text
stringlengths
3
252k
Абай Ыдырысұлы Айтмағамбетов (1949 ж. т., Алматы қ.) — суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі (1991). Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1973). 1973 жылдан Атырау қаласында еңбек етеді. Бірнеше бедер суреттер (Жеңіс паркі қақпасындағы барельеф т. б.) мен картиналардың («Соғыс», «Ерлік», «Жеңіс» триптихі т. б.) авторы. 1997 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы Атырау обл. ұйымы басқармасының төрағасы. ## Дереккөздер
Шалақазақтар, шала қазақтар (қыр. чалаказактар, орыс. шала-казахи) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау). Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса ата-анасының қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды. ## Терминнің пайда болуы Шалақазақтар туралы алғашқы деректер XVII—XIX ғасырлардан бастап кездеседі. Ол кезде бұл атаумен қазақ даласына қоныс аударып, қазақтармен туыстасқан татарлардың, Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық келімсектердің, орыс сарбаздарының, казактар мен қалмақтардың ұрпақтарын атаған. Шалақазақтардың бірінші ұрпағы қазақ тілінде сөйлеу білген, ал екінші ұрпағына ол ана тілі болып кетті. Сонымен қатар «Шалақазақтар» деп Наймандардың Қаракерей руының Мәмбет елінің бір тармағы және сарыбағыш руының абла елінің қырғызданып кеткен қазақтарын атайтын еді. Қазіргі шалақазақтардың, тарихи шалақазақтарға еш қатысы жоқ. ## Қазіргі замандағы шалақазақтар Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне еніп кеткен, орыс мектептерінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін «нағыз қазақ» санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың «кемістігі» туралы пікір қалыптасқан. Қазақ ұлтшыл-патриоттарының көзінде қазақ тілін білмей, өзінің ұлтына қатыстығын жоққа шығаратындар да, мойындайтындар да «шалақазақ» саналады. Ұлтшыл патриоттардың негізгі талабы — бүкіл орыстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін меңгеруі. Қазақ жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, орыс тілінің мемлекеттік тілмен теңдігіне сілтейтіндер «20 жыл ішінде қазақша сәлемдесуді де үйренген жоқ немесе үйренгісі келмейді», ұлтшылдардың көпшілігі қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлей алады, ал тіл реформаларына қарсылық танытқан орыстілділер тек қана орыс тілін меңгерген. «Егер барлық орыстілділер республиканың екі негізгі тілін қолдана білгенде, тілдік мәселе өздігімен шешілетін еді», — деді Смағұл Елубай. Талғат Мамырайымовтың пікірінше, кеңестік дәуірде қазақ мәдениеті «мешеу», ал орыс мәдениеті «озық» деп танылғандықтан, қарапайым халық пен зиялы қауымның арасында «олқылық комплексі» пайда болған. Кеңес Одағы заманында қазақша сөйлеу, қазақ мәдениетінің иесі болу «дөрекі» саналатын, орыс тілін білмеу «мәмбеттіктің» белгісі және қызмет сатысында жоғарылауға кедергі болды. Болат Жанаевтың айтуынша, «қазақтілділер мен орыстілділер арасындағы алшақтық асыра көрсетілген», себебі көп шалақазақтың «нағыз қазақ» тума-туыстары бар және олар жастайынан олардың дәстүрлерінен үлгі алып өседі. ## Шалақазақ тілі «Шалақазақ тілі» деп орыс тілінен көптеген сөздер кірген қазақ тілін атайды. Украинадағы суржик пен Беларусьтегі трасянкаға ұқсас. «31 арнаның» оқушылар арасындағы сауалы бойынша, ең көп тараған шалақазақ тілінің сөздері болып «грузить етпе», «мешать етпе», «поздравить ету» және т. б. сөздер танылды. ## Дереккөздер
Қызылсу – Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Жарма және Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 185 км, су жиналатын алабы 3280 км2, жалпы ұзындығы 172 км болатын 51 саласы бар. Өзен алабында аумағы 1,1 км2 болатын 2 көл жатыр. Ірі салалары: Ақтасты, Жантас, Шилі, Алаайғыр, Қарабұға, Жаңғызағаш, Күйелі, т.б. ## Бастауы Бастауын Бесшоқы тауының батыс бөктеріндегі бұлақтардан алып, Қызылқорған қирандысының батысында Ертіс өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Қызылсу ауылынан Шалабай ауылына дейінгі жоғарғы ағысы және орта ағысының жағалауы жартасты, жарқабақты және жарлауытты келген. Төменгі ағысында арнасы кеңейіп, алабы сайлы-жыралы келеді. Сағасында ені 10-15 км болатын жайылма құрайды. Өзен бойында елді мекендер көп, алабы жақсы игерілген. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Арнасында жыл бойы ағын болады. ## Дереккөздер
Қылшақты, Қылшықты – Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысындағы Бурабай және Зеренді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 104 км, су жиналатын алабы 1010 км2. ## Бастауы Бастауын Щучинск қаласының оңтүстік-шығысынан алып, Көкшетау қаласы арқылы Қопа көліне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары жоғарғы және төменгі бөлігінде кең (2-3 км), беткейлері жатық, орта ағысында 0,5-1,5 км-ге дейін жетеді. Арнасының ені 10-20 м, жағасы жарлы, биіктігі 2-4 м. Арнасының жайылмасы 300 м-ге дейін жетеді. Кенесары ауылынан жоғарыда өзеннің оң жағалауында биіктігі 12 м болатын жартас кездеседі. Жауын-шашын суымен толығады. Су ағымы Кенесары ауылы тұсында 0,54 м3/с. Ұзындығы 10 км-ден астам 14 саласы бар. Аңғарында Жанқара, Жамантұз, Балықтыкөл, Қопа, Ақшасор, т.б. көлдер жатыр. Өзенге 10 тоған салынған. Суы бақша, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Хамит Ыстамғалиұлы Ақботин (1902, Құрманғазы ауданы, Нұржау а. - 1938) - шараушылық, кеңес қызметкері. 1915—25 ж. Астрахан губерниясы Краснояр уезінің облыстық әскери комитетінде іс жүргізущі, Теңіз уездік атқару комитетінің инспекторы, хатшысы. 1925-37 ж. ҚазАКСР-інің Теңіз уездік еңбек бөлімінің инспекторы, Бөкей уездік, Сырдария губерниялық комсомол комитеттерінде жауапты хатшы, Сырдария округтік партия комитетінің, Алматы обкомының хатшысы, Гурьев округтік партия комитетінің өнеркәсіп саласындағы хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық а. ш. бөлімінің меңгерушісі болды. Репрессия құрбаны. ## Дереккөздер
Жамбыл Құдайбергенов Төлекеұлы (17 мамыр 1949 жыл, Тараз – 6 қазан 1990 жыл, Алматы) – киноактер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисті (1990). ## Өмірбаяны Байұлы тайпасының Адай руының Қосай бөлімінен шыққан. 1974 ж. Мәскеу мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін (Б.А. Бабочкиннің шеберханасы бойынша) бітірді. Сол жылдан «Қазақфильм» студиясында киноактер ретінде қызмет етіп көптеген рөлдерде ойнады: Темір («Махаббат тәмсілінде»), Еркебұлан («Кездеспей кеткен бір бейнеде», 1977), Пойгин («Ақ бақсыда», 1982), Жауынгер («Ұзақ құс жолында», 1983), Египет сұлтанының сыбайласы («Бейбарыс сұлтанда», 1989), Софизаде («Отқа оранған Түркістанда», 1990) т.б. фильмдерде өзін көрсеткен. Құдайбергенов Жамбыл 50-ден астам фильмдердің басты және негізгі рөлдерін ойнаған. Бұрынғы одақтық республикаларда, Мәскеу және лениград студияларында жасалған фильмдардың көбінісіне түскен болатын. ## Дереккөздер
Ақтөбе (Т е ң д і к) - қалашық, Алтын Орда дәуірінің ескерткіші. Негізгі аты белгісіз. Атырау қ-нан 10 км, Теңдік ауылының маңында орналасқан. 1989 ж. Батыс Қазақстан археол. экспедициясы зерттеген. Ескерткіш бір-бірімен жалғаса орналасқан қолөнер, зергерлік өндірісі және мал өсіру негізі болған екі қоражайдан тұрады. Шағын елді мекен болған қалашықтың негізгі кәсібі іргелес Алтын Орда қалаларын қолөнер заттарымен т. б. қамтамасыз ету және Хорезм, Иран сынды елдерге сапар шеккен сауда керуендеріне қызмет ету болған. Қалашықтың орны су жайылымы кезінде және антропогендік әсердің нәтижесінде қатты бүлінген.Қалашық орнынан әр түрлі тиындар, зергерлік бұйымдар, шыны ыдыстардың қалдықтары, моншақтар, мал сүйектері табылды. ## Дереккөздер
Шалақазақтар, шала қазақтар (қыр. чалаказактар, орыс. шала-казахи) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау). Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса ата-анасының қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды. ## Терминнің пайда болуы Шалақазақтар туралы алғашқы деректер XVII—XIX ғасырлардан бастап кездеседі. Ол кезде бұл атаумен қазақ даласына қоныс аударып, қазақтармен туыстасқан татарлардың, Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық келімсектердің, орыс сарбаздарының, казактар мен қалмақтардың ұрпақтарын атаған. Шалақазақтардың бірінші ұрпағы қазақ тілінде сөйлеу білген, ал екінші ұрпағына ол ана тілі болып кетті. Сонымен қатар «Шалақазақтар» деп Наймандардың Қаракерей руының Мәмбет елінің бір тармағы және сарыбағыш руының абла елінің қырғызданып кеткен қазақтарын атайтын еді. Қазіргі шалақазақтардың, тарихи шалақазақтарға еш қатысы жоқ. ## Қазіргі замандағы шалақазақтар Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне еніп кеткен, орыс мектептерінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін «нағыз қазақ» санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың «кемістігі» туралы пікір қалыптасқан. Қазақ ұлтшыл-патриоттарының көзінде қазақ тілін білмей, өзінің ұлтына қатыстығын жоққа шығаратындар да, мойындайтындар да «шалақазақ» саналады. Ұлтшыл патриоттардың негізгі талабы — бүкіл орыстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін меңгеруі. Қазақ жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, орыс тілінің мемлекеттік тілмен теңдігіне сілтейтіндер «20 жыл ішінде қазақша сәлемдесуді де үйренген жоқ немесе үйренгісі келмейді», ұлтшылдардың көпшілігі қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлей алады, ал тіл реформаларына қарсылық танытқан орыстілділер тек қана орыс тілін меңгерген. «Егер барлық орыстілділер республиканың екі негізгі тілін қолдана білгенде, тілдік мәселе өздігімен шешілетін еді», — деді Смағұл Елубай. Талғат Мамырайымовтың пікірінше, кеңестік дәуірде қазақ мәдениеті «мешеу», ал орыс мәдениеті «озық» деп танылғандықтан, қарапайым халық пен зиялы қауымның арасында «олқылық комплексі» пайда болған. Кеңес Одағы заманында қазақша сөйлеу, қазақ мәдениетінің иесі болу «дөрекі» саналатын, орыс тілін білмеу «мәмбеттіктің» белгісі және қызмет сатысында жоғарылауға кедергі болды. Болат Жанаевтың айтуынша, «қазақтілділер мен орыстілділер арасындағы алшақтық асыра көрсетілген», себебі көп шалақазақтың «нағыз қазақ» тума-туыстары бар және олар жастайынан олардың дәстүрлерінен үлгі алып өседі. ## Шалақазақ тілі «Шалақазақ тілі» деп орыс тілінен көптеген сөздер кірген қазақ тілін атайды. Украинадағы суржик пен Беларусьтегі трасянкаға ұқсас. «31 арнаның» оқушылар арасындағы сауалы бойынша, ең көп тараған шалақазақ тілінің сөздері болып «грузить етпе», «мешать етпе», «поздравить ету» және т. б. сөздер танылды. ## Дереккөздер
Шалақазақтар, шала қазақтар (қыр. чалаказактар, орыс. шала-казахи) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау). Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса ата-анасының қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды. ## Терминнің пайда болуы Шалақазақтар туралы алғашқы деректер XVII—XIX ғасырлардан бастап кездеседі. Ол кезде бұл атаумен қазақ даласына қоныс аударып, қазақтармен туыстасқан татарлардың, Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық келімсектердің, орыс сарбаздарының, казактар мен қалмақтардың ұрпақтарын атаған. Шалақазақтардың бірінші ұрпағы қазақ тілінде сөйлеу білген, ал екінші ұрпағына ол ана тілі болып кетті. Сонымен қатар «Шалақазақтар» деп Наймандардың Қаракерей руының Мәмбет елінің бір тармағы және сарыбағыш руының абла елінің қырғызданып кеткен қазақтарын атайтын еді. Қазіргі шалақазақтардың, тарихи шалақазақтарға еш қатысы жоқ. ## Қазіргі замандағы шалақазақтар Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне еніп кеткен, орыс мектептерінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін «нағыз қазақ» санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың «кемістігі» туралы пікір қалыптасқан. Қазақ ұлтшыл-патриоттарының көзінде қазақ тілін білмей, өзінің ұлтына қатыстығын жоққа шығаратындар да, мойындайтындар да «шалақазақ» саналады. Ұлтшыл патриоттардың негізгі талабы — бүкіл орыстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін меңгеруі. Қазақ жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, орыс тілінің мемлекеттік тілмен теңдігіне сілтейтіндер «20 жыл ішінде қазақша сәлемдесуді де үйренген жоқ немесе үйренгісі келмейді», ұлтшылдардың көпшілігі қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлей алады, ал тіл реформаларына қарсылық танытқан орыстілділер тек қана орыс тілін меңгерген. «Егер барлық орыстілділер республиканың екі негізгі тілін қолдана білгенде, тілдік мәселе өздігімен шешілетін еді», — деді Смағұл Елубай. Талғат Мамырайымовтың пікірінше, кеңестік дәуірде қазақ мәдениеті «мешеу», ал орыс мәдениеті «озық» деп танылғандықтан, қарапайым халық пен зиялы қауымның арасында «олқылық комплексі» пайда болған. Кеңес Одағы заманында қазақша сөйлеу, қазақ мәдениетінің иесі болу «дөрекі» саналатын, орыс тілін білмеу «мәмбеттіктің» белгісі және қызмет сатысында жоғарылауға кедергі болды. Болат Жанаевтың айтуынша, «қазақтілділер мен орыстілділер арасындағы алшақтық асыра көрсетілген», себебі көп шалақазақтың «нағыз қазақ» тума-туыстары бар және олар жастайынан олардың дәстүрлерінен үлгі алып өседі. ## Шалақазақ тілі «Шалақазақ тілі» деп орыс тілінен көптеген сөздер кірген қазақ тілін атайды. Украинадағы суржик пен Беларусьтегі трасянкаға ұқсас. «31 арнаның» оқушылар арасындағы сауалы бойынша, ең көп тараған шалақазақ тілінің сөздері болып «грузить етпе», «мешать етпе», «поздравить ету» және т. б. сөздер танылды. ## Дереккөздер
Шалақазақтар, шала қазақтар (қыр. чалаказактар, орыс. шала-казахи) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау). Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса ата-анасының қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды. ## Терминнің пайда болуы Шалақазақтар туралы алғашқы деректер XVII—XIX ғасырлардан бастап кездеседі. Ол кезде бұл атаумен қазақ даласына қоныс аударып, қазақтармен туыстасқан татарлардың, Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық келімсектердің, орыс сарбаздарының, казактар мен қалмақтардың ұрпақтарын атаған. Шалақазақтардың бірінші ұрпағы қазақ тілінде сөйлеу білген, ал екінші ұрпағына ол ана тілі болып кетті. Сонымен қатар «Шалақазақтар» деп Наймандардың Қаракерей руының Мәмбет елінің бір тармағы және сарыбағыш руының абла елінің қырғызданып кеткен қазақтарын атайтын еді. Қазіргі шалақазақтардың, тарихи шалақазақтарға еш қатысы жоқ. ## Қазіргі замандағы шалақазақтар Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне еніп кеткен, орыс мектептерінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін «нағыз қазақ» санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың «кемістігі» туралы пікір қалыптасқан. Қазақ ұлтшыл-патриоттарының көзінде қазақ тілін білмей, өзінің ұлтына қатыстығын жоққа шығаратындар да, мойындайтындар да «шалақазақ» саналады. Ұлтшыл патриоттардың негізгі талабы — бүкіл орыстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін меңгеруі. Қазақ жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, орыс тілінің мемлекеттік тілмен теңдігіне сілтейтіндер «20 жыл ішінде қазақша сәлемдесуді де үйренген жоқ немесе үйренгісі келмейді», ұлтшылдардың көпшілігі қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлей алады, ал тіл реформаларына қарсылық танытқан орыстілділер тек қана орыс тілін меңгерген. «Егер барлық орыстілділер республиканың екі негізгі тілін қолдана білгенде, тілдік мәселе өздігімен шешілетін еді», — деді Смағұл Елубай. Талғат Мамырайымовтың пікірінше, кеңестік дәуірде қазақ мәдениеті «мешеу», ал орыс мәдениеті «озық» деп танылғандықтан, қарапайым халық пен зиялы қауымның арасында «олқылық комплексі» пайда болған. Кеңес Одағы заманында қазақша сөйлеу, қазақ мәдениетінің иесі болу «дөрекі» саналатын, орыс тілін білмеу «мәмбеттіктің» белгісі және қызмет сатысында жоғарылауға кедергі болды. Болат Жанаевтың айтуынша, «қазақтілділер мен орыстілділер арасындағы алшақтық асыра көрсетілген», себебі көп шалақазақтың «нағыз қазақ» тума-туыстары бар және олар жастайынан олардың дәстүрлерінен үлгі алып өседі. ## Шалақазақ тілі «Шалақазақ тілі» деп орыс тілінен көптеген сөздер кірген қазақ тілін атайды. Украинадағы суржик пен Беларусьтегі трасянкаға ұқсас. «31 арнаның» оқушылар арасындағы сауалы бойынша, ең көп тараған шалақазақ тілінің сөздері болып «грузить етпе», «мешать етпе», «поздравить ету» және т. б. сөздер танылды. ## Дереккөздер
Есбол (2007 ж. дейін Кулагино) — Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл, Есбол ауылдық округі орталығы. Жайықтың оң жақ бетіндегі тарихи елді мекендердің бірі. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. Ірі елді мекендер арасы асфальт жолдармен жалғасқан. ## Тарихы «Ақжар» деп аталатын биік жар қабағынан салынған әскери бекіністі 1740 жылы Орынбор губернаторы И. И. Неплюевтің бұйрығымен кеңейтіп қайта салу ісі қолға алынады. Бекініс 1744 жылы Жайық өзенінің оң жағалауынан салынады. Осы қамалдағы ішкі шаруашылықты басқаратын А.И. Кулагин деген кісінің есімі бірте-бірте ауылдың атына айналып, қазақтың Ақжар атауы ұмыт қалады. 1933-1963 жылдары Есбол ауданының орталығы болды. Кейін «Правда» кеңшарының орталығы болған. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 3798 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 4189 адам (2108 ер адам және 2081 әйел адам) болса, 2009 жылы 4307 адамды (2174 ер адам және 2133 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ бойынша 3953 адамды (2056 ер адам және 1897 әйел адам) құраса, 2022 жылы тұрғындар саны 4524 адам болды. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері ### Мектептер * Есбол орта мектебі — 26 сәуір 1993 жылы Кулагино ұлттық гимназиясы болып құрылған. Кейін жай орта мектепке айналдырылған. * Қалам Есқалиев атындағы орта мектеп — Мектептің іргетасы 1936 жылы қаланған. 2016 жылы «Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауы берілді. * Жамбыл атындағы орта мектеп — 1928-29 ж. алғаш қазақ балалары үшін ашылған мектеп. 1937 ж. орта мектепке айналды. ### Мектепке дейінгі білім * "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы * "Балапан" бөбекжай-бақшасы ## Кәсіпорындар Мұнда орман шаруашылығы, агроөнеркәсіптік техникалық жабдықтау бөлімі, байланыс бөлімі, тұтынушылар қоғамы сияқты мекемелер мен кәсіпорындар бар. ## Діни ұйымдар қызметі * Есбол ауылдық мешіті ## Елді мекендегі көшелер * Абай Құнанбаев көшесі * Абдолла Мұсағалиев көшесі * Ақжар (Маринка) көшесі * Бейбітшілік (Меңдібай) көшесі * Боран Нысанбаев көшесі * Ғилымғали Сайханов көшесі * Дина Нұрпейісова көшесі * Достық көшесі (Тайманов тұйық көшесі) * Елеусін Ахметов көшесі * Жамбыл Жабаев көшесі * Исатай Тайманов көшесі * Кетебай Бахитов көшесі * Қабдір Шүйінішқалиев көшесі * Қаныкей Алипова көшесі * Қапизолла Қуанышбаев көшесі * Қуанышкерей Сұлтанов көшесі * Құрманғазы Сағырбаев көшесі * Құспан Есбосынов көшесі * Махамбет Өтемісұлы көшесі * Мұрат Мөңкеұлы көшесі * Мұхтар Әуезов көшесі * Нәсіпқали Сапаров көшесі * Сәкен Сейфуллин көшесі * Сырым Датов көшесі * Штатбай Иманғазиев көшесі ## Дереккөздер
Қырықжігіт – Жіңішке және Сарыбұлақ өзендерінің суайрығындағы тау. ## Географиялық орны Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылының солтүстік-батысында 11 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1904 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 4 км. ## Геологиялық құрылымы Силур мен девонның құмтастарынан және палеозойдың эффузивтік шөгінді жыныстарынан түзілген. Гранит те кездеседі. ## Сипаты Тік жарқабақты солтүстік беткейі өзен арналарымен қатты тілімделген. Оңтүстік бөлігі көлбеуленіп жонды белестерге ұласады. Солтүстігінде Алабайтал, солтүстік-шығысында Торыайғыр, батысында Жамбас, оңтүстік-батысында Бақалы таулары орналасқан. ## Өсімдігі Етектерінде жусан, бетеге, көде, беткейлерінде арпабас, бидайық, өзен арналарында жабайы алма ағашы, көктерек, итмұрын, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Алматұлы Самұрат/Шахмұрат/ (1845-1922)-айтулы ортадан шыққан , ерте ел басқаруға араласып , еңбегі Ырғыз өңіріне танылған тұлға, 1864 жылдан 1910 жылға дейін ел басқару қызметінде болады. Ол 1864-1889 ж. 54 дистанция бастығы , шөмекей руының биі, Қожакөл болысының кандидаты, Кенжеқара болыстығының тұңғыш болысы болып сайланып, оны 1911 жылға дейін атқарған . Торғай облысы әскери губернаторының 1889 ж. 25 қыркүйектегі №29 бұйрығымен Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі болып тағайындалған . 1889-1901 ж.Ырғыз уезінің құрметті бітімші судьясы қызметін атқарды. 1901-1903ж. Торғай облысы басқармасының қарауында қызмет істейді. 1903 жылы 17 мамырда Торғай селолық-шаруашылық қоғамы мәжілісінің қаулысымен сол қоғам кеңесінің мүшесі болып сайланған. А.С. ел басқару жұмысында және патша үкіметінің жоғары органдары тағайындаған мемлекеттік қызметтерде 41 жыл еңбек еткен. Ол осы жылдар ішінде Станислав күміс медалімен ,Аннаның күміс медалімен, Станислав алтын медалімен марапатталған. 1912 ж. Самұратқа император ұлықтары әулетінің құрметті азаматы жоғары атағы берілген . Шежіре: Самұрат-Алмат-Тобаберген-Киікбай-Әлібек-Қалақ-Шобдар-Бекет-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей ## Дереккөздер А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.
