text
stringlengths
3
252k
Көштаев Құтлымбет (т.-ө. ж. белгісіз) – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 жылы патшаға жіберген елшісі. Көштаев Құтлымбет және осы елшіліктің құрамындағы Сейітқұл Құндағұлов патшаға Кіші жүз ханының арнайы хатын тапсырды. Мұнда Әбілқайыр хан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Россияның қол астына қарауға дайын деп сенім білдірген. Өйткені сол кездегі қазақ-башқұрт билеушілері арасындағы қарым-қатынастар едәуір дәрежеде шиеленіскен болатын. Сондықтан да Әбілқайыр патша үкіметінің жәрдемімен қазақ-башқұрт арасындағы жағдайды өз пайдасына шегуге тырысқан. Бұл елшілік ең алдымен патша үкіметінен қазақ жерлерін сыртқы шабуылдан қорғауды өтінген. Олар сонымен қатар патша үкіметі қазақтарды өз қарамағына алса, жасақ беруге дайын екендіктерін білдірді. Ақыры 1731 жылы 19 ақпанда патша үкіметі қазақтарды Россияның қол астына алатындықтары жөніндегі грамотаны қазақ елшілігіне тапсырды. ## Дереккөздер
Көпсайыс – спорт жарыстарының бір түрі. Көпсайыста адамның жан-жақты шынығуына әсерін тигізетін спорттың бірнеше түрі біріктірілген. Ертеде дүние жүзілік олимпиадалық ойындардың программасында жүгіруді, ұзындыққа секіруді, диск, найза лақтыруды және күресті біріктіретін бессайыс болған. Қазіргі көпсайыс бір спорт түрін (коньки, шаңғы, гимнастика) біріктіретін біртекті, әр спорт түрлерін (жеңіл атлетикалық көпсайыс, ГТО комплексі) біріктіретін әртекті болып екіге бөлінеді. Мысалы, коньки көпсайысы ерлер үшін: бірінші күн 500, 1500 м, екінші күн 1000, 10 000 м, әйелдер үшін: бірінші күн 500, 1500 м, екінші күн 1000, 3000 м, спринтерлік көпсайыс ерлер мен әйелдер үшін 500 және 1000 м-ге екі күн қатарымен өтеді. ## Дереккөздер
Бастапқы үңгірлер. Кейбір үңгірлер тау жыныстарымен бір мезгілде пайда болған. Олар бастапқы үңгірлер деп аталады. Жыныс түзілген кезде үңгір кеңістігі бос болып қалады. Бастапқы үңгірлерге – лава, көпіршік, туф және риф үңгірлері жатады. Лава туннельдері жанартау белсенділігінің арқасында пайда болады. Олар ең көп таралған бастапқы үңгірлер болып табылады. Лавалық үңгірлер жанартау белсенділігінің арқасында пайда болатын бастапқы үңгірлерге жатады. Әктасты туф үңгірлері - әктасты туф немесе кальций карбонатының қоспасынан пайда болатын алғашқы үңгірлер болып табылады. Риф үңгірлері ішінде немесе губкалы рифтердің ішінде рифтердің өсуімен түзіледі. ## Қызықты деректер * Аса маңызды лава туннельдері Гавай аралдарынан табылды. * Гавайдағы Олаа үңгірлер жүйесі болып табылатын Казумура – АҚШ-тағы ең терең үңгір. * Ең үлкен лавалық үңгір Эфиопия мемлекетіндегі Фантало тауынан табылған. ## Дереккөздер
Теңіз үңгірлері мұхитардың, кей жағдайларда көлдердің көмегімен түзіледі. Теңіз үңгірінің түзілуі өте тар жарықшақтан басталады. Келе-келе оған толқындар үлкен күшпен соғылып, жартасты ішінен үгіте бастайды. Толқындар алып келетін құм мен тастар үңгір қабырғаларында қосымша эрозиялық өзгерістер жасайды. Теңіз үңгірлерін дүниежүзінің түпкір-түпкірінен табуға болады. Әйгілі теңіз үңгірлеріне Капридегі Көк үңгір және Стаффа Британ аралындағы бағанды базальттан түзілген Фингал үңгірі жатады. Іші кең болғанымен, қазіргі үңгірлердің ұзындығы аса үлкен емес. Олардың ешқайсысы кіреберісінен түкпіріне дейін 76 метрден аспаған. ## Қызықты дерек * Әлемдегі ең үлкен теңіз үңгірі – Жаңа Зеландияның солтүстік аралындағы Рико-Рико үңгірі * Әлемдегі әйгілі ең ұзын теңіз үңгірі – Калифорнияның Санта Круз аралындағы Боялған үңгір. ## Дереккөздер
Мұздық үңгірлер. Мұздық және мұз үңгірлер мұздықтардың еруі нәтижесінде түзіледі. Олардан тау үңгірлер мен үңгірлер қалыптасады. Мұз үңгірлер кіретін бір немесе бірнеше аузы бар, жақсы желдетілетін үңгірдегі судың қатуынан пайда болады. Мұндай үңгірлер жыл мезгілдері ауысып тұратын климатты аймақтарда түзіледі. Исландиядағы мұздықтардың астында мұзды ерітетін жанартаулар немесе ыстық ағыстар жиі кездеседі. Олар үңгірдің пайда болуына септігін тигізеді. Мұндай үңгірлердің көпшілігі Антарктида мен Арктикалық аймақтарда түзілген. ## Қызықты деректер * Исландия мұздықтарының етегінде жылы кқктемдер болып тұрады. Аралдардағы көптеген жанартаулы аймақтарда жанартаулар мен жылы ағыстар бар. * АҚШ-тағы Рейнир жанартауында әлемдегі ең үлкен мұздық үңгірі бар. * Экватордағы Котопакси тауында экватор бойындағы жалғыз мұздық орналасқан. ## Дереккөздер
Tрігіш жынысты үңгірлер. Ерігіш жынысты үңгірлер ерігіш жынысты жартастарда түзіледі. Олардың құрамында әктасты жыныстар басым. Дегенмен араларында бор, долмит, мрамор, гранит, тұз, құмтас, тасқа айналған маржандар мен гипс те кездеседі. Үңгірдің түзілуі барысында орын алатын кең таралған үдеріс – «карстану» деп аталады. Бұл – жартастардың жаңбыр суына еруі. Ең үлкен және ең бай ерігіш жынысты үңгірлер әктасты жарастарда болады. Әктасты жартастар көмір қышқылы және табиғи оргпникалық қышқылдармен араласқан жаңбыр мен жерасты суларында ериді. Көптеген жабайы жануарлар ерiгiш жынысты үңгiрлерде өмір сүредi. Көптеген ipi жыртқыштар ол жерлердi баспана ретiнде әpi демалу үшiн пайдаланады. Құстар мен ағаш егеуқұйрығы сияқты ұcaқ сүтқоректілер көбiне уңгiрлер мен ойпаттарда ұя салады. Үңгiрлер - жарғанат тұқымдастары үшiн таптырмайтын баспана. Олар қонақтау үшiн және сол жерлерде қыстау үшін үңгірлерге тәуелді. ## Қызықты деректер * Кейбір аймақтарда жерасты суларынан жоғары тұрған үңгірлер мұз басу дәуірінің соңына қарай, теңіздің көтерілуінің салдарынан су астына кеткен болатын. Су асты ерігіш жынысты үңгерлерінің кіреберісі «көк саңылау» деп аталады. * Бұлан мен бұғы, әдетте, үңгірдің кіреберісінде түнейді * Гардинер үңгірі Вашингтондағы ең үлкен әктасты үңгір болып табылады. ## Дереккөздер
Кәдімігі жантақ (Бұршақ тұқымдасы) - Қазақстанда кездесетін үш түрдің ішіндегі ең кең тарағаны. Бұл әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді.Шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Тамыры 4 м тереңдікке кіретіндіктен, ыстыққа өте төзімді. Көп жылдық өсімдік. Сабағы 1 м, қатты, бұтақтанған жапырағы созыңқы және ұзындығы 1.5-3.5 см болатын тікендер. Гүлдері ұсақ, 1 см-ден кем, тостағаншасы күлтеден 2 есе қысқа және байқалмайтын түсті. Күлтесі күлгін қызыл түсті, гүлдері 3-8-ден жоғарғы жұқа тікенектерге орналасқан.Жемістері анық көрінетін бұршақта,төрт-жеті ұсақ бүршік тәрізді тұқымдары бар. ## Қолданылуы Шөлді аудандарда мал азықтық өсімдік ретінде пайдаланылады. Жасыл күйінде түйелер жейді, шөп ретінде даярлайды. Малдың сүйсініп жеуі үшін ұсақтап турайды. Бал өндіруде, омарталықта маңызды рөл атқарады. Осы өсімдіктің арқасында араның бір семьясы тәулігіне 2-4 кг бал өндіреді.Бауыр, асқазан, ангина, жараны емдеуде кеңінен қолданылады. Тер басатын, шөл қандыратын қасиеттері бар. Жантақтан полиэтилен қапшығы арқылы бір сағатта 0,5 литр су алуға болады. ## Дереккөздер
Кәдімгі адырасапан (Адыраспан тұқымдасы) - солтүстік пен төменгі тау белдеулерінен Қазақстанның барлық жазықтарына кеңінен тараған. Улы өсімдік, мал жемегендіктен жайылымда көп кездеседі. Көпжылдық өсімдік. Биіктігі 60 см, бұтақтанған тік сабақтары көп, жиі бұтақтанып, жайылып өседі. Жапырақтары кезектесе орналасқан, сағақсыз, ұзын, таспа тәрізді бөліктерге дұрыс бөлінбеген. Гүлдері үлкен, ұзын гүл тұғырына бір-бірден орналасқан. Тостағанша жапырақшалары мен желектері бестен, ал аталығы он бес. Желектері ақ және сарғыш, 2 см-ге дейін, ұсақ бөліктерге тілімденген. Мамыр-шілдеде гүлдейді, шілде-тамыз айларында жеміс береді. Жемісі шар тәрізді, 3 ұялықты қорапшалар, үлкен қара дөңес тұқымға толы. ## Қолданылуы Халық медицинасында кеңінен қолданылады. Жұқпалы аурумен ауыратын адамның бөлмесін кәдімгі адыраспанды жағу арқылы дизинфекциялау үшін қолданады. Жел ауруына, қышымаға, тері ауруларына, суық тигенде, безгекке қолданады. Бұлшықет ауруларында, іш қатқанда, ішек ауруларында пеганин гидрохлоридін қолданады. ## Дереккөздер
Денге қызбасы-геморрагиялық синдроммен лимфоаденопатиямен, экзантемамен, артралгиямен, дене қызуының екі рет көтерілуімен өтетін жедел зоонозды вирусты ауру. Аурудың “классикалық” және геморрагиялық түрлері бар. ## Этиологиясы. Қоздырғышы Denbue-virus Flfviviris тұқымдасына, Todavividae туысына жатады. Көлемі 17-25 нм, тауық эмбрионында жақсы өседі. Вирус сары қызба, жапондық энцефалит, Батыс Ніл қызбасының антигендерімен ұқсас. ## Эпидемиология Вирус резервары болып инфицирленген маймылдар және басқа да жануарлар болып табылады.Жұғу жолы трансмиссивті, антропургиялық ошақтардағы масалардың шағуы арқылы. Маса 8-14 күннен кейін қауіпті бола бастайды. ## Патогенезі мен патологоанатомиясы. Масалардың шағуынан соң вирус мононуклеарлы фагоцитоз жүйесінің жасушасында орналасады. 5-15 күннен соң қанға түседі де клиникалық көрінісін береді. Вирусемия 3-5 күн созылып, вирус әртүрлі ағза мүшелерге бекітіледі. Айқын өзгерістер бүйректе, бауырда, миокардта, мида болады. Денге қызбасына тән эндокардта, эпикардта, плеврада, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттарында, ұсақ тамырларда геморрагиялар байқалады. Тамырлардың бұзылуы гиповолемиялық шокқа әкеледі. Мүшелерден вирус қанға өтуі мүмкін, сөйтіп екінші толқын береді. ## Клиникалық белгілеp . Инкубациялық кезеңі 5-15 күн. Классикалық түрінде қызба, кенеттен басталады, қатты қалтырау, дене қызуның 40-41С 3-4 күнге сақталады. Күрт төмендегеннен соң 1-4 күннен соң қайта көтеріледі 2-3 күнге.Науқастарда қатты бас ауру, желке тұсында, арқа бұлшық еттерінің, буындарының ауыруы. Бас ауруы өршігенде құсу, бас айналу, естен тану, сандырақ болуы мүмкін.Осы кезде науқастың көздерінде тамырларының иньекциясы, фотофобия, беттің гиперемиясы байқалады. 70% ауруларда 2-3-ші күні бөртпелер пайда болады. 3-4 күні денеге, ішке, бетке папулезді, немесе скарлатина тәрізді экзантема түрінде болады. Бөртпелер бір-бірімен бірігуі мүмкін. Жиі петехиялар болады.Дене қызуы қалыптасқан соң экзантема кері дамиды. Осы кездерде салыстырмалы немесе абсолютті брадикардия дамиды. Бауыр үлкейген. Лимфа түйіндері ауырсынады, үлкейген.Қызбаның кезеңі 5-9 күн. Гемограммада алғашқы 2-3 күн сәл лейкоцитоз және нейтрофиллез, ал 3-4 күні лейкоциттер төмендеп, лимфоциттер жоғарлайды.Реконвалесцент кезеңі астеникалық белгілер өтеді. ## Диагностика. Эпидемиологиялық және клинико-лабораториялық зерттеулерге сүйену, екі өркешті температуралы сызық, артралгия, экзантема, лимфаденопатия және лейкопенияны негізге алу арқылы диагноз қояды. Серологиялық тесттер қоздырғышты анықтайды.Дифференциальды диагноз тұмаумен, безгекпен, инфекциялы мононуклеозбен, қызылшамен, скарлатинамен, басқа арбовирусты аурулармен жүргізеді. ## Емі. Жедел кезеңінде төсектік режим, диета, патогенетикалық және симптоматикалық заттар қолданады. Ауыр жағдайда шокқа қарсы ем қолданылды. ## Профилактикасы. Масалармен күресу. Қорғаныш сеткалар, репелленттер көмегімен масадан қорғану. Тірі аттенуирленген вакцина, ұзақ емес иммунитет түзеді. ## Дереккөздер * http://www.ordodeus.ru/Ordo_Deus12_Denge.html * http://vse-zabolevaniya.ru/bolezni-infekcionnye/lihoradka-Denge.html * http://whqlibdoc.who.int/publications/2009/9789241547871_eng.pdf * http://www.infectology.ru/nosology/infectious/viral/denge.aspx Мұрағатталған 16 қаңтардың 2012 жылы. * http://pharma-it.ru/infekcion/368-denge.html Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Құлқайырлар тұқымдасы 15-мыңдай түрлері бар (82-90-дай туыс). Ағаштар, бұалар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларьшан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға үшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңқап (тозандық) ішінде екі тозаң ұсы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұады. Гинецейі ценокарпты 5-жеміс жапырақшадан тұады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұлы болып келеді. Әрбір ұның ішіңде біреуден немесе көптен тұымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатьш лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.Мақта туысы (хлопчатник — Оаззуріит). Оның 66-ға жуық түрі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі бөлігінің де тропикалық жөне субтропикалық аймақтары болып табылады.Жіп иіруге қажегті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Иңцияда біздің эрамыздан 3 мың жыддай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы — талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бір клеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, ұзындығы 60 мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70—75%-ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дөндерінен 20%-ке дейін тамаққа пайдаланылатын жөне техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа еспубликалары (Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник — О.шгшіит), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник), шыққан жері — Иран және Орта Азия; жәнегипет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник — О. репмапит), шыққан жері — Перу.Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кеңдірі (кенаф — НіЪізсш саппаЪіпш), бамия (Н.езсиіешш), авиценна канатнигіБұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей — Аііһаеае) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный — Аойісіпаііз ) деген түрдің тамыры әртүрлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Құлқайырлар тұқымдасы 15-мыңдай түрлері бар (82-90-дай туыс). Ағаштар, бұалар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларьшан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға үшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңқап (тозандық) ішінде екі тозаң ұсы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұады. Гинецейі ценокарпты 5-жеміс жапырақшадан тұады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұлы болып келеді. Әрбір ұның ішіңде біреуден немесе көптен тұымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатьш лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.Мақта туысы (хлопчатник — Оаззуріит). Оның 66-ға жуық түрі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі бөлігінің де тропикалық жөне субтропикалық аймақтары болып табылады.Жіп иіруге қажегті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Иңцияда біздің эрамыздан 3 мың жыддай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы — талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бір клеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, ұзындығы 60 мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70—75%-ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дөндерінен 20%-ке дейін тамаққа пайдаланылатын жөне техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа еспубликалары (Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник — О.шгшіит), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник), шыққан жері — Иран және Орта Азия; жәнегипет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник — О. репмапит), шыққан жері — Перу.Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кеңдірі (кенаф — НіЪізсш саппаЪіпш), бамия (Н.езсиіешш), авиценна канатнигіБұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей — Аііһаеае) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный — Аойісіпаііз ) деген түрдің тамыры әртүрлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Жартас таулардығы дақты қызба-жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің зақымдалуымен, тері бөртпесімен, қызбалы реакциямен мінезделетін риккетсиозды этиологиялы жедел эндемиялық ауру. ## Этиологиясы. R rickettsii полиморфизмділігімен ерекшеленеді, ұсақ таяқшалы хроматинді қосылысы бар, ланцет тәрізді т.б. Орташа риккетсиялар ұзындығы 1 мкм; ені 0,2-0,3 мкм. R. Rickettsii ерекшелігі, оның тек протоплазмада ғана емес ядрода ұсақ ошақтар түзеді. Адамдарда риккетсия тамырлардың эндотелиімен бұлшық еттің қабатын зақымдайды. ## Эпидемиологиясы. Жартас таулардғы дақты қызба-табиғи ошақты трансмиссивті зооноз. Инфекция резервуары жабайы кемірушілер және кейбір ірі қара малдар. Жылы қанды жануарлар мезгілдік тасымалдаушысы болып табылады. Ең тұрақты резервуары және арнайы тасымалдаушысы болып иксодты кенелер болып табылады. Жұғу жолы болып инфекцирленген кенелердің шағуы табылады. Ауыл адамдары арасында, орманшыларда, аңшыларда, геологтарда кең таралған.