text
stringlengths 3
252k
|
---|
Геофизикалық обсерватория – геофизикалық мәселелерді зерттейтін ғылми-зерттеу мекемесі. Алғашқы геофизикалық обсерваториялар 1836 жылы Екатеринбургте (Свердловскіде) және 1837 жылы Тбилисиде тау-кен өндірісінің өскелең қажеттілігін қанағаттандыру үшін магнитті метеорологиялық обсерваториялар ретінде ұйымдастырылды. 1849 жылы Петербургте геофизикалық бас обсерватория ұйымдастырылды. Совет өкіметі тұсында Киев, Минск, Одесса, Куйбышев, Ташкент, Алматы қалаларында геофизикалық обсерваториялар ашылды. 1940 жылы халық шаруашылығының өскелең талабына сай, жер магнетизмінің жұмыстарына басшылық ету ісі жаңадан құрылған Жер магнетизмі институтына (қазір КСРО Ғылым академиясының Жер магнетизмі, ионосфера және радиотолқындардың таралуы ғылыми-зерттеу институты) жүктелді. Гидрометереологиялық қызметтің Бас басқармасының қарамағындағы Геофизикалық обсерваториялар қайтадан гидрометереолгиялық обсерваториялар болып құрылды.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
Геохимиялық аймақтар – бір немесе бірнеше химиялық элемент қалыпты мөлшерден көп, ал қайсыбыр элементтер аз тараған жер бетінің белгілі бір бөліктері (аймақ, облыс, аудан т.б.). геохимиялық аймақтар өте күрделі жолмен қалыптасады; мұның өзі осы аймақтардың геологиялық даму тарихына, құрамы әр түрлі магмалық және шөгінді жыныстардың таралуына және осыған сәйкес келетін петрографиялық аймақтарға, химиялық элементтердің миграциялық қабілетіне байланысты болады. Геохимиялық аймақтардың пайда болуы Жердің даму тарихындағы планета аралық құбылыстарға да тығыз байланысты. Көне дәуірлердің әрбір кезеңінде пайдалы қазбалардың (мыс., докембрий мен палеогенде темір, карбонда тас көмір, жоғарғы карбонперьмде, мыс., девон мен карбонда қорғасын т.б.) белгілі бір генетикалық типтері болғандығы, демек, Жер тарихында бірнеше геохимиялық дәуірлер өткендігі байқалады. Геохимиялық аймақтар жалпы тұрғыдан металлогендік аймақтарға сәйкес, бірақ кен түзілгеннен кейін, алуан түрлі палеогеографиялық, палеоклиматологиялық т.б. жағдайларда өтетін экзогендік процестер нәтижесінде химиялық элементтер қайта топтасады да, геохимиялық аймақтардың өз ерекшеліктерін туғызады. Кез-келген геохимиялық аймақтардың басты сипаты мынада: белгілі бір химиялық элементтердің осы аймақтағы орташа салмақ мөлшері (геохимиялық фон, Сф) солардың жер қыртысындағы орташа мәнінен (кларкінен, Ск) неше есе артық-кемін көрсететін шама (К) – концентрация коэффициентінде (К=Сф:Ск). Оның мәні әр элемент үшін әр аймақтарды әртүрлі, тіпті 0,01-100 арасында ауытқуы да мүмкін. Мысалы, К мәні Pb, Zn, Cu т.б. үшін Кенді алтайда 20-50. сарыарқада 10-30 арасында. Геохимиялық аймақтарды зерттеудің теориялық, практикалық мәні зор. Концентрация коэффициенті жоғары аудандарда сол элементтердің ірі кендері шоғырланады. Аймақтың геохимиялық ерекшеліктері топырақ түзілуіне, өзен, көл, жер асты суларының минералдық құрамының қалыптасуына, өсімдік және жануарлар дүниесіне үлкен әсер етеді. Бұларды білу кен іздеу жұмыстарын нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді.кейбір элементтердің шамадан тыс артық не кем болуы өсімдіктер мен жануарларда қайсыбір кеселдерді туғызады. Мысалы, су құрамында йод өте аз, таулы аудандарда бұғақ ауруы жиі кездеседі.
## Дереккөздер
Қазақ Эцклопедиясы |
Гаршино — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Чистополь ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін қысқарған "Гаршин ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 598 адам (313 ер адам және 285 әйел адам) болса, 2009 жылы 428 адамды (225 ер адам және 203 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Геологиялық комитет – Ресейдегі тұңғыш мемлекеттік геологиялық мекеме. 1882 жылы Петербургте ұйымдастырылды. Геологиялық комитет Ресейдің, оның шет аймақтарының геологиялық құрылысы мен минералдық шикізат байлықтарынзерттеу, мемл. геологиялық карта жасау, тау-кен өнеркәсібі бар аудандарда геологиялық түсіру ісімен шұғылданды. 1918 жылы наурызда ол Халық Шаруашылығы Жоғары Советінің қарамағына берілді. 1923 жылдан бастап, геологиялық комитетке жалпы мемл. маңызы бар барлық геологиялық және геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру, реттеу міндеті жүктелді, оның жергілікті бөлімшелері ұйымдастырылды. 1929-30 жылдары Геологиялық комитеттің қайта құрылуына байланысты оның әкімш. және жоспарлау жұмыстарын Мәскеудегі Геологиялық барлау бас басқармасы атқаратын болды. Оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері геологиялық барлау жөніндегі аймақтық басқармаларға айналдырып, оларға геологиялық түсіру, іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу міндеттеледі. Геологиялық комитеттің ленинградтағы 8 ғылыми-зерттеу бөлімшесінің 7-уі Бір тұтас орталық ғылми-зерттеу және геологиялық барлау (ЦНИГРИ) институтының құрамына кірді. 1939 жылдан ол Бүкіл одақтық ғылми-зерттеу геологиялық институты (ВСЕГЕИ) болып аталды.
## Дереккөздер |
Ірі юринея (Ірі кекіребас) Шу, Іле тауларында және Іле Алатауының шығыс бөлігінде кездеседі. Қорымдарда, жартас айрықтарында және аласа таулардың сазды жерлерінде өседі. Сабақтары мықты. Биіктігі 40 см-ге дейін, қабырғалы. Бір-біріне қабаттаса орналасқан көптеген жапырақтары ашық жасыл түсті.Сабақ түбіндегі жапырақтар созыңқы, қысқа сағақты. Ірі, 4 см-ге дейін биік және диаметрі 3 см. Жапырақшалар орамдары сарғыш жасыл, бас жағы үшкір мықты. Гүлдеу мерзімінде ( маусым-шілде ) юринея өте тиімді көрінеді. Әсіресе аққорымда. Жемістері барынша ірі ( 0,8 см ), таспа тәрізді. Тұқымшалар аппақ қауырсынды, көпжолақты айдармен. Сирек зерттелген түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
Симоновка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Чистополь ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 376 адам (190 ер адам және 186 әйел адам) болса, 2009 жылы 93 адамды (45 ер адам және 48 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Науаи облысы (өзб. Navoiy viloyati)— Өзбекстанның солтүстігіндегі орналасқан облыс.Әкімшілік орталығы және ең үлкен қала — Науаи. Облыстың басқа үлкен қалалары — Зарафшан, Кармана, Қызылтепа, Нұрата, Үшқұдық .Облыстаң халық саны - 873 000 (2011 жыл бойынша)-бұл ел ішінде он үшінші көрсеткіш.
Қазақстанмен, Жизақ, Самарқанд, Бұқара облыстарымен, және Қарақалпақстан автономиялық республикасымен шектеседі. Облыстаң жер аумағы — 110 800 км². Облыстың көп бөлігін құмды дала (шөл) алып жатыр(Қызылқұм шөлі). Климаты шөлді, шұғыл континетті. Негізгі өзені - Заравшан.
## Әкімшілік бөлінуі
Облыс 8 әкімшілік ауданға бөлінген:
* Қанымех ауданы (1) (Қанымех)
* Қызылтепа ауданы (3) (Қызылтепа)
* Навбахор ауданы (5) (Бешрабат)
* Кармана ауданы (2) (Кармана)
* Нұрата ауданы (6) (Нұрата)
* Тамды ауданы (7) (Тамдыбұлақ)
* Үшқұдық ауданы (8) (Үшқұдық)
* Хатырша ауданы (4) (Янгиработ)
Облыстың әкімшілік ауданы — Науаи қаласы, облыстың ең үлкен қаласы болып табылады (264 мыңдай адам).Облыста 6 қала, 8 қала тектес ауыл және 53 ауыл бар.
## Экономикасы
Облыс экономикасының шикізат өндірудегі басты салалары — алтын, уран, әктас, вольфрам, фосфориттер өндіру және металлургия (түсті). Қолайлы жылы климаттың арқасында бұнда мақта, жібек,бидай, қарбыз-қауын, жүзім сияқты жеміс-дәндер өсіріледі.
## Дереккөздер |
Реванди Хорезми (ХІІІ ғ.). Реванди Хорезмидің Сырдария сағасындағы Сығанақ қаласында жазған «Мұхаббатнаме» деген шығармасы бізге жеткен. Дастан Мұхаммед Қожабеке (Алтын Орда билеушісі) арналған. Қазір оның екі нұсқасы белгілі. Біріншісі – араб, екіншісі – көне түркі тілінде жазылған. Екеуі де Лондондағы кітап қорында сақтаулы. Дастан жас жігіттің сүйген қызына жазған сүйіспеншілік хаттарынан тұрады. Махаббат мың түрлі сыр туады, ол қашып құтыла алмайтын қайғы деген түйінді өзіне арқау еткен осы шығармада дүние, малға қызықпау, азды жақсы дәстүр-салтты сақтау, ақыл-парасатты қастерлеу («Білімдіні білімі үшін мақтайды») жастық пен махаббаттың психологиясы («Жастық өз уақытын білмейді», «Екі жарық гауһарды әлемге берген, махаббат қазынасын адамға берген», тағы басқа) іспеттес көптеген тәлімдік ойлар аз кездеспейді.
## Дереккөздер |
Европалық құсықшөп (лат. Аsarum europaеum) - жиренше тұқымдасы құсықшөп туысына жататын өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Тамыр сабағы жатаған, тармақталған. Оның бір жылдық жатаған бұтақтары сопақ қабыршақты, ұзындығы 10-25 см.
* Жапырағының ұзындығы 3-8 см, ені 4-10 см, бүйрек тәрізді, қысқа тығыз түк басқан.
* Түсі қою жасыл, кейіннен қоңыр түске еніп, келесі көктемге дейін қар астында сақталады да, жазда түсіп қалады. Ұзын түкті астау тәрізді сағағы бар.
* Гүлдері ұзындығы 1-2 см болатын төмен қарай иілген гүл сағағына біріккен. Гүлсерігі қошқыл қоңыр, түкті, сопақша. 12 аталығы аналық мойынының айналасына шоғырланған, қысқа жіпшелері, ұшында ұзын біз тәрізді өзегі бар тозаңдығы болады. Аналық мойны алты қырлы, бас жағы кеңейеді де, онда аналық аузы орналасады.
* Тұқымы аздап қабысқан, жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 3-3,5 мм, қатпарлы келген. Сәуір-мамыр айларында, қар ерігеннен кейін гүлдейді, бірақ оның күңгірт түсті гүлдері жапырақтарының астында болатындықтан көбіне байқалмай қалады.
* Тұқымынан көбейеді, онда аздап майлы өскіні болады, жәндіктер соны жеп әр тұқымын таратады.
## Өсетін орны мен таралуы
Ресейдің еуропалық бөлігінде, Батыс Сібірде, Қазақстанда Жалпы Сырт, Көкшетау қыраттарында, Алтай тауларында, көбінде орманда өседі. Халық медицинасында дәрілік мақсатта қолданылады. Өсімдік улы, одан дайындалған дәріні шамадан тыс пайдаланса, уланып қалуға соқтырады.
## Дереккөздер |
Жиенбет Бортағашұлы – ХVII ғасырдан бізге жеткен мұралардың біразы Жиенбет есімімен байланысып жатады. Оның шығармаларынан дербес билік құруды көксеген сол заманның өктем тұлғасының үні естіледі. Мәселен, оның інісі Жолымбетке айтқан толғауында өз басының көңіл күйін, толғаныс- тебіреністердін, арман- мұңын жырлайды. Өмірінің соңғы жылдарына Жиенбет жырау ханның қуғынына ұшырап, шет жерде жүрсе керек. Осы жайт мына жолдарын жақсы аңғарылады: Азап шектім аралда, Қашырды бүйтіп өлімнен, Қайырымсыз болған хандарға, Тиер ме екен бір күні, Жолбарыстай шеңгелім! Жиенбет жырларынан әртүрлі моральдық психологиялық топшылау – пайымдаулар, педагокикалық түйіндер, яғни келер ұрпаққа тәлім берер тамаша пікірлер де ұшырасады. Осы айтылғанға орай жырау толғауларындағы мына жолдарға бір сәт назар аударып, көрелікші: Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, өрлігімді сұрасаң, жұқыдағы асау тайындай, зорлығымды сұрасаң, бекіре менен жайындай, беріктігімді сұрасаң қарағай менен қайыңдай...
## Дереккөздер |
Абдукерим Ғаниев (10.1.1937, Алматы облысы Жаркент ауданы Шолақай ауылы) - ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1970). ҚазҰУ- ды бітірген (1959).
* 1959- 1964 ж. Еңбекшіқазақ және Қарасай ауданындағы орта мектептерде мұғалім,
* 1964 -66 ж. Алматыдағы "Коммунизм туғи" газетінде қызмет атқарған.
* 1966 - 74 ж. Қазақ радиосының шет елдерге радио хабарларын тарату бас редакциясында редактор,
* 1974 - 87 ж. аға редактор қызметтерін атқарған.
* 1953 ж. Панфилов ауданы "Колхозчилар авази" газетінде өлеңдері жарияланған.
## Шығармалары:
Алғашқы өлеңдер жинағы "Жастық сезімдері" 1962 ж. жарық көрген. "Баһадур" атты эпикалық поэма жазған. Кейбір шығармалары "Шынар ағаштары", "Ұйғыр ақындарының дауысы", "Ұйғыр ақындары" сияқты поэзиялық топтамаларға енген." Ағалар жолы", "Қазақстан", "Жер туралы декрет", "Армандарым", "Ақиқат", "Жауынгер монологі", "Ой адамы бәрінен биік", "Ана жұртым Шолақай" кітаптарының авторы. "Отан махаббаты"( 1968), "Қасиетті сурет" (1971), "Аталар жолы" (1978), "Жарайсың, ұлым" (1982), "Жетісу жүлдыздары" жинағы басылып шыққан (орыс тілінде, 1987). Қазақстан Жоғары Кеңесі құрмет грамотасымен марапатталған (1987).
## Дереккөздер |
Жамбыл Жабаев ескерткіші — Астана қаласындағы Тәшенов көшесінің бойынан тұрғызылған ескерткіш.
Ол қаланың 10 жылдығына орай 2008 ж. шілдеде ашылды. Авторлары: мүсінші Нұрлан Далбай, архитекторы Қ.Ж.Жарылғапов. Мүсін ескерткіші авторлары Қазақстанның жас астанасына жыр алыбының ақ тілек тілеп тұрған бейнесін берген. Мүсін қоладан құйылған. Тұғырымен бірге ескерткіштің жалпы биіктігі 12 м, ескерткіш айналасына гранит тас төселген.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Мега Астана-Астана қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығы. 2007 ж. 25 қазандағы орталықтың ашылу салтанатына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. MEGA Astana өз ішіне қызмет түрлерінің тұтас кешенін қамтиды, олар:азық-түлік гипермаркеті, тұрмыс техникасы мен электроника супермаркеті, балалар ойын-сауық орталығы, 6 залды кинотеатр-мултиплекс, боулинг, скалодром, әлемге әйгілі сауда маркаларының 70 дүкені, банк бөлімшелері, химиялық тазарту қызметі, ателье және басқалары.
MEGA Astana – MEGA CCO торабындағы үшінші сауда-ойын-сауық орталығы болып отыр. Қазақстанда MEGA Astana сауда маркасының дамуымен MEGA Astana холдингі айналысады.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Нейрохирургия ғылыми орталығы(НҒО)-ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық нейро-хирургия ғылыми орталығы, ҚР үкіметінің 2006 ж. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылығын жүргізуге құқылы «Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығын» ұйымдастыру туралы» атты қаулысына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық мемекеттік кәсіпорны шаруашылығын жүргізуге құқылы 160 төсек орындық «Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығын» ұйымдастырды. НҒО құрамында 6 клиникалық бөлімше жұмыс істейді:нейроонкология, жалпы нейрохирургия, қан тамырлары мен функциялық нейрохирургиясы, спиналь нейрохирургиясы мен шеткі жүйке жүйесінің патологиясы, балалар нейрохирургиясы, ертелеу нейрореабилитациясы бөлімшелері. НҒО-да өз ісінің жетік маманы, жоғары медицина ғылымының докторлары мен кандидаттар еңбек етеді.НҒО-ның 30-дан астам қызметкері АҚШ, Дания, Италия, Түркия, Швейцария, Куба, Австрия, Германия, Израиль мен Ресейдің озық клиникаларында стажировкадан өтті.
Балалар мен ересектердің жұлын және бас миының ісігі, қан тамырлары патологиясы, бас сүйегі мен миының зақымдану салдары, әр түрлі генез гидроцефалиясы мен экстрапирамидалық зақымдануы, сырқат синдромдары, бас сүйек пен ми дамуының кемтарлығы, шеткі жүйке жарақаттары мен жұлын паталогиясы секілді зақымданған жүйке жүйесі мен қауіпті ауруларды емдеуде сырқат жандарға жоғары дәрежеде медициналық көмек көрсетуНҒО ұжымының аса маңызды міндеттері болып табылады. НҒО оқу-әдістемелік қызметін іске асыра отырып, ғылым мен білім саласын бақылау комитетінің ұсынуымен жылына 3 рет «Нейрохирургия и неврология Казахстана» атты журналын шығарады. Қала азаматтарының денсаулығын сауықтырып, нығайтуға НҒО-ның мол тәжірибе жинақтаған жетекші қызметкерлерінің ғылыми және практикалық күш-жігері жеткілікті.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Нәбиев Марат Әскенұлы (1956 ж. дүн. келген) — кәсіпкер, «Он олжа» ЖШС-нің директоры. Астана (бұрынғы Ақмола) қаласында туған.
Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1978).
1978 жылы Макин ауданындағы «Колоколовский» кеңшары бөлімшесінің бас агрономы,
1980-84 ж. «Заветы Ильича» кеңшарының бас агрономы,
1984-91 жылдары Қазақстан КП Целиноград обкомында ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, жауапты ұйымдастырушысы,
1991 ж. мемлектеттік мүлік жөніндегі аумақтық коммитеттің аралас меншік бөлімінің бастығы,
1991 жылдан «Есіл акционерлік қоғамының президенті, «Есіл» банкі кеңесі мен «Проминвест» инвестициялық қоры құрылтайшылар кеңесінің төрағасы,
1996 ж. «Лисаков ТБК» президенті, «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ бас директоры,
2002 жылдан директоры. ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті.
Бірқатар ғылыми-көпшілік және публицистикалық кітаптардың авторы. «Шапағат»медалімен марапатталған.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Покотилов Николай Изотович(1923-1996 ж.т.)- «Даңқ» орденінің толық иегері. 1942 жылдан майданда болған. 238-атқыштар дивизиясы, 837-атқыштар полкінің кіші сержанты, миномет көздеушісі ретінде соғысқа қатысып, Польша жерін азат ету ұрыстарында ерлігімен көзге түсті.1961 жылға дейін «Путь Ленина» кеңшарында және 1961-71 жылдары Қазақ темір жолының Целиноград бөлімшесінде бухгалтер болып жұмыс істеді. 1971 жылдан Қарағанды қаласында тұрды.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Бақташылық өкше - аяқ киім түрлерінің бірі. Өкшенің мұндай түрінде артқы жағы кішкене шығыңқы болады. Өкшенің биіктігі 5см-ден ұзын. Мұндай өкшелі аяқ киімді киюге әркімнің батылы бара бермейді. Алайда киген қыздардың ерекше стилін айқындап тұрады. Туфлидің сырт келбетіне байланысты көйлектермен де, шалбарлармен де киюге болады. Аяқ киім өкшелерінің бұдан да көп түрлері бар. Мысалы, кірпіш өкше, сына тәрізді өкше, конус тәрізді өкше, рөмке-өкше .
## Дереккөздер
1. Сән үлгі журналы, 2002ж, 96б |
Рөмке-өкше - аяқ киім түрлерінің бірі. 7 см-ден аспайтын шағын өкше. Негізінде жалпақ болып келіп, астыға қарай тарылған. Аяқтары тура рөмкені еске салады. Мұндай өкшелі аяқ-киімді биік өкшеден қашатын бойы ұзын қыздарға киюге болады. Сонымен қатар, мұндай өкшелі туфлилерді латынамерикалық би бишілері киеді. Туфлидің сырт келбетіне байланысты көйлектермен де, шалбарлармен де киюге болады. Аяқ киім өкшелерінің бұдан да көп түрлері бар. Мысалы, кірпіш өкше, сына тәрізді өкше, конус тәрізді өкше .
## Дереккөздер
1. Сән үлгі журналы, 2002ж, 96б |
Бағаналы өкше - аяқ киім түрлерінің бірі. Мұндай өкшелі аяқ-киімдердің ең аласасы 5 см болып келеді. Бұлар нағыз биік өкшелер. Бағаналы өкше тік әрі жалпақ. Жерде жақсы тұрады. Мұндай өкшелі етіктер киген ыңғайлы.Мұндай өкшелі аяқ киімді киюге әркімнің батылы бара бермейді. Туфлидің сырт келбетіне байланысты көйлектермен де, шалбарлармен де киюге болады. Аяқ киім өкшелерінің бұдан да көп түрлері бар. Мысалы, кірпіш өкше, сына тәрізді өкше, конус тәрізді өкше, рөмке-өкше .
## Дереккөздер
1. Сән үлгі журналы, 2002ж, 97б |
Зинат Ақбарова (1935 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған) — өнер қайраткері, кәсіби ұйғыр театрының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі (1992).
1942 жылы өнерлі балалардың республикалық байқауында 1орын иеленген.1955 жылы хореографиялық училищені бітірген соң Ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданып, шығыс халықтарының билерін орындаған. Кейін осы ұжымда музыка жетекшісі, әнші,әрі актер ретінде танылған. Ол Санам "Герип пен Санам" спектаклінде Анархан ("Анархан"), Гүлшаһар ("Аршин Малалан"), Зухра ("Тахир мен Зухра") т.б басты рөлдерді шебер сахналады. Бірненше медальмен марапатталған
## Дереккөздер |
Тартылысты сақтау заңы – бұл дамуды сақтау, үйле-сімділікті сақтау заңы. Иман, психика, іс-әрекеттер, ойлар мен тән энергетикасы үйлесімді болған жағдайда ғана оң жеке тәжірибе тез жинақталады. Сондықтан туу кезеңдерінің саны белгісіз: ең аз дегенде 1 кезең.Егер жеке адамдар жердегі өмірдегі ең бастысы адамдарға қуаныш сыйлау, тыныштық пен қуаныш барлық тіршілік иелерінде болуы тиіс екендігіне оң көзбен қараса, онда жер астралындағы жетекшілердің саны тез-ақ толығар еді.Ұлы адамдар өмірдің анағұрлым биік желісіне үнемі шыға бермейді.
## Мысалдар
Мысалы, Пушкин (бұрынғы тууында Моцарт) өзінің дамуының шарықтау биігінде нәзік желінің қуатын шашыратып алды. Данышпандардың өздеріне тән кармасы осындай. Есесіне ол көптеген жеке адамдардың дамуына септігін тигізді – бұл оның ақиқат жетістігі. Егер данышпандар ақыл-ойдың ғарыштық иерархиясы идеясына дендегенде, олар өздеріне тән карманы тез баяндап берер еді. Энергетикалық әлеуетті шынайы махаббат туралы естен шығармай, бар әлеммен үйлесімділікте аса ұқыптылықпен жинау керек. Йогамен айналысатын адамдар бұны барлық уақытта басшылыққа ала бермейді, сондықтан астралға толықпаған, былайша айтқанда жетілмеген ұрықтар түседі. Әрбір адам – өз-өзіне иерарх. Бұны терең түсінген сайын, өзіңнің табиғатыңдағы мақсатсыздықтан құтылу оңай. Өзіңе сүйіспеншілікпен, өзіңнің биологиялық айналма күшіңе деген жауапкершілікпен қарау керек. Өз бойынан жеке адам ашатын қасиет өз деңгейіне және тиісті орындарына жеткізілуі тиіс, бұл әрекетіңіздің даму заңдылықтарына қатысты мақсаттылығын анықтау үшін жасалады.
### Симметрия ұстанымы
Адамның тәні мен психикасы салыстырмалы симметрия ұстанымы бойынша құрылған. Ғарышта бәрі осылай құрылады, бәрі екі әлеуетке жинақталған: плюс және минус. Олардың арасында салыстырмалы тепе-теңдік болуы тиіс. Плюстің басымдылығы басылып тасталса және теріс карма жиналып қалатын болса, жеке адам немесе басқа материя жойылады. Адам өзінің білімсіздігін немесе шарасыздығынан шыдайды. Шыдам деген осы. Шыдамдылық – басқаша, бұл шарасыздық пенәлсіздікке сүйіспеншілік және аяушылық танытып, белгілі бір сезімдерді адамгершілікпен өзгерту ұғымы. Аяушылық білдіру де қолдан келуі керек. Өзіңе басқа біреудің кармасын алған кезде, оны өзіңнің күштеріңмен өзгертуің керек. Бұл дамуға кедергі келтірмейтіндей болуы керек. Бұндай жағдайда аяушылық жақсылық әкеледі. Көмектесе алатын мүмкіндігің болғанда ғана аяушылық білдіру керек. Олай болмаса шыдамдылық шыдамға айналады.
* Артта қалғандық – бұл ұғынылмаған сенім. Егер эмоцияға ерік берсе, онда жағдаймен күресі қиын.
* Өз-өзіне ие болу – кез келген сыртқы әсерлер кезінде өзіңді қажетті күйге келтіре білу.
* Ерік – ұстанымдарды қисынды бақылау. Үйлесімнің бәрі адамгершілікте. Қуаныш адамгершіліктен туады. Қатыгездік өзін-өзі қорғаудан пайда болды.
* Жазмыш – ақпаратты дұрыс пайдалана білмегендіктен өзіңнің ішіңде минустың шамадан тыс пайда болуы. Балалардың жазмышына ата-аналарының тәрбиесінің әсері бар.
* Ұрық – ақыл-ой қуатын тартып алады.
* Үнсіздік – келтеліктің ең жетілген түрі.
* Қисын – ойланудың көмегімен бір нәрсеге жетудің ең қысқа жолы.
* Шындық – жалпы үйлесімділік жүйесінде тұратын заңдылық.
Уақытында айтылмаған даналықтың күші жоқ. Ойлауда турашылдықтың маңызы бар. Дұрыс ойлаудың эмоционалдық реңкі болмайды. Адамдардың көпшілігі әзірге саналы ойлауға қабілетсіз – сана сырттан алынған ақпаратты да, импульстік айналма күш жасаған ойды да бұрмалайды.Адам санасында түйілу және құрысу болады. Шизофрения – сананың тұрақты түрде түйілуі. Летаргия шизофрениямен негіздес.
* Елестер (галлюцинация) – жүйке жүйесіндегі сезімдер жайсыздығы.
Психиканың ең үлкен кемтарлығы – даңғойлық.
* Жамандық – дамудың үйлесімді тізбесін әдейі бұзу.
* Ар – жауаптылық шамасы. Баладағы ұят арды қалыптастырады.
Жеке адамның даму сатысы неғұрлым жоғары болса, оның имандылығы соғұрлым биік.Өзіңді жетілдіргенің – дүниені жетілдіргенің.
* Ұран – бірлікті дамытудан жалпы дамуға.
Әрбір ойланушының мақсаты – өзіне ұқсас адамдарды өз санасының деңгейіне дейін көтеру. Табыстарыңды айтып дандайсудың керегі жоқ – өзіңнің дамуыңа қарыздар болатын адам қашанда табылады. Қалай әрекет етуді біліңіз және білгеніңізше әрекет етіңіз, сонда еркін боласыз.Билік жауапкершілікпен бірдей қатынаста болуы тиіс. Адамзаттың кармасы шамамен 12,5 мың жыл бұрын «құдайлар соғысынан» кейін қалыптасқан, бұл соғыс барысында адамдардың энергетикалық желімен, дүниетаным ақпаратымен байланысын қамтамасыз ететін орташа иерархтар тізбегі жойылып бітті деуге болады. Адам ғылымның көмегімен өзі табиғат заңдылықтарын оқып-біле бастады. Бірақ дүниенің бүтін көрінісін жасай алмады, өйткені оқып-білу, негізінен, «қиратамыз - білеміз» ұстанымына құрылған. Білім алуға құштарлық, бұл білімдерді нақты жағдайларда пайдалану жеке адамның маңызын байытып, бүкіл адамзат баласын жоғарыға көтереді.Жеке адамның және оның маңызының жетілуіне орасан кедергі келтіретін нәрсе – бұл өлімнен қорқу. Егер өлім қорқынышынан арылса, барлық қорқыныштар да жоғалады. Өлім жоқ, тек басқа бір күйге, дамудың шексіз тізбегінің бір буынына өту бар. «Мен бармын» - алдымен өзіңді импульстік айналма күш, ғарыштық ақыл-ойдың бір бөлшегі деп, содан кейін барып адам ретінде сезіну керек. Сосын шамамен былайша ойлау керек: маған – ипульстік айналма күшке – ештеңе де болмайды, бірдеңе болса, ол анау биологиялық адаммен, анау бастапқы санамен болады. Осыдан кейін өмірдің қайғы-мұңдары сондай салмақты болып көрінбейді.
### Ақыл-ой қызметі
Ақыл-ой оң карма жасау үшін қызмет етеді. Бұл жердегі ең бастысы – жеке адамның шығармашылық көрінісі. Қарапайым жеке адамдар үшін оң кармаға ие болу дамуға кедергі келтіретін құбылыстарды жою дегенді білдіреді. Минустық карманы өзінің зерделік, биологиялық және парасаттық деңгейін жетілдіруді қаламау жасайды. Даңғойлық, сатқындық, жамандық пен зорлыққа қарсы тұрмау, мүсәпірлік, ішкілікке салыну, өтірік айту және басқаларды қазіргі заманғы мораль даттайды. Өркениеттің шынайы өркендеуі даму процесінің шамасына қарай адамгершілігі басым болатын мораль өзгергенде ғана мүмкін болады. Уақыт өте келе мораль жеке адамның өзінің және қоғамның алдындағы жауаптылығымен ауысады, Бұл жеке адамның мүмкіндігіне қарай ішкі және сыртқы үйлесімді құру жауапкершілігі болып табылады.Егер жеке адам өзін қоршаған адамдар үшін төзгісіз жағдайлар туғызатын болса, онда интеллектуалдық үйлесімсіздік тудырады немесе биосфераға залал тигізеді. Мұндай кездейсоқ болып жататын теріс қылықтар оған келесі қайта туылғанда күшті энергетикалық түрде қайтып келеді (мысалы, аурулар немесе ауыртпалықтар түрінде – объективті карма). Субъективті карма – бір мезеттік ұсақ, мән берілмеген ойлар мен әрекеттердің нәтижесі.
### Қармаға бағыну
Барлық әрекеттер кармаға бағынады. Мысалы, басшы адамның қандай да бір ағашты кесу туралы шешімі ойланып жасалған карма болады, ал ағашты кесетін жұмысшылар үшін бұл – ойлап жасалмаған карма. Ойланып жасалмаған карма қазіргі жеке адамдарда өте көп – орташа алғанда, кез келген жеке адамның ойланып жасалмаған кармасы 80%-ды құрайды. Жеке адам төмендейтін ең үлкен жағымсыз қылық – саналы түрде жасалған мүсәпірлік, бұл теріс карманы бірден арттырады. Мүсәпірлікке қара магтар (Жердің астралдық желісіндағы ұнамсыз тірлік иелері) итермелеуі мүмкін, олар даңғой және әлсіз адамдардың қуатын жұта отырып, олардың санасын ептеп қайта құрады, сөйтіп бүкіл адамзаттың кармасын күрделендіреді. Сонымен қатар жеке адамды астралдық үйлесімнен қоректену мүмкіндігіне айырады – ғарыштан Брама тесігіне баратын сәулені кесіп тастайды. Табиғат әйелдерді сапалылықты жинағыш етіп жаратты, сондықтан да астралдың қара күштері бірінші орында әйелдерді энергетикалық құлдыққа салуды қолға алады. Жоғары сапалылыққа, сондай-ақ биологиялық өріс күшіне ие әйел айналасын минуспен зарядтап, қара күштердің жайлы жағдайын бұзуы мүмкін. Ағзаның энергиялық статикасын куандалини басқарады. Ерелер өзінің жалпы плюсін арттыру үшін осы чакраны көтерсе болады, ал әйелдерге бұны істеудің қажеті жоқ.
## Дереккөздер |
Орамал - әртүрлі матадан, әр алуан үлгіде жасалған басқа тартар.
Біртартар – үшкіл, кішігірім бас орамал.
Түрме – түре тартатын жеңіл орамал.
Шаршы – кішкене шаршы бас орамал.
Байлама – басқа салатын шағын орамал.
Шылауыш – кимешек үстінен байланатын үлкен ақ шаршы.
Кимешек – ақ матадан тігілген, омырау мен арқаны жауып тұратын, беті ойылып жасалған әртүрлі үлгідегі бас киім.
Жаулық – ақ матадан, ақ жібектен тігілген бас киім. Үлгісі көп.
Бергек – жаңа түскен келіншектің әшекейлі бас киімі, той өткен соң киетін сәукеленің жеңіл түрі.
Сораба – тақия тәріздес, артында шалпыншағы бар, төңірегі шашақты қыздар киетін бас киім.
Делегей – ертеде қыздардың қыста киетін бас киімі.
Жырға – асыл тас, моншақ тізіп тіккен, көп салпыншақты сәнді бас киім.
Тақия – қызыл, жасыл, көгілдір түсті шұға, мауыт, мақпалдан ұлттық өрнек салып тіккен қыздардың үкілі жаздық бас киімі. Айшықты, зерлі түрлері болады.
Қасаба – үшкір төбесіне бір шоқы үкі қадап, маңдай тұсын алтын, күміс, асыл тастармен безендірген, оң жақ самайлығына моншақты 5-6 қатар төгілдіре қадап, ұзын салпыншақты етіп тіккен қыздар тақиясының бір түрі.
Зере – ұзын, іші қуыс, сәукелемен бірге киетін бас киім.
## Дереккөздер
1. Сән үлгі журналы, 2002ж, 101б |
### Мағынасы
Ежелден жер бетінде құпия әрі түсіне бермейтін әсерлер көп болғанда, ол геопагендік аймақ деп есептеледі. Соңғы кездері жұмыстың көбейгеніме деп сәл-пәл шаршаңқырап жүргендерін айтатындарда көбеюде. Мойындауға тура келді. Ондайда отырған орыныңды тексеріп көру керек екені, мүмкін үстел геопатегендік нүктесінің үстінде тұрғанда болмауы мүмкін. Алдымен геопатеген деген сөздің мағынасын біліп алуымыз керек сияқты. Ол «гео» – жер және «патеген» – зиянды деген екі сөзден тұрады. Демек, геопатегендік аймақ дегеніміз – зиянды жер, зиянды аймақ деген ұғымды білдірсе керек. Егер сіз жерде ұзақ уақыт орын ауыстырмай отырып жұмыс істесеңіз немесе жатып демалсаңыз, ұйықтасаңыз тұрған соң денеңіз делсал болып, ауыр тартып қалса немесе неше түрлі түс көріп, нашар демалсаңыз қайтер едіңіз? Әрине, оны сол күні немесе сол түнгі көңіл-күйге жатқызасыз да қоясыз. Тіпті мән бермеуіңіз де мүмкін. Біртіндеп сол орынға үйренсеңіз, дағдыланасыз. Ал бұл құбылыс қайталана береді де,адамды айықпас дерт ауруына душар етуі анық.
