text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші елдер оларды кезінде "канх" деп атаса, бірде "қан" деп атады. Бұл атаудың шығуын бізге жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады.
Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған.
## Тарихы
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.
Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай-ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде өрістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі.
Қытайдың тарихи хроникалық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқанын және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес.
Орналасу мәселелері. Қаңлы мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И. Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі кешіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: «ҚаңлыДаванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды».
Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында қаңлыға арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: "Қаңлы билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Қаңлы шығыс жағында ғұндарға бағынады...»6. Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Қаңлылар Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Қаңлы иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты.
## Саяси тарихы
Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді.Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14.Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б. з. б. I ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань намеснигі императорға былай деп хабарлаған: «.. .Қаңлыға, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген шенеуніктерді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың князьдары мен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады...»15. Ертеректе, Ферғана-Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуы ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті16. Кейіннен, б. з. б. 47—46 жылдарда қаңлылардың билеушісі үйсінге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюйі Чжи Чжиді қолдады, ал үйсіндердің одақтасы ханьдық құдіретті Қытай болды17. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекшісі шаньюй Хуханье, тегінде, ру ақсүйектері мен қатардағы қауым мүшелері көпшілік бөлігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Солтүстік ғұндардың билеушісі шаньюй Чжи Чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылды. Ол Угэні, Гяньгуньді, Динлинді бағындырды, бірақ күш алған, оның үстіне Қытай қолдаған үйсіндерге қарсы тұра алмады. Өз кезегінде үйсіндер б. з. б. I ғасырдың орта шенінде қаңлылардың шығыстағы шекарасына қысым жасады. Сол кезде қаңлылар үйсіндерге де, Қытайға да бірдей қарсы тұра алатын күшпен одақ жасаспақшы болып ұйғарды.Мұндай күш солтүстік ғұндардың шаньюйі Чжи Чжи болатын. Чжи Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Үйсіннің жеріне Чжи Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер үйсіндерді біржола жеңе алмайды. Қаңлылар шарттарын (державаның шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіруді) Чжи Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның негізінде жанжал тұтанды. Оны Чжи Чжидің қаңлылардың әдет-ғұрпын көрінеу ұстанғысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол Қаңлы билеушісінің қызын, сондай-ақ «атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады»18.Чжи Чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылып, Талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастады. Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қала салуда күн сайын 500-ге дейін адам жұмыс істеген. Шаньюй құрылысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, ол құрылысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан, шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған. Чжи Чжидің күшеюі мен оның үйсіндерге шапқыншылықтарын жалғастыра беруі Қытай империясын едәуір аландатты. Чжи Чжиді дипломатиялық жолмен бейтараптандыру табысқа жетпеді де, қытайлар соғысқа дайындала бастады. Қытай шенеуніктерінің істің жайы туралы мынадай жазбалары сақталған: «Батыс өлке сюннулерге тиісті болатын, ал қазір Чжи Чжи шаньюйдің даңқты есімі алыс жерлерге мәлім. Ол басып кіру арқылы Үйсін мен Даюаньды ығыстыруда және Қаңлыны басып алу туралы ойынан қайтпауда. Егер ол бұл мемлекеттерді басып алса, бірнеше жылдан кейін барлық отырықшы елдерге қауіп төнеді. Мұның үстіне оның жауынгерлері тез әрі батыл қимылдайды, олар жақсы соғысады және бірнеше рет жеңіске жеткен. Әзірше малды күтіп отырғанда (ол армияны тамақтандыру үшін келіп-жетуге тиіс), Батыс өлке сөзсіз қауіп- қатерге ұшырайды. Олардың орналасқан жері Қытайдан алыс болғанымен, тағылардың өз қорғанысы үшін бекіністі қалалары жоқ. Егер әскерлерді әскери қоныстардан көтеріп, ннің халқы мен әскерлерін шабуылға шығуға мәжбүр етсе, оларды соның, Чжи Чжидің қалалары қабырғасы- на апарса, егер ол кашып кеткісі келмесе, пана таппай, Үйсін қорғанғысы келсе, өзін қорғай алмайды. Сонда мың рет басталған іс бір күнде тыңдырылады»19.Көп кешікпей қытай әскері жорыққа шықты. Ол Ұлы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүрді. Үш отряд Қашғар, Ферғана арқылы, Шатқал жотасындағы Шанаш және Талас жотасындағы Қарабура асулары арқылы оңтүстік жолмен, үш отряд солтүстік жолмен—Шығыс Түркістаннан, үйсіндердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шұңқырындағы Бедел асуы арқылы өткен Гюлар, содан соң Шу аңғарымен Таласқа беттеді. Әскерлер Чжи Чжи қаласы қорғанының жанында қосылды. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, ол өз әскерлерін қабырғаларды бойлай орналастырды, ал қала қақпаларының екі жағына «балық қабыршағы» сияқты етіп әдеттен тыс сап түзеген жаяу жауынгерлер отрядын қойды.
## Археологиялық ескерткіштері
Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон.Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер тән болған25.Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің, ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық дөңгелек төбе (шоқы, оба) ерекше көрінеді. Төбе аумағында және Ақтөбе 2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілді.
Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28x18,5 м болып шықты. Сарай шаршылап орналасқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа жайлардың бәрімен арқан арқылы өтетін жолдармен байланысқан. Бір кездерде оның төбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында құдық бар. Үй солтүстік-батыс бұрышына салынған, мұржасыз камин үлгісіндегі ошақпен жылытылған. Залдың айналасына орналасқан жайлар дөгалана иіліп, ал олардың біреуі күмбездеп жабылған, бұл күмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі үлгімен жабылған күмбездердің бірі болып табылады. Бөлмелердің бірінде баспалдақ бар, онымен көтеріліп үйдің шатырына шығады. Сарайдағы бүкіл құрылысы — қабырғалар, тіреулер, арқа жолдары тікбұрышты ұзынша және төрт бұрышты шаршылы шикі кірпіштерден қаланған. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде керамиканың бай жиынтығы: көзелер, сапты аяқтар, табалар, құмғандар, шүмекті құмыралар жиналды, олар біздің заманымыздың I жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ұқсас келеді. Керамикалық бұйымдардан басқа ұршық бастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды, олар біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жатады.
## Қауыншы мәдениеті
Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған.
Жерлеу. Қаңлылар заманының қоныстары қасында үлкен зираттар орналасқан. Оларда түрлі аймақтарда әр түрлі жерлеу кұрылыстары тараған. Қаңлыларға тән ең сипаттысы үңгіп (екі түрлі), лақат жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сағана салу болып табылады.Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді.Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу құрылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік (Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса құнды материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан. Төбесі тапталып, опырылып қалған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі 2,5 метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5 метрге дейінгі тереңдікте жатқан қабірлер бар екені анықталды. Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір шұнқырларына жерленген. Шұнқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған, сағаналар да шикі кірпішпен жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 жағдайда керамика ыдыстарға жерлеу анықталды. Негізінен, бұлар — балалар, жасөспірімдер. Ал ересектер қабір шұңқырының түбіне, киімімен, жеке керек-жарақ заттарымен (сәндік заттар, қару) қосып жерленіп, керамика ыдыстарға (құмыраларға, саптыаяқтарға) тамақ салып, су құйып қойған. Жерлеу ғұрпы мен қоса салынған құрал-саймандарға жасалған талдау Қоңыртөбе қорымының аршылған қабірлерінің негізгі бөлігін отырықшы қаңлы тайпалары мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызуға және оның мерзімін біздің заманымыздағы III—V ғасырлар деп белгілеуге мүмкіндік береді.
## Жетіасар
Жетіасардағы әрбір қала орнының төңірегінде мыңдаған жерлеу құрылыстары бар қорымдар орналасқан. Олар негізгі екі түрге: оба астына жерге көму және сағаналарға жатады. Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасында кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Қасына 2-3 керамика ыдыс қойылған. Еркектердің қабірінен әдетте пышақтар, семсерлер, сүйектен жасалған бастырмалары бар күрделі садақтар мен жебелер шықты. Әйелдердің қабірлерінде қола айналар, кабыршақтар, сырғалар, моншақтар, білезіктер жиі кездеседі.Жетіасардағы қабірлердің екінші тобы кірпіш сағаналар болып табылады. Жерлеу камерасына көлбеу дәліз-дромос апарады, ол да күмбез тәрізді етіп жабылған. Тікбұрышты камераның (орта есеппен 3,5x2 м) ішінде екі-үш қабырғаны бойлай жататын сәкілер салынған. Өлікті шиге немесе киізге орап, сәкіге қойған. Айналасына оған керекті заттар, тамақ салып, су құйған керамика ыдыс қойылған. Жер бетіндегі сағаналардың түрлері де жер астындағы сияқты, бірақ олар күйдірілген кесектен қаланған аласа цоколь-стилобаттарға тұрғызылып, олар да оба үйіліп жабылса керек. Қабірлерден табылған материалдарға талдау жасау жерден қазылған қабірлер Жетіасар мәдениетінің бүкіл бойында болған, ал сағаналардың пайда болуы неғұрлым соңғы кезеңге — біздің заманымыздағы II — IV ғасырларға жатады деген қорытындыға келуге негіз береді.
Бұл орайда жерден қазылған қабірлер мен сағаналарға жерленгендер арасында қандай да болсын этникалық-мәдени, антропологиялық елеулі айырмашылықтар байқалмайды.
Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш - сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады.
Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш - Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.
## Шаруашылығы, кәсібі
Қаңлылардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Келесі бөлігі отырықшы егіншк болған. Қытай деректері олардың жылқы, түйе, қашыр, есек, сиыр өсіргенін айқындайды. Оларда негізгі малдардың бірі қой болған.
Қаңлылардың жерінен алтын, асыл тастар, хош иісті шайлар, кілемшелер, қымбат аң терілері саудаға шығарылған.Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен, қолорақ, қолдиірмен, астық сақтайтын ыдыстары, ұралар мен қамбалар және астықтарда көптеп табылды.
## Дереккөздер |
Қу-Арасан минералды суы - Жетісу Алатауының оңтүстік бөктерінде, Көктал ауылының (Панфилов ауданы) солтүстігінен 23 км, Арасан ауылынан 3 км жерде Бурақожыр (Борохудзир) өзені аңғарының оң жағалауында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1050-1160 м биіктікте.
## Ұңғымалары
1983 жылы бұлақтар маңынан екі ұңғыма қазылған, бірінен су деңгейін 3,6 м-ге, екіншісінен 12,2 м-ге төмендеткенде 3600 м³ су алынған. Ұңғымалардың суы жылы (26 – 36°С), минералдылығы 0,6 – 1,2 г/л, аз сілтілі (рН 7,8), химиялық құрамы сульфатты-хлорлы натрийлі.
## Құрамы
Судың құрамында кремний қышқылы 70-96 мг/л, фтор 7-8 мг/л, литий 0,62 мг/л, күшәла 0,125 мг/л, радон 46-113 эман, т.б. элементтер бар.Ерітінді газдың құрамында азот (74%), оттек (25%), көмір қышқыл газы (2,8%), аргон (0,7%), гелий (0,007%) ұшырасады.
## Емдік қасиеті
Минералды судың қан жүру, қозғалу және жүрек, жүйке, асқазан, кардиосклероз, радикулит, полиомиелит, гинекология ауруларына шипасы зор.Қу-Арасан минералды суының маңында 1967 жылдан "Жаркент-Арасан" шипажайы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Құмдақшөп немесе Құмбелек (→Құмебелек) (лат. Arenaria) - қалампыр тұқымдасына жататын бір, екі не көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
## Түрлері, өсетін жері мен таралу аймағы
Қоңыржай, салқын аймақта 100, Еуропада, Батыс, Шығыс Сібір жазығында таралған 35 түрі бар.Қазақстанда Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алтай таулары, Тарбағатай жотасы, Ұлытау тауларында, Іле, Күнгей Алатауларында, Зайсан қазаншұңқырында, Балқаш-Алакөл алабында таралған 11 түрі белгілі, оның үшеуі: азиялық құмдақшөп (Arenaria asiatica), тұрлан құмдақшөп (Arenaria turlanica), Потанин құмдақшөбі (Arenaria potanini) - Қазақстанның эндемиктері.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 5-50 см, жапырағы таспа пішінді, қарама-қарсы орналасқан.
* Гүлі ақ, кейде қызғылт, қос жынысты.
* Гүлшоғыры - жарты шатырша. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді.
* Жемісі - қауашақ.
## Қолданысы
Өсімдіктен медицинада қолданылатын сапониндер алынады. Әсемдік үшін өсіріледі. Құнарлы мал азығы.
## Дереккөздер |
Торган Ганаэль Франсис Азар (фр. Thorgan Ganael Francis Hazard 1993 жылы 29 наурызда Ла-Лувьере қаласында Бельгияда туған) — белгиялық футболшы, «Боруссия Дортмунд» футбол клубының және Бельгия ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы.
Торган Эден Азардың інісі.
2013 жылдың 29 мамырында Торган Бельгия ұлттық командасындағы алғашқы матчын АҚШ-қа қарсы өткізді.
2014 жылдың қаңтарында Азар Бельгияның ең үздік футболшысы аттанып «Бельгиялық Про-лиганың Ең үздік ойыншы» жүлдесін алды
## Жеке өмірі
Торган Ла-Лувьерқаласында туылды, бірақ Брен-ле-Контеде өсті. Оның бірінші аты оның ата-аналарымен Торгалкомиксінің бас кейіпкерінің атына қойылған. Отбасыда барлығы футболмен байланысты. Оның анасы Катрин және әкесі Тьерри де футболмен айналысқан. Әкесі жартылай қорғаушы, ал анасы шабуылшы. Торганда үш ағасы бар. Үлкен ағасы Эден Азармен бірге Челсида ойнады.Қалғандары-Килиан мен Итан. 2017 жылы Килианда Челсиға көшті. Итан Бельгияда Тюбизенің жас құрамасында ойнайды.
## Мансабы
### Алғашқы қадамдар
Торган өзінің карьерасын 5-6 жасында жергілікті «Royal Stade Brainois» командасында бастаған. 5 жылдан кейін ағасының сонынан «Тюбиз» клубына кетті. 14 жас аралығында оны француздық «Ланс» клубы өз командасына алды.
«Ланстың» 16 жасқа дейін жастар академиясында, Жоффрей Кондогбья және Рафаэль Варан сияқты футболшылармен бірге ойнады.
2008/09 жылдары 16 жасқа дейінгі ұлттық чемпионатты женді.
### Ланс
2010 жылдың 7 сәуірінде Азар алғашқы профессиональдік келісімге қол қойды. Дайындық матчтарында 1 голды «Руселаре» клубы тықты. 8 тамызда алғашқы ойының «Дранси» клубымен 2:0 есебімен женді.
2011-2012 жылдары негізгі құрамаға ілініп жақсы маусым өткізді.
### Челси
2012 жылы 24 шілдеде Челси ресми сайтында Азардың «Ланс» клубынан сатып алғаны жарияланды.
2012 жылдың 17 тамызында Торган резерв командасында «Манчестер Ситиға» қарсы ойнап алғашқы ойынын өткізді.
30 тамызда Челси Торганды белгиялық «Зюлте-Варегем» клубына арендаға берді.
### Зюлте-Варегем
2012/13 маусымы
2012 жылы 30 тамызда Торган арендаға берілді. 15 қыркүйекте алғаш ойынында қонақта «Ауд-Хеверле Лёвен» клубымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. 31 қазанда «Шарлеруа» клубына алғаш голын соқты.
2013/2014
2013 жылдың 15 шілдесінде «Челси» мен «Зюлте-Варегем» аренданы 1 жылға созды.
## Халықаралық мансабы
### Жас ұлттық құрамалар
Торган Бельгияның 16, 17 және 18 жасқа дейінгі құрамаларында ойнаған.
### Негізгі құрама
2013 жылдың 16 мамырында Торган алғаш рет негізгі құрамаға шақыру алды. 29 мамырда бірінші ойынына 2 жартысында шықты. 2017 жылдың 4 мамырында бірінше голы соқты
## Жетістіктері
### Ұлттық құрама
* 2018 жылда Әлем Чемпионатында үшінші орын алды
### Жеке
* Бельгияда жыл ойыншысы:2013/14
* Бельгиялық Про-лиганың үздік ойыншысы:2013/14
## Сілтемелер
* Профилі |
Жартас көктеке (лат. Sitta tephronota) - Sittidae тұқымдасының орман көктекеден екі есе ірі денелі (30-40 г) және әлдеқайда ақшыл құс.
## Мекені
Ол басқа көктекелер секілді орманда емес, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында - батысында Қызылқұм шөлі мен Сырдария өзендерінен, шығысында Іле өзенінің аңғары және Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс тау етектеріне дейін жартасты құрғақ аласа тауларында қоныстанады.
## Ұялауы
Отырықшы құс. Қылығы және тіпті дауысы орман көктекесін еске түсіреді, алайда айғайы, соған сәйкес жалпы құстардың шуылы әлдеқайда қаттырақ, оның үстіне жартасты жерлерді мекендейтіндіктен, оның дауысын жаңғырық күшейтіп жібереді. Көбеюге ерте кіріседі - наурызда көктеке ұяларында балапандар басып үлгіреді.
Жартас көктекенің түбін жартасқа бекіткен жіңішке мойынды ыдыс тәрізді саздан жасаған ұясы басқаларға мүлде ұқсамайды. Көбінесе тостағанша тәрізді ұя жартастың табиғи үңгіленген қуысында болады. Құс содан біртіндеп тарылатын түтіктің қабырғасын жасап шығарады. Ол ұяға енетін ауыз болып саналады. Сазды қабырға қомақты да ауыр (қалыңдығы 4-7 см), салмағы 18 килоға жуық болғанына қарамастан, ұя өте берік және көптеген жылдар бойы қызмет етеді. Оның үстіне ұя ересек адамның салмағын көтере алады. Ал оны жартастан бөліп алу үшін (мысалы, мұражайға алу үшін) арнаулы құрал-сайман қажет, өйткені кәдімгі пышақпен ұя қабырғасын босатып алу мүмкін емес. Көктеке құрылыс жасау үдерісінде, саз әлі кеппей тұрғанда, оған қола коңыздың жылтыр үстіңгі қанатын, ұлудың бақалшағын, шыны сынықтарын, фарфор және басқа безендіретін заттар жапсырады. Ұя айналасындағы жартасты да құстардың әсем қауырсындарымен, кеуіп қалған жыланның терісімен безендіреді. Ұя бөлімінің ішіне кемірушілердің жүнінен қалың төсеніш жасайды. Көктеке оны жыртқыш құстардың былықпасынан алады, сондықтан ұя төсенішінде былықпаның жартысындай көлем алатын шаң үнемі болады.
Салындыдағы 4-9, көбінесе 5-7 ақ түсті жұмыртқаларды аналық басады, аталық аналықты қоректендіреді. Ұяның өзін анықтап қарауға мүмкіндік болмағандықтан, балапандардың даму ұзақтығын анықтау өте қиын. Балапандарды аталық пен аналық күніне 197-ге дейін жем үлесін әкеліп, қоректендіреді. Балапандардың ұяда болу үзақтығы туралы нақтылы дерек жоқ. Бір жазда екі рет балапан өргізуі де мүмкін. Балапандар тарап кеткен соң көктекелерді қайтадан жалғыз-жалғыздан көктемге дейін кездестіруге болады ..
## Дереккөздер |
Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған.
Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді.
## Дереккөздер |
Жауторғай (лат. Passer montanus) - торғайлар тұқымдасының ең кішкене денелі биологиялық түрі. Топтасып ұшатын құс.
## Биологиялық сипаттамасы
Салмағы - 17-28 г, дене тұрқы 12,5 — 14 см.. Біршама ашық реңді, аталығы мен аналығын бірінен-бірін сырттай қарап ажы- рату қиын. Өзге торғайлардан айырмашылығы - басындағы қоңыр реңнің екі жағындағы ашық ақ реңктегі дөңгелек қара түсті теңбілінің болуы. Едәуір ірі денелі үй торғайдан айтарлықтай икемді, ал дауысы әлдеқайда жоғары және сыңғырлап естіледі. Ересек торғайлар аралас жеммен қоректенеді, ал балапандары тек қана бунақденелілерді жейді.
