text
stringlengths 3
252k
|
---|
Хасанов Қадыр (4.1912, Алматы — 1.7.1976, соңда) — жазушы, драматург. 1934 жылы ҚазПИ-ді бітірген. "Қәмбәғәлләр авази" газеті (1930-31), "Қизил таң" журналы (1931-39) редакцияларында, Қазақ мемлекеттік баспасында (1939-48), Қазақстан Жазушьшар одағында (1939-49), "Шәрқ хәқиқити" журналында (1943-46), Қазақстан ғылым академиясының ұйғыр-дүнген мәдениет бөлімінде (1946-49) әр түрлі жауапты қызмет атқарды. Алғашқы өлеңдер жинағы ("Социализм жыры") 1934 жылы жарияланды. "Бағбан" (1943), "Ұйғыр әуендері" (1950), "Назугум" (1963), т.б. өлендер жинағы жарық көрді. Ол "Манан" (1939), "Гүлстан" (1941), "Ауруын сұрасаң" (1959), "Өмір жолымен" (1961), "Назугум" (1970) пьесалары арқылы ұйғыр тіліндегі драм, шығармалардың дамып, қалыптасуына еңбек сіңірді. Xасанов "Шоқан Уәлиханов — ұйғыр медениетін зерттеуші" (1963), "Абдулла Розыбақиев туралы" (1974), "Гүлстан" (1975), т.б. ғылыми-зерттеу еңбектер, оқулықтар жазды. Ол орыс классиктерінің және туысқан халықтар әдебиетінің біраз шығармаларын ұйғыр тіліне аударды. "Құрмет белгісі" орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Хасенова Айымбүбі Қилыбайқызы – 1939 жылы 13-ақпанында Алматы облысының, Жамбыл ауданы, Қызыләскер ауылында дүниеге келген.
* 1957 жылы Н. Крупская атындағы қазақ орта мектебін бітірген.
* 1957 жылы №1 техникалық училищенің полиграфия бөлімінде оқыған.
* 1959 жылы Москва полиграфия институтында оқып, оны 1967 жылы «Инженертехнолог» мамандығы бойынша бітірген.
* 1959-1962 жылдары №1 баспаханада еңбек еткен. 1962-1969 жылдары әскери қызметте.
* 1969 жылы №2 баспахананың еңбек жоспарлау бөлімінде инженер болып істейді.
* 1969 жылы билет дайындау цехының шебері, 1970 жылы 1976 жылға дейін дәптер цехында аға нұсқаушы, 1976 жылы 1998 жылға дейін ҚазМУ-де баспахана бастығы болып жұмыс істейді.
* 1997-1999 жылдары Заң университетінде, 1997-1998 жылдары Қ. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде сабақ береді.
* 1980 жылы Қазақстан компартиясының, 1984 жылы КСРО Орта және Жоғарғы арнаулы оқу-ағарту министрлігінің, 1989 жылы Республикалық халық-ағарту қызметкерлері комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталады.
* 1987 жылы «Еңбек Ардагері» (ҚазССР) атағы беріледі.
## Дереккөздер |
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Ғасырлар бойы қазақ тілінің түрлі әліпбилері болып, тарихи кезеңге байланысты ауысып, жаңартылды.
1929 жылына дейін Қазақстан қазақтары араб жазуын қолданып жүретін, оны 1924 жылы жаңартқан — Ахмет Байтұрсынұлы. 1930жж. көшу-қонудың нәтижесінде, Қытайда тұратын қазақтар әлі күнге дейін араб әліпбиін қолданады.
1920 жж. ортасында Кеңес Одақтағы түркі тілдес халықтарға бұрынғы араб жазуының орнын алатын латын әліпби жасалынуы басталып, 1929—1940 жылдар арасында Қазақ КСР-нда латын жазу жүйесі қолданыста болған.
1940 жылдан бастап, Қазақстанда Кирил жазуы енгізіліп, бүгінге дейін де қолдануда. 2017 жылы қазақ тілінің жазуын латынға ауыстыруға жоспарланып, одан бері қазақ тілінің жаңа латын әліпби нұсқалары жарияланған. Қазіргі таңда, латын жазуының практикалық қолданысы жоқ. Ресми әліпбиілерінен тыс QazaqGrammar мен QazAqparat өз нұсқаларын жариялаған.
## Кирил жазуы негізіндегі
### Қазіргі кириллица
Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің соңында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.
Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Қазақ тілінің дұрыс табиғи фонетикасына байланысты Е әрпі орыс тліндегі Э сияқты дыбысталады (Екібастұз (қаз)- Экібастуз (орыс)). Ж әрпі қазақ тілінде орыс тіліндегі ДЖ әріптері арқылы берілетін аффрикаталық дыбысты береді (джігіт, джиһаз, джан, мұғалджар, үрджар, джас - айтылуы; жігіт, жиһаз, жан, мұғалжар, жас - жазылуы). Х әрпі қазақ фонетикасында қатаң айтылады. Сөз ортасындағы Қ (кейде соңындағы) сөйлеу барысында Х болып дыбысталады, егер Қ - дан кейін дауыссыз дыбыс келсе. Һ әрпі көбінесе араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, жұмсақ, жеңіл Х сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [e] боп сөйленеді. Сөздің ортасында я соңында Е дыбысы Ә-ге ұқсас айтылуы мүмкін. Э әрпі жазылмайды, бірақ Е әрпі Э сияқты дыбыс береді. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады):
* Е — А
* Ө — О
* Ү — Ұ
* І — Ы
Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді.
Қазақ екпіні көбінесе соңғы буынға түсіп тұратындықтан жазуда белгіленбейді.
Белгішелеу
Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі амал жүйелері мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтығы, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаны және қалыпты компьютер әріптері жетіспеушілігі. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары ұсынылған.
Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады.
Пернетақта жаймасы
Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.
Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себептен қалыпты жаймада бейәріп нышандарға және Ё әрпіне орын табылмаған.
### Шоқындырушылардың жазуы
Алғашқы қазақ кирил әліпбиін XIX ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет[1] және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді.
### Unicode
## Ресми латын әліпби нұсқалары
### Қазіргі латын әліпбиі
Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды. 2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілді. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілді. 2017-2025 жылдары жаңа әліпбиге көшу жоспарлануда.
Әліпби 32 әріптен тұрады.
2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін қазақ тілінің төл дыбыстары мен дыбысталуын сақтауға баса назар аударып, қайта қарауға шақырды.
Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының академиктері және сценарийлерге көшу жөніндегі ресми жұмыс тобына кіретін мамандар 2019 жылдың қараша айында көпшілікке ұсынған бұл редакция диграфтар мен өткір екпіндердің орнына умлауттарды, бревтер мен цедиллаларды қолданады және орфографиялық өзгерістерді ретімен енгізеді қазақ фонологиясын дәлірек көрсету.
Бұл түзету - түрік әліпбиінің сәл өзгертілген нұсқасы, С әрпін түсіріп, түрік тілінде жоқ төрт қосымша әріпке ие: Ä, Q, Ŋ және W.
Осы нұсқа мақұлдауын күткен кезде лингвисттер Ә, Ә, Ғ ғ, И и, Й, Ң ң, Ө ɵ, У у, Ұ ұ, Ү ү, Ы ы, Ч ч, Ш ш және І i. Екпінді таңбаларды енгізудің баламасы - диграфтарды көбірек пайдалану.
2021 жылы қаңтарда әріптерін енгізе отырып, қазақ латын әліпбиінің қайта қаралған нұсқасы ұсынылды, Ä ä (Ə ə), Ö ö (Ө ө), Ü ü (Ү ү), Ğ ğ (Ғ ғ), Ū ū (Ұ ұ), Ŋ ŋ (Ң ң) және Ş ş (Ш ш).
Бұл нұсқа 2023 жылдан бастап ресми түрде қолданысқа енеді.
Ресми латын әліпбиі (2021 нұсқасы):
### Unicode
## Тарихи және басқа да латын әліпбилер
### Латындық Жаңәліп
КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Жаңәліп; тат. яңа - жаңа + алиф - әліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды.
### 1929 нұсқасы
Бірінші Жаңәліп нұсқасы 1929—1938 жылдар арасында қолданылған. Әліпбиде 29 әріп болып, Çç, Əə, Ƣƣ, Ꞑꞑ, Ɵɵ, Ьь әріптері енгізілген.
### 1938 нұсқасы
Екінші Жаңәліп нұсқасы 1938—1940 жылдардың арасында қолданылып, тек латын графика мен кириллица арасындағы аралық рөлін атқарған. Әліпбиге көптеген орыс әріптерді енгізіліпп, бұрынғы әріптердің қолданысын өзгертілген. Нәтижесінде, бұл нұсқа қазақ тілінің орфографиясына ірі өзгерістер әкелген.
Кірме сөздерді нақты белгілеу үшін Ff пен Xx әріптері кірген. Бұрынғы Hh әрпімен белгіленген дауыс екі әріпке бөлініп, біреуі Xx ретінде белгілініп, екіншісі латын әліпбиінде дәл солай қалып, кириллица енгізілген соң Һһ әрпімен белгілене бастаған. Uu әрпі Ūū әрпіне өзгертіліп, әуелгі Uu әрпі бұрында /Ў/, /ЫЎ/, /ІЎ/, /ҰЎ/, /ҮЎ/ және орыс тілінен келген дауысты /У/ дауысын белгіле бастаған. Сондықтан бұрында /Ў/ дауысы үшін қолданылған Vv, кейін /В/ дауысын белгілеу үшін қолданылған. Ұқсас өзгеріс Ii әрпіне тиген, бірінші нұсқада /І/ дауысын білдірген әріп, кейінде /ІЙ/, /ЫЙ/ және онымен қатар кірме сөздерде табылатын орыс /И/ дауысын таңбалаған. Jj әрпі Ii әріптің орнына, /І/ дауысына арнаған.
### Пінин латыны
1950 жж. Қытайда тұрған қазақтардың әліпбиін Кеңестік кириллицасына ұқсас графикасына алмастырғысы келгенімен, Кеңестік-Қытайлық қарама-қатынастың бұзылуының кесірінен, бұл идеядан бас тартқан. Сондықтан 1964—1984 жж. арасында Қытайдағы қазақтар қытай тілінің латын нұсқасын — пінин әліпбиін қолданған:
Содан кейін, 1984 жылы Араб жазу қайта қолданысқа енген, бірақ пінин латын қазақ әлі ғылым мен кітаптарда қолданылуы мүмкін.
### QazaqGrammar нұсқасы
QazaqGrammar — қазақ тілі мен оның мәселелерін көтеретін интернет-қауымдастық. 2020 жылдың 31 шілдесінде олар өзінің қазіргі латын әліпби нұсқасын ұсынған. Ешқандай ресми рөлін атпармағанмен де, әрі практикада қолданылмағандықпен де, ол медиада өз атағын көтерген.
QazaqGrammar нұсқасы "Бір дауыс — бір әріп" қағидасын ұстанады, нәтижесінде Уу мен Ии әріптері бір әріппен жазылмай, оларды Жаңәліптегідей диграфтарға бөлген. Олардың жазылуы буынына немесе сөзіне тәуелді.
Дауысты Уу:
* Төл сөздерде бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне байланысты uw/üw деп жазылады: uwli, quwat, güwil, süwret (сәйкесінше улы, қуат, гуіл, сурет).
* Төл сөздерде басқа буындарда жуан-жіңішкелігіне байланысты ıw/iw деп жазылады: oqıw, tögiw, qırıwar, keriwen (сәйкесінше оқу, төгу, қыруар, керуен).
* Кірме сөздерде Uu деп жазылады: universitet, Uran, turist (сәйкесінше университет, Уран, турист).
Сәйкесінше Ии:
* Төл сөздерде жуан-жіңішкелігіне байланысты ıy/iy деп жазылады: qıyın, tiyin, qıyar (сәйкесінше қиын, тиін, қияр).
* Кірме сөздерде Ii деп жазылады: internet, biznes, Chili, Italiya (сәйкесінше интернет, бизнес, Чили, Италия).
Ц әрпі сөздегі орны мен тіркесіп тұрған дыбыстарына байланысты s/ts деп жазылады: sirk, sentner, aksent, atseton, abzas (сәйкесінше цирк, центнер, акцент, ацетон, абзац).
Кірме сөздердегі /Ч/ дыбысын білдіретін Ch ch диграфы қолданылады: Cheh, chart, chip, Chili, Chikago (сәйкесінше чех, чарт, чип, Чили, Чикаго).
Ресми нұсқаларымен салыстырғанда, QazaqGrammar нұсқасы /Ш/ дауысын таңбалау үшін Şş қолдануының орнына Жаңәліптегідей Cc әрпін қолданады, ал Ыы мен Іі әріптері үшін сәйкесінше Iı мен İi.
## Араб жазуы негізінде
Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға.
Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.
Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы оны «төте жазу» деп атаған («Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиіне ауыстырылды.
Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде де қазақ шетжұрты қолданады.
### Төте жазу үлгілері
Төменгі кестеде төте жазуының әліпбиі берілген. Әр әріптің дара жазылу нұсқасы, сөздің басында, ортасында және аяғында жазылу нұсқалары берілген. Әріптердің үстінде сыртқы сілтеме түрінде сәйкесті юникод кодтары берілген.
Бейресми қосымша әріптер. Өте сирек кездеседі.
## Басқа тарихи әліпбилер
Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдары аралығында латын графикасына негізделген әліпби жазу жүйесіне енгізілп, 1940 жылдан бері кирил әліпбиі қолданылып келеді.
Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929 – 40 жылдары; 1960–1970 жылдары) қолданыста болған латын жазуы, кирилл жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынұлы реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірген. Қазақстанда 30-шы жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келген. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957 жыл, 1970 жыл) әртүрлі өзгерістер енгізілді. Кирилл негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр.
### Қазақтан бұрынғы замандағы әліпбилер
Есікті жазбасы
Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (б.з.б. 5 ғ. шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы Кхароштхи жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған.
Орхон жазуы
Көне түркі жазуы (Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады) — б.з.б. V - X ғасырларда түркі тайпаларының жазуы. Оның руникалық жазуы деп аталу себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар).
Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көне түркі жазуы Ислам қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған.
Жебірей жазуы
Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Кавказ жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), екінші дүниежүзілік соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды.
Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Германия қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған.
Юнан-қыпшақ жазуы
Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған.
Әрмен-қыпшақ жазуы
XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді.
Латын қыпшақ жазуы
Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған лат. «Codex Cumanicus», латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар.
Басқа жазу жүйелері
Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі.
