text
stringlengths
3
252k
Табиғи силикаттар мен алюмосиликаттар силикат өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып саналады. оның басты салалары: шыны, цемент, бетон, қыш өндірістері. ## Шыны өндірісі Шыны өндірісі адамға өте ертеден белгілі. Шыны деп натрий мен калий силикатының артық мөлшердегі кремнеземмен аморфты мөлдір құймасын айтады. Әдетте, кәдімгі терезе шынысын даярлау үшін шикізат ретінде әктас СаСО3, сода Na2CO3 және құм SiO2 алынады. Осы заттарды айрықша пеште 1400оС-та балқытуды шыны қайнату деп атайды. Бұл процестің негізгі силикаттарға айналуы:СаСО3+SiO2=CaSiO3+CO2Na2CO3+SiO2=NaSiO3+CO2 Шынының құрамы өте күрделі, сондықтан кәдімгі шыныны мынадай формуламен өрнектейді: Na2O*CaO*6SiO2Ал осы кәдімгі шыныны алу реакциясының теңдеуі: Na2CO3+CaCO3+6SiO2=Na2O*CaO*6SiO+2CO2 Шыны өндіретін зауыттар Алматыда, Таразда, Ақтөбеде бар. Шыны іс жүзінде суда ерімейді. Бірақ шыны ұнтағын сумен қосып жақсылап араластырған соң 1-2 тамшы фенолфталейн тамызған соң, ерітінді таңқурай түске боялады. Ол натрий силикаты Na2SiO3гидролизденгенде сілтілік орта түзілетінін көрсетеді. Отқа төзімді шыны алу үшін соданың орнына сақарды К2СО3 пайдаланады. Ондай шыныдан ыдыстар мен құралдар даярлайды.Ерекше отқа төзімді химиялық ыдыстар жасау үшін ақ құмның біраз бөлігін бор(III) оксидімен В2О3 ауыстырады, сонда боросиликатты шыны алынады. Кремнийдиоксидін сақар және қорғасын(II) оксидімен қосып балқытса, Хрусталь деп аталатын ауыр салмақты шыны алынады. Ондай шынының ерекшелігі-жарықты шашыратқыштығы жоғары, сондықтан жылтыр болып көрінеді. Одан оптикалық құралдар және әсем ыдыстар жасалады. Әсемдік беретін шыныдағы тағы бір қасиет- шыныға басқа ауыр металл оксидтерінен шамалы қосса, олардың түстері әртүрлі болады. Шынының бір кемшілігі- тез сынады. Сондықтан қазіргі кезде ыстыққа төзімді, қатты, химиялық және термохимиялық жағынан берік болып келетін шынылар алынуда. Оған ерекше қайнату әдісімен алынатын шойынның беріктігіне жақын шынылар жатады. Мұндай тез салқындатып салқындатып кристалданғанда алынатын материал ситалл деп аталады. ## Цемент Силикат өнеркәсібінің маңызды бір өнімі-құрылысқа өте көп пайдаланылатын цемент. Оны алу үшін сазбалшық пен әктасты күйдіреді. Осы кезде кальций карбонаты СаСО3кальций оксиді мен көміртек диоксидіне ыдырайды. Ал негіздік оксид сазбен әрекеттесіп силикат пен кальций алюминатын түзеді. Оны былай жазуға болады: СаО*Al2O3*SiO2.Бұдан алынған қоспаның ұнтағы сұрғылт жасылдау болады, оны силикат-цемент дейді. Әдетте, цемент қоспасы шамамен 25% әктас пен 75% сазбалшықтан тұрады. Цемент құрылыста байланыстырғыш материал ретінде қолданылады. Цементтен, құмнан және судан қоймалжың масса дайындап, оны цемент ерітіндісі дейді. Оны ауада қалдырса, біраз уақыттан соң қатайып, өте күрделі физика-химиялық процесс жүретіндіктен, қатты тас сияқты затқа айналады. Цемент ерітіндісін қиыршықтаспен араластырса, бетон алынады. Бетон- көпір, бассейн, тұрғын үйлер жасалатын бағалы құрылыс материалы. Бетонға темір өзектен қанқа жасап алып, қатайған соң пайда болатын ерекше берік затты темір-бетон деп атайды.Оны күрделі өндіріс орындарын, үлкен бетон бөгеттер, т.б. ірі құрылыстар салу ісінде кеңінен қолданылады. ## Дереккөздер Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина, Н. Заграничная, т.б.
Бөке (өзб. Boʻka, Бўка) — Өзбекстанның Ташкент облысындағы қала. ## Географиялық орны Ол шамамен Ташкент қаласының оңтүстігінен 65 км қашықтықта, Той-Төбе теміржол стансасының оңтүстік-батысынан 32 км қашықтықта орналасқан. ## Халқы Тұрғыны: * 28 000 адам (2012); * 17 400 адам (1991). ## Тарихы Қалада Кеңес үкіметінің тұсында мақта тазартатырн зауыттар болған. Ал 21-ғасырдың басында бұл зауыттардың бірқатары жабылып қалады. Сондықтан бүгінде Бөкедегi мақта тазартатын зауыттардың саны мен қызметі жайлы еш мәлімет жоқ. ## Дереккөздер
Жұмақ танаграсы Бұл құстың екінші аты "Жеті түсті құс". Өн бойына ең әдемі түстерді жағып жаралған ерекше құс сулы ормандарда тіршілік етеді. Қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де алады. Тұмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) - күндізгі жыртқыш құстар. Тауық тәріздестерге: бөдене, кекілік, ұлар, қырғауыл; дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақ жатады. Бұлдырықтар, бозторғайлар да шөлейтті, ашық далалы алқаптарда кездеседі. Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының да ерекше маңызы зор. Осыған байланысты құстар тіршілігінде елеулі өзгерістер (көбею, жылыстау, т.б.) байқалады. Құстарды жыл құстары, көшпелі құстар жөне қыстай шығатын құстар (отырықшы құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың жылыстауын аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі (Жамбыл облысы, Жуалы ауданында) Шақпақтас асуында құстарға сақина салу орталығы бар. * *
Бабасал —сын. сөйл. Ақыл тоқтатқан, байсалды. Алдарына жайылған үлкен қызыл ала дастарқан . ## Мысалы Оң жақ шетте қымыз сапырып отырған бабасал Ажар бәйбіше. (А. Лекеров, Түз гүлі). ## Дереккөздер
Бұл отрядқа жататын бунақденелілер турақанаттыларға ұқсастау болады. Дене тұрқы 1,5 сантиметрден астам, құрсағының ұшында хитинді екі ұзын өскін- қысқышы болатын азиялық құлық Қазақстанда Қаратау жоталарында жиі кездеседі. Бұлар да түн жәндіктері, алайда қаратаулық құлық жемін күндіз де аулайды. Құлық ұйықтап жатқан адамның құлағына еніп, дабыл жарғағын дарады, есту мүшесін бүлдіріп, адам керең болады деген кауіп туындаған. Алайда құлықтар өсімдік гүлдері және бітеугүлдермен , өсімдік қалдықтарымен қоректенетін, тас астынжа жасырынып жататын жәндік болғандықтан, бұл қауіпті жоққа шығарады. Құлықтардың ауыз мүшесі кеміруге бейімделген. Қанаттарының алдыңғы жұбы- жарғақ қанатын желпуіш тәріздендіріп қомданып алады.Бұлардың кейбір түрлері бау-бақшаға, баққа, тәлімбақта өсірілетін темекіге зиян келтіреді. ## Дереккөздер * Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 113 б., ISBN 5-625-03599-7
Макс Рейман (нем. Max Reimann; 31.10.1898 жылы туған, Эльвинг, қазіргі Эльблонг - 18.01.1977, Дюссельдорф)— герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. ## Өмірбаяны 1913 жылы Әлеуметтік жұмысшы жастар одағына, 1916 жылы «Спартак одағына» кірді. Құрылған күннен бастап Германия Компартиясының (ГКП) мүшесі. Германияда 1918 жылғы Ноябрь революциясына белсене қатысты. Капп бүлігін (1920) басуға қатысты. 1928 - 1932 жылы Хамм қаласындағы партия ұйымының секретары. 1932 жылы Рур облысының Революция кәсіподақ оппозициясының секретары болып сайланды. Германияда фашистік диктатура орнағаннан кейін (1933) Рур, Рейн, Саар облысында астыртын жұмыс жүргізді. 1939 жылы гестапо Дортмунд түрмесіне қамады. 1942 жылы Заксенхаузен, ал 1944 жылы (қараша айында) Фалькензе тұтқын лагеріне ауыстырылды. Босатылғаннан кейін Қарсыласу қозғалысына қатысты. Фалькензеде астыртын ұйым комитетін басқарды. Бұл комитет 1945 СС күзетін қарусыздандырып, тұтқын лагерін Совет Армиясының бөлімдеріне берді. 1945-1948 жылы Рейман алғашқыда ГКП-нің Рур облысындағы партия ұйымының бірінші секретары, кейін ГКП-нің Солтүстік Рейн-Вестфаомя партия ұймының жетекшісі болды. 1948-1954 жылы ГКП басқармасының төрағасы, 1954-1956 жылы ГКП басқармасының бірінші секретары. 1956-1971 жж. ГКП ОК-ның бірінші секретары. 1949-1953 жж бундестаг депутаты және ондағы компартия фракциясының басшысы. 1971 жылдан ГКП басқармасы Президиуымның мүшесі. 1968 жылы Октябрь Революциясы орденімен марапатталған. Рейман Макс КОКП 19,20,21,22,23 - съездеріне, Коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық кеңестеріне (Мәскеу, 1957, 1960, 1969) ГКП делегацияларын басқарып барды. ## Марапаттары 1968 жылы Октябрь Революциясы орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Капп бүлігі - 1920 жылы наурызда әскери диктатура құру мақсатында Веймар Республикасының демократиялық үкіметіне қарсы армия топтары мен консервативті саясаткерлердің қабылдаған қарулы көтерілісі. ## Алғышарт Бірінші дүниежүзілік соғыс 1918 жылы 11 қарашада Компьен бітіміне қол қоюмен аяқталды. Осыдан бірнеше күн бұрын Берлинде Герман империясын іс жүзінде жойған республика жарияланды. 1919 жылдың басында жас Веймар Республикасына қарсы көтерілістер басталды. Оларды басу үшін бұрынғы майдангерлерден тұратын еріктілердің қарулы топтары да қолданылды. 1919 жылғы 6 наурыздағы "уақытша рейхсверді қалыптастыру туралы Заңның" қабылдануымен фрайкорлар біртіндеп тұрақты әскери құрылымдарға айналуға мәжбүр болды. Бастапқыда шамамен 400 мың сарбаздан тұратын жаңа әскер құру жоспарланған болатын. Шығыс Пруссиядан келген тұрғын мүлік иесі Вольфганг Капп 1917 жылы Неміс отандық партиясын құрды. 1918 жылы партия таратылды. 1919 жылы ол неміс ұлттық халықтық партиясының атқару комитетінің мүшесі болды және Ұлттық консервативті саясаткерлермен, Эрих Людендорф сияқты әскери қайраткерлермен бірге Веймар демократиясын жоққа шығаратын және антидемократиялық төңкерісті жоспарлайтын "ұлттық бірлестік" құрды. ## Төңкеріс барысы 1920 жылы 13 наурызда Фон Лютвиц Эрхардт бригадасымен бірге Берлин үкімет кварталына кірді. Ұлтшылдық көңіл-күйдің белгісі ретінде әскерлердің дулығаларында свастика бейнеленген. Рейхсвер путчистерге қарсы шара қолданудан бас тартты. Әскери басқарманың бастығы генерал-полковник Ханс Фон Сект Қорғаныс министрінің Носкеге қатысты бұйрығын "Рейхсвер рейхсверге оқ атпайды" деп қабылдамады. Фридрих Эберт, канцлер Густав Бауэр және Үкіметтің басқа мүшелері Берлиннен қашып кетті - алдымен Дрезденге, содан кейін Штутгартқа. Капп өзін канцлер деп жариялады және фон Лютвицті Қорғаныс министрі және рейхсвердің бас қолбасшысы етіп тағайындады. Сонымен бірге Берлин шенеуніктері өзін-өзі тағайындаған Үкіметтің бұйрықтарын орындаудан бас тартты. 1920 жылы 17 наурызда путч сәтсіздікке ұшырады. Капп Швецияға қашып кетті ## Путч сәтсіздігінің себебі Мемлекеттегі билікті Капп пен Лютвиц қолға ала алмады. Берлинде әскери бөлімдер арасындағы байланыс тек курьерлер арқылы жүзеге асырылды. Бюрократтар ереуілге шықты, газеттер мен басқа ақпарат көздері болмады. Жұмысшыларды жұмысқа қайта оралуға шақырған мәлімдемелер, жаңа сайлау туралы уәделер және тіпті ереуілшілер үшін өлім жазасы қаупі нәтижесіз қалды және 4 күннен кейін путч сәтсіздікке ұшырады. ## Салдары Путчтың сәтсіздігі Веймар Республикасының Үкіметі үшін үлкен жетістік болды. Дағдарыстың алты күнінде ол халықтың қолдауын сақтап оңшылдардың қатеріне төтеп берді. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том, 253 бет.
1880 жылы қаңтар айында Қарағандыға жақын Нұра өзенінің бойында, Ботақара деген таудың етегінде кедей шаруа отбасында туған. Ілиястың әкесі – Мәңкі, Мәңкінің әкесі Қайдауыл, оның әкесі – Жиенәлі, үшеуі де батыр, ақын әнші, сөзге ұста, ділмар болған адамдар. Әкесі Мәңкінің шешендік сөзі, шешесінің ақындығы, ағасы Көппай мен Тахауяның қиссашылдығы, апасы Қадишаның өлеңші, әншілігі, нағасышысы Соңтуғанның айтысқа шеберлігі жас Ілиясқа дүние есігін ашқан өмір мектебі болған. ## Өмірбаяны Ілияс шығармашылығы негізінен екі дәуірге бөлінеді: революцияға дейінгі және одан кейінгі. Бірінші дәуірінің өлеңдерінде шаруалар мен жұмысшылардың аянышты халін көрсете отырып, үстем тап өкілдерін - байларды, би-болыстарды, саудагерлерді әшкерелейді. Ілиястың совет діуіріндегі поэзиясын жанрлық жағынан алғанда, жоқтау, көңіл айту, естірту, сәлем хат, толғау түрінде де, эпикалық жыр дастан, айтыс түрінде де кездеседі. Солардың ішінде ең көп қолданғаны - саяси лирикалық өлеңдер мен дастандар. Ілияс Қарағандының ақындары Қайып Айнабеков, Көшен Елеуовпен сөз сайысына түсіп, айтыс өнерімен де өзін республикамыздың әдебиет жұртшылығына танытты. Отан соғысы жылдарында өзара сынның өткір құралына айналған айтыс жанрын дамытуда Ілиястың атқарған қызметі зор. 1944 жылы 25 маусымда ол жергілікті басшылығымен Қарағанды халық ақындарының айтысын ұйымдастыруға белсене ат салысты. өзі айтысқа түседі. 1948 жылы мамыр айында Қарағанды қаласында болған Қарағанды көмір тресі кеншілерінің облыстық мәслихатына қатысады. Мәңкіұлының сол кезеңдегі неғұрлым кең тараған шығармалары: "Нұра бойын жағалап", "Қайғырма, қапаланба", "Қайысты қабырғасы жұмысшының" т.б. Октябрь жеңісі туралы "Капитал дүниесі қираған күн" өлеңін жазды. "Бекбосын" поэмасы революциялық қозғалысқа қатысушы шахтер-қазақ Б.Сиқымбаевтың бақыт жолындағы қажырлы еңбегіне арналды. Ілиястың таңдаулы өлеңдері радиода, адебиет кештерінде жиі оқылып тұрады, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде үздіксіз жарияланып отырды. Шахтер Ілияс 75 жасқа қараған шағында 1954 жылы дүние салды. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Солодовников Василий Григорьевич (08.03.1918 жылы туған) — совет экономисті, экономика ғылымының докторы, КСРО Ғылым Академиясының мүшесі (1966). 1942 жылы Куйбышевтің В.В.Куйбышев атындағы индустриалды институтын және 1946 жылы Бүкіл Одақтық сыртқы сауда академиясын бітірді. Солодвников В.Г. 1949-1961 жж. КСРО Ғылым Академиясының институттарында ғылыми қызметкер, 1961-1964 жж. дипломатиялық жұмыста болды. 1964 жылдан КСРО ҒА Африка институтының директоры, Афканистер халықаралық конгресінің вице-президенті (1965-1973), Лагос университетінің (Нигерия) және Карл Маркс атындағы философиялық университетінің (Лейпциг, ГДР) құрметті докторы. Солодовников В.Г. негізінен дамушы елдердің әлеуметтің-экономикалық және саяси мәселелерін зерттейді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Басаван (белсенді жылдары 1556 – 1600, Ақбар заманы) - көрнекті үнді суретші, миниатюршы, моғол миниатюра мектебінен шыққан шебер. Біздің заманымызға Басаван қол қойған 100-ден астам миниатюралар жетті. Бұлар: Баһирстан (Бокли, Оксфорд кітапханалары), Размнама (Махараджи Джаппур М.), Ақбарнама (Лондондағы Виктория, Альберт мұражайлары), Темірнама (Шығыс көпшілік кітапханасы, Бихардағы Банкипур). Басаванның ұлы Манохар 17 ғ-дың 1-ші ширегіндегі көрнекті миниатюрашысы болды (Жаһангер заманы) . ## Галерея ## Дереккөздер
Бұл отрядтың осы заманғы жануарлар әлемінде бір ғана түрі сақталды. Олардың өкілі- гаттерия 76.Сыртқы көрінісі кесірткеге ұқсас,тұрқы 76 сантиметрге дейін жетеді, аналығы 0,5 кг, аталығы 1 кг тартады. Қорегін түнде аулап, тереңдігі 1 м інде тіршілік етеді, ол інге дауылпаздың ұя салуы да мүмкін. Гаттерия бунақденелілермен, жәндіктермен қоректенеді, кейде дауылпаздың жұмыртқасын және балапандарын да жеп қояды. Оның басқа жорғалаушылардан ерекшелігі- төмен температурада (6-180С)тіршілік әрекеті күшейе Түседі. Қазан-қараша айларында аналығы індегі ұясына терімен қапталған 8-15 жұмыртқа салып, жұмыртқадағы ұрық 12-15 айда дамиды. Ұрпағы баяу өседі, тек 20 жылдан кейін ғана жыныстық жағынан жетіліп, көбеюге кіріседі.Сирек кездесетін бірден-бір түр болғандықтан, гаттерия ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген . ## Дереккөздер * Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 167 б., ISBN 5-625-03599-7
Қазақ халық ақыны Ғабидман Игенсартов 11 желтоқсан күні 1902 Қарағанды болысы Қарқаралы ауданында туған. 1925 жылдан КОКП мүшесі. Жас кезі байлардың есігінде жалшылықта өтті. Октябрь революциясынан кейін сауатын ашты. 1923 жылдан бастап қазақ ауылдарын советтендіру ісіне араласты. 1927 жылы Темірші болысы жалшылар комитетінің председателі болды. 1929 жылы ҚАССР ОАК-нің мүшесі болып сайланды. 1930-1960 жылдар аралығында Қарағанды облысының совет орындарында, тұтынушылар мекемелерінде, көмір шахталарында, "Советтік Қарағанды" газеті редакциясында қызмет істеді. Ғ.Игенсартовтың ақындық қызметі 1920 жылдан басталады. Алғашқы өлеңін–"Ақ қошқар жоқтауы" 1930 жылы шықты. Оның өлеңдері 1930 жылдан бастап Семей, Қарағанды облыстық, аудандық газеттерінде жиі жарияланды. Олардың көбі негізінен сықақ, мысқыл өлеңдер. 1934 жылы Игенсартовтың тұңғыш көлемді шығармасы "Ақ бидай" поэмасы, бұдан кейін "Лавадағы өмір" (1949), "Шахтер сөзі" (1949), "Шынар", "Арман" (1964), "Тың дала" (1968), "Айдау Әбен" (1970) дастандары, тағы басқа шығармалары жарық көрді. Ғ.Игенсартов өзінің поэмаларында совет адамдарының жасампаз еңбегін, олардың бойындағы асыл қасиеттері және ерлік, достық махаббат тақырыптарын жырлады. Ғабидман Игенсартов Қазақ ССР Жоғарғы Советінің құрмет грамотасымен екі рет марапатталды. Ал 1962 жылдың желтоқсанында оған Халық ақыны деген құрметті атақ берілді. 1963 жылдан бастап оған республикалық дәрежедегі дербес пенсия тағайындалған болатын. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Тікен жапырақты құмшөп (лат. Psammogeton setifolium) – шатыршагүлділер тұқымдасының құмшөп туысына жататын бір жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 20-25 см. * Тамыры жіңішке, цилиндр тәрізді. * Сабағы жалаң, түбінен бастап тікенекті бұтағы болады. Төменгі жапырағы жалпақ қысқа сағақты. Жапырақ тақтасы жіп тәрізді бөліктерге үшқұлақтана тілімделген, ұзындығы 4 см-дей. * Сабақ жапырақтары сағақсыз. Шатыры 3-4 тармақты, ұзындығы 3 см-ге дейін жететін ұзын гүл сағағы болады. 2-4 орама жапырақтары бүтін немесе көбіне үшқұлақтана тілімденген, шатырын жауып тұрады. Шатыршасы 2-3 гүлді. Күлтелері әр түрлі, сыртқы гүлдерінің күлтесі ірі, ұзындығы 1,5 мм. * Жемісі - сырты жылтыр қылтанақты, жұмыртқа тәрізді, дөңестеу. Борщов құмшөбінің (Psammogeton Borsczovi) тікен жапырақты құмшөптен айырмашылығы шатыры 7-9 тармақты, шатыршасында 15 гүлі болады. Күлтесі қызғылт түсті. ## Өсетін жері мен таралуы Қазақстанда Қызылорда облысы, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл ойысы, Іле, Күнгей Алатаулары, Шу-Іле таулары, Оңтүстік Қаратау, Каспий және Арал маңы, Торғай және Сарыарқа тауларының ұсақ шоқылары және Солтүстік Үстірттің құмды жерлерінде, құмды қырқалардың құрғақ беткейлерінде өседі. ## Дереккөздер
«Туполев» Конструкторлық Бюросы — авиациялық жобалаушы бюро, 1999 жылы құрылған ААҚ «Туполев» ішіне кіреді. 90 жыл жұмыс нәтижесінде Туполев КБ-сы 300 ден астам ұшу аппараттарының жобалары жасалған, 90 жобасы жүзеге асырылды, 40-тан астамы сериялы өндірілген. 18 мың ұшақ жасалған. ААҚ «Туполев» ұшақтардың жасалуымен, өндіруімен, техникалық қызметпен, ұшақтарды жөндеуімен айналысады. Қазіргі уақытта компания жұмыстары екі негізгі бағытта жүруде: біріншіден компания Ту-204СМ ұшағын нарыққа жылжытуда, екіншіден Ту-214 ұшағының арнайы нұсқаларын тапсырыс берушілерге тапсыруда. Қолданыстағы ұшақтардың техникалық жөндеуі мен жақсарту жұмыстары және жаңа авиациялық соққы комлекстерінің жобалауы жалғастырылуда. 2009 жылдан бастап алыс авиацияның перспективалық авиациялық комплексі (АА ПАК) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әлемдегі ең үлкен әскери бомбылаушы Ту-160 ұшағы Туполев КБ-сімен жобаланған ## Тарихы 1909 жылы Мәскеу Патшалық техникалық училищесінде Николай Егорович Жуковский «Әуеде ұшу» лекциялар курсына оқып бастады және студенттік әуеде ұшу үйірмесін басқарды. Осы лекциялардың тыңдаушыларды арасында Андрей Николаевич Туполев те болған. Жуковский мен оның студенттері әуе ғылымындағы жетістіктеріне сүйеніп, ұшақ құрылысының алдағы дамуына ғылыми-зерттеулік база керектігін түсінді. Осылай аэрогидродинамикалық институтты құру туралы ой пайда болды. Бұл ой В. И. Лениннің қолдауына ие болып, 1918 жылы ұшақ құрылысының ғылыми базасы — Орталық аэрогидродинамикалық институт құрылды (ОАГИ). Институтты Н. Е. Жуковский басқарды, ал оның аға көмекшісі мен авиациялық бөлімнің бастығы болып А. Н Туполев тағайындалды. Өздерінің атқарған жұмыстарының арқасында институт ғылыми ұсыныстар беріп қана қоймай, елдегі авиациялық сала тікелей басқаруға да қатысып отырды. ОАГИ-да қрылған кезден бастап әр түрлі ғылыми бағыттар дамыды: жеңіл авиациялық құймалар мен оларды коррозиядан сақтау; авиациялық қозғалтқыштар туралы; авиациялық конструкцияларды беріктігі; ұшу сынақтарының әдістемелері мен т.б. Нәтижесінде осы ғылыми бағыттар болашақта мамандандырыған институттар ретінде жұмысын жалғасытарды; мысалы, Жалпыкеңестік авиациялық материалдар иституты (ЖАМИ), Орталық аваициялық моторқұрылысы институты, Ұшу-зерттеу институты (ҰЗИ). 1918 жылы ОАГИ-да Туполев басқарған инженерлік қызметтің негізі болған авиациялық бөлім құрылды. Бұл коллектив болашақ конструкторлық бюроларды негізі болатын. Н. Е. Жуковский қайтыс болған соң, институт коллегиясын басқаруына А. Н. Туполев пен С. А. Чаплыгин тағайындалды. Олар ОАГИ-дің кеңейтілуі мен дамуы бағытындағы жұмыстарын жалғастырды. А. Н. Туполев негізгі болған конструкторлық қызметімен қоса эксперименталыд базаны құруға қатысты. Сол кездегі әлемдегі ең үлкен аэродинамикалық құбыр Т1 — ТП Туполев 1915 жылы жасаған сызба бойынша жасалды. Оның бастамасымен тәжірибелік бассайн-гидроканал, авиациялық конструкцияларды статикалық зерттеу зертханасы, ұшақтарды қолдану (эксплуатация), ұшу зерттеулері мен ұшақты ретке келтіру бөлімі (орыс. ОЭЛИД — отдел эксплуатации, летных испытаний и доводки самолетов) және т. б. бөлімшелер құрылды. Өмірінің соңына дейін Туполев ОАГИ мен басқа да институттардың эксперименталды базаларының дамуту жұмыстарына белсене қатысып келді. ### 1920-жылдары Азаматтық соғыс кезінде Қызыл әскерге қалың қар арқылы әскер мен қару-жарақты тасымалдай алатын өздігінен жүретін құрылғылар керек болды. Еңбек пен Қорғаныс кеңесі (ЕҚК) Қызыл әскерге аэрошана жасап беру туралы ОАГИ-ға ұсыныс жасады. ОАГИ коллегиясы бұл ұсынысты қабылдады. 1921 жылы сырқатынан емделгеннен кейін ОАГИ-дің авиациялық бөліміне қайтып келген А. Н. Туполев осыған дейін жасалынған аэрошаналардың конструкциясына метал элементтерін енгізе бастады. Өзінің есептеулерімен Туполев аэрошана салмағының 20-30 %-ға кемігенімен қоса конструкциясының берік болатынын дәлелдеді. 1919—1920 жылдары жасалған алты шанаға метал шаңғы орнатылды. Осыдан кейінгі жылдары Туполев тұтас металдан жасалған аэрошаналарды жобалауды бастады, сонымен қатар ол комиссия алдында тұрған тұтас металдан жасалған ұшақ конструкциясына байланысты сұрақтарды да шешті. Гидроұшақтар өндірісін маңызды деп тапқан А. Н. Туполев алюминийден жасалған металл бөлшектерін теңіз суы әсерінен болатын коррозиядан қорғау және су өткізбейтін қосылыстар технологиясын жасау сияқты қиын мәселелерді шешумен айналысты. 1921 жылы қазанда Туполевтің басшылығымен алғашқы ағаштан жасалған төрт орынды ГАНТ-1 глиссерінің құрылысы басталды. Оны кішігірім ағаш кемелерге сәйкес сызба бойынша жасады. Сол жылы қарашада Туполев глиссердің сынақтарын Мәскеу өзенінде өзі жасап өткізді. Кейінрек толықтай металдан жасалған ГАНТ-2, елдегі алғашқы торпедалы катер ГАНТ-3, сосын ГАНТ-4 пен ГАНТ-5 (Г-5) жасалып шығарылды. 1922 жылы қазанда Халық Шаруашылығының Жоғарғы Кеңесі Госпромцветмет ұсынысы бойынша металдан жасалған ұшақтар жасау жұмыстары бойынша комиссия құру туралы шешім қабылдады, ал комиссия төрелігіне А. Н. Туполев тағайындалды. Кейінрек, КБ-ның 25-жылдық мерейтойы қарсаңында Туполев конструкторлық бюроның құрылған уақыты қылып 1922 жылдың 22 қазан күнін есептеуді ұсынған. 1922 жылы сәуірде ОАГИ-дің авиациялық бөлімінде бірорынды АНТ-1 ұшағының жобалау жұмыстары басталып кеткен болатын. АНТ-1 кішкентай спорттық араас конструкциялы еркін тасушы моноплан ретінде жасалынған болатын. АНТ-1 алғаш ұшуы 1923 жылы 21 қазанда болды. Аэрошаналар, глиссерлер мен ұшақ конструкциясының элементтерін жасаудан жиналған тәжірбиенің арқасында Туполев өз жақтастарымен толықметалды АНТ-2 ұшағын жасап шығарды. Оны 1924 жылы 26 мамырда ұшқыш Н. И. Петров алғаш әуеге көтерді. А. Н. Туполев АНТ-2-нің алғаш ұшуы туралы былай деген: 1925 жылы Туполевтің кезекті ұшағы — АНТ-3 (Р-3) екіорынды барлаушы ұшағының құрылысы бітті. Меңгерілген сериялық технология бойынша Р-3 (АНТ-3) ұшағының 100 данасы өндірілді. Осы кезден А. Н. Туполев конструкторлық бюросы мен ОАГИ халықаралық деңгейде танылды. АНТ-3 ұшағының Еуропа мен Жапонияға триумты сапарларынан кейін әлем КСРО-ның да металдан ұшақ жасай алатынын білді. Кейінрек Туполев АНТ-4 екімоторлы бомбылаушы ұшағын жасап шығарды. Ұшақ монопланды сызбамен, қалың қанат профилімен және оған жүктелетін қозғалтқыштар мен жанармаймен жасалды. Әлемде алғаш рет А. Н. Туполев тәжірбие жүзінде қанат профилі құрылыс биіктігінен үлкен, қозғалтқыштары қанат ұштарында орналасқан еркінтасушы толықметалды монопланды жасау мүмкіндігін тек ғылыми түрде дәлелдеп қана қойған жоқ, сонымен қатар осындай ұшақты жасап шығарды. Он жылдан кейін осы сызба ауыр авиацияда қолданылатын негізгі сызбаға айналады, себебі ол ажродинамикалық жағынан ең жақсысы болды. Үшмоторлы АНТ-9 Туполевтің ең алғаш жолаушы ұшағы болыды. Ол тоғыз жолаушыны тасымалдауға арналған болатын. «Крылья Советов» аталған сериялық ұшақтың бірі сегіз жолаушысымен Мәскеу-Берлин-Париж-Рим-Марсель-Лондон-Париж-Берлин-Мәскеу бағытында үлкен әуе сапары жасалынды. Сапар нәтижелері АНТ-9 ұшағының өзі санатындағы үздік шетелдік ұшақтарымен бәсекеле алатын бірінші дәрежелі ұшақ екенін көрсетті. Бұрыннан келе жатқан авиациялық журналдардың бірі — Flight АНТ-9 ұшағы туралы келесіні жазған: «Ұшақ конструкторлар мен Кеңестік Ресейге құрмет көрсетуде». ## Тағы қараңыз * Ту-160 * Ту-95 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Туполев» ААҚ ресми сайты Мұрағатталған 10 ақпанның 2007 жылы.
