text
stringlengths
3
252k
Бау-басқұр – киiз үйдiң арқандары мен жiптерi, баулары мен құрлары. ## Дереккөздер
Қара үй — Бай ауылдың шаруашылық үшін пайдаланатын үйлері де көбіне қоңыр жүннен басылған киізбен жабылып, әлгі аттарға ие болады. ## Дереккөздер
Қара үй — Бай ауылдың шаруашылық үшін пайдаланатын үйлері де көбіне қоңыр жүннен басылған киізбен жабылып, әлгі аттарға ие болады. ## Дереккөздер
Тікенді қараөрік, тікенді алхоры (лат. Prunus spinosa) - раушангүлдер тұқымдасы алхоры туысына жататын бұталы өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 3 м-ге дейін жетеді. * Бұталарының көбінің ұшында өткір тікені болады. * Жапырақтары майда, жұмыртқа тәрізді, сағақтары қысқа, шеттері ара тісті. * Гүлдері ақ түсті, гүл сабақтары ұзын, гүл жапырақшалары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Гүлдері жапырақтарынан бұрын наурыз-сәуір айларында пайда болады. * Жемісі - дөңгелек, шар тәрізді, қара көк, сүйекті келеді. ## Өсетін жері Таулы және тастақты беткейлерде, орманның шеттерінде, жыраларда, өзеннің тік жағалауларында, бұталардың арасында өседі. ## Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы Құрамында цианоген гликозиді, амигдалин, кемферон деген заттар болады. Гүлдері мен жапырақтарының несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеттері бар. Сондықтан оны іш жүрмей қалғанда және түйнеп ауырғанда қолданады. Дене сыртына іріңді бөртпелер шыққанда пайдаланса да жақсы нәтиже береді. Жасалған дәрілермен бауырдың әр түрлі ауруларын емдейді. Өсімдіктің қабығынан, тамырынан жасалған дәрілерді дене қызуы көтерілгенде пайдаланады. Дәрілік мақсат үшін тікенді алхорының гүлдерін, жапырағын, тамырын, қабығын жинайды. ## Дереккөздер
Жорық үй — кейiнiректе Абылай хан кезiнде көп қолданылғандықтан Абылайша аталып кеткен баспана – киiз үйдiң салмағын жеңiлдетiп, тiгу мерзiмiн қысқартады. Абылайшаның уақытша тігілетін үйлерден өзгешелігі оған міндетті түрде шаңырақ көтеріледі. Қазақ халқының шаңырақты сыйлау үрдісі өз ханын шаңырақсыз жабасалма үйге кіргізуге ұрқсат бермейтін болса керек. Бұндай үйдiң сүйегi уықтар мен шаңырақтан тұрады. Сырты үзiкпен ұсталып, төбесi түндiкпен жабылады. Абылайшаға, жорық үйге от жағылады. ## Дереккөздер
Бау - киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ, ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау - қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау - киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау - түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл — көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі - жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау. Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау - үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Бау– үй жабдықтарын бекiту үшiн пайдаланылатын жiптен ширатылған, ызылған, тоқылған бау. * Аяқ бау – керегенiң аяқ жағына тағылатын бау. * Бас бау – киiз үй туырлығы мен үзiгiнiң үстiңгi жағына тағылатын бау. * Жел бау – дауылды желге қарсы сақтықпен байлап қоятын баулар. * Уық бау – уыққа тағылатын бау. * Кереге бау – керегенiң басына да(сол жақ басынан) аяғына да (орта тұсынан) баулар не құрлар тағылады. * Шет бау – текемет, сырмақ секiлдi үй жиһаздарын iлу үшiн шетiне тағылатын жiп баулар. ## Дереккөздер
Дарбаза – қақпа, есік, босаға. ## Дереккөздер
Бау - киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ, ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау - қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау - киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау - түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл — көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі - жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау. Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау - үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Бау– үй жабдықтарын бекiту үшiн пайдаланылатын жiптен ширатылған, ызылған, тоқылған бау. * Аяқ бау – керегенiң аяқ жағына тағылатын бау. * Бас бау – киiз үй туырлығы мен үзiгiнiң үстiңгi жағына тағылатын бау. * Жел бау – дауылды желге қарсы сақтықпен байлап қоятын баулар. * Уық бау – уыққа тағылатын бау. * Кереге бау – керегенiң басына да(сол жақ басынан) аяғына да (орта тұсынан) баулар не құрлар тағылады. * Шет бау – текемет, сырмақ секiлдi үй жиһаздарын iлу үшiн шетiне тағылатын жiп баулар. ## Дереккөздер
Сушылқара тұқымдастары (Cinclidae) - тау ағын суында тіршілік етуге бейімделген торғайтәріздес құстар отрядына жататын өте ерекше шағын (бар болғаны 5 түр) құстар тұқымдасы. Бұл шағын денелі сайрақ мөлшерлі, дене бітімі мығым құстар сыртқы кейпімен де, қылығымен де суды ортаға атап айтқанда, тез ағатын тау өзендері және бұлақтарына байланысты өмір сүреді. Олар тек қана жақсы жүзіп қоймай, жақсы сүңгиді. Дегенмен күшті, тұтқыр аяғымен тау суының ағыны түбіндегі тастарды қармап, сутүбінен жемін іздестіреді. Бұлардың жақсы сүңгуір ретінде басқа құстардағыдай көптеген сүйектерінде ауа қуыстары болмағандықтан дене үлес салмағы өте жоғары. Сушылқараның жабын қауырсындары маймен жақсы майланатындықтан, денесіне су жұқпайды. Олар аз және жақын қашықтықта ұшады. Сонымен бірге қайраттана қанат қағып, энергияны көп жұмсайды. Тура және екпіндете ұшады, оңтайлылығы нашар. Тау ағын суларында және жағадағы мүктерде мекен ететін жәндіктермен қоректенеді. Аталығы мен аналығының өңдері бірдей, жастары ересектеріне қарағанда ала-құла болып келеді. Бұлар - отырықшы құстар, тек кейде ғана қыста өздері жүрген тау өзендері мен бұлақтарын бойлап томен түседі.
Жабсалма — Киiз үйлер тiгiлу әдiсiне байланысты әртүрлi аттарға ие. Көшiп, не керуен салып келе жатып бiр қонып аттанатын жағдайда екi керегенi жайып бастарын түйiстiрiп бекiтiп үстiне киiз жауып жасаған баспананы жабасалма атайды. ## Дереккөздер
Дәндеку – кiсенiң оқшантаймен қатар тұратын былғары қалтасы. ## Дереккөздер
Ұранқай – уық тәрiздi ағаштардың басын түйiстiре байлап киiз жаба салатын уақытша баспана. ## Дереккөздер
## Киіз үй жабдықтары * Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. * Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. * Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. * Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан. * Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан. * Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. * Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан. * Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау. * Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. * Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. * Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. * Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. * Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз. * Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз. ## Дереккөздер ## Киіз үй жабдықтары * Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. * Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. * Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. * Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан. * Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан. * Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. * Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан. * Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау. * Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. * Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. * Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. * Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. * Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз. * Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз. ## Дереккөздер
Крейтер (ағылш. Crater Lake) – әлемдегі ең танымал, суы мөлдір таза көлдің бірі. Оның мінсіз жарқырауы, уақыт өте келе күңгірттенуі адам баласын қызықтырады. Ол - Орегонның оңтүстік бөлігінде орналасқан ғажайып жанартаулық құбылыс. Ал терең көлдің тағдыры таңдай қақтырады. Көл осыдан 7 700 жыл бұрын пайда болған. Бұдан өзге тереңдігі 1 220 метр болатын кальдерді толтырып отырады. 1902 жылдың 22 мамырында Крейтер көлінің арқасында АҚШ-да ұлттық бақ пайда болған. Көл туристерді ынтықтыратын, басты байлығы болып саналады. ## Жалпы анықтама Көлдің сыртқы өлшемі – 8 х 9,6 шақырым. Ең терең жері 594 метрді құрайды. Тереңдігі бойынша әлемде жетінші, Солтүстік Америкада екінші орын алады. Ең алғаш оны 1853 жылы 12 маусымда Джон Уэсли Хиллмэн көріп, «Терең көк көл» деп атаған. Бүгінгі таңға дейін көлдің аты үш мәрте өзгерген: «Көк көл», «Ұлы көл» және «Кратер көлі». ## Қызықты деректер * Жергілікті америкалық Кламас тайпасының аңызы бойынша, Мазама тауында Скелл және Ллео атты құдайлардың арасында шайқас болған. Сол жойқын шайқастың нәтижесінде Мазама тауы жойылып, орнына Крайтер өзені пайда болған. Аталған тайпаның адамдары Крейтер көлін елес іздеу үшін пайдаланған. * 2005 жылы АҚШ-та осы көлдің суреті бар тиын шығады. * Зерттеулер Крейтер көлінің түбінде гидротермальды белсенділіктің болып тұратынын айтады. Яғни Мазама жанартауы кез келген уақытта қайтадан оянуы мүмкін. ## Галерея ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Крейтер (көл) * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Крейтер (көл)
Дарғындар (дарг. дарган, дарккван; көп. түр. дарганти, дарккванте) — Орталық Дағыстандағы (Ресей) дағыстан халықтарының бірі. Олар Бұйнақ ауданының оңтүстігінде, Левашы ауданында, Гунибс ауданының солтүстік-шығысында, Қарабұтақкент ауданының оңтүстік-батысында, Ақуша, Сергоқала, Дахадай аудандарында, Қайтақ ауданының оңтүстігінде, Агул ауданының солтүстігінде тұрады. 2010 жылғы халық санағы бойынша Ресейде 589 386 дарғын тұрды. 2020 жылғы халық санағы бойынша - 626 601 адам болды. Оның ішінде Дағыстанда 490 мың адам (2010, халық санағы), Ставрополь өлкесінің шығысында (49,3 мың), Ростов облысында (8,3 мың), Қалмақстанда (7,6 мың), Астрахан облысында (4,2 мың) адам тұрды.Антропологиялық жағынан дарғындар еуропоидтық нәсілдің кавказдық тобына жатады. ## Тілі Дарғындар Солтүстік Кавказ тілдер отбасының Нах-Дағыстан тармағына жататын дарғын тілінде сөйлейді. Дарғын тілі көптеген диалектілерден тұрады.Дарғын әдеби тілі Акушин диалектінің негізінде қолданылады. Халық арасында орыс тілі де кең тараған. 20 ғасырда тілдің жазба тілі екі рет өзгерді. Алдымен дарғындар үшін дәстүрлі араб әліпбиі 1928 жылы латын әліпбиіне, кейін 1938 жылы орыс жазуына ауыстырылды. 1960 жылдары дарғын әліпбиіне Пl пI әрпі қосылды. Бүгінгі күні әліпбиде 46 әріп бар.Мектептерде оқу бүкілресейлік бағдарлама бойынша дарғын тілінде жүргізіледі. Әдебиет, орыс және шет тілдерінен барлық оқулықтар дарғын тіліне аударылған. ## Діні Дарғындар сүнниттік исламды ұстанады, бұл олардың мәдениеті мен дәстүрлерінің негізгі элементтерінің бірі. Олардың пайымдауынша, Дағыстанда ислам діні VII ғасырда көршілес Парсы елінен миссионерлер келген кезде қабылданған. Дегенмен, Дағыстанда сунниттік исламнан басқа шииттік ислам, православие, яһудилік және пұтқа табынушылық сияқты басқа діндер де таралған. ## Тарихы Қайтаг пен Зирихгеран (Кубачи) туралы араб авторларының алғашқы дәлелдері 9 ғасырға (6-7 ғасырлардағы оқиғаларға байланысты) жатады.Дарғындар этнонимі туралы алғаш рет 15 ғасырда айтылған. 14 ғасырда ислам қалыптасты. 19 ғасырдың басында Дарғындардың аумағында Кайтаг уцмиизмі, бірқатар ауылдық қауымдастықтар одақтары (таулы ауылдарда), ішінара тарков шамхализмі болды.Дағыстан Ресей құрамына кіргеннен кейін (1813 ж.) дарғындар Шәмілдің (1834-59) басшылығымен Дағыстан мен Шешенстанның таулы аймақтарының азаттық күресіне қатысып, 1877 жылғы отаршылдыққа қарсы көтеріліске белсене қатысты. 1921 жылдан бастап, дарғындар Дағыстан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының, 1991 жылдан Дағыстан Республикасының құрамында. ## Кәсібі 16 ғасырдан бастап үш шаруашылық-мәдени аудан пайда болды: * 1) төменгі тау етегі (жазықтың бір бөлігімен) – егіншілік (арпа, бидай, тары, жүгері, бұршақ дақылдары) және мал шаруашылығы (ірі қара); * 2) орта таулы – егістік және мал шаруашылығы (күзде) қой шаруашылығы; * 3) биік таулы – шалғындық (көктемдік) қой шаруашылығы және егістік шаруашылығы. Тұрмыстық қолөнер негізінен таулы аймақтарда дамыған, әсіресе жүнді өңдеу (мата, кілем, тоқылған бұйымдар), металл, ағаш, тас, былғары өңдеу.Ең танымалдары, қару-жарақ, Кубачи зергерлік бұйымдары, ауылшаруашылық құралдары, Харбуктан жасалған қару-жарақ, Амузга жүздері, Сулевкенттен жасалған қыш ыдыстар, Хаджалмахи матасы, Сутбук пен Холаядан ойылған тас, ағаш құралдар, Кайтагтан жасалған ыдыс-аяқ, цудахар терісі, Сафян және Губденнің әйелдер аяқ киімі және т. б. ## Тұрмыс салты Дарғындардың қоғамдық ұйымының негізін ауылдық қауым – жамағат құрады. Қауымдастықтар ауылдық қоғамдардың одақтарын құрады.Дарғындардың көпшілігі Акуша, Цудахар, Мекеги, Усиша, Ураха, Муга және кейде Сирха қауымдарының одақтарын біріктіретін Акуша конфедерациясының құрамына кірді.Басым отбасы шағын, бірақ 20 ғасырдың басында да бөлінбеген отбасылар болды. Тухумдар – бір атадан тараған әулеттердің рулық топтары сақталған. Дарғындардың таулы ауылдары негізінен шоғырланған, террасса тәрізді, тау етегінде елді мекен үйлерінің аулалары бар. Ең көне тұрғын үй бір бөлмелі, ортасында ошақ бар. Таудағы тұрғын үйлердің негізгі түрі екі және көп қабатты тегіс шатырлы үйлер, тау етегінде екі қабатты және бір қабатты үйлер бар. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа қоғамдық ғимараттар мен кеңірек көшелер, темір және шатырлы төбелері бар үйлер (әдетте екі қабатты, веранда) пайда болды. Ұлттық киімдері: ерлер-жеңсіз шапан (бурка), жүнін сыртына қаратып қой терісінен тіккен жамылғы тон, киізден және теріден жасалған етік, әйелдерді кең немесе тар балақты шалбар, архалука аталатын көйлек,теріден тігілген аяқ киім киеді. Бастарына күміспен әшекейленген кестелі жамылғы (чухта)тартады. Ұлттыық тағамдарында ұн, ет пен сүт жиі қолданылады. Дарғындар фольклоры өте бай. Сондай-ақ, егіншілікке, тұрмыс-тіршілікке, үйленуге байланысты әр-алуан салт-дәстүрін сақтап қалған. ## Қазақстандағы даргиндер Даргиндердің алғашқы толқыны 1877 жылғы патшалық Ресейге қарсы көтерілісі жеңілгеннен кейін Солтүстік Қазақстанға жер аударылған. Келесі толқын 1933-34 ж. кулактарды жер аударуға байланысты, үшінші толқыны соғыс жылдары және соғыстан соң, тың игеру кезінде қоныстанған. Қазақстандағы даргиндердің саны - 826 адам (2013). ## Дереккөздер
Шегіргүл (лат. Viola) – шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Сабағы тік, жапырақтары кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді. * Гүлі дара, қос жынысты, гүлсерігі екеу. Аналыққа қысылған аталығы бесеу, жіпшелері қысқа, алдыңғы екі аталығы қапшық сияқты шірнелік. Аналығы бір ұялы, көп тұқымды түйін, аналық аузы қатпарлы. * Жемісі - екі жағына ашылатын қорапша. * Тұқымы - ақуызды ұрықтар. ## Түрлері, өсетін жері мен таралу аймағы Жер бетінде 500-ге жуық түрі кездеседі, негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде таралған. Кейбір түрлері Солтүстік Америкада, Анд тауларында эндемик өсімдік ретінде, Жапонияда өседі. Аздаған түрлері Бразилияның субтропикалық аймағында, Оңтүстік Америка, Австралия, Жаңа Зеландияның тропикалық аймақтарында да кездеседі. Қазақстанда үш түсті шегіргүл (Viola tricolor), хош иісті шегіргүл (Viola odorata) және т.б. түрлері өседі. ## Қолданысы * Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем. * Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді. * Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады. ## Дереккөздер
Шыбжың ТАСЖЫБЖЫҚ (Oenanthe isabellina)- ірі денелі 22-35г, жабын қауырсындарында қарама-қарсы түстер мүлде болмайтын тасшыбжық. Аталығы мен аналығының сырт көрінісінде айырмашылық жоқ, жонының біркелкі құм түстес қоңырқай реңі бауырында жайлап құм типтес сары түске ауысады. Олар кәдімгі немесе шөл тасшыбжықтарының аналықтарына өте ұқсас, алайда олардан едәуір ірірек, ең бастысы - тұмсығы үлкенірек. Одан басқа олар басқа тасжарғылардан гөрі жиірек денесін тіктеу ұстайды. Шыбжың тасшыбжық Қазақстандық шөл, шөлейт және құрғақ далаларда көптеп кездеседі. Ол тек қана сусымалы, бекімеген құмнан, сондай-ақ қалың өскен шөптесін биік өсімдіктері бар орманды және шалғынды үлестерден қашқалақтайды.Оның есесіне мал таптаған ауыл жақтарына және тіпт қалаларға орнығуға өте әуес, ал таулрда субальпілік белдеудің орныққан және шөптесін аласа үлескілерге дейін көтеріледі. ## Шөлді аймақтарда Шөлде шыбжың тасшыбжық -құстардың көрнекті түрлерінің бірі. Аталықтар көктемде және күзде көп сайрайды және сайрап жүріп күйттік ұшу жасайды.Олар бөгде әуендерді оңай қабылдап, өз әуеніне қосып алады. Жеке аталықтардың осындай бірнеше кірме әуендері бар, олардың арасында шалшықшының, лашынның, сан алуан бозторғайлардың, бұлдырықтың тырдудың, бөдененің және т.б. дауысы естіледі. Шыбжың тасшыбжықтардың сан алуан әуеніне көрщілестердің ещқайсысы тең келмейді.Ұяларды кемірушілердің індеріне , көптеген жұқпалы ауруларды тарататын бүргелердің қоректендірушісіне айналған суырлардың және құмдауықтардың тұрған індеріне жиі-жиі орналастырады. Ұя інге 1-ден 3 метрге дейін өте терең. кірер ауыз бен жер бетінен 40-тан 120 сантиметрге дейін қашықтықта орналасады.Тереңдетілген шұңқырдағы ұяның кернеуі ін жолының деңгейіне сәйкес келеді. Ұяны негізінде аналық салады, аталық кейде ғана аналыққа жәрдемдеседі. Салындыдағы 4-6 теңбілсіз ашық көгілдір жұмыртқаларды да аналық 12-15 кун басады, ал балапандарды ата-енелері сонша мерзім қоректендіреді. Балапандар әлі ұша алмаса да, ұядан шығып кетіп, алғашқы қауіп төнген кезде інге жасырынады да алғашқы аптада іннің маңайынан ұзап кетпейді. Шыбжың тасшыбжық жазда- 2 рет , тауларда тек қана 1 рет балапан өргізеді.Қазақстан аумағында наурыздың қазанның соңына дейін кездеседі. ## Дереккөздер Мектеп энциклопедиясы. А. Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь. Құстар кітабы. Алматы 2010
Кәбір Абдуллин 1943 жылы 11 шілдеде Қытай Халық Республикасының Шағантоғай елді мекенінде туған. Семей педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін тамамдаған.Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол, әр жылдары кеңес атқару комитетінің төрағасы, шаруашылық кәсіподағының төрағасы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеген. Кейіннен облыстық «Семей таңы» газетіне арнаулы тілшілікке ауысып, республикалық «Ара» журналында, араб әліппесімен шетелдік қандастарымызға арналып шығарылған «Біздің Отан», «Шалқар» газеттерінде қызмет еткен.Ақынның әркез жазған өлеңжырлары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. «Көңіл әуендері» атты ұжымдық жинаққа бір топ өлеңдері, «Күміс күйме» ұжымдық жинағына поэмасы енгізілген. «Алтын мүйіз ақ құлжа» атты жинағы жеке кітап болып 2004 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген. 2007 жылы «Үш қиян» баспасынан «Құдірет» атты жыр жинағы шыққан.
Бардин қорықшасы — 1966 жылы Бардин және Агдаш әлеуметтік аумағында құрылған. 1930 жылы құрылған Айрыджан қорықшасы негізінде құрылған. Қорықша негізінен жануарларды қорғауға арналған. Ол қорықшаның негізгі мақсаты қырғауылдың, қоянның белгілі бір түрлерін сақтау және санан қалпына келтіру. ## Дереккөздер
## Өмірбаян Рза Оңғарбай Ахметұлы қыркүйектің 9 күні 1949 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық поселкесінде туған. 1966 жылы Таушықтағы Шахта орта мектебін, 1974 жылы Гурьев Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1974- 2002 жылдар аралығында Гурьевте, Таушық ауылында, Ақтау қаласында әртүрлі басқармаларда, Кеңес және әкімшілік қызметтерінде болды. 2003 жылдан бері облыстық «Маңғыстау» газетінде қызмет етеді және жеке шығармашылығымен айналысады. «Таушықтың сансыз таулары-ай», «Дәніспан», «Әзілдесейік әлеумет» атты кітаптары жарық көрді. Ол соңғы уақыттарда поэзия аудармасы, афоризм және әзіл әңгімелер жазумен айналысып жүр. Омар Һәйямның рубаяттарын аударып «Қандай нұрлы дидарың» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Сондай-ақ оның шығармалары бірнеше ұжымдық жинақтарға да енді. ## Өмірбаян Рза Оңғарбай Ахметұлы қыркүйектің 9 күні 1949 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық поселкесінде туған. 1966 жылы Таушықтағы Шахта орта мектебін, 1974 жылы Гурьев Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1974- 2002 жылдар аралығында Гурьевте, Таушық ауылында, Ақтау қаласында әртүрлі басқармаларда, Кеңес және әкімшілік қызметтерінде болды. 2003 жылдан бері облыстық «Маңғыстау» газетінде қызмет етеді және жеке шығармашылығымен айналысады. «Таушықтың сансыз таулары-ай», «Дәніспан», «Әзілдесейік әлеумет» атты кітаптары жарық көрді. Ол соңғы уақыттарда поэзия аудармасы, афоризм және әзіл әңгімелер жазумен айналысып жүр. Омар Һәйямның рубаяттарын аударып «Қандай нұрлы дидарың» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Сондай-ақ оның шығармалары бірнеше ұжымдық жинақтарға да енді.