Ұяларын ағаш қуыстарына және басқа қуыстарға орналастырады. Шымшықтарға арнап ілінген, кірер аузы едәуір үлкен, қолдан жасалған ұялау орнын пайдаланады. Бір жазда екі, тіпті үш рет балапан өргізеді. Салындыдағы 5-6 шұбар жұмыртқаларды аталығы және аналығы басады, олар балапандарын да бірлесіп қоректендіреді. Жаз соңында жауторғайлар басқа торғайларға қосылып астық егілген далаға барады да, дәнді дақылдар түсіміне айтарлықтай зиян келтіреді. Алайда бұлар-- қалада өте пайдалы құстар.
## Таралуы
Сусыз шөлден және биік таулардан басқа жерлерде бүкіл Қазақстанға кең таралған.Барлық жерде жеке жұптарымен отырықшы өмір сүреді.
## Дереккөздер |
Көкмарас (лат. Chrozophora) - сүттіген тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала бұталар тегі. Ботаникалық тек ретінде алғашқы рет 1924 жылы сипатталған. Бұл тектің биологиялық түрлері Еуропа, Африка, Азия елдерінде кең таралған.
Қазақстанның құмды, шөлейтті жерлерінде: Үстірттің солтүстігінде, Бозащы түбегінде, Мойынқұмда, Қызылқұмда және Түркістанда өсетін 4 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – құмқы немесе құм көкмарасы (Ch. sabulosa). Оның биіктігі 5 – 25 см. Бұтақты сабағы тарамданып өседі. Жапырақ тақталары жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 2 – 6 см, ені 1,5 – 4 см-дей), жиегі тегіс немесе ірі тісті иректелген. Бір үйлі, дара жынысты гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Аталығы 5, төмен қарай иілген гүлтұғырында 2 – 6 аналық гүлдері орналасады. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, қыркүйектің аяғында жемістенеді. Жемісі – етжең, үш ұялы қорапша. Тұқымы ұзынша келген, сырты тегіс. Өсімдіктің құрамында бояғыш заттар болады, одан көк түсті бояу – индиго алынады. Көкморасты қой мен ешкі сүйсініп жейді.
Chrozophora tinctoria атты түрі орта ғасырлардан бастап бояу ретінде қолданған.
Түрлері
* Chrozophora brocchiana - Сахара
* Chrozophora gangetica -Үндістан
* Chrozophora mujunkumi - Өзбекстан
* Chrozophora oblongifolia - Шығыс Африка, Үндістан, Пакистан
* Chrozophora plicata - Африка, Үндістан, Пакистан, Тайланд,Ява
* Chrozophora rottleri - Ауғанстан, Үндіқытай
* Chrozophora sabulosa - Ирак, пакистан, Орта Азия
* Chrozophora sabulosa - Батыс Африка
* Chrozophora tinctoria - Үндістан, Пакистан, Орта Азия
formerly included
moved to other genera (Codiaeum Mallotus)
* C. mollissima - Mallotus mollissimus
* C. peltata - Codiaeum peltatum
## Дереккөздер |
Құмқы немесе құм көкмарасы (лат. Chrozophora sabulosa) - Сүттіген тұқымдасына (лат. Euphorbіaceae) жататын Көкмарас тегінің өсімдігі.
## Ботаникалық сипаттамасы
Биіктігі 5— 25 см. Бұтақты сабағы тарамданып өседі.
Жапырақ тақталары жұмыртқа тәрізді, жиегі тегіс немесе ірі тісті иректелген.
Бір үйлі, дара жынысты гүлдері шашақ гүл шоғырына топталған. Аталығы 5, төмен қарай иілген гүлтұғырына 2—6 аналық гүлдері орналасады. Жемісі етжеңді үш ұялы қорапша. Тұқымы ұзынша келген, сырты жеміс. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, кыркүйектің аяғында жеміс береді. Құрамында бояғыш заттар болады.
## Дереккөздер |
Сірне — бағланның, кепенің етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын қазақтың дәстүрлі асы.
Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді. Үйітілген бас-сирақ, ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өз іш майына және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның бетіне бу шықпайтындай ғып ыдыс төңкеріліп, от мейлінше баяу жағылады. Қазанның түбі күймес үшін аздап қана су құюға болады.
Бұқпа - жазда марқаның етінен пісірілетін дәмді әрі жеңіл тағамдардың бірі. Үйге сирек келетін, шақырып келтіре алмайтын сыйлы азаматтар келіп қалады. Олар сәлемге, әрі сусындып кетуге аз уақытқа ғана соққан. Мұндай кісілерге бір тоқтының басын көрсетпесе салт, дәстүр, жөн-жосық бойынша үй иесінің азаматтығына тағы да мін. Дегенмен мұның жолы бар. Қымыз сапырылып, шай қайнап жатқанда үй иесі бір марқаны алып ұрады да дәмді әрі тез пісетін "бұқпа" әзірлей береді. Марқаның терісі сыпырылғаннан кейін, жіліктері мен омыртқалары өткір балтамен шабылады да қазанға салынады, аздап су құйылады. Қазан беті тығыз жабылады да ет өз буымен піседі. Піскен етті нан салмай-ақ қонақтар алдына қояды. Буға баппен піскен семіз әрі жас ет қонақтар тәбетін аша түседі. Сөйтіп қонағына дәм ұсынған үй иесі де, риза, кәделі әрі жеңсік тағам жеген қонақтар да риза болады. Бұқпаны қойлы ауылда қонақ күте білетін тәжіриебелі адамдар ғана жасай алады. Оңтүстік жақта бұл сірне деп аталады.
## Тағы қараңыз
* Сірне (мал азығы)
## Дереккөздер |
Ақжағал қырқылдақ (лат. Chlidonias hybrida) - Sternidae тұқымдасының қара қырқылдаққа ұқсас құс.
Одан айырмашылығы ақжағал қырқылдақтың тамағы және жағы ақ болғандықтан, жақсы байқалады. Бұдан басқа қара түс оның басында ғана басымырақ, ал бүкіл қалған денесі сұр түсті. Туыстық басқа өкілдерінен айырмашылығы тұмсығы және аяғы қызыл.
## Мекені
Негізінде бұл құс тропиктер мен субтропиктер құсы, қоңыржай белдеуге енуіне алыс емес. Қазақстанда Жайық, Торғай және Сырдария өзендерін бойлай ұялайды. Сирек кездеседі. Өмір сүру дағдысы туыстын басқа өкілдерінлегідей. Қазақстанда мамырдың алғашқы жартысында болып, қыркүйек басталғанға дейін ұшып кетеді .
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Қатутау жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік сілеміндегі жота.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Солтүстігінде Қоғалы тауаралық аңғарына, оңтүстігінде Достар және Ақтау таулары арқылы Іле аңғарына ұласады.
Абсолюттік биіктігі 1630 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр, енді жері 10-20 км.
## Геологиялық құрылымы, жер бедері мен өсімдігі
Қатутау жотасы жоғарғы палеозой және мезо-кайнозойдың құмтас, конгломерат, мергель, әктас шөгінділерінен түзілген. Делювийлі-пролювийлі тауаралық жазығының бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас тасбұйырғын, бұйырғын, жусан, ши, т.б. өсімдіктер өседі.
Таудың тектоникалық көтерілуге ұшыраған орта бөлігінде бұлақтар көп.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Қайқытұмсық балшықшы (лат. Xenus cinereus) - қауырсын жабыны біркелкі сұрғылт қоңыр, бауыры - ақ және қанатының үстінде екі қошқыл жолағы бар ұсақ (50-75 г) балшықшы.
## Сипаттама
Аяғы онша ұзын емес — сарғыш қызғылт түсті, саусақтарын қос-қан жарғақ жақсы байқалады. Тұмсығы жіңішке және жоғары қайқайғаны айқын білінеді.
## Мекені
Еуразияның тундралық ормандарында, орманды және орман-далалы белдемін мекендейді. Қазақстанда тек қана үшып өткен уақытта - сәуір-мамырда және тамыз-қыркүйекте болады.
## Ұялауы
Ұялау ерекшеліктері үлкен балшықшыға (ізетшіте) ұқсас.
## Дереккөздер |
Қауынбаймолда жотасы – Шардара бөгенінің солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созыла орналасқан.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Шардара ауданы жерінде.
## Жер бедері
Ұзындығы 40 км, ені 5-10 км. Абсолюттік биіктігі 321 м. Жер бедері адырлы, оңтүстік-шығысы тегістеу келген. Шығысы сай-жыралармен тілімделген.
## Геологиялық құрылымы
Оңтүстік бөлігі ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңінің жыныстарынан, солтүстігі олигоцен шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Сұр топырағында өлеңшөпті-қоңырбасты, эфемерлі өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қаржеміс (лат. Symphoricarpos) – ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта.
## Ботаникалық сипаты
* Гүлдері қос жынысты, дұрыс пішінді, масақ тәрізді гүлшоғырына жиналған.
* Тостағаншалары 4-5 тісті, күлтелері кішігірім қоңырау тәрізді, етті, түсі күлгін немесе ақ.
* Жемісі 2 тұқымды, шырынды, қардай аппақ, сирек жағдайда қызыл немесе қара түсті.
* Жапырақтары қысқа сағақты, қарама-қарсы орналасқан, шеттері тегіс, қосалқы жапырақшалары болмайды.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Қаржемістің 15-ке жуық түрі белгілі. Солтүстік Америкада таралған, бір түрі Қытайда кездеседі. Қазақстанда бір түрі - ақ қаржеміс (Symphoricarpos albus) өседі.Жеміс салған кезде өте әдемі, сондықтан қалаларда әсемдік үшін де өсіріледі.
## Дереккөздер |
Есулі қоссым (ағылш. twisted pair, орысша витая пара, termincom.kz сайтындағы атаулары есілген жұп,есулі қоссым (ақпарат), есулі қосақ, немесе ширамалы жұп (Қазақстан оқу орындарындағы оқулықтарда осылай жазылып жүр)) - байланыс кабель сымдарының түрі. Сыртынан пластик қапталған, өзара айналмалы оратылған бір немесе бірнеше жұп айырылған электр өткізгіштер.
Есулі қоссым - қазіргі заманғы құрылымданған кабель жүйелерінің компоненттерінің бірі. Телекоммуникациялар мен компьютерлік желілерде Ethernet, Arcnet, Token ring, USB секілді көптеген технологияларда сигнал таратудың физикалық ортасы ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта монтаждауға жеңіл болғандығы үшін және арзан болғандығы себепті сымды локальды желі құруда кең таралған шешімдер болып табылады.
Есулі қоссымды Александр Грэйам Белл жасап шығарды.
Бөгеуілдерге төзімділігін қосымша арттыру үшін есулі қоссым экрандалуы мүмкін. Экрандалған кабель экрандалған есулі қоссым (STP) , ал экрандалмағаны экрандалмаған есулі қоссым (UTP) ретінде белгілі.
## Желіде қолданылатын кабельдердің түрлері
Кабельмен жіберілетін, сондай-ақ кабель конструкциясының элементтерімен жіберілетін сигналдарға қорғанысқа мұқтаж. Қорғаныс элементтері қолданылу мақсатына байланысты мынандай түрлерге жіктелінеді:
* химиялық қорғаныс - кабельді сыртқы факторлардан (топырақтан, су, газ, күн сәулесі) қорғау;
* механикалық қорғаныс - кабельді механикалық зақымданулардан қорғау;
* экрандау - сигналдарды бөгеуілдерден (сыртқы және ішкі электромагнитті бағыттардан қорғау) қорғау;
Осы қорғаныс элементтері кабельдің қызмет ету уақытын ұзартады.
Кәбілді химиялық қорғау үшін фольга мен полиэтилен пайдаланылады. Фольгамен қорғалған кәбілдерді «foiled» ("фольга оралған") терминімен белгілейді.
## Есулі қоссымның қасиеті
Магниттің лентамен мәліметтерді жіберу жылдамдығының өте жоғары болғанымен, жіберу жолында бөгделіктердің болуы мүмкіндігі де өте жоғары болатынын ұмытпау керек. Жіберу уақыты сағат пен минутпен өлшенеді, минисекундпен емес.
Жіберуде көп қолданатын әдістердің бірі есулі қоссым (витая пара) болып табылады. Бұл құрылғы екі диаметрі бір мм ді құрайтын изоляцияланған жез сымнан құралады. Сымдағы қозғалыстар спераль түрінде қозғалып отырады. ДНК молекуласына ұқсас. Есулі қоссымдағы элекромагниттік қатынасты азайтады.Есулі қоссымның көп тараған түрі ретінде телефон линиялары танылады. Барлық телефон компаниялары осы құрылғы арқылы қолданады. Есулі қоссым (Витая пара) бірнеше километрге дейінгі жерге сигналды қуатын азайтпай жібере алады. Есулі қоссымға (Витая пара) кабель жалғанып сыртынан қорғаныс қабықшасымен қапталады. 3 категориялы витая пара 2 түрлі сымнан құралады, олар бір бірінен оқшауланған (изоляцияланған). Осындай 4 сым пластикалық сырттың қорғаныстың ішінде болады.
1988ж. дейін кеңселерде 3 категориялы кабельдер қолданған болатын.
1988 жылдан бастап кеңселерде Б категориялы Витая параға ұқсас бірақ оған қарағанда көбірек виталары бар және ұзындығы ұзынырақ болады. Бұл оның ұзақ қашықтыққа мәліметтерді жібергенде сапасы жоғары. 5 категориялы есулі қоссым жоғары жылдамдықты компьютерлік ақпаратты жіберуге қолайлырақ болып келеді.
Осы типтер көп жағдайда UTP ( unshielded twisted pair экрандалынбаған витая пара) қосылуы деп аталады. IBM корпарациясының витые парасына қарама-қарсы, 1980 жылы қолданысқа енген. IBM нің шеңберінен шыға алмай қалған. UTP әртүрлі схеманық түрде 2.2. ceретінде көрсетілген.Басқада көп қолданысқа ие мәліметтерді жіберудің түрі ноаксимальды кабель болып табылады. Ол витая параға қарағанда экрандалған сол себептенде ол алшақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен жіберілінеді.2 типті кабель кең ауқымда қоланылады. Солардың ішіндегісі 50 омдық цифрлық мәліметтерді жіберу үшін қолданылады.Екіншіс 75 омдық ол ақпаратты жіберуге және де кабельдің телевидениеде мәліметтерді жіберуге қолданылады.
## Дереккөздер
* http://www.hep.ph.ic.ac.uk/~dmray/pdffiles/TP_umbilical_studies.pdf Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы. |
Қолтық мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу темір жол стансасының батысында 90 км жерде, Тұран плитасының оңтүстігіндегі Бозащы ойпаңының солтүстігінде орналасқан. Кен орны 1978 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Жоғарғы және ортаңғы юраның (келловей мен байос ярустарында) түзілімдерінен мұнай қабаттары барланған. 2863 м-ден 3150 м-ге дейінгі тереңдікте екі мұнайлы қабат бөлінген. Иірімдері қабаттық, литологиялық қалқаланған. Келловей иірімінің биіктігі 7,2 м, байос иірімі 28,8 м. Су-мұнай жапсары абсолют белгілерде 2899-3202 м. Өнімді қабаттар терригендік шөгінділерден құралған, коллекторлары кеуекті.
## Құрамы
Мұнайға қаныққан қабатының қалыңдығы 5,7 және 4,9 м, ашық кеуектілігі 18%, өткізгіштігі 0,039 және 0,013 мкм².
Мұнайға қаныққан коэффициенті 0,6 және 0,49.
Мұнайдың шығымы 3,5-32,6 м³/тәулік.
Қабатының қысымы 33,4 МПа, тығыздығы 832 кг/м³.
Мұнай аз күкіртті 0,44%, парафині 2,37%, шайыры 5,74%, асфальтендері 1,83%. Кен жұмысы 1986 жылдан игерілмеген.
## Дереккөздер |
Айтақын Әбдіқалұлы - 1947 жылы 10 қыркүйекте Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қайнар ауылында туған.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
1966 жылы мектеп бітірген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1966 жылдан аудандық газетте, Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, «Алатау» облыстық кәсіподақтар газетінде, Алматы теледидарында, облыстық әкімшілікте (тіл және ономастика саласы бойынша), облыстық «Қазақ тілі» қоғамында, «Қазақстан–1» теледидарында, республикалық «Заң» газетінде жауапты қызметтер атқарған.
«Балауса», «Бастау», «Ұшырайын құсымды», «Разбег», «Өміркеме» атты жыр жинақтарының авторы. Сондай-ақ, ол «Мұқағали» деген атпен жарық көрген естелік кітабын, «Мұқағали дастан» зерттеу кітаптарын құрастырған.
М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты. Алматы облысы Райымбек ауданының Құрметті азаматы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* writers.kz |
ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандардың тізімдері.
## Аймақтар бойынша диаграмма
Бұл диграммада 10 нысаннан астам бар елдер көрсетілген
* Қоңыр: 40-тан астам нысаны бар елдер
* Ақшыл қоңыр: 30 - 39 нысаны бар елдер
* Сарғылт: 20 - 29 нысаны бар елдер
* Көк: 15 - 19 нысаны бар елдер
* Жасыл: 10 - 14 нысаны бар елдер
## Азия
Орта Азиядағы Әлемдік мұра нысандары:
* Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Қырғызстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Тәжікстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Түрікменстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Өзбекстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
Батыс Азиядағы Әлемдік мұра нысандары:
* Араб елдеріндегі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Ирандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
Шығыс Азиядағы Әлемдік мұра нысандары:
* Қытайдағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Жапониядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Оңтүстік Кореядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Моңғолиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
Оңтүстік Азиядағы Әлемдік мұра нысандары:
* Бангладештегі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Үндістандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Пәкістандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Шри-Ланкадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Әлемдік мұра нысандары:
* Индонезиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Филиппиндегі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Тайландтағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
## Африка
Африкадағы Әлемдік мұра нысандары:
* Мадагаскардағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Оңтүстік Африкадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Бениндегі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
## Еуропа
Солтүстік Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары:
* Швециядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
Батыс Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары:
* Бельгиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Франциядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Германиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Ирландиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Люксембургтағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Нидерландтағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Швейцариядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Ұлыбританиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
Шығыс Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары:
* Армениядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Әзірбайжандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Беларусьтегі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Грузиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Польшадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Румыниядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Ресейдегі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Словакиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Украинадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
Оңтүстік Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары:
* Албаниядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Босния және Герцеговинадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Болгариядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Хорватиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Грециядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Италиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Македониядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары
* Португалиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Сербиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Испаниядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Түркиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Ватикан - ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысаны.
## Океания
Океаниядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
## Солтүстік және Оңтүстік Америка
Америкадағы Әлемдік мұра нысандары:
* Аргентинадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Канададағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Кубадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Гаитидағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Мексикадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Перудағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Америка Құрама Штаттардағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
* Чилидегі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
## Тағы қараңыз
* ЮНЕСКО
* Әлемдік мұра |
Дүниежүзілік көрме — 1929 жылы болған дүниежүзілік көрме.Сондай-ақ бұл іс-шара Испан алаңы атауымен Барселона және Севилья қалаларында қатар өткен шара. Лондондағы Хрусталь сарайы және Париждегі Эйфель мұнарасы бой көтергендіктен испан жұрты да әлем назарына ілігуді, өзінше жаңалық әкелуді мақсат тұтты. Және сол мақсатына жетті. 1929 жылы аталмыш қалаларда Иберия-Америка бүкіләлемдік көрмесі өтіп, әлем жұртының көшін Пиреней түбегіне бұрған болатын. Севилья қаласының оңтүстігінде орналасқан Испан алаңының орнында ортағасырларда халықтың қазына сақтайтын қоймасы болған. 1715 жылы бұл жерде Суидадела қамалының іргетасы қаланды. Алайда, бұл қамалды 1905 жылдарға дейін тек көз сүйсінетін, ресми шаралар өткізетін орынға айналдырды.Ал, Испан алаңының салына бастау 1928- 1929 жылдардан басталған еді. Әрине, осында өтетін Экспо бүкіләлемдік көрмесіне орай Барселонада олимпиадалық стадион да салынып үлгерді. Экспоға байланысты бірнеше ғимараттарды бұзуға тура келді. Он жыл бұрын салынған алыстан менмұндалаған биік мұнаралар, зәулім ғимараттар орнын босатты. Екі бірдей Венециялық мұнара тұрғызылып, Экспо павильондарына жол ашатын қақпа есебінде салынды. Қазір бұл ғимараттар Мария-Кристина ханым көшесінде орналасқан. Сондай-ақ, бұл жерде бүгінге дейін көрмелер мен жәрмеңкелер өткізіліп келеді.