## Әліпбиді реформалаудың жобалары
1990-шы жылдардың басынан жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды[дереккөзі?]:
* Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқ әріптерді қазақ әліпбиінен аластау (Ё, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э), қазақ және орыс емле ережелерін қатар қолданудан бас тартып, тек морфо-фонемикалық ережені ғана ұстану, /w/ дыбысы үшін Ў әрпін енгізу, байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әрпін ҮЎ, ҰЎ, ЫЎ ІЎ түрінде жазу (қарақалпақ емлесіндегі сияқты), И әрпінің орнына ІИ, ЫИ қолдану;
* Жоғарыда айтылған жаңа емле ережелерін қолдана отырып, латын әліпбиіне өту, не 30-шы жылдардағы латын әліпбиін толығымен немесе кейбір жақтарын қайта қабылдау (ресми татар әліпбиіндегі сияқты), не түрік әліпбиіне негізделген латын әліпбиіне өту (қырым-татар, гагауз және ғаламторда қолданылатын татар әліпбиіндегідей); не ағылшын әліпбиін қабылдау (өзбектер жасаған сияқты);
* Байтұрсыновтың төте жазуына қайту;
* Орхон-Енесай жазбасына өту.
Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына).Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді.
## Әліпбилердің салыстырылуы
### Әліпбилердің салыстырмалы кестесі
## Мысалы
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
## Қазақтың өлшемді латын әліпбиі
2001 жылы қазақ фонетикасындағы дыбыстарды латынның стандартты әліпбесінде дұрыс белгілеу үшін құрастырылған. Жобаны дамытқан Өркен Тоқтарұлы «Қазақтың өлшемді латын әліпбиі» деп атаған. Қазақтың өлшемді латын әліпбиін жасауда Ө.Тоқтарұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқу-жазу үдерісіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, латынның стандартты 26 әріпінен тұратын әліпби құрастырады.
Дыбыс құраудың қосалқы баламалары: gh, ph, sh.
Толықтыру:
1) Жуандық белгісі «`» «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «q», «x», «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты]. t.b.;
2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] aera [әра] мыңжылдық, «ое» [ө] poena [пөна] жаза және «ue» [ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы: poёta немесе poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қою арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset т.б.;3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн.
4) "Y" және "Z" әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Ол [ій]-[ый] дыбысынан құралады. Сол секілді «w» таңбасы да [іу]-[ыу] дыбысынан құралады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін «y», «w» таңбалары түбір сөздердің бірінші буынында дауыссыз дыбыстармен [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесіп келулері керек. М: si`yliq, uw, uwis, kiyw, jetisw, Jetisuw, suewret, ti`yim. Ал сөздің кейінгі буындарында дауыссыз дыбыстармен тікелей тіркесіп келулеріне болады. М: kelw, aedeby, sayasy, qi`ltyma т.б.;
5) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия;
6) Халықаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т.б.
7) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona);
8) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп;
9) Латынның «c» таңбасы «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Соған негізделіп, [ш] фонемасын белгілеуді жөн. Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн;
10) Ал латындағы «х» таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн;
11) Латыншадағы «h» таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh;
12) Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам түрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), änci (aenci), ädemi (aedemi), saŋlaq (sanhlaq), taŋ (tanh), Öskemen (Oeskemen), öner (oener), Ĭdĭrĭs (I’diris), sĭmbat (si’mbat), Sĭxanaq (Si`xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) т.б.;
Mi`sali:Barliq adamdar tuwmisinan azat jaene qadir-qasyeti men quqiqtari tenh bolip duenyege keledi. Adamdarxa aqil-parasat, ar-ojdan berilgen, sondiqtan olar bir-birimen tuwistiq, bawirmaldiq qarim-qatinas jasawlari tiyis.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақ тілі
* Әліпби
* Қазақ транслитерациясы
## Сыртқы сілтемелер
* «Лұғат» қазақ тілінің сөздіктер кешені Мұрағатталған 13 шілденің 2015 жылы.
* Қазақ-Орыс-Қазақ сөздігі (виртуалды пернетақтасы бар)
* Казахско-Русско-Английский словарь на казновице(қолжетпейтін сілтеме)
* Ғылым Мұрағатталған 7 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
* Түрік бітік. Қазақ тілінің тарихи-мәдени қоры. Көне түрік таңбалары)
* Александр Николаевич Гаркавецтің түркі қолжазбаларының электронды жиынтығы. (орысша)
* «Святое Евангеліе» на казахском языке (ағылш.)
* Köktürkische Schrift, Türkische Runen (нем.)
* Төте жазуына және т.б-ларына конвертер Мұрағатталған 29 қарашаның 2011 жылы. |
Хасенов Жармұхан Хасенұлы (1925 – 1985, Ақмола облысы) – педагог, агроном-ғалым. Целиноград педагогика институты мен Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Жоғары партия мектебін бітірген. Донской кеңшарында партия ұйымдастырушысы, ауданы халық депутаттары кеңесінің 2- хатшысы, ауданы халық депутаттары кеңесі төрағасы қызметтерін атқарған.
## Дереккөздер |
Хасенова Майра Шатырманқызы (1942 жылы туған) – инженер-механик. Еңбекшілдер ауданы Краснофлотский кеңшарында механизатор болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған. ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің депутаты (1980 – 84). Халықтар Достығы ордені, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әйгерім Жәкенқызы Хасенова (1963 жыл) – баспагер-редактор..
1995 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. 1980-91 ж. Торғай облысында әр түрлі қызметтер аткарды. 1992 жылдан "Атамура" баспасында редактор. "Атамұра кітапханасы" сериясымен жарық көрген әдебиеттерді, жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа буын оқулықтары мен ОӘК-ін дайындап шығаруға катысып келеді.
## Дереккөздер |
Хрунов Евгений Васильевич (10.9.1933 жылы, Тула облысы)- КСРО-ның ұшқыш-космонавы,Совет Одағының Батыры (22.1.1969), инженер-полковник (1969). 1959 жылдан КОКП мүшесі. Тех.ғылми кандидаты.1956 жылы Батайскідегі ұшқыштардың Әскери-авиац. мектебін, 1968 жылы Н.Е.Жуковский атындағы Әскери-Әуе инженерлік академиясын (жұмыстан қол үзбей) бітірді. 1956-1960 жылдары Совет Армиясының авиация бөлімдерінде қызмет етті. 1969 жылы 15-17 қаңтарда А.С.Елисеев және Б.В.Волыновпен бірге «Союз-5» космос кораблімен зерттеуші-инженер ретінде космосқа ұшты. А.С.Елисеевпен бірге космос кеңістігіне шығып, В.А.Шаталов басқарып ұшқан «Союз-4» космос корабліне ауысып мінді. Сол корабльмен жерге қонды. Ленин орденімен т.б. басқа орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы 12 том |
Мінайдар Сәлімұлы Салин (1904 жылдары туған, Мендыгарин волості, Қостанай оязы — 6 қазан 1983) – Кеңестік партия және қоғам қайраткері
1952–1953 жылдары партия комитетінің бірінші хатшысы,
1930 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеу қаласындағы партия және кеңес қызметкерлеріне арналған бір жылдық курсты бітірген. Ақмола облысында Ішкі істер халық комиссариты ауданы бөлімінің бастығы,
1939–1942 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің үшінші хатшысы қызметтерін атқарды.
1944–1945 жылдары еңбекшілер депутаттары Түркістан облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы,
1945–1952 жылдары Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.
## Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
Жанқиярлар 3 (ағылш. The Expendables 3)— Жанқиярлар және Жанқиярлар 2 фильмдерінің жалғасы.
## Сюжет
Барни кезінде өзімен әріптес болған Конрад Стоунбэнкспен бетпе-бет келеді. Бұрынғы досы қатігез қару-жарақ саудагеріне айналған. Стоунбэнкс жанқияр жігіттердің көзін құртпақ болады. Бұл турасында Барнидің де өз ойлағаны бар еді.
## Рөлдерде
* Сильвестр Сталлоне — Барни Росс
* Джейсон Стэтхем — Ли Кристмас
* Джет Ли — Инь Ян
* Дольф Лундгрен — Гуннар Дженсен
* Терри Крюс — Хэйл Цезарь
* Рэнди Кутюр — Толл Роуд
* Арнольд Шварценеггер — Тренч
* Мел Гибсон — Конрад Стоунбэнкс
* Харрисон Форд — Макс Драммер
* Антонио Бандерас — Галго
* Уэсли Снайпс — Дог
* Келлан Латс — Смайли
* Глен Пауэлл — Торн / Вайфай
* Ронда Раузи — Луна
* Виктор Ортис — Марс
* Келси Грэммер — Бонапарт
* Роберт Дави — Горан Вата
## Түсірілім
Фильмның түсіруы Болгарияда 19 тамызда Nu Boyana студиясында басталған.
## Сыртқы сілтемелер
* http://kinostan.kz/film/view?id=836 Мұрағатталған 22 наурыздың 2016 жылы.
* Ресми түсім |
Хұсайынов (Құсайынов) Мұхамеджан (1750/56 — 1824, Уфа) — діни әрі саяси қайраткер, Орынбор мүфтиі. Орынбор әкімшілігінің Кіші жүздегі саясатын жүргізуге көмектескен адамдардың бірі. Жас кезінде патша өкіметінің құпия тапсырмасымен Бұхара, Кабул қалаларына барған. Кейін түрлі қызмет атқарып, 1789 ж. мүфти болып тағайындалды. Нұралы, Ерәлі, Есім және Айшуақ хандардың тұсында Кіші жүз қазақтарын Ресей өкіметіне адал болуға шақырды. Ал Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783 — 97) кезінде Игельстром реформасын жүзеге асыру мақсатымен шекаралық сот, жазалау топтарын құру жөнінде билер мен старшындар арасында үгіт жүргізді. 1796 ж. Есім хан өлтіріліп, Кіші жүзде хан кеңесі (оны Айшуақ сұлтан басқарды) құ-рылғанда, Хұсайынов патша әкімшілігінің өкілі ретінде кеңестің құрамына кірді. Хұсайынов өзінің “Өсиет” атты (1790 — 1820) жазбаларында Кіші жүздің сол кездегі саяси жағдайы, қазақ қоғамының ішкі күресінің себеп-салдары, Әбілқайыр ханның ұрпақтары, өзара жауласқан топтар туралы мәліметтер береді. Бірақ патша өкіметінің мүддесін қорғаған адам болғандықтан мүфтидің жазбаларында Ресей империясының отарлау саясатын қорғау жағы басым. Хұсайыновтың қызы Фатима Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің әйелі болған.
## Дереккөздер |
Bek Air — қазақстандық әуекомпания. Қазақстан бойынша 14 тұрақты рейстер жасап тұрады. Компанияның штаб-пәтері мен басты транзиттік торабы (хаб) Орал әуежайында орналасқан.
## Тарихы
Әуе компания 1999 жылы «іскерлік джет» ұшуларды орындау мақсатында құрылды.
2008 жылы әуе компания «Ақ Жол» Халықаралық әуежайының осы күнге дейін иелік етіп отырған акциялар пакетін сатып алды.
2014 жылы әуе компания Франборо әуесалонында жеті жаңа Сухой Суперджет 100 (SSJ 100) ұшақтарына тапсырыс берді. Ұшақтар үшеуі 2015 жылы, ал қалған төртеуі 2016 жылы тапсырылмақ деп жоспарлануда. Барлық ұшақтар 103 орынды бір классты салонмен жабықталған. 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша Z9 2100 нөмірлі рейсін орындайтын Fokker-100 ұшағы Алматы қаласы маңындағы Қызылту елді-мекеніне апатқа ұшырағаннан кейін компания қызметі тоқтатылды.
## Дереккөздер |
Қол инесі - иненің қолмен тігу, кестелеу барысында қолданылатын түрі.
## Құрылысы
Иненің құрылысы бойынша атауы:
* үшкір жағы - ұшы;
* ұшына қарсы жуан жағы - дүмі;
* осы дүмінің доғал басы - шүйде:
* шүйде мен ұштың ортасы, яғни ұзына бойы - тұрқы;
* дүміндегі жіп өткізетін тесігі - көзі немесе жасуы.
## Бітім-тұлғасына қарай түрлері мен атауы
* Көзі сынық (жіңішке) ине - бітік немесе көр.
* Көзі кең ине - көземелі.
* Тұрқы имек ине - созаң.
* Көзі кең, жуандау, ұзын ине - жөндем.
* Әдеттегі инеден әлдеқайда үлкендеу ине - тебен.
## Бұйым түрлеріне қарай қолданылатын түрлері
* Маталарға арналған инелер(ұзындығы 3-8 см).
* Қайыс бұйымдарға арналған инелер (ұзындығы 5,5-7 см).
* Қатты бұйымдарға (кенеп т.б.) арналған дүмі үш қырлы инелер (ұзындығы 6-7 см).
* Қанарларға арналған дүмі төрт қырлы, ұшы 30°-қа иілген инелер (ұзындығы 12,16 см).
* Теріден жасалған тондарға арналған дүм жағы үш қырлы қырлы ине (ұзындығы 4-5 см).
* Матаны торлауға арналған көзі ұзын ине (ұзындығы 3,5-5,8 см).
* Көркем кестелеуге арналған көзі ұзын ине (ұзындығы 3,5-4 см).
* Көзі кең ине (ұзындығы 3-5 см.)
## Тағы қараңыз
* Ине
## Дереккөздер |
Bek Air — қазақстандық әуекомпания. Қазақстан бойынша 14 тұрақты рейстер жасап тұрады. Компанияның штаб-пәтері мен басты транзиттік торабы (хаб) Орал әуежайында орналасқан.
## Тарихы
Әуе компания 1999 жылы «іскерлік джет» ұшуларды орындау мақсатында құрылды.
2008 жылы әуе компания «Ақ Жол» Халықаралық әуежайының осы күнге дейін иелік етіп отырған акциялар пакетін сатып алды.
2014 жылы әуе компания Франборо әуесалонында жеті жаңа Сухой Суперджет 100 (SSJ 100) ұшақтарына тапсырыс берді. Ұшақтар үшеуі 2015 жылы, ал қалған төртеуі 2016 жылы тапсырылмақ деп жоспарлануда. Барлық ұшақтар 103 орынды бір классты салонмен жабықталған. 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша Z9 2100 нөмірлі рейсін орындайтын Fokker-100 ұшағы Алматы қаласы маңындағы Қызылту елді-мекеніне апатқа ұшырағаннан кейін компания қызметі тоқтатылды.
## Дереккөздер |
Цой Моисей Андреевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, Горький атындағы колхоздың звеношысы (1947). 1904 жылы Ресейдің Приморье өлкесі, Сучанск ауданы, Алексеевка селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1938 жылы Талдықорған облысына қоныс аударып, Горький колхозына жұмысқа кіреді.
