text
stringlengths
3
252k
Метеорит жасаған ең үлкен ойық - АҚШ-тың Аризона штатындағы Метеор кратері. Оның диаметрі 1700 м-ден астам және тереңдігі 200м. Атмосфера арқылы өтіп, жерге соғылу үшін метеорлар айтарлықтай үлкен. Метеордан қалған куйген тас метеорит деп аталады. ## Дереккөздер
Бақытжан Ертайұлы Ертаев (25.07.1952 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) - қазақ, әскери қайраткер, генерал-лейтенант. (1998), Халық қаһарманы (2008). Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Мәскеу Әскери академиясын (1985), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның 4 айлық курсын бітірген. 1969-70 жылы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищеде курсант болып бастап, ол оқу орны Алматыға көшірілгеннен кейін сондағы жоғары жалпыәскери командалық училищесін 1973 жылы бітірді. 1980 жылға дейін Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводы, рота командирі, 1980-82 жылы Түркістан ЭО (Кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент жеке мотоатқыштар бригадасы мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар полкі батальонының командирі, одан кейін М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы (1982- 85), Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотополк командирінің орынбасары, Батыс әскери тобы полк командирі міндеттерін атқарды (1985-92), ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрамындағы әскери оқу орындары және шақыруға дейінгі даярлық бөлімшесінің бастығы, мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия командирі (1992-96), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның тыңдаушысы болып жүргенде ҚР Президентінің шешімімен кері шақырылып, армия корпусының командирі болып тағайындалды (1976-97), ҚР Қорғаныс министрінің 1 орынбасары -ҚР ҚК Бас штабының бастығы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының 1 орынбасары (1997— 2000), Шығыс ЭО әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Әскери академиясының бастығы (2000-02), ТМД қатысушы-мемлекеттер әскери ынтымақтастығын реттеу бойынша ҚР ҚК-нің өкілі (2002-03), ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының әскери дайындық бойынша орынбасары, әскери дайындық бас басқармасының бастығы, әскери дайындықты ұйымдастыру және бақылау Бас инспекциясының Бас-инспекторы (2002-08), ҚР ҚМ ШБК төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ ШБК Бас инспекциясының бастығы (2008- 11). Қазір ҚР ҚМ және Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы. ҚР «Халық Қаһарманы» мен Алтын Жұлдыз белгісі, Отан орденінің иегері және Қызыл Жұлдыз ордені, «Үздік жауынгерлік қызметі үшін», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», т.б. медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Бердіоңғар Тәңірберген Маратұлы - 1976 жылы Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық заңгер. 1994-1995 жж. – «31-канал» ТРК-ның журналисі; 1995-1997 жж. – «31-канал» ТРК-ның жастар бағдарламалары редакциясының басшысы; 1997-1999 жж. - «X television» ЖШС-нің бас директоры; 1999-2000 жж. – «Отан» РСП төрағасының жастар саясаты мәселесі жөніндегі кеңесшісі; 2000-2004 жж. – «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық кеңес төрағасының бірінші орынбасары, «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық штабының басшысы; 2004-2007 жж. – үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі; 2005-2008 жж. – «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жастар Парламентінің спикері; 2007-2011 жж. – төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Парламентіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы Әлеуметтік кеңесінің ғылым, білім, мәдениет және жастар саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының теңтөрағасы; 2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі. 2013 жылғы қарашадан бастап – бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.); «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.); «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 15 жыл» (2007 ж.); «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолы қойылған «Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтағы жұмысы үшін» алғысы. Үйленген, ұлы бар. ## Дереккөздер
Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаров (1956 жыл Алматы облысы Көксу ауданы Куйбышев ұжымшары - 13 қазан 2015 жыл, Алматы) - Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі * Қазақ политехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. * 1979-1993 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық комсомол комитетінің хатшысы, «Алматы гортеплокомэнерго» партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. * 1993-1996 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары. * 1997-1999 жылдары – Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары. * 1999-2011 жылдары – Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі. * 2011-2012 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары. * 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені * «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» * «Астананың 10 жылдығы» * «50 лет Целине» * «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» * «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. ## Отбасылық жағдайы Үйленген, үш баласы және алты немересі бар. ## Дереккөздер
Әсима Темкеқызы Бимендина 1955 жылы 24 наурызда РКФСР Омбы қаласында туған.Қазақ. Әкесі - Қожахметов Темке, марқұм. Анасы - НұрсекееваМәкен, марқұм.Омбы педагогикалық институты шетел тілдері факультетін(1977) шет тілінің мұғалімі мамандығы бойынша; ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясыбіліктілік арттыру курстарын бітірген (2003).Балалар-жасөспірім туризмі мен өлкетану академиясыныңакадемигі (2006). «Астана», «Тіл», «Білімдегі жаңалықтар» журналдарындағы, «Казахстанская правда» газетіндегі мақалалардың,сондай-ақ ҚР педагогикалық басылымдарындағы мақалалардың авторы.Қазақ, орыс, ағылшын және неміс (ауызекі) тілдерін біледі.«Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1977 жылдан - Омбы облысы Павлоград аудандық халыққабілім беру бөлімі Логиновский орта мектебінің шөт тілімұғалімі, 1978 жылдан - сыныптан тыс және мектептентыс жұмыстарды ұйымдастырушы. 1979 жылдан - РКФСРОмбы облысы Павлоград аудандық комсомол комитетініңхатшысы, 1980 жылдан - бірінші хатшысы. 1983 жылдың қаңтарынан - Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1983 жылдың сәуірінен -СҚО Жамбыл аудандық комсомол комитетінің біріншіхатшысы. 1986 жылдан - СҚО Компартиясы Жамбыл аудандық, 1988 жылдан - Возвышенский аудандық комитеттерінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1993 жылдан - СҚО Возвышенский аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылдан - тілдер секторының меңгерушісі. 1996 жылдан - СҚО Возвышенский ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеумөттіксала бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан - [[СолтүстікҚазақстан]] облыстық Білім департаментінің жетекші маманы (Петропавловск қ.). 1998 жылдан - Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадржұмыстары бөлімінің бас маманы, 1999 жылдан - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан - Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары. 2002 жылдың қарашасынан - Астана қаласы Ішкісаясат департаментінің директоры орынбасарының м.а.,2002 жылдың желтоқсанынан - директордың орынба-сары. 2003 жылдан - Астана қаласы «Алматы» ауданыәкімінің орынбасары. 2006 жылдан - Астана қаласы Білімдепартаментінің директоры.2008 жылдан бері - Астана қаласы Білім басқармасыныңбастығы.Павлодар аудандық халық депутаттары кеңесінің депута-ты (1980-1983).«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы саясат кеңесініңмүшесі.«Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Республикасыныңтәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы»(2008), Қайырымдылыққа «Сауап» (2009) медальдарымен, Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарымен (2000-2010) марапатталған. ҚР Білім беру саласының Құрметтіқызметкері (2007). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанныңөз жолы бар. Ол дұрыс жол. Стратегиялық жоспарлау өзнәтижесін береді». Хоббиі - кітап оқу.Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, Д. Лондон, Д. Голсуорси, Ф. Оңғарсынова, Ш. Айтматов, А.П. Чехов, Л.Н. Толстой. Тұрмыс қүрған. Жұбайы - Бимендин Ален Дастенұлы, ҚРПрезидент Әкімшілігі Іс басқармасының әкімшілік ғима-раттары дирекциясының жауапты қызметкері. Ұлдары -Олжас Бимендин (1984 ж. т.), ҚР ҰҚК қызметкері, ДәуренБимендин (1990 ж. т.), студент. ## Дереккөздер
Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева(23.08.1957 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы) - қоғам қайраткері. Қазақ. Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін (1978) орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығыбойынша; С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін (1994) заңгер-құқықтанушымамандығы бойынша бітірген. 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының авторы.«Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1978 жылдан - Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы ОМ орыс тілі пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары. 1990 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі Ғылымды дамыту және халыққа білім беру комитетінің хатшысы, төрағасының орынбасары. 1993 жылдан - Алматы қаласы білім беру департаментінің бастығы.2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжiлiсі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты. «Құрмет» орденімен (2009); «Ерен еңбегі үшін» (2001), А.С. Пушкин атындағы медальмен (2003), Ы. Аптынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған (2007), Алматы қаласы және ҚР Президентінің алғысының, төс белгісінің иегері, М.В. Ломоносов атындағы сыйлықтың иегері. ҚР білім беру ісінің үздігі. ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері. ## Дереккөздер
Ұлы тоқырау (ағылш. Great Depression) — 1929 жылы басталып 1939 жылға дейін созылған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Дағдарыстан шығу әлемде 1945 жылға дейін созылды. Сондықтан 1930-жылдары жалпы Ұлы тоқырау жылдары деп аталады. ## Әсері АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты елдерде ұлы тоқыраудың әсері өте күшті сезілді, бірақ басқа мемлекеттерді де қамтыды. Әсіресе өнеркәсібі дамыған қалаларға тиген зияны көп болды. Кейбір елдерде құрылыс саласы толығымен тоқтап қалды. Төлеу қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдері 40—60 % төмендеп кетті.Орыс тілінде «Ұлы тоқырау» термині АҚШ экономикалық дағдарысына байланысты жиі қолданады.Осыған паралельді әлемдік экономикалық дағдарыс термині де қолданады ## Себептері Ұлы тоқыраудың алдында 1929 жылы АҚШ–та Биржа күйреуі болды. 1929 жылы 24 қазанда «қаралы бейсенбі» күні акциялар бағасы күрт құлады, 25 қазан күні қысқа мерзімге аздап көтерілгенмен әрі қарай апатты ауқымды «қаралы дүйсенбі (28 қазан) мен «қаралы сейсенбі» (29 қазан ) күндеріне айналды. 1929 жылдың 29 қазан күні —Уолл-стритте биржа күйреуінің күні әкелді. Экономистер Ұлы тоқыраудың себептері туралы біртұтас пікірге келе алмады. Ол туралы әр түрлі теориялар орын алған, топшалау бойынша, тегі экономикалық дағдарыстың пайда болуына әр-түрлі факторлардың жиынтығы әсер еткен болуы тиіс. 1. Кейнсиа́ндық түсініктеме — ақша массасының тапшылығы. Ол кезде ақша алтын қорына тікелей байланысты еді, ол ақша массасын тежеп отырды. Сол кезеңде өндіріс өркендеп өсті, ғасырлар тоғысында тауарлардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалыға автомобиль, ұшақтар, радио сияқты түрлері. Тауарлар саны жалпы өнімі, сол сияқты ассортименті бойыншада бірнеше есеге өсті. Соның салдарынан ақша массасының тежелуімен тауар массасының өсуі күшті дефляцияға – бағалардың күрт түсуіне әкелді. Бағалардың күрт түсуі— қаржы тұрақсыздығына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына, несиелердің қайтара алмауына әкеп соқты.Қуатты мутипликативтік әсер өркендеп келе жатқан салаларға да әсерін тигізді. 2. Монетари́зм — дағдарыс (ФРС) Федеральдық резерв системасының ақша саясатының кесерінен болған. 3. Маркси́зм — капитализмге тән кезекті артық өндіру дағдарысы. 4.Биржалық көпіршік - өнеркәсіпке аса нақты қажеттіліктен артық инвестиция құю. 5.Халық санының шапшаң өсуі. Отбасыда балалардың көп болуы (орташа алғанда бір отбасыда 3-5 бала), ауыл шаруашылығы өндірісі саласына тән еді. Медицинаның алға басуы, уақытша халықтың жағдайының түзелуі халықтың ауырудан табиғи кемуін азайтты. 6.Ұлы тоқырауға әкелуші себептердің бірі деп 1930 жылы қабылданған Смута — Хоули заңы деп те есептейді. Ол бойынша импорттық тауарларға жоғары кедендік баж салынды,солай ішкі өндірушілерді қорғалды. Ішкі өндірушілерді осы тәсілмен қорғау үшін үкімет импорттық арзан тауарлардың бағасын өсірді. Бұл халықтың онсыз да төмен сатып алу қаблеттілігін тіпті нашарлатып жіберді. Басқа елдер Америка экспортерлерін қорғау мақсатында қарсы шаралар қолдануға мәжбүр болды Тек қана 30-шы жылдары өзара сауда келісімдері туралы заңы күшіне енгесін ғана кедендік баж салығы төмендеп, халықаралық сауда қалпына келе бастады. Бұл әлемдік сауданы қалыптастырып, әлемдік экономикаға оң әсерін тигізе бастады. 7.Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлы тоқыраудың себебі болды. Сол кездегі Американың экономикасы үкіметтің әскери тапсырмаларына негізделген еді,ал соғыс бітісімен тапсырма бірден азайды, ол елдің әскери өндірісінімен онымен жапсарлас экономика секторының құлдырауына әкеліп соқты. 8. Маржиналь заемдары. Заемның мәні қарапайым— компания акцияларын жалпы құнының небәрі 10 % төлеп сатып алуға болады. Мысалы: бағасы 1000 доллар тұратын акцияны 100 долларға сатып алуға болады. Несиенің бұл түрі 20-шы жылдары әйгілі болды, себебі бәрі акциялар нарығына қатысатын. Несиенің бұл түрінің бір қулығы бар. Брокер кез-келген уақытта қарызды қайтаруды талап етуі мүмкін, оны 24 сағат ішінде қайтару керек. Бұл маржалық талап деп аталады, әдетте ол несиеге алынған акциялардың сатылынуына әкеледі.1929 жылы 24 қазанда Нью-Йорктің маржалық несие берген брокерлері,қарыздарды жаппай қайтаруды талап етті. Барлығы маржалық несие төлемеу үшін бірден акцияларынан құтыла бастады. Маржалық талаптардың бірден төлеу қажеттілігі банктерде ақшаның жетіспеушілігіне әкелді, олар да ұқсас жағдайда болатын(банк активтері бағалы қағаздарға салынған еді, олар тез арада сатуға мәжбүр болды). Осы жағдай он алты мың банкті құрдымға кетірді, ол халықаралық банктерге бәсекелестерін сатып алуға мүмкіншілік берді, ал Американың алпауыт компаниялары өте арзан бағамен сатыла бастады.Қоғам толығымен жұрдай болғанда, Федералдық резервтің банкирлері АҚШ алтын стандартының күшін жоюға шешім қабылдады. Осы мақсатпен АҚШ барлық қалған алтынды жинап алды. Дағдарыстың салдарымен күресуді желеу етіп АҚШ халықтың алтынын конфискациялады. ## Зардабы 1. Өндіріс XX ғасырдың басы деңгейіне дейін төмендеп кетті,яғни 30 жыл кейін шегінді; 2. Нарықтық экономикамен дамыған индустриальді елдерде жұмыссыздар саны 30 млн. жеттi; 3. Фермерлермен ұсақ саудугерлердің,орта таптың өкілдерінің жағдайы төмендеді. Олардың көбі кедейшіліктің шегіне жетті; 4. Бала тууы кенеттен төмендеп кетті. АҚШ аумағында 25%-дан 90 %ға дейін балалар аштықтан азап шекті; 5. Коммунистік, оңшыл экстремистік (фашистік) партиялардың жақтаушылары көбейіп кетті. Мысалы Германияда үкімет басына Национал-социалистік неміс жұмысшылар партиясы)келді. ## Дереккөздер http://www.inliberty.ru/library/study/565/ http://www.demographia.com/db-uspop1900.htm http://expert.ru/expert/2009/01/zagadki_epohi_dzhaza/ Мұрағатталған 2 маусымның 2014 жылы. http://www.hrono.info/dokum/1934vkpb17/1_2_1.php http://www.federalreserve.gov/Releases/h6/discm3.htm http://yarovoiy.ru/2008/09/17/velikaya-depressiya-v-ssha-i-defolt-1998-goda-v-rossii/
Серікжан Зиадаұлы Қанаев (1953 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған)— қоғам қайраткері, саяси ғылымдардың докторы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақ. Әкесі - Қанаев Зиада Қамитұлы, марқұм. Анасы - Қанаева Зейнекеш, зейнеткер. БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген (Мәскеу, 1978), тарих пен қоғамтану оқытушысы; Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген (1984), экономист; КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген (Мәскеу, 1991). Философия ғылымдарының кандидаты (1991). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ұлттық психологияны қалыптастырудағы діни фактордың рөлі». Саяси ғылымдарының докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының саяси процесіндегі зорлық жасау мәселелері және оның баламалары». Профессор (2003 жылдан). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2006 жылдан), ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі (2009).«Зорлық жасау табиғаты жөнінде» (Қарағанды, 2002), «Әлеуметтік және саяси зорлық жасаудың мәселелері: тарихы, әдістемесі, шешу жолдары» (Минск, 2003) кітаптарының, сондай-ақ 70-тен астам ғылыми мақала мен жарияланымның авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1971 жылдан - Қарағанды қаласының ведомстводан тыс күзет бөлімінің электр монтері. 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінің тыңдаушысы. 1978 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімініңмеңгерушісі. 1982 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қарағанды облыстық комитетінің дәріскері, деріскерлік тобының жетекшісі. 1988 жылдан - КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасының аспиранты. 1991 жылдың қыркүйегінен - «Атырау» АҚ филиалының директоры (Қарағанды). 1993 жылдан - ҚР ПрезидентіАппараты мен Министрлер Кабинеті Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің аға референті. 1994 жылдан - Қарағанды Облыстық жұмыспен қамту орталығының, Облыстық еңбек және халықты жұмыспен қамту басқармасының, Тұрғын халықты жұмыспен қамту,еңбек және әлеуметтік қорғау Бас басқармасының бастығы. 1999 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігі кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы. 2000 жылдан - ҚР Білім және ғылым министрлігі Кадрлық және арнайы жұмыс басқармасының бастығы, Әкімшілік департаментінің директоры, Министрлік Аппаратының жетекшісі. 2005 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының жетекшісі (Астана қаласы). 2006 жылдың ақпан айынан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2007 жылдың наурыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі. ## Дереккөздер
Қазыбекова Меруерт Айтқажықызы - Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы. 1961 жылы Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты. 1973 – 1983 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының студенті. 1983 – 1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген. 1986 – 1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист болып жұмыс істеген. 1991 – 1992 жылдары – Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі. 1992 – 2006 жылдары – «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ – 007» ЖШС-нің қаржылық директоры. 2006 – 2008 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы. 2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 1998 – 2002 жылдары – Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде). 2000 жылы АҚШ-да тағылымдамадан өткен. 2001 жылы АҚШ-да «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. 2002 – 2006 жылдары – Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде). 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2002 жылдан «Ақ жол» ҚДП-ның мүшесі. 2002 – 2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Екі баласы бар. ## Дереккөздер
КАДРАЛИЕВА Светлана Хайдарқызы - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.1955 жылы Омбы қаласында туған, Ресей Федерациясы. Қарағанды кооперативтік институтын бітірген, экономист. 1977 – 1983 жж. – «Кооператор» дүкенінің экономисі, тауар маманы, директоры; 1983 – 1984 жж. – № 34 шаруашылық есеп дүкенінің тауар маманы; 1984 - 1992 жж. - «Заря» көтерме – бөлшек сауда бірлестігінің тауар маманы, директорының орынбасары; 1992 - 1996 жж. – Сыртқы экономикалық байланыс министірлігі жанындағы сауда үйінің жетекші маманы, бас директоры; 1996 – 1998 жж. – «Береке» Мемлекеттік Акционерлік Компаниясының ет-сүт саудасы маманы, президенті. 1993 жылы «Торговый дом Казрос» ЖШС Компаниясын құрды. 2013 жылғы маусымнан бастап – V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Тұрмыста, екі баласы бар. ## Дереккөздер
Қарекен Құралай Әнуарқызы - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі 1958 жылы Ақтөбе қаласында туған. И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медицина институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласының СЭС дәрігер-эпидемиологы, Ақтөбе қаласының СЭС тамақтану гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер болып жұмыс істеді. 1987-1996 жылдары Ақтөбе қаласының СЭС тамақтану гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары - Ақтөбе облысы СЭС тамақтану гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі. 1997-1998 жылдары - Ақтөбе қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары. 1998-2001 жылдары - Ақтөбе қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы. 2001-2002 жылдары - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2002-2012 жылдары – Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» омырау белгілерімен марапатталған. Тұрмыста, екі баласы және үш немересі бар. ## Дереккөздер
Кенжин Төлеш Әукебайұлы - Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі 1946 жылы 23 шілдеде Қарағанды қаласында туған. 1970-1975 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының толық курсын тыңдады (сырттай оқу бөлімі). Еңбек жолын 1961 жылы бастады. 1961-1965 жж. - ҚКҒЗИ лаборанты 1965-1968 жж. - Кеңес Армиясы қатарында қызмет өткерген. 1968-1971 жж. - № 35 шахта, МШМБ хронометражшы, жерасты электр слесарьларының бригадирі. 1971-1973 жж. - «Северная» шахтасының жерасты электр слесары, комсомол ұйымының хатшысы. 1973-1977 жж. - «Шахтинск» шахтасы директорының көмекшісі, шахта партия комитетінің хатшысы, ауысым басшысы, техникалық кешен шебері. 1977-1979 жж. - «Целиноградэлеватормельстрой» Қарағанды ЖМК жабдықтау бөлімінің бастығы 1979-1981 жж. - «Сарань» шахтасы директорының орынбасары 1981 -1989 жж. - ликер-арақ зауытының дайын өнім экспедиторы 1989-1993 жж. - коммерциялық құрымдарда жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап ҚКХП ОК хатшысы 2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР ҚКХП партиялық тізімі бойынша сайланған. Үйленген, екі қызы және үш немересі бар. ## Дереккөздер
