text
stringlengths
3
252k
Қыдық (лат. Sophiopsis) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі жылдық өсімдіктер туысы. ## Түрлері Қыдықтың 4 түрі бар. Қазақстанда 3 түрі өседі. * Сарбас тәрізді қыдық (Sophiopsis sisymbrioides) - Қызылорда облысында, Балқаш-Алакөл алабында, Түркістан өңірінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. * Бір жылдық қыдық (Sophiopsis annua) - биіктігі 10-35 см, таудың сазды, тастақты және қиыршықтасты беткейлерінде, сор топырақты далада өседі. Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. * Сарғыш қыдық (Sophiopsis flavissima) - биіктігі 35-100 см болатын екі жылдық өсімдік. Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларында, Тарбағатай жотасында, таудың шатқалды беткейлерінде және өзен жағалауында өседі. ## Дереккөздер
Ащықошкөл (Ащы Күшкөл) — Ақмола облысы Қорғалжын ауданының шығысындағы көл. Кеңбидайық ауылынан 23 км оңтүстік-шығыста, Ұзынкөл көлінен 3 км оңтүстік-батыста, Астанадан 110 км оңтүстік-батыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 356 м биіктікте. ## Гидрографикасы Ауданы 6,8 км2 (кей жылдары 5,4 км2). Ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,7 км. Жағалау сызығының ұзындығы 15,6 м. Су жинау алабы 36,5 км2. ## Жағалау сипаты Жағалауы көлбеу, табаны лайлы. Жағалаудың солтүстік-батысында қамыс, қияқ өседі. Еріген қар және еспе сулармен қоректенеді. Суы ащы, ағынсыз көл. Мал суаруға пайдаланылады. Қаз-үйректер ұя салатын жерлері де кездеседі. ## Дереккөздер
Әлібек Асылбайұлы Асқаров (21 қаңтар, 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Чернов ауылында туған) – жазушы, прозашы, баспагер, журналист. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). ҚР Академиялық Ұлттық кітапханасының директоры. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы (1998 жылдан). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ## Толығырақ Алматы көркемсурет училищесін(1975 ж.), ҚазМУ-ді(1982 ж.) бітірген. 1968-69 ж. киномеханик, 1975 ж. «Білім және еңбек» журналы редакциясының көркемдік редакторы, әдеби қызметкер, жауапты хатшысы, 1986 ж. ҚР Президенті Аппараты және Министрлер Кабинеті ішкі саясат бөлімінің аға референті. 1993 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары. 1996 ж. Ұлттық Баспасөз және бұқаралық ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары. 1998 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі мемлекеттік баспалық бағдарламаларды қалыптастыру департаментінің . 1999 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі Баспа және баспахана істері департаментінің . 2005 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, бас инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. ## Шығармашылығы * 10-нан астам кітаптың, повестер мен әңгімелердің авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. * Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі баспа ісінің және полиграфия саласының ұйымдастырушысы. "Құтмекен" (1979), "Тайга толғауы" (1981), "Жасыл әлемге саяхат" (1985), "Ерте түскен бозқырау" (1989), "Өр Алтай, мен қайтейін биігінді" (1997), "Родники рождаются в горах" (2000), "Мұнар тауды, музарт шыңды ансаймын" (2004), "Социализм әңгімелері", "Скрип соленого сердца" (2005), т.б. кітаптарының авторы.. ## Мемлекеттік марапаттары * 1998 жылы Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы (құрметті атағы); * 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» құрметті атағы берілді. * 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі * 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі * 2006 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі * 2014 жылы елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының жоғарғы марапаты «Парасат ордені» мен марапатталған. * 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі * 2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі * 2015 жылы «Ұлт мақтанышы» алтын белгісі * 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» медалі * 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі. ## Дереккөздер
Бүрдесбеков Бақытнұр Байқанұлы (1962 ж.т.)-суретші,ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1992), Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі (2005), Қазақстан суретшілер қауымдастығының мүшесі (2006),Н.В. Гоголь атынд.Алматы көркемсурет уч-щесін (1981),В.И.Мухин атынд.Ленинград жоғары көркем-өнеркәсіп уч-щесін (1989) бітірген. 1989-91 ж. Қарағанды қ. сәулет және қала құрылысы бас басқармасында,1989-93ж. Қарағанды пед.ин-тында «Сурет» кафедрасында аға оқытушы, 1997-2007 ж.ЕҰУ дизайн кафедрасында аға оқытушы. Жаңа астананың объектілерін: «Думан» ойын-сауық орталығын, Астанадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайын» көркемдеуге қатысқан. Халықаралық және респ. көрмелердің иегері (1989-2008). ## Пайдаланылған әдебиет А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.
Бекболат Байсағатов(1958 ж.т.)-флейташы, ҚазКСР еңбек сіңірген артисі(1990 ж.). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (флейта, 1980), Мәскеудің П.Чайковский атындағы консерваториясын(1983 ж.) бітірген. 1977-1979 жылдары Абай атындағы опера және балет театрының симфония оркестрінің артисі, 1979-1983 жыл-ы ҚазКСР Мемлекеттік симфония оркестрінің әншісі, 1981-1983 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, 1983-1990 жыл-ы Қарағанды облыстық филармониясының әншісі және симфония оркестрінің әншісі, 1990-1996 жылдары Қарағанды облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, 1996 ж. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің директоры, 1998 ж. Астана қаласының мемлекеттік филармониясының директоры, 2002-2005 жыл-ы Астана қаласының Мәдениет департаментінің бастығы, 2005-2006 жыл-ы «Нұр Отан» партиясының мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі басқармасы бастығы, 2006 ж. Астана қаласының мемлекеттік филармониясының бас директоры. ## Пайдаланылған әдебиет А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.
Боқаев Тұрсынхан Айтқазыұлы(1952-2007)- сәулетші, КСРО және ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі. ЙАШИ сәулет бөлімін бітірген (1974).Жезқазған қаласының орталық бөлігі жоспарлау жобасының авторы (1978),Арқалық қаласының орталық бөлігін жоспарлау жобасына өткізілген бүкілодақтық конкурсқа (1980) және Петропавл қаласының (1979),Талдықорған, Ақтөбе қалаларының, Қостанай және Семей қалаларының орт. бөлігін жоспарлау жобасына қатысушы. «Астана қаласының бас жоспарын түзеу» тұжырымдамасы үшін респ. Конкурстың алтын медалімен марапатталған (2006). Астана қаласында өткен «Сәулет бумонды-2001» халықаралық байқауының,Астана қаласы орталығының сәулет –жоспарлау шешімі үшін («Алтын шырақ»алтын кубогы) (2001) дипломанты . Мәскеу қаласында өткен «Зочество-2001»халықаралық сәулет фестивалінің Үлкен Алтын Дипломымен, «Астана қаласының жаңа орталығының сәулеттік композициясының халықаралық деңгейі үшін» халықаралық сәулет академиясының дипломымен (2001) марапатталған.Астана қаласының аумақтық дамуының тұжырымдамасы үшін республикалық конкурста 1 орынды (2005) иеленген. ## Пайдаланылған әдебиет А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.
Сарбас тәрізді қыдық (лат. Sophiopsis sisymbrioides) – орамжапырақтар тұқымдасы, қыдық туысына жататын бір, екі жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 20-50 см. * Сабағы тік, қатты бұтақталған, мақта тәрізді үлпілдек түк басқан. * Жапырақтары қос қауырсынды, төменгі және ортаңғы жапырақтарының ұзындығы 4-4,5 см, ұзын сағақты. Төбе жапырағының ұзындығы 1 см-ге дейін қысқа сағақты. 3-4-тен және төбе жапырақтары 1-2-ден жұп болып топтасқан, бөліктері ұзынша жұмыртқа тәрізді. * Гүлшоғыры - қысқа, қалқан тәрізді, көп гүлді. Сарғыш түсті тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 2-2,5 мм. Күлтесі ақ, ұзындығы 3-3,5 мм, ені 1-1,5 мм. Бұршаққынының ұзындығы 5-7 мм, ені 1-2 мм, қандауыр немесе эллипс тәрізді. Маусым айында гүлдейді. ## Өсетін орны мен таралу аймағы Қазақстанда Қызылорда облысында, Балқаш-Алакөл алабында, Түркістан өңірінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Өсетін орны - таудың тастақты беткейі, өзен жағалауы, тақтатасты жерлер. ## Дереккөздер
Мәртөк — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, аудан және Мәртөк ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Ақтөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде, Елек өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 8117 адам (3924 ер адам және 4193 әйел адам) болса, 2009 жылы 9795 адамды (4670 ер адам және 5125 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі Ташкент – Орынбор темір жолының салынуына байланысты қаланған. Мәртөкте ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мәртөк арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы және Ақтөбе – Мәртөк автомобиль жолы өтеді. «Мәртөк» елді мекенінің атауына қатысты пікірлер осы уақытқа дейін әртүрлі. Олардың барлығы да назарға алуға тұрарлық, бірақ мұрағаттық дәлелдер жоқ. Газеттердегі жарияланымдардың біреуі ауданның атауы «мортық» шөбінен шыққан десе, басқалары мибатпаққа батып кеткен ақмаңдай жалғыз мүйізді бұқа туралы аңыздан қалды дейді. ## Дереккөздер
Мемлекеттік ту - мемлекеттік рәміз болып табылады. Сол мемлекеттің өкіметінің белгісі. Шетелде ұлттық байрақ деген термин көп қолданады, оның себебі - ол елдерде ұлт деген түсінік этникалық қатыстықты емес, азаматтықты белгілейді. Байрақ - ағаш сапқа, аттың басына, қару-жараққа, тағы басқа заттарға тағылатын арнайы айыру белгі. ## Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың көгілдір біртүстілігі, аспанның бұлтсыз таза күмбезін еске түсіріп, Қазақстан халқының бірігудіңжоғары және игілікті идеясына бейімділігін бейнелейді. Мемлекеттік жалаудың көгілдір аясы, Қазақстан халқының жаңа мемлекет құруға ұмтылу ниетінің тазалығы мен көтеріңкілігін көрсетуге шақырады. Өз сәулесіне шомылған алтын Күн, тыныштық пен байлықты білдіреді. Күннен тарайтын шапақтардың саны - 32. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала бүркіті қазақтардың жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің биіктігін танытады Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді.Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі және Мемлекетті тудың бейнесін пайдалану ережелер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңында бегітілген.. ## Кейбір елдердің мемлекеттік тулары * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * ## Дереккөздер
Юрий Петрович Буштрук(1932 ж.т.)-мүсінші. КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі(1963 ж.). Ол 1961 жылы Львов қолданбалы және декорациялық өнер мемлекеттік институтын бітірген. 1951-1956 жылдары Харьков вокзалы, Кахов ГЭС құрылысында жұмысшы, 1961 жылдан Ақмола қаласында ҚазКСР Көркемсурет қорының көркем-өндірістік шеберханасында жұмысшы болып істеді, 1963-1965 ж. Қазақстан СО Целиноград өлкелік ұйымы басқармасының төрағасы. «Всадник революции»(1976 ж.), С.Сейфуллин ескерткіші(1976ж., Астана), Н.Островский ескерткіші(Солтүстік Қазақстан облысы,1972 ж.), «Красные трактора» декоративтік вазасы(1968, ҚазКСР Мемлекеттік өнер мұражайы), т.б. туындылары бар. ## Пайдаланылған әдебиет А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.