* 1944-1946 жылдары қызылшашылар бригадасының бригадирі болып істейді. 1945 жылы межеленген 245 центнердің орнына әр гектардан 371 центнерден қант қызылшасын өсіреді.
* 1947 жылы алдыңғы қатарлы қызылшашылар тобын басқару тапсырылады. Рекордты өнім алуға міндеттеме алған бригада 2 гектар жердің әр гектарынан 816 центнерден және 7 гектар жердің әр гектарынан 484 центенрден өнім жинап, алған рекордтық міндеттемелерін ойдағыдай орындайды.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии |
Чепрасов Михаил Максимович 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Целинный (қазіргі Ғ. Мүсірепов) ауданындағы Шалқар селосында туған. Ұжымшарда тракторшы болып істеген. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарына алынған. Гвардия қатарындағы жауынгер Чепрасов Орталық майданның 13-Әскерінде 75-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында 1943 жылдың 6 шілдесінде Курск облысы Поныров ауданы Поныр теміржол стансасы маңында болған шайқаста жаудың 4 танкін және ондаған солдаттар мен офицерлерінің көзін жойды. Осы ұрыста ол қаза тапты.КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 7 тамыздағы Жарлығымен Михаил Максимович Чепрасовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Поныров ауданындағы Ольховатка селосында жерленген. Алматы облысындағы Сарқант қаласында бір көше мен мектепке батырдың есімі берілген.
## Дереккөздер |
Нұрдәулет Күзембайұлы Күзембаев (15.06.1912 ж. т., Доңызтау, Ақтөбе облысы - 07.11.1996, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1974 ж.).
## Өмірбаяны
1929 - 1932 ауданадық КОКП-ның іс-қағаздарын жүргізуші, аудандық қаржы бөлімінің есепшісі, аудандық Кеңестің Атқару комитетінің есепшісі, Кегейлі аудандық қаржы бөлімінің есепшісі (Қарақалпақстан). 1937 - 1939 инспектор, аға инспектор, Коммуналды банк республикалық мекемесінің басшысы1939 Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесінің (ХКК) консультанты10.1939 - 1.1940 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары1940 - 1941 Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесінің Атқару комитеті төрағасының орынбасары 1941 - 1944 Қазақ КСР ХКК іс жүргізушісі 1944 - 1950 Алматы облыстық Кеңестің Атқару комитетінің төрағасы1950 - 1953 Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің Атқару комитетінің төрағасы1953 - 4.1954 Оңтүстік Қазақстан облыстық КП-ның 1-хатшысы 1954 Қазақстанның КП ОК жауапты ұйымдастырушысы 1954 - 1957 Алматы облысының Жамбыл аудандық КП 1-хатшысы1957 - 1962 Алматы облыстық статистика басқармасының басшысы 1962 - 1964 Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Мемлекеттік жоспалау комитетінің қаржы және өзіндік құн бөлімінің басшысы 1964 - 1971 Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Мемлекеттік жоспалау комитетінің жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры 1971 - 1982 Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Мемлекеттік жоспалау комитетінің жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының бөлім, сектор басшысы 1982 жылдан бастап зейнетте
## Ғылыми еңбектері
Нұрдәулет Күзембаев зейнеткерлікке шыққаннан кейін тарихты зерттей бастайды. Оның негізгі зерттеген тақырыбы Барақ батыр болады. Нұрдәулет Күзембаев 1993 жылы Ақтөбе облысында Барақ Сатыбалдыұлының 250 жылдығын атап өтуге мұрындық болды. Мерекелік іс-шаралар аясында Барақ батырдың өмір жолына байланысты ғылыми конференция ұйымдастырылып, соның нәтижесінде "Жасыл тулы ер Барақ" атты мақалалар жинағы басылып шықты. Көптеген тарих зерттеушілері Барақ батырдық туған жылын Нұрдәулет Күзембаев ұсынған 1743 жыл деп қабылдаған.
## Қызық деректер
Нұрдәулет Күзембаевтың атақты ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевқа қалай көмектескендгін Тәжібаевтың әйелі Сапаркүл былайша баяндаған:"1959 жылы Жамбыл қаласындағы нағашы ағамның қолында тұратынмын. Мен мектепте оқимын, он бес жастамын. Келсем үйде бір жігіт отыр домбыра тартып. Келіп жүрген әртістердің біреуі шығар дедім де қойдым. Күнде келеді әлгі кісі, сосын бір күні:— Сен менің жиен қарындасым боласың, - деді,— Жарайды, ағай! - дедім. Бір күні айтты:— Мен сені өз қолымнан күйеуге берем, - деді, тағы да:— Жарайды - дедім. Сөйтіп жүргенде екеуміз қосылдық. Мен мектеп қабырғасында оқимын, «жасы толмаған қызды алды» деп, Бәкірді соттамақшы да болды. Анам, әжем, нағашы ағам мен жеңгем бар, бәріміз бірге тұратынбыз. Содан Нұрдәулет Күзембаев деген ағамыз Шымкентте басшылық қызметте болатын. Бәкір соған кетті. Содан кейін сол ағамызға «қарындасыңызды алып едім, қудалап жатыр» десе, «бәрін көшіріп алып кел!» деген екен. Содан ағамыз мені училищеге түсірді. Бәкір Шымкент театрына кірді, сөйтіп тұрып жаттық. Әртістердің әрқайсысы келіп «бұл кім?» деген сұрақты көп қоя берді. «Әйелім» деп айта алмайды, «қарындасым» деп әрең құтылатын."
## Отбасы
* Әйелі - Ақмарал Зұлқарнайқызы;
* Ұлы - Ғазиз Нұрдәулетұлы Күзембаев, Ленинград Тау-кен институтын бітірген, ғылым кандидаты;
* Келіні - Галина Леонидовна Күзембаева (1938-2006), танымал журналист, "Невада-Семей" қозғалысы ұйымдастырушыларының бірі, "Gala-TV" продюсерллік орталығының басшысы болған;
* Немересі - Айгүл Ғазизқызы Күзембаева (1959 - 2016), танымал кәсіпкер және саясаткер Болат Әбіловтың әйелі;
* Немересі - Алина Ғазизқызы Күзембаева.
* Қызы - Дана Нұрдәулетқызы Күзембаева (1939-1984);
* Қызы - Зада Нұрдәулетқызы Күзембаева (1942-1978);
* Қызы - Жанар Нұрдәулетқызы Күзембаева (1945-2011);
* Қызы - Әлия Нұрдәулетқызы Күзембаева
## Дереккөздер |
Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтбаев есімін берген.
Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтпаевтың құрметіне осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтпаев есімін берген.
Николай Черных Қырым астрофизикалық ғылыми зертханасында 1963 жылдан бастап жұмысын бастаған. Галактиканың кіші көлемді ғаламшарларын (астероид) зерттеу, барлау, анықтау жұмыстарымен айналысып, 537 кіші ғаламшар ашқан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Черных 1459 астроном ғалымның арасынан кіші ғаламшарларды ашу бойынша 31-ші орынды иеленді. Ал жары Людмила Ивановна әйел астрономдардың ішінен 268 кіші планета ашып 2-ші орыннан көрінген.
Николай Черных 1979 жылы Марс пен Юпитер арасында қозғалып жүрген кіші ғаламшардың атын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімімен атаған. "Абай ғаламшары" Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығының каталогына 4466-шы болып тіркелген. "Абай ғаламшары" әр бес жыл, төрт күн сайын Күн жұлдызын бір мәрте айналып шығады. Сонымын қатар, Черных тап осы жылы тағы бір кіші ғаламшарға "Қазақстания" деген атау қойған болатын. "Қазақстания" ғаламшары Күнді 3 жыл 3 ай 10 күнде айналып шығады.
## Сыртқы сілтемелер
* Қаныш Сәтпаев атындағы планета барын білесіз бе?(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Николай Степанович Черных (06.10.1931 ж. Ресей, Воронеж облысы, Усмань селосы - 26.05.2004 ж.) - кеңес (кейіннен ресейлік) астрономы, астрометрия және Күн жүйесіндегі ұсақ денелер дамуы туралы зерттеуші маман, физика-математика ғылымының докторы.
Қырым астрофизикалық ғылыми зертханасында 1963 жылдан бастап жұмысын бастаған. Галактиканың кіші көлемді ғаламшарларын (астероид) зерттеу, барлау, анықтау жұмыстарымен айналысып, 537 кіші ғаламшар ашқан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Черных 1459 астроном ғалымның арасынан кіші ғаламшарларды ашу бойынша 31-ші орынды иеленді. Ал жары Людмила Ивановна әйел астрономдардың ішінен 268 кіші планета ашып 2-ші орыннан көрінген.
Николай Черных 1979 жылы Марс пен Юпитер арасында қозғалып жүрген кіші ғаламшардың атын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімімен атаған. "Абай ғаламшары" Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығының каталогына 4466-шы болып тіркелген. "Абай ғаламшары" әр бес жыл, төрт күн сайын Күн жұлдызын бір мәрте айналып шығады. Сонымын қатар, Черных тап осы жылы тағы бір кіші ғаламшарға "Қазақстания" деген атау қойған болатын. "Қазақстания" ғаламшары Күнді 3 жыл 3 ай 10 күнде айналып шығады.
Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтбаев есімін берген.
## Сыртқы сілтемелер
* Қаныш Сәтпаев атындағы планета барын білесіз бе?(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Әділ Бөкейханов (1804- 1876) — Бөкей ханның баласы, Жәңгір ханның туған інісі. 1825 жылдан бастап Бөкей ордасында масқар, есентемір, таз руларын басқарды. Хан ордадан тысқары жерге шыққанда басқару ісін уақытша Бөкейхановқа жүктеді. 1845 ж. Жәңгір қайтыс болғанда тақ мирасқоры Сақыпкерейдің 16 жаста болуына орай Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңес құрылып, төрағалығына есауыл боп Бөкейханов тағайындалды. Інісі М.Бөкейханов екеуі Жәңгірдің жас балаларына заң тұрғысынан қамқоршы болып бекітілді. Әкімшілік қызметі үшін Анна ленталы алтын медальмен марапаттадды, әскери майор шенін алды.
## Дереккөздер |
Шабанова Фаина Клементьевна – 1933 жылы Қырғызстанның Пржевальск қаласында туған. Полиграфия училищесін тәмамдаған соң Ашхабад қаласындағы баспахана комбинатында еңбек жолын бастаған..
"Қайнар" баспасында 1970-1981 жылдар аралығында: техникалық редактор, өндіріс бөлімінде аға инженер қызметтерін атқарған. Осы орнында өндірістік поргфелді жасақтап, корректуралық жұмыстардың, өндірістік айналымдардың мерзіміне бакылау жүйесін қалыптастырды. Ал Ф.Шабанова техникалық жағынан жақсы безендірілген кітаптар кезінде әртүрлікормелер мен жарыстарга қатысып, құрметті дипломдарды иеленіп жүрді.
## Дереккөздер |
Шабаев Өмірхан (1887, Маңғыстау ауданы – 1974) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. Сауат ашу мектебінде оқыған. 1930 – 52 ж. Маңғыстау ауданы Ворошилов, Талап ұжымшарларын басқарған. Маңғыстау ауданында ұжымшар экономикасын нығайтып, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан. Ленин орденімен марапатталған (1948).
## Дереккөздер |
Шайдаров Зейнолла Мұхаметжанұлы (1933 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылы) – қайраткер.
Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын-Қараша бөлімінен шыққан. Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын бітірген (1955). Ақмола малдәрігерлік техникумында (1955 – 59), Қарағанды партия-кеңес мектебінде оқытушылық қызмет атқарған (1959). Ақмола облысы партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі (1966 – 69), Астрахан ауданының 2-хатшысы, Атбасар ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1969 – 72), Ақмола облысы партия комитетінің 2-хатшысы (1978), Ақмола облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған (1983). Ленин, «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендері, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шайжүнісов Жақия (1914, қазіргі Семей облысы Абай ауданы Құлменді ауылы — 2.9.1983, Семей қаласы) — ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1961). Руы Арғын Тобықты.
Қазір Көкпекті ауданының орталығы Көкпекті ауылындағы қазақ орта мектебіне Жақия Шайжүнісовтың есімі берілген.
## Сілтемелер
* Семей
* Өскемен
* Ғылым
## Дереккөздер |
Шайкөзов Төлекеш (1938 жылы туған, Маңғыстау ауданы 1-Май ауылы) – фототілші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1965). 1957 – 61 ж. Қаратон мұнай кәсіпшілігінде оператор, 1963 – 65 ж. Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, фототілші, 1965 – 70 ж. Ленин атындағы мектепте мұғалім, 1970 – 2002 ж. Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. «Қасіретті көш» (2001) кітабының авторы. Фотосуреттері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған.
## Дереккөздер |
Шаймерденов Саян Сафуанұлы (27.11.1953, Алматы — 15.2.2002, сонда) — хоккейші, көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1981), Қазақстан Республикасына еңбек сіңіршен жаттықтырушы (1987). Азия хоккей федерациясы кеңесінің мүшесі (1999). Бапкерлері — В.А. Алешин, Э.Ф. Айрих. Алматының “Динамо” және КСРО құрама командасы сапында өнер көрсеткен. Бұрынғы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1975). КСРО-ның жастар арасындағы (1971) және ересектер арасында 9 дүркін чемпионы (1972 — 73, 1975 — 79, 1981 — 82), екі рет күміс жүлдегері (1974 — 80). КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1979). Еуропа чемпиондары кубогының (1982, Париж, Франция) және КСРО кубогының иегері (1982). “Динамоның” алты жыл (1976 — 82), КСРО құрамасының бес жыл (1977 — 82) капитаны болған. 1982 жылдың соңында бапкерлік жұмысқа ауысты. Көгалдағы хоккейден қыздар құрама командасының бас бапкері және респупликалық көгалдағы хоккей федерациясының президенті болды. Шаймерденовке Алматы қаласында көше аты берілген.
