text
stringlengths
3
252k
Кіші шырғалақ (Limosa Іарроnіса) - үлкен шырғалақтан дене мөлшерінің шағындылығымен (275 г шамасында, тұмсығы -7-11 см) ерекшеленетін құс. ## Биологиялық сипаттама Кіші шырғалақ ұшып жүргенде оның қанатындағы ақ жолақтары білінбейді. Жотасы - ақ, құйрығының ұшында жолақтары бар, тұтас қара реңді емес. Тұмсығы - жоғары қарай өте қайқы, күйттік жасануы кезінде жемсауындағы жабын қауырсындарының кірпіш тұстес қызғылтсары түсі бауырдың соңына дейін жойылады. ## Таралуы Скандинавиядан Чукоткаға дейінгі тундра мен орманды тундрада қоныстанады. Қазақстанда тек қана ұшып өткен кезде (сәуір-мамыр және шілденің соңынан қыркүйектің басына дейін) кездеседі, оқта-текте кезеген (бродячие) дарақтары жазда байқалып қалады. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Тарбаң шырғалақ (Limnodromus semipalmatus) - орташа денелі (биіктігі - 36 см шамасында) балшықшы. ## Биологиялық сипаттама Тарбаң шырғалақтың тұмсығы ұзын, тұмсықтың түбі - жалпақ, тұмсық ұшы біраз жалпақтау. Сырттай қарағанда кіші шырғалаққа өте ұқсас, көпке дейін оларды бірінен-бірін ажырата алмай жүрді. ## Таралуы Тарбаң шырғалақ Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік бөлігінде ылғалды шалғын, төбешікті батпақ үлескідерде, өзендер мен шөлдердің жағасында қоныстанады.Қазақстанда ұшып өту кезінде бұл құспен бірнеше рет кездесу болғаны мәлім. Таралу аймақтарының барлық бөліктерінде сирек болғандығы соншалық, бұл құс барлық дәрежедегі Қызыл кітаптарға тіркелді, сондай-ақ Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне де тіркелген. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Тарбаң шырғалдақтар туысы (лат. Lim-nodromus) — татреңтәрізділер отрядының тауқұдірет тұқымдасы шырғалақ тұқымдас тармағына жататын 4 туыстың біреуі. Нағыз шырғалақтарға өте ұқсас, алайда бұл туыстың түрлерінде тұмсықтың ұш бөлігі жалпайған. Тарбаң шырғалақ туыстас құстар, тұмсығының үстіңгі беті - кедір-бұдырлы, бұл оларды тауқұдіреттерге жақындатады. Аталған туыста бар болғаны 2 түрі оның бірі - тарбаң шырғалақ, ол Қазақстанда кездеседі, екінші түрі - америкалық шырғалақ, ол батыс жарты шарда өмір сүреді ## Дереккөздер
Күй теңдеуі — термодинамикалық жүйенің температура, қысым, көлем және химиялық потенциал секілді макроскопиялық шамаларын өзара байланыстыратын теңдеу. Күй теңдеуі термодинамикалық құбылыстар орын алатын жүйелерде ақиқат болады. Алайда, шынайы өмірдегі құбылыстардың күй теңдеулері аса қиын болады. Жүйенің күй теңдеуі термодинамика постулаттарының ішіне кірмейді және олардың салдары болып табылмайды. Ол өзге қайнарлардан (статистикалық физиканың зерттеулері нәтижесінде алынған тәжірибелерден, модельдерден) алынған болуы керек. Термодинамика, өз кезегінде, заттардың ішкі құрылысына қатысты сұрақтарды қарастырмайды. Күй теңдеуінде белгіленген қатынастар тек термодинамикалық тепе-теңдік жағдайында ғана ақиқат болады. ## Күй теңдеуінің түрлері ### Термиялық күй теңдеуі Термиялық күй теңдеуі жүйенің макроскопиялық шамаларын байланыстырады. Бөлшектерінің саны тұрақты болып қалатын жүйелер үшін оның жалпы түрін былайша жазуға болады: {\displaystyle f(P,V,T)=0} Осылайша, термиялық күй теңдеуін табу дегеніміз - f функциясының түрін нақтылау болып табылады. Термиялық коэффиценттер Термиялық күй теңдеуінде бір айнымалыны басқа екі айнымалы арқылы өрнектеу кезінде тәуелсіз айнымалыларды таңдауға байланысты жабық жүйенің термиялық күй теңдеуін үш тәсілмен жазуға болады: * {\displaystyle P=P(T,V)} Тәуелсіз айнымалылары Т және V болып табылатын термиялық күй теңдеуі * {\displaystyle V=V(T,P)} Тәуелсіз айнымалылары Т және Р болып табылатын термиялық күй теңдеуі * {\displaystyle T=T(V,P)} Тәуелсіз айнымалылары V және Р болып табылатын термиялық күй теңдеуі Осы теңдеулерді дифференциалды түрде жазайық: {\displaystyle dP=\left({\frac {\partial P}{\partial T}}\right)_{V}dT+\left({\frac {\partial P}{\partial V}}\right)_{T}dV} Тәуелсіз айнымалылары Т және V болып табылатын дифференциалды термиялық күй теңдеуі {\displaystyle dV=\left({\frac {\partial V}{\partial T}}\right)_{P}dT+\left({\frac {\partial V}{\partial P}}\right)_{T}dP,} Тәуелсіз айнымалылары Т және Р болып табылатын дифференциалды термиялық күй теңдеуі {\displaystyle dT=\left({\frac {\partial T}{\partial P}}\right)_{V}dP+\left({\frac {\partial T}{\partial V}}\right)_{P}dV.} Тәуелсіз айнымалылары V және Р болып табылатын дифференциалды термиялық күй теңдеуі Келтірілген теңдеулерге алты дербес туынды кіреді, олар бір-біріне жұптап кері болып табылады: {\displaystyle \left({\frac {\partial T}{\partial P}}\right)_{V}=\left[\left({\frac {\partial P}{\partial T}}\right)_{V}\right]^{-1},}{\displaystyle \left({\frac {\partial T}{\partial V}}\right)_{P}=\left[\left({\frac {\partial V}{\partial T}}\right)_{P}\right]^{-1},}{\displaystyle \left({\frac {\partial P}{\partial V}}\right)_{T}=\left[\left({\frac {\partial V}{\partial P}}\right)_{T}\right]^{-1},} Сол себепті олардың үшеуінде ғана тәуелсіз мән бар: {\displaystyle \left({\frac {\partial V}{\partial T}}\right)_{P},}{\displaystyle \left({\frac {\partial V}{\partial P}}\right)_{T}} және {\displaystyle \left({\frac {\partial P}{\partial T}}\right)_{V}} Бұларды термиялық коэффиценттер деп атайды. Атынан термиялық күй теңдеуімен байланысы көрінеді. Математикалық анализден белгілі, үш айнымалысы бар кез келген теңдеу үшін {\displaystyle f(P,\;V,\;T)=0} мына қатынас шындық болып табылады: {\displaystyle \left({\frac {\partial P}{\partial T}}\right)_{V}}{\displaystyle \left({\frac {\partial T}{\partial V}}\right)_{P}}{\displaystyle \left({\frac {\partial V}{\partial P}}\right)_{T}=-1} Дифференциалды түрдегі термиялық күй теңдеуі немесе {\displaystyle \left({\frac {\partial P}{\partial V}}\right)_{T}}{\displaystyle \left({\frac {\partial V}{\partial T}}\right)_{P}}{\displaystyle \left({\frac {\partial T}{\partial P}}\right)_{V}=-1,} яғни кез келген термиялық коэффицентті басқа екеуімен сипаттауға болады. Тәжірибелерде дербес туындылардың орнына олардан шыққан коэфиценттерді (термиялық коэффиценттер немесе термодинамикалық коэфиценттер) қолданады: * Термиялық кеңеюдің изобаралық коэффиценті {\displaystyle \alpha \equiv {\frac {1}{V}}\left({\frac {\partial V}{\partial T}}\right)_{P},} тұрақты қысымдағы температураның өзгерісі кезіндегі көлемнің өзгеру жылдамдығын сипаттайды (идеал газ үшін {\displaystyle \alpha =1/T}). * Тұрақты көлемдегі қысымның термиялық коэффиценті {\displaystyle \beta \equiv {\frac {1}{P}}\left({\frac {\partial P}{\partial T}}\right)_{V},} тұрақты көлемдегі температураның өзгерісі кезіндегі қысымның өзгеру жылдамдығын сипаттайды (идеал газ үшін {\displaystyle \beta =1/T}). * Тұрақты температурадағы көлемнің термиялық коэффиценті {\displaystyle \chi \equiv -{\frac {1}{V}}\left({\frac {\partial V}{\partial P}}\right)_{T},} тұрақты температурадағы қысымды өзгерту кезіндегі көлемнің өзгеру жылдамдығын сипаттайды (идеал газ үшін {\displaystyle \chi =1/P}). Минус таңбасы қысымның көтерілуі кезіндегі көлемнің азаятындығын көрсетеді және термиялық коэфиценттің теріс мәнге ие болмауы үшін қажет. Дифференциалды түрдегі термиялық күй теңдеуінен көлемдік кеңею, серпімділік пен сығылудың байланысын сипаттайтын теңдеу шығады: {\displaystyle \beta ={\frac {\alpha }{\chi P}}.} Бұл қатынас тәжірибелер көмегімен анықталған {\displaystyle \alpha } және {\displaystyle \chi } коэффиценттері арқылы қатты және сұйық денелерге (оларды қыздыру кезінде көлемі өзгереді) арналған {\displaystyle \beta } коэффицентін табуға мүмкіндік береді. Термиялық коэфиценттер көлем, қысым мен температураның функциялары болып табылады. Көлемдік кеңею, серпімділік пен сығылу коэффиценттерінің тәжірибелік маңызы анықталуы қиын немесе мүмкін емес термодинамикалық шамаларды есептеу мүмкіндігінде болып табылады. ### Жылулық күй теңдеуі Жылулық күй теңдеуі ішкі энергияның қысым, көлем және температура арқылы сипатталуын көрсетеді. Бөлшектерінің саны тұрақты болып қалатын жүйелер үшін ол былайша жазылады: {\displaystyle U=U(P,V,T)} немесе қысымды термиялық теңдеу арқылы көрсетуге болатынын ескерсек: {\displaystyle U=U(V,T)} Жылулық коэффиценттер Жылулық коэффиценттер термиялық коэффиценттерді анықтауға ұқсас жолмен анықталады. Дифференциалды формадағы Тәуелсіз айнымалылары Т және V болып табылатын дифференциалды жылулық күй теңдеуін жазайық: {\displaystyle dU=\left({\frac {\partial U}{\partial T}}\right)_{V}dT+\left({\frac {\partial U}{\partial V}}\right)_{T}dV,} және осы қатынасқа кіретін дербес туындылар көмегімен жылулық коэффиценттердің алғашқы жұбын енгізейік. Тұрақты қысымдағы жылусыйымдылық: {\displaystyle C_{V}\equiv \left({\frac {\partial U}{\partial T}}\right)_{V}} және изотермиялық кеңею кезіндегі жылу: {\displaystyle \equiv \left({\frac {\partial U}{\partial V}}\right)_{T}+P,} қысымға сәйкес келетін өлшем бірлігіне ие. Тұрақты қысымдағы идеал газ үшін жылусыйымдылық {\displaystyle C_{V}} {\displaystyle {\frac {3Rm}{2M}}}-ға (біратомды газ), {\displaystyle {\frac {5Rm}{2M}}}-ға (екіатомды газ), {\displaystyle {\frac {3Rm}{M}}} (көпатомды газ) тең. Бұл жерде {\displaystyle m} - газ массасы, {\displaystyle M} - осы газдың молярлық массасы, {\displaystyle R} - универсал газ тұрақтысы. Дербес туынды {\displaystyle P_{int}\equiv \left({\frac {\partial U}{\partial V}}\right)_{T}=L-P} ішкі қысым деп аталады және жылулық коэффиценттермен бірге енгізілетіне қарамастан олардың қатарына жатпайды. Бұл шаманың сандық (молекулярлық деңгейдегі бөлшектердің бір-бірін тартуын көрсететін) мәні рал газдар үшін өте аз болса, сұйықтар мен қатты денелер үшін өте үлкен болып табылады. Идеал газ үшін {\displaystyle P_{int}=0,} яғни идеал газдың ішкі энергиясы көлемге байланысты емес (Джоуль заңы). Жылулық коэффиценттердің екінші жұбын, тәуелсіз айнымалылары Т және Р болып табылатын жылулық күй теңдеуі енгізейік. Оның біріншісі - тұрақты қысымдағы жылусыйымдылық: {\displaystyle C_{P}\equiv \left({\frac {\partial U}{\partial T}}\right)_{P}-P\left({\frac {\partial V}{\partial T}}\right)_{P}} және изотермиялық қысым өсімінің жылуы: {\displaystyle h\equiv \left({\frac {\partial U}{\partial P}}\right)_{T}-P\left({\frac {\partial V}{\partial T}}\right)_{P}.} Әдебиеттерде бұл жылулық коэффиценттерді энатльпия {\displaystyle H\equiv U+PV} мен энтропияны қолдану арқылы ыңғайлы әрі қысқа түрде көрсетеді: {\displaystyle _{P}=\left({\frac {\partial H}{\partial T}}\right)_{P}=T\left({\frac {\partial S}{\partial T}}\right)_{P},} {\displaystyle h=\left({\frac {\partial H}{\partial P}}\right)_{T}-V=T\left({\frac {\partial S}{\partial P}}\right)_{T}.} Идеал газ үшін {\displaystyle C_{P}} мен {\displaystyle C_{V}} Майер формуласы арқылы байланысқан. {\displaystyle h} коэффиценті көп жағдайда теріс болады және идеал газ үшін {\displaystyle h=-V}. Жылулық коэффиценттердің соңғы жұбын, тәуелсіз айнымалылары V және Р болып табылатын жылулық күй теңдеуі енгізейік. Біріншісі - изохоралық сығылудың жылуы: {\displaystyle \varkappa \equiv \left({\frac {\partial U}{\partial P}}\right)_{V}} және изобаралық кеңеюдің жылуы: {\displaystyle \lambda \equiv \left({\frac {\partial U}{\partial V}}\right)_{P}+P.} Енгізілген алты жылулық коэффиценттің төртеуі ({\displaystyle C_{P},} {\displaystyle C_{V},} {\displaystyle L} және {\displaystyle h}) өзіндік физикалық мағынасы бар бола тұрып, термодинамикалық есептеулер мен термодинамикалық қатынастарды анықтау кезіндегі көмекші рөлге ие шамалар болып табылады. Осы шамалар көмегімен ішкі энергия, энпальтия мен энтропия есептеледі. {\displaystyle \varkappa } және {\displaystyle \lambda } коэффиценттері қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған. ### Канондық күй теңдеуі Канондық күй теңдеуі тәуелсіз айнымалылар арқылы көрсетілген термодинамикалық потенциалдардың (ішкі энергия, энтальпия, бос энергия, Гиббс потенциалы) бір түрінің өрнегіне сәйкес алынған толық дифференциал болып табылады: * {\displaystyle U=U(S,V)} (ішкі энергия ұшін), * {\displaystyle H=H(S,P)} (энтальпия үшін), * {\displaystyle F=F(T,V)} (Гельмгольц энергиясы үшін), * {\displaystyle G=G(T,P)} (Гиббс потенциалы үшін). Канондық күй теңдеуі, осы төрт потенциал түрінің қайсысына арналып жасалғанына қарамастан, термодинамикалық жүйенің термиялық және жылулық қасиеттері жайлы толық мәліметті сақтайды. ## Тағы қараңыз * Термодинамикалық тепе-теңдік ## Дереккөздер * Базаров И. П. Заблуждения и ошибки в термодинамике. — 2-е изд., испр. — М.: Едиториал УРСС, 2003. — 120 с. — ISBN 5-354-00391-1. * Базаров И. П. Заблуждения и ошибки в термодинамике. — 2-е изд., испр. — М.: Едиториал УРСС, 2003. — 120 с. — ISBN 5-354-00391-1. * Базаров И. П. Термодинамика. — М.: Высшая школа, 1991. — 376 с. * Базаров И. П. Термодинамика. — М.: Высшая школа, 1991. — 376 с. * Базаров И. П. Термодинамика. — 5-е изд. — СПб. — М. — Краснодар: Лань, 2010. — 384 с. — (Учебники для вузов. Специальная литература). — ISBN 978-5-8114-1003-3. * Базаров И. П. Термодинамика. — 5-е изд. — СПб. — М. — Краснодар: Лань, 2010. — 384 с. — (Учебники для вузов. Специальная литература). — ISBN 978-5-8114-1003-3. * Бахшиева Л. Т. и др. Техническая термодинамика и теплотехника / Под ред. проф А. А. Захаровой. — 2-е изд., испр. — М.: Академия, 2008. — 272 с. — (Высшее профессиональное образование). — ISBN 978-5-7695-4999-1. * Бахшиева Л. Т. и др. Техническая термодинамика и теплотехника / Под ред. проф А. А. Захаровой. — 2-е изд., испр. — М.: Академия, 2008. — 272 с. — (Высшее профессиональное образование). — ISBN 978-5-7695-4999-1. * Герасимов Я. И., Древинг В. П., Еремин Е. Н. и др. Курс физической химии / Под общ. ред. Я. И. Герасимова. — 2-е изд. — М.: Химия, 1970. — Т. I. — 592 с. * Герасимов Я. И., Древинг В. П., Еремин Е. Н. и др. Курс физической химии / Под общ. ред. Я. И. Герасимова. — 2-е изд. — М.: Химия, 1970. — Т. I. — 592 с. * Глазов В. М. Основы физической химии. — М.: Высшая школа, 1981. — 456 с. * Глазов В. М. Основы физической химии. — М.: Высшая школа, 1981. — 456 с. * Карапетьянц М. Х. Химическая термодинамика. — М.: Химия, 1975. — 584 с. * Карапетьянц М. Х. Химическая термодинамика. — М.: Химия, 1975. — 584 с. * Квасников И. А. Термодинамика и статистическая физика. Т. 1: Теория равновесных систем: Термодинамика. — 2-е изд., сущ. перераб. и доп. — М.: Едиториал УРСС, 2002. — 240 с. — ISBN 5-354-00077-7. * Квасников И. А. Термодинамика и статистическая физика. Т. 1: Теория равновесных систем: Термодинамика. — 2-е изд., сущ. перераб. и доп. — М.: Едиториал УРСС, 2002. — 240 с. — ISBN 5-354-00077-7. * Коган В. Е., Литвинова Т. Е., Чиркст Д. Э., Шахпаронова Т. С. Физическая химия / Науч. ред. проф. Д. Э. Чиркст. — СПб.: Национальный минерально-сырьевой ун-т «Горный», 2013. — 450 с. * Коган В. Е., Литвинова Т. Е., Чиркст Д. Э., Шахпаронова Т. С. Физическая химия / Науч. ред. проф. Д. Э. Чиркст. — СПб.: Национальный минерально-сырьевой ун-т «Горный», 2013. — 450 с. * Колесников И. М. Термодинамика физико-химических процессов. — М.: Гос. акад. нефти и газа им. И. М. Губкина, 1994. — 288 с. * Колесников И. М. Термодинамика физико-химических процессов. — М.: Гос. акад. нефти и газа им. И. М. Губкина, 1994. — 288 с. * Колесников И. М. Термодинамика физико-химических процессов. — М.: Нефть и Газ, 2005. — 480 с. — ISBN 5-7246-0351-9. * Колесников И. М. Термодинамика физико-химических процессов. — М.: Нефть и Газ, 2005. — 480 с. — ISBN 5-7246-0351-9. * Коновалов В. И. Техническая термодинамика. — Иваново: Иван. гос. энерг. ун-т, 2005. — 620 с. — ISBN 5-89482-360-9. * Коновалов В. И. Техническая термодинамика. — Иваново: Иван. гос. энерг. ун-т, 2005. — 620 с. — ISBN 5-89482-360-9. * Кубо Р. Термодинамика. — М.: Мир, 1970. — 304 с. * Кубо Р. Термодинамика. — М.: Мир, 1970. — 304 с. * Мурзаков В. В. Основы технической термодинамики. — М.: Энергия, 1973. — 304 с. * Мурзаков В. В. Основы технической термодинамики. — М.: Энергия, 1973. — 304 с. * Николаев Г. П., Лойко А. Э. Техническая термодинамика. — Екатеринбург: УрФУ, 2013. — 227 с. * Николаев Г. П., Лойко А. Э. Техническая термодинамика. — Екатеринбург: УрФУ, 2013. — 227 с. * Полторак О. М. Термодинамика в физической химии. — М.: Высшая школа, 1991. — 320 с. — ISBN 5-06-002041-Х. * Полторак О. М. Термодинамика в физической химии. — М.: Высшая школа, 1991. — 320 с. — ISBN 5-06-002041-Х. * Путилов К. А. Термодинамика / Отв. ред. М. Х. Карапетьянц. — М.: Наука, 1971. — 376 с. * Путилов К. А. Термодинамика / Отв. ред. М. Х. Карапетьянц. — М.: Наука, 1971. — 376 с. * Пыхачев Г. Б., Исаев Р. Г. Подземная гидравлика. — М.: Недра, 1973. — 360 с. * Пыхачев Г. Б., Исаев Р. Г. Подземная гидравлика. — М.: Недра, 1973. — 360 с. * Сивухин Д. В. Общий курс физики. Т. II. Термодинамика и молекулярная физика. — 5-е изд., испр. — М.: ФИЗМАТЛИТ, 2005. — 544 с. — ISBN 5-9221-0601-5. * Сивухин Д. В. Общий курс физики. Т. II. Термодинамика и молекулярная физика. — 5-е изд., испр. — М.: ФИЗМАТЛИТ, 2005. — 544 с. — ISBN 5-9221-0601-5. * Щелкачев В. Н., Лапук Б. Б. Подземная гидравлика / Под общ. ред. акад. Л. С. Лейбензона. — М. — Л: Гостоптехиздат, 1949. — 524 с.Кудрявцева И.В., Рыков А.В., Рыков В.А.[1]Непараметрическое уравнение состояния скейлингового вида и метод псевдокритических точек. - СПб. - Научный журнал НИУ ИТМО.- Статья. - УДК 536.71Рыков С.В., Кудрявцева И.В., Рыков А.В., Курова Л.В. Метод построения фундаментального уравнения состояния, учитывающего особенности критической области. - СПб. - Научный журнал НИУ ИТМО.- Статья. - УДК 536.71 * Щелкачев В. Н., Лапук Б. Б. Подземная гидравлика / Под общ. ред. акад. Л. С. Лейбензона. — М. — Л: Гостоптехиздат, 1949. — 524 с. * Кудрявцева И.В., Рыков А.В., Рыков В.А.[1]Непараметрическое уравнение состояния скейлингового вида и метод псевдокритических точек. - СПб. - Научный журнал НИУ ИТМО.- Статья. - УДК 536.71 * Рыков С.В., Кудрявцева И.В., Рыков А.В., Курова Л.В. Метод построения фундаментального уравнения состояния, учитывающего особенности критической области. - СПб. - Научный журнал НИУ ИТМО.- Статья. - УДК 536.71
Ақмойын шыбыншы (Muscicapa albicollis) - теңбіл шыбыншыға өте ұқсас құс. ## Биологиялық сипаттама Ақмойын шыбыншының теңбіл шыбыншыдан айырмашылығы ақ түс бүкіл бауырына жайылып, мойын тұсында арқа жағынан қосылады, сондықтан ақмойын шыбыншы аталған. Аналығы мен жас құстар теңбіл шыбыншыдан айнымайды десе де болады, алайда оларда ақ түс көбірек. ## Таралуы Бұл құс Еуропа және Алдыңғы Азияның ормандарында қоныстанады, ал экваторлық Африкада қыстайды. Оның Қазақстанға таяу ұялау орындары - Еділдің орта ағысы, Кавказ және Копетдаг. Ақмойын шыбыншы осы арадан Қазақстаныың батыс өңірлеріне - Жайық өзенінің аңғарына, Маңғышлаққа оқтын-оқтын ұшып енеді, сол жерден сәуір және мамырда кездеседі. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Күйлердің сәйкестік заңы барлық заттар бір күй теңдеуіне бағынады дейді. Бұл заң күй теңдеуінің айнымалыларын келтіру арқылы жазғанда ғана ақиқат болады. Күйлердің сәйкестік заңы жақындатып алынған заң болып табылады және тығыз газдар мен сұйықтарды қарапайым түрде, 10-15 пайыздық дәлдікпен бағалауға мүмкіндік береді. 1873 жылы Ван дер Ваальстың зерттеулерінде алғаш анықталған. ## Тұжырымы Күйлердің сәйкестік заңы бойынша, күй теңдеуі келтірілген айнымалылар арқылы жазылған жағдайда кез келген зат үшін дұрыс болады. Келтірілген айнымалылардың мәндері сыни межелдегі мәндерге сәйкес келеді: {\displaystyle p_{r}={\frac {p}{p_{c}}},\;\;\;V_{r}={\frac {V_{m}}{V_{m,c}}},\;\;\;T_{r}={\frac {T}{T_{c}}},} бұл формулалардағы {\displaystyle p,\;V_{m},\;T} сәйкесінше қысым, молярлық көлем және температура болып табылады. Жүйенің термодинамикалық тепе-теңдігін осы үш айнымалының екеуін ғана қолданып сипаттауға болатындықтан, күйлердің сейкестік заңы бойынша, үшеуінің кез келген өлшемсіз комбинациясы кез келген екі келтірілген айнымалының функциясын құрайды: {\displaystyle {\frac {pV_{m}}{RT}}=F(V_{r},T_{r}),} Нақты жүйелер үшін, негізінен, төмендегі формула орынды: {\displaystyle {\frac {pV_{m}}{RT}}=z(p_{r},T_{r})} {\displaystyle F,z} - универсал функциялар Формуладағы өлшемсіз шама {\displaystyle {\frac {pV_{m}}{RT}}} сығылу коэффиценті деп аталады. Сыни межелде сығылу коэффиценті {\displaystyle {\frac {p_{c}V_{m,c}}{RT_{c}}}=F(1,1)}, яғни барлық заттар үшін бірдей болып табылады. ## Қолдану аясы мен теориялық негіздемесі Заңның нақтылығын сығылу коэффицентінің мәніне {\displaystyle {\frac {p_{c}V_{m,c}}{RT_{c}}}} қарап анықтауға болады. Егер күйлердің сәйкестік заңы толығымен орындалса, бұл коэффицент барлық заттар үшін бірдей болады. Әртүрлі заттар үшін тәжірибе көмегімен анықталған сығылу коэффицентінің мәндерді кестеде берілген. Қарапайым сфералық молекулалар үшін оның мәні {\displaystyle 0{,}292} жуықтаса, көмірсу молекулаларында {\displaystyle 0{,}267} дейін жетеді. ## Дереккөздер * Гиршфельдер Дж., Кертисс Ч., Берд Р. Молекулярная теория газов и жидкостей. М.: ИЛ, 1961. — 931с.