### Себептері
Оны ешкім де білмеуі мүмкін. Себебі, бұл жәйт ғылымға кейіндері ғана белгілі бола бастаған... Соның бірі – жұмыс орнындағы жағдай болмақ. Шетелдерде оған ерекше мән береді. Зерттей келе, гигиенашылар мен физиологтардың тек сыртқы эстетикаға ғана емес, сонымен бірге түрлі метеорологиялық факторға да көп көңіл бөлінетінің білген. Рас, бізде де жұмыс орындарында санитарлық нормаларға назар аударушылық болған. Бірақ, «геопатегендік аймақ» деген ұғым көп ескеріле бермейді.Алғаш АҚШ пен Канада, Англия мен Германия сияқты өркениетті елдерде жүргізілген ғылыми зерттеулер адамдардың жұмыс қабілеттерінің төмендеп, түрлі ауруларға ұшырауы олардың жұмыс істейтін орындары мен жататын орындарына тығыз байланысты екенін анықтаған. Содан бұл ғылым бірте-бірте бізге ТМД елдеріне де тарай бастаған. Біздің аталарымыз да мұндай қолайсыз аймақтардың бар екенін бұрын да білген сияқты және оларды ең алдымен жануарлар жақсы сезінетінін де байқаса керек. «Қой» десе елең ете түсетін қалпымызбен, біз де бір сәтке ойланып қалдық. Туғаннан көзін малмен ашып, малмен бірге өмір кешкен атам қазақ табиғат құбылыстарын осы алдыңғы төрт түліктің мінез-құлқына қарап болжап отырған. Сондай-ақ, жұмыс орны мен жатын жерді қайдам, иен даладағы осындай қолайсыз аймақтарды халық ықылым заманнан білген. Білген де, ол жерлерді айналып өтетін болған. Егер жол сол аймақты кесіп өтетін болса, абайлап өтуге тырысқан. Көлікпен келе жатса, жылдамдығын азайтып, тіпті жерге түсіп, біраз кідіретіндері де болған. Біреулер «қырсық жер» десе біреулер «киелі жер» деп сан-саққа жүгіртетін ондай аймақтар жөнінде неше түрлі аңыздар да бар екенін білеміз. Геопатегендік нүкте сондай аймақтың әлсіз сәулесі болуы мүмкін.Өйткені, ГПА – жердің тартылыс күшінен пайда болатын сәуле. Жер астындағы түрлі гидро және геологиялық қозғалыстардың«энергетикалық демі» осылайша буырқанып жатады. Оның аумағы 1,5 метрден 4 метрге дейін жетуі мүмкін. Шағын нүктелері 10х10 сантиметрге де әсер етеді. Жер сәулесі кез-келген кедергіні тесіп өтеді. Және де оның күші барлық жерге тең тарайды. Сіз көп қабатты үйдің бірінші қабатында болсаңыз да, жиырмасыншы қабатында болсаңыз да, егер сол нүктеге дәл келсеңіз, бірдей әсер етеді.
### Ерте заманнан мысал
Ертеректе көп қабатты үйлердің бір жақ қабырғасына орналасқан пәтерлерден рақ ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың көбейіп кеткені анықталды. Алғаш дәрігерлер оны сонда тұратын отбасылардың генетикалық ерекшеліктеріне сай тұқым қуалаушылыққа жатқызбақшы болады. Бірақ, кейін бұл пәтерлерге мүлде басқа жақтан орын ауыстырып келген және бұрындары ата-анасы мұндай аурулармен ауырып көрмеген отбасылардың орналасып, олардың да айықпас дертке ұшырауы ойландыра бастайды. Іске маман биолокаторшылар да кіріседі. Сөйтсе әлгі үй тұрған пәтерлердің аталмыш қанатындағы бір нүктеден геопатегендік сәулелер өтетін болып шыққан.
* Әсіресе ұйықтайтын бөлмедегі кереуеттің үстіне дәл келсе, өте қауіпті. Себебі, Жер сәулесі бір нүктеден өзінің көрінбейтін толқындарын білдірмей шығарып тұрады да, адамның бүкіл ағзасын ақырындап мүжумен болады. Сөйтіп кейін оларды айықпас ауруға ұшыратады.
* Әркімнің жұмыс орнындағы үстелінің немесе ұйықтайтын бөлмесіндегі кереуеттің қолайсыз аймаққа орналасқан-орна-ласпағанын қалай білуге болмақ
* Оны биолакация тәсіліне негізделген арнайы прибор арқылы анықтауға болады. Ол ТМД елдерінің біразында қазір қолданылып та жүр. Ал біз әзірше қарапайым тәсілді ғана қанағат тұтудамыз. Әйтсе де соның өзімен-ақ біраз іс тындыруға болады.
Бірде бөлмені тексергенде екі жерден әлсіз тербеліс байқалды. Оның біреуі үстелімнің жанынан өтеді екен. Үстелді сәл-пәл шегіндіріп қойдық. Сақтықта қорлық жоқ. «Сақтансаң - сақтаймын» деп Тәңірінің өзі айтқандай бәрін білген де зиян болмасы анық.
## Дереккөздер
## Мағынасы
Ежелден жер бетінде құпия әрі түсіне бермейтін әсерлер көп болғанда, ол геопагендік аймақ деп есептеледі. Соңғы кездері жұмыстың көбейгеніме деп сәл-пәл шаршаңқырап жүргендерін айтатындарда көбеюде. Мойындауға тура келді. Ондайда отырған орыныңды тексеріп көру керек екені, мүмкін үстел геопатегендік нүктесінің үстінде тұрғанда болмауы мүмкін. Алдымен геопатеген деген сөздің мағынасын біліп алуымыз керек сияқты. Ол «гео» – жер және «патеген» – зиянды деген екі сөзден тұрады. Демек, геопатегендік аймақ дегеніміз – зиянды жер, зиянды аймақ деген ұғымды білдірсе керек. Егер сіз жерде ұзақ уақыт орын ауыстырмай отырып жұмыс істесеңіз немесе жатып демалсаңыз, ұйықтасаңыз тұрған соң денеңіз делсал болып, ауыр тартып қалса немесе неше түрлі түс көріп, нашар демалсаңыз қайтер едіңіз? Әрине, оны сол күні немесе сол түнгі көңіл-күйге жатқызасыз да қоясыз. Тіпті мән бермеуіңіз де мүмкін. Біртіндеп сол орынға үйренсеңіз, дағдыланасыз. Ал бұл құбылыс қайталана береді де,адамды айықпас дерт ауруына душар етуі анық.
### Себептері
Оны ешкім де білмеуі мүмкін. Себебі, бұл жәйт ғылымға кейіндері ғана белгілі бола бастаған... Соның бірі – жұмыс орнындағы жағдай болмақ. Шетелдерде оған ерекше мән береді. Зерттей келе, гигиенашылар мен физиологтардың тек сыртқы эстетикаға ғана емес, сонымен бірге түрлі метеорологиялық факторға да көп көңіл бөлінетінің білген. Рас, бізде де жұмыс орындарында санитарлық нормаларға назар аударушылық болған. Бірақ, «геопатегендік аймақ» деген ұғым көп ескеріле бермейді.Алғаш АҚШ пен Канада, Англия мен Германия сияқты өркениетті елдерде жүргізілген ғылыми зерттеулер адамдардың жұмыс қабілеттерінің төмендеп, түрлі ауруларға ұшырауы олардың жұмыс істейтін орындары мен жататын орындарына тығыз байланысты екенін анықтаған. Содан бұл ғылым бірте-бірте бізге ТМД елдеріне де тарай бастаған. Біздің аталарымыз да мұндай қолайсыз аймақтардың бар екенін бұрын да білген сияқты және оларды ең алдымен жануарлар жақсы сезінетінін де байқаса керек. «Қой» десе елең ете түсетін қалпымызбен, біз де бір сәтке ойланып қалдық. Туғаннан көзін малмен ашып, малмен бірге өмір кешкен атам қазақ табиғат құбылыстарын осы алдыңғы төрт түліктің мінез-құлқына қарап болжап отырған. Сондай-ақ, жұмыс орны мен жатын жерді қайдам, иен даладағы осындай қолайсыз аймақтарды халық ықылым заманнан білген. Білген де, ол жерлерді айналып өтетін болған. Егер жол сол аймақты кесіп өтетін болса, абайлап өтуге тырысқан. Көлікпен келе жатса, жылдамдығын азайтып, тіпті жерге түсіп, біраз кідіретіндері де болған. Біреулер «қырсық жер» десе біреулер «киелі жер» деп сан-саққа жүгіртетін ондай аймақтар жөнінде неше түрлі аңыздар да бар екенін білеміз. Геопатегендік нүкте сондай аймақтың әлсіз сәулесі болуы мүмкін.Өйткені, ГПА – жердің тартылыс күшінен пайда болатын сәуле. Жер астындағы түрлі гидро және геологиялық қозғалыстардың«энергетикалық демі» осылайша буырқанып жатады. Оның аумағы 1,5 метрден 4 метрге дейін жетуі мүмкін. Шағын нүктелері 10х10 сантиметрге де әсер етеді. Жер сәулесі кез-келген кедергіні тесіп өтеді. Және де оның күші барлық жерге тең тарайды. Сіз көп қабатты үйдің бірінші қабатында болсаңыз да, жиырмасыншы қабатында болсаңыз да, егер сол нүктеге дәл келсеңіз, бірдей әсер етеді.
### Ерте заманнан мысал
Ертеректе көп қабатты үйлердің бір жақ қабырғасына орналасқан пәтерлерден рақ ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың көбейіп кеткені анықталды. Алғаш дәрігерлер оны сонда тұратын отбасылардың генетикалық ерекшеліктеріне сай тұқым қуалаушылыққа жатқызбақшы болады. Бірақ, кейін бұл пәтерлерге мүлде басқа жақтан орын ауыстырып келген және бұрындары ата-анасы мұндай аурулармен ауырып көрмеген отбасылардың орналасып, олардың да айықпас дертке ұшырауы ойландыра бастайды. Іске маман биолокаторшылар да кіріседі. Сөйтсе әлгі үй тұрған пәтерлердің аталмыш қанатындағы бір нүктеден геопатегендік сәулелер өтетін болып шыққан.
* Әсіресе ұйықтайтын бөлмедегі кереуеттің үстіне дәл келсе, өте қауіпті. Себебі, Жер сәулесі бір нүктеден өзінің көрінбейтін толқындарын білдірмей шығарып тұрады да, адамның бүкіл ағзасын ақырындап мүжумен болады. Сөйтіп кейін оларды айықпас ауруға ұшыратады.
* Әркімнің жұмыс орнындағы үстелінің немесе ұйықтайтын бөлмесіндегі кереуеттің қолайсыз аймаққа орналасқан-орна-ласпағанын қалай білуге болмақ
* Оны биолакация тәсіліне негізделген арнайы прибор арқылы анықтауға болады. Ол ТМД елдерінің біразында қазір қолданылып та жүр. Ал біз әзірше қарапайым тәсілді ғана қанағат тұтудамыз. Әйтсе де соның өзімен-ақ біраз іс тындыруға болады.
Бірде бөлмені тексергенде екі жерден әлсіз тербеліс байқалды. Оның біреуі үстелімнің жанынан өтеді екен. Үстелді сәл-пәл шегіндіріп қойдық. Сақтықта қорлық жоқ. «Сақтансаң - сақтаймын» деп Тәңірінің өзі айтқандай бәрін білген де зиян болмасы анық.
## Дереккөздер |
Қасаболат Мәмбетқошқарұлы (1726–1812) жылы Жамбыл ауданы қазіргі Жайсаң ауылында туған) - аға батыр, түменбасы.
Шыққан тегі Найман елінің Матай руының Қарауылжасақ тармағынан шыққан, баласы Сатыпалды Қасаболатұлы жоңғар шапқыншылығы кезінде көзге түскен аға юатыр Ол Сәмен батырмен бірге Арқалы Асуының оңтүстік батыс беткейінде сарбаздарымен жоңғар қақпасы арқылы ойрат қалмақ жолын күзеткен. Қалмақтармен соғыста неше рет жекпе жекке шығып, жеңіске жеткен. Әсіресе асқарлы асуының шығысында соғыста көзге түскен. Қасаболат батыр қайтыс болған соң Сәмен күмбезінің жанына жерленген. Ұрпақтары Жамбыл, Алматы облыстарында тұрады.
## Шежіре
Қарауыл Жасақ – Итемген, Итемгеннен – Есенгелді батыр, Есенгелдіден – Байқошқар, Мәмбетқошқар, Байқошқардан – Дүйсен, Мұрат, Құдас, Мәмбетқошқардан – Қасаболат батыр
## Дереккөздер |
Қарсақбаев Қабділ Сұлтанұлы (17.5.1941жылы Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы туған)-ғалым техникалық ғылымдар докторы, профессор Ташкенттің т.ж. көлігі инженерлері институтыын бітірген.(1965ж)1967-69ж.Алматы локомотив депосында, 1967-77ж.Алматы темір жолы бөлімшесінде, Алматы темір жолы көлігі инженерлері институтында, 1987-90 ж.Бүкілодақтық кәсіби біліктілікті арттыру институтының Қазақстандағы филиалында әртүрлі жауапты қызметтер атқарады.1990-97ж. осы мекеменің сырттай оқыту факультетінің деканы,ғалым-хатшысы, кафедра меңгерушісі. 1997жылдан Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында кафедра меңгерушісі.
## Сілтемелер
Жетісу энциклопедия "Арыс" баспасы 2004 |
Қожағұл Байсеркеұлы (1800 жылдары) Іле ауданы, қазіргі Байсерке станциясында туған) — би. Тегі Дулаттың Ботбай тармағынан шыққан. Сәмен батырдың немересі.
19 ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары Қоқан басқыншыларына қарсы көтеріліп, оңтүстік шығыс Қазақстан жерін азат ету үшін күресіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Бірнеше рет қоқандықтарға жорық ұйымдастырған. 1845 жылы Ресейдің қол астына кіруге өтініш білдірген. Ұлы жүздің ру басылары арасында Ботпай руынан Қожағұл да болған. 1850 жылы жергілікті патша әкімшілігі оның адал қызметі үшін 2-дәрежелі шапан сыйлаған. 1860–1862 жылдары генерал Колпаковскийдің қаруымен Қоқан бектерінің иелігіндегі Ұзынағаш, Тоқмақ, Пішпек қалаларын азат ету соғысына Қожағұл өз жасақтарымен қатысып, арнаулы марапатқа (25 қараша 1868) ие болған. 1866 жылы 24 қыркүйекте әскери жорықтағы айырықша ерлігі мен бейбіт өмірдегі адал қызметі үшін оған штабс-капитан шені берілген. 1868 жылы 1 қаңтарда Верный уезі бастығының көмекшілігне тағайындалып, 3-дәрежелі «Әулие Станислав» орденімен және күміс медальмен марапатталады.
## Дереккөздер |
Оразбек Сұлтанұлы Қуанышев (1 мамыр 1935, Қаратоғай ауылы, Атбасар ауданы, Қазақ АКСР - 11 сәуір 1999, Алматы, Қазақстан) - кеңестік мемлекеттік қайраткер, ғалым-агроном, Қазақ КСР астық өнімдері министрі (1988-1991).
## Дереккөздер
* А 37 Астана:Энциклопедия. - Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Құдайбергенов Ғалым Құлжанұлы(1947 ж.т.)-ғалым-агроном, ауыл шаруашылығы ғылым докторы(1993ж.). Орал(БатысҚазақстан ) ауыл шаруашылығы институтын бітірген(1970). 1970 ж. Есіл ауданы, Торғай облысындағы тәжірибе стансасының агрономы. 1982-88 жылдары шет елде іссапарда болды(Өсімдік және егін шаруашылық ғылыми зерттеу институты, Дархан қ., Моңғолия). 1989 ж. Целиноград облысы АПК төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, 1943ж. «Ақмола нан өнімдері» обл. Аукцион.компанияның президенті болды. 38 ғылыми жұмыстың авторы.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Возвышенка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Возвышен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3430 адам (1718 ер адам және 1712 әйел адам) болса, 2009 жылы 2407 адамды (1172 ер адам және 1235 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Изобильное — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 357 адам (178 ер адам және 179 әйел адам) болса, 2009 жылы 82 адамды (48 ер адам және 34 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Гаврино — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Аққайың ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 643 адам (318 ер адам және 325 әйел адам) болса, 2009 жылы 327 адамды (163 ер адам және 164 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қысқааталық қызғалдақ (лат. Tulipa brachystemon) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Пиязшығының жуандығы 2 см-дей, қара қоңыр қабығы болады.
* Әдетте 4 жалпақ қандауыр жапырақтан тұрады, ұш жағындағы жапырақтары таспа қандауыр тәрізді.
* Гүлі бекіген сабағының ұзындығы 30 см-ге дейін, бір сары гүлі болады. Қауашағының ұзындығы 2,5-4,5 см, ені 1,5-2 см.
* Тұқымынан және вегетативтік-пиязшығы арқылы көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді.
## Өсетін жері мен таралуы
Жер бетінің қоңыржай, тропикті және субтропикті белдеулерінде өседі. Қазақстанда Жетісу Алатауының оңтүстік және оңтүстік-батыс сілемдерінде тасты-қиыршықтасты және аласа тау беткейлерінде өседі. Әсемдік үшін де өсіріледі. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
Жылқылар (лат. Equus) – жылқылар тұқымдасына жататын тақтұяқты сүтқоректі туысы.