## Сілтемелер
* Хоккей
* Хоккей Федерациясы
* Спорт
## Дереккөздер |
Шаймерденова Күлзада (1945 ж. т.) - ғалым-педагог. 1987 ж. «Абайдың педагогикалық көзқарасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Кейін бұл еңбегін толықтырып, жеке кітап етіп шығарды (А., 1990, орыс тілінде). Сондай-ақ, Абайдың жастарды жұбайлық өмірге баулудағы этик. ойлары, психол. астары жөнінде, ақын мұрасының бүгінгі тәлім-тәрбиеге ықпалы т. б. хақында ғыл. зерттеулер (Ұстаздар жүрген ізбенен. - А., 1978; Ұстаз - тәлімгер. - А., 1983) мен мақалалар (Ғылым таппай мақтанба. «Мәдениет және тұрмыс», 1985, № 8; Абай ұлағаты. «Қазақ әдебиеті», 1985, 23 тамыз; Абай Құнанбаевтың жастарды жұбайлық өмірге баулудағы этикалық-педагогикалық ойлары. Орта мектептерде жүргізілетін «Семьялық өмірдің этикасы мен психологиясы» курсына пайдалануға арналған методикалық кеңес. - А., 1986) жариялады. Оларда Абайдың пед. көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен негізгі себептерді талдады. Ақын шығармаларының жастардың дүниетанымын қалыптастыруға тигізген игі әсерін, оны мектептерде оқытудың мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
## Дереккөздер |
Шайхыслямова Қазына Оқасқызы (1951 жылы туған, Қарағанды облысыРынки ауылы) – ғалым, педагогика ғылымының докторы (2004), профессор Халықаралық педагогика білім беру ғылым академиясының академигі Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы (2007). Қазақстан білім беру ісінің үздігі. Петропавл педагогика институтын бітірген (1975). 130-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде ғылыми-әдістемелік құралдардың («Мектептік білім беру тәжірибесіндегі экология мәселелері», «Суды тазартудың теориялық негіздері мен әдістері», «Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде экологиялық мәдениет қалыптастырудың ғылымиәдіс-темелік негізі», «Химия сабағында модульдік технологияларды қолдана отырып, экологиялық білім беру», тағыда басқа авторы. Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шалабаев Саламат Әмірұлы (1924 жылы туған, Қарақия-Үшқан мекені) – геолог-мұнайшы, ғалым, геология-минерал. ғылымдарының докторы (1984). Ұлы Отан соғысының ардагері. 1945 – 60 ж. геолог, мұнай барлау мекемелері бастығының орынбасары болды. 1960 – 65 ж. Оңтүстік Қазақстан геология басқармасының мұнай, газ бөлімінің бастығы, 1965 – 72 ж. Қазақ КСР-і Министірлік Кеңесінің ауыр өнеркәсіп бөлімінің орынбасары, 2001 – 91 ж. республикалық экономика институтының мұнай, газ қазба байлығы проблемалары бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылдан «Жаңа майдан» атты дүниежүзілік мейірімділік қорының Қазақстан, Орта Азия аймағы бойынша президенті және мұнай-газ интеграциясы ғылыми-өндірістік фирмасының төрағасы. Шалабаев Жамбыл облысы аймағындағы азот-гелий кенін ашуға, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарынан мұнай-газ барлау жұмыстарын жолға қоюға ат салысты. Каспий қайраңы, Батыс Түрікменстан, Үстірт, Маңғыстау, Шу – Сарысу ойпаты аймағының мұнай, газды мезозой және жоғарғы палеозой қабаттары жөніндегі 80-нен аса ғылыми мақалалардың авторы. Ол Қазақстанның мұнай-газ өндірістерін дамыту мен орналастырудың 2000 жылға дейінгі сұлбасын жасаған. Шалабаев зерттеулері мен ұсыныстары мұнай-газ кен байлығын барлау, кен орындарын ашу, оны тиімді пайдаланудың көп жылдық ғылыми-тәжірибелік зерттеулерін қорытып, келешекте Маңғыстауда геология-геофизика жұмыстар көлемін көбейтудің маңызы зор екендігін дәлелдеген. ==Дереккөздер== |
Шаметова Светлана Борисовна (1946 – 2002) – партия қызметкері. Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ басқару академиясы, 2001) және Алматы жоғары партия мектебін (1985) бітірген. 1965 – 85 ж. «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде кадр бөлімінде инспектр, аға инженер, экономикалық-жоспарлау бөлімінде аға инженер, 1985 – 95 ж. Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің хатшысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 1995 – 2002 ж. облыс әкімінің орынбасары, облысы қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шалабаев Кенжеболат Нұртазаұлы (1921, Есіл ауданы Өрнек ауылы – 1976, Алматы қаласы) – қоғам қайраткері. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1941 – 47 ж. Кеңес армиясы қатарында майданда болған. Соғыстан кейін баспа сөз органдарында қызмет жасаған. Қазақстан КП ОК-нде теледидар және радио хабарларын тарату мемлекеттік комитетінің төрағасы, Абай атындағы опера және балет театрының директоры, «Қазақфильм» киностудиясында директордың орынбасары (1953 – 62) қызметтерін атқарған. Шалабаев қызмет жасаған кезде қазақ радиосы мен теледидарында корей, ұйғыр, неміс редакциялары ашылды. Шалабаев – Джон Ридтің «10 дней которые потрясли мир», Р. Гамзатовтың «Мой Дагестан» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған. «Құрмет Белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы – п.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Мұрағатталған 7 сәуірдің 2013 жылы. әлеуметтік ғылымдар факультетінің Мұрағатталған 24 мамырдың 2019 жылы. әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі.
## Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі
* 1992-1995 жж. – Абай атындағы АМУ аспирантура.
* 2000-2003 жж.- Абай атындағы АМУ күндізгі бөлімдегі докторантура.
### Еңбек жолы
* 1996 ж.- 2000 жж.- п.ғ.к., Абай атындағы АМУ –дың педагогика кафедрасының аға оқытушысы.
* 2004 -2006 жж.- Абай атындағы АМУ –дың педагогика кафедрасының доценті.
* 2006-2009 жж.- п.ғ.д., Абай атындағы АМУ –дың педагогика кафедрасының доценті.
* 2009 жылдан – қазіргі уақытқа дейін - профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың педагогика кафедрасының меңгерушісі.
### Ғылыми және кәсіби қауымдастықтарға мүшелік ету
* ҚР ұлттық тәрбиелеу жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің мүшесі (2009 ж.10 қарашасындағы № 532 ҚР Білім министрінің бұйрығы).
* 2001 жылдың 28 мамырынан бастап жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі.
### Марапаттары мен жетістіктері
Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы Мұрағатталған 4 қарашаның 2013 жылы. өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оықтуда шығармашылық қызметі үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР білім беру жүйесін дамытуда орасан зор үлес қосқаны үшін ҚР БҒМ-ның алғыс хатымен марапатталған. |
Құлажон – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. 1967 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында 46 мың га аумақта ұйымдастырылған.
## Географиялық орны
Қорықша Зайсан ойпатының солтүстік-батысында орналасқан, Қызылқұм құмды массивінің көп бөлігін және Зайсан ойпатының солтүстік-батысындағы Құлажон өзенінің төменгі ағысының аңғарын алып жатыр. Шығысында Бұқтырма су қоймасының су желісімен шектелген.
## Жер бедері
Жер бедері желдің әсерінен түзілген жазық және бекімеген құмшағылдардан тұратын -аккумулятты жазық; аллювийлі-эрозиялы террасалардан тұратын Құлажон жайылмасында әр түрлі шөптесін өскен шалғын, құмшағылдардың арасында жағалауында қамыс пен қоға өскен Қазнақ, Қамбар-Қарасу, т.б. кішігірім көлдері орналасқан.
## Флорасы
Қорықшаның өсімдік жамылғысы алуан түрлі: шөлге тән бұталар мен жартылай бұталар, 19 ғасырдың жартысында жойылып кеткен Катонқарағай қарағайлы орман қалдықтары. Құлажон өзенінің жайылмасында батпақты шалғындар тән. Қорықшада жоғары сатыдағы өсімдіктердің 200-ге жуық түрі өседі. Олардың көпшілігі шөлді өсімдіктердің алуан түрлерінің өкілдері – айғыр қияқ, таспа, жусан, астық тұқымдастар, шеркез. Бұталардан – акация, жүзгін, арша. Құмдар арасында жағасында қамыс, қоға өскен ұсақ көлдер бар. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: таспа, Потанин құмдақшөбі, Федченко жауылшасы, Штейнберг таспасы, тиынтақ, риян, кәріқыз, Зайсан лақсасы, Людвиг құртқашашы, дарагүл қызғалдағы, түпті жуа, қау, сасыр. Аймақта сирек кездесетін өсімдік түрі - кәдімгі қарағай.
## Фаунасы
Сүтқоректілер фаунасы (20 түр) Зайсан ойпатының түр құрамының үштен бір бөлігін құрайды. Шөлді жерге бейім түрлер басым: құлақты кірпі, қарсақ, қосаяқтар тұрлері. Мұнда қыстау үшін саны бірнеше жүзге жететін еліктер келеді. Қосмекенділердің екі түрі, кәдімгі құрбақа және сүйіртұмсық бақа мекен етеді. Бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі бар: түрлі түсті кесіртке, секіркіш кесітрке, кәдімгі қалқантұмсық жылан, кәдімгі сарыбас жылан және зайсандық батбат кесіртке, үлкен көз кесіртке. Құстардың 80-ге жуық түрлері бар, олар екі тіршілік ортасына байланысты таралған: құмдар арасында бозторғайлар, сұр шіл, бөдене мекендейді, сирек кездесетіндер – сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, бақалтақ қыран, қарақұс. Батпақты өзен жайылмасында сұқсырлыр – қарамойын сұқсыр, сұржақты сұқсыр, үлкен сұқсыр, үлкен әупілдек, үлкен аққұтан, көкқұтан, сұр қаз, барылдауық үйрек, жалпақтұмсық үйрек, қоңыр үйрек және т.б. Жануарлар дүниесінің кейбір түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: зайсандық батбат кесіртке, үлкен көз кесіртке, қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, қара дегелек, кіші аққұтан, шиқылдақ қаз, қутұмсық қаз, дала қыраны, бүркіт, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, майқұйрықты ергежейлі қосаяқ. Қорықша аумағында сирек кездесетін түр – дала мысығы.
## Дереккөздер |
Шамжанова Роза Шамжанқызы (1923 жылы туған, Еңбекшілдер ауданы №3 ауылы) – соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері.
Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан. Тарих ғылымының кадидаты ҚазКСР-на еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. Бала кезінен мал шаруашылығын дамытуға атсалысып, мал жайып, бұзауларды бағуға көмектескен. 13 жасында Қазақстаннан барған делегация құрамында 1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық мал шаруашылығының озат жұмысшылары жиналысына қатысқан. 1942 ж. ҚазМУ-да оқып жүрген кезінде өз еркімен майданға аттанып 33-байланыс бөлімшесінде командир болған. Соғыстан кейін Мәскеу халықаралық қатынастар институтын бітірген. ҚазКСР ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында ғылыми қызметкер, 1951 – 53 ж. Бүкілодақтық шет елдермен мәдени байланыс қоғамының Қазақ бөлімшесі өкілінің орынбасары болған. 20 жылдан астам уақыт Қазақ достастық және шет елдермен байланыс қоғамын басқарды. Шамжанова шет елдермен мәдени байланысты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан, Болгария, Моңғолия, Румыния, Чехословакия, Германия, тағыда басқа елдердің жоғары наградаларымен марапатталды. 1976 – 82 ж. Қазақ КСР Әлеум. қамсыздандыру министрінің орынбасары, 1982 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан соң Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. «Құрмет Белгісі», екі мәрте Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков атындағы медальмен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», 2-дүниежүзілік соғыс жеңісінің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шарипова Ғайша (1901, Ресей ,Қазан қаласы - 1969) - аудармашы.
Қазанда әйелдер гимназиясын бітіріп, Қазан университетінде оқыған. Кейінірек татар жұмысшылар театрының артисі болған. Мәскеуде РКФСР Жоғары сотында аудармашы болып қызмет істеген. Осы уақыттан бастап татар, башқұрт, қазақ және қырғыз тілдерінен орыс тіліне аудармашы ретінде әдеби қызметін бастайды. Алматыдағы ҚазОГИЗ-дің аудармашы редакторы, "Казахстанская правда" газетінің әдеби қызметкері, Абай юбилейін өткізу комитетінің ғылылыми хатшысы болған. Көптеген қазақ жазушыларының шығармаларын, оның ішінде М.Әуезов пен С.Мұқановтың туындыларын аударуға қатысқан.
"Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шахматов Виктор Федорович (20 Қазан 1903, Ресей, Удмурд Републикасы, Елабуга ауданы — 4 Тамыз 1964, Алматы) — тарих ғылымының кандидаты (1946).
## Қысқаша өмірбаяны:
1927 жылы Семейдегі педогогикалық техникумды бітірген.1934 жылы Қазақ педогогикалық институтының тарих фаукультетін бітірген. 1931 жылға дейін ұстаздық қызметте болып, аудан, облыс газеттерде тілші қызметтерін атқарды. 1935 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік Ұлттық мәдениетті зерттеу институтында, КСРО ғылым академиясының қазақ бөлімшесінің тарих секторында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, кейін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі болды.
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақстан тарихының әр түрлі кезеңдері мәселелеріне арналған 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде бірнешe монографиялық зерттеулері де бар. Қызыл жұлдыз, “Құрмет белгісі” ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
## Шығармалары:
* Внутренняя Орда и восстание Исатая Тайманова,1946.
* Казахская пастбищно — кочевая община (вопросы образования, эволюции и разложения), 1964.
## Дереккөздер: |
Шаяхметов Рақымжан Омарұлы (1916, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) – партия және қоғам қайраткері. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.Алматы малдәрігерлік институтын бітірген (1939). Семей, Павлодар облыстарында малдәрігері болып жұмыс жасаған (1939 – 1942). Павлодар, Қызылорда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында партия жұмыстарында (1947 – 64), Целиноград облысы атқару комитетінің төрағасы (1965 – 80) қызметтерін атқарған. Октябрь Революциясы, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шаяхметов Шайсұлтан (7 Қаңтар 1939, Қостанай облысы Наурызым ауданы Наурызым кенті – 29 Маусым 2000, Алматы қаласы) – химия ғылымының кандидаты, профессор. Гранд Каньон университетінің құрметті профессоры, Халықаралық шығармашылық академиясының толық мүшесі (1992), Самбодан спорт шебері атағын алған тұңғыш қазақ. Қазақстан Республикасы Инжинер академиясының мүшесі (1992).
## Қысқаша өмірбаяны:
1962 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1962–1964 жылдары ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ғылыми-педогогикалық қызметпен айналысқан. 1972–1977 жылдары [[Қазақ КСР-і Жоғары оқу орындары министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған. 1977–1978 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінде, Қазақ КСР-і Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған. 1987–1993 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрі. 1993–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетіті төрағасының орынбасары болды.
30 ғылыми жарияланымның, 2 химия бойынша қазақша-орысша терминологиялық сөздіктің, 3 оқу құралының авторы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
## Дереккөздер: |
Шағырбаев Иманмади (1948 жылы туған, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – геолог, Жер қойнауын барлаушы (2007). Ашғабад ауыл шаруашлық институтын (1968) және Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1970). 1980 – 92 ж. Өзен бұрғылау жұмыстары, 1992 – 95 ж. Маңғыстау барлау жұмыстары басқармаларында жұмыс істеген. 1995 – 2004 ж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас геологы, геология бөлімінің бастығы. Өзен, Қарамандыбас, Түрікменой, Батыс Теңге, Аққар, Ащыағар, Емір, т.б. алаңдарды барлауға қатысқан. Қазір Бозащыдағы Қытай мен Ресей біріккен компаниясында инженер-геолог, менеджердің орынбасары. КСРО «Мұнай өнеркәсібінің үздігі» (1985) белгісімен мараптталған.