Осы Испан алаңында салынған субұрқақ әлемде теңдессіз сәулет өнерінің жемісі. Бір субұрқақтың негізінде өрлеуді, сенімді, батырлықты, өнерді, тіпті сауданы да көрсетіп тұр. Сондай-ақ, Испан алаңының жан-жағындағы ғимараттар да көненің көзі, ежелгі тарихи ғимараттар. Мәселен, бұрын бұқалармен өнер көрсететін коррида аренасы тарихи ғимараттардың бірі. Бүгінде сауда орталығына айналып кетті. Қалған бөлігі ұлттық көркемөнер мұражайына және көрме орталығына айналған.Испан алаңын көгалдандыру жұмыстары француз ландшафт сәулетшісі Жан-Клод Форьестенің көмегімен жүзеге асты. Субұрқақтың айналасындағы гүлдер, павильондар, бәрі-бәрі сол маманның қолымен жасалды.
Ал, субұрқақты, алаңның айналасындағы доғалдау салынған ғимараттардың барлығы испан сәулетшісі Анибал Гонсалестің шеберлігімен, бас жоспарымен салынды. Сондай-ақ, Анибал Гонсалестің бастамасымен жүзеге асқан ғимараттар 1920 жылдардағы ең танымал арт-деко стилінде бой көтерді. Ал, субұрқақтың айналасында бедерленген дүниелердің барлығы алфабит бойынша рет-ретімен жасалды.
## Сыртқы сілтемелер
* nindo.ru Мұрағатталған 30 қазанның 2013 жылы.
* europuzzle.ru |
Қала қарлығашы (лат. Delichon urbica) - Қазақстандағы қала қарлығаш туыстылардың жалғыз өкілі.
## Биологиялық сипаттама
Қала қарлығашының дене мөлшері мен пішіні әдеттегі қыстау қарлығашқа ұқсас болып келеді, алайда құйрығы едәуір қысқалау (бұрымшасы жоқ), қара, реңді жонындағы және құйрық үстіндегі ашық ақ түс айқын көрінеді, құйрығы да жоны сияқты қара реңді. Ұяларын үстіңгі жағы кесілген жар¬ты шар түрінде тік бетке бекітіп, жапсы¬рып жасайды. Қыстау қарлығаштың ұясынан айырмашылығы - қала қарлығашы ұясының ернеуі ішке қарай тартылып, ұя аузын тарылтады. Әдеттегідей, бірнеше ондаған жүптан бірнеше жүздеген жүпқа дейін шоғыр түзіп орнығады. Оның үстіне мүндай шоғырлардың орындары тұрақты болады, ал қарлығаштар жаңа ұя салумен қатар ескі ұяларды да жөндеп, оларды да пайдаланады. Ұяны ата-енесі бірлесіп жасайды. Салындыдағы жұмыртқаларды да 14-15 күн (күн райы қолайсыз болса, әлде- қайда ұзақ 20-23 күнге дейін басады. Балапандарын ұяда 20-25 күн шамасында бірлесіп қоректенеді. Күн салқын тартқанда ұядан ұшқан балапандар ұяға келіп, ата- енелері оларды қоректендіруін жалғастырады.
## Таралуы
Бастапқыда жартастарда мекендегендіктен, Қазақстанның оңтүстік және шығыс тауларындағы жартастарда шоғыр түзіп, өмір сүруде. Дегенмен бұл қарлығаш жазықтық аумағындағы, соның ішінде Қазақстанның елді мекендерін игеріп алды, сондықтан биік ғимараттары бар кез келген қалалардан (кез келген ауылда өмір сүретін қыстау қарлығаштан ерекше бүл қарлығаш қала қарлығаш аталған) кездесуі мүмкін. Қыркүйектің соңында Африкада және Азияның оңтүстік аудандарында қыстауға ұшып кетеді, көктемде сәуір айында оралады. Ұшып өту кезінде бүкіл Қазақстанда кездеседі.
## Қолданылған әдебиет
* Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010 |
Секпілтөс қарлығаш (лат. Hirundo daurica) - қыстау қарлығашқа туыстас құс. Одан айырмашылығы - мойны және құйрықүсті қызылсары реңді. Одан басқа, бауыры - таза ақ емес, бойлай созылған сепкілді. Секпілтөс қарлығаштың ұясы өте ерекше - ұя пішіні аузы ашық жарты тостағанша емес, кіретін аузы ұзын түтікшелі, толық жабылған ыдыс сияқты. Мұндай ыдыс көбінесе ғимараттың төбесіне немесе қабырға мен төбе ұласатын бұрышқа бекітіледі. Секпілтөс қарлығаш Оңтүстік Қазақстан тауларында теріс орналасқан бұрыштары бар жартас төбесіне жапсырып ұя салады. Оның мінез-қылығы қыстау қарлығашқа өте ұқсас, балапандарын да жазда сол сияқты екі рет өргізеді.
## Таралуы
Секпілтөс қарлығаш Қазақстанда тек қана оңтүстік облыстардың - Арыс өңірінен шығыста Бұқтырма тау баурайындағы аудандарда орын тебеді. Қыстау қарлығаштан біраз ертерек ұшып келіп, әдетте одан бұрынырақ ұшып кетеді (қазанның бірінші жартысынан кешікпейді).
## Қолданылған әдебиет
* Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010 |
Сұр қаз (лат. Anser anser) - едәуір ұзын мойынды, басы кішкене және аяғының ұзындығы қалыпты, ірі денелі сұр реңді қаз.
## Биологиялық сипаттама
Салмағы—2,5-4,4кг, кейде 6 кило шамасында. Ол реңі бойынша үй қазына ұқсас. Үй қазы қолтұқымдарының көпшілігі осы түрден бастама алған. Денесінің үстіңгі жағы жонына қарай - сұрғылт қоңыр, белі - күлгін сұр, құйрықүсті - ақ. Сұрғылт қоңыр қапталында ашық түсті көлденеңжолақтар болады, төсінде және бауырының алдыңғы жағында қара теңбілдері бар. Тұмсығы - сарғыш, тұмсық ұшы - ақ, аяғы - ашық қызыл. Дауысы - ерекше қаңқыл. Құрлықта көп уақыт жұмсап, жеңіл қозғалады, оның үстіне жақсы жүзеді және сүңги алады.
Өзі жиі қоректенетін жайылма шалғыннан қашық емес қиын қопаларда ұя салады. Қандай да болса көтеріңкі жерде орналасқан салындыға аналығы 3-9 күлгін немесе жасылдау реңкті ақшыл жұмыртқа туып, айға жуық жұмыртқаларды басады. Балапандарды аталық және аналық қаздар өргізеді. Балапандар екі ай шамасында қанатына көтеріледі. Бұл мезгілде аталық пен аналық кезектесіп түлейді де, осы кезеңде ұша алмайды. Тұқымтоп жаңадан ұша бастағанда олар қоректену үшін егістік пен шалғыннан ұдайы ұшып, соңынан тынығу және суат үшін суға оралады. Топқа оңай жиналады. Жылыстау кезінде мың-мыңдап жинақталады да, қорек бар болса (егістікте қалған дән), дәл сол суқоймаларда ұзақ болады. Әуесқой аңшылар аулайтын аңшылық кәсіпке пайдаланылады.
## Таралуы
Қазақстанда қамыс және қоға қалың өскен барлық жарамды суқоймаларда қоныстанады. Қазақстанда ақпанның соңынан қараша айы бойынша болады.
## Қолданылған әдебиет
* Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010 |
Шөл қунақ (лат. Rhodospiza obsoleta) - шағын денелі қунақ, Қунақ тұқымдасының Шөл қунақтар туысы атты монотипті туысының жалғыз биологиялық түрі.
## Биологиялық сипаттама
Қара қанатында кішкентай қызғылт дағы бар, ашық реңді (құла-құм түстес реңкті), салмағы 22-28 г. Ересек құстың тұмсығы - жуан, қысқа, қара реңді, осы белгісі бойынша шөл суықторғайдан шапшаң ажыратуға болады, алайда жас қунақтардың тұмсығы ақшыл болып келеді. Ұшып жүріп "трррю, трррю- ррю, трррю" деп құбылтып, әдемі үн шығарады, ол әуені - назды, әуенді сайрау.Өсімдік үлпегін астына төсеген әдемі тостағанша тәрізді ұясын ағаштар мен бұталардың басына орнатады. Бір жазда екі ұя балапан өргізеді. Салындыдағы 4-6 сирек секпілді көгілдір ақ жұмыртқаларды аналығы 13-15 күн басады, ал аталығы өсімдіктің аршылған тұқымын аналыққа тасып, қоректендіреді. Кейін ата-енесі балапандарға осындай қорек тасиды. Балапандар 12-13 күнде ұяны тастайды. Осы уақыттан бастап аталығы балапандарды өз қамқорлығына алады, ал аналық екінші ұяға жүмыртқа басуға кіріседі. Екінші ұядағы балапандар тамызда ұяны тастайды. Осы уақыттан бастап шөл қунақтар топтарымен қыстауға қарай жылыстайды.
## Таралуы
Азияның ішкі аудандарындағы шөлдерде таралған. Қазақстанда шөлді зонаның үлкен бөлігінде - Арал теңізінен Алакөл қазаншұңқырына дейін бұталары бар жерлерде орын тепкен. Тәңіртаудың солтүстік тау етектерін бойлай орналасқан елді мекеннен, соның ішінде ірі қалалар - Шымкент, Тараз, Алматыдан да кездестіруге болады. Оңтүстікке таман, Алдыңғы Азия елдерінде қыстайды. Төтенше жағдайларда Қазақстанның қиыр оңтүстігінен де қыста кездестіруге бола¬ды. Көктемде - наурыз және сәуірде, күзде тамыздан қараша айы бойы ұшып өтеді.
## Дереккөздер |
Құмғақша (лат. Calidris minuta) – құмдауық туыстасқа жататын ең кішкене өкіл.
## Биологиялық сипаттама
Салмағы — 22-27 г. Тұмсығы әжептәуір жіңішке, қысқа және түзу. Жоны - секпілді қоңырқай, бауыры - тамағында, бөтегесінде және төсінің алдыңғы бөлігінде аздаған сары теңбілдері бар ақ түсті. Қыста реңі едәуір сұрғылт және біркелкі реңкті болады. Ұялау орындарына кеш ұшып өтуші құстар мен ерте оралатын арасындағы үзілістің аздығы соншалық, көпке дейін популяцияның жарты бөлігі Қазақстан шегіне, тіпті балшықшы құс тек қана тундрада ұялайтыны анықталды. Салындыдағы 4 жұмыртқаны аналық пен аталық басады. Құмғақшаның ұялау кезіндегі және ұялаудан соңғы өмір сүру дағдысы анықталмаған.
## Таралуы
Еуразияның тундралық бөлігінде орын тебеді. Қазақстанда сәуірде пайда болып, қазанның ортасында толық кетіп болады, дегенмен бүкіл жаз бойы ұшып жүрген дарақтардың топтары кездеседі. Одан басқа жылыстау кезеңі созылыңқырап кетеді.
## Дереккөздер |
Қарабас құрқылтай (лат. Remiz coronatus) - кәдімгі құрқылтайға өте ұқсас құс. Айырмашылығы - ақ төбелі қара телпегінің болуы.
## Таралуы
Қазақстанның оңтүстігінде кәдімгі құрқылтайдың орнын басады. Қазақстанға көктемде наурыздың соңында - сәуірде ұшып келіп, күзде қыркүйекте ұшып кетеді. Тәңіртаудың баурайында және Сырдария, Талас Шу өзендерінің шөл жайылмасында орныққан.
## Өмір сүру дағдысы
Өмір сүру дағдысы басқаларына ұқсас, дегенмен мал шаруашылығы жақсы дамыған өңірде ұясының қабырғасында өсімдіктер үлпегінен басқа қойдың жүні де жабысады.Ғалымдарға құрқылтайдың үлпектен ұя қабырғасына жапсыратын жіпті қалай дайындайтынын бақылаудың сәті түскен. Құрқылтай үлпекті тұмсығымен тістеп әкелген соң ұя жасалып жатқан тұстан қашығырақ орналасқан жіңішке бұтаққа қонады да, тұмсығындағы үлпекті түсіріп алмай бір аяғымен оны басады. Бұдан соң үлпекті табанынан бөлшектеп, бабына келтіре созады. Құс осылай бабына келтіріп алып, үлпекті табанымен бұтаққа қысады да, табанның астынан үлпекті біртіндеп соза түсіп, жіпті ширату үшін бұтаққа орап, өрмелей бастайды. Жіп дайын болғанда құс ұясына ұшып барады да, енетін ауыздан төменірек (ұшып келіп ұяға бірден енуі сирек кездеседі) жіпті іліп қояды.
## Дереккөздер |
Қошқыл қызылқұйрық (лат. Phoenicurus ochruros) - дене мөлшері де, реңі де кәдімгі қызылқұйрыққа өте ұқсас құс.
## Биологиялық сипаттама
Аталығы денесіндегі қара реңнің көптігімен ерекшеленеді. Өйткені қошқыл қызылқұйрықтың тамағы мен бөтегесі ғана емес денесінің алдыңғы бөлігі де қара түсті болады. Бұлардың аналықтары біріне-бірі ұқсас. Алайда бұл екі құс түрліше өмір сүреді. Қошқыл қызылқұйрық кәдімгі қызылқұйрықтай сайрай алмайды, оның әуені онша үнді де әуезді емес. Ол шуылдаған және шіңкілдеген дауыс шығарады, соған қоса кейбір дауыстары сусымалы тастардың сыбдырын қайталайды.Ұяларын жартас жарықтарына және басқа қуыстарға салады. Жұмыртқалары кәдімгі қызылқүйрықтылардікіндей көк емес, ақ түсті. Салындыдағы 4-5 жұмыртқаны аналығы екі аптаға жуық басады. Балапандарды аталық пен аналық екі аптадай қоректендіреді, балапандар ұядан ұшып кеткеннен кейін де ұзақ жемдейді.
## Таралуы
Қошқыл қызылқұйрық кәдімгі қызылқүйрықтар сияқты орманда емес, тауда тіршілік етеді, оның үстіне Қазақстанда Тәңіртау және Алтайдың биік тауларында басымырақ кездеседі. Қошқыл қызылқұйрықтар Қазақстанда жарты жылға жуық - наурыздың аяғынан қазанға дейін болады. \
## Дереккөздер |
Кіші қырқылдақ (лат. Sterna albifrons) - өзен қырқылдаққа өте ұқсас, бірақ одан денесі кішірек құс.
## Биологиялық сипаттама
Салмағы 50 г, қанатының алымы - 0,5 метрден кіші. Тұмсығы және аяғы - сары, маңдайы ақ болғандықтан, ақмаңдай қырқылдақ десе де болады. Басқа су маңы құстары сияқты дауысы ащы - «кирр» деген сықырлаған жеке қиқу шығарады. Басқа қырқылдақтар тәрізді ұсақ балықтармен, сондай-ақ ірі бунақденелілермен қоректенеді. Қорек іздестіріп ұшқан кезде қанатын дірілдетіп, ауада қалықтап тұрып, балық шабақтарын қарайды да, байқай салысымен қанатын қомдап, шүйіледі, олжасын суға иығынан батып аулайды. Шоғырлы құс болғанымен үлкен шоғыр түзбейді. Ұялау орындарында өзен қырқылдағы және алуан түрлі балшықшылармен бірге кездеседі. Ұяларына адамның немесе үй хайуанаттарының ізінен түзілген шұңқырларды жиі пайдаланады. Көбеюі өзен қырқылдағына ұқсас.
## Таралуы
Оңтүстік Америкадан басқа дүниенің басқа бөліктерінің барлығында мекендейді. Қазақстанда жаппай ұялайды. Мұнда сәуірден қыркүйектің ортасына дейін болады.
## Дереккөздер |
Үлкен қырқылдақ (лат. Hydroprogne caspia синоним Sterna caspia) - Sternidae тұқымдасының құсы, Қазақстандағы қырқылдақтардың ең үлкені.
Үлкен қырқылдақтар туысы- жалғыз түрі бар қырқылақ тұқымдастарға жататын құстар туысы.
## Биологиялық сипаттамасы
Өзен қырқылдағынан 6-7 есе ауыр, салмағы 70 г шамасында, қанатының алымы -135 см шамасында. Сырттай қарағанда өзен қырқылдағына өте ұқсас, алайда ашық қызыл тұмсығы едәуір үлкен және аяғы қызыл. Жазықтық көлдерінің жайпақ аралдарында - жиірек, тұзды көлдерде көбірек ұялайды. Өте қауымшыл құс, үлкен шоғыр түзеді. Қиқушыл, содырлау, кез келген қасына шабуыл жасайды. Үлкен қырқылдақтың ұялары - үлкен шұңқыр, онда 1-3, көбінесе 2 шұбар жүмыртқа болады, жұмыртқаларды ата-енелері 3 аптаға жуық босады. Көбінесе жұмыртқадан жарып шыққан балапандар екі күннен соң суға барып, бір айдан кейін қанатына көтеріледі.
## Таралуы
Негізінде Азия қуаңшылық аудандарының ішкі тұзды суды суқоймаларында мекендейді. Бұдан басқа Солтүстік Америка, Еуропа, Африка, Австралия және Жаңа Зеландияның жағалауларын бойлай шоғырлары кездеседі. Қазақстанда негізінде оңтүстік өңірлерде өмір сүреді, бәлкім барлық жерлерінде кездесуі мүмкін. Мұрда сәуірдің аяғынан қыркүйекке дейін кездеседі.
## Дереккөздер |
Нәки Сиразиұлы Исанбет (Наки Сиразиевич Закиров, тат. Nəqi İsənbət, Нәкый Исәнбәт, 1899 - 1992) - татар совет жазушысы , драматург, фольклорист.
Татар АССР-і (1957) мен РКФСР - дің (1960) еңбек сіңірген өнер қайраткері. Уфа халық ағарту интернаты мен Харьков мемлекеттік университетінде білім алды. Алғашқы өлеңі 1914 жылы "Ақ жол" журналында жарияланды. Тұңғыш кітабы - "Дабыл" 1925 жылы жарық көрді. "Қожанәсір" (1940), "Мулланур Вахитова"(1947),"Зифа"(1955), "Мұса Жәлел"(1955) атты пьесалар жазды. Исанбет балалар жазушысы ретінде де белгілі. "Кекшіл көжек","Мысық" атты шығармалары - татар балаларының сүйікті кітабы. Ол "Татар халқының балалар фольклоры" (1941), "Татар халық мақалдары"(1959-67) т.б. жинақтарын бастырып шығарды. А.С.Пушкиннің "Полтава", "Бақшасарай фонтаны", А.С.Грибоедовтың "Ақылдан - азап", В.Шекспирдің "Гамлет","Король Лир" шығармаларын, Низами өлеңдерін татар тіліне аударды. Ленин орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы ,5 том. |
Сарықұйрық немесе Мысыр құтаны (лат. Bubulcus ibis) - тропиктер және субтропиктер тұрғыны, бір ғана туыстың (Сарықұйрық құтандар туысы - лат. Bubulcus) жалғыз өкілі.
