text
stringlengths
3
252k
Қонақай, Қызылащы, Айғыржалөзен – Түндік алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км. Жалпы ұзындығы 14 км болатын 5 саласы бар. ## Бастауы Бастауын Тілеуімбет тауларының шығысындағы бұлақтардан алып, Масашат қыстауы маңында Түндік өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Өзен арнасының басым бөлігі жарқабақты (жоғарғы ағысында), сайлы-жыралы (орта ағысында) жерлермен өтеді. Негізінен қар, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде арнасында 15-18 күн су жүреді. Жылдың қалған мезгілінде қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайы — Қазақстанның қазіргі заман тарихы мұражайы болып табылады. Ол тәуелсіз Қазақстанның егеменді ел болып қалыптасуының кескін-келбетін мемлекет басшысының сан қырлы қызметі арқылы бейнелейді. Аз ғана мерзім ішінде (2004 ж. 28 тамыз) мұражай кешенді ғылыми-зерттеу, ағарту және мәдени орталыққа айналды. Мұражайдың Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясында орналасуы және оның ішкі көрінісі мен жиһаздарының бұрынғы қалпында сақталып қалуы ізденіс идеялары мен экспозициялық шешімін табуда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің тарихын толық көрсетуде өз үйлесімін, үндестігін табуға мүмкіндік туғызып отыр. ## Тарихы Осы резиденцияда Мемлекет басшысы жеті жыл қызмет істеген (1997-2004 жж.). Үймерет астананың көшуіне байланысты 1997 жылдың желтоқсан айында салынған. Алғашқы келушілерді мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ғылыми концепция тұрғысынан экспозиция тақырыбын анықтау және ғылыми-зерттеу бағыттарын құру кезеңі, 2007-2008 жылдар мұражай үшін маңызды болды. Тәуелсіздік тарихына қатысты материалдарды бірізді, реттілікпен қалыптастыру барысында экспозициялық көрсетілім логикасына қол жетті. Мұражай қоры хронологиялық және тақырыптық жағынан - еліміздің егемендік жолындағы тарихын, ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарын, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі өзара ықпалдасу бастамаларын көрсетеді. Мәдениеттану тұрғысынан алғандағы экспонаттар - әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері және ұлттық психология, салт-дәстүрмен танысу нысаны ретінде қызығушылық тудырады. Тарихи деректер мемлекет тағдырындағы бетбұрыс кезеңде халық көшбасшысының рөлінің еліміз үшін қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.Қазақстанның жаңа заман тарихының басталу кезеңі Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Еліміздің Президенті биліктің бейнесі ғана емес, мемлекет болуымыздың нышаны. Экспозицияларды қалыптастыру және жаңғырту барысында алғашқы күндерден бастап жинақтау жұмыстары жүргізіліп, Алматы, Қарағанды облыстарына, Украинаға ғылыми-ізденіс экспедицияларын ұйымдастыру қолға алынды. Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы бүкіл елдің тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, тарихи байланыстар мен оқиғалар жөніндегі материалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. ## Мұражай коллекциялары Мұражай коллекциялары қазіргі Қазақстанның тарихы мен мәдениетін әлемдік даму тұрғысынан тануға мүмкіндік береді, себебі мұражай қорының негізін егеменді елдің құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қамтитын құжаттар, фото-бейне материалдар құрайды. Мемлекет Басшысының жеке кітапханасы мұражайдың үш залында орналасқан, ол 12700 сақтам бірлігін құрайды. Коллекция ғылыми қызығушылық туғызатын және ақпараттық құндылығы жоғары, полиграфиялық безендірілу тұрғысынан бірегей болып келетін отандық және шетелдік басылымдардан тұрады. Коллекциялар қорының байлығына, өзіндік ерекшеліктеріне әлемнің кез келген мұражайы қызыға да қызғана қарайды десек артық айтқандық емес. Көптеген мұражайға қойылған жұмыстардың жасалуы, қайталанбайтындығы, бірегейлігі, шебердің өзіндік қолтаңбасын көрсетіп тұрады. Мұражайға әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері съезінің делегаттары тарту еткен сыйлықтар кешені қойылған. Шығыс елдерінің сәндік-қолтаңбалы өнерінің нақышты теріден, сүйектен және тастан жасалған дүниелері, сувенирлері, ыдыстары осы елдердің өзіндік қалыптасқан салт-дәстүрінен хабар береді. Ресейдің көркемөнер кәсібі, Азия елдерінің түрлі аймақтары шеберлерінің күмістен соғылған заттары, еуропалық фарфор, атақты чех хрусталі - қор коллекциясын құрайды. Бұлар тұрақты тақырыптық экспозиция ретінді қойылған, бірақ уақытша жылжымалы көрме ретінде көрсетуге болатын мүмкіншілігі де бар. Дәрімен атылатын және суық қарулардың нұсқалары, оларды тағып жүру дәстүрі, қолдану және сыйға тарту жөнінде зерттелген бай материалмен және жасалу шеберлігімен таныстырады. Қазақстан Республикасының Президентінің бірегей марапат коллекциясы тұрақты экспозициялар қатарына қойылған. Коллекция геральдика (елтаңбатану), фалеристика (марапат пен таңбаларды зерттейтін ғылым саласы) дәстүрі жөнінен ғана емес, олардың тарихы, ел тарихы мен марапаттар жөнінен мол хабар береді. Мұражай коллекциялары облыстық, аймақтық мұражайларға көрмеге шығарылып тұрады. «Мәдениет арқылы сұхбат» атты халықаралық жоба қазақстандық көрмелерді әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен таныстырады. Келуші қауымның пайдалануы үшін мұражай барлық бағытта жасалып жатқан жұмыстар жөнінде ғылыми жинақтан бастап, монография, көрме каталогтары, буклеттермен қамтамасыз етіледі. ## Дереккөздер
Қонайкөл — Тобыл алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Қостанай ауданы Қоскөл ауылынан батыста 5 км жерде, теңіз деңгейінен 188 м биіктікте жатыр. Аумағы 4 км², ұзындығы мен ені 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 8,1 км. Дөңгелек пішінді көлдің жағалауы жазық. Шығыс пен солтүстік жағалауы маңында сор жерлер кездеседі. ## Гидрологиясы Суы қараша айының 3-онкүндігінде қатып, сәуір айының 2-онкүндігінде ериді. Негізінен қар, жер асты суларымен толысады. Суы сәл кермек татиды. Мал ішуге жарамды. Алабы шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жандосов Оразәлі Кәкімұлы (1904, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы — 28.02.1938) — алғашқы қазақ геологтарының бірі. Жандосов Ораз Қыйқымұлының інісі. Верный ерлер гимназиясының 4 сыныбын бітірген. * 1924 — 1925 жылы Мәскеудегі жоғарғы кооперативтік курстарда оқыған. * 1933 жылы Мәскеу геология барлау институтын бітірді. * 1923 — 1924 жылы Алматы уездік комсомол комитетінің хатшысы, * 1925 — 1926 жылы Қазақ ауыл шаруашылық кооперациясының бөлім бастығы, * 1926 — 1929 жылы Ақтөбе губерниясы атқару комитетінің төрағасының орынбасары, губ. жоспарлау басқармасының төрағасы, * 1933 — 1934 жылы Семей қаласындағы “Қазсирекметаллбарлау” тресінде бастықтың орынбасары, бастығы болды. * 1935 — 36 ж. Қаскелен геологиялық барлау партиясының бастығы, * 1936 — 1937 жылы Текелі кен басқару мекемесінің директоры қызметін атқарды. * 1937 жылы тұтқынға алынып, арандатушы деген айып тағылып. * 1938 жылы ату жазасына кесілген. Жандосов Қазақстанда тау-кен өндірісін және түсті металл кен орындарын игеру жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі үлес қосты. ## Дереккөздер
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: ## Ұлттық қауіпсіздік Аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға әкеледі. ## Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы Бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. ## Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеуметтік саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. ## Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі Қазақстан азаматтарының тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқат алудың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. ## Энергетикалық қорлар Тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу. ## Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. ## Кәсіпқой мемлекет Іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату. ## Стратегия пайда болу себебі Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экономикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды. ## Дереккөздер
Әбусейітов тегі бойынша төмендегідей мағыналар білдіруі мүмкін: * Суат Әуезбекұлы Әбусейітов * Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов - кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. * Қайрат Қуатұлы Әбусейітов
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: ## Ұлттық қауіпсіздік Аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға әкеледі. ## Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы Бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. ## Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеуметтік саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. ## Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі Қазақстан азаматтарының тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқат алудың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. ## Энергетикалық қорлар Тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу. ## Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. ## Кәсіпқой мемлекет Іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату. ## Стратегия пайда болу себебі Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экономикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды. ## Дереккөздер
Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік жолы — халықаралық транзиттік автожолы, өткен ғасырлық Ұлы жібек жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы. Бұл транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан президенті Н.Назарбаев жолдауында бекітілді. Кейін 2008 жылы 22 қыркүйекте Ресей Федерациясымен, 2009 жылы 16 сәуірде ҚХР Коммуникация министрлігімен Батыс Еуропа - Батыс Қытай автокөлік дәлізін құру жайлы меморандумға қол қойылды.Санкт-Петербург пен Чженчжоу аралығындағы 8445 км-ді,10 тәуліктік сапарды қамтиды. Транссібір темір жолымен екі қала арасын, яғни 11500 км-ді 14 тәулік ішінде жүріп өтуге болады, ал теңіз жолы бұдан да ұзаққа созылады. Қазақстандағы ұзындығы 2787 км және 5 облыс арқылы өтеді. Ал 2233 км РФ, 3425 км ҚХР еншісіне тиесілі. Қазақстан аумағынан өтетін жобаның жалпы құны 825,1 млрд теңгені құрайды, бастапқы кезеңдерде оның 2125 млн долларын «Еуропалық қайта құру және даму банкі», 340 млн долларын «Азия даму банкі», 170 млн долларын «Ислам даму банкі» несиемен қаржыландырды. 2015 жылы іске қосылуы жоспарлануда. ## Жібек жолының жандануы мен оның маңызы және Қытай мемлекетінің «Жаңа Жібек жолы» жобасы Жaңа ғaсырда дaмыған «Үлкен жетілік» елдерінің экономикaсы бәсекеге төтеп бере алмaй әлемдік экономикадағы үстемдігі азайып жатқан кезде, халық саны, жер аумағы, пайдалы қазбалары жағынан алдыңғы қатардан көрінетін ҚХР әлемдік экономика тізгінін қолға алуда әрекет жасауда. Жаһандық геосаясаттың құбылмалы кезеңінде тарих сахнасына Aзия мен Еуропaны баяғы замaндарда жалғaстырған «Ұлы Жібек Жолының» қайта орaлуын зaңды құбылыс деп қабылдауымызға болады. Қaйта түлеу процесіндегі «Жaңа Жібек Жолы» жаһандық жобасының мақсат-нысанасы — бaс-aяғы 5000 шaқырымға созылып жатқан, әрі осы замaнның озық технологиялaрымен жaбдықталған логистикaлық ортaлықтар тізбегі мен трaнзит-көлік жүйелерін қалыптaстырып, экономикaлық бaсымдықты күшейте түсу. Клaстерлік іргетасқа негізделген бұл мaқсат, өз еліміздің бес облысының аумағымен өтетін, мыңдаған шақырымды қамтитын, әрі құрылысы аяқталуға жақындап қалған Бaтыс Еуропа — Бaтыс Қытай көлік дәлізін де қоса қамтиды. «Жaңа Жібек Жолы» жобасын даму қарқыны жоғары Қытaй қолға алды. Осылай болуының бірнеше объективті себептері бар. Біріншіден, Шығыс пен Батысты жалғастырған «Ұлы Жібек Жолының» б.з. бұрынғы екінші ғасырдың өзінде Чаньяннан бaсталып, Орта Азия мен әлемнің өзге аймақтарына жібек мата тиелген сауда керуендерін бірінші болып аттандырғаны белгілі. Екіншіден, Шығыс пен Бaтысқа қайта көпір болaтын, әрі Қытaй мұқият жобалаған бүгінгі «Жaңа Жібек Жолы» тек Азия мен Еуропа құрлықтарының үстімен өтетін құрғақ жол торaптарымен ғана шектелмейді. «Жaңа Жібек Жолының» кaртасында Қытайдың болашақ экономикaлық жібек жолы белдеуінің сaн алуан бaғыттары, оның ішінде, Азия мен Еуропa ғана емес, Африкaны да жалғастыратын халықaралық дәліздер Оңтүстік Қытaй теңізінен бастап, Азияның оңтүстік етегін орaй өтіп, Бaтыс Еуропамен жалғастыратын су жолдарының маршруттары көрініп тұр. Үшіншіден, Қытай мемлекетінің экономикaлық басымдықтaрының ішінде, әсіресе, логистикaлық ортaлықтар мен трaнзиттік көлік жүйелерінінің дамуына айрықша мән беретіндігі. Төртіншіден, 2011 жылдың шілде айында аталмыш мемлекет өзінің бaтыс аймақтарын Шыңжан-Ұйғыр автономиялық облысы, Қазaқстан, Беларусь, Польшa және Гермaния аумағы арқылы Еуропaмен жалғастыратын 11000 шaқырымдық теміржол торабын іске қосты. Қытaйдың «Жaңа Жібек Жолы» жобасы нақты іске аса бaстады деуге әбден болады және ең бастысы, бұл жобaдағы Қазақстанның трaнзиттік әлеуеті де ауқымды мәнге ие болып отыр. ## Батыс Еуропа — Батыс Қытай көлік дәлізінің Қазақстан Республикасы үшін маңызы Қазақстан Республикaсы аумағынaн өтетін «Жaңа Жібек Жолы» тармақтарының Қазaқстан туризмі үшін маңызы зор. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасына енген Қожa Ахмет Ясауи кесенесі, Тaмғалы петроглифтері, Сарыaрқа мен Солтүстік Қазақстaн көлдері, сайын далaлары, Қорғалжын және Наурызым қорықтaры және аталмыш әлемдік мұраға жуырда ғана қабылдaнған Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек және басқа тарихи-мәдени нысандарын дамытуға көп үлесін қосады. Батыс Еуропа — Батыс Қытай көлік дәлізі мен Ұлы Жібек жолына ортақ аймaқтардағы көне мұралaрымызға туристтер қызығушылығын арттырып, оларды қабылдaй алуға әрекет жасау және сол заманда дaмыған қалалaрымыз сияқты, магистрaль бойындағы елді-мекендердің дамуы Қазақстан Республикасы үшін тиімді болады. «Жaңа Жібек Жолы» еліміздің көлік-трaнзиттік және логистикaлық әлеуетін ғана көтеріп қоймaй, ел экономикасын нығайта түсетін туризм саласының гүлденуіне де қомақты серпін береді деп айтуға болады. «Бaтыс Еуропа — Батыс Қытaй» жолының, Қазақстан Республикaсына оң әсері көп болады. Олар төменгідей: 1.Инфрaқұрылым дамып, тарих қойнауындағы сaуда жолдары жaңа кейіпке енеді. «Жаңа Жібек жолы» тек «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» көлік дәлізі ғана емес, жоғарыда көрсетілгендей, осы бастама арқылы автомобиль жолдары, теміржолдaр, құбыр жолдaры т.б. жаңарaды, жаңа жобaлар қабылданады. 2.Жaңа Жібек жолы Қазақстан мен Ортa Азияның туризм саласындағы болaшағына зор серпін береді. Ұлы Жібек жолы бойында ортa ғaсырларда қандай қалалардың болғaны, ондағы отырықшылық мәдениеттің қалaй дамығaны, ұжымдaсып өмір сүрудің өзіндік сипаттары тарихтaн белгілі. Бүгінгі күні сол шаһaрлардың орны мемлекет қорғaуына алынып, туристер қызыға аралaйтын мекенге айнaлып келеді. Көне Сауран, Отырар, Сайрaн, Алтынтөбе және Тараз шаһарының орны жаңару үстінде. Егер осы мұрaларымызды бүгінгі коммуникaция мүмкіндіктерін пайдaлана отырып әлемге танытaтын болсaқ, болaшақта Ортaлық Азияның бұрынғы керуен жолын туристік ортaлыққа айнaлдырудың мол болашaғы бaр. 3.Бaтыс Еуропa — Батыс Қытaй жолы бойында жолаушылaрға қызмет көрсету ерекше қaрқынмен дамиды. Түрлі жол бекеттері, aс ішіп, аяқ суытатын орындaр, шaғын қонaқжайлар, көлікті шұғыл жөндеу станциялары көптеп ашылып, халықтың бірaз бөлігі жұмыспен қамтылaды. Жолды өз деңгейінде ұстап тұру үшін де арнaйы қызмет жасaқтары құрылaды. ## Дереккөздер 1. Байпақов К. М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырдағы қалалық мәдениеті. 2. Алматы:1986,64-144б. Байпақов К. М. Ерте Орта ғасырдағы Отырар қаласының кейбір тарихи этнографиялық мәселелері. 198516-83б. 3. Алтын Орда тарихына жататын материалдардың жинағы, ІІт., М-Л,1941ж. 114—118 бб. 4. Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының « XVII Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. 1 том
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: ## Ұлттық қауіпсіздік Аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға әкеледі. ## Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы Бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. ## Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеуметтік саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. ## Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі Қазақстан азаматтарының тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқат алудың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. ## Энергетикалық қорлар Тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу. ## Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. ## Кәсіпқой мемлекет Іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату. ## Стратегия пайда болу себебі Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экономикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды. ## Дереккөздер
Қиғаш – Еділ атырауындағы өзен. ## Географиялық орны Еділдің бір тармағы Ахтуба өзенінен бөлініп шығып, Қазақстан жерінде Атырау облысы Құрманғазы ауданының батыс бөлігімен ағады. Шортанбай ауылы тұсында бірнеше тармақтарға бөлінеді. Ірісі - Шарон тармағы. ## Гидрологиясы Ұзындығы 100 км. Арнасында жыл бойы су болады және оның деңгейі Еділ өзенімен тығыз байланысты. Жағалауында шілік талы, қамыс, құрақ өскен. Маңында Д.Нұрпейісова, Жыланды, Шортанбай, Жаңаауыл, Бөкейхан, т.б. елді мекендер орналасқан. ## Дереккөздер
Қоғалы - Қамыскөл көлінің солтүстік-батысындағы қыстау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Жақсыкөл ауылының оңтүстік батысында 12 км жерде орналасқан. Солүтстігінде Саралжын, оңтүстігінде Қарамұзсор жайлаулары, батысында Батпақшар, Бетшағыл, шығысында Қайысқұдық, Алданжар қыстаулары бар. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта шоғырлары аралас бетеге, қылқанбоз, еркек шөп, көде, боз, жусан өседі. ## Дереккөздер
Темірғали Нәренұлы Мирманов (рус. Мирманов Темиргали Наренович, 1 сәуір 1932 жылы — 5 ақпан 2000 жылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Темірғали Нәренұлы Мирманов 1932 жылы 1 сәуір күні Қарақалпақстанның Кегейлі ауданында дүниеге келді. Әкесі Нәрен Жаманбайұлы қазіргі Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туып, большевиктер зорлықпен өткізілген коллективизация кезінде отбасы менен сол кездегі Қазақ АКСР оңтүстік аймағы Қарақалпақстан жеріне көшіп қонған. Сауатты финансист Нәрен Жаманбайұлы Орынбор мен Ленинград қалаларда жоғарғы оқу орындардан білім алған қазақтың сол дәуіріндегі интеллигенция өкілі болды. Әкесі Нәрен Қарақалпақстан өңірлердің қаржы бөлімдері бастығы болып қызмет жасап, анасы Ұрқия балаларды өсіріп тәрбиеледі. Темірғали Нәренұлы 1952 жылы Кегейліден оныншы сынып бітіріп, Алматыға келіп Қазақ мемлекеттік университетінің философско-экономический факультетіне түсіп, 1957 жылы осы факультетті алғашқы бітірушілер арасында болып "Кеңестік сауда экономист" мамандығы бойынша бітірді. Жұмыс жолын 1957 жылы Алматы облысының Шелек ауданының тұтынушылар одағының бөлім меңгерушілігі қызметінен бастады. 1959 жылы Ақтөбе облыстық тұтынушылар сауда басқармасының төрағасы болып ауыстырды. Ақтөбеде бес жыл істегесін Қазақстанның тұтынушылар одағының аппаратына ауысты. Ол жерде көп жыл жұмыс істеп, тұрмыстық тауарлар жөніндегі басқармасының төрағасы, кадр бөлімінің төрағасы, өндіріс тауарлары ұйымдастыру жөніндегі басқармасының төрағасы болды. Шет елдерге барып халықаралық жәрмеңкелер өткізген. 1971 жылы Қазақстанның тұтынушылар одағының (Казпотребсоюз) Басқарма мүшесі болып сайланды. Бірнеше рет Қазақстанның тұтынушылар одағынын Орталық одақтың съездеріне делегат болып сайланды. 1982 жылы Казтекстильторг ұйымының төрағасы болып ауысты. 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жеке меншік бантердің бірі “Игілік банкінің” негізін салушылылардың бірі болды. 1992 жылы Республикалық дербес зейнеткерлікке шықты. ## Марапаттары Қазақ елінің асыл азаматы Темірғали Нәренұлы аса еңбекқор, иманжүзді, ұлтжанды, көпшіл, адал да ақкөңіл жан еді. «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен, көптеген Орталық комитетінің және Қазтұтынушылар одағының құрмет грамоталырымен марапатталған. ## Жеке өмірі Жұбайы ардақты педагог-математик Раиса Жәллеқызы екеуі үш бала тәрбиеледі. Ұл балалары Қуат - физик, Айбек – экономика ғылымдарының кандидаты, қызы Шолпан – еңбек сіңген банкир. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жандос Темірғали ресми сайты Мұрағатталған 29 қарашаның 2014 жылы.
Қатынадыр – Ор алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Хромтау ауданы жерінде. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 904 км². ## Бастауы Бастауын Хромтау қаласының оңтүстігінен алып, Бөгетсай ауылынан солтүстікке қарай 13 км-дей жерде Ор өзеніне құяды. Белесті жазықтан өтетін жоғарғы аңғары кең (0,5-3 км). ## Гидрологиясы Арнасы кей жерінде 15-20 м, сағасында 40 м-ге дейін жетеді. Қар және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жайылымы - шабындық. ## Дереккөздер
Жалпақсор — Ертіс алабындағы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Ертіс жазығының орта тұсында, теңіз деңгейінен 98,8 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 10 км 2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 3,4 км, жағалау бойының ұзындығы 15,6 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады, көктемде көршілес Тайқоңыр көлімен ұласып кетеді. ## Жағалау сипаты Жағасы негізінен жайпақ, батпақты, оңтүстік-батысы жарлы. Жазда деңгейі күрт төмендеп, шарасының жағалық бөлігі батпаққа айналады. Суы тұзды. Көктемде ғана мал ішуге жарамды. Алабы – жайылым.
Қиғаш: * Қиғаш — Атырау облысында орналасқан Еділ атырауындағы өзен. * Қиғаш — Атырау облысындағы елді мекен. * Қиғаш — Ресейдің Астрахан облысындағы кент.