Нылқы ауданы (қыт. 尼勒克县 Nilka ) - Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Тянь-Шань тауының орта бөлігінде орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы ағысында. Халық саны 186900 адам, аумағы 10375 к.к., 1931 жылы негізі қаланған. 10 ауылдық округ, 1 қалашықтан тұрады. Аудан аумағында қазақ, хань, ұйғыр қатарлы ұлттар тұрады, оның ішінде 71 % қазақтар құрайды. Халқы негізінен мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады, Үрімжі қаласынан 516, облыс орталығы Құлжа қаласынан 112 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан туристік ресрустарға бай табиғатының сұлулығымен ерекшеленеді, Қас өзені Нылқы ауданының дәл орта бөлігін кесіп өтеді. Ауданда әйгілі Таңбалы жайлауы бар. Бұл жайлау осы өңірдің туристік орталығы болып табылады.
Тоғызтарау ауданы (қыт. 巩留县 Gongliu ) Қытай Халық Республикасы ШҰАР дағы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Тянь-Шань тауының орта бөлігінде орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы ағысында. Халық саны 196400 адам, аумағы 4528 к.к., 1931 жылы негізі қаланған. 7 ауылдық округ, 1 қалашықтан тұрады, Шығыс солтүстік бөлігінде Күнес ауданымен, солтүстік бөлігі Нылқы ауданымен Құлжа ауданы, оңтүстігі Текес ауданымен шектесіп жатыр. Аудан аумағында қазақ, хань, ұйғыр қатарлы ұлттар тұрады, байырғы халқы қазақтар. Халқы негізінен мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады.
Жерқазар-сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы.Африка халықтары жерқазарларды <<құм күшіктері>> деп атайды.Кения,Эфиопия және Сомалидің өсімдігі калың далалық жерлерінде тіршілік етеді.Әжім басқан,түксіз жалаңаш жұмыр денесіне қарап жерқазарды титімдей моржға ұқсатуға болады.Сексен шақты жерқазар бірігіп жүреді.Өсімдік тамырлары мен түбірлерін іздеп,жерді қазып тастайды.Титімдей көздері тек жарық пен қараңғыны ғана ажырата алады.Күрек тістері-өте үлкен,олар үнемі өсіп,астыңғы тіс пен үстіңгі тіс бір-бірін қайралып,өткірленіп тұрады.Құлағы кішкентай.Мұрты мен денесінің әр жерінде қылтиған қылшықтарды айтпағанда,терісі-түксіз,жалаңаш.Жаңа туған баланың терісіндей алқызыл түсті.Жалаңаш жерқазарды экватордың шөптесін аймақтары мен саванналарынан кездестіруге болады.Жалаңаш жерқазарлар күрек тістерін экскаватордың ожауындай пайдаланып,3-4 метр тереңдікте ұзыннан-ұзақ созылып (900 метрге дейін),бұтақтана тараған,бірнеше қабатты жерасты жолдарынан қазады.Олар өздері қазған шым-шытырық <<туннельдердің>> ішінде алға қарай да,артқа қарай да жүгіреді.Қолда асыраған жалаңаш жерқазар 25 жыл өмір сүрген.Жалаңаш жерқазардың латынша Bathyergidae деген атауы <<bathos>> <<тереңдік>>,<<ergon>> <<жұмысшы>> деген мағына береді.Жалаңаш жерқазардың бұлшық ет күшінің 25%-ы жақ сүйегінде.Өкпесі өте кішкентай.Өте баяу тыныс алады және ағзасындағы метаболизм (зат алмасу үдерісі) де баяу жүреді.Орташа дене бітімі 8-33 см аралығында.Салмағы-30 грамнан,1.8 келіге дейін.Жұмысшы жерқазарлар бүкіл әулетке ін қазып береді.== Дереккөздер ==
Дәрілік балшытыр (лат. Pulmonaria officinalis) – айлауыктар тұқымдасы балшытыр туысына жататын, биіктігі 15-30 см, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Өсімдіктің өн бойын қысқа, бірақ қатты түк басқандықтан сабағы қолға кедір-бұдырлы болып сезіледі. * Жапырақтарының шеттері бүтін, ұштары сүйір, екі жағын да қысқа түк басқан. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сопақша келген, түп жағы жіңішкеріп сағаққа айналып кеткен. Сабақ жапырақтары отырмалы, түп жағы мен сабақтарын жартылай қоршап тұрады. * Сабақтың жоғарғы жағына гүлдер шоғырланған. Өсімдіктің даму кезеңіне байланысты гүлдері әуелі қызыл, ашық қызыл түсті болса, кейінірек біртіндеп көкшіл тартады. Гүл тостағаншасы жасыл түсті, бес қалақшасы бар. Гүл тәжі түтікше сияқтанып тұрады. ## Өсетін жері Дәрілік балшытыр таулы аймақтарда, орман арасында, бұталардың көлеңкелерінде өседі. ## Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы Құрамында минералды заттар танин, қоймалжың және илік заттар, аскорбин қышқылы, рутин бар.Дәрі үшін өсімдіктің жерге түскен бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Дәрілік балшытырдың қабынуға қарсы әсер ететін, несеп айдайтын, қан тоқтатын, жарақаттардың жазылуын тездететін қасиеттері бар. Халық медицинасында бұл өсімдік туберкулез ауруларын емдеу үшін, өкпе, жоғарғы тыныс жолдары және бронх қабынғанда, қақырыққа қан араласып түскенде қолданылады, асқазан-ішек жолдарының ауруларын және дене сыртындағы жарақаттарды емдейді. ## Дереккөздер
Көпсекбай Рәтқұлұлы Төлебаев - 1950 жылы 1 қыркүйекте Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қылышбай ауылында туған. Қазақ.Техника ғылымдарының кандидаты (1993), докторы (2010). Халықаралық сәулет академиясының профессоры (2006). Халықаралық инженерлік академияның (2006 жылдан), ҚР Ұлттық инженерлік академиясының (2008 жылдан) академигі. Әкесі - Төлебаев Рәтқұл (1926-1984), қызметкер болған.Анасы - Төлебаева Күлсін (1920-1997), үй шаруасымен айналысқан. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетін бітірген (1973), мамандығы - «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс». Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жолдардың қорғау құрылыстары конструкцияларын есептеудің тeориялық негіздері және тау табиғи құбылыстарының қауіпін болжамды бағалау». «Автомобиль жолдарын көшкіндөрден, құлаулар мен үйінділерден қорғау» (1996), «Автомобиль жолдарын қар және құм көшкіндерінен қорғау» (1997), «Құрылыс механикасы мен құрылыс конструкцияларының негіздері» (1997), «Материалдар кедергісі бойынша есептер жинағы» (2000), «Тірек қабырғалардың және қорғаныш ғимараттарыныңконструкциясы. Оларды есептеу әдістері» (2005), «Ғимараттардың конструкциялары және төміржол көліктері ғимараттары» (2009), «Инженерлік геология және тау жолдарын табиғаттың қауіпті құбылыстарынан қорғау» (2010) кітаптарының, оқулықтарының және ғылыми жұмыстардың;107 ғылыми мақаланың авторы.29 авторлық куәлігі бар. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1973 жылдан - «Алматыгипрогор» МЖО инженері, аға инженері, топ жетекшісі, шеберхана басшысының орынбасары, бас құрастырушысы, шеберхана басшысы. 1995 жылдан - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының аға ғылыми қызметкері, оқытушысы, доценті, кафедрамеңгерушісі. 2001 жылдан - «Алматыгипрогор-1» ААҚ бас инженері, атқарушы директорының міндетін орындаушы.2004 жылдың мамырынан бері - «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС директоры. Келесі нысандардың авторы: «Арасан» емдік моншалар кешені, Алматы қаласындағы 10500 орынға арналған әмбебап спорттық-көрермен залы, Орталық мешіт ғимараты (Алматы қ.), Алматы қаласы Египет Ислам орталығы, ҚР Парламент Сенатының ғимараты (Астана қ.), ҚР ¥ҚК мекемесі (Астана қ.), «Ритц-Палас» сауда-ойын-сауық орталығы (Апматы қ.) және т.б. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). «Достастық жұлдызы» орденімен (Мәскеу қ., 2008), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің (1984), Алматы қаласы әкімінің (2007), ҚР ¥ҚК (2008) грамоталарымен, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2010). Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2006). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2008). Даңқты құрылысшы (2010). Әскери атағы - запастағы аға лейтененат. Сүйіп оқитын әдебиеті - кәсіби және тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Жұлмағамбетова Алтын (1950 ж. т.), зейнеткер. Қыздары - Анар (1975 ж. т.), Нұрия (1979 ж. т.); ұлы - Ғазиз (1981 ж. т.). ## Дереккөздер
Жәнібек Әлімханұлы (1993 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Жыланды ауылында дүниеге келген) — кәсіпқой бокста орта салмақта (72,574 кг) өнер көрсететін, жеңіліс көрмеген кәсіпқой боксшы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әуесқой бокста 2016 жылғы Олимпиада қатысушысы, 2013 жылы Әлем чемпионы, 2013-2014 жылдары Азия Чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBO Global (2012-2020 жж, 2020 - б.у.), WBC Continental Americas (2019-б.у.) чемпионы, WBO (2022-б.у) және IBF (2023-б.у) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында жаңартылға BoxRec рейтингі бойынша орта салмақта WBC тұжырымында 4 орында, IBF тұжырымында 9 орында, WBO тұжырымында 2 орын, vRinge.com тұжырымы бойынша 7-ші орында орналасқан. ## Өмірбаяны Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылдың 1-сәуірінде Алматы облысына қарасты Алакөл ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап бокспен шұғылданады. Уақ руынан шыққан. Кумирі Серік Қонақбаев. ## Алматы қаласында өткен 2013 жылға ересектер арасындағы әлем чемпионаты ## 2014 жылғы Инчхонда өткен Азия ойындары ## Кәсіпқой бокс 2016 жылы 29 қазанда кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін өткізді, 1-ші раундта колумбиялық боксшы Милтон Нуньесті нокаутқа түсірді. 2018 жылы мамырдан бастап кәсіпқой бокс менеджері Эгис Климасмен және Боб Арумның TopRank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады. Оның тренері Бадди МакГирт болды. 28 қыркүйекте Америка құрама штаттарындағы алғашқы жекпежегінде жеңіске жетті. Бір айдан соң Берік Сұлтанның "Америкадағы алғашқы жепке-жек" атыы документалды киносы шықты. ## Кәсіпқой бокстағы жекпе-жектер статистикасы ## Дереккөздер
Түркі Академиясы (Turkic Academy). Академияның штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан. Халықаралық Түркі Академиясының Президенті – Шаин Мұстафаев Меджид оглу. ## Тарихы 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталық құру туралы ұсыныс жасады.2010 жылдың 25 мамыры күні Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы ашылды. Бірегей ғылыми-зерттеу орталықтың тұсаукесеріне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдуллаһ Гүл сонымен қатар, Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ресей (Татарстан, Башқұртстан, Чуваш, Якутия), Өзбекстан, Қырғызстан, Украина мемлекеттерінің көрнекті түрколог ғалымдары қатысты.Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте 2012 жылдың 22-23 тамызы күндері өткен Түркі кеңесі ІІ саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев пен Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Артур Расизаде Түркі академиясына халықаралық мәртебе беру жөніндегі келісімге қол қойды. Түркі Академиясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылдың 16 қарашасында «Қабылдаушы ел туралы келісімге» қол қойды. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің «Түркі Академиясын құру туралы келісімді» ратификациялау үдерісі 2021 жылы аяқталды. 2022 жылдан бастап, Түркі Академиясы мүше мемлекеттерден міндетті жарналар мен мамандарды қабылдап, толыққанды халықаралық ұйым ретінде жұмыс істей бастады. Түркі Академиясы 2018 және 2022 жылдары Мажарстан мен Өзбекстанға бақылаушы ел мәртебесін берді. Түркі Академиясының президенті лауазымын 2010-2014 жылдары аралығында профессор, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбраев, ал 2014-2022 жылдары аралығында профессор, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі атқарған. ## Ұйымға мүше мемлекеттер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия – Түркі Академиясының негізін қалаушы мүше мемлекеттер. Мажарстан 2018 жылы, ал Өзбекстан 2022 жылы Түркі Академиясында бақылаушы ел статусын алды. ## Ұйым мақсаты мен миссиясы Түркі Академиясы – Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясында құрылған, түркі елдері арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты үйлестіретін және ынталандыратын бірегей халықаралық ұйым. Жарғылық мандатқа сәйкес Түркі Академиясы түркітанудың әртүрлі салалары, соның ішінде тарих, археология, этнология, антропология, әдебиет, тіл білімі, терминология, өнер және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытады. Түркі Академиясы түркітану бойынша халықаралық үйлестіруші  орталық қызметін атқарады. Түркі Академиясының миссиясы – түркі әлемінің ғылым мен білім саласындағы интеграциясына оң ықпал ету. Осы тұрғыда тиісті ұйымдар арасында серіктестік орнатуға және түркітануды дамытуға арналған бағдарламалар мен жобалар іске асырылып, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тың бастамалар қолға алынуда. ## Халықаралық әріптестік Түркі Академиясының халықаралық ынтымақтастығы көп жақты сипатқа ие. Бұл ынтымақтастық мемлекеттік институттармен, жеке сектормен, академиялық ортамен, азаматтық қоғаммен және басқа да бірқатар халықаралық серіктестермен саяси және ғылыми диалогты қамтиды. Түркі Академиясы халықаралық ғылыми әріптестік арқылы өз мандаты шеңберінде зерттеу тақырыптары мен жобалар бойынша серіктестік пен ынтымақтастықты дамытады. Түркі Академиясы мүше мемлекеттер мен бақылаушылардың тиісті мекемелерін Түркі Академиясының шараларына тартуға, оларды бірлесіп жұмыс істеуге ынтыландырып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтереді. Түркі Академиясы мүше мемлекеттердің және бақылаушылардың барлық үкіметтерімен тығыз жұмыс қарым-қатынастарын дамытады. Білім мен ғылымға жауапты министрлерімен тұрақты консультациялардан басқа, Түркі Академиясының президенті академияның қызметіне қатысы бар мүше мемлекеттердің басқа да жоғары деңгейдегі өкілдерімен және мекемелерімен екіжақты кездесулер мен консультациялар өткізеді. Бұл консультациялар Түркі Академиясы шараларының шеңбері, басымдықтары және маңыздылығы туралы ресми көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Түркі Академиясы мен Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы арасындағы ынтымақтастық жылдар бойы мазмұнды және үйлесімді жұмыс істеу тетігіне айналды. Түркі Академиясы мен Хатшылық арасындағы жемісті қарым-қатынастар мен жүйелі байланыстар түркі әлеміндегі ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты бірлескен іс-қимылдарға, жаңа шаралар мен синергияның артуына оң әсер етті. Түркі Академиясы мен Түркі ынтымақтастығы ұйымдары (Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) және Түркі мәдениеті мен мирас қоры) арасында прагматикалық және серпінді диалог бар. Бұл диалог синергия қалыптастыру, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және Түркі Академиясының жұмысын түркі ынтымақтастығы күн тәртібімен байланыстыру тетігі ретінде қызмет етеді. Түркі Академиясы бірнеше халықаралық ұйымдармен жақын әріптестік қарым-қатынастарды дамытып келеді. Қызмет саласы Түркі Академиясымен сәйкес келетін ЭКОСОС, ЮНЕСКО, ИЫҰ құрылымдары (COMSTECH, IRCICA, ISESCO, SESRIC) және ЭЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста болу инновациялық идеяларды ынталандырып, әртүрлі ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға серпін береді. Түркі Академиясы түркітану мәселелерімен айналысатын түрлі академиялық мекемелермен және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік орнатқан. Түркі Академиясы білімі мен практикалық тәжірибесі дәлелденген серіктес ұйымдармен бірлесе, өз жұмысының басым бағыттарына басқа да сарапшыларды жұмылдыра отырып, мүдделі тараптардың желілерін құрады. Түркі академиясы 2015 жылы құрылған Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының (UNASTW) Хатшылығының міндетін атқарады. UNASTW негізгі мақсаты – түркі елдерінің ғылыми қауымдастықтары арасында ғылым мен білім саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Түркі Академиясы Хатшылық қызметін атқаратын тағы бір алаң – 2023 жылы ТМҰ Хатшылығымен тығыз ынтымақтастықта құрылған «Түркі әлемі ресми экономикалық зерттеу орталықтарының желісі» (ERCNET). ERCNET-тің негізгі мақсаты – түркі елдері арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды, экономикалық интеграцияны және серіктестіктерді дамыту. ERCNET сонымен қатар түркі елдерінің ақылды, инклюзивті және тұрақты өсуін қолдайтын ұзақ мерзімді өсу драйверлерін тануға және алға жылжытуға ниетті. Түркі Академиясының шаңырағында және ТМҰ Хатшылығының үйлестіруімен 2023 жылы құрылған «Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясы» жұмыс істейді. Комиссияның негізгі міндеті – түркі әлемінің мәдени интеграциясын қамтамасыз ету үшін латын графикасына негізделген ортақ әліпби стандартын қалыптастыру. ## Құрылымы Түркі Академиясы – Түркі мемлекеттері ұйымы аясында құрылған халықаралық ұйым. Құрамына әр мүше мемлекеттің ғылым және білім министрлері және Түркі Академиясының президенті мен вице-президенттері кіретін Ғылыми кеңес Академияға басшылық етеді. Мүше мемлекеттер Ғылыми кеңестің төрағалығын ағылшын тілінің әліпбиі ретімен атқарады. ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі тарапынан тағайындалатын Президент Академияның атқарушы органының міндеттерін жүзеге асырады. ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Түркі Академиясының бюджетін бекітеді. Сыртқы істер министрлері кеңесінің мақұлдауымен үшінші тараптар мен халықаралық ұйымдар Түркі Академиясының бақылаушылары бола алады. ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі ТМҰ Хатшылығы арқылы Түркі академиясының жылдық қызметі туралы есебін қабыдайды. Ғылыми кеңес Ғылыми кеңес жылына бір рет ғылым және білім министрлері деңгейінде жиналады. Кеңес жиынына Түркі Академиясының президенті мен төрағалық ететін мүше мемлекеттің ғылым және білім министрі тең төрағалық етеді. Академия президенті Ғылыми кеңестің отырысын Ғылыми кеңес төрағасымен келісе отырып ұйымдастырады. Ғылыми кеңес Түркі Академиясының қызметіне жетекшілік етеді. Кеңес Түркі Академиясының қызметі туралы есепті назарға ала отырып, ғылыми жобалардың басым бағыттарын және Түркі Академиясының жылдық іс-шаралар жоспарын бекітеді. Ғылыми кеңестің шешімдері басым дауыс негізінде қабылданады. Ғылыми кеңес мүшелері Түркі Академиясының өзекті мәселелерін өздерінің үкіметтері мен әкімшіліктері шеңберінде үйлестіруге де жауапты болады. Түркі мемлекеттері ұйымы саммиттерінің шешімдері Түркі Академиясы іс-шаралар жоспарын дайындау кезінде ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі қабылдаған шешімдерді мұқият басшылыққа алады. Түркі Академиясы, сондай-ақ ТМҰ-ның стратегиялық құжаты - «Turkic World Vision-2040» бағдарламасының мақсаттарына сәйкес әрекет етеді. Түркі ынтымақтастық ұйымдары Үйлестіру комитетінің отырыстары Түркі Академиясы ТМҰ хатшылығы жылына екі рет ұйымдастыратын Түркі ынтымақтастық ұйымдарының Үйлестіру комитетінің отырыстарына тұрақты түрде қатысады. Бұл кездесулер Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының іс-шараларын үйлестіруге және бірлескен ұстаным қалыптастыруға оң әсер етеді. ## Академия қызметі Түркі Академиясы – Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясында құрылған, түркі елдері арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты үйлестіретін және ынталандыратын бірегей халықаралық ұйым. Құрылтайшы Жарғыға сәйкес Түркі Академиясы түркітанудың әртүрлі салалары, соның ішінде тарих, археология, этнология, антропология, әдебиет, тіл білімі, терминология, өнер және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытады. Академия мемлекетаралық, этносаралық ықпалдастық жағдайында ғылыми зерттеулерді үйлестіруші орган қызметін атқарады. 2015 жылы Түркі кеңесінің V саммитінде мемлекеттер басшыларының TWESCO-ға жүктеген арнайы тапсырмаларына сәйкес, «Ортақ түрк тарихы» оқулығы даярланды. «Ортақ түркі географиясы» және «Ортақ түркі әдебиеті» оқылықтарының тұжырымдамалар әзірленіп, тараптардың қарауына ұсынылды. Академия Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының ғалымдарының қатысуымен түркология, алтаистика және моңғолистика бағыттарында 144 ғылыми жобаны жүзеге асырды. TWESCO 2011-2018 жылдар аралығында 270 халықаралық және ғылыми шаралар, конференциялар мен форумдар, семинарлар мен дөңгелек үстел отырыстарын ұйымдастарды. Тек 2017-2018 жылдары ұйымдастырылған мұндай шаралардың саны 70 болған. Академия жыл сайын дәсүтрлі халықаралық «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумын өткізіп келеді. 2018 жылы маусым айында TWESCO-ның бастамасымен «Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясы» (АТАМ) құрылды. 2015 жылы Шығыс қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында, Алтай тауларындағы Қарақаба жазығына «Алтай-алтын бесік» экспедициясын, 2016 жылы «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: ұлы дала көшпенділерінің тарихи-мәдени құндылықтары», 2017 жылы «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты халықаралық экспедиция және далалық ғылыми семинарлар ұйымдастырды. • 2014-2015 жылдары Алтайдағы Қарақаба жазғында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. • 2016-2018 жылдары Моңғолияның Бұлғын аймағы жеріндегі көне түркілік «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын аяқтады. • 2018 жылы Моңғолияның Керулен өзені алқабындағы Хаяахудаг және Гүнбүрд ғұрыптық кешендерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. • Қазақстан республикасы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жеріндегі орта ғасырлық қорымдарға археологиялық зерттеу жұмыстарын бастады. ## Түркі кітапханасы Халықаралық Түркі Академиясы аясында түркі кітапханасы құрылған. Белгілі түркітанушылардың жеке ктіпханалары негізінде құрылған кітапхана қоры қазір 32 мыңнан асты. Белгілі түркітанушы ғалымдар Иштван Мандоки Қоңыр, Әбдуали Қайдар, Рабиға Сыздықова мен Әбжан Құрышжанұлының жеке кітап қоры да осы кітапханаға берілді. Кітапханада сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры да бар. Тарихи жазба ескерткіштер қатарына енетін қолжазбалардың көшірмелері де жинақталған. Кітапханадан түркі ұлттарына арналған жеке-жеке кітап сөрелері де бар. Атап айтқанда, қазақ, түрік, әзірбайжан, өзбек, түрікпен, башқұрт, татар, қарашай, хақас, шұбаш қарақалпақ, ноғай т.б. сынды бауырлас халықтардың әдебиеттерін табуға болады. Қазір түркі кітапханасының электрондық базасы дайындалуда. ## Түркі тарихы музейі Халықаралық Түркі Академиясының жанынан ашылған музейден түркі халықтарының әр кезеңде жасаған құнды жәдігерлерін көруге болады. Түркі халықтарының материалдық және заттық мәдени мұраларын заттай және фотоқұжаттық деректер жүйесі ретінде жинақтау жұмыстары жалғасуда. Түркі халықтары тарихындағы алуан түрлі ғажап мәдени ескерткіштер Түркі тарихы музейінің экспозициясында тұр. Оларды сирек кездесетін археология (бзд. IV-III мыңжылдықтар) және этнография (XIX – XX ғ. бас кезі) ескерткіштері деп бөлуге болады. Коллекцияда зергерлік өнер, музыкалық аспап, ұлттық киім үлгілері және түркі халықтарының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен діни жоралғыларын сипаттайтын басқа да артефактілер бар. Музей қорындағы экспонаттар саны 750 ден асты. ## Дереккөздер Халықаралық Түркі Академиясының ресми сайты: https://turkicacademy.org/ Мұрағатталған 16 сәуірдің 2016 жылы.Халықаралық Түркі Академиясының facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы: https://www.facebook.com/pages/International-Turkic-Academy/832484896847678
Қылаң торғай (лат. Passer indicus) — торғайтәрізділер отрядына жататын Торғайлар құстар туысының биологиялық түрі, үй торғайына өте ұқсас құс. Көпке дейін оларды бір түрдің түршесіне санады (кейбір жүйелеушілер әлі де солай санауда). ## Таралуы Бұл жарықты ұнататын құс Қазақстанда тек қана республиканың оңтүстік жартысында солтүстікте Торғай және Қарағандыға дейін қоныстанады. Отырықшы өмір сүретін үй торғайынан айырмашылығы - бұл Үндістан және Пәкстанда қыстайтын жыл құсы. ## Биологиялық сипаттама Қылаң торғайдың сыртқы көрінісі жарқын боялған, олардың басының екі жағы - шаңқандай аппақ. Аналықтары мен жас құстарын үй торғайдан ажырату қиындық келтіреді. Қылаң торғай адамнан алысырақ ұялайды, тек қана өте сирек жағдайларда іргелес қоныстануға мәжбүр болады. Әдетте қылаң торғайлар тау бөктеріндегі сазды жарлардағы індерде жайғасады, дегенмен орасан үлкен шар тәрізді ұяларын ағаштардың басына ашық салады. Шөлді жерлерден қырандардың және басқа ірі қанатты жыртқыштардың ұяларына қабырғалас орнығуды ұнатады. Тауға 200 метрден жоғары көтерілмейді. Шоғыр түзіп ұялайды, шоғырда 2-3-тен бірнеше жүздеген жұпқа дейін басады. Ересек құстар дән жейді, алайда балапандарды бунақденелілермен қоректендіреді. Қазақстанның оңтүстігіне - сәуірдің соңында, солтүстік жақта мамырда ұшып келеді. Салындыдағы 5-6 сұр және күлгін сирек теңбілді көгілдір ақшыл жұмыртқаларды аналығы 12 күнге жуық басады. Ата- енелері балапандарды ұяда соншама күн,ұядан ұшқан соң тағы бірнеше күн қоректендіреді. Балапандар ұядан ұшқан соң үйір-үйір болып, қашан ұшып кеткенше қоныс аударады да, дәл осы кезде дәнді дақылдар егістігіне шабуыл жасап, басқа да торғайлармен бірлесіп ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Қазақстанның оңтүстігінде осы түрдің, әсіресе - қылаң торғайдың санын ретке келтіру жұмысы жүргізілуде. ## Дереккөздер
## Арийлер мен турлар Арийлер мен турлар (б.з.б II мыңжылдықтың бірінші жартысы-I мыңжылдықтың бас кезеңі) - қазақ жерінде өмір сүрген ең ежелгі тайпалар болып табылады. Олар- көшпелі өмір салтын ұстанған алғашқы малшылар. Негізінен, бұл тайпалар жылқы малын баққан, сонымен бірге өгіз, сиыр, қой, түйе ұстаған. Алыс көшпелі жайылымдарға төрт дөңгелекті киіз күймелі арбамен көшіп жүрген. Осы кещде киіз үйлер пайда болған. Арийлер мен турлар түсті металл өндіріп, қару - жарақ соққан. Арийлер мен турлар әскери адамдарды құрметтеп, қадір тұтқан. Әскери адамдар құралайды көзге атқан мерген, батыр болған. Ұрыстарда айбалта мен пышақ қолданған. Олар ағынды аттар жегілген әскери арбаларды пайдаланған. Көшпелі малшылар бұл арбаларды, басқа халықтарда болмағандықтан, мақтан еткен. Металл өңдеуді біліп, еңбек және соғыс құралдарын соққан, ал байлар өздеріне алтын мен күмістен әсемдік бұйымдар жасаған. Күнге, айға, отқа табынған. Қоршаған әлемді жақсылық пен жамандыққа бөлген. ## Сақтар Сақтар (б.з.б I мыңжылдық- б.з I ғ.)- қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпа. Олар Солтүстік Үндістан, Ауғаныстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен. Сақтар, негізінен, мал өсірумен айналысқан. Әсіресе, жылқы малын көптеп өсірген, өйткені жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат құлағында ойнайтын шабандоз, әрі ат үстінде садақ тартып, атқанын мүлт жібермейтін мерген болған. Мұндай өнерде оларға ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң қаларлықтай жүйрік болған. Бірде парсылар патшасы сақтардың бір сарбазының астындағы атына қызығып, айырбас ретінде оған өзінің байлығын ұсынған екен. Бірақ сарбаз одан бас тартқан көрінеді. Уақыт өте келе отырықшылыққа көшкен. Жер өңдеп, егін шаруашылығымен шұғылданған . Бекіністі қалалар мен шағын елді мекендер салған. Сол бір алыс кезеңде олар өз мемлекеттерін құрған. Сақтар қоғамында әскери адамдар- жауынгерлер ерекше құрметке ие болған. Батырлығымен, мергендігімен көзге түскен адамдардың арасынан патша, көсем сайланған. Оларда әйелдер мен қыздар да ержүрек болған. Соғыс өнерін жетік біліп, еркектермен бірдей соғысқан. Мысалы, Томирис патшайым ақылы мен айласы, батырлығы арқасында парсы әскерін жеңгенін тарихтан білеміз. Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар әр алуан жануарларды: бұғыны, жылқыны, түйені, бұланды, барысты, тауешкіні өте шебер бейнелеген. Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен сәндеген. Шошақ төбелі бас киім, шекпен, шалбар және етік киген. Олар темірді қорытып, еңбек және соғыс құралдарын жасаған. Табиғат күштері мен аспан шырақтарыга, әсіресе, Күн мен отқа табынған. Көшпелі қоғамдағы тұңғыш жазу сақтарда пайда болған. Сақтардың сауатты болғанының бір айғағы- Есік қорымындағы "алтын адаммен" бірге көмілген күміс тостағанның түбіне түсірілген таңбалар. Ол - Қазақстаннан табылған ең ескі жазу. ## Үйсіндер Үйсіндер (б.з.б II-V ғ.)- ежелгі дәуірде Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген тайпалар. Үйсіндер батысында Шу, Талас өзендерінен бастап, шығысында Тянь-Шянь тауының шығыс сілемдеріне дейінгі, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты жайлаған. Астанасы- Шығу (Чигучен- Қызыл алқап) қаласы Ыстықкөлдің жағасында орналасқан. Үйсіндер батыл әрі жауынгер халық болған. Ұрыстырда шыңдалған ондаған мың атты әскері қай кезде де жауларымен соғысуға дайын тұрған. Қуатты көршілерінің өзі оларды мойындап, құрметпен қараған. Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни көшпелі мал шаруашылығымен де, отырықшылықпен бе айналысқан. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе асырған. Халықтың бір бөлігі малмен жайлауға көшкенде, қалғандары жер өңдеп, егін еккен. Тары, бидай, арпа өсірген. Көкөніс, жеміс- жилек отырғызған. Жаьайы алма, өрік, жүзім жинаған. Үйсіндерде темір қорытып, пышақ, қылыш, орақ соғатын ұсталар ағаштан немесе қыштан ыдыс-аяқ жасайтын қолөнершілер, асыл тастармен безендіріп әшекейлік бұйымдар жасайтын асқан шеберлер болған. Соның бір айғағы- үйсіндер дәуірінде жасалған алтын тәті (диадема). Ол аң, құс және адам бейнелерімен безендірілген. Бұл бейнелер неше түрлі өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Үйсіндердің байлығы жылқымен өлшенген, байлары үйір-үйір жылқы өсірген. Ақсүйектері жібек матадан киім киген. Алтын және мыстан соғылған мөрлер ұстаған. ## Қаңлылар Қаңлылар (б.з.б II-V ғ. )- Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірі. Олар шығысында- Талас пен Шудың төменгі ағысы аралығындағы, оңтүстігінде- Ташкент ойпаты, солтүстігінде- Сырдарияның төменгі ағасы аралығындағы аумақта өмір сүрген. Орталығы (астанасы)- Битянь қаласы болған. Қаңлылар көне түркі тілінде сөйлеген.Қаңлылар мал бағып, суармалы егін шаруашылығымен шұғылданған. Олар, негізінен, жылқы мен қой өсірген. Танаптарда тары, арпа, бидай еккен. Қауын, қарбыз өсірген. Сырдария аңғарының тығыз тоғайларында жабайы аң - құстарды аулаған. Сонымен қатар балық аулау кәсібімен де айналысқан. Қаңлыларда қолөнер ісі жақсы дамыған. Олар темір өңдеуді де білген, одан еңбек құралдары мен қару- жарақ дайындаған. Саз балшықтан құмыралар жасаған. Қаңлылардың бекініс қалалары, қолөнер және сауда орталықтары болған. Ежелгі қаңлылардың жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Шетел көпестері мен жергілікті саудагерлер өздерінің бұйымдарын, азық-түлік пен тауарларын күміс және мыс теңгелерге сатқан. ## Ғұндар Ғұндар (б.з.б. III ғ.-б.з. V ғасырлары аралығында өмір сүрген) - ежелгі түркі тілдес тайпалар. Қытай жазбаларында кездесетін тарихи атауы- гунну (хунну). Олар бастапқы кезде Солтүстік Қытай, Моңғолия, Байкал өңірлерін қоныс еткен. Б.з.б III ғасырдың соңына таман ғұндар бірігіп, әскер түзеп, мемлекет құрған. Жаулау жорықтарының нәтижесінде ғұндар б.з.-дың I ғасырларында Батысқа қарай бет түзеген. Жолай көптеген тайпаларды бағындырып, һздеріне қосып алған. Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерін өздеріне қаратқан. Б.з.-дың IV ғасырында ғұндар басқа да көшпенді тайпалармен бірге оңтүстік орыс даласына жеткен. Дунайдан асып, Венгрияға дейін барып қоныстанған. Ғұн мемлекетін билеген әміршіні Үлгі:Тәңірқұт (қаған немесе шаньюй) деп атаған. Ғұндар жиырма төрт ру-тайпаға бөлінген. Ақсүйектер тайпасына осылардың тек төртеуі ғана жатқан. Шаньюйлердің барлығы - Мөде, Хуханье, Чжичжи (Шөже) және т.б ең бай ақсүйектерден шыққан. Әр ру-тайпаны рубасылар билеген. Сондай-ақ әр рудан бір-бірден түменбасылар белгіленген. Олар тәңірқұттың ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Түменбасылар қағанға бағынға. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз өсірген. Халықтың бір бөлігі егін шаруашылығымен шұғылданып, тары, арпа еккен. Ғұндардың қалалары мен қоныстары болған. Оларда әскери іс жоғары деңгейде дамыған. Сансыз көп әскері қара, ақ, жирен, ала тұсті өте мықты аттар мінген. Қылыш және қысқа семсермен қаруланып, садақты шебер атқан. Ғұндар жыл сайын халық пен мал санағын жүргізіп отырған. Олардың өз жазулары, заңдары мен ұстанған салт-дәстүрлері болған. Ғұндарда зергерлік өнер қарқынмен дамыған. Ғұн зергерлері өз бұйымдарын, негізінен, алтыннан. Олардың алтыннан әшекей бұйым жасау шеберліктерінің шыңдалғаны сондай, қолдарынан шыққан кейбір бұйымдар бүгінгі шеберлердің ең таңдаулы туындыларымен бәсекеге түсе алады. ## Арийлер мен турлар Арийлер мен турлар (б.з.б II мыңжылдықтың бірінші жартысы-I мыңжылдықтың бас кезеңі) - қазақ жерінде өмір сүрген ең ежелгі тайпалар болып табылады. Олар- көшпелі өмір салтын ұстанған алғашқы малшылар. Негізінен, бұл тайпалар жылқы малын баққан, сонымен бірге өгіз, сиыр, қой, түйе ұстаған. Алыс көшпелі жайылымдарға төрт дөңгелекті киіз күймелі арбамен көшіп жүрген. Осы кещде киіз үйлер пайда болған. Арийлер мен турлар түсті металл өндіріп, қару - жарақ соққан. Арийлер мен турлар әскери адамдарды құрметтеп, қадір тұтқан. Әскери адамдар құралайды көзге атқан мерген, батыр болған. Ұрыстарда айбалта мен пышақ қолданған. Олар ағынды аттар жегілген әскери арбаларды пайдаланған. Көшпелі малшылар бұл арбаларды, басқа халықтарда болмағандықтан, мақтан еткен. Металл өңдеуді біліп, еңбек және соғыс құралдарын соққан, ал байлар өздеріне алтын мен күмістен әсемдік бұйымдар жасаған. Күнге, айға, отқа табынған. Қоршаған әлемді жақсылық пен жамандыққа бөлген. ## Сақтар Сақтар (б.з.б I мыңжылдық- б.з I ғ.)- қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпа. Олар Солтүстік Үндістан, Ауғаныстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен. Сақтар, негізінен, мал өсірумен айналысқан. Әсіресе, жылқы малын көптеп өсірген, өйткені жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат құлағында ойнайтын шабандоз, әрі ат үстінде садақ тартып, атқанын мүлт жібермейтін мерген болған. Мұндай өнерде оларға ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң қаларлықтай жүйрік болған. Бірде парсылар патшасы сақтардың бір сарбазының астындағы атына қызығып, айырбас ретінде оған өзінің байлығын ұсынған екен. Бірақ сарбаз одан бас тартқан көрінеді. Уақыт өте келе отырықшылыққа көшкен. Жер өңдеп, егін шаруашылығымен шұғылданған . Бекіністі қалалар мен шағын елді мекендер салған. Сол бір алыс кезеңде олар өз мемлекеттерін құрған. Сақтар қоғамында әскери адамдар- жауынгерлер ерекше құрметке ие болған. Батырлығымен, мергендігімен көзге түскен адамдардың арасынан патша, көсем сайланған. Оларда әйелдер мен қыздар да ержүрек болған. Соғыс өнерін жетік біліп, еркектермен бірдей соғысқан. Мысалы, Томирис патшайым ақылы мен айласы, батырлығы арқасында парсы әскерін жеңгенін тарихтан білеміз. Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар әр алуан жануарларды: бұғыны, жылқыны, түйені, бұланды, барысты, тауешкіні өте шебер бейнелеген. Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен сәндеген. Шошақ төбелі бас киім, шекпен, шалбар және етік киген. Олар темірді қорытып, еңбек және соғыс құралдарын жасаған. Табиғат күштері мен аспан шырақтарыга, әсіресе, Күн мен отқа табынған. Көшпелі қоғамдағы тұңғыш жазу сақтарда пайда болған. Сақтардың сауатты болғанының бір айғағы- Есік қорымындағы "алтын адаммен" бірге көмілген күміс тостағанның түбіне түсірілген таңбалар. Ол - Қазақстаннан табылған ең ескі жазу. ## Үйсіндер Үйсіндер (б.з.б II-V ғ.)- ежелгі дәуірде Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген тайпалар. Үйсіндер батысында Шу, Талас өзендерінен бастап, шығысында Тянь-Шянь тауының шығыс сілемдеріне дейінгі, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты жайлаған. Астанасы- Шығу (Чигучен- Қызыл алқап) қаласы Ыстықкөлдің жағасында орналасқан. Үйсіндер батыл әрі жауынгер халық болған. Ұрыстырда шыңдалған ондаған мың атты әскері қай кезде де жауларымен соғысуға дайын тұрған. Қуатты көршілерінің өзі оларды мойындап, құрметпен қараған. Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни көшпелі мал шаруашылығымен де, отырықшылықпен бе айналысқан. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе асырған. Халықтың бір бөлігі малмен жайлауға көшкенде, қалғандары жер өңдеп, егін еккен. Тары, бидай, арпа өсірген. Көкөніс, жеміс- жилек отырғызған. Жаьайы алма, өрік, жүзім жинаған. Үйсіндерде темір қорытып, пышақ, қылыш, орақ соғатын ұсталар ағаштан немесе қыштан ыдыс-аяқ жасайтын қолөнершілер, асыл тастармен безендіріп әшекейлік бұйымдар жасайтын асқан шеберлер болған. Соның бір айғағы- үйсіндер дәуірінде жасалған алтын тәті (диадема). Ол аң, құс және адам бейнелерімен безендірілген. Бұл бейнелер неше түрлі өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Үйсіндердің байлығы жылқымен өлшенген, байлары үйір-үйір жылқы өсірген. Ақсүйектері жібек матадан киім киген. Алтын және мыстан соғылған мөрлер ұстаған. ## Қаңлылар Қаңлылар (б.з.б II-V ғ. )- Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірі. Олар шығысында- Талас пен Шудың төменгі ағысы аралығындағы, оңтүстігінде- Ташкент ойпаты, солтүстігінде- Сырдарияның төменгі ағасы аралығындағы аумақта өмір сүрген. Орталығы (астанасы)- Битянь қаласы болған. Қаңлылар көне түркі тілінде сөйлеген.Қаңлылар мал бағып, суармалы егін шаруашылығымен шұғылданған. Олар, негізінен, жылқы мен қой өсірген. Танаптарда тары, арпа, бидай еккен. Қауын, қарбыз өсірген. Сырдария аңғарының тығыз тоғайларында жабайы аң - құстарды аулаған. Сонымен қатар балық аулау кәсібімен де айналысқан. Қаңлыларда қолөнер ісі жақсы дамыған. Олар темір өңдеуді де білген, одан еңбек құралдары мен қару- жарақ дайындаған. Саз балшықтан құмыралар жасаған. Қаңлылардың бекініс қалалары, қолөнер және сауда орталықтары болған. Ежелгі қаңлылардың жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Шетел көпестері мен жергілікті саудагерлер өздерінің бұйымдарын, азық-түлік пен тауарларын күміс және мыс теңгелерге сатқан. ## Ғұндар Ғұндар (б.з.б. III ғ.-б.з. V ғасырлары аралығында өмір сүрген) - ежелгі түркі тілдес тайпалар. Қытай жазбаларында кездесетін тарихи атауы- гунну (хунну). Олар бастапқы кезде Солтүстік Қытай, Моңғолия, Байкал өңірлерін қоныс еткен. Б.з.б III ғасырдың соңына таман ғұндар бірігіп, әскер түзеп, мемлекет құрған. Жаулау жорықтарының нәтижесінде ғұндар б.з.-дың I ғасырларында Батысқа қарай бет түзеген. Жолай көптеген тайпаларды бағындырып, һздеріне қосып алған. Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерін өздеріне қаратқан. Б.з.-дың IV ғасырында ғұндар басқа да көшпенді тайпалармен бірге оңтүстік орыс даласына жеткен. Дунайдан асып, Венгрияға дейін барып қоныстанған. Ғұн мемлекетін билеген әміршіні Үлгі:Тәңірқұт (қаған немесе шаньюй) деп атаған. Ғұндар жиырма төрт ру-тайпаға бөлінген. Ақсүйектер тайпасына осылардың тек төртеуі ғана жатқан. Шаньюйлердің барлығы - Мөде, Хуханье, Чжичжи (Шөже) және т.б ең бай ақсүйектерден шыққан. Әр ру-тайпаны рубасылар билеген. Сондай-ақ әр рудан бір-бірден түменбасылар белгіленген. Олар тәңірқұттың ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Түменбасылар қағанға бағынға. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз өсірген. Халықтың бір бөлігі егін шаруашылығымен шұғылданып, тары, арпа еккен. Ғұндардың қалалары мен қоныстары болған. Оларда әскери іс жоғары деңгейде дамыған. Сансыз көп әскері қара, ақ, жирен, ала тұсті өте мықты аттар мінген. Қылыш және қысқа семсермен қаруланып, садақты шебер атқан. Ғұндар жыл сайын халық пен мал санағын жүргізіп отырған. Олардың өз жазулары, заңдары мен ұстанған салт-дәстүрлері болған. Ғұндарда зергерлік өнер қарқынмен дамыған. Ғұн зергерлері өз бұйымдарын, негізінен, алтыннан. Олардың алтыннан әшекей бұйым жасау шеберліктерінің шыңдалғаны сондай, қолдарынан шыққан кейбір бұйымдар бүгінгі шеберлердің ең таңдаулы туындыларымен бәсекеге түсе алады.
Тас ТОРҒАЙ (Petronia petronia) - үй торғайдың аналығына ұқсас құс. Одан айырмашылығы - жалпақ ақ қасты, бұлқын қауырсындардың әрқайсысының үштары ақтеңбілді және ересек құстың төсінде сары дағы болады. ## Биологиялық сипаттама Өте ширақ және қиқушыл. Аталығының әуені торғай шырылына ұқсас. Ұялары жартас жарықтарында, тас аралықтарындағы қуыстарда, құрылыстарда болады; інде де және ағаш қуыстарында орналасады. Салындыда 5-6 қоңыр теңбілді жасылдау жұмыртқалар болады. Жұмыртқа басуының егжей- тегжейлі дерегі мәлім емес. Балапандары үш аптаға жуық ұяда болады. ## Таралуы Солтүстік Африкадан Зайбайкальеге дейін таралған. Қазақстанда - батысында (Ырғызға және Каспий маңына дейін) және оңтүстігі мен оңтүстік шығысында (Сырдариядан Алакөлге дейін) тауларда ұялайды. Көктемде наурыз-сәуірде ұшып келіп, күзде қазанда ұшып кетеді. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Түркептер (Streptopelia turtur) - жоны шұбар, орташа денелі (110-130 г, қанатының алымы - 56 см шамасында) құс. Дауысы - әлсіз биязы, «туррр, туррр» деген құбылмалы үн шығарады. ## Таралуы Оңтүстік және Орта Еуропаның, Солтүстік Африка мен Азия орталық бөлімінің сан алуан жапырақты ормандары мен тынымбақтарында қоныстанады. Қазақстанда Қиыр Солтүстік (Ресей шекарасында) және солтүстік шығыстан басқа ұяларға қолайлы жағдай таба алатын барлық жерлерде дерлік өмір сүреді. Бұлар - жыл құстары, сәуірдің аяғы - мамырда ұшып келіп, қыркүйекте ұшып кетеді. ## Биологиялық сипаттама Ұяларды ағаштардың, кейде бұталардың бұтақтарына орналастырады. Бұл бірнеше бұтақтар тасталған, саңылауларынан 2 ақ түсті жұмыртқа көрінетін өте қобыраған ұя. Салындыдағы жұмыртқаларды ата-енелері басып, балапандарды бірлесіп қоректендіру үшін бір айға жуық уақыт жұмсалады. Балапандар азды-көпті өз бетімен өмір сүре бастағанда ата-енелері екінші балапандар өргізетін ұяны салуға кіріседі. Бір жазда екі рет балапан өргізіп үлгереді. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Сақиналы түркептер (лат. Streptopelia decaocto) — дене мөлшері кәдімгі түркептердей (110-130 г, қанатының алымы - 56 см), біркелкі реңді түркептер. ## Биологиялық сипаттама Жабын қауырсындарының жалпы реңі ашықтұсті, мойнындағы жарты шеңбер тәрізді сақина жақсы көрінеді. Адамға мүлде бауырбасты құстар, тек қана елді мекендерде ұялайды. Ұяларды ағаш бастарына ғимарат кемерлеріне, әр түрлі құрылыс жақпарларына салады. Салындыда, басқа түркептерлер сияқты, 2 ақ түсті жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды ата-енелері екі апта басады, балапандарды да сонша уақыт жемдейді, ал соңынан келесі рет балапандарды өргізумен шұғылдана алады. Отырықшы құс, азық көзі (астық қамбасы, мал жемі, т.б.) мол болса, ұяламайтын уақытқа топтасып, жинақталады. ## Таралуы Еуропаның оңтүстік-батыс бөлігіне және Африкаға еніп, көпшілігінде Азияның оңтүстік бөлігінде қоныстанған. Алайда жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарында бұл түр өте қауырт таралып, бүкіл Еуропада орнықты.Қазақстанда 60-жылдардың басында сақиналы түркептер тек қана Жаркент маңында ұялады, бірақ тағы да түркептерлер шығысқа (Зайсан қазаншұңқырына қоныстанып алып) және оңтүстік-батысқа Тәңіртаудың барлық тау етектерін бойлай елді мекендерге және шұраттарға тарала бастады. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қарабауыр ұлар (Tetraogallus himalayensis) - тауықтәрізділер отрядының ірі денелі (биіктігі - 60 см шамасында, салмағы 3 килоға жуық) өкілі. ## Биологиялық сипаттама Реңі - шұбар, сұрғылт қоңыр болғандықтан, жартастар мен сусымалар ұларды жақсы жасырады. Ұларлардың дауысы - соңында жоғарылайтын өте ерекше ұнамды ысқырық. Негізінде топ түзеді, ұялау кезінде ғана жұпқа бөлінеді. Ұларлар тек қана жоғарыдан төмен қарай ұшады - мұны жалпақ қанатын қақпай қалықтау десе де болады. Жоғары қарай жорғалап шығады, ол жақсы жүгіре де алады. Өсімдіктердің әр түрлі бөліктерімен, көбінесе ылғалды топырақтан қазып алған тамыршылармен қоректенеді. Жағдайы келсе, бунақденелілерді де жейді. Ұясын қандай да болса қалқадағы шұңқырға орналастырады. Салындыдағы 7-16 секпілді ашық қоңыр жұмыртқаларды тек қана аналығы басады. Жас балапандарды да аналығы өргізеді. ## Таралуы Орта Азия, Памир, Тәңіртау, Гималайдың солтүстік-батыс сілеміне дейінгі таулардың альпілік белдеуінде қоныстанады. Сондықтан бұл түрдің екінші атауы - гималайлық ұлар. Қазақстанда оңтүстік-шығыс және оңтүстік тауларында мекендейді. Ұларлар - отырықшы құстар, олар қыста қары аздау беткейлерге онша ұзамай орын ауыстырады. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қара ШАҚШАҚ (Saxicola caprata) - басқалардан бүкіл денесінің жылтыр қара реңктілігімен ерекшеленетін шақшақ. ## Биологиялық сипаттама Оның тек қана бауырының соңғы бөлігі және қанатының жабын қауырсындар бөлігі ақ түсті. Күйттік жасанудағы ересек аталық міне осындай. Аналығының жоны - қызыл қошқыл, құйрықүсті - қызғылтсары, денесінің астыңғы жағы - сары, тек қана тамағы және бауыры - ақшылдау. Көпшілікке онша таныс емес бұл құс туралы кейбір түсініктер оның қылығын былай сипаттайды: «Қара шақшақ қарама- қарсы реңімен, сондай-ақ бұтаның ұшар басында және таста қонақтау әдетімен өзіне көңіл аудартады. Дауысы - құлақ тұндыратын «шақ-шақ» деген тұрақты дыбыс, оны тасты таспен ұрғандағы үнмен салыстыруға болады. Құс мазасызданып, жүйкесі қозған кезде үш буынды «қуит-шақ-шақ» деген дыбыс шығарады. Аталықтар күйттеу кезеңінде әуеге көтеріліп, құсойнақ жасайды. Олар қанатын дірілдетіп, төмен құлдырайды, бұл кезде көтерілген қанаттан ақ теңбілдер айқын көрінеді, бұдан соң құйрығын баяу тарқатады, қанатын бастан жоғары көтеріп, келесі бұтаға төмендей түседі (Птицы Казахстана. Т. 3. 569- бет). Қара шақшақтың тұқымтоптық өмір сүру дағдысы аз зерттелген. ## Таралуы Бұл оңтүстіказиялық шақшақ Қазақстанда тек қана оңтүстікте - Қызылқұм шұратын бойлай және Сырдария аңғарын бойлай Қызылордаға дейін кездеседі. Ылғалды шалғындарда және арықтардың жағасын бойлай, соның ішінде елді мекендерде де, тіпті қала шетінде өмір сүреді.Олар Қазақстанда тек қана оңтүстікте - сәуір-мамырдан тамыздың соңына дейін кездеседі. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Шақшақай тұқымдасы (лат. Motacillidae) - Қазақстандағы 23 торғай тұқымдастардың біреуі. Шақшақай тұқымдастардың 6- 7 туысында 50-53 түр бар. ## Таралуы Шақшақай тұқымдастардың барлығы көбінесе құрлықта мекендейді. Сондай-ақ жазықтықта ашық үлескілерге және тауларда - шабындықтар, далалар, суқойма жағалары, орман шеті және ірі орман алаңдарына орайлас өмір сүреді. Жерде секектемей жүреді, тез жүгіре алады.Антарктида және кейбір мұхит аралдарынан басқа жер шарының барлығына таралған. ## Биологиялық сипаттама Бұлар - шағын денелі (20-30 г), денесі созылыңқы сымбатты құстар. Басы - кішкене, тұмсығы - жіңішке және түзу - бастың ұзындығы шамалас. Жабын қауырсындарының реңі алуан түрлі, бірақ қанық емес. Аталықтары мен аналықтарының реңі көбінесе бірдей бола бермейді. Әуендері әжептәуір қарапайым, кейбір әуелеп жүріп ұзақ сайрайтын жадырақтарда ғана өте үнді және әдемі. Ұяларын әдетте жерге салады. Кейбір түрлері қалаларда өмір сүруге бейімделіп, ұяларды тұрғын үйлердің және басқа құрылыстардың шатыры астындағы қуыстарға салады. Салындыдағы 4-6 теңбілді жұмыртқаларды көбінесе аналығы 11-12 күн басады. Балапандарды ата-енелері ұяда 12-14 күнге дейін, ұядан ұшқан соң бірнеше күн қоректендіреді. Түрлердің көпшілігі бір жазда екі рет балапан өргізіп үлгереді. Бұл құстардың барлық түрі бунақденелілермен қоректенеді, өсімдіктекті азықтарды сирек пайдаланады. Қазақстанда 2 туыстан (жадырақтар және шақшақайлар) 15 түрдің өкілдерін кездестіруге болады. ## Дереккөздер
Ақ шақшақай (лат. Motacilla alba) - шағын денелі (20-25 г), әдемі, жіңішке тұмсықты, ұзын құйрықты құс. ## Биологиялық сипаттама Қазақстанда көптеген жерлерде әркімге белгілі бұл құсты «шымшық» деп қате атап жүр. Ақ шақшақайдың жоны - сұр және бауыры - ақ, төсі - қара, қара «телпегі» бар. Әдетте жерде жүреді, ұзын құйрығын жоғарыдан төмен қарай теңселтіп, көзі шалған бунақдененің соңынан қуалап, біраз жүгіреді де, бунақденені әуеде аулау үшін ұшып, көтеріледі. Толқындата, бір сарынды көтеріліп-төмендеп ұшады. Дауысы сыңғырлап, аздап қысқа әуенмен сайрайды.Ұяларды шақшақай кез келген қуыстарға салып, көбінесе жүн және қауырсын төсеп жылылайды. Салындыдағы 5-6 ақшыл сұр жұмыртқаларды аналығы 12-14 күн басады. Балапандарды ата-енелері бірлесіп сонша уақытқа жуық қоректендіреді. Бұл жазда екі рет балапан өргізіп үлгереді. ## Таралуы Бұл шақшақай - тек қана Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қоныстанады, негізінде орман және орманды дала өңірінің құсы. Суқоймаға таяу орнығады, алайда соңғы жылдары адам түрғын үйлеріне барған сайын жақын орын тебуде. Соның ішінде үлкен қалалар да бар. Қыркүйек және қазан айларында қыстау үшін Азияның оңтүстік өңірлеріне ұшып кетеді. Наурыз-сәуірде қайта оралады. Бұл кезде Қазақстан аумағының барлығынан ұшып өтеді, сондықтан барлық жерде кездесуі мүмкін. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Шақшақайлар туысы (лат. Motacilla) — Қазақстандағы торғайтәріздес құстар отрядының шақшақай тұқымдастарға жататын екі туысының біреуі.Шақшақай туысты құстардың жақын туыстары жадырақ туыстылардан айырмашылығы – құйрықтарының айтарлықтай ұзын болуы (құйрығы қанатынан ұзын болады). Бұлар жүрген кезде құйрығы жоғары-төмен теңселеді. Жадырақтардан тағы бір айырмашылығы – жабын қауырсындарының реңі өте көрнекті, онда сары, қара және ақ реңктер жиі кездеседі. Сонымен бірге шақшақайдың көптеген түрлерінде аналыққа қарағанда аталықтар әлдеқайда айқын боялған, ал жас құстар ересектерінен әрқашан дерлік жақсы ажыратылады.Шақшақайлар ылғалдылығы көбірек үлескілерде – түрлі-түрлі шабындықтарда немесе жай ғана өзендер мен көлдердің жағаларында қоныстанады.
Қарабас шақшақ (Saxicola torquata) - жағал шақшақтан айырмашылығы - реңі көрікті құс. ## Биологиялық сипаттама Аталығының жоны және тамағы - қара: денесінің төменгі жағы - ақшыл, жемсаудың екі жағы - ашық қызғылтсары, бауыры - ақшыл сары. Қанатында айқын ақ көзтартары болады. Аналығында қара түс жоқ және жағал шақшақты көбірек еске түсіреді. Дауысы жағал шақшаққа ұқсас, әуенінде бөтен дыбыстар көп. Көрікті аталықтар бұталардың ұшар басында немесе ірі шөптерде сайрап отырғанда жиі көзге түседі. Ұясын салбыраған шөптердің астындағы шұңқыр жерге жасырып салады. Ұяны аналығы салады, аталығы бұл кезде құсойнақ жасайды. Салындыдағы 4-6 көмескі бозғылт реңкті көгілдірлеу жұмыртқаларды аналығы 11 — 14 күн басады. Балапандарды ата-енелері екі аптаға жуық ұяда, тағы сонша уақыт балапандар ұядан үшқан соң қоректендіреді. Бұған қоса аталық ұшып жүрген ұялас балапандарды көбірек тамақтандырады, ал аналықтар екінші рет жұмыртқа туып, екінші рет салындыдағы жұмыртқаларды басады. ## Таралуы Бұл шақшақтың таралу атырабы Еуразияның едәуір бөлігін алады. Қазақстанда ол бүкіл солтүстік өңірлерде, шығыста және оңтүстігінде, сондай-ақ Батыс Тәңіртаудың оңтүстігіндегі орта белдемде қоныстанады. Келіп-қайту кезінде ұшқанда бүкіл республика бойынша кездеседі. Бұталары бар биік таулы және шалғынды далаларға, тауларға - оған қоса субальпілік белдемге дейін, яғни теңіз деңгейінен 2 500-2 700 м жоғары биікке дейін орын тебеді. Бұлар - кейбір жерлерде едәуір көп кездесетін құстар. Қыркүйек-қазанда қыстауға ұшып кетеді. Қазақстанға көктемде - наурыз- сәуірде оралады. Олар осы кезде ұшып өтеді. ## Дереккөздер
Қарамойын ШАҚШАҚАЙ (Motacilla personata) - бұл басы мен төсі қарамен боялған ақ шақшақайдың көшірмесі. ## Биологиялық сипаттама Қарамойын шақшақайдың тек қана маңдайы және көзінің айналасы - ақ, бастың қалған бөлігі, мойны, тамағы және төсі - толығымен қара түсті. Қарамойын шақшақайдың қалған бөлігі ақ шақшақайдың көшірмесі, Батыстағы көптеген мамандар күні бүгінге дейін оларды бір түр деп есептеуін кездейсоқтық деуге болмайды.Ұяларын анда-санда биік ағаштардың қалың бөрікбасына орналастырады. Ата-енелері балапандарды ұяда 17 күндей және ұядан ұшқан соң сонша уақыт қоректендіреді. Жылына екі рет жұмыртқа салып, екі рет балапан өргізеді. ## Таралуы Ақ шақшақайды қалай киліктіргеніне қарамастан, қарапайым шақшақай Қазақстанның бүкіл оңтүстік жартысына, соның ішінде көбінесе адам елді мекендерін өкшелеп, теңіз деңгейінен 3 000 метрге дейін жоғары нағыз биік тауларға көтеріле отырып, оңтүстік және шығыстың таулы өңірлеріне кеңінен орнығуда. Адамдары көп қалаларда, мысалы, Алматыда өмір сүреді. Көп қабатты үйлердің шатырындағы қуыстарда балапандарын өргізіп, кей-кейде жүріп жатқан адамдар аяғының астынан жем жейді. Қазақстанда - ақпаннан қыркүйектің соңына дейін, оңтүстікте қазанның бірінші күніне дейін кездеседі. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қарабас ШАҚШАҚАЙ (Motacilla feldegg) - сары шақшақайға өте ұқсас, бірақ басы - қара (бұрын қарабас шақшақайды сары шақшақайдың түршесі ғана деп есептеген) құс.Қазақстан аумағының барлық оңтүстік жазықтығына, қайткенде де сол жерде сары шақшақайдың жоқтығын білдірмейтін сияқты, қоныстанады. Сондай- ақ жайылмалы шалғын және басқа ылғалды орындарда бойлай орын тебеді, сонымен бірге тауға көтерілмейді. Қарабас шақшақайдың барлық қылықтары сары шақшақайға ұқсайды, тіпті Қазақстанға келу мерзімі де біріне-бірі сәйкес. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Тау ШЕКІЛДЕК (Acanthis flavirostris) - шоңайнаққа ұқсас шағын денелі (13-18 г) құс. ## Биологиялық сипаттама Тау шекілдек шоңайнақтан сәл кішірек, оның жабын қауырсындарында қызыл түс болмайды, қүйрығы едәуір ұзын. Аталығы, аналығы және жас құстардың реңі бірдей барлығының жонында және бауырында бойлай созылған қошқыл жіңішке сызықтары болады. Басқа қалған жерлерде наурыз және қазанда ұшып өткенде кездеседі. Ұялауға тар шатқалдар мен жартастарға жоламай, аласа таулардың тасшақпалы беткейлерін және тастақ даланың бұталы үлескілерін қалайды. Қазақстанның батыс өңірлерінде төмпешікті құмдарына, сондай- ақ әрқашан суға таяу, бұталары сирек өскен құмдауыт жағалық шағылдарға қоныстанады. Бұлар - қауымдас құстар, үйірлесіп жүреді, ал қыста кейде мың-мыңдап жинақталады. Сыртқы көрінісі мен қылығы шоңайнақ пен шекілдекті еске түсіреді. Дауыстары да ұқсас, үздіксіз қүлпырта сылдырлаған шиқыл сияқты, шоңайнақтың әуенінен айтарлықтай төмен болады. Ұяларды аласа бұталарға, шөпке, таспен қалқаланған жерге салады. Салындыдағы 4-5 секпілді бозғылт көгілдір жұмыртқаларды аналығы 13 күн басады, соңынан балапандарды аталықпен бірлесіп 2 аптадай қоректендіреді. ## Таралуы Тау шекілдек Еуразияның едәуір бөлігінде, әсіресе таулы өңірде таралған. Қазақстанда қазақ ұсақшоқыларында Еділ-Жайық өзен аралықтарынан, Мұғалжарға дейін ұялайды. Қазақстанның оңтүстігінде, Тәңіртау және Жоңғар Алатауының тау бөктерлерінде қыстайды. Қыркүйек және қазанда күзгі ұшып қайту басталады. Олар қарашада қыстау орындарына жетіп те үлгереді. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
ШЕКІЛДЕК (Acanthis flammea) - шағын денелі (12-15 г) құс. ## Биологиялық сипаттама Шекілдектің денесі шоңайнақтан сәл ғана кішірек және құйрығы әжептәуір қысқа: маңдайында қызыл теңбілі болады, тамағы - қара. Жемсауы мен төсінде қызыл түс болмайды, дегенмен егде аталықтардың жемсауында және екі бүйірінен таңқурай түстес қызғылт реңк байқалады. Қылығы шыбжықтарды еске түсіретін қауқарлы және ширақ құстар. Шекілдектер қыста тұқымдарын қорек ететін қайыңдар немесе арамшөптер қалың өскен жерлерде көбінесе үйірлерімен жүреді. Біз шекілдектердің қаптай шабуыл жасауына тура келген шырша тұқымдары жақсы түсім берген жылдары Іле Алатауының солтүстік беткейлерінде шекілдектер және шыбжықтардың үйірлері шырша тұқымдарымен қалай қоректенгенін бақыладық. Шекілдектер үйірінен едәуір қатты дауыспен «шек-шек» деген үнмен жиі-жиі дауыстасты, сірә, құс атауы осыған негізделген болуы керек. ## Таралуы Еуразия және Солтүстік Америка тундрасы мен тайганың солтүстігінде қоныстанады. Қазақстанда, қыстың қатқылдығына байланысты бірде оңтүстік, бірде солтүстік өңірлерде ғана қыстайды. Олар Қазақстанның оңтүстігінде қарашадан наурызға дейін кездеседі. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Сарыбас ШӨЖЕ (Regulus regulus) - шөжелер туысының танымал өкілі. ## Биологиялық сипаттама Бұл бозғылт реңді шөже басқа барлық түршелерден баяу дамуымен және төбесіндегі ашықтау реңкті сары жолағымен ерекшеленеді (аталықтарында бұл жолақтың екі қырында қызылсары түс жоқ, ал аналығында ол өте бозалаң және әзер байқалады). Сондай-ақ сары қырларында қара жолақ та азырақ болады. Тәңіртауда мекендейтін қалғандары да ширақ және ұшқалақ, дәл солай шырша бөрікбасында ұдайы ұшып-қонып жүреді, «сисиси» деген шақыру үнін мезгіл-мезгіл ақырын шығарады. Аталықтар күйттік кезеңде дәл солай жаңағы ақырын шығарған үндерден қысқа әуен құрап, сайрап жүреді, ол әуенді тек қана 5-7 метрден аспайтын қашықтықтан естуге болады. Ұясының пішіні жоғарғы жағы қиылған шар сияқты болып келеді. Оны тіннен және құрғақ шөптен тоқиды, ал ұяның ішкі жағына қауырсын және мамықтан төсеніш толтырады. Құстың 8-10 домалақтау ақ түсті жұмыртқаларының ұяға қалай сыйып, орналасатыны түсініксіз. Осындай ұя шыршаның қалың алақанының астына ілінеді, мұндайда шыршаның екі алақанынан, жаңбыр мен қардан қорғайтын екі құламалы шатыр қызметін атқарады. Салындыдағы жұмыртқаларды аналығы 16-18 күн басады, аналықты аталығы қоректендіреді. Балапандарды ата-енелері бірлесіп, 18-20 күн ұяда және тағы бір аптадай балапандар ұядан ұшқан соң жемдейді. Бір жазда кейбір ерте ұялаған жұптардың екі рет балапан өргізіп үлгеруі мүмкін. ## Таралуы Бүкіл Еуразияның, Атлант мүхитынан Тынық мұхитқа дейін қылқанды ормандарда қоныстанатын және жабын қауырсындарының қанықтығымен ерекшеленетін, осы орасан көлемді кеңістікте жабын қауырсындарының қанықты реңімен ерекшеленетін 10- нан астам түршелерді түзетін шағын денелі (5-7 г) құс. Қазақстанда сарыбас шөже Алтайдың қылқанды ормандарында қоныстанады. Мұнда айнымайтын еуропалық түрше, сондай-ақ Тәңіртаудың шыршалы орманында мекендейтін ерекше түрше өмір сүреді.Шөжелер қыстың бір бөлігін қар көшкіні болған кезде тау етегіндегі жазықтықтағы елді мекенге, мысалы, Алматыға төмендеп түсіп, Солтүстік Тәңіртаудың ормандарында - ұялау орындарында өткізеді. Ал бір бөлігі батысқа қарай орын ауыстырып, жазда кездеспейтін жерге, мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығы төңірегіндегі Талас Алатауының аршалы сирек орманында пайда болады. ## Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
ШИҚЫЛДАҚТАР тұқымдасы (Certhiidae) торғайтәріздестер отрядына жататын 73 тұқымдастың біреуі. Шиқылдақ тұқымдастар - шағын денелі (8-30 г) бунақденелілер қоректі құстар. Олардың тұмсығы доғаша иілген, жіңішке, қысқыш тәрізді. Жабын қауырсындары жұмсақ және үлпілдек, кейбіреулерінде жібек тәрізді. Орманда мекендейтіндерінің реңі қорғаныш реңді, биік тау тұрғындарының реңі - көрнекті. Аталықтары мен аналықтарының түсі бірдей. Жас құстар ересектеріне ұқсас. Қанатының ұшы дөңгеленген, көбелектерше ұшып-қонып ұшады. Аяғы - күшті, саусақтары ағаш діңдерінің және жартастардың үстіңгі бетімен тік қозғалуға мүмкіндік жасайтындай өткір тырнақты, тұтқыр. Жеке жұп түзіп өмір сүреді. Бунақденемен қоректенеді, алайда жыл құсы емес, сондықтан қыстап қалған бунақденелілерді, өрмекшілерді және басқа жәндіктерді жеп, солардың есебінен ғана тіршілігін сақтайды. Жабық жерлерге: жартастар мен ағаш діңдерінің жарығына, кейде қопсыған қабық астына ұялайды. Ұялары түбіне жылы төселмені мол төсеген, қобыраңқы болады. Салындыдағы 2-8 секпілді ақ жұмыртқаларды тек қана аналығы басады. Шиқылдақ тұқымдастардың 15 түрден құралған 5 туысы, Қазақстанда 2 туыстан шиқылдақ және жарқұс туыстарынан 3 түрі бар. ## Дереккөздер
Хамидуллин Асгадулла (1923-2001) – Петропавл қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. . 1945-1975 жж. "Ленинская смена", " Казахстанская правда", "Индустриальная Караганда", "Сельская жизнь" газеттері редакцияларында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінде істеді. Қазақстан КП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1975-1985 жж. "Қазақстан" баспасында қызмет істеген.Көптеген очерктердің, орыс, қазақ, татар әдебиеттері жөніндегі мақалалардың авторы. Ғ.Мүсіреповтің "Кездеспей кеткен бір бейне" повесінің, І.Есенберлиннің "Қатерлі өткел" романының теледидарлық инсценировкасын жасаған. Ш.Усмановтың "Путь Легиона" (1973, 1975) повесін, А.Расихтың "Ямашев" романың татар тілінен орысшаға, сондайақ А.Бәзілбаевтың публицистакалық очерктер кітабын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Амангелді ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Амангелді, Калиновка, Поляковка, Талапкер ауылдары кіреді. Орталығы – Амангелді ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1000 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Амангелді ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Амангелді, Тілеусай ауылдары кіреді. Орталығы – Амангелді ауылы. Округ құрамында болған Саға ауылы 2010 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1062 адамды құрады. ## Дереккөздер
Амангелді ауылдық округі — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ортақшыл, Партизанка ауылдары кіреді. Орталығы – Партизанка ауылы. ## Дереккөздер
Амангелді ауылдық округі — Павлодар облысы Ертіс ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Амангелді, Ленино ауылдары кіреді. Орталығы – Ленино ауылы. 2004 жылы Амангелді ауылдық округінің Ақсу, Шолақсай ауылдары таратылды. 2006 жылы Амангелді ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылды. 2019 жылы Амангелді ауылы мен таратылған Ленин ауылдық округінің Ленино ауылының негізінде Амангелді ауылдық округі құрылып, орталығы Ленино ауылы болып белгіленді. ## Дереккөздер
Амангелді ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін Ленин ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Амангелді ауылы кіреді. Орталығы – Амангелді ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2839 адамды құрады. ## Дереккөздер
Амангелді ауылдық округі – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жұмай, Өркендеу ауылдары кіреді. Орталығы – Өркендеу ауылы. Округ құрамында болған Бірлік ауылы 2006 жылы таратылған. ## Тарихы Нұра өзенінің Теңізге құяр тұсында ежелден бері қонақжай, аңшы, саятшы, әнші-күйші, ержүрек, батыр халық өздерінің көшпелі өмір салтымен ауыл-ауыл болып отырған. Қазан төңкерісінен кейін орнаған кеңес үкіметі көшпелі елді отырықшылыққа баулып, коллективтендіру жұмысын қолға алды. Жиырмасыншы жылдардың аяғы, отызыншы жылдардың бас кезінде осы өңірде де ұжымдастыру жүргізіліп, аумақтық-әкімшіліктік өзгерістер болды. 1928 жылы Қорғалжын ауылы құрылды. Одан кейін Кеңбидайық, Жұмай сияқты ауылдар бой көтерсе, 1934 жылы Өркендеу ауылы пайда болды. Бұл колхоз кейінірек Амангелді Имановтың есімін иеленді. Маңайдағы Кіндікті, Көктал, Жуалы сияқты шағын ауылдарды біріктіріп, мойынсерік ұйымдастыру мақсатында құрылған бұл ауыл тез өркендеп, дами бастады. Үлкендердің айтуы бойынша алғашқы ұжым басшысының бірі Жақайдың Ахметжаны болыпты. Жармақ, Тілкен, Бейсенбай, Алшын, Жақып деген аталарымыз да әр жылдары осы елді басқарыпты. Ауылдық Кеңесті әр жылдары Диханбаева Зура, Сарқұлақ атамыз, Есенбаев Балташ басқарған көрінеді. Кәрім, Сәмет, Қасым, Ыдырыс, Мұса, Бидал, Әлімнің Рақымбергені, Хамзе, Лөкет, Кездік, Рақымжан, Қожаханның Сыздығы, Қырбай, Мұқан, Қамидолла, Таймағанбет, Төлеубек, Бертақ, Болатбек, Шайырман, Күлжәмила, Гаухар, Шәкен сынды аталарымыз бен әжелеріміз колхоздастыру кезінің нағыз ерлері еді. Соғыс кезінде колхозды Құрмансейіт атамыз басқарған. Ол кісіге арнаған Үлебайдың әзіл өлеңі де бар. 1946 жылдан 1960 жылға дейін Асаубалық ауылдық Кеңесі аталып келсек, кейін Амангелді ауылдық Кеңесі, Амангелді ауылдық әкімшілігі, Амангелді ауылдық округі болып өзгердік. Бұл басшы орындарды әр жылдары Абужаров Нұрғали, Бижаев Дулат, Тайыпов Ғабдолла, Әбдрәсілов Қазбек, Саурықов Есенбай, Кәрібаев Сүйіндік, Исин Сағатбек, Мамырайымов Исләм, Нұрғали Оразғали басқарды. Ауыл әкімі міндетін Кәрімов Жұмабай, Абужаров Еркін де уақытша атқарған кездер болды. ## Ауылдан шыққан тұлғалар Зағи әжеміз бен Диханбаева Зура әжеміз Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болып сайланған. Зура әжеміз бұған қоса, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленум мүшесі де болыпты. Қалимаш Зылғарина әжеміз де облыстық Кеңеске депутат болып сайланған көрінеді. «Дударай» әнінің авторы Әнетов Үлебай - сазгер, Мариям Жагорқызы Рекина - орындаушы. Осы орайда, Өркендеуден шыққан, атағы бүкіл елге жайылған белгілі адамдардың өзі бір төбе. Олар: * суырып салма ақын Құлтума * жоғарыда айтып өткен махаббат гимнінің авторы Үлебай атамыз, * батыр революционер Мәдін Рақымжан. * Атақты әнші апамыз Рабиға Есімжанованың ағасы Бабақов Қосымжанның сазгер ретінде бүкіл республикамызға аты шыққан, ол кісі де осы елдің тумасы. * Сұлтанбек Қожахметов техника ғылымдарының докторы * Наталья Геллерт бір кездегі атақты әйел механизатор, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. * Әбілқасымов Өтеген байланыс саласында республикаға белгілі жетекші маман * Нүркенов Жаңбыршы республика су шаруашылығы вице-министрі болған. * МеханизаторларТуғанбаев ЕрмекХасенов Сағымбек кеуделеріне Ленин орденін таққан. * Туғанбаев Ермек * Хасенов Сағымбек кеуделеріне Ленин орденін таққан. ## Дереккөздер
Баязит Үкіметтік Кітапханасы (ескі аты - осм. Күтүпхане-йе Умуми Османи, ауд. Османлы Қауымдық Кітапханасы), Баязит мешіті мен тарихи Сахафлар Чаршысы арасындағы, Баязит алаңында екі тарихи ғимаратта орналасып 1884 жылдан бері зерттеушілерге қызметін көрсетіп келе жатқан кітапхана. Түркия үкіметі қолдауымен құрылып, барлық айырмашылықтарымен қоса құрылым шарттары қатаң белгіленген алғаш кітапхана. Жинақтаушы кітапхана бола отырып, шамамен жартысы кітап, бір миллионға таяу құжат қорын иемденуде. Кітаптардың 11 120 данасы жазба ескерткіші болып саналады. 2003 жылы Хаккы Тарык Ус топтамасының кітапханаға өткізілуінен кейін газет-журнал бөлімі Түркияның ең маңызды мұрағат қоры атағына ие болды. ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты
## Жылнамалар жинағы Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. ## Тарихы Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние.Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген. ## Шежіренің құрамы «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: * Борис Годунов билігін бейнелеу. * Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. * Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды. ## Маңызы Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді. ## Тағы қараңыз Қадырғали Жалайыр ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B ## Жылнамалар жинағы Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. ## Тарихы Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние.Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген. ## Шежіренің құрамы «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: * Борис Годунов билігін бейнелеу. * Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. * Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды. ## Маңызы Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді. ## Тағы қараңыз Қадырғали Жалайыр ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B
Шөжешымшық (лат. Parus ater) - Қазақстанда кездесетін шымшықтардың 12 түрінің біреуі. ## Биологиялық сипаттама Шөжешымшық - шағын денелі (8-10 г), қошқыл реңді шымшық. Жоны - сұрғылт қара, қүйрықүстінде ғана қызыл қошқыл реңк болады. Бауыры - күңгірт ақ, бастың екі жағы және желкесі де ақ түсті.Өте ширақ, ұшып-қонып жүретін құс. Қозғалмай тұрған адамға қорек іздестіріп жүрген құс өте жақын келе алады. Басқа да шымшықтар тәрізді шөрешымшық бүкіл өмірін, әсіресе қылқанды ағаштардың бөрікбасында өткізеді. Күзгі-қысқы көшпенді кезінде жалпақ жапырақты ағаштарда да, соның ішінде қала тынымбақтары мен саябақтарында кездеседі. Шөрешымшықтың әуенін жыл бойы естуге болады, алайда ұдайы сайрауы 5 айға жуық - наурыздан тамыздың соңына дейін созылады. Әуені шымшықтың құбылмалы үні типтес 4-6 біркелкі ысқырықты буындардан тұрады, сонымен бірге олар нашар ауа райында басқа құстардан жиі - қар жауғанға дейін сайрайды. Тіпті қыста да жұбымен жүреді. Сақиналау нәтижесі көрсеткендей, кейбір жұптары бірнеше және бірінен-бірі ажырамайды, дегенмен оған қарама-қарсы мысалдар да бар - сақиналанып, тірі қалғандардың келесі жылы жаңа жұп түзетіні де байқалады. Ұялауға бөгде қуыстарды пайдаланады, егер болмай қалса - тастар аралығындағы кез келген қолайлы қуыстарды немесе жерден қазылған інді қажетіне жаратады. Тақтайлы немесе қолдан жасалған құс ұяларын пайдалануға өте зауықты. Аталық және аналық шөрешымшықтар ұя салардың алдында ұнатқан қуысын өткен жылғы қалдықтардан тазартады. Жаңа ұяны аналық бір аптаға жуық мерзімде салады, сонымен бірге жұмыртқалап жүрген кезде кейде жылытатын материалдарды тасиды. Салындыдағы 4-7 айқын теңбілді ақ жұмыртқаларды аналық 13-15 күн басады. Балапандарды ұяда ата-енелері 20 күнге жуық және ұядан ұшқан соң тағы бірнеше күн қоректендіреді. Балапандар мен ересек шөрешымшықтардың жаздағы қорегі - бунақденелілер және солардың дернәсілдері. Бұл құстардың үйірлері қыста көбінесе шыршаның шала ашылған бүрінен алып, тұқымдарын жейді. ## Таралуы Еуразияның қылқанды ормандарында қоныстанады. Қазақстанда самырсынды-балқарағайлы ормандарда, Тәңіртаудың шыршалы ормандарында өмір сүреді. Тәңіртауда орныққан шөрешымшықтардың бауыры қызғылтсары қызыл қошқыл реңкті, Алтайда және Солтүстік Қазақстан ормандарында орын тепкендердің бауырында мұндай реңктер болмайды. ## Дереккөздер
Юрий Николаевич Бабаев (1928, 21 мамыр, Мәскеу — 1986, 6 қазан, Мәскеу) — Кеңес Одағының физигі, КСРО Ғылым Академиясының мүшесі, Социалистік Еңбек Ері. Ядролық физика саласының маманы. Ататегі бойынша әзірбайжан. ## Биографиясының кезеңдері * 1950 ж. - Ю. Н. Бабаев Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультетін үздік бағасымен бітіріп шықты. * 1951 ж. - № 11 Құрастыру бюросының А. Д. Сахаров басқаратын бөлімінде алғашқы сутегі бомбасын жасауға қатысады. * 1955 ж. - Ю. А. Трутневпен бірге сутегі заряды құрылымының екісатылы физикалық жүйесін жасау принципін ұсынды. * 1968 ж. 26 қараша - Ю. Н. Бабаев КСРО Ғылым Академиясының ядролық физика бөлімінің мүшесі болып сайланып, тәжірибелік ядролық физика мамандығында жұмыс жасады. * 1986 ж. 6 қазан - Ю. Н. Бабаев Мәскеу қаласында қайтыс болды. ## Марапаттары * Социалистік Еңбек Ері * Екі рет Ленин орденімен марапатталған (1956, 1962). * "Еңбек Қызыл Туы" орденімен марапатталған (1975). * "Еңбегіндегі Ерлігі үшін" орденмен марапатталған (1975). * 1953 жылы ғалым Сталин сыйлығының лауреаты атанды, ал 1959 жылы Ленин сыйлығының лауреаты атанған. * 2000 жылы Юрий Николаевичқа Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығы берілген. ## Дереккөздер
Демба Ба (фр. Demba Ba; 1985 жылы 25 мамырда Францияның Севре қаласында туылды)  —  сенегалдық футболшы, шабуылшы ## Клубтағы мансабы ### Алғашқы қадамдар 1992 жылы Ба жергілікті «Мон-Гайар» клубында ойнай бастады. Кейін Ба «Сен-Валери-ан-Ко» спорт центрінде үйреніп, 1999-2000 жылдары «Порт Отономда», ал 2000-2001 жылдары «Фрилез» клубтарында өнер көрсетті. 2001 жылы Шатийонға көшіп, сол жердің «Монруж» командасына 2004 жылға дейін ойнады. Алғашында, Ба жартылай қорғаушы позициясында ойнап, кейін «Монжурда» орталық шабуылдаушы позициясына көшті. Көптеген клубтардың шешімі бойынша, Демба Ба профессионалді футболшы бола алмады. Бірақ кейін Англияның чемпионшиптегі «Уотфорд» командасында бірнеше жыл ойнап, контракты клуб қайта қабылдамады. 2005 жылы шілде айында «Руан» клубы Баға мүмкіндік беріп, алғашында екінші командаға,кейінірек бірінші командаға қосты. Франсуздардың төртінші дивизионында Ба 26 ойын өткізіп 22 гол соқты. Осылай француздық кейбір клубтарды қызықтырды: «Нант», «Лилль»,«Ланс,» сондай- ақ бельгиялық «Мускрона» клубы. ### Мускрон Ба алғашқы профессиональді контрактың «Мускронмен» қойып, Бельгияның жоғары дивизионыңда өнер көрсете бастады.Алғашқы матчтан ақ негізгі құраммен шығып, «Серкль Брэгге» клубына қарсы ойнап,голдық доп серіктреіне шығарып берді. Ал екінші ойынында, «Гент» клубына қарсы шығып, голмен ерекшеленді. ### Хоффехайм 2007 жылы 29 тамызда Германияның екінші дивизионында ойнайтын «Фофенхайм» клубына көшті. 3 қыркүйекте «Фрайбурга» клубымен алғаш матчын ойынап, командасына 1 голдық доп шығарды, бірақ 3:2 есебімен командасы ұтылып қалды. Ба барлығы «Хоффенхайм» үшін 103 матч өткізіп, 40 гол соқты. ### Вест Хэм Юнайтед 2011 жылы 28 қаңтарда Ба «Вэст Хэм Юнайтедке» көшіп, 2015 дейін контракка қол қойды. Барлығы 12 матч өткізіп, 7 гол салды. Алайда бұл командасына Премьер-лигадан ұшпауға көмектескен жоқ. Маусым соныңда Ба клубтан бос агент ретінде кетті. ### Ньюкасл Юнайтед Бос агент ретінде Ба 2011 жылы 17 маусымда «Ньюкасл Юнайтедпен» 2014 дейін контракка қол қойды. 13 тамызда алғаш матчын «Арсеналға» қарсы бірінші минуттан бастап, 2 таймда ауыстырылды. 3 турда «Фулхэмге» қарсы Ба серігі Леон Бестуге екі голдық пас беріп, Леон Баның арқасында дубль жасады. Алғаш «Ньюкасл Юнайтед» үшін голын 6 турда «Блэкберн Роверске» қарсы соғып, 3 минуттан соң дубль жасап, ал екінші таймда хет-трик жасады. Барлығы 29 матч ойнап, 8 гол соқты. ### Челси 2013 жылы 4 қаңтарда Ба лондондық «Челсимен» келісімге келіп, 7 милл. фунтқа сатылды. 5 қаңтарда «Челси» үшін алғаш матчын өткізіп, Англия Кубогінде «Саутгемптонға» қарсы дубль жасады. Барлығы лондондық клуб үшін 51 матч өткізіп, 14 гол соқты. ### Бешикташ 2014 жылы 16 шілдеде «Бешикташ» «Челсиден» Баны 6 милл.евроға сатып алды. «Бешикташта» 9 номер алды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * demba-ba.eu * soccerbase.com
Анатолий Иванович Акимов (1947, 15-қараша, Мәскеу, РКФСР, КСРО — 2002, 28 маусым, сол жерде) — Кеңес Одағының су добы спортшысы (ватерполисті), Кеңес Одағының спортқа еңбегі сіңген шебері (1972). Мәскеуде туған, ЦСК ВМФ (Мәскеу) командасының құрамында ойнап, өмір бойы осы командаға қызмет еткен. Көптеген жылдар бойы су добы чемпионаттарында КСРО құрама командасында ойнаған. Владимир Акимовтың ағасы. 2002 жылдың 26 маусымында Мәскеуде қаза табады, осы қаладағы Калитников зиратының 6-алаңында жерленген. ## Жетістіктері * 1972 жылғы Олимпиада Чемпионы * 1970 жылғы Еуропа чемпионатының Чемпионы * 1973 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері * 1965—1967, 1970, 1971, 1975, 1976 жылдардағы КСРО Чемпионы * 1967 жылғы КСРО халықтары Спартакиадасының Чемпионы ## Марапаттары * "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған ## Дереккөздер
Пер Мертезакер (нем. Per Mertesacker; 1984 жылы 29 қыркүйекте Ганновер қаласында Германияда туылды) — неміс футболшысы, қорғаушы ## Мансабы ### Клубтағы Пер Мертезакер алғаш мансабын «Паттенсен» клубында бастады. 1995 жылы, 11 жасында «Ганновер 96» клубына көшіп кетті. Алғаш Бундеслигадағы матчын 2003 жылы, 19 жасында «Кельне» клубына қарсы ойнады. Алғаш профессионалді контрактына қол қойып, келесі маусымнан 2004/05 командасының үздік ойыншыларының бірі атанды. 2006 жылы 8 тамызда бремендік «Вердер» клубымен 2010 жылға дейін контракка қол қойып, кейін 2012 -ге дейін созды. Алайда, 2011 жылы 31 тамызда Мертезакер лондондық «Арсеналға» 10 млн.евроға көшіп,3 жылдық контракка қол қойды. ### Ұлттық құрамада Мертезакер алғаш ұлттық құрама үшін ойының 2004 жылы 9 қазанда Иран құрамасына қарсы өткізді. Әлем чемпионатында алғаш рет Мюнхенда 2006 жылы 9 шілдеде Коста-Рикаға қарсы ойнады. Сол 2006 жылдағы әлем чемпионатында Мертезакер барлық матчтарда ойнап,бірде бір сары қағаз алмады. Осы үшін жанкүйерлер оған «Таза мырза» лақап атын берді. 2014 жылы 15 тамызда ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағаның жариялады. ## Жетістіктері Вердер * Неміс лигасының иегері: 2006 * УЕФА кубогінің жартылай финалисті : 2007 * Германия Кубогінің иегері: 2009 * УЕФА кубогінің финалисті :2009 Арсенал * Англия кубогінің иегері: 2013/14 Ұллтық құрамада * Әлем чемпионатының қола медаль иегері : 2006, 2010 * Еуропа чемпионатының күміс медаль иегері : 2008 * Конфелерация Кубогінің қола медаль иегері : 2005 * Әлем чемпионы: 2014 ## Сілтемелер * Футболисттің ресми сайты Мұрағатталған 14 тамыздың 2006 жылы.
Дәрілік шытыра (лат. Fumaria officinalis) - көкнәрлер тұқымдасы шытыра туысына жататын, көлбей өсетін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 15-20 см-ге жетеді. * Сабығының іші қуыс, сырты қырлы, түрі жасыл. * Жапырақтары кезектесіп орналасқан, екі-үш салалы, қауырсын тәрізді, екі бөлімді. * Гүлдерінің түсі қызыл, гүл сабақтары қысқа, бұтақтарының ұшында масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Гүл жапырақшалары төртеу, олар гүл тостағаншасының бөліктерінен 3 есе ұзын болып келеді. * Мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Ол арамшөптер тәрізді мәдени дақылдардың арасында, бұталары көп жерлерде, бақтардың ішінде кездесе береді. ### Құрамы және емдік қасиеті Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында фумарин, критокрпин, ауротепсин, ащы заттар бар. Халық медицинасында шытыраны кеңінен пайдаланады: * Сулы тұнбасын геморрой түйіндерін, бауыр ауруларын, өкпе туберкулезі мен шемен аурруын және сары ауруды емдеу үшін қоланады. * Әйелдердің ақ етеккірі келгенде, өт қабынғанда және іш өткенде қолданылған жағдайларда шытырадан жасалған дәрілер аса шипалы болып табылады. * Бұл өсімдіктің қақырық түсіреті қасиеті бар. Осыған байланысты бронх қабынғанда да қолдануға болады. * Асқазанға жара түскенде, іш желденгенде емдеу үшін пайдаланады. ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі * Ұнтақталған 15 грамм өсімдікті 300 мл қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан 3 мезгіл ішеді. * Спиртті тұнба: өсімдіктің ұнтақталған 25 грамын 100 мл спиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, 30 тамшыдан 1 мезгіл ішеді. * Асқазанның қышқылы кемігенде өсімдіктің ұнтақталған 3 шай қасығын 2,5 стақан қайнап тұрған сыраға қосып 10 минут тұндырады да, жарты стақаннан күніне 5 рет ішеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Евгений Иванович Забабахин (03 (16).01.1917 жыл, Мәскеу — 1984 жыл 27 желтоқсан, Снежинск) — кеңестік ядролық физика ғалымы, КСРО-дағы ядролық қаруды жасаушылардың бірі, КСРО Ғылым Академиясының академигі, Социалисттік Еңбек Ері (1953), Ленин және Сталин сыйлығының лауреаты. ## Өмірбаяны Евгений Иванович Забабахин Мәскеуде дүниеге келген. Машина жасау техникумын бітірген соң, «Шарикоподшипник» зауытында технолог-маман болып жұмыс істеген. 1938 жылы ММУ-дың физика факультетіне қабылданып, Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін Қызыл әскерге шақыртылып, Н. Е. Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына жіберілді. 1944 жылы оқуын аяқтағаннан кейін адъюнктурада оқуын жалғастырып, 1947 жылы "Қарсы шабуыл кезінде орын алатын процестер" тақырыбында диссертация қорғады. Осы кезеңде КСРО-да ядролық қару жасау қолға алынғандықтан, ғалым химиялық физика институтына жіберіліп, 1948 жылдың көктемінен бастап, № 11 Құрастырушы бюрода жұмыс істей бастады. Кеңес Одағының алғашқы атом бомбасын жасауға қатысуы мен оны сәтті түрде тексеруі нәтижесінде оған 2-дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты атағы және Ленин ордені берілді. 1951 жылы құрылымы жақсартылған атом бомбасын жасау және сәтті түрде тексеруі нәтижесінде ғалымға 1-дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты атағы мен "Еңбек Қызыл Туы" ордені берілді. 1953 жылы ядролық зарядтардың физикалық сызбасын жақсартқаны үшін Е. И. Забабахинге Социалистік Еңбек Ері атағы мен 1-дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты атағы берілді. Осы жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1955 жылы Е. И. Забабахин Орал аймағындағы Снежинск қаласына жіберілді, осы қалада жасалып жатқан "НИИ-1011" жобасына ғылыми жетекшінің орынбасары және теориялық бөлім басшысы ретінде жіберілді. Осы жоба нәтижесінде Кеңес әскерінің құрамына алғаш рет термоядролық заряд қосылды. 1958 жылы Забабахин Ленин сыйлығының лауреаты атағына ие болады, КСРО Ғылым Академиясының мүшесі ретінде сайланады. 1960 жылдан бастап, жоба басшысы болып, өмірінің ақырғы күнініе дейін осы қызметте істейді. ## Еңбектері * Е.И. Забабахин. Кумуляция энергии и ее границы. * Е.И. Забабахин. Кумуляция и неустойчивость. Сборник научных статей. ## Марапаттары мен атақтары * Ленин сыйлығы * Сталин сыйлығы * Социалистік Еңбек Ері * Ленин ордені * Қазан Төңкерісінің ордені * М. В. Келдыш атындағы алтын медаль * Снежинск қаласының құрметті азаматы ## Құрмет * Оның есімі Снежинск қаласындағы РФЯЦ-ВНИИТФ-қа берілді. * Снежинск қаласындағы көшеге ғалым аты берілген. ## Дереккөздер
Гиссар аңғары-Тәжікстанда, Гиссар-Алтай таулары арлығындағы аңғар,ойпат. Гиссар жотасының оңтүстік шеті мен Бабатау және Қаратау тауларының солтүстік бөлігімен шектеледі. Ұзындығы 115 километр,ені орта бөлігінде 20 километрге дейін жетеді. Аңғардың абсолютті биіктігі 700-1000 метр. Кафирниган өз. және Үлкен Гиссар каналы Гиссар аңғарын суландырады. Климаты континеттік. Қаңтардағы орташа жылдық температура-0,7°С , шілдеде 29°С . Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері -500-550 млм. Гиссар аңғарындағы жазықта мақта,бидай,күнжүт,зыңыр,бау-бақша өсіріледі.
Глуховка — Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл, Глухов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Бесқарағай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 км жерде, Ертіс өзенінің оң жағасында, Семей - Курчатов автомобиль жолының бойында, орманды-дала белдемінде орналасқан. ## Тарихы 1930 жылдың бас кезінде ұжымшар және орман шаруашылығының орталығы, 1961 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған Ертіс көкөніс-сүт өндіру ұжымшарының орталығына айналды. 1997 жылдан бастап негізінде бірнеше шаруа қожалықтарына айналды. Глуховкада Жаңасемей орман шаруашылығы, орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. ## Дереккөздер
Тұңғыш жерсерік - Мәскеу қаласындағы Мещанская ауданында орналасқан «Рижская» метроның қасында орналасқан мүсін ескерткіш. ## Ескерткіш туралы 1958 жылы «Рижская» метроның вестибюльдің қасында салынған. Бұл Жердің бірінші жасанды серігін қолында көтеретін жұмысшы. Оның тұғырында "Жердің бірінші жасанды серігін жасаушыларына. 1957 жылы" деген жазба бар. * ## Тағы қараңыздаршы * Жердің жасанды серігі * Ғарышкерліктің күні * "Ғарыштың бойсұндырушыларына" ескерткіші * Москва қаласындағы далалы мүсінінің тізімі * Рижская алаңы
Нагорный Қорымы б.з.б. 5-4 ғ-лардан сақталған ғұрыптық жерлеу орындары. Ақтөбе обл., Мартөк ауд., Нагорное а-ның оңт,-де 9-10 км жерде. Ақтөбе - Маратөк автомоб. жолының сол жағында, биік жотаның үстінде. 1981-1982ж. Орт. Қазақстан археол. экпед. (жетек. М.Қ.Қыдырбаев Ж. Құрманқұлов,Т.И. Кулик ) зерттеген.Қорымдағы оба саны 9. Обалар топырақтан үйіліп, іргесі ормен қоршалған. Обалардың көлемі әр түрлі, ең ірілерінің биікт. 2,5 м-ге жуық,диам.40 м-ге жетеді,қалғандарының биікт. 0,5-1,5 м., диам. 10-25 м. Осы аймақта суландыру жүйесінің қондырғылары салынатын болғандықтан қорымдағы барлық обалар қазылып зерттеледі. Зерттеу нәтижесінде Бат.Қазақстанда б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта кезінде тіршілік еткен савромат-сармат тайпаларының әлеум. құрылымын, діни сенімін, материалдық мәдениетін, өнерінің даму дәрежесін көрсететін сан алуан қәбір құрылыстар мен бұйымдар табылып, отандық археологияға тың серіпін әкеді. Нагорный қорымы кқп адам жерленген дромостық қабірлерімен ерекшелінеді. Аум. 200-250 метр квадрат шамасына жететін үлке ағаш құрылыстар астында кейде ор қазылып, ол 10-15 мәйіт орналастыруға жететіндей жасалынған мәйіттер мазарға бөренеден тұрғызылған арнаулы дәліз арқылы біртіндеп енгізілген. Мыс., 2- обаға 12 кісі жерленген, олардың 11-і жауынгерлер, біреуі жасөспірім қыз. Негізінен Н. қ-ндағы обаларда жерленген кісілер қалың етіп балшықпен сыланған еден үстіне жатқызылған. Кейбіреуін ағаштан жасалған зембілмен қойған.Жерленген адамдардың қасына олардың тірі кезінде атқарған қызметтерінен хабар етеді. Мыс., қайтыс болған кісі ержүрек жауынгер, әскербасы болған жағдайда қару жарағымен, ат- әбзелдерімен жерленген.Сол сияқты абыз болса, тастан қашап, ғажап өрнектелген құрбандық ыдыстары, қола айналары, ал емшілерге қалталарға жеке-жеке салынған минералдар және де әсем өрнектелген кішкене керамика ыдыстарына сұйық емдік заттар құйылып қоятын болған. Олардың арасынан сабы сүйектен жасалған скальпель сияқты шағын пышақтар да табылды. Н. қ-нан алынған ахреол. деректер б.з.б. 5-4 ғ-лар кезінде Елек өз-нің оңт.жағалауында кең даланы мекен еткен савромат тайпаларының рухани және әлеум. дамуының жоғары сатыда болғандығын көрсетеді. Аң нақыштармен өрнектелген және құйып жасалынған қола, сүйек бұйымдар, олардың қолөнері мен дүниетанымының биік дәрежеде болғандығын айғақтайды. Кейбір керамика бетінде таңбалар қазақ руларының таңбаларына ұқсас. Дереккөздер: "Қазақ энциклопедиясы" 6 -шы том Қ-Н
Тұңғыш жерсерік - Мәскеу қаласындағы Мещанская ауданында орналасқан «Рижская» метроның қасында орналасқан мүсін ескерткіш. ## Ескерткіш туралы 1958 жылы «Рижская» метроның вестибюльдің қасында салынған. Бұл Жердің бірінші жасанды серігін қолында көтеретін жұмысшы. Оның тұғырында "Жердің бірінші жасанды серігін жасаушыларына. 1957 жылы" деген жазба бар. * ## Тағы қараңыздаршы * Жердің жасанды серігі * Ғарышкерліктің күні * "Ғарыштың бойсұндырушыларына" ескерткіші * Москва қаласындағы далалы мүсінінің тізімі * Рижская алаңы
Авторы Самуэль Рингиер-Силматтер болып саналатын Аргау мемлекеттік туы 1803 жылы қабылданды.Ту екі бөлікке бөлінеді: * Тудың қара түсті сол жақ бөлігінің ортасында екі көк түсті сызықпен үш бөлікке бөлінген толқын бейнеленген. Бұл — Аргау елінің шұрайлы жерінің және Ааре өзенінің белгісі. Ал екі көк сызық болса, Ройс және Лиммат өзендірін бейнелейді. * Тудың ашық көк түсті оң жақ бөлігінде бебұрышты үш жұлдыз бейнеленген. Бұл — Кантонның негізгі үш бөлігінің: Баден графтігі, Фриктал және Дзе-Нью-Бэилис белгісі ## Сыртқы сілтемелер * Аргау "Flags of the World"та (ағыл.)
Достай Раманқұлов 1960 жылы қасиетті Түркiстан топырағында дүниеге келген. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. ## Оқыған жерлері * Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн бiтiрген. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарында білімін шыңдап қайтады. ## Қызметі * Елімізде Атом қуаты жөнінде комитет құрылғанда сонда қызмет істеді. * АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. * 1998 жылдан берi Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік ұйымында жұмыс iстейдi. ## Жеке өмірі Достай Раманқұлов бүгiнде Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр сонда университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды. ## Дереккөздер
Нағайбек - татардың аз санды этникалық тобы (шоқынған татарлар). Негізінен Ресей Федерациясының Челябинск облысы мен Башқұртстан Республикасы аумағында өмір сүреді. Нағайбектер Ноғай ордасының негізгі бөлігінен қалып қойған ноғайлардың ұрпақтары. Башқұрт тілінің элементтері араласқан татар тілінде сөйлейді. Діни сенімі жағынан христиан дінінің православие дінін ұстанады (16 - 18 ғасырларда мәжбүрлеп шоқындырылған). IV Иван патшаның кезінде Қазақ хандығы мен Сібір хандығы жаулап алынған кезде Ик өз. жағасын мекендеген ноғайлар Ресейдің отарына айналды. 17-18 ғасырларда орталық езгінің күшеюі бірнеше халық көтерілістеріне (қ. Башқұрт көтерілістері) әкеп соқты. Көтерілістерді болдырмау үшін 1735 ж. Санкт-Петербургте Сенат жанынан Еділ бойы халықтарын шоқындыру кеңесі құрылды. Түркі тектес халықтардың бір-бірімен қатынасын қиындату мақсатында қамалар тұрғызылды, ондай қамалдардың бірі Нагайбакта (қазіргі Башқорстандағы кент) салынды. Нағайбектерден арнайы қазақ әскері жасақталды. 19 ғасырдығдың 40-жылдары нағайбектердің бір бөлігі қазіргі Челябинск облысының аумағына қарай көшірілді. 20 ғасырда нағайбектердің саны үнемі азайып отырды. 1897 жылғы санақта олар 47 мың адам болса, 1926 жылғы санақта 10 мың-ақ қалған. 1939 жылғы санақтан бастап жеке этнос ретінде аталмады. Қазіргі уақытта нағайбектер өздерін татарлардың өкіліміз деп есептейді. Дәстүрлі тұрмыстарында татар, башқұрт халықтарына тән элементтер кездеседі. ## Дереккөздер
Чеботько Николай Сергеевич (1982 жылы туған, Щучинск қаласы) – спортшы, шаңғы спортынан спорт шебері (2001), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2003). ҚР жүлдесінің тұрақты иегері (1999 – 2002), ХХІ-дүниежүзлік универсиаданың жүлдегері (2003, Тарвизио қаласы, Италия), V-қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2003, Аомори қаласы, Жапония) ## Дереккөздер
Чекаев Ахметриза Гисметович (1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Фурманов кенті) – ғалым, техника ғылымының кадидаты (1969), профессор (1988), ҚР білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (1991). Орал политех. институтының аспирантурасын бітірген (1967). Еңбек жолын 1959 ж. Қазақ Ауыл шаруашылығы академиясының Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. Кейіннен Қазақ КСР Мин. Кеңесінің су қорлары бойынша мемлекеттік комитетінің бөлімдерінде аға, бас инженері болып жұмыс істеді. 1967 – 88 ж. Целиноград инжинерлік-құрылыс институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, ректордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1989 жылдан ректоры. Оның ұсынысымен институтта ғылыми-зерттеу секторы, студенттердің жобалау-құрастыру бюросы, есептеу және көбейту бөлімшелері, оқу-әдістемелік бірлестіктер, зертхана, ғылыми-әдістемелік кабинет, есептеу техникасы саласында біліктілікті жетілдіру курстары мен бірқатар жаңа кафедралар ашылды. 100-ден аса ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде бірнеше өнертабыстардың, монографиялардың, 3 оқулықтың авторы. ## Дереккөздер
Чарашев Сәрсембек Төлеубекұлы (6.11.1957 жылы туған, Сарқан ауданында, Шатырбай ауылында) — спортшы, Қазақстан білім беру ісінің үздігі (1990), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1996). 1975 жылы Талдықорған педагогиялық институтын бітіргеннен бері облыстық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде дзюдо, самбо күрестерінен жаттықтырушы. Оның шәкірттері Әлем, Азия чемпионаттарында жүлделі орындар иеленіп жүр. ## Дереккөздер
Гобь Алтайы — Моңғолияның оңтүстігінде, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 500 км-ге созыла орналасқан таулы жота; Алтай тауларының шығысындағы ең шеткі, аласа бөлігі. Солтүстігіндегі Хангай (Хингай) тауынан "Үлкен көлдер аңғары" деп аталатын терең ойыс арқылы бөлінген. Біртіндеп аласарып, эрозиялық аңғарлар ұсақ шоқыларға бөлшектеніп, Гобь шөліне ұласады. Ұзаққа созылған тегістелу іздері айқын байқалады. Орташа биіктігі 1500-2000 метр, ең биік нүктесі солтүстік-батысындағы Баруун Богда Уул тауы (3957метр). Палеозойлық кристалдық жыныстардан (гранит, порфирит, құмтас пен әктас) түзілген тау беткейлері төрттік кезеңнің шөгінділерімен көмкерілген, Қатты жер сілкіністері жиі болып тұрады (1957,1958). Гобь Алтайында тым континенттік климат жаңғайында қалыптасқан шөлейттік және шөлдік өсімдіктер басым, тек солтүстік-батыстағы биік бөліктерінде жеклеген тоғайлар кездеседі. Субьальпілік шалғындар ормансыз жерлерде бірден құрғақ дала мен шөлейітке ұласады. Тау етектерінен көптеген ұсақ өзендер ағып шығады, жер асты суларының деңгейі біршама жоғары жерлерде егін егіледі. Көбінесе, жайылым ретінде пайдаланылады. Гобь Алтайында халық сирек орналасқан, олар қой, жылқы және түйе өсіріп, жартылай көшпелі өмір сүреді. ## Дереккөздер
Чекаева Рахима Османқызы – сәулет кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың сәулет-құрылыс факультетінің Мұрағатталған 16 қарашаның 2012 жылы. профессоры ## Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі * 1967-1972 жж. – Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институты – «Сәулет» мамандығы. * 1975-1978 жж. – Ленинград инженерлік – құрылыс институты, аспирантура. Ғылыми мамандығы - «Сәлет теориясы мен тарихы». * 1978 ж. – Ленинград инженерлік – құрылыс институтының диссертациялық кеңесінде «XVI – XX ғасырдың басындағы Бұхар алқабының сәулеті» тақырыбында кандидаттықты қорғайды. Мамандық шифры - «18.00.01 - Сәлет теориясы мен тарихы». * 1983 ж. – сәулет-жобалау кафедрас бойынша доцент атағы (Доцент аттестаты ДЦ № 062187) берілген. КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен 1983 жылдағы 13 сәуір (№ 15д / 30 хаттамасы). Доцент аттестаты ДЦ № 062187. – Мәскеу. * 2001 ж. – профессор атағы («Сәулет» мамандығы бойынша Аттестат сериясы - ПР № 004) берілген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің, ҚР БҒМ-ның шешімімен 2001 жылдың 5 маусымындағы, № 08 хаттамасы). ### Еңбек жолы * 1972- 1974 жж. - көмекші, Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтының сәлет теориясы мен тарихы» кафедрасының оқытушысы. * 1973-1974 жж. – Мәскеу сәулет институтының сәлет теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші –зерттеуші. * 1979-1999 жж. – сәулет кандидаты, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың сәулет-жобалау негіздері кафедрасының меңгерушісі, доцент. * 1999-2001 жж. - доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылыс, көлік және сәулет институтының «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі. * 2001- 2008 жж. - профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс институтының «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі. * 2008 ж. - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Сәулет, дизайн және бейнелеу өнері» факультетінің «Сәулет» кафедрасының профессоры. ### Ғылыми және кәсіби қауымдастықтарға мүшелік ету * 1983 ж. – КСРО сәулет Одағы мен ҚР сәулет Одағының мүшесі. * 1985-2008 жж. – ӨСҚ (Өзбекстан сәулет қауымдастығы) мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы сәулет факультеті Одағының мүшесі. * 1985-2009 жж. – ОӘК бойынша ОӘБ мүшесі (Қаз БСҚА, Алматы қаласы). * 1989-2011 жж. - ҚР мәдениет министрлігі жанындағы тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштерін қорғау жөніндегі республикалық басқармасының мүшесі (Астана қаласы). * 1998 ж. – ҚР қала құрылысшылар Одағының мүшесі. * 2000-2011 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы ҚР сәулет Одағы филиалының хатшысы. * 2001-2008 жж. – АСтана қаласы әкімшілігі жанындағы Көркемөнер және Департамент жанындағы қала құрылысшылар Одағының мүшесі. * 2005 ж. – Қазақстан геотехникалық қауымдастығының мүшесі. * 2005 ж. – Шығыс Халықаралық сәулет Академиясыгың корреспондент-мүшесі. ### Марапаттары мен жетістіктері * 1979-2010 жж. – Р.О. Чекаеваның жетекшілігімен орындалған дипломдық жобалар халықаралық, республикалық байқалардың І және ІІ дәржелі дипломдарына ие. Халықаралық сәулет мектептері ұстаздарының қауымдастығы (ҚР сәулет Одағы, ТҮРКСОЙ). * 2000 ж. - Алексей ІІ Алматы және Астана Махалла әміршісінің алғысы. * 2004 ж. – ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құрмет грамотасы. * 2003 ж. – ҚР премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетовтың құрмет грамотасы. * 2005 ж. – Қазақстанның құрметті сәулетшісі. Медаль. * 2006 ж. – ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР-дағы мәдениет және өнерді қолдау Мемлекеттік Қорының медалі. ҚР мәдениет кайраткерi - №1247. * 2007 ж. – ең үздік жоба бойынша Халықаралық байқауда «Мақалалар» бөлімі бойынша және сәулет ЖОО-ларының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралдарының сериясының І дәрежелі дипломы (Мәскеу, 2007). * 2007 ж. ҚР БҒМ «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» гранты. * 2007 ж. – бірінші вице-министр Ғ.Мұтановтың құрмет грамотасы. * 2008 ж. – ҚР білім саласындағы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалі. Сондай-ақ, Чекаева Рахима Османқызы Мұрағатталған 12 маусымның 2015 жылы. қала және облыс басшылығының грамоталары және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығының құрмет грамоталарымен марапатталған.
Цепляев Роман Никифирович - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, "Победа" колхозының егіншілер бригадасының бригадирі. 1914 жылы Ресейде, Орлов облысы, Колпянск ауданы, Рождественка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылдан колхозшы болып еңбек етеді. * 1940 жылы Совет Армиясы қатарында ақ финдік басқыншылармен күрес ұрысына қатысады. * 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. * 1943 жылы соғыста жараланып, туған жерін неміс басқыншылары басып алғандықтан Қазақстанға, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, "Победа" колхозына келеді. Жарасынан сауыққан соң осы колхозда қой фермасын басқарады. * 1947 жылы егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Оның бригадасы қажырлы және күндіз-түні тынымсыз еңбектің арқасында 35 гектар жердің әр гектарынан 31,08 центнерден бидай алып, белгіленген жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Хошеметов Қадырғали Құрманғалиұлы (1940-2005) – Орал облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген.. Ол әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Ең алғаш Орал облысы, Жәнібек ауданындағы "Большевик" мектебінде бастауыш сынып мұғалім болған. Кейін осы ауданның "Октябрь туы" (қазіргі "Шуғыла") газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті. Көптеген өлеңдері осы газет беттерінде жарияланған. 1972-1980 жылдары "Қайнар" баспасында редактор, 1980 жылдан бастап, Мемлекеттік Баспасөз комитетінде аға редактор, Қазақ Ұлттық Академиясы жанындағы "Экономика" институтында аудармашы болған. 1992-1994 жылдары бас прокуратурада аудармашы, болып істеді. 1994- 2000 жылдары "Мектеп" баспасында редактор болып істеді. Ол баспа өнімдерінің сапалы шығуына өзіндік үлес қосқан білікті маман. ## Дереккөздер
Мұхит Тұрсынов — 2014 жылғы Қазақстан барысындағы чемпион. Биылғы жылы Мұхит Тұрсынов (95 кг) ең мықты балуан атанды. Шығыс-Қазақстан облысынан шыққан спортшы 26 жаста. Балуан бұл өзінің үшінші чемпионаты екенін айтады, алдыңғы екеуінде жолы болмапты. Бірақ балуанның ұнжырғасы түспей, бұлшық етін күшейтіп, салмақ қосып 82 килограмнан 95 кг дейін жеткен. ## Дайындығы Спортшының жаттықтырушысы - туған әкесі. Екеуі ақылдасып өздерінің жеңіс тәсілін ойлап шығарыпты. Ол бұл жеңіске әкесінің арқасында қол жеткізгенін жасырмайды. «Өткен жылдан бастап біз, мен кілемде 28 қарсыластың әр қайсысымен қалай күресер едім деген мағынадағы дербес дайындықтың топтамасын бастадық. Яғни, басқа чемпионаттарды, жарыстарды бейнетаспаға жазып алып, әр қайсысының техникасын зерттедім», -деп бөлісті жеңісінің сырымен чемпион. ## Жетістігі * Осы турнирде қара күше иелерінің тартысында бас жүлдені иеленген Мұхит Тұрсыновқа алтын белбеу, алтын тайтұяқ пен 150 мың доллар табыс етілді. * Тұрсынов дзюдо мен самбодан спорт шебері. Қазақ күресінен 2011 жылғы Әлем Кубогының иегері. * Мұхит Талдықорғанда өткен турнирде 90 келі салмақ бойынша топ жарған болатын. ## Дереккөздер
Бейбіт Ыстыбаев — Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік ауылында 1985 жылы туған. 2012 жылғы Қазақстан барысындағы чемпион. Еуразия барысында алтын белдік иеленген. * Лақап аты: Тараз Арланы * Бойы: 193, салмағы: 136 * Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері * Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері * Бапкері: Елдос Далабай ## Жеңісі Астанада қазақ күресінен екінші мәрте өткізілген «Қазақстан барысы» сайысында бас жүлдені иеленді. Оған ҚР Ұлттық банкі құйған «Алтын тайтұяқ» кубогі және Алтын белбеу тарту етілді. Оған қоса, жеңімпаз 150 мың доллар немесе 6,5 млн. теңге тұратын Хюндай Соната көлігін иеленді. ## Жеке өмірі Бейбіт 2014 жылы Әйгерім деген қызға үйленген. Әзірге балалары жоқ. ## Дереккөздер
Хибасов Сахи (1941 жылы туған, Түрікменстан, Ташховуз облысы) – инженер-механик. ## Өмірбаяны Ашғабад а. ш. институтын бітірген (1968). 1958 – 64 ж. токарь. 1968 – 73 ж. Көне Үргеніш ауданында механик, бас инженер, 1973 – 2001 ж. Бейнеу ауданы жол бөлімінде бас механик, «Ауылшаруашылық техника» бірлестігінде бас инженер, бірлестік бастығы қызметтерін атқарған. ## Марапаттары КСРО ХШЖК-нің күміс медалімен марапатталған (1983). ## Дереккөздер
Тауэр көпірі (ағылш. Tower Bridge/аудармасы: мұнара көпірі) — Англиядағы Лондон қаласының Темза өзенінің бойында орналасқан көпір. ## Тарихы Оның дизайнін 50 жобаның ішінен таңдап алып, 1884 жылы салуды бастады. 8 жыл жұмыс барысында 432 қара жұмысшы, 11 мың тонна болат пайдаланылды. Уэльс ханзада көпірді 1894 жылы өзі ашты. Тауэрс тек Лондонның емес, біріккен патшалықтың да символы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 27 қарашаның 2010 жылы.
Алтын қақпа көпірі (ағылш. the Golden Gate Bridge) — АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан аспалы көпір. ## Тарихы Бұл көпір Инженер Йозев Штраустың жобасымен жасалған. Көпір құрылысы 1933 жылы басталып, 4 жылдың ішінде аяқталды. Аяқтау үшін мыңдаған жұмысшы мен 35 млн. доллар қажет болды. 1937 жылы ашыла салысымен 2 рекорд орнатты. Бірі – ең ұзын, екіншісі – ең биік деген рекордтар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми парақшасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2012 жылы.
ІІІ Александр көпірі (фр. Pont Alexandre III) — Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан әлемдегі атақты көпірлердің бірі. Көпірдің ұзындығы — 160 метр. ## Тарихы Көпірдің салынуы 1896 жылы басталып, 1900 жылы аяқталды. Ол арт-нуво стилінде салынып, қанатты аттар, періштелер, кемелер, нимф ескерткіштерімен безендірілген. Көпірдің Парижде орналасуына қарамастан, Франция мен Ресейге ортақ альянстің атымен аталған. Александр ІІІ ұлы Николай ІІ көпірдің негізін қалайтын бірінші тасты өз қолымен қойған. Ескерткіштер алтыннан, қоладан және Франция стиліне сәйкес тастардан жасалған. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * aviewoncities.com Мұрағатталған 2 маусымның 2010 жылы.
Қазық – Табақкеңтатыр аңғарының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақжайдақ темір жол станциясының солтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 686 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта шамамен 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км-ге жуық. ## Жер бедері Беткейлері көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. ## Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында баялыш, қара жусан, сораң, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Хаджу көпірі (парсы: پل خواجو‎) — парсы сұлтаны, шах ІІ Аббастың бұйрығымен ХVІІ ғасырда салынған. Көпір 25 аркадан тұрады. Заянд өзеніндегі су деңгейін бақылап тұру үшін бөгет ретінде де пайдаланылады. Бұл жерден таңғажайып көріністі тамашалап отыруды жақсы көрген ІІ Аббас мырзаның тас орындығының қаңқасын көруге болады. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://www.bridgesall.ru/blog/most_khadzhu_v_gorode_isfakhan/2013-04-30-71
Мийо Виадугы (фр. le Viaduc de Millau) — Францияның Мийо қаласында орналасқан әлемге әйгілі көпірлердің бірі. Виадук Мийодағы Тан өзенін басып өтеді. Бұл көпір өзінің шедеврлі биіктігі үшін Гиннес рекордтар кітабына енгізілді. Биіктігі – 343 метр. Сәулет өнері саласында атақты дәрежелердің бірі Outstanding Structure Award–ты алған болатын. «The New York Times» оны «инженерлік триумф» деп атаса, Би-Би-Си «ХХІ ғасырдың инженерлік кереметі» деген мәртебе берді. ## Тарихы Франция президенті Жак Ширак көпірді 2004 жылы өзі ашты. Құрылысқа кеткен қаражат 394 млн еуро немесе 524 млн доллар. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Le Viaduc de Millau (фран.) (ағыл.) (Ресми сайты) * Мийо Виадугына арналған сайт Мұрағатталған 21 маусымның 2005 жылы. (ағыл.) * Structurae: Millau Viaduct (ағыл.) * France shows off tallest bridge (ағыл.) (BBC-дің ашылу салтанатындағы арнайы репортажы) * In Pictures: The Millau Bridge (ағыл.) (BBC жасаған суреттері мен орналасқан картасы) * France opens world’s tallest bridge Мұрағатталған 18 сәуірдің 2006 жылы. (ағыл.) (MSNBC-дің ашылу салтанатындағы арнайы репортажы)
СиДу - әлемде ең биікте орналасқан көпір. Бұл көпір 2009 жылы ашылған. Ол жерден 496 метр биіктікте орналасқан. Көпір Қытайдағы Хубэй провинциясында орналасқан өзен аңғарынан өтеді. ## Қызықты дерек Оның орналасқан жеріне сәйкес салу барысында көптеген қиындықтар болды. Көтерме крандар мен тікұшақтарды қолдану мүмкін емес болды. Ақырында инженерлер осылардың орнына зымырандарды пайдаланайық деген ойға келді. Зымыранға 1000 метрді қамтамасыз ететін кабельдерді байлап, көпірдің негізін қалаған болатын. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://mixstuff.ru/archives/24163
Роллинг көпірі (ағылш. The Rolling Bridge) — Лондонның Падингтон ауданында орналасқан. Аптаның әр жұмасы сегізбұрышты бұл көпір төңкеріліп жазылады да, жүруге қолайлы кейіпке енеді. Бұл оның басқа көпірлерден басты айырмашылығы. Ал күн соңында қайтадан сегізбұрышқа айналады. Келесі жұмада көпір қайта пайда болады. Механизм гидравликада жұмыс істейді. Жобасы 2004 жылы жасалған, авторы – Томас Хезервик. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Rolling Bridge * Meccano model of Heatherwick's Rolling Bridge * Simulation Rolling Bridge made FreeBasic by Xkrouhn * 2D animation made with SMath Studio Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2013 жылы.
Ораза (араб.: صوم‎ «ас-саум» – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау, парс روزه «ураза» – күндік) – тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз. “Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” (Бақара/187) – деген аяттарда парыз оразаның мәні, негізгі сипаттары, уақыты, қазасын өтеу жайлы айтылады. Ораза шартты ғибадат болғандықтан оны парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариатта бекітілген. Ораза адамның рухани-интеллектуалдық өсуіне, тақуалыққа жетіп, Құдайға жақындай түсуіне ықпал ететін ғибадат екендігі жайлы көптеген хадистер бар. Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Қазақ дәстүрлі қоғамында ораза ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай оразаның мұстахабын (орындаса сауап, орындамаса күнәсі жоқ) орындау үшін “таң сәресін” шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кіргізеді. Рамазан айында өзара “ауызашарға” шақырысу дәстүрге айналған. Хадистерде ораза кезінде мұсылманның өзін-өзі тәрбиелеп, мінез-құлқын қалыптастыруының негізгі шарттары белгіленген. Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да оразаның сауабын арттыратын амалдар. Оразаның қоғамдағы пайдасы – жаратушы мен адам, адамдар мен әлем арасындағы түсіністік артып, мейірім артады. Адамдар ырзық-несібенің қадірін түсініп, дәулетті мен жоқ-жітік арасында байланыс орнайды. Парыз оразадан басқа уәжіп, сүннет, мұстахаб, мәндүп, нәпіл, мәкру оразалар бар. Ораза белгілі бір себеппен бұзылған жағдайда қазасын өтеуге болады, ал себепсіз қасақана бұзылған ораза өтеуіне кәфәрат оразасын тұтынады. Ораза - бір нәрседен алыстау Шариғат терминінде Ораза - ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шанақтан бастап, күн батқанға дейін Оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану. ## Оразаның уақыты Таңның атуынан күннің батуына дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты негізге ала отырып, Ораза ұстанды. Аллаһ Құранда былай дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп ( қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар» («Бақара», 187-аят). Мұнымен күн мен түннің арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның азанына дейін ішіп-жеңдер» (Бухари, Азан, ІІ). Яғни, Біләл сәресі үшін ибн Мәктум болса, таң намазы үшін азан оқтын. ## Оразаның парыз болуы Оразаның парыз болуы. Рамазан оразасы - Исламның бес парызының біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара, 2/185). Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа Құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылықка бару» (Бухари, Имам, 34). ## Оразаның пайдалары 1) Рамазан мен айт мейрамы. «Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай илаһи (Құдайлық) рақымдылық пен кешірімділікке толып тасалы. Мезғілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ солбір жүректері Рамазанға айналған жандарды жасытпай, оларды іші құт-береке мен қуаныш-шаттық толған айт күніне аманаттайды. Рамазаннан кейін аштың келуі біз үшін тосын оқиға болмаса да, бейне бір жаңа атқан таңдай жан-сарайымызды нұрға бөлеп, санамызды сәулесімен қытықтал, көкжиектен көрінеді. Рамазанмен ыстық ықылас құрған адам баласы айтты илаһи шарапаттан төгілген сиқырлы уақыт сезініп, оның терең тылсым-сырын аңғарады. Оның илаһи тартымдылығы мен сиқырына малтып, уақытша болса да, рамазаннан айрылысқан қасірет сезімінен жеңілдегенін сезініп, алып рақым айының қоштасуы мен терең шарапат күнінің мейрамын бірге тартады. Айт - дүние мен ақыретке тән әсемдіктердің бір-бірімен етене араласып, адамдардың Рамазан бойы әртүрлі ғибадаттар арқылы бейне бір періштеге айналып, періштелер де осы ұқсасқа бет бұрып, сол бір рухы саф жандар арасында сайрандап, айнала илаһи әсемдік пен сұлулыққа оранып, осынау ғажайып тылсым дүниені көргендер, өздерін оянғысы келмейтін түс әлемінде деп ойлайтынын айтуға тіл жетпес күн.Осы мүбәрак күнде Рамазан болған барлық жер-жүзі періштелер мен рухани жандардың көктегі тылсым әлеміндей көрініп, шаттыққа бөленген рухани ғаламатқа тең бір сырлылыққа оранады. Сол сәттен қасиетті айт мұсылмандарды өзіне баурап алып, оларды жүрек пен рухани өмірінің тұңғиығына қарай тартады. Оларға ай мен күн тіпті құс жолын қамти алатын кеңістік дайындау «құпия қазынаға» жап-жарық айна болу жолдарын көрсетеді. Көңілдері алабұртып, алып ұшқан әркім өз дәрежесіне қарай аштың көрсеткен жолдарымен ұшуға даяр құстай бола қалады. Тылсым сырдың есігі ашыла кеткендей қанаттарын тағатсыз қағады. Кейде айттың келуімен, көкірек көзі ояу жандарды Ұлы Жаратушы жақтан ескен «илаһи самал» баурап алады. Сол сәтте олар жай адамдардың тамаша еткен әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып күйге еніп, бейне бір екі әлемнің ортасында тұрғандай сезіледі. Тақуалықган жүректері діріл қағып, өздерін «қорқу-үміт» аясынан табады. Кейде адам айтта барлық нәрсені болмысынан басқаша сезініп, өзгеше бағалайды. Тіпті ол өзін баураған кейбір сезім иірімдері арқылы көктер мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден ұзап, көкке ұшып, періштелердің арасына кіріп, олардың әлемінде жүргендей сезініп, ашылып, кеңейіп «мекенсіз» күй кетеді. Сонда ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке бойлай, шексіздікке жеткендей сезінеді. Айтта сезімдер өте жұмсал, адам жаны қатты жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір-бірімен қосылып кетеді. 2) Ораза жамандықтан сақтайды. Ораза адам жайын тазартыл жаман қылықтардан сақтайды. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді. «Ей, иман еткендері Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» («Бақара», 185-аят). Бұл аятта ашылғандай Оразаның мақсаты - мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу. Осыны әуелі ұғынып, тұтыныл алайық. Тақуа - сақтану, қорқу, сыйыну, Ұлы Жаратушының қорғаныш кіру. Тақуалықтың үш дәрежесі бар:1) Мәңгілік өлімнен сақтану. Яғни, өзін жаратқан Аллаһ Тағалаға сену, иман ету. Ұлы Жаратушыға иман етпеген адамның басына бақ, қолына құс қонғанмен қашан да жан-сарайы қараңғы болмақ. Өйткені ертеңгі күн өлімге басы тігілгелі тұрған жанның бүгінгі татқан балы да у болып келеді. Ендеше бүгіні жоқтың ертеңі де жоқ. Алайда тілін кәлимаға келтіріп, Аллаһ Тағалаға иман етіп, мойын ұсынған жан мәңгілік жаһаннам отынан құтылып, мәңгілік бақыттылық сарайы жәннатқа қарай қадам басады. Яғни, иман еткен өзін мәңгілік өлімғе деген соқыр-сенім мен күпірліктен сақтайды.2) Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану. Аллаһ Тағаланың көптеген бұйрықтары бар. Осы әмірлерді орындау - парыз және көптеген тыйымдарынан әрі алыс тұру - парыз. Оның тыйым салғандарына қол сұққан - Оған қарсы келу деген сөз.3) Тікелей Аллаһ Тағаланың қорғаныш кіріп, Одан өзгені жүрекке алмау. Тақуалық - иманды, көркем мінезді, парасатты жан болып, Аллаһ Тағалаға мойынұсынып, «толық адам» шыңына қарай «нұрлы ақылды» шырақ, «жылы жүректі» пырақ етіп, ыждаһаттылықпен қадам басып қайраттану. Оразаның мақсаты - жанды рухани кірден тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіге ауыздық салып,тізгінді қолға алу. Ойшыл ибн Рушд былай дейді: «Егер кімде-кім еркі мен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең, бақытты адамымын деп санасын». Адам баласының толық адам шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі нәпсіге ие болуында жатыр. Нәпсі - бойдағы құмарлық сезім. Ол өзіне хош келетін барлық нәрсеге қол сұққысы, татқысы келеді. Оның өлшемінде шек жоқ. Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңі мен мәңгілік бақытына айырбастал, яки сатып жіберуге қашан да құмбыл тұрады. Асылында, ол үшін ертең жоқ. Міне, осы кезде ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл - жақсы мен жамандықты айыра білетін адамның негізгі құралы. Бірақ сол ақылдың да өлшемі шектеулі. Оның бүгінгі жақсы дегені, ертең жаман, жаман дегені, жақсы болуы әбден ықтимал. Міне, осы кезде ақылға бүгіні мен ертеңінде жаңылыспайтын өлшем қажет. Бұл - илаһи өлшем. Егер адам баласы нәпсісіне ие бола алмаса, нәпсі адамның еркін қадаған жағына бағыттай алады. Кей кезде илаһи өлшемді білген ақылды тұтқындап тастап, еріксіз өзіне мойын ұсындырып тыйым салған нәрсеге қол сұқтырады. Сондықтан ақыл жүрекпен бірігіп, Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындал, ауыз бекітеді. Нәпсініңбарлық күш-қуаты осы ауыз арқылы кетеді. Нәпсі қаншама ақыл мен ерікті ауыз ашуға зорласа да, ол екеуі Ұлы Жаратушының бұйрығынан аса алмайды. Ашыққан нәпсінің құмарлық сезім-қолы әлсіреп, деңгейі төмендеп кетеді. Осы сәтте адам бойына рухани қарғын жүре бастайды да, жүректің түпкірінде, нәпсінің қалтарысында қалған ар-ождан күллі адамгершілік сезімдерді оятып, туралыққа бастайды. Яғни, негізгі рөл мен тізгінді ар-ождан қолға алып, адам жаны рухани ләззатқа шомыла бастайды. Бәлкім ол сонда ғана құмарлық сезімдердің татқан ләззатынан, рухани сезімдердіңалған ләззаттары әлдеқайда басым екенін аңғарып, оның бұдан кейінгі бар арман-тілегі - толық адам шыңы бола бастайды.Толық адам шыңы - адамның Ұлы Жаратушының мінезіне ұқсауы. Оразаның осындай хикметтері бар. Нәпсіні тәрбиелен, жолға салуда аштық пен шөл өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл Аллаһ Тағала үшін болуы керек. Кісі өздігінен аш қалып, діттеген мақсатына жете алмайды. Өйткені Ораза - Аллаһ Тағалаға жасалатын ғибадат. Толық адам болу жолындағы барлық қадам Ұлы Жаратушы үшін арналуы керек. Қасиетті (қудси) хадисте Аллаһ Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза - Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік кұлымның аштық пенсусағандықтан шыққан ауыз исі мен үшін миск әтірінен де тамаша», - дейді. 3) Қоғамдық пайдасы. Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық пайдалары бар. Ораза - елдегі дәулетті адам мен жоқ-жітік арасында байланыс жасайды. Көбінесе ауқатты адам жасынан өмірдің ауыр тіршілігін көріп, тауқыметін арқаламай өскендіктен, жанашырлық сезімнен мақрұм қалады. Кейде адам байлыққа батқан соң, айналасын ұмыта бастайды. Осы сәтте оның өмірге деген көзқарасы өзгереді. Нәпсісі бойдағы жанашырлық сезімін тұншықтырыл тастайды. Бір мемлекетте өмір сүрсе де, бай басқа әлемде, тұрмысы нашар халық басқа бір әлемде жүреді. Мұндай қоғам ауыр дертке душар болып, елде жүйе бұзылады. Ауқатты адамдар қол астындағы жұмыс істеген адамдарына төбедей қарайды. Адам Ораза ұстап, сәресіден кешке дейін аш қалғанда ғана айналасына басқаша қарай бастайды. Аш адамның бойында тасыған нәпсі бірте-бірте әлсірейді де, жүректің тереңіндегі мейірім-шапағат сезімі оянады. Ол сонда ғана аштықтың қандай екенін аңғарады. Өзінің де жай ғанапенде екенін сезінеді. Ал оянған мейірім-шапағат жалпы адамзатқа, тіпті әлемге деген сүйіспеншілікті өзімен бірге ала келеді. Рамазан айының - рақым айы болуының сыры осында жатыр. Адам мен адамның, адам мен әлемнің арасында достық, махаббат байланысы құрылады. Адамның бойында мейірім-шапағат туып, оны айналасына нұрлы шашу етуі - Ұлы Жаратушыға арнаған нағыз шүкірі. 4) Ораза ырыс-берекенің қадірін білдіреді. Негізі адам баласы өзіне берілген Ныгмет пен ырыс-берекенің қадірін біле бермейді. Сый-сияпат етіп берілген ырыс-берекені бейне бір тегін дүниедей төгіп шашады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. Мұндай күйге түскен кісі ешуақытта тамақтан қадірін сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіл, күні бойы аш қалғанда, тағамның Ұлы Жаратушының құнына жайған дастарқанындағы үлкен ырыс-берекесі екенін аңғарады. Ол күні бойы аш қалып, кешқұрым ауыз ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты қадірлі екенін сезеді. Тоқ адамның дәл солай сезуі әсте мүмкін емес. Мұндай қоғамның экономикасы да оңайлықпенқұлдырамайды. 5) Ораза, сабырлылық пен төзімділікке үйретеді. Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете алады. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр-тізғінін салып, жанарында ойлылық пайда бола бастайды. Бұл ғұмырда нағыз сабыр - өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау. Ақырет әлеміндегі асқақ тыңнан көз айырмау. Оразаға төзе білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады. Сабырлылық күшіне ие болған жан ғана, діттеген мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта сабыр мадақталған. Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендермен бірге», - дейді. «Асыр» сүресінде де Аллаһ Тағала: «Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз қасіретте. Бірақ иман етіп, ізгі іс істегендер, бір-біріне ақиқатты айқындап, сабырлықты насихаттағандар ондай күйге душар болмайды», - деп баян етеді. Заманының үлкен ойшылы имам Ғазали Оразаның үш түрі бар екендігін айтады:1. Жалпыға тән Ораза Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан аулақ тұру.2. Аллаһ Бағаланып елден ерек құлдарына тән Ораза. Бұл - көз бен құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін күнәдан сақтауы.3. Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың Оразасы. Жүрегі мен ой-сана әдемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк болуы. Осылай Ораза ұстағанға Аллаһ пен ақыреттен өзге ой келсе, Оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын желбіретіп, көкке қадау үшін, дүниені ойласа болады. Бұл - толық адамның бейнесі. ## Оразаның парыз болу шарттары 1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы Ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады де» (Әнфәл, 8/38). 2. Балиғат жасыңда болуы және ақылесі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға Ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы нұқсанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқан адамға» (Бухари, Талақ, ІІ. Өбу Дәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың өмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кездей оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы Ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат - балаларды Оразаға баулу. Акыл-есі кемтар мен есінен танып қалған адамдар уақытша болса да оларға Ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, казасы өтелмейді. 3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға Ораза парыз емес. Бірақ Ораза ұстаса, Оразасы дұрыс. Ал Ораза ұстамаса, басқа күндері Оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім наукастанса, яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін». Кәрілік жасқа келіп, Ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға Ораза парыз емес. Сонымен катар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар Оразаорнына пидия береді. Олар Оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан аса жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, Ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын етей ді. ## Оразаның дұрыс орындалу шарттары 1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін Оразаның казасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, Ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу - абзал. 2. Ниет: Барлық Оразаға жүрекпен ниет ету - жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің Ораза екенін біліп, бұл айда Ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәресіге тұрса, бұл ісі Ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық Оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету - абзал. Рамазан Оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл - факихшілердің басым көпшілігінің пікірі. Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші -түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған Оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы, ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл Оразаның казасы және кәффәрат Оразасы мен жалпы атау (нәзір) Оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай Оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып, ниет етуі шарт. Ақшам уақытында шешім қабылдау мен сәресіге тұру да ниетке жатады. Екінші - түнде ниеттену мен анықтау шарт емес Оразалар: Бұған Рамазан Оразасы, уақыты белгіленген атау Оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл Оразалар жатады. Мұндай Оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай Оразаға ниет ететін адам екінші шанақтан бері ешнәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл Оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір күні Айшаға былай деді: «Бесінғе тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», - деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», - деді. Кісі түнде қандай да бір Оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетіненбас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді Оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, Оразасы дұрыс болып саналады. Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, Оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл Оразаға ниет етсе, ол Рамазан Оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Сол секілді бір Оразамен әрі кәффарат, әрі нәпіл Оразаға ниет етсе, Оразасы кәффарат ниеті үшін жарамды. Бірақ бір Оразамен әрі қазаға, әрі ант кәффаратына ниет етсе, екеуі де жарамсыз. Мұндай Ораза нәпіл Оразаға айналады. Бір әйел хайыз кезінде түнде Оразаға ниеттенсе, екінші шапақтың атуынан бұрын хайыз мерзімі аяқталса, Оразасы жарамды. Қапастағы жандар Рамазан айының келгенін біле алмай күмәнданса, өздерінің иштиһаттар - болжамдары бойынша, шешім қабылдап, бір ай Ораза ұстайды. Бұл - құбыла мен намаз уақытының анықталуына ұқсайды. Кейіннен Рамазан күнінен кем ұстаған болса, ұстамай қалған күндерінің қазасын өтейді. Егер Рамазаннан бұрын ұстаған болса, бұл тек нәпіл Оразаға жатады. ## Ораза ұстағандар үшін мұстахап нәрселер Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау - мұстахап. 1. Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіғе тұрыңдар. Өйткені сәренің тамағында берекет бар» (Бухари, Саум, 20). Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені Аллаһ сәресіде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді» (Ханбал, ІІІ, 44), - дейді. Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру де - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан жақсылықта»(Бухари, Саум, 45), - деген.2. Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда адамның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу - мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис куә. Сонымен катар ауызды құрма немесе сумен ашу - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.3. Ауыз ашарда мына дұғаны оқу - сүннет: Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә а'лайкә тәуәккәлту уә а'ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамалат нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уз мәә аххарту». Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің еткен және келешек күнәларымды кешір».4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктер мен кедейлерге қол ұшын беру - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген - Ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе келмейді (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажа, Сиям, 48.).5. Таң уақытты кірмей жүніптік, хайыз және нифастан тазалану: Мұндағы мақсат - Оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі түнде аяқталып, Оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі жуынбай Ораза ұстаса, Оразасы жарамды. 6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап байсалдылық танытуы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді ғана доғаруы Аллаһқа қажет емес» (Ханбал, VI, 34). Басқа бір хадисінде: «Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай табысы болмайды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай табыс таппайды» (ибн Мажа, Сиям, 21). Сонымен катар, Рамазанда «Мен оразамын» деу - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» десін» (Бухари, Саум, 2.). 7. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл ғибадаттармен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда Жебірейіл екеуі бір-біріне кезек-кезек Құран оқып, тыңдасатын» (Бухари, Бәдул-Уахи, 5).8. Рамазан айының ең соңғы он күнінде иғтиқафқа кіру - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын (Муслим, И'тиқад, 8). ## Мына жағдайдада бұзылған Оразаның қазасын ғана өтейді 1. Дәрет алып жатқанда немесе басқа себептермен тамаққа су кету.2. Ұйқыдағы адамға су ішкізу.3. Ауыр жұмыста жүрген кезде ауырып қалу немесе өзіне бір зиян тиюінен қорқыл Оразасын бұзуы.4. Ұмытыл бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру.5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниет еткен адамның бұған көңілі толмай ішіп-жеуі. 6. «Күн батты» деп жаңылысып, аузын ашса, бірақ күннің одан кейін батқанын білсе, Оразасын бұзғаны үшін, тек қана қазасын өтейді. Сәресіде тамақ ішіп отырған кезде таң уақыты кірсе дереу аузындағысын шығарса, Ораза бұзылмайды.7. Түнде Оразаға ниеттеніп, бірақ таң ертең жолға шығып, жолда Оразасын бұзатын болса.8. Түнде Ораза ұстауға ниеттенген жолаушының тұрғын болуға ниеттенғеннен кейінжеуі. Бір адам Рамазан айынан тыс біле тұра Оразасын ішіп-жеу, зайыбына жақындау арқылы бұзса, Рамазан айында болмағаны үшін тек қана қазасын өтейді. ## Әрі қаза, әрі кәффарат қажет еттірген жағдайлар Бұлар екіге бөлінеді:1. Ешқандай себепсіз азық немесе азықтық ерекшелігі бар барлық заттарды әдейі біліп жеу. Мысалы: әдейі жеу, ішу, темекі шегу. Бұлардың барлығы тамаққа кеткен кезде әрі қаза, әрі кәффарат керек. Бірақ азық ауызда езіліп, жұтылмайтын болса, дәмі де тамақтан өтпесе, Ораза бұзылмайды. Сонымен қатар біреуді ғайбаттағаны үшін қан алдырғаннан кейін немесе сүйіскеннен кейін Ораза бұзылды деп ойлап, әдейі жеу де кәффаратты қажететеді. Сол секілді аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту кәффаратты қажет еттіреді. Тұз жеу де осындай. Бұл жайлы Хазіреті Әлидің риуаят еткен мына хадисі дәлел: «Ораза кіргеннен ғана бұзылады, шыққаннан емес».2. Аузы берік жанның зайыбымен жақындасуы. Мұның дәлелі Рамазан күнінде әйелімен жакындасқан бір адам Пайғамбарымызға (с.а.у.) білдіреді. Пайғамбарымыз оған кәффарат үшін бір құл азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан үзбей Ораза ұстау керектіғін яки оған да күші жетпесеалпыс жоқ-жітікті тойдыру қажеттігін айтады. Екі ай Ораза ұстауға шамасы жеткен адам жоқ-жітіктерді тойдыру мүмкіндігін кәффарат жолына пайдалана алмайды. ## Сілтемелер * Оразаның түрлері * Оразаның уақыты мен Рамазан айының анықталу жолы * Рамазан айының анықталуы * Оразаны бұзбайтын жағдайлар * Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы * Кәффарат түрлері ## Дереккөздер
Дәрілік сасыршөп (лат. Peucedanum officinale) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыршөп туысына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 80 см-ге дейін жетеді. * Тамыры жуан, сабағының ұзын бойына созылған сайлары бар. Төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғары жағындағыларының сағақтары қысқалау. * Жапырақтары сопақша келген, 2 немесе 4 жіңішке бөліктерге бөлініп тілімделген. * Гүлдері ақшыл сары түсті, үлкен гүл шоғырлы, шілде-тамыз айларында гүлдейді. ## Табиғатта таралуы Республикамыздың оңтүстік және шығыс облыстарының далалы аймақтарында, тау етектерінде, шағынды жерлерде, орман шеттерінде өседі. Қазақстанда бұл өсімдіктің моррисон деп аталатын түрі өседі. Оның сабағының биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді.Тамыры жуан және ірі болады. ## Химиялық құрамы Өсімдік тамырының құрамында пеуцеданин деген зат, синигрин деген глюкозид бар. ## Қолданылуы Дәрілік шикізат ретінде сасыр шөп тамырын күзде және көктемде қазып алып, суық сумен жуады да, жел қақтырып кептіреді. Мал дәрігерлігі практикасында өсімдік тұнбасымен тері қышымасын, тері тканьдерінің бұзылған тұсын емдейді. Тұнба жасау үшін өсімдік тамырының 100 грамм ұнтағы бір литр суға салынып, 5 – 6 минут қайнатыладыда сүзіледі. Дайын тұнбамен тері қышымасын жуып емдейді. Құрамында пеуцеданин деген зат бар. Одан жасалған дәрілер денедегі терінің дөңгелек-дөңгелек болып ағарып кеткен жерлерін емдеу үшін қолданылады. Халық медицинасында қабынуға қарсы әсер ететін, денедегі ауырған жерлерді тыныштандыратын және қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзде немесе көктемде жинап алады. ## Дереккөздер
Дәрілік сарыбасқурай (лат. Sisymbrium officinale) - орамжапырақ тұқымдасы сарыбасқурай туысына жататын, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. * Қолға қатты тиетін түктері бар, бұтақтары көп. * Жапырақтары біркелкі емес, тілімделген, шеттерінде әр түрлі ойықтары бар. Сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы. * Гүлдері сары түсті, майда, ұзынша масақ тәрізденіп сабақтың ұш жағында шоғырланып т ұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл тәжі жапырақшалары да төрт-төрттен. * Жемісі сопақша, ұшы біз тәрізді үшкір. Ерте көктемнен жаз айларына дейін гүлдейді. ## Өсетін жері Тұрғын үйлердің маңайында, жолдардың жиектерінде, бос жатқан жерлерде, егістіктердің араларында өсе береді. ## Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы Құрамында эфир майлары, С дәрумені бар. Дәрі жасау үшін дәрілік сарыбасқурайдың жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде пайдаланады. Өсімдікті көбінесе құрқұлақ ауруына қарсы және несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Дизентерияны емдеу үшін және іріңді жараларға да пайдаланылады. ## Дереккөздер