Жартас таулардағы дақты қызба АҚШ, Канада, Мексика, Панама, Колумбия және Бразилияда кездеседі. ## Патогенезі мен патологоанатомиялық көрінісі. Аурудың патогенезінде тамырлардың зақымдалуы, ісінуі, эндотелидің пролиферациясы, эндотелиальді жасушалардың некрозы және артериалардың қабырғасының некрозы. Макрофагтармен плазматикалық және лимфоидты жасушалардан тұратын түйін немесе мифта тәрізді тамыр маңайындағы инфильтраттар периваскулярлы пролиферация түзеді. Деструктивті және деструктивті-пролиферативті тромбоваскулиттер де тән.Ауыр жағдайларда жергілікті некрозды сипатта обтурациялы некротикалық панартернит дамиды. Артериолдардың зақымдануы мидағы микроинфаркт себебі болып табылады. Аурудың тамыр зақымдалуының ауырлығы, риккетсиялардың инвазиялануына байланысты. ## Патоморфологиялық өзгерістері. Тамырлар жолы бойында макуло-папулезді немесе геморрагиялық бөртпелер дамиды. ## Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 3-14 күн. Продромальді көріністер: бас ауруы, қалтырау, тәбетінің төмендеуі, аурудың басында болады. Кей жағдайларда ауру дене қызуының күрт жоғарлауы, қатты бас ауруы, бұлшық ет, буын ауруымен, лоқсу, құсу, мұрыннан қан кетумен басталады.Қызбаның кезеңінің ұзақтығы 2-3 апта. Дене температурасы 39-40С көтеріледі, таңертеңгілік ремиссияға тән-дене температурасының 0,5-1,5С төмендеуі.Аурудың 3-4 күнінде дақты бөртпе, кейін типті макуло-папулезді бөртпе шынтақта, білекте, тобық буындарында көрінеді. Ауыр жағдайларда бөртпе алақан терілерінде, табанда, қабақта, бастың шашты бөлігінде, ауыздың, жұтқыншақтың шырышты қабатында пайда болады. Сирек бөртпе іш пен бетте кездеседі. Біртіндеп экзантема петехиальді сипат алады, ауыр жағдайда олар бірігіп, некротикалық аймақ, әсіресе жыныс мүшелері аумағында, құлақта, саусақтар ұшында, жұмсақ таңдайда құрады. Бөртпе үстінде қабыршақтанумен дақ қалады.Жүйке жүйесінің зақымдалуы бас ауруымен, ұйқысыздықпен көрінеді. Ауыр жағдайларда сандырақ, психикалық бұзылыстар, ұстамалар, параплексия, бас нервісінің параличі, гемиплегия, кейде кома өлімге дейін әкеледі.Қан айналысының бұзылысы артериальды гипотензиямен, брадикардиямен, ауыр жағдайларда тахикардия пульс жиілігі 160 рет минутына дейін жиілейді. Бауыр үлкейген, сарғаю дамиды, көкбауыр айтарлықтай үлкейген, қатайған. Протеинурия байқалады. Аурудың серігі іш қату. Қан көрінісінің өзгерістері тән емес. ## Диагностикасы. Арнайы антигенмен комплемент байланыстыру реакциясы жүргізіледі. Ол 2-ші аптадан бастап, жазылғаннан соң 7 жылға дейін оң болады. R rickettsii антигенімен тура емес иммунофлюоресцентті реакция жүргізеді. Тура диагностикалауға еркек теңіз шошқаларын науқастың қанымен зақымдап, қоздырғышын анықтау жатады. Оң жағдайда теңіз шошқаларының мошонкаларының некрозы дамиды.Дифференциальді диагностиканы эпидемиологиялық бөртпелі сүзек, битті бөртпелі сүзекпен жүргізу өте қиын. ## Емдеуі. Антибиотиктер: тетрациклин ішке 1-1,5г тәулігіне, левомицетин 2,0г тәулігіне, емді дене температурасы қалыптасқанға дейін және 2-3 күн тағы жалғастырады. Әдетте температура 48-72 сағатта түседі. ## Алдын алу. Жеке профилактика шараларын сақтау. Қорғаныс киімдерін кию. Эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша тұрғындарды өлі вакцинамен активті иммунизациялау жүргізеді. Ұзақтығы 1 жыл. ## Дереккөздер * http://www.eurolab.ua/diseases/358/ * http://www.infectology.ru/nosology/infectious/rikketsiosis/pyat_lich_sc_gor.aspx/(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.cdc.gov/rmsf/ * http://www.niaid.nih.gov/about/organization/dir/rml/Pages/default.aspx * http://archinte.jamanetwork.com/article.aspx?articleid=215364
Исланбеков Раджаб Капланович (30. 12. 1925 ж. т., Ташкент) — совет эндокринологы, КСРО Мөд. ғылым академиясының корр. мүшесі (1969), Өзб. ССР-інің ең-бек сіңірген ғылым қайраткері (1964). 1968 жылдан КОКП мүшесі. 1947 ж. Ташкент мед. ин-тын бітірген. 1967— 71 ж. Ташкенттегі Өлкелік патология ин-тының директоры. И-тың негізгі ғылми еңбектері қалқанша бездің қа-лынты және патология жагдайында-ғы клиникасы, морфология және гис-тофпзпологця жөнінде. Сондай-ақ, тп-реотоксикоз бен буғақ ауруын анық-тауда жеке емдеуде радиоактивті иод-ты пайдалану туралы да коп еңбекте-рі бар. Радиоподтераипяны диффу-зиялық және токсикалық буғақ ау-руына қарсы қолданганы үшін Лепиндік сыйлық берілді (1964). Ол еңбек Қызыл Ту орденімен наград-талған. ## Дереккөздер
Аталық жыланбас (лат. Dracocephalum stamineum) – ерінгүлділер тұқымдасы, жыланбас туысына жататын бұрынғы теңіздердің орнында, қорымдарда, құрғақ малта тасты өзен арналарында Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай альпі белдеуінде (теңіз деңгейінен 4000 м-ге дейін) өседі. Сабағы жайылған, саны көп, (биіктігі 7-30 см) түп. Сабақтары жұқа, бұтақтанған, жиі, түсі күлгін. Жапырақтар тақтасы дөңгеленген жүрек тәрізді (диаметрі 1,5 см) қалың қысқа түктері сұрғылт түс береді. Гүлшоғыры тығыз басты, бірнеше шығыңқы шоқтарымен. Тостағаншасы анық, қос ерінді, үшкір тісті. Күлтесі ұсақ (1 см), көк күлгін, шығыңқы аталықтарымен. Сондықтан түрге аталық деп атау берген. Шілде-тамызда гүлдейді, тамыыз-қыркүйекте жемісі піседі. Жер асты бөлігінің құрамында 0,4%-ға дейін эфир майы бар, ауруды басатын әсер береді. Омарталық және декоративті өсімдік, мәдени жағдайда зерттелген. ## Дереккөздер
III Ислам Герей (қырымтат. I İslâm Geray; 1604—1654) — Қырым ханы (1644—54), Селәмет-Гирейдің ұлы. Түрік сұлтанының тағайындауымен И.-Г. III інісі Мұхаммед-Гирейдің орнына 1644 ж. хан болды. Оның түсын-да Ңырымның беделі едәуір артты: гүрік портасындағы ала ауыздықтар-цы пайдаланып, И.-Г. III біршама тә-уелсіз саясат жүргізді, көршілес Украина меп Польша өзара соғыста олар Кырымнан жәрдем күтті, Украинаны да, Польшаны да әлсірету максатын коздеп. 1648 ж. Б. Хмельнпцкиймен одақ жасасты. 1649 ж. Сборово түбін-дегі шайқасқа қатынасып, И.-Г. III бұл ұрыста поляктарды жеңілістен сақтап, Б. Хмольницкийді олармен бі-тім жасауға көндірді. 1651 ж. 20 шопь-де Берестечко түбіндегі поляктарға қарсы шайқаста И.-Г. III. Б. Хмель-ницкийді ұрыс даласынан ертіп альп кетіп, И. Богунь басқарған украин әскерінің женілуіне себепші болды. 1653 ж. Жванц түбіндегі ұрыста по-ляктарды қолдап, ол Польшаны та-ғы да жеңілістен құтқарып қалды. Демек, Украина ұлт-азаттық армиясын ауыр жағдайда қалдырды. Әдеб.: Новосельский А. А, Борьба Московского государства с тата-рами в первой половине XVII в., М.—Л., 1948. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
ИСҚАҚОВ Мыңбай Өтежан ұлы (1. 11. 1921 ж. т., Көкшетау обл, Зеренді ауд., Пухальский с-зы) — қазақ совет математвгі, пед. гылымдарыиың кан-лилаты (1961), профессор қызметін атқарушы (1968). 1956 жылдап КОКП мүшесі. 1942 ж. Ұлы Отап согьтсыпа ңатысты. 1947 ж. ҢазПИ-діқ физ. ма-тем. ф-тін бітірген. 1947—52 ж. орта мектептепде мүғалімдік кызмет ат-қарды. 1953 жылдан ҢазПИ-де матем. панінің оңытушысы. Жаратылыс та-ну мен тех. тарихын зерттеуші _ ға-лымдар бірлестігінің Сов. комнтетінің мүшесі (1971). Матем., астрон. және атеизм таңырыбына арналған бірне-ше ғылми еңбектердің авторы. Проек-тивтік геометриядан иед. ин-ттарға арналған ңазақ тілінде түңгыш 2 том-дың оңулың жазды. ## Дереккөздер
Ласса вирусы бұл тұқымдасы Tacaride-LCLM, жанұясы Areuaviridal көзі болып табылады кеміргіштер афреикандық. ## Клиникасы. Инкубациялық кезеңі 17-20 күн, температураның 30-40С-ке дейін жоғарлауы, бас айналу, астения, миалгия, тәбетінің төмендеуі, құсу, іште, көкіректе ауырсыну болады. Кейбір науқастарда диарея болады. Ауыз қуысында, мойында, бетте қызару қатты болады.ОНЖ зақымдалумен жүреді, қалтырау, естімеуде мүмкін, бүйрек жетіспеушілік болуы мүмкін.Лабораториялық зерттеуде: лейкопения, СОЭ 40-60 мм/с жоғарлайды, нейтрофильдердің солға қарай жылжуы зәрде анықталады ақуыз, эритроцитурия, цилиндеррурия вирурия ұзақ.Диагностикасы. РСК, НРИФ, РДПА, РН алдын алу шаралары. ## Емі. Регидратациялық филлипс және тұзды сұйықтықтар қолданылады. Плазмалар, рибовирин қолданады. ## Профилактикасы. Медициналық қызметкерлер арнайы киім киеді қорғану үшін. Ласса қызбасы ауру адаммен қатынаста болғанда жұғады. Зәрге вирусологиялық зерттеу жасау керек , содан кейін аурухандан шығарылады. ## Дереккөздер * http://www.infectology.ru/nosology/infectious/viral/lassa.aspx Мұрағатталған 6 қазанның 2012 жылы. * http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs179/ru/
Инкубациялық кезеңі 3-6 күн (10 күнге дейін). Бастапқы кезеңі гиперемия фазасы. 3-4 күн ішінде өтеді және кенет дене қызуының 39-40С-қа дейін жоғарлауымен, айқын қалтыраумен, интенсивті бас ауруымен және таралған миалгиямен сипатталды. Аурудың 1-2 күндері көп науқаста бетінің, мойынның және кеуденің жоғарғы бөлімдерінің гиперемиясы және ісінуі байқалады. Склера және коньктиваның қан тамырлары ашық гиперемирленген (“қоянның көзі”) көзден жас ағу байқалады. Әдетте тамыр соғысы жиілеген, келесі күндері брадикардия және артериальды гипотензия дамиды. Көп науқастарда бауыры ұлғайған және ауырсынады. Бастапқы кезең соңында петехиялар және экхимоздар пайда болуы мүмкін. Гиперемия кезеңі қысқа уақытты ремиссияға ауысады (бірнеше сағаттан 1-1,5 тәулікке дейін). Бірқатар жағдайда ремиссия сауығу фазасына өтуі мүмкін, бірақта жиі аурудың келесі науқасымен ауысады. Венозды стаз кезеңі. Науқастың жағдайы нашарлайды. Дене қызуы қайтадан жоғарлайды, сарғаю өте айқын болады. Тері жабындылары бозғылт. Дене және аяқ-қол терісінде петехия, экхимоз түрінде жайылған геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Қызыл иектің қанталауы, көп ретті қан құсу, мұрыннан және жатырдан қан кету байқалады. Шок дамиды. Тамыр соғысы әдетте сирек, әлсіз толған, қан қысымы төмендейді, олигурия немесе анурия дамиды. Аурудың 7-9 күндері науқастың өлімі шок, бүйрек және бауыр жетіспеушілігі нәтижесінде болады. Қызбалы кезең ұзақтығы орташа 7-9 күн, одан кейін ол реконвалесценция кезеңіне өтеді. ## Диагностика. СҚ диагнозы науқастың қанынан СҚ вирусын (аурудың бастапқы фазасында) немесе оған антиденелерді (аурудың кеш кезеңдерінде) РСК, НРИФ, РТПГА тапқан кезде дәлелденеді. СҚ-ның салыстырмалы диагностикасы геморрагиялық қызбаның басқа түрлерімен, вирусты гепатитпен, безгектің қатерлі түрлерімен жүргізіледі. ## Емі СҚ науқастары масалардың кіруінен қорғанған стационарға жатқызылады. Парентеральды зақымданудың профилактикасы жүргізіледі. Терапиялық шараларға шокқа қарсы комплекс және дезинтоксикациялық заттар бұзылған гемостаз коррекциясы жатады. Айқын азотемиямен жүретін өршитін бүйрек, бауыр жетіспеушілігі жағдайында гемодиализ немесе перитонеальный анализ жүргізіледі. ## Профилактика Инфекция ошақтарында СҚ-ның арнайы профилактикасы тері антигендирленген вакцина 17Д және сирек вакцина “Дакар” арқылы іске асады. 17Д вакцина 0,5 мл-ден 1:10 қатынасында араластырылған түрде тері астына енгізіледі. Иммунитет 7-10 күннен кейін дамып, 6 жыл сақталады. Егілмеген адамдар эндемиялық аудандардан 9 күнге карантинге ұшырайды. ## Дереккөздер * http://www.infectology.ru/nosology/infectious/viral/yellow_fever.aspx Мұрағатталған 2 мамырдың 2014 жылы. * http://www.krasotaimedicina.ru/diseases/infectious/yellow-fever * http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs100/en/ * http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs100/ru/
Иртыш - газет, Қазақстан КП Семей обл. және қалалық комитеттері мен еңбекшілер депутаттары обл. Советінің органы. Алғаш 1918 ж. 2 ап-рельде «Трудовое знамя» деген атпен жұмысшы, солдат, шаруа, қырғыз (қазаң) және казак-орыс депутаттары Семей Советінің органы ретінде жарың көрді. Кейін аттары «Знамя борьбы и труда» (1918 ж. маусым — 1919 ж. дек.) — Семей ревкомының органы, «Степная правда» (1919 ж. дек.— 1924 ж. авг.) — РК(б)П Семей губ. бюросымен губревком органы, «Новая деревня» (1925 ж. қыркүйектен) — Семей губ. партия комитеті мен губ. аткомының органы болып өзгерді. 1927 ж. қыркүйекден «Приирышская правда» деген атпен губ., округтық, қалалық-ауд., обл. газет болып шықты. 1963 ж. 5 майдан «Иртыш» атымен шығады. «И.» қызметі Ертіс өңірінде Сов. өкіметінің орнап, нығаюы және облыстағы соң. және ком-мунпстік ңұрылыс тарихымен тығыз байланысты. Газет облыс еңбекшілерін коммунистік тәрбиелеу және оларды шаруашылық, ңұрылыс мін-деттерін орындау жолындағы күрес-ке жұмылдыруда сіңірген жемісті ең-бегі ұшін 1968 ж. «Ңұрмет Белгісі» орденімен наградталды.
ИРД Каарел Кириллович (27.1909 ж. т., Рига) — эстон совет рө-жиссері, актер, театр-қоғам қайрат-кері. КСРО халық артисі (1970). 1940 жылдан КОКП мүшесі. 1934—36 ж. Тартудьщ драм. өнер студпясында оқыды. Режиссерлік кызметі 1937 ж. басталды. Эстонияда Сов. өкіметі_ ор-нағаннан кейін (1940) «Вапемуііне» театрыныд бас режпссері болды. Драм. (Якобсоннын «Қамалдағы өмі-рі», Шекспирдің «Венециая квпесі», Горькпйдің «Тоғышарлары» мен «Егор Вулычов және басқалары», Брехтьщ «Галнлейдіц өмірі») және опералық (Капптың «Бостандық жыршысы»,Г. И р в и н г Шейлок ролінде.нады. Эст. ССР Мемл. сыйлығы (1947) мен СССҒ Мемл. сыйлығының лауреаты (1967) 2 орденмен гкәне медальдармен на-градталған.Шығ.: Постараемся поймать чудо Статьи о театре, Л., 1967; Размышляя ( театре. М., 1973.Әдеб.: К р ы м о в а Н., А как там Ка-арел Ирд?, в её кн.: Имена, М., 1971.Эрнесакстің «Пю-хаярь көлі») спек-такльдер де қой-ған. Рольдері: Гар-ри Смит (Симонов-тың «Орыс мөселе-сінде»), Тригорин (Чеховтың «Шаға-ласында»), Прота-сов (Л. Толстой-дың «Тірі өлігін-де»). Пед. қызмет-пен де шүғылда-нады. Эст. ССР. ## Дереккөздер
Шарап үңгірлері – дүниежүзіндегі шарап өндірісінің ажырамас бөлігі. Шарапты жер астында сақтау тиімді. Біріншіден, электр қуатын үнемдеуге болады. Екіншіден, шектеулі жер аумағын оңтайлы пайдалануға мүмкіндік бар. Шарап үңгірлері шараптарды сақтау мен оларды ұзақ уақыт ұстауға аса қажетті ылғалдылықпеен және салқын температурамен қамтамасыз етіледі. Алғашқы шарап үңгірлері жай ғана жерден қазылған туннельдер болатын. Басында жалаңаш жартастардан тұратын шаң басқан туннельдер пайдаланылды. Оның алтын өндіретін кен орындарынан аса айырмашылығы болған жоқ. Дегенмен өнертапқыштар шарап үңгірін бірте-бірте дамытып, түрлі идеяла рйлап тапты. ## Қызықты деректер * Калифорниядағы алғашқы шарап үңгірінің құрылысы 100 жыл бойы салынды. Ол Фа Ниентедегі ұзындығы 18 метрлік тіннель болатын. * Римдіктер шараптарын ыңғайлы орналастырылған катакомбаларда сақтаған. * Шарап үңгірлері әлемнің түкпір-түкпірінен табылған. Напа алқабының жоталарында көптеген қараусыз қалған шарап үңгірлері бар. ## Дереккөздер
Манкент минералды жер асты су кені – Сазтөбе тауының солтүстік-батыс беткеінің тауалды жазығында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылынан 1 км жерде орналасқан. «Манкент» санаторийіне қажетті минералды су көзі ретінде барланған. Кен орнында палеозой және мезозой-кайнозой дәуірінің жарылымдары кеңінен таралған. Арынды суының шамасы 300-1180 м. Суының минералдылығы 1,9-2,2 г/л, химиялық құрамы бойынша сульфатты-хлоридті натрийлі. Жалпы кермектілігі 7,2-ден 12 мг-экв/л; рН 7,4-8,1, суының температурасы 38С. Химиялық талдау кезінде Манкент минералды жер асты су кенінде келесі микроэлементтер анықталды (мг/л). йод – 0,17; фтор – 4,7; бор – 2,5; бром – 3; литий – 0,27; стронций – 5,8; рубидий – 0,08; судағы радонның мөлшері 5-тен 12,5 эманға дейін өзгереді. Сынап, ванадий, күшәла, мырыш, тағы да басқа улы заттардан шектеулі рауалы деңгейден жүздеген есе төмен. Минералды судағы еріген газдың құрамы (%-бен) – 79,9 оттек – 15,7; көмірқышқыл газ – 3,4; сутек – 0,0009. Кен орнының суы бальнеологиялық топқа жатады. Кен орны 1974 жылдан бастап игерілуде.