## Дереккөздер |
Шақкузова Ғалия (1952 жылы туған, Атырау қаласы) – инженер-экономист, экономика ғылымының кандидаты Халықаралық педагогика білім академиясының корр. мүшесі. Ашғабад ауыл шаруашылsқ институтын (1968), Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1973). 1973 – 86 ж. Қазақ КСР-і геология министірлігінің «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында, «Өзенэнергиямұнай» басқармасында инженер, 1986 – 89 ж. Жаңаөзен мұнай техникумында оқытушы, 1989 – 92 ж. Атырау облысы статист. және талдау басқармасында бөлім бастығы болды. 1992 – 95 ж. Атырау мұнай-газ институтының экономика кафедрасының аға оқытушысы, доцент, 1992 – 2000 ж. «Қазақстан Каспийшельф» мемлекеттік компаниясында жетекші экономист қызметтерін атқарды. 1997 жылдан «Болашақ» академиясы колледжінің директоры. 40-тан астам әдістемелік оқулықтары, ғылыми еңбектері бар.
## Дереккөздер |
Шағыров Ізбасар Ахметұлы (1 қыркүйек 1910 жыл, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылы – 24 сәуір 1995 жыл, Алматы қаласы) – ғалым, биология ғылымының докторы (1976), профессор (1978).
## Өмірбаяны
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1934), Орынбор ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын (1940) бітірген.
1935 – 1937 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ассистент, 1940 – 1945 жылдары Түркіменстан ауыл шаруашылық институтында лабoратория меңгерушісі болды.
1962 жылдан Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биология институтында қызмет атқарған.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері жануарлар гистологиясы мен эмбриологиясы салаларына арналған. Шағыров ешкі малында кездесетін жұқпалы кебенек ауруын ашып, онымен күресу жолдарын анықтап берді. Оның 60-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрген.
## Дереккөздер |
Әбдірәхім Шаңбаев (ٵبدﯨﺮاﺣﯩﻢ شاﯕﺒﺎﻳﻪﯙ) — көрнекті ақын, журналист (1930-1985).
## Өмірбаяны
1930 ж. Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданындағы Абдыра деген жерде малшы отбасында дүниеге келген.
1937 ж. әкесі оны жаңаша бастауыш мектепке беріп, 1946 ж. дейін орталық мектепте оқыды.
1948 ж. бастап қоғамдық қызметтерге араласады.
1953 ж. Қытай коммунистік партиясына мүше болады.
Қоғам табалдырығын аттағаннан кейін Әбең оқу-ағарту шебінде және басқа да қоғамдық қызметтерде болады.
1955 ж. «Шинжяң газетіне» орналасады.
Онан кейін соң «Іле газеті» қазақ редакциясында тілші, редактор, редакция бөлімінің орынбасар бастығы болып өмірінің соңына дейін қызмет істеп келді.
1979 ж. Қытай жазушылар одағы Шинжяң бөлімшесінің мүшелігіне қабылданды.
Соңғы тыныша дейін ақпарат саласы мен әдебиет бау-бақшасына адал терін аямай төккен ақын ұзақ аурудан айыға алмай
1985 ж. 23 мамыр күні Құлжа қаласында қайтыс болды.
## Шығармалары |
Шевелев Илья Нисонович (8 Қаңтар 1921 жылы туған, Украина, Харьков қаласы) – медицина ғылымының докторы (1966), профессор (1967).
## Қысқаша өмірбаяны:
* 1943 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген;
* 1943–1946 жылдары Кеңес Армиясында дәрігер;
* 1947–1953 жылдары Көз аурулары институтында (Украина) клиникалық ординатор, трахомаға шалдыққан балалар үйінде дәрігер;
* 1954–1973 жылдары Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары;
* 1960–1973 жылдары институт директоры;
* 1973–1984 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері офтальмология мәселелеріне арналған. 3 авторлық куәліктің иегері. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Құйған — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, пристань, Құйған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Күршім ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Бұқтырма бөгенінің шығыс жағалауында.
## Халқы
## Тарихы
1931-34 жылдары Күршім ауданының орталығы болған. Құйған кәсіпкерлері аудан шаруашылықтары мен кәсіпорындарына жанар жағармай, құрылыс материалдары, т.б. жүктерді тасымалдайды.
## Кәсіпорындары, әлеуметтік саласы
Құйғанда “Бұқтырма” балық зауыты, астық қабылдау пункті, мұнай базасы акционерлік қоғамдары, байланыс бөлімшесі, т.б. әлеуметтік, мәдени-ағарту мекемелері бар.
## Дереккөздер |
Құйған — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Құйған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 255 км-дей жерде, Іле өзенінің Балқашқа құяр тұсында орналасқан.
## Тарихы
1957-1997 жылдары етті қой өсіретін “Жиделі” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Құйғанда ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Шегеда Василий Иванович (1929 жылы туған,Егіндікөл ауданы Заречное ауылы) – еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1971). Көкшетау ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебін бітірген (1952). 1953 жылдан Октябрь кеңшарында трактор-комбайн жүгізушісі болып жұмыс жасаған. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шеденов Өтеғали Қадырғалиұлы (8.3.1939 жылы туған, Атырау облысы Теңіз ауданы) – экономика ғылымының докторы (1979), профессор (1980). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1965–1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономикалық университеті), Алматы архитектура-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Төралқасы жанындағы Өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі орталықта бөлім меңгерушісі, орталық төрағасының 1-орынбасары (1985–1987), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (1987–1995) кафедра меңгерушісі болды. 1995 жылдан ҚазҰУ-да профессор қызметін атқарады. Ғылыми еңбектері саяси экономикалық мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер: |
Шейн Степан Иванович - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ның тракторшылар бригадасының бригадирі (1939). 1904 жылы Ресейде, Воронеж облысы, Байгураков ауданы, Тюковка селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып Мерке ауданында тракторшы болып істейді.
* 1939 жылы тракторшылар бригадасына басшылық етеді.
* 1946 жылы қажырлы еңбегіне лайық "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.
* 1947 жылы тракторлық жұмыстарды тыңғылықты орындаған оның бригадасы, жоспарды артығымен орындайды. Жердің жақсы өңделуі нәтижесінде колхоз 120 гектар жердің әр гектарына 506 центнерден қызылша өсіреді.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Шерстнев Анатолий Иванович (1936 жылы туған, Ресей, Омбы қаласы) – спортшы, шаңғы спортынан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы. Қазақстан спортының құрметті қызметкері. Шәкірттері: И. Шерстнев, С. Мусинов, И. Зубрилина, С. Дешевых КСРО, Азия біріншілігінің чемпиондары.
## Дереккөздер |
Шерьязданов Рүстем Шериязданұлы (1935 жылы туған, Рузаев ауданы Сарыбұлақ ауылы) – қоғам қайраткері. ҚазҰУ-ды (1959), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1975) бітірген. 1959 – 62 ж. облысы жоспарлау комиссиясының аға экономисі, қаржыландыру және бақылау бөлімінің бастығы, 1962 – 68 ж. облысы атқару комитеті қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1968 – 73 ж. Көкшетау облысы атқару комитеті жоспарлау комиссиясының төрағасы, 1975 – 80 ж. Бурабай ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1980 – 85 ж. Көкшетау ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, 1985 – 86 ж. Щучинск қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, 1986 – 91 ж. Көкшетау облысы халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1991 – 93 ж. Көкшетау облысы халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары, 1993 – 97 ж. ҚР мемлекеттік Қаржылық бақылау комитетінің Көкшетау облысы бойынша басқармасының бастығы, 2002 жылдан Көкшетау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы. Аудан, облысы халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Құлажон, Қулыжон – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Көкпекті ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 112 км, су жиналатын алабы 704 км2.
## Бастауы
Бастауын Қалба жотасының шығысындағы абсалюттік биіктігі 1560 м болатын таулардан бастау алып, Үлкен Бөкен өзенінің сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жалпы ұзындығы 155 км болатын 50-ден астам саласы бар. Ірілері Көпірлі, Талды, Оразбай, Еспе, т.б. Аңғары жоғарғы ағысында (Глазуново ауылына дейін) тар шатқалды, Қазнақ ауылынан дейін жағалауы жарлауытты, ал Көкжота ауылынан төменде жазық, батпақты өңірмен өтеді. Жағалауында және батпақты жерлерінде қамыс, құрақ өскен. Жауын-шашын, мұздық сулармен толығады. Көп жылдық орташа ағымы Көкжота ауылының тұсында 3,53 м³/с.
## Шаруашылықтағы маңызы
Құлажоннан балық ауланады, ағаш бөренелер тасымалданады. Суы егістікке, алабы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Шибанова Азат Ілиясқызы (1933 жылы туған, Өзбекстан, Ташкент қаласы) – медицина ғылымының докторы (1981), профессор (1990). Халықаралық цитологтар академиясының мүшесі (1993). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1957, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) және аспирантурасын (1960) бітірген. 1960 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Шин Владимир Федорович (1924-1999 ж.ж.) — суретші, живописьші, суретші-декоратор.
Синбар селосында туған, көп балалы шаруа отбасында өсті. 1937 жылы Қиыр Шығыстан корейлерді депортациялау тұсында Қызылорда облысы Жалағаш стансасына келіп қоныстанады, осында мектепті тәмамдайды. 1943 жылы Самарқанда орналасқан Бүкілресейлік көркемсурет академиясына живопись факультетіне түседі. Екінші курстан соң Коми АКСР-не ағаш дайындауға еңбек әскеріне жіберіледі. Соғыс аяқталған соң үшінші курсқа қайта қабылданады. Анасының науқастануына байланысты оқуды тастап, Өскеменге қайта оралады. Театрда декоратор, Қазақ ИЗО шеберханаларында еңбек етеді. 1950 жылы Семейге көшіп келеді. 40 жыл бойы қаланың көркемөнерiне белсене қатысады. Оның жұмыстары жыл сайын қала көрмелеріне қойылды. Суретші республикалық маңызы бар көрмелерге бірнеше рет қатысты. Қаланың көркемсурет шеберханаларында 34 жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
1964 жылы «Жұмысшы Жаңбырбаевтың портреті» салды. Суретші өзінің шығармашылық жолында натурализм бағытын жақтады. Портрет жанрында жұмыс істей жүріп, суретші адамның ерекшелігін, қайталанбас ішкі дүниесін ашып көрсетуге тырысты. Қызықты адамдарды таңдай білді. Денсаулығы да, рухы да мықты замандас бейнесін сомдау үшін, суретші аяқ киім фабрикасының жұмысшысының суретін салуға кірісті. Жаңбырбаевтың портретінде денсаулығы да, жан дүниесі де мықты ер адамның қайсар да жігерлі келбеті, алысқа қадалған өткір жанары шынайы берілген. Суретші жұмысшының көп жұмыс істеген қарулы, тамыры шыққан тармыс қолдарын дәл көрсете білген. Портреттің алуан түрлі бояулары үйлесім таба келіп, жұмысшы бейнесінің мағынасы мен құндылығын арттыра түскен.
## Дереккөздер |
Шилин Петр Владимирович 1928 жылы маусымның 6-сында Пенза облысы, Белинский ауданында туған. Ол кеңес палесботанигі, биология ғылымдарының докторы. ҚарМУ-ді бітірген. 1958-60 ж Қазақ минералды шикізаттар ғыл.-зерт. институтында аға техник, инженер, 1969 жылдан ҚазКСР ғылым академиясының Зоология институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми еңбектері бор дәуірінің флорасын зерттеуге арналған.
## Дереккөздер |
Құйған — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл, Құйған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақжар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде, Тарбағатай жотасының солтүстік етегінде, Ласты өзенінің жағасында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы “Жас еңбек” ұжымшарының құрылуына байланысты қаланды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін көршілес жатқан үш ұжымшар негізінде құрылған “Ворошилов” ұжымшарының, 1957 жылы “Құйған” ұжымшарының, 1962 жылы “Тарбағатай” кеңшарының орталығы болды. Кеңшар негізінде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Шериязданов Ғалым Бекенұлы (4.7.1945 жылы туған, Алматы облысы Ескелді ауданы Жастар ауылы) – физика-математика ғылымының докторы (1994), профессор (1995). Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылым академиясының академигі (1995). Киев мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын бітірген. ҚазМУ-да (1971–1978, қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент (1978–1993), профессор (1993–2000), ҚазҰУ-дың жанындағы Мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры, декан (1980–1996) болып жұмыс істеді. 2000 жылдан профессор қызметінде. 1992 жылы «Плоские магнитогидродинамические струйные течения в спутном потоке в поперечном магнитном поле» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 110-нан астам ғылыми жарияланым, 1 монография, 5 оқу құралының авторы.
## Дереккөздер: |
Шәк-шәк, шақ-шақ, чақ-чақ — қазақ, татар және башқұрт асханасының кондитерлік өнімі. Тағамның атауы шақ-шақ яғни ұсақ-ұсақ немесе шағын-шағын деген мағынадан шыққан. Чақ-чақ майқоспалы ашымаған қамыр түйіршіктерін тұмшапеште көмбелеп пісіріп содан кейін қант немесе бал қосып қатырылады. Шай дастарқанына беріледі.
Тұш, шак-шак – тәтті тағам түрі. Ұнға су немесе сүт құйылып, тұз салынады да қант, шикі жұмыртқа, сары май қосылып иленген қамырды 40 минуттай жауып қояды. Иленген қамыр 0,4 см етіп жайылып, ұзындығы 4,5 см, ені 0,4 см етіп кесіледі. Отқа қойылған қазанға май салынып, аудармалай отырып қуырылады. 5-7 минуттан кейін қуырылған шак-шак кепсермен сүзіліп алынады. Қуырылған шак-шак эмальды ыдысқа салынып, үстіне ерітілген бал құйылып, жақсылап араластырылады. Содан соң әр түрлі формаларға келтіріліп, ыдыстарға салынады да әр жеріне мәнпәси жапсырылады. Мәнпәсидің орнына жаңғақ дәнін, кепкен қара өрік, өрік дәнін де пайдалануға болады.
