text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бузе қызғалдағы (лат. Tulipa buhseana) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысының көпжылдық өсімдігі.
## Ботаникалық сипаттамасы
Бузе қызғалдағының биіктігі 15 – 40 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1 – 1,5 см, терілі, қатты, ішкі жағынан ұшы жіңішке түкті қабықшалы.
Сабағы жалаңаш, сирек жоғарғыжағы түкті, жапырақ саны екеу, өте алшақ орналасқан, қайырылған, бүгілген, жалаңаш, шамалы кірпікшелі, сызықты, төменгісі жалпақ, ені 3 – 8 мм,әдетте гүлінен едәуір қысқа.
Гүл саны – 1 – 4 (кейде 6-ға дейін), гүл серігі сары, ұзындығы 15 – 30 мм, сүйір, сыртқылары күлгін. Түбі тарамды, ішкісінен 2 есе дерлік жіңішке, ішкілері сопақша, түбіне қарай біртіндеп жіңішкерген, осында тарамды және кірпікшелі, аталықтары гүл серігінен 2 есе қысқа. Олардың жіптері сары, кеңейген түбінде қалың түкті сақиналы, одан жоғары әдетте түкті, тозандықтары сызықты сопақша, ұзындығы 4 – 6 мм, сары немесе ұшы шамалы күлгін, сүйір ұшы қысқа. Түйіні аталықтан шамалы қысқа, қысқа бағанды.
Сәуір - мамыр айларында гүлдейді.
### Қазақстанда таралуы
Шөлдегі құмды және сазды топырақта өседі. Торғай, Арал маңы, Қызылорда, Балқаш - Алакөл, Қызылқұм, Түркістан флористикалық аудандарында, Шу-Іле тауларында кездеседі.
## Қызықты мәлімет
Кей мамандардың пікірінше, бұл түрдің биік сабақты популяциясы жеке таксономиялық түр – Талиев қызғалдағы (Tulipa talievii Klikov et Zoz.) деп есептейді. Олар пиязшығының қалың түктеуімен , гүлінен биік жапырақатарымен , түкті сабағымен және ішке қайырылмаған гүл серігі жапырақшаларымен ерекшеленеді. Бұл түр Іле өзені аңғарында, солтүстікке қарай Қапшағай суқоймасынан Арқарлы асуына дейін кездеседі. Дегенмен, жақында ДНК-ның салыстырмалы салмағы мен морфологиясын зерттеуге негізделген жұмыстар нәтижесі Талиев қызғалдағы жеке түр еместігін көрсетті.
## Тағы қараңыз
* Қызғалдақ
* Лалагүлдер тұқымдасы
## Дереккөздер |
Тарбағатай дембеті (лат. Mertensia tarbagataica) – айлауыктар тұқымдасы, дембет туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Таралуы
Тарбағатай жотасында, қорымтасты беткейлерде өседі.
### Биологиялық сиппатамасы
Биіктігі 10 – 12 см, тамыр сабағы жіңішке, жерге төселіп көлбей өседі. Сабағының түбіндегі жапырақтары жалпақ, күрек пішінді, жоғарылаған сайын жүрек тәрізді, сағағы қысқарып өркенге отырмалы бекінеді. Гүлдері қос жынысты, аталығы 5, тостағаншасы қурап түспей, сақаталып, жеміс сыртын қаптап жатады. Қою көк түсті күлтесі кіріккен. Гүлдері жартылай шатырша гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі – жаңғақша, ұзындығы 4 мм-дей. Жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Арқарлы сөзі мынадай мағыналар береді:
Елді мекендер:
* Арқарлы – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Арқарлы – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Арқарлы – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
* Арқарлы – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Арқарлы – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыбастау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Таулар:
* Арқарлы – жота.
* Арқарлы – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы тау.
* Арқарлы – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы тау.
* Арқарлы – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы тау.
Басқа мағыналар:
* Арқарлы – алтын кен орны.
* Арқарлы – асу. |
Сүйелжазар немесе Гелиотроп (лат. Heliotropium) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер не жертылай бұталардың тегі.
## Таралуы
Қазақстанның шөлейтті , сортаңды жерлерінде, өзендер мен жылғалардың бойында өсетін 7 түрі бар. Биіктігі 10 – 50 см аралығында. Сыртын түк жапқан сабағы бұтақталып өседі. Жай жапырақтарының жиегі тегіс, өркен бойынша кезектксіп орналасады.
## Ботаникалық сипаттамасы
Жеке гүліндегі тостағанша жапырақшаларының саны – бесеу, жәпшесі өте қысқа, аналығы екі жеміс жапырағынан тұрады, жатыны қысқа, аналықтың аузы біз тәрізді үшкір. Ұсақ гүлдері ирек гүлшоғырына жиналып, бір жағына қарай бұрылып, иіліп тұрады. Гүлшоғырының төменгі бөлігіне бекіген гүлдерінің сағағы өте қысқа, ал ұшына жақындаған сайые сағақсыз орналасады. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі – құрғақ төрт жаңғақша. Олар екі-екіден бірігіп немесе әрқайсысы жеке-жеке орналасады.
## Түрлері
Сүйелжазардың бір түрі – кішкентай Сүйелжазар (Heliotropium parvulum), ол тек Іле Алатауда ғана кездесетін эндемик. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген . Сүйелжазардың гүлдерінен аралар бал жинайды.
* Heliotropium amplexicaule Vahl – Clasping Heliotrope, Summer Heliotrope, Blue Heliotrope
* Heliotropium anderssonii
* Heliotropium anomalum Hook. & Arn. – Polynesian Heliotrope, Pacific Heliotrope (Pacific Islands)Heliotropium anomalum var. argenteum – Hinahina kū kahakai (Hawaii)
* Heliotropium anomalum var. argenteum – Hinahina kū kahakai (Hawaii)
* Heliotropium arborescens – Garden Heliotrope, Common Heliotrope, "cherry pie"
* Heliotropium argenteum
* Heliotropium asperrimum R.Br.
* Heliotropium balfourii
* Heliotropium bracteatum R.Br.
* Heliotropium conocarpum F.Muell. ex Benth.
* Heliotropium crispatum F.Muell. ex Benth.
* Heliotropium diversifolium F.Muell. ex Benth.
* Heliotropium chenopodiaceum (A.DC.) Clos.
* Heliotropium claussenii DC.
* Heliotropium convolvulaceum – Sweet-scented Heliotrope, Showy Heliotrope
* Heliotropium curassavicum L. – Seaside Heliotrope, Salt Heliotrope, Monkey Tail, Quail Plant, "Chinese Parsley"; Cola de Mico (Spanish)
* Heliotropium dentatum
* Heliotropium derafontense
* Heliotropium ellipticum
* Heliotropium epacrideum F.Muell. ex Benth.
* Heliotropium europaeum L. – European Heliotrope, European Turnsole (Europe, Asia, and North Africa)
* Heliotropium fasciculatum R.Br.
* Heliotropium flintii F.Muell. ex A.S.Mitch.
* Heliotropium foertherianum Diane & Hilger – Tree Heliotrope, Velvet Soldierbush, Octopus Bush (South Asia, East Asia, Melanesia, western Polynesia, northern Australia)
* Heliotropium foliatum R.Br.
* Heliotropium glabellum R.Br.
* Heliotropium heteranthum (F.Muell.) Ewart & O.B.Davies
* Heliotropium indicum L. – Indian Turnsole
* Heliotropium kuriense
* Heliotropium laceolatum Loefg.
* Heliotropium lineariifolium Phil.
* Heliotropium megalanthumn I.M.Johnst.
* Heliotropium nigricans
* Heliotropium paniculatum R.Br.
* Heliotropium pannifolium – St. Helena Heliotrope (Saint Helena) (extinct, c.1820)
* Heliotropium parvulum – Кіші сүйелжазар
* Heliotropium pauciflorum R.Br.
* Heliotropium paulayanum
* Heliotropium pleiopterum F.Muell.
* Heliotropium procumbens
* Heliotropium prostratum R.Br.
* Heliotropium ramosissimum
* Heliotropium riebeckii
* Heliotropium shoabense
* Heliotropium sinuatum (Miers) I.M.Johnst.
* Heliotropium socotranum
* Heliotropium stenophyllum
* Heliotropium strigosum Willd.
* Heliotropium tenellum
* Heliotropium tenuifolium R.Br.
* Heliotropium ventricosum R.Br.
* Heliotropium wagneri
* Heliotropium aff. wagneri (Samhah, Yemen)
## Дереккөздер |
Нағымбек Жемал-Әд-Динұлы Нұрмұхамедов (06.11.1924, Павлодар облысы Баянауыл ауданы-17.12.1986, Алматы) – кескіндемеші, өнертану ғылым кандидаты (1961), Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1974).
1940 – 1942 жылдары Алматы театр-көркемсурет училищесінде, 1947 – 1953 жылдары Санкт-Петербург кескіндеме, мүсін және архитектура институтында оқыған. 1961 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы аспирантураны А.М. Герасимовтың шеберханасы бойынша бітірді.
Қондырғылы кескіндеменің әр түрлі жанрында жұмыс істеп, сюжетті картина саласында жемісті еңбек етті. “Кеңес Одағы Әскери Теңіз-флотының адмиралы И.С. Исаков” (1964 – 1965), “Бес қаруың сай болсын” (1965), “Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин” (1969) портреттерін салды.
Франция, Бразилия, Жапония елдеріне сапар шегіп, нәтижесінде бірнеше суреттер топтамаларын жасады. Нұрмұхамедов еңбектері Канада, Бельгия, Югославия, Финляндия көрмелерінде қойылды.
Қазақстанның бейнелеу өнері жөнінде кітаптар мен альбомдар шығарды.
“Еңбек даңқы ерлері” топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1978), “Құрмет белгісі” (1959, 1971), 2-дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Научись рисовать, А., 1962
* Искусство Казахстана. Альбом, М., 1970
* Мавзолей Хаджи Ахмеда Ясави. Альбом, А. 1980
## Дереккөздер |
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптардың ішінде ыспалы аспаптардың сипаты, заты және жасалу әдіс-тәсілдері жалпы түрік тектес халықтардың барлығына бірдей ортақ. Олардың бүгінге дейін сазген, қылқобыз, нарқобыз, егек, бозаншы секілді бірнеше үлгі-нұсқалары қалыптасты.
## Қылқобыз
Қылқобыз - көне аспап ретінде космологиялық, діни-ғұрыптық салттарда, абыз-жыраулар қолданысы мен бақсылық әрекеттермен байланысты дамыған. Шанағы емен, үйеңкі, қарағай, долана секілді қатты жынысты ағаштан тұтас ойып жасалады, қыл ішекті болып келеді. Кей жағдайда ішіне түрлі магиялық әсер беретін темір сақиналар тағылады.
## Ішекті ыспалы
Ішекті ыспалы аспаптың ел арасына кең тарай қоймаған этнографиялық нұсқаларына сазген, егек, бозаншы аспаптары жатады.Ыспалы аспаптардың ішектері жылқының жалқұйрығынан алынады. Ертедегі шеберлер мен қобызшылар қылды жылқылар табында жүрген дерінен көктемнің соңына қарай күзеп алатын болған. Себебі, тірі жылқы қылының тартылыс күші көп, энергиясы мол болып келеді. Сондықтан да қобызшылар ыспалы аспаптраға өлген жылқының қылын пайдаланбайды. Ыспалы аспаптардың ішінде ішегі тарамыстан жуан етіп ызып жасалатын аспап - нарқобыз. |
Ырым (ғұрып) жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы шешен болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап Сегіз серінің атын қойған. Абай, Абылай, Бауыржан, Сәкен, Қаныш сияқты есімдерін қәзір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр. Той, келін түсіруде балаларды осындай қуанышқа жетсін деп нан, бауырсақ, кәмпит алып оны апарып береді. Ырым, Ырымкүл деген ұл, қыз аттары да осы ғұрыппен қойылған. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай, Итемген, Көтібар, Көтен, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым-халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы.</ref>
## Дереккөздер |
Жаманқұм – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Ырғыз өзенінің орта бөлігінде батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
## Жер бедері
Ұзындығы 32 км, ені 1-2 м. Аумағы 40 км2.
## Өсімдігі
Құмды төбешіктерінде жусан, астық тұқымдас сораң өсімдіктер өседі. Суы тұщы. Жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қатпарсабақ (лат. Arctous) - көкбұталар тұқымдасына жататын гүлді өсімдіктер туысы, жапырақ тастайтын төсемелі бұта немесе бұташық.
## Ботаникалық сипаты
* Бүршігінің бірнеше қабыршағы болады.
* Эллипс немесе жұмыртқа тәрізді жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі ұсақ ара тісті. Күзде қызыл түскен енеді де қурап, түсіп қалады.
* Гүлдері бұтақтарының ұшын қарай шашақ гүлшоғырына шоғырланған. Тостағаншасы бес тілікке бөлінген. Күлтесі құмыра тәрізді, ұшына қарай кішірейеді, ашық жасыл түсті. Аталығы, тозаңдығының ұясы ұзын сопақша келген, бас жағында кең саңылауы бар.
* Жемісі - қара, 4-5 сүйекшелері бар шырынды жидек.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Тундрада, жартастарда, қиыршықтасты тау баурайларында өседі.
Еуропаның солтүстік аудандарында, Солтүстік Америкада, Еуропада, Шығыс және Орта Азияда өсетін 4 түрі белгілі.
Қазақстанда Алтай таулары, Тарбағатай жотасы, Жетісу (Жоңғар), Іле және Күнгей, Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында биік тау белдеулерінде өседі.
Күй талғамайтындығы, суыққа аса төзімділігі және гүлдерінің әсемдігімен ерекшеленеді.
Ең көп тараған түрі - альпілік қатпарсабақ (лат. Arctous alpina).
## Дереккөздер |
Маржанды теңіздің аралдары аймағы (ағылш. Coral Sea Islands Territory) - Маржанды теңізінің аймағында орналасқан тропикалық аралдар жіне рифтар тобы. Аустралияның Квинсленд штатының солтүстік-батыс жағында орналасқан. Аустралияның тәуелді аймағы болып есептеледі.
## Географиясы
Аралдардың акваториясының жалпы аумағы - 780 тыс. км², оның ішінде құрғақ жердің көлемі - 10 км²-ден кем.Құрамына Херальд және Бекон аралдары, Оспрей рифы, Уиллис аралдар тобы және тағы 15 риф пен арал кіреді..
## Тарихы
XVIII-XIX ғасырларда аралдар теңізшілер үшін қауып төндіретін. 1921 жылы аралдарда метеорологиялық станция орнатылған.
1969 жылжан бастап Аустралияның тәуелді аймағы болып жарияланған. 1982 жылы Лихоу және Коринг рифтары, ал 1987 жылдан бастап Элизабет және Миддлтон Сейлор рифтары Аустралияның ұлттық қорығы болды.
## Халқы
Жалғыз елді жай - ол Уиллис аралы, аралда метереологиялық станция орнатылған. Станция қызметкерлері вахта кезегімен 3-4 адам болып жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Қасқыржол жотасы – Солтүстік Ақтау жотасының шығысында, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде, ендік бағытта 35 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км-ге жетеді. Абсолюттік биіктігі 285 м (шығысындағы Төрткіл тауы).
## Геологиялық құрылымы
Геологиялық тұрғыдан Қасқыржол жотасы эпигерциндік платформа жабындысында орналасқан мезо-кайнозой шөгінділерінен түзілген. Антиклиналь қанаттарын бор кезеңінің әктасты шөгінділері жапқан. Қасқыржол жотасы мен Қаратау жотасы аралығындағы аңғар төменгі бор кезеңінің саздары мен құмтасты қабаттарынан қалыптасқан. Онда диаметрі 1,5-2 м, кейде 3 м-ге жететін шар тәрізді домалақ тастар кездеседі. Олардың кейбіреулерінің іші желдің әсерінен кеуекті болып келеді.
## Рельефі
Жотаның солтүстік беткейлері тік құлама болып келген және сай-жыралармен қатты тілімделген. Оңтүстік беткейлері көлбеуленіп, Шығыс Қаратау жотасына аңғар түзеп алмасады. Тік солтүстік беткейлері жота баурайында жазыққа айналып, Қайдақ сорына ұласады. Шығысында Тұзбайыр соры жатыр. Аңғарлық оңтүстік баурайында қыстаулар мен бұлақтар орналасқан. Солтүстік баурайымен Бейнеу-Сайтөс-Ақтау темір жолы өтеді.
## Топырағы мен өсімдігі
Жер бедерін ірі түйіршікті құнарлығы төмен сортаңды сұр топырақ жапқан. Онда шөлге тән тасбұйырғын, бұйырғын, күйреуік, боз жусан, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Қазы Нұрмұхамедұлы - 1896 жылы Семей уезі Еңірекей болыеында дұниеге келген. Бала кезінде Семейде екі сыныптық мектепті бітіріп, бірер жыл елінде мұғалім болып істейді. 1915 жылы Семейде cеминарияға (мұғалімдер даярлайтын болу керек) оқуға түседі. 1917 жылы семинарияда оқып жүріп, елдің сол кездегі мүддесі үшін милиция болып жұмыс істеуге жазылады. Ол қызметте алғырлығы, тапқыр, ойшыл, батылдығымен ел назарына ілігеді. Қазыдан зор үміт күткен Алаш басшылары оны 1918 жылдың кысында Семейдегі Алаштың атты милициясына бастық етіп тағайындаған.
1918 жылы 6 наурыз күні таңертең Қазы кұндегі әдетінше Алаш қаласында атты милицияның сарбаздарын жаттықтырып жүреді. Бұл жай ғана денешынықтыру машығы болғандықтан, олар қарусыз жүрген. Кенеттен 15 солдат келіп, Алаш әскерлерінің жаттығу жасауына қарсылық көрсетеді. Қарусыз дене машығымен айналысып жүрген Алаш жігіттері қорқып қалады, алды қаша бастайды. Қазы - жастайынан ақкөңіл, талапты, ұлтшыл болып ержеткен, ұлт мүддесі үшін аянбайтын қызу қанды ақылды азамат. Қызылдардың сусынан қорқып қашқан солдат елге қорған бола алмайтынын түсініп, жігіттердің намысын оятып, жауларының алдында төменшіктемеуге үйреткісі келсе керек. Жігіттерге тоқтау айтып, жазықсыз бола тұрып, қызылдардың алдында қоян жүректік көрсетпеуге шақырады. Бұл жай ғана тоқтау айту емес, азаматтарды жүрек тоқтатуға, батылдыққа жетелегендік, рухани кұш беру еді. Соны сезген қызылдың солдаттары Қазыны атып кетеді.1918 жылы 7 наурызда Алаштың ұлт үшін жанын қиған тұңғыш құрбаны Қазы Нұрмұхамедұлы жерленеді.Жерлеу кезінде Шәкәрім қажы елдің алдында сөз сөйлеп Қазы өлімінің қасиетті өлім екенін айтыпты. М.Дулатов та өлең оқыпты. Қазы өлгенде Алаш үкіметі марқұмның басына белгі тас қояды, ақша жинап отбасына көмектеседі. інісін оқыту үшін стипендия бөледі. Алаш басшылары Қазы өліміне байланысты болыневиктерге наразылық білдіреді. Бұл окиға Алаш тарихында « тұңғыш құрбан» деген атпен қалады.
## Дереккөздер |
Шымыров Қалқабек (1905, Қорғалжын ауданы – 1958) – соғыс ардагері. Ш. І-Украин майданының барлау бөлімінің штабына қарасты Чапаев атындағы партизан құрамасында саяси жетекшінің орынбасары болды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ұлы Отан соғысының партизаны», «За победу над Германией в ВОВ» медальдарымен, маршал И.Коневтің алғыс грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шуваев Василий Тихонович (1923, Сандықтау ауданы Михайловка ауылы) – ғалым-зоотехник, ветеринария ғылымының докторы (1972), профессор (1973).
Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын бітірген (1951). 1960 жылға дейін Омбы ветеринар институтының ассистенті, 1960 – 78 ж. Ақмола ауыл шаруашылық институтында қызмет еткен: доцент, кафедра меңгерушісі, 1978 жылдан Днепропетровск ауыл шаруашылық институтында кафедра меңгерушісі.
Негізгі ғылыми жұмыстары – қой шаруашылығын дамыту әдістеріне арналған. 3 монографияның авторы. КСРО орден, медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қарсақбай темір кендері тобы - Қарағанды облысы, Қарсақбай-Ұлытау синклинальдық ойпаңының батыс бөлігіндегі темір кентасты аймақта орналасқан. Бойлық бағытта 200 км-ге дейін созылған және батысқа қарай 60-70° бұрышқа көлбеулене жатыр.
## Геологиялық құрылымы
Осы құрылымда аса күшті, күрделі қатпарлықтар пайда болған. Негізінен кварциттерден, жасыл түсті туфтекті, кварц-серицитті және кварцхлоритсерицитті тақтатастардан тұрады. Темір кентастары Қарсақбай шоғырының темірлі кварциттерінде шоғырланған.
## Жатыс сипаты
Қарсақбай темір кендері тобындағы 7 кеннің ішіндегі бастылары - Балбырауын темір кен орны мен Керегетас кені. 100 млн. т-дан астам Балбырауын кенінде 7 кентас танабы (жалпы ұзындығы 5 км, ені 300 м-ге дейін) қоры 500 млн. т-дан астам, Керегетас кенінде 5 кентас танабы (ұзындығы 200 м-дей, қалыңдығы 200 м-ге дейін) бар екені анықталды.
## Минералдары
Мұндағы кентас минералдары - гематит, мартит, магнетит. Бейкентас минералдары - кварц, серицит, хлориттер, кальцит, гипс. Минералдық құрамына қарай Қарсақбай темір кендері тобының кентасы кварцты-гематитті (басқалардан басымы), кварцты гематитті-мартитті, мартитті болып келеді.
## Құрамы
Кентастағы темірдің орташа мөлшері 34-37%.