Басилей (көне грекше: βᾰσῐλεύς; немесе басилевс, базилевс, василевс) - Ежелгі Грекидағы Микен дәуіріндегі монархтардың атауы, сонымен бірдей орта ғасырда Византия императорларының ресми лауазымы. Скифтардың және Боспор патшалығының патшаларын да солай атаған. Гомер кезінде тайпаның немесе тайпалар одағының басшысы. Алғашқыда сайлаумен тағайындалатын, кейін мұрагерлікке көшті. Афиныда патшаның билігі жойылғаннан кейін (дәстүр бойынша б.з.б. 11 ғ.), Басилей термині екінші архонтты, Спартада патша лауазымдарының бірін, эллиндік мемлекеттерде монархтың атын белгілеу үшін қолданды. Ежелгі Грекия әдебиетінде Рим императорлары Басилей деп аталды . ## Дереккөздер
Қоянтобық (лат. Botsc) – астралылар тұқымдасы, таусағыз туысына жататын көп жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 8-25 см. * Тамыры түйнекке айналған. * Сабағы көбіне біреу (кейде 2-5), тік, сыртын нәзік түк жапқан бұтақтары болады. * Жапырағы таспа тәрізді, ені 2-5 мм, ұшына қарай соозылыңқы үшкір, тегіс жиекті. Сабақ жапырағы қондырмалы. 5-7 (25) тостағаншасы конус тәрізді (сирек жағдайда цилиндр тәрізді), гүлсидамы тік, жемістенген кезде төмен қарай иіліп тұрады. Орама жапырақтары түкті, жиегі жарғақты. * Гүлдерінің тілшелі күлтесі сары түсті. * Тұқымының ұзындығы 5-7 мм, айдаршасының ұзындығы 10-20 мм, қылтанағы түкті. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, жеміс береді. ## Өсетін жері мен таралуы Қоянтобық Орта Азия елдерінде, Батыс Сібір жазығында, Ауғанстанда, Батыс Қытайда тараған. Қазақстанда Торғай, Жем өзендері алабында, Бетпақдала, Мойынқұм шөлдерінде, Қаратау жотасы, Балқаш-Алакөл ойысында кездеседі. Құмда өсетін каучукты өсімдік, жайылымдық мал азығы. ## Дереккөздер
## Кірпікшелі кебісшенің тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы Көптеген кірпікшелі жәндіктер еркін жүзетіндіктен, сүйір денелі болып келеді. Солардың бірі- кірпікшелі кебісше. Кебісшенің пішіні кебіске өте ұқсас. Оның бүкіл денесін жіңішке түк тәрізді өскін-кірпікшелер қаптап жатады. Бір кебісшенің денесінде 10-15 мың кірпікше болады, осы кірпікшелердің әрқайсысы ескекше қимылдап, кебісше үздіксіз шапшаң қозғалады. Кірпікшелі кебісшенің амеба немесе жасыл эвгленадан айырмашылығы: денесін жұқа, тығыз қабықша қаптайды. Қабықша майысқақ, иілімді болғандықтан, кебісше денесін еркін қозғап, әр түрлі қалыпқа келтіре алады. Кірпікшелілер тоқтау суларда, тоғанда, батпақты жердегі суларда кездеседі. Кірпікшелі кебісшенің денесі күрделі екі жасушадан тұрады. Денесінің негізгі бөлігін цитоплазма толтырады, цитоплазманың ішінде бір үлкен және бір кішкене -екі ядро болады. Цитоплазманың сыртқы қабаты-тығыз қабықша, онда өте көп кірпікше өседі, ал ішкі қабаты сұйықтықтан тұрады. Кебісшенің алдыңғы жағы доғал, ал артқы жағы жалпақтау келіп, сүйірленеді. Оның қозғалып жүзуі: кірпікшелер арқылы алға қарай жылжиды, бүкіл денесімен өз кіндігінен оңға қарай айналады. ## Қоректенуі Кірпікшелілердің негізгі қорегі- бактериялар және ұсақ ағзалар. Кебісшенің алдыңғы жағынан сопақшалау келген ойыс көрінеді. Бұл-кебісшенің ауыз ойысы. Ауыз ойысы цитоплазмада тар шұқырақ тәрізденген жұтқыншаққа жалғасады. Ауыз ойысындағы кірпікшелердің қимылымен судағы ұсақ тірі ағзалар және бактериялар кебісшенің жұтқыншағына қарай жылжиды. Қоректік зат цитоплазмаға түсісімен төңірегінде көпіршік түзіледі және асқорыту вакуоліне айналып, қоректі өзгеріске ұшыратады. Асқорыту сөліне оралған қорек түйірлері қорытылып, цитоплазмамен жайлап жылжиды, қорытылмаған бөлігі денедегі тесік- қылаулатқыш арқылы сыртқа шығады. ## Тыныс алуы және зәр шығаруы Кірпікшелі кебісшенің тыныс алатын ерекше мүшесі жоқ, сондықтан бір ғана жасушадан тұратын денесіндегі жұқа қабықша арқылы өз айналасындағы суда еріген оттегін бүкіл денесіне сіңіріп, газ алмастырады, тыныс алады. Кірпікшелі кебісшенің денесінде жиырылғыш, жұлдызша тәрізді екі вакуоль айқын көрініп отырады. Бұл вакуольдерге денедегі артқы мөлшердегі сұйықтық жиналады. Вакуольдердің біреуі кебісше денесінің алдыңғы бөлігінде, екінші артқы жағында орналасады. Олардың мөлшері жинақталған сұйықтыққа байланысты, сондықтан көпіршіктің кейде пайда болып, кейде жойылып кетуі мүмкін. Кірпікшелі кебісшенің осы жиырылғыш вакуольдері зәр шығару қызметін атқарады. ## Дереккөздер Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 21 б., ISBN 5-625-03599-7 ## Кірпікшелі кебісшенің тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы Көптеген кірпікшелі жәндіктер еркін жүзетіндіктен, сүйір денелі болып келеді. Солардың бірі- кірпікшелі кебісше. Кебісшенің пішіні кебіске өте ұқсас. Оның бүкіл денесін жіңішке түк тәрізді өскін-кірпікшелер қаптап жатады. Бір кебісшенің денесінде 10-15 мың кірпікше болады, осы кірпікшелердің әрқайсысы ескекше қимылдап, кебісше үздіксіз шапшаң қозғалады. Кірпікшелі кебісшенің амеба немесе жасыл эвгленадан айырмашылығы: денесін жұқа, тығыз қабықша қаптайды. Қабықша майысқақ, иілімді болғандықтан, кебісше денесін еркін қозғап, әр түрлі қалыпқа келтіре алады. Кірпікшелілер тоқтау суларда, тоғанда, батпақты жердегі суларда кездеседі. Кірпікшелі кебісшенің денесі күрделі екі жасушадан тұрады. Денесінің негізгі бөлігін цитоплазма толтырады, цитоплазманың ішінде бір үлкен және бір кішкене -екі ядро болады. Цитоплазманың сыртқы қабаты-тығыз қабықша, онда өте көп кірпікше өседі, ал ішкі қабаты сұйықтықтан тұрады. Кебісшенің алдыңғы жағы доғал, ал артқы жағы жалпақтау келіп, сүйірленеді. Оның қозғалып жүзуі: кірпікшелер арқылы алға қарай жылжиды, бүкіл денесімен өз кіндігінен оңға қарай айналады. ## Қоректенуі Кірпікшелілердің негізгі қорегі- бактериялар және ұсақ ағзалар. Кебісшенің алдыңғы жағынан сопақшалау келген ойыс көрінеді. Бұл-кебісшенің ауыз ойысы. Ауыз ойысы цитоплазмада тар шұқырақ тәрізденген жұтқыншаққа жалғасады. Ауыз ойысындағы кірпікшелердің қимылымен судағы ұсақ тірі ағзалар және бактериялар кебісшенің жұтқыншағына қарай жылжиды. Қоректік зат цитоплазмаға түсісімен төңірегінде көпіршік түзіледі және асқорыту вакуоліне айналып, қоректі өзгеріске ұшыратады. Асқорыту сөліне оралған қорек түйірлері қорытылып, цитоплазмамен жайлап жылжиды, қорытылмаған бөлігі денедегі тесік- қылаулатқыш арқылы сыртқа шығады. ## Тыныс алуы және зәр шығаруы Кірпікшелі кебісшенің тыныс алатын ерекше мүшесі жоқ, сондықтан бір ғана жасушадан тұратын денесіндегі жұқа қабықша арқылы өз айналасындағы суда еріген оттегін бүкіл денесіне сіңіріп, газ алмастырады, тыныс алады. Кірпікшелі кебісшенің денесінде жиырылғыш, жұлдызша тәрізді екі вакуоль айқын көрініп отырады. Бұл вакуольдерге денедегі артқы мөлшердегі сұйықтық жиналады. Вакуольдердің біреуі кебісше денесінің алдыңғы бөлігінде, екінші артқы жағында орналасады. Олардың мөлшері жинақталған сұйықтыққа байланысты, сондықтан көпіршіктің кейде пайда болып, кейде жойылып кетуі мүмкін. Кірпікшелі кебісшенің осы жиырылғыш вакуольдері зәр шығару қызметін атқарады. ## Дереккөздер Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 21 б., ISBN 5-625-03599-7
Баскілер (баск Euskaldunak, ис. Vascos, фр. Basques) — Испанияның солтүстігінде және Францияның оңтүстік-батысында Баск жерлерін мекендейтін халық. Жалпы саны 2,5 млн. адам. ## Автоэтнонимі Васко («баск») сөзі латынның «uasco» сөзінен шыққан (- n негізі, жанама васкон, көпше - васкон) — Римге дейінгі және римдік кезеңде Испанияның Баск елінде өмір сүрген ежелгі васкон халқының атауы. ## Эндоэтнонимі Испанша — «Vascos»; французша — «Basques»; ағылшынша — «Basques»; каталанша — «Bascos»; немісше — «Basken»; италянша — «Baschi»; голландша — «Basken»; португалша — «Bascos»; румынша — «Basci»; түрікше — «Basklar»; орысша — «Баски»; белорусша — «Баскі»; украинша — «Баски»; валлийша — «Basgiaid»; норвегше — «Baskere»; галисийша — «Vascos». ## Этнонимі Кей аңыздарда бұлар аман қалған атланттардың ұрпақтары деген аңыздар бар. Кейбір тарихшылар оларды 3,5 мың жыл бұрын Кавказдан келген және грузиндермен ортақ шыққан деп болжайды. Баскілер Еуропаға кроманьондармен бірге келді деген гипотеза бар. Кейбір зерттеушілер баскілерді Еуропаның солтүстігінде біздің эрамызға дейінгі 8 мың жылдай өмір сүрген тайпалардың ұрпақтары деп санайды. ## Нәсілі Олар ірі европеоид нәсілінің үнді-жерорта теңізі тобына жатады. ## Сырт келбеті Сыртқы ерекшеліктері: * Биіктігі: орташа * Дене бітімі: қалыпты * Шаштың түсі: қоңыр * Шаш құрылымы: түзу * Көздің түсі: қоңыр/ашық аралас/көк * Көз саңылауының көлбеуі: көлденең * Тері түсі: ашық күңгірт * Қас пішіні: түзу * Еріннің қалыңдығы: жұқа * Мұрын түбі: жоғары * Бет сүйектерінің ені: тар * Жақ пішіні: тар * Маңдай пішіні: тік * Маңдай биіктігі: жоғары. Испан баскілері мезоцефалиялық (орташа цефалиялық индекс 78), ал француз баскілері суббрахицефалиялық (орташа индекс шамамен 82). Баскілер – орташа бойлы адамдар (Испанияда орташа бойы 164 см, Францияда 166 см). ## Тілі Баск, испан, француз, тілдерінде (заң жүзінде қабылданған) сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.Баск тілі немесе эускара (эускара) оқшауланған палео тілдеріне жатады. Жалпы теорияға сәйкес, ол басқа топтармен байланысы жоқ тәуелсіз тіл. ## Жазуы Бірнеше ғасырлар бойы баск тілінде стандартты орфография болған жоқ, Роман тілдерінің емле ережелері жиі қолданылды. 1964 жылы Корольдік Баск тілі академиясы (Euskaltzaindia) жаңа, нормаланған орфографияны ұсынды, ол қазір барлық жерде дерлік қолданылады. Латын графикасына негізделген қазіргі жазуы:Aa Bb Cc Dd Ee Ff Gg Hh Ii Jj Kk Ll LLll Mm Nn Ññ Oo Pp Qq Rr RRrr Ss Tt TSts TXtx TZtz Uu Vv Ww Xx Yy Zz ## Діні Баскілер өте діндар және дінге сенушілердің көбі — католиктер. Ал 18-ші және 19-шы ғасырдың басына дейін бұл адамдар пұтқа табынушылық көзқарастарды ұстанды және бүгінгі күнге дейін олардың өмірінде дәстүрлі сенімге көзқарастар бар.Соңғы жылдары шіркеудің тарихы төмендеді. Қазіргі уақытта, қоғамдық сауалнамаға сәйкес, баскілердің 50% -дан сәл астамы құдайға сенетінін айтады, ал қалғандары агностик немесе атеист. Дінге жас ұрпақ арасында скептицизм (күдікпен қарайтын) айтарлықтай өсуде, ал аға буын дінге көбірек сенеді. 2012 жылы өздерін католик деп санайтын баскілердің үлесі 58,6% құрады, 24,6% дінге сенбейтін және 12,3% баскілер атеистер болды. ## Негізгі қоныстану аймағы және халқы Баск халықтары Испания территориясында – Наварра, Гипускоа, Бискай, Алава провинцияларында, сонымен қатар Франция территориясында – Атлантикалық Пиреней департаментінде тұрады.Испаниядағы баскілер саны 2008 жылы 2360 мың адам, Францияда шамамен 230 мың адам деп бағаланады. Баскілердің ұрпақтары Аргентинада (3 млн адам), Чилиде (4,5 млн адамға дейін), Мексикада (2,5 млн адамға), Кубада (1,5 млн адамға дейін), Бразилияда (1 млн адамға), АҚШ-та және т.б. басқа елдерде тұрады. ## Тарихы Басклердің арғы тектері — васкон, вардул, каристи тайпалары. Орта ғасырларда солтүстік бөлігі Франция, оңтүстігіндегілер Кастилия ықпалында болғанымен, өздерінің әдет-ғұрпын, дәстүрін, тілін, мәдениетін сақтап қалды. Рим билігі кезінде олар өз тілдерін сақтай отырып, романизацияға қарсы тұрды. Үнемі жаулап алушыларға қарсы тұруға мәжбүр болған (орта ғасырда солтүстік басктар Францияның, оңтүстігі - Кастилияның саяси ықпалы аймағында болды), басктлер азаттық күреске ықпал еткен көптеген қауымдық дәстүрлерді сақтап қалды. XIX ғасырдың аяғында Испанияда үлкен ауқымға жеткен басклердің ұлттық қозғалысы қалыптасты. Республикалық Испанияда үш провинция кіретін Баск елі (Наваррасыз) автономияға ие болды (1936-37). 1940-1950 жылдары испанизация күшейе түсті. Баск еліне Испанияның басқа аудандарынан жүздеген мың қоныс аударушылардың келуінің арқасында өнеркәсіпте жұмыс істеу үшін испан тілді элемент күшейе түсті. 1960-1970 жылдары туған жердің мәдениеті мен тарихына қызығушылық күрт өсті, жеке баск тіліндегі мектептер тез тарай бастады. 1970-ші жылдары оны бұқаралық ақпарат құралдары қолдана бастады. 1970-1980 жылдардың тоғысында Баск елі, одан кейін Наварра автономиялық мәртебеге ие болды. ## Кәсібі Негізгі ауыл шаруашылығы дақылы жүгері (баскілер оны Еуропада алғашқылардың бірі болып игерген), бау-бақша, жүзім шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыған, ал ертеде теңіз балық аулау, кит аулау, кеме қатынасы дамыған. Баскілер балық аулап қана қоймай, киттерді де аулаған. XII ғасырға қарай бұл сауда олар үшін ең маңыздыларының біріне айналды. Бастапқыда кит аулаушылар Бискай шығанағын игеріп, олар теңізге жақсы көрінетін жағалау бойына мұнаралар тұрғызды. Су бетінде кит байқалған бойда аңшылар қайықтарға тиеліп, олжаға қарай жүзді. XIV ғасырдан бастап баскілер Британ аралдарының айналасындағы суларды игерді, ал екі ғасырдан кейін балық аулау географиясы одан да кеңейе түсті: кит аулаушылар Исландия мен Ньюфаундленд жағалауларына жетті. Бүгінде олардың қатысуы ХХ ғасырда Солтүстік Америкада табылған кемелердің қалдықтарымен, сондай-ақ Сент-Пьер Мен Микелон архипелагының Елтаңбасымен еске түседі, оның элементі Баск елінің туы болды. ## Тұрмыс салты Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары. Баск қонысының шашыраңқы түрде келеді. Екі немесе үш қабатты, толығымен немесе ішінара тастан жасалған, көбінесе әктелген және балкондармен, жабық галереялармен және карниздермен безендірілген, төбесі (кейде өте тік) шифер немесе плиткамен жабылған. Жоғарғы қабаттарда тұрғын үй және қосалқы бөлмелер бар. Дәстүрлі киімдері. Ұлттық киім тұтастай күнделікті қолданыстан шығып қалды. Оны тек халықтық мерекелерде, дәстүрлі карнавалдарда көруге болады.Қоныстарына байланысты ұлттық киім үлгілері де әр түрлі. Наваррада әйелдер алтын, күміс жіптермен тігілген қысқа қара күртеше, көгілдір көйлек киіп, мойындарына алтын, күміс алқа-моншақтар, бастарына жібек бант тағады. Қыздары жеңі кең ақ көйлектің сыртынан қынама белтартқыш киеді. Ер адамдары балағы тізелікке жететін қысқа қара шалбар, күміс түймелі күртеше, қысқа жүн шұлық, былғарыдан тігілген кебіс киеді. Баскілердің бас киімі көптеген еуропалық елдердегідей: қара, көк, қызыл немесе ақ түсті матадан жасалған жалпақ берет (боина).Беретті кішкентай ұлдардан бастап үлкендерге дейін барлық ер адамдар дәстүрлі костюммен де, күртешелермен де үйлестіре киеді.Испанияда ерлер мен әйелдерге альпаргаттар аяқ киім ретінде жиі қолданылады. Баск әйелдерінің дәстүрлі бас киімі - ақ орамал. XVIII ғасырға дейін жас әйелдер әртүрлі және өте сәнді стильдегі шалма түрінде ақ материалдың бір бөлігін бастарына ораған.Қазіргі уақытта орамалдың түйіні бастың артқы жағында, маңдайда немесе иек астында бекітіледі, ал артқы ұшы арқаға еркін ілінеді.Сырт киімдердің көне үлгілері, дөрекі жүн матадан, қой немесе ешкі терісінен тігілген киімдер, әсіресе бақташылар арасында сақталған. Дәстүрлі тағамдары. Баск асханасының ерекшелігі Испания мен Францияның тағамдарының дәстүрлерінің үйлесуі болып табылады. Баск тағамдары балық тағамдары мен теңіз өнімдерінен жасалған тағамдарға негізделген. Еттен, сиыр еті шошқа етіне қарағанда жиі тұтынылады. Баск асханасының рецепттерінде шөптер мен хош иісті дәмдеуіштер қалыпты қолданылуы бар. Дәстүрлі Баск тағамдары бидай мен жүгері нанынан, сүттен, қой ірімшігінен, шошқа етінен жасалған түрлі тағамдардан тұрды. Бұрышпен мол дәмдеуіштермен көкөніс қоспаларын дайындайды. Баск елінің аумағында өндірілетін және өсетін кейбір өнімдер мен азық-түлік шикізаты негізінен өз аймақтарында кең таралған.Мәселен, Баск тағамдарын дайындауда Толоса қара бұршақтары, Орозко хоризо шұжығы, Идиасабал қой ірімшігі, Герника жасыл бұрышы, теңіз ұлулары, Гетариядан құрғақ ақ шарап және Байонна шөп ликері. Дәстүрлі баск рецептері теңіз өнімдеріне бай. Мұнда олар сарымсақ пен чили бұрышымен қуырылған жыланбалықтан тұратын Ангулас деп аталатын тағам дайындайды. Өз шырынындағы трескадан немесе паприка қосылған тұздықтағы бискей стиліндегі треска, «Сия» соусындағы кеспе балық өте дәмді болып келеді.Тәтті Баск тағамдарынан ешкі сүтінен жасалған десертті (Куажада), қамырға, кілегейге және карамельге негізделген тәтті Гоксу десертін атап айтуға болады.Сусындардан ең көп таралғаны - алма сидрі. Фольклоры. Баскілер ежелден билерімен танымал болды, оларда негізінен ер адамдар биімен басым болды. Ұлттық билер сыбызғы, флейта, барабанның сүйемелдеуімен орындалады, суырып салма ақындар айтысы жақсы дамыған. Дәстүрлі спорттық жарыстар (олардың ішінде доп ойыны пелота), сондай-ақ импровизацияланған әншілердің турнирлері танымал. ## Танымал тұлғалары * III Санчо — 1004 жылдан бастап 1035 жылға дейін Наварра елінің патшасы. * Хуан Себастьян Элькано — испандық теңізші, баск отбасында туған. * Игнатий де Лойола — Рим-католиктік әулие, иезуит орденінің негізін қалаушы, Баск елінде туған. * Франциск Ксаверий — католиктік әулие және миссионер. * Лопе де Агирре — конкистадор, Баск елінде туған. * Фаусто Эльхуяр — испан химигі, француз тектес баск. * Томас де Сумалакарреги — испан карлистерінің жетекшісі. * Арно Мишель д’Аббади — франциялық зерттеуші, географ, этнолог, лингвист және астроном, әке жағынан баскілік. * Хулиан Гайарре — испандық опера әншісі (тенор). * Пабло Сарасате — испандық скрипкашы және композитор. * Пио Бароха — испан жазушысы, романист. * Рене Кассен — француз заңгері және қоғам қайраткері. * Хорхе Отейса — испан (баск) мүсіншісі. * Пит Сенарруса — саясаткер, Айдахо штатының Мемлекеттік хатшысы, баск иммигранттарының ұлы. * Эдуардо Чиллида — испан (баск) мүсіншісі. * Долорес Ибаррури — испан және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. * Джон Гараменди — американдық кәсіпкер, саясаткер және Демократиялық партияның мүшесі. * Бернардо Ачага — баск жазушысы, қазіргі баск әдебиетінің ең ірі өкілі. * Леопольд Эйартц — француз ғарышкері - CNES зерттеушісі. * Мигель Индурайн — испаниялық велосипедші. * Хосе Мария Оласабаль — баскілік кәсіби гольф ойыншысы (Испания). * Эдурне Пасабан — испандық альпинист. * Иманоль Аринордоки — баск тектес француз регби ойыншысы. * Хаби Алонсо — испан кәсіби футболшысы. ## Бейнетаспалар * https://yandex.kz/video/preview/7797580813337167507 Баскілердің – шығу тегі, өзіндік ерекшелігі және гетерогенділігі. Генетикалық тарих * https://yandex.kz/video/preview/6288870147910365739 Баскілер кімдер? * https://yandex.kz/video/preview/17119406873085756185 Баскілер кімдер? * https://yandex.kz/video/preview/12826177504752884918 Баскілер — әлемдегі шағын халықтар. Баск елі * https://yandex.kz/video/preview/10730744349383295581 Баск елі. Оңтүстік-Шығыс Франция. ## Дереккөздер
Салалы қоқтын (лат. Biebersteinia multifida) - қазтамақтар тұқымдасы, сапиндгүлділер түрі, қоқтын туысына жататын көп жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 15-40 (50) см, сыртын түк және бездер басқан. * Тамыры жұмырланып жуан келген, тамыр мойнын қоңыр қабық тәрізді қабыршақ жапқан. * Сабағы жуан, төменгі жағы қара қоқшыл түсті, жоғарғы бөлігі бұтақталған. * Түкті жапырағы қандауыр тәрізді, ұзынша сүйір бөліктерге тілімделген, құба түсті бөбешік жапырақтары қабықшалы. * Гүлдері сабағы мен бұтақтарының бас жағында шашақты селдір гүлшоғырына топтасқан. Гүл жапырағы жұмыртқа немес желпуіш тәрізді ұлпалы тілімдерге бөлінген, жемістенген кезінде ұлғаяды. Күлтесі сары, қызғылт сары түсті, ұзындығы 5-8 мм, ұш жағы қатты тілімделген. Аталық жіпшелері жалаң немесе сирек жағдайда кірпікшелі. * Жемісі тықыр, сырты қатпарланған. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. ## Өсетін жері мен таралуы Қазақстанда Солтүстік және Оңтүстік Үстіртте, Бозащы түбегінде, Маңғыстау тауларында, Арал маңында, Бетпақдала, Мойынқұм, [Қызылқұм (шөл)|[Қызылқұм]] шөлдерінде, Жетісу, Іле, және Күнгей Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Қаратау жотасында өседі. Өсетін орны - таудың ұшар басы, тасты баурайлар, жартастар, сазды жерлер, тақыр және шөл далалар. ## Дереккөздер
Құмқазар (лат. Arenicola marina) – көпқылтанды құрт. ## Тіршілігі мен сыртқы құрылысы Теңіз түбіндегі тұнба немесе құмнан ін қазып тіршілік етеді. Басқа көпқылтаңды құрттар секілді денесі созылыңқы, өте көп буылтықты және буылтықтарында шоқтанып орналасқан қылтанды болып келеді. Құрттар қылтандары арқылы су түбінде жорғалап жүреді (қылтандар аяқтың қызметін атқарады). Құмқазардың түсі- қошқыл қоңыр, құмнан U тәрізді ін қазып, іннің шұқырақты аузынан қорегін аңдиды. Бұл кезде балықтар үйіндісінен шығып жатқан құмқазардың құйрығын қорек етеді. Қылтандары іннің қабырғасына тіреліп, аман қалған құмқазар бөлігі біраз уақыттан соң қалпына келеді. Тармақталған шоғырлы қызыл желбезектері құмқазар денесінің ортаңғы бөлігінде орналасады, оның тұрқы 30 см шамасында болады. Денесі шамамен үш бөліктен тұрады: басқы бөлігі, көптеген буылтықтардан құралатын тұлға бөлігі және қысқалау келген аналь бөлігі. Құмқазардың денесінде көп қылтандардың болуы, оның алдағы уақыттағы аяқтарын білдіреді. ## Тері-бұлшықет қапшығы Денесі құрт тәрізді созылыңқы және сәл жалпақтау болып келеді.Бас бөлігі бастан және ауыздан құралады. Көпқылтандылардың аналь бөлігінен басқа дене бөліктерінде аяқтың қызметін атқаратын қылтандары болады. Денесі бір қабатты эпителиймен қапталған, оның сыртын кутикула қаптайды. Тері-бұлшықет қапшығы екі қабаттан: эпителий астында сақиналы бұлшықет қабаты, оның астында бірыңғай салалы бұлшықет қабаттарынан құралады. Құрттар осы бұлшықеттері арқылы созылып-қысқарып, ирелеңдеп жүре алады. ## Дене қуысы Дене қуысы тері-бұлшықет қапшығының астында сұйықтыққа толы болады. Сол сұйықтықта құрттың ішкі мүшелері орналасады. Дене қуысы жұмыр құрттардағыдай бүкіл денеге созылмай, буылтық сайын перделермен бөлінеді. ## Тыныс алуы Тынысалу мүшесі-желбезек. Терісі де тыныс алуға қатысады. ## Зәр шығаруы Оның зәр шығару жүйесі ашық болады. Әрбір буылтықтарда зәр шығару мүшелері болады. Зәр шығару мүшесінің кірпікшелі шұқырағы буылтық қуысына ашылады, денедегі қажетсіз зат дененің қабырғасындағы арнаулы зәршығару тесігі арқылы сыртқа шығарылады. ## Қан айналымы Оның тұйық қанайналым жүйесі бар. Мұнда екі тамыр- арқа және құрсақ қан тамырларының тақаратын мәні зор. Тамырлар құрт денесінде ішектің үстіңгі және астыңғы жағында орналасып, әрбір буылтық сайын бірімен-бірі сақиналы тармақтар арқылы жалғасады. Құрттың арқа тамыры жиырылады, қанды лүпілі арқылы басына қарай айдайды, ал қан құрсақтамырға сақиналы тармақтар арқылы таралады. Құрсақтамырдағы қан дененің соңғы бөлігіне қарай жылжиды. Қанның түсі - қызыл. ## Дереккөздер * Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 65 б., ISBN 5-625-03599-7
Бұлардың ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделген, бунақталған тұмсықшадан құралады. Көптеген қандалалардың қанат үсті- алдыңғы жұп қанатының қалыңдығы біркелкі емес: жиегі-көн тәрізді, қалың хитинді қабаттан құралған, қатқыл, ал үстіңгі жағы - жұқа , жұмсақ және мөлдір болып келеді. Қанатүстінің қалыңдығы біркелкі болмағандықтан, отряд шалақатқылқанаттылар деп аталады. Бұл отрядтағы бунақденелілердің кейбіреуінде қанатүсті - біркелкі қалыңдықта, ал кейбіреулерінде - қысқарған немесе мүлде жоқ болады. ## Мәдени өсімдіктерге зиян келтіретін қандалалар Өсімдік қандалаларынан қасақы жалпайма, тауқандала астық тұқымдастарға орасан зор зиян келтіреді. Тауқандалалар тауда 2 мың метрге жуық биіктікте қыстап, наурыз - сәуір айларында көбею үшін арамшөпті алқапқа түсіп, жұмыртқа салады. Дернәсілдер жетілгенге дейін ересек тауқандалалар бидай егістігіне барып, масақтағы толысқан дәнді сорып, астық түсіміне нұқсан келтіреді. Шаршыгүл қандаласы көкөністер зиянкесі болып табылады. ## Төсек қандаласы немесе қандала Қандаланың бұл түрі қанмен қоректенеді. Бұлар жарты жылдан астам уақыт қорексіз тіршілік етуге төзетіндіктен, үй-жайды мекендеп, адамның қанын сорады. Бұл қандалалардың басқа сүтқоректілерде паразиттікпен тіршілік ететін түрлері бар. Олар жарқанаттың, шақшылдақтың, құстардың денесінде паразиттікпен тіршілік етеді. ## Суда тіршілік ететін қандалалар Тұщысу айдынында су бетімен замғап жүреді. Олар құрлық жәндіктері, қорегін су бетінен аулайды. Су тереңінен шалқалап жүзіп жүрген сушалқақты көрінеді. Сушалқақ - едәуір қашықтыққа ұша алатын жыртқыш бунақдене, оның артқы аяқтары есекке айналған. Зұламат -суда жақсы жүзетін су қандаласы. ## Дереккөздер
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі ## І. Лицейдің қысқаша тарихы ### 1. Мекеме атауы Атырау облысы әкімінің 1993 жыл 6 тамыздағы № 237 шешімімен құрылған «Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі атауы Атырау облыстық әкімиятының 2004 жыл 18 қазандағы № 200 қаулысымен «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген. Мемлекеттік Лицензия № 0001138, берілген күні: 30.12.2005ж. Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 060007 Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Досмұхамбетов көшесі, 10 үй, Байланыс телефоны: 8 7122-32-85-54, факс: 8 7122-32-90-72. ### 2. Лицейдің даму бағдарламасы Лицейдің 2012-2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары дайындалып, 2011 жылдың 1 желтоқсанында бекітілген. Жоспарда лицейге тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекетті саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеті қойылып, жоғары білімді бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлт өкілдерін қалыптастыру пайымы көрсетілген. Сонымен қатар ағымдағы жай-күйді талдау; лицейдің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және түйінді нысаналы индикаторлары; функционалдық мүмкіндіктері, ведомствалық іс-қимылдар; ықтимал қатерлер, бюджеттік бағдарламалар қолға алынған. ### 3. Лицей тарихы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі 1993 жылы ашылып, содан бері заман талабына сай білім және тәрбие беруде, облыс көлеміндегі жоғары жетістіктерге жетіп жүрген іргелі оқу орнына айналып отыр. Лицейге 6-сыныпты бітірген ер балалар сынақ қорытындысымен қабылданады. Қазақ-түрік лицейлеріне қабылдау емтиханы сәуір айының соңғы жексенбі күні болады. Білім берудегі басты ерекшеліктер жаратылыстану бағытындағы пәндер, яғни математика, информатика, физика, биология, химия, пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Білім беру барысында оқушылардың сабағы, олимпиадаға, университетке дайындықтары және тәрбиелері үнемі қадағаланып отырады. Қазақ-түрік лицейі білім беру жүйесі 2 сатыдан тұрады: Екінші саты – жалпы негізгі білім (оқу мерзімі 3 жыл, 7-9 сыныптар), үшінші сатысы – орта жалпы білім (оқу мерзімі 2 жыл, 10-11 сыныптар). Лицейдің оқушы саны – 240, мұғалімдер саны – 27. Оның ішінде жоғары санатты–8, І санатты– 3, ІІ санатты – 6, санаты жоқ мұғалімдер саны - 10. ### 4. Бағыты, оқыту тілі Лицей жаратылыстану бағыты бойынша білім береді. Оқыту тілі қазақша. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, Адам, қоғам, құқық негіздері, дүние жүзі тарихы, БӘД, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, сызу пәндері қазақ тілінде; орыс тілі, орыс әдебиеті - орыс тілінде; ағылшын тілі, алгебра, геометрия, информатика, физика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде; түрік тілі-түрік тілінде оқытылады. ## ІІ. Лицейдің негізі нормативтік құжаттары Атырау қазақ-түрік лицейі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, тиісті құзырлы органардың бұйрықтары мен нұсқауларын және Жарғысын басшылыққа алады. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жыл 16 маусымдағы № 974 қаулысымен бекітілген, 1997 жыл 4 наурызда Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы «Білім саласындағы ынтымақтастық туралы» хаттама негізінде және 2003 жыл 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасындағы «Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім» негізінде қызмет көрсетеді. Облыстық білім департаменті ұсынған «Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі туралы ережені» 1993 жылы 3 қыркүйекте Атырау облысының әкімі № 259 шешімімен бекіткен. Облыстық қазақ-түрік лицейінің Ұлттық банкте есепшоты ашылып, мөр мен штамп дайындалған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және спорт министрлігінің 1999 жыл 7 тамыздағы № 350 «Қазақ-түрік лицейлері туралы ережені бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жыл 28 тамызда № 496 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бар. 2000 жылы 25 сәуірде Атырау облыстық білім басқармасымен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасында Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі туралы келісім шарт жасалған. 2004 жылы 26 сәуірде Атырау облыстық білім беру басқармасы мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасында «Атырау қаласындағы қазақ-түрік лицейінің қызметі туралы» келісім шарт жасалған. 2009 жылы 25 ақпанда Атырау облысы әкімдігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасында «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы № 1 келісім шарт жасалған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» өкімі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №289 «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 қарашадағы №450 «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығы. 2009 жылы 30 желтоқсанда Атырау облыстық білім беру басқармасының бастығы Қайненов Қ.Қ тарапынан бекітілген «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің жарғысы тіркелген. ## ІІІ. Лицейдің материалдық-техникалық базасы ### 1. Мектептің түрі Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі - шағын жинақталған орта мектеп. 1959 жылы 324 орындық типтік жобамен салынған мектеп ғимаратында (жалпы алаңы-3400м2) орналасқан. Лицей жанындағы интернат (жалпы алаңы 1081,1 м2) 120 кісіге есептелген. Оқу және жатақхана ғимараты 2008 жылы «Аджип» ҚКО компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткізілген. 2013-2014 оқу жылына дайындық актісі 2013 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан алынған. ### 2. Пән кабинеттері Лицейде 2 қазақ тілі, 1 орыс тілі, 3 шет тілі, 2 математика, 1 физика, 1 информатика, 1 химия, 1 биология, 1 тарих, 1 БӘД, 1 география, 1 өзін-өзі тану пәні оқу кабинеттері мен 1 информатика зертханасы, 1 химия зертханасы, 1 физика зертханасы сияқты жалпы саны 19 оқу кабинеті (жалпы көлемі 873м2) бар. Кабинет мүлкінің дені 2008 жылғы күрделі жөндеуден кейінгі алынған, сапалы, үйлесімді, жақсы сақталған. Жарықтандыру жеткілікті, талапқа сай. 3 оқу кабинетінде ғана бормен жазатын тақта қолданылуда. Сыныптардың барлығында интернет желісіне қосылуға жағдай жасалған. Информатика кабинетінде 27+2, информатика зертханасында 6 компьютер қолданылады. Химия және физика зертханаларында зертханалық үстелдер қойылып, зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар 90% қамтылған. ### 3. Лицей спорт залы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінің типтік спорт залы (жалпы ауданы 290,7м2) бар. Спорт зал волейбол тірегі, гимнастика брусьясы, бөренесі және арқаны, аттар, мат, стол теннисі және түрлі топтармен жабдықталған, 2 шешінетін бөлме, 2 әжетхана және 4 жуынатын кабина жұмыс істейді. 2 велотренажер, 1 жүгіру тренажеры, 2 кір тасы, 1 штангы тренажеры және 2 әмбебап тренажеры алынған. Лицей ауласында турник, брусья, сатымен жабдықталған спорт алаңы және кіші аяқ доп алаңы бар. Бассейн жоқ. Дене тәрбиесі мұғалімі Е.У.Хисимов 11 жыл еңбек өтілі бар І-санатты мұғалім. 2010 жыл 14-26 маусым аралығында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында 0311 мамандығы бойынша, 2011 жыл 3-8 қазан аралығында ОКБАжҚДИ «Мектепке дейінгі орта және жоғары сыныптарда оқушылардың денсаулығын сақтау мәдениетін қалыптастыру» білім арттыру курстарынан өтіп, 2014 жылдың 26-30 наурыз аралығында «Дарын» РҒПО «Білім беруді жаңғырту жағдайындағы дене тірбиесін оқытудың әдістемесі мен мазмұнының ерекшеліктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарына қатысқан. Лицейде футбол, волейбол және баскетбол үйірмелері ұйымдастырылған. ### 5. Лицей медицина бөлмесі Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінде медициналық қызметпен айналысуға арналған ЛП 00320DR мемлекеттік лицензиясы бар (берілу күні 23.12.2008ж.) медпункт жұмыс істейді. Қабылдау бөлмесі, емдеу бөлмесі және изолятор бөлмесінен тұратын медпункт қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған. Медпункттің медициналық құралдарды залалсыздандыратын ТУ 92-00243346-01-92 аппараты, ультра күлгін сәулемен емдейтін УГН МЕ-72 аппараты, дәрі сақтайтын тоңазытқыш, ауыз су қондырғысы, бой және салмақ өлшеу жабдықтары, жеке компьютер, дәрмек пен құжат сақтау шкафтары бар. Жасөспірімдер дәрігері Г.Х.Кулгалиева 28 жыл еңбек өтілі бар, 2012 жылы 4 қаңтарда «Терапия» мамандығы бойынша маман сертификатын (№016199) алған. Балалар дәрігері К.К.Айдарбекова 30 жыл еңбек өтілі бар, 2012 жылы 19 наурызда «Педиатр» мамандығы бойынша маман сертификатын (№016529) алған. Медбике М.Р.Макашева 16 жыл еңбек өтілі бар 2013 жылы 18 қазанда «Медбике ісі» мамандығы бойынша маман сертификатын алған. Оқушылар мен қызметкерлердің жыл сайын медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыру, жоспарлық екпе жұмыстарын жүргізу, флюорографиядан өтуді қадағалау, күнделікті ауырған балаларға алғашқы көмек көрсетіп, әрі қарайғы емдеу жұмыстарын үйлестіру, арнайы Д. есептегі балалардың сауықтыру жұмыстарын жүргізу, аурудың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жолға қойылған. №2 қалалық емхана кестесіне сай қызметкерлер мен оқушылардың толық медициналық тексерістері жүргізіледі. ### 6. Лицей асханасы, буфет Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінде 20 орындық буфет (45,5м2) пен қатар жақсы жабдықталған асхана (245м2) жұмыс істейді.Асханаға 2008 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Асхананың 100 орындық тамақ ішетін залы, салқын және ыстық суға қосылған арнайы қол жуу бөлмесі бар. Сонымен қатар ыстық цех, ыдыс жуатын орын, көкөніс қоймасы, ет цехы, нан кесетін орын, қойма, құрғақ тағамдар және тоңазытқыштарға арналған бөлмелері бар. Ыстық цехта 4 электр плита, 1 котел, 4 духовка, 2 ет тартушы (піскен және шикі тағамдар үшін), 2 мармит тамақ жылытқыш, ауа сорғышпен жабдықталған. Ыдыс жуатын орында 3 ұялы ванна, таза ыдыстарды сақтайтын сөрелер қойылған, ыдыс-аяқ түрі және саны жеткілікті.Штатта 1 бас аспазшы, 3 аспазшы, 3 аспазшы көмекшісі, 1 қоймашы, 1 еден жуушы қызмет көрсетеді. Келісім шарт бойынша азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету туралы ЖШС «Альтаир-Атырау», КШ «Раушан» ұйымдарымен келісім-шарт жасалған. Әкелген тамақ өнімдеріне сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар ілесе жүреді. Оқушылар диетбике тарапынан дайындалып, 2013 жылдың 9 қыркүйегінде АҚМСЭҚБ бастығы Т.С.Мұсағалиев тарапынан келісіліп 2013 жылдың 9 қыркүйегінде лицей директоры И.Эльма тарапынан бекітілген 10 күндік ас мәзіріне сай күніне 4 мезгіл тамақпен қамтылған. ### 7. Компьютерлік техника Лицейде 2003 жылы 3, 2005 жылы 11, 2007 жылы 1, 2008 жылы 58, 2010 жылы 4, 2011 жылы 11, 2012 жылы 2, 2013 жылы 41; жалпы саны- 131 компьютер қондырылған. Мұның 44 данасы жергілікті бюджеттен, 5 данасы республикалық бюджеттен, 82 данасы демеушілік қаражатпен алынған. ауыстыруды талап ететін компьютерлік техниканың саны 34 дана (2003-3 дана, 2005-11 дана, 2013-20 дана). Информатика кабинетінде (27+2), информатика зертханасында 6 компьютер, оқу залында 5 компьютер білім алушылардың қолданысында. 