Маңғыстау артезиан алабы — Маңғыстау облысындағы жер асты сулы алап. ## Толығырақ Батысы – Каспий, шығысы – Арал теңізі, солтүстігі Қаратау жотасы, оңтүстігі Түрікменстанға дейінгі аймақты қамтиды. Ауданы 60 мың км²-ден астам. Жалпы қалыңд. 4 км-ге дейін созылатын юра, бор, палеоген шөгінділерінің әр түрлі тереңдікте жатқан құмды белдеулерінде. Юра, бор, палеоген, неоген шөгінділерінен құралған алаптың жалпы тереңдігі Қаратау маңында 1,5 км-дей, ал алап орт-нда 5 – 6 км шамасында. Юра мен төменгі бор шөгінділерінде қалыптасқан сулардың арын күші өте зор, ащы, кейде тұздық сулар да кездеседі. Мұнай кендерімен шектесетін арын күші зор бұл сулар мұнай шығаруды жеңілдетеді. Ұңғымалардан су өздігінен шығады. Бұрғылау тереңдігіне байланысты олардың температурасы 15 – 20С-тан 120 – 160С-қа дейін ауытқиды. Басым бөлігінде суы ащы. Минералдығы 10 г/л-ден асады, тереңнен шыққан суда 180 – 200 г/л-ге жетеді. Қаратаудан оңт-ке және солт-ке қарай жер асты суларының тереңд. 75 – 100 м-ден 700 – 800-ге, ұңғымалардың су шығымы 500 – 1000 м³/с-тен 2000 – 3500 м³/с-ке, минералдығы 0,6 – 1,5 г/л-ден 3 – 5 г/л-ге, сулы горизонттардың жалпы қалыңд. 20 – 30 м-ден 100 – 150 м-ге дейін жетеді. Тұщы және ащылау судың ғасырлық жалпы қоры 100 млрд. м3, жыл сайын қосылатын қоры 100 млн. м3-дей. Тұщы судың пайдаланылатын қоры жылына 35 – 40 млн. м3. ## Дереккөздер
Манкент санаторийі – шипалы сумен емдейтін климатолық санаторий. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент таулы жотасы станциясынан 6 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 606 м биіктікте орналасқан.
Кете (лат. Oncorhynchus keta) – қауырсын қанатты балықтардың Албырттар тұқымдасының Тынық мұхит албырттары тегінің анадромды балығы. Қиыр Шығыста кездесетін албырт балықтардың бір түрі. Ұзындығы 1 м-ге дейін, салмағы 2,5—4,5 кг-ге дейін болады. Бұл балықтың шабақтары уылдырықтан шығады да, өзенлерде өсiп жетiледi. Сондықтан әр жаздың ортасында Тынық мұхитқа құятын өзендерде кета үйiрi пайда болады, олар мұнда уылдырық шашу үшiн келеді. Мұндайда адамдар: «Кета келдi»,- дейді. Балықтар өзендi бойлап, жоғары қарай өрлей бередi, көлденең жатқан көптеген кедергi тастардан, үйiндiлерден етiп, өзеннің бастауына жетеді. Мұнда кета өзеннен ұсақ шағыл тасты түбiне, яғни құм-шағыл тастардың арасына шағын ойыс ұя жасайды. Бұл ойысқа уылдырық шашып, оны құйрығы арқылы ұсақ, шағыл тастармен көмеді. Осыдан бастап екі апта бойы өз ұясын жауларынан тынымсыз қорғайды. Бұл балықтардың бәрiн қиыршығыс албырты деп атайды. Сонымен қатар кәсiптiк албырттар да бар: ақсерке, қаратеңіз және каспий албырты, көл албырты, кумжа және бахтах. Бул балықтар да, кета сияқты, мұхиттар мен теңізперде немесе үлкен көлдерде тiршiлiк етiп, уылдырық шашу үшiн өзендерге шығады. Тек бахтах қана ұзақ, сапарға шықпайды. Ол әдетте бiр ғана өзенде тiршiлiк етіп, сол өзенде уылдырық шашады. Кете сауда орындарына тоңазытылған, тұздалған және ысталған түрінде түседі. Кетені басытқы, бутерброд ретінде және салаттар әзірлеу үшін пайдаланады. ## Дереккөздер
Құмбар – Лепсі өзенінің аңғарындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы, Көкөзек ауылының солтүстігінде 16 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 491 м. Солтүстіктен шығысқа қарай доға тәріздес 20 км-ге созылған, енді жері 7-8 км шамасында. Жер бедері ұялы жалды төбешіктерден тұрады. Орта және жоғарғы төрттік кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Солтүстік-батысында Үлкен Алтай көлі жатыр. Құмбар бойында Соленая және тағы да басқа қыстаулары орналасқан. ## Өсімдігі Құм, сортаңды сұр топырақ жамылғысында сұр жусан, ши, ажырық аралас астық тұқымдас шөптесіндер, бұталар өседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жағылан - сандықтың көне түрі. Қазақ даласында ХVІІІ-ХІХ ға- сырда кең тараған. Киім- кешек басқа да бұйым-дарды ішіне салып қояды. Үлгісі әбдіре тәрізді. Оның негізі жұқа тақтайлардан құрастырылады, сырты түгелдей былғарымен қапталады, бет жағы ғана әр түрлі әдіспен көркемделіп, ұзындығы 60-70, ені мен биіктігі 30-35 сантиметр болады. Сыртындағы былғарыға қошқар мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз сияқты ою-өрнектер жүргізіледі. Жағланның бетінің дәл ортасынан дөңгелек, екі шетінен жапырақ тәрізді дөңес көздер көксауыр былғарымен ойыстырылады да, төрт бұрышындағы дөңгелек жұлдыз тәрізденіп бастырылған өрнектің ортасына күміс көздер орнатылады. Кейбір жағыландар қызғылт былғарымен де қапталады. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 – X
КрашенинниковСтепан Петрович (31. 10. 1711, Москва, — 25. 2. 1755, Санкт-Петербург) — орыс ғалымы, Камчатканы зерттеушi. Академик (1750). 1724–1732 жылдары Москва славяк-грек-латын академиясында, 1732–1733 жылдары Санкт-Петербург университетiнде оқыды, Екінші Камчатка экспедициясына қатысты (1733–1743). 1733–1736 жылдары Сiбiрге саяхат жасады. 1737–1741 жылдары Камчатка түбегiн зерттедi. Осында жинаған материалдары негiзiнде «Оппсание камчатского народа» «О завоевании Камчатской землицы» деген алғашқы ғылми еңбектерін жазды. Бұл еңбектерiнде Камчатка түбегiнiң географиясы, экономикасы, халқы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, тiлi жөінде ғылми құнды деректерді келтіредi. Камчаткада Крашенинников есімімен аталатын арал, мүйiс, түбек, тау, көл бар. ## Дереккөздер
Қолсандық – ұзатылатын қыздарға арнап жасалатын, киім-кешек, әртүрлі заттар салынатын бұйым. Ол бұрындары қыз жасауының құрамына кіретінді. Көлемі шағын, ұзындығы – 45-50 сантиметр, ені 20-30 сантиметр, биіктігі – 15-20 сантиметр болып келеді. Ағаштан жасалып, біртүсті бояумен сырланады. Сән қуған адамдар оның беттеріне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызған, түрлі-түсті бояулармен сан қилы ою-өрнектер салғызған. Оны жасатқанда неше түрлі шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс әшекейлермен де безендірткен. Көркемдік ерекшеліктеріне қарай қол сандықтар төрт топқа бөлінеді. Оның бірінші топқа жататын ең тәуірі – сырты түгелдей сүйектеліп әсемделгені. Ақтөбеден табылған осындай қол сандықтың бірі төрт жағы тегіс, қақпақтың төрт жиегі мен төбесі толықтай түйе сүйегінен кесіліп жасалған сан алуан әшекеймен өрнектеліпті. Ал, қол сандықтың жиектеріне қиыстырған сүйек әшекейлердің бетіне қос мүйіз оюлары жүргізілген. Алдыңғы бетіне үш үлкен шаршы ойыстырылып, олардың арасында, астыңғы жағында шебер қиюластырылған сүйек әшекейлердің беттерінде әдемі оюлар бар, астына жез, шұға төселген. Қол сандықтың екінші тобы: бет жағы түрлі-түсті бояулармен өрнектелгені, үшінші тобы: алдыңғы беттері өте күрделілері. Онда өсімдік тектес және геометриялық кескіндер бейнесінде бедерлі оюлар ойылады да, түрлі - түсті бояулармен нақыштар салынады, төртінші тобы: алдыңғы беттеріндегі өсімдік және геометриялық кескіндердің бір-бірімен айқасып жататыны, ақ, қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулармен әрлеу арқылы бір жазықта ойылған оюлардың 2-3 қатар деңгейде ойылғандай етіп көрсетілетіні. Қол сандықтың қас беттері, екі жаны, қақпақтарының төбесі тегіс сүйектеледі. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 – X
100 г желкекте – 68 ккал бар. Желкектің құрамында фосфор, күкірт, калий, кальций, темір, натрий, магний және A, B, C және E дәрумендері бар. ## Бір денсаулық Желкек антибактериалды, антивирусты және фунгицидті әсер етеді. Зат алмасуды ынталандырады, бауырдың, бүйректердің жұмысын реттейді және де ағзаның қарсыласуын күшейтеді. Лимон мен апельсинге қарағанда оның құрамында С дәруменінің мөлшері көп, ал құрамындағы фитонцидтің арқасында пиязбен және сарымсақпен қатар құрметті орынға ие. Ағзаны дәрумендер мен минералды тұздармен қамтамасыз ету мақсатында, өтпелі кезеңдерде (күз-қыс және қыс-көктем) қолдануға кеңес беріледі. ## Сезімдерді күшейтеді Үккіштен өткізілген өзіндік ащы дәмі бар желкектің тамыры көптеген тағамдар мен салаттрдың құрамдас бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, салқын немесе ыстық етке немесе балыққа қосымша ретінде қаймақпен және лимонмен дастарханға қойылады. ## Балғындықты сақтайды Табиғи антибактериалды қосылыстардың – фитонцидтердің – арқасында, желкек ерекше қасиеттерге ие. Оның жапырақтарына оралған май, ет немесе балық өз балғындықтарын ұзағырақ сақтайды, өйткені олардың құрамындағы фитонцидтер бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Пайдалы ақжелкек көкөністері ## Жыларман ету Егер желкек жаңа піскен, қатты қаныққан болса, онда оның құрамындағы эфир майлары жыларман етеді немесе түшкіртеді. Осындай жағдайда, оны қолданып болғаннан кейін, иісі тітіркенген шырышты қабықты тыныштандыратын ақ нанның тілімін жылдам иіскеңіз. ## Дереккөздер
Ақ үрме бұршақтың 100 г - 102 ккал Құрамында темір, кальций, магний, ағуыз, Е дәрумені бар. ## Қуат толы дәндер Үрме бұршақ бұл темірдің көзі. Темір жетіспеуінің салдарынан зардап шегетін адамдар әлсіз әрі енжар бола бастайды. Ең алдымен, темірдің жетіспеушілігінен жүкті әйелдер, жазылып келе жатқан аурулар, балалар және жеткіншек жастар зардап шегуі мүмкін. Темірдің жақсы сіңірілуі үшін үрме бұршақты С дәруменіне бай көкөністермен жеуге кеңес беріледі. ## Мықты дуэт Ақ үрме бұршақтың құрамында біздің тістеріміз бен сүйектеріміздің мықты болуына қам жасайтын, бір-бірін толықтырып тұратын құрамдас бөліктер - кальций мен магний бар. Патшалық дән Үрме бұршақ дәні Үш Патша немесе Епифания мерекесін тойлау салтында белгілі бір роль атқарады. Көптеген елдерде (мысалы, Франция мен Испанияда) үрме бұршақтың дәнін арнайы қаусырманың ішінде пісіреді. Жергілікті салт-дәстүрге байланысты, жасырылған бұршақ кімге түссе, сол той-думанның патшасы болады немесе... шотты төлеуі қажет! Бұршақ көкөністері 2Ақ үрме бұршақ және футболАқ үрме бұршақ құнарлы сорпалардың, мысалы француз Кассулесінің, испан Фабадасының немесе бразилия Фейжоадасының, екінші тағамдардың - мысалы үрме бұршағы бар итальян пастасы, салқын және ыстық салаттардың құрамдас бөлігі болып табылады. ## Дереккөз
Гүлжауһар Кәкенқызы Көкебаева (14.12.1954 жылы туған, – тарих ғылымдарының докторы, профессор. * 1975 - С.М.Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. * 1975-1980 - Орал педагогикалық институтында (қазіргі Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (1980–82, 1985–88, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), 1988-2001 - ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) сабақ берген. * 2001 жылдан әлөФараби атындағы ҚазҰУ-да педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысты. КСРО Ғылым Академиясының Жалпы тариx институтының (Москва қаласындағы) аспирантурасын бітіріп, сонда кандидаттық диссертация қорғаған. Кандидаттық және докторлық диссертациялары Германия тариxына арналған. Германияда ғылыми тәжірибеден өткен. Соғыс тұтқындары туралы Қазақстанда шыққан алғашқы ғылыми монографияның авторы. Ол Германия тариxымен,екінші дүниежүзілік соғыс тариxымен айналысады. Бірнеше шетелдік гранттардың иегері. Ол қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты шет ел архивтері мен кітапханаларында (Германия, Венгрия, Польша, т.б.) сақталған деректерді жинастырған. Екінші дүниежүзілік соғыс мәселесі бойынша сарапшы.300-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.
