text
stringlengths 3
252k
|
---|
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні 2009 жылы 2 желтоқсанда болған БҰҰ-ның алпыс төртінші бас ассамблеясында бекітілді. Жаңа дата, яғни 29 тамыз БҰҰ, әлем елдері, үкіметаралық және ҮЕҰ-дың Ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні. Бұл ядролық сынақтарсыз тыныш әлем құрудың жолы. Осы күнді бекіткен БҰҰ-ның сол күнгі бас Ассамблеясында «Адам өміріне алапат зиянын келтіретін ядролық сынақтарға шектеу қойылу керектігі» жайында баса айтылды.
2010 жылдың мамыр айында Ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың барлық қатысушы-мемлекеттері Нью-Йорктегі Шолу конференциясында ядролық қарудан азат әлемдегі қауіпсіздікке қол жеткізу үшін өзара іс-әрекет жасауға міндеттенді және «өмірлік маңызды міндет» ретінде ядролық сынақтарға тыйым салуды анықтауымен сипатталды. Құжат 1996 жылы қол қойылып бекітілуге дайын болды.
Қазір БҰҰ-ның айтуынша, келісімшартқа әлі де қол қоймаған елдерге бұл қадамға ертерек барғаны дұрыс. Бүгінгі таңда планетаның оңтүстік жарты шарындағы елдердің барлығы дерлік ядорлық сынақтарды доғаруға келісіп үлгерді. Олар мынадай өңірлік келісімшарттарға қол қойды: Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде жатқандар Раротонг келісім шартына қол қойса, Африка елдері Пелиндабск келісім шартына отырды. Ал Оңтүстік Азияның құрамына жататын мемлекеттер Бангкок келісімшартына қол қойса, Латын Америка мен Кариб бассейнінің құрамына жататын елдер Тлателолко келісім шартына отырған. |
Саран шахтасы (1971 жылға дейін №120)- Қазақстан, Қарағанды облысы, Саран қаласында орналасқан көмір өндіретін кеніш. АО «АрселорМиттал Темиртау» департаментіне кіреді.Қазіргі уақытты шахтаның бас директоры-Глущенко Юрий Александрович.1931 жылы-ақ Үкіметтің «Қарағанды кен орнында КСРО-ның үшінші көмір базасын құру туралы» Қаулысының шығуы Саранның тыныс-тіршілігіне тың серпін әкеліп, жалпы өмір сүру дағдысын түбірімен өзгерткен екен. Сол себепті 1945 жылы Саран көмір кен орны қарқынды игеріле бастайды.Саран шахтасы эксплутацияға 1955 жылы , жылына 900 000 тонна көмір өндіреді деп берілді.1975 жылы шахта өндірісі 1,5 млн-ға жетті. 1985 жылы 1млн. 262 мың көмір өндірілді.Коллективтегі 35 адам мадақтау ордендерімен марапатталған , оның ішінде Ленин ордені-1,Октябрь көтерілісшілері-2, Қызыл Еңбек ерлері-14.Шахтаның жалпы ауданы 11,3 км² , тереңдігі 454—520 м, күніне 4000 тонна көмір өндіре алады.Шахта <<К>> (кокстық) маркалы көмір өндіреді. Көмір өндіру механикалық комплекспен іске асады.Көмірді өндеу үшін УКП-5, 2КМ144 механизмдері қолданылады, ал оны тазалауға Eickhoff фирммасының SL-300 және SL-500 механизмдері қолданылады.Көмірді сыртқа шығару КС-34 и СПЦ-291 конвейерімен және ПСП-308-02, ленталық конвейерлер 3ЛКР-1000, «Гварек-1000» 1Л100У- мен іске асады.
## Дереккөздер
http://miningwiki.ru/wiki/%D0%A8%D0%B0%D1%85%D1%82%D0%B0_%C2%AB%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F%C2%BB |
Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы (20.09.1960. Түркістан облысы, Үлгілі ауылы) – журналист, ғалым, композитор.
ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген (1987). Филология ғылымдарының кандидаты/PhD (1999), доцент (2006), профессор (2017). Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2015), Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі (2013), Халықаралық Психологиялық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры (2013), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры (2008), Аймақтық Менеджмент Академиясының Құрметті ғылым докторы (2015), ВАК профессоры (2017). Көптеген халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты.
## Қызметі:
Газет редакторының орынбасары (1987-1996), жоғары оқу орнының оқытушысы (1996-1999), аға оқытушысы (1999-2002), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2002-2003), деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005), кафедра меңгерушісі (2005-2014), доцент (2014-2017), профессор (2017 бастап).
## Наградалары, атақтары:
* «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» (1998);
* «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» (2005);
* ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен "Доцент" ғылыми атағы (2006);
* «Қазақстан» РТРК АҚ республикалық ғылыми конкурсының 1-орын иегері (2007);
* «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008);
* Чуваш түрік әлемі мәдени орталығының Алғыс хаты (Чуваш Республикасы, 2008);
* Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ шешімімен "Профессор" академиялық атағы (2008);
* «Қазақстанның мәдениет қайраткері» (2010);
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының Алғыс хаты (2010);
* «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2010);
* Музыка саласы бойынша Васьлей Митта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (Чуваш Республикасы, 2010);
* «Қазақ тілі» Мәскеу аймақтық қоғамының Алғыс хаты (2011);
* «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдени қоғамының Алғыс хаты (2011);
* Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2001);
* «Кентау қаласының Құрметті азаматы» (2011);
* ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы (2011);
* Жазушылар одағы Халықаралық қауымдастығының Алғыс хаты (Мәскеу, 2011);
* «Известные ученые России» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2013);
* «Ұлағатты устаз» республикалық конкурсының 1-орын иегері (2013);
* «Жыл әдіскері» республикалық конкурсының жеңімпазы (2013);
* Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2013);
* «Білім беру ісінің үздігі" медалі (2013);
* Ресей Жаратылыстану Академиясының шешімімен "Профессор" ғылыми атағы (2013);
* Еуропа ғылыми-өндірістік консорциумының «Primus Inter Pares» ордені (Ресей, 2014);
* «За заслуги в культуре и искусстве» медалі (Ресей, 2014);
* «Заслуженный работник науки и образовании» құрметті атағы (Ресей, 2014);
* «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2014);
* «Золотая кафедра России» Дипломы (2014);
* «Педагогикалық ізденіс» І халықаралық конкурсының 2-орын иегері (2014);
* "За добросовестный труд" медалі (Ресей, 2014);
* "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" медалі (2014);
* «Ерен еңбегі үшін" медалі (2014);
* «Педагогикалық ізденіс» ІІ халықаралық конкурсының 1-орын иегері (2015);
* «Кентау қаласына 60 жыл" мерекелік медалі (2015);
* Аймақтық Менеджмент Академиясының шешімімен "Құрметті ғылым докторы" атағы (2015);
* «Желтоқсанның 30 жылдығы" естелік медалі (2016);
* "Ясауи" медалі (2016);
* «Мәншүк Мәметова" естелік белгісі (2017);
* «Халықаралық көркемдік кеңес мүшесі" төсбелгісі (2017);
* «Жылдың үздік ұстазы" төсбелгісі (2017);
* «Халықаралық көркемөнерпаздар одағының мүшесі" төсбелгісі (2017);
* ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен "Профессор" ғылыми атағы (2017);
* "За заслуги в научной деятельности" медалі (Ресей, 2018);
* Түркі халықтарының әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін "Алтын медаль" (2018);
* Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі (2018);
* "Әзірет Сұлтан" қорық-музейіне 40 жыл" мерекелік медалі (2018);
* Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы (2019);
* ҚР БжҒМ "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі (2019);
* ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты (2019)
* "Қазақстан мәслихаттарына - 25 жыл" мерекелік медалі (2019)
* "60 лет АО "Кентауский трансформаторный завод" естелік медалі (2019)
* "Тіл жанашыры" медалі (2019)
* "Білікті ұстаз қырағы - Тәуелсіздік пырағы" медалі (2019)
## Негізгі ғылыми еңбектері:
80-нен астам ғылыми мақалалар (оның 30-ы шетел журналдарында, 4-еуі нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда), 3 монография (1-еуі Ресейде). Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу-әдістемелік еңбектері:
* «Баспасөз аудармасы»,
* «Әдеби редакциялау»,
* «Қазіргі газет жанрлары»,
* «Мерзімді баспасөз дизайны»,
* «Журналистика және дипломатия»,
* «Телеоператор шеберлігі»,
* «Стилистика және әдеби редакциялау»,
* «Қазіргі баспасөз қызметі»,
* «Камал Смайылов – публицист»,
* «Журналист-студенттердің өндірістік тәжірибесін талдау әдістемесі»,
* «ЖОО-да жазба жұмыстарын жазу: диплом жұмысы, курс жұмысы, реферат, жазба жұмысы»,
* "Публицистика поэтикасы",
* "Әлеуметтік лингвистика",
* "Әлеуметтанудағы тілдік жүйе",
* "Әлеуметтік лингвистикалық ұғымдар мен терминдер. Қазақша-орысша түсіндірме сөздік",
* "Социолингвистические понятии и термины. Русско-казахский толковый словарь" т.б.
Ғылыми бағыты — қазақ публицистикасының өзекті мәселелері.
## Негізгі әдеби шығармалары:
* «Ұлт журналистикасының ұлықпаны»,
* «Жорналшы жазбалары»,
* «Шаттық ұялаған шаңырақ»,
* «Әнім – әлемім»,
* «О, махаббат!»,
* «Танымал әндердің тарихы» т.б.
## Негізгі музыкалық шығармалары:
* «Жас жұбайлар»,
* «Неге, неге»,
* «Ауыл жатыр той жасап»,
* «Ризамын»,
* «Текемет»,
* «Ерке қайың»,
* «Астанам – асқақ ән»,
* «Қазақ жауынгері»,
* «Түркістаным – Тұраным»,
* «Келіп кет, қалқам»,
* «Сүндет той»,
* «Аман жүрші ауылдың адамдары»,
* «Сені іздегем»,
* «Айналайын жеңеше» т.б.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. |
Шапырашты — Ұлы жүз, Үйсін құрамына кіретін ру. Жері Алматы қаласы мен төңірегіндегі Іле Алатауы баурайы. Ұраны - Қарасай! Таңбасы - тұмар.
## Шежіре
Шапырашты батыр, қазақ шежіресінде Үйсіннің тұқымы Төбейұлы Майқы биден (біздің з.б.178-89 ж. өмір сүрген 1-ші Майқы би) Бақтияр (аты бүткіл Үйсінге Ұран болған), Бақтиярдан Елсау Күнби (көк бөрі емізген бала), Елсау Күнбиден Нұлы (Нұлы руы - Нирун немесе Нұлы би - Нушиби) мен Дұлы, Нұлыдан шыққан Абақ елінен, Бәйдібектің (8-9 ғасырда өмір сүрген) немересі болып есептеледі, ал Бәйдібек болса Ұлы жүздің жеті руының (Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Дулат) түп атасы.
Шапыраштының рулық құрамы жөнінде Н. Аристов, М. Тынышбаев пен В. Востров еңбектерінде мәліметтер ұшырасады. Біз оны өз зерттеулерімізбен толықтырып, ата тек туралы мұқият кесте жасадық (6-қосымшаны қараңыз). Шапырашты руларының үрім-бұтағы туралы қазақ шежіресінің тамаша білгірлерінен құнды деректер жиналды. Бұлар Жамбыл облысының Талас ауданының тұрғыны 1904 жылы туған (Шапырашты) Көшербай Құлыбеков; Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғыны 1897 жылы туған (Шапырашты) Сәрсенбек Қопабаев; Алматы облысы, Шелек ауданының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев еді.
Біздің мәлімет берушіміз Сәрсенбек Қопабаев Шапырашты руының шығу тегі туралы халық арасына кең тараған өте қызғылықты аңызды айтып берді. Онда Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жәлменде (Жалмәмбет) атты ұл туып, ол сымбатты да пысық жігіт болып өседі. Бірде ол қыстыгүні әкесінің жылғы тебінінде жүріп, Қоңырат руы, Қызыл биінің қызы Жұпар (Мапырашты) сұлумен танысады. Сол жылы жазда Жәлменде әкесімен бірге қызды айттыруға Қызыл би ауылына барады. Жолай көкжал қасқыр кездесіп, оны соғып алады. Осы олжамен Қызыл би ауылына бұрылып, Жәлменде қасқыр терісін сыпыруға кіріседі. Сол сәтте оған Мапыраштың жеңгесі жас келіншек келіп, қасқырдың бауырын алып беруді қанша өтінсе де бас тартады, алайда ол жас әйелдің қиыла берген соң тілегін орындайды. Ол бауырдың өз сүйгені Мапыраштың жерігін басу үшін керек екенін түсінеді. Келесі күні әкесі құда түсу жайын айтқанда Қызыл би сылтау айтып, айниды. Тіпті болмаған соң, Жәлменде қыз әкесіне үш айлық бала күтіп жүргенін, туған соң оны өзіне қайтаруын алға тартады. Қыз әкесі тығырыққа тіреліп, ақыры қызын күңі Сыланды бірге Жәлмендеге ұзатып, көп қалыңмал алады. Біраз уақыттан кейін айы-күні жетіп, Мапырашты сұлу, Досымбек деген ұл табады, оның көзі шапыраштанып, от шашып тұрғандай болғандықтан Шапырашты деп аталып кетеді. Сыланды Жәлмендеден ұл тауып, оның атын Ысты қояды. Көп ұзамай Шапыраштының анасы, Жұпар дүние салып, Жәлменде балдызы, Жұпардың сіңлісі, Тұмарға (Қарашаш) үйленеді. Жайлауда Тұмар екіқабат болып жүріп, қонақтарға түстік дайындап жатқанда кенет ошақ қасында босанып, баланың есімін Ошақты деп атайды. Сонымен, Жәлменденің үш әйелінен үш ұл: Шапырашты, Ысты және Ошақты туады. Олар бөлек-бөлек жасау алып, өздерінше отау көтереді. Ал балалар әкесі өлген соң шешелерінен енші алып отырған. Сондықтан Жәлменде көзі тірісінде әр мұрагеріне енші беріп, олардың әрқайсысына айрықша таңба береді. Шапыраштыда Ү , Ошақтыда ^^ , Ыстыда |. Көріп отырғанымыздай, олардың таңбалары бір-бірінен мүлде бөлек, тіпті оларды жалпы әлде бір белгілердің түрлері деп есептеуге болмайды. Сөйтіп, оларды шежіреде бір әкеден тарады дегенмен, таңбалары бойынша туыс деп санауға болмайды. Бұл тұста халық дәстүрі бойынша, «екі қатыннан туған бала - екі рулы елмен тең» дейтін мәтел расталғандай.
Шапыраштынын айелi, конрат елiнiн батыр кызы, Күнайымнан төрт ұл: Ыстық (Шам), Қыстық (тұкымы Иран мен Иракта), Абақ (тұкымы Абак-Керейлер), Саяқ (тұкымы Кыргызда).
Қазақ құрамындағы Шапыраштылар, тек Шапыраштының бір ұлы Ыстықтан тарап, үшке бөлінеді, атап айтқанда: 1) Малдыыстық, 2) Желдіыстық, 3) Қылдыыстық. Бұл этнонимдер ел аузында ру деп аталмайды, ал келесі ұрпақтар айқын аталар болып кете береді. Мәселен, Малдыыстық екі руға: Екей, Еміл бөлінеді. Екей руы екі ата Жарымбет пен Бәйімбет болып бөлінсе, Жарымбет екіге топталады: Ақтөбет (Қайсыбай, Бисенбай, Изенбай, Жусанбай) пен Бердіс (Өтеғұл, Өтеп, Күлкеней, Салағой, Текеш), Өтеғұлдан Сапболат, одан Майемер, одан Қалдан, одан Қопабай, одан Сәрсенбек (мәлімет беруші, 1879 жылы туған). Өтептен Оршаң, одан Сәдібек, одан Жабай, одан қазақтың ұлы ақыны Жамбыл (1846-1945). Күлкенейден Ботақара, Салағойдан Бейсен, Текештен Кінәз.Бәйімбеттен төрт ата тарайды: Әлке, Сабыншы. Шындәулет, Бекпенбет. Еміл руынан Есқожа мен Жайық. Жайықтан Қойайдар (Қошқар, Сарытілеу, Күсен, Жолай), Жанай, Сүйіндік пен Қармыс (Тайторы).Алысайдан Сары, одан Тілеуімбет, одан Болай (Бикісі, Бұлкісі, Боранғазы, Жолдыбай, Шоқа), Боранғазыдан Жаманқара (Ерқотан, Сералы мен Битан Сарымсақ, Сарман, Сарыбай, Қармыс, Қарсақ, Тышқанқұлақ Байқұлақ, Бөрлібай, Махмет пен Қарсыбай (Нүсіп); Нүсіптен Әлжанбай (мәлімет беруші, 1898 жылы туған). Шағаман, Тоғызтоқпақ, Төретұқым (Жаушы, Бақай мен Тоқтамыс), Шуаш пен Алтынай.Алтынайдан Абыз; Абыздан Шегір, Қайдауыл, Қарасай батыр. Қарасай батырдың есімі күллі Шапыраштының жауынгерлік ұранына айналды. Одан Ауез бен Түрікпен, Өтеп (Нартайлақ, Асан, Бәлпеш пен Атығай), Көшек (Айдар, Нәуеш, Жиек). Түрікпеннен Тілеу, Жарылғап (Қойсоймас, Қойгелді, Қараш батыр (Кенесары Қасымовтың қанаттасы), Сатыпалды, Қараша мен Тоқты), Түктіқұрт (Көкше Ыстамбек-Саурық батыр) пен Малқара. Саурық батыр 1725 жылы Торғайда қалмақтармен соғысты. Малқарадан Итаяқ, Быжыбай мен Қазақбай. Итаяқтан Тайбағар, Шақабай (Үшке, Түлкі, Айтбек, Меңдібай), Кебенек, Бірназар, Дабыл мен Талқан. Үшкеден Тілеш, Бітеіп, Айташ пен Қопабай. Тілештен Өмірбек, одан Жүнісбек (мәлімет беруші, 1905 жылы туғап). Желдіыстық руы бірлестігінен ірі екі ата шығады: Шыбыл мен Асыл. Асылдан тарайтын Әжіке, Кеней, Теке мен Төлеміс «Төрт Асыл» деп аталады. Шыбылдан Жәдік, Қарабайыс пен Сарыбайыс, Құлжұдырық. Соңғыдан Шатыр Абыз Бәйімбет, одан Айбас, Балапан-Барақ пен Қайыпберді (Бажырық, Қарауыл мен Төлебай). Төлебайдан Шыбылтай, Дәулет, Бөген, Мәмбет, Олжабай. Соңғыдан Дербісәлі, Жиенәлі, Байдәулет, Көшкінбай. Одан Кәрібай, одан Қожахмет (1928 жылы туған). Асылдан Орынбет, Әжіке (Дәулет, Текелік, Мәмбет, Кеней) мен Түнқатар немесе Таңатар (Өмір, Көрпе). Өмірден Бүзаушы, Төбет, Құлан, Жанай, Теке, Төлеміс. Текеден Дәулетбай (Қара, Шақа, Сарыбай мен Ырысбай) мен Сатай (Батырбай, Тоқтабай, Жолшора, Ақбіте, Маншап). Ырысбайдан Баян, Байқоныс, Байтемір, Жидебай, Қылышбай.Төлемістен Байет (Келдімұрат, Бардымұрат, Байсеңгір, Қарасеңгір, Наурызбай). Төлемістің ұрпақтарын бес немересімен ел ішінде «Алты ата Төлеміс» дейді.Қылдыыстық рулық бірлестігінен Айқым, одан Қайдауыл мен Қалқаман. Өкінішке қарай, бұл аталардан одан әрі нақты деректер жоқ.Шапырашты руындағы бес ірі аталар Екей, Еміл, Асыл, Шыбыл мен Айқымды елі ішінде «Бес Шам Шапырашты» немесе «Бес Шапырашты» деген Шапырашты руының жауынгерлік ұраны, бұрынырак жалпы Үйсінге бір «Бақтияр», ал Еміл-Есқожадан шыққан атақты Қарасай батырдан кейін, «Қарасай» болды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Шапырашты руы, негізінен Жетісу уәлаяты Верный уезінде тұрып, олардың аз тобы Сырдария уәлаятының Әулиеата уезінде шашырап жүрді. Н. Гродековтың деректерін пайдаланып, Н. Аристов өз еңбегінде шамамен шапыраштылардың санын келтіреді, атап айтқанда, 7000 түтін десе, М. Тынышбаев 1917 жылы Верный уезінде 70 мың жан болды деп есептейді. Н. Аристов Шапырашты руының бес ірі атасының қоныстануын екшей келіп, Екейлер Ұзынағаш пен Шамалған болыстарындағы Қарасу, Тәуке Тайлақ, Қасқабұлақ, Қызылауыз, Асықбай, Текенді, Сүмек пен Сары Шыбыр шатқалдарын мекендейтінін айтады. Түрген, Есік, Талғар, Кіші Алматы, Үлкен Алматыда, ішінара Ұзынағаш болысының Қарақастек, Құтырған, Найманбай, Тутерек көрші, Жиренайғыр, Қастек, Самсы өзенінің бойындағы, Қойжалдамалы, Қарабастау мен Тастыөзек шатқалдарында Еміл-Есқожа руының көптеген аталарының қыстаулары орын тепті.
Шыбыл руы Күрті болысының Тоқмоласаз, Қараөткел, Кемпірсай, Құрманбай, Қалбұлақ, Өтеген мен Үшшоқы шатқалдарын жайлады. Жайлаулары Іле Алатауында болды.
Асылдың көптеген аталары кәзіргі Алматы қаласынының жерін мекендеді, содан басқа Енбекшіқазақ, Талғар, Қаскелен аудандарында қоныс тепті (Терісбұтақ, Қаракемпір, Талдыбұлақ, Жаманбұлақ, Қосағаш, Ақсеңгір, Шыбық пен Үшарал ). Асылдардың тағы бір тобы Кіші Алматы болысындағы Құрөзек, Талдыжиек пен Шамалғанға жақын Қаскелең өзенінің бойында қыстады.
Ең соңында, Айқым руы Қарғалы болысының жерінде Айдос, Қасқабұлақ пен Қызылауыз шатқалдарында қоныстанып жүрді.
Сонымен, төңкеріске дейін шапыраштылар отырықшы, жартылай отырықшы болып күн кешті. Негізінен төрт түлік өсіріп, суармалы жер мен сүдігерде егіншілікпен айналысты. Дәнді дақылдап бидай, арпа, сұлы мен тары екті.
Ш.Құдайбердіұлының "Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресінде" "шапыраш" деген ру Енисей түркілерінің ішінде тастан қауымдастығының құрамыда көрсетілген. Мекені сібірдегі Бия өзенінің төменгі ағысы делінген.
Ш.Құдайбердіұлы өзінің "Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресінде Шапырашты Алматыға қарайды деп жазған.
## Y-DNA Анализ
Бір өкілі С3
## Ішкі бөлінісі
* Екей: Бәйімбет, Жәрімбет
* Еміл: Есқожа
* Асыл: Теке (ру), Төлеміс, Әжіке, Орымбет, Кеней
* Шыбыл: ораз, байыс, жәдік, ибақ, сары
* Айқым: Қайдауыл, Сейтқұл, Қалқаман
## Атақты тұлғалары
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://alashainasy.kz/shezhire/shejre---shapyirashtyi-ruyi-54319/ Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2014 жылы.
* http://corp.delovoimir.kz/books/moe_vremya.pdf Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы.
* http://classic.nlrk.kz/result/ebook_1009/index.html Мұрағатталған 28 маусымның 2016 жылы.
* http://classic.nlrk.kz/result/ebook_1009/Pages/158.jpg Мұрағатталған 10 сәуірдің 2020 жылы.
* http://www.eurasica.ru/articles/kazakh/Valihanov_O_kirgiz-kaysakskoy(қолжетпейтін сілтеме) orde/ |
Виктор Мориц Гольдшмидт (27.1.1888, Цюрих – 20.3.1947, Осло)- Норвег геохимигі, Кристианиде (Осло) және Венада оқыған. 1914 жылдан Осло университетінің профессоры болған. Норвегияны гитлершілер басып алған кезде Гольдшмидт концлагерьде ұсталды. Гольдшмидт геологиялық процестерге физикалық-химиялық талдау жасады. Жердегі химиялық элементтер бөлінісінің заңдылықтарын зерттеумен шұғылданды. Химялық элементердің геохимилық классификацияларға бөлді.
## Дереккөздер |
Алашұлы тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
## Топ мүшелері
Топ мүшелері:
* Атаханов Берік,
* Рахмет Мақсат,
* Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған.
Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина.Алашұлы тобының жеке парақшасы @alashuly_group
## Топ мақсаты
Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды.
Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.
«Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.
## Топтың құрамындағы әндер
Топтың репертуарында «Қара жорға», «Жарапазан», «Махамбеттің жыры», «Ақтанның термесі», «Отан», «Елім менің» сынды ұлттық нақыштағы 10 шақты ән бар. Роза Рымбаевамен дуэт болып орындаған «Туған елім» әні де халықтың жүрегіне жол тартып үлгерді. Жігіттер ең алғаш топ болып құрылғанда тойларға шығып жүріп, тырнақтап жиған қаржыларына өз күштерімен «Жарапазан» әніне клип түсірген екен. Кейін продюсерлерінің арқасында оның саны екеуге ұлғайып, «Ақтанның термесі» мен «Елім менің» әндеріне де бейнебаян түсірілді. Этно-топтың репертуарында Әлібек Серғалиевтың сөзіне жазылған «Біздің қыздар» әні де бар. 2014 жылы "Угай" әніне бейнеклип түсірілді.Топ репертаураы:
"Батырлар ұраны""Угәй""Қара шаңырақ""Жүрегің Қазақ""Шетелдегі Бауырға""Далам -ай""Ауыл-бай""Махамбет""Тұраным""Жекпе-Жек""Ару -қыздар""Бізбен Бірге""ПАЙ-ПАЙ-ПАЙ""Елім менің" "Ауыл БАЙ""Қазақпын""Көкпар""Алға""Биіктік"
## Жетістіктері
2012 жыл топ үшін табысты болды. Ең алдымен продюсерлік компаниямен келісім-шартқа отырды. Содан кейін жұлдызды шақтары басталып, «Саз әлемінде» бақтарын сынады, «Ду қол шоколад!» сынды көптеген телебағдарламаларда өнерлерін көрсетті, «Жарайсыңда» сұхбат беріп, еліміздегі ең танымал журнал «Жұлдыздар отбасының» алғашқы бетіне шықты.
"Алашұлы" 2009жылы негізі қаланып, халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген этно топ. Алашұлы тобы осыған дейін "Дала даусы" радиофестивалінде "Үздік этно топ", "Саз әлемі" телевизиялық жобасында "Үздік топ" номинацияларының иегерлері, "Turkvision" халықаралық түркітілдес халықтар фестивалінің финалисті, "Астана жұлдызы. Ұлттық музыкалық бәйге" үздігі, "Ұлы дала даусы" фестивалінің финалистері, " Этно World Music Show" фестиваліне Қазақстан атынан қатысты және жыл сайынғы "Жыл таңдауы" номинациясының жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар, 2011-2016 жылдар аралығында Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Башқұрстан, Республикаларына қазақ өнерін танытып келсе, Туркия және Индия республикасында жеке шығармашылық кештерін берген.
2011 жылы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы "Наурыз мерекесі" шарасында өнер көрсетті.2013 жылы Индия Республикасы, Дэли қаласында жеке шығармашылық кеш берді.2014 жылы Туркия Республикасы, Стамбул қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнне орай жеке шығармашылық кеш берді.Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиадада Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсетті.2015жылы Башқұрстан Мемлекеті, Уфа қаласында өткен" Этно World Music Show"халықаралық фестивальінде Қазақстан намысын қорғады.2016жылы Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай қаласында "Дубай күні" мерекелік шарасына Қазақстан Республикасының атынан жеке шығармашылық кеш берді.Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласында жеке шығармашылық кеш берді.2017 жылы "GAKKU entertaiment" ұйымдастырған "Гәкку даусы" фестивальінде өнер көрсетті. Алматы қаласы, Республика сарайында "Бізбен бірге" атты жеке шығармашылық кеш өткізді.2018жылы Қазақстан Республикасының астанасы, Нұр Сұлтан қаласында " +35" атты жеке шығармашылық кеш өткізді. |
Қараой – Қаратал алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысының Ескелді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 69 км, су жиналатын алабы 484 км2.
## Бастауы
Бастауын Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс бөлігіндегі мұздықтардан алып, Текелі қаласы тұсында Қаратал өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары шатқалды, ағыны қатты. Жылдық орташа су ағымы Текелі қаласы тұсында 12 м3/с. Суы шаруашылыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қараоба – Шыңғырлау алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі, Теректі аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 61 км, су жиналатын алабы 1000 км2-ге жуық.
## Бастауы
Бастауын жонды қыраттардағы бұлақтардан алып, Масайтөбе ауылының тұсында Шыңғырлау өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Төменгі және жоғарғы арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 50 м-ге дейін жетеді, суы тұщы. Орта ағысындағы жарқабақты жағалауының биіктігі 6-8 м. Өзен бойында бірнеше көлшіктер бар. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жағалауы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қараөзек – Ойыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Атырау облысының Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 53 км.
## Бастауы
Қарабау ауылынан солтүстікке қарай 10 км-дей жердегі батпақты көлшіктен басталып, Бөлекаяқ көліне 9 км жетпей жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жағалауы жайпақ, суы жайылып ағады. Негізгі ағындысы көктемгі қар еру кезінде байқалады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары жайылым ретінде, суы мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Семей қаласындығы метеостанциясының толық атауы Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы “Семей” метеостанциясы болып табылады.Метеостанция ауданы 572 шаршы метр.Басқа метеорологиялық орталықтарға сәйкес метерологогиялық аймақтың маңайында 1 км аралықта таулар, ғимараттар немесе үйлер орналаспаған және ашық даланы қажет ететіндіктен, қаланың шетінде орналасқан.
## Метеостанцияда орналасқан құралдар
Метеостанцияда күн радиациясын есептейтін құрал,жердің температурасын өлшейтін құрал,қардың қалыңдығын өлшейтін құрал,,температураны өлшейтін құрал,ылғалдылықты өлшейтін құрал,,жауын шашын көлемін өлшейтін құрал және қысым мен желдің электронды құралдары орналасқан.
### Термометрлар
Жердің температурасын өлшейтін құрал - термометрлар.Термометрлер шығыстан батысқа қарап жатады.Қыста жартылай қарда жатады, ал жазда топыраққа толығымен еніп жатады.Термометрлердің арасы 5см дан кем болмау тиіс.
### Рейка
Қардың қалыңдығын өлшейтін құрал - рейка.Метереологиялық станцияда 3 рейка орналасқан.Қардың қалыңдығын үшеуінің орташа көрсеткішімен алады.Қарды 10 балл деп қарастырады.
### Термограф және гигрограф
Температураны өлшейтін құрал – термограф, ылғалдылықты өлшейтін құрал - гигрограф.Күніне 1 рет, яғни түскі 3те лентасы ауыстырылады.Температураның өзгергенін техник-метеорологтар зерттеп, қорытындысын алады.
### Жауын-шашын өлшегіш
Жауын шашын көлемін өлшейтін құрал – жауын-шашын өлшегіш.Таңертеңгі және кешкі 9да шелегі ауыстырылады. 12 сағат ішінде 50мл-ден көп жаңбыр жауса, қауіпті деп есептелінеді және Өскемендегі орталыққа хабарландырылады.
### Барометр
Ауа қысымын өлшейтін электронды құралдардың бірі-барометр.Барометр екі түрлі өлшеммен өлшенеді.Біріншісі-гектоПаскаль және екіншісі-мм сынап бағанасы
## Сілтемелер
Мекен-жайы:Аэрологическая станция, 1Бастықтың телефоны: 53-90-53 Метеогруппа телефоны: 53-90-52 |
Қарасай, Тастықарасай – Ырғыз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 1060 км2.
## Бастауы
Бастауын Шалқар ауданындағы Обалы тауының шығысынан алып, Шетырғыз өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 11 км болатын екі саласы бар. Арнасы сайлы-жыралы, белесті өңірмен өтеді. Сағасын шағын жайылма құрайды. Жазда ағыны қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарасай – Жақсыкөң алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км, су жиналатын алабы 284 км².
## Бастауы
Бастауын Қағыл тауының шығыс етегіндегі бұлақтардан алып, Жақсыкөң өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жонды-белесті өңірмен ағатын өзеннің жағалауы жарлы келген, төменгі ағысында шағын жайылма құрайды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары мал жайылымы және шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
## Қазақстан
Елді мекендер:
* Қарасай – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы таратылған ауыл.
* Қарасай – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Қарасай – Балқаш алабындағы өзен.
* Қарасай – Балқаш көлінің батысындағы өзен.
* Қарасай – Жақсыкөң алабындағы өзен.
* Қарасай – Ойыл алабындағы өзен.
* Қарасай – Сарысу алабындағы өзен.
* Қарасай – Шарын алабындағы өзен.
* Қарасай – Ырғыз алабындағы өзен.
Басқа мағыналар:
* Қарасай – 16 ғ-да өмір сүрген ноғай мырзасы.
## Қырғызстан
* Қарасай – Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл.
* Қарасай – Ыстықкөл облысы Жетіөгіз ауданындағы айыл.
## Қазақстан
Елді мекендер:
* Қарасай – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Қарасай – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы таратылған ауыл.
* Қарасай – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Қарасай – Балқаш алабындағы өзен.
* Қарасай – Балқаш көлінің батысындағы өзен.
* Қарасай – Жақсыкөң алабындағы өзен.
* Қарасай – Ойыл алабындағы өзен.
* Қарасай – Сарысу алабындағы өзен.
* Қарасай – Шарын алабындағы өзен.
* Қарасай – Ырғыз алабындағы өзен.
Басқа мағыналар:
* Қарасай – 16 ғ-да өмір сүрген ноғай мырзасы.
## Қырғызстан
* Қарасай – Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл.
* Қарасай – Ыстықкөл облысы Жетіөгіз ауданындағы айыл. |
Шұбар тоқылдақ (Dendrocopos major) - орташа денелі (70-100г) тоқылдақ. Иығында ақ теңбілдері бар, денесінің үстіңгі бөлігі қара реңді, қанты ақ шұбар болып келеді. Бауыры - ақ немесе қызғылтсары, құйрықасты - қызыл. Аталығының және жас құстардың шүйдесінде қызы "телпек" болады. Ересек аналықта мұндай белгі болмайды. Еуразияның қылқанды және жапырақты ормандарында қоныстанады. Қазақстада орманды дала зонсында және шығыс және оңтүстік - шығыстың таулы ормандары бойынша Іле - Алатауына дейін кездеседі. Шұбар тоқылдақ ағаш қуысының кірер аузын өзі дөңгелек етіп қашайды. Салындыда 5 - 7 ақ түсті жұмыртқалар болады. Сұр түстес балапандары 2 аптадан кейін пайда болады, тағы 2 аптадай оны ата - енелері қоректендіреді. Жас балапандар ұядан ұша салысымен ұялас балапандар тарқап кетеді. Бұлар - отырықшы құстар, тек қана жас балапандар азық іздестіріп, аздап орындарын ауыстыруға тура келеді.
## Дереккөздер
Қазақстанның құстары, Алматыкітап баспасы |
Қарасай – Ойыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 56 км.
## Бастауы
Бастауын Қарашоқы тауының солтүстігінен алып, Ойыл өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы жарлауытты. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Ағындысының негізгі бөлігі көктемгі қар еру кезінде қалыптасады, жазда қарасуларға бөлініп, кейде құрғап қаолады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден астам 11 саласы бар. Суы мал шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Томпыш немесе күреңбас шөжешымшық (лат: Parus montanus) — орташа денелі (10-12 грамм), кәдуілгі шөжешымшық. Реңі бойынша: жоны - бозғылт сұр, бауыры - ақшыл, басында күрең телпекшесі бар, тамағы да ақ құба болып келеді.
Еуразияның солтүстік жартысындағы қылқанды ормандарда қоныстанады. Қазақстанда солтүстік және шығыс өңірлерде ұялайды., ал батыс Қазақстанда көшпенді түрде байқалады.
Сонымен бірге оның сүректі қашай алуы басқа шымшықтарға қарағанда жоғары деңгейде дамыған. Сондықтан ол ағаш қуысын өзі қашап дайындайды. Жылына бір рет қана балапан өргізеді, салындыда қызғылттау қоңырқай секпілді 7 - 8 жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды аналығы 13 - 15 күн басады, ал аталығы оған жем тасиды. Балапандар ұяда 17 - 18 күн болады. Жас балапандар ұшқан соң үйірлесіп қоныс аударады.
## Дереккөздер
Қазақстан құстары |
Станислав Алексеевич Поздняков (1973 жылы 27 қыркүйекте КСРО Новосибирск қаласында туған;) - семсермен семсерлесуден көрнекті ресейлік спортшы. Ол төрт дүркін Олимпиада чемпионы, он дүркін әлем чемпионы, он үш дүркін Еуропа чемпионы, әлем кубогының бес дүркін чемпионы және Ресейдің бес дүркін чемпионы (дербес жарыстарда). Станислав Поздняков КСРО - ның еңбегі сіңген спорт шебері (1992), Ресейдің еңбегі сіңген спорт шебері (1996), Подполковник (2007) және педагогикалық ғылымдар кандидаты.
## Жеке мансабы
Жарыстарға өзінің туған қаласы Новосибирск қаласының атынан шығыа тұрған. Ол Новосибирск мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
2005 жылдан бері - Новосибирск облыстық халықтар депутаттарының мүшесі, "біртұтас Ресей" фракциясының белсенді мүшесі.
2008 жылдан бері - Ресейдің семсерлесу құрамасының мемлекеттік бапкері (барлық қару - жарақ бойынша)
2009 жылдан бастап - Ресейдің семсерлесу федерациясының вице - президенті, Еуропа семсерлесу федерациясының төреші қауымының төрағасы және вице - президенті.
## Жетістіктері
* Орден «Отан алдындағы ерен еңбегі үшін» IV дәрежелі (19 сәуір 2001) — Дене шынықтыру ме спорт дамуына қосқан үлесі және 2000 жылғы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында көрсеткен жоғарғы жетістіктері үшін
* Құрмет ордені (6 қаңтар 1997) — 1996 жылы өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарындағы көрсеткіштері мен мемлекет алдындағы еңбегі үшін.
* Достық ордені (18 ақпан 2006) — дене шынықтыру мен спорт дамуына қосқан үлесі және спорттағы жоғары жетістіктері үшін.
## Сілтемелер
* С. Поздняков на сайте Федерации фехтования России
* Станислав Поздняков на сайте Олимпийского комитета России
* Станислав Поздняков на сайте databaseolympics.com (ағыл.)
* Биографический очерк о Станиславе Позднякове на сайте Весь Спорт Сибири Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Қарасай – Балқаш көлінің оңтүстік-батыс алабына қарасты өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 1960 км².
## Бастауы
Бастауын Майжарылған тауларының солтүстік етегіндегі бұлақтардан алып, Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы Айрық шығанағы маңындағы батпаққа құяды.
## Гидрологиясы
Орташа су ағымы 0,18 м³/с. Өзен арнасының басым бөлігі сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Тек төменгі арнасы кеңейіп жазық жермен ағады. Қарасайдың жалпы ұзындығы 95 км болатын 29 саласы бар. Ірілері; Қияқты және Қаракөз (Қарақұс). Ағыны көктемгі қар еру кезінде ғана байқалады. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Пяст әулеті — поляктардың князьдық және корольдық әулеті. Әулеттің негізін салушы — шаруа Пяст. Әулеттің тарихта белгілі тұңғыш князы — Мешко I (960 ж. ш,— 992). Оның ұлы Болеслав I Батыл корольдық лауазымды 1025 ж. қабылдады. 1370 ж. Казимир III өлгеннен кейін Пяст әулетінің корольдық ұрпағы жойылды.
## Дереккөздер |
Борис Иванович Равенских (27. 6, 1914 ж. т., Мәскеу) — совет режиссері, КСРО халық артисі (1968). 1954 жылдан КОКП мүшесі.
1935 ж. Ленинград сахна өнері институтының режиссерлік ф-тін бітірді. 1935—38 Ж. Мейерхольд атындагы те- атрда режиссёрдің ассистенті болып қызмет істеді. Мұның өзі кейінгі режиссерлік өнеріне зор ықпал жасады. В. Э. Мейерхолъдтан сахнада публицистикалық бояуға толы әсерлі, жарқын форма жасауды үйренді. 1941— 50 ж. Мәскеудегі К. С. Станиславский атынд. драма студиясында (қазіргі Станиславский атынд. драма театры), 1951—60 ж. Кіші театрда, 1960—70 ж. А. С. Пушкин атынд. драма театрында режиссер болды. Қойған спектакльдері муз. және эмоциялық бояуының молдыгымен ерекшеленеді. 1956—73 ж. Л. Н. Толстойдың «Қараңғылық патшалығын», А. М. Якобсонның «Шие бөрілерін», Г. Д. Мдиванидің «Терезаның туған күнін», Л. Скуарцинаның «Романьоласын», М. А. Шолоховтың «Көтерілген тыныш», Л. М. Леоновтың «Боранын», М. Анчаровтың «Драмалық жырын» (өзі қосалқы автор), А. К. Толстойдың «Патша Федор Иоан- новичын» т. б. қойып, совет режиссурасына елеулі үлес қосты. 1970 жылдан Кіші театрдыц бас режиссері.
КСРО (1951, 1972) және РКФСР (1967) Мемл. сыйлыгының лауреаты. Ленин ордені және басқа 2 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Рагимов Сулейман Гусейн оглы (шынайы есімі әз. Süleyman Rəhimov , 22. 3. 1900 ж. т., Аин с., қазіргі Кубатлы ауд., Азерб. ССР) — азербайжан совет жазушысы. Азербайжан халық жазушысы (1960), Соң. Еңбек Ері (1975). 1926 жылдан КОКП мүшесі.і Азербайжан пед. институтының тарих ф-тін бітірді (1931). «Шамо» (1—3-т., 1931—64) атты көп томды романында 20 г. басындағы бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті бейнелесе, . «Сачлы» (1940—48) романында азербайжанда революцияның жеңуін суреттеді. «Мехман» (1944) повесінде совет заң қызметкерінің бейнесін жасады. «Ақбұлақ тауында» (1954—55) романы азербайжан шаруаларының қилы тағдырын баяндайды. Ұлы Отан соғысы жылдары жазған повесть, әңгімелерінде («Медальон», 1942; «Бауырлас- тар зираты», 1943) совет халқының неміс фашистеріне қарсы күрестегі ерлігін суреттеді. «Кавказ ңыраны» романында (1—2-т., 1971—73) Ресей мен Закавказье халықтарының достығын көрсетті. Ол — Азерб. ССР Жоғ. Советінің депутаты. 2 Ленин орденімен және басқа 2 орденмен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Раден Салех Шариф Бустаман (1807 немесе 1814, Семаранг,— 23. 4. 1880, Вейтензорг, қазіргі Богор) — индонезия кескіндемешісі, индонезия замани кескіндемесінің негізін салушы. Семаранг билеушілері оемьясынан шыққан. Батавиде А. Пайеннен, 1830 жылдан Гаагада А. Схелфхаут пенК. Крюсеманнан оқыды. Франция, Германия, Италия мен Алжирде жұмыс істеп, 1851 ж. Явага оралды. Р. С.—«Бас тігіп күресу» (Амстердам, Қалалық музей), «Орманшының үйі» «Гаага, Мунициполитен-музей), «Жол- барыс аулау» (ГДР, Гота ңамалы музейі), «Арыстан аулау» (1841, Рига, Бейнелеу өнері музейі), «Дипо Негороны тұтқындау» атты картиналардың авторы.
## Дереккөздер |
Қарасай – Шарын алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 24 км, су жиналатын алабы 81 км2.
## Бастауы
Бастауын Темірлік тауынан алып, Шарын өзенінің оң саласы - Темірлік өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы және орта ағысында жағалауы тік жартасты. Көктемде суы тасиды. Арнасында суы жыл бойы болады. Орта және төменгі ағысының алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарасиыр, Қарасуыр – Ащымиір алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданында. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 341 км2.
## Бастауы
Бастауын Ұлытау тауының оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Ащымиір өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жағасы жарқабақты, аңғары кең. Қар және жер асты суларымен толығады. Көктемде суы тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 0,16 м3/с. Кішігірім 2 саласы бар, төменгі ағысында шаруашылық мақсатында бөген салынған. Өзеннің жоғарғы ағысындағы аңғарында Саз, Жарқұдық, т.б. тұщы сулы құдықтар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады. Алабы - жайылым.
## Дереккөздер |
Қарасиырсай, Асаршық – Сырдария алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, су жиналатын алабы 90 км2. Жалпы ұзындығы 48 км болатын шағын 19 саласы бар.
## Бастауы
Бастауын Қаратау жотасындағы Теріскей тауының етегіндегі бұлақтардан алып, Елтай қыстауынан 15 км төменде Ақүйек өзеніне жетпей жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Жоғарғы арнасы шатқалды, орта және төменгі арнасы сайлы-жыралы жерлермен өтеді. Жаз айларында суы тартылып қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.
Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал шарушылығынан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді ( Олдувэй). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Палеолит, негізінен, ежелгі (төменгі, ертедегі) және кейінгі (жоғарғы) Палеолит болып екіге бөлінеді. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй (шелльге дейінгі немесе малтатас мәдениеті) адамзат тарихының басы; ежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік "Homo habіlіs" өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.
Адам баласы Солтүстік Африкаға қоныстанды. Аляска, Калифорния жерлеріндегі ескерткіштердің ең ежелгісі кейінгі Палеолиттен ары аспайды. Зерттеушілер Американы адамдар б.з.б. 35 – 40 мың жылдар бұрын қоныстанған деп есептейді. Жапон аралдарын қашан қоныстанғандығы жайлы нақты мәлімет жоқ. Мұндағы 80-дей Палеолиттік ескерткіштердің жас шамасы 30 мың жылдан асады. Бұл кездегі анималистік үңгір бейнелеу өнерінде сүйек пен тастан антропоморфты мүсіндер қалдырған. Қазіргі таңда Палеолиттік бейнелеу өнері сақталған 40 шақты үңгірлер зерттелген (қ. Қап үңгірі). Палеолиттік өнер қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ол суреттер, мүсін және графика арқылы бізге жеткен ежелгі адамдардың дүниетанымын бейнелейтін өнер туындылары ғана емес, байырғы адамдар өмірінен мәлімет беретін құнды дерек көздері болып табылады.
Мысалы, Палеолиттік әйелдер мүсіні сол замандағы адамдардың эстетикалық талғамын көрсетеді. Қазақстанда Палеолиттік өнер туындылары әлі табылған жоқ. Бірақ мұнда Африка мен Еуропадағы архантроптар, палеоантроптар мен неоантроптар замандастары өмір сүргендігін айғақтайтын деректер жеткілікті. Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, 450-дей Палеолиттік ескерткіш орындары анықталған. Ең ежелгі ескерткіштер Қаратау жотасынан табылған. Мұндағы Тәңірқазған, Бөріқазған, Шабақты, Ақкөл, т.б. тұрақтар материалдары шелль-ашель дәуіріне жатады. Қаратау тас құралдары тұрпаттары және оларды өңдеу тәсілдері Африка, Үндістан, Пәкістан мен Қытай жерлерінен табылған бұйымдарға ұқсас. Ашель дәуірінің тұрақтары Орталық Қазақстаннан (Қойтас, т.б.), Ертіс алабынан (Қазыбай), Мұғалжар тауларынан, Маңғыстаудан көптеп табылған. Қаратау жотасынан (Тоқалы, Қызылрысбек, Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Дегерес, т.б.), Орталық Қазақстан мен Жоғарғы Ертіс өңірінен (Обалысай, Мұзбел, Жаман Айбат, Қосмола, Батпақ-8, 12, Құдайкөл, Қанай, т.б.) ашель мен мустье замандарына жататын ескерткіштер зерттелген болатын. Мустье құралдарының негізгі түрлері үшкіртас пен қырғыштан тұрды. Кейінгі Палеолитте тас құралдарын жасау техникасы жетілдірілді. Мустье дәуіріндегі дөңгелек және үшкіл өзектастар орнына призма пішіндес өзектастар пайдаланылды. Бұл кез ескерткіштері (Уәлиханов атындағы тұрақ, Қарабас-3, Бұқтырма, Свинчатка) алдыңғы уақыттарға қарағанда аз зерттелген. Бірақ қолдағы мағлұматтар Қазақстанда адамзат қоғамы үздіксіз дами бергендігін дәлелдейді. Еуразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймақ пен далаларда кейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының көптеген тұрақтары табылып зерттелді. Еуразияның куаңшылық аймағы бетінің кұрылысында асқар биік таулар мен қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі мейлінше алуан түрлі жер бедерлері бар. Әлбетте, жер бедері мен көрінісінің бұлайша алуан түрлі болуы мен олардың қуаң аймақта орналасуы ертедегі гоминидтер мекендерінің алуан түрлі ғана емес, сонымен қатар ұқсас болуына да жағдай жасады. Қуаңшылықты өңір аймақтарына эволюциядағы айырмашылық пен оның ұзаққа созылуы, жер аумағын игерудің бастапқы кезеңіндегі ерекшеліктер, сондай-ақ гоминидтердің шығуы мен эволюциясы тән. Бірақ қуаң аймақтың бір сипатты ерекшелігі бар, ол ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың өте басым болуы. Олардың көбі кешенді болып келеді және адамдардың ежелгі бабаларының белгілі бір геоморфологиялык жағдайда өте ұзак уақыт (екінің бірінде жүз мыңдаған жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді. Өзінің қуаң өңірдегі жағдайына, жер аумағының кендігіне және табиғи-ландшафтық өңірінің алуан түрлі, жер бедері үлгілерінің көп мөлшерде болуына қарай Қазақстан Еуразияның қуаң өңірінің палеолитін зерттеуге модель бола алады. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтер пайда болуының алғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең маңызды кезендегі геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала-отырып іздестіру керек, ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі гоминидтердің Африка кұрлығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен Сібір аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың өте ауқымды кеңістікте қоныстанғаның дәлелдейді. Қазір бір нәрсе айқын: 1,5 — 1 млн жыл дәуірінде-ақ Каспий маңы ойпатының ашық кеңістіктерінде, Тұран далаларында, Моңғолия мен Солтүстік Қытайда гоминидтердің тұрақтары болған. |
Қарасай – Балқаш көлінің батысындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 27 км.