Алтынай (т.-ө. ж. б.) — күйші-сазгер. 19 ғ- да Батыс Қазақстанда ғұмыр кешкен күйшілер тобының өкілі. Абыл Тарақұлының шәкірті. Оның «Ақжелең» атты күйі ғана сақталған. Екпін-ырғақтық, әуендік өрісінің дамуы жағынан бұл күй Батыс Қазақстан аспаптық музыкасының дәстүрінде туған. Күйдің ойнақы би ырғағы оның ішкі динамикалық бірлігін күшейте түседі. Е. Е. Брусиловский «Ақжелең» күйінің бір түрін «Ер Тарғын» операсында пайдаланды. ## Дереккөздер
Қамбарбек Хасенұлы Аманов (1951 жылы т., Семей облысы) — кескіндемеші. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі (1984). Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет академиясын бітірген (1983). Алматы қаласындада өткен «Жігер» фестивалінің дипломанты болды. Негізгі жұмыстары: «Ләззат», «Жақсылық», «Тарбағатай тауы», «Сүйікті ауыл». Республикалық және бүкілодақтык көрмелерге қатысқан. Атырау университетінің оқытушысы. ## Дереккөздер
Лайкөл – Сырдария өзенінің төменгі ағысында, Қамыстыбас көлінің батыс бөлігіндегі тұщы ағынды көл. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылының шығысында, теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,2 км2, ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,6 км, ең терең жері 5 м, суының көлемі 29,2 млн. м3. ## Сипаты Көл Қулы, Қаязды, Жыңғылды атты көлдермен бірге Сырдария өзенімен жалғасқан. Қамыстыбас көлімен қыларна арқылы байланысады. Суының деңгейі көбіне осы көлдерге тікелей байланысты. Оңтүстік-батысындағы шағын көлдер маңында батпақты-қорысты алқап қалыптасқан. Көктем айларында осы батпақ арқылы Сырдария өзенімен байланысып жатады. Солтүстік-батысы мен шығыс, оңтүстік-шығыс жағалауы біршама көтеріңкі. Жағалауының басым бөлігінде қамыс, құрақ өскен. Суы балыққа бай. ## Дереккөздер
Қызылүй - Сыпсыңағаш қолаты алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы Жайылма ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 221 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,1 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 9,8 км. ## Сипаты Күрделі пішінді көл жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ өскен. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толысады. Алабы игерілген, шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, сәуір айының ортасында ериді. ## Дереккөздер
Алдаберген Аманиязов (1935, Атырау облысы Мақат қ.) - мұнайшы, мемлекеттік қайраткер. ## Өмірбаяны Мәскеу мұнай институтын, Алматы Жоғары партия мектебін (1971) бітірген. * 1955-1960 жылдары-Доссор МАБ оператор, техник-геолог, мұнай өндіру цехында инженер. * 1960-1969 жылдары - Мақат аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Мақат аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. * 1971-1977 жылдары - Мақат аудандық атқару комитетінің төрағасы. * 1977-1996 жылдары - Мақат МАБ партия комитетінің хатшысы, «Доссормұнай» МГӨБ базасы бастығының орынбасары, басқармасы бастығының орынбасары, технолог, ауысым бастығы. * 1996 жылдан - зейнеткер. ## Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» (1986) медалдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекзат Қанатұлы Нағашыбай (25 мамыр 2001 жыл, Қостанай облысы) – қазақстанның жас әншісі. Ол қазір №10 мектептің (Қостанай) 8 сыныбында білім алып жатыр. Жастайынан өзінің білімімен, талантымен көзге түсті. Бекзат домбыра тартып, ән айтады. 2012-2013 жылдары халықаралық "Золотой микрофон" байқауына қатысып, екі мәрте "дипломант" атағын алды. 2012 жылы маусым айында өткен халықаралық "Шаттық" фестиваліне белсене қатысты. Сол фестивальмен қатар өткен елбасымызға арналған концертте өнер көрсетті. 2010 жылдың қазанында Қостанайда өткен "Пою тебе, мой Казахстан" ән байқауында 2-орынды иеленді. Облыстық жайдарман ойындарында мектеп атынан өнер көрсетті. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Бекзат-біздің мақтанышымыз!
Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесі (9.1918—12.1919) — Батыс Қазақстанның айтарлықтай бөлігін басқару үшін құрылған Алаш автономиясы үкіметінің (Алашорданың) бөлімшесі. ## Тарихы Алашорданың Батыс бөлімшесін кұру туралы шешімге Ә. Бөкейханов 1918 ж. 11 қыркүйекте қол қойды. Бұл шешімді Ә. Бөкейханов Уфа қаласында өткен және У. Танашев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков және М. Тынышбаев қатынасқан мәжілістің келісімі бойынша жасады. Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы болып Жанша Досмұхамедов тағайындалды. Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылуына байланысты Ойыл уәлаятының үкіметі таратылып, оған осы кезге дейін бағынып келген Батыс Қазақстанның қазақтар мекендеген жерлері аталған бөлімшенің қарамағына берілді. ### Азаматтық соғыс кезінде Батыс Алашорданың әскери бөлімдерінің қатарында екі мынға дейін жауынгер болғанына қарамастан, азамат соғысында олар большевиктер құрған Қызыл Армия бөлімдеріне карсы соғыс операцияларына белсенді түрде қатыстырылмады. Мұндай жағдай олардың нашар қарулануы мен жеткілікті дайындығы болмағандығына ғана байланысты емес еді. Жауынгер жігіттер қазақ халқын көптеген жылдар бойы қан қақсатып, езіп-жаншып келген казачество жағында соғысып, қан төккісі келмеді. Сондықтан Алашорданың Батыс бөлімшесі орналасқан Жымпитыға қазақ жасақтарын Қызыл Армияға қарсы майданға аттандыру жөнінде бұйрық келгенде, онда орналасқан қазақ милициясы қатарындағы жігіттер қолдарына қару алып, өкіметке қарсы шыкты. Олар түрмеде отырғандарды босатып, өздері ауылдарына тарап кетті. Жымпитыда болған оқиғадан кейін Орал казачествосының Алашордаға көзқарасы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Орал казак әскерлерінің атаманы В. Толстов батыс Алашорданың әскери бөлімінің бастығы полковник Ерыкалинцевті батыс Алашордаға карайтын аумақтың әскери әкімшілік басқармасының бастығы етіп тағайындады. Басқаша сөзбен айтқанда, генерал В. Толстов батыс Алашордаға қарайтын аймақтағы күштік (әскери) құрылымдарды Алашорданың қарауынан алып, өзіне тікелей бағындырды. Азамат соғысындағы күштердің ара салмағы шешуші түрде Қызыл Армия жағына ауысқан жағдайда, 1919 ж. желтоқсанда, Алашорданың Батыс бөлімшесі Кеңес өкіметі алдында бас июге мәжбүр болды ## Баптары Алашорданың төрағасы Әлихан Бөкейханов қол қойған осы құжаттың негізгі баптары мыналар болды: * «1) Алашорда Алаш автономиясы аумағындағы бірден-бір басқару органы болып табылады... * 2) Жергілікті басқару... * 3) Алашорданың комиссарлары арқылы жүзеге асырылады... * 4) Облыстық, уездік комиссарларды Алашорда тағайындайды... * 5) Құрамына Бөкей Ордасы, Ойыл өңрі, Закаспий облысының Маңғыстау уезі, Торғай облысының Ақтөбе және Ырғыз уездері кіретін Алаш автономиясының батыс бөлімшесін басқару үшін... * 6) Алашорданын Батыс бөлімшесі кұрылды. * 7) Алашорданың осы бөлімшесі автономиянын көрсетілген бөлігін Алашордадан түсетін маңызды және принципті нұсқаулар негізінде басқарады... * 8) Төтенше жағдайлар болғанда және Алашордамен байланыстар үзілгенде бөлімше Алашорданың құқықтарына ие болады». ## Сыртқы сілтемелер * К.Нұпейісов Алаш һәм Алашорда. — А., 1995; * Алаш-Орда. Сборник документов. — А„ 1992. ## Дереккөздер
Апақаев Көбейсін (1921-1992, Атырау облысы). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы (1971). КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі (1980). [Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде қырық жылдан астам уақыт жұмыс істеген. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қыршабақты өзені, Бөген – Ақжар көлі алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 805 км2. ## Бастауы Бастауын Қаратау жотасының солтүстік баурайындағы бұлақтардан алып, Шабақты темір жол айырмасынан төменде Шабақты өзеніне оң жағынан құяды. Жоғарғы бөлігі Бөген деп аталады. ## Гидрологиясы Қаратау жотасының солтүстік жалғасы - Ақтау жотасынан шыға берер жерінен бастап, өзеннің оң жағалауы жарқабақты келген (30 км-ге жуық), жоғарғы арнасы тау шатқалымен ағады. Шабақты өзеніне дейінгі төменгі арнасының жағалауы жарлауытты келген. Арнасында жыл бойы су болады. Төменгі алабы игерілген. Өзен бойында бірнеше қыстау мен жайлау орналасқан. ## Дереккөздер
Лебедиха – Үлбі жотасының батысындағы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Үбі өзенінің орта ағысының оң жағалауында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1032 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 6 км шамасында. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық тұрғысынан Лебедиха тауы девон және тас көмір дәуірінің интрузивтік жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейінің ашық, жалаңаш беткейінде гранит, карцит және тақтатастан тұратын қорымтастар жиналған. Батыс және шығыс беткейлері тік шатқалды, оларды Оба өзені және оның салалары тілімдеген. ## Өсімдігі Беткейлерін көктерек, қайың аралас қарағай, майқарағай, самырсыннан тұартын орман көмкерген. ## Дереккөздер
Лебяжье — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылынан солтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 91,5 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Ауданы 6 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Ең терең жері 4 м. Суының массасы 11 млн. м3. Су жиналатын алабы 57,6 км2. ## Жағалау сипаты, су байлығы Оңтүстік және шығыс жағалауы тіктеу келген, биіктігі 2-3 м. Солтүстік және батыс жағалауы жайпақ, батысында ұзындығы 900 м, ені 30 м болатын тармақ арқылы Заболотное көлімен жалғасқан. Лебяжьенің түбі тегіс құмды тұнбалы шөгінділерден түзілген. Суының минералдылығы 2-4,5 г/л, орташа кермекті. Лебяжье көлі Есіл өзенінің суымен құбыр арқылы толығып отырады. Көлде балықтың 13 түрі мекендейді. Маңыздыларына тұқы, сазан, табан балық, алабұға жатады. ## Дереккөздер
Нұралы Әжіғалиев (23.9.1939 ж. т., Исатай ауд., Бабан а.) — белгілі ақын. Жырлары биік азаматтық әуенмен ерекшеленеді. «Жаңғырығы жанымның» (1993), «Тағдырым осы таңдаған» (1999) атты өлең кітаптардың авторы. Исатай ауданының Құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Айтбай Әлжанов (1927 ж. т., Атырау қ.) — инженер-геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1974). ## Өмірбаяны * Мәскеу мұнай институтын бітірген (1959). * 1949-95 ж. Тереңөзек, Құлсары мұнай барлау мекемелерінде * «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» басқармасында * Орал, Каспий маңы мұнай барлау экспедицияларында * «Мұнай» ғылыми-өндірістік орталығының акционерлік қоғамы Атырау өндіріс бөлімшесінде аға геологтан бас геолог, өндіріс бөлімшесі бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. ## Ашқан кен орындары * Прорва (1985) * Забұрын (1988) * Теплов-Токарев (1998) кен орындарын тұңғыш ашушылардың бірі. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту * «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Шәміл Әбілтай (24.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауы) – күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 жылы). Атырау музыка училищесін домбыра мамандығы (1972 жылы) бойынша бітірген.1972 – 75 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975 – 85 жылдары еркін шығармашылық еңбекпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985 – 88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық.1980 жылы Жастар одағының иегері.1994 жылы дүниежүзілік Құрылтайында Озан атағын алды.1997 жылы Тағлымдық толғаулар еңбегін Қазақ телидидары арқылы шығарды.1994 жылдан бастапҚұрманғазы қорының төрағасы болған. * “Ұлытау” атты күй-кітабы мен “Ордабасы” дейтін күйтабағы шықты. Қазақ телевизиясы бойынша “Yкілі домбыра”, “Домбыра дастан” бағдарламаларын жүргізді. Әбілтаев – * “Домалақ ана”, * “Шақшақ Жәнібек”, * “Бекет Ата”, * “Қыдыркезген Қызылқұм”, * “Елбасы” күйлерінің, * “Қожа Ахмет Иасауи”, * “Жер ұраны – Ұлытау”, * “Ордабасы”, * “Құрманғазы – күй дүлдүл”, * “Мұстафа Шоқай туралы толғау”, * “Түркістан”, * «Бір ауыз сөз», * «Күй ата» музыкалық-толғауларының авторы. Әбілтай кішкентай кезінен маңғыстау елімен рухани жақын болатын.Әбілтайдың композиторлық шығармалары негізінен тарих тағылымына баса назар аударумен әрі оны қазақ елінің тәуелсіздігімен ұштастыру болып табылады. Әбілтай Оғыландыдағы әулие күмбезінде түнегенде «Бекет ата» күйін шығарған. ## Дереккөздер
Дербісәлин Әнуар Жақсығалиұлы (18 ақпан 1929 ж., Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қызылжар ауылы – 4 шілде 1986 ж., Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1983). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Ойыл орта мектебінің мұғалімі (1950–51), Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының аспиранты (1951–54), Педагогика ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер (1955–58), Әдебиет және өнер институтында аға ғылым қызметкер (1958–76), бөлім меңгерушісі (1977–86) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ақын-жырауларының әдеби мұрасы туралы зерттеу еңбектердің авторы. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұраларын, «Оғызнама», «Мұхаббатнаме», «Қорқыт ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірді. «Октябрь алдындағы қазақ әдебиетінің (1990–1917 ж.) даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.aktobegazeti.kz/?p=330 Мұрағатталған 11 қарашаның 2017 жылы. ## Дереккөздер
Әбілов Уәлитхан (1940, Атырау облысы Забұрын а.). Саратов политехникалық институтын (1962), Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын (1969) бітірген. 1962-1964 жылдары «Ембімұнай» бірлестігінің жол-жөндеу кеңсесінде механик, бас механик. 1964-1972 жылдары - «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің сумен қамтамасыз ету кеңсесінде инженер, аға инженер, директор. 1972-1983 жылдары - «Өзенмұнай» МГӨБ магистралды мұнай өнімдері құбырлары басқармасы бастыгының орынбасары, технологиялық ерітіндіні дайындау басқармасының бастығы, цех бастығы, «Маңғышлақмұнай» бірлестігінде турмыстық-коммуналдық кеңсесінің директоры. 1983-1992 жылдары - «Алматымұнайөнім» бірлестігінде бас механик, автомобильre май құю станциясы (АМҚС) бастығының орынбасары, коммерциялық бөлімнің бастығы. 1992-1996 жылдары - «Қазақойл» ҰМК жанындағы «Ембімұнай» бірлестігінің өкілі. 1996 жылдан - «Тазамай» экологиялық фирмасының директоры. ## Дереккөздер
Қоспақов Зейнұр (Зайнақұл) (20.12.1932 жылы туған, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылы) - музыкатанушы, фольклортанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты (1968). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1957), оның аспирантурасын (профессор А.Жұбановтың жетекшілігімен) бітірген (1964). Сол жылдан Әдебиет және өнер институтындағы музыка бөлімінің ғылым қызметкері. Қоспақов ұлттық музыка өнерінің тарихы мен теориясына байланысты жазылған елеулі еңбектерімен белгілі. Қоспақов "Әнші тағдыры" (1971), "Жаяу Мұса" (1977), "Қазақтың музыка фольклоры" (1982), "Қазақ музыкасының тарихнамасы" (1986), "Ақсиса" (1985), "Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің" (1996), "Қазақ әншілік дәстүрі" (1998), т.б. зерттеу еңбектерінің, музыка-этнография жинақтардың авторы. ## Дереккөздер
Әбілғазиев Ислам (1944, Атырау облысы Мақат ауд., Сағыз к.) ). Қазақ политехникалық институтын бітірген (1968). 1960-1963 жылдары - «Қошқар» ірілендірілген мұнай кәсіпшілігінің автотрактор паркінде слесарь. 1968-1980 жылдары - «Ембімұнай» ӨБ «Мақатмұнай» МГӨБ Қошқар мұнай өндіру цехында мұнай өндіру шебері, аға инженер, цех бастығы. 1980-1986 жылдары - «Ембімұнай» ӨБ «Мақатмұнай» МГӨБ бастығының орынбасары. 1986-1988 жылдары - халық депутаттары Мақат поселкелік Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, халық депутаттары Мақат аудандық Кеңесі атқару комитеті төрагасының орынбасары. 1988-1989 жылдары - «Ембімұнай» ӨБ «Доссормұнай» МГӨБ Мақат цехы бастығының орынбасары. 1989-1992 жылдары - халық депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, экономикалық комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары - Мақат аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, экономикалық комитетінің төрағасы. 1995-2000 жылдары - Мақат ауданының әкімі. 2000 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ «Доссормұнайгаз» МГӨБ бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. ## Дереккөздер
Әжіғали Қабесұлы Әлімақанов (1949 ж. т.,Орынбор обл.) - мұнай-газ өңдеу саласындағы білікті маман. Мәскеу политехникалық институтын (1976), Мичиган университетін (АҚШ; 1996) бітірген. 1970—93 ж. Гурьев мұнай айыру зауытында операторлықтан партия комитеті хатшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. Гурьев қалалық кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы болды, Гурьевке өзінің байыргы Атырау есімін қайтару жөніндегі мәселеге белсене атсалысты (1992 ж. қалалық кеңес сессиясында қала қайтадан Атырау атанды). 1993 жылдан «Теңізшевройл» қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының бас менеджері. Халықтар достығы орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. ## Жалпы мәлімет Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дай (дах) - мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтаpдың құрa­мында роқсоландаp, алаңдaр, аорстар, cирақтар т. б. тайпaлар болған. Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды: * eрте саpматтaр мәдениеті (прохор) * орта сармaттар мәдениеті (суслов) * кейінгі сарматтaр мәдениеті. Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары (Ба­тыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн. Олар кейінгі сарматтар мәдeниeтіне жатады. Қaбіpге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген. III-V ғғ. зергерлік өнергe түсті метaлдардың ішінен алтынды көп қолданған. Оcы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың aрасында зергерлік өнерде «полихpомдық стиль» кeң тарaды. Қазақстанда б. з. VII - V ғғ. бұл стильдің екі түрі дaмыды: бeзeндіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бaр. Шaруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір cүріп егіншілікпен айналыcты. Сармат тайпалaры Еуразияның саяси-экoнoмикалық және мәдeни өмірінде елеулі рөл aтқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара теңіз скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-эконикалық дағдарыс қалыптасады. Ғылыми тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған Сарматтардың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара теңіз скифтерінің патшалығы аумағында Сармат билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген Сарматтар Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Аугуст тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Жағырапиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еуропалық, ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. Сарматтардың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай Сарматтардың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. Сарматтардың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археологиялық деректері аса зор рөл атқарады. Сарматтардың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады.«Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роқсоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мысалы б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роқсоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирақтарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір-ақ шығады. ## Грек, рим тарихшыларының мәліметі Тарихи деректерде алғаш рет б.з.б VIII ғасырда сарматтарды савроматтар деп атаған. Савромат жөнінде грек, рим тарихшылары Диадор, Үлкен Плиний, Полибий жазу бойынша савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңізі өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Сармат тайпалары көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады. Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша: * Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген; * Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған; * Савроматтар дах, массагеттермен, исседондармен туыстас келген; ## Археологиялық ескерткіштері Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған. Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген. ## Шаруашылығы Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Жылқыны тебіндеуге үйренген түрлері және жорыққа мінетін қазанаттар өсірген. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген. ## Тұрмысы Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Әйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері әртүрлі әшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбін шұңғыл әрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пісіретін қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған. ## Зергерлік өнер 3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеу, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды.