1 компьютерге 7 оқушыдан келеді. Қажетті бағдарламалармен қамтылған. ### 8. Телекоммуникация Интернет локальдық желісіне қосылған, жылдамдығы ADSL 9 мбит/с. Кабельдік телеарна тартылған. ### 9. Лицейдің интернет портал беттері 2013-2014 оқу жылының ІІ тоқсанынан бастап электронды журнал NetSchool енгізілген. Интернет адресі 178.91.50.150. Осы арқылы лицейдің оқу-тәрбие үрдісінен оқушы ата-анасы дер кезінде хабардар болады. Ата-ана оқушының үлгерімі, сабаққа қатысуын кез-келген уақытта қадағалай алады. Пән мұғалімдері бағдарламаны игеру барысында Edmodo әлеуметтік желісін кеңінен қолданады. Мұғалімдер мен білім алушылар ҚИО (Қазақстандық интернет-олимпиадасы) топтық республикалық қашықтық олимпиадаларына қатыстырылады Cdo.kz. БТС (Білім тексеру сынағы), КБО (KATEV білім олимпиадасы), ҰБТ дайындық сынағы емтихандарын tests.katev.kz. арқылы тапсырады. Лицейлердің пән мұғалімдері арасындағы байланыс, өзара ынтымақтастықты, әрі өзара тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету мақсатында жекелеген пән топтары құрылған. Атырау облыстық қазақ—түрік лицейі мұғалімдері басқа қаладағы ҚТЛ мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатқан. www.katev.kz сайты арқылы білім саласындағы жаңалықтардан, лицейлердегі іс-шаралардан хабардар болады. ### 10. Түрлі терминалдар Лицейде мультимедиялық сынып жоқ. Интерактивті тақта саны 20, оның 8 данасы қысқа сәулелі жаңа буын (Smartboard), 5 данасы activboard, 7 данасы portobl (мобильді) тақта. Электронды оқу залы жоқ. ## ІV. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс ### 1. Пәндер бойынша оқу жоспары Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 қарашадағы №450 бұйрығымен бекітілген Үш тілде оқытатын мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы білім берудің үлгілік оқу жоспары (9-11 қосымша) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.Жонтаева тарапынан 2013 жылы 28 тамызда бекітілген «2013-2014 оқу жылына арналған қазақ-түрік лицейлерінің оқу жоспары» негізінде дайындалған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №02-3/2921 хаты және облыстық білім беру басқармасының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №4224 хаты негізінде Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінің 2013-2014 оқу жылына (ІІ жарты жылдық) арналған оқу жоспары қайта жасалған. Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің оқу жоспары 5 жылға негізделген. (7-сыныптан 11-сыныпқа дейін). Лицейде оқу төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жүргізіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, география, Қазақстан географиясы, «Адам. Қоғам. Құқық», дүние жүзі тарихы, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, сызу – қазақ тілінде; орыс тілі, орыс әдебиеті - орыс тілінде; ағылшын тілі, алгебра, геометрия, информатика, физика, химия, биология, - ағылшын тілінде; түрік тілі - түрік тілінде оқытылады. Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің оқу жоспарының құрылымында мыналар белгіленген: - Лицейдегі базалық білім мазмұнының өзегін көрсететін инварианттық оқу жүктемесі; - Оқушылардың мүдделігі мен қабілеттеріне сәйкес олардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған вариативтік оқу жүктемесі, білім беру салаларында белгіленген пәндерді оқыту (соның ішінде тереңдетіп оқытуға), жаңа оқу курстарын, факультативтерін енгізуге, дара және топтық сабақтар жүргізуге пайдаланады. Лицейде дарынды балалармен жұмыс істелетіні ескеріле отырып, «Технология» білім беру блогының сағаттары 7-11 сыныптарда информатика және математика сабақтарына пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды «әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Өлкетану» (7 сынып), «Абайтану» (10-11 сынып) таңдау курстарының бағдарламалары енгізілді. Лицейде 7-11 сынып оқушылары қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында екі топқа: қазақ тілді мектептерден келгендер және қазақ тілді емес мектептерден келгендер бөліп оқытылады. Қазақ тілді мектептерден келген оқушылар қазақ тілі пәнін Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін қазақ тілді мектептерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сай оқиды. Ал, қазақ тілді емес мектептерден келген оқушылар «оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары» бойынша оқиды. Лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқыту үшін қазақ тілді емес мектептерден келген 9-11 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша 1 сағат факультатив берілген. Лицейдің алған бағытында және бағдарлы пәндерден білім беру стратегиясы мазмұнын байыту негізінде, ғылыми-зерттеушілікке және шығармашылық, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыруды қалыптастыру және дамыту мақсатында биология пәні бойынша 7 сыныпта 1 сағат, 9 сыныпта 1 сағат, математика пәні бойынша 8,10,11 сыныптарда 1 сағат, Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сыныпта 1 сағат, 11 сыныпта 1 сағат шығармашылық пен зерттеушілік қызметі негіздері сағаттары берілді. Лицей бойынша тереңдетіп оқыту үшін бөлінген жылдық 1500 сағаттан ағылшын тілі пәні бойынша 7,8 сыныптарда аптасына 1 сағат, түрік тілі пәні бойынша 7-10 сыныптарда аптасына 2 сағат, 11 сыныпта 1 сағат бөлінді. ### 2. Пән бойынша оқу бағдарламалары Пәндердің күнтізбелік тақырыптық жоспарын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тарапынан дайындалған (ҚР Бжғм 2013 жыл 3 сәуір №115 бұйрық) дайындаған Жалпы білім беретін 5-9 сыныптарына арналған және 10-11 сынып жаратылыстану – математикалық бағыт пәндерінің оқу бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынған. Оқытылатын 2 шет тілі – түрік тілінің күнтізбелік жоспарын дайындау барысында «KATEV» ХҚҚ қазақ-түрік лицейлерінің 7-11 сыныптарға арналған түрік тілі бағдарламасы (Алматы 2009ж.) негізге алынған. Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалану барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі №146 «Білім беру ұйымдарында 2013-2014 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы басшылыққа алынған. ## V. Тәрбие жұмысы 2013-2014 оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі 2013-2014 оқу жылы жылдық тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009 жыл 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітіліп, «Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беу жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» және Атырау облысы Білім беру басқармасының бастығы Б.Ж.Сәрсенғалиев бекіткен «Атырау облысының білім беру мекемелеріндегі 2012-2015 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы» негізінде жасалып, 2013 жыл 29 тамызда лицей директоры И.Эльма тарапынан бекітілген. Сынып жетекшілері мен сынып тәрбиешілері оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптарға бөлінген тәрбие сағат тақырыптарын және сыныптан тыс,мектептен тыс жұмыстарды (кино фильм сағаты, концерттік бағдарлама, шай сағаты, ата-ананың сыныппен кездесуі, сынып ата-ана жиналысы, оқушының отбасылық жағдайымен танысу, спорттық ойындар, тренажер залында жаттығу, пикник, елтану саяхаты, кәсіби бағдар беру, әдеби шығарма оқу сағаты, театрмен мұражайға бару, көңіл кеші, үйірмелер т.с.с.) көрсете отырып, сынып жылдық тәрбие жоспарларын дайындаған. Лицей оқушыларының бос уақытты тиімді пайдалануын ұйымдастыру үшін 2013-2014 оқу жылында 5 үйірме жұмысы жолға қойылған. Олар: 7-9 сынып оқушыларына бағытталған «Толағай» үйірмесі (жетекшісі – Е.У.Хисимов, қатысушы саны – 15), 10-11 сынып оқушыларына бағытталған «Жас Мерген» үйірмесі (жетекшісі – К.У.Исмагулов, қатысушы саны – 15), «Press – club» үйірмесі (жетекшісі – Ж.Сүйіндікова, қатысушы саны – 5), «Білмді жастар» КВН үйірмесі (жетекшісі – Қ.Ш.Тілеуқабылов, қатысушы саны–12), «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы (жетекшісі – Д.Мақсотов, қатысушы саны–41). Үйірмелердің жылдық жоспарлары дайындалып бекітілген, үйірме мүшелері тізімі анықталған, мақсаты мен міндеттері белгіленген. Жоспар бойынша атқарылған шараларматериалдары жинақталған. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінде 19.00-19.50 және 20.10-21.00 аралағында оқушылардың үй жұмысын орындауына және өздік жұмыс жасауына арналған сынып тәрбиешілерінің бақылауымен этюд сағаттары қойылған. Этюдтердің дұрыс өтуін қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдердің кешкі кезекшілігі (19.00-21.00 аралығы) ұйымдастырылған. 21.20-22.30 аралығында өткізілетін сынаптардың сабақтан тыс апталық іс-шара кестесі дайындалған. Кестеде сыныптардың апта күндеріне қарай тәрбие сағаты, спорт сағаттары, кино фильм сағаты, концерттік бағдарлама, шай сағаты, тосттер сағаты, ата-ананың сыныппен кездесуі, оқушының отбасылық жағдайымен танысу, спорттық ойындар, тренажер залында жаттығу, әдеби шығарма оқу сағаты, жалпы тазалық сағаты көрсетілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2004 жыл 16 қараша №923 «Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Бұйрығын орындау мақсатында және Атырау ҚТЛ-дың оқу-тәрбие жұмысын қадағалау және жетілдіру мақсатында лицей базасында 2004 жыл 30 желтоқсанда «АҚТЛ-Достық» қоғамдық бірлестігі құрылған. Бұған сыныптардың ата-ана комитеттері тартылған. Комитет ата-ананың сыныппен кездесуін ұйымдастыруға, мамандықтарына сай келетін тәрбие сағаттарының өтілуін, сыныптың және лицейдің мерекелік кештерін атап өтуге, мерекелік кештерде сыйлықтар мен құттықтау қағаздарын дайындауға, олимпиада, ғылыми жоба, спорттық жарыс жеңімпаздарын марапаттауға тағы сол сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдемдеседі. ### Тәрбие жұмысына қойылатын талаптар Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінің 2013-2014 оқу жылғы жылдық тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009 жыл 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітіліп, «Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» және Атырау облысы Білім беру басқармасының бастығы Б.Ж.Сәрсенғалиев бекіткен «Атырау облысының білім беру мекемелеріндегі 2012-2015 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы» негізінде жасалып, 2011 жыл 27 тамызда лицей директоры И.Эльма тарапынан бекітілді. Сынып жетекшілері мен тәрбиешілері осы тәрбие жұмысы жоспары бойынша 12 тәрбие бағытында жұмыс жасайды. 12 бағытты негізге ала отырып сынып жетекшілері мен тәрбиешілері сынып жылдық жоспарларын жасақтайды. Сынып жетекшілері мен тәрбиешілері апта сайын тәрбие сағаттарын жүргізуге тиіс. Әр сынып жетекшісі мен тәрбиешісі лицей қабырғасында болатын іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруға ат салысады. Ондағы мақсат лицей мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Лицейіміздің мақсатының бірі білім мен тәрбиені қатар алып жүру болғандықтан, ата-аналарды оқушылардың оқу процесі мен тәрбиесіне араластыру. Сондықтан ата-аналарды лицейімізде өтетін ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, жиналыстар, мерекелік шаралар, дөңгелек үстелдер, салтанатты кештер, ата-аналар арасындағы спорттық жарыстарға қатыстырамыз. Әр апта сайын ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында волейбол, теннис, кіші аяқ добынан жарыстар ұйымдастырылады. Сол сияқты тәрбиешілеріміздің маңызды жұмыстарының бірі кешкі дайындық сабақтарын ұйымдастыру. Кәсіби бағдар беру мақсатында тәрбиешілер бітіруші түлектермен басқа қалалардағы жоғары оқу орындарына саяхат жасайды. Саяхат барысында оқу орындарындағы мамандармен кеңесу арқылы оқушылардың кәсіби бағытын анықтайды. Жылдық жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау барысында, орындалған іс-шараның нәтижесі ретінде сынып жетекшілері мен тәрбиешілері хаттамалар жасақтауы тиіс. ## VІ. Дарынды балаларды іріктеу және оқыту ### 1. Мектепке қабылдау және шығару тәртібі Атырау облысы білім беру басқармасы бастығы Қ.Қ.Қайненов 2009 жылы 30 желтоқсанда бекіткен «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» ММ жарғысының 5.13 тармағына сай «Білімге ынта-талабы жоқ 1-2 (3) пәннен тоқсандық, жылдық бағасы қанағаттанарлықсыз болған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімімен аралық аттестаттауға жіберілмей сыныпта қалдырылады немесе лицейден шығарылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 18 қаңтардағы №127 Қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» (5-бөлім. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі) және «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» ММ Жарғысын негізге алып, қабылдау комиссиясы құрылады. (2014 жыл 27 наурыз, бұйрық №40). 2014 жылдың 27 наурыз күні өткізілген педагогикалық кеңесте «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» ММ қабылдау ережесі талқыланып, лицей директоры тарапынан бекітілген. 2013 жылы лицейге 47 оқушы қабылданып, 245 оқушымен 2013-2014 оқу жылына басталған. Кеткен оқушылар саны 6, келген оқушылар саны 1. Лицейден оқушыны шығарып алу үшін ата-ана өтініш жазады. Ол негізге алынып бұйрық шығарылады. Барлық кеткен оқушылардың анықтамасы жинақталған. 10 сынып комплектісі бар. Олар: 7-сынып-45, 8-сынып-52, 9-сынып-49, 10-сынып-47, 11-сынып-47 оқушы. Оқушылардың ұлттық құрамы: қазақ-225, орыс-3, корей-5, лакец-1, түрік-3, иран-1, тәжік-1, татар-1. Оқушыларды алфавиттік тіркеу кітапшасы жүргізілген. Оқушылардың жеке құжаттары нөмірі мен тіркеу кітапшасындағы нөмір сәйкес келеді. ### 2. Оқушылардың білім сапасын бағалау мониторингі Жылдар 2008-2009 2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013Білім сапасы 84% 81% 85% 78% 79% ### 3. ДБАББҰ оқушыларының дарындылық диагностикасы Лицейде оқушылардың дарындылық диагностикасын жасау үшін «KATEV» ХҚҚ білім басқармасының ұйымдастыруымен әр тоқсан сайын KATEV білім олимпиадасы (КБО) өткізіледі. Барлық тоқсан бойынша өткізілген білім олимпиадасының нәтижесінің көрсеткіші шығарылып, ең жоғары ұпай жинаған оқушылар жылдың соңында ақтық кезең (финал) олимпиадасына қатысады. Осы оқу жылында (2013-2014) ақтық кезеңге (финал) лицей бойынша 10 оқушы жолдама алды. ### 4. Оқушылардың жетістіктері ## VІІ. Кадрмен қамтамасыз ету ### 1. Директор: ДБАББҰ-ның қызметіне жалпы басшылық; (ДБАББҰ - Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымы) Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі директоры Исмаил Эльма Атырау облыстық Білім беру департаментінің 2006 жылдың 1 маусымдағы №22 бұйрығымен тағайындалған. Нормативтік базасы:Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылы 28 тамыздағы №496 «Қазақ-түрік лицейлері туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылы 7 тамыздағы №350 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бұйрығы: «21-тармақ, 3-тармақша Басшыларды (директорларды) тағайындау рәсімі кезінде «KATEV» ХҚҚ-ы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттеріне (басқармаларына) ҚТЛ басшылары (директорлары) қызметіне тағайындау үшін кандидатура ұсынады». «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы №1 келісім шарт (2009 жыл 21 ақпан): «1.4.Уәкілетті орган – Атырау облысы білім басқармасы «KATEV» ХҚҚ ұсынған директорды тағайындайды. Оған білім және тәрбие беру қызметін жүргізу жауаркершілігі Қазақстан Республикасының Заңнамасымен жүктеледі». Білім беру бағдарламасы Лицейдің қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырған. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекіткен. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын жоғары дәрежеде ұйымдастырған. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен қолданысқа енгізген. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар контингентін қалыптастырған. Оқушылардың білім алуына қажетті белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз еткен. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасаған. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырған және оған бақылауды жүйелі жүргізген. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуын бақылауға алған. Ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-шараларды атқарған. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды талапқа сай жүргізген. Олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасалған. Лицей директоры педагогикалық кеңесті басқарады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынған, алғыс жариялаған. Ата-аналармен байланысты жүзеге асыру мақсатында «АКТЛ-Достық» қоғамдық бірлестігі атында лицей жанында қамқоршылық кеңесі құрылуына жағдай жасаған. ДБАББҰ-да білім беру бағдарламаларын жүзеге асырылуын бақылау және ұйымдастыру; Оқу-тәрбие үрдісі барысында қажетті бұйрықтар шығарылған, жоспарлар бекітілген. Оқу жылында аудандық жерден келген оқушылар және қаланың шалғай аудандарынан қатынайтын оқушылар контингентінен интернатта тұратын оқушы тізімін анықтау комиссиясы құрылған. Оқу кабинет жауаптылары, сынып жетекшілері, тәрбиешілері тағайындалған. Тәртіп кеңесі, мектепішілік бақылау сияқты комиссия құрамдары бекітілген. ### 2. Директор орынбасарлары: Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі директорының орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес лицей директоры тарапынан тағайындалады. 2013-2014 оқу жылында Атырау ҚТЛ-да 4 штат бірлігі бойынша директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Р.М.Кусаинов (1 штат бірлігі, санаты жоғары, педагогикалық өтілі 16 жыл), директордың бейінді оқыту ісі жөнінен орынбасары Г.С.Нұрғалиева (0,5 штат бірлігі, санаты жоғары, педагогикалық өтілі 17 жыл), директордың бейінді оқыту ісі жөнінен орынбасары Р.А.Сихимбеков (0,5 штат бірлігі, санаты І, педагогикалық өтілі 5 жыл), директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Э.К.Пириев (1 штат бірлігі, санаты жоғары, педагогикалық өтілі 6 жыл), жатақхана меңгерушісі Д.З.Садырбаев (1 штат бірлігі, санаты жоқ, педагогикалық өтілі 5 жыл) және директордың шаруышылық ісі жөнінен орынбасары З.Аққалиева (1 штат бірлігі, жалпы еңбек өтілі 39 жыл) тағайындалған. Нормативтік базасы:Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылы 28 тамыздағы №496 «Қазақ-түрік лицейлері туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылы7 тамыздағы №350 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бұйрығы: «21-тармақ, 4-тармақша директордың орынбасарлары мен педагогикалық кадрларды (мұғалімдер мен тәрбиешілер) Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес ҚТЛ-дың директоры жұмысқа қабылдайды». «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы №1 келісім шарт (2009 жыл 21 ақпан): «1.5. лицей директорының орынбасарларын лицей директоры тағайындайды». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жыл 30 қаңтардағы №77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлермен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысы. Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттар. Білім беру бағыты және үрдісі Лицей жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді. 7 сыныптан бастап ағылшын тілін тереңдетіп оқытып, математика, информатика, физика, биология, химия пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. 2013-2014 оқу жылының І және ІІ жарты жылдық сабақ кестелері дайындалып, Атырау қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Т.С.Мұсағалиев тарапынан бекітілген. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі күн тәртібі кестесі 2013 жылдың 13 қыркүйегінде бекітілген. І, ІІ, ІІІ, ІV тоқсан кезекші мұғалім кестесі лицей директоры тарапынан бекітілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №02-3/2921 хаты және облыстық білім беру басқармасының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №4224 хаты негізінде Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінің 2013-2014 оқу жылына (ІІ жарты жылдық) арналған оқу жоспары қайта жасақталып, 2014 жылдың 4 қаңтарында бекітілген. 2011 жылы Астана қаласында өткен «Дарындылық мәселесіне жаңаша көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдар жинағы лицей директоры Исмаил Эльманың «Оқу –тәрбие жұмысын технологизациялау арқылы – дарындылықты тану және дамыту жолдары» тақырыбында, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейткалиева Куралайдың «Творчество как грань одаренной личности» тақырыбындағы іс-тәжірибесі конференция материалдарына кірді. 2011 жылы лицей директорының оқу ісі жөнінен орынбасары Кусаинов Рустемнің «Атырау қазақ-түрік лицейіндегі оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбындағы баяндамасы Назарбаев университеті ректорымен өткен облыстық деңгейдегі семинарда тыңдалды. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «KATEV» ХҚҚ бірігіп өткізген «Заманауи мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық жолдары» тақырыбындағы сынып жетекшілеріне арналған республикалық семинарында лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сихимбеков Русланның «Рухани адамгершілік тәрбие» тақырыбындағы жұмысы тыңдалып, іс-тәжірибе жинағына енді. Дарынды балаларға арналған жеке бағдарламалар әзірлеу 2013-2014 оқу жылындағы оқу жоспарының вариативтік компоненті бойынша енгізілген «Дінтану» негіздері, «Өлкетану» таңдау курсы, «Практикалық түрік тілі» таңдау курсының жүктеме сағаты бойынша (1 сағат) жылдық бағдарламалары әзірленді. ### 3. Әдістемелік кеңес Лицейдің ғылыми-әдістемелік үрдісін басқару үшін ғылыми-әдістемелік кеңес құрылған. Оның құрамына әдістемелік пән бірлестіктері жетекшілері, жас мамандар бірлестігінің жетекшісі, шығармашылық топтар жетекшілері тартылған. Ғылыми-әдістемелік кеңестің жылдық жұмыс жоспары, кеңес отырыстарының жылдық жоспары жасақталып, әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары толтырылған. Дарынды балалармен жұмыс жоспары Лицейде әр пән бойынша дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалған. Сонымен қатар пәндер бойынша олимпиадаға дайындық жоспарлары, жоба бойынша оқыту (PBL) жүйесі бойынша жүргізілетін жұмыстарының жылдық жоспары жасақталған. Әдістемелік ұсыныстар Оқушыларды ғылым негіздері бойынша олимпиадаға дайындау (қазақ-түрік лицейі іс-тәжірибесі) 2009-2010 оқу жылы Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт тәжірибе-эксперименттік зертханасының ұсынысымен облыс көлемінде таратылды. Апробация 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдарында лицейде инновациялық педагогикалық технологияларды сынақтан өткізу бағытында халықаралық деңгейде таралған, білім жүйесіне арналған «Edmodo» әлеуметтік жүйесі оқу үрдісіне енгізілді. Бұл жүйе мұғалім мен оқушы арасында мектептен тыс уақытта байланыс орнатып, мектептегі оқу үрдісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе арқылы мұғалім оқушыны бақылауға алып, оқушыға үй тапсырмасын, сабаққа келмеген жағдайда жаңа сабақ материалдарын жібере алады. Оқушы мұғалім жұмысын электронды түрде дауыс беру арқылы бағалай алады. Бұл жүйенің артықшылығы мұғалім әлем бойынша озық мұғалімдердің іс-тәжірибесімен бөліседі, оқушы интернеттегі басқа сайттарға алаңдай алмайды, ата-аналар оқушының үлгерімін дер кезінде бақылай алады. Лицейде осы жүйемен жұмыс жасайтын шығармашылық топ құрылған. Оның құрамында химия пәні мұғалімі Д.Садырбаев, математика пәні мұғалімдері Е.Палжанов, Ж.Рахимбаев, ағылшын тілі мұғалімдері У.Озйурт, Е.Бақыт, информатика пәні мұғалімі Э.Пириев, физика пәні мұғалімі Э.Атлан бар. Шығармашылық топ жетекшісі биология пәні мұғалімі Ж.Жумагул бекітілді. Аталған шығармашылық топ облыстық семинарларда, облыстық педагогикалық оқуларда өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс жүргізу іс-әрекетін үйлестіру; 2012-2013, 2013-2014 оқу жылында мұғалімнің дарынды балалармен іс-әрекетін үйлестіру мақсатында халықаралық деңгейде танылған PBL жоба негізінде білім беру жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің ерекшелігі мұғалім оқушыға тоқсан ішінде өз пәні бойынша қызықты тақырыпты ұсына алады немесе оқушы өзі таңдайды. Жоба дайындау төрт қадамнан тұрады. 1. Ізденіс кезеңі (жоба бойынша материал жинақтау), 2. Презентация дайындау, 3. Практикалық қадам (эксперимент, макет жасау), 4. Қорғау кезеңі. Оқушы тоқсан ішінде өзінің жобасын қорғайды, жыл ішінде әр түрлі пәндерден төртеуге дейін жоба ала алады.Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, өз бетіндік жұмыс жасауға, ғылыми нәтижелерін жүйелеуге үйретеді.Лицейде бұл жүйе бойынша шығармашылық топ құрылған. Топ жетекшісі Палжанов Ербол бекітілді. ### 4. Әдістемелік бірлестік: Лицейде 2013-2014 оқу жылында 5 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды. Олар: «Жаратылыстану», бірлестік жетекшісі Г.С.Нұрғалиева, «Тіл және әдебиет», бірлестік жетекшісі Г.А.Мурзагалиева, «Математика және информатика», бірлестік жетекшісі Е.Н.Палжанов, «Адам және қоғам», бірлестік жетекшісі М.К.Утепкалиева, «Дене шынықтыру», бірлестік жетекшісі Е.У.Хисимов. Барлық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары, бірлестік отырыстарының жылдық жоспары жасақталған, барлық бірлестіктердің пәндік апталықтары өткізілді. Дарынды балармен жұмыс бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу; Лицейдің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагалиева Гульбакыттың «Тәрбие бере білу - өнер» сыныптан тыс тәрбиелік шаралар жинағы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейткалиева Куралайдың электрондық көрнекі құралдары (2013ж.), география пәні мұғалімі Нұрғалиева Гүлсараның «Географиядан сыныптан тыс шаралар» (2014ж.) жинағы шығарылды. («Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының эксперименттік кеңесі, 03.03.2014ж, №3 хаттама). ДБАББҰ ойдағыдай жұмыс жүргізуі үшін диагностикалық өлшемдер құрастыру; Тоқсан сайын «KATEV» ХҚҚ білім басқармасының ұйымдастыруымен барлық пән бойынша Білім тексеру сынағы (БТС) өткізіледі. Білім тексеру сынағындағы оқушының жауап парағы «KATEV» ХҚҚ білім басқармасында тексеріліп, нәтижесі лицейге әр сынып бойынша жолданады. Дарынды балаларға түрлі пәндер бойынша жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар дайындау; Дарынды балаларға арналған пәндер бойынша лицей мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі тапсырмалар жинағына лицейдің математика пәні мұғалімі Тамер Гюрдің 7-сыныптарға арналған күрделілігі жоғары есептері «Математика» оқулығында жинақталған (2013ж), қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарханова Ләбаданың «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дарынды балаларға арналған күрделендірілген тест тапсырмалары» оқу-әдістемелік құралы (2014ж.), математика пәні мұғалімі Палжанов Ерболдың «Математика пәнінен олимпиада тапсырмалары» жинағы (2014ж), орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагалиева Гульбакыттың «Қазақ тілінен олимпиада тапсырмалары» жинағы (2014ж) шықты. Бұл жинақтар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Эксперименттік кеңесінде қаралды (03.03.2014ж, №3 хаттама). Осы жылы облыс көлемінде таратылатын озық іс-тәжірибелер жинағына енгізіледі. Пәндік әдістемелік бірлестіктер жұмысының нәтижелерін тарату және жүйелендіру; Лицейде жыл сайын пән бірлестіктері апталықтарында өткізген мұғалімдердің ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарының нәтижелері жеке жинақ ретінде шығарылып отырады. Лицейдің ғылыми-әдістемелік кеңесінде (27.01.2014ж.) «Тіл және әдебиет» бірлестігінің шығармашылық есебі тыңдалып, лицейдің әдістемелік бірлестіктері арасында таратуға ұсынылды. Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерін жүйелендіру және қорытындылау; Лицейде «Дарын» оқушылар ғылыми қоғамы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуына бағыт-бағдар беріп отырады. Бұл оқушылар ғылыми қоғамында 2013-2014 оқу жылы 9 секция өз жұмысын жүргізеді. Ғылыми қоғамның ғылыми-әдістемелік кеңесі, оқушылар кеңесі құрылған. Оқушылардың халықаралық деңгейде ең үздік ғылыми жобалар жинағы 2011 жылы «Ғылымға бастау» деген атпен Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың тәжірибе-эксперименттік зертханасы арқылы талданып және мақұлданып, баспаға ұсынылды (тіркеу №123, 28.08.2011ж, хаттама №3). Этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет секциялары бойынша оқушылардың облыстық ғылыми жобаларының жинағы «Ізденіс – дарындылықтың жолы» деген атаумен баспадан шығарылды (2014ж). БАҚ-та жариялау; Лицей оқушыларының халықаралық жарыстарда қол жеткізген табыстары туралы мақалалар «Атырау» газетінде 27.01.2011ж №133, 12,05,2012ж, №57, 19.05.2011ж, №60, 26.01.2012ж, 01.09.2012ж, №101, 23.01.2013ж, №8, «Прикаспийская коммуна» газетінде 30.11.2010ж, №137, 25.01.2011ж, №9, 12.05.2012ж, №55, 19.05.2011ж, 26.01.2012ж, 14.04.2012ж, 24.01.2012ж, №8, «Городской парк» газеті 01.12.2011ж, №48, 01.12.2011ж, «Ақ жайық» газеті 01.12.2011ж, 30.01.2014ж, №5, «Жұлдыздар отбасы» 2012 жылы №12 санында жарық көрді. ### 5. Мұғалімдер: Мұғалімдер саны, оның ішінде білімі, санаты, өтілі (%); Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі мұғалімдері конкурс бойынша еңбек шартын жасау арқылы лицей директоры тарапынан жұмысқа қабылданған.2013-2014 оқу жылында Атырау ҚТЛ-да 8 жоғарғы санатты, 3 І-санатты, 6 ІІ-санатты және 10 санаты жоқ; жалпы саны 27 мұғалім еңбек етеді. Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылған, комиссиясы құрылған, біліктілік санаты куәліктерін тіркеу журналы дұрыс жүргізілген. Педагогтардың аттестациядан өтуі туралы мәлімет сызбасы жасалған. 3 мұғалімнің еңбек өтілі – 2 жылға дейін, 12 мұғалімнің еңбек өтілі – 3-8 жыл аралығы, 6 мұғалімнің еңбек өтілі – 9-16 жыларалығы, 3 мұғалімнің еңбек өтілі – 17-20 жыл аралығы, 3 мұғалімнің еңбек өтілі – 20 жылдан жоғары, зейнеткер жасындағы мұғалім жоқ. Педагог қызметкерлерді тіркеу кітапшасы талаптарға сай жүргізілген. Математика пәнінен 2 мұғалім, биология пәнінен 1 мұғалім, информатика пәнінен 1 мұғалім, химия пәнінен 1 мұғалім; ҚР азаматтары өз пәндерін ағылшын тілінде жүргізуде. Шетел азаматтарын жұмысқа тарту Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын және педагогикалық қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмысқа тартады. 2013-2014 оқу жылында 5 Түркия Республикасы және 1 Монғолия Республикасы азаматы жұмысқа алынған. Олардың жұмыс визалары алынып, уақытылы тіркеулері жасалған. Нормативтік базасы:Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылы 28 тамыздағы №496 «Қазақ-түрік лицейлері туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылы 7 тамыздағы №350 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бұйрығы: «21-тармақ, 4-тармақша директордың орынбасарлары мен педагогикалық кадрларды (мұғалімдер мен тәрбиешілер) Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес ҚТЛ-дың директоры жұмысқа қабылдайды. 21-тармақ, 5-тармақша ҚТЛ-да оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып және озық тәжірибелерді тарату мақсатында өз еркімен немесе қажеттілікке байланысты «KATEV» ХҚҚ-ның ұсынысы бойынша лицейлер арасында оқытушылар ауыстырылуы мүмкін».«Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы №1 келісім шарт (2009 жыл 21 ақпан): «1.6. лицей мұғалімдері мен өзге де жұмысшылары конкурс бойынша еңбек шартын жасасу арқылы директор тарапынан жұмысқа қабылданады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі» Ережелері (3-тармағы, 14-тармақшасы).Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 16 маусымдағы №974 қаулысымен бекітілген, 1997 жылы 4 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық Білім министрлігі арасындағы «Білім саласындағы ынтымақтастық туралы» Хаттама (8-9 баптар). 2003 жылы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасында «Қазақстан Республикасында қазақ-түрік оқу орындарын білім беру қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы» Келісімі.Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылы 28 тамыздағы №496 «Қазақ-түрік лицейлері туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылы 7 тамыздағы №350 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бұйрығы: «6-бөлімнің 2-тармағы ҚТЛ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Түркиядан және басқа да шет мемлекеттерден мамандар тартуға құқылы».«Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы №1 келісім шарт (2009 жыл 21 ақпан): «2.2.2.(«KATEV» ХҚҚ) Заман талабына сай сапалы білім беретін педагогикалық ұжымын дайындау және құрастырады: 2.2.3. Түркия және басқа шетел мемлекеттерінен ағылшын және түрік тілдерінде сабақ беретін мұғалімдерді алып келуді ұйымдастырады». Дарынды балаларға сабақ беруді ұйымдастыру және өткізу; Оқушылар лицейде 6 күндік сабақ кестесі бойынша дәріс алады. Сабақ кестесінің уақыты 2 сабақтан кейін 15 минут, қалған уақытта 10 минут, түскі ас ішуге оқушыларға 1 сағат үзіліс тәртібімен жасақталған. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу бағдарламаларын қарастыру; Дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; • Пән олимпиадаларына дайындау (облыстық, республикалық, халықаралық).• Ғылыми-практикалық конференциялар «Ғылым әлемін ашамыз», «Жолдасбеков оқулары», «Математика және жобалау» т.б.• Ғылыми зерттеушілік жұмыстары: облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар сайыстарына қатысу. • Республикалық, халықаралық интеллектуалды сайыстарға қатысу: «Ақбота», «Кенгуру», «Русский медвежонок», «Золотое руно», «ХХІ ғасыр көшбасшысы».• Өнер сайыстарына қатысу: көркемсөз шеберлер сайысы, тіл меңгеру сайысы, шығармалар сайысы, «Абай оқулары», «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы.• Спорт жарыстарына қатысу: шахмат, футбол, теннис, волейбол т.б. • Жоғары оқу орындарының мұғалімдері ғылыми қызметкерлерімен кездесу өткізу. • Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, крассворд, ребус, өлең шығару, мақала жазу), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Оқушыларды олимпиада, ғылыми жарыс, конкурс, викториналарға дайындау (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде); Лицейде пәндер бойынша құрылған олимпиадаға дайындық жұмыстарына 120-ға жуық оқушы тартылған. Лицейдің іс- тәжірибесінде оқушыларды пән олимпиадасына 7 сыныптан таңдайды. Таңдау мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:- Оқушыларға диагностикалық зерттеу карталары, анкеталар жүгізіледі.- Пәндік емтихандар өткізіледі.- Оқушының қай пәнге қызығатынын өз қалауы, таңдау талғамы, ой пікірі анықталады.- Ата-анамен кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.- Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің пікірі тыңдалады.Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сарапталады да қортындысы бойынша олимпиадаға қатысатын оқушы таңдалады. Олимпиадаға дайындау оқу жылы ішінде жүйелі, жоспарлы түрде жүргізіледі. Пән мұғалімдері аптасына 2-3 рет дайындық сабақтарын беріп, тақырыптар түсіндіріп, тапсырмалар береді, оның орындалуын тексеріп отырады. Каникул күндерінде олимпиадаға дайындық лагері өткізіліп, оқушы білімін тексеру шыңдау мақсатында ОДС (олимпиадаға дайындық сабағы) емтихандары өткізіліп, қорытындысы шығарылып, әр оқушының жұмысына талдау жасалады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру негізінде «Шеберлік мектебі» жұмыс жасайды. Мектеп түлектері, олимпиада жүлдегерлері, жоғары сынып оқушылары олимпиадаға қатысушыларға дайындық сабағын өткізеді. Тоқсан сайын КБО (КАТЕV білім олимпиадасы) өткізіліп барлық қазақ-түрік лицейлері бойынша рейтингілік жүйесі анықталады. Осы КБО қорытындысы бойынша алғашқы 20 оқушы жазғы каникул кезінде Алматыға дайындыққа шақырылады. Оларға Халықаралық, Әлемдік олимпиада жеңімпаздары және жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары сабақ береді, сонымен қатар оқушылардың өздігінен ізденіп, дайындалуына, оқуына қосымша тапсырмалар беріледі. Дарынды оқушылардың жеке білім беру бағдарламаларының орындалуын қадағалау; Тоқсан сайын лицейдің ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде дарынды оқушылармен жүргізілетін жеке білім беру бағдарламаларының орындалуы қадағаланады. Дарынды балалармен жүргізілген жұмыс нәтижесін жүйелендіру және қорытындылау;Атырау қазақ-түрік лицейінің дарынды балаларының жетістіктерінің (облыстық, республикалық, халықаралық) мәліметі, мониторинг жасақталған. 