text
stringlengths 3
252k
|
---|
Мүкті тістілер (Edentata). Оңтүстік Америкада тісі шала жетілген азғана сүтқоректілер бар. Олардың тістері мүлдем болмайды, немесе эмалы мен түбі болмайды және түрлі топтарға жіктелмеген. Ми сыңарлары кіші, қатпарлары болмайды. Коракоидалары жауырынымен кейінірек бірігіп кетеді.
## Тұқымдастары
Біздің заманымызға дейін бұлардың үш тұқымдасы сақталған.
Еріншектер немесе Жалқауаң (Bradypodidae) ағашты жердімекендейтінтүн жануары. Уақытының көпшілігін ағаштың бұтағына арқасын төмен қаратып, ілініп тұрып өткізеді. Олар өсімдік жапырағымен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандарын мекендейді.
Құмырсқажегіштер (Myrmecophagidae) құмырсқамен және термиттермен қоректенеді. Бұлардың тұмсығы және тілі өте ұзын болады. Тілінде желім сияқты шырыны болады, тістері болмайды. Бұлар тек кана Оңтүстік және Орталық Америкада тараған.
Сауыттылардың (Dasypodidae) денесі тері тектес сүйекті сауытпен қапталған, сондықтан оларды сауытты мүкі тістілер деп атайды. Сүйекті сауытының үстінде мүйізді қалқандары болады. Сауыттылардың әрбір қалқаны бірімен-бірі қосылып кетпей, қозгалғыш қабілетін сақтаған. Осы қалқандары арқылы жауларынан пассивті қорғанады. Олар шөлді жерлерді мекендеп, аралас азықтармен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Америкада және Солтүстік Американың оңтүстігіне тараған.
*
*
*
*
## Дереккөздер |
КуприКуузик Тийт (Дийтрих Янович) (11. 09. 1911 жылы туған, Пярну — 1990) — эстoн совет әншiсi (баритон), КСРО халық артисi (1954). 1938 жылы Таллин консерваториясын (проф. А. Ардердiң қласы бойынша) бiтiрдi. 1940-1941 жылдары Вена Халық операсының, 1944 жылдан «Эстония» опера және балет театрының әншiсi. 1947 жылдан Таллин консерваториясының профессоры. Орындаған басты партиялары: Онегин (Чайковскийдің «Евгений Онегинiнде» ), т. б. 5-сайланған Эст. КСР Жоғ. Советің депутаты. КСРО (1950, 1952) және Эст. КСР (1967) Мем. сыйлықтарының лауреаты. Ленин орденiмен және шетелдік 2 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Еділбай Хошейғалиұлы Шұратов (12.10.1938 жыл, Ресей, Астрахан облысы, Володар ауданы, Козлово селосы) – қазақ эпидемиологы және микробиологы, медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1987). Қазақстан Республикасы Медицина ғылым академиясының корреспондент мүшесі.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және КСРО Медицина ғылым академиясының Ленинград эксперименттік медициналық институты аспирантурасын (1967) бітірген. Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1967–1977), директоры (1977–1998); 1998 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері вирусология, жұқпалы аурулар иммунологиясы мен эпидемиологиясы мәселелеріне арналған. 270-тен астам ғылыми жарияланым мен 11 монографияның авторы. 7 авторлық куәлігі бар.
## Дереккөздер: |
Ер-тоқым — салт атқа мініп жүруге лайықталған жабдықтардың бір түрі. Адамның атқа мініп-түсуі мен атқа ер салу мұқтаждығы қашан басталғаны белгісіз. Қазақстан жеріндегі жартастар бетінде ер-тоқымды ат суреті кезігеді. Соның ішінде, тура сызықты суреттер, бедер сызықты суреттер бар. Бұл ертедегі адамдардың да ер-тоқымды пайдаланғанынан дерек береді. Ер-тоқымды көне заман көшпелілерінің дамытқан өнер туындысының бірі деуге болады. Өйткені көшпелі тұрмыс, жорық, шабуыл- ат үстіндегі қимылдың барлығы ер-тоқым, тұрман-жабдықтарын тамаша толықтырған. Бұл жабдықтар екі жаққа да (атқа да, адамға да) қолайлылық тудыру мақсатында жасалған. Әсіресе, атқа жайлы болу жағы басты шарт болған. Қазақ халқы осы тұрғыдан, « Алтында ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ»,- деп, тұжырады. Соңғы кездегі қалыптасқан атаулар- қалмақ ер, қырғыз ер, қазақ ер, орыс ер. Ал, біздің айтайық деп отырғанымыз-қазақ ері. Қазақ ері негізгі қаңқасының жасалуы жағынан-ойма ер, құранды ер, ақбас ер, ашамай болып бөлінеді. Жабдықталуы жағынан қыз-келіншек ері, еркек ері деп жіктеледі. |
Өтеміс қажы (толық аты-жөні: Өтеміс қажы Маулана Мұхаммед Дусти,туған-өлген жылдары белгісіз) — 16 ғасырдағы Хиуа тарихшысы, «Шыңғыснама» атты тарихи хрониканың авторы. Ол өзбектің Хорезмді билеушісі (1515-1525) Ілбарсханның (Ильбарс) қол астында қызмет атқарды, қыпшақ даласында билік құрған Шыңғысханның ұрпақтары тарихи шығармалардан кейбір хандардың есімін кездестіргенмен, олардың билік құрған кездегі жағдайларын анықтай алмады. Дегенмен үздіксіз іздену нәтижесінде ол «Шыңғыснаманы» жазып шықты. Бұл шығарманың екі нұсқасы бар. Толық нұсқасы Стамбулда, толық емес данасы Ташкентте сақтаулы. Екінші нұсқасындағы хрониканың, жылнаманың Тоқтамыс жайын баяндайтын тарауы бізге жетпеген. Ол Хорезмнен Еділ бойына, онан әрі Каспий теңізі жағалауынан оңтүстікке қарай саяхат жасаған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
## Алғышарттары
Қазақстанда өнеркәсіптің дами бастауы, өндірілген шикізаттарды тасып әкету үшін темір жолдар салу ауадай қажет болатын. Орыс фабриканттары Ресейді шығыстағы шет аймақтармен байланыстыратын темір жолдар салуды патша үкіметінен 19 ғасырдың 60 -70 жылдарының өзінде – ақ сұраған болатын. Ташкенттен шыққан түйе керуені Орынборға 100 күн дегенде әрең жететін. Мұндай жағдай сауда – саттық пен өнеркәсіптің жедел дамуына көп кедергі келтірді.
## Темір жолдардың салына бастауы
19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында темір жол магистральдары салына бастады. 1891 – 1893 жылдары ұзындығы 369 км Покровская слобода – Орал темір жол желісі тартылды.
1894 жылдан бастап Челябі мен Омбы арасында темір жол қатынасы орнады. 1901 – 1905 жылдары Орынбор – Ташкент темір жолы салынды. Оның ұзындығы 1668 км – ді құрады. Сөйтіп 1905 жылы Қазақстан аумағындағы темір жол желісінің жалпы ұзындығы 2000 километрге жуық болды.
## Қазақтардың темір жол құрылыстарына қатысуы
Сол кездері қазақ халқының арасында темір жол құрылысында жұмыс істеп, табыс тауып қайту кіңінен өрістеді. Орынбор – Ташкент темір жолын салуға 40 мыңға жуық қазақ қатысты. Маусымдық жұмыстарда істегендердің көпшілігі кейін темір жол бойында жұмысқа орналасып, қазақтың кәсіби жұмысшы тобының қатарын қалыптастырды. Кейде қазақтар өздерінің туған өлкесінен тыс жерлерге де барып жұмыс істеді. Мәселен, 1895 жылы Семей облысы Павлодар уезінің 2 мыңға жуық қазағы Тайга бекетіндегі темір жол құрылысында еңбек еткен. Тап сол жылы 2,5 мыңға тарта қазақ Ачинскіге таяу жерде темір жолдың Орта Сібір учаскесінің құрылысында жұмыс істеді.
## Темір жолдардың маңызы
Қазақстаннан темір жолдар арқылы ауыл шаруашылық шикізаттары тасылды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан мақта, жеміс – жидектер жөнелтіліп жатты. Қазақстанға темір жолдар арқылы егіншілікке қажетті машиналар мен еңбек құралдары жеткізілді. Сондай – ақ, көп мөлшерде ағаш бөренелер, құрылыс материалдары, мануфактура өнімдері, қант және шай әкелінді.
## Дереккөздер
## Алғышарттары
Қазақстанда өнеркәсіптің дами бастауы, өндірілген шикізаттарды тасып әкету үшін темір жолдар салу ауадай қажет болатын. Орыс фабриканттары Ресейді шығыстағы шет аймақтармен байланыстыратын темір жолдар салуды патша үкіметінен 19 ғасырдың 60 -70 жылдарының өзінде – ақ сұраған болатын. Ташкенттен шыққан түйе керуені Орынборға 100 күн дегенде әрең жететін. Мұндай жағдай сауда – саттық пен өнеркәсіптің жедел дамуына көп кедергі келтірді.
## Темір жолдардың салына бастауы
19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында темір жол магистральдары салына бастады. 1891 – 1893 жылдары ұзындығы 369 км Покровская слобода – Орал темір жол желісі тартылды.
1894 жылдан бастап Челябі мен Омбы арасында темір жол қатынасы орнады. 1901 – 1905 жылдары Орынбор – Ташкент темір жолы салынды. Оның ұзындығы 1668 км – ді құрады. Сөйтіп 1905 жылы Қазақстан аумағындағы темір жол желісінің жалпы ұзындығы 2000 километрге жуық болды.
## Қазақтардың темір жол құрылыстарына қатысуы
Сол кездері қазақ халқының арасында темір жол құрылысында жұмыс істеп, табыс тауып қайту кіңінен өрістеді. Орынбор – Ташкент темір жолын салуға 40 мыңға жуық қазақ қатысты. Маусымдық жұмыстарда істегендердің көпшілігі кейін темір жол бойында жұмысқа орналасып, қазақтың кәсіби жұмысшы тобының қатарын қалыптастырды. Кейде қазақтар өздерінің туған өлкесінен тыс жерлерге де барып жұмыс істеді. Мәселен, 1895 жылы Семей облысы Павлодар уезінің 2 мыңға жуық қазағы Тайга бекетіндегі темір жол құрылысында еңбек еткен. Тап сол жылы 2,5 мыңға тарта қазақ Ачинскіге таяу жерде темір жолдың Орта Сібір учаскесінің құрылысында жұмыс істеді.
## Темір жолдардың маңызы
Қазақстаннан темір жолдар арқылы ауыл шаруашылық шикізаттары тасылды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан мақта, жеміс – жидектер жөнелтіліп жатты. Қазақстанға темір жолдар арқылы егіншілікке қажетті машиналар мен еңбек құралдары жеткізілді. Сондай – ақ, көп мөлшерде ағаш бөренелер, құрылыс материалдары, мануфактура өнімдері, қант және шай әкелінді.
## Дереккөздер |
Темірбаев Сейітхан Нұрмұханбетұлы (1922 жылы Қостанай облысында, Таран ауданында дүниеге келген) — Совет Одағының Батыры (31.5.1945). КОКП мүшесі.
Қызыл Армияға 1941 жылы шақырылды. Сталинград шайқасынан кейін ол взводқа, ротаға командир болды, Харьков, Донбасс, Одесса, Белоруссия, Польшаны азат етуге қатысты. 1945 жылы 25 сәуірде оның ротасы Берлин-Шпандау каналынан қарсы жағалауға бірінші болып өтті. Осы ұрыста асқан ерлік пен батырлық көрсетті.
1950 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіріп, партия,совет,кәсіподақ органдарында қызмет істеді. Қостанайда тұрады, «Энергосбыт» басқармасында бөлім бастығы.Ол Ленин орденімен, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз,1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Утешев Асқар Біләл (30 қаңтар, 1934 жыл, Астрахань облысы, Зеленга ауданы) - қазақ-кеңес биохимигі, мединициналық ғылыми дәрігері (1971). Алматы медициналық институтын (1957) бітірді. Арал- Теңіз оба ауруына қарсы күрес ст-ның дәрігері (1958), Алматы медициналық институтының аспиранты (1958-1961), осы институттың биохимия кафедрасының ассистенті (1961-1963), Қаз. КСРО ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының радио-биология лабораториясының аға ғылми қызметкері (1963), 1965-1969 жылдары докторантурада оқыды, 1970 жылдан Қазақтың онкология және радиология ғылми-зерттеу институтының биохимия лабораториясының меңгерушісі. Оның 50-ден астам ғылми еңбектері жарық көрді. Ол Мәскеуде (1961), Ленинградта (1973), Алматыда (1968,1970) өткен Бүкіл одақтық симпозиумдарға қатысты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы 11 том |
Ескекаяқтылар (лат. Pinnipedia) — су сүтқоректілер отрядына жататын жануарлар тобы.
Денесі ұршық тәрізді сүйір, бес саусақты аяқтары ескекке айналған, құйрығы қысқа. Суда өмір сүруге бейімделген, бірақ киттерден айырмашылығы мол, өйткені олар құрғақта немесе мұзда ғана шағылысады, балаларын тауып, сүтпен қоректендіреді, дем алады, түлейді.
Бұлардың қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі. Ескекаяқтылар Атлант мұхиты, Тынық мұхит, Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларында, Балтық теңізі., Қара теңіз., Каспий теңізінде, Байкал және Ладога көлдерінде кездеседі. Дене пішіні ұршық тәрізді, бесбашпайлы аяқ-қолдары жарғақаяққа (ескекаяққа) айналған.
Дене тұрқы 1,2 – 6 м-дей, салмағы 40 – 3600 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен, мойны қысқа және тұлғасымен бірігіп кеткен. Жүзген кезде танау тесіктері терілі қатпар арқылы жабылады. Алдыңғы, артқы аяқтары ескекке ұқсас болғандықтан, отрядтың аты осыдан шыққан. Тері астындағы қалың май қабаты (10 см-ге дейін) дене температурасын реттеу қызметін атқарады әрі қоректік зат қоры болып табылады. Тері сыртындағы жамылғы түгі – ересектерінде біркелкі қалың қылшықты, ал күшіктерінде – үлпілдек мамықты болады. Көру, есту, иіс сезу, тыныс алу мүшелері жақсы жетілген. Қорегі – балықтар, моллюскілер, шаянтәрізділер. Аталықтары аналықтарынан ірі келеді. Көбею кезінде бір орынға топталып жиналады. Көпшілік түрлері жеке жұп құрады. Аналықтары 3 – 4 жаста, аталықтары 5–6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Буаздық мерзімі 11–12 ай. Жылына бір рет көбіне бір ғана күшік туады. Анасын 1–2 жылдай емеді. Ескекаяқтылар cуда тіршілік етуге бейімделген, құрлыққа, не мұз үстіне тек шағылысу кезінде, күшіктегенде, түлегенде, тыныққан кезде ғана шығады.
Ескекаяқтылар қазіргі кезде 3 тұқымдасқа бөлінеді:
* морждар (лат. Оdobenus rosmarus) – сойдақ тістілер – оның өзі аттас 1 ғана түрі бар. Дене тұрқы 410 см-дей, салм. 2000 кг-дай. Құлақ қалқаны, құйрығы жоқ. Жоғары сойдақ тістері өте ұзын әрі жуан (ұзындығы 60 – 80 см-дей). Артқы ескек аяғы бауырына қарай бүгіліп, құрлықта қозғалуына көмектеседі. Морждардың саны жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген, оларды жергілікті халыққа ғана аулауға рұқсат етілген.Қазіргі уақытта ескекаяқтылардың 31 түрі бар деп есептеледі, олардың 13 түрі КСРО-ның , 1 түрі республикамыздың Каспий теңізінде мекендейді. Соңғы кезде сиреп кеткендіктен, 6 түрі және 3 түр тармағы ХТҚО-ның ,2 түрі мен 8 түр тармағы бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітабына тіркелді.
* құлақты итбалық (лат. Оtarііdae) – оның 14 түрі бар. Бұлардың сыртқы құлақ қалқаны айқын байқалады, тұқымдастың аты осыған байланысты аталған. Тағы бір ерекшелігі – аталықтарының мойнындағы түгі (шашы) жал сияқты ұзын болады. Бұлардың 3 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген;
* кәдімгі итбалықтар.
