text
stringlengths
3
252k
Қайыпназаров Байнияз (25. 08. 1916 жылы туған, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Шымбай ауд.) — Қарақалпақ совет ақыны, 1953 жылдан КОКП мүшесi. 1932-1946 жылы ауылдық мектептерде мұғалім, оқу iciнің меңгерушiсi, директор болып iстедi. 1946-1967 жылдары Қарақалпақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында iстедi. 1967 жылдан «Қарақалпақстан» баспасының көркем әдебиет бөлiмiнде редактор. Шығармалары 1935 жылдан бері жариялануда. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1940 жылы жарық көрді. Ол - «Халыққа қызмет қыламын» (1947), «Алтын күз» (1950), «Қуаныш жыры» (1952), «Бозжап бойында» (1955) атты өлеңдер жинақтарының авторы. А. С. Пушкин, Т. Г. Шевченко т. б. ақындардың шығармаларын қарақалпақ тiлiне аударды. Қайыпназаров шығармалары орыс, өзбек, қазақ тiлдерiнде де жарық көрді. ## Соғыс жылдарында Жүрегінде жауға қаһары бар миллиондаған жауынгердің бірі қатардағы жауынгер Байнияз Қайыпназаров болды. 1941 жылы соғыс бастала салысымен Байнияз соғысқа аттанады. Соғыстың қиын күндерінде Сталинград майданында Колючкин ауданын азат ету шайқасында ауыр жараланып, госпитальда емделіп, жарасы жазылып, қайтадан соғысқа аттанады. Бұл жолы Байнияз миллиондаған батырлардың арасында жүріп, көптеген басқалармен бірге халық жауы болған фашистік басқыншыларды туған жерімізден қуып, жермен-жексен етеді. Берлинге қарай шайқастардың бірінде қайтадан ауыр жараланады. Ауыр жарақаттан кейін соғысқа жарамсыз болғандықтан, комиссияның соңғы шешімімен 1944 жылы соғыстан оралды. ## Шығармашылығы Ақынның алғашқы өлеңдері 30-жылдардын орталарында жарыққа шықты. ### Кітаптары Қарақалпақ тілінде: * "Қосықтар" (1940); * "Халыққа қызмет қыламын" (1947); * "Алтын күз" (1950); * "Қуаныш қосықтары" (1950); * "Бозжап бойында" (1955); * "Көк емен" (1956); * "Қызыл гүл" (1958); * "Сүй достым" (1962); * "Менің Отаным" (1956); * "Менің бахтым" (1968); * "Екі аяз" (1970); * "Наруан" (1972); * "Ержан көк" (1974); * "Гүлдәсте" (1981); * "Мен сенің бир шақаңмын" (1977); * "Таңдалмалы шығармалары" (1974, 1981, 1985, 1993, 1996); * "Жарлы адам һәм ғарғалар патшасы" (1985) * "Таң гүлі" (1995); * "Жарлының кенже баласы" (1995); * "Мөлдір бұлақ" (1989); * Ақынның 100 жылдығы Қарақалпақстан Республикасы көлемінде кең түрде белгіленіп, 2017-жылы "Таңдалмалы шығармалары" басып шығарылды. ### Аударма Б. Қайыпназаров туысқан халықтар поэзиясынан Твардовскийдің "Василий Тёркин", Ш. Рашидовтың "Кашмир өлеңі" поэмаларын, сондай-ақ, Лермонтов, Мицкеевич, Ян Райнис, Шевченколардың өлеңдерін аударуға қатысты. ### Нама жазылған өлеңдері * Гүлнара * Мен сенің бір шақаңмын * Еңбек ет * Сүй еңбекті * Бір гүл көрінді де кетті * Гүл артында тұрар сүйгенім * Көрдің бе * Шымбайым * Келші, жаным, күлімдеп * Мен сазенде, сен бақсы * Ана * Баһадырлар ерлігі * Сұлу қызға * Ділбар * Көңлімде барсың ## Отбасы Анасы: Гүлжәмила Өмірлік жолдасы: Асанова Бибижан (1926 жыл, 5 июль - 2008 жыл, 20 сентябрь) Перзенттері: * Сәулехан * Ұлзада * Зира * Мақсет * Нұрзада (1960 не 1961 жылы қайтыс болған) * Гүлшат * Рано * Жанна Ақын 2001 жылы 21 қаңтарда дүниеден өтті. Денесі Нөкіс қаласындағы "Сәлмен ата" қойымшылығына қойылды. Өмірлік жолдасы Бибижан Асанова 2008 жылы 20 қыркүйекте дүниеден өтті һәм ақынның қасында жерленді. ## Дереккөздер
Құйрықты қой— етті-майлы, қылшық жүнді қой тұқымы. Құйрығында 12—16, кейбір тұқымдарында 20 кг-ға дейін май жиналады. Құйрықты қой шөл және шөлейт жер жайылымына көнбіс, күтім талғамайды. Қазақстанда, Орта Азия республикаларында өсіріледі. Қырғызстанда қырғыз және алай қойы, Өзбекстанда жайдары, Тәжікстанда қисар қойы, Түрікменстанда түрікмен және сараджы қойы, Қазақстанның Орал, Гурьев, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында қазақы қой, еділбай қойы өсіріледі. Құйрықты қой қошқарының тірілей салмағы (кг): 110—130, таңдаулысы 180, саулығы 72—85, таңдаулысы 130 кг тартады. Құйрықты қой жылына екі рет (көктемде, күзде) қырқылады. Әр қойдан орта есеппен 2—2,2 кг жүн алынады. Жүні біркелкі емес, қылшықты, өлі қылшығы көп. Одан қалың жүн мата, кілем тоқылады, киіз басады, байпақ (пима) жасайды. Жүн түсімін көбейту үшін құйрықты қойды биязы жүнді және биязылау жүнді қой тұқымдарымен будандастырады. ## Дереккөздер
Құл иесі—Құл иелену қоғамында-ғы құлдың толық қожасы, үстем тап өкілі. Құл иеленушілер көлемді жер мен қолөнері шеберханаларын иемден-ген. Ерте замандағы елдердің көпшілі-гінде құл иесі өздерінің үстемдік право-ларьш сословиелік артықшылықтар-мен қамтамасыз еткен. Көне Грек және Рим мемлекеттері құл иеленуші-лердің құлдар мен басы бос кедей топ-тарды езіп-жаныштау диктатурасы-ның іс жүзіндегі органдары болды. АҚШ-тың оңтүстігінде тіпті 1865 жыл-ға дейін құл иеленуші-плантаторлар болып, олар негр-құлдардың еңбегін барынша пайдаланып келген. Қазақстандағы патриархалдық құлдық жағдайында құл иеленушілер дербес тап ретінде қалыптасқан жоқ. ## Дереккөздер
Қарабаев Мұхамеджан Қарабайұлы (1858, Торғай облысы, Николаев уезі, №4 ауыл, — 10. 01. 1928, Қостанай) — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Троицк гимназиясын (1881), Қазан университетінің мед. факультетін бітірген (1887). Сол жылы Қазан және Орынборда клиника дәрігері. 1888-1899 жылдары Қостанайда қалалық аурухана дәрігері, Ырғыз уезінде дәрігер (1907-1911). 1911-1916 жылдары Якут облысына жіберіліп, онда ел арасында көп тараған алапес ауруын емдеді. Өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбегімен республикамыздың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру, дамытуға елеулі еңбек сіңірді. Найман тайпасының Ергенекті руынан шыққан. ## Дереккөздер
Құм саршұнағы, тараққұйрық — кемірушілер отряды, тиін тұқымдасына жататын сүт қоректі аң. Дене тұрқы 22—30 см, құйрығының ұз. 4,5—10 см. Түсі ашық сары, құйрық ұшының ас-тыңғы жағы қара. Басқа саршұнақ-тарға қарағанда мұның жіңішке ба-шайлары мен тырнағы ұзын келеді. Құм саршұнағы Иран мен Ауғанстанның солтүстік бөлігінде, Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде, құмды, шөлді аймақтар-да таралған. Әсіресе Қызылқұм, Мойынқұмда, Балқаш көлі, Іле, Қаратал өзендері алқабындағы құмдарда көп болады. Құм саршұнағы бұта, бидайық тұқымдас шөптер өскен құмды дөңестерді жиі мекендейді. Ол құмға шығатын қияқ, селеу тамырларын және басқа өсімдік-терді жейді. Құм саршұнағы терісі үшін аулана-ды, бірақ жазғы терісінің құны төмен. Ол кейбір жерлерде құмды тоқтату үшін егілген өсімдіктерді жеп зиян келтіреді. Құм саршұнағы қысқы ұйқыға жатпайды. ## Дереккөздер
Құлқашев Тапбай Құлқашұлы (25. 10. 1893, Қызыпорда обл., Қармақшы ауд.,— 27. 9. 1967, Алматы) — Қазақ-стандағы соц. құрылысқа белсене қатысушылардың бірі. ## Өмірбаяны Ташкент оқытушылар институтын (1919) бітіріп, Қармақшы ауданында мұғалім болды. 1920—24 ж. Қазалы уездік оқу бөлімінің меңгерушісі, Қазалы уездік аткомы председателінің орынбасары және председателі. 1924—26 ж. Сырдария облыстық және губ. сотының председателі. 1926—28 ж. РКФСР Жоғарғы соты қазақ бөлі-мінің мүшесі және оның қылмысты істер коллегиясының председателі. 1928—31 ж. Қарқаралы округтық сотының председателі, Қарқаралы пед. тех-никумының директоры. 1931—36 ж. Түрксіб т. ж. басқармасында істеді. 1936—37 ж. Қоңырат руднигінде мектеп директоры. Соңғы жылдары дербес пенсияда болды. Құлқашев — округтық, губ. партия конференцияларының делегаты. ## Дереккөздер
Қаптағаев Муқтар Қаратай ұлы (23. 10. 1909 жылы туған, Семей облысы, Жарма ауд., Мырзакөл ауыл советі, № 19 ауыл) — Түрксiб т. ж-ның атақты аға машинисi. 1949 жылдан КОКП мүшесi. Қаптағаев өзінің еңбек жолын 1928 жылы Түрксiб т. ж. құрылысында бастады, 1932 жылдан поезда кочегар, кейiн слесарь, машинистің көмекшісі, 1936-1954 жылдары Матай депосында аға машинист болып, локомотив бригадасын басқарды. 3-сайланған КСРО Жоғ. Cоветінің депутаты (1950). Ленин орденiмен (1953), Еңбек Қызыл Ту орденiмен (1950), медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қарабаева Сара Ибрагимқызы (15. 01. 1921 жылы туған, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Подгорный с.) — патофизиолог,ұйғыр әйелдері арасынан шыққан алғышқы мед. ғыл. докторы (1971), профессор (1972), 1943 жылдан КОКП мүшесі. 1937-1939 жылдары Алматы мед. институтының жанындағы рабфакта оқып, осы институттның емдеу факультетінде оқуға түсті. 1941-1945 жылары Қырғызстанда партия, комсомол жұмыстарында істеді. Бүкіл одақтың патофизмологтар қоғамының пленум мүшесі, Қазақстан патофизиологтар басқармасы председателінің орынбасары. ## Дереккөздер
Құлахметов Ғабдулғафур Юнус ұлы (4. 5. 1881, Пенза қ.,— 1. 4. 1918) — татар жазушысы, публицист. Қазан мұғалімдер мектебіп бітірген (1902). Алғаш әдеби қызметін публи-цистикадан бастап, 1905 ж. Орыс рево-люциясы кезінде газет-журналдарда рев. рухта жазылған мақалалар жа-риялады. Қазанда болған көтеріліске қатысып, жұмысшыларды революция-ға шақырып сөз сөйледі. Орыс тілінен кітапшалар мен прокламациялар ауда-рып, халық арасына таратты. Қ-тыд еңбекшілерді патшаға қарсы күреске шақырган «Қираган қамал» (1906) поэмасы, социализмнің жеңетінін ас-тарлап бейнелеген «Екі пікір» (1906), татар жұмысшыларының саяси ояну кезін суреттеген «Жас жүректер» (1908) пьесалары, тарих жөнінде «Та-рих беттері» (1909) атты едбегі бар. ## Дереккөздер
Эдгем Рахимович Тенишев (тат. Әдһәм Рәхим улы Тенишев) (24.4.1921 жылы Пенза қаласында туған) — совет түркологы, филолог ғылми докторы (1969), профессор (1971). Түркологтардың совет комитеті председателінің орынбасары. КСРО ҒА Тіл білімі институтының түркі тілдері секторында (1960-1964 жылдары аға ғылми қызметкер, 1964 жылдан меңгерушісі) қызмет істейді. 1951 жылдан КОКП мүшесі.1949 жылы Ленинград университеті шығыс факультетін түркі тілдері бөлімін бітіріп, С.Е.Маловтың жетекшілігінде аспирантурада оқыды. 1956-1958 жылдары Бейжіңде аз ұлттар институтында түркі тілдерінен сабақ берді. Осы жылдары Шығыс Түркістан, Ганьсу өлкелерін аралап, ұйғыр, салар, сарыұйғыр тілдерін зерттеді.
Құмтас – ірілігі 0,1-2,0 мм-дей жұмыр не қырлы түйірлерден цементтеліп қатайған шөгінді тау жынысы. ## Түрлері Түйірлер ірілігінің жыныс құрамындағы мөлшерінің басымдылығына қарай: ұсақ (0,1-0,25 мм), орташа (0,25-0,5 мм), ірі (0,5-1,0 мм), зор (1,0-2,0 мм); түйірлі және минералогиялық құрамы жағынан мономиктілік (кварцтық), олигомиктілік (аркоздық), помимиктілік (грауваккалық) болып бөлінеді. ## Құрамы Құмтастың құрамы кремнийлі (кварцты, халцедонды, опалды), карбонатты (әк тасты, доломитті, сидеритті), сульфатты (гипс), сульфидті (пирит), темір тотықты (лимонит) цементтермен бірігіп қатаяды. Тығыздылығы 2500-2900 кг/м3, қуыстылығы 2-30%, түскен күштің жаншу қысымына уақытша төзімділігі 90-2000 кг/см2. Бүкіл шөгінді жыныстардың 12-15%-ін құрайтын құмтас барлық геологиялық жүйелер жыныстарында кездеседі. Құрамында халькозин, барнит және халькопирит сияқты мыс минералдары молынан кездесетіндер мысты құмтастар деп аталады. Бұлар өте құнды мыс кентастары болып табылады. Құрамында уранның концентрациялары кездесетіндерін уранды құмтастры дейді. ## Қолданысы Құмтас құрылыста (төсеніш, беттеме т. б.), кварцы мол абразиялық өндірісте (қайрау, егеу материалдары, уату диірмендерінің тастары), отқа төзімді материалдар өндіруде (кокс және электр пештерінде, бессемер конверторларында, динас жасауда), металлургияда (балқу процессін жеңілдететін флюс ретінде, болат, көміртек аз құймалар алуға жұмсалатын ферросилиций алу және силумин жасау үшін), шыны өндірісінде қолданылады. ## Дереккөздер
Құмтекей— ежелгі далапың орны. Алматы обл., Кеген с-сынан оңт.,-шы-гысқа қарай 8 км, Кеген ө-нің сол жағасында (2 км). Қ. шыгыстан ба-тысқа қарай 2 км, оңтүстіктен солт-түстікке қарай 1 км. 1895 ж. Ларионов, 1898 ж. В. Д. Городецкий, кейіннен Л. Ф. Семенов, 1956 ж. Е. И. Агеева бастаған Ж е т і с у археол. экспедициясы, 1957 ж. археолог К. А. Ақышев, Г. А. Кушаев Ң. айналасында зерттеу жүргізіп, Темірлік, Кенбұлақ, Ұзынбу-лагртан мыс қорытылған кен орында-рын, көптеген қорған, обаларды тап-ты. Соған қарап ғалымдар бүл өцірде ежелгі заманда ірі мәдениет орталығы болған деген қорытындыға келді. Жаз-ба деректерден белгілі 630 мың халқы болған Үйсін мемлекетінің астанасы ІПығу қ-сы Ыстықкөлдің оңт.-шығы-сында, яғни қазіргі Қарқара, Қүмтөкей мацында болуы керек. Құмтекей орны-нан күйген қыш, кірпіш, қүмыра ыдыстар табылған. ## Дереккөздер
Қара Абулфазұлы Қараев (әз. Qara Əbülfəz oğlu Qarayev; 05.02.1918 жылы туған, Баку) — Азербайжан совет композиторы , қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), Азерб. КСР ғылым академиясының академигі (1959). 1949 жылдан КОКП мүшесі. 1935-1938 жылдары Баку консерваториясында оқыды. Творчестволық қызметі 1937 жылы басталды. 1946 жылы Москваның П. И. Чайковский атынд. консерваториясының композиция факультетін бітірді. Баку консерваториясының профессоры (1957). Лениндік сыйлық (1957) пен КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1946, 1948). Ленин ордені, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қаракеев Құрманғали (07. 11. 1913, Қырғ. КСР Ыстықкөл обл., Түп ауд.) — совет тарихшысы. Қырғ. КСР ғылым академиясының академигі (1960) және оның президенті, КСРО ғылым академиясының корр. мүшесі (1968). 1938 жылдан КОКП мүшесі. Шаруа семьясынан шыққан. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1946) және КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1959) бітірген. 6 - 9 - сайланған КСРО Жоғ. Советінің депутаты. КОКП 22, 23 -съездерінің делегаты. Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Құм шайғыш— құмды сумен жуу арңылы бөгде заттардан айыратын машина. Құм шайғыштар сылақ, бетон дайын-дайтын заводтарда т. б. орындарда пайдаланылады. Олар электр жетек-пен жұмыс істейді. Құм шайғыш жасалу ерекшеліктеріне қарай қос шнекті, драгалық болып бөлінеді. Қосшнекті Құм шайғыштың астауы түбіне ңа-рай тарыла түседі. Астаудың ортасын-да қарама-ңарсы бағытта айналып тұ-ратын шнекті араластырғыштар менсу ағыны арқылы құм лаидан ажыра-тылады. Лай ағызылатын арнайы на-уаша бар. Драгалық Құм шайғыштың жұ-мыстың тетігі параллель шынжырлар-ға бекітілген қалақшалардан тұрады.Оның жұмыс өнімділігі шнектіге қарағанда төмен. Сондықтан оны жуу-ды онша көп қажет етпейтін орындарында пайдаланады. Бұл машина 1 т құмды тазартуға 3—6 м су шығын-дайды. ## Дереккөздер
Саяқбай Қаралаев (1894, Ыстықкөлдің Үшқойсу мекені, — 07. 05. 1971, Фрунзе) — қырғыз жыршысы, атақты манасшы. Қырғыз КСР-інің халық артисі (1939). Кедей шаруа семьясынан шыққан. «Манас» эпосы мен халық жырларынан жарты млн. өлең жолын жатқа білген. Азамат соғысы жылдары Қызыл Армия қатарында ақ гвардияшылар мен басмашыларға қарсы күресті. Қаралаев «Манасты» жырлауды атақты манасшы Чоюкеден үйренген. «Манас» эпосының толық нұсқасы Қаралаевтан 1930 жылдардан бастап жазылып алынды. 2 рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Қаранов Сары Қаран ұлы (16. 03. 1909 жылы туған, Түрікменстан, Басқаден аулы) — офтальмолог, мед. ғыл. докторы (1953), профессор (1953). Түрікм. КСР FА-ның академигі (1954), Түрікм. CCP-iнiң еңбек сің. ғылым қайраткері (1963). Ташкент мед. институтын бiтiрдi (1936). 1936-1940 жылдары Түрікмен трахоматозия ғыл.-зерт. институтында қызмет iстеп, 1940-1946 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Түрікмен мед. институтының аспиранты (1946-1948). 1948 жылдан осы институттың көз аурулар кафедрасының меңгерушісі. Бүкiл одақтық офгальмологтар ғылми қоғамының мүшесi. Ленин орденi және басқа 4 орденмен марапатталған. ## Дереккөздер