Қоспалары:
* кремний тотығы (21-46%);
* күкірт (0,05-1,5%);
* фосфор (0,1-0,3%).
Кентасты байытудан алынған концентраттардағы темір мөлшері 54-60%.
## Дереккөздер |
Шулепова Мария Яковлевна - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданы, "Заветы Ильича" атындағы колхоздың егіншілер бригадасының звеношысы (1947). 1925 жылы Ресейде, Новосібір облысы, Маслянинск ауданы, Чупино селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1939 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Бородулиха ауылына келген соң ата-анасы "Заветы Ильича" колхозына жұмысқа кіреді.
* Жетіжылдық мектепті бітргеннен кейін 1941 жылы еңбек жолын бастап фермада бұзау бағушы, одан кейін сауыншы болады.
* 1946 жылы оны егіншілер бригадасына жұмысқа жіберіледі.
* 1947 жылы жоғары түсімді егін бригадасы жастар тобының звеношысы болып тағайындалады. Тобында - үлкені 23, ал кішісі 15 жаста 6 қыз болды. Барлық агротехникалық жағдайларды қадағалап, сақтай отырып қажырлы еңбектерінің арқасында өздеріне бекітілген 11 гектар жердің әр гектарынан 30,2 центнерден астық жинайды. Жоспарды асыра орындағандары үшін топтың әр мүшесіне табыстарына қосымша 530 кг-нан дән беріледі.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии |
Шутаева Зура Құлмырзақызы (1937 жылы туған, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылы) – қоғам қайраткері, комсомол, партия, кеңес қызметкері. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы. Еңбек жолын Көкшетау ауданы халық сотының хатшысы болып бастаған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірген. 1959 – 61 ж. Шағалалы орта мектебінде мұғалім, 1961 – 70 ж. Көкшетау облысы комсомол комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1970 – 71 ж. облысы партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1971 – 82 ж. Көкшетау қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1982 – 91 ж. облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1991 жылдан Көкшетау облысы Әйелдер кеңесінің төрайымы, 1998 жылдан Көкшетау қаласы әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымы. «Құрмет Белгісі» орденімен, үш медальмен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазіргі таңда зейнетте.
## Дереккөздер |
Ұрым тілі (урум тыль) - Украинаның Солтүстік Приазовье аймағында (Донецк облысы мен Запоржье облысында) және Грекияда кішігірім жертжүрты бар ұрымдардың тілі.
## Фонетикасы
### Дауыссыздар
(1) /ʦ/ тек кірме сөздерде
(2) /θ/ и /ð/ тек грек тілінен кірме сөздерде
## Жазуы
Ұрым тіліндегі мәтіндер аз мөлшерде грек алфавитумен жазылған.. Қазіргі таңда ұрым тілінде кириллица пайдаланады. Белгілі ғалым-лингвист, қыпшақ тілдіренің зерттеушісі Александр Гаркавец өз жұмыстарында келесі әліпбиді қолданады:
2008 жылы Киевте шыққан ұрым тілінің оқу құралдарында басқа әліпби қолданған:
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тюркские языки
* Уруми Надазов’я (укр.) |
Тақуа тауқұдірет - тауқұдірет тұқымдасының денесі орташа (салмағы 130-150 г) балшықшысы. Тек Алтайдан небары 2 ұясы мен бірнеше балапаны табылған. Қазақстанның басқа таулы аудандарында, мысалы, Тянь-Шаньда ол тек қыстау кезінде кездестірілген. Дегенмен біздегі ең жақсы зерттелген құс. Барлық уақытта жалғыз жүреді, сондықтан осылай аталып отыр. Кәдімгі тауқұдіретінен ірілеу, әрі ақшылдау. Үріккен кезде, дыбыссыз баяу ұшады, шетке қарай ешқандай шұғыл қимыл жасамайды. Құс ойнағы өте ерекше,ызылдаған дыбыс шығарады. Ұялайтын жерінде сәуірден қазанға дейін кездеседі.
## Дереккөздер |
Уыз қағанақ - ертеңгілік тамақ ішпей шыққан немесе түскі шайына оралғанша қойшылардың өрісте жүргенде даярлайтын тамағы. Ол үшін қойшылар жан торсығына қойдың сүт-уызын сауып алады да, үйден ала шыққан бүйенге (дүңгіршекке) толтырып, алдын ала жағып қойған жанба отының қоламтасына көме қояды. Сүт пісірім уақыттан соң, піскен асын көк шөптің үстіне қояды да, сыртқы қабын тіліп жібереді де, дірілдеп тұрған уызды жейді. Жаңа сауылған сүтті қайнатпай сапырып отырып пісіреді.
## Дереккөздер
Атамұра " Қазақы дастархан", Автор: Сегізбайұлы Қадірбек |
Мұны кейде қара құрт деп атайды. Себебі, ашыған іркіткен қайнатқан әрі майы жартылай алынған құрт кепкен кезде майы сыртына шығып, жылтырап тұрады. Ащы құрт кеппей тұрғанда аздап тұз сепкені болмаса, оған тұз салынбайды. Себебі, бұл құртты қысты күндері езіп ішу үшін пайдаланады. Езетін құрттың қуаты күшті болу үшін әрі тастай болып қатып қалмауы үшін көбіне пісіп, майын алмайды. Құртты езіп ішу оны екі-үш сағат ыстық суға не ыстық сорпаға салып қояды. Содан соң астауға салып, астаудың бетіндегі табаны бұдыр-бұдыр болып жонылған тақтайшаға үйкеп, қолмен езеді. Езілген құрт – өте қуатты тағам. Оны кесеге құйып, сол күйі немесе сорпаға қосып ішеді.
## Дереккөздер |
Түктіаталықты қызғалдақ (лат. Tulipa dasystemon) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын, биіктігі 10-20 см, пиязшық жуандығы 1-1.5 см, қара қоңыр, жұқа терілі немесе қағаз тәрізді, жалаңаш немесе тек ұшы ғана шамалы жатаған түкті қабаты.Сабағы жалаңаш; жапырақ саны -2, сирек 3, алшақ орналасқан, қайырылған, жалаңаш, жиектері тегіс немесе сирек кірпікшелі, сызықты, төменгілері едәуір жалпақ, ені 5-15 мм.Гүлі екеу; гүл серігі сары, ұзындығы 15-30 мм, сыртқылары таспа тәрізді, сырты күлгін, жалаңаш, ішкілерінен 1,5-2 есе жіңішке, ішкілері сопақша жұмыртқа тәрізді, түбі ұзын тырнақшаға жіңішкерген және осында тарамды әрі кірпікшелі; аталықтары гүл серігінен 2 есе қысқа, олардың жіпшелері сары, түкті, тозаңдықтары сопақша, сары, ұзындығы 3-5 мм, сүйір ұшы өте қысқа; аталықтан сәл ғана қысқа бағаны едәуір ұзын, қорапшасы ұзынша, ені 0,7-1 см, ұзындығы 1,5-2.5 см, тұмсығы мен ұзындығы 5 мм-дей.
## Дереккөздер |
Жаманты – Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы тау сілемі.
## Географиялық орны
Алматы облысы Алакөл ауданы жерінде. Алакөл ойысының оңтүстік-батыс жағында ендік бағытта созылып жатыр.
## Геологиялық құрылымы, жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2605 м. Ұзындығы 25 - 30 км, ені 15 - 18 км. Негізінен, интрузивті және метаморфтық жыныстардан түзілген. Жер бедерінде денудациялық-эрозиялық пішіндер басым.
## Өсімдігі
Етегіндегі қызғылт қоңыр топырағында әр түрлі тұқымдас шөптесін біртіндеп қылқан және жалпақ жапырақты орманға алмасады.
## Дереккөздер |
Николаев жер асты су кені - Қаскелең өзенінің сол жағалауында, Алматы облысының Қапшағай қаласынан оңтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.
Қапшағай қаласын және демалыс аймақтарын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны қайыршықтар мен саздақтар қабаттары бар түрлі түйіршікті құммен толған жоғары төрттік кезеңнің аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Қиманың төменгі бөлігінде қалыңдығы 8-20 м болатын кесектасты-малтасты тау жыныстары қабаты бар. Қабаттың жалпы қалыңдығы 53-66 м, жер асты суы 6,9-7,6 м тереңдікте жатыр. Ұңғымалардың дебит су деңгейі 3,9-10 м төмендегенде 34,5-тен 66,6 л/с болады. Жер асты суы Қаскелең өзенінің және каналдардан сүзілген сумен толығады.
## Судың құрамы
Минералд. 0,34-0,56 г/л, хим. құрамы бойынша сульфатты-гидрокарбонатты натрий-кальцийлі. Солтүстік-батыс бағытта құрғақ қалдықтар мөлшері ұлғайып, минералдығы артады (2,4-2,6 г/л). Суында фтордың мөлшері жоғары (1,1-6,0 мг/л) және бактериол. жағдайы тұрақты емес. Сондықтан тұтынушыға беретін суды фторсыздау және заласыздандыру керек. Сулы горизонттың қалыңдығы 51 метр. Пайдаланатын су қоры гидродинамикалық әдіспен бағаланған. Жобалық сутірек Қаскелең өзенінен бойлай қатар түзелген 19 ұңғымадан (ара қашықтары 400-600 м) тұрады. Сутірек Қаскелең өзенінен орта есеппен 1100 м алшақта орналасқан. Ұңғымалардың тереңдігі 80-100 м. Кен орны 1976 жылдан пайдалануда. Қазір сутірек тәулігіне 10,5 мың метр куб су береді.
## Дереккөздер |
Шуақова Тамара Құрманғалиқызы (5.5.1938 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1977), профессор (1978), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері (1998). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
Қазіргі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1962–1977). 1978 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында өзі ашқан неонатология кафедрасын басқарады. Ғылыми еңбектері педиатрия және неонатология мәселелеріне арналған. Шуақованың басшылығымен Алматы қаласының Перинаталды орталығында алғаш рет жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімі; республикамызда тұңғыш босану стационарларында шала туған және науқас нәрестелерді күту бөлімшелері ашылды. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 әдістемелік ұсыныс, 5 оқу құралы, 5 монографияның авторы. «Парасат» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Мыңбұлақ артезиан алабы (Мынбулакский артезианский бассейн) – Қарағанды, Қызылорда облыстары өңіріндегі, Ұлытаудан Сырдарияның оң жағасына дейін созылған арынды және арынсыз жер асты су алабы.
Бірнеше артезиан алаптарының шектескен жерінде орналасқан. Негізгі артезиан сулы қабаты жоғары бор дәуірінің құмды шөгінділерінде 50 – 106 м-ден (алаптың шет жағында) 350 – 500 м-ге дейінгі тереңдікте (орта тұсында) қалыптасқан. Судың минералдығы 0,6 – 1,1 г/л аралығында, құрамы гидрокарбонатты-сульфатты-хлорлы натрийлі. Сулы қабаттамалардың жалпы қалыңдығы 35 м-ден 153 м-ге дейін өзгереді (орташа алғанда 96 – 118 м). Бұл қабаттамалардағы судың арын күші 15 – 20 м-ден 542 м-ге дейін. Сулы қабаттарға жеткізіле қазылған әр ұңғымадан деңгейі жер бетіне жақындап көтерілетін (60 м-ге дейін) немесе жер бетінен 42 м биіктікке дейін көтеріліп, шапшып ағатын су алынады. Жер бетіне жақын жатқан (0,5 – 13 м тереңдікте) неоген – антропогендік көшпенді құмдармен байланысты грунт суы қабаттаманың орташа қалыңдығы 7 м. Артезиан алабындағы жер асты суларының болжамдық пайдалану қоры 70 м3/с (артезиан сулары) және 3,9 м3/с (грунт сулары). Барланып бекітілген тәулік пайдалану қоры 250 мың м3. Мыңбұлақ артезиан алабы суларын негізінен егістіктерді суаруға, мал жайылымдарын суландыруға және ауыз су ретінде пайдалануға болады.
## Дереккөздер |
Ниязбек Әбдіғалиұлы Алдажаров (1915-1988) - шежіреші. Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайының меңгерушісі болып ұзақ жылдар қызмет еткен. Құнанбай мен Абай ұрпақтарының тарихы мен тағдырын жақсы білген. Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайын мемориалдық тұрғыдан қалпына келтіруге үлкен үлес қосқан. Шәкәрімнің, Ағашаяқ, Берікболдың, Қабыш Шәкәрімұлының әдеби, музыкалық мұраларын таспаға түсіріп, Абайдың Семейдегі мұражайының қорына тапсырған. Сондай-ақ Құнанбай мен Абайдың өмірбаянына қатысты деректер мен тобықты руының шежіресін жинақтап, бір ізге түсірген.
## Дереккөздер |
Халаж тілі - көбіне Иран және Ауғанстанда таралған түркі тілдерінің бірі. 2000 жылының мәліметі бойынша, сөйлеушілер саны 4200-дей. ISO 639-3 стандарты бойынша бұл тілді «түркі-Халаж тілі» деп белгілейді. Себебі үнді-иран тілін де «Халаж » деп атайды.
## Географиялық таралуы
Халаж тілінде сөйлеушілер көбіне Маркази және Құм остандарының тұрғындары. Егер 1968 жылы сөйлеушілердің саны 17 000-дай болса, 2000 жылы «Ethnologue» журналының мәліметі бойынша бұл көрсеткіш 42107 адамға дейін көтерілген.
## Фонетикасы
### Дауыссыздар
### Сандар
Халаж сандарының атаулары көбі түркі тіліндегідей, кейде (мысалы«80» және «90» үшін) парсы тілінің эквиваленттері қолданылады:
* 1 — biː
* 2 — æk.ki
* 3 — yʃ
* 4 — tœœɾt
* 5 — bie̯ʃ
* 6 — al.ta
* 7 — jæt.ti
* 8 — sæk.kiz
* 9 — toq.quz
* 10 — uo̯n
* 20 — ji.iɾ.mi
* 30 — hot.tuz
* 40 — qiɾq
* 50 — æl.li
* 60 — alt.miʃ
* 70 — jæt.miʃ
* 80 — saʲ.san (түрк.), haʃ.taˑd (парсы)
* 90 — toqx.san (түрк.), na.vad (парсы)
* 100 — jyːz
* 1000 — min, miŋk
## Мысалдар
Дереккөзі: Dorfer & Tezcan (1994) p. 158-9
## Дереккөздер |
Густа́в Густа́вович Шпет ( 7сәуір 1879, Киев — 16 қараша 1937, Томбы) — орыс философы, психолог.
* Ресейде тұңғыш жарық көрген "Этнопсихлогияға кіріспе" (1927) деп аталатын кітаптың авторы. Ол этнопсихологияны халықтың ұжымдық көңіл күйінің жиынтығын зерттейді деп түсіндірді. Мұнда эксперимент жасау мүмкін емес, өйткені көңіл күйді тек сөзбен суреттеуге болады, деген.
## Дереккөздер |
Шуақаев Марат Қапашұлы (14.6.1950 жылы туған, Қостанай қаласы) – техника ғылымының докторы (1996). ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ КСР-і Мемлекетік жоспарлау комитетінің есептеу орталығында (1974–1975), Ресей ғылым академиясының Жүйелік анализ институтында директордың орынбасары болған. 1994 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектері басқару теориясы саласындағы есептерді шешуге арналған.
## Дереккөздер: |
Құман тілі - Түркі тілдерінің қыпшақ тілдері тармағына жататын жойылып кеткен тіл. Тарихшылардың мәліметі бойынша, бұл тіл батыс және орталық Еуропа жерлерінде кең таралып, әдебиет тілі есебінде көп қолданған. Алтын Орданың негізгі тілі болған.
XI—XIII ғасырларда жазылған «Codex Cumanicus» латын-парсы-құман сөздігінде түрікше дұға қылуды былай жазған:
Оғыз түркі тілінде дәл осы мәтін былай жазылады:
Қазіргі тілдердің арасында тікелей «ұрпағы» болып құмық, қырым-татар және қарашай-балқар тілдері болып есептеледі. Жақын тектестікте татар тілі және башқұрт тілі болып келеді.
## Дереккөздер |
Шуақов Қожахмет (10.10.1907, Алматы облысы Алакөл ауданы «Сарықұм» кеңшары – 27.11.1990, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1961), профессор (1962). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1960) және ғылыми қайраткері (1966). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1936, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
Қарағанды облысында эвакогоспиталь бастығы, аудандық аурухананың бас дәрігері (1936 – 1945), Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент (1945–1947), Қазақ клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми-зерттеу институтында (1947–1956, қазіргі Хирургия ғылыми-зерттеу орталығы) кіші ғылыми қызметкер, директордың oрынбасары, Семей мемлекеттік медицина институтының (1956–1963, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) ректоры, Алматы мемлекеттік медицина институтында (1963–1981, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Материалы характеристике сатурнизма (клиникостатистическое и экспериментальное исследование)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
4 монографияның, 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ниоба (көне грекше: Νιόβη κόρη του Φορωνέα) — көне грек мифологиясының кейiпкерi. Аргос патшасы Форонейдің және Теледиканың қызы. Зевс патшасымен төсектес болған алғашқы ажалды жан, әйел.. Кейбір деректерде Инахтың әйелі және Форонейдің анасы Алкменаның 16-шы буынындағы ата-тегі. Балалары: Аргос және ( Акусилай бойынша) Пеласг . .
## Дереккөздер |
Кестеде Қырым хандығы әміршілерінің хронологиялық тізбесі келтірілген.
## Сыртқы сілтемелер
* Хронология правлений крымских ханов Мұрағатталған 10 желтоқсанның 2011 жылы. (орыс)
## Тағы қараңыз
* Қырым хандығы
* Хан |
Айндардың тілімен шатастырмау керек.
Айндардың тілімен шатастырмау керек.
Айндардың тілімен шатастырмау керек.
Айни тілі (айни, эйну; абдал) - өз атауы Äynú (ئەينۇ) [ɛjˈnu], ұйғырша:Абдал тили/ئابدال تىلى, қытайша:艾努語|艾努语 (àinǔ yǔ) - түркі тілдерінің Ұйғыр тобына жататын тіл, ұйғыр тілінің диалекті де болып есептеледі. Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданында қолданады.
Айни тілінің лексикасында иран тілінің әсері қатты байқалса, фонетика мен грамматикасында түркі тілдердің белгілері басымды.
Айни тілін ана тілі деп есептейтін - эйну - 30 000 -нан аспайтын кіші этнос тобы. Қытайда ресми түрінде ұйғырларға қосылған.
## Сыртқы сілтемелер
* Айнийский язык на сайте ethnologue.com
* Счёт эйну Мұрағатталған 27 шілденің 2009 жылы. |
Горняцкий — Қостанай облысы Рудный қаласына қарасты кент.
## Географиялық орны
Рудный қаласынан солтүстікке қарай 8 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1949 жылы осы өңірде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге байланысты "Сарыбай" поселкесі болып қаланған. Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған И. Ф. Павловтың құрметіне 1951 жылдан Повловский аталды. 1956 жылдан қала типті кент.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1270 адам (598 ер адам және 672 әйел адам) болса, 2009 жылы 1462 адамды (729 ер адам және 733 әйел адам) құрады.
Повловскийде Сарыбай қосалқы электр станциясы, құрылыс басқармасы, орта мектеп, 2 балалар бақшасы, клуб, кітапхана, аурухана, дәріхана бар.
## Дереккөздер |
Ескі татар тілі (тат. İske Tatar ädäbi tele, يسكى تاتار تلى) - түркі тілдерінің бірі. Ескі татар тілінде XIII - XIX ғасырларда көптеген әдеби шығармалар жазылған. Жазуында араб әліпбиі қолданылған.
Ескі татар тілі Алтын Ордадағы көне түркі тіліне негізделген әдеби тіл ретінде қалыптасқан. Әдеби тіл XII—XIV ғасырлардығы әдеби тілдің негізінде құрала бастаған деп есептеледі. Нағыз ежелгі татар тілі Қазан хандығының дәуірінде XV - XIX ғасырларда қалыптасқан. Көптеген әдеби , жазу ескерткіштері осы күнге дейін сақталған.
Осы күнге дейін сақталған кейбір ежелгі татар тілінде жазылған шығармалар:
* «Кыйсса-и́ Йосыф» - Кул Гали,
* «Гулистан бит-тюрки» - Сейф Сараи,
* «Мухаббат-наме» - ал-Хорезми,
* «Хосров мен Ширин» - Кутба,
* «Нахдж ал-фарадис» - Махмуд ас-Сараи ал-Булгари,
* «Пайғамбарлар тарихы» - Рабгузи,
* «Тухваи-Марда́н» және «Нуры Соду́р» - Мухамедьяр т.б.
XIX ғасырдың ортасына дейін бұл тіл кең қолданыста болған. 1905 жылы алғашқы татар халық тіліндегі газеттің шығуымен қолданыстан шыға бастаған.