Бұлардың киттәрізділерден ерекшелігі - тіршілігінің көпшілігін суда өткізгенмен көбею үшін және тыныққанда міндетті түрде құрлыққа шығады. Суда ескек тәрізді аяғымен еркін жүзеді, балық аулап қоректенеді. Ескекаяқтылардың дене пішіні балыққа ұқсас сүйірлене біткен, көпшілігінде құлақ қалқаны болмайды, бірақ дыбысты жақсы естиді. Олардың денесіндегі түкті жабын айтарлықтай жетілмеген, терісінің астында қалың май қабаты болады.
Ескекаяқтылардың сыртқы құрылысына қарай екі топқа бөлуге болады. Олардың кішкене болса да құлақ қалқаны айқын көзге түседі; ескекке айналған аяқтары да итбалықтың ескекаяғынан өзгеше: олар аяғына таянып, құрлықта ебдейсіз болса да төрт аяқтап жүре алады. Түлендер алғашқы кезде әлсіз, суда жүзе алмайтын, көздері ашық 1-2 бала туады. Денесін қысқа қара жүн қаптайтындықтан, түлендердің баласы барқын деп аталады. Ал итбалықтарда құлақ қалқаны болмайды және ескек аяқтарын таяныш ете алмайтындықтан, бауырымен қозғалады. Кейбір итбалықтар үлбірі аппақ 1-2 бала туады, ол ақүрпек деп аталады. Ескекаяқтылардың бозғы, түбіткер және теңізшер сияқты түрлері түлен тұқымдастарға, ал теңіз қояны, теңізбарыс, теңіз пілі, каспий итбалығы сияқты түрлері итбалық тұқымдастарға жатады.
Ескекаяқтылардың үшінші тобы - морждар. Бұлар солтүстік жарты шарда мекендейтін ең ірі ескекаяқтылар болып табылады.Морждың салмағы 2 тоннаға дейін жетеді. Олар ескекаяғын таянып жүре алады, бірақ құлақ қалқандары болмайды. Морж су түбіндегі құрттарды, бунақденелілерді және шаянтәрізділерді жейді; ол қорегін үстіңгі жақсүйегінен өсіп шыққан екі ұзын сойдақ тістерімен қазып алады.
## Қоректері
Итбалықтар әр түрлі балықтар мен шаянтәрізділермен қоректенеді. Кейбіреулері сегізаяқтар мен кальмарларды да қорек етуі мүмкін. Теңіз қабыланы секілді алып жыртқыш итбалықтар пингвин және басқа да теңіз құстарына шабуыл жасайды. Теңіз арыстандары мен сойдақтістілер кей кездері басқа да теңіз арыстандарын өлтіруі мүмкін.
## Дереккөздер |
Қазақ халқының ұлттық киімі - қыз- келіншектерге арнап қызыл масатыдан тігілетін қаптал шапан. Оның жаға-жеңіне құндыз ұстап, екі өңірі мен жеңінің ұшын алтын немесе күміс зермен (кейде екеуін де араластырып) кестелейді. Қырмызы тон ерте кезде ұзатылатын қыздарға арнап тігіліп, жаңа түскен келіннің басты жасауларының бірі болып есептелген. Қырмызы Тонды қамзолдың немесе қималы шапанның сыртынан киеді. Осы кездегі екі өңірі мен жең ұшына өрнек салып, жаға-жеңіне құндыз ұстап тігілетін ұлттық шапандардың үлгісі қырмызы тоннан алынған. Қырмызы тонның алдыңғы екі өңірін жиектей өңіржиек салынады. Ерте кезде оны сол шапан тігілетін матаның өзінен (жалпақтығын 10-12 см етіп) ұзыншалап қиып алып, алтын, күміс зермен кестелген. Кесте өрнегі көрнекті болып, өңіржиек тырысып тұрмауы үшін оған қатты матадан (кеңептен) астар салып, кесте жібін сол астарға өткізе тігеді. Қазіргі қазақтың ұлттық шапандарының екі өңіріне өрнек салу осы өңіржиектен алынған. Кейде өңіржиекті алтын, күміс теңгелердің арасын үзбелеп, шашбау сияқты етіп жасайды да, оны шапанның немесе камзолдың өңіріне қадап қояды. |
ТАЙШЫҚ С¥ЛТАН (т.-ө. ж. белгі-сіз)—19 ғ-дың 30—40 ж. Қазақстанда бопған феод.-монархиялық қозғалыс-тың жетекшісі. Кенесары Қасымовтың баласы. Әкесінің хандық өкіметті қайта жаңғырту бағытын қызу қол-даган. Ңазақ жүздері ішінде әлеумет-тік қолдау таппаған Т. с. Қоқан хандығына қызмет еткен. Ол Оңт. Қазақстан және Қырғызстан еңбекшілерінің 1858 ж. Қоқан феодалдары езгісіне қарсы көгерілісін басуға белсене қа-тысьш, Қоқан әскерінің арнайы отря-дын басқарған. 1861 жылы шекаралық аймақтарда қазақ руларының бірі -Қоқанд жағында, бірі - Ресей жағында қақтығысуда болады. Сондай бір қақтығыста Тайшық сұлтан Қоқандтың үш қолбасшысының бірі Бектібай батырды өлтіріп, өзін Телқожа батыр ауыр жаралап, сол жарадан Тайшық қайтыс болады.
## Әдебиет
Қазаң ССР тарихы, 1-т., А., 1957.
## Дереккөздер |
Астары бар, жағасы кең ойылған, жеңсіз, етегі мен жағасы тастармен, оқа, күміс тиындармен (сөлкебай) әшекейленетін әйелдердің жеңіл, жұқа киімі. Жағасы кеңірек ойылады да, жеңсіз болады. Аса ұзын емес, белден сәл ғана төмен түсіп тұрады. Көбінісе барқыттан тігіледі. Оны астарлағанымен арасына жүн, мақта салынбай ықшамдап тігіледі. Өңірі, жаға-жиегі және омырауы түрлі түсті зер жіптермен кестеленеді немесе ою-өрнек салынады. Қыз-келіншектердің денесіне қонымды болып, тұлғасын ажарландырып тұрады. Кейбір түрік тілдерін зерттеушілер (Н. К. Дмитриев т. б.)«кезекей» сөзі башқұрт, татар тілдерінен енген дейді. Қазақ тілінде кәзекей, кежекей деп те қатар қолданыла береді.
## Дереккөздер |
Ерте орта ғасырда соғыс – жеңімпазды байытатын болғандықтан, пайдалы іс саналды. Кезінде, рыцарьлар тек жер иеленушілерін ғана емес, қала тұрғындарын, шаруаларды, кейде тіпті монастырьларды да тонайтын. 10 – ғасырдың соңынан бастап, шіркеу соғысты өзгеше түсіндірді. Соғыс зұлымдық пен күнә саналып, ол тек Құдай жолында жүргізілсе ғана әділ деп тәпсірленді. Сол себепті, ортағасырларда діни соғыстар көп болды.
## Крест жорықтары
Бұл адамзат тарихындағы ұлы діни соғыстар болып саналады. 7 – ғасырларда ислам діні көркейіп, ал христиан діні дағдарысқа ұшыраған болатын. Шығыста ислам үктемдігінің артуын қаламаған христиандықтар крест жорықтарын ұйымдастырады. Негізгі мақсаты - Палестинадағы мұсылмандар қол астындағы христиан дінінің қасиетті жерлерін азат ету және Иисус Христостың табытын қайтару. Тағы бір мақсаты – көпқұдайлылар мен дінсіздерді католик дініне кіргізу болатын.
Крест жорықтары 1096 – 1270 жылдарда өтті. Крест жорықтары 8 жорықтан тұрады. Оған католик дінін ұстанатын барлық Еуропа қатысты. Атап айтсақ, жорықтарға кедей шаруалар, рыцарьлар, феодалдар, корольдер, тіпті балалар да қатысты. Бұл жорықтарда көптеген әскерлер Палестинаға барар жолда қайтыс болды. Оның себептері, аштық пен судың болмауы. Сондай – ақ, христиандықтар Шығыстың географиялық жағдайларынан мүлдем беймәлім болды. Палестинаға барар жолда аман қалғандарды түріктермен және арабтармен болатын қатыгез шайқастар күтіп тұрды. Христиандар Иерусалимді бірнеше рет жаулап алса да, мұсылмандар оны қайтарып тұрды.
## Қызықты ақпарат
Крест жорығының сәтсіздіктері түсінік беруді талап етті. Сол кезде, әскерлер өздерін күнәға батырғандықтан, енді тек олардың балалары ғана Иерусалимді азат ете алады деген идея туындады. 1212 жылы мыңдаған балалар жорыққа шығып, жол ауыртпалығын көтере алмай қырылып қалды.
## Жүзжылдық соғыс
Тарихтағы ең ұзақ соғыс Ортағасыр дәуірімен байланысты. Бұл Англия мен Франция арасындағы соғыс болды. Ұрпақтары үзіліп – созылып 116 жылға (1337 – 1453жж.) созылғандықтан, бұл соғысты жүзжылдық деп атады. Соғыс ауыспалы жетістіктермен негізінен, француз территориясында жүргізілді. Ағылшындар жеңіске бір адым қалып, Франция үшін сын сағаты туындаған сәтте француздар Жанна д’Арк есімді бойжеткен шаруа қызының маңына топтасты. Корольдің рұқсатымен ол азат ету соғысының басшысы болып тағайындалды. Жанна басқарған әскердің жетістігі соғыс барысының күрт өзгеруіне әкеліп, ағылшындар Франциядан түре қуылды.
## Дереккөздер
* Әлемдік тарих,"Балалар энциклопедиясы Росмэн",Мәскеу 2012,ISBN 978-5-353-06037-6, УДК 087.5, ББК 63,3(0) |
Плевако Федор Никифорович (1842-1908) – орыстың буржуазияшыл юрисі, белшілі сот шешені. Ірі қылмыс істеріне (процестерге) қатысқан. Бірінші орыс революциясынан кейін (1905-07) Плевако үшінші Мемлекет думанға «17 октябрь Одағы» партиясынан сайланған (ірі сауда - өнеркәсіп буржуазияланған ірі помещиктердің контррев. партиясы). Октябристердің парламенттік фракциясы жасаған программасының жобасы туралы айта келіа, В.И. Ленин былай деп жазды: «Үшінші Думаның қарсаңында әр түрлі партиялардың думалық тактика жайында көптеген мәжілістері болды. Октябристер Москва мәжілісінде 17 октябрь Одағының парламенттік фракциясының программа жобасын жасап шығарды, ал олардың шешені Плевако мырза, Москвадағы банкетте «орыс либерал- конституциялық партиясының туып көтерді»
## Дереккөздер |
Теңбіл марал (лат. Cervus nippon) – бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі.
Теңбіл марал өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіндегі ормандарда мекендейді. Бүл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады.
## Дереккөздер |
Жоғарғы Тайынты — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Тарғын ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 97 км-дей жерде, Қалба тауының солтүстік беткейімен ағатын Тайынты өзенінің жағасында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1300 м биіктікте, Өскемен - Зайсан тас жолы бойында орналасқан.
## Халқы
Машина-трактор жөндейтін шеберхана, мектеп, балалар бақшасы, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
## Дереккөздер |
Тайынты – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Қалба жотасының солтүстік беткейінен басталып, Ертіс өзеніне сол жағынан қүяды.
## Гидрографикасы
¥зындығы 60 км, су жиналатын алабы 1000 км2. Аңғары тар, терең, тік шатқалды. Қар суымен қоректенеді. Ағыны қатты. Жылдық орташа су шығыны Жоғарғы Тайынты елді мекені тұсында 2,05 м3/сек, сағасында 5,22 м3/сек. Ауыл шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Такиндер партиясы(такиндер — мырзалар, қожалар), Добама Аси-айоп (свзбе-соз — «Біздің Бирма» ассоцпациясы) — 20 ғ-дыц 30 жылда-рьшдағы бирма саяси ұйымы. 1930 ж. негізі қаланған. 30 жылдардьщ 2-жартысында Т. п. жалпы ұлттық кө-лемдө патриоттық және рев.-демокр. элементтерді, әсіресе жастарды бірік-тіріп, елді отаршылардан азат ету, прогресшіл демокр. реформалар жүр-гізу жолында күрескен Бирманың же-текші саяси ұйымына айналды. Т. п. 1938—39 ж. бұқараның ірі антиимпе-риалистік қозгалысына белсене қатыс-ты, шаруалар мен жұмысшылардың кәсіподақ орталығын құрды. 30 жыл-дардың аяғында Т. п-нда солшыл ра-дикалдық және марксистік элемент-тердің ықпалы күшейді. Олар халық-рев. партиясын (1939—40), компартпя-ны (1939) ұйымдастыруға қатысты. 1939 жылдың аяғынан Т. п-ның бас-шысы Аун Сан болды. 1940 ж. жазда Т. п. іс жүзінде ыдырап, оның мүшелері түрлі құпия ұйымдарға кірді.
## Дереккөздер |
ТАЙШОН КӨТЕРІЛІСІ — Вьетнамдағы шаруалардың антифеод. соғысы (1771—1802). Орт. Вьетнамдағы Тай-шон («Батыс таулары») деген жер-дің атымен аталған. Т. к-не шаруалардыд едәуір бөлігі мен қала тұрғындары қатысты. Т. к-не ағайынды Нгуендер: Ван Няк, Ван Хюэ және Ван Лы басшылық жасады. Феод. билеуші Нгуендер (1776) мен Чинейлерді (Триндер) (1788) жеқгеннеп кеиін бү-кіл Вьетнамдағы өкімет органдары тү-гел дерлік тайшондықтардың қолына көшті, олар өздерінің жеке әулетін құрды (1788). Алайда Нгуендер тобы Т. к-н басын (1802), тайшон әулетін құлатты.
## Дереккөздер |
Керіктер тұқымдасы (Gігаffidае) тек қана Африкаға тән жануар.
Олардың алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі белгілі.
* Бірінші — окапи (Оkрtа jоһпstопі) — Орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қысқарақ жануар.
* Екінші — керік (Sігаffа саmеlеораг-(dаlіз) — Шығыс және Орталык Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді.
## Тағы қараңыз
* Керік
## Дереккөздер |
Тақта тастар — құраушы минералдары қатар-қатар орналасқан және жұқа пластинкаларға ажырайтын тау жынысы.
Аймақтың метаморфизм әсерінен түзіледі, екі топқа ажыратылады. Метаморфизмге баяу шалынғандарын сазді, күшті шалынғандарын кристалдық Тақта тастар деп атайды. Сазды Тақта тастар сазды минералдардан, гидрослюдалардан құралады. Кристалдық Тақта тастар құрамындағы басым келген минералдарына қарай слюдалық (биотиттік, мусковиттік), амфиболдық, далашпаттық, кварцтық болып ажыратылады. Дала шпаттары мен кварц мөлшері артқанда кристалдық Тақта тастар гяейске, амфиболды Тақта тастар амфиболитке айналады. Сазды жане кристалдық Тақта тастар арасынан филлиттер, хлоритті және жасыл тасты Тақта тастар орын алады. Бұлар шөгінді және вулкандық жыныстардың тайызда метаморфизмге шалынуынан түзіледі. Сазды Тақта тастар бетон толтырмасы жабын плиталары, органикалық заттарға бай Тақта тастар энергетикалық отын ретінде қолданылады. Кристалдық Тақта тастар — құрылыс материалы және отқа төзімді шикізат. Сарыарқада, Солтүстік Қазақстанда, Алтайда кристалдық Тақта тастар мол.
## Дереккөздер |
ТАҚТАШ Хади (лақап аты; шын аты-жөні — Хади Хайруллович Тақташев) (1. 1. 1901, қазіргі Морд. АССР, Торбеево ауд., — 8. 12. 1931, Қазан) — татар совет ақыны.
Шығармалары 1918 жылдан бастап жарияланды. Т. алғаш туындыларында абстрактылы-романтикалық образға әуестенсе, 1923—24 жылдан реалистік поэзияға қадам басты. Оның «Ғасырлар және минуттар» (1924) поэмасы В. И. Лениннің қайғылы қазасына арналса, «Сыркыды ауылы» (1924), «Дауылдан соң» (1924) поэмалары мен «Кәмілген құралдар» (1924) драмасы, «Таң самалы» (1928—29, аяқталмаған) рома-ны рев. салтанатын, жаңа адамның қалыптасу корінісін суреттеді. «Махаббат тәубасы» (1927), «Алсу» (1929) поэмалары мен «Жоғалған сұлулық» (1928) драмасы жастар тәрбиесі про-блемасына арналды. Тақташ шығармалары көптеген тілдерге аударылды.