2014 жылы жеке кітапша түрінде жарық көрді. Сонымен бірге 2012 жылы Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың «Дарын» кабинетінің шығарған «Ұша білген қанатқа дүние кең» жинағына енгізілді. Пәндер бойынша шығармашылық есеп беру; Лицейдің ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілістерінде тоқсан сайын әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері жеке пәндердің берілуі бойынша есеп береді. Жетістіктер Лицейде оқытудың жаңа технологиясын тарату бағытында шығармашылық топтар құрылған. Бұл топтардың жұмысы арнайы семинарлар, бірлестік отырыстары, өзара сабаққа қатысу арқылы жүзеге асып отырады. Бұл шығармашылық топтардың жұмысына биология пәнінің мұғалімі Жумагул Жаслан, математика пәні мұғалімі Палжанов Ербол, орыс тілі мұғалімі Сейткалиева Куралай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагалиева Гульбакыт сияқты тәжірибелі ұстаздар басшылық жасайды. Лицей ұстазы Жолдасова Зауренің көпжылдық озық іс-тәжірибелер жинағы "Ізденген жетер мұратқа" деген атпен әдістемелік құралы ретінде республикалық деңгейде таратылды. Аталған мұғалім 2009-2010 оқу жылында Көкшетау қаласында өткен инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі фестивальге қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен. Мұғалімнің 2011 жылы «Ізденген жетер мұратқа» атты жинағы Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың №125 авторлық куәлігіне ие. Лицейдің орыс сыныбындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мурзагалиева Гульбакыттың озық іс-тәжірибелері облыс көлемінде шығатын жинаққа енгізілген. Лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлекенова Нұрлыгүлдің жас мамандарға жәрдем ретінде педагогикалық іс-тәжірибесі республикалық қазақ тілі мен әдебиеті журналына енгізілген. (2011 жыл 11 сан) Лицейде жас маман информатика пәнінің мұғалімі Пириев Эльбрустың ғылыми мақалалары жоғары бағаланып «Қазақстанның ғылыми әлемі» атты халықаралық журналында (2009-2010 ж.ж.) жарық көрген. Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінде, білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін төмендегідей жаңа технологиялар қолданыс тапқан:• Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту;• Ақпараттық оқыту;• Деңгейлік саралау;• Интеграциялық оқыту технологиясы;• Өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;• Оқытудың ынтымақтастық тәсілдері: дискуссия, проблемалық сұрақ, оқу диалогі, оқу сайысы, қарама-қарсы пікірлер сайысы т.б. Бұл әдістер оқушыларды дамыту және тәрбиелеудің механизмі. Осы орайда дамыта оқыту жүйесі оқу іс-әрекетін қалыптастыру арқылы субъект (таным иесі) ретінде қарастыру негізінде алынады. Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен оқыту технологиялары алға қойған міндеттерді шешудің кешенді құралдары болып табылады. Лицейде 2010-2012 оқу жылдары ағылшын тілі мұғалімдері Барыш Оғуз, Саттар Жансерік, математика пәнінің мұғалімі Асанов Бауыржан, химия пәнінің мұғалімі Жиенбай Ержан облыс көлемінде енгізілген «Үш тілде тұғырлы оқыту» эксперименттік тәжірибе жұмысына белсене қатынасып, осы бағытта мұғалімдер жетілдіру және қайта даярлау институты жанынан лекторлар болып табылған. Өткен оқу жылында облыстық білім беру саласындағы үздік мектептердің бірі ретінде, лицей «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» атты республикалық энциклопедияға енген. Ал лицейдің орыс тілі мұғалімі Сейткалиева Куралайдың «Творчество как грань одаренной личности» тақырыбындағы және лицей директоры Исмаил Эльманың «Оқу тәрбие жұмысын технологизациялау арқылы – дарындылықты тану және дамыту жолдары» тақырыбындағы іс-тәжірибелері Астана қаласындағы Республикалық «Дарын» ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарындылық мәселесіне жаңаша көзқарас» атты халықаралық конференциясының жинақтарына енгізілген. Математика пәні мұғалімі Тамер Гюрдің «Mathematics» оқыту тілі ағылшынша болған мұғалімдер үшін әдістемелік құрал ретінде пайдаланылуда. Осы оқу жылында Назарбаев университетінің ректоры қатынасқан облыстық деңгейдегі өткен конференцияда лицейдің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кусаинов Рустем «Атырау қазақ-түрік лицейіндегі оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында баяндама жасаған. Ұстаздар жетістігі Желтоқсан айында ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген облыстық дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұстаздар форумында лицейдің бірқатар ұстаздары Мухсин Шахин, Асанов Бауыржан, Нұрғалиева Гүлсара, Пириев Эльбрус «Үздік мұғалім - 2011» марапаттауына ие болған. Лицей ұстазы Сейткалиева Куралай Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар, материалдар әзірлеу; Орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша мұғалім Сейткалиева Куралайдың электрондық көрнекі құралдары әзірленді. Орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагалиева Гульбакыттың «Тәрбие бере білу - өнер» сыныптан тыс тәжірибелер жинағы, «Қазақ тілінен олимпиада тапсырмалары», география пәні мұғалімі Нұрғалиева Гүлсараның «Географиядан сыныптан тыс шаралар», математика пәні мұғалімі Палжанов Ерболдың «Математика пәнінен олимпиада тапсырмалар», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалі Омарханова Ләбәданың «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дарынды балаларға арналған күрделендірілген тест тапсырмалары» жинағы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Эксперименттік кеңесінде қаралып (03.03.2014ж, №3 хаттама), облыс көлемінде таратылатын озық әс-тәжірибелер жинағына енгізілді. Біліктілігін арттыру (БКИ, ЖОО, елімізде және шет елдерде); Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінде 2010-2014 жылдар аралығында мұғалімдер мен тәрбиешілердің түрлі біліктілік арттыру курстары мен білім жетілдіру семинарларына жүйелі түрде қатысуы жолға қойылған. Соңғы 4 жылда Халықаралық деңгейдегі семинарларға 15 мұғалім, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институтының курсына 21 мұғалім, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының курсына 1 мұғалім, ҚР Кіші ғылым академиясының курсына 2 мұғалім қатысқан. Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының пәндер бойынша ұйымдастырған білім көтеру курстарына 15 мұғалім, аталмыш институттың «ҚР-ның үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асырудың жолдары» тақырыбындағы курсына 35 мұғалім мен тәрбиеші қатысқан. Технология саласы бойынша 6 мұғалім түрлі білім жетілдіру курстарынан өткен. «KATEV» ХҚҚ қазақ-түрік лицейлерінің мұғалімдері үшін ұйымдастырылған білім жетілдіру семинарларына 29 мұғалім, Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы деңгейлік курстарына 3 мұғалім қатысып, өз білімін жетілдіріп қайтқан. Конференцияларға қатысу И.Эльма – «Дарын» РҒПО, 15-16.08.2011ж. «Дарындылық мәселесіне жаңаша көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық конференция; Э.К.Пириев - «Дарын» РҒПО, 15-16.08.2011ж. «Дарындылық мәселесіне жаңаша көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық конференция; Г.С.Нұрғалиева – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ, 11.06.2013ж. «Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жадайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту» аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция; Р.М.Кусаинов – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ, 11.06.2013ж. «Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жадайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту» аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция; Е.Н.Палжанов – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ, 11.06.2013ж. «Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жадайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту» аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция; Е.А.Койшибеков – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ, 11.06.2013ж. «Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жадайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту» аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция; Ж.Б.Жумагул – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ, 11.06.2013ж. «Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жадайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту» аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция; М.К.Утепкалиева – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ, 06.12.2013ж. «Біліктілікті арттыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – педагогикалық кадрлардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың басты шарты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция; Облыстық, республикалық, халықаралық конкурс, фестиваль, конференцияларға қатысу (тақырыбы, жылы); Э.К.Пириев – Қазақ-түрік лицейлері информатика пәні мұғалімдері арасында өткен емтихан І орын, «KATEV» ХҚҚ, 25.04.2011ж; К.М.Сейткалиева – Қазақ-түрік лицейлері орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен емтихан І орын, «KATEV» ХҚҚ, 25.04.2011ж; Г.С.Нұрғалиева – Қазақ-түрік лицейлері география пәні мұғалімдері арасында өткен емтихан І орын, «KATEV» ХҚҚ, 25.04.2011ж; Б.У.Асанов – Қазақ-түрік лицейлері математика пәні мұғалімдері арасында өткен емтихан І орын, «KATEV» ХҚҚ, 25.04.2011ж; А.Бану (Өзін-өзі тану пәні) – Облыстық «Жақсы болу өзіңнен шығармашылық фестивалі - 2011» алғыс хат, Атырау облысы балалардың құқығын қорғау департаменті, 2011ж; А.М.Шагирова (сызу пәні) – «Жер біздің ортақ үйіміз» ІХ Ұлттық экологиялық суреттер байқауы сертификат, Шеврон, 2011ж; Е.С.Омаров (тәрбиеші) - Облыстық «Үздік тәрбиеші – 2011» конкурсы II орын, Атырау ОКБАжҚДИ, 2011ж; Г.С.Нұрғалиева – Қазақ-түрік лицейлері география пәні мұғалімдері арасында өткен емтихан ІІ орын, «KATEV» ХҚҚ, 25.05.2012ж; Э.К.Пириев (информатика пәні) – Жыл адамы 2012 «Үздік мұғалім» номинациясы, Атырау облысы альянсы Заңды тұлғалар бірлестігі, 2012ж; Е.Н.Палжанов – математика бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиада І орын, «Дарын» РҒПО, 2012ж; Г.А.Мурзагалиева – қазақ әдебиеті бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиада ІІІ орын, «Дарын» РҒПО, 2012ж; М.К.Утепкалиева (тарих пәні) – «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді тәсілдер» қалалық педагогикалық оқулар І орын, Атырау қалалық білім бөлімі, 2013ж; М.К.Утепкалиева (тарих пәні) – «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» ХІV облыстық педагогикалық оқулар ІІ орын, Атырау облыстық білім беру басқармасы, 2013ж; А.Б.Бағыт (информатика пәні) – «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» ХІV облыстық педагогикалық оқулар ІІІ орын, Атырау облыстық білім беру басқармасы, 2013ж; Р.Корганов (ағылшын тілі) – «Тіл шебері» облыстық байқауы ІІІ орын, Атырау облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма, 2013ж; В.Ч.Алекперов (тәрбиеші) – «Тіл шебері» облыстық байқауы І орын, Атырау облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма, 2014ж; Аттестациядан өту Атырау облыстық білім беру басқармасының 2012 жылғы 2 наурыздағы №87 бұйрығымен 2012 жылдың 12-16 наурыз аралығында Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінде мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша облыстық білім беру басқармасының 2012 жылғы 19 наурыздағы №109 бұйрығымен «Облыстық дарыды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі 5 жыл мерзімге аттестатталынды». ### Тәрбиешілердің сапалық құрамы, жұмысқа алынуы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі –дарынды балаларға арналған интернаттық типтегі оқу орны. Лицейдің білім беру ерекшеліктері толық қанды тіл үйрену ортасын қамтамасыз етуді талап еткендіктен, 7-11 сынып оқушылары лицей жанындағы интернатта тұрады. Оқу тәрбие жұмысының үзіліссіз түрде жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) жетік меңгерген, лицей оқу және тәрбие бағдарламасымен таныс, арнайы семинарлардан өткен азаматтар директор тарапынан келісім шарт жасасу арқылы тәрбиешілікке алынады.Тәрбиешілер арнайы семинарларға қатысып білім көтеру курстарынан өткен. 2009 жылы 12-15 тамыз аралығында Алматы қаласында «КАТЕV» ХҚҚ ұйымдастырған «Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейлеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы ҚТЛ тәрбиешілерінің республикалық оқу-әдістемелік семинарына 4 тәрбиеші қатысқан. 10 тәрбиеші 2011-2012 оқу жылы 27-30 қазан аралығында Ақтөбе облысы Білім басқармасы және «КАТЕV» ХҚҚ ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткен «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы Республикалық оқу-әдістемелік семинарынан және 4-7 қаңтар аралығында Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асырудың жолдары» тақырыбындағы білім көтеру курсынан өткен. 11«А» сынып тәрбиешісі Е.С.Омаров 2011 жылы Атырау ОКБАжҚДИ өткізген Облыстық «Үздік тәрбиеші – 2011» конкурсында жүлделі орын алып, II-дәрежелі дипломмен марапатталған. Нормативтік базасы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылы 14 шілдедегі №708-а «Қазақстан Республикасы интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» Ереже. Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылы 28 тамыздағы №496 «Қазақ-түрік лицейлері туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылы 7 тамыздағы №350 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бұйрығы: «21-тармақ, 6-тармақша Тәрбиешілікке жалпы орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар, 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын және түрік) меңгерген ҚТЛ-дің жұмыс жүйесімен таныс арнайы семинардан өткен азаматтар (немесе ЖОО мен колледждердің студенттері қабылданады)». «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы №1 келісім шарт (2009 жыл 21 ақпан): «1.7. Тәрбиешілер мен олардың көмекшілері (оқушылармен 4 тілде практикалық сабақ жүргізетін, оларға қоғамдық мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыруға көмек көрсететін тұлғалар) «KATEV» ХҚҚ ұйымдастыратын семинарларда жақсы нәтиже көрсеткен тұлғалардың арасынан директор тарапынан жұмысқа қабылданады». ### Лицей жанындағы жатақхана жағдайы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі жанындағы жатақхана жұмысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жыл 10 шілдедегі №708 «ҚР интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Бұйрығы негізінде ұйымдастырылған. Лицейдің 120 орындық, 2 қабат жатақхана ғимараты 2008 жылы күрделі жөндеуден өткен. Жатақхананың жатын бөлмелерімен қатар 11 әжетхана, 10 жуынатын кабина, 2 LCD экран теледидар қойылған 3 демалыс бөлмесі бар. 1-қабатта жатақхана меңгерушісінің бөлмесі, аяқ киім қоятын бөлме, холл қарастырылған. Жылу, суық су, ыстық су, канализация жүйелері орталықтандырылған. Жатақханада тұратын әр оқушыға төсек орнымен қоса шкаф бекітілген.Штат бойынша 1 вахтёр, 3 күзетші, 1 еден жуушы, 1 жатақхана меңгерушісі қызмет көрсетеді. Жатақхана меңгерушісі Садырбаев Дархан 5 жыл еңбек өтілі бар химия пәні мұғалімі.2013-2014 оқу жылында Жатақхана жылдық жоспары дайындалып бекітілген. Жатақхана апталық жоспары, сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбие сағаттарының кестесі бекітілген. Лицей жатақханасында тұратындар тізімі оқушы ата-аналарының арызы қаралып, лицей әкімшілігі тарапынан бекітіледі. Жатақханаға оқушы қабылдау кезінде аудандық жерден келгендер және қашық мөлтекаудандарда тұратындарға әуелдік беріледі.Оқушылардың кешкі 19:00-21:00 арасындағы үй жұмысын дайындау және өздік жұмыс этюдтеріне қатысуын қадағалау және түнгі уақытта оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілерінен түнгі кезекшілік ұйымдастырылған.
Мәжит Сабаншиев (15.01.1944 жылы туған Панфилов ауданы, Ынталы ауылы)-ғалым, биология ғылымының докторы(1993), профессор (1997). 1967 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, 1973 жылы Мәскеудегі Эпидемиологиялық және вирус институтының аспирантурасын бітірген.1967-68 жылы Панфилов ауданындағы "Красный восток" шаруашылығында бас малдәрігері, 1973-96 жылы Қазақ вирусол, ғылыми зерттеу университеті аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1996 жылдан Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде 60-тан аса ғылыми еңбегі жарияланған. ## Дереккөздер Жетісу энциклопедия "Арыс" баспасы Алматы 2004
Тамыр көптеген және әр түрлі жасушалардан тұрады.Оны бірнеше бөліктерге немесе аймақтарға бөлуге болады.Тамырдың ең ұшын тамыр оймақшасы жауып тұрады.Тірі, жұқа өабықшалы жасушалардан тұратын тамыр оймақшасы әрдайым қабыршақтанып, түлеп отырады. Тамыр оймақшасының жабын ұлпалары болады. Олар тамырды топырақта болатын кейбір қатты бөлшектердің зақымдануынан қорғайды. Оймақшаның сыртқы жасушаларының түлеп түсуі тек топыраққа үйкелуден ғана болмайды. Олардың астыңғы жағында жас, тірі жасуша қабаттары болады. Мұнан тамыр үйкелісін азайтатын , тамырдың топырақта қозғалуын жеңілдететін зат бөлінеді. Құрғаған жасушалар қабыршақтанып түседі. Тамыр оймақшасының астында түзуші ұлпа орналасады. Оның жасушалары әрдайым бөлініп, өсіп отырады. Барлық бөлінетін жасушалар осы ұзындығы 1 мм бөліну аймағында болады. Тамыр, бөліну аймағындағы жасушалардың бөлінуі нәтижесінде ұзарып өседі.Бұл аймақтың түсі сарғыш келеді. Бөліну аймағынан соң тамыр жұмсақ, мөлдір болып көрінеді.Бұл-өсу аймағы. Өсу аймағындағы жасушалар созылыңқы болып келеді және бұл аймақтың мөлшері онша үлкен болмайды. Мұнан жоғары ұзындығы 5-200 мм болатын сору аймағы орналасады.Минералды заттар мен суды сору қызметін осы аймақта болатын тамыр түкшелері атқарады.Тамыр түкшелері қабырғасы, цитоплазмасы, ядросы және басқа бөліктері бар жасуша екенін ұлғайтқыш әйнекпен байқауға болады. Тамырдың 1мм2 бетінде 200-ден 400-ге дейін тамыр түкшелері болады. Тамыр түкшелері болғандықтан, тамырдың сору беті 18 есеге жуық өседі. Тамыр түкшелері 10-20 тәулік қана тіршілік етеді. Тамырдың жас бөлігінде жаңа тамыр түкшелері түзіледі. ## Дереккөздер
Нәзікен Алпамысова(15.5.1937 жылы туған, Жамбыл ауданы, Сарыбай ауылы)- ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1995).Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері(1996). 1954 жылы Жамбыл ауданындағы Қарғалы орта мектебін, 1960 жылы ҚазМУ-ді, 1964 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекттік университетінің аспирантурасын бітірді. Осы жылдан бері Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде ұстаздық қызметте. "Шырағдан" (1995), "Күрең шетен" (2003) жыр жинақтары жарық көрген. ## Дереккөздер * Жетісу энциклопедия «Арыс» баспасы Алматы 2004
Көшпелі көкқасқа шегіртке-едәуір ірі (дене тұрқы 5-6 см шамасында болатын) жәндік, оның қысқа мұртшасы, қатқыл да жіңішкелеу алдыңғы ұзын тура қанаттары (отрядтың турақанаттылар аталуы сондықтан) мен желпуіш сияқты жиналатын жалпақ артқы қанаттары , секіретін артқы ұзын аяқтары бар. Көшпелі көкқасқа шегіртке суқоймаларының жағаларындағы қамысты жерлерде тіршілік етіп, сол жерде көбейеді. КСРО-да ол Кубань, Терек, Урал, Сырдария, Амудария өзендерінің төменгі ағыстарында кездеседі. Жаздың екінші жартысында көкқасқа шегірткенің аналығы қысқа жұмыртқа салғышымен топырақты шұңқырлап қазады және оған жұмыртқа салады. Көкқасқа шегірткенің жұмыртқалары бірігіп жабысқан сопақ қапшық - дүңгіршекте болады. Көктемде жұмыртқалардан ересек жәндікке ұқсайтын, бірақ қанатсыз дернәсілдер шығады. Дернәсілдер бір жерге жиналады. Олар қоректенеді, өседі, түлейді, сөйтіп бірте-бірте қанатты ересек шегірткеге айналады. Көбейіп кеткенде көкқасқа шегіртке тұрақты мекенінен әлдеқайда алысқа ұшып барып, мәдени өсімдіктердің егістігіне қонуы мүмкін. Көкқасқа шегіртке өте мешкей келеді. Бір аналығынан тарайтын ұрпақтары даму мерзімінде 300 кг шамасынан астам балауса өсімдіктерді жейтіні есептеп шығарылған. Көкқасқа шегіртке өсімдіктердің кез келген түрін жейді. Жеке адамдардың шамасы жетпейтіндіктен, көкқасқа шегірткеге қарсы күресті арнайы станциялар жүргізеді. ## Дереккөздер
Жәпек Түктіқұртұлы,Тоқтығұрұлы (18 ғасырдың басы)- Жетісу өлкесін Жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысқан батыр, Шапырашты руының ту ұстаушысы. Халықтық шежіре деректері бойынша осы рудың Есқожа аталығынан шыққан Қарасай батырдың баласы Түрікпеннің немересі. Оның ерлігі Бұқар жыраудың "Қалданменен ұрысып..." деген толғауында, 1928 жылы Ұзынағаш стансасының тұрғыны Үмбет Дәулетбаевтан жазып алынған "Қарасай батыр" дастанында мадақталған. Сүйінбай ақын да:"Ұрпағы Қарасайдың Дәулет, Қаумен, Алысқан қан ағызып талай жаумен, Қайратына Жәпектің Жау шыдамай, Қашыпты Қытай асып Алатаудан" деп жырлаған. Жәпек батырдың қару-жарақтары (айбалта, шиті мылтық,садақ) мен сауыт-сайманы, күдері шалбары 20 ғасырдың басына дейін сақталған. 1913 жылы Верный қаласында Романовтар әулетінің патшалық құрғанына 300 жыл толу құрметіне ұйымдастырылған Жетісу облыстық көрмесінде Жамбыл ақынның жақын серігі -ақын, әрі палуан Шапырашты-Екей Мақыш Райымбекұлы Жәпектің жаужарағын киіп, театрландырған көрініске қатысқан, суретке түскен. ## Дереккөздер * Жетісу энциклопедия «Арыс» баспасы Алматы 2004
Руслан Қаһарманұлы (1968 жылы туғанРайымбек ауданы, Нарынқол ауылы)-палуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 1985 жылы Алматы қаласындағы Олимпиада резервтерін даярлайтын училищенің грек-рим күресі бөлімін, 1989 жылы Қазақстан дене тәрбиесі және [[спорт институтын бітірді. 1987 жылы республикалық құрама командасына қабылданды. 1988-89 жасөспірімдер арасында КСРО чемпионы атанды. 1992 жылы Дондағы Ростав қаласында өткен ересектер арасында КСРО біріншілігінде күміс жүлдегер.1992 жылы Әлем кубогы жүлдесі үшін өткен жарыста қола медаль алды. 1994 жылы Хиросима қаласында өткен Азия біріншілігінде күміс жүлде, ал 1997 жылы Филлиппинде өткен Азия чемпианатында 1-орын иеленді. Жұмабеков грек-рим күресінен Қазақстанның 5 дүркін чемпионы.Аудан жеңімпаздары Мұрағатталған 28 қаңтардың 2015 жылы. ## Дереккөздер * Жетісу энциклопедия «Арыс» баспасы Алматы 2004
Ақшатау — Қарағанды облысы Шет ауданындағы кент. ## Географиялық орны Астана-Алматы автомобиль жолының сол жағында 1,5 км, аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км-дей жерде орналасқан. ## Тарихы Түсті металл мен сирек кездесетін металлдардың орталығы ретінде 1941 жылы «Ақшатауқұрылыс» болып құрылған. 1941 жылдан вольфрам өндіріліп, 1942 жылдан «капитальная» шахтасы, №3 кен байыту комбинатының құрылысы салынды. 1947 жылы Ақшатау кен басқармасы болып, 1958 жылдан Ақшатау кен байыту комбинаты болып қайта құрылды. Оның құрамына Оңтүстік-шығыс шахтасы, Ақжал, Ортау, Қайрақты және Жамбыл рудниктері кірді. Ал, 1987 жылдан «Казвольфрам» өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. 1996 жылы Ақшатау кен-байыту комбинаты банкротқа ұшырауына байланысты жабылды. 1998 жылдан аудан әкімінің басшылығымен кенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру шаралары ұйымдастырылуда. 1999 жылдан бастап Ақшатау кентінің әкімшілік бағынысына Ақшатау мен Қарғалы ауылдары кіргізілді. Жерiнiң жалпы ауданы 224 мың га. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Кенттің әкімшілік аумақтық бағынысындағы елді мекендерінде (Ақшатау кенті, Ақшатау, Қарғалы ауылдары) 3 мектеп, жанұялық амбулатория, пошта бөлімшесі, ФАП, кiтапхана бар. Ақшатау кеңшары негiзiнде 40 шаруа қожалығы құрылған (2006). Кент басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр темір жол станциясы 81 км жерде. ## Дереккөздер
Құралай — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Лебяжі ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 487 адам (260 ер адам және 227 әйел адам) болса, 2009 жылы 308 адамды (151 ер адам және 157 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
«Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» - Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті, Сайрам ауданының әділет басқармасының заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы сериясы В № 0374073 куәлігіне (тіркеу номері 12-1958-11-ЖШС, бизнес сәйкестендіру № 040540002655) сәйкес 18.05.2004 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы тілдерді қолдану және дамыту, білімді көтеру, дене тәрбиесі және спортты дамытуда Мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып кадрларды дайындауда оқу – тәрбие процесін мемлекеттік тілде жүргізеді. ## Мамандықтар «Гуманитарлық агроэкономикалық коллежі» өзінің білім беру қызметін ОҚО Білім департаменті 19 шілде 2006 жылы берген № 0038282 мерзімі шектелмеген мемлекеттік лицензиясы негізінде төмендегі мамандықтар бойынша қызмет етуде: * 0501002 – «Ветеринария»; * 0705002 – «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» (салалар бойынша); * 3707002 – «Ақпараттық жүйелер» (қолдану облыстары бойынша); * 4402002 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»; * 4432002 – Ауыл шаруашылығын автоматтандыру және электрлендіру»; * 1211000 - Тігін өндірісі және киім үлгісін модельдеу»; * 0712002 – «Менеджмент» (салалар бойынша); * 4406002 – «Агрономия». ## Мәліметтер Қазіргі таңда жалпы қызметкерлер саны 55 қызметкерлерді құрайды, оның ішінде оқытушылар құрамы 44 оқытушы; ### Санаты бойынша * Жоғарғы санатта – 16 оқытушы оның ішінде 2 ғылым докторы, 6 ғылым кандитаты; * Бірінші санатта – 10 оқытушы; * Екінші санатта – 8 оқытушы; * Санатсыз – 2 оқытушы; Колледждің оқу топтарындағы дәрістер мемлекеттік тілде 86-7%, орыс тілінде – 13,3%, 44 оқытушының 38-і дәрісті мемлекеттік тілде жүргізеді. ### Оқытушылардың еңбек өтілі бойынша * 15 жылдан жоғары – 14 * 15 жылға дейін – 6 * 10 жылға дейін – 21 * 5 жылға дейін - 3 ## Келісімшарт Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының негізінде кәсіптік орта білімді мамандар дайындаудың мемлекеттік стандартына сәйкес колледжде білім алушы барлық мамандықтардың студенттері оқу және іс-тәжірибесін өткізу жөніндегі Ереже мен бағдарламаға сүйене отырып өз салаларына сәйкес оқу, өндірістік – технологиялық, диплом алды тәжірибелерден өтуі үшін кәсіпорындар және мекемелерімен колледж арасында келісім-шарттар түзілген: ### Тізімі * 15130000 – «Ветеринария» мамандығы * Сайрам аудандық ветеринария бөлімі. * «Дихан» өндірістік кооперативі. * Сайрам аудандық малдәрігерлік зертханасы * «Н.Нұр – 7» ЖШС. * «Сайрам сүт» ЖШС. * «Жер ана-Бірлік» ЖШС * «Қайнар – Астық» өндірістік кооперативі. * ЖШС «Ақсу санэпидемветлаборатория» ### Ауылшаруашылығы мамандығы * 1510000 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы * «Қайнар астық» өндірістік кооперативі. * «О. Құрбанов» өндірістік кооперативі * «ЖАН» техникалық қызмет көрсету орталығы. * ЖШС «Қайнар май». * «Манкент-1» өндірістік кооперативі ### «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы * 0902000 – «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы * «Қайнар-май» ЖШС * «Оңтүстік –Жарық транзит» ЖШС –інің Сайрам аудандық элетр жүйелері * «О. Құрбанов» өндірістік кооперативі * «Манкент – 1» өндірістік кооперативі ### «Есеп және аудит» мамандығы * 0518000 – «Есеп және аудит» мамандығы * Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі, * «Қайнар май» ЖШС * Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» * «Ақбулақ» ауылдық округі ### «Ақпараттық жүйелер» мамандығы * 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы * ЖШС «Н.Нұр – 7». * Сайрам аудандық Қазақтелеком торабының байланысы Оқушылардың өрістік, диплом алды практикалары есебі оқу бағдарламасы талапқа сәйкес жасалып, жинақталған. Практика жетекшісінің есебі жасалған. « Гуманитарлық – агроэкономикалық колледжі » оқу үрдісінде жан – жақты қалыптасқан кәсіби білікті кадрларды дайындауды инновациялық білім беру технологияларын енгізе отырып салалы бағыттарда жұмыстар атқарады. Білім беруді жүзеге асырудың маңызды сипаттары қазіргі уақытта оқыту үрдісін технологияландыру болып отыр. Оқыту технологиясы оқу үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер, амалдарды жүйелі, кешенді пайдалану. Педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісін жобалай отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешу және оқушыларға нақты білім беріп, мамандыққа икемділіктері мен қабілеттерін қалыптастыру үшін оқыту үрдісінде педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерінің элементтерін қолданудамыз. Яғни кредиттік оқыту технологиясының элементтерінен: ## Академиялық күнтізбе Академиялық күнтізбе бойынша жұмыс үрдісі ұйымдастырылады, оқу барысы күнтізбесі, бақылау жұмысын жүргізу кестесі, оқу және өндірістік, сарамандық іс-шараларды өткізу кестесі.Академиялық рейтинг – бағдарлама материалдарын оқушылардың меңгеру көрсеткіші, қорытынды аттестация шығарылып отырылады. Кезеңінде оқушылар білімін тексеру формаларын (тесттер жинағы, бақылаудың басқада түрлерін) қолдану.Үлестірмелі материалдарды түрлендіру – білімді жақсы меңгеруі үшін және шығармашылық матевациясын дамыту үшін оқушыларға өзіндік жұмыстар орындату.Оқушылардың қорытынды аттестациясы – мемлекеттік білім стандартында көрсетілген оқу пәні көлемін қаншалықты игерілгенін анықтау шарасы (мониторинг шығару).Оқытушының оқушылар білімін жүйелі тексеріп ұпай қойып отыру (5 ұпайлық жүйе).Оқу жоспарының құрылуы мен жүргізілуі, орындалуы. * Типтік оқу жоспары * Оқу – жұмыс жоспары * Жеке өзіндік оқу жоспары Әр оқу пәні арнайы қаралған код арқылы біріңғай жүйеде жүргізіледі.Интерактивті оқыту әдістерін қолдану.Оқу сабақтары шығармашылық белсенді формаларда өтілуі тиіс: іскерлік ойындар, тренингтер, дөңгелек стол, семинар, бәсеке –сайыс, кейс –стади т.б.Қорытынды баға оқушылардың аралық аттестацияда жинаған ұпайлары, дәріске қатысуда жинаған ұпайы және емтиханда алған бағасының орта эквивалентінде шығарылады. «Жалпы білім беру және гуманитарлық пәндер» ЦӘК –Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, оза отырып оқыту және тренингтік технология элементтерін қолдана отырып, дәрістерін жүргізеді.«Ауылшаруашылық мамандықтар» ЦӘК- Модульдік оқыту, проблемалық оқыту, трек белгілері мен трек конспектілері негізінде оқыту, жобалау, топтық және ұжымдық оқыту, жекеше оқыту технология элементтерін пайдаланады.«Ақпараттық жүйелер және техникалық мамандықтар» ЦӘК – Ақпараттық комуникациялық, бағдарламалап оқыту, саралап оқыту, компьютерлік оқыту, мультимедиялық технология, бейне технология элементтерін дәрістерінде қолданады. ## Бағыты Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі білім беру мекемелеріне арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы негізінде колледжімізді тәрбие жұмысы төмендегі бағыттарда жүргізіледі. * - Таныстыру және ұйымдастыру. * - Қоғамдық тәрбие. * - Рухани адамгершілік тәрбие. * - Салауатты өмір салты. * - Эстестикалық,этникалық тәрбие. * - Экологиялық тәрбие. * - Құқықтық ,патриоттық тәрбие. * - Ұлттық,мәдени тәрбие. * - Мамандыққа баулу және отбасы тәрбиесі. Колледждегі тәрбие жұмысының мақсаты Қазақстандық ұлтжанды,азаматтық сезімі жоғары,төзімді,рухани құндылығы бай,рухани жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді тұлғаны қалаптастыру. Сол себепті әрбір оқушыны өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, дінін, салт-дастүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін, салт-дастүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу. Коледжде жастар ісі жөніндегі комитет құрылымы құрылып,оның мәртебесі өкілеттілігі мен жауапкершілігін әкімшілік іс-құқықтары белгіленген.Колледжде жастар ұйымы төрағасы А.Азимханова оқушы жастардың арасында мемлекетіміздің жастар саясаты мен тәрбие жұмыстарына белсене атсалысып, іс-шаралар өткізеді. Оқушы жастар арасынан дарынды жастарды анықтауға, оларды қолдауға, салауатты өмір салтын ұстануға қазақстандық патриотизмнің қалаптасуна ықпал жасайды. ## Клубтар Колледжімізде спорттың мынадай түрлері бойынша үйірмелер жұмыс жасайды – волейбол, баскетбол, кіші футбол, шахмат, дойбы. Оқушылардың білімдерін ұштап жетілдіру, дамыту мақсатында «Шежіре», «Жасыл ел», «Интеллектуалдық» клубтары жұмыс жасайды.Соңғы үш жылда колледжде 2 жетім, 12 жартылай жетім, 1 мүгедек оқушы мамандық алып шықты Сайрам ауданындағы №4 жетімдер үйінің 2 түлегі директордың грантымен тегін оқыды. 2012-2013 оқу жылында ауданның мектеп окушылары арасында ұйымдастырылған «Өнерлі шәкірт» аудандық байкауының жеңімпазы Гүлсім Абдукаримова «Ерғали Сарманов» атындағы грантты ұтып алып, білім алуда. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Астана қаласында өткізілген «Кристалды пиксел» дизайні және компьютерлік графика 1- Респурликалық байқауына АЖ-30-4 тобының оқушысы Адашев Дилшот қатысып, сертификат иеленді, алған тәжірибесін оқу үрдісінде қолданып, тәжірибе бөлісуде. «Техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын арттырудағы оқу-өндірістік базалардың ролі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арнайы пән оқытушысы Қ. Тилеева, ағылшын тілі пәні оқытушысы С. Анарметова қатысып сертификатқа ие болды. ОҚО «Арыстанбаб» колледжінде өткізілген «Білікті кәсіби маман даярлауда –ғылыми шығармашылықтың ролі» тақырыбындағы ғылыми конференцияға 1-курс оқушысы Сайрамбай Жансая қатысып «Ең өзекті материалды талдағаны үшін» номинациясын жеңіп алды. Колледжішілік оқытушылар арасында «Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан» тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференция жеңімпаздары Қ. Расулметов, А. Серикбаева, Қ. Тилееваның еңбектері оқыту үрдісінде қолданылуда. «АЖ» 30-4 оқушылары арнайы пәндерден ғаламтор арқылы қашықтықтан оқыту курсына катысып, 10 оқушы қорғап шығып, нәтижесінде UPMark қызметін колледж жеңілдікпен пайдалануда. Колледж Көмешбұлақ елді мекенінде орналасқан «Бауыржан» отбасылық негізіндегі балалар үйіне демеушілік көрсетіп, балаларға психологиялық қолдау жасайды. ## Мекен-жайы Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Сайрам ауылы, Аксукент көшесі, Байтурсунов н/з (М. Горький мектебінің жанында орналасқан)Тел: 8 (732-531) 22 – 600, 22 – 508, 8 702 333 86 84</nowiki>
Лебяжье — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Лебяжі ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 778 адам (361 ер адам және 417 әйел адам) болса, 2009 жылы 650 адамды (318 ер адам және 332 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Круглое — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Лебяжі ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 65 адам (31 ер адам және 34 әйел адам) болса, 2009 жылы 21 адамды (10 ер адам және 11 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бата: * Бата - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. * Бата - Ежелгі Мысыр мифологиясының тәңірі. * Бата - Болгарияда Бургасс облысындағы елді мекен. * Бата - Чад республикасындағы аймақ. * Бата - Экваторлық Гвинеядағы қала. * Бата - соқпалы музыкалық аспап. * Бата — испания футболшысы.