## Дереккөздер |
Падан жазығы немесе Падан-Венеция жазығы немесе Ломбардия жазығы (итал. Pianura Padana немесе итал. Val Padana) — Альпі, Апеннин таулары және Адрия теңізі аралығындағы аллювийлік қалың тұнбалармен толған тектоникалық ойыс. Биіктігі 100 м, ұзындығы 500 км, ені 200 км (шығысында). Орталық бөлігі — По өзенінің аңғары. Тауға жақындаған сайын рельефі күрделене биіктігі 200—500 км-ге дейін көтеріледі Шығыс бөлігіндегі По өзенінің атырауындағы лагуналардың көпшілігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Солтүстік, батыс және оңтүстік бөліктерін емен орманы, жүзімдік алып жатыр; қалған жерлері түгелдей жыртылған (бидай, жүгері, күріш егістігі). Падан жазығы— Италияның негізгі өнеркәсіптік ауданы. Ірі қалалары — Милан, Венеция, Падуя, Болонья. |
Падишаһ (ежелгі парсы «پادشاه» [pādšāh] „пати“ — әкім, мырза, парсы «pati-xšāyaθiya-» „шаһ“ — мемлекет басшысы) — кейбір Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі монархтар атағы. Ең алғаш Ежелгі Иранда пайда болды. 15 ғ-дан бастап Осман империясының билеушісі (сұлтан). Түркияда Падишаһ лауазымы сұлтандық таратылғанға дейін (1922ж.) Ауғанстанда 1926 жылдан монархия жойылғанға дейін (1973 ж. шілде) сақталды. Бұдан алдын «шах-ан-шах» сөзін қолданған, бұл сөзді мұсылман елдерінде қолдануға тиым салған. Себебі «шах-ан-шах» сөзі билеушілердің билеушісі деген мағына білдіреді, ал сүннеттер бұл атаққа тек Аллах лайық деп санап бұл сөзді падишаһ сөзімен ауыстырған. |
Қырымшақ тілі (өз атауы: кърымчах тыльы) - Түркі тілдердің қыпшақ тілдері тармағының бір тілі. Қазіргі қырымшақ тілінің ауызша сөйлеуінде де, жазбасында да оғыз тілдерінің элементтері көп, сол себепті қырымшақ тілін аралас қыпшақ-оғыз тіліне жатқызуға болады.
## Сөйлеушілер саны
Қырымшақ тілін ана тілі деп санайтын қырымшақтар саны Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Қырым өлкесінде 6 000-дай болған. 1941—1944 жылғы неміс басқыншылығынан кейін қырымшақтардың саны күрт азайып, 1000 шақты адам тірі қалды: олар - соғысқа қатысып немесе көшіп кетіп аман қалғандар болды. Қазіргі таңда қырымшақ тілін ана тілі деп есептейтін егде жастағы 3 адам қалды, олардың бірі, Давид Реби, 2004 жылы қырымшақ тілін қысқаша сипаттап, қырымшақ - орыс сөздігін құрды. Соңғы қырымшақ тілінде сөйлеген әйел - Виктория Багинская (Гурджи) 2012 жылы Краснодарда қайтыс болған.
## Жазуы
1930 жылғы латын жазуын қолданған қырымшақ әліпбиі:
1930-шы жылдардың соңынан бастап кирилл жазуына негізделген қырымшақ әліпбиі:
## Түркі тілдерімен салыстыру
Виктория Багинская (Гурджи) жазған қырымшақ тіліндегі мақал:
Кымы су тапмаз ичмее, кымы копур тапмаз кечмее
Кім су таппаса - ишпейді, кім көпір таппаса - көшпейді
## Әдебиет
* Д.И.Реби. «Крымчакский язык. Крымчакско-русский словарь.» Симферополь, 2004
* Kaja I.S. Qrьmcaq ʙalalarь icyn ana tilinde alefʙet ve oqu kitaʙь. Qrьm, 1928.
## Дереккөздер |
Қызыл етті қисыққанат (лат. Campyloptera carnea) - орамжапырақ тұқымдасы, қисыққанат туысына жататын бір жылдық өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 3-25 см, сабағы бұтақты. Тамыр жапырақтары ұзынша келген немесе жұмыртқа тәрізді, сағақты,
* Сабақ жапырақтарының ұзындығы 1-2,5 см, ені 5-10 мм, сағақсыз, түп жағына қарай жүрек тәрізді.
* Ұсақ гүлдері тығыз гүлшоғырына топтасқан, жеміс салған кезде көлемі ұлғаяды. Тостаған жапырақшаларының ұзындығы 1-2 мм, күлтесінің ұзындығы 2-3 мм, ақ немесе жұмыртқа тәрізді, онда 2-3 мм, ақ немесе қызғылт түсті. Бұршаққыны домалақ немесе жұмыртқа тәрізді, онда 2-3 тұқымы жетіледі. Төменгі гүл тостағаншасы бір үйлі, ұзындығы мен ені 4-5 мм, қалғандары қос үйлі, ені мен ұзындығы 8 мм-дей болады. Аналық мойнының ұзындығы 0,5 мм, тұқымының ұзындығы 1,5 мм, ені 0,75 мм-дей. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, жемістенеді.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Қазақстанда сирек кездесетін түр. Жамбыл облысының Мойынқұм құмды алқабында, Қаратау жотасында, Талас Алатауында тасты және қиыршықтасты баурайларында өседі.
## Дереккөздер |
Мензбир суыры, көк суыр (лат. Суыр menzbieri) – сүтқоректілер класы кемірушілер отрядының тиіндер тұқымдасына жататын ең кішкентай суыр.
Қазақстанда Сайрам, Сарыайғыр, Бадам және Өгем өзендерінің таулы аңғарларында теңіз деңгейінен 2000–3400 метр альпі және субальпі шалғындарын мекендейді. Дене тұрқы 41–50 см, салмағы 2,6–4,6 кг. Арқа жотасы сарғыш қоңыр, бауыры ақшыл-сарғылт. Тұрақты індерінде 7–8 айға созылатын қысқы ұйқыдан наурыз – сәуір айларында оянады. Жыныстық жағынан үш жылда жетіледі. Жылына 1 рет көбейіп, 2 – 7-ден ұрпақ береді. Көктемде өсімдік тамырын, жуашығын, ал жазда өсімдіктердің бұтағымен, жапырағымен, гүлімен қоректенеді. Сондай-ақ жауын құрты, қоңыз, моллюскілермен де қоректенеді. Негізгі жаулары – түлкі, қасқыр, бүркіт және аю.
Мензбир Суырының саны жылдан жылға азаюда. 1940 жылы Қазақстанда 40–50 мыңдай Мензбир суыры болса, қазіргі саны 20–25 мыңнан аспайды. Мензбир Суыры – терісі бағалы аң, майының шипалық қасиеті бар. Аулауға тыйым салынған, Халықараралық табиғат қорғау Одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Бізқұйрық үйрек, қылқұйрық үйрек (лат. Anas acuta) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын құс. Республикамыздың солт-нде сулы-батпақты жерлерінде, Қамыс – Самар көлінде, Торғай өзенінің төменгі сағасы мен Зайсан ойпатында, кейде Алматы қаласының маңында кездесіп қалады.
Қанатының ұзындығы 230 – 292 мм, салм. 600 – 1150 г. Кежегінің басы мен мойны қара қоңыр, желкесі жасыл, кеудесі, жемсауы ақ, арқасы қара қоңыр болады. Мекиенінің бас жағы қара қоңыр, қауырсындарының ұшы ақ. Басқа үйректерден ерекшелігі – мойны ұзын, ортаңғы қанаты құйрығынан асып жіңішке ұзын болып шығып тұрады. Осыған байланысты оны бізқұйрық немесе қылқұйрық деп атайды. Бізқұйрық үйрек – жыл құсы. Олар ақпанның аяғында ұшып келіп, өзен-көл маңындағы құрғақ жердегі қалың өсімдіктер арасына ұялап, көбінесе 7 – 9 жұмыртқа салады. Оны мекиені 22 – 23 күн басады. Жаз бойы жақсы семіріп, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Негізінен суда өсетін өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Дәмді еті мен жұмсақ жүні үшін көп ауланады.
Көктемде аталығының қара қоңыр басы ақ кеуде мен құрсағынан жақсы бөлініп тұрады, қалған негізгі реңі - сұр. Ең ерекше белгісі - ұзын, жіңішке қыл сияқты құйрығы, сондықтан осындай атқа ие болған. Республикалық солтүстігін мекендейді, оңтүстікте шөлді аймаққа дейін жетеді. Ұшып өту кезінде барлық жерде кездеседі. Ұяларын өсімдік арасына суатқа жақын немесе бірнеше километр қашықтыққа салады. Аналығы ұясына өсімдік қалдықтары мен мамық төсейді де, 6-10 сары қоңыр жұмыртқаларын салып, өзі басып шығарады. Осы кезде аталықтары, бірнеше мыңдаған құс жиналып, ірі топ құрып түлейді. Аналығы жауына белсенді шабуыл жасайды немесе өтірік жаралыға ұқсап, балапандарынан дұшпанының көңілін аударып алып кетеді. Аналығы аталығынан бір жарым айдан кейін түлейді. Қылқұйрық ұялау орнына барылдауық үйрекпен бір мезгілде, ақпанда ұшып келеді, қазанда ұшып кетеді. Біразы Сырдарияда қыстайды.
## Дереккөздер |
Хасан шайқасы-Ресейдегі Приморье өлкесіндегі Хасан көлі жағасында болған кеңес-моңғол қарулы қақтығысы(1938ж.шілде-тамыз).1938 ж. 3 шілдеде Жапон басшылығы кеңес шекарасының Посьетск телімінің маңына үш жаяу әскер дивизиясын,механикаландырылған бригадасын,атты әскер полкін, 3 пулемет батальонын және 70 ұшағын топтастырды.29 шілдеде жапонның 2 ротасы шекарашылар бекінген Безымянный төбешігіне шабуыл жасады.Күші басым жапондықтар 31 шілдеде тактик. маңызы бар Безымянный мен Заозерная төбешіктерін басып алды.Қиыр Шығыс округінің қолбасшы,маршал В.К.Блюхер КСРО аумағына баса көктеп кірген жапондықтарға соққы беру үшін 2 дивизия,1 механикаландырылған дивизия бөлді. 9 тамызда кеңес аумағы жапон басқыншыларынан толық тазартылды.10 тамызда Мәскеудегі Жапония елшісі келіссөз жүргізуді ұсынып, 11 тамызда қарулы қақтығыс тоқтатылды.Ерлігі мен батырлығы үшін екі дивизия да Ленин орденімен,6,5 мыңға жуық адам орден,медальдармен марапатталды.26 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.1939 ж. 5 шілдеде "Хасан соғысына қатысушы" белгісі белгіленді.
## Дереккөздер |
Ириновка - Сеемей облысының Үржар ауданындағы село. Аудан орталығы Үржар селосының солтүстік - шығысында 25км, Қусақ өзенінің бастауында, Аякөз - Бақты мемлекет автотрассасынан 18км. Халқы 2,4 мың (1970). 1911 жылы іргесі қалана бастаған. Алғашқы колхоз 1930 жылы ұйымдасты. 1932 жылдан "Новая жизнь" колхозының орталығы. Ириновкада машина - трактор жөндеу шеберханасы, тұрмыс қажетін өтейітн пункт, электр станциясы, диірмен, орта мектеп, клуб, кітапхана, аурухана т.б. бар.
## Дерек көздер
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том. |
## Эвгосинклиналь
Эвгосинклиналь-геосинклиналь жүйенің магмалық өнімдерге қаныққан және біршама қозғалмалы ішкі бөлігі.Эвгосинклиналь бір бағыттағы белдемдер түрінде жүздеген және мыңдаған км-ге созылып жатады.Оның төменгі жағы офиолиттермен астасады,ал жоғарғы жағы граувак құрамды сынықты қыртыстар,кремнийлі,жанартаутекті,т.б. қаббаттарға ұласады.Эвгосинклинальдар мен миогеосинклинальдар қосылып ортосинклинальдарды құрайды.Эвгосинклинальдардың дамуы күрделі қүһұрылымды континенттік қыртыстармен мен қатпарлы белдемдердің түзілуімен аяқталады.Эвгосинклинальдарда платина кентастарыхромның,темірдің,полиметалдардың,асбестің,т.б. кен орындары кездеседі.
## Эвгосинклиналь
Эвгосинклиналь-геосинклиналь жүйенің магмалық өнімдерге қаныққан және біршама қозғалмалы ішкі бөлігі.Эвгосинклиналь бір бағыттағы белдемдер түрінде жүздеген және мыңдаған км-ге созылып жатады.Оның төменгі жағы офиолиттермен астасады,ал жоғарғы жағы граувак құрамды сынықты қыртыстар,кремнийлі,жанартаутекті,т.б. қаббаттарға ұласады.Эвгосинклинальдар мен миогеосинклинальдар қосылып ортосинклинальдарды құрайды.Эвгосинклинальдардың дамуы күрделі қүһұрылымды континенттік қыртыстармен мен қатпарлы белдемдердің түзілуімен аяқталады.Эвгосинклинальдарда платина кентастарыхромның,темірдің,полиметалдардың,асбестің,т.б. кен орындары кездеседі. |
Қазақстандық 32 түрдің ішіндегі ең тартымдысы.Құрғақ шалғындарда және Тянь-Шань,Жоңғар Алатауының субальпі белдеулеріндегі шыршалы және аршалы ормандарда кездеседі.Шөптесін көпжылдық,жатаған,кіндік тамырсабағымен генеративті және қысқарған вегетативті өркендер бөліп шығаратын сабақтары әдетте бірнешеу.Биіктігі 60 см,жұптаса орналасқан,таспалы қандауыр жапырақтарымен.Гүлдері ірі,бозғылт күлгін,цилиндр тәрізді,тостағаншасымен,5 желекті,тақталары жіңішке шашақты бөліктерге терең бөлінген.Маусым-тамызда гүлдейтін бұл түр үшін хош иіс тән. Халықтық медицинада жер үсті бөлігінің қайнатпасы қолданылады.Әр түрлі жараларды тазартып,тез жазылуына көмектеседі.
## Дереккөздер |
Шығыс қисықгүлі (лат. Anchusa ovata, Lycopsis orientalis) – айлауыктар тұқымдасы, қисықгүл туысына жататын өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 20-45 см болатын бір жылдық өсімдік.
* Сабағы тік, түбінен бастап бұтақталған, сыртын қатты әрі орнықты түк басқан.
* Жапырақтары жұмыртқа немесе ұзынша қандауыр тәрізді, ұзындығы 3-7 см, ені 4-15 мм, жиегі сәл ойықталған немесе тегіс, төменгі жапырақтары қысқа сағақты, сабақ жапырақтары сағақсыз.
* Гүлдері ұзын гүлшоғына топтасқан, гүлжапырағы болмайды. Тостағаншасының ұзындығы 5-10 мм, түбінен бастап ұзынша қандауыр тәрізді 5 буынға бөлінген, жеміс салған кезінде ұлғаяды. Көгілдір түсті күлтесінің ұзындығы 6-8 мм, түтігі ортасынан төмен иілген. Қысқа жіпшелері және ұзын сопақша тозаңдығы бар аталығы күлте түтігіне жасырынған. Аналық мойыны қысқа, аналық аузы бар.
* Жемісі - түсі күңгірттеу сұр жаңғақ. Ұзындығы 3 мм-дей болатын сүйір жаңғағы жұмыртқа тәрізді, жиегі қатпарланғагн, сырты кедір-бұдырлы. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Қазақстанда Маңғыстау түбегінде, Мойынқұм құмды алқабында (Оңтүстік Қазақстан аймағы), Балқаш өңірінде, Іле, Қырғыз, Күнгей, Талас және Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында кездеседі. Егістікте, бау-бақшада, жол жиегінде, далалы жерлерде, жайылымдарда, тау етегінде, арықтар мен тау өзендерінің жағасында өседі.Құрғақшылыққа төзімді, арамшөп ретінде егістікке зиян келтіреді.
## Дереккөздер |
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 6 нысаны бар. Үш нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, тағы үшеуі табиғи талаптар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2017 жылғы жағдайына сәйкес Қазақстан территироиясындағы 13 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген. Қазақстан Республикасы әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвеницияны 1994 жылдың 29 сәуірінде ратификациялаған.. Қазақстан территориясындағы орналасқан алғашқы нысан тізімге 2003 жылы ЮНЕСКОның Әлемдік мұра Комитетінің 27-ші сессиясында қабылданған.
## Тізім
Берілген кестеде нысандар Юнеско Әлемдік мұра тізіміне қосылуының хронологиялық тәртібінде орналасқан.
### Нысандардың географиялық орналасуы
## Әлемдік мұра тізіміне үміткер нысандар
## Сілтемелер
* Юнеско әлемдік мұра ресми сайтындағы Қазақстан
## Дереккөздер |
Қарақия ойысы, Қаракие, Батыр – Маңғыстау түбегіндегі ойыс.
## Географиялық орны мен жер бедері
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан. Ойыс табаны мұхит деңгейінен 132 м төмен жатыр. Ұзындығы 85 км, ені 10-25 км, түбі жазық. Шығыс беткейі тұсында ойыстың түбін бойлай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жазда қарасуларға бөлініп қалатын Ащыағар өзені өтеді. Шығыс беткейі кертпештеліп келген тік, жарқабақты. Олар желмен аққан судың әсерінен тілімденіп, жеке төбелерге бөлінген. Өсімдік жамылғысы мардымсыз. Ойыстың кемерлі беткейлері мен табанында көптеген құдықтар (Жаңаорпа, Сауытты, Қынабай, Шұқыр, Көкше, т.б.) мен қыстаулар (Орша, Боржақты, Қарасеңгір, т.б.) орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Ойыстың шығыс кемері негізінен түрлі түсті ұлутастар мен бор жыныстардан тұрады. Олар мыңдаған жылдар бойы ұдайы күнге тотығу салдарынан қоңырқай тартқан. Сондықтан бұл бөлігі алыстан қарағанда қара түсті тік жарқабақ (биіктігі 10-15 м және одан да биік) тәріздес болып көрінеді. Осыған байланысты ойыстың аты "Қарқия" деп аталған.Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. «Қарақия» түрік тілінен аударғанда «қара аңның араны» дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Ойыстың түбі сортаң топырақ (солтүстік-батысы) пен сор (оңтүстік-шығысы мен оңтүстік бөлігінде Батыр соры жатыр), өсімдігі негізінен қара жусаннан тұрады.
## Климаты
Климаты контиенттік. Қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң келеді. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -7°С, шілдеде 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 75-100 мм шамасында.
## Пайдалы қазбалары
Қарақия ойысы кен байлықтарына бай. Мұнда мұнай, ұлутас кірпіштері, уран кені өндіріледі.
## Қатынас жүйесі
Қарақия ойысы арқылы облыс орталығы Ақтау қаласын мұнай мен газ-өңдеу орталығы - Жаңаөзен қаласымен қосатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы, мұнай, газ, ауыз су құбырлары тартылған.
## Дереккөздер |
Бұланбай Көлбайұлы (1747, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1845, сонда) — жауырыны жерге тимеген палуан, сөзге шешен би.
## Өмірі
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей руы.
Орта жүздің ел басылары Қызылжарда өтетін Көкиірім съезі кезінде өнер көрсету үшін палуандар жинайды.Жәнібек батыр 20 балуанның арасынан Бұланбайды таңдап алады. Зайсаннан 250 км жердегі Көкпектіге жақындағанда, Бұланбай мінген ат болдырып, палуанды түйеге мінгізіп жеткізеді. Сол жиында 18 жасар Бұланбай түйе палуан атанып, бас бәйгеге түйе, 15 арғымақ, 50 уақ мал алып қайтады. Абылай хан елшілігінің құрамында Пекинге барған Бұланбай император сарайының алдындағы тастан қашалған қос арыстанның бірін жылжытып, өзінің жойқын күш иесі екенін қытайларға да танытады. 1997 жылы Зайсанда Бұланбайға арнап ас берілді.
Бұланбай Көлбайұлы Зайсан ауданының Кендірлік өзенінің бойында дүниеге келіп, сонда мекендеп, дүниеден өткен.
Бұланбайдың ұрпақтары Омари, Сақари балуандар 1950 жылдардағы деректерде көзі тірі, әрі айтыс ақындары екен.
Бұланбай өситетінде менің атымды ұранғып ат шапқанда айтпасын, ат көтере алмайды. Жауға шапқанда айтпасын, Жәнібектей жауды алған батыр емеспін. Балуанға түскенде өздерің біліңдер, өз ұрпағымды қолдайтын ғана қауқарым бар деген екен.
## Балуан атымен аталған жер
Зайсан өңірінде сұлұ Сауыр тауының бір сайы «Бұланбай жайлауы» деп аталады. Сарқырап аққан тау өзенінің сол жақ биік жарқабағында тайқазандай қара тас бар. Бұл тасты Бұланбай биік дөңге шығарып, өзіне мәңгілік ескерткіш етіп кеткен. Балуанның алыптығын ат көтере алмағандықтан, оны барар жеріне түйеге міңгізіп апаратын болыпты.
Бұланбай Зайсан ауданың Кендірлік өзенінің бойында дүниеге келіп, сонда мекендеп, дүниеден өткен.Кендірліктің үш саласының бірі «Бұланбай өзені» аталған. Қыстауы тұрған жер «Бұланбай қыстауда» аталған. 1920 ж дейін Самыраттар сол жерлерді мекендеген, кейін Жеменей ауданына ауып келген. Кендірліктің суы азайып, Бұланбай өзені де бұлаққа айналды. Сарытерек ауылының оңтүстүгінде Сарыешкімен ортада Бұланбайдың зираты бар.
## Балуан туралы әңгіме
Бұланбайдың отызға тақаған шағы екен. Ол арғы беттен жайлауға қарай түскен бес қытайды көреді. Олар «біз бұл елден алым-салық жинағалы келдік» деп қағаздарын көрсетеді. «Кетіңдер бұл жерден» дегенге көнбеген қытайларды Бұланбай қамшымен бір салып, терең құздан лақтырып жібереді. Қытай елі әскер шақырып, бүкіл елді қырамыз деп ескертеді. Сонда Бұланбай өз еркімен беріліп, түрмеге түсіпті. Бір күні Қытай императоры зәулім сарайдың алдындағы арыстанның тас мүсінін көтерген адамның тілегін орындаймын деп жар салыпты. Күшін сынауға келгендер мүсінді орнынан қозғалата алмапты да. Сонда бір уәзір: “Бұл тасты түрмеде жатқан қазақтың балуаны көтеруі мүмкін”,-дейді. Императордың бұйрығымен Бұланбайды арыстанға алып келеді. Ол: “Маған бір ай мұрсат етіңіздер. Алдымен қойдың етін беріңіздер. Сонан кейін екі қолымды иығыма дейін қайыс арқанмен шандып байласаңыздар, мен тасты көтеремін”, - деп жауап қайтарыпты. Бүланбайдың тілегі орындалды. Дүйім елдің алдында ол арыстанның тас мүсінін қос қолдап кеудесіне қойып, іле-шала басынан асыра көтеріпті. Күшіне разы болған қытай императоры Бұланбайды сый-сияпатпен еліне қайтарған екен.