## Ш ы ғарма
Стихи, М., 1948; Стихотворения и поэмы, М., 1955.
## Әдебиет
Госман X., Тақташ поэзиясе, Қазан, 1953; История татарской советской литературы, М., 1965..
## Дереккөздер |
Толчанов Иосиф Моисеевич (11.5.1891 жылы туған, Мәскеу)- совет актері,режиссер,профессор (1946), КСРО халық әртісі (1962). 1911-1914 жылы Льеж университетінде оқыды. Оқт. революциясынан кейін Мәскеудегі Б.Е.Захава және Ю.А.Завадский жетекшілік еткен Мамонов студиясында драмалық өнер бойынша сабақ алды. Е.Б.Вахтанговтың шәкірті. 1918 жылы Вахтангов студиясына, 1921 жылы Вахтангов атындағы театр труппасына қабылданды. Рольдері: Нюнин (Чеховтың « Үйлену тойында»), Пино (Виртаның «Шарасыздар шайқасында») т.б. 1920 жылдан пед. қызметпен және режиссурамен шұғылданды. Киноға түскен. КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1950). Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Күйікова Дәркүл (15. 05. 1919 жылы туған, қазіргі Ош облысы - 1997) — қырғыз совет актрисасы, КСРО халық артисі (1967). 1944 жылдан КОКП мүшесі. Сахналық жолын 1936 жылы Қырғыздың Балалар мен жасөспірімдер театрынан бастады. 1941 жылдан Қырғыз драма театрының актрисасы. Рольдері:Айғаныш (Жантөшевтің «Құрмабегінде»), Жаңыл (Мәліков пен Құттыбаевтің осы аттас пьесасында ), Кабаниха (А. Островскийдің «Найзағайында») т. б. 1955 жылдан киноға түскен. 8-сайланған Қырғыз Жоғарғы Советінің депутаты. Қырғыз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Толубеев Юрий Владимирович( 1.5.1906 жылы туған Ленинград қаласы)-совет актері, КСРО халық әртісі (1956), Соц.Еңбек Ері (1976). 1929 жылы Ленинградтың сахна өнері институтын бітірді. Оқып жүрген кезінен бастап театрда ойнай бастады. 1941 жылға дейін Ленинградтың әр түрлі театрларында қызмет етті. 1942 жылдан Ленинградтың академиялық драма театры труппасында актер. Басты рольдері: Дуанбасы (Гогольдің «Ревизор», Шекспирдің «Гамлет»), Вилли Ломен (А.Миллердің «Коммивояжер қазасында»).
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Күдербекова Зеркүл Дуйсен қызы (07. 03. 1922 жылы туған, Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, «Еңбек» к-зы — 1993) — «Жетiсу» аяқ киім фирмасының еңбек озаты, Соц. Еңбек Epi (1960), 1953 жылдан КОКП мүшесi. Күдербекова еңбек жолын 1938 жылы Алматының № 1 аяқ киім фабрикасында бастады. 1953 жылы смена шеберi, 1963 жылы «Жетiсу» аяқ киім фирмасының учаске шеберi. Қаз. CCP-нің еңбек сiң. және өнеркас. қызметкері. КОКП 22-съезiнiң және Қазақстан КП 9-, 12-13-съездерiнің делегаты. Сов. Одағының орден және медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
## Фармакодинамикасы
Этодин форт индол туындатқыш қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСП) болып табылады. Этодин форт басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерден тетрагидропираноиндол ядросының болуымен ерекшеленеді, қабынуға қарсы, ауыруды басушы және қызу түсіруші әсерін тигізеді. Этодолак қабыну аймағындағы простагландиндер синтезін тежейді әрі, осылайша, ауыру рецепторларының қабыну медиаторларына (гистаминге, серотонинге және кининдерге) сезімталдығын төмендетеді. Этодолак циклооксигеназа (ЦОГ-2) ферментін тежейді, сондай-ақ урикозуриялық белсенділік иеленеді.
## Қолданылуы
* остеоартроз, ревматоидтық артрит, анкилозирлеуші
спондилит кезіндегі ауыру синдромы
* жарақаттанудан кейінгі ауыру синдромы
## Қолдануға болмайтын жағдайлар
* этодолакқа немесе препараттың құрамдас бөліктеріне асқын сезімталдық
* асқазанның және он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы
* асқазан-ішектік қан кетулер
* 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең
* жүктілік және лактация кезеңі
## Дереккөздер
## Фармакодинамикасы
Этодин форт индол туындатқыш қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСП) болып табылады. Этодин форт басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерден тетрагидропираноиндол ядросының болуымен ерекшеленеді, қабынуға қарсы, ауыруды басушы және қызу түсіруші әсерін тигізеді. Этодолак қабыну аймағындағы простагландиндер синтезін тежейді әрі, осылайша, ауыру рецепторларының қабыну медиаторларына (гистаминге, серотонинге және кининдерге) сезімталдығын төмендетеді. Этодолак циклооксигеназа (ЦОГ-2) ферментін тежейді, сондай-ақ урикозуриялық белсенділік иеленеді.
## Қолданылуы
* остеоартроз, ревматоидтық артрит, анкилозирлеуші
спондилит кезіндегі ауыру синдромы
* жарақаттанудан кейінгі ауыру синдромы
## Қолдануға болмайтын жағдайлар
* этодолакқа немесе препараттың құрамдас бөліктеріне асқын сезімталдық
* асқазанның және он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы
* асқазан-ішектік қан кетулер
* 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең
* жүктілік және лактация кезеңі
## Дереккөздер |
Терпигорев Александр Митрофанович (9(21).11.1873, Тамбов-8.11.1959, Мәскеу)- тау-кен ісі саласындағы совет ғалымы, тех. ғылми докторы(1934), профессор (1906). КСРО ғылым академиясының академигі (1935), РКФСР-дің еңбек сің ғылым қайраткері (1934). Петербург тау-кен институтын бітірген соң (1897), тау-кен өндірісінде басшы қызметтерде болды. 1922 жылдан Мәскеу тау-кен институтында (профессор,1933-1936 жылдары директор) және КСРО ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында (1938 жылдан) қызмет істеді. Оның ғылми еңбектері көмір кен орындарын пайдалануды зерттеу, тау-кен өнеркәсібін механикаландыру т.б мәселелерге арналған. КСРО Мемлекет сыйғылының лауреаты (1943). 3 рет Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы 11 том |
Бержанов Қаратай Бекемұлы (20.12.1924 жылы дүниеге келген, Батыс Қазақстан облысы қазіргі Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылы – 23.02.1975 , Алматы қаласы ) – педагогика ғылымының докторы (1966 ) профессор (1967 ). ҚазПИ-ді (1947 , қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1950 ) бітірген. Осы институтта оқытушы, доцент (1947 -1955 ), Алматы обкомында бөлім меңгерушісі (1955 -1957 ), Қазақ қыздар педагогикалық институтының профессоры, кафедра меңгерушісі (1957 -1961 ), ҚазПИ-де доцент(1961 -1967 ), ҚазМУ-да (1967 -1975 , қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.
## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы. 1 том. |
Мұнтазқұстар тұқымдасы (лат. Alcidae) — Татреңтәрізділер отрядының (лат. Charadriiformes) жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік теңіздердің мұхит құстары.
Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі. Бұлардың денесі ұзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар (Аlсіdае). Бізде төменде көрсетілген түрлері кездеседі.
Балтатұмсық (лат. Fratercula): — тұмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын (Fratercula corniculata) мекен етеді. Кейде Жаӊа Жердің және Мурманскінің жағалауында Арктикалық балтатұмсық (лат. Fratercula arctica) кездеседі. Биік тасты немесе түбі жұмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерден өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.
Мұнтазқұс ( лат. Cepphus) — үлкендігі кішігірім үйректердей болады, тұмсығы ұзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы болмайды. Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика теңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.
Қайр (лат. Uria) —тұқымдастың ішіндегі үлкендері ірі үйректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді. Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіздердің жағалауында және солтүстік теңіздердің аралдарында, Мурманск жағалауында, Жаңа Жер, Франц-Иосиф жерінде қайрлардың екі түрі ұялайды. Ұяларын саларда жартасты жағалауларда топтанып жүреді. Жардың тақыр қуысына бір ғана жұмыртқа салады.
Бұл отрядқа жататын құстар жыл маусымының барлық кезеңінде де колониялы түрде тірішлік етеді. Әсіресе олар ұяларын саларда бірнеше жүздегені бір жерде мекендейді. Құстардың мұндай топтанған жерін “құс базары” деп атайды. Ұясын тік құздарға салады. Көпшілігінде қайрлар, балта тұмсықтылар, чистиктер, шағалалар ұяларын бір жерге салады. Бірақ “базардағы” құстардың көпшілігі қайрлар болады. Құстардың ең үлкен базарлары Жаңа Жердің батыс жағалауында және Франц-Иосиф жерінде кездеседі
## Галерея
## Дереккөздер |
Жасыл күнгелді (Сарғалдақтар тұқымдасы) Сырт көрінісі алтай күнгелдісіне түрге жақын, сабақ жапырақ гүлдерінің барынша ұсақ мөлшерімен ерекшеленеді. Басты ерекшелігі гүлдерінің нәзік бозғылт күлгін немесе көгілдірлеу түсті. Бұл түр тек альпі белдеуінің ылғалданған көгал жерлерінде, биік Алтай тауынан Батыс Тянь-Шаньға (Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысы) дейін өседі. Гүлдеген күйінде өте тартымды, альпинистердің сүйікті гүлі, олар оны “альпі раушаны” деп атайды.
## Дереккөздер |
Ақезу мәрпі (Сарғалдақтар туысы) - Қазақстандық 11 түрдің ішіндегі ең көп тараған түрі. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шянь тауларында кездеседі. Орман және субальпі шалғындықтарында, қылқанжапырақты және араклас ормандарда, өзен аңғарларында өседі. Қалың шілік құрайды. 2 м-лік сабағы қабырғалы, жай және түк басқан. Жапырағы өте ірі, саусақ салалы бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры қалың, көпгүлді, бұтақтанған. Гүлдері сұрғылт-күлгін, симметриясыз. Тостағаншасының түсі күлтенің түсіне ұқсас, 5 жапырақшадан тұрады. Желектерінің барлығы екеу. Аталықтары шексіз, гүлден көрінбейді немесе аспайды. Маусым-тамызда гүлдейді, шілдеден бастап жеміс береді. Улы, әртүрлі алкалоидтар бөледі.
## Дереккөздер |
САПАЛИЕВ Иван Григорьевич (1912 ж. т., Шығ. Қазақстан. обл., Самар ауд., Московка с.) – Совет Одағының Батыры (16. 10. 1943). КОКП мүшесі. С. Ұлы Отан соғысы алдында Самар аудандағы Жұмба кен орнында жұмыс істеді. 1942 ж. Қызыл Армияға шақырылып, Москва, Воронеж, Курск, Новгород, Киев, Варшава түбінде жаумен щайқасқа қатысты. 322-атқыштар дивизиясы саперлар батальонындағы бөлімше командирі С. өз жауынгерлерімен Сейм ө-нде ерлік көрсетті. С. бастаған бір топ жауынгер жаудың борап тұрган оғына қарамастан Днепрден жүзіп өтті. Гитлершілерге тұтқиылдан шабуыл жасап, өз бөлімшелерінің өзеннен өтер жолын қорғады. Елге жеңіспен оралған С. он жыл Жұмба руднигінде еңбек етті. Ленин орденімен марапатталған, қазір пенсияда.
## Әдебиет
Совет Одағының қазақстандық Батырлары, 2-т., А., 1969, 213 - 14-б.
## Дереккөздер |
Шаймұхамбет Сапиев (10. 9. 1926 ж.т., Талдықорған обл., Талдықорған ауданы, Шұбар ауылы — 1996) – Кеңес партия қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1966). 1948 жылдан КОКП мүшесі.
## Өмірбаян
Талдықорған зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын (1967), Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын (1958) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (1971).
1945 ж. Совет Армиясы қатарында болды.
1945 – 1949 ж. Шұбар сельсоветінің секретары,
1949 – 1952 ж. Талдықорған ауд. аткомының секретары.
1952 – 1960 ж. Талдықорған ауд. аткомы председателінің орынбасары. Талдықорған обл. аткомының бөлім меңгерушісі, Бөрлітөбе ауданы аткомының төрағасы.
1960 – 73ж. Андреев ауд. партия комитетінің 2-секретары, ауаткомының председателі, Андреев және Панфилов ауданы партия комитетінің 1-секретары.
1973 жылдан Талдықорған обл. партия комитетінің секретары.
Қазақстан Компартиясының 13-съезінде ОК-нің мүшелігіне сайланды.
Екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қазақстандағы тұз кен орындары - Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол.
Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз қабатының қалыңдығы 2 километрден асады. Кейбір қабаттарда ас тұзына қоса калий сияқты тұздар кездеседі. Сондай – ақ Каспий маңы оойпаты мен Батыс Сібір жазығында және республиканың басқа да аудандарында көптеген тұзды көлдерде тұнба тұздар жиналған.
* Қазақстан мәрмәр, әктас, мергель, бор, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына бай. Бұлардың кен орындары республиканың көп жерінде кездеседі. Құрылыс материалдарының 1500 кен орындары ашылған.
## Дереккөздер |
Қазақстандағы алюминий кені. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты – боксит. Ашылған 200 кен орнының 50 астамы платформалық типке жатады.
* Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік – шығысында – Ақмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы). Бұлардағы боксит қоры онша көп емес. Сондвқтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындарының бірін алады. 2010 жылы 5 миллион тонна алюминий кені (бокситтер) өндіріледі.
## Дереккөздер |
Қазақстандағы уран кені Елімізде уранның 100 – ге жуық кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстан облысында орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. *Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан бүкіл ТМД елдерінің ішінде ең қуатты уран минералдық базасы бар ел қатарында. Қазақстан уран өндіруден дүние жүзі бойынша бірінші орында. Жылына 17800 тонна уран өндіріледі.
## Дереккөздер |
Алтай күнгелдісі (Сарғалдақтар тұқымдасы) - Қазақстандағы 5 түрдің ішіндегі ең көп тараған түрі. Орман алаңқайларында, бұта шіліктерінде, аласа тауларда өседі. Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шянь тауларында өседі. Көпжылдық, тік сабақты, биіктігі 100 см болатын, ашық-жасыл саусақ бөлімді жапырақтары бар. Гүлдері дара, кейде екі-үштен ірі, диаметрі 7 см, ашық қызғылт-сары түсті. Гүлсерігі екі қатар, тостағаншалары 20-ға дейін. Аталықтары мен аналықтарының саны көп. Аталық түсі қошқыл. Маусым-шілдеде гүлдейді. Шілде-тамызды пісіп жетіледі. Қазақстанның Алтайында гүлдердің қайнатпасы бауыр ауруынан (сары ауру) емдеуге қолданылады. Бағалы омарталық өсімдік.
## Дереккөздер |
Кэд Джек көтерілісі — Англиядағы (Кент. Суссекс, Эссекс, Суррей графиктарындағы) көтеріліс. 1450 жылы майдың аяғында басталды. Ipi феодалдардың қатігездігі, феод. анархияның күшеюі, салықтың ұлғаюы, жүз жылдық соғыста (1337-1453) ағылшылдардың француздардан жеңiлуi салдарынан шықты. Көтерiлiстің негiзгi күші орта және ұcaқ шаруалар болды. Оларға қол өнершiлер, ұсақ саудагерлер, жалдамалы жұмысшылар қосылды. Көтерiлiске Джек (дұрысы Джон) Кэд (Cade; көтерілiстiң аты осыдан шыққан) басшылық етті. Ол 1451 жылдың басында соғыста қаза болды. Бірақ көтерiлісшiлердiң жеке отрядтары күресті 1454 жылға дейiн тоқтатқан жоқ. Дегенмен көтеріліс жаншылды.