## Дереккөздер |
Биіктігі 5 - 15 см, пиязшығы ұзынша жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1 - 1,5 см, жұқа қабықты, қара қоңыр, жалаңаш, сабақтың түбі қабықпен қоршалған, ұшы созылыңқы.
Сабағы жалаңаш; жапырақ саны екеу, едәуір қайырылған, қарама - қарсы орналасқан, сызықты таспа тәрізді, тегіс, гүлден аспайды.
Гүлі біреу, әдетте бір шетіне шамалы иілген; гүл серігі сары, сырты жасыл, ұзындығы 15 - 30 мм, доғал, кері сопақша таспа тәрізді, тең; аталықтары гүл серігінен 1,5 есе қысқа, олардың жіпшелері сары, жалаңаш, тозаңдықтары сопақша эллипс тәрізді, ұзындығы 2,5 мм, сары, түйіні аталықтарына тең, бағаны ұзын; қорапшасы жіңішке цилиндірлі, ені 0,5 мм, ұзындығы 2 - 3,5 см, ұзын тұмсықты.
Маусым - шілде айларында гүлдейді.
## Дереккөздер
Қазақстан қызғалдақтары |
Малая Возвышенка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 56,5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 241 адам (127 ер адам және 114 әйел адам) болса, 2009 жылы 94 адамды (56 ер адам және 38 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Зарослое — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Аққайың ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 218 адам (106 ер адам және 112 әйел адам) болса, 2009 жылы 100 адамды (50 ер адам және 50 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Золотая Нива — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Молодогвардейск ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін қысқарған "Золотонив ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1145 адам (565 ер адам және 580 әйел адам) болса, 2009 жылы 712 адамды (337 ер адам және 375 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Құмдауықтар туысы(Calidris) - аяғы біршама қысқа, тауқұдірет тұқымдастарға жататын ұсақ құстардың 24-25 туыстарының біреуі. Тұмсығы онша ұзын емес. Аяғындағы төртінші саусақ - кішкене, саусақтарының арасында жарғақ болмайды. Аталықтары және аналықтарының реңі бірдейвы. Құмдауықтар туысында 14 түр бар, Қазақстанда 8 түрі өмір сүреді. |
Биіктігі 10 - 20 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 2 - 3 см, теріл, сыртқы жағынан шамалы созыңқы, әсіресе ұшы мен түбі жатаған түкті қабыршақты қабықты.
Сабағы түкті; жапырақ саны үшеу, жақын орналасқан, қайырылған, күлгін дақты, түкті, жиегі бұйра, гүлден биік, ең төменгі жапырағы едәуір үлкен, сопақша, ені 2 - 3 см; жоғарғылары сызықты таспа тәрізді.
Гүлі біреу; гүл серігі жапырақтары ақсары, ұзындығы 20 - 30 мм, жалпақ таспа тәрізді, сүйір, сыртқыларының сырты түкті; аталық жіпшелері жалаңаш, сызықты тозаңдықтардан бірнеше есе қысқа.
## Қазақстанда таралуы
Эндемик. Тасты және ұсақ топырақты тау беткейлерінде өседі. Солтүстік - Батыс, Қаратауда кездеседі.
## Дереккөздер
Қазақстан қызғалдақтары |
### Мақсаты
Ауру-сырқаулардың түрі сан мыңдап кездеседі, әр аурудың өзінің себептері мен түп-тамырлары бар. Рухани емшілік жүйесіне сәйкес – кез келген ауру екі тұрғыдан қарастырылады. Атап айтқанда: физикалық және рухани. Аурудың физикалық тұрғысы химиялық немесе физикалық өзгерістерден немесе дене жүйесінің қандай да бір тепе-теңдігінің бұзылуынан тұрады. Рухани көзқарастан қарағанда, аурудың рухани табиғаты, сондай-ақ тиісті пішіндері мен қасиеттері болады. Физикалық және рухани тұрғылар бір-бірімен байланысты. Бұл соңғы кезде ғалымдар ашқан психологиялық және психикалық сырқаттардың атқаратын роліне қатысты жаңалықтардан айқан көрінеді. Рухани емшіліктің негізгі мақсаты – ауруларды физикалық және рухани тұрғыдан анықтау, сөйтіп физикалық құралдармен емдеуден басқа, ауруды рухани жағынан жою. Сонда ғана ем мақсатты болып қана қоймайды, сонымен бірге күрделі және жазылмайтын ауруларды емдеуге мүмкіндік туады.
### Терең зерттеулер
Аурулардың рухани тұрғысы бұл еңбектің негізгі тақырыбы болып табылмайды. Сондықтан терең зерттеулер жүргізбей, біз адамның емшілік қуатты барынша көп жинақтауына мүмкіндік беретін бағдарламаны ұсынамыз. Адамда сенімділік қаншалықты күшті болса, оның емшілік күші де соншалықты күшті болады және ол ауру-сырқауды немесе күйзелістерді соншалықты тез жеңе алады.
* Таңертең ең болмаса күн шыққанға дейін жарты сағат ерте тұру үшін ерте жатыңыз.
* Ваннаға түсіңіз немесе салқын сумен шайынып, № 1 тыныс алу жаттығуын жасаңыз.
* Ойыңызды барлық ойдан арылтып, «Йа Хафизу»-ды (Қорғаушы) қайталап, таңғы дұға оқу уақыты келгенше серуендеп қайтыңыз.
* Таңғы дұғаңызды оқып болғаннан кейін, медитация оқуға отырыңыз, іштей өзіңізді Жоғарғы Тақтың (Арш) қасында отырғандай және сізге тура «Йа Шаффа» (Емдеуші) Қасиетті есімінен толқындар келіп тұрғанын сезініңіз.
* Бұл медитация он-он бес минут ішінде орындалады.
* Егер осы бағдарлама жүйелі түрде орындалатын болса, онда тіпті ең ауыр аурулардың өзі жазылады.
## Дереккөздер
## Мақсаты
Ауру-сырқаулардың түрі сан мыңдап кездеседі, әр аурудың өзінің себептері мен түп-тамырлары бар. Рухани емшілік жүйесіне сәйкес – кез келген ауру екі тұрғыдан қарастырылады. Атап айтқанда: физикалық және рухани. Аурудың физикалық тұрғысы химиялық немесе физикалық өзгерістерден немесе дене жүйесінің қандай да бір тепе-теңдігінің бұзылуынан тұрады. Рухани көзқарастан қарағанда, аурудың рухани табиғаты, сондай-ақ тиісті пішіндері мен қасиеттері болады. Физикалық және рухани тұрғылар бір-бірімен байланысты. Бұл соңғы кезде ғалымдар ашқан психологиялық және психикалық сырқаттардың атқаратын роліне қатысты жаңалықтардан айқан көрінеді. Рухани емшіліктің негізгі мақсаты – ауруларды физикалық және рухани тұрғыдан анықтау, сөйтіп физикалық құралдармен емдеуден басқа, ауруды рухани жағынан жою. Сонда ғана ем мақсатты болып қана қоймайды, сонымен бірге күрделі және жазылмайтын ауруларды емдеуге мүмкіндік туады.
### Терең зерттеулер
Аурулардың рухани тұрғысы бұл еңбектің негізгі тақырыбы болып табылмайды. Сондықтан терең зерттеулер жүргізбей, біз адамның емшілік қуатты барынша көп жинақтауына мүмкіндік беретін бағдарламаны ұсынамыз. Адамда сенімділік қаншалықты күшті болса, оның емшілік күші де соншалықты күшті болады және ол ауру-сырқауды немесе күйзелістерді соншалықты тез жеңе алады.
* Таңертең ең болмаса күн шыққанға дейін жарты сағат ерте тұру үшін ерте жатыңыз.
* Ваннаға түсіңіз немесе салқын сумен шайынып, № 1 тыныс алу жаттығуын жасаңыз.
* Ойыңызды барлық ойдан арылтып, «Йа Хафизу»-ды (Қорғаушы) қайталап, таңғы дұға оқу уақыты келгенше серуендеп қайтыңыз.
* Таңғы дұғаңызды оқып болғаннан кейін, медитация оқуға отырыңыз, іштей өзіңізді Жоғарғы Тақтың (Арш) қасында отырғандай және сізге тура «Йа Шаффа» (Емдеуші) Қасиетті есімінен толқындар келіп тұрғанын сезініңіз.
* Бұл медитация он-он бес минут ішінде орындалады.
* Егер осы бағдарлама жүйелі түрде орындалатын болса, онда тіпті ең ауыр аурулардың өзі жазылады.
## Дереккөздер |
### Жалпы сипаттамасы
Жаңа Гвинея ормандарында осындай улы құс мекен етеді. Құсытың көлемі 16,5см-ге дейін жетеді. Кеуделері мен қанаттары сары-қоңыр түсті болып келеді, ал басы көк түсті «қалпақпан» сәнделген. Уының көп мөшері кеудесі мен аяқтарында жинақталған. Оның қауырсындарына байқаусызда тиіп кеткен адам күйіп қалады, ал ұсақ түктері мұрын аймағына түсер болса, бірден аллергиялық жөтел басталады. Бұл құсты таныған жағдайда сақтанған жөн.
## Дереккөздер
## Жалпы сипаттамасы
Жаңа Гвинея ормандарында осындай улы құс мекен етеді. Құсытың көлемі 16,5см-ге дейін жетеді. Кеуделері мен қанаттары сары-қоңыр түсті болып келеді, ал басы көк түсті «қалпақпан» сәнделген. Уының көп мөшері кеудесі мен аяқтарында жинақталған. Оның қауырсындарына байқаусызда тиіп кеткен адам күйіп қалады, ал ұсақ түктері мұрын аймағына түсер болса, бірден аллергиялық жөтел басталады. Бұл құсты таныған жағдайда сақтанған жөн.
## Дереккөздер |
### Қызметі
Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламетке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда,францияда солай.
## Дереккөздер
## Қызметі
Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламетке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда,францияда солай.
## Дереккөздер |
Қынапты қурай (лат. Conioselinum vaginatum) – шатыршагүлділер тұқымдасы, қурай туысына жататын көп жылдық өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 1 метрдей.
* Сабағы көбінде біреу, жоғарғы бөлігінде тікенекті бұтағы бар.
* Тамыры сым тәрізді, қысқа қиғаш тамыр сабақтарынан тарайды.
* Жалпақ ромб тәрізді, жиекті 1-3 тамыр жапырақтары ұзын, домалақ сағақты, тақтасы жалаң, үшқұлақтана жұмыртқа тәріздене тілімделген, үшкір, ұзындығы 2-4 см. Сабақ жапырақтарының сағағы қысқа, түбіне қарай ұлғайып ұзын сабақорам жапыраққа айналады. Шатыры 15-20 тармақты, ені 6-10 см, орам жапырақсыз немесе түсіп қалатын 1-3 орам жапырағы болады, тармақтары қырлы, жалпақ жұмыртқа тәрізді шатыршасы 15-20 гүлді, күлтесі жасыл, кейде қызыл түсті, сирек түгі бар.
* Жемісі эллипс тәрізді, ұзындығы 5-6 мм, жиектері өткір. Шілде айында гүлдеп, тамызда жеміс береді.
## Өсетін жері мен таралуы
Қынапты қурай Еуразия, Солтүстік Америка жерлерінде кездеседі. Қазақстанда Алтай тауларында, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Күнгей Алатауында, Батыс Тянь-Шань жоталарының жайылмасында, бұталар арасында және орман жолақтарында өседі.
## Емдік қасиеті
Қынапты қурайдың тамыры мен тамыр сабағының құрамында - эфир майы, фталидтер, полиацетиленді қосылыстар, шөбінде және жемісінде - эфир майы, кумариндер, жоғары эфир қышқылы бар. Емдік мақсатта тамыры, тамыр сабағы және жапырағы пайдаланылып, ауруды басуға, қан айналымын жақсартауға, жүрекке түсетін ауыртпалықты азайтуға, қан қысымын төмендетуге, несеп айдауға қолданады.
## Тағы қараңыз
* Дәрілік өсімдіктер
## Дереккөздер |
Уран рудалары - құрамынан уран сияқты радиоактивтік элементтерді бөліп алу экономикалық жағынан тиімді саналатын минералдық шикізаттар. Жер қыртысындағы уранның кларкы 2,6·10×10-4. Уран рудалары уранның өз минералдарынан және уранды минералдардан тұрады. Төрт валентті уран минералдары негізінен магмалық пневматоликттік процестерден түзіледі де, пегматиттерде, карбонаттирде, интрузиялық жыныстарда, грейзендерде, гидротермальдық желілерде, шөгінді жыныстарда тарайды. Бұл минералдардан торий, титан, гафний, цирконий, тантал, сирек жер элементтері, аздап уран өндіріледі. Алты валентті уран минералдары экзогендік процестер әсерінен уранның гипогендік минералдары есесінен түзіледі.
Уран кедерінің тотығу зонасында, шөгінділер қабаттарында ұнтақ, қақ, жасырын кристалды масса, ұсақ пластинка, қабыршақ псевдоморфоза түсіріндегі агрегаттар құрайды. Өнеркәсіптіп маңызы бар уран рудаларының құрамына U×104+ және U×106+ енетін минералдық заттардан тұрады. Бұлар гидротермальдық желілерде, түрлшөгінді жыныстарды, карбониттерде, пегматиттерде кездеседі.
## Минералдар
Негізгі минералдар— молибденит MoS2, галенит PbS, кварц SiO2, кальцит CaCO3, гидромусковит және т.б..Минералдар:
* қара,
* қара сұр,
* қара қоңыр,
* күлгін түсті;
Кристалдарының пішіндері
* куб,октаэдр,ромбододекаэдр. Уран минералдарының жалпы саны 150-ден астам;
* октаэдр,ромбододекаэдр. Уран минералдарының жалпы саны 150-ден астам;
* ромбододекаэдр. Уран минералдарының жалпы саны 150-ден астам;
Өнеркәсіптік мәні бар минералдар:
* уранинит,
* уран күйелері,
* торианит,
* пирохлор,
* ураноторит,
* уранофан,
* казолит,
* отенит,
* торбернит т.б.
Уран рудаларының кендері - генетикалық, морфологиялық, формациялық тұрғыдан мейлінше көп түрлі. Өндірістік мәні зор гидротермальдық кендер ретінде бесметалды (U-Ni-Co-Arg-Bi), давидит, браннерит-уранинит, алтын-уранинит, настуран-молибденит, настуран-карбонат т.б. формацияларды атауға болады.Экзогендік кеңдері теңіз, көл, батпақ шөгінділерімен, битумды тақта тастармен, сазды жыныстардағы органик, қалдықтармен байланысты. Метаморфогендік кендеріне матаморфизме шалынған құм-тастардағы, конгломераттардағы кендер жатады. Уран рудаларының ірі кендері Африкада (Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия), Америкада (АҚШ, Канада, Бразилия, Перу, Чили, Мексика"), Еуропада (Oрталық Еуропа, Батыс Еуропа), Австралияда, Азияда (Үндістан, Қытай, Жапония т.б.) табылды.
## Дереккөздер |
Унгуз қазан шұңқыры — Орталық Қарақұмның солтүстігіндегі қолатты ойпаң. Әмудария өзені аңғарынан солтүстік-батысқа қарай созылған. Ұзындығы 470 км. Солтүстігінен қырқалы Унгуз сырты Қарақұмымен, оңтүстігінен жалды құммен қоршалған. Аралары үрмелі құм кезеңдерімен бөлінген. Ені 1-4км, ұзындығы 15 км-дей бірнеше кең ойыстар тізбелерінен тұрады. Унгуз қазан шұңқырының пайда болуы жөнінде тұрақты тұжырым жоқ. Зерттеушілердің бір тобы оны Әмударияның көне арнасы десе, екіншілері оны қарст-суффозиялық ойысқа жатқызады.
## Дереккөздер |
Улы қырықбуын немесе Дала қырықбуыны (лат. Equisetum arvense) — қырықбуын тұқымдасына жататын Қырықбуын тұқымдас тармағының көпжылдық шөптес өсімдігі. Жоғары сатылы споралы өсімдіктер бөліміне жатады. Қырықбуынды тәрізді және буынсабақтылар жер бетіндегі өсімдіктер патшалығының ертедегі өкілдері. Бізге дейінгі 400 млн. жылдар шамасында пайда болған- карбон дәуірі. Мезеозой эраcының басында , 200 млн. жылға жуық бұрын, қырықбуын тірізділердің көпшілігі жеке кейбір түрлердің ежелгі пішіндері жойылып кеткен. Бүгінге дейін тек бір ғана туыс өкілдері сақталып қалды .
## Таралуы
Дала қырықбуыны Қазақстанда кездесетін 7 түрдің ішіндегі ең кең тарағаны. Ол сазды шыбындықтарды, өзен жағасында, саз балшық жағалауларда, Республиканың барлық облыстарында өседі, солтүстік жазықтар мен оңтүстік тауларда, тау етектеріндегі тастақты – құмдауыт беткейлерінде жиі кездеседі.
## Биологиялық сипаттамасы
Бұл бұтақтанған тамырлары топыраққа тереңдей енген көп жылдық өсімдік. Тамыры көптеген түйнектерді алып шығып, екі түрлі жер үсті өскінін жетілдіреді. Біріншісі ерте көктемде пайда болады және биіктігі 25 см-ге дейін ашық-қошқыл түсті , бұтақтанбаған сабағымен , ұшында цилиндр тәрізді споралы машағымен ерекшеленеді. Ол астыңғы жағында споралы қалталар орналасқан бұрыштанған қылқан тәрізді жапырақшалардан тұрады. Жеміс бермейтін жазғы өскіндері , тек жеміс беретіндері қурап қалған соң жетіледі. Олар бұтақтанған , биіктігі 50 см. жасыл , қатты , қабырғалы , жіңішке сабақтарға бұтақтар сақиналы шоқталған. Жапырағы жеміс беретін өскіндердікіндей құрғақ, үшкірлінген , сабақты айнала өскен сақинасымен .