## Дереккөздер |
Қараматау (лат. Camphorosma) - алабұталар тұқымдасына жататын көп жылдық жартылай бұта және бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Жерорта теңізінің аймағынан бастап Орта Азияның шөлейтті жерлер мен тақырларда, тастақты шатқалдарда өсетін 10 түрі белгілі.Қазақстанның өзен мен көл жағалауларында, сор мен сортаң жерлерде, қиыршықтасты тау беткейлерінде өсетін 3 түрі кездеседі:
* Марсель қараматауы (Camphorosma monspeliaca)
* Лессинг қараматауы (Camphorosma lessingii)
* Жоңғар қараматауы (Camphorosma songorica)
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 15-50 см, сабағы жұмыр, көп бұтақты, түкті болып біткен.
* Үшкір біз тәрізді немесе жіп тәрізді жапырақтары кезектесіп орналасқан.
* Гүлдері қос жынысты, жапырақтың қолтығынан шығады. Гүлшоғыры - тығыз орналасқан масақ. Гүлсерігі аздап түкті, қысыңқы, 4 тісті. Шілде-қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді.
* Тұқымдары таға тәрізді, белокқа бай.
## Қолданысы
Қараматау - мал азықтық шөптер, оны түйе, қой, ешкі жейді.Марсель қараматауының құрамында 0,2%-ға жуық эфир майы бар, сондықтан оның несеп жүргізетін, тер шығаратын және жарақат жазатын қасиеті бар. Шөбінің тұнбасымен денедегі жараны жуып, ісіктерді булайды.
## Дереккөздер |
Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова (14 тамыз 1966 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас ауылы) – қазақстандық дәстүрлі ән өнерін насхаттаушы әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Сарысу ауданының Құрметті азаматы.
## Өмірбаяны
* Ол алғаш рет сахнаға 2-сыныпта оқып жүрген кезінде шығып, «әнші қыз» атанды.
* Республикалық эстрада-цирк өнері студиясындағы Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің батыс ән дәстүрі бойынша класына ілінді.
* 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдайды.
* Өнер жолында жүріп Ұлттық Консерваторияға қабылданады.
* 1997 жылы Консерваториядағы оқуын аяқтаған соң, Сәуле «Қазақконцерт» бірлестігінде кәсіби әншілікті бастады. Париждің «ЮНЕСКО» залында концерт атқарылғанда Сәуле оған қатысты. Оны Француздар өте жақсы қабылдады.
* Атыраудағы музыка Академиясынан оралып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ән кафедрасын басқарады.
* 2012-2015 жылдары Жамбыл облыстық филармониясын басқарды.
## Ғылыми еңбектері
* Ұзақ жылдар ізденісі нәтижесінде 2010 жылы «Қазақ прозасындағы әнші-ақындар бейнесі» тақырыбында кандидаттық ғылыми диссертациясын қорғады.
* Көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың және «Әуен-сыр» атты кітаптың авторы.
* Сегіз қырлы өнерлі жан 2006 жылы ұлттық телеарнада авторлық «Бұл әнді білесіз бе?» тележобасында жүргізуші ретінде жаңа қырымен танылды.
## Шәкірттері
* Айгүл Қосанова
* Берік Жүсіпов
* Эльмира Жаңабергенова
* Арнұр Көшенеев
* Маңғыстау жырларын әкелген Елдос Еміл
* атыраулық Т.Құттымұратов
* Ақтөбеден Айгүл Елшібаева
* Ырысты Сүлейменов
* Өмірқұл Айниязов.
## Дереккөздер |
Болатбек Көрпебайұлы Төлепберген – 1974 жылғы 5 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. Журналист, мемлекет қайраткері, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақ радиосы директорының орынбасары, философия ғылымының кандидаты.
1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінен бастаған. «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Зерде» және «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, «Асар» және «Журналист» газетінің редакторы қызметін атқарған.
Қазіргі таңда «Қазақстан» ТРК, "Шалқар" радиосының бас редакторы. «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмдерінің авторы.
Қазақстан Жазушылар Одағы мен«Атамұра» корпорациясыныңжазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері (1993). «Сорос-Қазақстан» жас жазушылар бәйгесінің жүлдегері (1996), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2003), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері (2008), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2008) және ҚР Мәдениет қайраткері (2009) және ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты (2011). Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі.
## Шығармалары
20-ға жуық кітап жазған.
* Желтоқсан қарлығаштары.- Алматы, 2010
* Көшкен күннің бояуы.- Астана, 2004
* Ұлттық идея- тәуелсіздік тұғыры.- Алматы, 2011
* Мәңгі жас – алаш идеясы.- Алматы, 2008
* «Қасиеттім – Желтоқсан!»
## Дереккөздер |
Балуан / Палуан - күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иесі.
Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Шығыс елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери қосындардың «күрзішілер» бөліктерін құраған. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар «балуан» деп атайды.
Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққа танымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен .
Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.
Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған .
Балуандар күреске шыққанда шалбар ғана киеді. Шалбардың балағын қара санға дейін түріп, беліне үш қабаттап қайыс арқан байлаған. Алғашқы қарсыласымен белдесіп жеңіске жеткен балуан келесі қарсыласын күтіп, сол алаңның бойына жайғасып отырады .
## Нар балуан
Нар балуан (абсолютті чемпион), атағы ауыр салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен ең күшті балуанға беріледі. Қазақша күрестен жарыс біткеннен кейін орта салмақтан жогары дәрежедегі балуандардың барлығы "Нар балуан" атағы үшін белдесулерге түседі. Мұнда жеңіске жеткен шеберге Нар балуан атағы беріледі..
## Дереккөздер |
Қарашүңгіл мұнай кен орны — Атырау облысы Жылыой ауданы Аққұдық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Қазақ жерінде алғашқы мұнай өндірген (1899 жылы, қараша айы) кен орны. Қазақстанда мұнай өндірудің тарихы Қарашүңгіл мұнай кен орнынан бастау алады. Ембі-Каспий серіктестігі (Леман, Доппельмаер және Грум-Гржимайло) Қарашүңгіл кенінде 38-275 м-ге дейінгі тереңдікте 21 ұңғы бұрғылады. 1899 жылы қараша айында №7 ұңғыда 40 м тереңдіктен мұнайдың тәуліктік шығымы 22-25 т тұңғыш мұнай бұрқағы алынды. Пайдалану мерізімінде ұңғыдан 5 мың т мұнай алынып, Ембі аймағында мұнайдың өнеркәсіптік қоры бар екендігі дәлелденді.
## Геологиялық құрылымы
Мұнай кэпрок - "тас қалпақ" шөгінділеріне тура келеді. Жыныстарға карстық сілтісіздену белгілері бар гипс, губка тәрізді кеуекті гипспен қатар ұсақ және ірі кристалды қатты гипс қабаттары және мергельді жыныстар - мәрмәр тәрізді тастар бар. Мұндағы гипс деп сипатталып отырғаны төменгі пермь кунгур ярусының галогендік қабатына тән ангидрит болуы әбден мүмкін, бұған мәрмәр тәрізді әктастар қабатының ұшрасуы дәлел бола алады. №7 ұңғыға таяу жерден 169 м тереңдікке дейін бұрғылаған Леманның ұңғысынан құрамында екі тұз қабаты бар (38 және 16 м) гипс (ангидрит) қабаты байқалған. Осылай ангидриттің қалыңдығы шамалы тұз қабатымен алмасып отыруы кунгурдың галогендік қабатының төменгі бөлігіне тән; мұнда тұз асты қабатта, көбінесе филиппов қабатына жатқызылатын төменгі ангидрит будасы орналасқан; Оңтүстік Ембінің өнеркәсіптік мұнайы осы филиппов қабатымен байланысты.
Кэпрокта жоғарғы пермь мен төменгі триастың қызыл түсті саздары мен аргиллиттерінің белгілері жоқ.
Қарашүңгілдің тұз күмбезі үстіндегі тұз штогы (ядросы) ортасында қаныққан тұз ерітіндісіне (рапа) толған шұңқыр пайда болған. Кен түзілуі карст құбылысынан пайда болған тесіктерге немесе кішкене линзаға тура келуі мүмкін. Нақтылы геологиялық мәліметтерге талдау жасау негізінде Қарашүңгілдің №7 ұңғысынан алынған мұнай иірімінің стратиграфиялық жасы туралы мынандай қорытынды жасауға болады: ерте кунгурдың төменгі ангидрит қабаты - төменгі пермь - жоғарғы палеозой.
## Дереккөздер |
Қаратау жотасы – Маңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Батыс Қаратау және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Шығыс Қаратау жотасында орналасқан Бесшоқы тауы (556 м).
## Жер бедері
Үстіртті келген тау беткейлері сай, жыра, шатқалдармен тілімденген. Тау баурайларында бұлақтар (Сарыбұлақ - Батыс Қаратауда, Жаманүшқұз - Шығыс Қаратауда) бар. Батыс және Шығыс Қаратау аралығында Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылы орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Пермь кезеңінің метаморфтанған құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Қаратау жотасының жер қойнауында темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдың мол қоры барланып ашылған. Қаратау сілемдерінен су алатын 20 шақты орын бар. Олардың ішінде ең ірілері- Тұщыбек, Шайыр, Шетпе, Қарақұдық, Онды, Жармыш, Ағашты, Аусары, Күркүреуік, Керіз, Доллы апа. Бұлардағы су мүмкіндігі 1,5-тен 6,3 л/с дейін, ал атпалы түтіктердегі 5-15 л/с ке дейін, кей жерлерде 23 л/с дейін (Қарақұдық), кей жылдары бірсыпыра су көздерінің (Тұщыбек, Шайыр) өнімділігі көктемде 15-25 л/с жетеді. Пайдаланатын су қоры әп түрлі әдіспен есептегенде 260 л/с деп бағаланады.
## Өсімдігі
Беткейінде жусан, қараған, етегінде тасбұйырғын өседі. Аңғары – жайылым.
## Дереккөздер |
Шырылдауық айқабақ (лат. Acrocephalus arundinaceus) — жалпы сандуғаш тұқымдас құстардың арасындағы, айқабақтардың ішіндегі ең ірі құс.
## Мекендейтін аймақтары
Бүкіл Қазақстанның жазықтық суқоймаларының қалың өскен қамыстарында таралған. Шырылдауық айқабақ Еуразиядан басқа Африкада, Аустралия[[]]да, Малай архипелагінің аралдарында мекендейді. Бірақ тауларда кездеспейді, өйткені 760-800 м-ден жоғары көтеріле алмайды.
## Сипаттамасы
Салмағы 30-40г. Дене мөлшері үлкен және дауысы қатты болғандықтан, шырылдауық айқабақты қамысты жерлерден үнемі байқауға болады. Ол өте ширақ және сақ, ұясындағы балапандарын мазалаған адамға шабуыл жасауға дейін барып, бетіне түкіреді, сөйтіп ызалы шу көтеріп, айналадағы құстардың назарын аудара өрекпиді. Жалпы өте бақырауық. Оның шыңғырған дауысы күні бойы естіледі. Бұл құстар көп жерлерде көршілес тіршілік ететін басқа айқабақтардың, тіпті адамның дауысын айқабақ дауысы басып қалады. Әйез шіміркендіре бастағанымен, соңы шыңылдап, ызыңдаған шырылмен аяқталады.Айқабақ кейде өзге құстардың әуезін пайдаланғанда оны бұлжытпай келтіріп сайрайды.
## Ұясы мен мекендейтін жері
Шырылдауық айқабақ Қазақстанның оңтүстігінде көктемде—сәуірдің ортасында, солтүстік облыстарды осы айдың соңында көріне бастайды. Көп кешікпей аталықтарының сайрағаны естіледі, ал аналықтар ұя салуға кіріседі. Ұяны өрілгентостағанша себет түрінде қамыстың тік өскен 3-4 бұтақтарына бекітеді. Ұя әдетте суға жақын қопаға салынады. Сөйтіп, ұя су бетінде, кейде судан бірнеше сантимерт жоғары ілініп тұрады. Қазақстанда мамыр басталысымен (солтүстік аудандарда –осы айдың соңында ғана) шырылдауық айқабақтардың ұяларындағы салындыда 5-6 теңбіл жұмыртқалар пайда болады. Оны екі аптаға жуық аналық басады. Балапандарды сонша уақыт ата-енелері қоректендіреді, олар 11-12 күнде—ақ кішкене ұяға сыймай, ұяның ернеуінде отыра алатын болады. Балапандарды қоректендіру қамқорлығы аталыққа жүктеледі де, аналық екінші рет жұмыртқалауға жаңа ұя салады. Қазақстаннан қыркүйекте ұшып кетеді, ең соңғысы 11-қазанда кездестірілген.
## Дереккөздер
Мектеп энциклопедиясы(А.Ф.Ковшарь,В.А.Ковшарь). Алматы: Атамұра баспасы, 2010.--352бет.Сайт:http://www.iucnredlist.org/details/links/22714745/0 |
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.
Республика орталығы — Орынбор қаласы.
## Тарихы
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.
ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.
1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
## Әкімшілік бөлінісі
1921 жылғы 17 қаңтардағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен жаңадан құрылған Ақмола губерниясына Омбы губерниясынан Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері берілді.
1921 жылдың 10 маусымындағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен автономды Қырғыз КСР мен Сібір арасындағы шекара Омбы губерниясының Омбы уезінде белгіленді (Есілкөл станциясы Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара сызығы Есілкөл станциясынан шығысқа қарай Петропавл уезінің шекарасы бойымен, одан әрі солтүстікте Кіші Қараой, Үлкен Қараой көлдерінің, Қаратерек мекенінің бойымен өтіп, орыс болыстарының оңтүстік шекараларына бойлай және Ертістегі Шерлақ станицадан шыға өтеді (Қырғыз АСКР қалдырылған), бұған қоса Ореховск, Добровольск, Моисеевск, Русско-Полянск, Ново-Санжаровск, Черноусовск, Степановск, Котельниковск орыс болыстары Қырғыз АСКР құрамына кіргізілген.
1921 жылы 1 қазанда Омбы губерниясы Омбы уезінің 15 болысы Қырғыз АСКР берілді.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы (Омбы губерниясы Омбы уезіндегі Сібір мен Қырғыз АСКР шекарасының бойында) Сібір шегінде қалды.
1923 жылы 15 мамырға қарай республиканың құрамына кірді:
* Адай уезі тікелей республикалық бағыныста;
* Ақмола губерниясы — Ақмола уезі, Атбасар уезі, Шерлақ уезі, Көкшетау уезі, Петропавл уезі;
* Ақтөбе губерниясы — Ақбұлақ ауданы, Ақтөбе ауданы, Ырғыз ауданы, Можар ауданы, Темір ауданы, Ойыл ауданы;
* Бөкей губерниясы — 1 Теңіз маңы округі, 2 Теңіз маңы округі, Қалмақ округі, Нарым ауданы, Қамысамар ауданы, Талов ауданы, Торғын ауданы, дербес ауылдар;
* Қостанай губерниясы — Адамовск ауданы, Боровск ауданы, Всесвятск ауданы, Денисовск ауданы, Қостанай ауданы, Семнозерск ауданы, Торғай ауданы, Федоровск ауданы;
* Орынбор губерниясы — Илецк ауданы, Исаево-Дедовск ауданы, Краснохолмск ауданы, Орынбор ауданы, Ор ауданы, Петровск ауданы, Покровск ауданы, Шарлық-Микаил ауданы;
* Семей губерниясы — Зайсан ауданы, Қарқаралы ауданы, Павлодар ауданы, Семей ауданы, Өскемен ауданы, Бұқтырма ауданы;
* Орал губерниясы — Гурьев ауданы, Жымпиты ауданы, Қалмақ ауданы, Елек ауданы, Орал ауданы.
1924 жылғы 21 қазандағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығына сәйкес, бұрын Башқұрт АКСР құрамында болған Жылайыр кантонының Тоқсоран кантоны мен Иманғұл болысы Қырғыз АСКР берілді.
1924 жылы Жетісу, Сырдария және Самарқан облыстарының солтүстік бөліктері құрамға кіріп, оның аумағында Жетісу мен Сырдария губерниялары құрылды.
1925 жылы ақпанда Арал маңының оңтүстік бөлігінде Қырғыз АКСР құрамында Қарақалпақ АО құрылды.
1925 жылы 11 ақпанда автономиялық республиканың астанасы Орынбордан Ақмешіт қаласына көшірілді (1925 жылы 15 маусымда Қызылорда деп өзгертілді).
1925 жылы 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қырғыз АСКР шығарылып, РКФСР тікелей бағынуға берілді.
1925 жылы 15 маусымда Қырғыз АСКР Қазақ АСКР болып өзгертілді.
Кейін социалистік құрылыс барысында Қазақ АСКР одақтас республикаға айналдырылды (1936 жылғы КСРО Конституциясы бойынша Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп атала бастады).
## Әдебиет
* Административно-политическое строение Союза ССР: (материалы о территориальных преобразованиях 1917 ж. - 1 шілде 1925 ж.) / С. И. Сулькевич, консультант Адм. Комис. ВЦИК. — Ленинград: Государственное издательство, 1926. 300 с.: таблицы — Перечень республик, областей и губерний с данными о площадях и населении по исчислению ЦСУ на 1 қаңтар 1925 ж.
* Ежедневная газета «Советская Сибирь» № 202 (273). Пятница 10 қыркүйек 1920 ж. Омбы (Декрет об Автономной Киргизской Социалистической Советской республике) Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Сілтемелер
* Аманжолова Дина. Казахская автономия: от замысла националов к самоопределению по-советски (pp. 115−143 Acta Slavica Iaponica, tomus 21, 2004 Hokkaido University) Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. |
Папа облысы, шіркеу облысы, Шіркеу мемлекеті — Орта Италиядағы рим папасы басқарған теократтық мемлекет (756—1870); астанасы — Рим. 756 ж. құрылды. 9 ғ-дың ортасына дейін Ұлы Карл және оның мирасқорлары империясының, 962 жылдан 12 ғ-дың ақырына дейін «Қасиетті Рим империясының» құрамына кірді. 10—12 ғ-да папа иелігі іс жүзінде Рим және Рим округымен шектелді. Обл. шекарасы талай рет өзгерді. Папа облысының халқы папалар мен императорлар, папа мен ақсүйектер арасындағы феод. соғыстардан қатты күйзеліске ұшырады. 1849 ж. ақпанда папа өкіметі құлатылып, Рим республикасы жарияланды. 1870 ж. Рим Италия корольдығына қосылғаннан кейін, Папа облысы өмір сүруден қалды.
## Дереккөздер |
Қарашүңгіл гипс кен орны - Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан. Бекітілген қоры 7,7 млн.т. Кен орны пайдаланылуда.
## Гелогиялық құрылымы мен сипаты
Мұндағы күмбездің оңтүстік-батысында гипстер жер бетіне шығып жатады. Олар ақ немесе сұр болып келеді. Ұсақ және орташа кристалды, көк және сұр саз бен құм қабыршақтары бар.Гипс текстурасының ұзындығы 1000 м, ені 300-400 м-ге жетеді.Жыныстар солтүстікке, солтүстік-шығысқа қарай жайыла орналасқан, құлама бұрышы 20-40° батысқа және солтүстік-батысқа қарай ойысқан.Морфологиялық тұрғыдан кен орны қабат тәрізді дене болып табылады. Батыс шекарадағы гипстің топырақ астындағы суларға дейінгі қалыңдығы 12-16 м.
## Құрамы
Орташа құрамы:
* CaSO4x2H2O - 85,64%;
* SiO2 - 11,07%;
* Al2O3 - 0,82%;
* Fe2O3 - 0,27%;
* MgO - 0,02%.
## Дереккөздер |
Ақшыл көк қаргүл (лат. Hegemone lilacina) - сарғалдақтар тұқымдасы, қаргүл туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 4-15 см, жеміс салған кезінде 35 см-ге дейін жетеді.
* Сабағы тік, тармақталмаған, сыртын жауып тұрған алдыңғы жылғы сағақтарының қалдығы көлемін қалыңдатып тұрады. Ұзын сағақты тамыр жапырақтары үш саусақ салалы, тісшелі үш тілімге бөлінген. Сабағының төменгі жапырақтары қабыршақты, одан жоғары орналасқан жапырағы қысқа сағақты әрі кең қынапты келеді. Жоғарғы жағындағы жапырақтары сағақсыз.
* Сабақ жапырақтары тамыр жапырақтарына қарағанда аздап тілімделген.
* Гүлсидамының ұзындығы 1 см-дей, жеміс салған кезінде ұзарып кетеді.
* Гүлі жалғыз әрі ірі, көлденеңінен ені 3,5-4 см. Жұмыртқа тәрізді 14-22 тостаған жапырақшалары сұрғылт боз, күлгін түсті. Сары түсті, қандауыр тәрізді шірнелік күлтелерінің ұзындығы 5 мм, түп жағы жасылдау, жоғары жағы домалақ тәрізді, аталық жіпшесімен бердей немесе одан қысқалау.
* Күлтесінің негізі орналасқан жерде бал жиналатын кішкене шұңқыр бар.
* Жапырақ тәрізді жемісінің ұзындығы 2 мм-дей тік немесе сәл иілген тұмсығы жоғары жағына қарай сәл бүгілген.
* Үш қырлы жылтыр тұқымы қара, күңгірттеу. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Қазақстанда Алтай, Тарбағатай жоталарында, Жетісу, Іле, Қырғыз, Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Теңіз деңгейінен 2200-3400 м биіктіктегі альпілік белдеулерде өседі.
## Дереккөздер |
Еділ қаған немесе Аттила (көне түркі тілінде Атил, лат. Attila, гр. Ἀττήλας, 400 жыл – 453 жыл) — батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.