Жастар (2018 жылға дейін — Молодежное) — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Мағжан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Булаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км жерде, орманды-дала белдемінде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1954 жылы өзімен аттас астық кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Кеңшарға Мағжан Жұмабаевтың аты берілді. 1995 жылы астық өндірумен айналысатын 29 шаруа қожалығы құрылды. Молодежныйда жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімшесі, астық дайындау пункті, т.б. бар ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 735 адам (369 ер адам және 366 әйел адам) болса, 2009 жылы 381 адамды (184 ер адам және 197 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Молодогвардейское — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Молодогвардейск ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан ортталығы – Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км-дей жерде. ## Тарихы Іргесі 1954 жылы тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1994 жылға дейін кеңшар орталығы болды. Кеңшар негізінде “Молодогвардейское”, “Туған жер” ЖШС-тері және “Магда” шаруа қожалығы құрылды. Ауылда темір жол вокзалы, астық қоймасы, машина-трактор жөндеу шеберханасы, т.б. мәдени-ағарту, тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1235 адам (621 ер адам және 614 әйел адам) болса, 2009 жылы 809 адамды (409 ер адам және 400 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызыл шілік , жертаған тал (лат. Salix iliensis) – талдар тұқымдасының тал туысына жататын бұта. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 0,5-3 м, бұтақтары қызыл қоңыр түсті. * Бөбешік жапырақтары сопақша, жиекті. Жапырақтарының ұзындығы 2-6 см, ені 1,5-3 см. Түп жағында сына немесе эллипс тәрізді, екі жақ ұшы үшкір, бүтін жиекті, жалаң немесе аздап түк басқан. * Сырға гүлі сирек гүлді, ұзындығы 2,5 см-ден 9 см-ге дейін жетеді. Шірнелігі ұзынша немесе жұмыртқа тәрізді. Аталығы 2, жалаң жіпшелері бар. Аналық мойны мен аузы қысқа, 2 қалақшалы. Қауашығының ұзындығы 10мм-дей. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Қазақстанда Тобыл-Есіл жазығында, Ертіс маңында, Семей орманында, Көкшетау аймағында, Сарыарқаның шығысындағы ұсақ шоқыларында, Алтай мен Тарбағатай жоталарында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Қырғыз, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында кездеседі. Қайың шоғырларында, шалғындарда, өзен жағасында және таудың орманды беткейлерінде өседі. ## Дереккөздер
Қылтанақ дәлен (лат. Botsc) – шатыршагүлділер тұқымдасының дәлен туысына жататын көп жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 50 см. * Сабағы қарапайым, жалаң. * Жапырағы жіңішке, ашық жасыл түсті, төменгі жапырақтары ұзын жіңішке сағақты. Жапырақ тақтасы үшбұрышты жалпақ, ұзындығы 10-20 см, терең ойық жиекті. * Шатыршагүлі жалғыз немесе 2-3, ұзын гүлсағағы болады, оған 3-10 гүлі топтасады, оның 4-еуі ғана жемістенеді. * Жемісі ұзынша келген ұршық тәрізді, ұзындығы 20 мм-дей, ұзын жеміс сағағы болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Алтайдың Үбі (Оба) жотасында, Кавказда және Ресейдің Қиыр Шығыс мен Жапонияда кездеседі. Аралас және қылқан жапырақты ормандарда, көлеңкелі шатқалдарда, бұталардың арасында өседі.Таралу аймағы азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Анколе (Нколе) - африкалық мемлекет, XV – XVI ғасырларда Виктория көлінен солтүстік – шығыста орналасқан, қазіргі Уганда территориясында. Мемлекеттің негізін нколе халқы құрды. Астанасы – Мбарара. XVII – XVIII ғасырларда Анколені басқарған адамдар Китара мемлекетінің басшысына салық төлеген. XIX ғасырда Анколе Бугандыға бағынышты феодалды мемлекетке айналады. Англо – германиялық келісім бойынша 1890 жылы Анколе мемлекеті Британияның ықпал аймағына кіріп, ал 1901 жылы Англия Анколені бұрынғы протекторат Уганданың құрамына кіргізеді. ## Дереккөздер
Қарқаралы бөріқарақаты (лат. Berberis karkaralensis) – бөріқарақат тұқымдасы, бөріқарақат туысына жататын өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 2 м-ге дейін жететін бұтақтары аз, тікенекті бұта. Бұтақтарының қабығы қызғылт қоңыр. Тікенектері (3-5) тармақталған, ұзындығы 20 мм-дей. * Жапырақтары жартылай қабықшалы, пішіні ұзынша келген, сағақты, кенекті жиектері ара тісті. Жапырағының ұзындығы 3-4 см, ені 1 см-дей. * Сары түсті майда гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым айында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. * Жемісі - шырынды, ашық қызыл түсті, сопақша жидек. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Қазақстанда Қарағанды облысы, Қарқаралы таулары беткейлерінде, қарағайлы орман жиектерінде өседі. Түркістан облысында (Кентау қаласы маңында) шектеулі ғана саны кездеседі.Қарқаралы бөріқарақаты - өте сирек кездесетін эндемик. Оның таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Ақтар немесе Оптар лат. Octarus (? - 430 ө.ж.) - Ғұндар тайпаларының көсемі, 430 жылға дейін ағайыны Руамен бірге ғұндар империясын басқарған.
Марат Жақсылықұлы Әбиев (1989 жылы 6 қыркүйекте туған) — қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы, ең жас миллионер болып табылады, Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша, 2013 жылы қарашадағы Әбиев Мараттың дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған. Мараттың басшылығымен және жас мамандардың кәсіби командасының арқасында қазақстандық құбыр өнімдерін Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылардың 80% жуығы мойындап, сатып ала бастады. ## Өмірбаяны Әбиев Марат Жақсылықұлы 1989 жылы 6 қыркүйекте Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 1999 жылы экономикалық дағдарысқа байланысты Әбиевтердің отбасы облыс орталығы Ақтөбе қаласына көшіп келген. ### Отбасы Әкесі Әбиев Жақсылық Медихатұлы – В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша тәмамдаған. Ақтөбе мұнай барлау экспедициясында дизельші, Октябрь бұрғылау жұмыстарының басқармасында (АБЖБ) механик, цех бастығы; Орталық Өндірістік қызмет көрсету базасында – бас инженер; «Ұлы қабырға» ҚҚБҚ ЖШС – цех бастығы қызметтерін атқарған. Өмірінің соңғы жылдарында «Ақ берен» РМКК подполковник атағында шұғыл жұмыс командирінің орынбасары қызметінде болған. Анасы Әбиева Тамара Асауханқызы – «Сәулет және құрылыс конструкциялары» курсы бойынша ЖОО оқытушысы, шахматтан ҚазКСР чемпионы. Қарындасы Жақсылық Маржангүл Жақсылыққызы – ҚАЗ ГЗУ студенті. Орта мектепті тәмамдаған соң Ақтөбе Кооперативтік Техникумына оқуға түсіп, 2009 жылы «Ақпарат өңдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002 жылы желілі маркетингпен айналыса бастады. 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Ақтөбелік Рэп топтарына продюсерлік ете бастайды. 2004 жылы компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына қызмет көрсетумен айналысатын «ААА Тechnology» компаниясының іргесін қалады. 2007 жылдан бастап Әбиев М.Ж. жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істей бастайды, сол кезде ол «W» және "IT-outsourcing" компанияларын құрған. «W» компаниясы – сайттар ашумен, әрленімімен және сайттарға қызмет көрсетумен айналысқан веб-студия. Ол Ақтөбе облысының нарығындағы сайттар ашу қызметтерін ұсыну саласындағы тұңғыш компаниялардың бірі болған. «W» веб-студиясы «Қызмет көрсету саласының үздігі» марапатына ие болды. Компания жұмыстарды толығымен және жартылай қолдау қызметтерін, сондай-ақ компаниялардың IT – инфрақұрылымдарына қызмет көрсету және жаңғырту бойынша қызметтерін ұсынды. 2009 жылы Марат «Евромобайл Қазақстан» ЖШС құрды, компанияның басты бағыты автокөлік құралдарының спутниктік мониторингі қызметін ұсыну болды. 2011 жылы «KSP Steel Сауда үйі» ЖШС іргесін қалады. «KSP Steel Сауда үйі» «KSP Steel» ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай-газ саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға арналған болаттан жасалған жапсарсыз құбырлардың жалғыз өндірушісінің өнімдерін сатудың көлемін арттыру үшін ашылған болатын. «KSP Steel Сауда үйі» ЖШС арқасында Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың шамамен 80% қазақстандық құбыр өнімдерін мойындап, сатып ала бастады. Бұған дейін Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылары тауарларды тек шетелдік жеткізушілерден сатып алатын еді. «KSP Steel Сауда үйі» «Тауарлар саласындағы үздік» медалі, «Қазақстандық өнімді таңдаймыз» дипломы, «Еуропа – Азия – шекарасыз әріптестік» медалі сияқты лайықты марапаттарына ие болды. 2012 жылы «Қазақстанның тауар өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ құруға бастама жасалды. Қауымдастықтың басты міндеті «Отандық тауар өндірушілерді қорғау және қолдау» болып табылады. Сонымен қатар Марат Әбиев Ұлыбританияда, Ресей Федерациясында қазақстандық өндіріс тауарларын сатумен айналысатын компаниялардың құрылтайшысы болып табылады. Ол сонымен бірге Ұлыбританиядан, Ресей Федерациясынан, Түркиядан, Қытай Халық Республикасынан, Белоруссиядан Иран Ислам Республикасына металл, азық-түлік, медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша халықаралық сауда-саттықпен де айналысады. ## Библиография * «Қазақстандық арман» (2013) ## Дәулеті Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша 2013 жылдың қараша айында Марат Әбиевтің дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған ## Қосымша фактілер * Kapital.kz іскерлік порталы Марат Әбиевті 2013 жылдың тұлғасы деп атаған. Сондай-ақ 2013 жылдың тұлғалары ретінде: Нұрсұлтан Назарбаев, Григорий Марченко, Кеңес Рақышев және Михаил Ломтадзе аталған. ## Дереккөздер
Қаратұрын мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы, Қаламқас мұнай-газ кен орнынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. 1978 жылы ашылған, 1980 жылы Шығыс Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын ашылды. Кен орны игерілуге дайын. ## Геологиялық құырылымы мен сипаты Ортаңғы юра шөгінділерінің иірімдері мұнайлы және мұнайлы-газды, бірыңғай газ иірімдері Теңіздік Қаратұрынның бір қабатында және Оңтүстік Қаратұрынның екі қабатында белгілі болды. Иірімдерінің биіктігі 1-34 м. Коллекторлардың кеуектілігі 25-34%, өткізгіштігі 0,06-0,8 мк м², мұнайға қаныққан қалыңдығы 0,5-17,7 м-ге, газға қаныққан қалыңдығы 0,5-17,7 м-ге дейін өзгереді. Қалыңдығы 4-25 м-дей сазды таужыныстары жаппа болып табылады. ## Құрамы Мұнайының тығыздығы 894-925 кг/м³; * күкірт - 0,77-1,5%; * парафин - 1,4-4%; * асфальтендері - 0,8-4,3%; * силикагельдік шайыры - 5,1-17,4%. Еркін газдар құрамында - 70% ауыр көмірсутектер, 29,7% метан бар. Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1099-1114 кг/м³, минералдары 155-156 г/л. ## Дереккөздер
Кәрімовтер баспаханасы ағайынды Мұхаметжан және Шәріпжан Кәрімовтердің Қазан қаласында ашқан жекеменшік баспаханасы. ## Тарихы 1880-1917 жылдары негізінен қазақша кітаптар шығарған және оларды тарату ісімен шұғылданған. Баспаханадан қазақ тілінде жалпы таралымы 500-600 мың данадай 115 кітап шыққан. ## Баспадан шыққан кітаптардың бірнешеуі "Гүлкәшима" (М. Сералин)"Қалың мал" (С. Көбеев)"Манзумат қазақия" (Н. Наушабаев)"Үлгілі тәржіме" (И. Крылов)"Көкселдір", "Шаир" (құрастырушы Ғ. Машақ)"Қазақша әліппе" (М. Нұрбаев)"Мактубат" (А. Сабалұлы)"Халық мұңы" (Қ. Сәдуақасұлы)"Өткен күндер" (С. Сейфуллин)"Қара қыпшақ Қобыланды" (бастырушы М. Тұяқбаев)"Абай термесі" (бастырушы С. Әбішұлы)"Қазақша-орысша үйреткіш" (сөздік)"Қазақша дұрыс жазу қағидалары" (И. Бейсенұлы)"Кел, балалар, оқылық" (Қ. Шахмарданұлы) ## Дереккөздер
Қылтанқұйрық (лат. Pholiurus) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. ## Түрлері мен таралу аймағы Қылтанқұйрықтың 4 түрі Кавказ, Орта Азия елдерінде және Кіші Азия түбегінде, Батыс Сібір жазығында, Балқан түбегінде, Иран, Ауғанстан және Батыс Еуропа елдерінде өседі. Оның ішінде 3 түрі Қазақстанда кездеседі: * Жалаңқабыршақты қылтанқұйрық (Pholiurus glabriglumis) - Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында, Қызылқұм құмды алқабында, Іле Алатауында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. * Иран қылтанқұйрығы (Pholiurus persicus) - Іле және Қырғыз Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шань жоталарының тау етегіндегі сазды жерлерде, тастақты және құмды далада, тәлімі егістікте арамшөп ретінде өседі. * Венгр қылтанқұйрығы (Pholiurus pannonicus) - Каспий және Арал теңіздері маңында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының сортаңды шалғындарында, көл жағалауында және далалық ойлауыттарда өседі. ## Дереккөздер