## Дереккөздер |
Шишханов Тамерлан Сосламбекович (8.3.1937, Орджоникидзе қаласы – 9.5.1983, Тула қаласы, Ресей) – металлург ғалым, техника ғылымының кандидаты Қазақ кен-металлургия институтын (Қаз ҰТУ-ды, 1959) бітірген. “Тулачермет” ғылыми-өндірістік бірлестігінде ғылым қызметкер, директордың ғылым істер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Шишханов ұнтақты металлургия негізін салған. Ванадий қождарын жаңа технология негізінде өңдеуді өндіріске енгізгені үшін Лениндік сыйлықты алған (авторлар ұжымымен бірге, 1976).
## Дереккөздер |
Амандық Ғаббасұлы Баталов (22.11.1952 жыл, Өзбек КСР Нүкіс) - қазақстандық саяси қайраткер, Алматы облысының 2014-2021 жылдарда болған әкімі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
* Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.
* 1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық.
* 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы
* Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы
* Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
* 1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы.
* 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман.
* 1991-1992 жылдары - ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті.
* 1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті.
* 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.
* 1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі.
* 1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.
* 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары.
* 2008 жылдан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
* 2014 жылы тамыз - 2021 жылдың қарашасы - Алматы облысының әкімі.
## Марапаттары
* 2008 жылы "Құрмет" ордені
* «Астана» медалі
* «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.
## Дереккөздер |
Школа Иосиф Кириллович - (1906, Украина, Днепропетровск облысы Лиховка ауданы Лиховка с. – 1974, Шортанды ауданы Октябрь кеңшары.) – еңбек ардагері, ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы. Социалистік Еңбек Ері (1957). Днепропетровск облысындағы Каменск металлургия зауытында жұмысшы (1924 – 33), төраға орынбасары (1933 – 38), Шортанды ауданы В.И.Ленин атындағы ұжымшардың төрағасы (1938 – 61), «Андреевский» кеңшарында прораб, директордың орынбасары қызметтерін атқарған (1961 –74).
## Дереккөздер |
Шкурко Фаина (Федора) Мартыновна (1934 жылы туған, Белорусь, Гомель облысы Брагинский ауданы Бурки дер) – агроном. Белорусь ауыл шаруашылық академиясын бітірген. Еңбек жолын 1953 ж. Комарин орта мектебінде бухгалтер болып бастаған. 1957 – 58 ж. Есіл тресінде аға агроном, Есіл ауданы Бұзұлық кеңшарында телім агрономы, 1959 жылдан Бұзұлық кеңшарындағы комсомол ұйымының хатшысы, Есіл ауданы «Знамя труда» газетінің ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Есіл ауданы комитетінің 1-хатшысы, 1961 – 64 ж. Қазақстан Компартиясы Есіл ауданы комитеті ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, Целиноград обкомы ауыл шаруашылық бөлімінде нұсқаушы, меңгерушісінің орынбасары, 1965 – 68 ж. Ақкөл, Аршалы ауданы партия комитетінің 2-хатшысы, 1968 – 77 ж. Аршалы ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, 1977 жылдан облысы кәсіподақ кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқаны үшін», «За доблестный труд, в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина» медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Евгений Дмитриевич Шлыгин (1899 – 1980) — геология-минералогия ғылымдарының докторы (1947), профессор (1949). Қазақстан ғылым академиясының академигі (1972). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1947). Негізгі ғылыми еңбектері Солтүстік Қазақстанның кембрийге дейінгі қабаттарын жіктеуге, Сарыарқаның тектоник. құрылымын
## Дереккөздер |
Шкутин Арнольд Эдуардович (1929 жылы туған, Украина, Донецк облысы Енакиев ауданы Мало-Орловка селосы) – медицина ғылымының докторы (1987), профессор (1989). Қазақ мемлекеттік медицина институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Ақмола облысында аудандық сан-эпидемиологиялық ст-ның бас дәрігері (1956–1958), аудандық бас дәрігердің орынбасары (1958–1959), Ақкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері (1959–1960) болған. 1960 жылдан Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында ассистент, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор қызметтерін атқарды. 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер: |
Шмонин Лев Ильич (2.11.1914, Ресей, Пенза қаласы – 10.7.1980, Алматы қаласы) – техника ғылымының докторы (1973), профессор (1976). ҚазМУ-ды (1940, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы оқу орнында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін (1948–1980) атқарған. Ғылыми еңбектері табиғатта кездесетін табиғи радиоэлементтердің орын ауысуын, сондай-ақ жер қыртысының жоғары қабаты мен атмосфераның төменгі қабатындағы нейтрондар ағынын зерттеуге арналған. 8 өнертабыстың авторы.
## Дереккөздер: |
Шмашева Батима Хасенқызы - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Бірлік-Үстем колхозының звеношысы (1947). 1914 жылы Алматы қаласында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* Бастауыш мектептің 5 класын бітіріп, 16 жасында, 1930 жылы Калинин атындағы колхозға жұмысқа кіреді. Бірнеше жылдан соң "Бірілік-Үстем колхозына ауысып, колхоз хатшысы болып еңбек етеді, қоғамдық және өндірістік жұмыстарға белсене араласады.
* 1947 жылы қызылшашылар тобын басқарып, колхозда алдыңғы қатарлы топтардың деңгейіне жетеді. 2 гектар жердің әр гектарынан 800 центнерден, өздеріне бекітілген алқаптың әр гектарынан 385 центнерден қант қызылшасын алып, межеленген жоспарды асыра орындап, табысқа жетеді.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Шматова Евдокия Васильевна - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1943). 1887 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1930 жылы "Новый путь" колхозы құрылып жатқан кезде алғашқылардың бірі болып жұмысқа кіріп, 13 жыл сауыншы болып істейді.
* 1943 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болған ол, қызылша өнімін жыл өткен сайын жоғарлатып, жоспарды артығымен орындап отырды:1946 жылы - 213%;1947 жылы - өздеріне бекітілген жердің әр гектарынан 720 центнерден.
* 1946 жылы - 213%;
* 1947 жылы - өздеріне бекітілген жердің әр гектарынан 720 центнерден.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1947)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Шлыгина Вероника Федоровна (12.2.1927 жылы туған, Алматы) – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1964). Қазақ КСР-і Геология министрі.
Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1950, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық унивeрситеті) бітірген. Тақырыптық партиясында инжинер, гидрогеологиялық партиялар тобының техникалық жетекшісі (1950–1964), Қазақстан ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметтерін (1964–1998) атқарған.
Шлыгинаның қатысуымен Қазақстандағы аса ірі Алматы, Талғар, Покровское жер асты суының кен орындары барланып, бекітілді.160-тан астам ғылыми жарияланым мен 12 монографияның авторы.
Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980).
## Дереккөздер: |
Шолтыров Махмұт Измайұлы (5.8.1885, бұрынғы Ішкі Орда, Примор округі, ғ3 старшындығы – 5.6.1965, Алматы) – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Қазан университетінің медициналық факультетін бітіргеннен (1911) кейін Гурьев облысы Бөкей губерниясында учаскелік дәрігер, ауылдық жерлерде 40 жылдан астам дәрігер болды. И.И. Мечников, Н.Клодницкий, С.Никаноров, Д.Заболотный, Н.Жуков-Вережников, Н.Гайский, т.б. ғалымдармен бірге Каспий өңірінде оба індетіне қарсы күрес жұмыстарына қатысты. Қазан төңкерісінен кейін Қызыл армия қатарында армия лазареті дәрігері болды. Волга – Каспий ревкомы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1920), Теңіз ауданында дәрігерлік телімнің дәрігері (1920 – 28), Батыс Қазақстан облысы Теңіз ауданы жылжымалы медикалық пунктінің меңгерушісі (1928 – 30), сол ауданда денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1930 – 34), Ганюшкинодағы обаға қарсы стансада бөлім меңгерушісі (1934 – 46), Жамбыл облысы Шу ауданындағы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі және аудандық аурухананың бас дәрігері (1946 – 57) болып қызмет атқарған. Ленин орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шмыгалева Татьяна Александровна (27.8.1953 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Новотройцк ауылы) – техника ғылымының докторы (2001), профессор (2003). ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1978 жылдан осы оқу орнында инжинер, аға инжинер, аспирант, орталық бастығы, аға оқытушы, доцент болып істеді. 2009 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Математикалық пішіндеу, сандық әдістер және программалар кешендері» тақырыбында докторлық дисертация қорғады. 200-ге жуық ғылыми жарияланымның, 3 монография, 5 оқу құралының авторы.
## Дереккөздер: |
Шолтыров Шауқат Махмұтұлы (15.2.1914, қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылы – 7.11.1982, Алматы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым кандидаты (1952), Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі (1976), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1935), Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының аспирантурасын бітірген (1935 – 1939). Қазақ ауыл шаруашылығы институтында доцент (1939 – 1940, 1946 – 1953), кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ректордың ғылым жөніндегі орынбасары (1953 – 1957), Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының бас ғылыми хатшысы (1957 – 1961), Қазақстан ауыл шаруашылығы мининистрлігінің ғылым жөніндегі бас басқармасының бастығы (1961 – 1976 жылдары) қызметтерін атқарған. Шолтыровтың ғылыми еңбектері негізінен топырақ тану, егіншілік және агрохимия мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанның шөлейт аймақтарындағы сортаң жерлерді зерттеумен, мелиорациялау және игеру мәселелерімен шұғылданды. Оның тікелей қатысуымен республикада бірнеше ауыл шаруашылығы ғылыми-зертеу институттары құрылды. 2 рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет “Құрмет белгісі”, “Қазан революциясы” ордендерімен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Справочник агронома, А.-А., 1975;
* Особенности солонцов полупустынной зоны Казахстана и приемы их мелиорации. А.-А., 1976.
## Дереккөздер: |
Шоманов Өрісбай (2.2.1948 жылы туған, Өзбекстан, Ташкент облысы Шұралысай ауылы) – техника ғылымының докторы (1990), профессор (1991). Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (2003). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген педагогі (1993). Қазақ химия-технология институтын бітірген (1971). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында оқытушы (1971–1979, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті), Семей ет және сүт өндірісі институтында кафедра меңгерушісі, проректор (1980–1994), Қазақ тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында директор (1995–2001), Алматы технологиялық институтында кафедра меңгерушісі (2001–2002) болды. 2003 жылдан Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталық директорының орынбасары қызметін атқарады. Ғылыми еңбектері тағам және ет өнеркәсібіндегі жаңа техникалар мен технологияларды зерттеуге арналған. 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 50-ден астам патент пен авторлық куәлік берілген.
## Дереккөздер: |
Шоманова Жезбала - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Белбасар колхозының звеношысы (1947). 1923 жылы Шу ауданында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* Еңбек жолын 1943 жылы Белбасар колхозында қызылша өсіруші болып бастап, жоғары өнім алу жолында тынбай еңбектенеді.
* Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік жұмысы үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.
* 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалып, қажырлы еңбектерінің арқасында 2 гектар мол түсімді алқаптың әр гектарынан 805 центнерден, орташа түсімді қалған жердің әр гектарынан 524 центнерден өнім жинаған.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Шомантаев Асылхан Әшімұлы (1.7.1953 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (2002), профессор (2004). Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1980, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген. Осы оқу орнының Қызылорда бөлімшесінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, аға ғылыми қызметкер (1980–2002) болды. 2003 жылдан Қызылорда мемлекеттік университетінде декан. Ғылыми еңбектері ауыл шаруашылығында пайдаланылатын судың сапасын зерттеуге арналған.
## Дереккөздер: |
Шомантаев Асылхан Әшімұлы (1.7.1953 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (2002), профессор (2004). Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1980, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген. Осы оқу орнының Қызылорда бөлімшесінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, аға ғылыми қызметкер (1980–2002) болды. 2003 жылдан Қызылорда мемлекеттік университетінде декан. Ғылыми еңбектері ауыл шаруашылығында пайдаланылатын судың сапасын зерттеуге арналған.
## Дереккөздер: |
Қызылтау— ерте палеолит ескерткіші. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км жерде. 1994 жылы Қазақстан — Ресей біріккен археологиялық экспедиция (жетекшісі А. П. Деревянко) ашқан. Мұнда шағын төбенің 15080 м алаңқайынан 157 тас құралдар табылды. Халцедоннан жасалған 68 тас құрал көбірек, 74 құрал орташа деңгейде, 15 құрал аздап қана бүлінген. Бүлінісі көбірек байқалатын құралдар арасында бастапқы тұрпат (10 дана), өзектас (15 дана), сандық тас (9 дана), леваллуа жарқыншақтары (8 дана), тісті-ойықты құралдар (10 дана), жарқыншақ (4 дана), тас тілік (2 дана) және тас жаңқа (100 дана) бар. Қызылтаудан алынған тас құралдар бұл жерді адам баласы эоплейстоцен, плейстоцен кезеңдерінде мекендегенін айғақтайды.
## Дереккөздер |
Қыпшақ тілі - Орта ғасырда Дешті-Қыпшақ деп аталған кең аймақ пен оған жапсарлас жатқан жерлерді мекендеген қыпшақ ру-тайпаларының тілі.
Сонымен бірге ол Мәмлүк мемлекеті мен Армян колониясында, Қырым далалары мен Кавказ өлкесінде де қолданылған.
Қазіргі заманда — өлі тілі болып есептеледі. Татар, башқұрт, қазақ, қарашай-балкар, құмық, ноғай, қарақалпақ және т.б. тілдердің негізі болып табылады.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қыпшақ тілдері |
Тайыр Көкешұлы Шомбалов (14.6.1906, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Құлпан ауылы – 15.1.1980, Алматы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1966), профессор (1966). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).
## Өмірбаяны
* Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1930).
* 1930 – 1932 жылдары Ташкент қаласында инженер-химик.
* 1933 – 1934 жылдары бұрынғы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқытушы.
* 1934 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
## Ғылыми жұмыстары
* Шомбаловтың негізгі ғылыми еңбектері табиғи қосылыстар химиясына арналған. Ол [[органикалық химия]да] жаңа бағыт – өсімдіктер химиясын қалыптастырған.
* 300-ден аса өсімдіктің полифенолдық құрамын зерттеп, көптеген биологиялық активті заттар, жаңа емдік препараттар (лейкозфдин, хризарбин, т.б.) алып, оларды медицинаға енгізген.
* Оның 240-тан аса ғылыми еңбегі бар, 35 жұмысына авторлық куәлік алған.
## Шығармашылығы
* Некоторые итоги исследования дубильных растений Казахстана, А.-А., 1958 (соавт);
* Химия флавоноидов, в кн.: фенольные соединения и их биологические функции, М., 1968;
* Противоопухлевые свойства полифенолов растений и продуктов их модификации, в сб.: Химиотерапия опухлей в СССР, М., 1980 (соавт.).
## Дереккөздер |
Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов (20.4.1873, бұрынғы Ішкі Орда, Талап бөлімі, 1-старшындық ауылы – 1940, Орал облысы Казталов ауданы) – обаға қарсы күрескен алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, республикада дәріхана жүйесін қалыптастырудың негізін қалаушы.