Сол кезеңнің оқиғалары туралы тарихи шығармаларда, жылнамаларда және эпикалық туындыларда мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқан.
Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзенінне (оң жағалауын қоса) дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды. 444 жылдан 453 жылы қайтыс болған күніне дейін Еділ жалғыз өзі Ғұндар мемлекетін басқарды.
## Тарихнамасы және дереккөздер
Тарихшылар Еділ қағанды тұлға ретінде сипаттағанда көптеген қиындықтарға тап болады. Себебі жазба түрінде біздің заманымызға дейін жеткен деректер көбіне грек немесе латын тілінде жазылған. Көсем туралы ең көп мәлімет берген римдік тарихшы әрі дипломат Приск Паний. Приск 449 жылы ІІ Феодосидің қасына еріп тарихи кездесуге қатысып сол кездегі болып жатқан оқиғалардың куәгері болған. 434 жылдан 452 жылдардың шежіресін 8 томдық шығармаға жазған Приск жалғыз өзі ғана Еділ қағанның сыртқы көрінісін бейнелеген.
Присктің көптомды шығармасынан басқа бізге дейін жазба түрінде Прокопий және Иордан атты алтыншы ғасырдың тарихшыларының мәліметі жеткен. Оларда көбіне Присктің еңбегіне сүйене отырып мәлімет қалдырған. Византиялық тарихшы Марцелин Комит және канцлер Юстианин аздап, фрагмент ретінде өз жұмыстарында ғұндардың көсемі туралы деректер жазған. Тағы бір дереккөздер ол VI - XII ғасырлардағы шіркеу шығармалары. Бұлар тарихтың ағынымен ғұндардың қарсыластары жағында болған. Сол себепті көбіне жағымсыз жағынан, негативті сипаттаған.
Ғұндардың өзі көсемді каһарман ретінде ауызба-ауыз өздерінің аңыздарында жырлаған. Олардың үзінділері бізге дейін скандинавтардың және немістердің сагалар арқылы эпос түрінде жеткен. XII ғасырда мажар жазушылары ғұндарды өз бабалары деп көптеген шығармаларында құрметтеп, ұлттың батыры ретінде пір тұтқан.
Уақыт өте Еділ қағанды варварлықтың нышаны ретінде сипаттап, батыс өркениетіне қауіп төндірген адам ретінде қаралған.
## Атилла есімі
Қазіргі заманның ғылымдарында Атилла есімінің этимологиясы туралы бірнеше болжам бар. Еділді Еуропа тарихшылары «Атыра», «Аттила»,«Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерге қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).
Көптеген басқа да ғұн есімдері сияқты Аттила есімінің түпнұсқасы түркі тілдерінен алынған деген де болжам бар (atta/ata - әке, el/il - ел, өлке).
Тағы бір болжам бойынша, Аттила есімі Еділ Хазар тілінде Еділ өзенің атауынан алынған (Attil/Atil/Atel/Atal).
«Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған.
### Көсемнің бейнесі
Тарихшы Иордан Присктің сөздеріне сүйене отырып, Еділдің бір ерекше тұлға болғаны туралы айтады.
Бұл сипаттама азиялық немесе моңғолоидтық нәсілге келеді.
448 жылы Присктің берген мінездемесіне сәйкес ол қарапайым, кішпейіл адам болғанға ұқсайды. Қарапайым киімді ұнататын, ағаш ыдыстан тамақ жейтін, қаруын алтынмен әшекейлемеген қолбасшы. Жалпы Приск Еділді шығыстан шыққан көшпенділердің көсемі сияқты емес, германдық орта ғасырлық король сияқты сипаттаған.
### Әйелдері мен балалары
Еділ қағанның некесі де көп болған, балалары да көп болған. Балаларының арасында Эллак есімді үлкен ұлының аты шыққан. Осы ұлын көсем көзі тірі кезінде ізбасары деп жариялаған. Әйелдерінің арасында тарихта қалған Ильдико атты ең соңғы әйелі. Осы әйелінің қасында алғашқы неке түнінде Еділ қаған осы күнге дейін белгісіз себептен қайтыс болған..
## Ататегі және билікке келуі
Еділдің туған жылы мен туған жері осы күнге дейін белгісіз. Көсемді көзімен көрген Приск Паний 448 жылы сақалына енді ақ түскен адам деп сипаттаған. Сол жылдары Еділ үлкен ұлын акацирларға басшылық етуге жіберген. Бүгінгі күнге белгілі мәліметтерді талдаған кезде Еділ қаған жобамен V ғасырдың бірінші онжылдығында туған деп айтуға болады.
Еділдің әкесі Мұнзық ғұндардың патша тегінен шыққан, өзі билік жүргізбесе де оның ағалары Ақтар (немесе Оптар) және Руғила (Роас, Руа) ғұндардың атақты көсемдері болған. Басқа Мұнзық туралы еш мәлімет жоқ, тарихта бұл тұлғаның аты Аттила мен Бледаның әкесі ретінде сақталған.
Ғұндардың қоғамы жауынгерлер қоғамы болғандықтан Еділ қаған жас кезінен сол кездегі басқа ғұндардың ұрпақтары сияқты атпен шабу мен садақ атуды үйреніп өскен. Сонымен бірге ғұндардың басқа да жасөспірімдері сияқты өз еркіндігімен басын бинттермен таңғызып, бас сүйегініне деформация жасаған.
434 жылы Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. «452 жылдың Галл хроникасы» бойынша, Бледаны Руғиланың мұрагері деп жариялайды, соған қарағанда Бледа Еділден жасы үлкен болған. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды.
## Еуропаға жорық
420 жылдары ғұндар Панноний жерлерін (қазіргі Венгрия) мекендеген. Дунай мен Рейн аралығында билік жасап, варвар тайпаларын бодан қылып жүрген ғұндар Батыс және Шығыс Рим империяларына да қауіп төндірген. Осы текетіресте германдық тайпалар Еділдің жағында болған.
### Византияға алғашқы жорығы (441–442)
Еділ мен Бледаның Еуропаға алғашқы жорығы қазіргі Сербия аумағында орналасқан византиялық Иллирик провинциясынан басталды. Дәл сол кезеңде римдіктер бір жағынан вандалдармен Сицилияда, екінші жағынан парсылармен шайқасып жатқаны жорықтың сәттілігіне қосымша себеп болған.
Оқиғаның куәгері Присктің мәліметі бойынша алғашқы әскери ұрыстары қазіргі Белград қаласы аумағында орналасқан сауда жәрменкесінде ғұндардың римдіктерге кенет шабуылынан басталған. Шабуылдың себебі Марг қаласының епископы ғұндардың асыл қазынасын (яғни патшалардың мазарын) тонауы түрткі болған Маргтан кейін Сингидунум (қазіргі Белград) және Виминаций (қазіргі Костолац) жақын орналасқан Дунайдағы ірі қалалар алынды.
Әрі қарай ғұндардың әскери әрекеттері Дунайдың шығыс жағына, яғни Ратиария жаққа қарай (қазіргі Арчар болгар селосы) және оңтүстіктегі Морава өзенінен Наисс (қазіргі Сербияның Ниш қаласы) жаққа қарай бағытталған.
Присктің айтуы бойынша 442 жылға таяу шайқастар тоқтап, ғұндар қазіргі Сербияның аумағындағы Дунайдың оңтүстігіне қарай «бес күндік жол» алатын кең алқапты басып алады.
### Византияға екінші жорығы (447)
Бірінші мен екінші жорықтардың арасында Бледа қайтыс болып, 444 жылдан бастап Еділ ғұн империясын жалғыз өзі басқарды.
Византияға жорықтардың хронологиясын тарихшы О. Д. Менхен-Хельфен «Ғұндар қауымы» атты жұмысында анық айқындаған. Алғашқы жорықтан кейін Аттила ғұндардың жалғыз көсемі ретінде Византиядан алым-салық төлеуді және жау жағына өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды талап етеді. Бұл ультиматумға ІІ Феодосий императоры империяны қорлайтын ұсынысс деп қабылдап, ұсынысқа қарсы болып соғыс жариялайды. Нәтижесінде Аттила Ратиарияны басып алып, 446 жыл немесе 447 жылдың басында Византияның Балкандағы аймақтарына шабуыл жасай бастайды. Византиялық тарихшы Марцеллин Комит өз жазбаларында 447 жылды сипаттаған кезде мынандай сөздерді жазыпты: «Бірінші соғысқа қарағанда көп есес ауырлау болған бұл сұмдық соғыста, Аттила бүкіл Еуропаны үгіп ұнтақтап тастады». Еділ бастаған ғұн әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.
### Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448–450)
II Феодосий жеңілгенін мойындап өз әскери магистрі Анатолийді ғұндармен келіссөзді жүргізуге жібереді. Бұл бітімшарттың талаптары 444 жылғы алғашқы бірінші жорығынан кейін бекітілген талаптарына қарағанда көп есе қатаң болып табылды. Алғашқы келісімді бұзғаны үшін жаза ретінде 6000-нан астам римдік фунт алтынды беруді императорға мақұлдатты. Одан басқа талаптары да күшейтілген: жыл сайынғы салық 700 кг римдік фунт алтынынан 3 есе, яғни 2100 кг болды. Әр тұтқындалған рим сарбазының төлеп босату құны 12 солидке дейін барды.
Белгіленген алым-салығы қанағаттандырылғаннан кейін ғұндар өз жерлеріне қайтып оралды.
445 жылдар шамасында Бледа қайтыс болды. Еділ ғұндардың жалғыз басқарушысы болып қалып 448 жылы Қара теңіздің солтүстігін мекендеген акацирларды үлкен ұлы Эллактың қарамағына берді.
450 жылдың шілдесінде император II Феодосий аттан құлап қайтыс болады. Орнына келген әскербасы болып қызмет еткен Маркиан бітімшартта айтылған мөлшерінде салық төлеуден бас тартады. Еділге тек қана өзі дұрыс деп санаған сыйлықтарды беріп, ал егер де көнбесе соғыс бастайтынын хабарлайды.
451 жылдың ерте көктемінде ғұндар және оларға тәуелді басқа тайпалардың әскерлері Галлияға басып кіреді.
## Батыс Рим империясымен соғыс (451—454)
### Галлияға жорық (451)
451 жылы Еділ қаған бастаған жауынгерлер әскері ерте көктемде Галлияға шабуылды бастайды. Ғұндар сарбаздарының саны белгісіз, бірақ сол кезеңнің ырғағына қарағанда шабуыл қозғалысы баяу болған деп баға берілген.
451 жылдың 7 сәуірінде ғұндар бірінші Мец қаласын, сосын Трир, Кёльн, Реймс, Тонгерен, Труа қалаларын бірден басып алды. Сол жылдың 14 шілдесінде Римдік Галлияның орталығы Орлеан қаласын қоршауға алып, ұрысты бастайды. Қала қамалдарын тарандармен тесе бастаған кезде римдік әскербасы Флавий Аэцийдің және вестготтардың королі І Теодорихтың біріктірілген әскері Орлеандықтарға көмекке келеді. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталаун шайқасына әкеледі. Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады.
Еділ қаған әскерін Каталаун даласына қайтарып, Сена өзенінің оң жағалауында (Труа қаласының төңірегінде болса керек) тоқтайды. Каталаун шайқасының нақты болған күні мен жері туралы мәліметтер сақталмаған, бірақ тарихшыларының болжамы бойынша ұрыс маусымның соңы шілденің басында Труа қаласының солтүстігінде, қазіргі Шампань провинциясының аймағында болған. Бұл ірі ұрыс нәтижесінде екі жақ бірдей шығынға ұшыраған. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды. Король І Теодорих шайқас алаңында қаза тапты. Келесі күні Еділ қағанның әскері өздері орнатқан бекініске тығылып, ал гот-римдік коалиция бастаманы өз қолына алады.
Дегенмен, І Теодорихтың орнына келген везегооардың жаңа королі Торисмунд өз әскерін ұрыс алаңынан Тулузаға бірінші болып алып кетеді. Содан кейін Еділ қаған өзінің аман қалған сарбаздарын Дунайдың арғы жағына орналастырады. Келесі 452 жылы ғұндар Италияның солтүстігіне шабуыл жасайды.
### Италияға жорық (452)
452 жылғы жазда (О. Д. Менхен-Хельфен (O. Maenchen-Helfen) рим папасы Лео Император Валентиннің арасында 452 жылы жазысқан хаттарын саралағанда, бұл жорықтың басы 452 жылдың маусым айында басталған) Еділ қаған басқарған жауынгерлер топтары Паннония жағынан Альпінің кең жазығынан шабуыл бастады. Бұл жорықтың алғашқы соққысы Венетта провинциясының Аквелия қаласында (Аквелия сол кездегі Адриат теңізі жағалауындағы ең ірі қала) болды. Венеттаның басқа қалаларын да басып алғаннан кейін ғұндар солтүстік Италияның батыс жағына қарай бет бұрды.
Италияны ойрандап, ғұндар шетінен Медиоланум (қазіргі Милан) және Тицинум (қазіргі Павия) қалаларын алады. Медиоланумда (V ғ. басында Медиоланум қаласы Рим империясының астанасы болған) Еділ император сарайына кіріп келгенде сарай қабарғаларында рим императорлардың суреттерін көреді. Суреттерде тақта отырған рим императорлардың аяқ жағында скиф жауынгерлердің өліктері жатқаны бейнеленгенін байқайды. Еділ өз адамдарына сол суретшіні таптырып, оған басқа сурет салғызады. Бұл жаңа суретте Еділ қаған тақта отырғанын, ал рим императорлары оның аяқ астына қаптардан алтын төгіп жатқанын бейнелеткізеді.
Қаланың тұрғындарының көбісі қашып құтылды, олардың үйлері және шіркеулері тоналып, өртеліп бітті.
Бұл маңызы аса зор оқиғалардан кейін рим папасы І Лео қасына текті римдіктер Авиена мен Тригетияны ертіп алып ғұндардың көсемімен кездесуге барады. Бұл кездесу Мантуя қаласының маңындағы Амбулея жазығында болады. Кездесу нәтижесінде Рим салық төлейтін болып құтылады, ал ғұндар Римге бармай Дунайдың жағалауларына қайта оралады. Сөйтіп ол осынау ұлы жорықтан Дунай бойындағы мемлекетінің астанасы Еділқалаға (Этцельбургке) үлкен жеңіспен, салтанатпен оралады. Ғұн империясының иелігіне айналады.
### 453 жылғы Галлияға шабуыл
Италиядан жеңіспен қайтқан ғұндар көп ұзамай Галлиядан өш алғысы келеді. Ескі қарыздарды еске алып (қайтыс болған ІІ Феодосиймен бегітілген келісімшарт бойынша алым-салықтар төнебегенін) Еділ Галлияға қауып төндіре бастайды. ІІ Феодосийдің орнына келген император Маркиан көсемге әр түрлі сыйлықтарды жіберіп, көсемнің бір кешірімін алғысы келеді.
Рақымшылықты көрсетпеген ғұндар 453 жылы Галлияның орталығындағы Луара өзенінің жағалауын мекендеген аландарға шабуыл жасайды. Бұл жылғы шабуыл туралы Иорданның Гетикасындағы қысқа мәліметтен басқа еш дерек жоқ. Тек вестготтардың королі Торисмунд аландарға көмекке келгені белгілі. Сонымен қоса ғұндардың кері қарай Паннония мен Дакияға шегінгені белгілі.
## Өлімі және ғұн империясының ыдырауы
Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Хилдикаға) ғашық болып қалған еді. 453 жылы елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады.
Қайтыс болуына мұрыннан кеткен қанмен тұншығу себеп болуы мүмкін деген дерек бар. Жерленген орны әлі күнге дейін белгісіз. 2014 жылы наурыз айында Будапештте Дунай үстінен көпір салынған кезде Еділдің жерленген жері табылды, ол Еділ қағанның моласы болуы мүмкін деген хабар берілді.
Еділдің көптеген ұлдары әкесінен қалған империяны бөлісе бастайды. Еділ өзінің көзі тірісінде үлкен ұлы Эллақты мұрагері етіп белгілеген болатын. Бірақ варварлар тайпаларының көсемдері Эллақты да Еділдің басқа ұлдарына да мойынсынғысы келмейді. Бірінші болып гепидтардың королі Ардарих герман тайпаларын көтеріліске үгіттеп жаңа басшыларға бағынбаған жаугерлер 454 жылы Недао (қазіргі Паннонияның Недава өзені, Саваның тармағы) төңірегінде соғыса бастайды. Осы ұрыста Эллақ қайтыс болады. Осы ұрыстан кейін Ғұн империясы ыдырай бастайды. Еділдің кіші ұлы Эрнак тайпасының бір бөлігімен Добруждада орналасады, қалған ғұндарды варварлар тайпалары Дунайдың шығыс жағына ысырып тастайды.
Еділдің ғұндары туралы соңғы мәлімет 469 жылы Марцелиннің хроникаларында табылады. Мәліметтерде «ғұндардың королі Еділдің ұлы Денгизирихтың [Denzicis] басы Константинопольге жеткізілді» деп айтылған.
Ғұндардың қалдықтары басқа көшпенді тайпалармен шатысып «ғұн» деген этноним VI ғасырдың авторларының лексионында жалпы көшпенді елдерді белгілеп қолданылған. (Ғұндар деп булгарларды, аварларды, савирларды, мажарларды атай берген)
## Тарихи зерде
Еділ билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясы аумағын бірнеше есеге үлкейтеді. Ірі империя құра алғандығы үшін Еділ қаған шығыстың ұлы жауынгер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар» Ескендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарь есімдерімен қатар атайды.
Германдардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында скандинав сагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады.
Византияның атақты жылнамашысы V ғасыр тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 жылы жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» атты еңбегінде Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.
### Нумизматикада Еділдің бейнесі
2009 жылы Қазақстан Ұлттық Банкісі «Ұлы қолбасшылар» топтамасының ішінде «Аттила» монетін шығарған. Номиналы 100 теңгеге тең монет 13 000 дана болып шығарылған. 925 сынамалы күміс монеттің салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм. Бет жағында (аверсте) ат үстінде шауып бара жатқан жауынгер, арт жағында (реверсте) Аттиланың бейнесі. Төменгі бөлімде үш атты сарбаз бейнеленген, ал үстіндегі секторда ағылшын тілінде Еділ қаған (ағылш. «ATTILA THE HUN») және «406—453» деп жазылған. Санкт-Петербургте өткен «Монет шоқжұлдызы-2010» (орыс. «Монетное созвездие-2010») Халықаралық конкурсында бұл монет «Жыл монеті» (орыс. «Монета года») сыйлығына ие болды. Бәйгеге 24 елден 209 монет қойылған.
### Еділдің аңыздардағы бейнесі
Еділ қаған «Нибелунгтар туралы жыр» атты белгілі германдық эпосының басты кейіпкері.
### Еділдің әдебиеттегі бейнесі
* «Ғажайып комедия», Алигьери Данте, 1321
* Құдайдың қамшысы, Бувье-Ажан М.
* Аттила - ғұндардың қолбасшысы, Эдвард Хаттон, 2005. (Nomen est omen).
* Christopher Kelly. «Attila the Hun: Barbarian Terror and the Fall of the Roman Empire», Bodley Head, 2008 [3].
* Blockley, R.C.: The Fragmentary Classicising Historians of the Later Roman Empire, vol. II ISBN 0-905205-15-4
* Gordon, C.D.: The Age of Attila: Fifth-century Byzantium and the Barbarians. Míchigan: University of Michigan Press, 1960.
* Maenchen-Helfen, Otto (ed. Max Knight): The World of the Huns: Studies in Their History and Culture. Berkeley: University of California Press, 1973.
* Thompson, E.A.: A History of Attila and the Huns. Londres: Oxford University Press, 1999. ISBN 0-631-21443-7
### Еділдің музыкадағы бейнесі
* «Аттила» (1846) — италиялық композитор Джузеппе Вердидің белгілі операсы;
* «Attila» (2004) — Iced Earth атты америкалық хэви-метал тобының «The Glorious Burden» альбомының ішіндегі әні;
* «Attila» (2011) — қазақстандық «Алдаспан» хэви-метал тобының алғашқы альбомы;
* «Attila» (2005–) — Атлантадан шыққан дэткор-тобы.
### Еділдің кинематографиядағы бейнесі
* IMDB-дегі «Аттила» (Attila, 1954);Attila
* «Аттила-басқыншы» сериалы (2001). Басты ролде — Джерард Батлер.
* Этцель (Аттила) — 1924 жылы түсірілген Фрица Лангың «Нибелунги» және 1967 жылы ГФР-да түсірілген «Нибелунги» атты фильмдердің бас кейіпкері.
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Ғұндар
* Ғұндар мемлекеті
## Дереккөздер |
Қарғалы қорықшасы – республикалық маңызы бар зоологиялық қорықша.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Жаңақорған мен Шиелі аудандарының аумағында орналасқан. Аумағы 13,3 мың га.
## Жер бедері
Қорықшаны Сырдария өзені аңғарының ежелгі және қазіргі ландшафтысын алып жатыр. Өзен суларымен бөлінген аласа төбешікті құмды-сазды жазықтан, кішігірім құрғап қалатын көлдер мен батпақты жерлерден тұрады.
## Флорасы
Жер асты суы көздерінің жақын орналасуы әсерінен әр түрлі шалғынды-батпақты және бұта өсімдіктеріне бай: сексеуіл, жыңғыл шоғыры, сонымен қатар қамыстың нуы кездеседі.
## Қорықша маңызы
Мұнда Жетісу қырғауылы жиі ұшырасады. Қорықша осы бағалы құсты қорғау, санын көбейту және оның Оңтүстік Қазақстанның, сонымен қатар Қазақстанның басқа да аудандарының әр түрлі ландшафтық жағдайларына бейімделуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында құрылған.