Сарытомар — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Мағжан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 416 адам (205 ер адам және 211 әйел адам) болса, 2009 жылы 279 адамды (139 ер адам және 140 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан ұлттық академиясының академигі (1962), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1974). ## Қысқаша өмірбаяны 4 жасында шешесі өліп, жетім өскен Орымбек 1921 ж. 10 жасқа толғанда ауыл мектебінен сауатын ашады. 1923 ж. Қарқаралыдағы мектеп-интернатқа орналасып, оны 1930 ж. үздік бітіреді. Төлеңгіт руынан шыққан. * 1930 ж. Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1934 ж. үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. * 1934 - ҚазПИ-ді (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) бітірген. * 1934 — 51 ж. - ҚазПИ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі; * 1945 — 65 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі; * 1965 — 69 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Математика және механика институтында директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі; * 1969 — 89 ж. - Қазақстан ұлттық академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы; * 1985 — 89 ж. - Қазақстан ұлттық академиясы Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болды. ## Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков — республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі (1968). Бұл мектеп қазір Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). Октябрь Революциясы орденімен, 2 рет “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған. Шығармалары: * Математикалық анализ курсы, Алматы, 1958; * Математиканың даму тарихы, Алматы, 1967; * Бесконечные системы дифференциальных уравнений, А.-А., 1974 (сооавтор); * Теория бесконечных систем дифференциальных уравнений, А.-А., 1978 (соавтор). Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, жалпы зиялы қауымға арналған «Білім және еңбек» журналының шығуына атсалушылардың бірі болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ЖӘУТІКОВ ОРЫНБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
Суня - Хорватиядағы өзен, Саваның оң саласы. Ұзындығы - 69 км, бассейнінің ауданы - 462 км2.Өзеннің басы Зринск тауының дөңес баурайларында орналасқан, Хрватск - Костайница қаласынан 20 км батыста. Өзеннің жоғары жағында солтүстік-шығысқа, содан соң оңтүстік-шығысқа ағады, Маюр ауылында қайтадан солтүстік-шығысқа бұрылады. Суня ауылында өзен шығысқа, ал ауылдан кейін Лоньск алаңына ағады. Пуска ауылының жанында Саваға қосылады. ## Сыртқы сілтемелер * [1] * [2] ## Дереккөздер
Жақсыбай – Жайық алабындағы өзен. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жиналатын алабы 2661 км2. ## Бастауы Ақтөбе облысы жеріндегі Теректітөбе тауынан (244 м) басталады да Қарағанды құмын жағалап Сұлукөлге құяды. ## Гидрологиясы Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы енсіз (10 — 12 м), жайылмасы төменгі жағында ғана қалыптасқан. Салалары: Шыңғыссай (15 км), Майлысай (27 км), Ащысай тармағы (46 км). Жылдық орташа су ағыны 0,093 м3/с. Жаздың ортасында суы тартылып, қарасуларға бөлінеді. Мал, шабындық суғарылады. Алабы — табиғи шабындық, шүйгін жайылым. ## Дереккөздер
Бұғұт тас мүсiнi шамамен VI ғасырдың 20-80 жылдары ең алғашқы атақты қағандардың бiрi Таспардың құрметiне қойылған. Ол көптеген жерлердi өзіне бағындырған ақылды да батыл билеушi болған. Ескерткiштiң жоғарғы жағында түркiлердiң тотемдiк белгілері – аналық қасқыр мен ұл бала суретi ойып салынған. Аңыз бойынша, аналық қасқыр баланы өз сүтiмен емiзіп, түркi тайпасына өмiр сыйлаған. Бұғұт жазуы – соғды тiлiндегi түркi ескерткiштерiнiң ең ежелгiсi. Таста түркілер мен ирандықтардың мəдени жəне сауда-саттық байланыстары жайлы деректер жазылған. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4
Жалаулы қоймасы – алтын бұйымдар қоймасы. Бұл қойманың ашылуы бір қызық оқиға. Оны Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаулы елді мекенінің маңындағы өзен аңғарынан мектеп оқушылары тауып алған.Сірə, бұл əлдекімнің қолына түсіп, өзен аңғарына жасырылған қойма болуы керек. Құрым киізден тігілген дорбаға салынған бұйымдардың табиғаты осындай ойға жетелейді. Киімдердің, белдіктер мен ат əбзелдерінің (саймандарының) əшекейлері жəне басқа да зергерлік алтын бұйымдардың жалпы саны алты жүзден асады. Олардың ішіндегі аса бағалысы – жарты ай тəрізді иіліп келген алтын тəж. Тəждің жоғарғы жағы асыл тастар қондырылған арқар мүсіндерімен безендірілген. Арқардың мүйіздері тұтасып келіп əсем өрнек түзеді. Аяқтарының ортасындағы құс қондырған қос марал бейнесі бар əшекей тек əсемдігімен ғана емес, айтар ой, мағынасымен де тосын дүние болып табылады. Табиғаты жағынан б.з.д. V – ІІІ ғасырларда өмір сүрген сақ мəдениетінің асыл үлгісі болып табылатын Жалаулы қоймасының ғажайып сырлары əлі толық зерттеліп, ашыла қойған жоқ. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4
Бәдік - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды емдеу мақсатында айтылған. Бәдік “Көш-көш” деп басталып, “көш-көш” деп аяқталады. “Асқар-асқар тауға көш, ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жұртқа көш” деп, ауру адамның дертін өлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан. Себебі бақсы-балгерлік нанымға байланысты халық әр аурудың “иесі” бар деп түсінген. Бәдік әдетте кешке қарай, іңір қараңғысында орындалған. Бірте-бірте бәдікті қыздар мен жігіттер тобы болып бөлініп айту салты шыққан. Ақырында бәдіктің атқаратын міндеті түбірімен өзгеріске ұшырап, қыз-жігіттің арасындағы айтыс, ойын-сауық түріне айналған. Ә. Диваев жазып алған: “Айт дегеннен айтамын-ау, бәдікті, Қара мақпал тоным бар барша әдіпті. От оттамай, су ішпей, жата берсе, Бәдік емей, немене бір кәдікті. Ай, көш! Бәдік, бәдік деседі, Бәдік желдей еседі. Асқар, асқар тауларға, Ағыны қатты суларға, Айнала соққан құйынға, “Ай, көш!” десе, көшеді. Ай көш!…” деген Бәдік өлеңнің алғашқы шумағы негізгісі де, соңғы жеті буынға құрылған бөлігі әннің қайырмасы іспетті. Көпшілік боп айтатын мұндай бәдік өлеңдерде ауыз әдебиетінің дәстүрлері сақталған. ## Сыртқы сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Беклер бегі немесе Бектердің бегі (османша:بكلربكی = Beylerbeyi) - ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер. Алғашқы түркі тайпаларында сайланып қойылатыын атақ пен қызмет орны болса керек. Осы мағынада ұлыс бегі, ел бегі және ұлы бек деген терминдермен мәндес болған сияқты. Кейін Беклер бегі атағы мен қызметі түрік халықтары елдерінде кең тарап, ханның арнайы жарлығымен беріліп, тағайындалған. Беклер бегі аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқарған. Мәселен, Түркияда облыстарды басқаратын губернаторлар Беклер бегі деп аталған. 20 ғ-дың басына дейін Хиуа хандығында аса ірі тайпаларды (мысалы, қарақалпақ) басқаратын хан ұлығына Беклер бегі атағы берілген. Ұсақ руларды, аталарды билейтін аталықтар Беклер бегіне бағынған. Қоқан хандығына тәуелді қазақ тайпалары мен руларын басқаратын ханның мирасқоры Беклер бегі деп аталған . ## Дереккөздер
Ямщикова Жанна Андреевна — 1946 жылы 23 қыркуйекте туған. Мәскеу полиграфиялық институтын инжернер-технолог мамандығы бойынша, 1971— 1974 жылдары Алматы қаласындағы №2 мемлекеттік баспаханада техникалық қауіпсіздік бойынша инженер болып істеді. 1974 жылы "Кітап" фабрикасына ауысып, 1994 жылға дейін алғашында кадрлар даярлау бойынша инженер,кейін инженер-технолог болып еңбек етті. 1992-1994 жылдары "Караван" АҚ баспахана бөлімінің бастығы болды. 1994 жылдан қазіргі уакытқа дейін "Кинетика" ЖШС директорының орынбасары. ## Дереккөздер
Жақсыбай — Тобыл мен Өлкейек өзендерінің бастаулары аралығындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Қостанай облысының Науырзым ауданы жерінде, Торғай үстіртінің оңтүстік жағында, Сыпсыңағаш қолатының шығысында, теңіз деңгейінен 229 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 14 км2, ұзындығы 4,8 км, ені 4 км, жағасының ұзындығы 15,1 км. Жауын-шашын және жер асты суымен толысады. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұщы, тамыз айында сәл кермектеледі. ## Жағалау сипаты Жағасы, негізінен, жайпақ, батпақты, оңтүстік түйетайлы, жарқабақты. Мал ішеді, шабындық көлдетіліп суарылады. Іргелес жатқан Арыстанбай өңірінің жайылымы суландырылады. ## Дереккөздер
Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың туындысы. Кітапта XIV–XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542–1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В. В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған. ## Әдебиеттер * «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. / Құраст.: Қ. Ж. Райымбеков, Қ. Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4
Саллам əт-Тарджуман – араб саяхатшысы. Ол IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад қаласының маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен өтіп, Еділге (Волга) келген. Біраз уақыт өткен соң Каспий маңындағы жазық даланың солтүстігіндегі көшпенді башқұрт еліне де жетеді. Батыс Қазақстан арқылы азкиш түркі тайпасының қаған ордасы орналасқан Орталық Қазақстанның жазық даласына келеді. Саллам əт-Тарджуман азкиштер мен түркештердің тұрмысын, мəдениеті мен шаруашылығын көркем суреттейді. Саяхатшы Тараз, Барсхан қалаларын аралап көріп, Жетісу арқылы кері қайтқан. ## Дереккөздер
Дүре салу - жазаның ауыр түрі əрі масқаралау түрі. Көбінесе, жазалының құйрығын жалаңаштап қойып, жазасына қарай 25, 50, 75, 100 қамшы дүре соғылады, яғни ұрады. Дүре үстінде өліп кеткендерге құн төленбейді. Мұндай ауыр жаза ұрыларға, опасыздарға, ауыр қылмыскерлерге, қолға түскен барымташыларға, өшті-қасты адамдарға беріледі, кек алу жолында да қолданылады. Дүре көп алдында соғылады жəне оның əлеуметтік, тəрбиелік, заң жолында да атқаратын қызметтері бар. Мысалы, мұндай жазаны көрген адамдар қылмысқа көп бара бермейді. Қазақстан Республикасында жазаның бұл түріне қазіргі кезде тыйым салынған. ## Дереккөздер
Янкин Илларион Павлович - Социалистік Еңбек Ері (1957), алғашқы тыңгерлердің бірі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942). 1910 жылы Ресейде, Самара облысы, Сухоречка деревнясында туған. ## Еңбек жолы * 1930 жылы Куйбышев облысы "Новая пахарь" ауыл шаруашылығы артелінде колхозшы. * 1934-1946 жылдары - Свердлов облысы Красногвардейск шахтасында забойшы, Красноуральск кен басқармасында учаске бастығы болды. * Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) ерен еңбегімен көзге түсті, кен қазуда көп перфораторлы бұрғылауды өндіріске енгізді. * 1943 жылдан КОКП мүшесі. * 1946-1947 жылдары Свердловск тау-кен институтының студенті. * 1948-1954 жылдары Жоғарғы Пышма қаласындағы кеніш директоры. * 1955-1957 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданындағы (1963 жылы Сергеев, ал 1999 жылдан Шал ақын ауданы) Дзержинский атындағы совхоздың директоры қызметін атқарып, тың игеруде өз үлесін қосты. ## Жетістігі * Кен қазуда көп перфораторлы бұрғылауды өндіріске енгізгені үшін - КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942) ## Наградалары * 2 мәрте Ленин ордені * Социалистік Еңбек Ері (1957) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Нұржол желек жолы — Астана қаласының орталық ауданындағы желекжол. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орын тепкен. Астананың басты тынығу-көгалдану орындарының бірі. Ұзындығы -1252 м. Нұржол - екі сөздің бірігуінен жасалған. «Нұр» сөзі сәуле, жарық, шұғыла дегенді білдіреді. Ал «жол» сөзі қазақ халқының [дәстүрлі түсінігінде өте қасиетті ұғым. Желекжолда «Нұрсая» тұрғын үй кешені, «Транспорт тауэр» ғимараты орналасқан. ## Галерея * * * * * * * ## Сілтемелер * Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы Мұрағатталған 16 қаңтардың 2013 жылы.  (қаз.) (ағыл.) (орыс.) ## Дереккөздер
