text
stringlengths 3
252k
|
---|
Воронов Геннадий Иванович (31.7.1910, Калинин облысы)- Советтік мемлекет және партия қайраткері. 1931 жылдан КОКП мүшесі. Еңбек жолын 1929 жылы Череповец пен Пермь заводттарында электр монтерлік жұмысты бастаған. Томск индустрия институтын (1936) бітірді, Новосибирск марксизм-ленинизм институтында оқыды. 1937-1938 жылдары Томск қаласы,Киров ауданы партия комитеті үгіт-насихат бөлімнің меңгерушісі, 1939-1955 жылдары Чита облысы партия комитетінің секретары және оның 1-секретары, 1955-1957 жылдары КСРО А.ш министрінің орынбасары, 1957-1961 жылдары КОКП Орынбор облысы комитетінің 1-секретары болды. 1971-1973 жылдары КСРО Халықтық бақылау комитетінің председателі. 3-8 сайланған КСРО Жоғары Советінің депутаты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Виштак Степанида Демидовна (17.10.1918 жылы туған.,Киев облысы,Васильков ауданы)- дәнді дақылдар мен қант қызылшасын өсірудің әйгілі шебері. УССР, Киев облысы, Васильков ауданы «Ряданська Украина»колхозының жетекшісі.1950 жылдан КОКП мүшесі. Соц. Еңбек Ері атағын 2 рет алған (1949, 1952). Виштактың звеносы 1948 ж. бидайдың әр гектарынан 33,6 ц, 1949 ж. 38,3 ц, жүгеріден 1950ж. 76,9 ц, 1951 ж. 78ц өнім жинады. 1950ж. қант қызылшасынан рекордтық өнім(гектарынан 683 ц) алды. В-тың звеносы 1965-67 жылдары әр гектардан 370-460 ц қант қызылшасын жинады. В.- 4-8 сайланған КСРО Жоғ. Советінің депутаты. Украин КП ОК-нің мүшесі (1966 жылдан), КОКП 20-23-съездерінің делегаты. Ол 6 рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Әлішер Тоқмағамбетов (1913,Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы -1953, сонда) - педагог, сыншы,журналист. ҚазҰПУ-ды бітірген(1936). 1936 - 69 ж. Алматы педагогикалықучилищесінде, мұғалімдер институтындаоқытушы болған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1946 - 48 ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің тілшісі, 1949 -53 ж. туған ауылында орта мектептемұғалім болған. Көптеген сын макалалар, очерктер, әңгімелер, фельетондар жазған. "Абай творчествосының тәлім-тәрбиелік мәні, т.бәдеби-зерттеу мақалалары бар. "ҚызылЖұлдыз" орденімен, медальдарменмарапатталған.
## Дереккөздер |
Исмагилов Загир Ғарипович ( 08. 01. 1917 жылы туған, Башқ ACCP-i, Белорецк ауд.) — башқұрт совет композиторы. Башқ. АССР халық артисi, РКФСР-дiң еңбек сің. өнер қайраткері (1945). 1943 жылдан КОКП мүшесі. Жасында халық құрайшысы атанды. 1954 жылы Москваның П. И. Чайковский атынд. консерваториясының композиция бөлiмiн (В. Г. Ференің класы бойынша) бiтiредi. 1934-1937 жылдары Башқұрттың драма театры оркестрінде қызмет етті. АССР Жоғ. Советінің депутаты (1959), КОКП 22-23-съездерінің делегаты.
## Дереккөздер |
Тракенен жылқысы - мініс жылқысының тұқымы. 18 ғасырда Тракенен жылқы з-дында (қазіргі Калининград обл.) шығарылған. Бұл тұқымды шығаруда ағылшынның таза тұқымды мініс жылқысы, араб жылқысы, басқа да мініс жылқысының тұқымдары, олардың жергілікті литван жылқысымен араласқан будандары пайдаланылған.Бұл-тұрқы ұзын,сүйегі мықты,бұлшық еттері жақсы жетілген,спорттық жылқы. КСРО жылқы заводтарындағы айғырының орташа өлшемі:шоқтығына дейінгі биікт.166,қиғаш өлшегендегі дене тұрқы 168,7,кеуде орамы 196,2 жіліншік орамы 21,7. Айғырының орташа салм.595кг, биесі 560кг. Т. ж. КСРО-да, ГДР,ГФР,ПХР және басқа да Еуропа елдерінде өсіріледі, сондай-ақ Азия елдері мен Лат. Америкасында оны жергілікті мініс жылқысының тұқымын жақсарту үшін пайдаланады.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Пуйманова Мария (8.6.1893,Прага,-19.5.1958 сонда)-чех.жазушысы. Чехославакия халық суретшісі (1953).1945 жылдан ЧКП-ның мүшесі. Алғашқы әңгіме,повестері «Қанат аясында» (1920) жинағы мен «Дәрігер Геглдің пациенті» (1931) романында саяси-әлеуметтік, моральдық-этикалық мәселелер көтерілді. «Адасқандар» (1937), «Отпен ойнау» (1948), «Қайсар өмір» (1952) трилогиясы арқылы оның аты оқырмандар арасына кеңінен танылды. Фашизм басқыншылығы кезінде « Жыр жинагы» (1939), «Ана өлеңдері» (1940), « Алдын ала сезіну» (1942) т. б. өлеңдер жинағын жариялады. Ол өмірінің соңында «Пани Кюри» (1957) поэмасы мен «Аленнің қарындасы» (1958) повесін жазды. П. 1932ж. КСРО-да болып, «Жаңа жерге көзқарас»атты сапарнамасын жариялаған. Ол- 1937,1948,1951,1953, 1955 ж. Мемлекет сыйлығының лауреаты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Исмайыл Саттаров (1916, Алматы, — 20. 03. 1944, сонда) — ұйғыр совет ақыны, драматург, Алғашқы өлеңдері ұйғыр тiлiнде шығатын «Қизил туғ» («Қызыл ту» ) газетiнде 1936 жылы жарияланды. И. С. өзінің өмiрлi шығармаларымен 20 жылдардағы ұйғыр совет поэзиясының және оның көрнекті өкілдері Омар Мұхаммеди, Нұр Исраилов, Тұрды Хасан дәстүрiн алға дамытты. Ол лирикалық өлеңдермен бiрге «Гүлзар бақтың қызы», «Қopғaн» поэмаларын және бiрнеше драм. шығармалар жазды. Д. Ж. Свифттің «Гулливер ергежейлiлер елiнде», Виктор Гюгоның «Гаврош» шығармаларын т. б. бірқатар туындыларды ұйғыр тiлiне аударды.
## Дереккөздер |
Исмаилов Карим (02. 10. 1907 — 29. 06. 1968) — Тәж. КСР колхоз өндiрiсiнiң көрнекті басшысы, Соц. Еңбек Epi атағын екі рет (1948, 1957) алған. 1932 жылдан КОКП мүшесi. 1928 жылы Душанбеде партия мектебін бiтiрген. 1933-1941 жылдары Орджоникидзеабад ауд. атқару комитеті председателiнiң орынбасары, председателi. 1941-1945 жылдары Ұлы Оган соғысына қатынасты. Ол Ленин орденiмен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгici» ордендерімен, Бүкiл одақтың а. ш. көрмесінің Үлкен және Кiшi алтын, күмic медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тоқмағамбетов Ғанибек Асқарұлы (2.6.1932, Қызылорда обл., Тереңөзек ауданы 3-ауыл)-қазақ совет географы. Геогр.ғыл.кандидаты (1965). Каз ҚСР Геогр. қоғамының председателі(1975), КСРО ҒА Президиумы жанындағы сел-тасқын мәселелері жөніндегі Ғылми советтің мүшесі(1973). 1963жылдан КОКП мүшесі. С.М.Киров атындағы Қазақ мемл. ун-тінің геогл.-геогр. факультетін бітірген(1956).Қаз. ҚСР ғылым академиясының Геогр. секторының кіші ғылми қызметкері (1956 жылдан),ғылми секретарі(1961);1966 жылдан меңгерушісі. Т.-Қазақстанда гляциология ғылымының қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ғылми жұмыстары негізінен Қазакстанның таулы өңірінің қазіргі және көне мұздануы мәселелеріне арналған. 110 ғылми еңбегі бар. « Іле Алатауы мұздықтары мұзының қалыптасуы» еңбегін Британ гляциол .қоғамы ағылшын тілінде шығарды(1959).
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Исмагилов Муса Исаевич (15. 09. 1911 жылы туған, Орал обл., Усть-Уйский ауд., Дубровная деревнясы) — зоолог, биол. ғыл. докторы (1966). 1941 жылы Қазақтың мемл. университетінің биол. факультетiн бiтірді. 1941-1946 жылы Қызылорда облысындағы Барсакелмес қорығында ғылми қызметкер, 1947-1970 жылдары Қаз. КСР ғылым академиясының Зоол. институтында аға ғылми қызметкер, 1970 жылдан ҚазПИ-де зоол. кафедрасының меңгерушісі. Исмагилов еңбектерінің биология, медицина, а. ш. және аңшылық шаруашылығында үлкен маңызы бар.
## Дереккөздер |
Истомин Иван Григорьевич (07. 02. 1917 ж. ш., Ямал-Ненец ұлт округы, Мужа с.) — ненец совет жазушысы, публицист, сыншы және суретшi. Ненец әдебиетiнiң негiзiн қалаушылардың бiрi. 1945 жылдан КОКП мүшесi. Обь жағасындағы балықшылар семьясында туған. Омбы пед. институтын бітірген. Шығармалары 1936 жылдан басыла бастады. Сов. өкіметі жылдарында ненецтердiң тұрмысы мен сана-сезiмiнде болған зор өзгерiстердi суреттейді. «Сауат», «Қуаныш», «Олжа» т. б. әнгімелерінде, «Соңғы көш» повесі мен «Қардағы гүл» пьесасында (1946) және көптеген өлеңдерiнде жаңа өмір орнатып, мәдениетке ұмтылған Ямал тұрғындарының бейнесiн жасады.
## Дереккөздер |
Адель Эмели Санде
Адель Эмели Санде(10 наурыз 1987,Алфорд,Шотландия)-шотландық әнші мен өлеңдердің авторы.Сандe «Diamond Rings”трекін ”Chipmunk” рэпермен жазғаннан кейін,бірінші рет халықтың алдында әйгілі болып шықты.Ол өте көп артистерге олең жазды,соның ішінде Шер Лойд,Parade,Сьюзан Бойл,Габриэль,Preeya Kalidas,Леона Льюис,Алиша Диксон,Шерил Коул,Тайни Темпа және Mutya Keisha Siobhan.2010 жылы Эмели EMI Music Publishing пен келісім-шарт қол қойды.Сосын Санде Virgin Records лейблмен контрактқа отырды.Санде өзінің Heaven синглың тамыздың 2011 жылында шығарды.Ол Our Version of Events альбомын 2012 жылының ақпаныңда шығарды. Сол альбом Ұлыбританияда нөмір бір болып шықты.Және сол 2012 жылда Эмели Лондонға олимпиада ойындарының екі ашылу мен жабылу рәсімінде аттанды. |
Конрад Хаас (нем. Conrad Haas); (1509, Венаның қасындағы Дорнбах - 1576, Германштадт (Сибиу)), ортағасырдағы құрастырушы, Еуропадағы бірінші әйгілі ракетаны жасаушы..
Конрад Хаас Германштадтқа 1551 жылы Фердинанд 1 королінің (Әулие Рим империясының императоры) әскері құрамында оқ атқыш қару маманы ретінде келді. Қалада ол әскери арсеналға жауапты ретінде тағайындалды.1556 жылы Хаас ракеталық техникасы бойынша өзінің 25 жылдық қызметі туралы кітап шығарды (Сибиу қаласының қалалық мұрағатында сақталуда). Осы кітаптың 282 беттерінде ракетаның екі функциясы туралы баяндалады - фейерверк тасымалдаушысы ретінде және қару ретінде. Хаас ракетаны құрудың техникалық детальдарын және көптеген түрлерін сипаттады: Көп сатылы ракета, параллель жалғанған. Сонымен қоса кітапта заманауи ғарыш кемесінің идеясы көрсетілген. Басты назар көп сатылы ракетадағы двигательдің жанармайының қолданылуына аударады. Әр түрлі сұйық жанармайлардың қоспаларын қарастырады. Дельтовидті және колоколообразды стабилизаторлардың сипаттамалары берілген.
Сілтемелер |
Соан мәдениеті – Пәкістан мен солтүстік-батыс Үндістан жеріндегі ежелгі палеолит мәдениеті мен үлгілерінің бірі.
Соан Еуропа мен Африканың ежелгі палеолит мәдениеті мен қатар дамыған. 1930 жылы алғаш рет мәдениет ескерткіштерін зерттеу барысында табылған жерінің өлкесі (Инда құрылысы) атымен аталған. Соанда малта тастардан жасалған құралдар- чопперлер, чоппингтержәне дөрекі өңделген жаңқалар көптеп кездеседі. Қол шаппалар сирек. Соан мәдениеті бірнеше кезеңде дамыған.
Соан мәдениеті Қазақстанда Бөріқазған, Тәңірқазған, Мұзбел, Боқалы, Қызылрысбек т.б жерлерде кездеседі.
## Дереккөздер |
## Сарыханов Нұрмұрат
### Биографиясы және ерен еңбектері
Сарыханов Нұрмұрат (1906 ж, қазіргі Түркменстан, ССР, Геок-тепе селосы,- 4. 5. 1944, Молд. ССР, Бендеры ауданы, Далекеу дер. ) – түрікмен жазушысы. Орта Азия коммунистік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапты. Сарыханов шығармаларында советтік өмір шындығын суреттеді, түрікмендердің өмірі мен тұрмысындағы жаңа нышандарды көрсетті. «Жезде», «Бай ашуы», «Ақ үй», «Ең соңғы киіз үй», «Жарыққа ұмтылу» т.б. әңгімелеріндеескі әдет-ғұрып пен салт-сананы әшкерклксе, «Арман», «Махаббат», «Мерген» атты шығармаларында адамдардың тұрмысы мен санасындағы жаңалықтарды суреттеді. Сарыханов шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 1961 ж оның «Әңгімелер» жинағы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.
## Дереккөздер
## Сарыханов Нұрмұрат
### Биографиясы және ерен еңбектері
Сарыханов Нұрмұрат (1906 ж, қазіргі Түркменстан, ССР, Геок-тепе селосы,- 4. 5. 1944, Молд. ССР, Бендеры ауданы, Далекеу дер. ) – түрікмен жазушысы. Орта Азия коммунистік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапты. Сарыханов шығармаларында советтік өмір шындығын суреттеді, түрікмендердің өмірі мен тұрмысындағы жаңа нышандарды көрсетті. «Жезде», «Бай ашуы», «Ақ үй», «Ең соңғы киіз үй», «Жарыққа ұмтылу» т.б. әңгімелеріндеескі әдет-ғұрып пен салт-сананы әшкерклксе, «Арман», «Махаббат», «Мерген» атты шығармаларында адамдардың тұрмысы мен санасындағы жаңалықтарды суреттеді. Сарыханов шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 1961 ж оның «Әңгімелер» жинағы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.
## Дереккөздер |
## Суармалы жердің сортандануы
### Жалпы жүру процесі
Суармалы жердің сортандануы -топырақ құрамында суда еріитін минерал тұздардың жиналу процесі. Бұған NaCl,MgCl2,CaCl2,Na2CO4,MqSO4,Na2CO2 т.б.жатады. Суармалы жердің сортандануы суару ережесінең сақталмауынан болады Мысалы, шамадан тыс көп суарау нәтижесінде артық су топыраққа сіңіп, жер асты суларымен қосылады. Топырақ қабаты арасындағы су деңгейі көтеріледі, оның кіріс-шығыс тепе-теңдігі бұзылады капиллярлық заңдылыққа сәйкес сортаң жер асты суы топырақтың өсімдік тамыры жайылған беткі қабатына көтеріледі. Ауа райы жерлерде беткі қабатынан су тез буланады да, оның құрамындағы тұз сол қабатта қалып қояды. Бұл топырақтың құнарлы қабатының ылғал, ауа сіңіру күйін әлсіретіп, өсімдіктің өсіп-өнуіне кедергі жасайды, түсімін кемітеді. Мұндай жер бірте-бірте ауыл шаруашылығында пайдалану айналымынан шығып қалады. Суармалы жердің сортандануына қарсы әр түрлі агротехникалық шаралар жүргізіледі.
## Дереккөздер
## Суармалы жердің сортандануы
### Жалпы жүру процесі
Суармалы жердің сортандануы -топырақ құрамында суда еріитін минерал тұздардың жиналу процесі. Бұған NaCl,MgCl2,CaCl2,Na2CO4,MqSO4,Na2CO2 т.б.жатады. Суармалы жердің сортандануы суару ережесінең сақталмауынан болады Мысалы, шамадан тыс көп суарау нәтижесінде артық су топыраққа сіңіп, жер асты суларымен қосылады. Топырақ қабаты арасындағы су деңгейі көтеріледі, оның кіріс-шығыс тепе-теңдігі бұзылады капиллярлық заңдылыққа сәйкес сортаң жер асты суы топырақтың өсімдік тамыры жайылған беткі қабатына көтеріледі. Ауа райы жерлерде беткі қабатынан су тез буланады да, оның құрамындағы тұз сол қабатта қалып қояды. Бұл топырақтың құнарлы қабатының ылғал, ауа сіңіру күйін әлсіретіп, өсімдіктің өсіп-өнуіне кедергі жасайды, түсімін кемітеді. Мұндай жер бірте-бірте ауыл шаруашылығында пайдалану айналымынан шығып қалады. Суармалы жердің сортандануына қарсы әр түрлі агротехникалық шаралар жүргізіледі.
## Дереккөздер |
Ине мүйіс ағысы, Агульяш ағысы – Үнді мұхитындағыжылы ағыс, Африканың оңтүстік-шығыс жағасында. Мозамбик және Мадагаскар ағыстарының қосылуынан пайда болып, оңтүстікке қарай ағады. Орташа жылдағы 2,7 – 3,7 км/сағ. 38 градус оңтүстік ендік маңында Батыс желдер суық ағысымен кездесіп, тереңге кетеді. Суының температурасы ақпанда солтүстігінде 27 градус, оңтүстігінде 20 градус, тамызда солтүстігінде 22 градус, оңтүстігінде 16 градус. Тұздылығы 35, 5 промилья.
## Дереккөздер
Қазақ энцеклопедиясы |
Кеген ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бірлік. Орталығы – Кеген ауылы.
## Тарихы
Кеген ауданы 1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР құрамында бұрынғы Алматы округінің Қарқара және жартылай Еңбекшіқазақ ауданының жерлерінен құрылған.
1932 жылы 20 ақпанда Кеген ауданы Алматы облысының құрамына енді.
1933 жылы 1 мамырға қарай Кеген ауданында Бірлік-Сүмбе, Бөдеті, Жалаңаш, Есекартқан, Қайнар, Қарабұлақ, Қарашығанақ, Кеген, Кеңбұлақ, Көкбел, Қақпақ, Көмірші, Мерке, Мұрап, Нарынқол, Отырықшы-Сүмбе, Пияздық, Подгорный, Сарыжаз, Таушілік, Текес, Тоғызбұлақ, Ұзынбұлақ, Өкірші және Шалкөде ауылдық кеңестері болды.
1934 жылы №336 кеңшар, №337 кеңшар, №50 жылқы зауыты кенттік кеңестері құрылды. Қарашығанақ ауылдық кеңесі таратылды.
1935 жылы Кеген ауданынан жаңа Ұйғыр ауданына Бірлік-Сүмбе, Бөдеті, Пияздық, Подгорный, Тоғызбұлақ ауылдық кеңестері берілді.
1936 жылы Кеген ауданынан жаңа Нарынқол ауданына Есекартқан, Қайнар, Көкбел, Қақпақ, Көмірші, Мұрап, Нарынқол, Отырықшы-Сүмбе, Сарыжаз, Текес, Өкірші және Шалкөде ауылдық кеңестері берілді.
1943 жылы Кеген ауданының орталығы Кегеннен Жалаңашқа көшірілді.
1954 жылы Кеңбұлақ және Мерке ауылдық кеңестері таратылды.
1957 жылы №50, №336, №337 кеңшарлардың кенттік кеңестері сәйкесінше Қарқаралы, Шырғанақ және Тасбұлақ болып өзгертілді.
1959 жылы Тасбұлақ ауылдық кеңесі Алғабас ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Кеген ауданына таратылған Нарынқол ауданының Жамбыл, Қақпақ, Қызылшекара, Ленин, Нарынқол, Сарыжаз, Текес және Шалкөде ауылдық кеңестері қосылды. Сол жылы Кеген ауданының орталығы Кеген ауылына қайтарылды.
1965 жылы Кеген ауданында Тұйық қала типтес кенті құрылды. Жамбыл, Көкпақ, Қызылшекара, Ленин, Нарынқол, Сарыжаз, Текес және Шалкөде ауылдық кеңестері қалпына келтірілген Нарынқол ауданына берілді.
1973 жылы Таушілік ауылдық кеңесі таратылып, Тасашы ауылдық кеңесі құрылды.
1979 жылы Саты ауылдық кеңесі құрылды.
1981 жылы Жылысай және Бөлексаз ауылдық кеңестері құрылды.
1997 жылы 23 мамырда Кеген ауданы таратылып, аумағы Райымбек ауданына берілді..
2018 жылы 31 наурызда жеке аудан болып қайта құрылды.
## Географиялық орны
Солтүстігінде Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарымен, шығысында Райымбек ауданымен, батысында Талғар, Қарасай аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Аудан Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының етегіндегі тау аралық аңғарда орналасқан. Аудан жерінде Аманжол, Көкжайлау, Саты, Қарақия, Қызыл-кезең, Сартасу (Шоқан асу) асулары бар. Таудан басталатын ағыны қатты Қарқара, Кеген, Талды, Шырғанақ, Иірсу, Кеңсу, Орта Мерке, Шет Мерке (бұлардың қосылуынан Шарын өзені құралады) Қарабұлақ , Шелек, Қайыңды, Жіңішке өзендері бар. Көлдері – Қайыңды, Қарақия, Көлсай. Пайдалы қазындылардан қорғасын, мырыш, көмір және құрылыстық тас, құм, балшық кездеседі.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты қоңыржай, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 13,7 градус, шілдеде 14,8 градус ( Кеген станциясында). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-400 мм. Жері күлгін сұр, қиыршық тас аралас қоңыр, қара топырақты келеді. Шырша, қарағай, қайың, терек, үйеңкі, қарағаш, тобылғы, бозқараған, ақ селеу, бетеге, жусан т. б. өседі. Аңдардан сілеусін, түйебөрі, жабайы шошқа, марал, тау ешкісі (тау теке), қарақұйрық, түлкі, қарсақ, суыр, қасқыр, борсық, қоян; құстардан ұлар, қаршыға, ителгі, бұлбұл, көкек, қаз, үйрек т. б. кездеседі.