Маркессак бақшасы (фр. Jardins de Marqueyssac) - таулы қыратты Дордонь даласына қараған тұста Ла-Рок-Гажак пен Бейнак ауылының екі ортасында 22 гектар жер аумағында орналасқан. Бақша бүкіл Франция елінде италиялық нақышта жасалған ең сұлу бақша ретінде танымал. Маркессакқа жыл сайын өзге мемлекеттерден 140 мыңнан астам турист келеді. ## Жалпы анықтама Маркессак ғимаратының бақшасы ұзындығы 6 шақырым болатын лабиринтті саялы аллеядан тұрады. Кейіпке енген мәңгі жасыл шамшит өсімдігі қолмен кескінделіп істелген 150000 жүз жылдық бұтақтардан жасалған. Шамшиттен бөлек бақшада құлпынай, мәңгі жасыл сауырағашы, емен, қарағай, үйеңкі өседі. Саябақта жасанды сарқырама, готикалық капелла, ойын алаңы, көкке шығатын ашық алқап және кішкентай сәкілер бар. Бақшада бес бақшашы жұмыс істейді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Маркессак бақшасыРесми порталы * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Маркессак бақшасы * Ресми порталы
Рауль Жозе Триндади Мейрелеш (порт. Raúl José Trindade Meireles; 1983 жылы 17 наурызда туылды) — португалиялық футболшы, жартылай қорғаушы. ## Клубтағы мансабы ### Боавишта Рауль - Боавишта академиясының жас тәрбиеленушісі. Бірақ алғашқы профессиональдік мансабың Авеш клубы үшін өткізді. Боавиштаға 2003 жылы жазда қайта оралып келді. Бір маусым ішінде ол 29 матч өткізіп, алайда бірде-бір гол соққан жоқ. ### Порту 2004 жылы шілде айында Рауль португалиялық Портумен бес жылдық контракка отырды. Мәлімдеме бойынша ол бір секундта ойланбай, Портуға көшуді қалаған.Барлығы 6 маусым өткізіп, Рауль 40 матч пен қоса 4 гол соқты. ### Ливерпуль 2010 жылы 28 тамызда прессада «Ливерпуль» Раульмен қызығады деген ақпарат түсті. Осы күні «Ливерпульдің» ресми сайтында бұл құпталып, футболшының толықтай көшуі үшін медециналық тексеріліс пен жеке контрактың мәселесі калғаны жарияланды. Мейрелиш «Ливерпульдің» бас бапкері Рой Ходжсонтың оның көшуі үшін көп еңбектенгенін айтып, жаңа клубта армандары мен мақсаттарына жетуге уәде бергеннің де айтты. 2011 жылы 16 қаңтарда Рауль Ливерпуль үшін алғаш голын 215-ші Мерсисайдтық дербиде соқты. 22 қаңтарда екінші голын «Вулверхэмптон Уондерерc» клубының қақпасына тығып, сол матчта тағы да Фернандо Торресқа голдық доппен ерекшеленді. 2 ақпанда Рауль Ливерпуль үшін үшінші голын 47 минутта «Сток Сити» қақпасына соқты. «Ливерпульдің» бас спонсоры бойынша, Рауль қаңтар айында «Ливерпуль» сатындағы ең үздік ойыншы атанды. 6 ақпанда «Челси» қақпасына жеңістік гол тығып, соңғы 5 матчтағы 4 голын соқты. Келесі матчта да голмен ерекшеленді, осы жолы «Уиган Атлетик» қақпасына гол салынды. Бұл «Ливерпуль» үшін 5 гол атанып, жаңкүйерлердің қасында тез жақсы ықылас тауып алды.«ESPN» интернет ресурсы мен «Match of the Day» журналы бойынша АПЛ-дің ақпан айындағы үздік ойыншы атанды.Жалпы 44 матч өткізіп, 5 гол соқты. ### Челси 2011 жылы 31 тамызда трансфер терезесі жабылуына жарты сағат қалғанда «Ливерпуль» сайты Мейрелиш трансферға жазбаша сауал бергені туралы баяндайды.Көпұзамай «Челси» «Ливерпульмен» келісмге келегеннің жариялады. Жалпы екі маусым өткізіп, 48 матч пен 6 рет голмен ерекшеленді. ### Фенербахче 2012 жылы 3 қыркүйекте түрік командасымен 4 жылдық контракка отырды. Трансфер құны 8 млн.еуро болды. ## Ұлттық құрамадағы мансабы Португалияда Рауль жастар арасындағы Еврапа чемпионы болып, 2000 жылы Израилда жеңді. 2004 жылы Германияда өткен Еуропа чемпионатында 3-ші орынға ие болды. 2008 жылы негізгі құрам үшін ,Австрия мен Швейцарияда өткен Еуропа чемпионатынына қатысты. 2010 жылғы Әлем чемпионатына қатысып, келешектік чемпиондар- испанияға ғана жеңіліп, ары қарай өтпей қалды. Еуро 2012-де 5 матч өткізіп, құрамасымен қола медальдарды ұтып алды. 2014 жылғы әлем чемпионатында тек қана 3 матч өткізіп, ары қарай өте алмады. ## Жетістіктері ### «Порту» * Лига Сагриш чемпионы (4): 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09 * Португалия Кубогінің иегері (3): 2006, 2009, 2010 * Португалия Суперкубогінің иегері (3): 2006, 2009, 2010 ### «Челси» * Англия Кубогінің иегері: 2012 * УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы :2012 ### Фенербахче * Түркия Чемпионы: 2012/13 * Түркия Кубогінің иегері: 2013/14 * Түркия Суперкубогінің иегері: 2014 ### Ұлттық құрамада * 16 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы: 2000 * Еуропа чемпионатының қола медаль иегері: 2012 ## Сыртқы сілтемелер * http://www.sports.ru/raul-meireles/ Sports.ru сайтында профилі * http://footanal.ru/2011/08/27/raul-mejrelesh.html Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2011 жылы. Footanal.ru сайтында профилі
Turkvizyon ән байқауы 2014 (ағылш. Türkvizyon Song Contest 2014; түр. 2014 Türkvizyon Şarkı Yarışması; тат. 2014 Türkvizyon Cir Bäygese) - Татарстанның Қазан қаласында 2014 жылдың 19-21 қараша күндері аралығында өтті.Татарстан байқауды өткізу құқығына Түрік тілдес мемлекеттер арасындағы мәдениет астанасы ретінде ие болды. Қазақстандық әнші «Turkvizyon 2014» байқауының жеңімпазы атанды. Жанар Дұғалова орындаған «Ізін көрем» әні кәсіби сарапшылардың ықыласын ерекше аударды. Екінші орынды «Atlar Çaba» әнін шырқаған татарстандық Айдар Сулейманов еншіледі. Үшінші орын башқұртстандық Заман тобына бұйырды. Келесі 2015 жылғы байқау Түркия елінде өтті. ## Бұрын өнер көрсетіп көрген орындаушылар * Қабарда-Балқария және Қарашай-Черкесия: Эльдар Жаникаев (Turkvizyon 2013) * Ирак түрікмендері: Ахмед Дузлу (Turkvizyon 2013) * Румыния: Дженгиз Эрхан Куткалай (Turkvizyon 2013) ## Қатысудан бас тартқан елдер * Алтай Республикасы * Беларусь * Косово * Солтүстік Кипр саяси-құқықтық себептермен, Ресей Солтүстік Кипрді егемен мемлекет ретінде танымағандықтан өнер көрсете алмады. Бұның кесірінен Солтүстік Кипр делегациясының құжаттары Ресейде жарамсыз болып табылады. Солтүстік Кипрды Ипек Амбер «Sessiz Gidiş» (Сөзсіз кетіп бара жатырмын) әнімен ұсынуы тиіс еді . * Шория ## Жартылай финал Жартылай финал 19 қарашада өтті. Финалға үздік 12 орындаушы жолдама алды. Кестеге түсініктеме Финалисттер ## Жартылай финал нәтижелері 1.^ Заңдарға қайшы, Түрікменстанға өзінен берілген қосымша 5 балл қосылған (нәтижесінде 169 балл) Бұл қателікті кейінірек ұйымдастырушылар байқап, қосымша 3 финалистті хабарлады.2.^ Босния және Герцеговинаның орындаушысы 168 балл жинаған. Алғашында техникалық қателіктің кесірінен қосымша 3 балл беріліп, соның нәтижесінде 171 балл жинаған. Бұл қателікте кейінірек жөнделді. ^ ^ ## Финал Финал 2014 жылдың 21 қарашасында өтті. Төменде финалға өткен 15 қатысушы көрсетілген. Алғашында ұйымдастырушылар 12 финалист болатынын хабарлаған, бірақ баллдарды қате санаудың кесірінен финалға Түрікменстан мен Босния және Герцеговина жолдама алды. Алайда ұйымдастырушылар өзінің қателігін көріп, байқау әділетсіз болмау үшін қосымша үш полуфиналист - Саха Республикасы, Болгария және Әзірбайжан финалға жолдама алды. Кестеге түсініктеме Жеңімпаз     Екінші орын     Үшінші орын     Соңғы орын ## Финал нәтижелері ## Жюрилер тізімі ## Хабар таратқан арналар ## Дереккөздер
Айырылысар көже - көп уақыт бірге болған отбасылардың біреуі көшетін кезде берілетін көже болып саналады. Көші қонғанда "ерулік" беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда енді олар Айырылысар көжеге шақырады. Көже деп сыпайылап айтқаны болмаса сыйлы, бағалы табақ тартылады. Олар бір-біріне ризашылығын білдіріп, "ұрыспай айырылған ұялмай қосылар" деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. Осы "Айырылысар көже" арқылы қимастық көңілдері көрініс табады. ## Дереккөздер
Арқан керу - Ауыл өмірінде ертеден келе жатқан ежелгі дәстүр. Оның екі түрі бар. * Құда келгенде немесе келін түскенде олардың алдынан арқан керіп, әйелдер кәдесін алады. Кәденің түп-төркіні, жаңа құдалар мен жас келіннің жолы ашық әрі пәле-жаладан, түрлі кедергілерден аман болсын деген таза көңіл, ақ ниеттен шыққан. Қазақта "арқан аттама", "арқан ұрлама", "есіліп жатқан арқан астынан өтпе" деген тыйымдар әдептілік пен тәлім-тәрбиенің тәртіптік жолын білдіреді. * Малды ауылдың мал қотанының сыртынан арқан керіп қоятын ырымы болған. Халық ұғымында қыл арқанның киесі бар, оны ит-құс аттап өте алмайды деп сенген. Сапарда далаға қонған адамдар да жатар жерін қыл арқан немесе шылбырмен қоршап жатса қоршаудан жылан, шаян, бүйі, қарақұрт өтіп келмейді деген ұғым бар. ## Дереккөздер
Шаңырақ (башқ. сағыраҡ; чув. шăнăркă, қыр. түндүк, бур., моңғ. тооно) — киіз үй күмбезін кереге көзді крестімен дөңгелек ішінде қоршалана аяқталған конструктивті элемент. Күмбездің бүйір элементтерін - уықтарын ұстап тұруы үшін , ойықтан күн жарығының сәулесі пайда болуы үшін және ошақ түтіннің сыртқа шығуына орай арналады. Шаңырақ- киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны белгілі. «Ортада темір пеш, тұрбасы шаңырақтан асып шығып жатыр» (Ғ. Сланов, Замана.). ## Шаңырақ. Қара шаңырақ. Дәстүр. Қазақ халқы “шаңырақ” деген сөзге көптеген ұғымдарды жатқызады. Мысалы “Пәленшекемнiң ұрпағы пәлен шаңыраққа жетiптi” деп, бiр ауылдың, не бiр рудың есiмiн жобалап отыратын болған.Шаңырақ киiз үйдiң күмбездiк, жартышарлық ұлттық, көркемдік қасиетiн сақтап тұрады. Үйге жарық түсiрiп, үйге жағылған от түтiнiн ауаға шығуын қамтамасыз етедi.Жалпы “Қара шаңырақ” атауы сол киiз үйге деген ежелгiлiк, ескiлiк көз қарас тудыруымен қатар, қасиеттiлiк күш-қуат та бере алатын сөз. Ол сөз сол үй иелерiнiң тамырларының терең, ру басы бабалар тарихымен астасып жатқандығының жҽне олардың ата дәстүрiн жалғастырып келе жатқан адамдар екенiнiң белгiсi, дәлелi секiлдi болып тұрады. “Қара шаңырық” атауы бар үй сол рудың және сол румен қарым-қатынастағы басқалардың да құрмет тұтары, тағзым етерi болып саналады. Қара шаңырақ иесi көп жағдайда аты аталып, марапатталып жатады. Шетте жүрген, қонысы басқа сол қара шаңырақ ұрпақтары мен жек-жаттары қара шаңыраққа сәлем бере келiп, арнайы сыбағалар әкеледi.Жасы үлкендерi еншiлерiн алып бөлек үй болып кеткенде әкенiң кенжесi (сүткенжесi) әке қолында қарашаңырақ иесi боп қалады. Ата-ананы күтiп-бағу кенже баланың мiндетi. Бұл үй еншi алып кеткендерге үлкен үй боп есетеледi. ## Құрылысы Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады: * Тоғын - шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. * Күлдіреуіш - Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. * Беріктік - Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. * Шаңырақтың көзі - Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді. ## Мемлекеттік рәміздерде Шаңырақ Қырғызстанның мемлекеттік туында, Қазақстанның және қазақтар тұратын Моңғолия және Баян-Өлгий облысының елтаңбаларында, сондай-ақ 2005 жылғы Қызыл қаласының елтаңбасында бейнеленген. ## Дереккөздер
Ала жіп аттамау. Қазақ дүниетанымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде тағы басқа әдет-ғұрып қағидаларында „ Ала жіп “ бейнесі қолданылады. Соның бірі- Ала жіп аттамау деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу „ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама“ деген терең мағынаны білдіреді. Біреудің „мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын“ деген сөзі оның ақ-адалдығын білдіреді. ## Дереккөз
Ақалақшы — сауда керуенінің басшысы. Ерте заманда сауданы кәсіп еткен басқа адамдарды да Ақалақшы деген. ## Қызметі Билік орындары сауда-саттық ісін көбінесе Ақалақшылар арқылы реттеп, олардан керуешілердің жүріс-тұрысы, нарықтың өзгеруі, халықтың пиғылы және тағы басқа жайында қажетті мағлұматтар алып отырған. ## Дереккөз
"Енді Асаукөк ойнайық!- деген ұсыныс түсті" (Ө.Қырғызбай). Бұл қысты күндеі үй ішінде отырып жасалатын ойын-сауықта да , ұлт дәстүріне жататын қызықты кеш. "Асаукөк" әсіресе, құрметті қонақ келгенде, құда күткенде үлкен-кішілердің бас қосуымен жасалатын бұл кеште ән, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш айту, қолтұзақ, асық ойыны болады. Үлкендер әңгіме, өлең тыңдап, жастар өнер салыстырып, әзіл-қалжындар, күлкі шақырып, жиналған ел адамдары көңіл көтеріп, бір сергіп қалады. ## Дереккөз
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үй апарып жүрді. Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге «желкөз» -деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге «торкөз»- деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық және т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже, қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады. ## Тарихы Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынырақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шамамен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған. ## Этимологиясы мен синонимі Жалпытүрік тіліндегі «jurt» («юрта» - орыс тілінде ) деген сөзі «жұрт» деген мағынаны басымрақ білдіріп және де – «жайылым, жайлау» деген мағынаны да білдерді. Қырғыз және қазақ тілдерінде «Ата-Жұрт» сөзі «атамекен» - синонимі «Отан», сөзбе-сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді. * Гэр (транслитерациясы: ger) – Моңғолша жай ғана «үй» мағынасын бідіреді. * Тирмә (транслитерациясы: tirmä) – бұл Башқұрт тіліндегі «киіз үй» термині. * Боз үй (транслитерациясы: boz üy) – Қырғыз терминінде киіздің түсіне байланысты, «боз, сұр үй» дегенді білдіреді. * Аk öý және gara öý – Түркімен тілінде сән салтанатына не әсемділігіне сай сөзбе-сөз «ақ үй» және « қара үй» дегенді білдіреді. * "Kherga"/"Jirga" - деп атайды, Африкандықтар. * Kheymah (خیمه) (урду тілінен (және парсы): خیمه) – Пакистан тұрғындары үшін, бұл «шатыр» не «киіз үй» деген мағынаны білдіреді. * Чадра (چادر) – Парсы тілінде * Хona-я siyoh , xayma (киіз үй, хонаи сиёҳ, хайма). –Тәжік тілінде ## Киіз үй түрлері Киіз үйлер қазақы және қалмқы деп екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді. * Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. * Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы. * Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. * Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй. * Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй. * Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі. * Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі. * Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі. * Қараша үй – кедей үйі. * Отау – жас жұбайлар үйі. * Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер. * Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері. * Ақтағыр - 2 қанатты, 2 үзікпен жабылатын шағын киіз үй. * Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй. * Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй. ## Үй құрамы ### Киіз үй сүйегі Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық. Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет. Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді. Өмірлік тәжірибе құлаған киіз үйдің ең көп зақымданатыны уық қаламдары екенін көрсетіп жүр. Бұндай жағдайға ұшыраған киіз үй сүйектері зақымданған уық қаламдарын сәл ұзартып, қайта қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі. * Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері. * Шаңырақ– үйдің бас бөлігі. * Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек. * Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш. * Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік. * Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы. * Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш. * Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы. * Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы. * Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы). * Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы. * Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы. * Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз) * Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері. * Желі– керегені құрайтын ағаштар. * Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны. * Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы. * Қары– уақтың иініне дейінгі бойы. * Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр. * Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі. * Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш. * Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш. * Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек. * Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы. * Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш. ### Шаңырақ Басты мақаласы:ШаңырақКиiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi. Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды. Этимологиясы Қазақ тілінде “шаңбақ” деген сөз бар. Ол сөз тек қана бір-біріне тік бұрышпен бікітілген нәрселерге арналатын сөз. Қауғаның шаңбағы деп құдықтан су шығаратын тері ыдысты бекітетін, тура шаңыраққа ұқсатып жасаған құралды айтады. “Шаң” сөз түбірі болса (қосу таңбасы) “рақ” пен “бақ” жалғаулары олардың бірін шаңыраққа бірін шаңбаққа айналдырып тұрады. Бұл мәселе жөнінде тіл мамандарына ой толғап көруіне болатын секілді. ### Есiк пен төр Басты мақаласы: Есік (қазақ үй), төр Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қарай бағытталады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар. Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады. Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар. Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi. Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi». Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын! Басты мақаласы: Кереге, Босаға Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға. Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады. Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген. Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады. Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi. Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр. Қазан-ошақ Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады. Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек. Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы ретiнде де таниды. Бақан, адалбақан Басты мақаласы: Бақан, адалбақан Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды. Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам — адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны күйзелгенде «Төрiмнен көрiм жақын» деп қиналатыны да бар. Табалдырықты баспа! Ертедегi түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен, ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн мәнге ие. Мысалы, ертеректе шала-жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн табалдырықтың астына көметiн болған. Түсiктi де сөйткен. «Табалдырықты баспа!» дейтiн тыйымның шығу себебi, мiне, осымен байланысты. Оталмаған мылтық пен қаппаған қақпанды домдау үшiн табалдырықтың астына қойып, бойын таза ұстайтын әйел адамға аттататын болған. Себеп, арғы әлем мен бергi әлемнiң арасындағы қаскөй рухтар мылтық пен қақпанды байлап тастады дейтiн түсiнiк. ### Үй киіздері * Киіздер– киізден тұратын бөлшектер. * Түндік– шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз. * Туырлық– ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз. * Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз. * Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз. * Киіз есік - үйдің есігін сыртынан жабылып тұрады * Үзік - уықтардың үстін ала жабылады ### Киіз үйдің баулары, басқұр мен арқандары (бау-шулары) Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады. * Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Таңғыш – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау. * Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан. * Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. * Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. * Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады. * Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр. * Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі. * Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. * Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан. * Киіз үйдің шилері - кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік. * Есікбау – киіз есіктің бауы. * Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау. * Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан. * Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы * Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар. * Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау. * Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп. * Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан. ## Киіз үйндің негізгі бөлмелері * Төр – мұнда жүк жаналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғарғы әрі қымбатты орыны деп саналады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді. * Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды. * Оң жақта - (кіргенде сол жақ) балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді. * От орны қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. ## Киіз үй киіздерін дайындау барысында орындалатын жұмыстар: * Қой қырқу * Жүн тазарту * Жүн сабау * Киіз басу * Киіз пісіру * Киіз пішу * Киіз тігу * Жүн түту * Жіп иіру * Жіп ызып бау жасау * Киіз жиектеу * Талдырмаш басу * Текемет басу ## Киіз үйде отыру тәртібі * Сүйеніп, тіреліп отыруға болмайды. * Таянып отыруға болмайды. * Жағын таянуға, маңдайды тіреуге де тыйым салынады. * Қолын төбесіне қойып немесе желкесіне қойып отыруға болмайды. * Тізені құшақтап немесе қолдарын айқастыра, тізені тартып отыруға болмайды.«Тізеңді құшақтама, керме». * Жұртқа қарап керілуге болмайды. * Киіз үйде жастардың жамбастап жатуына болмайды. * Жатып ішуге болмайды. * Аяғын созып отыруға болмайды — көсіліп жату. * Киіз үйдің ішінде жүрелеп отыруға болмайды. * Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды. * Киіз үйге қолына қамшы ұстап кіру жөнсіз саналады. * Қазақта ер адамның дұрыс отыруы «малдас құру» арқылы отырады. * Күйеуі бар әйел, бәйбіше — ошаққа қарап, оң аяғын астына басып, сол аяғының тізесін бүгіп отырады. * Салт атты адам киіз үйге артқы жағынан келуі керек. ## Киіз үй жиһаздары * Абажа - ас, тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі. * Абдыра - киім-кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық. * Ағаш төсек - жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы. * Адалбақан - киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз. * Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған үй жиһазы. * Бөгіре - кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін). * Жағылан - былғарыдан істелген сандық. * Жозы - жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел. * Жүкаяқ - жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. * Кебеже - ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық. * Сандық - әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы. ## Киiз үйге байланысты қарғыстар * «Шаңырағың шарт сынып, шандырыңа қадалсын, күлдiреуiшiң күрт сынып к…iңе қадалсын». Мұны кезiнде Радлов жазып алған. * «Көк шөбiң басылмасын, күлiң шашылмасын». Бiр қарағанда тәп-тәуiр сөз секiлдi көрiнгенiмен бұл қарғыстың салмағы зiл батпан. Бұл — үйiңнiң айналасын жайқалған шөп бассын, оны таптайтын үйiңде адам қалмасын, балаларың, үрiм-бұтағың жойылсын деген сөз. (Ертеректе балаларды «күлшашар» деп те атаған). Бұл қарғысты Моңғолия қазақтарынан Ақедiл Тойшанұлы жазып алған. ## Қазақ киіз үйі мен моңғол киіз үйінің парқы * Ұяағаштарының жасалуы ұқсамайды. * Сыртқы жамылшыларының пішіліп, жабылуы (үзік, туырлықтарының) ұқсамайды. * Сыртқы пішіні ұқсамайды. * Бау-шу, өрнектері, ішкі жиһаздалуы ұйқаспайды. Сондықтан сырттай көргенде-ақ киіз үйдің тігілу пішінінен қазақ киіз үйі мен моңғол үйін айқын парықтауға болады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Киiз үйдiң киесi Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. * Темір үй киіз үй емес Мұрағатталған 13 наурыздың 2016 жылы. ## Тағы қараңыз * Киіз үйдің сфералық понорамасы Мұрағатталған 16 наурыздың 2015 жылы. * Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары * Қазақтың киіз үйі Мұрағатталған 30 қазанның 2014 жылы. * Ғажайып туынды - Киіз Үй (KZ) * Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Киіз үй. * Киіз үй. Қытай Қазақтары. * Киіз үй құру дәстүрі (1 бөлім). Асыл арна * Киіз үй құру дәстүрі (2 бөлім). Асыл арна * II ғасырдан артық тарихы бар киіз үй * Киіз үй өлшемдері. «Microsoft Excel » * 3D өлшемдегі онлайн киіз үйі
Қазақ салт-дәстүрге бай халық. Қазақтар тойды да, мейрамды да салт-дәстүрімен қарсы алған. Мысалы: ## Тоғыз аяқ, тоғыз табақ Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі — «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек — «Құйрық-бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғаныңның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бетаузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық-бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатынасушылар көбінесе тапқырлық, шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады. ## Арқан тарту Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта басталады. Ойын ойынға қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді. ## Ақыры Әр адам өз салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын білу керек. Қазақтар өз ұлттық ойындарын білмесе, бұл оларға кішкене болсада көмектеседі, олар «арқан тарту» және «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» ойындарын біле алады.
Балқаш маңы жазығы – Балқаш көлінінің оңтүстік жағында, оңтүстік-шығысында Жоңғар (Жетісу) Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ. ## Жер бедері Жазықтың құрылысына тән өзіндік ерекшелігі - жекелеген таулы қыраттармен көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар (Бақанас) кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесікатырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады. ## Су торабы Жазықты Балқаш су алабының өзендері ағып өтеді, ірілері: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі. ## Дереккөздер
Маңғыстау жер асты мешіті — Маңғыстау жер асты мешітті кей кезде Бекет ата жер асты мешіті деп те атайды. ## Орналасқан жері Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. ## Сипаттамасы Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. ## Тарихы Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бұл күнде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Маңғыстау облысындағы Үстіртте орналасқан Бекет ата жер асты мешітіне арнайы зиярат етіп келушілер көп. Облыс орталығы Ақтау қаласынан Қарақия ойпаты арқылы Жаңаөзен қаласына жетіп, әрі қарай міндетті түрде Шопан ата қорымына соғады. Кей аңыздарға қарағанда қорым, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Шопан ата салдырған жер асты мешітінің төңірегіне салынған. Маңғыстау жер асты мешіті сияқты мешіттер өте аз , осы мешіт өзінің түрімен басқа мешіттерге қарағанда ерекшелінеді .
Ежелден қалыптасқан «тоғыз» деп аталатын салттың екі түрі бар. Бұлардың аталуы бірдей болғанмен қолдану жолы мүлде бөлек. * Егіс өнімінен берілетін сыбаға, сый. Бау-бақша өсіретін ел (әсіресе, Қазақстанның оңтүстігіндегі) өнімді мол жинап алғаннан кейін туған-туысқандары, құда, жекжаттарына, сыйлас көршілеріне тоғыз жіберетін жақсы салты бар. Яғни, өздері қалаған адамдарына қоржынға салып қауын-қарбыз жібереді. Оның саны тоғыздан не екі тоғыз, үш тоғыздан кем болмауы керек. Келген адам ол үйге «тоғыз »әкелгенін айтады. Бұл жай келіс емес, кәделі, сыйлы келіс. Тоғыз дегенің тарту, ескерту, құрмет белгісі. Сонымен бірге мұнда дәмету бар. * Тоғыздың бұл түрі құқықтық, әділет жүйесінде қолданылады. Әдетте, жеңіл жаза алғандар атын немесе шапанын төлеп шығады. Ал, ауыр жазаға тартылғандарға (мысалы,ұрлығы,ел-жұрт алдындағы зор кінәсі,дін жолындағы күнәсі,опасыздығы үшін) ,қылмыс жасағандарға қатаң жаза қолданылады. Оларға «тоғыз» деп аталатын жаза бар. Қылмыстың ауырлығына байланысты жаза бірнеше есе көбейтіледі. Айталық, әдейі жер өртегендерге, біреудің некесін бұзғандарға үш тоғыз төлеттіреді. Бұған түйе бастатқан 3 түйе, 3 жылқы, 3 сиыр. Мұны үш еселесе 9 түйе, 9 жылқы, 9 сиыр болып шығады. Егер ат бастатқан болса 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой болып төмендей береді. ## Дереккөздер
Амирова Тоты (02.05. 1969, Ұлан ауданы Бестерек ауылы ) .«Боинг» жолаушы авиалайнердің ТМД елдері бойынша жалғыз пилот әйел. Екі жоғары білімі бар: авиаинженер-пилот және авиаэкономист. Шетелдік авиақұрамын дайындау курсын бітірген. Жұмыс тәжірибесін төрт Қазақстандық авиакомпаниясында шыңдаған: «Қазақстан әуе жолы», «Еуро-Азия», «Эйр Астана», «Эйр Казахстан». 2007 жылы Тоты Амирова «Боинг-737», «New generation-700», «New generation-800» әуе кемелерінің «Эйр Астана» компаниясында ТМД бойынша алғаш әйел-капитаны болды. 2006 жылы 16 желтоқсаннан бастап Дубай қаласында кәсіби шеберлігін жоғарлату треннингтерін бастады. ## Сыртқы сілтемелер * [1] Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы.