Яковенко Николай Петрович (1913 жыл, Түркістан облысы, Жуалы ауданы - 23.10.1993, Бауыржан Момышұлы ауылы) - Социалистік Еңбек Ері (1948), Түркістан облысы, Жуалы ауданы, "Комсомольская правда" колхозының председателі (1945). ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылдан бастап колхозшы болып еңбек етеді. * 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жуалы ауданы, "Комсомольская правда" колхозының председателі болып тағайындалып, оның іскер басқаруының арқасында колхоз алдыңғы қатарлы колхоздардың бірі болады:егістік алқабының көлемі ұлғайтылады;барлық ауыл шаруашлық дәнді дақылдарының өніміділгі жоғарлайды;агрокешен жұмысы жетілдіріледі; тұрақты бригадарлық топ құрылады, оларға арнайы жерлер бекітіледі;агротехникалық жағдайларды жақсарып, жоғары өнім алуға ықпал жасалынады. * егістік алқабының көлемі ұлғайтылады; * барлық ауыл шаруашлық дәнді дақылдарының өніміділгі жоғарлайды; * агрокешен жұмысы жетілдіріледі; тұрақты бригадарлық топ құрылады, оларға арнайы жерлер бекітіледі; * агротехникалық жағдайларды жақсарып, жоғары өнім алуға ықпал жасалынады. ## Наградалары * Ленин ордені * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қаратал құмы қорықшасы – мемлекеттік маңызы бар табиғи-ботаникалық қорықша. 1978 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында ұйымдастырылған. Аумағы 1,3 мың га. Бозайғырқұм шөліндегі қатты шымдалған құм төбелер қорықша аумағына кіреді. ## Флорасы Өсімдіктерден жүзгін, теріскен, жыңғыл бұта шоғырлары қалың өскен. Құм шағылдары арасындағы қазаншұңқырларда қорықшада қорғалатын басты өсімдік - шырғанақ өседі. Шығыс Қазақстанның басты құнды өсімдігі саналатын шырғанақтың басым бөлігі осында шоғырланған. Мұнда сұрыптау жұмыстары нәтижесінде алынған аласа, ірі жемісті және қатты немесе әлсіз (жұмсақ) тікенекті түрлері өсіріледі. Шырғанақ өсірілетін аумақ 1,2 мың га жерді қамтиды. Жемісінің жылдық қоры 26-24 т деп бағаланады, оның ішінде кәсіптік мөлшері 6,8-14 т. Жемісіндегі майдың мөлшері 4-6%.Шырғанақтан басқа мұнда екпе қарағай, сонымен қатар терек, көктерек, қайың ормандары, ойыстарда ну қамыс шоғырлары мен батпақты шалғындар кездеседі.Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерден: неоген кезеңіндегі саваннаның түрлі жапырақты терегі немесе тораңғы, тиынтақ, шым жуасы, т.б. реликт өсімдіктері өседі. ## Фаунасы Қорықшаны Зайсан қазаншұңқырында сирек кездесетін шығыс айдаһар жыланы, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлерден - Зайсан батбат кесірткесі, Орта Азия аусылы, жорға дуадақ, кәдімгі дуадақ, сүтқоректілерден Роборовский атжалманы, Орта Азия сілеусіні, т.б. мекендейді.Өрттің шығуы және мал жайылымына шектеу қойылмауы - қорықшаға үлкен қауіп төндіруде. ## Дереккөздер
Ядринцев Николай Михайлович(18.10.1842, Омбы қаласы – 7.6.1894, Барнаул қаласы) – Сібірді зерттеуші этнограф, археолог, публицист. Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін 1860 – 63 ж. Санкт-Санкт-Петербург университетінің ерікті тыңдаушысы болды. “Сібір жерлестер ұйымы” студенттік үйірмесіне қатысып, 1865 ж. “Сібір патриоттарына” саяси мәнді үгіт парақшасын құрастырушы ретінде Омбы түрмесіне қамалды. 1874 ж. Санкт-Петербург қаласында тұруға рұқсат алды. 1876 ж. Батыс Сібір Бас басқармасына (Омбы қаласы) мемлекеттік қызметке орналасып, 1881 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Ядринцев Орыс ppгеография]]сы қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен 1878, 1880 ж. Батыс Сібір мен Алтайға барып, өлкенің өткені мен қазіргі жағдайы туралы құнды мәліметтер жинап қайтты. 1880 жылғы экспедициясында “бұратана халықтардың тұрмысын” зерттеуге көп көңіл бөлді. Осы еңбектері үшін Орыс географиясы қоғамының алтын медалімен марапатталды. 1881 жылдан редакторлық, ғылыми жұмыстармен айналысты. 1882 – 89 ж. “Восточное обозрение” газетінде (1882 – 87, СПб.; 1888 – 89, Иркутск) редактор болды. 1885 ж. Еуропаға (Германия, Италия, Швейцария, Австрия) саяхат жасады. 1886 ж. Минусинск өлкесіне, 1890 – 91 ж. финн археологтарының ppҚарақорым[[ға жасаған экспедициясына қатысты. Ядринцев ppҰйғыр қағандығы[[ның астанасы – Қарабаласағұн мен Шыңғысхан империясының астанасы – Қарақорымның орнына және Орхон өзені бойындағы ежелгі руна жазба ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. 1891 ж. “Сібір тұрғындары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы” атты кітабын шығарып, онда жергілікті халықтардың құқығын қорғады. Зерттеулер барысында Ядринцев Орталық Азия халықтарының өзіне тән жазуы болған деген қорытындыға келіп, ол ойларын “Орхон экспедициясы жайлы еңбектер” жинағында (1892) және “Байырғы моңғол атласы” (1892 – 99) атты еңбегінде жариялады. 1893 ж. АҚШ-қа қоныс аудару мәселесі бойынша зерттеу жүргізуге барды. 1894 ж. Барнаулға келіп, бекіністе орналасқан шаруашылықтар туралы мәліметтер жинаумен, қоныс аударушылардың жағдайын зерттеумен айналысты. Ол өз еңбектерінде Солтүстік Қазақстан өлкесі, соның ішінде Петропавл және Көкшетау уездері жайлы мәліметтерге көп көңіл бөлген. Сондай-ақ “Көшпелі тұрмыс және даладағы зерттеулер” (1886), “Батыс Сібірге сырттан келген халықтарды зерттеу жоспары” (1880) деген мақалаларында қазақ халқын антропологиялық, этнографиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді ұсынды. Шоқан Уәлихановпен жақын таныс болып, ол жайлы мақалалар жазды. ## Дереккөздер:
Юнусова Саадат Пахирдинқызы – 1934 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы, Шелек ауданының Шелек кеңшарында дүниеге келді.. 1951 жылдан зейнет демалысына шыққанга дейін "Мектеп" баспасының машбюросында әуелі машинистка, кейін бөлім меңгерушісі болған. ## Дереккөздер
Юнусова Патыш - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Октябрь" колхозының звеношысы (1933). 1898 жылы Қырғыз жерінде, Ленинопольск ауданы, Қызыл-Сай ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1933 жылы "Октябрь" колхозына жұмысқа кірген оны колхоз басқармасы қызылшашылар тобының звеношысы етіп тағайындайды. Оның басқаруымен қызылшашылар тобы өнімнен тек жоғары көрсеткіш көрсетіп отырды:1945 жылы межеленген 180 центнердің орнына 1 гектар жерден 653 центнер қант қызылшасын жинаған;1946 жылы - 210 центнердің орнына әр гектардан 770 центнерден;1947 жылы - 4,5 гектар жердің әр гектарынан 734 центнерден, ал 2 гектардан 800 центнерден өнім алады. * 1945 жылы межеленген 180 центнердің орнына 1 гектар жерден 653 центнер қант қызылшасын жинаған; * 1946 жылы - 210 центнердің орнына әр гектардан 770 центнерден; * 1947 жылы - 4,5 гектар жердің әр гектарынан 734 центнерден, ал 2 гектардан 800 центнерден өнім алады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Юнусов Ұшқын Исмаилұлы (1940 ж.т.,Шымкент қ.) – техника ғылымының докторы (]]1991[[), профессор (1994). Ташкент политехникалық институтын бітірген (1962). Қазақ химия-технология институтында аспирант (1967–70), кіші ғылыми қызметкер (1970– 74), 1974 жылдан Қазақ химия жобалау ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі болды; кейін институт директоры қызметін атқарды. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Юнусов Анатолий Усманович (1934 жылы туған, Қарағанды облысы Октябрь ауданы Майқұдық кенті) – еңбек ардагері. Ауыр жүк тиейтін автопоезд жүргізушілерінің бригадирі, Социалистік Еңбек Ері (1986), КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1985). Еңбек жолын 1951 ж. «Қарағандышахтақұрылыс» №2 тресінің құрылыс басқармасында электр дәнекерлеуші болып бастаған. Кейіннен осы мекемеде жүргізуші (1956), Ақмола автокөлік комб-ның бригадирі (1974) болып жұмыс істеген. 11-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО ордендері, медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Сарыесікатырау – Балқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш жіне Жетісу облысы Көксу, Кербұлақ және Қаратал аудандарының жерінде. ## Жер бедері Ұзындығы 240−250 км, ені 120−180 км, ауданы 40 мың км2-ге жуық. Қырқааралық ойпаңдарында сор не тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2−80 м аралығындағы тереңдіктен шығады (Нарынбай, Ағашаяқ, Шекара, Шеңгелді, Бидайшы құдықтары). ## Климаты Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы – 9 −14°С, шілдеде 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 150−180 мм. Сарыесікатырауда Іле өзенінің көне арналарының (Шетбақанас, Ортабақанас, Ортасу) ізі сақталған. Сонымен бірге жеке төбелер (Көшқонар, Қарақаралы, Босаған, Орта Көкдобақ, Қаражды, т.б.) мен қоныс (Қарқаралы, Мыңғылши, Ұзынарал), қыстаулар (Арыстан, Сәрсембай, Нарын, Бесшағыл, т.б.) кездеседі. ## Өсімдігі Іленің атырауында қара сексеуіл, жүзгін, жусан, теріскен, еркекшөп, құм қияғы, изен, сортаң жерлерінде күйреуік, Балқаш көлі жағалауында жыңғыл өседі. Негізінен мал жайылымы үшін пайдаланылады. Көктем, күз айларында Сарыарқа өңірінің қазақтары Сарыесік түбегі арқылы өтіп, Сарыесікатырау құмын қыстау еткен. ## Дереккөздер
Эдуард Джилкибаев - 1938 жылы 11 маусымда Мәскеу қаласында туған. 1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Мектепте, көркемсурет училищесінде ұстаздық еткен. Халық театрында режиссер, Суретшілер одағында аға референт, Қазақ теледидарында Бас редактордың орынбасары, «Нива» журналында редактор болған. Қазір «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі. Алғашқы мақалалары 1956 жылы жарық көрген. ## Шығармашылығы * «Мартовский снег» («Жалын», 1980), * «Долгая работа» («Жазушы», 1990), * «Любовь хулигана. Сергей Есенин и Августа Миклашевская» («Московский издательский дом», 2000), * «Собственность автора» («Жібек жолы», 2000) атты кітаптары жарық көрген. * Жазушы Ж.Тілековтің «Сквозь огонь войны», * Н.Ақышевтің «Необыкновенное лето» кітаптарын, Т.Мамасейітовтің әңгіме, повестерін аударған. ## Дереккөздер
Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаев (14 мамыр 1941 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылында) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1990). ## Өмірбаяны Алматы музыкалық училищесінде (1954 – 1957) оқыған. 1966 жылы Жаркент қаласындағы педагогика училищені, 1968 жылы “Қазақфильм” студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген. 1968 жылдан “Қазақфильм” студиясында киноактер болды. ## Ойнаған рөлдері Алғаш ойнаған рөлі – “Қилы кезең” фильміндегі Қапан (1966). Таңдаулы рөлдері қатарында Сағатбай (“Балалық шаққа саяхат”), Төлеген (“Ұшы-қиырсыз жол”, 1968), Нұржан (“Мәншүк туралы жыр”, 1969), Хакім (“Атаманның ақыры”, 1970), Комиссар (“Орман балладасы”, 1972), Контрабандашы (“Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері”, 1973), Смайылбек (“Көксерек”, 1974), Пачкаев-Бүркіт (“Бүркіттің соңғы жылы”, 1976; Ереван қ-нда өткізілген 11-Бүкілодақтық кинофестиваль дипломымен марапатталды, 1978), Мұраталиев (“Нан дәмі”, 1979; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), Сейіт (“Қызыл керуен”), Тыко Вылко (“Түпсіз құрдым”, 1981), Барысбай (“Қызыл отау”, 1983), т.б. Ол сонымен қатар “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Аллажар” (1992 – 1995), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. көркем фильмдерге де түскен. ## Марапаттары КСРО Кинематографиясының үздігі (1986). “Парасат” орденімен марапатталған (2007). ## Дереккөздер
Эдоков Юрий Васильевич (01.01. 1947, Алтай өлкесі, РФ) СШ-і, ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы. Респ-ның әлденеше мәрте ч-ны, Бүкілодақтық "Д" ерікті спорт біріншілігінің жене бірнеше халықар. турнирлердің жүлдегері. 1984 жылдан ШҚО-ның, респ. құрама к-дасының аға жаттықтырушысы. ## Дереккөздер
Руа немесе Руғила, Руас, Руға (Rua, гр. Ρούγας, Ροϋνας, Ρωίλας; т.ж. белгісіз - 434 /440 ө.ж.) - Рим империясын алғашқы рет жеңген Ғұндар тайпаларының көсемі. ## Дереккөздер
Ысқақбаев Әлібай (7.5.1946 ж.т., Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек а.) – физика-математика ғылымының докторы (1998), профессор (1999). ҚазМУ-ды (1968, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның физика-математика институтында ғылыми қызметкер (1968–74), Қазақ политехникалық институтында (1974–79, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық универстиеті), қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы нда кафедра меңгерушісі (1979–84) болды. Қазіргі кезде ҚазҰУ-да доцент (1985–99), профессор қызметін атқарады. «Рассеянное разрушение вязкоупругих тел: теоретическое и экспериментальное исследование» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы. ## Сілтемелер * Қазақ ұлттық техникалық универстиеті * Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы ## Дереккөздер
Ысқабаев Әли Әпекұлы (5.5.1939 жылы туған, Балқаш ауданында, Құйған ауылында) — жазушы, Қазақстан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1990), Қазақстанның еңб. сің. Мәдениет қайраткері. 1966 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Балқаш, Шелек, Қаратал, Көксу аудандарының газеттерінің редакторы болды. 1974-92 жылдары Талдықорған облыстық "Жерұйық" газеті редакторының орынбасары. 1992-2000 жылдары Талдықорған облыстық "Полиграфия" өндірістік бірлестігінің бас директоры. 2000 жылдан облыстық "Жетісу" газетінде. Оның балаларға арналған "Менің інім" (1961), "Солдат ағаға хат" (1979), "Еңбекқор құмырсқа" (1988), "777 жұмбақ" (1994), "Бесік жыры" (1996) атты өлендер жинағы, "Тайқасқа" (1992) атты повестері мен әңгімелер кітабы және бірнеше очерктер жинағы жарық көрген. ## Дереккөздер