Құрастырмалы темір-бетон өнеркәсібі — күрделі құрылыстар мен ғимараттарға арнап түрлі конструкциялар мен детальдар өндіретін материалдық өндіріс саласы. Құрастырмалы темір-бетон құрылыста көп-тен бері пайдаланылып келеді. Ресейде 20 е-дың бас кезінде қолданыла бас-тады. Соц. құрылыс саласын индуст-риялық әдіске көшіруге байланысты Қ. т.-б. ө-н дамыту қолға алынды. Құрастырмалы темір-бетон конструкция-ларын шығарумен алғаш кіші-гірім заводтар мен цехтар және өндіріс орын-дарының құрылыс полигондары шұғылданды. Социализмніц түпкілікті және толық жецуі нәтижесінде оны өндіру индустриялық әдіспен жүргі-зіледі. КОКП ОК-і мен КСРО Мин. Со-ветінің 1954 ж. 19 августағы «Құрылыстарға қүрастырмалы темір-бетон конструкциялары мен детальдар өнді-руді дамыту туралы» қаулысынан кейін, құрастырмалы темір-бетон шы-ғару шұғыл артты. Қ. т.-б. ө. тех. жолға қою жалпы құрылыс системасын индустрияландыруда шешуші роль ат-қарды. Кәсіпорны жалпы бағыттағы, азаматтық-түрғын үйлер мен өндіріс-тік күрделі объөктілерге арналған жабындық панельдерді, үй қабырғаларын, түрліше құрастырма бөлшектері мен блоктарды, колонналар мен арқа-лықтарды т. б. конструкциялар мен детальдарды өндіреді. Қ. т.б. ө. з-дта-рының бір тобы өз өнімдерін ерекше шаруашылық мүдделеріне бейімдеп темір жол шпалдарын, түрлі трубалар-ды, электр мен байланыс линиялары үшін темір-ібетон бағаналарын және шахта бекіткіштерін өндіреді. 1961 ж. жұмыс істеп отырған заводтар мен полигондардың саны 2500-ге жетті. КСРО-да Қ. т.-б. ө. өнімінің жалпы көл. 1972 ж. 96 млн м3-ден асты, оның ішінде Қазақстанда 4,7 млн м3-ге жетті. Сов. Одағы темір-бетон өнім-дерін шығару жөнінде дүние жүзінде 1-орын алады. 9-бесжылдықта (1971— 75) күрделі құрылысқа арнап құрас-тырмалы темір-бетон конструкцияларын өндіретін задтардың саны 4 мың-ға жететін болады. Ал олардың өнім көл. 122 млн м3-ге жетеді. ## Дереккөздер
Қаратаев Шәмiл Бақытжанұлы (1899, Орал уезi - 1938) - совет әскери қайраткерi, полк комиссары, Қaзақстандағы Азамат соғысына белсене қатысушы. КОКП мүшесi. Оралдағы гимназияда, училищеде оқығaн. Орынбордағы Борисоглебск әскери училищесiн бiтiрген. 1919 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, қазақтың тұңғыш атты әскер бригадасының құpaмындa Орал обл-н ақтардан азат етуге қатысты. 1920 жылы Ырғызда, Темiрде т. б. елдi мекендерде рев. комитет ұйымдастырды. 1933-1938 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әскери комиссары болды. ## Дереккөздер
Ғабдолла Шалқарұлы Қаржаубаев (07. 11. 1904, Целиноград обл., Атбасар ауд.) - Қазақстанның партия, совет қайраткерi. 1927 жылдан КОКП мүшеci. Свердлов гидрология-геодезиялық техникумын (1936), КОКП ОК жанындағы 1 жылдық курсты (1957) бiтiрген. 1924-1934 жылдары Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында сот, шаруашылық, өндiрiс орындарында басшы қызметте iстедi. 1936-1940 жылдары «Карагандауголь» тресiнде инженер, 1940-1952 жылдары Қазақстан КП OK-нiң нұсқаушысы, бөлiм меңгерушiсi, көмip өнеркәсiбi жөнiндегi секретары және 3-секретары болды. Советінің депутаты, 1-дәрежелi Оған соғысы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгiсi» ордендерiмен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қарлиев Алты (06. 01. 1909, Бабадайхан 2, қазіргі Түрікмен СCP-i, Теджен ауд., — l1. 12. 1973, Ашхабад) - түрікмен совет актері, режиссер, КСРО халық артисi (1955). 1948 жылдан КОКП мүшесi. 1929 жылы Түрікменнің драма студиясын (Ашхабад), 1931 жылы Баку театр техникумының режиссерлік бөлімін бiтiрдi. 1931-1963 жылдары Түрікмен драма театры мен Махтұмқұли атынд. опера және балет театрында актер әpi режиссер болды. Рольдерi: Яровой (Треневтің «Любовь Яроваясында» ) т. б. 1956-1960 жылдары «Түрікменфильм» киностудиясының директоры. Ленин ордені және басқа 2 орденмен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Құсайын Дүйсенбайұлы(1917 ж. т., Баян-Өлгей аймағы) — қазақ актері, МХР-дің еңбек сің. артисі (1960), МХР революциясының ардагері 1972). 1943 жылдан Моңғол Халық Революцияшыл партиясының мүшесі. Жасында күйші, жыршы ретінде та-ныллы. 1950 жылдан Аймақтық Баян-Өлгий театрының драма актері. ## Рольдері Қалқаман (Б. Ақтанның «Қалқаман — Мамырында»), Өлзий қарт (Ванголдың «Дәрігерлерінде»), Тоқтар (М. Құрманханның «Қезең үстіндесінде»), Демаков (Ә. Әбішевтің «Кім менің әкемінде»), Абыз (М. Әуезовтің «Еңлік — Кебегінде») т. б. Киноға («Шекарада», «Шайқас алдында») түскен. Қ-ның актерлік шеберлігі сахналық кейіпкерлерді даралап бейнелеуімен ерекшеленеді. Еңбек Қызыл Ту, «Алтын Жүлдыз» ордені және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Құтбы, Қ ұ т ы п (т.-о. ж. белгісіз) — ертеде қазақ халқынын; этникалық құрамына жататын қыншақ руынан шыққан ақын. Қ-ның өмірі жайлы ма-лімет сақталмаған. Ол Низамидің ізі-мен қыпшақ тіліңде баяндалған «Хус-рау уа Шырын» атты назиралық дас-танын 1341—42 ж. (742-хижрада) жаз-ды. Дастанның Берке ақын (14 ғ.) көшірген нұсқасы (көл. 280 б.) Па-рпждің ¥лттық кітапханасында саң-таулы. Қ-ның бұл дастаны қазақ әдебиеті мен тілінің тарихын зерттеу үшін құнды материал болып табылады (қ. «Қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқалары» ). ## Дереккөздер
Бәкен Қыдыкеева (20 қазан 1923, Қырғыз КСР-і, Қант ауданы - 1993) — қырғыз кеңес актрисасы, КСРО халық артисі (1970). ## Өмірбаяны Сахналық жолын 1936 ж. Қырғыздың балалар мен жасөспірімдер театрынан бастады. 1941—44 ж. Пржевальск және Нарынның облыстық театрында ойнады. 1944 жылдан Қырғыз драма театрының актрисасы. ## Рөлдері * Айғаныш (Жантөшев, «Қүрманбек») * Жамал (Диқамбаев, «Нәрлі су») * Сейде (Айтматов, «Бетпе-бет») * Катерина (А. Н. Островский, «Найзағай») * Мария Александровна (Попов «Семья») Психологиялық тереңдік, азаматтық әуен мен ұлттық ерекшелік — оның өнеріне тән қасиет. 1955 жылдан кинофильмдерге («Салтанат», «Ана — Жер ана», «Жорғаның жүрісі», «Қараш-қараш оқиғасы») түскен. Қырғыз КСР-інің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. ## Әдебиет * Гуревич Л., Бакен Кыдыкеева, в кн : Актеры советского кино, в. 9, М., 1973.
Қармыс Досанов (15. 05. 1922 жылы туған, Жаңажол мекені, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Хожелі ауд.) — қарақалпақ совет ақыны, жазушы, 1949 жылдан КОКП мүшесi. Жетіру тайпасының Табын руының Қарақойлы бөлімінен шыққан. Қармыс Досановтың алғашқы өлеңi 1938 жылы жарық көрді. Содан берi оның «Қызыл байрақ» , «Ақын даусы», «Таң самалы» т. б. өлеңдер жинағы, поэмалары басылды. Ұлы Отан соғысы тақырыбықа жазылған «Бiрiншi салют» романын (1959) т. б. повестерiн жариялады. «Арал даусы» атты пьесасы (1970) Қарақалпақ драма театрының сахнасында қойылды. ## Дереккөздер
Мұхаметжан Құсайынов (1756—1824, Уфа) — Екатерина II-нің жарлығы (1798) бойынша Орынборда құ-рылған мұсылмандық жиналыстың бірінші мүфтиі. Жас кезінде патша үкіметінің құпия тапсырмасымен Бұхара, Кабул қ-ларына барған. Кейін түрлі қызмет атқарып, 1789 ж. мүфти болып тағайындалды. Нұралы, Ералы, Есім және Айшуақ хандардың тұсында Кіші жүз қазақтарын Ресей үкіметіне адал болуға шақырды. Ал Сырым Датов басқарған көтеріліс (1783— 1797) кезінде «Игельстром реформасын» (1786, Кіші жүзде хан өкіметін жою, қазақтың феод. шонжарларының өкілдері мен патша әкімшілігінің өкілдерінен Орынборда шекаралық сот құру) жүзеге асыру мақсатымен шекаралық сот, жазалау топтарын құру жөнінде билер мен старшындар арасында үгіт жүргізді. 1796 ж. Есім хан өлтіріліп, Кіші жүзде хан кеңесі (оны Айшуақ сұлтан басқарды) ңұрылғанда, Қ. патша әкімшілігінің өкілі ретінде кеңестің құрамына кірді. ## Дереккөздер
Қарынбаев Сибуғатулла Рысқалы ұлы (01. 03. 1910 жылы туған, Гурьев) — анатом, мед. ғыл. кандидаты (1947), профессор (1971), Қаз. CCP-iнiң еңбек сің. дәрiгерi. 1943 жылдан КОКП мүшесi. Астрахань мед. институтын бiтiрген (1934). Алматы мед. институтының аспиранты (1934–1937), анатомия кафедрасының ассистентi (1937–1939), Ақ финдерге қарсы соғыста полк. мед. пунктiнiң бас дәрiгерi (1939-1940). 1940-1942 жылдары С. М. Киров атынд. Әскери-мед. академиясының оқытушысы (Ленинград). Қарынбаев Ұлы Отан соғысына қатысты (1942–1945), Қаз. КСР Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары (1946–1948), 1949–1950 жылдары Қаз. КСР Денсаулық сақтау министрi. Ленин ордені және басқа 7 орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қасенов Балтабай (15. 03. 1925 жылы туған, Целиноград обл., Атбасар қ.) — қазақ совет философы. Философия ғыл. докторы (1972), доцент. 1945 жылдан КОКП мүшесі. 1942-1943 жылдары Ақмолада (қазіргі Целиноград) № 33 Ф3У-ды бiтiрiп, слесарь мамандығын алды. 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты, 1949-1954 жылдары А. А. Жданов атынд. Ленинград университетінің филос, факультетiнде оқыды, 1954-1962 жылдары Қарағандының жоғары оқу орындарында ассистент, аға оқытушы. 1963 жылдан Қapaғанды политех. институтының филос. кафедрасының меңгерушiсi. ## Дереккөздер
Құттыбаев(2. 12. 1929, ж. т., қазіргі Шымкент обл., Қызылқұм ауд.) — қазақ совет жазушысы, әдеби-от зерттеушісі. 1953 жылдан КОКП мүшесі. Қазақтың С. М. Киров атынд. Мемл. ун-тін (1952) бітірген. Филол. ғыл. кандидаты (1956). 1956—59 ж. Қазақстан Жазушылар одағында қыз-мет етті. 1960 жылдан Қазақтың мемл. қыздар пед. ин-тыныц қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. Ауыл өмірінің бейнесіи суреттейтін «Сыр көктемі» (1963), «Борай» (1969)Г, Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлерініц ерлік ісіне арналған «Оның ұрпағы» (1972) повестері мен «Мақтагүл» (1959) әң-гімелер жинағы, «Шындық және шы-ғарма» (1959) атты зерттеуі жария-ланды. М. Горькийдің «Зыковтар», Н. Зарудныйдің «Қанды шекара», Н. По-повтың «Бородино шайқасы», В. Баныкиннің «Чапаев туралы әңгімелер», «Көктемдегі тасқында» повестерін қа-зақ тіліне аударды. ## Дереккөздер
Қасым Әуезов (1897, қазіргі Қарақалпақстан, Шымбай ауданы, «Кеңес» с-зы — 13 қазан, 1938, Ташкент) — қарақалпақ ақыны, драматург, сыншы, қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны * Кедей шаруа семьясында туған. Ауыл мектебінде және Мақтым ақын медресесінде бiлiм алған. * 1920 жылдан ауылды советтендiру және жаңа қоғам орнату ісіне белсене қатысты. * 1921 жылдан бастап Шымбайда мектеп оқытушысы, директоры, округтық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қарақалпақ автономомиялық облысының халық ағарту халкомы, * 1925 — 29 жылдары Қарақалпақстан ОАК-нің төрағасы * 1929 — 30 жылдары Қазақстан ОАК-і төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР ішкі істер халкомы. * 1930 — 31 жылдары Қарақалпақстанның РКФСР ОАК-дегі тұрақты өкілі * 1932 — 34 жылдары Қарақалпақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы. * 1937 жылдары Қарақалпақ АКСР Халком Кеңесі жанындағы өнер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. * 1938 —Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. ## Шығармалары * Тұңғыш қарақалпақ пьесасы — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған “Мақсат жолында” драмасын жазған. * «Ульянов-Ленин» * «Қайта сайлауда» т. б. өлеңдерi. * “Шахта” поэмасы * “Еңбек” * “Көктем келді” * “Намыс құлы” * “Күн” т.б. шығармалары қарақалпақ әдебиетінің дамуына елеулі ықпал жасады. * Пушкин, Мольер т.б. шығармаларын қарақалпақ тіліне аударды. ## Дереккөздер
Қасымова Мариям (08. 03. 1917 жылы туған, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Хожелі ауд.) — қарақалпақ совет ақыны. Қaзақ семьясында туған. 1958 жылдан КОКП мүшесi. Төрткөлдегi оқытушылар институтын бiтiрдi (1940). Баспа және мәдениет орындарында жауапты қызмет атқарып келедi. Шығармалары 1934 жылдан бастап жарияланды, өлеңдерiнде сов. адамдарының ерлiгi, еңбегі, әйелдердің бақытты өмірі бейнелендi. «Гүлжаһан», «Құрылысшы», «Науаи» атты поэмалардың авторы. Ол орыс, өзбек тiлiнде жазылған шығармалармен қоса қазақ тiлiнен Сейфуллин, С. Мұқанов, М. Хакімжанованың жеке өлеңдерiн қарақалпақ тiлiне аударды. ## Дереккөздер
Қаттабек (т. – ө. ж. белгiсiз) — моғол әулетінен шыққан Бабырдың Сайрамды билеуге қойған адамы (16 ғ.). Оның eciмi Қасым хан билiк жүргiзген дәyipмeн байланысты. Қаттыбек 1512 жылы Қасымнан өзін Сайрамды қоршап алған өзбек феодалдарынан құтқаруды талап еткен. Ол Қасьм ханға қаланы өз қолынан берiп, оны Ташкентке жорыққа аттануға көндiрген. Қасым хан бұл жорығында Ташкент қаласын ала алмай, тек қана оның төңiрегiн тонаумен шектелген. ## Дереккөздер
Қашқынбаев Нұрқожа Ыбырайым ұлы (1852–1915) — халықты патша укіметіне қарсы көтерiлiске насихаттаушы. Жетісуда Верный уезінiң Күрті болысында туып–өскен. 1892 жылы патшa үкіметіне қарсы қазақтарды көтеріліске шақырғаны үшiн 25 жылға Ciбірге айдалды. Сiбiрде большевик Березовскиймен танысады да және достасып кетеді. 1905 жылы елiне келген соң Бекболат Әшкеевпен дос болады. Және оның көтерiлiске шығуына әсер етті. ## Дереккөздер
## Сырт киімдік бағалы маталар: Барқыт, берен, тұқаба, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояк, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, касапдар, қаламы, қымқап. ## Жібек маталар: Баршын, кініпас, кіріс, кіләңқор, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі,қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы. ## Жұқа маталар: * зон; * ақсұп; * борлат; * бомази; * бояқ; * дабы; * сыңсыма; * сұрып; * сәтен; * сиса; * шағи; * бітес; * тек; * зәріп; * саржа; * құмаш; * орысқол; * тайғақ. ## Арзанқол маталар: * ләмбік; * діке; * үлдірік; * ләстік; * кенеп; * шөжім; * шыдаған; * сұпы; * шыт; * бөз; * тептік; * ақзу; * күн-түн; * тібен; * сәлдебөз; * меткетон; * тіке (С.Кенжеахметұлы жарияланымы бойынша). ## Масаты: Қазақтар түсінігінде, бұл сөздің мағынасын жұмсақ түкті барқыт, жібек мата. «Қазақ әйелдерінің үстінде масаты ма, жібек пе, шағи ма ...әйтеуір, бәрі жарық-жұрық етеді.»(С.Шарипов, Шығ.). Бір сөздікте бұл сөздің төркінін араб тіліне апарып тірейді де, мағынасын – «түгі құбылып, тұрған барқыт тәрізді мата» деп түсіндіріледі. (Раб.-рус.сл., 1, 1970, 85.). Бұл ретте біз К.К.Юдахин сөздігін қолдаймыз. Онда «машаты» сөзін иран сөзі екендігін белгілейді де, «килем» сөзін қарауды нұсқайды. Нұсқаған беттен «машаты килем» тіркесін көреміз де оның тұсындағы аудармасы – мешхедский ковер делінген (К.Юд., КРС№, 1965, 386,520). Енді осныдай ой елегінен өткізсек, біздің «масаты» тұлғасында қолданылып жүргеніміз дыбыстық өзгерістерден өткен Иран жеріндегі Мешхед қаласы болмақ. Демек сол қаладан жасалып шыққан кілем, маталардың алдында Мшхед сөзі қосылып, кейін келе біздің тілімізде «масат – масаты кілем» немесе «масаты» күйінде қалыптасып кеткен. Осы себептен де оның араб емес, парсы сөзі екендігіне күман келтіре алмаймыз. Ә.Нұрмағанбетов. Бес жүз бес сөз. А., 1994. 