Қызылсоқ – Самсы және Құтырған өзендерінің аралығындағы аласа тау. ## Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылының шығысында 13 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 948 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-ге созылған, енді жері 2,5-3 км. Көлбеу беткейі адырлы келген, олар өзен арналарымен, сай-жыралармен тілімденген. Солтүстігінде Тұрағылды қоңысы, солтүстік-шығысында Шилі, батысында Қозыбасы таулары бар. ## Өсімдігі Таудың шалғынды қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас бетеге, боз, жусан, изен, ебелек, тағы да басқа астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Тардуштар - Түрік қағандығының екі бөлігінің бірін білдіретін ұғым. Қағандықтың саяси құрылымына, тайпалық одақтармен қатар, тайпалардың географиялық белгілеріне қарай екі әскери - әкімшілік бірлестік кірді. Олар: Тардуштар (қағандықтың батыс бөлігін мекендеген тайпалар) және телелер (қағандықтың шығыс бөлігін мекендеген тайпалар). Түрік әскерлерінің оң және сол қанаттары осы әскери - әкімшілік бірлестіктердің жасақтарынан тұрды. Екі бірлестікті де қаған тағайындаған шадтар басқарды. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Үрме бұршақтың 100 г – 385 ккал Құрамында ағуыз, жасұнық, В тобының дәрумендері, кальций, фосфор, темір бар. Көп гүлді бұршақ Оңтүстік Америкадан шыққан. Мексикада, Гватемалада және Колумбияда жабайы өседі ## Мексикандық ару Оның отаны - Мексика, онда ол екі мың жылдан астам уақыт бойы әйгілі . Әдемі гүлдерінің және едәуір ұзындығының (оның бойы 4 метрге дейін жетеді) арқасында, алғашқыда оны XVII ғасырда сәндік өсімдік ретінде өсірген. Үрме бұршақтың осы сұрыбының қызғылт бұршаққындарында онға дейін қызыл дақты дәндер бар. Оны сәкі айналасына егуге және үрме бұршақтың жас бұршаққындарынан ляззат алуға болады немесе ол піскенше күте тұрып, түсті бұршақтар дайындауға болады. Оның гүлдерін де жеуге болады дейді. Әмбебап көкөніс Үрме бұршақты әр түрлі тағамдарға, салаттарға қосуға немесе жеке тағам ретінде де ұсынуға болады. Онымен пияз, қызанақтар және тунец жақсы үйлеседі. ## Дерекөздер
Түменбай Орынтайұлы - (XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басында өмір сүрген, қазіргі Райымбек ауданы) - би. Тегі Албан руынан. Ұлы Жүз қазақтарының Ресейдің қол астына кіру жөніндегі өтінішіне қол қою уәкілетіне ие болған беделді тұлғалардың бірі. Ел аузындағы аңыздарда, көбінесе, Түменбайдың көріпкелдік қасиеті жиі ауызға алынады. Оның балалары - Алпар мен Тұлпар, немересі Саурық ұлт азаттығы үшін күрескен батырлар ретінде халық жадында қалған. Ал Саурықтар тарайтын шөбересі - Ұзақ батыр 1916 жылы Қарқара көтерілісі басшыларының бірі болған. Райымбек ауданының орталығы, Кеген ауылының оңтүстігінде Түменбай атындағы ауыл және бұлақ бар. Бұлақтың шығысындағы батыр зиратына биіктігі 3 - 4 метр күмбез тұрғызылған. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Үбі Үсеуұлы (1790 ж.ш. - ө.ж.б. , Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой мекені) - батыр, Исатай - Махамбет көтерілісіне қатысқан. Тегі - Беріш руының Есенғұл атасынан шыққан, белгілі Үсе батырдың жалғыз ұлы. Төрт - бес жасынан әкесі қасынан қалдырмай ертіп жүрген Үбі өжет, қайсар болып өседі. 1829 жылы толқу сәтінде казак - орыс әскерлерінің қолына түсіп, он адаммен бірге Финляндияға жер аударылады. Кейін Исатай мен Махамбеттің соңынан еріп, атақты Ақбұлақ жорығын дайындауға белсене қатысады. 1838 жылы патша үкіметінің қатынас қағаздарында және тыңшылардың ақпаратында оның есімі жиі аталады. Үбі Үсеуұлы Атырау облысының аумағында қайтыс болған. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Жер алмұрты немесе Топинамбур (лат. Helianthus tuberosus) – астралылар тұқымдасына жататын тамыр жемісті көп жылдық өсімдік. Отаны — Солтүстік Америка. Жер алмұртыныңның сабағы, жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ жапырағының көлемі одан кішілеу, сабағы жіңішке болады. Биіктігі 1-5 м. Тамыр сабақтарынан көптеген (5 — 6, кейде 30 — 40) ақ, сары, күлгін, қызыл түйнектер дамиды. Олардың пішіні ұзынша, сопақша, домалақ болады. Құрамында протеин, фосфор, темір, С1, В1 витаминдері бар. Түйнегі тағамға, малға жем ретінде, спирт және фруктоза алуға пайдаланылады. 100 кг тамыр түйнегі 25 — 27 азық өлшеміне тең, онда 1,5 кг сіңімді протеин бар. Жер алмұртын көктемде немесе күзде егеді. 1 га-дан 200 — 250 ц түйнек, 350 — 500 ц көк шөп алуға болады. Топинамбурда 20% инулин, 1,5—3% азотты заттар, 2—5% сахароза бар. ( Топинамбурды малға жем ретінде, 1 спирт, инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде қолданылады. Тамыр түйнектерін топырақ астында сақтап, қажет кезде қазып алуға болады. Жер алмұрты мал азықтық дақыл ретінде Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі. Жер алмұртының 100 граммында 306 ккал бар. Құрамында A, B1, B2, B6, C және E дәрумендері бар. Кұрамында кремний, калий, әк, фосфор, темір және цинкпен қатар фруктоза, пектин өзегі мен аминқышқылдары бар. ## Картоптың бәсекелесі Үндістер жералмұртты Колумбтың Американы ашпас бұрын көп жылдар бойы өңдеген. Түйнектері аздап картоп тәрізді, бірақ кішкене өскіндері зімбірге де ұқсас. Дәмі бөрікгүл немесе алмұрт дәмдеріне ұқсайды, сондықтан оны жер алмұрты деп атап кеткен. Шикі қалпында салаттарда, пісірілген қалпында және картоп сияқты қуырылған қалпында да қолдануға болады. Францияда жералмұрт түйнектері салаттардың әдепкі құрамдасы. Германияда жералмұрт негізінде жасалған, «Жералмұрт брендиі» деп аталатын арақ та бар, өсімдік құрамындағы алкоголь түрлі алкоголь сусындарын даярлауға мүмкіндік туғызады. ## Үндістердің құнарлы түйнектері Ежелгі заманнан жералмұрттың жерасты түйнектері үндістер үшін тек қорек қана емес, әрі дәрі-дәрмек болған. Ең соңғы зерттеулер оның ағзадағы холестерол деңгейін төмендетіп, қан қысымын әрі ас қорыту жүйесін реттеп, иммунитетті күшейтіп, күш-қуат беретінін көрсетті. Әсіресе шажырқай безінің ауруына шалдыққан адамдарға аурудың бастапқы кезеңінде қолдануға ұсынылған. Құрамына жералмұрт кіретін диеталардың несеп айдағыш қасиеті бар, сондықтан ол бүйрек ауруына шалдыққан кезде өте пайдалы. Жералмұрт тағамдары мен дәрі- дәрмектеріне ағзадан уыттар мен ауыр металдарды шығарған кезде оны сүйейтін қорғау қасиеттері таңылады. ## Солтүстік лимоны Жералмұрт тілімшесі қосылған ыстық шайда лимон қосылған шайдың ерекшеліктері бар. Сондықтан жералмұртты «Солтүстік лимоны» деп атайды. ## Ас қорыту үшін Америкада жералмұрт құтаю өнерімен әуестенетін адамдар үшін өте маңызды. Сонымен қатар ол Америкадағы алғашқы еуропалық қоныстанушылардың да өмірлерін құтқарған. ## Дереккөздер
Ябғу, жабғу - түрік билеушілерінің лауазымы. Куман патшалығының теңгелеріне "Явиго" деп жазылған. Түріктерде Ябғу болып айтылады. Ябғу қағаннан бір саты төмен дәрежеде тұрған. Түрік тайпаларын басқарушы лауазым мағынасында ежелгі түрік ескерткіштері мен руна жазуында, араб және парсы тілінде жазылған деректерде жиі кездеседі. Сонымен қатар, Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Шәдібек хан — Алтын Орданың ханы (1399–1408), Жошы ханның ұрпағы. Шәдібек хан таққа Ноғай әмірінің қолдауымен отырады. Бірақ іс жүзінде билік Едігенің қолында болады. Шәдібек ханның тұсында Алтын Ордада жағдай бірсыпыра уақыт тұрақтанады. Бірақ Алтын Ордаға билікке келе алмаған Ноғай әмірі Едіге өзі билікке қойған Шәдібек ханға күресіп, оны қашып кетуге мәжбүр етеді. Едіге 1408 жылы Темір - Құтлықтың ұлы Болатты хан етіп қойды. ## Дереккөздер
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді. Көрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құралысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа да түрліше шартты белгілерді түсіруге болмайды. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын тағы бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Сібір самырсыны (Қарағайлар тұқымдасы) - Қазақстан Алтайында кеңінен таралған бірден-бір түр. Сауыр және Жоңғар Алатауының солтүстігінде кездеседі. Биіктігі 30 м-ге дейін, ағаш діңінің диаметрі 150 см-ге жуық, түзу діңді, тегіс, күл түстес, сұр қабықты өсімдік. Жапырақтары (қылқандары) түспейтін, тегіс, жалпақ, жылтыр, үстіңгі бөлігі жасыл және астыңғы жағында екі ақшыл жолағы бар. Ағаш бірүйлі болғанымен, дара жынысты. Мамыр-маусымда гүлдейді. Жеміс беретін арнайы бүршіктерінің ұзындығы 9 см, ені 4 см, сопақ цилиндр тәрізді, тығыз қабыршақтары бар. Кіндік тамырлы, жерге терең бойлайды. Тау беткейлерін тұрақтандыруда маңызды. Суыққа төзімді емес. Тіршілік ұзақтығы 200 жыл. 1 га самырсын орманынан 2,5 кг шайыр алуға болады. ## Дереккөздер
Сібір балқарағайы (Lárix sіbіrіca) (Қарағайлар тұқымдасы) - Оңтүстік Алтай мен Сауыр орманының негізін құраушы. Ағаш биіктігі 30 м, кең пирамидалы басты және қоңыр күрең сызатты қабықты. Басқа қылқан жапырақтылардан айырмашылығы мәңгі жасыл емес және қылқаны түсіп қалады. Мамыр-маусымда гүлдейді. Тозаң масақшалары әрең байқалады. Қыркүйек-қазанда пісіп, ашық күрең қоңыр және ашық сары түске өзгереді. Қанатты тұқым күзде шашылады, желмен таралады. Балқарағайдың тіршілік ету мүмкіндігі 500 жыл. Топырақ түріне, ауаның газбен ластануына, ыстануына аса мән бермейтіндіктен қаланы көгалдандыруда өте жоғары бағаланады. ## Дереккөздер
ИОНДАР АССОЦИАЦИЯСЫ — карсы зарядты иондардың Кулон заңы бойынша электростатикалық әрекеттесуі арқылы ассоциат деп аталатын белшектер түзуі. Иондардың ассоциациялау процестері әрекеттесуші массалар заңына т. б. термодинамп-калық қатынастарға байлалысты. Ассоциаттардың тұздар, сілтілер жәпе қышқыл ерітіпділерінде бар екені сол ерітінділердіц әлектр өткізгіштігіп, оптикалық қасиеттерін анықтау т. б. әдістер арқылы дәлелденген. Иопдар-ПТ.ТИ ассоциациялану дорежесі еріткіштің және электролиттің табиғатына, ерітінді концентрациясына, температураға тәуелді; ерітінділерінің термодина-микалың және кинетикалың қаси-еттеріяе, комплөкс иондарының түзіяу процестеріне, кейбір электролит ерітінділердің аномаль эектр өткіз-гіштігіне, сутектің асқын тотығының ыдырауына, кейбір электролиттердің стабилаизациялану әсері иондардың ассоциациялануына себеп болады. ## Дереккөздер
Алтай таутобылғысы немесе Алтай сибиркасы (лат. Sіbіracеa altaіensіs) – раушангүлділер тұқымдасы, таутобылғы туысына жататын бұта. Алтай эндемигі. аз ғана топтармен өзен аңғарларының ашық алқаптарында, таудың ортаңғы белдеуінде өседі. Алтайдың Үбі, Нарын, Иванов қырқаларындағы шалғындық беткейлерде, орман шеттері мен алаңдарында сирек немесе жеке түп болып өседі. Биіктігі 1 м-дей, жуан бұтақтарының қызғылт қоңыр қабығы бар. Сағақсыз жапырақтары түксіз келеді, 5 – 8 см болады. Бұтақтары барынша жуан, қызғылт-қоңыр қабықты. Гүлдері дара жынысты. Тостағанша мен желектерінің саны бестен. Тостағанша диаметрі 0,5 см. Маусым-шілдеде гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Жемісі қынап түсті. Алтай таутобылғысы – сәндік өсімдік. Алтай ботаника бағында өсіріледі, таралу аймағы сиреп бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Алтай сибиркасының жапырақтары кейде шайдың орнына пайдаланылады. Ал халық медицинасында безгек, бауыр ауруларын (гепатит), жүрек ауруларын емдеуде қолданады.
Қара сұлы (лат. Avena fatua) – астық тұқымдасының сұлы туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 120 см-дей, сабағы тік, жапырағы ұзын, таспа тәрізді, 2-3 гүлден топталып өседі. * Гүлшоғыры - сыпыртқы. * Тұқымы арқылы өсіп-өнеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. * Дәнегі піскен кезде тез төгіледі. Бір түп өсімдікте 600-дей дәнек болады. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Қазақстанның барлық жерлерінде тараған, тек тәлімі жерлерде өспейді. Қазақстанның солтүстік аудандары үшін ең зиянды арамшөптің бірі. Көк майса кезінде малға жақсы пішен. ## Егістікке зиянды әсері Қара сұлы - тамыры тереңге кететін арамшөп. Жаздық дақыл егістігінде қалың өседі, егістіктің топырағын кептіреді. Астықтың сапасын төмендетеді.Қара сұлы сұлыға өте ұқсас. Егер егілген ақ сұлыны жөндеп күтпесе, ол қара сұлыға - арамшөпке айналып кетеді. Ақ сұлы сабағының шашағындағы ақ сұлы дәндерінің ішінен қара сұлы дәнін де табуға болады. Қара сұлы мен ақ сұлының бір-бірінен негізгі айырмашылығы - жемістерінің (дәндерінің) құрылысында. Ақ сұлы дәнінің қабыршақтары жұмсақ, дәндері ірі, қоректік заттар көп; орып және басып алғанша дәндері сабағының басынан өз бетінше түспейді және төгілмейді. Қара сұлы дәнінің - қабыршағы тығыз және қара-қошқыл болады, пісісімен дәндері сабағынан төгіліп түседі. Қабыршақтарының бірінде, бетегенікі сияқты, ширатылған қылтығы болады. Ылғал тигенде қылтық жазылып кетеді, кепкен кезде қайтадан ширатылады. Қылтығы біресе - ширатылып, біресе - жазылып кетудің арқасында қара сұлының жемісі жорғалап жүріп, жер бетіне тарала бастайды. Егер столдың үстіне бір шымшым қара сұлы төгіп, үстіне азырақ су себетін болса, олар жан-жаққа қарай, ширатыла баяу қозғалып, бет-бетімен кетеді. ## Күрес шаралары Егістікке зиянды әсеріне қарсы күрес: * тұқымды тазарту; * жерді сыдыра және терең жырту; * ауыспалы егіс жүйесін дұрыс орындау; * гербицидтерді қолдану. ## Дереккөздер
Селеубояу (селин) — Оңтүстік құмды шөлдерде өсетін қияқтың орнына бетегеге ұқсас астық дақылы. Бұл, тіпті, шағыл құмдарда да өсе алады. Шағыл - сусылдақ жылжымалы құм, желмен бірге сусылдап жылжып отырады. Тынық күндері де жоғарыдан төмен қарай су төгілгендей болып, құм сусылдайды да жатады. Селеубояу жан-жағынан мықты, жуан және қамшының өрімі тәрізді тамырлар шығарады. Селеубояудың жер бетінен биіктігі жарты метрдей - ақ болғанымен тамыры айналасындағы 10 метр жерге дейінгі сусымалы құмды бекітеді. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Алтай жуасы (лат. Allium altaicum) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік. Алтай, Зайсан, Тарбағатай тауларында өседі. Тастақты беткейдерде, жартастарда, тау өзендерінің арна маңындағы малта тастарында өседі. Сабағы 80-100 см болатын, мықты, қампиған, ортаңғы бөлігі кеңейген, ұшына қарай тартыңқы. Жапырағы цилиндр тәрізді қылтиған, сабағынан қысқа. Жылтыраған сарғыш гүлдері гүлшоғырға жинақталған. Шілде-тамызда гүлдеп, жаздың соңы мен күздің басында жеміс береді. Вегетативті, пиязшығынан көбейтуге болады. Бактерияларды жоюға пайдаланылады. Халықтық медицинада асқазан жұмысын жақсарту үшін қолданылады. ## Дереккөздер
Бас сүйексіздердің тектері. Осы кезде тіршілік ететін бас сүйексіздердің тегі туралы, палеонтологияда ешбір маглұматтар жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының тегі туралы, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді. * Академик А. Н. Северцевтің айтуынша, бас сүйексіздердің тегі еркін жүзе алатын екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың атриальдьік қуысы болмаған, хордасы бас бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз болған (17-20) және оларда симетриялы түрде орналасқан. Сол алғашқы бас сүйексіздерден екі бұтақ тараған. Біреуі—еркін жүзіп жүріп тіршілік ететін омыртқалардың шығуына себепші болған топ та, екшші— жай қозғалуға су түбінде топырақты қазып тіршілік етуге бейімделгендері. Бұдан осы заманда тіршілік ететін бас сүйексіздер-дің ата тектері шыққан болуы мүмкін. ## Тағы қараңыз * Бассүйексіздер ## Дереккөздер
Нина Қаюпова - 1936 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында дүниеге келген, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Алдын алу медицинасы академиясының профессоры, академик. ## Өмірі мен қызметі Әкесі – Молдағалиев Әмір (1902–1976), кеңестік партия органдарында қызмет еткен. Анасы – Молдағалиева Биғайша (1914–1972), үй шаруасындағы жан болған. Нина Алматы мемлекеттік медициналық институтынның аспирантурасын бітірген. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Аса қатерлі топтағы екіқабат әйелдерде кезігетін акушерлік асқынуының алдын алу». «Қазақстанда әйелдердің босануға қабілетті денсаулығын қорғаудың ұлттық саясаты», «Екіқабат жағдайындағы аса қатерлі топтар», «Аборт және отбасын жоспарлау» , «Перинатальдік биохимияның негіздері» атты монографиялардың, 200-ден астам мақаланың авторы. 1959 жылдан бастап – Алматы қаласындағы №1 перзентхананың акушер-гинекологы. 1962 жылдан - Алматы мемлекеттік медициналық институтының аспиранты. 1965 жылдан – Ана мен баланы қорғау ҒЗИ-дың кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 1971 жылдан – Алматы мемлекеттік медициналық институтының ассистенті, кафедра доценті. 1976 жылдан – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы. 1981 жылдан – директордың орынбасары, 1983 жылдан – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерлік және гинекология ҒЗИ-дың директоры. 1991 жылдан – Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 1999 жылдың қазан айынан – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аймақтық дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комиттеттің мүшесі. 2003 жылдан бері – Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері – «Акушерлік, гинекология және перинатология» журналының бас редакторы. Қазақ республикалық әйелдер кеңесінің Төрайымы (1991–1995). Қазақстан Әйелдер кеңесінің төрайымы (1995 жылдың маусым айынан). ҚР Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі кеңестің Төрайымы (1995–1998). ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер мен отбасы істері жөніндегі Ұлттық комиссия Төрайымының орынбасары (1999–2005). Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. ҚР-ның 12-ші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің Депутаты. «Парасат» орденімен марапатталған (1994). Бейбіт және рухани келісім жөніндегі Президент сыйлығының лауреаты (1996). ## Дереккөздер http://ardaktylar.kz/persons/ayupova-nina-mryzy/ Мұрағатталған 3 мамырдың 2014 жылы.
Граф Бурхард Кристоф фон Мюнних (нем. Burkhard Christoph von Münnich, Ресейде Христофор Анто́нович Ми́них деген атпен танымал (9.05.1683 —16.10.1767) — орыстың әскери және мемлекет қайраткері, генерал-фельдмаршал (1732), Ольденбургте әскери инженер отбасысында дүниеге келген. 1700 жылдан француз, гессен-дармштадт, гессен-кассель, поляк-саксон армияларында инженер болды. 1721 жылы орыс армиясына ген.-инженер қызметіне ауысты. Тосна, Ладога каналдарын салу жұмыстарын басқарды. 1728 жылдан Ингерманландия, Карелия, Финляндияның ген.-губернаторы. 1732 жылдан соғыс коллегиясының президенті. 1734 жылдан Данцигті қоршауды басқарды.