## Дереккөздер |
Үлгі:Infobox diseaseТырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады.
Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.
Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.
Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.
Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.
Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.
Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.
## Асқынулар
* Гиповолемиялық шок
* Жедел бүйрек жеткіліксіздігі: олигурия, анурия
* ОЖЖ қызметінің бұзылуы: құрысулар, кома
## Балалардағы тырысқақ ерекшеліктері
* Ауыр ағымы.
* Ерте даму және дегидратация айқын көрінуі.
* ОЖЖ-ның бұзылуы жиі дамиды: тежелу, саты және кома түрінде сананың бұзылуы.
* Жиі тырысулар байқалады.
* Гипокалиемияға жоғары бейімділік.
* Дене қызуының көтерілуі.
## Әлемдегі жағдай
Көптеген елдерде тырысқақ адамдардың денсаулығына төнген қауіп болып отыр. 2010 жылғы шілде айының басына жер шарында тырысқақтың 9655 жағдайы тіркелген. Тырысқақтың бұрқ етуінің ең жоғарғы қаупі көшпелі қоғамдарда және қашқындар лагерлерінде сақталуда, көп жағдайда, себеп - санитария деңгейінің төмен болуы және қауіпті ауыз судың жоқтығы. Сіз баруға жоспарлаған елде тырысқақ ауруы бойынша жағдай туралы ақпаратты алу үшін денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына баруға болады. ДДҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тіреклген:
* Африка: Ангола, Замбия, Зимбабве, Кения, Мозамбик, Нигерия, Судан, Уганда, Ангола;
* Азия: Бангладеш, Вьетнам, Гонконг, Индия, Камбоджа, Республика Корея, Папуа-Новая Гвинея, Тайланд.
## Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.
Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:
* эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
* емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
* арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен,, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
* этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
* халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.
## Жеке қорғаныс шаралары:
Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс дайындаудың мына ережелерін орындай отырып, сақтана алады:
* Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.
* Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз. Ыстық шай не кофе, шарап, сыра, газдалған су немесе алкогольсіз сусындар, және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар әдетте қауіпсіз саналады.
* Егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.
* Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған, пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс, көкеніс) немесе қабығынан аршылған, т.б.).Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.
* Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.
* Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.
* Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз. Медициналық көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, мысалы, сорпа ішкен жөн. |
Тайыр Молдағалиұлы Күлтелеев (1 шілде 1911 — 15 ақпан 1953) — көрнекті қазақ кеңес заңгері, Қазақстандағы заң ғылымы мен заң білімін ұйымдастырушылардың бірі, қазақ әдет-ғұрып құқығының ірі зерттеушісі.
## Өмірбаяны
Патшалық Ресейде Астрахан губерниясының Марфин ауданы (қазіргі Володар ауданы) Шаған ауылында туған.
Еңбек жолын 9 жасында бастады. 1926-1930 жж. Астрахандағы орыс-қазақ мектеп-интернатының оқушысы бола отырып, бірінші сатылық мектепте, кейін Астрахан медицина институтының жұмысшылар факультетінде оқыды. 1931 жылы БЛКЖО Марфин аудандық комитетінің жолдамасымен Сарытау қаласында заңгерлер курсынан өтіп, 1931-1932 жж. Төменгі Еділ өлкелік сотының қарамағындағы, Марфин аудандық халық сотында адвокат болып жұмыс істеді. 1932 жылы Сарытау заң институтына жіберіліп, оны 1935 жылы ойдағыдай бітірді. Үздік студент ретінде Ленинград заң институтының аспирантурасына (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің заң факультеті) жіберіліп, онда ол 1935-1938 жж оқыды. 1939 жылы желтоқсанда Т. М. Күлтелеев ЛЗИ Ғылыми кеңесінде «Қазақстандағы патриархалды-феодалдық қатынастардың қалдықтарымен күресудегі социалистік құқық» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, қазақ құқығының кейбір мәселелеріне тоқталды. Ол кандидаттық диссертация қорғаған алғашқы қазақ заңгері болды, сол кезде ол 27 жаста еді.
## Құқықтық тәрбие саласындағы ұйымдастырушылық қызметі
Сонымен бірге, Алматыда КСРО ХКК қаулысы мен Қазақ КСР ХКК 1938 жылғы 28 сәуірдегі өкіміне сәйкес Қазақстандағы заң профиліндегі тұңғыш жоғары оқу орны — Алматы мемлекеттік заң институты (қазіргі — Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті) құрылды. Институттың ғылыми базасы елдің ең көне жоғары оқу орындарының бірі – Қазан университеті тарапынан жомарттықпен бөлінген заң факультетінің құнды кітапханасы болды. Мәскеу мен Ленинград институтқа көмекке жас ғалымдарды жіберді. Олардың ішінде Т.М.Күлтелеев те болды.
Еңбек жолын АМЗИ қылмыстық құқық кафедрасының доценті болып бастады. 1940 жылдың сәуір айынан бастап Т.М.Күлтелеев АМЗИ директоры болып тағайындалды.
1941 жылы 28 қарашада КСРО ХКК қаулысымен АМЗИ мен Алматыға эвакуацияланған Мәскеу заң институтының негізінде КСРО Әділет халық комиссариаты қарамағында тұңғыш мемлекеттік заң институты құрылды.
1942 жылы Т.М.Күлтелеев Кеңес Әскері қатарына шақырылып, 1942 жылы желтоқсанда нұсқаулы бұйрықпен әскерден қайтарылып, Қазақстан Компартиясы (б) Орталық Комитетінің лекторы болып тағайындалды. Онымен қатар қайтадан заң институты қылмыстық құқық кафедрасының доценті қызметін атқарды.
1943 жылдың қыркүйегінде АМЗИ қалпына келтірілуіне байланысты оның директоры болып қайтадан Т.М.Күлтелеев тағайындалды. Бұл қызметте 1946 жылдың қарашасына дейін жұмыс істеді.
1947-1948 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі болды.
КСРО ҒА Қазақ филиалының Қазақ КСР Ғылым академиясына айналуымен (1946 ж.) Қазақстанда тұңғыш ғылыми-зерттеу заң мекемесі – Қазақ Ғылым академиясының заң секторы (кейіннен Философия және құқық институты, одан кейін ҚР ҰҒА Мемлекет және құқық институты болып өзгертілді) құрылды. Құқық секторының меңгерушісі, оның бірінші жетекшісі болып Т.М.Күлтелеев тағайындалды. Мұнда ол өмірінің соңына дейін жұмыс істеді. Т.М.Күлтелеев ғылыми-педагогикалық іс-әрекетін практикалық қызметпен ұштастырды. Республикалық әділет халық комиссариатында жұмыс істеп, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі болып сайланды.
1951 жылдың қазанынан 1953 жылдың ақпанына дейін заң секторындағы жұмысымен бірге КСРО Ғылым академиясының заң ғылымдарының докторы дәрежесіне жіберілді. 1952 жылдың аяғында Т. М. Күлтелеев докторлық диссертациясын аяқтады. Қорғау 1953 жылдың басына белгіленді. Бірақ 1953 жылы 15 ақпанда кандидаттық диссертациясын қорғап үлгермей, Т. М. Күлтелеев қайғылы қазаға ұшырады. Алматының Орталық зиратында жерленді.
Оның дарынды ұйымдастырушы, ұстаз, ғалым ретіндегі еңбегінің арқасында Қазақстанда заң білімі мен заң ғылымының негізі қаланды. Оның белсенді атсалысуымен республикада алғаш рет білікті заңгерлерді даярлау қолға алынды.
Тарихшылар үшін республикадағы ғылым мен білімнің дамуы туралы «Қазақ КСР-дегі заң ғылымы мен білімі және біздің міндеттеріміз» (1948), «Қазақстандағы заң ғылымдарының маңызды міндеттері» (1951), т.б. мақалалары құнды болып табылады.
Т.М.Құлтелеевтің белсенді жәрдемімен жемісті қызметін С.Я.Булатов, Л.В.Дюков және Ә.Е.Еренов бастады. Оның жетекшілігімен және оның қолдауымен С.З.Зиманов, М.Г.Масевич, У.Д.Құдайбергенов, А.А.Филимонова, М.А.Биндер, В.А.Ким және басқа да белгілі ғалымдар жұмыс істеді.
## Ғылыми қызығушылықтары
## Дереккөздер |
Кэбин Иван Густавович (11. 09. 1905, Ранну, қазіргі Эст. КСРО-ның Кохтла-Ярве ауд. — 25. 10. 1999, Тиллис) — сов. мемлекеті мен партия қайраткері. 1927 жылдан КОКП мүшесi. Шаруа семьясында туған. 1923 жылдан Ленинград облысының Гатчинск ауданында маусымды жұмыстарда iстедi. 1925- 1926 жылдары Ленинград сов.-партия мектебінде оқыды. 1927-1936 жылдары совет, партия жұмыстарындa болды. 1936-1938 жылдары Қызыл профессура институтында оқыды. 1939-1941 жылдары Губкин атынд. Mосквa мұнай институтының оқытушысы. 1941- 1947 жылдары Эстония К (б) П OК-нiң аппаратында iстедi. 1947-1948 жылдары Эстония К (б) П OH-нiң жанындағы Партия тарихы институтының директоры. 1948- 1950 жылдары Эстония КП OK-нiң секретары, 1950 жылдан оның 1-секретары. 5 рет Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Құз көктекесі
## Тарихы
Құз көктекесі - тас, құздарда тіршілік етуге бейім құс. Салмағы 35 - 38 гр. Дене пішімі торғайдан сәл үлкенірек. Осы денесіне қарамай, бұл құс - керемет құрылысшы. Құз көктекесінің ұясы өте мықты болады. Ол үшін 8 килограмдай саз балшықты пайдаланатын көрінеді. Сазды, балшықты, тасты құз қабырғасына өз сілекейімен жабыстырып, сыртын қоңыз қабыршақтары, құс қауырсыны, шыны сынықтарымен сылайды да, ішін мамықтайды (жүн, жұмсақ жапалақ мамығымен, мақта және т.б) екен. Тіпті осындай бір құз көктекесінің ұясының сыртынан түлеген жылан қабығы да табылған. Бұл қолмен бұза алмайтындай берік ұя тіпті адамды да көтере алады дейді. Жалпы, құз көктекесінің ұя жасау шеберлігіне кім де болса таңқалары сөзсіз.
### Дереккөз |
Кенесары, 36 — Астана қаласындағы ғимарат.
## Ғимарат тарихы
Ғимарат-шетел және отандық сәулетшілердің ортақ шығармашылық табысы.Кувейтте өткен,әлемнің белді де беделді талай құрылыс алпауыттары қатысқан халықаралық байқауда"В.Л."жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен"Pan Arub Concalting Engineers"компаниясы ұсынған жоба уздік деп танылды.Жоба бойынша басталған құрылыс 2005 жылы аяқталып,Астана қаласы әкімдігінің үйі деген шаңырақ көтерді.Ғимарат бұрынғы Үкімет алаңы мен Конгресс-холл сарайының ансамблін жаңа мазмұнда толықтырып,байырғы қаланың орталық бөлігін көркейте түсті.Осы төңіректегі биік үйлердің бірі,15 қабаттан тұрады.
Өзінің сыртқы және ішкі пішінімен ерекшеленеді. Бірде жұмыр күмбезге,бірде зыр айналған ұршыққа,енді бірде дөңгеленген дүниеге ұқсайтын шығыс мәнерлі мұнара имандылық белгісіндей ұйытады да құрылыстың қоңыржай реңі арқылы салиқалылық пен сабырға ұласады.Осы сындарлылық ғимараттың негізгі болмысын анықтайды,билік нышаны екенін ұқтырады.Ауқымдылық және декоративтік байсалды нақыштар,тік призма үлгісіне сай табылған әрлендіру материалдары,алтын өңді шыны жапсырмалар өзара жарасымдылықпен әсем астасып жатыр.Сәулет өнерінде құрылысты безендіру қай кезеңде де нәзік талғамды талап еткен.Бұл ретте архитектор талантты қыл қалам шеберіндей толғануы керек.Суретші ойын бояулар арқылы тарқатса,сәулетші өзі таңдап алған құрылыс заттары арқылы сырласады.Бар мәселе осы таңдаудың дұрыстығында.Ал безендіру-әрлеу үшін жасыл және ашық қоңыр түсті кермогранит,алтын мен қола реңдес әйнектер таңдалып алынған.Олар күн сәулесінде ажарлана құбылады,үш қырлы призманың бойымен ақша бұлттар көшіп бара жатады.Құрылысты Кувейт қоры қаржыландырған.Осы қордың өтінішімен Эль-Кувейт қаласының ислам мәдениетін айғақтайтын белгісі-ықшам мұнара ғимараттың ансамбліне қоса өрілді.Әлемдік архитектураның еуропалық дәстүрлері негізге алынған құрылысқа ислам айшығы осылай үйлестірілді.Бұл,екінші жағынан Астана дәстүрлі өркениетті мәдениеттерді жатсынбайтындығын аңғартқандай.
Ал құрылысқа бөлінген жер айтарлықтай ауқымды емес,үш көшенің қиылысында.Батыс қапталында Конгресс-холл сарайының жасыл алаңы тиіп тұр.Бұл белгіленген кеңістікті барынша тиімді пайдалануды қажет етті,жобалаушылар 15 қабатты биік ғимараттың өлшеулі жерде қысылып-қымтырылмай еркін тұруына айрықша назар аударды.Төменгі,яғни алғашқы қабат әуелден ойластырылғандай транзитті маңыз атқарып тұр,ол қала әкімдігі қызметінің орталығы болып саналады.Онда 300 орындық мәжіліс залы және түрлі көрмелер мен тұсаукесер рәсімдерін өткізуге қолайлы әмбебап зал орналасқан.Қабаттың ортасындағы атриум кеңістігі ғимаратты барынша кеңейтіп тұр.Сол кеңістік арқылы құрылыстың салмағы сезілмейді,жеңілдік пен ыңғайлылық аңғарылады.Архитекторлар осылайша кеңес кезіндегі кеңсе үйлерінің бәріне тән болып келген түнеріңкілік пен зілділіктен арыла алған.Екінші жағынан,олар қазіргі заманғы қызмет ғимараттарының да,қалауын тапса,айшықты да сәулетті бола алатынын дәлелдеп берді.Тың шешімдер жұмыс қабаттарында да жоқ емес,бұл жерден ұзын,күңгірт дәліздерді көре алмайсыз,олардың орнына орталық кеңістіктер жасалған.Бөлмелер саны әр қабаттағы қызмет саласына есептеліп қойылған,ыңғайлы да ықшам.Қала әкімінің қызмет орны ең жоғарғы он бесінші қабатта.Мұнда жедел кеңестер өткізуге арналған шағын залдар бар.Ал қабылдау бөлмесі лифтіден түскен бетте басталады,бұл шаһар басшылығының жұртқа ашықтығын білдіргендей әсер береді.Ас та төк салтанаттың ізі де жоқ,бәрі қарапайым әрі сындарлы,еркіндік пен кеңдік басым.Барлық қабатта қаланы биіктен тамашалауға мүмкіндік туғызатын шыға берістер бар.Ғимараттың маңдай тұсы жағынан байырғы қаланы,ал теріскей тұсынан Есіл мен жаңа орталықты алақанға салғандай көресің.Қала әкімдігінің осы жаңа кеңсесі-"В.Л."жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Астанада жүзеге асырған үшінші ірі жоба.Алғашқысы министрлік үйі болса,екіншісі-"Қазақстан" спорт сарайы.Бұлардың әрқайсысы өз алдына бөлек шығармашылық шешімдер.Ортақ қасиеті-ел Президентінің Астана құрылысына қойған талаптарына жауап бере алатындығы.Ол талаптар-жоғарғы сапа,даралық,көркемдік.Ғимарат жобасының шығармашылық тобы бес адамнан тұрады:архитекторлары-В.Лаптев,В.Гладких,Е.Журавлева,инженері-В.Поздняков,конструкторлары-М.Ванштейн,Н.Французова.