203б). ## Қазақтар арасында кең таралған жібек маталардың ішінен көбірек тарағаны: * Қамқа – алтындатқан не күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. * Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. * Манат – барқыт тәрізді сырткиімдік бағалы шұға. * Мауыт – оң жағы майда түкті келген қалың мата, шұға. * Торқа – ең қымбакт жібек мата. * Батсайы – қалың жібек кездеме. * Биқасап – енсіз жібектен тоқылған жолақ мата. * Дүрия – жылтырауық тығыз жібек мата. * Баршын – жолақты жібек мата. * Тібен – түрлі-түсті қалың мата. * Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі. * Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: * қара мақпал – қара барқыт;қой мақпал – түкті пүліш;қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. * қой мақпал – түкті пүліш;қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. * қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. * Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата. * Қыжым – сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш. * Қойқын – жуан жіптен тоқылған қалың мата. * Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі. * Насар – жібек кездеме. * Пай немесе пайы – жібек мата. * Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. * Ұштап – ақ түсті тығыз мата. * Іштік мата немесе ішкиім тігетін маталардың түрі мен атаулары да көп. Қазақтар маталарды сауда- саттықпен Ресей, Қытай, Бұқар, Парсы, Үндістан, Ыстанбұл т.б. жақтардан әкелген. Осыған байланысты түрліше атау қалыптасқан. Өкінішке орай сол атаулар таралған өңіріне қарай әрқалай аталса, оған қоса бір матаның түрлерін бір-бірімен шатастырса, ұқсата беретін үрдіс қазақтар арасында ертеден бері белең алған. * Шөжім – ішкиімдік, арзанқолды жұқа мата. * Саң – шыттан қалыңдау, ақ түсті мата. * Шыт – тұрмыста жиі қолданатын, жеңіл әрі арзанқол жұқа мата. * Сарпөңке – астарлық жібек мата. * Бояқ – кездеменің боялған түрі. * Борлат – қызыл түсті жұқа мата. * Дабы – жұқа ақ матаның бір түрі. * Ләмбек – сырткиімдік судыраған жылтыр қара мата. (Ділдәр Мамырбаеваның жариялымы бойынша) ## Қазақы өлшемдер Қазақ халқы киім тігу барысында өлшем бірлігі ретінде адам денесі мен дене мүшелерінің өлшемдерін пайдаланған. Айталық, киім өлшемдерін алғанда құлаш, шынтақ, аршын қатарлы өлшемдер қолданса, тігін тіккенде, пішкен кезде бұдан кішкене өлшемдерді – қол өлшемдерін қарыс, сүйем, сынық сүйем т.б. жиі қолданған. * Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кері созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 1838 жылғы мәлімет бойынша Ферғана құлашы 166-170 сам, Қазақстанда қолданылып келген Бұхар құлашы 142 см-ге тең. Құлаш өлшемі сауда-саттық жұмысында, тұрмыста пайдаланған. Сондай-ақ құлаштың да сала, кере, көш құлаш атты түрлері болған. Бұлар, қолды кере созып немесе шалқайы тұрып артқа қарай созғандағысы борлса, жарты құлаш – төс пен бір қолды жайғандағы өлшем. * Құшақ – «периметрі» адам бойына тең шеңбер болса, жарты құшақ кісі бойының ширегіне ¼-не тең. * Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың арасындағы қашықтық. * Шынтақ – қолдың ортанғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұқар шынтағы шамамен 40-41 см. * Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі немесе шамамен 2 см-ге тең өлшем. Екі саусақтың қалыңдығы екі елі, үш саусақтың қалыңдығы үш елі болады. Мұнда өлшенетін дененің үстіне қолды салып, оған сұқ саусақтан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады (шамамен 7-8 см). XVI56 Захир ад дин Бабыр шах жазбаларында б9л –лшем туралы бас бармақтың ені үшін (2,2-2,3 см) кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған. Бұл шығыс және батыс халықтарында кең таралған ежелгі өлшем бірлігі екендігі көпке мәлім. Сол сияқты білем- ортаңғы саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буыны арасындағы қашықтық. Төрт еліден сәл үлкен өлшем тұтам бүгілген төрт саусақпен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. Бабыр жазбаларында тұтам шамамен 8-805 см-ге ұзындық өлшемі делінген. Оның алақанды жазғандағыжазғандағы бас саусақтардың түбі тұсындағы ені – орта тұтам, шынашақтың тұсынан ұстаған өлшем кіші тұтам делінеді. Бұл өлшемдер киім тіккенде бау, ызба, зер, таспа өлшемдерін алуға қолданылған. ## Дереккөздер Қазақ халқының ұлттық киімдері: Мата түрлері/ құраст.Хинаят Б., Сужикова А. – Алматы: «Алматыкітап», 2007. - 196-197б. ## Сырт киімдік бағалы маталар: Барқыт, берен, тұқаба, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояк, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, касапдар, қаламы, қымқап. ## Жібек маталар: Баршын, кініпас, кіріс, кіләңқор, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі,қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы. ## Жұқа маталар: * зон; * ақсұп; * борлат; * бомази; * бояқ; * дабы; * сыңсыма; * сұрып; * сәтен; * сиса; * шағи; * бітес; * тек; * зәріп; * саржа; * құмаш; * орысқол; * тайғақ. ## Арзанқол маталар: * ләмбік; * діке; * үлдірік; * ләстік; * кенеп; * шөжім; * шыдаған; * сұпы; * шыт; * бөз; * тептік; * ақзу; * күн-түн; * тібен; * сәлдебөз; * меткетон; * тіке (С.Кенжеахметұлы жарияланымы бойынша). ## Масаты: Қазақтар түсінігінде, бұл сөздің мағынасын жұмсақ түкті барқыт, жібек мата. «Қазақ әйелдерінің үстінде масаты ма, жібек пе, шағи ма ...әйтеуір, бәрі жарық-жұрық етеді.»(С.Шарипов, Шығ.). Бір сөздікте бұл сөздің төркінін араб тіліне апарып тірейді де, мағынасын – «түгі құбылып, тұрған барқыт тәрізді мата» деп түсіндіріледі. (Раб.-рус.сл., 1, 1970, 85.). Бұл ретте біз К.К.Юдахин сөздігін қолдаймыз. Онда «машаты» сөзін иран сөзі екендігін белгілейді де, «килем» сөзін қарауды нұсқайды. Нұсқаған беттен «машаты килем» тіркесін көреміз де оның тұсындағы аудармасы – мешхедский ковер делінген (К.Юд., КРС№, 1965, 386,520). Енді осныдай ой елегінен өткізсек, біздің «масаты» тұлғасында қолданылып жүргеніміз дыбыстық өзгерістерден өткен Иран жеріндегі Мешхед қаласы болмақ. Демек сол қаладан жасалып шыққан кілем, маталардың алдында Мшхед сөзі қосылып, кейін келе біздің тілімізде «масат – масаты кілем» немесе «масаты» күйінде қалыптасып кеткен. Осы себептен де оның араб емес, парсы сөзі екендігіне күман келтіре алмаймыз. Ә.Нұрмағанбетов. Бес жүз бес сөз. А., 1994. 203б). ## Қазақтар арасында кең таралған жібек маталардың ішінен көбірек тарағаны: * Қамқа – алтындатқан не күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. * Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. * Манат – барқыт тәрізді сырткиімдік бағалы шұға. * Мауыт – оң жағы майда түкті келген қалың мата, шұға. * Торқа – ең қымбакт жібек мата. * Батсайы – қалың жібек кездеме. * Биқасап – енсіз жібектен тоқылған жолақ мата. * Дүрия – жылтырауық тығыз жібек мата. * Баршын – жолақты жібек мата. * Тібен – түрлі-түсті қалың мата. * Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі. * Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: * қара мақпал – қара барқыт;қой мақпал – түкті пүліш;қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. * қой мақпал – түкті пүліш;қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. * қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. * Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата. * Қыжым – сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш. * Қойқын – жуан жіптен тоқылған қалың мата. * Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі. * Насар – жібек кездеме. * Пай немесе пайы – жібек мата. * Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. * Ұштап – ақ түсті тығыз мата. * Іштік мата немесе ішкиім тігетін маталардың түрі мен атаулары да көп. Қазақтар маталарды сауда- саттықпен Ресей, Қытай, Бұқар, Парсы, Үндістан, Ыстанбұл т.б. жақтардан әкелген. Осыған байланысты түрліше атау қалыптасқан. Өкінішке орай сол атаулар таралған өңіріне қарай әрқалай аталса, оған қоса бір матаның түрлерін бір-бірімен шатастырса, ұқсата беретін үрдіс қазақтар арасында ертеден бері белең алған. * Шөжім – ішкиімдік, арзанқолды жұқа мата. * Саң – шыттан қалыңдау, ақ түсті мата. * Шыт – тұрмыста жиі қолданатын, жеңіл әрі арзанқол жұқа мата. * Сарпөңке – астарлық жібек мата. * Бояқ – кездеменің боялған түрі. * Борлат – қызыл түсті жұқа мата. * Дабы – жұқа ақ матаның бір түрі. * Ләмбек – сырткиімдік судыраған жылтыр қара мата. (Ділдәр Мамырбаеваның жариялымы бойынша) ## Қазақы өлшемдер Қазақ халқы киім тігу барысында өлшем бірлігі ретінде адам денесі мен дене мүшелерінің өлшемдерін пайдаланған. Айталық, киім өлшемдерін алғанда құлаш, шынтақ, аршын қатарлы өлшемдер қолданса, тігін тіккенде, пішкен кезде бұдан кішкене өлшемдерді – қол өлшемдерін қарыс, сүйем, сынық сүйем т.б. жиі қолданған. * Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кері созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 1838 жылғы мәлімет бойынша Ферғана құлашы 166-170 сам, Қазақстанда қолданылып келген Бұхар құлашы 142 см-ге тең. Құлаш өлшемі сауда-саттық жұмысында, тұрмыста пайдаланған. Сондай-ақ құлаштың да сала, кере, көш құлаш атты түрлері болған. Бұлар, қолды кере созып немесе шалқайы тұрып артқа қарай созғандағысы борлса, жарты құлаш – төс пен бір қолды жайғандағы өлшем. * Құшақ – «периметрі» адам бойына тең шеңбер болса, жарты құшақ кісі бойының ширегіне ¼-не тең. * Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың арасындағы қашықтық. * Шынтақ – қолдың ортанғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұқар шынтағы шамамен 40-41 см. * Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі немесе шамамен 2 см-ге тең өлшем. Екі саусақтың қалыңдығы екі елі, үш саусақтың қалыңдығы үш елі болады. Мұнда өлшенетін дененің үстіне қолды салып, оған сұқ саусақтан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады (шамамен 7-8 см). XVI56 Захир ад дин Бабыр шах жазбаларында б9л –лшем туралы бас бармақтың ені үшін (2,2-2,3 см) кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған. Бұл шығыс және батыс халықтарында кең таралған ежелгі өлшем бірлігі екендігі көпке мәлім. Сол сияқты білем- ортаңғы саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буыны арасындағы қашықтық. Төрт еліден сәл үлкен өлшем тұтам бүгілген төрт саусақпен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. Бабыр жазбаларында тұтам шамамен 8-805 см-ге ұзындық өлшемі делінген. Оның алақанды жазғандағыжазғандағы бас саусақтардың түбі тұсындағы ені – орта тұтам, шынашақтың тұсынан ұстаған өлшем кіші тұтам делінеді. Бұл өлшемдер киім тіккенде бау, ызба, зер, таспа өлшемдерін алуға қолданылған. ## Дереккөздер Қазақ халқының ұлттық киімдері: Мата түрлері/ құраст.Хинаят Б., Сужикова А. – Алматы: «Алматыкітап», 2007. - 196-197б.
Қасымов Мұхамеджан (09. 05. 1907, Риштан қыстағы, қазіргі Өзб. СCP-і, Фарғана обл., Алтыарық ауд., — 05. 07. 1971, Душанбе) — тәжік совет актері, КСРО халық артисi (1941). 1948 жылдан КОКП мүшесi. Қоқанның пед. және Ташкенттiң кооператив техникумында оқыды. Рольдерi: Рахымбек (Ұлық-заданың «Қызыл таяқтыларында» ), Аллан (Мұхтаровтың «Семья намысында») және т. б. Қасымовтың ойыны қызу қандылыққа, эмоциялық бояуға толы болды. 2 рет Ленин орденімен, тағы басқа 2 орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қары—Ниязов Ташмұхамед Нияз ұлы (02. 09. 1896, Ферғана обл., — 17. 03. 1970, Ташкент) — өзбек совет математигi. Физ. — матем. ғылымдарының өзбек халқынан шыққан тұңғыш докторы, профессор, Өзб. КСР FА-ның академигi (1943). Өзб. КСР ғылым академиясының тұңғыш президентi (1943-1946). Соц. Еңбек Epi. 1929 жылы Орта Азия университетінің физ — матем. факультетін бiтiрген. Қары–Ниязовтың негізгi еңбектерi орта ғасырлардағы математика және астрон. ғылымдарының даму тарихын зерттеуге арналған. Өзбек тiлiнде көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, матем, саласынан өзбвк кадрларын даярлауда көп еңбек сiңiрген. Мемл. сыйлықтың лауреаты (1952). ## Дереккөздер
Қаюпов Төленді (12. 03. 1929, Алматы облысы, Кеген ауданы, — 07. 04. 1962, сонда) — шопан. Қаюпов 1941 жылдан Қаз. КСР ғылым академиясының Күрметі эксперименталды базасында шопан. 1956 жылдан КОКП мүшесі. Бұл жылдары осы шаруашылықта қазақтың арқар–мериносын шығару жөнінде селекциялық жұмыстар жүргізілген. Осы жұмыстарға қатысып, ғалым мамандардың нұсқауын орындай отырып, қойды күтіп–бағуға, дұрыс азықтандыруға көп көңіл бөлген. Қазақтың арқар–мериносы тұқым ретінде қабылданғанда (1950) Қаюпов КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1950) болды. ## Дереккөздер
Виноградов Павел Гаврилович (30.11.1854, Кострома,- 19.12.1925, Париж)- орыс тарихшысы, орта ғасырдағы Англияның аграрлық тарихын зерттеген ірі ғалым. Мәскеу университетінің профессоры (1884). 1902 жылдан Англияда тұрып, Оксфорд университетінің профессоры болды.1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясынан кейін оңшылдыққа бой ұрды. Қазан революциясынан кейін Совет өкіметінің дұшпанына айналып, ағылшын азаматтығын қабылдады. ## Негізгі еңбектері «Лангобард Италиясындағы феодалдық қатынастардың пайда болуы»«Орта ғасырлардағы Англияның әлеуметтік тарихи жөніндегі зерттеулер»«Англиядағы вилландық»«11 ғасырдағы ағылшын қоғамы» ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Полтавка — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл, Авангард ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 945 адам (451 ер адам және 494 әйел адам) болса, 2009 жылы 709 адамды (333 ер адам және 376 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Дикирх (люксемб. Dikrech, фр. Diekirch) : * Дикирх — Люксембургтың коммунасы, Дикирх аймағында орналасқан. * Дикирх (кантон) — Люксембургтегі катон. * Дикирх — Люксембургтың 3 аймақтарының бірі.
Дикирх (люксемб. -{Dikrech}-, фр. 'және нем. Diekirch) — Люксембургтің үш аймағының бірі. ## Географиясы Мемлекеттің солтүстік жағында орналысқан. Солтүстік және батыс жағында Бельгиямен, шығыс жағында Германиямен және Гревенмахер аймағымен, оңтүстік бөлігінде Люксембург аймағымен шектеседі. Дикирх аймағы келесі 5 кантондардан тұрады; * Клерво * Дикирх, * Реданж, * Вианден, * Вильц.
Қашқынбай Қазиев (1884, қазіргі Торғай обл., Жанкелдин ауд., — 1956, сонда) — халық ақыны, жыршы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiне («Халық қозғалысы», «Аманкелдi батыр»), сов. өмір шындығына («Ұлы күш», «Социалистiк жарысқа», т. б.), В. И. Ленин бейнесiне («Ұлы жүрек», «Ленин туралы» ) арналған өлең–жырлары мерзімді баспасөзде жарияланған. Қашқынбай Қазиев «Сейфiлмәлiк», «Есiм-3ылиха», «Бозжігіт», «Мақпал қыз» тәрізді қисса-дастандарды, «Алпамыс», «Қобыланды», «Шора батыр», «Ер Сайын» сияқты батырлар жырын жатқа білген. Ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн, халық ақыдарының шығармаларын жинаушы болған. ## Дереккөздер
Достық (2018 жылға дейін — Хлеборобное) — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Авангард ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Булаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 583 адам (274 ер адам және 309 әйел адам) болса, 2009 жылы 356 адамды (180 ер адам және 176 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қожабергенов Әлиасқар (1917, Талдықорған облысы, Қаратал ауданы — 16. 11. 1941) — қаһарман 28 гвардияшы панфиловшылардың бiрi, Сов. Одағының Батыры (21. 07. 1942). Балалар үйiнде тарбиеленген. Ұлы Отан соғысына дейiн Қаратал ауданында тракторист болып jстедi. Қожабергенов 1941 жылы Қызыл Армия Қатарына шақырылып, Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкiнiң құрамында ұрысқa қатысты. Мәскеу түбiндегi Дубосеково разъезiнiң жанында болған кескiлескен шайқаста ол өз жолдастарымен бiрге өшпес ерлік көрсетіп, қаһармандықпен қаза тапты. ## Сілтемелер * Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 21 июля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 23 июля (№ 28 (187)). — С. 1.
Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнердің бір тармағы. Құсбегілік жаһанда кеңінен тараған, оның ішінде бүркітшілік қазақ, қырғыз халықтарының дәстүрлі ежелден келе жатқан үлкен төл өнері ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады. ## Тарихи сипаттама Көшпелі өмір салтын бастан кешірген қазақ халқы табиғатпен мейілінше етене болған. Көшпелілер табиғатты өз өмірлерінің бөлінбес сыңарына балап, табиғат тылсымын неғұрлым тереңірек таныса, өмірдің солғұрлым мәнді де қызықты болатынын жақсы түсінген. Табиғат аясындағы таным-тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық-саятшылыққа байланысты. Аңшылық-саятшылық әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың тамаша үлгісі болған. Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады. Ел ішіндегі ит жүгіртіп, құс салған, қақпан-тұзақ құрып, тор жайған жалғыз-жарым аңшылықты айтпағанда, көшпелілер арасында бүкіл ру-тайпа болып қотарыла көтерілетін, сөйтіп байтақ өңірді қаумаласа сүзетін аңшылық дәстүрлері болған. Мұндай жойқын аңшылықтың із-сорабы, белгі-айғағы ретінде Қазақстандағы Үстірт үстіндегі "құпия сызық" деп жүрген әйгілі қалта ауыз ұра қазбалары, кезінде Шоқан Уәлиханов таңдана жазған, күні бүгінге дейін ізі сайрап жатқан Іле өзені мен Тарбағатай арасындағы ұраны айтуға болады.Сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқы табиғатпен етене қойындас болғандықтан аң-құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, әсіресе, кейінгі ұрпаққа үйретуге айырықша мән берген.Қазақ аңшылары өздерінің таным-тәжірибесінің арқасында аңшылық-саятшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан-жануардың тілін таба баптап, қалауына көндіре алған. Осылардың ішінде қыран құстарды баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі шын мәнісінде әрі өнер, әрі терең біліктілік. ### Тарихи деректер Тарихи деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақ-сұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы жазылады. ### Қазақ аңыздары Құсбегілік өнері қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерде де ерекше орын алады. Мәселен, қазақтың әйгілі құсбегісі Жалайыр Шораға байланысты аңызда “Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады”, — деп қыран құстар мұң шағады екен. Қазақ және басқа түркі тектес халықтар көбінесе бүркіт асыраған, ал Еуропа мен Ресей билеушілері сұңқарларды қолға үйреткен (“соколиная охота”) ## Түз құсын қолға түсіру әдістері Белгілі әдістері: аумен ұстау, тор жаю, қарға орану, тояттатып алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу. * Аумен ұстау үшін шарық жіптен тоқылған ауды елсіз иен жерге құрады. Ол үшін бес-алты талды жерге әлсіздеу қадап, тормен қоршайды да, ау ортасына мықтап қазық қағады. Қазыққа тірі түлкі немесе қоян, кейде бір-екі тауық байлайды. Қиядан көріп, құдия түскен бүркіт төбесі ашық тордан еш уақытта тік көтеріліп ұшпайды. Жүгіре көтеріліп ұшамын дегенше торға оралады. * Тор жаю әдісі көбіне қыс айларында қар түскен соң пайдаланылады. Ол үшін қар түстес ақ шаңқан торды қар үстіне бір метрге жуық биіктікте кере құрады да, астына тірі түлкі немесе қоян байлайды. Бұған сорғалап түскен қыран аяғын торға шалып алады. Солқылдақ тор бұркіттің аяқ тіреп, серпіле ұшуына кедергі жасайды. * Қарға орану әдісі қар бекіген соң ғана қолданылады. Ол үшін екі адам бүркіттің аңға түскен сәтін аңдып жүріп, ұшырып жібереді де, біреуі қарға көміліп, жемді төбесіне қойып жатады. Суық сорып, аш өзек болып жүрген бүркіт кешікпей жемге оралғанда, қар астындағы жасырынған адам оны ұстап алады. * Тояттатып ұстау үшін түз тағысының аңға түскен немесе жемтікке қонған сәтін аңду керек. Сол сәтте ұшқыр атқа мініп, әбден мелдектеп тойған бүркітке ең ұрымтал деген иек артпадан тұтқиылда қосылып береді. Күн желтең болса жел жағынан шықса, тойған құс ыққа қарай жүгіргенде бетегесімен жер соғып, көтеріліп кете алмайды. Сол кезде ұшқыр атпен төніп келіп құс үстіне шапан сияқты киіммен жаба салу керек. * Шеңгелдестіру үшін қол құсын, қолға үйреткен бүркітті түз қыранына салады. Ол үшін қол құсының балақ бауына түлкінің жон терісін, немесе бір санын қызарта байлап қоя береді. Әрине түз құсының бойын көріп барып жіберу керек. Сонда қол құсы өз тектесімен парлап ұшуды аңсап көтерілсе, түз құсы оның аяғындағы жемге құдияды. Мұндай жағдайда қос бүркіт сөз жоқ шеңгелдесіп жерге түседі. * Ұядан алу үшін аңшының көп еңбегі, әдісқойлығы, ептілігі қажет. Ол үшін мекен-жайын, қонатын мезгілін әбден бақылап алып, тор, тұзақ, шаппасына кигіз салған қақпан, тағы да басқа әдістер арқылы қолға түсіреді. ## Түз құсын баптау тәсілдері Түзден ұстаған құсты үйрететін адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды. * Томаға кигізу Түз құсын қолға түсісімен томаға кигізбей үйретуге болмайды. Томаға кигізген соң да екі-үш күн ұйықтамай қарсылық көрсететін қиқарлығы болады. Ондайда ырғаққа (тербемелі әткеншек етіп байланған жұмыр ағаш) отырғызып тербетіп, ұйықтатпайды, яғни екі күн болсын, үш күн болсын құс қарсылығын қойғанша қажымай бірге болған абзал. * Сылап -сипау Қолға түскен құсты бірінші күнен-ақ барлық баптау барысындағы қимыл -әрекетте және түн ортасында тұрып сылап-сипайды. Құстың иесіне әбден бауыр басуы үшін мұндай ықылас қажет-ақ. * Жем жеуге үйрету Құс алғашында жемге өздігінен ұмтылмайды. Сондықтан бір жапырақ етке қант бүркіп, аузына салып жібрген абзал. Сөйтіп қолдан жем жеуге үйреткен соң, алыста тұрып шақырып, құсты өздігінен келіп жем жеуге баулиды. Оған үйренген шақта ат үстінде тұрып жем көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Мұның бәрі құстың атқа да, адамға да үйірек болуына әрі шынығуына бірден-бір себеп. * Шырғаға тарту Баулу кездерінде құстың аяғында байланған ұзын жеңіл шыжым жіптің болғаны абзал. Бұлайша баулуды шырғаға тарту деп атайды. Ерінбей-жалықпай шырғаға көп тартылған құстың қанат, құйрығы берік болып жетіледі. * Далабайға түсіру Далабайға түсіру деп тұлып етіп сойылған аң терісінің (көбінесе, түлкі терісі) үстінен жем алғызуды айтады. Жемді аң терісінің кез келген жеріне қоя салмай бас жағына тығыздап тығып, екі көзінен болар болмас қызартып көрсетіп қою керек. Сосын тұлыпқа ұзын жіп байлап сүйретеді де, құсқа оны ат үстінде ұстап тұрып көрсетеді. Егер құс томағасын сыпырғанда далабай тұлыпқа талпынып, лап қойса әрі қарай сүйретпей тастай салу керек. Сол жерде далабайдағы қант бүркілген тәтті етті бір-екі рет шоқытқан жөн. Мұнан соң құсты қолға алып томағасын кигізеді де, атқа мініп сүйретпе далабайды тағы да көрсетеді. Осылайша қайталай берудің еш зияны жоқ. * Құстың аңға түсу тәсілдеріШаншыла түсу. Бұл тәсілде құс бірде болмаса бірде соғылып, мерт болуы мүмкін.Сыпыра түсу. Сыпыра түскен құс екпінін баса алмай тегеурінін (жембасар үш саусағына қарсы орналасқан артқы жалғыз саусақ) алдырып алады.Іліп түсу. Іліп түсуге қалыптастыру үшін сүйретіп келе жатқан далабайға құс аяғы тиісімен тастай салу керек. * Шаншыла түсу. Бұл тәсілде құс бірде болмаса бірде соғылып, мерт болуы мүмкін. * Сыпыра түсу. Сыпыра түскен құс екпінін баса алмай тегеурінін (жембасар үш саусағына қарсы орналасқан артқы жалғыз саусақ) алдырып алады. * Іліп түсу. Іліп түсуге қалыптастыру үшін сүйретіп келе жатқан далабайға құс аяғы тиісімен тастай салу керек. Құсты аңға салмас бұрын аяғы өреленіп, ауызы тұмылдырықталған тірі түлкіге түсіріп көрудің де пайдасы мол. Мұны құсбегілер "тірілету" деп атайды. Тірі түлкіге қаймықпай түскен құстың аң аулауға үйренгені.Құсты бұлайша баулу әдістерінің қай-қайсысына кіріскенде де, тіпті аңға саларда да қолдағы құсты аш ұстаған жөн. ## Құсты қызылға отырғызу немесе түлету Құсбегілер қолындағы құсын аңға салуға мамыр, маусым айларынан бастап баптайды. Алдымен қансоқты, қызыл сияқты маңызды жем беріп, түлету үшін семіртеді. Бұл кезді қызылға отырғызу немесе түлету деп атайды. Құс түлегі бапты болса, аз күнде-ақ бой жүні сүзіліп, салаланып сала береді. Ал түлек бапсыз болса, жемі қуатсыз немесе маңызсыз болса құстың бой жүні жымдаспай қобырап, қауырсындары бунақталып дұрыс жетілмейді.Қазақ құсбегілерінің қолындағы құсты тиісті бап, күйіне қарай ашықтыруы, қоялатуы (құстыру), шаятыны (ішін жүргізу) болады. * Қоялату үшін бармақтай ақ киізді әбден жуып тазартып, майға орап қылғыттырып жіберсе аздан соң құсып, ішіндегі бар қоясы құсықпен бірге түседі. * Ішін шайып ашықтыру үшін тырна жілігінен жасалған түтіктен бір-екі рет қызыл шай жұтқызады. ## "Қайыру" Қайыру - құсты әр кезде әр түрлі бапта ұстау үшін оған берілетін жеміне байланысты. Құсбегі қолындағы бүркітін қайырып, қалаған бір бабына келтіру үшін бірнеше жем түрлері беріледі: * Қансоқта - өлген аңның немесе малдың туралмаған, қаны сорғалаған кесек еті. * Қызыл - құстың қылғып қақшуына оңтайланып туралған қызыл ет. Мұның да қан сөлі өзінде болады. * Тартпа - малдың немесе аңның желкесі, толарсағы, шандары сияқты құнарлы аз сіңірлі жерлері. * Сарбөртпе - туралған соң суға екі-үш рет шайып, сығып, біршама қан-сөлінен арылтқан ет. * Ақжем - майдалап турап, суға салып қойып, әбден сығымдап, бар маңызынан айырған ет. * Тоят - құс өзі алған аңның етін жұлып жеуі. * Үрген өкпе немесе боз өкпе - сойылған малдың немесе аңның өкпесіне пышақ тигізбей кеңірдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе маңызынан айрылып, құсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады. ## Құс баптауға қажетті мүліктер ## Баптаған қырандарды сынау ## Қазақстандағы құсбегілік Құсбегілік өнер соңғы 10 — 15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады. * 1998 жылдан бастап құсбегілердің басын қосып, баптаған қырандарын сынға салатын "Салбурын” мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. * Қарағанды мемлекеттік университетінің жанынан арнайы құсбегілер мектебі ашылды. * Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылындағы Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі жанынан Республикалық құсбегілер мұражайы ашылған. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Қибатдолда Жұмафиұлы (25. 01. 1921 жылы туған, Баян–Өлгий аймағы) — қазақ әншісі, күйшi, композитор, МХР халық артисi (1960). 1943 жылдан Моңғол Халық Революцияшыл партиясының мүшесі. 1942 жылдан МХР Армиясының ән-би ансамблінде әнші, 1945 жылдан Баян–Өлгийде муз. мұғалімі, ұлт-аспаптар оркестрiнде домбырашы, әнші болды. Репертуарында әр ұлттық (орыс, моңғол, тува, қырғыз, баяд, өзбек, татар, т. б.) 200-ден астам әні бар. «Отан» , «Ұлы съезд», «Сухэ-Батор», «Фестивалъ жыры» т. б. атты күйлердiң авторы. Шығармаларының негiзгi арқауы – Моңғолияның бүгiнгi социалды жарқын өмірі. ## Дереккөздер
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде Орта Азияны мекендеген халықтар көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көше бастады. Таза мал шаруашылығымен айналысатындары әлі де болса жартылай отырықшылық, жартылай көшпелі өмір салттарын сақтап қалды. Қазан революциясына дейінгі деректерге көшпенді халықтардың киім тігуге пайдаланған маталарын зерттеген жазба деректер көрініс таппаған. Қашқардан Орталық Азияға әкелінген маталар жөнінде Ш. Уалихановтың күнделіктері мен сызбаларында толық баяндалған. Бұдан басқа бағалы деректерді түрік халықтарының сөздігінен табуға болады. Көшпенді халықтардың киімдері және оны тігуге пайдаланған маталар жөнінде материалдар Мәскеудің тарих және Орта Азия мемлекеттерінің мұражайларында сақталған. Мұражайлардағы киімдердің сызбалары мен суреттерінен де оның қандай матадан тігілгенін аңғаруға болады. ## Жүннен мата тоқу кәсібі XX ғасырдың 50-70 жылдарында осы өңірлерді зерттеген экспедиция деректеріне сүйенсек Орта Азия халықтарының тұрмыс жағдайлары бір деңгейде дамып, бір-бірімен ұштасып жатты. Мал шаруашылығымен айналысатындарының барлығы мал шаруашылығының өнімі – жүннен мата тоқу кәсібімен айналысқан. Кәсіптің бұл түрі үй жағдайында әйелдердің күшімен ғана іске асырылған. Тазартылған жүн ұршықпен иіріліп, өрмек станогының көмегімен ені 20-30 см болатындай мата тоқылған. Мата тоқуға түйе, қой, ешкі жүндері пайдаланылған. Әсіресе ауқатты адамдар киген шекпен тігетін жүн маталардың денін қазақтар өндірген. Көршілес халықтар жүн маталарды, шекпендерді қазақтардан сатып не басқа өнімге ауыстырып алып отырған. Түйе жүнінен көйлек, шалбарлар да тоқылған. ## Қой жүнінен иірілген жіптер Қой жүнінен иірілген жіптер киімге сирек қолданылған. Ақ, қоңыр қойлардың жүндерін екі тін қылып иіріп, бояп киімге пайдаланған. Қой жүнінен тоұылған матаны қайнап тұрған суға салып жұмсартып, шапан, шекпен, шалбар, кебенек, аяқ орауыштар, белдіктер жасаған. Қырғыздар ақ қойдың жүніне бір тін ешкі түбітін қосып ер адамдардың басына орайтын шалма тоқыған. ## Мақта-мата тоқу кәсібі XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде көшпелі халықтардың басым көпшілігі отырықшылық тұрмыс қалпына көшулеріне байланысты мақта өсіріп одан мата тоқи бастады. Мақта-мата тоқу кәсібі әсіресе өзбек халықтары арасында кеңінен етек алды. Түркмендер де осы кәсіппен айналысты. Мата тоқитын қарапайым аяқтың күшімен айналатын станоктар пайда болды. Мақтадан тоқылған маталар табиғи бояулармен боялды. Мақта маталардың ішінде кең таралғаны бөз мата болды. Бөз сапасы төмендеу боялған мақтадан тоқылды. Мақта маталардың ені 60 см-ге дейін жеткен. Қазір ұмыт болған Орта Азия халықтары киім тігуге пайдаланған мата түрі торқа (қымбат, жібек матаны да осылай атаған), боялмаған сарғыштау кендір (Apocynum sibirrcum) деген өсімдіктен өндірілген. Бұл өсімдіктің қызыл кендір деген түрін қарақалпақтар пайдаланған. Торқа жөнінде А.М.Никольский «Арал бассейні суындағы балық аулау кәсібі» деген енбегіндегі жазбаларында алғаш рет еске алған. И.И.Гейер: «Өңделген кендір талшығынан әдемілігі жіәне жылтырауы жағынан жібектен кем түспейтін мата алынады»,-деп жазған. Торқаны ұршықпен иіріп, өрмек тоқитын станокта тоқыған. Кендірдің талшығы қатты бол,андықтан өрмек станогының қылышын (ерсі жіппен қарсы жіп арасындағы арқауды бекітетін құрал) қатты соғып тоқуға тура келген. Бұндай мата мықты, төзімді болған. Қызыл кендірді булап, жүн сияқты сабаған. Көбіне табиғи сұр түстісін жиі пайдаланған. Матаның бұл түріне көп адамдардың қолы жете бермеген. ## Өсімдік талшықтарынан мата өндіру дәстүрі VI-VIIIғғ. Орта Азия халықтары өсімдіктің тағы бір түрі – зығырдан тоқылған матамен де таныс болғандығын қытай, орыс деректерінен таба аламыз. Өсімдік талшықтарынан мата өндіру дәстүрі орта Азия соның ішінде Арал бойын мекендеген халықтар мен Еділ бойындағы халықтар, Оңтүстік Сібір бойын мекендеген түрік әлемімен арасындағы өте ерте заманнан келе жатқан этномәдени және этникалық байланыстарды көрсетеді. С.И.Руденконың материалдары бойынша қарақалпақтардың кендірден өндірілген маталарына ұқсас маталар Алтайдағы көне сақтар әлемі 2-ші Пазырық қорғанынан (V-IV ғ.б.з.б.) табылған. Шет жерлерден әкелінген жібек, жүн маталар көшпенділер тұрмысына өте көне заманда енген. Біздің жерімізді мекендеген ғұн тайпалары Қытайда шығарылған жібек, мақта маталарды сый ретінде , соғыстан тскен олжа және шаруашылық өнімдеріне айыстырып алған. Кенкөл қорғандарынан (1ғ.б.з.б.) ер адамдар мен әйелдердің көйлектері табылған. Сырдариядағы Жетіасар қорғандарынан қызыл күрең жібек маталардың бөліктері табылған. Бұл Орта Азия территориясынан өткен Ұлы Жібек жолы керуенінің маталарын көпенді халықтар сатып алғандығын көрсетеді. Ресейдің мақта маталары Орталық Азияға XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында әкеліне бастады. 1839 жылы Қазақстанға келген бір саяхатшы: «Батыс қырғыздарының киімдерінің дені орыс және Ташкент маталарынан тігілген», деп жазған. Орыс көпестері мата тоқыған кезде Орта Азия халықтарының талғамдарын ескеріп отырған. М.Красовскийдің деректерінде (XIX ғасырдың орта кезі) өазақ киімдері тігілген маталар негізінен басқа елдерден сатып алынғандығы жөнінде айтылған. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде қазақтар киіді негізінен фабрикаларда тоқылған мақта маталар: шыт, бөз, коленкордан тіккен. Дәулетті қазақтар мақпал, жібек, атлас, парша, түрлі түсті шұғаларды сатып алған. Сонымен қатар қолданыста қолөнер өнімдері * бөз,жартылай жібекадрас,бекасаб,падшайы т.б. маталар да болған. * жартылай жібекадрас,бекасаб,падшайы т.б. маталар да болған. * адрас,бекасаб,падшайы т.б. маталар да болған. * бекасаб,падшайы т.б. маталар да болған. * падшайы т.б. маталар да болған. ## Дереккөздер Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Қожаниязов Сапар (15. 04. 1910 жылы туған, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Шымбай ауданы) — қарақалпақ совет жазушысы, драматург. 1952 жылдан КОКП мүшесi. Қарақалпақ ACCP-iнiң халық артисi, Өзбек КСР-iнiң еңбек сің. өнер қайраткері. Москвадағы А. В. Луначарский атынд. Мемл. театр өнері институтын бiтiрдi (1939). Әдеби қызметін 1939 жылдан бастады. «Гүлстан» (1948), «Ақ алтынды атыздың адамдары» (1956), «Сүймегенге сүйкенбе» (1960) т. б, өлеңдер, повестер, пьесалар жинақтары шықты. Қожаниязов негiзiнен драматургиямен айналысады. Оның «Сүймегенге сүйкенбе» атты пьесасы 30 жылдан астам уақыт бойы сахнадан түспей келедi. 2 рет «Құрмет Белгiсi» орденiмен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақметжан Қойшығұлов (13 қантар 1905 жылы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы – 17 тамыз 1983 жылы) — Қазақстанның партия, кеңес қызметкері, 1932 жылдан КОКП мүшесi. 1925-1926 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 1926-1929 жылдары Ойыл ауданы, халық тергеушiсi. 1929-1938 жылдары Мемл. қауіпсіздік органдарында iстедi. 1938-1943 жылданы Оңтүстік Қазақстан облысы аткомының председателi, Қаз.КСР Автомоб. транспорты халкомы, Қаз.КСР халкомсовы председателінің орынбасары және Бақылау халкомы. 1943-1947 жылдары Қазақстан К(б) П ОК секретары. 1947-1954 жылдары Қызылорда обл. аткомының председателi, Қаз.КСР Коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары, Қаз.КСР Мин. Советі жанындағы су шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Қаз.КСР. А. Ш. мин-лігінің көшіру-қондыру бас басқармасының бастығы. Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгiсi» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Тарамыс - теріден, көннен, былғарыдан жасалған бұйымдарды тігетін, ірі қараның сіңірінен алынған берік жіп-таспа. Тарамыс әзірлеу үшін күзде соғымға сойылған ірі қараның желке, жіліншік сіңірлерін ет ілестірмей сылып алу керек. Сылынған сіңірлерді көлеңкеге іліп қойып, бабымен кептіреді. Әбден кепкен тарамысты дөңбекке салып, ағаш балғамен жаныштай соқса, ол тарамдалып, шашақтана жұмсарады. Сонан соң оны алдымен тарақтың ірі жүзімен, содан кейін жиі жүзімен тараса, біркелкі жіңішке талшықтарға айналады. Теріден, былғарыдан, қайыстан, көннен жасалған бұйымдарды тарамыспен тігеді. Қажет болған жағдайда тарамыс талшықтарын қабаттап, ширатып та пайдаланады. Іс тіккенде тарамысты аздап ылғалдап алу керек. Оны сілемдеу дейді. Сілемделген тарамыс іс тіккенде сәл созылып отырады, кебе келе тырысып, тігісті бүріп, берік ұстайды. Тарамыспен тігілген тері ыдыстар ішіне сұйық құйылғанда ылғал жібермейді. Себебі тарамыс ылғалдана келе ісініп, сұйықтық өтетін тесіктерді бекітіп, бітеп қалады. ## Дереккөздер