Ромин Ризаұлы Мәдинов. 1961 жылы 22 қазанда Көкшетау облысының Қызыл Ту ауылында туған. Қазақ.Әкесі - Мәдинов Риза Қажымұлы, зейнеткер. Анасы - Кемеңгерова Сәуле Қошмұхамбетқызы.Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін (1988) құқықтанушы мамандығы бойынша; Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (2008) МВА экономисті мамандығы бойынша бітірген.«Қазақстан Республикасындағы және кейбір алыс шет елдердегі агроөнеркәсіптік кешендер» (1996), «Нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы ет өңдеу кәсіпорындарының тиімділігін жоғарылату жолдары» (1997) кітаптарының тең, сонымен қатар көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы.Ағылшын және орыс тілдерін біледі.Қазақстан Аграрлық партиясының төрағасы (1999-2006).«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2006 жылдан).1978 жылдан - «Омскгидропривод» зауытында айналмалы жонушы. 1980 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1982 жылдан - Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенті. 1985 жылдан - «Омскгидропривод» зауыты БЛКЖО комитетінің хатшысы. 1987 жылдан - Омбы БЛКЖО облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1989 жылдан - Омбы қаласындағы «Контракт» коммерциялық орталығының директоры. 1996 жылдан - «Агроорталық»компаниясының директоры (Алматы қ.). 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің ауыл шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі. 1999 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентіндегі Қазақстан Аграрлық фракциясының жетекшісі.2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Межілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.«Құрмет» (2004) орденімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен;ТМД Парламентаралық ассамблеясының естелік медалімен және құрмет грамотасымен (2003) марапатталған. Әскери атағы - капитан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Дж. Кеннеди. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан - өркендеу, келісім мен бейбітшіліктің үлгісі болады». Хоббиі - классикалық әдебиет, футбол, теннис. Сүйіп оқитын әдебиеті - Ф.М.Достоевский, И. Шоу, Д. Френсис. Үйленген. Жұбайы - Айсина Салтанат Тілектесқызы, үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Рената (1980), Раида (2004); ұлы - Руслан (1986). ## Дереккөздер
Айқын Ойратұлы (972 жылы 28 қарашада Көкшетау облысы Куйбышев қала үлгісіндегі кентінде туған) - Қазақ. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ## Өмірбаяны Көкшетау мемлекеттік университетін, «Фемида» Қарағанды заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының автобазасында слесарь болып бастаған. 1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 2004-2011 жж. «News Print» ЖШС жетекшісі («Московский комсомолец в Казахстане» газетін шығару). 2005-2006 жж. – Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияны тіркеген мезгілден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі. 2007 ж. - ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі. 2004 және 2007 жж. - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ҚКХП атынан депутаттыққа кандидат болып қатысты. 2007 және 2011 жж. ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтар айынан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. Үйленген, екі баласы бар. ## Дереккөздер
Анатолий Павлович Маковский - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі 1955 жылы Көкшетау облысында туған. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін колхоздың төрағасы, Көкшетау ауылшаруашылық институтының оқу – тәжірибелік шарауашылығының директоры қызметтерін атқарған. 1994-1996 жылдары Көкшетау облысы Ленинград ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары - Көкшетау облысы Ленинград ауданының әкімі. 1996-1997 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Ауылшарауашылығы департаментінің бастығы. 1997-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы. 1998-2012 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық - демократиялық патия фракциясы төралқасының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Аймақтық саясат және маслихаттармен жұмыс істеу кеңесінің мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парлментіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Үйленген, екі баласы және төрт немересі бар. ## Дереккөздер
Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова (9 қыркүйек 1950, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2001-2007), экономика ғылымдарының докторы және профессор. ## Қысқаша өмірбаяны С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия факультетін бітірген (1972), экономист, саяси экономика оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (1980), докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Социализм кезіндегі жарыс қатынастарын іске асырудың экономикалық механизмі». С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының профессоры (1992). «Бұқараның жанды шығармашылығы» (1985), «Жарыс және қайта құру» (1988), «Салықтар: пайдалану мәні және іс жүзінде» (1994), «Бағалы қағаздар туралы не білу керек» (1996), «Көлеңкелі экономика: даму тенденциясы» (2001) кітаптарының авторы; «Қоғамдық тұтыну қорлары» (1983), «Шаруашылық механизмі жүйесіндегі бәсекелестіктің жаңа формалары» (1984), «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күресу мәселелері» (1996) кітаптарының тең авторы. «Нұр Отан» ХДП (2007 жылдан). 1972 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры. 1994 жылдан - ҚР Президентінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі, Экономикалық кеңесшілер кеңесінің жетекшісі. 1995 жылдан - ҚР Құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының төрайымы. 1997 жылдың қаңтар айынан - «Қаржы нарықтары институттары» ҚҚ президенті. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы. 2001 жылдан - ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек министрі. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржыжәне бюджет комитетінің төрайымы. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде дәрiс берген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң жетекшiсi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрайымы болып тағайындалған. 2001 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi. 2007 жылы «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырым депутаты боп сайланған. қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы. ## Марапаттар * «Парасат» (2005) орденімен; * «Астана» (1998), * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі. ## Отбасы Ұлдары - Қарақұсов Фархад Сергеевич (1971), Романов Роман Сергеевич (1976 ); қызы - Қарақұсова Дана Сергеевна (1984 ). ## Дереккөздер
Үсенгелді Өміржанұлы Медеуов. 1948 жылы 10 қаңтарда Апматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында туған. Қазақ.Әкесі - Медеуов Өміржан (1919). Анасы - МедеуоваНурбубі Жумағүлқызы (1924).В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтынбітірген (1971), инженер-экономист.Физика-математика ғылымдарының кандидаты. Педагогикағылымдарының докторы. Докторлық диссертациясыныңтақырыбы: «Қазақстан Республикасының орта математикалық білім стандартын жобалаудың теориялық-әдістемелікнегіздері». Профессор, ҚР Жоғары мектеп ғылымдарыакадемиясының мүше-корреспонденті (1995), Әлеуметтікғылымдар академиясының (1998), Халықаралық жоғарымектеп ғылымдары академиясының академигі.7-ші сыныпқа арналған «Алгебра» оқулығының, 100-денастам ғылыми жарияланымдардың авторы.«Нұр Отан» ХДП мүшесі.1971 жылдан - экономист, ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Ғылыми-зерттеу экономикалықинститутының кіші ғылыми қызметкері. 1981 жылдан -Таскескен аудандық тұтынушылар одағыныңтауар сатушы-ұйымдастырушысы, Таскескен жұмысшы кооперативітөрағасының орынбасары, Семей облысы Таскескен аудандық тұрмыстық комбинатының директоры. 1986 жылдың наурызынан - ҚазКСР Тұрмыстық қамсыздандыруминистрлігінің еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу секторы бастығының орынбасары. 1986 жылдың тамызынан -ҚазКСР Тұрғындарды тұрмыстық қамсыздандыру министрінің көмекшісі. 1988 жылдан - ҚазКСР Тұрғындарды тұрмыстық қамсыздандыру министрлігінің істері басқармасының бастығы. 1989 жылдан - ҚазКСР Турғындарды тұрмыстық қамсыздандыру министрінің кемекшісі, ҚазКСРЕңбек министрлігі басқармасының бастығы. 1993 жылдан -«Біздің іс» шағын акционерлік кәсіпорыны терағасыныңорынбасары. 1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағыБас бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылаубасқармасының мемлекеттік инспекторы. 1995 жылдан -ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысымен мамандар саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы.2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан»ХДП партиялық тізімі бойынша 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздіккомитетінің мүшесі.«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының атқарушы директоры.I дәрежелі Ұлы Петр, «Құрмет» (2008) ордендерімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2003), «ҚазақстанКонституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Арман Төлешұлы - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі 1967 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылық академиясының Жоғары бизнес мектебін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін «Жезқазған түстіметалл» АҚ-нда заңгер, заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 1999-2001 жылдары - «Қазақмыс» «Шығысказмедь» корпорациясының филиал басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2001-2007 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаменті директорының орынбасары. 2007-2012 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаментінің бастығы. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «КСРО ҚК 70 жыл» (1988 жыл), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (1988 жыл), «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 15 жыл» (2004 жыл), «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» (2009 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) медальдерімен марапатталған. Үйленген, үш баласы бар. ## Дереккөздер
Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев (20.11.1945 жылы туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы) – жазушы, публицист, ғалым, тарих ғыл. канд. (2002). Қазақ ұлттық агр. университетін бітірген (1968). 1968-69 жылдары Байқадам кәсіптік-тех. училищесінің оқытушысы, 1969–71 жылдары Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің “Қазақ ауыл шаруашылығы техникасы” бірлестігінде инженер, аға инженер, 1971–75 жылдары Алматы облысы комсомол комитетінің кәсіптік-тех. білім секторының меңгерушісі болды. 1975–85 жылдары “Қазақстан пионері”, “Білім және еңбек”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газет-журналдарында жауапты қызметтер атқарды. 1985–87 жылдары Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесі Төралқасы аппаратында Жоғары Кеңес актілерін жариялау тобының аға редакторы болды. 1988–89 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1990–91 жылдары “Денсаулық” журналының бас редакторы, 1991–96 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы, “Тіршілік” журналының бас редакторы, “Әдеби қор жаршысы” газетінің бас редакторы, 1997–2001 жылдары “Zaman – Қазақстан” газеті бас редакторының орынбасары болды. ҚР Экономика және сауда министрлігі автор құқығын қорғау агенттігі бас басқармасының бастығы, Алматы облысы көші-қон және демография басқармасында бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 2001–03 жылдары “Қазақ энциклопедиясы” баспасында орт. бастығының орынбасары, 2003–07 жылдары “Заңгер” журналының жауапты редакторы, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары болып істеді. 2007 жылдан “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы. Қ. өз еңбектерінде тарихтың “ақтаңдақ” беттерін зерттеуге ден қойды. Шығармалары орыс, беларус, болгар, қытай тілдеріне аударылған. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, “Құрмет” орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968—1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.inform.kz/kaz/article/1218153 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * http://www.inform.kz/kaz/article/1188149 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. ## Дереккөздер
Төлепбаев Байдабек Ахметұлы (10 Қазан 1921 жылы туған, Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылы) – тарих ғылымының докторы (1967), профессор (1968), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1975), КСРО Ғылым академиясының мүшесі (1981). Қазақстан Халық ағарту ісінің үздігі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1982). ## Қысқаша өмірбаяны: * 1949 жылы Ташкент мемлекеттік педогогикалық институтын бітірген. 1939–1945 жылдары Мектепте, Ташкент қаласындағы кәсіптік училищеде ұстаз, директордың орынбасары болды. 1947–1949 жылдары Өзбекстан КП ОК жанындағы партия мектебінде оқыды. 1949–1960 жылдары Өзбекстан КП ОК-де насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі. 1960–1973 жылдары КОКП ОК-нің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1973–1976 жылдары Қазақстан КП Алматы облысы партия комитетінің хатшысы. 1976–1983 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті. 1983–1984 жылдары Тарих, археология және этнология институтының директоры. 1985–1991 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры қызметтерін атқарды. 1992 жылдан Тарих, археология және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болды. ## Еңбектері мен Жетістіктері: «Орта Азия республикаларында партиялық аграрлық саясатының жүзеге асуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 9 монографияның авторы. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы, «Парасат» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Үмбеталиев Шора — Әнші (бас). Қазақстанның халық артисі. 1941жылы Астрахань облысында туған. 1970 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды факультетін, Н. А. Шарипованың класы бойынша бітірген. 1968 жылы – Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Оның ең жақсы партиялары: Сырттан (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абайы"), Бекежан мен Қожақ (Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" және "Ер Тарғыны", Жанбота (М. Төлебаевтың "Біржан мен Сарасы"), Мельник (А. Даргомыжскийдің "Русалкасы") және басқалары. Шора Үмбеталиев жасаған сахналық образдарда жоғарғы артистік, көңілдің құбылмалы сәттерін дәл басатын әншілік шеберлігі бар. Шора Үмбеталиев -"Япурай", "Қараторғай", "Бір бала", "Қара кесек" сияқты қазақтың халық әндерін орындайды.
Саятүлеков Бағаналы (1895-1986) – күйшілік дәстүріндегі орындаушылардың бірі. Бағаналы Саятүлеков 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылында дүниеге келген. Алты жасынан бастап қолына домбыра ұстаған Бағаналы өзінің тарлан шабысынан, дүл-дүл аяқ алысынан жаңылмай өткен адам. Жас кезінде дауысы зор әнші, әрі домбырашы болған. Майталман домбырашының орындауында Тәттімбет, Тоқа, Раздық, Байжігіт, тағы басқа күйші-композиторлардың туындылары өз ерекшелігімен кейінгі ұрпаққа жетті. Бағаналы Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін алғаш орындаушылардың бірі. Ол 1937 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының 1-слетіне және Жамбылдың 95 жасқа толу тойына шақырылып, өнер көрсетеді. Күйшінің репертуарында халыққа белгісіз 40-қа тарта күй болған екен. «Қорамжан», «Ащы күй», «Көктөбет», «Шыңырау», «Беласар» сияқты күйлердің нұсқасын бүгінге жеткізген, домбырашылығымен қатар, «Қосішек», «Барина-сударина», «Шопан тойы», «Гагаринге сүйінші», «Ой толғауы», «Қосбасар» сияқты бірнеше күйлер шығарған. Шығыс Қазақстан мен Арқа өңіріндегі халық композиторлары күйлерін шебер орындаған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайты Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2008 жылы. * Кітапхана
Сарыбаев Болат Шамғалиұлы (14.8.1927, Ташкент — 7.10.1984, Алматы) — музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты (1971). Байұлы тайпасының Байбақты руының Бұғанай бөлімінен шыққан. 1950 жылы қазіргі Алматы мемл. консерваториясын (Ж.Қаламбаев пен Л.Я. Эдельманның класы бойынша) бітірген. Сол жылдан осы консерваторияның ұлт-аспаптар кафедрасында қызмет етті. 1964 жылдан қазақтың көне музыкалық аспаптарын (сыбызғы, сазсырнай, жетіген, үскірік, шертер, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, т.б.) зерттеумен шұғылданып, қазақ және орыс тілінде “Қазақтың музыкалық аспаптары” (1981, 1978) атты кітабын жарыққа шығарып, осы тақырыпқа кандидаттық диссертациясын қорғады (1971). Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсенбаевпен бірге көптеген ұмыт қалған муз. аспаптардың түрлерін жасап, жетілдірді. Сарыбаев екі жүз елуден астам музыка аспаптарын жинап, оларды өзінің үйінде мұражай ретінде сақтады. Ол 1968 жылы ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырған.Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев "Қазақтың халық аспаптары" монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен "Қазақтың музыкалық аспаптары" әдемі альбомы жарық көрді. 2016 жылдың 5-ші қарашасында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжіндегі қазақ халық музыкалық аспап жасау шеберханасына Болат Шамғалиұлы Сарыбаев пен Оразғазы Бейсенбекұлының аты берілді. ## Сілтемелер * Жаппас Қасымбекұлы Қаламбаев * Сарыбаев Шамғали Харесұлы * Сарыбаев Шора Шамғалиұлы ## Дереккөздер
Мұрат Жұрынұлы Жұрынов (7 желтоқсан 1941 жыл, Арыс, Қазақ КСР) — қазақ ғалым және химик, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті. 1995-1997 жылдары ҚР Білім министрлігін басқарды. ## Білімі * 1959-1964 ж.ж. – Қазақ химия-технологиялық институты (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.), мамандығы – электрохимиялық өндірістердің инженер-технологы. * 1967-1970 ж.ж. - Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтының аспирантурасы (РХТУ), Мәскеу қ, мамандығы – электрохимия. ## Ғылыми дәрежесі 1970 ж. – химия ғылымдарының кандидаты.  Д.И. Менделеев атындағы МХТИ, Мәскеу қ.1981 ж. - химия ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қ.1989 ж. -  ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.1994 ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі ## Кәсіби тәжірибесі * 1965-1967 ж.ж. – ҚазХТИ оқытушысы, Шымкент қ, * 1967-1970 ж.ж.- Д.И.Менделеев атындағы МХТИ аспиранты, Мәскеу қ. * 1970-1982 ж.ж. – ҚазХТИ-де аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, факультет деканы, Шымкент қ. * 1982-1985 ж.ж. – Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, Қарағанды қ. 1985-1991 ж.ж. - ҚазССР ҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры, Қарағанды қ. * 1991-1995 ж.ж. – А. Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры, Түркістан қ. * 1995-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Білім министрі, Алматы қ. * 1997-2001 ж.ж. – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті, Түркістан қ. * 2001 – 2007 ж.ж, 2013 ж. бастап – «Д.В. Сокольскийатындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ Бас директоры, Алматы қ. 2003 ж. бастап – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті, Алматы қ. * 2015-2016 жж. – Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялар одағының тұңғыш президенті (қоғамдық негізінде). * 2016 ж. – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды (қоғамдық негізінде). ## Қосымша мәліметтер * Қоғамдық қызметі: ҚР Ұлттық Кеңсінің мүшесі, ҚР «Нұр Отан» партиясының Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстанның демократиялық күштер коалициясының мүшесі, ЮНЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық Комиссиясының мүшесі, «ҚР ҰҒА Баяндамалары» журналының бас редакторы, Ресей ғылым академиясының «Электрохимия» журналының редколлегия мүшесі. * Ғылыми жұмыстары: 770-тен аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 20 монографиясы, 143-тен астам авторлық куәлігі және  патенттері бар, 7 ғылым докторын, 40-жуық ғылым кандидаттарымен PhD-докторларын даярлады. * Наградалары: «Парасат» ордені (2005 ж.), ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2011 ж.), ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016 ж.), ҚР білім, ғылым және техника саласында Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты (2003 ж.), Түрік дүниесі халықаралық сыйлығының лауреаты (Анкара, 2001 ж.), Токио университетінің алтын медалі (2001),Франция ғылыми-өндірістік қоғамының (Париж, 2003 ж.) және Украина ҰҒА «Золотая фортуна» қоғамының алтын медальдары (2006), Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының Құрмет белгісі және РФ «Разум, честь и доблесть» атты ордені (Ресей, Мәскеу қ., 2013 ж.). * Атағы: ҚР ҰҒА академигі, Тәжікстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, Молдова Ұлттық ғылым академияларының шет елдік мүшесі (академигі), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Беларусь Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жаңа материалдар химия институтының құрметті докторы, Джорджтаун университетінің (Вашингтон қ.), Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-нің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университітінің және т.б. университеттердің  құрметті профессоры (1996-2016 ж.ж). Оңтүстік Қазақстан облысының және Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының, Созақ және Түлкібас аудандарының, сондай-ақ Кентукки штатының Луисвилл қаласының (АҚШ) құрметті азаматы. * Тілді білуі: қазақ, орыс және түрік тілдерін еркін меңгерген, неміс және ағылшын тілін орташа меңгерген. * Компьютерді меңгеруі: Компьютерлік техниканы қолданушы режимінде еркін меңгерген.' * Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқару қабілеттері жоғары. ## Марапаттары * Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003) * Түркі әлемі халықаралық сыйлығының лауреаты (Анкара, 2001 ж.) * Парасат ордені (2006) * Барыс ордені 1 дәрежелі (2022) * Барыс ордені 2-дәрежелі (2016) * Барыс ордені 3 дәрежелі (2011) * Оңтүстік Қазақстан облысының, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының, т.б. * П.Л.Капица алтын медалі (2019) * 2001 ж. – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі * 2004 - Тың өлкесіне 50 жыл медалі * 2005 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі * 2006 ж. – «Қазақстан Республикасы парламентіне 10 жыл» медалі * 2008 ж. – Астанаға 10 жыл медалі * 2011 ж. – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі * 2015 ж. – Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі * 2016 ж. – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі * 2018 жыл – «Астанаға 20 жыл» медалі * Алтын медаль Татарстан Республикасының Ғылым академиясы «Ғылымдағы жетістіктері үшін» (2017)
Ержан Шегенов 1968 жылдың 18-ші қазанында Ұлан ауданының Молодежный кентінде дүниеге келген. 1986 ж. Молодежный кентінде орта мектепті тәмәмдап, 1987-1989 жж. кеңес әскері қатарында азаматтық борышын орындайды.1990-1995 жж. ШҚМУ-нің дене тәрбиесі факультетін бітіріп, «Денешынықтыру пәнінің мұғалімі» деген мамандықты иеленеді.Ержан бокстан КСРО спорт шебері. Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Спорттың осы түрінен ҚР он жеті мәрте чемпионы. ## Спорттағы жетістіктері: * ҚР 17 мәрте чемпионы – 1992-2007 жж.; * Әлем Кубогінің иегері – 2004 ж.; * Әлем чемпионы – 1995, 2001, 2003, 2005 жж.; * Еуропа чемпионы – 1994, 1998, 2006 жж.; * Азия чемпионы – 1994, 1998, 2003 жж.; ТМД чемпионы – 1993 ж.; * Украина чемпионы – 1994 ж.; * Әлем чемпионатының күміс жүлдегері – 1995, 1999, 2004, 2006 жж.; * Әлем чемпионатының қола жүлдегері – 1997, 2006 жж.; * Ресейде өткен ХТ жеңімпазы – 2006, 2007 жж. ## Сыртқы сілтемелер * Ұлан ауданы әкімінің ресми сайты Мұрағатталған 7 қарашаның 2014 жылы.
Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев (2 желтоқсан, 1927 жылы Түркістан облысы, Түркістан ауданы Көкіш ауылы - 3 сәуір, 2012 жылы) — әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1983). Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1984). Түркия Президентінің «Түркі еліне қызыметі үшін» мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған. ## Толығырақ Бердібаев зерттеулерінде Абай шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңінен сөз етеді. «Абай және ауыз әдебиеті» (Абай тағлымы. - А., 1986, 237-243-6.) еңбегіңде ақынның Шығыс аңыздары негізіңде жазған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай шығармаларында халық мақал-мәтелдерінің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгімелерінің жиі кездесетіндігіне назар аударады. Ауыз әдебиетінің ұйқас, ырғақ, дыбыс қуалаушылық, жоқтау, суреттеу тәсілдері сияқты үлгілері ақын өлеңдерінде кеп қолданылғандығын атап көрсетеді. Б. Абай поэзиясының шығыс шайырларының шығармаларымен байланысы жайлы бірсыпыра байламдар жасаған. Соның бірі «Науаи мен Абай» («Соц. Қазақстан», 1960, 16 қыркүйек) атты мақалада ұлы ақындардың шығармашылық ұқсастықтары мен даралық тұстары егжей-тегжейлі зерттелген. Әуезовтің шығармашылығы жөнінде «Сюжет және характер» (1964), «Идея және композиция» (1967), «Сәз зергері» (1973), «Шығарма шарты» (1980), «Өшпес өнеге» (1985) т. б. мақалаларын жазса, «Тарихи роман» монографиясында (1997) «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты тарауын (8-112-бөттер) «Абай жолына» арнады. Ал «Мұхтар шыңы» жинағында (1997) Ұлы жазушының суреткерлігін жаңа қырынан сипаттайтын зерттеу еңбектері топтастырылған. Жалпы Әуезовтің жазушылық қызметіне байланысты 40 шақты еңбегі жарық көрді. ## Хронологиясы * Түркістан педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Қызыл-орда пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін (1949) бітірген. * Ащысай кентіндегі орта мектепте мұғалім, * 1949—1953 жылдары Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қазақ орта мектептерінде директор, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, * 1953-1954 жылдары ҚазМУ-дің аспиранты, * 1955—1959 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, сын бөлімінің меңгерушісі болған. * 1960—1972 жылдары әдебиет тарихы және теориясы мәселелері бойынша «Әдебиет пен өмір», «Роман және заман», «Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Дәстүр тағылымы» тәрізді кітаптары, «Қазақ романы», «От легенды к роману», «Қазақ тарихи романы», «Тарихи роман», «Мұхтар шыңы» монографиялары жарық көрді. * 1961 жылы кандидаттық («Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы»), * 1971 жылы докторлық («Қазақ романдарының теориялық мәселелері») диссертация қорғайды. * 1968—1970 жылдары ашылған Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты хатшысы, * 1973-1995 жылдары Қазақ КСР ҒА тартып, «Жастық кешуі» (1966), * «Солдат сыры» (1968), * «Фарида» (1978) атты әңгімелер мен повестер жинақтарын жариялады. ## Жетістіктері * М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі, * ҚазМУ мен ҚазПИ-де ауыз әдебиетінен дәріс оқиды. * «Қазақ фольклористикасының тарихы» деген еңбегі үшін Р.Бердібайға және бірнеше фольклоршыға Ш.Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық берілді. * ҚР Үғылым академиясының академигі. * Түрік тіл қүрылымының (Түркия), Халықаралық Ш.Айтматов қоғамдық академиясының, Халықтық (экологиялық) академияның мүддесі, Ш.Уәлиханов атындағы, «Түрік дүниесіне қызмет» сый-лықтарының иегері. * «Парасат» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамотасымен марапатталған. * «Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» (1983). * «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1992) атағын алды. * 1995 жылдан бері Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. ## Шығармалары Ғалымның қаламынан «Қазақ эпосы», «Сарқылмас қазына», «Кәусәр бүлақ», «Эпос — ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Айтыс әлемі» секілді еңбектер туды.Түбі бірге туысқан халықтар әдебиетімен өзара байланысы оның «Гүлстанның бүлбүлдары», «Достық кемесінде», «Сарқылмас қазына» деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдар да шыққан «Байқалдан Балканға дейін», «Жүлдыздар жарығы», «Ел боламыз десек» атты жинақтарда жалғасын тапты. Оның сыншылық, әдебиетшілік, фольклоршылық, түріктанушылық саласындағы ізденістері 42 кітап, мыңнан артық мақала түрінде жарыққа шықты.Ғалымның бүлардан тыс атқарған игілікті ісі — М.Әуезов мүражай үйінде 35 жыл бойында Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетін басқарып, қазақ халқының соңғы 1500 — 2000 жыл бойындағы тарихы мен мәдениеті тақырыбына 500 дәріс өткізуі. Бүл еңбегі үшін сол кездегі Бүкілодақтық «Білім» қоғамының ең үлкен сыйлығы — Вавилов медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Қабиболла Қабенұлы Жақыпов (16 қыркүйек 1949 жылы туған, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты. ## Өмірбаян * Еңбек жолын аудандық байланыс торабының электромонтері ретінде бастаған. * 1972 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын бітірген. * 1972 жылдан аудандық құрылыс мекемелерінде прораб, инженер, бас инженер, «Оралұжымшарқұрылысы» тресінде бас инженер. * 1979 жылдан Орал қалалық, кейін аудандақ партия-кеңес орындарында еңбек етті. * 1991-1992 жылдары Орал қалалық атқару кеңесінің төрағасы * 1992-1993 жылдары Орал қаласының әкімі * 1993-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі * 2000 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары болып тағайндалды. * 2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы өкілі. * 2007 жылдан – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. * 2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халық-тық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. * 2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. * 2014 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды. ## Марапаттары * «Құрмет» (1999) * «Парасат» (2009) * II дәрежелі Әулие Даниил ордендерімен марапатталған. * ҚР Құрметті құрылысшысы. ## Отбасы Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Баян Сейсенқызы (1949 жылы туған). Ұлдары - Жақыпов Жаслан (1974 жылы туған), Жақыпов Аслан (1977 жылы туған). Немерелері - Темірлан (1998 жылы туған), Ерлан (2001 жылы туған), Алан (2002 жылы туған), Дана (2004 жылы туған), Мәдина (2007 ж.т.), Лаура (2008 ж.т.). ## Дереккөздер
Биахмет Сәрсенұлы (1885 жылы Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы) - 1921 жылы) - Алаш қозғалысының қайраткері. ## Өмірбаяны * 1905-1909 жылдары Семей мұғалімдер семинариясында оқиды. Мұны бітірген соң 5 жыл мұғалім, 3 жыл болыстық кеңесте қызметкер болады. * 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін ол Семей облыстық Қазақ комитетіне мүше болып сайланып, Павлодар уезінде жергілікті комитеттер кұруға атсалысады. * 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене катысады. Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сиез құрамында А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Т.Шонанұлылармен бірігіп Білім комиссиясына кіреді. * 1919 жылы Семей облыстық жер басқармасы халық ағарту бәлімінің қазақ бәлімшесіне басшы болып тағайындалады. Осы кезде Семейде жаңадан ашылған мұғалімдер курсында, әзі оқыған мұғалімдер семинариясында әр түрлі пәннен сабақ береді. Қаладағы мәдени ұйымдардың жұмысына атсалысады. «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріне мақала жазып тұрады. Оның «Автономия кеңесі», «Біріккен елде береке бар», «Азық-түлік», «Русияда осы күнде зор мәселе - азық-түлік» т.б жарияланымдары сол шақта қазақ қоғамына үлгілі істерді нұсқады. * 1920 жылы Орынборда Қазақ автономиялы республикасы жарияланғанда, оны жаңа астанаға қызметке шақырды. Алғаш Соғыс комиссариатының саяси білім бөлімін басқарды. Сонан кейін Халық ағарту комиссары А.Байтұрсынұлының шақыруымен білім саласына ауысып, комиссариат алқасының мүшесі, әлеуметтік тәрбие бәлімінің басшысы, мектеп істері бөлімінің меңгерушісі секілді сол уақыттың жауапты қызметтерін абыроймен атқарды. Осы уақытта Орынбордағы мұғалімдер курсында, Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. Мұрағат деректерінде қайраткерге физика, математика пәндерінен мектеп оқулығын жазуға ұсыныс жасалғаны көрсетілген. Ғалым- ұйымдастырушы ретінде ол Қазақ ғылым комиссиясының, Академиялық орталықтың негізін қалауға атсалысты. Сол кездегі мерзімді басылымдардан қайраткердің отандық мектеп жүйесін калыптастыруға аянбай күш-жігер жұмсағанын, өлкеде алғашқы әскери және кәсіптік оқу орындарын ашуға бастамашы болғанын оқимыз. ### Соңғы күндері Қазақта кеңестік-пролетарлық асыра сілтеу саясаты салдарынан 1931-1932 жылдардағы қырғынға дейін 1921 жылы алапат ашаршылық болғаны мәлім. Осы кезде елді түрлі індеттер жусатып кетті. Қайраткер 1921 жылдың 17 шілдесінде Орынборда халыққа тиген оба ауруынан қайтыс болды. Оның қазасына Алаш қайраткерлері «бір жұлдызымыз сөнді» деп қатты қайғырды. Сонымен қатар бұл азаматтың қайтыс болғандығын Семей, Ақмола қазақтарына хабарлай отырып, оның халқы үшін істеген қызметін «Қазақ тілі» газетінің 1921 жылғы 22 тамыздағы нөміріне «Бияш» деген мақала басумен танытқан зиялылар Жүсіпбек Аймауытов пен Мәннан Тұрғанбаев болды. «… ол қызметке жүйріктігімен көзге түсіп, ауызға ілінетін, санаулы қазақ азаматтарының ішінде маңдай алды жігіттің бірі еді», – деп жазған еді. ## Дереккөздер
Досжан ишан Қашақұлы 1815-1890 аралығында өмір сүрген діни ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері. Солтүстік Үстірт (Доңызтау) пен оған көршілес жатқан Сам құмын, Ембі шөлін қоныстанған табын руының шөмішті тармағынан шыққан. Әкесі Қашақ молда болған. Сондықтан Досжан хазірет діни сауатын әкесінің көмегімен ашады. Зерттеуші Сәбит Салқынұлының пайымдауынша Досжан Орынбордан 18 шақырым жерде орналасқан Қарғалы слабодасының (слабода деп қала тектес селоларды атаған) медреселерінің (мұнда 9 медресе болған) бірінде 12 жыл білім алған. Оқудан кейін еліне келіп, мешітте имам қызметін атқарған шағында Досжан Қашақұлы небәрі 17 жаста болған екен. Өкінішке орай, Досжан Қашақұлының өмірі мен қызметін айғақтайтын деректер тым аз. Алайда, халық оның игі істерінің жарқын іздерін бүгін де көріп отыр. Қажылық сапардан оралған соң Досжан ишан Доңызтаудағы Қайнар деген жерде, кейін Шилісуда (қазіргі Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық елді мекенінің маңындағы Ишан ата кешені) екі үлкен мешіт салғызды. Екінші мешітті Бірман ұста салған. Досжан ишан Ишан ата кешенінде жерленген. ## Қызықты деректер Досжан ишан бір мәліметтерде XIX ғ-дың ортасында әлім руынан шыққан Нұрпейіс ишанмен бірге, енді бірінде 1874 ж. Құнанбаймен бірге Меккедегі қонақүй салған. Бұл туралы Шәкәрім Құдайбердіұлының өзінің «Түрік, қазақ-қырғыз һәм хандар шежіресі» дейтін еңбегінде былай деген: Сонымен бірге Досжан ишан Ақтөбенің Доңызтау өңіріне кеңінен танымал Жұмағали ахунның қайын атасы. Жұмағали ахун Әл-Азһар университетінде оқып жүрген кезде әкесі Оразалы ишан қайтыс болады. Оқуын жалғастыруға қаржысы болмаған Жұмағали жергілікті араб азаматымен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Келісімшартқа сәйкес, Жұмағали оқуын бітіргеннен кейін араб азаматының медресесінде сабақ беруі керек болады. 1874 жылдардың орта шенінде меккеге қажылық сапармен Досжан Қашақұлы барады және медресені енді бітіргелі жатқан Жұмағалидің жағдайын естіп, онымен кездеседі. Келісімшарт жасасқан араб азаматымен де сөйлесіп, Жұмағалидің оқуына кеткен қаражатын өтеп береді. Осылайша Досжан хазірет жас ғұлама жігітті елге алып қайтады. Досжан хазірет Шұбарқұдықта өзі салдырған мешітке Жұмағалиді имам етіп тағайындайды да, өзінің жалғыз қызы Үммагүлсімге үйлендіреді. Досжан хазіреттің Жұмағали мен Үммагүлсімнен тараған Жиенғали есімді жиені бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://www.kerek-info.kz-%D0%B1%D0%B8%D11 Досжан ишан
Танашұлы Уәлитхан – көрнекті Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. 1887 жылы Ішкі Бөкей ордасы 2-Теңіз жағалауы округі №3 болысында туған. 1908 жылы Астрахань гимназиясын, 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң Қазан қаласында адвокаттық жұмысқа тұрған. Осында татар және орыс зиялыларының пікірлес әрі әділеттік жолында күрескер тұлғасы болып қалыптасады. 1917 жылы сәуірде Орынборда өткен Торғай облысы қазақтарының съезіне шақырылып, мәжіліс төралқасына кіреді. Сол айда Ордада Бөкейлік қазақтардың съезін ұйымдастыру және өткізу шараларына тікелей атсалысады. Осы жолы съездің төралқа төрағасы болып сайланады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік құрылтайға депутат ретінде сайланады. 5-13 желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесінің құрамына енеді. Заңгер Алашорда үкіметін құруға байланысты құжаттардың дайындалуына тікелей ат салысты. Сол жылы Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. 1918 жылдары Алашорда атынан ішкі Ресей мен Сібірде құрылған Комуч, Сібір үкіметі, Уфа директориясы секілді түрлі бағыттағы билік құрылымдарымен келіссөз жүргізуге қатысады. Қайраткер Ж.Досмұхамедұлымен бірге Комучтың даярлық жұмыстарына қатысса, сол шамада өзі Уфа директориясының мәжілісінде болып, сөз сөйлейді. Заңгердің тағы бір батыл саяси қадамы «Ойыл уалаяты» аталып кеткен құрылымды таратып, Алашорданың Батыс бөлімшесін құруға бастамашы болуы еді. Қараша айында Уфа директориясы амалсыз жұмысын тоқтатқанда, заңгер Ә.Бөкейхан, А.Тұрлыбайұлымен бірге Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізді. Саяси тактика болып табылатын осы басқосуда ол Алашорданың бейтараптығына кепілдік беретін және түрлі саяси оспадарлықтан сақтайтын билік құрылымын жасақтауды ұсынды. Большевиктер толық жеңгенде қайраткер жаңа биліктің жұмысына тартылды. 1919 жылдан бастап Қазақ әскери ревкомының кеңсесінде, Мемлекеттік баспа ісін ұйымдастыру комиссиясында қызмет атқарды. 1920 жылы Қазақ автономиясын жариялайтын құрылтайға Бөкей Ордасынан өкіл болып қатынасты. Осында Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Кешікпей Қазақ АКСР Заң халық комиссарының орынбасары болып тағайындалды. 1921-1924 жылдары республиканың Мәскеудегі өкілеттігінің алқа төрағасының орынбасары, Ұлттар комиссариаты жанындағы Қазақстан өкілеттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1924-1937 жылдары Татар АКСР Жоғары сотында жұмыс істеді. 30-40 жылдары екі мәрте репрессияланды. Айдаудан 1955 жылы босатылды. 1968 жылы Алматыда қайтыс болды.
Айбасов Бірмұхамед (1895 жылы, Ақмола облысы Атбасар уезді Ұлытау болысында — 28.02.1938, Алматы) — қоғам қайраткері. Ұлытау болысында 30 жылдан астам фельдшер болған Айбас Байтабыновтың (1862 — 1937 жылдары өмір сүрген) отбасында туған. Ауыл шаруашылық училищесін (Омбы, 1917 жылы), Қызыл профессура институтын (Мәскеу, 1933) бітірген. “Бірлік” мәдени-ағарту ұйымы басқармасының хатшысы болды. “Айқап”, “Қазақ” басылымдарында өлеңдері мен мақалалары жарияланған. И. С. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын қазақшаға аударған. Ақмола уезді қазақ комитетінің және “Жас қазақ” ұйымының белсенді мүшесі. 20-жылдары Ақмола облысы жер басқармасының бастығы, Семей губернаторы “Қосшы” одағының төрағасы (1925 — 28), Қазақ ауыл шаруашылық кооперация одағы мал шаруашылық бөлімінің бастығы, өлкелік кооперация техникумының директоры (1928 — 31). Байларды тәркілеуде, қазақ шаруаларын ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікке қарсы шыққандығы үшін қуғынға ұшырады. 1933 жылы И.В. Сталиннің атына жазылған “алтаудың хаты” авторларының бірі. Өмірінің соңғы жылдары Түрген қой кеңшары саяси бөлімінің (Алматы облысы) бастығы (1933 — 35 жылдары), Қазақ партия баспасының редакторы (1935 — 37 жылдары) болды. Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. КСРО Жоғары Сотының әскери алқасының 28.02.1958 жылы шешімімен ақталған. ## Дереккөздер
Қилыбаева Гүлжан (1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Алмасай ауылы)- тоғызқұмалақшы, қазақстан спорт шебері. 1998 жылы тоғызқұмалақ бойынша Ұлан ауданынан шыққан алғаш республика чемпионы атағына ие болды. Ол Алмасай ауылының орта мектебін бітіргеннен кейін Өскемен, содан Шығыс Қазақстандық ауылшаруашылық колледжін бітірді. Гүлжан тоғызқұмалақты 1990 жылдан бастап ойнады. Жарты жылдан кейін аудандық спартакияданы жеңіп алып, аудандық құрама командаға кірді. 1992, 1993, 1995 ж.ж. тоғызқұмалақ бойынша облыс чемпионы болды. 1998 жылы Астанада мемлекет жүлдесіне өткен бірінші халықтық спорт ойындарында спорт шебері нормативін орындады. ## Спорттық жетістіктері жекелей: * ҚР ардагерлер чемпионаты, 1-орын (Шымкент-2012) * ҚР ІІІ ардагерлер спартакиадасы, 3-орын (Қарағанды-2012) командалық: * ҚР ІІІ ардагерлер спартакиадасы, 1-орын (Қарағанды-2012) * ҚР «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары, 2-орын (Қызылжар-2009) Қазіргі уақытта Гулжан Өскемен құс фабрикасында қызмет істейді. Аудан орталығында тоғызқұмалақ ойындары бойынша топты жүргізіп, ең тамаша интеллектуалдық спорт ойыны бойынша өз білімі және тәжірибесімен жастармен бөлісуде. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ұлан ауданы әкімінің ресми сайты Мұрағатталған 7 қарашаның 2014 жылы. * Қилыбаев Гүлжан
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген. ## Мансабы Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққан Сұлтанбек Қожанов елдің саяси-әлеуметтік жұмысына 1915-ші жылдан бастап белсене кірісті. Сол жылдары Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрады. 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Түркістан (Қоқан) автономиясына қызу қолдаушылық танытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құлатуын жергілікті халықтың өзін-өзі билеу құқығын аяқ асты етушілік деп бағалады. ### Ашаршылық кезеңі Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 ж. қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылы Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды. ### Түркістандағы қызметі 1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Ол осы қызметтерді атқару барысында БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссияның Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге, таптық күресті шиеленістіре түсуге, сөйтіп ұлттық мәселені кейінге ығыстырып тастауға бағытталған әрекетіне қарсы тұрды. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті. Мәскеу, Петроград секілді ірі қалаларда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық жастарға материалдық көмек көрсетуде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды. 1922 – 1924 жылы Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. Қ. мемл. қайраткер ретінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезінде (1924) айрықша танылды. 1924 жылы қарашада РК(б)П Қазақ обкомының (1925 жылы ақпаннан – Қазақ өлкекомының) екінші хатшысы қызметіне жіберілді. Қ-тың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І съезі қазақ халқы тарихи атауын (патшалық тұсынан бұрмаланып қалыптасқан “киргиз” деген атты төл атауына – “қазаққа” түзетіп) қайтарып, астаналық қала атын Қызылорда деп өзгертті. ### БК(б)П орталық комитетіндегі қызметі 1925 жылы қарашада БК(б)П орталық комитетіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 жылы Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Ташкент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 жылы Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын (САХИПИ) құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 жылы Орта Азия мақта кентінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 жылы БК(б)П ОК аппаратында істеді. ## Шығармашылығы Қожанов негізгі міндеттерін қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Мектепке арналған “Есептану құралы” атты оқулығы (1924), “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі (1928) жеке кітап болып шыққан. «Есеп тану құралы» атты оқулығы көпшілікке арналған қазақ мектебінің математикадан бірінші оқулығы болатын. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі. ## Соңғы жылдары РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана 1994 жылы еңбектері шығарыла бастады. Алматы, Шымкент қалаларындағы көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған. ## Дереккөздер
Қазіргі Шұбарқұдық маңындағы мешітті ол Бірман ұстаға салдырған. Мешіт ішінде жүз адам еркін тұрып намаз оқи алатын болған. Жалпы, мешіттің жобасы Қазандағы Юнусов мешітіне қарап жасалған деген пікір де бар. Біреулер алты күмбезді, ал кейбіреулер тоғыз күмбезді болған деген болжам айтады. «Алты күмбезді» деген пікір шындыққа жанасымды деп білеміз. Байқап қарасақ, екі түсті кірпіш пайдаланылған. Құрылыстың негізгі жұмысына халық көмектеседі.Мешіт іші ою-өрнекпен әшекейленіп, сырттан түскен жарық барлық нақыштарын нұрландырып тұрған. Аят, хадистер қызыл бояумен бояп жазылған.Бүгінге дейін жеткен деректерге қарағанда, мешіт жанында 150 орындық балаларға білім беретін медресесі, қонақ сыйлайтын орны да болған. Күмбездері Кеңес тұсында құлатылған.Әбубәкір Кердері Шоқанұлынің жырларында Досжан ишанның мешітінде мыңдаған шәкірт білім алды деп көрсетеді.Ақынның «Қазағым» жинағында:«Мешітті таңғажайып салды оңдап,Ұстаны Бірман атты алды таңдап,Ойы мен зейіні артық шеберлерді,Қасына жүз шамалы қосты жалдап.Бір жылда салып болды керегесін,Қондырып кісі бойы терезесін.Төбесі бөлме – бөлме іші бұрау,Бағана асты – үстіне жоқты тіреу.Қиық жоқ, белдігі жоқ үстін басқан,Төбесін күмбез қылып бұрып қосқан.Ғажайып нақыштары әрбір түрмен,Жазулы аят, хадис қызыл сырмен.Көргенде сүйек еріп, тәнің балқып,Толғандай мұсылманның көңілі нұрмен» — деп суреттелген.Кеңес үкіметі кезінде мешіт алғашқыда дүкен, кейін ат қора ретінде пайдаланылған. 1980-жылдары мешіттің күмбезі жартылай сақталып тұрған деседі. Бүгінде төбесі құлаған. 1990-жылдары Шұбарқұдықта тұратын ұрпақтары мен ағайын-туыстары бірігіп, мешіттің қасынан тілеухана салдырған. Хазіретті құрмет тұтып, басына садақа беретіндер үзілмейді екен. ## Досжан хазіреттің мөрі Досжан хазіреттің қолданған мүлкінен қазірде сақталып қалғаны — мөрі. Мөр қазір Шұбарқұдықта, жеке қолда. Мөрдің бетінде арабша: «Аллаға құлшылық етуші молла Досмухаммад ибн Қашақ 1248» (хижра жыл санауы бойынша) деп жазылған. Мөр түсті металдан ойылып жасалған, әдемі тұтқасы да бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Досжан қазірет мешіті Мұрағатталған 7 қарашаның 2014 жылы.
Әлімбеков Имам (1883 — 17.09.1938 жылдары өмір сүрген) — “Алаш” партиясының қайраткері, ағартушы, публицист. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесін,Семей мұғалімдер семинариясын бітірген. Қазан төңкерісіне дейін Семей мектептері мен гимназияларында мұғалім болды. 1917 — 18 ж. Семей өңірінде “Алаш” партиясының облыстық және уездік ұйымдарын құруға белсене қатысты. Облыстық қазақ комитетінің мүшесі, “Алаштың” Семей обкомы төрағасының орынбасары, “Қазақ” газеті басқармасның қызметкері, “Сарыарқа” газетінің редакторы, Алашорда атты әскерлер полкін жасақтаушылардың бірі, Семей уездік Кеңесінің мүшесі болды . 1919 ж. көктемінде колчакшылардың абақтысында отырып шықты. Кеңес өкіметі кезінде Әлімбеков ағартушылық қызметке ден қойды. 1920 жылдан бастап Қарқаралы педтехникумында, Бесоба, Милыбұлақ, Қу болыстарындағы, Ақтоғайдағы мектептерде, Қызылжар техникумында оқытушы болды. 1933 жылы “Алаш ісі” бойынша Мағжан Жұмабаевпен бірге 10 жылға сотталып кетеді, бірақ 1935 жылы босанып шығады. Қарқаралыға қайтып, бір кездері өзі ашқызған Бесоба мектебінде оқытушы болып істеп жүргенде қайта ұсталады. Семей облысы УНКВД үштігінің үкімімен 1937 жылы 17 қыркүйекте ату жазасына кесілді. 1990 жылы 15 наурызда ақталды. ## Дереккөздер
Рейш Бруно Эрихович (1927-1992), ҚазКСР-ң Еңбек сіңірген дәрігері, денсаулық сақтау саласының үздігі. 1927 жылы Ростов-на-Дону қаласында, дәрігер отбасында дүниеге келген. 1950 жылы Алматы медициналық институтын үздік аяқтайды. Талдықорған облыстық денсаулық сақтау бөлімінде бас хирург болып қызмет атқарады. 1962 жылдан бастап оның қызметі Шығыс Қазақстан облысымен байланысты болды: Лениногор полиметалл комбинаты медицина-санитарлық бөлімінің хирургия саласының меңгерушісі, 1962 ж. желтоқсан айынан - облыстағы бас хирург және облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі болған. Шығыс Қазақстанда алғаш рет жүрекке оталау жасауды тәжірибеден өткізіп, жүздеген адамды құтқарып қалған. Бруно Эрихович өмірінің соңына дейін адал қызмет еткен. Мыңдаған шығысқазақстандықтар ол кісіні зор ілтипатпен еске алады. Бруно Эрихович Шығыс Қазақстан хирургиясының құрылуы мен дамуына барынша үлес қосқан азамат. Ол көптеген жас дәрігер тәрбиелеп, өз тәжірибесін жетік меңгерте білген.Өскемен қаласы мен облыс көлемінде Б.Э.Рейштің қоғамдық-саяси қызметі кеңінен танылған. Ол КСРО халық депутатына сайланған, өңірдің нақты экологиялық мәселелерін, облыстық диагностикалық орталық құрылысын шешуге барынша ат салысып, тұрғындар арасында ағартушылық жұмысты ұйымдастырушы болған. Марапаттары: "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту" ордендері, медальдар. 30 жыл (1961-1992) бойы ерен еңбек еткен ШҚ облыстық ауруханасы ғимаратына дәрігер құрметіне мемориалды тақта орнатылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Медицина қызметкерлері Мұрағатталған 29 қазанның 2012 жылы.
Оралхан Көшеров- Республикаға танымал болған сазгер, әнші. Күршім ауданы, Топтерек ауылында туған. Еңбек жолында қарапайым жұмыскер болып жүріп, аудандық мәдениет бөлімінде әнші болумен байланыстырды. Өмірінің соңғы 10 жылында ән жазумен айналысты. Семей қаласының музыка училищесіне түсіп, бір курсын ғана тәмәмдайды. Күршім ауданының мәдениет бөлімінде қызмет атқарып, көптеген концерттер берген. Оны жұрт «Шығыстың Шәмшісі» деп атайды. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді. Оралханның да артына жүрегінен 53 ән - 53 перзенттің қалғаны бүгін әуен, бүгін жыр. Халқы еркелеткен сазгер-әншінің «Боздала», «Достарыма», «Туған жер», «Ескі әнді шеше, қозғама», «Алғашқы махаббат», «Алтай», «Інілеріме», «Өскемен-әнім» атты әндері мен термелерін бүгін шығыстағы қазақтың бәрі айтады. Ол небәрі 42 жыл өмір сүрді. Бірақ, ол өмірге ғашық еді. Әнге ғашық еді. Ол Мұқағалиды «пірім» дейтін. 1996 жылы талантты сазгер өмірден қайтады. 2004 жылдың 27-28 сәуірлерінде облыстық мәдениет басқармасы мен Күршім ауданының әкімінің бірлесуімен композитордың 50 жылдық мерейтойына орай «Оралханның көктемі» атты әншілер байқауы өтті.Алматыдағы «Мәликә» студиясынан марқұмның бірнеше әндері жазылған үнтаспасы жарыққа шыққан. Әйгілі «Достарға» әнін белгілі әнші Мақпал Жүнісова республикаға танытты. 2005 жылы «Есіңе мені алғайсың» атты жинағы басылып шықты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Күршім жұлдыздары(қолжетпейтін сілтеме) * Көшеров Оралхан Мұрағатталған 8 қарашаның 2014 жылы.