Әмір Оқас (т. ж. б. — 1447) — Ноғай ордасының ханы. ## Өмірбаяны Ноғай Ордасының басқару тағына Едігенің немересі Нұреденұлы Оқас отырғаннан бастап, астана Сарайшыққа ауысты. Әмір Оқас — Ақ Орда ханы Әбілқайыр дың (1428—1468) замандасы. Ол билеген тұста Ноғай Ордасы Әбілқайыр билеген көшпелі өзбек-қазақ тайпалар бірлестігіне қараған. Сондықтан да Әмір Оқас Әбілқайырдың Дешті Қыпшақ тағын иемденуіне көмектеседі, оның бас кеңесшісі болады. Ол Әбілқайырдың Сырдарияны алуына, 1446 ж. Үзгент қ-сын жаулауға қатысты. 1447 ж. Оқас қайтыс болғаннан соң, отыз ұлды Оқастың балалары Әбілқайырдан бөлініп, Жайық бойындағы өз ордаларын нығайтуға бет бұрады. ## Естеліктер 1999 жылы Сарайшықта бой көтерген хандар пантеонында Әмір Оқасқа арналып құлпытас қойылған. ## Дереккөздер
Нариман Дүйсенғалиұлы Байбосынов (1953 ж. т., Атырау қ.) — экономист. Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын (1975), КСРО Министрлер Кабинеті жанындағы Халық шаруашылық академиясын (1991) бітірген. 1975-98 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытында инженер, бас бухгалтердің орынбасары, «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі бастығының орынбасары, бастығы, облыстық жоспарлау комитетінің төрағасы, облыстық статистика басқармасының бастығы, облатком төрағасының орынбасары, 1-орынбасары, кәсіпкер, 1998 жылдан «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-ның экономика мен қаржы жөніндегі вице-президенті. ## Дереккөздер
Хансұлтан Аязбаев (1903, Доссор к. — 1993, Құлсары к.) — мұнайшы. Доссор, Байшонас, Қосшағыл, Құлсары, Мұнайлы кен орындарында бұрғышы болды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Нұрберген Балғымбаев (1949 ж. т., Атырау қ.) — тау-кен инженері. ҚазПТИ-ді бітірген (1972). 1972-91 ж. «Атыраумұнайгаз» ӨБ жүйесінде бұрғышыдан бұрғылау экспедициясы бас инженеріне дейінгі еңбек жолынан өтті. 1991-93 ж. ҚР Отын және энергетика министірлігінің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары. 1993 жылдан Канаданың «СНС Лавамин Интернейшн» компаниясының Қазақстандағы өкілеттігінің директоры. ## Дереккөздер
Мақаш Балғымбаев (1931 ж. т., Атырау қ.) — ҚазКСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы. Теңіз мұнай-газ кенін алғаш ашушылардың бірі (1988), геол.-минералогия ғыл. кандидаты. Мәскеу мұнай институтын бітірген (1955). Атырау—Ембі мұнай-газ кәсіпшіліктерінде, Биікжал аса терең бұрғылау экспедициясында, «Ембімұнай» бірлестігінде бас геолог болып істеді. «Каспий маңы ойпатының тектоникалық картасы» авторларынын бірі. ## Дереккөздер
Франц Хегенбарт (нем. Franz Hegenbart, чеш. František Hegenbarth; 1818 жылдың 10 мамыр - 1887 жылдың 20 желтоқсаны) - австриялық виолончельші және музыкалық педагог. Прага консерваториясын 1837 жылы бітірген. Иоганн Баптист Хюттнердің шәкірті болған. Грац, Линц, Львов театрларында ойнаған. 1852 жылдан бастап Зальцбургтегі Моцартеум консерваториясында сабақ берген. 1865 жылы Пражск консерваториясының профессоры, сондай - ақ, консерваториялық оркестрді басқарған. Хегенбарттың әйгілі шәкірттері: Гануш Виган, Генрих Грюнфельд, Рудольф Эрлих. Оның фортепианолық триода Бедржих Сметана және Антонин Беневицпен орындауы әйгілі. Және ішекті квартеттегі Войтех Гржмалимен бірге скрипкада ойын көрсетуі оны әйгілі етті. «Виолончелиге арналған 18 жаттығу» еңбегін жарыққа шығарған (нем. 18 Übungen für das Violoncello; 1869). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Petr Macek. Hegenbart, František Мұрағатталған 21 желтоқсанның 2014 жылы. // Český hudební slovník osob a institucí * Hegenbarthova Škola Мұрағатталған 2 наурыздың 2009 жылы.
Мориц Мильднер (нем. Moritz Mildner; 1812 6 қараша, Тюрмиц (қазір Трмице, Чехия) — 1865 4 желтоқсан, Прага) — чех скрипкашысы, композиторы және музыкалық педагог. Прага консерваториясында оқып, Фридрих Вильгельм Пиксиктің шәкірті болған және 1828 жылы консерваторияның ең алғашқы түлектерінің бірі болған. Квартете өзінің ұстазының басшылығымен екінші скрипкада ойнайды, сол кезде Прагада көпшілікке арнап квартеттік концерттер ұйымдастырған. Кейіннен, консерваторияда сабақ берген. Оның атақты шәкірттері қатарына Фердинанд Лауб, Генрих де Ана, Антонин Бенневиц, Ян ағайындылары, Войтех және Богуслав Гржимали кірген. ## Дереккөздер
Орынбай Бердіғожин (1910, Қызылқоға а. — 1984) - бұрғышы-техник. ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы (1951). ## Өмірбаяны Ұлы Отан соғысына қатыскан. Атырау мұнай техникумын бітірген (1933). 1933-72 ж. Мақат, Байшонас мұнай кәсіпшіліктерінде, «Қазақмұнайкомбинаты» басқармасында, «Қазақстанмұнай» бірлестігінде, «Маңғыстаумұнайбарлау» тресінде, Өзен мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай өндіру шеберінен басқарма бас инженері, директоры, басқарма бастығының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті. ## Марапаттары Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Түктібаев Кенжеш Түктібайұлы (1920, Қима ауданы Кіндікті ауылы) – соғыс және еңбек ардагері, полковник. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын 1938 ж. ұжымшарда қойшы болып бастаған. Ташкент пулеметшілер училищесін бітірген соң (1942), майданға жіберілді. 1943 жылдың аяғына таман жараланып, еліне оралды. Қима ауданы ішкі істер бөлімінде инспектор (1943 – 56), Жақсы ауданы ішкі істер бөлімінде бөлім бастығы, басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (1957 – 61; 1966 – 83), Қорғалжын ауданы ішкі істер басқарма бастығы (1962 – 66). І-дәрежелі «Отан», Қызыл Жұлдыз ордендері, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекбике - әр түрлі кезеңге жататын археологиялық ескерткіштер орны. Жылыой ауданының орталығы Құлсары кентінен солт,- батысқа карай 45-50 км, Бекбике темір жол бекеті мен автомобиль жолы арасындағы шағын аумақта орналасқан. Құмшағылдар басып кеткен төбешіктерде неолит-энеолит (жаңа тас және мыс-тас) дәуірлерінде өмір сүрген адамдардың тұрақтары ашылып, олардан әр түрлі шақпақ тастан жасалған жебенің оқтары, екі жақты тегіс ретушті қырғыштардың сан алуан түрлері, бір жүзді пышақ дайындауға арналған пластиналар, істіктер, бұрғылар т. б. құралдар табылды. Қыш ыдыстардың табылған сынықтарына қарағанда, олардың түрлері жұмыртқаға ұқсас, ернеуі кең, ал беттері толық әр түрлі геометриялық оюлармен әшекейленгені аңғарылады. Табылған заттардың мұнда б. з. б. IV—III және II мың- жылдықтың басында өмір сүрген халықгардың мал өсіріп, аң аулаумен шұғылданғанын және көршілес Маңғыстау, Үстірт, сондай-ак Еділ, Жайық өңіріндегі өзі тектес мәдени орталықтармен тығыз байланыста болғанынан мағлұмат береді. Келесі қола дәуір (б. з. б. II мыңжылдық) ескерткіштерінен көптеген қыш ыдыстардың, тарақ жүзді штамптардың көмегімен жасалған меандр, ойық, үшбұрыш, текше оюлармен әшекейленген сынықтар, ал көшпелі сарматтар кезеңіне (б. з. б. IV—I ғ.) қатысты заттардан темір қанжарлардың сынығы, жебенің қола ұштары, әр түрлі құмыралардың сынығы, ұршықтың бастары т. б. табылды. ## Дереккөздер
Бекбике - әр түрлі кезеңге жататын археологиялық ескерткіштер орны. Жылыой ауданының орталығы Құлсары кентінен солт,- батысқа карай 45-50 км, Бекбике темір жол бекеті мен автомобиль жолы арасындағы шағын аумақта орналасқан. Құмшағылдар басып кеткен төбешіктерде неолит-энеолит (жаңа тас және мыс-тас) дәуірлерінде өмір сүрген адамдардың тұрақтары ашылып, олардан әр түрлі шақпақ тастан жасалған жебенің оқтары, екі жақты тегіс ретушті қырғыштардың сан алуан түрлері, бір жүзді пышақ дайындауға арналған пластиналар, істіктер, бұрғылар т. б. құралдар табылды. Қыш ыдыстардың табылған сынықтарына қарағанда, олардың түрлері жұмыртқаға ұқсас, ернеуі кең, ал беттері толық әр түрлі геометриялық оюлармен әшекейленгені аңғарылады. Табылған заттардың мұнда б. з. б. IV—III және II мың- жылдықтың басында өмір сүрген халықгардың мал өсіріп, аң аулаумен шұғылданғанын және көршілес Маңғыстау, Үстірт, сондай-ак Еділ, Жайық өңіріндегі өзі тектес мәдени орталықтармен тығыз байланыста болғанынан мағлұмат береді. Келесі қола дәуір (б. з. б. II мыңжылдық) ескерткіштерінен көптеген қыш ыдыстардың, тарақ жүзді штамптардың көмегімен жасалған меандр, ойық, үшбұрыш, текше оюлармен әшекейленген сынықтар, ал көшпелі сарматтар кезеңіне (б. з. б. IV—I ғ.) қатысты заттардан темір қанжарлардың сынығы, жебенің қола ұштары, әр түрлі құмыралардың сынығы, ұршықтың бастары т. б. табылды. ## Дереккөздер
Спасский Григорий Иванович (1783, Ресей, Егорьев қаласы – 29.4.1864, Мәскеу қаласы) – түркітанушы ғалым, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1810). Коломенск діни семинариясында білім алған (1799). Санкт-Петербургтегі пайдалы қазбаларды зерттеумен айналысатын Бергколлегияда қызмет атқарған. 1803 жылы тау-кен инженері ретінде Сібірге жіберілді. Ол қызмет бабымен Сібірде 12 жылдай тұрып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Алтайлықтардың тілі мен әдет-ғұрпы жайында мақалалар жариялады. Енисей жазба ескерткіштеріндегі ойма жазуларды қағаз бетіне түсіріп, одан арнайы альбом әзірледі. Көне түркі жазба ескерткіштері таңбаларының дыбыстық мағыналарын айқындауға талпыныс жасады. Ресейде шығыстану мәселесіне байланысты алғашқы ғылыми журнал шығару ісін жолға қойды. Оның жетекшілігімен 1818 – 24 жылы “Сибирский вестник”, 1825 – 27 жылы “Азиатский вестник” журналдары жарық көрді.Шығармалыры: Древности Сибири // Сибирский вестник. 1818. ч. 1.Әдеб.: Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России. Л., 1972.