Қауылжыр – Шалқар алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Шалқар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 142 км, су жиналатын алабы 1810 км2. ## Бастауы мен су алабы Бастауы Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Шалқар көліне құяды. Өзенге ондаған шағын жылғалар қосылады. Ірі салалары: Алабассай, Қарабұлақсай, Сарысай, Қоғанжар, т.б. ## Гидрологиясы Арнасының жоғарғы бөлігі төбелер аралығымен ағып, қалған бөлігі үстірттің сортаңды ойыстары арқылы өтеді. Су жайылмасы сағасында 8 км-ге дейін кеңейеді. Арнасының ені 50-150 м. Көбіне қар, аздап жер асты суларымен толығады. Жазда арнасындағы ағыс қарасуларға бөлініп қалады. Арна бойындағы құдық суымен мал суарылады. ## Дереккөздер
Көктөбе отрабаттық мекенжұрты, 1-8 ғғ. (археол.). Қоғам ауылының сотүстігінде, 18 км жерде. Географиялық координаттары 42T 439098 UTM 4760971. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеген. «Алаңқайлы төбе» типіндегі ескерткіш. Отралық диаметрі 70 м, биіктігі 5 м. Оны алаң қоршап тұр. Алаңның ең еңді жері – 40 м, ол оңтүстік шығыс жағында. Төбе бетінен табылған керамика Қостөбенің жоғарғы қабатының керамикасымен сәйкес - нуалы тұтқасы және мойнында білік жүргізілген құмыралар, тікбұрышты ернеулі құмдар, бүдір салынған ыдыстар, сонымен қатар, шүмекті құмыралар, металдан жасалған шығыстық ыдыстарға еліктеген, жылтыратылған қызыл ангобты саптыаяқтар кездеседі. Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы. ## Дереккөздер
Қоғалы – Қаратал алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ және Көксу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 44 км, су жиналатын алабы 332 км². ## Бастауы Бастауын Белағаш асуының солтүстік-шығыс беткейінен алып, Қарымсақ ауылынан төменде Быжы өзеніне оң жағынан құяды. Арнасы толығымен дерлік тау шатқалымен өтеді. ## Гидрологиясы Жыл бойы арнасында су болады. Негізінен жер асты сумен толығады. Жағалау бойы шабындық, атырабы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Қызғышбаб - 14 – 15 ғғ. (археол.) мекен. Темір стансасынан сотүстік-батысқа қарай 7 км, Отырартөбенің шығысында 4 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42T 447510 UTM 4744466. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды (К.М. Байпақов. Д.А. Воякин) зерттеген. Қирандылар (кесененікі болуы мүмкін) шыршы тәрізді, көлемі 10x10 м, биіктігі бір метр төбе болып қалған. Бетінде төртбұрышты, ортасы сай, көлемі 7x6 м жал байқалады. Ең биік тұсында, солтүстік бұрышына ай орнатылған, көлемі 3x3 м темір тордан қоршау орнатылған. Жалдың айналасы мен ішінде көптеген бүтін және сынық қыштар шашылып жатыр. Қыштар шаршы формалы, көлемдері 28x28x6 см. Солтүстік шығысында кішігірім төбешіктер бар. Бұлар да бұзылған құрылыс іздеріне ұқсайды. Қирандыларды Арыстанбабтың ізбасарларының бірі Қазғышбабтың атымен байланыстырады. ## Дереккөздер
Шүлемайтөбе, б.д. 1-ші мыңжылдығының 1-ші жартысындағы мекен. Балтакөл ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42T 402988 UTM 4768777. 1974-76 жж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедицияның ирринациялық отряды (В. А. Грошев) зерттеген. Дөңгеленіп келген төбенің диаметрі 65-дей, биіктігі 5 м. Үстінен табылған кермика арасында табанына мата іздері түскен құмыра тұтқалары, саптыаяқтар бар. Дән үгіткіш тастардың сынықтары да табылды. ## Дереккөздер
Нарбота мекенжұртының мазараты, б.д. 1-ші мыңжылдығының 1-ші жартысы (археол.) Көксарай ауылының батысында, 7 км жерде. Географиялық координаттары 42T 423760 UTM 4722795. 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының оба зерттеуші отряды (Б. Н. Нұрмұханбетов) зерттеген. Мазарат үш оба тәрізді төбелерден тұрады. Төбелер дөңгелленіп келген, диаметрі 20–25 м, биіктігі 0,5–0,7 м обалар беті жайдақ. Батыстан шығысқа қарай тізбектеле орналасқан. Бірінші оба соңғысынан Бірінші оба соңғысынан 300 м қашықтықта. Қазба жүргізілген жоқ. Сыртқы келбеті Көкмардан мазараттарымен ұқсас. ## Дереккөздер
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012-ші жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. ## Бағдарламаның қарастыратын істері Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: * Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм; * Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; * Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; * Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары; * Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; * Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; * Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі. ## ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері * Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі * Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік * Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер * Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы * Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік * Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы * Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция * Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық * Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы * Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі ## Дереккөздер
## Әл-Самауәл Әл-Самауәл бин Ғадия. Кейбір мәліметтер бойынша әл-Самауәл араб болған деседі. Анасы Ғассандық, араб болуы да мүмкін. Осы себепті біршама ғалымдар әл-Самауәлды араб деп есептейді. Дегенмен әл-Самауәл яһуди. Яһудилер араб жазирасына Палестинадан көшіп келіп Хижаздың солтүстігінде қоныстанған. Араб жазирасына келген яһудилер арабтанып, араб тілінде таза әдеби сөйлесетін болған. Бірақ палестиналық яһудилермен ара-қатынасын үзбей діндерін сақтап қалған. әл-Самауәл тілі арабтанған яһудилерден болған.Әл-Самауәл әл-Әблақ сарайында немесе сарай орналасқан Тима жерінің маңында өмір сүрген. Опа жайында жырлаған шайыр. Ғалымдар опа жайында жырлаудан Имрул Қайсқа жетпеген дейді. Әл-Самауәлдің ұлы әл-Ғарид, ағасы Сағид және немересі Шұғбада шайыр болған. Мұхаммед пайғамбар заманында Мединелік яһудилердің Қурайза тайпасы әл-Самауәлді мақтан тұтқан. ## Шығармалары * Диуан әл-Самауәл бин Ғадия. Лиюс Шейху. Бейрут. 1909. * Диуан әл-Самауәл бин Ғадия. Хиршберг. Кракау. 1931. ## Дереккөздер ## Әл-Самауәл Әл-Самауәл бин Ғадия. Кейбір мәліметтер бойынша әл-Самауәл араб болған деседі. Анасы Ғассандық, араб болуы да мүмкін. Осы себепті біршама ғалымдар әл-Самауәлды араб деп есептейді. Дегенмен әл-Самауәл яһуди. Яһудилер араб жазирасына Палестинадан көшіп келіп Хижаздың солтүстігінде қоныстанған. Араб жазирасына келген яһудилер арабтанып, араб тілінде таза әдеби сөйлесетін болған. Бірақ палестиналық яһудилермен ара-қатынасын үзбей діндерін сақтап қалған. әл-Самауәл тілі арабтанған яһудилерден болған.Әл-Самауәл әл-Әблақ сарайында немесе сарай орналасқан Тима жерінің маңында өмір сүрген. Опа жайында жырлаған шайыр. Ғалымдар опа жайында жырлаудан Имрул Қайсқа жетпеген дейді. Әл-Самауәлдің ұлы әл-Ғарид, ағасы Сағид және немересі Шұғбада шайыр болған. Мұхаммед пайғамбар заманында Мединелік яһудилердің Қурайза тайпасы әл-Самауәлді мақтан тұтқан. ## Шығармалары * Диуан әл-Самауәл бин Ғадия. Лиюс Шейху. Бейрут. 1909. * Диуан әл-Самауәл бин Ғадия. Хиршберг. Кракау. 1931. ## Дереккөздер
## Мәлик бин Нууайра Толық есімі Мәлик бин Нууайра (مالك بن نويرة) бин Шаддад Бәни Сәғләбә бин Йарбуғ Бәни Тәмим.Исламды қабылдап кейін мұсылманшылықтан бас тартқан жаһилиет дәуірінің шайыры. Муртад болған соң Халид ибн Уәлидтің қолынан қаза тапқан.«Әййәмул араб фил жәһилия» (Жаһилиет дәуіріндегі арабтар) кітабының 203 бетінде Мәликтің Мутмим деген атпен де аталғандығы жазылған. Дегенмен Мутмим Мәликтің бауыры болуы мүмкін. «Жамһарату ашғарил араб» кітабында Мутмим бин Нууайраның поэзиясына тоқталған. Аталмыш кітапта Мутмимнің Мәлик деген ағасы болған деп жазылған.Мәлик халифа Әбу Бәкрдің заманында зекет төлеуге қарсы болғандардың қатарынан болып өлтірілген.Ислам діні келгенде Мәлик бауыры Мутмимнің руы толығымен мұсылманшылықты қабылдайды. Мұхаммед пайғамбарға адал қызметте болады. Мұхаммед пайғамбардың дүниеден озуымен көптеген араб тайпалары орталыққа Медине қаласына бағынудан бас тартады. Солардың бірі Мәликтің руы болатын. Зекет төлеуден бас тартқан араб тайпаларына қарсы халифа Әбу Бәкр жасақ дайындап, басшы ретінде Халид ибн Уәлидті тағайындайды. Осы шайқаста Мәлик қолға түсіп мерт болады ## Дереккөздер ## Мәлик бин Нууайра Толық есімі Мәлик бин Нууайра (مالك بن نويرة) бин Шаддад Бәни Сәғләбә бин Йарбуғ Бәни Тәмим.Исламды қабылдап кейін мұсылманшылықтан бас тартқан жаһилиет дәуірінің шайыры. Муртад болған соң Халид ибн Уәлидтің қолынан қаза тапқан.«Әййәмул араб фил жәһилия» (Жаһилиет дәуіріндегі арабтар) кітабының 203 бетінде Мәликтің Мутмим деген атпен де аталғандығы жазылған. Дегенмен Мутмим Мәликтің бауыры болуы мүмкін. «Жамһарату ашғарил араб» кітабында Мутмим бин Нууайраның поэзиясына тоқталған. Аталмыш кітапта Мутмимнің Мәлик деген ағасы болған деп жазылған.Мәлик халифа Әбу Бәкрдің заманында зекет төлеуге қарсы болғандардың қатарынан болып өлтірілген.Ислам діні келгенде Мәлик бауыры Мутмимнің руы толығымен мұсылманшылықты қабылдайды. Мұхаммед пайғамбарға адал қызметте болады. Мұхаммед пайғамбардың дүниеден озуымен көптеген араб тайпалары орталыққа Медине қаласына бағынудан бас тартады. Солардың бірі Мәликтің руы болатын. Зекет төлеуден бас тартқан араб тайпаларына қарсы халифа Әбу Бәкр жасақ дайындап, басшы ретінде Халид ибн Уәлидті тағайындайды. Осы шайқаста Мәлик қолға түсіп мерт болады ## Дереккөздер
Қоғалы – Алтынемел жотасы мен Бұрымбай таулары арасындағы тауаралық аңғар. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Қоғалы өзенінің бойында. Теңіз биіктігінен шамамен 1100 м биіктікте. ## Геологиясы мен жер бедері Доғаша иілген аңғар солтүстік-шығыс және оңтүстіктен амфитеатр тәрізді кертпештелген тау етегі төбешіктерімен қоршалған, батысында Быжы өзені аңғарына қарай біртұтас еңіс жазыққа айналады. Аңғарды Қоғалы және Быжы өзендерінің көптеген салалары кесіп өтеді. Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Аңғардың төмен жатқан бөліктері саз, саздақ және құмнан тұратын аллювийлік шөгінділермен, ал шеткі төбешіктері төрттік конгломераттармен, гипстелген лесс шөгінділерден тұрады. ## Дереккөздер
Аралды құтқару қорын - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарған, бұл - еліміздегі Арал теңізінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған қор. ## Тарихы 1993 жылдың 26 наурызында ХАҚҚ құрылтайшылары - Орталық Азия елдерінің басшылары Қызылорда қаласында Саммитте бас қосып, Арал теңізі және Арал маңының экологиялық сауықтырылуы мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуде бірлесе қызмет ету туралы мәлімдеме қабылдады.Қордың негізгі міндеті - халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Арал теңізі бассейнін экологиялық сауықтыру мен аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеру мәселелері бойынша бірлескен нақты істер мен бағдарламалық жобаларды қаржыландыру.Арал дағдарысы салдарларымен күресті Халықаралық Аралды құтқару Қоры үйлестіріп отырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен, Экологиялық бағдарламасымен, ЮНЕСКО, Бүкіләлемдік Банк, Азия Даму Банкі, ТАСИС ұйымдарымен, сонымен қатар Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Швеция және басқа да донор елдер үкіметтерімен біріге отырып, ХАҚҚ аймақтың әлеуметтік және экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған түрлі жобалар мен бағдарламалар жүргізіп келеді. Арал теңізі бассейнінде 1995-2010 жылдары екі Бағдарлама (ПБАМ-1, ПБАМ-2) іске асырылды. ҚР Үкіметінің Кешенді Бағдарламалары мен Арал теңізі бассейнінің Бағдарламасы аясында Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын бірлесе басқару тетіктерін қамтамасыз ету, экологиялық апат аймақтарын қалпына келтіру, тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету, олардың денсаулығын жақсарту, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Арал маңының қазақстандық бөлігінде жалпы құны 85,8 млн. АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» аса ірі ұлттық жобасы жүзеге асырылды. Халықаралық Аралды құтқару Қорының құрылтайшылары - Орталық Азия елдері басшыларының 2009 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында өткен Саммиті Қор қызметіне жаңа серпіліс берді. ХАҚҚ Атқарушы комитеті МҮСШК, ХТДК ұйымдарымен бірігіп, ұлттық сарапшылар мен донорларды қатыстыра отырып, Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсетудің 2011-2015 жылдарға арналған Жаңа Бағдарламасын жасады. ## Қордыӊ құрылуына түрткі Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс көптеген көрсеткіштері жағынан Орталық Азия аймағынан асып, планетарлық сипат алып отыр. Арал теңізі бассейніндегі шекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесе басқаруды ұйымдастырудағы шешілмей жатқан мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық, экологиялық жағдайлардың ушығуы Орталық Азия елдерін Арал дағдарысына қарсы күресте күш-жігерлерін біріктіріп, аймақтық қарқынды қызметтестікке мүдделі етті. ## Тағы да қараӊыз * Аралды құтқару жөніндегі Нүкіс конференциясы * Аралды құтқару жөніндегі қоғамдық ұйымдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Халықаралық Аралды құтқару қорына 20 жыл(қолжетпейтін сілтеме) * Халықаралық Аралды құтқару қорымен атқарылған ауқымды істер Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2014 жылы.
Соркөл – Аралсор көлінің солтүстігінде жатқан сорлы-батпақты өңір. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы және Казталов аудандары аумағында орналасқан. ## Гидрографикасы Көктемгі жайылма судың (Ащыөзек суының) әсерінен аумағы 13,2 км2 болатын шалшықты-батпақты көл пайда болады. Жағалауы жазық. Суы мол жылдары оңтүстік-шығыстағы Батпақсор сорымен жалғасып, ұзындығы 60 км-лік көлтабан түзеді. Шығысы және солтүстік жағалаулары жайылым, оңтүстік, оңтүстік-батысы шабындық ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақбауыр шулығаш (Apus melba) - қоӊыр жолақпен бөлінген алқымы және бауыры - ақ, қара шулығаштан денесі ірірек (110 Г шамасында, қанатыныӊ алымы - 60 см мөлшерінде) құс. Жерорта теӊізі, оӊтүстік-батыс Азия, Үндістан, Африка және Мадагаскардыӊ тауларында қыстайды. Қазақстанда Манғышлақ және Жоӊғар Алатауынан солтүстікке аласа таулар мен жағалық жарларды бойлай ұялайды. Ұяларды жартастар жарығына салады. Өмір сүру дағдысы бойынша қара шулығащқа ұқсас. ## Дереккөздер
Дурайд бин әл-Сыммә - Толық есімі Әбу Амр Муғауия бин әл-Харис бин Муғауия бин Бәкр бин Алқама бин Ғузаййа бин Жушам бин Муғауия ибн Бәкр бин Һәуәзан. Дурайд лақаб аты, әл-Сыммә (دريد بن الصمة) әкесінің лақабы. Әбу Қурра деген де лақаб аты болған. Анасы Райхана бинт Мағди Кәриб. Әкесі Бәну Жушамның 584 жылы әл-Фижар шайқасында әскербасы болып осы шайқаста мерт болады. Дурайдтың өзі де көптеген ғазауат-шайқастарда әскербасы болған. Өзінен басқа Абдулла, Абда Йағус, Қайс және Халид есімді бауырлары болған. Барлығы өзінің көзі тірісінде шайқастарда қайтыс болып кеткен. Абдулла Ғатфандықтардың қолынан қаза тапқан, Абда Йағус Бәну Маррадан, Қайсты Бәну Әби Бәкр бин Киләб, Халидты Бәну әл-Харис бин Килаб өлтірген.Дурайд 100 шайқасқа қатысқан деген мәлімет бар. Көбіне көп мұсылмандармен шайқасқан. әл-Фижар шайқасында әкесі әл-Сыммә 590 жылы қайтыс болған соң Бәну Кинана мен Бәну Суләйм арасында соғыс басталып кетеді. Осы соғыста Дурайд Бәну Суләймге қарсы Бәну Жушамды бастап шығады. Осы шайқаста бауыры Абдулла жан беріп Дурайд тұтқанға түседі.Ислам діні келуімен Дурайд мұсылман болудан бас тартады. Бәну Һәуәзан мұсылмандарға қарсы Хунайн шайқасында Дурайдты ертіп шығады. Шайқастың бірінші жартысында мұсылмандар жеңіліс тауып, шайқасытың соңында мұсылмандар жеңеді. Хунайн шайқасында 630 жылы Дурайд мушрик ретінде өлтіріледі.Дурайдтың поэзиясы көбіне бауырларын жоқтауға арналған. ## Дереккөздер
Құры жер (немесе құрғақ жер, жер) — жершары бетінің Дүниежүзілік мұхиттың және басқа су айдындары баспай тұрған бөлігі. Жершарының құры жерінің аймағы 148 939 063,133 км2—ге тең. Бұл Жердің бетінің жалпы ауданының 29,2 %—ын құрайды, қалғаны Дүниежүзілік мұхитының және құрлық ішіндегі су айдындарының үлесі. ## Құры жердің құрамы * 27 % — ормандар * 21% — табиғи жайылымдар, * 9 % — егістік жерлер ( * 9 % — Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін тиімсіз қолданғанның саласынан жарамсыз болып қалған жерлер. * 11 % — мұздықтар (көбісі Антарктида аймағындағы), * 11 % — шөлді жерлер , * 1 % — қалалар. ## Тағы қараңыз * Жер қабығы * Тропосфера * Гидросфера ## Дереккөздер
Қашырлы – Желдіадыр тауларының солтүстік шығысындағы шоғырлар. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының оңтүстік-батысында 9 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Биіктігі - 528 метр. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері-5 км. Беткейі тіктеу, 10-нан астам тізбектелген шоқырлардан тұрады. Оңтүстік беткейіндегі таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудың бойында Әбілда, Бижан, Қойтас және тағыда басқа қыстаулар орналасқан. Баурайындағы бұлақтардан Керей өзенінің салалары бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Силур кезеңінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, ажырық және тағыда басқа өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
«Жасыл белдеу» — Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан, Астана қаласының іші мен оның маңайындағы аймақтарды абаттандыру жобасы. Мақсаты – қаланың өзінде және оған жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру және оны сақтау. ## Жалпы сипаттама ### Флорасы Мемлекет басшысы бастамасымен Астанада 1997 жылдан 2013 жылға дейін отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құраған. Олардың шамамен 15 мыңы қала аумағында, қалған 55 мыңы қала сыртында. "Астана – Бурабай" автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа ағаш егілді. Орманның ішінде алғаш отырғызылған ағаштардың биіктігі 15-20 метрге көтерілді. Бұл, біріншіден, халықтың демалатын жері болса, екіншіден, жазда ыстықтан сая, қыста желден қорғайтын, қаланың климатын өзгертетін үлкен мүмкіндік. Кәсіби орманшы болмаса ажырата алмайтын сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек секілді ағаштар жапа-тармағай өскен. Бұлардан өзге, неше түрлі жидектер де өсуде. Астана қаласы маңындағы жасыл белдеудің жалпы аумағы 14 827 гектарды құрайды. Оның 11 502,2 гектарына екпе ағаштар отырғызылған. Бұл аумақта 9,6 млн.ағаш пен бұта жайқалып тұр. 1998-2004 жылдар арасында негізінен жапырақ тұқымдас көшеттер отырғызылыпты. Олардың ішінде сары қарқат, ақ көріктал, шие, татар бөріжидегі, қаужапырақты шегіршін және басқалар бар. 2014 жылы көктемде тамыр жүйесі жабық 398 434 дана сеппе көшет отырғызылған. Оның 57 мыңдайы қылқан жапырақты болса, қалғаны орман құраушы жапырақты ағаш тұқымдары болып саналатын емен, шегіршінді құрайды. Мұндағы өсімдіктердің шамамен 9,6 миллионы ағаш және 1,9 миллионы бұталар. ### Фаунасы Бұл жасыл белдеуде қояндар өсіріліп, шілдер тіршілік етуде. 2010-2011 жылдар аралығында 125 бас құс сатып алынған. Қырғауылдар тез көбейетіндіктен, үш жыл ішінде инкубация арқылы 2 333 құс өсіп шыққан.Орман ішінде одан да басқа неше түрлі аң-құс бар. Марал, елік, қоян, түлкі, тіпті, кейбір жойыла жаздаған аң түрлерінің басы көбейтілді. ## Бағдарламаның алға қойған мақсаттары * 2020 жылға дейін жасыл желек аумағын 100 мың гектарға дейін жеткізу. * Қазіргі ағаш көшеттері арасындағы бос жерлерге ағаш отырғызу арқылы Астананың жасыл аймағын одан әрі тығыздау. * Expo-2017 көрмесіне дайындық аясында демалыс аймағын құру. * Астана – Бурабай автожолы бойын, Вячеслав су қоймасы мен «Қарабидайық» қалдық су жинақтаушы көлінің айналасын көк желекпен көмкеру. Егер жоба толығымен жүзеге асса, Астана тұрғындары мен қонақтарының демалысына жайлы жоғары сәндік көшеттер қалыптаспақ. Бұл орман жолақты жасыл белдеу Орталық Азияда баламасы жоқ жасанды орман алқабына айналуына мүмкіндігі бар. Ресурс болған жағдайда,Астананың айналасындағы жасыл аймақты Бурабай бағытындағы орманмен қосуға болады.Жасанды орманның өсімдіктер дүниесін жандандыру хайуанаттар әлемін қоса дамытумен қатар жүрмек. ## Сыртқы сілтемелер * Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2014 жылы.
Кесрани әулеті — Ширван феодалдық мемлекетініӊ ширван–шахтар әулеті (10—13 ғ–лар). Әулеттіӊ Кесрани атану себебі көне дәстүрде Хосроу (Қоср) патшаныӊ есімімен байланыстырылады. Оныӊ тарихы сол кездегі теӊге ақшалардағы жазулар мен көне тарихшылар қалдырған азын–аулақ деректер арқылы ғана мәлім. Салжұқ сұлтандарына қарсы күресте Кесрани әулеті грузин патшаларымен байланыс жасады. Кесрани әулеті ширван–шахтарыныӊ сарайы ұлы ақын Низами Ганжеви тұсында Әзірбайжан мәдениетініӊ орталығына айналды. 1382 ж. Ширванда көтеріліс шықты. Осыныӊ нәтижесінде Кесрани әулеті құлап, билікке Дербенди әулеті келді.