## Құрамы =
Дала қырық буыны шөбінің құрамында сапониндер және алколоидтар бар.
## Қолдануы
Дала қырықбуынының жасыл асыл өскіндері кеңінен танымал ертеден белгілі бүйрек, жүрек қантамырлары ауруларына , ревматизм, қан диабетін емдеуге қолданылды. Жер асты түйнектері және тәттілеу споралары өскіндер азық ретінде пайдаланылды. Бұрында химиялық бояғыш заттар пайда болғанға дейін споралы өскіндері жүнді - сұрғылт - сары түске бояу үшін қолданылған.
### Ескертпе
Онымен құлындардың уланатыны байқалып жүр. Дала қырық буыны араласқан пішен жеген құландар мен тайлар уланып қалады. Басқа мал түліктер және сақа жылқылары уланбайды.
## Дереккөздер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дала қырықбуыны
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дала қырықбуыны |
«Халықтар достығы» монументі — Республика даңғылы мен Омаров қиылысында орналасқан мүсіндік композиция, қол ұстаса билеген 3 қола мүсіннен тұрады. Үнсіз би үстіндегі шеңбер құрай айқасқан құшақ адамдардың бір-бірімен мәңгі дос екенің белгілейді. Бұл топологиялық байлам — «жоңышқа үш жапырақшасы», отбасының амандығы, ұзақ ғұмыр, гүлденуді меңзейді.
Мүсінші — Сәкен Нарынов.
*
*
## Дереккөздер |
Байғұты Сейтжанұлы Тортаев (1956 ж.т.) архитектор, ҚазКСР Архитекорлар одағының мүшесі (1986). Алматы архит.-құрылыс институтын бітірген (1984). Қазақстанда және шетелдерде тұрғызылған бірқатар ірі нысандарының авторы.
Негізгі шығармашылық еңбектері: ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Жоғарғы сотының ғимараты, Есіл өзеніңдегі М-1 көпірі, Приштин қаласындағы Ислам орталығы.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Шорқара – төбелі-қырқалы, қалдық-денудациялық ұсақ шоқы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылынан 18 км солтүстік-батыста, Астана қаласының солтүстігінде 110 км жерде орналасқан.
## Жер бедері мен геологиялық құрылымы
Абсолюттік биіктігі 412 м. Ені мен ұзындығы 1,5-2 км. Пішіні домалақша келген. Беткейлері көлбеу, әлсіз тілімденген. Құрылымы делювийлік-пролювийлік шөгінділерден тұратын ордовик жынысы.
## Өсімдігі
Қара топырағында-петрофитті шөптесін өсімдектер мен сұлыбас-селеу тараған.
## Дереккөздер |
«Цесна –Астық концерні» -1997 жылы құралған. Кәсіпорын құрылымына 12 еншілес ұйым кіреді., олардың бәрі біртұтас тұйықталған өндірістік циклі агроөнеркәсіптік холдингі құрады. Концерн мына бағытта қызмет етеді: ауыл шаруашылығы өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, «Цесна» ТМ өнімдерін өндіру ;дистрибуция,инвиситциялық қызмет, көтерме сауда. Өнім ассорминттері 200 аталымнан асады.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Шарғы салу (салт-дәстүр) – ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұны біздің ана тілімізде «шарғы салу» - деп атайды. «Шарғы» салынған қызға женгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп шай ішеді.Шарғы салынған қызға жеңгелері, апалары, жезделері, құрдастары бірге қосылып, шашын тартып, аяқ бөлігінің санын инемен шаншып, ол белгі аяғыңды тіктеп жүр, тайма деген сөз. Жақсы тілектер айтылып, қызды он рет сол жағымен айналдырып, одан кейін он рет оң жағымен айналдырып, шәй ішіп құттықтасады.
## Дереккөздер |
Қыз жасауы – жасау дайындығын қыздың кішкене кезінен бастайды да, оған әке-шешесімен бірге туған-туыстары да өз үлестерін қосып, кем-кетігін толықтырады. Сонымен қатар жасау дайындауға қыздың өзін де кірістіріп, ісмерлікке тәрбиелеген. Жасауды апарар алдында ауыл болып жиналып, сыннан өткізіп, тыңғылықты дайындық жасайды. Қыздың жасауы ағайын-туыстың береке-бірлігі және әр үйдің мал-дәулетіне, хал-ахуалына байланысты әртүрлі мөлшерде болады.
Жасауға берілетін 8-9 түрлі мал-мүліктердің (ақ отау, көрпе-жасау, киім, ыдыс-аяқ, көлік, сауын, сойыс малы, қару) арасынан киім-кешектің орны бөлек және әрқайсысы тоғыздан: тон, ішік, көйлек-көншек, шапан, қамзол, бешпент салынатын болған. Жасаудың мөлшері құдандалы екі жақтың өзара келісімімен әрқилы деңгейде болса да, жігіт жағынан берілетін қалыңмал, кәде,жыртысымен пара-пар болуы шарт.
Қазіргі кезде қыздың жасауына оюлы, сырылған көрпелерді арнайы тапсырыспен тіккізеді. Әрбір ана осы көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің сүйікті қызына жүрегінің бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. Сонымен қатар, қолдың көрпесі дүкен көрпесінен жылығымен, ішіне салған салмасының жылжымай қапсырылып тігілуімен, ұзақ уақытта жарамдылығымен бағаланады.
## Жасауға кіретін заттар:
9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.
* төсек-орын
* сандық
* 3 көрпе тыстары
* 2 жастық
* 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
* 9 қол орамал
* ыдыс-аяқ
* 2 шелек
* 2 ет табақ
* қасықтар, пышақ, шөміш, кепсер
* терезе пердесі
* төсек жабқыш
* басқа тағатын орамал,
* көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады
Бұл жерде тізім жалпылама түрде жазылған.
## Жасау ашылған соң орындалатын салт-дәстүрлер:
Апарған жасауға әр қашан құдалар жағы баға береді, бұл салтты «жасау бағасы» деп атайды. Баға берген адамға жоралғы жасалады. Жоралғыға көйлектік материал, тәттілер, ыдыс -аяқ беруге болады.Қыздың жасауын жігіттің жеңгелері жинайды. Жинаған жеңгеге де жоралғы жасалады: көлейктік мата мен орамал беріледі.
## Дереккөздер |
Үштікенді қарамала (лат. Gleditsia triacanthos) - бұршақ тұқымдасы қарамала туысына жататын ағаш.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 40 м-ге жетеді.
* Сабақтарының және бұтақтарының қабығы қоңыр, тікенектері бар, олар жиі тармақталған, ұзындығы 7 см-ге дейін.
* Жапырақтары жай қауырсынды (10-24 жұп жапырақшалары бар), ұзынша қандауыр тәрізді, ұзындығы 1,5-4 мм-дей, жиектері тегіс немесе аздап ойықталған, қондырмалы.
* Майда гүлдері дара жынысты, жасыл түсті. Гүл тостағаншасы қоңырау тәрізді, күлтелері тостағаншасымен бірдей. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте тұқым салады.
* Жемісі - бұршаққын. Оның ұзындығы 20-40 см, ені 2,5-4 см, пішіні жіңішке ұзынша және иілген ирек, қара қоңыр түсті.
* Тұқымы ұзынша, қоңыр түсті, қатты. Оны жеуге болады.
## Өсетін жері мен таралуы
Отаны Солтүстік Американың орталық бөлігі. Негізінен тропиктік және субтропиктік белдеулерде өседі. Қазақстанда Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан демалыс саябақтарында, қаланы көркейтуде әсемдік үшін өсіріледі. Америкада бұршағын сыра тәрізді сусын дайындауға қолданады.
## Дереккөздер |
Ысмағұлов Асылболат Кәкенұлы (1951ж.т.)- кино мен драма актері, ҚР еңбегін сіңірген артисі (1987). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өер ин-тын бітірген(1973).1973 жылы Қазақ музыкалық драма актері(Торғай облысы),1993 жылдан Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театірінің актері. Театрда сомдаған негізгі рөлдері:Бекежан (Қыз-Жібек), Жантық(Қозы-Көрпеш Баянсұлу),Махамбет (Махамбет), Балуан(Балуан-Шолақ) және т.б. Киноға түскен: Әбілқайыр (Ұмыт мені), Капитан(Апиын фильмі).
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
ТМД елдері ішіндегі алғашқы жəне жалғыз мұхитбақ Астана қаласында ашылды. Бұл – мұхиттан 3000 шақырымнан аса қашықтықта жатқан əлемдегі жалғыз океанариум. Мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. Мұхит суын əзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Əлемнің əр түкпірінен теңіз жануарларының жүзден аса түрінің 2000-нан аса данасы əкелінген. Мұнда арнайы жасалған 11 шақырымдық құбырлар, 34 күшті сорғы, 6 құм сүзгілері, судың химиялық құрамы мен мөлдірлігін қамтамасыз етіп тұратын су тазартқыш мұхитбақ мекендеушілерінің өмір сүруін қамтамасыз етіп тұрады. Мұхитбақ үлкен аквариумнан жəне əр түрлі көлемдегі он бір аквариумы бар екі көрме бөлімінен тұрады. Океанариумның ең қызықты бөлігі – үлкен аквариум. Оның түбінде жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік əйнек туннел бар. Əйнегінің қалыңдығы – 7 см. Осы суасты туннелі арқылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қол созым қашықтықта серуендеп жүре аласыз. Мұнда мұхитбақтың ең үлкен мекендеушілері – акулалар, алып теңіз алабұғасы жəне басқа да үйірлі балықтарды көріп тамашалауға болады.Көрме бөлімдеріндегі аквариумдардан таңғажайып теңіз жануарлары мен балықтарының жекелеген түрлерін кездестіресіз. Бірінші көрме бөлімінде Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы су қоймаларының балықтары топтастырылған. Мысалға, бұл жерден нағыз жыртқыш пираниялар мен оның шөпқоректі жуас туыстарын, теңіз жұлдыздарын, түрлі шаяндарды табуға болады. Екінші көрме бөлімінде: теңіз аттары, теңіз инесі, сиыр балық, ит балық, түлкі балық, актиниялар тəрізді маржан жартастарын мекен етушілер топтастырылған. Бұл жерден қауіпті балықтар: кірпі балық, тас балық мурена, т.б. көре аласыз.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Қарамала (лат. Gleditsia) - бұршақ тұқымдасына жататын ағаш.
## Ботаникалық сипаты
* Жапырақтары жұп немесе жай қауырсынды болады. Сабақтарында, бұтақтарында жай немесе тармақты тікенектері бар.
* Гүлдері дара және қос жынысты, тостағаншасының түтігі жалпақ куб тәрізді, 3-5 жіңішке бөліктерге бөлінген, күлтелері 3-5 бос күлтелі, аталықтары 6-10, бос жатады. Жатыны қондырмалы көп тұқымдас бүршіктерінен тұрады.
* Жемісі - бұршаққын, жайпақ, бүйірінен қысыңқы, қабығы қалың әрі қатты болады.
## Түрлері
Қарамала Солтүстік Америка, Азия, Африкада негізінен тропиктік және субтропиктік белдеулерде өседі. Оның 10-12 түрі (соның ішінде өте сирек кездесетін - Каспий қарамаласы) бар:
* Gleditsia amorphoides
* Gleditsia aquatica - Су қарамаласы
* Gleditsia australis
* Gleditsia caspica - Каспий қарамаласы
* Gleditsia delavayi
* Gleditsia fera
* Gleditsia ferox
* Gleditsia japonica - жапондық қарамала
* Gleditsia macracantha
* Gleditsia microphylla
* Gleditsia sinensis - Қытайлық қарамала
* Gleditsia triacanthos - Үштікенді қарамала
## Дереккөздер |
Теріден жасалған ыдыстарды дүркін-дүркін ыстап отырудың маңызы өте үлкен. Баппен ысталған ыдыс əдемі қоңыр-қызыл түске енеді жəне ысталған ыдыста түрлі микроорганизмдер болмайды. Ыс сіңген ыдыста сақталған сүт тағамдарының иісі мен дəмі де ерекше жағымды болады əрі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.Тері ыдыстарды арнаулы күркеге аузын төмен қаратып іледі де, тобылғы, арша, қарағайдың бүрін, ермен, жусанның түбірін жалындатпай жағып, соның түтініне 8-10 сағаттай ұстап ыстайды. Жақсы ыс сіңген ыдысқа бір-екі күн айран, сары су, іркіт құйып, дəмін алып, тұзды сумен жуып, кептіріп, жылқының майымен майлап, пайдалана беруге болады. Ыдыстар өңезденіп кетпес үшін екі аптада бір тазалап жуып, ыстап, майлап отырған жөн.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Ирек ағаш – тері өңдеуде қолданылатын құралдардың бірі . Оның жалпақтығы 10 – 15 см, қалыңдығы 7 – 8 см болады. Ол – ишілер тұтынатын, иленген терінің қыртысын жазып, жұмсарту үшін пайдаланылатын, иіні іш жағынан кертілген бедерлі ағаш. Иленіп, кепкен терінің бір жағын аяққа басып тұрып, екінші жағын «ирек ағашқа» орап алып бұраулап тартқылайды. Сонда тері тегістеліп созылады əрі жұмсарады. «Ирек ағашты» байпақ (пима) басушылар да қолданады.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Уəлиханов Шота Ыдырысұлы – Қазақстанның еңбегі сіңген архитекторы, Қазақстанның құрметті сəулетшісі, профессор. Ол 1932 жылы қазіргі Ақмола облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауданында туған. 1956 жылы Мəскеудегі архитектура институтын бітірген. Шота Уəлиханов басқа архитекторлар жəне мүсіншілермен бірге бірнеше ірі ғимараттардың, 20-дан астам монумент пен ескерткіштердің авторы болып табылады. Солардың ішінде Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы, «Универсам» дүкені, «Казгипрозем» институтының ғимараттары жəне Абай, Ш.Уəлиханов, Ə.Жангелдин, Ғ.Мұратбаев, «Тəуелсіздік» монументі, т.б. ескерткіштер бар. Ол – Қазақстанның архитектурасы туралы көптеген іргелі еңбектердің де авторы.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Тері илеу үшін алдымен «малма» деп аталатын сұйық затты даярлайды. Ол үшін ұйыған айранды дорбаға құйып, аузын байлап, астына ыдыс қойып, іліп қояды. Сонда айран сүзіліп, сары суы ыдысқа жиналады. Алынған сары суға ұн, кебек қосып араластырып, ашытады. Мұны малма дейді. Осы малмаға теріні салып, бетін қақпақпен жауып, үстінен таспен бастырып тастайды. Иде жатқан теріні күніне үш-төрт рет аударыстырып (сапсып) отырады. Жиі сапсып отырмаса, теріге толық сіңбей, əр жері көк аязданып, қатқыл болып қалады. Ондай жағдайда үстемелеп ұн, кебек, сары су қосып, теріні тағы да біраз уақыт малмаға салып, жылырақ жерге қойып, жиі-жиі аударыстырып, идің жақсы сіңуін қадағалайды. Жылқы терісі қалыңдығына қарай малмада шамамен 15 – 20 күндей жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін түгі жағынан ұстап, екі жаққа тартып көреді. Жақсы и сіңген терінің түгі түбінен ағарып жарылады. Немесе теріге тебен ине шаншығанда жеңіл сұғылса, онда терінің иі қанғаны. Содан соң теріні малмадан шығарып алып, көлденең ағашқа жайып, суын сорғытады. Сəл дегдіген теріні жұмыр ағашқа асып қояды да, қырғымен қырып, əрі иін, əрі түгін, əрі шелін алады. Иі сіңіп ісінген тері тазарғанымен, шикілігі білініп тұрады. Бұдан кейін міндетті түрде керіп қойып, аязға сорғызады. Мұны «аязға пісіру» деп те атайды. Он шақты күн аяз сорған тері аппақ болып ширайды. Сол кезде үйге кіргізіп, тобарсыта кептіріп алады да, талқыға салады. Талқыдан шыққан сиыр терісінен, əдетте, таспа тіліп, айыл, тартпа, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі бау, қамытқа құлақбау жасайды. Жылқы терісінен жүген, қамшы, шылбыр, т.б. өреді. Ал серке терісінен неғұрлым нəзік таспадан өрілетін мүліктер жасалады.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Уран слюдалары (ағылшынша uranites, autunites; неміс. Uranglimmer; француз. micas d'uranium;) - сулы фосфаттар, арсенаттар, вандаттар класына жататын уран минералдарынынң тобы. Уран слюдалары — U ×106+ мен екі валентті металдардың қос тұздары. Бұлардың кристалдық құрылымы қабыршақтана біткен, жымдастығы слюда тәрізді бір бағытта, мүлтіксіз; сондықтан да «уран слюдасы» деп аталған. Бұл топқа жататын минералдар қасиеттері мен жаралу жағдайларының бір-біріне жақындығымен сипатталады. Уран слюдасының кристалдық құрылымдарының негізі [UO2 (XO4)]×102 — түріндегі жиырылмалы тетрагондық тор, мұндағы X=V, As,P.
Түстері:
* ашық сары,
* сарғыш,
* ашық жасыл,
* жылтырлығы шынадай.
Жұқа жапырақшалары мөлдір, қалың жапырақтары күңгірт болады. Тығыздығы 3000-6230 кг/м³, радиактивтілігі күшті. Гидротермальдық жәнее шөгінді кендердің тотығу зоналарында тараған.
Басты минералдары:
* трергерит,
* торбенит,
* цейнерит,
* метаторбернит,
* метацейнерит,
* ураноцирцит,
* фосфуранилит,
* карнотит,
* сенгеиерит. Мол шоғырларынан уран, радий, кейде ванадий өндіріледі.
## Дереккөздер |
## Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (www.mtc.gov.kz) көлiк, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларында, сондай-ақ заңнамамен қарастырылған шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
## Жүзеге асыратын бағдарламалар:
* Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;
* Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама;
* «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы.]
