text
stringlengths
3
252k
Ақшығанақ Мекенжұрты - 8-11 ғғ. археологиялық ескерткіш. ## Орналасуы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Аққұм ауылының солтүстік жағына қарай 6 км қашықтықтықта, Ақшығанақ көлінен оңтүстікке қарай 2 км жерде жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42°00′ с. е. 43°50′ ш. б.42.000° с. е. 43.833° ш. б. / 42.000; 43.833   . Ескерткіш Шардара ауданының территориясында орналасқан, алайда бұрынғы зерттеушілер оны Отырар ауданына жатқызып келген. Ақшығанақ Мекенжұрты ескерткішін Көксарай археологиялық экспедициясы (К. М. Байпақов, С. З. Ахмет) зерттеген. ## Сипаттамасы Ескерткіш сопақша келген, диаметрі 47 м, биіктігі 1,5-2 м; төбемен биіктігі 0,7 м; қабырғамен қаршалған алаңнан тұрады. Алаң тікбұрышты, солтүстік-шығыс бұрышы дөңгеленіп келген. Қақпасы оңтүстік қабырға ортасында. Солтүстік қабырға жанында диеметрі 10 м, тереңдігі 2 м келетін дөңгеленген сай түрінде су қоймасының қалдығы сақталған. Ол қабырға сыртындағы арықпен жалғасқан.
Қаракөз Тұрғарақызы Құнанбаева - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданының құрметті азаматы, Қазақ Республикасы Жоғарғы кеңесіне депутаты, «Ардақты ана» марапатының иегері. ## Өмірбаяны Қаракөз Тұрғарақызы Құнанбаева Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданының Талдыбұлақ ауылында 1938 жылы өмірге келген. Балалық шағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ұлы жеңістен кейінгі ауыртпалығы мол кезеңнің киер киімге, ішер асқа тапшылық зардабын көріп өсті. Сондықтан да еңбекке ерте араласып, әлжуаз шаруашылықтың қара шаруасының қандайынан болсын бас тартқан жоқ. Өмірдің ащы-тұщысын бірдей татқан Қ. Құнанбаева өз қарауына жеке отар қабылдап, осы салада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті. Еңбегі бағаланып, Қазақ Республикасы Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Өндірісте осындай озат болғанда ол отбасында да ерекше сыйлы. Қаракөз Тұрғарақызы - он бала өсіріп, жапырағы жайылып отырған Ардақты ана. Жерлестері де оны айрықша құрмет тұтады, соның белгісі ретінде оған Қазығұрт ауданының құрметті азаматы атағы берілді. ## Дереккөздер
Лев Васильевич Ошанин– кеңес антропологы. Биология ғылымдарының докторы,профессор. Өзбекстан КСР–інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Орта Азия мемлекеттік университетінің антропологы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Негізгі еңбектері өзбектердің, тәжіктердің, түрікмендердің, ұйғырлардың антропологиясының қалыптасу тарихына арналған. Орта Азия халықтарының антропологиялық сыныптамасын жасаған. ## Дереккөздер
Қызыл тұзшөп (лат. Petrosimonia litwinowi) - алабота тұқымдастары, тұзшөп туысына жататын бір жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 5-30 см. * Сабағы сидам, жатаған, кейде тік, жіңішке, түсі қызыл, түп бұтақты келеді. * Жапырағы таспа, қандауыр тәрізді, кезектесіп орналасқан. * Гүл қоршауы 2 жапырақты, аталығы 2-3. Гүл жапырағы гүлінен ұзын. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Еуропаның оңтүстік-шығысында, Батыс Сібірде, сондай-ақ Қазақстанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында шоқы, қыраттарда, сор, сортаң жерлерде өседі. Қызыл тұзшөпті түйе жейді. ## Дереккөздер
Иосиф Хосе Ллойд Холебас (грек. Ιωσήφ Χολέβας, нем. José Holebas; 1984 жылы 27 маусымда Ашаффенбург қаласында туылды) — грекиялық футболшы, италияндық «Уотфорд» футбол клубының сол қапталдағы қорғаушысы. ## Клубтық мансабы Әкесі — грек, анасы — неміс пен уругвай тұқымынан. Хосе алғашында неміс Ашаффенбург клубында өнер көрсете бастады. Холебас футболмен Германияның мектептерінде шұғылдана бастады. 2002 жылы «Мюнхен 1860» академиясына қабылданып, команданың қосалқы да, негізгі де құрамында өнер көрсетті. Хосе тек қана сол қапталдағы қорғаушы позициясында ғана емес, сондай-ақ шабуылдаушы позициясында да ойнады. Негізгі құрам үшін 31 матч өткізіп, Бундеслиганың 2-ші чемпионатында 4 гол соқса, Германия Кубогі турнирінде 3 голмен ерекшеленді. Холебастың бапкері Эвальд Линен онымен бірге 2010 жылы «Мюнхен 1860» клубымен келісім шартты бұзғаннан кейін, бірге грекиялық Олимпиакос клубына көшіп кетті. Холесбастың трансфер құны 500 мың еуро болып саналып, тағы да аванс үшін 200 мың еуро болды. Хосе клубпен 3 жылдық келісім шартқа отырып, жылына 200 мың еуро алатын болды. Алғашқы ойының Еуропа Лигасында албаниялық «Бесы» клубына қарсы өткізді. Алғашқы клуб үшін голын Грекияның Суперлигасында Афиналық «АЕК» клубының қақпасына салды,, ойын 6:0 есебімен бітті. Өзінің сәтті ойынының арқасында гректер Суперлиганы жеңіп алды. ## Ұлттық құрамадағы мансабы 2010 жылы Грекияның азаматтығын алғаннан кейін, Холебас — Грекия ұлттық құрамасының капитаны атанды. Грекияның бас бапкері Фернанду Сантуш оны Ресей мен Румыния құрамаларына қарсы ойындарға шақырып, Хосе 2011 жылы 11 қарашада Ресеймен ойында алаңға алғаш рет шықты. ## Жетістіктері * Грекия чемпионы: 2011, 2012, 2013, 2014 * Грекия Кубогінің иегері: 2012, 2013 ## Сілтемелер * «Мюнхен 1860» ресми сайтында Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2010 жылы. * Fussballdaten.de сайтында профилі
Көрқара мекенжұрты, 1 – 6 ғғ. (археол.). Балтакөл ауылының оңтүстік шығысында 14 км қашықтықта, Сырдария өзенінің жағасында орналасқан. Географиялық координаттары 42T 0409916 UTM 4764721. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі ашып, зерттеген (С.З. Ахмет, Н.О. Алдабергенов, З.К. Исабеков). Сопақша келген төбе оңтүстіктен солтүстікке созылып жатыр. Етегінің көлемі 80x55 м. Жоғарғы жағындағы алаң көлемі 28x20 м, биіктігі 5 м.Төбеден 25 м жерден оны ені 7 м-дейін, тереңдігі 1 м ор қоршаған. Ордан батысқа қарай арық шығарылған. Үстінен табылған керамика негізінен саптыяқтар мен көзелердің бүйір сынықтары болып келеді.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы, 2007 жылы, 2011 жылы, 2019 жылы және 2022 жылы түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 7 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 50 депутат және Мәжіліс - 98 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады. ## Мемлекеттік билік органдары ### Президент Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық билік органдарының келісімді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады. Президенттің өкілеттілігі: * жоғарғы бас қолбасшы болып табылады; * президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие; * парламентті таратуға құқылы; * референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады; * парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады; * парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды; * парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды; * дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды; * үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым; * мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді; * халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды; * төтенше және әскери жағдайды енгізеді. Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады. Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды. 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдады. ## Атқарушы билік ### Үкімет Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметін Олжас Бектенов атқарады. ## Заң шығарушы билік Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, олардың жиырмасы әр 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 50 мүшесінің 40 мүшесін 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары сайлайды. Қалған 10 депутатты президент тағайындайды, олардың жартысын Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады. Мәжілістің 98 депутатының 69-ы партиялық тізім бойынша, қалған 29-ы бірмандатты аумақ бойынша жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбеушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергілікті үкіметтік органдарды таратады. ## Сот билігі Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы Сот пен Конституциялық Сот болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот төраға мен оның орынбасарын қоса алғанда 11 судьядан тұрады. Соттың төрағасын Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды. Судьялардың төртеуін Президент тағайындаса, Парламенттің қос палатасы Палата төрағаларының ұсынуымен әрқайсысы 3 судьядан тағайындайды. Олардың өкілеттіктері 8 жылға созылады. ## Жергілікті билік органдары Әкімшілік жағынан Қазақстан 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Шымкент) бөлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті органдары — мәслихатты облыстар мен аудандарда жергілікті халық сайлайды. ## Саяси партиялар 1991 жылға дейін елде тек жалғыз коммунистік партия болды. Ол 1991 жылы таратылған КОКП құрамына кірген болатын. Қазіргі таңда елде конституцияға сәйкес көппартиялық жүйе енгізілген. ## Полиция және қарулы күштер ## Сыртқы саясат ## Дереккөздер
Қусақ, Сегізауыл – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен. Ұзындығы 184 км, су жиналатын алабы 10,8 мың км2. ## Географиялық орны, бастауы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Абай облысы Семей қалалық әкімдігі аумағына қарасты Қайнар ауылының оңтүстік-батысындағы Көкшетау тауларындағы қайнарлардан алып, Қотанбұлақ тауларының батысындағы Ортақора қыстауының солтүстігінде жерге сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Көктемде 10-15 күндей ағыны болады. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен ағады, Ошан қонысында аңғары кеңейіп сайлы-жыралы жермен өтеді. Татан ауылы маңында арнасы мен алабы қайтадан тарылады (осы жерден бастап өзен Қусақ деп аталады). Одан кейінгі арнасы 2,5-5 км-ге кеңейіп, алабы ауқымды болып келдеді. Молақ қыстауы және Қошқар ауылы аралығында ағысы үзіліп, жерге сіңіп кетеді. Қошқар тауларынан бастап арнасы пайда болады. Жаз айларында ағысы болмайды. Негізінен көктемегі қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Татан ауылына дейінгі суы тұщы, Қошқар ауылына дейін ашқылтым, одна төменде тұзды болып келеді. ## Салалары Жалпы ұзындығы 90 км болатын 30-ға жуық салалары бар. Ірілері: Қаражан, Құрөзек, Көккөз, Мергенбай, Көкиірім, Иіреу, т.б. ## Дереккөздер
Қусақ – Көксу өзенінің оң саласы. Ұзындығы 67 км, су жиналатын алабы 223 км². ## Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді ауданының жерімен ағып өтеді. Бастауын Суықтөбе тауының солтүстігінен алып, Елтай ауылының тұсында Көксу өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Орта ағысына дейін аңғары тар келген. Көктемде қар еріген кезде ағысы қатты, суы мол болады. Өзен суы шағын егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады. Жаздың соңғы айларында төменгі ағысының суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Қусақ – Үржар алабындағы өзен. Ұзындығы 78 км, су жиналатын алабы 715 км2. ## Географиялық орны мен сипаты Абай облысы Үржар ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Қусақ Бұрған ауылы тұсында Жалаңаш өзенінен бөлініп шығып, Елтай ауылынан жоғарыда Үржар өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Арна жағалауының басым бөлігі тік жарқабақты келген. Жыл бойы дерлік арнасында су болады. Алабы мал жайылымы және егістік пен шабындыққа пайдаланылады. ## Салалары Жалпы ұзындығы 52 км болатын 30-дай саласы бар. Ірілері: Жынды, Шолақтерек, Көлденең, т.б. ## Дереккөздер
Жәлел әд-Дин Мендіұрынұлы ибн Ала ад-дунйа уә-ю-Д ин Әбу-д-Фатх Мұхаммед 1198/99 жылдары туған. Жәлел әд-Дин - Хорезм шаһтарының соңғы ұрпағы. Жәлел әд-Дин Шыңғыс хан жасағымен 1216 жылы алғаш рет Ырғыз өзені бойында кездесіп, әскерін майдан даласынан алып кетеді. Жәлеел әд-Диннің жас та болса, дарынды қолбасшылығы шайқаста Жошы әскерлері күннің батуымен көп жерге от жаға отырып, өздері майдан даласынан жылыстап тайып тұрады. Мұны кеш сезген хорезмдіктер «біз жеңдік» деп масаттанады. Жәлел әд-Дин әкесіне жаудың артынан қуып, талқандауды ұсынады, бірақ әкесі бұл ұсынысты қабыл алмайды. Дарынды Жәлел әд-Динді арғын руынан шыққан Айшешек шешесі үшін әжесі Теркун қатын мен кейінгі екі інісі жек көрген. Шыңғыс хан империясы әскерлерімен бетпе-бет келген ұрыстарда бұл екеуі ағаларын жау шебіне тастап кетуді әдетке айналдырған. Оның үстіне, Жәлел әд-Диннің өзінің сеніміне кіріп алған уәзірі Шараф әл-Мүліктің екі жіздылыгынен де көп азап шеккен. Осындай опасыздықтарға қарамай, Жәлел әд-Дин басқарған таңдаулы сарбаздар көптеген шайқастарда ерлік көрсетті. Соның бірі - Шынды-Паруан шайқасы. Бұл шайқаста күйрей соққы алған Шыңғыс ханның өзі үлкен ойға қалған. Бұл саясат өз нәтижесін беріп, шешуші ұрыс тұсында Жәлел әд-Дин әскеріндегі кейбір ықпалды тайпалар майдан даласын тастап, өз колбасшысын аз ғана сенімді батырларымен жау ортасына қалдырып кеткен. Жәлел әд-Дин жау қоршауынан құтылып, өзеннің арғы бетіне өтіп, өздеріне қайта айбат шеккенде Шыңғыс хан Жәлел әд-Диннің майдандағы ерлік іс-әрекетіне риза болып, оны соңынан қуғызбаған. Үндістан шекарасынан Хорезмге оралған Жәлел әд-Дин әкесінің салы суға кетіп,ұншырғасы түскенін көреді. Бытыраған шаһ әскерінің басын кайта құрау мүмкін болмайды, Мұхаммед шаһтың әуелгі сенген балалары әкесінің сенімін ақтамайды. Қам көңіл Жәлел әд-Дин Қап тауынан әрі асады. Бұл жақтың халықтары Жәлел әд-Динге көмек бере алмайды, әзербайжан, гүржі, т.б. халықтардың өзара кикілжіңі мен алауыздығы Жәлел әд-Диннің күшті, ұйымдасқан әскер құруына кедергі болады. Жәлел әд-Дин 1231 жылы тамыз айының ортасында Майафарикан қонысының қасындағы Ғайн-Дар аралындағы бір күрдтің үйінде қайтыс болады. ## Дереккөздер
Қусақ – Кедей өзенінің сол жағалауындағы тау. Абсолюттік биіктігі 393 м. ## Географиялық орны мен сипаты Ақмола облысы Ерейментау ауданы Торғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Күмбез тәрізді таудың ұзындығы мен ені 1-2 км. Солтүстік және солтүстік-шығыс беткейлері Қарағайлы тауымен ұласады. Беткейлері көлбеу, кейбір жерлерінде тастары жер бетіне шығып жатыр. ## Геологиясы Орта девон ның интрузивтік тау жыныстарынан түзілген. Жер қыртысын қиыршықтасты, кесектасты коллювийлі және коллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан. ## Топырағы мен өсімдігі Таулы-орманды, кейбір жерлері нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында қарағайлы-қайыңды, қайыңды-орман алып жатыр. Орманда мүк және шөптесіндер басқан қарағанды-сұлыбасты-селеулі өсімдіктер өскен. ## Дереккөздер
Жалғасқанатша — ұшақ қанатының артқы бөлігінде орналасқан, профильденген жылжымалы бөлігі, қанат механизациясының құрылымдық бөлігі. Ол төмен қарай ауытқу арқылы ұшу аппараты қанатының көтергіш күшін көбейтуге арналған. ## Конструкциясы Жалғасқанатша конструкциясы ұшу аппараты қанатының басқа бөліктері сияқты қаңқа мен қаптамадан тұрады. Қаңқа жалпы жағдайда бір лонжероннан, стрингерлерден және нервюрадан тұрады. Лонжеронға жалғасқанатшаны бекіту мен басқару түйіндері орналастырылады. Жалғасқанатшаның артқы бөлігінің конструкциясы балауызды болу мүмкін, мұндай конструкция қанаттың беріктігін жоғарлатады және оның салмағын азайтады. ## Жалғасқанатшалар түрлері Құрылымы мен қозғалысқа келтіруі тәсілі бойынша жалғасқанатшалардің келесі түрлері бар: * Қарапайым (бұрылатын) жалғасқанатша — жалғасқанатшаның ең қарапайым түрі. Ол төмен қарай қарапайым ауытқитын қанаттың артқы жиегі болып табылады. Жалғасқанатша төмен қарай ауытқыған кезде оның профиль қисықтығы артып, қанаттың төменгі бөлігіндегі қысым көбейеді, соның нәтижесінде қанаттың көтергіш күшті көбейеді. Алайда жалғасқанатшаның бұл түрінде қанат үстіндегі төменгі қысым қабаты азайады, сол себепті қарапайым жалғасқанатшалар қалқаншалы жалғасқанатшаларға қарағанда тиімсіз келеді. * Қалқаншалы жалғасқанатшаның қарапайым және тартылмалы түрлері бар: Қарапайым қалқаншалар - басқарылатын беттер болып табылады. Олар жиналған кезде қанаттың артқы астынғы жиегіне тығыз жабысып тұрады. Жіберілген (ауытқыған) кезде қалқанша мен қанаттың жоғарғы беті арасында ауаның шамалы сейілу аумағы пайда болып, үстіңгі шекаралас аумақтағы ауа қабаты осы аумаққа тартылады (сорылады), нәтижесінде шабуыл бұрышы жоғары қанаты бар ұшақтың жерден ұшып шығу уақыты созылады. Осы кезде қанат үстіндегі ауа ағысының жылдамдығы артады. Сонымен қатар қалқаншалар жіберілген кезде профильдің қисықтығы артады. Қанаттың астыңғы бөлігінде ауа ағысының тежелуі мен қысымның артуы орын алып, жалпы көтергіш күш артады. Бұл ұшақтың аз жылдамдықпен ұшуына мүмкіндік береді.Тартылмалы (жылжымалы) жалғасқанатша тек қана төмен ауытқымайды, ол сонымен қатар артқа қарай шығады (тартылады). Мұндай қалқаншаның тиімділігі жоғары, себебі қанаттың астындағы жоғары қысым аумағы үлкейеді және шекаралас қабаттағы ауаның тартылу (сорылу) жағдайлары жақсарады. Қалқаншаларды қолданған кезде қону режіміндегі көтергіш күш 60%-ға дейін өсуі мүмкін.Қалқаншалар негізінен жеңіл ұшақтарда қолданылады. * Саңылаулы жалғасқанатша. Атауын жіберілген кезде қанат пен жалғасқанатшаның арасында саңылаудың пайда болуына байланысты иеленді. Бұл саңылау ауа ағысының төмен қысым аумағына өтуіне мүмкіндік береді. Саңылау ағысытың үзілуін болдырмайтындай етіп бағытталған, сол арқылы ол қанатқа қосымша энергия береді. Мұндай жалғасқанатшадағы саңылау тартылатын болып табылады, осының арқасында саңылау арқылы өткен ауаның жылдамдығы артады. Ары қарай ол шекаралас қабатпен әрекеттесіп, оның жылдамдығын арттырады, сол арқылы оның жұлынуына жол бермейді және көтергіш күшті көбейтеді. Қазіргі заманғы ұшақтардың жалғасқанатшаларында 1-3 саңылаудан болады және оларды қолданған кездегі жалпы көтергіш күштің артуы 90%-ға дейін жетеді. * Фаулер жалғасқанатшасы - тартылатын (жылжымалы) жалғасқанатша. Артқа және төмен бағытта тартылады, нәтижесінде қанат ауданы мен қисықтығы артады. Ол тартылған кезде бір, екі немесе үш саңылау пайда болатындай етіп құрастырылған. Сәйкесінше, ол өзінің мақсатын тиімді орындайды және көтергіш күштің өсімін 100%-ға дейін арттыруы мүмкін. * Юнкерс жалғасқанатшасы - саңылаулы жалғасқанатша. Бұл жалғасқанашаның сыртқы секциясы кренді (қисаюды) басқаратын элерон ретінде қолданылады, ал ішкі екі секция жалғасқанатша қызметін атқарады. Junkers Ju 87 неміс штурмовигінің қанат механизациясы конструкциясында қолданылған. * Гоудж жалғасқанатшасы. Қону кезіндегі сипаттамаларды жақсарту үшін, оның ішінде қону жылдамдығын азайту үшін арналған. Гоудж жалғасқанатшаларында қанат имектілігімен қоса оның ауданы да артады. Бұл ұшу дистанциясын азайтуға және көтергіш күшті арттыруға мүмкіндік береді. Жалғасқанатшаның бұл түрі Short Sunderland және Short Stirling ұшақтарында қолданылған. Жалғасқанатшаны 1936 жылы Short Brothers компаниясында жұмыс істеген ағылшын инженері Артур Гоудж ойлап шығарған. * Фейри-Юнгман жалғасқанатшасы. Fairey Firefly британдық палубалық жойғыш ұшағының конструкциясында қолданылған. Шығарылған кезінде қанат ауданы мен кһтергіш кұшті арттырады. Бұл жалғасқанатшаларды ұшып көтерілу мен қону кезінде ғана емес, ұшу кезінде де пайдалануға арналған. * Шекаралас қабатты ұшырылатын жалғасқанатша. Бұл жалғасқанатша шекаралас қабаты ұшып түсіретін жүйемен жабдықталған. Жүйе ұшақтың қону сипаттамаларын жақсартуға арналған. Ол шекаралас қабаттың энергиясын арттыру арқылы қону кезінде ауаның қанатты тұрақты айнала ағуын үлкен бұрыштар диапазонында қамтамасыз етеді. Шекаралас қабат ауа ағынының ұшақты тұтқыр айнала ағуы кезіндегі үйкелісі нәтижесінде пайда болады, бұл кезде ауа ағысының жылдамдығы ұшақ қаптамасы маңында нөлге дейін төмендейді. Шекаралас қабатқа әсер ету арқылы айнала ағатын беттегі ағыстың үзілуін төмендетуге және алдын алуға әкеледі және ламинарлы ағысты сақтауға мүмкіндік береді. * Герни жалғасқанатшасы. Қанаттың соңында оның жазықтығына перпендикуляр орналасқан жалғасқанатша түрі. * Коандэ жалғасқанатшасы. Жалғасқанатша ауытқығанда және қысылған ауа немесе реактивті қозғалтқыштан шыққан ауаның рекативті ағысы әсер еткенде оның жоғарғы қабатының тұрақты қисықтығын сақтап тұратын жалғасқанатша түрі. А. Коандэ эффектісі (ағынның ауаны ұшыруды қамтамасыз етіп отырған қатты бетке жабысып қалуы) және суперциркуляция эффектілерінің нәтижесінде пайда болған ауа ағысын ауытқу арқылы көтергіш күшті үлкейтуге арналған. ## Дереккөздер