Delete пернесі – компьютер пернетақтасындағы перне. Жүгіргінің үстінде немесе оның оң жағында тұрған нышанды жояды. ## Дереккөздер
Жер бетінде арқамүйіз - балықтың 40-қа жуық түрі бар.Табиғи ортада ұзындығы 30 см-ге жетеді. Арқамүйіз балық ашық түсте келеді. Арқасы жасыл, бауыры ақ түсті. Көзінің қасында жиектері көкшіл түсті қара жолақтары бар. Құйрығына жақын жерде қара сызықтар өтеді. Ауызы сары түсті.Тістері өте өткір. Теңіз кірпілерін жеуге оңай.Арқамүйіз балықтар жақсы жүзе алмайды. Ұзақ уақыт бойы салқын толқындарында арқа қанаты мен құрсақ қанатын қозғалтып тұрады.Көбеюі өте қарапайым. ## Дереккөздер
Теміртау химия-металлургия зауыты 1942 жылында синтетикалық каучук зауытты негізінде 1982 жылында «Карбид» ӨБ құрылды. Бірлестік құрамыңда 3 өңдіріс болды: кальций карбиді (4 цех), органикалық синтез (5 цех), синтетикалық каучук (4 цех). Бұларға қоса 12 көмекші цех жұмыс істейді. Тұтынатын шикізаттары: кальций карбиді үшін - Оңтүстік Топар кен басқармасының «Қарағандыцемент» бірлестігінің әктастары; Қарағанды металлургия комбинатымен Алтай химикалық зауытының коксы; Запорожье мен Искитим қалаларындағы электрод зауытттарынан әкелінетін электродтық масса; каучук өндіру үшін—«Орскнефтеорсинтез» өндірістік бірлестігі мен Новокуйбышев синтез спирт зауыттынан жеткізілетін спирт;органикалық синтезге арналған күйдіргіш сода (Кемероводан), күкірт қышқылы (Жезқазған), азот қышқылы (Шыршықтан). 1981-1985 жылдарында жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық қайта жабдықтау және жетілдіру, халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін 148 ғылыми-техникалық шара жүзеге асырылды. Кальций карбиді өндірісінде күйдіру пеші, өздігінен пісетін электродтарды шығару, органик. синтез өндірісінде—этилацетатты синтездеу жүйесі, винил-и-бутил эфирін тазарту жүйелері, ацетиленді гидротациялау аппараты қайта жарақталып, өндіріске енгізілді. Сірке қышқылын синтездеуді жақсарту т.б. жұмыстар жүргізілді. Бірлестік өнімнің 26 түрін шығарды. Жоғары категориядағы сапамен шығарылатын өнімнін шамасы 53,7%. Сірке қышқылы, этилацетат, винипол, винил-и-бутил, каучук т.б. өнімдер мемлекеттік сапа белгісімен шығарылады. Өнімедердің барлық облыстық қалаларына жөнелтіліп тұрды. Этилацетат — Польшаға ,каучук — Венгрияға, Кубаға экспортқа шығарылды. Комбинаттың жанында медикалық санитарлық бөлім, мәдениет сарайы, спорткешені, санаторий-профилакторий бар. 1967 жылдан көп таралымды «Химик» газеті шығып тұрады. 1966 жылы зауыт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды (1973жылдан КОКП23-съезінің аты берілді). 60 жылдық тарихында зауыт химия өнеркәсібінің алыбына айналды. Бірақ қайта құру жылдары жұмысын іс жүзінде доғаруға мәжбүр болды. 1998 жылдарында Теміртау электрометаллургия комбинаты зауытқа ие болып, тоқтап қалған зауытттың өндірісін жандандырды. № 4 рудатермикалық пешінде кальций карбидін шығару қалпына келтірді, №6 пеш ферроқорытпа шашығаруға қайта құрылып, 2000 жылдан 3 қарашада алғашқы өнім алынды. 2002 жылдан мамырда көміртегінің қос тотығы өндірісі іске қосылды. 2003 жылдан зауыт құрамына Теміртау құю-механикалық зауыты енді, онда да қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Комбинат құрамына, сондай-ақ Оңтүстік Топар мен «Марганец» КБ, құрылыс керамикасын өндіретін Ақмола филиалы енді (2006). ## Дереккөздер
«Кассам» — қатты отынды, басқарылмайтын, майдангерлік жолмен жасалған реактивті снаряд. Газа секторындағы Израиль аумағынан атқылау үшін қолданылады. Ислам әлеміндегі танымал ықпалды әл-Кассамның құрметіне аталған. Алғашқы «Кассам» Израиль-Палестина қақтығысына байланысты 2001 жылдың қазанында, екінші интифада кезінде әуеге көтерілді. «Жер-жер» нұсқасы бойынша жасалған қарапайым зымыран кәдімгі оқтұмсықпен жабдықталған. Ол адамдар мен ғимараттарды жойып талқандау мақсатында қолданылады. Ол жарылғыш зат орнатылған ішкі қуыс түтіктен дайындалады. Зымыранның артқы бөлігінде жанармайдың ерекше түріне арналған құрылғы орнатылады, жанған кезде одан газ бөлініп, артқа қарай ұшады да, зымыранды қозғалысқа келтіреді. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Арманд Инесса (26.04.1874 - 24.9.1920) - халқаралық коммунисттік партияның қайраткері. 1904 жылдан Компартия мүшесі, Парижде артист отбасында туған. Арманд Ресейдегі 1905 - 1907 жылдар арасында болған көтеріліске белсене қатысты. 1909 жылғы эмиграция арқасында шетелге кетеді. 1911 жылы Лонжюмода партия мектебін ұыймдастырушы әрі мұғалімдерінің бірі. 1912 жылы Петербургке партиялық астыртын жұмысқа жеберілді. 1915 - 1916 жылдардағы большевиктердің Берн интернацианалисттердің Цеммирвальдық және Кинталь большивиктер партия атынан халқаралық әелдер мен жастар коференциясына қатысты. 1916 жылдарры Парижде тұрын, В. И. Лениннің еңбектерін және партиялық қаулы қараларын француз тіліне аударды. 1917 жылы, Февральды көтеріліс аяқталған соң қайта Ресейге оралады. Москвадағы қарулы көтерілісті әзірлеу жұмысына қатысадын. Октябрьлық революция соң Москаның губком мүшесі, губатком мүшесі, губернаторлық халық шаруашылық кеңесінің председателі болады. Ал 1920 жылы комитеттің 2-конгресі жұмысына қатысты, комунисттік әйелдер халқаралық 1-конференциясының жұмысын басқарады. Бірнеше кітаптардың авторы. Москвада Қызыл алаңға жерленді. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы, I том
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған – 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожиннің қызы. ## Өмірбаяны ## Зерттеулер Сыздық Рәбиға "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" (1959) тақырыбында кандидаттық, Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, ахметтану, лингводидактика салаларына арналған. ## Марапаттар “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Шығармалары * Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996; * Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004; * Сөз сазы, А., 1983; * А.Байтұрсынов, А., 1990; * Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004; * Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004; * Сөз құдіреті, А., 1997; * Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000; * Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001; * Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004; * Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Рабиға Сыздық: Ғылымда жүрген қазақ әйелінің жүгі өте ауыр
Шашақ гүлді қызат (лат. Lysimаchia thyrsiflоra) – наурызшешек тұқымдасы, талқурай туысына жататын көп жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 25-60 см. * Сабағы тік, жалаң. * Қандауыр тәрізді жапырақтары сағақсыз, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 5-10 см, ені 0,5-2,5 см, үшкір, жиегі тегіс. Төменгі бөлігінде жапырақты қоңыр түсті жарғақты қабыршақ алмастырады. * Ұсақ гүлдері жапырақ қолтығынан шығатын гүлсағаққа бекіп, тығыз гүлшоғырына топтасқан. Гүлсидамы мен гүлшоғырының ұзындықтары бірдей (1,5-3 см), жапырағынан 2-4 есе кіші. Гүлсағағының түбінде таспа тәрізді үшкір гүлжапырағы бар, ол гүлсағағынан екі есе ұзын. Күлтесі сары, қызыл қоңыр дақтары бар, ұзындығы 5-6 мм, ұшына қарай доғал. Аталық жіпшесі күлтесімен бірдей немесе одан ұзын, аналық мойнынан аздап қысқалау. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. ## Өсетін жері мен таралуы Солтүстік жарты шардың салқын қоңыржай белдеуінде орналасқан елдерде: Еуропаның орталығы мен шығысында, Орта Азияда, Скандинавияда, Моңғолияда, Қытай және Канадада таралған. Қазақстанда Тобыл-Есіл аралығында, Семей орманында, Көкшетау қыратында, Ақтөбе облысында, Сарыарқаның батыс ұсақ шоқылығында, Балқаш-Алакөл ойысында, Алтай тауларында кездеседі. Өсетін орны - батпақты жерлер, су жайылмасы, өзен және көл жағалауы. ## Дереккөздер
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған – 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожиннің қызы. ## Өмірбаяны ## Зерттеулер Сыздық Рәбиға "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" (1959) тақырыбында кандидаттық, Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, ахметтану, лингводидактика салаларына арналған. ## Марапаттар “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Шығармалары * Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996; * Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004; * Сөз сазы, А., 1983; * А.Байтұрсынов, А., 1990; * Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004; * Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004; * Сөз құдіреті, А., 1997; * Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000; * Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001; * Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004; * Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Рабиға Сыздық: Ғылымда жүрген қазақ әйелінің жүгі өте ауыр
Арқалық ауданы - Торғай облысындағы әкімшілік аудан. Жері 13,5 мың км². Халық 30,5 мың (1970). Ауданында 9 ауылдық кеңес, 14 совхоз, 1 қала бар. Торғай облысы таратылған соң, 1997 жылғы 17 маусымда Арқалық ауданы да таратылады. ## Тарихы Арқалық ауылдық ауданы 1963 жылы 2 қаңтарда Тың өлкесіндегі Қостанай облысы құрамында құрылды. Орталығы Арқалық қалалық кенті болды. Сол қаулымен Целиноград облысы бұрынғы Баранкөл ауданының Матросов және Молодёжный ауылдық кеңестері аудан құрамына берілді. 1963 жылы 9 желтоқсанда Ковыльный ауылдық кеңесі құрылып, Матросов ауылдық кеңесі таратылды. 1965 жылы 30 маусымда Арқалық қалалық кентіне аудандық бағыныстағы қала мәртебесі берілді. 1966 жылы 29 қыркүйекте «Горняк» кеңшарының орталығы Горняк ауылында құрылған ауылдық кеңеске Горняк атауы беріліп, ауылдық кеңесі құрамына Тасты ауылдық кеңесінің Горняк, Қарынсалды, Целинный ауылдары енді. 1967 жылы 9 маусымда орталығы Родина ауылы болатын Родина ауылдық кеңесі құрылып, құрамына Арқалық қалалық кеңесінің Бөгет, Чистопольский, Журавлёвка ауылдары енді. 1968 жылғы 1 қаңтардағы аудан құрамы: Ашутасты, Горняк, Қайыңды, Ковыльный, Көктау, Молодёжный, Родина, Тасты, Үштөбе. 1970 жылы 12 қарашада Арқалық ауданы Қайыңды ауылдық кеңесінің Ақкісі, Күлік елді мекендері Амангелді ауданының Иманов ауылдық кеңесіне берілді. 1970 жылы 23 қарашада Арқалық ауданы жаңадан құрылған Торғай облысының құрамына енді. Арқалық қаласы облыстық бағыныстағы қала мәртебесін алып, аудан құрамынан шығарылды. 1971 жылы 26 қазанда аудан орталығы Арқалықтан Родина ауылына көшірілді. 1972 жылы 7 шілдеде Торғай облыстық атқару комитетінің шешімімен 1972 жылы 8 маусымда құрылған ауылдық кеңеске Матросов атауы беріліп, орталығы Матросов атындағы ауыл болды. 1975 жылы 26 наурызда орталығы Мирное ауылында орналасқан ауылдық кеңеске Мирный атауы берілді. 1977 жылы 15 ақпанда Горняк, Мирный, Тасты ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Амантоғай ауданына берілді. 1978 жылы 26 қаңтарда бірқатар елді мекен есептік деректерден шығарылды: «Арқалық» кеңшарының №3 бригадасы, №1 бөлімшесі е.м., Ашутасты ауылдық кеңесінің Гидроспецстрой, Октябрьский е.м., Көктау ауылдық кеңесінің Огородный, Ащылысай е.м., Қайыңды ауылдық кеңесінің Кеңтүбек, Қатон, Аққыш е.м., Ковыльный ауылдық кеңесінің Жалғызтал е.м., Молодёжный ауылдық кеңесінің Приусадебное, Молодёжный НҚП (ХПП) е.м., Родина ауылдық кеңесінің Бөгет е.м., Үштөбе ауылдық кеңесінің Заречный, Киров атындағы е.м. 1981 жылы 30 қаңтарда Торғай облыстық атқару комитетінің шешімімен 1981 жылы 9 қаңтарда құрылған орталығы Аққошқар ауылындағы ауылдық кеңеске — Аққошқар; Фурманово ауылындағы ауылдық кеңеске — Фурманов атаулары берілді. 1982 жылы 11 қарашада Торғай облыстық атқару комитетінің шешімімен 1982 жылы 29 қыркүйекте құрылған орталығы Алуа ауылындағы ауылдық кеңеске — Алуа; Арқалық қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде Родина ауылдық кеңесінің аумағында құрылған елді мекенге Айдар атауы берілді. 1985 жылы 4 наурызда Айдар ауылдық кеңесі (орталығы Айдар а.) құрылып, құрамына Родина ауылдық кеңесінің Айдар ауылы енді. 1988 жылы 2 маусымда Торғай облысының таратылуына байланысты Арқалық ауданы Қостанай облысына берілді. 1988 жылы 9 шілдеде Арқалық ауданына таратылған Амантоғай ауданының Горняк, Мирный, Тасты ауылдық кеңестері қосылды. 1990 жылы 17 тамызда Торғай облысы қалпына келтіріліп, Арқалық ауданы құрамына қайтарылды.1997 жылы 22 сәуірде Торғай облысы қайта таратылады. Сол жылы 17 маусымда Арқалық ауданы таратылып, аумағы Арқалық қаласының қарамағына өтті. ## Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 15 ауылдық кеңес пен 18 елді мекен болған: ## Халқы ## Географиялық ерекшеліктер Арқылық ауданының жері адырлы келеді және шығыстан батысқа қарай аласара береді. Абсолют биіктігі 250-300м. Пайдалы қазбалары: * боксит, * отқа төзімді балшық, * қоңыр көмір. Климаты тым континенттік: жазы ыстық, қысы суық. Ақпанның орта температурасы - 16, - 17°С, шілдеде 21,7°С- дан, 23,5°С- ға дейін. Жауын-шашынның орта мөлшері 200-250 мм. Мұнда Торғай өзенінің алабына жататын жалдама мен Қараторғай өзендерінің ұсақ салалары - Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Терісаққан өзендері бар. Көл Аудан қоңыр топырақты дала аймағына орналасқан. Су айырықтыры қөбінесе карбонатты қоңыр және сортаңдау қоңыр топырақты, ал өзен аңғарлары сортаң және сазды қоңыр топырақты келеді. Ауданының оңтүстігі аздап тастақ. Мұнда жусан аралас бетеге мен селеу, ал кей жерінде тек бетеге мен селеу ғана өседі. Қарынсалды, тасты және ащытасты өзендерінің аңғарларында түгелдей ғана жусан мен көкпк, ал Үлкен Қайыңды торғай өзендерінің аңғарында жусан, селеу, көкпек өседі. Арқалық ауданының негізгі тұрғындары қазақ, орыс, украиндар. Халықтың орта тығыздығы 1 км²- ге 2,2 адам шамасында Арқалық пен Есіл арасында темір жол қатынасы бар. Тасты, Шиелі, Ащытасты, Көктау, Восточный, Ковольный, Целинный, тағыда басқа елді мекендерден Арқалыққа автокөлік қатынайды. ## Ауыл шаруашылығының негізгі саласы Ауыл шаруашылығының негізгі саласы - егіншілік, одна барлық өнімнің 60 - 65%-і алынады. Ауыл шаруашылығының жері 1271,9 га (1970), оынң ішінде егістік 412,9 га, тыңайған жер 1,9 мың, габындық 4,5мың, жайылым 823,2 мың га(1970), оның ішінде 88%-і дәнді дақылдар, 11,5%-і жемшөп, 0,5%-і картоп. 1971 жылдың басында 18,3 мың ірі қара, 75 мың қой, 3,1 мың жылқы болды. ## Арқалық қаласының өмірі Арқалықта 11 бастауыш, 10 сегізжылдық, 6 орта мектеп, ауыл шаруашылық техникумы, мәдениет үйі, кинотеатр, 8 клуб, 16 кітапхана, балалар спорт мектебі, 5 аурухана, емхана, 26 балабақша бар. 1961 жылдан бастап «По Ленинскому пути» атты газет шығарылады.
Шахтер демалыс үйі «Миттал-Стил Теміртау» АҚ «Энергиякөмір» ӨБ-не қарайды. Самал-көлдің жағасында, Қарағандыдан оңтүстік-шығысқа қарай 218 км, Қарқаралы қаласынан 15 км жерде орналасқан. 1967 жылы ашылған, жыл бойы жұмыс көлдің жағасында істейді. 200 орынға арналған. Ересектерді және ата-аналарымен бірге балаларды қабылдайды. 2 және 3 орындық бөлмелері бар 2 ғимараттан тұрады. Демалыс үйі аумағында тынығатын орындар, би алаңы, кафе-бар, жазғы жабдықтарды жалға беру орны, теннис корты, футбол алаңы, баскетбол-волейбол аланқайы орналаскан. Спорттық-сауықтыру кешені іске қосылды (2002). Тынығушыларға спортзал, фитобар, бильярд, бассейн, сауна ұсынылады. «Шахтер демалыс үйі» 2 км жерде тау шаңғысы кешені орын тепкен, ол аспалы жолмен жарақталған, спорт жабдыктарын: тау шаңғысы, шана т. б. жалға беріледі. ## Дереккөздер
Луганск — Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл, Луганск ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1908 жылы қаланды. 1930 жылы “Ротефане” ұжымшарының орталығына айналды. 1950 жылы оған Эрнест Тельманның есімі берілді. 1959-60 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты ол бұрынғы Чапаев атындағы және “Путь Ленина” ұжымшарларымен біріктірілді. 1997 жылдан кейін ұжымшар негізінде бірнеше ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Қышатүс (лат. Eruca) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір, екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 15-40 см шамасы аралығында. * Жапырақтары қауырсын тілімді, тостаған жапырақшалары тік. * Күлтелері ақ, сары немесе күлгін, күңгірттеу жүйке жүйесі бар. Аналық аузы домалақ. Ішкі жағындағы қысқа аталығының түбіне қарай жарты ай тәрізді бал жиналатын томпақ без болады. * Жемісі - қысқа, ортасынан ашылатын екі қабықты дән. ## Өсетін жері мен таралуы Батыс Моңғолияда, Кіші және Орта Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Ресейде, Батыс Қытайда кездеседі. Қазақстанда Оңтүстік Алтай жотасында (Катонқарағай ауданы), Зайсан қазаншұңқырында егістік қышатүс (Eruca sativa) өседі. ## Дереккөздер
Майбалық — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Таман ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 599 адам (296 ер адам және 303 әйел адам) болса, 2009 жылы 411 адамды (208 ер адам және 203 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сейфуллин — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Таман ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 511 адам (240 ер адам және 271 әйел адам) болса, 2009 жылы 183 адамды (89 ер адам және 94 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған – 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожиннің қызы. ## Өмірбаяны ## Зерттеулер Сыздық Рәбиға "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" (1959) тақырыбында кандидаттық, Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, ахметтану, лингводидактика салаларына арналған. ## Марапаттар “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Шығармалары * Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996; * Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004; * Сөз сазы, А., 1983; * А.Байтұрсынов, А., 1990; * Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004; * Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004; * Сөз құдіреті, А., 1997; * Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000; * Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001; * Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004; * Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Рабиға Сыздық: Ғылымда жүрген қазақ әйелінің жүгі өте ауыр
Артығалиев Дәуіт (1926-1999, Атырау облысы). Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1956). 1942-1986 жылдары - партиялық-кеңестік жұмыста. «Құлсарымұнай» МГӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы. I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерен еңбегі үшін» (1948), «Еңбек ардагері» (1986) медалдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
## Зоология * Дәуіт — жәндік ## Тұлғалар * Дәуіт Пайғамбар — қасиетті кітаптарда, соның ішінде Құранда сипатталатын пайғамбар. * Дәуіт Асауұлы — 19 ғасырда өмір сүрген батыр. * Дәуіт Дүйсенов — маңғыстаулық соғыс ардагері. * Дәуіт Артығалиев — соғыс әрі еңбек ардагері, мұнайшы. * Дәуіт Қошанұлы Нүкенов — инженер-ғалым. ## Тарих * Дәуіт ата қорымы ## Зоология * Дәуіт — жәндік ## Тұлғалар * Дәуіт Пайғамбар — қасиетті кітаптарда, соның ішінде Құранда сипатталатын пайғамбар. * Дәуіт Асауұлы — 19 ғасырда өмір сүрген батыр. * Дәуіт Дүйсенов — маңғыстаулық соғыс ардагері. * Дәуіт Артығалиев — соғыс әрі еңбек ардагері, мұнайшы. * Дәуіт Қошанұлы Нүкенов — инженер-ғалым. ## Тарих * Дәуіт ата қорымы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі— Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасындағы индустрия және елді индустриялық-инновациялық, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырумен айналысады. Индустрия және жаңа технологиялар министрі — Әсет Өрентайұлы Исекешев ## Тарихы ## Құрылымы * ҚР ИЖТМ Атом энергетикасы комитеті * ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті * ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті * ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті * ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті * ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті * ҚР ИТЖМ геология және жер қойнауын пайдалану комитеті ## Дереккөздер
Қарақұр (1993 жылға дейін – Энгельс) — Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл, Қарақұр ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 98 км-дей жерде. Ауыл атауының шығу мәнісі - ауылдың қара құрғақ жерде орналасуынан деген түсінік қалыптасқан. ## Халқы Ауылда Қарақұр жалпы орта мектебі, ауылдық-дәрігерлік емхана бар. ## Дереккөздер
Ахметбек Әлпекұлы - Моңғолия мемлекетік еңбек сіңірген өнер қайраткері, Моңғолия композиторлар одағының (сазгерлер) мүшесі, Моңғолия қазақтарының «Сыбызғы домбыраға арналған күйлері» кітабы редакторы. 1958-1962 жылдар аралығында Мәскеуде Чайковский атындағы консерватория қасындағы музыкалық училищені композитор және хормейстр мамандығымен бітіріп, театрда оркестр дирижері, хормейстр болып жұмыс істеді. Ленинградтағы Римский-Корсаков атындағы консерваторияның Хормейстр және Опера дирижері класында оқып, профессор Рабинович, Тилзе, Михайлов сияқты атақты дирижерлерден дәріс алып, соңынан 1967-1972 жылдарды Қазақ ССР-ның Құрманғазы атындағы корсерваториясында оқып, оны оркестр дирижері және теориялық пәндердің оқытушысы деген мамандықпен бітірді.1991 жылы Қазақстанға Талдықорған облысы, Талдықорған қаласына қоныстанып, Талдықорған облысының М. Төлебаев атындағы филармонияның оркестрін ашуға атсалысып, оркестр дирижерін 7 жыл, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 1992-жылдан 9 жыл аға оқытушы, Жетісу халық аспаптар оркестрінің жетекшісі әрі дирижері, және Қ. Байсейітов атындағы училищеде ұстаздық қызметтерін атқарды. «Тәуелсіз Қазақстан» хор, «Қаракерей Қабанбай» ерлер ансамблі, «Тәуелсіз Қазақстан» оркестрға арналған поэмасы, «Жерұйық» оркестрға арналған шығармасы, «Туған жер» қыздар ансамблі, «Туған жерін сағынбайтын жан бар ма?» жеке әні, «Қыздар гүлге құмар ма?», «Айбала» жеке әндері, «Университет композиторларының ән-күй шығармаларының жинағы» кітабы, Көбес Ақылбайұлының 30-дай ән – күйлеріне клавирь жасап, баспаға дайындады. ## Музыкалық шығармалары * Сырғалы толқыны (Төлеубаймен бірге); * Адуучин (Цэрэвпен бірге); * Фантазия; * Дөрвөд Рапсодиясы; * Мерекелік увертюра; * Вальс варияция; * Баярын удиртгал; * Жерұйық. ## Музыкалық драмалары * Ғ. Мүсірепов «Ақансері-Ақтоқты» музыкасы; * Қ. Сіләм «Гүлжан» музыкасы; * Д. Гомбосүрэн «Хуурын эгшиг» музыкасы; * Д. Мягмар «Эрдэмтний яриа» музыкасы. ## Қазақ оркестріне арнап түсірген классикалық жанр композиторларының шығармалары * Дамдинсүрэн «Жұмбақ төбелер» операсының жаңа нұсқасы; * Хасбаатар «Симфониялық поэма»; * Чулуун «Уран хас» балетінің увертюрасы; * Чойдог «Найрамдлын удиртгал»; * Моцарт «Фигароның үйленуі» операсының увертюрасы; * Шуберт «Музыкальный момент»; * Шуман «Бодол»; * Ж. Бизе «Кармен» операсының увертюрасы; * Бетховен «Эккессозі»; * Бетховен ІV-симфониясының финалы; * Брамс «Венгер биі». ## Марапаттары Алтын жұлдыз орденінің иегері, 40, 60, 70 жылдық медальдарымен сыйланған. Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері, 30-дан астам мақтау грамота иегері, Баян-Өлгей аймағының құрметті азаматы. Талдықорған облысы әкімінің құттықтау грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасын иеленген, Қазақстанның «Жаңа ғасырға жаңа ән» конкурсінің дипломанты атанып, «Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі үшін» зейнетақы алды. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Шағалалы – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл. * Шағалалы – Ақмола облысы Алексеевка кенттік әкімдігіне қарасты ауыл. * Шағалалы – Ақмола облысы Зеренді ауданы, Шағалалы ауылдық округi құрамындағы ауыл. * Шағалалы – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Шағалалы - Ертіс алабындағы өзен. * Шағалалы қонысы – қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі қоныс.