## Дереккөздер |
Никола́й Густа́вович Лега́т (1869 жылдың 30 желтоқсанында, Ресей империясының Мәскеу қаласында туған —1937 жылдың 24 қаңтарында Ұлыбританияның Лондон қаласында қайтыс болған) — орыстың бишісі, балетмейстері және балет педагогы. Легат-Обуховтер балет династиясының өкілі. |
Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық - рулық бірлестіктерден тұрады. Қазақ халқы, негізінен, XV - XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралады. Ұлы, Орта және Кіші жүздерге Қазақстанды ертеден мекендеген туыстас бірнеше тайпалар кірді. Бұл тайпалардың әрқайсысының тарихы әріден басталады. Әрбір тайпаның, әр рудың өз ұран, таңбасы болды.
XV ғасырда Керей хан билік құрған кезде, 1470 жылдары Сырдария бойындағы қалаларды басып алады:
* Сауран уәлаятының әміршісі Жәнібек ұлы Еренші (1470-1492)
* Созақ уәлаятының әміршісі Жәнібек ұлы Махмұт (1470-1476)
Қасым ханның тұсында 1516 жылы 4 уәлаят болды:
* Жетісу уәлаяты — белгісіз
* Сарайшық уәлаяты — Өсек сұлтан
* Түркістан уәлаяты — Жәдік сұлтан
* Ұлытау уәлаяты — Әдік сұлтан
Есім ханның тұсында жүздер пайда бола бастады. Сырдария өзенің үстіңгі жақтарында қоныстанған Ұлы жүз. Ортасында — Орта жүз. Төменгі жақта — Кіші жүз. Ең бірінші хандары:
* Ұлы жүз ханы Шығай ұлы Жанәли (1588-1600)
* Орта жүз ханы Есім ұлы Жағата (1598-1628)
* Кіші жүз ханы Жәңгір ұлы Тәуке (1652-1680)
Болат ханның тұсында жүздер тәуелсіз болады. Болат хан тек Орта жүзде билік орната алды. Орда болған кездегі тұңғыш хандары:
* Ұлы жүз Ордасының ханы Қарт-Әбілқайыр хан (1718-1730)
* Орта жүз Ордасының ханы Қайып хан (1718-1719)
* Кіші жүз Ордасының ханы Әбілқайыр хан (1718-1748)
Жүзге тек төре (Шыңғыс хан ұрпақтары), қожа (тегі араб), төлеңгіт (хан-сұлтандардың қызметшілері, нөкерлері) және кейбір топтар (мысалы, сунақ) кірген жоқ.Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы болды.
Хан жарлығы, түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға, одан руларға тез арада жеткізілді. Әсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың топтасуына, бірігуіне көп мүмкіндік берді. Әрбір жүз өздеріне тиесілі әскер шығарып, бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді. XVIII ғасырдың басында әрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ халқы жүзге, руға еш уақытта бөлінбеді.
Өзара араздасуды, ру, тайпа арасындағы қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті. XX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер, ашаршылық, I, II Дүниежүзілік соғыстар зардабының салдарынан қазақ жүздерінің кейбір рулары бастапқыда орналасқан жерлерінен қол үзіп қалды. Халық арасында үш жүзге байланысты мынадай мақал тараған:"Ұлы жүзге таяқ беріп, малға қой,Орта жүзге қалам беріп, дауға қой,Кіші жүзге найза беріп, жауға қой".Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүз бен Кіші жүз өкілдері әлемге тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.
## Дереккөздер |
Қабиев Одақ (20. 05. 1932 жылы туғын, Орал облысы, Қаратөбе aуданы, Құскөл к-зы — 09.03.1987) - фармаколог, мед. ғыл, докторы (1968), профессор (1970). 1961 жылдан КОКП мүшесi. Алматы мед. институтын бiтiрдi (1954). Осы институттың аспиранты (1954 — 1957), фармакология кафедрасының ассистентi (1957-1961). 1961 жылдан Қазақтың онкология және радиология ғыл.–зерт. институтының эксперименттiк бөлiмiнiң меңгерушiсi. 1973 жылдан осы институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары. Қабиев — 1 монография және 75 ғылми еңбентiң авторы. Денсаулық сақтау мин-лiгiнiң ғьлми кенес бастығының орынбасары, респ. фармакология және фармация комиссиясының бастығы, онкологтар қоғамының бас секретары.
## Дереккөздер |
Қабулов Уәсіл Қабул ұлы (05. 09. 1921 жылы туған, Ташкент ) — өзбек сов. ғалымы, техника ғыл. докторы (1962), Өзб. КСР FА-ның академигi (1966; 1962 жылдан корр. мүшесi). 1944 жылдан КОКП мүшесi. Ташкенттiң темір жол инженерлері институтын бiтiрген (1949). Өзб. КСР FА-ның Құрылыс институтында (1950—1956) және Есептеу орталығында (1955-1966) қызмет етті. 1966 жылдан Өзб. КСР FА-ның Кибернетика институтынын директоры. Негiзгi еңбектері құрылыстардың сейсмикалық орнықтылығы, тұтac орта механикасын алгоритмдеу мәселесiне арналған. Қабулов — 4 монографияның және 100-ден астам мақалалардың авторы.
## Дереккөздер |
Карл Ю́льевич Давы́дов (1838 жылдың 15 наурызында Курляндск губерниясының Голдинген қаласында дүниеге келген—1889 жылдың 14 ақпанында Мәскеу қаласында қайтыс болған) — орыс сазгері және виолончелисті, Санкт-Петербург консерваториясының 1876—1887 жылдардағы директоры.
## Өмірбаяны
1840 жылы Мәскеу қаласының Николаевсктық тәрбиеленушілер үйінде орынға ие болған дәрігер Юлиус Петрович Давидов (1804—1870) және Мәскеудегі жеке әйелдер пансионының бастығы Доротея Давыдова (туғанда Михайлович; 1802—1864) балалары.
Давыдовқа оның үлкен ағасы ықпал етті — математик Август Юльевич Давидов. Давыдовтың үйінде музыканттар мен Мәскеу университетінің оқытушылары жиналып отыратын.
Давыдов музыкаға балалық шағынан қызығады, 14 жасында ол Мәскеудің көрермендік концертіне қатысады.
Бұл жерде оның алғашқы музыкалық шығармалары жазылады: «Рудокопы» операсы, сонымен қатар 1858 жылы қойылған увертюра мен фантазия 4 виолончельге және контрабасқа арналған, «Калигула» операсынан.
Бірақ отбасының қалауымен 1858 жылы Давыдов Мәскеу ниверситетін математикалық ғылымдарының кандидаты дәрежесімен аяқтайды, тек содан кейін ғана ол кәсіби музыкалық білімге беріле бастады. Лейпциг консерваториясына композитор болу мақсатында оқуға түседі; оның басты оқытушысы Мориц Гауптман болды.
Оның Лейпцигтік оқушыларының ішінен Йун Григ (1840—1891), Эмиль Хегар (1843—1921) және т.б. атап өтуге болады.
1862—1887 жылдары Давыдов Петербургте тұрды, онда «Ұлы императордың солисті» дәрежесіне ие болды.
Давыдов А. Страдивари аспабында ойнайды, оған оны граф М. Ю. Виельгорский сыйлаған болатын.
П. И. Чайковский Давыдовты «біздің ғасырдың барлық виолончелисттерінің королі» деп атады, Юлиус Кленгель естелігі бойынша, тек Давыдовпен танысқаннан соң ол аспаптың ерекшеліктерін түсіне бастады.
С. И. Танеев 1874 жылдың 29 наурызында П.И.Чайковскийге жазған хатында айтқан: «8-і күні… Давыдовтың концерті (D-dur),… Давыдовтың аспапта ойнағанын мен бірінші рет көрдім, керемет ойнайды…».
А. Г. Рубинштейннің шақыртуы бойынша Давыдов Петербург консерваториясында сабақ береді (профессор; 1876—1887 директор). Давыдовтың әйгілі оқушыларының ішінде — А. Э. фон Глен, А. В. Вержбилович, Гануш Виган және т.б. бар.
1888 жылы Давыдов Мәскеуге оралады. Денсаулығы сыр бере бастаса да ол концерттер ұйымдастырумен айналысты. Давыдовтың жақын Мәскеулік достарының ішінде, олмен бірге концерттер ұйымдастыруға қатысқан В. И. Сафоновты атап өтуге болады.
Давыдовтың композиторлық мұрасында — 4 виолончельдік концерт, «Дары Терека» симфониялық поэмасы, виолончель мен оркестрге арналған «Орыс өлеңдеріне арналған фантазия» шығармалары бар. Давыдов —«Виолончель мектептері» (1888) еңбегінің авторы.
Мәскеудің Введенск зиратында жерленген. Оның басында —Р. Р. Бахтың жұмысының ескерткіші орнатылды.
## Отбасы
Әйелі — Александра Аркадьевна Горожанская (1848-1902) — «Құдай әлемі» журналының баспагері. Балалары:
* Лидия (1869—1900) —М. И. Туган-Барановскийдің әйелі;
* Николай;
* Мария (1879—1965) —Бірінші некесінде А. И. Куприннің әйелі, екіншісінде Н. И. Иорданскийдің әйелі, мемуаршы.
## Шығармалары
Давидов жазған оркестрлік шығармалардың ішінде — «Дары Терека» атты симфониялық поэмасы, сюитасы, бейнесі бар.
Басқа шығармаларының ішінде — виолончель мен оркестрге арналған төрт концерт, виолончельге арналған сольдық шығармалар, романстар.
Көңіл аударуға лайықты тағы бір жұмысы, — «Виолончель мектебі» шығармасы. Оның басып шығарған «Мазепа» операсы аяқталмай қалды.
## Дереккөздер
* Давидов, Карл Юльевич // Брокгауз және Ефронның энциклопедиялық анықтамалығы: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907. |
Қабулова Саодат (15. 12. 1925 жылы туған, Ферғана облысы, Марғұлан) — өзбек совет әншісі (колоратуралық сопрано), КСРО халық артисі (1959). Москва консерваториясын Д. Б. Белявскаядың класы бойынша бiтiрген (1954). 1941- 1948 жылдары Мұқыми атынд. театрда iстедi. 1954 жылдан Өзбектің А. Науаи атынд. опера және балет театрының әншісі. Ұлттық опералардан - Зухра (Жалилов пен Бровцынның «Тахир мен Зухрасынца» ) т. б. партияларды орындады. 1956—1957 жылдары гастрольдiк сапармен Үндiстанда, Бирмада, Ауғанстанда, Камбоджада болды. 1972 жылы Қазақстанда еткен еңбек әдебиетi мен өнерінің он күндігіне қатысты.
## Дереккөздер |
Михаи́л Ива́нович Туга́н-Барано́вский (1865 жылдың 8 [20] қаңтарында туылып —1919 жылдың 21 қаңтарында қайтыс болған) — ресейлік және украиндық экономист, тарихшы, «заңды марксизмнің» өкілі; 1917 жылдан кейін — Украин халық республикасының саясатшысы және мемлекеттік қайраткері. |
Пештақ, пиштақ – портал улгісі. Таяу және Орта Шығыс елдерінің орта ғасырдағы қоғамдық және діни ғимараттарына тән. П., негізінен, шаршыланып келген, еңселі. Ортасында кіре беріс есігі бар жебеге ұқсас үлкен арқа орналасады. П. Орта Азияда 11 ғ-дан белгілі. 14 ғ-дың аяғы – 17 ғ-да П. құрылысы бірмаша өріс алды. Осы кезде П. тұрғызу өзіндік мәнермен (әсем нақышты, жылтыр тақташаламен көмкерілген, т.б.) жүзіге асырылып отырды. Кейбір П-тар әсемдігі мен еңселілігі жағынан негізгі ғимараттан оқшауланып тұрады.
## Дереккөз
Қазақ мәдениеті |
А́нна Никола́евна Е́сипова (1851 жылдың 31 қаңтарында [12 ақпан], Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген —1914 жылдың 5 [18] тамызында сол жерде қайтыс болған) —орыс пианистшісі және музыкалық педагог.
1871—1892 жылдары шет елде тұрған, концерттерімен Ресейге жиі келіп тұратын. Еуропа мен АҚШ-тың көптеген елдерінде гастрольдерде болып қайтты. |
Геннадий Васильевич Сарафанов (1. 1. 1942 ж.т., Саратов облысы, Саратов ауданы, Синенькие с.) – КСРО-ның ұшқыш-космонавы, полковник, Совет Одағының Батыры (2. 9. 1974). 1963 жылдан КОКП мүшесі.
1964 ж. Балашовтағы ұшқыштардың жоғары әскери авиац. уч-щесін бітіріп, Әскери Әуе күштерінің бөлімдерінде қызмет етті. 1965 ж. космонавтар тобына қабылданды. 1974 ж. 26 – 28 тамыз корабль командирі ретінде (Л.С.Дёминмен бірге), «Союз-15» космос кораблімен космосқа ұшты. Ұшу кезінде «Союз-3» орбиталық ст-на (1974 ж. 25 июньде ұшырылған) жақындау әрі маневр жасау сияқты жұмыстарды жүзеге асырды. Космоста 48 сағ 12 мин болып, Жерді 32 рет айналып шықты.
Ленин орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Леопо́льд Семёнович А́уэр (cонымен қатар Лев Семёнович; нем. Leopold Auer, венг. Auer Lipót; 1845 жылдың 7 маусымында Венгрияның Веспрем қаласында дүниеге келді —1930 жылдың 15 шілдесінде Дрезденге жақын жердегі Лошвиц жерінде қайтыс болды) — ресей скрипкашысы, педагог, дирижёр және композитор.
Йозефа Иоахимнің оқушысы. Орыс скрипкалық мектебінің негізін қалаушы. Шамамен 300 оқушы тәрбиелеген (Константин Горский, М. Б. Полякин, Я. Хейфец, Е. Цимбалист, М. Эльман, Иосиф Ахрон, Д. Бертье, Цецилия Ганзен және т.б). Петербург консерваториясында 1868 жылдан 1918 жылдар аралығында сабақ берген.1918 жылы АҚШ-қа эмиграцияланды. |
Нұғыманов Рашид Мұсаүлы (19.3.1954 ж.т., Алматы) - кинорежиссер, ҚазҰТУ-дың архитектура факультетін (1977), Бүкілодақтық кинематография институтының режиссерлік бөлімін бітірген (1989). 1977 - 1981 ж. Алматыдағы "Қазақазаматауылжоба" институтының аға арх., 1981 - 1984 ж. Қазақстан ескерткіштерді қорғау қоғамында арх. болып еңбек етті. 1988 ж. "Ине" фильмін түсіріп, ол Нюрнгри қ-ндағы (Германия) Халықаралық кинофеситивальдің Бас жүлдесін жеңіп алды (1990). 1988 - 1989ж. Н."қазақфильм" киностудиясының "Әлем" бірлестігінің көркемдік жетекш. қызметін атқарады. 1993 жылдан шет елде өмір сүріп, шығарм. еңбекпен айналысады. Ол "Йа-хха" (1986, қысқа метражды), "Жабайы Шығыс" (1992), т.б. фильмдерді түсірген.
## Дереккөз
Қазақ мәдениеті |
Қабық самыра, Б е р е с т а - г р а м о т а л а р ы (көне орысша береста — тоз, қабық) — 11-15 ғасырда қайыңның қабығына жазылған хаттар мен документтер. Қабық самыраны алғаш рет А. В. Арциховский басқарған экспедиция 1951 жылы Новогородтан тапты. 1970 жылы Новогородтан 464, Смоленскiден 10, Псковтан 2, Витебсідев 1, Старая Руссадан үш қабық самыры табылды. Қабық самыра балаларды оқыту жүйесіне туралы аса құнды деректер береді. Қабық самыра орыс тiлi тарихы үшiн өте өкп жаңа мағлұмат бердi.
## Дереккөздер |
ТАЛДЫ I—X — қола дәуірінің мола-лары. Орт. Қазақстан жерінде. Зорт-теу жумысын 1955 ж. К. А. Ақышев басқарган Ақмола археол. экспедициясы-сы жүргізгеп. Талды I, Целиноград обл., Талдынура с-ньң солт.-батысын-да 27 км жерде. Талды о-нің сол жақ жағалауына орналасқан. Ол таспеп қоршалған 48 дөңгелек молалардан тұрады. Диаметрі 4 л-деп 20 м-ге деиін. Үш молаға қазба жумысы жүргізілген, онда жерленген адамның екеуі тастан жасалган қабірге, біреуі жаи жерден қазылған торт бурышты қа-бірге жерленген. Екі жағдайда да оас-тары батысқа қаратылган. Табытқа жерленгеи адаммен бірге сырты қа-рағай суретімен өрнектелген қыштан жасалған ыдыстар, қоладап жасалған әр түрлі моншактар, әшекесей бұйымдар, сүйектен жасалғав үшы қырлы жебе үштары, ұлудың сүйектері-нен жасалган әшекей буйымдар салынған.