Аласа ұлпабас (Қияскөлеңдер тұқымдасы) - таулы тундрада, балшықтарда, мүкті өзен жағалауларында және биік таулы Алтай мен Сауырда бұлақ жағасында өседі. Сабағының биіктігі 25 см, жуан және дөңгеленген. Сабақ жапырақтары екеу және онша байқалмайды. Төменгі жапырақтары қысқа тақталы, ал жоғарғы жапырақтары тақтасыз, үрмелі қынапты, сабағын қоршаған. Гүлдері қосжынысты, үш аталықты. Гүлдеу мерзімі маусым-шілде, жеміс салу кезеңі жаздың соңы. Ертеректе аласа ұлпабастан қағаз өндіріп, жүннен, мақтадан, жібектен маталар тоқуда қоспа ретінде пайдаланған. ## Дереккөздер
Көлдер мен өзендердің жағалауларында қаратамақтарды да кездестіреміз. Бұл көркем құсты басқалардан ажырату оңай: олар жүгіргенде құйрығын селтеңдетіп жүреді. Сондықтан бұларды орыстар селтең құйрық деп атайды. Қаратамақтар ұсақ жәндіктермен және олардың жұмыртқаларымен, өрмекшілермен, құрттармен қоректенеді. Құрттарды лайдан, өзен, көл салындыларының астынан, кішігірім тастардың астынан тауып жейді. Ұясын бұтақ, мүк, жапырақтардан өріп, ішіне қауырсық мамық төсейді. Оған 5-6 жұмыртқа салады, жұмыртқалары сұр сепкілді ақ не жасыл түсті келеді. Бірінші балапандары есейісімен қайта жұмыртқа салып басады. Қаратамақ пайдалы құс, себебі ол аса зияынды жәндіктер мен құрттарды құртады. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Крокандар (croquants) - Франциядағы 16 ғасырдың ақыры мен 17 ғасырдың 1-жартысында антифеод. шаруалар қозғалыстарына қатынасушылар. Олар алым-салықтың азайтылуын, синдиктi (сот көмекшісі, адвокат) сайлауға қатысу правосын талап етті, 1598 жылы үкiмет көтерiлiстi басты, бірақ Генрих IV тiкелей салықты кемітуге, қарыздары үшiн шаруалардьң құралдарын конфискелеуге тыйым салуға мәжбүр болды. 17 ғасырдың 20-40 жылдарында көтерiлiс қайта күшейді, 1643 ж. Фрапцияның оңтүстiгiнде тағы да көтерiлiс оты тұтанды. Олар Вильфраншты басып алды. 1643 ж. оңтүстікте басылған қозғалыс Ангумуаға, Пуату Т. б. өлкелерге ауысты. Олар тек 1645 жылы ғана басылды. 17 ғасырдағы Крокандар сол кезеңдегi басқа да халықтар көтерiлiстерi сияқты, Фронда қарсаңындағы абсолютизмге қарсы антифеод. хальқ оппозициясының күшейгенін танытты. ## Дереккөздер
Тақтажелбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар. Тақтажелбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау .түрінде орналасқан.\ ## Тақтажелбезектілер клас тармағына жататындардың биологиялық сипаттамасы * Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басы-ның екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды. Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанат-тары болады. Еркектерінің құрсагындағы қосқанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады, олар шағылыс органдарының қызметін атқарады. Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омырткаларындене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқа денесі алдыңғы, артқы жағынан да ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады (амфицельдік омыртқалар). Сонымен катар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталған.Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады. ## Тағы қараңыз * Акулалар * Скаттар ## Дереккөздер
Шөл қияқтиары құмдарда майда шөл қияқтары көп өседі. Кәдімгі қияқ әдетте саз-балшықты жерлер мен өзен және көл жағалауларында биік болып өседі. Шөл қияқтары аласа, тамырсабақтары ұзын болады. Бұл тамырсабақтарында көптеген тамырлары бар, олар арқылы өсімдік өзіне керекті суды маңындағы топырақтан сорып алады. Қияқтардың жапырақтары ұсақ болады, олар жазда кеуіп кетеді, сол кепкен күйінде қыстап қалады. Сондықтан бұларды "Тік тұрған пішен" дейді. Құрғақшылық түсе бастаған кезде қияқтың жапырақтары ұшынан төмен қарай кебе бастайды; алдымен қызарады; одан кейін сарғаяды, сөйтіп, ең ақырында күрең тартады. Бұл кезде хлорофил мен қоректік заттар жапырақтың түп жағына келіп, одан әрі тамыр мойнына жылжиды. Алайда жапырақтары кеуіп және уақытша қурап қалғанымен, олардың құрылысы бұзылмайды. Жауын-шашын болса болғаны, әлгі қурап қалған жапырақтар қайтадан бұрынғы қалпына келіп, жапырақ тақталары түбінен бастап ұшына дейін көгереді. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
## Өмірі мен қызмет жолы Тайтубаева Гүлнар Құсайынқызы - Қазақстанның жоғары дәрежелі невролог - дәрігері, медициналық оңалту орталығының бастығы. Ол Омбы облысында 1971 жылы 27-мамырда дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Омбының медициналық училищесіне түсті, мейіргер мамандығын алып, Омбы облыстық клиникалық ауруханасының неврология бөлімшесінде мейіргер болып жұмыс істеді.1944 жылдан 2000 жылға дейін – Омбының медициналық мемлекеттік академиясында оқыдыОмбының облыстық клиникалық ауруханасында қалпына келтіре емдеу неврология бөлімшесінде дәрігер болып жұмыс істеді. Жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды оңалтумен айналысты, Омбы ауданында, Омбы облыстарында емдік-профилактикалық, сонымен қатар жедел неврология бойынша және санитарлық авиацияда консультативтік көмек көрсетті.Санкт-Петербургте балалар неврологиясы бойынша мамандандырудан, Мюнхен қаласында (Германия) балалар оңалтуы бойынша тағлымадан өтті, Пекин қаласында (Қытай) қытай дәстүрлі медицина семинарына қатысты.2007 жылдан Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ жұмыс істейді. 2007 жылдан 2011 жылға дейін невролог дәрігер болып жұмыс істеді, 2011 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі, 2013 жылдан медициналық оңалту бөлімінің бастығы. Алғыс хатпен, медицина қызметкерлерінің ОК кәсіподағының Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтаудың үздігі» марапатталды. ## Дереккөздер http://ardaktylar.kz/persons/tajtubaeva-glnar-sajynyzy/(қолжетпейтін сілтеме) ## Өмірі мен қызмет жолы Тайтубаева Гүлнар Құсайынқызы - Қазақстанның жоғары дәрежелі невролог - дәрігері, медициналық оңалту орталығының бастығы. Ол Омбы облысында 1971 жылы 27-мамырда дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Омбының медициналық училищесіне түсті, мейіргер мамандығын алып, Омбы облыстық клиникалық ауруханасының неврология бөлімшесінде мейіргер болып жұмыс істеді.1944 жылдан 2000 жылға дейін – Омбының медициналық мемлекеттік академиясында оқыдыОмбының облыстық клиникалық ауруханасында қалпына келтіре емдеу неврология бөлімшесінде дәрігер болып жұмыс істеді. Жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды оңалтумен айналысты, Омбы ауданында, Омбы облыстарында емдік-профилактикалық, сонымен қатар жедел неврология бойынша және санитарлық авиацияда консультативтік көмек көрсетті.Санкт-Петербургте балалар неврологиясы бойынша мамандандырудан, Мюнхен қаласында (Германия) балалар оңалтуы бойынша тағлымадан өтті, Пекин қаласында (Қытай) қытай дәстүрлі медицина семинарына қатысты.2007 жылдан Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ жұмыс істейді. 2007 жылдан 2011 жылға дейін невролог дәрігер болып жұмыс істеді, 2011 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі, 2013 жылдан медициналық оңалту бөлімінің бастығы. Алғыс хатпен, медицина қызметкерлерінің ОК кәсіподағының Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтаудың үздігі» марапатталды. ## Дереккөздер http://ardaktylar.kz/persons/tajtubaeva-glnar-sajynyzy/(қолжетпейтін сілтеме)
Қылқан жапырақты ормандардың топырағын түскен қылқандар мен майда бұтақтардан құралған қорда басып жатады. Қалың орманның арасында басқа шөптер аз болады. Дымқыл сайларда, тастардың және жартастардың араларында көптеген ескі заман өсімдіктері - мүктер (бауырмүктер), қырықбуындар, папоротниктер сақталып қалған. Мүк (бауырмүк) ылғал топырақта мекендейді. Тянь-Шань ормандарында ерте заман мүктері өседі. Оның денесі жасыл түсті тақта сияқты болады да, орман топырағына төселіп жатады. Онымен бір кездерде адамның бауырын емдеген, сондықтан мұны бауырмүк (печеночник) деп атап кеткен. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
ИОКАНЬЕ («И-мен» сөйлеу)—түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тобына (өзбек,ұйғыр, түрікмен, азербайжан т. б.) тән ерекше тілдік айырым бел-гі. Шығыс, солтүстік-батыс тобында-ғы тілдерде сөз басында шулы-ызьң-ды «с» («сыл» — якут), «ч» («чыл»— туба), «ж» (дж) («джул» — чуваш), «ж» («жыл» — қазақ т. б.) келетін «орында бұл тілдерде сонор «й» («йыл») келеді. И. татар, башңүрт тілдеріне тән. Ал татар («джир» — жер) және өзбек («джол») тілінің ди-алектілерінде «дж» сақталған. ## Дереккөздер
Ақ құрлар орман шетінде және талдардың арасында жиі кездеседі. Қыста бұлардың реңі қардай аппақ болады. Көктемде жирен дақты сұр реңді келеді. Қысқа дейін осы реңін сақтайды. Сәуір - мамыр айларында қайың ормандардан құр қораздарының дауысы естіледі. Қораздарының дауысы үрген ит дауысына ұқсастау келеді. Сәуірдің аяғы мен мамыр басында ақ құрлар ұя салып, оған қызғылт, қоңыр сепкілдері бар солғын сары реңді 9- 12 жұмыртқа салады. Соңғы жұмыртқасын туысымен-ақ ұя басады. Ұясының үстінен түспей басып жатады, ол кезде маңына жақындаған адамды да сезбей қалады. Балапандарының денесін бозғылт немесе сарғыш мамық қаптап тұрады. Мамықтарында күңгірт жолақ және дақ болады. Бұлар тез өсіп жетіледі, мысалы балапанның салмағы жұмыртқадан шыққанда 15 - 16 грамм болса, бір айдан кейін 250 - 300 граммға дейін жетеді. Ақ құрлар өсімдіктердің тұқымдарымен және жемістерімен, қайыңның, талдың, көк теректің жапырақтарымен және бүршіктерімен қоректенеді. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Далалық аждаһа - құм бетіне жақын құм арасын кеулей қозғалып жүреді. Жүріп бара жатқан жерінің құмы білеуленіп көрініп отырады. Далалық аждаһалар құмның арасында ыстықтан қорғанып жатқан қоңыздарды жейді және өзі де күндізгі күшті ыстықтан қорғанады. Бұлар ұсақ кемірушілерді, кесірткелерді орап алып қысып, тұншықтырып өлтіреді. Аждаһа жемтігін тұтасымен жұтады, кейде өзінен екі есе жуан жемді жұтып жібереді. Бұлар жұтар алдында тұншықтырған жемтігін орауынан босатып, аузына салып сілекейлейді, одан кейін жағының көмегімен жемтігін тамағына түсіріп жұтады. Жемтігін жұтып алысымен, қорегі қорытылып денесіне тарап кеткенше, аждаһа құмға көміліп жатады. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Сексеуіл жорға торғайы - құмдағы қызғылықты құстың бірі. Бұлар шапшаң жүгіреді; жүгіргенде ересек адамның адымындай 70 сантиметр жерді бір-ақ аттайды. Жорға торғайлар мойнын ілгері созып, денесін жерге таяп, қанаттарын сабалап, жүйрік аттай зымырайды. Жорға торғайдың үлкендігі ұзақ қарғадай, жотасының реңі сұр, көкірегі қызғылт, құйрығы көк жолақты қара реңді келеді. Кездестіре қалсаңыз осы белгілерінен оңай танисыз. Олар ұсақ жәндіктермен, сексеуілдің және басқа өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Шоқ сексеуілдері ұялайды, ұясына сауысқандікіндей қақпақ жасайды. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Крупский Константин Игнатьевич (02. 07. 1838–1883) — орыс офицерi, патша армиясьндағы рев. қозғалысқа қатысушы, Н. К Крупскаяның әкесі. Дворян семьясынан, Новгород кадет корпусы мен Константввовск әскери училищесiнде тәрбиеленген. Польша патшалығындағы Смоленск жаяу әскер полкінде қызмет атқарған. 1863 жылы Польшадағы көтеріліс кезінде рота командирі Крупский көтерілісшілерге көмектесті, 1869 жылы әскери заң академиясын бiтiрiп, Польша yeзінің әскври бастығы болды. Жергiлiктi халыққа тілектестікпен қарағаны үшiн қызметтен босатылып, ici сотқа берiлдi және мемл. қызметке орналасу правосынан айрылды. Ұзаққа соэылған сот әлегінен кейін Сенат ақтады. ## Дереккөздер
Жолақты шұбар тышқан кішкене ақ тиінге ұқсайды, оның дене тұрқы 15 сантиметрдей, құйрығының өзі 10 сантиметрге жуық. Бұлардың ерекше бір белгісі - ұрт қалтасы. Сол ұрт қалтасымен кішкене жаңғақтарды, астық дәндерін, ағаштың тұқымдарын тасиды. Ұртын бір толтырғанда 8-10 грамм астық дәнін ұясына тасиды. Шұбар тышқан жемістерді, ұзақ жәндіктерді, тіпті тышқандар мен кесірткелерді де жейді. Шұбар тышқандар ағаш тамырының астынан ін қазып алып мекендейді. Індерінде азық азық қорларын сақтайтын арнайы қоймалары болады. Жергілікті халық бір іннен 4 килограммға дейін самырсын жаңғақтарын тауып алған. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Қазіргі уақытта еңбек шарттары көпқырлы экономика, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі жағдайында жасалуда. Кәсіпорындар шаруашылық дербестікке ие болды. Еңбек шарттарының негізгі объектісі – ерекше тауар – жұмыс күші. Еңбек шартының заңдық табиғатының өзі – еңбекке жалдану туралы келісім ретінде, еңбек аясындағы шарттық қатынастардың әлеуметтік-экономикалық мәнісі жұмыс күшін сатып алу – сату түрінде сипатталады. Еңбек шарттарының 3тобы бар: жұмысқа жалдану туралы, біріккен еңбек қызметі туралы және жалдау туралы шарттар. ## Жұмысқа жалдану шарты Бір жағынан, кәсіпкерлер, ұйымдар және екінші жағынан, қызметкерлер арасында жасалады. Қызметкерлер – бұл арада мемлекеттік меншіктен шеттетілген жалданбалы жұмысшылар. Бірақ олар кәсіпорынның жеке құрамына, штатына кіреді. Олардың еңбегін құқықтық реттеудің негізгі көзі – Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заң болып табылады. ## Біріккен еңбек қызметі туралы шарт Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдарда жасалады. Еңбек қатынастары жұмыс істейтін меншік иелерімен қалыптасады. Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Заңында серіктестіктердің еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйесін дербес айқындайтындығы, еңбек келісім-шарттарында тарифтік ставкалар мен окладтары көздейтіні, ықпал жасайтын үстемелер, сыйлықтар және материалдық көтермелеудің басқа да нысандарын енгізетіні айтылған (18-бап).Сондай-ақ қажетті жағдайларда серіктестік қызметтерінің еңбек құқық қатынастары Еңбек туралы заңмен де реттеледі. Мысалы, серіктестікке заңмен белгіленген ең аз жалақы туралы ережесі, 24 күннен кем емес ақылы демалыс, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау ережелерін ескеру жүктеліп, серіктестіктер жұмысында әлеуметтік қорғау және қызметкерді зейнетақымен қамтамасыз ету нормалары қолданылады. ## Жалдау туралы Контракт кәсіпорынның басшысымен (меншік иесімен) немесе оның өкілетті органымен (тұлғамен) жасалады. Контрактіде кәсіпорын басшысының құқықтыры, міндеттері және жауаптылығы, оны материалдық қамтамасыз етудің шарттары, контракт мерзімі және заңда көзделген кепілдікті сақтай отырып, қызметінен босату жайлары айқындалады.«Кәсіпорындар туралы» Заңға сәйкес жалдау контрактісінде мына шарттар белгіленеді: * Жалдау мерзімі, тиісті жұмысқа қойылған шарттар сақталған жағдайда ақы төлеу мөлшері; * Қажетті еңбек жағдайларын және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету бойынша кәсіпорынның қызметкер алдындағы міндеттері; * Қызметкердің кәсіпорын алдындағы міндеттері; * Тараптардың бірінің бастамасымен контракт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қызметкерді жұмыстан босатудың және өтемақы мөлшерін анықтаудың тәртібі. Жалдау контрактісі тараптардың жауапкершілігін арттырып, өндіріс қызметінің жақсаруына ықпал жасауы мүмкін. Алайда, ол іс жүзінде жеке еңбек шартының бір түрі болып табылады. Ол қызметкердің құқығына нұқсан келтірмеуі – «тиімсіз» қызметкерден құтылудың құралына айналмауы тиіс.Жалдау контрактісінің орындалуынан туындаған дау тараптардың бірінің бастамасымен сот арқылы шешілуі мүмкін. ## Дереккөздер * Ғайрат Сапарғалиев «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» - Алматы, Атамұра – 2003ж. 137-142 беттер * «Мемлекет және құқық негіздері» - Алматы, Жеті жарғы – 2001 ж. 470-495 беттер * Қ.И.Оспанов «Құқық негіздері» Алматы – 2006 ж. 238-260 беттер * Интернет желісі: http://www.zakon.kz/ сайты