Есмағамбет Ақылбаев (1908 жылы Көкшетау облысы Біржан сал ауданында туған)- еңбек арадагері, Жамбыл облысының құрметті азаматы. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1931). 1931-41 ж. Орал жоғары коммунистік мектебінде кафедра меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 1941-51 жж. Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитеттерінде жауапты қызметтерде, 1951-53 жж. облыстық комитетінің хатшысы, 1953 жж. облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған. 1972-74 жж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты парткомының хатшысы болып жұмыс істеді. 1974-80 жж. Қазақстан Министрлер Кеңесі жанындағы Діни істер жөніндегі кеңестің Жамбыл облысы бойынша уәкілі болды. "Құрмет белгісі" орденімен және бірнеше медальдармен марапталған. Қазақстаннның еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері. ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы — халықаралық матчтарда өнер көрсететін Қазақстан футбол құрамасы. Қазақстан футбол федерациясының бақылауында. 1994 жылы ФИФА және АФК-ға мүше болды. Кейін 2002 жылы УЕФА-ға ауысты. Құрама үшін ең көп ойын өткізген Самат Смақов — 76 ойын. Ал ең үздік бомбардир — Бақтияр Зайнутдинов (14 гол). 2024 жылғы 4 сәуірде ұлттық құрама ФИФА рейтингінде 103-ші орында. ## Тарихы ### АФК-да Тарихтағы тұңғыш кездесуін 1992 жылы 1 маусым күні Алматыда Түрікменстан құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Құрама 1995 жылға дейін тек Орта Азия құрамаларымен ойнады, тек 1997 жылы 16 шілде күні Ливия құрамасымен бақ сынасты. Ең алғашқы ресми кездесуін Қазақстан құрамасы 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде өткізді. 7-ші топта Сирия және Катар құрамаларымен бір топқа түсіп, алғашқы кездесуінде Катар құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Бұл осы іріктеудегі құраманың соққан жалғыз добы болатын. Одан кейін олар қалған үш кездесудеде бірде-бір доп соға алмай, қақпасына барлығы алты доп жіберіп алып, жеңіліп қалды. 1998 жылғы ӘЧ-ның іріктеуінде Қазақстан Ирак және Пәкістан құрамаларымен 9-шы топқа түсті. Алғашқысын 2-1, 3-1 есебімен жеңсе, екіншісін 3-0, 7-0 есебімен жеңді. Екінші раундта Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ, Өзбекстанмен бірге В тобына түсіп соңғы орын алды. Біреуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, төртеуінде жеңіліп қалды. 2000 жылғы Азия Кубогының іріктеуінде Катар, Иордания, Палестина, Пәкістан құрамаларымен бір топқа түсіп екінші орын алды. Топ жеңімпазы Катардан 1 ұпай қалып қойды. 2002 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеуде Ирак, Непал және Макао құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан Ирак құрамасымен ұпайы тең түсіп, қосымша көрсеткіші бойынша қалып қойды. ### УЕФА-да 2000 жылы ҚФФ Азиялық аймақтағы футболдың даму перспективасы төмен деген көзқараспен Еуро аймаққа өтудің жолдарын іздеді. Қазақстанның географиясындағы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары Еуропаға кіріп тұрғандықтан, 2002 жылы Қазақстан УЕФА-ға қабылданды. Сондықтан Қазақстан өту кезеңінде болғандықтан 2004 жылғы Азия Кубогы мен Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан жоқ. 2006 жылғы ӘЧ-на іріктеуде Қазақстан тұңғыш рет Еуро аймақта өнер көрсетті. Украина, Түркия, Дания, Грекия, Албания және Грузия құрамаларымен бір топқа түсіп, 12 ойында 1 ғана ұпай жинап соңғы орын алды. 2006 жылдың басында құраманы голландиялық маман Арно Пайперс баптады. ЕУРО-2008 іріктеуінде 14 матчтың екеуінде жеңіске жетіп, 4 матчта тең түсті. Нәтижеде 8 құраманың арасында 6-ші орын алды. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін Қазақстан құрамасы сәтсіз бастады. Осының салдарынан Арно Пайперс қызметінен кетті де, орнына неміс маманы Бернд Шторк келді. Шторк та құраманы көтере алмады. Пайперстің кезінде алаңға тұрақты шығып жүрген футболшылардың көбін құрамадан шеттетті, соның кесірінен Максим Жалмағамбетов, Егор Азовский, Қайрат Әшірбеков, Александр Кучма сынды футболшылар Шторктың тұсында құрамамен бір жола қоштасты. Сол уақытта Қазақстан чемпионатында жасындай жарқылдап жүрген Мұрат Тілешевті "менің басқару мәнеріме сай емес" деп құрамаға мүлде шақырмады. Тіпті Нұрбол Жұмасқалиев та ұзақ уақыт бойы құрамаға іліне алмады. Есесіне Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев сынды жастарға есік ашылды, алайда нәтиже сол баяғыша қалды, Қазақстан үнемі жеңілумен болды. Құрама бірнеше рет ірі жеңіліске ұшырап, 2011 жылы Мирослав Беранек келді. Беранек келісімен құраманың ойыны аздап болса да жүйеге түсіп, шамалы дұрысталды. Бірақ 2013 жылы құрамадан ол да кетті. Одан кейін келген Юрий Красножан, Талғат Байсуфинов, Александр Бородюк секілді бапкерлер де айтарлықтай табысқа жете алмады. 2018 жылдың 1 наурызында құрамаға болгариялық маман Станимир Стоилов келді. Стоиловтың кезінде құрама қатысқан жалғыз ресми турнир УЕФА Ұлттар Лигасы болды. Андорра, Грузия, Латвия құрамаларымен Д лигасында бір топқа түсіп, екінші орында қалды. Бұл нәтижеге өзінің де көңілі толмаған болса керек, 2019 жылдың басында Стоилов қызметтен өз еркімен кетті. Оның орнына чехиялық маман Михал Билек келді. Билектің тұсында есте қаларлықтай бірер матчтар болды, мәселен, ЕУРО-2020 турнирін жеңіспен бастады, алғашқы турда Шотландияны 3:0 есебімен ойсыратты. Бірақ кейін топта үшінші орынға шығу мүмкіндігін бос жіберіп алды, өз алаңында күтпеген жерде Кипрден ұтылып қалды. Соңғы турдың алдында сырт алаңда Сан-Мариноны ұтқаны көмектеспеді, бесінші орында қалды. 2020/21 жылғы Ұлттар лигасында Қазақстан тіпті нашар ойнады, Албания, Беларусь, Литва құрамаларымен бір топқа түсіп, соңғы орында қалды. 2020 жылы 14 желтоқсанда құрама бапкері боп қайтадан Талғат Байсуфинов тағайындалды. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан үш ұпаймен соңғы орында қалды. Турнир барысында Байсуфинов құрамды жиі ауыстыра берді, ресми ойындарды сынақ ойындарына айналдырып жіберді, бір сөзбен айтқанда, нақты оптималды құрамды таба алмады. Нәтижесінде 2021 жылы 13 қарашада сырт алаңда Франциядан 0:8 есебімен ұтылып, тарихтағы ірі жеңілістер антирекордың жаңартты. 2022 жылы наурыз айында Андрей Карпович бапкер қызметін атқарушы боп тағайындалды. Ол 2 ойын өткізгеннен кейін, оның орнына ресейлік маман Магомед Адиев келді. Адиев Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты бапкер атана бастады: Сол жылы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында төрт кездесуде жеңіске жетіп (Словакияны екі рет, Әзірбайжан мен Беларусті 1 реттен), В дивизионына жолдама алды. Құрама бұрын-соңды УЕФА қарамағындағы турнирлерде топ жарған емес. Жыл соңында құрамамен келісім шартты 2024 жылға дейін созды. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан жақсы ойнады. Алғашқы төрт турдың үшеуінде қарсыластарын ұтты (сондай-ақ қатарынан үш кездесуде, бұл УЕФА туы астында бұрын соңды болмаған жетістік). Жеңілген құрамалар қатарында Сан-Марино, Дания, Солтүстік Ирландия болды. 2024 жылдың 3 маусымында, Магомед Адиев кеткен соң, құраманың бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалды. ## Жетістіктері ### Аймақтық турнирлер * Орта Азия кубогының жеңімпазы: 1992 * Алма.ТВ кубогының жеңімпазы: 2007 ### УЕФА * Ұлттар лигасының С3 тобының жеңімпазы: 2022 ## Құрамы ### Ағымдағы құрам 2024 жылы 6, 9 қыркүйекте Норвегия, Аустрия құрамаларына қарсы ойынға шақырылған футболшылар ## Бапкерлер ### Жаттықтырушылар штабы 2023 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша ### Бас бапкерлер 2023 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша ## Жылдар бойынша ФИФА рейтингі Дереккөз: FIFA/Coca-Cola Men's Ranking  (ағыл.) ## Рекордшылар 2023 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша Жуан жазумен жазылған ойыншылар Қазақстан құрамасында әлі де белсенді. * Ең кеш дебют: Юрий Ишутин, туғанына 37 жас, 20 күн болғанда 1996 жылы 12 маусымда құрамадағы алғашқы кездесуін өткізген. * Ең ерте дебют: Жамбыл Көкеев, туғанына 17 жас, 4 ай, 27 күн болғанда 2006 жылы 14 ақпанда Иордания құрамасымен болған ойында алғашқы кездесуін өткізген. ## Матчтар санағы Төменде Қазақстан ұлттық құрамасының басқа елдердің құрама командаларына қарсы шығу статистикасы келтірілген. Деректер 2024 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша түзетілген. ## Халықаралық турнирлер санағы ### Әлем Чемпионаты ### Еуропа Чемпионаты ### Азия Кубогы ### Ұлттар Лигасы ## Форма Дереккөз: FootballShirtsVoltage.com ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақстан футбол құрамасының жаңалықтары
Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков (1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Асқаралы ауылы) – филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, әдеби өлкетану мәселеріне арналған 170-тен аса ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар мен баяндамалардың, соның ішінде 2-монография, 1-оқулық, 6-оқу құралы, 2-оқу-әдістемелік құралдың авторы. Негізгі ғылыми енбектері: * «Әріп ақын» (монография, 2001), * «Семей өңірінің ақын-жазушылары» (арнаулы курс материалдары, 2003), * «Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы кезең» (оқу-әдістемелік нұсқау, 2004), * «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2006), * «Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары» (өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандарды құрастырушы, 2006), * «Ә.Тәңірбергенұлының әдеби мұрасы (оқу құралы, 2007), * «Абайдың әдеби ортасы» (монография, 2008), * «ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2008), * «Абайтану» (Абайдың әдеби айналасы. 1-кітап. Оқу құралы, 2010), * «Абайтану» (Абайдың ақындық мектебі. 2-кітап. Оқу құралы, 2010), * «Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеті» (2010), * «Абайтану» (оқу құралы, 2012), * «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан...» (2013), * «Алтай-Тарбағатай өңірінің сөз зергерлері», * «Алаштың ақиығы ‒ Әріп қыран» (2014). Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен шығатын жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» (2012) оқулығы авторларының бірі.Алған мемлекеттік сыйлықтары: * «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері (2009), * «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2009), * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), * «Моңғолия білім беру ісінің үздік қызметкері» медалінің иегері (2013). ## Дереккөздер
Аманат хат, Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы аясында ат спорты ойындары өткізілетін Б. Момышұлы атындағы атшабар маңындағы биік төбеде болашақ ұрпақтарға бүгінгі ұрпақтың Аманат хатын сақтап қою рәсімі болды. Бұл тарихи төбені біріншіден, тарихи орынға, екіншіден, жұртшылық демалатын мәдени орталыққа айналдыру жөніндегі бастамаға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: "Әрі балаға жақын, әрі айнала алақанға салғандай көрінетін, көпшілік шараларға аса ыңғайлы жер екен" деген пікірі бар мәселені айқындап берген еді. Демалыс ошағын ұйымдастыру туралы облыс әкімінің ұсынысына үн қатқан "Жамбылжолқұрылыс" АҚ президенті І.Тортаев барлық құрылыс жұмыстарын өз міндетіне алды. Олар-аталған орында мейрамхана салу, айналаны тамашалайтын көру алаңшасын, ардагерлер мен жастар алаңын жасау. Аманат хатты сақтауға қою салтанатында облыс әкімі С. Ә. Үмбетов игілікті істерді қолға алып жатқан "Жамбылжолқұрылыс" АҚ-на, оның ризашылығын білдіре келіп, Елбасына құрмет-елге құрмет екенін айтты. Бұл игі істің жамбылдық, тараздық кәсіпкерлерге үлгі болатынына, олар да осы жерде түрлі мәдениет-демалыс ошақтарын салып, ортақ іске өз үлестерін қосатынына сенім білдірді. Аманат хат арнайы әзірленген құтыға салынған соң, облыс әкімі құтыны болашақ ескерткіш белгі орнында арнайы дайындалған қуысқа салып орналастырды.Оның бетіне:"Бұл жерде Тараз қаласының 2000 жылдығы тойына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болашақ ұрпаққа Аманат хаты сақталуына байланысты белгі қойылады" деген сөздер қашап жазылған мәрмәр тақта орнатылды. Болашақ ұрпаққа арналған Аманат хат осылайша өз сапарын бастады. ## Дереккөздер Тараз Жамбыл облысы энциклопедия "Қазақстан энциклопедиясының" Бас редакциясы Алматы,2003 100-бет
Каменная, Тасты – Итемген көлінің шығысында 7 км жерде орналасқан тау. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданының солтүстігінде, Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км жерде. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 366 м. Беткейлері көлбеу келген. Таудың бірнеше шыңы бар. Жоғарғы девонның граниттерінен тұратын интрузивті тау жыныстарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділері жауып жатыр. ## Өсімдігі Етегінде бетеге, сұлыбас, т.б. шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Соңғы көш. (роман-дилогия) Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің Шығыс Түркістан қазақтарының өмірінен жазылған «Соңғы көш» (1974-1981) роман-дилогиясы оқырман жұртшылыққа кеңінен танымал. ## Қысқаша мазмұны. Бірінші кітап Қ. Жұмадiлов – Шығыс Түркістан халқының романдағы қамтылған кезеңдегi тартқан жәбiр-жапасы роман желiсiнде халық трагедиясы суреттеледі. Шығыс Түркiстан республикасы кетiп, Қытайдағы жаңа өкiмет армиясының Тарбағатай аймағына кiруiнен бастайды да, алпысыншы жылдардағы ел басына төнген зобалаңмен аяқтайды. Қанағат ауылы – жазушының өз ауылы, ақын жiгiт Естай жазушының өз прототипi болса, басқа да Шығыс Түркiстан республикасын көзiмен көрген, оның азаттығы жолында күрескен тағдырлас тiрi куәлар – өзiнiң күнделiктi көрiп жүрген араласқан адамдары. ## « Соңғы көш» роман-дилогиясындағы образдар жүйесі * Естай-басты кейіпкер, Қанағат бидің ұлы * Қанағат би-Естайдың әкесі, әділ би, мектеп салдырды, әкесі мешіт салған. * Балжан бәйбіше-Естайдың анасы, елуге еркін іліне қоймаған, сұңғақ бойлы, нұр жүзді, сабырлы адам. * Нұрғазы- Қанағат бидің інісі, қырыққа келгенше сақал қоймаған, бет аузы жып-жылмағай * Ұзақ-Қанағаттың немере әпкесін алған, кәрі жезде * Әбілғазы-Жұмықтоғастың жүзбегі, сөзге жүйрік, заңшыл * Жақып ақсақал-сексенге таяп қалған,Қараменденің үлкені,еті қайтпаған, үйелмендей толық кісі. аппақ сақалы белуарына түскенқалың бурыл қасы көзін жауып тұратын, шойындай қара шал * Әкпар-жасы қырықтың ішін аралап кетсе де, бет аузына қылтанақ шықпаған қара сұр, көсе жігіт. * Шөншік- саудагер, мұртты, дүрдиген ерінді * Лан-ке-майор, Шыңжаңдағы Гомидаң армиясының бұрынғы әскері,Шығыс Түркістандағы ішкі істерді жүргізетін Саяси басқарманың бастығы * Дүрия- Естай ұнатқан қыз, Нұғыман байдың сұлу қызы * Жасыбай-Аймақтың бұрынғы уәлиі, соңғы бай. * Жолбарыс- Естайдың жолдасы, жауырыны қақпақтай, қол аяғы шомбал,білегінің бұлшық еті саптаяқтай бөлек жатыр, қайратты ұзын шашы таспадай таралып, желкесіне құлаған.Шегір көзді,төртбақ сары жігіт,туыс жұрағаттан жұрдай жалқы жігіт. ## Романдағы елді мекен,жер-cу атаулары Тарбағатай тауы, Майлы жайыр тауы, Орқашар биіктері, Арқарлы жазығы,Еміл өзені,Шәуешек, Шығыс Түркістан атауын жойып Шыңжаң "жаңа өлке" деп атаған, қазақтар "жамбыл" атаған Қытай қорғаны,Үрімжі,Қытай, Құлжа, Түркстан,Нұра ## Роман-дилогиядағы тарихи оқиғалар Соңғы көш» роман-дилогиясының негiзгi арқауы Ресей империясы Қазақстанды толық жаулап алғаннан кейiн (1731-1868), ата мекенiнен бiртiндеп қуыла бастаған қандастарымыздың ұзақ жылғы ауыр тағдыры, әсiресе XX ғасырдың басынан басталатын 16, 20, 32, 37 жылдардағы тұрмыс тауқыметi, аштық азабы т.б. тарихи ахуал;1950-1980 жылдары ҚХР-да ғана нақты-тарихи мазмұнда туындаған саяси науқандардың зардаптары; 1962 жылы жиырма күн iшiнде екi жүз мың адам бiр демде өте шыққан ұлы көш, шетелдегi қазақтар өмiрiнен жазылған Қ.Жұмадiловтiң «Соңғы көш» романында тарихи шындық суреттелді. ## Роман-дилогиядағы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер * Есігіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. * Итті иесімен қинасын. * Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат. * Қарынымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің кеткеніне жылаймын. * Байсалды айғыр ат жақтайды, қу бас айғыр құлынын талайды. * Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі. * Бас жарылса бөрік ішінде * Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын. * Бассыз үйдің иті ырылдақ * Балта көтергенше дөңбек жал табады. * Әке малы балаға мал болмайды. * Жаманға билік берсеңіз, ардақ тұтар асылды табанға салып илейді. * Шындық сынбайды, иіледі. * Жақсының кегі жібек орамал кепкенше * Тез қасында қисық ағаш жатпас. * Балықтың тілін бақа білер. * Дұшпанымыздың дұшпаны- біздің досымыз * Бала соққан кездіктің басы жарық. * Қартайғанда кәрі боз жорға шықты. ## Дереккөздер http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/aza_debieti/abdesh_zh_madilov/10-1-0-202 * Мұқаш Қожахметұлы. Дәуіріміздің дарабоз жазушысы(қолжетпейтін сілтеме) * Зарлы шындық жыршысы Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы. * Қабдеш Жұмаділов. Басынан қаратаудың көш келедi Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы.
## Қызылорда аз-тонналық мұнай өндіру зауыты Қызылорда аз-тонналық мұнай өндіру зауыты (ҚАМӨЗ, ор. КМНПЗ) – Қызылорда облысы Қызылорда қаласында орналасқан мұнай өндіру зауыты. 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан зауыт жеке меншік қолында.Мұнайды өңдеу үшін Украина және Қазақстанның Алматы қаласындағы «Монтаж Инженеринг» компаниясының жасаған құрылғылары қолданылады. Мұнайды тазарту үшін айналмалы суды пайдаланады.Зауыт қазіргі таңда 128 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр: • лаборатория қызметкерлері;• машинисттер;• инженерлер; ## Зауыт мақсаты Зауыттың ең басты мақсаты – мұнайды өңдеу. Мұнайды Құмкөл бассейніндегі Сарыбай кен орынынан өңдіріп, Қызылорда қаласындағы бұл зауытқа тасымалдайы. Бұл өнім өңдеуге жіберілмес бұрын лабораториялық тексерістен өтеді. Тасымалданған мұнайдан үш түрлі өнім алынады: бензин, мазут және дизельдік отын. Күнделікті өндірілетін өнімнің, яғни 305 тоннаның, 45% -ы дизельдық отын, 37% -ы мазут, 18%-ы бензин. Өндірілген бензин Қызылорда облысы аймағына таратылып, ішкі рынокты дамытса, мазут Голландия мен Ұлыбритания мемлекеттеріне экспортталады. ## Экологияға тигізетін әсері Ауаға иіс газы мен көмірқышқыл газы бөлінбеуі үшін сақтандырғыш клапандар орнатылған. Алайда, мұнайды өңдеу табиғатқа қалай болса да зиянын тигізбей қоймайды. Экологиялық орталықтардың сараптау нәтижесінде пропан және бутан газдары атмосфераға ұшатыны дәлелденді. ## Зауыттың тұтынушылары Өнімді қолдануға келетін болсақ, бұл зауыттың тұрақты тұтынушылары жоқ, яғни өнім ақшаға сатылады немесе дайын өніммен айырбас жасалады. “ҚұмкөлТрансСервис” компаниясымен мұнайды көлік немесе поезд арқылы тасымалдап, соляркамен айырбас жасайды. Көбінесе жаз айларында өнім көлемі жоғары, ал қыс айларында өнім біршама төмен дәрежені көрсетеді. ## Қызылорда аз-тонналық мұнай өндіру зауыты Қызылорда аз-тонналық мұнай өндіру зауыты (ҚАМӨЗ, ор. КМНПЗ) – Қызылорда облысы Қызылорда қаласында орналасқан мұнай өндіру зауыты. 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан зауыт жеке меншік қолында.Мұнайды өңдеу үшін Украина және Қазақстанның Алматы қаласындағы «Монтаж Инженеринг» компаниясының жасаған құрылғылары қолданылады. Мұнайды тазарту үшін айналмалы суды пайдаланады.Зауыт қазіргі таңда 128 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр: • лаборатория қызметкерлері;• машинисттер;• инженерлер; ## Зауыт мақсаты Зауыттың ең басты мақсаты – мұнайды өңдеу. Мұнайды Құмкөл бассейніндегі Сарыбай кен орынынан өңдіріп, Қызылорда қаласындағы бұл зауытқа тасымалдайы. Бұл өнім өңдеуге жіберілмес бұрын лабораториялық тексерістен өтеді. Тасымалданған мұнайдан үш түрлі өнім алынады: бензин, мазут және дизельдік отын. Күнделікті өндірілетін өнімнің, яғни 305 тоннаның, 45% -ы дизельдық отын, 37% -ы мазут, 18%-ы бензин. Өндірілген бензин Қызылорда облысы аймағына таратылып, ішкі рынокты дамытса, мазут Голландия мен Ұлыбритания мемлекеттеріне экспортталады. ## Экологияға тигізетін әсері Ауаға иіс газы мен көмірқышқыл газы бөлінбеуі үшін сақтандырғыш клапандар орнатылған. Алайда, мұнайды өңдеу табиғатқа қалай болса да зиянын тигізбей қоймайды. Экологиялық орталықтардың сараптау нәтижесінде пропан және бутан газдары атмосфераға ұшатыны дәлелденді. ## Зауыттың тұтынушылары Өнімді қолдануға келетін болсақ, бұл зауыттың тұрақты тұтынушылары жоқ, яғни өнім ақшаға сатылады немесе дайын өніммен айырбас жасалады. “ҚұмкөлТрансСервис” компаниясымен мұнайды көлік немесе поезд арқылы тасымалдап, соляркамен айырбас жасайды. Көбінесе жаз айларында өнім көлемі жоғары, ал қыс айларында өнім біршама төмен дәрежені көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі — Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеуді, заңнамада көзделген шекте мәдениет, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. ## Тарихы ## Құрылымы * ҚР ММ Мәдениет комитеті * ҚР ММ Тіл комитеті ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі — үкімет құрамына енетін Қазақстанның орталық атқарушы органы, Қазақстанның сыртқы саяси қызметін атқаратын және Қазақстанның дипломатиялық қызметінің органдарының ортақ жүйесін басқаратын министрлік. ## Тарихы Қазақ дипломатиясының тарихы Қазақ хандығы кезінде хандар дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытып, сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асырған кезеңнен бастауын алды. Хандықтың дипломатиядағы негізгі мақсаты сауда, саяхат жолдарын және халықаралық айырбас үшін сауда орталықтарын құру ниетімен аумақтарды кеңейту туралы келіссөздер жүргізу болды. Қазақтардың алғашқы сыртқы істер министрлігі 1920 жылдардың басында Түркістан АКСР-ның дипломатиялық кеңсесі ретінде құрылды. Министрлікті басқарған адам Түркістан АКСР Сыртқы істер халық комиссары ретінде белгілі болды және ол басқарған мекеме Түркістан АКСР Сыртқы істер комиссариаты болып аталатын. Сыртқы істер министрі лауазымы тұңғыш рет 1944 жылы, «Одақтық республикаларға сыртқы байланыстар саласындағы өкілеттіктер беру және осыған байланысты Сыртқы істер халық комиссариатын Бүкілодақтықтан Одақтық-республикалық халық комиссариатына айналдыру туралы» заңынын қабылдануымен пайда болды. Бұл заң көмегімен Одақтас республикалардың шетел елдерімен тікелей дипломатиялық қатынасқа түсуіне мүмкіндік берді, бірақ сонда да сыртқы саясаттын басты функцияларын атқарған КСРО Сыртқы істер министрлігі еді. Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғанында ғана елдің қазіргі түріндегі Сыртқы істер министрлігі пайда болған еді. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов болды. ## Құрылымы Министрліктің 2 комитеті бар. Олар: * министрліктің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты Инвестиция комитеті; * елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ көрсетілген мақсаттарда өзге де қызмет салаларында оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік саясатын іске асыруға жауапты Халықаралық ақпарат комитеті. Министрліктің қарамағындағы ұйымдар қатарына «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ, «ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі», «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамдары жатады. ## Міндеттері Сыртқы істер министрлігінің міндеттері қатарына сыртқы саяси қызмет саласын және Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарын басқару және инвестицияларды тарту жатқызылады. Министрліктің ресми сайты оның қызмет бағыттары деп сыртқы саясат, визалар және консулдық мәселелер, инвестициялар, Еуразиялық интеграция, протоколдық мәселелер және қоғаммен өзара іс-қимыл атайды. ## Министрлер тізімі ## Дереккөздер
Ғани Мұратбаев атындағы тарихи-мемориалдық мұражай – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. ## Орналасқан жері Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Қорқыт ата көшесі. ## Кезеңі Мұражай ғимараты XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған. XIX ғасырдың II жартысында Сібірден әкелінген ағаш бөренелерден салынған орыс саудагерінің үйі болған, кейін Кеңес үкіметі орнаған жылдары мұражайға Еңбекшілер депутаттары Қазалы қалалық Кеңесінің кеңсесі орналасқан ғимарат берілді. ## Тарихи деректер 1968 жылғы 7 қарашада Халық депутаттары кеңесінің Қазалы аудандық атқару комитетінің шешімімен Қазалы қаласында Қазақстанның алғашқы жастар бірлестігін құрудың бас бастамашыларының бірі Ғани Мұратбаев атында Революциялық Мемориалды мұражай ашылды. Ұзақ уақыт бойы мұражай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кішкентай филиалы болып саналды.1981-1984 жылдары мұражайға толығымен қайта бастау және қайта құру жұмыстары жүргізілді, жалғама жұмыстары жасалды. 1981 жылан бастап Ғани Мұратбаев мұражайы республикалық маңызы бар жеке мұражай болып құрылады.1991-1992 жылы Ғани Мұратбаевтың 90-жылдығына орай, мұражайда қайта бастау жұмыстары жасалып, кино залы, сақтау қорлары мен қазандық сияқты кейбір бөлмелер қосылды.1998 жылы Қазақстанда Ғани Мұратбаев атында қор ашылды.2007 жылы мұражай Ғани Мұратбаевтың туғанына 105 жыл толуын тойлады.2008 жылы наурыз айынан сәуірге дейін мұражай залдарын қайта бастау жұмыстары жүргізілді. ## Мұражай экспозициялары Мұражайдың кіреберіс залында Ғанидің гипстен жасалған бейнесі қойылған. І және ІІ залы Ғани туған өлкенің тарихына арналады. ІІІ-VI залдар экспозициясы оның балалық шағы мен қызмет еткен уақыты туралы. VII зал Ғаниді ақтық сапарға шығарып салу сәтіне және Ғанидің замандастары мен ізбассарларына арналған. Үлкен көлемді жаңа "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі" залы пайда болды. Онда Елбасы мен Елбасының бағадараламары, рәміздер Желтоқсанның құрбандары, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері және Астана туралы фотосуреттер мен мәліметтер берілген.Бүгінде мұражай топтамасы 5710 жәдігерден тұрады, оның ішінде 1130 жәдігер Ғани Мұратбаевтың өмірі мен жұмыстарына қатысты, ## Дереккөздер
Арал балықшылар мұражайы - Қызылорда облысының Арал қаласында орналасқан. Бұл мұражай 2012 жылы ашылған. Мұражайда көптеген экспонаттар: түйе шана, ат шана, шығыр, көптеген кемелер мен қайықтар орналасқан. Әр кеменің сыртқы бетінде кеме капитандарынын аты-жөні жазылған. Бұл экспонаттар бұдан бірнеше жылдар бұрын қолданыста болған. Бірақ, 1962 жылы Арал теңізінің тартылуына байланысты порт жабылып, порттың маңайына спорт кешені, спорт алаңы салынып, көгалаңдырылып ашық аспан астындағы мұражайға айналдырылған. ## Дереккөздер
Отар Олжас Асангелдіұлы (ағылш. Oljas Otar, 30 мамыр 1977 жыл, Талас ауданы, Жамбыл облысы) - ақын, сазгер, салық қызметкері. ## Өмірбаяны 1977 жылы 30 мамырда Жамбыл облысы, Талас ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. 1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатысып келеді. Ол 1998 жылы Қызылжар қаласында өткен республикалық айтыста үздік өнер көрсетсе, 2002 жылы студент жастар арасында өткен «Жас толқын» атты республикалық айтыстың І орын иегері. Сондай-ақ, ол 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдық, 1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық, 1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойларына байланысты өткізілген Жамбыл облыстық ақындар айтыстарының жүлдегері. 2005 жылғы «Жасампаз елдің ертеңі – жастар» атты облыстық жас ақындар айтысында ІІ орынды, 2006 жылы өткен «Желтоқсанды жырлаймын» атты облыстық жас ақындар айтысында ІІІ орынды бағындырған өнерпаз. Айтыстағы жеткен жетістіктеріне байланысты 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің квотасына ие болып, Қазақстанның өнер және қоғам қайраткерлерімен бірге Мекке-Мәдинаға умра қажылығына барып қайтқан қажы. 2007 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен ақындар айтысына Қазақстаннан жолдама алған 6 ақынның бірі болып барып, шетелдегі қазақтардың алғысын алып, елге абыроймен оралған айтыс ақыны. Ол салық жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен, Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін 2010 жылы Тараз қаласы мәслихатының Құрмет грамотасымен және 2011 жылы Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған азамат. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы салық басқармасында бас маман болып қызмет атқарады. Үйленген, үш ұл тәрбиелеп өсіруде. ## Сыртқы сілтемелер [1][2] Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы. ## Дереккөздер
Қоржынжемісті қоржынгүл (лат. Gamanthos gamocarpus) - алабұталар тұқымдасы, қоржынгүл (қойжелек) туысына жататын бір жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 3-20 см, түбінен бұтақталған. * Жапырақтары таспа, жартылай цилиндр тәрізді, ұзындығы 1,5-5 см, ені 1-2 мм. * Аталығының таспа тәрізді тозаңдығы болады. * Етті әрі тығыз, жемісі жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2,5-3 мм. * Мамыр-маусым айларында гүлдейді. ## Өсетін орны мен таралуы Қазақстанда Қызылорда облысында, Бетпақдала, Мойынқұм шөлдерінде, Балқаш-Алакөл ойысында, Қызылқұм шөлінде, Қаратау жотасында кездеседі. Өсетін жері - шөлді аймақтар, тақырлар, тұзды құмдар, егістікте. Түйе мен қойдың күзде және қыста сүйсініп жейтін жайылымдық азығы. ## Дереккөздер
Қопа (қопалы) астрагалы (лат. Astragalus kopalensis) - бұршақ тұқымдасына жататын бұта. ## Ботаникалық сипаты * Биікітігі 50 см-ге дейін жетеді. * Діңін құба сұр қабық жапқан. * Қандауыр тәрізді жапырағының ұзындығы 5-10 см, 6-7 жұбы сабаққа қатарласа орналасқан. * Гүлсидамы жапырағынан ұзын, қысқа ақ түк басқан. * Гүлшоғыры тығыз, цилиндр пішінді, ұзындығы 13 мм-дей болатын тостағаншасы гүлдеу мерзімінің соңына қарай жұмыртқа тәрізденеді. Күлтесі күңгірт сары түсті. Ұзындығы 1 см-дей, бұршаққабы тостағаншаға бекіген, ақ үлпілдек және тығыз қара түгі бар. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. ## Өсетін орны мен таралуы Қазақстанда Жоңғар Алатауында кездеседі. Тасты-қиыршықтасты тау баурайында, далалы шалғында, бұталар арасында өседі. Сирек кездесетін эндемик. Мал жайылымы ретінде пайдаланылатындықтан саны жылдан-жылға азаюда. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
## Арал балық өндіру зауыты Арал балық өндіру зауыты - Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан жеке меншік зауыт. Зауыттың құрылысы 2007 жылы басталып, 2009 жылдың қаңтарында іске қосылған. Зауыттың ең басты міндеті - балықты өңдеу.bӨндіріс орнына балықты сақтайтын арнайы мұздатқыштар, тұздау және қақтау камералары, сұрыптау және балық қабылдау, жуу цехтары, дайын өнімді қаптау бөлмелері кіреді. ## Зауыт өнімдері Шығарылатын өнім түрлері: көксерке, сазан, жайын, шортан, дөңмаңдай, камбала, ақмаңдай, табан, аққайран балық өнімдері ( аз тұздалған, маринадталған, кептірілген. Арал зауыты жылына 6000 тонна әр түрлі балық өнімін өндіреді. Тәулігіне 5 тонна балық шикізатының жон етін (филе), 1 тонна фарш өндіреді және 15 тонна балық тұздайды.Зауыт өз өнімдерін Германия, ТМД елдері және Турцияға экспорттайды. ## Зауыт жұмыскерлері Зауытта қазіргі таңда 75 адам жұмыс жасайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 50000-100000 теңге аралығында. Балықтардың уылдырық шашу кезеңіне байланысты шілде мен тамыз айларында зауыттың жұмысы тоқтатылады. ## Дереккөздер ## Арал балық өндіру зауыты Арал балық өндіру зауыты - Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан жеке меншік зауыт. Зауыттың құрылысы 2007 жылы басталып, 2009 жылдың қаңтарында іске қосылған. Зауыттың ең басты міндеті - балықты өңдеу.bӨндіріс орнына балықты сақтайтын арнайы мұздатқыштар, тұздау және қақтау камералары, сұрыптау және балық қабылдау, жуу цехтары, дайын өнімді қаптау бөлмелері кіреді. ## Зауыт өнімдері Шығарылатын өнім түрлері: көксерке, сазан, жайын, шортан, дөңмаңдай, камбала, ақмаңдай, табан, аққайран балық өнімдері ( аз тұздалған, маринадталған, кептірілген. Арал зауыты жылына 6000 тонна әр түрлі балық өнімін өндіреді. Тәулігіне 5 тонна балық шикізатының жон етін (филе), 1 тонна фарш өндіреді және 15 тонна балық тұздайды.Зауыт өз өнімдерін Германия, ТМД елдері және Турцияға экспорттайды. ## Зауыт жұмыскерлері Зауытта қазіргі таңда 75 адам жұмыс жасайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 50000-100000 теңге аралығында. Балықтардың уылдырық шашу кезеңіне байланысты шілде мен тамыз айларында зауыттың жұмысы тоқтатылады. ## Дереккөздер
Халил Бейсеев 22.3.1940 жылы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговая станциясында туған- инженер-механик, қайраткер, Қазақстан Республикасы Инженер академиясының корр. мүшесі.техника ғылымының кандидаты Қазақ ауылшаруашылығы институтын бітірген.(1962).1962-72,1974-78 жылы Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы)"Трудовой пахарь" ұжымшарында механик, машина-трактор шеберханасы меңгерушісі, бас инженер, 1971-1974 жылы ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, 1978-84жылы "Облсельхозтехника" бірлестігі төрағасының орынбасар төрағасы, 1984-85 жылы Луговой ауаткомының төрағасы,1985-91жылы Шу аупарткомының 1-хатшысы, 1991-93 жылы облатком төрағасының орынбасары, 1993-95 жылы облыстық эконоимка, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ,1995-96 жылы облыстық әкімнің кеңесшісі, 1996-97 жылы ауыл шаруашылығы депортаменті бастығының орынбасары, 1997 жылы "Жамбылгазавтосервис" АҚ президентінің кеңесшісі. "Халықтар достығы" орденімен, медальдармен марапатталған. Шу ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер * Тараз Жамбыл энциклопедия "Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы Алматы,2003 175-бет
## Қызылорда қаласының Ана мен Бала орталығы Қызылорда қаласының Ана мен Бала орталығы 2014 жылдың 2-ші шілдеде Астана қаласының туған күнінің қарсаңында ашылды.Бұл орталықтың басты мақсаты ана мен баланың денсаулығың сақтау болып табылады. Мекемеде барлығы 230-ға жуық адам жұмыс істейді. Жұмыскерлердің арасында неонатолог,реаниматор,гениколог мамандары жұмыспен қамтамасыздандырылған. Мекемеде барлығы 10 бөлімше бар. Әр бөлімшеде 25 орын. Орталықта консультация, тренингтер және курстар тегін. Бұл ана мен баланың денсаулығына өте үлкен пайда алып келеді. Күндізгі стационар 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекеме бастығы Күлтбаева Лейла Айтбаевна, ал басты акушер Алимова Алтынай. Орталықта айына бір рет ашы есіктер күні ұйымдастырылады. ## Қызылорда қаласының Ана мен Бала орталығы Қызылорда қаласының Ана мен Бала орталығы 2014 жылдың 2-ші шілдеде Астана қаласының туған күнінің қарсаңында ашылды.Бұл орталықтың басты мақсаты ана мен баланың денсаулығың сақтау болып табылады. Мекемеде барлығы 230-ға жуық адам жұмыс істейді. Жұмыскерлердің арасында неонатолог,реаниматор,гениколог мамандары жұмыспен қамтамасыздандырылған. Мекемеде барлығы 10 бөлімше бар. Әр бөлімшеде 25 орын. Орталықта консультация, тренингтер және курстар тегін. Бұл ана мен баланың денсаулығына өте үлкен пайда алып келеді. Күндізгі стационар 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекеме бастығы Күлтбаева Лейла Айтбаевна, ал басты акушер Алимова Алтынай. Орталықта айына бір рет ашы есіктер күні ұйымдастырылады.
Арай Sunrise лагері - 180 балаға арналған республикалық жастар лагері. 1997 жылдың 14 шілдесінде PetroKazakhstan компаниясының қолдауымен ашылған. Лагердің басшысы –Светлана Серікбаевна. Лагерь 4-14 жас аралығындағы балаларға арналған. Бүкіл персоналды қоса есептегенде 50 адам жұмыс жасайды.Лагерь 20 тәрбиелеуші және 7 отрядтан тұрады.Әр отрядта 24 баладан бар.Балалар арнайы бөлмеде 12 адамнан тұрады.Лагерь 25 мамырдан бастап 25 тамыз уақыт аралығында жұмыс жасайды. Бұл лагерьде оқушыларды үш бағытта оқытады: • экономика • өнер • спорт Лагерь балаларды пайдалы білімге үйрете отырып, бала қабілетін жан-жақтан барша дамытады.Бекерден емес бұл лагерь Қазақстанның ең жақсы лагерьлар арасында ең алдыңғы орындарды алады. Әр лагерь кішкентай мемлекет секілді. Арай лагерінің де өз туы,әнұраны және елтаңбасы бар.Арай лагері алты облыстан тұрады:-Қазақ ауылы -Англия қалашығы -Үнділер мекені -Чайнатаун -Орыс хуторы -Мультимедиа ## Лагерь өмірі Оқушылардың күн тәртібі:• 7.00- ұйқыдан тұру • 7.30- таңғы жаттығу • 8.00- таңғы ас • 9.00-11.00 – үйірме • 10.00- жеңіл ас • 12.00 –түскі ас • 13.00 –демалыс уақыты • 15.00 – бассейнге шомылу • 16.00 –жеңіл ас • 18.00- кешкі ас • 19.00 –спорттық ойындар • 21.00- дискотека • 23.00- ұйықтау ## Секциялар • кілем тоқу; • ши,құрақ көрпеше және гобелен тоқу; • ағаш бұйымдарын жасау; • қазақша күрес; • фитнес; • бисертоқу; • фитнес; • сурет секциялары жұмыс жасайды. ## Лагерь валютасы Лагерьдің өз жеке валютасы «лучик» оқушылар арасында кенінен танымал.Оқушылар лагерь территориясында өзінің виртуалды компаниясын басқарып,өз тауарларын шығарады.Балалар еңбек биржасын басқаруды үйреніп, ақша табудың тәсілдерін арнайы мастер-класстарда үйренеді. Тағы да балалар журналист, редактор, бухгалтер мамандықтары бойынша жұмыс жасай алады. Әр оқушы жұмыс жасап «лучик» валютасын өз жеке банкіне жинай отырып, әр күннің сонында лагерь дүкенінде қалаған затын сатып ала алады. Ең белсенді балаларды «Күлімсіреген күн» орденімент марапаттайды.
Ғайникен Айдарханқызы Бибатырова 15 қазан 1934 жылы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Кеңес және қазақ мемлекеттік және қоғам қайраткері, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1973), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). ## Қызметі * 1952 жылы М.Мәметова атындағы Алматы қыздар педагогикалық училищесін бітірді. * 1957 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. * 1973 жылы КОКП ОК жанындағы қоғамдық академияны саясаттану мамандығы бойынша бітірді.. * Еңбек жолын 1957 жылы С.М.Киров атындғы Қазақ мемлекеттік университетінің комсомол комитеті хатшысының орынбасары болып бастады. * 1957-1959 жылдары - Алматы қаласындағы Қазақстан комсомолының Фрунзе аудандық комитетінің екінші, бірінші хатшысы. * 1959-1963 жылдары - Қазақстан комсомолының Алматы қалалық комитетінің екінші, бірінші хатшысы. * 1963-1965 жылдары - Қазақстан комсомолының Алматы облыстық комитетінің хатшысы. * 1965-1966 жылдары – Алматы Кеңес аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. * 1966-1970 жылдары - Калинин аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. * 1973-1986 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы. * 1986-1988 жылдары - Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары. * 1988 жылдан 1991 жылға дейін - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспасөздегі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас басқарманың бастығы. * 1992 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғалымдар үйінің директоры. Аудандық комитеттің, қалалық комитеттің, облыстық комитеттің, Қазақстан комсомолының орталық комитетінің мүшесі, комсомолдың 14 съезіне, Қазақстан комсомолының 9, 10-съездеріне делегат болған. ## Марапаттары * 1976 жылы — Еңбек Қызыл Ту Ордені. * КСРО-ның көптеген үкіметтік және мерейтойлық медальдарымен марапатталған. * Қазақ КСР және КСР Жоғарғы Президиумының құрмет грамоталарымен марапатталған. * 2004 жылы - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды. * 2011 жылы - Жамбыл облысының құрметті азаматы. * Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен және алтын белгісімен марапатталған. * 2016 жылы - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды. * 2019 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды. ## Дереккөздер
## ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз - әлеуметтік-жауапты компаниялардың бірі болып саналады, әлеуметтік дамуға үлкен үлес қоса отырып, ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз көптеген қайырымдылық акцияларына демеуші. Негізінен бұл компанияның басты мақсаттары-емдеу акциялары болып табылады, әсіресе, бұл ретте айрықша көңілді мерзімді бағдарламаға, көмекті қажет ететін ауылдарға,оның ішінде балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедек адамдарға,мәдениет және өнер мекемелеріне көп көңіл бөлінеді. ## Қызылорда облысындағы Компанияның дәстүрлі жобалары - Балалар үйіне жыл сайын Науырыз,Жаңа жыл,Балалар күнінде барып,көңіл күйлерін түрлі сыйлықтармен көтеру; - № 2 мектепке "Мұрагер"(ағылшын тілдің даму проектісімен); - Азық-түлік пакеттері облыстың 250 халқына таратылуда. Ол: нпо-ға,аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге арналған. Азық-түлік пакеті бас-басы отбасы үшін ең маңызды азық-түліктерді қамтиды. Акция жылына екі рет өткізіледі - Жаңа жылда және Наурыз мерекелерінде; -300-ге жуық жетім балалар мен кем-тар отбасынан шыққан балаларға ертеңгіліктер ұйымдастыруда; -7000 порциялық балмұздақтарды,конкурстық бағдарламалардан жеңген балаларға жүлделі сыйлықтарды компания Балалар күнінде спонсрлайды; -«Мектепке жол »атты акциясы.Оған:мүгедек балалар мен 250 мектеп оқушылардай қатыса алады; -Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету:көптеген газеттерге подпискалар, шипажайларға тегін жолдамаларды беру; -«Қуаныш караваны» атты акциясы.Ол 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде.Оған: 1500-дей белсенді балалар көптеген спорттық,ғылыми, мәдени тұрғыда сайыстар өткізілуде. ## ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз - әлеуметтік-жауапты компаниялардың бірі болып саналады, әлеуметтік дамуға үлкен үлес қоса отырып, ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз көптеген қайырымдылық акцияларына демеуші. Негізінен бұл компанияның басты мақсаттары-емдеу акциялары болып табылады, әсіресе, бұл ретте айрықша көңілді мерзімді бағдарламаға, көмекті қажет ететін ауылдарға,оның ішінде балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедек адамдарға,мәдениет және өнер мекемелеріне көп көңіл бөлінеді. ## Қызылорда облысындағы Компанияның дәстүрлі жобалары - Балалар үйіне жыл сайын Науырыз,Жаңа жыл,Балалар күнінде барып,көңіл күйлерін түрлі сыйлықтармен көтеру; - № 2 мектепке "Мұрагер"(ағылшын тілдің даму проектісімен); - Азық-түлік пакеттері облыстың 250 халқына таратылуда. Ол: нпо-ға,аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге арналған. Азық-түлік пакеті бас-басы отбасы үшін ең маңызды азық-түліктерді қамтиды. Акция жылына екі рет өткізіледі - Жаңа жылда және Наурыз мерекелерінде; -300-ге жуық жетім балалар мен кем-тар отбасынан шыққан балаларға ертеңгіліктер ұйымдастыруда; -7000 порциялық балмұздақтарды,конкурстық бағдарламалардан жеңген балаларға жүлделі сыйлықтарды компания Балалар күнінде спонсрлайды; -«Мектепке жол »атты акциясы.Оған:мүгедек балалар мен 250 мектеп оқушылардай қатыса алады; -Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету:көптеген газеттерге подпискалар, шипажайларға тегін жолдамаларды беру; -«Қуаныш караваны» атты акциясы.Ол 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде.Оған: 1500-дей белсенді балалар көптеген спорттық,ғылыми, мәдени тұрғыда сайыстар өткізілуде.