Үлкен міңгірлек (Hippolais languida) басқа міңгірлектерден аздап үлкендеу болғанымен, бұл айырмашылық көзге байқалмайтын құс. Қазақстанда үлкен міңгірлек Маңғыстауда, батыста Сырдарияның төменгі сағасына және шығысында Қаратау тауына дейін бұталары бар шөл үлескілерінде мекендейді. Ағаштың бөрікбасында жүреді, жерге өте сирек түседі. Тостаған тәрізді немесе цилиндр пішінді ұяларын бұталардың бұтақтарына бекітіп, ұялардың сыртын өрмекші өрмегімен шырмап тастайды. Жұмыртқалардың қабығының негізгі реңкі - ақшыл көгілдір қызғылт, сол түсте қызғылттау қоңыр нүктелер, теңбілдер және шиыршықтар шашыраңқы орнығады. Ұялау өмірінің егжей-тегжейлі, сондай-ақ Қазақстанда болу мерзімі беймәлім. ## Дереккөздер
Құз кептер (лат. Columba rupestris) - көк кептерден аздап ірі денелі құс, одан едәуір таза сұр көкшіл түсімен және құйрығындағы жалпақ ақ жолақтары бойынша ерекшеленеді. Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Корея, Шығыс және Орта Сібірдің оңтүстігінде қоныстанады. Қазақстанда тек қана оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында (құз) ұялайды. Өте сирек кездеседі. Бұл - тау кептері, әдетте теңіз деңгейінен 2000 м жоғары өмір сүреді. Аймақтың жазықтық бөлігінде әр алуан суқоймалардан жоғары жарлар мен жартастарға орнығады. Кей жерлерде (біздің елде емес) тас қалаларда ұялауға көшті. Ұяларын таушаларға салады. Отырықшы, шоғыр түзетін құс. Қазақстанда құз кептер туралы қанағат тұтарлық мәлімет жоқтың қасы. ## Дереккөздер мектеп энциклопедиясы "Құстар", автор: а.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь
Ақмаңдайлы қаз (Anser albifrons) - сұр қазға ұқсас орташа денелі (2-3,2 кило) қаз. Ол тек қана дене мөлшерімен ерекшеленбейді. Оның тұмсығының айналасында үлкен ақ теңбіл бар (ені 1 сантиметрден артығырақ), құрсағында әр алуан пішінді қара теңбілдер болғандықтан, оны жергілікті аңшылар "шұбарқұрсақ" деп атаған. Одан басқа, халық арасында, шағын денелі болғандықтан, ақмаңдай қарашақаз деп те аталады. Бұл қаздар Еуразия және Солтүстік Америка тундрасында ұялайды, қыста оңтүстік ендікке ұшып кетеді. Қазақстанда көктемгі (ақпаннан мамыр бойы) және күзгі (қыркүйектен қазанның соңына дейін) маусымдардағы жылыстау кезінде кездеседі. Күзгі ұшып өту кезінде орасан көп жиналып, көлдерде ұзақ болады және солардың төңірегінен қорегін тауып жейді. Өсімдіктермен қоректенеді. ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер
Батпақшыл қырқылдықтар туысы (Chlidonias) - үш түрі бар шағала тұқымдастарға жататын 14 туыстың біреуі. Батпақшыл қырқылдақтар туысына жататын құстардың барлығы Қазақстанда кездеседі. Олардың жабын қауырсындарының негізгі реңкі - қара сұр. ## Дереккөздер
Айдарлы қырқылдықтар туысы (Thalasseus) - бізде тек қана бір түрі - айдарлы қырқылдақ кездесетін, 7 түрі бар құстар туысы. Желкесінде көрнекті айдары бар қара телпекті орташа және едәуір ірі денелі қырқылдақ құстар. ## Дереккөздер
Оқпандар туысы (Ixobrychus) - сирақтылар отрядына жататын құтан тұқымдастардың ең ұсақ өкілдерінің туысы. 10 түрі бар. Қазақстанда бір түрі ғана кездеседі. ## Дереккөздер
Айдарлы қырқылдақ (Thalasseus sandvicensis) - едәуір ірі денелі (200-300 г, қанатының алымы 1 м шамасында) құс. Айдарлы қырқылдақтың қара телпегі желкесінде, айдармен аяқталады. Тұмсығы - қуатты, қара реңді, тұмсық ұшы - сары.Еуропаның оңтүстігі, Солтүстік Америка және Солтүстік Американың оңтүстік бөлігіндегі теңіз жағалауларына орын тебеді. Қазақстанда Каспий теңізіндегі аралдарда ұялайды, Аралдан бірнеше рет ұшып өткен. Үлкен шоғыр түзіп, өмір сүреді. Негізгі қорегі - балық, сондай-ақ сан түрлі жәндіктер. Қазақстанда болу мерзімі, сондай-ақ өмір сүру дағдысы айқындалмаған. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қусақ - Ерейментау тауларының батыс бөлігіндегі қыстау. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Павловка ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан. Сілеті өзенінің аңғарында жатыр. Солтүстігінде Шақшабай қыстауы, батысында Ишан жайлауы, оңтүстігінде өзімен аттас көл бар. ## Топырағы мен өсімдігі Сортаңды күңгірт қызғылт топырақ жамылғысында бетеге, селеу, қылқан селеу, жусан аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Орманқарға (Garrulus glandarius) - еуропалық-сібірлік жалпақ жапырақты, әсіресе еменді ормандардың өте ерекше құсы. ## Биологиялық сипаттама Қарға тұқымдас құстар үшін орташа денелі (120-150 г), көрікті, реңді құстардың бірі. Орманқарғаның танымалдық көрсеткіші - қанатындағы құстардан ажырату оңай. Бұл - нағыз орман құсы. Ол ағаштардың қалың бөрікбасында тамаша бағдарлап, бір орыннан екінші орынға бара алады. Жемін ағаш бөрікбасынан да, жерден де аулайды. Бунақденелілермен обыр ораманқарғалар заузаларды, бізтұмсықтарды, дербесжұптар мен қарағай жібеккөбелектерінің жұлдызқұрттарын қынадай қырады. Есептеулерге қарағанда, оның жеміндегі зиянды бунақденелілер құрамы 61%-ға жуық, ал пайдалылары - тек қана 1,4% болады екен (қалған 37,6%-ы - адам үшін іс жүзінде маңызы жоқ түрлер). Бунақденелілерден басқа ол ұсақ аңсымақтарды және құстарды сүйсіне аулайды, мұнымен бірге қанатты достардың ұяларын жиі бұзады.Орманқарғалардың жарты жылға жуық - сәуірден наурызға дейін жейтін жемдерінің құрамында өсімдіктекті азық басым болады. Олар әсіресе еменжаңғақты жиі жеп, тіпті қорға да жинайды. Бірақ оны үнемі таба алмай қалады. Сөйтіп, орманқарғалар еменді жаңа жерге орналастырады. Олар таңқурай, шетен, мойыл жидектерін жаппай жеп, жидекті бұталардың тұқымдарын таратады. Орманқарғалар, басқа қарға тұқымды орман құстары сияқты, көп үн шығармайды және бұқпантай: жасырынған ұядан оларды тауып алу оңай емес. Тек қана балапандар ұядан ұшқан соң олардың дауысы естіле бастайды, сөйтіп құстар көзге жиі көрінеді. ## Таралуы Қазақстанда тек қана батыс және оңтүстік Алтайдың (Шығыс Қазақстан) ормандарында ұялайды. Кейде қысты күндері Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына ұшып келеді. Күзде Жайық аңғарының ормандарын бойлай көшіп жүреді, кейде осы өзеннің сағасына дейін жетеді.Орманқарғалар қыста орманнан адам тұрағына жиі көшіп жүреді, осы кезде олар онша сақтық жасамайды. ## Дереккөздер
Орманқарғалар туысы (Garrulus) - торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдастарға жататын құстар туысы. Орманқарға туыстастар қарға тұқымдастар арасында дене мөлшері бойынша орташа шамада болады. Дегенмен олардан қауырсындарының көріктісі және болбырлығы бойынша ерекшеленеді. Қауырсын реңдерінде қызғылттық, тот түстестік, көк және қара реңктер басым болады. Тұмсығының күшті екі жағы қысыңқы болуының арқасында орманқарғалар кез келген азықты - жаңғақтардан және еменжапырақтардан бастап, шағын денелі омыртқалы жануарларға дейін (кемірушілер, сайрағыш құстардың балапандары, кесіртке) олжалай алады. Еуразия және солтүстік-батыс Африканың орманды зонасында орманқарға туыстастардың үш түрі кең таралған.Қазақстанда тек қана 1 түрі кездеседі. ## Дереккөздер
Көк САЙРАҚ (Monticola solitarius) - алабажақ сайрақтан денесі кішірек (37-50 г), реңі мүлде басқа құс. Аталығының денесі - көкшілдеу көк, бауыры - ақшылдау, қанаты және құйрығы - қара. Аналығы мен жас балапандардың реңі - солғын көк реңкті қошқыл қоңыр. Көк сайрақ айтарлықтай ұзын құйрығының арқасында нағыз сайрақтарға көбірек ұқсайды (ал алабажақ сайрақ көбінесе тасшыбжыққа ұқсастау).Қазақстанда тек қана Тәңіртау және Жоңғар Алатауының тауларында ұялайды. Африкада және Үндістанда қыстап шығады. Көбінесе алабажақ сайрақтар болатын жерлерде орын тебеді, бірақ саны олардан кемдеу болады. Ұялары жартас таушасына және тастардың астында орналасады. Салындыдағы көгілдір жұмыртқаларды аналығы басады, бірақ тұқым топта өмір сүру дағдысы алабажақ сайрақтан толығырақ зерттелмеген. Сірә, жылына 1 рет балапан өргізетін болса керек. Қазақстанда 5 айға жуық - сәуірдің соңынан қыркүйек бойы болады. ## Галерея * * * * * * ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Орманқунақ (Pinicola enucleator) - қампайған жуан тұмсықты және құйрығы ұзын, дене мөлшері қараторғайдай ірілеу (42-65 г) қунақтың бір түрі. Ересек аталықтың қауырсындарында таңқурай түсті рең басымырақ, оны әсіресе басынан, мойнынан және жонының алдыңғы бөлігінен байқауға болады. Аналығында бұл түс - жасылдау сарғыш реңді, ал жас аталықтарда қызылсары - қызғылт түсті болып келеді.Еуразия және Солтүстік Американың тайгасында мекендейді. Қазақстанға ең жақын ұялау орны - Алтайдың шекаралық үлескілері. Қазақстандық бөлігінен де кездеседі. Бұдан басқа орманқунақтың қашығырақ - Қарағандыға, Орынборға, Оралға ұшып баруы мәлім. Жылыстау кезінде шағын топ құрып, бірімен-бірі ысқырық арқылы қиқуласады. ## Дереккөздер
Қаражемсаулы сайрақ (Turdus atrogularis) - жоны сұрғылт, жемсауы және тамағы - қара, бауыры - ақ орташа денелі (75-100 г) сайрақ. Еуразияның тайгалық ормандарында кең таралған. Қазақстанда тек қана шығыста - Сауырда, Тарбағатайда және Алтайда ұялайды. Дегенмен ол Тәңіртаудың солтүстік баурайында және жоталар етегінде көп мөлшерде қыстайды. Ал, ұшып өту кезеңінде Қазақстанның кез келген жерінен, солардың ішінде шөл және биік тауларда кездесуі мүмкін. Бұлар - Қазақстанның ең көп жылыстайтын және қыстап шығатын құстары. Дауысы - құлақ тұндырарлық «цирррр», әуенінің ерекше әсері жоқ. Ұялау үшін қылқанды ағаштары басымырақ биік діңді ормандарды таңдайды. Алайда ұяны онша биікке салмайды, көбінесе ағаш түбірінің үстіне, ағаштың төменгі бұтақтарына, бұта басына, тіпті жерге орналастырады. Ұялаудың өмір сүру дағдысы егжей-тегжейлі анықталған жоқ - Қазақстанда бұл сайрақты ешкім арнайы зерттемеген. Қаражемсаулы сайрақ жылына 1 рет қана балапан өргізеді деген болжам бар. ## Дереккөздер
Қызылжемсаулы сайрақ (Turdus ruficollis) - қаражемсаулы сайраққа өте ұқсас, бірақ тамағы мен жемсауы қара реңді емес, тат түстес қызғылтсары құс. Көптеген мамандар күні бүгінге дейін қаражемсаулы сайрақ пен қызылжемсаулы сайрақты бір түрдің - қошқыл сайрақтың екі түршесі деп есептейді. Алтайдан Забайкальеге дейінгі Сібір ормандарында мекендейді. Ал Қазақстанда маусымдық жылыстау және қыстау кездерінде анда-санда кездеседі. Қазанда және қаңтар мен наурызда кездескені мәлім. ## Дереккөздер
Үлкен суқұзғын (Phalacrocorax carbo) - жағы - ақшыл, тұмсығы ілмекті, ірі денелі (салмағы 2-2,5 кг, қанатының ұзындығы 1 м шамасында, алымы - 1,5 м) қара реңді құс. Жас суқұзғындардың бауыры - күңгірт ақ. Суқұзғындарды Қазақстанның барлық жерінен кездестіруге болады, алайда оның солтүстік өңірлерінде олардың ұялауы түрақсыз және сирек. Үлкен суқұзғын кез келген суқоймаларда өмір сүреді, өмір сүруге қажетті жалғыз шарты - оның негізгі қорегі балықтардың болуы. Шоғыр түзетін құс. Ұяларын түрлі-түрлі етіп орналастырады. Жерге қамыс пен саздан төбесінде ойығы бар бағанша жасайды, сондай-ақ жығылған қамысқа жартастарға және тіпті ағаш басына ұясын орналастырады. Көбінесе бірқазан, жалбағай, құтан және т.б. құстармен ортақ шоғыр түзеді. Шоғырдағы суқұзғындар, әсіресе олардың балапандары ағаштардың басында қанаты, мойны және құйрығының жәрдемімен, бұтақтарға оңай өрмелейді. Салындыдағы 3-5 жұмыртқаларды ата-енелері ай бойы басады. Балапандарды ауланған бөтегесінде шала қорытылған балықпен қоректендіреді. Ересек құстар күніне кейде 2 килоға дейін балық жейді. Ұядан ұшқан жас балапандар топқа жинадып, азыққа бай суқоймады үлескідерді іздестіруге көшпенділік жасап ұшады. Суқұзғындар наурызда ұшып кедіп, қазанда ұшып кетеді. Сырдариядан олардың шағын мөлшерін қыста да көруге бодады. ## Дереккөздер
Жолторғай (лат. Calcarius lapponicus) - сұлыкеш тұқымдас орташа денесі «20-30 г. торғайтектес құс. Басы - қара, жоны - бойдай созылған қызылсары теңбілдері бар, өрнектелген қызғылтсары, сарғылт жалпақ жолақты; бауыры - ақ-қара түсті құс. Қазақстанда негізінен алғанда негізгі қыстау орындары Монғолия және Гоби шөліндегі тундрадан ұшып өткенде кездеседі. Дегенмен кейбір қыстарда Қазақстанда да байқадады. Оны желтоқсанда және қаңтарда Батыс Қазақстаннан, Маңғышлақ түбегінен, Павлодардан және Семейден аулаушылар бар. Күзде - қыркүйектен бастап, көктемде наурыздан сәуірдің аяғына дейін ұшып өтеді. Оның үстіне 1960 жылы Қорғалжында мыңдаған жолторғайлар кездескен, олардың үлкен тобы селеудің тұқымын қорек еткен. ## Дереккөздер
Қара Сайрақ (Turdus merula) - едәуір жақсы сайрайтын құс. Аталығының бүкіл денесі қара реңді, тұмсығы - ашық сары. Аналығы толығымен қошқыл қоңыр реңді (тек тамағы шұбарланған ақшыл түсті) болғандықтан қалған сайрақтар туысының өкілдерінен жақсы ажыратылады. Еуропаның, Солтүстік Африка, Алдыңғы және Орталық Азияның жапырақты ормандарында мекендейді. Сонымен бірге соңғы аталған өңірде оның оқшауланған түршесі өмір сүреді. Қазақстанда қара сайрақ Тәңіртаудын жөне Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлері мен тау етектерінде орныққан, таяуда ғана Батыс Алтайда пайда болды. Оның саны соңғы 50 жылда белгілі мөлшерде арта түсті. Бұл - Қазақстандағы сайрақтың жалғыз ғана түрі. Әр алуан ормандарда және қолдан егілген желектерде, солардың ішінде бақтар мен тынымбақтарда ұялайды. 50 жыл ғана бұрын пайда болған олар Алматыда көп ұялайды.Қара сайрақтар тауларда - 2 рет, ал Алматыда тіпті 3 рет бір жазда балапан өргізеді. Мұның бұлай болу себебі - үнемі суарылатын қалалық екпе ағаштардың арқасында жаздың екінші жартысындағы ыстық күндерде жем беретін сайрақтарға мұнда шұбалшын (осы сайрақтың балапандарының негізгі жемі) жеткілікті. Сайрақтар қала жағдайларында ағаштардың жапырақтары әлі қалың өспеген кезде ұяны ешқайда жасыруға болмайтындықтан қылқан жапырақты ағаштарға ерте ұя жасайды. Салындыдағы 4-7 көгілдір жасыл жұмыртқаларды екі аптаға жуық аналық көбірек басады да, аталық кейде оны алмастырады. Балапандарды ата-енелері екі апта қоректендіреді.Қара сайрақ - әуезшіл сайрақтан кейін сайрақтардың ішіндегі жақсы сайрағыш құс. Оның әуені бөгде, сықырлаған дыбыссыз өте таза сыбызғы үнінен тұрады. ## Әуені мен шақыруы ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Жорғаторғайлар туысы (лат. Podoces) - көзге оңай түсіп қалады. Моногамиялы, берік жұп түзеді. Балапанның дамуы: жұмыртқадан жарып шыққанда - қызылшақа, дәрменсіз болады да ұяда толық қауырсынданғанша қалады. Алғашқы кезде аталығы мен аналығы бөтегесінен шыққан, "құс сүті"деп аталатын лоқсықпен қоректенеді. Ұядан тыс мезгілде топ түзеді. Көпшілігінің аңшылық маңызы бар. Әжептеуір үлкен тұқымдас құстар, бұл тұқымдастың 41 туысы бар. Қазақстанда екі туыстан: кептер және тұзкептер туыстардан 10 түр кездеседі. ## Дереккөздер
Басекеев Әділбек Әлімжанұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Өкілі. 1966 жылы Қызылорда облысында туған. Мәскеу байланыс және информатика техникалық университетін, Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Ленинск қаласындағы телеорталықтың электромеханигі қызметінен бастаған. 1993-1995 жылдар аралығында Ленинск қалалық әкімшілігі басшысының көмекшісі, Ленинск қалалық жастар ісі, туризм және спорт істері жөніндегі басқармасының бастығы. 1995-1999 жылдары — Ленинск қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеттің төрағасы. 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік дамыту және кадр жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, 2002 жылдан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастырушылық-аумақтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2004 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнаулы Өкілі болып тағайындалды.
Қойбағар — Обаған алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. ## Сипаты, өсімдігі Аумағы 96 км2, ұзындығы 17,8 км, ені 9,1 км, жағасының ұзындығы 49 км, ең терең жері 1,6 м, суының мөлшері 20 млн. м3-ге жуық. Жағасы жайпақ. Солтүстік жағалауында қалың қамыс өскен. Көл алабының 70%-ға жуығы егістік, қалған тың бөлігі бозды-бетегелі жусанды жазық. ## Гидрологиясы Көлге Шолақ және Қарасу өзендері құяды. Көктемгі қар, жауын-шашын суымен толығады. Суы ащылау. Шортан, алабұға, т.б. балықтар бар. ## Дереккөздер
Жанұзақов Қабыш (1917—1997) — Қазақстанның заң қызметі қайраткері. 1917 жылы 7 қарашада, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 13 жасында жетім қалып, кейін балалар үйінде тәрбие алады. 1938 жылы әскерге шақырылады. 1940 жылы Совет-Фин соғысына қатысты. Фин шығанағындағы Ханко түбегінде 164 күн қорғаныс ұстаған. Одан кейін Ұлы Отан соғысы басталады. Соғыстың басынан бастап 1943 жылдың наурызына дейін аға сержант Қабыш Жанұзақов фронтта соғысқан, ұлы Ленинград қаласын фашистерден қорғаған. 1943 жылы келесі шайқастың үстінде қатты жарақат алып, аяғынан айырылған, кейін демобилизацияланған. Көптеген ордендер мен медальдармен марапатталған Соғыстан оралған соң, Қабыш Жанұзақов Қазақ КСР-ның прокуроры Барановтың кеңесімен заңгер курстарын өтеді. Павлодар облысының прокуратурасында заңгер болып істеген. Есіл ауданының прокурор меңгерушісі болып істеген. 1957 жылы, Екібастұз қаласы салынған кезде, қалаға келіп, қала прокурорының меңгерушісі болып істеді. 1979 жылы Қабыш Жанұзақов пенсияға шығып, өз өмірін балалар мен немерелерге арнайды. 1997 жылы 80 жасында дүние салады. Қабыш Жанұзақов әрі қиын, әрі қызықты өмір сүрген. Оның балалары мен немерелері оны әрқашан еске алып, үлгі етіп, Жанұзақов фамилиясын мақтан тұтады. ## Марапаттары * 3-ші дәрежелі «Слава» (Даңқ) ордені * «Отечественная война» (Отан соғысы) ордені * «За отвагу» (Ерлігі үшін) медалі * «За оборону Ленинграда» (Ленинградты қорғаған үшін) медалі * «Красный Гангут» (Қызыл Гангут) медалі * «За поднятие Целины» (Тың көтерген үшін) медалі * Жуков медалі.