Қаражан Үкібаев (1851−1934) — Семейдің атақты байларының бірі. Руы – Арғын ішінде Тобықтының Құлық руының Малтабар бөлімінен шыққан, Шыңғыстаудың Саржал деген ауылында дүниеге келген. Жеті атасы- Боранғазы-Досмағанбет-Ерназар-Малтабар-Еркеш-Кегенбай-Үкібай-Қаражан. Алаш қаласынан сәулетті кең үй салған. Варнава Ботовқа ет сатып, сол заманнын 1,5 млн рублей қазіргі 150 млн долларға ет сақтауға оңай жолың сатады. Алаштың оқыған көп азаматтары Қаражан үйінде тұрған. Алаш қозғалысы кезінде кеңсеге деп, бірнеше бөлмелерін босатып берген. Кейін бұл екі тәжілі үйі жетім балалар үйіне айналған. Аға-іні, туыстары Тобықты елдерінде ел билеу ісімен айналысқан, бәрі бай болған.Мұхтар Әуезов Қаражанды білген. Семейде жүрген кезінде келіп-кетіп, араласып тұрған. Қаражан 1934 жылы большевиктер қолынан қаза тапқан. ## Дереккөздер
Ысмағұлов Әдебиет Төлепбергенұлы (21.10.1932 ж.т., Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл а.) – медицина ғылымының докторы (1987), профессор (1988). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетіті Мұрағатталған 14 тамыздың 2008 жылы.) бітірген. 1965 жылдан Қазақстан ҒА-ның Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы. ## Сілтемелер * Қазақ ұлттық медицина университетіті Мұрағатталған 14 тамыздың 2008 жылы. ## Дереккөздер
Ыдырысова Рая Ыдырысқызы – 1934 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Ұзынбұлақ ауылында туған. КСРО журналистер одағының Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі.. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік кыздар педагогикалық институтының физика математика факультетін тәмамдап, ұстаздық жолын Талдықорган облысы, Сарқант ауданы, М.Толебаев аулындағы қазақ орта мектебінен бастады. 1960 жылдан "Білім және еңбек" журналында әдеби қызметкер, 1966 жылы техникалық шығармашылық бөлімінің меңгерушісі қызметін ат қарды. Камал Смайьшов сияқты май¬талман журналистен дәріс алып, жур налистиканың қырысырын меңгерді. Журнал беттерінде жарық корген "Қалпақтағы ми", "Көгілдір дәптер", "Кардио1" т.б. ғылыми фантастикалық жанрда жазылған әңгімелерімен, сондай-ақ қазақтың ғалым әйелдері: техника ғылымының докторлары Ж.Қандыбаева, Ә.Арынова, филология ғылымының докторы Ә.Нүрмаханова, көрнекті суретші А.Ғалымбаевалар жайында жазылған очерктерімен оқырмандарға танымал болды. Жастар тәрбиесі жөнінде "Оку мен еңбек егіз" атты такырыптар төңірегінде қазақ КСР-ның вицепрезиденті академик А.Нүсіпбеков, Қазақ КСР ішкі істер министрі Ш.Қабылбаев, Қазақ мемлекеттік университетің ректоры Т.Дарханбаев сияқты қазақтың қоғам және мемлекет қайраткерлерімен болған сухбат әңгімелері және оқу шылардың өндірістік, ауылшаруашылық бригадалары жайында жазған мақалалары оқырмандар көңілінен шыкты. 1971 жылы "Мектеп" баспасында жаңадан ашылған жоғары оку орындарына арналған оқулықтар редакциясына редакторлық қызметке ауысты. 1980-1984 жылдары Республикалық "Қазақстан мектебі" журналында әдеби қызметкер, политиехникалық оку бөлімінің редакторы болып қызмет атқарды. 1985 жылы "Мектеп" баспасы физикаматематика редакциясының меңгерушісі қызметіне ауысты. Жылма жыл өзгерістер мен толықтырулар ен гізген басылымдар мен Тол оқулықтар сапалы шығуына редакция ұжымын жумылдыра білді. 6 жасар балаларга арналғанматематика окулыгын бел гіленген мерзімде шығарып редакция баспа бойынша алдыңғы шептен көрінді. 1988 жылы осы редакцияның жетекші редакторы қызметін аткарды.1991-1998 жылдары "Қазақ университеті" аталған "Санат" баспасында жетекші редактор болып қызмет істеген жылдары А.Кобесовтің "Математика тарихы", Қ.Құлажановтың "Аналитикалық химия", Ш.Шаяхметовтың "Полимерлер", Қ.Қасымовтың "Сызықтық алгебра" атты сүбелі кітаптарын редакциялады. Ыдырысова Рая Ыдырысқызы көпжылдық тәжірибелі еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы оку ағарту ісінің үздігі" белгісімен, бірнеше рет медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Ыдырысова Раушан Сәлімқызы (18.10.1945 ж.т., Алматы қ.) – медицина ғылымының докторы (1991), профессор (1993). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті Мұрағатталған 14 тамыздың 2008 жылы.) және аспирантурасын (1974) бітірген. Осы институтта ассистент (1974–80), кафедра меңгерушісі, профессор (1980–85) қызметтерін атқарды. 1990 ж. «Патогенетические особенности и иммунокорригирующая терапия при вирусном гепатите В у детей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Сілтемелер * Қазақ ұлттық медицина универстиеті Мұрағатталған 14 тамыздың 2008 жылы. ## Дереккөздер
## Дереккөздер
Мундзук, Мунчуг, Монджак ( Присктің транскрипциясында Μουνδίουχος, маж. Bendegúz) (390-434) - ғұндардың патшалық тегінен шыққан ханзадасы. Шежіре бойынша - Харатонның баласы, Ақтармен Руғиланың ағайыны болған. Венгрлердің аңыздарында Бендегуз (маж. Bendegúz) деп аталады. Тарихта Еділ қаған мен Бледаның әкесі ретінде аты қалған. Иорданның Гетикасында ғана аты аталады. ## Тағы қараңыз * Ғұндар * Ғұндар мемлекеті * Еділ қаған * Бледа ## Дереккөздер
Әубәкір Ысмайылов — Қазақ КСР-інің халық суретшісі,режиссёр және актер. Қазақстанның халық әртісі ## Өмірбаяны Әубәкір Ысмайылов 1913 жылы №6 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында) туған. Әкесі шахтер болатын. Суретшінің жадында сақталып қалғаны ағылшындар салған ыс басқан барактар мен шаң-тозаңды даланың сұрықсыз келбеті еді. Әубәкір бала кезінен бастап суретті көп салды, балшықтан түрлі ойыншықтар жасайтын, әсіресе, жылқы мен салт атты адамның мүсінін жасауға аса құштар болатын. Еңбегі бірінші рет он бес жасында көрмеге қойылған. 1928 жылы жас суретші үлкен өмірге енді қадам басқан шағында Қазақстан қалалары мен поселкелерінде (Семей, Петропавл, Қызылорда және т.б.) бірінші рет көркемсурет көрмесі өткен. Оған 30 суретші қатысып, 110 живописьтік, графикалық, қолөнер шығармалары қойылды. Көрме өткен әр қалада ол жергілікті суретшілердің жұмыстарымен де толықтырылып отырды. Н. Крутильников, Ф. Болкоев, М. Белов, В. Уфимцев сияқты үлкен талант иелерінің ұйымдастыруымен өткен жылжымалы көрме Кеңес Үкіметі тарапынан үлкен қолдау тауып, көпшілік құрметіне тез бөленді. Халық ағарту комиссары А. Луначарский арнайы жеделхат жіберіп құттықтап, артынан көрме мемлекет қамқорлығына алынады. 1929 жылдың көктемінде Кеңестің кезекті съезі өтерде республиканың сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында көрме ашылады. Осы көрме Петропавлда өткен кезде оған Әубәкір Ысмайылов алғаш рет қатысты. Бұл әуесқой суретшінің тырнақалды балаң еңбектері болса да, жұрт назарын аударды. 1927-1928 жылдары Әубәкір Ысмайылов Омбыдағы М. Врубель атындағы кәсіптік көркемсурет техникумының қазақ жастарына арналған студиясында оқыды. Сол жылдары дала өмірін бейнелеу үшін Қазақстанға жиі келетін суретші Г. Савицкиймен бірлесіп істеген жұмысы жас суретшіге өте көп пайдасын тигізді. Ысмайыловтың ерте кезде салған шығармалары сақталған жоқ. Ол суреттердің тек аттары ғана белгілі. 1928-1929 жылдардағы көрмеде суретшінің «Бетпақдаладағы аңшы» мен «Сарысу алқабы» акварелі және ауыл кедейлері тақырыбына салған жиырма шақты суреті көрсетілген болатын. 1932 жылы Ысмайылов шахтерлер еңбегін бейнелеуге көбірек көңіл бөледі. Суретші есімі Қазақстанға және одан тысқары жерлерге кеңінен мәлім. Ысмайыловтың елге ерекше танылуы пейзаждары мен тақырыптық суреттерінің ғана арқасы десек қателесеміз, оның актерлік, режиссерлік, бишілік, балетмейстерлік өнерлері де ел-жұрттың үлкен қызығушылығын тудырған. ## Фильмография * 1931 - Өмірге билет * 1956 ж. – Даладағы қайыңдар – Аманов * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер * 1968 ж. – Тақиялы періште – Нияз * 1971 жыл – Ерекше күн – Жанбек * 1979 жыл – Он екі жаста – Қоқай аға * 1981 ж. – Туған дала – колхоз төрағасы * 1996 ж. – Жамбыл ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Туы ордені * Құрмет Белгісі ордені(01.03.1959 ж.). * «Ерен еңбегі үшін» медалі (25.03.1946). * Қазақ КСР халық әртісі (1985). * Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1960). * Суретшінің қызы Гүлзамира Исмаилованың сценарийі бойынша өмірбаяндық фильм – «Өмір палитрасы» («Қазақфильм», 1983) түсірілді. * Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына орай 2012 жылғы 28 қыркүйекте Астана қаласындағы көшелердің біріне (Республика даңғылы мен Бараев көшесінің арасы) оның есімі берілді. ## Суреттер * * * * *
Ыдырысов Қабдыкәрім (1928-1978) – Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Октябрьдің 25 жылдығы атындағы кеңшарда туған.. Найман тайпасының Бура руынан шыққан. 1948 жылы Павлодар педучилищесін, 1962 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1948-1952 жж. Павлодар облыстық атқару комитетінде істеген, 1952-1957 жж. республикалық, "Қазақстан пионері" газетінде бөлім меңгерушісі, 1957-1961жж. "Қазақ әдебиеті" газетінде жауапты хатшы, 1965-1972 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1972-1975 жж. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының директоры, 1975-1978 жж. "Жалын" баспасының директоры қызметтерін атқарды. Үлкенді-кішілі отыздан астам кітабы жарық көрген. А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Хикмет, Т.Шевченко, А.Барто, С.Михалков, С.Вургун өлеңдерін аударған. Қазақ КСР-нің Құрмет Грамотасымен, "Еңбектегі ерлігі үшін", т.б. медальдарымен марапатталған. Халық ағарту ісінің озық қызметкері. ## Дереккөздер
Ыбыраев Жүніс Ақатайұлы, жазушы, журналист (1928–2002). 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мақпал ауылында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Агропромышленный комплекс Казахстана» — «Қазақстан агроөнеркәсібі» журналында жауапты қызметтер атқарған. «Қазақстан» баспасында бөлім меңгерушісі болған.Бірқатар көркем очерк кітаптарының авторы, көптеген жинақтар құрастырған. М.Слуцкистің, А.Курчаткиннің роман, әңгімелерін қазақшаға аударып, кітап етіп бастырған.2002 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Ыбыраев Жүніс Ақатайұлы, жазушы, журналист (1928–2002). 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мақпал ауылында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Агропромышленный комплекс Казахстана» — «Қазақстан агроөнеркәсібі» журналында жауапты қызметтер атқарған. «Қазақстан» баспасында бөлім меңгерушісі болған.Бірқатар көркем очерк кітаптарының авторы, көптеген жинақтар құрастырған. М.Слуцкистің, А.Курчаткиннің роман, әңгімелерін қазақшаға аударып, кітап етіп бастырған.2002 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Имдин соғысы – Корей халқының жапон басқыншыларына қарсы жүргізген соғысы (1592-98). Бұл соғыс Кореяны басып алып, оны Қытайды жаулап алу мақсатынан туды. 1592 жылы жапон әскері Сеулді алып, елдің солтүстік қиыр шетіне қарай бойлай түсті. Басқыншыларға қарсы халықтық майданның қанат жаюы жапон жоспарының бұзылуына әкеп соқты. Ли Сун Син басшылық еткен бүкіл оңтүстік провинцияның теңіз күштері жапон флотына дүркін – дүркін күйрете соққы берді. Осының нәтижесінде корей флоты теңізде үстемдік алып, құрлықтағы жапон әскерінің жат елде қоршауда қалу қаупі туды. 1592 жылдың көктемінен жау басып алған барлық провинцияларға партизандар шабуылға шықты. 1593 жылы ақпанда Пхеньян, мамырда Сеул босатылды. Жапон әскерлері жаппай кері шегінді. 1597 жылы жапон әскерінің жаңадан жасаған жорығы да бүтіндей жеңіліспен аяқталды. 1598 жылдың аяғында жапон басқыншылары Корея жерінен түгелдей қуылды. ## Дереккөздер