Қабдолда Тұраров - 1921 жылы Күршім ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Маралиха (қазіргі Маралды) ауылындағы орта мектепті бітірісімен ауыл мектебінде мұғалім болып орналасады. 1950-1953 жылдары Шердіаяқ кенішіндегі кешкі мектептің, 1953-1956 жылдары Ленинскі мектебінің директоры бола жүріп, 1956 жылы Өскемен мұғалімдер институтының матаматика факультетін сырттай бітіреді. 1956-1960 жылдары Жолнұсқау мектебінің директоры қызметін атқарады. 1960-1964 жылдары Тарбағатай аудандық партия комитетінде инспектор болды.1965-82 жылға дейін Күршім аудандық мәдениет бөлімін басқарды. Осы жылдар ішінде Ақсуат ауылында «Айдын» атты ән-би ансамблінің құрылуына ықпал жасады. Аудандағы үш ұжымға «халық театры» атағын әперді. 1982 жылы аудандық мұражай ашып, оның ғимаратын салдырды. Экспонаттардың жиналуына ықпал жасай отырып, мұражай жұмысының алға басып кетуіне сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Кейіннен ауданда, облыста ақындар мектебін ұйымдастырды. Өлең жазумен, ән шығарумен жастайынан айналысып, республикалық радио фонотекасына 20-дан астам әндері қабылданды. Қ. Тұраров айтыс ақыны ретінде де танымал болған. Облыстағы өнер саласындағы еңбегі ерекше. Айтыстың тұралап жатқан шағында облыста ақындар мектебін ұйымдастырып, өзі басқарды. Ол тәрбиелеген әуесқой айтыс ақындарының саны 50-ден асады. Олар облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, елімізге танымал болды. 1959 жылы «Алтай әуендері» атты жеке жинағы жарық көрген. 1984 жылы «Жазушы» баспасынан «Жайқоңыр» өлеңдер жинағы, Композиторлар одағының мақұлдауымен «Өнер» баспасынан 1987 жылы «Жастық шақ әуендері» әндер жинағына Қабаңның көп әндері кірген. Күршім ауданының «Құрметті азаматы», ақын-сазгер, шежірешінің үлгі істері көпке үлгі-өнеге. Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер зерттеу бөлімі мен республика Композиторлар Одағы Қабдолда Тұрарұлының әндерін жоғары бағалап, Бақытжан Байқадамов пен Құддыс Қожамияров жақсы пікір айтқан. Аудан тарихы туралы көп жазған өңір шежірешісі. Шығармаларына тұған жері оның тарихы, батырлары, азаматтары арқау болған. Еңбектері республикалық «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, республикалық «Қазақ батырлары» облыстық «Дидар» газеттерінде жиі басылды. «Ер Күркебай», «Жаман батыр», «Шерубай сыбызғышы», «Шанақ сыбызғышы», «Күйші Шайқы» шығармаларының авторы. Күршім жерінде қазақтың өнері үшін саналы өмірін арнаған еңбегі еленіп ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілген, Күршім ауылындағы бір көше Қ. Тұраровтың есімімен аталады. «Мәдениет қайраткері», облысқа өнер саласында сіңірген еңбегі ұшан теңіз ақын-сазгер.2003 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Алматыда жерленді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Күршім жұлдыздары(қолжетпейтін сілтеме) * Шығыс Қазақстан. Қаһармандар Мұрағатталған 28 сәуірдің 2013 жылы.
Қалиғожин Советхан Жақыпұлы 1937 жылы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты Теректібұлақ ауылында өмірге келді. Әкесі Қалиғожа Жақыпұлы ауылдық жерде шаруашылықты ұжымдастыруға ат салысып, ұжымшарда (колхоз) бригадир, есепші, бастық болады. 1941 жылы өз еркімен (броньмен қалтырылып колхозды басқарған) әскер қатарына алынып, Отан қорғау жолында қаза болады. Анасы Алтынша Салықшықызы Советханның 1,5 жасында қайтыс болады. Әке, шешесіз жетім қалған сәбиді апасы Бағжан бауырына салып, қамқорлыққа алады. Советхан 1947 жылы ауылда ашылған бастауыш мектептің 1–ші сыныбына алынып, 1951 жылы осы мектептің 4–ші сыныбын үздік бітіреді. 1951–1952 оқу жылында Құйған мектеп–интернатына қабылданып,1957 жылы осы мектептің 10-шы сыныбын жақсы деген бағаға бітіріп, кәмелеттік аттестат алды.1957 -1960 жылдары әскер қатарында Отан алдындағы борышын атқарды. Әскерден оралысымен Буденновка сегіз жылдық мектебіне дене тәрбиесі мұғалімдігіне қабылданды. Содан зейнеткерлікке шыққанға дейін мектепте істеді. 1961 жылы Семей қаласындағы Н. К. Крупская атындағы пединститутқа сырттай оқуға түсіп, тарих мамандығы бойынша жоғарғы білім алды.Халық ағарту саласында істеген 46 жылдың отыз жылдан астамы мектепті басқару жүйесін қамтыды. Жылытау сегізжылдық, Шірікаяқ, Құйған, Теректібұлақ орта мектептерінде директор боп істеді. Әдіскер мұғалім. ҚР білім беру саласының үздігі. ҚР Білім Министрі мен Кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасының иегері. Облыстық, республикалық педагогикалық оқудың сан мәрте жеңімпазы. Күршім ауданының Құрметті азаматы. Творчестволық іспен шұғылданады. Мерзімді баспасөз беттерінде елуден астам оқу–тәрбие жұмысының теориясы мен методикасына байланысты мақалалары жарық көрді. Ол ұсынған мектептің оқу–тәрбие жұмысының құрылымын ауданның бірқатар мектептері пайдаланып жүр.Ақын. Бірнеше кітаптың авторы. ## Шығармалары: * Қалиғожин, Советхан. Тәрбие тарландарына тарту [Электрондық ресурс] : [Мұғалімдерге арналған көмекші құрал.] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2010. - 220 б. с. * Қалиғожин, Советхан. Өрнектелді өлең боп өмірдің кейбір тұстары [Электрондық ресурс] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2012. - 236 б. с. * Қалиғожин, Советхан. Барақ ауылы [Электрондық ресурс] : [Күршім ауданы Теректібұлақ ауылының тарихынан.] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2013. - 135 б. с. * Қалиғожин, Советхан. Саңлақ [Электрондық ресурс] : [Облысқа танымал ардақты ұстаз, ақылгөй қария М. Шаяхметов туралы.] / С. Қалиғожин. - Алматы ; Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2012 * Қалиғожин, Советхан. Күнгейлі Күршімім, көшбасшы Ұланым [Электрондыќ ресурс] : [Күршім , Ұлан аудандарының 80 жылдық мерейтойларына арналған жыр-дастандар.] / С. Қалиғожин. - Алматы : Арда, 2008. - 145 б. с. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Педагогтар * Шығыс қазақстан. Танымал есімдер: Ақын-жазушылар Мұрағатталған 8 қарашаның 2014 жылы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Майлықожа ақын (Қаратау, 1835-1898) — Қазақ халық ақыны, композитор, айтыскер ақын. ## Өмірбаяны Қазіргі Түркістан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Қожа руынан шыққан. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді алған. Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып, жоқшылық, мұқтаждық көп көрген. Ержете келе жаттап өлең айтып, өнер жолына түсу арқылы елге танылады. Ол 20 жас шамасында өлең өнеріне бет бұрады. Ел ақындарымен кездесіп, кейін өзінің сауатын кеңейтіп, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға қол жеткізеді. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп, Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағыстырған. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген. Олар - «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт». Кейбір деректерде Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген жылдары 1835-1898 деп берілген және оның Сарыағаш ауданында туғаны туралы мәлімет бар. ## Деректі фильм * 2015 — “Майлықожа” (фильм) режиссері “Қалила Умаров” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы ## Дереккөздер
## Сәләмә бин Жандәл Сәләмә бин Жәндәл (سلامة بن جندل) әл-Тәмими. Амр ибн Һинд және Нұғман Әбу Қәбустың замандастары болған. Өз заманындағы шайырлардың алдыңғы қатарынан болған.Сәләмә жайлы араб әдебиетінде мәліметтер аз кездеседі екен. Мунжидте Жаһилиет дәуірінің фурсан шайырларынан. Жылқы баласын мадақтаған атақты шайыр екендігі ғана жазылған.Сонымен бірге шығармаларын «Китаб әл-шиғр уә әл-шуғара» 147 бетінен және «Шуғараул насрания» 486 бет, «Хизанатуль әдәб» 2-том 86 бет, «Муғжамул булдән» атты кітаптардан кездестіруге болады.Сәләмә мұсылман болған деген мәлімет бар. Дегенмен Лиюс Шейху бұл пікірге қарсылық білдіріп Сәләмә христиан болған дейді. ## Шығармалары: 1)Диуан Сәләмә бин Жандәл. Александрия.2)Диуан Сәләмә бин Жандәл. Лиюс Щейху. Бейрут. 1910 ж. ## Дереккөздер ## Сәләмә бин Жандәл Сәләмә бин Жәндәл (سلامة بن جندل) әл-Тәмими. Амр ибн Һинд және Нұғман Әбу Қәбустың замандастары болған. Өз заманындағы шайырлардың алдыңғы қатарынан болған.Сәләмә жайлы араб әдебиетінде мәліметтер аз кездеседі екен. Мунжидте Жаһилиет дәуірінің фурсан шайырларынан. Жылқы баласын мадақтаған атақты шайыр екендігі ғана жазылған.Сонымен бірге шығармаларын «Китаб әл-шиғр уә әл-шуғара» 147 бетінен және «Шуғараул насрания» 486 бет, «Хизанатуль әдәб» 2-том 86 бет, «Муғжамул булдән» атты кітаптардан кездестіруге болады.Сәләмә мұсылман болған деген мәлімет бар. Дегенмен Лиюс Шейху бұл пікірге қарсылық білдіріп Сәләмә христиан болған дейді. ## Шығармалары: 1)Диуан Сәләмә бин Жандәл. Александрия.2)Диуан Сәләмә бин Жандәл. Лиюс Щейху. Бейрут. 1910 ж. ## Дереккөздер
Әдет-ғұрыптық құқық (ағыл. customary law; нем. hergebrachtes Reclit, Gewohnheitsrecht n; Volks, Laiulreclit n) - Аталмыш мемлекетте, белгілі бір жерде не аталмыш [этникалық, немесе әлеуметтік топтың қоғамдык қатынастарын реттейтін, әдет-ғұрыпқа негізделген нормалар (тәлім-жосық) жүйесі. Ғұрыптық құқық мемлекетке дейінгі қоғамда қолданылған әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасты. Кейбірелдерде үлкен маңызға ие болып отыр. Бұл жағдайда соттар, егер олар заңмен елеулі түрде қарама-қайшылықта болмаса, ғұрыптық құқық нормаларын қолданады. ## Дереккөздер
Сардар (парсы: سردار‎ – сирдар) — әскери басшы. Осман империясындағы соғыс қимылдарын жүргізуші армия қолбасшысының, Англия билігі кезеңінде Египеттегі ағылшын офицері, хедив армиясы қолбасшысының лауазымы. * Иранда, Ауғанстанда Сардар ықпалды сановник, тайпа басшысы. * Қазақтар да өз қолбасшыларын Сардар деп атаған. Мыс., 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Амангелдіні сарбаздары “Сардар” деп атаған. * Үндістанда сардар деп сикх әскербасылары аталады. * Қырғыз, ұйғыр т.б. түркі тілдерінде де "әскер басы, қолбасшы" мағынасында кездеседі. * Түркіменстанда сардар титулы кезінде президент Сапармұрат Ниязовқа берілді. ## Пайдаланылған cілтемелер
Боғдыхан - қытай императорының моңғол тіліндегі атауы. ## Дереккөздер
Теңгежапырақ шықшөп (лат. Drosera rotundifolia) - шықшөптер тұқымдасы шықшөп туысына жататын, ұсақ жәндіктермен қоректенетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 25 см-ге жуық. * Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын, олар сабағының түп жағында топталып тұрады. Дөңгелектеу, жоғарғы жағында қызғылт түсті бедерлері бар және оның біреуі ірілеу. Олардың бөліп шығаратын сөлдеріне шыбын-шіркейлер жабысады да, оларды өсімдік қорек ретінде пайдаланады. * Гүлдері майда, ақ түсті, олар сабағының жоғарғы жағында шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасы түтікше қоңырау тәрізді бес қалақшадан тұрады да, кейіннен олар жемісімен бірге жұлынады. Гүл тәжінің жапырақшалары бесеу. * Жемісі - сопақша келген қауашық. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Қазақстанда шымтезекті мүк өскен батпақты жерлерде, ылғалды, құмды жерлерде өседі. ## Құрамы Құрамында дрозерон, плумбагин, ферменттер, пигменттер танин, аскорбин, алма, лимон қышқылдары бар. ## Емдік қасиеті Шықшөптен жасалған дәрілердің қақырық түсіретін, жөтел басатын, тер шығаратын, несеп айдайтын, дененің қызуын төмендететін қасиеттері бар. Халық медицинасында көкжөтелді, бронх демікпесін, артериосклерозды және қақырыққа қан араласқанды емдеу үшін қолданылады. Шықшөптің жапырағында таңертеңгілікте пайда болатын шық секілді сұйық затпен сүйелді емдейді. Дәрі үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинайды. ### Дәрі дайындау және қолдану тәсілі Өсімдіктің ұнтақталған 25 грамын 2 стақан суға салып 6 сағат тұндырады да, оған 4 грамм бромды натрий қосады. Көкжөтелге қарсы осы тұнбадан 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Шықшөптен, жолжекеннің жапырағынан, қоғажайдан теңдей етіп алып араластырады. Оның 2 шай қасығын 1 стақан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, жөтелге қарсы 1 ас қасықтан 3-4 рет ішеді. ## Дереккөздер
Алаш Қозбағаров (1917 жылы 23 қарашада Семей өңірі - 6 қаңтар 1996 жыл, Алматы) - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты. Алаш Ахметжанның үлкен ұлы, Алматы қалалық №10 мектептің 7 сыныбы мен Талдықорған медициналық рабфакты аяқтаған соң, 1934 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық институтына түседі. 1939 жылы Алаш ҚазМИ-ды тәмамдап, дәрігер–емдеуші дипломын алып, Ақмола облыстық денсаулық сақтау бөліміне жолдама алады. Өзінің еңбек жолын Шортанды ауданында КазЦИК атындағы астық совхозындағы учаскелік ауруханада меңгеруші болудан бастайды, кейін аудан ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Төрт жылдық еңбек жолына соғыс кедергі болады. Генерал Рыбалконын басшылығымен 22-гвардиялық атқыштар бригадасы 3-батальонының дәрігері болады. Өзінің батылдығы мен ерлігі үшін алғаш рет "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады. Днепрді, Украинаның оң жағалауын азат етуде жарақаттар алады. Майдан госпиталінде емделген соң, қайтадан жаралыларды құтқаруға аттанады. Кейін хирургия бөлімінің бастығы, туберкулез бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады. Жауынгерлерді құтқарудағы еңбегі үшін екінші мәрте "Қызыл Жұлдыз" орденімен және «Германиядағы жеңісі үшін» медалімен марапатталады. Соғыс аяқталған соң 1946 ж. наурыз айында А.А.Қозбағаров қатты ауырады. 4 айға жуық Талдықорған қалалық ауруханасында және жарты жылдан астам уақыт Семей Отан соғысы мүгедектері госпиталінде емделеді. 1948 жылы ақпан айында госпитальдан шыққан соң, акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Кейін Семей қаласы Затон ауданының емдеу бірлестігінің бас дәрігері, 1950-1958 жж. аралығында №1 перзентханада бас дәрігер болып қызмет атқарады. Ол акушер, гинекология саласында еңбек етеді. Акушерлік және гинекологиялық кафедра құру кезінде А.А.Қозбағаровтан өткен кандидат жоқ еді. «Клиническая оценка некоторых методов стимуляции и возбуждения родовой деятельности» атты кандидаттық диссертация қорғайды. 1957 жылы диссертациясын қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Бұдан соң Акушерлік және гинекологиялық кафедраның меңгерушісі қызметінде доцент атағын алып 20 жыл еңбек етеді. 1979 жылы ресми түрде демалысқа шыққан соң Алаш Ахметжанұлы ет-консерві комбинатының медицина санитарлық бөлімінің гинекология саласын басқарады. Ол – 70 ғылыми жұмыс пен көптеген мақалалардың авторы. 1996 жылы 6 қаңтарда дүниеден өтеді. Семей қаласының әкімі мен қалалық мәслихат қала тұрғындарының ұсынысы бойынша қаланың орталық көшелерінің біріне Алаш Қозбағаров есімін беру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Семей облыстық акушерлер және гинекеологтар ғылыми қоғамының негізін қалаушы Алаш Ахметжанұлы Қозбағаровтың 90 жылдығына орай ШҚО Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығы мұрағатшыларының әзірлеуімен 2007 жылы «Дарю тебе жизнь…» (Саған өмір сыйлаймын) атты кітапшасы жарық көрді. Кітапшаны дайындау барысында ШҚО ҚЗҚО А.Қозбағаровтың жеке қорында 896 қор, 72 іс, 1936-1997 жылдар аралығындағы материалдар мен фотолары сақтаулы. Қарашаның соңында Семей қаласының Денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп А.Қозбағаровтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда бала мен әйелдер өмірін сақтауда аянбай жан-тәнімен еңбек еткен азаматтың жанқяирлық еңбегі, оның өмір сүрген ортасы, айналасымен қарым-қатынасы туралы сөз болды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Медицина қызметкерлері Мұрағатталған 29 қазанның 2012 жылы.
Тыйым салынған қала — Пекиннің ескі императорлық бөлігі. Қаланың айналасы ормен және қабырғамен қоршалған. Оның ішінде бұрын Қытай императорлары пайдаланған сарайлар тұр, бірақ қазір қоғамдық мұражайлар ретінде келушілер үшін олардың есігі қашанда ашық. ## Дереккөздер
Аир таулары Агадездің солтүстік жағында орналасқан. Бұл - табиғаттың таңғажайып туындысы. Аир тауларын тамашалауға саяхатшылар көп келеді. Сахараның Аир таулары аймағы Нигердің орталығында орналасқан.Аир тауларының солтүстігінде Тенере шөлі, одан әрі солтүстік-шығыста Джадо үстірті бар. Агадез қаласы туарегтер елінің негізгі орталығы болып табылады. Бұл елдің астанасы - Аир қаласы. Аир таулары шыңының биіктігі - 2000 м. Ал Багзане тауы одан да биік. Ол Агадездің солтүстігінде 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл таулар - шөл даладағы Нигер Республикасының солтүстігінде орналасқан үш бұрышты тау массиві болып табылады. Аир таулары жартасты үстірттен көтерілетін дөңгелектеу тоғыз массивтен тұрады. Багзаненің биік үстірті Аир тауларының орталығын қажетті жауын-шашынмен қамтамасыз етеді.Бұл аймақты бұрынғы кезде қорқау иттер мекендеген. Иттердің бұл түрі адамдардың келуіне байланысты түп-тамырымен тіршілігін жойды деген болжам бар. Жерасты сулары бұл аймақта өсімдіктердің жыл бойы өсуін қамтамасыз етеді. Аир тауларының климаты оңтүстікке қарай ауысқан сайын жақсара түседі. Бұл жергілікті тұрғындарға өте қолайлы.Аир тауларын тамашалауеа саяхатшылар көп келеді. ## Галерея * * * ## Дереккөздер
Төлеген Тәжібаев (1910, Сүткент ауылы — 1964, Алматы қаласы) — ғалым, педагогика ғылымы докторы, Қазақстан FA академигі (1954), 1935 ж. Мәскеудегі коммунистік тәрбие академиясын, аталған академияның аспирантурасын бітірген. 1938-40 ж. ҚазПИ-да кафедра меңгерушісі, 1940—44 ж. Халық ағарту комиссары, 1944-57 ж. ҚазКСР-нің Сыртқы істер министрі, 1948—53 ж. ҚазМУ-дың ректоры, 1957—61 ж. КСРО-ның Үндістандағы елшісі, 1961—64 ж. ҚазМУ-да педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ол педагогика ғылымы саласында Қазақстандағы тұңғыш доктор және академик. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі II—IV шақырылымдарының депутаты. "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қожа тоғай ауылында Тәжібаев атында көше бар. ## Шығармалары: * Психология и педагогическая психология К.Д.Ушинского, 1948; * Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева, 1957; * Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX в. 1965; * Абай Кунанбаев о воспитании молодежи, 1965; * Педагогическая мысль в Казахстане Ол Қазақстандағы педогогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы тақырыбына бірқатар құнды ғылыми еңбектер жариялады. 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақтың демократ- ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың педогогикалық көзқарастарын зерттеп, келелі пікірлер айтты. Абайдың дүниетанымы, педогогика және психология тұжырымдарына тұңғыш рет материалистік тұрғыда талдау жасады. Ақынның айналаны қоршаған орта сырын терең түсінуде адам бойында үш түрлі: бірінші - әр нәрсені үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деп қарау, екінші - заттардың өзара айырмашылығын салыстыра отырып, тәжірибе арқылы анықтау, үшінші - ақылмен қорытылған ойды жүрекпен сезіне білу секілді қасиеттің жинақталуы қажет деген қағидасының материалистік мазмұнын нақтылы мысалдармен ашып көрсетті. Тәжібаев адам бес сезім мүшесінің қызметі арқылы қоршаған ортаны танып білетіні туралы Абай ұғымының ғылым талабына сай, ақиқат шындық екенін оның Жиырма жетінші сөзіндегі Сократ пен шәкірті Аристодим арасындағы пікірталасын арқау ете отырып дәлелдеді. Адамның ақыл, сезім, қайрат сияқты психолог қасиеттерінің ерекшеліктерін ақынның ғақлияларында және поэзия тілімен шебер бейнелеуін қазақ халқының педогогика ой-пікірінің қалыптасу тарихындағы үлкен жетістік ретінде жоғары бағалады. Тәжібаевтың тұжырымынша, адам баласының хайуаннан айырмашылығы ақыл-парасатында, логикалық ойлау қызметінде және ақылмен саналы әрекет етуінде, ақылдың қасиеті өткірлігімен, ашықтығымен ерекшеленетіні жөніндегі ақын пікірі педогогика ғылымының методикалық талабымен толық үндес келеді. Тәжібаев Абайдың жүрек туралы түсінігін оның гуманистік ой толғауларының негізі ретінде қарастырды. Ақынның педогогика көзқарастарына талдау жасай келе, адам психологиясының жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отыратындығын және мінез-құлқының қалыптасуы тәрбиеге байланыстылығы жайлы пікірлерінің ғылыми тұрғыда маңызды екенін атап өтті. Тәжібаев ақынның еңбек, оқу-білім, адамгершілік тәрбиесі туралы тұжырымдарының мәнін ашып көрсетті. Абайдың эстетика көзқарастарын да жан-жақты зерттеп, өлең сөздің құдіреті туралы ойларына психологиялық тұрғыда талдау жасады. Тәжібаев ақынның ағартушылық, демократтық ой-пікірлерінің орыстың ойшыл-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, В. Г. Белинский т. б. көзқарастарымен идеялық өзектестігін ғылыми тұрғыда терең тұжырымдаған алғашқы зерттеушілердің бірі болды. ## Дереккөздер
Мұрат Жұрынұлы Жұрынов (7 желтоқсан 1941 жыл, Арыс, Қазақ КСР) — қазақ ғалым және химик, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті. 1995-1997 жылдары ҚР Білім министрлігін басқарды. ## Білімі * 1959-1964 ж.ж. – Қазақ химия-технологиялық институты (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.), мамандығы – электрохимиялық өндірістердің инженер-технологы. * 1967-1970 ж.ж. - Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтының аспирантурасы (РХТУ), Мәскеу қ, мамандығы – электрохимия. ## Ғылыми дәрежесі 1970 ж. – химия ғылымдарының кандидаты.  Д.И. Менделеев атындағы МХТИ, Мәскеу қ.1981 ж. - химия ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қ.1989 ж. -  ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.1994 ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі ## Кәсіби тәжірибесі * 1965-1967 ж.ж. – ҚазХТИ оқытушысы, Шымкент қ, * 1967-1970 ж.ж.- Д.И.Менделеев атындағы МХТИ аспиранты, Мәскеу қ. * 1970-1982 ж.ж. – ҚазХТИ-де аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, факультет деканы, Шымкент қ. * 1982-1985 ж.ж. – Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, Қарағанды қ. 1985-1991 ж.ж. - ҚазССР ҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры, Қарағанды қ. * 1991-1995 ж.ж. – А. Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры, Түркістан қ. * 1995-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Білім министрі, Алматы қ. * 1997-2001 ж.ж. – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті, Түркістан қ. * 2001 – 2007 ж.ж, 2013 ж. бастап – «Д.В. Сокольскийатындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ Бас директоры, Алматы қ. 2003 ж. бастап – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті, Алматы қ. * 2015-2016 жж. – Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялар одағының тұңғыш президенті (қоғамдық негізінде). * 2016 ж. – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды (қоғамдық негізінде). ## Қосымша мәліметтер * Қоғамдық қызметі: ҚР Ұлттық Кеңсінің мүшесі, ҚР «Нұр Отан» партиясының Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстанның демократиялық күштер коалициясының мүшесі, ЮНЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық Комиссиясының мүшесі, «ҚР ҰҒА Баяндамалары» журналының бас редакторы, Ресей ғылым академиясының «Электрохимия» журналының редколлегия мүшесі. * Ғылыми жұмыстары: 770-тен аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 20 монографиясы, 143-тен астам авторлық куәлігі және  патенттері бар, 7 ғылым докторын, 40-жуық ғылым кандидаттарымен PhD-докторларын даярлады. * Наградалары: «Парасат» ордені (2005 ж.), ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2011 ж.), ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016 ж.), ҚР білім, ғылым және техника саласында Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты (2003 ж.), Түрік дүниесі халықаралық сыйлығының лауреаты (Анкара, 2001 ж.), Токио университетінің алтын медалі (2001),Франция ғылыми-өндірістік қоғамының (Париж, 2003 ж.) және Украина ҰҒА «Золотая фортуна» қоғамының алтын медальдары (2006), Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының Құрмет белгісі және РФ «Разум, честь и доблесть» атты ордені (Ресей, Мәскеу қ., 2013 ж.). * Атағы: ҚР ҰҒА академигі, Тәжікстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, Молдова Ұлттық ғылым академияларының шет елдік мүшесі (академигі), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Беларусь Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жаңа материалдар химия институтының құрметті докторы, Джорджтаун университетінің (Вашингтон қ.), Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-нің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университітінің және т.б. университеттердің  құрметті профессоры (1996-2016 ж.ж). Оңтүстік Қазақстан облысының және Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының, Созақ және Түлкібас аудандарының, сондай-ақ Кентукки штатының Луисвилл қаласының (АҚШ) құрметті азаматы. * Тілді білуі: қазақ, орыс және түрік тілдерін еркін меңгерген, неміс және ағылшын тілін орташа меңгерген. * Компьютерді меңгеруі: Компьютерлік техниканы қолданушы режимінде еркін меңгерген.' * Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқару қабілеттері жоғары. ## Марапаттары * Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003) * Түркі әлемі халықаралық сыйлығының лауреаты (Анкара, 2001 ж.) * Парасат ордені (2006) * Барыс ордені 1 дәрежелі (2022) * Барыс ордені 2-дәрежелі (2016) * Барыс ордені 3 дәрежелі (2011) * Оңтүстік Қазақстан облысының, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының, т.б. * П.Л.Капица алтын медалі (2019) * 2001 ж. – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі * 2004 - Тың өлкесіне 50 жыл медалі * 2005 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі * 2006 ж. – «Қазақстан Республикасы парламентіне 10 жыл» медалі * 2008 ж. – Астанаға 10 жыл медалі * 2011 ж. – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі * 2015 ж. – Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі * 2016 ж. – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі * 2018 жыл – «Астанаға 20 жыл» медалі * Алтын медаль Татарстан Республикасының Ғылым академиясы «Ғылымдағы жетістіктері үшін» (2017)
Мұзтау, Белуха - Қатын таулар тізбегінде орналасқан. Мұзтау - Алтай тауларының ең биік шыңы. Сонымен қатар бұл тау - «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұрасының бір бөлігі. ## Жер бедері Мұзтау Ресей мен Қазақстан шекарасы бойымен көтерілетін екі шыңнан тұрады. Сондай-ақ аталған қос шың Қытай мен Моңғолия шекарасында бетпе-бет орналасқан. Екі шыңның шығыс жағындағысы батыстағы шыңнан биіктеу. Бұл тауларда бірнеше шағын мұздықтар кездеседі. Мұздықтар таудың беткі бөлігінің 27 шақырым аумағын алып жатыр. Берел олардың арасындағы ең ірі мұздық болып табылады. Биіктігі -1950 м. Алтайдың алғашқы карталарында Оңтүстік-Шу Альпісі және Катун Альпісі деген жазбалар кездеседі. Бұлар осы өңірдің көне атаулары болып табылады. Қос шың беткейлерін мәңгі қар мен мұз басып жатады ## Өзендері мен мұздықтары Көптеген өзендер осы таудан бастау алады. Өзен ағысы екіге бөлініп бірі - Катунь өзені (Алтай Республикасы), екіншісі - Ертіс өзені (Шығыс Қазақстан облысы) болып жалғасады. ЮНЕСКО Алтай таулары аймағын әлемдегі табиғаты өте таза аймақтар тізіміне енгізген. Бұл аймақта екі ірі мұздық бар: бірі - Үлкен Берел, аумағы 10,3 шақырымды құрайды, екіншісі - Кіші Берел, аумағы - 8,9 шақырым. Белуха тауына 1914 жылы алғаш рет Б.В.Тронов пен М.В.Тронов көтерілген. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер
Байнта Брак немесе Огре тік әрі жартасты тау. Ең биік шыңы Панмах Мұзтағы деп аталады. Бұл шың әлемдегі ең биік таулар қатарында 87-ші орынды иеленеді.Байнта Брак Қарақорым тау тізбегіне жатады.Альпинистер Байнта Брак тауына алғаш рет 1977 жылы көтерілген.Альпинистердің айтуынша, бұл тау көтерілуге қолайсыз, біраз қиындық тудыратын тау болып табылады. Сол себептен альпинистер екінші рет шыңға 24 жылдан кейін ғана, 2001 жылы көтерілген.Шыңға тек Қарақорым тау тізбегінің басты мұздықтарының бірі - Биафоның солтүстік бөлігінен бастап көтерілуге болады.Биафо осы аймақтағы ірі қала Скардудың солтүстігінен 75 шақырым, Аскол көлік жолының соңғы бекетінің солтүстігінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан.Байнта Брак Қарақорым тау тізбегіне жатады.Бұл тауға шығу қиындаған сайың альпинистердің оған көтерілуге деген құмарлығы арта түсті. Бүл тау тізбектері Канжут Сар тауларынан басталады.Байнта Брак Пәкістанның солтүстік аймағында орналасқан.Бұл тауға алғаш көтерілген альпинистер - Даг Скот пен Крис Бонингтон.Байнта Брак - Қарақорым тау тізбегіндегі басқаПанмах Мұзтағы шыңының биіктігі - 285 мБайнта Брак тауының дөңестігі - 1891 м. ## Дереккөздер
Блейвен таулары Бла Блейн немесе Көгілдір таулар атымен де танымал.Ол өзінің әсем түрімен ерекшеленеді.Бұл тау Шотландияның Скай аралында жатыр.Блейвен таулары жеке дара орналасқан. Таудың құрылысы жартасты болып келеді. Сондықтан мундай тау альпинистер мен шыңға өрмелеушілер ушін өте қолайлы. Ал тәжірибесі жоқ, арнайы даярлықтан өтпегендер үшін тауға шығу қауіпті.Блейвен - он екі аралдың бірі. Ол - Қара Кюлин тауларының шығысындағы ең биігі.Блейвен тауы Бродфорд елді мекенінен 11 шақырым қашықтықта, Елгол аймағына баратын жалғыз жолдың бойында орналасқан.Бул аймақта ауа райы тез өзгереді. Әсіресе, күз және қыс мезгілінде ауа райы құбылмалы болып келеді.Бродфордтан Елголға баратын жол тау етегімен өтеді. Жол бойы әсем көріністерді тамашалауға болады.Блейвен Шотландиядағы ең әсем тау болып саналады.Блейвен диабаз арқылы бөлінген габбродан базальттан тұрады. Диабаз, габбро, базальт - кең таралған тау жыныстары. Олар құрамына қарай біртекті қатты, сұйық түрде кездеседі. Блейвен тауына алғаш рет 1857 жылы профессор Николя және викториандық ақын Алджөрнон Чарльз Суинбёрн көтерілген.Блейвен тауының биіктігі 928 м-ді құрайды. ## Дереккөздер
Қуаныш Мақсұт (1963 жылы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қуаныш ауылы) - айтыскер, күйші, "Сайгез" жеке қоырының президенті, «Маздау» қоғамдық қорының директоры. 1985 жылы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты болған. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. 2014 жылы «Тәкаппар мұңның кербез тамшылары» атты жыр жинағы шықты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * сайты Мұрағатталған 4 шілденің 2011 жылы.