Қойбағар – Обаған алабындағы өзен. ## Географиялық орны мен сипаты Қостанай облысы Қарасу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км. ## Бастауы Бастауын Астана-Қостанай темір жол бойындағы Дружба ауылынан төменгі бұлақтардан алып, Симферополь Қарасу өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Арнасының жоғарғы ағысы жазық жермен, Степное ауылынан төменде сайлы-жыралы өңірмен ағады. Бұл бөлігіндегі жағалауы жарлауытты келген. Сағасында (Симферополь ауылы маңында) шағын жайылма түзейді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен (грунт суымен) толығады. Алабының 30%-дан астамы егістікке жыртылған. Қалған бөлігі мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қойбағар – Қызыларай тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны мен сипаты Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қошқар ауылының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 731 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі жайпақ, батыс бөлігінде қорымтастардың үйіндісі шоғырланған. Солтүстік-шығысында Қошқар, батысында Желтау таулары, оңтүстігінде Қоғалыжайдақ, шығысында Үшоба бұлақтары бар. ## Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында көкпек, боз, бетеге, жусан, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Поливанов Евгений Дмитриевич (12. 3. 1891, Смоленск,— 25. 1. 1938) — орыс шығыс зерттеушісі, түрколог. Петербург университетінің профессоры (1919). Ол 1912 ж. Петербург университетін және шығыс практикалық академиясын бітірген соң, сонда салыстырмалы тіл білімі кафедрасында (жетекшісі — И. А. Бодуэн де Куртенэ) қалдырылды. 1917 ж. Сыртқы істер халық комиссариатын құруға қатысып, онда 1918 ж. февралына дейін Шығыс елдері бөлімін басқарды. 1921 ж. Мәскеуде, кейін Ташкентте (1926 ж. дейін) Коминтернде қызмет етеді. ## Дереккөздер
Керинчи тауы Индонезиядағы ең биік жанартау болып табылады. Керинчи тауы Индонезиядағы орталық-батыс Суматраның Пегунунганда аймағында орналасқан. Бұл жердің өзіне тән ерекшелігі - қоршалып тұрған бассейннен 2400-3300 м биіктікте орналасқан емен ағаштарының орманы бар. Керинчи тауының маңы Ұлттық саябақ болып табылады. Керинчиға Керсик То елді мекені арқылы көтерілуге болады. Керинчи жыл сайын атқылап тұратын басқа индонезиялық жанартаулармен салыстырғанда белсенді жанартау болып табылады. Керинчи соңғы рет 2004 жылы атқылаған болатын. Тау басынан 1000 м биіктікке таралған күкіртті түтіннен тұратын бұлттар шыққан. Жанартау әлі күнге дейін атқылауда. Саябақта әлемге танымал ең ірі гүлдер өседі. Олардың қатарында адам шошырлықтай ірі, паразит болып табылатын қызыл гүл Рафлезия Арнольди және биіктігі 2 м болатын алау іспетті Аморфоппалус Титанум гүлі де бар. Ол жерден түрлі құстарды тамашалауға болады. Керинчи тауында мүйізтұмсықтар, жолбарыстар, пілдер, аюлар мен жабайы жануарлар кездеседі.Керинчи тауы шыңының биіктігі 3805 м-ді құрайды. Ол - Ириан-Джая Пунсак Джаявиджаядан кейінгі Индонезиядағы ең биік екінші тау. Аталған тау батыс жағалауға таяу Пенинунгуан Букит Барисанда, аралдың батыс орталық бөлігіндегі Джамби провинциясында орналасқан. Керинчиге жеңіл көлікпен Падангтан 6-7 сағат уақытта Керск Туо елді мекені арқылы көтерілуге болады. Керинчи алғаш рет 1934 жылы атқылаған болатын. ## Дереккөздер
Жазира Әбдірахманқызы Жаппарқұл (1993 жылы 22 желтоқсанда туған) — қазақстандық зілтемірші, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, 2010 жылғы жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс иегері. ## Өмірбаян Оның ең алғашқы жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінен сабақ берген және осы спортқа алып келген кісі - Дүйсенбек Құрманбеков. Жазира жаттығу кезінде жұлқа көтеруден 123 келіні, серіппе көтеруден 150 келіні оңай еңсереді. Алматыда өткен әлем чемпионатында (2014 ж.) 69 келі салмақта сынға түскен 20 жастағы Жазира Жаппарқұл қоссайыста 262 келі салмақты еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды. Жазира өзінің басты қарсыласы Ре Ын Хиден (КХДР) 3 келі ұтылды. Жазира Жа­п­парқұл екінші ретте 118-ді ала ал­мағанмен, соңғы мүмкіндігінде тө­­бе­сіне тік көтерді. Ол қытай қызы Ю Я Ченнен бір­неше грамға ауыр болған соң бұл бағдарла­ма бойынша үшінші орында қалды. Жазира Жаппарқұл 140 келіден бастап, екіншісінде 144 келіні ал­ғанымен, төрешілер есепке алған жоқ. Үшінші тәуекелге шыққан Жазира бәрібір бұл салмақты бағындырды. Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында (2014 ж.) 145 келі көтерген Ре Ын Хиден (КХДР) әлем чемпионы атанды. ## Дереккөздер
Мирза Ибрагимов (15 (28) қазан 1911 Оңтүстік Әзірбайжан провинциясы, Иран - 17 желтоқсан 1993 Баку, Әзірбайжан) — әзірбайжан жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Әзірбайжанның халық жазушысы (1961), Әзірбайжан ғылым академиясының академигі (1954—1958), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1951), КСРО Жоғарғы кеӊесініӊ депутаты (1937—1991) ## Еңбектері "Мұхтар досыма" ("Қазақ әдебиеті", 1957, 28 қыркүйек ), "Мұхаң бізбен мәңгілік бірге" ("Лениншіл жас", 1967, 7 желтоқсан) мақалаларыда Әуезовке деген ыстық ықыласын, достық көңілін білдірген. Қазақ жазушысының 90 жылдық мерейтойына қатысып, 1987 жылы 2 қыркүйекте Мәскеудегі Одақтар үйінде салтанатты кеште баяндама жасады. Ал "Қарапайым ұлылық" атты естелігінде: "Ол Шығыс пен Еуропа мәдениетінің әрі-бергісін жатқызып-өргізетін. Әсіресе өз қазақ халқының ауыз әдебиеті, тарихы мен мәдениетіне келгенде, жатқан бір шексіз-шетсіз алып мұхит еді. Ол осы өз топырағының дәстүрінен молынан сусындаған болатын. "Абай" көп тілге жайылып, тарап кетті, табынушылары да қисапсыз. Бірақ ол қашан да ұстамды, қарапайым еді, өзңн әдебиеттің қатардағы еібеккері есептейтін. Бірде сөз, бірде-бір мінезінен тоқтық, асқақтық сезі деп, жеткіншек ұрпақты жақсылардан үлгі алуға шақырады. ## Дереккөздер
Қойбағар (қыстау) - Шығанақ көлінің оңтүстік-шығысында жатқан қыстау. ## Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Балтасап ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде. Қарасу өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Жер бедері мен өсімдігі Теңіз деңгейінен 100 м биіктікте жатқан қыстаудың жер бедері тегіс жазық келген. Құрғақ даланың қызғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, төскейшөп, сарсазан, қау, т.б. сораң шөптесіндер және өзен аңғарында шалғынды өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Мұғаллакат - өлең түрі. Көне араб поэзиясында (исламға дейінгі) бірнеше ғасыр бойы тек ауызша түрде тарап, қазіргі заманға 8-10 ғасыр жазбалар жеткен. ## Мұғаллакат жайлы Мұнда әр ақын өзінің артықшылары жайында, кейде біреуді мадақтау сипатында өлең айтқан. Араб, тәжік, парсы, әзірбайжан әдебиетінде бар. Әуезов 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдық тойында жасаған "Жамбылдың айтыстағы өнері" атты баяндамасында айтыс жанры, суырыпсалма ақындық өнер, импровизация жайында айта келіп: "Олардың арасынан айтыстың дәл өзін ұстанған - арабта мұғалакаттауды тудырушылар бір алуан" деген (20 томдық шығармалар жинағы, 8 том, 180-бет). 1948 жылы шыққан көп томдық "Қазақ әдебиеті тарихының" 1-томына жазған "Айтыс өлеңдері" тарауында "... арабта жәрмеңкелерге жиналған ақындардың айтысқан жарыс өлеңдері қағазға жазылып, көпшілік оқуына, сынауына қолайлы етуп, жәрмеңке ортасына ілініп қойылатын болған. Ол айтыс өлеңдерін арабтар Мұғаллакат деген" деп пікір білдірген. ## Дереккөздер
Қойбағар — Ертіс алабындағы тұзды көл. ## Географиялық орны мен сипаты Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Шұға ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде, теңіз деңгейінен 94 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,6 км², ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,7, жағалау бойынша ұзындығы 14,6 км. Шарасында жыл бойы су болады. ## Өсімдігі Батыс жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен, қалған жағалаулары жарқабақты. Суы қатты минералданған. Көктем айларында мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Эми-Кусси тауы - Тибести тау тізбегіндегі ең биік тау.Ол солтүстік-батыс Чадтағы Тибести массивіндегі Фаяның солтүстік-батысынан 166 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл тау пирокластикалық қалқанды жанартау болып саналады. Эми-Кусси жанартауы - Тибестидің оңтүстік бөлігіндегі биік қалқанды жанартау.Жанартау Тибести массивіндегі бірнеше жанартаудың бірі болып табылады. Ол теңіз деңгейінен 3445 м биіктікте орналасқан. Тау өзін қоршап түрған қүмды жазықтан 2,3 шақырым биіктікке көтеріліп тұр. Тау маңында Куси деп аталатын елді мекен бар.Эми-Кусси - белсенді жанартау. Ол голоцен дәуірінде пайда болған деген деректер бар. Аталған жанартау алғаш рет 1938 жылы атқылаған.Эми-Кусси жанартауы 4600 шаршы шақырымды алып жатыр. Эмми-Куси әйгілі марсиандық жанартау Элизиум Монстың баламасы ретінде қолданылған болатын. Жанартауда екі кратер бар. Сондай-ақ онда екі кальдера бар. Оның сыртқысының ені 12-15 шақырымға дейін барады. Біріншісінің диаметрі - 12x15 шақырым, ал екіншісінің көлемі 2-3 шақырымды қурайды. Тереңдігі - 350 м. Кальдераның ішінен қалқанның сыртқы бүйіріне қарай көптеген лава күмбездері, шлак конустары және лава ағындарын байқауға болады. Оның ені 60-тан 80 шақырымға дейін жетеді. Эми-Куссидің биіктігі 3445 м-ді құрайды. ## Дереккөздер
Раусу тауы страто жанартау болып табылады. Раусу Жапониядағы Хоккайдоның Ширетоко түбегінде орналасқан. Раусу тауы Жапониядағы белгілі 100 таудың бірі болып табылады. Таудың Оннебетсу және Ширетоко деп аталатын негізгі шыңдары бар. Раусу тауы Ширетоко түбегіндегі ең биік тау болып табылады. Хоккайдо аралы - Жапониядағы негізгі төрт аралдың бірі. Ол көлемі бойынша Хонсюдан кейінгі орынды иеленеді. Раусу тауы - Хоккайдо аралының солтүстік-шығысында орналасқан жанартау. Бұл таудың ашылу фестивалі жыл сайын 3 шілдеде өткізіледі. Себебі, дәл осы уақытта тауға шығу науқаны басталады. Раусу тауы Шари және Раусу қалаларының арасында орналасқан. Раусу тауынан Жапониядағы қоңыр аюды кездестіруге болады. Раусу тауы өзінің әдемілігімен, жабайы табиғатымен және адам аяғы баспаған жұмбақ жерлерімен танымал. Тау бүкіләлемдік мұра болып табылады. Раусу тауының биіктігі 506 м-ді құрайды. Раусу тауының маңында Раусу елді мекені бар. 2010 жылғы санақ бойынша онда 6010 адам болған. Елді мекен 400 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Раусу стратожанартаулардың бір түрі болып табылады. ## Дереккөздер
Абдул Қадим - 1924 жылы Палестинада әл-Халил (Хеврон) қаласында дүниеге келген. Абдул Қадимнің балалық шағы әл-Халил қаласында өтеді. әл-Халил қаласындағы «әл-Ибраһимия мектебінде 1939 жылға дейін оқып, осы жылы Каирде әл-Азһар университетіне түседі. Университетті бітірген соң Палестинаға қайта оралып, жергілікті мектептерде сабақ берумен айналысады. Абдул Қадим Тақиюддиннің оң қолы болған. Партия істеріне араласа отырып, Тақиюддин қайтыс болған соң 1977 жылы басшылықты өз қолына алады. 2003 жылы наурыз айының 17 жұлдызында Абдул Қадим денсаулығына байланысты партия басшылығынан кетеді. Осы жылы 29 сәуір күні 80 жасында Бейрутте дүние салады. ## Абдул Қадим Заллумнің кітаптары * Хизбут тахрирдің анықтамасы (التعريف بحزب التحرير), * Хизбут тахрирдің өзгерту әдістемесі (منهج حزبالتحرير في التغيير), * Демократия – күпір системасы (الديمقراطية نظام كفر), * Халифаттың дүние мүлкі (الأموال في دولة الخلافة), * Исламдағы басқару жүйесі (نظام الحكم في الإسلام (توسيعهوتنقيحه)), * Шариғаттың клондау, мүшелерді трансплантациялау, қолмен ұрықтандыру, аборт жайлы үкімі (حكم الشرع في: الاستنساخ – نقل الأعضاء – الإجهاض), * Исламды жоюдағы Американың әрекеті (الحملةالأميركية للقضاء على الإسلام), * Мұсылмандарға қарсы Джордж Буштың крест жорығы (الحملة الصليبية لجورج بوش على المسلمين), * Мәдениеттер арасындағы қақтығыстар (حتمية صراع الحضارات), * Нестабильность фондовых бирж (هزات الأسواق المالية). ## Дереккөздер
Әксам бин Сайфи (?-630) Әксам бин Рийах бин әл-Харис бин Мухасин бин Сайфи. Хижазда дүниеге келген. Әбу Хайда, Әбу әл-Хафад деген лақаб аттарға ие. Өз заманының басшы, бай-шонжарлары уағыз-насихатын тыңдау үшін зиярат етіп келетін болған. ## Өмірінен қызықты деректер Ислам діні келгенде Әксам Мұхаммед пайғамбарға екі адам жіберіп, ол адамның ата-бабасы жайлы және не айтып жүргендігін біліп келіңдер дейді. Ол екеуі пайғамбарға келіп сұрақтарына жауап алады. Соңында Құраннан аят оқып береді: «Әлбетте, Аллаһ әділдікке, игі амалдар істеуге және ағайынға жақсылық істеуге бұйырады және де бұзақылық, жаман істер және зорлық – зомбылықтардан қайтарады. Ол, әрине, ғибрат – үлгі аларсыңдар деп, сендерге үгіт-насихат қылды». Жіберген елшілері қайтып оралғанда, Әксам халқына қарап: «Уа Халқым! Ол адам игі амалдар істеуге бұйырып, бұзақылық, зорлы-зомбылықтардан қайтарады екен», – деп насихат айтады. Дегенмен Әксам 612 жылы мұсылманшылықты қабылдамаған күйінде қайтыс болады. ## Дереккөздер
Ғабид ибн әл-Абрас (?-600). Толық есімі: Ғабид ибн әл-Абрас әл-Әсәди. Ғабид жастайынан өлең шығарған адам емес. Атағы қаншалықты жерді шарласа да өлеңдері соншалық аз болған. Жағдайы төмен, азға қанағат еткен жанның бірі болған. ## Өмірінен қызықты деректер Бір күні қарындасы Мауиямен бірге олжаға кенеледі. Дегенмен кедергі жасағандар табылып, олжасына ие бола алмай қалады. Олжадан айырылғанынан қынжылып қайтады. Үйіне келіп Құдайға жалбарынып «Пәленше ұрды, соқты, зұлымдық көрсетті. Маған оны жеңетін күш-қуат бер» деп дұға етіп, ұйықтап қалады. Ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір адам қолында бір уыс зат бар, Ғабидке келіп әлгі қолындағы затты ерніне жақындатып, аузына салып жібереді. Кейін тұр дейді. Ол орнынан тұрған күйінде өлең шығара бастайды. Осы күннен бастап Ғабид Бәни Әсәд руының атақты шайырына айналады.Муаллақаттар бөлімінде айтып кеткеніміздей әл-Тибризи Ғабид инб әл-Абрастың өлеңдерін Муаллақаттардың жанына 10-шы етіп қосқан..Ахмад әл-Амин әл-Шинқинтидің «әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа» кітабында Ғабид ибн әл-Абрасты Бәни Мәликтің бір адамы кекетіп, мұқатқандығы жазылған. Қарындасы Мауиямен бірге тапқан олжаларын алалмай қайтқан соң, қайтар жолында бір ағаштың көлеңкесіне барып отырады. Ағаштың көлеңкесінде жатқан Ғабидпен қарындасын Бәни Мәлик адамдары «Дауия» деп келеке етеді. Арабтар дауия деген сөзді мазақ қылып, кемсіту үшін қолданады. Бұл жерде Ғабидті әпкесімен көрген соң, қосылып қоймаңдар дауия туылып жүрмесін дейді. Арабтар көкесінің қызын, нағашысының қызын алмайды. Ал қарындасымен жатқаны несі дейді. Намысы келген Ғабид қолын жайып Құдайға жалбарынған екен. Дұғасы қабыл болып, нәтижесін суырып салма ақын болады.Ғабид Имрул Қайстың әкесін келемеждеген өлеңдер шығарады. Имрул Қайстың әкесі Хажар Бәну Әсәдты өзіне бағындырып отырған уақыт болатын. Ғабидтың өлеңінен соң Хажар Бәну Әсәдқа салық жинау үшін өз елшісін жібереді. Бәну Әсәдтықтар жіберген адамды өлтіріп, қарсылықтарын білдіреді. Содан арада соғыс басталып кетеді. Соғыста Ғабид тұтқынға түседі. Бірақ Хажар Ғабидті босатады. Бәну Әсәд әскерін қайта жасақтап Хажарға қарсы шығып өлтіреді..Ғабид ұзақ өмір сүрен адамдардың бірі. Қартайған уақытында әл-Мунзир бин Мәуссаманың қолынан қаза табады. әл-Мунзирдің Бәну Әсәдтан бірге қосылып шарап ешетін екі досы болады. Ашу үстінде әл-Мунзир екі досын өлтіріп қояды. Ісіне өкінген әл-Мунзир достарының басына қабір тұрғызып, жылына екі рет зиярат ететін болады. Бірінші «әл-нағим» күнінде зиярат етеді. Осы күні қабыр басында отырған кімді бірінші кездестірсе оған 100 түйе береді. Екінші күні «әл-бусә» күні. Бұл күні кездескен адамды өлтіріп, қанын достарының қабіріне ағызады. Ғабид әл-Мунзирге екінші күнінде кездесіп, әл-Мунзир оны өлтіреді. Осылайша Ғабид жарық дүниемен қоштасады..Ғабидің қайтыс болған жылы әр түрлі келген. Зидан 555 жылы, әл-Шинқинти 605 жылы қайтыс болған десе. Әл-Мунжидте қайтыс болған жылы 600 және 554 деп келген.Ғабид жайлы толық мәліметтерді «әл-Ағани» 19/84, «әл-Шиғру уә әл-Шуғарау» 143, «Шуғарау әл-насрания» 596 беттерінен кездестіруге болады. ## Шығармалары * Диуан Ғабид ибн әл-Абрас. Лондон. 1913. * Диуан Ғабид ибн әл-Абрас. Хусейн Нассар. Каир. 1957. * Диуан Ғабид ибн әл-Абрас. Бейрут. 1958. ## Дереккөздер
Әл-Ағша (?-629). Толық есімі – Әбу Басир Маймун бин Қайс бин Жандал. Йамамада Манфуха ауылында туған. 629 жылы қайтыс болған. әл-Ағша (اَلأَعْشَى) әл-Кабир, әл-Ағша Қайс деген аттарымен әйгілі болған. Лақабы Саннажатул араб. «Ламия» атты қасида кітабы жазылған.. ## Өмірінен қызықты деректер Өлеңдерінде шараб жайлы көп жырлаған. Қартайған шағында Мұхаммед пайғамбар жайлы естиді. Оған арнап қасида шығарады. Пайғамбармен кездесу үшін шықанда Құрайштықтар оның мұсылан болуынан қорыққан. Құрайштардың басшылары Әбу Суфян: «Мұхаммед пен оның достары келгенде арабтың отты өлеңдерін жаудырып, қарсы шығатын адамға 100 түйе беріледі дейді. Бұны естіген әл-Ағша түйелерді алып кері қайтады. Қайтар жолында түйеден құлап, мойны үзіледі.Әл-Ағшаның өлең жазу стилі, атағы замандастары Имрул Қайс, Зуһайр, әл-Набиғалармен салыстырылады. Өлеңдері мақтау кейде даттау болып келген. Мақтауға байланысты әл-Мухаллақ оқиғасы бар. Мухаллақ арабтың ең пақыр, кедей адамы болған. Өсіріп отырған сегіз қызы болса керек. Кедей болған соң арабтардың ешбірі оның қыздарын айттырып келмейді әрі қыздары отырып қалған көрінеді. Бір күні Мухаллақтың әйелі күйеуіне үйге әл-Ағшаны шақырып қонақ қылайық деген ұсыныс айтады. Мухаллақ қолындағы жалғыз түйесін сойып әл-Ағшаны қонаққа шақырады. Мухаллақтың үйінде қонақ болған әл-Ағша ол жайында қасида шығарады. әл-Ағшаның қасида арабтардың арасына тарап, қыздарына құда түсіп келгендер көбейіп, барлық қызына күйеу табылады.. ## Дереккөздер