### Асар партиясы Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын. ## Дереккөздер ## Асар партиясы Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын. ## Дереккөздер
Абда Йағус бин Солаә - Солаә әл-Харис тайпасынан шыққан. Әл-Харис ибн Кағб Йеменнің оңтүстік арабтарынан болған Каһлан руынан. Абду тайпа басшысы болған, әл-Кулаб әл-Сәни шайқасында тайпасын Бәни Тәмимге бастап жауына қарсы шапқан.Толық есімі Абда Йағус бин әл-Харис бин Уаққас бин Солаә ибн әл-Муғаққил.әл-Кулаб әл-Сәни шайқасында Абда Йағус жеңіліс тауып сарбаздары тұтқынға түседі. Тұтқынға түскен Абда Йағус жіберсеңдер 100 түйе беремін дейді. Дегенмен Бәни Тамимдіктер қарсы шығып, жоқ деген жауап береді. Әскербасымыз Нұғман инб Жассастың кегін аламыз, Абда Йағусты өлтіреміз деп шешім қабылдайды. Нұғманның кегін алу мақсатында 613 жылы Аба Йағуста тұтқында өлтіріледі. Әл-Жахиз Абда Йағус жайлы былай дейді: «Абда Йағус ибн Солаә әл-Харисидің поэязиясынан артық ештеңе оқымадым». ## Дереккөздер
Тоғызкентау, Тоғызқантау – Бетпақдаланың оңтүстік батыс бөлігіндегі таулы жота. ## Географиялық орны Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан. Ащыкөл ойысының шығысында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 40-45 км-ге созылып жатыр, ені-5 км-ге жетеді. ## Геологиялық құрылымы Мезозой мен палеогеннің борпылдақ жыныстарынан түзілген. ## Климаты Климаты континенттік, қаңтардың орташа температурасы - 2 -15°С, жылдық жауын шашын мөлшері -100-150 мм. ## Дереккөздер
Шүлембай мекенжүрты, б.д. 1-ші мыңжылдығының 1-ші жартысы (археол.). Балтакөл ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. Географиялық коорданаттары 42T 402988 UTM 4768777. 1974-76 жж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының ирригациялық отряды (В. А. Грошев) зертеген. Дөңгеленіп келген төбенің диаметрі 65 м-дей, биіктігі 5 м. Үстінен табылған керамика арасында табанына мата іздері түскен құмдар, науа тәрізді көлденең ойығы бар құмыра тұтқалары, саптыаяқтар бар. Дән үгіткіш тастардың сынықтары да табылды. ## Дереккөздер
Қоңырадыр – Балқаш көлінің солтүстік–батыс бөлігіндегі аласа тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты темір жол стансасының оңтүстігінде 63 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 475 м. Салыстырмалы биіктігі – 25 метр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км–ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу келген. Солтүстігінде Қамысқұдық, оңтүстігінде Тұздықұдық құдықтары, батысында Кеңаңғар қонысы, шығысында Науалы аңғары бар. ## Өсімдігі Бозғылт сұр, сортаң топырақ жамылғысында селеу, жусан, кермек, көкпек және тағы да басқа өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
## Ақпан батыр Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руының Шегір бөлімінен шыққан. Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын қамтыған 150 жылдай уақыт жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға қарсы күреспен айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы – батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына, тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде де қазақ халқы өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың көп шоғырын тарих төріне шығарады. Саржан, Кенесары, Наурызбай секілді хан-сұлтандар, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы секілді батырлар мен билер – осы қиын-қыстау дәуір дүниеге әкелген тұлғалар. Төменде біз сөз еткелі отырған тұлғаның бірі, Жанқожа батырдың қарулас серігі – Ақтан батыр да осы кезең дүниеге келтірген батырлардың қатарына жатады. Ақпан батырдың есімі бүкіл қазақ жұртшылығына беймәлімдеу болғанымен, батырдың өмір сүрген аймағы – Арал, Қаза­лы, Шалқар өңірлеріндегі тұрғындар батыр есімімен жақсы таныс. Батыр есімінің бүкіл қазақ халқына танымал болмауына кешегі кеңестік кезеңдегі үстем идеологияның кері әсері және соған байланысты тұлғаның бойында батырлық қасиеті мен әулиелік қасиеттерінің қатар болуына байланыс­ты оның өмір жолын зерттеуге кеңестік тарихшылардың жүрек­терінің дауаламауы жатса керек.Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ақтан­ батыр туралы Арал және Қазалы аудандары­ның аудандық газеттерінде жергілікті авторлар: Ш.Айтуғанұлының, М.Сақтағановтың, Б.Алпамысовтың, О.Аяпбергеновтың және тағы басқа авторлардың мақалалары, ел аузынан жинаған тарихи аңыз-әңгімелері, толғаулары мен дастандары жарық көрді. Батыр бабаның аруағына арнап ас беріліп, құран оқылды, бейіті жөнделіп, қайта жаңғыртылады.Ақтан батырдың өнегелі өмірі мен ерлікке толы істерін, халқына сіңірген еңбегі мен жеке басының қасиеттерін қалың оқырманға таныстыра отыра, оның XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарындағы алар орны мен рөлін көрсетуді жөн көріп отырмыз.Тарихи тұлғаларды өмір сүрген заманы қалыптастырады деген қағиданы ескере отыра, батыр бабамыздың өмір жолын баяндамас бұрын, алдыменен оның заманына, заманының халқына тигізген қиындықтарына тоқтала кетелік.Ақтан батыр өмір сүрген XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың ортасы аралығы – қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі тұтастығын, бостандығын сақтап қалса да, ішкі бірлігі мен саяси тұтастығын әлсіретіп алады. Мұндай жағдайды Ресей жақсы пайдаланып қазақ билеуші топтары арасындағы алауыздықтардың отын одан әрі өршіте түседі. Соның нәтижесінде Тәуке хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігі өзінің бір орталықтан басқарылатын жүйесінен айырылып, бір-біріне бағынбайтын дербес хандары бар бірнеше саяси құрылымдарға бөлініп кетеді. XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейінгі Ресейдің саяси, әскери, экономикалық отарлау бағыттарындағы жүргізген саясатының алғашқы кезеңінде Кіші жүз бен Орта жүздегі әлсіз саяси құрылымдар одан әрі бөлшектенеді де, отарлаудың күшеюіне байланысты хандық билік біржолата жойылып жіберіледі, қазақ жерлерін қоршай әскери шептер мен бекіністер салынады, қазақ ру-тайпаларының ең жақсы жерлері тартып алынады және қазақ халқының басына әртүрлі көлемдегі алым-салықтар салынады. «Бірлігі жоқ елдің тірлігі болмайды» дегендей қазақ халқының басындағы осы бір ауыртпалық кезеңді ортаазиялық хандықтар да пайдаланып қалуға тырысады. Қоқан хандығы да осы кезеңде Жетісу өңірін, Шу, Талас өзендері бойын, Сырдың жоғарғы және орта ағысы бойындағы жерлерді бағындырып, ол өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салады да, жергілікті халықты қанауға кіріседі. Ал Хиуа хандығы болса Сырдың төменгі ағысы бойындағы жерлерге, Арал теңізі бойына және Маңғыстау өңіріне үстемдік жүргізеді. Хиуа ханы да Ресей, Қоқан билеушілері секілді бұл өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салып, оларда әскери күштерін орналастырады. Өзінің тағайындаған өкілі арқылы жергілікті халықты басып-жаншып ұстап отырады. Сол жылдары осы өңірлердегі қазақ ру-тайпалары қанау мен езгінің ең бір сұмдық түрлерін бастарынан өткереді. Ақтан батырдың туып-өскен өңіріндегі халықтың жағдайы XIX ғасырдың бірінші жартысында осындай болатын.Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше дерек мәліметтеріне жүгінелік.1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806–1825 жылдары хан болған) өзі бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге шабуыл жасайды. Бұл өңірдегі Кіші жүздің шөмекей рулары талан-таражға түсіріліп, 100 мың қойдан, 40 мың түйеден айырылады, 500-дей қыз-келіншек тұтқынға әкетіледі. 1815 жылы Мұхаммедрақым 5000 әскерін тағы да Сырдың төменгі ағысы бойындағы қазақ руларын тонауға аттандырады. Бұл жолы Кіші жүздің шекті рулары жапа шегеді. Хиуа әскері мол олжамен кері оралады. 1816 жылы хиуалықтардың келесі жорығы тағы да осы өңірге бағытталады. Бұл жорықта тек қазақтар жағынан өлгендер саны 2000-нан асады. Міне, осындай шапқыншылықтардан кейін Сыр бойы қазақтарының бір бөлігі Хиуа ханының билігін амалсыздан мойындауға мәжбүр болады.Хиуа ханы жергілікті халықты басқару үшін қазақ хандары әулетінің кейбір өкілдерін өз жағына тартады да, олармен қыз берісіп, қыз алысады. Ал өз билігін мойындай қоймаған сұлтандар арасында алауыздық оттарын өршітіп отырады. 1819 жылы Шерғазы ханның ұлы Жанғазыны Мұхаммедрақым Сырдың төменгі бойындағы қазақтарға хан етіп бекітеді. Шекті руларының ханы Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа ханына бағынбай, Бұхара ханына іш бұратынына көңілі толмаған Мұхаммедрақым оған қарсы Жанғазыны айдап салады. Өңірді өз уысында ұстап, толық бақылауда қадағалап отыру үшін Сырдың төменгі бойында бірнеше бекіністерді салады. Сол бекіністердің ішіндегі ең белгілісі – Қожанияз бекінісі (Бекініс атауының бірнеше атауы болған: Жанкент, Жанқат, Бесқала және бекіністі басқарған Хиуа бектерінің есімдеріне байланысты өзгеріп отырған) болды. Осылайша, Сыр бойы қазақтарының арасындағы берекесіздікті қоздыра отыра, Хиуа ханы өңірді өз уысында ұстап, жергілікті халықты емін-еркін билеп-төстеуге, аяусыз қанауға мүмкіндіктер алады. Хиуа ханының, оның бектерінің қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылықтары күшейіп, алатын салық­тары жылдан жылға арта түседі. Міне, осындай жағдайлар жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып, қарулы қарсылықтар көрсетуге, көтерілістер жасауға итермелейді. Осы кездегі халықтың қиын жағдайын түсінген Жанқожа батыр, Ақтан батыр және тағы басқа ел ішінен шыққан батыр тұлғалар атқа қонып, қол жинап Хиуа хандығының езгісіне қарсы шығады.Ақтан батырдың ерлік жолын баяндамас бұрын оның шыққан тегіне тоқталып өтелік. Ол – Кіші жүздегі алты ата Әлім деп аталатын тайпалар бірлестігіндегі Қаракесек тайпасының өкілі болып табылады. Бұл тайпа өз ішінде Есіл және Тобыл (Қазантебер деп те аталады) атты екі қанатқа бөлінеді. Ақтан батыр Есіл атты тайпалық қанаттан өрбиді.Одан әрі шежіреге сүйенсек, Есілден – Үңгіт, Жолай атты бөлімдер таралады да, Үңгіт өз ішінде Табаншы, Естек және Жақау деген үш тайпалық бөлімшеге жіктеліп кетеді.Тайпалық бөлімшеге түпата болған Жақау батыр – Ақтан батырдың төртінші атасы болып келеді. Шежірелік материалдар мен ел арасында кең тараған тарихи аңыз-әңгімелер Жақауды қарақыпшақ Қобыланды батырдың қарындасынан туған жиені және өз заманында әрі би, әрі батыр болған атақты тұлға деседі. Тіпті кейбір шежірелерде оны хан деп те атайды. Бұл жерде Жақау батырдың «хан» титулын иеленуіне байланысты қысқаша түсініктеме беруді жөн көріп отырмыз. Хандық кезеңде хандар ірі шайқастарда көзге түскен, ұрыста шешуші рөл атқарған қолбасшыларға, батырларға сый-сыйапаттар беріп отырған. Қазіргі түсініктер бойынша ол марапаттау болып саналады. Сондай марапаттаудың ең жоғары түріне – хандардың өз тағына көзге түскен батырларды бір мезетке отырғызуы жатқан. Кейіннен сол батырлардың ұрпақтары мақтанышпен өз аталарын хан деп атауды дәстүрге айналдырған. Жақау батырдың да хан болуын осындай жағдайға байланысты туған деп есептейміз.Жақау батырдың бес әйелінен Тыныбек, Жақсылық, Ноғай, Шоңай, Аман, Түмен, Қасаболат, Шой және Малайсары атты тоғыз ұл туып, олар сегіз руға түпата болып саналады. Жақау батырдың үлкені Тыныбектен – Тілес, одан Ақай, Абылай, Атан, Батыр, Сатым және Шөкір есімді аталар тарайды. Ал Ақайдан – Ақтан батыр мен Шортай туылады.Қазақтың батырлық жырларында болашақ батырлардың дүниеге келетінін белгілі бір әулиелер, көріпкелдер немесе арқалы адамдар алдын ала болжап айтатыны белгілі. Ақтан батырдың да дүниеге келерінің алдында есімі бүкіл Қаракесек тайпасының ұранына айналған Ақпан әулие болжай білген екен. Бұл туралы ел аузында мынадай тарихи әңгіме бар: «Ақайдың бәйбішесі – Ақтанның шешесінің төбесінде шырақ жанып жүргенін көрген әруақты Ақпан батыр: «Мына іштегі тегін бала емес. Киелі бала екен, Әулиелік кереметі бір бөлек. Бүкіл Әлімнің намысын қорғайтын батыр болар. Бірақ, мен бұл баланы көре алмаспын. Әруақ қолдасын, менің жолымды берген», – деп батасын берген болатын қартайған шағында. Сөйтіп, мінген атының ерінің үстіндегі боз көпшігін: «Балаға табыс етесіңдер», – деп қалдырған екен. Ақай атамыз осы бала дүниеге келгенде «атасының батасы дарысын» дегенмен азан шақыртып Ақтан деп ат қойыпты. …Сонымен есімі бүкіл Қаракесекке ұран болған әулие Ақпан батырдың батасы дарыған Ақтанға қысылғанда ойнақшып шыға келетін киелі бұлты осы атасынан қоныпты» (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997, 7 б.)Ақтан батырдың туған жылына келсек, ол жөнінде екі түрлі пікір бар. Арал, Қазалы өңіріндегі шежірешілер мен қариялардың айтуынша ол 1770-ші жылы қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылына қарасты «Тілес» арығы бойындағы «Түлкіқашқан» деген жерде дүниеге келіпті. Бұл қазіргі кезде кең тараған пікірге жатады. Ал ақтөбелік өлкетанушылар мен шежірешілер батырды 1785 жылы туған деседі (Шүкіров Қ. Әлім, Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 43 бет). Бұл пікірді қолдаушылар сан жағынан аз болса да, онда біршама шындыққа сәйкес келетін тұстары бар. Ақтан батырдың туған інісі Шортайдың ұрпағы Жолдасбай Қошқарұлының дерегі бойынша батыр 1785 жылы дүниеге келген (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997 жыл, 23 бет). Және де Ш.Айтуғанұлы Ақтан батырдың басындағы құлпытаста өлген жылы деп «1876» жылдың көрсетілгенін айтады. (Сонда. 23-б.). «Ақтан батыр» дастанында 1830–1840-шы жылдардағы оқиғаларға қатысты мынадай жолдар айтылады:«Тұлғалы адам екен Ақтан батыр,Қылышы қынабы мен қапталда тұр.Жетіпті ер жасына осы биыл,Елудің есігінен аттап жатыр» (Омаров Ф. Ақтан батыр. Дастан. Мына кітапта: Шүкіров Қ. Әлім,Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 47 бет). Тағы бір деректе 1860-шы жылдан кейін Жанқожа батырдың кегін қайтарған Төртқара Байқазақ батыр орыс абақтысына қамалғанда Ақтан батыр оны құтқарып алған екен. (Райымбаев К.Кіші жүз, Алшын, Әлім Ұланақтан (Қаракесек) бе­сік­тегі ұлға шейін шежіре, тарих. Қызыл­орда, 2000 жыл, 102 бет). Осы жоғарыда келтірген ауызша дерек мәліметтері Ақтан батыр 1785 жылы туыл­ған деген пікірдің шындықтың ауылына бір табан жақын екендігін дәлелдей түседі. Де­генменде, шындық әлі де болса ақи­қат емес. Сол себепті де Ақтан батыр жө­нінде болашақта жазылатын зерттеулерде бұл мәселе арнайы қарастырылып, оң шеші­мін табады деген ойдамыз. ## Ақпан батыр Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руының Шегір бөлімінен шыққан. Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын қамтыған 150 жылдай уақыт жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға қарсы күреспен айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы – батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына, тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде де қазақ халқы өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың көп шоғырын тарих төріне шығарады. Саржан, Кенесары, Наурызбай секілді хан-сұлтандар, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы секілді батырлар мен билер – осы қиын-қыстау дәуір дүниеге әкелген тұлғалар. Төменде біз сөз еткелі отырған тұлғаның бірі, Жанқожа батырдың қарулас серігі – Ақтан батыр да осы кезең дүниеге келтірген батырлардың қатарына жатады. Ақпан батырдың есімі бүкіл қазақ жұртшылығына беймәлімдеу болғанымен, батырдың өмір сүрген аймағы – Арал, Қаза­лы, Шалқар өңірлеріндегі тұрғындар батыр есімімен жақсы таныс. Батыр есімінің бүкіл қазақ халқына танымал болмауына кешегі кеңестік кезеңдегі үстем идеологияның кері әсері және соған байланысты тұлғаның бойында батырлық қасиеті мен әулиелік қасиеттерінің қатар болуына байланыс­ты оның өмір жолын зерттеуге кеңестік тарихшылардың жүрек­терінің дауаламауы жатса керек.Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ақтан­ батыр туралы Арал және Қазалы аудандары­ның аудандық газеттерінде жергілікті авторлар: Ш.Айтуғанұлының, М.Сақтағановтың, Б.Алпамысовтың, О.Аяпбергеновтың және тағы басқа авторлардың мақалалары, ел аузынан жинаған тарихи аңыз-әңгімелері, толғаулары мен дастандары жарық көрді. Батыр бабаның аруағына арнап ас беріліп, құран оқылды, бейіті жөнделіп, қайта жаңғыртылады.Ақтан батырдың өнегелі өмірі мен ерлікке толы істерін, халқына сіңірген еңбегі мен жеке басының қасиеттерін қалың оқырманға таныстыра отыра, оның XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарындағы алар орны мен рөлін көрсетуді жөн көріп отырмыз.Тарихи тұлғаларды өмір сүрген заманы қалыптастырады деген қағиданы ескере отыра, батыр бабамыздың өмір жолын баяндамас бұрын, алдыменен оның заманына, заманының халқына тигізген қиындықтарына тоқтала кетелік.Ақтан батыр өмір сүрген XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың ортасы аралығы – қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі тұтастығын, бостандығын сақтап қалса да, ішкі бірлігі мен саяси тұтастығын әлсіретіп алады. Мұндай жағдайды Ресей жақсы пайдаланып қазақ билеуші топтары арасындағы алауыздықтардың отын одан әрі өршіте түседі. Соның нәтижесінде Тәуке хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігі өзінің бір орталықтан басқарылатын жүйесінен айырылып, бір-біріне бағынбайтын дербес хандары бар бірнеше саяси құрылымдарға бөлініп кетеді. XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейінгі Ресейдің саяси, әскери, экономикалық отарлау бағыттарындағы жүргізген саясатының алғашқы кезеңінде Кіші жүз бен Орта жүздегі әлсіз саяси құрылымдар одан әрі бөлшектенеді де, отарлаудың күшеюіне байланысты хандық билік біржолата жойылып жіберіледі, қазақ жерлерін қоршай әскери шептер мен бекіністер салынады, қазақ ру-тайпаларының ең жақсы жерлері тартып алынады және қазақ халқының басына әртүрлі көлемдегі алым-салықтар салынады. «Бірлігі жоқ елдің тірлігі болмайды» дегендей қазақ халқының басындағы осы бір ауыртпалық кезеңді ортаазиялық хандықтар да пайдаланып қалуға тырысады. Қоқан хандығы да осы кезеңде Жетісу өңірін, Шу, Талас өзендері бойын, Сырдың жоғарғы және орта ағысы бойындағы жерлерді бағындырып, ол өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салады да, жергілікті халықты қанауға кіріседі. Ал Хиуа хандығы болса Сырдың төменгі ағысы бойындағы жерлерге, Арал теңізі бойына және Маңғыстау өңіріне үстемдік жүргізеді. Хиуа ханы да Ресей, Қоқан билеушілері секілді бұл өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салып, оларда әскери күштерін орналастырады. Өзінің тағайындаған өкілі арқылы жергілікті халықты басып-жаншып ұстап отырады. Сол жылдары осы өңірлердегі қазақ ру-тайпалары қанау мен езгінің ең бір сұмдық түрлерін бастарынан өткереді. Ақтан батырдың туып-өскен өңіріндегі халықтың жағдайы XIX ғасырдың бірінші жартысында осындай болатын.Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше дерек мәліметтеріне жүгінелік.1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806–1825 жылдары хан болған) өзі бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге шабуыл жасайды. Бұл өңірдегі Кіші жүздің шөмекей рулары талан-таражға түсіріліп, 100 мың қойдан, 40 мың түйеден айырылады, 500-дей қыз-келіншек тұтқынға әкетіледі. 1815 жылы Мұхаммедрақым 5000 әскерін тағы да Сырдың төменгі ағысы бойындағы қазақ руларын тонауға аттандырады. Бұл жолы Кіші жүздің шекті рулары жапа шегеді. Хиуа әскері мол олжамен кері оралады. 1816 жылы хиуалықтардың келесі жорығы тағы да осы өңірге бағытталады. Бұл жорықта тек қазақтар жағынан өлгендер саны 2000-нан асады. Міне, осындай шапқыншылықтардан кейін Сыр бойы қазақтарының бір бөлігі Хиуа ханының билігін амалсыздан мойындауға мәжбүр болады.Хиуа ханы жергілікті халықты басқару үшін қазақ хандары әулетінің кейбір өкілдерін өз жағына тартады да, олармен қыз берісіп, қыз алысады. Ал өз билігін мойындай қоймаған сұлтандар арасында алауыздық оттарын өршітіп отырады. 1819 жылы Шерғазы ханның ұлы Жанғазыны Мұхаммедрақым Сырдың төменгі бойындағы қазақтарға хан етіп бекітеді. Шекті руларының ханы Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа ханына бағынбай, Бұхара ханына іш бұратынына көңілі толмаған Мұхаммедрақым оған қарсы Жанғазыны айдап салады. Өңірді өз уысында ұстап, толық бақылауда қадағалап отыру үшін Сырдың төменгі бойында бірнеше бекіністерді салады. Сол бекіністердің ішіндегі ең белгілісі – Қожанияз бекінісі (Бекініс атауының бірнеше атауы болған: Жанкент, Жанқат, Бесқала және бекіністі басқарған Хиуа бектерінің есімдеріне байланысты өзгеріп отырған) болды. Осылайша, Сыр бойы қазақтарының арасындағы берекесіздікті қоздыра отыра, Хиуа ханы өңірді өз уысында ұстап, жергілікті халықты емін-еркін билеп-төстеуге, аяусыз қанауға мүмкіндіктер алады. Хиуа ханының, оның бектерінің қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылықтары күшейіп, алатын салық­тары жылдан жылға арта түседі. Міне, осындай жағдайлар жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып, қарулы қарсылықтар көрсетуге, көтерілістер жасауға итермелейді. Осы кездегі халықтың қиын жағдайын түсінген Жанқожа батыр, Ақтан батыр және тағы басқа ел ішінен шыққан батыр тұлғалар атқа қонып, қол жинап Хиуа хандығының езгісіне қарсы шығады.Ақтан батырдың ерлік жолын баяндамас бұрын оның шыққан тегіне тоқталып өтелік. Ол – Кіші жүздегі алты ата Әлім деп аталатын тайпалар бірлестігіндегі Қаракесек тайпасының өкілі болып табылады. Бұл тайпа өз ішінде Есіл және Тобыл (Қазантебер деп те аталады) атты екі қанатқа бөлінеді. Ақтан батыр Есіл атты тайпалық қанаттан өрбиді.Одан әрі шежіреге сүйенсек, Есілден – Үңгіт, Жолай атты бөлімдер таралады да, Үңгіт өз ішінде Табаншы, Естек және Жақау деген үш тайпалық бөлімшеге жіктеліп кетеді.Тайпалық бөлімшеге түпата болған Жақау батыр – Ақтан батырдың төртінші атасы болып келеді. Шежірелік материалдар мен ел арасында кең тараған тарихи аңыз-әңгімелер Жақауды қарақыпшақ Қобыланды батырдың қарындасынан туған жиені және өз заманында әрі би, әрі батыр болған атақты тұлға деседі. Тіпті кейбір шежірелерде оны хан деп те атайды. Бұл жерде Жақау батырдың «хан» титулын иеленуіне байланысты қысқаша түсініктеме беруді жөн көріп отырмыз. Хандық кезеңде хандар ірі шайқастарда көзге түскен, ұрыста шешуші рөл атқарған қолбасшыларға, батырларға сый-сыйапаттар беріп отырған. Қазіргі түсініктер бойынша ол марапаттау болып саналады. Сондай марапаттаудың ең жоғары түріне – хандардың өз тағына көзге түскен батырларды бір мезетке отырғызуы жатқан. Кейіннен сол батырлардың ұрпақтары мақтанышпен өз аталарын хан деп атауды дәстүрге айналдырған. Жақау батырдың да хан болуын осындай жағдайға байланысты туған деп есептейміз.Жақау батырдың бес әйелінен Тыныбек, Жақсылық, Ноғай, Шоңай, Аман, Түмен, Қасаболат, Шой және Малайсары атты тоғыз ұл туып, олар сегіз руға түпата болып саналады. Жақау батырдың үлкені Тыныбектен – Тілес, одан Ақай, Абылай, Атан, Батыр, Сатым және Шөкір есімді аталар тарайды. Ал Ақайдан – Ақтан батыр мен Шортай туылады.Қазақтың батырлық жырларында болашақ батырлардың дүниеге келетінін белгілі бір әулиелер, көріпкелдер немесе арқалы адамдар алдын ала болжап айтатыны белгілі. Ақтан батырдың да дүниеге келерінің алдында есімі бүкіл Қаракесек тайпасының ұранына айналған Ақпан әулие болжай білген екен. Бұл туралы ел аузында мынадай тарихи әңгіме бар: «Ақайдың бәйбішесі – Ақтанның шешесінің төбесінде шырақ жанып жүргенін көрген әруақты Ақпан батыр: «Мына іштегі тегін бала емес. Киелі бала екен, Әулиелік кереметі бір бөлек. Бүкіл Әлімнің намысын қорғайтын батыр болар. Бірақ, мен бұл баланы көре алмаспын. Әруақ қолдасын, менің жолымды берген», – деп батасын берген болатын қартайған шағында. Сөйтіп, мінген атының ерінің үстіндегі боз көпшігін: «Балаға табыс етесіңдер», – деп қалдырған екен. Ақай атамыз осы бала дүниеге келгенде «атасының батасы дарысын» дегенмен азан шақыртып Ақтан деп ат қойыпты. …Сонымен есімі бүкіл Қаракесекке ұран болған әулие Ақпан батырдың батасы дарыған Ақтанға қысылғанда ойнақшып шыға келетін киелі бұлты осы атасынан қоныпты» (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997, 7 б.)Ақтан батырдың туған жылына келсек, ол жөнінде екі түрлі пікір бар. Арал, Қазалы өңіріндегі шежірешілер мен қариялардың айтуынша ол 1770-ші жылы қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылына қарасты «Тілес» арығы бойындағы «Түлкіқашқан» деген жерде дүниеге келіпті. Бұл қазіргі кезде кең тараған пікірге жатады. Ал ақтөбелік өлкетанушылар мен шежірешілер батырды 1785 жылы туған деседі (Шүкіров Қ. Әлім, Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 43 бет). Бұл пікірді қолдаушылар сан жағынан аз болса да, онда біршама шындыққа сәйкес келетін тұстары бар. Ақтан батырдың туған інісі Шортайдың ұрпағы Жолдасбай Қошқарұлының дерегі бойынша батыр 1785 жылы дүниеге келген (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997 жыл, 23 бет). Және де Ш.Айтуғанұлы Ақтан батырдың басындағы құлпытаста өлген жылы деп «1876» жылдың көрсетілгенін айтады. (Сонда. 23-б.). «Ақтан батыр» дастанында 1830–1840-шы жылдардағы оқиғаларға қатысты мынадай жолдар айтылады:«Тұлғалы адам екен Ақтан батыр,Қылышы қынабы мен қапталда тұр.Жетіпті ер жасына осы биыл,Елудің есігінен аттап жатыр» (Омаров Ф. Ақтан батыр. Дастан. Мына кітапта: Шүкіров Қ. Әлім,Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 47 бет). Тағы бір деректе 1860-шы жылдан кейін Жанқожа батырдың кегін қайтарған Төртқара Байқазақ батыр орыс абақтысына қамалғанда Ақтан батыр оны құтқарып алған екен. (Райымбаев К.Кіші жүз, Алшын, Әлім Ұланақтан (Қаракесек) бе­сік­тегі ұлға шейін шежіре, тарих. Қызыл­орда, 2000 жыл, 102 бет). Осы жоғарыда келтірген ауызша дерек мәліметтері Ақтан батыр 1785 жылы туыл­ған деген пікірдің шындықтың ауылына бір табан жақын екендігін дәлелдей түседі. Де­генменде, шындық әлі де болса ақи­қат емес. Сол себепті де Ақтан батыр жө­нінде болашақта жазылатын зерттеулерде бұл мәселе арнайы қарастырылып, оң шеші­мін табады деген ойдамыз.