Петр Поликарпович Бессчетнов (22 тамыз 1924 жылы, Ресей, Кемерово облысы, Ленинск-Кузнецкий қаласында туған – 2003 жылы, Алматы қаласында қайтыс болды) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1969 жылы), профессор (1974 жылы). Қазақ Мемлекеттік Ауыл Шаруашылық институтын (1950 жылы) бітірген. 1950–54 жылдары аспирант, ассистент, 1954–65 жылдары орман шаруашылығы факультетінде декан, кафедра меңгерушісі (1965–92 жылдары), 1992 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде профессор қызметін атқарды. Бессчетнов 200-ден астам ғылыми еңбектің, 4 монографияның авторы. ## Шығармалары 1. "Редкие и ценные растения Казахстана", Алматы, 1981; 2. "Туранговые тополя Казахстана", Алматы, 1982. ## Дереккөздер
Қондыбаев Тұрар Таласбайұлы (01. 08. 1901, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, 16-ауыл) — қазақ совет геологы, геол.– минералогая ғыл. кандидаты (1940). Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан. 1927 жылдан КОКП мүшесi. Қондыбаев 1921- 1922 жылдарда Гурьевтi ақ казактардың (Серов, Киселев) шабуылынан қорғаудағы ұрыстарғa қатысқан. Гурьев ақтардан азат етiлгеннен кейiн Чапаев дивизиясы Құрамында әскери қызметте болған. Серго Орджонокидзе атынд. Москва геол.–барлау институтын бiтiрген (1932). Ленинградтағы Орталық ғыл.–зерт. және геол.–барлау институтнда (1932-1934), Өзбекстан мен Қырғызстанда (1934-1935) полиметалл, вольфрам, алтын кен орындарын зерттеумен шұғылданды. Қондыбаев — 25-тен астам ғылми еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Қозыбаев Оразалы Әбілұлы (15. 04. 1924 жылы туған, Қостанай облысы, Меңдiқара (қазiргi Боровой) ауд.) — Қазақстанның партия, совет қызметкерi, Соц. Еңбек Epi (1967). 1948 жылдан КОКП мүшесi. Қостанай оқытушылар институтын (1950), Қостанай а. ш. техникумын (1961), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебiн (1966) бiтiрдi. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1947- 1951 жылдары Қостанай обл. комсомол комитетiнде жауапты қызмет атқарды. 1951-1955 жылдары Қазақстан КП Қостанай обкомының нұсқаушысы. 3атобол ауд. партия комитетінің 2-секретары. Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қостанаев Құдабай (туған—өлген жылдары белгісіз) — этнограф. Перовск қалалық училищесін, 1894 жылы Ташкенттегі оқышулар семинариясын бітірген. Сол жылы Ташкентте «Перовск және Қазалы уездері қырғыздарының этнографиялық очерктері» деген еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте қазақ халқының ою–өрнектері, тұрғын үй құрылысы, көшу тәртібі, үйлену салты, зергерлік өнері, бала тәрбиесі, діні сөз болады. Қостанаевтың еңбегіне оқымыстылар: И. П. Остроумов, М. Ф. Катанов, А. Алекторов назар аударды. М. Ф. Катанов кітапшаны қайта бастыруды ұсынды. ## Дереккөздер
Қоңыраубас , қоңыраугүл (лат. Campanula) – қоңыраугүлдер тұқымдасының бiр туысы. Бiр, екі не көп жылдық шөп, кейде шала бұта. Ара тісті жапырағы кезектi орналасқан. Гүлi кіріккен желекті, қоңырау пiшiндi, ақ көк, ақшыл көк түсті. Гүл шоғы сыпыртқыға топтанған. Жемiсi 3-5 ұялы, қақырап ашылатын қауашақ. Қоңыраубастың жер шарывың қоңыржай аймақтарында (көбіне Оңтүстік Еуропа, Азияда) таралған 300 түpi белгiлi. КСРО-да 150, оның 130 түpi Кавказда өседi, Қазақстанда орман құндыздығында, шабындық жерлерде, өзен жағасы мен тау аңғарында өсетін 10 түpi бар. Олар көбіне Ақтөбе, Семей, Көкшетау облысында, Тобыл, Есiл алқабында, Алтайда, Жоңғар, Iле, Күнгей, Кетпен, Терiскей Алатауларында өседi. Қоңыраубастың кейбiр түрлерiн әсемдiк үшiн қолдан өсiредi; Campanula rаpunculus деген түрінің жапырағы мен тамыры жеуге жарамды. ## Дереккөздер
## Меркіттер тұтқыны Тұрмыстары жөнделіп,тауқымет біткен артта қалғандай,тыныштық орнаған кез еді.Алайда,Бөрте тұңғышына аяғы ауыр кезде ауылды меркіттер шауып,оны тұтқындап әкетеді.Сөйтіп,Бөрте Чильчир-бохосардардың шаңырағынан бір-ақ шығады.Тоғарыл хан араласпағанда,Бөртенің де тағдыры Оэлун тағдырын қайталар еді.Керейттер әміршісі ол кезеңде меркіт ханымен араз болмағандықтан,Темучиннің әйелін қайтаруын сұрап сәлем жолдайды.Бөртені босатып жібереді.Ол апайы мен жездесі Тоғырыл ханның ауылына жетеді.Темучин әйелінің бостандыққа шығып,керейттер ұлысында қонақтап жатқанын естіп,алып келуге Саба деген жолдасын жібереді.Олар қайтып келе жатқанда,жолай Бөрте босанып,ұл табады.Қыстың көзі қырауда баланы ауыртып алмауды ойлап,Саба қамыр илеп,шарананы соған орап қойнына тығып алып жүреді.Одан кейін,Темучин келіншегін төрт ай көрмей кездеседі және ұлды болады.Екі қуаныш бірге қабаттасып,шаттығы тасыған ол:"Бізге,міне,сәтін салып жаңа қонақ келді",-дейді.Осылай-ша,нәрестеге Жошы деген есім беріледі.Моңғол тілінде Жошы"жаңа қонақ"деген ұғымды білдіреді.Кейбір тарихшылар Бөртенің тұтқында болған және одан босатылып шыққан кезін ортағасырлық мәліметтерге сүйеніп,басқаша баяндайды.Олардың пікірінше,Тоғырыл хан мен Жамұқа шешен Темучинге қолдау көрсетіп,түн қараңғысында меркіттерді шабады.Сөйтіп,Темучин Бөртені қайтарады,ал одақтастары қалған олжаны тең бөліседі.Келісуге болатындай еді,алайда,Темучиннің ол кезде әскери ортада беделі болмағанын айтуға тиіспіз.Оның меркіттермен соғысатындай күш жиюға шамасы әлі келіңкіремейтін .Мұндай жетістікке ол кейіннен ғана қол жеткізді. ## Дереккөздер ## Меркіттер тұтқыны Тұрмыстары жөнделіп,тауқымет біткен артта қалғандай,тыныштық орнаған кез еді.Алайда,Бөрте тұңғышына аяғы ауыр кезде ауылды меркіттер шауып,оны тұтқындап әкетеді.Сөйтіп,Бөрте Чильчир-бохосардардың шаңырағынан бір-ақ шығады.Тоғарыл хан араласпағанда,Бөртенің де тағдыры Оэлун тағдырын қайталар еді.Керейттер әміршісі ол кезеңде меркіт ханымен араз болмағандықтан,Темучиннің әйелін қайтаруын сұрап сәлем жолдайды.Бөртені босатып жібереді.Ол апайы мен жездесі Тоғырыл ханның ауылына жетеді.Темучин әйелінің бостандыққа шығып,керейттер ұлысында қонақтап жатқанын естіп,алып келуге Саба деген жолдасын жібереді.Олар қайтып келе жатқанда,жолай Бөрте босанып,ұл табады.Қыстың көзі қырауда баланы ауыртып алмауды ойлап,Саба қамыр илеп,шарананы соған орап қойнына тығып алып жүреді.Одан кейін,Темучин келіншегін төрт ай көрмей кездеседі және ұлды болады.Екі қуаныш бірге қабаттасып,шаттығы тасыған ол:"Бізге,міне,сәтін салып жаңа қонақ келді",-дейді.Осылай-ша,нәрестеге Жошы деген есім беріледі.Моңғол тілінде Жошы"жаңа қонақ"деген ұғымды білдіреді.Кейбір тарихшылар Бөртенің тұтқында болған және одан босатылып шыққан кезін ортағасырлық мәліметтерге сүйеніп,басқаша баяндайды.Олардың пікірінше,Тоғырыл хан мен Жамұқа шешен Темучинге қолдау көрсетіп,түн қараңғысында меркіттерді шабады.Сөйтіп,Темучин Бөртені қайтарады,ал одақтастары қалған олжаны тең бөліседі.Келісуге болатындай еді,алайда,Темучиннің ол кезде әскери ортада беделі болмағанын айтуға тиіспіз.Оның меркіттермен соғысатындай күш жиюға шамасы әлі келіңкіремейтін .Мұндай жетістікке ол кейіннен ғана қол жеткізді. ## Дереккөздер
Волконский Григорий Семенович (1742-1824)-князь, инфантери генералы, Орынбор облысының әскери губернаторы (1803-17), 1817 жылдан мемлекеттiк кеңес мүшесі. Оның тұсында Новоилецк шекаралық бекініс шебі салынып, Орынбор шекаралық шебінің сырт жағы қонысқа айналды. Ол үшін қазақтар жерінен ығыстырылды. Шептен малын айдап өткені үшін қазақтардан ақы алу, шекаралық селолар мен қалаларға жұмысқа жалданған қазақтар үшін арнаулы билет жасатып, билет ақы төлету жүйесін енгізді. Оның тұсында Бөкей ордасына қарасты жерлерді оралдық орыс-казак әскерлері басып ала бастады. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Саттар Нұрмашұлы Имашев (20 наурыз 1925 жыл, Бірлік ауылы Құрманғазы ауданы Гурьев облысы - 22 ақпан 1984 жыл, Алматы) — Қазақ Совет Социалистік Республикасына еңбегі сіңген саяси қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы. 1945 жылдан КОКП мүшесi. Беріш руынан шыққан. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін, республикалық партия мектебін (1949) бiтiрдi. 1942 жылы Ақтөбе облысы Новороссийск орта мектебінде мұғалім болып iстедi. 1944 жылы Рига әскери училищесiн бiтiргеннен кейін әуе-десант бөлiмдерiнде командир болды. 3-Украин майданы құpамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған. Тарих ғылымының кандидаты (1954) ## Дереккөздер
Имшенецкий Александр Александрович (26. 12. 1904, Киев) — совет микробиологы, КСРО FА-ның академигi (1962; 1946 ж. корр. мүше). 1926 ж. Воронеж yниверситетiн бiтiрген. 1929 жылдан КСРО ғылым академиясының Микробиол. институтында iстейдi, 1949 жылдан осы институттың директоры. Негiзгi еңбектері микроорганизмдердің морфологиясын, экологиясын, физиологиясын, олардың табиғаттағы зат алмасу процесiндегi маңызын зерттеуге арналған. Ол бактериялар ядросының жоғары сатыдағы организмдер клеткасының ядросынан айырмашылығы бар екенін ашқан. Сондай-ақ термофильдi бактериялар мезофильдi бактерияларға қарағанда тез дамитынын және 900° С қызуға шыдайтын ферменттерi болатынын анықтаған. 1955 жылы Л. Пастер атынц. медаль берiлген. Ленин орденімен, басқа да 2 орден және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ұлақшы хан — 1256–1258-ші жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы. Сартақтың, кейбір деректерде Бату ханның ұлы. ## Басқаруы Әл-Жуайни "Әлем жаулаушысының тарихы" атты еңбекте былай деп жазады: "Сартақтың өлімінен соң, Мөңке қаған Алтын Ордаға әмірлерді аттандырады, Бату ханның әйелі мен бала-шағасына, бауырларына көңіл бөледі. Бату ханның үлкен әйелі Буракчин хатунға Сартақтың ұлы Ұлақшыны кәмелетке толып, әкесінің тағын иеленгенше тәрбиелеуін және билікті қолына алуын тапсырады. Бірақ тағдырдың жазуы басқаша болып, Ұлақшы сол жылы қайтыс болады". Кей жазба деректерде Ұлақшының есімі 1257-ші жылы аталатынын естен шығармаған жөн. Басқаша айтқанда,ол кезде Ұлақшы тірі, ал Берке әлі билік басына келмеген кезі. Беркенің Алтын Орда ханы болып тағайындалуы кезіндегі жағдай беймәлім күйінде қалып келеді. Тек оның таққа оп-оңай келіп отыра салмағанын аңғартатын көмескі мәліметтер ғана сақталған. Оның өзі аз. Ең әуелі Беркеге Бату ханның үлкен әйелі Буракчин хатунның қолындағы билікті алуға тура келді. Ол Сартақтың шешесі әрі тақ мұрагері Ұлақшының әжесі болды. Немересінің жасы жеткенше бүкіл билік соның қолына тапсырылған. Сартақтың шешесінің Алтын Ордада беделі күшті еді. Немересі Ұлақшы өлгеннен кейін де Буракчин хатун билік тізгінін оңайлықпен жібере қоймады, біраз уақыт қолында ұстады. Ол заң негізінде билік етті, мұнда тосын немесе жасырын ештеңе болған жоқ. Моңғол империясында әйелдер саясатқа белсене араласқан, құрылтайларға қатысты және олардың пікірлерімен де санасты. Мұның дәйектері ортағасырлық қолжазба деректерінде сақталған. Мысалы үшін, XIV ғасырдың 30-шы жылдарында Дешті Қыпшақ жеріне келген арабтың белгілі саяхатшысы ибн Баттутаның қолжазбаларында мынадай жолдар кездеседі: "Бұл аймақтан мен бір ғажап көрдім-әйел затына құрмет ерекше. Олар тіпті еркектерден де сыйлы". Мұсылман қағидаларына үйренген ибн Баттута үшін мұндай жағдай мүлде өзгеше, көз үйренбеген құбылыс. Ал Алтын Орда халқына мұның тосын ештеңесі де жоқ болатын.Жалпы, Моңғол империясында әйелдің әлеуметтік сатысы биік болғанын XV ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы әл-Макризидің еңбегінен, бүгінге жеткен Жасақ үзіндісінен де көреміз: "Шыңғыс хан соғысқа жарамды әйелдер, еркектер жорыққа кеткенде, солардың міндетін атқаруға тиіс деп бұйырды". Қоғамның ең биік сатысында да әйелдің алар орны олқы болмады. Алтын Орда жайлы әл-Омари былай деді: "Бұл мемлекеттің халқы халиф белгілеген заңдармен жүрмейді, әйелдері билікке еркектерінен кем араласпайды. Осы елдің әміршілерінің қолынан шыққан талай қағазды көрдім. "Хатундар мен әмірлердің пікірлері осыған саяды" деген секілді сөздер бәрінде кездеседі". Сөздің қысқасы, Буракчин хатун немересі Ұлақшы қайтыс болғанына көп болмаса да, Алтын Орда билігін ұстады. Бірақ, Жошының үшінші ұлы, Бату ханның інісі Берке бастаған үлкен қарсылыққа ұшырайды. Беркенің көрсеткен қысымынан қорқып,ол елден қашпақ болады. Сөйтіп, Құлағудан көмек сұрайды. Құлағу қол ұшын созып, пана болуға келісімін береді. Алайда Берке Буракчин хатунды ұстап алып, өлтіруді бұйырады. Билік басына да содан соң келеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Иноземцев Карп Максимович (1891 — 18. 05. 1919) — Қостанай уезiнде Сов. өкіметін орнатуға және нығайтуға белсене қатысушы. Қостанай уезiнiң Александровск пос-сінде жер ауған шаруа семьясында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі. Амур алтын кенінде iстедi. 1914 жылы патша армиясына алынып, онда большевиктердiң астыртын жұмысымен танысты. Армиядан туған жеріне келіп, Сов. өкіметін орнату және нығайту күресіне белсене араласты. Советтердiң Торғай обл. съезiне делегат болып, обл. аткомының мүшелігіне сайланды. Алашордашылар Торғай түбiнде партизан отрядымен қолға түсіп, азаптап өлтірді. ## Дереккөздер
Инбер Вера Михайловна (10. 07. 1890, Одесса, — 11. 11. 1972, Москва) — орыс совет жазушысы, 1943 жылдаң КОКП мүшесі. Одессадағы жоғары әйелдер курсында оқыған. Тұңғыш шығармалары 1910 жылдан бастап жарық көрді. «Қайғылы шарап» (1914), «Ащы рақат» (1917). «Опасыз сөз» (1922) атты алғашқы жинақтарымен Инбердiң eciмi кeңінен мәлiм болды. Оның 30 жылдары жазушылық өpeci биiктей түстi. Инбер — «Аналар одағы» комедиясының авторы. Оның бiрқатар шығармалары көптеген шетел тiлдерiне аударылды. 3 орденмен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Иноземцев Николай Николаевич (04. 04. 1921 жылы туған, Москва) — совет экономисі әрі тарихшы, КСРО ғылым академиясының академигі (1968; 1964 жылдан корр. мүше). 1943 жылдан КОКП мүшесі. 1949 жылы Москваның халықар. қатынастар институтын бiтiрдi. 1952-1955 жылдары «Коммунист» журналының консультанты және оқытушылық қызмет атқарды. 1959-1961 жылдары КСРО ғылым академиясының Дүн. жүз. эконом. және халықар. қатынастар институты директорының орынбасары, 1966 жылдан осы институттың директоры. КОКП-тың 24-съезiнде (1971) КОКП ОК мүшелiгiне кандидат болып сайланды. Ленин орденімен т. б. 5 орденмен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Марат Әбидоллаұлы Биекенов (19 қыркүйек 1942 жылы, Қарағанды қаласында туған) – философия ғылымының докторы (1989 жылы), профессор (1990 жылы), ҚР Халық ағарту ісінің үздігі. Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақ Мемлекеттік Университеттің аспирантурасын бітірген соң 1972–82 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аға оқытушы, доцент, 1984–94 жылдары осы институтта саясаттану, социология және құқық кафедрасының меңгерушісі, 1994–95 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі халықараралық қатынастар комиссиясының эксперті, 1995–96 жылдары ҚР Үкіметі аппаратының сыртқы байланыстар бөлімінің референті, 1996 жылдан ҚР Парламенті Сенаты аппаратының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік секторының меңгерушісі. «Взаймосвязь демократического централизма и самоуправления народа» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 160-тан астам ғылыми еңбегі, монографиялары жарық көрген. ## Дереккөздер
Көшпенді өркениеттің барша салтанатының көрінісі болып табылатын сал-серілер қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бар мәйегін бойына сіңіре отырып, қазақ қоғамында ерекше мәртебеге ие болды. Олар әрі әнші, әрі сазгер, әрі ақын болумен қатар ән-күй, фольклор үлгілерін таратушылар болып табылады. Ойын-сауық, той, көпшілік орталарда жиі бой көрсететін сал-серілер киімін ерекше сәнді болғанын қалар, елден ерекше киімдерді әдейі тапсырыспен тіккізген, себебі оларға халық, әсіресе сұлу қыздар ерекше назар аударған. Олардың жұрт назарын өзіне аударту үшін небір күлкілі, сайқымазақ, ақылға сыймсыз киім үлгілерін ойлап тапқан. Олардың үстіне киген киімі күнделікті халық киген киім түрлерінен ерекшеленген. Егер олар киген киімді халық кисе, оны кимей тастап, қара құрым киізден киім тігіп киюге дейін барған. Бірақ қара құрым киізге қымбат мата аралыстырған, құндыз батсайымен әдіптеткізген. Сал-серілердің киімдерінің тағы бір ерекшелігі жөнінде қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына қатысты құнды материалдар жинаумен шұғылданған Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев өзінің қолжазбаларында төмендегідей суреттеген: «Киімдердің кең пішілетіндіктері соншалық, шалбарының балағына бір кісі кіріп шығардай болған. Барқыт шапан кисе, бір жақ өңіріне жібек салдырады, сегіз сайлы қалпағының әр сайы әр түстен болады. Бірі ақ, бірі көк болса, бір сайына құрым шоқпыт, оның сыртын айналдыра бат құндыз ұстатып, жағасына қара ешкі терісін салады. Жұрт күлу үшін киімнің әр жеріне әдейілеп түлкі, мәлін, жылан терісі секілді көзге тосын көрінер нәрселер тағып, екі иығына үкі аяқтарын моншақ қосып қадап қояды». Ел аузында салдардың паң жүрісі тәкаппар мінезі, киім кеісі, сән-салтанаты хақында аңыз-әңгімелер көп. Мәселен Жетісу өңірінде «Дурен салдың белбеуіндей ұзын» деген мәтел сөз сақталған. Бұл Ілені кешіп өткенде белбеуінің бір ұшы арғы жағада, екінші ұшы бергі жағыда қалатын Дәурен сал туралы көзкөргендердің естелігінің жаңғырығы. Қазақ сал-серілерінің киген киімінің бірі - қызыл сары помази шапан туралы этнограф Ө.Жәнібеков былай деп жазады: «Кең етіп тігілген етегі әйел киіміне ұөсас, төгіліп тұр. Бір жеңінен екінші жеңі ұзын. Жағасыз, түймесіз, астарсыз мақта жіппен тігілген. Тағы бір шапан жібек матадан тігілген. Арқасындағы кесте салынған өрнек шеңбер тәрізді дөңгеленген бейнені үлкейте отырып кестелеген. Өрнегі күрделі әрі ерекше мәнерлі. Дөңгелектің тең ортасында «қарға тұяқ», «бұрыш» және басқа да геометриялық ою-өрнектерді бейнелейтін кестелі өрнектер жібек жіппен тігілген. Шапаның өңірі сырылған. Сал-серілер киетін шапандардың оң жақ жеңінің астынан жырық неместе қол сыятындай үлкен тесік қалдырып тігіледі. Ол домбыра тартуға ыңғайлы».