Ыбыраев Саят Мұратұлы (14.10.1966 ж.т., Алматы қ.) – техника ғылымының докторы (1997). Мәскеу мемлекеттік университетін (1988), Қазақ КСР-і ғылым академиясының Математика және механика институтының аспирантурасын (1991) бітірген. Осы институтта инженер (1989–91), ҚР ҰҒА-ның Механика және машинатану институтында аға (1992–97), жетекші (1997–2000) ғылыми қызметтер атқарды. 2000 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде профессор, кафедра меңгерушісі. «Модульный синтез и анализ плоских рычажных механизмов и манипуляционных устройств со многими степенями свободы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Қазақ тілінде жыл айларының атауларын сол айдыңкездің ауа-райына, табиғаттың құбылыстарына, ырымдарға, ұлттық мейрамдар, салт-дәстүрлерге байланысты атаған. Қаңтар - қыстың екінші айы. Қаңтар - ескі түркі сөзі. Күннің барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай "қаңтар" деп атаған. Бұдан кейін күн ұзара бастайды. "Қаңтарда күн қарға адым ұзарады" дейді халық. Ақпан - қыстың соңғы айы. "Ақпан" - қазақтың "ақ ықпа", яғни боран деген сөзінен шыққан. Осы айда келетін амалды "Ақпан-дақпан алты күн, аязымен жеті күн" деген. Бұл жеті күн нағыз қыс ортасына келеді. Қар жауып, жел тұрып, боран, бұрқасын болады. Аяз күшейеді. Малдың жұтқа ұшырауы осы айда басталады. Олар тауды ықтап, ағашты паналайды. Айдалада адасып, аштық пен суықтан қырылып қалады. Жұт дегеніміз - осы. Наурыз - көктемнің алғашқы айы. Парсыша "Жаңа күн" деген мағына береді. Шындығында, наурыз айдың аты емес, жыл басы мейрамының атауы. Қазақтар наурыз мерекесін Ұлыстың ұлы күні - жыл басы ретінде тойлау дәстүрәмен ай атына айналдырып жіберген. Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі. Сәуір - көктемнің екінші айы. Арабша "өгіз" деген мағынаны білдіреді. "Өгіз" - күн жолындағы шоқжұлдыздың аты. Қазақтар оны ай аты ретінде қолданып кеткен. Сәуірдің ертеден келе жатқан қазақша аты "көкек" болатын. "Көкек - ұшқалақ, жеңілтек құс, өз атын өзі шақырады. Сондықтан бұл сөз жағымсыз мәнде айтылады" деген оймен оны сәуірмен алмастырған. Мамыр - көктемнің соңғы айы. Жыл құстарының мамығын төгіп, көл жағасына ұя салып мамырлайтын, семіретін кезі. Ескі түркі тілінде "мамыр" тоқшылық, семіру деген мағынаны білдіреді. Осы айда мал да оңала бастайды. Маусым - жаздың алғашқы айы. Арабтың "мезгіл" деген сөзі. Шөп шабу, пішен дайындау маусымына байланысты ай аты осылай аталған. Үнді, Еуропа тілдерінде "маусым" сөзімен төркіндес "муссон" термині "жазда мұхиттан құрлыққа, ал қыста құрлықтан мұхитқа қарай соғатын жел" дегенді білдіреді. Шілде - жаздың екінші айы. Парсы тілінде (шіллә) "қырық" деген мағынаны білдіреді. Жазғы қырық күн шілденің негізгі ыстық күндері осы айда өтеді. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып кеткен. Шілдеде күннің ұзақтығы қысқара бастайды. Тамыз - жаздың соңғы айы. "Күйдіру" деген мағынаны білдіреді. Тамыздық сөзі де осы мағынадан туындаған. Тамыз айында аптап ыстықтан шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Піскен егін орылады. Осы құбылыстарға байланысты бұл айды кейде "сарша-тамыз" деп қосарлап айтады. Яғни "сарша" сөзінің арғы тегі - "сары шақ", ежелгі түркі сөзі. Қыркүйек - күздің алғашқы айы. Осы айда қой мен ешкінің төлдеу уақытын көктем айына келтіру үшін қошқар мен текеге күйек байлайды. Бұл шаруа қырда, өріс басында өткізіледі. Сол себепті "қыр" және "күйек" сөздерін біріктіріп, айды "қыркүйек" атап кеткен. Қазан Қараша - күздің соңғы айы. Жердің оты кетіп, бет-бедері қоңырқай тарта бастайды. Ай атының "қараша" деп аталуы да осыны мегзейді. Қарашада қар түсе бастайды, мұны халық "қарашаның қары" деп атайды. Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. "Жел" және "тоқсан" деген түркі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді және боранды деген ұғымды білдіреді. Бір тоқсанда үш ай болатын көпке белгілі. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Желтоқсанның 22-де күн барынша қысқарады . ## Тағы қараңыз * Қазақ күнтізбесі * Григориан күнтізбесі ## Дереккөздер
Тонгерен (нидер. Tongeren, МФА: [ˈtɔŋərə(n)]; фр. Tongres, нем. Tongern) - ірі қала, Бельгияның тарихи аймағы, Гай Юлий Цезарьдің дәуірінде тунгрлер германдық тайпасының орталығы болған. Орта ғасырларда Хеспенгау графатығының орталығы, Капетинги королдік әулетінің отаны болған. Екер өзенінде, қазіргі Лимбург провинциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан. Халықы - 29 700 тұрғын (2006). ## Галерея * Тонгереннің көрнекті тарихи жерлері * * * *
Эмиль Деманжель (20 маусым 1882, Ла-Шапель-о-Буа – 11 қазан 1968 жыл ) – француз велошабандозы, 1908 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының күміс иегері болды.1908 жылы Лондондағы ойындарда Деманжель төрт дисциплинада жарысқан болатын. Ол 660 ярдқа дейінгі бәйгеде күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Эмиль Деманжель 5000 м-ге және командалық қуалау жарыстарында бірінші раундта-ақ тоқтап, спринтте жартылай финалға дейін жетті. ## Сыртқы сілтемелер * Эмиль Деманжель * Деманже Мұрағатталған 17 сәуірдің 2020 жылы. ## Дереккөздер
Оралған Шренкия (лат. Schrenkia involucrata) – шатыршагүлділер тұқымдасының көпжылдық шөптес өсімдігі. ## Таралуы Қазақстандық сегіз түрдің бірі, ірі қиыршық тасты беткейлерге және батыс Тянь-Шань, Шу-Іле тауы, Батпақдала және Мойынқұмға (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары) тән. ## Ботаникалық сипаттамасы Шөптесін көпжылдық тамыры цилиндр тәрізді және биіктігі 40 см-ге дейін. Сабақтың бас жағындағы бүйір бұтақтары шоғырлана жиналған.сабақ түбіндегі жапырақтары сағатқа , сопақ тақтасы таспа секілді, соңы үшкірленген бөліктерге қауырсынша тілімделген. Сабақ жапаырақтары ұсақ, үш қайтара тілімделген. Гүлшоғыры – шатыршалар (ені 12 см-ге дейін), сыртқылары кәдімгідей ұзын. Шатыршалар 15 гүлден тұрады,таспа тәрізді бірнеше жарырақшалар орамдарымен қамтылған, гүлдері ақ, бес мүшелі, дара жынысты – ішкілері жеміс салатын , сыртқылары аталықты, шренкия мамырда гүлдейді, жемістері (дөңгеленген ішке қарай еңкейген екі жарты жемісшелерден тұрады) маусымда піседі, сынып қалған сабағымен бірге таралады. Шренкияның бұл түрі басқаларына ұқсап шашыраңқы түрде кездеседі, шілік құрмайды, бірақ шөлдегі тауларда әдемі де анық болып көрінеді. ## Дереккөздер
Шымған ұлықбекиясы (лат. Ulugbekia tschimganica) – айлауыктар тұқымдасының елікшөп тегінің монотипті туыс өкілі. ## Таралуы Шөптесін беткейлерде, төменгі және ортаңғы тау белдеулеріндегі бұта шіліктерінің арасында, солтүстік және Батыс Тянь-Шаньдакездеседі. ## Ботаникалық сипаттамасы Шөптесін көпжылдық шашақ тамырлытамырсабағымен және жалбыр түкті сабағымен (биіктігі 60 см-ге дейін). Жапырақ саны көп, кезектесе орналасқан отырыңқы, сопақ, қандауыр пішінді, барынша үлкен (ұзындығы 6-8 см, ені 2 см). Жапырақты түгелімен түк басқан, сұрғылт жасыл, жүйкелері анық көрінеді. Гүлшоғыры бұйраланған, гүлдеу мерзімінің басында олар сабақтың ұшына бас құрайды, жеміс салғанда түзеледі, біртіндеп ұзарады. Тостағанша (ұзындығы 1 см) бес бөлікті, таспа тәрізіді түкті. Күлте ашық-сары, ұзын түтікті, сәл ғана қоңыраулы желбірімен, дөңгеленген бес қалпақшаға бөлінген. Аталықтары, күлтенің ішіне жасырынған. Түйін төрт қалақшалы, ұзын бағаналы жәнебастанған аналықтарымен. Ұлықбекия көктемде сәуір-мамырда гүлдейді, жемістері күңгірт-сұр түсті, жылтыр төрт жаңғаққа бөлінеді, тұқымының құрамында қою май бар (15%). ## Синонимдары * Arnebia tschimaganica (B.Fedtsch.) G.L.Chu * Lithospermum tschimganicum B.Fedtsch.Үлгі:Базионим * Macrotomia tschimganica (B.Fedtsch.) Popov & Zakirov ## Қолдануы Бұл өсімдік түрлі халықтық медицинада қолдану жайлы мағлұмат жоқ. Ал ғалымдар тамырынан және үсті бөлігінен жасалған препараттар бүйректің жұмысын жақсартатындығын, сондай-ақ саңырауқүлақтарды жоятындығын дәлелдеді. ## Дереккөздер
Қар қазтабан (лат. Potentilla nivea) - раушангүлділер тұқымдасының көпжылдық өсімдігі. ## Таралуы Алтай, Тарбағатай және Солтүстік Тянь-Шань биік тауларын мекендейтін Қазақстанда кездесетін 50 түрдің бірі. ## Ботаникалық сипаттамасы Тамырсабағы өте жақсы жетілген, қысқарған вегетативті және бірнеше генеративті өркендері бар, онша биік емес (5-15 см) көпжылдық өсімдік. Сабағы және жапырағаның астыңғы жағы қалың жабылған. Тамыр мойнындағы жапырақтары ұзан сабақты, үш тақталы болып келеді. Жапырақтары дөңгелек (ұзындығы 1,2 см), барлық жағынан онша терең емес доғал тістері бар. Жоғары сабақтағы жапырақтары өте ұсақ, отырыңқы болып келеді. Гүлдері ашық-сары, өте үлкен ( ұзындығы 1,8см) жеке дара немесе 2-3-тен төбе гүлшоғырына жинақталған. Тостағаншалары азғана түкті, екі қатарға бестен орналасқан, сыртқысы ішкісінен қысқалау болып келеді. Күлтесі жүрек тәрізді, үш жағынан аздап ойылған. Аталығы жиырма, аналығы көп санды, жоғары мойынды, аузы кеңейген. Қазтабан шілде маусым айларында гүлдейді, жемістері жаңғақ тәрізді басқа жиналған тамыз қыркүйек айларында піседі. ## Пайдалануы Мал азықтық, омарталық және сәндік өсімдік. Тибет халық медицинасында іріңді жараны емдеу үшін қолданылады. ## Дереккөздер
Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған. ## Топтастырылуы Аспаптарды бес топқа бөлуге болады: * үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай, қоссырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней; * ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз; * жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесе шаңқауыз; * ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл , кепшік, шың; * аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері. ## Жеке түсініктемелер Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған. Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы -110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды. Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құралып жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Дауылпаз - ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысыы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.Дауылпаз тектес аспаптар түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында "Тәбльбасс", қырғызда "Доолбас" деп аталады. Жетіген - қазақ хылқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге "жетіген" деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді. Желқобыз - үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. "Желбуаз" аспабын белгілі композитор Н.Тілендиев "Отырар сазы" оркестірінде қолданды. Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілері және "нар қобыз", "жез қобыз" деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобызды пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыыз байланысты екені де айтылады. Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады. Қоңырау - қазақ халқының ертеден келе жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Бұл аспап дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан әр түрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты қорқады. Қоңырауды сол сияқты мектептеде қолданады. Бұл аспап арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталады. ### Қазіргі жағдай Көне музыка аспаптарының табылуымен байланысты музыка мамандарының алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ол міндеттер көне аспаптарды жетілдіріп жасап шығару, орындаушыларды тәрбиелеу, түрлі ансамбльдер ұйымдастыру, т.б. Қазақ музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 жылы Алматы қаласында, 1947 жылы Осакаровкада, 1957 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) жанынан шеберханалар ашылды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін (жаңадан жасатып) ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембайев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, т.б. музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілерін жасады. Жетігенді, шертерді, үш шекті домбыраны, сыбызғыны, шаңқобызды, қылқобызды, асатаяқтың көптеген түрлерін меңгеріп ансамбльге қосып, жеке ән-күй орындап жүрген жас музыканттарымыз да бар. Орындалатын көне күйлердің кейбірі халқымыздың өткендегі тұрмыс салтын, табиғатын бейнелейтін, осы күнге дейін ұмытылып қалып тартылмай келген. ## Галерея * Қазақ музыкалық аспаптар * * * ## Тағы қараңыз * Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайы ## Дереккөздер * Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Қаратау сасыры (лат. Ferula karatavica) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын өсімдік. Сабағы(кейде 2-3) жұқа,аласа(40 см дейін),жоғары бөлігі қалқан түрінде тармақталады. Жапырағы қаттылау,ұзақ солмай сақталады. ## Таралуы Қазақстан эндемигі, Тянь-Шаньда (Іле Алатауынан Талас Алатауына дейін) және Мойынқұм мен Балқаш маңы шөлдерінде кездеседі. Жусанды-астықты және бұталар бірлестіктерінде, құрғақ аңғарларда, бастапқы-қиыршықты топырақта өседі. ## Ботаникалық сипаттамасы Бұл көпжылдық шөптесін өсімдіктің ерекше тіршілік циклы бар. Бұның негізгі өкілдері көп жылдар бойы негативті өркендері жетіледі, омірінде бар-ақ рет гүлейді және береді де бірден өледі. Бұндай өсімдіктерді монокарпиктер дейді, олар шатыргүлділер арасында жиі кездеседі. Қаратау сасырының жер асты мүшесі - шар тәрізді үрілген түйнекті тамыр. Сабағы (кейде олар 2-3) жұқа, аласа (40 см дейін), жоғары бөлігі қалқан түрінде тармақталады. Жапырағы қаттылау, ұзақ солмац сақталады. Жапырағының сабақтары кеңейіп, қабықты қынапқа айналған, ал тақталары бірнеше жерден қандауыр тәрізді үшкір бөліктерге бөліиген(ұзындығы 0,5-1 см ). Гүлшоғыры осы түрдің басқаларыныкі сияқты - күделі шатырша. Орталық шатыры біреуден, ал жанындағылары 2-3ден бірге жиналған. Шатыршалар 5-10 ұсақ сары гүлдерден тұрады. Тостоғаншалары онша көрінбейді, ал жарақшалары ұш жағынан ішке қарай оралған, жатын екі ұялы, екі бағаналы. Сасыр мамыр-маусым айларында гүлдейді, ал жемістері (эллипс тәрізді, ұзындығы 0,8 см) маусым-шілде айларында пісіп жетіледі. ## Пайдалануы Ауыл шаруашылығында мал азықтық және омарталық өсімдік ретінде бағаланады. Тамырларында 40%-ға жуық крахмал, қарашайыр және эфир майы бар. Қарашайыр мен эфир майының әсері мен құрамы жете зерттелмеген. Феруладан жасалған препараттардың емдік қасиеттері болуы мүмкін. ## Дереккөздер