Мұзтау, Белуха - Қатын таулар тізбегінде орналасқан. Мұзтау - Алтай тауларының ең биік шыңы. Сонымен қатар бұл тау - «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұрасының бір бөлігі. ## Жер бедері Мұзтау Ресей мен Қазақстан шекарасы бойымен көтерілетін екі шыңнан тұрады. Сондай-ақ аталған қос шың Қытай мен Моңғолия шекарасында бетпе-бет орналасқан. Екі шыңның шығыс жағындағысы батыстағы шыңнан биіктеу. Бұл тауларда бірнеше шағын мұздықтар кездеседі. Мұздықтар таудың беткі бөлігінің 27 шақырым аумағын алып жатыр. Берел олардың арасындағы ең ірі мұздық болып табылады. Биіктігі -1950 м. Алтайдың алғашқы карталарында Оңтүстік-Шу Альпісі және Катун Альпісі деген жазбалар кездеседі. Бұлар осы өңірдің көне атаулары болып табылады. Қос шың беткейлерін мәңгі қар мен мұз басып жатады ## Өзендері мен мұздықтары Көптеген өзендер осы таудан бастау алады. Өзен ағысы екіге бөлініп бірі - Катунь өзені (Алтай Республикасы), екіншісі - Ертіс өзені (Шығыс Қазақстан облысы) болып жалғасады. ЮНЕСКО Алтай таулары аймағын әлемдегі табиғаты өте таза аймақтар тізіміне енгізген. Бұл аймақта екі ірі мұздық бар: бірі - Үлкен Берел, аумағы 10,3 шақырымды құрайды, екіншісі - Кіші Берел, аумағы - 8,9 шақырым. Белуха тауына 1914 жылы алғаш рет Б.В.Тронов пен М.В.Тронов көтерілген. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер
Құрал Көмекұлы – ақын. 1958 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. «Бөрілерге гипотеза» атты жаңа жыр жинағы шыққан. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Президент сыйлығының иегері, ақын Сабыр Адай Құралдың жырлары туралы: «Өлеңдері өзіндік өрнектерімен, Құрал ақынға тән бөлек стилімен ерекшеленеді. Өмірді өлеңмен оятқан ақын пәлсапасы да адамды ойландырмай қоймайды» дейді. Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, «Бір өлең – бір сурет» конкурсының, «Темірқазық түнгі кітапхана» әдеби клубтарының идеялық авторы. «Ой туындылар» фестивалінің бірінші деңгейдегі жүлдегері. 2013 жылы Түркияда «Мен даланың ұлымын» поэмасы Халықаралық Физули атындағы сыйлықты жеңіп алды. 2013 жылдың «Үздік ақыны» номинациясының иегері атанған. ## Шығармалары * Көмек Қ. Бөрілерге гипотеза! Өлендер/. Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиал.- Шымкент: ЖШС "КІТАП", 2010, - 192 б. * Көмек Қ. Бағдаршам - Шымкент: ЖШС "Кітап", 2012. - 68 бет. ## Сыртқы сілтемелер * Қаламгер Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2014 жылы. * [1] Мұрағатталған 28 ақпанның 2021 жылы.
Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген. Шанышқылы тайпасының Ағанай-Жолық руынан шыққан. Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді. Ол көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері. Сондай-ақ, Сорос қорының, Түркістан, «Серпер» жастар сыйлықтарының жүлдегері. Б. Алдияр «ТұранӘлемБанкі» АҚ ұйымдастырған жазба ақындардың мүшайрасында екінші орынды алды. Сондай-ақ, Түркияның бүкілдүниежүзілік түркі жастары әдебиетін қолдау қорыны сыйлығына ие болды. Б. Алдияр Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. ШығармашылығыӨлеңдері 3 жинаққа енген, 3 жеке кітабы бар. Тұңғыш рет өлеңдері 21 жасында «Жыр додасы» - 1995 атты жинақта жарық көрді. Соңғы жыр кітабы «Құбыла» 2006 жылы жарық көрді. * Алдияр Б. Көзайым: Өлеңдер.-Шымкент: Жібек жолы, 1998.-64 бет. * Алдияр Б. Сезім кілті: Өлеңдер.- Шымкент * Алдияр Б. Құбыла: Өлеңдер.- Алматы: «Үш қиян», 2006.- 192 бет. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қаламгер Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2014 жылы.
Жаппас Қасымбекұлы Қаламбаев (1.1. 1909, Созақ ауданы – 2.12.1970, Алматы) – қобызшы-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944). Сүгірдің шәкірті. ## Өмірбаяны 1934 ж. Алматы қаласында өткен халық өнерпаздарының Бүкілқазақстандық 1-слетіне қатысқан. 1934 – 1937 ж. Қазақ халық аспаптар оркестрінде альт-қобызшылар тобының концертмейстері және оркестр солисті болды. 1968 – 1970 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қыл қобыз класы бойынша) ұстаздық етті. ## Еңбектері Оның репертуарында негізінен Ықылас Дүкенұлының «Қазан», «Қасқырдың ұлығаны», «Қоңыр», «Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қамбар», «Кер толғау», т.б. күйлері болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Естай Беркімбаев әндерін орындаған. Қаламбаев көптеген күйлер мен әндердің («Кең өлке», «Күн толғауы», «Жұман күйі», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы», т.б.) авторы. Шәкірттері: қобызшылар Г.Баязитова, Ф.Балғаева, Қ.Құдабаева, А.Шәңгереева, музыкатанушы Б.Сарыбаев, т.б. ## Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбілов - 1982 жылғы 14 шілдеде Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Шу ауылында дүниеге келген. "Музарт" тобының әншісі. Сылдырмақта (Бубин) ойнайды. Отбасындағы 18 баланың кенжесі. ## Дереккөздер
Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген. Шанышқылы тайпасының Ағанай-Жолық руынан шыққан. Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді. Ол көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері. Сондай-ақ, Сорос қорының, Түркістан, «Серпер» жастар сыйлықтарының жүлдегері. Б. Алдияр «ТұранӘлемБанкі» АҚ ұйымдастырған жазба ақындардың мүшайрасында екінші орынды алды. Сондай-ақ, Түркияның бүкілдүниежүзілік түркі жастары әдебиетін қолдау қорыны сыйлығына ие болды. Б. Алдияр Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. ШығармашылығыӨлеңдері 3 жинаққа енген, 3 жеке кітабы бар. Тұңғыш рет өлеңдері 21 жасында «Жыр додасы» - 1995 атты жинақта жарық көрді. Соңғы жыр кітабы «Құбыла» 2006 жылы жарық көрді. * Алдияр Б. Көзайым: Өлеңдер.-Шымкент: Жібек жолы, 1998.-64 бет. * Алдияр Б. Сезім кілті: Өлеңдер.- Шымкент * Алдияр Б. Құбыла: Өлеңдер.- Алматы: «Үш қиян», 2006.- 192 бет. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қаламгер Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2014 жылы.
Тіней - Орта жүздің Қоңырат тайпасынан шыққан ру. Тінейдің əкесі Құрман Ата - əулие, би.
Ау-жар. Ұзатылып бара жатқан қыздың сыңсуы, қоштасу жыры, ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұядан, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де тәрбиелі халық жылай да күле жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар жар-жардан кейін де өлең жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі ау-жарды бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе Ау-жар біресе ай-ау, біресе бике-ау, біресе үкі-ау деп те айтыла береді. ## Дереккөздер
Мәулид мейрамы (араб.: مَوْلِدُ آلنَبِيِّ‎) — пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ тұған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-күні тойланады. Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Барлық пайғамбардың үмметі өз пайғамбарларының туған күнін тойлайды. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт туған сәт дегенді білдіреді.Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбарымыз туған кездегі байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты іс болады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. Мәуліт оқу пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбарымыздың туғанына қуанғандар кешіріледі. Хадис шәрифтерде былай бұйырылған: «Мені әке-шешесінен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам мүмін бола алмайды». «Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине оны көп есіне алады». «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады».Бұл түні сазды аспаптар және басқа да харам нәрселерді араластырмай, Аллаһ ризалығы үшін мәуліт отырысын жасап, мәуліт оқу, салауат айту, дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстахаб болады. Бұл күні Құран Кәрім оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ Тағаладан күнәларымыздың кешірілуін сұрау керек. ## Дереккөздер
Шаһизинда – Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Афрасияб тауының етегінде, төменнен жоғары жүргенде көтерілген баспалдақты жолдың екі жағында орын алған кесенелер топтамасына берілген атау. Бұл кесенелердің көбі 14-15 ғасырлардан қалған және Әмір Темірдің отбасынан болғандарға және жақындарына салынған. Бұлардан Қусам бин Аббастың (радиаллаһу анһ) кесенесі, Әмір Темір дәуірінен бұрын салынған. Самарқандқа Исламды әкелген сахабалардың бірі Қусам бин Аббас 672 жылы Құрбан айт күні шәһит болған. «Шәһиттер сендер білмейтін өмірде тірі» деген аятқа сүйеніп, бұл жер Шахи Зинда (тірі шах) деп аталған. Ұлықбектің салдырған, тау етегіндегі дарбазадан өткен кезде Шахи Зиндаға кірілген болады. Кіруімен қара көк, қою және ашық жасыл, қара, сары, ақ, қарақошқыл және көгілдір түсті фарфорлар шағылысып көзді алады. Бұл жерде екі мешіт және бір медресе бар. Шахи Зинда кесенелері жалпылама квадратты құрылымдардан тұрады және ең көз тартатын қасиеті – күмбездерінің өте биік және қауын пішінді болуы. Екінші бір қасиеті - Әмір Темір заманының ең бай әшекейлерінің жиынтығынан құралғаны. Әшекейдің көп бөлігі фарфордан жасалған. Жазулары барынша әшекейленген кесенелер тек сыртқы көркемдігімен ғана емес, фарфор қаптамаларымен сәулетшілік өнерінің өзара үйлесуі жағынан да ерекше әдемі көрініске ие. ## Дереккөздер
Аюб-хан, Мұхаммед (урду/пұшту:محمد ايوب خان)(1907 мамырдың 14-і — 1974 сәуірдің 19-ы) — фельдмаршал, Пәкістанның президенті. 1907 жылы Рианна ауылында Харипур аумағында үнді тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келген. Мир Дад Ханның екінші әйелінен туған баласы еді. Әкесі Үндістандағы Патшаның атшы әскерінде майор еді. Ауылынан 4 миль қашықтығында орналасқан Сарай Салех мектебін бітірді, содаң кейін Харипур мектебінде оқыған. 1922 жылы Алигарх университетіне түсті, бірақ оны бітірмей-ақ Сандхурст Патшалық Әскери Академиясына түсті. Оны бітіріп британ офицері болып кетті. 14-ші Пенджаб полкының 1-ші батальонында қызмет етті. Екінші дүниежүзілік соғысында Бирма майданында қызмет етті. Кейін Пәкістанның тәуелсіздігі үшін соғысып, әскер басшысы болып кетті. 1951 жылынан бастап Пәкістанның бас әскербасшысы болып істейді. Кейін Қорғаныс министрі болып кетеді. 1958 — 1969 жылдарында Пәкістанның президенті болып істейді. 1965 жылында Үндістанмен Ташкент келісіміне қол қойған. Осы оқиғадан кейін Бһутто Аюб-ханға оппозициясына кетті. 1969 жылы орнынан кетеді, орнына Яхья-хан келеді. 1971 жылы соғыс бастағанда, Аюб-хан бұл оқиға жөнінде ешқандай пікірін білдірмеді. 1974 жылы қайтыс болған. Баласы — Гоһар Аюб-хан Наваз Шарифтың үкіметінде Сыртқы істер министрі болып жүрді, немересі — Омар Аюб-хан қазіргі қаржы министрі болып жүр.