## Дереккөздер |
Шетен сайрақ (Turdus pilaris)-жоны әне иығы - сарғылт,басы және құйрықүсті - сұр, қоқшыл түсті едәуір ірі(96-125г) сайрақ.Бөтегесі және түсі-қандауыр сияқты шұбарланған тат түстес қызыл қоқшыл, тек қана бауырының ортасы- ақшылдау.Бұл - сыртқы кейпі және қылығы бойынша нағыз сайрақ типтес құс.Түзу және шапшаң ұшады,ұшып жүргенде қолтығындағы ақ түс көрінеді.Шақырысу дауысы - "чак...чак...чак",үріккен кезде - қатты шиқылдайды.Әуені - сыбызғыша сызылған әдемі үн және жағымсыз шиқыл мен ащы дауыс естіледі.Шетен сайрақтың тек қана жұбымен өмір сүретін көптеген сайрақтардан айырмашылығы - сиректелген қауымдастық сияқты жұп топтарымен орын тебеді.Шетен сайрақтар топырақпен сыланған сайрақтарға тән тостаған тәріздес ұяларын жерден онша биіктетпей - 1,5-4 м ағаш басына орналастырады.Салындыдағы 4-7 тат түстес безендіруі бар көгілдір жасыл жұмыртқаларды аналығы 11-14 күн басады.Балапандар 10-14 күнде ұядан кетіп, әлі ұша алмағандықтан және әр алуан жыртқыштардан алғашқы күндері өліп қалатындары да аз емес.Шетен сайрақтар бір жазда екі рет балапан өргізу мүмкіндігі бар,бірақ Қазақстан бойынша нақтылы деректер жоқ.Бұлар кеш шыққан ұялас балапандар ұшқан ірі топқа жиналып,көшпенділенеді де,қарашаға дейін, Қазақстанның оңтүстігінде жидектердің жақсы түсімі болған жерлерден азық тауып,бүкіл қысты өткізеді.
## Дереккөздер'
Құстар мектеп энциклопедиясы |
Дулэпо Михаил Иванович (15.11.1909, Украина, Полтава губ. Кобеляки с. – 14.6.1996, Алматы) – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). 1928 жылдан кинематографиямен әуестеніп, Одесса кинотехникумында оқиды. 1936 жылдан Қазақстанға келеді. Мұнда «Социалистік Қарағанды», «Казахстаеская правда», «Ленинская смена» газеттерінде тілші болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Киев қаласындағы «Радяньска Украина» газетінде корреспондент, 1949 – 53 ж. Украина студиясында деректі фильмдер редакторы қызметтерін атқарады. 1954 жылдан Қазақстанға қайтып оралып, Алматы көркем фильм және шежірелік фильмдер киностудиясында еңбек етті.
## Еңбегі
«Менің көктемімнің қаласы» (1961), «Жерім менің» (1962), «Даланы оятқандар» (1964), «Индустриальды Қазақстан» (1967), «Менің республикам Қазақстан» (1973) т.б.көптеген деректі фильмдері бар. Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1957, 1959, 1979), Қсазақстан комсомолы Құрмет грамотасымен (1961) және медальдармен марапатталған. |
### Мекендеген жері
Керейт хандығы IX – XII ғасырларда Завхан,Тола, Селенгадан Шығыс Моңғол құмына дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысында Найман хандығы, солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся мемлекетімен іргес жатты. Ол кезде Керейт хандығы керейт, жиркин, конхойт, сақайт, тумаут, албат, тункайт-киркун деп аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең ірісі керейлер болды және керей атауы («керей» - ру-тайпа атауы да, «т» - тунгус, монғолша көптік жалғауы) содан қалды.
### Халық саны
Рашид әд-Дин моңғол жазбаларының желісіне сүйене отырып, керейлер саны (XI-XII ғасырлар) 200 мың шамасында болған дейді. Керейлер ХІ ғасырдың екінші жартсында алғашқы хандық билік құрды. Ол кезде керейлерді бұйрық лауазымды тайпабасы билейтін.
### Тарихы
ХІІ ғасырда әскери билікке сүйенген ұлыс ел деңгейіне көтерілді. Аталған кезеңде Керей ұлысын Маркуз Бұйрық хан басқарды. Керей хандары алтыннан шатыр тігіп, алтындаған ер-тұрман сайлап, алтын кеседен ас-су ішкені жайлы ортағасырлық жазбаларда айқын жазылған.Тайпалар мыңдыққа, ішкі рулар жүздікке бөлініп, мыңдықты мыңбасылар, жүздікті жүзбасылар басқарады.Керей хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Керей ұлысында айшықты шекара болмағанымен, орда тігер орны, қыс қыстауы, жаз жайлауы белгілі болған. Олар әйгілі Қарақорымды бас қала етті. Түндік, Цэцейдей, т.б. қалалар салды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, киіз үйде өмір сүрді.Керейлер несториан сенімін ұстанды. Оларда жазба заң болмады, әдет заңына жүгінді. Керей заңы бойынша ата жауына сатылу ең ауыр қылмыс саналған.Мркуз Бнұйрықтың немересі Куржакуз Бұйрық хан өлген соң, ұрпақтары хан тағы үшін өзара көп қақтығысты. Керейлерді, бір жағынан, татар, тунгустар қыспаққа алса, екінші жағынан, Ерке қара тобын наймандар қолдады. Тоғырыл Уаң хан тобына («Тоғырыл» - өз аты, ал «уаң хан» немесе «ұлыс билеушісі» лауазымы – Тоғырылға шүршіт ханы Вангин Чинсан берген лауазым) Есукей батыр бастаған татарлар ішіндегі боржигин руының моңғол аталығы қол ұшын берді.Тарихта керейлердің дәуірлеген кезеңі – Уаң хан басқарған тұс. Батыс католтктеріне «шығыстан шыққан пірәдар Иоан» аңызы бойынша жеткен оның Уаң хан аты кезінде Батыс Еуропаны дүр сілкіндіргені белгілі.Керейлер мен моңғолдлар өзара ант су ішіскен түбегейлі достық қатынаста болды. Бұл қатынас Тоғырыл және Тэмужин тұсында одан әрі жалғасты. Уаң хан Тэмужинді өкіл ұлы санады. Тэмужин 1189 жылы өз әулетінің ханы сайлағанда оны алғаш қолдағандардың бірі осы Уаң хан болды. Тэмужиннің ар-намысын қорғау үшін 1179 жылы меркітке қарсы құрылған үштік одағын (Уаң хан, Жамуқа және Тэмужин) ұйымдастырушы да Уаң хан еді.Аталған жорыққа тек керейдің өзінен 20 мың қол атқа қонды. Керейлер Тэмужин бастаған топпен бірлесіп, 1198 жылы татарларды шапса, 1201 жылы Жамұқа бастаған Алақай бұлақ одағына соққы берді. Тэмужинемен бірлесіп, 1203 жылы наймандардың батыс қанатына шабуыл жасады.Алайда, Уаң хан мен Тэмужин достығы ұзаққа созылмады. Даңқы арта түскен ТЭмужин керейлерді «бейбіт түрде ел болып бірлесуге шақырды». Бірақ керейлер Тэмужиннің бұл пікірін қабылдамады. Сөйтіп, екі жақ 1203 жылы ақтық шайқасқа шықты, керейлер жеңіліп, тарих тұғырынан тайды. Керейлердің бір тобы ата жұртында қалып, Шыңғыс хан империясына қызмет етті. Енді бір тобы батысқа - Орта Азияға бет бұрды. Мұнда келгендері Жошы, Шағатай ұлысы, Моғолстан билігінде болып, кейін көпшілігі Қазақ хандығына бағынып, қазақ ұлтын құрады. Керейдер өзбек, қырғыз халықтары арасында да кездеседі.
### Дереккөз
## Мекендеген жері
Керейт хандығы IX – XII ғасырларда Завхан,Тола, Селенгадан Шығыс Моңғол құмына дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысында Найман хандығы, солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся мемлекетімен іргес жатты. Ол кезде Керейт хандығы керейт, жиркин, конхойт, сақайт, тумаут, албат, тункайт-киркун деп аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең ірісі керейлер болды және керей атауы («керей» - ру-тайпа атауы да, «т» - тунгус, монғолша көптік жалғауы) содан қалды.
### Халық саны
Рашид әд-Дин моңғол жазбаларының желісіне сүйене отырып, керейлер саны (XI-XII ғасырлар) 200 мың шамасында болған дейді. Керейлер ХІ ғасырдың екінші жартсында алғашқы хандық билік құрды. Ол кезде керейлерді бұйрық лауазымды тайпабасы билейтін.
### Тарихы
ХІІ ғасырда әскери билікке сүйенген ұлыс ел деңгейіне көтерілді. Аталған кезеңде Керей ұлысын Маркуз Бұйрық хан басқарды. Керей хандары алтыннан шатыр тігіп, алтындаған ер-тұрман сайлап, алтын кеседен ас-су ішкені жайлы ортағасырлық жазбаларда айқын жазылған.Тайпалар мыңдыққа, ішкі рулар жүздікке бөлініп, мыңдықты мыңбасылар, жүздікті жүзбасылар басқарады.Керей хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Керей ұлысында айшықты шекара болмағанымен, орда тігер орны, қыс қыстауы, жаз жайлауы белгілі болған. Олар әйгілі Қарақорымды бас қала етті. Түндік, Цэцейдей, т.б. қалалар салды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, киіз үйде өмір сүрді.Керейлер несториан сенімін ұстанды. Оларда жазба заң болмады, әдет заңына жүгінді. Керей заңы бойынша ата жауына сатылу ең ауыр қылмыс саналған.Мркуз Бнұйрықтың немересі Куржакуз Бұйрық хан өлген соң, ұрпақтары хан тағы үшін өзара көп қақтығысты. Керейлерді, бір жағынан, татар, тунгустар қыспаққа алса, екінші жағынан, Ерке қара тобын наймандар қолдады. Тоғырыл Уаң хан тобына («Тоғырыл» - өз аты, ал «уаң хан» немесе «ұлыс билеушісі» лауазымы – Тоғырылға шүршіт ханы Вангин Чинсан берген лауазым) Есукей батыр бастаған татарлар ішіндегі боржигин руының моңғол аталығы қол ұшын берді.Тарихта керейлердің дәуірлеген кезеңі – Уаң хан басқарған тұс. Батыс католтктеріне «шығыстан шыққан пірәдар Иоан» аңызы бойынша жеткен оның Уаң хан аты кезінде Батыс Еуропаны дүр сілкіндіргені белгілі.Керейлер мен моңғолдлар өзара ант су ішіскен түбегейлі достық қатынаста болды. Бұл қатынас Тоғырыл және Тэмужин тұсында одан әрі жалғасты. Уаң хан Тэмужинді өкіл ұлы санады. Тэмужин 1189 жылы өз әулетінің ханы сайлағанда оны алғаш қолдағандардың бірі осы Уаң хан болды. Тэмужиннің ар-намысын қорғау үшін 1179 жылы меркітке қарсы құрылған үштік одағын (Уаң хан, Жамуқа және Тэмужин) ұйымдастырушы да Уаң хан еді.Аталған жорыққа тек керейдің өзінен 20 мың қол атқа қонды. Керейлер Тэмужин бастаған топпен бірлесіп, 1198 жылы татарларды шапса, 1201 жылы Жамұқа бастаған Алақай бұлақ одағына соққы берді. Тэмужинемен бірлесіп, 1203 жылы наймандардың батыс қанатына шабуыл жасады.Алайда, Уаң хан мен Тэмужин достығы ұзаққа созылмады. Даңқы арта түскен ТЭмужин керейлерді «бейбіт түрде ел болып бірлесуге шақырды». Бірақ керейлер Тэмужиннің бұл пікірін қабылдамады. Сөйтіп, екі жақ 1203 жылы ақтық шайқасқа шықты, керейлер жеңіліп, тарих тұғырынан тайды. Керейлердің бір тобы ата жұртында қалып, Шыңғыс хан империясына қызмет етті. Енді бір тобы батысқа - Орта Азияға бет бұрды. Мұнда келгендері Жошы, Шағатай ұлысы, Моғолстан билігінде болып, кейін көпшілігі Қазақ хандығына бағынып, қазақ ұлтын құрады. Керейдер өзбек, қырғыз халықтары арасында да кездеседі.
### Дереккөз |
Парри бұғазы — Солтүстік Мұзды мұхиттың Канаданың Арктикалық архипелагы құрамындағы бөлігі. Ланкастер, Барроу, Вайкаунт-Мелвилл және Мак-Клур бұғаздарын біріктіреді. Тереңдігі 1000 м-ге дейін. Сентябрьде қатып, июльде мұзы түседі. Уильям Эдуард Парри құрметіне аталған. |
Патом таулы қыраты — Ресейдің Иркутск облысындағы территориясындағы қырат. Витим және Чара, Лена өзендері аңғарларының аралығында орналасқан. Көпшілік бөлігінің биіктігі 1200-1300 м (ең биік жері 1924 м). Гранит және кварц желілері қиып өткен протерезойдың кристалдық тақта тас, құм тас және кварциттерінен түзілген. 900-1100 м биіктікке дейін — қарағайлы, май қарағайлы тайга, одан жоғарыда тау тундрасы өседі. Патом таулы қыраты өңірінен алтын (Бодайбо т. б.) және құрылыс материалдары өндіріледі.
## Дереккөздер |
Жебір немесе Жебіршөп (лат. Thymus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті шала бұталар туысы.
Еуразия және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 150-дей (кейбір мәліметтерде 400-ге жуық) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, жазық жерлерінде, қиыршықтасты тау бөктерлерінде өсетін 27 түрі бар.
Көбірек тарағандары:
* Кәдімгі жебір - лат. Thymus vulgarіs,
* Маршал жебірі - лат. Thymus marschallіanus
* Қызғылт жебір - лат. Thymus roseus.
Биіктігі 1 – 25 см. Сабағы түп жағынан сүректеніп қатайып кеткен. Жапырағы бүтін жиекті, сағақты, кейде сағақсыз. Ұсақ, қызғылт, күлгін кейде ақ түсті гүлдері шоғырбас гүлшоғырын құрайды.
Гүлдері қос жынысты, аталығы – 4, аналығы – біреу, тостағанша жапырағы да, күлте жапырақшасы да – бесеу. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс береді. Гүл тәжі бозғылт қос ерінді, үстіңгі ерінінің бас жағында ойығы бар, және төменгісі үшжапырақты, аталығы төртеу. Гүлдеу мерзімі өте ұзақ (мамырдан тамызға дейін) , жемістері ұсақ, қара шар тәрізді, маусым-қыркүйек айларында піседі. Барлық жебірлердің құрамында эфир майы көп болғандықтан күшті хош исті. Бұл түрден өндірісте эфир майы дайындалады. Шикізат-кептірілген сабақтардан, жапырақтардан, гүлдерден тұрады, «чабрец щөбі» деп аталады. Эфир майы парфюмерия, косметика, консервлеуде және кондитер өндірісінде, кейде тағамға дәм беру үшін пайдаланады.
Жемісі – жаңғақша. Жебірдің құрамында эфир майы көп. Одан алынатын тимол медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.. Жебір шөбі - ертеден келе жатқан емдік зат, тіпті Ежелгі Грецияда пайдаланылған. Біздің елімізде суықтигенде, тіс ауруларына, асқазан т.б жиі қолданады. Жақын түрлері барлық белгілі, жөтелге қарсы ішетін тәтті сироп - пертусиннің негізгі құрамы болып табылады. Басқа бағалы қасиеті - омарталық және декоративтік. Ауа райы қолайлы жылдары ол мықты деген омарталық өсімдіктермен бәсекелес бола алады, әсіресе жазықта, далада және тауда. Саяжайларда өсіру болады. Жақсы күтім жасалған болса тұқымнан өскен дербес түр екінші - үшінші жылдары гүлдейді .
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Желтау — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.
Таулар мен қыраттар:
* Желтау – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау.
* Желтау – Қызыларай тау жүйесінің оңтүстігіндегі оқшауланған тау жүйесі.
* Желтау – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік шетінде орналасқан тау.
* Желтау – Мұғалжар тауының қиыр оңтүстік-батысындағы оқшау тау сілемі.
* Желтау – Шу-Іле тауларының солтүстік-батысындағы таулы қырат.
* Желтау – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі қырат.
Көл:
* Желтау – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы көл. |
Әлкенов Асхат Әлкенұлы (1935 ж.т., Қорғалжын ауданы Қорғалжын кеңшары) — ғалым, тех. ғыл. докт. (2007), ҚР минералды шикізаттар академиясының корр.-мүшесі (1997). Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1993). КСРО өнертапқышы (1987). КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988).
Қазақ тау-кен институтын (ҚазҰТУ-ды, 1958 ж.) және Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. Павлодар алюминий зауытында аға инженер (1958 — 60), Павлодар облысы комсомол комитетінің хатшысы (1960 — 61) қызметтерін атқарған. «Қазақстан алюминийі» АҚ-нда материалдық-техникалық бөлім, телім, химиялық-металлургиялық цехтың бастығы қызметтерін атқарған (1961 — 2004). 2004 жылдан «Қазақстан алюминийі» АҚ президентінің ғылыми істер жөніндегі кеңесшісі. Павлодар алюминий зауытында «Соғыс және еңбек ардагерлері» кеңесінің төрағасы. Ә. 100-ден астам ғыл. еңбек пен 38 куәліктің авторы және телавторы. «Құрмет», Азамат, Еңбек Қызыл Ту,«Құрмет белгісі», Халықтар Достығы ордендері, медальдармен марапатталған.[
## Дереккөздер |
Эдуард Пекарский Карлович [25. 10. 1858, Игумен уезі, қазіргі Минск обл., Червейск ауд.,—29. 6. 1934, Ленинград] — совет тіл маманы, якут тілін зерттеуші, этнограф, фольклорист. 1931 жылдан КСРО ғылым академиясының құрметті академигі (1927 корр. мүшесі). Харьков мал дәрігерлік институтында оқыған (1877—78). Халықшылдар қозғалысына қатысқаны үшін Якутияға жер аудардырып, 25 жыл өмірі (1881—1905) сонда өтті. Якуттардың тілін, этнографиясын, фольклорын зерттеуге арналған экспедицияға (1894—96) қатынасып, мол материал жинады. 1899 ж. «Якут тілі сөздігінің» 1-шығуын жариялады. Аян-Нелькан экспедициясында (1903) болып, Аян маңындағы эвенкілердің этнографиясын зерттеді. В. В. Радловтың көмегімен Пекарский 1905 ж. Петербургте тұруға рұқсат алды. Орыс музейінің этнография бөлімінде (1905—10), Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейінде қызмет істеді. «Якут тілі сөздігін» (1—13-шығ., 1907—30), «Якут халық әдебиеті үлгілерін» (1—3-т., 1907—18; якут тілінде) баспаға әзірледі. 1914— 17 ж. Пекарский Орыс География қоғамының этнография бөлімінің хатшысы, «Живая старина» журналының редакторы (1914—17) қызметін атқарды. Өмірінің соңғы жылдарында ол КСРО ғылым академиясының Шығыс тану институтында қызмет істеп якуттар мен эвенкілердің этнографиясы жайында еңбектер (орыс және поляк тілдерінде) жариялады.
## Дереккөздер |
Новоямышево — Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл, Кеңес ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Павлодар қаласынаң оңтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде, Ертіс өзенінің он жағасында орналысқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған, 1954-1996 жылдары сүт өңдіру бағытындағы “Ямышевский” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде 1996 жылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Павлодар-Семей автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Пенжина — РКФСР-дің Камчатка облысындағы өзен.Ұзындығы 713 км, алабы 73,5 км².Қолыма тау қыратынан басталып,Охота теңізінің Пенжина кірмесіне құяды. Жоғарғы ағысы тау өзені сипатында, төменгі ағысы кең, жазық аңғармен ағады. Қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Орташа су шығыны 680 м3/сектей. Ноябрьде қатып, май - июньде мұздан босайды. Негізгі салалары: Шайбовеем, Кондырева, Оклан (оң), Аянка, Чёрная, Белая (сол). Ағаш ағызылады, кеме жүзеді.
## Дереккөздер |
Пеннин таулары(Pennines)— Ұлыбритания аралындағы тау жоталары. Солтүстіктен оңтүстікке 250 км-те созылып жатыр. Биіктігі 893 м (Кросс-Фелл тауы). Негізінен әк тас және құм тастан түзілген. Шыңдары тегістелген, бат. беткейі тік, шығысы көлбеулеу келеді. Терең өзен аңғарларымен тілімделген. Сиреген орман(емен, қайың) және шалғын өседі.
## Дереккөздер |
Первомай тауығы— етті,жұмыртқалы тұқым. Бұл тұқым Юрлов тауығының мекиенін Родайланд және Виндот қоразымен шағылыстыру арқылы Харьков облысының «Первомая» с-зында, Тамбов облысының «Пачелм» с-зында шығарылды. Первомай тауығының дене бітімі сымбатты, ұзын, арқасы жалпақ, кеуделі, тәжісі қызғылт. Қауырсыны ақ, құйрығы мен мойнының қауырсыны қара. Қоразы 3,2—3,5 кг, мекені 2,7—3 кг, таңдаулысы 4—4,5 кг. Мекені жылына 150—180, таңдаулысы 220 жұмыртқа салады. Жұмыртқасының салм. 55—65 г. Первомай тауығы РКФСР-дің көптеген облыстарында, Башқұрт АКСР-і, Өзбекстан КСР-і, УКСР-нде өсіріледі.
## Дереккөздер |
Әлкенов Асхат Әлкенұлы (1935 ж.т., Қорғалжын ауданы Қорғалжын кеңшары) — ғалым, тех. ғыл. докт. (2007), ҚР минералды шикізаттар академиясының корр.-мүшесі (1997). Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1993). КСРО өнертапқышы (1987). КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988).