## Биологиялық сипаттама
Лимон түстес сары тұмсығы бар кішкене (тұрқы - 50 см шамасында) әдемі құтан. Күйттік жасану кезінде басында, төсінде және арқа бөлігінде қызыл қошқыл түсті ұзарып тарқатылған безендіруші қауырсындар пайда болады. Батпақты жерлерде өмір сүреді, дегенмен ірі тұяқты жануарлардың қатысына тәуелді. Тек қана бунақденелілермен қоректенеді десе де болады. Жайылған жануарлардан үріккен шегіртке тұқымдастарды көбінесе ерекше аулайды. Бұдан басқа, ұйысқан жүннің арасындағы әр алуан бунақденелілерді және кенелерді қопарыстырып, сиырдың және енекелердің (буйвол) арқасына қонақтауды ұнатады.
## Таралуы
Біздің елде өте сирек кездеседі. Қазақстанда тек қана Каспий маңына ұшып өткенде кездеседі, алайда біздің шекараға тікелей таяу Еділдің сағасында ұялайды. Соңғы онжылдықта Ескі Дүниенің тропиктері мен субтропиктері бойынша күшті таралып мекендеуде, сондай-ақ Америкаға еніп, онда да таралып орнығуда.
## Дереккөздер |
Тау маңқы (лат. Gallinago solitaria) - тауқұдірет тұқымдас орташа денелі (130— 150 г) балшықшы құс.
## Биологиялық сипаттама
Тау маңқы - кәдімгі тауқұдіреттен үлкендеу. Оның реңі аздап ақшылдау келеді. Ол үріккен кезде үнсіз ұшып көтеріледі және жан-жағына қатты арбаңдамай, тауқұдіретке қарағанда баяуырақ ұшады. Біздің елде оның ұялау орны тек қана Алтайдан анықталды. Алтайдан екі ұясы және бірнеше рет балапандары табылды. Қазақстанның басқа таулы өңірлерінде, мысалы, Тәңіртауда ол тек қана қыстау үшін қалады. Жалпы алғанда бұл - біздің құстардың ең азырақ зерттелгендердің бірі. Ол әрқашан жалғыз жүреді, сондықтан атауы соған сай берілген. Құсойнақ жасап ұшқанда ызылдаған өзіне тән дыбыс шығарып, шылпылдатады. Алтай тауларындағы ұялау орындарынан сәуірден қазанға дейін кездестіруге болады.
## Таралуы
Орта Азия тауларына Сібірдің оңтүстігінде және Қиыр Шығыста қоныстанатын тау құсы, сондықтан оны «тау маңқысы» деп атайды.
## Дереккөздер |
Осип Афанасьевич Петров (3 (15) қараша 1806, Елисаветград — 28 ақпан (12 наурыз) 1878, Санкт-Петербург) — орыс әншісі (бас), орыстың вокальдық мектебінің негізін салушылардың бірі. 1820 жылдардан провинциялық театрларда, 1830—78 ж. Петербург опера театрында (1860 жылдан Мариин театры деп аталды) қызмет етті. Басты партиялары: Фигаро (Россинидің «Севиль шаштаразысында»), Сусанин, Фарлаф (Глинканың «Иван Сусаний» жәңе «Руслан мен Людмиласында»), Варлаам (Мусоргскийдің «Борис Годуновыңда») т.б. Осиптың орындаушылық өнері көп қырлылығымен әрі қарапайымдылығымен ерекшеленді.
## Дереккөздер |
Анатолий Петрицкий Галактионович (1895 — 1964) — совет кескіндемешісі, КСРО халық суретшісі (1944).
1922—24 ж. Вхутемаста (А. Д. Древин мен Н. А. Удальцовадан) оқыды. 1946—50 ж. Киев көркемсурет институтында сабақ берді (1947 жылдан профессор). Театр суретшісі (1914 жылдан) ретінде конструктивиам ықпалында болды. 1930 жылдардың 1-жартысынан бастап костюмдер, театр декорация эскиздерін және қондырғылы картиналар, портреттер, плакаттар жасады.
Еңбектері: «Мүгедектер» (1924, Киев, Украин өнері музейі); И. К. Микитенконың «Біздің отанымыздың қыздары» (1933, Харьковтың Революция театры), А. Е. Корнейчуктың «Макар Дубравасы» (1948) мен «Бүргенді тоғайы» (1950, екеуі де Киевтің И. Я. Франко атындағы драма театрында) сияқты спектакльдердің декораңия эскиздері. КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1949, 1951). Ленин ордені және басқа 4 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Інжурең қунақ (лат. Leucosticte brandti) - аршашыл қунақ тәрізді тау қунақтар туысына жататын танымал өкіл.
## Биологиялық сипаттама
Аршашыл қунақтан сәл үлкен денелі (26-35 г), інжурең қунақтың реңі аздап ақшылдау. Оның жоны - сұр, бауыры - ақшыл сұр; қанаты және басындағы "телпегі" - қара. Қанат бүгіндісіндегі ұсақ жабын қауырсындардың бозғылт қызыл "қабыршақтары" сұр бояу аясында болғандықтан, құсқа әдемі атау соның негізінде берілген. Дауысы едәуір алуан түрлі. Ұшып жүргенде қорсылдаған шақыру үнін шығарады. Жем жеген кездегі құстың шақыру үні - сыңғырлаған «чвик-чвик». Ұялары жартас астындағы қуыстарда немесе ірі тастардың арасында орналасады. Ұядағы балапандар торғайлар сияқты шиқылдайды. Биік тау өсімдіктерінің тұқымымен қоректенеді. Балапандарын қоректендіру үшін қунақтарға бірнеше шақырымға ұшып, кейде тіке биіктіктен бірнеше жүздеген метр төмен түсуге тура келеді. Қыста қары аршылған беткейді бойлап, кейде мыңдаған дарақтардан топ түзіп жылыстайды.
## Таралуы
Аршашыл қунаққа қарағанда бұл құс одан да биік тауды ұнатады. Ол теңіз деңгейінен 3 500 м жоғары деңгейден төмендемейтін альпілік белдемнің жартастарында ғана (Тәңіртау, Жоңғар Алатауы, Сауыр) өмір сүреді, ал 4000 метрге жуық биіктікте ұялайды. Оның тіршілік дағдылары туралы мәлімет жоқ, тіпті көпке дейін ұясын да таба алмаған. Алғашқы үясы 1953 жылы Памирден табылған, ал Тәңіртаудағы ұясы тек қана 1980 жылы анықталды.
## Дереккөздер |
Құмдықбоз (лат. Stipa joannis) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 30-100 см, тамыры шым түзеді.
* Сабағы түксіз, буын асты түкті.
* Жапырағы жіңішке таспа тәрізді, кейде ширатылған, ені 0,5-2 мм. Масақшалары ақшыл, ұзындығы 3-5 см, гүл қаузының төменгі бөлігі түксіз, жоғарғы бөлігі қауырсынды.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Еуропа, Кавказ, Орта Азияда кездеседі. Қазақстанда Ертіс алабы, Ақтөбе облысы, Мойынқұм құмында (Оңтүстік Қазақстан аймағы), Каспий теңізі маңында, Алтай тауларында, Жетісу (Жоңғар), Қырғыз Алатауларының шалғынды жерлерінде, тау бөктерінде өседі. Өте құнарлы мал азығы.
## Дереккөздер |
Қала қарлығашы (лат. Delichon urbica) - Қазақстандағы қала қарлығаш туыстылардың жалғыз өкілі.
## Биологиялық сипаттама
Қала қарлығашының дене мөлшері мен пішіні әдеттегі қыстау қарлығашқа ұқсас болып келеді, алайда құйрығы едәуір қысқалау (бұрымшасы жоқ), қара, реңді жонындағы және құйрық үстіндегі ашық ақ түс айқын көрінеді, құйрығы да жоны сияқты қара реңді. Ұяларын үстіңгі жағы кесілген жар¬ты шар түрінде тік бетке бекітіп, жапсы¬рып жасайды. Қыстау қарлығаштың ұясынан айырмашылығы - қала қарлығашы ұясының ернеуі ішке қарай тартылып, ұя аузын тарылтады. Әдеттегідей, бірнеше ондаған жүптан бірнеше жүздеген жүпқа дейін шоғыр түзіп орнығады. Оның үстіне мүндай шоғырлардың орындары тұрақты болады, ал қарлығаштар жаңа ұя салумен қатар ескі ұяларды да жөндеп, оларды да пайдаланады. Ұяны ата-енесі бірлесіп жасайды. Салындыдағы жұмыртқаларды да 14-15 күн (күн райы қолайсыз болса, әлде- қайда ұзақ 20-23 күнге дейін басады. Балапандарын ұяда 20-25 күн шамасында бірлесіп қоректенеді. Күн салқын тартқанда ұядан ұшқан балапандар ұяға келіп, ата- енелері оларды қоректендіруін жалғастырады.
## Таралуы
Бастапқыда жартастарда мекендегендіктен, Қазақстанның оңтүстік және шығыс тауларындағы жартастарда шоғыр түзіп, өмір сүруде. Дегенмен бұл қарлығаш жазықтық аумағындағы, соның ішінде Қазақстанның елді мекендерін игеріп алды, сондықтан биік ғимараттары бар кез келген қалалардан (кез келген ауылда өмір сүретін қыстау қарлығаштан ерекше бүл қарлығаш қала қарлығаш аталған) кездесуі мүмкін. Қыркүйектің соңында Африкада және Азияның оңтүстік аудандарында қыстауға ұшып кетеді, көктемде сәуір айында оралады. Ұшып өту кезінде бүкіл Қазақстанда кездеседі.
## Қолданылған әдебиет
* Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010 |
Қашқар хандығы - Шығыс Түркістандағы мемлекет, Шыңжаң өлкесінде 1864 жылғы мұсылман халықтардың көтерілісі кезінде құрылған. Астанасы - Үрімші шахары. Мемлекеті Лотай хан басқарды, ал қалалардың тізгінін яншайлар ұстады. Қашқар хандығында тұрақты әскер болған жоқ, әр қаланың өз жасағы болды. Дегенмен, ол Шыңжаңдағы ең күшті саяси одақ еді. Қашқардағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы нәтижесінде 1864-1866 жылдары Қашқар хандығының билігіне Оңтүстік Тянь-Шаньнің Тұрфаннан бастап Токсун мен Қарашарға дейінгі қалалары қарады. 1866 жылы дүнгендер жергілікті қазақтардың қолдауымен Цин елінің өкілдерін Тарбағатай өлкесінен қуып шықты. Сол жылы Қашқар хандығы Хами шахарын басып алды, содан соң бірнеше бөлік жасақтарын көрші Іле өлкесіне жергілікті ұйғыр-тараншылармен билікке таласып жатқан дүнгендерге көмекке жібереді. 1867 жылы Қашқар хандығы өз шекарасын едәуір ұлғайтты. Алайда Цин империясы Шыңжаңдағы және оған шекаралас Шэньси мен Ганьсу аумақтарын- дағы өз билігін қайта орнатуға тырысты. 1867 жылы жазалаушылар Шэньси аймағындағы көтнрілісті басып тастады.Екінші жағынан Қашқар хандығына 1867 жылы Қашқарды басып алып,Йеттишаар(Жетіқала,ірі қалалардың санына солай аталған)ұйғыр мемлекетін құрған Жақып бек қысым жасады. Келесі жылы Қашқар хандығының әскері Жақып бектің қарамағындағы жерге басып кірді. |
Бүкпежапырақ немесе байғұт (лат. Alchemilla vulgaris) — раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық жатаған (желілі) сабақты өсімдік.
## Биологиялық сипаттама
Сабағыны биіктігі 30-40см. Жапырақтары қысқа сағақты немесе сағақсыз өсімдік сабағына жабысып орналасқан. Төменгі жапырақтары бүйрек тәрізді, 7-9 бөлшектеген тұрады. Жоғарғылары - саусақ салалы, 9-11 қалақтан тұрады.
Гүлдері майда, сары-жасыл түсті, қос жынысты. Олар жалған шатыр гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді.
## Таралуы
Бүкпежапырақ бүкіл Еуропа елдерінде таралған. Ормандарда, жол шетінде, көгалдарда жиі кездеседі.
## Химиялық құрамы
Жер бетіндегі бөлімінің құрамында илік заттар (7,2—11,3 %), катехиндар, флавоноидтар, фенолкарбон қышқылдары, лигнин, липидтар, кумариндар табылған. Жапырақтарында витамин С 210 мг % дейін болады. Аз мөлшеледе темір, бор, марганец, медь, мырыш, молибден, никель бар.
## Пайдалануы
Гүлдеген кезінде жиналып кептірілген шөбі медицинада қабыуға қарсы шипа ретінде, қақырық түсіргіш, зәр айдағыш ретінде колданады. Шөбінің тұнбасын ұдайы қолданса - холестерин көрсеткішін төмендетеді.
Сырттай фурункулезда, ойық жараға қарсы, безеулерде пайдаланылады. Қантыз диабетте, семіздікте, тұмау, эпилепсияда қосымша ем ретінде қолданылады .
## Дереккөздер |
Көк кептер (лат. Columba livia) - Кептертәрізділер отрядының Кептерлер тұқымдасының баршаға белгілі және таныс кең таралған кептер.
## Биологиялық сипаттамасы
Орташа денелі (240-360 грамм), қанатының алымы - 60-70 см, басқа кептерлерден айырмашылығы; белі- ақ жіне қанатында екі көлденең қоқшыл жолақ болады. Дәл осы түр барлық мәдени формалар мен қолтұқымдардың ата тегі болып саналады.
## Таралуы
Көк кептер баяғыдан бері Солтүстік Африкада, Еуропаның оңтүстік бөліктерінде және Азияда ұялап келген. Алайда адам қолға үйреткен соң Еуразияға анағұрлым кең таралып кетті, енді оның табиғи қоныстанған жерін, жабайыланған үй кептерлерін қайда өмір сүретінін айтудың өзі қиынға соқты.
Қазақстанның оңтүстік жартысында шыңдарды, тау шатқалдарын, өзен жыраларын мекендейді. Әр түрлі өсімдік дәнімен қоректенеді.
Көк кептер бастапқыда жартастарда және өзендердің жарында өмір сүрді, ал енді құрылыстардағы әр алуан қуыстарды пайдаланады. Отырықшы құс болғандықтан, жылыстамайды. Салындыда екі ақ түсті жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды аналығы мен аталығы 17 күндей басады. Балапандар ұядан бір ай мөлшерінде немесе одан да көп мерзімде ұшады.
## Дереккөздер |
Виктория сарқырамасы (ағылш. Victoria Falls) — оңтүстік Африкадағы Замбези өзеніндегі сарқырама. Замбияның және Зимбабвенің шекарасында орналасқан. Сарқыраманың ені – шамамен 1800 метр, биіктігі – 120 метр.
Шотландық зерттеуші Дэвид Ливингстон 1855 жылы сарқырамада болған, оны Виктория ханымының атына қойды. Осы жердің тұрғылықты халқының арасында сарқырама "күркіреуік түтін" деген атпен белгілі.
Виктория сарқырамасы оңтүстік Африканың басты көрікті орындарының бірі болып табылады, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасына жатады. Замбиядағы "Күркіреуік түтін" ("Mosi – oa–м Tunya") және "Сарқырама Виктория" деген екі ұлттық парктың ортасында жатыр.
Виктория - әлемдегі биіктігі 100 метрден, ұзындығы 1 километрден асатын жалғыз сарқырама.
## Тарихы
Ең ескі ғылымға сүйенсек,виктория сарқырамасының жанында орналасқан халық тұрғындары аңшылар болған, сол халық тілінде бұл сарқырама Shongwe деп аталды, Amanza Thunqayo, Mosi - oa - Tunua ("Күркіреуік түтін").
Ең бірінші сарқыраманы Еуропалықтардан көрген Дэвид Ливингстон болып саналады. Ол сарқырама туралы былай деген екен: "Ешкім Англияда көргенді ешнәрсемен салыстыра алмайды. Еуропалықтар бұндай сарқыраманы көрмеген. Бұл жер өте көрікті,."
Сарқыраманың ерте сипаттамаларын португалдық Пинто, чех зерттеушісі Эмиль Холуб, британдық суретші Томас Бейнес, Викторияның бірінші сақталған суреттің авторы болып табылады.
*
*
*
*
* |
Қашыртқы канал — артық суды мелиорациялау аумағынан тысқа ағызу үшін салынатын, қашыртқы желінің құрамындағы канал. Жер құрғату аумағынан жер беті және жер асты суларын жинап, канал арқылы басқа жаққа бұрып әкету, суғармалы жердің еңіс жағындағы артық суды су жинағыш каналға қосу үшін пайдаланады. Суғармалы жүйесінде тұрақты каналдардың аяғында салынады және суды су жинау каналына ағызады. Құрғату-ылғандандыру жүйелерінде қашыртқы канал қызметін әр түрлі мақсаттағы құрғату каналдары немесе бас каналдарға шығарылған алаңдардың төменгі шекарасында орналасқан жабық коллекторлар атқарады. Коллектор сағаларынды жабқыштары бар құдықтар қазылады. Қашыртқы канал қызметін, сонымен бірге қия беткейдегі каналдар да (қия беткейдегі су ұстағыш каналдар) атқарады. Олар беткеймен құрғатылған массивтің жоғарғы топография шекарасымен, тасындылардың шөгуін болдырмайтын еңістікпен және бас каналға немесе тікелей су қабылдағышқа шығатын батпақтанған жайылмалардың жоғарғы шекарасымен жер асты суларын ұстайтын су ұстағыш каналдарға қазылады.
## Дереккөздер |
Тау сандуғаш (лат. Sylvia althaea) - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының денесінің аздап ірілігі, қошқыл реңінің байқалғыштығы болмаса, боз сандуғашқа өте ұқсас құс (бұрынырақта оны бір түр ретінде боз сандуғашқа біріктірген). Оның жоны қошқыл сұр (кейде оны шифер түстес немесе аспид түстес сұр деп те атайды).
## Таралуы
Боз сандуғашқа қарағанда үлкендеу болып байқалатын қара тұмсығы бар. Қазақстанда бұл оңтүстік сандуғаш негізінде Батыс Тәңіртауда орын тебеді, алайда қазір оны шығысқа таман Алматыға таяу Солтүстік Тәңіртаудың аласа тауларынан да, тіпті одан шығысқа қарай да жиі-жиі кездестіруге болады. Қалың өскен жапырақты бұталар мен ірі шөптері бар тау беткейлерінде көбірек мекен етеді. Дауысы және әуені боз сандуғаштар мен басқа сандуғаштардан аумайды. Тұқымтоптық өмір сүру дағдысында да айырмашылық жоқ. Қазақстанға сәуірдің соңында ұшып келіп, тамызда ұшып кетеді.
## Дереккөздер |
Бақ сандуғашы (лат. Sylvia borin) - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының ешқандай безендіруі жоқ біркелкі сұр қоңырқай реңді құс. Әуені үнді және сазды, алайда қарабас сандуғашқа қарағанда біркелкілеу.
## Таралуы
Еуропалық бұл сандуғаш Қазақстанда тек қана Қиыр батыс және солтүстікке таман аздаған сандуғаштар ұялайды. Олар мұнда 4 айға жуық - мамырдың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін болады. Тіпті көктемде және күзде ұшып өтуі тек қана Қазақстанның батыс өңірінде жақсы білінеді, қалған орындарда кездейсоқ байқалады.
## Дереккөздер |
Шөл сандуғаш (лат. Sylvia nana) - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының Қазақстандағы ең кішкене денелі (7-10 г), ең қуқыл реңді сандуғаш.