## Халқы
Аудан халқының саны 32 415 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (99,36%), басқалары (0,64%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
## Әкімдері
* 1928 жылы- Гайнуллин Уәли Нәбиұлы;
* 1929жылы- Күзембаев Мысабек;
* 1930 жылы- Жаңбыршин Кәдір;
* 1931 жылы- Тәжібаев;
* 1932 жылы - Жәрдемәлиев Кәдір;
* 1933-1935 жылдары- Ораз Жандосов;
* 1936 жылы - Қожамбаев;
* 1937 жылы - Сұлтанғалиев;
* 1938 жылы - Үмбетәлиев Байнүсіп;
* 1940 жылы - Мәжит;
* 1941-1944 жылдары Әбдірахманов Байхан;
* 1944-19946 жылдары - Мұқанбаев Хамит;
* 1947-1950 жылдары - Бейсенбаев Сұмағұл;
* 1951-1953 жылдары - Жұбандықов Сағидолла;
* 1954 жылы - Ұрмұрзин Ғазиз;
* 1955-1957 жылдары - Әбдішов Садыр;
* 1958-1959 жылдары - Ибатыов Ғазиз;
* 1959-1962 жылдары Әбілғожин Бекмұханбет;
* 1962-1967 жылдары - Ақбаев Әбдіғани;
* 1967-1677 жылдары Нұрғазиев Үмбетжан;(албан қыстық)
* 1977-1983 жылдары- Серкебаев Сәдуақас;
* 1983-1985 жылдары - Мыңбаев Зиядин;
* 1985-1990 жылдары - Данышпанов Бексырға;
* 1990-1991 жылдары Ұлдарбек Босатқан.
* Талғат Ескендірұлы Байеділов 04.2018-03.2023
* Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев 08.2023 бастап
## Шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 536,0 мың га (1972), оның ішінде егістік 56,5, тыңайған жер 1,1, шабындық 20,9 жайылым 457,5 мың га. 1971 жылғы егісі 72,5 мың га, оның 57,2 мыңына дәнді дақылдар егілді. Аудан негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. 1971 жылдың басында 20,9 мың мүйізді ірі қара, 267,9 мың қой мен ешкі, 10,5 мың жылқы, 86,5 мың құс болды. Қазақтың арқар-меринос қойының тұқымы осы ауданда шығарылған. Аудан автомобиль жолымен қатынасады.Кеген ауданында 37 мектеп, 7 клуб, 47 кітапхана, 35 кино қондырғы, 9 аурухана бар. Қазақ тілінде (1931) «Коммунизм нұры» газеті шығарылады. Орта ғасырлық 36 тас және топырақ қорғандарының, мазарлардың орны сақталған. Бірнеше жерден мыс, қорғасын қорытқан ошақтар мен тасқа түсірілген жазулар табылды.
## Дереккөздер |
Дәріарша – кипарис тұқымдас, биіктігі 5 метрге дейін жететін ірі бұта, немесе шағындау келген ағаш. Гүлдерінің аталықтары да, аналықтары да жапырақ қойнауында өседі. Аталығы ұзынша келген сырға тәрізді, аналығы жасыл бүрлі, ұсақ шар тәрізді. Гұлдерінің төменгі жағы жасырынып жатқан қабықшасы бар өзектен тұрады. Жемісі сағағы қысқа етті келеді де екінші жылдың күзінде пісіп жетіледі.
## Химиялық құрамы
Миуасында 0,5-1,5 процент эфир майы болады. Ол кристалдаған дәріарша камфорасынан, кадиненнен, сесквиктерпеннен және пенинне құралады.
## Қолданылуы
Дәрі мақсатында дәріаршаның миуасы пайдаланылады. Дәріарша миуасы – шемен, асцит, безгек, нерв ауруларына, ревматизмге, әйелдер ауруларыны, сондай-ақ қышыма қотырға, ұшық секілді басқада ауруларға қарсы қолданылатын өте ертеден келе жатқан дәрі.
## Дереккөздер
«Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков. |
Гүлшетен (лат. Rosmarínus officinális) – биіктігі 3-6 метрге дейін жететін майшетен тұқымдас бұта. Қарама-қарсы орналасқан жапырақтары жоғарғы жағында ұзындау үшкір, түп жағы жүрекше тәрізді, шеті тегіс, шағақты келеді. Гүлдері лалалы, ақ, жасыл немесе басқа түсті болып келеді.
## Химиялық құрамы
Гүлдерінде сирингин, сирингопикрик фенилглюкозидтері, эфир майы, фарнезол, қабығында – сирингин, эфир майы болады.
## Қолданылуы
Дәрі мақсатында гүлдері, жапырақтары, бүрлері пайдаланылады. Белорус халық медицинасында гүлдерін шай сияқты қайнатады да қарын жарасына, жөтелге, ентіккенге ем үшін ішеді.
## Дереккөздер
«Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков. |
Гельцер Екатерина Васильевна (14.11.1876,Мәскеу-12.12.1962,сонда)-орыс совет балет әртісі, РКФСР халық әртісі (1925). 1894 жылы Мәскеудің театр училищесін бітірді. 1894-1896 жылдары Үлкен театрда , 1896-1898 жылдары Мариин театрында,1898-1935 жылдары қайтадан Үлкен театрда биледі. Өнерлігі арқылы орыс балет өнерінің реалистік дәстүрін дамытты. Би өнерінде сахналық тұлғалардың ішкі сезімі мен жан дүниесіне терең бойлай отырып, психолгиялық шыдыққа жетті. Революцияға дейін Одетта мен Аврорпны ( Чайковскийдің "Аққу көлі" мен "Ұйқыдағы аруында"), Эсмеральданы (Пунидің осы аттас балетінде) билеген. Гастрольдік-концерттік жұмыстарға қызу лауреаты. КСРО Мемелкет сыйлығының лауреаты (1943). Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Петкер Борис Яковлевич (28.10.1902,Харьков)- совет актері, КСРО халық әртісі (1963). 1945 жылдан КОКП мүшесі. 1918-1919 жылдары Харьковтың драма мектебінде оқып, М.М.Тархановтан сабақ алды. осындағы Н.Н.Синельников театрында (1919-1920) қызмет етті. 1922 жылы Корш театрының драма студиясын бітіргеннен кейін, осы театрдың негізгі құрамына қабылданды. 1933 жылдан Мәскеудің театрының актері. Негізгі рольдері: Плюшкин (Гогольдің "Өлі жандары" бойынша), Василий Шуйский (А.К.Толстойдың "Патша Федор Иоанновичында"), Адвокат (Л.Н.Толстойдың "Анна Каренинасы" бойынша) т.б. киноға түскен. Сахналық тапқырлық мен тұрмыстық детальдардың шебері, өткір мінезді актер. 1961 жылы гастрольдік сапармен Алматыда өнер көрсетті. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Орыс ханның Темірге қарсы соғыстары (14 ғ.). Орыс ханның (1361-80 ж. билік құрды) сыртқы саясаты негізінен әмір Темірдің басқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Өйткені Темір өз мемлекетімен көрші екі ел – Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және әскери-саяси тәуелсіздік жағынан нығайуына бөгет жасамақ болды. Темірдің 14 ғ-дың соңғы ширегінде Шығ. Дешті Қыпшақ пен Жетісу жерлеріне басып кіріп, талап-тонау әрекетіне жергілікті халық, Ақ Орда билеушісі Орыс хан, феод. билеушілер: Тоқтамыс (1381-95 ж. билік етті), Дулат әмірі Қамараддин (Қамар ад-Дин) және Моғолстан ханы Қызыр Қожа (1389-99 ж. биледі) қарсы шықты. Ақ Орданың күшеюіне сескенген Темір Орыс ханға Ақ Ордадағы өз қолшоқпары Тоқтамысты айдап салды. Темірдің әскери көмегіне сүйенген Тоқтамыс 1374-75 ж. Орыс ханға қарсы жорыққа аттанды. Соғыста Орыс ханның баласы Құтлұғ-Бұқа өлді, бірақ Тоқтамыс әскері талқандалды. Темірден жаңа әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханныңұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерінен жеңілді. 1375-76 ж. қыста Орыс хан темір мен оның қолшоқпарының арандатушылық қимылдарына қарсы өзі жорыққа шықты. Екі жақ Сығанақ түбінде кездескенімен, күннің тым суып кетуіне байланысты ұрыс болмады. Келесі жылы Орыс хан тағы да Темірге қарсы аттанды. Бірақ бұл соғыстың нәтижесі беймәлім., өйткені Темір әулетінің шежірешілері Низам ад-Дин Шами мен Шараф ад-Дин Әли Йезди Орыс хан осы жорық кезінде өліпті-міс (1376-77) деп жазады, ал басқа деректер бойынша 1380-81 ж. қайтыс болған. Аса қауіпті дұшпанынан құтылған Тоқтамыс Ақ Ордаға қысымын күшейтіп, 1377 жылдың ақырында Ақ Орданың Сығанақ, Сауран қалаларын басып алды (Низам ад-Дин Шамидің мәліметіне қарағанда Сығанақ 1378-79 ж. алынды). 1377-78 ж. Тоқтамыс Сарай-Берке мен Еділ маңындағы басқа да қалаларды бағындырды. Ақ Орда мен Алтын Орданы билігіне алған Тоқтамыс бұрынғы жебеушісі Темірдің енді өз қарамағындағы Ақ Орданы әлсіретпек болған әрекеттеріне қарсы шықты.
## Дереккөздер
Қазақ энцеклопедиясы |
Нарынқол ауданы – Алматы облысының құрамында болған әкімшілік аудан, қазір Райымбек ауданы құрамында. Жері 7,2 мың км2. Халқы 43,6 мың (1974). Құрамында 8 сельсовет, 10 колхоз бар. Орталығы – Нарынқол селосы.
## Табиғаты
Нарынқол ауданының оңтүстік-батыс бөлігін Тянь-Шянь тау жүйесіне кіретін Теріскей Алатауының көптеген тау жоталары алып жатыр. Солтүстігінде Кетпен жотасының оңт. беткейімен қоршалады. Оның оңтүстігінде теңіз деңгейінен биіктігі 3700 м-ден астам Қаратау т.б. кездеседі. Одан кейін биіктігі 1000-2000 м-ге жететін Текес тау аңғары бар. Пайдалы қазбалардан құрылысқа жарамды тас, әк тас, балшық, құм кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы онша ыстық емес. Қаңтардың орташа температурасы – 14,50С, шілдеде 15,30С . Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400-500 мм, биік таулы бөлікте одан да жоғары. Жерінен бірнеше тау өзендері ағады, олардың Текес, Баянқол, Шалкөдесу және Тұзкөл, Ақкөл, Қаракөл т.б. ірі айдындары бар. Жері тау шалғынды, күлгіндеу, қызыл қоңыр, сортаңдау топырақты келеді. Өсімдіктерден шырша, қарағай, арша, қайың, тал, бұталар, әр түрлі шөпті шалғын, қамыс т.б. өседі. Биік таулы бөлігінде арқар, барыс, сілеусін, тау теке, ақ тышқан; орманды жерде аю, марал, елік, жабайы шошқа, суыр, бүркіт, ұлар, кекілік, бөдене; далалы бөлігінде қасқыр, түлкі, қоян, борсық, сартышқан, қосаяқ; сулы өңірде ондатра, үйрек т.б. мекендейді.
## Халқы
Негізгі халқы – қазақтар (95%); сонымен бірге орыс (2,5%), ұйғыр (2,0%) т.б. ұлттардың өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 6 адамнан. Тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, орман шаруашылығы, баспахана, кірпіш заводтары, колхоз орталықтарында а.ш. машиналарын жөндейтін шеберханалар, электр станциялары т.б. бар.
## Шаруашылығы
Нарынқол ауданы – облыстағы ірі ауыл шаруашылығы аудандардың бірі. Мұнда әсіресе қой шаруашылығы дамыған. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 515,3 мың га (1974), оның ішінде егістігі 70 мың, тыңайған жері 0,8 мың, шабындығы 21,2 мың, жайылымы 428,0 мың га. Орман 27,2 мың га. Егіс көлемі 70 мың га(1974), оның 55 мыңы дәнді, 15 мыңы жем-шөп дақылдар. 1974 жылдың басында 8,2 мың мүйізді ірі қара, 475,5 мың қой мен ешкі, 9,7 мың жылқы болды. Автомобиль транспортының үлесі басым.
## Оқу ағарту ісі мен денсаулық сақтау
Нарынқол ауданында 3 бастауыш, 5 сегіз жылдық, 10 орта мектеп, 2 кәсіптік-тех. уч-ще, 32 клуб, 21 кітапхана, 21 кино қондырғы, 9 денсаулық сақтау мекемелері бар(1974). 1936 жылдан “Советтік шекара” газеті шығады.
## Дереккөздер
М.Қ.Қаратаев. Қазақ совет энцеклопедиясы |
Оңтүстік Қазақстан территориялық геология басқармасы – Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және ішінара Шығыс Қазақстан, бұрынғы Жезқазған облыстары жерінде геологиялық жұмыстар жүргізген өндірістік мекеме. Оңтүстік Қазақстан территориялық геология басқармасы (бұрынғы Қазақ геологиялық басқармасы) 1938 ж. «Қазақ гология Тресі» негізінде ұйымдасты және сол кезде бүкіл Қазақстанда геологиялық жұмыстар жүргізді. Геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық жұмыстар ауқымының артуына байланысты бұл мекемеден 1940-1958ж. Бірнеше мекеме өз алдына бөлініп шықты. 1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан территориялық гелогия басқармасы құрамында 10 экспедиция, 3 партия, орталық лаборатория, геологиялық техниканы жөнду зауыты, құрылыс учаскесі болды. Оңтүстік Қазақстан территориялық геология басқармасы жұмыс жүргізген жер аумағы герцен тектогенезінен біржола нығайған полеозойлық құрылымдар, Альпі тектогенезі нәтижесінде пайда болған жақпарлы көтерілімдер, тау аралық ойпаңдармен (Іле, Бал.аш маңы, Шу-Сарысу, Сырдария, т.б.) сипатталады. Тау аралық ойпаңдардан қоңыр көмір, мұнай, жанғыш газ, азот-гелий газы, т.б. палеозойлық құрылымдардан түрлі металдар мен бейруда шикізат кендері табылды. Басқарма түрлі масштабты карталар жасап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Солардың нәтижесінде бірнеше металдың, бейрудалық шикізаттардың, құрылыс материалдарының ірі кен орындары ашылып, барланды, игерілді, көптеген өндіріс орны ашылды.
## Пайдаланған әдебиет |
Оңтүстік қазақтарының Қоқан хандығына қарсы көтерілісі (1821) – Қоқан билеушілерінің басқыншылық саясаты мен езгісіне қарсы көтеріліс. Әлім (1801-1804 жылдары билік етті) және Омар (1809-1822 жылдары билік етті) хандардың тұсында қоқандықтардың басқыншылық саясаты күшейе түсті. Ұлы жүз жерінің батыс бөлігіне (Ұзынағашқа дейін), Талас алабына, Орта жүздің Ташкент пен Арыс өзені аралығындағы, Түркістан маңындағы жерлерге және Сыр бойындағы (Қазалыға дейін) Кіші жүз қазақтарына Қоқан билеушілері үстемдік жүргізді. Олар Қазақстанның оңтүстігіндегі Сайрам, Шымкент, Түркістан, Әулиеата қалаларын жаулап алып, қазақтарды сауда және қолөнер орталықтарынан айырды. Халықтан алатын алым-салық мөлшерін ұлғайтты. Ауыр салық пен қисапсыз көп міндетті жұмыстардан бас тартқан қазақ ауылдары шапқыншылыққа ұшырап, мал-мүлкі тоналды. Бұл саяси және әлеуметтік езгіге шыдамаған Сайрам, Шымкент және Түркістан қалаларының маңындағы қазақ рулары 1821 жылы Қоқан билеушілеріне қарсы көтеріліске шықты. Аз уақытта көтерілісшілер саны 12 мыңға жетті. Олар Шымкент пен Сайрамды алып, Қоқан ханының бекініс-қамалдарын қоршады. Бірақ көтерілісшілердің қару-жарақтары жеткіліксіз, әскери қуаты әлсіз еді, көтерілістің айқын мақсаты, жан-жақты ойластырылған жоспары болмады. Оның үстіне көтерілістің ырықтан шығып кетуінен қорыққан қазақ билеушілері Қоқан ханымен келісіп, көтеріліс басшысы Тентек төре Қоқанға мойын ұсынды. Көтеріліс қаталдықпен басылып, мыңдаған қазақ өлтірілді, тірі қалғандары құлға айналдырылды. Бірақ, бұл халықтың азаттық күресін тоқтата алмады. Жетісу өлкесінде де, Сыр бойында да халықтың басқыншыларға қарсы бітіспес күресі қанат жайды (қараңыз: Ұзынағаш көтерілісі).
## Пайдаланған әдебиет |
Оңтүстік Жоңғар полиметалл белдеуі - Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік жоталарындағы қорғасын мен мырыш кендері орналасқан аймақ. Ендік бағытқа созылған, ұзындығы 400 км., ені 35-70 км. Шығысында Қазақстан-Қытай шекарасына, батысында оңтүстік Балқаш маңы жазығына дейін созылады; Тышқантау, Бұрқансартау, Қызылқия, Сарышабын, Жуантөбе, Малайсары тауын, Көксу өзені алабын қамтиды. Оңтүстік Жоңғар полиметалл белдеуі Жоңғар-Балқаш геосинклиналь жүйесі құрамына кіретін, каледон және герцин тектогенездері нәтижесінде қалыптасқан Текелі құрылымдық-фациялық зона болып саналады. Бұл зона көрші құрылымдардан солтүстікте Текелі-Сайрамнұр, оңтүстікте Оңтүстік Жоңғар терең жарылыстарымен бөлінген. Қатпарлы табанын төменгі палеозойдың кварцты құмтасты сарышабын (Қалыңдығы 2000 м) кремнийлі-карбонатты суықтөбе (160м), кремнийлі-көмірлі - тақта тасты текелі (1700 м), әк тасты жыланды (2000 м) свиталары құрайды. Төменгі карбонның вулкантекті – шөгінді жыныстары полеозой құрылымдарына шалыс немесе брахисинклинальдарда орналасқан. Ортаңғы карбонның гранитоидтары, пермьмезозойдың сілтілі және граниттік интрузиялары әр түрлі массивтер құрайды. Белдеу аумағындағы 140-тай үлкенді-кішілі кендер мен руда белгілерінің 50 пайыздан астамы әр түрлі руда формацияларына жататын қорғасын мырыш кендері. Бұлардың ірілері - Көксу, Текелі маңында. Өсек өзені алабында, Пирит-галенит-сфалерит формациясына жататын өндірістік маңызы бар кендер болған (Текелі, Батыс Текелі, Алмалық, Александров, желжота, Қорғас, т.б.) текелі свитасының көмірлі-тақта қабаттары арасында орналасқан. Сом және сеппе түріндегі рудалар линза тәрізді қабатаралық ірі денелер түрінде, ал құрамы жағынан күкіртті-колчеданды, күкіртті-колчеданды-полиметалды, полиметалды болып келеді. Руда минералдарының бастылары: пирит, мельниковит-пирит, сфалерит, галенит. Кендер маңында кварцтану, доломиттену сияқты гидротермальдық өзгерістер байқалады. Тремолит-галенит формацияларының ірі кендері (Орталық Суықтөбе, Көксу, Үсек, Күйелі, Шығыс Суықтөбе, Тельман, Майлысай, Петров, т.б.) жерлерде кездеседі. Бұлардағы руда минералдарының бастылыры: галенит, сфалерит, пирротин, пирит. Кендер төңірегінде гидротермальдық өзгерістер (термолиттену, пикросендену, кварцтану, биотиттену, хлориттену, бариттену) дамыған. Белдеу шегіндегі руда өндірілетін кендер (Текелі, Суықтөбе, Көксу, т.б.) – кезіндегі Текелі қорғасын-мырыш комбинатының шикізаты болды.
## Пайдаланған әдебиет |
СүйіншітСандықбаев (1885, қазіргі Алматы облысы Іле ауданы Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) ауылы - 1946, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Мойынқұм ауылы) – қоғам қайраткері. Тегі дулат руының Ботбай тармағындағы Шағай атасынан шыққан.
1900 жылы ауыл молдасынан хат таныған. 1916 жылы ол Үлкен Алматы болысының басқарушысы әрі биі Байбосын Тамабаевтың бастауымен «патшаның маусым жарлығына» қарсы шығып, елді қарулы көтеріліске үндеген (ҚР ОМА, 51-қ., 1-т.). 1918 жылы өз еркімен қызылдар жасағына қосылып, О. Жандосов, О. Исаев, Т. Бокинмен бірге қазақ ауылдарын Азамат соғысының бүліншілігінен қорғап қалуға қатысқан. (ОМА, 361-к., 1-т., 170-іс). 1920 жылы Өлкелік оқу-ағарту комиссарының нұсқауы бойынша Верный қаласында ашылған облыстық қазақ педагогтарын даярлайтын 6 айлық курста оқыған. 1920 жылдан Үлкен Алматы болысының түркі бастауыш мектебінің меңгерушісі болған. 1922 жылы қыркүйек айында Алматы болыстық атком мүшелігіне кіріп, қосшы одағының төрағалығына сайланады. 1923 жылы Үлкен Алматы болысының атқару комитеті төрағасының орынбасары бола жүріп, жергілікті органдарда мектеп ашуға, мектеп комитеттерін құруға басшылық жасайды. Сондай-ақ патшалық Ресейдің отаршылық саясатымен қуаң далаға – Қараой, Жаманқұм адырына ығыстырылған қазақ ауылдарын тарихи мекендері - бұрынғы Осташкин селосына көшіреді. 1924 жылы шілде айынан бастап бұл село «Сандықбаев сләні» деп аталған. 1925 жылы мұнда жатақханасы бар үлкен қазақ мектебі ашылып, 1950 жылға дейін «Сандықбаев мектебі» деп аталып келді. Іле ауданының балалары білім алу мүмкіндігіне ие болған. 1941 жылы Жамбыл облысы Шу ауданының жергілікті ұйымдарында жауапты қызмет істей жүріп, Белбасар, Еңбек ауылдарының мектептерінде ұстаздық еткен. 2000 жылы Іле ауданындағы Шилікемер ауылындағы көшеге Сандықбаевтың есімі берілген.