Бетеге боз немесе Бетеге боз қау (лат. Stipa lessingiana) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық, таулы аймақтарының тасты және майда топырақты жерлерінде тараған. Қазақстанда кездесетін осы туыс өкілдерінің кең тарағаны. Өсімдіктер бірлестігінің доминанты болып табылады. Құрғақ далалардың қаулы-бетегелі жолағында қаулай өседі, шөлге айналған далаларда Тарбағатайдан Тянь-Шаньға дейінгі таулы өңірде аз мөлшерде кездеседі. ## Ботаникалық сипаттамасы Бұл түбі мықты көпжылдық , тамыр жүйесі жақсы жетілген, 1 метр және одан да тереңге кетеді. Жапырақ саны көп, өте жұқа, оралған (ені 1 мм-ден аз), сабағы 70 см дейінгі биіктікте. Гүлшоғыры жіңішке, сыпыртқы тәрізді, біргүлді масақтан тұрады. Масақ қабыршақтары әр түрлі, төмендегілері үш есе қысқа(1 см айналасында), ұзындығы (26 см дейін) қатты ұшы екі қайтара иілген. Оның биіктігі 30 — 70 см. Тамыры тығыз, шымдана өседі. Сабағы тықыр, тегіс болады. Жапырақтары жіңішке, қабыса біткен. Гүлі шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді. Жеміс қылтанының ұзындығы 20 — 26 см, екі рет иіліп келген. Төменгі жағы жалаң, жоғарғы бөлігін түк басқан. Бетеге боз — жақсы мал азығы. Жаңбырлы жылдарда оны 2 рет оруға болады. Бұл тұрдің ажыратылу ерекшелігі, басқа қауырсынды қаулардың тобындай қатты, жоғары бөлігінің біркелкі иіліп тұруы. Гүлдеу кезеңнде (сәуірдің аяғы-мамыр) қаулы дала ерекше ідемі. Желмен біркелкі тербелген ақшыл қаулар, бір қарағанда күмісті жібек толқынға ұқсайды. Қаудың гүлдеу ырғағы өзінше ерекше. Алғашқыда түнгі сағат үште гүл шоғырының жоғарғы масақтары ашыла бастайды, таңғы беске дйін гүлдердің басым көпшілігі ашылады, жетіге дейін аракідік (бірен-саран) аталықтардың тозаңдануы сағат алтыға жуықтағанда басталып сағат тоғызға қарай аяқталады. Әрбір гүл барлығы 1-2 сағат тозаңданады. Сағат 11-ден кейін алғашқы гүлдер жабыла бастайды, ал сағат 15-те барлығы жабылып қалады. Мұндай гүлдеу жылдамдығын тек ауа райының ашық күндері көруге болады. Бұлтты күндері жай , ал жаңбырлы күндері мүлдем гүлдемейді. Ауа райы қолайсыз құрғақшылық жылдары біржола ашылмайтын (плейстогамды) гүлдер салады, ішінде өзіндік тозаңдану жүреді. Жемістердің пісуі (дәнектер) өте тез жүреді, гүлдеген соң 15-16 күннен кейін, 20-25 күннің ішінде дәнектер шашылады (шілденің басында). Жемістердің қауырсынды өстіктері олардың желмен таралуына ықпал етеді. Әдетте аналық өсімдіктен барлығы бірнеше метрге ғана таратады, бірақ қатты жел соққанда 50-100 метрге дейінгі қашықтыққа алып кетеді. Дәндердің топыраққа енуінің өзіндік ерекшелігі бар. Өткір ұшының (өзегінің) көмегімен жерге қадалады да біртіндеп (1-1,5 см) бұрғы тәрізденіп тереңдей береді. Тұқым көктемде өнеді, бірақ өну мүмкіндігі 3 жылға дейін кейде одан да көбірек сақталады. Жас өсімдік алғаш рет өз тіршілігінің 5-6- жылында гүлдейді. Одан кейін әр түбір біртіндеп тарала өсіп 20-25 жылға дейін гүлдейді және жеміс береді, қартайған өсімдіктің тіршілігін жоюы тез жүреді, барлығы бірнеше жылдың ішінде. Қаудың дала жайылымындағы мал азығы ретінде бағасы жоғары. Мал жайылып өткен соң қаулай өседі, сонымен бірге өсіп жетілу ырғағы бойынша көктемдік-жаздық-қыстық жасыл өсімдік болып табылады. Жазғы тыныштықтан соң және алғашқы күзгі жаңбырдан соң, жапырақ қайта өседі және ол жасл түбіртек түрінде қыстайды.Қаудың бұл ерекшелігі ерте көктемде малға жақсы азық болуына мүмкіндік туғызады. Ауа райы қолайлы жылдары кейбір жерлерде шауып малға шөп даярлайды. ## Дереккөздер
Ключев шоқысында 10 түрлі кіші мұздықтармен қатар, таудың солтүстік баурайында орналасқан ірі Ерман мұздығы бар.Таудың басын жыл бойы қар басып жатқанымең шыңында үнемі түтін мен бу тұрады.Ол қыртысы зерттелмегең белгісіз кратердің әсерінен пайда болған.Жергілікті түрғындарда «Ключевті ерте замандағы кейбір халықтар қорғайды» деген түсінік қалыптасқан.Ключев шоқысы Солтүстік жартышардагы ең ірі белсенді жанартау болып табылады.Ключев шоқысы Ресей Камчаткасындағы ең биік тау болып табылады.Бұл Петропавловск-Камчатскінің солтүстік-шығысынан 380 шақырым қашықтықта, Камчатка өзенінің оң жақ жағасында орналасқан жанартау таулары болып табылады.Бұл конус тәріздес жанартаулар Беринг теңізінен 100 шақырым қашықтықта орналасқан.Жанартау ЮНЕСКО бойынша табиғи мұралардың бір бөлігі болып табылады.Оның алғашқы атқылауы 1697 жылы тіркелген. Сол уақытта бері жанартау белсенді түрде атқылап келеді.Ключев шоқысына Даниел Гаусс алғаш рет Биллингс экспедициясының екі мүшесімен бірге көтерілгенболатын.Таудың шыңында үнемі түтін мен бу шығарып туратын кратер бар.1931 жылға дейін тауға көтерілуге ешкім талпыныс жасамады. Кейінірек көптеген альпинистер тауға көтерілу кезінде лава- лардың салдарынан қаза тапты. ## Галерея * * * * * * * * * ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Бұл — Азия мен Еуропадаеы ең биік әрі белсенді жанартауКула жанартауы Түркияның батысында орналасқан.Кула жанартауы жанартау алқабын қалыптастырады. Кула өз аумааындаеы конус пішіндіжанартаулы шыңдарымен әйгіліОл Карапинар жанартау алқабында орналасқан орталық Түркиядағы голоцен дәуіріне жататын С-3 жанартауынан 450 шақырым қашықтықта тұр.Кула жанартауы белсенділігі жоғары жер қыртысында тур. Алқапта 10-нан 100-ге дейін жанартаулар болуы мүмкін.Олар кластерде13 орналасқан.Кула жанартауы аумағындағы жас жанартаулар плейстоцен дәуіріне жатады. Жуықтап алғанда, олардың жасы 1,1 млн жылды құрайды.Кула облысындағы тұрғылықты аудандардың саны 500- 1100-ге дейін жетеді.Кула аумағында атқылаған магма көлемі басқа жанартау алқаптарымен салыстырғанда аз кездеседі.Кула жанартау алқабы жарылыс қалдықтары мен маар деп аталатын жанартау тау жыны- сынан тұрады. Кула лавасын сараптау барысында мантия көзі анықталған.Жанартау маңындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өсіру жақсы дамыған.Селенди қаласының оңтүстік-батысында жанартаудың жарылыс қалдықтары мен маараларды кездестіруге болады.Куланың ең әйгілі өнімдерінің бірі — таудың төменгі бөлігінде өсетін Маули пиязы. ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Кунианг Киш - Пәкістанның Қарақорым тауындағы Гиспар Музтаг тау қырқасы биік шыңдарының екіншісі болып табылады.Кунианг - Қарақорымның негізгі мұздықтарының бірі. Кунианг Киш Гиспар муздығының сол жағында, Гиспар Музтагтың дәл ортасында орналасқан.Тауға альпинистер үш рет сәтті көтерілген болатын. Кунианг Киш — тегіс, биік, күрделі шың.Кунианг Киштің биіктігі 7823 м-ді құрайды. Ол әлемдегі ең биік таулардың арасында 21-ші орынды иемденген.Бұл - Кунианг мүздығының оңтүстігіндегі ең биік шың. Ал мұздықтың солтүстік жағында Дистагил Кап орналасқан.Таудың географиялық координаталары: 36 ° 12’ 19“ С, 75 ° 12’28” Ш.Аталған тау Дистагил Сардан бастау алады.Кунианг Кишқа алғаш рөт 1971 жылы Анджей Завада бастаған поляк тобы көтерілген еді.Кунианг Кишқа шығуға 1962 жылы талпыныс жасалынған болатын. Бірақ кенеттен болған қар көшкінінің кесірінен өкі альпинист қаза тапты. Осы себептен шыңға көтерілу мақсаты іске аспады.Келесі талпыныс1965 жылы жасалынды. Бірақ бұл жолы да 7200 м биіктіктегі тау тізбегі опырылып кетіп, тағы да бір альпинистің қаза болуымен аяқталды.Кунианг Киш тауының биіктігі аймақтағы жөр бедерінен жоғары. Ол Кунианг мұздығында орналасқан оңтүстік базалық лагерьден 4000 м биіктікте тұр.Тау Кунаянг Кхиш, Кунианг Киш жәнө Кхианг Киш деген түрлі атаулармен аталады.Кунианг Киш тауының дөңестігі 1765 м-ді құрайды. ## Дереккөздер
Абу тауы теңіз деңгейінен 1219 м биіктікте орналасқан. Бұл Раджастан шөлді аймағындағы оазиc болып табылады. Бұл аймақ жаз мезгілінде «жазғы астана» деген атқа иеболады. Себебі жасыл орманды таулы аймаққа демалушылар көп келеді.Абу тауының басында бірнеше көл бар. Абу тауы бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар арнайы баратын Дельвара Джейл мінажатханасымен бөлгілі. Жыл сайын 3 млн-нан аса ұлттық және халықаралық саяхатшылар Абу тауының әсемдігін өсімдіктер мен жануарлар әлемін тамашалайды. 1965 жылдан бері Абу таулары жабық аймақ болып жарияланды. Ежелгі заманда Абу тауын Шығыс-Үнді компаниясы Сирохи Махараджасынан жалға алған болатын. Ол 1974 жылға дейін Раджпутана резиденттері үшін штаб-пәтер әрі әскерилерге арналған шипажай ретінде қолданылып келді. Абу тауының тарихы ерте заманнан бастау алады. Ол Раджастан Гаухан әмірлігінің құрамында болған. Абу тауын бұрынғы заманда көптеген әулиелер мен данышпандар паналаған екен. Абу тауының тамаша табиғаты субұрқақтар мен жасанды көлдерге, сарқырамаларға бай. Бұл орынды джайндар қатты қүрмет тутады. Джайндар дегеніміз - ерте дәуірдегі дхарма дініне сиынушы топ.Абу тауының баурайында джайндардың бірнеше шіркеуі орналасқан. Сондықтан тау діни орын ретінде бағаланады. Абу тауының маңында түрлі демалыс орындары мен саябақтар бар. ## Дереккөздер
Бона тауы биіктігі бойынша Құрама Штаттардағы төртінші және Солтүстік Америкадағы ең шыңдардың арасында 11 орында. Бона Аляскадағы Врангел таулары мен шығыс Канадаға қарай созылып жатқан Элиас тау тізбектерінің артында орналасқан. Сырт көзге Бона тауы аталған таулардың артында жасырынып тұрғандай әсер қалдырады.Тау массивін түгелдей дерлік мұз алқаптары мен мұздықтар басып жатыр. Канададағы Юкон аймағының шығысындағы 64 км қашықтықта созылып жатқан Клутлан мұздығы Бона тауынан бастау алады.Тауға атау берген Абруши герцогі, князь Луилджи Амедео еді. Ол осы маңның оңтүстік-шығысында 1ЗО шақырым қашықтықта жатқан Әулие Илья тауына көтеріліп бара жатып, Бона тауын көрген екен. Бұл оқиға 1897 жылы болған.Оның шыңы дөңестігі бойынша Аляскада 25-ші орынды алады.Бона тауының биіктігі шамамен 5030-5045 м аралығында.Бона тауы альпинистерге өте қолайлы. Себебі бұл тауға шығу өте оңай.Бона тауы - экспедиция өткізуге және өз бетімен тауға шығу тәжірибесін жинақтауға таптырмас орын.Бона тауының қиындығы - жарықшақты болып келуінде. Бұл тауға алып баратын жол ұзақ. Бона тауына алғаш рет 1930 жылы А.Карпе, А.Тейлор және Т.Мур көтерілген. Бұл - Аляскадағы биіктігі жөнінен 5-ші орында тұрған тау.Бона жабайы аймақта орналасқан. ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Бейкер тауы Вашингтон штатының солтүстік Каскад жағында, шамамен алғанда,Белингэм тауының шығысынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан.Бұл Вашингтон штатындағы ең биік таулар қатарынан төртінші, Каскад тауларының арасынан алтыншы орынды иемденеді.Бейкер тауы - Каскад жанартаулары арасында Рейниер тауынан кейінгі мұз жамылып жатқан екінші тау. Бейкер тауының биіктігі - 3285 мБейкер тауында қардың көптігі соншалық, 1998-1999 жылдары 3 м көлемде жауған қардың деңгейі бойынша рекорд жасаған болатын.Бейкер тауы саяжайы Снокуалми Форест аймағында орналасқан. Онда адамның тіршілік етуі мумкін емес. Саяжайға ең жақын орналасқан қала - Вашингтон штатындағы Глейсиер қаласы.Бейкер тауындағы қар мен мұз көлемі Каскадтағы басқа жанартаулардағы қар мен мұз көлемінен асып түседі.Бейкер тауында жанартау белсенділігі 1975-1976жылдар аралығында байқалды.Ол әлі де атқылайды деген болжамдар бар.Бейкер тауының қауіптілігі - түрлі ағындар. Онда күд тас және су ағындары байқалған.Бейкер ағындары АҚШ-тың солтүстік-батысында орналасқан Сиэтл сияқты ірі қала тұрғындарының өмірін қиындатады. Сан-Хуан аралының айлақтарын қиратады. Бейкер тауы шаңғымен сырғанау және жаяу жүргіншілер саяхатына өте қолайлы болуымен әлемге әйгілі.Бейкер тауын үнемі мұз басып жатады. ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Сілтілі Мейдоб жанартау даласы - Суданның батыс бөлігінде орналасқан.Бұл жанартау даласы - Кембрий дәуіріне дейінгі магмалық және метаморфтық іргетастардың әсерінен пайда болды.Мейдоб жанартау даласы шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Малха Мейдоб- жанартау даласының кратері болып табылады.Жанартау даласының негізгі сипаты жарылыс қалдықтары, базалы конустары және олармен байланысты лава ағындары .Трахит, фонолиттік лава күмбездері, туф сақиналары және мааралар секілді тау жыныстары, осы аймақтағы жас жанартауларда кездеседі.Жанартау даласының орталық бөлігінде жас фонолитті лава ағындары, трахитті пемза шоғырлары, ингимбриттер және мааралар бар.Бул жанартау даласындағы ең алғашқы атқылау 5000 жыл бұрын орын алған. Сол кезде, туф сақинасы мен лава пайда болған екен.Мейдоб жанартау даласы шығыстан батысқа 100 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке 50 шақырымға созылып жатыр.Зерттеушілердің пайымдауынша, Мейдоб жанартауының атқылауына себеп болған химиялық заттардың көлемі-1400 шаршы шақырымды құрайды. Ал материалдар атқылап шыққан үстірттің қалыңдығы - 400 м.Мейдоб жанартауы 5000 шаршы шақырымды алып жатыр. Оның кайнозой дәуіріне жататын 700 желдету саңылауы бар.Малха кратері теңіз деңгейінен 105-130 м биіктікте орналасқан. ## Дереккөз 1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
* Есет Көкіұлы * Есет Көтібарұлы
Жанғалин Мұхтар (1910–1975) - 3 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. 1932 жылы Қазақ пединститутының тарих факультетін бітірген.1955 жылы тарих ғылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік Біріккен баспасының директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің мұрағат басқармасы бастығы болды.Әдеби қызметін 30-шы жылдары қоғамдық саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі жылдары А.Н.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, соғыстан кейін Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін, Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, Үнді жазушысы П.Чанданың «Тха хури құдығы» атты әңгімелер жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін аударды. ## Аудармалары * Марк Твен. Том Сойердің басынан кешкендері. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1949; * Т.Семушкин. Аласталған Алитет. Роман. А., ҚМКӘБ, 1950; * А.Макаренко. Ұстаздық дастан (бірігіп аударған), А., ҚМКӘБ, 1951; * Лев Толстой. Соғыс және бейбітшілік. А., 1963; * Ф.Достоевский. Қылмыс пен жаза. А., «Жазушы», 1972; * Т.Семушкин. Аласталған алитет. Роман. ІІІ кітап. (Ғ.Ахмедовпен бірігіп аударған.) Екінші басылым. А., «Жазушы», 1985. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жаналин Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы. * Вритерс
«Зоб Ахан» — Иран футбол клубы, Исфаханда ойнап тіргелген. Команда Футболдан Иран чемпионатында ойнайды. Компания спонсоры баскетбол компаниясының спонсырымен аттас Esfahan Steel Company компаниясы. Клуб 1969 жылы құрылған. Ең үлкен жеңіс ол Футболдан Иран кубогі болып табылады 2003 және 2009жылдар аралығында. ## Атақты ойыншылар * Геворг Каспаров, * Исса Ндойе, * Карлос Сантос де Жезус, * Хавар Мулла Мохаммед, * Рабих Атайя ## Жетістіктері ### Ұлттық * Иран чемпионаты 2 орын (4): 2004–05, 2008–09, 2009–10, 2017–18 * Иран кубогы Жеңімпаз (4): 2002–03, 2008–09, 2014–15, 2015–162 орын (1): 2000–01 * Иран суперкубогы Жеңімпаз (1): 2016 ### Құрлықтық * АФК чемпиондар лигасы Финалист (1): 2010 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.zobahanclub.com/main/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы. Ресми сайт
Жанғалин Мұхтар (1910–1975) - 3 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. 1932 жылы Қазақ пединститутының тарих факультетін бітірген.1955 жылы тарих ғылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік Біріккен баспасының директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің мұрағат басқармасы бастығы болды.Әдеби қызметін 30-шы жылдары қоғамдық саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі жылдары А.Н.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, соғыстан кейін Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін, Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, Үнді жазушысы П.Чанданың «Тха хури құдығы» атты әңгімелер жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін аударды. ## Аудармалары * Марк Твен. Том Сойердің басынан кешкендері. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1949; * Т.Семушкин. Аласталған Алитет. Роман. А., ҚМКӘБ, 1950; * А.Макаренко. Ұстаздық дастан (бірігіп аударған), А., ҚМКӘБ, 1951; * Лев Толстой. Соғыс және бейбітшілік. А., 1963; * Ф.Достоевский. Қылмыс пен жаза. А., «Жазушы», 1972; * Т.Семушкин. Аласталған алитет. Роман. ІІІ кітап. (Ғ.Ахмедовпен бірігіп аударған.) Екінші басылым. А., «Жазушы», 1985. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жаналин Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы. * Вритерс
Рулық қауымның шығуы - тарихтан бұрынғы замандарда қалыптасады. Адамдардың бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу, т.б. іс-әрекеттер адамдарды топтастырды. Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына - рулық қауымына айналды. Бұл шамамен "саналы адамның" шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше оңдаған рулас адам болды. Алғашында ұжымжағы жұмыстардың көпшілігін аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды. Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті . Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп орманда аң аулады, балық ұстады, ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидектер жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды. Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі-еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқасысы өз пікірін білдірді. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды, ержүрек, құрметті адамдар таңдалды. Ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Ру әрбір мүшесінің мүдделерінқорғады.Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды. Палеолиттің соңғы кезеңінің адамы өзінен бұрынғы адамдардан рухани жағынан анағұрлым жоғары тұрды. Мұны табиғи бояулармен үңгір қабырғаларына салынған ежелгі суреттерден көруге болады. Үңгір қабырғасы мен төбесінде жылқы, бизон, аң аулау көріністері және дәстүрлі би қимылдары бейнеленген. ## Дереккөздер
Өнер тарихы - өнердің пайда болуынан бастап қазіргі заманға дейнгі даму үрдісін зерттейтін өнертану ғылымының бір бөлімшесі. Өнер тарихы саласындағы алғашқы еңбегі - Джорджо Вазаридің 1550 жылы Қайта өркендеу дәуірінде жазылған «Атақты суретшілердің, мүсіншілердің және сәулетшілердің өмірбаяндары» атты кітабы.  Одан кейін Карел ван Мандердің «Суретшілер жәйлі кітап» және Иоахим Зандрарттың «Неміс академия» атты кітабы жарық көрді. Ағарту дәуірінде Иоганн Иоахим Винкельман өнерпаздардың тек қана өмірбаянын зерделемей, өнер дамуының әр кезендегі жалпы үрдістерін жинақтап, талдай бастады.
Николай Альбертович Кун (21 мамыр 1877 ж. - 28 желтоқсан 1940 ж.) – орыс тарихшысы, жазушы, педагог, «Ежелгi Грекия мифтерi мен аңыздары» танымал кітабының авторы (1922), басты еуропа тілдерінде және бұрынғы КСРО халықтарының тілдерінде көптеген баспалары жарық көрген. ## Өмірбаяны Әкесі, Альберт Францевич, өте білімді адам болды, ғылыммен айналысты, орыс мәдениетін жақсы білді, өзінің түп-тамырында неміс және ағылшын-шотланд қаны да бар еді. Анасы, Антонина Николаевна, Игнатьевтар дворяндық әулетінен еді, өте қабілетті пианист, Рубинштейн мен Чайковскийдің тәлімгері болатын. 1903 жылы Мәскеу университетінің тарих-филология факультетін бірінші дәрежелі дипломмен және Сазиков атындағы қомақты сыйақымен бітірген Николайды университетте жұмыс істеуге қалдырды, алайда оның студенттер қозғалысына қатысуына байланысты, ұсыныс Мәскеу оқу округі тарапынан бекітілмеді. Содан кейін Николай П. П. Максимович атындағы Тверь әйелдерге арналған мұғалімдер семинариясында жұмыс істей бастады. 1905 жылы Берлин университететінде профессор Мейердің қолында әрі халықтану мұражайында жұмыс істеді. 1906 жылы Тверь қаласына қайта оралды; Тверь жекеменшік училищесі кеңесінің төрағалығына сайланды. 1907 жылы Тверь Ұлттық университеті ашылғаннан бастап мәдениет тарихынан лекциялар оқыды. 1908 жылдан бастап Д. И. Тихомиров атындағы Жоғары әйелдер дайындайтын педагогикалық курста мәскеулік жалпы тарих профессоры болып сайланды, сол жерде курс жабылғанға дейін (1918 жылы) лекция оқыды. Сонымен қатар сол кезеңде Мәскеу ұлттық университеттер қоғамында лекция оқыды, Мәскеу оқу орындарында тарих пәнінен сабақ берді (1915 жылғы «Вся Москва» атты жыл сайын шығатын басылым мақаласы бойынша, Николай Г. Шелапутин атындағы гимназияда сабақ берді).1911-1912 жылдары Римдегі ресейлік мұғалімдер экскурсиясына жетекшілік етті, Рим мұражайларында, Палатин атындағы римдік форумда антикалық өнер тарихы бойынша лекциялар оқыды. 1915 жылы А.Л. Шанявский атындағы Мәскеу қалалық университетінің дін тарихы кафедрасының профессоры, 1916 жылы Нижегород қалалық ұлттық университетінің профессоры болды. 1920 жылы Н. А. Кун Мәскеу мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің профессоры атанды. Сол кезеңде бірінші Мәскеу педагогикалық институтында (1918-1925) мәдениет тарихынан сабақ берді. 1920 жылдары Н.А. Кун сонымен қатар Черкизов ауылында орналасқан «Ұлттық консерватория» деп аталынатын Мәскеу мемлекеттік музыкалық техникумында сабақ берді. 1935 жылдан өмірінің соңына дейін МФӘТИ (МИФЛИ Мәскеу философия, әдебиет, тарих институты) профессоры болды. 1933 жылдан бастап Үлкен және Кіші кеңес энциклопедиясы бөлімінің редакторы қызметін атқарды, көптеген мақалалар мен ескертпелердің авторы. Н.А. Кунның әйелі Елена Францевна Роупер (1871-1961) көне ағылшын-шотланд әулетінен болатын. Отбасында он екінші бала бола тұра, Елена Францевна қарт ата-анасымен бірге тұрды; әкесінің ауқымды, кең көлемдегі ағылшын, француз, неміс тілдеріндегі ресми хаттарын жазып, ісін жүргізіп отырды. Енді ғана ғылымға қадам басқан адаммен қыздарының некесі Елена Францевнаның ата-анасына ұнамады, сондықтан олар мұрагерліктен айырамыз деп қорқытқысы келді. Елена Францевна неке қиғаннан кейін, шіркеуде христиан дінінің православие бағытына өтті және келесі күні жасырын некелескен жас жұбайлар бірге мұрагерліктен бас тарту құжатын толтырды. Н.А. Кун өмірінің соңын Черкиз саябағы маңындағы саяжайында өткізді. 1940 жылы 28 желтоқсанда өзінің соңғы жұмысы болып табылатын «Серапис культінің пайда болуы және бірінші Птоломеев діни саясаты» атты баяндамасын оқыр алдында қайтыс болды. Денесі бұған дейін балалары жерленген мүрдеде: өзен суына тұншығып қайтыс болған Антониона (1908-1924); өкпе ауруынан қайтыс болған Евгения (1902-1930); алған жарақатынан қайтыс болған Ипполит (1903-1932) мүрдесінде жерленген. Николайдың ұлы майданда алған контузия салдарынан қайтыс болды (1911-1942). ## Ғылыми еңбектері «Қара адамдардың хаттары» аудармасын басып шығарды (1907), «Африка халықтарының ертегілері» кітабын жазды (1910), «Магомет және магометандық» (1915), «Италия 1914 жылы» (1915), «Цыган ертегілері» екі томдық кітабы (1921 және 1922), «Христиандыққа ізашар (Рим империясындағы батыс мәдениеті)» (1922), «Алғашқы қоғам діндері» (1922), «Ұлы мұхит жағалауындағы халықтар ертегілері» (1922). Осы уақытқа дейін кең танымалдыққа ие кітабы - 1914 жылы жазылған «орта білім мекемелеріндегі жоғары сынып оқушыларына, сонымен қатар гректер мен римдіктердің мифтеріне қызығатындарға". Бұл кітаптың алғашқы атауы «Көне гректер мен римдіктер өздерінің құдайлары мен батырлары туралы не айтты?» болатын, кітап 1922, 1937 және 1940 жылдары басылып шықты. 1940 жылдардан кейін (өмірінің соңғы кезеңіндегі шығармасы басылымға 17 қыркүйек 1940 жылы шықты) ол кітабы бірнеше рет көптеген тираждармен басылып шықты, алайда бұл кітапқа бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілді әрі атауы «Көне Грекияның аңыздары мен мифтері» болып өзгертілді. 1989 жылы Н. А. Кунның ауқымды көлемдегі материалдарын оның немересі Инна Ипполитовна Кун-Немировская архивке, тәуелсіз қоғамдық құжаттар орталығына өткізді. ## Дереккөздер
Бьерк шарты – Ресей мен Германия арасындағы шарт. 1905 жылыт 11 шілдеде Выборг маңындағы Бьеркте II Вильгельм және Николай ІІ қол қойған. Бьерк шарты күшіне енбей қалды. 1904 жылғы ағылшын-француз келісімінен кейін және Ресей мен Франция арасындығы бұзылмай тұрған кезде жасалды. Бьерк шарты Германия мүддесіне – Ресейді Ұлыбританиямен жақындастырмау, орыс – француз одағын жққа шығару мақсатына сай келеді. ## Дереккөздер