* Қазан университетінің медициналық факультетін бітірген (1899).
* 1899 – 1903 жылдары Орда оба стансасында дәрігер
* 1903 – 17 жылдары Орда ауруханасының меңгерушісі болды.
* 1911 жылы И.И. Мечников басқарған экспедиция құрамында Қалмақ даласында оба індетін зерттеу жұмыстарына қатысты.
* Ол екі мәрте “Қырғыз даласының Нарын бөлігі мен оңтүстік округтердегі обамен күрестегі еңбегі үшін” арнайы күміс белгісімен марапатталған (1906, 1910).
* Азамат соғысының ауыр кезеңдеріне қарамастан, Бөкей губерниясында 370 төсектік, оның ішінде Ордада 100 төсектік аурухана ашты.
* 1923 – 29 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау халкомының орынбасары, сонымен бірге Қырғыз АКСР Орталық Атқару комитетінің мүшесі және Бүкілресейлік Қызыл крест қоғамының Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды.
* 1929 – 38 жылдары Қазақтың респ. дәріхана басқармасының бастығы, біраз уақыт Орал қаласында обаға қарсы сттансаның меңгерушісі болды.
* Алматы қаласындағы 4-дәріхана Шомбаловтың есімімен аталады.
## Дереккөздер |
Шонанова Шахзада Аронқызы (1903, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы – 9.3.1938, Алматы) – педагог-әдіскер, 20 ғасырдың 30-жылдарындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілі, сталиндік репрессия жылдарында атылған бірден-бір қазақ қызы. Шонанованың әкесі Арон – белгілі қоғам қайраткері, заңгер, Б.Қаратаевтың туған інісі, оқыған адам болған. Осыған байланысты шыққан тегі мен әлеуметтік жағдайы Шонанованың болашақ тағдырына көп қиындықтар келтірді. Орта Азия мемлекеттік университетінің (Ташкент) медикалық факультетіне (1920), кейіннен Алматы медикалық институтына (1931) түскен Шонановаға “тап жауының қызы” деген айып тағылып, екеуінде де оқудан шығарылады. Алғашқы оқуынан шығып қалғаннан кейін ол 1922 – 26 ж. Оралда губерниясы атқару комитетінде нұсқаушы болып қызмет істеді. 1928 ж. Қызылордаға ауысып, Халық ағарту комиссариатының мектепке дейінгі балалар тәрбиесінің нұсқаушысы болды. 1931 ж. Алматы медикалық институтына түсіп, алайда қатаң бақылауда болып, үздіксіз аңду мен қудалауға ұшыраған Шонанова 1933 ж. ақыры оқуды тастады. Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Телжан Шонановқа тұрмысқа шыққан ол Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында жауапты хатшы, Ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер, бастауыш және орта мектеп бөлімінің ғалым-хатшысы, кейіннен әдіскер-кеңесші болып қызмет атқарды. 1936 ж. қызметтен еріксіз босаған Шонанова ҚазМУ-дың биологиялық факультетіне оқуға түсті. Бірақ оны аяқтай алмады. 1937 ж. қисынсыз жала жабылып, “халық жауы” атанған Шонанова саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
## Дереккөздер |
Сөгетi – Іле Алатауының шығыс сілеміндегі тау.
## Географиялық орны
Шілік, Шарын өзендері аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 – 90 км-ге созылып жатыр. Ені 15 – 20 км. Ең биік жері 1889 м.
## Геологиялық құрылымы
Сөгетi тауы тас көмір, пермь дәуірлерінің шөгінділері мен жанартаулық (гранитті интрузиялар мен туф-лавалы эффузиялар) жыныстарынан түзілген.
## Жер бедері
Беткейлері мен сайларында тас қорымдар мен жартастар жиі кездеседі. Таулы, шөлді, шөлейтті дала ландшафттары дамыған. Көктемгі және күзгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ақын, композитор. 1873 жылы қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Ол Абайдың шәкірттерінің бірі.1894 жылдан бастап Ақылбай, Көкбай,Мағауия сияқты дарынды ақындар тобына қосылып, ұлы Абайдың ақындық мектебінен өтеді. Оның көптеген өлең, дастандары, сондай-ақ халық арасында кең тараған «Перуайым», «Шұбартау», «Шыңғыстау», т.б. әндері бар. Халық арасында беделді ақындардың бірі болған. 1923 жылы қайтыс болған.
## Дереккөздер
1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.
2. ↑http://kitaphana.kz/ |
Шопашев Тілеген (2.7.1922 жылы туған, Қызылорда облысы,Шиелі ауданы)- қазақ совет ақыны. 1948 жылдан КОКП мүшесі. 1942-1945 Ұлы Отан соғысына қатысты. Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1953). Аудандық,обл. газет редакцияларында (1945-1951), Қызылорда облысында партия комитетінде (1953-1954) қызмет істеді. Сырдария ауд. газетінің редакторы (1954-1957), "Жазушы" баспасының аға редакторы (1958-1964) болды. Шығармалары 1956 жылдан бастап жарияланды. "Жаңбыр" (1957), "Өмірге сапар" (1959), "Туған жер" (1966), "Бәйтерек" (1971), "Көңіл көктемі" (1973) т.б. өлеңдер жинақтары шықты. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ Совет Энциклопедиясы |
Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар (13 желтоқсан 1924 жылы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Талдыбұлақ ауылында туған — 27 ақпан 2019 жыл) — ғалым. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Филология ғылымының докторы, профессор. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы. Түркітану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі.
## Толығырақ
* Әбдуәли Туғанбайұлы 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлы жүздің Қаңлы руынан шыққан.
* 1941 – 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагер майдангер.
* 1951 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниституты)ның филология факультетін бітірген.
* 1951 – 1954 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныда асперантурасын бітірген.
## Еңбек жолы
* 1954 – 1995 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында тіл бөлімі иниститутында
* Ұйғыр-дүнген мәдениетінің секторында кіші ғылыми-қызыметкері;
* Шығыстану иниститутында аға ғылыми-қызыметкері;
* 1961 – 1963 жылдары Ұйғыр филология бөлімінің меңгерушісі;
* 1967 – 1978 жылдары Директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;
* 1978 – 1995 жылдары Институт директоры т.б лауазымды қызыметтерін абыроймен атқарды;
* 1995 жылдан осы иниститутың құрметті директоры.
## Ғылыми шығармашылығы
Қайдар – жарты ғасыр бойы қазақ және ұйғыр тілдері мен жалпы және салыстырмалы түркітану мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Оның жалпы түркітану ғылымына, оның ішінде, әсіресе, қазақ тіл білімі мен ұйғыртану саласына қосқан нақтылы үлесі мен сіңірген еңбегі жеке монография, оқулық, сөздік, жинақ, мақала түрінде 400-ден астам (жалпы көлемі 600 б.т.) ғылыми зерттеулерде көрініс тапты. Ғалымның тіл білімі саласындағы еңбектері былайша жіктеледі:
* қазақ тіліне қатысты;
* ұйғыр тіліне қатысты;
* өзге тілдерге қатысты.
Қайдардың жалпы түркітану әлеміндегі, оның ішінде қазақ және ұйғыр тіл біліміндегі ғылыми бағыттары тіл білімінде қалыптасқан құрамдық салаларға сәйкес: 1) лексикология, 2) диалектология, 3) этнолингвистика, 4) тіл құрылысы, 5) түркітану және алтаистика, 6) ғылым тарихы; 7) тіл саясаты; 8) оқулық, т.б. болып бөлінеді. Сондай-ақ, лингвистика салалары мен оларға тікелей қатысты: сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, т.б. жеке тараулардан тұрады. Бұл тараулардан туындайтын тақырыптар (30-ға жуық), моносиллабтар құрылым-құрамы, синкретизм құбылысы, гомогенді омонимдер, плеоназмдар, қос сөздер, еліктеуіш сөздер (имитативтер), өлі түбір, сөзжасам үлгілері, фонетикалық заңдылықтар, әдеби норма, стиль, т.б. қамтиды. Қайдар қоғамдық қызметтегі қайраткерлігімен де танылды. Елдегі тіл саясатына белсенді араласып, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына қатысты ой-пікірлерін үнемі білдіріп келеді.
## Мемлекеттік Марапаттары
* 1944 жылы КСРОның ІІІ дәрежедегі «Даңқ» Орденімен марапатталған.
* 1984 жылы «Халықтар Достығы» Ордені;
* 1985 жылы «Ұлы отан соғысы» ІІ дәрежелі, І дәрежелі Ордені;
* КСРОның «Қызыл Жұлдыз» Орденімен екі мәрте марапатталған.
* 1971 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері;
* 1971 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасының иегері;
* 1982 жылы Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері құрметті атағы берілді.
* 1984 жылы «Қазақ ССРнің Халық ағарту ісінің Үздігі» құрметті атағы;
* 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің арнайы сыйлығының лауреаты;
* 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталды.
* 1998 жылы Түркия Мемлекеттінің мемлекеттік марапаты «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталды.
* Халықаралық қазақ тілі қоғамының «Ана тілі айбары» құрметті белісі;
* «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет белгісі;
* КСРОның және басқада мемлекеттердің бірнеше құрмет белгілерімен, медалдарымен марапатталған;
* 2014 жылы елбасының қолынан жоғарғы мемлекеттік марапат І дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды;
* Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы;
* Елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
## Ғылыми атақтары
* 1970 жылы Филология ғылымының докторы;
* 1972 жылы профессор (құрметті ғылыми атақтары) берілген;
* 1983 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі;
* 1989 жылдан Мұстафа Ата түрік атындағы Түркия ұлтттық ғылым академиясының құрметті академигі;
* 1991 жалдан Башқұртстан ғылым академиясының құрметті академигі.
## Дереккөздер |
Шотаев Аман Нұғыманұлы (2.1.1943 жылы туған, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылы) – селекционер-ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1992). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ аграрлық университеті) бітірген (1970). 1971 – 2005 Қазақстан_Республикасы ғылым академиясының Экспериментті биология институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер (1981 – 1991), лаборатория меңгерушісі (1991 – 2005) қызметтерін атқарды. Сонымен бірге, 1979 – 1980 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Шығыс бөлімшесінің ғылыми хатшысы болды. 2006 жылдан Қазақстан_Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Мал шаруашылық және мал дәрігерлік ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері. Шотаевтың негізгі ғылыми еңбектері жануарлар генетикасы, селекциясы, морфологиясы және оларды өсірудің теоретикалық және тәжірибелік мәселелеріне арналған. Шотаевтың тікелей қатысуымен қойдың бес тұқымын (линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, тянь-шань тұқымдарының қошқарлары және жергілікті биязы жүнді қой тұқымының аналығы) күрделі будандастыру әдісімен, қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымы шығарылды (1994). Шотаев алғаш рет қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының қошқарларымен жергілікті биязы жүнді қой тұқымының аналықтарын F3 – F4 (үшінші және төртінші) буынға дейін сіңіре будандастырумен қатар сатыланған іріктеу-сұрыптау әдістемесін жасап, өндіріске енгізді. Ол 2 патент, 1 авторлық куәлік және 3 өндіріске енгізілген нұсқамалардың, 100-ден аса ғылыми еңбектердің (оның ішінде 1 монография) авторы.
## Шығармашылығы
* Морфогенические основы преобразовательного скрещивания в полутонкорунном овцеводстве, А., 2004.
## Дереккөздер: |
Шоқаев Дулат Нұрмашұлы (1943 жылы туған, Ақсу ауданында, Қапал ауылында) — ғалым, техникалық ғылыми докторы (1994), профессор (1996). 1966 жылы Ленинградтың политехникалық институтын бітірген. 1966-71 жылдары Қазақстан ҒА Таукен инститтутында аға инженер. 1971 жылдан Қазақтың техникалық универверситетінде аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі. 60-тан аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 2 монографиясы жарияланған.
## Дереккөздер |
Шорманов Талғат Хасанұлы (25.12.1917, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка (Қалбатау) ауылы – 1994) – физик, техника ғылымының докторы (1968), профессор (1970). Қырғыз мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген (1942). 1946 жылға дейін осы институтта аға оқытушы. 1947 – 49 ж. Қазақстан ғылым академиясының Астрономия және физика институтында аспирант болды. 1949 – 54 ж. Қазақстан ғылым академиясының Физика-техникалық институтының аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі, 1954 жылдан Қазақ политехникалық институтында (ҚазҰТУ-да) доцент, 1971 – 91 жылдары аралығында қолданылмалы физика кафедрасының меңгерушісі. Шорманов осы институтта қатты дене физикасы, рентген сәулесі және ультрадыбыс лабораторияларын ұйымдастырды. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстары ультрадыбыс арқылы кристалдарды өсіру мәселелеріне арналған. Шорманов – 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ашқан бір жаңалығына авторлық куәлік берілген. Бордо қаласында (Франция) өткен (1973) Халықаралық кристаллография 1-конгреске қатысқан. Медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Применение ультразвука в науке и технике, А.-А., 1965;
* Получение моно- и поликристаллов и сплавов в ультразвуковом поле, А.-А., 1976.
## Дереккөздер |
Шоқаев Ғабдулла (1823, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Өрнек ауылы – 1956, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы) – өлкенің ең алғашқы мұғалімдерінің бірі. 1895 – 1912 ж. медреседе, гимназияда оқыған. 1912 ж. жергілікті тұрғындардың қаражатына медресе салып, онда 60 шәкіртті тәрбиелеп, құранды және басқа да пәндерді оқытып үйреткен. 1956 жылға дейін Қызыләскер, Ленин және Преснов ауданында мұғалім болып қызмет жасады. Ленин орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шоқаев Ерболат Ыбырайымұлы (19.12.1945 жылы туған, Райымбек ауданында, Нарынқол ауылында) — әскери қайраткер, генерал-майор.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
1963 жылы Алматы кооператив техникумын бітіріп, 1965 жылға дейін Нарынқол тұтыну қоғамында есепші болды. 1965 жылы КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің Ф.Э.Дзержинский атындағы жоғары командалық шекарашылар училищесіне түсіп, 1966 жылы МҚК-нің "Моссовет" атындағы Мәскеу жоғары командалық училищесіне ауыстырылды. 1969 жылы осы оқу орнын бітірген соң, 1977 жылға дейін Үшарал шекара отрядында бөлім офицерлігінен бөлім бастығының орынбасарлығына дейінгі жолдан өтті. 1977-80 жылдары Қытай, Ауғанстан шекаралық аймақтарының тыныштығын күзететін Мұрғаб (Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономды облысында) шекаралық отряды бастығының орынбасары болды. 1980 жылы Қызыл Тулы Шығыс шекара округінің Мұрғаб шекара отрядын басқарып, Ауғанстанның Памир аймағында Пәкістаннан өтетін бандылар тобының жолдарын жапты. 1981-92 жылдары Қызыл Тулы Шығыс шекара округінің жедел әскери бөлімі бастығының орынбасары, 1992- 93 жылдары Шекара әскерлері қолбасшысының жедел істер жөніндегі орынбасары, 1993-97 жылдары ҚР ҮҚК төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1997-98 жылдары әскери қарсы бақылау басқармасының бастығы, 1998-2000 жылдары ҚР ҮҚК оперативті-техн. департаментінің бастығы болды. 2000 жылы қырқүйек айынан ҚР ҮҚК Әскери институтының бастығы. "Қызыл Жұлдыз", т.б. ордендермен, бірнеше медальмен марапатталған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.