### ҚР Үкіметінің қаулысы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
* алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
* Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
* Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
* Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
* Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
* Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
### Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
* Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
## Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы
## Дереккөздер
## Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (www.mtc.gov.kz) көлiк, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларында, сондай-ақ заңнамамен қарастырылған шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
## Жүзеге асыратын бағдарламалар:
* Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;
* Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама;
* «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы.]
### ҚР Үкіметінің қаулысы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
* алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
* Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
* Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
* Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
* Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
* Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
* Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
### Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті;
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
* Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
* Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
## Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы
## Дереккөздер |
Әлібек Мұсаұлы Дінішев (7 шілде, 1951 жылы Алматыда туған) – кеңестік және қазақстандық опера және камералық әншісі (тенор), музыкалық педагог-профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1979) және КСРОның Халық артисі (1986).
ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012). "Казакстаннын Енбек Ерi" (2021).
## Толығырақ
* Әлібек Мұсаұлы 1951 жылы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Байбақты руының Құлсүйіндік бөлімінен шыққан.
* Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары.Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болатын, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастағанды. Мұсакең «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Журнал оқырмандарының тартымды, қалаулы баспасөзіне айналды. Ол Бойнидің «Овод» романын қазақшаға аударды, біраз мезгіл ҚазКСР-нің Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарды. Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі бүгінгі Әлібек Дінішевтің театры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккардеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркем үйірмесінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты.
* Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1978 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы берілді.
* 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсамолы жастар сыйлығының лауреаты
* 1979 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы);
* 1986 жылы 35 жасында Кеңестер Одағының Халық артисі (КСРО халық әртісі) құрметті атағы берілді.
* 1996 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды;
* 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты;
* 2003 жылы музыка саласы бойынша «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты;
* 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі
* 2011 жылы Қазақ муызка саласындағы ерен еңбектері үшін ҚР Жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынің өзі марапаттады (Астана, Ақорда 2011 жылы желтоқсан айында);
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
* 2012 жылы ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты құрметті атағымен елбасының өзі марапаттады (Астана,Ақорда 2012 жылы желтоқсан);
* 2021 жылы "Казакстаннын Енбек Ерi" атағымен марапаттады.
## Дереккөздер |
Тоқубіз қойдың, ешкінің кəрі жілігінің құрығынан əзірленеді. Кейде оны кəрі жіліктің «шыбығы», «қамшысы» деп те атайды. Кəрі жіліктің жанына жабыса біткен осы жанама шыбықты тазалап мұжып, қырнап алған соң үшкір жағын егеумен егеп, ілдіргі жасайды. Мұндай бізбен иірілген жіптен қолғап, шұлық, шəлі, мойынорағыш, т.б. киім-кешек тоқиды. Оны ертеректе әжелеріміз көзінің қарашығындай сақтайтын.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Қожамжаров Оразалы 1932 жылы Іле ауданы Жетіген ауылында туған-батыр. Тегі Дулат руының Ботпай тармағынан шыққан.
Ол 1846 жылы Сыпатай батырға ілесіп, Шу өзенінің бойында қырғыз руларымен арасындағы жер дауынан туындаған қақтығысқа қатысады. Кейін сол өңірге қоныстанып қалады. 1859 жылы Үлкен орда приставы Г.А. Колпаковскийдің нұсқауымен ұйымдастырылған Шу алқабын зерттеу экспедициясына көмектесіп, оларды қоқандықтар мен қырғыздар шабуылынан қорғауды міндетіне алады. 1860 жылдары аталығының Сыпатай, Диқанбай т.б батырлармен Жетісу өңірлерін азат етуге қатысып, Пішпек, Тоқпақ және Ұзынағаш шайқасында ерлік көрсеткен, осыған орай ақпанда патшалық Ресейдің "Батылдығы үшін" күміс медалімен марапатталған. Архив деректерінде марапатталған Ұлы жүз қазақтарының арасынан Қожамжаровқа орыс армиясының подполковнигі шені берілгендігі жазылған. 1882-1891 жылдар аралығында ол білгір әрі әділетті рубасы ретінде Шу болыстығына бірненше рет басқарушы, би сайланған. (ОМА,44-қор, 1-тізбе,31569-іс), Жамбыл облысы Шу ауданынындағы батырдың денесі жерленген жер қазір "Оразалы ауылы"( бұрынғы Октябрь) деп аталады. Оның баласы Рахымбай да батыр болған.
## Сыртқы сілтемелер
Жетісу энциклопедия "Арыс" баспасы Алматы 2004 |
Нақыш салғыш – металл бетіне түрлі өрнектер түсіруге, бедерлеуге, оймыштауға арналған қол құралы. Қызған темірді төске төсеп, үстіне нақыш салғышты қатарлай ұрып, түрлі бедерлі өрнектер салынады. Оның ұзындығы – 8 – 12 см, жуандығы – 0,2 – 1,0 мм. Нақыш салғыштардың жүзінде əр түрлі ойық, бедерлі өрнектер болады. Кейбіреуінің жүзі тегіс не дөңес, енді біреулері ойыс, сайлы, т.с.с. түрлі мəнерде бедерленеді. Нақыш салғыштың сабы ағаштан жасалады. Жүздері жұмыр, шаршы, шар тəрізді, үшбұрыш, трапеция, т.с.с пішінге келтіріліп жасалады. Содан соң суғарылады. Нақыш салғыштар бедерлеме жұмыстарына пайдаланылады.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Сара Эррани (1987 жылдың 29 сәуір айында Италия, Болоньеда дүниеге келген) – итальяндық кәсіби теннисшы. Жеке сында әлемдегі экс-5-ші ракетка.
## Жетістіктері
* Жұптық сында Үлкен шлемның 4 дүркін жеңімпазы (Australian Open-2013, 2014, Roland Garros-2012, US Open-2012).
* Жұптық сында Үлкен шлемның 2 дүркін финалисты (Australian Open-2012, Roland Garros-2012).
* Жеке сында Үлкен шлемның 1 дүркін финалисты (Roland Garros-2012).
* Жұптық сында әлемдегі экс-1-ші ракетка.
* Жеке сында әлемдегі экс-5-ші ракетка.
* Жеке сында WTA сериясындағы турнирлерде 7 дүркін жеңімпазы ( барлығы – 29).
* Италия ұлттық командасының құрамасында Федерация Кубогының 3 дүркін жеңімпазы (2009-10, 2013).
## Жалпы Ақпарат
Сараның анасының аты Фулвия, мамандығы фармацевт. Ал әкесінің аты Джорджо, ол жеміс-жидек сатушысы. Ұлкен ағасы бар, аты Давид, ол кәсіби футболшы.
Әкесінің қолдауымен Сара 5 жасынан тенниспен айналысты. Уақыт сала Испаниядағы валенсиялық клубтарының бірінде жаттыға бастады. Кей бір уақыттары Сара Эррани клубтар аралық жарыстарда өзінің жаттығып жұрген клубының намысын қорғайды.
Грунтта өнер көрсеткенді ұнатады, форхендті өте жақсы орындайды. Ұнататын турниры – Акапулько.
2002 жылдан бастап кәсіби теннисшы. Бапкерлері – Пабло Лосано мен Давид Андрес.
Сара итальяндық, испандық, ағылшын тілдерін толық игерген.
## Спорттық карьерасы
Жыл соңындағы рейтингі
## Турнирларда Өнер Көрсету
Жеке дәрежедегі турнирледе өнер көрсету
Жеке дәрежеде Үлкен шлем турнирлердің финалы (1)
Жеңілістер (1)
Жеке сында WTA турнирлердің финалы (15)
Жеңістер (7)
Жеңілісі (8)
## Жұптық сындар
Жұптық сында Ұлкен шлем турнирінің финалы (6)
Жеңістер (4)
Жеңілісі (2)
## Турнирлерге Қатысу Тарихы
### Жеке сындағы Үлкен Шлем турнирларда өнер Көрсету
### Жұптық сындағы Үлкен Шлем турнирларда өнер Көрсету
## Сілтемелер
* www.wtatennis.com
* www.itftennis.com Мұрағатталған 25 сәуірдің 2014 жылы.
* www.fedcup.com Мұрағатталған 25 наурыздың 2016 жылы. |
Безеуіш – қатты ағашпен сапталған немесе алақанға ұстайтын жағы иіле, жұмырлана біткен, жүзі асыл, біз тəрізді құрал. Оның жүзі қашау тəрізді бір жағына қиғаш қайырылады. Жүзін өрнектелетін металл бетіне көлбей тіреп (45° шамасында), оң мен сол қолдың буынын ары-бері ығыстыра, металл бетіне біркелкі өрнек түсіреді. Осындай өрнекті шеберлер «мыңырғақ», «безеуөрнек» деп, ал безеуішті кейде ырғақ деп те атаған. Зергерлер кейде безеуіштің жүзінің ортасын егеп, екі аша сияқты етіп те жасайды. Ондай безеуішпен салынған өрнекті «тышқан із» деп аталады.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4 |
Көлік және коммуникация колледжі – 1945 ж. темір жол көлігі техникумы болып ашылған оқу орны. 1997 ж. К.К.К. болып аталды. 2005 ж. колледж өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті. 11 мамандық бойынша дайындайды. Қазақ және орыс тілдерінде оқытады. Оқыту формасы күндізгі және сырттай. Колледждің 2 оқу корпусы, оқу шеберханалары , 2 жатақханасы(200 орындық), 24 оқу кабинеті, 9 зертханасы мен цехтары, 3 компьютер сыныбы, спорт және тренажер залы, кітапханасы, оқу залы бар. Өз тарихында 21 500 маман дайындап шығарды(2007).
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Зәуре Жүсіпқызы Қадырова (1940 жылы туған)- саясаттанушы. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтын бітірген (1963), КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін (1973) жылы бітірген. Целиноград облысы Ковыльная стансасындағы мектеп директоры, 1965 жылы Целиноград облысы Терісаққан мектебіің директоры, 1967 жылы Жақсын партия комитетінің үгіт-насихаттық бөлімінің насихаттаушысы, 1969 жылы Целиногад облысы Қазақстан компартиясы Шортанды ауданының комитетінің хатшысы. Әлеуметтік –мәдени даму жөніндегі комитетінің төрайымы. ҚР Ордені, КСРО ордендірімен және медальдарымен мараппаталған.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.
Үлгі:Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлеріҮлгі:Сергей Терещенконың министрлер кабинеті |
Валентин Гаврилович Корпачев (1935ж.т.)-патофизиолог, медицина ғылымының докторы(1971ж.), профессор(1972ж.), ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері(1989 ж.). Омбы медицина институтын бітірген(1959 ж.).1959-78 ж. ОММИ-дың аспиранты, ассисенті, кіші ғылым қызметкері, доценті, кафедра меңгерушісі. 1978 ж. Ақмола ММИ-ның лекторы және кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмысының басты бағыты – патогенез, терминалдық күйдегі интенсивті терапия.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Қадыров Нұрғали Тасилыұлы (1916-2001) ғалым-мал дәрігері, малдәрігерлік ғылым докторы (1984),профессор (1985). 1942-1945 жылдары ҰОС-на қатысқан. Мәскеу малдәрігерлік академиясын бітірген (1942). Шахтадағы машина машинисінің көмекшісі, машинисі,1937-1938 мал дәрігері, 1946-65 жылдары Ақмола обысы ауыл шарашылық басқармасы мал дәрігерінің бөлімінің бастығы, малдәрігерлік-бактериол. Зертхананың ,1965 жылдан бастап Алматы ауыл шаруыашылық институты эпизоология және паразилогия кафедра меңгерушісі,доценті. Ғылыми жұмысының басты бағыты-қой мен жылқының гельминтозы,эпизоолгия мен малдәрігерлік-профилактикалық шаралар. КСРО ордендерімен және медальдарымен мараппаталған. Астана қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Көпір К-1 — автомобиль жүретін, сегіз қатарлы ванталық конструкциялы, көпірдің жоғарғы көтеру аралығы 150 метр қазақстандық архитекторлардың және «Мостовик», «Джейлан Лемитид» фирмаларының жобалаушыларының нобай жобасы бойынша «Джейлан Лемитид» (2006 жылы) салған. Ені 40 метр, 8 қатарлы көпірдің іске қосылуының арқасында Астананың ескі бөлігі мен үкімет-әкімшілік орталығының және Есіл өзенінің сол жағалауына орналасқан жаңа тұрғындар арасындағы көлік қатынасының жағдайы айтарлықтай жақсарды.
## Дереккөздер |
Кіші Майлан-Ерейментау ауданы аумағындағы күмбез тәріздес тау. Сілеті өзенінің оң жағалауында, Новомарковка ауылынан 10 км солтүстік-батыста орналасқан. Абсолюттік биіктігі 352 метр. Ұзындығы мен ені 600-800м. Батыс беткейі тік жарқабақты болып су деңгейіне дейін жетеді, шығысы көлбеу. Жоғарғы девонның инструзивті жыныстарынан тұратын, аллювилік шөгінділер жамылған. Қоңыр күңгірт топырағында әр түрлі шөптесіндер мен селеу өсімдіктері өседі. Арасында астық тұқымдас шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Еселік түбір, көпмүшенің - Pn(x) = a0xn + a1xn -1 + ...... an көпмүшесі (x - c) екімүшесінің дәрежесіне қалдықсыз бөлінетіндей с саны. Егер Pn(x) = 0 екімүше (x - c)k - ға бөлінетін, ал (x - c)k+1 - ге бөлінбейтін болса, осы жағдайда с саны k еселіктің түбірі делінеді. Pn(x) көпмүшесінің еселік түбірі - Pn(x) = 0 теңдеуінің де еселік түбірі деп аталады. |
Қызылқарағай (орыс. Листвяга) – Алтай таулары жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жота.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Алтай, Қатонқарағай аудандары және Ресей Федерациясы шекарасында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2783 м. Бұқпа, Көкжота, Теснинский Шпиль, т.б. биік таулардан тұрады.Бұқтырма және Қатон өзендерінің суайрығы. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 120 км-ге созылған. Шығысындағы таулы үстірт қатты тілімделген. Батысынан Шихалиха, Мансиха, Большая Речка, Бобровка, Лукина, Черновая, т.б. өзендер бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Эффузивтік жыныстардан, құмтастардан түзілген. Тау жоталарының биік белдеулерінде тектоникалық процестердің әсерінен пайда болған Черновское, Маралды, т.б. көлдер бар.
## Өсімдігі
Беткейлерінде қарағай, қайың және самырсын орманы, 2000 м-ден жоғары субальпі және альпі шалғыны өседі.
## Дереккөздер |
Қызыл қоянжын (лат. Climacoptera affinis) - алабота тұқымдастары қоянжын туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 5-25(40) см.
* Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан, қалың түкті.
* Кезектесе орналасқан жапырақтары доғал, кейде таспа тәрізді.
* Гүлшоғыры - масақ.
* Гүлі қос жынысты, гүл қоршауы 5 жапырақты. Аталығы 5. Гүл жапырақшасы гүл қоршауынан қысқа. Маусым-шілде айларында гүлдеп, жеміс салады.
## Өсетін жері мен таралуы
Қызыл қоянжын Орта Азияда, Батыс Қытайда кездеседі. Қазақстанда Торғай даласында, Үстірттің солтүстігінде, Арал теңізі маңында, Балқаш-Алакөл алабында, Қаратау жотасында, Мойынқұм құмды алқабында таралған. Сортаң, сазды жерде, тақырда өседі. Қызыл қоянжынды түйе сүйсініп жейді.
## Дереккөздер |
Төрткөз балық (Anableps tetrophtalmus)— түсті тұқылар отрядына жататын тірі туатын кішкене балық. Тұрқы 16 см-ге дейін. Көзінің қасаң қабығы да, түсті қабығы да эпителийлі қалқаншамен екіге бөлінген, сондықтан мұның жоғары жартысымен су бетін, төмеңгі жартысымен су ішін бірден көре алады. Жемі-ұсақ омыртқасыздар. Төрткөз балық Орталық Америка мен Оңтүстік Американың теңіз суы жайылмаларында су бетіне жақын тіршілік етеді. Ұзындығы 4-6 см 1-5 шабақ туады. Төрткөз балықтың көз құрылысы – су бетіне жақын тіршілік еті нәтижесінде пайда болған бейімділік.
## Дереккөздер |
Төрт мүйізді бөкен (лат. Tetracerus quadricornis) — қуыс мүйізді, сүт қоректі жануар. Бұранда мүйізді бөкендер тұқымдасының бір тармағы. Шекесінде ідеттегі жұп мүйізінен басқа, оның алдында (кейде бір-біріне жақын біткен), ұзындығы 2 см-дей қысқа жұп мүйізі болады. Төрт мүйізді бөкеннің тұрқы газелдей, дене бітімі сымбатты, түгі қоңыр, бауыры ақ. Үндістанда көбіне орманның қалың бұталы, суы жақын жерін мекендейді. Тропикте жылдың жаңбырлы маусымында үйірге түседі, 180 күндей көтеріп, қаңтар-ақпан айларында 1-3 лақ туады.
## Дереккөздер |
Түйесораң (лат. Kalidium) — Қызылқұйрық тұқымдасының сор қаңбақ туысына жататын аласа бұта.
Биіктігі 10-75 см, көп тармақты, бір жылдық өркені ақшыл. Жапырақтары цилиндр тәрізді, көгілдір түсті, тақыр, ет-женді. Шілде-тамыз айларында гүлдейді және жеміс береді. Жемісі домалақ, ені 1 мм-дей, қызғылт қоңыр, тұқымының беті тегіс, ұсақ бұлдырлы.