* * * Орыстың желісті жылқысы 19 ғасырдың аяғында Рессейде желісті жылқылар жарысы кең өріс алған. Бас пайдасын көздеп, қулығын асырған епті пайда күнемдер ел ішінде желісті жылқыдар тұқымын көбейтуді жақтағасын, ат жарыстарын ұйымдастырған. Оған бәйге тігіп, ұтысқа көп ақша бөлген. Олар ипподромдар мен жылқыларды үйретіп,сынайтын алаңдарды нағыз табыс көзіне айналдырған. Сол кездегі ат жарыстарда бәйгені американдық желгіш аттар алып кетіп жүрген. Шынында американ желісті жылқысы орлов желісті жылқысынан кейінірек шыққан.Оның ешуақытта асыл тұқымдық маңызы да болмаған. Орыстың желісті жылқысы деп аталған жылқының бұл жаңа тұқымы қазір өзінің дене өлшемдері жағынан орлов жылқысына жетіп қалды деуге болады. Орыстың желісті жылқысы тым ұшқыр. Бірқатар желістерде ол орлов жылқысынан да жүйрік екенін көрсетіп, бірнеше рекорд жасады. Мәселен, орыстың желісті жылқысынан шыққан Гибрид (1953 жылы) деген айғыр 1600 метр қашықтықты 2 минутта өтті. Ал Жест деген айғыр бұл рекордты 1 минут 59,6 секундқа жеткізді. Қазіргі кезде 1600 метрге 2 минут 10 секунд көрсеткен 1300-ден астам орыстың желісті жылқысы бар.Осының ішінде 2 минут 0,5 секунд көрсеткен жылқы 50-ге тартады. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Орловтың желісті жылқысы. ## Тарихы Бұл-ертеден келе жатқан тұқым. Ол 18 ғасырдың екінші жартысында, қазіргі Воронеж облысына қарайтын Хреновский жылқы завондында өсіріліп шығарылған. Орлов жылқысының тұқымын шығаруда граф А.Г.Орлов және жылқы өсіруші шаруа В.И.Шикин көп еңбек сіңірген. Орлов жылқысын өсіріп шығаруда сол кездегі жылқылардың жақсы тұқымдары пайдаланылған. ### Тәжірибе жұмысы Тәжірибе жұмысын жүргізгенде жылқы қорада, әрі жацылымда бағылып, жемшөп мейлінше омл берілген. Тәжірибенің баста мақсаты –бұл тұқымның жұмысқа жарамжыдығын сынау болған. Ол үшін жылқы өсірушілер сыналатын жылқыларды жеңіл арбаға жегіп, жақын жерге,сол сияқты ауыр арбаға жегіп, алыс жерлерге (22км) барып көрген. Заводта пайдалануға тек өзінің түрі, сымбаты,жұмысқа жарамдылығы жағынан жаңа тұқымға толық сай келеді деген жылқылар іріктеліп алынған. Орлов жылқысын өсіріп, жетілдіріп жөнінде қолданылған осындай тәжірибелер бұдан бұрынғыи уақыттта да сақталып келген. Бұл жылқы өсіріле басталған алғашқы күннен әрқайсысының асыл тұқымдық сапасы есепке алынып, күнделік дәптерге жазылды. Талай еңбектерде жарияланды. Былайша айтқанда, таза қанды орлов жылқысының қай-қайсысы жөнінде болса да, тіпті оның аты-тегіне дейін керек кезінде толық мәлімет алуға болады. Міне, осындай жұмыстардың арқасында желісті орлов жылқысы дүние жүзіндегі ең жақсы асыл тұқымды жылқылардың қатарына қосылады. Орлов желісті жылқысының басы үлкен, бірақ түгі тықыр, мойны ұзын, көбінесе аққу мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, етті келеді, арқасы тегіс және жалпақ, сауыры құйылған шойындай тұн-тұтас, аяқ сүйектері жуан. Буындарының солқылдақтығы, алдыңғы аяқтарының алшақтау келетіндігі денесінің кемшіліктеріне жатады. Орлов желісті жылқысы ірі келеді. Оның бұл сапасының зор маңызы бар. Өйткені жергілікті жылқыны орлов жылқысымен жақсартқанда, жергілікті жылқының бойын өсіру жағына көбірек көңіл бөлу қажет. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Тебіндік-далалық жылқы. ## Жаратылысы Көптеген ғасырлар бұрын Язия мен Еуропаның кең байтақ даласында біраз ел үйірлі жылқы шаруашылығымен шұғылданған. Грек тарихшысы Геродот біздің дәуірімізде дейінгі 5 ғасырда скиф халқының тебіндік-далалық жылқы өсіргенін жазған. Жергілікті далалық жылқы күй таңдамайды, құбылмалы ауа райына төзімді, денсаулығы мықты, мол өнімді, күшті келеді. Сондай-ақ қатал ауа райы жағдайының өзінде өсіп-жетіле береді. Табиғи жайылымдық жағдайларға байланысты сатылап өседі. Мәселен, олар көктем мен күзде жақсы қоңданады. Қыста, яғни жемшөп мөлшері азайған кезде құлындардың өсуі мүлде тоқтап, көкке аузы тиісімен организмі ол «үзілісті» қайтадан қалпына келтіре береді. ### Сипаттама Бұл тұқым тобына жататын жылқылардың дене тұрқы төртбақ, бойы аласа, сирағы қысқа, кеудесі кең және терең келеді. Басы тым үлкен, көбінесе қаз тұмсық, сағалдырығы кең, көздері кішілеу, құлақтары кішкентай, мойны қысқа,жуандау,шоқтығы төмен,кеуде кең және ұзын,арқасы дөңестеу,сауыры түсіңкі, аяқтары сүйекті, терісі қалың, жал-құйрығы қою және ұзын болады. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Мүде хан — 2011 жылы Астана қаласы «Сары Арқа» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Қойшығара Салғараұлы. Беттер саны — 256. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 978-601-277-085-8. ## Қысқаша мазмұны Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығармаларымен де, ғылыми–зерттеулерімен де Қазақстанға есімі кеңінен танымал ғалым–жазушы Қ. Салғараұлының бұл еңбегі–оның шығармашылық жаңа өрістегі алғашқы табысы. Шығарманың жанры–кинороман, өзегі–өз заманында әлемде теңдесі жоқ далалық ұлы мемлекеттің негізін қалап, көршісі атақты Хан империясын алым–салық төлеуге мәжбүр еткен Шыңғыстың даңқты перзенті Мүде ханның таймас табандылығы, елдікке жеткізер ерлік ісі, ұрпаққа үлгі болар өнегесі. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы * ISBN ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ресми сайты Мұрағатталған 21 қарашаның 2012 жылы.
Бұраубас немесе момақан-кеміргіштер отряды, аламантәрізділер тұқымдасы, бұраубас тұқымдасы тармағының жалғыз өкілі. Бұл едәуір ірі ( денесінің ұзындығы 27см, салмағы 700г) кеміргіш, жер асты тіршілігіне ыңғайланған. Оқтау сияқты денесі, қысқа алдыңғы денесі, қысқа аяқтарының ұшына ұзын орақ сияқты иілген тырнақтары, өте кішкентай көзі, қалың терісінен байқала бермейтін құлағы болады. Арқасы қоңыр, екі бүйірі ақшыл, ал құрсағы ақ түсті болады. Ұрпақтарының терісі сұр түсті. Қазақстанда тек Алтай, Қалбы Алтайы, Тарбағатай және Шыңғыстауда тіршілік етеді. Бұраубас бүкіл өмірін жер асты шытырмен иірімді індеріне өткізеді, оның бар екендігін тек жер бетіне тастаған топырағынан білуге болады. Қыста қар астында шытырман жолдар жасайды. Өсімдіктің жасыл және жер асты бөліктерімен қоректенеді. Жыл бойы тәуліктің кез-келген уақытында белсенді. Аналығы наурыздың соңында 3-5 жалаңаш әрі соқыр ұрпағын әкеледі. Сәуірде олар өсіңкіреп жиі жер бетіне шығып, көк шөппен қоректенеді. Бұраубастың жауы-саусақ күзен. Ол бұлардың ініне еркін кіре береді. Кейде бұлардың інін аю қазып тастайды. Бұраубастың бағалы терісін жылына 60 мыңға дейін даярлаған. Қазіргі кезде даярламайды
Баданалы қоңырбас (жуашықты қоңырбас, мятлик луковичный) - эфемероидтардың басқаларынан көбірек таралғаны. Бұл дәнді дақыл, пияз бен сарымсақ сияқты, тұқымынан да, баданасынан да өсіп-көбееді. Пиязшықтары топырақ арасында емес, шашақтанып біткен масақтарының ішінде, гүл орнына, пайда болады. Бұлар өте ұсақ келеді, айналасын қоректік заттар қоршаған алғашқы тамырлары мен жапырақтары болады. Сыртын құрғақ қабыршақ қаптап жатады. Пиязшықтар жерге түседі, егер жел айдап барып дымқыл топыраққа түсірсе, олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығады. Баданалы қоңырбас көктемде ғана көгеріп тұрады, ал жазға қарсы тұқымы пісіп немесе пиязшықтары жетілісімен жапырағы және сабағы қурап қалады; топырақтың ішінде тамыр мойыны мен тамырлары ғана тірі жатады. Бұл кезде қайтадан көктеп, сол күйінде қыстап шығады да, келесі көктемде тез көтеріліп, өсіп кетеді. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Әжірек (лат. Cynodon) – астық тұқымдасының лат. Chloridoideae тұқымдас тармағының өсімдіктер тегі, тұзға өте төзімді дәнді дақыл. Сабағы қай жерден болса да кездеседі. Әжіректің шымыр сабағы , жіңішке жапырағы, тығыз және иректес тақта тәрізді масақтары бар. Әжірек кейбір жерлерде бітік шығады, оны пішенге шабуға болады, сондықтан жергілікті ел оны пішенге шауып алады. Азықтық жағынан құрғақ шөл климатты және топырақ тұздылығына төзе алатын санаулы дәнді дақылдардың қатарына кіреді. ## Таксономиясы Әжірек тегіне 10 биологиялық түр жатады: * Cynodon aethiopicus Clayton & Harlan * Cynodon barberi Rang. & Tadul. * Cynodon dactylon (L.) Pers. – бессаусақ қарашағыр * Cynodon incompletus Nees * Cynodon ×magennisii Hurcombe * Cynodon nlemfuensis Vanderyst * Cynodon parviglumis Ohwi * Cynodon plectostachyus (K.Schum.) Pilg. * Cynodon radiatus Roth ex Roem. & Schult. * Cynodon transvaalensis Burtt Davy ## Дереккөздер
Сұмқұла (лат. Orobanche) – сұмқұла тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда өте көп кездесетін паразит өсімдіктердің бірі. Ол Қазақстанның барлық жерінде өседі. Сұмқұланы сазды құмдарда да, қалың өскен жусанның тамырында да көруге болады. Бұл онша үлкен емес - биіктігі 30-40 сантиметр келетін өсімдік. Хлорофилсіз және онша жетілмеген бозғылт түсті жапырақтары бар сабағында күңгірт күлгін реңді шашақтанған ірі-ірі гүлдері болады. Мұның да тұқымдары ұсақ және көп болады, олар қауашағынан жерге шашылып жатады. Сұмқұла жабайы жусанға да, сол сияқты мәдени өсімдіктерге де түседі. Ол жусан сияқты күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, күнбағыстың тамырында да кездеседі. Сұмқұланы гербицидпен өлтіреді, немесе күнбағысты ауыспалы егісте себеді. Бұл жағдайда, бірнеше жыл бойы өзіне лайықты өсімдіктердің жоқтығынан сұмқұла өліп бітеді. ## Дереккөздер
Қымыздық дәрі (лат. Rumex acetosella) – тарандар тұқымдасының қымыздық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20-100 см, сабағы тік, тамыры қысқа, түйнекті. Жапырағының ұзындығы 2,5-13 см, ені 1,5-5 см, етженді, жоғарғылары сағақсыз, төменгілері қондырмалы. Гүл шоғы сыпыртқыға шоқталған, гүлі қос үйлі, дара жынысты, қызыл сары. Жемісі жаңғақша, үш қырлы, қою қоңыр түсті, жылтыр. Қымыздық дәрі шалғынды, далалы жерлерде, тау бөктерінде өседі. Батыс Еуропа, Моңғолияда, Гималайда, Қытай, Жапонияда, Солтүстік Америкада, КСРО-ның Еуропа бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Батыста, Шығыс Сібірде, қиыр шығыста таралған. Қазақстанның Көкшетау, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Зайсан, Күнгей және Теріскей Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда қолданылады. Қымыздық дәрі қолда өсіріледі. ## Дереккөздер
Тарғақшөп (лат. Dactylis) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Тарғақшөп ең құнарлы мал азықтық өсімдіктердің бірі. Мұның таспа сияқты ұзын және жалпақтау келген жұмсақ жапырақтары сабағын қаптап шығады. Тарғақшөптің масақтары ерекше пішінді тығыз шашақбас болып біріккен. Үстіртін қарағанда, бұл масақтардың ішінде көптеген кішкентай кірпі жиналған сияқты болып көрінеді. Тарғақшөппен бірге - арпабас, бидайық, көкшолақ, су бидайық, қарабас шалғын сияқты көптеген жайылым дәнді дақылдары да өседі. Бұлардың барлығын жайылымда да, пішен күйінде де мал сүйсініп жейді. Оның қауырсын тәрізді жапырақтарына, қызғылт түсті шашақтанған және шоқпарбас болып біткен гүл шоғырларына, көгілдір және сары түсті гүлдеріне және түрліше пішінді болатын бұршақ жемістеріне қарап оңай ажыратуға болады. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Махизм - * тар мағынасында – Австрия физигі және философы Э. Махтың философиялық көзқарасының жиынтығы; * кең мағынасында – 20 ғасырдың басында Э. Мах, Р. Авенариус (Швейцария) және олардың шәкірттерінің еңбектерінде, сондай-ақ К. Пирсон (Ұлыбритания) мен П. Дюгемнің (франция) еңбектерінде талданған философия мен ғылыми методологиясындағы субьективтік-идеалистік бағыт. Кейбір сипаттары жағынан Махизмге А. Пуанкаре (Франция) мен В. Освальдтің философиялық көзқарастары бейім. Махизм – позитивизмнің бір түрі. Ресейде Махизмнің жақтаушылары марксизмді Махизммен «келістіруге» әрекеттенген В. Чернов, П. юшкевия, В. Базаров, А. Богданов т. б. болды. В. И. Лениннің « Материализм және эмпириокритицизм» атты классикалық еңбегінде Махизм жан-жақты сыналды. Махизмнің негізгі теориялық қағидаларын Мах пен Авенариус бір мезгілде әрі бір-біріне тәуелсіз дерлік талдағанымен, Махизмнің кеңінен тарауы Махтың қызметімен байланысты. Мұның себебі оның еңбектері классикалық механизм физиканың дағдарысына тікелей жауап ретінде жарыққа шықты; Мах бұл дағдарыстың себебін түсіндірмек болып, онан шығудың программасын ұсынуға әрекет етті. Махтың субьективтік-идеалистік ілімінің негізі оның ойды үнемдеу теориясы және ол ұсынған «таза суреттеме ғылымды» көксеуі болып саналады. «Егер ойды үнемдеу принципін шынында «дүние тану теориясының негізіне» алсақ, бұл принцип басқа ешнәрсеге емес, тек субьективтік-идеализмге апарып соғады. Тек мен және менің түйсіктерім бар деп ойлау «үнемдірек...». Мах жаратылыс тану ғылымының жаңа деректерін идеалистік тұрғыдан пайымдады, материя – себептілік т. б. ұғымдарды ғылымнан аластауға тырысты. Оның пікірінше, «заттар» ұғымы да, «Мен» ұғымы да элементтер (түйсіктер) жиынтығының шартты атаулары ғана. Ленин Махтың «элементтер» теориясының субьективтік-идеалистік мәнін әйгіледі. Махтың физикалық және психикалық дуализмді «жоққа шығаруын» кейінірек осы заманғы буржуазиялық философияның реалистік деп аталатын бағыттары, «бейтарап монизм» т. б. философиялық мектептер жақтап, дамыта түсті. В. И. Ленин Махизмді, оның «Осы заманғы жаратылыс тану философиясы» рөлін атқаруға дәмеленуін және материализм мен идеализм жөнінде философиядағы «партиядан тыс» бағыт ұстауға әрекеттенуін қатаң сынады. ## Дереккөздер
Мир-араб медресесі-қазіргі Орта Азиядағы білім беретін оқу орны. 1530-1536 жылдардағы Бұхара қаласында Шейх Мир-Арабтың Қаражатымен салынған. Оқу мерзімі-7 жыл.1975 жылы медреседе 50 шәкірт (2-і қазақ) оқыды. Ғимараты аса ірі ғимараттарға жатады. Сырт көрінісі төрт текшелі-квадратқа ұқсас.111 хұжрасы бар. Медресе екі бөлімнен тұрады- бірі дәрісхана және мешіт, екінші жағы шейхтың мәйітханасы. Ғимараттың сырты көксауыр кірпішпен өрнектелген.. түрлі май-олика, мозайкалар бар. Орта ғасыр архитектурасының ғажайып көріністерінің бірі.
Балшырыш, яғни Ольга шырышы (лат. Eremurus olgae) – шырыштар тұқымдасының шырыш туысына жататын, Қазақстан тау жайылымындағы көп жылдық ең сұлу шөптесін өсімдік. Бұл өсімдік Орта Азия, Қазақстан және Қырғызстан тауларының өсімдіктерін тұңғыш зерттеген әйел ғалым-ботаник Ольга Александровна Федченконың есімімен аталған. Балшырыштың бір метрге жуық гүл сабағының басында қызғылт түсті гүлдері бірігіп, шоқтанып бітеді. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Лахути көтерілісі – 1922 жылы Тебризде (Иранда) болған антиимпериалистік демократиялық көтеріліс. Ол әскери министр Реза-ханның Иран билеп- төстеушілерінің мүддесі үшін армияны қайта құру, армия қатарынан демократиялық көзқарастағы офицерлерді босату әрекетіне қарсы 1 ақпанда әскери бөлімдерінде басталды. Көтерілістің басшысы – Иран революционері, 1905-11 жылдардағы революцияға қатысушы, офицер Э. А. Лахути болды. Көтерісшілер елді демократияландыруды, Иран жерінен ағылшын империалистерін қуып шығуды, әскери министр Реза-ханды орнынан түсіруді талап етті. 1922 жылы 8 ақпанда үкімет әскерлері Тебриз қаласына кіріп, көтерілісті бастады. Лахути Советтік Ресейге барып паналады. ## Дереккөздер М.Қаратаев. Қазақ совет энцеклопедиясы. 7 том. М. Н. Иванова. Москва.
Мирмухсин —өзбек-совет жазушысы, Өзбек КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1946 жылдан КОКП мүшесі. 1941 жылы Ташкент педагогика институтының филология факультетін бітірді. "Шарқ юлдизи" журналының бас редакторы. Оның журналдары 1936 жылдан бастап жариялана бастады.Мирмухсиннің <<Сенім>>,<<Отандастар>>,<<Жүрек және философия>> атты өлеңдер жинағы мен <<Ұста Фаяс>>,<<Гүлденген ауыл>> поэмаларында мақташылар табысын жырласа, прозада <<Ақ мрамор>>,<<Түнгі найзағай>> повестерін тарихи тақырыпқа арнады. Жұмысшылар өмірінен жазылған <<Шыныққан>>, <<Болат құюшының баласы>>,өзбек халық интеллигенциясының қалыптасуын суреттейтін <<Үміт>> романдары бар.