Әл-Набиға әл-Зйубяни. (?-604). Хира патшаларының сарайы ақындарынан болған жаһилиет дәуірінің христиан шайыры.. ## Өмірбаяны Әл-Набиғаның толық есімі: Зияд бин Мұғауия бин Сағд бин Зубйян. 530 жылы Муһалһил қайтыс болған соң Хира патшалығында сарай ақындарының қатарына қосылады. Сарайда әл-Мунзир ибн Маус Сама жайлы өлеңдер шығарады. 554 жылы таққа Амр ибн Һиндтің келуімен әл-Набиғаның Хира сарайындағы шайырлығына нүкте қойылады. Хирадан кеткен әл-Набиға ғассандықтар патшалығына жол тартады. 569 жылы Амр ибн Һиндтің өлімінен соң Хира патшалығының тағына Нұғман Әбу Қәбус келеді. Нұғманның таққа отырғанын естіген әл-Набиға Хираға қайта оралады. Сарай шайырларының қатарына қайта қосылып Нұғманды мақтап өлеңдер шығара бастайды. Дегенмен Әбу Қәбустың әйелін сипаттап өлең шырарып Нұғманның ашуына қалады. Осылайша Хирадан ғассандықтар патшалығына қайта кетеді. Екі патшалықтың арасында жүрген әл-Набиға қартайған шағында 604 жылы дүние салады. . ## Әл-Набиғаның шығармалары * Диуан әл-Набиға Зубйяни. Париж. 1869 ж. 1899 ж. * Диуан әл-Набиға Зубйяни. Каир. 1293 һижри жылы. * Диуан әл-Набиға Зубйяни. Бейрут. 1929 ж. * Диуан әл-Набиға Зубйяни. Каир. 1351 һижри жылы. * Диуан әл-Набиға Зубйяни. Бейрут 1960 ж. ## Әл-Набиға Зубйяни жайлы жазылған кітаптар * Таудих уәл байан ъан шиғр Набиға Зубян. Набиға Зубянның поэзисы. Каир. 1910 ж. * әл-Набиға Зубйяни. Сәлим әл-Жунди. Дамаск. 1945 ж. * әл-Набиға Зубйяни. Умар әл-Дасуқи. Каир. 1949 ж. * әл-Набиға Зубйяни. Мұхаммед Заки. Каир. 1960 ж. * әл-Набиға. Илья Салим Хауи. Бейрут. 1960 ж. ## Дереккөздер
Алқама әл-Фахл. (?-598). Толық есімі: Алқама ибн Абда ибн әл-Нұғман (علقمة الفحل). Тамим руының Бәни Рабиға тайпасынан. Имрул Қастың замандасы. Әл-Харис ибн Аби Шамир әл-Ғассани жайлы мадақ өлеңдер айтқан. Әл-Харис Алқаманың Шас есімді бауырын Бәни Тамимнің жетпіс жігітімен тұтқынға алады. Осы уақытта Алқама әл-Хариске арнаған мадақтама өлеңдерін шығарған. Әл-Харистен соң Хираның патшасы Нұғман Әбу Қәбустың сарайында болады..Фахл Алқаманың лақабы. Сол уақытта Алқаманың «Алқама ибн Саһл» есімді замандасы болса керек. Алқамаға Фахл лақабты ибн Саһлден ажырату үшін атаған.Алқама һижреттен 3 жыл өткен соң 625 жылы қайтыс болған. ## Алқаманың шығармалары * Диуан Алқама әл-Фахл. Каир 1293 және 1324 һижри жылдары. * Алқама әл-Фахл поэзиясы. Альберт Социн. Лейпциг. 1867 ж. * Шарх диуан Алқама. Мұхаммед ибн Шанаб. Алдир. 1925 ж. * Диуан Алқама әл-Фахл. Ахмад Сақр. Каир. 1353 һижри жылы. ## Дереккөздер
Әл-Муталаммис (?-569). Бахрейннен шыққан жаһилиет дәуірінің шайыры. әл-Муталаммис (المتلمس) Жарир ибн Абдул Масих. Тарафа ибн әл-Абдтың нағашысы. Толық есімі Жарир ибн Абдул Ғузза әл-Дабағи Бәни Дубайға ибн Малик тайпасынан. Хираның патшасы Амр ибн Һиндтің заманында өмір сүрген. Әкесі Абдул Ғузза. Муталаммис пұтпарас семьяда туылғанымен кейін христиан дінін қабылдаған.. ## Өмірінен қызықты деректер Амр ибн Һинд Муталаммис пен жиені Тарафаға ашуланып Бахрейнге бір іспен жұмсайды. Бахрейндегі әл-Мукағбир есімді адамына хат алып баруын өтінеді. Екеуенің қолына екі хат беріп, шығарып салады. Хатып алып шыққан Муталаммис Амрдің әрекетінен күмәнданып жиеніне хатты оқы дейді. Дегенмен Тарафа оқудан бас тартады. Жиеніне оқыта алмаған Муталаммис жол бойында Хиралық бір жас баланы кезікітіріп, соған оқытады. Хаттың ішінде Муталаммисті өлтір деп жазылған екен. Бұны естіген Муталаммис Тарафаға қарап саған солай жазылған шығар ашып оқып көрелік дейді. Тарафа келіспейді. Осы жерден екеуі айырылады. Дегенмен Тарафа Бахрейнге жеткен соң өлтіріледі. Екеуінің де хаттарының мәтіні бір болған екен. Тарафа Бахрейнге жетке соң Амр ибн Һиндке бағынышты әл-Мукағбирдің қолынан қаза табады. Кей жерде Тарафаны өлтірген адам Рабиғ ибн Жаусара немесе Рабиға ибн әл-Харис әл-Абди деп келген. Ал Муталаммис Ирак жеріне Шам еліне қоныс аударып сол жерде қартайғанша өмір сүреді. Осы аймақта һижреттен бұрын 42 жылы шамамен 570 ж. қайтыс болады. . ## Муталаммистің шығармалары * «Ашғарул Муталаммис» (Муталаммистің поэзиясы). 1903 ж. К.Воллерстің басшылығымен кітап етіп жарияланған. * Диуанул Муталаммис. әл-Асмағи жинақтаған. * Шарх диуанул Муталаммис. Әбу Убайда Муғмар. Каир. ## Дереккөздер
«Қызыл жебе» — Шерхан Мұртазаның шығармашылық шеберлігі шыңдалып, үлкен суреткерлікке көтерілгенін танытатын айтулы еңбегі. Тарихи-революциялық тақырып аясында жазылған «Қызыл жебе» романының бірінші томы 1980 жылы жарық көрген соң, араға жылдар салып келесі кітаптары да жарық көрді. «Тамұқ» аталған соңғы томы 1994 жылы оқырмандар қолына тиді. ## "Қызыл жебе" романының өзектілігі Аталмыш шығарманың негізгі кейіпкері - өз дәуірінің "қызыл жебесі", қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов. Қазақ әдебиетінде Тұрар бейнесін жасау жолында алғаш қалам тартқан негізінде Мұхтар Әуезов еді. Тұрар Рысқұловтың көзі тірісінде-ақ жазылған «Қараш-қараш оқиғасы» повесі жұртшылықтан жоғары баға алған болатын. Оны оқыған Т.Рысқұловтың ағыл-тегіл егіліп жылағанын жазушы Шерхан Мұртаза өз кітабында шебер суреттейді. Шындығында, оқырман қауым Т.Рысқұлов жайлы біраз жағдайларға қанық болғанымен, оның өмір жолын түгел қамтитын, ұлт мақтанышы бейнесін жоғарыдан көретін туынды әлі дүниеге келе қоймаған еді. Сол кезеңде зиялысынан адасып қалған ұрпақты ардақтысымен қауыштыра Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы әдебиет әлемінің есігін ашты. Ол туралы Т.Мәмесейіт былай дейді: «Біздің жоғалтқанымыз – қазақ деген соры қайнаған халықты қайтсем бақытқа жеткіземін деп жанпидалықпен күрескен арыстарымыз еді, алдымен. Олар – біздің өткеніміз, тегіміз, руымыз еді ғой. Зорақы заман бізді содан айырғысы келді. Мәңгі жасағысы келді. Міне, сол оталған арыстарымыздың бірі және бірігейі Тұрар Рысқұлов еді. «Қызыл жебе» хамсасы арқылы біз алдымен сол Рысқұловты таптық және таныдық. Ал, Рысқұлов тағдыры – халық тағдыры. Өйткені, оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар халық тағдырындағы, тарихындағы шындықтарды елестетер еді. Сондықтан да, Рысқұловты тану – халықты тану деген сөз. Халықты тану - өзіңді тану». Осы реттен келгенде, «Қызыл жебе» - ұлттың рухын түлеткен, рухани ұстазына, көш бастар көсеміне айналған шығарма болды. ## Жалпы мазмұны Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақмансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, дәрменсіздігі асқан шеберлікпен әрі әсерлі бейнеленген. Білім, өнер, иман сынды шуақты құндылықтар адамдардан жырақта болғанда, қоғам басына келетін кесапаттың жойқын болатыны кітап астында жасырылған ой мәйегіндей. I) Автор Т.Рысқұловтың жас шағынан бастап өскен ортасын, өмірден көрген-түйгенін, алған әсерін жан-жақты кең, байсалды суреттейді. Жастайынан көрген қиыншылық, жеген таяқ, аянышты тіршілік пенде атаулының пешенесіне жазыла бермейтін қатал тағдырды танытады. Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды өзіне үлгі етіп өсті. Рысқұл болмаса, Тұрардай қайраткер, күрескер ұл тумайды, сондықтан әкенің рөлі айрықша дәріптелген. Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын мінезін ұғып өсті. Оқырман алғашқы кітаптан-ақ, болашақ большевиктің мінезі қандай ортада, қалай қалыптасқандығы туралы жанымен ұғып, көңілмен танитын мол мағлұматтар алады. Романда жас Тұрар қара суық өңірде тамыр жайып, қанаттанған тау шынарындай шымырлық танытады. Бұл, әсіресе, баланың болыспен алғаш бетпе-бет келіп, арбасып қалатын сәттен, шабарман Таубайдың «Әкең қайда айт?» деп азаптайтын кезден, надзиратель алып соғардай үстіне төніп кеп қалса да қашпай арқасын дуалға берген күйі астындағы жалғыз тал қызғалдақты өз өміріндей қорғаштап, жанталасқан тұстан көрінеді. Бұның бәрі де, сөз жоқ, болашақ ірі қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұловтың бойынан көрінер алғашқы қадір-қасиеттер еді. Өзі құралпас жас балалармен ойнап жүрген Тұрар бірде жаяу жарысып озып, мәреге бұрын жеткенде қос қолын көкке көтере сермеп: «Мен Қызыл жебемін!» - деп айғай салған-ды. Жалғыз кінәсі хас жүйріктігі боп, қарау заманның қабан қанжарына шалынып кете барған "Қызыл жебе" тағдыры көңілін қатты тербеген жазушы әлгіндей ойлы, терең мағыналы сөзді жас өскіннің аузына бекерден-бекер салып отырған жоқ. Осы бір ауыз сөз арқылы автор Тұрар бейнесін көкке көтеріп кеткендей. II)«Қызыл жебе» романының бірінші кітабында Бронников пен Наташаның көмегі арқылы хат танып, әр нәрсеге зер салып, жіті қарауды үйренген Тұрар, екінші кітапта қоғамдық-әлеуметтік іске бірте-бірте араласа келіп, Әулие-Атада уақытша үкіметті құлатушылардың алдыңғы шебінен көрінген болатын. III)«Жұлдыз көпір» – «Қызыл жебе» роман-хамсасының үшінші кітабы. Бұл шығармаға жазушы «Азаптардан – жұлдызға жол» деген латын сөзін эпиграф етіп алыпты. Үңіле қарасақ, осы сөздің өзіне талай нәрсе сыйып кеткендей. «Жұлдыз көпірде» жазушы Тұрардың жасындай жарқылдаған, жұлдыздай жарқыраған кезі, яғни Түркістан кеңестік автономиялық республикасы басшыларының бірі болған кезін, 1918-1920 жылдардағы Түркістан елінің өмір-тынысын суреттеген. Шындығын айтқанда, осыған дейін Т. Рысқұловтың революциялық бейнесі әдебиетте көрінген емес. Романда Рысқұловтың азаматтық, қайраткерлік, бет-бейнесін таныта түсетін, жан-жақты ашып, толықтыратын оқиғалар табиғи өрбіп отырады. Сол оқиғалардың ішінен жазушы кейіпкер мінезін дәл танытатын, айқын ашатын тартысты тұстарын талғаммен үйлестіре біледі. Әсіресе, Түркістан республикасының тағдырына, болашағына байланысты ойлары мен сол жолдағы ірі істерге үмтылысы, азаматтық тұрғысының беріктігі оның кесек тұлғасын, табандылығын танытады. Осындай тұстарда қаламгер шабыты да шамырқанып, батылдана түседі. Тұрар әрекеттерін бар шындығымен, бар қайшылығымен барынша табиғи көрсетуге күш салады. Мәселен, Мәскеуден келген төтенше өкіл Кобозев бейнесінен байыпты, парасатты большевиктің тұлғасын танимыз. Ол келген бойда-ақ Т.Рысқұловты танып, оның мәдениетті де шешен сөйлейтініне сүйсіне таңғалып, қабілет-қарымын байқап, оған қолдау көрсетеді. «Шырайы жеңілтек, яки қатал адамның түрі сияқты емес. Кеңдік, тереңдік, биіктік бар... Ал, осындай азаматы бар ел кадрға, басшы қайраткерлерге жұтаң дейтіндері не? "Марксизмнен алшақ", - деді-ау Бухарин. Мына Рысқұлов сонда қайдан сауатты?! Ой жүйесі, қазіргі жағдаятты біліп пайымдауы, елдің көңіл-күйін тануы – бәрі көкейге қонымды ғой. Бұларды біз неге менсінбеуге, шетқақпайлатуға тиіспіз?» - деп Тұрармен жақын жүріп, екеуі Кеңес үкіметінің орныға түсуі үшін талай-талай істерді бірге атқарды. Сондай-ақ тарихи шындықты негіз етіп алған романда тарихи белгілі адамдар да кездеседі. Қабылбек Сармолдаев, Сағдұлла Тұрсынходжаев, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Ходжанов, Санжар Аспандияров, Абдолла Жармұхамедов, Әбубәкір Диваев, Ғани Мұратбаевтар ара-тұра, Тұрарға қатысты жағдайда көрініс берсе де, олардың әрқайсысының азын-аулақ іс-әрекеті заман тынысын, уақыт рухын танытумен қатар, Рысқұлов бейнесін де жан-жақты шыңдай түседі. Замана ұлыларымен қатар жүрген Тұрар Рысқұлов туралы сыншы Тұрлыбек Мәмесейіт былай деп жазады: «Мәскеуден, орталықтан келген Фрунзе, Элиава, Рудзутак, Куйбышевтардың өзі бір төбе. Міне, кімдермен бірге, кімдермен қатар жүрген Рысқұлов! Нағыз халықтың көсемі десек лайық емес пе! Иә, ғасырдың дүниені дүр сілкіндірген ұлы кезеңі, соған лайық ұлы адамдары ғой бұлар». Азаматтық идеяларды дәріптеу үшін азаматтық тұрғы мықты болу керек. Осы азаматтық тұрғы, автордың азаматтық көзқарасы романның өнбойынан айқын сезіліп отырады. Романда Тұрар бейнесі осылай көрініс береді. Бұл – жазушының ыждағатты ізденісі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Халқымыз тағдырындағы осы бір қиын кезеңді жан-жақты суреттеп, сол халқы үшін жанын аямай күрескен Рысқұлов сияқты біртуар азамат тұлғасын қаламгер толыққанды сомдап көрсеткен. Шерхан Мұртаза шығармашылығына тән шымыр сюжет, берік арқау «Жұлдыз көпірден» де айқын байқалады. Автор не нәрсені де ықшам суреттеуге, аз сөзбен көп айтуға бейім. Тілге деген жауаптылығы, тілдің, сөздің ішкі меңзеуіне, астарына үлкен мән беретіндігі анық сезіледі.Бүкіл тіршілігінде адамгершілік, азаматтық парыз бен асқақ мұраттар жетелеген Тұрар Рысқұловқа мансап креслосы емес, туған халқының өмірлік мүддесі биік. Ол сол үшін небір қиындыққа нартәуекел етеді. «Буыршын мұздан тайған» талай қиын жағдаяттар мен күндерде Тұрар Рысқұловты аман алып шыққан да оның иманы зор, парызы биік, мүддесі асқақ, адал да әділ күрескер тұлғасы еді. Сондықтан болар, суреткер Ш.Мұртаза өзінің бас кейіпкерінің бойындағы әрі азаматтық, әрі қайраткерлік абзал қасиеттерді шынайы бейнелеп бере алған. Міне, өмірде тарих аренасында орын алған шындықтар нәтижесінде ашаршылыққа қарсы коммунистік-патриоттық, азаматтық, қайраткерлік күрестің басты мазмұны – романдағы Т.Рысқұловтың өмірлік те, көркемдік те тұлғасын ірілендіріп тұр деп толық айта аламыз. Тұрар Рысқұловтай күрделі тағдыр бар жерде, тарихи шындықтардың жемісті түрде игерілгеніне «Жұлдыз көпір» романы қай жағынан алсақ та, қарастырсақ та тегеурінді дәлел. «Жұлдыз көпір» романының оқырманға айтар ойы терең, тілі көркем. Туындыдағы ой тереңдігі дегеніміз Тұрар Рысқұловтың кешегі социалистік қоғам мен революция мұраттарына, туған халқының нұрлы болашағына қызмет етуге негізделген көпарналы, көптартысты, көп мағыналы іс-әрекеттерінің уағынан да, ірісінен де кеңінен аңғарылады. IV)«Қызыл жебе» роман-эпопеясының төртінші кітабы «Қыл көпір» деп аталады. Шығарма ауқымына Т.Рысқұлов өмірінің ең шешуші тұстары – мемлекеттік қайраткерлік өрлеу кезеңі алынған. Ұлттардың өзін-өзі басқару, революция жеңістерін орнықтыру, социалистік жолдарын нығайту мен өркендету, ұлттық республикалардың экономикасын арттыру жоспары, қазақ халқының жұт пен аштыққа ұрынған кездегі зобалаңы мен өлшеусіз трагедиясы тәрізді мәселерді шешу барысындағы Т. Рысқұловтың азаматтық-қайраткерлік орасан тұлғасы оның ширыққан-шиеленіскен тағдырының драмалық кезеңдері арқылы кеңінен әрі мейілінше нақты іс-әрекеттер үстінде көрсетіледі. Осы арада атап айту керек, суреткер Шерхан Мұртаза Т. Рысқұловтың халық перзенті ретіндегі қаһарман ерлігінің бүкіл әлеуметтік-тарихи мазмұнын, қыл-көпір температурасын сол шынайы қалпында яғни не асқындырмай, не әлсіретпей мейілінше байыппен бейнелеген. Мысалы, Сталиннің орынбасары болып жүргенінде Тұрар Рысқұловтың Якут, Дағыстан, Абхаз, Аджар автономиялық республикаларының, сондай-ақ Бурят, Комби, Чечен – Ингуш автономиялық облыстарының құрылуына көп күш-жігер жұмсағаны белгілі. Жазушы осының бәрін тізіп, тәптіштеп жатпайды. Тек Сталин мен Рысқұловтың жүздесуі барысында еске түскен бір деталь арқылы ғана береді. Мысалы: «Асылы, Рысқұловты тек қазақ жанды дейтіндер қателеседі. Иә, Сталиннің әлі есінде: жиырмасыншы жылдардың басы еді. Ұлт мәселелері жөніндегі Комиссариаттың бар кезі. Сталин – Нарком, Рысқұлов – орынбасар. Осы Рысқұлов сонда сонау қиыр терістікте жатқан сахалардың жоғын жоқтап, Сталиннің мазасын қайта-қайта алғаны бар», - деген эпизодтың өзі талай нәрсені аңғартып тұр. Жазушы Тұрар Рысқұловтың халықаралық деңгейдегі зор тұлға, өрелі қайраткер екендігін романның «Қызыл батыр» тарауында әдемі көрсеткен. Ол – Коминтерннің Монғолиядағы Төтенше өкілі ретінде жас республиканың мемлекеттік құрылымына, соның қалыптасуына үлкен үлес қосқан жан. Дегенмен, «Қыл көпір» романында ең басты назар Т. Рысқұловтың Сталинге жазған екі хатының әлеуметтік тарихына аударылады. Шерхан Мұртаза осы романда сонымен қатар сталиндік репрессияның түп-тамырына да үңілген. ## Қорытынды Т. Рысқұловтың көркемдік бейнесі жазушы Ш. Мұртаза шығармашылығында өз деңгейінен де жоғары көрсетілгендей. Осы туындыны оқу арқылы Тұрарды танымайтындар таныды, білмейтіндер білді, ұнатпайтындары ғашық болды. Жазушы ұлы тұлғаны халқымен қауыштыру мақсатында отыз жыл ғұмырын арнады. Рас, кезінде жазушыға сын да айтылды, түрлі сұрақтар да қойылды. Бүгінде біршама адамдар бұл хамса - романды жоғары бағалап,Т.Рысқұловтың өмірінен сыр шертіп тұрғандықтан М.Әуезовтың "Абай жолы" сынды роман-эпопея деп санайды. Алайда ғылыми тұрғыда дәлелденбеген көзқарас болғандықтан, ғылым тарапынан аталмыш еңбекті роман-эпопея деп айта алмаймыз.Бес том кітап арнап отырып, жазушының өзі: «Тұрардың өз деңгейінде зерттей алған жоқпын. Т. Рысқұлов әлемі – шексіз, шетсіз әлем. Оның мұхитына сүңгу енді сендердің еншілеріңде», - деген еді. Бұл да ұлылар айтуға тиіс сөз сияқты. ## Шығарма туралы пікірлер Жазушы Тахауи Ахтанов "Қызыл жебе" романы туралы былай дейді: " Жаңа романда Шерхан тіл жағынан да өсіп, байи түскен. Кейіпкерлердің өз болмыс-мінезіне сай сөз саптауынан,табиғат суреттерінен, авторлық баяндау тебіреністерден бүгінгі проза дәрежесіндегі салиқалы кеңдік, шымыр шырақтық сияқты тіл мәдениетін танимыз". ## Пайдаланылған әдебиеттер тізімі * Әдебиет порталынан алынған мәлімет * Массагет порталынан алынған мәлімет * Қызыл жебе I кітап * Қызыл жебе II кітап
Байсерке аэродромы — бұрыңғы Әскерді, авиацияны және флотты ілгерілетудің ерікті қоғамы аэродромы Алматының Солтүстік Орталығынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан, ұшып қону жолымен, 1 секіріп түсу жолағы бар жәнеде оның барлығы арнайы құралдармен жабдықталған. Оған жету үшін баяғы Қапшағай трассасымен жүріп Меркур айрық жолында ортамен жүрі керек. Тура Өтеген батыр кентінен кейін баяғы Энергетический темір жолға жетпей оңға бұрылу керек. Саяхат вокзалынан бірнеше автобуспен жетуге де болады. Аэродромда жазғы дайындықтар болған және де алдағы ғарышкерлерда дайындалған, оны бастаған Байқоңыр ғарыш айлағы. Дмитрий Юрьевич Кондратьев халықаралық космонавттық экипаж кемесі «Союз ТМА-20» өз оқуын ДОСААФ аэроклубында жаздық дайындық бағдарламасымен Як – 52 ұшағымен бітірген болатын. ## Тарихы Бұл аэродром тарихы Осоавиахим, Әскерді, авиацияны және флотты ілгерілетудің ерікті қоғамы пен тығыз байланысты . ## Жағдайы Бүгінгі күнде кезіндегідей парашютпен секіруге болады. Оны АН – 2 ұшағымен жасайды. Биіктік – 1000 м. Парашюттың системасы Д-1-5у. Өзіне сенімсіз немесе қорқатын адамдар тандем системасының көмегімен арманын жүзеге асыра алады. Аэродром, сондай-ақ, жаттығулар өткізуге арналған арнайы үйрететін адамдары да бар. Көбіне авиашоу көрсету үшін пайдаланылады. Байсерке аэродромында сондай–ақ радиомоделдер жолағы да бар. 5 жыл бұрын адамдар жиналып аэродром көлемін қаржы салып үлкейткен болатын. Қазіргі кезде радиомоделисттер осы жолақты қолданады. ## Жетістіктері Ең бірінші ұшақ «Арай», Канадалық лицензиямен Алматы «АвиаМастер Эйркрафт» компаниясымен жасалған, өз демонсративті ұшуын осы Байсерке аэродромында 14 ақпанда 2012 жылы сағат 12.00 жасаған. ## Қызықты материал Аэродромда жазғы дайындықтар болған және де алдағы космонавтар да дайындалған, оны бастаған Байқоңыр космодромы. Дмитрий Юрьевич Кондратьев халықаралық космонавттық экипаж кемесі «Союз ТМА-20» өз оқуын Әскерді, авиацияны және флотты ілгерілетудің ерікті қоғамы пен тығыз байланысты аэроклубында жаздық дайындық бағдарламасымен Як – 52 ұшағымен бітірген болатын. ## Дереккөздер