Қазақ тау-кен институтын (ҚазҰТУ-ды, 1958 ж.) және Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. Павлодар алюминий зауытында аға инженер (1958 — 60), Павлодар облысы комсомол комитетінің хатшысы (1960 — 61) қызметтерін атқарған. «Қазақстан алюминийі» АҚ-нда материалдық-техникалық бөлім, телім, химиялық-металлургиялық цехтың бастығы қызметтерін атқарған (1961 — 2004). 2004 жылдан «Қазақстан алюминийі» АҚ президентінің ғылыми істер жөніндегі кеңесшісі. Павлодар алюминий зауытында «Соғыс және еңбек ардагерлері» кеңесінің төрағасы. Ә. 100-ден астам ғыл. еңбек пен 38 куәліктің авторы және телавторы. «Құрмет», Азамат, Еңбек Қызыл Ту,«Құрмет белгісі», Халықтар Достығы ордендері, медальдармен марапатталған.[
## Дереккөздер |
САРЫ БИЕ- Ақтөбе обылысы Ойыл ауданындағы ауыл,округ орталығы.Аудан орталығы- Ойыл ауылынан солтүстік батысқа қарай 62 км.Қамыскөл көлінен шығысқа қарай 4 км жерде орналасқан.Тұрғыны 1,4 мың адам (2004).Ауыл 1972-1996 жылдарда қой өсіретін “Жекедің” кеншарының орталығы болған.Кеншар негізінде С-де және округттегі Қаракөл ауылында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. |
Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-дин (Шараф ад-Дин) (14 ғасырдың ақыры — 15 ғасырдың басы) — тебриздік ұста, шойын құюшы. Әмір Темір билік құрған кезеңде құйылған бірқатар бұйымдардың бас ұстасы. Соның бірі — Темірдің бұйрығымен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мешітіне арналып, 1399 жылы Түркістан маңындағы Қарнақ қыстағында құйылған алып тайқазан (құйған жердің орны күні бүгінге дейін сақталған). Бұл — өз дәуіріндегі шойын құю өнерінің ерекше үлгісі. Қазанның диаметрі 12,5 м, биікт. 1,7 м, салмағы 2 т шамасында. Ернеуінің сырт жағын жиектей құранның 9-сүресінің 19-аяты, төменгі жағына ұстаның өз аты жазылған. Қазан 1939 жылдан Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақталып келді. 1989 жылы Түркістан қаласына қайтарылып, Қожа Ахмет Ясауи мешіт-кесенесіндегі орнына қойылды.
## Дереккөздер |
Ефим Николаевич Пермитин (8 қаңтар 1896, Өскемен — 18 сәуір 1971, Мәскеу) — орыс кеңес жазушы, журналист, ұстаз, прозаик.
## Өмірбаяны
Ағаш ұстасы әрі жиһаз жасаушысының ұлы. Үш жылдық қалалық мектепті бітірген. 1913 жылы экстернмен мұғалімдер семинариясына емтихан тапсырып, Таулы Алтайдағы тайгалы ауылға кетті, 2 жыл бойы ауыл мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста прапорщиктер мектебін бітіргеннен кейін взводты, содан кейін барлаушылар ротасын басқарды. Ақпан төңкерісінен кейін полк комитетіне сайланды, Азамат соғысы кезінде Сібірде колчакиттерге қарсы шайқасты, соғыстың соңында Өскеменнің әскери коменданты қызметін атқарды. Кеудесіне шрапнелмен жараланғаннан кейін демобилизацияланып, Өскемен қалалық халыққа білім беру бөлімінде мектеп мұғалімі болып жұмыс істеді.
1917 жылы барнауылдың «Жизнь Алтая» газетінде жазушының айтуынша, оның әдеби өмірбаяны басталған «Соңғы кеш» атты алғашқы әңгімесі жарық көрді. 1923 жылы Өскеменде елдің алғашқы аңшылық әдеби-көркем журналы «Охотник Алтая» шығарды.
1925 жылы Новосібірде «Охотник и Пушник Сибирь» жаңа журналын басқарды, онда 1926 жылы оның «Тұзақ» әңгімесі жарық көрді. «Тырнақтар» (1931), «Жау» (1933), «Махаббат» (1937) әңгімелері Алтай материалында жазылған, кейін олар «Тау бүркіттері» (1951) романында едәуір қайта қаралған түрде енді. 1931 жылдан бастап Мәскеуде тұрды.
1938 жылы жалған айыппен тұтқындалып, 1938 жылдан 1944 жылға дейін айдауда болды.
1954 жылы жазушы Алтайға алғашқы тыңгерлер эшалонымен келді. Ол оларға «Көктемгі жылғалар» романын арнады. 50-жылдардың аяғынан бастап «Алексея Рокотовтың өмірі»: «Ертеңгілік таң» (1956), «Алғашқы махаббат» (1962), «Ормандар туралы поэма» (1969) автобиографиялық трилогиясымен жұмыс істеді.
1970 жылдан бастап РКФСР жазушылар одағы хатшысы.
Соңғы күндерге дейін жазушы Алтайды ұмытпады. Ол өзінің хаттарында «өзінің туған жері Алтай-бабасына жерлік тағзым» жіберетін, өзінің бүкіл жұмысын өңірге, оның таңғажайып адамдарына арнағанын жазды.
Е. Н. Пермитин 1971 жылы 18 сәуірде қайтыс болды. Мәскеуде Новодевичье зиратына жерленді (№ 7 телім).
## Естелік
* Жазушының құрметіне орай Өскемен мен Новосібір қалаларында көшелерге оның есімі берілген.
* 1975 жылы жазушыға арналған көркем мөртабан конверт жарық көрді.
## Туындылары
* 4 томдық шығармалар жинағы. М., 1978-1980
* Аң терілі елтері және оны күту (Пушная шкурка и уход за нею). 1926
* Қақпан (Капкан), М., "Федерация", 1930, 210 б.
* Тырнақтар (Когти), М., Федерация, 1931
* Жау (Враг). М., 1933
* Махаббат (Любовь). М., 1937
* Жолдастар (Друзья). М., 1947
* Орман поэмасы (Лесная поэма). Пенза, 1950
* Тау бүркіттері (Горные орлы), 1951
* Екі повест. М., 1954
* Көктемгі жылғалар (Ручьи весенние), 1955
* Алексея Рокотовтың өмірі (Жизнь Алексея Рокотова). Роман-трилогия (ішіне кіреді: Ертеңгілік таң (Раннее утро), Алғашқы махаббат (Первая любовь), Ормандар туралы поэма (Поэма о лесах)), М.,1972
* Іңкәр (Страсть), 1973
* Аңшы жүрек (Охотничье сердце), 1962
## Сілтеме
* Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы жазушылары мен ақындары
## Шығармалары
* Пермитиннің «Тырнақтар» (1931) атты романын А. М. Горький ұнамды бағалады.
* Оның «Жау» (1933), «Махаббат» (1937) атты кітаптары «Тау бүркіттері» (1951) романының негізі болды.
* Пермитиннің «Көктем бұлақтары» (1955) романы, «Алексей Рокотовтың өмірі» трилогиясы (3 кіт., 1958—69; РКФСР-дің Горький атындағы Мемлекет сыйлығы, 1970) т. б. бар.
## Дереккөздер |
Арғынбай батыр Таңатұлы (туған-өлген жылы белгісіз) — Ресей, Қоқан, Хиуа өктемдігіне қарсы күресте аты шыққан айбынды батыр.
Алшын тайпасының Шөмекей руының Бозғұл аймағынан шыққан.
Арғынбайдың ордасы Қуаңдария бойындағы Тоғызбай құмында болған.Он тоғызыншы ғасырдың орта тұсында Сырдарияның сол жағасындағы, Қуаңдарияның бойындағы, Қызылқұмдағы қазақтар үш жақтан қысым көрген. Оның бірі – Ақмешіт, Күмісқорғаннан шығып оқтын-оқтын шабуылдаған Қоқандықтар, екіншісі Жаңадарияның бойындағы Бестамқаладан ауылдарды тұрақты тонап тұрған Хиуалықтар, үшіншісі – Сырдарияның төменгі ағысына бекініп алған (№ 1 форт) Ресей әскерлері. 1852 жылы Орынбор генерал-губернаторының алдында Ресейге адал қызмет етуге ант берген және оған арқа сүйеген Елікей хан Қасымұлы да осы ұлтарақтай жердегі халықты өзіне қаратпақ болған. 1856 жылы орын алған осындай оқиғалар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматовтың «Қазына» атты дастанында суреттеледі. Арғынбай батыр образы тұтастай ашылған шығарманың көркемдік тұрғыдан құндылығы ерекше. Ел басына туған алмағайып заманда Арғынбай батырдың Пірәлі би Өтетілеуұлы, Жарылқап би Манасұлы, Қожеке батыр Мырзабайұлы, Түбекбай батыр Нәзікұлы, Молдашер ахун Жамұратұлы, Торыбай Меңей батыр және т.б. Сыр өңіріне танымал тұлғаларды жанына топтастырып, басқыншыларға үнемі тойтарыс ұйымдастырып отырғаны, өз басының жеке ерліктері, бітім-болмысы, түр-тұлғасы туралы әңгіме-аңыздар ел аузында өте көп.
## Шежіре
Арғынбай – Таңат – Кетебай – Жолай – Ырсымбет – Бекет – Сейін (Желдер) – Келдібай – Бозғұл (Бозғыл) – Шөмекей – Әлім
## Дереккөздер |
Одати (жапон 大太刀, «үлкен қылыш») — жапон ұзын қылыштарының бір түрі. Қылыш одати аталуы үшін 3 сяку (90,9см) ұзындықтан кем болмауы керек. Әдетте одати жүзінің ұзындыңы 1,6-1,8 метр болатын қылыш.
## Қызметі
Одатидың қызметтері төмендегідей:
* Ғибадатханаларға арналған. Кейбір одатилар соғыстағы жеңісті тілей жалбарынатындарға арналса, енді бірі аңыз қылыш ретінде қазынада сақталды.
* Қару ретінде. Ежелгі жазуларды зерттей келе одатидың жаяу әскер қаруы ретінде қолданылғаны белгілі болды.
* Армияның белгісі ретінде. Кей одатилар өте ұзын болған, сондықтан оны байрақ немесе найза секілді армия белгісі ретінде қолданған.
* Түрлі рәсімдерде.
* Ұстаның біліктілігін көрсету үшін.
Негізі одати көбінесе алғашқы екі қызметте қолданылған.Одатиды қару ретінде қолданғанда ол самурайлардың ұстап жүруі үшін өте ұзын және ыңғайсыз болды. Оны ұстап жүрудің екі әдісі болды.
* Арқаға асыну. Бұл әдіс қолайлы болмады, өйткені оны арқадан қолға тез алу мүмкін емес еді.
* Басқа әдіс оңайырақ болды—жәй ғана қолға ұстап жүру. Муромати кезеңінде самурайдың жанында одатиды қынабынан алуға көмектесетін адам еріп жүрді.
Одати 1615 жылғы Осака-Нацуно-Дзин (Токугава Иэясу мен Тоётоми Хидэёри — баласымен Тоётоми Хидэёси) соғысынан кейін толығымен қолданыстан шықты.
## Дайындалуы
Одатиді дайындау өте қиын. Жақсы одати жасау үшін төмендегідейлер керек.
* Кәдімгі қылышқа қарағанда көбірек болат пен уақыт жұмсалады. Сонымен қатар бұл қылышты жылдам соғу керек, сондықтан соғып жатқан ұстаның үлкен біліктілігін талап етеді.
* Жеке ұстаханалардағы жұмыс. Әр ұстаханада өз ісінің шебері болу керек.
* Термоөңдеудегі шеберлік.
* Өзгеше құрылғылар.
* Өткірлеудің басқа әдісі керек. Одатиды өткірлеген оны қозғалтпай ұстайды.
## Қолданыстан шығу себептері
* 1615 жылдан кейін соғыстар тоқтатылды.
* Бакуфу үкіметінің қылыштың ұзындығы туралы заң шығаруы. Бұл заңнан кейін көптеген одатилер нормаға байланысты кесілді. Сондықтан қазір одатилер өте аз.
Одати бұдан былай қару ретінде қолданылмады, бірақ Синто кезеңінде ерекше сыйлық ретінде сиға беріліп отырды. Ендігі кезекте бұл оның басты қызметіне айналды.
## Тағы қараңыз
Катана
## Дереккөздер |
Арашашыл құралай (лат. Carpodacus rhodochlamys) - кәдімгі құралайдан әжептеуір ірі денелі (30-50 г) құс. Күмістей жылтыраған қызғылт реңді басынан, бүкіл жабын қауырсындарының қызғылт түсті болуынан бізде өмір сүретін құстар арасынан аршашыл құралай көзге бірден шалынады. Қоқшыл қоңыр реңді аналығы кәдімгі құралайдың аналығына ұқсас, бірақ аршашыл құралай одан әлдеқайда үлкен, құйрығы да ұзынырақ және бойлай созылған қоқшыл алабажақ түсті болып келеді.
Орталық Азияның биік тауларында қоныстанады. Қазақстанда Тәңіртау мен Жоңғар Алатауының субальпілік белдемінде шашырап жатқан аршаларды бойлай ұялайды.Отырықшы құс, қыста таулардың төменгі белдеулігі - тау етектеріне дейін жылыстайды. Үнемі арша бұтақтарында жүреді. Аталығы күйттеу кезеңінде бұталардың ұшар басында ұзақ қонақтайды. Толқындата, пырылдап ұшып-қонып, ауыр ұшады. Өзіне тән мыңқылдап созылатын "жьвии" деген даусы бар. Әуені - бәсең шиқыл. Жемі - әр алуан тұқымдар, сонымен бірге құралайлар шөп басынан тұқымдарда алу үшін қуатты тұмсығымен көбінесе бұта сындырады. Басқа құралайлар тәрізді бұл да бүршіктерді жейді. Кішкене балапандарына алғашқы күндерде әдетте бунақденелілерді тасиды. Ұялары бұталарда, кейде қылқанды ағаштарда орналасады. Салындыдағы 3-5 сирек қара нүктелі ашық көгілдір жұмыртқаларды аналығы 14-18 күн басады.Балапандарды ата-енелері ұяда 15-16 күн және балапандар ұядан ұшқан соң тағы бірнеше күн жемдейді. Балапандарды қалың бұта арасынан көбінесе шығарған дыбысынан тауып алады. Жылына 1 рет балапан өргізеді.
## Әдебиет
* Құстар мектеп энциклопедиясы |
Едіге тауындағы тас мүсіндер - Ұлытау төңірегіндегі тарихи екі дәуірді қамтитын тас мүміндер тобы. Қарағанды обл. Ұлытау сілемі, Едіге тауының етегіндегі Қорғантас ауылынан оңтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан. 1946-60 жылдарда Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Мұндағы 12 ғұрыптық қоршаулар мен обалар солтүстіктен оңтүстікке дейін тізбектеле салынған. Түркі қағанат заманының (6-7 ғ.) ескерткіштері әдеттегідей қырынан қойылған үлкен тақташалардан төртбұрыш немесе шаршы түрінде жасалған. Бұлардың кішілерінің аумагы 1.8х2 м, үлкендері 5.9х6 м-дей. Бетімен күншығысқа қараған тас мүсіндер қоршаулардың шығыс іргесінде тұр, одан әрі балбалдар тізбегі жалғасады. Ең кіші тізбектің ұзындығы 5м, ең үлкені 250 м-ге жетеді. Қыпшақ кезеңіне жататын ескерткіштер (8 – 13 ғасырлар) қоршау емес, тастан үйілген обалар түрінде қаланған және бұлардың балбалдар тізбегі жоқ. Мүсіндер қиратылып, бүлінген. 2 мүсін жақсырақ сақталаған. Биіктігі 180 см, ені 28 см, қалыңдығы 22 см. Мүсінде ұзын мұрты, үлкен дөңгелек көзді, отра жастағы ер адамның бейнесі айқын бедерленген. Биіктігі 140см, ені 32 см 5-мүсін қыпшақ заманына жатады. Бұл, әсіресе, адам бейнесінің толық түсірілмеуінен байқалады. Тас мүсін орнату дәстүрінің қыпшақ кезеңіне қарай әлсіреуі сол кездегі қоғам дамуына, ең алдымен ислам дінінің нығаюына байланысты болған.
## Дереккөз |
Еӊлікгүл , эдельвейс, леонтоподиум (лат. Leontopódium) — — Астралылар тұқымдасының көпжылдық немесе біржылдық шөптес өсімділтерінің тегі.
## Таралуы
Еуропа мен Азияның таулы жерлерінде таралған.
## Ботаникалық сипаттамасы
Еӊлікгүлдер - биіктігі 12—25 см щөптес өсімдіктер. Биік тауларда өседі.
Жапырақтары жеңішке, асты жағы түкті, үсті жағы күміс түсті.
Күрделі гүлшоғы тығыз себетшеге жиналған гүлдерден құралған. Гүлдердің түсі - ақ немесе сарғыштау, гүл тостағаншаның қасындағы жапырақтары жұлдыз тәрізді.
## Түрлері
Текте 60-тан астам биологиялық түрлері айқындалған. Олардың арасында кең таралғандары:
* Leontopodium alpinum,Cass.
* Leontopodium brachyactis,Gand.
* Leontopodium fauriei,Beauverd Hand.-Mazz.[syn. Leontopodium alpinum,Cass.
* [syn. Leontopodium alpinum,Cass.
* Leontopodium fedtschenkoanum,Beauverd
* Leontopodium japonicum,Miq.
* Leontopodium leontopodioides,(Willd.) BeauverdLeontopodium ochroleucum,Beauv.Filago leontopodioides,Willd.|Leontopodium sibiricum,Cass.
* Leontopodium ochroleucum,Beauv.
* Filago leontopodioides,Willd.
* |Leontopodium sibiricum,Cass.
* Leontopodium palibinianum,Beauverd.
* Leontopodium nivale,(Ten.)(Ten.) Huet ex Hand.-Mazz.Leontopodium nivale,|(Cass.) Greuter
* Leontopodium nivale,|(Cass.) Greuter
* Leontopodium souliei,Beauverd
* Leontopodium stoechas,Hand.-Mazz.
## Қызықты дерек
Францияда еңлікгүлді альпі жұлдызы деп, ал Италияда - күміс жартас гүлі деп атайды. Таулы ел түрғындары еңлікгүлді бақыт пен махаббат гүлі деп санайды. Еңлікгүлдің пайда болуы туралы әдемі әрі мұңлы аңыз бар. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын екі ғашық болыпты. Алайда тағдыр оларды мәңгілікке айыруға жазған екен. Айырылысу туралы ой екеуіне де сұмдық қорқынышты болып көрінеді. Бірге қалудың жалғыз-ақ жолы - бірге өлу. Олар бөлек өмір сүргеннен гөрі қол үстасқан күйі жартастан секіріп кетуді жөн көреді. Олар құлап өлген жартастың бетіне махаббаттың салтанатты да қайғылы жеңісінің құрметіне ақшыл еңлікгүл қаптап өскен екен.
Үзіп алынған гүл солмайды, ал кептірілгендері - әсемдігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады.
## Галерея
* Еӊлікгүлдер
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Раушангүл бітесі (лат. Macrosiphum rosae) - бітелер тұқымдасының биологиялық түрі. Өсімдік зиянкесі.
## Биологиялық сипаттамасы
Тұқымдастың басқа түрлеріне қарағанда рашангүл бітесінің денесі ірі. Жасыл түсті, жылтыр кейде күрең түсті, құйрығы ұзынша келген қылыш тәрізді жәндік.
Жұмырқалары бір жылдық өркендерде қыстайды.
Дер нәсілдері көктемде, сәуір айында шығып, жас бүршіктерді зақымдаса, ересек биттері жапырақтардың, гүл шанақтарының, өркендердің сөлін сорып зиян келтіреді. Зақымданған жапырақта ширатылы, өркендері буратылып, гүл шанақтары ашылмай қалады. Биттердің саны жаздың 2-жартысында күрт көбейеді, жылына 4-7 ұрпақ беріп дамиды.
## Күресу шаралары
Күресу шаралары: өсімдіктерге 4 пайыздық сабын ерітіндісін немесе қолдануға рұқсат етілген инсектицидтер бүркеу керек.