Талды II —Талдынұра с-ныд солт,-шығысында 27 км жерде. Ол тастан қаланған 13 моладая турады Аум. 3 м-ден 14 .м-ге дейін. Талды III, IV, V — Талдынура с-зының солт.-шығысында 27,5; 28; 29 км жерде топ-то-бымен, бір-бірінеп ара қашықтықтары 300—500 м жерде орналасқан. Талды ІІІ-те 33, Талды ІV-те 73 тас қоршаулардан жасалған молалар оар, диамег-рі 4 л-ден 18 м-ге дейін. Талды VI—X, Жаңажұрт с-нын батысында 1—5 км жерде. Бул жердегі молалардьщ өзіп-дік бір қасиеті тас қоршауларды то-пырақтап оба жасап үйген. Қааба жу-мысынан алынган матерналдарға қа-рағанла Талды I—X молалары қола дәуірініц Андронов мэдениеті кезеңін-де омір сүрген танпалардың адамда-рьша тән. Ал молалардың топ-тон бо-лып бір-бірінен қашьщтау салыпған-дығыпа қарап, олардың рулық құры лыста болтанын байқауға болады.
## Әдебиет
Археологическая карта Казахстана, А.-А., 1960, с. 156—57.
## Дереккөздер |
Хубаи Енё (15.9.1858, Будапешт-12.3.1937)- венгр скрипкашысы, дирижер, педагог және композитор. Муз. Білімді 13 жасқа дейін әкесі Х.Карлдан (скрипкашы әрі композитор), кейіннен 1871-1876 жылдары Й.Иоахимнен алды. 1876-1878 жылдары Будапештте, 1878-1882 жылдары Парижде концерттер беріп, скрипкада ойнау өнерін шыңдай түсті. 1882-1886 жылдары Брюссель консерваториясының, ал 1886 жылдан Будапешттегі Ф.Лист атындағы Жоғары муз. мектебінің профессоры әрі директоры (1919-1934) болды. Композитор 120-ға тарта муз.шығарма, оның ішінде 8 опера («Кремонадан шыққан скрипка шебері», 1893), 4 симфония («Петефи-симфония») скрипкаға арналған( жеке және оркестрмен қосылып орындау үшін) 4 концерт, романтикалық сонаталар, пьесалар және т.б. жазды. Оның орындау мәнері ерекше виртуоз скрипкашы болды. Шәкірттері: Ф.Вечей, Ш.Гейер,Й.Сигети
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы 12 том |
Қабылбаев Шырақбек (09. 03. 1908 ж. Семей облысы, Абай ау., Қайнар селосы маңында Қарашоқы деген жерде -1977 ж.) — Қазақстанның партия және мемл. қайраткері.
Арғын тайпасының Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан. 1938 жылдан КОКП мүшеci iшкi істер қызметінің генерал-лейтенанты (1967). 1931 жылы Семейдегі педтехникумын бiтiрдi. Қызыл Армия қатарындағы кезекті міндетін атқарғаннан кейін, 1935 жылы Iшкі істер халкомының арнаулы мектебін, ал 1952 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бiтiредi. Қазақстан КП-нiң 4, 5, 8, 13-съездерiнде OK-тiң мүшесi және 4, 5,.7, 8- сайланған Қаз. КСР Жоғ. Советінің депутаты. Ленин орденiмен, eкi Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ашыған көже.Ашыған көже, көженің суы, ашытпа, көже - дән жармасынан дайындалатын сусын. Ол кейде бидай ұнынан да жасалады. Бабына келген ашыған көже адамның шөлін басып, сусынын қандырады.
## Ашыту технологиясы
Мұның ашыту технологиясы қарапайым. Оны қысы-жазы ашыта беруге болады. Ол үшін қайнап жатқан суға тазаланған жарма, тұз салып, қазанның қақпағы жабылады да, одан әрі жайлап қайнатылады. Көже піскен соң салқындатылады. Содан кейін бетіне бидай ұнын сеуіп, көже құйылған ыдыстың беті жабылады да жылы жерге қойылады. Бидай ұны себілген көже тез ашиды. 10-12 сағаттан соң бетін ашып, ағаш қасықпен араластырып, бетіне тағы да ұн сеуіп, қақпағын жауып қою керек. Көженің бетіне бидай сеппесе, бидай ұнын, пісірілген нан салса да жетіп жатыр. Көжені осылай ашытып, қорландырып алған соң қорын үзбей, үстіне жаңа пісірілген көжені құя беруге болады.
## Дереккөздер |
Цахарие фон Лингенталь, Карл Эдуард (24.12.1812-3.6.1894)- Византияны зерттеуші неміс ғалымы, тарихшысы. Санкт-Петербург ҒА корр. мүшесі (1856), Берлиндегі Прусс ҒА корр. мүшесі (1866). Цахарие фон Лингенталь 1832 жылдан Париждың, Лондонның, Санкт-Петербургтің, Константинопольдың және Афинының архивтерінде Византия правосының ескерткіштерін зерттеді. 1842-1845 жылдары Гейдельберг университетінің профессоры. Ол Византияның правосы тарихын жеке салалар бойынша алғаш рет жүйеге келтірді.
*
## Дереккөздер |
Царёв Степан Ионович(16.12.1882, Тула губерниясы-9.5.1918, Ақмола облысы)-большевик, комиссар. 1905-1907 жылдары Бірінші орыс революциясына қатысқаны үшін қуғындалып,1908 жылы жасырын түрде ташкентке келді. Ол мұндағы с.-д. ұйымдардың белсенді мүшесі болды. 1917 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласына қоныс аударды. Сол жылдың декабрінде Бат.-Сібір Советтерінің Омбыдағы 3-съезінде Атбасар Совдепінің өкілі ретінде қатысты. 1918 жылы көктемде ол Павлодар университетіндегі Екібастұз көмір кені мен Воскресенск т. ж-ның комиссары болып тағайындалды. Ол 1918 жылы 9 мамырда Совет өкіметі жауларының қолынан қаза тапты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы 12 том |
Александр Кириллович Боровский (1889 жыл 6 (18) наурыз —1968 жыл 27 сәуір) — ресей-американ пианисті және музыкалық педагог. |
Талдық, Борлы, Ұлыталдық – Шалқар алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандары жерімен ағады. ¥зындығы145 км, су жиналатын алабы 4140 км2.
## Бастауы
Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардап басталып Ырғыз өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауып-шашын, жер асты суымен қоректенеді. Басты салалары — Бала Талдық, Ұлыталдық, Милысай, Шыбықтысай. Жылдық орташа су шығыны сағасы тұсында 1,50 м3/сек. Алабы ауыл шаруашылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Талдықорған облысының архиві — құжаттар сақтайтын мекеме. 1944 ж. наурызда құрылды.
1959 ж. Талдықорған облысының таратылуына байланысты ол Алматы облыстық мемл. архивінің бөлімшесіне айналды. 1967 ж. желтоқсанда Талдықорған обл-ның ңұрылуына байланысты қайта ұйымдастырылды. Онда облыстың барлық мекемелері мен ұйымдарының, кәсіпорындарының 1917 жылдан бергі архивтік құжаттары сақталады. Бұл облыс еңбекшілерінің, әсіресе Жаркент пен Лепсіде Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес тарихын, соц. құрылысты өрістету жолындағы ерлік күресін, коммунистік құрылыстың табыстарын баяндайды.Сонымен бірге архивте рев. күрес пен Азамат соғысының, 1941—45 ж. Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Кеңес Одағының Батырлары, Соц. Еңбек Ерлері жөнінде құнды деректер бар. Архив қоры бұқаралық-саяси, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту жұмыстарына кеңінен пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Үгіт бригадасы, көркем үгіт бригадасы - сахна тәсілдері арқылы көпшілік арасында үгіт - насихат, тәрбие жұмысын жүргізетін шағын кәсіби немесе әуесқойлар ұжымы. Ол кәсіпорын, құрылыс, өндіріс пен оқу орындарында, клуб мекемелерінде, ұжымшар мен кеңшарларға жұмыс істеді. Әдетте Ү. б.-ның репертуары жергілікті фактілерге негізделген драм. муз. және хореогр. миниатюралардан құралады. Сонымен қатар Ү. б. қоғам өміріне жат көріністерді ажуалап, еңбек ұжымдарының озық тәжірибесін насихаттап отырады. Қазақстанда Ү.б. 1920 жылдардың аяғында пайда болып, 20 - 30 жылдары құрылыс пен өндіріс орындарында кеңінен тарай бастады. Бұдан кейінгіжырлары Ү.б. республиканың барлық облыстарында ұыймдастырылды Оның 10 - на халық үгіт бригадасы атағы берілді.
## Белгілі Ү.б.
1. Қордай қыздары2. Улыбка3. Ақ желкен 4. Дала жұлдыздары5. Көңіл ашар6. Сәуле
## Дереккөздер
1. Қазақ мәдениеті2. Рубб А.А., Советский агитационный театр. Виды и формы, ч. 1, М., 1989. |
ТАМАША — Үндістанда кең таралған ән-би аралас ойын-сауықтың бір түрі. 17 г-да пайда болып, негізінен Махараштра штатында кең өріс алды. Ал5ашында жауынгерлер ерлігін мадаң-таған лирикалы-қаһармандың жанр түрінде дамыды. Ойын-сауық ән маз-мұнын бейнелейтін пантомимаға құрылын, көбіне ашық алаңда өткізіліп отырды. Халықтық бағыт алған Т. са-уығы 19 ғ-дың басында шаруалар сауығына айналды. Отаршылдыққа қарсы қозғалыстың өріс алуымен бай-ланысты (19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ.) ол үгіт-насихаттық бағыт алды. Қазақ-станда түрлі өнерпаздардың қатысуы-мен өтетін ойын-сауықты «Т.» деп атау ертеден белгілі.
## Дереккөздер |
Сыдықов Әміржан (1898-1984). Бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Ә.Сыдықов ұстаздық жолын сонау 1918 жылы бастауыш мектеп мұғалімінен бастады. 1924 жылы Мәскеудегі халыққа білім берудің орталық институтын тамамдады. Оның тағылым алған ұстаздары А.Блонский, Н.К.Крупская секілді аса көрнекті ғылым педагогтар болды. Институтты бітіргеннен кейін 1928 жылға дейін коммуна мектебінде, жалпы білім беретін орта мектептерде істеді. Сонан кейін Семейдің губерниялық халыққа білім беру бөлімінде меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1928-1943 жылдары Қазақ КСР оқу комиссариатында-әдіскер, ал 1943 жылы өмірінің ақырына дейін педагогикалық ғылымдарының Ы.Алтынсарин атындығы ғылыми- зерттеу институтында ғылыми қызметкер, секторр меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры болып істеді.
* Тұңғыш мақалаларын: "Темірқазық" (Мәскеу) және "Таң" (Семей) журналында жарық көрді.
## Дереккөздер |
Тамғаш хан, тамгачхан, тавгачхан -Қарахан мемлекетін билеушілердің мәртебелі лауазымы, хандардың ханы. Арабтар малис ас-Син, яғни Синдер патшасы атаған. Себебі, Қарахан әулеті кезінде Қашғарияның екінші атауы Син болған. Қарахан әулетінің Самарқанды билеген соңғы ханы Ибраһим, оның ұлы Оспан «Сұлтанның сұлтаны» (Сұлтан ас-салатин) деген лауазымына ұлықты және Т. X-ды қосып, шақа соқтырған. Ауфи жаз-басында Ибраһим мен Оспанның түрікше лауазымы —Қылыш Тамгач хан және Қылыш Арслан хан-хақан.
## Әдебиет
Бартольд В. В., Соч., т. 5, М., 1968, с. 87, 124.
## Дереккөздер |
Суфиев Елеш(1918-1980). Қазіргі Батыс қазақстан облысының Фурманов ауданында туған. Е. Суфиев Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірген 1937. Ол біраз жыл мектептерде мұғалімдік қызметте болады. 1946-80 жылдар арасында Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарында психологиядан сабақ береді. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі болды. Е. Суфиев психология саласында жазылған біраз еңбектердің авторы. Ол көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеп келді.Оның 1952 жылы ҚазМУ-дің ғылыми кеңесінде қорғаған «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты дистациясында қазақ балаларының орыс тілін сабағында ақыл-ойы мен ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан талдауға алынды.
## Дереккөздер |
Тамғашы, табгач, тавгаш — 1) көнө заманғы және орта ғасырлық Моңғолиядагы жер атауы. Табгач атауы орхон жазуларында кездессе, Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» шығармасында түріктердің шығыстағы Шын, Машын (Син, Ма-син) аймағының жоғарғы Шыны — Тавгач аталған. 2) Мөр сақтаушы В. В. Бартольдтыц зерттеуінде Тамғашы көне түрік]терде, Шыңғысхан тұсында мөр сақтаушы әрі іс жүргізуші.
## Дереккөздер |
Стычинский Иосиф Лазаревич (1896-1969). 1919 жылы Саратов университетіндегі медицина факультетін бітірген. Ол жүйке аурулары кафедрасының ординаторы, кейіннен доцент өызметін атқарады. 1921-27 жылдары халық ағарту институты мен университетте психологиядан сабаө береді. 1931 жылдан Саратов медициналық институтының кафедра меңгерушісі, ал 1935 жылдан профессоры болды. 1944-1949 жж. Алматыдағы «Ана мен баланы қорғау» ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1947-1969 жж, Абай атындағы Қазақ пединститутының , С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, психология кафедрасының меңгерушісі, 1958-62 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды
## Дереккөздер |
Тамыр сабақ — көп жылдық шөптесін өсімдіктердің түрі өзгерген жер асты сабағы. Сырт пішіні тамырға ұқсас болғанмен құрылысында айырмашылықтар бар. Мыс., Т. с-та қабыршақ тәрізді жапырағы, паренхимасы болады. Т. с. бунақ-бунақ болып, топырақ арасында көлбей өседі, буындарында не жапырақ қолтығында жыл сайын жер бетіне шығатын өркен және топырақ арасына тарайтын қосалқы тамыр беретін бүршіктері болады (қалуен, бидайық, жыланқияқ). Т. с-тың ұзын, қысқа, жуан, жіңішке болуы, тез өсуі өсімдік түріне байланысты. Кейбір өсімдіктердің Т. с. ұшында құрамы негізінде углеводтан тұратын түйнек кездеседі. Т. с-та дәрілік, бояғыш, илік заттар болады. Т. с-ты өсімдіктер құмды жақсы бекітеді.
## Дереккөздер |
Сана астары– белгілі бір сәтте сананың мәнді қызметінің орталық нүктесі болмастан саналы процестер барысына әсер ететін белсенді психикалық процестердің сипатттамасы. Мысалға адам белгілі бір сәтте оған бұрыннан белгілі және оның ойының кредитімен ассоцативті байланысы туралы тікелей ойламаса да, ол мағыналы астар ретінде ой ағымына әсер етуі, соған ілесуі және т.с.с.болуы мүмкін. Жағдайлардың, ситуациялардың, автоматтық әрекеттердің қимылдардың қабылданатын, бірақ санаға тікелей болмаса да әсері барлық саналық актілерде сана астарымен қабылдау ретінде көрінеді.
## Дереккөздер |
Тамыршы— халықтың емшілердін Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі атауы. Октябрь революциясына дейін қазақ, қырғыз, қарақалпақ,ұйғыр,өзбек т. б. халықтарда қол тамырларының соғысы арқылы ауруды анықтаған емшілер болған. Бұлар Шығыс медицинасында көбірек қолданылған тәсіл бойынша ауруды ыстық, суық деп бөліп, майлы, майсыз тамақпен, түрлі дәрілік шөптермен емдеген. Тамыр арқылы ауруды анықтау меди-цинада да қолданылады.