Рон таулары орталық Германиядағы биік емес таулар тобы болып табылады.Аталған таулар Гессең Бавария және Тюринги штаттарында орналасқан. Бұл таулар ежелгі жанартаулық белсенділіктің нәтижесінде пайда болған. Ол Фогельсберг тауларынан Фульда өзені арқылы бөлініп жатыр.Вассеркупе - Германиядағы Рон тауларының ең биік шыңы. Рон тауларын оның тамаша табиғатының арқасында 1991 жылы ЮНЕСКО биосфералық қорық деп жариялады.Рон тауы Германияның дәл ортасында орналасқан. Аталған тау жаяу серуен мен жорық жасауға таптырмас орын болып табылады.Рон тауларында танымал шыңдар бар. Олар: Вассеркупе, Кройцберг, Швабенхиммель, Хейдельштайң Химмельдунк және т.б. Рон таулары өсімдіктер әлеміне бай.Рон тауларында серуендеу мен жаяу жорыққа шығу жолдары бар. Олар Рон жаяу серуендеу клубының меншігінде.Көптеген өзендер Ронтаулары арқылы ағып өтеді. Олардың кейбіреулері: Франкон Заале, Стреу, Бренд, Келлерсба, Тульба, Скондра, Синң Фульдра және т.б.Аталған тауда елік, түлкі, борсық, қояң жабайы қабаң қарақас, су жертесері мен Миллер жер есері кездеседі.Мұнда құр, саңырау құр, қара құтаң үкі, шәукілдек, және қисық мойын сияқты құстар мекендейді.Рон таулары саяхатшылареа кеңінен танымал. ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Шовашинзан - лава күмбезді жанартау. Ол Жапониядағы ең жастау болып саналады.ШовашинзанУсу тауының маңында, Жапонияның Хоккайдо аралындағы Шикотсу-Тоя Ұлттық саябағында орналасқан. Лава жер қыртысын жарып, сыртқы ақтарыла төгілді. Осының нәтижесінде Шовашинзан тауы пайда болыпты.Жанартау алғаш рет 4 ай бойы үздіксіз атқылаған екен. Осы кезде аралда үнемі жер сілкіністері болып тұрған.Шовашинзан атауының тікелей мағынасы «Шова жаңа тау» дегенді білдіреді. Себебі жанартаудың алғаш атқылауы кезінде сол маңда Сева атты император билік құрған екен. Кейінірек таудың аты императордың есімімен байланыстырылып аталып кетіпті. Тау алғаш рет пайда болған сәтте жапондықтар мүны сәтсіз әскери сынақ деп үрейленді. Оның пайда болуы құпия түрде сақталған.Шовашинзан алғаш рет 1943 жылы атқылағанШовашинзан Усу стратожанартауының шығыс қапталында тұр.Тау шыңының қалыптасуы жайлы ақпараттың көп бөлігін жергілікті пошташы Масао Миматсу ұсынған. Шовашинзаннің биіктігі қазіргі уақытта 398 м-ді құрайды. Таудан үнемі бу шығып тұрады.Шовашинзан күріш алқабының дәл ортасында қалыптасқан.Шовашинзан тауының дөңестігі 211 м-ді құрайды ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Соккоро аралы Ревилладжигедо аралдарының бір бөлігі болып табылады.Ол Мансанильоның батысында 716 шақырым және Төменгі Калифорния шетінің оңтүстігінде 480 шақырым қашықтықта орналасқан.Соккоро аумағы 132 шақырымды құрайды. Соккоро аралындағы тау басында пост-кальдера тефрасы күмбездері бар. Аралдағы тау ірі қалқанды жанартау болып табылады.Бұл жанартау аралы 1848 жылдан бастап, 1993 жылға дейінгі аралықта 5 рет атқылаған.Арал өзін қоршап түрған мұхиттан 4000 м биіктікте орналасқан. Онда әртүрлі жанартаулар бар. Жанартауда терең сызаттар, шағын кратерлер мен жыралар кездеседі. Әрі оның бедерін лава күмбездері, лава ағындары мен жарылыс қалдықтары басып жатыр.Соккоро аралын испан зерттеушісі Эрнандо де Грижавала 1533 жылы Рождество қарсаңында тапқан болатын.Соккоро аралындагы ең биік тау - Еверман тауыСоккоро бірқатар құстардың тіршілігіне жайлы мекен болып табылады. 1608 жылы оны зерттеуші Мартин Янез де Армида аралға Исла Соккоро деген ат берді. Ол «Көмек аралы» деген мағынаны білдіреді.Қазірде Соккоро аралы сол маңдағы халықтар арасында өте танымал.Соккоро аралында 1957 жылы құрылған әскери әуе базасы бар.Аралдағы жанартаудың биіктігі 1150 м-ді құрайды. ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Шиша немесе Шишабангма әлемдегі ең биік таулардың арасында 14-ші орынды иеленеді.Ал сегізмыңдықтардың арасында Шиша ең соңғы орында.Ол Непал шекарасынан бірнеше шақырым қашықтықта, оңтүстік-орталық Тибетте орналасқан.Аталған тау Лангтанг биік шыңдарының маңында, Тибетте орналасқан.Аталған тау толығымен Тибетте орналасқан. Ол сол аймақтағы биіктігі 8000 м болатын жалғыз шың болып табылады.Бұл - оңтүстік беткейі ұзын тік әрі жартасты болып келген массивті шың.Шишаны көптеген альпинистер биіктігі 8000 м шыңдар арасындағы көтерілуге ең оңайы дөп бағалаған.Шиша шыңының биіктігі - 8027 мШишаны Тибетте «жайылымдар құдайы» деп атайды.Шыңның Госайтан деген үнді-непалдық атауы «киелі орын» дегенді білдіреді.Оған 1964 жылы 2 мамырда Сюй Цзин басқарған қытай экспедициясы алғаш рет шыққан болатын.1999 жылы 5 қазанда Американың ең әйгілі альпинистерінің бірі - Алекс Лоу Шишада қар көшкіні кезінде қаза тапты. Сонымен қатар тауға шығу барысын деректі фильм үшін камераға түсіріп жүрген оператор Дэвид Бриджес те осы қар көшкіні кезінде жан тапсырды.Шишаның дөңестігі 2897 м-ді құрайды. ## Шыңдары ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Сараграр шыңы Гиндукуш тау тізбектеріндегі Терич Мир, Ношак және Истор-оНал шыңдарынан кейін төртінші орынды иеленеді.Гиндукуш тау тізбегі солтүстік- батыс Пәкістан мен шығыс және орталық Ауғанстанның арасында 762 шақырымға созылып жатыр.Оның биіктігі 7349 м-ді құрайды.Бүкіл Сараграр ірі массив болып табылады. Ол - 7349 м биіктіктегі біртүтас созылып жатқан үстірт. Аталған таудың негізгі шыңдары: Бас Сараграр, Орталық Сараграр, солтүстік-батыс Сараграр шыңы, оңтүстік-батыс Сараграр шыңы, оңтүстік Сараграр шыңы және оңтүстік- шығыс Сараграр.1958 жылы Тед Норриш басқарған британдық экспедиция Басты шыңға шығуға талпыныс жасады. Алайда бұл жорық команда мүшесі П.С.Нельсонның қазасымен аяқталды.Оның Солтүстік және Басты шыңына 1959 жылы ФоскоСараграр Пәкістандаеы Гиндукуштың бір бөлігі болып табылады. Фоско басқарған топ Сараграр массивіне көтерілу кезінде таудың солтүстік- шығысындағы Нироги мұздығы арқылы өткен болатын.Марейни басқарған итальяндық экспедиция шыққан болатын.Сарагрардың дөңестігі 1979 м-ді құрайды. 1967 жылы 24 тамызда жапондық экспедиция мүшелері Сато Юкитоши мен Хара Хиросада таудың оңтүстік шыңына Роше-Голе мүздығы арқылы алғаш рет шыққан болатын.1971 жылы 29 шілдеде жапон экспедициясының мүшесі Нагано таудың оңтүстік-батыс шыңына көтерілді.Сараграр әлемдегі ең биік шыңдардың арасында 78-ші орынды иеленеді. ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Рамазан Құрманғалиев (1894, бұрынғы Орал облысы Орда ауданы – 1937) – әскери маман, дивизия комиссары, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Ордадағы 2 сыныпты бастауыш училищені, 1920 жылы Орынбордағы атты әскер командирлерін даярлайтын курсты, 1930 жылы Ленинградтағы (Санкт-Петербург) әскери-саяси академияны бітірген. 1919 – 23 жылдары Қызыл Армия қатарында қазақтың 1-атты әскер полкінің және түркістандық 8-дербес атты әскер бригадасының взвод командирі ретінде ақ бандаларға,Әндіжан, Ферғана облыстарында басмашыларға қарсы ұрысқа қатысқан. 1923 – 27 жылдары Бөкей губерниясында, Орал, Жетісу-Сырдария әскери аумақтық басқармасында қызмет істеді. 1930 – 32 жылдары Қазақстан өлкелік әскери комиссариаты саяси басқармасының бастығы, 1932 – 33 жылдары Қазақ АКСР-і әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары, 1933 – 37 жылдары Түркістан облысында, Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотында және Шығыс Қазақстан облысы сотында, Қазақ КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариатында жауапты қызметтер атқарды. Бұхар Халық Кеңес Республикасының жауынгерлік Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. ## Сілтемелер * КСРО * Қазақстан ## Дереккөздер
Керейт тайпасы - 9-12 ғасырларда Моңғолия жерінде өмір сүрген түркі ұлысы. Олар христиан дінінің несториандық бағытын ұстаған ел. 11-12 ғасырларда Қытай еліне тәуелді болып, салық төлеуге мәжбүр болған. Өздері сондай бағынышты әрі тыныш ел болғандықтан керейт ханы Тұғырыл ханға (Тогорил) "ван хан" ("ұлыс ханы") деген атақ берген. Оның үстіне керейт ханы батыс елдері үшін рухани күш берер "Иоан патша" деген аңыз атқа да ие болған. Керейт хандығы сегіз тайпадан құралған. Олар : керейт, жиркин, конкайд, сакайд, тумауд, албат, тункайд және хиркундар. Керейт тайпасын "бұйрық" лауазымды тайпа басшысы биледі. Негізгі заң хатқа түспеген "әдет" заңы болғандықтан оны ешкім де бұза алмайтын. Ондағы ең басты қағида "ата жауына сатылу " ең ауыр қылмыс саналған. 11-12 ғасырларда монғол тайпаларымен етене жақын араласа бастаған. Тіршілік көзі мал болғандықтан, жылқы, қой және ірі қара өсіріп, ең басты баспанасы шаруаға ыңғайлы киіз үйде тұрған. Керейттердің 12 ғасырда бас қаласы Қарақорым және екінші бір маңызды қаласы Түндік аталған. Дегенмен, қанша одақтас болса да, 12 ғасырда керейт пен моңғол тайпасының басшы көсемі танылған Шыңғыс хан мен Тұғырыл өзара жауласып тынды. 1203 жылғы күзде болған "Жигжер өндер" шайқасынан соң, керейт елі біржола әлсіреп күйреуге ұшырады. Тарыдай шашыраған керейт елінің бір бөлігі моңғолдарға қосылса, енді бірі Алтай тауына қарай ауа көшті. ## Дереккөздер
Шайкин Есім Шайкеұлы (10. 3. 1926 ж. т., Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Үлгі аулы) — Қазақстан партия және совет қызметкері. Социалистік Еңбек Ері (1976). 1949 жылдан КОКП мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941—45). Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген (1970). 1955 ж. партия шақыруы бойынша отыз мыңдықтар қатарында Преснов ауд. комсомол комитетінің 1-секретарлығынан колхоз председательдігіне сайланды. 1962—70 ж. Солтүстік Қазақстан обл., Ленин ауданының «Заградовка», «Торанғұл» совхоздарының директоры. 1970—72 ж. Соколов ауд. атқару комитетінің председателі. 1972—75 ж. Москва ауданы партия комитетінің, 1975 жылдан Сергеев ауданы партия комитетінің 1-секретары. Қазақстан Компартиясының 14-съезінде ОК мүшелігіне сайланды. 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шайда Мұхаммед Қазым (1727, Аф-залабад, қазіргі Пәкістан,—1780, Рампур, казіргі Үндістан) — ауғанстан ақыны. Жас кезіндө жан-жақты білім алды, араб, парсы, урду тілдерін білді, музыка және сурет салу өнерімен шұғылданды. Шайда шығармашылығына суфизм идеясы көп әсер етті. Әсіресе Шайда поэзиясына «үнді стилінде» жазылған шығармалардың және Мырза Абдулкадыр Бедиль шығармашылығының ықпалы мол болды. Ауғанстан поэзиясы тарихында «үнді стилінде» жазылған шығармалар дәстүрін тұңғыш Шайда қалыптастырды. Оның бұл саладағы еңбегі 1767 ж. Рампурда жазылған өлеңдер жинағында кең көрініс тапты. Шайда шығармаларының түр құрылысы күрделі, оның өлеңдеріне классикалық парсы-тәжік поэзиясынан енген лексикалық нұсқалар мол ұшырасады. ## Дереккөздер
Шамұратова Айымхан Тұрымбетқызы (5.06.1917 зк. Көңлікөл аулы, қазіргі Қанлыкөл ауданы) — қарақалпақ кеңес актрисасы, әнші, КСРО халық артисі (1968). Мәскеу консерваториясында оқыған. Сахналық қызметін 1930 ж. Қоңыраттағы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1932—39 ж. және 1956 жылдан Қарақалпақтың К. С. Станиславский атынд. драма және музыкалы комедия театрында актриса. Оның репертуарында қарақалпақ, өзбек т. б. халық әндері бар. Ойнаған негізгі рольдері: Айсара (Яшен мен Мұхаммедовтің «Гүлсарасында»), Раушан (Аймұрзаев пен Алланазаровтың осы аттас пьесасында), Айбике (Ходжаниязовтың «Талуасында»), Толғанай (Айтматовтың «Ана—Жер-Анасында») т. б. 4- және 7-сайл. Қарақалпақ АССР Жоғарғы Советінің депутаты. 2 орденмен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Жақсықылыш сөзі мынадай мағыналар білдіреді: Елді мекен: * Жақсықылыш – Қызылорда облысы Арал ауданындағы кент. Басқа мағыналар: * Жақсықылыш – Сырдария өзенінің сағалық алабындағы көл. Қызылорда облысының, Арал ауданы жерінде. * Жақсықылыш – Солтүстік Арал маңында, Жақсықылыш көлінің батыс, солтүстік-батысындағы қыратты тау жұрнағы. * Жақсықылыш – ас тұзы мен натрий сульфаты өндірілетін тұзды көлдер тобы. Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде.
ШАКИРЗЯНОВ Сабыржан (30. 11. 1880, Уфа губ., Мензеляй , Ахмет болысы, Мұсабай дер.—1. 4. 1970, Алматы) — Жетісуда Совет өкіметін орнатуға және нығайтуға қатысушы, журналист, педагог. ## Биографиясы Мензеляй уезіндегі Тіленшітамақ медресесін бітірген (1893—1902). 1903 ж. әскерге алынып, орыс-жапон соғысына қатысты. 1906—07 ж. Тіленшітамақ медресесінің мұғалімі. Сол кезде оқушылардың «Ояту» атты қолжазба журналын шығарды. Патша саясатына жат үндеу-хатты аударып, журнал бетінде жариялағаны үшін қуғынға ұшырады. 1907 ж. Верныйға (Алматыға) келіп, орыс-қазақ мектебінде, 1911 ж. татар мектебінде оқытушы болды. 1917 ж. фельдшер ретінде әскер қатарына алынып, Ташкенттегі І-Сібір полкінде қызмет істеді. Верныйда Совет өкіметі орнаған соң. Жетісу облысы аткомының ұлт істері жөніндегі комитетінің баспасөз бөлімін басқарды. 1918 ж. 21 июньнен бастап шыққан Жетісу ревкомы мен ұлттар жөніндегі облыс комиссариат органы — «Жетісу ісші халық мұхбыры» атты газеттің редакторы болды. 1920 жылдан бастап Сабыржан ұстаздық жұмысқа ауысты. Жаңадан ашылған қазақ, ұйғыр, дүнген, қырғыз мектептерінде сабак берді. 1940—55 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқытушы бола жүріп, қазақ, ұйғыр фольклорын жинаумен шұғылданды. Ол баспасөзге үнемі араласып, өдебиет, тарих, төрбие тақырыптарына көнермеген мақалалар жаздьі. 1928—36 ж. Алматы қалалық Советінің мүшөсі болды. Шакирнязов «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Жақсықылыш — Қызылорда облысы Арал ауданындағы кент, Жақсықылыш кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы Арал қаласынан шығысқа қарай 25 км жерде, Жақсықылыш көлінің оңтүстік жағалауындағы қаражусан аралас көкпек, дегелең өскен құмайтты сор топырақты шөлдік белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4549 адам (2324 ер адам және 2225 әйел адам) болса, 2009 жылы 4847 адамды (2468 ер адам және 2379 әйел адам) құрады. ## Өндірісі, инфрақұрылымы Жақсықылышта Аралтұз акционерлік қоғамы, өндірістік кооператив, 5 серіктестік және 9 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Кентте орта және бастауыш мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен фельдшілік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді және темір жолмен қатынасады. ## Дереккөздер
Қурайлы – Зайсан алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 85 км, су жинайтын алабы 2220 км². ## Бастауы Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі Сағымжамал тауынан басталып, Зайсан көліне 16 км жетпей жерге сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 2,14 м³/с. Жайылмасы шабындыққа, суы егін, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қурайлы – Торғай алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 421 км2 . ## Бастауы Бастауын Жетісеңгір тауының шығысындағы бұлақтардан алып, Құйған ауылының тұсында Байқоңыр өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Арнасы тар, тік жарлы. Жер асты, қар суларымен толығады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 28 саласы бар. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы - жайылым. ## Дереккөздер
Қурайлы – Аягөз өзені алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 643 км2. ## Бастауы Ақшатау жотасының қиыр оңтүстік-шығысындағы Қарашоқы тауынан басталып, Қурайлы ауылынан 10 км-дей төменде Аягөз өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ірі саласы: Ақбастау. Арнасы жоғарғы ағысында тар, көбіне тік жарлы, орта ағысының ені 200-300 м, ол сайлы-жыралы жермен ағады. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,86 м3/с. Жайылмасы - шабындық. ## Дереккөздер
* Қурайлы (көл) * Қурайлы (Зайсан алабындағы өзен) * Қурайлы (Аягөз алабындағы өзен) * Қурайлы (Шалқар алабындағы өзен) * Қурайлы (сілем)
Қурайлы – Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстік-батыс сілемі, Темірлік тауларының бір бөлігі. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы Тұйық ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2862 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында. Солтүстігінен Темірлік, оңтүстік беткейлерінен Кеген өзендерінің салалары бастау алады. ## Геологиясы Беткейі тік жарқабақты, өзен, жыралармен тілімделген. Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Тау етегінде таудың орманды-дала, таулы-орман топырағында Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқанды орман белдеуі орналасқан. ## Дереккөздер
Қопасай, Қоныссай, Садырбай – Ырғыз алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, ұзындығы 11 км болатын шағын 4 саласы бар. ## Бастауы Бастауын Қамыстыкөл көлінің шығысындағы бұлақтардан алып, Аралтоғай ауылынан жоғарыда (4 км) Ырғыз өзеніне оң жағынан құяды. Сағасында көктемде шағын жайылма түзіледі. Арнасының басым бөлігі жазық өңірмен өтеді. ## Гидрологиясы Көктем айларында 15-20 күн ішінде негізгі ағыны өтеді. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қалады. Сағасының оң алқабында Ащысай батпағы жатыр. Алабы мал жайылымына, шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
* Ырғайты – Алакөл алабындағы өзен. * Ырғайты – Шу алабындағы өзен.