## Пайдаланған әдебиет |
## Сатани-дар
### Мағынасы
Сатани-дар ( « Шайтан төбе» )- Арменияның Талин ауданы Арагац тауы бөктеріндегі ежелгі палеолиттік мекен. Оны 1945-49 ж. С. А. Сардарян, С. Н. Замятнин және М. З. Паничкина зерттеді. Төбеден обсидиан мен базальттан жасалған көптеген қарапайым құралдар, қол шапқылар, чопперлер, куб формалы, әрі ірі дискілі нуклеустар табылған. Оларды пішіні, дайындау техникасы және сақталуы жөнінен 2 топқа бөлуге болады: кейінгі шелль дәуіріне жататын көне заттар; кейінгі ашель дәуіріне жататын заттар.
## Дереккөздер
## Сатани-дар
### Мағынасы
Сатани-дар ( « Шайтан төбе» )- Арменияның Талин ауданы Арагац тауы бөктеріндегі ежелгі палеолиттік мекен. Оны 1945-49 ж. С. А. Сардарян, С. Н. Замятнин және М. З. Паничкина зерттеді. Төбеден обсидиан мен базальттан жасалған көптеген қарапайым құралдар, қол шапқылар, чопперлер, куб формалы, әрі ірі дискілі нуклеустар табылған. Оларды пішіні, дайындау техникасы және сақталуы жөнінен 2 топқа бөлуге болады: кейінгі шелль дәуіріне жататын көне заттар; кейінгі ашель дәуіріне жататын заттар.
## Дереккөздер |
Сатрапия — Ахемен әулеті мемлекетіндегі сатыраптар басқарған әскери-әкімшілік аймақтар. Сатрапияға бөлінуді алғаш II Кир енгізді. Б.з.б 518 ж. шамасында I Дарий мемлекетті 20 Сатрапияға бөлді, олардың шекаралары көбіне жекелеген мемлекеттердің (Вавилон, Египет, Үндістан т.б ) шекараларымен сәйкес келді. Сатрапияның саны мен шекарасы ауысып отырды, олардың әрқайсысы белгіленген мөлшерде салық төледі, өз заңдары мен дәстүрлерін, тілдерін сақтады. Сатрапияға бөліну Ахемен әулеті аймағын Ескендір Зұлқарнайын жаулап алғаннан кейін де (б.з.б. 330), Селевки әулеті және Сасани әулеті мен парфия патшалығында сақталды.
## Дереккөздер |
Саурықсай – Теріскей Алатауының сілемі, Меридиан жотасының батыс беткейіндегі күрделіаңғарлық мұздық.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан. Мұздықты 1915 жылы геолог В.В.Резниченко ашқан. Мұздықтан Байынқол өзенінің сол саласы – Саурықсай өзені бастау алады.
## Сипаты
Ұзындығы 5,1 км, оның ішінде ашық жері 4,8 км. Жалпы ауданы 7,9 км², мұзқар (фирн) алаңы 4,2 км², ашық жатқан тілі3,5 км², борпылдақ жыныстар жапқан бөлігі 0,2 км². Мұзқар сызығы 3920 м биіктікте, мұздықтың ашық жатқантілі 3480 м биіктікте аяқталады. Орташа қалыңдығы 76 м, көлемі 0,6 км³.
## Дереккөздер |
## Саумалдық тұқымдасы
### Кездесетін аймақтары
Саумалдық тұқымдасы ( Oxalidaceae)- қос жарнақты өсімдіктер класының бір тобы. Әдетте ет-женді, тамыртүйнекті не баданалы шөптесін, кейде шала бұта немесе кейде бұта не аласа ағаш түрінде кздесетін өсідіктер. Гүлді жеке-жеке не топтанып орналасқан, аталығы 10, аналығы 5, туысқа жататын 900-ден астам түрі тропик пен субтропикте, әсіресе Оңтүстік Африка және Мексикада кең таралған. КСРО-да 1 ғана туысқа жататын 6 түрі кездеседі. Бұдан Қазақстанда 3 түрі Қызылқұмда, Қостанай маңында бау-бақшаларда, арық және өзен бойларында, егістікте арам шөп ретінде, Алтайда қылқан жапырақты орман арасында өседі.
## Дереккөздер
## Саумалдық тұқымдасы
### Кездесетін аймақтары
Саумалдық тұқымдасы ( Oxalidaceae)- қос жарнақты өсімдіктер класының бір тобы. Әдетте ет-женді, тамыртүйнекті не баданалы шөптесін, кейде шала бұта немесе кейде бұта не аласа ағаш түрінде кздесетін өсідіктер. Гүлді жеке-жеке не топтанып орналасқан, аталығы 10, аналығы 5, туысқа жататын 900-ден астам түрі тропик пен субтропикте, әсіресе Оңтүстік Африка және Мексикада кең таралған. КСРО-да 1 ғана туысқа жататын 6 түрі кездеседі. Бұдан Қазақстанда 3 түрі Қызылқұмда, Қостанай маңында бау-бақшаларда, арық және өзен бойларында, егістікте арам шөп ретінде, Алтайда қылқан жапырақты орман арасында өседі.
## Дереккөздер |
Шамәлі Тынық (укр. Сі́верський Доне́ць, орыс. Северский Донец, Птолемейде Танаид, Танаис, Геродотта Сиргис)- РКФСР-дің Белгород және Ростов, УССР-дің Харьков, Донецк және Варашиловград облыстары жеріндегі өзен, Донның оң саласы. Ұзындығы 1053 км, алабы 98,9 мың км². Жоғарғы ағысы бөгеттер және бөгендермен реттелген, төменірек кең аңғармен ағады. Донец маңында өзен тар аңғармен өтеді. Ірі салалары: Оскол, Айдар, Калитва. Негізінен қар суымен қоректенеді. Суы наурыз- сәуір айларында тасиды. Орташа су шығыны 160м³/сек. Желтоқсан айында қатып, наурыз айында мұзы кете бастайды. Донецк қаласына дейін (222 км) кеме жүзеді. Волга-Дон қаласының салынуына байланысты атырауында Усть- Донецк порты салынған. Өзеннен Северский Донец – Донбасс каналы басталады. Жағасында Белгород, Чугуев, Изюм, Лисичанск, Счастье, Донецк, Каменск-Шахтинский, Ақ Калитва қалалары орналасқан.
## Дереккөздер |
Сілдірек (селдірек, deschampsia caespitosa) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 40-125 см, қалың шым түзеді, сабағы тік, беті тегіс, жапырағы жіңішке, жоғарғы жапырақтарының шеті өткір, бұдырлы, төменгілері қысқалау, жалпақтау, аздап ширатылған, сыпыртқысы шашыраңқы біткен, масағы сарғылт- қоңыр не күлгін түсті, кейде ақшыл, ұзындығы 3,5-5 мм. Маусым шілде айларында гүлдейді. Солтүстік Америка, Монғолия, Үндістан, Иран, Батыс Еуропа, КСРО-нің Еуропа бөлігінде, Кавказда, Орта Азия, Батыс Шығыс Сібірде, таралған. Қазақстанда Зайсан, Балқаш- Алакөл атырабында, Түркістан маңы, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тянь-Шаньның шабындықтарында, өзен, көл бойында, тауда альпілік белдеуге дейінгі батпақты жерлерде, ылғалды ормандарда, таралған. Сілдіректі гүлдегенге дейін мал жақсы жейді.
## Дереккөздер |
Самсы көтерілісі, Ботбай көтерілісі – 1916 жылы Жетісу өлкесінде өрістеген ұлт азаттығы жолындағы қозғалыстың ірі ошақтарының бірі. Ол Ресей патшасы ІІ Николайдың 25 маусымдағы «Бұратаналарды әскери іс-қимылдардың жұмыстарына пайдалану» жөніндегі жарлығына орай басталды. Верный полиция басқармасының штабс-полицмейстрі Поротниковтың ресми хабарламасында Самсы станцияның төңірегіне қоныстанған «Ботбай болысының көтерілісшілерін Самалтыр Диханбаев басқарды. Оның көмекшілері – Хасанбай Әдербеков және Нарбай, сондай-ақ болыс старшындары мен билері» деп жазады. Көтеріліс басшылары көрші болыстарға да хабар салып, 7-8 шілде күні олар Үлкенсаз жайлауында бас қосқан. «Соғыс жүргізіп жатқан патшаға адам бермейміз, бөтен жерде зорлық-қорлықпен қаза болғанша өз топырағымызды жастанып өлгеніміз артық » деп боз биенің бауыздау қанына қолдарын малып, ант суын ішеді. Архив құжаттарына «Ботбай көтерілісі» деген атпен енгенімен, анттасу рәсіміне Верный уезіндегі 11 болыстың басқарушылары мен ақсақалдары қатысқан. Осы кезде 16 жасар гимназия оқушысы Ораз Жандосов пен Тоқаш Бокин елді аралап, жаппай қарулануға, патша әскерлеріне жеке-дара шабуылдамай күш біріктіре қайрат көрсетуге үндеген. Жайлымыс болысына қарасты 4-а тұрғыны Бекболат Әшекеев Үшқоңыр тауына ту тігіп, уезд орталығы – Верныйға шабуыл жасауға әзірлене бастайды. Оған Ботбай және тағы басқа болыстардың көтерілісшілері қосылуға тиіс болады. 22 шілдеде генерал-губернатор И.А. Фольбаум Верныйдағы собор алаңына жергілікті рубасылары мен болыс басқарушыларын жинап, майдан жұмысына шақырудың мәнін түсіндіреді. Бірақ бұл жиын қолдарына ашына қару алып, отаршыл орыс үкіметіне жаппай қарсы көтерілген халық жолына тосқауыл бола алмады. Тек Верный маңындағы емес, Жаркент, Қапал, лепсі уездерінің тұрғындары көтеріліске шықты. Тіпті, Шу өңірінен Рақымбай Оразалыұлының ұйымдастыруымен таңбай Қожабайұлы, Ағыбай Бейсенұлы бастаған 50 адамның Ботбай көтерілісіне келіп қосылғаны туралы архив деректері бар. 15 тамызда Жаркент уезінің көтерілісшілері Қарқара мен Охотничый кенті аралығындағы орыс келімсектерінің қоныстарын түгелдей қиратты. Жетісу өлкесін жайлаған көтеріліс дүмпуі үкіметінің үрейін ұшырып, герман-орыс майданында соғысып жатқан 2 полк шұғыл жеткізілді. Әсіресе жергілікті әкімшілік басшылары өлкедегі маңызды стратегиялық нүкте - Верный қаласының іргесіндегі көтеріліс ошақтарын іштен ыдыратып, жедел түрде басып-жаныштауға ұмтылды. Майдан жұмысына алынатын адамдардың тізімін жасап бермегені үшін Жетісу болысының әскери губернаторы Фольбаум 1916 жылы 3 тамыздағы бұйрығымен Ботбай болысының басшысы Қалдыбек Алғадаевты қызметінен босатып, оның орнына кандидат Қасен Әжібаевты тағайындайды (ҚР ОМА, 44-қор, 1-тізбе, 19743-іс). Бірақ бұл істің беталысын өзгерте алмайды, ашынған халық шиті мылтықпен, айбалта, сойылмен қарулана бастайды. Жаңадан тағайындалған болыстың 5 тамызға шақырған жиыны өтпей қалады. Себебі, дәл осы күні Самсының төменгі сағасында патша жарлығына қарсы 500 адамнан құрылған топтың жиыны өтіп, майдан жұмысына адам бермеу және Ырғайты, Тайторы, Шығыс және Батыс Қастек, Жайылмыс т.б. болыстардың халқымен бірлесе қарулы көтеріліске шығу жөнінде бәтуәласады. Бұл жиынға болыстыққа кандидат Бейсенбай Қанапияұлы, бұрын болыс болған Ақкүшік Жолдыбаев, би Досым Боқасаров, сондай-ақ Хасанбай Әдербеков (Айдарбеков), Қалдыбай Тайторов, Әбдіжапар Самалтыров, Жақыбай Бекбердин, Кетембай Рысқұлбеков, Әлдеке Бейсенбинов, Қасым Қаражанов және т.б. елге силы ақсақалдар мен байлар қатысып, басшылық жасайды (ҚР ОМА, 797-қор, 1-тізбе, 36-іс). Бұлармен қатар көтерілісті ұйымдастырушылардың қатарына да Батыс Қастек болысынан – бұрынғы болыс басқарушысы Шерікбай, бұрынғы халық соты Шалғыбай, Қашаған, Аршабек билердің, Тайторыдан бұрынғы халық соты Темірбектің аты жөндері келтірілген (бұл да сонда 60-61 бет).Осы кезеңде көтерілісшілерді іштен ыдыратып, басып-жаншу мақсатында Қаскелең бекетінде арнаулы комитет құрылып, оның құрамына урядниктер А.Г.Малышев, С.Ф.Плотников, полицей У.Манкин, сот М.Ыстыбаев, жергілікті байлар М.Алпысбаев пен А.Тасболатов кіреді. Көтерілісшілер арасына тыңшы-сатқындар жіберіледі. А.Склюевтің ресми рапортының бірінде (1.4.1913) арнаулы комитет құрамына енген Алпысбаев пен Тасболатовтың 1911 жылдан «жансыз» - тыңшы ретінде полицияға қызмет етіп келе жатқандығы көрсетілген.1916 жылы 6 тамызда елден майданға жігіт жинауға келген патша шенеунігі - Отар учаскесінің приставы Гислевтың отрядына қарсы жергілікті тұрғындар қарулы қарсылық көрсетті. Самсы бекетін Ботбай және т.б. болыстардан келген 5 мың адам қоршап алды. 1916 жылы 6 тамызда түркістан өлкесінің генерал-губернаторы А.Н.Курапаткинге жолдаған жеделхатында Фольбаум бұл туралы: «Бүгін кешкісін Верный уезіндегі Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстарының тобырланған қазақтары Самсы станциясының маңында Отар учаскесінің приставына көпе-көрнеу бағынбай, дұшпандық жасап, телеграф желісін қиып тастады, почта жолын бөгеді... Бүлікшілерді жазалау және орыс селендерін қорғау үшін әскер жіберілді» деп хабарланған. (Восстание 1916 г. В Средней Азии и Казахстане, М., 1960) Самсы станциясына шабуыл саябырсыған кезде, 7 тамыз күнгі таңғы сағат 6-да Гилев отряды және почта бастығы Никитиннің тобы Казанско-Богородское (қазақша Ұзынағаш) селосына қашып шығады. Көтерілісшілер жергілікті патша әкімшілігін жақтаған бірнеше орыс көпестері мен мұжықтарын тұтқындайды. Самсыға жедел түрде есаул Бакуревич басқарған жазалаушы отряд жіберіліп, күш - қаруы тең емес тараптардың шайқасы басталады. Көп ұзамай хорунжай Александров жүздігі мен прапорщик Махонин басқарған рота келіп, Самсы төңірегіндегі тұрғындарды қырғынға ұшыратады. Айбалта, бақан, сойылмен ғана қаруланған көтерілісшілер зеңбірек пен винтовкадан жауған оққа төтеп бере алмай, недәуір шығынға ұшырайды, біразы тұтқындалады. Жазалаушы отряд көтеріліс басшыларын іздеп, бейбіт елді аяусыз тонап-талап жатқанына шыдай алмай Бекболат Әшекеев пен оның бір топ серіктері өз еркімен қолға түседі. Верныйға айдап бара жатқан жолда, Қырғауылда бөлдегінде О.Жандосов пен Бейсенбай Қарынбаев бастаған Ботбай жігіттері жазалаушы орыс отрядына тұтқиылдан шабуыл жасап, тұтқынға түскен көтерілісшілерді – Қырбай Базымбековті (Көшек ауылы) Бейсенбай Қаратаевты (Күрті болысы) босатып алады. Күзеті мықты болғандықтан Бекболаьтты құтқарудың сәті түспейді. Көп ұзамай Әшекеев пен Үлкен Алматы болысының биі Байбосын Тамабаев Поротниковтың бұйрығымен дарға асылады. Көтерілістің өзге жетекшілері – Диханбаев пен Әдербеков 1917 жылы Ақпан төңкерісі кезінде Верный түрмесінен босатылады.
## Пайдаланған әдебиет |
## Сема жотасы
### Орналасуы
Сема жотасы – Алтайдың Солтүстік- Батыс бөлігіндегі жота. Оңтүстік- батысында Теректі жотасын, Солтүстік – Батысында Қатын өзенінің сол жағалауын бойлай Сема өзенінің сағасына де»ін созылып жатыр. Ұзындығы 120км, биіктігі 2506 м. Көбіне метаморфты жыныстарда түзілген. Беткейлерінде бал қарағай, қара самырсын, самырсын, қара ағаш, қарағай, қайың, жөке ағаштары өседі. Одан жоғары тастақты тундра.
## Дереккөздер
## Сема жотасы
### Орналасуы
Сема жотасы – Алтайдың Солтүстік- Батыс бөлігіндегі жота. Оңтүстік- батысында Теректі жотасын, Солтүстік – Батысында Қатын өзенінің сол жағалауын бойлай Сема өзенінің сағасына де»ін созылып жатыр. Ұзындығы 120км, биіктігі 2506 м. Көбіне метаморфты жыныстарда түзілген. Беткейлерінде бал қарағай, қара самырсын, самырсын, қара ағаш, қарағай, қайың, жөке ағаштары өседі. Одан жоғары тастақты тундра.
## Дереккөздер |
Балашау - Ресейдегі Саратов облысындағы қала. Хопёр өзені бойында. Темір жол және тас жолдар торабы. Халқы - 80 668 адам (2013 ж.санағы бойынша). Жеңіл және тамақ өнеркәсісібінің ірі орталығы. Педагогикалық институт, ауыл шаруашылығын механикаландыру, аң тірісі мамандарының колледжі, музыкалық колледж, т.б. бар .
## Географиясы
### Климаты
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
## Селемджа
### Өзен жайлы жалпы анықтама
Селемджа – РСФР-дің Аур облысындағы өзен, Зеяның ірі сол саласы. Ұзындығы 647 км, алабы 68,6 мың км². Ям-Алинь және Эзоп жоталарының тоғысар жерінен басталып, жоғарғы ағысында тау арасымен (Экимчан поснен төмен аңғары кеңейеді), төменгі ағысы Зея- Бурея жазығының солтүстік етегін басып ағады . Негізгі салалары: Ульма (сол), Нора (оң). Негізінен жаңбыр суымен қоректенеді. Орташа су шығыны 715 м³/сек, ең көбі (маусым) 10300 м³/сек, ең азы (наурыз) 5 м³/сек. Өзен қараша айында қатып, мамыр айында мұзы кетеді. Кеме жүзеді және Селемджа алабының жоғарғы бөлігінде алтын кен орны бар.
## Дереккөздер
## Селемджа
### Өзен жайлы жалпы анықтама
Селемджа – РСФР-дің Аур облысындағы өзен, Зеяның ірі сол саласы. Ұзындығы 647 км, алабы 68,6 мың км². Ям-Алинь және Эзоп жоталарының тоғысар жерінен басталып, жоғарғы ағысында тау арасымен (Экимчан поснен төмен аңғары кеңейеді), төменгі ағысы Зея- Бурея жазығының солтүстік етегін басып ағады . Негізгі салалары: Ульма (сол), Нора (оң). Негізінен жаңбыр суымен қоректенеді. Орташа су шығыны 715 м³/сек, ең көбі (маусым) 10300 м³/сек, ең азы (наурыз) 5 м³/сек. Өзен қараша айында қатып, мамыр айында мұзы кетеді. Кеме жүзеді және Селемджа алабының жоғарғы бөлігінде алтын кен орны бар.
## Дереккөздер |
## Суверениет
### Жалпы мағынасы
Суверениет (мемлекеттік ) (франц. Souverainete- жоғарғы үкімет ) - бір мемлекеттің ішкі үкімет билігі мен сыртқы саясатының басқа мемлекеттен толық тәуелсіз және дербес болуы. «Суверениет» терминін мемлекет құқық мәнінде тұңғыш рет 16-шы ғасырда Францияда Ж. Боден енгізді. Суверениет принциптері БҰҰ-ның уставы бойынша бекітілген жалпыға бірдей халықаралық принциптер болып табылады. Империалисттік мемлекеттер отар елдері мен экономикасы әлсіз, нашар дамыған шағын ұлттық елдердің өзін-өзі билеу құқықтарына қол сұғып, суверендік принциптерімен санаспауға тырысады. Совет одағы халықаралық жағдайда өзінің ұлттық және сыртқы саясатында суверендік принциптерді дәйектілікпен жүргізіп келеді. Үлкенділі-кішілі мемлекеттердің суверендігін құрметтеп, империализм езіп- жаншып отырған халықтардың мемлекеттік тәуелсіздігі үшін күресіне жәрдем көрсетіп отыр. Маркстік- лениндік партиялар, революцияшыл жұмысшы табы халықтардың суверениетін қорғауды өзінің басты борышының бірі деп санайды.
## Дереккөздер
## Суверениет
### Жалпы мағынасы
Суверениет (мемлекеттік ) (франц. Souverainete- жоғарғы үкімет ) - бір мемлекеттің ішкі үкімет билігі мен сыртқы саясатының басқа мемлекеттен толық тәуелсіз және дербес болуы. «Суверениет» терминін мемлекет құқық мәнінде тұңғыш рет 16-шы ғасырда Францияда Ж. Боден енгізді. Суверениет принциптері БҰҰ-ның уставы бойынша бекітілген жалпыға бірдей халықаралық принциптер болып табылады. Империалисттік мемлекеттер отар елдері мен экономикасы әлсіз, нашар дамыған шағын ұлттық елдердің өзін-өзі билеу құқықтарына қол сұғып, суверендік принциптерімен санаспауға тырысады. Совет одағы халықаралық жағдайда өзінің ұлттық және сыртқы саясатында суверендік принциптерді дәйектілікпен жүргізіп келеді. Үлкенділі-кішілі мемлекеттердің суверендігін құрметтеп, империализм езіп- жаншып отырған халықтардың мемлекеттік тәуелсіздігі үшін күресіне жәрдем көрсетіп отыр. Маркстік- лениндік партиялар, революцияшыл жұмысшы табы халықтардың суверениетін қорғауды өзінің басты борышының бірі деп санайды.