Шайқысламұлы Жүсіпбек, Жүсіпбек қожа (1857, Отырар ауданы Қожатай мекені – 1937, Шыңжан өлкесі, Іле Қазақ автономиялы облысы Текес ауданы Шиеліөзек ауылы) – ақын, аудармашы, қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, насихаттаушы, жыршы. Ауыл молдасынан оқып, кейін медреседе білімін жетілдірген. Араб, парсы, шағатай, түрік тілдерін толық меңгерген. Оқуын аяқтаған соң ақындық, серілік жолға түсіп, ел аралайды. Сыр сүлейлері мен Қаратау шайырларымен, Сарыарқа мен Жетісудың ақын-жырауларымен жүздеседі. Олардың шығармаларын жазып алып, ел ішінде насихаттаған. Шығыс тілдеріне жетік ақын олардың классикалық әдебиетін, фольклорлық туындыларын оқыған. Фирдоуси, Хафиз, Жәми, Физули, Науаи жырларымен жете танысқан. Ол XІX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент баспаханаларында қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын, Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды бастыру ісін қолға алады. «Қыз Жібек» (1900, 1903, 1905, 1908, 1909, 1910, 1911), «Айман – Шолпан» (1896, 1901, 1913, 1916), «Сара қыз бен Біржан салдың айтысы» (1898, 1900, 1901, 1902, 1907), «Алпамыс» (1899), «Кенесары-Наурызбай» (1903), т.б. ұлттық фольклордың асыл мұралары мен «Сал-сал», «Зарқұм», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», т.б. шығыс сюжетіндегі хисса-хикаяттар Жүсіпбектің бастыруымен алғаш рет жарыққа шықты. «Мың бір түн», «Кербаланың шөлі», «Тотының тоқсан тарауы», «Дариға қыз», «Қасым Жомарт», т.б. аңыздардың мазмұнын өз бетінше жырлады. Жүсіпбек хисса-дастандар жазумен қатар айтыстарға да қатысқан. Оның Шөкей (Уәзипа) қызбен, Жалайыр Бақтыбаймен айтысқаны белгілі. Алғашқы айтыстары жеке жинақ ретінде басылып (1897, 1910), кейін «Айтыс» томдарына (1964, 1965, 1988) енгізілді. Жүсіпбек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, кейін жеңіліс тапқан халықпен Қытай еліне қоныс аударуға мәжбүр болады. Сол өлкеде тұрақтап қалып, бала оқытумен, емшілікпен шұғылданады. Өмірі мен шығарм. туралы «Қазақ совет энциклопедиясы» (4-т., 1974), «Ақын-жыраулар» (1979), «Үш үзік» (1993), «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994) жинақтарында жазылды. Ақынның төл туындылары мен басылым көрген хисса-дастандарының қолжазбалары Қазақстан ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры (ОҒҚ, 170 д. 546, 570-бумалар) мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында (Ә-И, 901, 121-бумалар) сақталған. ## Дереккөздер
Есенбай Есенжолұлы Белгібаев (1942 ж. т., қазіргі Индер ауданы, Манаш а.) - инженер-механик, мемлекет қайраткері. * Қарағанды политехникалық институтын бітірген. * 1957-92 ж. Семей қаласында жүргізуші, Қызылорда облысының жол құрылысы тресінде механик, аға шебер, шеберхана бастығы, жол басқармасы және автобаза бастығы, трест басқарушысы, облыстық автожол басқармасының, жол құрылысы бірлестігінің бастығы * 1992-95 ж. «Қазақселезащита» өндірістік бірлестігінің бастығы болды. * ҚР Жоғарғы Кеңесінің (12-шақырылған), ҚР Парламенті Мәжілісінің (1995-99) депутаты болып сайланды. ## Дереккөздер
Лебяжье, Аққулы — Шу алабындағы тұщы көл. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, теңіз деңгейінен 259 м биіктікте жатыр. Аумағы 2,6 км2 (көктем айларында 3,5 км2-ге жетеді), ұзындығы 2,6 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 11,4 км. ## Сипаты Шу өзені жайылмасында жатқан күрделі пішінді көлдің шығысында бірнеше көлдер жатыр. Сондай-ақ көл алабында адам өтпес батпақ пен сор қалыптасқан. Негізінен жер асты және Шу өзенінің суымен толысып отырады. ## Өсімдігі Көтеріңкі келген солтүстік жағалауыында жүзгін, теріскен, ши, жусан өскен. Басқа жағалауларын қамыс, құрақ шоғырлары басқан. ## Дереккөздер
Піскем жуасы (лат. Allium pskemense) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік. Мәртебесі: таралу аймағы қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Батыс Тянь-Шань эндемигі. Талас Алатауы (Кіші Ақсу, Үлкен Ақсу, Ақсу өзені аңғарларында) және Угам жотасында (Пияздысай өзені аңғары) кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстан мен Қырғызстанда таралған. Жартастар жарығында, шөгінді тастарда, малта тасты арналарда, теңіз деңгейінен 2400м биіктіктегі тасты баурайдың аршалы белдеуінде өседі. Ірі сабақты түр (биіктігі 1 метрге дейін), пиязшығы үлкен, салмағы 70 грамға жетеді. Гүл шоғыры дерлік шар тәрізді, көптеген ақ гүлдерден тұрады. Пиязшығының жылда вегетативті көбеюінің нәтижесінде топ болып өседі. Мұндай топта өркендер саны18-30-ға жетеді, орташа тығыздығы бір шаршы метрде 10 өркенге дейін болады. Алдыңғы жылдарда пиязшығын орынсыз көп жинау нәтижесінде саны қысқарып отыр. Тағамдық және дәрілік шикізат ретінде қап-қап қылып жинаған. Қорықтар ұйымдастырғаннан кейін түр популяциялары қалпына келді. Мәдени түрде жақсы өседі, Қазақстан мен Өзбекстанның көптеген тұрғындары оны мәдени түрде бақшаларында өсіреді. Тұқымынан өссе, үшінші жылы гүлдейді. Тұқымның өнуі өте ұзақ, тез өскенде екі жылда, жай өссе үш жылда көктеп шығады. Сәндік өсімдік ретінде мәдени өсіруге ыңғайлы. Аязға төзімді бақша пиязын алуда сұрыптау үшін қолданылады. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Кездесетін барлық популяцияларын ерекше қорғауға алып, бақылау жасау керек, яғни түрді бұрынғы өскен жерінде қайта өсіру шараларын іске асыру қажет. Дереккөздер: «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Қызыл кітап беттерінен. А.А.Иващенко. Алматы 2006 жыл
Мақсыр маралтамыр (Rhaponticum carthamoides) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Мәртебесі: саны қатты қысқарып бара жатқан түр. Алтай, Тарбағатай Жоңғар Алатауы (солтүстік сілемі) тауларында кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Оңтүстік Сібір мен Монғолияда таралған. Үлкен тамырсабақты көпжылдық өсімдік (биіктігі 1м), көбіне субальпі шалғындарында, сиретілген ормандар мен орман алаңқайларында, сирек Альпі тундрасына дейін көтеріледі. Дәрілік шикізат ретінде жаппай тамырымен жинау әсерінен саны қысқарып отыр. Бүлінбеген тіршілік орталарында түр тығыздығы жоғары, бір шарша метр жерде 13, қалың өскен жерінде тіпті 70 өскінге дейін кездеседі. Соңғы жағдайда өнімі өте жоғары 1 га жерден жер асты бөлігі 17 тонна, жер үсті бөлігі 7 тоннаға жетеді. Мәдени түрде жақсы өседі, Қазақстан мен Ресейдің көптеген аймақтарында өсіріліп байқалған. Жаңа жиналған тұқымның өнімділігі 90 %, көшеттері екінші жылы гүлдейді. Риддер қаласында тәжірибе жүзінде өсіргенде, жасыл өсімдіктің түсімі 600 ц/га-дан жоғары болды. Өсімдіктің жасыл бөлігі мал үшін керемет азық, ал жер үсті бөлігінен дәрі алумен қатар, сергітетін сусындар дайындауға пайдаланады. Табиғи жағдайларда ерекше бақылау жасап, дайындауды реттеу керек. Марқакөл мен Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Қатонқарағай ұлттық паркінде қорғалады. ## Дереккөздер
Аласа дестегүл (лат. Merendera robusta) — мелантия тұқымдасына жататын өсімдік.Мәртебесі: Мелантия тұқымдасына жататын ерте гүлдейтін өсімдік. Қазақстанда сирек кездесетін түр ретінде белгілі. Оңтүстік Қазақстанның бірнеше жерінде (Шардара су қоймасының маңы, Мойынқұм құмы, Шу-Іле таулары, Сырдария Қаратауы) өте оқшауланып сирек кездеседі. Жалпы таралуы бойынша кәдімгі ортаазиялық түр, Ауғанстанда, Белуджистанда, Индияда сирек те болса кездеседі. Құмды шағыл тасты және сазды сұр топырақты беткейлерде, төменгі тау белдеуі мен жазықтықтың бекітілген құмдарында өседі. Қар еріген бойда өте ерте гүлдейді. Өсімдіктің бар бөлігі, әсіресе пиязшығы улы, құрамында әр түрлі алкалоидтар бар. Мәдени түрде өсіріледі. Алматы қаласындағы ботаника бағында жүргізілген тәжірибе нәтижесінде түрдің мәдени өсірілуде әлсіз екендігін көрсетті. Ерекше жеңіл топырақты қажет етеді. Қазіргі уақытта дестегүлдер табиғи популяциясының саны мен жағдайы зерттелмеген. Болашақта арнайы зерттеулер жүргізіп, ерекше қорғалатын жерлер ұйымдастыруды қажет етеді. ## Дереккөздер
Дараймола мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде, Атырау қаласының солтүстігіне қарай 130 км жерде орналасқан. 1975 жылы ашылып, 1994 жылы пайдалануға берілген. ## Жатыс сипаты, қанығуы Кен орналасқан көтерілім тұз күмбезді құрылымнын жасырын жарылған түріне жатады. Тұз бетіндегі шөгінділер шығыс және солтүстік-батыс қанаттарға бөлінген. Иірімдердің биіктігі 19-26 м-ге тең, мұнайға қаныққан қалыңдық 7,3 -10, 8 м. ## Құрамы Мұнайы күкіртті (0,54%), парафинді (2,97%), мол шайырлы болып келеді. ## Дереккөздер
«Дендер» — Индер аудандық газеті. 1934 жылдан «Социалистік мал шаруашылығы», 1958—94 ж. газет «Коммунизм туы», «Индер», 1994 жылдан «Дендер» болып шыға бастады. «Дендер» газеті ауданның сан алуан өмірін жүйелі көрсетіп отырады. Бір күннің жаңалықтарын жинақтап, тұтас газет санын шығару тәжірибесі бар. Әсіресе ауданның таңдаулы адамдарын, олар атқарған игі істерді жария етуге күш салады. Газет жұмысына оқырмандар, жұртшылық кеңінен қатысады. Газеттің алғаш редакторы («Социалистік мал шаруашылығы») - Ғ. Аманғалиев. Әр жылдарда мұнда У. Машанов, Д. Шененов, С. Ерғалиев, Қ. Қарабалин, I. Нұркасынов, Ғ. Сайханов, Т. Ысқақов, М. Шәріпов, I. Көпбаев, Е. Көшековтер редактор болды. Белгілі ақын М. Сатыбалдиев, геология-минералогия ғыл. докторы Н. Сейітов, республикалық «Тамаша» ойын-сауық отауының ұйымдастырушысы, ақын Қойшығұл Жылқышиев, танымал журналист М. Қабиев кезінде осы редакцияда жұмыс істеген. Газет ұйымдастыру-бұқаралык жұмысты жүргізуде бай тәжірибе жинақтаған. Тілшілерге жыл сайын М. Өтемісұлы атындағы жүлде беріліп тұрады. 1998 жылдан редакторы С. Базарбаев. Аптасына 1 рет шығады. Таралымы 1500 дана (2000 ж.). ## Дереккөздер
Нәубет — Тоқтау жасатылған кино режиссёр Қалила Умаровтың деректі фильмі, шығарылған жылы 1992 жыл. ## Фильм Деректі фильм ## Деректі фильм жайлы Бұл деректі фильм В.Михайловтың "Хроники Великого Джута" кітап желісі бойынша түсірілген, Бұл ашаршылық Жоңғар шапқыншылығынан да асып түсетін қазақ даласына зобалаң болды, қазақтарды кең жартысы қырылды, Бұл ашаршылықтан кейін қазақтардың саны 1926 жылы болған санақтағы санға қырық жылдан кейін жеткен. ## Ашаршылық жайлы “Қазақ тарихындағы ең қаралы, ең қасіретті кезең – 1932-1933 жылдар – халықымыздың тең жарымын, бәлкім, одан да көбірек бөлігін жалмап жатқан ғаламат ашаршылық. Қазір бұл сұмдық заманды баяғы Ақтабан шұбырынды уақиғасымен салғастырып жатады. Онда да қазақ халқы ауыр шығын тартқаны белгілі. Қалған ел қонысынан ауып, жан-жаққа бытыраған, қаншама қиындыққа ұшыраған. Бірақ Ақтабан-Шұбырынды – жаугершілік кезіндегі ауыр жеңіліс нәтижесінде тап болған бақытсыздық еді. Ер-азамат айқасып, арпалысып өлді, бала-шаға, кемпір-шал тура келген ажалға ұшырады. Аман қалған азаматтардың басы бос болды, қолында қауы болды; ел-жұрт қайтадан ұйысып, қатерлі жауға қарсы жаңа күресін бастады. 1932-1933 жылғы ғаламат ашаршылықтың жөні мүлде бөлек. ” – дейді Мұхтар Мағауин. ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торабы Мұрағатталған 1 тамыздың 2015 жылы. ## Дереккөздер
Алтай шақылдағы - Қазақстандағы қоянтәрізділер отряды, шақылдақтар тұқымдасындағы бес түрдің бірі (денесінің ұзындығы 25 см, салмағы 250 г). Басқа шақылдақтар сияқты қысқа шөп үйіп, қор жинайды, сондықтан бұларды кей кезде пішен салғыштар деп те атайды. Алтай шақылдағының аяғы қысқа, қысқа дөңгеленген құлақтары және байқалмайтын құйрығы болады. Дене бітімі тышқандікіне өте ұсас. Басқа шақылдақтарға қарағанда ірілеу және табаны көбінесе қара немесе қоңыр түсті. Қазақстанда тек Алтайда, ірі тасты шөгінділерде мекендейді. Жыл бойы белсенді. Жаз мезгілінде қысқа азық жинайды. Қыста жазда дайындалған пішенмен қоректенеді. Сәуірде күйлейді. Жылына 2-4 ұрпақтан туып, бірнеше рет көбейеді. Олар келер жылы ғана ересекке айналады. Шақылдақтың жауы - барлық сусарлар (бұлғын, сары күзен, сарғыш күзен, ақкіс, аққалақ және басқалар) және де күндізгі қанатты жыртқыштар мен жапалақтар. ## Дерекөздер
Қара тоқылдақ - Қазақстанда мекендейтін 8 тоқылдақтың ішіндегі ең ірісі (салмағы 300-400 грамм), осылардың ішінде жалғыз осы ғана түгелдей қара түсті, тек басында ашық қызыл түсті телпегі бар. Қазақстанда тек Алтай ормандарында және Республикамыздың солтүстігінің кей жерлерінде тіршілік етеді. Ескі биік діңді қылқан жапырақты ормандарды таңдайды, оның қатты мұңды кли-и-и-и-а ағайын немесе ерекеше барабанның даңғыр дүңгірін жиі естуге болады. Тұмсығы ұзын және үшкір болып келеді. Дене бітімі әдемі әрі сүйкімді болып келеді. Жеке болып жүреді, тек ұялау кезінде ғана жұптасады. Ешқандай жерде көп болмайды, яғни қоныстанбайды. Қарағай діңін ұңғылап тесіп, ұя жасайды. Ұясының шығу тесігі созылған тікбұрыш сияқты. Қазақстандағы тіршілігі әлі де зерттелмеген. Бірақ та Қара тоқылдақ құсын зерттеу алдағы жылдардағы зерттеуге мақсатқа қойылған. ## Дереккөздер
Әліби Тоқжанұлы Жангелдин (2 маусым 1884 — 14 тамыз 1953) — Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері, кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы. ## Өмірбаяны Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай даласының Қайдауыл ауылындағы кедей шаруа отбасында дүниеге келеді. Орта жүздің қыпшақ руынан еді. Отбасында сегіз бала болыпты: үш ұл және бес қыз бала. Әліби баланың тұңғышы болғандықтан, әкесіне байдың қойын бағысуға көмектескен. Байлар малын шұрайлы Қайдауыл жеріне Әлібидің әкесіне қалдыратын. Мал бағудан бөлек әкесі жиі аңға шығатын және әрдайым ұлын бірге алып жүретін. Әлібиді бөдене, қаздарды атумен шынымен қызықтыратын. Қайдауыл өңірінде көп кездесетін ақбөкендер мен аққұйрықтарды да аулаған. Әліби жеті жасынан атқа шабатын. Ерте жасынан Әлібидің оқуға деген зор ынтасы болды, алайда жақын арада мектептердің жоқтығы бұған кедергі болды. Бір күні Торғайдың бір мұғалімі Қайдауылға келді. Жас Әліби ұстаздың оқалы бас киіміне, алтын түймелі былғары бешпентіне, жалпы ісем киінгеніне қызығып, мұғалім болу деген ойы пайда болды. Торғайлық мұғалім оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап мектепке шақырады.Әлібидің әкесіне бұл ой мүлдем ұнаған жоқ, оқу туралы тіпті тыңдағысы келмеді. Алайда көп ұзамай Әліби үйінен қашып, керуенге ілесіп Торғайға жетеді. Торғайда мектепке түсіп оқушылармен, мұғалімдермен танысып, достық орнатады, әсіресе жер аудартылған бір еңбек мұғалімімен өте тығыз, жай ғана мұғаліммен оқушы арасындағыдан әлде қайда артық достық орнайды. Дәл осы жерде ол аты аңызға айналған батыр Амангелді Имановпен бірінші рет кездеседі. Көп ұзамай әкесі оны іздеп тауып үйіне қайтарады. * Үйінде болған кезде қазақ даласындағы орын алып жатқан әділетсіздікті көріп үйінен екінші рет қашып Қостанайға барады. Сол жерде өзінің ерекше есте сақтау қабілеті және Торғайда алған білімінің арқасында орыс-қазақ мектебіне түседі. Бұл кезде ол 12 жаста болған. Алайда, бұл жерде де әкесі тауып алып, үйіне қайтарайын деген кезде аса құрметті мектеп директорының сұрауы бойынша Әлібиді сол жерде қалдыруға келіседі. Бір ғана жыл ішінде бүкіл материалды меңгеріп, барлық емтихандарды үздік тапсырып, мектепті бітіреді. * Одан кейін мектептің бағытымен Орынбордағы рухани консисторияға түседі. Бұл жерде де емтихандарда бағдарламадан әлде қайда ертерек тапсырып, Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясына кетеді. Кейін оны Мәскеу қаласындағы академияның тарих факультетіне аударады, бірақ та 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін 2-ші курста оқудан қуылды. * Дәл осы кезде Әлібиде бір дүниені, басқа халықтардын тұрмысын тануға деген құштарлық пайда болады. Сөйтіп 1910 — 1912 жылдары «Николай Степнов» деген атпен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады. Жангелдин естелігінен: "Жер дүниені айналу саяхаты төрт жылдан артық уақытқа созылды. Мен теңіз және темір жолдармен жүргенді есептемегенде, фотоаппаратымды арқалап, жаяу он екі мың шақырым жүріп өттім. Күндіз жүріп өткен жерлерімді суретке түсіріп, түнде оларды химикаттармен айқындап, шығарып отырдым. Дәрістер оқып, баяндамалар жасап, суреттер сатып, тамағымды асырадым. Мен жаяу Польшаны, Австро-Венгрияны, Сербияны, Болгарияны, Турцияны, Сирияны, Палестинаны, Африканы, Египетті, Абиссинияны басып өттім.Кері оралған жолымда айналып отырып, Араб түбегі, Мессопатамия, Персия, Үндістан, Цейлон аралы, Малая архипелагы, Үндіқытай түбегі, Сиам корольдігі, Аннам, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Формозу аралы арқылы жүріп өттім. 1912 жылы Жапонияға жеттім." * 1911 жылы Женевада В.И. Ленинмен кездесті. * 1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты. * 1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды. * 1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады. * 1917 жылы қарашада РКФСР Халық комиссарлары Кеңесі Жанкелдинді Торғай облысының төтенше соғыс комиссары етіп тағайындады. 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы. * 1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болды. Ол халық арасында шебер ұйымдастырушы, жалынды насихатшы, әскери басшы және саяси қайраткер ретінде танылды. * 1918 жылы В.И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті. * 1919 жылы шілде — 1920 жылы қазан — Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғыс революциялық комитет төрағасының орынбасары. * 1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары және ҚАССР Қамсыздандыру хал-комы. * 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды. * 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924). ## Марапаттары * Ленин ордені * Қызыл Ту ордені ## Есте қалдыру * Торғай облысының бір ауданы; * бірнеше ұжымшар (біреуі Ақтөбе облысында) Жанкелдин есімімен аталған; * Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған, бір көшенің аты берілген. Ескерткіштің авторлары скульптор Исаев А.А. және архитектор Белоцерковский Н.И. * Әліби Жангелдин көшесі (Астана); * Әліби Жангелдин көшесі (Алматы); ## Дереккөздер