Жақсықылыш – Солтүстік Арал маңында, Жақсықылыш көлінің батыс, солтүстік-батысындағы қыратты тау жұрнағы. Абсолюттік биіктігі 110 м. Ұзындығы 28 км, ені 5-10 км. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Оңтүстік-шығыс беткейі тік жартасты, сай-жыралармен тілімденген, етегінде үйінділер кездеседі. Эоценнің гипс негізді саз балшығы мен құмынан түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр сортаң топырағында жусанды-сортаңды шөптер өскен. ## Дереккөздер
Әжуан, жасыл Әжуан немесе таңқурайшыл Әжуан (Hippolais icterina) - жоны жасылдау қоңыр және бауыры жасылдау сары, сарықасқаға ұқсас шағын денелі(12-15 г) құс. Алайда тұмсығының түбі айқабақтікі тәрізді жалпақтау, тұмсықасты - ақшыл. Өте ширақ құс - ағаштың бөрікбасында үнемі ұшып-қонып жүреді, ал кейде шыбыншы сияқты тік аспандап жүреді. Өзге құстардың жағымды және алуан түрлі әуезін қосып, әдемі үн шығарып ысқырады. Аталықтары күні бойы сайрайды, ал маусым қызғанда - түнімен де сайрайды. Жасыл Әжуан Қазақстан аумағы арқылы Жайықты бойлай, Шығыс Каспий маңымен үнемі ұшып өтеді. Әзірге анықталмағанымен, жасыл әжуанның Көкшетау көтерілімінің орманды үлескілерінде ұялайтыны туралы болжам бар. Қазақстаннан оның ұясы табылмаған. Шөл әжуан (Hippolis languida)- қашықтан қарағанда өзге меңгірлектен ажыратуы қиынырақ болатын құс. Шөл әжуан тау тауларына дейін шөл және шөлдік төбешіктердің бұталы үлескілерінде мекендейді. Барылдауық міңгірлеуікке қарағанда әлі де аз зерттелген. ## Дереккөздер Құстар. А.Ф.Ковшарь, В.А. Ковшарь
«Бабалар сөзі» жинағы - қазақ фольклорының 100 томдығы. Алматыда Мәдениет және спорт министрлігі мен ұлттық Кітап палатасының қолдауымен Орталық Азия елдері фестивалі мен ІІІ Халықаралық кітап форумы (17.11.2014) аясында «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдығының тұсаукесері өтті. Бұл жинақ «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан. «Бабалар сөзі» топтамасының 20 томы батырлар жырына, 13 томы тарихи жырларға арналған. Жетеуі діни, 13-і хикаялық дастандар. 8-і ғашықтық дастандар, 5-томы ертегілерден тұрады. «Бабалар сөзі» жинағында қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, тарихы, мәдениеті, салт-санасы, философиясы, педагогикасы, өнері түгел қамтылған. 2014 жылы Франкфуртта өткен әлемдік кітап жәрмеңкесінде қазақ фольклорының 100-томдық «Бабалар сөзі» топтамасы әлем жұртшылығына таныстырылды. Франкфурттағы кітап жәрмеңкесі 1473 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. ## «Бабалар сөзі» жинағының томдары ### 1-том "Бабалар сөзі" сериясының алғашқы томына Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген, кейін халқымыздың рухани өмірінен аластатуға ұшыраған және қолжазба күйінде жеткен "Сыршы молда", "Ғаяр қатын", "Қисса Зейне Зайуб", "Жетім көдек", "Орқа-Күлше", "Қисса Таһир" атты хикаялық дастандар енді. ### 2-том "Бабалар сөзі" сериясының екінші томына "Шаһмаран" атты хикаялық дастан енді. ### 3-том "Бабалар сөзі" сериясының үшінші томына "Қисса Шеризат", "Қарқабат", "Құлқаныс-Зеберше", "Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмирдің хикаясы" атты хикаялық дастандар енді. ### 4-том "Бабалар сөзі" сериясының төртінші томына "Қисса Хатымтай жомарт", "Хикаят дастан Хатымтай", "Қисса Қасым жомарт" атты хикаялық дастандар енді. ### 5-том "Бабалар сөзі" сериясының бесінші томына "Қағира мен Таймұс", "Хикаят Сәлімжан", "Хикаят Марғұба қатын", "Балықшы илә ғифрит қиссасы", "Қисса Тәжбақыт-Хоршаһра қыз", "Қисса үш қыз" атты хикаялық дастандар енді. ### 6-том "Бабалар сөзі" сериясының алтыншы томына "Болат, Жанат", "Қисса самұрық", "Қисса Жәмшид", "Алтын балық" атты хикаялық дастандар енді. ### 7-том "Бабалар сөзі" сериясының жетінші томына 9312 жолдан тұратын "Әбуғалисина, Әбілхарис" атты хикаялық дастан енді. ### 8-том "Бабалар сөзі" сериясының сегізінші томына 11917 жолдан тұратын "Қисса қырық уәзір" атты хикаялық дастан енді. ### 9-том "Бабалар сөзі" сериясының тоғызыншы томына "Бақтияр қиссасы", "Қисса Шәкір, Шәкірат падиша һашым балалары", "Қисса шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып", "Қисса һамра, Хұсрау патша", "Қисса мәлік Хасен" атты хикаялық дастандар енді. ### 10-том "Бабалар сөзі" сериясының оныншы томына "Киік", "Қақпанға түскен киіктің хикаясы", "Дариға қыз", "Қисса Шаһизинда", "Қубас", "Қисса жұмжұма", "Үшбу қисса Зеңгір жүһүд", "Хикаят Тәжілмәлік", "һаза кітап Мұхаммед-Ханафия", "Мұхаммед-Ханафия хазірет Әли ұғлының Табут падишамен соғысқаны", "Мұхаммед-Қанапия" атты діни дастандар енді. ### 11-том "Бабалар сөзі" сериясының он бірінші томына "Мұхаммед пайғамбар", "Қисса анхазірет Расулдың Миғражға қонақ болғаны", "Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі", "Бозторғай", "Қисса Қаһарман", "Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр", "Қисса хазіреті Айшаның тұһматы", "Қисса Мансұр әл-Халаж" атты діни дастандар енді. ### 12-том "Бабалар сөзі" сериясының он екінші томына "Қисса Зарқұм", "Зарқұм" атты діни дастандар енді. ### 13-том "Бабалар сөзі" сериясының он үшінші томына көлемі 18094 жолдан тұратын "Ғазауат Сұлтан" атты дастанның алғашқы он төрт тарауы енгізілді. ### 14-том "Бабалар сөзі" сериясының он төртінші томына "Ғазауат Сұлтан" дастанының жалғасы (он бесінші - жиырма жетінші тараулары) енгізілді. Шығарманың алғашқы он төрт тарауы аталмыш серияның 13-томында жарияланды. ### 15-том "Бабалар сөзі" сериясының он бесінші томына "Қисса Салсал", "Әзірет Әлидің соғысы", "Қисса Әбушахма", "Хикая Әбушаһыма" атты діни дастандар енді. ### 16-том "Бабалар сөзі" сериясының он алтыншы томына "Қисса Сейітбаттал" "Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы", "Диуана шейх Бұрқы","Қисса хазірет Әли разы Алла анһудың шаһ Барбарға құл болып сатылғаны туралы","Хазірет Әлидің Жанәділ шаһарында төбелескені","Қисса Сәдуақас", "Қисса Зейнеп пен Заидтың уақиғасы", "Қисса Мәлікаждар" және т.б. діни дастандар енді. ### 17-том "Бабалар сөзі" сериясының он жетінші томына "Бозжігіт", "Сейпілмәлік", "Қисса Сейпілмәлік шаһзада - Бәдіғұлжамал перізат" атты ғашықтық дастандар енді. ### 18-том "Бабалар сөзі" сериясының 18-томына "Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі", "Қисса Шеризат - Күлшат", "Қисса Дандан", "Қисса Зияда, Шаһмұрат" атты ғашықтық (романдық) дастандар енді. ### 19-том "Бабалар сөзі" сериясының он тоғызыншы томына "Қисса Ләйлі - Мәжнүн", "Қисса Таһир - Зүһра", "Бозаманның қиссасы" атты ғашықтық дастандар енді. ### 20-том "Бабалар сөзі" сериясының 20-томына "Қисса Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы", "Қисса қожа Ғаффан", "Нұғыман - Нағиманның қиссасы", "Қисса Баһрам" атты ғашықтық (романдық) дастандар енді. ### 21-том "Бабалар сөзі" сериясының 21-томына "Жаскелең", "Гүлнәр қыз", "Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила", "Әмірзада", "Қисса шаһизада", "Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы" атты ғашықтық дастандар енді. ### 22-том "Бабалар сөзі" сериясының 22-томына "Назымбек пен Күлше қыздың зары", "Есім - Зылиқа", "Қарға батыр", "Талайлы құл мен Әйім қыз", "Мақпал - Сегіз" (4 нұсқасы), "Жетім Мәриям", "Ақбөпе - Сауытбек" атты ғашықтық дастандар енді. ### 23-том "Бабалар сөзі" сериясының 23-томына "Нәзігүл", "Нұрден мен Мәриямның хикаясы", "Алтын балақ ақ сұңқар", "Қамарзаман", "Әбдікерім", "Сәнуар патша", "Бердібек пен Шаһизат", "Ақиық", "Қайраңдаған кит" атты хикаялық дастандар енді ### 24-том "Бабалар сөзі" сериясының 24-томына "Сұлтан патша", "Ақылды Ақым", "Ақбазарған", "Дастарқан", "Данияр", "Естігүл", "Жетім бала", "Қыз кереметі", "Шаймұза", "Төрт ғадыл", "Жасартқыш бұлақ", "Маймыл келіншек" атты хикаялық дастандар енді. ### 25-том "Бабалар сөзі" сериясының 25-томына "Анар - Сәуле", "Әнуар - Күләнда", "Садық - Сәлиқан", "Байын - Жүрек", "Салиқа - Сәмен", "Досан", "Нұртаза мен Күнасыл", "Олжа қыз" атты ғашықтық дастандар енді. ### 26-том "Бабалар сөзі" сериясының 26-томына "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Дандан мен Нәркес", "Ахмет пен Нүрилә" атты ғашықтық дастандар енді. ### 27-том "Бабалар сөзі" сериясының 27-томына "Арқалық", "Ер Жәнібек", "Тәутік батыр", "Жақыпберді батыр", "Боқы батыр", "Бөке батыр", "Жантөкеш" т.б. тарихи жырлар енді. ### 28-том "Бабалар сөзі" сериясының 28-томына "Майқы би", "Қожеке", "Арғынбектің жыры ", "Үркін-қорқын", "Кешубай - Жәмила", "Ер Бұлан", "Уаң бала", "Он сегіз", "Қан кешу", "Нүптебектің асы", "Сәтбек", "Шейітсай", "Сақари" атты тарихи дастандар енді. ### 29-том "Бабалар сөзі" сериясының 29-томына "Абылай хан", "Ер қормалы - ер Абылай", "Бөгенбай батыр", "Кенесары", "Кенесары - Қарақас", "Ағыбай батыр", "Есенкелді" атты тарихи жырлар енді. ### 30-том "Бабалар сөзі" сериясының 30-томына "Нұрғазарын", "Сағаттың хикаясы", "Патша мен әйел", "Сырлы қобди", "Тотай сал", "Өлген қыз", "Ұлар мен құзғын", "Нұх және наурыз", "Аққан сынап", "Алтын балта", "Ғалым қыз Буадат", "Жүніс жетім", "Қараторғай" т.б. хикаялық дастандар енді. ### 31-том "Бабалар сөзі" сериясының 31-томына "Құламерген", "Арық мерген", "Әбу жылан", "Телім - Тентек", "Екі ағайын ", "Мұрат Салих пен Мағрипа", "Көкек пен Зейнеп", "Қойшы батыр", "Саналы сара", "Сәукеле", "Бөкен жарғақ", "Бұлғын сусар", "Үш жетім", "Үш жетім қыз", "Кезбе шал", "Хан хүкімі" атты хикаялық дастандар енді. ### 32-том "Бабалар сөзі" сериясының 32-томына "Қазақтың жалпы шежірелері", "Қазақтың түп атасы - батыр Түрік", "Қазақ шежіресі", "Қазақ тарихы туралы жыр", "Жазуға шежірені алдым қалам", "Айтыс шежіресі", "Үш жүздің шежіресі", "Орта жүз найман шежіресі" т.б шежірелік дастандар енді. ### 33-том "Бабалар сөзі" сериясының 33-томына "Алпамыс батыр" жырының сегіз нұсқасы еніп отыр. ### 34-том "Бабалар сөзі" сериясының 34-томына «Қисса-и Алпамыс батыр», «Алпамыс батыр қиссасы», «Қисса Алпамыс», «Алпамыс батыр» атты батырлар жыры енді. ### 35-том "Бабалар сөзі" сериясының 35-томына «Қобыланды батыр» жырының бес нұсқасы енді. ### 36-том "Бабалар сөзі" сериясының 36-томына "Қобыланды батыр" эпосының халық ақындары Б.Толымбаев, Н.Байғанин, Е.Ешімов жырлаған көлемді әрі көркем нұсқалары еніп отыр. ### 37-том "Бабалар сөзі" сериясының 37-томына «Қобыланды батыр» жырының Айса Байтабынұлы, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы, Сәдуақас Ділманов жырлаған нұсқалары енді. ### 38-том "Бабалар сөзі" сериясының 38-томына «Қобыланды батыр» жырының Мергенбай жырау жырлаған үш нұсқасы енгізілді ( "Қобыланды батыр", "Қобыланды батырдың баласы Киікбай", "Қобыландының Темірланды жеңуі"). ### 39-том "Бабалар сөзі" сериясының 39-томына «Едіге жыр », «Мырза Едіге батыр», «Ер Едіге», «Едіге - Нұран», «Едіге батыр әңгімесі», «Едіге», «Мәулімнияз - Едіге», «Едіге батыр эпосы» атты батырлар жыры енді. ### 40-том "Бабалар сөзі" сериясының 40-томына «Орақ - Мамай», эпосының таңдаулы төрт нұсқасы енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған. ### 41-том "Бабалар сөзі" сериясының 41-томына "Қарасай, Қази" жырының Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Құдайберген Шоқаев, Мүстежеп Ахметұлы, Торения жырау жырлаған нұсқалары енді. ### 42-том "Бабалар сөзі" сериясының 42-томына «Қарасай-Қази» эпосының А.Байтабынов, Сейіт, Жақсылық жыраулардың айтуы бойынша жазып алынған және Маңғыстау экспидиция мүшелерінің белгісіз ақыннан жазып алынған қолжазбалық нұсқасы енгізілді. ### 43-том "Бабалар сөзі" сериясының 43-томына «Қамбар батыр» эпосының он бір нұсқасы енді. Жыр нұсқаларының көпшілігі бұрын-соңды жарияланбаған. Эпостың басты сюжеті ноғайлы-қазақ хандығы кезеңінің кейбір оқиғаларын қамтиды. ### 44-том "Бабалар сөзі" сериясының 44-томына «Ер Тарғын» жырының үш нұсқасы, "Ер Көкше", "Ер Қосай", "Сайын батыр", Қисса-и Қарабек", "Қарабек батыр" атты батырлық жырлары енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған. ### 45-том "Бабалар сөзі" сериясының 45-томына «Шора батыр» жырының 1884 жылы араб әрпінде жарияланған «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр», Қазан төңкерісінен кейін «Ер Шора» деген атпен жарияланған нұсқасы мен бұрын еш жерде жарияланбаған «Ертедегі Шора батыр», «Қисса Нәрікбай - Шора» варианттары енгізілді. ### 46-том "Бабалар сөзі" сериясының 46-томына "Қарасай - Қази" эпосының екі нұсқасы, "Төрехан батыр" жырының екі варианты "Бөген батыр" атты батырлық жырлары енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған. ### 47-том "Бабалар сөзі" сериясының 47-томына "Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек", "Жүсіп­­-Ахмет", "Қисса Бозұғлан", "Ахметбек - Жүсіпбек қиссасы", "Бозұғлан" жырлары енді. ### 48-том "Бабалар сөзі" сериясының 48-томына «Көрұғлы» жырының төрт нұсқасы енді. ### 49-том "Бабалар сөзі" сериясының 49-томына «Көрұғлы» эпосының Ә.Жүргенбаев, Е.Есенжолов, Ә.Жұмағазин, Е.Құлсариев, А. Хангелдин нұсқалары және Хасан бин Мирбабаның жариялауымен 1885 жылы Қазанда жеке кітап болып басылған «Хикаят Көрұғлы сұлтан» атты нұсқасының 1940 жылы Ж,Сыздықов жасаған аудармасы енгізілді. ### 50-том "Бабалар сөзі" сериясының 50-томы «Қырымның қырық батырына» арналған. ### 51-том "Бабалар сөзі" сериясының 51-томына "Нәрік", "Шора", "Қыдырбайұлы Қобыланды", "Асанқайғы, Тоған, Абат", "Қарғабойлы, Қазтуған", "Көкше батыр", "Көкшеніңұлы ер Қосай", "Ақжонасұлы ер Кеңес", "Манашыұлы Тұяқбай", "Жаңбыршыұлы Телағыс", "Айсаныңұлы Ахмет", "Алау батыр", "Әмет батыр", "Шынтасұлы Төрехан", "Сұлтанкерім" эпостары және "Манашы" жырының екі варианты енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған. ## Тағы қараңыз Мәдени мұра ## Дереккөздер
Ырғайты – Шу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы жерімен ағып өтеді. ## Бастауы Атжайлау тауынан басталады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 58 км, әрқайсысының ұзындығы 10 – 20 км болатын 41 жылға келіп құяды. Олардың жалпы ұзындығы 60 км-ге жуық. Қар, жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Жоғары ағысындағы аңғары тар, жартасты. Ақтерек ауылы тұсында өзен суын шаруашылықтар егін суаруға бөліп әкетеді. ## Дереккөздер
Қазақ рулары — қазақ халқының негізін құраушы ру-тайпалар. Бір атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы. Ұлы жүз: Жалайырлар (110 мың), Ошақты (20 мың), Дулаттар (250 мың), Суандар (30 мың), Албандар (81 мың), Қаңлылар (әдетте шанышқылымен қосып есептеледі) (50 мың), Сары үйсіндер (10 мың), Шапырашты (60 мың), Сіргелі (40 мың) және Ысты (45 мың). Шамамен XIX ғасырдың аяғында ұлы жүз халқы 700 мыңдай болса, 1989 – 2 милиондай болған. Дулат, Жалайыр және Суандарды ұлы жүздің саны көп рулары деп атауға болады. Орта жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 300 мың болған, ал 1989 – 3.1 милион. Соның ішінде: Арғындар 510 мың, Наймандар 430 мың, Қыпшақтар 150 мың, Керейлер 110 мың, Уақтар 60 мың, Тарақты 10 мың және Қоңыраттар 45 мың. Орта жүздің ірі рулары деп Арғындар, Наймандар, Қыпшақтар және Керейлерді айтуға болады. Кіші жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 100 мың адам болды. Кіші жүз үш бірлестіктен тұрады: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Соның ішінде Әлімұлы жалпы 350 мың, Әлімнің рулары Шектілер 80 мың, Шөмекейлер 100 мың, Төртқара 60 мың, Кете 60 мың, Қаракесек 25 мың және Қарасақал 15 мың құрайды. Байұлының жалпы саны 550 мың. Байұлының ішінде: Адайлар 100 мың, Байбақтылар 40 мың, Беріштер 40 мың, Таздар 20 мың, Шеркештер 45 мың, Масқар 20 мың, Тана 25 мың, Қызылқұрт – 40 мың, Алтын – 30 мың, Жаппас – 50 мың, Ысық – 20 мың, Есентемір 20 мың, Алаша – 40 мың. Жетірудің жалпы саны 300 мың. Соның ішінде: Табын 80 мың, Жағалбайлы 70 мың, Керейт 33 мың, Тама – 45 мың, Телеу - 20 мың, Кердері 20 мың және Рамадан 5 мыңға жуық, Ноғай-Қазақ cоның ішінде: үйсін-ноғай, қояс, қазанқұлақ, қостаңбалы 34 мын. 1989 жылы кіші жүз шамамен 1,4 милион адам болды. Кіші жүздің ірі рулары деп Шөмекейлер мен Адайларды айтуға болады. Саны 200 мыңнан асатын руларды қарасақ, жалпы қазақ халқындағы ең ірі рулар деп Арғын, Найман, Дулаттарды айтуға болады. ## Деңгейлері Қазақ руларының 4 деңгейі бар: * Бірінші деңгей (Ел) - Арғын, Найман және т.б. Барлығы 20 шақты ру. * Екінші деңгей (Тайпа, округтік, уездік деңгей) - Қаракесек, Қуандық және т.б. Барлығы 200 шақты ру. Жарты немесе бір округ, уезді құрады. Сыртқы округті аға сұлтандар, ал уезді орыс уезд бастықтары басқарды. * Үшінші деңгей (Ру, болыстық деңгей) - Керней, Қояншы тағай, Сарым, Қареке және т.б. Жарты, бір, екі болысты құрады. Болыс басқармасы басқарды. * Төртінші деңгей (Ата, ауылық деңгей) - Жарты, бір, екі административты ауылды құрады. Ауыл старшындарымен, 1868 жылдан сон билермен басқарылды. ## Ұлы жүз рулары ## Орта жүз рулары ## Кіші жүз рулары ## Ақсүйек ## Жүздерден тыс ## Таңба және ұран ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақ шежірелерінің тізімі * Қазақстан жерінде болған болыстар тізімі ## Сыртқы сілтемелер * Қазақ руларының шежіресі Мұрағатталған 23 қазанның 2020 жылы. * Бүкіл қазақ шежіресі * Востров В. В. Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов Мұрағатталған 6 шілденің 2015 жылы. * Подробная карта казахских родов * Дерево казахских родов Мұрағатталған 8 қаңтардың 2022 жылы. * http://www.senkazakh.com/kz/forum.php?mod=viewthread&tid=17417 Мұрағатталған 10 қарашаның 2013 жылы. * Структура казахских родов Мұрағатталған 16 тамыздың 2015 жылы. * Количественный состав родов по данным М.Тынышбаева.(қолжетпейтін сілтеме) * Қазақтың рулық құрамы туралы сұрақнама
Қопалтайөзек – Балқаш алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 42 км. ## Бастауы Бастауын Бектауата, Сарықұлжа беткейінденгі бұлақтардан алып, Қоңырат кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде құмға сіңіп кетеді. Өзен жағасы жоғарғы ағысында биік, жарқабақты, төменгі ағысында жайпақ, құмдауытты келген. ## Гидрологиясы Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жылқышы - неміс тілінен аударғанда “орман шалшықшысы” ұзын тұмсықты, шымыр денелі, сары қауырсынды кішкене құс (салмағы 250-450 г). Әуелде Еуропада патша қыр құсы деп есептелген. Өзінің суда тіршілік ететін туыстарынан айырмашылығы: жылқышы расында орманды мекендейді, ол күрең тартқан өткен жылғы төсеніш шөптің арасынан байқалмайды. Орман төсеніші арасынан ұзын тұмсығымен топырақты шұқып, құрттармен, әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Тұмсығының ұшындағы жүйкелері шоғырланған, сол арқылы топырақтың ішіндегі жемтігінің аз қозғалысын сезіп қояды. Сақ, әрі бұйығы, тек күй-ойнақ кезінде осқырған дыбыс шығарады.Бұл И.С.Тургенов, С.Т.Аксаков және басқа да жазушылардың шығармаларында бірнеше рет сипатталынып жазылған. ## Дереккөздер Қазақстандағы жануарлар әлемі Алматыкітап баспасы Jump up ↑ «Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы,«Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