### Қазақстанда шығарылған мал тұқымдары ## Қазақ жылқысы Салт міну, жүк тасу, ет пен қымыз алу үшін өсірілетін жергілікті тұқым. Ауа райының қолайсыз жағдайына төзімді, жем-шөп талғамайтын, үнемі далада тебіндеп жайылатын мал. Басы үлкен, кең сағақты, мойыны жуандау, етті, тұрқы ұзын, кеудесі кең, жоны жалпақ, сауырлы, аяқтары өте мықты, сүйекті, жал-құйрығы қалың əрі ұзын, денесі тығыз, етті келеді. Күзде тез семіреді. Қазақ жылқысының торы, жирен, сонымен қатар қара, құла, сұр, көк түстілері де жиі кездеседі. Қазақ жылқысы ұшқыр жүйрік болмағанымен, алыс жолға өте шыдамды. Олар тəулігіне 300 шақырымдай жол жүре алады, ал 100 шақырымды 4 сағаттай уақытта шауып өтеді. Түрікмен , моңғол , солтүстік аймақтардың орман жылқыларымен будандастыру нəтижесінде «Қазақ жылқысы» тұқымының бірнеше тармақтары алынған. ## Жабы жылқысы Жaбының денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ, сауырлы; құйрық-жалы қалың əрі ұзын; денесі тығыз əрі етті келеді. Əдетте, жабылар торы немесе жирен, сұр көк түсті болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Олар Қазақстанның оңтүстік-батыс жəне оңтүстік-шығыс өңірлерінде өсіріледі. ## Адай жылқысы Бойы биік, мойны ұзындау, шоқтығы биік, арқасы түзу, сауыры ұзын əрі солыңқы, аяғы жуан (бірақ етсіз) болады. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүреді, күтім талғамайды. Адай жылқысы Қазақстанның Атырау облысында өсіріледі. ## Көшім жылқысы Ет-сүт бағытындағы, мініп-жегуге арналған жылқы тұқымы. Көшім жылқысы қазақ жылқысын орлов, орыс желісті жəне таза қанды салт мініс дон жылқысы айғырларымен шағылыстырып, олардың буданын «өзара» сұрыптау арқылы Батыс Қазақстанның жылқы зауыттарында шығарылған. Бұлар қазақ жылқысынан едəуір ірі, бітімі шымыр, басы үлкен, мойыны тым ұзын емес, шоқтығы биік, əдемі, кеудесі кең, қабырғасы шеңберленіп біткен, жаялы, белді (кейде қайқы бел келетіндері де бар), сүйегі берік, жұмысқа төзімді, тебіндетіп бағуға жақсы бейімделген. Түсі қоңыр, торы, жирен жəне күрең болып келеді. Биелері сүтті болады. ## Қостанай жылқысы Қазақстанның Қостанай , Майкөл жəне Ресейдің Троицк жылқы зауыттарында қазақ жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин, ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының айғырларымен будандастыру нəтижесінде шығарылған тұқым. Жеке қолтұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Олар негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа бөлінеді. Қостанай жылқысының бітімі дала жылқысына тəн шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған; аяғы сіңірлі, тұяғы берік; мініске де, жегіске де төзімді; түсі, көбінесе, жирен кейде торы, құла, қара болып келеді. Қостанай жылқысы Қостанай , Павлодар , Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. ## Ақбас сиыры Сиырдың етті тұқымы. Қазақ жəне қалмақ сиырларын герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932 – 50 жылдары Қазақстан мен Ресейде шығарылған. Бұл тұқым республиканың далалы жəне шөлейт аудандарының табиғи жағдайына бейімделген. Түсі қызыл, басы мен құйрығының ұшы, əукесі, бауыры мен сирағы ақ болады. Етті малға тəн белгілері өте айқын, тез жетіледі. Кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Сақа бұқасы орта есеппен 800 – 900 кг, сиыры 450 – 500 кг тартады. ## Алатау сиыры Сүтті, етті сиыр тұқымы. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті сиырын швиц жəне кострома сиырымен будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа қолтұқым ретінде 1950 жылы мойындалды. Алатау сиырының түсі, негізінен, қоңыр, ал дене құрылысы швиц сиырына ұқсас болады, басы үлкен, мойыны жалпақ, етті, арқасы мен белі түзу, кеудесі кең, сандары білеуленген, сирақтары ұзын, түзу, тұяқтары мықты келеді. Орта есеппен жылына 2800 – 3500 кг сүт береді. Алатау сиыры Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында өсіріледі. ## Əулиеата сиыры Сиырдың сүтті тұқымы. Қазақстандағы жергілікті сиырды голланд бұқасымен будандастыру арқылы алынған. 1952 жылдан жеке сиыр қолтұқымы болып саналады. Түсі қара немесе қара ала болып келеді, кейде қара құлақты, қара төбел ақ сиырлар да кездеседі. Əулиеата сиыры жергілікті жердің ауа райына тез бейімделеді. Тұрқы шымыр, ұзын жіңішке мойынды, кеудесі шығыңқы, етсіз келеді. Əрбір сауын сиыр жылына орта есеппен 3500 – 4000 кг шамасында сүт береді. Əулиеата сиыры Түркістан облысының шаруашылықтарында өсіріледі. ## Əулиекөл сиыры Сиырдың етті тұқымы. Ол қазақтың ақбас сиыры тұқымын абердин-ангус жəне шароле тұқымдарымен будандастыру жолымен алынған. Əулиекөл сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделгіш келеді. Қыста жүні қалың өседі, қатал ауа райына көнбіс болады. Түсі – ақшыл сұр. Қазақстанның солтүстік аудандарында өсіріледі. ## Қылшық жүнді құйрықты қойы (шүлен) Ет-май өндіру бағытында шығарылған ежелгі қой тұқымы. Дене пішіні бір-біріне ұқсас, тек өнімділігіне жəне өсірілетін өңіріне қарай бөлінетін 22 тармағы белгілі. Дене бітіміне байланысты 3 топқа бөлінеді. Iрілеріне: еділбай, қостанай, терісаққан, ырғыз-шалқар, бағаналы, бесата, т.б.; орташаларына: торғай, сарысу, шу, қарқаралы, т.б.; ұсақтарына: мерке, жетісу, ертіс, түрікмен-шымкент, т.б. тармақтары жатады. Бұл тармақтардың ішіндегі дене бітімі мығым, ет-жүн түсімі жоғары, түбіті қалыңырағы – еділбай қойы. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы түзу не сəл дөңестеу, мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы, сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты тұқым. Бұлардың түсі, көбінесе, қоңыр, қызғылт сары, көк жəне қара болады. Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. ## Еділбай қойы Ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. ХІХ ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ жəне шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе, қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе, Батыс Қазақстан , Қарағанды облыстарында өсіріледі. ## Ұяң жүнді құйрықты қойы Ет, май, жүн бағытындағы қой тұқымы. Еділбай қойы қошқарымен жақсартылған қазақтың қылшық жүнді жергілікті құйрық-ты қой саулықтарын сараджа, дегерес етті-жүнді жəне тəжік қойы қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы 1994 жылы шығарылған. Шөл, шөлейт жəне құрғақ дала аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген, жыл бойы дерлік жайылымда бағылады. Түсі, көбінесе, қоңыр, қызғылт сары, ішінара көк, сұр, ақ түстілері де кездеседі. Бітімі шымыр, сүйегі мықты, тұлғасы орташадан жоғары, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен, жүні ұяң, ақ жəне ақшыл түсті келеді. Қойдың бұл қолтұқымы Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан жəне Алматы облысы шаруашылықтарында өсіріледі. ## Арқар-мериносы Биязы жүнді қой тұқымы. 1934 – 50 жылдары биязы жүнді жаңа кавказдық типтегі рамбулье жəне прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нəтижесінде алынды. Бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарында бағуға өте ыңғайлы. Кейінірек жүн сапасын одан əрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне Аустралия мериностарының қаны құйылды. ## Оңтүстік меринос Жүн, ет өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. Еліміздің оңтүстік өңірлерінің шөл, шөлейт жəне таулы аймақтарының құбылмалы табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Бұл тұқымды 1932 – 66 жылдары Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты шығарды. Ол жергілікті қылшық жүнді құйрықты қойларды кавказ, алтай, ставрополь, грозный жəне кеңес мериносы қой тұқымдарымен күрделі будандастыру нəтижесінде алынған. Кейінгі кезде жүн өнімділігінің сапасы мен түсімін арттыру мақсатында алынған қой тұқымы аустралия мериностарымен будандастырылды. Қой тұқымы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі. ## Биязы жүнді қой Ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 1931 – 46 жылдары жергілікті қазақтың құйрықты саулықтарын прекос жəне «америка рамбульесі» қошқарларымен будандастыру нəтижесінде алынған. Кейіннен жүн сапасын жақсарту мақсатында аскания, алтай, грозный, аустралия мериностары жəне полварс тұқымдарының қошқарларымен кіріспе будандастырып, етті-жүнді бағытта алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы жəне шөлейтті аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген ## Биязылау ұзын жүнді қой Ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. Бұл тұқымды 1962 – 94 жылдары Тəжірибелік биология институтының ғалымдары жергілікті қойлардың 5 тұқымын будандастыру арқылы шығарған. Алғашқы үлгі ретінде қазақы биязы жүнді қой тұқымдарының саулығын шетелдік етті, ұзын жүнді линкольн, ром-ни-марш, бордер-лейстер жəне тяньшань қой тұқымдарының қошқарларымен будандастырды. Бұдан алынған күрделі будандар əрі қарай «өз-өзімен» өсіру арқылы көбейтілді. Қойдың дене бітімі мықты, қошқарлары, көбінесе, мүйізсіз келеді. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 ## Қазақстанда шығарылған мал тұқымдары ## Қазақ жылқысы Салт міну, жүк тасу, ет пен қымыз алу үшін өсірілетін жергілікті тұқым. Ауа райының қолайсыз жағдайына төзімді, жем-шөп талғамайтын, үнемі далада тебіндеп жайылатын мал. Басы үлкен, кең сағақты, мойыны жуандау, етті, тұрқы ұзын, кеудесі кең, жоны жалпақ, сауырлы, аяқтары өте мықты, сүйекті, жал-құйрығы қалың əрі ұзын, денесі тығыз, етті келеді. Күзде тез семіреді. Қазақ жылқысының торы, жирен, сонымен қатар қара, құла, сұр, көк түстілері де жиі кездеседі. Қазақ жылқысы ұшқыр жүйрік болмағанымен, алыс жолға өте шыдамды. Олар тəулігіне 300 шақырымдай жол жүре алады, ал 100 шақырымды 4 сағаттай уақытта шауып өтеді. Түрікмен , моңғол , солтүстік аймақтардың орман жылқыларымен будандастыру нəтижесінде «Қазақ жылқысы» тұқымының бірнеше тармақтары алынған. ## Жабы жылқысы Жaбының денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ, сауырлы; құйрық-жалы қалың əрі ұзын; денесі тығыз əрі етті келеді. Əдетте, жабылар торы немесе жирен, сұр көк түсті болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Олар Қазақстанның оңтүстік-батыс жəне оңтүстік-шығыс өңірлерінде өсіріледі. ## Адай жылқысы Бойы биік, мойны ұзындау, шоқтығы биік, арқасы түзу, сауыры ұзын əрі солыңқы, аяғы жуан (бірақ етсіз) болады. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүреді, күтім талғамайды. Адай жылқысы Қазақстанның Атырау облысында өсіріледі. ## Көшім жылқысы Ет-сүт бағытындағы, мініп-жегуге арналған жылқы тұқымы. Көшім жылқысы қазақ жылқысын орлов, орыс желісті жəне таза қанды салт мініс дон жылқысы айғырларымен шағылыстырып, олардың буданын «өзара» сұрыптау арқылы Батыс Қазақстанның жылқы зауыттарында шығарылған. Бұлар қазақ жылқысынан едəуір ірі, бітімі шымыр, басы үлкен, мойыны тым ұзын емес, шоқтығы биік, əдемі, кеудесі кең, қабырғасы шеңберленіп біткен, жаялы, белді (кейде қайқы бел келетіндері де бар), сүйегі берік, жұмысқа төзімді, тебіндетіп бағуға жақсы бейімделген. Түсі қоңыр, торы, жирен жəне күрең болып келеді. Биелері сүтті болады. ## Қостанай жылқысы Қазақстанның Қостанай , Майкөл жəне Ресейдің Троицк жылқы зауыттарында қазақ жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин, ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының айғырларымен будандастыру нəтижесінде шығарылған тұқым. Жеке қолтұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Олар негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа бөлінеді. Қостанай жылқысының бітімі дала жылқысына тəн шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған; аяғы сіңірлі, тұяғы берік; мініске де, жегіске де төзімді; түсі, көбінесе, жирен кейде торы, құла, қара болып келеді. Қостанай жылқысы Қостанай , Павлодар , Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. ## Ақбас сиыры Сиырдың етті тұқымы. Қазақ жəне қалмақ сиырларын герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932 – 50 жылдары Қазақстан мен Ресейде шығарылған. Бұл тұқым республиканың далалы жəне шөлейт аудандарының табиғи жағдайына бейімделген. Түсі қызыл, басы мен құйрығының ұшы, əукесі, бауыры мен сирағы ақ болады. Етті малға тəн белгілері өте айқын, тез жетіледі. Кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Сақа бұқасы орта есеппен 800 – 900 кг, сиыры 450 – 500 кг тартады. ## Алатау сиыры Сүтті, етті сиыр тұқымы. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті сиырын швиц жəне кострома сиырымен будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа қолтұқым ретінде 1950 жылы мойындалды. Алатау сиырының түсі, негізінен, қоңыр, ал дене құрылысы швиц сиырына ұқсас болады, басы үлкен, мойыны жалпақ, етті, арқасы мен белі түзу, кеудесі кең, сандары білеуленген, сирақтары ұзын, түзу, тұяқтары мықты келеді. Орта есеппен жылына 2800 – 3500 кг сүт береді. Алатау сиыры Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында өсіріледі. ## Əулиеата сиыры Сиырдың сүтті тұқымы. Қазақстандағы жергілікті сиырды голланд бұқасымен будандастыру арқылы алынған. 1952 жылдан жеке сиыр қолтұқымы болып саналады. Түсі қара немесе қара ала болып келеді, кейде қара құлақты, қара төбел ақ сиырлар да кездеседі. Əулиеата сиыры жергілікті жердің ауа райына тез бейімделеді. Тұрқы шымыр, ұзын жіңішке мойынды, кеудесі шығыңқы, етсіз келеді. Əрбір сауын сиыр жылына орта есеппен 3500 – 4000 кг шамасында сүт береді. Əулиеата сиыры Түркістан облысының шаруашылықтарында өсіріледі. ## Əулиекөл сиыры Сиырдың етті тұқымы. Ол қазақтың ақбас сиыры тұқымын абердин-ангус жəне шароле тұқымдарымен будандастыру жолымен алынған. Əулиекөл сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделгіш келеді. Қыста жүні қалың өседі, қатал ауа райына көнбіс болады. Түсі – ақшыл сұр. Қазақстанның солтүстік аудандарында өсіріледі. ## Қылшық жүнді құйрықты қойы (шүлен) Ет-май өндіру бағытында шығарылған ежелгі қой тұқымы. Дене пішіні бір-біріне ұқсас, тек өнімділігіне жəне өсірілетін өңіріне қарай бөлінетін 22 тармағы белгілі. Дене бітіміне байланысты 3 топқа бөлінеді. Iрілеріне: еділбай, қостанай, терісаққан, ырғыз-шалқар, бағаналы, бесата, т.б.; орташаларына: торғай, сарысу, шу, қарқаралы, т.б.; ұсақтарына: мерке, жетісу, ертіс, түрікмен-шымкент, т.б. тармақтары жатады. Бұл тармақтардың ішіндегі дене бітімі мығым, ет-жүн түсімі жоғары, түбіті қалыңырағы – еділбай қойы. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы түзу не сəл дөңестеу, мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы, сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты тұқым. Бұлардың түсі, көбінесе, қоңыр, қызғылт сары, көк жəне қара болады. Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. ## Еділбай қойы Ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. ХІХ ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ жəне шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе, қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе, Батыс Қазақстан , Қарағанды облыстарында өсіріледі. ## Ұяң жүнді құйрықты қойы Ет, май, жүн бағытындағы қой тұқымы. Еділбай қойы қошқарымен жақсартылған қазақтың қылшық жүнді жергілікті құйрық-ты қой саулықтарын сараджа, дегерес етті-жүнді жəне тəжік қойы қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы 1994 жылы шығарылған. Шөл, шөлейт жəне құрғақ дала аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген, жыл бойы дерлік жайылымда бағылады. Түсі, көбінесе, қоңыр, қызғылт сары, ішінара көк, сұр, ақ түстілері де кездеседі. Бітімі шымыр, сүйегі мықты, тұлғасы орташадан жоғары, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен, жүні ұяң, ақ жəне ақшыл түсті келеді. Қойдың бұл қолтұқымы Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан жəне Алматы облысы шаруашылықтарында өсіріледі. ## Арқар-мериносы Биязы жүнді қой тұқымы. 1934 – 50 жылдары биязы жүнді жаңа кавказдық типтегі рамбулье жəне прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нəтижесінде алынды. Бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарында бағуға өте ыңғайлы. Кейінірек жүн сапасын одан əрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне Аустралия мериностарының қаны құйылды. ## Оңтүстік меринос Жүн, ет өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. Еліміздің оңтүстік өңірлерінің шөл, шөлейт жəне таулы аймақтарының құбылмалы табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Бұл тұқымды 1932 – 66 жылдары Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты шығарды. Ол жергілікті қылшық жүнді құйрықты қойларды кавказ, алтай, ставрополь, грозный жəне кеңес мериносы қой тұқымдарымен күрделі будандастыру нəтижесінде алынған. Кейінгі кезде жүн өнімділігінің сапасы мен түсімін арттыру мақсатында алынған қой тұқымы аустралия мериностарымен будандастырылды. Қой тұқымы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі. ## Биязы жүнді қой Ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 1931 – 46 жылдары жергілікті қазақтың құйрықты саулықтарын прекос жəне «америка рамбульесі» қошқарларымен будандастыру нəтижесінде алынған. Кейіннен жүн сапасын жақсарту мақсатында аскания, алтай, грозный, аустралия мериностары жəне полварс тұқымдарының қошқарларымен кіріспе будандастырып, етті-жүнді бағытта алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы жəне шөлейтті аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген ## Биязылау ұзын жүнді қой Ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. Бұл тұқымды 1962 – 94 жылдары Тəжірибелік биология институтының ғалымдары жергілікті қойлардың 5 тұқымын будандастыру арқылы шығарған. Алғашқы үлгі ретінде қазақы биязы жүнді қой тұқымдарының саулығын шетелдік етті, ұзын жүнді линкольн, ром-ни-марш, бордер-лейстер жəне тяньшань қой тұқымдарының қошқарларымен будандастырды. Бұдан алынған күрделі будандар əрі қарай «өз-өзімен» өсіру арқылы көбейтілді. Қойдың дене бітімі мықты, қошқарлары, көбінесе, мүйізсіз келеді. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4
Артериола (қызылтамырша); (көне грекше: arteriola; көне грекше: аrt — ауа; көне грекше: terein — ішіндегі) — арнасының орташа диаметрі 50-100 мкм, етті артериялар мен капиллярларды (қылтамырларды) жалғастырып тұрған етті артерияның майда тарамы, организмдегі микроайналым арнасының жіңішке келген бастама қан тамыры. Артериоланың қабырғасы, түтікше мүше ретінде, үш қабық тан: ішкі — интимадан, ортаңғы — медиадан және сыртқы — адвентиция қабық тарынан тұрады. Интима өз кезегінде ішкі — эндотелий жөне сыртқы — эндотелийасты қабаттарынан, медиа — 1 не 2 қабат бірыңғай салалы ет ұлпасы мио циттерінен қуралған. Миоциттер аралықтарында аздаған эластин талшықтары болады. Адвентиция қабығы талшықты борпыддақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Артериола қабырғасы қабық тарының шекараларында етті артерия қабырғасына тән ішкі эластинді жарғақ (мембрана) пен сыртқы эластинді жарғақ болмайды. ## Дереккөздер
Хисса дәстүрі – түркі тілдес халықтарға араб әдебиеті арқылы келгенеркін махаббатты, ізгілікті, адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалыпоэтикалық шығармалар жалғастығы.. ## Дереккөздер
Баяти әз. Bayatı – әзірбайжан, түркі халық поэзиясының лирикалық жанры. Өлшемі – жеті буынды, шумағы төрттармақты болады, бірінші, екінші және үшінші тармақ өзара ұқсайды, төртіншісі бос қалады. Ашуғтар тар, кеманчи саз аспаптарының сүйемелдеуімен орындайды.. ## Дереккөздер
Назым– түркі классикалық поэзиясына қатысты, парсы әдебиетінің ықпалымен қалыптасқан ұғым. Жыр, өлең деген мағынаны береді. Шығыс поэзиясында өлеңмен жазылған шығарманы «назым» дейді. Бұл сөзді осы мәнінде қазақ ақындары да қолданған.. ## Дереккөздер
Мувашшах (араб.: موشّح‎ - белделеу, қоршау) – арабтың ортағасырдағы поэзиясының жанры қасыдаға ұқсас, көбіне әйелге арналатын мазақ өлең. Музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен әнмен айтылады. Мувашшах жанрын ойлап тапқан Испанияда өмір сүрген Мукаддам ибн Муафа (9 ғасыр вяғы мен 10 ғасыр басы). Мувашшах 4-тен 10-ға дейін шумақтан тұрады. Алғашқы екі бейіт өзара ұқсайды, осы ұқасты ең соңғы бәйіт қайталайды. Мувашшах кейін өзгеріп, ғазалға ұқсас, бірыңғай ұйқасы бар өлең үлгісіне айналды, Түркі тілдес халықтар поэзиясында ұшырасады, өзбекте, ұйғырда бар. Мәселен, ұйғыр ақыны Литфулла Муталлиптің бірнеше мувшағы бар.. ## Дереккөздер
Ашиль Эмана Эдзимби (фр. Achille Emana Edzimbi; 5 маусым 1982жыл, Яунде, Камерун), Эмана атымен де әйгілі (фр. Emana) — Камерун елінің футболшысы, «Крус Асуль» клубы мен Камерунның ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. Шабуыл жасайтын жартылай қорғаушы ретінде ойнайды. ## Өмірбаяны ### Клубтардағы мансабы «Бабимби Дуала» клубында ойнауды бастаған. 1999 жылы «Валенсияның» екінші командасына шақырылды.2000 жылғы 1 қаңтарында «Тулуза» клубының ойыншысы болды. 2000/2001 жылдарындағы маусымның аяғында каржылық мәселелері үшін клуб ең үздік лигадан 3-ші лигаға кірді. 2001/2002 жылдарындағы маусым Эмана әрдайым клубтың басты құрамында болды. Маусым аяқталғаннан кейін клуб 3-ші лигадан 2-ші лигаға кірді. 2003 жылы Эмана 2-ші лиганың жеңімпазы болып атанды. 2003 жылдан бастап «Тулуза» әрдайым Францияның үздік лиганың ішінде ойнайды. Эмананың ең жоғары жетістігі 2006/2007 жылдарында өткен маусымда болды. Ол 36 ойын ойнап, 8 гол тықты. Ол осы голдарымен клубына қола кубок алуға көмектесті. ### Реал Бетис 2008 жылы маусымда «Реал Бетис» Эмананы 7,5 миллион евроға сатып алды. Ол «Реал Бетис» командасындағы бірінші матчты 31 тамызда «Рекреативо» қарсы өткізді. Бірінші голын 19 қазанда «Мальорка» командасына қарсы тықты. Сол сезонда Эмана 2 дубль жасады. Осы дубльдер «Расинг» пен «Спортинг» командаларына қарсы болды. ## Дереккөздер
Босаға — үй есігінің екі жақтауы. Киіз үйдің де, басқа үйлердің де босағалары бұрын ағаштан жасалып, қолдан құрастырылған. Қазіргі кезде Босаға есікпен бірге зауытта ағаштан, металдан, темір-бетоннан әзірленеді. Қазақтар Босағаны қасиетті санаған. “Босағаны керме” (немесе Босағаға керілме) деген тыйым осыдан туған. Сондай-ақ, Босаға майлау ырымы да бар. Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды болсын деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа түскен келінге босаға аттаттырып, сәлем еткізіп, үлкендер бата берген;Табалдырық * Есiктiң маңдайшасына қаpама-қаpсы, төменгi жағында еденге тиiп тұpатын екi босаға аpасындағы көлденең ағаш. Есiктiң ~ғы.[Сіздің түсінігіңіз...] * Есіктің маңдайшасына қарама-қарсы, төменгі жағында еденге тиіп тұратын екі босаға арасындағы көлденең ағаш. Есіктің ~ғы. Табалдырық—Маңдайшаның жердегі көшірмесі. Тек қана табалдырықты көп сәндемейді, бір түсті бояюмен сырлайды. Табалдырық пен маңдайшаға кереге тіреліп, жалпақ сәнді құрлармен бекітіледі. Шаңырақ секілді, табалдырық та киіз үйдің ерекше қасиетті заты саналады. Табалдырықты баспайды, табалдырыққа отырмайды. Табалдырыққа сүрінгенді жақсы ырымға жатқызады.Маңдайша - екі босаға тақтай үстінде жатқан және біріктіруші конструкция ретіндегі тақтай. Жарма бет - сықырлауықтың ашылып жабылып тұратын есік тақтайшасы ## Тағы қараңыз Сықырлауық ## Әдебиеттер * "Ұлттық дүниетаным" "Өнер" баспаханасы * Қазақ тілінің сөздіктер кешені http://lugat.kz/ Мұрағатталған 13 шілденің 2015 жылы.
Кереге қоспасы — Қоспа көбіне төрт, бес қанатты үйлерді аз да болса кеңіту мақсатында, екі кереге ортасына жалғанатын, ені шаңырақтың бір өлшеміне тең қосымша. ## Дереккөздер
Азат – керегенің әрбір екі көзінен кейін қалдырылатын, кҿк өткізілмейтін, тесік тесілмеген көзін азат деп атайды. ## Дереккөздер
Азат бас – керегенің артық жеке тұрған сыңар басы. ## Дереккөздер
Ақбоз үй – бозғылт киізбен жапқан киіз үй. ## Дереккөздер
Ақ ала орда – ақ киізді, әр түрлі түсті матамен оюлаған орда, киіз үй. ## Дереккөздер
Ақ отау – кіші-гірім ақ үй. ## Дереккөздер
Ақ сырмақ – тұтас ақ киіздің бетіне оюлап отырып ақ жиек басқан таза сырмақ. ## Дереккөздер
Арқау - өрмектің үстіңгі жібі мен астыңғы жібінің арасына көлденең түсіп тоқылатын негізгі жіп. ## Дереккөздер
Арпабас – қазақтың кесте өрнегінің бір түрінің атауы. ## Дереккөздер
Ақтақыр – екi қанатты, екi үзiкпен жабылатын киiз үйдiң шағын түрi. Қазақстанның солтүстiк-батысында малшылардың уақытша баспанасы ретiнде пайдаланылған. ## Дереккөздер
Аран – киіз үй жасаушылардың ағаш сақтайтын қоймасы; дүкен. Аран сөзінің негізгі мағынасы – ор, зындан. ## Дереккөздер
Бау-басқұр – киiз үйдiң арқандары мен жiптерi, баулары мен құрлары. ## Дереккөздер
Бау - киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ, ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау - қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау - киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау - түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл — көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі - жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау. Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау - үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Бау– үй жабдықтарын бекiту үшiн пайдаланылатын жiптен ширатылған, ызылған, тоқылған бау. * Аяқ бау – керегенiң аяқ жағына тағылатын бау. * Бас бау – киiз үй туырлығы мен үзiгiнiң үстiңгi жағына тағылатын бау. * Жел бау – дауылды желге қарсы сақтықпен байлап қоятын баулар. * Уық бау – уыққа тағылатын бау. * Кереге бау – керегенiң басына да(сол жақ басынан) аяғына да (орта тұсынан) баулар не құрлар тағылады. * Шет бау – текемет, сырмақ секiлдi үй жиһаздарын iлу үшiн шетiне тағылатын жiп баулар. ## Дереккөздер
Бау - киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ, ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау - қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау - киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау - түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл — көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі - жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау. Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау - үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Бау– үй жабдықтарын бекiту үшiн пайдаланылатын жiптен ширатылған, ызылған, тоқылған бау. * Аяқ бау – керегенiң аяқ жағына тағылатын бау. * Бас бау – киiз үй туырлығы мен үзiгiнiң үстiңгi жағына тағылатын бау. * Жел бау – дауылды желге қарсы сақтықпен байлап қоятын баулар. * Уық бау – уыққа тағылатын бау. * Кереге бау – керегенiң басына да(сол жақ басынан) аяғына да (орта тұсынан) баулар не құрлар тағылады. * Шет бау – текемет, сырмақ секiлдi үй жиһаздарын iлу үшiн шетiне тағылатын жiп баулар. ## Дереккөздер
Бау - киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ, ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау - қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау - киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау - түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл — көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі - жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау. Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау - үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Бау– үй жабдықтарын бекiту үшiн пайдаланылатын жiптен ширатылған, ызылған, тоқылған бау. * Аяқ бау – керегенiң аяқ жағына тағылатын бау. * Бас бау – киiз үй туырлығы мен үзiгiнiң үстiңгi жағына тағылатын бау. * Жел бау – дауылды желге қарсы сақтықпен байлап қоятын баулар. * Уық бау – уыққа тағылатын бау. * Кереге бау – керегенiң басына да(сол жақ басынан) аяғына да (орта тұсынан) баулар не құрлар тағылады. * Шет бау – текемет, сырмақ секiлдi үй жиһаздарын iлу үшiн шетiне тағылатын жiп баулар. ## Дереккөздер
Белдеу арқан - киіз үйдің туырлығын керегеге жабыстыра белінен орап байлауға қолданылатын арқан. Көбінесе киіз үйге қос белдеу арқан ұстайды. Белдеу арқан киіз жабындарын берік ұстап, ағаш қаңқаны сүйемелдеп, желге қарсы тұруды қамтамасыз етеді. Киіз үй қанатының жоғарғы жағын ала тартылған арқанды үстіңгі белдеу арқан, ал туырлықтардың етек жағын бастыра тартылған арқанды астыңғы белдеу арқан дейді. Шағын киіз үйдің және қосалқы үй қанатының ортан белінен бір ғана белдеу арқан байланады. Белдеу арқан қыл қосылған жүннен есіліп жасалады. Ауқатты қазақтар кестеленген, оюланған, қосымша сән беретін бауларды да қолданған. Белдеу арқанды киіз үй есігінің екі жақтауынан арнайы қалдырылған тесіктен киіз үйдің ішкі жағына қарай енгізіп, керегенің көзінен орай шалып, ұшын құрмен байлайды. Арқан ұзындығына, киіз үй қанатының уығының санына, үйдің үлкен-кішілігіне шақталып жасалады. Байырғы ортада атын белдеу арқанға байлау үрдісі де болған. Үйдің сырт жағындагы белдеуге байланған ат біреуді жазым ететін болса, үйдің сырт белдеуінде байланып тұрған атты байқамай қасына барғаны үшін жартылай құн төлеткен. Ал киіз үйдің алдыңғы жағындағы белдеуге байланған ат біреуді жазым ететін болса, ат иесі толық құн төлейді. Ауызша әдеби деректерде ертеде жауласқан жақтар қарсыласының үйінің белдеуін кесіп, туырлығын тіліп өш алғандығы айтылады. Дауыл тұрып, жел қатты болып үй төңкерілуге айналған кезде қатты шағылып бүлінбеуі үшін белдеу арқанды шешіп, шешуге шамасы жетпесе қиып жібереді. ## Дереккөздер
Білектеу – тепкіден шыққан киізді ширату үшін ыстық су құйып отырып білекпен жентектеу. ## Дереккөздер