## Дереккөздер |
Формозов Александр Николаевич [1(13). 2. 1899, Нижний Новгород, қазіргі Горький,- 22.12.1973. Мәскеу]- совет биологы, биогеогафы, суретші-анималист. 1925 ж. Москва университетін бітіріп, 1930 жылдан сонда қызмет істеді, осы институттың профессоры (1935). 1930-34 ж. аң терісі және аң шаруашылығы институтында өзі ұйымдастырған зоология кафедрасында мұғалім болды. 1945 жылдан КСРО ғылым академиясының Геогр. Институтында қызмет істеп, биогеография бөлімін ұйымдастырды. Көптеген экспедицияларға (Кавказ, Бат. Сібір, Байқал сырты, Қиыр Шығыстың оңтүстігі, Қазақстан, Монғолия) қатысты. Оның негізгі еңбектері қардың сүт қоректілер мен құс эволюциясында, қазіргі таралуындығы, экологиясындағы маңызына, жануарлар дүниесіне, антропогендік факторлардың тигізетін әсерін зерттеуге, кәсіптік жануарлардың саны динамикасын, ареалы өзгерісін т. б. зерттеуге арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Подшивалов Степан Степанович (1880-1937)- Жетісуда Совет өкіметінің орнауына,нығаюына белсене қатысушы. 19 жасында Оңтүстік-Шығыс т.ж. Купян ст-ндағы депоға жүмысқа кірді.1898 жылы Екатеринослав губерниясының Жадов заводында слесарь, 1903 жылға ейін рудниктерде жұмыс істеді. 1903-1907 жылдары патша армиясының қатарында болды. 1918 жылы Лепсі уезінде Совет өкіметінің орнауына белсене қатысты. 1920 жылы Лепсі уездік аткомының председателі, Лепсі уездік партия комитетінің мүшесі. Талдықорған қалалық ревкомының председателі (1922), Лепсі уездік ревкомының председателі (1924). Бұдан кейінгі жылдары шаруашылық жұмыстар атқарды.
## Дереккөздер
Қаза энциклопедиясы |
Евгений Евгеньевич Королёв (14 ақпан 1988 жыл, Мәскеу, КСРО) — орыс теннисшісі, 2010 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанның намысын қорғайды.
Королёв – Анна Курникованың туған жиені, олардың аналары апалы-сінілі болып келеді. Әкесі Евгений ұлы Евгенийды 4 жастан өзі тенниске бағыттап үйреткен.Үш тілді толық меңгерген : ағылшын ( жеті жастан таныса бастаған), неміс, орыс тілдері.
2010 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанның намысын қорғайды. Сол сәтте Королёв әлемнің 53-ші ракеткасы болған, және де Ресейдің 4-ші ракеткасы болған жағдайы бар. Королёвқа дейін Қазақстан Республикасы жалауының астында Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева деген алғашқы ресейліктер теннис алаңында өнер көрсетіп жұрген.
## Спорттық карьерасы
Төрт жастан Лужникида теннис ойнауды бастаған, 6 жасында Лариса Преображенская тобына түсіп Мәскеу қаласы Ширяев алаңындағы ең әйгілі корттарда жаттыққан. 10 жасында отбасымен Германияға қоныс аударып, осы уақытқа дейін әкесі Евгений басқаруымен, және де ағасы Алексеймен жаттығады. 15 жастан бастап Германияда челленджерлерге қатысып кәсіби турларда ең бірінші жеңіс сандарын жинай бастады. Ең қадыр тұтатын теннисшылардын ішінде Пит Сампрас, Андре Агасси, Стефан Эдберг.2005 жылдан кәсіби теннисшы болды.
Евгений Королёвтың челленджер турнирларында 5 рет жеңіске жетті (3 рет Ахенде жеңген):
* 2005 – Ахен, Германия,
* 2006 – Дюссельдорф, Германия,
* 2007 – Ахен, Германия,
* 2008 - Ахен, Германия,
* 2009 – Щецин, Польша.
2009 жылдың наурыз айында американың Делрей-Бичеде карьерасында алғаш рет, квалификациядан өтіп АТП турнирында финалға шықты, әйтсе де іріктелген сеткада 1-ші орында болып өнер көрсетіп жатқан америкалық Марди Фишке 5-7, 3-6 есебімен ұтылды. АТП турында осы финал 100-ші болып есептелді ( 47 жеңіс – 53 жеңіліс ) .
Өз активінде Николай Давыденко, Карлос Мойя, Джеймс Блейком, Дмитрий Турсунов, Станислас Вавринка, Игорь Андреев, Фернандо Гонсалес, Робин Сёдерлинг, Гильермо Каньяс, Марат Сафин деген белгілі теннисшылардан басым түсіп жеңіске жеткен жәйі бар.
## Турнирларда өнер көрсетуі
## Жеке дәрежедегі турнирледің финалдары
## Жеке сында ATP Турнирінің финалы (1)
### Жеңісі (0)
### Жеңілісі (1)
## Қызықты фактілер
2010 жылдың 10-шы қаңтарына дейін Королёв қазақстандық теннисшы болуға шешім қабылдағанына қарамастан ( Ресей Федерациясының президенті Шамиль Тарпищев осы жайлі спорттық басылымдарға хабарлаған), 2010 жылдың 15-ші қаңтарындағы Тарпищевпен ұсынылған спорт, туризм министрының орынбасары Г.П. Алёшинмен мақұлданған «2010 жылға теннистен Ресей Федерациясының спорттық құрама командасына кандидаттар тізіміне» Королёв №6-шы болып негізгі құрамына кірген.
## Сілтемелер
* ATP сайтындағы профилі
* Фан-сайт Мұрағатталған 11 қарашаның 2007 жылы. |
Воскобоева, Галина Олеговна
Галина Олеговна Воскобоева ( 1984 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеу қаласында, КСРО-да дүниеге келді) — орыс теннесисті, 2008 жылдың жазынан бастап Қазақстанның намысын қорғайды.
Жұптық сында миксте Үлкен шлемның 1 дүркін жартылай финалисты (Roland Garros-2012) .
Жұптық сында WTA сериясындағы турнирлерде 5 дүркін жеңімпазы.
Юниорлар рейтингінде әлемде экс – 5 ші ракетка.
Жұптық сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін жартылай финалисты (US Open – 2000).
## Жалпы Ақпарат
Галинаның әкесінің аты Олег, анасы Елена жұзуден дәріс береді. Воскобоеваның бір ұй жануары бар. Ол Габриэла деген мысық.
2005 жылы Воскобоева РУДН-ды оқып шыққан.
Воскобоева екі тілді толық меңгерген : ағылшын, орыс тілдері.
Анасы Галинаны 6 жастан өзі тенниске бағыттап үйреткен. Хардтта өнер керсеткенді ұнатады. 2008 жылдаң бастап Қазақстан Республикасының намысын қорғап жұрген тағы бір қазақстандық теннисші.
## Спорттық карьерасы
Алты жастан ойнауды бастаған. 2002 жылдың тамыз айынан бастап кәсіби теннисшы.
2014 жылдың 24 ақпан айындағы ақпаратқа жұктелсек жеке дәрежедегі турнирлерде өнер көрсетіп, оның ішінде 350 матчте жеңіске жетіп, 286 матчте жеңілген. Сол уақытта жұп сынындағы турнирлерде өнер көрсетіп, оның ішінде 266 матчте жеңіске жетіп, 208 матчте жеңілген.
.Жеке дәрежеде өнер көрсететін теннишылардың рейтингінде 2012 жылы 7 мамыр айында ең жоғарғы 42 орынды ұстап тұрды, ал жұптық сында 2012 жылдың 20 тамызында ең жоғарғы 26 орынды ұстап тұрды.
Жеке сында 2009, 2012 жылдары Галина Воскобоева Үлкен Шлем турнирінде қаңтар айында Мельбурнде өтетін Австралия ашық чемпионатының ұшінші айналымда өнер көрсетті. 2008, 2009, 2013 жылдары Франция Ашық Чемпионатының екінші айналымында жеңіліске жетті. Және де келесі Лондонда өтетін Үлкен Шлем Турнирінде, Уимблдон-2012-де ,2013-те екінші айналымға дейін жеттіп, жеңілді. АҚШ Ашық Чемпионаты Үлкен Шлем Турнирінде (US Open –2012, 2013) Галина Воскобоева екінші айналымында жеңіліске жетті.
Жұптық сында 2007 жылы Галина Воскобоева Үлкен Шлем турнирінде қаңтар айында Мельбурнде өтетін Австралия ашық чемпионатының 1/4 финалында өнер көрсетті. 2008, 2013 жылдары Франция Ашық Чемпионатының 1/4 финалында өнер көрсетті. Және де келесі Лондонда өтетін Үлкен Шлем Турнирінде, Уимблдон-2012-де ұшінші айналымға дейін жеттіп, жеңілді. АҚШ Ашық Чемпионаты Үлкен Шлем Турнирінде (US Open – 2006, 2013) Галина Воскобоева ұшінші айналымында жеңіліске жетті.
### Жыл соңындағы рейтингі
## Турнирларда Өнер Көрсету
## Жеке дәрежедегі турнирледе өнер көрсету
### Жеке дәрежеде WTA турнирлердің финалы (1)
Жеңілістер (1)
### Жеке дәрежеде ITF турнирлердің финалы (6)
Жеңістер (3)
Жеңілістер (3)
## Жұпты сында өнер көрсету
### Жұпты сында WTA турнирінің финалы (14)
Жеңісі (5)
Жеңілісі (9)
### Жұпты сында ATF турнирінің финалы (18)
Жеңісі (10)
Жеңілісі (9)
## Сілтемелер
* WTA сайтындағы профилі
* ITF сайтындағы профилі Мұрағатталған 4 наурыздың 2014 жылы.
* www.fedcup.com Мұрағатталған 30 наурыздың 2016 жылы. |
Сілеті ауданы — Целиноград облысының солтүстік-шығысында болған әкімшілік бірлік. Құрамында 7 ауылдық, 3 кенттік кеңес болған. Орталығы — Сілеті ауылы.
## Тарихы
Аудан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен 1973 жылы 25 желтоқсанда құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 ақпандағы N 3370 «Ақмола облысының Сiлетi ауданын тарату туралы» Жарлығымен Сілеті ауданы таратылды. Аудан аумағы Ақкөл және Ерейментау аудандары мен Степногорск қаласы арасында бөлінді.
## Әкімшілік бөлінісі
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 2 кенттік және 9 ауылдық кеңеске қараған 28 елді мекен болған:
## Халқы
## Орналасу ерекшелігі
Аудан Сарыарқа мен Батыс-Сібір жазығының жалғасқан жеріндегі далалық өңірде орналасқан. Сарыарқаға жататын батыс бөлігі үстіртті шоқылы, Сілеті өзен жүйесінің аңғарлармен тілімделген. Батыс-Сібір жазығына қараған жағы жазық, тегіс келеді. Теңіз деңгейінен биіктігі оңтүстік-батысында 400 м, солтүстік шығысында 100 м. Ең биік жері — Қоянды тауы (431 м ).
## Пайдалы қазбалары мен климаты
Пайдалы қазыналардан алтын, темір, тас көмір кендерінің шағын кендері, әктас, құрылысқа жарамды тастар, кірпіштік шикізат кездеседі. Климаты тым континиенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ірі көлдері: Мамай, Шолақсор.
## Флора және фаунасы
Жері негізінен қызыл қоңыр, қара топырақты; өзен жайылмаларында шалғынды қызыл топырақ кездеседі. Селеу, бетеге т.б өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, елік, бөкен, дала тышқандары,; құстан бүркіт, кезқұйрық, дуадақ, тауқұдірет, қызғыш, қаз, үйрек, т.б мекендейді. Халқы көп ұлтты; қазақтар орыстартар украиндар және т.б. халықтар қоныстанған. Өнеркәсіп орындарынан алтын рудниктері, көмір шахтасы, автомобиль жөндеу заводы, тігін фабрикасы, аудандағы тұрмыс қажетін өтнйтін комбинат, жылжымалы механикаланған колонн, электрстанция т. б. шоғырланған.
## Дереккөздер |
## Сүрлем қоймасы
### Салыну мақсаты
Сүрлем қоймасы - сүрлем салатын және сақтайтын орын. Сүрлем қоймасы траншея, мұнара, ор түрінде жасалады. Олардың ішкі қабырғалары мен едені ауа, су өткізбейтін мықты және кедір-бұдырсыз тегіс етіп салынады. Қысы суық аймақтарда сүрлем қатпайтын болуы керек. Ыза суы терең болатын аймақтарда Сүрлем қоймасының қолайлысы, іші цементтелінген траншея, ор, ал ызы суы жер бетіне жақын аймақтарда – сүрлемдік мұнаралар мен жер асты мұнаралар. Мұнара әдетте жер үстінен, жартылай мұнара 3-4,5 м етіп жерден қазылып салынады, оның жер бетіндегі биіктігі 3-4 м болады. Бұлар мал қораға жақын салынады.
### Түрлері және тазалық шаралары
Қазіргі кезде сүрлемді мал өздігінен жей алатын мұнаралар салынуда, ол үшін оның төменгі жағына жалғастырылып ақыр-астау салынады. Ақырға сүрлем өз салмағымен түсіп тұрады да, транспортер арқылы ұзына бойына тартылады. Сүрлем қоймасының орташа сыйымдылығы 500-700 т, үлкендерінікі 3000 т. мұнараға салынған балауса өз салмағымен жақсы тығыздалады, ауа, ылғал кірмейді. Сондықтан ондағы сүрлем өте сапалы, қоректік заттары жақсы сақталған, құнарлы болады. Сүрлем траншеялары екі түрлі болады: бірі тереңдігі- 2,5-3,5 м етіп жерден қазылады да, екіншісі жер бетінен салынады. Жерден қазылып жасалатын траншея ыза суы терең аймақтарда болады. Оның ұзындығы шаруашылыққа қажетті сүрлем мөлшеріне қарай әр түрлі, үстінің кеңдігі 5-8 м, ішкі қабырғасы түбіне қарай көлбеу жасалады. Жер бетіндегі траншея қарама-қарсы екі қабырғасы кірпіштен, темір-бетоннан қаланады. КСРО-да БС-1600 және БС-900 мұнаралары салынған. Сүрлем алынып болғаннан кейін тазалап, қабырғасын, еденін сумен жуады. Сүрлем салар алдында оны 5%-тік әк ерітіндісімен ақтайды.
## Дереккөздер
## Сүрлем қоймасы
### Салыну мақсаты
Сүрлем қоймасы - сүрлем салатын және сақтайтын орын. Сүрлем қоймасы траншея, мұнара, ор түрінде жасалады. Олардың ішкі қабырғалары мен едені ауа, су өткізбейтін мықты және кедір-бұдырсыз тегіс етіп салынады. Қысы суық аймақтарда сүрлем қатпайтын болуы керек. Ыза суы терең болатын аймақтарда Сүрлем қоймасының қолайлысы, іші цементтелінген траншея, ор, ал ызы суы жер бетіне жақын аймақтарда – сүрлемдік мұнаралар мен жер асты мұнаралар. Мұнара әдетте жер үстінен, жартылай мұнара 3-4,5 м етіп жерден қазылып салынады, оның жер бетіндегі биіктігі 3-4 м болады. Бұлар мал қораға жақын салынады.
### Түрлері және тазалық шаралары
Қазіргі кезде сүрлемді мал өздігінен жей алатын мұнаралар салынуда, ол үшін оның төменгі жағына жалғастырылып ақыр-астау салынады. Ақырға сүрлем өз салмағымен түсіп тұрады да, транспортер арқылы ұзына бойына тартылады. Сүрлем қоймасының орташа сыйымдылығы 500-700 т, үлкендерінікі 3000 т. мұнараға салынған балауса өз салмағымен жақсы тығыздалады, ауа, ылғал кірмейді. Сондықтан ондағы сүрлем өте сапалы, қоректік заттары жақсы сақталған, құнарлы болады. Сүрлем траншеялары екі түрлі болады: бірі тереңдігі- 2,5-3,5 м етіп жерден қазылады да, екіншісі жер бетінен салынады. Жерден қазылып жасалатын траншея ыза суы терең аймақтарда болады. Оның ұзындығы шаруашылыққа қажетті сүрлем мөлшеріне қарай әр түрлі, үстінің кеңдігі 5-8 м, ішкі қабырғасы түбіне қарай көлбеу жасалады. Жер бетіндегі траншея қарама-қарсы екі қабырғасы кірпіштен, темір-бетоннан қаланады. КСРО-да БС-1600 және БС-900 мұнаралары салынған. Сүрлем алынып болғаннан кейін тазалап, қабырғасын, еденін сумен жуады. Сүрлем салар алдында оны 5%-тік әк ерітіндісімен ақтайды.
## Дереккөздер |
Сцегенный
## Биографиясы
Сцегенный ( sciegienny) Петр (19. 1. 1801, Бильча, Кельце маңы, - 6. 11. 1890, Люблин )- поляк революционері. 30-шы жылдардың аяғынан шаруалар арасында революциялық насихат жүргізді. Шығармаларында («Алтын кітапша, немесе Адамзат тұқымының тарихы», « Адамзат қоғамының құрылымы туралы афоризмдер» т.б.) әлеуметтік теңсіздік пен қанауды сынады. Орыс, поляк революционерлерімен тығыз байланыс жасады. 1844 ж. Сцегенный ұйымдастырған шаруалар көтерілісі сәтсіздікке ұшырап, Сцегенный жер аударылды. 1871 ж. еліне қайтып оралды.
## Дереккөздер |
## Сілеті ойпаңы
### Ойпаң жайлы жалпы мәліметтер
Сілеті ойпаңы – Ерейментау (шығыста) және Ешкіөлмес (оңтүстік - бастыста) антиклинорийлерінің арасындағы каледондық құрылым. Солтүстік- шығыс бағытта созылған. Ойпаң қанаттары спилит- кератофирлік және терригендік-кремнийлік кремний формацияларынан құралған, орталық жағы ордовиктің (5000 м) терригендік және флиш қабаттарымен толған. Ордовик жыныстары жайпақ қанатты (15-25º) брахиформалық қатпарлар түзеп, ұзындығы 180 км, ені 15-20 км тектоникалық ойыс құрайды. Ордовиктің ақырғы кезінде түзілген горст көтерілім ойпаңды екіге бөледі. Шығыс бөлігі кембрий жыныстарынан, батыс жағы ордовик қабаттарынан құралады. Ойпаң жапсарларын силурдың, девон-тас көмірдің шалыс жатқан шөгінділері жапқан. Рифті әк тастары құрылыста қолданылады. Фосфорит белгілері кездеседі.
## Дереккөздер
## Сілеті ойпаңы
### Ойпаң жайлы жалпы мәліметтер
Сілеті ойпаңы – Ерейментау (шығыста) және Ешкіөлмес (оңтүстік - бастыста) антиклинорийлерінің арасындағы каледондық құрылым. Солтүстік- шығыс бағытта созылған. Ойпаң қанаттары спилит- кератофирлік және терригендік-кремнийлік кремний формацияларынан құралған, орталық жағы ордовиктің (5000 м) терригендік және флиш қабаттарымен толған. Ордовик жыныстары жайпақ қанатты (15-25º) брахиформалық қатпарлар түзеп, ұзындығы 180 км, ені 15-20 км тектоникалық ойыс құрайды. Ордовиктің ақырғы кезінде түзілген горст көтерілім ойпаңды екіге бөледі. Шығыс бөлігі кембрий жыныстарынан, батыс жағы ордовик қабаттарынан құралады. Ойпаң жапсарларын силурдың, девон-тас көмірдің шалыс жатқан шөгінділері жапқан. Рифті әк тастары құрылыста қолданылады. Фосфорит белгілері кездеседі.
## Дереккөздер |
Қотырот (лат. Scabiosa) – ұшқаттар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзіне таралған 100-ге жуық түрі белгілі.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 30-80 см.
* Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қауырсын тілімді, сирек жағдайда бүтін болып келеді.
* Гүлдері жұмыр гүлшоғырына бекіген, гүлсидамы ұзын. Тостағаншасы қос қабатты, күлтесінің қысқа түтігі бар.
* Жемісі - тұқымша.
* Шілде айынан бастап алғашқы үсік түскенге дейін гүлдей береді.
* Жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, бірақ суыққа төзімсіз.
Арамшөп ретінде егістікті зақымдайды.
## Өсетін ортасы мен таралуы
Орта Азия мен Оңтүстік Еуропада, Кавказда, Сібір мен Қиыр Шығыста 30-ға жуық түрі құрғақ шалғындарда, қиыршықтасты тау баурайларында, сирек жағдайда ормандарда да кездеседі.
## Шаруашылықтағы қолданысы
* Қотыроттың барлық түрінен жақсы бал алынады.
* Гүл шаруашылығында екі түрі қолданылады:ірі көкшіл гүлдері бар көп жылдық кавказ қотырот (S.caucasica);түсі әр түрлі барқыт гүлдері бар бір жылдық қара қошқыл қотырот (S.atropurpurea).
* ірі көкшіл гүлдері бар көп жылдық кавказ қотырот (S.caucasica);
* түсі әр түрлі барқыт гүлдері бар бір жылдық қара қошқыл қотырот (S.atropurpurea).