## Биологиялық сипаттамасы
Тот түстес құйрығы дененің арқа жағындағы қызыл қошқыл сұр жабын қауырсындардан ай-қын байқалады. Құйрығы ұзындау (әсіресе ұшып жүргенде) болып көрінеді. Жақынырақтан ашық ақ түсті көзі бірден назар аударады. Өте ширақ, жылпос құс, кейде тышқан тәрізді бұталар арасына сып етіп кіріп кетеді. Өзіне тән ерекше әдеті - бұталардың ұшар басына қонып алып, лезде басын төмен қаратып құлайды. Өз ісімен шұғылданған кезде адамға назар аудармайды, ал ұяда отырған кезде кейде, тіпті қолға алып ұстауға да болады. Дауысы - сазды, әуені - қоңыраудай сыңғырлайды. Сонымен бірге бұталардың жоғары ұшында да, ұшып жүріп те сайрайды. Шөл сандуғаштың қоңырау сыңғырлы әдемі әуенін қатар өмір сүретін құстар, әсіресе кіші және сүр бозторғайлар, шыбжық тасшымшықтар жиі-жиі өз әуеніне қосып алады. Мамыққа толы тар, терең шарапыдыс (бокал) тәрізді ұясын бұталар (соның ішінде ағаш тәрізді сораң) арасына орналастырады, кейде ол түбімен жерге тиіп тұрады. Салындыдағы 4-6 айқын нүктелі ақ жұмыртқаларды аналығы басады, анда-санда аналықты аталық алмастырады. Балапандар жұмыртқадан 13 күнде жарып шығып, 11-13 күн ұяда болады. Бір жазда жұптардың кейбірі 2 рет балапан өргізуі де мүмкін.
## Таралуы
Қазақстанның шөл зонасында кең таралған, бұталы шөлдің аялы құстарының бірі болып есептеледі.
## Дереккөздер |
Боз сандуғаш (лат. Sylvia curruca) - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының кішкене (8—13 г) өкілінің бірі.
## Биологиялық сипаттама
Оның сұрғылт жонынан ақ бауырын бөліп түрғандай, көзі арқылы ерекше қара жолақ өтеді. Бұл түрдің денесіндегі үстіңгі бөліктегі жалпы рең қошқыл сұр түстен ақшыл құмөңдес түске өзгеріп тұрады. Әдетте бұлар ақшыл реңді құстар және дене мөлшері қошқыл құстардан кішірек болып келеді. Осы өзгермелі нұсқалардың барлығы мамандарға боз сандуғаштардың көптеген түршелерге бөлінуіне алып келеді, ал қазір кейбір мамандар мұны түр ретінде есептемей, түрлер құрамдасы ретінде деп санайды. Бұл әдеттегі сандуғашқа кіп-кішкене денесімен өте ширақ болуы үйлесімді. Дауысы - басқа сандуғаштардікіндей, әуені дыбыстардың мәнерлі топтамасынан құралып, үнді және сазды шумақпен аяқталады». Алайда түрлі- түрлі түршелерде оның күшті ажыратылатынын айта кеткен жөн. Басқа сандуғаштардікі тәрізді тостағаншаға ұқсас ұялар бұталарға орналастырылады. Ұяларды ата-енелері салады, салындыдағы жұмыртқаларды да солар кезектесіп, 11 - 12 күн басады және балапандарды ұяда соншама күн қоректендіреді. Балапандар ұшуға жақсы үйрене салысымен ұядан кетеді, ал ата-енелері оларды тағы кем дегенде екі апта қамқорлыққа алады.
## Таралуы
Бұл құрамдастық өте кең таралған, жақын түр өмір сүретін таулардан басқа, Қазақстанның бүкіл аумағын алып жатыр (бұларды да бір кездерде боз сандуғаштарға жатқызды).
Боз сандуғаштар Қазақстанда барлық жерде бұталарда, тіпті ол өмір сүретін сексеуілді «ормандарда» шөлдегі бұталарда мекендейді. Қазақстанда боз сандуғаштар жарты жылға жетер-жетпес мерзімде - сәуірдің аяғынан қазанның басына дейін болады.
## Дереккөздер |
Қарабас сандуғаш (лат. Sylvia atricapilla) - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының арасындағы ең әйгілі сайрағыш құс. Құс әуенін бағалайтындардың көпшілігі оның әуенін бұлбұлдың әуенінен де әдемі деп санайды.
## Биологиялық сипаттама
Бұл орташа денелі сандуғашты басындағы ашық қызғылтсары «телпегі» бойынша аналығына қарап оңай тануға болады. Қара «телпекті» аталық сайрағыш сандуғашты еске түсіреді, алайда, біріншіден, қарабас сандуғаштың жоны сұр реңді емес, зәйтүн түстес қоңыр; екіншіден, бұл екі сандуғаштар бізде ешқашан бірге кездеспейді. Бұл - барлық сандуғаштардың ішіндегі орманда ең көбірек мекендейтін құс. Ол бұталар өскен әр алуан ормандарда орын тебеді, алайда бұталары өте көп орман алаңшасын көбірек ұнатады. Тұқымтоптың өмір сүруі басқа сандуғаштардікіне ұқсас.
## Таралуы
Еуропалық түр ретіндегі қарабас сандуғаш негізінде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінен ұшып өткенде байқалады. Анда-санда Жайық өзенінің аңғарын бойлай ұялайды. Қазақстанның батысында қарабас сандуғаштар көктемде - сәуір-мамырда, күзде - қыркүйек және қазанның алғашқы күндерінде ұшып өтеді.
## Дереккөздер |
Шолақов Пангерей (15.9. 1927, Орал облысы Жәнібек ауданы Жасқайрат ауылы – 5.8.1991, Алматы) – ғалым, техника ғылымының докторы (1971), профессор (1971). Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1983). Қазақ тау-кен және металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1953). 1953 – 1971 жылдары сонда аспирант, аға оқытушы, доцент, 1971 – 1987 жылдары кен байлықтарын өндіру және кешенді механикаландыру кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. 1987 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы архитектуралық-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ Бас архитектуралық-құрылыс академия) кафедра меңгерушісі болды. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты кенді ашық әдіспен қазу технологиясына және кеніш ауасын тазарту мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда терм. ұңғыманы бұрғылау қондырғысын алғаш ұсынған және тау жыныстары қабатын терм. қазу арқылы бұзу әдісін ғылыми тұрғыдан негіздеген. Шолақовтың зерттеулері нәтижесінде Қазақстанда кеніш ауасын тазартудың жаңа техникалық жобасы жасалды. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің (оның ішінде 2 монография) және 2 өнертабыстың авторы. Шолақов Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Термическое бурение горных пород, Куйбышев, 1958 (соавт)
* Теория и практика обеспыливания атмосферы карьеров, М., 1973
* Рекультивация земель при открытой разработке месторождений полезных ископаемых Казахской ССР, А.-А., 1983 (соавт.).
## Дереккөздер: |
Ақмұртты сандуғаш (лат. Sylvia mystacea) - Торғайтәрізділер отрядының Сандуғаштар тұқымдасының реңді кішкене құсы.
## Биологиялық сипаттама
Ақмұртты сандуғаштың жоны - қошқыл, қаралтым басының төменгі тұсында тұмсық түбінен басталатын шымқай ақ жіңішке жолақты «мұрты» болады. Құйрық ұшындағы ақ жиек те айқын байқалады. Осылардың барлығын орнитологтар әлі де анықтауы қажет. Ақмұртты сандуғаш қалың өскен құм бұталарында - мейлі құмдақ немесе сазды шел болса да( мекендей береді. Жалпы алғанда ақмұртты сандуғаш - боз сандуғашқа ұқсас өте ширақ, ұшқалақ құс. Дауысы және әуені сандуғаш типті, ол сайраған кезде аспандап ұшады. Тұқымтоптың өмірі аз зерттелген.
## Таралуы
Қазақстанда әрқашан осылай деп есептелетін Сырдарияның аңғарын бойлай және Қызылқұм құмына ұласқан бөліктерінде кездеседі. Алайда соңғы кездердегі бірқатар кездесулер ақмұртты сандуғаштың шығыс тұста да - мүмкін Балқашқа дейін өмір сүруі мүмкіндігі бар деген жорамал ұсынуға тура келеді. Қазақстанда наурыздың аяғынан қазанның соңына дейін болады.
## Дереккөздер |
Қаршығарең сандуғаш (лат. Sylvia nisoria) — бұл құс төсінің көлденеңжолақты реңі және көз нұрлы қабатының ашық сары түсті болғаны үшін осылай аталған.
## Биологиялық сипаттама
Бұл белгілердің екеуі де қаршығаға тән. Жоны - бозғылт күлгін сұр және бауыры - жолақ ірі денелі (21-35 г) сандуғаш. Күйттеу кезеңінде өте ширақ: бүталардың ішінде ғана емес, кейде бұтадан бұтаға ұшып жүреді. Аталықтар бұл кезде қысқа, үнді және әдемі әуенімен жиі-жиі сайрайды және бұған қоса кейде бұтаның ұшар басынан ұшып, әуеде жайған қанаттарымен қалықтап, бір орыннан қозғалмай, қысқа мерзімді құсойнақ жасайды. Басқа уақыттарда бой тасалап, үнсіз бір бұтадан екінші бұтаға жербауырлай ұшуды ұнатады. Көршілерінен кем дегенде 50-100 м алшақ жеке жұп түзіп, орын тебеді. Шөптердің құрғақ сабағынан жылқы қылын төсеп қопсыңқы тоста-ғанша тәрізді ұясын бұталардың бұтақтарына орналастырады. Ұяны негізінде аналығы жасайды. Салындыдағы 3-5 жұмыртқаларды ата-енелері 13-14 күн басып, балапандарды сонша уақыт ұяда жемдейді. Бір жылда бір рет балапан өргізеді. Тамыздан бастап ұшып кете бастайды, ал қыркүйектің басынан-ақ қаршығарең сандуғаштар Қазақстан шегінен мүлде ұшып кетеді.
## Таралуы
Қазақстанда тек бұталары бар орманды зонада, шығыста және оңтүстік пен оңтүстік шығыстың тау етектерін бойлай кең таралған. Оңтүстік өңірге - мамырдың бірінші жартысында, солтүстік өңірге - мамырдың аяғында ұшып келеді.
## Дереккөздер |
Ораз Қыйқымұлы Жандосов (20 ақпан 1889 жыл, Қаскелең, Верный уезі, Жетісу облысы, Түркістан өлкесі, Ресей империясы — 2 наурыз 1938 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері, Қазақстанда коммунизм құрушыларының бірі. Қазақ КСР халық ағарту комиссары.
## Өмірбаяны
Ораз 1889 жылы Любавинская станциясында, қазіргі Қаскелең қаласында қарапайым шаруалар отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің Шапырашты руынан.
1917 жылы "Садақ" газетімен бірлесе жұмыс істеді. Верный қаласында қазақ жастарының ағарту үйірмесін ұйымдастырады. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітірген. Оқуын аяқтай сала ақтарға қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан. Сол жылы коммунистік партия қатарына кірді. Жетісу облысы кеңестерінің І және ІІ сьездерінде делегат болған.
### Отбасы
Жұбайы – Жандосова Фатима Асқарқызы (1901-1973). 1901 жылы Ташкент қаласында татар саудагерінің отбасында туған. Ташкент қыздар гимназиясында оқыған. 1920 жылы Ораз Жандосовқа тұрмысқа тиген.
* ұлы – Жандосов Едіге Оразұлы (1922-1953). Өндірістік аварияда қаза тапқан. Жұбайы - Дәулетбаева Клара Фарраховна.немересі - Гүлнәр Едігеқызы (1951 жылы туған).немересі - Адехам Едігеұлы (1953 жылы туған).
* немересі - Гүлнәр Едігеқызы (1951 жылы туған).
* немересі - Адехам Едігеұлы (1953 жылы туған).
* ұлы – Жандосов Санжар Оразұлы (1930-1992). Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Еңбек министрі, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспар комитеті жанындағы ҒЗИ директоры. Жұбайы – Жансүгірова Ильфа Ілиясқызы (Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы)немересі – Ажар Санжарқызы Жандосова (Еркін Қалиевтың жұбайы) – архитектор-урбанист, қоғам қайраткері.немересі – Дина Санжарқызы Жандосова-Алдабергенова – музыкант-бард.немересі – Жанар Санжарқызы Жандосова.немересі – Фатима Санжарқызы Жандосова.немересі – Кенен Санжарұлы Жандосов.
* немересі – Ажар Санжарқызы Жандосова (Еркін Қалиевтың жұбайы) – архитектор-урбанист, қоғам қайраткері.
* немересі – Дина Санжарқызы Жандосова-Алдабергенова – музыкант-бард.
* немересі – Жанар Санжарқызы Жандосова.
* немересі – Фатима Санжарқызы Жандосова.
* немересі – Кенен Санжарұлы Жандосов.
* ұлы – Жандосов Али (Анри) Оразұлы (1935 - 2023). Тарихшы,1920-1930 жылдардағы Қазақстан тарихының маманы. Жұбайы – тарихшы-шығыстанушы Клавдия Антонқызы Пищулина.немересі – Жандосов, Ораз Алиұлы (1961 жылы туған) – ҚР экс вице-премьері, экс қаржы министрі, Ұлттық банкінің экс төрағасы.немересі - Жандосова Зарина Алиқызы (1963 жылы туған) – ақын.немересі –Жандосова Лааль Алиқызы (1967 жылы туған) – суретші.
* немересі – Жандосов, Ораз Алиұлы (1961 жылы туған) – ҚР экс вице-премьері, экс қаржы министрі, Ұлттық банкінің экс төрағасы.
* немересі - Жандосова Зарина Алиқызы (1963 жылы туған) – ақын.
* немересі –Жандосова Лааль Алиқызы (1967 жылы туған) – суретші.
### Атылуы
1937 жылы Ораз Жандосовты қызметінен босатып, партия қатарынан шығарды. 13 қазан күні Жандосовты антикеңестік ұйымға қатысы бар деген айыппен тұтқындайды. 1938 жылғы 2 наурызда КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үкімімен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-7, 58-8, 58-11 баптары бойынша айыпталып, жазаның ең ауыр түрі - ату жазасына кесілді.
1957 жылғы 8 маусымдағы КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының үкімімен ақталды.
## Қызметі
### Азаматтық соғыс жылдары
* 1918-1919 жылдары Жетісу облыстық ұлттар істері жөніндегі бөлім басшысы.
* 1919-1920 жылы мұсылман коммунистері бюросының төрағасы болды.
* 1920 жылы 3-ші Түркістандық дивизияның саяси бөлімін басқарып, Жетісу облысы революциялық әскери комитетіне кірді.
* 1920 жылдың қаңтарында Ақтөбеде өткен Қазақстандық кеңестік партияның 1-конференциясында Жетісу делегациясын басқарды.
* Азаматтық соғыс жылдары Алаш әскерінің сарбаздарын Қызыл әскер қатарына шақыру жұмыстарымен айналысты.
* Қытайға ауып кеткен қазақтарды қайтару ісін басқарған.
* 1920 жылы Фурмановтың тапсырмасымен Верный бекінісіндегі ереуілді басқан кезде уездердегі әскери бөлімшелерді басқарып отырды.
* 1920-1922 жылдары Жетісу облыстық революциялық комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің төрағасы, ұлттар ісі жөніндегі меңгеруші болып қызмет етті.
* 1920 жылғы қыркүйекте өткен 5-ші Түркістан компартиясының сьезінен бастап Түркістан республикасының коммунистік партия Орталық комитетінің мүшесі болып тұрақтанды.
* Ораз Жандосов бастамасымен Түркістан өлкесінде “Қосшы” одағы құрылды. "Қосшы" одағының облыстық комитет төрағасы, кейін оның Орталық Комитет төрағасы болып қызмет атқарды.
### Кеңестік билік орнаған соң
* 1923-1924 жылдары Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған.
* 1924 жылдың қазанынан бастап 1925 жылдың сәуіріне дейін Ораз Жандосов Сырдария мен Жетісу губернияларында ауылдарды қайта құру жөніндегі экспедицияны басқарды. Экспедиция нәтижесінде кеңестік жүйе қазақ ауылдарына қарай бейімделуі керек деген шешім шығарылды. Әсіресе ауылдардағы мал шаруашылығы Республиканың негізгі ауыл шаруашалық саласы болып қалуы тиіс. Осының бәрін Коммунистік партияның 14-сьезінде, қазақ коммунистерінің 5-конференциясында сөз сөйлеп, делегат ретінде жеткізді.
* Қазақ АКСР-іне Түркістан Республикасының қазақ аудандары қосылған соң, Қазақстан коммунистік партиясының үгіт-насихат бөлімін басқара бастады. Қазақстан коммунистік партиясының бюросына алғашында кандидат, кейін мүше болып сайланды.
* 1927 жылғы қарашадан 1929 жылғы маусымға дейін Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметін атқарды. Ораз Жандосовтың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындары ашылды. Мысалы, 1928 жылы ашылған қазақ педагогикалық институты, 1929 жылы ашылған қазақ ауылшаруашылығы институты.
* Қазақ ауылшаруашылығы институтының алғашқы директоры қызметіне кіріседі.
* 1931-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік кітапханасының алғашқы директоры болды.
* Одан бөлек, 1920-жылдардың екінші жартысы мен 1930-жылдардың басында:Қазақ Ұлттық университетінде сабақ берді.Республикалық "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып қызмет етті.Қазақстан өлкетану қоғамының басқарма төрағасы,Республикалық кітап палатасының меңгерушісі,Гидрометбюро төрағасы,Өлкелік ғылыми қызметкерлер бюросының төрағасы қызметтерін атқарды.
* Қазақ Ұлттық университетінде сабақ берді.
* Республикалық "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып қызмет етті.
* Қазақстан өлкетану қоғамының басқарма төрағасы,
* Республикалық кітап палатасының меңгерушісі,
* Гидрометбюро төрағасы,
* Өлкелік ғылыми қызметкерлер бюросының төрағасы қызметтерін атқарды.
* 1933 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін Сарысу ауданының ашыққан халқын Талас аңғарына көшіру және орналастыру бойынша комиссияны басқарды.
* 1933 жылғы тамыздан 1934 жылдың желтоқсанына дейін Кеген аудандық партия комитетінің хатшысы қызметінде жүрді.
* 1935 жылғы қаңтардан 1937 жылғы маусымына дейін Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
* 1937 жылдың шілдесінен бастап тұтқындалғанға дейін Алматы облысы, Қаракемер ауылында рабфак (жұмысшыларды ЖОО-ға дайындау факультеті) басқарып отырды.
### Қатысқан съездер мен сайланбалы қызметтері
1920 жылғы қаңтар айында Ақтөбеде өткен Қазақстан коммунистік партиясының 1-конференциясында Жетісу делегациясын басқарды.
1925 жылы өткен Бүкілресейлік коммунистік партиясының (БК(б)П) 14-сьезінде делегат.
1925 жылы өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 5-съезінде делегат.
1927 жылы өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 7-съезінде делегат.
1936 жылы өткен КСРО Кеңестерінің төтенше 8-съезінің, 1937 жылы өткен Қазақстан коммунистік партиясы 1-съезінің және Бүкілресейлік коммунистік партиясы 2-ші және 6-ші съездерінің делегаты болды.
Әртүрлі жылдары Түркістан АКСР Кеңестері Орталық атқару комитетінің, Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің (БОАК) , Қазақ Орталық атқару комитетінің (ҚазОАК) және КСРО Орталық атқару комитетінің ұлттар кеңесінің мүшесі болды.
## Мұрасы
Алматы қаласында және облысында:
* Ірі магистральді көшеге Жандосов есімі берілген.
* Жандосов-Гагарин көшелер қиылысында Ораз Жандосовтың ескерткіші орнатылған.
* Жандосов көшесінің басында мемориалдық тақта орнатылған.
* Қазақстан-Британ техникалық университетінің артындағы скверде көрнекті қайраткерлер аллеясында Ораз Жандосовтың бюсті тұр.
* №105 гимназия Ораз Жандосовтың есімімен аталады.
* Алматы қаласынан 30 шақырым жерде Қарасай ауданында Ораз Жандосов ауылы орналасқан.
* Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында мектепке Ораз Жандосов есімі берілген.
Шымкент қаласында №30 мектеп Ораз Жандосов атымен аталады.
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар ауылындағы мектепке Ораз Жандосовтың аты берілген.
## Дереккөздер |
Сары шоқсары (лат. Bupleurum aureum) – шатыршагүлділер тұқымдасы, шоқсары туысына жататын тамыры көлбей өскен, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Сабақтарының іші қуыс, сырты жұмыр, биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Сабақтары кейде бірнешеу болады.
* Жапырақтары тықыр, жұмыртқа тәрізді, төменгі жағындағыларының сағақтары қысқа, жоғарғы жағындағылары отырмалы.