Бабшылдар көтерілістері – Ирандағы феод. құрылысқа әрі сол кезде басталған шетел капиталының бұғауына қарсы бағытталған халықтық көтерілістер (1848-52). Бабшылдар көтерілістерінің қозғаушы күші шаруалар, қолөнершілер, қала кедейлері, ұсақ саудагерлер болды. Көтеріліске бабшылдар сектасынан шыққан төменгі дін қызметкерлері мен ұсақ саудагерлердің өкілдері басшылық етті. Бабшылдар көтерілістері діни сипат алды. Көтерілісшілердің феод. меншікке қарсы күресі жеке меншікті жою талбына, ал қанауды жоюға ұмтылуы мал- мүлік ортақ, адамдар тең праволы болатын мәңгілік патшалық құру арманына ұласты. Б і р і н ш і к ө т е р і л і с 1848 жылы қыркүйек айында Мазендеранда басталды. Оған борфоруштық молда Мұхаммед Әли мен Хұсейн Бошру басшылық етті. Көтеріліс 1849 жылы мамыр айында басылды. Е к і н ш і к ө т е р і л і с 1850 жылы маусым – желтоқсанда Зенджанда болды. Оған әйелдер белсене қатысты. Көтеріліс басып- жанышталды. 1850 жылы маусымда Нейризде басталған үшінші көтеріліс бірнеше күннің ішінде басылды. Мұнан кейін бабшылдар қозғалысы бұқаралық сипатын жойды, сонан соң баб уағыздаушылары террорлық жолға түсті. 1852 жылы тамыздан кейін бабшылдар жаппай қырғынға ұшыратылды. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Бабаханов Абдулла (1910 жылы туған, Тоқмақ) - өзбек совет архитекторы, КСРО халық архитекторы (1970). 1943 жылдан КОКП мүшесі, Ташкент мемл. ун-тінің инженерлік мелиорациялық факультетінің архитектор бөлімінін бітірген (1933). Москвадағы архитектор институтының аспирантурасында оқыған (1934-38). Ташкент қаласының бас архитекторы (1938-41). Бабаханов - Өзбек КСР Мин. Советінің Құрылыс және архитектор істері жөніндегі мемл. комитет председателінің орынбасары, комитет председателі (1955-59), 1963жылдан Ташкент политех. ин-ты архитектор ф-тінің кафедра меңгерушісі, профессор (1965). Бабаханов Өзбек КСР Сыртқы істер миниістрлігі үйінің (1946-47), душанбе қаласындағы Лахути атындағы драма театрының (1954) т.б. жобаларын жасады. Бірнеше ордендермен марапатталған. ## Дереккөздер
Кручина Николай Ефимович (14.5.1928 жылы Алтай өлкесі-26.08.1991, Мәскеу)- совет мемлекет және партия қайраткері, Соц Еңбек Ері (10.12.1973), 1949 жылдан КОКП мүшесі. 1953 жылы Азов-Черноморск а.ш. институтын бітірді. 1952-1954 жылдары ВЛКСМ Каменск облысы комитетінің бірінші секретары. 1954-1957 жылдары ВЛКСМ Каменск облысы комитетінің екінші секретары және бірінші секретары. 1957-1959 жылдары ВЛКСМ Смоленск обкомының 1-секретары. 1959-1963 жылдары ВЛКСМ ОК және КОКП ОК аппаратында істеді. 1965 жылы қарашада Целиноград облысы партия комитетінің 1-секретары. 1966 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі. 1966-1971 жылдары КОКП Орталық тексеру комиссияның мүшесі. 7-9 сайланған КСРО Жоғары Советінің депутаты. 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы 6 том
Балауыз ағаш(лат. Hoya carnosa) – кендірлер тұқымдасыың хойя тегіне жататын шырмалғыш өсімдік, суккулентті мәңгі жасыл бұта түрі. Кеңінен тараған үй өсімдігі. ## Биологиялық сипаттамасы Сабағы шала сүректенген, өркендері әлсіз, ұзындығы 3 м-ден асады, оралып өседі. Жапырағы сопақ. қалың, бетін жұқа балауыз басқан, жылтыр, хош иісті. Гүлі балауыз тәрізді, жұлдыз бейнелес, ақшыл қызғылт түсті. Гүл шоғы шатырша, салбырап тұрады. Балауыз ағаш қалемшелерімен көбейтіледі. ## Таралуы Балауыз ағаш Қытай мен Аустралиядан тараған. Қазақстанда оранжерея мен үйде әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі . ## Галерея ## Дереккөздер
Олпорт Гордон Уиллард (1897- 1967) - америкалақ психолог. Ол жеке тұлға туралы теориясында гуманистік және жеке даралық тұрғыны қосарластырып түсіндіреді. Олпорт адам табиғатының- жеке тұлғалық дамуы адамныңөзін- өзі жеңе білу өз мүмкүндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зерттеді. * 1937 жылы тұлға анықтамасының 50- ге жуық түрін жүйелеп, солардың ішінен: осы терминнің этимологиясына, теологиялық мәніне, философиялық түйініне, әлеуметтік мәніне және оның сыртқы көрінісі мен ішкі психологиялық мәніне байланысты оларды жеті топқа бөліп қарастырды. ## Негізгі еңбектері * "Тұлға: психологиялық интерпретация" * "Адам және оның діні" * "Тұлға психологиясының негізгі мәселелрі" және т.б ## Дереккөздер
«Ұшқан ұя» — қазақ жауынгері әрі жазушысы Бауыржан Момышұлы жазған автобиографиялық шығарма. Орыс тілінде 1956 жылы Калинин қаласының кітап баспасында шықты. Повесть қазақ тілінде алғаш рет 1975 жылы «Жазушы» баспасында Т. Иманбековтың аудармасымен жарияланды және 1976 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Жалғасы ретінде автор тағы бір автобиографиялық кітапты жазбақ ниеті болған, алайда жүзеге аспады. ## Мазмұны «Ұшқан ұяда» әлем тарихы жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі. ## Кейіпкерлер * Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. * Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы. * Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі, орысша хат таныған, ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам. * Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы, Байтана руынан Әбдірахманның қызы,жалғыз ұлы Бауыржан үш жасқа келгенде қайтыс болған. * Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан. * Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды. * Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері. * Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей. * Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды. * Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші. ## Тарихи оқиғалар * 1916 жылы – ұлт азаттық көтеріліс жылы. * 1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы", "ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады. Жаңаша жер бөліс орнады. Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады. Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді. ## Дереккөздер
Багирова Басти Масимқызы (1906-27 қараша 1962) – Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған (1947,1950), мақта өсірудің шебері. Азерб. КСР-і, Қасым- Исмаил ауданы, «Бахчакюрд» к- зының (қазір бұл колхоз Б. Багирова атында) председателі (1952-1962). 1937 жылдан КОКП мүшесі. Азербайджанда Сов. өкіметі орнағаннан кейін кешкі мектепті, мұнан соң Азерб. КП ОК жанындағы екі жылдық партия мектебін (1952) бітірді. 1936 жылдан колхозда звено жетекшісі. Багированың звеносы 1946 жылы 5 га мақтаның әр гектарынан 105 ц, 1974 жылы 111,2 ц, 1948 жылы 90,7 ц (6,5га), 1949 жылы 100 ц-ден (6га) өнім алды. Ол Азерб. Компартиясының 23- 25 съездерінде ОК- нің мүшелігіне сайланды, 1-3 сайланған КСРО Жоғ. Советінің және 4-5 сайланған Азерб. КСР- і Жоғ. Советінің депутаты. Багирова 3 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту Орденімен, Медальдармен және Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық көрмесінің үлкен алтын медалымен марапатталған. ## Дереккөздер
Бағлан етінің сорпасы ## Түсіндірме Атауынан көрініп тұрғандай бұл сорпа бағлан етінен немесе лақ етінен пісіріледі. Ет аздық етсе сол малдың жүрегі, бүйрегі, өкпесі, талағы (көк бауыр), тілі қоса салынады. Осы аталған өнімдер жуылып, қазанға салынады да, үстіне салқын су құйылып, отқа қойылады. Үстіне сақиналап кесілген пияз салынып, бабымен қайнатылады. Қайнағаннан кейін сорпаға қабығы аршылған сәбіз, ал пісуіне 15 минуттай қалғанда жас помидор, болгар бұрышы салынады. Тұздалып, бұрышталады. Ас пісіруші қажет деп тапса, сәбізбен бірге картоп та салуға болады. Піскеннен кейін ет өнімдері сәбізбен бірге үлкен табаққа кепсермен сүзіп түсіріледі де, үстіне ұсақталған көк жуа себіліп, дастарқанға сол күйінде әкелінеді. Сорпа кесеге құйылып бөлек беріледі. Құрамы: 1,5 кг ет (жүрек, бүйрек, өкпе, талақ, тіл), 3 пияз, 4 сәбіз, 3 помидор, 1 – 2 дана болгар бұрышы, 2 – 3 тал көк жуа, бұрыш пен тұз дәмі мен татымына қарай. ### Дереккөздер
Баграмян Иван Христофорович (2. 12. 1897 жылы туған – 21. 09. 1982 жылы дүниеден озған) совет әскери қайраткері, Сов. Одағының Маршалы (1955), Сов. Одағының Батыры (1944). Елизаветпольде (қазір Кировабад) т.ж. жұмысшысының отбасында туған, ұлты – армян. 1941 жылдан КОКП мүшесі. Азамат соғысына қатысқан. Атты әскер командилері құрамын жетілдіру курсын (1925). Жоғары әскери бастықтар құрамын жетілдіру курсын (1931), Фрунзе атындағы Әскери академияны (1934), Бас штаб академиясын (1938) бітірген. 1940 жылы армия мен округ штабының оперативті бөлімінің бастығы болды. Ұлы Отан соғысының бас кезінде Оңтүстік- Батыс майданда басшылық қызмет атқарды. 1942 жылы шілдеден армияға, 1943 жылы қарашадан 1- Прибалтика майданы әскерлеріне, 1945 жылы сәуірден 3 - Белорус майданы әскерлеріне командашы болды. Баграмян басқарған әскерлер Курск доғасы, Белорус, Прибалтика, Шығыс Пруссия операцияларына, Кенигсберг қамалын алуға белсене қатысты. Соғыстан кейін прибалтика әскери округы әскерлерінің командашысы, 1954 жылдан КСРО Қорғаныс министрлігінің бас инспекторы, Қорғаныс министрінің орынбасары, 1956-58 жылдары Бас штаб Әскери академиясының бастығы, 1958 жылдан Қорғаныс министрінің орынбасары, Қарулы Күштерінің тыл бастығы болды. 1968 жылы сәуірден КСРО Қорғаныс министрлігі бас инспекторлар тобының бас инспекторы. Баграмян – 1952 жылдан КОКП ОК мүшелігіне кандидат. 1961 жылдан КОКП ОК мүшесі, 2-8 сайланған КСРО Жоғ. Советінің депутаты. 5 рет Ленин орденімен, 3 рет Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен т.б. отандық және шетелдік ордендерімен марапатталған. Мәскеуде қайтыс болып, денесін кремациялап, күлін Кремль қабырғасына қойды. ## Дереккөздер
Ен – таңба салу ## Тарихы Көшпелі өмір салтымен сабақтасып жатқан малға ен – таңба салу дәстүрінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Малдар жоғалғанда, өзгелердің малымен араласыпкеткенде иен – таңбасыз өз малын тану, табу мүмкін емес. Сондықтан малдың кімдікі екенін ажырату үшін жыл сайынғы төлдер мен өзге де белгі салынбаған малдарға ен және тамға салынып отырған. Төрт түлік малға ен – таңба салу қажеттілігі бүгінгі күні де сақталып отыр. Ендеше, ен – таңба салудың дәстүрін, әдіс – тәсілін, атауын білу кімге де болса артық емес. ### Ен Ен – малдың құлағын тілу – кесу арқылы салынатын белгі. Ол төрт түлік малдың барлығы салына береді. Ен салу, әдетте, жаздың басына қарай атқарылады. Ол үшін ен салынатын малдарды жинап, олардың құлағына өткір бәкімен кесу, тілу, тесу арқылыен салынады. Әдетте, ен төлдер марқайған соң жазғытұрым салынған. Малға салатын еннің қазақ арасында тілік, кез, қиық, қиықша, ойық, құмырсқа, кесік, тесік, сырға деп аталатын түрлері бар. Бұларды малдың оң және сол құлағына, құлақтың алды – артына алмастыра немесе қатарластыра салу арқылы ен – таңбаның түрін өзгертіп отыруға болады. Ежелгі дәстүр бойынша, құлақтан түскен қиындыларды балаларға жинатқызып, құмырсқаның илеуіне тастататын болған. ### Таңба Тамға (таңба) – малдың терісіне қыздырылған темірді басу арқылы күйдіріп салынатын белгі. Бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша, тамға жылқы, түйе, сиыр түліктеріне салынады. Тамға көруге ыңғайлы болуы үшін, негізінен, малдың сол жақ қапталының алдыңғы немесе артқы санына, сауырына басталады. Кейде оң қапталына салынуы да мүмкін. Күйдірілген терісі жазылғаннан кейін ол жердің жүні өзгеше өсіп шығады да, көзге бірден көрініп тұратын белгіге айналады. Дұрыс салынған тамғаның ізі өшпей, біржолата сақталып қалады. Тамғаның әр рудың немесе әулеттің ежелден келе жатқан нәл тамға, көсеу тамға, айыр тамға сияқты көптеген түрлері бар. Кейінгі уақытта мал иесінің қалауымен белгілі бір әріпті немесе малдың туған жылын тамға ретінде басу кең етек алған. ### Дереккөздер
Бес сәйгүлік ## Тарихы Қазақ тарихында ел қорғаған атақты батырлар мен олардың тұлпарлары қатар айтылады. Жақсы аттардың есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Қазақтар баланы үш жастан бастап атқа ашамай салып, мінгізіп үйрете бастаған. Ашамай – баланы атқа үйрету үшін арнайы істелген ер – тоқымның қарапайым түрі. Қазақ шағырағында дүниеге ұл бала келген кезде сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің «бәсіресі» деп атаған. Кейде жеті – сегіз жасқа толып, ат жалын тартып мінген шақта да балаға тәуір тұқымды құлыннан «бәсіре» берген. Ол жылқыдан ғана болады. Мұндай малды мінбеген және сатпаған. Халқымыз атақты сәйгүліктердің, жүйрік бәйге аттарының, батырларға серік болған тұлпарлардың етін жемеген. Өз ажалынан өлген мұндай аттарды қадірлеп, жерлеген. ### Дереккөздер
Түз құсын ұстау және баптау ## Тарихи деректер Тұз құстарын қолға түсірудің бес – алты түрлі әдісі белгілі. Олар: аумен ұстау, тор жаю, қарға орану, тояттатып алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу. Аумен ұстау үшін шарық жіптен тоқылған ауды елсіз иен жерге құрады. Ол үшін бес – алты талды жерге әлсіздеу қадап, тормен қоршайды да, ау ортасына мықтап қазық қағады. Қазыққа тірі түлкі немесе қоян, кейде бір – екі тауық байлап қояды. Тұз құстары төбесі ашық тордан ішіне оңай кіргенмен, еш уақытта тік көтеріліп ұшпайды. Жүгіре көтеріліп ұшамын дегенде торға оралады. ### Әдістері Тор жаю әдісі қыс айларында қар түскен соң қолданылады. Ол үшін қар түстес ақ шаңқан торды қар үстінен бір метрге жуық биіктікте кере құрады да, астына тірі түлкі немесе қоян байлайды. Жемін көріп шүйіліп түскен қыран құс аяғын торға шалып алады. Солқылдақ тор бүркіттің аяқ тіреп, серпіле ұшуына кедергі жасайды. Қарға орану әдісі қар бекіген соң ғана қолданылады. Ол үшін екі адам бүркіттің аңға түскен сәтін аңдып жүріп, ұшырып жібереді де, біреуі қарға көміліп, жемді төбесіне қойып жатады. Суық сорып, аш өзек болып жүрген жыртқыш кешікпей жемге оралғанда, қар астындағы жасырынған адам оны ұстап алады. Тояттатып ұстау үшін түз тағысының аңға түскен немесе жемтікке қонған сәтін аңду керек. Сол сәтте аңшы ұшқыр атқа мініп, әбден мелдектеп тойған бүркітке тұтқиылдан тап береді. Күн желтең болса, құстың жел жағынан шықса, тойған құс ыққа қарай жүгіргенде бетегесімен жер соғып, көтеріліп кете алмайды. Сол кезде ұшқыр атпен төніп келіп құстың үстіне шапан сияқты киімді жаба салады. ### Дереккөздер