## Дереккөздер |
Дмитрий Матвеевич Перевощиков (17 [28] сәуір 1788, Шишкеев, Пенза губениясы, - 3 [15] қыркүйек 1880, Санкт-Петербург) – орыс астрономы және математигі, Петербург ҒА –ның академигі (1855). Қазан университетін бітірген (1808). 1816 жылдан профессор. 1848-51 ж. Мәскеу университетінің ректоры. 1830-32 ж. Оның инициативасымен және оның басшылығымен Мәскеу обсерваториясы салынды. 1851 ж. Петербургке ауысты. Ол Мәскеу университетінде сералық және теориялық астрономиядан планеталар қозғалысының ұйтқу теориясы бойынша, сондай-ақ физика мен математикадан лекциялар оқыған.Орыс тілінде астрономия мен математикадан бірнеше оқулықтар да жазды. |
Генералов Федор Степанович (24. 2 (8.3.). 1899, Мәскеу облысы, Борки., Луковицкий ауданы,-3. 5. 1962, Мәскеу облысы, Дединово Луковицкий ауданы)- колхоз өндірісінің көрнектібасшысы. Соц. Еңбек Ері атағын екі рет (1949, 1957) алған. 1940 жылдан КОКП мүшесі. Ол Мәскеу облысы Луховицкий ауданы «Қызл Қазан» к-зы председателінің орынбасары (1932-37), колхоз председателі (1937-42), осы ауданның Ленин атындағы к-зының председателі (1942-62) болып істеді.Оның басқаруымен бұл колхоз еліміздегі ең таңдаулы шаруашылықтардың қатарына қосылды. Колхозда (1946-54) сауын сиыр саны 190-нан 376 басқа көбейді, әр сиырдан орта есеппен 2653-тен 4358 кг-ға дейін сүт сауылды А. ш. жерінің әр 100 ға-на шаққанда сауылған сүт 366-1180 ц-ге жетті. Г. КОКП 20-22 съездерінің делегаты, 3-6 сайланған КСРО Жоғ. Советінің депутаты. Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Көнтабандылар немесе Сірі табандылар (лат. Tylopoda) - көп уақытқа дейін бұл отрядтың өкілдерін жұпаяқтыларға жатқызып келді. Бұл жасаққа қазіргі заманда сақталған Түйелер (Camelidae) атты бір-ақ тұқымдас жатады. Тұқымдасқа 2 туыс: Африка мен Азияда кең тараған түйелер мен Оңтүстік Америкадағы өркешсіз түйелер - ламалар жатады. Жеті тұқымдас қазіргі заманда құрып біткен.
Құрып біткен тұқымдастар:
* † лат. Amphimerycidae
* † лат. Anoplotheriidae
* † лат. Cainotheriidae
* † лат. Merycoidodontidae
* † лат. Oromerycidae
* † лат. Poebrotheriidae
* † лат. Xiphodontidae
Сірі табандылардың аяқтары ұзын, аша тұяқты, табаны қалың сірілі («Сірі табандылар» деп аталуы да осыдан). Сірі табандылар Азия мен Оңтүстік Америкада таралған. Жабайы қос өркешті түйе тек Орталық Азияда Монғолиядағы шөлді аймақта (Гобиде), ал гуанако мен викунья Оңтүстік Америкадағы таулы жерді мекендейді. Сірі табандылардың Америкадағы екі түрі (лама және альпака) қолға үйретілген. Бұларды да түйе сияқты көлік есебінде және жүні мен еті үшін ұстайды. Америкада кездесетін Сірі табандылардың өркеші болмайды. Сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар көбінесе Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. КСРО-да сірі табандылардың жабайы түрі жоқ, бірақ қазба қалдықтарына қарағанда бұрын өткен геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен. Елімізде сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар өсіріледі. Қазақстанда көбірек өсірілетіні айыр өркеш түйе, ал нар Түрікменияда көбірек өсіріледі.
## Биологиялық сипаттамасы
Мойны ұзын ірі жануарлар. Аяғы жұпаяқты, үшінші және төртінші саусақтары сақталған, көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып қозғалады. Қарны үш бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, ұлтабар. Қазір Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің, нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі.Түйелер шөлді жерлерге бейімделген, ұзақ уақыт су ішпей жүре береді. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Май қоры өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Сондықтан өркешінде май көп түйелер шөлге шыңамды келеді. Қолға үйретілген қос өркешті түйелер Монголия мен Қытайда, ТМД-да Әзірбайжанда, Қазақстанда, Орта Азия елдерінде бар. Оларды жүк көлігі ретінде пайдаланады. Ламалар тек кана Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Олардың жабайы екі түрі - гуанока және викунья белгілі
## Дереккөздер |
## Сіріспе
### Себептері
Сіріспе - адам мен жануарладың жүйке жүйесінің зақымдануынан болатын инфекциялы жедел ауру. Сіріспе қоздырғышы- споралы анаэробты микроб Clostridium tetani. Сіріспе қоздырғышы табиғатта кең таралғанмен, ауру сирек кездеседі. Бұның себебі бұл микроб адам мен жануарлардың тірі жасушасында көбейе алмайтындығында. Оның дамуына жасушаның ауыр жарақаттан өліеттенген жерлері қолайлы. Жараға түскен микроб нерв жүйесіне әсер ететін және көлденең талшықты етті жиыратын уытты токсин-тетаноспазмин және қандағы эрритроциттерді ыдырататын тетаногемолизин түзеді.
### Алғашқы белгілері
Сіріспе басталар алдында адамның басы ауырады, шаршағыш, ашуланшақ келеді, терлейді, жарақат айналасының еті қатаяды, ауы-ауық тартылады, сыздап ауырады. Сіріспе жедел басталады, алдымен ауыз, жақ еттері, кейін мойын, арқа, құрсақ, қол-аяқ еттері жиырылып қарыса бастайды, дене қызуы 42ºС-қа дейін көтеріледі. Токсин уыты Сіріспеге қарсы дайындалған қан сарысуымен бейтарапталынады, мұнан басқа дәрі-дәрмектер қолданылады. Адам аурудан 20-30 күнде айығады. Сіріспенің созылмалы түрі де болады, аса жедел түрінде адам 4-5 күнде өліп кетуі де мүмкін. Сіріспе қоздырғышы физикалық- химиялық әсерлерге төзімді келеді, топырақта, нәжісте, т.б. әр-түрлі заттарда көптеген жыл бойы тіршілік ету қабілетін сақтайды. Сіріспеден сақтану үшін жарақаттанған жерді бірден тазартып, дәрігерге көрсету керек, қажет жағдайда Сіріспенің алдын алу үшін арнайы қан сарысуы егіледі.
## Дереккөздер
## Сіріспе
### Себептері
Сіріспе - адам мен жануарладың жүйке жүйесінің зақымдануынан болатын инфекциялы жедел ауру. Сіріспе қоздырғышы- споралы анаэробты микроб Clostridium tetani. Сіріспе қоздырғышы табиғатта кең таралғанмен, ауру сирек кездеседі. Бұның себебі бұл микроб адам мен жануарлардың тірі жасушасында көбейе алмайтындығында. Оның дамуына жасушаның ауыр жарақаттан өліеттенген жерлері қолайлы. Жараға түскен микроб нерв жүйесіне әсер ететін және көлденең талшықты етті жиыратын уытты токсин-тетаноспазмин және қандағы эрритроциттерді ыдырататын тетаногемолизин түзеді.
### Алғашқы белгілері
Сіріспе басталар алдында адамның басы ауырады, шаршағыш, ашуланшақ келеді, терлейді, жарақат айналасының еті қатаяды, ауы-ауық тартылады, сыздап ауырады. Сіріспе жедел басталады, алдымен ауыз, жақ еттері, кейін мойын, арқа, құрсақ, қол-аяқ еттері жиырылып қарыса бастайды, дене қызуы 42ºС-қа дейін көтеріледі. Токсин уыты Сіріспеге қарсы дайындалған қан сарысуымен бейтарапталынады, мұнан басқа дәрі-дәрмектер қолданылады. Адам аурудан 20-30 күнде айығады. Сіріспенің созылмалы түрі де болады, аса жедел түрінде адам 4-5 күнде өліп кетуі де мүмкін. Сіріспе қоздырғышы физикалық- химиялық әсерлерге төзімді келеді, топырақта, нәжісте, т.б. әр-түрлі заттарда көптеген жыл бойы тіршілік ету қабілетін сақтайды. Сіріспеден сақтану үшін жарақаттанған жерді бірден тазартып, дәрігерге көрсету керек, қажет жағдайда Сіріспенің алдын алу үшін арнайы қан сарысуы егіледі.
## Дереккөздер |
Сілтілі тау жыныстары – сілтілік металдар мөлшері басымкелетін магмалық тау жыныстары. Басты минералдары: сілтілі дала шпаттары, фельдшпатоидтар, сілтілі амфиболдар, сілтілі пироксендер. Сілтілі тау жыныстарына сиениттрахит, нефелинді сиенит-трахит, сілтілі базальтоид-габброид, топтары кіреді. Сілтілі тау жыныстарында 40-65%, SiO2 12-22% Al2O3, 7-16% Na2O+K2O, 2-10% CaO, 1-8% MgO болады. Сілтілі тау жыныстары топтарының әрқайсысы интрузиялық, желілік жыныстарға ажыратылады. Бұлардың әуелгілері кіші массивтер, лополиттер, лакколиттер, штоктар, екіншілері тасқын, күмбез, дайка түрінде болады. Сілтілі тау жыныстары Оралда, Балтық қалқанында, Есіл бойында т.б. көне құрылымдарда кездеседі. Сілтілі тау жыныстарымен темір, мыс, апатит, сирек жер элементтерінің кендері байланыса келеді.
## Дереккөздер |
## Тазабагъяб мәдениеті
### Мәдениеттің ерекшеліктері
Тазабагъяб мәдениеті- Қола дәуіріндегі Хорезм мәдениеті (б. з. б. 2-мың жылдықтың 2-жартысы). 1938 ж. археолог С.П. Толстов Тазабагъяб бойынан оның бірінші қонысын тапқын. Қоныстардың көпшілігі арал теңізіне құятын өзендердің сағасында орналасқан. Тазабагъяб мәдениеті Арал теңізінің оңтүстігіндегі суярган мәдениеті мен солтүстік Оралдан келген қима мәдениеті және андронов, мәдениеті сол кездегі тайпаларының мәдени алаласуынан пайда болған. Негізгі кәсібі суармалы еіншілік пен бақташылық , мал шарурашылығы. Еңбек құралдары мен қару- жарақтары , ішінара тастан жасалған.
## Дереккөздер
## Тазабагъяб мәдениеті
### Мәдениеттің ерекшеліктері
Тазабагъяб мәдениеті- Қола дәуіріндегі Хорезм мәдениеті (б. з. б. 2-мың жылдықтың 2-жартысы). 1938 ж. археолог С.П. Толстов Тазабагъяб бойынан оның бірінші қонысын тапқын. Қоныстардың көпшілігі арал теңізіне құятын өзендердің сағасында орналасқан. Тазабагъяб мәдениеті Арал теңізінің оңтүстігіндегі суярган мәдениеті мен солтүстік Оралдан келген қима мәдениеті және андронов, мәдениеті сол кездегі тайпаларының мәдени алаласуынан пайда болған. Негізгі кәсібі суармалы еіншілік пен бақташылық , мал шарурашылығы. Еңбек құралдары мен қару- жарақтары , ішінара тастан жасалған.
## Дереккөздер |
## Тарденуа мәдениеті
### Мәдениет ерекшелігі
Тарденуа мәдениеті - кейінгі мезолит дәуіріндегі археологиялық мәдениет. Францияның солтүстігіндегі Фер-ан-Тарденуа иаңындағы мекендердің атымен аталған. Оны 1896 ж. А. Мортилье зерттеген. Тарденуа мәдениеті Бельгия, Англия, ГФР-мен қатар Орталық Еуропа мен КСРО-ның Еуропа бөлігіне де тараған. Тарденуа мәдениетінің тұрақтары алғашқы қауымдық құрылыста жебелі, садақпен қаруланған аңшылар мен балықшылардың және терімшілердің қонысы болған. Тарденуа мәдениетінің ең бай мазары Тевьек аралынан табылған. Қазбадан табылған микролиттік заттар негізінен жебе жасауға, сүйек пен ағаштан қару жасауға пайдаланылған. Осы заттар Тарденуа мәдениетінің б. з. б. 4-7 ғасырларға жататынын дәлелдеді.
## Дереккөздер
## Тарденуа мәдениеті
### Мәдениет ерекшелігі
Тарденуа мәдениеті - кейінгі мезолит дәуіріндегі археологиялық мәдениет. Францияның солтүстігіндегі Фер-ан-Тарденуа иаңындағы мекендердің атымен аталған. Оны 1896 ж. А. Мортилье зерттеген. Тарденуа мәдениеті Бельгия, Англия, ГФР-мен қатар Орталық Еуропа мен КСРО-ның Еуропа бөлігіне де тараған. Тарденуа мәдениетінің тұрақтары алғашқы қауымдық құрылыста жебелі, садақпен қаруланған аңшылар мен балықшылардың және терімшілердің қонысы болған. Тарденуа мәдениетінің ең бай мазары Тевьек аралынан табылған. Қазбадан табылған микролиттік заттар негізінен жебе жасауға, сүйек пен ағаштан қару жасауға пайдаланылған. Осы заттар Тарденуа мәдениетінің б. з. б. 4-7 ғасырларға жататынын дәлелдеді.
## Дереккөздер |
## Тасбүлдірген
### Кездесетін жерлері және тұрпаты
Тасбүлдірген - (Rubus saxatilis)- қарабүлдірген туысына жататын жидекті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 10-30см, гүл сабағы тік, жеміссіз, жапырақты өркендері 40-100 см, жерге сұлап өседі. Жапырақтары үш-үштен орналасқан, ұзындығы- 3-11 см, ені 2-7 см, мамыр- маусымда гүлдейді, гүлдері көбіне сабақ ұшына 3-10 нан шатырша не шашақ тәрізді гүл шоғырына топтанған. Жемісі тәтті, қышқылтым, қызыл, бір-бірімен (2-6) нәзік жалғасқан сүйекті жеміс. Еуразияның орманды жерлерінде, оның ішінде Қазақстанда қайыңды шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда, бұта арасында, таудың тастақты беткейлерінде, батпақты жерлерде өседі.
## Дереккөздер
## Тасбүлдірген
### Кездесетін жерлері және тұрпаты
Тасбүлдірген - (Rubus saxatilis)- қарабүлдірген туысына жататын жидекті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 10-30см, гүл сабағы тік, жеміссіз, жапырақты өркендері 40-100 см, жерге сұлап өседі. Жапырақтары үш-үштен орналасқан, ұзындығы- 3-11 см, ені 2-7 см, мамыр- маусымда гүлдейді, гүлдері көбіне сабақ ұшына 3-10 нан шатырша не шашақ тәрізді гүл шоғырына топтанған. Жемісі тәтті, қышқылтым, қызыл, бір-бірімен (2-6) нәзік жалғасқан сүйекті жеміс. Еуразияның орманды жерлерінде, оның ішінде Қазақстанда қайыңды шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда, бұта арасында, таудың тастақты беткейлерінде, батпақты жерлерде өседі.
## Дереккөздер |
## Тасқайнар Флюорит кендерінің тобы
### Кендер тобына жалпы мәлімет
Тасқайнар Флюорит кендерінің тобы - Жамбыл облысындағы кен орындары. Отар тау жынысы станциясының оңтүстік- батысында орналасқан. Бесмойнақ синклиналының солтүстік-батыс бөлігінің ернеуіндегі солтүстік-батыс, солтүстік – шығыс, және меридиандық бағыттағы жарылыстардың қиылысу торабында орналасқан. Флюорит ордовик пен карбонның арасындағы жентастарда шоғырланған. Оңтүстік Тасқайнар, Шығыс Тасқайнар, Аралық Тасқайнар, Өрікті, Ырғайты кендерінен құралады. Әуелгі үшеуінде жайпақ күмбез тәрізді руда денелері солтүстік –батысқа бағытталған; ұзындығы- 600-1200 м, ені 70-550м, қалыңдығы- 2-43,7 м, флюориттің орта мөлшері 30-34%. Соңғы екуіндегі линза пішіндес руда денелері солтүстік- батыс және меридиандық бағытқа созылған, 100-180 м тереңдікке дейін кеткен қалыңдығы 0,75-18,6 м. Кендердің жаралуы герциннің ақырындағы магматизммен байланысты келеді. Флюорит флотациялық әдіспен байытылды. Оңтүстік Тасқайнар кені игерілуде.
## Дереккөздер
## Тасқайнар Флюорит кендерінің тобы
### Кендер тобына жалпы мәлімет
Тасқайнар Флюорит кендерінің тобы - Жамбыл облысындағы кен орындары. Отар тау жынысы станциясының оңтүстік- батысында орналасқан. Бесмойнақ синклиналының солтүстік-батыс бөлігінің ернеуіндегі солтүстік-батыс, солтүстік – шығыс, және меридиандық бағыттағы жарылыстардың қиылысу торабында орналасқан. Флюорит ордовик пен карбонның арасындағы жентастарда шоғырланған. Оңтүстік Тасқайнар, Шығыс Тасқайнар, Аралық Тасқайнар, Өрікті, Ырғайты кендерінен құралады. Әуелгі үшеуінде жайпақ күмбез тәрізді руда денелері солтүстік –батысқа бағытталған; ұзындығы- 600-1200 м, ені 70-550м, қалыңдығы- 2-43,7 м, флюориттің орта мөлшері 30-34%. Соңғы екуіндегі линза пішіндес руда денелері солтүстік- батыс және меридиандық бағытқа созылған, 100-180 м тереңдікке дейін кеткен қалыңдығы 0,75-18,6 м. Кендердің жаралуы герциннің ақырындағы магматизммен байланысты келеді. Флюорит флотациялық әдіспен байытылды. Оңтүстік Тасқайнар кені игерілуде.
## Дереккөздер |
Шынбатыров Әбді Омарұлы (1942 жыл, 15 тамыз Жамбыл облысы, Сарысу ауданы "Түгіскен"(Тоғызкент) - 22 тамыз, 2012 жыл Алматы қаласы) - балалар жазушысы, журналист, баспагер.
* 1969 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген
* республикалық "Қайнар" баспасында редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет істеген.
* 1976 жылы Партия тарихы институтының аға ғылыми редакторы болып қызмет атқарған.
* 1978 жылдан "Мектеп" баспасында аға редактор
* 1980-1992 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі
* "Ана тілі" баспасында жетекші редактор
* Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінде бас маман
* республикалық "Ара-Шмель" газетінде бөлім меңгерушісі
* "Жеті жарғы" баспасында қолжазбаларды өндіріске дайындау департаменті директорының орынбасары болды.
Төл туындылар жазумен бірге, орыс жазушысы В.Чивилихиннің "Күміс рельстер", Әзірбайжан жазушылары М.Ибрагимбековтің "Айтар әнім", Ә.Қасымовтың "Сөкпеңдер мені" атты кітаптарын қазақшаға аударған. Кейін шығармалары қырғыз, өзбек, орыс тілдеріне аударылған.
## Шығармалары
* Бала тілі - бал.
* Қуаныш.
* Ел аузынан.
* Ақ кептер.
## Дереккөздер |
Балқоспақ немесе қоспақ-1 - бура мен нар-маядан туған будан.
Екі өркешінің түп жағы қосылып тұрғандай көрінетіндіктен "қоспақ" деп атаған. Балқоспақ И.Жұмағұловтың мәліметі бойынша (1947), биіктігі 177,9 см; тұрқы 146,2 см; кеуде орамы 229 см; жіліншік орамы 20см. Нар-маядан 4,85 кг айырдан 6,55 жүн алынса, Балқоспақтан 6,01 кг жүн алынған (бұрынғы 125 түйе зауытының мәліметі). Оңтүстік Қазақстан облысындағы 125 түйе зауытында жүргізілген ғылыми жұмыс Балқоспақты айыр түйемен будандастырғанда, олардың 3-4 ұрпағы ірі, айыр түйеге көбірек ұқсайтын әрі бота кезінде дұрыс азықтандырып, бағып күтсе, өнімі де мол болатынын дәлелдеді .
## Дереккөздер |
Көкек зығырыКөкек зығыпы- жасыл мүк (кукушкин лен – Polytrichum commune).
## Жалпы сипатттамасы
Көкек зығыры топырақтың бетiн кiлемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктердi оңай ығыстырады. Бойына ылғалды көп сiңiредi. Бұл орманның батпаққа айналуына себепшi болады. Көк зығыры екi үйiлi өсiмдiк (6 – сыныпты еске түсiрiңдер). Аталық өсiмдiк көп жылдық, ал аналық өсiмдiк бiр жылдық болады. Көк зығырының биiктiгi 40 см шамасында болады. Сабағы бұтақтанбайды, оның сыртын қалың, майда жапырақтар жауып тұрады. Сабағының құрылысы өте қарапайым. Сабақтың қабықшасының астында тiрек ұлпасы орналасады. Сабақтың ортасында қарапайым өткiзгiш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекiнедi.
Жасыл мүктер басқа жасыл өсiмдiктер секiлдi автотрофты жолмен қоректенедi. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда ерiген минералды заттарды сiңiредi. Жапырақ клеткаларында хлорофилл дәндерi бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмiрқышқыл газын сiңiредi. Нәтижесiнде олардың хлоропластарында фотосинтез процесi жүрiп органикалық зат түзiледi.
## Көбеюі
Көкек зығыры жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi былайша жүзеге асады. Аталық өсiмдiктiң жоғарғы ұшында аталық жыныс клеткалары болады. Аналық өсiмдiктiң сабағының жоғарғы ұшында аналық жыныс клеткалары жетiледi. Осы жыныс клеткаларының қосылу нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан қауашақ жетiледi. Қауашақтың iшiнде споралар дамиды. Спора – екi қабықшалы жыныссыз көбеюге маманданған клетка. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Пiсiп жетiлген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өнiп, тармақталған жiп тәрiдi жасыл балдырларға ұқсас өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелердiң бүршiкшелерiнiң бiреулерiнен аналық өсiмдiктер, ал екiншiлерiнен аталық өсiмдiктер жетiледi. |
Петровский Иван Георгиевич (5(18).1.1901,Брянск облысы-15.1.1973,Мәскеу) - совет математигі, КСРО ғылым академиясының академигі (1946;1943 жылдан корр.мүшесі), КСРО ғылым академиясының Президиумының мүшесі. (1953 жылдан), Соц.Еңбек Ері (1969). 1927 жылы Мәскеу университетін бітіргеннен кейін сонда қызмет істеді (1953 жылдан профессор, 1951 жылдан ректор). Негізгі еңбектері дербес туындылы диффренциалдық теңдеулер теориясына, алгебр. геометрияға,ықтималдықтар теориясына, жай дифференциалдық теңдеулердің сапалық теориясына, математика-физикаға,математиканың т.б. салаларына арналған. Ол көптеген шетел академияларының құрметті мүшесі. Бейбітшілікті қорғаудың Советтік комитетінің мүщесі (1955 жылдан), 6-8 сайл. КСРО Жоғары Советінің депутаты, КСРО Жоғары Советінің Президиумының мүшесі (1966 жылдан). КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1946,1952). Ол 5 рет Ленин орденімен т.б. орден және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Шатырша қысшылшөп (лат. Chimaphila umbellata) – көкбұта тұқымдасы, қысшылшөп туысына жататын көп жылдық гүлді өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 8-20 см.