РАЙЫМБЕРГЕНОВ Ысқақ /1929,Қарабұтақ ауд. Қосағаш а.-1988, Ақтөбе қ./-күйші, сазгер , ұстаз, Қол өнері шебері, өнер зерттеуші. Ақтөбе педагогика училищесінде 40 ж. жуық дәріс беріп, көптеген шәкірттер дайындады. Құрманғазы, Қазанғап, Мүсірәлі күйлерін шебер орындап, қалың елге таратумен бірге өзі де “Жастар биі” , «Балдырған», жалпы сан 10 күй, «Егіншілер жыры» атты ән шығарған. Ж.Айпақов, Ә.Өтеғұлов, Жырау, Жүсіп Сейілов сынды өнер саңлақтарымен бірге туған өлкеде өнерді көтеруге салысқан. Қазақтың ұлттық ою- өнертектерін жинап, дамытып, оған жас ұрпақты баулуға күш салған. Домбыра,қобыз сынды ұлт-аспаптарын акустикалық түрде зерттеп, өзі де көптеген аспаптар жасай білген. Өзі жасаған қобызы Алматы өнер зерттеуші шеберлерінің жоғарғы бағасын алған, қазіргі облыстық мұражайда сақталып тұр. Р. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «Лениншілжас», облыстық «Коммунизм жолы » атты газеттерінде күй, айтыс өнері, қазақтың қолөнері мен саз аспаптары туралы ой толғап, көптеген мақалалар жазған. Өсімдікьердіңжәне жануарлардың қазақша атаулар жайлы қалдырған мұрасы өз кезегін күтіп жатқан үлкен жұмыс. «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі». ## Дереккөздер
Алданиязов Иса Сафуанұлы(1.09.1939 ж. Мұғалжар ауданы, Жаңажол ауылы) - Республика жол құрылысы жөніндегі белгілі маман. Өскемен жол құрылысы институтын (1967), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясының басшы кадрлардың мамандығын көтеру институтын үздік бітірген. 1967-69 ж. Алматы облыстық тас жолдар басқармасында аға–инженер, зертхана бастығының орынбасары. 1969-77 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау коммитетінде аға–инженер, бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары. 1977-80 жылдары Республикалық «Дорстроймеханизация» тресі басқарушысының орынбасары. 1980-91 жылдары Республикалық Автомобиль министрлігінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, автомобиль жолдарын пайдалану және автосервис Бас басқармасының бастығы. 1991-93 жылдары Республика автомобиль жолдары, кейін көлік құрылысы Министрінің 1-орынбасары. 1993 жылы, осы күнге дейін «Қазақстан жолдары» акционерлік қоғамының 1-вице-президенті. Шевченко-Ақтау-Қаражанбас-Қаламқас жолын салуға тікелей басшылық етті. ## Марапаттар * ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы, * «Ерен еңбегі үшін» медаліме ## Дереккөздер
Алданазаров Әбек (1930 ж., Қызылорда облысы, Қазалы қаласы - 1980, Ақтөбе қаласы) - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген гидротехнигі (1976ж). Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтын инженер гидротехник мамандығы бойынша бітірген (1953). 1953-60 жылдары Шұбарқұдық кенті ММС–нің бас инженері, бастығы. 1960-68 жылдары Ақтөбедегі «Қазсубұрғылауқұрылысы» тресі ҚМБ (СМУ) бастығы,1968-80 жылдары «Ақтөбесуқұрылыс» тресінің басқарушысының орынбасары. Оның тікелей басшылығымен Қарғалы су тоғаны, басқа да су шаруашылығы объектілері салынды. «Құрмет Белгісі» (1966), Еңбек Қызыл Ту (1971) ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. ## Дереккөздер
Алдияров Байзолла (1924, Ақтөбе губ. Ақтөбе у./ кейін Новоресей ауданы / Бұлақ ауылы – 1990, Хромтау ауданы, Оңғара ауылы) - механизатор. Соиалистік Еңбек Ері (1957ж).1936-1958 жылдары Қызылжар МТС-ында, кейін Киров атындағы ұжымшар, комбайнер, механик, МТС меңгерушісі. Егіншілік мәдениетін көтеріп, астық бастыруда үлкен жетістікке жеткен. 1956 ж. Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты. Ленин орденімен, «Тың жерді игергені үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Өтеміс Алдабергенов (1917 жыл, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ кенті - 1991 жыл, Ақтөбе қаласы) — партия-кеңес қызметкері. ## Өмірбаяны 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Волхов майданында 2-ші атқыштар дивизиясының 200-ші полкінің құрамында майданның ауыр жолынан өтті. Рота командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1945 ж. әскер қатарыннан босаған соң партия-кеңес органдарында қызметте болды. 1962 жылы Ақтөбе облысының кеңес атқару коммитетінің төрағасы болып сайланды. Кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ жылдар тұрмыстық қамту басқармасының бастығы. ## Марапаттары 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Өзбеков Түркістан Мақсатұлы (25.9.1924 ж.т., Түркістан облысы Түркістан қаласы) - музыкант (трубашы), Қазакстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1984). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1953 ж. Алматы консерваориясы (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) жанындағы арнаулы орта музыка мектебінің директоры, 1961 - 63 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің ғылым, мәдениет және оқу орындары бөлімінде нұсқаушы. 1963 - 64 ж. Алматы музыкалық училищесінің директоры, 1964 - 68 ж. Республикалық орта музыка мектеп-интернатының директоры, 1968 - 76 ж. Алматы консерваториясында декан әрі доңент, 1976 - 84 ж. Қазақ академиягі опера және балет театрының директоры. Ал 1984 жылдан Алматы консерваториясындапед. қызметпен (1988 жылдан проф.) айналысқан. Республикалық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Португалияда (1979), Швейңарияда (1981) және Вьетнамда (1983) өнер көрсеткен. 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет "Құрмет белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған ## Дереккөздер
Тілегенов Досы Исамағанбетұлы(1884 ж. т., Атырау уезі, Атырау обылысы - 22.11.1924, Атырау қаласы) - ақын. Әкесінің інісі Есмағамбетқамқорлығымен әуелі ауыл молдасынан оқып, кейін Атырауда,Қаратөбеде орысша білім алады.Жастайынан оқуға зерек, орысша,қазақша, арабша, парсыша сауаттыТілегенов өзі өлең, жыр шығарып, ел арасына тараған шығыс қисса, хикаяларын қазақ тіліне аударып, бастырыпшығарады. Ол 1913 ж. Қазан қ-нан"Мұхаммед Ханафия. Хазірет-иҒалиұғлының Табут падишаһпенсоғысқаны" деп аталатын кітапты парсы тілінен қазақ тіліне аударып жариялаған. 1911 ж. жаламенұсталып, әуелі Оралға, одан Сібірге айдалады. Кейін түрмеден қашыпшығып, ел арасында жүреді. 1917 ж.Доссорға келіп қоныстанады.1920- 22 ж. ішкі істер органына кіріп, ақ гвардияшыларға қарсыкүреске қатысады. 1922 - 23 ж.Доссор кәсіподақ комитетінде қызмет атқарады. Ақын "Сапар шектім", "Елімен қоштасуы", "Қапаста","Сібірдегі қазақ еліне хат", "Хаттанкейін", "Елді ойлау" сияқты өлең, толғауларының, "Ерік" басқармасына(1923), "Жастарға" (1923), "Бірліктуын қолға ұста" (1923), "Доссормұнайшыларына" (1923) өлеңдерінің авторы. Тілегенов шығармалары "ДосыТілегенүлы" (1990), "Қазақ поэзиясының антологиясы" (1993) кітаптарында жарық көрді. ## Дереккөздер
Жолдасқали Ахметұлы Досмұхамбетов (15. 9. 1916, Мақат ауданы, Ракуш к. — 20.12.1977) — мұнайшы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы (1966). Лениндік сыйлықтың (1966), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1995, қайтыс болғаннан кейін) лауреаты. Маңғыстау мұнай кендерін ашушы және игерушілердің бірі. 1940 ж. Мәскеу мұнай институтын бітірген. 1940-47 ж. Байшонас кәсіпшілігінің бас геологі, кейіннен директоры, 1947—51 ж. «Қазақстанмұнайгазбарлау» тресінің басқарушысы, 1951-71 ж. «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бас геологі, бастығы, 1971- 77 ж. «Ембімұнай» бірлестігінің бас геологі болып істеді. Ленин, Октябрь Революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Екі дүркін ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Тырбиев Молдахмет (1881 Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы -10.10.1957, сонда) - ақын. Арқаның белгілі ақындарының, әншілерінің,жыршыларының (Жанақ, Орынбай, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, [[БалуанШолақ]], Біржан, Шәкей сал, Нияз сері, Ақан сері, Жаяу Мұса), т.б.шығармаларын жаттап, таратушы. 2-дүниежүз. соғысы кезінде шығарғанәндері ("Терме", "Жеңіс", т.б.) халық арасына кең тараған. 1943 - 46 ж.ауданы облысы айтыстарының жүлдегері.Өлеңдері "Аманат", "Ақан серіге", т.б. әндері, айтыстары ("Қазақтыңсоветтік халық әндері", 1959; "Пернедегі термелер", 1965) жинақтардажарияланған.Молдахмет Тырбиевтың шәкірті - Кәкімбек Салықов, ол да Солтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Сергеев ауданы Еңбек ауылының тумасы. Ақын ретінде танылуына өнердегі ұстазы, ақын Молдахмет Тырбиев көп еңбек сіңірген. Үкілі Ыбырайдың шәкірті болған Молдахмет атасының жанында жүріп, ән-күйге сусындап өскен Кәкімбек Салықов домбыра тартуды да сол кісіден үйренген екен. ## Дереккөздер Т]
Ханзада Жумоң - Оңтүстік Корея телесериалы. Сериал Когуре мемлекетінің негізін қалаушы Тонменсон жайлы оқиғаларды баян етеді. Сериал бүкіл әлемде өте танымал болды. Сериалдың бюджеті 32 млн долларды құрады. ## Сюжеті Б.д.д 108ж солтүстік Корея мен Манчжурияны басқарып тұрған ежелгі Чосон мемлекеті Қытайдың Хан патшалығымен бір жыл бойы соғысып, жеңіліске ұшырады. Хан патшалығы ежелгі Чосон жерін 4 әкімшілік бөлікке бөліп тастады. Басқыншылардың зұлымдығы шыдап болмайтын дәрежеге жетті. Cодан ежелгі Чосон халқы қолына қару алып, елдің азаттығы үшін соғысқа шықты. Азаттық жолындағы соғыстың қолбасшысы Хемосу деген батыр еді. Чосон халқынан құралған Пуё мемлекеті бар болатын. Алайда Пуё елі ішінара Хан империясына бағынышты болды. Пуё елінің Хан империясын талқандап, қоластындағы қандастарын құтқаратын күші болмады. Тек халық арасынан шыққан Хемосу қолбасшы ғана, Дамуль әскерін құрып қытайлықтарға қарсы күресте біраз нәтижеге жетті. Алайда ол Хан империясының қолшоқпарына айналған Пуё елінің құрған тұзағына түсіп қалады. Ол қос жанарынан айырылып, абақтыға қамалады. Десе де оның арманын ұлы Жумоң жүзеге асырды. Ол Когурё атты мемлекеттің негізін қалады. * * ## Басты рөлдерде * Сон Иль Гук - Жумоң * Хан Хие Жин - Со Со Но * Чон Куаң Нел - Гымуа * Хо Жун Хо - Хемосу * Ким Сың Су - Тесо ханзада * О Ён Су - Юхуа ханым * Куон Ми Ри - Уонху патшайым * Соң Жи Хие - Йе Со Я ханым * Пак Там Хи - Иаң Соран * Ан Ён Жу - Юри * Жуң Юң Сук - бала Юри * Ким Ёң Ки - Ён Та Баль * Жин Хи Куоң - Ё Ми Ыль * Ли Жа Ёң - Бу Дыкпуль * Уон Ки Жун - Енпо ханзада * Бе Су Бин - Са Ең * Им Со - Буең * Юн Доң- Яң Жоң * О Ук- Барон Хуаң * Ие Хо- генерал Ои * Ан Жеоң- генерал Мари * Им Дае - генерал Хеп По * Пак Куеоң- Бу Бун Но * Жоң Хо- У Те ## Түсірілім жұмысы Сериал Оңтүстік Кореяның Жонгу провинциясында MBC арнасының тапсырысымен түсірілді. Ханзада Жумонг сериялы түсірілген орында корейлік "Дон И" және "Ұлы ханша Сон Док" сияқты сериалдардың түсірілім жұмыстары жүргізілген болатын. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * hani.co.kr * kbs.co.kr Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
«Аңшы бала» — 2012 жылы шыққан Қазақстандық балалар экшн фильмі. ## Жетістіктері * Голливудте 2012 жылы International Family Film Festival (АҚШ) халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік шетел драмасы» * Египетте 2012 жылы Каир балалар кинофестиваліне ресми қатысушы. * «Киномалышок-2012» XI балалар кинофестивалінде (Анапа, Ресей) «Ең үздік балалар фильмі» гран-приі * Қазақстанның ең үздік балалар киносы, «ҚҰЛАГЕР-2012» ұлттық кинопремиясы. * 2013 жылы 18-24 қазан аралығында Ресейдің Иркутск қаласында өткен ІІ Халықаралық "Сердце Байкала" отбасылық және балалар фильмдерінің кинофестивалінде "Балалар мен жеткіншектерге арналған үздік фильм" атанды ## Сюжеті Он екі жасар қалалық бала Қамбарды ата-анасы жазғы демалыста атасы мен әжесіне жібереді. Бала ауылда ойдағыдай демалып жатады. Самал және басқа да өзімен жасты балалармен танысу, өзенде шомылу, түнгі алау отына пісірілген картоп, жұлдызды аспан астындағы қорқынышты әңгімелер. Түндердің бірінде қашарға қасқыр шабуылдап, Самал асырап жүрген лақты өзімен алып кетеді. Қамбар қасқырды өлтірмек болады. Ересектер тойға кеткенде, ол Самалмен бірге қасқырды аулауға шығады. ## Сыртқы сілтемелер * Киностан сайтында Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2014 жылы. * "Аңшы бала" фильмінің тұсауы кесілді * Жаңа қазақстандық "Аңшы бала" фильмі прокатқа шығады * Lumiere сайтында Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2014 жылы. * Kinomega сайтында ## Дереккөздер
Бекежан Исағалиұлы Тілегенов (10 наурыз 1934, Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылы – 10 ақпан 1998, Алматы) — қазақ жазушы. ҚазҮУ-ды бітірген (1957). 1957–1965 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, 1965–1968 жылдары сол кездегі Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінде, 1968–69 жылдары Әдебиет және өнер институттында, 1969–1975 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нде қызмет істеген. 1975–1988 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1988–1992 жылдары шығарм. жұмыста болған. 1993–1996 жылдары Қазақстан Тіл комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарған. Алғашқы "Таң нұры" әңгімелер жинағы 1965 жылы жарияланған. "Көктемде ызғарлы" (1966), "Сені қайдан табамын" (1985) повестері, "Аққайнар" (1976), "Уақыт" (1981) романдары жарық көрген. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Атамекен" (1986) таңдамалысы басылды. "Құрмет белгісі" (1981) орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы — Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. ## Қысқаша өмірбаяны 1940 ж. наурыздың 30-ында Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келді. Уақ тайпасынан шыққан. 1958—59 жж. Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды. 1968 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы аталған университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1992—93 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті. 1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалады. 2001 ж. «Құқықтық Қазақстан үшін» атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды. 2002 ж. желтоқсан айында Мақсұт Сұлтанұлы азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі болып тағайындалды. 2003 ж. сәуірдің 12-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот құрамындағы өзгерістер туралы» Жарлығымен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 2004 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. 2008 ж. ақпанның 14-інде Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы міндетінен босатылды. Астанадан 17 шақырымдағы Ұлттық пантеонға жерленген. ## Дереккөздер ## Марапаттары Отан алдындағы еңбектері үшін «Парасат» орденімен, 5 медальмен марапатталды.