Елжау би Байтболатұлы, Лэйгяом, Лецзяоми (Б. з. д. 178 жыл — Б. з. д. 104 жыл) — Үйсін мемлекетінің күнбиі. Елжау би жөнінде қытай елшісі Жаң Чиянның жазба деректері мен ежелгі аңыздарда баяндалады. Әкесі Дәу би тақ үшін болған соғыста қайтыс болып, жаңа туған Елжау биді туысы ақсүйек Бөже ябғу (Бужю) ордадан жасырын алып шығып, ғұн тәңірқұтына жеткізеді. Жылнамада Елжау биді ордадан алып шығып ғұндар жеріне жеткізгенге дейінгі аралық ежелгі аңызбен жалғастырылған. Аңыз бойынша, қорғансыз қалған нәрестені көк бөрі (кейбір деректерде ит, барыс, қабылан) емізіп асырайды. Ғұн ордасында тәлім-тәрбие алып, ғұн тәңірқұтымен бірге бірқатар жорықтарды басынан өткізіп, шыңдалған Елжау би Үйсін мемлекетінің күнбиі болып сайланады. Елжау би билік еткен тұста Үйсін елі қуатты мемлекетке айналады. Б. з. д. 160 жылы Іле өзені бойында иүзилермен болған ірі шайқаста Елжау би әскері жеңіске жетеді. Елжау би тұсында (Б. з. д. 138 жыл) Үйсін елі 120 мың отбасы, 630 мың тұрғыны, 188 мың 800 адамдық әскері бар ірі мемлекет болып қалыптасты. Үйсін елі Қытаймен дипломатиялық қатынаста болған. Қытай императоры қызын үйсін күнбиіне ұзатып, туыстық қарым-қатынас орнатқан. ## Елсау би Елсау би Нәндиұлы б.з.д. 104 жылы Шулен деген жерде туып, 73 жасында 177 жылы дүниеден өткен. Ежелгі үйсін мемлекетінің әуелгі бас биі. Елсау әке-шешеден бір жарым жасында жетім қалады. Әкесі Нәнди би бір соқтығыста сойылға жығылып мерт болады. Нәнди би билік еткен үйсін мемлекетімен соғысқан көрші Хұн елінің қолбасшылары үйсіндердің малын талап, жерін талап алады. Мыңдаған адамдарын құлшылықта ұстайды. Бұл оқиға Қытай тарихи – шежіресінде жазылған. ## Елсау бидің жастық шағы Енді Елсау бидің жас шағына келейік. Шапқыншылықтан аман есен қалған нәестені Нәнди бидің жақын туысы Бөже шаңырағы ортасына түскен жұрттан баланы тауып алып, бауырына басады. Өшіккен жаулар: «Кейін әкесінің кегін аламын деп қайта шауып жүрер» Деп, жас балаға іздеу салады. Бөже баланы жау қолына түсірмей жасырады. Ауылдан тысқарылау тау қойнауына жиналған ескі мая шөп болады екен. Бөже сол шөптің арасын кеулеп баланы сонда жасырып, түн-түнде барып тамақтандырып жүреді. Бала түннен түнге түлеп өсе береді. Бөже бір күні кешқұрым мая шөпке жақындай берсе, әлгі шөптің арасында бауырында емшегі салпылдаған бір бөрі шығып бара жатады. Ұяны барып қараса бала аман есен ұйықтап жатыр дейді. Ол баланы дереу құшақтап ауылға апарады. Бар көргенін ауылдастарына айтады. Үлкен-кіші бәрі: «Бұл киелі бала екен жөндеп күтіп, тәрбиеге алайық», — дейді. ## Елсау бала ер жетеді Сонымен Елсау бала ер жете береді. Қойшы, жылқышылармен бірге жүріп, ат ойындарын үйренеді, садақ тартып мергеншілікті меңгереді. Қойшы, малшылардан ел аңыз-әпсаналарын, бұрынғы батыр,билер сөзін тыңдайды. Сөйтіп, Елсау бара-бара батыр тұлғалы, ақылды, алғыр, елге қамқор дана болып ер жетеді. Ол 11 жасынан ел билігіне араласады. Талай-талай дау дамай істердің түйінін шешіп, әділ би, ел қамқоры аталады. Мыңдаған жасақ қол жинап, елін талап, әкесін өлтірген Хұн еліне аттанып, олардан әке кегін, ел есесін қайтарады. Елсау би және ол басқарған үйсін мемлекетінің тарихнамасы қақында ежелгі Қытай тарихшысы Бань-Гүдің «Ханнама, батыс өңір шежіресі. Үйсін мемлекеті» деген еңбегін зерттеп жазған белгілі жазушы Тұрсын Жұртбаев өзінің «Дулыға» (1994) атты кітабында жан жақты жазыпты. Енді осы еңбектің мына бір жолдарына көңіл қоя кетейік:«Ұлы Күнбидің астанасы – Қызылқорған қаласы, түтін саны – 120 мың, әскері – 188 мың 800. Күнбидің екі уәзірі, оң қанаттағы, сол қанаттағы екі әскер басы, үш сұлтаны, екі биі, бір тұтық биі, екі бас бақылаушысы болған. Жері ұлан-байтақ кең, әрі жазық, жауын-шашыны көп, ауа райы суық. Тауларда қалың қарағай өседі. Егіншілікпен шұғылданбайды. Малшылармен бірге, жайылым-суат жағдайына қарай көшіп жүреді. Әдеп-ғұрпы хұндарға ұқсайды. Бұл елде жылқы көп, байларында 4-5 мыңнан болады. Халқы қайсар, батыр келеді. Ұры қарасы көп. Ең күшті мемлекет. Бұрын Ғұндарға бағынышты болған, кейін күшейді де, оның сұрауынан құтылып, оған бағынбайтын болды. Шығыс жағы Хұндармен, батыс, солтүстік Қаңлымен, батыс жағы Ферғанамен, оңтүстігі қалалық мемлекеттермен шектеседі. Әсілі сақтар қоныстанған орын еді. Иузилер сақтарды жеңгеннен кейін, сақ халқы оңтүстік жағындағы Шуандызды (қазіргі Кашмир, Балтистан – Болурды) Басып өтіп көшіп кетті. Ал иузилер сақтардың жеріне ірге тепті. Кейін Үйсін Күнбиі Иузилерді соққымен жеңді. Иузилер батысқа көшіп Бактрияны бағындырды. Үйсін оның жерін иеленді. Сондықтан үйсін елінің құрамында сақтар мен иузилер бар деген деректерден ақ Елсау баба билік еткен ежелгі үйсін мемлектінің қандай болғанын аңғаруға болады.Шығысы Қытаймен шектелетін Алтай, Алатау, Қаратау алқабын алып жатқан, іргесі біздің заманымыздан бұрын қаланған Елсау би басқарған үйсін мемлекеті талай қуғын сүргін, шапқыншылықты бастан кешірді. Ол оқиғалар тарихи шежірелерде, әсіресе, Қытай жылнамаларында ілгеріде жазылған. Біз ол жағына тоқталмаймыз. ## Елсау бидің ғұмырнамасы Елсау бидің ғұмырнамасына назар аудармақпыз. Елсау бабамыз үйсін мемлекетіне елу жылдан астам билік жүргізген, Әр тарапта бытырап жүрген үйсін жұртының басын біріктіріп, ұйымдастырып («Үйсін» деген сөздің өзі «ұйысын», біріксін деген сөзден шықса керек) ірі мемлекеттер қатарына жеткізген. Үйсін жұрты мал шаруасымен, әсіресе жылқы өсіруден өзге елдерге өарағанда озық болған. Кейінірек егін егумен шұғылданған. Қол өнер, темір, шойын қорыту, қыш құю, құмыра ыдыс-аяқтар жасау өнерімен, зергерлікпен айналысқан. Мұның бәрі археологиялық қазба зерттеулерде дәлелденген. Елсау бидің бес әйелі болыпты. Сол бес әйелден 23 бала өсіп, ер жетеді. Әрқайсысы ру-ру болып Алатау Қаратау атырабын алып жатады. Арғын жұртынан алған Ұмай бәйбіше өзі 13 құрсақ көтерген.Елсау би тұңғыш баласы Нұлыны көрші елді билетуге таққа отырғыэбақ болғанда, одан өзі бас тартып, орнына Дулы інісін ұсыныпты. Дулы әкесән де, ағасы Нұлыны да өле-өлгенше сыйлап өткен. Олардың айтқанын бұлжытпай іске асырып отқан.Елді дұрыс басқарған. Ағасы Нұлы 22 жасында қайтыс болған. Одан Абыл Албан, Азық Санжар (Жөңше би) деген төрт ұл бала қалдырған. Олар өсе келе Абылдан – абыл елі, Албаннан — албан елі, Азықтан – азық елі таралады. Кейін сол ұсақталып кеткен үш елдің басын Санжар би біріктіріп іргелі елге айналдырады.Ежелгі шежіреге қарағанда Елсау бимен Майқы би Мәнұлының арасы жеті ата болап шығады екен. Оларды Тауасарұлы Қазабек «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітабында былай таратады: Елсау Абыл, Қайыр, Бақ, Тан, Мән - осылардын бәрі де өз халқының қамын ойлаған, олардың бірігіп ел болу жағынакөп еңбек сіңірген әруақты бабалар болған екен. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Елсау би Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы.
Лена алтынды бассейні – Иркутск облысында, Байқал көлінің солтүстік-шығысында, Витим-Цатом таулы үстіртінде, Лена өзенінің сол жақ салалары Витим мен Олёкма аралығында орналасқан алтынды аймақ. Аймақтың геологиялық негізін жоғары протерозой мен төменгі кембрий шөгінділері толтырған Бодайбо синклинорийі құрайды. Бұл синклинорийді бір-бірінен жарылыстар арқылы бөлінген, периклиналь тұйықталған бірнеше синклинальдардан тұратын, ауданы 20000 км2-дей және кайнозойда 200 м-дей төмендеген Бодайбо депрессиясы жауып жатыр. Бұл депрессиясы Витим өзенінің ортаңғы, Үлкен Патома, Жуя өзендерінің жоғарғы ағыстарын қамтиды. Алтынды, сульфидті кварц желілері тектоникалық процестерге байланысты түзілген. Неогеннің ылғалды, жылы климаты кезіндегі күшті химикалық үгілуден алтынды қорымдар жиылды. Аңғарларында алтынға бай қорымдары бар Ныгри, Бодайбо, Маракан, Накатами, Үлкен Догалдын өзендері ағыстарының біраз бөлігі тектоникалық жарылыстар бойымен өтеді. Антропоген кезінде Бодайбо депрессиясында болған тектоникалық активтенулер, мұз басулар, климат өзгерулері, жарылыстардан пайда болған блоктардың әр түрлі, әр уақытта көтерілулері мен төмендеулері бірнеше алтынды горизонттардың қалыптасуына себепші болды. Бодайбо депрессиясының кайнозой шөгінділеріндегі аңғарлық типке жататын 4 алтынды горизонттың жасы мен генезисі мынадай қимамен (төменнен жоғары қарай) сипатталады: 1) аңғарлардың маракандық, тунгустық, ныгриндік деп аталған малта тастары мен қиыршық тастарынан құралған бірінші алтынды горизонтты эоплейстоцен-төменгі плейстоценнің жылы климаты кезінде жиылған аллювийлік-пролювийлік, мореналық және флювиогляциалдық шөгінділері жапқан. Бұл горизонт шөккен аймақтарда көмілген террасалар мен көне арналарда, ал көтеріңкі учаскелерде түп жыныстар беткейлері террасаларында орналасқан; 2) суық және қоңыржай климат жағдайында жиылған екінші алтынды горизонт – депрессияларды толтырған ортаңғы-төменгі плейстоценнің сұр дөңбек тастары мен малта тастарында немесе мореналарында6 сұр түсті малта тас бетінде орналасқан және қалыңдығы 100-150 метрдей самар мұз басуының шөгінділермен жабылған; 3) жылы климат жағдайында жиылған, жоғарғы плейстоценнің аллювийлік-пролювийлік малта тастары, құмдары мен лайларынан орын алған үшінші алтынды горизонт – депрессияларда (ойыстарда), мұз шөгінділері бетінде, ал көтерілген учаскелер мен аласа тауларда түп жыныстар бетінде кездеседі; 4) аңғарлардың тунгустық, ныгриндік типтеріндегі төртінші алтынды горизонт голоценнің аллювийлік, делювийлік, пролювийлік, коллювийлік, солифлюкциялық жыныстарынан орын алған. Витим – Патом таулы үстіртінің көтеріңкі бөліктеріндегі цокольдық террасалар мен өзен жайылмаларындағы кевакт типтес аталатын аңғарларында плейстоцендік, ал аласа таулардың кішіпатомдық аталған аңғарларында жоғарғы плейстоцен қорымдары жатыр. Лена алтынды бассейнінің мұз шөгінділерімен көміліп, жақсы сақталған қорымдарының ішіндегі көп тарағандары, ең байы және өндірістік маңызы жоғарылары – төменгі (бірінші горизонт) және ортаңғы (екінші горизонт) плейстоцен қорымдары. Мұнда ірі кесекті, ұсақ түйірлі сүйір, бұдырлы, үшкір, имек, жұмырланған, үйкелген алтын кездеседі. Алтынның тазалығы 800 – 905; серіктері: пирит, магнетит, гранат, шпинель. Ең ірі алтын кендері: Маловинское, Имняхское, Үлкен Баллаганих, Бодайбо. 1843 жылдан бері алтын өндірілетін Лена алтынды бассейні – еліміздің экономикасында зор маңызы бар аудандардың бірі. ## Дереккөздер
Мұқашев Берік Алтайұлы (1970 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында дүниеге келген) - халықаралық дәрежелі спорт шебері, бокстан халықаралық дәрежедегі төреші. 1992 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірді. 1987-91 жылдары бокстан КСРО құрама командасының мүшесі болды. ## Жүлделері 1988-89 жылдары Қазақстан Республикасының Чемпионы, Кореяда өткен "Дружба" халықаралық турнирінің жүлдегері атанды. ## Дереккөздер
## Кіші қос асар қамалы Кіші қос асар қамалы –төртбұрышты ескерткіш, көлемі 200х100 м. Қамал «Жетіасар» мәдениетіне жатады. Өмір сүрген уақыты б.з. I мыңжылдығымен мерзімделеді. Оның көлемі 75х50 м үлкен кесектерден қаланған, биіктігі 10 м асатын қабырғалармен қоршалған қамалы бар. Қамал қабырғалары күмбезді айналмалы баспалдағы бар, екі қатардан тұратын жебе ату ойығы салынған бекіністі алты мұнаралармен нығайтылған. Ескерткіш «Жетіасар» мәдениетіне жатады және б.з. І мыңжылдығымен мерзімделеді. ## Кіші қос асар қамалы Кіші қос асар қамалы –төртбұрышты ескерткіш, көлемі 200х100 м. Қамал «Жетіасар» мәдениетіне жатады. Өмір сүрген уақыты б.з. I мыңжылдығымен мерзімделеді. Оның көлемі 75х50 м үлкен кесектерден қаланған, биіктігі 10 м асатын қабырғалармен қоршалған қамалы бар. Қамал қабырғалары күмбезді айналмалы баспалдағы бар, екі қатардан тұратын жебе ату ойығы салынған бекіністі алты мұнаралармен нығайтылған. Ескерткіш «Жетіасар» мәдениетіне жатады және б.з. І мыңжылдығымен мерзімделеді.
Жиынтықтың ішінде керамика ерекше орын алады. Бұл Қазақстанның тас дәуірі ескерткіштерінің қатарында тұңғыш рет кеңінен көрсетілуі. Статистикаға 12279 қалдықтар мен ыдыстар енгізілді. Ботай керамикалық материалдарының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, өңдеу бағдарламасына қажетті түзетулер енгізілді. Жалпылама кестенің шегінен шыққан, керамиканың сол немесе басқадай жағын сипаттайтын белгілерінің әрқайсысына жеке сандық шифр берілді. Ал бұл аталмыш белгілер оларың құрамдас элементтерін толығырақ жіктеуге мүмкіндік берді. Қабылданған ласындай өзгертулер уақытты қысқартып, қоныс керамикасының жіктеуін жеңілдетті. Пішіндері бойынша жартылай жұмыртқа тәрізді ыдыстар екі түрге болінді: аузы жабық және тік қабырғалы. Сурет салу техникасы бойынша керамика екі үлкен топқа жіктелді: ирек тісті қалыппен және "жіп" сияқты нақышталған ыдыстар. Керамика қышқылдандыру арқылы төменгі температурада күйдірілетін таспалы жасау тәсілімен сипатталады. Оған темірлі, кварцит пен дала шпатының табиғи қоспасы болып табылатын жергілікті саз балшық қолданылған. Қалдықтардың қалыңдығы 0,6-0,9см аралығында, бірақ қалыңдығы бұдан азырақ та көбірек түрлері кездеседі. Оюлар негізінен "жіп" яки ирек тіс қалыбымен салынған. Сыртықы және ішкі бетінде тоқымасы бар ыдыстар да ұшырасады. Тоқымалық таңбалардың сипаты матаның ыдыс қалыбында атқарған қызметі мен пайдалану тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Біркелкі айқындылығына және тоқым іздерінің беттегі тереңдігіне қарап, таңбалар ыдысты дайындап жатқан кезде тоқыманы балшвқты таспаға қысқаннан пайда болған деп жорамалдауға болады, бірақ керісінше емес. Бұл болжам ыдыстың ішкі бетіндегі ирек тісті қалыппен таралған іздер арқылы беки түседі. Осы тарамдардың сипатына қарағанда, қалып қандай да бір үлгіге салынған мата қабының ішінде (мысалы , жердегі немесе кұмдағы шұңқыр) шығарылған. Тісті құралдың пайдаланылуы әбден орынды, өйткені саз балшықтың артық жерін негізгі массаны қозғамай-ақ кесіп тастауға болады. ## Дереккөздер 1. Ботай дала өркениетінің бастауы кітабы, Виктор Зайберт, 2011ж, 304бет
"Көкше академиясында ғылыми-зерттеу қызметін дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады.Академия біріңғай білім беру кешенін ұсынады,оның құрамына: -Жалпы білім беретін қазақ лицейі -Көпесалалы "Көкше" колледжі кіреді. Студенттік ұтқырлық шеңберінде академия студеннтерінің жақын және алыс шет елдерден білім алуға мүмкіндік бар."Көкше" академиясының халықаралық ынтымақтасқан тәжірбие.Академияда студенттердің бос уақытын өткізуге барлық жағдай жасалған.Біздің студеннтер жеке қызығушылықтарына қарай өздерінің шығармашылық қаблеттерін жүзеге асыра алады."Көкше" академиясында білім беру қызметін жүргізуге рұқсат берілген барлық құжаттар бар. Орта,орта кәсіби және жоғары кәсіби білім негізінде күндізгі,сырттай,қысқартылған оқыту түрлері бойынша білім беріледі.Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі."Көкше" академиясы 12 беделді және талап етілген мамандықтар бойынша кадрларды даярлайды. ## Бакавлариат -Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі-Педагогика және психология-Қазақ тілі мен әдебиеті-Дене шынықтыру және спорт-Тарих-Есеп және аудит-Қаржы-Туризм-Заңтану-Дизайн ## Магистратура -Экономика -Экология ## Дереккөздер 1.www.koksheacademy.kz
## Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді. Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді. Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды. Ал, ұлтшыл деп отырықшыландыру үрдісін кезекті арандатушылық, қазақтар қожалықтары эволюциялық жолмен бірітіндеп дамуы керек, көшпелі шаруашылық Қазақстан табиғатына бейімделген қажеттілік дегендей пікір білдірушілер кінәланді. Сонымен бірге отырықшыландыруды тек сырттан қазақ жеріне қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан шара деп түсіндіретіндерге де ұлтшылдар ретінде айып тағылды. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында «оңшыл», «солшыл» деп айыпталғандар да аз болған жоқ. Отырықшыландыру шараларына немкетті және жауапсыз қарағандар «оңшыл», ағым өкілдеріне, отырықшыландыруды барлық, соның ішінде мал шаруашылығы аудандарында да бірдей деңгейде және қарқындата жүргізу керек деп ұрандаушылар «солшыл» ретінде сипатталды. Осындай әртүрлі саяси кінәлаулардан қаймыққан жергілікті басшылар отырықшыландыруға байланысты шараларды, жоғарыдан келген нұсқауларды орындауға тырысып бақты. Ал мұның өзі алғашқы бес жылдық жоспарға сәйкес белгіленген отырықшыландыру жоспарларын орындау қарқынын үдете түсуге себеп болды. 1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді. Осындай «тәртіпсіздіктерді» дер кезінде әшкерелеп, оларға кінәлілердіайқындап жазалау үшін отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жанынан «жұмыс үштігі» құрылды. Оның міндеті отырықшыландырудың республикалық комитетіне көмектесу болды. Кеңестік жазалау органдарымен тығыз байланысты болған, Конституцияға қайшы бұл үштік жергілікті жерлерде отырықшыландыру үрдісінің қарқынын күштеп жеделдете түсуге елеулі үлес қосты. Жұмысты қиындата түскен тағы бір мәселе – Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің отырықшылануы шаруаларға деген көзқарасының дұрыс еместігі еді. Оның ойынша, тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері – шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек деп санады. Ал, шаруа екі жылдай киіз үйде отыра тұруы және бірітіндеп өз күшімен баспананы өзі салып алуы тиіс болды. Осыдан келіп Ф.Голощекин отырықшыландыруға байланысты құрылысты шаруаның отбасына арналған баспана салудан емес, алғаш қора-қопсылар, яғни шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады. Мұндай қате көзқарас және жұмыс барысындағы асыра сілтеулер ауыр зардаптарға ұрындырды. 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды. ## Дереккөздері Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X Омарбеков Т.,20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997ж. ## Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді. Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді. Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды. Ал, ұлтшыл деп отырықшыландыру үрдісін кезекті арандатушылық, қазақтар қожалықтары эволюциялық жолмен бірітіндеп дамуы керек, көшпелі шаруашылық Қазақстан табиғатына бейімделген қажеттілік дегендей пікір білдірушілер кінәланді. Сонымен бірге отырықшыландыруды тек сырттан қазақ жеріне қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан шара деп түсіндіретіндерге де ұлтшылдар ретінде айып тағылды. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында «оңшыл», «солшыл» деп айыпталғандар да аз болған жоқ. Отырықшыландыру шараларына немкетті және жауапсыз қарағандар «оңшыл», ағым өкілдеріне, отырықшыландыруды барлық, соның ішінде мал шаруашылығы аудандарында да бірдей деңгейде және қарқындата жүргізу керек деп ұрандаушылар «солшыл» ретінде сипатталды. Осындай әртүрлі саяси кінәлаулардан қаймыққан жергілікті басшылар отырықшыландыруға байланысты шараларды, жоғарыдан келген нұсқауларды орындауға тырысып бақты. Ал мұның өзі алғашқы бес жылдық жоспарға сәйкес белгіленген отырықшыландыру жоспарларын орындау қарқынын үдете түсуге себеп болды. 1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді. Осындай «тәртіпсіздіктерді» дер кезінде әшкерелеп, оларға кінәлілердіайқындап жазалау үшін отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жанынан «жұмыс үштігі» құрылды. Оның міндеті отырықшыландырудың республикалық комитетіне көмектесу болды. Кеңестік жазалау органдарымен тығыз байланысты болған, Конституцияға қайшы бұл үштік жергілікті жерлерде отырықшыландыру үрдісінің қарқынын күштеп жеделдете түсуге елеулі үлес қосты. Жұмысты қиындата түскен тағы бір мәселе – Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің отырықшылануы шаруаларға деген көзқарасының дұрыс еместігі еді. Оның ойынша, тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері – шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек деп санады. Ал, шаруа екі жылдай киіз үйде отыра тұруы және бірітіндеп өз күшімен баспананы өзі салып алуы тиіс болды. Осыдан келіп Ф.Голощекин отырықшыландыруға байланысты құрылысты шаруаның отбасына арналған баспана салудан емес, алғаш қора-қопсылар, яғни шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады. Мұндай қате көзқарас және жұмыс барысындағы асыра сілтеулер ауыр зардаптарға ұрындырды. 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды. ## Дереккөздері Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X Омарбеков Т.,20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997ж.