Жасыл аражегіш немесе көк боздақ – құстың бір түрі. Сарыалқым аражегіштен айырмашылығы: алқымында ашық сары және арқасында ашық қызғылт жолақтары жоқ. Түсі онша шұбар емес, дауысы да өзгешелеу. Жасыл аражегіш онша көп таралмаған. Ол Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында, негізінен Сырдария, Ембі, Жайық, Сарысу, Шу, Іле өзендерінің аңғарларында, су қоймаларына жақын жерде мекендейді. Африка мен Арабияда қыстайды. Бірақ жасыл аражегіш ұяларын негізінен құмдарға салады. Сәуірдің екінші жартысында ұшып келіп, қыркүйек-қазан айларында ұшып кетеді. ## Дереккөздер
Дала құладыны - далалы аймақтың ең өжет қанатты жыртқыштарының бірі. "Құладындай ақ "деп қалыптасқан сөз, осы дала құладынына қатысты айтылған. Ол - өз туыстарының ішіндегі ең ақшылы. Аналығы мен жас құстардың ересек аталықтарынан айырмашылығы - беліндегі қара бояуында ақ таңғышы болады. Ұзын құйрықты және үшкір қанатты құладындар жерге жақын тішқан тәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстарды қарап, шусыз ұшады. Дала құладыны- Қазақстанда кездесетін 5 құладынның ішіндегі ең ұсағы (ұзындығы 40 см, салмағы 0,5 кг). Соңғы кезде барлық жерде осы құладынның саны азайып барады, сондықтан қорғауды қажет етеді. Атына қарамай, әдетте, ашық далада емес, ылғалды жерлерде - өзен алқабы немесе дала көлдерінің маңында мекендейді. Сәуірде ұшып келеді, қыстауға (Африка мен Азияның оңтүстігіне) қыркүйек-қазан айларында ұшып кетеді. Аналығы жерде шөп арасында орналасқан ұясына мамырда 4-7 ақшыл жұмыртқаларын салып, өзі 30 күн ішінде басып шығарады. Аталығы осы уақытта аналығына жем тасиды,әдетте ауада өз аяғына аналығының аяғына береді. Ең пайдалы, ұсақ, қанатты жыртқыштардың бірі. ## Дереккөздер
Қурайлы, Құрала — Қорғалжын алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Үшсарт ауылынан солтүстік-шығыста 15 км жерде, теңіз деңгейінен 337 м биіктікте жатыр. ## Сипаты Аумағы 4 км², су жиналатын алабы 65 км². Күрделі пішінді көлдің ұзындығы 7 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 18,5 км. Батыс жағалауы жарқабақты, қамыс басқан басқа жағалаулары жазық келген. ## Өсімдігі Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында қайың, терек шоқ ормандары кездеседі. ## Дереккөздер
Сұр келес (лат. Varanus griseus) – Қазақстандағы ең ірі кесіртке (денесінің ұзындығы 60 см, құйрығы 100 см, салмағы 3,5 кг-ға дейін). Ашық және қара-сары көлденең жолақтары бар және піспегі сияқты ұзын айыр тілін жиі көрсетеді. Көзінің қарашығы дөңгелек, қабағы қозғалмалы, жақсы дамыған. Қазақстанда тек Қызылқұм шөлі мен Түркістан облысындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында мекендейді. Негізінен құмды шөл немесе сазды шөлмен шекаралас жерде қоныстайды. Жер шарында тропиктік, субтропиктік, сирек қоңыржай белдеулерде кездесетін 24 түрі бар. Кесел жылан сияқты ирелеңдеп қозғалады, бұталарға, аласа ағаштарға өрмелеп шығып, 1,5 м-ге дейінгі биіктіктен секіріп түсе алады, суда жақсы жүзеді. Олар қорегін аулағанда немесе жауынан қорғанғанда денесін жоғары көтеріп, құйрығын көлбеу бағытта жер бетіне ұстап, минутына 100 – 120 м шапшаңдықпен жүгіреді. ## Дереккөздер Қазақстандағы жануарлар әлемі Алматыкітап баспасы Jump up ↑ «Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы,«Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
Қоншақ, Құншақ, Коншак (1130-1204) – қыпшақ ханы. XII ғ-дың II-жартысында Шығыс Қыпшақ тайпаларын біріктіріп, күшті әскери мемлекет құрды. Бұл кезде қыпшақтың Шарукан (Сарыхан) әулетінің хандары Солтүстік Донецк және Дон, Кубань өзендерінің бойындағы, Азов теңізінің жағалауындағы тайпалардың басын қосты. Осы әулеттен шыққан Артық ханның баласы Қоншақ 1174, 1178, 1183 ж. Переяславль жеріне шабуыл жасады. 1183 – 84 ж-дағы жорықта Хорол өзені бойындағы шайқаста Қоншақ әскері сәтсіздікке ұшырады. Қоншақ 1185 ж. орыс жасақтарын Каялы өзені бойында жеңіп, Новгород-Северск және Чернигов кінəзі Игорь Святославичпен бірге басқа да кінəздерді тұтқынға алады. Бұл оқиға “Игорь жасағы туралы жыр” эпосына арқау болған. Сонау алтыншы ғасырдағы І түркі қағаны Бумын қағанның орнатқан дәстүрін ХІІ ғасырдағы хандар да қатаң сақтап, таққа інісі, не інісінің баласы ие болған. Құншақ та сол ата жолын қуып, ағасы Сыржанның орнына отырды. ## Өмірбаяны Артық батыр Гүржістаннан еліне оралған шақта қалыңдық түсіріп, бала сүюге мүмкіндік алады. Солай дүниеге Құншақ келеді. Орыс жырнамаларыда «Құншақ» есімі 1160 жылдан бастап ұшырасады деседі. Сонда Құншақ 1130-1140 жылдардың арасында туған болып есептеледі. Орыс жылнамаларында оның есімі- Кончак деп жазылады. Ал Қазақ жазбаларында - Қоншақ, Құншақ, Қонжық деп жазылып жүр. Алайда тарихқа жақын есімі - Құншақ болып табылды. ## Билігі Құншақтың қай жылы биліктің тізгінін қолына алғаны беймәлім. Ол құба қыпшақ пен қара қыпшақтың басын қосып, ел іргесін бекітіп, тастүйін ұлы күшке айналдыруға тырысты және орыс кінəздіктеріне тәуелсіз, дербес мемлекет құруға ұмтылды. Қыпшақтардың бұлай күшеюі «орман адамдарына» ұнамады. Олар аңғал да намысшыл дала хандарын бір-біріне айдап, өздерінің мүдделеріне бағындыруды көздеді. Осылайша, атақты қыпшақтың ханы бола білді. Ол көптеген жорықтарға қатысып, «Шолақ», «Шолғын» соғыстарында көш бастады.Кейін уақыт өте келе, орыс кінəздігі күшейіп, Құншақ хандығы әлсірей бастады. 1187 жылы үш рет, ал 1190-1193 жылдардың арасында үздіксіз шапқыншылыққа ұшыраған қыпшақтар ежелгі қуат-күшінен айырылып қалды. Бірте-бірте бұрынғы атағы өшіп, орыс ықпалына көшті. Сонымен қатар, Құншақтың ұлы Юрий шіркеуге шоқынып, христиан дінін қабылдады. Осылайша, Құншақтың ұрпақтары шоқынып, орыстанып кетті. 1124жылы құба қыпшақтың ханы Бастаймен бірге орыс кінəздарына қосылып, Қалқының түбіне моңғолдармен соғыста қыпшақ әскерін басқарып жүріп, майданда үлкен ерлікпен қаза тапты. ## Дереккөздер
Бура — Орта жүз Найман тайпасының руы. ## Шежіре Бураден Шеге, Алушы, Сырдақ аталары өрбиді. ## Тарих Орта ғасырлардағы араб саяхатшылары “'тоғыз оғыз” мемлекетінің аса көп тайпасы қатарында жаймауыт, бура (Боғра), бураша, шегелі, тоқсаба ұлыстарын атайды. Бура этнонимі сол Боғрадан шыққан. Бура есімі б.з.б. 3 — 2 ғасырларда Ғұн мемлекетінің іргесін көтерген ұлыстар қатарында еске алынады. ## Ұраны мен таңбасы Ұраны-Қарабура!, Қаптағай!; Таңбасы - бақан, ергенек ## Тұлғалар ## Әдебиеттер * Бура шежіресі. Тоғыз таңбалы Найман Т.2 Мұрағатталған 15 шілденің 2021 жылы.
Эволюциялық процестің болғандығын ертедегі тіршілік жайлы ғылым— палеонтология көз алдымызға елестетеді. Палеонтолог ғалымдар геологиялық замандарда жер қабатындағы тасқа айналып сақталып қалған организмдердің қаңқа қалдықтарын зерттейді. Сондықтан геологиялық қабаттар Жер тарихының шежіресі болып саналады. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронология әдісі қолданылады. Әрбір геологиялық заманның өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін, қабаттардың орналасу тәртібінің нұсқасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Ғалымдар организмдердің пайда болу реттілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын ажыратып, ғаламшар тарихының хронологиясын (тарихи оқиғаның уақытын белгілеу), тіршіліктің тарихи дамуын сипаттап жазады. Жер-адамдарға ғана белгілі тіршілігі бар планета . Күн жүйесіндегі 8 ғаламшардың бірі. Жер - Күнге жақын тұрған үшінші ғаламшар. Атмосфера, су, оңтайлы климат және Күннен қолайлы қашықтық жағдайы Жерде тіршіліктің пайда болуына себепкер болды. ## Жердің пайда болуы Жер бұдан 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болды. Әлем бұдан 13,7 миллиард жыл бұрынғы «Жойқын жарылыс» деп аталатын аса күшті ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болды. Ғаламшардың біртіндеп кеңеюі процесінде Күн, Жер және басқа ғаламшарлар пайда болды. ## Жердің жас шамасы Жердің жас шамасын радиоактивтік ыдырау немесе радиокөміртектік мерзімдеу әдісін пайдалана отырып, есептеп шығуға болады. Осы әдістердің көмегімен тау жынысының және органикалық заттардың жас шамасын есептеп шығуға және Жердің жас шамасы туралы шамалас түсінік алуға болады. ## Жердің құрылуы Күн пайда болған кезде орасан зор шаң - тозаң мен газдар жиналып бұлтқа айналған. Шаңдар мен газдардың осы жиынтығы сығымдала келе тас ядроға айналып, одан Жер қалыптасқан. Ядроның ортасында температураның жоғары болғаны сондай, одан химиялық заттар бөлініп шығып, үстіне көтерілген. Осылайша су, газдар және атмосфера пайда болған. Алғашқыда Жердің атмосферасы қалыңдау болған және күн жылуын көбірек сіңіріп отырған.Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. Заманның аттары:Криптозой1. Архей — ежелгі заман2. Протерозой — алғашқы тіршілік Фанерозой3. Палеозой — ертедегі тіршілік4. Мезозой — ортадағы тіршілік5. Кайнозой — жаңа өмір ### Архей заманында тіршіліктің дамуы Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз болған. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда мембранасы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болып, суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Осылайша алғашқы тірі организмдер — гетеротрофтар (дайын органикалық қосылыстармен қоректенушілер) пайда болған. Канада, Аустралия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі анықталған. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар архей заманында тіршілік еткен. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да көбеюге қабілетті болған. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясында фотосинтез процесінің рөлі өте зор, өйткені фотосинтез органикалық дүниенің жануарлар және өсімдіктер деп бөлінуіне себепші болды. Ең алғашқы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар — көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы басты ароморфоз (күрделі өзгеріс) фотосинтез процесінің жүруімен тығыз байланысты. Архей заманының соңында шоғырлы (колониялы) балдырлардың тіршілік еткендігіне Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған олардың қалдықтарының табылғаны дәлел бола алады.Архей мен протерозой заманының ауысатын кезеңінде екі ірі эволюциялық өзгеріс болғандығы анықталды.1. Жыныстық жолмен көбею процесінің пайда болуы.2. Көп жасушалы организмдердің пайда болуы.Көп жасушалылардың бір тобы — белгілі бір орынға бекініп тіршілік етуге бейімделіп, губка тектес организмдерге айналды. Олардың екінші тобы — кірпікшелерінің көмегімен козғалып, олардан жалпақ құрттар пайда болды; үшінші еркін жүзіп тіршілік ететін, ауыз қуысы бар организмдер тобынан — ішекқуыстылар келіп шықты. ### Протерозой заманында тіршіліктің дамуы Протерозой - Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Архейде пайда болған прокариоттар — көк-жасыл балдырлар және бактериялармен қатар бір жасушалы жасыл балдырлар пайда болды. Бұлар нағыз эукариотты организмдер болып саналады. Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің басым көпшілігі — теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулар болды. Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі қандауырша (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді. Протерозой заманындағы хордалылардың пайда болуы ең ірі ароморофоздық құбылыс, өйткені ароморфоздың ерекшеліктері: * бұлшық еттері бекіну үшін тірек болатын хорданың пайда болуы; * түтік тәрізді орталық жүйке жүйесінің болуы жануарлардың белсенділік қабілетін арттырады; * суда тыныс алатын желбезектің дамуы. Бұл күрделі ароморфоздық белгілер хордалылардың жаңа кластарының пайда болуына себепші болды. Протерозой заманында табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде су мен атмосферада оттектің көп жиналғандығы анықталды. Бактериялар мен бір жасушалы балдырлардың тіршілік әрекетінен су жағалауларында топырақ түзілу процестері байқала бастады. ### Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы Палеозой заманы — 6 кезеңнен тұрады: * кембрий, * ордовик, * силур, * девон, * тac көмір, * пермь. Кембрий кезеңі Кембрий (организмдердің қалдығы алғаш табылған жердің аты) кезеңі. Бұл кезеңде топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Өсімдіктерден жасыл диатомды, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, ал қызыл, қоңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құрлықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырып, әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының мөлшері көбейе бастаған. Мұндай минералды тұздарды теңіз жануарлары денесіне еркін сіңіреді. Бұл кезеңде буынаяқтылардың ертедегі өкілі (осы күнгі құрлықта кездесетін есекқұртқа ұқсас) — трилобиттер пайда болды. Оның денесі хитинді-сауытты, 40—50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік еткен. Кембрийде — губкалардың түрлері, маржандар, ұлулар, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Сондықтан да кембрийді — омыртқасыздардың даму кезеңі деп атайды. Ордовик кезеңі Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты) кезеңі. Бұл кезеңде теңізде коңыр, кызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы алғашқы басаяқты ұлулар пайда болды, сонымен бірге иықаяқты, бауыраяқты ұлулар да тарала бастады. Тұщы су жағалауларында өсетін споралы өсімдік — псилофиттер өсе бастады. Геологиялық қабаттардан қазіргі миногалардың, миксиндердің арғы тегі болып саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңка қалдықтары табылды. Силур кезеңі Силур (тайпаның атауы) кезеңі. Бұл кезеңде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяғы бар, оның ауыз айналасына орналасқан ең алдыңғы жұбы, қорегін ұстап ұсақтау үшін қысқышқа айналған алып құршаяндар тіршілік ете бастады. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, денесі сүйекті сауытпен қапталған алғашқы омыртқалы жануарлар — сауытты балықтар пайда болды. Олардың жұп жүзбеқанаттары болмағандықтан су түбінде жатып тіршілік етті. Олар тек пішіні жағынан балыққа ұқсағанымен шын мәнінде жақсүйексіздер (дөңгелекауыздылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалуы ары қарай дамуына мүмкіндік бермей бірте-бірте жойылды. Осы күні дөңгелекауыздылар — миногалар мен миксиндер сол сауытты балықтардың жақын туысы болып саналады. Судың азайып таяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік — псилофиттердің құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсас болған, олардың нағыз жапырақтары болмаған. Олар жіңішке жіп тәрізді өскіншелері арқылы топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің құрлықка шығуы, эволюцияның ең негізгі күрделі өзгеріс кезеңі болды. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың әрекетінен құрлықта псилофиттер қорек қорын алатын биогенді қабат — топырақ түзіле бастады. Ең алғаш құрлықта псилофиттермен қатар өрмекшітектес буынаяқтылар да тіршілік ете бастады. Девон кезеңі Девон кезеңін Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметімен атаған. Девон кезеңін — балықтар кезеңі деп те атайды. Бұл кезеңде теңіздің көлемі азайып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейе түсті. Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі акулалар, тұтас жүзбеқанаттылар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбеқанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбеқанаттары желпеуіш тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбеқанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінді. Саусаққанатты балықтардың жүзбеқанаттары етті әрі қысқа, олар: 2 көкірек, 2 құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүруге де бейімделген. Тым таязданып кеткен суларда олар атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделе бастады. Олар қан тамырларымен торланған торсылдағы арқылы тыныс алды. Жұп жүзбеқанаттары біртіндеп жүруге көбірек икемделіп 5 саусақты аяққа, ал торсылдағы өзгеріп өкпеге айналған. Көпке дейін саусаққанатты балықтарды палеозойдың соңғы кезенінде жойылып кеткен деп келген еді. Бірақ 1938 жылы Оңтүстік Африканың мұражайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Ғалымдар латимерия бұдан 300 млн жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Латимерияның дене кұрылысында қосмекенділердің, басқа да омыртқалы жануарлардың (5 саусақты аяқтары) белгілері сақталған. Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер — стегоцефалдар кұрлыққа шыққан.Девон кезеңінде өсімдіктерден — споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлықтағы жасыл өсімдіктер ауаны оттекпен байытып әрі жануарларды қорекпен де камтамасыз етті. Тас көмір кезеңі Тас көмір кезеңі — жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады. Биіктігі 30—40 м ені 1-2 м ағаштектес плаундар-лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен. Тас көмірдің орта кезінде жер бетінде өсімдіктер кеңінен таралды. Тұқымды қырықжапырақтардан ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда өсімдіктердің тұқыммен көбею жолы пайда болды. Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбасты қосмекенділер) кең тарала бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні қазіргі тритондар мен саламандраларға ұқсаған әрі олар уылдырық шашып көбейген. Олардың итшабақтары суда дамыған әрі желбезекпен тыныс алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен тікелей байланысты. Пермь кезеңі Пермь кезеңінің аты сол кезеңнің тау жыныстары табылған қаланың атымен аталған. Пермь кезеңінде тау сілемдері түзіліп, құрлықтың көлемінің ұлғаюы ауа райының өзгеруіне де әсер етті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан солтүстікке қарай ыстық әрі құрғақ ауа райы болғандықтан, батпақты, ылғалды жерде өскен ормандар, қырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар біртіндеп азайып жойылды. Олардың орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер — ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды. Трилобиттер, палеозой маржандары, құрғақ ауа райына төзе алмаған қосмекенділер де жойылды. Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра, аяқсыз қосмекенділер ғана сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлыққа жақсы бейімделген терісі мүйізді қабыршақпен немесе сырты қатты қабықпен қапталған, сары уызға бай жұмыртқа салып көбеюге бейімделген, тыныс алуы, қан айналымы жақсы жетілген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Олар жер бетіне кең тарала бастады. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың аралық формасы ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға ұқсаған балықпен қоректенетін бақакесірткелер тіршілік етті. ### Мезозой заманында тіршіліктің дамуы Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады: * триас, * юра, * бор. Триас кезеңі Триас — ("үш" деген саннан шыққан) Оңтүстік Германиядан табылған пермь кезеңінің үстіңгі жағындағы қабаттардың санына байланысты койылған атау. Мезозой заманын бауырымен жорғалаушылар мен ашық тұқымды өсімдіктердің заманы деп те атайды. Өсімдіктерден — алып қырықжапырақтар, ағаштектес қырықбуындар мен плаундар біржола жойылып, ашық тұқымды өсімдіктер кең таралды. Бауырымен жорғалаушылар— динозаврлар, ихтиозаврлар, тасбақалар, ертедегі қолтырауындар, т.