## Бастауы
Бастауын Үшқара (603 м) тауының шығысындағы адырлы шоқылардағы бұлақтан алып, Сарышаған өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасында су көктемде 10-12 күндей ғана болады. Сарышаған өзенінің сағасына 19 км жетпей жерге сіңіп кетеді. Ұзындығы 24 км болатын шағын 22 жылғасы бар.
## Дереккөздер |
Аққараған - сәндік өсімдік, жапырақтары күрделі қауырсынды, шеті жұмыр да сопақ. Гүлдері ақ, жұпар иісті болады, шоқталып тұрады. Қосалқы жапырақтарының сыртқы бітімі өткір қылтанды,тікен сияқты.
## Химиялық құрамы
Аққараған гүлдерінде эфир майы бар, одан петролей эфирінің сығындысы алынады. Аққараған гүлдерінен алынған майдың құрамында индол, бензилалкоголь, метил эфирі, антранил қышқылы, гелиотропин, линалол кездеседі.
## Қолданылуы
Аққараған гүлдерін онымен тең мөлшерде алынған бозжиде гүлдерімен, түркстан арстан құйрығы, долана гүлдерімен, дәрілік мелисса, жалбыз шөбімен араластырып жасаған қайнатындыны жүрек ауруларынан азап шегетін науқас адамдарға бергенде жақсы әсер етеді. Науқастың демігуі басылады, тахикардия ұстамасы тоқтап, жүректің сыздап ауруы басылады.Оны ішкен кезде демалыстың баяулағаны байқалады. Жоғарыда көрсетілген өсімдіктерден жасалған препарат ұзақ уақытқа қан қысымының қалыпты жағдайына келуіне мүмкіндік береді, сондықтан оны гипертониялық аурулар кезінде ішуге болады. Аққарағанды түркстан арыстанқұйрығымен, доланамен сұр ақбас шөппен, қылшамен, көкемаралмен , құмаймен араластырып жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттанғанда(гипертония,миокард инфарктісі, миокардиосклероз, артериосклероз, церебросклероз,стенокардия) қолдануға болады. Халық медицинасында аққарағанның жас бұтақтары қабығының белгілі қоспаға ашытқан тұнбасын асқазан сөлінің қышқылдануы салдарынан пайда болатын запыранды кекірік кезінде тамшы түрінде ішеді.
## Тағы қараңыз
* Өсімдік
* Қазақстан өсімдіктері
## Дереккөздер
1↑ "Дәрілік өсімдіктер"/Бас редакторы М.Қожабеков. "Қазақстан" баспасы,1975. |
«Таң шапағы» Неміс философы Фридрих Ницшенің уәкілдік туындыларының бірі. Аталған кітап ең алғаш «Таң шапағы – Моральдың алжастыруы туралы толғаныс»(Morgenröte. Gedanken über die moralischen Vorurteile)деген атпен 1881ж. жарияланған. Аталған кітап мораль мен діннің келіп шығу қайнарының мәнді болғанына күмән келтіреді, мораль мен дінге қатысты психологиялық ауру белгілерін айқындауға тырысады. Ф.Ницше гедонизмнің (рахатқұмарлық) адамзат өміріндегі жетектеуші, қозғатушы болу рөліне сенімсіздік білдіреді. Билеу, үстемдік ету, бой ұсындыру, тәуелдеу түйсігінің адамзат тарихы мен өміріндегі айырықша рөліне назар аударады. Өмірдің шынайы мотивациясы түбегейлі мағынада «Билеу еркінен» туады деген идеяны қорғауға тырысты. Ол осы кітабында мораль мен мәдениет саласында бірдей релятивизм (салыстырмалық) идеясын ұстанып, христиан дініне қарата соған дейін де жасалған шабуылын одан сайын үдетті.Таң шапағы адам өміріндегі көптеген салалар туралы толғанады, үйленуден христиан дініне дейін, тәрбиеден патриоттыққа дейін, этикалық құлдықтан рухани азаттыққа дейін жанды шымырлатар пікірлермен айшықты түрде талдау жасалады. Кітапта позитивизмдік сананың ізі де айқын байқалады. "Мәңгілік қайталаным" идеясы да мұнда өз өрнегін табады.
Ф.Ницше бұл кітабында жазған нақылдарының («Таң шапағында» 575 нақыл сөз бар) айтар ойы тұнық, пікір жүйесі байсалды, көркемдік стилі жетілген, оқыған адамға өзгеше сезім сыйлайды. Шығарма бойында оқырманды мәжбүрлеген идеялар аз, ақталулар мен түсіндірулер лайықты мөлшерде. Бұл кітабы оның кемел шағына жеткенінің белгісі болды. «Таң шапағын» алғаш рет ағылшын тіліне аударған J.M. Kennedy оны «психологтарға арналған кітап» деп бағалаған екен.
## Дереккөздер |
Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Жаңажол ауылындағы үйде орналасқан. Бұл әдеби-мемориалдық музей 1991 жылы ашылды.
## Жазушы туралы
Қазақстанның халық жазушысы, академик, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреп тегі – XX ғасырдағы аса көрнекті сөз зергерінің бірегейі болды. Оның шығармалары еліміздің және шетел оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген.
## Музей-үй туралы
Ғабит Мүсірепов 1968-1985 жылдар аралығында тұрып, жемісті еңбек еткен үйінде, яғни қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Жаңажол ауылындағы үйде 1991 жылы әдеби-мемориалдық музей ашылды.Музей экспозициясынан 1932 жылдың 4 шілдесінде жазылған атақты "Бесеудің хатын" көре аласыздар. 1932 жыл (аштық )мен 1937 жыл (Сталиндік репрессия) - Ғ. Мүсірепов үшін ең бір ауыр жылдар еді. "Бесеудің хатын" жазғандар республикаға танымал адамдар болатын: Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Мүташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков, Қадір Қуанышев.Жеке кітапханасы. Кітапханасының мол бөлігін жазушы көзі тірісінде туған ауылының мектебіне сыйлапты. Қазақ жазушыларың ғана еңбектері емес, Шекспир, Марк Твен, Оноре де Бальзак, Гете, Ромен Роллан сияқты көптеген шетел классиктерінің де туындысын көре аламыз.Музей экспозициясы Ғ. Мүсіреповтің қоштасу хатымен аяқталады. 1985 жылы 28 желтоқсанда ауыр халде жатқан жазушы жас ұрпаққа арнаған өзінің соңғы сөздерін жаздырды: "... Қойны суық қасиетті қара жер құшағына, міне, мен де кеткелі жатырмын. Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізген ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам қуанышым да, ренішім де мол екен..."
## Музей бөлімдері
Музей екі: әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады.
Әдеби бөлімінде жазушының өмірі шығармашылық жолынан сыр шертетін экспонаттар қойылған. Екінші мемориалдық бөлмеде жұмыс кабинеті мен демалатын бөлмесі , көзі тірісінде тұтынған, қажетіне пайдаланған , Ғабиттың қолы тиген заттары сол қалпында сақталған.
Ғ. Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей-кешені Халықаралық әлем музейлерінің каталогына енген.
## Тағы қараңыз
Ғабит Мүсірепов
## Дереккөздер
Қазақстан музейлері. Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2009.-280., суретті, 156 бет. |
Асхат Қыдырбаев – Шығыс өңірінен шыққан жан-жақты спортшы. Ол - спорттың самбо, дзюдо, қазақша күрес түрлері бойынша спорт шебері. Асхат туған өлкесі – Семейдің құрама командасы сапында он бір мәрте жарысқа қатысып, үнемі жеңіске жетіп, ел құрметіне бөленген күрескер. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы КСРО-ның үш дүркін чемпионының да жауырынын жер иіскеткен күрескер. Асхаттың атасы Қыдырбай Қаракерей ішінде Жанайдан. Әйгілі Тана мырзамен аталас. 1920 жылдары, Кеңес өкіметі орнаған кезде ауыл мұғалімі атанған Қыдырбай шәкірттерге білім берумен қатар, спортқа да икемі болса керек. Ол ауыл арасында өтіп тұратын небір күрестерге түсіп, балуан атанса, бір жағынан тақымы мықты көкпаршы да болыпты. Сол жылдары білім берудің үздігі атанған Асхат ≪Еңбек Қызыл Ту≫ орденінің иегері болған, ал әкесі Марат болса – оташы дәрігер еді. Шешесі Кәмаш та білікті дәрігер ретінде ауданға еңбегі сіңген маман.1983 жылы аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрес бөліміне тіркеледі.1984 жылы Семей қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы облыстық біріншілікке қатысты. Алтыншы сыныпта оқи жүріп, 39 келі салмақ дәрежесінде жарысқа түскен ол сол жолы өз салмағы бойынша жеңімпаз атанды.Асхат қатарынан төрт рет жасөспірімдер арасындағы біріншілікте Қазақстан чемпионы атанды. 1985 жылы Арқалық қаласында, 1986 жылы Кентау қаласында өтіп, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, құрама командалары қатысқан үлкен турнирде мерейі үстем болып, І орынды иеленсе, 1987 жылы Қазақстан құрама командасының құрамында Ташкент қаласында өткен Орта Азия біріншілігіне қатысып, КСРО чемпионы, тәжік балуаны Т.Кәримовтан ұтылып, күміс жүлдегер болды. 1987 жылы жазда Ресейдің Рязань қаласында самбо күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы тоғызыншы бүкілодақтық турнирде (небәрі 16 жасында) Қазақстан құрама командасының сапында белдесуге шығып, қатарынан жеті балуанды жер қаптырып, жүлделі І орынды иеленеді.1988 жылы орта мектепті бітірген ол Алматыдағы дене тәрбиесі институтына түседі.1989 жылы Мәскеуде өткен одақтық ≪Еңбек резервтері≫ біріншілігінде жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.2000-2001 жылдары Семей мен Павлодар қалаларында өткен біріншілікке Семей қаласының атынан қатынасып, үнемі жүлделі бірінші орынды иемденіп отырды. Сол жолы Кеңестер Одағының үш дүркін чемпионы атанған павлодарлық балуан Баптомистің жауырынын жер иіскетті. Сонда жамбылдық Асқар Жақитов та Асхаттан жеңіліп, екінші орынға сырғыған болатын. 2005 жылы Риддер қаласында өткен жарыста түйе балуан атағын жеңіп алса, келесі жылы Қазақстанның екі дүркін түйе балуаны М.Оразбеков атындағы жүлде үшін болған республикалық жарыста ≪Түйе балуан≫ атағын жеңіп алып, абсолюттік чемпион атанады. Оның мұндай жеңіске жетуіне аға жаттықтырушысы Серік Тоқтарғазиннің де қосқан үлесі мол еді.Асхат Қыдырбаев өзінің мол тәжірибесіне сүйене отырып, жастардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
## Дереккөздер |
Алма Бектұрсынқызы Құнанбаева (1949 жылы Алматы қаласында туған) - музыкатанушы ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты. АҚШ-тың атақты Стэнфорд университетінің профессоры.
## Өмірбаяны
Алма Құнанбаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, Санкт-Питербург мемлекеттік театр өнері академиясының түлегі. 1984 жылы Изалий Земцовскийдің ғылыми жетекшілігімен "Қазақ эпикалық дәстүрінің проблемалары" тақырыбында өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс оқыған.1993 жылдан бастап АҚШ-та тұрады және Висконсин–Мадисон, Вашингтон Сиэтл, Айова, Калифорния Беркли университеттерінде сабақ берген.Қазіргі таңда Калифорния штатының Пало Альто қаласында орналасқан атақты Стэнфорд университетінің профессоры. Сонымен бірге, Беркли қаласындағы Орта Азия елдерінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға арналған "Silk Road House" атты орталықтың президенті.
Алма Құнанбаева 2014 жылы АҚШ эммигранттарына арналған "Ellis Island Medal of Honor" медальымен марапатталған. Медаль жеке және кәсіби өмірдегі жетістіктері үшін және өз мәдениетін сақтауға қосқан үлесі үшін беріледі.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
## Сыртқы сілтемелер
Silk Road House Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2014 жылы. |
Тікентерілілер (лат. Echinodermata) типіне тек қана теңізде тіршілік ететін жануарлар жатады: теңіз жұлдыздар, теңіз кірпісі, теңіз лалагүлі, голотурилер сол сияқты ертеректе өліп біткен кейбір топтары. Сонымен бірге тікентерілілер өзіндік ерекшелігі жөне бейімделгіш қасиеті бар жануарлар тобы. Тікентерілілер коне жануарлар тобы, Кембрий уақытынан бері тіршілік етіп келеді жөне откен геологиялық кезеңдерде жануарлардың саны да өте коп болған. Қазіргі тікентерілілердің озіндік ерекшелігі дене қуысы бар жогары сатыдағы дамыған, сәулелі симметриялы. Олар ірі болып келеді, ғылымға 6000-ға жуық түрлері белгілі, теңіз түбіне бекініп және еркін қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Олардың денесіңде радиалды жөне көбінесе бес сөулелі симмегрия болады, бірақ олардың ата- тектерінде билатералды (қос жақтаулы) симметрия да болған. Ерекше эволюциялық даму бағытының нәтижесінде тікентерілілерде қатты жабынды, инелері, улы бездері болған және регенераңиялық қабілеті (дененің жойылған бөлімінің қайтадан қалпына келуі) жақсы дамыған. Бұл қасиетгер теңіз бен мұхиттың түбінде жүрғенде жауларынан қорғануға немесе шабуыл жасауына мүмкіндік береді.
## Құрылысы
Барлық алғашқы ауыздылардан айырмашылығы тері жабындысы бір қабатты эктодермалық эпителиядан және оның туындысынан (кутикула) тұрады. Барлық тікентерілілерде тері екі қабаттан тұрады: бірінші қабаты эпидермистен жөне соның астында жатқан мезодермадан туындаған, Сиііз деп аталатын терінің дөнекер болып тұрған ұлпа қабатынан тұрады. Осы жағынан қарағанда тікентерілілердің жабындысы хордалы жануарлардың жабындысының қүрылысына үқсас болып келеді. Қаңқасының өзіндік ерекшелігі бар ішкі тері қаңқасы болады. Тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртьша шығып түратын ізбесті (әк) тақталардан қүралған қаңқа дамиды.
Нерв жүйесі радиалды қүрылысгы. Жүтқыншақ маңайыңцағы нерв сақинасынан дененің сәуле санына қарай радиалды нерв жүйесі тарайды.
Сезім мүшелері нашар дамыған. Теңіз жүлдыздарында қарапайым көздер сәуленің ұшында, ал теңіз кірпілерінде денесінің үсгіңгі жағында орналасқан. Сол сияқты басқа да сезім мүшелері бар.
Ас қорыту жүйесі ауыздан басталады. Аузы, қысқа өңеш арқылы үлкен қатпарлы қапшық төрізді қарьшмен байланысады. Қарын қысқа және тар артқы ішекке айналады. Артқы ішек қылаулатқыш жағынан ашылып аналь тесігімен жалғасады. Ас ортаңғы ішек бөлетін ферменттермен және фағоциттер арқылы қорытылады. Тікентерілілерде қоректенудің өздеріне тән негізгі төрт типі бар. Олар жануарлармен қоректенетін — зоофагтар. Бүларға нағыз жыртқыштар — жүлдыздар жатады. Олар моллюскалармен, аз қозғалатын омыртқасыздармен қоректенеді.
Өсімдіктермен қоректенетін — фитофаггар теңіз кірпілері балдырларды жартас қыртысынан қырып жейді. Үшіншілері органикалық бөлшектер мен су түбінде болатын ұсақ организмдермен қоректенетіндері- детриофагтар. Олар голотурилер мен офиуралар. Төртіншілері қорегіне судың терең қабатынан төмен түсетін "дождь трупов" үсақ организмдермен жөне кейбір планктондарды үстап қоректенетін — сестонофагтар. Бүл жолмен барлық теңіз лалагүлдері, бүтақсәулелі офиуралар және бүтаққармалауышты голотурилер қоректенеді.Қан айналу жүйесі бар. Ол кәдімгі екі сақиналы қан жолдарынан тұрады, оның біреуі ауыздың айналасында, ал екіншісі радиальды қан жолдарында. Олардың саны дененің сэулелеріне сәйкес келеді.
### Зәр шығару
Арнайы зәр шығару мүшелері болмайды. Денеде жиналған зат алмасу өнімдерінің бірталай бөлігі дененің барлық қуыстарын толтырып түратын сүйықтықта (амблакралды) шашырап жатқан амебалы клеткалардың комегімен сыртқа шыгарылады.
## Көбеюі
Тікентерілілердің копшілігі дара жынысты, олардың ішінде қосжыныстылары (гермафродитті түрлері) кездеседі. Көпшілігі жынысты жолмен квбейеді, кейбіреулері жыныссыз жолмен боліну арқылы көбейеді. Үрықтануы сыртта отеді. Тікентерілілер әдетте топталып өмір сүреді. Кобею кезінде жыныс онімдерін суга шығарады, осы жерде үрықтануы өтеді. Одан дернәсілдері шығады. Кейбір жағдайда үрықтанған жүмыртқа үрғашысының денесіндегі ерекше қалталарында — шығару камерасында дамиды. Бүл қүбылыс тірі туатындарында кездеседі. Осы шығару камерасынан толық қалыптасқан жас үрпақтар шығып, үрғашысының денесінде біраз уақыт үсталынып жүреді. Осылай үрпақтарына жүлдыздар, кірпілер, голотурилер қамқорлық жасайды.Тікентерілілерде регенераңия қабілеті күшті дамыған. Әсіресе жүлдыздарда, офиураларда, голотурилерде жүлынып қалған сәуледен бүкіл денесі қайтадан жетіледі. Кейбір жүлдыздар, офиуралар, голотурилер үрғашысының денесінің болінуі арқылы жыныссыз көбейеді, нәтижесінде жас дара үрпақ (особь) пайда болады.
## Дамуы
Тікентерілілерде даму өте күрделі метаморфозды. Үрықганған жүмыртқа толық радиальды бөлінеді. Үрық ерекше жіктеліп даму жолдарынан өтеді, нөтижесінде барлық тікентерілілерге ұқсас белгілері бар алғашқы дернөсілі — диплеврула пайда болады. Осы диплевруладан тікентерілілердің әр класында әртүрлі болатын дернәсілдің екінші өзгерген тұрі пайда болады. Олар голотурилерде — аурикулярия, теңіз жұлдыздарында — бипиннария, офиураларда — офиоплутеус, теңіз кірпілерінде — эхиноплутеус, теңіз лалагүлдерде — долиолярия деп аталады. Бұл дернәсілдердің барлыгында кірпікшелі баумен оралган радиальды оскіндері бар. Осы дернәсілдер әрі қарай метаморфозды дамып негізгі өзгерістерден әтіп ересектеріне айналады. Денесінің арқа жагы аборальді, ал құрсақ жагы — оральді болады. Сүйтіп барлық мүшелері радиальды симметрия қүрылысын дамытады.
* Тікентерілілер
*
*
*
*
*
*
*
* |
Дамодар өзені – Үндістандағы өзен, Бихар және Батыс Бенгаль штатынан өтеді. Ұзындығы 580 км-ге жуық. Чхоьа- Нагпур үстіртінен басталып, ол Ганг атырауының оң тармағы – Хугли өзеніне құяды. Басты саласы – Баракар өзені. Төменгі ағысында кеме жүзеді. Дамодар өзен алабы Үндістандағы ірісі. Дамодар су энергетика жүйесі жасалуда, 4 СЭС және жалпы қуаты 520мың квт 2 жылу стансиясы, бірнеше бөген және суландыру каналдары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Далматтар – Дальмацияның (Адрия теңізінің шығыс жағалауы) байырғы халқы. Ежелгі заманда мұнда далматтардың (Рим дәуірінді романданған) иллирий тайпасы тұрған. 6-7 ғасырларда славяндар келгеннен кейін, Далмация тұрғындарының славяндану процесі басталды; Далматтардың көпшілігі серб-хорват тіліне көшті. Алайда 19 ғасырға дейін далматтар өзіндік длмат, роман тілін сақтады. Бұл тілде сөйлейтін соңғы адам (шал) 1808 жылы Крк аралынды өлді. Далматтар – қазір хорваттардың облыстық және этнограф тобы. Негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы. Далматтар – жақыс теңізші әрі балықшы.
## Дереккөздер |
ШАКИРЗЯНОВ Сабыржан (30. 11. 1880, Уфа губ., Мензеляй , Ахмет болысы, Мұсабай дер.—1. 4. 1970, Алматы) — Жетісуда Совет өкіметін орнатуға және нығайтуға қатысушы, журналист, педагог.
## Биографиясы
Мензеляй уезіндегі Тіленшітамақ медресесін бітірген (1893—1902). 1903 ж. әскерге алынып, орыс-жапон соғысына қатысты. 1906—07 ж. Тіленшітамақ медресесінің мұғалімі. Сол кезде оқушылардың «Ояту» атты қолжазба журналын шығарды. Патша саясатына жат үндеу-хатты аударып, журнал бетінде жариялағаны үшін қуғынға ұшырады. 1907 ж. Верныйға (Алматыға) келіп, орыс-қазақ мектебінде, 1911 ж. татар мектебінде оқытушы болды. 1917 ж. фельдшер ретінде әскер қатарына алынып, Ташкенттегі І-Сібір полкінде қызмет істеді. Верныйда Совет өкіметі орнаған соң. Жетісу облысы аткомының ұлт істері жөніндегі комитетінің баспасөз бөлімін басқарды. 1918 ж. 21 июньнен бастап шыққан Жетісу ревкомы мен ұлттар жөніндегі облыс комиссариат органы — «Жетісу ісші халық мұхбыры» атты газеттің редакторы болды. 1920 жылдан бастап Сабыржан ұстаздық жұмысқа ауысты. Жаңадан ашылған қазақ, ұйғыр, дүнген, қырғыз мектептерінде сабак берді. 1940—55 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқытушы бола жүріп, қазақ, ұйғыр фольклорын жинаумен шұғылданды. Ол баспасөзге үнемі араласып, өдебиет, тарих, төрбие тақырыптарына көнермеген мақалалар жаздьі. 1928—36 ж. Алматы қалалық Советінің мүшөсі болды. Шакирнязов «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шайкин Есім Шайкеұлы (10. 3. 1926 ж. т., Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Үлгі аулы) — Қазақстан партия және совет қызметкері. Социалистік Еңбек Ері (1976).
1949 жылдан КОКП мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941—45). Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген (1970). 1955 ж. партия шақыруы бойынша отыз мыңдықтар қатарында Преснов ауд. комсомол комитетінің 1-секретарлығынан колхоз председательдігіне сайланды. 1962—70 ж. Солтүстік Қазақстан обл., Ленин ауданының «Заградовка», «Торанғұл» совхоздарының директоры. 1970—72 ж. Соколов ауд. атқару комитетінің председателі. 1972—75 ж. Москва ауданы партия комитетінің, 1975 жылдан Сергеев ауданы партия комитетінің 1-секретары. Қазақстан Компартиясының 14-съезінде ОК мүшелігіне сайланды. 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шамұратова Айымхан Тұрымбетқызы (5.06.1917 зк. Көңлікөл аулы, қазіргі Қанлыкөл ауданы) — қарақалпақ кеңес актрисасы, әнші, КСРО халық артисі (1968).
Мәскеу консерваториясында оқыған. Сахналық қызметін 1930 ж. Қоңыраттағы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1932—39 ж. және 1956 жылдан Қарақалпақтың К. С. Станиславский атынд. драма және музыкалы комедия театрында актриса. Оның репертуарында қарақалпақ, өзбек т. б. халық әндері бар. Ойнаған негізгі рольдері: Айсара (Яшен мен Мұхаммедовтің «Гүлсарасында»), Раушан (Аймұрзаев пен Алланазаровтың осы аттас пьесасында), Айбике (Ходжаниязовтың «Талуасында»), Толғанай (Айтматовтың «Ана—Жер-Анасында») т. б. 4- және 7-сайл. Қарақалпақ АССР Жоғарғы Советінің депутаты. 2 орденмен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
«Ер Төстік және Айдаһар» 3D-да - Қазақстандық тұңғыш 3D форматтағы толық метражды анимациялық фильм. Режиссерлері: Жакен Даненова мен Рустам Тұралиев. Тұсауы 2013 жылы 21 наурызда кесілді.
## Сюжеті
Жерастының ұлы патшасы Бапының зұлым жоспары бар. Ол Күнді- самұрық құсының жұмыртқасын жұтып, жерде мәңгілік қараңғылық жасамақшы. Мың жылда оны тоқтата алатын батыр туылатының білген ол, өзінің көмекшілермен батыр туылмау үшін барлығын жасайды.
Алайда Төстік дүниеге келіп, күн орай емес, сағаттап өсе бастайды...
самұрық құсы Күнге жаңа жұмыртқа салатын күнде таяп қалды емес пе?! Тек қана зұлым Айдахармен күрес, адамның кейінгі өмірін анықтайды....
## Фильмді дыбыстағандар
### Қазақ тілінде:
* Дулыға Ақмолда (Ер Төстік),
* Димаш Ахимов (Шоинкұлақ),
* Күнсұлу Шаяхметова (Бекторы),
* Мерей Аджибеков (Түшкан),
* Лидия Каден (Мыстан),
* Нукетай Мышбаева (Ажар),
* Қадырбек Демесинов (Ерназар),
* Ақкенже Алимжан (Кенжекей),
* Қайрат Домбаев (Бапы),
* Бауыржан Қаптағай (Ақын),
* Елдар Отарбаев (Тасбақа),
* Бейбіт Мүслимов (Таусоғар),
* Азамат Қанапияев (Желаяқ),
* Ержан Тусупов (Көлжұтар).
### Орыс тілінде:
* Илья Шилкин(Ер Төстік),
* Роман Прохоров (Шоинкұлақ),
* Лия Владимировна Нэльская (Мыстан),
* Нина Жмеренецкая (Ажар),
* Игорь Личадеев (Ерназар),
* Анастасия Темкина (Кенжекей),
* Оксана Бойченко (Бекторы),
* Мерей Аджибеков(Тушканчик),
* Анатолий Креженчуков(Бапы),
* Сергей Никоненко(Ақын),
* Евгений Нүриұлы Жұманов (Тасбақа),
* Илья Садыков (Таусоғар),
* Филипп Волошин(Желаяк),
* Сергей Никоненко(Көлжұтар),
* Динара Егеубаева (Кітап).
## Сілтемелер
* Қазақфильмнің ресми сайтында толық ақпарат Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2014 жылы.
* Толық есеп |
Теракоттан (күйдірген саздан) жасалған әскер—Қытай императоры Цинь Ши Хуандидің Сианьда орналасқан кесенесіндегі 8099 шамасындағы үлкен көлемді терракоттық (күйдірген саздан жасалған) қытай жауынгерлері мен олардың сәйгүліктерінің жерлену атауы.
Терракоттық мүсіндер Цинь әулетінің алғашқы императоры Цинь Ши Хуандимен бірге жерленген. (Қытайды біріктіріп, Ұлы Қорғанның бөліктерін қосты).
## Құрылу тарихы
Сыма Цяньның айтуынша, таққа отырған Ин Чжэн (болашақ Цинь Ши Хуанди) өзінің мазарын тұрғыза бастайды. Оның ойлауынша, мүсіндер оны о дүниеге шығарып салып, сол дүниеде өзінің шын өміріндегідей билеуін жалғастыруға көмектеседі екен.
Кесененің құрылысы 700 мыңнан астам жұмысшылар мен әбзелшілердің күшін қажет етті және тұрғызылуы 38 жылға созылды. Жерлеудің сыртқы қабырғасының периметрі 6 км тең.
Сонымен қатар, Цинь Ши Хуанди императормен бірге жауынгерлердің саздан жасалған мүсіндерінен басқа, 70 мыңнан астам жұмыскерлер мен олардың отбасылары (сарбаздармен салыстырғанда олар шын адамдар болды) және императордың 48 кәнизәгі жерленген .
## Қайта ашылуы(табылуы)
1974 жылы Қытайдың солтүстік батыс жағындағы Сиань қаласының маңынан құдық қазып жатқан шаруалар 20 ғасырдың ең үлкен археологиялық табысы: терракоттан (күйдірген саздан) кептіріп жасаған әскерлердің жер асты галереясын тапқан. Бұл алғашқы Қытай императоры Цинь Ши Хуандидің (б.з.б. 259-210 жж.) әскері болған. Бірінші галереяда көлемдері адамдардың бойымен бірдей алты мыңнан астам сарбаз, қалған екеуінде одан да көп болған. Киімдері әскери шендеріне байланысты әртүрлі, олар орасан зор әскердің бір бөлігін құраған. Императордың моласы әлі зерттеле қойған жоқ, бірақ ол жер асты сарайында орналасқан деп есептелінеді.
Бірінші қазба жұмыстары 1978 жылдан 1984 жылға дейін болды, екіншісі 1985 жылдан 1986 жылға дейін, ал үшінші қазба жұмыстары 2009 жылдың 13 маусымында басталып кетті.
## Орналасуы
Саздан жасалған сарбаздардың әскері император моласынан шығысқа қарай 1,5 км қашықтықта параллель орналасқан табыттарда әскери дайындықта жатыр.
## Сарбаз фигуралары
Ең қызықтысы, әскер жауынгерлері бір-бірлеріне ұқсамайды, жалпы қарағанда, тірі адамдардың тіпті әскери шендері, бет әлпетіне дейінгі көшірмесі. Сарбаз фигуралары әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолмен жасалғандықтан үлкен өнер туындысы болып есептеледі. Әр мүсін өзінің қайталанбас келбетімен және бет әлпетімен ерекшеленеді. Белгілі бір формаға келтірілген фигуралар пеште қыздырылып, арнаулы жылтырмен қапталғаннан кейін, сыртына бояу жағылатын. Берілген жауынгерлер өзінің әскери шенімен және қолындағы қаруымен ажыратылады.
## Әскердің жасалған жері
Әскер құрамындағы жауынгерлер мен аттары Қытайдың әртүрлі жерінде жерленген. Сардар жылқылары ауыр болғандықтан (массасы 200 килограммнан аса) тасымалдау жеңіл болу үшін оларды император моласының жанында құрған, ал сарбаздан мүсіндері қай жерде дайындалғаны белгісіз (олардың массалар жылқы мүсіндерінің массасынан төменірек, 135 килограмм шамасында ).
## Экспозиция тамашалаушылар
Терракоттан жасалған әскерді көру Қытайға келген шет елдік елбасылардың бағдарламасына кіріктірілген. 1984 жылы экспозицияны АҚШ президенті Рональд Рейган әйелімен бірге көріп кеткен болатын. Ол бұл тарихи жәдігерді "Адамзатқа тиесілі ұлы ғажап" деп бағалап кеткен. 1986 жылы экспозиция жерінде Ұлыбритания патшайымы(ханымы) Елизавета II мен Филипп ханзада екеуі болып қайтқан. 1998 жылы ескерткішті АҚШ президенті Билл Клинтон отбасысымен бірге, ал 2004 жылы — Ресей президенті Владимир Путин тамашалап қайтқан. Бұлардан басқа да Украина, Корея Республикасы, Германия президент, канцлерлері терракоттан жасалған әскерді көріп кеткен болатын.
## ЮНЕСКО тізімі
1987 жылы ЮНЕСКО-ның 11-сессиясында терракоттан жасалған әскер дүниежүзілік мұра қатарына кірді. Цинь Ши Хуанди мазары кешені осы тізімге енген алғаш қытай объектілерінің бірі болып табылады.
## Дереккөздер |
Қара шаңырақ (фильм) (Орысшасы Дорога домой)— Асқар-Мұхит Нарымбетовтың көркем фильмі. Фильмнің тұсауы 2012 жылы 29 маусымда кесілді.
## Сюжеті
90 жылдардың басында институтқа түсуге келген ауылдың қызы Жанна үлкен қалада алғашқы махаббаты - сұлу Оспанды кездестіреді. Алайда жас жігіттің отбасысының шешімі бойынша Оспан ауқатты отбасыдан шыққан қызға үйленіп, Жаннаны тастап кетеді. Аяғы ауыр Жанна ауылына ата-анасына қайтып, екі егіз ұл туады. Қыздың ата-анасы ұлдардың бірін - Берікті ауылда алып қалуды шешеді. Басқа ұлы Серікті Жанна өзімен бірге қалаға әкетіп, бизнесте жолы болып байлыққа жетеді.
20 жылдан кейін егіз ағайынды кездеседі. Бірақ олар тым әр түрлі екенін түсінеді. Өмір бойы ауылда өсіп, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді бойына сіңірген Берік — ақылды әрі парасатты, барлығын ойланып шешеді. Ал Еуропада білім алып, қамсыз өмір сүрген Серік керісінше — алаңғасар. Бірақ екі ағайындының да өз халқының, өз ұлтының бір бөлігі екенін түсінетін кез келді...
## Фильм әртістері
Рөлдерде:
* Сабит Мұстафа
* Ғабит Мұстафа
* Гүлнара Дұсматова
* Әсел Садвақасова
* Аша Матай
## Сілтемелер
* Қазақфильмінің ресми сайтында Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2014 жылы.
* Фильм |
"Бук" зенитті зымыран кешені
"Бук" зымырандар жүйесі әуе күштерін жоюға арналған, өздігінен қозғалатын орташа ауқымды зымыран тобына жатады. Бұл жүйені жасауКеңес Одағы кезінде басталып, Одақ ыдыраған соң Ресей Федерациясы тарапынан жалғасты. Жүйе ұшатын зымырандар, бағдарламаланған бомбалар, бекітілген және айналмалы қанаттары бар ұшақтар мен ұшқышсыз басқарылатын әуе кемелеріне қарсы жасақталған.
Қолданысқа енгізілгеннен бері "Бук" зымырандар жүйесі үнемі дамумен келеді, оның қазіргі кездегі атауы - 9К37М2 "Бук-М2". "Бук" зымырандар жүйесі "Куб" зымырандар жүйесінің орынын басты. Қос жүйенің функционалдық ұқсастықтары нәтижесінде 9К37-1 "Бук-1" жүйесі жасап шығарылды.
Зымыран алғаш құрылған әскер тарапынан "Бук-М1-2" жүйесінде және әскери теңіз күштерінде "Штиль-1" жүйесінде пайдаланылды. 9К37 "Бук" жүйесі дамыту алғаш рет 1972 жылдың 17 қаңтарында Кеңіес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің тапсырысына сәйкес қолға алынды. "Бук" зымырандар жүйесі барлық параметрі жағынан алып қарағанда "Куб" жүйесінен басым етіп жасақталған.
"9М317" зымыраныРесей қарулы күштерінің құрлықтағы әуе қорғанысы мен теңіздегі әуе қорғанысы үшін ортақ зымыран болып саналады. "9М38М1" зымыранымен салыстырғанда "9М317" зымыранының соққы беру қуаты әлдеқайда жоғары.
## Дереккөздер
1100 қызықты деректер |
Қарасу – Ойыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Атырау облысының Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 60 км.
## Бастауы
Ақшатау тауы тұсында Ойыл өзенінен тармақ болып шығып, Аққала ауылы тұсында қайта құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы ирелең, ені 5-20 м. Ағыны көктемде Ойылдың су деңгейі көтерілгенде ғана болады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Суы шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарасу – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысының Талғар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 60 км.
## Бастауы
Бастауын Талдыбұлақ ауылының тұсындағы бұлақтардан алып, Жетіген ауылына 2 км-дей жетпей тартылып қалады. Суы мол жылдары Кіші Алматы өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Мұздық, қар суымен толығады. Арнасы тік жарлы (1-2 м). Жылдық орташа ағымы 0,65 м³/с. Суы бау-бақша суғаруға пайдалыналды.
## Дереккөздер |
Қарасу – Қарасор көлі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 661 км².
## Бастауы
Бастауын Желтау тауларының оңтүстік баурайындағы бұлақтардан алып, Қоянды ауылынан төменде Қарасор көлінің шығысындағы батпаққа құяды.
## Гидрологиясы
Арнасының сол жағалауы тік жарқабақты, орта ағысының оң жағалауында шағын тұзды көлдер кездеседі. Батпаққа құяр сағасындағы арнасы кең. Жалпы ұзындығы 49 км болатын 15 саласы бар. Ең ірісі - Жандар (18 км). Арнасында жыл бойы ағыны болады. Жағалауы мал жайылымына, төменгі алабы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
"Бір қозы туса, бір түп бетеге артық шығады" дегендегі айтпақ пәлсапасы дүниеге келер әр перзентің өз ырзығы, өз нәпақасы бар дегенді білдіру. Сондықтан мейлі жас келін болсын, кез келген жас келіншек болсын, оның бойынан жаңа өмірдің белгісі байқалса, соны ағайын-туыс қана емес, ауыл-руластары да қуанышты хабар қылып қабылдаған. Ең алдымен абысын-ажын жерік астын бөгенайын білсе, алдымен соны тауып, арнайы мал сойдырып, жерік ас табағын әзірлеп апаратын болған. Әрине, бастан басқа кәделі мүшелерін - асықты жілік, төсті салып, тағы да міндетті түрде ұлтабарды қосқан. Табақтын үстіне болат кездік қойып апаратын болған. Бұл тағы да болат кездіктей өткір, ел қорғаны болатын ұл болсын дегені. "Тоқ болсан да, толарсақтың сіңірін тастама, аш болсан да асықты жілікті мүжіме" дейтін жұртымыз асықты жылтырата тазалап, онымен ойнайтын болашақ иесіне арнап, тығып қоятын болған. Сол сияқты "жолымыз ашық болсын" деп жауырынын "жолын ашып" - ортасындағы жылтыр сүйекті міндетті түрде жарып қаятын ырым бар.
## Дереккөздер |
Қарасу – Ащысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Жарма ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км.
## Бастауы
Бастауын Арқат тауларының шығысындағы Шілтен тауының етегінен алып, Еспе қонысындағы Иткей қыстауы маңында тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Тауаралық арнасының жағалауы тіктеу, жарқабақты, орта ағысы сайлы-жыралы келген. Жонды-төбелі, төменгі ағысы кеңейіп, жағалауының маңында батпақ түзейді. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасында көктемде 15-20 күндей ағын болады. Жылдың басқа мезгілінде қарасуларға бөлініп қалады. Жоғарғы аңғары мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Нұрмұханбетов Нағым Нұрмұханбетұлы — 1952 жылдың 1 шілдесінде Алматы облысы, Ақсу ауданында дуниеге келген. Ақсудың Ы.Алтынсарин /Мамания/ атындағы мектебін 1970 жылы бітірген. Кеңес Армиясы қатарында /1970*1972/ болған.
* 1973—1977 жылдары Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училишесінде оқыған.
* 1977—82 жылдары Мәскеудың полиграфиялық институтын, полиграфиялық өнімдерді техникалық-безендіру факультетін, суретші-график мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстандағы баспалар мен редацияларда еңбек етті.
* 1982—86 жылдары "Жазушы" баспасында, 1986—1996 жылдары республикалық "Ара-Шмель" сатиралық журналында бас суретшілік қызметтерді атқарды.
Алматы банкнот фабрикасында дизайнер, "Қайнар", "Өнер" баспаларында бас суретші болды. Штаттан тыс "Рауан", "Білім", "Санат", "Арыс","Ана тілі" баспаларында кітаптың ішкі құрылымы мен илюстрациямен көркемдеп кітап мұқабаларын безендірді.
Суретші, "Айқын-Литер" газетінде дизайнер қызметтерін атқарды.
Қазақстан суретшілер одағының, Дизайнерлер Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. Шет ел және Одақтас республикалардың көптеген кітап байқауларында, "Кітап және полиграфия", "Кітап өнері", "Қазақстан графикасы" секілді көрмелерге қатысып әртүрлі дәрежедегі дипломдар мен грамоталармен марапатталған.
1982 жылдан бірнеше жеке көрмелерін өткізіп, баспа саласында кітап көркемдеу, "станковая графика", живопись, ксилографика, линогравюра, компьютерлік грапфика тағы да басқа көркемдеу мен безендірудің жаңа түрлері бойынша шығармашылық ізденістердің игі нәтежелеріне қол жеткізіп келеді.
Оның өзіне тән стилімен, айшықтауымен қазақ ақын-жазушыларының көптеген кітаптары көркем де жоғары деңгейде безендіріліп оқушы қауымның ыстық ықыласына бөленген.
2003 жылдан Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтында дизайнер. Қазақстандағы кітап көркемдеу саласында өзіндік қолтаңбасы бар Нұрмұхамбетов көптеген халықаралық, бүкілодақтық конкурстардың дипломанты.
## Дереккөздер |
Қаржасбай Рауза Жабағықызы (1950 ж.т.) — "Атамұра" корпорациясының жетекші редакторы, жоғары санатты мұғалім.
1972 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетін, 1986 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын бітірген .
1974-78 және 1983-94 жылдары мектепте мұғалім. 1978—1988 жылдары КСРО Педагогика ғылым академиясы Қазақ филиалында ғылыми қызметкер және аспирант. 1994-1998 жылдары "Білім" баспасында редактор. 1998—2000 жылдары Ғылым академиясында аға ғылыми қызметкер. 2000 жылдан бастап "Атамұра" баспасында жетекші редактор.
12-ге жуық ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік кітаптары, құралдары, мақалалары жарияланған.
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Иіркөл ауылдық округі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Иіркөл ауылы кіреді. Орталығы – Иіркөл ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 912 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қарасу – Бүйен алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 895 км².
## Бастауы
Сағабүйен ауылы тұсында Бүйен өзенінен бөлініп шығып, Қызылағаш аулынан солтүстікке қарай 25 км-дей жерде Көлденеңжайылма қонысында жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Арнасы кең, ағыны баяу. Жылдық орташа су ағымы 2,05 м³/с. Шағын 5 саласы бар. Алабы шабындық пен жайылымға, суы егін суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарасу – Қойбағар көлі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қарасу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 48 км, су жиналатын алабы 1390 км², жылдық су ағымы 14 млн. м³.
## Бастауы
Бастауын Торғай үстіртінің батысындағы жонды-белесті келген жерден (Қойбағар және Айдарлы ауылдары маңынан) алып, Восток ауылы тұсында Қойбағар көліне құяды.
## Гидрологиясы
Сол жағалауы түйетайлы, жонды-белесті келген, оң жағалауы жайпақ. Суының минералдылығы 0,2-0,6 г/л³. Өзен арнасымен 1,5 ай су ағады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады.
## Өсімдігі
Кей жерлерінде шілік, қамыс, сағасына таяу жерде терек шоғырлары кездеседі. Жағалауы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
## «Жұлдыз»
Бұл өрнек геометриялық сынық сызықтары тұспалдайды. Ісмерлер кестеге кейде жұлдыздың натуралды қалпын түсіреді. Жұлдыз бейнесі композицияланған ою – өрнектердің ортасында кездеседі.
## «Жұлдызгүл»
Бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, беторамал орталарында және сырт киімнің арқа тұсына, шапанның етегінің екі алдыңғы бұрышына кестеленеді.
## «Күн»
Бұл ою – өрнек түрі Күнді меңзейді. Діни ұғымда магиялық тылсым күші бар деп кілемнің, тұскиіздің ортасына және тұрмыстық бұйымдарды кестелеп сәндегенде қолданылады.
## «Мүйіз»
Мүйіз оюдың ең көне мәнері. Бұл элемент көп жерде қолданылады.
## «Қосмүйіз»
Малдың екі мүйізін бейнелейді. Бұл оюды үй жиһаздарынан басқа сәукелені, айыр қалпақтың төбесін, шетін, комзолдың алдыңғы жағын, етіктің қонышын кестелегенде қолданылады.
## «Арқармүйіз»
Бұл элемент «қошқармүйізге» ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршақтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Үй жиқһаздарын, киім – кешектерді кестелеуде қолданылады.
## «Сыңармүйіз»
«Қошқармүйіздің» бір жақ сыңарын бейнелейтін өрнек. Өрнек үй жиһаздарын, киім – кешектердің шеттерін кестелегенде қолданылады.
## «Қырықмүйіз»
Біріне – бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден тұрады. Негізінен мүйіз бейнеленген олардың барлығының символдық мәні бақыт – береке, байлық, мал – жанының көбеюі. Тұскиіз, сырмақ, кежім тондарға салынады.
## «Төртқұлақ»
Өсімдік типтер оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі. Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырына, шалбардың тізе тұсына салынады.
## «Шетою»
Өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. Сырмақ, киім – кешектердің басқа да үй жиһаздарының жиектерін кестелеген кезінде салынады.
## «Үшжапырақ»
Өсімдік типтес оюларға жатады. Ертедегі сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі.
## «Түйемойын»
Түйенің мойнына ұқсаған мүйіз оюына жатады. Қолданыс аясы да мүйіз оюлардай.
## «Ботагөз»
Әшекейлі композиция ортасына салынады, немесе орамал сияқты киімдердің жиектеріне салынады.
## «Тіс»
Малдардың, аңдардың тісіне және шахмат тақтасына ұқсайтын ою – өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама – қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тістердің өрнегіне қолданады.
## «Таңдай»
Мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан. Бұл өрнек киімдердің жағасына, кимешектің жағына салынады.
## «Құсқанаты»
Қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді. Бұйымдарды сәндеуге өте жиі қолданатын оюлардың бірі, басқа өрнектермен де аралас қолдана береді.
## Дереккөз
Қазақтың кесте өнері, Алматыкітап баспасы - 2009
## «Жұлдыз»
Бұл өрнек геометриялық сынық сызықтары тұспалдайды. Ісмерлер кестеге кейде жұлдыздың натуралды қалпын түсіреді. Жұлдыз бейнесі композицияланған ою – өрнектердің ортасында кездеседі.
## «Жұлдызгүл»
Бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, беторамал орталарында және сырт киімнің арқа тұсына, шапанның етегінің екі алдыңғы бұрышына кестеленеді.
## «Күн»
Бұл ою – өрнек түрі Күнді меңзейді. Діни ұғымда магиялық тылсым күші бар деп кілемнің, тұскиіздің ортасына және тұрмыстық бұйымдарды кестелеп сәндегенде қолданылады.
## «Мүйіз»
Мүйіз оюдың ең көне мәнері. Бұл элемент көп жерде қолданылады.
## «Қосмүйіз»
Малдың екі мүйізін бейнелейді. Бұл оюды үй жиһаздарынан басқа сәукелені, айыр қалпақтың төбесін, шетін, комзолдың алдыңғы жағын, етіктің қонышын кестелегенде қолданылады.
## «Арқармүйіз»
Бұл элемент «қошқармүйізге» ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршақтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Үй жиқһаздарын, киім – кешектерді кестелеуде қолданылады.
## «Сыңармүйіз»
«Қошқармүйіздің» бір жақ сыңарын бейнелейтін өрнек. Өрнек үй жиһаздарын, киім – кешектердің шеттерін кестелегенде қолданылады.
## «Қырықмүйіз»
Біріне – бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден тұрады. Негізінен мүйіз бейнеленген олардың барлығының символдық мәні бақыт – береке, байлық, мал – жанының көбеюі. Тұскиіз, сырмақ, кежім тондарға салынады.
## «Төртқұлақ»
Өсімдік типтер оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі. Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырына, шалбардың тізе тұсына салынады.
## «Шетою»
Өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. Сырмақ, киім – кешектердің басқа да үй жиһаздарының жиектерін кестелеген кезінде салынады.
## «Үшжапырақ»
Өсімдік типтес оюларға жатады. Ертедегі сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі.
## «Түйемойын»
Түйенің мойнына ұқсаған мүйіз оюына жатады. Қолданыс аясы да мүйіз оюлардай.
## «Ботагөз»
Әшекейлі композиция ортасына салынады, немесе орамал сияқты киімдердің жиектеріне салынады.
## «Тіс»
Малдардың, аңдардың тісіне және шахмат тақтасына ұқсайтын ою – өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама – қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тістердің өрнегіне қолданады.
## «Таңдай»
Мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан. Бұл өрнек киімдердің жағасына, кимешектің жағына салынады.
## «Құсқанаты»
Қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді. Бұйымдарды сәндеуге өте жиі қолданатын оюлардың бірі, басқа өрнектермен де аралас қолдана береді.
## Дереккөз
Қазақтың кесте өнері, Алматыкітап баспасы - 2009 |
《Шаттық ілімі》(нем. Die fröhliche Wissenschaft,1882ж.) - Фридрих Ницше шығармашылығының орта мезгіліндегі көлемі ірі, толыққанды жазылған кітап есептеледі. Бұл кітапта Ф.Ницше нақыл сөз арқылы ойды жеткізу тәсілін мықтап қолға алған және кітапта көптеген өлең жолдары да кездеседі. Кітапта автор философ ретінде ғылымға қарсы болады, өнермен айқасады, сондай-ақ философиялық тілдің өзіне де аяусыз сын айтады. Ол өнер мен ғылымның сыртында тұрып, өмірге деген құштарлықты паш етуге тырысады. Кітап адамзат рухани әлемінде ғылым мен өнер мәселесін жаңа деңгейде қарап, ғылым мен өнердің өзара үндесуіне және қатар тұруына жол сілтейді.
Бұл кітаптың өзекті идеясы — тіршіліктің ұлылығын мадақтау, эстетикалық құштарлықпен жеңіл философиялық стиль арқылы тіршіліктің қасиетін дәріптеу. Ф.Ницше осы кітабында «Мәңгілік қайталаным» идеясын ұсынып, таза жеке адамдық тіршілік тұрғысынан адам қалай әрекет етуі керектігіне талдау жасады. Бұл христиандық (кезектегі дене рахаттарынан баз кешіп, ұзақ уақыттық рухани тақуалық арқылы жетпекші болған) өлгеннен кейінгі өмір шаттығы – жаннатағы керемет өмірді дәріптеуге қарсы болды. Осы нақты жарық өмірдің бақыты мен шаттығы адам үшін шешуші екенін, өмірден де биік арман дегеннің құр алдамшылық екенін сипаттады.
Бұл кітабында Фридрих Ницше өзінің ең танымал және ең көп талас тудырған пікірлерінің бірі «Құдай өлді» идеясын ашық ортаға салды. Ол бұл идеясын бірнеше түрлі түсіндірді: "Көптеген құдайлар болған екен. Арасындағы біреуі мен Құдайлардың Құдайымын, бірден-бір құдаймын депті екен. Қалған құдайлар оны мазақтап қатты күлісіпті. Сонда ол Құдай ұялғанынан өліп кетіпті," - бұл бірінші түрлі айтылым. Екіншісі, "Құдай Тағала христиан діні бойынша өте мейірбан болғандықтан, ол өзі жаратқан адамдардың осыншалық азаптанып, қорланып, қиналғанына төзіп тұра алмай бауыры езіліп өліп кетіпті," - бұл екінші айтылым. Кейінгі шығармаларында ол "мен тек билей алатын құдайға ғана сенемін" десе, «Зороастр солай айтқан» кітабының төртінші бөлімінде "Құдайға сенбеген есекке сенеді" деп сөгіп, жаңа құдайы тұлға - Асқан адамды (супермен) ұлықтайды. Қайткен күнде де Ф.Ницшенің бұл кітабынан натурализм мен эстетиканы діни дәстүрдің орнына бастырғысы келу талабы байқалады.
Ф.Ницшенің 《Шаттану ілімі》философияға деген қатып қалған түсінікті бұзды, философияның солбір жаттанды формасынан құтылып шықты. Ницшенің ойынша, философия ғылымға қарағанда өнерге жақын және бұл кітабында философияны парасат өнеріне айналдырды. Бұл кітап түрлі философиялық сірескен теориялар мен күрделі ұғымдарға құрылған кітап емес, парасаттың қарапайым да жаттық үлгісін паш еткен қызықты толғаныс кітабы. Бұл кітап философияның "Даналықты Сүю" атауына лайық келеді: байсалды да, әдепті, жаттық та, жағымды әуезде адамды тебірентерлік мағынада сөйлеуге берілді. Заратуштраның даналығы мен құштарлығын бастан кешірген («Заратуштра солай айтқанды» оқыған) адам бұл кітапты қолына алса, Ницшенің қарапайым өмірге барынша жақын ойлайтын адам екенін байқайды. Кей сөздері мақал-мәтел секілді бір-ақ ауыз сөз: "қиыншылықтан табандылық қана құтқарады" дегендей. Ең көлемділері де бірнеше беттен ұзамайды. Әр нақылдың ғажайып тақырыбы бар. Егер идея дегеніміз тау болса, Ницше оның шыңында тұр, егер парасат дегеніміз қазына болса, Ницше сол қазынаның іздеушісі, егер адам болмысының көптеген арғы қатпарлары бар десек, Ницше сол қатпарларға дейін ешкімнен тайсалмай (Тәңіріден де) терең бойлаушы. Оның бойынан парасатқа деген батырлық лебі еседі. Ф.Ницше аталған кітапта былай дейді: "дүниеде құлдар біз ойлағаннан анағұрлым көп, тіпті әрбір адам деуге де болады. Тек шын философ ғана құл емес." Бұл сөз бізді шошындырады. Ницше тағы: "өлім-өмір қайшылығын айта беруімізге болмайды. Өмір дегеніміз өлімнің бір нұсқасы, тіпті ең сирек нұсқасы" дейді. Бұл сөз бізді тіксіндіреді. Ницше тағы: "адам деген мәлім бір сенімді мың-миллион рет терістесе де, бірақ егер қажеттілік туса соны "ақиқат" деуден тайынбайтын нәрсе." Бұл сөз бізді ойландырады. Ф.Ницше жеке адамның ерік еркіндігін дәріптейді, әлденені рухани пұт етіп табынуға қарсы тұрды. Ол адам өзінің табиғаты жақсы, не жаман болса да қабыл алып, өз табиғатының түпнұсқасын сақтап өмір сүре алса ғана еркін дегенді айтады. Жақсылық пен жамандықта мүлдем айқын шекара деген жоқ, дүние тек ақ пен қараның байланысы емес. Философия адамзаттың өздік танымына арналған жіп сатысы, ол арқылы біреу биікке шығады, біреу тереңге түседі. Нағыз философ адамдарға саты әзірлейді. "Ойшыл басқалардың мадағы мен шапалақ шалуын қажетсінбейді. Ол өз шапалағына күдіктенбесе болғаны, - бұл ол үшін кем болса болмайды," - дейді.
## Дереккөздер |
Тамаша – 1978 жылдан бастап қазақ тілінде шығатын телевизиялық бағдарлама.
Бағдарлама 2008 жылға дейін көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие болған[дереккөзі?] .
## Идея авторлары
Идея авторлары режиссер Лұқпан Есенов және редактор Қойшығұл Жылқышиев.
Жоспарды жүзеге асырған алғашқы актерлер: Тұңғышбай әл-Тарази, Құдайберген Сұлтанбай, Уәйіс Сұлтанғазин және Мейірман Нүрекеев.
## Бас режисерлары
Асылбек Боранбай
## Тамаша ойын-сауық театрының актерлері
* Асылбек Боранбай
* Марат Көккөзов
* Саттар Ерубаев
* Бауыржан Ордин
## Сілтемелер
* http://www.kaztrk.kz/rus/news/kultura/Tamasha_azil-sikak_otauina__33_zhil.html(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.ktk.kz/kz/news/video/2013/02/25/15718 Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2017 жылы.
* http://www.ktk.kz/ru/news/video/2009/12/7/6626
* http://www.internews.kz/newsitem/20-11-2008/5535 Мұрағатталған 12 қарашаның 2013 жылы.
## Тағы да басқа
* 1988 жылы орыс композиторы Михаил Муромов "Тамаша" әзіл*сықақ театрына арнап, "Тамаша" деген ән жазды. |
Тамаша – 1978 жылдан бастап қазақ тілінде шығатын телевизиялық бағдарлама.
Бағдарлама 2008 жылға дейін көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие болған[дереккөзі?] .
## Идея авторлары
Идея авторлары режиссер Лұқпан Есенов және редактор Қойшығұл Жылқышиев.
Жоспарды жүзеге асырған алғашқы актерлер: Тұңғышбай әл-Тарази, Құдайберген Сұлтанбай, Уәйіс Сұлтанғазин және Мейірман Нүрекеев.
## Бас режисерлары
Асылбек Боранбай
## Тамаша ойын-сауық театрының актерлері
* Асылбек Боранбай
* Марат Көккөзов
* Саттар Ерубаев
* Бауыржан Ордин
## Сілтемелер
* http://www.kaztrk.kz/rus/news/kultura/Tamasha_azil-sikak_otauina__33_zhil.html(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.ktk.kz/kz/news/video/2013/02/25/15718 Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2017 жылы.
* http://www.ktk.kz/ru/news/video/2009/12/7/6626
* http://www.internews.kz/newsitem/20-11-2008/5535 Мұрағатталған 12 қарашаның 2013 жылы.
## Тағы да басқа
* 1988 жылы орыс композиторы Михаил Муромов "Тамаша" әзіл*сықақ театрына арнап, "Тамаша" деген ән жазды. |
## Географиялық орны
Қиялыбөрте, Киялы-Буртя (Ангур) - Ресейдің Орынбор облысының Қуандық ауданы және Қазақстанның Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы жер аумақтарынан ағып өтетін өзен. Өзен сағасы Жайық өзенінің сол жағалауынан 1580 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 80 км-ді құрайды.
## Бастауы
Бастауын жонды–белесті аласа тау бөктеріндегі бұлақтардан алып, Ресей аумағында Жайық өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Өзеннің 20 саласы бар. Ағысының 60%–дан астамы Қазақстан аумағымен өтеді. Бөрте аумағыныӊ маӊында Қиялыбөртеніӊ жоғарғы ағысында бірнеше ірі салалар, оныӊ ішінде Жоса, Сынтас және тағыда басқалар қосылады. Шекара бойындағы Студенчкское ауылыныӊ маӊында оӊ жағынан Қия өзені құяды. Бөрте ауылынан төменде өзен арнасы кеӊейіп, жағалауы жазық болып келеді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Суы қарашаныӊ бірінші жартысында ериді. Атырабыныӊ басым бөлігі жыртылған. Біраз бөлігі шабындыққа пайдаланылады.
## Негізгі салалары
Негізгі салалары:
* 27 км: Күшікбай өзені
* 36 км: Қия өзені
* 46 км: Абдан өзені
* 57 км: Айдарлысай өзені
* 62 км: Тораңғылы өзені
* 70 км: Қараүңгір өзені
## Су тізілімінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Жайық өзені Орск қаласынан Сакмара өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).
* Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 12010000812112200004164
* Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200416
* Су алабының коды — 12.01.00.008
* ГЗ томының нөмірі — 12
* ГЗ бойынша шығарылуы — 2
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы.
## Географиялық орны
Қиялыбөрте, Киялы-Буртя (Ангур) - Ресейдің Орынбор облысының Қуандық ауданы және Қазақстанның Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы жер аумақтарынан ағып өтетін өзен. Өзен сағасы Жайық өзенінің сол жағалауынан 1580 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 80 км-ді құрайды.
## Бастауы
Бастауын жонды–белесті аласа тау бөктеріндегі бұлақтардан алып, Ресей аумағында Жайық өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Өзеннің 20 саласы бар. Ағысының 60%–дан астамы Қазақстан аумағымен өтеді. Бөрте аумағыныӊ маӊында Қиялыбөртеніӊ жоғарғы ағысында бірнеше ірі салалар, оныӊ ішінде Жоса, Сынтас және тағыда басқалар қосылады. Шекара бойындағы Студенчкское ауылыныӊ маӊында оӊ жағынан Қия өзені құяды. Бөрте ауылынан төменде өзен арнасы кеӊейіп, жағалауы жазық болып келеді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Суы қарашаныӊ бірінші жартысында ериді. Атырабыныӊ басым бөлігі жыртылған. Біраз бөлігі шабындыққа пайдаланылады.
## Негізгі салалары
Негізгі салалары:
* 27 км: Күшікбай өзені
* 36 км: Қия өзені
* 46 км: Абдан өзені
* 57 км: Айдарлысай өзені
* 62 км: Тораңғылы өзені
* 70 км: Қараүңгір өзені
## Су тізілімінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Жайық өзені Орск қаласынан Сакмара өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).
* Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 12010000812112200004164
* Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200416
* Су алабының коды — 12.01.00.008
* ГЗ томының нөмірі — 12
* ГЗ бойынша шығарылуы — 2
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы. |
Толы ауданы (қыт. 托里县 Tuoli ) Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялық облысының Тарбағатай аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрылым. Жер ауданы: 21000 шаршы километр, халық саны 100 мыңнан асады,бұның ішінде қазақтар 73 мыңды құрайды,яғни 73% дан астамын құрайды, қалғаны негізінен қытайлар, олар 25 мыңнан асады, ұйғырлар мыңға таяу.
1770- жылдардан бастап қазақтар келіп мекендеген, 1860-жылдарға дейін майлы барлықты тауларын найманның қызай руы, жәйірді өңірін моңғолдар мекендеген. 1860-жылдардағы қызыл аяқ шапқыншылығында қызайлар Бұраталаға ауған, қызай руының көшіуіне тағы көршілес қара керейдің зорлық- зомбылық іс- әрекеттері себеп болған екен. ал моңғолдар Алтайға қашқан. 1868-жылы Алтайдың Жеменей өңірінен Мұқы ,Топай, Бұғыбай, Темір бастаған 400 семья абақ керейлер келген, бұлармен қатар Мырти, Мауқара бастаған ескі уақтар келген,бүл кезде әліде бір бөлім қызайлар майлы өңірінде отырған көрінеді,кейін олармен бірге 40 түтін уақ ілеге ауған, бұлар іленің уақтарын құрайды. бұлардан кейін жастабан Есет, Әтәнтәй, Саудабай бастаған 300 түтін Алтайдан келген. Олардан кейін Кәрібәй бастаған 150 түтін шерушілер келген. Бұлардан кейін Мәмірбек торе, Жұмағұл бастаған топ келген. Ең соңында 1888-жылдары Қазақстаннан жаңа уақтар келген. |
Алма Бектұрсынқызы Құнанбаева (1949 жылы Алматы қаласында туған) - музыкатанушы ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты. АҚШ-тың атақты Стэнфорд университетінің профессоры.
## Өмірбаяны
Алма Құнанбаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, Санкт-Питербург мемлекеттік театр өнері академиясының түлегі. 1984 жылы Изалий Земцовскийдің ғылыми жетекшілігімен "Қазақ эпикалық дәстүрінің проблемалары" тақырыбында өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс оқыған.1993 жылдан бастап АҚШ-та тұрады және Висконсин–Мадисон, Вашингтон Сиэтл, Айова, Калифорния Беркли университеттерінде сабақ берген.Қазіргі таңда Калифорния штатының Пало Альто қаласында орналасқан атақты Стэнфорд университетінің профессоры. Сонымен бірге, Беркли қаласындағы Орта Азия елдерінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға арналған "Silk Road House" атты орталықтың президенті.
Алма Құнанбаева 2014 жылы АҚШ эммигранттарына арналған "Ellis Island Medal of Honor" медальымен марапатталған. Медаль жеке және кәсіби өмірдегі жетістіктері үшін және өз мәдениетін сақтауға қосқан үлесі үшін беріледі.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
## Сыртқы сілтемелер
Silk Road House Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2014 жылы. |
Қарауылкелді – Сағыз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км, су жиналатын алабы 305 км².
## Бастауы
Бастауын аудан орталығы – Қарауылкелді ауылы маңындағы бұлақтардан алып, Қосарал ауылынан төменде Сағыз өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Өзен арнасы негізінен жазық өңірмен өтеді. Жағалауы жазық. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Сағыз өзеніне құяр сағасындағы жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. Өзен бойында бірнеше қыстау мен жайлау орналасқан.
## Тағы қараңыз
Қазақстан өзендері
## Дереккөздер |
Қаратұрық – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 38 км, су жиналатын алабы 163 км2.
## Бастауы
Бастауын Бақай тауларының солтүстік бөлігіндегі Теректі тауының (асуының) баурайынан алып, Есдәулетсай (Толқын) тоғанына құяды.
## Гидрологиясы
Тауқаратұрық ауылына дейін арнасы шатқалды келген. Одан төменде Іле аңғарының жазық бөлігімен ағады. Жазықтағы жағалауы ашық, алабының басым бөлігі жыртылған. Жалпы ұзындығы 50 км болатын 18 саласы мен тармағы бар. Суы егістікке пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қараталдыәйет, Қараталыәйет - Тобыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ресейдің Челябі облысы жерінде. Өзен сағасы Әйет өзенінің сол жағалауынан 117 км қашықтықта орналасқан. Ұзындығы 175 км, су жиналатын алабы 1900 км².
## Бастауы
Бастауын Оңтүстік Оралдағы Жабық темір жол стансасынан 10 км жердегі бұлақтардан алып, Ақсай қаласынан шығыста (Ресейде) 10 км жерде Әйет өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Төменгі ағысының 3-5 км бөлігі Қазақстан шекарасы бойымен ағады. Аңғарының ені 0,5-0,6 км, беткейі жыралармен тілімделген. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,47 м³/с. Суымен бақшалық дақылдар суарылады.
## Су тізілімінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ертіс су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Тобыл өзені бастауынан Увелька өзенін қоспағанда, Уй өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Тобыл, өзен алабы — Ертіс.Су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ аумағын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша:
* Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 14010500212111200000362
* Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 111200036
* Су алабының коды — 14.01.05.002
* ГЗ томының нөмірі — 11
* ГЗ бойынша шығарылуы — 2
## Дереккөздер |
Нылқы ауданы (қыт. 尼勒克县 Nilka ) - Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Тянь-Шань тауының орта бөлігінде орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы ағысында. Халық саны 186900 адам, аумағы 10375 к.к., 1931 жылы негізі қаланған. 10 ауылдық округ, 1 қалашықтан тұрады. Аудан аумағында қазақ, хань, ұйғыр қатарлы ұлттар тұрады, оның ішінде 71 % қазақтар құрайды. Халқы негізінен мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады, Үрімжі қаласынан 516, облыс орталығы Құлжа қаласынан 112 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан туристік ресрустарға бай табиғатының сұлулығымен ерекшеленеді, Қас өзені Нылқы ауданының дәл орта бөлігін кесіп өтеді. Ауданда әйгілі Таңбалы жайлауы бар. Бұл жайлау осы өңірдің туристік орталығы болып табылады. |
Қарқаралы – Қарасор алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Қарқаралы тауларының шығыс етегіндегі бұлақтардан басталатын Үлкен Қарқаралы және Кіші Қарқаралы өзендерінің қосылуынан бастау алып, Қарасор көліне құяды. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 570 км².
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысының арнасы тік жарлы, төменгі ағысы жайпақ. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Ақжол ауылы тұсында 0,033 м³/с. Суы көктемгі қар және бұлақ суларымен толығады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұщы. Басты салалары: Құрөзек, Түлкілі, Тасбұлақ, Мұқтар. Қарқаралы қаласын, т.б. елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Жазда мал суарылады. Жайылмасында шабындық, өзен бойында тал, шілік тоғайы өседі.
## Дереккөздер |
Нылқы ауданы (қыт. 尼勒克县 Nilka ) - Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Тянь-Шань тауының орта бөлігінде орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы ағысында. Халық саны 186900 адам, аумағы 10375 к.к., 1931 жылы негізі қаланған. 10 ауылдық округ, 1 қалашықтан тұрады. Аудан аумағында қазақ, хань, ұйғыр қатарлы ұлттар тұрады, оның ішінде 71 % қазақтар құрайды. Халқы негізінен мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады, Үрімжі қаласынан 516, облыс орталығы Құлжа қаласынан 112 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан туристік ресрустарға бай табиғатының сұлулығымен ерекшеленеді, Қас өзені Нылқы ауданының дәл орта бөлігін кесіп өтеді. Ауданда әйгілі Таңбалы жайлауы бар. Бұл жайлау осы өңірдің туристік орталығы болып табылады. |
Күнес ауданы (қаз. كۇنەس اۋدانى , қаз. Künes audany) немесе Синьюань ауданы (қыт. 新源县) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрылым. Дүниежүзіндегі қазақ ең көп әрі тығыз қоныстанған аудан. Халқының 80 пайыздан астамы қазақтар, яғни 250 000 ға жуық қазақ тұрады, 13 ауыл, 3 ферма, 4 қалашық, 100-ге тарта қыстақтан (елді мекен) тұрады. Қытайдағы ірі туристік орталық Ақөзен жайлауы, Нарат сахарасы осында. Үрімжі бағытында аэродром бар. Күнес ауданық 1-орта мектеп (қазақ мектебі) Қытай бойынша қытай ұлтынан басқа ұлттар мектептері ішінідегі ең үздігі болып табылады.
## Дереккөздер |
Гот жазуы - әріптері бұрышталып, сүйірленіп, ұзынша болып келген латын жазуының графикалық бір түрі.
## Қолданылуы
Гот жазуының алғашқы үлгілері Италияда Х ғ-да , Батыс Еуропаның басқа елдерінде ХІ ғ-дың аяқ шенінде белгілі болды. Ал Гот жазуы Германия, Франция және Батыс Еуропа елдерінде кітап жазуға ХІІ ғ. қолданыла бастады.
## Гот жазуының түрлері
Гот жазуының 4 түрі болған:
* текстура - сүйір жазу;
* фрактура - сүйірленген сынық жазу;
* швабахер - кейбір әріптері дөңгеленіп келген сынық жазу;
* дөңгеленген Гот жазуы - Гот жазуының дөңгеленген, жұмырланған латын жазуына көшу кезеңі.
Осы соңғы түрі Қайта өркендеу дәуірінде Италияда кең тарады. Қазір Гот жазуы сирек қолданылады, көбіне сән ретінде қолданылады.
## Тағы қараңыз
* Жазу
* Графика
## Дереккөздер |
Қойтас жотасы – Жетісу Алатауының батысында, Жаманкөл жотасының оңтүстігіндегі жота.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылының шығысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3386 м.
## Сипаты
Шығыстан батысқа қарай ендік бағытта 22 км-ге созылған, енді жері 7 км-ге жуық. Батыс бөлігі тік шатқалды, шығысқа қарай төмендеп өзен аңғарына ұласады. Түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудың қара және қоңыр топырағында далалық және астық тұқымдас өсімдіктермен бірге субальпілік шалғын, сирек орман өседі.
## Дереккөздер |
Қожамберді, Күшім, Борлы, Қосқалдақ - Басқан алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 234 км2.
## Бастауы
Бірлік ауылының шығысында Басқан өзенінің сол жағалаулық арнасынан алып, Атымтайшағыл құмының оңтүстігіндегі шағын көлге құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы толығымен дерлік Ақсу және Басқан өзендері аралығындағы жазықпен ағады. Жоғарғы ағысында жағалауы жарқабақты, орта және төменгі ағысында жайпақ. Өзен арнасында жыл бойы су болады. Көктем айларында жоғарғы бөлігінде суы тасиды. Кеңқарын және Құдайберген қыстаулары аралығында батпақты алқап түзілген. Алабының басым бөлігі шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Су деңгейі Басқан өзеніне тікелей байланысты. Қар, мұздық және жауын-шашын суларымен толығады.
## Дереккөздер |
«Мораль шежіресі»(нем. Zur Genealogie der Moral) (1887-ші жыл) — Фридрих Ницшенің "Құндылық атаулыны қайта бағалау" сынағы ретіндегі этика тақырыбында жазылған арнаулы еңбегі. Бұл кітапта мораль келіп шығуының табиғи, әлеуметтік, биологиялық, науқастық (патологиялық) негіздеріне үңіліп, адам баласының ұқсамаған дәуірде, ұқсамаған тарихи шарт-жағдайда жаратқан құндылық өлшемдерінің ортақ алғашқы қозғаушы күшін тауып шығуға талпынды. Автор ар-намыс, өшпенділік, кек алу, жазалау секілді ұғымдарды пайдаланып бүкіл этика әлемін жаңа логика бойынша қайта түсіндіріп, мораль ұғымының даму тарихы мен дәстүр негізін талдауға басымдық берді. Бұл шағын кітап үш негізгі бөлімнен құралған. Ницшенің ойынша, мораль ұғымы алғашында моральды негізде пайда болған емес, қайта ол рахымсыз билеу, үстемдік ету, бойсұндыру еркінің туындысы. Басқа еңбектеріне салыстырғанда, бұл туындының бітімі мен тіл ерекшелігінде философиялық логикалық тұжырым басым болып келеді. Байсалды жазылған бұл шығарма Ф.Ницше идеяларын түсінудің маңызды бір кілті есептеледі. Француз әлеуметтанушысы, постмодернист М.Фуко осы кітап негізінде өзінің жындылық, жыныс, жазалау туралы зерттеуін жасаған болатын.
## Бірінші бөлімі
«Ізгілік және пасықтық, жақсы және жаман» деп аталатын бірінші бөлімінде христиан этикасы "құлдардың этикалық ереуілі" мезгілінің туындысы деп бағалайды және оның негізін қоғамдағы төмен тобырлардың (еврейлердің) күшті, бай, ақсүйек, құдіретті жоғары тектілерге қарсы «өшпенділігінің» жемісі ретінде түсіндіреді. Ницшенің пікірінше, ақсүйектердің жақсылық және жамандық туралы құндылық өлшемі олардың қоғамдағы үстемдік орнына, өздерін бәрінен артық сезінуіне, төмен адамдарды көзге ілмеуіне сай қалыптасады. Ал, құлдар өздерін күштілердің бойсұндыруына келіспей, «қияли өш алып», күштілерді «жамандық» ретінде сипаттап, ал өздерін «жақсылар» ретінде бағалайды. Міне, осындай құлдардың өлшемі негізінде христиандық мораль этикасы пайда болды. Бұл этиканың талабы бойынша қабілетсіз, даралықсыз, бейшара, міскін, әлжуаз, кедей тобырлар ғана жер шарында өмір сүруге толымды. Билікке, байлыққа, жеңіске, үстемдікке, жаңа шығармашылыққа талпынғандар түгел жамандар, олар о дүниеде күнәһар - христиан этикасы адамды осындай кері кеткен өлшеммен өлшеуге үйретеді.
## Екінші бөлімі
«Күна, күстана және басқалар» деп аталатын екінші бөлімінде осынау христиандық этика көрініс тапқан қоғамдық жағдайды саралап, оған дейін біреуді күшпен жазалау хайуандардағы секілді жеке адамның қабілеті мен күшіне негізделсе, ендігі жерде өзара жазаламастыққа (жекелердің бір-бірін жараламауы) мәжбүрлейтін тобырлық ортақ зорлық күш пайда болады. Демек, жазалау дәстүрі этика бойынша пайда болған емес, ол тек жеке құқының ендігі жерде топқа - құлдардың бір біріне иек сүйеген тобырлық бірлігіне өткізіп берілген. Ендігі жерде жеке адам өзінің өшпенділігі мен кегінен бас тартып, тек топқа қосылу арқылы топтық өш алуға ауысады, оның айналасын жазалау, өмірді бойсұндыру қабілеті азғындап, өз-өзіне шабуыл жасаушы, өз-өзін қаралаушы, өз-өзін жазалаушы болуға мәжбүр болады. Бұл осы түрдегі құлдық мораль туғызған жаман нәтиже. Өйткені ендігі жерде этика адам үшін өз-өзін жазалау мен шектеп тұншықтыру құралына айналды. Сондықтан Ф.Ницше христиан дінін адамзатқа қарсы дін деп жариялаған.
## Үшінші бөлімі
«Аскеттер нені идеал етеді?» делінетін үшінші бөлімде христиандық «нәпсіні тежеуші» аскеттік ұстанымға арнайы талдау жасаған. Ф.Ницшенің ойынша осынау аскетизмнің артында күлкілі де негізсіз соқырсенім жатыр, тіпті қазіргі жаңа қоғамның өзінде бұл түрдегі соқырсенім жаңа шапан киіп, адамзатты астыртын шірітумен айналысуда дейді. Аскеттік арқылы христиан діні адамның өз-өзін жазалауы ретіндегі құлдық этиканы әрледі, бірақ оның бойында азғындаудың астыртын зұлымдығы жатыр және ол Дегдарлар этикасына салыстырғанда әлдеқайда күйреткіштік, сұрқиялық сипатқа ие. Дегдарлық этика адам баласына бәсеке, талпыныс, жігерлендіру берсе, ал нәпсіні тежеуге құрылған аскеттік ұстаным христиандық құлдық этиканың адамды тұншықтыру, адамды жою, адамды әлсіз құбыжыққа айналдыру міндетін орындайды. Еуропа 2000 жыл бойы еврейлер жаратқан құлдық аскеттік этиканың табанында жаншылып жатыр.
## Дереккөздер |
Қойсары тауы – Айыртау тауларының солтүстік-батысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 771 м.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылының солтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6-7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2-3 км-ге созылған.
## Геологиялық құрылымы және сипаты
Девон кезеңінің орта жоғарғы бөлімдерінің жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейі тік жартасты келген, солтүстігі көлбеу, онда қалың бұта шоғырлары өскен. Бөктерінен Қызылсу, Қанай (Дресвянка) өзендерінің салалары бастау алады.
## Өсімдігі
Таудың қызғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Қонысбай – Жақсы Тағылы тауларының оңтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Жұмыскер ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1033 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейлері сай-жыралармен тілімделген. Етегіндегі тік жартастардың биіктігі 7 м-ге жетеді. Оңтүстік беткейінен Айса өзені бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Девон мен тас көмірдің альбитофир, порфирит жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қиыршықтасты қызғылт топырағында қараған, тобылығы аралас бетегелі-бозды дала өсімдіктері өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қайыпов Қойбай - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші. 1926 жылы Жамбыл облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан), Луговой ауданы (қазіргі Меркі ауданы), "Қызыл-Шаруа" колхозында туған.
## Еңбек жолы және жетістігі
* 1946 жылы "Қызыл-Шаруа" колхозында егіншілер бригадасының бригадирі болып істейді. Жоғары өнім алу үшін оның бригадасы аграрлық жоспар құрады:күздік бидайдан рекордты өнім алу үшін 23 г жер белгіленеді;сүрі жер 20-22 см тереңдікпен жыртылады;әр гектар жерге 17 т жергілікті тыңайтқыштар және 2 ц минералды тыңайтқыштар себіледі;сүрі жер жаз бойы 4 рет тырмаланып, аударылады;Тұқым сепкішпен бірінші сортты тұқым себіледі.
* күздік бидайдан рекордты өнім алу үшін 23 г жер белгіленеді;
* сүрі жер 20-22 см тереңдікпен жыртылады;
* әр гектар жерге 17 т жергілікті тыңайтқыштар және 2 ц минералды тыңайтқыштар себіледі;
* сүрі жер жаз бойы 4 рет тырмаланып, аударылады;
* Тұқым сепкішпен бірінші сортты тұқым себіледі.
* Бригаданың осы аграрлық жоспары бойынша 23 г жердің әр гектарынан рекордтық 31 ц өнім алынған.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Қонысбай — Сыпсыңағаш қолатының солтүстік-батысындағы тұйық көл. Тобыл өзені алабында.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылының солтүстік-шығысында 18 км жерде орналасқан.
## Сипаты
Теңіз деңгейінен 260 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,2 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,6 км. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ өскен. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Солтүстік-шығысында Білісқопа көлі, оңтүстігінде Қоңыртөбе тауы бар.
## Дереккөздер |
Калининаул , Юрт-Аух (шеш. Ширча-Эвла, Ширча-Ӏовх) — шешен ауылы— Дағыстанның Казбек ауданындағы ауыл, Ескі Матин ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылы 1 қаңтарында тұрғыны 4531 адамды құрады.Пошта индексі — 368157, ОКАТО коды — 82 222 000 008.
## Сыртқы сілтемелер
* В годы репрессий 1944 г. к Казбековскому району были присоединены два чеченских села Юрт-Аух и Акташ-Аух Мұрағатталған 24 сәуірдің 2012 жылы.
* ЭТНИЧЕСКИЙ СЕПАРАТИЗМ В РОССИИ
* http://www.gks.ru/free_doc/new_site/perepis2010/itogi/perepis_tom1.htm Мұрағатталған 18 сәуірдің 2012 жылы.].
## Дереккөздер
Үлгі:Dagestan-geo-stub |
Кітап болып шыққан қазақ руларының шежірелері. Атауы, баспа, автор, жыл, бет саны, тиражы және ISBN. Тізімде - 303 шежіре.
## Жалпы
* Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Орынбор, 1911.
* Марғұлан Ә. Шежіре. Қазақ шежіресі // Қазақ совет энциклопедиясы. – 1978. – Т.12. – 595 б.
* Валиханов Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – Т.2. – С. 148-166.
* Казахская родословная — Алматы: 1994 ж. Қазақша.
* Қазақ шежіресі — А.: «Атамұра» 1994 ж. 160 бет
* Востров В. В., Муканов М. С. «Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX- начало XX вв.)», Издательство «Наука» Казахской ССР, Алма-Ата, 1968, 256 с.
* Шежіре қазақтың ру-тайпалық құрылысы,Редактор Баишева С, Алматы, издательство Рауан, 1991 г, Тираж 100 000, ISBN 5-625-01841-3
* «Қазақ шежіресі»(тарихи деректер, аңыз-әңгімелер, этнографиялық мәліметтер), Сергали Есбембетович Толыбеков , Алғы сөзін жазған: Х. Маданов. Алматы, Қазақстан,1992ж. 144 бет
* Үш жүздің шежіресі, І. Сариев, Алматы,Өлке, 1997, 136(108) стр.
* Көпеев М. Ж. Қазақ шежіресі. (Дайындаған С. Дәуітов). – Алматы: Жалын, 1993. – 76 б.
* Байұлы мен Жетiру және Төре, Төлеңгiт, Ноғай-Қазақ шежiрелерi / Мұхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ., Ғабдуллин Х.А. - Орал , 2002. - 292 с. - ISBN 9965553165
* Қазақ шежіресі хақында/ М. Мұқанов, В. Востров. - Алматы : Атамұра, 2000. - 216 с. - ISBN 5-7667-8450-3
* Валиханов Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – Т.2. – С. 148-166.
* Қазақ руларының шежіресі, "Қаламгер" шығармашылық алқасы. Жауапты шығарушылар: Ж. С. Әбдіхалықов, Ж.Жағыпаров, Қазақстан компартиясының Целиноград обкомы баспасының баспаханасы. 1991 ж. Тиражы 50 000 дана.
* Бейсенбайұлы Ж, Қазақ шежіресі (ғылыми дәйектер мен "Ана тілі" газетіне түскен мәліметтер негізінде жасалған) Алматы, Ана тілі, 1994, 160 бет
* Қазақ тарихынан: шежірелер, жазбалар, пікірлер, зерттеулер. Құрастырушы: Н. Құлмұхамбетова, орыс тілінен аударған Ә. Орынбаева. Алматы, Жалын, 2004, 464 бет
* ҚАЛИЛАХАНОВ Т. Жұмбақ жазулар мен шытырман шежірелер. – Алматы: Рауан, 1996. – 139 б. (күмәнді)
* ҚАМБАРҰЛЫ У. Көккөз ұрпағы: шежіре-тарих. – Алматы: Әл-Фараби, 1997. – 212 б.
* ҚАРЖАНИЗ. Шежіре шеңбері. –Шымкент:Ғасыр –Ш, 2002. – 477 б
* Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі. Құл-Мұхаммед М. Жауапты редактор: М. Қозыбаев. Алматы, Атамұра, 1994, 224 бет
* Маңабай, А.У. Әзиз әулет: Шахиахмед Хазрет пен оның інісі Фатих имамның ћәм олардың ұрпақтарының шежіресі / АсҚар Уәлиұлы Маңабай, Алматы, Өнер, 2001, 304 бет
* Тарихи зерттеулер: Шежірелік деректер. Мұкаметканұлы Н. Аударған: А. Қожабеков. Алматы, Жалын, 1994, 144 бет
* Отыз әулет - мың ұрпақ шежіре дерекнама. Құраст: Ж. Жунісжанұлы, Алматы, Информ-А, 2002, 311 бет
* Қазақ шежіресі. Сәдібеков З. Ред.: Г. Байжанова. Тайшкент, Узбекистон.1994, 144 бет.
* Ұрпақ үндестігі: шежірелер. Сүлеймен Н. Алматы, Б. ж. 2003, 352 бет
* Шежіре. Түлкібайұлы К. Ғылыми ред: М. әбусейітова, Н. Базылхан. Алматы. Дайк-Пресс, 2004 , 173 бет
* Қазақтың біртұтас шежіресі. Халидуллин О. Х. Алматы, 2004 ж. 448 стр.
* Арғынбаев Х., Құраст: Ә. Пірманов. ред. алқасы: М. Қозыбаев(бас ред.)т.б. Қазақ шежiресi хақында : Алматы: Атамұра, 2000, 463 б.
* Шежірелер жинағы XIII-XVI ғасырдағы Қазақстан, Орта Азия тарихына қатысты маңызды тарихи деректер. Жалайыр Қ. Алматы. Қазақстан.1997. 128 бет.
* "Волости, уезды ... Казахи: С схематической картой низовых административно-территориальных делений проживания казахов в 1897-1915 ж.ж. : этнолого-картографическое исследование" Асет Темиргалиев
## Ұлы жүз
* Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежiресi хақында : Ұлы жүздің шежіресі ,Алматы: Атамұра, 2000, 204 б.
* Казак шежіресі. Улы жуз-Ак арыс. 3том/ Усенбаев Т/ тв. п. / 2008/ 527с, Автор: Усенбаев Т, ISBN 9786010601468
* Бәйдібек-Баба -Алып Бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі, Құрастырылған А.Байғазыұлы - Алматы: "Өнер" баспасы.2006 жыл, 522 бет, ISBN 5-89840-441-4
* Бәйдібек баба ұрпақтарының шежіресі, С. Еркінбекұлы, Шымкент, «Нұрдана-LTD» баспасы, ISBN нөмірі — 978-601-7266-18-9 ,776 бет, 2011 ж
### Албан
* Албан айт елі жанбаба шежіресі, 2011 – жылы, Құлжа, тоқтасын мұқамади ұлы, елеубәй әмірбек ұлы, әметжән қожақымет ұлы, базарбай төйеке ұлы, сенбек ауесқан ұлы, іле гәзеті баспасы, таралым саны: 500
* Албан шежіресі. Хантәңірі Т. Алматы, Тоғанай Т. 1997, 112 бет
* Албан ата энциклопедиялық шежіре. Алматы, 2003 - 1352 бет. Алмабеков Т., ISBN 9965-00-838-8
* Қожалымов З. Қ 56 Албан – Әлмерек – Құрман – Үмбет ата ұрпақтарының шежіресі: Рулық анықтама, тарихи мәліметтер, естеліктер. /З.Қожалымов. – Алматы: Шалкөде, 2019. – 298 бет. ISBN 978-601-06-5877-6
### Дулат
Сиқым
* Сиқым шежіресі. Құраст.: Ә. Дәуітбеков; ред. алқасы:Ж. Сұлтанов (төраға) және т.б. Алматы, Қазақпарат. 2006, 920 бет
* Аққойлы шежіресі, автор - Ә. Дәуітбеков, 2011 жылы Шымкент, «Кітап» баспасы, ISBN 9965-847-95-9 , 256 бет
* Сиқым Тоғатай шежіресі. Құраст.: Ә. Дәуітбеков; Шымкнт Кітап ЖШС, 2015, 564 бет. ISBN 978-601-7404-68-0
Жаныс
* Жаныс ұрпағы: Бөгезілі шежіресі.Шымкент. Ғасыр-Ш. 2003, 220 бет.
* Жаныс Оймауыт шежіресі. Шымкент, Әбдіәкімұлы М, "Ғасыр-Ш", 2003, 212 бет
* Қазақ халқының Төле биі Әз Төленің Қожабек-Жолан ұрпақтары шежіресі. Құрастырушы: З. Әбдіқадырұлы, А. Айтмыраұлы. Шымкент, Ғасыр-Ш, 2001, 152 бет
Шымыр
* Шымыр ата. Төрт қарағай ұрпақтарының Құттұқ баба шежіресі. Алматы, 2011 - 216 бет. ISBN 978-601-06-1677-6
* Шымыр атаның Күнту шежіресі. Бірімқұлұлы К, Алматы, Қазақпарат, 2003 - 168 бет
* Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Шымыр. Издательство Өнер, Алматы, 2007, Құрастырушы авторы Асангелді Отаров, 816 бет. ISBN 978-601-209-017-8
* Жиенбет шежіресі. Хасенов С. Алматы. Мерей. 1996. 77 бет
* Садыбай-Байтана шежіре. Шығарушы алқаның төрағасы Ж. Мәмбетәліұлы. Алматы. Полиграфия, 1995, 111 бет.
### Үйсін
* Сарыүйсін шежіресі , Мырзахметұлы М., Қаналыұлы Е. , 32 б
### Суан
* Бағыс – Суан: шежіре / Шежіре деректерін. жүйелеп жазған Б. Көбейұлы; алқа мүшелері Ә. Бектайұлы, Алматы, Нұрлы әлем, 1996, 240 бет
* Суан: шежіре. Жинақтап баспаға әзірлеген Т. Жапарқұлұлы тб. Алматы, Жалын. 2000, 352 бет.
* Суан: шежіре. Құраст: С. Ешмұхамбетов. Алматы. Жалын. Ақжазық ЖШС. 1993, 144 бет
* Суаннан шыққан сегіз би (тарихи-деректі аңыздар) шежіре. Алматы, Жалын, 1997, 144 бет
* Бәйдібек баба алып бәйтерек. Суан. Издательство "Нур-Алем" 2014 год.
* Ұлы жүз Үйсін Суан тайпасының батырлар, билер болыстар шежіресі, Шәріпқан Әбділоқапқазыұлы, Palitra-Press баспасы.Алматы, 2018
### Шапырашты
### Ошақты
* Насырхан Жұмағұл. "Бәйдібек баба - Алып Бәйтерек: Ұрпақтар шежіресі (Ошақты шежіресі). "Өнер" баспасы, 2005 ж. ISBN 9965-768-24-2
### Ысты
### Сіргелі
* Сіргелі Қарабатыр шежіресі. Әбдіәкімұлы М, Алматы, "Алтын алқа", 1997, 304 бет
* Сіргелі шежіресі: Үштаңбалы - ақкеңірдек, тутаңбалы, қайшылы. Мырзатайұлы С. Шымкент, Ғасыр-Ш, 2003, 4 кітап. 581 бет
* Елібай шежіресі. Сүлейменқызы Р. Қарағанды. Б.ж. 2000, 18 бет. (сіргелі екені күмәнді)
* Сіргелі. Байжігіт-Шалдар шежіресі. Алматы, Нұрлы әлем, 2005, 376 бет.
* Сіргелі шежіресі: Момбек Әбдәкімұлы, 1997, Алматы, 304 бет. ISBN 5-8380-0739-7
### Жалайыр
* Жалайыр. Он екі ата. Шежіре. Тарақ , Толқымбекұлы Р. Алматы, Дәуір, 2000, 112 (733) б
* Бәйшегір. Жиенбет шежіресі. Алматы. Жедел басу баспаханасы. 2004, 80 бет
### Шанышқылы
* “Ұлы Жүз Шанышқылы Дархан елінің шежіресі”. Омар Темірбайұлы, Сәйділлә Ахметкәрімұлы, Мекембай Омарұлы. Ташкент, 2006 Turan-Iqbol баспасы
* “Шанышқылы шежіресі”, Мекембай Омарұлы
* “Шанышқылы және тайпа”, Керімбай Боранбаев: шежіреге көзқарас,. Алматы: Өнер, 2004- 200 бет
* “Шанышқылы – көне тайпа”, Керімбай Боранбаев, Өнер баспасы. 2004
* Шаңышқылы-Сұрым шежіресі. Келімбетұлы Н. Алматы. Б.о.ж.
* Шанышқылы: Ұрпақтар сабақтастығы. Алматы. Тоғанай баспасы. 2012. 492 бет. ISBN 978-601-7007-86-7. Жауапты шығарушы Мырзахан Ахметов. Редакция алқасы: Тілеуқұл Өмірзақов, Әбдуәлі Данай және тб. 1,2 кітап.
### Қаңлы
* Шарипов Ф. Шежере рода Кан-Канлы // Ватандаш. — 2007. — № 5. — С. 178—195. — ISSN 1683-3554
* Қайдар Ә. Қаңлы (тарихи шежіре). – А.: «Дайк-Пресс», 2004. – 610 б.
* Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Қаңлы — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 12. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-22-7.
## Орта жүз
* Муканов М. Из исторического прошлого: (родословная племен керей и уак). – А., 1998. – 160 б.; Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – А., 2000. – 464 б.
* Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев, АЛМАТЫ, 2012 жыл, 388 бет, ISBN 978-601-06-0326-4
* Шынай Р. Ата-баба тарихы. Шежіре. Керей және уақ рулары. – Баян-Өлке, 1991. – 63
### Арғын
* Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Арғын. 9 том. 3 кітап. Алматы. 2007. 547,550 б.
* Исмагулов О. «Этническая генография Казахстана». Алматы. 1997. стр.19
* Арғын руларының қысқаша шежіресі [Текст] / И. О. Омаров. - Қарағанды : [б. и.], 1991. - 98 с.
* Тарақты және қаракесек шежіресі [Текст] / М. Сәрсекеев. - Алматы : Атамұра, 1995. - 272 с. - ISBN 5-7667-2995-6
* Өкпенің Кәрімтайы. Арғын: Мейрам шежіресі. – Павлодар: ЭКО, ҒӨФ, 2001. – 318 (311) б.
* Оразалы Ш. Шежiре—асыл мұра, 2010 ж., Астана.
* Әбдіғали Берік. Арғын Төртуыл тарихынан:Шежіре, Алматы, Қазақпарат, 2007, 322 бет. ISBN 9965-65457-3
* Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан
Атығай
* Атыгай Шежиресы (составители С. Жумабаев, К. Кудайбергенов, А. Галеев). Петропавловсск. 2010. 510 с.
Тобықты
* Дадан тобықты (Өмір) шежіре. Кенжеқараұлы С. Жезқазған. Б.о.ж. 2002. 283 бет
* Жанболатұлы М. Тобықты-Шыңғыстау шежіресі. Үш томдық. І т. -Алматы. Курсив, 2004. І т.- 519 бет, ІІ т.- 423 бет. ІІІ т.- 559 бет
Қарауыл
* Оразалы Ш. Көмекей қылды қарауылдың шежiресi, 2015 ж. Алматы.
Қанжығалы руы
* Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701
* Қанжығалы шежiресi, Еңсебаев Т.А. - Павлодар : ЭКО, 2004. - 494 с. - ISBN 9965652652
* Кәмали Жұмабаев. Қанжығалы шежіресі. — Қостанай: «Шапақ», 2005. — 136 б.
* Ағзамов Шаймұрат, Қанжығалы Атан батыр және шежіре, Астана 2004
* Ағзамов Шаймұрат, Қанжығалы Шағалақ ұрпағы, Астана 2009
* Бақтыбайқызы Майданқажы, Шежіре Малай құрылысы, Астана 2009
* Бөкеш (Букешов) Мейрам Сарсетұлы, Қанжығалы Лабашы - Пұшқантай руларының тарихы мен шежіресі және эссе, әңгімелер, мақалалар. Астана 2010
* Ахметов Теміртас, Қанжығалы Қаратума айналасының шежіре кітабы, Астана 2014
* Әдірешов М.Б. Қанжығалы Киікбай шежіресі, Павлодар 2016
* Байболов С. Есіргеп руының шежіресі. Астана, "Астана полиграфия" 2010. 352 бет
Қуандық
* Атадан қалған алтын тамыр. Сармантай руының тарихи шежіресі. Есмағамбетов З. Қарағанды. ТОО Арко. 2000, 107 бет.
* Бикенов; Исабек; Жакенов. Тоқа шежіресі. — Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы, 2000. — 402 бет. (казах.)
* Бикенов; Исабек; Жакенов. Қарпық шежіресі. — Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы, 2002. — 620 бет. (казах.)
* Бикенов; Исабек; Жакенов. Қарпық және Қожа шежіресі. — Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы, 2008. — 1008 бет. (казах.)
* Бикенов; Исабек; Әбеуов. Алтай Қалыбек шежіресі. — Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы, 2009. — 400 бет. (казах.)
* Ибрахим (Жакан) Исламулы. «Шежире Алтая» — Караганды: 1997 ж.. На казахском языке.
* Рашит Каренов. "Қарекелер" 2000 ж. ISBN 9965-464-37-5 Қарағанды ҚарМУ баспасы. 250 экз.
* Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014
* Бөрші тарихы һәм шежіресі. Құрастырғандар Алпысбаев Б, Бимолдин Ж. Астана Профи Медиа 2017, 252 бет
* Ахметов Аманке, Алсай шежіресі. Қарғанды, 2007
* Байұзақұлы Сағындық, Алтай шежіресі (Әлке және Байдалы), Көкшетау. 2007
* Дүйсенбекұлы Әбдікәрім, Сармантай руының шежіресі. Қарағанды. Кәсіби білім баспасы, 2005
* Есмағанбетова З.Ә. Атадан қалған алтын тамыр. Сармантай руының тарихи шежіресі. Қарағанды. Арко баспасы, 2000
* Алдаберген руының шежіресі [Текст] / А. А. Ахметбекұлы. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2002. - 84 с. - ISBN 9965-528-57-8
* Темеш руының шежіресі, Астана "Сарыарқа" 2009, 638 бет. Авторлар ұжымы Таукейтегі Қ.А., Ахметжанов Қ.А. және т.б. ISBN 9965-536-95-3
* Тұңғатар шежіресі, Бүркітбай Әжібайұлы Айқынбай, Амангелді Мақшиұлы Мақши, Саян Сапышұлы Кәкімжан. Қарағаны, TENGRI 2020. 300 бет
* https://ru.calameo.com/read/002311503aa04b93439f2
* Қарнақ (Тоқа) шежіре. Аманбай Қапияш Әлкенұлы.Қарағанды. 2018.
Сүйіндік
* «Орманшы шежіресі», 2004, Қ.Әбдіков , Павлодар: ЭКО, 2004. – 360 б.
* Бақыт Біләлов. Қаржас шежіресі
* Қаржас ұрпақтары [Мәтін] / Жақсыбаев, Серік Имантайұлы. - Павлодар : 2008. - 400 б., суретті .394-397 б.
Қаракесек
* Арғын. Қаракесек. Кәрсөн. Аралбай руының шежіресі: [жинақ] / құраст.: К. М. Бекмағамбетов, Ж. Н. Шөженов. - Қарағанды : Арко, 2010. - 771 с. : - ISBN 978-601-204-066-1
* Кәрсен шежіресі (Бес Назар). Көккөзов М. Қарағанды. ТОО Арко. 1998. 59 бет.
* Қарамеңді шежіресі, Сәкен Сайран Керімұлы, Қарағанды, Болашақ-Баспа, 2006, 706 бет
* Қояншы-Дәулет-Таңай, Болашақ-Баспа, 2008, 293 бет. Н. О. Дулатбеков(төраға), Н.Т. Жұмәділова, Б. Доскеев, Қ. Медиев, С. Тұңғышбеков, Г.Ш. Рымжанова және т.б. ISBN 9965-534-40-3. Екінші рет 2018 жылы Атамұра баспасынан шықты.
* Жақсыбайұлы Т. Шежіре. Қаракесек руына жататын Сарым еліндегі Өтеміс – Тоқсан ұрпақтарынан тарайтын Тоқсары, Құлық, Құлсары, Қожақұл ұрпақтарының шежіресі. Екінші кітап. – Қарағанды, 1999. – 356 б. екінші рет 2012 жылы.
* «Қаракесек шежіресі», бірінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Қани Арман Бақтанұлы. Кітаптың таралымы – 500 дана. 2010
* «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017 Палодар ЖШС ЭКО.
* Орта жүз, Арғын арысының Болатқожа (Қаракесек) және олармен қоныстас Тарақты, Жағалбайлы, Шөптеміс, Ырғақты руларының шежіресі. М. Сәрсекеев. - Алматы : Атамұра, 1995. - 272 с.
* Қаракесек Шаншар абыз әулеті [Текст] / Ж. Смаилов. - Алматы : Жедел басу, 2008. - 421 с. - ISBN 9965-702-65-9
* Қаракесек Шаншар абыз әулеті [Текст] / Ж. Смаилов. - Алматы : Жедел басу, 2010 - 400 с. - ISBN 9965-702-91-8, Толықтиырып түзетіліп екінші басылым.
* Қ.Сәденов.Құлық Жалаңтөс (Соқыр) ұрпақтарының шежіресі. «Арко» ЖШС Қарағанды, 2009 ж.
* Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б, Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3
* Қаракесек …Керней Шаң шежіресі автор Смагулов А., Қанат Боранқұлов, Әбдіров М. /39/
* БАЛҒАБАЙ МӘЖИТ КЕНЖЕҰЛЫ “Әлтеке, Сапақ шежіресі».
* Бабаң (Балта) атасы, Қаржас Омар, Сансызбай Қуат, Төрехан Майбас. Алматы, 2010, "Нұр-Принт-75", 248 бет
* Ісімақұлы С. Шұбыртпалы шежіресі.
* Таупық Рымжанов. Жалықпас шежіресі. (Ядролық полигонға айналған Дегелең жеріндегі байырғы тұрғындардың шежіресі.) А., «Әл-Фараби», 1997. Переиздание: Алматы, 2019, ISBN 5-7667-4577-X. 268бет
* Садуақасов Зарықбек. Көшім ата ұрпақтары жөнінде шежіре. — Егіңдібұлақ, 2017. (под вопросом)
* Шұбыртпалы шежіресі, Сығаман Сарылар. Алматы. Ғылым баспасы, 2017. 140 бет. Бірінші кітап
Бегендік
* Сарықозған.Көбек батыр шежіресі. Аяшинов Дәурен
* Қозған Арғын (Бегендік, Шегендік) шежіресі. 2013 жыл. Шежіре жинаушы Ысқақов Бақытжан Мағзомұлы.
Бәсентиін
* «Бәсентиін-Сырым шежіресі» Аяшинов Дәурен
* «Бәсентиін-Андас шежіресі» Аяшинов Дәурен
Тарақты
* Орта жүздің Ноқта ағасы Тарақты шежіресі, Яһуда Амандықов, ISBN 965-611-88-2, 2009, Алматы, Тираж 2000, 1120 бет.
Тоқал Арғын
* Әкімбек қажы Қабденұлы Арғын, Таз (Алдияр) руының шежіресі — Қостанай: Қостанай баспа үйі ЖШС, 2008. — ISBN 978-601-227-027-3.
### Қоңырат
* Қоңырат шежіресі, Алматы, Жалын баспасы, 1992, Есіркеп Кәрібайұлының жазбалары бойынша, құрастырып толықтырған Байбота Серікбайұлы, Қошым-Ноғай, 80 бет, Тираж 45 000, ISBN 5-610-01120-5
* ӘБДІРАМАНҰЛЫ А. Халық данасы: Сары би және Қоңырат руларының шежіресі. – Алматы: Рауан, 1992. – 91 6
* Қоңырат Маңғытай: Андас, Орынбет аталары: шежіре, тарихи деректер. алматы: Б.о.ж., 2002 , 1 кітап, 112 бет
* Ата-бабаның ауызша шежіресі. Орта жүздің Қоңырат шежіресі. Қоңырат Көктің құсы Сүйінбай Жәни Қараша. Шалысбайұлы Н. Алматы. Жазушы. 2000, 128 бет. ISBN 5-605-01718-7
* Сүйілші батырдың ұрпақтары (немесе жетімдер шежіресі). Алматы. Рауан. 1995, 133 бет
* Құрман ата. Тіней шежіресі. Амлаты. Мерей. 2001. 174 бет
### Қыпшақ
* “Шаштылар» шежіре, (Қыпшақ тармағы) Алматы 2002 ж., 248 б.
* Ата – баба шежіресі Қыпшақ шежіресі 92 баулы қыпшақ. Бұлтын ата ұрпақтары. Мыңжылдықтар тоғысында Тарихи-Шежіре 1 том 2009 жыл Құрастырған: Нұрғали Сарыпбекұлы.
* «Есте қалар ел тарихы»(Қыпшақ Қарабалық шежіресі) А. Шаяхмет. — Қостанай, 2005.- 232 б.
### Найман
* Байсалбай Т. С. Шежіре-тарих сыр шертсе... (Найман – Қаракерей – Жанғұлы руының шежіресі). Алматы, Көркем, 2007. 344 б
* Б.Китапбаев «Тоғыз таңбалы найман» («Девятитамговые найманы»), «Кайнар», 1994 ж., қ. Алматы
* З. Кайсенов «Найман шежіресі»(«Родословная найманов» (2 книги), ПО «Полиграфия», 1998 ж., Типография областной газеты «Рудный Алтай», 2001 ж., қ. Усть – Каменогорск
* К. Сейсебаев «Найманы» ( на рус. яз.), 2000 ж., қ. Усть-Каменогорск
* Е. Елгон «Наймандар», ОАО «Шыгыс Баспа», 2000 ж., қ. Усть-Каменогорск
* Найман Тоқпақ шежіресі, Бәтесбайұлы К., Бегатарұлы Ж. , Алматы, 2000, 100 б
* «Қаракерей Тоқпақ шежіресі», автор К.Бәтесбай, Алматы, изд. Білім, 2002 ж. ISBN 9965-09-043-2
* Көкжарлы Найман Бөрте шежіресі, Қапасұлы, Сағди. Өскемен : Медиа-Альянс, 2006. - 100 б. - ISBN 9965-704-88-7
* Тәуке шежіресі, Жаманбаев, Шернияз. Өскемен : Медиа-Альянс, 2006. - 252 б.
* Тоғыз таңбалы Найман. Қаракерей, Сыдықов М. Қ.
* Найман шежіресі [Мәтін] / З. Ә. Қайсенов, А. Қайсенов. - Өскемен : "Рудный Алтай" газетінің баспаханасы, 2001 - . 2-ші кітап. - 272 б. - ISBN 9965-575-13-4
* Тоғыз таңбалы найман Қаракерей шежіресі : 1-ші том. Байжігіт-Жұмық-Саты тармағы / М. Қ. Сыдықов.
* Тоғызтаңбалы наймандар : тарихи басылым. - Астана : Астана полиграфия, 2008. - 240 с. - ISBN 9965-571-70-8
* Шежіре : тоғыз таңбалы найман / Б. Кітапбаев. - [О. ж.] : [б. ж.], 1992. - 598 б.
* Шежіре : тоғыз таңбалы найман / Б. Кітапбаев. Алматы. Қайнар. Саржайлау ШҚ, 1994. 1 бөлім - 310 бет. 2 бөлім - 275 бет.
* Тарақты А.Балталы, бағаналы ел аман бол (шежіре). Тарихқа көзқарас; Ұлы дала тарихына шолу; Үш жүздік құрылым; Далалық ауызша тарихнама; Шежіре/ А. Тарақты; Сейдімбек А. Ред: Н. Ақбаев.-Алматы:Қазақ ун-ті, 1993. -224 б.
* Қазақ шежіресі:Орта жүз-Найман шежіресі. Қрастырушы: Г. Жұмаділова. Алматы. Б.б., 1992. 43 бет
* Найман, Матай-Төртқара руының шежіресі. Құраст: Б. Қазығұлов, М. Қазамбаев. Алматы, Атамұра, 2004, 208 бет
* Найман-Қаракерей Жаңбыршы руының шежіресі. Құраст: Ж. Жұманов. Алматы, Айкос, 2001, 484 бет
* Көнші шежіресі. Сыдықов М. пікір жазғандар: А. Тұрышев, Т. Еңсебаев. Павлодар. Б.о.б. 2004, 278 бет.
* Бура шежіресі. М. Қ. Сыдықов. 2 том. Павлодар, 2006
* Қарауыл-Жасық шежіресі. М. Қ. Сыдықов.
* Терістаңбалы шежіресі. М. Қ. Сыдықов.
* Найман тайпасы Бағаналы руы Тоңболат, Сары, Сарымық ұрпақтарының шежіресі, Алматы, 2017, 384 бет, Редакторлары: Кеңес Садықұлы, Серік Тұрдалыұлы, Ғабиден Жаңабайұлы, Оразхан Садықұлы
* Найман Тоқабай шежіресі. – Алматы: 2005. – 121-б.
* «Найманның бір баласы Бағаналы» (Алматы, 1998 ж.) (Марат Ниязбековтің көп күш салуымен)
* Тіней шежіресі. Авторы: Мақсұт Оразай (Сұлтан Жармұхаммедұлы) 2001 ж. Таралымы 2000 дана. Бағалы қағаздар баспасы - 480004, Алматы қ. Абылайхан д., 56-үй.
* Мешелқызы Мәкен, Көкенай Бидашұлы. Найман-Төртуыл, Тоғыз руларының шежіресі [Мәтін] / ; [құраст.: М. Мешелқызы, К. Бидашұлы] - Өскемен : [б. ж.], 2016 . - 363 б., портр., сурет. . Библиогр. 358 б. - 300 дана . – 978-601-7788-11-7 (мұқ.)
* Құрмаш Төлегенұлы Құрмаш-ата шежіресі, Семізнайман Меңлібай Ізбасар тармағы / Төлегенов Талғат Құрмашұлы — Алматы: Полиграфкомбинат ЖШС, 2015. — 304 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-06-3520-3.
* Х.М. Қазақ ру-тайпааларының тарихы. Найман — Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 10. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-21-09.
### Керей
* Абақ керей, Іле халық баспасы, Күйтін, 1994ж., 380 бет.
* Жәнтекей Сүйіндік, шежіресі, Үрімжі, 2001ж., 96 бет.
* Шақабай шежіресі, Үрімжі, 2000 ж., 300 бет.
* Самырат шежіресі, 2006 ж, 176 бет.
* САМЫРАТТАР, Тілеуберді Сайдолдаұлы, Таралымы 1000 дана.ЖШС “Полиграфия-сервис и Ко”,
* Қазақтың біртұтас шежіресі. Керей. Генеалогия казахов. Керей. Халидуллин О. Х. Дайк-пресс, 2005 ж. 344 стр. ISBN 9965-27-777-Х , Тираж: 500 экз.
* Самай Керей шежіресі, Қ. Мұқанов/ қ. Петропавл: Издательство "Северный Казахстан", 2014 - 92 с.
* Жондағы Жобалай Керей Елінде.Автор:Керей Клим Төлемісұлы."Семей-Печать" өндірістік кооперативінде басылды.250 бет. Тираж - 250 . 2001 жыл. ISBN 9965-533-14-8
* Жондағы Жобалай Керей Елінде.Автор :Керей Клим Төлемісұлы. 205 бет.ISBN 9965-533-14-8.Тираж 250."Жастар-Печать" өндірістік кооперативінде басылды.28.06.2007
* Жондағы Жобалай Керей Елінде.Автор :Керей Клим Төлемісұлы.Семей. "Семей-Печать" 2001, 205 бет.
* Жондағы Жобалай Керей Елінде.Автор :Керей Клим Төлемісұлы.Семей. "Семей-Печать" 1995, 148 бет
* Шақантай.Автор:Төлтай Тайтөлеу Ысқақұлы."Искандер" баспаханасы.2009 жыл.312 бет+қосымша. ISBN 9965-763-32-1 .Тираж 200 экз.
* Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Керей — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2014. — Т. 12. — 607 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-46-4.
### Уақ
* Уақ шежіресі, Т. Е. Дәйкенов, Фолиант, 2009 ж. Тираж: 1500 экз., 1008 стр., ISBN 9965-35-784-6
* Уақ Шоға Шежіресі, Автор: Зейнолла Олжабаев. Описание: Зейнолла О. Уақ Шоға Шежіресі/ О. Зейнолла.- Петропавловск: Северный Казахстан, 2003.- 243с. ISBN 9965-00-929-5
### Тарақты
## Кіші жүз
* Үсенбаев Теңізбай, Алшын шежiресi. Адам атадан өзіме шейін Кызылорда. Тумар, 2003, 464 бет
* Табылдиев Х. Қалмұратов А. Кіші жүз рулары. (шежіресі мен тарихы) – Алматы: Ер-Дәулет, 1994. – 110 бет.
* Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – Алматы: Атамұра, 1994 – 128-б
* Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – Алматы: Атамұра, 1993 – 168-бет
* Кіші жүз шежіресі. Сиқым-тегі Ж. Алматы. Б.ж. 2001, 48 бет.
* Кіші жүздің кейбір аталары. шежіре. Құраст: Т. Досақұлы. Алматы. Рауан. 1995. 32 бет.
* Серік Дәулетов. Алшын шежіресі. Жаңаша көзқарас. - Тараз: Графика-Ю, 2015- 93 бет -ISBN 978-601-06-3257-8
* Пернебай Дүйсенбин. "Үркердей болып көшкен жұрт". "Литера-М" баспасы. 2007 ж. ISBN 9965-9885-2-8
### Жетіру
* Сабитов Ж. М. О происхождении казахского рода Табын. №2, 2012
* Жетiру шежiресi: Тама, Табын және Кердерi рулары / Ахметов К.Ғ. - Орал : Полиграфсервис, 2004. - 132 с. - ISBN 9965681031
* Жетіру Керейт шежіресі. Түйімбетов М. Қызылорда, Тұмар, 2004, 384 бет
* Сартай шежіресі. Қоңарбай Базарбайұлы
* "Тарақты табын шежіресі" Қалдыбай Құттымұратов, Ақтөбе, 2009 ж, 150 бет, ISBN 978-601-06-0110-9
### Әлімұлы
* Дайрабаев Тынышбек. Кете-Шөмекей шежіресі.- Алматы: Ана тілі, 1995.- 168 с.
* Алты ата Әлім шежіресі. Дәуренбекұлы Ж. Алматы, Перзент шағын кәсіпорны, 1992, 32 бет
* Әйтеке би шежіренамасы. Есламғалиұлы М. Алматы. Жеті жарғы. 1998. 112 бет.
* М.Каракожаев "Шөмен ата шежіресі" — Алматы: DS Yanus, 2015. — 448 с. — ISBN 978-601-06-3379-7.
* Тажис Мынжасар "Шежірем сыр шертсе" - Тараз. ЛитРес: Самиздат, 2015. -570 с.
* Мұқамбетқали (Махат) Мырхиев "Шөмекей шежіресі" - Ақтөбе. Литер-А, 2005
* Дайрабай Тыныштық Тойқожа батыр әулеті / Нұрлыбек Саматұлы — Полиграфкомбинат ЖШС. — Алматы, 2015. — 320 б. — 500 таралым. — ISBN 978-601-06-3475-6.
### Байұлы
* Спан, Ә., Жұбаев, С. 2006. Ер Төлеп. Алматы: Эверо, 2006. 306 б. (Адай руының ішінде)
* Қондыбай, С. 2010. Медет шежіресі // Толық шығармалар жинағы. Т. 14. Алматы: Арыс, 2010. 186-357 б. (Адай руының ішінде)
* Ахметов К.Ғ.: Кіші жүз Алаша руының шежіресі, Орал, 2006
* Шеркеш шежіресі. Ата баба тарихы, Атшыбайұлы Ә., Алматы: Жолдас және К, 2000, 134 б
* Адай шежіресі, Меңдалыұлы А. Алматы, Информ-А, 2002 ж, 240(480) б
* «Қаратөбе – Алаша шежіресі» , Сагынов Тлеккабыл
* Кіші жүз Асқар (Байбақты, Жанбақты, Тынбақты) және Тана руларының шежіресі/ К. Ғ. Ахметов. - Орал , 2008. - 192 бет. - ISBN 9965-681-34-1
* Адай шежіресі, Жетібай Жылқышыұлы Тастеміртегі. 2014 ж. Алматы, Print Express баспасы, 1-9 том. Тиражы - 1000 дана. ISBN 978-601-7046-58-3
* Адай жүрежаты Зорбайұлы Құлбай руының шежіресі, Ақтау, 2014
* ӘБДІРАСЫЛ З. Түгейболат, Алдай, Қожамжар: шежіре. – Шымкент: Жібек жолы, 2000. – 1-кітап. – 210 б.
* Бәйтерек.(кіші жүз Байұлы Ысық руының шежіресі) Алматы, Өлке, 2004, 584бет
* Адай.Құдайке шежіресі. Қартбаев А. Алматы. Атамұра. 2006, 384бет
* Адай шежіресі. Мендалиев Алшын.Алматы, 2002ж.
* Кіші жүз. Қызылқұрт (Әліке) руының шежіресі [Текст]. - Орал : Полиграфсервис, 2012. - 304 б. - (Қарға тамырлы қазақ). - ISBN 978-601-7104-41-2 :
* Кіші жүздің байұлына кіретін сегіз арыс масқар руының шежіресі [Текст] / Е.Р. Әзірбаев, К.Ғ. Ахметов. - Орал, 2009
* Қабиболла Сыдиықұлы, Кемелхан Есболов, Кенжағали Шаңқанов Ақбота шежіресі — Алматы: Информ-А, 2015. — 2000 таралым. — ISBN 978-601-7442-02-6.
* Көптілеу Ізтұрғанұлы Құнанорыс адай шежіресі — Алматы: Өнер, 2014. — 728 б. — 1500 таралым. — ISBN 978-601-209-179-3.
### Ноғай-Қазақ
## Жүзден тыс
* Ерофеева И. Родословные казахских ханов и кожа XVIII–XIX вв. (история, историография, источники). – А., 2003. – 178 с.
### Төре
### Қожа
* Сунақ шежіресі. Құдияров С. Алматы, Атамұра, 1995, 208 бет
* «Қожалар шежіресі» Сейіт-Омар Саттарұлы 2016
* «Ұлы пайғамбар және ұрпақтары» Кәмел Жүністегі, 2007, 2014.
* Бақсайыс әулие, Ермахан Төреғожаев, Алматы 2015
### Төлеңгіт
* Бөкейлiк төленгiттер. Ахметов, К. Ғ., Тоқсанов, Б., Атаев, А. Қ. - Орал. : Полиграфсервис, 2006. - 64 с. - ISBN 9965-748-33-0
### Қырғыз руы
* Шежіре (Қырғыздардың бір тармағы) / Т. Ж. Асқартегі. - Қарағанды : [б. и.], 1995. - 30 с.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://shezhyre.psu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=64&Itemid=57 Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2014 жылы.
* http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/239-tarikh/2786-kazak-shezhireleri.html
* http://www.topreferat.com/%D0%9A%D1%83%D1%80%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81/5210-%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B-%D1%88%D0%B5%D0%B6%D1%96%D1%80%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%B8-%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA-%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5(қолжетпейтін сілтеме) |
Қоңдыкөл, Құндызкөл — Есіл алабындағы тұщы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Сандықтау ауданы Новоникольское ауылы маңында, теңіз деңгейінен 429 м биіктікте жатыр. Аумағы 8,3 км², ұзындығы 4,4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 13,4 км.
## Сипаты
Көктем айларында көл аумағы ұлғайып 8,6 км²-ге жетеді. Солтүстік-батысынан шағын өзен құяды. Шығыс жағалауында қамыс шоғырлары өседі. Басқа жағалауларын қайың, қарағай, терек, т.б. ағаштардан тұратын орман алқабы көмкерген. Сонадай-ақ жағалауында Құмдыкөл, Маралды, Новоникольское елді мекендері орналасқан. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Жағалауының біршама жері егістікке жыртылған. Қалған бөлігі мал жайылымына, омарта шаруашылығына және шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бейсана (ағылш. unconscious) — саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау.
Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады. *Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
## Дереккөздер |
Қонысшағыл, Қонысшағала – Бұлдырты алабындағы өзен, осы өзеннің тармағы.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 45 км, шағын 4 саласы бар.
## Бастауы
Бастауын Бұлдырты ауылынан жоғарыда 10 км жерде Бұлдырты өзенінің сол жағалауынан бөлініп шығып, Қарақұдық қыстауының солтүстік-батысында осы өзенге қайтадан құяды.
## Гидрологиясы
Өзен арнасы негізінен жазық өңірмен ағады, жағалауы жазық. Жоғарғы ағысында арнасында суы жыл бойы тұрақты болады, орта және төменгі ағысында жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жағалауында бірнеше қыстау орналасқан.
## Дереккөздер |
Құрттыөзек өзені – Ащысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінен ағады. Ұзындығы 59 км.
## Бастауы
Бастауын ауданның батысындағы Қосқамбай тауының етегіндегі бұлақтардан алып, Мәшһүр Жүсіп ауылынан жоғарыда Ащысу өзеніне сол жағынан құяды. Су жиналатын алабы 870 км², орташа тереңдігі 0,7 м.
## Гидрологиясы
Бастауындағы алабының жер бедерінде 30-60 м-лік төбелер мен шоқылар кездеседі. Жазық жерлеріндегі өзен аңғарының топырағы негізінен карбонатты қызғылт қоңыр, төменгі ағысында сортаңды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өзен алабында түгелімен дерлік құрғақ даланың шөптесіндері (бетеге, боз, селеу, т.б.) қалыптасқан. Аңғарының жоғарғы ағысындағы ені 0,4 км, төменде 3-4 км. Суы кермек татиды, мал суаруға жарамайды.
## Дереккөздер |
«Мүсіннің көлеңкесі – балғамен қалай философия жасауға болады» (Götzen-Dämmerung, oder Wie man mit dem Hammer philosophiert)(1888ж.) — Фридрих Ницшенің философтарды, мәдениет қайраткерлерін бағалаған, әсіресе соған дейін құрметтеліп келген әйгілі тұлғаларды түгелімен сынға алған кітабы. Кітап аты Рихард Вагнердің «Нибелунг жүзігі» делінетін туындысының 4 бөліміндегі «Құдайлар көлеңкесі» деген тақырыбынан алынған. Кітап ауқымды емес. Мұнда Ницше көптеген философтарды (Сократ, Платон, иммануил Кант және басқа да христиан философтарын) ащы сынға алады. Ол «Сократ мәселесі» деген бөлімінде ешкім де тіршіліктің құнын өлшей алмайды, тіршілік құнын өлшегісі келгендер тіршілікті қаралайтын, немесе тіршілікті тым әспеттейтін қорытынды шығарады деп есептеді. Оның ойынша Сократтан бастап (Сократ бас қылмыскер) батыс философиясы азғындады, олар диалектикалық сөз ойнатуды өздерін ақтаудың құралы етіп, ең арғы түпнұсқа бастаулар бұлдыратылды. Ф.Ницше сондай-ақ сол кездегі неміс мәдениетін де аяусыз сын найзасына ілді, француздың, ағылшынның, италияның мәдениет қайраткерлерін мазақтап өтті. Ницшенің ойынша, осынау азғындағандарға салыстырғанда біршама жарқынырақ тұлғалар деп Цезарьды, Наполеонді, Гетені, Достоевскийді, Фукидидті, және көне грек софистерін атауға болады. Бұлар жаңағыларға қарағанда саулыққа, адамдыққа, күштілікке өкілдік етеді. Бұл кітаптың соңында Ф.Ницше өзінің «адамзаттық құндылықты қайта саралап бағалау» жоспарын құрғанын, «Билеу Еркі» деген кітап жазбақшы екенін айтады, және көне Римдіктерді көне Гректерге қарағанда жоғары табысқа жетті деп есептейді.
## Дереккөздер |
Құсты – Маңырақ жотасының солтүстік бөлігіндегі аласа тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінің оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан.
## Сипаты
Абсолюттік биіктігі 619 м. Солтүстігінде Зайсан көлі жатыр, батысынан Қошантай, шығысынан өзімен аттас өзендер ағып өтеді. Тауалдының қоңыр және таулы далалық ксероморфты топырақ жамылғысында жусан аралас астық тұқымдас өсімдіктер, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты — күндізгі және сырттай оқыту формалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 17 мамандық бойынша жоғары-кәсіптік мамандар (бакалавриат) даярлайтын жоғары оқу орны.Институт инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін 2004 жылы Еуропа кәсіпкер қауымдастығының «INSAM» алтын медалімен (Женева, 2005 ж), Халықаралық «Алтын Құйма» (CBS Consult, Мәскеу, 2007) марапатталды.
Мамандықтар:
* 5В070200 - Автоматтандыру және басқару;
* 5В070800 - Мұнай-газ ісі;
* 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
* 5В072900 - Құрылыс;
* 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау;
* 5В050600 – Экономика;
* 5В050900 - Қаржы;
* 5В011900 - Шетел тілі: екі шет тілі;
* 5В030400 - Кеден ісі;
* 5В060200 -Информатика.
* В16 -Қазақ тілі
* В17 -Орыс тілі
* В44 -Менеджмент
* В45 -Есеп және аудит
* В49 -Құқықтану
* В60 -Органикалық заттардың химиялық технологиясы
* В62 -Электроэнергетика
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мақсаты экономиканың әр түрлі салаларында, инженерлік және педагогикалық білім беруде, қазіргі заманғы үздіксіз дамып келе жатқан оқыту жүйесі негізінде жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. Институтта құрылған жүйе төрт негізгі бағыттарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу және қолдау мақсатында адамдарды, үрдістер мен өндірістік құрылымды біріктіреді: ұйымдастыру-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік. Мұндай ұйымдық база институттың көп қырлы қызметін жоспарлы дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.
## Дереккөздер |
«Апамның астауы» — көрнекті қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің жазған әңгімесі.
## Қысқаша мазмұны
Ол (автор) он бес жасына дейін апасының тәрбиесінде болады. Әпкесі Шолпан күйеуге қашып кетеді. Қашыбай құда оған ақша береді. Сол күннен бастап ол апасынан бөлек жатады. Ер жеткенін түсінеді. Білім алып, қызметке орналасып, қалада қызмет істеп жүргенде түсіне апасы кіріп, ауылға келеді. Сол жазда ешкімге ұқсамайтын, қадір-қасиеті артық, ерекше жан апасы дүниеден өтеді.
## Шығарма кейіпкерлері
* Апа - «ер-азамат атқарар істі қасқая көтеретін, он саусағынан өнер тамған, ақылы жүздеген ұстаз мың сан мектептен артық, қойнынан аңқып шығар әжелік иісі бар, дүние жүзіндегі күшті адам».
* Лирикалық қаһарман:мен (автор) - 15 жастағы әже тәрбиесінде өскен, ерке бала;"мен" - білім алып, қызмет-атақ қуған ер-азамат.
* мен (автор) - 15 жастағы әже тәрбиесінде өскен, ерке бала;
* "мен" - білім алып, қызмет-атақ қуған ер-азамат.
* Дос - атасы (марқұм болған).
* Шолпан - апасы (үйінің тұңғышы).
* Қашыбай - ат-арбасын бермеген, кейін құдандалы болған кісі.
* Жеңісхан - бауыры.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://alashainasy.kz/proza/oralhan-bokey-apamnyin-astauyi-63863/Оралхан(қолжетпейтін сілтеме) БӨКЕЙ: Апамның астауы |
Қызбұлақ – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 31 км, 20-дан астам шағын салалары бар. Сұнатсай және Қызышбұалақсай өзендері аралығында.
## Бастауы
Бастауын Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік баурайынан алып (2261 м биіктікте) Іле өзеніне жетпей, Қызбұлақ қонысында жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Бұта шоғырлары аралас жағалауы жарқабақты (жоғарғы ағысында 20 м, орта ағысында 40 м-ге жетеді) қиыршықтасты-малтатасты келген. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қызылағаш бөгені — Жетісу облысы Ақсу ауданы Қызылағаш бойында, Қызылағаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан. Пайдалануға 1993 жылы берілді.
## Гидрологиялық сипаты
Су сыйымдылығы 42 млн. м3, ұзындығы 12 км, енді жері бөгеннің жоғарғы бөлігінде 10 км-ге жетеді. Қызылағаш бөгенінде 1996 жылы 1420 га жерге күрделі тегістеу және су жүйелерін қайта жаңғыртып салу жұмыстары жүргізілді.
## Шаруашылықтағы маңызы
Қайта жаңғырту нәтижесінде 20 ғасырдың соңында аудандағы суғармалы жердің аумағы 3,3 мың га-ға ұлғайды, 5,1 мың га жердің суландыру жүйелері қайтадан жаңарды, 5,5 мың га жерге күрделі тегістеу жұмыстары жүргізілді. Суды үнемдеу мақсатында 250 км-ден астам канал темір-бетонмен қапталған.
## Дереккөздер |
Ғарыш обсерваториялары - ашық ғарыштағы қуатты телескоптар. Бұл телескоптар алыс орналасқан планеталарды, галактикаларды және ашық ғарыштың басқа да нысандарын зерттеуге арналған. Ғарыш телескоптарының көбін ғарышқа ғарыш агенттіктері жібереді.
## Ұлы обсерваториялар
Ұлы обсерваториялар қатарына - "Чандра" рентген сәулелері обсерваториясы, "Спитцер" телескопы, "Комптон" гамма сәулелері обсерваториясы және "Хаббл" телескопынан тұратын төрт обсерватория топтамасы. Бұл обсерваторияларды NASA ұшырған болатын. Обсерваториялардың әрқайсысы әр түрлі толқын ұзындығындағы радиацияларды бақылауға арналған.
## Дереккөздер
* Ғ 31. Ғалам. Энциклопедия /Қазақ тіліне аударған Д. Алипбаева. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2012. - 160 б. - "Балалар энциклопедиясы" сериясы. ISBN 978 - 601 - 292 - 633 - 0 |
Қызылағаш – Қаратал алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданының жерімен ағады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 117 км, су жиналатын алабы 2430 км², жалпы ұзындығы 190 км болатын 140 саласы бар және алабында шағын 8 көл орналасқан. Ірі салалары: Мұзбұлақ, Біртоған, Қапал, Ақтұма, Шыңбұлақ. Сондай-ақ Қызылағаш бөгенінен төменде Егінсу, Ақешкі және Құрөзек тарамдарына ажыратылады.
## Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауының батыс сілемі Қаратау тауларынан алып, Молалы темір жол стансасының солтүстік-батысында 25 км жерде Үшкөл 1 көліне құяды.
## Жер бедері
Жоғарғы арнасы тар, тау шатқалымен ағады, Күреңбел (Қорымбел) қонысы аумағында арнасы біршама кеңейеді, жағалауы жарқабақты келген. Орта ағысы жонды-белесті, сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Мұндағы жағалауы жарлауытты. Қызылағаш бөгенінен төменде арнасы кеңейеді, алабы жазық жермен өтеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қызылағаш ауылы тұсында 2,16 м³/с. Суы егістікке пайдаланылады, жайылмасы шабындық және жоғарғы алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Тоғызтарау ауданы (қыт. 巩留县 Gongliu ) Қытай Халық Республикасы ШҰАР дағы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Тянь-Шань тауының орта бөлігінде орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы ағысында. Халық саны 196400 адам, аумағы 4528 к.к., 1931 жылы негізі қаланған. 7 ауылдық округ, 1 қалашықтан тұрады, Шығыс солтүстік бөлігінде Күнес ауданымен, солтүстік бөлігі Нылқы ауданымен Құлжа ауданы, оңтүстігі Текес ауданымен шектесіп жатыр. Аудан аумағында қазақ, хань, ұйғыр қатарлы ұлттар тұрады, байырғы халқы қазақтар. Халқы негізінен мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады. |
Ринат Рифхатұлы Зайытов (17 қараша 1983 жыл, Аягөз, Абай облысы) — қазақстандық айтыскер, суырып-салма және жазбаша ақын, актёр, филолог, мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдан бастап Қазақстан Мәжілісі VII-шақырылымының депутаты.
## Өмірбаяны
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей руының Мұрын бөлімі.
М. Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығын алып шықты. «Тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық конкурсының жеңімпазы (2001 жыл).
Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті каналындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған.
Ол 2001-2008 жылдар арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы.2008-2010 жылдар аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы.
Аягөз ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.
Бос уақытында бильярд, футбол ойнап, аңшылыққа шыққанды ұнатады. Сүйікті фильмі - «Однажды в Мексике» болса, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы – сүйіп оқыр кітабы болып табылады.
## Дереккөздер |
Президенттік республика — президенттің мемлекеттік органдарының ісіне салмақты араласумен айқындалады. Президенттің қолында мемлекет және үкіметке басшылық лауазымы болады. Президентік республиканы әдетте, тағы да дуалистік республика деп те атайды, себебі бұл екі басшылық бөлек екендігін айқындайды. Олар біріншісі, заң шығарушы орган - парламент, ал атқарушы орган - президент.
## Президенттің республиканың басты ерекшеліктері
Президентті парламент сайламайды (тек халық — Колумбия, немесе таңдаушылар алқасы— АҚШ),
Парламент - үкімет түрі емес, яғни президент елді қалыптастырады. Президент елдің нағыз басшысы. Үкімет тек президенттің алдында жауап береді, себебі тек президент қана оны таратып жіберуге құқылы.
Бұл басқару түрінде, парламенттік республикамен салыстырғанда, президенттің қолындағы билік бар екендігі айқын сезіледі. Президенттік республикада, президент - атқарушы орган. Бұл дегеніміз, егер парламенттің шығарған заңы президентке моральсіз, жарқын болашаққа лайықсыз көрінсе, ол бұл заңды бекітпей, парламентке қайта талқылау үшін қайтаруға құқылы.
Әдетте президенттік республикада, президентте парламентті таратуға және парламенттің үкіметке сенімсіздігін білдіруге құқы жоқ. Алайда парламент президентті орнынан алып тастай алады (импичмент рәсімі).
## Президенттік республикалар
Қарапайым президенттік республикаға Америка Құрама Штаттарын жатқызуға болады. АҚШ конституцияның негізінде өкілеттіктерді бөлу қағидасы жатады. Президенттік республикаларға Латын Америка және Африка елдерінің көбі жатады.
## Дереккөздер |
Ербол Саррин - Дәстүрлі әнші. Қазақстанның халық әртісі (2014). Ол 1962 жылы 2 қазанда Қарағанды облысы Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген.
1985 жылы Алматы қаласындағы эстрадалық өнер студиясына (қазіргі Ж.Елебеков атындағы колледж) атақты әнші-композитор, жазушы, Қазакстанға еңбегі сіңген әртіс Ж. Кәрменовтің сыныбына түсіп, 1987 жылы окып бітірді.Өнердегі ең алғашқы жолын Целиноград облысының мемлекеттік филармониясында бастады. Осы филармонияда еңбек ете жүріп, 1988 жылы Алматыда өткен Ә.Қашаубаев атындағы II республикалық әншілер байқауына қатысып лауреат атанды. 1992 жылы Целиноград музыкалық училищесінде домбырамен ән салу сыныбын ашу мақсатында қосымша жұмысқа шакырылды. 1993 жылы С.Сейфуллин атындағы пединститутқа түсіп, 1997 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді.1998 жылы Президенттің колдауымен ашылған, әлем әртісі, профессор А. Мұсақожаева басшылық еткен ҚазҰМА-ға аға ұстаздыққа қалдырылды.Қазақстан Республикасының әншілік өнерін дамыту жолына қосқан еңбегі үшін Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Қазіргі кезде Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі ән департаментінің доценті.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Кітапхана деректері |
Көшпелі қазақ халқын жерге отырықшыландыру туралы ереже - 1924 ж. [17 сәуірдегі Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің көшпелі, жартылай көшпелі жаәне отырықшылана бастаған қазақ шаруаларын жерге орналастыру тәртібін дәйектеп көрсеткен құжаты.
"Ереже" бойынша қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларын жерге жаппай орналастыру, оларға жайылым, малға қажетті шөп болмай қалған жағдайда пайдаланатын сақтық пішен учаскелерін беру, отырықшыландыру мемлекет есебін жүргізу кезделді. Отырықшыланатын қожалықтар үшін 10 жылдық мерзімге несие беру, оларды бес жылға дейін салықтың барлық түрлерінен босату, оларға тұқым, құрал- сайман және м.ш. құрылыстары мен мекен-жай салуға қажетті құрылыс материалдарын тегін беру ескерілді. Алайда, "Ереже" шарттары бұрмаланып, іс жүзінде дұрыс орындалмады. Керісінше, 1925 ж. ауыл ішінде таптық сына, қағу, ауылда "Кіші қазан" төңкерісін жасау науқандарына бағдар алынды. Байларды тәркілеу, кедей- кепшікті ұжымдық шаруашылыққа күштеп енгізу жүргізілді. Бұл саяси науқандардың мәжбүр ету сипаты басым еді. Қазақстандағы кеңестік озбырлыққа қарсылық білдірген халық қозғалыстары аяусыз басып-жаншылды. Ел-жұрттың шынайы мүддесіне жауап бермейтін осынау процестер қазақ халқын 1931-33 жылдары алапат ашаршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Қазақстандағы бұрмалаулар мен асыра сілтеулерді жоюға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық шаралар барысында көшпелі қазақ халқы жерге отырықшыланып, кеңестік тұрпаттағы жаңа қазақ ауылдары пайда болды. Ереже осы ауыртпашлығы көп болған даму жолының бастауында тұрған құжат еді.
## Дереккөздер |
Құсбек — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Құсбек ауылының солтүстігінде, теңіз деңгейінен 354 м биіктікте орналасқан.
## Сипаты
Аумағы 7,8 км2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Көл шұңқыры дөңгелек пішінді, түбі сазды, жағалауы жайпақ. Су жиналатын алабы аумағының 15%-ы жыртылған, қалған бөлігінде бетеге, боз, т.б. табиғи шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
Жайсаңбаев Есболған Ботабайұлы (14 қаңтар 1940 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылы — 13 мамыр 1983 жыл, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982).
## Өмірбаяны
Қазақ драма театры жанындағы студияны (1960), ҚазМУ-дің филологиялық факултетін (1968) бітірген.
1960 жылы Қазақ драма театры артистерінің негізгі құрамына қабылданған.
## Рөлдері
Театр сахнасында ойнаған алғашқы рөлі — З.Шашкиннің “Заман осылай басталды” спектакліндегі Покудин.
Жайсаңбаев, көбінесе, комедиялық бейнелер сомдауымен көрермендер ілтипатына бөленді.
Оның таңдаулы рөлдері: Хасен, Серке (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің “Беу, қыздар-айы” мен “Ой, жігіттер-айында”), Сейіт (Ш.Айтматовтың “Аңсаған менің әнімсің” және Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясында”), Дәуіт (Б.Майлиннің “Майданында”), Олжатай (С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалында”), Бақтияр (Ә.Тәжібаевтың “Майрасында”), Махмұт (Ж.Файзидің “Башмағында”), т.б.
Табиғатынан аңқау, адал да ақ көңіл жандардың күлкілі қылықтарын көңілге ұялар тартымдылықпен кескіндеу — Жайсаңбаевтың актерлік болмысына тән қасиет болды. 1976 жылдан бірнеше фильмге түсіп, Сәрсенбаев (“Спорт саңлағында”), Прораб (“Доланалыда”, 1980), Ятчель (“Ақ бақсыда”, 1982) бейнелерін сомдады.
ҚазКСР еңбек сіңірген артисі Есболған біраз роль ойнап , көрермен қауымға енді таныла бастаған тұсында «Лениншіл жастың» қазіргі «Жас алаш» газетінің бір тілшісі М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының сол уақыттағы жас актері Есболған Жайсаңбаевқа: «мұңайып тұрғанда күліп, ал қуанып тұрғанда еңіреп жібіре аласың ба? » деп сұрақ қойыпты. Оның жауабы: «еңірегені қандай. Қажет болса қазір көз алдыңызда ботадай боздап берейін. Мұнан әрі қарай ол күлкінің әлеуметтік сыр-сипатын , түрлерін, сахналық әрекетпен астасып жату қажеттілігін өзінің ойнаған рольдерінің мысал келтіріп, тамыршыдай тап басып дәлелдеп берген. Жай ғана қүлкі емес ,әлеуметтік жүгі салмақты , белгілі бір нысанаға бағытталған күлкіні , өзінің актерлік қызметіне арқау еткен, өмірден ерте өтсе де өнерде өшпес із қалдырған Е.Жайсаңбаев тамаша күлдіргі актер болумен бірге, драмалық рольдерді де еркін меңгерген бесаспап шебер еді. Өнерге жастайынан құштар, табиғатынан жақын болды.
Кішкентайынан ән мен күйді , терме мен жырды , небір қызық әңгімелерді тыңдап өскен, өзі де ауылдың алты аузынан құралақан емес, халық мұрасының кәусар бұлағынан қанып сусындаған Есболғанда екі жылдық актер дайындайтын студияға алып келген де өнерге деген осы құштарлық пен сүйіспеншілік. Қабылдау емтханында қойлы ауылдың тірлік- тынысын дәл сипаттайтын күлкілі сахналық нұсқадан-ақ сарпшы ұстаздар оның бойынан тұнып тұрған табиғи юмордың ұшқының сезгені ақиқат.
## Дереккөздер |
Қызылсу – Есіл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Есіл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 91 км, су жиналатын алабы 2670 км2.
## Бастауы
Бастауын Жақсы ауданы Жақсы кентінің оңтүстік-батысындағы Қосшоқы тауының солтүстік-батысынан алып, Есіл өзеніне құяды. Ірі салалары: Құмай, Биегіз, Қарамырза.
## Гидрологиясы
Аңғары кең (0,5-2 км). Арнасы көбіне жайпақ, ені 5-100 м аралығында өзгеріп отырады. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,12 м3/с. Суын өзен бойындағы елді мекендер пайдаланады. Алабы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Май інжугүлі - лалагүлдер тұқымдасы.
Қазақстанда сирек кездеседі, тек емен ормандарында Орал мен Елек өзендері аңғарларындағы бұта шіліктерде (Батыс Қазақстан облысы) кездеседі. Республиканың басқа жерлерінде өте танымал мәдени түрінде - бауда, парктерде, саяжайда т.б. жерлерде өсіріледі.
Тамырсабақтарының қатысуымен жылдам көбейеді. Тамырсабақ жүйесі күрделі, бірі ұзын, өрмелегіш, бұтақтанған, көлбеу орналасқан, біреулері қысқа (1,2 см ғана), тіке орналасқан. Олардан жыл сайын жаңа жер беті өскіндері құралады – вегетативті және генеративті. Генеративті өскіндердің сабағы (30 см дейінгі биіктікте) әдетте екі үлбіреген кең ланцет тәрізді жапырақты және бір бүйірлі шашақты аппақ гүлді – жағымды хош иісті. Гүлдері жартылай шар тәрізді – қоңырау пішінді, алты қайырылған тісшелерімен, ұзын гүлтабанындағы гүл шоғырына орналасқан.
Інжугүл көктемнің ортасында әдетте мамырда гүлдейді. Жемісі қызғылт-сары не шар тәрізді жидек. Әрқайсысында екі-үш тұқымнан жаздың соңында піседі. Тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Гүлдердің хош иісі мен тозаңы жәндіктерді өзіне тартады. Жемістерін құстар таратады. Меруертгүлдің бір ғана ұрпағы бүкіл үлкен бір алқапты алып кетуі мүмкін. Қатты бұтақтанатын тамырсабағы көптеген вегетативті және генеративті өскіндер таратады. Тамырсабақтың бөлігі жайлап шіриді де, олардың жүйелері жеке жеке түрлерге ажырайды. Вегетативті өскіндерге екі-үш жылда бір гүлдеу тән, қолайсыз жағдайда кейде олар тіпті гүлдемейді. Бұл өсімдіктің жапырағы гүлдеу мерзімінде де, жеміс беру кезеңінде де өте әдемі. Меруертгүлді XVI ғасырдың ортасына бері қолда өсіріп келеді, олардың ақ гүлдісінен басқа, күлгін және түкті гүлді (махровый) сорттары бар. Емдік өсімдік ретінде кеңінен танымал қан қысымын ретттеуде пайдаланады. Дәріні даярлауға жер үсті бөлігі, гүлдеу кезінде қолданылады.
## Дереккөздер |
Қызылсу – Арыс алабындағы өзен, Сайрамсу өзенінің тармағы.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Төле би және Сайрам аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 88 км.
## Бастауы
Өзен Зертас ауылынан төменде Сайрамсу өзенінен бөлініп шығып, Аққойлы ауылынан төменде Арыс өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Арнасының жағалауы жарлауытты, жарқабақты. Төменгі ағысында жазық өңірмен өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Суының деңгейі Сайрамсу өзеніне тікелей байланысты. Алабы толығымен дерлік игерілген.
## Дереккөздер |
Ит жуа (лат. Allium inderiense) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсмдік. Сабағының биіктігі 20-40 см, таспа тәрізді 3-5 жапырақты. Көлбеу тамыр сабағында қоңыр қабықшалы, сопақша келген 1 – 4 жуашық болады. Гүлі қызғылт күлгін, жартылай шатырша құрады, мамыр – маусым айларында гүлдейді. Ит жуа шөлді құрғақ далалы жерде, аздап құмда өседі.Европаның оңтүстік – шығысында, Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінің төңірегінде, Ақтөбе, Торғай облыстарында, Бетпақдалада кездеседі.
## Дерек көздер
* http://zhelva.narod.ru/photo5/a-globosum.htm
* http://www.innature.kz/print.php?type=A&item_id=1528 Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2014 жылы. |
Айдарбек би (туған-өлген жылдары белгісіз) — Жайық өңіріндегі белгілі билердің бірі. Тегі – Байұлының Масқар руы. Батыс Қазақстан тарихында елеулі оқиғалардың бірі саналатын 1786 жылы қыркүйектегі старшындардың съезінде шекаралық сот сайланды. Айдарбек бидің халық арасындағы әлеуметтік қызметі жөнінде, белгілі тұлға екендігі туралы тарихи еңбектерде деректер бар. Бидің тарихи сөздері, ел үшін сіңірген еңбегі халык арасында әлі де жиі айтылады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.