Жылқы күзеу – көктем шыға жылқының жал-құйрығын және түйенің шудасын қысқартып қырқу науқаны. ## Тарихи деректер Қазақ құйрық–жалды малының көркі деп есептеп, оған ерекше мән берген. Лайсаң, батпақты кездерде аттың құйрығының қылы түсіп қалмауы үшін оны түйіп байлап тастаған. Тай – құнанның құйрық – жалы біртегіс жақсы өсуі үшін жалы мен құйрығын күзеген. Сонымен бірге жал – құйрығы дудырап, ұсқыны қашып жүрмес үшін қысыр қалған биелерді, соғым малын, тұлданған атты да күзеген. Осылайша, жылқы күзеу дәстүрге айналған. ## Күзеуді ұйымдастыру Жылқы күзеу жұма, сейсенбіден басқа күндері жасалады. Әсіресе, сәрсенбі сәтті күн деп саналады. Екінші жағынан, күн райы қолайлы күн болуы қажет. Себебі, бұлтты күндері жылқы түлігі ширығып, оғаш қылық танытады. Таңертеңгі жылқы жусауынан кейін үйірді ауылға айдап келіп, қолайлы маңайға байырқалатады. Оған әдетте, тас қора, бір жағы жар немесе өзен-судың жағасы сияқтыжерлер қолайлы. Ауыл-аймақтың еркек кіндіктілері құрық, шалма арқан (бұғалық), тұзақ, ноқта, шідер, тұсамыс жіптеріне қоса өткір қырықтық, қайшысын қоса, бәкі, кездік, пышақ сияқты жанқаруын алып, сайланып келеді. Олар жылқыны шетінен ұстап, шәлкестерінің аяғын тұсау, шідерлеу немесе күрделеу сияқты тәсілдермен бекітеді. Ал, асауларын байлап-матап алады. Алдымен жылқының жал мен кекілін, одан соң шоқтығын, ең соңында құйрығын күзейді. Осы науқан кезінде ен-таңба басылмаған тай, жабағы, құнандарға ен салынады. Ондайларды жығып, төрт аяғын мықтап бекіткен соң жасайды. Кейбір өңірлерде, мініс жылқысының құлағына ен салмайды (оның мәнін мініс атының көркін кетіреді деп түсіндіреді). ## Жылқының құйрық-жалын күзеу Күзеген кезде жалдың қылын тұтамдап уыстап алады да, өткір жанқарумен немесе қайшымен біртегіс етіп қырқады. Аттың жалын ауыз омыртқадан қолына (алдыңғы аяғына) қарай қиғаштай түсіп тұратындай етіп қырқады. Жас жылқы мен байтал, биенің жалы мейлінше келте етіп қырқылады. Ең машақатты шаруа – құйрықты күзеу. Әсіресе, мініс атының жал-құйрығы сәнді етіп, дұрыс күзелуі иесіне сын деп саналатындықтан қазақы ортада оған ерекше мән берген. Аттың құйырығын тұтамға толатындай етіп айналасын тарап, сүзіп алған соң ұзынды-қысқалы етіп кеседі. Жуас жылқының құйрық жалын күзеу үшін оны жығу қажет емес. Жүйрік аттың жалын бәйгеге қосардың алдында күзеп, тегістейді. Айғырдың жалын күзесе, күш қайраты қайтады деп, оның жал-құйрығына тимейді. Әрі шаңырақтың құтының бір "тұрығы" айғырдың жалы деп саналады. ## Жылқы күзеу түрлері мен тәсілдері Бұл үрдіс түліктің түрі мен жасына, жынысына және оны мінетін адамның, әрі ат иесінің әлеуметтік мәртебесіне сай жасалатын өзіндік ерекшеліктері бар. Соған байланысты ел арасында байталша күзеу, құнанша күзеу, тай күзеу деген негізгі түрлері аталады. Сазды, батпақты жердің жылқыларының құйрығын шолтита күзейді. Ал, бойдақ жылқының құйрығын тірсектен жоғары біртегіс етіп, шорт қырқады. Құйрық қылы кейін біркелкі төгіліп өседі де, атқа көрік береді деп санайды.Құйрығын күзеудің "бунап күзеу" және "сыпыра күзеу" деп аталатын түрлері бар. Сыпыра күзеу тәсілінде сағалықтан ұшына дейін тегістейді де, тек құйрық ұшына шыбынқағар деп аталатын кішкене күлтелі шоқ қалдырылады. Екінші түрі, сағалықтың әр жерін керте күзеуді "бунай күзеу" деп атайды. Бұл жас жылқы мен биелерді күзеуге тән тәсіл. Ал, мініс аты мен жүйрік аттардың құйрық-жалын күзегенде оны сиретіп, сұйылтып қана қырқады. Мұны "сүзіп күзеу" деп атайды. Жас жылқы мен бие-байталдардың жал-құйрығын мейлінше көбірек күзеп, шолтита қысқартып тастайды. ### Тай күзеу Тай күзеуде еркек-ұрғашысына қарамай жалы бірдей біртегіс қысқа етіп, кішкене ғана кекіл мен бірнеше тал шоқтық қалдырыла күзеледі. Бұл ел арасында, көбінесе, "тұқыл күзеу" деп те аталады. ### Құнан күзеу Құнан(ша) күзеу тай күзеуге қарағанда өзгешелеу. Құнанға молдау кекіл мен шоқтық қалдырылып, құйрығының ұшын тілерсектің тұсынан (жоғары немесе төмен) ғана бір тегіс етіп қиып қояды.Ұрғашы жылқының құйрығының екі-үш жерінен бунай күзейді де, ұшына шыбынқағар деп аталатын ұзындау келген жарты уыстай ұзын қыл қалдырылады. ### Байтал күзеу Байтал күзеу – кекілі мен жалы құнанша, құйрығын күлтелеп, үш жерінен бунай күзеледі, ұшында шыбынқағар қалдырылады. ### Қысыр күзеу Қысыр күзеу – бие кекілін төгілте қалдырып, жалын тегіс қысқа етіп күзейді. Құйрығының ұшын шырпып қана тегістейді. ## Тұлдау Қазақы ортадағы аза ғұрпына арналған аттың жал-құйрығын шолтитып кесуді тұлдау деп атайды. Аттың кекілін жоғары көтеріп, төбесіне түйеді де, құйрығын тілерсегінен жоғары (тайдың құйрығы тәрізді) етіп шорт кеседі. Ал, жалының ұшын тегістеп қана қырқады. Тұлданған аттың жал-құйрығын иелері өздері пайдаланбайды, біреуге тарту етіп жібереді. Тұл атқа жүген-құрық тигізбейді, ұры-қары, тіптен итқұс та жоламайды деп саналады.Соғымға арналған жылқыны тұл ат тәрізді құйрығын тірсегінен кесіп, жалын сыпыра күзейді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, құлынды биелер, айғырлар, жаз жайлайтын бедеу биелер, мініс аттары күзелмейді. ## Күзелген жал-қылдың тұрмысқа пайдаланылуы Күзелген жылқының жал-қылын қой жүнімен араластырып тұрмыс пен шаруашылық бұйымдарын жасауға пайдаланады. Олардың қатарында мал бекітетін жіп, шылбыр, бұйда, құр, киіздің баулары, арқан, малдың бас жібін, сондай-ақ, киіз үйдің белдеу арқандары бар. Мұндай қыл араластырылып есілген арқан жіптер созылмайтын мықты және өте берік болып келеді. Жылқы қылынан өте ширақы етіп, жіңішке есілген шалма арқанды жылқы ұстауға да пайдаланады. Асқан шеберлер қылдан жіңішке есілген тіндерді қабаттап тоқып, қыл жүген жасаған. Жылқының қылы, яғни, жал мен құйрығы, дәлірегі, малды байлайтын және киіз үйге қажетті бау, жіп-шуларды жасауға таптырмайтын, олардың беріктігі мен сапасын арттыратын шикізат ретінде бағаланады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Ермеков Ә. Қазақтың малшылық лексикасы жөнінде // ҚМ. 1962, №2. 82-84 бб.; * Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969; * Шоқпарұлы Д. Тайжақыдан тараққа дейін // Ер қанаты. Жинақ. Құраст. Ж.Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 278-300 бб.; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Керкекіл ## Тарихы Керкекіл – 1916 жылғы қазақтардың орыс отаршылдарына қарсы күресінің батыры Жәмекеңнің аты. Керкекілдің құлын кезінен бестісіне дейінгі өмірі Алатаудың ең сұлу жері, жазы шыбын – шіркейсіз салқын, суы тұнық әсем Қарқарада өткен. 1910 жылдары Жәмекеге Ташкенттегі қырғыз досы Қыдыреке қонаққа келіпті. Бір жаз қымыз ішіп демалып, кетерінде досынан Керкекілді сұрайды. Жәмеңке атын сыйға тартады. Разы болған досы атты өзімен бірге еліне әкетеді. Бірақ бір аптаға жетпей Керкекіл қашып кетіп, Қарқараға оралады. Жәмеңке досына хабар береді. Қыдырекенің шабармандары атты Ташкентке тағы алып кетеді. Бір ай өтісімен Керкекіл қайта қашып келеді. Ташкент пен Қарқараның арасы бір жарым мың шақырымнан артық екен. Осы аралықта ақылды жануар күндіз үнемі тығылып тұрып, тек түнді пайдаланып жортқан деседі. Сөйтіп, Керкекіл жолда ит – құсқа жем болмай, адамға ұсталмай еліне жетіпті. Жат жерге барған аттың көзіне туған жердің бейнесі елестейтін көрінеді. Оны ұмыттыру үшін айнаға қаратып кірпігін жұлады екен. ### Ел аузынан Сонда Қыдыреке: Жәмеке, атыңды бір емес, екі ретбердің, оған алғыстан басқаайтарым жоқ. Жануардың тілі жоқ демесең, ақылы көп адамнан артық. Туған жерінде қалсын, - деген сәлемдемесін жолдапты. ### Дереккөздер
Байдуков Георгий Филиппович (28.5.1907 жылы туған) – авиац. ген.-полковнигі (1961), Совет Одағының Батыры (1936). Омбы т.ж. бойындағы Тарышта разъезінде темір жолшы отбасында туған. 1936 жылдан КОКП мүшесі. 1926 жылы өз еркімен Совет Армиясының қатарына алынды. 1928 жылы Әскери ұшқыштар мектебін бітіріп, сынаушы-ұшқыш болды. 1936 жылы В.П. Чкалов, А.В. Беляковпен бірге Москвадан Удд (Чкалов) аралына, 1937 жылы солтүстік полюс арқылы Портленд (АҚШ) қаласына қонбастан ұшып барды. 1939-40 жылдары Совет-Финляндия соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысында (1941-45) 31-, кейін 211-авиадивизияның командирі, 4-екпінді армия әскери-әуе күштерінің командышысы, 212- (соңынан 4-гвардия) штурмдық авиадивизияның командирі, 1947-49 жылдары Азаматтық әуе флоты бас басқармасының бастығы болды. 1951 жылы Бас штаб әскери академиясын бітірді. 1952 жылдан КСРО Қоғаныс министрлігінде жауапты жұмыста істейді. Байдуков – «Наш полет в Америку» (1937), «Записки пилота» (1938), «О Чкалове» (1939) кітаптарының авторы. 2 рет ленин орденімен, 4 қызыл ту ордені, 4 Қызыл Жұлдыз ордені және басқа орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Кузьма Корнилович Галето (1.11.1896, Киев губерниясы - 1.11.1967) – Семей облысында совет өкіметін орнатудың белсене қатысушы. 1918 жылдан КОКП мүшесі. 1915 жылы патша армиясы қатарында болды. 1917 жылы батыс сібір советтерінің аткомы мен РСДЖРП Омбы комитеті жергілікті революцияшыл күштерге көмек көрсету үшін жіберді. Советтердің Семей уездік 1-съезін (17.2.1918) әзірлеп, өткізуге басшылық етті. Галето атком председателі болып сайланды. 1918 жылы 11 маусымдағы ақ гвардияшылар бүлігі кезінде партизан отряды құрамында болды. Кейін РК(б)П Семей губкомының бөлім меңгерушісі, 1924-23 жылдары Қарқаралы, Бұқтырма укомдарының секретары, 1924-31 жылдары Қостанай, Орал губкомдарының бөлім меңгерушісі және секретары, РК(б)П ОК жанындағы марксизм- ленинизм курсының тыңдаушысы, БК(б)П ОК бөлім меңгерушісінің жәрдемшісі. 1933 жылы Москвада Қызыл профессура институтын бітірді. 1933-38 жылдары Батыс Сібір өлкесінде Галето – Исток МТС Саяси бөлімінің бастығы, БК(б)П ауд. комитеті мен алтай өлкелік комитетінің секретары. 1939-57 жылдары Мәскеуде шаруашылық мекемелер мен қалалық оқу орындарында істеді. 1957 жылдан Одақтық дәрежедегі зейнеткер. РК(б)П 11- съезінің делегаты, 1-сайланған РКФСР жоғары Советінің депутаты ## Дереккөздер
Мирза Асадулла-хан Галиб (парсы: غالب دهلوی‎; урду: مرزا اسد اللہ خان غالب‎) немесе Галиб (урду: Үлгі:Nq‎; хинди ग़ालिब); Агра, 27 желтоқсан 1797 — Дели, 15 ақпан 1869 — әйгілі үнді ақыны. Парсы, урду тілдерінде жазған. Ақсүйек мұсылман отбасында шыққан. Галиб шығармаласына алғашқы кезде діни бағыттағы шығармалардың ықпалы болған. Кейін классикалық поэзияға бет бұрды, гуманизмді, халық мүддесін жырлады. 1857-59 жылдары халық көтерілісі жазушыға үлкен әсер етті. Галибтің соңғы шығармаларында Үндістанның жаңа өмірі бейнелейді. «Дастанбу», «катийи бурхан», «Дерафши Кавияни» шығармалары Иран физиологиясына, хат түрінде жазылған «бес бөлім» трактаты («Панджаханч») өнерге арналған. ## Сыртқы сілтемелер * The Divan-e Ghalib — in Urdu, with Devanagari and Roman transliterations. Also includes concise commentaries on each verse, as well as other critical information. * The Love Sonnets of Ghalib — Biography, selected works, and all things Ghalib * biography and selected works * The Joy of the Drop — 37 poems by Ghalib in English translation.
Бадуев Саид Сулейменович ( 1904, Грозный, - 20.12.1943) – чечен жазушысы, чечен әдебиетін бастаушы. Бадуевтің әдеби қызметі 1927 жылдан басталады. «Құдық», «Бешто», «Отты тау» әңғімелерінде Бадуев өткендегі ұлттық езгіні суреттеп, діни соқыр сенімге қарсы күреске шақырды. 1930 жылы «Әдет» атты әңгімелер жинағы, «Аштық» повесі және «Молдаға күнде той бола бермес» пъесасы жеке-жеке кітап боп басылды. Бадуев – «Қызыл қамал», «Цаэбаның үйленуі», «Алтын көл», «Саяси бөлім» (1934) пъесаларының авторы. «Петимат» (1930) поэмасында тау халықтарының әйелдері күндікте ұстауына қарсылық білдіреді. 1935 жылы «Біздің бақ» атты өлеңдер жинағы шықты. ## Дереккөздер
Валерьян Семенович Бажанов (2 маусым 1907, Новоузенск—1984) – биология ғылымдарының докторы (1962). * Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің биология бөлімін бітірген (1930). * Орынбор ауыл шаруашылығы институтында (1930-33) * Камчатка облысындағы Пенжі аң-кәсіпшілік станциясында (1933-36) * Алматы қорығында (1936-38) * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1937-42) * КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімінде жұмыс істейді. * Қазак КСР ғылым академиясының зоология институтында (1942-64) жұмыс істейді. * 1964 жылдан Өскемен педагогика институтында жұмыс істейді. * 1967 жылдан Тамбов педагогика институтында жұмыс істейді. ## Ғылыми еңбектері Бажанов алғашқы кезде сүт қоректі жануарларды зерттеген, 1946 жылы Қазақстанның омыртқалы қазба жануарларын зерттеуді ұйымдастырып, 1964 жылға дейін Қазақ КСР ғылым академиясының Зоология институтының палеозоология (палеобиология) зертханасын басқарған. Бажанов 100-ден астам еңбек жазған. ## Дереккөздер
Нұрмақ Байсалықов (1893, Ақмола губерниясы, Сарытерек уезі - 1937) – партия-кеңес қызметкері, Қазақстандағы жұмысшы қозғалысына қатысушы. 1920 жылдан КОКП мүшесі. ## Өмірбаяны * Екінші дәрежелі бастауыш мектепті бітірген. * 1922-24 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқыған. * 1908-20 жылдары Успенск кенінде, Спасск зауытында, Қарағанды шахталарында жұмысшы болды. Сол жылдары осы кәсіпорындарында өріс алған тап күресіне белсене аралысты. * Азамат соғысы жылдары ЧОН отрядында, азық-түлік комитетінде істеді. * 1923-27 жылдары ҚАССР ОАҚ председателінің орынбасары. * 1927-29 жылдары жер, орман қызметкерлері өлкелік одағының председателі * 1929-34 жылдары Қарсақбай комбинаты директорының орынбасары * Орталық халық шаруашылығы өлкелік советінің бөлім бастығы * Ақмола облысы аткомы председателінің орынбасары қызметтерін атқарды. * Өмірінің соңғы жылдары Қарағанды облысындағы Қоңырат аудандық партия комитетінің 1-секретары болды. ## Қоғамдық қызметі * 1922-29 жылдары обл. өлкелік партия комитеттерінің, ҚАССР ОАҚ-нің мүшелігіне сайланды. ## Дереккөздер
Сайлаубек Қалиұлы доцент (1976 жыл), профессор 2003, 1939 жылы 12 желтоқсанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Ақсуат ауданы (қазіргі Тарбағатай) Егіндібұлақ ауылында туған. 1957 жылы "Қызылкесік" ауылындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті бітіріп, Семейдің мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, оны 1962 жылы үздік дипломмен аяқтаған. 1966 жылдан 1997 жылға дейін Cемей ет және сүт технологиялық институтында түрлі лауазымды қызметтер атқарған:жоғары математика кафедрасының доценті, меңгерушісі, факультет деканы. сы еңбек жолында аталған сала мамандарын даярлауға өзінің лайықты үлесін қосты. Білімін жетілдіру мақсатында 1971 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының математика-механика институтына аспирант болып қабылданып, 1974 жылы "Диференциалдық және интегралдық теңдеулер теориясы бойынша" физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алады. ## Шығармалары * Сызықтың алгебралық элементтері және аналитикалық геометрия * Анықталған және еселі интегралдар * Жай дифференциялық теңдеулер және вариациялық есептеу негіздері ## Дереккөздер * Көңіл көріністері [Электрондық ресурс] / С. Қалиұлы. - Алматы : [б. ж.], 2009. - ISBN 978-601-7206-00-0 Тарбағатай аудандық кітапханасы қорынан.