## Университет тарихы Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет Араб респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Мысыр еліне сапарында Египет Араб Республикасының Президетімен кездесуінде Қазақстанда ислами жоғары оқу орнын ашуға байланысты шешім қабылдады. Алматыда ислами ЖОО-ның кешенін салу үшін арнайы жер қарастырылып, 6 гектар жер бөлінді. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі бұл батыл шешім ел бірлігі мен болашағына жасалған нақты қадам болды. 1993 жылы 16 маусымда ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхамед әл-Махжубтың университет қалашығының алғашқы тасын қалау рәсімі өтті. Іргетасы қаланған бастама 2000 жылы, сол кездегі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мырзаның Египетке сапары барысында мемлекеттің ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қолға алынып, алғашқы студенттерді қабылдау шаралары жүргізіліп, бір жылдан кейін 1 қыркүйекте алғашқы дәріс беріле бастады. Қос мемлекет басшыларының келісімі ҚР Парламентінде ратификацияланып, 2003 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарғысымен күшіне енді. Қамқорлар алқасымен университет жарғысы бекітіліп, ЖОО-ның басшылығын тағайындау бойынша ректор ЕАР-ның азаматы, проректор ҚР-ның азаматы болуы шарт етілді. Алқа келісімінің шешімімен университеттің алғашқы ректоры болып академик, профессор Махмұд Фахми Хижази, проректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім тағайындалды. ҚР-ның заңдары мен екі ел үкіметтерінің университетке байланысты келісімі және өз жарғысы негізінде жұмыс атқара бастаған университетке басшылық жасау мен оның екі жақты қызметін үйлестіруші Қамқорлар кеңесі құрылды. Қамқорлар кеңесінің 2014 жылғы кезекті басқосуы шешімімен Нұр-Мүбарак университетінің ректорлығына Әл-Азһар университетінің профессоры, доктор Жуда Абдулғани Басюни тағайындалды. Докторлық диссертацияны Ханафи фиқһы бойынша қорғаған Ж.А.Басюни Әл-Азһардың "Шариғат және заң" факультетіндегі Фиқһ кафедрасының меңгерушісі және факультет деканы қызметтерін атқарған. Шариғат саласы ғалымының есімі өз елінде ғана емес, халықаралық деңгейдегі ислами ғылым орталарына танымал.Қамқорлар кеңесі Университеттің алғашқы құрылған сәтінен бастап, оқу орнының базасының күшейіп мемлекеттік лицензия алуы, исламтану мамандығының «5В050600–Исламтану» шифрымен мемлекеттік классификатор тізіміне еніп, грант бөліне бастауы, бакалавриатпен қатар магистратура, докторантура бөлімдерінің ашылып, мемлекеттік грант белгіленуі, ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастырудағы доктор, профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім мырзаның біліктілігін бағалай отырып, проректорлық қызметін үшінші мәрте қайта тағайындады. ## Қамқорлар кеңесі Қамқорлар кеңесі – екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған университеттің ең жоғарғы басқару органы. ҚР тарапынан: * ҚР Мәдениет және спорт министрі – тең төраға; * ҚР Білім және ғылым министрі – мүше; * ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти – мүше; * Алматы қаласының әкімі – мүше; * ҚР Сыртқы істер Вице-министрі – мүше; * ҚР-ның ЕАР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі – мүше; * ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы – мүше; * Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры – мүше; * Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры – мүше; ЕАР тарапынан: * ЕАР-ның Уақыфтар министрі – тең төраға; * ЕАР-ның мүфтиі – мүше; * Әл-Әзһар университетінің ректоры – мүше; * Әл-Әзһардың өкілі – мүше; * Каир университетінің ректоры – мүше; * ЕАР- ның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі – мүше; * ЕАР Уақыфтар министрінің қарауына орай үш көрнекті қоғам қайраткерлері – мүшелер. ## Университет басшылығы ### Ректор – Профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди. Аты-жөні: Мухаммед әш-Шаххат әл-Жинди Лауазымы мен жұмысы: ислам шариғаты профессоры, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры,  Алматы, Қазақстан. Тәжірибесі мен қызметі: * Әл-Әзхардағы Ислам зерттеу академиясының мүшесі, Мысыр Уақыптар министрлігі Ислам істері жөніндегі Жоғарғы кеңестің бұрынғы хатшысы. * Республиканың президенті әкімшілігі жанындағы Мамандандырылған ұлттық кеңестердің мүшесі. * 2013 ж. Египет Конституциясын әзірлеу жөніндегі комитеттің мүшесі. * Хелуан университеті Заң факультетінің бұрынғы деканы. * Халықаралық ислам университеті Заң факультетінің бұрынғы деканы. Исламабад, Пәкістан. * Египет университеттерінің Жоғарғы Кеңесінің профессорларды жоғарылату комиссиясының мүшесі. * Оның исламдық заң ғылымдары мен салыстырмалы құқық бойынша көптеген кітаптары бар. Олардың арасында магистрлік диссертация: Халықаралық құқық пен ислам шариғатындағы халықаралық дауларды шешудің бейбіт құралдары. Докторлық диссертация: Халықаралық құқық пен исламдық құқық саласындағы экономикалық даму ережелері. Бұдан өзге 25-ке тарта жарық көрген кітаптардың авторы, сонымен қатар ағылшын тілінде Отбасы құқығы атты кітабы бар, ағылшын тіліндегі аудармалары мен ғылыми еңбектері де жарық көрді. ### Проректоры – Исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев. Еңбек жолы • 2006-2018 жж – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасында аға оқытушы. • 2016-2017 жж – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығында бас маман. •  2016-2018 жж – Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры • 2018 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры. Еңбек тәжірибесі 2013-2014 жж – Каир қаласындағы Жоғарғы Исламтану институтында білім жетілдіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Шет елдік, отандық ғылыми-практикалық конференция жинақтарында 30 астам мақалалар жарық көрді. Еліміздегі исламтанушылар мен имамдардың біліктілігін арттыру курстары мен семинарларында лекциялар оқылды. ## Университет миссиясы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің миссиясы – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, гуманитарлық және педагогикалық бағытта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, қоғамның ғылыми және діни-рухани әлеуетін көтеру Осы орайда университет ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие дін және тіл мамандарын қалыптастыру, білім беру және ғылымды дамыту арқылы елімізде және Орта Азияда діни тұрақтылық пен діннің дұрыс бағытта дамуына үлес қосу және қоғамның дамуында сапалы жаңа нәтижеге қол жеткізу секілді ұлық мақсатты алдына қояды. ## Оқытушылық-профессорлық құрамы ## Факультеттер мен кафедралар ### Ислам ілімдері факультеті * Исламтану кафедрасы * Дінтану кафедрасы Тілдер және гуманитарлық пәндер факультеті * Жалпыуниверситеттік гум-қ пәнд.кафедрасы * Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ### Исламтану кафедрасы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ашылған 2001 жылы құрылды. Алғашқы уақытта исламтанушыларды даярлаған факультет құрамында. Бүгінде исламтану жəне дінтану кафедралары бар. Оқытушылар саны: Жалпы оқытушы – 47: Магистр – 20; PhD доктор – 18; Ғылым кандидаттары – 1; Қауымдастырылған профессор– 3; Профессор – 3 Исламтану кафедрасы 2001 жылдан бері жоғары білімді исламтанушыларды дайындап келеді. 2001-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Ато ас-Сынбати, 2013-2014 жылдары Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Атыия Фатхи Мұхаммед Əли əл-Фиқи қызмет етті. 2014-2017 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін негізгі ислам білімдері ғылымының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Шамшат Амангелдіқызы Əділбаева атқарды. 2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – исламтану ғылымы бойынша доктор (PhD) Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев. Алғашқы курстан араб тілі оқытылып, екінші курстан бастап араб тілінде Мысырдың əл-Əзһар университетінің ақида, фиқһ, хадис жəне тəпсір салаларының доктор, профессорлары дəріс береді. Сондай-ақ, отандық доктор, профессорлар: – Ислам құқық негіздері; – Құрандағы мораль мəселелері; – Отбасы ғылымхалы; – Ислам теологиясы; – Құран ілімі; – Хадис ілімі; – Хадисшілердің əдістері жəне т.б. пəндер бойынша дəріс береді. ### Дінтану кафедрасы Дінтану бөлімі 2011 ж. дейін университетіміздің «Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер» кафедрасының құрамында жұмыс жасап келді. Оқытушылар саны: 22. Оның 2 ғылым докторы, 3 – профессор, 3 ғылым кандидаты – доцент, 6 PhD, 7 магистр – аға оқытушы, 4 магистр – оқытушы. Дінтану кафедрасының миссиясы – Зайырлы мемлекет принциптері мен діни құндылықтарды үйлестіретін, дін мен қоғам қатынастары саласында терең білімге ие бәсекеге қабілетті мамандар әзірлеу. Кафедраның дербес ашылған жылы: 2011 жыл. 2011-2014 жж. – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымдарының PhD докторы Әділбаев Алау Шайқымұлы; 2014-2020 жж. – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Ержан Қалмахан Сейтұлы. 2020-2021 жж. «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а Жұмашова Жұлдыз Аманбайқызы. 2021-2022 жж. «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD доктор, доц.м.а. Дүйсенбаева Альбина Курахбаевна. 2022 ж. тамыз айынан бастап филос.ғ.к., доц.м.а. Рыскиева Айымжан Әбуқызы. ### Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы 2001 жылдан 2018 жылға дейін «Араб тілі және әдебиеті кафедрасы», 2018 және 2022 жылдар аралығында «Араб және ағылшын тілдер кафедрасы» деп аталды. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы» болып өзгертілді. Оқытушылар саны: 27. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 13 PhD доктор, 1 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы, 3 магистр. Академиялық және мәдениетаралық кәсіби қарым-қатынас саласында екі шетел тілін, атап айтқанда араб және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, кәсіби білімін, білігін бүгінгі аударма ісі және шетел филологиясы саласында тиімді қолдана алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, теория мен тәжірибеден терең білімі бар маман даярлау. 2001-2007 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Фуад; 2007-2008 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Абдул Хафиз; 2008-2013 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Абд ар-Рахман Саад Хасан Мұхаммед Хижази; 2014-2018 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін  оқытушы Нүсіпбаев Еркебұлан Бақытұлы атқарды; 2018-2021 жж    аралығында кафедра меңгерушісі қызметін PhD доктор Манабаев Багдат Маханович атқарды; 2021 жылдың қараша айынан бастап Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасын PhD доктор Жумашова Жұлдыз Аманбайқызы басқарып келеді. ### Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасы Ашылған жылы: 2001 жыл Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ш.Қалиева (2001-2003), PhD доктор А.Әділбаев (2003-2007), философия ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Бейсенов (2007-2008), педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б.Бәйнеш (2008-2018 ) басқарған. 2018 жылдан 1 маусымынан бастып кафедра меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.А. Қапасова тағайындалды. Кафедра оқытушылары гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру мақсатында қазақ және орыс тілі, тарих және ақпараттық коммуникативтік технологиялар пәндерінің өзекті мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік семинар-тренинг, біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастырып өткізіп, сонымен қатар халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми жобаларға қатысып, өз біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады. Оқытушылар саны: 21. Кафедрада 9 ғылым кандидаты, PhD 3, аға оқытушы 9. ## Мамандықтар Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. Бакалавриат бөлімінде: * Исламтану(4 жылдық) – қазақ, ағылшын, орыс бөлімдері; * Исламтану(3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін; * Дінтану (4 жылдық) – қазақ бөлімі; * Дінтану (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін; * Дінтану (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім; * Теология (4 жылдық) – қазақ бөлімі; * Теология (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін; * Теология (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім; Магистратура бөлімінде: * Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт; * Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт. Докторантура бөлімінде: * Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт; * Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт. Аталған мамандықтар бойынша қос елдің ұстаздары дәріс береді. Алғашқы кезеңде араб әдебиетінің мамандары, педагогика, теология ғылымдарының докторлары сабақ берсе, бүгінде шариғаттың сан-саласын қамтитын ақида, фиқһ ғалымдарының дәрістеріне басымдық берілуде. Еліміздің дінтану, исламтану, гуманитарлық пәндер саласының ғалымдармен қоса Египет тарапынан ақида, фиқх, Құран ілімі бойынша докторлық дәрежедегі ғалымдар ұстаздық етеді. 2011 жылы «исламтану» мамандығының мемлекеттік стандарты бекітіленген соң, грант бөліне бастады. 2011 жылы 100 грант, 2012 жылы 100 грант, ал 2013 жылдан бастап 150 орын мемлекет тарапынан болашақ имамдарды әзрілеуге қолдау көрсетілуде. Ал магистратура 2008 жылдан бастап университеттегі барлық мамандықтарға, 2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен докторантура ашылды. ## Лицензиясы 2010 жылдың 29 қыркүйегінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім аясында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша мерзімі шектеусіз №0137466 мемлекеттік лицензия берілді. ## Контингент ### Қабылданған студенттер саны ## Бөлінген гранттар саны ### Мемлекеттік гранттар саны ## Ғылым және инновация департаменті Ғылым және инновация департаменті – Нұр-Мүбарак университетін еліміздегі исламтану және дінтану салаларындағы жетекші ғылыми орталық ретінде қалыптастыру және осы салалардағы халықаралық академиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайту арқылы университет оқытушы-профессорлық құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында 2020 жылы құрылды.  Ғылым және инновация департаментінің директоры PhD, доцент Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре. Атқаратын жұмыстары: – НМУ ғалымдарына ҚР БҒМ ҒК тарапынан жарияланған фундаменталды ғылыми зерттеу жобалары мен қоғам сұранысынан туындаған қолданбалы зерттеу жұмыстарына жан-жақты қатысуына әдістемелік, техникалық қолдау көрсету; – Исламтану және дінтану салаларындағы басым ғылыми бағыттардың дамуын ынталандыру мақсатында жүйелі ғылыми-методологиялық семинарлар ұйымдастыру; – Араб-Мұсылман әлемі және Түркия елдеріндегі исламтанулық және дінтанулық мектептер мен ғылыми орталықтармен ғана емес, сонымен қатар батыстық (американдық, еуропалық) исламтану институттарымен академиялық байланыс құру; – Университеттің ғылыми жұмысына сыртқы спонсорлық қорлар мен қаржылық қолдауды тарту; – Студенттер, магистранттар және докторанттардың университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысуын түрлі жолдармен ынталандыру. – Университет ғалымдарының исламтану және дінтану салаларымен қатар, әлеуметтік ғылымдардың басқа да салаларындағы пәнаралық ғылыми жобаларды дамытуға, ұйымдастыруға қолдау көрсету. ## Академиялық мәселелер департаменті Академиялық мәселелер департаментінің негізгі мақсаты -  білім беру үрдісін жетілдіру, сапалы білім беру  үшін оқу- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу; - Білім  беру үдерісінде  оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз ету; - Мамандықтардың  білім беру бағдарламаларын Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жобалауды ұйымдастыру; - Оқытушы-профессорлар құрамы  әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын  ұйымдастыру  және өткізу; - Университеттің перспективалық  даму жоспарын дайындауға ұсыныс беру; - Оқу құжаттарын мемлекеттік және университеттік нормативтік базамен сәйкестендіру және бекітілген нормаларды сақтауды қадағалау; - Оқу үдерісінің  көрсеткіштеріне  жүйелі түрде  талдау  жасау. Академиялық мәселелер департаментінің директоры - Махмет Мұратхан. ## Ғылыми кеңес Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылыми кеңесі кеңесу-мәжілістік орган болып табылады. Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді. Ғылыми кеңестің құзыреті: * университет құрылымын бекітеді; * университет қызметін реттейтін нормативтік актілерді қабылдау және оларға өзгерту мен толықтырулар енгізеді; * университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді; * университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды; * оқытудың барлық сапасы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді; * оқулықтар, оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдарды шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды; * студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды; * доцент және профессор ғылыми атағын беруге ұсынады; * университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады; * университеттің алқалық шешімді қажет ететін ағымдағы басқа да мәселелерін қарастырады. ## Ғылыми-зерттеу орталығы ### Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Қазақстандағы ислами жоғары білім беретін жалғыз оқу орны ғана емес, ислами ғылыми білім беру орталығына айналып келеді. 2011 жылдың 7-желтоқсанында университет ректорының бұйрығымен (№ 662 бұйрық) Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталық Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша кешенді зерттеулердің орындалуын қамтамасыз етуші, сондай-ақ оқу орнының ғылыми-зерттеу, баспа жұмыстарын үйлестіретін және ұйымдастыратын құрамды бір бөлігі болып табылады. Орталықтың негізгі мақсаты: - Республикадағы исламтану бағытында қызмет жасап жатқан діни оқу мекемелерін ханафилік мектептің тәлім-тәрбиесін насихаттайтын кітаптар, әдебиеттер оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз етуге көмектесу; - Ханафи мазһабы шеңберінде қазақстандық дін ғалымдарының еңбектерін анықтау әрі жинау; Ислам өркениетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан қазақ дін ғұламаларының шығармашылығын зерттеу, олардың мұраларын кеңінен насихаттау; - Ханафи мазһабына қатысты қолжазбаларды жинақтап, тарихи-классикалық шығармаларды аударып, жариялаумен қатар заман талаптарына сай шығарылған заманауи фиқһ ғалымдарының еңбектерін де ғылыми қолданысқа түсіру; - Шет тілдердердегі ислам құндылықтарына насихаттайтын ғылыми, ағартушылық көпшілікке арналған кітаптарды, діни оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын іріктеп, аудару, сөздіктер құрастыру; - Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жұмысқа деген белсенділігін арттыру, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттық байқауларға қатыстыру арқылы университетті біртұтас ғылыми-инновациялық кешенге айналдыру; - Студенттер мен жас мамандардың ғылыми потенциалын дамыту, сондай-ақ олардың арасынан неғұрлым қабілетті және дарындыларын университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстарына тарту. Орталықтың директоры: Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім ## Ғылыми жұмыстар Ғылыми жұмыс жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, университеттің нормативтік актілері мен құжаттары негізінде жасалады. «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Білім беру арқылы оқыту мен тәрбиелеу бірлігі ұстанымын жүзеге асыру», «Араб тілі және әдебиеті» кафедрасы «Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі», «Әдебиет теориясы, риторика», «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» атты ғылыми тақырыптар ауқымында және де «Дінтану», «Исламтану» кафедралары ханафи мазһабы аясында жұмыс жасайды. ## Халықаралық ынтымақтастық Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстандағы ислам дінінің  білімі мен ғылымының туын көтеріп, іргетасын  қалаушы жоғары білім ордасы. 20 жылдық тарихында жаңадан бой көтеріп, әлемдегі әріптес ЖОО-мен иық тіресетін жағдайға қол жеткізді. Соның бір айғағы Халықаралық  дәрежеде институттармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, маман даярлап, ұстаздардың біліктілігін арттыруда өзара үндестік табуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге  шет елдік оқу орындарымен тығыз байланыста. Шет елде білім алушы қазақстандық студенттерді қадағалаумен қатар әріптес ЖОО-мен қарым-қатынасты үнемі пысықтап келеді. Академиялық алмасулар мен өзара студенттерді оқыту мен машықтандыру мақсатында ынтымақтастық келісімшарттары мен меморандумдар аясында ТМД елдері мен алыс шетелдердің жетекші ЖОО-мен ұзақмерзімді байланыс орнатылған. Нәтижесінде, магистратура, докторантура тәлімгерлеріне қосымша Түркия, Ресей, Малайзияның белді университеттерінен ғалымдар келіп дәріс оқиды. Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша іріктелген 500 жоғары оқу орындарының санатындағы Каир университетінің профессорлары жыл сайын арнайы шақырылып, магистр-докторанттарға екі апталық лекция-семинар өткізеді. Бір ЖОО және 4 алыс шетелдегі ғылыми және ғылыми білім беру орталықтарымен келісім жасалғандықтан, соңғы 3 жылда Нұр-Мүбарак университетіне 11 ғалым арнайы шақырылып дәрістер өткізді. Университет Египеттің әл-Азһар, әл-Хелуан, Түркияның Стамбул, Мармара, Селжұқ, Неджеттин Эрбакан университеттерімен, Қырғызстан ислам университеті, Мәскеу ислам институтымен өзара әрекет пен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды. Ал Малайзияның Ұлттық Сұлтан Зайнал Абидин университеті мен Қазан қаласындағы Ресей ислам институттарымен екіжақты меморандумдарға қол қойды. 9 ұлттың өкілі оқитын Нұр-Мүбарак университеті ТМД бойынша ғана емес, Орталық Азиядағы ислам ғылымын тереңдетіп оқытып, зерттеуші бірегей ЖОО-на айналды. Әрине бұл бүгінгі есеппен 13 жыл десек те, негізгі тарих тамыры сан ғасырлық тереңдікте жатыр. Өйткені әу бастан Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанған ата-бабаларымыз ислам өркениетін дамытып, бай мұра қалыптастырып қана қоймай, сонау араб елдеріндегі кітапханаларда өз қолтаңбаларын қалдырған. Міне көне қолжазбаларды зерттеп, атажұрттың игілігіне қолдану Нұр-Мүбарак университеті ғалымдарыныің жоспарлы межелерінің бірі. ## Нұр-Мүбарак мешіті ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациялауының барлық талаптарына сай келген университеттің өз мешіті бар. Мешіт 2001 жылы ресми ашылды. Мешіттің жалпы көлемі 1233,9 шаршы метр. Мешіттің бірінші қабатында ерлер 700 адам намаз оқи алады. Екінші қабатында әйелдергеде арналған жеке намаз оқитын орын 300 адамға арналған. Мешіттің бір мұнара бір күмбезі бар. Мешіттің екінші қабатында сынып бөлмелері және бірінші қабатта арнайы имамдар бөлмесі бар. Сонымен мешіттің жалпы сиымдылығы 1000 орынға жетіп отыр. Нұр-Мүбарак мешіті – студенттерге шариғи уағыз-насихат айтқызу бойынша тәжірибелік тұрғыдан шыңдаумен шектелмейді. Белгілі діни қайраткерлермен кездесулер ұйымдастырып, аптаның жұма күндері және қасиетті айлар мен Құрбан айт, Ораза кезінде жалпы жұртшылыққа есігін айқара ашады. ## Университет кітапханасы Университеттің кітапханасы оқулықтар  және  электрондық  кітаптар жинақталған, оқырмандар мен  кітапхана қызметкерлеріне жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасалынған. Университет кітапханасы құрамына оқу залдары, абонементтік бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханасы және арнайы қор кіреді. Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді. Кітапханада 118515 дана кітап қоры бар оқу залы жұмыс істейді. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы оқулықтар  және  электрондық  кітаптар жинақталған, оқырмандар мен  кітапхана қызметкерлеріне жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасалған орын болып  табылады. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру кітапхананың негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын  оқырмандарға әлемдік, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, оларды қолжетімді ету жолында жұмыс жасау негізгі міндеттердің бірі. Университет кітапханасы құрамына  оқу залдары, абонементтік  бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханасы  және арнайы қор кіреді. Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді.  Кітапхана қызыметін дамыту, стандартқа сай кітапханалық жүйе құру мақсатында, жақында «КАБИС» -(автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық бағдарламасы) электрондық каталог іске қосылды. Бұл бағдарлама кітапхана қорын жабдықтау мен өңдеу процесін жүйелеуге, электронды каталогтарының мәліметтер базаларын құруға және олармен ақпаратты іздеуін қамтамасыздандыруға арналған. Университет кітапханасының  кітапхана қорын араб және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар, ақпарат тасмалдаушы көздер, компакт дискілер, электронды оқулықтар құрайды. Сонымен қатар кітапхана қоры  «Қазақстан Республикасы Жоғарғы  оқу орындарының қауымдастығы», «М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Әлемнің алдынғы қатарлы 100 жаңа оқулығы, «Ұлттық аударма» бюросынан шығарылған оқулықтармен ,Университет баспасынан шыққан ұстаздардың  еңбектері , жыл сайын өтетін  «Исламтану және  араб тілі  мәселелері» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарымен толықтырылуда. ## Университет жатақханасы Университетте 2014 жылдан бастап пайдалануға берілген 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі. ## Университет жетістіктері ### 2018-2022 жж. аралығындағы оқу үдерісіндегі жетістіктер: * Ұлттық рейтингте ТОП-20 университет қатарына кірді. * Ұлттық рейтингте В033-Дінтану және Теология (Исламтану, Дінтану) І орын. * 2022 жылға арналған талапкерлерді қабылдау бойынша олимпиада ұйымдастырылды. * Сұранысқа сай ихсан ілімі, ислам экономикасы, дерадикализация мәселелері, исламдағы рационалды ой-сана, т.б. жаңа пәндер қосылды. ## Дереккөздер
Достай Раманқұлов 1960 жылы қасиетті Түркiстан топырағында дүниеге келген. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. ## Оқыған жерлері * Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн бiтiрген. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарында білімін шыңдап қайтады. ## Қызметі * Елімізде Атом қуаты жөнінде комитет құрылғанда сонда қызмет істеді. * АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. * 1998 жылдан берi Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік ұйымында жұмыс iстейдi. ## Жеке өмірі Достай Раманқұлов бүгiнде Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр сонда университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды. ## Дереккөздер
Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі - көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. ## Қазақстандағы көмір өнеркәсібі Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. ### Тарихы * 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды. * 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды. * 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді. * 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кен орны да ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. * 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті. * Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды. * 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді. * Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды. * 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады. * Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді. * Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады. * 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болды. ### Дағдарыс кезеңі 1990 – 97 ж. елде көмір өндіру көлемі 44,6%-ға құлдырады. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды: * отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді; * ОЭК жаппай мемлекеттік меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды; * кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді; * ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады; * саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды; * энергетикалық саясатта және тиісінше елдің отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады.Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады. Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн. т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 ж. кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында “Екібастұзкөмір” (Богатырь Аксес Көмір) Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, “Богатырь” кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет “Екібастұз көмірі” бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар минералдық “Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын” әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған. 2001 ж. көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. т-дан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 – 35 млн. т-ға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. ## Қарағанды, көмір алабы Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары. ## Екібастұз, көмір алабы Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. «Богатырь», «Восточный» жәнө «Северный» кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омбы) салынған. ## Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан: * Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. т жалпы геологиялық қор және 3,04 млрд. т барланған қор; * Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және 1,79 млрд. т; * Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т; * Оңтүстік Қазақстанда – 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың өндіріс көлемі 2698,5 млн. теңге болды.<re>“Балалар Энциклопедиясы”, V-том</ref> ## Аса ірі көмір өндіруші елдер ## Дереккөздер
Шоманай ауданы (қарақ. Shomanay rayonı, Шоманай районы, өзб. Shumanay tumani, Шуманай тумани) – Қарақалпақстан автономиялы республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Оңтүстігінде Түрікменстан Республикасы шығысында Хожелы ауданымен шектеседі. 1950 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шоманай кентi. Нүкістен Шоманайға дейінгі арақашықтық - 75 км. 2014 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 51,5 мың адам. Ұлттық құрамы: қазақ 0,9%, қарақалпақ 87,4%, өзбек 6,1%, орыс 0,1% қалғаны 0,2%Аудан құрамында 7 ауыл әкімшілігі бар. Олар: * Акжап * Бегжап * Бирлешик * Дийханабад * Кетенлер * Мамый * Сарманбайкол. Аудан экономикасының негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы құрайды. ## Сыртқы сілтемелер * Всемирный исторический проект Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2010 жылы.