Еремеевка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Ноғайбай би ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 270 адам (122 ер адам және 148 әйел адам) болса, 2009 жылы 218 адамды (113 ер адам және 105 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ұлттық болмыс – әлеуметтік психологияда, философияда, мәдениетте, этнологиядағы белгілі бір ұлттық қоғамның (этностың) тұрақты ерекшеліктерін, санасын, қызығушылықтарын, рухани құндылықтарын, ынтасын, әлеуметтік-психологиялық қорғаныс тетіктерін сипаттайтын күрделі түсінік. Әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық характер – тарихы категория. Ол қоғамдық, рухани, экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесін бұл қасиет толық көрініп отырады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығарма ұлттық характер жасау үшін оның дүние танымын, психологиясын, әдет ғұрыптарын т.б. қасиеттерін білу керек. Бұл жөнінде Н.В. Гоголь: "Ақын өмірге өз халқының көзқарасымен қарап, әр нәрсені ұлттық психологияға сәйкес құбылыстай сезініп, толғанғанда ғана ұлттық сипатты бейнелеп беруі мүмкін", – деген ой айтады. Бұл дұрыс та. Мысалы "Игорь полкы туралы жыр" орыстардың, "Махабхарата" Индия халқының, "Нибелунга туралы жыр" немістердің, "Манас" қырғыздардың, "Ер Тарғын" қазақтардың дүниетанымын, мінез-болмысын айқындайтын шығармалар.. ## Дереккөздер
Қызыларай қорықшасы – республикалық маңызы бар табиғи-зоологиялық қорықша. ## Географиялық орны, жер бедері Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 17,5 мың га. Қорықшаның негізгі ландшафтасына басым бөлігі граниттен тұратын Қызыларай таулары жатады. ## Флорасы Тау беткейлерінде сирек қарағай орманы кездеседі, бұл Сарыарқаның оңтүстігінде өскен қарағайлы орман болғандықтан, оны қорғаудың ғылыми және шаруашылық мәні зор. Қызыларай тауларының жазық баурайында негізінен жусан, құрғақ астық тұқымдасы өсімдіктері өскен. Кішігірім өзендер мен жылғалардың аңғарында қайың, көктерек аралас шағын орман, бұталар шоғырлары мен шалғындар кездеседі. ## Фаунасы Қорықшаның негізігі жануар әлемін арқар, суыр, кекілік, ақ және сұр шіл, құр, т.б. құрайды. ## Дереккөздер
Қызылтау қорықшасы – республикалық маңызы бар табиғи-зоологиялық қорықша. 1981 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында ұйымдастырылған. Қорықша шаруашылық, ғылыми және мәдени құндылықтарды қалпына келтіру және сақтау, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлерін қорғау мақсатында құрылған. ## Жер бедері Аумағы 60 мың га, оның 50,1 га-сы тау, 8600 га-сы дала, 1200 га-сы егістік жер, 200 га-сы орман. ## Жануаралары Мұнда арқар, бүркіт, ителгі, құр, лашын, сұр шіл, қоян, суыр, борсық, қарсақ, елік, т.б. мекендейді. ## Дереккөздер
Дүйсеке — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Ноғайбай би ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 351 адам (181 ер адам және 170 әйел адам) болса, 2009 жылы 231 адамды (121 ер адам және 110 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Щербина Федор Андреевич (1.2.1849, Кубандағы Новодеревянковская станицасы – 1936, Прага) – статист-ғалым, Санкт-Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1904). Петров (қазіргі Тимирязев) ауыл шаруашылық академиясын және Новороссийск (Одесса) университетін бітірген. Жас кезінде халықшылдар қозғалысына белсене қатысты. 1884 – 1903 ж. Воронеж земстволық статистика бөлімшесін басқарды. 1895 ж. Ресей мемлекеттік мүлік министр орталығы аудандардағы орыс шаруаларын империяның шығысындағы аудандарға қоныстандыру үшін экспедиция ұйымдастырды. Щербина басқарған бұл экспедиция қазақ жерлерінің “артығын” анықтау мақсатын көздеді (қазіргі. Щербина экспедициясы). 1907 ж. халықтық социалистер партиясынан Мемлекет екінші Думаның мүшесі болды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін шет елге эмиграцияға кетіп, сол жақта қайтыс болды. Оның: “Острогож уезіндегі шаруалар шаруашылығы” (1887), “Воронеж губерниясының 12 уезі бойынша қорытынды жинақ” (1897), “Шаруалардың бюджеттері мен олардың астық бағаларына тәуелділігі” (1897), т.б. статистикалық еңбектері жарық көрген. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Ысқақов Бақытжан (1952 жылы туған, Жамбыл ауданында, Қарақастек ауылында) - әнші, Қазақстанның еңб. сің. артисі (1997). 1973 жылы Республикалық эстрада-цирк студиясын, 1982 жылы Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1973-75 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облыстық филармониясында, 1982-87 жылдары Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында, Б.Байқадамов атындағы қазақтың мемлекеттік хор капелласында еңбек етті. 1987 жылдан Абай атындағы қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының әншісі. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында" Абай, Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде" Бекежан, Б.Жұманиязовтың "Махамбетінде" Махамбет, т.б. рөлдерді жоғары шеберлікпен ойнап, көрермендер ризашылығына бөленді. ## Дереккөздер
Шәріпқанов Ахметжан (10 қыркүйек 1908, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жайма ауылы – 10 қыркүйек 2001, Алматы қаласы) – химия ғылымының докторы (1969), профессор (1970), Қазақстан ғылым академиясының мүшесі (1972). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1983). ## Қысқаша өмірбаяны: * 1934 жылы Мәскеу педогогикалық институтын бітірген; * 1935–1938 жылдары Алматы байланыс және кооперация техникумында мұғалім, директордың орынбасары; * 1938–1987 жылдары ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аспирант, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі; * 1987 жылдан профессор, лаборатория жетекшісі қызметтерін атқарған. ## Еңбектері: 1968 жылы «Исследования в области синтеза новых физиологически активных производных N-замещенных 2,5 диметилпиперидина. Синтез новых обезболивающих веществ» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері нәзік органикалық синтез мәселелеріне арналған. 35 авторлық куәліктің иегері. Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер:
Шәукенбаев Тарбай (1 Қаңтар 1913, қазіргі Атырау облысы – 8 Тамыз 1985, Алматы қаласы) – экономика ғылымының докторы (1962), профессор (1964). ## Қысқаша өмірбаяны: 1938 Мәскеу мұнай институтын бітірген; 1947 Жоғары партия мектебін (Мәскеу) бітірген; 1938–1955 Шаруашылықтарда, партия органдарында басшылық қызметтер атқарған; 1955–1985 Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономикалық университеті) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. ## Еңбектері: «Урало-Эмбенский нефтеносный район (история экономического развития района, перспективы и пути рационального освоения его нефтегазоносных ресурсов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі экономикасы мәселелеріне арналған. 3 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер:
Зұқай Шәрбақынұлы (23.4.1941 жылы туған, Моңғолия, Баян Өлгийаймағы, Бұлғын деген жерде) -ақын, жазушы. Ұланбатырда педагогикалық институтын бітірген (1965). Сол жылдан бастап училищеде, спорт қоғамында, әкімшіліктерде жауапты қызметтер атқарған. "Көкпар", "Сыр маржаны", "Көңілдің көжиегі", "Өрендер өресі" деген прозалық поэзиялық жинақтары бар. ## Дереккөздер
Шәкіров Нүсінбек - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, 1936-1950 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы, "Доланалы" колхозының председателі болған. 1901 жылы Талдықорған облысы, Кривошеевка ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1931 жылы "12 лет Октября" (Кривошеевка ауылы) колхозына жұмысқа кіріп, сол жылы колхоздың председателі етіп тағайындалады. * 1936 жылы "Доланалы" колхозының председателі болады. * Ұлы Отан соғысына қатысып майдандастарымен бірге жеңісті жақындатты. * 1943 жылы 26 тамызда ауыл шаруашылығындағы табыстары үшін КСРО Егіншаруашылығы Халық Комиссариаты "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісімен, 1945 жылы 20 қарашада КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградтайды. * 1946 жылы астық дәнді дақылдар өнімінің жоспары 938 гектардан 125% орындалады - өнім межеленген 9,6 центнердің орнына орта есеппен әр гектардан 12 центнерден болады. Сол жылы 11 қаңтарда Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады. * 1947 жылы жоспарды 144,5% -ке орындайды - 10,8 центнердің орнына әр гектардан 15,6 центнерден астық жиналады. ## Наградалары * "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісі (1943) * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) * Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Шәменов (1997 жылға дейін - Айнакөл) — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Шәменов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен батысқа қарай 25 км қашықтықта, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1336 адам (676 ер адам және 660 әйел адам) болса, 2009 жылы 1193 адамды (629 ер адам және 564 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1929 жылы “Белсенді”, “Иіркөл”, “Жігер”, “Елтай” артельдері негізінде қаланған. Олар 1950 жылы ұжымшар болып қайта құрылды. Ауыл негізінен күріш, ірі мүйізді қара, қой өсірумен айналысты. Ауылға 1967 жылы облыста бірінші болып Еңбек Қызыл Ту ордені берілді және шаруашылық Қазақ КСР-інің “Алтын кітабына” жазылды. 1994 жылы ауылға ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы М.Шәменовтің есімі берілді. ## Дереккөздер
Кәрібай Шәменов (1920, Көкшетау облысы, Біржан сал ауданы, Айсары aуылы - 1970, Алматы) - әдебиеттанушы-ғалым, филологиялық ғылыми кандидаты (1959). ҚазҰПУ-ды бітірген (1940). 1940 - 46 жылдары 2-дүниежүзі соғысқа қатысқан. 1946 жылы Көкшетау қаласындағы училищеде оқытушы болған. Ғылыми-зерттеулік еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен С.Торайғыров пен С.Дөнентаев шығармаларына арналған. ## Шығармалары 1916 жылғы көтеріліс жайлы жыр. 1958;Поэтикалық шығармаларды қалай оқытудың жолдары.1959;С.Торайғыров шығармалары. 1-2 том. 1962, (құрастырып, алғы сөзін жазған). ## Дереккөздер
Мақсұт Төлеуұлы Шәкіров (1949 жылы туған) – медицина ғылымының докторы. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Дүйсенбай бұтағынан шыққан. ## Қысқаша өмірбаяны: * 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. * 1983–1986 жылдары Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеген; * 1986 жылдан Тері венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас дермавенерологы. 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 14 өнертапқыш патентінің иегері. ## Дереккөздер
Шәкіров Біржан Сәруарұлы (5 Қыркүйек 1953 жылы туған, Түркістан облысы Шымкент қаласы) — ғалым, техника ғылымының докторы (1994), профессор (1995). ## Қысқаша өмірбаяны: * 1975 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. * 1975 — 1978 жылдары “Қазгипрофосфор” ғылыми-зерттек институтында ғылыми қызметкер. * 1978 — 1993 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, докторант, * 1993 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унтверситетінде кафедра меңгерушісі. ## Еңбектері: 216 ғылыми мақаланың, 2 монографияның, 1 оқулықтың, 3 әдістемелік құралдың, 15 өнертабыс пен патенттің авторы. Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері (1986), Табиғи және техногендік қайталанбас шикізатты өңдеудің инновациялық технологиясын жасағаны және ұйымдастырғаны үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алған (2005). ## Дереккөздер:
Дәрілік сәлбен (лат. Salvia officinalis) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік өсімдігі. ## Ботаникалық сипаттамасы Дәрілік шалфей – бұл өсімдік жартылай бұта,биіктігі 50 см,өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт –жасыл түсті болады. Сабақтары бұтақталған,төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан. Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз). Гүлдері сабақтарының ұштарында кішкентай жапырақтардың қолтығында шоқтанып орналасқан,сондықтан сирек масақты гүл шоғырын түзеді. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Күшті хош иісі бар.Дәмі ащы. ## Химиялық құрамы Шалфей жапырағының химиялық құрамында әсер етуші заттар–эфир майы оның мөлшері 2,5%.Эфир майынын негізгі компоненті - цинеол (15%-ке дейін), сонымен қатар L – α – туйон, Д – β – туйон, Д – α – пинен, Д – борнеол, Д – камфора бар.Үшциклді сесквитерпен цедрен анықталған, ал дитерпендерден - корнузол қышқылы, розманол. Дәрілік шалфей химиялық құрамында ілеспелі заттары: илік заттар, тритерпендер қышқылдар - урсол және олеанол қышқылдары бар. ## Қолдануы Медицинада қолданылуы:бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады.Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады. Сонымен қатар АІЖ ауруларында, аллергияға, гинекологиялық ауруларға, балаларда қабыну ауруларына қарсы қолданылады. Препараттар: шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмалары; тұнбалары; жапырақтарынан алынатын қойытылған бөлінді – «Сальвин» препараты; 1% спиртті ерітіндісі және көптеген жинақтар құрамына кіреді.