Тұрғанжан Төлебаев-тарих ғылымдарының докторы,профессор. Екінің бірі бара бермейтін ежелгі және ортағасырлық қазақ тарихының күрделі мәселелерін зерттеуге үлкен үлес қосып келеді. Ол қазақ этнологиясы мәселелері туралы да зерттеулер жүргізіп жүргізіп,талай еңбектер жазған. Қытай аумағындағы қазақтардың тарихын зерттеу барысында , қазақ тарихының географиялық аумағын кеңейту қажеттігін дәлелдеп,таңғалдырған атаулы кісі. Осыған орай бағытталған ауқымды да, терең зерттеулерлерден бастау алып қытай, жапон, орыс және т.б. тілдерді еркін меңгеріп, ол тілдердегі дерек көздерін шебер пайдалана алғаны тамсандырды. Н. Мұхаметханұлы «Қазақ тарихынан зерттеулер» , «Тарихи зерттеулер» , «ХVIII-XX ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары» , «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы» , «Қазақ тарихының өзекті мәселелері» , «Дипломатиялық қатынастар және қытайтану мәселелері» , «Қытайдың сыртқы саясаты және Қазақстанмен қатынасы» сияқты оннан астам еңбектері мен 250-ден аса мақа­лалары бар.
Шайқы Құсайынов(1897-1970) – өз тұсының дәуірі мен ортасының кемеңгер домбырашысы Күршім ауданының тумасы. Сүйегі Найман тайпасының Саржомарт ішіндегі Сәйке руынан. ## Өмірбаян Арнайы музыкалық білімі болмаса да, Шайқы табиғи қабілетімен домбыра аспабын, күй өнерін шебер меңгерген өнерпаз болған. Халық күйлерін жанымен сүйіп, үйреніп меңгеріп, көптеп бойына сақтап, арттағы ұрпақтарға аманат етіп қалдырған күйші. Замандастарының айтуынша Шайқының репертуарында 50-60-тай халық күйлері болыпты. Мысалы «Балжыңкер», «Ақ қабаның толқыны» күйлері Марқаның көлі мен өзенінің аттарымен, «Бейсенбінің кеңес күйі», ХІХ ғасырдағы атақты Бейсенбі бидің есімімен байланысты, сондай-ақ Сыдық, Мәди сынды Катон-Қарағай жерін мекендеген күйшілердің күйін жеткізуші. ## Дереккөздер 1. "Қазақ халқының әндері мен күйлері" кітабы, 1982 жыл, 69 бет.
ЖШС «Зерде-Фарма» - Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Зерде» компаниясының 2005 жылы туындаған дербес заңды құрылым. Негізгі қызмет саласы - фармацевтикалық қызмет. ## Тарихы ЖШС «Зерде-Фарма» компаниясы 2005 жылы Зерде холдингынан бөлініуің бастады Келесі жылдары «Зерде-фарма» компаниясы көптеген жаңа филиалдарды ашып, басқа компаниялармен келісімге тұрған. Қазіргі уақыттағы компанияның 43 филиалы бар оның 36 Шымкент қаласында. ## Дереккөздер
Жұматов Әубәкір - 1909 жылы Павлодар облысы, Баянауылда дүниеге келген. 1930 жылы Семейде ауылшаруашылық техникумын бітіріп,1936 жылға дейін агрономдық қызмет атқарды. 1936 жылы Мәскеудегі Тимирязев атындағы Ауылшаруашылық академиясында Сталиндік стипендия алып оқиды. 1941 жылы бітіріп, 1943 жылға дейін Талдықорған облысында Сарқанда МТС-ті басқарды. 1943 жылдан 16 жыл бойы, өмірінің ақырына дейін 1959 жылға дейін Алматыдағы ауылшаруашылық институтында ректор болып қызмет атқарды.
Жәрекешов Иса Қасенұлы- 1961 жылы 22 маусымда Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданында туған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қатты денелер және жартылай өткізгіштер физикасы саласында танымал ғалым. Мәскеу физика- техника институтын 1984 жылы, КСРО- ға Ленинградтағы академик А.Ф.Иоффе атындағы физика - техника институтының аспирантурасын бітіргеннен кейін кандидаттық диссертация қорғайды. 1990 жылдан бері қазақтың Әл-Фараби атындағы МҰУ қатты денелер кафедрасында, осы университет жанындағы эксперименталдық физика ғылыми -зерттеу институтында ғылыми - педагогикалық жұмыспен айналысады. Теориялық физика , жартылай өткізгіштер физикасы, түзу емес құбылыстар, электроника мәселелеріне арналған 40- тан астам ғылыми жұмыстары жарық көрген. Еңбектерінің көпшілігі шет елдердің физика саласының журналдарында, ғылыми жинақтарында жарияланған. АҚШ, Германия, Жапония, Франция және басқа елдерде өткізілген халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда бірнеше дүркін баяндамалар жасаған. Өзі зерттеп жүрген физика саласы бойынша шетел мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болған. Ғалым ТМД елдерінің ғылыми орталықтарымен, Германияның Гамбург, АҚШ-тың Флорида университеттерімен шығармашылық байланыста. Ол бірқатар халықаралық ғылыми жобаларды жасап шығаруға қатысқан. Ж.Америка физика қоғамының, неміс физика қоғамының мүшесі. 19993 жылы іргелі ғылыми еңбектері үшін тағайындалатын халықаралық Сорос қорының жүлдегері атанды. Ана тілдерімен бірге неміс, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. ## Дереккөздер Ақтөбе Энциклопедиясы
Иф қорғаны (фр. Château d'If) — Франциядағы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Марсель қалашығындағы шағын ғана аралда орын тепкен. Бұл жерден Марсель қаласының тамаша көрінісінің куәгері бола аласыз. Иф сарайының ең басты құндылығы - атақты жазушы Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо» романының дүниеге келуіне себепкер болуы. Дәл осы бекіністе Монте-Кристо туралы бірнеше фильм түсірілді. Тарихи деректер роман кейіпкерлерінің расымен осы қамалда өмір сүргендігін дәлелдейді. Ал бекініс ішіне Монте-Кристо граф туралы фильмдердің үзініділері көрсетілетін теледидарлар қойылған. ## Тарихы 1516 жылы Франция королі І Франциск кезекті жаугершілік сапарынан келіп, Марсель қаласына қоныс тебеді. Ол қалаға теңіз жақтан қорғаныс жұмыстары жүргізілмегендігін бірден байқап, алаңдай бастайды. Патша бекер қам жемеген екен, көп уақыт өтпей жатып-ақ, V Карл өзінің қаптаған жауынгерлерімен бірге күтпеген жерден шабуыл жасайды. Бірақ, қала берілмеді. Жау беті қайтысымен, Франциск патша қамал тұрғызуды жоспарлайды. Нәтижесінде, 1527-1531 жылдар аралығында Иф сарайы салынды.Иф өзінің мақсатын толықтай орындап шықты, жауға 1531 жылы тойтарыс беріледі. Құрылыс жұмыстарының басы-қасында болған патша да, жау да, құрылысшылар да қазір өмірде жоқ. Десе де, Иф әлі күнге дейін көзден таса болған емес. 1580 жылы бекініс түрме ретінде қолданыла бастады. Мұнда Францияның ең қауіпті деген жаулары, қылмыс жасаған беделді ақсүйектер отырғызылатын болды. Өйткені, қорғанысы мықты қамалдан қашып шығу мүлде мүмкін емес нәрсе. Түрме тәртібі қатал болғандығы соншалықты, ауыртпалықтарға шыдамаған мыңдаған адамдар өліп кеткен.ХІХ ғасырда қамал өзінің мәртебесін өзгертті. 1890 жылдардан бастап түрме біржола жабылып, мұражай қызметіне ауысады. Ал 1926 жылдан кейін Иф тарихи ескерткіштер қатарына енді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс басқыншылары осы жерде штаб ұйымдастырған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://o-france.ru/zamok-if.html Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы. * http://www.putidorogi-nn.ru/po-vsemu-svetu/zamok-if
Подгорецкий қамалы 1635 жылдар аралығында салынған. 1939 жылы қамал Сангушко князьдің иелігінде болып, кейіндеу үй иесі Бразилияға жер аударылып, үй ішіндегі ескі жиһаздардың бір бөлігін алып кеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес үкіметі туберкулезбен ауыратын жандарға арнап емхана қалаған. Сосын, 1956 жылы ескі қамал өртке оранған; үш апта бойғы өрттен қамалда түк қалмапты. Қазіргі уақыттар Львовская көркемөнер галереясы ғимаратты қалпына келтіру жұмысын жүргізуде.. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * www.zamki-kreposti.com.ua сайтындағы қамал туралы ақпарат * castles.com.ua * kingdom.kiev.ua * tripua.info Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Әмина Жұматова - 1922 жылы Павлодар облысында Баянауылда туған. Сәбилік, балалық шағы Баянауылда, кейіннен 1934 жылы Павлодар қаласындағы балалар коммунасында өткізді. 1934 жылы ата-анасымен бірге Алматыға көшіп келді. 1939 жылы мектепті бітіріп, жоғары білім алу арманы болған ол, 1942 жылы Мемлекеттік университеттің химия факультетін аяықтап шығады. Бұл кезде елімізде неміс фашистеріне қарсы соғыстың қызып жүріп жатқан кезі. Оқу бітіргендердің бір тобын майдан үшін өте қажетті жұмысқа жібереді. Осы топтың ішінде Әмина да Челябинскідегі қорғаныс өндірісіне жұмысқа алынып, әскери зауыттың инженері, кейіннен зауыттың бас инженері болады. Майданды қару-жарақпен үдіксіз,жедел қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін аямай осындай ауыр,жауапты жұмыстан денсаулығынан айырылып,1960 жылы 37 жасында Алматыда қайтыс болады.
Ғабдолғали Балғымбаев 1866 жылы 20 сәуірінде Торғайдан 50-60 шақырым жердегі Тұзды ауылында дүниеге келген.Ол 1883 жылы Ыбырайдың ақылымен Орынбор қырғыз мұғалімдер мектебіне түсіп, 1886 жылы 16 қыркүйекте №2 куәлікпен бітірген.Осы жылы Ыбырай Алтынсарин оны Қостанай 2 кластық училищесіне мұғалім көмекшісі болып қызмет істеуге шақырады. Ғ.Балғымбаев 1907-1917 жылдары Торғай облыстық халық училищелерінің инспекторы болып қызмет етеді.Осы кезде оның бастамасымен Торғай және Ырғыз уездерінде 2 орыс-қазақ училищесі ашылады.Сондай-ақ Ақтөбе уезіндегі 2 кластық Қарабұтақ училищесінің меңгерушісі (1892-1902), «Торғай облысының ведомостволары» газетінің редакторы (1902-1907) болды.Торғай халық училищесінің директоры М.П.Рогинскийдің «Қырғыздың ауыл мектептеріне арналған Әліппе»жазуына(1905) көмектесті.Мектептегі ғылыми пәндерге,сабақтың көрнекілігіне,оқудың тәжірбиемен байланыстырылуына ерекше мән беріп,дене шынықтыру,еңбек тәрбиесі сабақтарын оқу жоспарына енгізді.Революциядан кейін халықты сауаттандыру ісіне белсене қатысты.Ғ.Балғымбаев патшалық Ресейдің қазақ жерінен ашқан баустауыш мектептері мен орыс-қазақ училищелерінің мұғалімі,училище меңгерушісі,Торғай облыстық басқармасының аудармашысы,Торғай облыстық басқармасының іс жүргізушісінің көмекшісі,Торғай облысының баспасөз бөлімнің бастығының қызметін уақытша жүргізуші,Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының 1903 жылдан тұрақты мүшесі,1902-1903 жылдары «Торғай» газетінің редакторы,Орынбор округтік сотының аудармашысы сияқты басқа да келелі қызметтер атқарған.Ғ.Балғымбайұлы Орынбор Оқу округінен 6 мәрте ағарту саласындағы қажырлы қызметі үшін алғыс алған.
Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан. Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі. Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташы, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жарған әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан. Бөлтірік шешен 1854 жылы дүниеден қайтқан. Оның үрім-бұтақтары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының қалалары мен далаларыңда еңбек етеді. ## Шыққан тегі Бөлтіріктің шыққан тегі Ұлы жүз — Ысты. Шежіре дерегі бойынша Ыстыдан өрбіген бір ата Ойықтан Қызылқұрт, Зорбай (Ауызүсіген), Орбай (Көкшекөз), Сәтек туған. Осы төрт бұтақтың Зорбайынан Бәйгелді, одан Қосай, одан Малай, одан Сүйіндік, одан Өтеген, одан Сабдалы, одан Әлмен, одан Бөлтірік туады. Бөлтіріктің нағашысы — әйгілі Қараменде би. Ақындық, шешендік өнері ерте танылып, төңірегін әділдік-тапқырлығымен тәнті еткен Бөлтірік ел ішінің дау-шарына көп араласқан, өз ортасының ісілікті, жарастықты болуына айрықша ықпал еткен. Оның абырой беделі ауыл арасымен шектелмей, ел қамы мен халық тағдырына қатысты істерде де еленіп-ескеріліп отырған. Ол Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, сөзімен де, ісімен де танылған. Сондай-ақ, Бөлтірік өз тұсындағы Балпық би, андас Құтым би, мырза Жайнақ би, сарыүйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Малай би, суан Қожбанбет би, шапырашты Сұраншы би, қасқарау Ноғайбай би, тобықты Құнанбай Өскенбайұлы мырза, сондай-ақ, Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен тізе түйістіріп, бастас болып, ел ісіне бел шеше араласқан. Айтқан сөзі жерге түспеген аға сұлтан Тезек төре айтыпты дейді: "Мен екі ақын, бір шешенді көрдім: бірі — жалайыр Бақтыбай, біреуі — қызыл екей Сүйінбай, үшіншісі — Бөлтірік шешен. Атам — Абылай, әкем — Әділ, өзім Тезек едім. Он сегіз мың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржола сағым сынды". Сондай-ақ, "Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт", — деген сөзді әйгілі Ноғайбай би айтыпты дейді. Бөлтірік шешен туралы А.Байтұрсынов, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, К.Әзірбаев, З.Қабдолов, Ж.Дөдебаев еңбектерінде толымды мағлұматтар кездеседі. ## Дереккөздер
Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр, Жоңғарларға қарсы Ұлы жүз сапын басқарған қолбасшы, саяхатшы, шежіреші. Қазыбек Тауасарұлының бізге "Түп-тұқианнан өзіме шейін" атты кітабы жеткен. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеұлы, т.б. авторлардың пікірлері бойынша Қазыбек Бек “Түп тұқианнан өзіме шейін” деген шежіре еңбек жазған. ## Өмірбаяны Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған. Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуына береді. Кішкентайлығына қарамай жақсы оқыған бала Қазыбек медресені төрт жылда тамамдап, елге оралады. Мұнда екі жыл ауыл балаларына дәріс береді. ## Оқу жолы Екі жыл бала оқытып, біраз адамның сауатын ашқан он бір жасар Қазыбек қасына ауылдасы, өзінен бір жас үлкен Өтеғұл байдың баласы Өтегенді (кейін Сүйінбай, Жамбыл жырлаған Өтеген) ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Самарқантта бір жарым жыл болып, атақты Қазы-заде Румидің ұрпағы Хафиз-задеге шәкірт болып, одан дәріс тыңдайды. Одан кейін қайта жолға шығып, Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып, сегіз жыл сапарда болады. Қазыбекке, әсіресе, Бағдат пен Ыстамбұлда болып, білім алған кездері өте пайдалы болып, жан-жақты өсуіне мүмкіндік алады. Араб, парсы тілдерін айтарлықтай меңгереді. Араб тілін жақсы білудің арқасында Ыстамбұл кітапханасында әл-Фараби еңбектерімен танысады, Махмұд Қашқаридің "Диуани лүғат ат-Түрк", Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикмет" кітаптарын осы жерде оқиды. Қазыбек пен Өтеген бүкіл Еуропаны, орыс жерінің біраз жерін аралап, 1709 жылы елге оралады. ## Соғыс жылдары Елге келгеннен кейін, жиған-терген дүниелерін жинақтап, "Иран шешегі" атты кітабын жазады. Бірақ, жаугершілікті заманның кітап жазып, ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермейді. Ол амалсыз қаламын найзаға айырбастап, ел қорғау ісіне араласады. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жаудың өтінде өтеді. Ол алғаш қалмақтармен Аягөзде болған соғысқа қатысады. Осында ол Қабанмен, Қожаберген жыраумен танысады. Осыдан бір жылдан соң, Севан Рабданға Тәуке ханның елшісі болып барады.Елдің "Ақтабан шұбырындыға" ұшырауы - ерлердің жанына қатты батады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей, бірде босқан елдің басын қосып, ұжымдастырып жатса, бірде өкшелей қуған жауға тойтарыс беріп, шайқасып жатты. Осы бір қазақтың басына төнген қаралы күндердің ауыртпалығын Қазыбек те ел ағаларымен бірге көріп, арпалысты күн кешеді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған талай соғысқа қатысып, ерлік көрсетеді.Бізге Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме шейін" деген жалғыз еңбегі жетті. Ол онда замандастары жайында көп деректер береді. Ел-жұртының тәуелсіздігі жолында арыстанша алысып, опат болған көптеген ерлердің аты-жөні айтылып, ерліктері баяндалган, исі қазаққа әйгілі тұлғалар жайында сүйсіне жазган. Тауасарұлы еңбегінің аса құндылығы да осында. ## Дереккөздер
Хамза Мухамадиев 1907 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келеген.Майданда 1943 жылдың мамыр айынан бастап болған. 70-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясының 245-ші гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводы командирінің көмекшісі болып соғысты. Полк 1943 жылдың жазында Курск иініндегі Самодуровка ауданында ұрыс жүргізіп жатты. Х.Мухамадиев дұшпанның үш «жолбарысын», бес орташа танкін қиратты, 60-тан астам солдаты мен офицерінің көзін құртты.КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 27 тамыздағы Жарлығымен сержант Х.М.Мухамадиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме)
Ат қою. "Содан әке-шешесі ырым көріп, жақсы үмітпен қадірлі қонағының есімін қойған дейді"(А.Сейдісбек). Жаңа туған сәбиге лайыкты ат қоюға халық ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін белгілі, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Мәселен:, Қанаштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегізсеріні әдейі шақырып, баласының атын қойғызған, Сонда Сегіз сері Иманжан деп ат қойып "бұл баланы еркелетсеңдер Имантай деп атарсыңдар." деп балаға былай деп бата береді:Әнет бидей еліңнің ағасы бол,Халықыңның Қазыбектей данасы бол.Жер,суды жау қалмақтардан қорғап қалған,Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол. Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол,Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.Керейде Белгібайдай білекті бол,Беріште Исатайдай жүректі бол... Сол сияқты Кенесары ханның есімін арғынның атақты биі Шоқай қойған. Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан. Ырым етіп бұрынғы батырлар мен ақындар, шешендердің де атын қойды. Бірақ өте қасиетті әулие-әнбиелер мен ұлы адамдар есімім қоюға тыйым да салған.Қазақта балаға ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Шөп шауып жатса Шөптібай деп, Наурыз айында туса Наурызбай деп, айт күні туса Айтбай деп те қоя салады. Сол сияқты қыз бала туа берсе Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді. Көз тимесін деп Тасбике, Башай, Көтенші, Қосқұлақ, Итемген, Күшік деп те қойған. Қазақ дәстүріне ат қоюдың тағы бір түрі бар. Ол-ат тергеу.
### Өмірбаяны Макаров Петр Михайлович (1927ж. - ), Ұлы Отан соғысының ардагері.Макаров Петр Михайлович 1927 жылы 27 қыркүйекте Шығыс Өазақстан облысы Шемонаиха ауданының Авдеевка ауылында дүниеге келген. Ол Попереченский бастауыш мектебінде 4 сынып, Шемонаихалық сегіз жылдық мектепте 5 сынып бітірген. Еңбек жолын 1939 жылы «Серп и Молот» колхозында әр түрлі жұмыстан бастаған.1944 жылы Оңтүстік Уралдық әскери округінде Алкино станциясында 30 атқыштарды үйрету полкіне әскерге шақырылып, онда 1945 жылдың мамыр айына дейін болған.Содан Жопонмен болған соғыста 1 Дальневосточный ұрысында 136 атқыштар полкінде 1132В ұ/бөліміне қатысқан. Мулин, Мудозьян, Харбин қалаларын жаудан босатқан. Соғыстан кейін Приморский өңіріндегі Сергеевка а.бөлім батальоніне жіберілген. Онда ол телеграф - морзист ілімін оқыған. Оқып бітірген соң байланыс корпусы штабында қызмет атқарған.1951 жылы үйіне қайтып Попереченский ауылдық кеңеске хатшы болып орналасқан. 1987 жылы зейнетке шыққанша әр түрлі қызметтер атқарған. II қатарлы Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жопон түбіндегі жеңісі үшін», Совет Одағы Г.К.Жуков Маршалымен, «Еңбек ері», мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазір Шемонаиха ауданының Медведка ауылында тұрып жатыр. Дерекөздері http://www.arhiv.vko.gov.kz/kz/65let_3.htm Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы. ## Өмірбаяны Макаров Петр Михайлович (1927ж. - ), Ұлы Отан соғысының ардагері.Макаров Петр Михайлович 1927 жылы 27 қыркүйекте Шығыс Өазақстан облысы Шемонаиха ауданының Авдеевка ауылында дүниеге келген. Ол Попереченский бастауыш мектебінде 4 сынып, Шемонаихалық сегіз жылдық мектепте 5 сынып бітірген. Еңбек жолын 1939 жылы «Серп и Молот» колхозында әр түрлі жұмыстан бастаған.1944 жылы Оңтүстік Уралдық әскери округінде Алкино станциясында 30 атқыштарды үйрету полкіне әскерге шақырылып, онда 1945 жылдың мамыр айына дейін болған.Содан Жопонмен болған соғыста 1 Дальневосточный ұрысында 136 атқыштар полкінде 1132В ұ/бөліміне қатысқан. Мулин, Мудозьян, Харбин қалаларын жаудан босатқан. Соғыстан кейін Приморский өңіріндегі Сергеевка а.бөлім батальоніне жіберілген. Онда ол телеграф - морзист ілімін оқыған. Оқып бітірген соң байланыс корпусы штабында қызмет атқарған.1951 жылы үйіне қайтып Попереченский ауылдық кеңеске хатшы болып орналасқан. 1987 жылы зейнетке шыққанша әр түрлі қызметтер атқарған. II қатарлы Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жопон түбіндегі жеңісі үшін», Совет Одағы Г.К.Жуков Маршалымен, «Еңбек ері», мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазір Шемонаиха ауданының Медведка ауылында тұрып жатыр. ### Дерекөздері http://www.arhiv.vko.gov.kz/kz/65let_3.htm Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы.