* Тармақталған жер асты тамыр сабағы жатаған.
* Жерүсті өскіндері көтеріңкі, төменгі бөлігі бұтақталған.
* Жоғарғы бөлігін гүлсағағымен бірге ұсақ безді емізікше жапқан.
* Өткір ара тісті мәңгі жасыл жапырақтары қалың, қар астында қыстап қалады, беті тегіс, үстіңгі жағы күңгірт жасыл, астыңғы жағы ашық жасыл, ұзынша келген сына тәрізді. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,5-6 см, ені 0,1-1,5 см, тақтасынан 5-10 есе кіші қысқа сағағы болады. Сабақ ұшында орналасқан гүлсағаққа бекіген шатырша гүлшоғырындағы 2-8 гүлі (сирек 12) төмен қарай иіліп тұрады. Гүлсағағының ұзындығы 0,6-2,5 см (жеміс салған кезінде ұзындығы 3,5 см-ге дейін жетеді).
* Гүлжапырағы таспа тәрізді, гүлсағағының орта тұсында орналасады. Тостағаншасы жалпақ жұмыртқа тәрізді, жиегі тісшелі. Гүлі қызғылт түсті, кең ашылған, диаметрі 8-12 (15) мм, күлтесі де жұмыртқа тәрізді, иіліген, жиегі қысқа түкті.
* Жемісі - қысқа түкті шар тәрізді қауашақ.
* Маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді.
## Өсетін ортасы мен таралуы
Солтүстік жарты шардың қоңыржай климатындағы қарағайлы-қайыңды ормандарда өседі. Қазақстанда Тобыл-Есіл жазығында, Ертіс өзені бойында, Көкшетау қыратында кездеседі.
## Емдік қасиеті
* Шатырша қысшылшөптің құрамында флавоноидтар, органикалық қышқылдар бар.
* Емдік шөп ретінде нефрит, цистит, несеп жолдарына тас байлануына, соз, буын ауруларына, ревматизмге, қан тоқтатуға, т.б. ауруларға қолданылады.
## Тағы қараңыз
* Дәрілік өсімдіктер
## Дереккөздер |
Аңырақай шайқасы (1729 жылы, кей деректерде 1730 жыл) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40–45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшылар Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлар сайланды,Орта шепті Бекжан батыр басқарды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Бөгенбай батыр, Бекжан батыр, Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті.Қазақтың көптеген руына қолбасшы болып сайланған Бөрібай батыр, қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр жеме-жемге келгенде билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде шарт сынып, ашуланып, қазақ әскерін жау қолына тастап еліне кетіп қалады. Кеткенде де жай кетпей жолындағы бірнеше ауылды шауып тонай кетеді. Бұл Әбілхайырдың тарих және болашақ ұрпақ кешпейтін сатқындығы еді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады да, Жоңғар әскерінің 1 бөлігі аман қалады. Сол жылы сүмбіле айында болған Аңырақай шайқасына да қатыспаған себебі осы болатын. Өйткені сол кездегі қазақ ордасының заңды иесі Әбілмәмбет пен Абылай, Төле, Қазыбек билер мен Қабанбай бастаған батырлар бірауыздан Қанжығалы Бөгенбайды бас қолбасшы етіп сайлаған болатын. Әбілхайырдың Аңырақай соғысына қатыспаған. Ол оған дейін ақ қолбасшылық дәрежесінен айрылып өз еліне кетіп қалған болатын. 1726 жылы бүкіл қазақ болып қолбасшы сайлаған хандар мен билер батырлар, Әбілхайырдың ұрыс кезінде қазақты жау қолына тастап кеткенін кешірмеді. Аңырақайда ерекше көзге түскен Аңырақты жекпе жекте өлтірген Сатай, Бөлек батырлар, Шымыр Қойгелдi, Ошақты Саңырық, ағайынды Дулат Сеңкiбай мен Шойбек, Сыйқым Ырысбек, Суан Бағай, Ботбай Сәмен, Сiргелi Қара Тiлек, Жаппар, Қаумен, Дәулет, тағы басқалар – бәрi де ұлы жүз қолының батырлары. Қазыбек бектiң оқ қағар батыры 35 жастағы албан Қангелдi де осы шайқаста жекпежекке шығып жеңiске жетедi. Бұл ұрысқа ұлы жүз жасағын қолбасы Шапырашты Қазыбек Тауасарұлы, болшақ қолбасы Шапырашты Наурызбай да қатысты. Ал Жадамбаны жеңген Арғын Олжабай батыр, Арғын Естербек, Қарабек, Тұра (бәлкiм, дұрысы Нұра), Ағындық, Тарақты Тоғай, Қарауыл Қасым мен Қалабек және басқа батырлардың бәрі Бөгенбай жасағындағы батырлар еді. Ал кіші жүзден Тама Есет батыр мен Шекті Тайлақ батыр сияқты батырлардың артынан ерген жасақтары ғана қатысты. Әбілхайыр сол кеткенен қайтып артына қайтпады. Кейінгі Аңырақайды Әбілхайыр басқарды деп жүрген деректің бір де бірі шындыққа жанаспайды. Тарихтағы Бөгенбай батырдың ерлігін Әбілхайырға тартып әперу, тарихи еңбегін жоққа шығару тарихқа қиянат. Болашақ ұрпақ осы шындықты білгені дұрыс.
Аңырақай шайқасына қатысқан батырлардың мекенжайын саралап қарасаң да, бұл соғысқа Бөгенбай мен Қазыбек қолы ғана қатысқаны аңғарылады. Қабанбай қолы қалмақтар Аңырақай жаққа қосымша күш жiберiп қоймасын деген мақсатпен Қарқаралы жақта жол кесiп соғысады. Осының өзiнен де бұл маңызды шайқасқа қазақтардың бiр бiрiмен байланысып, кең көлемде ойласып дайындалғанын көрсетедi. Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бек қолынан Бөлек шықса, екiншi болып Бөгенбай қолынан Олжабай батыр шығады. Ол қалмақтың Жадамба деген батырын жеңедi. Ал Әбiлқайыр қолынан осы ұрыста жекпежекке шыққан бiрде-бiр батырды тарих айтпайды. Оның бiрақ себебi бар: ол бұл соғысқа басшылық та жасамаған, қатыспаған да. Сол кездiң жағдайына көз жiберсек, 1726 жылғы Әбiлқайыр бас қолбасшылық жасаған Қалмақ қырылған шайқасынан кейiн жанжаққа бытырай қашқан жауды қуалай соғысып, Бөгенбай қолы Арқаға, Қабанбай шығысқа, Қазыбек бек Шуға қарай бет алды. Ал Әбiлқайыр қолы да, одан қашқан қалмақ та батысқа кеткен жоқ: қалмақтар өз елi жаққа орағыта қашып, Хан тауына барып паналаса, Әбiлқайыр қолы оңтүстiкте тұрып қалды, ол Бөгенбаймен де, Қабанбаймен де, Қазыбек бекпен де iлесiп кеткен жоқ. Ал Аңырақай шайқасына дейiнгi үш жыл аралықта Әбiлқайыр қолы не Бөгенбай қолымен, не Қабанбай, Қазыбекпен қол бiрiктiрiп қалмаққа шапты деген дерек жоқ. Алайда Қалмақ қырылған соғысында бытшыты шыққан қалмақ қолы емiнеркiн, еш кедергiсiз Хан тауының баурайында қайтадан күш жинап, қайтадан қәуiптi жауға айналып келе жатты. Неге? Өйткенi Бөгенбай, Қабанбай не Әбiлқайыр қолымен бiрiгiп қана қарсы шықпаса, тек Ұлы жүз қолының оған шамасы келмейтiн едi. Ал олардың бiрiгiп жатқанын бiлсе, қалмақтар айылын жыйған болар едi. Бұл жағдай ненi көрсетедi? Әбiлқайыр әлi оңтүстiк өңiрiнде жүргенменен, бүл арадағы жағдайға араласпағанын, турасын айтқанда, оның үш жүзге бас қолбасылық қызметiнiң Қалмақ қырылған соғысынан кейiн бiткенiн көрсетедi. Сондықтан болмаған жағдайды болды деп боямалаудың, менiңше, Әбiлқайырға да, тарихқа да пайдасы жоқ.
Егер Әбiлқайыр бас қолбасылық қызметiн әлi де жалғастыра берген болса, 1729 жылдың ерте көктемiнде оңтүстiк өңiрiнде, кәзiргi ОҚО Бәйдiбек ауданының жерiнде, өткен Ұзынбұлақ соғысына да араласқан болар едi. Өйткенi бас қолбасының құптауынсыз қандай соғыс өтуге тиiс? Қалмаққа қарсы бұл ұрысты тек ұлы жүз қолы жүргiзiп, жеңiске жетедi. Қалмақ қолын Донық, қазақ қолын Қазыбек бек басқарады. Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бектiң бала күннен досы әрi бас батыры дулат Мүйiздi Өтеген батыр шығып, қалмақтың Ботхишар (қазақ жамандау айтады) атты бас батырын жеңедi. Бұл – “Өтеген бабамыз жеңiске жеткен соғыс!” – деп, бүкiл Дулат мақтан етiп келе жатқан айтулы соғыс. Жамбылдың бұл екеуiн бөлiпжармай: “Өтеген, Қазбекке барайын,... Қазақтың қамқор ерлерi”, деуi сондықтан “1982, 1-ші том, 81 бет). Ұзынбұлақ соғысына қатыспаған, басшылық жасамаған Әбәлқайыр одан кейiн өткен Аңырақай соғысына қай жөнмен, қандай қыйсынмен басшылық жасайды сонда? Оның алдындағы соғыста еш көмек бермеген, өлген тiрiлгенiне жаны ауырмаған, көмектеспеген батырға ендi келiп: “Мына соғысқа сен басшылық жасай қой!” – дейтiн адамдар қандай адамдар? Ал олар өйтiп сұрамаса, Әбiлқайыр келiп: “Мына соғысты мен басқарып берейiн”, – дей ме? Бұл екеуiнiң де қисыны келмейдi. Ал қисыны жоқ нәрсенi зорлап қисындатудан тарих опа таппайды. Еш соғысына қатыспаса, бас қолбасылық қызметi жалғаспаса, Әбiлқайыр неге үш жыл бойы оңтүстiктен кетпеген? Бұл арада қанша айтқың келмесе де, Әбiлқайырдың мiнезi мен ұстанымына тоқталмай кете алмайсың. Оның, тарихшылар жазғандай, өте өзiмшiл, тәкаппар, атақ құмар адам болғаны рас деп ойлаймыз.
1726 жылы Ордабасыда хандар мен билердiң бiрiккен жыйыны Әбiлқайырды үш жүздiң бiрiккен қолына бас қолбасы етiп сайлады да, үш жүздiң ұлы ханы етiп сайламады. Ұлы ханды сайлау мәселесiне жауды жеңгеннен кейiн оралатын болып келiстi. Әбiлқайырдың басшылығымен Қалмақ қырылғанда қазақ қолы тамаша жеңiске жеттi, алайда ол жеңiс түбегейлi болмады, қалмақ қолы қазақ жерiнен бiржола қуылмады. Сондықтан ба, ол жеңiстен кейiн жыйын да шақырылған жоқ, ұлы хан сайлау мәселесi де сөз болған жоқ. Алайда Сәмекенiң науқас екенiн, ол өлсе, орнына хан сайлануы тиiс екенiн Әбiлқайыр бiлдi, күттi, сондықтан оңтүстiктен кетпедi. Ал ол кезде Бөгенбай да, Қабанбай да, Қазыбек бек те қалмақтармен соғысты Әбiлқайырдың қатысуынсызақ жалғастырып жатты. Соғыс онсызақ жүрiп жатты деген сөз Әбiлқайыр ол кезде бас қолбасы емес еді. Көп адам Әбiлқайырдың оңтүстiктен тек 1730 жылы ғана кеткенiне қарап, 1729 жылы өткен Аңырақай шайқасына да қатысқан болар деп жорамалдай салады. Ал ол кезде Жолбарыс хан ұлы жүзге өз билiгiн жүргiзiп жатты. Сондықтан не ұлы хан емес, не бас қолбасы емес күй, әрине, Әбiлқайырды риза етпедi. Сәмеке өлiп, орнына Әбiлмәмбет ұлы хан сайланып кеткен соң, ызалы ол 1730 жылы Ырғыз арқылы батысқа кетiп бара жатып, жолай бiраз қазақ ауылына қырғыйдай тиiп тонай кетедi. Аңырақай шайқасына дайындалып жатқан шақта ұлы жүз ханы Жолбарыс та, Төле би де Әбiлқайырдың алдағы ұрысқа қатысуын сұраған. Өйткенi Хан тауы маңында шоғырланған қалмақтың саны күн сайын көбейiп келе жатқанын олар бiлiп отырды. Оларға жеке қарсы шығуға Ұлы жүз қолы аздық еттi. Алайда Әбiлқайырдан жауап болмады. Неге? Өйткенi оны шақырғанға дейiн бұл соғысқа бас қолбасы Бөгенбай болатынын Жолбарыс хан, Төле би және Қазыбек би үшеуi шешiп қойған болатын. Қазыбек бек өзiнiң “Түптұқыйаннан өзiме шейiн” атты естелiк кiтәбiнде: “Мен ендi Жолбарыс ханнан: “Ұлы жүз қолын баста!” деген ресми жарлық алдым... Осыдан бұрын бас қолбасшылыққа белгiленген Бөгембай батыр,..” деп, бәрiн апанық жазады ( Алматы, 2-ші басылым, 2008, 948 бет). Сондықтан кеше ғана үш жүздiң әскерiне бас қолбасы болған Әбiлқайыр ендi Бөгенбайдың қоластында соғысқысы келмедi. Әрi Жолбарыс ханның шақыруына келе қалуды ол өзiнше кiшiреу деп те түсiнуi мүмкiн. Оның ондай мiнезi барын, мәселен, 1718 – жылы Аягөз маңында болған ұрыста Қайып пен Әбiлқайыр өзара тiл табыса алмай, соның кесiрiнен қазақ қолы қалмақтардан жеңiлiс тапқанын тарихшылар жазады (Моисеев). Ол Жолбарыс ханды, өз ағасы болса да, менсiнбеген, жақтырмаған. Сәмекемен де бақталас болған.
Аңырақай шайқасында Абылайдың алғаш аты шыққан. Ол Дулат Сеңкiбай батырдың қолында соғысқан. Ел аңыз етiп жүргендей жекпежекте емес, дода соғыста Шарышты өлтiрген. Жалпы, соғыс тәртiбi бойынша, бас қолбасының алдын ала келiсiмiнсiз өз бетiмен жекпежекке шыға беруге рұқсат етiлмеген. Ал ешқандай аңызда да, деректе де Әбiлқайыр басқарған соғыста алғаш Абылайдың аты шығыпты делiнбейдi.
Ордабасы жиынында дәл сол кезеңде Әбiлқайырға ерлiгi жағынан да, батырлығы жағынан де ешкiм шендес келмейтiнiн мойындап, оны бас қолбасы сайлап отырған Төле би мен Қазыбек би ендi 1730 жылы оның ұлы хан сайлануына неге қарсы болды? Оның басты себебi: Әбiлқайырдың Аңырақай шайқасына қатыспай қойуы. Жолбарыс ханның қасында Аңырақай шайқасы аяқталғанша бiрге болған Төле мен Қазыбек Әбiлқайырдың ол қылығын кешiрмедi. Ал егер Әбiлқайыр бас қолбасылық жасап, Аңырақай шайқасында тағы даңққа бөленген болса, онда, сөз жоқ, екi би де оның бас хан болуын қолдайтын едi. Әбiлқайырдың тарихи еңбегi бағаланбады деген байбаламға құлақ асып, қазақтың екiншi бiр перзентi Бөгенбайдың басшылық жасаған ғажап ерлiгiн неге Әбiлқайырдың қанжығасына байлай салуымыз керек? Сонда Аңырақай шайқасына Әбiлқайыр басшылық жасады десек, шындық та, Бөгенбай жасады десек, жалған бола ма? Жалпы, бiз көрген адамға сенуiмiз керек пе әлде күштеген адамға ма? Шындық шiркiннiң сонда өзiне емес, бiзге байланысты болғаны ма?
Біздің байқауымызша, кей рушыл тарихшыларға шындықтан гөрi аңыз немесе “жорамал шындық” ыңғайлы. Мәселен: “Бiздiң бәлен деген бабамыз батыр, Абылайдың ең сенiмдi қолбасы болған”, – дегендi талай оқыдым да, естiдiм де. Ал сол Абылайдың қасында жүрген Қазыбек бектi оқысам, Абылайдың үш ақ бас қолбасы болған, қалған батырдың бәрi не Бөгенбай, Қабанбайдың, не Қазыбек бек пен Наурызбайдың мыңбасы, жүзбасы, онбасы ғана. Алайда: “Менiң бабам онбасы батыр болыпты”, – дегендi әлi ешкiмнен естiген емеспiн. Қазыбек бектiң кiтәбiн мойындағысы келмейтiн де негiзiнен солар: бөсiңкiреп, өсiрiңкiреп айтқанды және оның ешбiр куәсi болмауын ұнататындар. Тарихи шындық бiреудi кiнәләу немесе көтермелеу үшiн айтылмайды. Тек Аңырақайға ғана қатысты емес, осындай ары тарт, берi тарт айтыстармен жүрiп, бiз кезiнде анықтап алатын, жазып қалатын талай шындықтан айрылып қалдық. Бiлетiнi, естiгенi бар талайлар берекесiз айтыс пен тартыстан қашып, көп дүниенi iшiнде алып кеттi. Ал бiзге әлi ақыл кiрер емес. Кей тарихшылар Әбiлқайыр жайында: “..."Ол iнiсi Бұлқайыр басқарған 70 мың жiгiтi бар әскердi шепке қалдырып кеттi”, дептi. Соған қарағанда, Әбiлқайырдың өзiмен бiрге де бiрер мың жiгiт кеткен болу керек. Ал нақты тарихи деректе қазақты 1723 жылы көктемде “Ақтабан шұбырындыға” ұшыратқан бүкiл қалмақ қолының жалпы саны 40 мыңнан әзер асқан. Қазақтың үш жүзiнiң жалпы әскерi де сол шаманың ар жақ, бер жағынан асып көрмеген. Аңырақайда қазақ әскерінің саны 44 мың болған. Ал егер бiр Әбiлқайырда соншама әскер болса, қалмақтарды қалайша бiр дегенде жайпап тастамай, бақандай 35 жыл бойы соғысқамыз? Бұл не, Әбiлқайырды мадақтау ма, мазақтау ма? Менiңше, бүйтiп бүйректен сыйрақ шығарып, болмағанды жорамалмен толтыра бергенше, сол Аңырақай шайқасына өзi қатысқан, шайқасты басқарған Бөгенбайдың қасында жүрген Қазыбек бектiң жазбасына құлақ асқанымыз жөн. Тарихты әрқайсымыз өз бетiмiзше бүйтiп бөстiре берсек, ол ешқашан өздiгiнен шындыққа қарай төмендемейдi, аспанда аңыз боп iлiнiп тұра бередi... АЛ АҢЫРАҚАЙ СОҒЫСЫН БАСҚАРҒАН ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕНБАЙ БАТЫР ЕКЕНІН БОЛАШАҚ ҰРПАҚ БІЛГЕНІ ДҰРЫС...
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
## Қосымша мәліметтер
* [1] — Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
* [2] Аңырақай шайқасы— біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.
## Дереккөздер |
Егістік қышатүс (лат. Eruca sativa ) - Орамжапырақ тұқымдасы, қышатүс туысына жататын бір, екі жылдық шөптесін өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 15-40 см.
* Сабағы тік, бұтақталған, қатты әрі төмен қарай иіліген түк басқан.
* Сағақты жапырақтары қауырсын тілімді және 2-4 жұп үшкір бүйір жапырақтары ұзынша жұмыртқа тәрізді.
* Гүлшоғыры қалың емес, алғашында қысқа болады, кейіннен ұзарып 20-25 см-ге жетеді. Гүл сағағының ұзындығы 2-3 мм, жемістенген кезде ұлғаяды. Күлтесі ақ, сирек сары, күңгірт күлгін түсті жүйкесі болады, ұзындығы 16-23 мм, ені 6-8 мм, тостаған жапырақшасынана 2 есе ұзын. Бұршаққынының ұзындығы13-20 мм, ені 3-4 мм, сирек қысқа әрі қатты түк басқан.
* Жемісі - қысқа, ортасынан ашылатын екі қабықты дән.
* Домалақ, жалпақтау тұқымы қоңыр, көлденеңінен 1,5 мм-ге жетеді.
## Өсетін орны мен таралуы
Қышатүстің (Eruca) әр түрі Батыс Моңғолияда, Кіші Азия және Орта Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Ресейде, Батыс Қытайда кездеседі. Егістік қышатүс Қазақстанда Оңтүстік Алтай жотасында (Катонқарағай ауданы) Зайсан қазаншұңқырында өседі.
## Дереккөздер |
Қызылаяқ құс— балшықшы отрядына жататын құс.
Дене тұрқы 384 мм, салм. 180— 220 г. Қызылаяқ құстың төбесі, арқасы, қанаты - көк жасыл, бауыры, құйрығы - ақ. Қанаты сүйір, ұзындығы 216 мм, құйрық қауырсындары қысқа, тұмсығы түзу, ұзындығы 58—70 мм. Аяғы өте ұзын, қызыл түсті, үш саусақты, жақсы жүгіреді. Қызылаяқ құс Австралия, Африка, Пиреней, Нидерландта, Балқан түбегінде, Қара және Азов теңізі жағалауында, Орта Азия мен Қазақстанда таралған. Қызылаяқ құс көбіне Каспий теңізі маңында қыстайды.