## Дереккөздер |
Шоқышев Ғабдулхак Ысқақұлы (15.10.1957 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті аулылы) – әскери қайраткер, генерал-майор (2005). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген (1978). 1978 – 98 жылдары Курчатов қаласындағы әскери бөлімде әр түрлі басшылық лауазымдарда болды. 1998 – 2000 жылдары Өскемен қаласындағы ішкі әскерлер командирінің орынбасары, 2001 – 03 жылдары ҚР ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары – штаб бастығы, 2003 – 04 жылдары ішкі әскерлер қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, 2004 – 06 жылдары Қарағанды қаласында ішкі әскерлер құрамасының командирі қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Алматы қаласындағы ішкі әскерлер құрамасын басқарады. Көптеген медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
«Бурабай» – Ақмола облысының Бурабай ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан.
Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –160С, шілдеде 190С; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. «Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады.
## Дереккөздер |
Ярмұхамедов Шариф Ханафияұлы (17.2.1927 ж.т., Қырғызстан, Пржевальск қ.) – техника ғылымының докторы (1983), профессор (1985). Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы Қырғыз педагогика институтын бітірген (1951) соң Қырғыз қыздар педагогика институтында оқытушы (1951–61), кафедра меңгерушісі (1961–66), Донецк мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1973–78), профессор (1985), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында кафедра меңгерушісі (1985–96, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы.), профессор қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері композициялық жұқа қабаттар мен материалдарды алудың ғылыми негізін жасауға арналған. 172 ғылыми жарияланымның авторы. 8 өнертабыстың иегері.
## Сілтемелер
* Қазақ ұлттық аграрлық университеті Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Ярмұхамедов Болат Қайырханұлы (17.10.1933 жыл, Петропавл – 9.9.2000 жыл, Алматы) – әскери қайраткер, генерал-майор.
## Өмірбаяны
* Харьков танк училищесін (1959 жылы), “Выстрел” жоғары офицерлер курсын, Р.Я. Малиновский атындағы сауытты танк әскерлерінің әскери академиясын (1976 жылы) бітірген.
* Еңбек жолын 1952 жылы Талдықорған облысы Киров ауылдық кеңесінің әскери-есеп столының бастығы, ауылдық атқару комитетінің хатшысы болып бастады.
* 1954 – 56 жылдары Кеңес Армиясында қызмет етті.
* 1959 – 69 жылдары Киев әскери округінде взвод, рота, батальон командирі болды, Жалаңашкөлдегі Қытаймен арада болған қақтығысқа (1969 жылы) қатысқан.
* 1969 – 73 жылдары Түркістан, Орта Азия әскери округтарында танк батальонының, полкының командирі
* 1973 – 84 жылы Көкшетау облысы әскери комиссары
* 1984 – 90 жылдары Қазақ КСР әскери комиссары қызметтерін атқарды.
* 1991 жылы зейнеткерлік демалысына шықты.
## Марапаттары
* 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызметі үшін” орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ярмұхамедов Абдулла (13.11.1896, Ташкент қаласы (кейбір деректерде Түркістан облысы Отырар ауданы Есқара ауылы)) – 21.9.1940 жылы, Орал қаласы) – мемлекет қайраткері. Самарқандта қалалық 4 сыныпты училищені бітірген (1913 жылы). 1914 – 16 жылдары Түркістан өлкесі Қаттақорған уездік басқарманың тілмашы, 1917 – 18 жылы уездік милиция бастығы, уездік атқару комитетінің хатшысы, 1918 – 20 жылы уездік төтенше комиссияның алқа мүшесі, уездік атқару комитетінің төрағасы болды. 1921 – 23 жылы Самарқан облысы атқару комитетінің төрағасы, әрі Ферғана облысы әскери революция кеңесінің және Түркістан Коммунистік партиясының Ферғана облысы комитеті төралқасының мүшесі, 1923 – 27 жылы Түркістан АКСР Ішкі істер халық комиссарының орынбасары, Халық шаруашылығы орталық кеңесі төрағасының орынбасары, Тәжікстан Ішкі істер халық комиссары болып істеді. Бұхар Республикасындағы басмашыларға қарсы күреске қатысқан. 1928 – 29 жылдары Қазақ АКСР сауда халық комиссарының орынбасары, 1929 – 32 жылдары Семей округі атқару комитетінің және аудандық атқару комитетінің төрағасы, Ақтөбе ауданы атқару комитетінің, Алматы облысы атқару комитетінің төрағасы, Қазақ су шаруашылығы басқармасының бастығы, 1933 жылы қарашасынан 1935 жылдың қаңтарына дейін Қазақ АКСР әділет халық комиссары, 1935 – 40 жылы Әулиеата аудандық атқару комитетінің, Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы, Орал қалалық атқару комитеті жанындағы Мемлекет арбитраждың бас төрешісі қызметтерін атқарды. Ярмұхамедов 3 рет Қызыл Ту, Бұхар Халық Кеңес Республикасының 2-дәрежелі Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
## Сілтемелер
* Семей
* Түркістан
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Нұржан Нәсірұлы Анарқұлов(1959 ж.т.)-сәулетші, Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағының мүшесі. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген(1982 ж.). Алматы қаласының көп қабатты тығыздығы жоғары құрылыстарының, Алматы қаласының оңтүстік-шығыс тұрғын үй ауданының, «Таугүл»(Алматы) жеке меншік шағын қабатты құрылыстарының, Астана қаласының орталық және оңтүстік бөлігі аудандарының, Астана қаласының кешенді көлік жол жүйесінің, Есіл өзенінің оң жақ жағалауындағы жеке тұрғын үй құрылыс аумағының, Астана қаласының көгалдандырудың кешенді жүйесінің, «Тәжірибе-құрылыс полигоны» тұрғын үй аумағының және Астананың көптеген аса маңызды объектілерінің жобаларын әзірлеуге қатысты. 2007 жылдан «Астана қаласы бас жоспары ҒЗЖИ»МҚК директорының бірінші орынбасары.
## Пайдаланылған әдебиет
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Қожамбет - Орта жүз Найман тайпасының Қаракерей руынан тарайтын ел.
## Ата-қонысы
бұрынғы Семей облысының Жайсаң, Өскемен уездерінде және Қытай, Моңғолия мен Түркия мемлекеттерінде мекен еткен ру. Қаракерей руының бір тармағы болып табылады. Қожамбет атасының қонысын оңтүстігі мен батысында – Ертіс өзені, Зайсан көлі, Марқакөл, Қара Ертіс өзені, шығысында – Қытай мемлекеті, ал солтүстігінде – Алтай тауы қоршап жатыр.
## Болыстары
Ресей патшалығы заманында Марқакөл, Зайсан айтмағында Қожамбет руы 1043 түтін үй болған.Тұңғыш рет Қожамбет атасының таралымын 1899 жылы жүргізілген Щербина экспедициясының мүшелері жазып алып, баспадан шыққан еңбектеріне енгізіпті. Оның өзі жарты-ақ бет қағазға басылған тек аталардың аттарынан ғана тұрады.
## Қысқаша
## Тұлғалары
* Есберді батыр
* Жарылғап Байшораұлы
* Дәулет Үркінұлы
* Шағыр батыр
## Дереккөздер |
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу орталығы.
## Тарихы
Алғашында Орал педагогикалық институты болып педагог кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны болды. 1932 жылы Орынбор қаласынан көшірілген Халық ағарту институтының негізінде ашылды. 1937-ші жылдан бастап институт А. Пушкин атын алды. 1996 жылы Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университеті болып өзгерген. 2000 жылы Университет Орал қаласындағы Батыс Қазақстан агротехника академиясын және Мәдениет институтымен біріктіріліп Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет болып қайта құрылды. 2002 жылы БҚАУ құрамынан шығып, 2003 жылы Университет Махамбет Өтемісұлы атын алды.
## Құрылымы
Оқу орнының құрамында 6 факультет бар:
* Педагогикалық факультет
* Мәдениет және өнер факультеті
* Физика-математика факультеті
* Жаратылыстану-география факультеті
* Тарих, экономика және құқық факультеті
* Филология факультеті
Университетте 20 мамандық бойынша аспирантура, екі канд. дисс. қорғау жөніндегі ғыл. кеңес бар. Сондай-ақ университеттің редакциялық-баспагерлік бөлімі дербес баспаханамен жарақтандырылған, мұнда «Вестник ЗКГУ» жинағы шығады. Университет кітапханасында 1 млн-нан астам кітап қоры жинақталған, онда электронды каталог пен жергілікті компьютерлік желі іске қосылған.Университеттің 5 оқу ғимараты, 7 жатақхана, 600 мың кітап қоры жинақталған кітапханасы бар. Мұнда зоология мұражайы, биохимия лабораториясы, жаңа ақпараттар лабораториялары жұмыс істейді. Университет кадрлар даярлаудың көп сатылы жүйесіне көшіріліп, әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған. Университетте 2,5 мыңнан аса студенттер дәріс алады. Ағылшын, неміс және араб тілдері оқытылады. Мұнда 4 ғылым докторы, 85 ғылым кандидаты, 17 профессор және жүзден астам доцент еңбек етеді.
## Дереккөздер |
Астана мектеп оқушыларының сарайы-М.Өтемісұлы атындағы Астаналық оқушылардың шығармашылығы, білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сарай. Сарай 1988 ж. қалалық балалар шығармашылығының орталығы ретінде ашылып, ол Астананың ірі білім беру кешеніне айналды. 3000-нан астам жас астаналық балалар шығармашылық ұжымдарында білім-біліктілігін арттырады. Сарайда ҚР біім беру ісінің 9 үздігі, 2 ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, білім беру ісінің 2 құрметті қызметкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 спорт шебері, сонымен қатар қосымша білім беру саласы бойынша 58 педагог жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының экономикалық және технологиялық базасы қосымша білім беру бағдарламасын іске асырып, дамытуда барлық мүмкіндікті туғызуға жеткілікті жағдай жасалған. Сарайда концерт залы, спорт залы, 2 жүзу бассейны, тир, көрме залы, бағаналы зал, компьютер сыныбы, кіші зал, хореографиялық зал, сурет галереясы, балалар дәмханасы, оқуға арналған 20 аудитория, дәрігерлік пункт, бассейндерге техникалық қызмет көрсету орындары бар.
## Пайдаланылған әдебиет
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Нұрбек Ғабдулхамитұлы Аужанов(1950 ж.т.)-сәулетші, ҚР сәулетшілер одағының мүшесі. Қазақ политехникалық институтын бітірген(1974 жылы). Орал қаласының орталығын, Ленинск қаласындағы Космонавтика мұражайын(Байқоңыр қаласы) жобалау жөніндегі Бүкілодақтық конкурстық жұмыстарға қатысушы(ІІ сыйлық), Алматы қаласындағы жаңа Үкімет орталығын жобалауға жарияланған республикалық конкурсқа қатысушы(І сыйлық), Ақтөбе, Орал, Көкшетау, Қостанай қалаларының бас жоспарын және олардың орталықтарының ТЖЖ жоспарын, Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданының техникалық жобасын әзірледің жобалау жұмыстарының жетекшісі, Алматы қаласының және халықты орналастырудың Алматылық жүйесінің жаңа бас жоспарын әзірлеуге қатысушы, «Ақ Орда» ЖҚК авторлық ұжым құрамында Астана қаласының бас жоспарын әзірлеуге қатысқан(І кезең). «Градкомплекс» ЖШС-ін басқарады.
## Пайдаланылған әдебиет
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
«Астана» гольф клубы - 1999 ж. негізі қаланған арнайы гольф спорт түріне арналған клуб (ЖШС). Гольф клуб ғимараты - Астана қаласындағы маңызды құрылыстардың бірі. Ғимарат Есіл өзенінің жағалауындағы көрікті жерге орналасқан. Ойын алаңдарын жасау үшін Канада мен Германиядан әкелінген көгал алаңды өсіруге арналған өсімдіктердің 7 түрі пайдаланылды. Жайлы демалыс үшін гольф клубта 70 қызметкер 150 адамға қызмет көрсетеді. Ойыншылар үшін 36 га аумақты алып жатқан 9 жаттығу және шұңқырлы алаң бар.
## Пайдаланылған әдебиет
* А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Ерасыл Әбілқасымов(1948 ж.т.)-фельдшер-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы(1996 ж.), профессор. Алматы мемлекеттік медицина институтын(1972 ж.), ҚазМУ-ді (1987 ж.) бітірген. 1972 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында, Мәскеу мед. стамотология институтында, ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінде аға лаборанттан министрлік басқармасы бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1987 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында доцент, 1998 ж. Алматы қалалық емханасының бас дәрігері, 1991 жылы Республикалық шығыс және қазіргі медицина ғылыми тәжірибелік орталығының бас дәрігері, 1995 ж. ҚР МҒА-ның бас ғылыми қызметкері, 1999 ж. денсаулық сақтау ісі медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі, . 2001 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық мәселелер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі(2004-2007 ж.)ҚР орденімен және медальдармен марапатталған. Медицина саласында бірнеше кітаптың, 70- тен астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Пайдаланылған әдебиет
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаева (10 қазан 1942, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы — 7 сәуір 2022) — қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академик, Қазақстанның білім және ғылым министрі (2002—2003).
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Шәмшә Беркімбаева мектеп директоры, Білім министрінің орынбасары, Сенат депутаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры, Білім және ғылым министрі қызметтерін атқарған.
Ол Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілерінің иегері.
## Жетістіктері
* "Құрмет белгісі" (1981 жылы),
* "Еңбек Қызыл Ту" (1976 жылы),
* "Құрмет" (2001 жылы) ордендері,
* "За доблестный труд" (1970 жылы),
* "За трудовое отличие" (1972 жылы) медальдары,
* Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1970 жылы),
* Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен (1975 жылы),
* "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі.
* "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілері, "Ы. Алтынсарин", "А. Байтұрсынов" атындағы күміс және алтын медальдардың иегері.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.