Арғынбай батыр Таңатұлы (туған-өлген жылы белгісіз) — Ресей, Қоқан, Хиуа өктемдігіне қарсы күресте аты шыққан айбынды батыр. Алшын тайпасының Шөмекей руының Бозғұл аймағынан шыққан. Арғынбайдың ордасы Қуаңдария бойындағы Тоғызбай құмында болған.Он тоғызыншы ғасырдың орта тұсында Сырдарияның сол жағасындағы, Қуаңдарияның бойындағы, Қызылқұмдағы қазақтар үш жақтан қысым көрген. Оның бірі – Ақмешіт, Күмісқорғаннан шығып оқтын-оқтын шабуылдаған Қоқандықтар, екіншісі Жаңадарияның бойындағы Бестамқаладан ауылдарды тұрақты тонап тұрған Хиуалықтар, үшіншісі – Сырдарияның төменгі ағысына бекініп алған (№ 1 форт) Ресей әскерлері. 1852 жылы Орынбор генерал-губернаторының алдында Ресейге адал қызмет етуге ант берген және оған арқа сүйеген Елікей хан Қасымұлы да осы ұлтарақтай жердегі халықты өзіне қаратпақ болған. 1856 жылы орын алған осындай оқиғалар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматовтың «Қазына» атты дастанында суреттеледі. Арғынбай батыр образы тұтастай ашылған шығарманың көркемдік тұрғыдан құндылығы ерекше. Ел басына туған алмағайып заманда Арғынбай батырдың Пірәлі би Өтетілеуұлы, Жарылқап би Манасұлы, Қожеке батыр Мырзабайұлы, Түбекбай батыр Нәзікұлы, Молдашер ахун Жамұратұлы, Торыбай Меңей батыр және т.б. Сыр өңіріне танымал тұлғаларды жанына топтастырып, басқыншыларға үнемі тойтарыс ұйымдастырып отырғаны, өз басының жеке ерліктері, бітім-болмысы, түр-тұлғасы туралы әңгіме-аңыздар ел аузында өте көп. ## Шежіре Арғынбай – Таңат – Кетебай – Жолай – Ырсымбет – Бекет – Сейін (Желдер) – Келдібай – Бозғұл (Бозғыл) – Шөмекей – Әлім ## Дереккөздер
Нельсон колоннасы (ағылш. Nelson's Column) - Англиядағы Лондон қаласының Трафальгар алаӊында орналасқан монумент. Монумент 1840-1843 жылдары 1805 жылы Трафальгар шайқасында қаза тапқан адмирал Горацио Нельсонның құрметіне тұрғызылды. Биіктгі 46 метр болатын гранит колоннаға орнатылған мүсін оңтүстіктегі теңіз флоты істерін жүргізіп отыратын мекеме мен Портсмутқа қаратылған. Аталған жерде Ұлыбритания Корольдігінің ӘТФ-нің құрамында болған Нельсонның «HMS Victory» кемесі орналасқан жер. ## Дереккөздер
Құбайдолла Өтепқалиұлы — 1884 жылы қыркүйек айында бұрынғы Мыңтөбе ауылдық кеңесі (қазіргі Исатай ауданында) аумағында туған. Жас кезінде орысша, мұсылманша оқып білім алған. Ол жастайынан-ақ жүрдек ат мініп, жүйрік тазы ұстаған, ән салып, домбыра тартқан сері жігіт болып өскен. Әкесі Дінбаян Өтепқалиұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатынасып, жаурынынан жарақат та алған. Көтерілісте жеңіліп Өтепқали және басқалары Астрахань түрмесіне қамалған кезде патша өкіметінің жазалаушы әскерлері Құбайдолланы інісі Ибрагиммен қоса майданға қара жұмысқа еріксіз әкеткен. Екеуі 1916–1917 жылдары Румыния, Австро-Венгрияға дейін жетіп, қара жұмыста болған. Патша тақтан құлағаннан кейін елге аман-сау оралған. 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында Құбайдолла елді ұжымдастыру ісіне белсене араласады. 30-жылдардың басынан бастап, үкіметтің солақай саясатының құрбандығына айналады, қудалауға түсіп, түрмеге жабылады. Құбайдолла бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын, бірбеткей адам болған. Осы мінезімен де ол кейбіреулерге жақпаған болу керек. Гурьев қаласындағы архив мекемесінде істеп жүрген Құбайдолла 1937 жылдың 21 қазан күні екінші рет ұсталып, түрмеге қамалады. Оған басқаның еңбегін қанаған кулак, Кеңес өкіметіне колхоздастыруға қарсы үгіт-насихат жүргізді, жергілікті халық арасында Тухачевский бандасын және басқа да националфашистерді мадақтап үгіт жүргізді деген неше түрлі жалған айыптар тағылады. Ішкі істер халық комиссариаты Батыс Қазақстан облыстық басқармасының Айрықша үштігі 1937 жылғы 22 қарашада Құбайдолла Исатаевқа және басқа да 7 адамға РКФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-бабының 10–11 тармақтары негізінде ату жазасына үкім шығарады. Гурьев қаласындағы түрмеде бұл үкім 1937 жылдың 28 қарашасы күні орындалады. Тек осы уақиғадан 27 жыл өткен соң 1964 жылы 20 қазан күні Гурьев облыстық сот төралқасы кезінде жазықсыз жазаланған Құбайдолла Өтепқалиұлы Исатаевтың ісін қайта қарап, оны толықтай, ақтады. ## Дереккөздер
Естай Беркімбайұлы (1874 жыл, қазіргі Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, қарасты Ақкөл ауылы – 15 наурыз, 1946 жыл) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939). ## Өмірбаяны * Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға. * 20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды. Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу – пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды. Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні – "Қорлан". Осы шығармасымен классик сазгерлердің қатарынан орын алды. "Қорлан" – Естай шығармаларының шыңы, жүрегі (Жұбанов А., Замана бұлбұлдары, А., 1963, 248-бет). "Қорлан" әнін М. Төлебаев "Біржан-Сара" операсында, Е. Г. Брусиловский "Ер Тарғын" операсында, С. И. Шабельский мен Л.М.Шаргородский "Қобыз бен оркестрге арналған концертінде" (2-бөлімінде) шығармашылықпен пайдаланды. Жаңа өмір жайында "Туды күнім", "Өмір" атты әндер шығарды. 1939 жылы Алматыға келіп, көп әндерін нотаға түсіртті. * Әншілік ақындық сайыстарға қатысып, Жамбылмен неше рет кездесті. * Сол жылы Қазақстан Жазушылар Одағының ІІ сьезіне қатысты. * Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасында әсем әнімен, жалынды жырымен халықты жеңіске жігерлендірді. * 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толу мерекесіне қатысты. Мұнда Нартай, Нұрлыбек т.б. ақындармен айтысқа түсті. Оған арнап М. Әлімбаев "Естай-Қорлан" поэмасын (1968) жазды. ## Марапаттары * 1939 жылы қыркүйегінде "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" деген құрметті атақ берілді. * 1940 жылы Қазақстан Композиторлар одағына мүше болып қабылданды. ## Шығармалары * "Майда қоңыр" * "Жүректе" * "Мәлике" * "Өмір" * "Қоңыр жел" * "Дүние" * "Шоққара ағаш" * «Хұсни-Хорлан»- Әні мен сөзі Естайдікі, орынд. Р. Абдуллин ## Дереккөздер
Әдеби мотив – тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен оқиға желісіндегі кезең. Бірнеше жазушының шығармасында, әр түрлі әдеби нұсқаларда, әр дуәірдің әдебиетінде белгілі бір сарындар қайталанып келеді. Әдеби термин ретінле 20 жылдардан бері А.Веселовский, В.Я. Проп еңбектерінде зертеле бастады. Бұл зерттеушілер әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші әдебиетке, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды. Алайда ұқсас сюжеттік сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен, ұлттық әдеби процестен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың өмір-тұрмысындағы ұқсас жағдайлардың әдебиеттегі көрініс деуге ылайық. Кейде олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады. Немесе, шығарманың құрамындағы бір айшық жеке бөлігі сияқты болып келеді, мысалы, ауыз әдебиетіндегі сиқырлы айна, ақымақ қатын бейнесі, әкесі мен баласының жекпе-жегі, абжыланның ханышаны ұрлап әкетуі т.с. Кейбір жанрда тұрақты сарындар, мотивтер ұшырасады. Мысалы эпопея мен авантюрлік романдардағы саяхатқа шығу, кеменің күйреуі, көреген қарға, өліктің тірілуі және т.б. Мұндай сарындар кейде жеке дара ашылып, бертін келе автордың өзіндік суреткерлік шеберлігімен, дүниетанымымен, көркемдік шығарма құрылымымен ұштастырылып қарала бастады. Кейде мотив пен тақырып ұғымын бір деп қарайды. Мотивке кейде сұлулық, ізгілік, ар, қорғаныщ, махаббат, өлім секілді мәңгі тақырыптардың жатқызады. Поэзиядағы мотивтің мән-жайы әлі зерттей түсуді қажет етеді. Оқиғалы, драмалық туындыларда қайталанып келетін сюжетті млтивтер кездеседі. Олар әр жазушының шығармасында әрқалай қайталанып келеді. Көптеген әдеби мотивтер мифалогиямен бірге адамзат мәдениетінің рухани қазынасының келіп қосылады. . ## Дереккөздер
### Өмірбаяны Геннадий Леонидович Бердюгин - 1937 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Сокольск ауылында дүниеге келген. 1958 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанның партиялық органдарында жауапты басшылық қызметтерінде жұмыс істеді. 1990-1994 жылдары Геннадий Леонидович Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратында жұмыс істеді. 1994 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасын басқарды.1998 жылдан бастап «Үлбі металлургия зауыты» АҚ кедендік қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бастығы болып істейді. Ол кәсіби мамандар ұжымын қалыптастыра және тәрбиелей алды, кедендік рәсімдер үшін құжаттарды дайындаудың нақты жүйесін құрды, мемлекеттік кедендік органдармен жағымды іскерлік қатынастарды жөнге келтірді. Геннадий Леонидович Бердюгиннің еңбек қызметі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен және медалдармен, Құрмет грамоталарымен және алғысхаттармен ескерілді. Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылғы 29 қазанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. ## Сыртқы сілтемелер http://ukmaslihat.vko.gov.kz/kz/citizens_07.htm Мұрағатталған 5 қарашаның 2014 жылы. ## Өмірбаяны Геннадий Леонидович Бердюгин - 1937 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Сокольск ауылында дүниеге келген. 1958 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанның партиялық органдарында жауапты басшылық қызметтерінде жұмыс істеді. 1990-1994 жылдары Геннадий Леонидович Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратында жұмыс істеді. 1994 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасын басқарды.1998 жылдан бастап «Үлбі металлургия зауыты» АҚ кедендік қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бастығы болып істейді. Ол кәсіби мамандар ұжымын қалыптастыра және тәрбиелей алды, кедендік рәсімдер үшін құжаттарды дайындаудың нақты жүйесін құрды, мемлекеттік кедендік органдармен жағымды іскерлік қатынастарды жөнге келтірді. Геннадий Леонидович Бердюгиннің еңбек қызметі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен және медалдармен, Құрмет грамоталарымен және алғысхаттармен ескерілді. Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылғы 29 қазанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. ## Сыртқы сілтемелер http://ukmaslihat.vko.gov.kz/kz/citizens_07.htm Мұрағатталған 5 қарашаның 2014 жылы.
Арыстанбек Мұхамедиұлы — белгілі мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (2003), өнертану докторы (2011), профессор, композитор. Мәдениет және өнер саласында халықаралық «World master in Аrts and Сulture» (Корея), «Жыл менеджері» (Ресей), «Человек года - 2016» (Ресей), «Прогресс» медалі - 2018 (Әзірбайжан) жоғары атақтарына ие. ## Өмірбаяны Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген.Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1986), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару мектебін (1997), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (аспирантура, 2001) бітірген.Еңбек жолын қарапайым филармония әртісінен бастап ірі мемлекеттік лауазымдарды иеленіп келеді. Атап айтқанда: * 1984-1991 жылдар - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әртісі (Алматы). * 1991-1993 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бас маманы, (Алматы). * 1993-1994 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің көмекшісі (Алматы). * 1994-1996 жылдар - «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің директоры (Алматы). * 1996-1997 жылдар - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебінің тыңдаушысы. * 1997-2001 жылдар - Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінің басшысы – әскери бөлім командирі (Астана). * 2001-2005 жылдар - Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры (Астана). * 2005-2006 жылдар - «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының президенті (Астана). * 2006-2007 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі (Астана). * 2007-2008 жылдар - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы (Астана). * 2008 жылғы ақпан – 2008 жылғы сәуір - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (Астана). * 2008-2014 жылдар – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры (Алматы). * 2014 жылғы ақпан - 2014 жылғы тамыз – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі (Астана). * 2014-2019 жылдар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі (Астана). * 2019 жылдың шілде айынан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры (Нұр-Сұлтан). ## Басқа да қызметтері * 2017 жылдан - Қазақстан Президенті жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру ұлттық комиссиясының мүшесі. * 2018 жылдан – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі. ## Жобалары * 1997 жыл - Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрін ұйымдастырушы. * 1998-2001 жылдар – Қазақстанның хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және т.б. салтанатты іс-шараларын ұйымдастырушы. * 2002 жыл: «ЮНЕСКО қамқорлығындағы Ұлы Жібек жолы» Халықаралық фестивалінің сценарист-режиссері (Франция, Пaриж); Мемлекеттік Эрмитаждағы «Золотой воин. Сокровища сакских курганов» халықаралық көрмесін ұйымдастырушы (Ресей, Санкт-Петербург). * 2005 жыл: «Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндерін» ұйымдастырушы (АҚШ, Вашингтон, Сан Диего, Нью-Йорк, Хьюстон); «ШОС» Халықаралық фестивалінің сценарист-режиссері (Қазақстан, Астана); «Мәдени алуантүрлілік және Орталық Азиядағы диалог» мәдени шарасын ұйымдастырушы (Франция, Париж, ЮНЕСКО штаб-пәтері). * 2009 жыл: Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында алғаш рет «Өнер» мамандықтары бойынша «Диссертациялық кеңес» құрды; Қазақстанда алғаш рет Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында 7 «Өнер мамандығы» бойынша Докторантура (PhD) ашты; Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының жас ғалымдарына Нью-Йорк киноакадемиясы, Колумбия университеті, Флоренция және т.б. университтерге ғылыми тағылымдамалар ұйымдастырды. * 2010 жыл - «Театр наций» қоғамдық эксперименталды театрдың шығармашылық жетекшісі. * 2011 жыл: Моңғолиядағы «Түркі қағанаты ескерткіштерін зерттеу» ғылыми экспедициясын ұйымдастырушы; «Бастау» Халықаралық студенттер кинофестивалінің негізін қалаушы және ұйымдастырушы. * 2012-2013 жылдар - Алғашқы «Жетекші киномектептер Ассоциациясын» құрды (құрамына Нью-Йорк киноакадемиясы, С. Герасимов ат. ЖМКИ, Мимар Синан өнер университеті және т.б. әлемдік жетекші 16 білім беру орталығы енді). * 2015 жыл: «Қазақ елі» тарихи-драмалық 10 сериялы телесериалы идеясының авторы; «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмі, «Қазақ елі» көпсериялы анимациялық фильмдерінің, «Алмас қылыш», «Алтын тақ» көркем фильмерінің көркемдік жетекшісі; «Қазақ хандығына 550 жыл» театрланған Гала-спектакль сценариінің авторы және режиссері. * 2016 жыл: Рио-де-Жанейро қаласындағы «XXXI Жазғы Олимпиада ойындарында» Қазақстан спортшылары делегациясын басқарды (18 медаль);Орта Азия елдерінің «Қазақстан - Еуразия жүрегі» Халықаралық театр фестивалін, «Шекарасыз ән» Халықаралық фестивалін, «Елім менің», «Тәуелсіздік толғауы», «Текті сөздің төресі – терме», «Тіл - парасат» конкурстарын ұйымдастырушы. * 2017 жыл: «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенін құру идеясының авторы; «Опералия Пласидо Доминго» вокалистердің XXV Халықаралық конкурсын ұйымдастырушы; Қазақстанда өткен Көкпардан Тұңғыш Әлем чемпионатының бірлескен авторы; Ла Скала театрының гастрольдерін ұйымдастырушы: танымал дирижер З. Метаның қатысуымен Дж. Вердидің «Фальстаф» операсы, Людвиг ван Бетховеннің «№9 симфониясы»; Густав Малердің «№8 симфониясы» премьерасын ұйымдастырушы; «Император Цинь Шихуандидің Терракот әскері», «Эрмитаж» қорларының көрмесі, «Ежелгі Египет ескерткіштері», «Сақтар алтыны» көрмелерін, «Eurasia Sculpture Biennale» биенналесін ұйымдастырушы. * 2018 жыл: «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – жаңа форматта» тұжырымдамасының авторы (іргелі-тарихи зерттеулерге негізделген Наурызды атап өтудің замаманауи 8 жолы); «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жоба идеясының авторы; «Қазақстандағы киелі жерлер» ғылыми-көпшілік деректі фильмдері идеясының («Киелі Қазақстан», «Қожа Ахмет Ясауи», «Айша Бибі», «Алтын адам», «Номадтар елі») авторы; Әлемдік жұлдыздардың қатысуымен «Voice of Astana» Халықаралық эстрада әндері конкурсын ұйымдастырушы; «Eurasian Book Fair – 2018» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы; «Notre Dame de Paris» француздық-канадалық мюзиклдің қазақ тіліндегі премьерасын ұйымдастырды. ## Ғылым жолы * 2003 жыл: Кандидаттық диссертация: «Қазақстан-ЮНЕСКО: мәдени байланыс аспектілері» (07.00.15 – Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы) Алматы қ. * 2011 жыл: Докторлық диссертация: «ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық аясындағы Тәуелсіз Қазақстан өнері». (17.00.09 – өнер теориясы және тарихы, Өнертану докторы.) Баку қ. ## Мақалалары * 2010 жыл: Музыкальная культура кочевников Центральной Азии и Китая ; * 2011 жыл: Искусство суверенного Казахстана и ЮНЕСКО: из истории культурного сотрудничества ;Певец свободы – Махамбет . * 2015 жыл: X форум творческой и научной интеллигенции государств-участников СНГ в Астане. Новые модели для вечных ценностей . * 2016 жыл: О земле «Великой Степи». Культурное наследие ; В Рио Казахстан делает ставку на воспитанников отечественного спорта . * 2017 жыл: Біз салыстыру психологиясынан арылуымыз керек . * 2018 жыл: Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек ; Наурыз тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына ықпал етіп келеді ; «Рухани жаңғыру» - елдігімізді нығайтты, еңсемізді тіктеді . * 2019 жыл: Ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғырту керек ; «Рухани жаңғырудың» екі жылын елеулі істермен түйіндеп отырмыз ; Өзімізге деген көзқарасты өзгертуіміз керек . * 2020 жыл: Қазақтың ұлттық намысы – ұлы жетістіктерінің негізі! ; Қазақтың арғы-бергі тарихы ұдайы бірігуден тұрады . * А. Құнанбайұлының шығармашылығына арналған анатитикалық мақалалар: Абай: мысль и совесть эпохи ; Абай неден түңілді? ; «Абай: Сәулесі бар жігіттер бір ойланар...» ; «Білгендердің сөзіне, махаббатпен ерсеңіз» ; Абай Құнанбайұлы скрипкада ойнаған . ## Шығармалары * «Астана». Сөзі: Н. Айтұлы, орындайтын: «Бәйтерек тобы». * «Асыл сезім». Сөзі: И. Исаев, орындайтын: А. Жорабаева. * «Анажан». Сөзі: М. Қасымбеков, орындайтын: А. Махмуд. * «Алматы көктемі» инструменталдық туындысы. * «Жан әке». Сөзі: А. Дүйсенбі, орындайтын: Ә. Мұхтарқызы. * «Бақытты жандармыз». Сөзі: А. Дүйсенбі. * «Достарым». Сөзі: А. Дүйсенбі. * «Сендей қазақ баласы». Сөзі: Ш. Сариев * «Ата-анаға тағзым». Сөзі: М. Қасымбеков. * «Бақытым». Сөзі: Ш. Сариев. * «Ана». Сөзі: Ш. Сариев. * «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ гимні». Сөзі: Ұ. Есдәулетов * «Бақыт құсы» би композициясы. * «Шабыт» би композицисы. * «Жастар вальсі» би композицисы. * «Үрмелі аспаптарға арналған марштар». ## Марапаттары * 1998 жыл - «Астана» медалі; * 2001 жыл - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі; * 2005 жыл - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі; * 2005 жыл - «Қазақстанға еңбегі сіңірген қайраткері» мәртебелі атағы; * 2008 жыл - «Астананың 10 жылдығы» медалі; * 2010 жыл - «Құрмет» ордені; * 2012 жыл - «World master in Аrts and Сulture»(Корея); * 2012 жыл - «Жыл менеджері» (Ресей); * 2014 жыл - «Талғар ауданының Құрметті азаматы»; * 2014 жыл - «Еңбекші қазақ ауданының Құрметті азаматы»; * 2015 жыл - «Содружество» орденінің кавалері (ТМД мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы); * 2016 жыл - «Человек года - 2016» (Ресей); * 2016 жыл - «Парасат» ордені; * 2016 жыл - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі; * 2018 жыл - «Прогресс» медалі (Әзірбайжан); * 2018 жыл - «Астананың 20 жылдығы» медалі; * 2020 жыл - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалі; * 2020 жыл - Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі; * 2016-2020 жж. - Мерейтойлық және ведомстволық медальдардың иегері. ## Дереккөздер * 1 Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – өмірбаян. https://m.sputniknews.kz/spravka/20190226/9437890/arystanbek-muhamediuly-omirbaian.html. * 2 ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды. https://www.inform.kz/kz/kr-madeniet-ministri-kyzmetine-arystanbek-muhamediuly-tagayyndaldy_a2638326 ## Сыртқы сілтемелер * ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды Мұрағатталған 15 қарашаның 2014 жылы. Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
Кіші ТАҒАНАҚ (Lanius minor) - маңдайы қара, ашық сұр реңді едәуір ірі денелі (45-60 г) тағанақ. ## Биологиялық сипаттама Басқа тағанақтардан гөрі ағашқа үйір, қомақты жақсы жылы қалыпқа келтірілген ұясын көбінесе, әсіресе елді мекенде, ағаш басына биігірек орналастырады. Қылығы және дауысы басқа тағанақтардікіндей. Салындыдағы 4-8 қоңыр және сұр теңбілді жасылдау жұмыртқаларды аналық басады, оны аталығы мезгіл-мезгіл алмастырып, қоректендіреді, қорғайды. Балапандарды ата-енелері бірлесіп жемдейді. Басқа тағанақтар сияқты кіші тағанақ та азық қалдығын тікенектерге шаншып қояды. Әрқашан жұптасып немесе жалғыз-жалғыздан болады, балапандары ұядан ұшқан соң да топ түзбейді. ## Таралуы Қазақстанда мамырдың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін болады. Африкада қыстайды. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Үлкен ТАҒАНАҚ (Lanius excubitor) - тағанақтардың ішіндегі ең ірі денелісі (64- 92 г). ## Биологиялық сипаттама Үлкен тағанақтың жоны - таза сұр түсті, бауыры - ақшылдау. Қара қанатында ірі ақ «көзтартар» болады, құйрығы қара бұлқын қауырсындардың ұшы ақ болып келеді. Қылығы, дауысы және бүкіл өмір сүру дағдысы барлық тағанақтар типтес.Қазақстанда құрлықтың сексеуілді ормандарында қоныстанады (нағыз жарқын шөл түршесі), мұнда ол кей жерлерде әдеттегідей. Сондай-ақ Жоңғар Алатауы, Алтайдың таулы ормандарында да ұялайды. Мұнда едәуір қошқыл түсті басқа түршелердің құстары мекендейді, олардың барлығы наурыз-сәуірде ұшып келеді де, қыркүйек-қазанда ұшып кетеді. Бұдан басқа үлкен тағанақтың тағы солтүстік түршелері бар. Олар аққанаттылар деп аталады, Қазақстанның шегінен тысқары ұялайды және бізге қараша-желтоқсанда ұшып келіп, наурыз-сәуірде ұшып кетеді. Қыстың ашық, мамыражай күнінде бұл қыстайтын тағанақтарды тау етектерінен ғана емес, тіпті таулардан да кездестіруге болады. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Тағанақ тұқымдастар (Laniidae) - торғайтәріздестер отрядына жататын тұқымдас. ## Биологиялық сипаттама Дене мөлшері торғайдан қараторғайға дейін (25-120 г) болатын дене бітімі тығыз тағанақтар. Тұмсықүсті күшті, екі бүйірінен қысыңқы тұмсығы жыртқыш құстардікі сияқты төмен қарай имек және сұңқарлардікіндей тұмсық ұшындағы өткір тісшелермен аяқталады. Торғайтәріздестер отряды ішіндегі күшті, сотқар құстар - кішкене жыртқыштар. Олар ірі бунақденелілерден басқа (көбінесе қоңыздар) жағдайы келген кезде ұсақ кесірткелерді және тышқандарды, сондай- ақ торғай тұқымдас ұсақ құстарды аулайды. Олжасын көбінесе бұтаққа қонып алып қарауылдайды және жер бетінен немесе ауадан аулайды. Олар олжа қалдығын тікенекті бұталарға шаншып кетуге дағдыланған.Құрғақ өсімдік сабақтарынан тоқылған, аузы ашық тостағанша тәріздес ұяларды ағаштардың немесе бүталардың бұтақтарына орнатады. Салындыдағы 4-6 шұбар жүмыртқаларды не аналық, не ата-енелер бірлесіп басады. Балапандарды ұяда бірлесіп 2 апта жемдейді және балапандар ұядан ұшқаннан кейін тағы бір айдай қоректендіреді. Жұптасып өмір сүреді, топ түзбейді. Дауысы дөрекі, сықырлаған әуені бар, жағымсыздау, дегенмен көптеген түрлері басқа құстардың дауысына жақсы еліктейді. . ## Таралуы Өте кең таралған (Австралия және Мадагаскардан басқа) және орман жиегіне немесе бұталары бар ашық жерлерге қоныстанады. Дақылды ландштафтарға орын тебуге әуес.Қоңыржай ендіктен қыстауға ұшып кетеді, оңтүстікте отырықшы өмір сүруі мүмкін.Тағанақ тұқымдастардың 9-12 туысына жататын 66-69 түрі бар. Олардың атамекені - Африка, олардың сан алуан түрлері онда өте көп. Қазақстанда бір ғана туыс - тағанақтар туысының 7 түрі кездеседі. ## Дереккөздер
### Өмірбаяны Николай Владимирович Алексеенко - 1931 жылы 22 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Мұғалімдік жұмыс өтілі 50 жылдан астам. 7 монография және 100 астам ғылыми мақалалардың авторы, оның басшылығымен «Отандық тарих» атты мамандық бойынша 11 адам кандидаттық диссертацияларын қорғады. Өскемен педагогика институтында қызмет атқара отырып, Қазақстанның шығысында бірінші тарих факультетін құрудың бастауында тұрды. Оның бастамасымен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Республикада бірінші рет демография институты құрылды, демограф түлектер бітіріп шықты. Өскемен қаласындағы Шығыс Гуманитарлық институтының бірінші ректоры және ұйымдастырушысы. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Кіші халықтар Ассамблеясының жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ретінде белсене қатысады. Қаланың ономастикалық комиссиясының мүшесі. Өскемен туралы кітаптың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуге және қоғамның дамуына ғылыми-тәжірибелік зор үлес қосқаны, бейбітшілік және қоғамдық келісімдерді нығайтудағы белсенді қызметі үшін 2006 жылғы 17 тамызда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. ## Сыртқы сілтемелер * http://ukmaslihat.vko.gov.kz/kz/citizens_02.htm Мұрағатталған 5 қарашаның 2014 жылы. ## Өмірбаяны Николай Владимирович Алексеенко - 1931 жылы 22 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Мұғалімдік жұмыс өтілі 50 жылдан астам. 7 монография және 100 астам ғылыми мақалалардың авторы, оның басшылығымен «Отандық тарих» атты мамандық бойынша 11 адам кандидаттық диссертацияларын қорғады. Өскемен педагогика институтында қызмет атқара отырып, Қазақстанның шығысында бірінші тарих факультетін құрудың бастауында тұрды. Оның бастамасымен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Республикада бірінші рет демография институты құрылды, демограф түлектер бітіріп шықты. Өскемен қаласындағы Шығыс Гуманитарлық институтының бірінші ректоры және ұйымдастырушысы. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Кіші халықтар Ассамблеясының жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ретінде белсене қатысады. Қаланың ономастикалық комиссиясының мүшесі. Өскемен туралы кітаптың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуге және қоғамның дамуына ғылыми-тәжірибелік зор үлес қосқаны, бейбітшілік және қоғамдық келісімдерді нығайтудағы белсенді қызметі үшін 2006 жылғы 17 тамызда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. ## Сыртқы сілтемелер * http://ukmaslihat.vko.gov.kz/kz/citizens_02.htm Мұрағатталған 5 қарашаның 2014 жылы.