Макдиси әл-Мутаххар Ибн ТаҺир (туып – өскен жылы белгісіз) – 10 ғасырда өмір сүрген араб ғалымы. Ол жайында Систандағы Буст қаласында тұрды деген дерек қана сақталған. Ныспысына қарағанда палестиналық болса керек. 10 ғасырдың орта шенінде Самани әулеті уәзірінің өтініші бойынша, Макдиси 22 тараудан тұратын «Китаб әл-бәд ва-т-тарих» («Дүниенің басталуы мен тирихи кітабы») атты энцклопедия мәнзелдес еңбек жазды. Бұл шығарма негізінен мұсылман теологиясы, арабтардың тарихы мен генеалогиясы, 961 жылға дейінгі халифат тарихы, Иранның ежелгі патшаларының тарихы, география т. б. бөлімдерден тұрады. Дені тұтастай көшірме болғанымен, автор өзі куәгер болған жәйттерді де қоса пайдаланды. Оның ішінде, әсіресе түрлі халықтардың діни ғұрыптары, түріктердің діні жайлы жазбалары айрықша орын алады. Шығарма француз тілінде жарық көрді (1899-1919). ## Дереккөздер Крачковский И.Ю., Арабская географическая литература, Избрананное сочинение., том 4, М.-Л., 1957; Арабскме источники X – Xll веков по этнографии и истории Африки южнее Сахары, М.-Л. 1965.
## Диалектологиялық сөздіктер Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті еоекшеліктер бар Бүлардың көпшілігі фонетика мен граммйтикадан гөрі лексика саласында жиірек үшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, -етістік, сын есімдер) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында олар соншалықты кап емес деуімізге болады.Ауызекі тілдегі сөз аиырмашылық-тарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспедициялық материалдардың негізінде Ж. Досқараевтың “Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері” атты түңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: “Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету” (3-бет) еді. Кітапқа қазақ тілінің 1521 жер-гілікті ерекшеліктері ендірілпен. Сөздікте әр сөздің мағынасы бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрінде түсіндіріліп, тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай, әрбір жергілікті диалектизм өзге түрік тілдеріндегі, атап айтқанда, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және монғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсегілуі еңбектің ғылыми құндылығын недәуір арттыра түскен. Қітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала қүшақтау, бірі шек болу, еркектеп кету, орам болу, сұрам беру, |жоқ ету, қайырма беріс, т. б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз сөздікке еніп •кеткендігі байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бей-|бас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, жер шыгып ету, жылым, зығыр, кездік, кесел, мауыздау, миластыру, семіру, т. б.Жеке сөздердің шығу төркінің (этимологиясын) әртүрлі жол-мен анықтап, оларды документациялауда бір ізділік жөнді сақталмаған: бірі толық, енді бірі өте қысқа түсіндірілген.“Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” екінші рет про-фессор С Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000-нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тілі мамандарының әр жылдардағы жазып алған экспедициялық материалдарын молынан пайдалана отырып, сонымен қоса аудандық және облыс-тық газеттерден, халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын-жазушылар-дыц шығармаларынан бай материалдар жинап, солардың негізінде жазғандығы бай-қалады. Мұнда әрбір реестрге алынған сөзге екі тілде (қазақіна-орысша) толық түсінік беріліп отырылган. Мүмкіндігіне қарай алынған диалектілік сөз Қазақстан-ның қай жерінде кездесетіндігі және қандай әдебиеттен алынғандығы көрсетілген. С. Аманжоловтың бұл еңбегін тұнғыш рет жазылған екі тілді (аударма) диалектологиялық сөздік деп те атауға болады.Ж. Досқараев пен С. Аманжоловтардың сөздіктерінің біреуінде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда қайталаған сөздерге берілген түсінік көп ретте бірін-бірі толықтырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратындығы аңғарылады. Мәселен, албар деген сөзге Досқараевтың сөздігінде қора (ашық қора) деп түсіндірілсе, Аманжоловтың сөздігінде ат қора (конюшня) делінген. Аяқкиіз — іргелік киіз, үйдің іргесіне үстайтын, ішіне төсейтін киіз (Д.); тус- [•. киіз (А.)1- Зерен — зерлі аяқ (Д.); көздей, тостағанның ең кішкенесі (А.). Сарамдасу — танысу, білісу, жөн сұрасу (Д.);шурқырасу (А.) Сүгіт — сөгіс, үрыс/сөгу, үрысу (Д.); Өсек, ғайбат (А.), Аруана — жазы орнына қолданылатын, түйеге салатын нәрсе (Д.); ком, шом, жазы (А.) т. б.Бірлі-жарым ұсақ-тұйек кемшіліктері болғанымен, түптеп келгенде бұл екі сөздік қазақ диалектологиясын аяғынан тік түрғызып, етек алып дамытуға үлкен үлес қосты. Онан кейін де жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар үйымдастыры-лып, қыруар материалдар жиналды. Солардың нәтижесінде бірсыпыра адамдар ғылыми диссертациялар қорғап, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы деген дәрежеге ие болды. Соны-мен қатар өңдеп, толықтырып, жаңа сөздік шығаратын да уақыт жетті. Солардың негізінде 1969 жылы “Қазақ тілінің диа-лектологиялық сөздігі” жарық көрді. Мұнда бүрынды-соңды жиналып-терілген ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді іріктегг екшей отырып, 6000-ға жуық сөздерді бір том етіп шығарған. Яғни бұл сөздік С. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың сөздіктерінің негізінде жасалған. Сөздіктің жалпы қүрылысымен құрылымды — реестрге алынған сөздерді түсіндіру принципі мен мысалдарды беру тәртібі жағынан “Қазак, тілінің түсіндірме сөздігіне” сүйенген. Бұл сөздікке негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктері енген болса, сонымен бірге Түрікмен, Орынбор, Қошағаш қазақтар-ының тіл ерекшеліктері де қамтылған. Ал өзге елдерде тұратын қазақтардың тіл ерекшеліктері күні бүгінге дейін жөнді зерттелінбегендіктен, аталған сөздіктен тиіс-ті орын ала алмаған. Еңбекте ана тіліміздегі жергілікті сөз айырмашылықтарының басын қосып, салыстырып зерттеу арқылы, бірсыпыра сөздерге дұрыс талдау жасалған. Сонымен қатар ксйбір олқылықтары да жоқ емес. Сөздікті жасаушылар сөздікке тек қана диалектизмдерге жататын сөздерді таңдап алудың ор-нына көп ретте таза әдеби тілдің сөздерін талғаусыз ендіре бергендігі байқалады. Мысалы: астау, атықтыру, әнтек, бапкер, баспа, баялыш, боздақ, буазу, булық, далда, дембе-дем, елі, жадағай, жарыс қазан, жасымық, жаужүрек, кәделеу, кергі, қазан ат, қодыра, қоз, мор, морлау, нәл, самал, оттық, сақпаншы, май- Мұндағы Д.— Досқараев, А.— Аманжолов деген фамилиялардық бас әрпі. мақ, саяқ, саумалау, собық, сулық, сарымсақ, қотару, қыдырмашы, кыршу, майқандау, айырма, алмалау, түйе табан, үреген түктеу, уық қап, ұрт, т. б. Сөз мағыналарын дәлелдеп түсіндіре алмаушылық та жиі кездеседі. Мәселен, Аржа деген сөзге жаңқа, жіқішке жұқа жәшік деп түсінік берген. Досқараевтың сөз-дігіндегі анықтаманы сөзбе-сөз көшіре салған. Бұған жуқа тақтайша, фанера деп анықтау жөн еді.Қүмыр — суды көп ішетін ауру түрі.. Дұрысында, әдеби тілдегі сусамыр деген синонимін ғана келтіру керек. Доқа деген сөзді де жарғақ деп түсін-дірсе де болушы еді. Ч әрпінен басталатын фонетикалық диалектизм-дерге әдеби тілдегі Ш әрпінен басталатын вариантын келтірудің өзі жеткілікті. Сөздікте авторлар көп жағдайда оған синоним іздеп, берілген анықтаманы қиындатып алган.Осындай азын-аулақ кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздік бүгінгі күндегі қазақ диалектизмдері жөніндегі бірден-бір жөні түзу анықтағыш болып есептеледі. ## Дереккөздер ## Диалектологиялық сөздіктер Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті еоекшеліктер бар Бүлардың көпшілігі фонетика мен граммйтикадан гөрі лексика саласында жиірек үшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, -етістік, сын есімдер) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында олар соншалықты кап емес деуімізге болады.Ауызекі тілдегі сөз аиырмашылық-тарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспедициялық материалдардың негізінде Ж. Досқараевтың “Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері” атты түңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: “Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету” (3-бет) еді. Кітапқа қазақ тілінің 1521 жер-гілікті ерекшеліктері ендірілпен. Сөздікте әр сөздің мағынасы бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрінде түсіндіріліп, тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай, әрбір жергілікті диалектизм өзге түрік тілдеріндегі, атап айтқанда, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және монғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсегілуі еңбектің ғылыми құндылығын недәуір арттыра түскен. Қітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала қүшақтау, бірі шек болу, еркектеп кету, орам болу, сұрам беру, |жоқ ету, қайырма беріс, т. б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз сөздікке еніп •кеткендігі байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бей-|бас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, жер шыгып ету, жылым, зығыр, кездік, кесел, мауыздау, миластыру, семіру, т. б.Жеке сөздердің шығу төркінің (этимологиясын) әртүрлі жол-мен анықтап, оларды документациялауда бір ізділік жөнді сақталмаған: бірі толық, енді бірі өте қысқа түсіндірілген.“Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” екінші рет про-фессор С Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000-нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тілі мамандарының әр жылдардағы жазып алған экспедициялық материалдарын молынан пайдалана отырып, сонымен қоса аудандық және облыс-тық газеттерден, халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын-жазушылар-дыц шығармаларынан бай материалдар жинап, солардың негізінде жазғандығы бай-қалады. Мұнда әрбір реестрге алынған сөзге екі тілде (қазақіна-орысша) толық түсінік беріліп отырылган. Мүмкіндігіне қарай алынған диалектілік сөз Қазақстан-ның қай жерінде кездесетіндігі және қандай әдебиеттен алынғандығы көрсетілген. С. Аманжоловтың бұл еңбегін тұнғыш рет жазылған екі тілді (аударма) диалектологиялық сөздік деп те атауға болады.Ж. Досқараев пен С. Аманжоловтардың сөздіктерінің біреуінде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда қайталаған сөздерге берілген түсінік көп ретте бірін-бірі толықтырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратындығы аңғарылады. Мәселен, албар деген сөзге Досқараевтың сөздігінде қора (ашық қора) деп түсіндірілсе, Аманжоловтың сөздігінде ат қора (конюшня) делінген. Аяқкиіз — іргелік киіз, үйдің іргесіне үстайтын, ішіне төсейтін киіз (Д.); тус- [•. киіз (А.)1- Зерен — зерлі аяқ (Д.); көздей, тостағанның ең кішкенесі (А.). Сарамдасу — танысу, білісу, жөн сұрасу (Д.);шурқырасу (А.) Сүгіт — сөгіс, үрыс/сөгу, үрысу (Д.); Өсек, ғайбат (А.), Аруана — жазы орнына қолданылатын, түйеге салатын нәрсе (Д.); ком, шом, жазы (А.) т. б.Бірлі-жарым ұсақ-тұйек кемшіліктері болғанымен, түптеп келгенде бұл екі сөздік қазақ диалектологиясын аяғынан тік түрғызып, етек алып дамытуға үлкен үлес қосты. Онан кейін де жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар үйымдастыры-лып, қыруар материалдар жиналды. Солардың нәтижесінде бірсыпыра адамдар ғылыми диссертациялар қорғап, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы деген дәрежеге ие болды. Соны-мен қатар өңдеп, толықтырып, жаңа сөздік шығаратын да уақыт жетті. Солардың негізінде 1969 жылы “Қазақ тілінің диа-лектологиялық сөздігі” жарық көрді. Мұнда бүрынды-соңды жиналып-терілген ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді іріктегг екшей отырып, 6000-ға жуық сөздерді бір том етіп шығарған. Яғни бұл сөздік С. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың сөздіктерінің негізінде жасалған. Сөздіктің жалпы қүрылысымен құрылымды — реестрге алынған сөздерді түсіндіру принципі мен мысалдарды беру тәртібі жағынан “Қазак, тілінің түсіндірме сөздігіне” сүйенген. Бұл сөздікке негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктері енген болса, сонымен бірге Түрікмен, Орынбор, Қошағаш қазақтар-ының тіл ерекшеліктері де қамтылған. Ал өзге елдерде тұратын қазақтардың тіл ерекшеліктері күні бүгінге дейін жөнді зерттелінбегендіктен, аталған сөздіктен тиіс-ті орын ала алмаған. Еңбекте ана тіліміздегі жергілікті сөз айырмашылықтарының басын қосып, салыстырып зерттеу арқылы, бірсыпыра сөздерге дұрыс талдау жасалған. Сонымен қатар ксйбір олқылықтары да жоқ емес. Сөздікті жасаушылар сөздікке тек қана диалектизмдерге жататын сөздерді таңдап алудың ор-нына көп ретте таза әдеби тілдің сөздерін талғаусыз ендіре бергендігі байқалады. Мысалы: астау, атықтыру, әнтек, бапкер, баспа, баялыш, боздақ, буазу, булық, далда, дембе-дем, елі, жадағай, жарыс қазан, жасымық, жаужүрек, кәделеу, кергі, қазан ат, қодыра, қоз, мор, морлау, нәл, самал, оттық, сақпаншы, май- Мұндағы Д.— Досқараев, А.— Аманжолов деген фамилиялардық бас әрпі. мақ, саяқ, саумалау, собық, сулық, сарымсақ, қотару, қыдырмашы, кыршу, майқандау, айырма, алмалау, түйе табан, үреген түктеу, уық қап, ұрт, т. б. Сөз мағыналарын дәлелдеп түсіндіре алмаушылық та жиі кездеседі. Мәселен, Аржа деген сөзге жаңқа, жіқішке жұқа жәшік деп түсінік берген. Досқараевтың сөз-дігіндегі анықтаманы сөзбе-сөз көшіре салған. Бұған жуқа тақтайша, фанера деп анықтау жөн еді.Қүмыр — суды көп ішетін ауру түрі.. Дұрысында, әдеби тілдегі сусамыр деген синонимін ғана келтіру керек. Доқа деген сөзді де жарғақ деп түсін-дірсе де болушы еді. Ч әрпінен басталатын фонетикалық диалектизм-дерге әдеби тілдегі Ш әрпінен басталатын вариантын келтірудің өзі жеткілікті. Сөздікте авторлар көп жағдайда оған синоним іздеп, берілген анықтаманы қиындатып алган.Осындай азын-аулақ кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздік бүгінгі күндегі қазақ диалектизмдері жөніндегі бірден-бір жөні түзу анықтағыш болып есептеледі. ## Дереккөздер
Шыртылдақ (ұлттық тағам) - Жылқының майын үлкен ыдысқа ерітіп, үстіне қант қосады. Ол қатпайды. Шай ішкенде оған нан батырып жесе тым сүйкімді. Оны сары майдың орнына да пайдаланады. Сүті жоқ шайға бір қасықтан салып ішсе шайды көп ішкізіп, шайнаманы көп жегізеді. Шыртылдақ - қазақтың атақты асының бірі. Қазақтар оны жел-құзды қуады деп есептейді. Шыртылдақ сары май құсап тез бұзылмайды. Нанмен қосып жеген шыртылдақ жүректі айнытпайды. Алайда оны көп жеуге болмайды. Артық жесе, ішке тоқтамайды. ## Дереккөздер Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Мирсаид Миршакар — тәжік-совет ақыны, қоғам қайраткері, Тәжікстанның халық ақыны. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Кедей шаруа отбасында туған. Өлеңдері 1930 жылдан жарияланып келеді. Тұңғыш поэмасы — «Жеңіс туы» өзі бірге жұмыс істеген «Вахшстрой» құрылысшыларына, ал алғашқы өлеңдер жинағы — «Жастық көктемі» Тәжікстандағы колхоз құрылысына арналған. Миршакар творчествосы тәжік совет әдебиетінде эпикалық жанрдағы сюжетті өлеңдердің дамуына елеулі әсер етті. «Жеңіс туы», «Алтын қыстақ», «Алынбас Пяндж» поэмалары үшін оған 1950 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол екі рет Ленин орденімен, басқа да ордендермен және медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер * Миршакар, Мирсаид — Краткая литературная энциклопедия
Хакім Дәулетбекұлы Дәулетбеков (22 наурыз 1910, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы – 11 қаңтар 1983, Алматы) – тұңғыш қазақ киноактерлерінің бірі, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі. ## Ойнаған рольдері * "Жұт" * "Қаратау құпиясы" фильмдеріне түседі. * 1935 жылы "Мосфильм" киностудиясында О. Преображенская мен И. Правов "Жау сүрлеуі" атты фильмді экранға шығарады. Бұл фильмде актер малшы Абылайдың рөлін сомдайды. * "Востоккино" тресі жабылғаннан кейін Хәкім Дәулетбеков "Мосфильмге" жұмысқа ауысады. Мұнда ол көбінесе эпизодтық рөлдерді орындайды. Осы уақыттары актер М. Горький атындағы әдебиет институтының драматургия бөліміне оқуға түсіп, 1940 жылы бітіріп шығады. Актер Ұлы Отан соғысына қатысқан. ## Режиссерлігі 1946 жылы соғыстан келіп, деректі кино режиссеры болып жұмыс атқарады. Осы салада ол көптеген ғылыми көпшілікті фильмдерді дүниеге әкеледі. Қазақфильм киностудиясында 100-ден аса ғылыми-көпшілік, тарихи, әлеуметік, экономикалық, т.б. тақырыптардағы деректі-хроникалық фильмдер түсірді. Оның аса көп танылған фильмдері: * "Ауылдан келген қыз" (1948) * "Шөлейттің іргесінде" (1952) * "Народный учитель" (1952) * "Лимонное орошение в Казахстане" (1956) * "Кегей жазығы" (1958) * "Ауыл даласы" * "Жазылбек Қуанышбаев" (1962) * "Мәдени егіс негізі - ауыспалы егін" (1969) т.б. деректі фильмдері бар. ## Марапаттары * Қазақстанның еңбек сіңген өнер қайраткері (1958). * Қызыл Жұлдыз * 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Арық жиегінде ағаштардың, үй айналасына отырғызылған бұталардың көлеңкесінде , құсқұмықпен қатар шыңқетер (недотрога) өседі. Бұл гүл бақшалардың әсемділік үшін өсірілетін бальзамин дейтін өсімдікке туыстас. Шыңқетердің құсқұмыққа қарағанда сабағы биік, сабағында су өте көп болғандықтан мөлдір сияқтанып көрінеді. Шыңқетердің бұршақ қынға ұқсас жемісі піскен кезде, бір нәрсе тиер-тиместен ақ қақ айырылып кетеді де, оның жақтаулары тез сыртына қарай ширатылып, ішіндегі ірі тұқымдары жан-жаққа шашылып түседі. ## Дереккөздер "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963