б. түрлері кеңінен таралды. Ұзындығы (дене тұрқы) 10—12 м денесінің сыртында мүйізді қабыршықтары жоқ, тұмсығы дельфинге, тісі қолтырауынға, басы кесірткеге, жүзбеқанаттары китке, құйрығы балыққа ұқсаған ихтиозаврлар теңіздерде мекендеген. Бірақ олар өкпемен тыныс алған. Ихтиозаврлардың ұрпақтары аналығының денесінен жұмыртқаны жарып сыртқа тірідей туған. Қазбадан табылған ихтиозавр қаңқасының ішінен "ұрпақтарының" қаңқасы шыққан. Триас кезеңінен бері қарай тасбақалар мен гаттериялар тіршілік етіп келеді. Жаңа Зеландияның аралдарында қазіргі кезде таралған гаттерия нағыз "тірі қазба" болып саналады. Соңғы 200 млн жылда гаттерия шамалы ғана өзгерген. Оның ата тегінде болған бас сүйегінің қақпағындағы үшінші төбе көзі әлі күнге дейін сақталған. Осы күнгі бауырымен жорғалаушылардың ішінен ешкіемер мен батбат кесірткелерде де үшінші көздің қалдығы бар. Бауырымен жорғалаушылардың құрылым деңгейі күрделенгенімен, бірақ олардың дене температурасының тұрақсыздығы байқалады. Юра кезеңі Юра кезеңі — Франция мен Швейцарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады. Бұл кезеңді — динозаврлар (корқынышты кесірткелер) кезеңі деп атайды. Бұл кезенде ауада да, теңізде де құрлықта да бауырымен жорғалаушылар кеңінен тарады. Қазіргі кезде ертеде тіршілік еткен динозаврлардың 250 түрі белгілі болып отыр. Динозаврлардың ішінде денесі ірі, басы кішкене, мойны мен құйрығы ұзын, дене тұрқы 30 м, салмағы 50 т алып брахиозаврлар тіршілік еткен. Юра кезеңінде жәндіктердің түрлері де көп таралды және алғашқы құс — археоптерикс пайда болды. Археоптерикстің басы кесірткенің басына ұқсаған, денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған, жақ сүйектерінде тістері бар, құйрығы 18—20 омыртқадан түзілген, тырнақтары ұзын. Оның құсқа ұқсаған белгісі — басынан басқа жері түгелдей қауырсынмен қапталған. Бұл кезеңнің ауа райы жұмсақ болғандықтан жабық тұқымды өсімдіктер кеңінен өсе бастады. Бұл өсімдіктер эволюциясындағы ең ірі ароморфоздық өзгеріс болып саналады. Тұқымның жеміспен қапталып жабық болуы, ұрығын қолайсыз жағдайдан қорғап өте алыс алқаптарға таралуына мүмкіндік береді. Бор кезеңі Бор кезеңі (бақалшақтар мен ұсақ теңіз жануарларынан түзілген бор қабаты қалың болғандықтан солай аталған). Бұл кезеңде гүлді өсімдіктер кеңінен таралды. Бұл кезеңдегі өсімдіктер әлеміндегі өзгерістерге: үйеңкі, терек, емен, эвкалипт, тал, қайың, т.б. жалпақ жапырақты ағаштардың пайда болуы жатады. Гүлді өсімдіктердің дамуы оны тозаңдандыратын жәндіктердің және жәндікпен қоректенетін құстардың пайда болуына себепші болды. Бор кезеңінің соңында ауа райының суынуына байланысты су жағалауындағы өсімдіктердің таралу алқаптары азайып, өсімдікқоректі және жыртқыш динозаврлар жойылды. Ірі бауырымен жорғалаушылар (колтырауындар) тек тропиктік белдеулерде ғана сақталып калды. Бор кезеңінде құстар мен сүтқоректілердің қарапайым топтары пайда болды. Бұл кезеңде жылықанды жануарлар құрлықта кеңінен таралып, ұшпайтын алып құстар пайда болды.Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфоздық белгілер.1. Жүйке жүйесінің күрделенуі, алдыңғы ми сыңарларының дамуы жануарлардың мінез-қылығының өзгеруіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне әсерін тигізді.2. Омыртқа жотасы айқын бөлімдерге жіктелді әрі аяқтары денесінің бүйір жағынан бауыр жағына орналасты.3. Ұрық аналық организмнің денесінде дамып, арнайы мүше — жатырда жетілді әрі ұрпағын сүтпен қоректендірді.4. Денедегі жылуды қалыпты сақтау үшін түкті жамылғы пайда болды.5. Газ алмасу қарқындылығын күшейтетін көптеген көпіршіктерден тұратын өкпе дамыды. ## Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы Кайнозой — жаңа тіршілік заманы (грекше "kainos" — "жаңа", "zос"— "тіршілік", "өмір"). Ол үштік және төрттік кезеңнен тұрады. ### Үштік кезең Үштік кезеңнің (палеоген) бас кезінде Еуропа ормандарында мәңгі жасыл магнолия, лавр ағашы, пальма, бамбуктардан басқа, жылу сүйгіш ағаштар — фикус, эвкалипт, нан ағашы кеңінен таралды. Кайнозой заманының екінші жартысында күн суытып жылу сүйгіш өсімдіктер тек Оңтүстікте ғана сақталып калды. Солтүстік және орталық ендіктерде жалпақ жапырақты үйеңкі, жеке, қандағаш, емен ормандары сиреп ашық далалы жердің көлемі ұлғайды. Құстарда ұшуын жеңілдету үшін ауа қапшықтары жетілді. Сүтқоректілерде тістері — күрек тіс, сойдақ және азу тістерге бөлініп күрделенді. Құстар мен сүткоректілер Жер шарында кеңінен таралды. Ашық далалы жерлерде 3 башпайлы жылқылар—гиппариондар, құстардан—түйеқұстар мекен етті. Ылғалды жазық далалы жерлердің құрғақ далаға айналуынан гиппариондар үштік кезеңнің соңында біржола жойылды. Үштік кезеңнің бірінші жартысында осы күнгі сүтқоректілердің барлық отрядтарының өкілдері, ал оның орта тұсында адамтектес маймылдар мен адамның арғы ата тегі пайда болды. Орман көлемінің азаюы, далалы жер көлемінің үлғаюына сәйкес адамтектес маймылдардың бір тобы орманның ішкі түпкіріне қарай ығысып, екінші тобы ағаш басынан жерге түсіп ашық кеңістікте мекендеді. Ашық кеңістікте мекендеген адамтектес маймылдың ертедегі бір тармағынан ең ежелгі ұрпақтарынан — адамдар пайда болды. Қорыта айтқанда, адамдардың арғы тегі кайнозойдың үштік кезеңінде пайда болды. Орманның ішкі түпкіріне қарай ығысып кеткен тобынан — гориллалар мен шимпанзелер пайда болды. Төрттік кезең Төрттік кезең — 1,5—1 млн жылға созылды. Мұздану ғасыры — плейстоцен, ал соңғы ғасыр — голоцен деп аталады. Бұл кезеңде Еуразия мен Солтүстік Американы 4 рет мұз басты. Антарктида, Исландия, Франц-Иосиф, Памир, Тянь-Шаньдағы мұздықтар — төрттік кезеңнің мұздық ғасырының қалдығы. Төрттік кезеңде мастодонттар (ертедегі пілдер), мамонттар, қылыш тісті жолбарыстар, алып жалқауаңдар, үлкен мүйізді шымтезек бұғылары жойылды. Ертедегі аңшылар Еуразиядағы мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтарды, алып жалқауаңдарды, жабайы жылқыларды жойып жіберді. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілердің көп түрлері мен түр тармақтары төрттік кезеңде пайда болды. ## Дереккөздер
Қопа – Тайшек алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 37 км, жалпы ұзындығы 19 км болатын 6 саласы бар. ## Бастауы Бастауын Сарықұлжа тауларының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Жарлы ауылынан төменде Тайшек өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы арнасы тау шатқалымен ағады. Орта ағысының басым бөлігі сайлы-жыралы жерлермен өтеді және жағалауы жарлауытты келген. Төменгі ағысының арна жағалауы жарқабақты, тіктеу. Өзен бойында бірнеше шағын көлдер жатыр. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қаракесек (Болатқожа) – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі арғын тайпасының "Бес мейрам" аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Қаракесектен: Қамбар, Майқы, Бошан, Таңас тарайды. Ш. Құдайбердіұлы Майқы мен Бошанды тоқалдың бел балалары, қалғандарын асыранды ұлдар деп есептейд. Мұндай пікірлерді Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ә. Бөкейхан, М. Тынышбаев та айтқан. Халық арасында кей шежірелерде болатқожаны даралап "төрт қаракесек" (болатқожа, қамбар, жалықбас, шұбыртпалы), басқаларында "үш қаракесек"(шұбыртпалы кірмейді) деседі. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы бүкіл арғын тайпасымен бірдей болғанымен, арғын ішінде болатқожаның шешесі Қарқабат атын ұран еткен. ## Территория Қарағанды облысының шығысын, Шығыс Қазақстан облысының батысын, Павлодар облысының оңтүстігін мекендейді. ## Болатқожа руы Болатқожа руы Бошан (Таз, Байбөрі, Машай,Жанту, Манат), Әлтеке (Алмұрат, Дос, Қойкел, Сапақ, Есболат, Өтеген), Сарым (Тоқсан, Өтеміс), Қара (Қожас, Жарас, Бәркөз, Өтеп, Тақабай, Мұрат, Дүзен, Тоқан) және Шор (Дүйсенбай, Шекшек, Тілеубай, Әйтімбет, Қожам, Әлтөбет) сияқты аталарға бөлінеді. ## Шежіресі Арғы атасы Арғын-ата, одан Қодан-тайшы, одан Ақжол би аталған - Дайырқожа. Дайырқожадан: * Бәйбішесінен ҚарақожаҚарақожа бәйбішесінен Мейрам-сопы (Бес Мейрам)Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік (Орта жүз), Бегендік, ШегендікМейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек) * Қарақожа бәйбішесінен Мейрам-сопы (Бес Мейрам)Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік (Орта жүз), Бегендік, ШегендікМейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек) * Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік (Орта жүз), Бегендік, Шегендік * Мейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек) ## Y-ДНК анализі 74%-ы Y-ДНК гаплогруппасы G1 ## Пікірлер 1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады." деген екен. ## Тұлғалар ### Тізімдер: ### Адамдар: ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Қаракесек шежіресі», бірінші том Павлодар қаласында, «ЭКО» ЖШС баспаханасы , Кітаптың таралымы – 500 дана
Қопа – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы және Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 163 км, су жинайтын алабы 6940 км². ## Бастауы Жетіжол, Кіндіктас тауларының солтүстік беткейіндегі Бел аулының төңірегінен басталып, Жиренайғыр темір жол стансасының солтүстігінде 7 км жерде Ұзынқарғалы өзенімен бірге Күрті өзенін құрайды. ## Гидрологиясы Арнасы кең, жағасы тік жарлы. Жер асты суларымен, жауын-шашынмен толығады. Жылдық орташа су ағымы сағасында 1,01 м³/с. Жағалауы – шабындық, мал жайылымы. Егістік, бау-бақша суару үшін пайдаланылады. Қопадан бірнеше шағын канал тартылған. Салалары: Жанжігіт, Кірөзек, Төбет, Жартас, Мұса, Ақсеңгір, Жиренайғыр. ## Дереккөздер
Қоңырсу – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Есіл және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 736 км2, жалпы ұзындығы 14 км болатын 6 саласы бар. ## Бастауы Бастауын сайлы-жыралы келген жазық өңірдегі бұлақтардан алып, Қоңырсу ауылынан төменде (Қыземшек тауының оңтүстігінде) Есіл өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы және орта ағысы сайлы-жыралы жазық өңірмен ағады. Төменгі ағысындағы жағалауы жарлауытты, жарқабақты келген. Орта ағысындағы арнасында бірімен-бірі жалғасып жатқан шағын 3 көл орналасқан. Жаз айларында ағыны қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына, көл жағалауы мен төменгі ағысы шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Қопа – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Қопа ауылдық округінің орталығы. * Қопа – Абай облысы Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылдық округіндегі таратылған ауыл. * Қопа – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл. * Қопа – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл. * Қопа – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл. * Қопа – Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл. * Қопа – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Қопа – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл. * Қопа – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы таратылған ауыл. Өзен-көлдер: * Қопа – Іле алабындағы өзен. * Қопа – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өзен. * Қопа – Ертіс алабындағы көл. * Қопа жазығы
Қонақай — Терісаққан алабындағы көл. ## Географиялық орны мен сипаты Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік-батысында, Кенен мен Сарыдоңғал таулары аралығында орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 30 м биіктікте жатыр. Аумағы 3 км², ұзындығы 2,7 км, енді жері 0,5 км, жағалау бойының ұзындығы 6,3 км. Бойлық бағытта созылып жатқан көл жағалауы жазық. Тек солтүстік бөлігі біршама жарлауытты. Жағалау бойында қамыс, құрақ шоғырлары кенздеседі. ## Су алабы Солтүстігінен Терісаққан өзеніне қарай шағын өзен ағып шығады. Жаз айларында кеппейді. Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Негізінен жер асты суымен толысады. Алабы шабындық және мал жайылымы. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 2012 жылдан 2022 жылға дейін 1 желтоқсанда жыл сайын тойланған Қазақстанның мемлекеттік мейрамы. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. 2022 жылдың 29 қыркүйегінде қабылданған «Мерекелер туралы заң» бойынша мемлекеттік мейрам деңгейін жоғалтты. ## Тарихы Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Президенті заңға қол қойды, заңға № 509-IV саны берілді. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда Қазақстанның түкпір-түкпірінде мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді, оның басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болды. Кейбір жалпыұлттық шаралар да мерекеге орайластырылды. Мысалғы, 2016 жылдың 1 желтоқсанында 10 000-шы ескерткіш банкнот айналымға енгізіліп, Алматы облысындағы Нұркент жаңа қонысының ресми ашылуы өтті.. 2022 жылдың қыркүйегінде ҚР Парламенті Мәжілісі «1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталармен және әлеуметтік мәні зор әлеуеті жоғары басқа да даталармен салыстыра отырып анықтауды ұсынылды, мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастап» , тиісті заң қабылданды. 2022 жылдың қараша айының соңында ол мерекелер тізіміне енді. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 2012 жылдан 2022 жылға дейін 1 желтоқсанда жыл сайын тойланған Қазақстанның мемлекеттік мейрамы. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. 2022 жылдың 29 қыркүйегінде қабылданған «Мерекелер туралы заң» бойынша мемлекеттік мейрам деңгейін жоғалтты. ## Тарихы Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Президенті заңға қол қойды, заңға № 509-IV саны берілді. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда Қазақстанның түкпір-түкпірінде мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді, оның басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болды. Кейбір жалпыұлттық шаралар да мерекеге орайластырылды. Мысалғы, 2016 жылдың 1 желтоқсанында 10 000-шы ескерткіш банкнот айналымға енгізіліп, Алматы облысындағы Нұркент жаңа қонысының ресми ашылуы өтті.. 2022 жылдың қыркүйегінде ҚР Парламенті Мәжілісі «1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталармен және әлеуметтік мәні зор әлеуеті жоғары басқа да даталармен салыстыра отырып анықтауды ұсынылды, мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастап» , тиісті заң қабылданды. 2022 жылдың қараша айының соңында ол мерекелер тізіміне енді. ## Дереккөздер
Жалдықұм – Алматы облысы Іле ауданында орналасқан қоныс. Күрті өзенінің сол жағалауында, Ақкесек төбесінің (549 м) солтүстік-батысында, Сарытауқұм құмдарының оңтүстігінде, Абдол құмының батысында. Жалды-қырлы болып келген құмдауыт жер шамамен теңіз деңгейінен 300 – 400 м биіктікте, оңтүстік-батысында Бозой үстіртімен шектесіп жатыр. ## Дереккөздер
Тянь-Шань шиесі (Раушангүлділер тұқымдасы) - жабайы өсетін Қазақстандық төрт түрдің ең кең тарағаны. Шығыс төбешіктерінде, Тарбағатайда, Жетісу Алатауында, Тянь-Шаньда (Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) кездеседі. Құрғақ, тасты беткейлерд, жартастарда, қорымда, бұта шіліктерінде тау етегінен таудың ортаңғы белдеуіне дейінгі аралықта өседі. Жиі үлкен көлемді шілік құрайды. Орташа биіктегі (1,5 м-ге дейін) бұта, қоңырлау-сұр қабықты. Жапырағы жіңішке қандауырша, қысқа сағақты, жиегі ұсақ тісшелі. Ұзын бұтақтарындағы жапырақтары қысқа, бұтақтағы жапырақтарына қарағанда ұзын(ұзындығы 3см-ге, ені 1см-ге дейін). Гүлдері қысқарған өркендерге төрт-алтыдан топтаса орналасқан. Гүлдері күлгін, бес мүшелі, көптеген аталықтары және жалғыз түйінімен. Тостағаншаның түтігі цилиндр тәрізді, түп жағы үрмелі, тостағанша тісшелері үшкір, бірнеше есе қысқа. Шие сәуірдің соңынан маусымға дейін гүлдейді. Жемістері (күңгірт-қызыл шар тәрізді сүйекті) маусым-шілдеде піседі. Тұқымын жемісімен қоректенетін құстар мен сүтқоректілер (қасқыр, түлкі т.с.с.) таратады. Қышқылдау тәтті жемістердің дәмі жағымды, бірақ өндірістік маңызды емес. Омарталық, сәндік , өсімдік, құрғақ, тасты беткейлерді тұрақтандырушы. Құрғақшылыққа төзімді түрлер алу мақсатында, будандастыру үшін қызығушылық тудырады. Дереккөз: " Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Суретті энциклопедия". Алматыкiтап баспасы 2008
Қаратау жуасы (лат. Allium karataviense) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын Қазақстандық түрлердің ішіндегі әйгілісі, Солтүстік жарты шарындағы көптеген елдердің мәдениетінде кеңінен танымал. Әкті қорымда, сирек төменгі белдеуден субальпі белдеуіне дейінгі Батыс Тянь-Шань және Шу-Іле тауларының барлық жоталарындағы тастақты беткейлерде кездеседі (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында). Өте ірі (Диаметрі 6 см дейін) шар тірізді пиязшықты, едәуір биік сабағымен (30 см-ге дейін) және жалпақ (4-10 см-ге дейін) жапырақтарымен (саны 1-4 көтерілетін) ерекшеленеді. Гүлдері жұлдызшалы, күлгіндеу, ақшыл-жасылдау, ашық-күлгін, қалың шар тәрізді шатырға жиналған. Аталықтары гүлсерігінен ұзындау және одан сәл ғана қылтиып тұрады. Сәуір-маусым айларында гүлдейді, мамырдың аяғынан жеміс салады. Құрғап қалған сабақ сынып, шар тәрізді гүл шоғырымен, желмен домалап тұқымын таратады. Тұқымымен көбейеді. Тұқымы өсіп-өнуінің созыңқы кезеңімен ерекшеленеді, мәдени жағдайда төртінші жылы гүлдейді. Қолда жақсы өседі,Қазақстанның ботаника бақтарында өсіріледі, сондай-ақ ТМД елдерінде және Батыс Еуропада гүлдеу мерзімінің ұзақтығымен (25 күн) бағаланады. Халықтық медицинада пиязшықтары өкпе ауруларына, алқынғанда және жараны жазатын зат ретінде қолданады. ## Дереккөздер
Қиғаш шоқшабас папоротник (Жылантіл папоротниктер тұқымдасы) Қарапайым топ өкілі, ежелгі палеозой эрасынан келе жатыр (жасы 200 млн жылдан көп). Бұл түр жер шарына кең тараған. Қазақстанда шалғынды беткейлерде, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы және Алтай альпілік белдеулеріндегі тастақты ылғалданған учаскелерде кездеседі. Морфологиялық белгілері бойынша басқа папоротниктерден, жекелеп алғанда алдыңғы түрден тез ажыратуға болады. Жапырағы жұмсақ, өсудің алғашқы кезеңінде иректелмейді. Тамырлары жуан, етті, тамырының құрамында саңырауқұлақ бар, оның көмегімен папоротник топырақтан қоректік қоректік заттар алады. Жапырақтары жалғыз, өте жай өседі, топырақтың бетінде тіршілігінің тек төртінші немесе бесінші жылы ғана шығады. Бұл түрдің жапырағының тағы бір өзіндік ерекшелігі, екі бөлікке ашалана бөлінеді - вегетативті және споралы. Вегетативті сегмент. Жеміс беретін жапырақ сағағының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Сопақ пішінді және жұптасқан ромбы немесе жарты ай тәрізді бөліктерге қауырсынды тілімденген. Споралы сегмент сағақта (ұзындығы 8 см), ол да қауырсынды тілімденген немесе жай бұтақтарға бөлінген, дөңгеленген спорангиялармен (көбею органы) аяқталған. Спорангийлер барынша ірі, олардың әрқайсысында бірнеше мыңдаған споралар бар. Споралар маусым-шілдеде піседі. Су арқылы топыраққа түседі, бір бөлігі осы жерде өсіп өнеді. Өсуінің алғашқы кезеңінде ұлпаларына саңырауқұлақ кіреді, онсыз папоротниктің қалыпты өсуі мүмкін болмайды. Қиғаш шошабас - өте ұсақ өсімдік (биіктігі 5-20 см), оны шөптердің арасынан бірден байқау қиын, табиғатта бұл өсімдікті көргендер өте аз, бірақ ол туралы аңыздар көп. Халықтың берген атауы («ключ трава» немесе «разрыв-трава»), сенім бойынша қиғаш шоқшабас, «қазына» табуға жол көрсетеді, ашылмайтын сандықты ашып, алынбайтын қамалды бұзуға көмектеседі делінген аңызда. Славян халқының нанымы бойынша («разрыв-трава») қиғаш шоқшабас он жылда бір гүлдейді, онда тек Иван Купаланың түнінде (7 шілде). ## Дереккөздер