Тағанақтардың негізгі туысы (Lanius) - тағанақ тұқымдастардың негізгі туысы. Қазақстанда республика аумағы бойынша кең таралған 7 түрі бар. «Тағанақ - сорокопут» атауының екі түрлі түсіндіріледі. Біреуі - өзге құстардың дауысына тұрақты еліктеушілік десе, екіншісі - ірі денелі тағанақтар қанатындағы ақ дақтар алыста ұшқан кезде сауысқанмен шатастырудан туған деседі. Дене мөлшері кішірек тағанақтарды Қазақстанда «қарқанақ-жулан» деп атайды. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
ЖасылбасТАҒАНАҚ (қарқанақ) (Lanius collurio) - Қазақстан фаунасындағы кішкене тағанақтардың (24-35 г) 4 түрінің біреуі. ## Биологиялық сипаттама Қалған қарқанақтардан айырмашылығы құйрық реңіне байланысты: құйрық түбі - ақ, ұшына дейінгі үштен бір бөлігі - қара. Аталығының жоны - қоңыр қызғылтсары, басы - сұр, бауыры - солғын қызғылт реңкті ақ; қанаты - шағын ақ «көзтартарлары» бар қошқыл түсті. Аналығының бүкіл жоны - қызғылтсары, тіпті құйрығы да қоңырқай реңді, ал көмескілеу көлденең белгілері бар бауырының реңі ақ. Жас құстар аналыққа ұқсас. Ұялары бұталарда болады, салындыға мамыр-маусымда 4-8 теңбілді жұмыртқалар салады. Жұмыртқаларды аналығы екі аптаға жуық басады, ал соңы-нан аналық соншама уақыт балапандарды аталықпен бірлесіп тағы қоректендіреді. Балапандарды ұядан ұшып кеткеннен кейін де ата-енелері тағы бір ай қосымша жемдейді. ## Таралуы Бүкіл Еуропаны және Азияның айтардықтай бөлігін мекен ететін қарқанақтарды және олардың өмір сүру дағдысын сипаттайтын қолда бар әдебиеттердің көпшілігі дәл осы түрге жатқызады. Кешірек - мамырда ұшып келетін болғандықтан, бір жазда бір рет балапан өргізеді. Қазақстан аумағынан тамыз-қыркүйекте ұшып кетеді. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қызылқұйрық тағанақ (қарқанақ) (Lanius phoenicuroides) - Қазақстанда ең кең таралған тағанақтардың бірі. ## Таралуы Республиканың оңтүстік жартысында солтүстікке қарай -Торғай сағасына, Солтүстік Балқаш маңы ғана шөл, шөлейттерді және жазықтықтардың дақылды ландшафтын емес, Батыс Тәңіртаудағы теңіз деңгейінен 2500 м жоғары таулы беткейлеріне де қоныстанады. Сәуірден қыркүйекке дейін кездеседі. ## Биологиялық сипаттама Бұл - танымал қарқанақ, жасылбас тағанақтан айырмашылығы - құйрығы қара реңді емес, қызылқұйрықтың құйрығы сияқты - ашық қызғылтсары (түрдің латынша түрлік атауы «қызылқұйрықтәріздес» деп аударылады). Аталығының төбесі және жоны да - ашық қызғылтсары. Қызылқұйрық тағанақ шапшаң, оңтайлы жыртқыш құс, ол тіпті дене мөлшері өзіне шамалас құсқа (мысалы, сарғалдақ сұлыкешке) шабуыл жасаудан да тайынбайды. Көбінесе қалың өскен тікенекті бұталарға орналастырылған әдеттегі тостаған тәрізді салындыға аналығы мамыр-маусымда 4-8 жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың негізгі аясының реңі ақшыл саз түстен қызғылтқа немесе жасыл түске дейін өзгеріп, оған ірірек қоңырқай қоңыр теңбілдер шашырап жатады. Жұмыртқа басып жатқан аналықты аталығы қоректендіріп, ата-енелері балапандарға ұяда екі аптаға жуық кезектесіп жем тасиды. Бұдан соң балапандар ұядан кеткеннен кейін тағы айға жуық оларды қоректендіреді. Азық қалдығын көбінесе тікенектерге шаншиды. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Тана мырза Тілемісұлы (1803–1868) — болыс, ел билеушісі, Құнанбайдың замандасы, құдасы. Тананың әкесі Тілеміс Байжігіт-Мұрын елінің атақты биі болған. Найман тайпасы Қаракерей руы Мұрыннан шыққан. Оның немере қызы Тектіге Құнанбайдың баласы Ысқақ үйленген. Одан Кәкітай туған. Тана Мұрын еліне, Құнанбай Тобықты еліне бір жылда (1844) болыс болып сайланған. Тана мырза Лепсі аймағының Шұбар ағаш деген жерінде орыс-қытай шекарасы туралы комиссияның мүшесі ретінде (1858) құжатқа қол қойған. Оған поручик (1868) шені берілген. Тана мырза Ертіс өзеніне таяу жердегі Көкпектіде мешіт салдырған. Мешіттің ашылу тойына Құнанбайды да шақырған. Сол тойға Құнанбай Абайды да ертіп барды деген деректер бар. Абай ел басқару ісінде Тана мырзаның тәжірибесін пайдаланған. ## Өмірбаяны Тана Тілемісұлы - ел ішінде Тана мырза деген атпен мәлім атақты мырза әрі би. 1803 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат өңірінде дүниеге келген. Жасынан мұсылманша сауат ашқан ол ел билігіне ерте араласқан. 1842 жылы Мұрын-Назар болысының басқарушысы болған. Тана мырза салдырған елдегі алғашқы білім ордасы "Ақ мектеп" орны әлі күнге дейін бар. Өзі билік жүргізген елде суармалы жерлерге егін ектірген, елді өнер-білімге баулып, мешіттер салдырған. 1849 жылы Көкпекті округіне ғылыми зерттеумен келген инженер А.Влангалидің, 1863 жылы К.Струве мен Г.Потаниннің экспедициясына қатысып, жолбасшы болған. Бұл жөнінде осы аталған ғалымдардың жолжазбаларында айтылады. Патша өкіметінен поручик шенін алып, Анна лентасымен марапатталған. 1868 жылы осы өңірде, Сұлутал ауылының маңында қайтыс болған. Көкпекті ауданының орталығы Көкпекті ауылында Тана мырзаның атында мешіт бар. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы бір ауыл қазір Тана мырза ауылы деп аталады. ## Дереккөздер
Ахметжан Қозыбағаров — 1879 жылы 1 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Семейдегі ауылшаруашылық мектеп-интернатын бітіріп, 1901-1906 жылдары Омбыдағы фельдшерлік мектепте оқыған. 1906-1918 жылдары Семейдегі губерниялық ауруханада фельдшер қызметін атқарды. 1917-1919 жылдары Алаш партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысып, 1918 жылы Алашорданың Семей облыстық кеңесіне мүше болды. 1921-1922 жылдары Шығыстауда Арқат дәрігерлік бөлімшесін басқарып, өз қаржысына емхана салдырды. 1935-1937 жылдары Алматы кірпіш зауытының емханасында меңгеруші болды. 1937 жылы 25 тамызда Алматыда тұтқындалды. Семей абақтысына жабылып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы ақталды. ## Дереккөздер
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үй апарып жүрді. Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге «желкөз» -деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге «торкөз»- деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық және т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже, қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады. ## Тарихы Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынырақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шамамен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған. ## Этимологиясы мен синонимі Жалпытүрік тіліндегі «jurt» («юрта» - орыс тілінде ) деген сөзі «жұрт» деген мағынаны басымрақ білдіріп және де – «жайылым, жайлау» деген мағынаны да білдерді. Қырғыз және қазақ тілдерінде «Ата-Жұрт» сөзі «атамекен» - синонимі «Отан», сөзбе-сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді. * Гэр (транслитерациясы: ger) – Моңғолша жай ғана «үй» мағынасын бідіреді. * Тирмә (транслитерациясы: tirmä) – бұл Башқұрт тіліндегі «киіз үй» термині. * Боз үй (транслитерациясы: boz üy) – Қырғыз терминінде киіздің түсіне байланысты, «боз, сұр үй» дегенді білдіреді. * Аk öý және gara öý – Түркімен тілінде сән салтанатына не әсемділігіне сай сөзбе-сөз «ақ үй» және « қара үй» дегенді білдіреді. * "Kherga"/"Jirga" - деп атайды, Африкандықтар. * Kheymah (خیمه) (урду тілінен (және парсы): خیمه) – Пакистан тұрғындары үшін, бұл «шатыр» не «киіз үй» деген мағынаны білдіреді. * Чадра (چادر) – Парсы тілінде * Хona-я siyoh , xayma (киіз үй, хонаи сиёҳ, хайма). –Тәжік тілінде ## Киіз үй түрлері Киіз үйлер қазақы және қалмқы деп екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді. * Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. * Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы. * Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. * Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй. * Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй. * Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі. * Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі. * Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі. * Қараша үй – кедей үйі. * Отау – жас жұбайлар үйі. * Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер. * Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері. * Ақтағыр - 2 қанатты, 2 үзікпен жабылатын шағын киіз үй. * Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй. * Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй. ## Үй құрамы ### Киіз үй сүйегі Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық. Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет. Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді. Өмірлік тәжірибе құлаған киіз үйдің ең көп зақымданатыны уық қаламдары екенін көрсетіп жүр. Бұндай жағдайға ұшыраған киіз үй сүйектері зақымданған уық қаламдарын сәл ұзартып, қайта қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі. * Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері. * Шаңырақ– үйдің бас бөлігі. * Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек. * Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш. * Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік. * Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы. * Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш. * Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы. * Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы. * Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы). * Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы. * Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы. * Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз) * Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері. * Желі– керегені құрайтын ағаштар. * Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны. * Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы. * Қары– уақтың иініне дейінгі бойы. * Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр. * Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі. * Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш. * Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш. * Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек. * Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы. * Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш. ### Шаңырақ Басты мақаласы:ШаңырақКиiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi. Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды. Этимологиясы Қазақ тілінде “шаңбақ” деген сөз бар. Ол сөз тек қана бір-біріне тік бұрышпен бікітілген нәрселерге арналатын сөз. Қауғаның шаңбағы деп құдықтан су шығаратын тері ыдысты бекітетін, тура шаңыраққа ұқсатып жасаған құралды айтады. “Шаң” сөз түбірі болса (қосу таңбасы) “рақ” пен “бақ” жалғаулары олардың бірін шаңыраққа бірін шаңбаққа айналдырып тұрады. Бұл мәселе жөнінде тіл мамандарына ой толғап көруіне болатын секілді. ### Есiк пен төр Басты мақаласы: Есік (қазақ үй), төр Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қарай бағытталады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар. Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады. Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар. Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi. Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi». Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын! Басты мақаласы: Кереге, Босаға Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға. Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады. Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген. Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады. Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi. Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр. Қазан-ошақ Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады. Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек. Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы ретiнде де таниды. Бақан, адалбақан Басты мақаласы: Бақан, адалбақан Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды. Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам — адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны күйзелгенде «Төрiмнен көрiм жақын» деп қиналатыны да бар. Табалдырықты баспа! Ертедегi түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен, ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн мәнге ие. Мысалы, ертеректе шала-жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн табалдырықтың астына көметiн болған. Түсiктi де сөйткен. «Табалдырықты баспа!» дейтiн тыйымның шығу себебi, мiне, осымен байланысты. Оталмаған мылтық пен қаппаған қақпанды домдау үшiн табалдырықтың астына қойып, бойын таза ұстайтын әйел адамға аттататын болған. Себеп, арғы әлем мен бергi әлемнiң арасындағы қаскөй рухтар мылтық пен қақпанды байлап тастады дейтiн түсiнiк. ### Үй киіздері * Киіздер– киізден тұратын бөлшектер. * Түндік– шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз. * Туырлық– ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз. * Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз. * Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз. * Киіз есік - үйдің есігін сыртынан жабылып тұрады * Үзік - уықтардың үстін ала жабылады ### Киіз үйдің баулары, басқұр мен арқандары (бау-шулары) Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады. * Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Таңғыш – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау. * Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан. * Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. * Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. * Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады. * Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр. * Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі. * Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. * Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан. * Киіз үйдің шилері - кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік. * Есікбау – киіз есіктің бауы. * Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау. * Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан. * Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы * Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар. * Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау. * Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп. * Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан. ## Киіз үйндің негізгі бөлмелері * Төр – мұнда жүк жаналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғарғы әрі қымбатты орыны деп саналады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді. * Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды. * Оң жақта - (кіргенде сол жақ) балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді. * От орны қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. ## Киіз үй киіздерін дайындау барысында орындалатын жұмыстар: * Қой қырқу * Жүн тазарту * Жүн сабау * Киіз басу * Киіз пісіру * Киіз пішу * Киіз тігу * Жүн түту * Жіп иіру * Жіп ызып бау жасау * Киіз жиектеу * Талдырмаш басу * Текемет басу ## Киіз үйде отыру тәртібі * Сүйеніп, тіреліп отыруға болмайды. * Таянып отыруға болмайды. * Жағын таянуға, маңдайды тіреуге де тыйым салынады. * Қолын төбесіне қойып немесе желкесіне қойып отыруға болмайды. * Тізені құшақтап немесе қолдарын айқастыра, тізені тартып отыруға болмайды.«Тізеңді құшақтама, керме». * Жұртқа қарап керілуге болмайды. * Киіз үйде жастардың жамбастап жатуына болмайды. * Жатып ішуге болмайды. * Аяғын созып отыруға болмайды — көсіліп жату. * Киіз үйдің ішінде жүрелеп отыруға болмайды. * Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды. * Киіз үйге қолына қамшы ұстап кіру жөнсіз саналады. * Қазақта ер адамның дұрыс отыруы «малдас құру» арқылы отырады. * Күйеуі бар әйел, бәйбіше — ошаққа қарап, оң аяғын астына басып, сол аяғының тізесін бүгіп отырады. * Салт атты адам киіз үйге артқы жағынан келуі керек. ## Киіз үй жиһаздары * Абажа - ас, тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі. * Абдыра - киім-кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық. * Ағаш төсек - жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы. * Адалбақан - киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз. * Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған үй жиһазы. * Бөгіре - кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін). * Жағылан - былғарыдан істелген сандық. * Жозы - жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел. * Жүкаяқ - жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. * Кебеже - ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық. * Сандық - әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы. ## Киiз үйге байланысты қарғыстар * «Шаңырағың шарт сынып, шандырыңа қадалсын, күлдiреуiшiң күрт сынып к…iңе қадалсын». Мұны кезiнде Радлов жазып алған. * «Көк шөбiң басылмасын, күлiң шашылмасын». Бiр қарағанда тәп-тәуiр сөз секiлдi көрiнгенiмен бұл қарғыстың салмағы зiл батпан. Бұл — үйiңнiң айналасын жайқалған шөп бассын, оны таптайтын үйiңде адам қалмасын, балаларың, үрiм-бұтағың жойылсын деген сөз. (Ертеректе балаларды «күлшашар» деп те атаған). Бұл қарғысты Моңғолия қазақтарынан Ақедiл Тойшанұлы жазып алған. ## Қазақ киіз үйі мен моңғол киіз үйінің парқы * Ұяағаштарының жасалуы ұқсамайды. * Сыртқы жамылшыларының пішіліп, жабылуы (үзік, туырлықтарының) ұқсамайды. * Сыртқы пішіні ұқсамайды. * Бау-шу, өрнектері, ішкі жиһаздалуы ұйқаспайды. Сондықтан сырттай көргенде-ақ киіз үйдің тігілу пішінінен қазақ киіз үйі мен моңғол үйін айқын парықтауға болады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Киiз үйдiң киесi Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. * Темір үй киіз үй емес Мұрағатталған 13 наурыздың 2016 жылы. ## Тағы қараңыз * Киіз үйдің сфералық понорамасы Мұрағатталған 16 наурыздың 2015 жылы. * Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары * Қазақтың киіз үйі Мұрағатталған 30 қазанның 2014 жылы. * Ғажайып туынды - Киіз Үй (KZ) * Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Киіз үй. * Киіз үй. Қытай Қазақтары. * Киіз үй құру дәстүрі (1 бөлім). Асыл арна * Киіз үй құру дәстүрі (2 бөлім). Асыл арна * II ғасырдан артық тарихы бар киіз үй * Киіз үй өлшемдері. «Microsoft Excel » * 3D өлшемдегі онлайн киіз үйі
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (25 желтоқсан 1939 жыл – 23 қаңтар 2014 жыл) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996–2004). 1939-шы жылы 25-ші желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. ## Өмірбаяны Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан.Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғали (1891–1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. Ал анасы Халима Иманғалиева (1893–1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-ші жылдары дүниеден өткен. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған. Ақынның Анвар, Алмас есімді ұлдары мен Анар, Аида есімді келіндері бар, Анеля, Алан, Анита, Ахметжан, Аслан, Алсу атты немерелері бар. Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген. ## Қызмет жолы * 1961-ші жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. * 1966–1968-ші жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. * 1968–1970-ші жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. * 1970–1978-ші жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. * 1996–2004-ші жылдары ҚР мәжілісінің І және ІІ шақырылымдарының депутаты болды. * 2014-ші жылдың 23-ші қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті ## Әдеби шығармашылығы Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958-ші жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966-шы жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1984-ші жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. ## Шығармалары * Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966; * Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; * Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; * Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; * Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; * Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975; * Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976; * Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; * Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978; * Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978; * Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979; * Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980; * Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980; * Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; * Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984; * Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985; * Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984; * Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985; * Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987; * 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004. ## Марапаттары * «Құрмет белгісі» (1976) * «Парасат ордені» (1996) * ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979). * Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985). * Қазақстанның халық жазушысы (1991). * Қазақстанның халық ақыны. * Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. ## Отбасы * Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын (1891–1940). * Анасы - Иманғалиева Халима (1893–1976). * Балалары - Оңғарсынов Айвар (1966 жылы туған), Оңғарсынов Алмас (1976 жылы туған). * Немерелері - Анита (1987 жылы туған), Алан (1996 жылы туған), Анеля (1999 жылы туған), Ахметжан (1998 жылы туған), Аслан (2002 жылы туған), Алсу (2009 жылы туған). ## Дереккөздер
ТАСШЫБЖЫҚТАР туысы (Oenanthe) - Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздес отрядының сайрақтар тұқымдасына жататын 13 туыстың біреуі. Тасшыбжық туысты құстардың дене мөлшері торғайлардай (20-30 г), алайда дене бітімі сымбатты( аяғы биік, тұмсығы бунақдене жеуге қолайлы жіңішке, қанаты - үшкір, қалыпты ұзындықтағы құйрығының ұшы тегіс болып келеді. Қауырсын жабынының реңінде сұр, құм түстес, ақ, қара және саз түстес реңктер басымырақ. Көпшілік түрлеріне тән ерекшеліктері - құйрықүсті және құйрық түбі ақ реңді болып келеді. Сонымен бірге бұлқын қауырсындарындағы ақ және қара түстердің арақатынасы бірқатар түрлер үшін жақсы далалық белгі болып табылады. Тасшыбжықтардың тағы бір ерекше белгісі - ұзын, жіңішке аяғына тізе бүгуі немесе керілген аяғында денесін тік қалыпқа келтіре алуы. Олар - шөл және басқа қуаң аумақтарда мекендеуге жақсы бейімделген құрлық құстары. Жерде жақсы адымдап жүріп қана қоймай, тіпті едәуір жылдам жүгіреді. Кейбір тасшыбжықтардың аталықтары - жақсы сайқымазақтар және жерде сайрап қана қоймай, сайрап жүріп күйттік ұшу жасайды. Жасырын ұялайды, көпшілік түрлерінде - інге немесе басқа қуыстарға, соның ішінде кемірушілердің тұрғын індерінде ұялайды. Жұп-жұп болып ұялайды, ірі топ түзбейді. Қыста ұшып кетеді. Тасшыбжық туысының белгілі 20 туысының негізгі бөлігі Африка және Алдыңғы Азияны мекен етеді, Қазақстанда 7 түрі: кәдімгі, испандық, қара алқымды, шөл, қара, сондай-ақ шыбжың және қасқа тасшыбжықтар кездеседі. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қараалқымды тасшыбжық (лат: Oenanthe finschii) — орташа денелі (21-30 г) тасшыбжық. ## Биологиялық сипаттама Ересек аталықтың жоны мен бауыры - ақ, тек қана тұмсығынан (тамағын қамтып) мойнының екі жағы арқылы және бүкіл қанатын бойлай екі қапталдың бойымен жалпақ қара жолақ созылады. Құйрығы да - ақ, құйрық ұшында қара жолағы болады. Аналығының реңі қызыл қошқыл реңкті сұрғылт қоңыр болып келеді. Қимылы жеке қылығы тасшыбжықтар типтес.Ұялары інде және жердегі басқа тереңірек ойықтарда болады. Құстар ұя алдына ұяның өзі мен аузы аралығына әдетте шағын ұсақ тастардан ұяның аузын сыртынан жабатын тұтас білеу жасайды. Салындыдағы 4-6 тат түстес қоңыр сирек көгілдір жұмыртқаларды аналық 12 күн бойы басады, ал балапандарды аталықпен бірлесіп қоректендіреді. Бір жылда 2 рет балапан өргізеді. Ұялас балапандар тез-ақ тарқап кетеді. ## Таралуы Қазақстанда наурыздың басынан қарашаға дейін кездеседі.Кіші, Алдыңғы және Орта Азияда қоныстайды. Қазақстанда тек қана Қызылқұмның (Сырдарияның сол жақ жағасы) құмдауыт құмында және Маңғышлақ түбегінен (Шығыс Каспий маңы) кездеседі. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қара тасшыбжық (Oenanthe picata) - аталығының бүкіл денесі - қара, тек қана құйрықүсті мен құйрықастының түсі ақ, мөлшерлес құстардың бәрінен ерекше ажыратуға болады; қоңыр реңді аналығы қалған тасшыбжықтарға ұқсас; қылығы - тасшыбжықтар типтес. Өмір сүру дағдысы ғана емес бұл түрдің жүйелік орны да зерттелмеген - бәлкім, бұның жеке түр болмауы да мүмкін. ## Таралуы Азияның оңтүстік өңірлерін, солтүстікте -Орта Азияға дейін қоныстанады. Қазақстанда шағын мөлшерде тек қана қиыр оңтүстікте - Өзбекстан шекарасындағы Пістелітаудың шөлдік аласа тауларында кездеседі. Мұнда наурыздың аяғынан қыркүйектің соңына дейін болады. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Шөл ТАСШЫБЖЫҚ (Oenanthe deserti) - кәдімгі тасшыбжыққа ұқсас орташа денелі құс. ## Биологиялық сипаттама Бұл екі түрдің аналықтарын бірінен-бірін айыру қиын. Аталығын қара алқымы мен жонының құм түстес түсінен ажыратуға болады. Әуені қысқа және тұрақты, бірақ өте әуезді - «или-или» деген тәрізді үн шығарады. Кейде сайрап жүріп тұп-тура тік ұшып, біртіндеп көлденеңдеу арқылы күйттік ұшу жолын жасайды.Ұялары жасырын жерлерге орналасады, көптеген тасшыбжықтардан айырмашылығы - ұясы іннің аузына таяу тұрады (кейде тіпті ұяның ернеуі көрінеді). Салындыдағы 4-6 қоңыр теңбілді көгілдір жұмыртқаларды негізінде аналығы 14-16 күн басады. Балапандарды ата-енелері ұяда 13- 14 күндей, олар ұшып кеткеннен кейін аптаға жуық қоректендіреді.Қазақстанда наурыздан қазанның ортасына дейін кездеседі. ## Таралуы Бұл африкалық-азиялық тасшыбжық Қазақстанда Каспий маңынан бастап Зайсан қазаншұңқырына дейін - құмдауыт жерді, ал сазды және тастақта көлденең бедерлі және бұталы үлескілерді ұнатып, барлық шөл типті жерлерге қоныстанады. ## Дереккөздер
Әубәкір Ақылбайұлы (1881, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау мекені - 1934) - ақын, әнші, сазгер. Абайдың Ақылбайдан туған немересі. Абайдың тәрбиесінде болған. Әзіл, мысқыл, әжуа, сықақ өлеңдер жазған. Әубәкір өлеңді қолмақол суырып та, жазып та шығарған. "Мамай батыр", "Әнет бабаң", "Ақтабан шұбырынды", "Оралбай мен Керімбала", "Әреке мен Береке" дастандарының, "Шыңғыстау" поэмасының авторы. Халық арасында Әубәкірдің "Көкен қалқам", "Әліпби", "Әубәкірдің әні", "Дариға" атты әндері жиі айтылады. Шығармалары Орталық ғылыми кітапхана мен Семейдегі Абайдың республикалық мұражай-қорығы қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Аққұйрықты тарғақ (Vanellus leucurus) - дене бітімі қызғышты еске түсіретін балшықшы құстардың бірі. Дене мөлшері қызғыштан кішірек (140-150 г) және сирағы да ұзынырақ. Жоны - түтін түстес сұрғылттау, төсі - күлгін сұр, беткі бөлік, құйрық және қанатының көпшілік бөлігі - ақ. Құс ұшып жүргенде сұр жонын және қанаттың түбін көмкеретін жалпақ ақ жолақ жақсы көрінеді. Орта және Оңтүстік-Шығыс Азияда қоныстанады. Қазақстанда шөл зонаның өзендері мен көлдерінің жағаларын бойлай орын теуіп, негізінде оңтүстік бөлікте өмір сүреді. Басқа тарғақтар сияқты шағын қауымдасы- ның тыныштығын ұжымдаса қорғап, сирек шоғырлармен ұялайды. Ұяларын суға жақын құрғақ орындарға орналастырады. Салындыда 3-4 шүбар жұмыртқа болады. Ұялау өмір сүру дағдысы егжей-тегжейлі нашар зерттелген. Сирек кездесетін құс. Қазақстанда наурыздан қыркүйекке дейін болады. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қасқа ТАСШЫБЖЫҚ (Oenanthe pleschanka) - кәдімгі тасшыбжықтан аздап кішірек (17-22 г) және өте қарама-қарсы реңді құс. ## Биологиялық сипаттама Аталығының реңі: бүкіл жоны, қанаты, тамағы және басының екі жағы - қара, тек қана төсі, бауыры мен басының үсті - ақ. Құйрығы негізінде ақ түсті, тек қана бұлқын қауырсындарының ұшы - қара. Ақ алқымды аталықтар кездеседі, олардың бүкіл бауыры ақ болып келеді. Аналығының ақ түсі мардымсыз, реңі қош- қыл қоңыр реңді болады (ол басқа тасшыбжық түрлері, аналықтарының ішіндегі ең қошқыл реңдісі). Ұялары қалтарыс жерде, көбінесе тастардың астында немесе солар- дың аралығындағы жарықтарға, кейде кәдімгі немесе шыбжың тасшыбжықтардікі сияқты онша терең емес, кемірушілердің індеріне орналастырылады. Ұяны аналығы жасап, салындыдағы 4-6 көгілдір жұмыртқаларды аналығы 13 күндей басады. Балапандарды ата-енелері бірлесіп, екі аптаға жуық ұяда және олар ұядан ұшқан соң( аптаға жуық қоректендіреді. Көбею кезеңі тамызға дейін созылады, алайда қасқа тасшыбжықтың екінші ұялап, балапан өргізетін-өргізбейтіні әлі айқындалған жоқ. ## Таралуы Еуразияның үлкен бөлігін, соның ішінде Қазақстанның сусыз құмдауыт құмы мен қиыр биік таулы жерлерінен басқа, бүкіл ашық кеңістігін мекен етеді. Қасқа тасшыбжық әсіресе құрғақ жартасқа аласа тауларда, мысалы, Қазақ ұсақшоқыларында өте көп. Наурыздың екінші жартысында ұшып келеді. Қазақстаннан қазанның соңына дейін ұшып кетеді. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Шыбжың ТАСШЫБЖЫҚ (Oenanthe isabellina) - ірі денелі (22-35 г), жабын қауырсындарында қарама-қарсы түстер мүлде болмайтын тасшыбжық. ## Биологиялық сипаттама Аталығы мен аналығының сырттай көрінісінде айырмашылық жоқ: жонының біркелкі құм түстес қоңырқай реңі бауырында жайлап құм типтес сары түске (жонына қарағанда едәуір ақшыл, бірақ ақ емес) ауысады. Олар кәдімгі немесе шөл тасшыбжықтардың аналықтарына өте ұқсас, алайда олардан едәуір ірірек, ең бастысы - тұмсығы үлкенірек. Оның үстіне олар басқа тасжарғылардан гөрі жиірек денесін тіктеу ұстайды. Шөлде шыбжың тасшыбжық - құстардың көрнекті түрлерінің бірі. Аталықтар көктемде және күзде көп сайрайды және сайрап жүріп күйттік ұшу жасайды. Олар бөгде әуендерді оңай қабылдап, өз әуеніне қосып алады. Жеке аталықтардың осындай бірнеше кірме әуендері бар, олардың арасында шалшықшының, лашынның, сан алуан бозторғайлардың, бұлдырықтың, тырдудың, бөдененің және т.б. дауысы естіледі. Шыбжың тасшыбжықтың сан алуан әуеніне көршілестердің ешқайсысы тең келмейді. Ұяларды кемірушілердің індеріне, көптеген жұқпалы ауруларды тарататын бүргелердің қоректендірушісіне айналған суырлардың және құмдауықтардың тұрған індеріне жиі-жиі орналастырады. Сондықтан шыбжың тасшыбжық обаға қарсы қызмет атқаратын мамандардың зерттеуі үшін маңызды зерзат болып саналады. Ұя інге 1-ден 3 метрге дейін (орташа есептегенде 2 м шамасында) өте терең, кірер ауыз бен жер бетінен 40-тан 120 сан- тиметрге дейін қашықтықта орналасады. Тереңдетілген шұңқырдағы ұяның ернеуі ін жолының деңгейіне тура келеді. Ұяны негізінде аналық салады, аталық кейде ғана аналыққа жәрдемдеседі. Салындыдағы 4- 6 теңбілсіз ашық көгілдір жұмыртқаларды да аналық 12-15 күн басады, ал балапандарды ата-енелері сонша мерзім қоректендіреді. Балапандар әлі ұша алмаса да, ұядан шығып кетіп, алғашқы қауіп төнген кезде інге жасырынады да алғашқы аптада іннің маңайынан ұзап кетпейді. Шыбжың тасшыбжық жазда - 2 рет, тауларда тек қана 1 рет балапан өргізеді. ## Таралуы Шыбжың тасшыбжық қазақстандық шөл, шөлейт және құрғақ далаларда өте көп кездеседі. Ол тек қана сусымалы, бекімеген құмнан, сондай-ақ қалың өскен шөптесін биік өсімдіктері бар орманды және шалғынды үлестерден қашқалақтайды. Оның есесіне мал таптаған ауыл шетіне және тіпті қалаларға орнығуға өте әуес, ал тауларда субальпілік белдеудің орныққан және шөптері аласа үлескілерге дейін көтеріледі.Қазақстан аумағында наурыздан қазанның соңына дейін кездеседі. ## Дереккөздер
Алтынжон татрең (Pluvialis apricaria) дене мөлшері маусымқұсқа жуық (200 г шамасында, қанатының алымы - 60 см шамасында) балшықшы құс. ## Биологиялық сипаттама Аталықтарының күйттік жасану кезіндегі жонының реңі - алтын түстес сары шұбары бар қара, бауыры, ноқтасы және тұмсық үстіндегі маңдайы - қара. Аналығының жабын қауырсындары осыған ұқсас, дегенмен бауырында ақ теңбілдері болады. Екі құстың да қыста реңі қарауытып, жемсауы, төсінің бір бөлігі және екі қапталы - түтін түстес, бауыры күңгірт ақ түсті болып кетеді. Қолтық ойындысының түсі ақ болады.Ұяларды көтеріңкі үлескілерге салады. Салындыдағы 2-5, көбінесе 4 қоңыр немесе сұр секпілді сарғыштау қоңыр жұмыртқаларды ата-енелері басады. Негізгі қорегі - жануартекті азықтар. ## Таралуы Батыс Еуропа мен Сібірдің тундрасы және ішінара орманды тундрасына қоныстанады, Қазақстанда ұшып өткенде кездеседі, мұндайда суқоймалардың жағасын бойлап, көбінесе басқа балықшы құстардың тобында жүреді. Көктемде - сәуір- мамырда, күзде қыркүйек-қазанда ұшып кетеді. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Сабыржан Ғарапшаұлы Ғаббасов (1889, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы — 19 маусым 1918, Аягөз ауданы) — қоғам қайраткері, журналист, ұлты татар. * 1905-12 ж. Қазан қаласында оқып, білім алған. * 1912 жылдан Сергиополь (Аягөз) қаласында мұғалім болды. "Айқап" журналының жұмысына белсене араласып, 15-ке жуық мақала жариялайды. * 1916 ж. Верный (Алматы) қаласына келіп, газет-журналдарға "Аягузи" деген лақап атпен мақалалар жазып тұрған. * 1918 ж. Верныйда шығып тұрған "Вестник Семиреченского трудового народа", "Заря свободы "газеттерінің редакциясында қызмет істеді. Азамат соғысы жылдары Сергиополь революциялық әскери кеңесінің комиссары және Жетісу майданының соғыс жөніндегі нұсқаушысы ретінде Сергиопольді қорғау ісіне басшылық жасады. * 1918 ж. 19 маусымда ақ гвардияшылармен болған шайқаста тұтқынға түсіп, Аягөз маңындағы Балтатерек деген жерде азаппен өлтірілді. ## Дереккөздер
Кіші тоқылдақ (Dendrocopos minor) дене бітімі және реңі бойынша үлкен тоқылдаққа өте ұқсас ең кішкене денелі (24- 32 г) құс. ## Биологиялық сипаттама Өте ширақ. Тоқылдақтарға тән тәсілдермен ағаш діңін тексеріп, бунақденелілерді аулайды, дегенмен кейде шымшықтарша жіңішке бұтақтардың ұшына да асылып тұрады. Күзде және қыста шымшықтар және көктекелермен бірге орманды бойлай көшкіндеп ұшады. Ұялары ағаш қуысында болады. Мамырда ұяға жұмыртқа салынады, ал маусымның соңында - шілденің басында балапандар ұяны тастап, шымшықтар тобымен қоныс аудара бастайды.Қазақстанда кіші тоқылдақтың биологиясы өте нашар зерттелген, соған қарамастан бұл құс орман үшін өте пайдалы құстардың бірі деп есептеледі. ## Таралуы Кіші тоқылдақ Еуразия және Солтүстік Африканың жапырақты және аралас ормандарында қоныстанады. Қазақстанда тек үш жерде ғана: Алтайда, Жайық өзенінің аңғарында және Көкшетау көтерілімінде ұялайды. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Тоқылдақтәріздестер отряды (Piciformes) - ата тегі зымырандарға ортақ әр текті құстар отряды. Тоқылдақтәріздестер отрядына жататын құстардың дене мөлшері әр түрлі (6-300 г), реңі де алуан түрлі, барлығының ұзын, мықты тұмсығы, жіңішке және қатқыл тілі болады. Моногамиялы. Аталығы мен аналығының айырмашылығы онша көп емес. Отряд 6 тұқымдасқа (жалтырауық тұқымдастар, масылқұс тұқымдастар, сақалдаққұс тұқымдастар, балбағдарқұс тұқымдастар, тоқанақ тұқымдастар және нағыз тоқылдақ тұқымдастар. 380 түрді біріктіретін 73-74 туысқа ажырайды. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Кәдімгі СУШЫЛҚАРА (Cinclus cinclus) - дене бітімі мығым, қараторғайдай денесі орташа (50-60 г) құс. ## Биологиялық сипаттама Жоны - қошқыл және бауыры - ақ кішкене құс тау өзенінің маңынан үнемі кездеседі, оны өзге құстармен шатастыруға болмайды. Біздің сайрағыш құстарды жақсы білетін И.Ф. Бородихин жемдік орындағы оның қылығын былай сипаттайды: «Сушылқара суға телміре қарап, бірде жем байқалған су камераға қарай (суқойма жағасындағы су шегі) жүгіре жөнеледі, бірде дәл осы мақсатта бірде суға күмп ете түсіп, сүңгиді.Көбінесе басын және мойнын суға батырып, таяз су жағасынан қоректенеді. Сонымен бірге ол тереңірек жерлерде толығырақ батып енеді де, құрлықтағыдай жүріп, судың түбімен қорегін іздейді. Ол бұдан соң суға жай ғана сүңгіп шығады немесе келесі жағаға дейін жүріп, судан жайлап шығады... Су астында жүзген кезде аяғы мен қанатын пайдаланады» (Птицы Казахстана. Т. 3. 408-6.). Сушылқара көбінесе тау ағын суының ортасындағы тастан көрінеді, тас үстінде серпімді аяғына тізерлеп, қошқыл көзін ақ қабағымен аз уақыт жауып, тізерлеу ырғағымен жыпылықтатады. Денесін ауыр көтеріп, әдетте өзендер мен бұлақтардың барлық иінін қадағалап, анда-санда құрлық арқылы төтелей, қашықтықты қысқартып, түзу ұшады. Ұшып бара жатқанда тіпті тау өзенінің гүрілінен де жақсы естілетін ерекше ащы қиқу шығарады. Әуені қатты болғанымен, айқын емес. Сушылқаралар, сондай-ақ сирек сайрайды. Жұбымен өмір сүреді, үлкен топ, тіпті шағын топ та түзбейді. Ұялау орындары жылма-жыл тұрақты. Сушылқаралар мүктен жасаған бір жағында кіретін аузы бар шар тәрізді абажадай ұяларын көбінесе жағалаудағы тастар арасындағы қуысқа тығады. Ұяның кіретін аузы жиі- жиі шашыранды су пердесімен жабылып қалады, яғни ұя шындығында су астына жасырылады. Аналық құс тау толқынды ағынның түбімен ұяға еркін енеді, алайда жыртқыштар оған мүлде жолай алмайды. Ұны ата-енелер салады, ал салындыдағы 4-5 ақ жұмыртқаларды аналық басады, оны кейде аталық қоректендіреді. Балапандарды ұяда 3 аптаға жуық, ұядан ұшып шыққан соң тағы бір аптадай ата-енелер қоректендіреді. Ұялас балапандар едәуір тез тарқап кетеді де, жас балапандар жалғыз-жалғыздан өмір сүреді. ## Таралуы Қазақстанда Тәңіртау және Алтай тауларында таралған. Барлық жерде әдеттегідей жеткілікті мөлшерде тіршілік етеді. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
ТОҒАЙБҰЛБҰЛ (Cercotrichas galactotes) бұлбұл деуге мүлде болмайтын құс. ## Биологиялық сипаттама Көптеген мамандар оны сайрақ тұқымдастарға жалпы жатқызбай, сандуғаш тұқымдастарға жатқызып, қызғылтсарықүйрықты сандуғаш деп атайды. Бұл құстың кескіні мен қылығында сайрақ тұқымдастарға және сандуғаш тұқымдастарға тән дауыс бар. Бұл сандуғаш - бұлбұлдың сыртқы көрінісі өзіне тән және аталықтары мен аналықтарының реңі бірдей: тұмсығы жуандау және айқабақты еске түсіретіндей құйрығы едәуір ұзын құс, бірақ аяғы ұзын. Енді біреулер оның сыртқы көрінісін шыбжың тасшыбжыққа ұқсас деседі. Жоны - қызыл қошқыл реңкті сұрғылт қоңыр, бауыры ақ десе де болады, көзінің үстінде шаңқай ақ қасы болады. Сатыланған құйрығы ашық үш түске боялған: құйрық түбі - қызғылт қоңыр, ұштары - қара және ақ. Құйрықтың бұл ерекше реңі әсіресе көзге түседі, өйткені құс құйрығын жоғары жиі көтеріп, алабұлбұл немесе қызылтамақ бұлбұл сияқты желпуіш тәріздендіріп жайып жібереді.Ұялары сексеуілдердің діңіне немесе тамыр астына жасырын орналастырылады. Ұяны ата-енелер бірлесіп, тек аналығы мұнымен сиректеу шұғылданады. Салындыдағы 3-5 қоңыр теңбілді жасылдау түсті жұмыртқаларды аналық 11 - 13 күн басады. Балапандарды ата-енелер 2 аптаға жуық қоректендіреді. Бір жазда, сірә тек қана 1 рет балапан өргізетін тәрізді. ## Таралуы Африканың солтүстігінде, Алдыңғы және Орта Азияға қоныстанған. Қазақстанда бталы шөлдерде - Каспий теңізінен Балқаш қазаншұңқырына дейін айтарлықтай кең ұялайды. Бунақденелілермен қоректенеді, шегіртке тұқымдастарды жиі жейді, олардың азықтағы үлесі 74%-ға дейін жетеді. Оның сайрағаны көбінесе сайрақтың әуенін еске түсіреді. Дегенмен аталық әуенді тездетіп орындаған кезде - сандуғаш па деп қаласың, ал әуелей ұшып сайрағанда бозторғайдың шырылына ұқсайды. Қазақстанға едәуір жайырақ - сәуірдің соңына қарай ұшып келеді. Жергілікті құстар балапандарын өргізіп те үлгерген кезде олар бүкіл мамыр бойы ұшып келумен болады.Қыстауға тамыздың ортасынан бастап, қыркүйекте ұшып кетеді. ## Дереккөздер
Қоңыр СУШЫЛҚАРА (Cinclus pallasii) - денесі толық қоңыр реңді, алыстан қара түсті болып көрінетін, кәдімгі сушылқарадан сәл үлкендеу (60-70 г) құс. ## Биологиялық сипаттама Жас құстар өте алабажақ, ақ теңбілдері көп болады. Мекен орындары, қорегі, дауысы, қылығы кәдімгі сушылқаранікіндей. Қоңыр сушылқара Тәңіртаудың тау шатқалдарында кәдімгі сушылқарамен іргелес өмір сүреді. Кәдімгі сушылқара сияқты қоңыр сушылқараның ата-енелері ұядағы балапандарына күні бойы 600-ге дейін жем үлесін (әдет- те әрбір жем үлесінде бірнеше ұсақ су жәндіктері - гаммарустар, қүндақтылар, инеліктің дернәсілдері, т.б. болады) тасиды. Балапандар ұядан кеткенде, әлі ұша алмаса да, жасқанбай суға барып, жүзеді және сүңгиді. ## Таралуы Қоңыр сушылқара үлкен денелі және ұялауға ертерек келетіндіктен, кәдімгі сушылқараны сүйікті үлескіні жерден және ұя орналастыратын орындардан жиі-жиі ығыстырады. Біз мұндай жағдайларды Алматыға жақын Іле Алатауының Үлкен Алматы шатқалынан бірнеше рет байқадық. Мұнда бұлақтардың біріндегі сарқырама астындағы ұяны әр жылдары біресе кәдімгі сушылқара, біресе кәдімгі сушылқара иеленді. Сол кезде қоңыр сушылқара ұясын тау тасқынды суының үстіндегі жартас сөрелеріне жиі-жиі, ашықтан-ашық орналастырып жүрді, мұны кәдімгі сушылқара ешқашан жасай алмайды. Мұндай ұяларды тау өзендерінің деңгейі кенет көтерілген кезде су ағыны жиі жуып кетеді. Олар біртіндеп суы едәуір таза және қоректі оңай теріп жеуге болатын тау өзенінің жоғарғы бөлігіне қарай ауысады. Қар жауып, суқоймалар қата бастаған кезде кешірек, қазанның аяғына қарай қайтадан төмен түсе бастайды. ## Дереккөздер
Сұқсырлар туысы (Podiceps)- сұқсыртәріздестер отрядына жататын 4 туыстың біреуі. Сұқсырлар туысы 13-15 түрді қамтиды, ал Қазақстанда олардың 4 түрі: үлкен сұқсыр, сұржағал сұқсыр, қарамойын сұқсыр және кішкене сұқсыр бар. Бұл туысқа жататын құстардың өкілдері басында «құлақ» тәрізді әлемдейтін қауырсындардың болуымен ерекшеленеді, сол үшін олар тіпті «әлемделген сұқсырлар» деп те аталған. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қамысшыл СҰЛЫКЕШ (Emberiza schoeniclus) - денесінің мөлшері (16-30 г) және тұмсығы аса бірдей бола бермейтін құс. ## Биологиялық сипаттама Басы, тамағы және жемсауының алдыңғы бөлігі - қара, жоны - қызыл қошқыл қоңыр, бауыры - ақшыл. Оларды ертеректе өз алдына жеке екі түрге - жуан тұмсықты қамысшыл сұлыкеш және жіңішке тұмсықты қамысшыл сұлыкеш деп бөлді. Алайда олардың таралу кеңістігі орасан үлкен болғандықтан (Атлант мүхиты- нан Тынық мүхитқа дейін), өтпелі түрлері көбейіп кетіп, олардың арасындағы шекараны анықтау қиын болды.Қамысшыл сұлыкештің басқа сұлыкештерден айырмашылығы ол өзендер аңғарындағы және көлдер қазаншүңқырындағы су маңы мен су бетіндегі өсімдіктерге, көбінесе қоғалы, құрақты немесе қамысы көп өскен жерлерге қоныстанады. Ересектері аралас жем жейді, алайда балапандарын бунақденелілермен қоректендіреді. Ұялары шөп арасында, жерде болады. Салындыда 4-6 жалпақ қисық сызықтарымен айқын безенген ашық күлгін түстен саз түсті қоңыр түске дейін боялған жұмыртқалар болады. Жұмыртқаларды аналық басады, кейде оны аталық алмастырады. Ұялау өмір дағдысы аз зерттелген. Қыста 50 шақты дарақтары бар топтары кездеседі. ## Таралуы Ол Қазақстанның бүкіл жазықтық аумағының суқоймалары бойынша өте кең таралған. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстігінде жіңішкетұмсықтылар, ал оңтүстігінде жуантұмсықты түрлер көп болып келеді. Солтүстік өңірден сұлыкештер ұшып кетіп, Қазақстанның оңтүстігінде бірен-сарандары қыстап қалады.1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қарабас СҰЛЫКЕШ (Emberiza melanocephala) - сарғалдақ сұлыкештің толық көшірмесі. Қарабас сұлыкештің аталығы одан тек қана басының қара болуымен ерекшеленеді, ал аналығын ажыратып, тану қиын. Оларды кепке дейін бір түрдің екі түршесіне жатқызуы тегін болмаса керек. ## Таралуы Олардың жақындығы туралы осы екі түр бізге кездесетін біраз жерлерді, мысалы, Түрікмен елінің оңтүстігінде будандастыру жағдайлары дәлел бола алады. Қарабас сұлыкештің Қазақстанда кездесетін жалғыз орны - батыс шекара жанындағы Жәнібек стансасының өңірі, 1949 жылы маусымның 20- сында жас үйеңкі ағашынан оның балапаны бар ұясы табылды.1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Ақбас сұлыкеш (Emberiza leucocephalos) - Сарыторғайлар тұқымдасының кәдімгі сұлыкешке өте ұқсас (оларды бір кезде бір түрдің түршесі деп санаған), бірақ реңінде сары түс болмайтын құс. ## Биологиялық сипаттама Әуені кәдімгі сұлыкешке ұқсас, алайда аяқтамасы айқын жалғаспай, қысқа қайырылады. Ақбас сұлыкеш жерде ұялайды, сондай-ақ бір жазда екі рет балапан өргізеді, алайда Қазақстандағы ұялау өмірінің дағдысы туралы егжей-тегжейлі деректер аз. ## Таралуы Қазақстанда ақбас сұлыкеш кәдімгі сұлыкештер болатын жерлерде - солтүстікте және батыста өмір сүреді. Алайда оның бұдан басқа Жоңғар Алатауы және Тәңіртаудың кейбір жерлерінен, сондай-ақ Күнгей Алатауы жотасының солтүстік беткейінен ұялау орындары табылған. Ақбас сұлыкештің, сондай-ақ қазақ ұсақшоқыларының кейбір тау топтарында да, мысалы, Қарқаралы тауларында өмір сүруі мүмкін. Біз жаз ортасында сод жердей сайраған аталықтардың үнін естідік. Қыста ол оңтүстік және оңтүстік бойынан да, кәдімгі сұлыкешпен бірге кез келген жерден кездеседі. Қазақстанның бүкіл шығыс жартысы бойынша ұшып өтетіні айқын байқалады. Қыстап қалған сұлыкештер қазаннан наурызға дейін Қазақстанның оңтүстігінен кездеседі. ## Дереккөздер