Түйесораң Моңғолия, Батыс Қытайда, КСРО-нің Еуропа бөлігінің оңтүстік-шығысында, Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде (Даурияға дейін), Қазақстанның көптеген жерінде (мысалы, Алакөл атырабында, Арал, Каспий маңы, Зайсанда, Бетпақдала т.б.) ылғалды, борпылдақ сор, сортаң жерлерде, ащы көл жағалауларында өседі. Түйесораңды күзде, қыста түйе, қой, ешкі жейді. Түйесораңнан сақар, сода алуға болады.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (http://minregion.gov.kz Мұрағатталған 3 маусымның 2014 жылы.) төмендегі салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады:
* аймақтық даму;
* жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
* сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шекарасы аясындағы (шегіндегі) сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу;
* жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет.
## Жүзеге асыратын бағдарламалар:
* «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы;
* 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы;
* Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы;
* Қолжетімді тұрғын үй 2020 бағдарламасы;
* ҚР ТКШ жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы;
* 2011-2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ бағдарламасы;
* Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы.
## Құрылымы
## Дереккөздер |
Уран рудалары - құрамынан уран сияқты радиоактивтік элементтерді бөліп алу экономикалық жағынан тиімді саналатын минералдық шикізаттар. Жер қыртысындағы уранның кларкы 2,6·10×10-4. Уран рудалары уранның өз минералдарынан және уранды минералдардан тұрады. Төрт валентті уран минералдары негізінен магмалық пневматоликттік процестерден түзіледі де, пегматиттерде, карбонаттирде, интрузиялық жыныстарда, грейзендерде, гидротермальдық желілерде, шөгінді жыныстарда тарайды. Бұл минералдардан торий, титан, гафний, цирконий, тантал, сирек жер элементтері, аздап уран өндіріледі. Алты валентті уран минералдары экзогендік процестер әсерінен уранның гипогендік минералдары есесінен түзіледі.
Уран кедерінің тотығу зонасында, шөгінділер қабаттарында ұнтақ, қақ, жасырын кристалды масса, ұсақ пластинка, қабыршақ псевдоморфоза түсіріндегі агрегаттар құрайды. Өнеркәсіптіп маңызы бар уран рудаларының құрамына U×104+ және U×106+ енетін минералдық заттардан тұрады. Бұлар гидротермальдық желілерде, түрлшөгінді жыныстарды, карбониттерде, пегматиттерде кездеседі.
## Минералдар
Негізгі минералдар— молибденит MoS2, галенит PbS, кварц SiO2, кальцит CaCO3, гидромусковит және т.б..Минералдар:
* қара,
* қара сұр,
* қара қоңыр,
* күлгін түсті;
Кристалдарының пішіндері
* куб,октаэдр,ромбододекаэдр. Уран минералдарының жалпы саны 150-ден астам;
* октаэдр,ромбододекаэдр. Уран минералдарының жалпы саны 150-ден астам;
* ромбододекаэдр. Уран минералдарының жалпы саны 150-ден астам;
Өнеркәсіптік мәні бар минералдар:
* уранинит,
* уран күйелері,
* торианит,
* пирохлор,
* ураноторит,
* уранофан,
* казолит,
* отенит,
* торбернит т.б.
Уран рудаларының кендері - генетикалық, морфологиялық, формациялық тұрғыдан мейлінше көп түрлі. Өндірістік мәні зор гидротермальдық кендер ретінде бесметалды (U-Ni-Co-Arg-Bi), давидит, браннерит-уранинит, алтын-уранинит, настуран-молибденит, настуран-карбонат т.б. формацияларды атауға болады.Экзогендік кеңдері теңіз, көл, батпақ шөгінділерімен, битумды тақта тастармен, сазды жыныстардағы органик, қалдықтармен байланысты. Метаморфогендік кендеріне матаморфизме шалынған құм-тастардағы, конгломераттардағы кендер жатады. Уран рудаларының ірі кендері Африкада (Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия), Америкада (АҚШ, Канада, Бразилия, Перу, Чили, Мексика"), Еуропада (Oрталық Еуропа, Батыс Еуропа), Австралияда, Азияда (Үндістан, Қытай, Жапония т.б.) табылды.
## Дереккөздер |
## Мұнай және газ министрлігі туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (http://mgm.gov.kz Мұрағатталған 5 ақпанның 2014 жылы.) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі сфераларында басқару процесін үйлестіруді, көмірсутек шикізатын тасымалдауды, мұнай, газ өнімдерін және газбен жабдықтауды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
## Құрылымы
## Дереккөздер
## Мұнай және газ министрлігі туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (http://mgm.gov.kz Мұрағатталған 5 ақпанның 2014 жылы.) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі сфераларында басқару процесін үйлестіруді, көмірсутек шикізатын тасымалдауды, мұнай, газ өнімдерін және газбен жабдықтауды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
## Құрылымы
## Дереккөздер |
Сапар Ысқақов (1941 жылы туған) - инженер-құрылысшы, ҚазҚСР еңбегін сіңірген құрылысшы, меценат. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1965). 1961-68 жылдары «Торғай алюминстрой» тресінің шебері, пробрары, монтаж учакесінің бастығы, 1970-71 ж. Арқалық қаласының бас архитекторы, 1971-77 ж. «Торғайселоқұрылысы-15» тресі күрделі құрылыс басқармасының басшысы, бас инженер,1977-78 ж. әр-түрлі құрылысы ұйымдарының басшысы, «Ауырқұрылысминстрлігі»құрылыс басқармасының бастығы, «Торғай алюминострой» тресі басқармасының орынбасары, 1987-1990ж. «Қазмилжирпроект» жобалау институтының директоры,1991-1997ж. «Омар »компаниясының директоры. ҚР Президентінің құрмет дипломымен РФ және Ұлыбритания ордендірімен мараппаталған.
Ол белгілі кәсіпкер, меценат және саяхатшы. Ол Оңтүстік Полюс (Антарктида) пен Солтүстік Полюсті (Арктика) бағындырып, әлемнің 6 құрлығының 125-тен астам елінде болған. 2014 жылы «Astana EXPO-2017» жалауымен 119 күнде жер жүзін лайнермен айналып шықты. Сапар Ысқақов жетекшілік ететін «Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедиция 2017 жылдың 4 мамырында сапарға аттанады. Олар ежелгі ғұндар, түріктер, қыпшақтардың ізі қалған әлемнің 15 елін аралап, ДНҚ зерттеулер жүргізді.
## Дереккөздер
* А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Убидайық (Үйбидайық, Lalium) — астық тұқымдасына жататын көпжылдық не бір жылдық шөп. Гүл шоғыры екі қатар масақ. Убидайықтың жер шарында 15, КСРО-да 9, оның ішінде Қазақстанда 5 түрі кездеседі. Көп жылдық убидайық Кавказда, Батыс Сібір және Орта Азияда шабындық, тау беткейлерінде, бақ және парктерде өседі. Тұяқкесті жайылымда тез өседі. Көп гүлді убидайық — малға құнарлы жемшөп. Бір жылдық убидайық Еуропаның солтүстік және орталық аудандарында, Кавказ сыртында, Сібірде, Қиыр Шығыста таралған. Бұл — жаздық бидайдың өсуін тежейтін арам шөп. Дәнінде улы саңырауқұлақ болатындықтан ұнға, мал жеміне араласса адам, мал уланады. Уланған мал делсалданады, көзінің қарашағы үлкейеді, бұлшық еттері дірілдейді, жүрек соғуы жиілейді, іш тастайды. Уланған малға іш жүргізетін тұз ерітіндісін ішкізеді. Күрес шаралары: тұқымды тазарту, егін жинағаннан кейін аңызды тазарту және ерте сүдісер жырту.
## Дереккөздер |
Саздар — құрамының басым көпшілігін сазды минералдар құрайтын, дәнекерленіп қатаймаған шөгінді тау жыныстар.
* тау жынысы саздарға жатқызылуы үшін оның құрайтын түйірлердің кем дегенде 30 пайызы диаметрі 0,005 мм-ден аспайтын тозаңдар түрінде болуы шарт.
* Аққыштык қасиеті бар, сумен араластырылған ұнтағы қамырға ұқсайтын массалар құрайды және мұндай массалар кепкеннен кейін де өз пішінін сақтап қала алады.
* Күйдірілген саздар қатты және берік тастақ күйге ауысады. Жаратылыс жағдайына (генезисіне) орай сынықты және химиялық саздарды даралауға болады;түзілімдену ортасына байланысты теңіз, лагуна, атырау, өзен, көл саздары, сулық-мұздықтық саздар және элювийлік саздар жекеленеді; минералдық құрамына орай каолонитті, гидрослюдалы, монтмориллонитті, палыгорскитті және полиминералды саздар белгілі.
* түзілімдену ортасына байланысты теңіз, лагуна, атырау, өзен, көл саздары, сулық-мұздықтық саздар және элювийлік саздар жекеленеді; минералдық құрамына орай каолонитті, гидрослюдалы, монтмориллонитті, палыгорскитті және полиминералды саздар белгілі.
Саздар — батпақтар немесе грунт суларымен ылғалданатын ылғал шалғындар (Орта Азияның таулары мен тауалды өңірлеріндегі).
## Cаздың түрлері
* Каолонитті саздар. Негізінен каолин минералынан тұратын саздар; әдетте ашық түсті (ақшыл, ашық сұр, сұрғылт түсті) болып келеді, суда көмпиіп ісінбейді.
* Карбонатты саздар. құрамының 75 %-дан астамы сазды минералдардан, қалған бөлігі карбонаттардан тұратын шөгінді тау жынысытар. Карбонаттар пелитоморфтық түйірлер, ірі кристалды агрегаттар және сферолиттер түрінде ұшырасады. Әр типті су алаптарында түзіле алады, алайда көбінесе теңіздік түзілімдерде ұшырасады.
* Континенттік саздар. Теңіздерден тыс өңірлерде, яғни құрлықтарда немесе құрлықтарға тән саязсулы алаптар түбінде түзілетін саздардың жиынтық атауы; көл саздары, батпақсаздары, өзен саздары ұшырасуы ықтимал; мұздық саздары, эолдық (жел әрекеті нәтижесінде түзілген) саздар, пролювийлік саздар, делювийлік саздар деген түсініктер де ұшырасады.
* Лагуна саздары. Лагуналарда түзілген саздар.
## Дереккөздер |
Аманат партиясы (2022 жылға дейін «Nur Otan») — Қазақстанның билік етуші ең ірі, әрі доминантты саяси партиясы. Партияның төрағасы — Ерлан Жақанұлы Қошанов. 2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде жалпы дауыс санының 53,9%-ын жинап, жалпы 98 ішінен 62 мандатқа ие болды.
Партия 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылған еді.
## Аталуы
2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды. Атаудағы "Нұр" - бұл уақыттағы Қазақстан президентіне - Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме.
2022 жылы 1 наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің ірі реформаларымен бірге партияның атауында өзгерту ұсыныс бергенде, партияны «Аманат» деп атауды ұсынған.
## Тарихы
1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді.
1999 жылғы 19 қаңтарда жиналыс өтіп, Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.
Партия мұрағатында Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанымен белгіленген есеп кітапшасы мұқият сақтаулы.
1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай сьезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге сьезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстанның халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады.
2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-на Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды.
2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.
Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.
2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды.
2008 жылғы 14 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.
2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.
2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды.
2022 жылғы 1 наурыздағы кезектен тыс XXII Съезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынады. Сол жылдың 26 сәуірінде партияның кезектен тыс XXIII съезінде Президент партиядан шығып, төрағалық Ерлан Қошановқа берілді және «Адал» партиясы «Аманат» партиясына қосылды.
## Съездер
## Басшылығы
### Партия төрағасы
* Ерлан Жақанұлы Қошанов 26 сәуір 2022 жыл
* Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 28 қаңтар 2022 жыл - 26 сәуір 2022 жыл
* Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
### «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
* Сергей Александрович Терещенко (наурыз 1999 – қараша 2002)
* Амангелді Дінұлы Ермегияев (қазан 2002 – наурыз 2005)
* Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов (2005 – 2008)
* Дархан Аманұлы Кәлетаев (2008 – 2009)
* Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (19 қараша 2009 – 24 қыркүйек 2012)
* Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (қыркүйек 2012 – қаңтар 2013)
* Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (қаңтар 2013 – 9 тамыз 2015)
* Асқар Исабекұлы Мырзахметов (8 тамыз 2015 – 6 мамыр 2016)
* Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед (6 мамыр 2016 – 1 ақпан 2018)
* Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (1 ақпан 2018)
* Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек
### Аманат партиясының атқарушы хатшысы
* Асхат Раздықұлы Оралов (2 ақпан 2022 – 4 қаңтар 2023)
* Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев (4 қаңтар – наурыз 2023)
* Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек (17 шілде 2023 жылдан бері)
## Сайлау
### Президент
### Парламент
## Сын
Қазақстан оппозициясы «Nur Otan» партиясын Назарбаевтың тұлғасын тым әсірелеп насихаттаушы псевдодемократиялық және тоталитарлық немесе авторитарлық партия деп санайды. ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар әкімшілік ресурстарды пайдалануын және сайлауларды бұрмалауларын айыптайды. Партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің суды үнемдеу туралы бастамасы теріс пікірге ие болды және соған қатысты әлеуметтік желілерде көптеген демотиватор суреттер жарияланды. «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратының құрылысына мұғалімдерден ақша жинау бастамасы көптеген дау-дамай туғызды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми веб сайты Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2014 жылы. |
Іле отынкескіш қоңызы (лат. Turkaromia pruinosa) – қатты қанаттылар сабының сүген қоңыздар тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Туыс ішінде ерекше бөлек түр. Таралу аймағы тар, үштік дәуір қалдығы. Табиғатты әшекейлейтін ірі қоңыз. Қаратал мен Іле өзендері жайылмасында таралған. Тоғайлы ормандарда тіршілік етеді.
Дернәсілдері едәуір жуан "Salix caspica" тал ағашында (діңінің жуандығы 20-30 см) дамиды, ағашта ұзын қуыстар жасайды. Ересек қоңыздар маусым-шілдеде шығады. Қосымша қорек ретінде жас өркендер қабығын кеміреді. Барлық жерде саны төмен, әрі азайып барады. Тіршілік ету ортасы өзен жайылмаларының кебуіне, өзен су ағысын реттеуге және өрттерге байланысты қысқарып отыр. Бұл түрдің жекелеген популяцияларының құрып кетуіне әкеліп соғады.
## Дереккөздер
* "Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен" - Алматы: Алматыкітап баспасы, 2009 |
Темір Нұрбақытұлы Бекмамбетoв (орыс. Тимур Нурбахытович Бекмамбетов; ағылш. Timur Nurbakhytovich Bekmambetov; маусымның 25, 1961, Гурьев қаласы, Қазақ КСР) — шығу тегі қазақ, клипмейкер, продюсер, кинорежиссер.
## Өмірбаян
1961 жылғы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Әкесі Нұрбақыт Бекмамбетов — "Гурьевэнэрго" - да жұмыс жасаған, анасы — Мира Богословская облыстық партиялық-кеңестік "Прикаспийская коммуна" газетінің редакторының орынбасары , әдеби қызметкері болды. C.M.Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді. Мәскеулік Энергетика Иститутында оқыды, бірақ оқуын бітірмеді. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударды.
Еңбек жолын 1986 жылы “Перед большой дорогой на войну” телефильмінде қоюшы- суретші болудан бастаған. 1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Ол кезде оның мамандығы "театр және кино суреткері" болды. Сонда ол Виктор Вержбицкиймен танысты. Ақырында ол оның тұрақты, үздіксіз актерi болды.
Ашғабадта армияда қызмет етті. "Ильхом" театрында және "Өзбекфильм" киностудиясында суретші болып қызмет істеді. 1978 жылы 17 жасында ол Мәскеуге қоныс аударып бейнебаяндар түсірумен айналысты.
## Киномансабы
1989 жылы "Кредит Москва" банкіне жарнамалық сюжетін даярлады. 1989-1990 жж “Даттана” франциялық компаниясымен “Арал теңізі” көркем фильмнің жобасында қызмет атқарды. 1994 жылы Сорренто кинофестивалінде әділқазылардың арнайы жүлдесі мен арнайы киносыншылардың Кинотаврдегі арнайы сыйлығын иеленген “Пешаварский вальс” толық метражды фильмі сценарийінің авторы және режисері болды. 1994 жылы Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс пен актерлік құрамның жүлдесіне ие болды. Менатеп банкінің жарнамалық бейнебаяндарының авторы. 1994 жылы Михаил Лесиный, "Видео Интернешнл" компаниясының жетекшісі арқылы Сергей Родинов, "Империал" банкінің президентімен танысады. 1992-1997 жылдар аралығында Cергей Родиновтың тапсырысы бойынша 20 жарнамалық ролик түсірді және түсірген жарнама роликтері кейін оны аудиторияға кеңінен танымал етті. 2002 жылы "Сэлдом”, “Пепси”, “Славянский” банкілері туралы жарнамалар түсірген. “Риал рекордс” компаниясы тапсырысы бойынша Юлия Чичеринамен бірлесіп 3 музыкалық “Ту-лу-ла”, “Жара”, “Дорога” клиптерін түсірді. “Жара” клипі Ресей кино академиясының арнайы жүлдесіне ие болып, “MTV Music Awards-2000” номинациясына ұсынылды. РТР телеканалының тапсырысы бойынша сегіз сериялық теледидарлық көркем "Наши 90-e" атты фильмін түсірді. Роджер Корман студиясы үшін "Гладиатрикс" фильмін түсіруге шақырылды. Түсірілу Ресейде басқарылды, фильм 2001 жылы экрандарда жарық көрді. 2002 жылы "ГАЗ-русские машины" атты фильмін түсірді.
2004-2005 жылдары оның атағын шығарған Сергей Лукьяненконың "Ночной дозор" және "Дневной дозор" аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режисері әрі тең авторы. 2005 жылы Голливудқа шақырылған болатын.
Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.
2006 жылы Жерар Депардье түскен ұялы телефон операторына арналған екі жарнамалық роликтің режисері.
2008 жылы әлемдік прокатқа "Особо опасен" фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Темір Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды.
ЗАО "Империал фильм", киностудия "ТАББАК" және Базелевс Продакшн компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры.