Қызылаяқ құс су жиегіңде топтанып жүреді. Шығанақ, арал, қамыс арасына ұя жасап, 3—4 жұмыртқа салады, 25—26 күнде балапан басып шығарады. Қызылаяқ құс насеком және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Қыркүйекте жылы жаққа қайтады. Зиянды насекомдарды жеп пайда келтіреді.
## Дереккөздер |
Қызыл батаялат — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биікт. 25—80 (100) см, сабағы тік, сидам. Жапырағы сопақ, ұз. 20—30 (40) см, ені 10—25 (35) мм, жиегі тілік, үстіңгі беті түксіз, астыңгы беті түкті. Гүл сидамы қысқа, гүл шоғы — шатыр гүл. Күлтесі сары, кейде солгын күлгін, 4-—6 тұқымды, оның ұз. 2 мм, сарғылт. Қызыл батаялат шалғынды, жазық жерлерде, таулы ормандарда, өзен алқаптарында өседі. Бат., Шығ. Сібірде, Моғғолияда, Солт.-Шығ. Қытайда таралған. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Қарқаралыда, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында кездеседі. Қызыл батаялат бағалы мал азығы, сүрлем дайындалады, қолдан егіледі. Гүлінен ара бал жинайды.
## Дереккөздер |
Әбу Зайд ибн Сахл әл-Балхи (парсы: ابو زید احمد بن سهل بلخی) - бірқатар маңызды географиялық шығармалардың авторы.
Орта Азияның Балх қаласында туған. Жас кезінде 8 жыл Иракта болып, атақты араб философ әл-Киндиден деріс алды. Мұнда ғылымның түрлі саласынан білімге қанықты, әсіресе оның астрономия және филология жөніндегі пайымдауы ерекше бағаланады. Балхидың көптеген шығармаларының ішінде Сувар ал-акалим («Аймақтар бейнесі»), Таквим ал-булдан («Қалаларға бөліну») деген географиялық еңбектері белгілі. Шығарма карталар мен атластардан құралған, оның әрқайсысына түсініктеме берілген. Кейін бұл шығарманы әл-Истахри (941) өзінің "Китап месалик әл-мемалик"( "Елдерге саяхат кітабы") атты еңбегіне қосқан болса керек. Ибн-Хаукәл де оны өз еңбегінде кеңінен пайдаланған. Әл-Балхи еңбектері Шығыс тарихын, оның ішінде, Орта Азия мен Қазақстан тарихын географиялық тұғырдан зерттеуде ерекше роль атқарады.
## Дереккөздер |
Қызылбас үйрек— үйрек түқымдасына жататып құс. Салм. 0,7—1,3 кг, басы, мойны, жем-сауы қара, арқасы көк сұр, бауьтры қара не ашық сұр. Тұмсығы қара, ұз. 42—50 мм, аяғы қоңыр сұр, қанаты-ның ұз. 200—225 мм. Қызылбас үйрек Солт.Америка, Еуропа,Азияда, Скандинавия түбегінде, Британ аралында, Европ. бөлігінде, Бат. Сібірде және Қазақстанда таралган. Қызылбас үйрек жақсы жузеді, су астында 30 сек-қа дейін бо-ла алады. ¥ясын су жиегіндегі қамыс арасына не езен, көлге жақын жерге салып, 6—12 жұмыртқа басьш, 24—26 к\шдо балапан шыгарады. Қызылбас үйрек моллюскі, насеком және олардың линин-калары, су есімдіктерініц жапырагы, тамыры, түқымымен қоректеиеді. Демді еті үшін әуесқойлар аулайды.
## Дереккөздер |
'Шығыс шамшаты – шамшат тұқымдас жапырағы түскіш ағаш, биіктігі 20-50 метрге жетеді. Бүйірдегі жапырақ жүйкесі қосарланып келеді, ұзындығы 5-20см, жоғарғы қосалқы жапырақшалары жалпақ біз тәрізді, төменгілері түзу күрек, немесе түзу таспа секілді. Май, маусым айларында гүлдейді. Миуасы тамыз – қыркүйек айларында піседі.
## Таралуы
Жабайы түрде Кавказда және Қырымда өсіп, көлемді орман құрайды. Жалпы қалың болып өсетін жерлері – Кіші Азия мен Балқан түбегінің шығыс жағы.
## Дереккөздер
«Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков |
Шеӊгел – көпжылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі 30-60 см, тамыры қуатты, ұзын, бірақ оншама жуан емес. Сабағы түп жағына таман ағашқа айналатын көтеріңкі, бұтақты болып келеді. Бұтақтарында қысқа, бірақ қатты тікендері болады. Төменгі жапырақтары күрделі, гүлдері жоғарғы жапырақтарының қойнауына орналасқан қызыл түсті, сүйкімді иісті. Жемісі – быртиған қысқа бұршақ.
## Химиялық құрамы
Шеңгел тамырында усыз глюкозидтер: онониндер мен оноспиндер, илік заттар, крахмал, таниндер, шайыр және эфир майы болады.
## Дереккөздер
«Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков |
Шілмұрт – көпжылдық шөптектес өсімдік. Сабағы жіңішке, биіктігі 80 см-ге дейін жетеді. Жоғарғы жағындағы жапырақтары иілген мұрт тәріздерініп өздеріне жуық маңындағы өсімдіктерге жабысып, оларды орап алады. Сәуір айында гүлдейді. Гүлдері көк. Бұл өсімдіктің жер астында жұмырлары, сүйір келген ақшыл-мөлдір түсті, диаметрі 3 см-ге дейін келетін түйнегі болады. Түйнегі жер бетінен 5-10 см тереңдікте жатады. Түйнек дәмі крахмал татиды, иісі болмайды, микроскоппен қарағанда оның ішінен ұсақ крахмал дәндерін көруге болады. Теңіз жағасындағы өлкелерде өседі.
## Дереккөздер |
Әбу-л-Қасым Әл-Фараби(1130 жыл, Отырар – 1210 жыл) – ойшыл-ғалым.
* Отырарда білім алып, кейін оны Иасы, Шаш, Самарқан және Бұқара қалаларында одан әрі жалғастырған. Философия, логика, этика, тарих, география, астрономия іспетті ілімдерден жан-жақты мәліметі болған және бұл салаларда терең ойлы тұжырым, көзқарастары арқылы айтарлықтай із қалдырған.
Шығармалары:
* - Болмыс шындығы туралы “Ғылым түрлері” аталатын еңбегінің қолжазбалары Үндістан, Голландия, Түркия, Египет, Ватикан кітапханаларында, Ташкент пен Санкт-Петербургтің Шығыстану институтарында сақтаулы.
* “Таза шындық” - Ғибратқа толы, тағлымдық мәні бар қанатты сөздермен жазылған, психология, имандылық және дін ілімі бойынша әрі қысқа әрі нұсқа мағлұмат беретін “Таза шындық” атты еңбегінің мазмұны Қожа Ахмет Иасауи “Хикметтерімен” (“Даналық сөздерімен”), Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білігімен” ұқсас деуге болады. “Таза шындық” өзі өмір сүрген қоғамы мен халқын рухани тазалыққа үндеген, адалдық пен имандылыққа шақырған игілікті дүние. Ол ой мен бой, тән, жан тазалығын сақтауға үндейтін өсиетімен, ислам іліміндегі “мемлекеттің қарапайымдылығы, құдірет иесінің кешірімділігі, ашу кезіндегі ақыл, мүсіркеусіз қайырымдылық” деген төрт қағидасын уағыздауымен құнды.
* “Пайғамбарлардың қасиеттері туралы әулилер сөзі”
* “Уағыз үлгілері”
## Дереккөздер |
Қызыл құйрық торғай— торғайлар отрядына жататын сайрагыш құстар туысы. Дене түрқы 13,5—16 с. Көпшілігінің құйрығы қызыл. Түсі жыныстық деморфизміне байлаяысты.Қызыл құйрық торғай орманда, өзен жагалауында, талды, бүталы жер-лерді мекеидейді. Қ. қ. т. Солтүстікте жыл құсы, ал таулы жерлерде оты-рықшы құс. Қыста тау бөктерінен өзен аңгарларына түседі. ¥ясын ағаш ба-сына, жартас қуысына салады, жеміс-жидекпен қоректенеді. Қызыл құйрық торғай торғайдьң жер шарында 10 түрі, 6 түрі, Қа-зақстанда Алтай, Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауда, Сырдария бойьшда таралған 5 түрі бар. Қ. қ. т. зпянды на-секомдарды жеп а. ш-на пайда келтіреді.
## Дереккөздер |
Қызыл кеніш сарайы— архитектуралық ескерткіш. Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Кент тауының шығыс жағьнда, Талды өзеніне қүятын Кызылсу озенінің бойында. 1832 жыл-дан А. Левшиннің хабарылап белгілі. 19 ғ-дыц аягында В. Никитин зерттеген. Бұл — крест тәріздес етіп тас-тзн қаланған екі қабатты қүрылыс. С ның үта жагынан тастан қаланған тік бұрышты шағын қосымша қүрылыс салынған. Олар негізгі бөлмелермен ішкі есіктер арқылы байланысады. Қ. с-ның оңтүстігінде ені 1,5 м, спікт. 2 м орталық есік бар. Есіктің устіңгі жағында алты ағаш бағаналы балкон тәріздес күнқағар (навес) ор-натылған. Қызыл кеніш сарайы 13—15 ғ-ға жатады.
## Дереккөздер |
Қызыл соран, бұзаубас сораң — сораң туысына жататын бір жылдық шөпте-сін өсімдік. Биікт. 5—30 см. Сабағы тік, сидам, көк, жасыл, сирек те болса қызыл. Бунақты бүтақтары тармақты, екіден қарама-қарсы орналасқан. Жапырағы қысқа, қынап сияқты, қарамақарсы орналасқан. Масағының ұз. 1— 6 см сағасы қысқа. Гүлі үш-үштеи топтатып еседі. Қ. с. ылгалды, сортаң жерде, теңіз және түзды кол жиегінде өседі. Еуропа, Азия, Африка, Америка тропигінен, Арктикадан басқа барлық жерлерде, әсіресе КСРО-ның оңтүстігінде кобірек таралған. Қазақстанның тау боктеріяен басқа барлық, жерінде кездеседі. Қ. с.— дэрілік осімдік. Оның құрамында қымыздық қышқылы, сіл-тілі тұздар және энзнм кем болады. Қ. с. құрқұлаққа қарсы және зәр қуалайтын дәрі ретінде қолданылады.
## Дереккөздер |
Қызыл суыр (лат. Marmota caudata) — суыр туысына_ жататын тышқан.
Дене тұрқы 426—570 мм, құйрығының ұз. 162—215 мм, салм. 4,5—5,2 кг. Сарғыш қызыл немесе қызыл қоңыр түсті. Тұмсығы мен аузының айналасында қара теңбілі бар. Қыста үзақ (7—8 ай) ұйқыға жатады, сәуір—майда балаланды. Ініп 2—3 м тереңдікке қазады. Қызыл суырдың 10 шақтысы бір інде қыстайды. 3 жылда жьгаысы жетілуіне байланысты, жаңа жұп құрып, жаңа ін қазады. Қызыл суыр Орта Азияның оңтүстігінде, Памирде, Қырғыз Алатауында кездеседі. Терісі бағалы, жайылымға, шалғынға аздағап зиян келтіреді.
## Дереккөздер |
Қызылтандай — көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Биіктігі — 10-60 см, жапырағы қандауыр пішінді, қауырсын салалы, тілімделген, қарама-қарсы немесе кезекті орналасқан. Гүлі күлгін, анық қызыл, жеке-жеке орналасқан. Сәуір—маусымда гүлдейді. Қызылтандайдың Еуропа мен Азияда таралған 9, Ресей мен Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Қ. көбіне тау беткейі, құмды жерлер, бау-бақша, егістік жерлерде арам шөп түрінде өседі.Қызылтандайдың құрамында эфедрин, ремерин алкалоидтары бар. Бұдан дәрі жасалады.
## Дереккөздер |
Красный Яр — Ақмола облысы Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Краснояр ауылдық округі орталығы. 1945-1997 жылдары Көкшетау ауданының орталығы болған.
## Географиялық орны
Шағалалы өзенінің сол жағалауында, Көкшетау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 3 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ломонос кодонопсисі (Қоңыраугүлділер тұқымдасы) – туыстың Қазақстандағы жалғыз өкілі Тянь-Шаньға, Жоңғар Алатауы және Тарбағатайға тән әдеттегі түр. Өзендер мен бұлақтардың жағасында, орман алаңқайларына және шалғындықтарда ортаңғы және жоғарғы тау белдеулеріндегі кесілген шырша және арша түптерінде өседі. Шөптесін көп жылдық шырынды цилиндр тәрізді биік бұтақтанған сабақты. Жапырақтары жұмсақ, нәзік қысқа сағақты және жұмыртқа тәрізді тақталы, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері бас жағында, гүл табанында сәл ғана еңкейген. Тостағаншасы 5-еу. Тісшесі тілінген, ұзарып өсіп, гүлдеу мерзімі біткен соң шалқайып кетеді. Күлте қоңыраулы үшкірлеу 5 бөлікке тілімделінген, барынша ірі. Күлтенің түсі көгілдірлеу немесе көкшіл, ішкі жағында қара-көк немесе қызғылт-сары сурет бар. Аталықта және үш бөлікті бағана күлтеден шықпайды. Кодонопсис маусым-тамызда гүлдейді. Гүлдері мен жапырақтары шектен тыс жағымсыз иіс шығарады, сондықтан халық арасында оны “аю қоңыраушасы” деп атайды. Жемістері құрғақ қорапшалар, жоғарғы жағынан 3 жерден қақырайды. Шілдеден бастап қыркүйекке дейін піседі. Тұқымымен көбейеді.
Өсімдіктің барлық бөлігі әсер етуші заттардың топтамасын бөледі, эфир майы, С дәрумені , иілік заттар және т.б. Эксперименттік зерттеулер олардың жалпы адам ағзасын әлдендіретін, және жүректің жұмысын реттейтін, сондай-ақ қан қысымын түсіретін пайдасы бар екендігін анықтап берді. Өзбек халық медицинасында жер үсті бөлігін басқа да шөптермен қосып бауыр ауруын емдеуге пайдаланады. Бірінші рет мәдени түрде XIX ғасырдың аяғында Петербургте байқаудан өткізілген. Алматы ботаникалық бағындағы тұқымынан өсіріледі. Екінші жылы гүлдейді.
## Дереккөздер |
Жоңғар аюқұлағы (лат. Verbascum songaricum) – сабынкөктер тұқымдасына жататын сиырқұйрық түрі. Бұл өсімдік Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай тауларында өседі. Бұл өсімдік кез келген жерде өседі, әсіресе ескі мал тұрақтарында қаптап өседі. Екі жылдық өсімдік, мықты 150 см-ге дейін. Жапырақтары ірі ұзындығы 35 см, ені 10 см. Тегіс түктері ақшыл түс береді. Сабағындағы жапырақтарының ұш жағы кішірейген, отырыңқы. Гүлдері 3-6-дан, бір-біріне жақын шоқтарға орныққан. Аталықтары қысқа, түйін екі ұялы, жуан бағаналы. Аюқұлақ мамыр-маусымда гүлдейді, ұсақ тұқымдары маусымның аяғынан тамызға дейін пісіп, жетіледі, гүлдері халық медицинасында жүрек, буын ауруларын емдеуге, жапырағынан алынатын шырыны мен ұнтағы жараны және ісікті емдеу үшін колданылады. Тамыры мен гүлдерінен жүнді бояу үшін түрлі бояулар алынады. Кейбір жерлерде зиянды жәндіктерді жою үшін пайдаланады.
## Дереккөздер |
Станционный — Ақмола облысы, Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты кент, Станционный кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Көкшетау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Приозёрное — Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Ақжан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Тимирязево ауылынан шығысқа қарай 3 км-дей жерде. Теңіз деңгейінен биіктігі 172 метр.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 285 адам (142 ер адам және 143 әйел адам) болса, 2009 жылы 73 адамды (36 ер адам және 37 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Егiндiкөл — Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы ауыл, аудан және Егіндікөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Көкшетаудан оңтүстікке қарай 244 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы қаланған. 1998 жылға дейін "Краснознаменское" деп аталды.
## Халқы
## Дереккөздер |
## Татыр сораң
### Өсімдіктің кездесетін жерлері
Татыр сораң (Salsola gemmascens) - алабота тұқымдасына жататын шала бұта. Биіктігі 15-50 см, түбінен бастап тармақты, жапырақтары кезекті орналасқан. Дара гүлдері масақ тәрізді гүл шоғырында топтанған, шілде- тамыз бойы гүлдейді. Татыр сораң Иран, Монғолияда, КСРО-да Орта Азияда, Қазақстанда Үстірттің оңтүстігі мен солтүстігінде, Қызылқұмда тақырлы, сортаң, сазды жерлерде өседі.
## Дереккөздер
## Татыр сораң
### Өсімдіктің кездесетін жерлері
Татыр сораң (Salsola gemmascens) - алабота тұқымдасына жататын шала бұта. Биіктігі 15-50 см, түбінен бастап тармақты, жапырақтары кезекті орналасқан. Дара гүлдері масақ тәрізді гүл шоғырында топтанған, шілде- тамыз бойы гүлдейді. Татыр сораң Иран, Монғолияда, КСРО-да Орта Азияда, Қазақстанда Үстірттің оңтүстігі мен солтүстігінде, Қызылқұмда тақырлы, сортаң, сазды жерлерде өседі.
## Дереккөздер |
## Тауалға
### Ерекшеліктері
Тауалға (Korolkovif Severzovii) - лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 20-50см, сабағының төмен жағы жапырақсыз. Жапырақтары көгілдір, ұзындығы 15 см, ені 8 см төменгілеріне қарағанда жоғарғылары ұзындау. Гүлі шашақ, жоғарғылары аталықты, қалғандары қос жынысты. Гүлі қоршаулы 6 жапырақты. Батыс Тянь-Шаньда, Памир, Алтайда, Орта Азияда, Қазақстанда Шу-Іле Алатауында, Қаратаудың тасты беткейлерінде субалыпілік белдеуге дейін өседі. Қазақстанда сәуір-мамырда гүлдейді, жемісі көп тұқымды, ұзындығы 4,5см. 6 қырлы, ұзынан қақырапа ашылатын қорапша . Баданасында крахмал көп болады.
## Дереккөздер
## Тауалға
### Ерекшеліктері
Тауалға (Korolkovif Severzovii) - лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 20-50см, сабағының төмен жағы жапырақсыз. Жапырақтары көгілдір, ұзындығы 15 см, ені 8 см төменгілеріне қарағанда жоғарғылары ұзындау. Гүлі шашақ, жоғарғылары аталықты, қалғандары қос жынысты. Гүлі қоршаулы 6 жапырақты. Батыс Тянь-Шаньда, Памир, Алтайда, Орта Азияда, Қазақстанда Шу-Іле Алатауында, Қаратаудың тасты беткейлерінде субалыпілік белдеуге дейін өседі. Қазақстанда сәуір-мамырда гүлдейді, жемісі көп тұқымды, ұзындығы 4,5см. 6 қырлы, ұзынан қақырапа ашылатын қорапша . Баданасында крахмал көп болады.
## Дереккөздер |
Таширов Хайтахун (15. 3. 1902, Қырғыстан ССР-і, Ош облысы, қазіргі Қарасу ауданы, Ача Мазар селосы, - 10. 2. 1963, Қызыл- Шарқ селосы.)- колхоз құрылысының ұйымдастырушыларының бірі. Соц. Еңбек Ері атағын 2 рет (1951, 57) алған. 1944 жылдан КОКП мүшесі. Қарасу ауданы, «Қызыл-Шарқ» к-зына бірінші мүше болды. 1937 ж. осы колхоздың председателі болып сайланды. Ташировтың басшылығымен колхоз өндірістік жоғары көрсеткіштерге жетті. Мақтаның әр гектарынан 1956 ж. 34,2 ц өнім жинады. Қырғыз ССР-і Жоғарғы Советінің депутаты. Қырғыз КП 11-съезінде делегат. Таширов 5 рет, Ленин орденімен, Еңбек қызыл ту ордені және бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің Үлкен Алтын медалымен және басқа да медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
## Тау хрусталы
### Химиялық құрамы
Тау хрусталы- төмен температуралы кварцтың химиялық құрамы жағынан таза, түссіз, мөлдір, кейде солғын, сарғылт түсті түрі. Гексанол призма кейіптес друзалар, үлкен жеке кристалдар құрайды, кейде салмағы бірнеше тоннаға жететін масса түрінде де болады. Орта және төмен температуралы гидротермальдық процестерден жаралады. Тау хрусталы кварцты, дала шпатты, кварцты- карбонатты желілермен гранит пегматиттерінің қуыстарынан орын алады. Электротехника мен радиотехникада кеңінен қолданылады. Сарыарқа өңірінен табылды. Жоғары сапалы Тау хрусталы синтетикалық жолмен де алынады.
## Дереккөздер
## Тау хрусталы
### Химиялық құрамы
Тау хрусталы- төмен температуралы кварцтың химиялық құрамы жағынан таза, түссіз, мөлдір, кейде солғын, сарғылт түсті түрі. Гексанол призма кейіптес друзалар, үлкен жеке кристалдар құрайды, кейде салмағы бірнеше тоннаға жететін масса түрінде де болады. Орта және төмен температуралы гидротермальдық процестерден жаралады. Тау хрусталы кварцты, дала шпатты, кварцты- карбонатты желілермен гранит пегматиттерінің қуыстарынан орын алады. Электротехника мен радиотехникада кеңінен қолданылады. Сарыарқа өңірінен табылды. Жоғары сапалы Тау хрусталы синтетикалық жолмен де алынады.
## Дереккөздер |
Көкшағыр (Көкшағыр жусан) -жусан туысының бір түрі. Биіктігі 30-70, кейде 80 см шала бұта. Өсімдік түгелдей тықыр, жасыл не сұрғылт жасыл, тамыры жуан, сүректенген. Жеміс бермейтін бұтақтарының жапырағы сопақша келген, ұзындығы 4-8, ені 2-6 см, қара жасыл. Шілде- тамызда гүлдейді. Ресейдің Еуропалық бөлігінің шығысында, Батыс Сібірде, Қазақстанда Тобыл-Есіл, Ертіс, Ембі, Каспий, Арал маңында, Көкшетауда, Мұғалжарда, Сарыарқаның шығысында, батысында, Қарқаралыда, Бетпақдала, Балқаш-Алакөл аймағында, Алтай, Тарбағатайда, Қызылорда облысында дала, шөлді, құмды жерлердегі өзен аңғарларында, тың жерлерде тастақты беткейлі төбелерде өседі. Көкшағырды жаз бойы қой мен түйе жақсы жейді, сиыр мен жылқы онша жемейді.