## Дереккөздер |
Досжан Құрақов (Құрақтың Досжаны) (2 сәуір 1878, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы - 20 қаңтар 1944, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы)- домбырашы, күйші.Құрақтың Досжаны Сыр өңірінде өмір сүрген, барлық саналы ғұмырын өнерге, оның ішінде күй өнеріне арнап, өлмес мұраны кейінгілерге жеткізген дәулескер күйші. Ол 1878 жылы Қызылорда облысы, бұрынғы Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданының Нағи Ілиясов атындағы ауылда дүниеге келген. Руы - Кіші жүз, он екі ата Байұлының Жаппас руынан. Оның ішінде Жылкелдісі. Шығу тегіне қарасақ, Жылгелдіден Есмұрат, одан Құрман, Құрманнан Дәулетімбет, Дәулетімбеттен Әлібек, Әлібектен Азат пен Құрақ туған. Құрақтың Наурызбай, Үбіжар деген балалары болған. Ыбырай мен Досжан – Наурызбайдың балалары. Туған атасы Құрақ 4 жасар құймақұлақ Досжанды анасы өмірден өткен соң өз бауырына басып алған. Құрақтың Досжаны аталуы да сондықтан. 8 жасында домбыра тарта бастаған Досжан 12 жасына дейін Сыр бойының көптеген күйшілерінің күйлерін шебер орындау дәрежесіне жеткен. Есейе келе оның есімі Сырдан асып, Арқаға, Қостанай, Торғай, Ақтөбе аймақтарына жайылған. Өз заманындағы дәулескер күйшілер Шал, Мырза, Әлшекей, Қазанғаптардың күйлерін тыңдап өскен ол өзі де күйлер шығарып, артына мол мұра қалдырған. Тереңөзек, Сырдария, Жалағаш аудандарын, Қызылорда маңындағы ауыл-ауылды аралап, халыққа өз өнерін паш еткен. Қарсы кездескен күйшімен күй тартысып, жарысқан. Оған өзінің Бәти қызбен күй тартысы куә бола алады. Осыдан соң дүниеге "Бәти қыз" күйі келген. Құрақтың Досжаны 1938 жылдан Нартай Бекежановтың концерттік бригадасының құрамында болып, 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, өнер көрсеткен. Арасында аудан мектептерінде домбыра үйірмелерін ұйымдастырып, сабақ берген. «Қызылөзек», Тельман, Жәдігер мектептеріндегі өзі құрған домбыра оркестрі аудандық, облыстық байқауларда жүлдеге ие болған. Құрақтың Досжаны 1944 жылғы 20 қаңтарда 66 жасында өмірден өткен. Қызылорда облысы, қазіргі Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылынан бірнеше шақырым жердегі ескі "Карл Маркс" қорымына жерленген.1978 жылы Құрақтың Досжанының 8 күйі күйтабақ болып, Ташкент қаласынан жарыққа шыққан. Күйлерін орындаған шәкірті, күйші Исламбек Ысқақов (1930-1981). Мұнан басқа, 2008 жылы жарыққа шыққан "Сыр сүлейін сұрасаң" атты антологияға бірнеше күйі енгізілген. Қазақ радиосының эфирінен дәулескер күйші Құрақтың Досжаны жайында бірнеше хабар жасалған. Қызылорда облысы, Сырдария ауданының ұлт-аспаптар оркестрі 45 жылдан бері Құрақтың Досжанының атымен аталады. Оркестр құрамында қырыққа тарта өнерпаздар бар. Олар талай рет аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды иемденді. Оркестр дирижері - Сансызбай Сәдуақасов. Қазіргі күні күйші Құрақтың Досжанын зерттеп жүрген журналист, Құрақтың Досжанының бірге туған ағасы Ыбырайдың немересі Индира Ыбыраева Алматы қаласында тұрады.
## Шығарған күйлері
* "Қара жорға"
* «Бәти қыз»
* «Бұқтым-бұқтым»
* «Жетім қыз»
* «Терісқақпай»
* «Көкек"
* «Кербез төре»
* «Қоңыр қаз»
* «Қыпың», т.б.
1964 жылы фольклортанушы Мардан Бәйділдаев Досжанның 32 күйін үнтаспаға жазып алған. 1978 жылы Досжанның күйлері С. Ысқақовтың орындауында жеке күйтабақ болып шықты .
## Дереккөздер |
Домалақ жапырақты қияш (лат. Andrachne rotundifolia) - сүттіген тұқымдасы, қияш туысына жататын өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 40 см-ге дейін болатын көп жылдық өсімдік немесе жартылай бұта. Төменгі бөлігі ағаш тәрізді. Жас бұтақтары тік немесе доға тәрізді иілген, кедір-бұдырлы немесе тегіс.
* Гүлжапырағы жұмыртқа тәрізді, жиегі тісшелі. Сабағының төменгі жағындағы ірі жапырақтарының сағағы жақсы дамыған, жапырақ тақтасы ұзындығының 1/3-іне тең, ал қалған бөлігіндегілердің сағағы қысқа, шамамен ұзындығы 1,3 мм. Домалақ, сирек жағдайда сына тәрізді немесе ойық болып келетін жапырағының ұзындығы мен ені 2,5-12 мм.
* 2-3 гүлі (сирек жағдайда 1 гүл) жапырақ қолтығында орналасқан. Аталығы ұзындығы 2,5 мм болатын жіп тәрізді гүл сағағына бекіген, сопақша келген қоңырлау жасыл түсті тостаған жапырақшаларының ұзындығы 1,5-1,75 мм, доғал.
* Күлтесі сопақша сына тәрізді, тілшелі, доғал, сүйір әрі жіңішке бөліктерге бөлінген. Ұзындығы 5 мм-дей болатын аналық гүлі гүл сағағына орналасқан, жемістенген кезінде ұзындығы 8-10 мм-ге дейін жетеді. Қауашағы көлденеңінен 2,5-3,5 мм, шар тәрізді. Сәуір-маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс салады.
## Дереккөздер |
Қазақстан тарихшылары мен қоғамтанушыларының лигасы - «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің 2009 жылғы 16 маусымда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғалымдарының бастамасымен құрылған одақ.
Академияға мүшелікке қоғамдық ғылымдар аясында еңбек етіп келе жатқан таңдаулы жетекші-ғалымдар қабылданады. «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігі мүшелігіне «Алтын белгілі» және «Күміс белгілі» кеудеге тағатын белгімен қоса куәлік тапсырылады. Қазіргі кезде «Алтын белгілі» мүшелігіне – 25 адам өтсе, «Күміс белгілі» мүшелігіне 12 адам қабылданды.
## Дереккөздер |
Сана Мақсұтқызы Анарқұлова (Жарлағасова — 2013 жылға дейін, 21 шілде 1989, Соль-Илецк, КСРО) - қазақстандық волейболшы, Қазақстанның және "Алтай" ВК құрамасының ойыншысы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
## Өмірбаяны
Сана волейболмен тағдырын Соль-Илецкте бастады. Оралдық "Грация" құрамасының бапкерінің шақыртуы бойынша, Қазақстанға көшіп, азаматтықты қабылдап, "Грация" құрамасында ойнай бастады. Онымен қоса, мұнай және газдың колледжінде оқыды.
Грация құрамасында төрт рет жеңіліп, Павлодар қаласына көшті. Онда "Ертіс-Казхром" құрамасында ойнады. 2008 жылдан бастап, Нелли Щербакованың шақыртуымен Алматы қаласына қоныс аударып, "Алматы" құрамасында ойын көрсетті. Сонымен қатар, Щербакова Сананы Пекиндегі 2008 жылғы олимпиадаға қосалқы ойыншы ретінде шақырды.
2010 жылы Гуанчжоудағы Азиада-2010-да құрамамен бірге Сана қола жүлдегері атанды. 2012-2013 жылдары "Астана" құрамасында ойын көрсетті. 2013 жылы шымкенттік "Динамо-Қазығұрттың" Медет Анарқұловқа тұрмысқа шықты. Қазір Медет Анарқұлов Қазақ Академиясында "Көлік және коммуникация" мамандығында оқиды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Сана — яғни данышпан Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы.
* Халықаралық волейбол федерациясы сайтындағы мағлұмат (ағыл.) |
Мерке түрік ордасы - Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында Мерке елді мекенінен 37 км қашықтықта орналасқан 43° с. е. 73° ш. б.43° с. е. 73° ш. б. / 43; 73 VІІ-VІІІ ғасырларда Батыс Түрік қағанатының орталықтары болған, түркі дәуірінен бізге жеткен, бай мәдени-тарихи мұра. 170-тен астам ескерткіштер 250 км2 аймағында Қырғыз Алатауының таулы жерінде 3000 м биіктікте орналасқан. Мерке түрік ордасы Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізіміне ұсынылған..
## Жалпы сипаттамасы
Мерке түрік ордасы – ортағасырлық түркілердің мәдени-ғұрыптық кешені. Бұл аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды.
Мерке ғибадатханасына бірнеше жылдардан бері жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижесі мұндағы тас мүсіндері бар ғұрыптық ескерткіштер негізінен мүсіндердің иконографиялық түріне жақындығын көрсетті. Ғибадатханадағы мүсіндерде жеке тұрған әйел немесе ер адам бейнесі бейнеленген. Меркелік тас мүсіндерде қолдарына ыдыс ұстаған әйел мүсіндері барынша мәнермен өңделген. Егер мүсінде егде әйел бейнесі сомдалса кимешегі, келіншек бейнесі сомдалса сәукелесі, әшекейлері анық көрсетілген. Мүсіндердегі бас киімдер мен көкірегіне тағылған әшекейлеріне қарап, әйел адамның жасын және қоғамдағы әлеуметтік статусын ажыратуға боладыМерке ғибадатханасындағы әйел адамдарына арналған тас мүсіндердің орналасуы, бейнелену ерекшеліктері көшпелі түрік қоғамында әйелдің ерлермен теңдей дәрежеде болғандығын аңғартады. Сонымен бірге мұнда түркілердің еркектік бастаумен бірге, Ананы — ұрпақ жалғастырушы ретінде тану сияқты, терең тамырлы көшпелілердің идеологиясы жатыр.
Түркілер мәдениетінің ерекше бір түріне руникалық жазба ескерткіштер жатады. Түркілердің құпия жазбаларының ашылуы орта ғасырдағы көшпенді түріктердің дүниетанымын тануға мүмкіндік береді. Көне түріктік ойма жазулар соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия территориясынан көптеп табылып отыр. Қазақстан жерінен табылған (Ертіс, Талас, Шу өзенінің аңғарлары) руникалық жазба ескерткіштерді Мерке ғибадатханасынан табылған қойтастардағы ойма жазулар толықтырады. Бұл руникалық жазулар түркі мемлекеттерінің өмір сүру дәуірімен тікелей байланысты.
Мерке өңірінен бүгінгі таңда үш ойма жазу табылып отыр. 2000 жылы шілде айында табылған бірінші ойма жазу – “Мұң тарқатар жазу” көне түрік кезеңіне жатады. Бес руникалық таңбадан тұратын бұл көне түрік жазуын профессор А.Аманжолов түрікше “бұ қыл йас” деп оқыды. Қазақша баламасы “Мұңым-күйзеліс” (күйреу), екінші баламасы “Мұңымды тарқат”, “Шерімді жаз!” деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар бұл қойтастағы жазудың хронологиялық уақытын көне түркі заманының соңғы ширегі деп болжайды.
“Көне түріктердің көк тәңірге тасқа ойып жазған тілегі” 2004 жылы тамыз айында табылды. Ғажайып таңбалары бар қойтастың ұзындығы 4 м, ені 2 м. Жазудың өзі тасқа терең етіп ойылған ерекше үш таңбадан тұрады. Әр таңбаның биіктігінің өзі жарты метр шамасында. Таңбаларды зерттеу нәтижесінде түрік жазуының оңнан солға қарай оқылатыны анықталған. Бір ғажабы, жазу жоғарыдан, яғни көк аспаннан оқуға арналған тәрізді. Мұндағы жазу “абыну” немесе “абынғу” деп оқылды. Ол уану, жұбану деген мағына береді. Бұл сөздің түбірі – көне түрік етістігі абын-қазақ тілінде уан түрінде осы күнге дейін сақталған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл қойтастағы көне руникалық жазу көк тәңірге арналған. Қойтастың жоғарғы жағындағы ойықтар мен тастың үлкендігін ескере отырып, бұл аймақты ғалымдар, осы өңірді мекен еткен көне түрік тайпаларының құрбандық шалуға арналған айрықша қасиетті де, киелі орны деп отыр.Қазақстан жеріндегі Шу өзені алқабындағы Мерке өңірінен табылған келесі жаңалық 2005 жылы болды. Қойтасқа ойып жазылған үшінші руникалық жазу екі таңбадан тұрады. Оның көне түрікше оқылуы ық “ық жер” дегенді білдіреді. Бұл көне руникалық жазуды оқыған профессор А.Аманжоловтың айтуы бойынша, қойтастағы жазу жайлаудағы ызғар желден, жауын-шашыннан пана болатын жерді белгілеп, көрсетіп тұрғандай.
Батыс Түрік қағанатының астанасы маңынан тек руникалық жазулар ғана емес, қалашықтан бастап қоныс орындары, обалар, тас мүсінді культтік құрылыстар, стелалар, петроглифтер, алтарьлар, таңбалар табылып отыр. Бұлардың барлығы да бүгінгі таңда мемлекет бақылауына алынуда және зерттелу үстінде.
“Мәдени мұра” тізіміне ұсынылған келесі бір тамаша ескерткіш – Мерке ғибадатханасының солтүстік жағындағы Жайсан ғибадатханасы. Бұл ортағасырлық түріктерден қалған мәдени – ғұрыптық кешен. Ғибадатханадағы ескерткіштерді зерттеу және сақтау жұмыстары 2001 жылдан бастап қолға алынды. Мұнда ескерткіштердің негізгі бөлігі орналасуына қарай бір заңдылыққа негізделген. Яғни, жерлеу құрылыстары кешеннің батыс бөлігінде орналасса, ғұрыптық құрылымдар кешеннің шығыс бөлігіне шоғырланған. Тек сирек жағдайда ғана қоршаулар қорғандардың ортасында немесе культтік кешендердің батыс бөлігінде орналасқан. Жайсан ғибадатханасының құрамдас бөлігі болып табылатын түріктердің өнер туындылары мемориалдың оңтүстік батысына жақын аралыққа шоғырланған. Мұндай өнер туындыларына тас мүсіндерде және стелаларда, сондай-ақ жартастарда кездесетін рулық таңбалар, петроглифтер т.б. жатады.
Ғибадатханаға жүргізілген барлау жұмыстары кезінде басқа да көптеген құнды заттар табылды. Бір айта кететін жайт, археолог Айман Досымбаеваның пайымдауынша, ғибадатхананың ескерткіштерінде кездесетін ромб үлгісіндегі таңба әшекейліктен басқа бойтұмар ретінде қызмет атқаратын киелі сипатқа ие болған. Қазақ этнографиясында қазіргі күнге дейін ромб түріндегі таңбаны еске түсіретін тұмар тағу сақталған. Жартастарда салынған ромб түріндегі тұмар-таңбалар функционалдық мағынада Жайсан ғибадатханасының киелі жерінің шекарасын белгілеу үшін қызмет еткен болса керек.
Ғибадатхананың тас мүсіндерінде, сондай-ақ жартастарында кездесетін дөңгелек үлгідегі таңбалардың семантикасын археолог Айман Досымбаева күн культімен байланысты деген болжам айтады. Тас мүсіндер мен жартастарда суреттелген дөңгелек таңбаларды Ұлы жүздегі Дулат тайпасының рулық белгісімен салыстыру өте нәтижелі болып отыр.
Өзінің әлеуметтік-саяси құрылымы бойынша қоснегізді этнографиялық тұрмысы, яғни Орталық Азияның көптеген түрік тайпаларын құрамына енгізген Шығыс және Батыс бөліктері екі түрік әлемін – Шығыс және Батыс ареал тайпаларының мәдени арқатынасын көрсетеді. Тағдырдың жазуымен қасиетті Батыс Түрік қағанатының орталығында екі түрлі түрік әлемінің мәдениеті қосылған және Мерке ғибадатханасы ұрпаққа мұра ретінде қалды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Turkic sanctuary of Merke - UNESCO World Heritage Centre Accessed 2009-02-27. |
Раушангүл бітесі (лат. Macrosiphum rosae) - бітелер тұқымдасының биологиялық түрі. Өсімдік зиянкесі.
## Биологиялық сипаттамасы
Тұқымдастың басқа түрлеріне қарағанда рашангүл бітесінің денесі ірі. Жасыл түсті, жылтыр кейде күрең түсті, құйрығы ұзынша келген қылыш тәрізді жәндік.
Жұмырқалары бір жылдық өркендерде қыстайды.
Дер нәсілдері көктемде, сәуір айында шығып, жас бүршіктерді зақымдаса, ересек биттері жапырақтардың, гүл шанақтарының, өркендердің сөлін сорып зиян келтіреді. Зақымданған жапырақта ширатылы, өркендері буратылып, гүл шанақтары ашылмай қалады. Биттердің саны жаздың 2-жартысында күрт көбейеді, жылына 4-7 ұрпақ беріп дамиды.
## Күресу шаралары
Күресу шаралары: өсімдіктерге 4 пайыздық сабын ерітіндісін немесе қолдануға рұқсат етілген инсектицидтер бүркеу керек.
## Дереккөздер |
Писаревка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Бастомар ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін қысқарған "Писарев ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 624 адам (308 ер адам және 306 әйел адам) болса, 2009 жылы 525 адамды (252 ер адам және 273 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Веселовка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Бастомар ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін қысқарған "Писарев ауылдық округі" құрамында болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 408 адам (200 ер адам және 208 әйел адам) болса, 2009 жылы 302 адамды (150 ер адам және 152 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Байшылық (2003 жылға дейін — Ленино) — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, 2019 жылы қысқарған Писарев ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстікке қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 276 адам (126 ер адам және 150 әйел адам) болса, 2009 жылы 116 адамды (51 ер адам және 65 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қостеңбілді бозторғай (лат. Melanocorypha bimaculata) - ашық ақ түсті төсіндегі қошқыл теңбілдері үшін осылай аталған бозторғай.
## Сипаттама
Қостеңбілді бозторғай келбеті және дене мөлшері қатар қоныстанатын дала бозторғайына өте ұқсас. Алайда ұшқанда қанатының артқы жиегін көмкерілген ақ көмкерменің болмауы арқылы жақсы ажыратылады. Онда ақ бұлқын қауырсындар да болмайды. Оның орнына құйрығын жазған кезде құйрықтың әрбір қауырсынынан дөңгелек ақ теңбілдер жақсы көрінеді — мұндай белгі бірде-бір бозторғайда жоқ. Өте жақын танысқан кезде дала бозторғайына қарағанда қостеңбілді бозторғайдың құйрығы және тұлғасының қысқарақ екені көзге бірден шалынады. Әуені сыңғырлаған және әдемі, бірақ дала бозторғайының әуезінен төмен. Бұдан басқа, қостеңбілді бозторғай аз ұшады және ұшып жүріп сирегірек сайрайды.
## Мекені
Қазақстанда бүкіл шел зона мен шөлейттің оңтүстік бөлігін мекендейді, сандары да өте көп болады. Африка және Азия, соның ішінде Орта Азияда да қыстайды. Тіршілігі бозторғайлардың көпшілігінің тіршілігіндей.
## Дереккөздер |
Сырбаз қуырдақ — сірнеге ұқсас жеңсік тағам. Қай малдың болса да жаңа сойған жас етін қазанға салып, бие сүтін құйып, тұз салып ақырын ғана қайнатқан кезде өз буымен піседі. Кей жерлерде мұны "бұқпа қуырдақ" деп атайды. Піскен кезде еті сағыздай созылып тұрады. Аталған дәмі сыйлы кісілер мен қарт адамдарға тартады. Соңғы жылдары ұмытылып бара жатқан халқымыздың осы жеңсік тағамның болғанын оның дәмін татқан Орталық Қазақстанда тұрған бұрынғы ұстаз Рысбала Шалабаева айтып берді. Бұқпа да, сірне де, сырбаз қуырдық та жасалу жолы ұқсас болғанымен әрқайсысының өз ерекшелігі мен орны бар дастарқан мәзірі.
## Дереккөздер |
Ақтамақ бұлбұл (лат. Irania gutturalis) - нағыз бұлбұлдардан айтарлықтай ірірек және өте көз тартарлық тұрғыда түрлене боялған құс.
## Сипаттама
Ересек аталықтың жоны-- қошқыл сұр, басының екі жағы және құйрығы - қapa; бауыры — құйрығының астына таман ашық түсті болатын қанық-қызғылт; тамағында ақ түсті үшбұрыш таңдағы болады. Аналығы - бозғылттау реңді, аталығынан гөрі күңгірттеу болып келеді.
## Мекені
Бұл құс Кіші, Алдыңғы және Орта Азияда таралған. Қазақстанда ақтамақ бұлбұл Батыс Тәңіртау жоталарын бойлай Қиыр оңтүстікте ғана байқалады. Африкада және Арабияда қыстайды. Қазақстанға сәуірдің соңында ұшып келіп, тамызда ұшып кетеді. Бұталар өскен теңіз деңгейінен 2000 метрге дейін биіктіктегі тасты тау беткейлерінде ұялауды ұнатады. Ақтамақ бұлбұл күшті және әдемі сайрайды. Сайраған үнінде бұлбұлдың, сандуғаш және қызылтамақ бұлбұлдың әуезіне ұқсастық бар. Аталықтар нағыз сайрау мезгілі қызған кезде құйрық қауырсындарын тарқатады да қанатын кең жайып, өзіне тән құсойнақ жасайды.
## Ұялауы
Бұталарда және жерде тұрақтайды, барлық қылығы алабұлбұлға ұқсас. Беті ашық, тостағанша тәрізді ұясын бұта бұтақтарына салады. Салындыда 3-5 былғаныштау қоңырқай-жасылдау жұмыртқа болады, оны аналығы басады. Ақтамақ бұлбұлдың тұқымтоптық өмірі егжей-текжейлі зерттелмеген. Ересегі де , балапандары да бунақденелілермен қоректенеді.
## Дереккөздер |
Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар ""құршаян"" деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен етеді.Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі - жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі метрге жетеді.
## Құрылыс және классификация
Денесінің ұзындығы 1 — 2 мм-ден (ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0,25 мм) 80 см-ге жетеді. Ең ірісі — жапон шаяны (Macrocheіra kaempferі), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян — Солтүстік Атлант омары (Homarus amerіcanus), оның салмағы 20 кг. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан — үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәріздер түлеу арқылы өседі. Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін). Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Бас бөліміндегі бунақтардың саны тұрақты — акроннан және 4 бунақтан құралған, олардың 5 жұп өсінділері бар. Бірінші жұбы — антеннула, екіншісі — антенна, қалған үш жұбы қорегін ұстайтын және ұсақтайтын, түрі өзгерген аяқтары. шаянтәрізділердің басында бір жұп күрделі немесе фасеттік көздері бар. Кеуде және құрсақ бунақтарының саны бірдей емес. Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты. Құрсағы көпқылтанды құрттардың пигидиіне (құрсақтың соңғы бөлімі) ұқсас тельсонмен (құрсағының соңғы бунағы) аяқталады. Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және “бауырдан” құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар (рецепторлар) түрінде болады. Зәр шығару жүйесі екі жұп безді: антенналды және максиллярлы. Тепе-теңдік сақтау мүшесі — статоцист жақсы дамыған. Шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен онаяқтыларда гермафродиттік кездеседі. Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл — науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс., крабтардың зоеа сатысы). Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.