Астаналық экономикалық форум (қысқартылған АЭФ, ағылш. Astana Economic Forum) - Астанадағы штаб-пәтермен байланысу үшін халықаралық және аумақтық платформа. АЭФ Еуразиялық ғылымдар клубының мүшелері және Қазақстан Республикасының басқармасымен 2008-інші жылы құрылған. Жыл сайын Астана қаласында өтеді. 2008-інші жылдан бері АЭФ-ке жүз мемлекеттен сегіз мыңнан астам делегат қатысқан. Астаналық экономикалық форум әлемдегі ең үлкен халықаралық форумдардың бірі болып табылады. 2008 жылдан бері АЭФ жыл сайын бизнес-қауымдастығының эксперттері мен өкілдерін жинап, қазіргі уақыттағы экономикалық және әлеуметтік мәселелерінің шешімін іздейді. ## Форум тақырыптары * Қаржылық-экономикалық тұрақтылық * Сауданы дамыту және бәсекелестікке жарамдылықты арттыру * Инвестициялар, инновациялар, инфрақұрылым * Экономикалық өсудің әлеуметтік және мәдени аспектілері * Қазақстан 2050 * Жаһандану және интеграциялық процесс * GLOBAL RISK EXPO-2014 ## Тарихы Астаналық экономикалық форум өз тамырын 1994 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан сөзіндегі, интеграциялық бастамаларының сериясының ұсынысынан тартады. 2007 жылдың маусымында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еуразиялық ғылым клубын құру туралы сөз қозғады. Еуразиялық ғылым клубы, Еуразиялық қауымдастықтың экономикалық интеграциясымен және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға көмектеседі. Еуразиялық экономикалық ғылым клубы 2008-інші жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасынң экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігінің және экономикалық ғылыми-зерттеу институтының көмегімен құрылды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер ### Ресми сайттары * Астаналық экономикалық форумның ресми сайты Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2015 жылы. * Астаналық экономикалық форумның ресми блогы Мұрағатталған 7 ақпанның 2013 жылы. * Еуразиялық экономикалық ғылым клубының ресми сайты Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2014 жылы.
Қыш құмыра өндірісі — қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан қоспаны көзеші ұршығында қалыпқа келтіріп, сосын оны күйдіріп керамикалық қыш құмыраларға айналдырумен айналысатын өндіріс. Осы тәсілмен үй тұрмысында қолданатын әр түрлі ыдыстар, құрылыста қолданатын бұйымдар: кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б., техникада, темір жол, су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылатын бұйымдар жасалады. ## Қыш құмыра өндірісініӊ технологиясы Бұл тәсілдіӊ өнімдерін үш топқа бөлуге болады: * құрылыста қолданатын бұйымдар: кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б. жасау * үй тұрмысында қолданатын әр түрлі ыдыстар, техникада, темір жол, су және әуе көлігінде, кеңінен қолданылатын бұйымдар; * фаянс және фарфордан жасалған бұйымдар, мүсін өнері Жоғарыда аталған заттардыӊ бәрініӊ өндірісі технология жағынан ұқсас. Айырмашылығы — қолданылатын қыш–саздыӊ құрамы. Қыш құмыра өндірісініӊ технологиясында алдымен қалыпқа келтіру, күйдіру, сосын өнімді шыны әшекейімен жалату сатылары болады. ## Тағы қараңыз * Керамика * Қыш құмыралар
Жамантау – Ақсеңгір тауының оңтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Баймырза ауылының оңтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 392 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 11 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 392 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 11 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. Солтүстігінен Сарысу өзені ағып өтеді. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің төменгі тау жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, бұталар өседі. Жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Жалтыркөл – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл. * Жалтыркөл – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл. * Жалтыркөл – Қостанай облысы Денисов ауданындағы ауыл. * Жалтыркөл – Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл. Көлдер: * Жалтыркөл – Есіл алабындағы көл. * Жалтыркөл – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы жеріндегі көл. * Жалтыркөл – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жеріндегі көл. * Жалтыркөл – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жеріндегі көл. * Жалтыркөл – Қызылорда облысы Қазалы ауданы жеріндегі көл. * Жалтыркөл – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы жеріндегі көл.
Жамантау – Кент тауының солтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Кент ауылынан шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1400 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Қатпарлы тау массивінен құралған. Жартасты баурайлары көптеген шатқалдармен тілімденген. ## Геологиялық құрылымы Пермь және тас көмір гранитоидтарынан, делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген. ## Өсімдігі Күрең қызғылт қоңыр топырағында қарағай және қарағайлы-қайың ормандары өседі. Тау етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
* Жамантау (Ақтөбе облысы) * Жамантау (Ұлытау ауданы) * Жамантау (Қарқаралы ауданы)
## Шығу тарихы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдың қазан айында Республиканың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Бұл құжат Қазақстанда тұрақты, динамикалы экономикасы бар мемлекет құрудың ұзақ жылдарға бағытталған даму жолын көрсетіп берді.«Қазақстан – 2030» Стратегиясын іске асырудағы алғашқы кезең 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы болды. Бағдарлама бәсекелестікке лайықты экономикасы мен өндірісі және ауыл шаруашылығы дамыған, әлеуметтік саланың қызмет көрсету деңгейін қолжетерліктей дәрежеге жеткізу міндеттерін анықтап берді. Стратегияны жүзеге асыру кезеңінде көптеген басты салаларда ілгері дамуға қол жеткізілді.Бүгінгі жеткен орасан жетістіктеріміз, Қазақстан азаматтарының алға қарай жасаған ұмтылыстарының бірізділігін сақтаудың, экономиканы жетілдірудің, заманауи азаматтық қоғам құрудың негізін анықтап берді деп мықты сеніммен айта аламыз.Дегенмен, 2010 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде алдыңғы қатарлы салалар айтарлықтай дамығанымен, көпшілігінің жоспарлары аяғына дейін жеткізілмей отыр. Қазақстанның даму жағдайында да елеулі өзгерістер болды. Әлемнің көптеген мемлекеттері сияқты 2007 жылғы әлемдік дағдарыс Қазақстанға да өз әсерін тигізді. Экономикамызды әлемдік дағдарыстың көлеңкелі тұстарынан сақтандыратын шаралар қабылдау қажеттілігі туды.Осыған орай «Қазақстан – 2030» Стратегиясының келесі кезеңі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол дағдарыс кезеңінде бәсекелесуге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталған.ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында мемлекеттік қызметте бес басты бағыт болады. ## Бірінші бағыт Келешектегі сапалы дамудың негізін салуға мүмкіндік жасайтын іскерлік жағдайды жақсарту, қаржы секторын нығайту және заң жүйесін жетілдіру мақсатында кешенді шаралар жасау қарастырылып жатыр.2020 – Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыра бастаған алғашқы жылдар, әкімшілік шараларды жеңілдету, олардың айқындығын күшейту , отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар бизнестерін жүргізу бағасын түсіру барысындағы белсенді іс-шаралардың бастамашысы болды.Болжам бойынша 2020 жылға қарай экономиканың шикізаттың емес секторында отандық және шетелдік инвестициялар 30 пайызға өседі. Ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) салынған шетел инвестициясының үлесі 10 пайызға өседі. Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің де үлесі 7-10 пайызға көтеріледі.Экономиканың дамуы мен диверсификациясы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында және оның шамадан шығып кетпеуі үшін ресми саясат жүргізіледі, ол елдің экономикалық көрсеткіштері жоғарылаған жағдайда үкіметтің шығынын тежеп, экономика құлдыраған кезде оны көтеріп отырады. Осыған қарамастан 2020 жылға қарай шикізаттың емес бюджет тапшылығы ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан аспауы керек. Кредиттік-ақша саясаты инфляцияны құрықтау шарасының тиімділігін арттырады. Теңгені айырбастау бағасының саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекелестік тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.Дағдарыстан кейінгі кезең ішінде экономиканы қалпына келтіру барысында қаржы секторын мемлекет тарапынан қолдау сақталады. Жалпы оның дамуы елдің индустриалды-инновациялық дамуын жеделдетуге қаржы ресурсын тартуға бағытталады.Елдің қаржы секторына деген сенімін қалпына келтіру және оның қызмет көрсету ауқымын кеңейту бағытында жұмыстар жасалады. Қаржылық қызмет көрсету саласының тұтынушыларының құқығы мен мүддесін қорғау механизмін кеңейтуге, ішкі бақылауға тиімді жүйе енгізуге және қаржы мекемелерінің менеджмент тәуекелділігіне, сонымен қатар олардың қызметінің айқын болуына ерекше орын беріледі. Ішкі ресурстардың дамуына байланысты көпжақты қаржылық қызмет көрсететін нарықтық қор да дамиды.Сенімді құқықтық ортаны қалыптастыруға келетін болсақ, соттардың ашық және тәуелсіз болуына және сот корпусының кәсіби шеберлігін арттыруға, келешекте заң шығару мәселесін жетілдіруге, ескірген заң нормаларын жоюға, жалпы алғанда халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеруге және кәсіби заңдық көмек көрсетуге басты назар аударылады. ## Екінші бағыт Экономикалық диверсификация мұнай өңдеу мен мұнай-газ секторы инфрақұрылымдары; металлургия мен дайын металл бұйымдарын шығару; химия, фармацевтика және қорғаныс өндірісі; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын шығару, сонымен бірге энергетика, көлік және коммуникациялардың озық дамуы сияқты басым бағыттар есебінен қамтамасыз етіледі. Осы салалардың дамуы экономикалық модельді өзгертіп, шикізат бағытының индустриалды-инновациялық бағытқа өтуіне мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл «болашақ экономика» секторының дамуына қатысты, олар таяу екі онжылдықтарда өте маңызды болуы керек. Бұлар информациялық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, балама энергетика, ғарыштық қызмет.Ұтымды, әлеуетті дамыған экономика аймағын қалыптастыру мақсатындағы экономика диверсификациясы, экономикалық даму орталықтарын құру жоспарларымен үйлестіріледі.Іскер адамдар мен туристерді қызықтыратын, бәсекелестікке төтеп бере алатын экономикасы мен қоршаған ортасы жанға жайлы қала ретінде, елордамыз – Астананың әрі қарай дамуына ерекше көңіл бөлінеді.Экономикалық диверсификация қарқынын күшейту барысында мемлекет тиімсіз жобалардың іске асуына қарсы тұрады, мемлекет есебінен қаржыландырылатын барлық жобаларға қаржылық және экономикалық тиімді стандарттар енгізіледі. Осыған орай мемлекет қаражатының жұмсалуының ашық және айқын болуы күшейтіледі.2020 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің құрамындағы қайта өңдеу өндірісінің үлесін 13 пайызға дейін жеткізу, шикізаттың емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 45 пайыздан кем емес көрсеткішке дейін көтеру жоспарланып отыр. Қайта өңдеумен айналысатын өндірістік салаларда еңбек өнімділігі 2 есе, агроөнеркәсіп кешендерінде 4 еседен кем емес болуы керек. Ішкі жалпы өнімнің энергетикалық сыйымдылығы 25 пайызға төмендейді.Энергетикалық сектордың даму шеңберінде Қазақстан зарарлы техникалық газдың ауаға тарауы жөнінен жаһандық мақсаттарға жетуге жағдай жасайды. Арзан электр қуатын алудың бірден-бір жолы атом энергетикасын дамытумен атом электр станциясын салу.Көлік қатынастарынан дамытудың негізгі бағыты көлік инфрақұрылымын құрайтын 4 құрамдас негізгі бөліктерін өзара біріктіру: теміржол, автомобиль, ауа және су. 2020 жылға дейін 1400 жаңа теміржол линиялары, мысалы Бейнеу – Шалқар, Жезқазған – Сексеуіл, олар 2017 жылы іске қосылады. 2014 жылға қарсы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік автожолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігін қайта құру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, екінші онжылдықтың аяғына қарай республика көлемінде 16 мың шақырымға жуық республикалық маңыздағы автожолдар салынып, күрделі жөндеуден өтеді.Әуе жолы саласындағы стратегиялық алға қойған мақсаттардың да бағыты осал емес. 2020 жылға дейін республикада 4 халықаралық әуежай-хабалар болуы қажет, ал әуежай ИКАО категориясына ие болады.Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі 2020 жылға дейін 48 млн тоннаға жеткізіледі.Телекоммуникация саласын ынталандыру әрі қарай дамиды, заманауи ИКТ саласы құрылады, телекоммуникациялық және электрондық қызмет көрсету кең етек жаяды. Халықты телефон байланысымен толық қамту және кең түрдегі Интернетке қол жеткізу, «Электронды үкімет», «Электронды әкімшілік» жобаларын жүзеге асыру шеңберінде әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсетудің 50 пайыздан кем емес бөлігін электрондық формаға кешіру жоспарланып отыр. Қазақстанда бұл жоба 2015 жылы жүзеге асады, бұдан арғы бес жылда ИКТ-ның халыққа базалық қызмет көрсетуі қолжетерлік болады.Негізгі күш отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына бағытталған, тиімді сауда саясатына жұмсалады. Әзірше өтімді жоба Белоруссия, Қазақстан, Ресей Кеден одағын дамыту болып отыр. Үш мемлекетті интеграциялаудың келесі сатысы – Бірыңғай экономикалық кеңістік Қазақстан ТМД елдері арасындағы интеграциялық жұмыстар барысын қолдай отырып, Әлемдік сауда ұйымына мүше болу барысын жеделдетеді. ## Үшінші бағыт Кез келген мемлекеттің тұрақты және жүйелі дамуындағы басты факторлар адамдар ресурсының саны мен сапасы. Адам – прогресстің, инновация мен өндірістің дамуының негізгі қозғаушы күші. Осылайша, болашақ он жылдың ішінде адамдар капиталына салынған инвестициялар күн тәртібінің өзекті мәселесіне айналды.Бір бағыт шеңберінде, мемлекет назары 3 мәселеге аударылады. Олар білім беру саласын модернизациялау, денсаулық саласын реформациялау мен еңбек ресурстарына ықпалды саясат жүргізу.2020 жылға қарай мектеп жасына дейінгіден жоғары оқу орнына дейінгі барлық деңгейдегі білім саласы модернизацияланады. Соңғы жылдары жыл сайын балабақшалар мен мектептер ашылуда, мұндай қарқын тәуелсіздікке қол жеткен он бес жыл ішінде болған емес.Жалпы білім беру саласы 12 жылдық білім беру моделіне көшеді, оқушы он жылда жалпы орта білім алып шықса, қалған екі жылда кәсіптік орта білім беріледі.Техникалық және кәсіптік білім беру саласы заманауи еңбек нарығының сұранысына сәйкес жүйеге қол жеткізеді, ал білім стандарттары Ұлттық мамандық жүйесі арқылы кәсіби стандарттарға сәйкес құрылады.Орта, техникалық және кәсіби білім беру салаларына электронды оқыту жүйесі енгізіледі.Жоғарғы оқу орындарына корпоративтік менеджмент қағидасы енгізілген, академиялық еркіндіктер беріледі. 2020 жылға дейін Қазақстанның кем дегенде екі жоғарғы оқу орнына әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері рейтингісіне ену мақсаты қойылады.Орта білім беру жүйесіндегі модернизациялауға жағдай туғызатын ең маңызды жобалардың бірі, «Назарбаев Зияткерлік мекептері» және «Назарбаев Университет». Ол еліміздің барлық жерлеріндегі балалар бақшалары мен 12 жылдық білім беру салаларына арналған оқу-тәрбие бағдарламаларын дайындайтын, енгізетін және тәжірибеден өткізетін алаң болады. Университет отандық инженерлік-техникалық және ғалым мамандарды дайындауда, заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдарын құруда, озық, сапалы білімді қамтамасыз етуі керек.Мемлекеттік білім беру саласын әрі қарай да қаржыландыру жүйесін жақсарта түседі.Денсаулық сақтау жүйесінің кезек күттірмейтін міндеттері медициналық жәрдемнің сапалы және қолжетерлік болуы. Осы бағытта мемлекеттік медициналық мекемелерді басқару бағыттары қайта қаралады, инвестициялық саясат жүргізу қарастырылады, нәтижелілікке биімделген қаржыландыру және медициналық қызмет көрсету ақысын төлеу жүйесі енгізіледі.Бұл шаралар медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, 2020 жылға дейін халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жылға жетеді, осыған орай өлім көрсеткіші (30 пайызға), қауіпті аурулармен ауру (мысалы, өкпе құрты ауруы 20 пайызға) төмендейді.Әлбетте, жалпы бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысы, салауатты өмір салтын енгізу мен жеке адамдардың денсаулықтарына деген ниеттестік принципі, денсаулық сақтау саласымен қатар қазақстандықтардың күнделікті өмірлік және мемлекет саясатын ажырамас бөлігі болады.Білім беру саласы мен денсаулық сақтау саласындағы реформалардан басқа мемлекет еңбек жағдайының қауіпсіздігіне, елімізге білікті мамандардың келуіне, соның ішінде өзінің тарихи отанына келіп, еліміздің экономикалық дамуына өз үлесін қосқысы келетін отандастарымызға жағдай жасайтын көші-қонды басқарудың ұтымды болуына ерекше көңіл бөлетін болады. ## Төртінші бағыт Мұндағы басты мақсат, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелерін күшейту және тиімді тұрғын үй мен коммуналдық қызмет көрсету.Ондаған жылдар бойы тиімділікке негізделген атаулы әлеуметтік көмек жүйесі қалыптаса береді. Негізгі әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсіп, тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың көлемі кеңейтіліп, әлеуметтік қолдауға зәрулердің жағдайлары лайықты қамтамасыз етіледі.Атаулы әлеуметтік жүйенің әрі қарай дамуы мен көмекті қажет ететін тұрғындардың әлсіз бөлігін қолдау, әлеуметтік тәуекелділікті азайту мен кедейлікті жеңуге бағытталады. Осыған байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздар қатарын азайтуға бағытталған кешенді шаралар өткізіледі.Әлеуметтік қызмет көрсету саласына маңызды көңіл бөлінеді. Мемлекеттік стандартты енгізу мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын көтеру, бәсеклестік аясын кеңіту және азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану көмекті қажет ететін азаматтардың өмір сүру деңгейін жоғарылатады. 2020 жылға қарай күнкөрісі төменгі деңгейдегі тұрғындардың саны 20 пайызға дейін төмендейді, ал жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспайды.Сапалы коммуналдық қызмет көрсету мен тұрғын үй мәселесінің жетілдірілуі ТКШ саласында ынталы нарықтық жағдай туғызу және қызмет берушілер мен азаматтардың өзара нәтижелі қарым-қатынастары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтары мен жауапкершіліктері анық бөлінген жағдайда іске асырылады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын модернизациялау эксплуатациялық шығындардың үлес салмағын азайту, ресурстарды сақтағыш технологияларды енгізу, нормадан жоғары шығындарды жоятын, нормативтік шығындарды азайтатын тарифтік реттеудің тиімділігін көтерумен қатар жүргізіледі. ## Бесінші бағыт Ғасырдың екінші онжылдығында негізгі күш мемлекетіміздің алға қарай нығайып дамуына, қауіпті сейілту мен оған қарсылық көрсету, сыртқы ортаның қолайлылығының қалыптастыруға шоғырландырылады.2020 жылға дейінгі кезеңдегі ішкі саяси саладағы басты мақсат Қазақстан қоғамының дамуындағы бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықпен пен орнықтылықты сақтау. Саяси жүйені әрі қарай да модернизациялау, этникалық және діни қайшылықтардың алдын алу, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстар өз жалғасын табады. 2020 жылға қарай сайланған биліктің маңызы артады, саяси партиялардың жауапкершіліктері мен рөлдері күшейеді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесінің тиімділігі артады.Ұлттық саясатты іске асыратын, қоғамды нығайтуға мүмкіндік туғызатын, патриотизмді нығайтатын, жалпыұлттық идея мен біртұтас құндылықтар негізінде қазақстандықтардың сәйкестігін қалыптастыратын бірегей және аса тиімді институт ретінде, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы әрі қарай дамиды.Ұлттық қауіпсіздіктің негізі, төнген қауіп-қатердің алдын алу шараларын қолға алып, оны жоюды қамтамасыз ету. Халықаралық терроризм мен діни экстремизм, нашақорлық бизнесіне және заңсыз көші-қон қозғалысына қарсы күресетін салалармен қоян-қолтық жұмыс жасауға аса көңіл бөлінеді.Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік жүйесі өзгерісінің аса маңызды бағыттарының бірі, жаңадан төніп тұрған қауіп-қатер мен қарсылықты уақытында білу, сонымен қатар барабар шаралар қолдануға дер кезінде әрекет жасауға мүмкіндік беретін, болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру.Ұлттық мүддені қорғау, еліміздің халықаралық беделін арттыруға және ұлттық, өңірлік жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған праграматикалық және теңестірілген сыртқы саясат жүргізіле береді.Қазақстан ұлттық резервтік валюта қорын қалыптастыру мәселесінде өзінің мүда десін, қорғайды, дамытады. Бұл шаралардың нәтижелі болуы көп ретте Қазақстанның дағдарысқа қарсы жасалып жатқан шаралары мен дағдарыстан кейінгі елдің экономикасының даму қарқыны мен тұрақтылығына, инновациялық және диверсификацияланған экономика саласының нақты қол жеткен табыстарына байланысты.Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделді мүшесі, Азиядағы сенім шаралары мен бірлесіп әрекет ету кеңесінің басшысы ретінде ұжымдық қауіпсіздк ұйымдар арасындағы өзара келісімге белсенді стратегиялық жағдай жасайды.Қазақстан жанталаса қарулануға жол бермеу бағытын алға қарай да жалғастырады, ядролық қаруды қолданбау жөніндегі халықаралық қоғамдастықты және ядролық қаруды таратпау Келісімінің ережелерін нығайтуды қолдады және күшейтеді.Қазақстанның саясаты елдің Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік, ислам мен христиан әлемдері арасындағы көпір рөлін күшейту және өркениеттер мен конфессиялар арасындағы өзара келісімді нығайтуға бағытталған. Қазақстанның төзімділік моделі дүние жүзіне танылып, халықаралық беделге ие болды.