Самат Қабирұлы Смақов (8 желтоқсан 1978 жыл, Семей) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы (76 матч). ## Карьерасы ### Клубтық Футболмен жеті жасынан шұғылдана бастады. 1997 жылы мини-футболдан ерекше көзге түсті де, дереу Семейдің "Спартагына" қабылданды. 1997 жылғы маусымда 10 кездесуде алаңғы шығып, бір голдың авторы атанды. 1998 жылғы маусымда 20 жасар қорғаушы 23 кездесуде бес рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Маусым қорытындысында клубтастарымен бірге Қазақстан чемпионы атанды. 1999 жылғы маусымды "Ертіс" сапында өткізді. Жыл бойы 20 кездесуде керекулік клубтың намысын қорғады да, тағы да ел чемпионы атанды. Қорғаушының сауатты ойынынан соң өзге елдегі клубтардың оған көзі түспей қоймады. 2000 жылы Ресейдің "Ростсельмаш" клубы Саматпен келісім шарт жасасты. Ростовтық клубта Самат екі маусым ойнап, 39 кездесуде алаңға шықты. Бірақ кейін қосалқы құрамда отырып қалды да, 2002 жылы "Жеңіс (Астана)" клубына жалға берілді. Сол жылы жазда жаттығу барысында жарақат алып, астаналық клуб сапында алаңға көп шыға алмады. Соған қарамастан жыл соңында Қазақстан кубогы иегері атанды. 2003 жылы "Ертіске" қайта оралды. 2004 жылы "Қайрат" сапында өнер көрсетті, өнер көрсетіп қоймай команда капитаны боп та тағайындалды. Жыл соңында Самат Қазақстанның үздік футболшысы атанды және төртінші рет Қазақстан чемпиондығына қол жеткізді. Кейінгі маусымдарда "Қайраттың" ойыны нашарлап кетті. 2007 жылғы маусымды "Ақтөбе" сапында бастады. "Ақтөбе" сапындағы алты маусым Самат үшін жетістіктерге толы болды, бірнеше рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан Суперкубогы иегері және тағы да үш рет Қазақстанның үздік футболшысы (2007-2009) атанды. 2013 жылдың бірінші жартысын Түркияның "Ризеспор" сапында өткізді. Маусым қорытындысында Самат Түркия бірінші лигасының үздік қорғаушысы атанды. 2013 жылы жазда "Қайратқа" қайта оралды. 2014 жылы қазан айында клубпен келісім шартты бұзды. Оған клубтың бітіспес қарсыласы "Астанаға" қарсы матчтағы Самат және бірнеше футболшының сүреңсіз ойыны себеп болды. 2015 жылғы маусымды "Ертісте" өткізді. 2016 жылы "Ақтөбеге" оралды, бірақ 38 жастағы қорғаушы Қазақстан чемпионатында бір ойында да алаңға шықпады. Маусым ортасында "Ордабасыға" ауысты. Бұл футболшының карьерасындағы соңғы клуб болатын. "Ордабасыда" Самат вице-капитан міндетін атқарды. 2018 жылы 4 қаңтарда карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. 2018 жылы 1 қыркүйекте қоштасу матчын өткізді. Онда "Саматтың достары" және "Ақтөбе ардагерлері" командалары кездесті. 2018-19 жылдары "Ақтөбенің" бас директоры қызметін атқарды. ### Халықаралық 2000 жылы 31 қазанда Иорданияға қарсы Азия кубогының іріктеуінде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Бір жылдан соң ӘЧ-2002 іріктеуіне қатысты. 2007 жылы 12 қыркүйекте Бельгия қақпасына пенальтиді дәл орындап, құрама сапындағы екі голының біреуін соқты (екінші голды 2014 жылы Түркия қақпасына енгізді, бұл жолы да пенальтиден). 2008 жылы құрама тізгінін Бернд Шторк ұстаған соң Самат мүлде шақырылмай қойды. 2011 жылы құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бірақ 2014 жылы бапкер Юрий Красножан оны қайта шақырды. 2016 жылы 7 маусымда Қытайға қарсы жолдастық ойында құрама сапындағы 74-ші ойынын өткізіп, Руслан Балтиевтің рекордын жаңартты. Сол жылы 11 қазанда Румынияға қарсы ӘЧ-2018 іріктеу ойынында құрама сапындағы соңғы кездесуін өткізді. ## Жетістіктері ### Клубтық «Елімай» * Қазақстан чемпионы: 1998 «Ертіс» * Қазақстан чемпионы: 1999 «Жеңіс» * Қазақстан кубогы: 2002 «Қайрат» * Қазақстан чемпионы: 2004 * Қола жүлдегер: 2005 * Финалист Кубка Казахстана (2): 2004, 2005 «Ақтөбе» * Қазақстан чемпионы (3): 2007, 2008, 2009 * Күміс жүлдегер: 2010 * Қола жүлдегер (2): 2011, 2012 * Қазақстан кубогы: 2008 * Қазақстан суперкубогы (2): 2008, 2010 * Достастық елдері кубогының финалисі (2): 2009, 2010 «Ризеспор» * Түркиябірінші лигасында 2-оры: 2012/13 «Ордабасы» * Қола жүлдегер: 2017 ### Жеке * Қазақстанның үздік футболшысы (4): 2004, 2007, 2008, 2009 * Түркия бірінші лигасының үздік қорғаушысы (1): 2012/13 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * UEFA.com сайтындағы профиль * Самат Смақов
Қоңырат ауданы (қарақ. Qońırat rayonı, Қоңырат районы, өзб. Qoʻngʻirot tumani, Қўнғирот тумани) – Қарақалпақстан автономиялы республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бірлік. Оңтүстігінде Түрікменстан Республикасы шығысында Қаңлыкөл ауданымен шектеседі. 1927 жылы құрылған. Аудан орталығы — Қоңырат қаласы. Нүкістен Қоңыратқа дейінгі арақашықтық - 120 км. 2005 жылдың 1 қаңтарына аудандағы халық саны 113,5 мың адамды құраған. Ұлттық құрамы: қарақалпақтар 86,4%, өзбектер 6,1%, қазақтар 0,10%, орыстар 0,1% қалғаны 0,2%2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамына кіреді: * аудан бағынысындағы қала * Қоңырат * қалалық елді мекендер * Қырыққыз * Алтынкөл * Елабат * Жаслық * Қарақалпақстан * Құбыла Үстірт * азаматтардың ауылдық жиындары * Әдебиет * Әжинияз атындағы * Қоңырат * Қыпшақ * Наурыз * Өрнек * Раушан * Суеңлі * Үстірт * Хорезм Аудан экономикасының негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы құрайды. ## Сыртқы сілтемелер * Всемирный исторический проект Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2010 жылы. ## Дереккөздер
Сағашилі (2007 жылға дейін – Покровка) — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл, Еңбек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 32,8 км-дей, облыс орталығы Ақтөбеден 130 км-дей жерде жерде, Темір өзенінің сол жағасында орналасқан. Ауыл маңынан Атырау - Қандыағаш темір жолы және Ақтөбе-Атырау тас жолы өтеді. ## Тарихы Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. Бұрынғы Грачевский ауылдық кеңесі орталығы. Бұрын бұл ауылда Сталин атындағы ұжымшар болған. 1961-1996 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болды. Кеңшар негізінде Покровкада және округтегі Басшилі, Теміркөпір, Тепсен Қарабұлақ ауылдарында ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Бұрынғы шаруашылықта 90 трактор, 72 машина, 145 комбайн, 500 жылқы, 6000 мүйізді ірі қара және 17000 қой болған. 1981 жылы 38000 ц астық жинап, 9000 ц ет, 11500 ц сүт тапсырған. Кезінде 35 адам КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталған. Социалистік Еңбек Ері - Андрей Лагучин қызмет істеген. ## Жер көлемі Жер көлемі - 143000 га, ал егістігі -29000 га. Ауданаралық тас жол бар. ## Атауының өзгеруі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып облыс әкімдігі қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етеді: * Мұғалжар ауданының Покровка селосы - Сағашилі ауылы деп қайта аталсын. * Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1414 адам (672 ер адам және 742 әйел адам) болса, 2009 жылы 1623 адамды (830 ер адам және 793 әйел адам) құрады. ## Инфрақұрылымы * Қазір Сағашилі ауылында "Сағашилі орта мектебі" жұмыс істеп келеді. Мектептің атауы 2013 жылы Абай орта мектебінен Сағашилі орта мектебіне өзгертілді. Қазіргі таңда мектепте 310 оқушы және 64 мұғалім бар. Ауылда сонымен қатар мектепке даярлайтын "Дана" балабақшасы бар. * 2014 жылы жаңадан дәрігерлік емхана ашылды. Бұл жаңа дәрігерлік емханада 10 медициналық қызметкер және 1 бас дәрігер қызмет етуде. * Ауылда кеңшардан бері жұмыс істеп келе жатқан мәдениет үйі бар. * Қамалұлы Ерболат құрған (8.03.2006) жалғыз мешіт бар. ## Шаруашылығы 20 өндірістік корпоратив, 1 серіктестік бар. ## Табиғаты Өзендер - Темір, Шиелі, Қандыағаш, Ойыл. Таулар - Елубай, Байжарық, Байбосын. Сирек кездесетін өсімдіктер - берік сүттіген. Аң-құстар - кәмшат, құндыз, тарғақ. ## Дереккөздер
Жұлдыз FM — Қазақстанда республикалық деңгейде таратылатын жастарға арналған ұлттық радио желісі. 2014 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Радио Қазақстанның 18 қаласында хабар таратады. Радио атауын берудегі басты мақсат - жастарға бағдар боларлық жол көрсеткіш жұлдыз болу. ## Аймақтарда ## Сыртқы сілтемелер * Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы * Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасы(қолжетпейтін сілтеме) * YouTube сайтындағы каналы * Massaget.kz сайтындағы блогы ## Дереккөздер
Дмитрий Андреевич Шомко (19 наурыз 1990, Екібастұз, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубының қорғаушысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазақстанның алты дүркін чемпионы. 2015 жылы Қазақстанынң үздік футболшысы атанды. ## Карьерасы ### Клубтық Шомко мансабын 2006 жылы «Батыр Екібастұз» футбол клубында бастады. 2009 жылы "Ертісте" ойнай бастады. Клуб сапында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2011 жылы Астананың «Локомотивіне» жалға берілді, ол жақта Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. 2012 жылы «Ертіс» футбол клубына оралды және онымен бірге ел вице-чемпионы және Қазақстан кубогының финалисі болды. 2014 жылы елордалық «Астана» клубына ауысып, қатарынан Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанды, тағы төрт рет Қазақстан Суперкубогын және бір Қазақстан Кубогын жеңіп алды. 2021 жылдың 12 қаңтарында келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін клубтан кетті. 2021 жылдың басында "Роторға" ауысты. Жазға дейін ойнады да, Қазақстанға қайта оралып, "Ақтөбе" футболшысы атанды. ### Ұлттық құрама 2011 жылы тұңғыш рет ұлттық құрама сапында ойнады. 2013 жылы 4 маусымда Алматыда Болгариямен жолдастық кездесуде тұңғыш голын соқты. 2013 жылы 16 қазанда сырт алаңда ӘЧ-2014 іріктеуінде Ирландия қақпасына екінші голды соқты, бұл ойында Қазақстан 1:3 есебімен ұтылды. 2020 жылы Михал Билек құрама бапкерлігінен кеткен соң құрамаға сирек шақырылатын болды. ## Жетістіктері ### Командалық «Ертіс» * Қазақстан чемпионатың қола жүлдегері (1): 2010 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2012 * Қазақстан кубогының финалисі (1): 2012 «Астана» * Қазақстан чемпионы (6): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 * Қазақстан суперкубогы (4): 2011, 2015, 2018, 2019 * Қазақстан кубогы (1): 2016 ### Жеке * Қазақстанның үздік футбошысы: 2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Нэшнл футбол тим сайтындағы профилі * Уорлдфутболнет сайтындағы профилі * УЕФА сайтындағы профилі
Байғали Алманов (1904, Ырғыз ауданы - 1984, Қарабұтақ селосы) - әнші, ақын, домбырашы. Еңбек жолын жалшылықтан бастап, Ырғыз өңірінде құрылған «Қызыл Отау» ( бұқаралық мәдени- ағарту мекемесі) бастығы болған (1925). Бұл мекеме ауылдағы сауатсыздықты жою, шаруалар арасындағы үгіт-насихат жұмысын жүргізу, концерт, сауық кештерін өткізумен айналысқан. 1930-40 жылдары Ырғыз ауданының Мәдениет үйінде ұлт-аспаптар оркестірінде домбырашы. 1940-64 жылдары Қарабұтақ ауданының Мәдениет үйінде домбырашы, көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі. Ол халық ақыны Жөкей Шаңғытбаевтың «Құл мен қыз» поэмасын, «Қобыланды», «Алпамыс», т.б. эпостық батырлар жырын таратушы болған. Өз жанынан отан, туған жер жайлы толғаулар шығарған. ## Дереккөздер
Алтаев Бозша (1898, Торғай қаз., Ақтөбе облылсы, Ырғыз у №15 а - 1984, Әйтеке би ауданы) - шопан. Социалистік Еңбек Ері (1949/). 1930-60 ж. «Ортақшыл» ұжымшарында (1950), «Жаңа дәуір» ұжымшары (1954), «Северный» кеңшары болып қайта құрылды, аға шопаны болды. 1945-47 ж. әр 100 саулықтан 119-127–ден қозы алып, аман сақтады. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. 1956 ж. «Қазақ КСР-ның еңбегі сіңген мал шаруашылығы шебері» атағы берілген. ## Дереккөздер
Татрең сарыторғай - сарыторғайлар тұқымдасы өкілдерінің бірі . Торғайдың дене пішініндей, бірақ құйрығы ұзындау, тұмсығы сүйірленген. Салмағы 15-22 грамм. Аталығы өте әдемі - басы ақшыл көлденең жолақты, арқасы мен кеудесі арқылы өтетін таңғышы ашық сарғылт түсті. Аналығы боздау және бір түсті. Үні-сыңғырлаған, бүкіл сайға естілетін, бірнеше рет қайталанатын әуен. Таудың орта белдеуіндегі құрғақ тасты жерлеріндегі бұталарда кездеседі. Бұрын тек Батыс Тянь-Шань тауларында қоныстанған болатын, қазір Іле Алатауында да ұялайды. Ұясын жердегі тастың немесе бір топ шөптің арасындағы шұңқырға салады. 3-5 қоңыр теңбілді сұр жұмыртқаларын аналығы басып шығарады. Балапандарын екеуі асырайды. Жәндіктер және өсімдік дәндерімен қоректенеді. Ұялайтын жеріне сәуірде ұшып келеді, тамыздың соңында ұшып кетеді. ## Дереккөздер
Ақтау мағынасындағы географиялық жер,мекен атаулары: ## Елді мекендер * Ақтау — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл. * Ақтау — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл. * Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. * Ақтау — Қарағанды облысындағы Теміртау қалалық әкімшілігіне қарасты кент. * Ақтау — Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл. * Ақтау — Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы ауыл. ## Таулар * Ақтау — Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. * Ақтау — Алматы облысы Панфилов ауданындағы оқшау тау. * Ақтау — Маңғыстау тауларында, Маңғыстау ауданында орналасқан тау. * Ақтау — Іле Алатауындағы шың. Алматы облысы Талғар ауданы Талғар өзенінің бастауында орналасқан. ## Тағы қараңыз * Ақтау — материалдың түсін ағартуға көмегін тигізетін процестер жиынтығы. * Ақтау (криминалистика)
Ахметжан Шүкіров (05.06.1909, Ферғана облысы — 1991) - пулемётші, сержант. ## Өмірбаяны 1909 жылы 5 маусымда Өзбекстандағы Ферғана облысы Киров ауданы Шаварда қыстағында дүниеге келген. 1931-33 жылдары және 1942 жылдың тамызынан Қызыл әскер қатарында болған. 1942 жылдың қыркүйегінен Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1943 жылдың тамызында Орлов облысында бір ауыл үшін болған шайқаста жаулардың бес ату нүктесін жояды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1943 жылдың 27 тамызынан орындалған барлық жауынгерлік тапсырмалар, ерлігі және қаһармандығы үшін Ахметжан Шүкіров Кеңес Одағының Батыры атағына ие болып, Ленин орденімен және «Алтын жұлдыз» (КСРО) медалімен марапатталды.. Отанына қайтып оралып, 1991 жылы қайтыс болады. ## Дереккөздер
Константин Георгиұлы Зырянов (5 қазан 1977 жыл, Пермь) — жартылай қорғаныс шебіндегі орыс ойыншысы. Қазіргі таңда ойыншы мансабын аяқтап, "Зенит-2" футбол клубының бапкері қызметін атқарады. ## Клубтық мансабы Пермьдық футбол мектебінің шәкірті. Константинның бірінші бапкері — В. Ладейщиков. Кәсіби мансабындағы алғашқы командасы "Амкар". Ол команданың сапында Константин 171 ойын өткізіп 48 гол соққан. "Амкар" командасының сапында Константин 1994 — 2000 жылдар аралығында өнер көрсеткен. 2000 жылы Константин Зырянов "Торпедо" футбол клубына ауысады. Ол команданың сапында 164 ойын өткізіп 9 гол соғады. 2007 жылы "Зенит" футбол клубына ауысады. Зырянов командаға келісімен Ресей лигасының чемпионы және Суперкубоктың иегері атанады. Константин Зырянов "Зенит" сапында ойнап 2008 жылы УЕФА кубогыны қол жеткізеді. Ол кубокты ұту үшін "Зенит" ақтық кезеңде Менчестермен кездесіп, Зыряновтың голы арқасында жеңіске жетті. Бұл жеңісетен кейін бір-екі аптадан соң "Зенит" УЕФА Суперкубогында жеңір алады. 2010 жылы Константин қайтадан Ресей чемпионы аттанады. 2011 жылы Ресей Суперкубогын жеңіп алады. 2012 жылы үш дүркін Ресей чемпионы аттанады. 2014 жылы "Зенит" футбол командасы Константин Зыряновқа ойыншы мансабын аяқтап бапкер болуға шақырады, бірақ Зырянов ол шақырудан бастартады. ## Жетістіктері ### Командалық * Ресей чемпиондар: 2007, 2010, 2011/2012 * Ресей чемпионатының күміс жүлдегерлері: 2012/2013, 2013/2014 * Ресей чемпионатының қола жүлдегерлері: 2009 * Ресей Кубогының иегерлері: 2009/10 * Ресей СуперКубогының иегерлері: 2008, 2011 * УЕФА Кубогының иегерлері: 2007/2008 * УЕФА СуперКубогының иегерлері: 2008 * ЕУРО-2008 чемпионатының қола жүлдегерлері: 2008 ## Дереккөздер