* Гүлдері сары, майда, гүл сабақтары қысқа, 15-20-дан жиналып гүлшоғырын жасап тұрады.
* Жемісі - сопақшалау, ұзындығы 4-5 мм-ге жететін қоңыр түсті дәнектер. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі шілде-тамыз айларында піседі.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Тянь-Шань тауында, Қытайда таралған. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Тарбағатай, Қарқаралы тауларында кездеседі. Орманның шеттерінде, өзеннің жағалауларында, қайыңды ормандардың ішінде өседі.
## Емдік қасиеті және қолданысы
Құрамында С дәрумені, каротин, сапониндер, алкалоидтар, рутин, нарциссин бар.Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін жинайды. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер өт қалтасы қабынғанда және бауыр ауруларын емдеу үшін қолданылады. Асқазанның қышқылын көбейтеді, бауырдан өттің бөлінуін күшейтіп, оның химиялық құрамын жақсартады.
## Дереккөздер |
Павел Иванович Гончарь (1905, Украина, Чернигов облысы,Куликов ауданы, Смолянка селосы - 12.1.1943, Ленинград облысы,Киров ауданы, Синявино кенті) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сапер, катардағы жауынгер.
Украинадан Қазақстанға 1907 жылы қоныс аударған. Солтүстік Қазақстан облысы,Сергеев ауданы, (қазіргі Шал ақын ауданы) Семиполка селосында трактор бригадасында (1935) жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың шілдесінде шақырылып, Солтүстік Қазақстан облысында жасақталған 314-атқыштар дивизия (7-жеке армияның) 1074-атқыштар полкі кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысты.
1942 жылы 17 сәуірде ол Ленинград облысы, Подпорожье ауданы, Свирь станциясы маңында ұрыс барысында инженерлік жұмыстармен айналысып жүріп, соғылған «Т-34» танкісіне жақындап қалған бір топ жау әскерлерін байқап қалды. Олармен батыл айқаса кеткен Гончарь бірнеше жау әскерін жойды әpi өзінің жігерлі қимылдарымен танк пен экипажды сақтап калды. 1942 жылы 21 сәуірде зақымданған «КВ» танкісін басып қалуға тырысқан жауды пулеметтен оқ жаудыру арқылы жойып жіберді (25 жау әскері қаза тауып, 50-ден астамы жараланды). Артиллериялық дайындықтан кейін болған қарсы шабуыл барысында Гончарь 30-ға жуық жау әскерін жо йып, 70-тен астамын жаралады. Сапер қызметінде ол бір жерде 220 танкіге қарсы пайдаланылатын минаны, ал тағы бір жерде 128 минаны залал сыздандырды. Синявино биіктігін алудағы ұрыстарда Гончарь 21 жау минасын жойды.
Ленинградты қорғауда ерлікпен қаза тапқан Гончарьға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1943).
Синявино биіктігіндегі обелискіде оның есімі алтын әріптермен жазылған. Семиполка селосында Гончарьға бюст орнатылып, сол селоның мектебі мен бір көшесіне аты берілген. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Боз содырғы (лат. Prunella fulvescens) - Торғайтәрізділер отрядының содырғылар тұқымдасының Қазақстанда ең қылаң реңді түрі.
## Биологиялық сипаттама
Қоңыржай қылаң реңінен бойлай созылған көмескі қоңырқай аламыштар әзер байқалады. Ал бірыңғай реңкті құм түстес қызыл қошқыл реңді бауырында ондай аламыштар мүлде жоқ. Бұл содырғыдағы бастың екі жағын қамтыған қара рең ғана («тоқта» деп аталады) айқын көрінеді. Ол жоғарғы жағынан жіңішке ақ «қаспен» шектеледі. Дауысы - ақырын ғана естілетін назды құбылмалы үн. Әуені сыңғырлап естіледі, бірақ қысқа қайырылады. Боз содырғының орман белдеуінде кездесуі және шыршаларда ұялауы да мүмкін, бірақ ол боз содырғыға тән қылық емес. Бұл - содырғылар ішіндегі экологиялық келісті құс түрі. Боз содырғы осындай кең таралымды болғандықтан, ұяларын түрлі-түрлі орындарға: ағаштар мен бұталар басына, жартастарға, жердегі тас астына, адам құрылыстарына орналастырады. Мұнымен бірге біздің белгі соғылған дара құстарға жасаған бақылауымыз ұя салудың жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығын бір ғана аналықтың әрекеті екенін көрсетті. Сол бақылаудың жәрдемімен боз содырғылардың бір жазда - 2 рет, кейбір жағдайда 3 рет балапан өргізетіні айқындалды. Ұшып кеткен ұялас балапандарды аталығы қоректендіріп жүргенде, аналық уақытты оздырмай, жаңа ұя салып, жұмыртқалап, жұмыртқаларды басады.
## Таралуы
Қазақстанда боз содырғы Тәңіртау, Жоңғар Алатауы және Сауырдың субальпілік белдемінде мекендейді. Сонымен бірге жазда оның төменгі таралу шегі орман белдеуінің үстіңгі бөлігінен өтеді. Жылдың салқын кездерінде содырғылар азық іздеп ұзақ көшіп жүріп, тауда және өздері өте ұнататын шырша тұқымдары жақсы түсім берген орындарда өткізеді.
## Дереккөздер |
Қаратұмсық содырғы (лат. Prunella himalayana) - Торғайтәрізділер отрядының Содырғылар тұқымдасының қошқыл реңділігі байқалатын құс.
## Биологиялық сипаттама
Қаратұмсық содырғы - сұржон содырғыға өте ұқсас, алайда денесі сәл кішірек (20-30 г). Жоны мен екі қапталы тот түстес қоңыр реңкті тығыз орналасқан қошқыл аламыш болып келеді: ақ тамақтан да осындай аламыш жолақтар бойлай созылады. Қаратұмсық содырғы, сондай-ақ жақсы сайрайды және аспандап сайрай ұшып, құсойнақ жасайды.
Ұяларын көбінесе тас астына, кейде шөптесін томардың тасасына жай ғана орналастырады. Салындыдағы 3-5 шұбарланбаған көгілдір жұмыртқаларды аналық екі аптаға жуық басады.
Ұядағы балапандарды осынша уақыт ата-енелері қоректендіреді. Бұл түр жұптарының жеке бөлігі тіпті осыншалық биіктікте, бір жазда екі рет балапан өрбітіп үлгеретінін біздің анықтай алуымызға мүмкіндік болды. Біз қаратұмсық содырғыларды Батыс Тәңіртаудан қыста кездестірдік, олар мұнда қоректерін іздеп көшіп келеді.
## Таралуы
Тәңіртау, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларының субальпілік белдеуінде, сондай-ақ альпі белдеуінің төменгі бөлігіне (Тәңіртауға - 2700-ден 3500 метрге дейін) еніп, сұржон содырғымен қатар өмір сүріп, орын тебеді. Алайда қаратұмсық содырғы - жартастарды, ал сұржон содырғы тастары бар көгалды ұнатады.
## Дереккөздер |
Евдоким Константинович Мазков(20.6.1922, Ақтөбе облысы,Мәртөк ауданы,Мәртөк ауылы - 11.7.1977, Қырғыз Республикасы, Жәлелабад қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, звено командирі, ага лейтенант. Фрунзе (қазіргі Бішкек қаласы) қаласындағы аэроклубты, Орынбор әскери ұшқыштар мектебін (1942) бітірген. 3- Украина майданы 17-әуе армиясы 9-аралас авиация корпусы 305-штурмдық авиация дивизиясы 237-штурмдық әуе полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылдың наурызына карай 85 әуе ұрысына қатысып, жаудың соғыс жүгі тиелген 89 автокөлігін, 7 танкісін, 26 зеңбірегін, т.б. соғыс техникасын, бірнеше әскерін жойған. Осы шайқастардагы көрсеткен батылдығы мен жауынгерлік ерлігі үшін Мазковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді (1.7.1944) 1947 жылы капитан шенінде запасқа шықты. Жәлелабад қаласында тұрып, сонда еңбек етті. Лeнин, 2 Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Иван Михайлович (Макарович) Журба (13.9.1915, Қостанай облысы,Федоров ауданы,Белояровка селосы - 12.7.1962) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы,лейтенант, рота командирі.Педагогикалық институтты бітірген (1941). Осы жылы күзде Қызылорда ауданы әскери комиссариатынан Кеңес әскері қатарына шақырылған. 1943 жылы офицерлер құрамын жетілдіру курсын бітірді. 23-гвардиялық мотоатқыштар бригадасы (1-Украина майданы, 3-гвардиялық танк армиясы, 7-гвардиялық танк корпусы) атқыштар ротасының командирі гвардия кіші лейтенанты. Журбаның ротасы 1943 жылы қарашаның басында Днепр өзенінен алғашкылардың бірі болып өтті. 1943 жылдың 4-5 қарашасында жау қорғанысын бұзып, Святошино селосын (Киев қаласының маңы) азат етті де, жау тылындағы Киев - Житомир тас жолын басып алды. Бекіністі негізгі күш келіп жеткенше қорғады. Осы ерлігі үшін Журбаға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (3.6.1944). Соғыс аяқталған соң запасқа шығып, Қызылорда қаласында жұмыс істеді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тимофей Карпович Щербанов (1922 жылы туған, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Херсон селосы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, танк-десант ротасы могоатқыштар-пулемет батальонының командирі. Орыс. 1941 жылы Астрахан атқыш-пулеметшілер училищесін бітірген. Кіші лейтенант Щербанов 1941 жылдың желтоқсан айында Батыс майданда гитлершілермен соғысты. Брянск, 4-Украина, 1- және 2-Прибал- тика майдандарында мотоатқыштар-пулеметшілер батальонының командирі болды. Төрт рет жараланған. Щербанов Орел - Курск ұрыстарына және жаудың Никополь қаласы түбіндегі (Украина) топтамасын жою операцияларына қатысты. Қырымды және Джанкой қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Щербановқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Щербанов Ленин, Қызыл Ту, 2 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер |
Шоланов Ғабдолла (1907, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 22.2.1966, Алматы) – экономист-ғалым, экономика ғылымының докторы (1956), профессор (1960), Қазақ КСР-і ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962). Гурьев кеңес-партия мектебін (1926) бітірген. 1928 – 1931 жылдары Омбы жұмысшы факультетінде, 1933 – 1937 жылдары Новосібірдегі Марксизм-ленинизм институтында оқыған. 1926 – 1928 жылдары Гурьев облысында Қызылқоға болыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1931 – 1933 жылдары Омбы қазақ педтехникумының оқытушысы, директоры. 1937 – 1939 жылдары Қазақстан К(б)П Балқаш қалалық, Қарағанды облысы комитетінің 2-хатшысы. 1939 – 1942 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1942 – 1945) Қазақ КСР-і Халком кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан КП ОК-нің кадрлар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1945 – 1948), “Коммунист” журналының бас редакторы (1946 – 1950) болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1941 – 1946) және Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (1938 – 1947) депутаты болып сайланды. 1938 – 1947 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1948 жылы Қазақстан КП ОК-нің шешімімен Қазақ КСР-і ғылым академиясына жіберіліп, экономика секторын басқарды. Бұл сектордың экономика институты болып құрылуына (1952) күш салған ол өмірінің соңына дейін осы институттың директоры қызметін атқарды. Шоланов 60-тан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде бірнеше монография кітаптың авторы. Ол Қазақстанның 1917 жылдан 1945 жылға дейінгі экономикалық тарихы бойынша материалдарды алғаш рет жүйелеп, қорытындылаған 3 томдық “Қазақ КСР-і халық шаруашылығы тарихы” очерктерін (орыс тілінде) әзірлеуге белсене ат салысты. Көптеген ғылым кандидатын дайындаған ол КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрінің жоғары аттестациялық комиссиясының мүшесі болды. Шоланов Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Экономическое развитие Казахстана за 30 лет, А.-А., 1951;
* Промышленность Казахстана за годы Советской власти, А.-А., 1952;
* Промышленность Казахстана с середины 19 века до Великой Отечественной войны Советского Союза, М., 1955.
## Дереккөздер: |
Шолақов Ержан (1818 – 1905) – қоғам қайраткері. Орынбор кадет корпусында оқыған, генерал Перовскийдің Хиуаға жорығына қатысқан, офицерлік атағы болды. Көп жылдар бұрынғы Орал облысы Қарашығанақ болысын басқарған ол қызметі үшін бірнеше орденмен және атаулы сыйлықтармен марапатталған. 1900 жылы орыс демократ-жазушысы В.Г. Короленко Шолақовтың үйінде қонақта болған. Короленко оны өз еңбектерінде зиялы әрі зерделі реформатор деп бағалаған.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Шелекпаев Әнуар Дүтбайұлы (1939 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы) – экономика ғылымының докторы (1993), профессор Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және Ресей ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1972) бітірген. Алматы облысы Ұзынағаш ауылында жұмысшы, агроном, бөлім меңгерушісі, Экономика және агроөндірістік кешенді ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында (1974–1980), Талғар аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде (1980–1983), Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау кoмитетінің жанындағы институтта (1984–1989), Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметтер (1990–1996) атқарған. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер: |
Александр Матвеевич Ершов (11 қыркүйек 1908 жыл, Спасский уезі, Рязань губерниясы – 21 ақпан 1980 жыл, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — кеңестік әскери қайраткер, сержант, Ұлы Отан соғысының ардагері, бөлімше командирі.
## Өмірбаяны
Александр Ершов 1908 жылдың 11 қыркүйегінде, шаруалар отбасында Ресей империясының Рязань губерниясының Спасский уезіндегі Лукмос ауылында (қазіргі Рязань облысының Сапожковский ауданы) дүниеге келген. Бала кезінде отбасымен бірге Ақмола облысының Көкшетау уезіндегі Славянка ауылына (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы) көшті, бастапқы білім алған және колхозда жұмыс істеген.
1941 жылдың маусымында Қызыл әскерге шақырылды, сол жылдың тамызынан бастап Ұлы Отан соғысына, соның ішінде Сталинград шайқасына, я Украина, Литва мен Беларусьті азат етуге қатысты. Екі түрлі рет жарақат алды. 1944 жылдың шілдесіне қарай сержант Александр Ершов 3-Беларусь майданының 5-армиясының 371-атқыштар дивизиясының 1233-атқыштар полкінің бір бөлігін басқарды.
1944 жылдың 17 шілдесінде Неман өзенінен өтуде бөлімше командирі болған Ершов асқан ерлік жасады. Ол артиллерия мен пулеметтен толассыз атқылап, неміс авиациясы әуеден бастырмалатып шабуыл жасап жатқанына қарамай, келесі жағалауға бірінші болып өз бөлімшесімен өтті. Ершов осы шайқаста бір өзі 12 жауды өлтірді. Жау қолма-қол ұрыска төтеп бере алмай, кейін шегінді. Қайсарлығы мен батырлығы үшін 1945 жылдың наурызында Ершовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Славянкаға оралды, демобилизациядан кейін Заградовский совхозының мал фермасында бригадир болып жұмыс істеді. 1969 жылы зейнеткер болды. 1980 жылы 21 ақпанда қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Естай Ишанов (1906, Қостанай облысы Жітіқара ауданы – 1.9.1944, Польша, Тарнобжег қ.) – Кеңес Одағының батыры (17.10. 1943).
Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан.
* 60-армияның 3-гвардиялы Бахмачг жеңіл артиллерия бригадасының 206-полкі құрамында соғысқан.
* Днепрдің батысындағы Медвин ауданында болған ұрыс кезінде гвардия кіші сержанты Ишанов жаудың 3 танкісін, қару-жарақ тиеген 7 автомашинасын, батальонға жуық жаяу әскерін жойды. Осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атанды.
* Висла өз-нен өту үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты.
* 2-дәрежелі Отан соғысы
* 3-дәрежелі Даңқ
* Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қазақ халқы ерте заманнан бері Ислам дінін ұстанғандықтан және қара халықтың араб тілін біліп-түсінбейтіндігінен, қазақтың мұсылман ғұламалары қасиетті кітап Құранды қазақ тіліне бірнеше рет аударған.
## Сәдуақас Ғылманидың аудармасы
«Құранды» ана тiлiмiзге аударуда мықты талпыныс жасаған ислами ғалым Сәдуақас Сәлменұлы Ғылмани едi. 1960—1970 жылдары аралығында Сәдуақас Сәлменұлы Ғылмани (Сәкен халпе) бiр жүз он сегiз мың сөзден тұратын «Қазақша-арабша» сөздiктi жаза жүрiп, «Құранның» алғашқы үш тарауын қазақшаға аударған. Бұл қолжазбаны 1970 жылға дейiн Қазақ елiнiң облыс орталықтары мен қалаларындағы имам-молдалар кезекпен оқып, «Құранның» Сәкен қалпе аударған қолжазбасымен сауатын толықтырды. Ал ғұламаның мүбәрак қолынан шыққан «Құранның» үш тарауының қазақша аудармасы осы күнге дейiн Алматыдағы Сәдуақас Ғылманидың мұрағатына мұрагер болып отырған кiшi қызы – Әмина Сәдуақасқызы Әбдiкәрiмованың қолында сақтаулы тұр.
## Ғазез Ақытұлы мен Мақаш Ақытұлы аудармасы
Қытайға қараған Шығыс Түркiстан аймақтарындағы қазақ мұсылмандар «Құран Кәрiмнiң» қазақша нұсқасымен Ғазез Ақытұлы мен Мақаш Ақытұлы секiлдi дарынды ғалымдардың аударуымен 1990 жылы танысты. «Құранның» бұл нұсқасы Бейжің қаласындағы «Ұлттар баспасынан» ұлттық әлiпбиiмiзбен (араб графикасы) жарық көрдi.
## Рәтбек Нысанбайұлының аудармасы
1991 жылы жарыққа шыққан ҚМДБ ұйымының бұрынғы мүфтиі Рәтбек Нысанбайұлы мен Уақап Қыдырханұлының Құран мағыналарын қазақшаға аудармасы.
## Халифа Алтайдың аудармасы
Халифа Алтаймен орындалған Құранның «Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі» деп аталған қазақ тіліне аудармасы. Ол аударған Құран араб графикасымен 1989 жылы жарық көрдi. Осы нұсқаны 1991 жылы Халифа Алтай Дәлелхан Жаналтаймен бiрлесiп, «Құран кәрiм, қазақша мағына және түсiнiгi» деген атпен мол тиражбен Сауд Арабиясының баспасөз уәзiрлiгi тарапынан кирилл әрiптерiмен шығартып, Қазақ елiне жеткiздi. Халифа Алтай аударып шығарған «Құранның» бұл нұсқасы Қазақстаннан сырт: Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстанда, Әзiрбайжан елдерiнде тұратын қазақтардың үлкен рухани байлығына айналды. Бұл кітап Медине қаласындағы патша Фаһдтың Құран Кәрімді басуға арналған комбинатында басып шығарылады. Халифа Алтай сол Құран аудармасының соңында жазады:
## Нұралы Өсеровтың аудармасы
* Белгiлi араб тiлi маманы Нұралы Өсеров 1991 жылы Мәскеудегi «Радуга» баспасынан «Құран Кәрiмнiң қазақша тәпсiрлерiн» жариялады.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Құран
* Құран аудармаларының тізімі |
## Өмірбаяны
Павел Степанович Садомсков - барлаушы, Кеңес Одағының Батыры.
* 1942 жылы Украинаны азат ету шайқасына қатысты.
* 1943 жылы 9 қыркүйекте соғыс операциясында көрсеткен ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы берілді.
Соғыстан кейін Куйбышев қаласында тұрды.
## Дереккөздер |
Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов (1920, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылы — 25.7.1943, Ленинград облысы Киров ауданы Синявино поселке) — Кеңес Одағының Батыры.
1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты Үлкен жермен байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты.
КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.2.1944).
Қостанай қаласы мен Әулиекөл кентіндегі поселкесіндегі екі көшеге Баймағамбетов есімі берілді.Қояндыағаш ауданында ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
Николай Дмитриевич Авдеев (6.1.1919, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Ақой а. - 2.9.1944, Украина, Киев қ.) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия капитаны, эскадрилья командирі. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1938 ж. шақырылды. 1940 ж. Харьков әскери әуе училищесін тәмамдады.Майданға 1942 жылдың қазан айында аттанды.