Қазақстан Ресеймен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығының, Еуразиялық экономикалық қауымдастығының және құрылып жатқан Кеден одағының тұрақтылығын сақтайды.Тұтастай алғанда, 2020 – Стратегиялық бағдарламасы мемлекеттің Қазақстан азаматтарының алдында, олардың жарқын болашаққа қол жеткізуіне жол ашатын міндеттемесі. Оны орындап шығу үшін мемлекеттің барлық дәрежедегі құрылымдарының белсенділігі мен қазақстандықтардық қолдауы қажет.2020 жылға деінгі Қазақстанның стратегиялық даму бағдарламасы сөз жоқ, жалпы ұлтымыздың, еліміздің даму бағдарламасы болып табылады және келесі онжылдықта елдің, қоғамның дамуына байланысты жаңа стратегияны жүктейді, ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан – 2030» бағдарламасы анықтап берген міндеттемелерді орындауға мүмкіндіктер туғызады. ## Тағыда қараӊыз * Қазақстан 2030 * Қазақстан 2050 ## Дереккөздер ## Шығу тарихы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдың қазан айында Республиканың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Бұл құжат Қазақстанда тұрақты, динамикалы экономикасы бар мемлекет құрудың ұзақ жылдарға бағытталған даму жолын көрсетіп берді.«Қазақстан – 2030» Стратегиясын іске асырудағы алғашқы кезең 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы болды. Бағдарлама бәсекелестікке лайықты экономикасы мен өндірісі және ауыл шаруашылығы дамыған, әлеуметтік саланың қызмет көрсету деңгейін қолжетерліктей дәрежеге жеткізу міндеттерін анықтап берді. Стратегияны жүзеге асыру кезеңінде көптеген басты салаларда ілгері дамуға қол жеткізілді.Бүгінгі жеткен орасан жетістіктеріміз, Қазақстан азаматтарының алға қарай жасаған ұмтылыстарының бірізділігін сақтаудың, экономиканы жетілдірудің, заманауи азаматтық қоғам құрудың негізін анықтап берді деп мықты сеніммен айта аламыз.Дегенмен, 2010 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде алдыңғы қатарлы салалар айтарлықтай дамығанымен, көпшілігінің жоспарлары аяғына дейін жеткізілмей отыр. Қазақстанның даму жағдайында да елеулі өзгерістер болды. Әлемнің көптеген мемлекеттері сияқты 2007 жылғы әлемдік дағдарыс Қазақстанға да өз әсерін тигізді. Экономикамызды әлемдік дағдарыстың көлеңкелі тұстарынан сақтандыратын шаралар қабылдау қажеттілігі туды.Осыған орай «Қазақстан – 2030» Стратегиясының келесі кезеңі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол дағдарыс кезеңінде бәсекелесуге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталған.ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында мемлекеттік қызметте бес басты бағыт болады. ## Бірінші бағыт Келешектегі сапалы дамудың негізін салуға мүмкіндік жасайтын іскерлік жағдайды жақсарту, қаржы секторын нығайту және заң жүйесін жетілдіру мақсатында кешенді шаралар жасау қарастырылып жатыр.2020 – Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыра бастаған алғашқы жылдар, әкімшілік шараларды жеңілдету, олардың айқындығын күшейту , отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар бизнестерін жүргізу бағасын түсіру барысындағы белсенді іс-шаралардың бастамашысы болды.Болжам бойынша 2020 жылға қарай экономиканың шикізаттың емес секторында отандық және шетелдік инвестициялар 30 пайызға өседі. Ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) салынған шетел инвестициясының үлесі 10 пайызға өседі. Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің де үлесі 7-10 пайызға көтеріледі.Экономиканың дамуы мен диверсификациясы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында және оның шамадан шығып кетпеуі үшін ресми саясат жүргізіледі, ол елдің экономикалық көрсеткіштері жоғарылаған жағдайда үкіметтің шығынын тежеп, экономика құлдыраған кезде оны көтеріп отырады. Осыған қарамастан 2020 жылға қарай шикізаттың емес бюджет тапшылығы ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан аспауы керек. Кредиттік-ақша саясаты инфляцияны құрықтау шарасының тиімділігін арттырады. Теңгені айырбастау бағасының саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекелестік тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.Дағдарыстан кейінгі кезең ішінде экономиканы қалпына келтіру барысында қаржы секторын мемлекет тарапынан қолдау сақталады. Жалпы оның дамуы елдің индустриалды-инновациялық дамуын жеделдетуге қаржы ресурсын тартуға бағытталады.Елдің қаржы секторына деген сенімін қалпына келтіру және оның қызмет көрсету ауқымын кеңейту бағытында жұмыстар жасалады. Қаржылық қызмет көрсету саласының тұтынушыларының құқығы мен мүддесін қорғау механизмін кеңейтуге, ішкі бақылауға тиімді жүйе енгізуге және қаржы мекемелерінің менеджмент тәуекелділігіне, сонымен қатар олардың қызметінің айқын болуына ерекше орын беріледі. Ішкі ресурстардың дамуына байланысты көпжақты қаржылық қызмет көрсететін нарықтық қор да дамиды.Сенімді құқықтық ортаны қалыптастыруға келетін болсақ, соттардың ашық және тәуелсіз болуына және сот корпусының кәсіби шеберлігін арттыруға, келешекте заң шығару мәселесін жетілдіруге, ескірген заң нормаларын жоюға, жалпы алғанда халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеруге және кәсіби заңдық көмек көрсетуге басты назар аударылады. ## Екінші бағыт Экономикалық диверсификация мұнай өңдеу мен мұнай-газ секторы инфрақұрылымдары; металлургия мен дайын металл бұйымдарын шығару; химия, фармацевтика және қорғаныс өндірісі; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын шығару, сонымен бірге энергетика, көлік және коммуникациялардың озық дамуы сияқты басым бағыттар есебінен қамтамасыз етіледі. Осы салалардың дамуы экономикалық модельді өзгертіп, шикізат бағытының индустриалды-инновациялық бағытқа өтуіне мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл «болашақ экономика» секторының дамуына қатысты, олар таяу екі онжылдықтарда өте маңызды болуы керек. Бұлар информациялық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, балама энергетика, ғарыштық қызмет.Ұтымды, әлеуетті дамыған экономика аймағын қалыптастыру мақсатындағы экономика диверсификациясы, экономикалық даму орталықтарын құру жоспарларымен үйлестіріледі.Іскер адамдар мен туристерді қызықтыратын, бәсекелестікке төтеп бере алатын экономикасы мен қоршаған ортасы жанға жайлы қала ретінде, елордамыз – Астананың әрі қарай дамуына ерекше көңіл бөлінеді.Экономикалық диверсификация қарқынын күшейту барысында мемлекет тиімсіз жобалардың іске асуына қарсы тұрады, мемлекет есебінен қаржыландырылатын барлық жобаларға қаржылық және экономикалық тиімді стандарттар енгізіледі. Осыған орай мемлекет қаражатының жұмсалуының ашық және айқын болуы күшейтіледі.2020 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің құрамындағы қайта өңдеу өндірісінің үлесін 13 пайызға дейін жеткізу, шикізаттың емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 45 пайыздан кем емес көрсеткішке дейін көтеру жоспарланып отыр. Қайта өңдеумен айналысатын өндірістік салаларда еңбек өнімділігі 2 есе, агроөнеркәсіп кешендерінде 4 еседен кем емес болуы керек. Ішкі жалпы өнімнің энергетикалық сыйымдылығы 25 пайызға төмендейді.Энергетикалық сектордың даму шеңберінде Қазақстан зарарлы техникалық газдың ауаға тарауы жөнінен жаһандық мақсаттарға жетуге жағдай жасайды. Арзан электр қуатын алудың бірден-бір жолы атом энергетикасын дамытумен атом электр станциясын салу.Көлік қатынастарынан дамытудың негізгі бағыты көлік инфрақұрылымын құрайтын 4 құрамдас негізгі бөліктерін өзара біріктіру: теміржол, автомобиль, ауа және су. 2020 жылға дейін 1400 жаңа теміржол линиялары, мысалы Бейнеу – Шалқар, Жезқазған – Сексеуіл, олар 2017 жылы іске қосылады. 2014 жылға қарсы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік автожолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігін қайта құру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, екінші онжылдықтың аяғына қарай республика көлемінде 16 мың шақырымға жуық республикалық маңыздағы автожолдар салынып, күрделі жөндеуден өтеді.Әуе жолы саласындағы стратегиялық алға қойған мақсаттардың да бағыты осал емес. 2020 жылға дейін республикада 4 халықаралық әуежай-хабалар болуы қажет, ал әуежай ИКАО категориясына ие болады.Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі 2020 жылға дейін 48 млн тоннаға жеткізіледі.Телекоммуникация саласын ынталандыру әрі қарай дамиды, заманауи ИКТ саласы құрылады, телекоммуникациялық және электрондық қызмет көрсету кең етек жаяды. Халықты телефон байланысымен толық қамту және кең түрдегі Интернетке қол жеткізу, «Электронды үкімет», «Электронды әкімшілік» жобаларын жүзеге асыру шеңберінде әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсетудің 50 пайыздан кем емес бөлігін электрондық формаға кешіру жоспарланып отыр. Қазақстанда бұл жоба 2015 жылы жүзеге асады, бұдан арғы бес жылда ИКТ-ның халыққа базалық қызмет көрсетуі қолжетерлік болады.Негізгі күш отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына бағытталған, тиімді сауда саясатына жұмсалады. Әзірше өтімді жоба Белоруссия, Қазақстан, Ресей Кеден одағын дамыту болып отыр. Үш мемлекетті интеграциялаудың келесі сатысы – Бірыңғай экономикалық кеңістік Қазақстан ТМД елдері арасындағы интеграциялық жұмыстар барысын қолдай отырып, Әлемдік сауда ұйымына мүше болу барысын жеделдетеді. ## Үшінші бағыт Кез келген мемлекеттің тұрақты және жүйелі дамуындағы басты факторлар адамдар ресурсының саны мен сапасы. Адам – прогресстің, инновация мен өндірістің дамуының негізгі қозғаушы күші. Осылайша, болашақ он жылдың ішінде адамдар капиталына салынған инвестициялар күн тәртібінің өзекті мәселесіне айналды.Бір бағыт шеңберінде, мемлекет назары 3 мәселеге аударылады. Олар білім беру саласын модернизациялау, денсаулық саласын реформациялау мен еңбек ресурстарына ықпалды саясат жүргізу.2020 жылға қарай мектеп жасына дейінгіден жоғары оқу орнына дейінгі барлық деңгейдегі білім саласы модернизацияланады. Соңғы жылдары жыл сайын балабақшалар мен мектептер ашылуда, мұндай қарқын тәуелсіздікке қол жеткен он бес жыл ішінде болған емес.Жалпы білім беру саласы 12 жылдық білім беру моделіне көшеді, оқушы он жылда жалпы орта білім алып шықса, қалған екі жылда кәсіптік орта білім беріледі.Техникалық және кәсіптік білім беру саласы заманауи еңбек нарығының сұранысына сәйкес жүйеге қол жеткізеді, ал білім стандарттары Ұлттық мамандық жүйесі арқылы кәсіби стандарттарға сәйкес құрылады.Орта, техникалық және кәсіби білім беру салаларына электронды оқыту жүйесі енгізіледі.Жоғарғы оқу орындарына корпоративтік менеджмент қағидасы енгізілген, академиялық еркіндіктер беріледі. 2020 жылға дейін Қазақстанның кем дегенде екі жоғарғы оқу орнына әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері рейтингісіне ену мақсаты қойылады.Орта білім беру жүйесіндегі модернизациялауға жағдай туғызатын ең маңызды жобалардың бірі, «Назарбаев Зияткерлік мекептері» және «Назарбаев Университет». Ол еліміздің барлық жерлеріндегі балалар бақшалары мен 12 жылдық білім беру салаларына арналған оқу-тәрбие бағдарламаларын дайындайтын, енгізетін және тәжірибеден өткізетін алаң болады. Университет отандық инженерлік-техникалық және ғалым мамандарды дайындауда, заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдарын құруда, озық, сапалы білімді қамтамасыз етуі керек.Мемлекеттік білім беру саласын әрі қарай да қаржыландыру жүйесін жақсарта түседі.Денсаулық сақтау жүйесінің кезек күттірмейтін міндеттері медициналық жәрдемнің сапалы және қолжетерлік болуы. Осы бағытта мемлекеттік медициналық мекемелерді басқару бағыттары қайта қаралады, инвестициялық саясат жүргізу қарастырылады, нәтижелілікке биімделген қаржыландыру және медициналық қызмет көрсету ақысын төлеу жүйесі енгізіледі.Бұл шаралар медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, 2020 жылға дейін халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жылға жетеді, осыған орай өлім көрсеткіші (30 пайызға), қауіпті аурулармен ауру (мысалы, өкпе құрты ауруы 20 пайызға) төмендейді.Әлбетте, жалпы бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысы, салауатты өмір салтын енгізу мен жеке адамдардың денсаулықтарына деген ниеттестік принципі, денсаулық сақтау саласымен қатар қазақстандықтардың күнделікті өмірлік және мемлекет саясатын ажырамас бөлігі болады.Білім беру саласы мен денсаулық сақтау саласындағы реформалардан басқа мемлекет еңбек жағдайының қауіпсіздігіне, елімізге білікті мамандардың келуіне, соның ішінде өзінің тарихи отанына келіп, еліміздің экономикалық дамуына өз үлесін қосқысы келетін отандастарымызға жағдай жасайтын көші-қонды басқарудың ұтымды болуына ерекше көңіл бөлетін болады. ## Төртінші бағыт Мұндағы басты мақсат, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелерін күшейту және тиімді тұрғын үй мен коммуналдық қызмет көрсету.Ондаған жылдар бойы тиімділікке негізделген атаулы әлеуметтік көмек жүйесі қалыптаса береді. Негізгі әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсіп, тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың көлемі кеңейтіліп, әлеуметтік қолдауға зәрулердің жағдайлары лайықты қамтамасыз етіледі.Атаулы әлеуметтік жүйенің әрі қарай дамуы мен көмекті қажет ететін тұрғындардың әлсіз бөлігін қолдау, әлеуметтік тәуекелділікті азайту мен кедейлікті жеңуге бағытталады. Осыған байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздар қатарын азайтуға бағытталған кешенді шаралар өткізіледі.Әлеуметтік қызмет көрсету саласына маңызды көңіл бөлінеді. Мемлекеттік стандартты енгізу мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын көтеру, бәсеклестік аясын кеңіту және азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану көмекті қажет ететін азаматтардың өмір сүру деңгейін жоғарылатады. 2020 жылға қарай күнкөрісі төменгі деңгейдегі тұрғындардың саны 20 пайызға дейін төмендейді, ал жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспайды.Сапалы коммуналдық қызмет көрсету мен тұрғын үй мәселесінің жетілдірілуі ТКШ саласында ынталы нарықтық жағдай туғызу және қызмет берушілер мен азаматтардың өзара нәтижелі қарым-қатынастары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтары мен жауапкершіліктері анық бөлінген жағдайда іске асырылады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын модернизациялау эксплуатациялық шығындардың үлес салмағын азайту, ресурстарды сақтағыш технологияларды енгізу, нормадан жоғары шығындарды жоятын, нормативтік шығындарды азайтатын тарифтік реттеудің тиімділігін көтерумен қатар жүргізіледі. ## Бесінші бағыт Ғасырдың екінші онжылдығында негізгі күш мемлекетіміздің алға қарай нығайып дамуына, қауіпті сейілту мен оған қарсылық көрсету, сыртқы ортаның қолайлылығының қалыптастыруға шоғырландырылады.2020 жылға дейінгі кезеңдегі ішкі саяси саладағы басты мақсат Қазақстан қоғамының дамуындағы бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықпен пен орнықтылықты сақтау. Саяси жүйені әрі қарай да модернизациялау, этникалық және діни қайшылықтардың алдын алу, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстар өз жалғасын табады. 2020 жылға қарай сайланған биліктің маңызы артады, саяси партиялардың жауапкершіліктері мен рөлдері күшейеді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесінің тиімділігі артады.Ұлттық саясатты іске асыратын, қоғамды нығайтуға мүмкіндік туғызатын, патриотизмді нығайтатын, жалпыұлттық идея мен біртұтас құндылықтар негізінде қазақстандықтардың сәйкестігін қалыптастыратын бірегей және аса тиімді институт ретінде, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы әрі қарай дамиды.Ұлттық қауіпсіздіктің негізі, төнген қауіп-қатердің алдын алу шараларын қолға алып, оны жоюды қамтамасыз ету. Халықаралық терроризм мен діни экстремизм, нашақорлық бизнесіне және заңсыз көші-қон қозғалысына қарсы күресетін салалармен қоян-қолтық жұмыс жасауға аса көңіл бөлінеді.Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік жүйесі өзгерісінің аса маңызды бағыттарының бірі, жаңадан төніп тұрған қауіп-қатер мен қарсылықты уақытында білу, сонымен қатар барабар шаралар қолдануға дер кезінде әрекет жасауға мүмкіндік беретін, болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру.Ұлттық мүддені қорғау, еліміздің халықаралық беделін арттыруға және ұлттық, өңірлік жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған праграматикалық және теңестірілген сыртқы саясат жүргізіле береді.Қазақстан ұлттық резервтік валюта қорын қалыптастыру мәселесінде өзінің мүда десін, қорғайды, дамытады. Бұл шаралардың нәтижелі болуы көп ретте Қазақстанның дағдарысқа қарсы жасалып жатқан шаралары мен дағдарыстан кейінгі елдің экономикасының даму қарқыны мен тұрақтылығына, инновациялық және диверсификацияланған экономика саласының нақты қол жеткен табыстарына байланысты.Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделді мүшесі, Азиядағы сенім шаралары мен бірлесіп әрекет ету кеңесінің басшысы ретінде ұжымдық қауіпсіздк ұйымдар арасындағы өзара келісімге белсенді стратегиялық жағдай жасайды.Қазақстан жанталаса қарулануға жол бермеу бағытын алға қарай да жалғастырады, ядролық қаруды қолданбау жөніндегі халықаралық қоғамдастықты және ядролық қаруды таратпау Келісімінің ережелерін нығайтуды қолдады және күшейтеді.Қазақстанның саясаты елдің Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік, ислам мен христиан әлемдері арасындағы көпір рөлін күшейту және өркениеттер мен конфессиялар арасындағы өзара келісімді нығайтуға бағытталған. Қазақстанның төзімділік моделі дүние жүзіне танылып, халықаралық беделге ие болды.Қазақстан Ресеймен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығының, Еуразиялық экономикалық қауымдастығының және құрылып жатқан Кеден одағының тұрақтылығын сақтайды.Тұтастай алғанда, 2020 – Стратегиялық бағдарламасы мемлекеттің Қазақстан азаматтарының алдында, олардың жарқын болашаққа қол жеткізуіне жол ашатын міндеттемесі. Оны орындап шығу үшін мемлекеттің барлық дәрежедегі құрылымдарының белсенділігі мен қазақстандықтардық қолдауы қажет.2020 жылға деінгі Қазақстанның стратегиялық даму бағдарламасы сөз жоқ, жалпы ұлтымыздың, еліміздің даму бағдарламасы болып табылады және келесі онжылдықта елдің, қоғамның дамуына байланысты жаңа стратегияны жүктейді, ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан – 2030» бағдарламасы анықтап берген міндеттемелерді орындауға мүмкіндіктер туғызады. ## Тағыда қараӊыз * Қазақстан 2030 * Қазақстан 2050 ## Дереккөздер
«Алау» мұзайдыны сарайы — Астанадағы жабық коньки тебу стадионы. Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттықтыру және спорт жарыстарын өткізу үшін арналған. «Алау» мұзайдыны сарайы әлемдегі коньки тебу статиондарының ішінде 17-орынды иемденеді.Статион голландтық AD Sportwereld басылымының жариялауы бойынша әлемдегі коньки тебуге арналған стадиондардың арасында бірінші орынды алады. Сонымен қатар қосымша фитнесс орталығы да бар, онда футзал, т.б. ойындар өткізуге болады. Залдың 1 сағатын жалдау — 30000 теңге (соңғы 2012 жылғы қараша айы бойынша). ## Архитектурасы «Алау» мұзайдыны сарайы Астанадағы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Кешеннің жобасын қазақстандық «ВЛ» архитектура мекемесі жасаған, архитекторы В. А. Лаптев.Бас мердігер - Түркияның Сембол Иншат құрылыс компаниясы.Ғимараттың жалпы аумағы 41 670 кв.м, Түс шешімінде үш стихия ұйғарылған Сарайдың архитектуралық тұжырымдамасының бейнесі сарай логотипінде көрініс табады. Жасыл түс жаңаруды, жастықты, көктемді білдіреді. Көк түс – мұз алаңын бейнелейді. Қызғылт сары, алау түсі – бұл нысанның атауы. Қызғылт сары – бұл әрекеттің, жігерліліктің және бостандықтың түсі. Қызғылт сары түстің басты мағынасы және белгісі: әрекет, жылдамдық, ырғақтық, өмірге құштарлық. Мұз ахуалын және климатын бақылау тұрғысынан қарағанда әлемде «Алаудың» өте жақсы жабдықталған. мұнда жасалған бар жағдайлар ең жылдам мұз қалыптастыру үшін ауа температурасының және ылғалдылықтың тиімді параметрлерін іздеуге мүмкіндік береді. Мұз үстінің температурасын өлшеу арқылы 400 метрлік жолақтағы температураның айырмашылығы 1 градустан аспайтыны белгілі болды. Осы жүйенің арқасында көрермендерге өз орындарында жайлы болады. Сонымен қатар мінбеден бірнеше метр қашықтықтағы мұзайдында мүлдем басқа микроклимат орын алады. Жылы қабырға тағы бір аса маңызды рөлді орындайды, ол көрермендердің аяқ киімдерінен, сыртқы киімдерінен келетін шаңдардың бір бөлігін ұстап қалады. Бұл адам көзіне көрінер-көрінбес жай болуы мүмкін, бірақ мұз сапасында өте зиянды. «Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз айдыны. Алау мұзайдыны сарайы 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын. ## Құрылымы * А блогы - мұз алаңы мен трибуналар - 35 970 м2 * Б блогы - Қонақ үй — 3 470 м2 * В блогы - Фитнес-орталық — 4 200 м2 * Г блогы- Әкімшілік блогы — 534 м2 ### Фитнес-орталық «Алау» фитнес орталығы сарайдың оңтүстік мұнарасында орналасқан. Бірінші қабатында кафе мен мини-футбол, гандбол мен баскетболдан дайындалуға арналған әмбебап спотртық зал бар, 2, 3, 4 қабаттарда жаңа құрылғылармен жабдықталған кардио және үштік залдары орын тепкен. Сонымен бірге мұнда фитнеске, йогаға арналған залдар мен SPA-центр орналасқан. ### Төрт жұлдызды қонақүй «Алау» қонақүй кешені мұз айдыны сарайының үш мұнарасының біреуінде орналасқан. Кешен 46 өте ыңғайлы нөмірлерден тұрады, олардың ішінде: * бір орынды нөмір— 11, * екі орынды нөмір— 31, * үш орынды нөмір— 4 (барлығы 85 орын). Әр нөмірде спутникті ТВ -мен жабдықталған теледидар, телефон, мұздатқыш, салқындатқыш, сымсыз Wi-Fi интернет байланысы бар. Ең алдымен қонақүй «Алау» мұз айдыны сарайында болып жатқан жарысқа қатысушы спортшыларға арналған. ## Спорттық жарыстар қабылдауы 2010 жылдан бастап мұз айдыны сарайы жұмысын сынақ жарыстарды өткізуден бастады. 2011 жылдың 30 қаңтардан 6 ақпанға дейін «Алауда» VІІ қысқы Азия ойындары өтті. Жарыстың басты нәтижелеріне 9 рекорд жатады. ## Мұз алаңының рекордтары ## «Алау»мұзайдыны сарайы туралы пікірлер ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми уеб сайты Мұрағатталған 17 сәуірдің 2012 жылы. * «Алау»мұзайдыны сарайы SpeedSkatingNews.info сайтында * SCADA visualization and control system of the Alau Ice Palace
Николай Герасимович Помяловский (10 сәуір 1835 жыл, Санкт-Петербург – 17 қазан 1863 жыл, сонда) — орыс жазушысы. 1857 ж. Санкт-Петербург діни семинариясын бітірген. Помалявский шіркеудің қара түнектігі мен қаталдығын сынап «Бурса очерктерін» жазды. Санкт-Петербург университетінде лекция тыңдай жүріп революцияшыл студенттермен жақындасты, революцияшыл демократтардың идеялық, эстетикалық программаларының ықпалында болды. «Современник» журналында «Мещандық бақыт», «Молотов» повестері мен «Бурса очерктері» (бітпей қалған) жарияланды. М. Горький Помалявскийді қоғамшыл жазушы, мещандықты әшкерелеуші ретінде бағалап, өз ұстаздарының бірі ретінде атады. ## Дереккөздер
Платон Сергеевич Порецкий [3 (15). 10. 1846 — 9 (22). 8. 1907] — орыс логигі. 1876—89 ж. Қазан университетінде Ресейде тұңғыш рет математикалық логикадан лекция оқыды. Порецкий логика алгебрасын жасаушы. Логикалық зерттеушілердің ішінде оның салдар теориясы мен логикалық теңдіктің себептерін ашуы айрықша орын алады. Порецкий логиканың алгебрадан айырмашылығы мынада дейді: біріншісі «сапа формаларын», екіншісі «сан формаларын» зерттейді, бірақ бұл айырмашылық осы екі ғылымға ортақ қасиеттерді бүркелемеуі тиіс деп ескертеді. ## Дереккөздер
Дарвин (ағылш. Darwin) — Австралиядағы қала, Тимор теңізі жағалауындағы порт, аэропорт. Халқы 43 мың (1973 ж.). Ет консервілеу, ағаш тілу зауыдтары бар. ## Дереккөздер
Порт-Жантиль(фр. Port-Gentil)— Габондағы қала, теңіз порты, аэропорт. Атлант мұхиты жағалауында. Халқы 45 мың (1970). Мұнай айыру, ағаш тілу зауыдтары, тамақ кәсіпорындары, кеме верфі, ЖЭС бар. Порт-Жантиль атырабынан мұнай мен газ өндіріледі. ## Дереккөздер
Порай-Кошиц, Александр Евгеньевич [26.09(8.10).1877, Қазан, — 17.04.1949, Ленинград] — кеңес химик-органигі. КСРО ғылым академиясының академигі (1935; корр. мүшесі 1931). 1903 ж. - Санкт-Петербург технология институтын бітірген. 1905 жылдан өмірінің соңына дейін сонда оқытушы. КСРО ғылым академиясының Органикалық химимия институтында зертхана меңгерушісі (1941). Порай-Кошицтің ғылыми еңбектері органикалық химияға, көбіне ароматты қосылыстарға арналған. Бірнеше бояғыш заттарды синтездеп, бояу процестерінің химиясын зерттеген. Порай-Кошиц фурфурол алудың әдісін ұсынды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1943). Ленин орденімен және 3 рет басқа орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Мисс Қазақстан — Қазақстанда жыл сайын болатын сұлулық байқауы. Жеңімпаз елін Мисс Әлем және Мисс Дүние жүзі деген сияқты әлемдік конкурстарда ұсынады. Конкурсты алғаш рет 1997 жылы San Bell агенттігі ашқан болатын, қазір бұл іс-шара ел ішінде дәстүрге айналып кетті. Конкурс Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігінің қолдауымен ұсынылады. ## Жеңімпаздары ## Сілтемелер * Мисс Қазақстан ресми сайты ## Дереккөздер
Посмитный Макар Анисимович (укр. Макар Онисимович Посмiтний 31.1.1895, қазіргі Одесса облысы, Березова ауданы, Джугастрово село,— 3. 4. 1973, Березова ауд., Рассвет с.) — Украинада алғашқы колхоз ұйымдастырушылардың бірі. Соц. Еңбек Ері атағын екі. рет (1949, 1958) алған. 1931 жылдан КОКП мүшесі. Посмитный Одесса облысы, Березова ауданы, Розквит с-нда 1924 ж. Жерді бірлесіп өңдеу серіктіктерін (ТОЗ) ұйымдастырды. 1941—45 ж. Ұлы Отан соғысына қатысты. 1945 ж. Буденный атынд. к-здың, кейін КОКП 21-съезі атындағы к-здың председателі. Ол 1935— 37 ж. КСРО ОАК-нің мүшесі. КОКП 19—24-съездерінің делегаты. 4—8-сайл. КСРО Жоғ. Советінің депутаты. Колхозшылардың Бүкіл одақтық 1—3-съезінің делегаты және Одақтық колхоздар советінің мүшесі (1969). Посмитный 3 рет Ленин ордені, Октябрь Революциясы ордені, 3 рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Поспелов Петр Николаевич (8(20). 6. 1898, Конаково, қазіргі Калинин облысы) — кеңес, партия және ғылым қайраткері, КСРО ҒА академигі (1953; 1946 ж. корр. мүшесі), Социалисттік Еңбек Ері (1958). Мәскеу а. ш. академиясында оқыды Қызыл профессура институтының экономика бөлімін бітірді (1930). 1917 ж. Тверьде партия, кәсіподақ жұмысында болды. 1918—20 ж. Азамат соғысы кезінде Челябіде астыртын жұмыс жүргізді. 1920—24 ж. Кәсіподақтардың Тверь губ. кеңесінің мүшесі, РК(б)П Тверь губкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Новгород губ. оқу бөлімінің меңгерушісі. 1924— 26 ж. БК(б)П ОК үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1931—34 ж. «Большевик» журналы редакциясында істеді, «Правда» газетінде партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі және редколлегия мүшесі. 1934—37 ж. БК(б)П ОК жаньіндағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және баспасөз тобының жетекшісі. 1937—40 ж. БК(б)П ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары, насихат Және үгіт басқармасы бастығының орынбасары. 1940—49 ж. «Правда» газетінің редакторы. 1949—52 ж. БК(б)П ОК жанындағы Маркс—Энгельс—Ленин институтының директоры. 1952—53 ж. «Правда» газеті бас редакторының орынбасары. 1953—60 ж. КОКП ОК секретары, КОКП ОК-нің РКФСР жөніндегі Бюросының мүшесі. 1961—67 ж. КОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының директоры. 1967 жылдан КСРО ҒА төралқа мүшесі. Партияның 16- съезінде Орталық Бақылау комиссиясының мүшелігіне, 17-съезінде Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелігіне, 18—20 және 22—23-съездерінде ОК мүшелігіне сайланды. 1957— 61 ж. КОКП ОК төралқа мүшелігіне кандидат. 2—6-сайл. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Поспелов — партия тарихы проблемалары жөніндегі бірнеше еңбектің авторы және редакторы. «КСРО-дегі Азамат соғысының тарихы» кітабының 2-томын жазуға қатысты (КСРО Мемл. сыйлығы, 1943). Көп томды «Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысының тарихы» және «Кеңес Одағы Коммунистік партиясының тарихы» еңбектерінің ред. комиссиясының төрағасы, В.И. Лениннің ғылыми өмірбаяны авторлар ұжымының жетекшісі. 4 рет Ленин орденімен, Қазан Революциясы және басқа ордендермен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Эрнст фон Поссарт (11. 5. 1841, Берлин, Германия,—8. 4. 1921, сонда) — неміс актері, режиссер, театр қайраткері. Белгілі неміс актері В. Кайзердің шәкірті. Сахналық жолын 1861 ж. Бреслау қалалық театрынан бастады. 1864 жылдан Мюнхен сарай театрының актері, режиссері болып, көркемдік жағын басқарды. Рольдері: Қатан (Лессингтің «Данышпан Қатанында»), Мефистофель (Гётенің «Фаустында»), Шейлок (Шекспирдің «Венециан көпесінде»), Франц Моор (Шиллердің “Қарақшаларында”). ## Дереккөздер
Потанина Александра Викторовна (1843—1893)—19 ғ-да орыс әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш саяхатшы, Орталық Азияны зерттеуші Г. Н. Потаниннің зайыбы. Г.Н. Потанинмен бірге Солтүстік-Батыс Моңғолияға (1876—77 және 1879—80), Солтүстік Қытайға, Шығыс Тибет пен Орталық Моңғолияға (1884—86 және 1892—93) саяхатқа шықты. Александра этнография жайлы бірнеше маңызды еңбек жазды. Александра «Буряттар» (1891) атты еңбегі үшін 1887 ж. Орыс географиялық қоғамының алтын медалымен марапатталды. ## Дереккөздер
Постышев Павел Петрович (партиялық бүркеншік аты — Ермак) (6-шы немесе 18-ші қыркүйек 1887 жыл — 26-шы ақпан 1939 жыл) — кеңес партия қайраткері. 1904 жылдан Компартия мүшесі. Жұмысшы семьясында туған. 1901 жылдан революциялық қозғалысқа қатысты. 1905 жылы жұмысшы депутаттары Иваново-Вознесенск Кеңесінің мүшесі. 1906 жылы РСДЖП Иваново қалалық, 1907–1908 жылы окр. комитеттерінің бюро мүшесі. 1908 жылы тұтқынға алынып, 1910 жылы 4 жылға сотталды. 1912 жылы Иркутск губерниясына жер аударылды. 1914–1917 жылы РСДЖП Иркутск бюросының мүшесі, металлистер кәсіподағы қалалық комитетінің председателі, жұмысшы депутаттары Иркутск қалалық кеңесі төрағасының орынбасары, кәсіподақтардың орт. бюросының председателі, Иркутск әскери-революциялық комитетінің мүшесі, Қызыл гвардия отрядтарын ұйымдастырушы, рев. трибуналдың председателі, Орт. Сібірдің мүшесі. 1918 жылы Қиыр Шығыс Халкомсовының Хабаровскідегі Орт. Сібір өкілі. 1918–1920 жылы Азамат соғысы кезінде Қиыр Шығыста астыртын жұмыс жүргізді, Приамурьеде партизан отрядтарына басшылық етті. 1920 жылы РК(б)П ОК-нің Хабаровск ауд. бойынша өкілі, РК(б)П ОК Қиыр Шығыс бюросының мүшелігіне кандидат. 1921–1922 жылы Қиыр Шығыс республикасының үкіметінің Прибайкалье облысындағы өкілі; Қиыр Шығыс республикасы Шығыс майданы әскери советінің мүшесі; Қиыр Шығыс республикасының Верхне-удинскідегі обл. заң комиссары, Прибайкалье губерниясының аткомының председателі. 1924–1925 жылы Киев губкомының, кейін УК(б)П окр. комитетініц секретары. 1926–1930 жылы УК(б)П Харьков округтық және қалалық комитеттерінің секретары. 1925 жылы УК(б)П ОК мүшесі және Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат. 1926–1930 жылы УК(б)П Ұйымдастыру бюросының, Саяси Бюросының мүшесі, ОК хатшысы. 1930–1933 жылы БК(б)П ОК ұйымдастыру бюросының мүшесі және хатшысы. 1933–1937 жылы УК(б)П ОК секретары, оның Саяси Бюросының және Ұйымдастыру бюросының мүшесі; 1934 жылдан Киев облысының партия комитетінің секретары қызметін қоса атқарды. 1937–1938 жылы БК(б)П Куйбышев өлкелік комитетінің секретары. Партияның 11, 13–17-ші съездерінің делегаты. 14-ші съезде БК(б)П ОК мүшелігіне кандидат, 15–17-ші съездерде оның мүшесі болып сайланды. 1934–1938 жылы БК(б)П ОК Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат. КСРО ОАК төралқасының мүшесі. Ленин орденімен және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Потехин Иван Изосимович (18. 9(1.10). 1903, Кривошеино, Красноярск өлкесі, қазіргі Новоселовск ауд.,— 17. 9. 1964, Мәскеу) — Африканы зерттеуші кеңес ғалымы. Тарих ғылымдарының докторы (1955), профессор. 1932 ж. Ленинградтағы шығыс институтын бітірді. 1949—1959 ж. КСРО ҒА Этногрофиялық институты директорының орынбасары, 1959—64 ж. КСРО ҒА Африка институтының директоры. Негізгі еңбектері жаңа және қазіргі заман тарихына, Африканың экономикасы мен этнографиясына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Потье Эжен (4. 10. 1816, Париж, — 6. 11. 1887, сонда) — француз жыршы-ақыны, халықаралық пролетариат гимні «Интернационал» тексінің авторы. Қолөнерші семьясында туған. Алғашқы өлеңдерін 14 жасында, 1830 ж. Шілде революциясы тұсында жазды. 1831 ж. «Жас муза» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарияланды. П. 1848 ж. Шілде революциясы кезінде идеялық жағынан шыныққан революцияшыл-демократ ақын ретінде көзге түсті. Париж пролетариатының Маусым көтерілісіне қатысты, 1-Интернационалға мүше болып кірді. 1871 жылы Париж коммунасы кезінде депутат болып сайланды, әйгілі «Интернационалды» жазды (әнін бельгиялық жұмысшы композитор Пьер Дегейтер шығарған, 1888). Потьенің әр түрлі кезде жазылған шығармалары «Революциялық әндер» (1-т., 1884, 2-т., 1887) деген атпен жарияланды. ## Дереккөздер
Прериаль көтерілісі — термидор Конвентінің контрреволюциялық саясатына қарсы 1795 ж. 20—23 мамырда Парижде болған халық көтерілісі. Көтерілісшілер (қала кедейлері, жұмысшылар мен қолөнершілер) «Нан және 1793 жылғы конституция» деген талап қойып, көшеге шықты. 20 майда Конвент үйін басып алды. 4 адамнан үкімет комиссиясын құру, саяси тұтқындарды босату, Парижді нанмен қамтамасыз ету туралы декрет қабылданды. Көтеріліс 23 майда астанаға әкелінген әскер күшімен басылды. ## Дереккөздер
Прасолов Леонид Иванович (13. 4. 1875, Енисейск қ., қазіргі Краснояр өлкесі,— 13. 1. 1954, Мәскеу) — кеңестік топырақ зерттеуші ғалым әрі географ. КСРО ғылым академиясының академигі (1935; корр. мүшесі 1931). Леонид 1898 ж. Петербург университетін бітірді. 1898—1906 ж. Самар губ-нда топырақ тану бөлімшесін басқарды. 1908—14 ж. Орта Азия, Байкал сырты, Семей облысы және Енисей губ-нда топырақ зерттеуші экспедицияны, 1915—1918 ж. Дон топырақ зерттеу экспедициясын басқарды. 1918— 25 ж. КСРО ҒА жанындағы табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі комиссияның топырақ тану бөлімшесінің ғылыми қызметкері. 1926 жылдан КСРО ғылым академиясының Топырақ зерттеу институтында қызметкер (директор 1937—48). Леонид География, картография және топырақты классификациялау бағытында ғылыми жұмыстар жүргізді. Дүние жүзілік топырақ картасын жасағаны үшін оған В. В. Докулаев атындағы алтын медаль берілді (1947). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942). 3 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Тұйықсу қақпасы - Кіші Алматы шатқалының орта деңгейіндегі (2800 м) мәңгі мұздықтар жолын бөгеп жатқан аса ірі құз-шыңдар тізбегі. Шығысында Абай шыңының сілемі жатыр, қасында "Тауда қайтыс болғандар" мемориалды, "Тұйықсу" тау лагері, Қарабұлақ сарқырамасы мен "Тұйықсу қақпасы" қонақжайы бар.Мыңжылқы (3000 м) - Алматыдан 28 шақырым жердегі Кіші Алматы өзені бастауындағы мекен. Оны Тұйықсу мұздықтары қоршап тұр. Бұл жерден шыңдар мен Титов асуына апаратын жолдар басталады. Шатқалда 1936 жылдан бері ауа райы мен Кіші Алматы өзеніне күні бойы бақылау жасайтын Мыңжылқы гидрометерелогиялық станциясы жұмыс жасайды. Оңтүстігінде күшті су тасқынына қарсы бөгет бар. ## Дереккөздер
Қарақыр - Аңырақай тауының солтүстік-батысында орналасқан аласа жартасты жота. Бұл жартас беттерінде үш жарым мың жыл бойында салынған алты мыңға жуық ойып салынған суреттерді кездестіреміз. Суреттер сюжеттері әр қилы: қолдарына қару (балта, жебе, т.б.) ұстаған жауынгерлер, күн кейіпті құдірет, ұрыс және аң аулау көріністері. Ғибадатхананың солтүстік бөлігінде түркілердің діни орталығының болғандығын көрсетеді. Қарақыр ғибадатханасы суреттердің молдығымен және сюжеттердің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл көне жазбалар бабалардың кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырған зор кітабы іспеттес. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қарақыр шимайлы тастары
Үлкен Алматы шыңы (3684 м) — аса ірі пирамида тәрізді шың. Бұл шыңды Алматы қаласының кез-келген жерінен көруге болады. Шыңға Үлкен Алматы көлі, немесе Жосалыкезең асуы (3330 м) арқылы, Проходной шатқалымен Космостанция арқылы оңай көтерілуге болады. Бұл - ХІХ ғасырда Верный қаласының тұрғындары тұңғыш көтерілген шың. Бүгінгі күні де шың төбесі Алматыны, әсем табиғатты тамашалау орнына айналған. Жосалыкезең асуының оң қабатын ала орналасқан Турист шыңына (3954 м) тау шаңғысы трассасы арқылы көтерілуге болады. Ол үшін арнайы дайындық және 5-6 сағат уақыт керек болады. Трапеция тәрізді Б.Момышұлы атындағы қос басты (4047 м) шың Турист шыңының оңтүстігінде орналасқан. Оған көтерілу ерекше техникалық дайындықты қажет етпейді, шыңның оңтүстігіндегі көкорай шалғынды бойлай, Үлкен Алматы көлінің жоғарғы жағындағы шатқалмен көтерілуге болады. ## Дереккөздер
Хангелді Бөріұлы - 1804 жылы туып, 1885 жылы дүниеден өткен. Ақмола округіне қарасты Тама болысының басқарушысы болған. Тама тайпасының Жөгі атасынан, Сеңгірбек руынан. 1849 жылы Тама болысының басқарушысы болып сайланған. Хангелді туралы "Қазақ рулары: Этникалық зерттеулерде" кітабында, Пернебай Дүйсенбиннің "Үркердей болып көшкен жұрт" жинағында және Берік Шаханұлының шығармаларында жазылады. Ол жөнінде 1848 жылғы 28 қаңтардағы – Сібір қазақтары шекаралық басқармасының бастығы генерал-майор Н.Ф.Вишневскийге Ақмола ішкі округтық приказының (1847 жылға) хабарламасында "Хангелді Бөрин, 45 жаста. Сыпайы, мейірбан. Орта күйі, жағдайы бар. Тама болысынан, әліп руынан. Манақа, Сарысу өзендері мен Қараағаш мекенінде жайлайды, қыстауы – приказдан 400 шақырым жердегі Атасу өзені бойында" деп жазады. Ал, 05.03.1851 жылғы хабарламада: "Хангелді Бөрин, 46 жаста. Іші бауырыңа кіріп тұрады, сыпайы. Жағдайы - орташа. Әліп руынан. 16.12.1849 жылдан Тама болысын басқарады. Өзін қалыпты ұстайды. Жазда Манақа, Сарысу өзендері бойымен Қарағаш шегінде, қыста Атасу өзені бойында" деп көрсетеді. Оның ұрпақтары қойған белгітастағы 1823 жылы туған деген мәлімет жаңылыстықтан туған.Одан соңғы болыс Нұрша Қылышұлы 1852 жылғы 20 қазанда бекітілген. ## Дереккөздер
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік), салалық энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жариялаумен айналысады. ## Тарихы 1968 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 13 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес Қазақстан Ғылым Академиясы жанынан «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы болып құрылған. 130 адамнан тұратын ұжымның шығармашылық күші 11 ғылыми редакцияға топтастырылды. Қазақтың тұңғыш энциклопедиясының Бас редакциясы жанынан барлық ғылыми салалары бойынша 29 ғылыми-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 ғалым мен маман тартылды. Олардың ішінде Қазақстан Ғылым Академиясының 27 академигі мен корреспондент мүшесі, 84 ғылыми доктор, 189 ғылыми кандидат болды. Бас редакция қызметтік құрылымы мен ғылыми мекеме мәртебесін сақтай отырып, 1975 жылы Қазақ КСР-і Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттің жүйесіне қосылды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы болып өзгерді. 2001 жылы 2 қарашада жабық акциондық қоғам болып қайта құрылды. «Қазақ энциклопедиясы» ұжымы өзінің алғашқы күрделі жұмысы 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» 1972–1978 жылдары аралығында әзірлеп, баспадан шығарды. 1982 жылы осы тұңғыш энциклопедияның әліпбилік пән-есім көрсеткіші жеке кітап болып шықты. Бұған жалғаса «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы» анықтамалығы (қазақ, орыс тілдерінде 1980 – 1981) жарық көріп, барлығы 15 томдық топтама шығару ісі жемісті аяқталды. Бас редакция ұжымының ең сүбелі еңбектерінің бірі – әрқайсысы төрт томнан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазақ КСР» атты қысқаша энциклопедиясы (1986–1989). Бұл анықтамалыққа, негізінен, қазақ елінің тарихына, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, экономикасы мен табиғатына, қазба байлықтары мен жер-су, қоныстарына байланысты мәліметтер енгізілді. Елдегі саяси-әміршілдік жағдайларға орай бұрын аталмай келген халқымыздың асыл азаматтары туралы әділ бағасын берген мақалалар жарияланды. Еліміз егемендік алып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты бірнеше тілашар мен сөздік шығарылды. Жас оқырмандарға арналған «Ол кім, бұл не?» (үш томдық, 1985–1987), «Негеш» (1995), «Әлемде талай қызық бар» (екі тілде, 1986–1990) кітаптары жарық көрді. ## Ұлы тұлғаларға арналған энциклопедиялар * Ш.Уәлиханов шығармаларының академиялық бес томдығын (орыс тілінде, 1984–85), * М.Әуезовтің таңдамалы шығармалар жинағын (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1997), * "Құрманғазы" (1998), * «Қорқыт» (1999), * «Ә.Бөкейханов Таңдамалы» (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта басып, * 20 ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын жеке кітап етіп шығарды (1998, 1995). * Абай Құнанбайұлының бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай энциклопедиясын» (1995) әзірлеп, баспадан шығарды. * «Хирургтің анықтамалығы» (академик М.Әлиев, 1997), * «Қазақстанда инженерлік істің дамуы» (екеуі де орыс тілінде, 2001 жылы жарық көрді) атты көлемді анықтамалықтар да мамандар мен оқырмандардың қажетін өтеген маңызды басылымдар болды. 2012 жылдың 1 ақпан күні Алматы қаласында "Қаныш Сәтбаев" энциклопедиясының тұсау кесері өтті. Аталған энциклопедия соңғы уақыттары қазақ халқының ұлы перзенттеріне арналып жарық көрген энциклопедиялардың үшіншісі болды. Бұған дейін "Абай" және "Мұхтар Әуезов" атты энциклопедиялар дайындалған болатын.2017 жылы Ахмет Байтұрсынұлы туралы энциклопедия (төбедегі суретте) жарық көрді (жалпы таралымы 2000+200 дана, ішінде дискімен). ## Облыстар мен қалалар тарихына арналған энциклопедиялар * «Алматы энциклопедиясы» (1983, 1996), * «Қарағанды энциклопедиясы» (1990), * «Ақмола энциклопедиясы» (1995), * «Тараз энциклопедиясы» (2003), * «Сыр елі энциклопедиясы» (2005), * «Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы» (2005), * «Солтүстік Қазақстан облысы» (2006), * «Маңғыстау энциклопедиясы» (2008), * «Ақмола облысы энциклопедиясы» (2009) * Халықаралық Түркістан энциклопедиясы (2001) шығарды. ## Басқа энциклопедиялар * 2-дүниежүзілік соғыстағы кеңес халықтары жеңісінің 50 жылдығына орай «Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап» деген айдармен әр облыс бойынша 2–7 томнан тұратын «Боздақтар» көп томдығы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. * Тақырыптық энциклопедиялардың алғашқы легі шағарылды: «Қазақстан табиғаты», 1–2-томы, 2008–2009;«Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009–2010. * «Қазақстан табиғаты», 1–2-томы, 2008–2009; * «Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009–2010. ## Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақ энциклопедиясының редакциясы 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын жарыққа шығарды. ## Қазақ энциклопедиясының басшылары * Академик Мұхамеджан Қаратаев (1968–1979), * Академик Манаш Қозыбаев (1980–1986), * Академик Рымғали Нұрғали (1986–1997), * Академик Әбдімәлік Нысанбаев (1997–2003); * Профессор Бүркітбай Аяған (2003–2009) * Профессор Бауыржан Жақып (2009 - осы уақытқа дейін) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясының ресми веб сайты Мұрағатталған 20 маусымның 2011 жылы.