Шәкібаев Серік (27.9.1926, Павлодар қаласы - 1999) - жазушы. 2-дүние жүзі соғысқа қатысып, отыз екі жыл бойы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызмет істеген. ҚазҰПУ-ды бітірген. 1960 - 75 жылдары Қостанай қалалық партия комитетінің мүшесі, халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1983 жылдан бастап Қазақстан жазушылар одағының Қостанай облысындағы әдеби кеңесшісі болды. ## Жетістіктері 'Көптеген медальдармен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталған. ## Шығармалары Үлкен Түркістанның күйреуі. Роман. 1968; Падение большого Туркестана. Роман. 1972; Чоң Туркестанның қирашы. Роман. 1976; Чрезвычайная комиссия. Книга-поиск.1978; Көтеріліс. Роман. 1984. ## Дереккөздер
Шәкенов Қанат Қожахметұлы (5 Мамыр 1955 жылы туған, Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылы) – физика-математика ғылымының докторы (2003), профессор. ## Қысқаша өмірбаяны: 1977 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген;1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург) аспирантурасын бітірген;1977–1980 жылдары Қазақ КСР-і мемлекеттік Жоспарлау ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер; 1980–1981 жылдары ҚазМУ-да ассистент;1981–1983 жылдары Ленинград мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші;1983–1986 жылдары аспирант;1986 жылдан ҚазМУ-да ғылыми-педогог;2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Монте-Карло әдістерімен сүзілу есептерін және Новье-Стокс теңдеулерін шешу» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. ## Дереккөздер:
Шәкеев Ұзақбай Тастанбекұлы (1953 жылы туған) – қызметкер. «Қаражон» ЖШС-нің директоры (1991). Тұқым өсіруші агрономнан шаруашылықтық бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кәсіпорынның материалдық-техника базасын нығайтуға, әлеуметтік жағдайына, жастармен жұмыс, спортты дамытуға, қайырымдылық көмек көрсетуге, ауылды көгалдандыру мен тазалау жұмыстарына көп көңіл бөледі. Осы жылдар ішінде құрылыс цехы, 40 трактор мен автомобильдерге арналған жылы тұрақ, бір бөлмелі 10 пәтер, монша салынып, қолдануға берілген. «Құрмет» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Иоканга, Иоканьга - Ресейдің Мурманск облысындағы өзен. Кола түбегінің солтүстік бөлігіндегі ұзындығы 203 км алабы 6020 км². Кейва қыратының солтүстік беткейіндегі Алозер көлінен басталады. Бірнеше көлдер арқылы өтіп, Баренц теңізінің Әулие тұмсық шығанағындағы Иоканга кірмесіне құяды. Жоғарғы жағында кең аңғармен, одан кейін тар шатқалмен (бұл тұста шоңғалды келеді) ағады, Иоканга көлінен төменде су құламалары бар. Қар, жаңбыр суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны 74,5 м³/сек. Неғұрлым ірі саласы - Сухая (оңынан) ағаш ағызылады. ## Дереккөздер
Шәкеев Нұрғазы (10.7.1929 ж. т., Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылы) — баспагер журналист, Қазақ КСР-інің еңб. сің. мәдениет қайраткері. 1957 жылдан Журналистер одағының және 1978 жылдан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1951). Институтта оқи жүріп респ. “Социалистік Қазақстан” (“Егемен Қазақстан”) газетінің түзетушісі (1949) болып жұмыс істеді. 1951 — 1969 жылдары сол газетте редакцияның әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Бас редактор, 1969 — 1972 жылдары “Мектеп” баспасында қызмет атқарып, 1972 — 1974 және 1979 — 1985 жылдары ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемл. к-тінің, 1974 — 1979 “Ара — Шмель” журналының Бас редакторы, ал 1985 — 1987 жылдары “Қазақ Совет энциклопедиясының” жауапты хатшысы және Бас редакторының орынбасары болды. 1987 — 1991 жылы “Кітап жаршысы — Друг читателя” басылымдарының Бас редакторы. 1993 — 1996 жылдары “Алаш-мирас” журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. Ол баспагер қызметіне қоса шығарм-пен де айналысып, көптеген аудармалар жасады. Орыс жазушылары Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков, үнді жазушысы Кришан Чандар, түрік, армян, венгр, тәжік, молдаван жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. И.Калашниковтың “Сұм заман” атты романын тәржімалағаны үшін Халықаралық әдеби “Алаш” сыйлығын алған (2005). ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.
Шәженов, Халел (25.3.1908, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы — 25.7.1943, Харьков қаласының маңы) — актер, режиссер. 1932 — 1934 жылдары Қазақ мемлекеттік педогоиялық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) тіл-әдебиет факультетінде оқыған. Алғашында ауыл мектебінде мұғалімдік қызметпен айналысты. 1938 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейіннен Мемлекеттік театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітіріп, Шымкент облысы қазақ драма театрының құрамына қабылданды. Осы театрда әуелі актер, одан кейін режиссер болып қызмет етті. Театр сахнасында қойылған спектакльдерде Чапаев (Д.А. Фурмановтың осы аттас пьесасында), Президент (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Березовский (М.Әуезов пен Ә.Тәжібаев, “Ақ қайың”), Бекежан (Ғ.Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек”), т.б. рөлдерді орындап, өзінің табиғи дарын-қабілетімен ерекше көзге түсті. Шәженов режиссерлікпен де шұғылданып, Әуезовтің “Еңлік — Кебек” (1939) пен “Айман — Шолпан” (1940), Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1939) мен “Ақан сері — Ақтоқты” (1942; өзі Ақан рөлін орындаған), Ә.Әбішевтің “Отан үшін” (1940; Серғазы рөлінде ойнады), М.Ақынжановтың “Исатай — Махамбет” (1941) пьесаларын қойды. Ол Шымкент облысы қазақ драма театрының қалыптасып, дамуы жолында елеулі еңбек етті. 1941 жылы соғыс басталысымен әскерге алынып, Украина жерінде қаза тапты. ## Сілтемелер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.
Нұтфолла Шәкенов (10.11.1928, Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Хамзин атындағы aуылы -11.6.1983, Алматы) - ақын. Арғын тайпасының Бәсентиін руы Бөрі бөлімінен шыққан. ҚазҰУ-ды бітірген (1948). 1944 - 48 жылдары республикалық "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналының бөлім меңгерушісі, 1948 - 1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, 1949 - 1955 жылдары қазақ радиосы әдеби-драмалық хабарлар редакциясының бас редакторы, "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан" ) газетінің жауапты хатшысы, 1966 - 1968 жылдары Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1970 - 81 жылдары Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды. ## Шығармашылық Алғашқы "Біздің жыр" атты өлеңдер жинағы 1949 жылы жарық көрді. "Жүрек сөзі"(1953), "Орамал" (1956), "Шаттық желі" (ән текстері; 1958), "Айгүл" (1961), "Сақина" (1971), "Жүз ән" (ән текстері; 1973), "Бел-белес" (таңдамалы; 1975), "Белеңдер" (1979), "Жан сәуле" (1984) т.б. 30-ға тарта өлеңдер мен поэмалар жинағы бар. Шәкенов қаламынан 100-ден аса ән мәтіндері туды. ## Жетістіктері Қазақстан Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Шәкеев Көкен (1924, Целиноград ауданы Сарыадыр ауылы – 2000, Красный Яр ауылы) – Қазақстанның халық ақыны (1987), Қазақстанның ақын және жыршылар қоғамының президенті (1990), көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері. 2-дүниежүзлік соғыстың ардагері. 13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармашылықпен айналысып, айтыстарға қатысқан. Жергілікті Көкшетау ақындарының мектебін басқарды. Медальдармен марапатталған. «Қабанбай батыр» және «Бөгембай батыр» эпосын айтып, таратушы, насихаттаушы, сақтаушы. ## Дереккөздер
Равиль Тәжіқараұлы Шырдабаев (26.5.1940, Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті) – экономика ғылымының докторы. Байұлы тайпасының Таз руынан шыққан. Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын (1961), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1975) бітірген. Атырау, Жаңаөзен қалалықлық партия комитеттерінің 1-хатшысы, Махамбет аудандық партия комитетінің 1-хатшысы (1975–1993), «Теңізшевройл» қазақ-американ біріккен кәсіпорнының директоры, Қазақстан мұнай және газ өнеркәсібі министрі (1993–1994), Атырау облысының әкімі (1994–1998) болды. 1999 жылдан дипломатиялық жұмыстар атқарады. 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Шыңғысбаева Майра Мақашқызы – 1961 жылдың 20 ақпанында Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданының Кеңес ауылында дүниеге келді. . Жоғары білімі бар. 1995 жылы Т.Рыскұлов атындағыҚазЭУ-дың ғылыми-әдістемелік бөлімінде, 1997 жылдан бері "Экономика" баспасының баспа-редакция бөлімінде редактор, кейіннен бөлім меңгерушісі болып бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді. Ол "ҚазЭУ хабаршысы" атты журналдың шығуына, халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциялардың өтуі не, ғылыми еңбектердің жинақ боп шығуына жауап береді. Майра Мақашқызы өзінің еңбегі мен экономика кадрларын даярлау ісіне қосқан улесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Қызылтілді зиягүл (лат. Senecio pyroglossus) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық декоративті өсімдік. ## Таралуы Қазақстанда Жетісу Алатауында Лепсі және Срқан өзендерінің жоғарғы бөлігінде кездеседі. Орман алқаптарында, түрлі шөп өскен субальпілік шалғында өседі. Мал жайылымы салдарынан саны азаюда. Өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 20 – 30 см, тігінен өскен тамырлары бар. Сабағы қарапайым. Төменгі жағындағы сағақты жапырақтары жіңішке жұмыртқа тәрізді , жиегі тегіс емес. Орта және жоғары жағындағы жапырақтары сағақсыз, 2 – 5 себепті сабақтың жоғарғы жағында топтасқан. Орама жапырақтарының ұзындығы 10 мм-дей, ені 10 – 15 мм. Гүлі қызыл түсті, ұзындығы 20 – 25 мм, ені 2 – 3 мм болатын тілшесі орамасының ұзындығынан шамамен 2 мм ұзындау. Тұқымы цилиндр тәрізді, қырлы, шамамен ұзындығы 3,5 мм. Тұқымынан көбейеді. Шілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. ## Дереккөздер
Талас кекіресі (лат. Oxytropis talassica) – бұршақ тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Қазақстанда таралуы Талас Алатауында (Ақсу, Қайыңды өзендерінің арнасында) кездеседі. Қорымтасты беткейлерде, шөптер мен бұталардың арасында өседі. Ақсу-Жабағлы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Ботаникалық сипаттамасы Күрделі жапырақтары түкті , тақ қауырсынды, өркенге кезектесе орналасады. Жеке гүлінің ұзындығы 8 мм-дей, бір-бірімен кіріккен 5 тостағанша, 5 күлте жапырақшасы бар. Күлгін түсті күлте жапырақшасының ең жоғарғысы жалпақ желкен тәрізді, оның жанындағы жеке тұрған екеуі ескекше, аталығының саны 10, оның тоғызы бір-бірімен тұтасып, жіпшесінен біріккен, бір аталығы жеке орналасады. Аналығы біреу. Тұқымнан көбейеді. Маусым/шілде айларында гүлдеп, шілде/тамызда жеміс салады. Жемісі – бұршаққап. ## Дереккөздер
Құйық немесе Циперус (лат. Cyperus) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын өсімдіктер туысы. Ежелгі грек тілінен аударғанда «өзеннің байлығы» деген мағынаны білдіреді. Циперустың негізгі отаны Мадагаскар мен тропиктік Африка. Жалпы 400-ге жуық түрі бар. Олардың барлығы да жер шарының ылғалды, батпақты, тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Бізде циперусты бөлме гүлі ретінде өсіреді. Оның тік сабақтарының басында қолшатыр тәріздес жапырақшалары орналасқан.Түріне байланысты циперус сәуірден қыркүйек айына дейінгі аралықта гүлдейді. Гүлдері жапырақшаның дәл ортасынан шығады, жасыл түсті, кейін біртіндеп қоңырға айналады. ## Таралу аймағы Солтүстік Кавказ таулары, Батыс Сібір жазығы, Балқан түбегі, Кіші Азия түбегі, Қытай, Жапония, Орта Азия, Еуропа елдерінде кездеседі. ## Түрлері Жер бетінде 700-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанда 2 түрі: * Микель құйығы (Cyperus micheliana) - Ертіс және Каспий маңында; * Имек құйық - Зайсан қазаншұңқыры, Мойынқұм құмды алқабы, Балқаш-Алакөл ойысы, Қызылқұм шөлінде, Каспий және Арал теңізі маңында. ## Күтiмi Циперусты бөлменің көлеңкелі жерлеріне, аквариумның маңына орналастырады. Үй жағдайында бойы биік емес, 70 см-ден 1-метрге дейін жететін түрлерін өсіреді. «Циперус-папирус» деген түрі тым биік болғандықтан, үй жағдайында өсіре бермейді. Ол Ніл өзенінің жағалауында өседі. Табиғатта жабайы түрде биік сабақтар шығарады. Ежелгі Египет елінде осы түрінен қағаз өндірген. Циперустың арасында жеуге жарамды түрлері де бар. Бірақ барлығының ортақ ұқсастығы, қолшатыр сияқты жапырақтарында. Жалпы алғанда циперустың биіктігі түріне қарай 30 см-ден 3 метрге дейін болады. Жарығы тіке түскен күннің көзіне қоюға болмайды. Жарықта және көлеңкелі жерлерде де жақсы өсе береді. Жылуы температураны аса талғамайды. Бірақ қыста 120С төмен болмағаны жөн. Суғарылуы мол суғарғанды ұнатады. Жазда өсімдікті түбегімен су құйылған ыдысқа салып қойған жөн. Қыс кезінде суғару мөлшерін азайтады. Ылғалдылығы қысы-жазы су бүркіп ылғалдандырып тұру қажет. Қоректендірілуі көктем-жаз айларында 2-3 аптада бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіреді. Аурулары ылғалдандырмай, құрғатып жібергенде, өрмекші, өсімдік кенесімен, ақ ұнтақ құртымен, аққанат зиянкестерімен ауруы мүмкін. Көбейтілуі тұқымын себу, түбін бөлу және жапырақ қалемшелері арқылы көбейтеді. Жапырақ қалемшелері арқылы көбейтудің ерекшелігі, қолшатыр тәрізді жапырақтарды сабағымен кесіп алып, суға сабағын емес, төмен қаратып жапырағын салады. Бір жапырақ қалемшесінен бірнеше өскіндер пайда болады. Кейін оларды бөліп, жеке-жеке түбектерге отырғызады. ## Дереккөздер
Төртжапырақты қызғалдақ (лат. Tulipa tetraphylla) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысының көпжылдық өсімдігі. ## Ботаникалық сипаттамасы Төртжапырақты қызғалдақтың биіктігі 10 – 30 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1,5 – 2 см, қара, терілі, ішкі жағының ұшы жатаған түкті қабықты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны – 3 – 6(7), өте жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, жалаңаш, кірпікшелі, белдік тәріздіі дерлік, гүлден биік, төменгісінің ені 1 – 1,5 см.Гүл саны – 1 – 2 (4), гүл шанағында бүтілген; гүл серінің ұзындығы 2 – 4 см, сүйірлеу немесе доғал, ашық сары, сыртқыларының сырты күлгін реңді, арқасы жасылдау, ұзынша, ішкілері кері сопақша; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, жіпшелері жалаңаш, сары, жоғары жағы кеңейген, түбіне қарай жіңішкерген, тозаңдықтары сары, ұзындығы 7 – 8 мм, түйіні аталықтарынан шамалы қысқа. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді. ### Қазақстанда таралуы Тасты беткейлерде өседі. Іле, Күнгей Алатауында кездеседі. ## Дереккөздер