Бәйдібек Қарашаұлы (VІ—VII ғасырлар аралығы) — Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі.Бәйдібектің әкесі Қараша (578–632 жыл) Қытай жылнамасында 530–604 жыл деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жылдар) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді.Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан. Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының қазасына күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7–8-ші ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады. Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған.Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға. Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000–2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ–VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады. Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытадыХалық жүрегінде сақталған және жазба түрдегі шежірелердің деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі, Жалайыр, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, және Дулат тайпаларының түп атасы Майқы би болып келеді. Соған байланысты "Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би" деген нақыл сөз халық аузында сақталып қалды. Оның аяғы ақсақ болды, сондықтан да күймеге мініп жүрді. Майқы би көп жасаған кісі, жеті ханды қолынан өткеріп, бар ғұмырын халық тағдырын ойлауға жұмсады. Ол 120 жасқа келгенде, үш жүздің еншісін берді, таңбасын таратты. Ұлы жүзге ту ұстатты, Орта жүзге қауырсын қалам, Кіші жүзге найза берді. Осы бөлістен соң Майқы би туралы "Хан біткеннің қазығы - бұқара жұрттың азығы" деген мәтел кең тарап кетті. Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы - Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан - Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан - Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы - Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы - Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды "Абақ" деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан - Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден - Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол - Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен - Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады. Ұлы Бәйдібек бабамыз 609–695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша кейінгі ғалымдардың нақты тарихи дереккөздерді салыстыра отырып жасаған тұжырымы бойынша шамамен (558–632) жылдары өмір сүрген. ## Деректердегі кездесулер Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) «Тарих-и Рашиди» атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 - 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “...бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. ## Халық аузынан Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі шығыс зерттеуші ғалым-этнограф Николай Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады. Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсін бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз. ## Бәйдібек бидің жастық кезі Байдібек би біздің заманымыздың 609 жылы Қаратаудың етегінде дүниеге келген. Жаугершілік кезінде үш жасынан әке-шешеден жетім қалады. Ағайындардың қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додагерлерден әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді. (Әрі қарай энциклопедиялық стильге келмейді.) Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей қалады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. Ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары арықтап, жылқысының мазасы кетіп калғанын көреді. Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғырған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кәне, не ақылдарың бар? - деп жылқышыларына сөз салады. Жылқышы шал айтады: - Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қайтадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз. Әлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады: - Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар өз малындай қарап, аман алып шығар, - дейді. - Байеке, егер маған тапсырсаңыз, - дейді бала жылқышы Бәйдібек, - жылқыңызды түгелдей Мойынқұмға қыстатып шығар едім. Ана жолы жоғалған қырық қысырақты іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сонда малын қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар: "өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамайды. Жел деген болмайды. Қар жұқа түседі. Мойынкұмның жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша жайылса да жетеді", - деп отырған. Шынтас бай Бәйдібек сөзін құптап, былай депті: - Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес екеніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, бораннан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр өзіңде, саған ерік бердім, — дейді. Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын үшке бөліп, он шақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай айдайды. Сөйтіп құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлайды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би оларға бір жігітін жұмсапты.- Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жаткан кімнің жылқысы екен? - Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса, Бәйдібек:- Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайымызды түсіндірейін, - дейді. Арыстан бидің қыстауы Қаратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен. Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отырған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып сәлем береді.- Қай ауылдың баласысың?- Үйсін Қараша бидің баласымын.- Е, е, жарықтық Қараша бидің де, онда бізге туысқан болдың ғой. Әкенді білемін. Жас кезімізде алдына барып, қолынан талай дәм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тыңдағанмын. Ал, бұл жылқы кімдікі, балам?- Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын. Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.- Е, е, шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі - ел нәсібі, ел нәсібі - ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір деген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар. Ауыл мынау - келіп кетіп тұрарсыңдар. Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жадыратты. Бағана жолда келе жатқанда "би кабыл көрсе дұрыс, қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз" деген ой-күдігінің бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұрқыраған дәу табақ ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі таусылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайынан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек баланың құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ, кимешегі бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай құйып отырған қызына: - Қонақ балаға төргі үйге төсек салып қой-дағы, өзің менің қасымда жат. Мына белі кұрғырды уқалап бер, - деді. Бәйдібек әңгімеге есі шығып, келгелі бері бәйбіше қызын жөнді байқамапты. Енді назарын салып еді: екі көзі танадай жалт-жүлт еткен, сұлуша бүйрек мұрын сары қыз келбетті-ақ екен. Тесіле қарап қалған жігітке тана көзін бір жарқ еткізеді де, күлімсіреген күйі орнынан тұрып, шешесінің айтқанын орындауға кетті. Бәйдібек ішінен "келгелі бері қызға неге көңіл аудармадым екен", - деді. Сонымен қыс күні біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанды. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыздың аты Гүлжамал еді. Оны әке, шешесі, аға, жеңгелері еркелетіп "Сары қыз" дейді екен. Бәйдібектің сары қызбен көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенін шешесі де, әкесі де сезеді, бірақ шеккі көрмейді. Қайта жиірек кездесіп, бір-біріне үйір бола бергенін қалайды. Әсіресе жеңгелері көп дәнекерші болады.Бір күні Арыстан би: - Балам, саған ықыласым түсті. Еліңде кұда түсіп, сөз сөйлерің бар ма?- Ондай жанашыр әке, шеше менде жок, өзіммен-ақ сөйлесе беріңіз.- Ендеше Сары қыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында қалсаң қайтеді?- Ақсақал, отау дегеніңіз жөн, бірак мұнда қала алмаймын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар. Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешікпей қайтып айналып соғайын.- Жарайды, мұның да жөн екен. - Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы болды. Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды. Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп айдай жаяды. Бірнеше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысының мұрты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады. Жылқышылар Мойыңқұм жайлауын қыстап шыққанын, ол елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын, тіптен Бәйдібекке жалғыз қызын бермек болғанын жырдай қылып баян етеді. Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын мейірі түсіпті: - Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенін арқаң. Жайлы өріс тауып жылқымның тай-тулағына дейін сондай қаһарлы қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін, Арыстан биге бар-дағы қалыңдығыңды алып қайт! Осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жар-жар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады. Гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Байтоқты он сегіз жасында Керей жұртының Ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың қуысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлікімен опат болады. Соның алдында ғана төркініне кеткен Ұшан аман қалады. Төркінінде жүріп Ұшан ұл табады. Оның атын Мырзақазы қояды. Еліне келген соң, Ұшан да қайтыс болып, бір жасқа толмаған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоқтының қарындасы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. "Қүдайдың берген сыйлығы" деп оны "сыйлық сары" қояды. Келе-келе ел оны "Сары үйсін" атап кетеді. Сары Үйсіннен - Қалша, Жақып туады. Бір шежіреде Қалша, Жақыпты Сары бәйбішенің қызы Алтыннан туған деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Қазақ қыздан туған жиенді шежіреге қоспайды.Гүлжамал (Сары бәйбіше) Байтоқты мен Алтыннан кейін тоғыз ұл туыпты. Олардың барлығы әкесі Бәйдібекке ұқсап шетінен батыр, палуан болып өседі.Қалша, Жақыптан Танай, Жанай, Жаулан (Тоқаш Бокиннің арғы аталары), Есім, Малай, Баба, Сүргінкел, Көпсерке, Қайқы, Софы, Сұлтанқұл ұрпақтары тарайды. Қазіргі Бәйдібек бидің Сары бәйбішесінен өрбіген Сары үйсін әулетінің дені Алматы облысының Балқаш, Күрті, Жамбыл ауданында тұрады. ## Екінші әйелі Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насаты батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен.Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған келін деп, кейін Мапрашты атап кетеді. Мапрашты Бәйдібек батыр үйіне келе сала еңсеріп игеріп кетеді, қысы-жазы малға да қарайды. Боранды күндері кәдімгі қарулы палуан жігіттермен бірдей қимылдап, атасының ойынан шығып жүреді. Кешікпей Мапрашты Досымбет деген ұл туады. Оның көзі бір-біріне атысып, шапыраштанып туған соң ел Шапырашты атап кетеді. Шапырашты да өсе келе әкесі Жалмамбет, атасы Бәйдібекке ұксап насаты батыр боп ер жетеді.Қазақ шежіресінде Шапыраштыдан Есқожа, Асыл, Айқым, Екей, Еміл, Шыбыл ұрпақтарын таратады. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы "Алатау" (1989) романында Шапыраштыдан Ыстық, Асыл; Ыстықтан Малды, Желді, Қалды; Малдыдан: Екей, Еміл; Екейдің бәйбішесінен Жәрімбет, Бейімбет; Тоқалынан Әнет, Жиет; Емілден Жайық, Алсай, Қойшыман; Жайықтан: Құл, Тайторы; Алсайдан: Көшек батыр. Қойшыманнан Есқожа, одан Қарасай батыр. Желдіден Шыбыл, Асылдан Әжіке, Орымбет, Төке, Төлеміс, Құттымбет, одан Наурызбай батыр боп келеді.Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапрашты ананың сіңілісі екен. Мапрашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты:- Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң, былай етерсің: Менің сіңлім Қарашаш та бойжетіп қалды. Сен соны ал. Ол біздің балаларымызды өгейсітпейді. Бауырына тартып, менен бетер бағып қағады.Келіннің бұл өсиетін атасы Бәйдібек те, оның әйелдері де кұптайды. Жалмамбет өзінің сүйікті жары Мапрапштының өсиетін бұлжытпай орындайды. 14 жасар Қарашашты айттырып алады. Қарашаш сұлу, әрі салдарлы, сабырлы, ақылды болыпты. Оның өзгелерден бір ерекшелігі үнемі өн бойын таза ұстап, иіс сабынмен жуынып-шайынып, қолы-бетіне иісті әтір жағып, сыланып-сипанып, үстіне қонымды таза асыл киімдер киіп, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Оның бұл әдет-дәстүрі келе-келе ауылдың қыз келіншектеріне үлгі-өнеге болып таралыпты. Қариялар, абысын-ажындар Қарашашты "Сыланды келін", "Иісті келін" деп атайды екен.Одан өсіп-өнген ұрпақтарды "Сыланды балалары", "Иісті балалары", кейін "Иісті", "Ысты" деп қысқаша атап кетеді. Бір шежіреде Ысты руының аталуын Сыланды ананың месті ыстап, баптап қымыз ашытуынан солай аталып кетіпті деп көрсетілген.Сол Қарашаш (Сыланды) анадан Ысты (шын аты Нұртай), Ошақты (шын аты Қырбай) балалары тарайды. Нұртай 16 жасында жауға қарсы ат қойып "Жауатарлап" шауып, жеңіп шыққан. Содан Жауатар батыр аталып кеткен. Жауатардан (Ыстыдан) Қосмағамбет, Досмағамбет, Сыдық тарайды. Бәйдібек атасы ол немерелеріне енші үлестіргенде Қосмағамбетке - ойық, Досмағамбетке - тілік, Сыдыққа - сызық ең салып береді. Содан олар Ойық, Тілік, Сызық аталып кетеді. Ойықтан (Қосмағамбет), Зорбай (Ауызүсіген), Қызылқұрт, Көкшекөз, Сәтек; Тіліктен (Досмағамбет) Мырза; ал, Ошақтыдан Байлы (Байназар), Аталық, Қоңыр, Тасжүрек ұрпақтары шығады. Күндестік. Нұрилә (660-738 )Бәйдібек биге 679 жылы 19 жасында тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады. Бұл жайлы сол кездегі қытайдағы Тан әулетінің тарихи Суйнама жылнамасының 74 ші бума 46 шы баянында жазылған. Нүрилә өуелі Сары бәйбішенің қолына түседі. Өзі адуын тік мінезді Сары бәйбіше алғашқы кезде жас келінді оған-бұған жұмсап, ынтымақ сақтап жүреді де, кейін түрткілеп күндей бастайды. Бәйдібек Ташкентке кеткен күннің ертеңіне жас келіншекті отынға жұмсайды. Қарулы Нұрила бір арқа жусанды көрші отыратын мүсәпір кемпірдің үйіне апарып тастайды да, қайта барып екінші арқа жусанды бәйбішенің үйіне әкеле жатса, Сары бәйбіше оны барыпты да, қамшымен сабай беріпті. Сондағысы: "бір арқа отынды неге ана үйге апарасың?" деп кінәлапты. Жас келіннің көйлегі жыртылып, басы жарылып қалады. Керегенің көзінен қарап, Зеріп ана дереу жүгірып барып екеуін ажыратады. Нұриләны үйіне әкеліп, өз көйлегін кигізеді. Қанын жерге тамызбай сүртіп алады. Ташкенттен оралған Бәйдібек бұл жанжалды естиді де, ертеңіне Нұриләға отау тігіп, бөлек ауыл етіп отырғызады. Айлар етеді. Бұлақ басында айы-күніне жетіп толғатып ұл табады. Ұлының атын Тілеуберді қояды. Ағайын-туыс, абысын-ажындар құтты болсынға жиналып, шілдехана өткізеді. Ел тарайды. Бәйдібек би Ақсақ Темірдің шақыруымен Ташкентке кетеді. Осындай оңаша кезді пайдаланып, Сары бәйбіше қасына ешкімді ертпей жалғыз өзі Нұриләның үйіне барады. Оның күндестік қастандығы әлі қалмаған екен. - Бар, сен малыңды жайғап кел, балаға мен қарай тұрайын, - дейді. Нұрилә бәйбіше сөзін екі етпей сыртқа шығып кетеді. Қойшы, жылқышылармен бірге малды қора-қопсыға жайғастырып үйіне келсе, бесіктегі бала шырқырап жылап жатады. Сары бәйбіше Нұриләға:- Балаң жылауық екен. Осындай шалажансар бала туасың ба, найсап! Бұл біздің отағасыдан емес, қойшы-қолаңнан ғой шамасы - дейді де, долданып үйіне қайтып кетеді. Нұрилә нәрестені бесіктен шешіп, емізгелі алдына ала бергенде, еңбегінің ойылып қалғанын көреді. Ол дереу Жантас деген аға жылқышыны шақырып Қатаған еліндегі Қон еміс деген емшіні алдырады.- Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, әлде үйде бөтен біреу болып па еді? - деп сүрайды. Нұрилә:- Үйде үлкен енем калып еді, - дейді.- Ә, қақпас, зәлім! - дейді Қон емес емші, - мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нәрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті. Оташы:- Нәрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Әйтеуір миы аман екен... Дереу бас жаңқаларын ептеп алып тастап үстінгі қабығына жаңа туған тасбақаның сүйегін жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан Тілеуберді баланың аты Жарықшақ аталып кете барады. Бұл күндестік, қастандықтың арты біраз сөз болып, Бәйдібек би сары бәйбішесін төркініне апарып тастамақ болады. Бәйбіше Нұрилә күндесіне барып, "Кешір мені" деп жалынады. Ақылды, сабырлы, қайырымды Нұрилә: "Бір жолға кештім" депті. Сөйтіп, ел аяғы тынышталыпты. ## Домалақ ана Сонымен Нұрила келіншек бұлақ басында жалғыз үй отыра береді. Бәйдібектің екінші зайыбы Зеріп болса, соның алдында Шаян өзені бойына жайлауға конғанды. Бәйдібектің билік жұмысымен Түркістан, Сауран жаққа кеткенін естіп, Сайрамда жатқан Қара Қайдар деген қарақшы Боралдайдағы Бәйдібек байдың жылқысына аттанады. Сабаудай-сабаудай оншақты жігіт бұлақ басында отырған жалғыз үйге бұрылады. Бөтен адамдардың үйіне бұрылғанын көре салып Нұрила әжесінің кимешегін киіп. Кемпірге ұқсап отыра қояды. Мұртты қара шойыртпақ: - Бұл кімнің үйі?- Біздің отағасының үйі.- Отағасың кім?- Бәйдібек би.- Өзі қайда?- Түркістан жаққа жолаушылап кеткен- Шөлдеп келеміз, сусын бар ма? Нұрила оларға ешкінің айранын ұсынады... Мұртты жігіт айранды менсінбей, қасындағы серіктеріне береді. Олар айранды сіміріп салып тағы сұрайды. Нұрила екі зерең айран берген соң: - Мырзалар, айран таусылды, - дейді. Мұртты жігіт: - Оқасы жоқ, жігіттер сусындаса болтаны, мен нан ауыз тиейін. Нұрила оған бір күлше нан береді. Қара мұртты күлшені шетінен опырып жейді де: - Күлшең тәтті екен, не қосып ең?- Өз емшегімнін сүтіне илеп пісіріп едім.- Пеле. Алланың рақымына қараңыз. Сіз бізге ана, біз сізге перзент боп қалдық қой! Сізді ұмытпаймыз... Қайтарда соға кетерміз. Екінші шегір көз жігіт: - Бәйдібек байдың жылқысы қайда? Нұрила сезіктене қояды: - Оны қайтерсіздер? Жылқыға да, жылқышыларға да тимеңіздер. Жолдарыңыз бола қоймас. Әуре боласыздар. Менің тілімді алсаңыздар, кейін қайтыңыздар! Алаңғасарлау бір жігіті: - "Қатынның тілін алған қараң қалады" демекші, алған бағытымыздан қайта қоймаспыз, - деп бәрі жүріп кетеді. Соның алдында үш күн, үш түн нөсер жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатқан кез екен. Қарақшылар өзенге барса, Боралдай суы кенересінен асып, бұрқырап жатады. Олар өзен жағалап өткел іздеп біраз әуре-сарсаң болады. Саяздау шығар деп бір жерінен өте берем дегенде, алдымен әлгі алаңғасар жігіттің аты тасқа сүрініп кетіп, ат-патымен суға ағып бара жатады. Тағы бір-екеуі шүңейтке түсіп кетіп аттарынан айырылып, өздері өлдім-талдым дегенде, малтып жағаға әрең шығады.Қара мұртты: - Жігіттер, болмас, кейін қайтайық. Әлгі кемпір тегін адам емес екен. Қайта барып кешірім сұрап, ауылды табайық, - дейді. Атынан айрылған үшеуі өзгелеріне мінгесіп, бәрі Нүрилаға қайтып барады. Алғашқы келгендегідей емес, бұл жолы бәрі аттарынан түсіп:- О, қасиетті Ана, кешіріңіз! Айтқан тіліңізді алмаймыз деп, осынша пәлеге ұшырадық! Оң батаңызды беріңіз, елімізге қайтайық! - дейді. Кішкентай Жарықшағын емізіп отырған Нұрила:- Ендеше қолдарыңды жайыңдар! Құдай оңдасын, әруақ қолдасын,Адал жүріп, адал тұрыңдар.Алдарыңнан жарылқасын! -деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы:- Диһнат мама! - деп оған тағзым етіпті. - Сіз маған шын ана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік!Бұл Қара Қайдар аталып кеткен қарақшылардың бастығы түркмен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскербасы болыпты. Ол өле-өлгенше Нүриланы "Диһнат мама" деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түркістанда жүрсе Түркістанға әдейі барып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті. Міне, содан былай карай Бәйдібек бидің кіші әйелі Нүрила "Домалақ ана" аталып кетіпті.Аққұс Сатыбалдыұлы (1806-1897) жазған шежіреде бұл оқиға осылай хикая етілген. Бұл шежіре кітап 1841 жылы Ташкент баспасынан жарық көрген. Бәйдібек баба, оның үш әйелі, олардан өсіп таралған ұрпақтар, әсіресе Домалақ ананың әулиелік керемет қасиеттері жөнінде жазылған бұл шежіре Аққұс ақсақалдан бұрын Әбілғазы Баһадүрдің "Инсанияти Диһнат мама" аталған кітабында жазылған. Бұл кітапты кезінде атақты Төле би оқып, баласы Қожабекке көшірткен. Ол қолжазба 1713 жылы Ташкентте Төле бидің жарлығымен басылып шыққан. Оны Төле бидің жиені Шина Қарабатырұлы көшіріп алып, Бабасейіт әулетіне таратқан. Одан бүткіл Дулат ұрпағына жайылып кеткен. ### Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы Бәйдібек және оның ұрпақтары жөнінде мұндай дерегі мол басылымдар көп емес. Оны зерттеп толықтырудың сәті енді түсіп отыр. Соңғы кезде Бәйдібек би жөнінде осы жолдардың иесі ел аузындағы әңгіме аңыз, нақыл, мақал-мәтелдерді жинастырып жүрген-ді. Алдағы уақытта осылайша бірлесе іздестіре беру ата-баба әруағы үшін кімге де болса парыз деп ойлаймыз.Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (680-761ж) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нұриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нұрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Оқуға береді. Жарықшақ оқуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады.Нұрила Жарықшақтан кейін Қызайым деген қыз, онан соң Тәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. (Бір дерек Күнбибі (Қызай), Ақбибі (Мұрын) және Сыбан деген үш қыз туыпты деп көрсетілген. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нұриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс, Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін "Қызай найман" деп атайды.Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он шақты мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды "Қызай тауы" деп атап кетеді.Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (723-816) туады.Албан мен Суан жау жүрек батыр, ал Дулат ақылды, сабырлы боп ер жетеді. Нұрила кіші келіні Бибіфатиманы еркелетіп "Бипаш" дейді екен.Кейбіреулер қазақ шежіре тарихында екі Дулаттың болғанын ажырата бермейді. Бірі - ежелгі Дулу тайпасындағы, екіншісі - одан мың жылдай кейін сол Дулудың есімімен аталып кеткен Бәйдібек бабадан тарайтын Дулат руының болғандығы.Б.з. дейінгі II ғасырда өмір сүрген ежелгі үйсін Мемлекетінің бір тармағы Дулу, Дуғлу тайпасы деп аталғаны рас. Үйсін елінің Күнби ханы балаларына енші үлестірерде өзінің батыр баласы Дулуға іле өзенінің бойын бөліп берді. Сол Дулу бастаған тайпа Үйсін Мемлекетінің одан кейін Түрік қағанатының айбынды жауынгер оң қанаты болады.Ак. Л. Н. Гумилев өзінің көне түріктер туралы кітабында (137 б.) былай жазады: "Ат үстінде шебер соғысатын ежелгі хундердің жауынгерлік машығын мұралаған дулулар қағанатта беделі зор үстем тайпа одағы болды".Міне, Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп койған. Демек, Дулу - б.з.д. II ғасырда ғұмыр кешкен тайпа болса, Дулат 723 -816 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады.734-736 жылдары Жарықшақ анасы Нұриламен ақылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан мен Суаннан өрбіген ұрпақтары, казіргы қытаймен шектес Нарынқол, Кеген, жаркент жерін, одан қалса алматы облысы маңын мекендеп кетеді. халық ауызында: Аспан таудың етегі,Албан ата мекені. деген сөз бар, бұл Аспан тау казіргі тян-шан тауы, оны кезінде үйсіндер Тәңір тауы деп атаған, себебі ол кезде бабаларымыз көк Тәңірыне сиынған, не тілеседе көкке қарап тілеп, сол көк аспанмен таласқан биік тауды, Тәңір тауы деп атаған екен.Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде халық арасында: Жаныс көп пе, қамыс көп пе,Сыйқым көп пе, қыйқым көп пе,Шымыр көп пе, шыбын көп пе,Ботбай көп пе, бота көп пе? деген мақал-мәтел таралып кеткен. ## Бәйдібектің ерлігі Бір шежіреде Бәйдібектің батырлығы былай хикая етілген. Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптан келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын-Емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен. Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр: - Енді кім шығады? - деп айқай салады. Найманның Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп барады. Тағы айқас, тағы найзаласу. Шектібай да дүлей Дөдеге төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.- Тағы кім бар? - дегенде, жауға қарама-қарсы қаптап тұрған сарбаздар арасынан ешкім "мен шығамын" дей қоймайды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдырмаш сары жігіт:- Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ, - дейді. Бәйдібек батыр: - Мін менің атыма, - деп астындағы ақбоз айғырын түсіп береді де, ол Дөдеге: - Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға калайсың? - деп кекетеді. Дөде:- Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел, - деп гүр ете қалады. Бәйдібек:- Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім, — деп өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сарбаздары: "Иә, Құдай қолдай гөр!" деп тілеп, шуласады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің күші басым болғанымен, айла-тәсілі аз екен. Ол Бәйдібектің әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезенеді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген дағдылы бір әдісі - құрыққа ұқсатып найзасының ұшына шылбырдан қыл тұзақ байналынатын-ды. Ол енді Дөдеге сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау-жағы да елей қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шауын найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде, Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзақты шалып алып, ат-матымен сүйрей жөнеледі. Дөде қолындағы найзасын тастай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойынын босатып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан аударылып кеткей аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналдырып тастайды да, жайына кете береді. Сөйтіп Дөде азаппен қылқынып жан тәсілім қылады. Бәйдібек жауды түре қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады. Бір бұл емес Бәйдібектің ел-жұртына шапқыншы жаудан қорғап қалудағы ерліктері жөніндегі шежіре-дерек, аңыз-әңгімелер аз емес. Кезінде солардың хатка түсе қоймаған. Бәйдібек би 695 жылдың күзінде cексен алты жасында Бала бөген басындағы өзінің қыстауында қайтыс болыпты. ## Домалақ ананың дүниеден өтуі ...Қараша бидің қызыл қыштан соққан кең үйіне Боралдайдан келген Домалақ ана балаларымен қауышты, немерелерінің бетінен сүйіп, арқа-жарқа боп калады. Қасиетті ананың жақындағы үйіне келгенін естіген қазақ, өзбек көршілері бірінен соң бірі келіп сәлемдесіп жатады. Айлар, жылдар өтеді.Бір күні Домалақ ана түс көріп ерте оянады. - Түсімде отағасы қасыма кел деп шақырады... Мені елге көшіріңдер.