* 1941 ж. күзі мен қысында алыстан бомбалайтын 750-әуе полкі кұрамында Мәскеу қаласын (Можайск, Мценск қалалары батысында) қорғап, неміс әскерлерінің топтасқан жерлерін бомбалады. 1942 ж. қазан айынан бастап лейтенант Авдеев алыстан бомбалайтын 751-әуе полкінде экипаждың штурманы болды.Н.Авдеев жау тылына 201 рет жауынгерлік ұшуды ойдағыдай жүзеге асырды.
* 1942 ж. 2 қарашада Авдеев басқарған экипаж Тацинск ауданы маңындағы жаудың әуежайын бомбалады. 1944 жылдың наурыз айына дейін Авдеев 201 рет жауынгерлік тапсырмамен жаудың ішкі шебіндегі әскери-өнеркәсіптік нысандарын, ірі әскери күші шоғырланған жерлерді бомбалады. Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасыңың Жарлығымен Авдеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.8.1944). Алайда ол ауыр жарақаттың салдарынан қаза тауып, Киев қаласына жерленді. Авдеевтің есімі Киев қаласының «Мәңгі Даңқ» саябағындағы гранит тақтаға ойылып жазылды. Орск қаласындағы №10 мектепте мемориалдык тақта орнатылып, бір көшеге есімі берілген.
## Дереккөздер |
Мақаш Балмағамбетов (1914 жылы туған, Қазалы ауданындағы 17 ауыл) – 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.2.1944). 1932 – 38 жылы ұжымшарда есепші, кіші техник болып істеп, 1943 жылы наурызда 72-дивизияның құрамында майданға аттанған. Кейіннен Қазақстанда құрылған 73-гвардия атқыштар дивизиясынан ауысты. Гвардия сержанты Балмағамбетов 1943 жылы 25 қыркүйекте Днепр өзенінен өтуде ержүректік, табандылық танытты. Ол басқарған бөлімше жауынгерлері бірінші болып өзеннің арғы бетіне шығып, Днепропетровск облысы Бородаевка селосының жанында жаумен ұрысқа кірісті. Жеке өзі жаудың 20-дан астам солдаты мен офицерінің көзін жойды. Осы ерлігі үшін Батыр атағы берілді. Соғыстан кейін Қарақалпақстан Республикасына қоныс аударды.
## Дереккөздер |
Николай Дмитриевич Ястребинский (1912, Акмола – 1978, Киев) – Кеңес Одағының батыры. Курск облысында орта мектепті, Воронеж зоовет. институтының 3 курсын бітірген. Корочанск бау-бақша техникумында оқытушы, ауданы жер бөлімінде аға зоотехник болған. 1934 ж. армия қатарына алынып, кеңес–финн соғысына қатысқан. 1940 ж. желтоқсанында Бендер ауданы партия комитетінде (Молдавия) насихатшы болып жұмыс істеген. 1941 жылдың 25 маусымынан армия қатарына алынып, клуб бастығы, ротаның саяси жетекшісі, батальонда партбюро хатшысы, 7-мотопонтанды батальон командирінің саяси істер жөніндегі орынбасары болған. Украинаны азат ету үшін болған шайқастарда айрықша көзге түсті. 1946 жылдан запастағы майор. Киев қаласында тұрып, электровоз жүргізушісі болып жұмыс істеді. КСРО ордендері, медалдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Степан Тихонович Бреусов(12.12.1904, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ ауылы - 3.3.1963, сонда) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, кіші лейтенанты. Орыстарда Соғысқа дейін есепші болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылды. 1943 ж. кіші лейтенаттар курсын тәмамдап, 1-Прибалтика майданы 334-атқыштар дивизиясы 1126-атқыштар полк құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Оның взводы 1944 жылы 23 маусымда Витебск облысы Козоногово деревнясын азат ету барысында жаудың 3 станокты пулеметін, 20 жау әскерін жойып, 2 адамын тұтқынға алды. Батыс Двина (Даугава) өзенінен өтуде Гринево деревнясында жаудың 2 пулеметін, 3 зеңбірегін істен шығарып, қарсы шабуылын тойтарды. Бреусов шайқаста жаудың 5 әскерін жойып, 1 офицерін қолға түсірді. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Бреусовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.7.1944). Соғыстан кейін туған ауылына оралып, жергілікті кеңестің терағасы болды. Туган ауылындағы мектепке және бір көшеге Бреусов есімі берілген. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Орман қазтамағы (лат. Geranium sylvaticum) - бұл өсімдік герань деп аталатын қазтамақтар тұқымдасы қазтамақ туысына жатады. Герань - гректің геранг (тырна) деген сөзінен шыққан, себебі, өсімдіктің тұқымы тырнаның тұмсығына ұқсайды.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 80 см-ге дейін жететін, тамыры тік өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
* Сабағының өн бойын түк басқан, жоғарғы жағында бұтақтары көп.
* Тамырдан өсіп шығатын жапырақтарының сағақтары ұзын, ал сабақ жапырақтары отырмалы болады. Төменгі жағындағы жапырақтары 5-7-ге бөлініп тілімделген. Жапырақтарының екі жағын да түк басқан, шеттері ара тісті.
* Гүлдері ірі, күлгін түсті, тостағанша, қалақшалары да, гүл тәжінің жапырақшалары да бес-бестен.
* Жемісі құстың тұмсығына ұқсайтын қауашақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Еуразияның қоңыржай және салқын белдеулерінде таралған. Бұталардың арасында, орманды жерлерде, жарқабақтарда, ылғалды жерлерде өседі.
## Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы
Құрамында илік заттар, алкалоидтар, шайыр, эфир майлары, қоймалжың, ащы заттар бар.Өсімдіктен жасалған дәрілерді аш ішектің қабынуын және іштің өтіп ауырғанын емдеу үшін пайдаланады. Халық медицинасында өсімдіктің тұнбаларымен ауыз бен тамақты шаяды.Маталарды бояу үшін пайдаланады. Әсемдік үшін өсіріледі. Аралар үшін бал нәрі.
## Дереккөздер |
Бояулық риян (лат. Rubia tinctorum) - риян тұқымдасы риян туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 130 см-ге дейін жетеді.
* Тамырының түсі қоңыр, бұтақтары көп, тамыр сабақтары ұзын. Төрт қырлы келген сабақтарының өн бойында ұштары сыртына қарай қайырылған көптеген тікенектері бар.
* Жапырақтары қалың, сопақша келген эллипс тәрізді, сағақтары қысқа, екіден, төрттен, кейде алтыдан сабақтарын айнала қоршай орналасқан.
* Гүлдері жасыл сары түсті, жартылай шатыр жасап бұтақтарының ұш жағына таман орналасқан. Гүл тәжінің төменгі бөлігі воронка тәрізді болып келеді де, жоғарғы бөлігінің ұштары сүйір, 5 жапырақшаға бөлініп, сыртына қарай бүгіліп тұрады. Маусым айынан бастап гүлдеп, тамыз айында жеміс береді.
* Жемісі әуелі қара түске еніп, кейіннен қызыл түске боялатын, ішінде 1-2 сүйегі бар жидек.
* Тұқымынан және тамырынан қолдан егіп көбейтуге болады.
## Өсетін жері
Өзендер мен арықтардың жағаларында, тастақты жерлерде, бақшаларда, қақпалардың маңайында кездесе береді.
## Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы
Бояулық риянның тамырының және тамырсабағының құрамында алиозин қышқылы, галлиозин, ксантопурин, ализарин бар. Өсімдіктен жасалған дәрілер қуықта және бүйректе пайда болған әр түрлі фосфорлы тастарды еріту үшін пайдаланады. Дәріханаларда сатылатын "Цистенал" атты дәрінің құрамында осы бояулық риянның тамырынан алынған заттар бар. Дәрі жасуаға өсімдіктің тамыры мен тамыр сабағын күздің ақырғы айларында немесе көктемде жинайды.Бояулық рияннан бояу алынады.
## Дереккөздер |
Филипп Трофимович Нижурин – соғыс ардагері. Кеңес Одағының Батыры (10.4.1945). Соғысқа дейін Мақтаарал ауданының «Политотдел» ұжымшарында еңбек етті. Майданда Қызылтулы 214-атқыштар дивизиясының 309-жеке барлаушылар ротасының командирі болып Висла өзенінен Одер өзеніне дейін жорық жолдарымен жүріп өтті. Нижурин Федор Трофимович 1945 жылы 3 наурызда Силезияда қаза тапты.
## Сілтемелер |
Сұржон содырғы (лат. Prunella collaris) - Торғайтәрізділер отрядының содырғылар тұқымдасының биологиялық түрі. Қазақстандағы содырғылардың ең ірі денелі (25-35 г) және ең биік тауларда өмір сүретін түрі.
## Таралуы
Қазақстан жартастары сусымалы тастармен және қарлы алаңмен алмасатын жерлерде — теңіз деңгейінен 3 000 м жоғары Тәңіртау және Жоңғар Алатауы тауларының альпілік белдеуінде мекендейді. Сұржон содырғылар қыстың едәуір бөлігін қар көп жатпайтын оңтүстік бет- кейге орын ауыстырып, биік тауларда өткізеді. Қар қалың жауған соң таудың төменгі белдеуіне төмендеп түседі.
## Сипаттамасы
Торғайдан сәл үлкендеу және жерден едәуір көтеріңкі жүре алатын сұржон содырғыны сұр реңді төстен жіңішке қара сызықтармен бөлінген ақ тамағы бойынша оңай тануға болады. Дауысы қатты және әдемі, әуенінде таза құбылмалы ысқырық бар.Аталықтар күйттеу кезеңінде жартастардан жартастарға қанатын кең жайып қалықтай жүріп, құсойнақ жасап ұшады. Ұяларын жартастардың жарығына - қиын жерлерге салады, сондықтан бұл құстардың тұқымтоптық өмір сүру дағдысы аз зерттелген. Ұяны мүктен қалың қабырғалы тостаған түрінде жасап, оған жүн төсейтіні ғана белгілі. Салындыда 3-тен 5- ке дейін көгілдір жұмыртқа болады.
## Дереккөздер |
Александр Иосифович Парацовин(14.10.1920 жылы туған, Ресей, Чита облысы, Могатуй ауданы, Бурят темір жолы станциясы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, взвод командирініц көмекшісі, орыс. 1941 жылдың қараша айынан Парацовин З-Украина майданы, 8-гвардиялық армия 39-гвардиялық атқыштар дивизиясы 41-жеке барлау ротасында болды. 1943 жылдың 23 қазанында құрамында 20 жауынгері бар барлау ротасы Днепропетровск қаласы маңында Днепр өзенін кесіп өтіп, плацдармға бекінді. Дивизияның қалған бөліктері келгенше плацдармды ұстап тұрды. 24 қазанға қараған түні өзеннен өтерде қайық жаудың атқылаған оғынан төңкеріліп, рота командирімен бірге 8 барлаушы қаза болды. Қалғандарын аға сержант Парацовин бастап, жауынгерлік тапсырманы орындады. Олар жаудың 9 шабуылын тойтарды. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Парацовинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.4.1944). Қазір Парацовин Қостанай қаласында тұрады.
## Дереккөздер |
Шайхиев Асқар Тастайұлы (15 тамыз 1963, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қызылтаң ауылы — 3 мамыр 2000, Орал қаласы) — палуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1988), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1989). Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1986).Бапкері — Б.Қуанышов. Қазақстан және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КСРО чемпионы (1989, Алматы) және екі рет күміс жүлдегері (1987, Ташкент, 1988, Омбы). Әлем кубогының иегері (1988, Токио, Жапония). Әлем чемпионы (1989, Нью-Йорк, АҚШ). Спортшылық жолын аяқтағаннан кейін Шайхиев Батыс Қазақстан облыстық ОРМБЖМ-де дзюдо күресінен жаттықтырушы, кейіннен Батыс Қазақстан облысының дзюдо федерациясының атқарушы директоры болды. 2003 жылы Шайхиевтің атынан таэквондо спорт клубы құрылып, содан бері жыл сайын оқушылар арасында республикалық деңгейде таэквондодан жарыс өтеді.
## Дереккөздер
] |
Азиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысадарының тізімі. |
Көтібар Бәсенұлы (1757 – 1833) – халық батыры. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Бәсен батырдың бес баласының біреуі. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібар батырдың жеті баласы болған, үлкені – атақты Есет Көтібарұлы батыр тарихи тұлға. Көтібар Бәсенұлы – “Айман-Шолпан” дастанында, М.Әуезовтің осы дастан желісімен жазылған пьесасының кейіпкері. 1833 жылы Ресей патшалығына қарсы қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру кезінде Ресей патшасының жалдамалы бас кесерлерінен қаза табады. Халық өз қаржыларына 2000 жылы Көтібар батырға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жаңадан кесене тұрғызады.
## Дереккөздер |
Алексей Хрисанович Рой (1922, Солтүстік Қазақстан облысы,Ғабит Мүсірепов ауданы, Гаршино селосы – 2016) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия старшинасы, топ командирі, украин. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылған. Әскери училищені бітірген. 2-дәрежелі Суворов орденді 6-гвардиялық механикаландырылған Волноваха бригадасының бір топ барлаушыларына 1945 жылдың 14 сәуірінде Вена қаласынан Корнейбург қаласына баратын жолдағы каналдан өтетін көпірді басып алу міндеті жүктелді. Рой бастаған барлаушылар түн жамылып келіп, күзетшіні жойды. Жауынгер барлаушылар қолға түскен кару-жарақтарын ұрысқа дайындап, таң ата жау әскері колоннасына оқ жаудырды. Олар жанған машиналары мен оқ-дәрілеріне қарамастан, көпірден өтуге тырысып, ұрысқа танкілерін жіберді. Бірақ төбеден соққан гранаталардан танкілердің күл-талқаны шықты. Күндізгі сағат 2-де 6-гвардиялық механикаландырылған бригаданың бастаушы танкілері көрінгенде ұрыс бітті. Жаудың 3 танкісі, 11 бронетранспортері мен автомашиналары, жүздеген әскері жойылды. 12 жауынгері тұтқынға алынды. Бұл жорыққа қатысушылардың бәрі ордендермен марапатталды. Осы ерлігі үшін Ройға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.5.1946). Рой соғыстан кейін Ростов облысындағы Ақсай қаласында тұрды.
## Дереккөздер |
Садық Имайылов (15.11. 1911, Арыс қаласы – 7.2.1974, Сарыағаш қаласы) – соғыс және еңбек ардагері.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Кеңес Одағының Батыры (1.11. 1943). 1933 – 35 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 1941 жылы майданға аттанып, 1943 жылы Мелитополь қаласы үшін болған ұрыста асқан ерлік пен батырлық көрсетті. Соғыстан кейін туған жерінде еңбек етті. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Сарыағаш қаласындағы бір көшеге есімі берілген.
## Сілтемелер |
Құрманбай (Құрбантай) Рысбеков (1922, Түркістан ауданы – 29.12.1943) – соғыс ардагері. Кеңес Одағының Батыры (10.1.1944). Соғысқа дейін Шорнақ мектебінде мұғалім болып істеді. 1942 жылдары өз еркімен майданға аттанды. 42-атқыштар полкі құрамындағы взвод командирі Рысбеков Днепр, Украина үшін болған ұрыстарда асқан ерлік көрсеткен.
## Дереккөздер |
Валерий Очиров Николаевич (1951 жылы туған, Арал ауданы Сульфат кенті) – Кеңес Одағының Батыры (1985), подполковник. Мәскеудегі әскери-саяси академияны (1985) бітірген. Элистадағы орта мектепті бітіргеннен кейін слесарь болып жұмыс істеді. Кеңес Одағының Қарулы күштерінде қызмет етіп, 1970 жылы Сызрань жоғары әскери авиационадық училищесіне түседі. Училищені бітірген соң Москва және Прибалтика әскери округтерінде қызмет еткен, кейін Ауған соғысына қатысқан.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Яков Данилович Михайлюк (1919, қазіргі Әйтеке би кенті) – Кеңес Одағының Батыры (1944). 1938 – 39 жылдары Қазалы стансасындағы фабрика – зауыттық училищесін (қазіргі 5-кәсіптік мектеп) паровоз машинисі мамандығы бойынша бітірген. Соғысқа дейін Қазалы локомотив депосында жұмыс істеген. Соғыс басталысымен авиация мектебінде оқиды. Мәскеу түбіндегі, Сталинград, Курс, Орел, Берлиндегі әуе ұрыстарына қатысып, жеке өзі жаудың 26 ұшағын атып түсіреді. Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді. Өзінің жауынгерлік жолы жайлы «Мен – Сұңқар шабуылға шықтым» атты кітап жазған. Ол оқыған 5-кәсіптік мектептің алдындағы көшеге аты берілген. 17 жауынгерлік орден, медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Баймұқанов Мұса (1910 ж. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы -18-наурыз 1945 ж. Польша, Болеславец қаласы). Кеңес Одағының Батыры. Алматы тау-кен металлургия институты жанындағы жұмысшы факультетін бітірген соң Доссор мен Мақатта қоғамдық жұмыстар атқарды. Одан кейін Атырау қалалық прокуратурасында тергеушісі. 1935-1941 жылдары — Сағыз кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы.
1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, офицерлер даярлайтын әскери училищеге жіберіледі. Осы оқу орнын аяқтағаннан кейін кіші лейтенант шенімен Ленинград майданындағы 120-Гатчино атқыштар дивизиясындағы 538-атқыштар полкіне взвод командирі қызметіне тағайындалады. Польша жерін, астанасы Варшава қаласын азат етті.
Атырау қаласында, Мақат аулында оның есіміндегі көше бар. Есімі Мақат поселкесіндегі орта мектепке берілген. Мұнайшылар саябағында батырға бюст орнатылған. Ленин орденімен, «Қызыл Ту», 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ақан Кұрманов (1918, қазіргі Атбасар ауданы Қосбармақ ауылы – 1943, Украина, Чернигов облысы Мысы селоы) – Кеңес Одағының батыры (1944). Еңбек жолын ұжымшарда бастады.
## Өмірбаян
1939 жылы Қызыл Армия қатарында, кіші командирлер даярлайтын полк мектебінде оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары 61-армияның 76-гв. Чернигов атқыштар дивизиясы 234-атқыштар полкінің 2-ротасында бөлімше командирі болды. Ақан құралайды көзге атқан мерген. 1943 жылдың 28 қыркүйегінде гвардия сержанты Құрманов Ақан тоғыз жауынгерден құралған топ қатарында Днепрден өті кезінде ерекше тапсырманы орындап, Чернигов облысының Мысы селосының маңайына бекініп, негізгі күшке жол ашып, батальон жауынгерлері жеткенше қорғаныс шебін ұстап тұрған. Ақан осы шайқаста зеңбірек оғынан мерт болды. Ақан Құрманов Чернигов облысындағы (Украина) Репкин ауданына қарасты Мысы селосының орталығында 61-армиясының 415 және 76-гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің бауырластық қабірінде жерленген. 1944 жылы 15 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Презиндиумының Жарғысы бойынша Днепр өзенінің арғы жағасына өтіп, алған плацдармды қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия сержанты Құрманов Ақанға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
## Соғыстан кейін
Қосбармақ ауылында 1972 жылы батырдың мүсіні қойылып, 2008 жылы Ақан Қүрмановқа арналған мұражай ашылды. Батырдың өнегелі өмірі сыр шертіп, жас оқырмандардың ұлтжандылық, руханияты молайды.Қазіргі Нұр-сұлтан қаласындағы №17 гимназия мектебі (2002 ж. ҚР Президентті Н.Назарбаев ашқан) мен Атбасар қаласындағы №2 арнайы коррекциялық мектеп-интернатына батырдың ыты берілді. Есімі Ақмола облысындағы Атбасар ауданнының орталығы Атбасар қаласындағы және Украинадағы Мысы селосындағы көшелерге беріліді. Атбасар ауданында жылма-жыл батырды еске алу құрметіне дәстүрлі түрде спорт жарыстары өткізіледі. Батыр бабаның есемі Көкшетау қаласындағы Даңқ ескірткіші тақтасы бетіне алтын әріппен жазылған.Ақан Құрманов жайлы батырдың қанды көйлек досы Жәлел Қизатов «Ақан батыр» атты дастан жазған. Батыр «Ленин» ордені және медальдармен марапатталды |
Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасаған түрі - шаштеңге.
Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына байланады. Тәжірбиелі халық шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйткені күміс сыңғыры "айтып" қояды.
## Дереккөздер |
Асты "Бісміллә!" деп бастайтын қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайыратын әдетінен әлі күнге дейін жаңылған жоқ. Мұны "ас қайыру" деп атаймыз. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлеңмен де, тақпақтап та жеткізуге болады.
## Дереккөздер |
Баталасу - әр азаматтың, елдің, тектіліктің, сөзде тұру және келісімнің, бірліктің, беріктіктің үлкен жолы. Бұл жол құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызы үлкен шараларда жасалады. Сонымен бірге баталасу хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып және ол ұзақ мерзімге, тіпті мәңгілікке жалғасады. Баталасыпты деген сөз - ел ішінде маңызы өте зор іс. Арғын Аманжолдан Әлімбет, Бәйімбет, Шақшақ туады. Шақшақ қайтыс болғанда оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: "Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқайдар балалары бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір - бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын",-деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ.
Баталасу - қасиетті ұғым. Оны бұзу - қазақ арасында өте жаман іс. "Бата бұзған" деген - қарғыспен тең, өте ауыр сөз.
## Дереккөздер |
Қай заманда болса да ел ішінде жер дауы, жесір дауы, мал дауы сияқты дау - жанжал болмай тұрмаған. Оның шешуі мен түйінін ел ақсақалдары мен билер шешіп отырған. Олар сот, прокурор, адвокаттар сияқты тәртіп заңдарын қарап, қадағалап, талқылап, шешім шығарған. Билер Тәуке ханның "Жеті жарғысын" басшылыққа алған. Мұндай шешімдерден кейін табысының (мал, зат, ақша т.б.) оннан бірін билік ақысы үшін биге берген. Билік ақысы - ел ішінде қалыптасқан қағида әрі заң.
## Дереккөздер |
Келін түсіргеннен кейін тойға келгендер тарқап, үй иелері оңаша қалған кезде жақындар келін қолынан шай ішуге жиналады. Келгендерге келін қолынан әзірленген дастарқан жайылып, келін шай құяды.
## Мағынасы
Бұл дәстүрдің екі мағынасы бар. Біріншіден, келіннің үй шаруасына, дастарқан берекесіне ыңғайын байқау. Жас келін мұндайда кесені сылдырлатпай, баппен шай құя отырып, өзін танытады, шеберлігін, ыңғайын байқатады. Екіншіден, келін қолынан ене шалқып, ата шалқайып отырып қызыл күрең шай ішу - бір үлкен жетістік, қуаныш. "Біздің бала ержетіп, келін түсірді, ата-ене атандық, қолымыз ұзарды",-деп мақтанады, өзгелер алдында бедел, мәртебеге ие болады.
## Дереккөздер |
Қазақта "Иесі қаласа, қоңсы өкпелемейді" деген мақал бар. Қоңсы болудың немесе қоңсы қонудың да реті мен жөн-жобасы, өзіндік жолы бар. Қоңсы деген - бұрынғы кездерде бір ауқатты ауылға іргелес, аралас болып, оған арқа сүйей отырып, сол елдің байының шаруасын істеп, малын бағып, сауынын алып, атын мініп, тағы басқа қызметтері арқылы кү көріп, отбасын асырайтын адам деген сөз. Бұлар аталас та, туыс-жегжат та, бөтен елден келген кірмелер де болуы мүмкін.
## Қоңсы ауыл
Малы көп біреулер көрші елден, ауылдан уақытша жер сұрап алып, оның от, суын пайдаланады. Мұны қоңсы ауыл дейді. Қоңсылар ауыл, жер иесінің қас-қабағына қарап, олардың талап-тілегі мен айтқанын орындап отыруға мәжбүр екенін естен шығармайды. Олардың теріс ісі болса, ел иесі оларды көшіріп жіберуге хақысы бар.
## Тұрмысы
Алайда жергілікті адамдар оларды шетке қақпайды, зәбір-жапа көрсетпейді, сыйлайды, құрмет көрсетеді. Кейде олармен аралас-құралас отырып, барыс-келіс жасайды. Оның арты қыз алысып, қыз берісіп, құдай қосқан құдалыққа да жалғасып кетеді.
## Дереккөздер |
Сынғақ итшомырт, сынғақ қаражеміс (лат. Rhamnus frangula) - қаражемістер тұқымдасы итшомырт немесе қаражеміс туысына жататын тікенексіз, бұталы өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 3 м-ге дейін жетеді.
* Қабығы жылтыр, жас бұтақтарының қабығы қызыл, әр жерінде ағарған дақтары бар.
* Эллипс тәрізді сопақша, кезектесіп орналасқан ұзын сағақты жапырақтарының ұштары сүйір, шеттері бүтін.
* Гүлдері майда, көкшіл түсті, жалпақтау дөңгелек екі сүйекше. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Қыркүйекте жеміс береді.
## Өсетін жері
Сынғақ итшомырт орманның шеттерінде, бұталардың арасында өседі. Далалы аймақтарда тек жыраларда және сайларда ғана кездеседі.
## Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы
Құрамында антраглюкозидтер, франгулин, эмодин, антракол, рамнустоксин, шайыр, эфир майлары, сапониндер бар.Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жас бұтақтарының қабығын ерте көктемде жапырақтары бүршік жара бастағанда жинап алады. Халық медицинасында сынғақ итшомыртты іш жүрмей қалғанда, ішек түйіліп ауырғанда және тік ішектің шеті жарылғанда, геморрой ауруына байналысты үлкен дәретті сұйылтып шығару қажет болғанда пайдаланылады. Сонымен қатар өсімдіктің қабығын халық арасында шемен ауруын, бауыр ауруларын емдеу үшін және ішек құрттарын түсіру үшін де пайдаланады.
## Дереккөздер |
Қос көже - дәстүрлі еңбек мерекесінің ұлы көріністерінің бірі, егіншілік науқанының басы.
## Тарихы
Ежелгі егіншілік дәстүрі бойынша қар кетіп, көктем жетіп, дән себу үшін жер жырту басталар сәтте бүкіл ауыл Диқан баба құрметіне арнап "қос көже" қайнатып, кең далаға дастарқан жайып, құрметті ақсақалдарды шақырып дәм беріп, олардың батасын алған. Олар: "Еңбектерің жемісті болсын! Бір дәндерің мың дән болсын","Диқан баба қолдасын! Алла тілектеріңді қабыл етсін!"-деп, ақ батасын берген. Аруақтарға дұға бағыштаған. Дастарқан жиналғаннан кейін егіншілер ағасы жер жыртуды басталатын күнді белгілеген. Барлық егінші жұмысқа бір сәтте кірісетін болған. Жер жыртуға шығатын күні "тіл мен көзден сақтасын" деп соқаға жегілген өгіздердің мүйізі мен қамытына май жағып ырым жасаған.
## Дереккөздер |
Сары түйежоңышқа (лат. Melilotus officinalis) - бұршақ тұқымдасы түйежоңышқа туысына жататын, биіктігі 1 м-ге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Өсімдіктің биіктігі 30 – 90 см
* Өсімдік сабағыың түп жағы жуандау, ал жоғары жағы бұтақты және қырлы болып келеді.
* Тамыры ақ, сабағының түп жағы жұмыр, жоғарғы жағы қырлы және бұтақты болып келеді.Өсімдіктің ақ түсті тамыры топыраққа тік еніп жатады.
* Жапырақтары қияқ тәрізді кезектесіп орналасқан, үш бөлімді, ара тісті, сағақтары ұзын. Қосымша жапырақшалары бар.
* Гүлдері сары, сабақтың ұш жағында жіңішке шашақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Гүлдерінің әдемі иісі бар.
* Улы өсімдіктер қатарына жатады. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді.
## Өсетін жері
Далалы аймақтардағы шалғынды жерлерде, өзендердің жағаларында, тың жерлерде, бұталардың арасында, жол бойында өседі. Республикамыздың Шымкент, Жамбыл, Орал, Ақтөбе облыстарының жерлерінде жиі кездеседі.
## Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы
Құрамында кумарин, меллиотин, глокозидтер, белок, эфир майлары С дәрумені бар.Кумарин қанның ұюын кешеуілдетеді.Құрамындағы кураминге байланысты бұл өсімдік улы болып саналады.Курамин орталық нерв жүйесінің қызметін тежейді,сондай – ақ наркотиктер сияқты әсер етеді.Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жоғарғы жағын гүлдеген кезінде жапырақтарымен, сабағының жіңішкелеу бөліктерімен қоса жинап алады. Оны кептіріп, жақсы жабылған шыны немесе темір ыдыстарда сақтайды.Халық арасында сары түйежоңышқа қақырық түсіретін, жел айдайтын дәрі ретінде және бронхтар қабынғанда, іш желдегенде, ұйқы қашқанда қолданылады.Ішектің қатты түйілуін басу үшін, сондай – ақ іш кепкенде, қуықтан несеп жүрмей қалғанда қолданылады.
### Мал дәрігерлігінде қолданысы
Дәрілік шөптің тұнбасы мен қайнатпасының қақырық түсіретін, ауырсынуды басатын, жараны тез жазатын қасиеті бар. Нормадан көп берілсе малды улайды. Уланған мал дірілдеп, қалтырайды, мазасы кетеді, жеген азығын құсып, аузынан шұбыртып сілекей ағады.Дербес шаруашылығында малы бар кісілер, сондай – ақ ферма малшылары бұл өсімдікті мал дәрігерінің рұқсатымен ғана қолданулары тиіс. Салмағы 50 – 60 кг бұзауға өсімдіктің 2 грамы ғана беріледі.Дәрілік тұнба жасау үшін қайнаған 200 г суға жапырағы мен гүлінің 2 грамы салынып тұндырылады.
### Дәрілік шикізат
Дәрілік шикізат ретінде сары түйежоңышқа сабағының жіңішкелеу бөлігін жапырықтарымен, гүлімен қосып жинап алады. Оны көлеңке жерлерде кептіріп, аузы жақсы жабылатын шыны ыдыстарға салып сақтайды.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // сары түйежоңышқа — "Қайнар", 1988. — Б. 37-38. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. |
Тау жадырақ (лат. Anthus spinoletta) - Торғайтәрізділер отрядінің Шақшақай тұқымдастарының биологиялық түрі. Өз атауына толық сай келген құс.
## Таралуы
Тау жадырақ Қазақстанда оңтүстік және шығыстың тек қана таулы аудандарында қоныстанады, оның үстіне әдетте теңіз деңгейінен 2 500 м жоғары биік тауларда өмір сүреді. Тау жадырақ бізге орман жадырақтан ертерек (наурызда) келіп, кейінірек (қазанда) ұшып кетеді, кей жылдары қыста да кездесуі мүмкін.
## Биологиялық сипаттама
Дене мөлшері орман жадырақтай. Тау жадырақ орман жадырақтан гөрі ашық реңді және қауырсын жабыны бойлай созылатын алабажақсыз біркелкі реңкті. Жақыннан қара сирақтары жақсы көрінеді, ал орман жадырақтың сирақтары ақшыл, дене түстес. Тәңіртаудағы субальпілік шалғында іргелес жүріп кездесетін орман жадырағынан тау жадырағын осы белгілері бойынша ажырату оңай. Тау жадырақтың қылығы жадырақтар типтес, алайда орман жадыраққа қарағанда оның дауысы едәуір жоғары және сыңғырлап естіледі. Соған сәйкес орман жадырақтың сайрауы - «тититититн» сияқты емес, тау жадырақтың сайрау дыбысы «сисисисиси» деп аяқталады. Құсойнақта ұшу жолы шырқау биіктікке көтерілмей, тау беткейінен жазық доға түрінде өтеді.
## Дереккөздер |
Оңтүстік бұлбұл (Luscinia megarhynchos) - кәдімгі бұлбұлға өте ұқсас құс.
## Таралуы
Бұл құс Батыс Еуропада және Азияның оңтүстік аудандарында өмір сүреді, сондықтан Еуропада оны - батыстық, ал Азияда оңтүстіктік бұлбұл деп атайды. Ол кәдімгі бұлбұл сияқты Орталық Африкада және Арабияның оңтүстігінде қыстайды. Оңтүстік бұлбұл Қазақстанда, оның оңтүстік жартысында, бұл өңірде кәдімгі бұлбұлдың жоқтығын ескергендей, әжептәуір кең таралған. Сәуірдің аяғында ұшып келіп, тамызда ұшып кетеді. Өзендердің таулы және шөлді аңғарларын бойлай ағаш-бұталар қалың өскен жерлерге мекендейді. Дегенмен осы заманғы ірі қалаларға дейін елді мекендерде бақтар және тынымбақтарға қоныстанудан да қашқақтамайды.
## Биологиялық сипаттама
Одан айырмашыдығы - құйрығы ашық қызғылттау, бауыры да ешқандай алабажақсыз ақ түсті. Ұялау қылығы да кәдімгі бұлбұл сияқты, бірақ ұясын көбінесе тікелей жерге емес, шөбі қалың өсіп жасырған бұталардың төменгі бұтақтарына салады. Қалған қылықтарының барлығы - жұмыртқаларының саны, түсі, аталығы мен аналығының арасында міндет бөлісуі кәдімгі бұлбұлдікі сияқты.Оңтүстік бұлбұл кәдімгі бұлбұлдан едәуір нашар сайрайды деп саналады. Алайда екі түрдің де сайрауында өте үлкен географиялық (әйгілі курскілік бұлбұлдарды еске алсақ) және тіпті дара өзіне тән айырмашылығы бар. Оңтүстік бұлбұл аталықтарының арасында да әйгілі осы заманғы туыстары ішінен орташа орындаудан кем түспей, асып түсетін тамаша сайрағыштар жиі кездеседі. Әсіресе сайрау сапасын бағалау көбінесе әділетсіз болады.
## Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010. |
Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы – М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты.
## Өмірбаяны
1965 ж. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылында дүниеге келді.1982 ж. Алматы Мемлекеттік Театр-көркемсурет институтының театр факультетіне «Драма және кино актері» мамандығына оқуға түсті.1984-1986 жж. әскери борышын атқарды.1986-1988 жж. оқуын жалғастырып, бітіріп шықты.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант болып бастады. 1990-1993 жж. осы институттың аспирантурасында оқыды.1994 ж. театртану саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, аталмыш институтта ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.1996-1997 жж. Қазақтың өнер мәселесі бойынша ғылыми Орталығына бөлім меңгеруші.1997-1999 жж. ҚР Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің “Театр және кино” бөлімінің бастығы;1999-2001 жж. Республикалық академиялық неміс драма театрының директоры;2001 ж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында әкімшілік директоры;2004-2008 жж. ҚР Театр қайраткерлері Одағының төрағасы;2008 ж. желтоқсанынан 2013 ж. сәуіріне дейін Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры;2013 ж. 1-сәуірінен М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.Драматургия жанрында табысты еңбек етіп келе жатқан Е. Жуасбектің «Үйлену», «Күлеміз бе, жылаймыз ба?», «Антивирус», т.б пьесалары республика театрларында қойылды.
## Сыртқы сілтемелер
* Жуасбек Еркін - Әуезов театр сайтында Мұрағатталған 3 қазанның 2014 жылы.
* Еркин Жуасбек назначен директором Казахского государственного академического театра драмы им. М.Ауэзова Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Шырылдақтар туысы (лат. Locustella) — Қазақстандағы сандуғаш тұқымдастарға жататын 8 туыстың біреуі. Шырылдақ туысты құстар - шағын денелі, ажарсыз құстар. Олардың денесі созылыңқы, қалың өскен шөптерде мекендеуге жақсы бейімделген және өзіне тән әуені бар.
Олардың әуені бунақденелілердің, әсіресе шілделіктердің шырылына көбірек ұқсайды. Айқабақтар тәрізді шырылдақтардың да құйрығының ұшы дөңгеленген: сыртқы бұлқын қауырсындарының әрбір жұбы ішкі қалыпта орналасқан көршілес қауырсыннан көзге түсерліктей қысқа. Моногамиялы. Бунақденеқоректі. Аталықтары мен аналықтарының өңі бірдей.Еуразияда қоныстанатын туыстың 10 түрінен Қазақстанда 5 түрі: кәдімгі шырылдауық , теңбіл шырылдауық, бұлбұлрең шырылдауық, сайрауық шырылдауық және өзен шырылдауықтары кездеседі.
## Дереккөздер |
Бұлбұлрең шырылдақ (Locustella luscinioides) - торғайтәріздестер отряды сандуғаш тұқымдастарға жататын шырылдақтар туысының дене мөлшері орташа (13-20 г) өкілі.
## Биологиялық сипаттама
Бұлбұлрең шырылдақтың жоны нағыз бұлбұлдан айырғысыз, бірдей реңкті қызғылтсары қоңырқай болып келеді, сондықтан мұның түрлік атауы бұлбұлрең шырылдақ болып аталған. Алайда оның қылығы нағыз шырылдаққа ұқсас: ол күннің көп бөлігін қалың өскен шөпте және бұталардың бұтағына қонақтап, ақырын ғана «чкчкчк» деумен өткізеді. Әуені су бетінде ауа көпіршіктерінің жарылуынан аумайтын шөпілдеген дыбыстардан басталады, бұдан соң «зерррррр» немесе «зирррррр» типтес шытырлауға ауысады. Аталықтар күйттеу кезеңі қызған кезде (мамыр-маусым) тәулік бойы сайрайды. Дауысты дыбыстармен сайрау кезінде олар бұтаның немесе қамыстың ұшар басына қимылсыз қонақтап, басын жан-жағына бұрып қана сайрайтындықтан, құс бірде жақыннан, бірде алыстан сайрағандай болып естіледі. Басқа уақыттардың барлығын қалың өсімдіктер нуында, жерге таяу өткізеді. Шырылдақ сол жерде әр алуан бунақденелілермен қоректеніп, жақсы жасырылған ұя салады. Көбінесе ұя жығылған қалың қамысқа жасырылғандықтан, сыртынан қарағанда мүлде көрінбейді. Салындыдағы 4-5 ұсақ қоңырқай секпілді сұрғылттау ақшыл немесе сарғыштау-ақ жұмыртқаларды аналығы 12 күндей басады. Аталық және анадық құстар балапандарды сонша уақыт жемдейді.
## Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010. |
Үлкен шырғалақ (лат. Limosa limosa) - ұзын аяқты, ірі денеkі (300 г, қанатының адымы - 75 см шамасында) балшықшы.
## Биологиялық сипаттама
Үлкен шырғалақтың тұмсығы - ұзын, қызғылт қызылсары, тұмсықтың ұшына қарай бұл түс қошқылдана түседі, тұмсықтың ұзындығы 8-11 см шамасында болады. Құс ұшып жүрген кезде қанатындағы ақ жолақтар, сондай-ақ ақ беді және құйрықтың қара ұшының қарама-қарсылығы жақсы көрінеді. Жоны - қошқыл. Жазда, әдеттегі жағдайдағыдай емес, көшпенді қалыпта кездеседі. Көбінесе бірнеше жұптардан шағын топ түзіп ұялайды. Салындыдағы 2 жұмыртқаны ата-енелері 3 аптаға жуық басады. Негізінде бунақденелілерді (қоңыздар, шегірткелер, әр түрлі көбелектердің дернәсілдері, су қандалалары), сондай-ақ басқа жәндіктерді жейді. Аздаған мөлшерде өсімдіктердің тұқымын, ұсақ пиязшықтарды қорек етеді.
## Таралуы
Еуразияның қоңыржай ендіктерінде қоныстанады, Қазақстанда бүкіл солтүстік жартысында - орманды дала, дала және ішінара шөлейттерде ылғалды шабындықтарда, ылғалданған үлескілерді бойлай ұялайды. Қазақстанда наурызда пайда болып, қыркүйекте ұшып кетеді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.