Құралдарды даярлаудың шикізаты ретінде тақта тастар, құмдақ тастар, әк тастар және т.б тас жыныстары пайдаланған.Жыйынтықтарды зерттеу барысында бізге дейін жеткен құрралдардың түрлері олардың жасалу және қаншалық тозғандығы ескерілді: 1.ірі бастапқы жарықтары бар дайындалмалар; 2.буйір шеттері жөнделген және жүздері бар дайындамалар; 3.жүздері тегістелген дайындамалар; 4.бүйір жақтары тегістелген және жүздері бар жұмысқа дайын құралдар; 5.жұмыстық жүздерді жылтыратылған және іздері түзу құралдар; 6.жұмыстық жүзі жарылған және кертілген құралдар; 7.түзету іздері бар құралдар; 8.істен шыққан құралдар; Шабатын құралдардың арасында балта мен шот көзге түседі.Бұл құралдарыныңерекшелігі кырында-балталарда ол симетриялы, ал щоттарда-ассиметриялы.Барлық ағаш өңдейтін құралдардағы микроіздер ағашқа үйкелу нәтижесінде түскен жіп тәрізді сызықтар болып келеді, алайда көп жағдайда микроіздермен қатар жүздері ағаштың қатты жерлеріне (көзге) тигеннен қалған кетіктер мен сынықтар да бар.Іздер құралдың жұмыстық ше еріне перпендикуляр, пл бел ортасына паралель оранасқан.КЕйбіреулерінде сызық іздер жүздерін түзеткен іздермен жабылып қалған.Типология бойынша қашау тәрізді құралдар тобына қималар шаршы,ромб,үшбұрышты,сопақ болып келген. ## Дереккөздер 1. Ботай дала өркениетінің бастауы кітабы, Виктор Зайберт, 2011ж, 204бет
Ботай жерінің қазба заттарыТабылған заттардың басым бөлігі еденде үш үйіндімен көрсетіледі.Олардағы жаңқалар өңделмегендіктен,оларды өндіріс алаңдарының қалдықтары ретінде сипаттауға болады.Барлық құралдар түгел дерлік баспананың батыс бөлігінен,қазаншұңқырдың солтүстік-шығыс қабырғасының бойынан табылды,сондай-ақ ошақтардың шығысында доға тәрізді шашылып жатты.Осы баспанада тастан және сүйектен жасалған құрал-саймандардың аса бай жиынтығы кездеседі. ## Сілтеме Ботай дала өркениетінің мәдениеті энциклопедиясы
Қазба жұмыстары көрсеткендей, Ботай ескерткішінің аймағы энолит дәуіріне дейін игерілген.Сонымен, осы бір жағалаудан мезолит дәуірінің шағын жиынтығы басталады. Оның энеолиттен айырмашылығы, тек ақ, күңгірт-жасыл және қоңыр реңі басым болып келген кремний жыныстарынан жасалып, жиірек жалпақ тіліктер қимасы түрінде (қайқы пышақтар, шет жағы ойылған жалпақ тіліктер, бұрыг кескіштер, қырғыштар) орындалған. Бұл жиынтық 70-жылдары зерттелген Солтүстік Қазақстанның мезолит ескерткіштерінің қатарына жатады. Жағалаудағы баспаналардан табылған заттардың бір бөлігі неолиттің соңғы кезеңдеріне кезеңдеріне жататынға ұқсайды және олар алаңқайға Ботай заманынан бұрынырақ келуі де мүмкін.Ботайлық ұсақ және ірі түйірлі материалдардан айырмашылығы, бұл бұйымдар кремний немесе яшма тәрізді сапалы жыныстардан жасалған. Ботайлық энеолит жиынтығындағы құрал-саймандарды жасап шығару үшін негізгі дайындамалар ретінде пішімі мен көлемі әртүрлі жаңқалар пайдаланылған. қолдағы бар жалпақ тіліктер өндірістік факт болып табылғанымен, жүйелі түрде шығарылуын көрсетпейді. Әдетте , жиектері біртегіс емес, ірі тұтас тіліктер, бұлар қайта өнделгендері. Мирасқорлық дәуірге сүйеніп айтсақ энеолит заманында тас және кремний өнеркәсібінің үлкен рөл атқарғанын көреміз.Ботай мәдениетінде кремний өнеркәсібінің сақталуы, өндіріске металл (мыс) құрал- саймандардың, әсіресе пышақтардың әлі де кеңірек енгізілмеуімен түсіндіріледі. шикізаттың оңай қол жетімділігі (ол қазақтың қыратты далалары мен Көкшетау өзендерінің аңғарларында жаппай кездеседі) энеолит дәуірінің алдындағы жүзжылдықта жақсы меңгерілген дәстүрлі технологияны тоқтатып тастады. ## Дереккөздер "Ботай дала өркениетінің бастауы" кітабы
Қара қоңыр топырақ - құрғақ және шөлді дала белдемінің топырағы. ## Түзілуі Солтүстіктегі қоңыржай дала белдемінен оңтүстікке жылжыған сайын ылғал азайып, күн қатты ысиды. Осыған байланысты өсімдік түрлері азайып, сирей бастайды. Мұндай өсімдіктер топыраққа мардымды органикалық қалдықтар қалдырмайды. Сондықтан бұл қалдықтардың ыдырап, топырақ қара шірігін түзгенде, қара топырақты белдемдегідей қара түске боялмай, топырақ түсі қара қоңыр түске боялады. ## Түрлері мен құрамы Солтүстіктен оңтүстікке құрғақ және шөлді-далалы белдем үш белдемшелерге бөлінеді: * құрғақтау дала - топырағы күңгірт қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 3-4%; * құрғақ дала - топырағы қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 2-3%; * шөлді дала - топырағы бозғылт қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 1,5-2%. ## Таралуы Қазақстан жерінің ¹/³ -і осы белдемде жатыр, жалпы аумағы 90,7 млн.га-ға жетеді. Оның 28 млн.га-сы күңгірт қара қоңыр, 24,3 млн.га-сы жай қара қоңыр, ал 38,4 млн.га-сы бозғылт қара қоңыр белдемшелер.Қара қоңыр топырақтың біршама бөлігі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарының етегінде таралған. ## Тағы қараңыз * Топырақ * Қазақстанның топырағы ## Дереккөздер
Ботай қоныс-мекені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші. ## Орналасқан жері Айыртау ауданы, Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, Иманбұрлық өзенінің (Есіл өзенінің оң жақ саласы) оң жақ құлама жағасындағы тегістелген еңіс алаңқайда орналасқан. ## Кезеңі Энеолит дәуірі (б.з.б. 4-3 мың.). ## Тарихи деректер, сипаты Археологиялық ескерткіш 1980 жылы ашылған және археолог В. Зайберттің басшылығымен зерттелген. Қоныстың жалпы алаңы 15 га құрайды. Қоныста 60000 мыңнан астам сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тас балталар мен пышақтар, жебе мен найзалардың ұштары, сүйектен жасалған инелер, балшық ыдыстарының фрагменттері және т.б. табылған. Зерттеу барысында ғалымдар ботайлықтардың тұрғын үйлерін салу процесін қайта құрды. Қабырғаларының ені 80-120 см, биіктігі 60-тан 100 см-ге дейін. Тұрғын үйлердің жанында арнайы шұңқырлар қазылған, олардан қабырғалар мен еденді сылауға балшық алған. Қабырға периметрлері бойынша бөрене шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалған. Бөренелер арасындағы саңылауларды балшықпен сылап, үстін шым және жануарлар терісімен жапқан. Үй-жайдың ішкі биіктігі 250-320 см болды. Тұрғын үйдің ортасында еденде ошақ болған. Қазаншұңқырлардың қабырғаларында шаруашылық және діни қажеттіліктерге арналған көптеген тауашалар жасалған. Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта Ботай таңда белгілі жылқыларды қолға үйретудің ең ерте орталығы болып табылады және мамандармен Еуразиялық жылқы өсірушілерінің ежелгі қонысының бірі ретінде бағаланады. Табылған артефактілер ботайлықтардың күнделікті өмірінде жылқы үй жануары ретінде болғанын көрсетеді. Қоныстың шаруашьшық аймағында қымызхана табылды: алауы және қымыз сақтауға арналған шұңқырлары бар қазаншұңқыр және қымызханаға жапсарласқан сауын биелері мен құлындарды ұстаған ағаш қоршаулардың іздері бар. Сондай-ақ, қоныста ет сақтауға арналған "шұңқыр-консервілер" табылды. Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар жалғасуда. Қоныс-мекен пайда болған кезде 200-300 баспана тұрғызылған. Бұл санды жер бетіндегі 109 қазаншұңқырлар мен қазу жұмыстары кезінде ашылған баспаналардың жалпы қатынасының жиынтығынан шығаруға болады. Осы графикалық жобалау жағдайы ескеріле отырып, ескерткіштің әртүрлі бөліктерінде - жағалық, оңтүстік, орталық және солтүстік – 1980-1982 жылдары аралығында 24 қазындымен барлығы 7528 м2 мәдени қабат ашылды. Бір қазаншұңқырдың орнына қалпына келтірілген баспана тұрғызылды. Қоныс баспаналары, шаруашылық құрылыстар мен археологиялық материалдар қазындылар бойынша сарапталды, өйткені соңғылары ескерткіштің әр-түрлі жерлерінде орналасқан әрі өздерінің мәдени және хронологиялық сипаттамаларында өзіндік ерекшеліктері бар болатын. ## Дереккөздер
Бақайшық сүйектер көбірек аттарға тән. Сирек - ұсақ тұяқты жанурларда кездеседі. Бұлар адам асырайтын немесе аулайтын хайуанаттар. Ботайлықдың бүкіл ХКТ үлгісі, жалпы өмір салты атпен байланысты. Яғни, аттың жоғары қоғамдық маңыздылығы ботайлықтардың дүние танымында, табынатын сиқыршылық жораларында, аңызи түсінктерінде көрініс тапты.Баспаналардың бірінен бақайшықтың табылуы, ол баспана ботайлықтардың жиналатын және символық белгілерін сақтайтын орны болғандығын білдіреді. Иконографияның белгілі бір заңдылықтары бар. Мәселен, барлық бақайшық сүйектердің шеттері кертілген, олар бірден, екіден, үштен, төрттен, бестен, т.б. топ-топқа бөліне орналасқан. Кертік саны 1-ден 40-қа дейін болуы мүмкін. Көбіне бақайшықтың екі жағындағы кертіктердің саны бір-біріне сәйкес келеді.Жазықтықтағы өрнектен әртүрлі әрі қайталанбайды. Іс жүзінде барлық заттарда қайрақпен өңделіп, жылтыратылған іздер бар. Айналма және сызықтық іздер бақайшықтың алдын ала (суретті салмас бұрын) өңделгенін ғана емес, сонымен қатар, бақайшықтың сиқыршылық немесе символиқалық жолмен басқа затқа үйкелгенін аңғартса керек-ті. Жылтырғандық бақайщық сүйектің және жұмсақ заттың (тері, шаш) үнемі үйкелісте болғанын және қолда ұзақ ұслғанын білдіреді. ## Дереккөздер "Ботай дала өркениетінің басталуы" кітабы
Ботай қоныс-мекені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші. ## Орналасқан жері Айыртау ауданы, Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, Иманбұрлық өзенінің (Есіл өзенінің оң жақ саласы) оң жақ құлама жағасындағы тегістелген еңіс алаңқайда орналасқан. ## Кезеңі Энеолит дәуірі (б.з.б. 4-3 мың.). ## Тарихи деректер, сипаты Археологиялық ескерткіш 1980 жылы ашылған және археолог В. Зайберттің басшылығымен зерттелген. Қоныстың жалпы алаңы 15 га құрайды. Қоныста 60000 мыңнан астам сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тас балталар мен пышақтар, жебе мен найзалардың ұштары, сүйектен жасалған инелер, балшық ыдыстарының фрагменттері және т.б. табылған. Зерттеу барысында ғалымдар ботайлықтардың тұрғын үйлерін салу процесін қайта құрды. Қабырғаларының ені 80-120 см, биіктігі 60-тан 100 см-ге дейін. Тұрғын үйлердің жанында арнайы шұңқырлар қазылған, олардан қабырғалар мен еденді сылауға балшық алған. Қабырға периметрлері бойынша бөрене шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалған. Бөренелер арасындағы саңылауларды балшықпен сылап, үстін шым және жануарлар терісімен жапқан. Үй-жайдың ішкі биіктігі 250-320 см болды. Тұрғын үйдің ортасында еденде ошақ болған. Қазаншұңқырлардың қабырғаларында шаруашылық және діни қажеттіліктерге арналған көптеген тауашалар жасалған. Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта Ботай таңда белгілі жылқыларды қолға үйретудің ең ерте орталығы болып табылады және мамандармен Еуразиялық жылқы өсірушілерінің ежелгі қонысының бірі ретінде бағаланады. Табылған артефактілер ботайлықтардың күнделікті өмірінде жылқы үй жануары ретінде болғанын көрсетеді. Қоныстың шаруашьшық аймағында қымызхана табылды: алауы және қымыз сақтауға арналған шұңқырлары бар қазаншұңқыр және қымызханаға жапсарласқан сауын биелері мен құлындарды ұстаған ағаш қоршаулардың іздері бар. Сондай-ақ, қоныста ет сақтауға арналған "шұңқыр-консервілер" табылды. Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар жалғасуда. Қоныс-мекен пайда болған кезде 200-300 баспана тұрғызылған. Бұл санды жер бетіндегі 109 қазаншұңқырлар мен қазу жұмыстары кезінде ашылған баспаналардың жалпы қатынасының жиынтығынан шығаруға болады. Осы графикалық жобалау жағдайы ескеріле отырып, ескерткіштің әртүрлі бөліктерінде - жағалық, оңтүстік, орталық және солтүстік – 1980-1982 жылдары аралығында 24 қазындымен барлығы 7528 м2 мәдени қабат ашылды. Бір қазаншұңқырдың орнына қалпына келтірілген баспана тұрғызылды. Қоныс баспаналары, шаруашылық құрылыстар мен археологиялық материалдар қазындылар бойынша сарапталды, өйткені соңғылары ескерткіштің әр-түрлі жерлерінде орналасқан әрі өздерінің мәдени және хронологиялық сипаттамаларында өзіндік ерекшеліктері бар болатын. ## Дереккөздер
Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы (Мағжан Жұмабаев атындағы) — қызмет көрсету көлемі мен дәрежесі жағынан оқырмандарға арналған облыстағы негізгі кітапхана. Мұнда соңғы жылдары кешенді жаңарту барысында жаңа басылымдар пайда болды. Олар: кітапхананың инновациялық дамуы, жаңа технологияларды енгізу, кітапхана қызметкерлерінің қызмет көрсету мәдениетін арттыру. АОҒӘК-ның қоры 300 мыңдай дананы құрайды. Жылына 15 000-ға жуық оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапхананың негізгі оқырмандары: қызметкерлер, студенттер, оқытушылар, жұмысшылар мен зейнеткерлер болып табылады. «М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбебап ғылыми кітапханасы» Көкшетау облыстық кітапханасы 1946 жылы құрылған. Типтік екі қабатты, кірпіш ғимарат 1971 жылы салынған. 1992 жылдан бастап Мағжан Жұмабаевтың атымен аталып келеді. Жалпы көлемі – 2997,9 кв.м., негізгі көлемі – 1568.2 кв.м.. Баланстық құны – 76042104 теңге. Баспасөз клубы, Интернет залы ашылды, екінші қабатта көрме және оқырмандарға демалыс залы орналастырылды. Кітап қоры - 330133 дана, оның ішінде 54790 дана мемлекеттік тілде. Штаттық бірлік – 71, жоғарғы біліммен – 50, оның ішінде кітапханалық қызметкерлер – 42. Кітапханалық жоғары – 30 адам, орта кітапханалық білімімен – 7. 1985 жыл кітапхананы компьютермен жабдықтай бастаудың бірінші кезеңі болды, 1994 жылы «РАБИС» бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу», «Каталогизатор», «Поиск-Іздеу», «Заказ-Тапсырыс» модульдері енгізілді. Транспорттық құралдар саны -1 (Газель – баргузин). Қаржыландыру: 2008 – 41080, 0 мың т. 2009 жыл – 42513,0 мың т. 2010 жыл – 49186,0 мың т. Директор: Бердалин Арман Тілектесұлы, 1983 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Көкшетау мемлекеттік университетінде оқып білім алған. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры. Танымал ақын, республикалық айтыстардың жеңімпазы, «Қазақ пен арақ» кітабының және осы кітап негізінде түсірілген деректі фильм авторы. Облыстық кітапханада қызмет жасайтын 11 бөлім бар: * 1. Есепке алу және бақылау бөлімі * 2. Толықтыру және әдебиеттерді өндеу бөлімі * 3. Негізгі қорды сақтау бөлімі * 4. Абонемент бөлімі * 5. Автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімі * 6. Өнер әдебиеттері бөлімі * 7. Ақпараттық-библиографиялық бөлім * 8. Оқу залы * 9. Маркетинг және инновациялық-әдістемелік жұмыстар бөлімі * 10. Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс * 11. Шетел тіліндегі әдебиеттер бөлім Негізгі міндеттері: - Кітапхананы білімді, ақпаратты, мәдени орталық ретінде рөлін көтеру, модернизациялау және ақпараттық қызметті жетілдіру мақсатында Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігіне ену; - Қазақстанның халықтарының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын, тілін, өнерін, қоғамдық рухын нығайту; - Азаматтардың конституциялық құқығы бойынша жеке адамның ақпараттық білім алуына шексіз қызмет ету; - Облыс кітапханалары қызметінің ғылыми-әдістемелік жүйесін жетілдіруді қамтамасыздандыру; - Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасау. – Ақмола аймағының ағартушылық, ғылыми және рухани дамуының мүмкіншілігін жетілдіруге ат салысу, оқырмандарға бүгінгі заман талабына сай қызмет көрсету ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Б.з.д VII мыңжылдықта , голоценнің басына қарай, қазіргі кезендегі ландшафт,өсімдіктер дүниесі мен хайуанаттар әлемі қалыптаса бастады.Мамонт секілді ірі сүйектілер жоғалып,тұяқтылар ашатұяқты сүтқоректілер және жануарлардың басқа түрлері пайда болып,олар бүгінгі күнге дейін жетті.Сол кезде алғашқы қауымдық адамдар өздерінің тіршілігін қамтамасыз ететін палеолиттік жүйені өзгертіп ,аңшылықтын ,балық аулаудың жаңа,белсенді түрлерін қалыптастыруға мәжбүр болады.Экономика мен мәдиниеттегі эволюцияның археологиялық бұл үрдісі жаңа тарихи жағдайда мезолитпен (орта тас ғасыры) байланысты болып,садақ пен жебе ойлап шыгарылды .Соңғысына кремнийден немесе яшмадан істеленген ұштықтар кииігізілді.Әдетте жеберердің ұштықтары кремнийдің жалпақ тілігінен ,ұзындығын 1-6 см етіп жасалынатын.Адамдар ағаштан , теріден ,шымнан тұрғызылған кішкентай баспаналарда тұрды.Негізінен олар ескі арналардың жағалауларында, бұлақтардың қасында,жайылма алқаптардыңжоғары жағында немесе текшелі жазық аландардың жайылымдарында қоныстанды.Адамдар жартылай отырықшылық жағдайында өмір сүрді .Аңшылық және балық аулау секілді шаруашылық түрлерімен айналысқан кездеаң аулауға,үй тұрғызуға қолайлы жерлерді іздестіріп ,белгілі бір аймақтарға жиі ауысып отыруға тура келді.Көші-қон негізінен Есіл,Тобыл,Нұра немесе Ертіс өзендерінің аңғарларын бойлай жүрген .Көші-қон күз бен көктемде жүзеге асырылған.Б.з.д VI мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанды неолит тобының атбарсарлық мәдениетіне жататын тұрғындар мекендеді.Олар айналадағы сусыз далалармен салыстырғында,сол уақыттарда нағыз көгалды өзен аңғарларын иемденген еді .Атбасарлықтардың тастарды өндей алатын дамыған техникасы болды. олар тасты кесіп ,тесіп ,тегістеп ,бөлшектей алған .Бұған шикізат ретінде Қазақ даласындағы аласа төбелердің беткі қабаттарында жатқан яшма түріндегі кварциттерді пайдаланады.Олар аумағы 2-3 мың шаршы метр болатын тұрғылықты қоныстарда тұрды.Арнайы шеберханаларда сол уақыттарда қазақстандық тұрғындар мен батыс-сібірлік тұрғандардың арасында айырбас саудаға айналған еңбек қуралдары мен олардың дацындамаларын жасады.
Энеолитте өндіруші күштердің дамуы, әсіресе бастапқы кезеңде, сүйектен жасалған еңбек құралдарының есебінен қамтамасыз етілді. Сүйектен істелген құралдар үй шаруашылығында кеңінен қолданылды. Әсте, сүйек бұйымдарын пайдаланбаған өндіріс болған жоқ дегеніміз дұрысыракқ шығар. Ботайдағы сүйек ою ісінің негізгі шикізаттық базасы аттың сүйектері, бірен-саран жабайы аңдар мен құстардың сүйектері болды. Ботай қоныс-мекенінде аттардың сүйектері өте көп табылды (99%). Бұл оншақты тонна деген сөз. Барлық сүйектердің 1/3 бөлігі сүйек ою өндірісімен байланысты екен. Бұлар дайын құралдар, бүтін немесе сынған дайындамалар, өндірістік қалдықтар. Шикізат ретінде жануарлардың аяқтары, жақ сүйектері, қабырғалары, жауырындары пайдаланылған. Технологиялық процесте тастан жасалған құрал-саймандар: қашау, шот, балға, сынақ, тескіш, шой балға, төс пайдаланылды. Сүйектен жасалған бұйымдар (1323) жиынтықтың 0,34% құрайды. Олар үшін дайындама ретінде түтік тәрізді сүйектер, қабырғалар, құстардың, жабайы ұсақ аңдардың және аттардың сүйектері пайдаланылды. Тескіштер, үлкен біздер (173) аттардың, құстардың түтік тәрізді сүйектерінен, аттардың қабырғаларынан жасалған. Жүздері жалпақ кесіліп, артынан қайрақпен өңделген. Тескіштер мен біздердің жұмыстық ұштары мейлінше ұқсас, сондықтан оларды бөлек қарастырудың еш қажеттілігі жоқ. Бұйымдардың көпшілігінің жұмыстық ұштарының қималары дөңгелек, алайда қимасы тікбұрышты болып келетіндері де бар. Құралдардың ұзындығы 6,6-16 см аралығында. Құралдарды жұмысқа дайындау барысында кейбір бұйымдардың қайрақпен тек жүздері түзетілсе, ал қайсыбір дайындамалардың бүкіл беті тегістелген.Құрал-саймандардың барлығында жылтыратылған жұмыстық ұштары бар. Құралдардың бір бөлігінің табандырының жылтыратылған іздері қалған. Жұмыстық ұштары да байқалған микроіздердің түрлері жіп бұранда тәрізді, көлденең және бойлық сызықтар. Тескіштердің және біздердің жұмыстық ұштарын микроскоппен зерттеу, негізінен құралдардың ұзақ уақыт жұмыста болғандығын, сынған жүздері алды-ала түзілмей-ақ пайдаланылғанын көрсетті. Қалақша-қалыптар (55) керамиқалық өндірісте қолданылған. Бұлар қалақшалар, қалақша-қалыптар, жылтыратқыш аспаптар. Қалақшалар-бір типті құралдар. Дайындаманың бастапқы түріне жалпақ сүйектердің қалдықтары-қабырғалар мен жамбас сүйектері пайдаланылған. Бұйымдардың басым бөлігі сынықтар күйінде кезіккен. Біршама айқынырақ құрал-саймандардың сипаттамасына тоқталайық. Бір нұсқасы ұзынынан жарылған қабырғаның кесіндісінен жасалған. Ұзындығы 14,2 см, ені 2,6 см. Бір ұшы дөңгелек. Қалақшаның беті екі жағынан қайрақпен тегістелген. Микросараптама құралдың беткі жағында қысқа көлденең сызықтарның және ашық жылтырақтың болғанын көрсетті. Басқа бір қалақша жалпақ сүйектің қалдығынан жасалыпты, пішіні жіңішкерген саптық бар күрекшеге ұқсайды. Құралдың бүйір жағы дөңгелек. Ұзындығы 5,2 см, ені 3,5 см. Қалақшаның беті тегіс, жылтыр, микроіздері ұзына бойы және қиғаш сызықтардың түйіні түрінде екі жағында тіркелген. Қалақша-қалыптардың мынадай түрелері ұсынылған: қабырғалардан және жауырын сүйектерінен жасалған тісті; цилиндр тәрізді.Қабырғалардан жасалған тісті қалақша-қалыптар. Қабырғаның иілген шеті кремний құралымен кесілген. Тұтас нұсқасының ұзындығы 16,4-21,8 см. Құралдардың тар (0,15-0,2см) және кең (0,3-0,4 см) тістері бар. Жай көзбен қарағанда құралдардың жұмыстық шеттерінде тегістелген жіңішке жолақтар байқалды. Микроскоппен тексергенде тістерінің ұштары дөңгеленіп және жылтырап тұрғандығы тіркелді.Қалақша-қалыптар жалпақ сүйектердің қалдықтарынан жасалған. Пішіні бойынша тікбұрышты, сап жағында аздап тарылады. ## Дереккөздер 1. Ботай дала өркениетінің бастауы кітабы, Виктор Зайберт, 2011ж, 369бет
Әлмен Байқалмақызы (1860, Қордай ауданы Сұлутөр өңірінде туған)- айтыскер ақын. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Төртінші атасы Қарабек Салтангелдіұлы айтулы батыр болған. Әлейбек, Әлімбай, Иман дейтін үш ұлдың ортасындағы жалғыз қыз болғасын Әлмен ерке өсіп, өткір де батыл, жігітке бергісіз өр тұлғаға айналады. Оның ақындық өнері қарашадай қыз күнінде-ақ танылған. Өз тұсындағы өлеңші, ақын атаулының бәрін де бет қаратпай жеңіп отырған. Сол кездегі белгілі ақынның бірі Тәкен сал онымен өмір бойы айтысып, ешқашан жеңе алмаған. Әлмен бесіктегі кезінен-ақ "бесік кертпе" салтымен бір байдың баласына атастырылады. Ақын қыз өсе келе, болашақ күйеуін менсінбейді. Өйткені, атастырылған жігіті "айрантаз" көрінеді. "Оған берсең у ішіп өлем" деп қорқытқасын, әкесі құдалармен астыртын хабарласып, қызының нағашысынікіне бармақ ниетін жеткізеді де, оны жолдан алып кетуге кеңес береді. Бұл ұсынысты құп алған күйеу бала жол торып, Әлменді қолға түсіреді. Әлменнің осындай зорлықпен ұзатылып бара жатқаны Тәкен салға жетеді. Бір сүріндіретін реті келген шығар деген оймен Тәкен сал Әлменнің артынан қуып жетіп, онымен айтыс бастайды. Ел аузындағы бұл айтыс - Әлменнің ақындық өнерінің қаншалықты ерте жетілгенін айғақтай түссе керек. Тағдырына еріксіз көніп, сүймеген күйеуімен өмір сүруге мәжбүр болған Әлмен өмір бойы өксумен өткен. "Сайрап жүрген саяда бұлбұл едім, мойыныма түсірді-ау тұзақ тор ғып", - деп зарлаған. ## Сыптқы сілтемелер * Әйел көркейсе, әлеуетіміз артады Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы. ## Дереккөздер
Мұқыры қорығы — Алматы облысы Көксу ауданындағы Ақын Қалқа ауылының аумағында орналасқан және көбінесе жануарлар әлемін қорғайтын қорықтардың бірі. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Балпық би кентінен оңтүстікке қарай 7 км, облыс орталығы - Талдықорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде. Қорық аймағында Ақын Қалқа ауылы, Н. Алдабергенов, Қ. Жапсарбаев, Д. Рақышев ескерткіштері мен музейлері, өлкетану музейі, Алтыуайыт тауы, Ащыбұлақ сайы, 35 га алма бағы бар. ## Жануарлары Түлкі, қасқыр, қырғауыл, суыр, ондатра. ## Дереккөздер
Қаратау емшөбі (лат. Paracaryum karataviense) – ерінгүлділер тұқымдасы, емшөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 20 см-дей. * Тамыры жуан, бұтақтанған сабақтары болады. * Жапырақтары қалақты немес қандауыр тәрізді. Тостағанша жапырақшалары түп жағынан 5 бөлікке бөлінген. Қос ерінді күлтелері қара қошқыл күлгін түсті, түтікке ұқсайды. * Тұқымынан көбейеді. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. * Жемісі - жаңғақша, ұзындығы 10 мм - дей. ## Өсетін орны мен таралуы Қазақстанда Қаратау жотасының (Түркістан, Қызылорда облыстары) солтүстік-батыс бөлігіндегі тастақты тау беткейлерінде өседі.Қаратау емшөбі өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Қаратау жалғанбозкілемі (лат. Pseudosedum karatavicum) – жасаңшөптер тұқымдасы, жалғанбозкілем туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 5-10 см, өте жақсы жетілген тамыры болады. * Сабағы көп, қарапайым. * Бұтақтарына қалың орналасқан жапырақтары таспа сияқты. Тостағанша жапырақшалары (ұзындығы 5-7 мм) таспа немесе қандауыр тәрізді үшкір бөліктерге бөлінген. * Күлтелері (ұзындығы 1 см-дей) қызғылт түсті, қоңырауға ұқсас. * Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. * Жемісі - қандауыр тәрізді жапырақшалар. ## Өсетін орны мен таралуы Қазақстанда тек Қаратау жотасында (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары) кездеседі.Қаратау жалғанбозкілемі - өте сирек кездесетін эндемик түр. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
## Кітапхана тарихы Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы - аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы және республикадағы байырғы ірі мәдени ошақтардың бірі болып табылады.Кітапхана 1867 жылы Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылып, 1917 жылға дейін қалалық көпшілік кітапхана қызметін атқарған. 1938 жылы Қызылорда облыстық кітапханасы болып қайта құрылып, жазушы Максим Горький есімі берілді. Уақыт өте еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 жылы кітапханаға халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. 2009 жылы қараша айында кітапхана типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшірілді.Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.Кітапхана ғимараты негізгі 3 қабаттан, цокольді және техникалық қабаттардан тұрады. Цокольді қабатта кітап қорларын сақтау және қосалқы қызмет көрсету бөлмелері орналасқан.Бірінші қабатта балалар әдебиеті бөлімі: балалар абонементі, мектепке дейінгі және 1-4 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 5-9 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 150 орындық лекция залы, 100 орындық конференц-зал да орналасқан.Балалар әдебиеті бөлімінде ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.Кітапханадағы іскерлік кездесулер, конференциялар, семинарлар және басқа да шаралар конференц-залда, лекция залында ұйымдастырылады.2-ші қабатта 100 орынға арналған оқу залы, абонемент, ғылыми-әдістемелік бөлім, ақпараттық-библиографиялық бөлім, мерзімді басылымдар залы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі залы бар.Оқу залы оқырмандарды кітапхана көлемінде баспасөз шығармалары және басқа да құжаттармен шектеулі түрде қамтамасыз етуге жабдықталған зал. Бұл жерде студенттердің сабаққа, оқытушылардың лекцияға дайындалуларына, ғалымдардың диссертация жазуына, мамандарға жаңа әдебиеттермен танысуларына боладыАқпараттық-библиографиялық бөлімде қажетті ақпаратты іздеу жылдам және сапалы орындалады. 2003 жылдан бастап бөлімде РАБИС бағдарламасы бойынша «Каталогизатор» модулімен газет-журнал мақалаларына библиографиялық сипаттамалар жазылып, электронды каталог толықтырылады. «Ізденіс.Тапсырыс» модулімен оқырмандар сұранысы қанағаттандырылады. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, аақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ барлық білім салалары бойынша Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың авторефераттары жинақталған.Абонемент бөлімі көркем әдебиет пен ғылыми-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі жастағы пайдаланушыларға ұсынады. Бөлімнің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: ғылыми қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, зейнеткерлер, оқытушылар, студенттер, оқушылар т.б.Мерзімді басылымдар бөлімі 1991 жылы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын 300-ге жуық аталымнан тұратын газет-журналдарды жаздырып алады. Бөлімде 1940 жылдан бергі құнды өлкетану мұрағаты және газет-журналдар қоры жинақталған.Ғылыми-әдістемелік бөлім облыстағы әдістемелік қызметті ұйымдастырушы, біріктіруші және жетекшісі болып саналады. Бөлім мынадай бағыттарда қызмет етеді: кітапхана ісінің мониторингі, озат тәжірибені жинақтау және тарату, кітапхана мамандарының білімін көтеру, семинарлар, тренингтер өткізу.3-ші қабатта кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі, ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, өнер әдебиеттері бөлімі, ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі, шетел әдебиеті секторы, сирек әдебиеттер қоры және дөңгелек үстел өткізуге арналған зал бар.Өнер әдебиеттері бөлімі оқырмандарға ұлттық өнерімізді, жалпы өнер адамдары мен өнер зерттеушілерінің еңбектерін насихаттайды.Ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі сала бойынша ғылыми қызметкерлер мен инженер-техниктерге, ауылшаруашылығы мамандарына, студенттерге қызмет көрсетеді. Бөлімде кітаптармен қатар осы сала бойынша қазақ және орыс тіліндегі мерзімді басылымдар бар.Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі - оқырман қажетті ақпаратқа сұранысын Интернет ресурстарын пайдалана отырып қанағаттандыра алады. Мұнда компьютерлік мерзімді басылымдар және олардың электронды форматтары, ақпараттық технологиялар саласындағы әдебиеттер, электронды оқулықтар, CD-ромдар және журналдар қоры бар. Интернет-тренингтер өткізіліп, деректер базасын пайдалану бойынша кеңестер беріледі.Облыстық кітапхана РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс.Тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жүргізеді. Оның ерекшелігі облыстық кітапхананың кітап қорын және жаңадан келген әдебиеттердің электронды базасы жасақталады, республикалық және облыстық мерзімді басылымдардардағы өзекті тақырыптар бойынша сұранымдарды электронды түрде енгізу және оқырманға жедел ақпарат тауып беру.Қазіргі таңда кітапхана қоры 444048 дана кітапты құрайды. Оның 92525 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 28000-нан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап берілімі 146805 дана.Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсететін 11 бөлім және 3 сектор жұмыс істейді. Оқырмандардың сұранымына сәйкес 2010 жылы шетел әдебиеттері және ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру секторы ашылды. ## Кітапхана қызыметтері: 1) Ақпарат және жаңа білімдерді шексіз пайдалануды қамтамассыз ету 2) Кітап және ақпарат тасушы түрінде адамзат зердесінде жинақталған білімдерді сақтау 3) Оқуға және білімге қызығушыларды қолдау, оқу мәдениетіне тәрбиелеу 4) Облыс кітапханаларына әдістемелік жәнепрактикалық қызымет көрсету 5) Ғылыми практикалық конференциялар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру 6) Әбістемелік, ақпараттық және библиографиялық материялдар дайындау 7) Құжаттарды электронды жеткізу 8) Өтінімдер бойынша ғаламтордан ақпарат іздестіру 9) «Заңгер, заң» электрондық деректер базаларын ақысыз пайдалану ## Кітапхана мекен-жайы Қызылорда қаласы 120008 Абай даңғылы н/з Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы e-mail: [email protected] ## Дереккөздер ## Кітапхана тарихы Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы - аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы және республикадағы байырғы ірі мәдени ошақтардың бірі болып табылады.Кітапхана 1867 жылы Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылып, 1917 жылға дейін қалалық көпшілік кітапхана қызметін атқарған. 1938 жылы Қызылорда облыстық кітапханасы болып қайта құрылып, жазушы Максим Горький есімі берілді. Уақыт өте еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 жылы кітапханаға халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. 2009 жылы қараша айында кітапхана типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшірілді.Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.Кітапхана ғимараты негізгі 3 қабаттан, цокольді және техникалық қабаттардан тұрады. Цокольді қабатта кітап қорларын сақтау және қосалқы қызмет көрсету бөлмелері орналасқан.Бірінші қабатта балалар әдебиеті бөлімі: балалар абонементі, мектепке дейінгі және 1-4 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 5-9 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 150 орындық лекция залы, 100 орындық конференц-зал да орналасқан.Балалар әдебиеті бөлімінде ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.Кітапханадағы іскерлік кездесулер, конференциялар, семинарлар және басқа да шаралар конференц-залда, лекция залында ұйымдастырылады.2-ші қабатта 100 орынға арналған оқу залы, абонемент, ғылыми-әдістемелік бөлім, ақпараттық-библиографиялық бөлім, мерзімді басылымдар залы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі залы бар.Оқу залы оқырмандарды кітапхана көлемінде баспасөз шығармалары және басқа да құжаттармен шектеулі түрде қамтамасыз етуге жабдықталған зал. Бұл жерде студенттердің сабаққа, оқытушылардың лекцияға дайындалуларына, ғалымдардың диссертация жазуына, мамандарға жаңа әдебиеттермен танысуларына боладыАқпараттық-библиографиялық бөлімде қажетті ақпаратты іздеу жылдам және сапалы орындалады. 2003 жылдан бастап бөлімде РАБИС бағдарламасы бойынша «Каталогизатор» модулімен газет-журнал мақалаларына библиографиялық сипаттамалар жазылып, электронды каталог толықтырылады. «Ізденіс.Тапсырыс» модулімен оқырмандар сұранысы қанағаттандырылады. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, аақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ барлық білім салалары бойынша Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың авторефераттары жинақталған.Абонемент бөлімі көркем әдебиет пен ғылыми-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі жастағы пайдаланушыларға ұсынады. Бөлімнің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: ғылыми қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, зейнеткерлер, оқытушылар, студенттер, оқушылар т.б.Мерзімді басылымдар бөлімі 1991 жылы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын 300-ге жуық аталымнан тұратын газет-журналдарды жаздырып алады. Бөлімде 1940 жылдан бергі құнды өлкетану мұрағаты және газет-журналдар қоры жинақталған.Ғылыми-әдістемелік бөлім облыстағы әдістемелік қызметті ұйымдастырушы, біріктіруші және жетекшісі болып саналады. Бөлім мынадай бағыттарда қызмет етеді: кітапхана ісінің мониторингі, озат тәжірибені жинақтау және тарату, кітапхана мамандарының білімін көтеру, семинарлар, тренингтер өткізу.3-ші қабатта кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі, ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, өнер әдебиеттері бөлімі, ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі, шетел әдебиеті секторы, сирек әдебиеттер қоры және дөңгелек үстел өткізуге арналған зал бар.Өнер әдебиеттері бөлімі оқырмандарға ұлттық өнерімізді, жалпы өнер адамдары мен өнер зерттеушілерінің еңбектерін насихаттайды.Ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі сала бойынша ғылыми қызметкерлер мен инженер-техниктерге, ауылшаруашылығы мамандарына, студенттерге қызмет көрсетеді. Бөлімде кітаптармен қатар осы сала бойынша қазақ және орыс тіліндегі мерзімді басылымдар бар.Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі - оқырман қажетті ақпаратқа сұранысын Интернет ресурстарын пайдалана отырып қанағаттандыра алады. Мұнда компьютерлік мерзімді басылымдар және олардың электронды форматтары, ақпараттық технологиялар саласындағы әдебиеттер, электронды оқулықтар, CD-ромдар және журналдар қоры бар. Интернет-тренингтер өткізіліп, деректер базасын пайдалану бойынша кеңестер беріледі.Облыстық кітапхана РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс.Тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жүргізеді. Оның ерекшелігі облыстық кітапхананың кітап қорын және жаңадан келген әдебиеттердің электронды базасы жасақталады, республикалық және облыстық мерзімді басылымдардардағы өзекті тақырыптар бойынша сұранымдарды электронды түрде енгізу және оқырманға жедел ақпарат тауып беру.Қазіргі таңда кітапхана қоры 444048 дана кітапты құрайды. Оның 92525 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 28000-нан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап берілімі 146805 дана.Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсететін 11 бөлім және 3 сектор жұмыс істейді. Оқырмандардың сұранымына сәйкес 2010 жылы шетел әдебиеттері және ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру секторы ашылды. ## Кітапхана қызыметтері: 1) Ақпарат және жаңа білімдерді шексіз пайдалануды қамтамассыз ету 2) Кітап және ақпарат тасушы түрінде адамзат зердесінде жинақталған білімдерді сақтау 3) Оқуға және білімге қызығушыларды қолдау, оқу мәдениетіне тәрбиелеу 4) Облыс кітапханаларына әдістемелік жәнепрактикалық қызымет көрсету 5) Ғылыми практикалық конференциялар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру 6) Әбістемелік, ақпараттық және библиографиялық материялдар дайындау 7) Құжаттарды электронды жеткізу 8) Өтінімдер бойынша ғаламтордан ақпарат іздестіру 9) «Заңгер, заң» электрондық деректер базаларын ақысыз пайдалану ## Кітапхана мекен-жайы Қызылорда қаласы 120008 Абай даңғылы н/з Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы e-mail: [email protected] ## Дереккөздер
Сұлтан Байбарыс (Бейбарыс, араб.: الظاهر ركن الدين بيبرس البندقداري‎ — әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих) — 1223—77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан. 1223 жылы дүниеге келген, қыпшақ руының бұрджоғлы тармағынан тарайды. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Байбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Байбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған). Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Бейбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған. ## Құлдыққа түсуі Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. * Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс — қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам. Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық кақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. * 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыста Димашқыда 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Байбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. ## Таққа отыруы Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің мұсылмандық әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға — «крестілер жорығын» ұйымдастырған христиандық діндегі еуропалықтар мен мұғұлдардың (көбінде түркілік тайпалардың; халха-тұңғұс моңғолдар емес) тәңіршілік сенімдегі әскеріне тойтарыс берді (Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегінде олар мұғұлдар деп жазылған әрі Айн-Жәлүттегі шайқас турасында жазылған). 1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Байбарыс таққа отырды. ## Алтын Ордамен байланысының нығаюы Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Байбарыстың өмір-дерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша «жолсілтеме», Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі. ## Биліктегі өзгерістер Ол ат ойындарын, аңға шығуды, сайыстарды жақсы көретін. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, өз қолтығына алып отырған. Билік тізгінін мықтап қолға алған Байбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Байбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді. Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны, берберліктерді толығымен өзіне бағындырды. Франктердің зәулім қамалдарын бірінен соң бірін талқандай берді. Барлық көршілес елдер мәмлүктер мемлекетімен санасатын болды. Байбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан аз-Заһир Бейбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, биік қорғандар мен қамалдар салдырды. Олардың бірқатары сақталған. Ол сұлтандық билікке қол жеткізген кезде қыпшақ жерлері мұғұл (мәңгіелдік) ханы Берке билеп отырған Алтын Орданың иелігінде еді. Байбарыс бірінші кезекте достық пиғылдағы хат жіберді. 1262 жылы сұлтан екі ел арасында достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты. ## Соңғы жылдары 1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Сұлтан Бейбарыс 1277 жылы шілденің 1-інде Димашқ қаласында қайтыс болып, аз-Заһариа кітапханасына күмбезінің астына жерленді. Оның сүйегі Дамаскідегі Баб-өл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны «крестілер жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне қорған болды. 17 жыл Мысырда билік құрды. ## Нұрсұлтан Назарбаев сұлтан Бейбарыс туралы Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім. * 1265 крестшіл-франктердің қамалдарың алды. Берберлерді (1267-75) бағындырды. * 1260—77 аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылды, елдің саяси-әскери беделі жоғарылап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * http://www.kazneb.kz Мұрағатталған 19 мамырдың 2021 жылы.
Саржан Қасымұлы Саржан - сұлтан (туған жылы белгісіз — 1836 жылы өлген) — қазақ халқының 1825 — 36 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Абылай ханның немересі. Қарқаралы округіне қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822) тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасым сұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі тарапынан ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді талап етті. Оның осы мақсаттағы Солтүстік және Орталық Қазақстан аудандарын қамтыған көтерілісі (қ. Саржан сұлтанның көтерілісі) он жылдан астам уақытқа созылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Саржанды інілері Ержан, Есенгелділермен бірге зұлымдықпен өлтірді. Оның бастаған ісін інісі Кенесары жалғастырды; қ. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс ## Дереккөздер
Бәдеуилер немесе Бәдеуиндер (араб.: بَدَوِيُّون‎ немесе араб.: بَدَوِي,‎) - шөл даланы мекендеушілер. Алдыңғы Азия мен Солтүстік Африкада көшпелі тұрмыс кешкен малшы арабтар. Араб тілінде сөйлейді, араб графикасымен жазады. Мұсылмандар (сүнниттер, абадиттер немесе ибадиттер), уақапшылдар). Ежелгі тайпалық байланыстары сақталған. Дәстүрлі кәсібі: көшпелі мал шаруашылығы (негізінен, түйе өсіру), суармалы егіншілікпен (бидай, қара бидай, арпа, дурра, сұлы, ірі бұршақ) айналысады. Мұнай, алтын (Медина ауданы) өндірісінде, порттарда жұмыс істейді. Көшпелі, жартылай көшпелі бәдәуилер төрт бұрышты киіз шатырларда, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрады. Кең ақ көйлек, түйе жүнінен тоқылған шекпен аба, аяқтарына ниаль киеді, бастарына орамал (куфия, сумада) салады. Материалдық жағдайына байланысты әйелдері шыныдан, темірден жасалған сақина, алқа, мұрындарына әшекей тағады. Қыздары маңдайларын, иектерін, кейде беттерін, еріндерін, кеуделерін, аяқтары мен табанын көк бояумен бояп жүреді. Қалалық жерлерде еуропалық киім үлгісі кең тараған. Ұлттық тағамы: бидай, қарабидай, арпа ұнынан илеп пешке пісірген таба нан, бургуль; сусындары - кофе. Тамақты қолмен жейді. Ауыз әдебиеті өте бай. Әнді раба (әрбаба) аспабының сүйемелдеуімен айтады. Еуропа әдебиетінде ірі қара өсіруді егіншілікпен ұштастыратын жартылай көшпелі арабтарды да Бәдеуилер деп атайды . ## Дереккөздер