Төбет немесе Ортаазиялық овчарка (Алабай) — Орталық Азиядан таралған ежелгі ит тұқымы. Тарихта Ортаазиялық овчарка Орталық Азия жерінен Алабай деген атпен шыққан. Қарауыл және қорғаушы қызметі үшін пайдалынылады. Ортаазиялық овчарка (Алабай)-халықтық сұрыпталу бойынша бұл ит 4 мың жыл бұрын үлкен территорияда пайда болған. Ортаазиялық овчаркалар Каспий теңізінен бастап, Қытай жеріне және Ауғанстан жеріне дейін таралған. ## Стандарт 1990 жылдың шілдеде бұл иттер "Түрік бөрібасары" деп түрік иті болып саналды.1993 жылдың 17 мамырда бұл иттің нәсілін FCL "Ортаазиялық овчаркасы" деп қабылдады. thumb|Алабай ## Нәсілдің ерекшеліктері Бұл нәсілдің ең басты ерекшелігі: Ортаазиялық овчаркалар тек қана шын қауіп төнген кезде ғана өз иелерін қорғау үшін төбелеске шығады. Және өз территориясын қорғауғада үлкен рөл атқарады. Төбет. Үлкен арлан итті осылай атаймыз. «Таяуда Полкан деген төбет ит әкелдім» (Ж. Молдағалиев, Самал.). Түркі тілін зерттеуші ғалымдардың бірі — А. Шербак хайуанаттар жөнінде жазған мақаласында «төбет» сөзінің шыққан төркінін түркі тілдерінің негізінде анықтау қиын екендігін көрсеткен болатын. Бірақ біз сөздің негізі көптеген түркі тілдеріне ортақ «ит» атауынан шыққандығын былайша дәлелдемекпіз. Әдетте, жануарларды еркек, ұрғашы деп бөлгенде, алғашқысы соңғыға қарағанда ірілеу болуы — жаратылыс заңы. Ірілік, үлкендік мағынасын беретін моңғол тілдерінде «тойв», «томо» сияқты сөздер бар екендігін жоғарыда атап өттік. Біздің топшылауымызша, сол сөздердің бірі, айталық—«тойв» тіліміздегі «ит» сөзімен тіркесу нәтижесінде қалыптаса келіп, «төбет» тұлғасы пайда болуы ықтимал. Тіркестен кейін біріге бастаған сөз түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестігі заңдылықтарына бағына отырып, «в» дыбысы «б», «й» дыбысы «е» дыбысына өзгерген. Демек, "тойв + ит > товит > төбет" схемасы арқылы қалыптасу жолын көруге болады. «Тебен» (ұзын әрі жуан ине) сөзінін, де төркінін дәл осылай іздестіруге болады. Мұнда да тіліміздегі «ине» сөзінің алдына «тойв» қосарлана келіп, ақыры бірігу салдарынан (тойв + ине > товине > товен > тебен) «тебен» атауы туған. Осы тұрғыдан қарағанда, «тебет» мағынасы — ірі ит, үлкен ит, «тебен» ұғымы — үлкен ине дегенмен барабар. ТӨБЕТ Әлемнің барлық аңыздарында бағзы замандардан Адамзат серігі ретінде танылып, тарих таразысын бірге тербеген тіршілік иелері - таңғажайып жануарлар туралы мәліметтер көп сақталған. Біз әрқашан қиял қанатына мініп, арман әлемін іздегенде қасымыздан табылып, көмек көрсететін ғажайып тіршілік иелерін: самұрық, айдаһар, жылан мен барыс, Жерді үстіне қондырған алып тасбақа мен мемлекеттерді сақтап қалған бөрілерді еске аламыз… Біз оларды тарих сырларын жинаған фреска өрнектерінен, жаңа табылған тарихи қазбалар арасындағы шиыршықтардан іздейміз, лохнес құбылысын анықтауға арнайы экспедициялар ұйымдастырамыз, өзімізге қажетті сұлбаларды көру мақсатында кейде пирамида жұмбақтарына үңілсек, кейде тіптен жұлдызды ғарыш кеңістігіне көз тігеміз… ХХI ғасырдың Қазақстанда өткізіліп жатқан көрмелерінің бірінде Марко Поло еңбектерін зерттеп жүрген француз ғалым-этнографы қарапайым қарғы бау тағылған алып та маңғаз итті ұстап тұрған ақсақалдың алдына барып қаққан қазықтай қатады да қалады. Итті бастан-аяқ қараған күйі жануардың алдына жүгіне отыра кете, өзіне таңдана қараған жүздеген адамның көзінше аузынан жалын шашқан айдаһарды көрген адамға тән сезіммен сөйлей бастады.-Бұл… бұл – нағыз Төбет емес пе? – ғалымның даусы дірілдей шықты, - Нақ өзі ме? Көшпенділер өркениетінің сақшысы болған айтулы ит пе?! Бұл сөздер маңындағыларға өткен дәуірден ескен желдің лебіндей әсер етті. Жастар асқан қызығушылықпен ірі денелі итті қоршап алып, қарай бастады. Иттің иесі француздың шаттанған себебін аса түсіне қоймаған күйі, өзі де иті де байсалды да байыпты күйде қала берді. Ақсақалдың көрмеге келу мақсаты да айқын. Ол сұрыптау тәжірибесі бойынша алынып, базар бағамын төмендеткен төбет иттерден нағыз Төбеттің ерекшелігі мен артықшылығын танытпақшы. Мүмкін, қарт өзінің адамдар назарына аңыздағы кентаврларға барабар тіршілік иесін ұсынып тұрғанынан бейхабар болар, бірақ ол өз Төбетінің қасқыр алар қасиеттілігі мен ықылым замандардан белгілі санаулы табиғат таңғажайыптарының бірі екеніне кәміл сенімді.Төбет иттердің шығу тегі жайындағы мәлімет көздері б.э.б. 1121 жылдардан басталады. Қазақы төбет ит қаңқалары Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі мұздақ дәуірі алдындағы климаттық зоналы өлкелерден табылған.Көшпенділер өмірі дәстүрлі түрде жылқы малымен тығыз байланысты. Марко Поло ХІІІ ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер - тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік». Шағатай ұлысынан саяхатшы қасқыр алатын бұл иттерді хан сарайынан кезіктірген. Оларды өсірумен ханның екі бауыры айналысқан. Ит саны 10 мың бас көлемінде болған. Қасқыр алар иттердің хан сарайында осынша мән беріліп, арнайы өсірілуі еріккеннің ермегі емес, жыртқыштармен жағаластырған көшпенді өмір талабы еді.Бүгінгі күнде Қазақстанда таза қанды Төбеттер аз қалды. Егер де Алматы облысындағы тасқа қашалған ит суреттеріне негізделген деректерге сүйенсек, онда бұл иттердің осы өлкеде өмір сүріп жатқан кезеңін 4 мың жылдан астам деп қарап, қазіргі Төбеттің – бүкіл қазақ халқы бастан кешкен дәуірлердің куәгері болған асыл тұқымның шынайы ұрпағы екенін батыл айтуға болады. Олай болса, француздың «желдей жүйткіген жүйріктер дәуіріндегі көшпенділер өркениетін сақтап қалған ит туралы» тағданысына төмендегідей дәлел айтуға болады: Төбет – көшпенді өмір тарихының құнды жәдігері, отырықшы мәдениет тұсында жоғалып кету қаупі төнген алып кейіпкер, яғни, өзін сомдаған уақытқа қалтқысыз қызмет еткен шынайы перзент. Енді бұл иттердің көшпенділер өмірінен салынған бір де бір суреттен бой көрсетпеуі жөнінде сұрақ туары сөзсіз. «Бөрінің тәңірісі болса, иттің иесі бар» деп бағалаған халық, Төбет – жеті қазынаның бірі, дала көшпенділерінің құндылығы ретінде тіл-көзден сақтауға тырысқан. Ал құпия тек аманат ретінде ғана беріледі емес пе? Төбет – адам қабағын баққан жай серік, немесе айбат берер көрік, ұлтқа тән ортаның көрсеткіші емес, сайын даланың ғасырлар көшімен жалғасқан тұтас өркениетін қорғау міндетін мойнына жүктеген метафизикалық күш, кие. Кие мен қасиет деген ұғымды жарқыратып көрсете бермей, жасырын ұстап, ерекше қастерлейтін көшпенділер бұл дәстүрге әркез берік. Иә, ол адам жанындағы суреттерде жоқ… Бірақ түйсік көзімен қарасаңыз асыл текті Төбеттің көшпенділер орналасқан тұстан, тау қыраттары, жапандағы жазықтар мен шөлейтті шаңдақтар арасынан бірқалыпты маңғаз күйінде өз міндетін атқарған күйінде сенімді серік болып жүргенін көресіз. Ірі денелі арлан төбеттің маңайдағының бәрі алақандағыдай айқын көрінер төбе басынан көсемге тән қырағылықпен көз тігіп, тастан қашаған мүсіндей қата қалған суретін көз алдыңызға елестетіңіз."Төбе иті" – қиырды шалған қырағы күзетші. «Төбет» атауының шығуы да осыған байланысты болар, сірә? Төрт түлік - көшпенділердің басты байлығы. Бұл байлыққа көз тіккен басты жау – дала тағылары, қасқырлар. Қасқырды жалаң қолмен алған ерлер болса да, кейде көшпенділердің жауынгерлік қабілеттері, орын ауыстырып отыруы мен кірпік қақпай күзететін сергектігі табиғат жыртқыштарының шабуылынан қорғап қала алмайтын тұстар да кездесетін. Айтпай келетін апат – қасқырларға қайыспай, қаймықпай қарсы тұратын тосқауыл тек табиғатынан осы қасиетке ие Төбеттер ғана еді. Ертеде қазақ малшылары Төбеттерді тамақтандыратын ағаш ит аяқтарды жасатқанда ішкі өңіріне қасқыр терісін қаптатады екен. Бұл Төбет иттің тағам иісі мен қасқырдың иісін де қатар алып, өз қасиетін ұштай түсуіне баулиды. Бүгінгі күнде қазақстандық малшылардың миллиондаған шығынға ұшырауының басты себептерінің бірі – малдың ит–құсқа жем болуы. Жергілікті орындарда қасқырды ату бағасын 10–нан 40 долларға дейін бағалайды. Мамандар мұнан да көрі тиімді әдіс, мықты қорғаныш Төбет ит ұстау қажеттігін көлденең тартуда..Көшпенді дәуір кезіндегі көштің көркі – байыптылық пен қырағылық таныта білген Төбеттер. Көш тоқтаған мезетте қырат басынан табылатын алапат күш иесі салқын қандылықпен өз міндетін атқаратын. Көшпенділер дәстүрі тоқтап, ұмытыла бастағанда табиғаттың бірегей туындысы Төбет те тарих тереңіне, уақыт тұманына кіріп адасқандай күй кешті. Адамдардың қат–қабат тағдырымен Төбеттің аңызға бергісіз тарихының осындай байланысы бар еді. «Асылдың қын түбінде жатпайтыны» сияқты Төбет иттер даңқы да тынымсыз адамзатқа тынышсыздық сыйлауда. Біреулері алыптың аңызын бүгінгі күннің шындығына айналдырғысы келсе, енді бірі күнкөріс қажеттілігінің сұраныс көзіне айналдырып пайда табуды көздеуде. Ең өкініштісі, қасқыр иісімен малданбаған, өзге қанмен қосылған, кейде айдаладан ұстаған құр ірі денелі итті «нағыз Төбет» деп көрсетіп, бәсекелесінің иті «түкке тұрмайтын үстірт түсінікпен таңдалған, шынайы қасиеттері жоқ екендігін» айтып айыптай отырып, өзінің осы қателіктерді қайталап отырғанын мойындамастан, жарнамасын жүргізіп, тұқым көбейтіп–сату ісін жалғастыруда. Бұл – таза қанды тұқымның жоғалуына ғана емес, қанмен берілер қасиеттердің түп–тамырына балта шабу. Сосын сатып алушылар тарапынан қасқыр иісін сезгеннен ауланың түкпіріне тығылатын ит пен ақталмаған баға мен уәде туралы таусылмас дау басталады... Әбден дұрыс. Таза қанды Төбет қасқырдан тайынбайды. Екі жасар Төбеттің төрт қасқырмен бір мезетте алысқан айқасы туралы да мәліметтер бар. Мұндай күш пен қуаттың кез–келген жануарға беріле бермейтіні анық. Қасқыр алатын итті өсірушілер пір тұтатын қазақ даласының айбыны – төбеттер туралы аңыздар осылай қалыптасқан еді. Өткен ғасыр соңында топтастыра жүйелеу барысында мамандар Төбеттерді «ортаазиялық овчаркалар» тобына енгізді. Бұл тұқым (ОАО), сонымен бірге түркімен алабайлары – түптеп келгенде қоспа қанды төбеттер. Нағыз қазақы Төбет үшін Батыс мамандары он мыңдаған еуро беруге дайын. Бірақ «нағыздың нағызы» табиғатта саусақпен санарлық деңгейде бой көрсетеді. Бір отар қойды бағуға бір Төбет жеткілікті. Оның «алп» еткен үнін естіген соң жанкешті болмаса қасқырлар бата қоймайды. Олар өзін жеңер күштің мысын сөзіне қояр қабілетке ие. Үйірлі қасқырдың өзі бір Төбетпен шайқасқанда қаншалықты шығынға ұшырарын тағыға туа біткен түйсікпен сезінеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://tobet.kz * Ортаазиялық овчарка (алабай): фото
Ледебур айдаршөбі (Көкнәрлер тұқымдасы) - Қазақстандық 19 түрдің ішіндегі едәуір тауға тән түр. Сазды және тасты аласа және орташалау беткейлерде, бүкіл Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауы және Тарбағатайда кездеседі. Ерте гүлдейтін көп жылдық. Дөңгелек қабысқан түйнегімен және онша биік емес жер үсті сабағымен (15 см дейін). Жапырағы бар болғаны екеу, олар қарама-қарсы орналасқан, отырыңқы дөңгеленген сегменттерге екі немесе үш қайтара тілімденген. Гүлшоғыры ұзын, жіңішке шашақ гүлдері қысқа гүл табандарына, дөңгеленген ромб тәрізді, гүлсағақтарымен тостағанша жапырақшасы екеу, желектері төртеу, аталықтары екеу, аналықтары екеу. Тостағанша жапырақшасы күлгін немесе қызғылт күлгін, ұзындығы 2,5 см-ге дейін. Жоғарғысы өрге түрілген жуан шақшалды. Сәуір мамырда гүлдейді, жемістері дөңгеленген екі жағынан қақырайтын қорапша, мамыр-маусымда піседі. Тұқымы қара, ұсақ жылтырақ, құмырсқалар таратады. Түйнегі алкалоидтар бөледі, олардың бірі сангвинарин бактерияларды жоятын зат. Жазылмайтын жараны емдеуге тиімді. Орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауруға қарсы пайдаланады. Тамаша декоративтік өсімдік, мәдени түрде жақсы өседі( алғаш рет Санкт-Петербургте байқаудан өткізілген 1880 жылы). ## Дереккөздер
Сүйсін шиқылдақ (лат. Juno orchioides) – құртқашаштар тұқымдасы шиқылдақ туысына жататын, туыс өкілі құртқашаш туысына жақын. Олардан айырмашылығы жер асты бөлігі пиязшық тәрізді. Жапырағы ораққа ұқсас. Туыс атауы әйелдердің табынушысы, ежелгі Рим құдайының құрметіне берілген. Қазақстандық тоғыз түрдің көпшілігі Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Ұсақ топырақты және ірі қиыршық тасты беткейлерде Батыс Тянь-Шаньның барлық жоталарының тау етегінен субальпі белдеуінің төменгі шекарасы аралықта өседі (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында). Пиязшығы (жуандығы 2 см-ге дейін) кіндік тамырлы, сабағының биіктігі орташа 30 см-ге дейін, тарбиған, ашық жасыл түсті, ортақ пішінді, жапырақтарымен. Гүлсерігінің саны әдетте 3-5, сирек олар көптеу немесе бір ғана, бозғылт сары, ірі (диаметрі 5-7 см), гүлсерігінің сыртқы жапырақшаларының ортаңғы бөлігі қанат тірңздң керілген, үш жағында ашық сары дақтары бар. Іші жапырақтары ұсақ, ұзындығы 1,5 см аспайды. Тақтасы үшкір, үш қалақты. Сәуірдің ортасында гүлдейді, маусымның аяғына дейін, маусым-шілдеде жеміс салады. Тұқымымен де вегетативті жолмен де көбеюі тиімді. Тамаша сәндік өсімдік. Мәдени түрде де, табиғатта да бірқалыпты. Батыс Еуропаның гүл өсіретін фирмаларының каталогтарында жүз жылдан астам уақыттан бері орын алып келеді.Батыс Тянь-Шань жергілікті түрі болып табылады. Қазақстанда тек ботаникалық бақтарда ғана өсіріледі. Тұқымы бір жылдан соң көктейді, тіршілігінің 3-4 жылдарында гүлдейді. Табиғаттағы саны аз, түр гүлшоқтары жинаудан зардап шегеді. Қазақстаннның Қызыл кітабының екінші басылымына енгізілген. ## Дереккөздер
Альберт сарғалдағы (Сарғалдақтар тұқымдасы) - Қазақстандық 55 түрдің ішіндегі Солтүстік Тянь-Шань және Жоңғар Алатауының (Алматы, Жамбыл облысының шығысы) биік тауларына тән түр. Альпі және субальпі шалғындықтарында көптеп кездеседі, тасты беткейлерде, сирек субальпі белдеуінің төменгі шекарасынан өсімдіктер таралуының жоғарғы шегіне дейінгі аралықта кездеседі. Онша биік емес (20 см) көпжылдық, қысқа тамыр сабақты және ұзын бау сияқты тамырлар шоғымен. Сабақтары жалаңаш, әдетте бірнеше, бас жағында жалғыз гүлі бар, немесе екі қысқа бүйір бұтақтарымен. Сабақ түбіндегі жапырақтары ұзын сағақты, жуандау, жылтырақ. Дөңгеленген тақталы, жиегі біркелкі қалың жұмыр тісшеленген. Сабақтағы жапырақтар отырыңқы, сопақша бүтін жеті бөлікке терең тілімденген. Гүлдері ашық-сары, ірі (2,5 см диаметрлі). Гүлсерігі қос қабатты екі шеңберге орналасқан. Тостағанша жапырақшаларының түсі қоңырлау, түкті, иілген. Желектері тостағанша жапырақшаларынан ұзындау, кең бас жағында болымсыз ойығы бар.Аталықтары және аналықтары көп. Маусым-шілдеде гүлдейді, шілде-тамызда жеміс береді. Жемстерінің саны көп, бір тұқымды, қысқа болымсыз иілген тұмсығымен, тығыздалып бас жағына жиналған. Жер үсті бөлігі алкалоидтар бөледі, сондықтан жайылымда бұл өсімдікті малдар жемейді. ## Дереккөздер
Ірігүлді көкгүл (лат. Gentiana grandiflora) – көкгүлдер тұқымдасына жататын көкгүл түрі. Бұл түр осы қатардың Қазақстанда кездесетін 32 өкілінен ғана емес, өзге де Қазақстанның барлық гүлдесін өсімдіктерінен ерекшеленеді. Оның ерекшелігі - гүлдерінің көлемі, сабақтарынан биіктігі. Бұл шөптесін көпжылдық ірі қиыршық тасты беткейлерде және Алтайдың, Тарбағатайдың және Жоңғар Алатауының ортаңғы және жоғарғы белдеулеріндегі көгалдарында өседі. Өрмелегіш, бұтақтанған тамырсабағы әдетте өте қысқа (ұзындығы 0,5-4 см). Қандауырша тәрізді үшкірленген жапырақ көп бөлігінде топтанған, ал сабақтың төменгі бөлігіндегілері қалың сабақ түбіндегі розеткіге ұқсас. Гүлдері жалғыздан, түтікті тісті тостағаншасы және ірі (биіктігі 6 см-ге дейін) қоңыраулы құйғыш тәрізді күлтелерімен. Оның пішіні - бас жағында бес дөңгеленген тісшелері бар және олардың арасында иректелген қаттамасы бар стақанға ұқсайды. Сондықтан балалар көкгүлдің гүлдерін «стақан» деп атайды. Аталығы бесеу, олар күлте түтігінің ішіне бекітілген, жоғарыдан қарағанда байқалмайды. Гүлдеу мерзімі мамыр-маусым, шілде-тамызда жеміс салады. Жемістері құрғақ, жұмыртқа тәрізді қорапшалар, екі ұшы да тарылған. Тұқым саны көп. Өте ұсақ. Бәрінен бұрын су тоспаларымен таралады. Бұл түрдің гүлдері жапырақ сабақтарымен тибет халқы медицинасында өте әйгілі, олар күрделі қоспалардың құрамында сергіту заты ретінде, сондай-ақ буын ауруларын және жұқпалы ауруларды емдеуге қолданады. ## Дереккөздер
Сүлейменов Тоқтарбай (22.2.1960 ж. туған, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кенті) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (2005), профессор. ## Зерттеулер Ғылыми еңбектері қорытпалардағы жақын қатарлардың кластерлік құрылымын физика-химиялық және кванттық тұрғыдан зерттеуге арналған. 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монографиясы мен 2 өнертабысы бар. “Қатты, сұйық және газ күйдегі денелер үшін ретсіз бөлшектердің бірыңғай теориясын әзірлеу, оны мыс пен мыс созбасын алу технологиясын жетілдіруге, өндіріс өнімдерінің көлемін ұлғайту және сапасын арттыруға қолдану” жұмысы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2005). ## Шығармалар * Malyshev V.P., Suleymenov T., Beznosyuk S.A., Quantum-Chemіcal Calculatіon of the Electronіc Stabіlіty of Cores іn Alkalі Halіdes // Қnorganіc Materіals, 1996, V.32, ғ7, P. 781 – 783; * Бектурганов Н.С., Сулейменов Т., Экспериментальное и теоретические методы исследования неупорядоченных систем, Караганда, 2003; * Сулейменов Т., Малышев В.П., Бектурганов Н.С., Интерпретация политерм сжимаемости расплавов с точки зрения теории перколяции. ## Дереккөздер
Сарыбаев Болат Шамғалиұлы (14.8.1927, Ташкент — 7.10.1984, Алматы) — музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты (1971). Байұлы тайпасының Байбақты руының Бұғанай бөлімінен шыққан. 1950 жылы қазіргі Алматы мемл. консерваториясын (Ж.Қаламбаев пен Л.Я. Эдельманның класы бойынша) бітірген. Сол жылдан осы консерваторияның ұлт-аспаптар кафедрасында қызмет етті. 1964 жылдан қазақтың көне музыкалық аспаптарын (сыбызғы, сазсырнай, жетіген, үскірік, шертер, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, т.б.) зерттеумен шұғылданып, қазақ және орыс тілінде “Қазақтың музыкалық аспаптары” (1981, 1978) атты кітабын жарыққа шығарып, осы тақырыпқа кандидаттық диссертациясын қорғады (1971). Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсенбаевпен бірге көптеген ұмыт қалған муз. аспаптардың түрлерін жасап, жетілдірді. Сарыбаев екі жүз елуден астам музыка аспаптарын жинап, оларды өзінің үйінде мұражай ретінде сақтады. Ол 1968 жылы ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырған.Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев "Қазақтың халық аспаптары" монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен "Қазақтың музыкалық аспаптары" әдемі альбомы жарық көрді. 2016 жылдың 5-ші қарашасында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжіндегі қазақ халық музыкалық аспап жасау шеберханасына Болат Шамғалиұлы Сарыбаев пен Оразғазы Бейсенбекұлының аты берілді. ## Сілтемелер * Жаппас Қасымбекұлы Қаламбаев * Сарыбаев Шамғали Харесұлы * Сарыбаев Шора Шамғалиұлы ## Дереккөздер
Николай Александрович Серно-Соловьевич (25.12.1834, Петербург)-(26.2.1886, Иркутск) - революционер, публицист. Александров лицейін бітірді. Мемлекеттік кеңсе қызметінде болып, 1859 жылы отставкаға шықты. 1860 жылы шетелде жүріп А..И.Герценмен Н.П.Чернишевскийдің жақын серіктестерінің бірі боглды. 1860 жылдан Современникте қызмет етті. Жер және Ерік қоғамын құрушылардың бірі болып, оның программасын жасасты. 1855 жылы Сібірге өмірлік жер аударылды. Онда поляк революционерлерімен байланыс жасап, 1866 жылы Сібірде Кругобайкальск көтерілісін ұйымдастыруға белсене қатысты. ## Дереккөздер
Иоганн Георг Гмелин (12.08.1709, Тюбинген - 20.05.1755) - Сібірді аралаған саяхатшы. Германиядан Ресейге 1727 жыл келді. Сол жылдан Петербург академигі. 1747-1749 жылдары Ғылыми академияның баспасы Гмелиннің Сібір флорасы атты 4 томдық еңбегін жарыққа шығарды. Гмелин 1747 жылы Германияға барып, онда Сібірге саяхат атты күнделігін басқызды. Ол Ресейге сол кеткеннен оралмады. Кейіннен оның бұл еңбегі еуропалық елдердің бірнеше тілдеріне аударылды. ## Дереккөздер