Теңізшевройл немесе ТШО (ағылш. Tengizchevroil, TCO, орыс. Тенгизшевройл, ТШО) — Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын. 1993 ж. ҚР Үкіметі мен Шеврон корпорациясы арасында 40 жылға жасалған шарт бойынша құрылған және осы шарт бойынша Теңіз және Королев кен орындарын игеру жөнінде келісімге келген. Қазіргі кезде кәсіпорынға: Шеврон, ЭксонМобил, ҚазМұнайГаз, ЛукАрко компаниялары енеді. ## Тарихы 1993 жылғы 6 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Кеннет Дерр Алматы қаласында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы 40 жылдық келісімге қол қойды. Қазақстан үшін ғана емес, Шеврон корпорациясы үшін де бұл мәміле 1970-ші жылдардың басынан бергі ең ірі халықаралық мәміле еді. Осы Қазақстан-Америка мұнай келісім-шартына қол қойылуының бүкіл дүние жүзі үшін экономикалық қана емес, саяси маңызы болды. 1992 жылы Қазақстан, Ресей және Оман үкіметтері Каспий құбыр консорциумын құру туралы құжаттарға қол қойды, ол Теңіз-Новоросийск мұнай құбыры арқылы Теңіз мұнайының әлемдік нарықтарға экспортқа шығарылуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Осылайша Қазақстанның орасан зор мұнай алыбының және жалпы ел экономикасы дамуының жаңа кезеңі басталды. ## Өндірістік жобалары «Теңізшевройл» ЖШС сан миллиардтап тартылған инвестицияларды тиімді игерудің арқасында ТШО өндірістің бүкіл инфрақұрылымын түбегейлі қайта құрып өндіріс базасын кеңейтті. 2007 жылдың аяғына қарай компанияның жалпы активтері 10.5 млрд. доллар құрады. 2008 жылда Екінші буын зауытының барлық өндірісінің пайдаланылуға берілуі қазіргі бес технологиялық желіде өндіріліп жатқан өнімді екі еселеуге мүмкіндік берді және шығарындылар көлемін азайтуда өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етті. Бүгіндері өндіріліп отырған көмірсутектер шикізатынан ТШО түпкі өнімнің бірнеше түрін шығарады. ТШО-ның тауарлы мұнайы өте «жеңіл», көмірсутектің жеңіл молекулаларынан тұрады. Екінші буын зауытын іске қосқаннан кейін, кәсіпорын тәулігіне мұнай мен газ өндіру көлемін сәйкесінше 540 мың барель және 765 млн текше фут деңгейіне дейін ұлғайтуТеңіз мұнай кен орныға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, көмірсутектер шикізатының қалған бөлігінен, ілеспе газдардан тауарлы газдар (құрғақ газ бен сұйытылған газдар - пропан мен бутан), сондай-ақ Теңіз кен орнының шикі мұнайының құрамында жоғары шоғырланған күкіртсутектен өндірілетін күкірт шығарылады. 2007 жылы еуропалық сападағы пропан мен бутан өндіру көлемі 860 метрикалық тоннаны, ал құрғақ газ сату көлемі 3,7 миллиард текше метрді құрады. Сондай-ақ ТШО 2007 жылы күкірт сатудан жоғары көрсеткішке қол жеткізді, 2 миллион тонна күкірт сатып, 2006 жылғы өзінің көрсеткішін 24 пайызға асыра орындады. 2013 жылы мұнай өндіру көлемі 27,1 миллион тоннаны (216 миллион баррель ) құрады. ## Көлік мүмкіндіктері 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде Теңіз кен орнының шикі мұнайы әр түрлі жолдармен, соның ішінде Атырау-Самара құбырымен, темір жолмен және баржалармен тасымалданды. ТШО үшін темір жол мұнай тасымалдаудың негізгі көлік түрі болды. Мұнайдың негізгі барар орындары Қара теңіздегі порттар - Одесса, Феодосия (Украина) және Батуми еді. Бірақ кейін компанияның тасымал көлігі жөніндегі басымдықтары өзгерді. 2001 жылғы 25 наурызда КҚК аясындағы Теңіз-Новороссийск құбырына мұнайды бірінші сынамалы құю басталды, ұзындығы 1480 километр бұл құбыр кен орнын Ресейдегі Новороссийск қаласының қасындағы Южная Озерейка теңіз терминалымен байланыстырды. 2008 жылы ТШО ұлғайып келе жатқан мұнай көлемін «Оңтүстік бағыт жолы» арқылы экспорттауға мүмкіндік беретін коммерциялық шарттар жасасты. Ол Теңіз мұнайын Ақтау порты арқылы Каспий теңізімен Қазақстаннан Бакуге (Әзірбайжан) және одан әрі Батумиге (Грузия) жеткізіп, одан кейін Қара теңізбен халықаралық нарықтарға экспорттауға мүмкіндік берді. Бұл маршрутпен мұнай тасымалдау 2008 жылдың қазан айында басталды. Қара теңіз терминалдарынан Баку-Джейхан құбыры арқылы алғашқы мұнайды жөнелту 2008 жылдың қараша мен желтоқсан айларында басталды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта ТШО өндірген құрғақ (табиғи) газды Қазақстанның газ құбырына тасымалдау үшін Теңіз-Құлсары газ құбырлары пайдаланылуда, 2004 жылы ТШО бұл газ құбырының екінші тармағының құрылысын салып, оны Орта Азия – Орталық магистральды газ құбырына жалғады, бұл құбыр Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан, Ресей арқылы батыс елдеріне қарай газ экспортын қамтамасыз етеді. ## Күкіртті өндіру және сату ТШО өндіретін мұнайдың құрамында күкіртті газ бар, оның 14 пайызы күкіртсутектен тұрады. Шикі мұнайдан алынып тасталған күкіртсутек технологиялық қондырғыға жіберіліп, ол жерде ауамен, жылумен және катализаторлармен реакцияға түседі, осының нәтижесінде қарапайым сұйық күкірт пен су түзіледі. Күкірт 30 мыңнан астам басқа өнім түрлерін шығару кезінде пайдаланылатын құнды өнім болып табылады. 2006 жылы ТШО 1,570 млн тонна күкірт өндіріп, оны Қытай, Ресей,Өзбекстан, Қазақстан, сондай-ақ Жерорта теңізі бассейні елдеріне сатудың көлемі 1,648 мың тоннаны құрады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша ТШО 2 миллион тонна күкірт сатты, яғни 2006 жылғымен салыстырғанда 24 пайызға артық. Соңғы жылдары ТШО күкіртке қатысты жобаларға 100 млн. доллар бөлді, және де алдағы үш жылға қосымша қуаттар үшін тағы да 1400 млн.доллар бөлуді жоспарлауда. ТШО күкіртті Қазақстанды қоса 25 елдегі 77 тұтынушыға сатуда.ТШО күкіртті ашық сақтаудың қоршаған ортаға және адам денсаулығына ықпалын, аталған мәселені зерттеуді жалғастырада. Атап айтқанда ауаға, суға, топыраққа күкірттің әсері туралы зерттеу түйіндерін тексеру мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізуді жалғастыруда. ## Әлеуметтік бағдарламалар ТШО 1993 жылы «Атырау Бонус Қоры» деп аталатын бес жылға арналған бағдарламасын ендіруден бастады. Ол бойынша Атырау мен Теңіз кен орнына іргелес жатқан аудандарда әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық сала нысандарын дамытуға 50 млн. доллар мөлшерінде қаржы құю көзделген болатын. Атырау қаласында жылыту қазандығы, нан зауыты мен клиника, сондай-ақ Құлсары кентінде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға арналған 20 тұрғын үй және клиника салынды. 1999 жылы аяқталған «Атырау Бонус Қоры» бағдарламасының орнына «Игілік» деп аталатын әлеуметтік жобалар бағдарламасы келді. Жобаны іске асыруда Атырау қаласындағы Жайық өзенінен өтетін бас көпірді қайта жаңғыртты, Атырау университетінің жаңа ғимаратын салуға, қаладағы ғимараттарды жаңартуға және Жайық өзенінің жағасын бекітуге 5 млн. доллар жұмсалды. 2007 жылы ТШО кәсіпорыны Сарықамыста тұрған 374 отбасына (1590 адам) арнап Атырау қаласындағы Лесхоз ықшамауданынан жеке кент тұрғызды. Қалған 377 отбасына (1889 адам) Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде осыған ұқсас жаңа тұрғын үй кешенін салды. Сонымен қатар, Атырау облысының, Жылыой ауданындағы және Атырау қаласындағы мәдениет мекемелеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, қарттар үйлеріне, ауруханалар мен клиникаларға, мүгедектер ұйымдарына және тұрмыс деңгейі төмен адамдарға демеушілік көмек көрсетуде. ## Дереккөздер
Юрий Анатолийұлы Красножан (7 маусым 1963 жыл, Нальчик) — қорғаныс және жартылай қорғаныс шебіндегі КСРО-ның және Ресейдің ойыншысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының 2014-15 жылдардағы бас бапкері. ## Ойыншы мансабы 1980 жылдың бірінші жартысында Нальчиктің "Спартак" футбол клубында өнер көрсеті. Өзінің төрт жылын Қабарда-балқар клубында өткізді. Ол клубтың атынан Юрий 76 ойынға қатысып бір ғана гол соқты. Юрий Красножан тек футбол ғана ойнап қоймай сабақты да жақсы оқыған. 1985 жылы Красножан КБГУ-ды жоғарғы біліммен бітіреді. Оқуын бітіріп өзінің қаласында жалпы ортақ мектепде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болады. ## Бапкер мансабы Юрий Красножанның ең бірінші бапкерлік еткен командасы "Эталон" деп аталады, кейіннен команданың есімі "Автозапчасти" болып ауысады. Ол команда да Юрий үш жыл бапкерлік етеді. Үш жылдан соң Юрий қайтадан оқуға барады, ол жоғарғы бапкерлік ету мектебіне барып бір жыл оқиды. Бір жыл оқып болған соң жеке бапкерлік ету лицензиясын алады. ### Спартак (Нальчик) 2005 жылы Юрий "Спартак" футбол клубына келеді. Ол уақытта нальчиктік клубтың қаражаты төменгі деңгейде болады. Жаңа ойыншылар мен қажетті құрал жабдықтар алуға ақша болмайды. Оған қарамастан Юрий бар ойыншыларды жаттықтырып үлкен жетістіктерге жетеді. 2006 жылы Юрий Красножан Total Football журналының шешімі бойынша ең үздік жаттықтырушы деген атқа ие болады. ### Анжи 2011 жылы 27 желтоқсан күні Юрий Красножан "Анжи" футбол клубының басбапкері болып тағайындалады. 2012 жылдың 13 қаңтарында Юрий өзінің қалауымен бапкерліктен бас тартады. ### Кубань 2012 жылдың 6 тамызында Юрий краснодарлық "Кубань" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалады. 2013 жылдың 4 ақпанында клубтың бас директорлары Юрий Красножанды жұмыстан шығарамыз деп хабарлайды. Сонымен 8 ақпан күні Юрий Красножан бас бапкерліктен айырылады. ### Қазақстан ұлттық құрамасы 7 қаңтар 2014 жылы Юрий Красножан Қазақстан ұлттық құрамасымен келісім шартқа тұрды. Бірақ ЕУРО-2016 турниріндегі сәтсіздіктен соң 2015 жылдың соңында қызметтен босады. ## Дереккөздер
Теңізшевройл немесе ТШО (ағылш. Tengizchevroil, TCO, орыс. Тенгизшевройл, ТШО) — Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын. 1993 ж. ҚР Үкіметі мен Шеврон корпорациясы арасында 40 жылға жасалған шарт бойынша құрылған және осы шарт бойынша Теңіз және Королев кен орындарын игеру жөнінде келісімге келген. Қазіргі кезде кәсіпорынға: Шеврон, ЭксонМобил, ҚазМұнайГаз, ЛукАрко компаниялары енеді. ## Тарихы 1993 жылғы 6 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Кеннет Дерр Алматы қаласында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы 40 жылдық келісімге қол қойды. Қазақстан үшін ғана емес, Шеврон корпорациясы үшін де бұл мәміле 1970-ші жылдардың басынан бергі ең ірі халықаралық мәміле еді. Осы Қазақстан-Америка мұнай келісім-шартына қол қойылуының бүкіл дүние жүзі үшін экономикалық қана емес, саяси маңызы болды. 1992 жылы Қазақстан, Ресей және Оман үкіметтері Каспий құбыр консорциумын құру туралы құжаттарға қол қойды, ол Теңіз-Новоросийск мұнай құбыры арқылы Теңіз мұнайының әлемдік нарықтарға экспортқа шығарылуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Осылайша Қазақстанның орасан зор мұнай алыбының және жалпы ел экономикасы дамуының жаңа кезеңі басталды. ## Өндірістік жобалары «Теңізшевройл» ЖШС сан миллиардтап тартылған инвестицияларды тиімді игерудің арқасында ТШО өндірістің бүкіл инфрақұрылымын түбегейлі қайта құрып өндіріс базасын кеңейтті. 2007 жылдың аяғына қарай компанияның жалпы активтері 10.5 млрд. доллар құрады. 2008 жылда Екінші буын зауытының барлық өндірісінің пайдаланылуға берілуі қазіргі бес технологиялық желіде өндіріліп жатқан өнімді екі еселеуге мүмкіндік берді және шығарындылар көлемін азайтуда өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етті. Бүгіндері өндіріліп отырған көмірсутектер шикізатынан ТШО түпкі өнімнің бірнеше түрін шығарады. ТШО-ның тауарлы мұнайы өте «жеңіл», көмірсутектің жеңіл молекулаларынан тұрады. Екінші буын зауытын іске қосқаннан кейін, кәсіпорын тәулігіне мұнай мен газ өндіру көлемін сәйкесінше 540 мың барель және 765 млн текше фут деңгейіне дейін ұлғайтуТеңіз мұнай кен орныға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, көмірсутектер шикізатының қалған бөлігінен, ілеспе газдардан тауарлы газдар (құрғақ газ бен сұйытылған газдар - пропан мен бутан), сондай-ақ Теңіз кен орнының шикі мұнайының құрамында жоғары шоғырланған күкіртсутектен өндірілетін күкірт шығарылады. 2007 жылы еуропалық сападағы пропан мен бутан өндіру көлемі 860 метрикалық тоннаны, ал құрғақ газ сату көлемі 3,7 миллиард текше метрді құрады. Сондай-ақ ТШО 2007 жылы күкірт сатудан жоғары көрсеткішке қол жеткізді, 2 миллион тонна күкірт сатып, 2006 жылғы өзінің көрсеткішін 24 пайызға асыра орындады. 2013 жылы мұнай өндіру көлемі 27,1 миллион тоннаны (216 миллион баррель ) құрады. ## Көлік мүмкіндіктері 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде Теңіз кен орнының шикі мұнайы әр түрлі жолдармен, соның ішінде Атырау-Самара құбырымен, темір жолмен және баржалармен тасымалданды. ТШО үшін темір жол мұнай тасымалдаудың негізгі көлік түрі болды. Мұнайдың негізгі барар орындары Қара теңіздегі порттар - Одесса, Феодосия (Украина) және Батуми еді. Бірақ кейін компанияның тасымал көлігі жөніндегі басымдықтары өзгерді. 2001 жылғы 25 наурызда КҚК аясындағы Теңіз-Новороссийск құбырына мұнайды бірінші сынамалы құю басталды, ұзындығы 1480 километр бұл құбыр кен орнын Ресейдегі Новороссийск қаласының қасындағы Южная Озерейка теңіз терминалымен байланыстырды. 2008 жылы ТШО ұлғайып келе жатқан мұнай көлемін «Оңтүстік бағыт жолы» арқылы экспорттауға мүмкіндік беретін коммерциялық шарттар жасасты. Ол Теңіз мұнайын Ақтау порты арқылы Каспий теңізімен Қазақстаннан Бакуге (Әзірбайжан) және одан әрі Батумиге (Грузия) жеткізіп, одан кейін Қара теңізбен халықаралық нарықтарға экспорттауға мүмкіндік берді. Бұл маршрутпен мұнай тасымалдау 2008 жылдың қазан айында басталды. Қара теңіз терминалдарынан Баку-Джейхан құбыры арқылы алғашқы мұнайды жөнелту 2008 жылдың қараша мен желтоқсан айларында басталды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта ТШО өндірген құрғақ (табиғи) газды Қазақстанның газ құбырына тасымалдау үшін Теңіз-Құлсары газ құбырлары пайдаланылуда, 2004 жылы ТШО бұл газ құбырының екінші тармағының құрылысын салып, оны Орта Азия – Орталық магистральды газ құбырына жалғады, бұл құбыр Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан, Ресей арқылы батыс елдеріне қарай газ экспортын қамтамасыз етеді. ## Күкіртті өндіру және сату ТШО өндіретін мұнайдың құрамында күкіртті газ бар, оның 14 пайызы күкіртсутектен тұрады. Шикі мұнайдан алынып тасталған күкіртсутек технологиялық қондырғыға жіберіліп, ол жерде ауамен, жылумен және катализаторлармен реакцияға түседі, осының нәтижесінде қарапайым сұйық күкірт пен су түзіледі. Күкірт 30 мыңнан астам басқа өнім түрлерін шығару кезінде пайдаланылатын құнды өнім болып табылады. 2006 жылы ТШО 1,570 млн тонна күкірт өндіріп, оны Қытай, Ресей,Өзбекстан, Қазақстан, сондай-ақ Жерорта теңізі бассейні елдеріне сатудың көлемі 1,648 мың тоннаны құрады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша ТШО 2 миллион тонна күкірт сатты, яғни 2006 жылғымен салыстырғанда 24 пайызға артық. Соңғы жылдары ТШО күкіртке қатысты жобаларға 100 млн. доллар бөлді, және де алдағы үш жылға қосымша қуаттар үшін тағы да 1400 млн.доллар бөлуді жоспарлауда. ТШО күкіртті Қазақстанды қоса 25 елдегі 77 тұтынушыға сатуда.ТШО күкіртті ашық сақтаудың қоршаған ортаға және адам денсаулығына ықпалын, аталған мәселені зерттеуді жалғастырада. Атап айтқанда ауаға, суға, топыраққа күкірттің әсері туралы зерттеу түйіндерін тексеру мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізуді жалғастыруда. ## Әлеуметтік бағдарламалар ТШО 1993 жылы «Атырау Бонус Қоры» деп аталатын бес жылға арналған бағдарламасын ендіруден бастады. Ол бойынша Атырау мен Теңіз кен орнына іргелес жатқан аудандарда әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық сала нысандарын дамытуға 50 млн. доллар мөлшерінде қаржы құю көзделген болатын. Атырау қаласында жылыту қазандығы, нан зауыты мен клиника, сондай-ақ Құлсары кентінде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға арналған 20 тұрғын үй және клиника салынды. 1999 жылы аяқталған «Атырау Бонус Қоры» бағдарламасының орнына «Игілік» деп аталатын әлеуметтік жобалар бағдарламасы келді. Жобаны іске асыруда Атырау қаласындағы Жайық өзенінен өтетін бас көпірді қайта жаңғыртты, Атырау университетінің жаңа ғимаратын салуға, қаладағы ғимараттарды жаңартуға және Жайық өзенінің жағасын бекітуге 5 млн. доллар жұмсалды. 2007 жылы ТШО кәсіпорыны Сарықамыста тұрған 374 отбасына (1590 адам) арнап Атырау қаласындағы Лесхоз ықшамауданынан жеке кент тұрғызды. Қалған 377 отбасына (1889 адам) Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде осыған ұқсас жаңа тұрғын үй кешенін салды. Сонымен қатар, Атырау облысының, Жылыой ауданындағы және Атырау қаласындағы мәдениет мекемелеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, қарттар үйлеріне, ауруханалар мен клиникаларға, мүгедектер ұйымдарына және тұрмыс деңгейі төмен адамдарға демеушілік көмек көрсетуде. ## Дереккөздер
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны.Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1957) негізінде ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы болып қайта құрылды. Құрамына Ақтөбе, Орал, Атырау, Манғыстау медицина колледждері енеді.Республика батыс аймағының 4 облысы және Қызылорда, Қостанай, облыстары үшін дәрігер кадрларын даярлайды. Бес оқу ғимараты, жатақхана, зерттеу лабораториясы, санаторий-профилакториі, кітапханасы, спорттық-демалыс лагері, стадионы бар. Академия құрамында емдеу, педиатриялық және орта дәрігерлік ф-ттері бар. Онда 3000 студент оқып, 500-ден астам дәрігер кәсіптік білімін жетілдіреді. Медицина колледждерде 2000-ға жуық болашақ маман білім алады. 416 оқытушы дәріс оқиды, олардың 33-і ғылыми доктор, 168-і ғылыми кандидат 4 колледжде 247 оқытушы дәріс береді (1998). Академияда жүргізілетін ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыттары: жаңа дәрі-дәрмек жасау, тексеру, сынау; ірің хирургиялық инфекциясы, оның асқынуы; хронобиология, хронотерапия; патогенез, аурудың алдын алу, емдеу; әртүрлі патологиялық жағдайлар, отбасын жоспарлау т.б. ## Деканаттар * Жалпы медицина факультетінің деканаты; * Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі факультеттерінің деканаты; * Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты; * Халықаралық медициналық факультетінің деканаты. ## Департаменттер * Академиялық жұмыстар департаменті; * Ғылыми жұмыстар жөніндегі департамент; * Процесстерді автоматтандыру және цифрландыру департаменті; * Адами ресурстарды басқару департаменті; * Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті; * Экономика және жоспарлау департаменті; * Пайдалану жұмыстары жөніндегі департамент. ## Ректорлары ## Дереккөздер