Жарықшақ Дулатты шақырады. Бәрі ақылдасып, анасың Боралдайға көшірмек болады. Дулат екі күймесін әзірлейді. Біріне анасы мен өзінің әйелі Күлзейнепті отырғызады. Екінші күймеге жол азық, сусын салып, өзі 20 жігітпен қасына ереді. Үш күн дегенде олар Бала бөгенге жетеді. Аттарын отқа қойып, өздері өзен жағасында сусындап отырады. Домалақ ана балаларына:- Мен елге жеткен соң олай-пұлай боп кетсем, аталарың Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар, - дейді. Балалары:- Ойбай, апа, ондай сөз айтпаңыз, сіз әлі шөберелеріңізді көресіз, — деп, көңілін жұбаткан болады. Сол өзеннің жағасында демалып отырған жерінде үзіліп кетеді. Қасына ерген бала-шағасы, жігіттері үрпиісіп, шоғырлана қалады. Сөйтіп, 738 жылдың мамыр айында қасиетті әулие ана Нүрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Дулат бастаған үрім-бұтағы басына сағана тұрғызады. Осы жерде мына жайттарға көңіл аударған абзал болар еді. Кей дүмше молдалардың Домалақ ана намаз кезінде қайтыс болды дегені шындыққа жараспайды. Домалақ ана (660-738) өмір сүрген 7-8 ғасырларда қазақ даласында ислам әлі келмеген кез. Бұл жалған мәлімет кейінгі діндар дүмшелердің шығарып жүргені. Кезінде Бәйдібек би кесімді, бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал-мәтелдерді көп айтқан. Олардың кейбірі айтыла-айтыла авторы ұмытылып, халықтық мұрага айналып кеткен. Дер кезінде хатқа түспеген соң көпшілігі ел есінен шығып та қалған. Өйткені Бәйдібек заманынан бері бірнеше ғасыр өтті емес пе. Десек те, Бәйдібек бабамыздың бірлі-жарым нақыл-мақалдары атадан балаға ауысып, айтыла келе бүгінге жетті. Оның сол Бәйдібек баба ұрпактарынан жазып алынған нұсқалары мыналар: ## Бәйдібек бидің нақылдары ### Нақыл Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:- Өзім асырап, есігіме салған кұлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.Би жалшыға сөз беріп:- Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би: Аяққа кісен салуға болар,Қолға кісен салуға болар,Ал, тілге кісен салуға болмас, - деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті. ### Нақыл Бай үйінің төрінде отырған бір молда "шариғат жолы олай, шариғат жолы былай" деп шариғат, мұсылмангершіліктен сөз қозғап, өзге жұртқа кезек бермей отырады. Есік жақта отырған байдың жалшысына молданың кедей-кембағалдарды кемсіте сөйлегені жақпай қалады. Жалшы:- Молдеке, сөзіңіз аузыңызда, жаңа "сіз" кедей, жоқ-жұқаналар өз пейілінен табады деп қалдыңыз. Сонда қасиетті "Құранда" солай жазылған ба екен? Менің естуімше, "Құранда" жоқ-жұқана қаріп-қасірлерге садақа беріп, қарасқан сауап деп жазылған сияқты еді. Сіз төрде отырып, жалған сөйлеп отырсыз, - дейді. Жалшының бұл сөзі шымбайына батқан молда:- Жап аузыңды, зәнталақ, сен маған қарсы сөйлеуге қандай қақың бар? - деп ашу шақырады. Отырған көпшіліктің бір жағы молданы, қалған жағы жалшыны қоштап абыр-дабыр боп жатқанда, олардың үстіне қасында 3-4 кісісі бар Бәйдібек би кіріп барады.- Бұл не жанжал дегенде, үй иесі "молдекең былай деп еді, менің жалшым оған қарсы шықты" деп болған әңгіменің жайын түсіндіреді. Сонда Бәйдібек би табан астында әуелі молдаға қарап:- Төрде отырып теріс сөйлегенің жөн емес, көпшілік ішінде төрде отырғанда абайлап сөйлеу керек. Төрді сыйлау кімге де болса парыз.- Ал, жігітім, - деп босағада отырған жалшыға қарап: - Есікте отырып кейіс шығарғаның жөн емес. Сенің сөзің уәжді болса да, мына табалдырықты сыйламайсың ба? Біреудің табалдырығын аттап келіп, у-шу шығару жігітке жараспайды. Ол үйдің шаңырағын сыйлау саған қарыз. Бұл сөздің түйіні енді былай болсын: - "Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,Есікте отырып керіс сөйлегеннен без", деп кесім айтып, көпшілікті риза етіпті. ### Нақыл Бір жолы үш жасар Жалмамбет әкесіне еріп Ташкент базарына барыпты. Саудагер, делдал дегендерді алғаш рет көрсе керек. Үлкендердің "Саудагер қулар алдап жеп кетіп жүрмесін" деген сөздерін естіп жүреді. Жолда бара жатып:- Көке, осы саудагерлер не жейді? - деп сұрапты. Сонда Бәйдібек жас баласына:- Саудагер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, - депті. ### Нақыл Бір жолы баласы Жалмамбет "менікі жөн, олардікі терне" деп бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Бәйдібек би баласына: - Өткелді саяз деме,Таяғыңды салып бойлат,Ісімді мақұл деме,Ағайынға салып ойлат, - деп ақыл айтыпты деседі қариялар. ## Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері Бәйдібек би өз тұсындағы жылқылы байлардың ішіндегі ең жылқысы көп байы болған деседі ел. Бабамыздың мыңдаған үйір-үйір жылқысы өзінің түс-түсі, тұқым-нәсілімен өріп, Қаратаудың Боралдай, Қостұра, Ақтасты, Керегетасты, Жетімтау шатқалдарының теріскей, күнгей жағын түгелдей қара құрымдай қаптап жатады екен. Жылқысы Боралдай өзеніне құлағанда, Боралдай, Бөген, Шаян өзенін кешкенде, ол өзендер де ақпай қалар еді, деседі жұрт. Ал, Бәйдібектің өзі жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты. Ол кісінің жылқышыларына айтқан аталы сөз, шаруа нақыпдары аз болмаған. Соның бірлі-жарымы мыналар: Малды жақсы баққаның -Өзіңе абырой тапқаның.Малды жаман баққаның -Келген бақты каққаның.Кендірмен байлама!Жыңғылмен айдама!Кендірменен байласаң,Жыңғылменен айдасаң,Мал өсер деп ойлама!Сиырда аунамақ жоқ,Жылқыда күйсемек жоқ,Таста тамыр жок,Суда қаймақ жоқ.Бір кісінің баласындай бол,Бір қолдың саласындай бол.Жылқышы жылқыныбаққанын айтар,Қойшы қойына өрістапқанын айтар,Түйеші түйесінің шаңдаққажатқанын айтар,Аңшы қақпаныныңқапқанын айтар,Мерген аңшы атқанын айтар,Саудагер матасынсатқанын айтар.Қасқыр мен ұры мінездес -Екеуі де түнді аңдиды.Бұлбұл мен гүл мінездес -Екеуі де күнді аңдиды. Бәйдібек бидің ел корғауда халық қамын ойлап айтқан аталы сөздері: Алыс жолға шығар болсаң,Алдымен жолдасыңды сайла.Жауыңды жығар болсаң,Алдымен қолбасыңды сайла.Керуен басы білікті болса,Түйе азбайды.Қолбасы білікті болса,Сарбазы тозбайды. Бәйдібек баба үрім-бұтағынан Кебекбай, Бөлтірік, Досай, Ноғайбай, Байжігіт, Сары би, Есенкелді, Сапақ сияқты би-шешендер, Қабан, Сүйінбай, Майкөт, Құлмамбет, Жамбыл тәрізді ақын-жыраулар шыққан. Бұған халық қамын ойлаған ел басшысы болған атакты мемлекет қайраткерлерін қоссақ, Бәйдібек бабамыздың қандай адам болғанын, оның артындағы өсіп-өнген ұрпақтарының жарқын болашағын танимыз. ## Дереккөздер
Жартасшыл сұлыкеш (лат. Emberiza buchanani) — бақ сұлыкешіне өте ұқсас, бірақ тек қана жабық қауырсындарында сары түстің болмауынан ерекшеленетін құс. ## Биологиялық сипаттама Аталығының әуені - сұлыкештерге негіздес және оңай танылады. Ұялар тастарға жасырылып, жерге салынады. Салындыдағы 4-5 қоңыр теңбілді көгілдір жұмыртқаларды аналығы басады. Ұялау өмірінің дағдысы егжей-тегжейлі аз зерттелген. ## Таралуы Оңтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанның таулы өңірлерінде қоныстанады. Сусымалы және үйінді тастары бар жартастар беткейін ұнатады. Биік тауларда, мысалы, Тәңіртауда теңіз деңгейінен 3000 м жоғары кездеседі. Жартасшыл сұлыкеш әсіресе қазақ ұсақшоқылары типтес қүрғақ климатта, аласа тауларда көп болады. Бізде бар болғаны жарты жыл - сәуірден қыркүйекке дейін ғана болады, Үндістанда қыстайды. ## Дереккөздер
Тарышыл сұлыкеш (лат. Emberiza calandra) — Сарыторғайлар тұқымдасының Сұлыкештер туысына жататын құс, біздегі сұлыкештердің ең ірі денелісі (40-58 г). ## Биологиялық сипаттама Сондай-ақ тарышыл сұлыкеш аталыгын аналығынан реңі бойынша ажыратуға болмайтын құстардың бірегейі, олардың реңі - бойлай созылган қошқыл жолақтары бар сұрғылт қоңыр. Дауысы - нағыз сұлыкештерше «шырылдау», ал аталықтары «ррррррррррррррр» деп құбылтып, ұзақ шырылдап, қатты сайрайды. Ұясын қалың шөп арасына жақсы жасырады. Салындыдағы 3-5 ірі теңбілді сұрғылт немесе саз түстес жұмыртқаларды аналығы 12-13 күн басады. Балапандар ұяда 9-12 күн болады, оларды ата- енелері қоректендіреді, бір жазда бір рет балапан өргізеді. Кешеуілдеген балапандар тамызда да кездесетініне қарамастан, аталықтар шілденің ортасынан-ақ сайрауын тоқтатады. ## Таралуы Тарышыл сұлыкеш Оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Алдыңғы және Орталық Азияда кең таралган, Қазақстанда Тәңіртау және Жоңғар Алатауларының тау етектерінде және аласа тауларында қоныстанады. Әдетте сұлыкештер қыста көшіп жүретін болса да, Қазақстанның Қиыр Шыгысында тарышыл сұлыкеш кейде қыста кездеседі. Қазақстанның оңтүстігінде көктемде - ақпанның ортасынан бастап-ақ пайда болады. Сөйтіп, көп ұзамай, аталықтар шырылдап, әуендетеді. Тарышыл сұлыкештер қыркүйекте ұшып кетеді. Ташкенттің төңірегінде және оңтүстікке таман қыстайды. ## Дереккөздер
Әл-Хусейн мешіті (араб.: مسجد الإمام الحسين‎; Egyptian Arabic: جامع سيدنا الحسين) — Каирдегі ең ежелгі мешіттердің бірі. Каир мұсылмандарының ең қасиет тұтар жерлерінің бірі.Хан әл-Халили базарының маңында орналасқан 1154 жылы салынған . Әл-Хусейн мешіті Каирдегі ең ерекше мешіттердің бірі болып саналады, сондай-ақ әлемдегі ислам мешіттерінің ішіндегі ең әсем мешіттің бірі. Осы маңда қазба жұмыстары жүргізілгеннен кейін бұл мешіттің Фатими әулетінің билеушілері бейіттерінің үстіне салынғаны белгілі болды. Мешіт кешенінде екі мұнара бар. Оңтүстік жағындағы мұнара мешітпен бірге бой көтерген ал солтүстігіндегі мұнара кейінірек, қазіргі заманға сай кесене үлгісінде тұрғызылған Мешітте көптеген киелі заттар сақталған. Соның бірі - қасиетті Құран кітабының ең көне және толық қолжазбасы. Мешітте мәрмәрдан тұрғызылған 44 баған бар. Олар мешіттің ағаштан жасалған төбесін ұстап тұр. Мешіт адам таңғаларлықтай әсем, ол алтынмен және шығыс әшекейлерімен безендірілген, сыртқы құрылысы да көз тартарлықтай әдемі. Мешітте әл-Хусейннің сүйегі жерленген.Әл-Хусейн — Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Әлидің ұлы. Мұсылман-шейіттер Хусейнді Мұхаммед пайғамбардың жалғыз заңды мұрагері деп санайды. Мешітке кіруге тек кана мұсылмандарға рұқсат етілгең басқа дін өкілдеріне тыйым салынған. Әл-Хусейн алаңы - каирліктердің жиі келетін орны. Әсіресе діни мерекелерде бул жерге мыңдаған адам жиналады. ## Дереккөздер
Қыстау қарлығашы (лат. Hirundo rustica) - нағыз қарлығаштар тұқымдасына жататын құс. Дене тұркы шамамен 20 см-дей. Арқа жағы мен кеудесіндегі жолақ қара көк түспен алмасып тұрады, маңдайы мен тамағы сарғылт, қарыны әк немесе тат тәрізді. Шеткі бағдар қауырсындары жіңішке және серпімді өрметәрізді. Еуразияда, Солтүстік Африкада және Солтүстік Америкада тараған; ТМД-да барлық жерде кездеседі орманды тундрадан оңтүстіке далалық аймақтарға қарай. Шағын елді-мекендердің құрылыстарына ұя салады. Тостағанға ұқсас ұяларын төбеге іліп орналастырады. Балапандарын жаздың аяқ жағына қарай шығарады, оңтүстік аймақтарда екі рет, солтүстікте, бір рет. ## Дереккөздер
Шақабай Есентайұлы-1688 жылы дүниеге келген. Қол бастаған әйгілі батыр, сайыскер. Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Керей руының Жәнтекей тармағынан. Ерен ерлігімен, ақыл-қайратымен жоңғарға қарсы соғыста аты шыққан. Қиын-қыстау заманда абақ керейдің елдігін сақтап қалуына ұйытқы болған тұлғалардың бірі. Ер Жәнібекке соғыс өнерінде, ел басқару істерінде ұстаз, ақылшы болған. Шақабай Есентайұлы қазақ елінің Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыс дәуірінде жасаған, елі үшін өшпес еңбек сіңіріп, жұрт көзіне көрінген елеулі батырлардың бірі. Жаудан беті қайтпаған киелі батыр атанған адам. Шақабай батыр күллі орта жүзге аты әйгілі болған, әсіресе, Керей ұлысының Жәнтекей руына ұран болған батыр. Шақабай әулеттері негізінен Алтай аймағы, Санжы хұйзу автомиялы облысы, Құмыл аймағы, Үрімжі қаласы, Гәнсу өлкесінің Ақсай ауданы қатарлы жерлерге бытырап қоныстанған, Қазақстан, Түркия, Моңғолия халық республикасы, Франсия қартарлы елдерде де аздап қоныстанған. 1778 жылы дүниеденн өткен. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта жерленген.
Абсалық Күнқожаұлы - 1859 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағынды, Ертіс пен Қызылсу өзендерінің тоғысатын жерінде тұрған Орынбай қыстауында дүниеге келген. Есімі көршілес жатқан ауылдардағы Әріп Тәңірбергенов, замандастары Көкбай Жанатайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Тайыр Жомартбаев сынды ақындармен қатар аталған. Ақын небәрі 53 жыл өмір сүрсе де, өлеңдері ел арасына ауызша кең тараған. Халқымен етене жақын жүріп, оның мұң-мұқтажын жырлаған,озбыр ұлықтарды әшкерелеген. Абайдың өлеңіне ұқсатып "Ат сыны" өлеңі кезінде ұлы ақынның оң бағасын алған. 1936-1937 жылдары Абайдың туғанына 95 жыл толу қарсаңында жасалған М.Әуезов баяндамасы жоспар-тезисінің жетінші бөлімінде, әдебиеттанушы Е.Ысмайыловтың еңбектерінде Абайдың ақын-шәкірттерінің қатарында аты аталады. ## Дереккөздер
Мақаш Бекмұхамедов- халықтардың рухани достығын насихаттаушы, қазақ халқын тез қарқынмен ілгері прогреске ұмытылуға үндеп және осы салада қыруар қызмет еткен, ғылым, мәдениет, әдебиет саласында да өз ізін тастаған саналы азамат. ## Өмірбаяны Мақаш Бекмұхамедов 1830 жылы Бөкей ордасында (қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданы) Шолтырдың семьясында дүниеге келген. Дәулетті әкесінің беделі арқасында және өзінің ынталылығы мен зерделілігі нәтижесінде Мақаш 1841 жылы Ордада еуропалық үлгімен құрылған тұңғыш қазақ ектебінде білім алып, кейін Орынбор қаласындағы Неплюев кадет корпусына оқуға түседі. Осы корпуста ол Мұхамед-Салық Бабажановпен бірге оқып, оны ойдағыдай тәмамдап шығады. Мақаш 1852 жылдан бастап Орда қаласындағы Бөкейлік уақытша Советтің тәржімешісі болып қызмет атқарады. Кейінірек ол Каспий теңізі жағалауындағы I және II округтерге әкім болып тағайындалады. 1892-1897 жылдары Орда қаласындағы Уақытша Советтің кеңесшісі болып істейді. 1897 жылы ол әкімшілік қызметтен біржола босанып зейнетке шығады.1904 жылы қайтыс болады. ## Шығармашылығы М.Бекмұхамедовтың бізге "Байжұма", "Көкжорға" күйлері жетті. Ал оның өз жанынан өлең шығарып және ел арасынан жинаған бірсыпыра өлеңдері "Жақсы үгіт" деген атпен 1908 жылы Қазан қаласында ағайынды Каримовтар баспасында жеке кітап болып басылып шықты.Оның бұдан басқа 3 томдық қолжазба шығармасы болған. Онда әдеби, тарихи, шешендік сөздердің үлгілері сақталған. ## Сыртқы сілтемелер ISBN 5-615-01496-2 Б.Ысқақов, 1994ж
Қайрат Болатұлы Тұрлыханов (1960 - 2020) - қазақстандық саясаткер. 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауданында дүниеге келген. Еуразия нарық университеті мен "Қайнар" университетін бітірген. Найман тайпасының Қаракерей руының Сыбан тармағынан шыққан. 1995-1998 жылдары "Бақты" кеден бекетін басқарды.2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметін атқарды.2006 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі болды.2007 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет істеді.2010 жылдан "Ақпараттық өндірістік орталық" директоры."Құрмет" ,"Парасат" ордендерімен марапатталған."2М органында 15 жыл қызмет еткені үшін","ҚР Конституциясына 10 жыл" медальдары бар.2000 жылдан республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті.2011 жылдан Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті. ## Дереккөздер
Тiнiбай Кәукенов, ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстанда товар-ақша қатынасы дамып, қанат жая бастаған кезеңде Семей өңiрiнде, қазақ арасында алғаш саудамен айналысып, 2-шi гильдi көпес атағын алған iрi саудагер, бай. Руы — Уақ., Көкен болысының старшинасы. Сонымен бiрге Семей көпестері қоғамына мүшелікке қабылданып, мещанин атанған қазақ. Ол уақытта мещандардың отбасы мүшелері де түгелдей осы атаққа ие болған. Мұндай атақ патшалық Ресейде 1785 жылдан ресми түрде қолданыла бастаған. Мещандар құрамын әлеуметтік тап ретінде ұсақ буржуазия өкілдері құраған. Олар көпестер қауымдастығына мүшелік жарна, ал қала бюджетіне алым-салықтар төлеп тұрған. Сондай-ақ мүдделері заң жүзінде қорғалып, мещан екендіктерін айғақтайтын арнайы төлқұжаттар берілген. Және де бұл мещандық атақ әкеден балаға мұрагерлікке қалдырылған. 1897 жылғы Ресейдегі халық санағы бойынша мещандар саны 13386,4 мыңға жетіп, ең ықпалды әлеуметтік топ болып саналған.Тiнiбай Семей өңiрiнен Меккеге барып қайтқан алғашқы қажылардың бiрi. Оның қажы екенi 1888 жылы жазылған Семейдегi N7 жамиғи мешiттiң имам-хатибi Ахметуәли Мунасыповтың қолжазбасында айтылады. ## Дереккөздер
Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев (16.6.1882 жыл, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл ауылы – 25.02.1937 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Қалмақ төлеңгіт руынан шыққан. * 1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған. * Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. * 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды. * 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты. * 1918 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясы съезінде губерния атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. * 1919 жылы шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды. * 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды, * 1921 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарын, * 1924 жылы Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді. * 1925 – 1926 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы. * 1926 – 1930 жылдары РКФСР экономикалық кеңесінің мүшесі. * 1930 – 1937 жылдары Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. * Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты; * КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституциялық комиссияның мүшесі (1925 – 26); * КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 1929) болды. * 1921 – 26 жылдары РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды. * 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеуметтік салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді. ## Есте сақтау * Жаңақала ауданындағы орта мектептің бірі * Алматының бір көшесі Меңдешев есімімен аталады. ## Дереккөздер
Асфендиар сұлтанның ұлы Сейітжафар Түркістан өлкесінің тұрғылықты халқы арасынан ұзақ жылдар бойы жергілікті отарлық әкімшілікте қызмет етіп, орыс әскерінің жоғарғы офицерлік құрамына іліккен, полковник шеніне қол жеткізген көзі ашық, сауатты адамдардың қатарына кірді. Сейітжафар 1845 жылы Орынбор әскери округының Орал облысында дүниеге келген. Сейітжафардың өмірбаянында келтірілген мәліметтерге сенетін болсақ, ол 1856 жылы Орынбор және Самара генерал-губернаторы А.А. Катениннің талап етуі бойынша «басқа қазақ сұлтандарына үлгі ету мақсатында» Орынбор қаласындағы жергілікті облыстық басқарманың жанынан қазақ сұлтандарының балаларын орыс сауатына үйрету үшін арнайы ұйымдастырылған мектепке оқуға түседі. Қайраткердің өмірбаянындағы аты аталып отырған оқу орны тарихта Орынбор шекаралық комиссиясының жанындағы қазақ мектебі атауымен белгілі. 1850 жылы 22 тамызда салтанатты түрде ашылған бұл мектепте бастапқы кезеңде 30 балаға орын ұйымдастырылды. Мектепке оқуға қабылданған қазақ балалары толықтай жергілікті отарлық билік орнының қазына қаржысына білім алды. Дегенмен, 1844 жылы 14 маусымда жарияланған «Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережеге» сәйкес мектепке ата-анасының қаржысына оқитын балаларды қабылдауға да рұқсат етілді. Жалпы алғанда мектептің жылдық шығындары қазақ халқынан алынатын түтін салығының есебінен өтелді. Мектепте 7-жылдық оқу курсы бар 4 сынып қызмет етті: бастапқы үш сыныпта екі жыл және төртінші сыныпта бір жыл. Мектепті аяқтап жатқан түлектерді әрбір екі жыл сайын шығарып отыру көзделді. «Ереже» бойынша Орынбор шекаралық комиссияның жанындағы мектепке «барлық қазақтардың, әсіресе үкіметке қызметі сіңген және адалдығымен көзге түскен адамдардың балалары» оқуға қабылдау ұйғарылды. Осы «Ережеде» көрсетілгендей, мектепті ұйымдастырудағы басты мақсат – «қазақтардың арасында орыс тілі мен орыс сауатын таратумен қатар, билеуші сұлтандардың және дистанция бастықтары жанынан шекаралық басқару бойынша іс жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау» болып белгіленді. 1849 жылы Орынбор әскери губернаторы генерал В.А. Обручевтің құрастырып шыққан «Мектеп туралы ережені» іске асырудың «Нұсқауларына» сәйкес қазақ мектебінің мақсаты, оқытылатын пәндердің тізімі және оларға арналған оқу бағдарламалары, мұғалімдерге қатысты қойылатын талаптар, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық мәселелер анықталды. Оқу бағдарламасында қазақ балаларына келесідей пәндер бойынша білім беру көзделді: 1) Мұсылман діні («Закон магометанский»); 2) Орыс тілі: оқу, сауатты жазу және грамматика негіздері; 3) Арифметика және есептер бойынша шығару тәсілдері; 4) Жергілікті тіл (Татар тілі); 5) Тергеулерді жүргізудің, орыс және татар тілдерінде іс қағаздарын құрастырудың тәртібі; 6) Гимнастика. Бастапқы кезеңде оқу процесінде мектеп бірқатар қиындықтарды бастан кешірді. Оқуға қабылданған 30 тәрбиеленушінің орыс тілін нашар білуі салдарынан оқу үлгерімі төмен деңгейде болды. Осы жағдай келесі оқу жылында мектеп басшылығын дайындық сыныптарын ашуға итермеледі. Осы жаңадан ашылған дайындық сыныбына Сейітжафар Асфендиарұлы 1856 жылы қабылданып, оны бір жыл ішінде үздік аяқтап шыққан соң, мектептің 1-ші негізгі сыныбына өткізіледі. Сейітжафармен қатар бұл сыныпта 26 белді қазақ сұлтандары мен билердің балалары тәлім алды. Сейітжафар мектепте білім алып отырған уақытта аталған оқу орнына бақылаушы міндетін атқарған коллеждік ассесор Дыньков тұрақты түрде Орынбор шекаралық комиссияның басшылығына мектептің және онда тәрбиеленіп жатқан оқушылардың жағдайы туралы баяндамаларды жолдап тұруға міндетті болды.1864 жылы маусым айында мектептің толық курсын аяқтаған Сейітжафар Асфендиарұлы бітіру куәлігіне қол жеткізді. Бітіруші сыныпта оқыған 25 оқушының ішінен тек 13-і ғана ақырғы сынақтардан сүрінбей өткен болса, олардың ішінде Б. Наурызбаев, Б. Орынбаев, С. Нұрмұхамедов және С. Асфендиаров үздік нәтиже көрсетті. 1864 жылы 12 тамызда Орынбор қазақтары басқармасының отырысында қазақ мектебін үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметке алу туралы мәселе қаралды. Осы отырыста мектеп қабырғасында оқыған жылдары өз тәртібімен, білім деңгейімен көзге түсе білген оқушыларды әр түрлі дәрежедегі қызметтерге алу шешімі қабылданып, Орынбор және Самара генерал-губернаторының басқармасына арнайы ұсыныс даярланды. 1864 жылы 10 қыркүйекте Орынбор және Самара генерал-губернаторының басқармасы бұл ұсынысты қарастырып, қазақ мектебінің түлектерін Б. Наурызбаевты және С. Нұрмұхамедовты облыстық басқарманың қарауына жіберу, Б. Орынбаевты және С. Асфендиаровты мектепте жаңадан оқуға қабылданған оқушыларға сабақ беру үшін репетиторлық қызметке алу, Ә. Түлкібаевты Кіші Орданың орта бөлігі билеушісінің және Ә. Бесғалиевті Кіші Орданың орта бөлігі билеушісінің көмекшілеріне үлестіру туралы қаулы шығарды. Өзі аяқтап шыққан мектепте еңбек еткен жылдары Сейітжафар өзінің ұстазы болған башқұрт ағартушысы Мірсалих Бекчуринмен тығыз араласа бастайды. Көп ұзамай, 1864 жылы 1 мамырда Сейітжафар Орынбор облыстық басқарманың штаттық аудармашысы ретінде мемлекеттік қызметке қабылданып, бұл мекемеде үш жыл бойы қызмет етеді. Осы уақыт ішінде ынталы еңбегімен танылған Сейітжафар 1865 жылы 18 тамызда зауряд-хорунжий шеніне қол жеткізеді. ## Дереккөздер
* Дәрібай Әбенов * Шәкір Әбенов * Мұрат Абдуламитұлы Әбенов * Ислам Әбенов * Жұмаш Әбенов * Зияда Әбенов * Әбенов Сәбит * Әбенов Жүніс
Талғат Файзуллаұлы Ерғалиев - экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болған. 1966 жылы Целиноград облысында туған. Агротехникалық университетті бітірген, инженер-механик. Оқытушы болып жұмыс істеген және кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1991-1992 жж. – Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің оқытушысы, инженерлік-педагогикалық факультеті деканының орынбасары. 1993-1999 жж. – сауда компаниясының директоры. 1999-2002 жж. – Қарашағанақ кен орнында «АксайИнвестСтрой» компаниясының басшысы. 2004 жылы «Стройкласс» ҚК ЖШС-ін құрған, жоба-менеджері. 2010 жылдан бері «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Орталық кеңесінің өңірлік саясат бойынша хатшысы. 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Үйленген, үш баласы бар. ## Дереккөздер