Сейітқали Ыдырысұлы Қарамендин (10 қаңтар 1913, Абай облысы, Абай ауданы, Әйтей ауылы - 10 маусым 1997, Алматы) — ауыз әдебиетін зерттеуші, Абай мұрасын насихаттаушы. 1928 жылы Семей мал дәрігерлік техникумында оқыған. Жас кезінен ауыз әдебиеті мұраларын, Абай шығармаларын, ол туралы аңыздар мен әңгімелерді жинаған. Көкбай Жанатайұлы туралы ел аузында жүрген шығармаларды алғаш жүйелеп топтастырушы. Қарамендин Көкбай ақынның "Сабалақ", "Төрт төре", "Наурызбай - Фатима" дастандарын "Абылай" деген атпен жеке кітап етіп шығарған (1993). Қарамендин жинаған шешендік сөздер мен халық ақындарының өлендері, билер айтыстары, т.б. ауыз әдебиеті үлгілері Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және текстология бөлімінде сақтаулы. Абай төңірегіндегі Алтыбай, Байқұлақ шешендердің, Көбей, Қараменде, Алшынбай билердің, Шөже, Көкбай, Әріп, Ағашаяқ, Қаумен, Байкөкше, Өмірбай т. б. ақындар туралы материалдар жинап, Абайдың бірқатар сөздерін, ауызекі шығарған өлеңдерін «Сөз тапқанға қолқа жоқ» жинағына енгізді. Абай өлеңдері хақында («Қазақ батырлары», 1992, 5-саны»), Абай өлеңдерінің текстологиясы туралы («Аласыз қара көзі нұр жайнайды», «Білім және еңбек», 1988, 7-саны) өз тұжырымдарын ұсынды, Абайдың өмірі мен қоғамдық қызметіне, өлеңдеріне байланысты 40-тан астам мақала жазып, деректер берген. ## Дереккөздер
Баймырза ауылдық округі — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Баймырза, Шошқалы ауылдары кіреді. Орталығы – Баймырза ауылы. ## Дереккөздер
Қазан шегелеу. Өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып, "осы үйдің қазанын шегелей келдік" дейді. Үй иесі әзілмен "жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік деп қонақжайлылық танытып, оларға қазан көтереді. Демек, Қазан шегелеу - қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді. "Қазан шегелеу" қыс ортасы ауып, күн ұзарған мезгілде басталады. ## Дереккөздер
Шөп сындыру. Бұл әдетте жақсылық жағдайда, игілікті іске байланысты жасалатын ырым. Мысалы, сараңдар жомарттық жасаса, қорқақтар батылдық жасаса немесе жұрт өзінен күтпеген жерден біреулер жақсы істер жасаса естіген адам "мынау бір шөп басын сындыратын іс екен" деп жерден шөп алып сындырады. Бұл көз, тіл тимесін деген ұғымнан шыққан. Бірақ бұл әдетті "шөп басын сындырмайды" деген фразеологиялық тіркеспен шатастыруға мүлде болмайды. Бұл сөз жұмыс істемейді, бос жүреді дегенді білдіреді. ## Дереккөздер
Қарашат – Үлкен Қараой алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 51 км. ## Бастауы Заозёрный кентінің солтүстігінде 15 км жерден алып, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылының тұсында Шат өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы ағысында аңғары айқын қалыптаспаған, орта және төменгі ағысының ені кең. Беткейлері жазық, кей жерлерінде тік жарлар кездеседі. Жайылмасының ені 50-100 м. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Жазда арнасы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Баймырза ауылдық округі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы әкімшілік бірлік. 2004 жылға дейін Покорный ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Астаховка, Баймырза ауылдары кіреді. Орталығы – Баймырза ауылы. ## Дереккөздер
Корольков құртқашашы (лат. Iris korolkowii) – құртқашаштар тұқымдасының құртқашаш туысына жататын өсімдік, Құрғақ ірі қиыршық тасты жердерде, тек Батыс Тянь-Шаньның орта тау беткейлерінде өседі, алдыңғы түрден екі гүлді гүлсидамымен, гүлдерінің түсінің ашық қоңырлығымен ерекшеленеді. Жапырақтары торлы жүйелі, ортасы күңгірт. Мамыр-маусымда гүлдейді, маусым-шілдеде піседі. Тұқымын құмырсқалар таратады. әсемдік өсімдігі, Қазақстанның ботаника бақтарында өсіріледі. Жазы құрғақ және ыстық болатны аудандарды көгалдандыруға ұсынылған. ## Дереккөздер
Қара Үбі өзені – жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 691 км2. ## Бастауы Қараүбі Көксу жотасының солтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Үбі өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы арнасы тар шатқалды, етегі қорымтасты. Арнасы тік, биіктігі 10-100 м-ге жетеді. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Потапов қонысы тұсында 9,05 м³/с. Өзеннен ағаш ағызылады, мал суарылады. ## Дереккөздер
Күлтегін - (685-731) көне түркі мемлекетінің билеушісі. Есімі - Құл. Әкесі ел төресі - Құтлұғ қаған. Жеті жасында жетім қалған. Он жасында сарбаздар қатарына қосылады. Он алты жасында қол бастап, ерлігімен, ақылдылығымен көзге түскен. Әйгілі Орхон жазба ескерткіштерінде сақталған сахи сөздері ерлік пен елдік даналығының әлемдік үздік үлгілері қатарына жатады. * Елін сүйген ер бақытты. * Айбарлы қағанның атағының өзі жау қашырады. * Халқына - бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды. * Інің - ағаңдай болмас, ағаң - атаңдай болмас. * Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді. * Түркінің қасиетті жер-суының қарғысына қалма! * Жаратқан жар болса,жеңістің жолы ашылады. * Зердесіз қаған ел билесе - сол жаман, әлсіз қаған ел билесе - сол жаман. * Жауыңды жеңу - бір басқа, жауықпас ету бір басқа. * Елін сүйген ер бақытты. * Шағыстырған да - бір, шабыстырған да - бір. * Кетіскеннен кектескен жаман. * Қағанын сатқан халықты жаратқан да жаратпайды. * Халқын жұтатпаған қаған бақытты. * Күшке күш қосылса - құп, елге ел қосылса - құт. * Ағасын танымаған - іні азар, атасын танымаған ұл азар. * Тағдыр - тәңірі ісі. * Тату елге - тыныштық пен тоқшылық нәсіп. * Бек ұлдарың құл болмағай, пәк қыздарың күң болмағай. * Жер-су иесіз болмауы керек. * Кедейді - бай, азды - көп қылмақ парыз. * Көтерген де - тәңірі, ел берген де - тәңірі. * Қағаны кекшіл елдің халқы бүлікшіл келеді. * Отша жайпап, бөріше бұру. * Іші - ассыз, сырты - тонсыз. * Ел ұстап,заң шығарған. * Тізесі барлар - бүгілер, басы барлар - жүгінер. * Ері жоқ елдің күні қараң. * Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан жерде, бегі менен қарашасы дауласқан жерде ел елдігінен айырылады. * Қағанынан айырылған ел - ғаріп, иесінен айырылған жер - ғаріп. * Бөрідей батыл елдің дұшпаны қойдай қырылар. * Қаруы бар - қалың қолды қақыратар, найзасы бар - қызыл қаныңды шашыратар. * Көктен тәңірі баспаса, жер айырылып жатпаса - кім қорлар қалың түркі елін?! * Найза бойлар науша қар. * Қайғы:көрер көзім көрместей, білгір ақылым білместей болды. * Бас иесіз ел тозар. * Көлгірдің күні қараң. * Түзу жолдан шықпағанға темір қамыт тұр әзір. * Жау да бір - жыртқыш та бір. ## Дереккөздер
Айтбек Жақсылықұлы Нығызбаев — 8 наурыз 1968(19680308), Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. Әнші. ## Өмірбаяны * 1985 жылы Алматы қаласындағы эстрада және цирк өнері студиясына оқуға түседі. * 1989 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ.Байбосыновтың сыныбын аяқтап шығады. * 1989 жылы жолдамамен Қазақконцерт бірлестігіне келіп, Қазақстан халық әртісі Р.Бағланованың ансамблінде жұмыс істеген. * 1995 жылдан Қарағанды қаласы Қ.Байжанұлы атындағы облыстық филармонияда әнші болып жұмыс істеген. * 1999 жылдан Қазақ Ұлттық Еуразия университетінде ән бөлімінде сабақ берді, әрі "Шалқыма" фольклорлық ансамблінде жұмыс істеген. * 2002 жылдан бастап Қазақ Ұлттық музыка академиясында халық әні бөлімінде жұмыс істеді. Онымен қоса Астана қалалық филармониясында қосымша әнші болып жұмыс істейді. ## Жетістіктері * 1992 жылы Ә.Қашаубаев атындағы республикалық байқауда жүлдегер болды. * 1998 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық байқауда жүлдегер атанды. * 1998 жылы "Шабыт" халықаралық байқауында лауреат атанды. ## Дереккөздер
Самуил Готлиб (нем. Samuel Gottlieb Gmelin) (1744, Тюбинген - 1774, Дағыстан)) - саяхатшы, табиғат зерттеуші. 1767 жылы Петербург ғылым академиясының шақыруымен Ресейге келеді. Сол жылдан бастап академик болып есептеледі. 1768-1774 жылдары академияның тапсырысы бойынша Дон алқабына, Волганың төменгі сағасына, Кавказға және Каспий теңізіне саяхатқа шығады. Сол жұмыста жүріп, Дағыстанда қайтыс болады. Ол өзінің Путешествие по России для исследования трех царств естетства (1771-1785) деген шығармаларында осы болған жерлерінің табиғаты туралы бағалы мәліметтер қалдырған және өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін, соның ішінде тарпаңды да сипаттап жазған. ## Дереккөздер
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. VІ – VІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ. сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. V – ХV ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. 1218 жылы Шыңғысхан басқарған Моңғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік моңғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Моңғолдар 1219 жылы 200 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен - жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасады. Қалада азық-түліктің қоры да таусылады. Аштыққа шыдамай, «соғыс жеңіліспен аяқталады» деген оймен Қаража атты сатқын өзі басқаратын Отырар әскерінің 10 мың адамнан тұратын бір бөлігін бастап моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады. Отырар қаласы жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев былай баяндайды:"Ол жерді қазғанбыз. Сол кезде көптеген мұралар. Сырттан су әкелінген. Құбырлар. Су кірген. Лай суды сыртқа шығарған. Сонан кейін қоқыс төгетін арнайы ұңғымалар болған. Олардың барлығы қаланың тазалығын сақтау үшін, жұқпалы аурулар таралып кетпеуі үшін жасалынған болатын. Сырдария мен Арыс өзендерінің сағасындағы оазисте орналасқан Отырар жұртына географиялық жағдай өте қолайлы еді. Отырардың маңында жер суаратын мелиорациялық жүйе болған. Айнала шексіз дала. Малшыға да, диқанға да ыңғайлы. Өзен аңғары шалғынды шөптерге, итмұрын өсінділеріне бай."Тарих кітаптарында Қайырхан Шыңғысханның керуендегі көпестерін өлтіртті, бұл Шыңғысханның Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды деп жазылады. Бұл тақырыпқа тоқталған Әуезхан Шашаев сөзін былай жалғады: «Осы Отырарға қатысты дау Шыңғысхан есімінен туындайды. Оны Ибн ал-Асир мен Рашид ад-дин былай суреттейді: “Шыңғысхан өз әскерін киіндіретін мата сатып алу үшін, көп мөлшерде күмістер, құндыздар және тағы басқа заттардан қор жасап беріп, Мавереннахр, Самарқанд, Бұқара қалаларына керуен жөнелткен. Олар түркі қалаларының бірі Отырар қаласына кіреді. Керуен келген кезде Отырар билеушісі Хорезмшахқа алтын мен күміс әкелген түркілер туралы хабар береді. Хорезмшахтың бұйрығымен Қайырхан түркілерді өлтіріп, мүліктің барлығын Хорезмшахқа жіберген...”. Деректерге қарап отырсақ таң қаласың. Шыңғысхан неге дәл Отырарға керуен жіберген. Орталық Азия жерінде Отырардан басқа да қалалар бар еді ғой. Ал, осы моңғолдар келіп, жаңағы елшілерін жіберген кезде, олар елшілерін жібермес бұрын моңғолдардың тәсілі бар. Олар арнайы барлаушылар ретінде саудагерлер жібереді. Олар бір жыл бұрын арнайы келіп, қай жерінен кіруге болады? Онан кейін олардың басшылары кім? Оны қандай топтар қолдайды? Оларды қалай өз жағымызға шығарып аламыз? Немесе басқа бір уәделер беріп, билік беріп осының бәрін Шыңғысхан алдын ала ойластырып барлаушылар арқылы білуге тырысқан. Саудагерлердің миссиясы шынымен де барлаушылық болса онда Қайырханның амалы түсінікті.» ## Дереккөздер
Сақалсыз жыланбас (көсе жыланбас) - Алтайдан бастап Батыс Тянь-Шаньға дейінгі аралықта, Альпі ендігінің тас баурайларында және ұсақ тас жыныстарнда тіршілік ететін Қазақстанда кездесетін жиырма екі түрдің ең көп таралғаны және ең әдемісі. Биіктігі 30 сантиметр, тамырсабағынан төселмей бірнеше кейде ондаған гүлді өркен шығаратын онша биік емес көпжылдық өсімдік. Тамырға жақын жердегі жапырақтары ұзын сабақты аласа шоққа жиналған, сабақтағысы біртіндеп ұшына қарай кішірейе береді. Жапырақ тақталары сопақша- бүйрек тәрізді (1-4 сантиметр диаметрі) шеттерәнде ірі доғал тістері бар. Гүлдері қалың жұмыртқа тәрізді гүлшоғырға жиналған. Күлтелері тостағаншадан қысқа, жоғарғы бөліктері қылқанды қалаққа бөлінген. Тостағаншасы қандауырша тәрізді, тістері бар, онша анық емес екі ерінді болып келеді. Күлтесі үлкен (3-4 сантиметрге дейін ұзын) жіңішке түтікті және қвйырылған қос ерінді болып келеді. Жоғарғы ерні екі жартылай дөңгелек қалаққа, бөлінген төменгісі ұзындау үш қалақты: ортаңғы қалақ бүйрек тәрізді, жанындағыларға қарағанда үш есе кең. Күлтесі қанық - көк түсті, кейде ақшыл түстер де кездеседі. Маусым, шілде айларында гүлдейді, жемістері тамызда рісіп жетіледі. Жапырағы мен гүлі антибактериалды белсенділігі бар 0,5 пайыз эфир майынан тұрады. ## Дереккөз
Приа́м (лат. Priamus, көне грекше: Πρίαμος) - ежелгі грек мифологиясында Трояның кәрі патшасы. Гектордың, Паристің, Кассандраның, Троя соғысы кезінде көз жұмған ұл-қыздары толып жатыр. «Илиадада» Приам грек лагеріне келіп Ахиллден Гектордың денесін сұрап жалбарынады. Приам Ахиллдің баласы Неоптолемнің қолынан қаза табады. ## Дереккөздер
Хакім Зәкішев (1938 жылы т.), а. ш. әндірісін ұйымдастырушы. Қарқаралы ауданының түлегі. Сеңкібай батырдың тікелей ұрпағы. Қазақ а. ш. институтынбітірген, инженер-механик. Еңбек жолын Тың өлкесінде бастаған. Қарқаралы аудандық а. ш. басқармасында бас инженер, ұзақ жылдар «Восток» кеңшарында директор болған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. КОКП 25-съезінің делегаты. ## Дереккөздер
Алып Ер Тоңа — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің "Шаһнама" кітабының (XI ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып Ер Тоңа — Афрасияп Тұранның (Түр елі — түркілер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік қалған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңаның төрт ұлы болған. Олар: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алак. "Алып Ер Тоңа" дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей: түркілердің ата мекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын әкетеді. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптай береді. Сол заманда Тұран елінде "арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар Ер Тоңа" деген батыр жігіт бар екен. Ер Тоңа елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады. Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырай жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңаны "алып" деп атай бастайды. Енді ол халық алдында "Алып Ер Тоңа" деп аталады да Тұран патшасының тағына отырады. Алып Ер Тоңа қайтыс болғанда, артында калған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған "Түркі сөздерінің жинағы" деп аталатын кітапқа енген. Бұл жоқтау ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептеледі. Жоқтау жырында опасыз дүниенің Алып Ер Тонаны да аямағаны, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады. Жоқтауда: "Ажал оғы жақсыларды құлатты, жамандар қалды"- дейді. Бұл жырдың қазақ халқының әдет-ғұрпындағы жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жоқтау жырындағы ұйқастың да өзіндік ерекшелігі бар. Әдетте, шумақтың алғашқы үш тармағы (мысалы, бірінші шумағын алсақ, өлді ме? қалды ма? алды ма?) өзара ұйқасып, ал соңғы тармағы келесі шумақтың ақырғы жолымен ұйқасып (жыртылар, сүртілер) байланысады. ## Дереккөздер
Қарақол – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Есіл, Жарқайың аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 1620 км². ## Бастауы Бастауын Сарыадыр тауларының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Бұзылық ауылының тұсында Есіл өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Төменгі арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 50-100 м-ге дейін жетеді, суы тұщы (тұздылығы 0,8-1 г/л). Салалары - Бөріктал, Біртал. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Суы шаруашылықтарға пайдаланылады. Жазда тартылып қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Қарақол – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 184 км, су жиналатын алабы 1940 км². ## Бастауы Бастауын Тарбағатай жотасының батыс сілеміндегі Ақшәулі, Түлкілі тауларынан алып, Сағат ауылының шығысында Сасықкөл көліне құяды. ## Гидрологиясы Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Таскескен ауылы тұсында 4,15 м³/с. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен, жонды-белесті жерлермен ағады. Таскескен ауылынан төменде арнасы мен аңғары кеңейеді. Қарауыл ауылынан төменде жайылмасы (ені 8-10 км) пайда болады. Сасықкөл көліне құяр сағасында адам өте алмайтын батпаққа айналады. Суы егін суғаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Докучаево — Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы ауыл, Докучаев ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тимирязево ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 928 адам (471 ер адам және 457 әйел адам) болса, 2009 жылы 769 адамды (380 ер адам және 389 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1954 жылы ұйымдасқан "Докучаевский" астық сьезі мен сельсоветтің орталығы болған. ## Дереккөздер
Қарақұдық – Қараторғай алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағымен ағады. Ұзындығы 42 км. ## Бастауы Бастауын Ашудасты ауылының батысындағы (8-12 км жерде) бұлақтардан алып, Қараторғай өзенінің саласы - Қайыңды өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Алабының басым бөлігі жазық даламен өтеді. тек орта ағысында жағалауы тік жарқабақты келген. Негізінен жер асты суларымен толығады. Жазда төменгі ағысы (Алуа ауылынан төменде) қарасуларға бөлініп қалады. Сағасында шағын көл орналасқан. Жалпы ұзындығы 23 км болатын 4 саласы бар. ## Дереккөздер
Теріскен сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Теріскенеспе * Теріскен (көл) * Теріскен (ауру) * Теріскен (өсімдік)
Тайпан жыланы(лат. Oxyuranus) — улы жыландар тұқымдасына жататын өте улы жылан. Бұл жыландардың екі түрі бар: Жағалау тайпаны және Папуа тайпаны. ## Жалпы анықтама Тайпан жыланының ұзындығы 3,3 м-ге дейін жетеді. Улы тістерінің ұзындығы 13 мм-дей. Улы бездерінде шамамен 400 мг-дай уы болады. Денесінің үстіңгі жағы қою қоңыр түсті, бауыры сарғылт, кейде ақсары дақтары болады. Басы үлкен, кеудесінен айқын бөлінген. Ызақорлығы, денесінің ірілігі және шапшаңдығы жөнінен әлемде кездесетін улы жыландардың ішіндегі ең қауіптісі болып саналады. Жаз мезгілінде 7-20 жұмыртқа салады. Жұмыртқаны жаңадан жарып шыққан кездегі ұзындығы 30 см-дей болады. Бұл жыландар Австралияның Квинсленд штаты мен Папуа-Жаңа Гвинеяның оңтүстік жағалауларында таралған. Негізгі қорегі - ұсақ сүтқоректілер, егеуқұйрықтар, тышқандар. Оларды әдетте қант қызылшасы өсетін плантациялардан жиі кездестіруге болады. Өйткені осы жерден қант қызылшасымен қоректенетін егеуқұйрықтарды жейді. Бұл жыланның уы өте күшті. Тайпанның бір шаққанда бөлетін уы 100 адамды өлтіре алады. Уының күші кобрадан 100 есе, қара мамбо жыланынан 50 есе күшті улы жылан. Тайпан жыланының уы шаққаннан кейін адамды 4-12 сағатта өлімге душар етеді. Шаққан кезде адамның басы ауырып, жүрегі айнып құсады, іші ауырады, тыныс алуы қиындайды. ## Дереккөздер
Мокасин жыланы — улы сур жыландардың бір түрі.Денесінің ұзындығы кейде 1,8 м-ге жетеді, орташа ұзындығы - 90-120 см.Түсі жылтыр қарадан сарғыш түске дейін өзгереді. Денесінің басым бөлігі қызғылт-сары жолақтармен немесе қошқыл дақтармен көмкерілген.Мокасин улы жыланеа жатадыҮшбурышты басын қалқаншалар жапқан. Қуйрығының ушы жасылдау, кейде сарғылт түсті болып келеді.Америкалық мокасин жыланының жуан азу тісі өте улы.Осы жыландардың адамдарды жиі шағатындығы жөнінде деректер тіркелген. Шаққан жерінде ісік пайда болады да, адам денесінің барлық бөлігі ауырады.Мокасин жыланы суда жақсы жүзеді, ағаштарға өрмелеп, кунге қыздырынғанды жақсы көреді.Суға жақын жерлерде жүріп, балықтармен, бақалармең құстармен, басқа жыландармен, т.б. жәндіктермен Бүл жыландар табиғаттағы зиянкестермен қорек- теніп, қоршаған ортаға пайдасын да тигізеді. Мокасин жыланы - ашуланшақ. Адам- дарға өздігінен шабуыл жасайтын өте қауіпті және улы жылан.Мокасин жыланы үрпағын тірідей туады. Жаңа туған жыланның ұзындығы 20 см-дей болады ## Дереккөздер
Қараңғылық, Қарағандық – Обаған алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қостанай облысы Меңдіқара ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 68 км, су жиналатын алабы 850 км2. ## Бастауы Бастауын Архиповка ауылының тұсындағы шағын көлден алып, Мокрое ауылынан төменде Алакөл көліне құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы ағысы төбелермен, қалған бөлігі сайлы-жыралы жерлермен ағады. Сәуір-мамыр айларында тасиды. Суымен шабындық суландырылып, егістік суғарылады. ## Дереккөздер