'Күрестен Азия чемпионаты 1992 жыл' 7 және 10 сәуір алалығында Тегеранда өтті (Иран). ## Жалпы медаль сынақтары ## Медалисттер ### Еркін күрес (ерлер) ### Грек-рим күресі (ерлер) ## Дерекнама ## Сыртқы сілтемелер * FILA Wrestling Database Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2013 жылы.
Плавильщиков Николай Николаевич [29. 5. 1892, Мәскеу,— 7. 2. 1962, Мәскеу] — кеңес зоологы, биология ғылымдарының докторы, профессор. Мәскеу университетінің физика-математика факультетінің табиғат тану бөлімін бітірген (1917). 1919—21 ж. және 1941 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеу мемлекеттік университетінің зоология музейінде қызмет істеген. Плавильщиков — ағаш сүген қоңыздарын зерттеудегі ғылыми маман, ол бұлардың систематикасын, фаунистикасын, маңызын зерттеген және бұл қоңыздардың 38 мыңнан астам ғылыми коллекциясын жинаған. Плавильщиков сүген қоңыздардың 100 шақты жаңа түрін, түр тармақтарын және 30-дай жаңа туыс, туыс тармақтарын сипаттаған. Плавильщиков энтомология, жалпы биология, ғылым тарихынан анықтамалық, оқулық, методикалық оқу құралдарын жазған. ## Дереккөздер
Жұбран Хәліл Жұбран (араб.: جبران خليل جبران‎; ағылш. Kahlil Gibran; 6 қаңтар 1883 т.ж. - 10 сәуір 1931 ө.ж.) - ливандық және америкалық философ, суретші, ақын және жазушы. Жұбран Хәліл Жұбранның ең белгілі атын шығарған еңбегі - «Пайғамбар» кітабы (The Prophet) (1923). Бұл еңбек - жазушының творчествосының шыңы болып есептеледі. Кітап 100-ден астам тілдерге аударылған. В 1895 жылы Жұбран Хәліл Жұбран анасы мен бауырлары мен бірге АҚШ-тың Бостон қаласына эмиграция жасайды. Америкада қайтыс болып жерленген. ## Дереккөздер
Константин Владимирович Эрлих 24.03.1948 жылы Омбы облысында Одесса ауданында Желанный ауылында туылды. Әкесі 1941жылы АКСР-дан (АССР – Автономды Кеңес Социалистік Республикасы) Повольжедегі немістерді депортациялағанда осында көшіп келді.Орта мектепті бітіргеннен кейін, К.Эрлих әскерге қызмет етуге кетеді. Онда К.Эрлих өзінің журналистикаға деген қабілетін көрсете білді, осыған сәйкес курс бітіріп шықты әрі «Кеңес жауынгері» («Советский воин») әскери газетінде мақалалар жазып жүрді. Әскери борышын өтеп болғаннан кейін, Эрлих Омбы педагогикалық институтына түсті, филология факультетінде неміс және ағылшын тілдерін еркін біліп, 1975 жылы бітірді. ## Қызметі 1974-1978 жылдарында Эрлих алдымен Омбы облысының, кейін Алма-атадағы (қазіргі Алматы) республикалық неміс радиосының редакторы болды. Содан кейін ондаған жылдар бойы Алма-атада «Қазақстан» баспасында редактор қызметін атқарды. Кеңес немістері мәселелерінің маманы ретінде өзін ұсына білген Эрлих Қазақстан басшылығының назарына ілікті. 1988 жылы оған республикалық неміс газеті «Freundschaft» (қазір «Deutsche Allgemeine Zeitung») редакторлығы қызметін сеніп тапсырды. ## Еңбектері Өзін неміс редакциялары мен баспаларында кәсіби жағынан көрсете білген Эрлих сонымен қатар кеңес немістерінің тарихын зерттеумен де айналысты. Осы тақырып төңірегінде КСРО аяғынан тік тұрған 1982 жылы өзінің бірінші кітабы «Lose Blätter» жазды. Бір жылдан соң оның екінші кітабы «Ponorama der sowjetdeutschen Literatur» - Literaturgeschichtlicher Überblick жарық көрді. Содан кейін Эрлих бес жыл бойы өзінің Алма-ата қаласынан 1988 жылы жарық көрген «Lebendiges Erbe. Aufzeichnungen zur Siedlungsgeographie und Kulturgeschichte der Deutschen in Russland und der Sowjetunion» зерттеуімен айналысты. Осы еңбегінің орысша нұсқасы «Фройндшафт» газетінде әрдайым басылып жүрді. Қайта қалыптасу кезеңіне дейін бұл кітап соғыстан кейінгі кезеңдегі ресейлік немістердің тарихын терең әрі ауқымды зерттеген жалғыз еңбек болды, әлі де солай қала бермек. Бұл кітабында К.Эрлих тек тарихшы ретінде емес, саясатшы ретінде де өзін танытады. Бұл кітаптың материалдары бойынша Эрлих 1990 жылы, әлі ГДР (Герман Демократиялық республикасы) тарамай тұрып, өзінің тарих ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Әрдайым кеңес немістерінің мәселелерімен соқтығысып қалатын, көп қиыншылықты басынан өткерген халқымыздың қаны мен тері сіңген Константин Эрлихтің өз халқын реабилитациялау саяси процесіне енуі заңды еді. Әрине, КСРО-ның көптеген немістері тұратын Қазақстандағы республикалық неміс газетінің бас редакторы бола отырып, Эрлих көрінбейтін шеңбер жүйесіне қамалғандай болды. Сондықтан да ол сексенінші жылдардың соңындағы неміс реабилитациялық қозғалысының белсенді мүшелері сияқты ойын ашық айта алмады. Сонда да КСРО немістерінің ұлттық қозғалысына себеп болған – 1988 жылы «Фройндшафт» газетінде жарық көрген «АКСР БП (бақылау пункті) кеңес немістерінің координация орталығының» төрағасы Генрих Гроутпен болған сұхбат мақаласын жазған еді. Константин Эрлихтің осы мақаласы арқылы кеңес немістерінің бүкіл тағдыры шешілді, әрі қарай қуғынға ұшыраған халықты реабилитациялау бағдарламасы ұсынылды. КСРО кезеңінде осындай батыл саяси қадамға ешбір баспа бармас еді. Осы бағдарламалық мақаладан (толық ойластырылған, таразыға теңестірілген) соң, КСРО-дағы немістердің ұлттық қозғалысы жеделдетілді, артынан көп ұзамай 1989 жылдың наурыз айында ресейлік немістер Мәскеуде Жалпыодақтық ресейлік немістер қоғамын (ВОСН Всесоюзное общество советских немцев) «Возрождение»-«Wiedergeburt» ресми мекемесін құрды. ## Дерек көздері wiedergeburt-kasachstan.de/index.php/component/content/article ## Сілтемелер
Оралдық мия (лат. Glycyrrhiza uralensis) - бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Тамыры қуатты, терең орналасқан. Тамырының ішкі жағы ақ түсті. Одан көптеген қосымша тамырлар тарайды. Қосымша тамырлары 1-2 м қашықтыққа дейін көлбеу өседі, сөйтіп олардан тағы да жаңа сабақтар өсіп шығады. * Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі биіктігі 60 см-ге жететін бірнеше сабақтан тұрады. * Жапырақтары кезектесе орналасқан, қауырсынға ұқсас. Бұтағының ең ұшында жалғыз жапырағы болады. Жапырақтарының екі жағында да түкті бездері бар. * Гүлдері көкшіл түсті, жапырақтарының қуысында шоғырланып тұрады. * Жемісі - орақ сияқты иілген, бунақталған қауыз. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. ## Өсетін жері Қазақстанда далалы және шөлді аймақтарда, өзен жағасында, арамшөп ретінде егіс арасында өседі. ## Құрамы Құрамында глюкоза, пектиндер, флавоноидтар, глицирризин бар. Зерттеулер глицирризиннің ағзадағы тұз және су алмасуын реттейтінін көрсетті. Бұл ғасырлар бойы Шығыс Азия халықтарының мияны дәрілік өсімідік ретінде бекер пайдаланбағанын көрсетеді. ## Емдік қасиеті және қолданысы Бұл өсімдіктің қан тамырларын нығайтып, кеңейтетін, қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, қақырық түсіретін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Қызылмиямен өкпе ауруларын, туберкулезді, асқазанда және ұлтабарда пайда болған жараларды емдейді. Ол есекжем, псориаз, волчанка сияқты тері ауруларына да шипа. Мия геморройға да қарсы қолданылады. Өсімдіктен жасалған дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз ұзақ уақыт қабылдауға болмайды, себебі ағзадағы су мен тұз алмасуының бұзылуына байланысты денеде ісік пайда болуы мүмкін. ## Дереккөздер
Қыдырбаев Жасұлан (28 қыркүйек, 1992, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы, Қазақстан) — Қазақстандық ауыр атлетші. 2014 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді. Алматы облысы құрамасына ілікпегендіктен Жамбыл облысы атынан шыға бастаған. ## Марапаттары ### Әлем чемпионаты * Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2014 — Алматы 94 кг дейін салмақта алтын медаль. * 94 кг дейін салмақта алтын медаль. ## Дереккөздер
Сарепт қышасы (лат. Brassica juncea) - орамжапырақ тұқымдасы, қырыққабат туысына жататын, бір жылдық шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 40-50 см-ге жуық. * Сабағы жұмыр, бұтақтары көп, жапырақтары кезектесіп орналасқан, құстың қауырсыны тәрізденіп тілімделген, жоғарылаған сайын жапырақтарының көлемі кішірейе береді, сағақтары қысқара түседі. * Гүлдері сары, шоғырланып тұрады. * Тұқымы майда, дөңгелек, қоңыр және сары түсті дәнектер. Мамыр айында гүлдейді. Жемісі маусым айында піседі. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Егінжай, бау-бақшаларда өсетін арамшөп. Табиғи түрі Сібірде және Орта Азияда , Моңғолияда, Солтүстік Қытайда кездеседі. Индияда, Қытайда, Кіші Азияда, Солтүстік Африкада және Еуропаның кейбір жерлерінде мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. ## Құрамы Құрамында синигрин деген гликозид және мирозин деген фермент бар. Су тисе осы фермент синигрин гликозидімен химиялық реакцияға түседі де, эфир майларын бөліп шығарады. Эфир майлары - өте улы, сондықтан таза күйінде пайдаланылмайды. Өсімдік тұқымының әбден қурап кеткен кезінде иісі болмайды, бірақ жылы суға салып жібіте бастаса, иісі бұрқырап шыға келеді. Әуелгі кезде дәндерінің дәмі жоқ сияқты көрінгенімен, артынша дәндерінде өткір, тілді ойып жіберетіндей дәм пайда болады. ## Емдік қасиеті және қолданысы Дәрілік мақсат үшін қышаның тұқымы пайдаланылады. Жасалған дәрілер тамаққа тәбет арттырып, асқазан сөлдерінің бөлінуін көбейтеді де, ас қорыту жұмыстарын жақсартады. Қыша тұқымының 200 грамын алып, жылы суға бұлау жасау үшін де пайдалануға болады. Мұндай бұлаулар қан айналысын жақсартады, қақырықтың бөлінуін күшейтеді. Кейде ваннадағы суға аяқты ғана батырып отырады. Бұл ем көбінесе жоғарғы тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда өте жақсы нәтиже береді.Кейбір жағдайларда қолда дайын қыша болмай қалса, қыша тұқымын ұнтақтап, суға езіп қоймалжың етіп алады да, қалың қағазға жағып кептіреді. Осылайша үй жағдайында жасаған қышаны өкпе қабынғанда арқаға, қан қысымы кенет көтерілгенде жүрек тұсына, желкеге жапсырады. Тек оны алдын ала жылы суға малып алу керек. ## Дереккөздер
«Ер Тоңға» - түркі халықтарының арғы ататегі тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға «Ер Тоңға» жырының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де, сол үзінділерінің өзінен-ақ бұл жырдың мазмұнын, негізгі идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Жырдың басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин, т.б. аса құнды пікірлер айтқан. Бұлардың бәрі де жырдың басты қаһарманы Алып Ер Тоңғаны мемлекет қайраткері ретінде сөз етеді. Олар, әсіресе Тұран мен Иран арасындағы соғыста Алып Ер Тоңға өзін аса дарынды әскери қолбасшы ретінде танытқанын ерекше атап көрсетіп отырады. Бір қызығы — парсы елінің ұлы шайыры Фирдоуси (940-1030) осы «Ер Тоңға» жырын түпнұсқадан толық күйінде оқыған сияқты. Ол өзінің әлемге мәшһүр «Шаһнамасында» Тұран елінің патшасы, әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып Ер Тоңға жайындағы әфсана-аңыздарды, тарихи деректерді, мактау өлеңдері мен жоқтау жырларын аса дарынды сөз зергерлеріне тән шеберлікпен пайдалана білген. Алайда бұл арада мықтап ескеретін бір жайт бар. Алып Ер Тоңға - Тұран елі үшін жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін ол нағыз жау, басқыншы патша болып саналады. Сол себепті ұлы шайыр «Шаһнамада» Алып Ер Тоңғаны, яғни Афрасиабты, бір жағынан, жанкешті батыр, орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан, Иран елін қанға бөктіруге әзір тұрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның өзінде, Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі жырындағы батырлық келбетін көп өзгертпей, сол күйінде сомдап берген. Фирдоусидің «Шаһнамасында» Тұран елінің қалың қолын бастаған Афрасиаб (Алып Ер Тоңға) жорықтарын бейнелеп көрсеткен он шақты арнаулы тарау бар. Олар: «Афрасиабтың Бәрман мен Құмайынды Сұхраб құзырына жіберуі», «Афрасиабтың қорқынышты түс көруі», «Афрасиабтың қайраткерлермен мәслихат құруы», «Сияуыш пен Афрасиабтың бір-біріне ант беруі», «Афрасиабтың Сияуышқа хат жазуы», «Афрасиаб пен Сияуыштың аңға шығуы», «Афрасиаб ордасына Рүстемнің түнде шабуыл жасауы», «Афрасиабтың ирандықтардан жеңілуі», т.б. Бірқатар зерттеушілер ұлы шайыр Фирдоусидің «Ер тоңға» жырын Шығыс поэзиясына тән иозира дәстүрі бойынша парсы тілінде қайта жырлап, Афрасиаб жорықтарына өзінше баға бергенін айтқаны мәлім. Қалай болған күнде де, Фирдоусидің «Ер тоңға» жырын әлемге әйгілі «Шаһнамада» зор шеберлікпен пайдаланғаны даусыз. Сондай-ақ ислам дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн (11 ғасыр) да кезінде «Ер Тоңға» жырын түпнұсқадан оқып, оны өзінің «Құтты білік» дастанында пайдаланған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанының Алып Ер Тоңғаны жырлауға арналған бөлімін «Мақтауға тұрарлық қасиеттер және ізгі істердің пайдасы туралы» деп атаған. «Құтты білік» дастанының 277-бетінен бастап 286-бетіне дейінгі аралықта түгелдей дерлік Алып Ер Тоңғаның ізгілікті істері, асыл тектілігі, даналығы, Тұран елін басқарудағы көрегендігі, дарынды қолбасшы, қарапайым халыққа қамқоршы болғаны, жомарттығы, мәрттігі, т.б. ізгі қасиеттері мадақталады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында мемлекет тұтқасын берік ұстап тұру үшін білім мен парасат қана емес, сонымен бірге, ерік, жігер, қаһар, өктемдік, өзгелерге үстемдік ететіндей ызғар қажеттігін айтады. Дәл осындай қаһарман - Алып Ер Тоңға деген түйін жасайды. «Ер тоңға» жырының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл шығарма Алып Ер Тоңға қайтыс болғандағы, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» деп аталатын жыр Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты сөздігі аркылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен. ## Дереккөздер
Ахметжан Қозыбағаров — 1879 жылы 1 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Семейдегі ауылшаруашылық мектеп-интернатын бітіріп, 1901-1906 жылдары Омбыдағы фельдшерлік мектепте оқыған. 1906-1918 жылдары Семейдегі губерниялық ауруханада фельдшер қызметін атқарды. 1917-1919 жылдары Алаш партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысып, 1918 жылы Алашорданың Семей облыстық кеңесіне мүше болды. 1921-1922 жылдары Шығыстауда Арқат дәрігерлік бөлімшесін басқарып, өз қаржысына емхана салдырды. 1935-1937 жылдары Алматы кірпіш зауытының емханасында меңгеруші болды. 1937 жылы 25 тамызда Алматыда тұтқындалды. Семей абақтысына жабылып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы ақталды. ## Дереккөздер
Әлібек Файзоллаұлы – журналист, жазушы. Қазіргі ҚазҰТУ-ды бітірген (1977). «Байжансай» кенішінде кен мастері, учаске бастығы болып жұмыс істеді. 1980 ж. кеніштің кәсіподақ комитетті төрағалығына, 1985 ж. халық депутаттары кенттік кеңесінің төрағалығына сайланды. 1987 – 1992 ж. «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары, 1992 – 1996 ж. Шымкент қалалық және облыстық әкімшілігінің жауапты қызметкері, 1996 – 1998 ж. «Фемида» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақстан заңдары» (қазіргі «Заң») журналының бас редакторы қызметін атқарды. 2002 жылдан «Заң» газеті және «Заң» журналы бас редакторының бірінші орынбасары. «Қатыбезер», «Екі алма», «Ескі сурет», «Көрші үйдің жарығы», «Бақыт туралы сөз», «Ең ұзақ түн» атты прозалық кітаптардың авторы. «Тастанды» атты драмалық туындысы Ж.Шанин атындағы облыстық сазды-драма театрында сахналанды. ## Дереккөздер
Сайдақ (немесе сагайдак, садак, саадак, сагадак, согодак)- атты садақшылардың қарулар жиынтығы. Олар садақ, оқ және қаптан тұрады. Бұл қаруды түркілер, моңғолдар және XVII ғасырға дейінгі Русьте қолданған. Сонымен қатар, сайдак деп садаққа арналған қапты да атаған. Сайдакты безендірген. Қару палатасында патша Алексей Михайловичтің күміс, алтын жіптермен безендірілген былғары сайдағы сақталған. Сайдақтың астында қанжар ілулі тұрады. Сайдақтың аналогы скифтік горит болған. ## Этимология Сайдақ түрік тілінен аударғанда sadaq - "садаққа арналған қап", моңғол тілінен аударғанда sagadag, қалмақ тілінен аударғанда саагд - "садақ оғымен бірге" ## Әдебиеттерде Бұл уақытта жоғары жақтан, қамалдан жарты шақырым жерден жаңа аттылар көріне бастады. Көп ұзамай найза мен сайдақ асынған әскер бүкіл даланы алып кетті. Олардың арасында ақ боз атқа мінген, үстінде қызыл бешпенті, қолында қылышы бар Пугачевтің өзі еді. — Александр Сергеевич Пушкин «Капитанская дочка» ## Дереккөздер Орыс Уикипедиясынан аударылған.
Нармахан Бегалиев 1943 жылы 30 мамырда Түркістан облысының бұрынғы Арыс ауданында туған.Шымкент Педагогика институтының филология факультетін бітірген (1966). Сіргелі тайпасының Тутаңбалы руынан шыққан. ## Жұмыс баспалдағы 1966 — 1967 жылдары Бөген ауданында жергілікті радиохабарларын ұйымдастырушы, 1967—1974 жылдары Бөген аудандық және Арыс қалалық біріккен «Коммунизм таңы» және «Заря коммунизм» газеттерінің жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, редакторы болып істеген. Өлеңдері 1961 жылдан жариялана бастады. ## Шығармалары * Шаттық күйі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; * Жиде жұпар шашқанда. Өлеңдер. А., «Жалын», 1978; * Жотадағы жол. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981. ## Дереккөздер
## Әбу Михжан әл-Сәқафи Әбу Михжан әл-Сәқафи —Абдулла бин Хабиб бин Амр бин Умайр. Тайыятың Бәни Сәқиф тайпасынан. Аттың құлағында ойнаған арақ құмар шайырлардың бірі болған. Әбу Михжанда мухадрам шайырлардың қатарынан. Жаһилиет дәуірінде шараб жайлы көптеген өлеңдерімен атағы шыққан. Мұхаммед пайғамбар 631 жылы Тайыфқа келгенде исламнан бас тартып, кейіннен һижреттің 9 жылы рамазан айында отбасымен бірге мұсылман болады. Мұсылман болсада шарап ішуін тоқтатқан емес. Умар ибн әл-Хаттаб Әбу Михжанға қанша рет шарап ішуге тыйым салады. Осы кезеңде Қадисия шайқасына қатысады. Шайқас уақытында арақ ішіп қояды. Қадисиядан кейін арақ ішуін тастап шайырлығын жалғастырады. Қадисияда Сағд ибн Әби Уаққаспен бірге болады. Оның арақ ішкенін көрген Сағд сазайын кейін берермін деп қояды. Шайқаста ерлігімен көзге түскен Әбу Михжанға Сағд кешірім бердім дейді. Әбу Михжан Алланың атымен ант етейін енді ішпеспін дейді. Әбу Михжан халифа Усманның заманында 650 жылы дүние салады. Қабірі Әзірбайжан, Грузия жерлерінде болуы мүмкін.Шайырдың өлеңдерінің көпшілігі арақ жайында. Одан бөлек әл-фахр, әл-мадх, әл-хамаса жанрында да жырлаған. ## Шығармалары Диуан Әбу Михжан әл-Сәқафи. 1887 ж. Диуан Әбу Михжан әл-Сәқафи. Жинақтаған: Умар әл-Сууайди. Лейден. 1303-1306 һ.ж. ## Дереккөздер Араб әдебиеті энциклопедиясы 2 том ## Әбу Михжан әл-Сәқафи Әбу Михжан әл-Сәқафи —Абдулла бин Хабиб бин Амр бин Умайр. Тайыятың Бәни Сәқиф тайпасынан. Аттың құлағында ойнаған арақ құмар шайырлардың бірі болған. Әбу Михжанда мухадрам шайырлардың қатарынан. Жаһилиет дәуірінде шараб жайлы көптеген өлеңдерімен атағы шыққан. Мұхаммед пайғамбар 631 жылы Тайыфқа келгенде исламнан бас тартып, кейіннен һижреттің 9 жылы рамазан айында отбасымен бірге мұсылман болады. Мұсылман болсада шарап ішуін тоқтатқан емес. Умар ибн әл-Хаттаб Әбу Михжанға қанша рет шарап ішуге тыйым салады. Осы кезеңде Қадисия шайқасына қатысады. Шайқас уақытында арақ ішіп қояды. Қадисиядан кейін арақ ішуін тастап шайырлығын жалғастырады. Қадисияда Сағд ибн Әби Уаққаспен бірге болады. Оның арақ ішкенін көрген Сағд сазайын кейін берермін деп қояды. Шайқаста ерлігімен көзге түскен Әбу Михжанға Сағд кешірім бердім дейді. Әбу Михжан Алланың атымен ант етейін енді ішпеспін дейді. Әбу Михжан халифа Усманның заманында 650 жылы дүние салады. Қабірі Әзірбайжан, Грузия жерлерінде болуы мүмкін.Шайырдың өлеңдерінің көпшілігі арақ жайында. Одан бөлек әл-фахр, әл-мадх, әл-хамаса жанрында да жырлаған. ## Шығармалары Диуан Әбу Михжан әл-Сәқафи. 1887 ж. Диуан Әбу Михжан әл-Сәқафи. Жинақтаған: Умар әл-Сууайди. Лейден. 1303-1306 һ.ж. ## Дереккөздер Араб әдебиеті энциклопедиясы 2 том
«Алтын Жұлдыз» медалі (орыс. Медаль «Золотая Звезда») — КСРО мемлекеттік марапаты. 1939 жылы «Кеңес Одағының Батыры» атағын айқындау үшін бекітілген. Медалмен бір уақытта КСРО-ның ең жоғарғы ордені - Ленин орденімен бірге марапатталды. ## Жасалу тарихы