## Фильмография
## Марапаттары
## Бейнебаяндары
* Чичерина «Ту-лу-ла»
* Чичерина «Жара»
* Чичерина «Дорога»
Продюсерлер: Аллен Нибло, Джеймс Ричардсон
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Темір Бекмамбетовтың өмірбаяны IMDb cайтында
* Тимур Бекмамбетов(қолжетпейтін сілтеме)
* «Астана» халықаралық экшн-фильмдер фестивалі кеше салтанатты түрде шымылдығын түрді. |
Саймасай Әлімбайұлы Тәтібеков (1903 жылы Қарaсай ауданы, 5.10.1973 жылдан Алматы қаласы) – қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушылардың бірі. Тарих ғылымының кандидаты (1946 жыл) доцент.
1918 жылы Верныйдағы орыс-қазақ мектебінде оқыған. 1919 жылы өз тілегі бойынша Қызыл Армия қатарына алынып, Ташкенттегі Түркістан майданы саяси бөлімі жанындағы курсты бітірді. 1919 жылы 22 жылы «Қара қырғыз» атты әскер полкінің эскадрон командирі ретінде Ферғана майданында басмашыларға қарсы соғысқа қатысты. Жетісу губерниялық комсомол комитетінің хатшысы, Түркістанда ЛКЖО ОК ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісінің орынбасары 1923-1927 жылдары Нарында Қырғыз КСР Кеңес өкіметін нығайту жөнінде уәкіл (1927-1931ж) Мәскеудегі Қызыл профессура институтының тыңдаушысы (1931-1933ж) болды. Жылдары Қырғызстан оқу ағарту халкомының 1-орынбасары, 1939-1946 жылдары М.Фрунзе атындағы Қырғыз мемлекетінің педагогикалық институтының география факультетінің деканы. Қырғызстан КП ОК жанындағы Республикалық партия мектебінде экономика кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ педагогика институтында саяси экономика кафедрасының меңгерушісі (1960-1965), 1965 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы Халық шауашылық институтында саяси экономия кафедрасында доцент болды. Тәтібеков 60-қа жуық ғылыми еңбек жариялаған. Жауынгерлік Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапталған.
## Дереккөздер
* Жетісу энциклопедия «Арыс» баспасы Алматы 2004 |
Саз — Башқұртстанның Калтасин ауданындағы ауыл, Краснохолм ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 600 адамды құрады.Пошта индексі — 452853, ОКАТО коды — 80233847007.
## Демографиясы
Тұрғындардың динамикасы:
## Дереккөздер
## Сыртқы cілтемелер
* Башқұртстан Республикасының муниципалдық бiлiмдерiнiң кеңесi. |
Шұрымсай – Терісаққан өзенінің алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Жақсы ауданының оңтүстігімен ағады. Ұзындығы 25 км, су жинау алабы 383 км2. Жылдық су шығыны 5,3 млн. м3.
## Бастауы
Бастауын Атбасар ауданындағы Қосбарақ ауылынан 23 км оңтүстігіндегі Қызыл-топырақ шатқалынан алып, Қайрақты өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Су жинау алабының жер бедері төбелі-шонды ұсақ шоқы. Қою қара топырағында селеу мен бетеге өскен. Алаптың 22 пайызы жыртылған. Аңғары нақты белгіленген, ені 600-700 м. Екі жағалауында да жайылмасы бар. Ені 400-700 м, шалғынды өсімдіктер өскен. Арнасының жоғары бөлігі бөген салғандықтан, суы реттелініп отырады. Өзен суы тек қана көктемгі еріген қар суының нәтижесінде ағып, жазда құрғап қалады. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Мұздың қалыңдығы 160 см. Ауызсуға пайдалануға тиімді. Минералдануы жазда 1000 мг/л, қыста 1,5-22 г/кг. Кермектілігі 6-16г/экв. Өзенде кішігірім су қоймасы бар. Су жайылманы суландыруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Бұл-сирек кездесетін және аз зерттелген түр қазғыш аралардың ежелгі туысының ең ірі , ашық боялған өкілдерінің бірі.Денесі ірі , 32мм.Құрсағы қысқа сабақшалы , ұзындығы өз енінен шамалы ғана үлкен.Басы мен кеудесі қара түсті , көбінесе жирен дақтары болады , едәуір ұзын , бірақ онша қалың емес ақшыл түктермен жабылған. Алдыңғы және ортаңғы кеуделері нәзік жатаған түктермен қапталған , аралық бунағы жоғарғы жағынан көлденең қаптарланған;аналығының қанаттары сары түсті , аталығының бетүстінің ортасы ойықтанбаған. Құрсағының түп жағы азды-көпті қызыл-жирен түсті. Аяқтары қара түсті , құрсағының сабақшасы да қара түсті. Осы белгілері сарықанатты сфексті өзіне жақын басқа түрлерден айыруға мүмкіншілік береді.Ең нағыз айырмашылық белгісі-аталығының мұртшаларының құрылысы: олардың 7-ші және 8-буындарының жоғарғы жағында жіңішке иілген сезімтал аймақтары болады , оны плакоидтар деп атайды.Түрдің екі үлгісі бар. Біріншісі келесі белгілермен ерекшеленеді: алдыңғы кеудесінің ортасы шамалы үзыншақ болып жаншылған,аналығының беті мен айналасындағы түктері алтындай сары түсті, алдыңғы және ортаңғы арқасы қалың жез сияқты жылтыр жатаған түкпен жабылған; аяқтарының тікенектері қызыл сары түсті , алдыңғы сандары қызыл сары; қанаттары ашық сары реңді, аталықтарының плакоидтары жіңішке. Екінші үлгісінде аналығының алдыңғы арқасы дөңес, оның бетүсінде аздаған ұзын қоңыр түктері бар, беті жез сияқты күмістей жылтыраған жатаған түктермен жабылған, алдыңғы жамбастары дерлік қара түсті, қанаттарының реңінің сары түсі аздау, аяқтарының тікенектері қара немесе қоңыр түсті және аталығының плакоидтары жалпағырақ. Бірінші үлгі негізінен тау етегі және аласа тауларда, екіншісі жазықтық жерлерде тіршілік етеді.Түр Оңтүстік-батыс Еуропа,Солтүстік Африкадан Оңтүстік-батыс Азия арқылы Орта Азия және Қазақстанға дейін кең таралған.Қазақстандағы таралу аймақтары:Оңтүстік Қазақстан-Барсакелмес аралы,Құланды,Қызылқұм шөлі,Оңтүстік-Шығыс Қазақстан-Іле өзенінің аңғары , Батыс Балқаш маңы-Мыңаралдан оңтүстікке қарай 5-10 шақырым , Іле Алатауының тау етегі мен аласа таулары;Жоңғар Алатауының аласа таулары;Қырғыз жотасының тау етегі мен аласа таулары , Бетпақдала шөбі , Оңтүстік-Батыс Қазақстан-Маңғыстау түбегі , Солтүстік Каспий маңы.Осы жәндік күн санап азаюда.Түрді қорғау үшін шөлді аймақтың барлық жерінде шағын қорықтар ұйымдастырса дұрыс болар еді!
## Дереккөздер
* "Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен" - Алматы: Алматыкітап баспасы, 2009 |
Карин Кнапп (1987 жылдың 28 маусым айында Италия, Бруникода дұниеге келген) – итальяндық кәсіби теннисшы, экс-35-ші ракетка.
## Жетістіктері
* Жеке сында әлемдегі экс-25-ші ракетка.
* Жеке сында ITF сериясындағы турнирлерде 5 дүркін жеңімпазы (барлығы – 11).
* Жұптық сында әлемдегі экс-145-ші ракетка.
* Италия ұлттық командасының құрамасында Федерация Кубогының 1 дүркін жеңімпазы (2013).
## Жалпы Ақпарат
Әкесінің аты Алоиза, анасының аты Марианна.Үш ағайынды, Каринның екі үлкен ағалары бар. Ағаларының аты – Штефан және Михаэль.
Әке-шешесінің қолдауымен Карин 7 жасынан бастап тенниспен айналыса бастады.
2002 жылдан бастап кәсіби теннисшы. Бапкері – Франческо Пикари.
Грунтта өнер көрсеткенді ұнатады. Форхенды өте жақсы қойылған.
Кпапп неміс, ипальян, ағылшын тілдерін толық менгерген.
## Спорттық карьерасы
Жыл соңындағы рейтингі
## Турнирларда Өнер Көрсету
Жеке дәрежедегі турнирледе өнер көрсету
Жеке сында WTA турнирлердің финалы (1)
Жеңілістер (1)
Жеке сында ITF турнирлерінің финалы (18)
Жеңісі (5)
Жеңілісі (13)
## Жұптық сындар
Жұптық сында WTA чемпионатының қорытынды финалы (1)
Женілісі (1)
## Сілтемелер
* www.wtatennis.com
* www.itftennis.com Мұрағатталған 18 шілденің 2014 жылы.
* www.fedcup.com Мұрағатталған 17 сәуірдің 2015 жылы. |
Конюхово — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Конюхов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 812 адам (399 ер адам және 413 әйел адам) болса, 2009 жылы 468 адамды (223 ер адам және 245 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Куломзино — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Конюхов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан солтүстікке қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 212 адам (101 ер адам және 111 әйел адам) болса, 2009 жылы 139 адамды (69 ер адам және 70 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сарғылт қоғашық (лат. Pycreus flavescens) — қияқөлеңдер тұқымдасы қоғашық туысына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 5-30 см-дей.
* Үш қырлы, тегіс сабақтары бірігіп топталып өседі, кейде дара болады.
* Масақша гүлдері дара жынысты, гүлсерігі болмайды, шатырша тәрізді гүлшоғырға топталған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.
* Жемісі - екі жағынан қысыңқы келген жаңғақша.
## Өсетін жері мен таралуы
Субтропикалық және тропикалық белдеулерде, сирек жағдайда қоңыржай белдеулерде таралған. Ылғалы мол далалы аймақтарда, өзен-көлдердің, бөгендердің жағалауында өседі.
## Дереккөздер |
Қияқөлең (лат. Carex) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын бір үйлі (сирек жағдайда 2 үйлі) көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 30 см-ден 1,5 м-ге дейін жетеді.
* Тамыр сабағы топыраққа төселе жайылып шым төмпешіктер түзеді.
* Сабағы тік, үш қырлы, кей түрінде қабыса жалпайған. Жер асты тамыр сабағынан жер үстіне жапырақ шығаратын және гүлдеп жеміс беретін өркендер дамиды.
* Жапырақтары жіңішке, сабақтың тамырға жақын түбінен шығады.
* Гүлдері дара жынысты, масақ, сыпыртқы тәрізді, шоғырбас гүлшоғырына жиналған. Кейде гүлшоғыры бір масақты болады. Масағы бірыңғай аталық немесе аналық гүлдерден құралады, кейде аралас (масақтың ең ұшында аталық гүлдер, одан сәл төменірек аналық гүлдер) болатындары да кездеседі. Аналық гүлдер ұшы жіңішкеріп, түбі кеңейген қалташада орналасады. Қияқөлеңнің кейбір түрлерінің жер бетіне кең таралуында қалташаның маңызы зор. Қалташа аналық жатынын, одан пайда болған жемісін сыртқы ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Ерте көктемде гүлдейді, желмен және жәндіктермен тозаңданады.
* Жемісі - 3 қырлы жаңғақша.
## Өсетін жері мен таралуы
Жер бетінің барлық жерінде өседі. Қазақстанда барлық аймақтарына таралған 94 түрі бар. Әсіресе, Шу-Іле таулары, Қаратау жотасы (Оңтүстік Қазақстан аймағында), Мұғалжар тауы, Тарбағатай жотасы, Көкшетау тауы, т.б. аймақтардың батпақты, ылғалды, сортаң топырағындағы шалғындықта, далалы, шөлейтті, жартылай шөлейтті жерлерінде өседі, сондай-ақ барлық биіктік белдеулеріне таралған.
## Шаруашылықтағы қолданысы
Қияқөлеңерді гүлдемей тұрған балғын кезінде шауып алып, малға жемшөп дайындайды.Сабағын әр түрлі бұйымдар тоқуға пайдаланады және сүрлем дайындайды.Шым түзеп өсетіндіктен сусымалы құмдарды бекітеді.
## Дереккөздер |
Банкс немесе Бэнкс (ағылш. Banks Island) — Канаданың Арктикалық архипелагының батысындағы ең ірі аралы, 73°00′ с. е. 121°30′ б. б.73.000° с. е. 121.500° б. б. / 73.000; -121.500 . Канаданың Солтүстік-Батыс аумағындағы Инувик округінде орналасқан.
Канада территориясының бір бөлігі. Жері 64 мың кm². Жері жазық, үстіртті (биіктігі 762 м-ге дейін) келеді. Мұнда тундра өсімдіктері өседі. Банкста талдар өспейді, ең биік өсімдік - арктикалық ақ тал, биіктігі 10 см-ден кішкентай.
Аралдың солтүстігінде Олавик ұлттық паркі орналасқан.
Банкс аралында ақ қазы, қошқарөгіз, тундралық карибу, ақ аю, т.б. тундралық жануарларды кездестіруге болады. Бэнкс аралдарында алғашқы рет ақ аю мен қоңыр аюдың буданы табылған.
Ең ірі қаласы - Сакс-Харбор. |
Қияқөлеңдер тұқымдасы немесе Қияқ гүлділер тұқымдасы (лат. Cyperаceae) - дара жарнақтылар класына жататын, көп жылдық тамыр сабақты өсімдіктер.
## Ботаникалық сипаты
Қияқ гүлділер – көпжылдық шөптесін, сирек ұзын немесе қысқа тамырсабақты біржылдық өсімдіктер. Сабағы үш қырлы, сирек – цилиндрлі, іші паренхималы ұлпаға толы болады, буын және буынаралықтары нашар жетілген. Жапырақтары сабағының үш жағында да өседі, пішіні жіңішке ланцет тәрізді болып, шеттері төмен қарай иілген болып келеді. Тілшесі болмайды, кейбір түрлерінде қабыршақ түрінде кездеседі. Бұтақтануы бүйірлі-түптенеді. Бүйірлі горизонталь өркендерінен тамырсабақтары қалыптасады.
Гүлшоғыры – жай масақ немесе күрделі, көптеген гүлдерден тұрады, сирек масағында бір гүлі болады. Жай және күрделі масақтары сыпыртқы, шатырша, жұмыргүл гүл шоғырына топтанады.
Гүлдері ұсақ, түссіз. Гүл серігі болмайды, олардың орнына үлпектері немесе түктері болады. Андроцейі бір шеңберлі, үш аталықтан тұрады. Гинецейі екі немесе үш жеміс жапырақшасынан тұрады. Үстіңгі жатын, бір ұялы, бір тұқым бүрі болады. Аналық мойнында екі немесе үш жіп тәрізді ұзын аналық мрйны болады.
Гүлдері қос жынысты немесе дара жынысты болып келеді. Дара жынысты түрлерінде (қияқөлеңде) көбіне бір үйлі болады да, сирек екі үйлі болады. Бір үйлі түрлерінде гүл шоғырлары қос жынысты себебі гүл шоғрының бір бөлігінде аналық гүлдер, екінші бөлігінде аталық гүлдер өседі. Қияқөлеңнің аналық гүлдерінде гүл қабыршақтарынан басқа гүл қапшықтары болады, олар екі гүл жапырақтарының бірігіп өсуінен түзіледі. Бұлардың жемістері осы қапшықтың ішінде болады. Қияқгүлділер тұқымдас өсімдіктердің жемісі – үшбұрышты, шар тәрізді немесе қабысқан жаңғақ. Тұқымы эндоспермді, ұрықты қоршап жатады.
Мысал ретінде қынапты ұлпабасты – лат. Eriophorum vaginatum (орыс. пушица влагалищная) алып қарастырамыз. Көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 30-100см, көп, тік, аз үшқырлы, түбінде қынапты қоңыр түсті жіңішке жапырақтары өсіп тұрады. Сабақ жапырақтары екі-үш, олар редукцияланған ұлпа түрінде болады.
Гүлшоғыры – масақ, жеміс пайда болғанда шар пішінді болады. Гүлдері ақ ұлпа түрінде өседі. Аталығы үшеу, ұзын тозаңқабы болады. Аналығы біреу, бір ұялы, үстіңгі жатын, аналығының мойны ұзын, аналық аузы жіп тәрізді келеді. Гүл формуласы: *P3+3 немесе P0 A3-0 G(3)-(2)
* Биіктігі 1,5-4 м.
* Сабағы 3 қырлы, кей түрлері жұмыр сабақты.
* Жапырақтары қынапты, жіңішке таспа пішінді, көбінесе сабақтың түбінен дамиды Жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Жапырақ жиектеріндегі тіс тәрізді иректері төмен қарай бағытталғандықтан пышақтың жүзіндей өткір болады.
* Гүлдері әр түрлі, негізінен, масақ гүлшоғырына жиналған, бірақ араларында сыпыртқы, шатырша, шашақ, шоғырбас тәрізді гүлшоғырлары да кездеседі. Гүлшоғырларынан таралған бұтақтары түрін өзгерткен жабын жапырақтарының қолтығынан шығады.
* Гүлдері ұсақ, қос жынысты кейде дара жынысты. Жатыны бір ұялы, аузы 2-3 тілімді. Маусым-қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді.
* Жемісі - 3 қырлы, шар тәрізді, өздігінен ашылмайтын жаңғақша.
* Майда тұқымдарының эндоспермінде крахмал мен май көп болады.
* Қияқөлеңдер тұқымдасы негізінен шымтезек (торф) түзетін өсімдіктер.
## Өсетін жері мен таралуы
Қияқөлеңдер тұқымдасының жер бетінде кең тараған 120 туысы, 4 мыңнан астам түрлері бар. Негізінен қоңыржай белдеуде өседі. Қазақстанда 17 туысы, 160 астам түрі кездеседі.
## Тұқымдас тармақтары
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.