## Дереккөздер |
Константи́н Анто́ний Го́рский (Ресейде Константин Киприанович Горский, польшада. Konstanty Antoni Gorski, 13.6.1859, Лида, Вилен губерниясы, Ресей империясы — 31.5.1924, Познань, Познан воеводстволығы, Польша Республикасы) — польшалық композитор, скрипкашы-виртуоз, педагог, дирижёр, қоғам қайраткері, романстар, екі опера және көптеген аспаптық шығармалардың авторы. |
Танаев Иван Владимирович (4. 6. 1904 ж. т., Тамбов обл., Моршанск ауд., Сөрнов с.)— кеңес химигі. КСРО ғылым академиясының академигі (1958; 1946 жылдан корр. мүшесі). 1942 жылдан КОКП мүшесі. Киев политех. институтын (1925) бітіріп, 1934 жылға дейін сонда жұмыс істеді. КСРО ғылым академиясының Н. С. Курнаков атындағы Жалпы және анорганик. химия институтында 1939 жылдан лаборатория, 1949 жылдан бөлім меңгерушісі. 1965 жылдан «Неорганические материалы» журналының бас редакторы. Негізгі еңбектері сирек элементтердің анор-ганик. және аналит. химиясына, оның ішінде фторидтер, ферроцианидтер және фосфаттар ерекшеліктеріне, сон-дай-ақ анорганик. жүйедегі физ.-хим. анализдің дамуы мен қолданылуына арналған. КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1949, 1951, 1971). Д. И.Менделеев атындағы Алтын медалын алған (1973). 2 рет Ленин орденімен, 4 рет басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тамара Ханым (лақап аты; өз аты мен фам.— Тамара Артемовна Петросян) (29. 3. 1906 ж. т., Ферғана) — өзбек совет бишісі, әнші, КСРО халық артисі (1956). 1941 жылдан КОКП мүшесі. Ұлты — армян.
Сахналық өнер жольн 1921 ж. бастады. 1924 ж. Мәскеудегі Орталық театр техникумын бітірді. 1926—28 ж. Ташкенттегі муз. этногр. ансамбльдің бишісі, 1928—32 ж. Самарқандагы муз. драма театрын ұйымдастырушылардың бірі. 1935 ж. Лондонда өткен 1-дүн. жүз. фестиваль-да өнер көрсетті. 1936 жылдан Өзбек филармониясының артисі. Өзбектің әйелдер билерін орындауда өзіндік өз-герістер енгізді. Т. X. репертуарынан басқа да одақтас республикалар мен шетел халықтарының билері мен ән-дері кеңінен орын алады. Өзі орындайтын көптеген билердің қоюшысы. КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1941). Ленин орденімен және басқа 6 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тастемірова Зылиха Жақияқызы (13 желтоқсан 1910 ж. т., Солт. Қазақстан обл., Бейнетқор ауд., Қырыққұдық аулында туған) — қазақтың алғашқы кітапханашыларының бірі. Қаз. КСР-інің еңбек сіңірген кітапханашысы.
## Өмірбаяны
1925—28 ж. Орынбор жұмысшылар ф-тіяде оқы-ды.
1934 ж. Ташкент қ-нда Өлкелік мұғалімдер техникумын бітірді.
1930— 66 ж. жоғары білім беретін оқу орындарында (КомВУЗ. КазПИ), Қаз. КСР ғылым академиясының Орт. кітапханасында кітапханашы болып қызмет істеді. Тастемірова өз қызмет орнында жұмысты жақсарту тәсілдерін іздестіріп, кітапхана ісін жолға қоюда көп еңбек сіңірді.
1966 жылдан дербес пенсионер.
## Дереккөздер |
Қарағанды металлургия комбинаты - Қазақстан Магниткасы (Теміртау қ.), Ұлы Отан соғысы жылдарында салынып, пайдалануға берілген Қазақ металлургия зауыты Қазақстан қара металлургиясының тұңғыш кәсіпорны және осы күнгі металлургия комбинатының ізашары болды.
Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің «Қара металлургияға жедел жәрдем беру шаралары туралы» 1943 жылы 7-ақпандағы қаулысы негізінде КСРО Қара металлургия халкомы И. Ф. Тевосян 1943 жылы 26 маусымда зауыт салудың жобалық тапсырмасын бекітті. Металлургия зауыттарын жобалайтын Мемлекеттік Одақтық институт Бас жобалаушы болып ұйғарылды. 1943 жылы 5 сәуірде КСРО Қара металлургия министрлігі болашақ Қарағанды металлургия зауыты салынатын жерді тандап алатын комиссия тағайындады. Оның жұмысын Магнитогорск металлургия комбинатының директоры Г. И. Носов басқарды. Комиссия жұмысына Қазақстанның Қ. И. Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдары қатысты.
Зауыт құрылысы 1950 жылы басталды. Көлемі 1513 м3 алғашқы домна пешін салу 1957 жылы желтоқсанда қолға алынды. 1958 жылы БЛКЖО 13-съезінде Қазақстан магниткасын салу Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. 1960 жылы 3 шілдеде № 1 домна пеші, тұңғыш шойын қорытты, қарашада 2 кокс батареясы пайдалануға берілді, 30 желтоқсанда қазақстандық алғашқы кокс алынды. 1963 жылы 23 маусымда №1 агломерация ф-касы өнім берді. 1970 жылы Қарағанды металлургия зауыты негізінде Қарағанды металлургия комбинаты құрылды. Оның құрамына Атасу (темір-марганец рудалары) және оңтүстік Топар (флюсті әктастар) кен басқармалары, Алексеевка доломит карьері және Қазақ металлургия зауыты енді. Қарағанды Металлургия Комбинатынің шикізат базасы Лисаков және Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаттары, Қарағанды көмір бассейні болып табылады. Аса қуатты кептеген металлургиялық агрегаттар комбинатта алғаш рет игерілді. 1975 жылы АҚМ-3312 агломерация машиналары, көлемі 3200 м2 домна пеші, 1970 жылы 250 тонналық қонвертерлер мен қуатты КАР-30 оттекті блоктар, ыссылай прокаттау кең енді үздіксіз 1700 стандарты, 1973 жылы бес клетті 1700 суык прокаттау станы, 1982 жылы «шексіз» прокаттау ретімен жұмыс істейтін алты клетті 1400 станы пайдалануға берілді. Қарағанды Металлургия Комбинаты — толық металлургиялық циклды кәсіпорын. Жылына 5100 мың т шойын, 5700 мың т болат, 4300 мың т прокат өндіреді. Болаттың оттегі аз және оттегі төмен маркаларынан табақ каңылтырлы сортты прокат, кокс-химиялық 30 түрін халық тұтынатын тауарлар (қыш, әк, минералды тыңайтқыштар, қонсерві кақпақтарын т. б.) шығарады. Комбинатта Лисаков кенінің фосфорлы темір рудаларын өндеу технологиясы дүние жұзындығы прақтикада алғаш рет игерілді. Рудаларын металлургиялық жолмен кайта өндеуцің мейлінше тиімді толық технологиясы жасалды және табақ канылтыр прокаттау өндірісін онан әрі дамытуды техникалық жағынан камтамасыз ету жүзеге асырылды. Конвергерлердің футеровка тұрақғылығын арттыру үшін жалынмен торкреттеу технологиясы енгізілді. Бүл технология бойынша оның тұрақтылығы 2,5 есе артты, мұның арқасында балқытпа саның 180-нен 500-ге дейін көбейтуге мүмкіндік туды. Прокаттау өндірісінде «Құйма дайындаушы - рулон» технологиялық жүйесі, металл тақта бетін тұзды қышқынмен үздіксіз күйдіріп әрлеу, өнделген күйдіргіш ерітінділерді регенерациялау т. б. осы салада тұңғыш рет игерілді. Қарағанды Металлургия Комбинатында ҚР тұңғыш Президенті Н. Назарбаев еңбек жолын бастады. Ол осында 1973-77 жылы партком хатшысы болып істеген жылдары комбинатпен қаланың тиісті дәрежеде дамымай артта калған әлеуметтік инфрақұрылымын ҚОКП ОК секретариатында арнайы мәселе егіп көтеріп, ОК арнайы кэулысын, орталық органдардың басқа да шешімдерін кабыдаатты. Комбинат директоры О. И. Тищенко, облыс басшыларымен бірге артта калған комбинатты алдыңғы қатарға қосуға үлкен үлес қосты. Комбинатта 1980 жылдары 41 мыңнан аса адам еңбек етті.
6 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Олар: Т. Адам-Юсупов, Е. Байғазиев, А. Дәрібаев, М.Мүслімов, А. Г. Хвостов. Болат балқытушы К,. 3. Рамазанов және комбинат директоры 0. Н. Сосковец 1989 жылы КСРО халық депутаты болып сайланды. Ұжымда 500 адам орден және медальдармен марапатталған. 93 адам КСРО Қара металлургия министрлігінің Құрметті металлургі және Құрметті кенші атақтарын, З0 адам ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургі атағын алды. Ауыр жүк таситын КамАЗ автомобильдерінің рамаларын жасауға керекті аса берік табақ болат өңцірудіигергеніүшін М. А.Ақбиев,В. Д. Марқов, 0. И. Тищенко ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1980). Шихта материалдарының дымқылдығын автоматты түрде бақылау құралдары және қара металлургияныңтехнол. процестерін басқару жүйесін комплексін жасап, бір жолғы қуаты аса ірі агрегаттарға енгізгені үшін. Э. Э. Миникес 1984 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Фосфорлы темір рудасын өндеу технологиясын жасап металлургия өнеркәсібіне енгізгені, сөйтіп табақ прокаттың тиімділігі жоғары түрлерін өндіруді камтамасыз еткені және бұрын қазынмай келген кен орындарын павдалану мүмкіндігін жасағаны үшін М. А. Ақбиев, В. А. Мирко, В. В. Емушинцев, Г. Л. Цимбал, В. П. Бургов КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1984).
Аға вальцовшы, ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты, КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты, кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. В. Дрожжин басқаратын бес клетті 1700 станның вальцовшылар бригадасы 11 бесжылдықта «Әр жұмыс орнында жоғары қайтарым алайық» деген бастама көтерді. Бастаманы Қазақстан Компартиясы ОК қолдады. Оған 20 мыңнан аса еңбекші үн қосты. Комбинат коллективінде «Кепілдікпен жөндеп, шаруақорлық тұрғыдан пайдаланайық», «Жұмыста артта калушылар болмасын» деген бастамалар кеңінен қолдау тапты.
Қарағанды Металлургия Комбинатының 780 мың м2 тұрғын үй қорын, қаланы да жылумен және энергиямен қамтамасыз ететін 2 электр станциясы, спорт кешені, «Болат» спорт клубы, стадионы, Металлургтердің мәдениет және техника сарайы, медициналық,-санитарлық бөлімі, Самарқан су қоймасы жагасыңца «Самал» профилакторийі, басқа да әлеуметтік объектілері болды. (қ. Аглодомна өндірісі, Болат қорыту өндірісі, Кокс-химия өндірісі, Табақ прокат өндірісі). КСРО-ның ыдырауына байланысты бұрынғы калыптасқан эқономикалық байланыстардың бұзылуынан 90-жылдары Қарағанды Металлургия Комбинаты қиын жағдайға душар болды. Айналыс қаржысы болмады. Жалақы карызы алты айдан асып кетті. Осындай жағдайда Үкімет, КР Президенті Н. Назарбаев инвестор тапты. Ол «Испат-Интернешнл» компаниясы еді. Қарағанды Металлургия Комбинаты комбинатқа сенімді негізінде 1995 жылы «Испат-Қармет» (қазіргі «Миттал-Стил Теміртау») ААҚ құрынып, металлургия алыбының жұмысы ретке келтірілді.
## Дереккөздер |
Татабы (ұйғырша-тибетше —дад-пи немесе кумохи, хи; араб.-парс. — кай) — ежелгі моңғол тайпасы. Алғашқы кезде Моңғолияның солтүстік шығысының бір бөлігі Маньчжурияны мекендеген. Тарихи деректерде татабылар б. з. 220 ж. белгілі бола бастаған. Қытай басқыншыларына қарсы Татабылар көршілері қидандар және түріктермен одақ құрып, 696 ж. қытайларды қирата жеңген. 845 ж. Ұйғыр қағандығы құлағаннан кейін Татабылардың бір бөлігі Моңғолияның солтүстігіне қоныс аударып, ондағы қалған ұйғыр және түрік тайпаларымен араласып кеткен. 10 ғ-дың аяқ кезінде татабы ұрпақтарының бір бөлігі Кай деген атпен Алтай және Ертіс өңірінде өмір сүрген. 11 ғ-да бұлар қимақтар құрамына енген.
## Дереккөздер |
Александр Михайлович Скабичевский (1838—1911) — әдеби сыншы, орыс әдебиетінің либералды-халықтық бағытының тарихшысы.
## Өмірбаяны
1838 жылдың 15 (27) қыркүйегінде кедей петербург шенеунігінің отбасында дүниеге келген. Санкт-Петербург университетінің тарихи-филологиялық факультетінде Ларинск гимназиясында оқыған.
1859 жылы, әлі студент кезінде қыздарға арналған «Күншығыс» журналында жаза бастады, кейін өзінің мақалаларын «Отандық хаттарда» Андрей Краевскийдің редакциясында жариялай бастады, «Иллюстрация», «Воскресный досуг». 1864 жылы аз уақытқа Ярославльге «Рыбинский листок» журналын шығаруға аттанады, ол журналдың авторы Иван Жуков болатын. Сонымен қатар Смольдық институтта, Ларинск гимназиясында орыс тілінен сабақ берді. и др. 1871 жылы өз қызметінен кетіп қалады.
Оның алғашқы әйгілі мақаласы «Гончаров пен Тургеневтің тәрбиелік маңызы» Н. Курочкиннің «Невск жинағында» басылып шықты. (1867, Алкандров атауымен). 1868 жылы Николай Некрасов пен Михаил Салтыковтың қолдарына өткен «Отандық хаттар» атты журналдың басшысы болды; ол журналдың мақалаларын өңдеуге қатысты.
1881 жылы «Сөздер» журналын өңдеуге қатысты, 1882 жылы — «Устоев», 1896-97 жылдары — «Жаңа сөздер». 1874 жылдан 1879 жылға дейін «Биржалық ақпараттар» журналықа әдеби мақалалар жазды. (кейін ол «Молва» атауына өзгерді); 1880-жылдар мен 1890-жылдардың алғашқы жартысында «Жаңалықтарда» жұмыс істеді, соңғы жылдары — «Отан ұлы» журналында жұмыс атқарды. Сонымен қатар 1860 жылдардағы «Апта» газетінде қызметте болды. «Орыс ақпараттар», «Орыс ойы», «Солтүстік хатшы», «Құдайлық әлем» және т.б. Сындық және тарихи-әдеби мақалалары оның «Шығармалар» жинағына басылды (2 т., СПб., 1890; 2-ші басылым. СПб., 1895). Бөлек шыққандар: «Беллетристер-халықтықтар» (СПб., 1888), «Жаңа орыс әдебиетінің тарихы» (СПб., 1891; 4-е изд. СПб., 1900), «Орыс цензурасы тарихы бойынша очерктер» (СПб., 1892).
Павленков Скабичевскийдің «Биографиялық кітапханасы» үшін Николай Добролюбов, Алексей Писемский, Александр Пушкиндерге өмірбаян жазды. «Отандық хаттарда» басылып шыққан «Орыс қоғамының саналы қозғалысы очерктері» қатары «Ресейдің прогрессивті идеялар тарихы» атты атаумен ортақ басылымға шықты, бірақ басылым жарияланбай қалды (1872), тек кейін «Очерктер»: «Қырық жылдық орыс сыны» атты атаумен мақалалар жинағына жарияланды.
1910 жылы 29 желтоқсанда (1911 жыл 11 қаңтар) Павловскте қайтыс болды.
## Ата тектері мен Ұрпақтары
Скабичевский Василий Кузьмичтің ұрпақтары (1643-жылдан соң 1741)1 тұқым
Әкесі бойынша атасы: Скабичевский Иван Романович (1776 - 01.1863)
Анасы бойынша атасы: Войнов Иван Федорович (01.03.1768 - 13.05.1841)
## Қызметінің бағасы
Әдебиет тарихшысы ретінде, Скабичевский ғылыми мақсаттармен айналысқан жоқ. Ол өзінің жұмыстарын тек көрермендерге арнай отырып, бар мәліметтерді пайдаанып, оларды қажетті деңгейде сапалы жариялауды ойлады. Әдебиет тарихы міндеттерін сын міндеттерінен бөлмей ақ, Скабичевский тарихи жетістік туралы ойлаған жоқ, өткен құбылыстарды қазіргі көзқарастар арқылы сынай білді.