Тыныбек хан — Алтын Орданың 10-шы ханы. ## Басқаруы Әкесі Өзбек ханның көз жұмған қаралы хабары Тыныбекке Ақ Ордада жүргенде жеткен болатын.Әкесі оны Ақ Ордаға 1328 жылы жіберген болатын.Тыныбек таққа құрылтай шақырылмай отырды.Олай болған себебі,Өзбек хан кезінде Алтын Ордада хан билігі әбден күшейіп, құрылтай шақырудың қажеті болған жоқ.Жаңа әміршіге әкесінен мұраға алып империя қалды. XIV ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген араб тарихшысы әл-Омари көпес Бедр әд-Дин Хасан ар-Румидің айтуы бойынша Алтын Орданың шекара аймақтарын баяндап жазады. Ол былай деп түсіндіреді:"Бұл мемлекеттің Жейхун жақтан шекарасы-Хорезм, Сығанақ, Сайрам, Жаркент, Жент, Сарай, Маджар, Азақ, Ақща-кермен, Кафа, Судақ, Саксин, Укек, Бұлғар, Сібір аймағы, Ібір, Башқырд және Чулыман. Ширван аймағының бір кенті Баку қаласы,түркілер Димирқапу деп атайтын"Темір қақпа" соған жақын". Тыныбектің билікке келуі Византия империясындағы биліктің ауысуымен тұспа-тұс келді. 1341 жылы 15 маусымда Константинопольде III Андроник Палеолог қайтыс болды. Империя тағына оның 18 жасар ұлы V Иоанн отырды.Бірақ империяны іс жүзінде оның анасы Анна Савойская мен регент Иоанн Кантакузин басқарды,ол өз саясатын жүргізуге кіріседі.Осыған орай,күзде Адрианопольде оған қарсы көтеріліс шықты,Иоанн Кантакузин өзінің туған жері Дидимотик қаласына қашып кетеді.Кешікпей көтеріліс үкімет әскерімен басып-жаншылды. 1341 жылдың 26 қазанында жақтастары VI Иоанн Кантакузинді император жариялайды.Ол V Иоанн мен анасы Анна Савойскаяға кешіріммен қарады. VI Иоанн Константинопольді басып алуға әрекет жасады,алайда бұл бірнеше жылға созылған соғысқа айналды.Сонымен қатар,Византияда азамат соғысы әлі де болса жалғасып жатты.Кезекті бір жеңілістен соң VI Иоанн Сербияға барып жасырынды.Сербия королі Стефан Душан әуелі қашқынға көмектеспек болады,бірақ артынша бұл ойынан айнып,оның жауларына қол ұшын береді.Соғысқа басқа елдер де араласады.Соңында,Византияны түріктер басып алады.Византияда азамат соғысы жүріп жатқанда,Алтын Ордада билік басына басқа әмірші келді.Шейх-Увейстің сөзіне қарағанда,Тыныбек әкесінен кейін көп ұзамай бауыры Жәнібектің қолынан мерт болған. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Галузо Петр Григорьевич (10.6.1897 жылы Витебск облысы)- тарих ғылымының дәрігері(1965),профессор. 1920 жылдан КОКП мүшесі. Ол 1914 жылдан бастап мұғалім,1918-1919 жылы Витебск облысында Сенно қаласында уездік халық ағарту бөлімінде инспектор. 1919-1921 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 1923 жылы Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университетті бітірді. 1923-1926 жылдары Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік университеттің оқытушысы. 1930-1934 жылдары Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік университетінде кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор, 1935-1937 жылдары Ашхабадтағы Жоғары Коммунистік а.ш. мектебінің ректоры. Ол бұл жылдары патша өкіметінің Орта Азиядағы отаршылдық саясаты, Түркістан өлкесін мекендеген халықтардың ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылми еңбектер жазды. Оның еңбектері негізінен 19-20 ғасырда Қазақстандағы аграрлық мәселерге арналды. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Баженов Василий Иванович (12.3.1737/38, Малоярославец маңындағы Дальское селосы, - 13.8.1799, Петербург) – орыс архитекторы, суретші, архитекторы теоретигі, педагог; классицизм өкілі. Дьяк Отбасында туған. Москва университетінің әр түрлі гимназияларында оқып, 1755 жылы Петербургте қайта ашылған Көркемсурет академиясына жіберілді. 1762- 64 жылдары Италияда болды, Римдегі Әулие лука академиясының профессоры, Болонья мен Флоренция Көркемсурет академиясыеың мүшесі болып сайланады. 1765 жылы Ресейге қайта келіп, академик атағын алды. 1799 жылы петербург көркемсурет академиясының вице- президенті болды. Баженов орыс архитекторларының ішінде қала құрылысы, оның жалпы жобасы, кеңістік және композиция жарасымдылығы жайында елеулі еңбек етті. Оның қала құрылысындағы аса ірі еңбегі – Москва-Кремль сарайының жобасы (бүкіл ансамбль мен қызыл алаңды қайта құруды қосқанда). Бұл жоба бойынша Кремль күн сәулесі сияқты тарамданған көшелердің түйіскен жеріне, негізгі салтанат алаңына айналмақ еді. Екатерина 2 Москваны шектен тыс дәріптегісі келмегендіктен, ғажайып жоба жүзеге аспады. Бірақ Баженов өз идеясын Москвадағы Пашковтың үйін салуда біршама іске асырды (1784-86; қазір В.И, Ленин атындағы кітапхананың ескі үйі). Пашков үйі Баженовтің Москвада салған өзге ғимараттары сияқты (1-Мещанскийдегі Долговтың үйі, қазіргі Бейбітшілік проспектісі, 1770 жылы) фасадтарының сәи-салтанаттылығы ғимараттың бүкіл бөліктерінің айқын үйлесімділігімен жарасым тапқан. Баженов Москваның Ходин даласында сәи-салтанат құрылыстарынын салумен де шұғылданды (1774-75). Оның Царицындағы құрылыстары да екатерина 2 қарсы болған соң бітпей қалды. Баженовтің редакциясымен Витрувидің аудармасы орысша басылып шықты. Баженов – М.Ф. Казаков, К.И. Бланк, И.В. Еготов, Е.С. Назаров сияқты сәулетшілер жұмыс істеген Кремль құрылысының Экспедициясы жанындағы архитектор команда мен мектепті ашты. ## Дереккөздер
Яков Ганецкий (пол. Jakub Hanecki; туған кездегі есімі — Якуб Фюрстенберг 15 наурыз 1879, Варшава — 26 қараша 1937, Мәскеу) — поляк және орыс революция қозғалысының қайраткері, сов. мемлекет қайраткері. 1905 жылы Варшава жұмысшыларының рев. бас көтерулерін ұйымдастырушылардың бірі. РСДЖП-ның 5-съезінде (1907) ОК мүшелігіне сырттай сайланды. 1914 жылы В.И.Ленинді Австрия түрмесінен босатуға жәрдемдесті. 1917 жылы Ленинніңі эмиграциядан оралуына белсене күш салды.1917 жылы РСДЖП(б) П Шетелдік бюросының мүшесі. Қазан революциясынан кейін комиссар әрі халықтық банкты басқарды т.б. жауапты қызметтер атқарды. 1935 жылдан КСРО Революция музейінің директоры. В.И.Ленин жайындағы естеліктердің авторы. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Мұхамедназар Гапурұлы Гапуров (түрікм. Muhammetnazar Gapurowiç Gapurow, 15 ақпан 1922 жыл, Чарджау, қазіргі Лебап уәлаяты – 13 шілде 1999 жыл, Ашхабад) — кеңестік мемлекеттік, партиялық қайраткер, Түрікмен КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1963–1969), Түрікменстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1969–1985) және Ұлы Отан соғысының ардагері. 1954 жылы Шаржау педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген Гапуров 1944 жылдан 1991 жылға дейін КОКП мүшесі болған. 1943–1944 жылдары мектепте оқу ісінің меңгерушісі, директоры, 1948-1956 жылдары Шаржау облысы БЛКЖО комитетінің бірінші хатшысы, Түрікменстан ЛКСМ ОК-нің хатшысы, 1963–1969 жылдары Түрікмен КСР Министрлер Кеңесінің хатшысы, КОКП XXII- және XXIV-съездерінің делегаты. Партияның XXIII-съезінде КОКП ОК мүшелігіне кандидат, XXIV-съезінде КОКП ОК-нің мүшелігіне сайланды. VI–VIII-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 5 мәрте Ленин орденімен және басқа да түрлі кеңестік медаль-ордендермен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Гарашанин Илия (16.1.1812-16.6.1874)- серб мемлекет және саяси қайраткері. Ауқатты саудагердің баласы. 1837 жылы князь Милош Обренович әскерінің қолбасшысы, полковник. Уставты даттаушылардың Обнеровичттер әулетіне қарсы күресіне белсене қатысты. Ішкі істер министрі (1843-1852,1858-1859),премьер және сыртқы істер министрі болды. Ол Югославия халықтарын Түркия үстемдігінен азат етуді, сол халықтарды Сербия монархиясы туы астына біріктіруді көздеген программа жасады. Бұл программаны іске асыру жолында Черногория, Грекия, Румыния мемлекеттерімен шарт жасасты. ## Дереккөздер
Гаприндашвили Нона Терентьевна (3.5.1941, Зугдиди қаласы)- совет шахматшысы, КСРО-ның еңбек сің. Спорт шебері (1964), халықар. шебер, 1966 жылдан КОКП мүшесі. Тбилисидегі шет тілдер институтын бітірген. Әйелдер арасында шахматтан өткен жарыста КСРО чемпионы (1964), 3 рет дүние жүзі чемпионы (1962,1965,1969) Тбилиси- Батуми (1961), Тбилиси-Сухуми(1962), Киевте (1967) және т.б. өткен әйелдердің халықар. турнирінде бірінші орын алды. Ерлер арасындағы халықар. турнирлерге де қатысқан. Ленин орденімен бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Гандемиан шарты (1873)- Рессей мен Хиуа хандығының арасында жасалған шарт. Шартқа 1873 жылы 12 тамыз Гандемианда (Хиуаға таяу) қол қойылды.Гандемиан шарты Хиуа хандығын Рессей империясында тәуелді ету мақсатын көздеді. Гандемиан шарты бойынша Амудария өзенінің оң жағалауындағы Хиуа жерлері Рессейге берілді. Одан Амудария бөлімшесі құрылды, оның бастығы Хиуа өкімет орындарының қызметін бақылап отырды. Рессей Амударияда кеме қатынасы ерекше право алды. Хандық жерінде құлдық пен құл саудасының жойылғанын жариялады. Гандемиан шарты Хиуа хандығын Рессей империясының жартылай отарына айналдыруға жағдай жасады. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Гәнжә келісімі (1735) - Ресей мен Иран арасында жасалған шарт 10(21) наурызда Ганджа қаласының түбінде қол қойылған. Орыс үкіметі Түркияға қарсы соғысқа әзірленіп, Иранмен одақтасуға мүдделі болды. Осыған байланысты Баку мен Дербентті провинцияларымен қоса Иранға берді. Иран Дербент пен Бакуді басқа мемлекетке бермеуге, түріктер басып алған жерлерді қайтарып алмайынша, онымен соғысты жүргізе беріуге міндеттенді. Екі жақ Түркиямен ешқандай келіссөз жүргізбеуге, бітім шартын жасаспауға Ганджа трактатын бұзып, кейін Түркияға қарсы соғыстан шықты. ## Дереккөздер
Ипполитов–Иванов (шын фам. – И в а н о в) Михаил Михайлович (19. 11. 1859, Гатчина, — 28. 01. 1935, Москва) — совет композиторы, Республика халық артисi (1922). 1882 жылы Санкт-Петербург консерваториясының композиция бөлімін (Римский-Корсаковтың класы бойынша) бiтiрдi. 1882–1893 жылы Тбилисиде тұрды, мунда орыс муз. қоғамы жанынан училище ұйымдастырып, өзі оған басшылық етті, 1893 жылдан Москва консерваториясының профессоры, 1905-1918 жылдары директоры, ал 1919 – 1922 жылдары ректоры. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Құлпа хан - Алтын Орда мемлекетінің 13-ші ханы. ## Басқаруы Бердібек ханды өлтірген өгей бауыры Құлпа болатын.Ол 1358 және 1359 жылдары Гүлістанда,Берке Сарайда,Азақ пен Хорезмде өз атынан ақша шығарады.Бұл Құлпаның Алтын Орданың көп бөлігін қолында ұстағанының дәлелі.Бір қызығы,дәл сол жылдарда және сол жерлерде Наурыз есімді екінші бір Алтын Орда тағынан үміткер өз атынан ақша бастырған.Ал алтынордалық ақсүйектер Құлпаның да,Наурыздың да Алтын Орда тағына келгеніне онша қуанған жоқ.Себебі,олар Жәнібек ханның заңды әйелдерінен тумаса керек немесе олардың аналарының Алтын Ордада айтарлықтай ықпалдары болмаған.Құлпа мен Наурыз бір мезгілде қатар билік еткен.Құлпаның билігінің әлсіздігін пайдаланып,Наурыз оның иелігін біртіндеп басып ала береді.Ақырында,Құлпа да,оның ұлдары да Наурыздың қолынан ажал табады.Бұл Алтын Ордадағы жағдайды бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті.Елдегі ішкі тартыс 1360 жылдан 1380 жылдарға дейін,табаны күректей 20 жылға созылды.Құлпа мен Наурыз билікке келгеннен бастап ,1380 жылға дейінгі 20 жыл ішінде Алтын Орда тағына,зерттеушілердің есебінше 25-тей хан отырған.Олардың кейбіреуі,тіпті,империя астанасында билікті басып алуға қол жеткізді,алайда елді басқара алмады.Бұл әміршілердің ордалары бірде Ұлы даланың бір басынан, енді бірде басқа басынан көрініп тұрды.Мемлекеттік билік те бір жерден екінші жерге ауысып жүрді.Алтын Орда тарихындағы бұл кезең орыс жылнамаларында"Ұлы бүлік"деп аталады.Қазақта"нар мойыны Бердібек хан тұсында кесілген"деген сөз бар. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Ирасек, Й и р а с е к (Jirasek) Алоис (23. 08. 1851, Гронов, — 12. 03. 1930, Прага) - чех жазушысы. Чех әдебиетiндегi реалистiк дәстүрдiң көрнектi өкiлi. Ирасек творчествосының негiзгi бағыты 19 ғасырдың 2-жартысында өpic алған ұлт-азаттық идеясының әcepімен қалыптасты. «Жартастар» (1886), «Ағыстар аралығында» (1887-1890), «Бәріне де қарсы» (1893), т. б. романдарында — әлеуметтiк теңсіздік пен ұлттық езгiге қарсы көтерiлген халық қозғалысының қуатты күшін суреттедi. Қалың бұқара арасынан шыққан қарапайым адамдардың жарқын бейнелерiн жасады. ## Дереккөздер
## Руханияттың қоғам дамуымен байланысты. Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты-руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. * Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады. * Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді. ## Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені, руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.Тіл- аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек. ## Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы Мәдениетті адам өзінің мәдени деңгейін үнемі арттырып, істе жоғары саналылық танытып, дүниежүзілік әдебиет және көркемөнер жетістіктерімен үзбей танысып отырады. Бос уақытын кітап оқуға, көрме, мұражай, театрға баруға, музыка тыңдауға жұмсайды.Көркемөнер әсер етпейтін адам кемде-кем. Тек оны қабылдай білу қажет. Өнер- әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар.Өнердің тамаша туындыларын көрген сәтте бізді әсемдікке құштарлық, ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар шын мәнінде терең эстетикалық ләззат бере алады. Мұндай шығармалар жаңа мағұлмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді. Адам және оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдық қатынастар- өнердің басты обьектілері. Шын суреткердің шығармаларынан адамның мінезі, әрекеті және өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастаоынан, олардыңморальдық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды кейіпкерлермен бірге жағымсыз кейіпкерлерді де көреміз. Жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы шеберлер жасаған кейіпкерлер адамгершілік дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып отырады. Олар қаншалықты көп қырлы болып келсе, біз үшін соншалықты қызықты. ## Дереккөздер ## Руханияттың қоғам дамуымен байланысты. Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты-руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. * Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады. * Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді. ## Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені, руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.Тіл- аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек. ## Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы Мәдениетті адам өзінің мәдени деңгейін үнемі арттырып, істе жоғары саналылық танытып, дүниежүзілік әдебиет және көркемөнер жетістіктерімен үзбей танысып отырады. Бос уақытын кітап оқуға, көрме, мұражай, театрға баруға, музыка тыңдауға жұмсайды.Көркемөнер әсер етпейтін адам кемде-кем. Тек оны қабылдай білу қажет. Өнер- әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар.Өнердің тамаша туындыларын көрген сәтте бізді әсемдікке құштарлық, ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар шын мәнінде терең эстетикалық ләззат бере алады. Мұндай шығармалар жаңа мағұлмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді. Адам және оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдық қатынастар- өнердің басты обьектілері. Шын суреткердің шығармаларынан адамның мінезі, әрекеті және өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастаоынан, олардыңморальдық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды кейіпкерлермен бірге жағымсыз кейіпкерлерді де көреміз. Жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы шеберлер жасаған кейіпкерлер адамгершілік дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып отырады. Олар қаншалықты көп қырлы болып келсе, біз үшін соншалықты қызықты. ## Дереккөздер
Волконский Сергей Григорьевич (8(19).12.1788-28.11(10.12).1865, Черьнгов облысы)- князь, декабрист, генерал-майор. 1812 жылғы Отан соғысына қатысушы. 1820 жылдан « Игілік одағының» 1921 жылдан Декабристердің Оңтүстік қоғамының мүшесі болды және Оңтүстік қоғамының Каменск басқармасын басқарысты. Солтүстік қоғаммен байланыс орнатты. 1825 жылы Поляк құпия қоғамы өкілдерімен арадағы келіс сөздерге қатысты. П.И.Пестельдің «Орыс шындығында» баяндалған Оңтүстік қоғам программасын жақтады. Өлім жазасына кесілді, кейін үкім каторгаға ауыстырылды. А.И.Герцев мен П.П.Огаревтің насихатын мақұлдап, олармен шетелде кездесіп тұрды. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы