағы шығарылған, олар Қазақстанның алтын қорына енген. Ә Есқалиев талантты педагог, қазақтың ұлттық музыкалық дәстүрін жетік біледі. Оның ғылыми педагогикалық қызметі домбыралық орындау шеберлігі мәселелерін, домбырада күй орындаудың жүйеленген қағидаларын қамтиды. Ә. Есқалиев көптеген өнер ұжымдары мен солистер орындайтын күйлердің авторы.Әзекең 1962 жылдан бері Құрманғазы атындағы консерваторияда ұстаз, 1998 жылдан бастап профессор. Ол көптеген шәкірттер тәрбиеледі, өнер жолына жолдама берді. Қ.Ахмедияр, А.Жайымов, А.Үлкенбаева, Қ.Қожабаев, У.Ғұбайдуллин сынды шәкірттері әлемге белгілі өнер тарландары. Әзидолла Есқалиевтың музыка өнеріндегі өнегелі, жемісті еңбегі 1990 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, ал 1993 жылы ҚР халық әртісі атағымен аталып, «Озық еңбегі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен марапатталды, Атырау және Исатай аудандарының құрметті азаматы атанды «Аман бол, шешем, аман бол»- Құрманғазының күйі, орындаған. Ә. Есқалиев. ## Дереккөздер
Жілік салып шақыру - Асқа, тойға, түрлі ойын, тойға шақырудың әдет-салтымызда түрлі-түрлі жолдары бар. Соның бірі қазіргі заманда тым сирек кездесетін Жілік салып шақыру салты. Мысалы, сүндетке отырғызылатын бала өзінің бәсіре тайына мініп, піскен жамбас, ортан жілік, асықты жілік сияқты кәделі мүшелерді қоржынына салып, жөн білетін жолбасшы ағаларының басшылығымен өзі арнайы шақыратын құрметті азаматтар мен ел ағаларының ауылдарына аттанады. Беттеген ауылына жеткеннен кейін шақыратын кісілерінің үйіне тоқтап, қоржыннан тиісті жілікті алып ұсынып, тойға шақыра келгенін айтады. Мұны шақырылған адам ризалықпен қарсы алып, үйіне түсіреді. Жілік салып шақыру құрметтеу мен сыйластықтың өте жоғары, қадірлі әрі биік түрі. Мұндай шақыру алған туыстар мен құжа-жекжат, нағашылар әлгі баланың сүндет тойына ат, атан жетектеп, саба-саба қымызын артып, салтанатпен барады. Алайда мұндай құрметтеп шақыру бұл күндері ұмытылып бара жатқаны рас. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақтың салт-дәстүрлері
Фирс Ефимович Шишигин (1908 жыл 30 тамыз, Борок-Городок, Архангельск облысы — 1985 жыл 29 мамыр, Ярославль, Ресей) — орыс кеңес режиссері, КСРО халық әртісі (1964). ## Еңбек жолы 1929 – 33 жылы Ленинградтың сахна өнері техникумда оқыды. Шығармашылылық қызметін оқып жүрген кезінен бастады. 1933 – 45 жылы Қиыр Шығыс театрларының (Уссурийск, Спасск, Владивосток) көркемдік жағын басқарды. Бұдан кейін Ставрополь драма театрында бас режиссер (1945 – 47), Мәскеудің драма және комедия театрында режиссер (1947 – 50), Волгоград драма театры (1950 – 56) мен Воронеж драма театрында (1956 – 60) бас режиссер болып қызмет етті. 1960 жылдан Ярославльдің Ф. И. Волков атындағы драма театрының директоры әрі бас режиссері. Қойған қойылымдарыі:А. А. Фадеевтің «Тас-талқаны» (1933), Ю. П. Чепуриннің «Ары» (1950), А. Н. Степанов пен И. Ф. Поповтың «Порт-Артуры» (1952), В. А. Соловьевтің «Ұлы патшасы» (1953), Л. Н. Сейфуллина мен В. П. Правдухиннің «Виринеясы» (1957), Кораблинованың «Алексей Кольцовы» (1958) тағы басқа. Кең тынысты қаһармандық-романтикалық тақырыптағы қойылымдағы ден қою оның шығармашылығына тән қасиет. Ол қойған қойылымдарында көбіне көпшілік қатысатын көріністерге ерекше көңіл берді. ## Марапаттары КСРО Мемлекет сыйлығы (1951), РКФСР Мемлекет сыйлығының (1971) және үшінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты. Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
## Дереккөздер
Геннадий Николаевич Доронин (18.06.1945 жыл, Орал қаласы) - жазушы, журналист. ## Еңбек жолы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Приуралье», «Прикаспийская коммуна» (Атырау қаласы) облыстық газеттерінде қызмет істеген. Республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі болды.Әр жылдарда Өскемен қаласындағы облыстық телевидение студиясында тілші, Оралдағы телевидениеде аға редактор болып қызмет еткен. Қазіргі кезде «Казахстанская правда» газетінде Бас редактордың орынбасары. ## Шығармалары «Старый друг уезжает» (1985), «Пятый десяток» (1987), «Между пунктами назначения» (1989), «Жизнь и смерть Буратино» (2006) сияқты прозалық кітаптардың авторы.Көркем шығармалары «Простор» журналында жарияланды. ## Дереккөздер
Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков - 1953 ж. Семей облысы, Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында туған. Жоғары білімді. Ұзақ жылдар партия, Совет органдарында қызмет етті. 1992 жылдан кәсіпкерлікке бет бұрып, нарықтық экономиканың қыр-сырын терең меңгерген. 1994-2001 жылдары Семей облыстық мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитеттің төрағасы, Семей қаласы әкімінің орынбасары. Семей өңірінде орта және шағын бизнестердің дамуына үлес қосқан. 2001 жылдан «Казполиграф» ЖШС директоры, 2005 жылдан осы комбинаттың директорлар кеңесі төрағасы. Президент жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі. Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы экономикалық Кеңестің төрағасының орынбасары, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» одағын ұйымдастырушылардың белсенді мүшесі, осы Одақтың басқарма мүшесі, 2007 жылдан бері Семей қаласының әкімі, «Құрмет» орденінің иегері.. ## Дереккөздер
Ақбастау-Құсмұрын кен өндірісі — ШҚО-ның Баршатас ауылынан батысқа қарай 110 шақырым жерде орналасқан алтын-мыс-полиметалл кен орындарының шоғыры. Кен орын 1938 жылы мыс минералдары (малахит, азурит, хризоколла, т.б) барит желілерінің жер бетіне шығып жатқан сынықтары мен ұнтақтары арқылы ашылды. Бұл екеуін 1938 жылы геолог А. Ж. Машанов ашты. Ол мыстың тотыққан минералдары бар барит желісі мен темір жосаның кесектеріне, ертедегі кеншілерден қалған рудаға химиялық анализ жасау және минералогиялық зерттеулер арқылы мұнда мысқа қоса алтын мен күміс барын сол кезде анықтаған болатын. Жаралау жағдайы жөнінен орал мен Кенді Алтайдың, Ертіс бойының колчедан рудаларына ұқсас бұл кендер Ақбастау антиклинорийінің оңтүстік-батыс қанаты мен Солтүстік Балқаш синклинорийінің ұштасқан дерінде, ордавиктің вулкан текті шөгінді жыныстарында орналасқан. Ақбастау кенін сыйыстырушы жыныстар тектоникалық қозғалыстарға байланысты меридиандық бағыттағы тақтатастану процесстері әсерлеріне шалынған. Түзілуі бойынша Орал мен Алтайдың колчеданды кентастарына ұқсас бұл кендер Ақбастау антиклориінің оңтүстік батыс қанаты мен солтүстік Балқаш синклориінің ұштасқан жерінде, ордовиктің жанар текті шөгінді жыныстарында мол қалыптасқан. Ақбастау кенін сиыстырушы жыныстар тектоникалық қозғалыстарға байланысты меридиандық бағытта тақтатастану процесстері әсеріне шалынған. Құсмұрында сульфидті және колчеданды кентастардан құралған екі кен қабаты бар. Кентастардың кейбір бөлігі сульфидтен бүтіндей құралады.Кейде олар тарамдалған және сеппелі күйде кездеседі.Негізгі кездесетін минералдарға пирит, сфалирит, галенит, борнит, ковеллин т.б жатады. Олардан мыс, мырыш, қорғасын, алтын, күміс, күкірт, барий алуға болады. Құсмұрында бұларға қоса сирек элементтен селен, теллур, кобальт, таллий бар. Ал Ақбастауда молибден, кадмий, сүрме, мышьяк, галлий кездеседі. Құсмұрынның тотыққан кентастары түгел барланған. Оның кені карьер қазу әдісімен өндіріледі. ## Дереккөздер
Ақаев Кәрім Ақайұлы (1928 ж. Семей облысы, Аягөз ауданы, Бақанас ауылы- 1995, Алматы) - Қазақстан заңгері. Бес жасынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. 13 жасынан бастап Талдықорған облысы, Сарқанд ауданындағы «Энергия» колхоздық ұжымында еңбекке араласып, колхозшы болған. 1944-1948 ж.ж. осы облыстың кеңес органдарында әртүрлі қызмет атқарады. 1952 жылы Алматы Заң институтын аяқтап, 1988 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы, Министрлер Кеңесінің аппараттарында жауапты қызметтер атқарған. 1960-1989 ж.ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Заң бөлімінің меңгерушісі болған кезде қабылданған Заң және нормативтік актілердің көпшілігі даярланып, қабылданды. Оның ішінде 1978 ж. Қазақ КСР-і Конституциясын дайындауға белсене қоғам қайраткері. Кәрім Ақаевтың ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, оған «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген заңгер» деген құрметті атақ берілді. Екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1995 жылы дүниеден өткен.. ## Дереккөздер
Жәкен Берғалиев (1925 жыл, Ақжайық ауданы Сарман ауылы) - жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Еңбек жолы * 1940 жылы "Есенсай" кеңшарында ұста болып жұмыс жасайды; * 1941 жылы "Социализм" ұжымшарында мұғалім, кейін бригадир болады; * 1942-44 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-50 жылдары ұжымшарда ферма меңгерушісі болады; * 1946-47 жылдары Берғалиев басқарған ферма жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін оған сол кездегі ең мәртебелі Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. ## Дереккөздер * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с.
Досақан Жәнібекұлы - батыр, Адай руының Тәуке атасының старшыны. ## Өмірбаяны Ағайындардың қарсылығына қарамастан 1836 жылы көктем айында Исатай қозғалысына қосылған. Досақанның інісі, Адай руы Тәзіке атасының старшыны Кебен Жәнібекұлы да көтеріліске қатысып, Тастөбе соғысында қаза тапқан. Ал, Досақан Жәнібекұлы тұтқынға түсіп, Орал әскери сотының шешімімен «1-дәрежелі қылмыскер» деп танылады. 1000 дүре соғылып, жер аударылады. Айдаудан аман-есен елге оралып, Ойыл бойындағы кете руының атақты ақсақалы Орайдың қызына үйленеді. Одан тараған ұрпақ қазір Ақтөбе облысының Темір, т.б. аудандарында тұрады. ## Дереккөздер
Аягөз вагон жөндеу депосы - 1932 ж. Түрксіб теміржолына қарасты Аягөз стансасында 2-ші Вагон учаскесі іске қосылды. КСРО Жол қатынасы Министірлігінің 11.03.1955 ж. НР 811-Н жарлығымен вагон учаскесі мен вагон паркі біріктіріліп ВЧ-2, Вагон депосы құрылды. КСРО жол қатынасы Министрлігінің НР 16 Ц бұйрығы және 08.06.1964 ж. НОД -7-нің НР 198-бұйрығы бойынша КСРО Министрлер Кеңесінің 11.04.1977 ж. НР 282 қаулысы негізінде Қазақ теміржолы ірілендіріп, Алматы теміржолы құрылып, нәтижесінде, Аягөз стансасындағы 11-ші Вагон депосы 8-ші Вагон депосы болып өзгертілді де Ленин орденді Алматы теміржол бөлімінің құрамына енгізілді. ҚР Үкіметінің 31.01.1997 ж. НР 129 қаулысы және ҚТЖ РМК Бас директорының 02.07.1997 ж. НР 232/Ц бұйрығының негізінде Вагон депосы 24-ші Вагон депосы болып өзгертіліп, Семей теміржол бөлімшесінің құрамына енгізілді. ҚТЖ РМК Бас директорының 15.04.1999ж. НР 159/Ц бұйрығының негізінде 24-ші вагон депосы 23-ші Вагон депосының қарамағына берілді. ҚТЖ РМК Бас директорының 05.02.2000 ж. НР 505/Ц бұйрығының негізінде ЕМК Ремвагонның филиалы №26-шы Аягөз вагон жөндеу депосы құрылды. РМК ҚТЖ Бас директорының 14.07.2001 ж. «РМК ҚТЖ-ның құрылымдық бөлімдерін тарату туралы» НР 381/Ц бұйрығы негінде депо таратылып, депо еңбеккерлерінің 11.06.2001 ж. күнгі жалпы жиналысының қаулысы негінде «Аягөз-Түрксиб» Өндірістік Кооперативі құрылды. 03.12.2003 ж. «Аягөз Түрксиб» ЖШС құрылды. Депо жүк вагондары деполық және күрделі жөндеуге мамандандырылған. Өндірістік қуаты жылына 3250 вагон. Аумағы -3,012 га, оның ішінде өндірістік ғимараттар аумағы-7635 шарпшы метр. Барлық цехтар заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 230 адам еңбек етеді.. ## Дереккөздер
Жобалай бидің кесенесі – Жобалай Бәйсейітұлына тұрғызылған, Көктал ауылының батысынан 10 шақырымда. Кесенеге тапсырыс берген және салған шебер белгісіз. Кесене 1989 ж. зерттелген. Дөңгелек түрінде өзекті үлгімен тұрғызылған, кесененің негізі біртіндеп күмбезбен жалғасқан. Аласа етіп, батыс жаққа бағытталған кірер есік тас тақтамен көмкерілген. Бір метрге жуық биіктетіп, бұрыш пен өзек ретінде жасалған тесіктер бар. Қабір қазылған жердің орны байқалмайды. Күмбезге шикі кірпіш пен лай ерітіндісі пайдаланылған. Күмбездің көлемдік мөлшері: биіктігі 3,3, негізінің қимасы 5,0, қабырғаларының қалыңдығы 0,5 метр, жалпы көлемі 46 текше метр. . ## Дереккөздер
Балтабек Байсұлтанұлы, Балтабек қажы (1860 ж. Жетісу облысы Лепсі уезінің Сергиополь округі, Тауқұм-Балқаш болысының №6 ауылы - 1921, Лепсі) - қазақ биі, қоғам қайраткері, қажы. Найман таймасының Қаракерейден тараған Семізнайман тобының Қожан деген атасының ұлы. Әкесінен 13 жасында жетім қалған. 14 жасқа дейін ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашқан. Өте қарулы, қайратты, жастайынан зерделі, зерек болып өскен. Бозбала жасынан Қожан ауылының билігіне араласып, ел көзіне ерте түседі. Кейін келе әділ би деген атағы Семіз Найман руынан асып, Арқа, Жетісу өңірлеріне кеңінен жайылады. Балтабек қажы Найман еліндегі айтулы үш шежірешінің бірі. Оның шежіресінің түпнұсқасы Сәбит Мұқановтың жеке архивінен табылуы мүмкін. Ғабиден Құлахметовтың айтуы бойынша Сәбит Мұқанов 1957 ж. шежірені алғаны туралы Балтабек қажының ұлы Қодығұлға қолхат берген көрінеді. Балтабек қажы ұлт азаттығы жолында айтулы күрескер болды. Ол 1916 жылы Жетісу облысының Лепсі уезінің халқының патша әміріне мойынсұнбаған ереуілінің басында тұрды. Балтабек қажы толқудың тек өзі мекендеген өңір ғана емес, бүкіл қазақ даласына таралуына белгілі үлес қосты. Оған дәлел оның Балқаш көлі маңындағы қамыс арасында Торғайдан келген Әбдіғапар мен Кейкі батырдың жаушыларымен кездесуі. 1916 жылдың күзінде Балтабек қажы бір топ серігімен Лепсі түрмесіне қамалады. Патша тақтан құлаған соң, 1917 ж. 6 наурызда саяси тұтқындарды босату туралы арнайы Жарлық шығып, Балтабек қажы 10 наурызда босатылады. 1917 жылдың жазына қарай Уақытша Үкіметтің жүргізіп отырған саясатына қарсы халық Балтабек қажының маңына қайта топтаса бастайды. Кейін бұл әрекет жаңадан орнаған қызылдарға қарсылыққа да ұласты. «Торы ала атты Алаш полкі» деген атаумен тарихта қалған қарулы қазақ қосынын ұйымдастыру ісіне ат салысты. Атақты сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы да Жүзағаш бекетінде аталған полк құрамына сарбаздар қабылдау комиссиясына мүше болған. Балтабек қажы күрескерлік жолының қай кезеңінде болмасын, өз әрекетін ұлттық мүддеге бағындырған. Оған жат көріністің қандайына болса ымырасыз күресті. Оның бұлтақсыз көзқарасы аққа да, қызылға да жақпады. Алаштың ақтаңгер азаматы Балтабек қажы 1921 ж. жазда Лепсі қаласында сотсыз, тергеусіз атылады. Кеңестік ресми билік органдары Балтабек қажы туралы ауыз ашпаса да, жалпақ жұрт ардагер ұлын есінен шығармады. Әріп Тәңірбергенов, Адық Оралбаев, Тобағұл Мұсабаев сияқты ақындар Балтабек қажының тұлғасын сомдап құйды. ## Дереккөздер
Хамидолла Қыдыров (1927 жыл, Чапаев ауылы - 1989 жыл, Орал қаласы) - ақын, журналист. ## Еңбек жолы Орал педагогикалық училищесін бітіріп, көп жыл мұғалім болған. 1954 жылы журналистік қызметке ауысып, «Екпінді құрылыс» (Орал өңірі) газетінде жұмыс істеген. «Лениншіл жас» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, Маңғыстау облысының «Коммунистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі. Оның ақын Х.Әбіловпен айтысы «Айтыс» кітабының 3-ші томына (А., 1966) енген. Ақынның «Алаулы атырап» (1978), «Е.Орақбаев» (очерк, 1974), «Таңдамалы өлеңдер жинағы» атты кітаптары басылып шықты. ## Дереккөздер
Әсірәлі Әбітиұлы (1905 жыл, Қаратөбе ауылы, Қоскөл ауылы - 1980 жыл, Қаратөбе ауылы, Қоскөл ауылы) - ақын. ## Ақындық болмысы Суырып салма ақындығымен ел құрметіне бөленген. Ол халықтың мұң-мұқтажын дөп басып айтып, басшылардың кемшілігін өткір сынап отырған. Оның жазбаша шығармалары да көп болған, оларды араб әліпбиімен жазған. Бірнеше рет ақындар айтысына да қатысқан. Өлеңдері кітап болып шыққан жоқ, тек сықақ өлеңдері осы кезге дейін ел аузында сақталып, жиын-тойларда айтылып келеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Елу жылда ел жаңа
Имамедин Әмірғалиев (1898 жыл, Бөкей Ордасы ауданы, Ноғайбай ауылы - ө.ж.б.) - жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (1949 жыл 22 қазан). ## Еңбек жолы Қазан революциясына дейін байдың малын баққан. Кеңес үкіметі кезінде С.М.Буденный атындағы ұжымшарда, кейін М.Мәметова атындағы ұжымшарда бақташы, жылқышы болды. Қарамағындағы табынын шығынсыз бағып, төл алуда жоғары жетістіктерге жеткені үшін сол кездегі ең мәртебелі Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жеке тектік құжаттарға шолу Мұрағатталған 3 ақпанның 2015 жылы.
Көгілдір мешіт немесе Сұлтанахмет мешіті – Стамбулдағы ірі және көрікті мешіттердің бірі. Мешітте 6 мұнара бар. Төртеуі бірқалыпты, ал алдыңғы екеуі биігірек. Ислам және әлем архитектурасындағы ұлы туындылардың бірі болып саналады. Ол Мәрмәр теңізінің жағалауындағы, көне тарихымен танымал Сұлтанахмет ауданында, Аль-Софья мешітіне қарсы орналасқан. Мешіт қала нысандарының біріне кіреді. Мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Ол № 356 нысан болып тіркелген. 1953-1976 жылдары айналымда болған Түркияның 500 лирінің банкнотында бейнеленген. Жоба авторы – Седефкар Мехмет Ага. Көк мешіт - Сұлтан Ахметтің бұйрығымен салынған Ыстамбұл қаласындағы тарихи ескерткіш. Ол Мәрмәр теңізінің жағасында, Сұлтан Ахмет ауданындағы Айя-София мұражайының қарама-қарсысында орналасқан. «Көк мешіт» атауы күмбездерінің көк түсті болуына байланысты. Мешіттің аумағы өте үлкен, ол жерден бірнеше алаңдар мен субұрқақтарды кездестіруге болады. Ғимараттың биіктігі 43 метрге жетеді. Ол 1616 жылы ашылған. Сұлтан Ахмет бұл мешітті Алланың ризашылығы үшін салуға бұйрық берген. Мешіт құрылысы 1609 жылы басталған. Көк мешіттің сәулетшісі - Седефкар Мехмет Ага. Ол Синан атты сәулетшінің шәкірті әрі бас көмекшісі болған. Мешіттің ғажап элементтерінің бірі - михраб. Михраб - мінәжат ететін қуыс. Ол мәрмәрдан соғылған. Михрабқа Меккеден әкелінген қара тас қойылған. Михрабтың жанында минбар орналасқан.Мешіт әу баста үлкен архитектуралық кешеннің құрамына енген болатын. Бұл кешеннің құрамында медресе, аурухана, қайырымдылық мекемесі, асханалар, керуен сарай сияқты қоғамдық орындар болды. XIX ғасырда аурухана мен керуен сарай бұзылды.Көк мешіт ауласының көлемі мешіттің көлеміндей орынды алып жатыр. Көк мешіт - түрік және Батыс мәдениеті үйлесім тапқан ерекше туынды. Мешітте классикалық осман және византиялық шіркеулер үлгілері үйлестірілген. Көк мешіт Византия королі өмір сүрген қамалдың орнына салынған. Мешіттің 260 терезесі бар. Осы терезелерден түсетін күн сәулесімен мешіттің іші жап-жарық болып тұрады. Көк мешіт ислам және әлем сәулет өнерінің ерекше үлгісі болып саналады. ## Дереккөздер
Құттығай Сатыпалдыұлы (1702 жыл - 1773 жыл) - батыр, қолбасшы. ## Өмірбаяны XVIII ғасырдың I жартысында қазіргі Шыңғырлау ауданының аумағында өмір сүрген. Тегі беріш руының Жайық атасынан. 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында, 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға Тайлақ батыр басқарған Кіші жүз әскерінің сапында қатысқан, кейін Құттығай батыр елге оралысымен Шұбар, Саржала батырлармен бірге құба қалмақтардан Тайсойған, Нарын өңірлерін азат етеді. Жаудан босаған Ойыл өзенінің орта сағасына ағасы Айбастың ауылын Тұзтөбеден әкеліп қоныстандырады. 1738 жылы 11 айға созылған 20 мың үйлі қалмақты қазақ даласы арқылы Қытай шекарасына қарай тықсыра қуған жорыққа мыңбасы ретінде қатысады. Оның 9 ұлы болған, бәйбішесінен тарайтын Қазанқап, Көрпе, Көбек, Елші, Кешу атты балалары шамамен 1724-31 жылдардағы жорық кезінде дүниеге келген. Ал, екінші әйелінен - Қасболат, Байболат, жорыққта олжалаған қалмақ қызы Марқадан Тасболат, Құлшан туған. ## Ұрпақтары Құттығайдан тараған ұрпақтар қазіргі кезде Атырау облысының Исатай ауданында тұрады. Құттығайдың Сәт деген немересі кезінде сынықшы, көріпкел атанған, Басықара атты немересі Исатай бастаған көтеріліске қатысқан. ## Дереккөздер
Темір Жәнтекеұлы Масин (1907 жыл, Бөкей Орда ауданы - 1947 жыл, Орал қаласы) - Кеңес Одағының батыры (1945 жыл 24 наурыз). ## Еңбек жолы Мұғалім, мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, МТС бастығының саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болған. Темір Масин соғыстан кейін Қазақстан КП Тайпақ ауданы комитетінің 2-ші хатшысы қызметін атқарды. ## Ұлы Отан соғысына қатысуы Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың шілдесінде шақырылып, 1-Беларусь майданы 3-армия құрамында шайқасқа қатысты. Темір Масин Ұлы Отан соғысына қатысып, қатардағы жауынгерден майор шеніне дейін жеткен, рота командирі болған. 1944 жылы 1 шілдеде Могилев-Минск тас жолын жаудан қорғаудағы ерлігі үшін капитан Масинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. ## Темір Масиннің қаза болуы 1947 жылы жазда Тайпақ ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде отқа күйіп, ауыр жараланған Темір Масин Орал қаласының ауруханасында қайтыс болды. Зираттың басына бюст-ескерткіш орнатылған. Авторы - мүсінші Ю.Баймұқашев. Ескерткіш арнайы тұғырға қондырылған, биіктігі - 2,25 м. Орал қаласындағы бір көшеге есімі берілген. Ақжайық ауданы,Базартөбе ауылына және Бөкей ордасы ауданының Бөрлі ауылында бюст койылып, Бөкей ордасы ауданы,Хан ордасы атындағы орта мектепте мемориалдық тақта орнатылған. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Иван Иванович Лепехин (1740 жыл 10 қыркүйек - 1802 жыл 6 сәуір) - орыс ғалымы, табиғаттанушы, саяхатшы, Ресей ғылым академиясының толық мүшесі. ## Еңбек жолы Жоғарғы білімді Батыс Еуропада, Страсбургте алған. П.С.Палласпен бірге Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігіне, қазіргі Батыс Қазақстан аймағына - Жайық өңіріне саяхат жасады. Ботаникалық және нумизматикалық бағалы коллекция жинады. 1769 жылы Жайық қалашығында болып, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан бірқатар форпостарды аралады. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап, пайдалы қазбалар өндірісі жөнінде болжам жасады, жергілікті тұрғындар этнологиясы, т.б. туралы мәліметтер жинақтады. Кейіннен императорлық ботаника бағының директоры, шипалы шөптермен емдеу (фитотерапия) және ветеринария мен жібек өндірісінің білікті маманы. Оның еңбектері неміс тіліне аударылған. ## Дереккөздер
Қыркүйек оқиғасы — 1991 жылғы 14 қыркүйекте Орал қаласында өткен саяси акция. ## Митингтің басталуы мен бітуі Арандатушы топтардың күшімен БҚО-ның облыс орталығында «Казак-орыс әскерлерінің Ресейге қызмет етуінің 400 жылдығын» мерекелеу шарасы алдын-ала белгіленді. Бұған облыс халқы, әсіресе қазақ жастары наразылықтарын білдіріп, митингіге шықты. Оқиғаның асқынып кетпей, мемлекеттер тұтастық, ұлттық мүдде, халықтар татулығы тұрғысынан шешілуге республикалық және жергілікті «Азат» қозғалысының жетекшілері - А.Зейнуллин, Ж.Қуанышәлин, А.Қадырбаева, Б.Әділов, О.Сәулебаев, С.Ерғалиев және т.б. қоғамдық ұйым өкілдері мол үлес қосты. ## Дереккөздер
Хамит Маданов (1927 жыл 5 ақпан, Жаңақала ауданы, Ұялы ауылы - 1997 жыл 22 қаңтар, Алматы) - ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983). ## Еңбек жолы 1959 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1947-1952 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1952-1955, 1965-1969 жылдары партия жұмысында, 1959-65 жылдары Қаратөбе, Чапаев аудандық газеттерінің редакторы, 1971-1972 жылдары республикалық теле-радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы, 1972-82 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылымдары қызметкері, сектор меңгерушісі. 1982 жылдан ҚазПИ-дің кафедра меңгерушісі. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты - Қазақстанның аграрлық саясатының мәселелері. Батыс Қазақстан тарихын зерттеп, кітаптар жазды. Қазақстан ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1983). Хамит Мадановтың «Көңілдің күйі» (1996), «Заман келбеті», «Біз қазақпыз» (1996) атты өлең жинақтары жарық көрген. ## Шығармалары * Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1995; * Қазақ халқының арғы-бергі тарихы, А., 1995; * Қазақ мәдениетінің тарихы, А., 1998; * Кіші жүздің шежіресі, А., 1994. ## Дереккөздер
Хамит Маданов (1927 жыл 5 ақпан, Жаңақала ауданы, Ұялы ауылы - 1997 жыл 22 қаңтар, Алматы) - ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983). ## Еңбек жолы 1959 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1947-1952 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1952-1955, 1965-1969 жылдары партия жұмысында, 1959-65 жылдары Қаратөбе, Чапаев аудандық газеттерінің редакторы, 1971-1972 жылдары республикалық теле-радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы, 1972-82 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылымдары қызметкері, сектор меңгерушісі. 1982 жылдан ҚазПИ-дің кафедра меңгерушісі. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты - Қазақстанның аграрлық саясатының мәселелері. Батыс Қазақстан тарихын зерттеп, кітаптар жазды. Қазақстан ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1983). Хамит Мадановтың «Көңілдің күйі» (1996), «Заман келбеті», «Біз қазақпыз» (1996) атты өлең жинақтары жарық көрген. ## Шығармалары * Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1995; * Қазақ халқының арғы-бергі тарихы, А., 1995; * Қазақ мәдениетінің тарихы, А., 1998; * Кіші жүздің шежіресі, А., 1994. ## Дереккөздер
## Араб тіліндегі Қазақстан туралы деректемелер Араб тіліндегі Қазақстан туралы деректемелер- араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиетте 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардын тарихын,әсіресе , моңғол шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті , бағалы деректемелер мол. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретикалық мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесіне шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатысын дамытуының нәтижесінде көрші және жырақтағы елдерден де мәліметтер жинайды. Араб орта ғасыр тарихнамасының Қазақстан аймағына құштар болуы,біріншіден , арабтарға Орта Азиядан жаулап алған жеріне билігін нығайтуға,екіншіден қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға қажет болды. ## Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классикалық тарихи шағармалардан белгілі еді. Әл-Балазури (9ғасыр) мен ат-Табаридың (9 ғасыр) шығармаларында 7 ғасырдың басы мен 8 ғасырда арабтардың басқыншылығына қарсы күрескен Орта Азия мен Қазақстан халықтары туралы маңызды мәлімет ұшырастырамыз. Арабтардың Онтүстік Қазақстаның кейбір аймақтарына асаған жорықтары да айтылады. Әл-Балазуридың (шыққан тегі ирандық) "Жорық кітабының" ("Китаб футух әл булдан") соңғы тарауында арабтардың Хорасан мен Орта Азияны жаулап алуы жазылған, "Пайғамбарлар мен патшалар тарихынан " ("Тарих ар-русул уа-л-мулук") жазған ат-Табари да ирандыққ болған. Ол жан-жақты білім алған ,халифаттың әр-түрлі қалаларына саяхат жасаған, ақырында ол Бағдатқа орнығып, ғұмырын ғылымға арнаған. Оның бізге еткен ықшадалған еңбегінде арабтарға дейінгі халықтардан мағлұмат беріліп , Халифаттың тарихы жылнама ретінде баяндалды. ## Әл-Жаһиз Ат-Табаридың замандасы,бағдаттық әл-Жаһиз(9 ғасыр) энциклопедиялық білімдар адам болған. ол - "Түркілердің лайықты қасиеттері" (" Манақиб әл-атрак") деген кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнографиясын тұңғыш рет сипаттаан ғалым. Әл-Жаһиз Аббасит әулеті халифтары ұландарының сапындағы түркі сарбаздары жайлы білетін араб оқырмандарын қызықтыратын тақырыптарды таңдады. Ол арабтың қала тұрғындарын таңдандыратын түріктің жауынгерлігін , олардың әдет-ғұрыпын жазды. Бұл жәйіттер халифат төңірегіндегі саяси топқа , әсіресе, түркі мәселесімен иі айналысатын Абас әулетінің уәзерлеріне де қажет еді. ## Түркілер туралы мәліметтер Түркілер туралы оның ішінде, жиі айтылатын түркі тайпалары (тоғыз, оғыз, қарлұқ , қимақ , қыпшақ , азкиш, түргеш т.б.) жөніндегі мәліметтер 8 ғасыр деректемелері болуы ықтимал. Ибн Хордадбек еңбегімен жазылу тәсілі ұқсас шығарма әл-Яқуби (9 ғасыр) мен Құдама ибн Жафар (10 ғасыр) жазбалары. Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал тарихшы-географ әл-Якубидің (11 ғасыр) "Елдер кітабы" ("Китаб әл-бұлдан") деген геогрфиялық шығармасында бар. Бұл еңбегіне қарап оның жан-жақты хабардар екенін , әрі оның жазбаларында дерек әлде қайда нақты екені байқалады. Оның, әсіресе ,оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз. тоғызозық. мемлекеттері туралы мәліметтері аса маңызды. ## Закрия әл-Казвини Закрия әл-Казвини Иракта туған . Дамаскіде,Мосулда өмір сүрген. Ол бірімен бірі кіндіктес 2 тарихи-географиялық шығармасымен танымал. Оның алғашқасы "Жаратылыс ғажаптары" , 2-сі "Қалалар ескерткіші" деп аталады. Осы 2 кітапта 9-10 ғасырлардағы бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз қарлұқ ,жікіл ,қимақ тайпалары жөнінде тарихи-этнографиялық деректер жинақталған. ## Қазақстан туралы жазған араб географ-тарихшылары * Әл-Балазури * Әт-Табари * Закария әл-Қазвини * Әл-Жаһиз * Әл-Якуби * Құдама ибн Джафар * Ибн әл-Асир * Ад-Димашка * Әл-Маруази * Исхақ ибн әл-Хұсайын * Ибн Хордадбек * Әбу Дулаф * Ибн Халдун * Ибн әл-Фурат * Тамим ибн Бахр * Әл-Факих ## Дереккөздер ## Араб тіліндегі Қазақстан туралы деректемелер Араб тіліндегі Қазақстан туралы деректемелер- араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиетте 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардын тарихын,әсіресе , моңғол шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті , бағалы деректемелер мол. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретикалық мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесіне шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатысын дамытуының нәтижесінде көрші және жырақтағы елдерден де мәліметтер жинайды. Араб орта ғасыр тарихнамасының Қазақстан аймағына құштар болуы,біріншіден , арабтарға Орта Азиядан жаулап алған жеріне билігін нығайтуға,екіншіден қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға қажет болды. ## Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классикалық тарихи шағармалардан белгілі еді. Әл-Балазури (9ғасыр) мен ат-Табаридың (9 ғасыр) шығармаларында 7 ғасырдың басы мен 8 ғасырда арабтардың басқыншылығына қарсы күрескен Орта Азия мен Қазақстан халықтары туралы маңызды мәлімет ұшырастырамыз. Арабтардың Онтүстік Қазақстаның кейбір аймақтарына асаған жорықтары да айтылады. Әл-Балазуридың (шыққан тегі ирандық) "Жорық кітабының" ("Китаб футух әл булдан") соңғы тарауында арабтардың Хорасан мен Орта Азияны жаулап алуы жазылған, "Пайғамбарлар мен патшалар тарихынан " ("Тарих ар-русул уа-л-мулук") жазған ат-Табари да ирандыққ болған. Ол жан-жақты білім алған ,халифаттың әр-түрлі қалаларына саяхат жасаған, ақырында ол Бағдатқа орнығып, ғұмырын ғылымға арнаған. Оның бізге еткен ықшадалған еңбегінде арабтарға дейінгі халықтардан мағлұмат беріліп , Халифаттың тарихы жылнама ретінде баяндалды. ## Әл-Жаһиз Ат-Табаридың замандасы,бағдаттық әл-Жаһиз(9 ғасыр) энциклопедиялық білімдар адам болған. ол - "Түркілердің лайықты қасиеттері" (" Манақиб әл-атрак") деген кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнографиясын тұңғыш рет сипаттаан ғалым. Әл-Жаһиз Аббасит әулеті халифтары ұландарының сапындағы түркі сарбаздары жайлы білетін араб оқырмандарын қызықтыратын тақырыптарды таңдады. Ол арабтың қала тұрғындарын таңдандыратын түріктің жауынгерлігін , олардың әдет-ғұрыпын жазды. Бұл жәйіттер халифат төңірегіндегі саяси топқа , әсіресе, түркі мәселесімен иі айналысатын Абас әулетінің уәзерлеріне де қажет еді. ## Түркілер туралы мәліметтер Түркілер туралы оның ішінде, жиі айтылатын түркі тайпалары (тоғыз, оғыз, қарлұқ , қимақ , қыпшақ , азкиш, түргеш т.б.) жөніндегі мәліметтер 8 ғасыр деректемелері болуы ықтимал. Ибн Хордадбек еңбегімен жазылу тәсілі ұқсас шығарма әл-Яқуби (9 ғасыр) мен Құдама ибн Жафар (10 ғасыр) жазбалары. Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал тарихшы-географ әл-Якубидің (11 ғасыр) "Елдер кітабы" ("Китаб әл-бұлдан") деген геогрфиялық шығармасында бар. Бұл еңбегіне қарап оның жан-жақты хабардар екенін , әрі оның жазбаларында дерек әлде қайда нақты екені байқалады. Оның, әсіресе ,оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз. тоғызозық. мемлекеттері туралы мәліметтері аса маңызды. ## Закрия әл-Казвини Закрия әл-Казвини Иракта туған . Дамаскіде,Мосулда өмір сүрген. Ол бірімен бірі кіндіктес 2 тарихи-географиялық шығармасымен танымал. Оның алғашқасы "Жаратылыс ғажаптары" , 2-сі "Қалалар ескерткіші" деп аталады. Осы 2 кітапта 9-10 ғасырлардағы бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз қарлұқ ,жікіл ,қимақ тайпалары жөнінде тарихи-этнографиялық деректер жинақталған. ## Қазақстан туралы жазған араб географ-тарихшылары * Әл-Балазури * Әт-Табари * Закария әл-Қазвини * Әл-Жаһиз * Әл-Якуби * Құдама ибн Джафар * Ибн әл-Асир * Ад-Димашка * Әл-Маруази * Исхақ ибн әл-Хұсайын * Ибн Хордадбек * Әбу Дулаф * Ибн Халдун * Ибн әл-Фурат * Тамим ибн Бахр * Әл-Факих ## Дереккөздер
Алтын ғибадатхана немесе Хармандир-Сахиб - Үндістанның Амритсар қаласындағы сикхизм дінінің ең көне және әсем орталық ғибдатханасы (гурдвара). Сонымен қатар Харимандир Сикхтің үйі деп қабылданады. Бұл - сикхи дінінің рухани және мәдени орталығы. Алтын ғибадатхаға сапар шегушілер саны Аградағы Тәж Махал кесенесіне барушылардан әлдеқайда көп. Аптын ғибадатхананың құрылысы 1574 жылы Моғол императоры Акбар сыйға тартқан жерге салына бастады. Ғибадатхана 1601 жылы салынып біткенімен, қайта жөндеу және әрлеу жұмыстары ұзақ жылдар бойы жүргізілді. Ғимараттың сырты алтынмен қапталғандықтан халық оны «Алтын ғибадатхана» деп атап кеткен. Махараджа Ранжит Сикхидің шебер ұсталары ғибадатхананың ішкі бөліктерін алтынмен жалату жұмыстарын шебер орындап шыққан. Махараджа байлығының көп мөлшерін осы ғибадатханаға жұмсап, құрылыс заттарын өз мойнына алған. Осы әрекеті үшін Махараджа Ранжит Сикхи сикхи қауымы мен Пенджаб тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Ғибадатхананың құрылысынан хинду және ислам діндеріндегі сәулет өнерінің нақыштарын байқауға болады, яғни бұл құрылыс екі діннің өзара ықпалының көрінісі. ## Галерея * Алтын ғибадатхана * * * * * * ## Дереккөздер
Серік Ескендірұлы Әжіғалиев (1952 жыл 17 желтоқсан, Алматы) - ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1997). ## Еңбек жолы 1975 жылы ҚазМу-ді бітірген соң республикалық «Казреставрация» ғылыми-өндірістік бірлестігінде, «Казпроектреставрация» институтында (1975-82), республикалық кітап музейінде, «Казхудожпром» мекемесінде (1982-85) қызмет істеген. 1985 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында бөлім меңгерушісі. Әжіғалиевтің ғылыми-зерттеу жұмыстары Арал-Каспий аймағының тарихы мен дәстүрлі мәдениетін, қазақ халқының этнографиясы мен архитектуралық ескерткіштерін зерттеуге арналған. Соңғы кезде БҚО аумағындағы халықтық архитектура және мемориалды эпиграфика ескерткіштерін зерттеу ісінде маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Ол 120-дай ғылыми еңбектің авторы. ## Шығармалары * Ескерткіш - ел тарихы (путеводитель по памятникам), Ақтөбе, 1992; * Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана (на основе исследованиямалых форм), А., 1994; * Архитектура кочевников-феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона), Алматы, 2001. ## Дереккөздер
Райбек Ромашұлы Меңдіғалиев (1968 жыл 24 қыркүйек, Жәнібек ауданы) - спортшы, самбодан әлем біріншілігінің қола жүлдегері (1993), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1994). ## Спорттағы мансабы 1985 жылы облыс чемпионы, республика біріншілігінің жүлдегері атанды. 1993-94 жылдары Харлампиев атындағы халықаралық турнирде 2 мәрте 3-орын, Голландияда олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 1993 жылы өткен 4-ші дүниежүзілік ойындарда 3-орын алды. Сол жылы Кстово (Ресей) қаласында өткен әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Қазіргі таңда жаттықтырушы. ## Дереккөздер