Қызыл үйдегі түс (қытайша: 紅樓夢|红楼梦 - „хунлоумэн“) - қытай тіліндегі төрт классикалық романдар ішіндегі ең танымал романы. Алғашқы 80 тарауы Цао Сюэциньмен жазылып жарыққа «Тас туралы жазбахаттар» (қытайша: 石頭記) атымен 1763 жылы автордың қайтыс болар алдында жарық көрген. Отыз жыл өткен соң, яғни 1791 жылы, Гао E баспагері өз көмекшісімен бірге тағы қырық тарауымен романды толықтырып, сонымен сюжетті аяқтаған. Зерттеушілер осы күнге дейін Гао Е-нің бастапқы авторлық ойын қаншалықты дарытқанына күмәнданады. ## Романның мазмұны «Қызыл үйдегі түс» - Цзя отбасының ұрпақтарының үш буыны туралы жан-жақты хикая. Басқа бұрынғы қытай романдар қарағанда, «Қызыл үйдегі түс» романында нақты сюжет және жүйелі композиция құрамын пайдаланылады. Бұл шығармада егжей-тегжейлі кейіпкерлердің тәжірибесін, көңіл-күйлерін және олардың қарым-қатынастарын сипаттайды. Романға Қытайдың өзінде „әдепсіздік үшін“ бірнеше рет тыйым салынған.. * * * * * ## Дереккөздер
Үлгенбай - қазақтың белгілі әнші - композиторы, ақын. ХІХ ғасырдың 30-90 жылдары өмір сүрген. Прогресшіл көзқарастағы ақын өзінің әндерінде халқына деген сүйіспеншілігін айқын көрсетіп, оның тағдырын, болашағын жырлады. Қайғы мен қасірет шеккен қазақ халқына ертең бақытты, шаттық өмірге, қуанышты күндерге жетесіңдер деп үн қатты. Орыстың этнографы Александр Ивановский "Русские ведомости" газетінде жарияланған "Қырғыз (қазақ) әншісі Үлгенбайдың қазасы" деген мақаласында оның асқақ дауысты әншілігін, өнерін аса жоғары бағалаған. ## Дереккөздер
Юрий Анатолийұлы Красножан (7 маусым 1963 жыл, Нальчик) — қорғаныс және жартылай қорғаныс шебіндегі КСРО-ның және Ресейдің ойыншысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының 2014-15 жылдардағы бас бапкері. ## Ойыншы мансабы 1980 жылдың бірінші жартысында Нальчиктің "Спартак" футбол клубында өнер көрсеті. Өзінің төрт жылын Қабарда-балқар клубында өткізді. Ол клубтың атынан Юрий 76 ойынға қатысып бір ғана гол соқты. Юрий Красножан тек футбол ғана ойнап қоймай сабақты да жақсы оқыған. 1985 жылы Красножан КБГУ-ды жоғарғы біліммен бітіреді. Оқуын бітіріп өзінің қаласында жалпы ортақ мектепде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болады. ## Бапкер мансабы Юрий Красножанның ең бірінші бапкерлік еткен командасы "Эталон" деп аталады, кейіннен команданың есімі "Автозапчасти" болып ауысады. Ол команда да Юрий үш жыл бапкерлік етеді. Үш жылдан соң Юрий қайтадан оқуға барады, ол жоғарғы бапкерлік ету мектебіне барып бір жыл оқиды. Бір жыл оқып болған соң жеке бапкерлік ету лицензиясын алады. ### Спартак (Нальчик) 2005 жылы Юрий "Спартак" футбол клубына келеді. Ол уақытта нальчиктік клубтың қаражаты төменгі деңгейде болады. Жаңа ойыншылар мен қажетті құрал жабдықтар алуға ақша болмайды. Оған қарамастан Юрий бар ойыншыларды жаттықтырып үлкен жетістіктерге жетеді. 2006 жылы Юрий Красножан Total Football журналының шешімі бойынша ең үздік жаттықтырушы деген атқа ие болады. ### Анжи 2011 жылы 27 желтоқсан күні Юрий Красножан "Анжи" футбол клубының басбапкері болып тағайындалады. 2012 жылдың 13 қаңтарында Юрий өзінің қалауымен бапкерліктен бас тартады. ### Кубань 2012 жылдың 6 тамызында Юрий краснодарлық "Кубань" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалады. 2013 жылдың 4 ақпанында клубтың бас директорлары Юрий Красножанды жұмыстан шығарамыз деп хабарлайды. Сонымен 8 ақпан күні Юрий Красножан бас бапкерліктен айырылады. ### Қазақстан ұлттық құрамасы 7 қаңтар 2014 жылы Юрий Красножан Қазақстан ұлттық құрамасымен келісім шартқа тұрды. Бірақ ЕУРО-2016 турниріндегі сәтсіздіктен соң 2015 жылдың соңында қызметтен босады. ## Дереккөздер
Әділқайыр Паңгерейұлы Жантасов (1958 ж., Индер ауданы, Индербор к.) — суретші. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі (1992). Алматы көркемсурет училищесін (1981), Алматы мемлекеттік театр көркемсурет институтын (1986) бітірген. Бірнеше портреттік туындылардың («Мұрат Мөңкеұлы», «Шоқан Бейбарыс» т. б.), картиналардың («Исатай—Махамбет», «Қансонар» т. б.) авторы. Атыраудағы Кіші өнер академиясында ұстаздық етеді.1993 жылы Атырау қаласының гербін жасаған. 2004 жылдан бері ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Нағыз суретші әрдайым еңбекқор келеді
«Жайықмұнайгаз» — мұнай-газ өндіру басқармасы. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 1973 жылы құрылды. Атырау облысының Исатай ауданы аумағында орналасқан. Бүгінде басқармада 17 кен алаңы игерілуде. Мұнай мен газды өндіру және өңдеумен айналысады. ## Қалыптасуы Каспий теңізінің Атыраудың батыс жағындағы жағалауынан мұнай іздестіру жұмыстары 50-жылдардың орта шенінен басталды. Алғаш тайыз, кейін терең барлама бұрғылауы өріс алды. Соның нәтижесінде 1963 ж. Мартыши кенішінде мұнай табылып, 1963—67 ж. осы кен алаңынын қоры анықталып, технологиялық бағдарлама жасақталды. 1968 жылдың ақпанында Мартыши мұнайының алғашқы эшалоны мұнай айыру зауытына жөнелтілді. 1969 ж. Мартыши-Гурьев мұнай құбыры іске қосылды. 1972 ж. Қамысты алаңы пайдалануға беріліп, Жаңаталап және Гран алаңдарының мұнай қоры бекітілді. Осы алаңдарды игеріп, мұнай өндіру үшін 1973 ж. 11 сәуірде «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы кұрылып, өз алдына шаңырақ көтерді. Осыдан кейін кең көлемде жүргізілген іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижесінде Шығыс Жаңаталап (1977), Ровное (1978), Оңт.-шығыс Қамысты (1988), Забұрын (1989), Оңтүстік-шығыс Новобогат (1998) кен алаңдарында мұнай қоры анықталып, өндірістік пайдалануға берілді. Бүгінде басқарманың 4 мұнай өндіру цехы 9 мұнай алаңынан мұнай өндіруде. Барлық мұнай алаңдары ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сай жасалған өндіріс құрал-жабдықтарымен, кешенді түрде автоматтандырылған. Қазіргі кезде мұнай өндірісіндегі қолданылып жүрген жаңа типті қондырғылар, мұнайды өндіру, жинау, дайындау және айдаудағы озық техникалар мен технологиялар түгелдей дерлік басқарманың кен алаңдарында қолданылады. Германияның «ВА8Ғ» және «ХЕХСТ» фирмаларымен бірлесе отырып арнайы химиялық реагенттер түрлері анықталып, өте күрделі мәселе оң шешімін тапты. Нәтижесінде бүгінгі күнде өндірілген мұнайдың 90%-ын жоғары сапамен өткізуге қол жеткізілді. 1973 ж. басқарма құрылғанда мұнайшылар сапында 322 адам ғана болса, күні бүгін олардың қатары 1043-ке жетіп отыр, оның 258-і өйелдер. Бұдан 20—30 жыл бұрын жоғары білім алып келіп, алғашқы еңбек жолдарын осы басқармада бастаған көптеген мұнайшы мамандар бұл күндері еліміздің мұнай өндірісі саласында жоғарғы басқару қызметтерін атқаруда. Алғаш мұнай алаңдарын игеруге байырғы Ембіден маман-жұмысшылар көптеп тартылса, 1980 жылдардан бастап басқарма кәсіпшіліктерінде жергілікті мамандар саны басым бола бастады. Басқарма ұжымында жұмыс жасай жүріп жоғарғы еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізген еңбек озаттарының қатарында операторлар ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Қ.Сүйінішқалиева, С.Жұбанов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Р.Қанапашева, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлық лауреаты Қ.Түлеуішев, оператор КСРО кәсіподақтарының Кропочев атындағы сыйлығының лауреаты И.Дәуітов, 3 орденді байырғы мұнайшы-инженер К.Балжанов т.б. бар. Басқарма тарапынан кең көлемде ұйымдастырылып, жүргізіліп келе жатқан мұнай өндіруші объектілерді жаңадан жабдықтау және қайта жарақтандыру жұмыстарымен қатар әлеуметтік салада да сан қырлы жұмыстар іске асырылып, оның игілігін мұнайшылармен қатар бүкіл аудан халқы пайдалануда, аудан экономикасына ұдайы көмек көрсетілуде. Басқарма күшімен Аққыстау мен Забұрын елді мекендеріне 2 теледидарлық қондырғы орнатылды. Забұрын аулына жоғары кернеулі электр желісі, Аққыстау, Ақкөл ауылдарына газ желісі тартылды. ## Дереккөздер
Рамлал немесе Рам Сахай (1780, Бенарес, Үндістан - 1826) — 18 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген үнді миниатюршысы. Пахари мектебінің өкілі. Кангир мектебінің негізін салушылардың бірі. Манактың немересі, миниатюршы Найнсикхтың баласы. Гулерде Говердхан Чанд раджа мен Чамбада Радж Сингх раджаның сарайында жұмыс істеді. «Уш Анирудх» сериясы (Дели, Үндістан ұлттық музейі; Хайдарабад, Дж. Митталдың жеке қоры) мен «Кришн Судам» сериясындағы екі сурет (Чамба, Бхури Сингх музейі) Рамлал шығармасына саналады. Рамлалдың романтикалық пейзаждары мен әйелдер көрінісі шынайы сыршылдық көрініс береді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Пандит Рам Сахай Джи Мұрағатталған 28 қаңтардың 2015 жылы.
Ранович Абрам Борисович (лақап аты — Ранович; шын жөні — Рабинович) , 3(15). 12. 1885, Житомир,—29. 5. 1948, Мәскеу)—көне заманды зерттеуші кеңес тарихшысы, тарих ғылымының докторы (1937). Мәскеу мемлекет университетінің профессоры (1937—41), КСРО ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері (1938—48). Иудаизм мен ертедегі христиан тарихына арналған бірнеше еңбектердің авторы. Өмірінің соңғы жылдары көне замандағы Жерорта теңізінің шығысындағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеген. Рановичтің «Эллинизм және оның тарихи рөлі» (1950) атты еңбегінде эллинизм көне замандағы құл иеленуші қоғам дамуының белгілі бір кезеңі неғұрлым толық дәлелденді. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Үш шатқал бөгеті (қытайша: 三峽|三峡 ) — әлемдегі ұзындығынан әлемде үшінші орында тұрған Янцзы өзенінің Қытай аймағында құрылған бөгет. Сонымен бірге әлемдегі ең ірі ( бразилия-парагвай «Итайпу»мен бірге) гидроэлектрстанциясы[. Қытайдағы Хубэй провинциясының Ичан аймағындағы Саньдоупин қаласының аймағында орналасқан. Бекетті құрған кезде сол аймақтан 1,3 млн адам жер ауыстыруға мәжбүр болды, бұл оқиға да құрылыс саласындағы ең жоғары көрсеткіш.. ## Сипаттамасы * Пайдалануға берілген уақыты — 4 ақпан 2012 жыл * өзен — Янцзы * құрылыстың басталу уақыты — 1992 жыл * агрегаттардың қосылуы — 2003-2012 жылдар * күші — 18 200 (2009); 22 500 (2012) * электртоғын шығаруы - 98 100 (2012) * генераторлардың күші — 32х700, 2 × 50 * биіктігі — 185 м * ұзындығы — 2309 м ## Дереккөздер
Майкөл — Ертіс-Қарағанды каналының сол жағалаулық аңғарындағы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 298 м биіктікте жатыр. Аумағы 3 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. ## Сипаты Жағалауы ашық әрі жазық. Батысынан шағын Елемес өзені құяды. Солтүстігі мен шығысында әйгілі Богатырь көмір кен қимасы, Екібастұз-ІІІ ГРЭС-і орналасқан. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Жағалауы шабындық, алабы - жайылым. ## Дереккөздер
Майбұлақ – Қусақ алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 27 км, жалпы ұзындығы 28 км болатын 11 саласы бар. ## Бастауы Бастауын Қоңыртемірші тауларының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Томар ауылынан жоғарыда Қусақ өзенінің оң саласы - Қаражан өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Арнасы сайлы-жыралы, жонды-қырқалы өңірмен өтеді. Төменгі ағысында аңғары кеңейеді. Жаз айларында ағысы тоқтап, қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Алабында қыстаулар орналасқан. ## Дереккөздер
Рас-Хафун мүйісі — Африканың қиыр шығыс шеті. 51°23' шығыс бойлық және 10°267 солтүстік ендікте. Сомали мемлекетінің жерінде. ## Дереккөздер
Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев (1 ақпан 1948 жыл, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызылсай ауылы) – қазақстандық композитор, әнші. Қазақстан халық әртісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қырғызстанның Халық артисі. ## Өмірбаяны Үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Оның тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді. Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстан халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған. * 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «ата», «Сағындым атамды» әндерінің авторы. ## Марапаттары Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа * Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; * «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі» * 1993 жылы «Қазақстан халық әртісі» * 1994 жылы «Қырғызстан Республикасының халық артисі» құрметті атақтары берілді. * 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; * 2010 жылы «Парасат ордені» * 2016 жылы елбасының қолынан ІІІ дәрежелі «Барыс ордені» алды. * 2021 жыл 1 дәоежелі Барыс ордені. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Алтынбек Қоразбаевтың «нағашылары» көбейдi Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Төленгіт 1 мекенжұрты немесе 1-Төленгіт елді мекені — Оңтүстік Қазақстандағы І - VII ғғ. археологиялық ескерткіш. ## Географиясы Түркістан облысы Отырар ауданындағы Көкмардан ауылынан оңтүстік-батыста, 9 шақырым жерде, Ақсу тармағының қасында. Географиялық координаты 42Т443207, UТМ 472755. 1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) ашып, Аты жоқ төбе 1 ретінде зерттеген. 2005 жылы археологиялық ескерткішті Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды (К.М. Байпақов, Д. А. Воякин) екінші рет зерттеген. Жоспарда төртбұрышты болып келген, "алаңқайлы төбе" типіндегі ескерткіш. Бұрыштары дүниенің төрт бұрышына қараған. Етегінің көлемі 55x55 м, жоғарғы жағы: сотүстік-батыс жаны 30 м, сотүстік-шығысы -25 м, оңтүстік-шығысы -25 м, оңтүстік-батысы - 30м. Алаң негізгі төбеге оңтүстік -батыстан жапсарласады. Оның көлемі 90x90 м, биіктігі 0,7 - 1 м. Орталық төбенің қақпасы оңтүстік-батыс қабырғада орналасқан. Ескерткіш бетінен алынған керамика ішінде Қостөбе (оңтүстік) керамикасымен сәйкес қолдан жасалынған сырсыз ыдыстар сынықтары бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі Мұрағатталған 27 желтоқсанның 2014 жылы.
Ярым-Тепе, Жарымтепе - бірнеше төбеден құралған ежелгі егіншілер мекені (біздің заманымыздан бұрын 6 – 4 мың жылдықтарға жатады). Ирактың солтүстік-батысында, Тель-Афар қаласының жанында. 1969 жылдан КСРО ҒА (ғылым академиясы) екі төбені зерттеуде. ## Ярым-Тепе мәдениеті Ярым-Тепе 1(рим)- хассун мәдениетіне жатады. Бұл жерден осы мәдениеттің негізгі даму кезеңдерін көрсететін 13 құрылыс қабаттары табылды. Дені тік бұрышты 1500-ден аса тұрғын үйлер мен қыштан салынған пештер (ыдыс күйдіруге арналған екі сатылы пештер де бар) зерттелді. Сондай-ақ хассун және салмара мәдениеттеріне жататын құмыралар, тас дән ұсатқыштар, келі-келсап, орақ, тескіштер, біздер, балшықтан жасалған әйел мүсіндері тағы басқа заттар табылған. Сиыр сүйегі мен темірден жасалған бұйымдардың (қорғасын білезік, мыс моншақ, мыс кенінің кесектері) табылуы назар аударарлық нәрсе. Өйткені бұған дейін сиыр сүйегі ежелгі ескерткіштердің ешбірінде кездеспеген, ал металл бұйымдар тіпті Месопотамияның өзінде де ұшыраспаған. Ярым-Тепе 2(рим) халаф мәдениетінен қалған мекен (біздің заманымыздан бұрын 5 мың жылдық). Бұл жерден 10 құрылыс қабаты табылды. Дені пішіні дөңгелек 300-ден аса тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстары, әр түрлі ошақтар, сондай-ақ ертедегі діни орындардың жұрты табылған. Тұрғындар егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Дән қалдықтары, қой, өгіз, ешкі, шошқа сүйектері, тастан жасалған дән үккіш, келі, балта, құмыра, әшекей заттар, сүйектен жасалған біз, тескіш, көптеген қыш бұйымдар, әйел мүсіндері, геометриялық өрнектермен әшекеленіп, қара, қызыл, қоңыр түске боялған кесе, құмыра тағы басқа ыдыстар табылған. Кейбір құмыраларға балықтың, құстың, қарақұйрықтың тағы басқа жануарлардың суреттері салынған. Басқа халаф мекендерінде кездеспейтін кейбір қыш ыдыстардың үлгісі мен көркем суреттердің салыну мәнері Ярым-Тепе 2(рим)-нің Месопотамия мәдениетінен (біздің заманымыздан бұрын 5 мың жылдық) ерекше орын алатынын көрсетеді. ## Қолданылған әдебиет Мерперт Н. Я., Мунчаев Р. М., Раннеземледельческие поселения Северной Месопотамии, «Советские архивы», 1971, № 3.
Елес қуған сайыпқыран (ағыл. Hunting the Phantom немесе орысша Охота за призраком) — 2014 жылы шыққан Қазақстандық "Қазақфильм" студиясының фантастикалық боевик жанрындағы фильм. ## Рөлдерде * Арман Асенов * Бөпеш Жандаев * Санжар Мәдиев * Әсел Сағатова * Никита Пресняков * Арманд Ассанте * Кристанна Локен * Эндрей Джонсон * Камила Ермекова ## Сюжет "Фантом" - бір корпорацияның адамдар санасын толықтай бақылауға алуға арналған зұлым жоспары. Олардың мақсаты - қоғамды тілалғыш қуыршақтарға айналдырып, тарихтың өрбуін өзгерту. Бұл туралы ешкім де білмес еді, егер екі ғашық - Тимур мен Кираның өміріне нұқсан келмегенде. Қыз кісі өліміне күдікті деп танылады, жігіт оны құтқару үшін заң бұзуға тура келеді. Зак есімді америкалық хакер жігітке шындықтың бетін ашып, корпорацияның жасырын мақсатын білуге көмектеседі. Енді екеуі төніп тұрған жаһандық қауіптен әлемді құтқаруы тиіс. ## Сыртқы сілтемелер * Кинопоиск сайтында * Съемка жайлы * Трейлері * Киностан сайтында Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2014 жылы. * "Елес қуған сайыпқырандар" – әйел режиссер түсірген экшн жанрындағы фильм * "Елес қуған сайыпқыран" фильмі көрерменге жол тартпақ