## Дереккөздер |
## Алтын қорыған самұрық
### Тайпа жайлы жалпы мәлімет
Алтын қорыған самұрық -аңызға айналған тайпаның аты. Алғаш рет бұл ат грек тарихшысы Геродот (б.з.б. 485-425) еңбектерінде кездеседі. Ол саяхатшы әрі ақын Аристей Проконесскийдің поэмасына сүйенеді. Екеуі де Азияның қиыр даласындағы халықтар туралы айта келіп, оларды аңыздағы таң ғажайып құстар негізінде суреттейді. Бұлардың бір тармағына гиперборейлер мен аримасптардыжатқызады. Аристей мен Геродоттың бұл халықтар жөніндегі деректердің көбі шындыққа жанасады. Грек – рим жазушыларының бәрінде де кездесетін болжамдарға қарағанда, самұрықтар елі алтынға бай болып, соны қорғау үшін жылқы кейпінде бейнеленген аримасптармен соғыс жүргізген. Самұрықтардың өздері пантикапея тиындарында аузына Аполлонның киелі жебесін тістеген қыран ретінде бейнеленген. Жартылай аңыздан туған самұрықтар алтынға бай Арқа, Алтай тауларын мекендеген көшпелі тайпалар-сақтар, ғұндар, үйсіндер, кейін қырғыздар немесе солардың туыстары болуы да мүмкін. Өйткені ежелгі қырғыздардың Енисейді қоныстанғаны, алтынды көп өндіріп өңдегені, белгісіз бір шежірешінің жазуына қарағанда, елдің бүкіл адамы басына алтын тәж кигені, өлгендерді алтынға орап көмгені, табынатындары қыран құс болғаны мәлім.
## Дереккөздер
## Алтын қорыған самұрық
### Тайпа жайлы жалпы мәлімет
Алтын қорыған самұрық -аңызға айналған тайпаның аты. Алғаш рет бұл ат грек тарихшысы Геродот (б.з.б. 485-425) еңбектерінде кездеседі. Ол саяхатшы әрі ақын Аристей Проконесскийдің поэмасына сүйенеді. Екеуі де Азияның қиыр даласындағы халықтар туралы айта келіп, оларды аңыздағы таң ғажайып құстар негізінде суреттейді. Бұлардың бір тармағына гиперборейлер мен аримасптардыжатқызады. Аристей мен Геродоттың бұл халықтар жөніндегі деректердің көбі шындыққа жанасады. Грек – рим жазушыларының бәрінде де кездесетін болжамдарға қарағанда, самұрықтар елі алтынға бай болып, соны қорғау үшін жылқы кейпінде бейнеленген аримасптармен соғыс жүргізген. Самұрықтардың өздері пантикапея тиындарында аузына Аполлонның киелі жебесін тістеген қыран ретінде бейнеленген. Жартылай аңыздан туған самұрықтар алтынға бай Арқа, Алтай тауларын мекендеген көшпелі тайпалар-сақтар, ғұндар, үйсіндер, кейін қырғыздар немесе солардың туыстары болуы да мүмкін. Өйткені ежелгі қырғыздардың Енисейді қоныстанғаны, алтынды көп өндіріп өңдегені, белгісіз бір шежірешінің жазуына қарағанда, елдің бүкіл адамы басына алтын тәж кигені, өлгендерді алтынға орап көмгені, табынатындары қыран құс болғаны мәлім.
## Дереккөздер |
## Күл-оба
### Орналасуы
Күл-оба - б.з.б. 4 ғасырында жерленген скиф көсемінің моласы. Күл-оба Керч (Қырым) қаласының батыс жағында 3 км жерде. Оны 1830 жылы орыс археологы И. А. Степов зерттеген. Обаға скиф көсемі әйелімен, құлдарымен бірге жерленген. Скиф көсемін ағаштан жасалған табытқа жатқызған, үстіндегі киімдері алтын пластинкалармен әшекейленіп тігілген, мойнына алтын алқа кигізілген, алқаның ұштарына атты скифтің бейнесі, қолына алтын білезік салынған. Қару-жарақтар өліктің қасына арнаулы қорапқа қойылған. Ал піл сүйегінен нақыштап, өрнектеп жасалған басқа табытқа көсем әйелінің немесе құрбандыққа шалынған кепіл әйелдің сүйегі қойылған. Әйелдің бас киімі түгелдей алтын әшекей заттармен тігілген. Бас киімдегі ең бір тамаша зат-алтын жасалған Афины құдайының бас суреті салынған алқа. Әйел мойнына қымбат бағалы моншақ және алтын алқа тағылған. Лақаттың ( ақымның )оң іргесіне көсем, онан кейін өлтірілген құлы немесе жалшысы ( ер адам) жерленген. Күл-обадан қойдың еті салынған қола қазан, шарап ішетін ыдыстар т.б. көптеген заттар табылған. Табылған заттардың ішіндегі бағалысы алтын зере, оныңм сыртындағы суреттері скифтер өмірін бейнелейді. Күл-оба б.з.б. 4-3 ғасырларына жататын Днепрдің төменгі ағысындағы скиф патшаларының обаларына өте ұқсас.
## Дереккөздер
## Күл-оба
### Орналасуы
Күл-оба - б.з.б. 4 ғасырында жерленген скиф көсемінің моласы. Күл-оба Керч (Қырым) қаласының батыс жағында 3 км жерде. Оны 1830 жылы орыс археологы И. А. Степов зерттеген. Обаға скиф көсемі әйелімен, құлдарымен бірге жерленген. Скиф көсемін ағаштан жасалған табытқа жатқызған, үстіндегі киімдері алтын пластинкалармен әшекейленіп тігілген, мойнына алтын алқа кигізілген, алқаның ұштарына атты скифтің бейнесі, қолына алтын білезік салынған. Қару-жарақтар өліктің қасына арнаулы қорапқа қойылған. Ал піл сүйегінен нақыштап, өрнектеп жасалған басқа табытқа көсем әйелінің немесе құрбандыққа шалынған кепіл әйелдің сүйегі қойылған. Әйелдің бас киімі түгелдей алтын әшекей заттармен тігілген. Бас киімдегі ең бір тамаша зат-алтын жасалған Афины құдайының бас суреті салынған алқа. Әйел мойнына қымбат бағалы моншақ және алтын алқа тағылған. Лақаттың ( ақымның )оң іргесіне көсем, онан кейін өлтірілген құлы немесе жалшысы ( ер адам) жерленген. Күл-обадан қойдың еті салынған қола қазан, шарап ішетін ыдыстар т.б. көптеген заттар табылған. Табылған заттардың ішіндегі бағалысы алтын зере, оныңм сыртындағы суреттері скифтер өмірін бейнелейді. Күл-оба б.з.б. 4-3 ғасырларына жататын Днепрдің төменгі ағысындағы скиф патшаларының обаларына өте ұқсас.
## Дереккөздер |
## Кіндіктас антиклинорийі
### Руда жайлы жалпы мағлұматтар
Кіндіктас антиклинорийі - Оңтүстік Қазақстанның солтүстігіндегі Жалайыр-Найман антиклинорийімен шектес, солтүстік-батысқа қарай бағытталған құрылғым; төменгі палеозойдағы дислокациялар бір бағытқа созылған, ал ортанғы палеозойдағы дислокациялар қабаттасқан брахи пішінді құрылымдар түзген. Бірнеше жерден ордовиктік интрузиялар қиған. Кіндіктас антиклинорийіндегі көне жыныстар, шамамен, төменгі-орта протерозойда жаралған амфиболитті-гнейсті-метаморфтық формациялар. Олардың жоғарғы қабаттарында орта девонның ( живет ярусы) андезитті-базальтті-терригендік жыныстары қабаттасқан мульда орналасқан. Антиклинорийдің солтүстік-шығысындағы Іле антиклиналымен шектес аралықта Жамантас мульдасы бар. Мұнда кембрийге дейінгі интрузия анықталмаған. Қордай және Шатыркөл массивтеріндегі гранит-гранодиоритті интрузиялар силур-девон кезеңдерінде қалыптасқан.
### Пайда болу кезеңдері
Карбонда пайда болған лейкократты гранит интрузиясы да байқалады. Кіндіктас антиклинорий оңтүстік-шығыс қанатында төменгі ордовиктік шөгінді жыныстар, орта және жоғары ордовик шөгінділері (шарбқты свитасы), туфогенді жыныстар (ырғайлы свитасы), туфогенді-терригендік (сарбастау свитасы) және андезитті-терригендік (кескентас свитасы) жыныстар кездеседі. Ордовик қабаттарының жоғарғы жағында жасыл түсті моласты формациялар ұшырайды. Девонда вулконогенді –терригендік жыныстар пайда болған. Солтүстік-шығыс қанатында кембррийге дейін жаралған вулканогендік жыныстар (қақпатас свитасы) , онан жоғары ванадийлі карбонатты-терригендік тақта тастар (жайсаң свитасы), вулканогендік-терригендік (сулысай свитасы) жыныстар және кварц-дала шпатты құм тастар (жамбыл свитасы) шоғырланған. Бұл свиталардың аралығында қордай мен шатыркөл комплексіндегі интрузиялар қалыптасқан. Үстіңгі қабаттарда жоғарғы девон мен төменгі карбонның қызыл түсті терригендік формациялары жатыр. Бұл қанатта карбонның сенит-гранодиорит интрузиялары бар. Кіндіктас антиклинорийінің пайдалы қазындылары: ванадийлі горизонттар, желілі мыс (Шатыркөл), алтын рудаларының белгілері, полиметалл (Ұзынсу рудалы түйіні) және темір рудалары.
## Дереккөздер
## Кіндіктас антиклинорийі
### Руда жайлы жалпы мағлұматтар
Кіндіктас антиклинорийі - Оңтүстік Қазақстанның солтүстігіндегі Жалайыр-Найман антиклинорийімен шектес, солтүстік-батысқа қарай бағытталған құрылғым; төменгі палеозойдағы дислокациялар бір бағытқа созылған, ал ортанғы палеозойдағы дислокациялар қабаттасқан брахи пішінді құрылымдар түзген. Бірнеше жерден ордовиктік интрузиялар қиған. Кіндіктас антиклинорийіндегі көне жыныстар, шамамен, төменгі-орта протерозойда жаралған амфиболитті-гнейсті-метаморфтық формациялар. Олардың жоғарғы қабаттарында орта девонның ( живет ярусы) андезитті-базальтті-терригендік жыныстары қабаттасқан мульда орналасқан. Антиклинорийдің солтүстік-шығысындағы Іле антиклиналымен шектес аралықта Жамантас мульдасы бар. Мұнда кембрийге дейінгі интрузия анықталмаған. Қордай және Шатыркөл массивтеріндегі гранит-гранодиоритті интрузиялар силур-девон кезеңдерінде қалыптасқан.
### Пайда болу кезеңдері
Карбонда пайда болған лейкократты гранит интрузиясы да байқалады. Кіндіктас антиклинорий оңтүстік-шығыс қанатында төменгі ордовиктік шөгінді жыныстар, орта және жоғары ордовик шөгінділері (шарбқты свитасы), туфогенді жыныстар (ырғайлы свитасы), туфогенді-терригендік (сарбастау свитасы) және андезитті-терригендік (кескентас свитасы) жыныстар кездеседі. Ордовик қабаттарының жоғарғы жағында жасыл түсті моласты формациялар ұшырайды. Девонда вулконогенді –терригендік жыныстар пайда болған. Солтүстік-шығыс қанатында кембррийге дейін жаралған вулканогендік жыныстар (қақпатас свитасы) , онан жоғары ванадийлі карбонатты-терригендік тақта тастар (жайсаң свитасы), вулканогендік-терригендік (сулысай свитасы) жыныстар және кварц-дала шпатты құм тастар (жамбыл свитасы) шоғырланған. Бұл свиталардың аралығында қордай мен шатыркөл комплексіндегі интрузиялар қалыптасқан. Үстіңгі қабаттарда жоғарғы девон мен төменгі карбонның қызыл түсті терригендік формациялары жатыр. Бұл қанатта карбонның сенит-гранодиорит интрузиялары бар. Кіндіктас антиклинорийінің пайдалы қазындылары: ванадийлі горизонттар, желілі мыс (Шатыркөл), алтын рудаларының белгілері, полиметалл (Ұзынсу рудалы түйіні) және темір рудалары.
## Дереккөздер |
## Тау кен апаттарынан құтқару ісі
### Міндеттері
Тау кен апаттарынан құтқару ісі - шахталар мен рудниктердегі апаттарды жою және оларды болдырмау, апатқа ұшыраған адамдарға көмек беру қызметі. Қауіпті апаттарға рудник газының (метан), тас көмірдің немесе колчедан шаңының қопарылысы, жер асты өрті, рудник газы мен көмірдің кенеттен атылуы, тау-кен соққысы, тау-кен қазбаларына жер асты сулары мен қорыстың енуі т. б. жатады. Уланудан сақтандыру үшін шахтерлер противогазбен, респиратормен жабдықталады. Апат болған кезде шахтерлерді құтқару үшін арнайы қызмет- тау кен апаттарынан құтқару қызметі ұйымдастырылады.
### Білікті мамандар және қолданылатын құралдар
Тау кен апаттарынан құтқару ісінің кезеңінде біздің елде тау-кен инжинерлері Д. Г. Левицкийдің және Н. И. Черницынның, академиктер А. А. Скочинский мен А. М. Терпигоревтің еңбектері маңызды рөл атқарды. Тау-кен апаттарынан құтқаратын алғашқы станциялар Ресейде 1907 ж. Донбасста ұйымдастырылды. Тау кен апаттарынан құтқару ісі туралы ереже 1930 ж. қабылданды. 1932 ж. құтқару станциялары біріктіріліп, 1934 ж. олар тау-кен апаттарынан құтқаратын әскери бөлімшелер болып ұйымдастырылды. Тау кен апаттарынан құтқару ісінде әр түрлі жабдықтар –жеке құтқарушының жабдығы жоғары температурада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін изоляциялауыш респираторлар, противогаздар, әр түрлі механизмдер, (насос, газоанализатор, көбік шашқыш, желдеткіш т. б.) мен транспорт ( автомобиль, вертолет, самолет) пайдаланылады.
## Дереккөздер
## Тау кен апаттарынан құтқару ісі
### Міндеттері
Тау кен апаттарынан құтқару ісі - шахталар мен рудниктердегі апаттарды жою және оларды болдырмау, апатқа ұшыраған адамдарға көмек беру қызметі. Қауіпті апаттарға рудник газының (метан), тас көмірдің немесе колчедан шаңының қопарылысы, жер асты өрті, рудник газы мен көмірдің кенеттен атылуы, тау-кен соққысы, тау-кен қазбаларына жер асты сулары мен қорыстың енуі т. б. жатады. Уланудан сақтандыру үшін шахтерлер противогазбен, респиратормен жабдықталады. Апат болған кезде шахтерлерді құтқару үшін арнайы қызмет- тау кен апаттарынан құтқару қызметі ұйымдастырылады.
### Білікті мамандар және қолданылатын құралдар
Тау кен апаттарынан құтқару ісінің кезеңінде біздің елде тау-кен инжинерлері Д. Г. Левицкийдің және Н. И. Черницынның, академиктер А. А. Скочинский мен А. М. Терпигоревтің еңбектері маңызды рөл атқарды. Тау-кен апаттарынан құтқаратын алғашқы станциялар Ресейде 1907 ж. Донбасста ұйымдастырылды. Тау кен апаттарынан құтқару ісі туралы ереже 1930 ж. қабылданды. 1932 ж. құтқару станциялары біріктіріліп, 1934 ж. олар тау-кен апаттарынан құтқаратын әскери бөлімшелер болып ұйымдастырылды. Тау кен апаттарынан құтқару ісінде әр түрлі жабдықтар –жеке құтқарушының жабдығы жоғары температурада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін изоляциялауыш респираторлар, противогаздар, әр түрлі механизмдер, (насос, газоанализатор, көбік шашқыш, желдеткіш т. б.) мен транспорт ( автомобиль, вертолет, самолет) пайдаланылады.
## Дереккөздер |
## Қаз-қатар
### Еңбектері
Қаз-қатар - қазақтың халық биі. Халық күйі «Аққудың» (музыкасын биге бейімдеп өңдеген Ж. Қаламбаев) сүйемелімен қыздар тобы орындайды. Би қаздардың тізіліп көлге қонуын, шомылуын, қайырылып қайта қайтуын бейнелейді. Музыка өлшемі 2/4. Алғаш 1936 жылы Алматыда өткен ауыл шаруашылығы слетінде (гурьевтік Ж. Оразғалиевтің билеуінде) көрсетілді. «Қаз-қатар» биі балетмейстер Д. Әбіровтің өңдеуімен 1956 жылы Қазақтың опера және балет театрында орындалды. «Біздің сүйікті дәрігер» кинофильміне түсірілген.
## Дереккөздер
## Қаз-қатар
### Еңбектері
Қаз-қатар - қазақтың халық биі. Халық күйі «Аққудың» (музыкасын биге бейімдеп өңдеген Ж. Қаламбаев) сүйемелімен қыздар тобы орындайды. Би қаздардың тізіліп көлге қонуын, шомылуын, қайырылып қайта қайтуын бейнелейді. Музыка өлшемі 2/4. Алғаш 1936 жылы Алматыда өткен ауыл шаруашылығы слетінде (гурьевтік Ж. Оразғалиевтің билеуінде) көрсетілді. «Қаз-қатар» биі балетмейстер Д. Әбіровтің өңдеуімен 1956 жылы Қазақтың опера және балет театрында орындалды. «Біздің сүйікті дәрігер» кинофильміне түсірілген.
## Дереккөздер |
Бақсылық (Шаманизм) – шаманизм дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді» «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.
Бақсылардың өткенді біліп, болашақты болжау қасиетті болады. Олар аруақтар шақыру, қойдың жауырының падалану, құмалақ ашу арқылы болашақты болжаған, өткенді көре білген, адамның ойы оқи алатын болған.
Халық арасында есімі ұмытылмаған әйгілі бақсылар болған. 14 ғасырда жасаған Салттық бақсы туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз-әңгімелер қалды. Себебі – бүкіл Дешті Қыпшақта одан өткен білгір бақсы болған жоқ.
Ислам халық арасында кең етек алып, шаман мәдениеті мен бақсылық өнерін ығыстырғанмен, олардың намым-санімдерінде шаман дінінің ізі сақталып қалды.
Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, монтеистік діндерден бұрынғы жөн-жоралғылы магикалық дүниетаным. Шаманизмдегі басты нәрсе - бақсы мен бақсы жүргізетін салт-жоралғылар. Бақсы әрекеттерінің бәрі де магикалық ойлау тәсілінен қүрылған.Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын қүрайды.
## Дереккөздер |
Могон Шине Усудан шыққан Елетміш Білге қаған ескерткіші Яглакар әулетінен шыққан ең атақты ұйғыр қағанына арналған. Ол 1909 жылы Г.Расмстед басқарған фин экспедициясы жұмыстарының арқасында табылып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Жазбаның мазмұнында түркілер мен ұйғырлардың бүкіл Орта Азияға үстемдік жүргізбекші болған шайқастары баяндалған. Елетміш Білге қағанының тоғыз-оғыз тайпасын біріктіруі үлкен ерлік болды. Онда ұйғыр әскерлерінің қытай көтерілісшілерін басып тастағаны және сол үшін қытай императоры оларды бағалы сыйлықтармен марапаттағаны суреттеледі.
Ішкі қақтығыстар ұйғыр қағандығының басты оқиғасына айналған еді. Оған рубасы Яглакар қағанның билігін бекітіп тағайындау себеп болды. 749 жылы қаған әскері Тай Білге-тұтұқтың басшылығымен 747 жылы басталған оғыздардың көтерілісін басты. Ал 754-755 жылдары байарку-чик-қырғыздар күйреді.
Елетміш Білге қаған ескерткіші – ең атақты ежелгі ұйғыр руналық жазбаларының туындысы.
## Дереккөздер
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет.ISBN 9965-26-407-4 |
Александровка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін таратылған "Александров ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 704 адам (350 ер адам және 354 әйел адам) болса, 2009 жылы 455 адамды (221 ер адам және 234 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бастомар — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Бастомар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 706 адам (348 ер адам және 358 әйел адам) болса, 2009 жылы 564 адамды (289 ер адам және 275 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алуа — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін таратылған "Александров ауылдық округі" құрамында болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 214 адам (115 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 146 адамды (81 ер адам және 65 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Реликт шағала қорықшасы — 1972 жылы ұйымдастырылған. Оның мақсаты - дүние жүзінде, ТМД елдерінде өте сирек кездесетін шағаланың түрін сақтап қалу. Бұл құсты алғаш рет 1968 жылы Зоология институтының ғылыми қызметкері Э.М. Әуезов тапқан. Содан бері Реликт шағала жаңа түр болып енді. Бұл орнитология ғылымындағы үлкен жаңалық болды. Ғалымдар сирек құсты зерттеу, қорғау мақсатымен су құстарына бай Алакөл аумағын қорық жасауды ұсынды. Соның нәтижесінде көл аумағына қорықша статусы берілді. Оның ауданы 3 мың гектар. Негізгі ядросы – Орта, Үлкен Аралтөбе жерлері. Құстың қоры аз (240-300) ғана. Қазір бұл құс дүние жүзіндегі деңгейде қорғауға алынып отыр.
## Дереккөздер |
Ұқырықбуын - қырықбуын тұқымдас көпжылдық шөп тектес өсімдік. Жеміс беретін сабағы ерте көктемде пайда болады. Олардың бұтағы болмайды, балғын ашық-қоңыр, немесе қызғылт түсті келеді. Жеміс бермейтін сабақтары кейін шығады. Олар бұтақты, жасыл, қатты, қырлы, цилиндрлі келеді. Олардың бұтақтары қарапайым, тік, көпшілігінде төрт қырлы , төрт тікті өзекті болады да, сабақ буындарында күлте бастанып өседі. Ұқырықбуын суармалы егістіктерде, жайылымдарда, шұңқыр жерлерде, кейде ағашы сирек орман ішінде өседі.
## Дереккөздер
«Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.