Танымал болып, өзінің жетістігін пайдаланып отырған «Жаңа орыс әдебиетінің тарихы» өз атауына сәйкес келмеді: бұл жерде тарих, немесе әдеби ағымдар жоқ, тек жазушылар туралы өмірбаяндық ақпараттар бар. Өмірбаяндарда пропорционалдық жоқ: ұмытылып кеткен Осиповичке 8 бет бөлініп, ал Голенищев-Кутузовке және Фофановке — бір бір сөйлемнен ғана жазылған. Ең жақсы жазылған өмірбаяндар — автордың өзінің жақсы таныс тұлғаларының өмірбаяны болып шықты. (көбінесе олар 1860-шы жылдарда өмір сүрген жазушылар), жетістікке жетпей, сәтісдікке ұшыраған өмірбаяндық еңбектердің ішінде — тұлғаның тек әдеби қасиеттерін ғана атап кеткен жұмыстар (оларға 1840-шы жылдарда өмір сүрген жазушылар, пушкиндық дәстүрлердің ақындарын жатқызуға болады).
## Әдебиет
* С. А. Венгеров. Скабичевский, Александр Михайлович // Брокгауз және Ефронның энциклопедиялық анықтамалығы: 86 том (82 т. және 4 қосымша.). — СПб., 1890—1907. |
Қабылбаев Мәдениет Рапих ұлы (12. 05. 1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Улан ауданы) — Қазақ совет архитекторы. 1973 жылдан КОКП мүшесi. 1966 жылы Алматыдағы Қазақ политех. институтының архит. факультетін бiтiрдi. 1967–1974 жылдары «Алматагипрогор» жобалау институтында архитектор және жобалаудың бас архитекторы қызметін атқарды. 1974 жылдан «Казгипроторг» жобалау институтының директоры. Негiзгi еңбектері: Жайылым шаруашылығы ғыл-зерт. институты, Қазақстан Жазушылар одағының творчество үйі, КСРО құрылыс банкiсiнiң обл. кеңсесі, «Интурист» қонақ үйi, Сауда уйi–бәрi Алматыда.
## Дереккөздер |
Қабылов Өмірбек (1898 жылы туған, қазіргi Жамбыл облысы, Мерке ауд.) — халық ақыны. Жас кезiнде байларға жалданды. Сов. дәуiрiнде колхозшы, шопан, ағаш ұстасы болып жұмыс iстедi. Қабылов ақындық өнерін ел аузындағы қиссадастандарды, толғау-жырларды жаттап айтудан бастады. Сов. заманында көптеген жыр шығарды. Қабылов жаңа өмір өзгерiсiн, еңбек адамдарының жасампаз iciн жырлады. Оның «Еңбекші колхоз халқымыз» , «Бақыт берген Октябрь» , «Сүйедi Совет елi бейбітшілік» т. б. өлеңдерi мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қабыловтың баспа жүзiн көрмеген көптеген шығармасы Қаз. ССР FА-ның М. О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қадыр Даян (толық аты-жөнi - Қадыр Хаким ұлы Д а я н о в) (14. 02. 1910 жылы туған, Құншақ деревнясы. қазiргi Челябi обл.) — башқұрт ақыны, драматург. Башқ. ACCP-iнiң еңбек сiң. өнер қайраткерi (1969). Уфа пед. институтында оқыды (1930-1933). Ұлы Отан соғысына қатысты. Қадыр шығармaлары 1929 жылдан бастап жарияланды. Оның «Теміркәй» (19З4), «Иeci итiн қалай тапты» (1938) атты балаларға арналған әңгiме, ертегiлерi, бaшқұрт халқы тұрмысын суреттейтін «Рашида» (1934) т. б. поэмалары, драмалары бар. Қадыр 2 орден және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қадыри Абдулла (лақап аты- Ж ұ л қ ы н б а й) (1894-1940, Ташкент) — өзбек совет жазушысы. Өзбек көркем прозасының негiзiн қалаушылардың бiрi. Бақшашы семьясында туып, медреседе (1915-1917) араб, парсы тілдерінде бiлiм алған. 1915 жылдан бастап шығармалары («Бақытсыаз күйеу» пьесасы т. б.) жарық көре бастады. «Азғын» (1915) әңгімесінде сабақ тұрмысындағы жағымсыз салтты әшкерелейді. Революцияға дейiнгi шығармаларында жәдидизм ықпалы басым. Қадыри шығармалары қазақ оқырмандарына да кеңінен таныс. «Өткен күндер» романы 1958 жылы қазақ тілінде жарық көрді.
## Дереккөздер |
Қадырбеков Fабит Анабай ұлы (15. 12. 1906 жылы туған, Ақмола, қазіргі Целиноград обл., Целиноград ауд.) — Қазақстынның партия, совет қайраткері. 1938 жылдан КОКП мүшесi. Омбы жұмысшы факультетiн (1929), Москва т. ж. транспорты инженерлерi институтын (1936) бiтiрдi. 1920-1936 жылдары Ақмола, Омбы облтарында совет, шаруашылық органдарында қызмет атқарды. 1936-1938 жылы Шымкент, Алматы т. ж. бөлiмдерiнде жауапты жұмыстарда болды. 1938- 1941 ж. Оңт. Қазақстан обл. Советі аткомы председателiнiң орынбасары. Ленин орденiмен, Қызыл жұлдыз, 1-дәрежелi Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Төлепберген Қайыпбергенов (07. 05. 1929 жылы туған, Қарақалпақ, ACCP-i, Кегейлi ауд.) — қарақалпақ совет жазушысы. Қарақалпақ, ACCP-iнің Бердақ атынд. Мемл. сыйлығының (1967), Өзб. КСР-iнiң Хамза атынд. Мемл. сыйлығының (1971) лауреаты. 1954 жылдан КОКП мүшeci. Хожелi педучилищесiн (1947), Қарақалпақ пед. институтын (1955) бiтiрген. «Әмудария» журналының редакциясында (1955-1957), Қарақалпақ ACCP-i Жазушылар одағында (1957- 1958), Қарақалпақ ACCP-i Мин. Cоветi жанындағы радио хабарын тарату комитетiнде (1958-1959), «Жас Лениншi» газетiнде (1959-60), «Совет Қарақалпақстаны» газетiнiң редакциясында (1962-1972) жауапты қызмет атқарды.
## Дереккөздер |
Қалбин Гафур, Гафурун (1827- 1880 ж. ш.) — 1870 жылы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісіне қатысушылардың бiрi. Хиуада қол астындағы адайлардың биi болды. 1856 жылы өз ауылдарымен орыс мемлекетінің құрамына ендi. Орыс әкімшілігі оны Маңғыстаудағы дистанциялық бастық етiп тагайындады. 1866 жылы зауряд-хорунжий (кіші офицер) деген атақ алды. 1867-1868 жылғы реформа ережелерiне сәйкес қазақтардан ақша жинаудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Қалбин 1874 жылы көтерiлiс басшысы Досан Тәжиевті ұтауға көмектесті.
## Дереккөздер |
Тамара Ханым (лақап аты; өз аты мен фам.— Тамара Артемовна Петросян) (29. 3. 1906 ж. т., Ферғана) — өзбек совет бишісі, әнші, КСРО халық артисі (1956). 1941 жылдан КОКП мүшесі. Ұлты — армян.
Сахналық өнер жольн 1921 ж. бастады. 1924 ж. Мәскеудегі Орталық театр техникумын бітірді. 1926—28 ж. Ташкенттегі муз. этногр. ансамбльдің бишісі, 1928—32 ж. Самарқандагы муз. драма театрын ұйымдастырушылардың бірі. 1935 ж. Лондонда өткен 1-дүн. жүз. фестиваль-да өнер көрсетті. 1936 жылдан Өзбек филармониясының артисі. Өзбектің әйелдер билерін орындауда өзіндік өз-герістер енгізді. Т. X. репертуарынан басқа да одақтас республикалар мен шетел халықтарының билері мен ән-дері кеңінен орын алады. Өзі орындайтын көптеген билердің қоюшысы. КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1941). Ленин орденімен және басқа 6 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Цвиллинг Самуил Моисеевич (1891-3.4.1918, Орынбор губерниясы)- Орынборда Совет өкіметін орнатуға белсене қатысушы. 1916 жылдан Компартия мүшесі.Рев. жұмысы үшін 1905 жылы Томскіде ұсталып, 5 жылға сотталды. Томск түрмесінде отырған кезде В.В. Куйбышевтің ықпалымен кейбір әсерлік, меньшевиктік ауытқулардан ажырап, нағыз лепиндік күрес жолына түсті. Түрмеден босанған соң Оңтүстік Оралда партиялық тапсырмалар орындады. 1907 жылы РСДЖП Омбы комитетінің мүшесі. Советтердің Бүкіл росс. 2-съезінде В.И.Ленин қол қойған мандатпен Совет үкіметінің Орынбор өлкесіндегі комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы Орынбордағы тұңғыш соғыс ревкомының председателі. 1918 жылы 14 қарашадан 15 қарашаға дейін қараған түні атаман Дутов Орынборда бүлік шығарып, оны түрмеге жапқызды. Большевиктер түрмеден босатқан соң, ол Дутов басқарған контррев. бүлікке қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Ол Торғай облысы Советінің съезіне қатысып (1918), облыста Совет өкіметін нығайтуға белсене араласты. Ол дутовшылармен болған ұрыста қаза тапты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы 12 том |
Қошеуіт (қалм./моңғ. хошууд) — Монғол Халық Республикасы (Хобдос аймағьшың оңтустігі) мен ҚХР-дің Шыңжаң провняциясын мекендейтін батыс монғолдардың (ойраттардың) бір тобы. Қ. 15—18 ғ-да Жоңгариядагы көшиелі ойрат тайпа-лары одағының бір бөлігі болды. Бұл одаққа Қ-тен басқа чоростар, торғауытттар, дөрбеттер кірді. Ойраттар бүкіл 17 ғ. бойы аздаған узілістермеп қазақ жерлеріне унемі шабуыл жасаумен болды. 18 ғ-дың 1-жартысында Қ-тер мен торғауыттар князы Хо Урлюк 4 мың уймен Жайықтан отіп, Еділдің сағасында Қалмақ хандығын құрды. Кезінде Қ-тердің негізгі кәсібі — көшпелі мал шаруашылығы болған. Діні—буддизм. Тарихи деректемелерге қарағанда, Қ.— қазіргі Қалмақ АССР-інің негізгі халқы — қалмақтардың арғы тегі.
## Дереккөздер |
Қайназарова Сурақан (05. 06. 1902 жылы туған, Қырғ. CCP-i Сұқылық ауд.) — колхоз өндірісінің жаңашылы. Қырғ. CCP-i Сұқылық ауд. «Дружба» к-зының звено жетекшiсi. Соц. Еңбвк Epi атағын екі рет (1948, 1957) алған. 1939 жылдан КОКП мүшесi. Қайназарова звеносы 1947 жылы 15 га егістіктің 1 га-сынан 971,5 ц кант қызылшасын жинады. Кейiнгi жылдары озат агрогехниканы қолдану нәтижесiнде қант қызылшасының әр гектарынан 1000-1100 ц өнім алып келдi. Қырғыз КП 3- 12-съездерiне делегат. 1-және 3-сайланған КСРО Жоғ. Cоветінe депутат. Қырғ. КСР Жоғ. Cоветi Председателiнің орынбасары болды. 3 рет Ленин орденi, Еңбек Қызыл Ту орденi, Бүкiл одақтық А. ш. көрмесінің Үлкен алтын медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қошқар (т.-ө. ж. белгісіз) Үлы Жүз Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан атақты батыр әрі би. 18 ғ-дың бас кезінде өмір сүргев. Жоңғар шап-қыншылығына қарсы соғыста ерекше көзге тускен. Сураншы, Саурьқ ба-тырлармен бірге Ұлы жүз қолын бас-қарып, Аңырақай асуында жауға той-тарыс берген батытрлардың бірі. Қабірі қазіргі Луговой с-сының (бұрынғы Құлан қ-сы) түбінде.
## Дереккөздер |
Қалдыбайұлы Қабланбай, Қ а п л а н б а й (т.-ө. ж. белгісіз) - Кішi жүздегі феод. қанауға қарсы Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерiлiсi (1836-1837) басшыларының бipi. Байұлы тайпасының Ысық руынан. Султандар мен билерің қисапсыз алым-салықтарын төлеуден бас тартқан. Ақыры қудалау көріп, шаруалар көтерiлiсiне барып қосылды. Қалдыбайұлы билер мен старшындардың мал-мүлкін тартып алып, шаруаларға үлестiрiп бердi. 1837 жылы 28 ноябрьде болған шайқаста атына oқ тиiп қолға түстi. Қалдыбайұлының батылдығынан қoрыққан Геке 40 солдатпен оны Орал қаласына жөнелттi. Оралда Қалдыбайұлы сотталып Сiбiрге айдалды.
## Дереккөздер |
## Дереккөздер |
Қуаныш Баймағанбетов(1895, қазіргі Қызылорда обл., Сырдария ауд., Аманкелді атьнд. с-з,—27. 5. 1973, Қызылорда) — халық ақыны, ауыз әдебиетін жинаушы.1940 жыл-дан КОКП мүшесі. 1939 жылдан КСРО Жазушылар одағьтың мүшесі. Әкесі Шәкіұлы Баймағанбет қазақша, орыс-ша сауаты бар, фельдшер болған. Қ. Б. жасында ауыл молдасынан оқып, хат танығап. Теміржол жұмысшысы (1919—25), бастауыш мектеп мүғалі-мі (1925 45), кітапхапа меңғерушісі (1945—60) больш жумыс істеді. Қ. Б. өлеңдер.: 1920 жылдан аудандық, об-лыстық, респ. газеттерде жариялапа бастады. «Мария — Мағауия» даста-ны 1926 ж. «Әйел теңдігі» журналын-да басылды. 1929 ж. «Көдей жыры» деген атпеп елеңдер жинағы жарық корді. «Аңламас батырдың оқиғасы», «Сағит пен Сағат», «Үш жігіттің ерте-гісі» т. б. дастандарында ерлікті, дос-тықты, махаббатты жыр етті. Қ. Б-тың Иса Байзақов (1925) және Айтбай Дүйсенбаевпен (1957) айтыстары бар («Айтыс», 3-т., 1966).
## Дереккөздер |
Қапаев Сүйiн (1927 жылы туған, Ставрополь өлкесі, Қарашай-Черкес автоном. обл., Адыгей-Хабль ауд., Еркiн Жұрт аулы) — ноғай совет жазушысы. Черкeccк, пед. училищесiн, Ставрополь пед. институтын бiтiрдi. Бiраз жыл туған аулында мектепте мұғалiм болды. 1955 жылдан берi аудандық, обл., («Ленин йолы») газеттерде және баспада редакторлық қызмет амқарып келедi. Қапаев творчестволық жолын 50-жылдардың 1-жартысында өлең, әңгiме жазудан, орыс жазушыларының шығармаларын ноғай тiлiне аударудан бастады. Алғашқы әңгiмелер жинағы Черкесск қаласында 1957 жылы «Өткел» деген атпен басылды. Қапаев — ноғай әдебиетінде әңгіме жанрыв қалыптастырушы жазушылардың бiрi.
## Дереккөздер |
Құдайке — Кіші жүз Адай руынан тараған ата. Шежіре бойынша, Қ. Тозше, Қосай болып екіге бөлінеді. Бұларды Түрікпен-Адай деп те атайды. Енді бір шежіре деректерінде Адайдан Түрікпен-Адай туған, Тәзіке мен Қосай Түрікпен-Адайдың балалары, Адайдың немерелері делінеді. Тәзіке ден Қабақай, Өтей, Сареке, Қосайдан Байбол, Тіней, Бәли, Бегей, Әптей, Сүйіндік ұрпағы өрбіген. Қ. Октябрь соц. революциясына дейін қазіргі Маңғыстау, Шевченко, Гурьев маңын мекендеген. Ұраны — Адай. Таңбасы — Х (ашамай).
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.