Комиссаржевская Вера Федоровна – орыс актрисасы. Әнші қыз 1864 жылы 8 қарашада Петербург қаласында дүниеге келген. Әнші Ф.П. Комиссаржевскийдің қызы. В.Н. Довыдовтан сахналық өнер бойынша сабақ алды. 1888-89 жылы Петербургтің әуесқойлар сахнасында, ал 1890-91 ж. Москваның Өнер және әдебиет қоғамы спектакльдерінде (Л.Н. Толстойдың “Ағарту жемісінде” Бетсидіңролін т.б.) ойнады. Новочеркасск және Вильнода Н.Н. Синельников пен К.Н. Незлобиннің труппаларында қызмет етті. Ол кезінде ән аралас водепль мен комедияларда үздік өнер көрсетті. Л.Н. Антроповтың, Г. Зудерманның (Рози - “Көбелектер соғысында”), А.Н Островскийдің (Лариса – “Жасаусыз қалыңдықта”),т.б. пьесаларында актрисаның драм. таланты бар қырынан ашылды. 1896 ж. Петербургтің Александрин театрына арнайы шақыртылады. Ол патшалық театрдың керітартпалық бағытына қарамастан өз заманындағы алдыңғы қатарлы ой-пікірлердің жалынды жаршысы болды. Оның асқақ арманды мұрат тұтқан,отты күреске толы өнері революцияға дейінгі халықтың көңіл-күйін бейнеледі. 1896 ж. А.П. Чеховтың “Шағала” пьесасын Нина Заречнаяның ролін орындады. Бұл Комиссаржевскаяның артистік творчествосының даму жолында ғана емес, бүкіл орыс театрының тарихында кезеңдік мәні бар оқиғаға айналды. Актриса ойыны драм. тереңдігімен, нәзік сезім бояуларымен ерекшеленді. А.П. Чехов кезінде оның өнерінен сахналық көркем тәсілдердің соны түрлерімен қаруланған үлкен суреткерді байқады. Көбіне жеңіл, ой-мазмұнсыз пьесаларда ойнауға мәжбүр болған Комиссаржевская 1902 ж. Александрин театрынан қол үзді. Провинцияда өткізген екі жылдық гастрольдік сапардан кейін, 1904 ж. Петербургте өз театрын ашты. Ол мұнда м. Горький пьесалары (Варвара Михайловна - “Сая-бақшыларда”, Лиза – “Күннен туғандарда”) мен Г. Ибсеннің драмаларында (Нора - “Қуыршақ үйде”) зор шабытпен ойнады; сахналық өнері арқылы озық ойлы адамдарды дәріптеп, пасық бурж. моральды өткірсынға алды. Комиссаржевская демокр. интеллигенцияның сүйіктә актрисасына айналды. Концерттер ұйымдастырып (Горькийдің “Дауылпаз туралы жыры” мен “сұңқар туралы жырын” т.б. өзі тақпақтап оқыды), оған түскен қаржыны студенттер қозғалысы мен рев. үйірмелердің қажетіне жұмсады. К. 1906-07 ж. В.Э.Мейерхольдпен творчестволық бірлікте болып, шартты символистік театр саласында эксперименттік ізденістер жүргізді. Бірақ, екеуінің – актриса мен режиссердің көзқарастары үйлеспеді. В.Э. Мейерхольдтан қол үзген соң К. гастрольдік сапарда болып, алдымен Солт. Американы (1908), одан кейін Ресей қалаларын (1908-10) аралады. Гастролі табысты болса да, оның өмірінде секемшіл, сергелдең кез туды. Өз дәуіріндегі театр жағдайына қанағаттанбады. Актриса сахнадан қол үзуге бел байлап, бұдан былайғы өмірін мектеп-студия арқылы жаңа театр ұйымдастыруға, жас буын актерлерді тәрбиелеу ісіне арнамақшы болды. Бірақ, ойын іске асыра алмады. Гастрольдік сапармен Ташкентте жүрген кезінде шешекпен ауырып қайтыс болды. Актрисаның інісі Федор Федорович Комиссаржевский де режиссер, театр теоретигі, педагог болған. 1959 ж. Ленинградтың драма театрына В.Ф. Комиссаржевскаяның есімі берілді. Ол 1910 жылы 23 ақпанда Ташкент қаласында дүние салды. ## Дереккөздер Қазақ энцеклопедиясы http://www.teatr-i.ru/vch.html
Ксенопол (Xenopol) Александру (23. 03. 1847, Яссы,- 27. 02. 1920, Бухарест)- румын тарихшысы, Румын академиясының мүшесі (1895). 1883 жылдан Яссы университетінде Румыния тарихының профессоры. Саяси көзқарасы жағынан либералдық-бурж. топқа жақын болды. Ксенополдың басты еңбегі- 14 томдық «Траян Дакиясындағы румындар тарихы».Ксенопол тарихтағы халық ролiн мойындай отырып, оның творчестволық сипатын теріске шығарды, халықты білімпаздар мен әкімшілік адамдарының қолындағы қару ғана деп есептедi. 1907 ж. шаруалар көтерiлiсiне байланысты деревняда бурж, реформа жасауды ұсынды. ## Дереккөздер
Базель бітім шарты - 22 шілде 1795 ж. Базельде (Швейцария) антифранциялық бірінші коалицияның мүшесі Пруссия мен Испания және Франция республикасы арасында жасалған бітім шарты. Франция жағынан келісімге Швейцариядағы Францияның дипломаты Бартель , ал Испания жағынан - Польшадағы Испанияның елшісі Ириарте қол қойды. Бітім шарты бойынша: * 5 сәуірдегі Франция және Пруссия арасындағы бітім шарты бойынша, Пруссия Рейннің сол жағалауының Францияға өтуіне келісті (шартта тағы да бірсыпыра жасырын баптар болды) * 22 шілдедегі Франция мен Испания арасындағы шарт бойынша, Гаити аралың Испанияға қарайтын бөлігі Францияға берілді. Каталония мен Наваррдағы және баскілер провинцияларындағы Франция әскерлері басып алған аймақтар Испанияға қайтарылды. Базель бітім шартының жасалуы Францияға қарсы коалицияның ыдырай бастауына әкеліп соқты. ## Дереккөздер
Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі. Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттері және Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылғы 20 наурызда құрылды. 1988 жылғы 2 маусымда таратылып 1990 жылғы 17 тамызда тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы — Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды «Ұйқыдағы аруға» теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды. Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады. ## Этимологиясы Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді . Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай «құбыжықтарға» қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі () және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) айдахар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпалардың арасында «салыр» руы болған, бүгінгі түрікмен ұллытының құрамында «салор» ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдахар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар. Оғыз салылар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып айдаұһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады. ## Географиясы Қосымша қараңыз Маңғыстау географиясы Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Облыстың шеткі нүктелері: * Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б. * Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде * Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы * Солтүстік - Атырау облысымен шекарадағы Желтау болып табылады. Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (556 метр). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (132 метр), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады. ## Өсімдік жамылғысы Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И.Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825–1826 жылдары жарық көрген Эйхвальдтың – Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 жылы Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 жылы жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында – сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп – күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей,қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ,изен, жапақ, тітір,жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары. Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсізжылы,жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдық, сарғалдақ, раң, мортық, сіргеқара, беде, мысыққұйрық, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік, қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырақ, қызылша; ащылы жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот,балықкөз т.б. қаптап шығып,дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7–10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы – мортық. Мортық қонысты жылдары Маңғыстаудың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі – ебелек. Ол да мортық сияқты Маңғыстаудың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтан ерекшелігі – жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрлі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды.Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі – ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды. Маңғыстау даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бердейді. Бұл су сағалайтын, жоғарғы қабаттағы тұщы сулардан нәр алатын өсімдік. Шиді тау бөктерлерінде, ызалы, еспелі бұлақтар маңында , құмның қоңырлыққа айқасар сулы, тепсенді алқаптарында кездестіруге болады. Ши сақалдарын мал жақсы жейді. Ал шидің өзін тартып дайындап, тоқып үй тұрмысына және малға ықтасын ретінде пайдаланады.Суармалы жерлерде мал азығы үшін жоңышқа, жүгері, судан шөбі жақсы өседі. Бірақ су көздерінің тапшылығына байланысты, өсімдіктің бұл түрлері кең көлемде тарамаған. Өзен, көл, жайылма судың жоқтығына байланысты Маңғыстауда тұрақты шабындық жоқ. Қоныс реттеріне қарай әр жылда әр жерден мал азығы дайындалады. Дәрілік өсімдіктер. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесінде емдік шөптердің алатын орны ерекше. Маңғыстауда дәрілік өсімдіктердің қоры өте көп, олар болашақта мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған орай Маңғыстау даласының табиғат жайылымында өскен малдың етінің ерекше дәмді болуы да тегін емес. Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биіктігі 30–60 см. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен ескі жұрт маңдарында өседі. Емдік мақсатқа алдараспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледрін пайдаланады. Алдараспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөздік жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде пайдаланған. Халық медицинасында адыраспанды ревматизм, қышыма, тері ауруларын булауға пайдаланады. Ал шөбінен жасалған қайнатындыны суық тигенде,безгек, жүйке жүйесінің әлсіреуіне пайдаланады. Шөбін жағып үйді, қойманы зарасыздандырады. Ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді. Қара не қызылбұрышқа қосып, теңге қотырға жағады. Ақ тұт. Түпқараған түбегі тауларында өседі. Тұт тұқымдас бұта, ақшыл-жасыл жемісі бар. Биіктігі 5–15 метрдей. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазіргі кезеңдерде тұт ағаштары күтімсіздіктен азып, жабайыланып, тұқымы азайып барады. Ақ тұттың жемістерінің, бұтақтарының қабығы мен тамырларының шипалық қасиеті бар. Жемісі қанды көбейтеді. Зат алмасуды реттейді, терлетеді, зәр айдайды, қақырық түсіреді. Діңінің қабығын жараға жапсырады, ал жапырақтары дене қызуын төмендетеді. Ақ тұт тамыры, қабығының суға қосылып жасалған тұнбасымен гипертонияны, бронхитті және демікпені емдейді. Бәйшешек. Биіктігі 15–30 см. Иісті сары гүлдер шатырға ұқсас. Жемісі жұмыртқа тәріздес қауашақ мамыр-маусым айларында гүлдейді. Бәйшешек тамыры бронхит аурулары кезінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Витамин үшін жапырақтарын салат жасап жейді. Қақырық түсіреді, несеп жүргізеді, іш өткізеді. Гүлдерін бастың сақинасына, бастың айналуына, тамырын сүтке қайнатып туберкулезге, сабағы мен жапырақтарынан қайнатынды жасап, күн өткенле, аяқ-қол калтырағанда, буын сырқырағанда, ұйқы қашқанда ішуге болады. Бозжиде. Ірі тікендері, тармақтары бар ағаш тәрізді, биіктігі 10 метрге жуық. Жапырағы сопақша, ақшыл тікенді түктері бар. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Шілдеде гүл жарып, қыркүйек, қазан айларында жеміс береді. Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Бозжиде жемісі іш өткенде де пайдаланылады. Гүлінен қайнатып жүрек-қан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды. Сондай-ақ бозжиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қоладанылады. Ғылыми медицинада бозжидеден асқазан ауруларын емдейтін лохпектан жән пшатин препараттарын жасайды. Жантақ. Бұршақ тұқымдас, тікенді, көп жылдық өсімдік. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Маңғыстаудың құм етегі көлдеу тепсендерінде, тау шатқалы аңғарларында, сулы жерлерінде кездеседі. Емдік мақсатында жантақтың жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Жантақ шөбін қайнатып, сүзгіден өткізгеннен кейін сұйығын күніне 3 рет 2 стаканнан ішеді. Қуыққа тас байланғанда сұйық дәрет жүргізу үшін, өт тазарту, іш жүргізуге пайдаланылады. Сондай-ақ бүйрек, қуық қабынуларына да пайдаланады. Жантақ қайнатындысынан геморройға қарсы ванна жасайды. Изен. Алабұта тұқымдас, тік өсетін, жапырағы ұсақ, гүлдері де ұсақ, жасыл, қызғылт түсті болып келеді. Маңғыстауда құмды, бұйратты, қоңырлық жерлерде өседі. Емдік мақсатында изеннің дәндерін пайдаланады. Дәнін қыркүйек, қазан айларында жинайды. Қытай халық медицинасында изенді несеп жүргізетін, жүрек қызметін реттейтін емдік препарат ретінде қолданады. Сонымен қатар изенді тері мен тырнақтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланады.Киікоты. Көп жылдық өсімдік. Көп сабақты. Киікотын гүлдеген кезде жинап көлеңкеде кептіріп қағаз қалтада сақтайды. Киікотының қайнатындысымен асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, ақ жатыр ауруын емдейді. Бірақ киікотын екіқабат әйелге пайдалануға болмайды. Ас қорыту жүйелерінің жиырылуы, созылу қасиеті перистальтикасы бұзылғанда пайдаланады. Киікоты тұнбасын жөтелге, етеккірді реттеуге де пайдаланады. Тұнба тәбет ашады. Қақырық түсіреді. Хош иісті ванна, компресс жасауға да болады. Киікотының ас қорыту және қолқа бездерінің жұмысын жақсартатын қасиеттері де бар. Киікотынан дайындалған тұнбамен ревматизм, құрысуды, жалпы қан тамырының соғысын көтереді. Киікотынан жасалған дәрі майды дененің салданған мүшесіне, іш желденгенде қарын сыртына жағып сылайды. (Маңғыстау энциклопедиясынан алынған) ### Жануарлар дүниесі Маңғыстау өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты:хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл заказнигінде жоғарыда аталған су құстарынынң бірсыпырасын кездестіруге болады. Сонымен қатар, Бозашы, Ембі заказнигі мен Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шыңды жерлерінде – арқар; Жазық, Жайылма коңырлықтарында қарақұйрықтар мекен етеді. Бозашы түбегінің терістігі мен терістік шығысы, қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы үлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер жиі ұшырасады. Үй жануарларынан жергілікті халықтың өсіретін малдары: кәдімгі қазақтың түсайыр түйесі, Адай тұқымды жылқы, қаракөл қойы, жеке қожалықтарда сиыр, ешкі түліктері. Бұлардың ішінде Адай жылқысы мен қазақтың түсайыр түйесі – ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан, өміршеңдігі мен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептеледі. (Маңғыстау энциклопедиясынан алынған) ### Климаты Қосымша қараңыз Маңғыстау климаты Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады. Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады Жыл бойы ауа ағымының негізгі үш түрі әсер етеді: * арктикалық, * полюстік (немесе қоңыржай белдеулік) * торпикалық. Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік белігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай еркін етеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықтардан өте отырып, көп ылғалын жоғалтады. Сейте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі белігін әкеліп, қысқы температураны жоғарылатады да, жаздғы температураны төмендетеді. Солтүстік Мұзды мүхит аймағында қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән. Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мүндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіл аралық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты,көктемде тым кеш (бесқонақ), күзде ертерек суық түсу мысалдары ұшырасады. Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді.Осы жайттардың әсерінен тым қүрғақ континенттік климат қалыптасады. . Атырау қаласында атмосфералық қысымының орташа жылдық мөлшері 1022 мб, қыста 1027 мб, жазда 1012 мб, яғни Қазақстаннан басқа аймақтарына қарағанда жоғары. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдердің жиі қайталанып келетіні байқалады. Қыста Каспийдің суы, іргелес жатқан құмды шөлдермен салыстырғанда, аз ғана суиды. Осыған байланысты суық ауа ағымының шөлден Каспийгө қарай ауысу тенденциясы қалыптасқан. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны шаруашылықта пайдалануға болады. Күшті жел бұл аймаққа тән құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6–7 м/сек, бүл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз (күндіз теңізден қүрлыққа қарай, ал түнде,керісінше, құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады. Жылдың ең суық айы — қаңтар. Қиыр солтүстікте және солтүстік-шығыста қаңтардың орташа айлық температурасы минус 10–15,6° С (Ақтөбе). Маңғыстау облысының оңтүстігінде минус 5,5°С (Аққұдық). Жалпы алғанда, қысы қоңыр салқын, ал аймақтың солтүстігі, сол ендікте жатқан Украинамен және Солтүстік Кавказбен салыстырғанда, біраз суықтау. Солтүстігінде қыс 4,0–4,5 айға созылады, ал оңтүстігінде мерзімі қысқа да жұмсақтау. Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстігінде 15–20 см, оңтүстігінде 10 см-ден кем, солтүстікке қар мызғымай 3 ай бойы жатса, оңтүстігінде 1,5–2 ай ғана жатады. Кей мезгілде, қысы біршама суық жылдары, аяздың көрсеткіші: Орал қаласында –43°С, Ақтөбеде –34°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде –26°С. Алқаптың біраз бөлігінің жазы ыстық, құрғақ, күні ашық. Шілде айының (ең ыстық ай) орташа температурасы солтүстігінде (Орал) +22,0°С, оңтүстігінде (Аққұдық) +28,6°С. Кей жылдары ауаның температурасы +47°С-қа дейін (Аққұдық) көтеріледі. Аймаққа үзақ мерзімді аязсыз кезең тән, бұл көрсеткіш 160–215 тәулік аралығында өзгереді. Мол жылу қоры аймақта жылусүйгіш ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру мүмкіндігін туғызады. Бірақ жауын-шашын мөлшері, тым аз, әсіресе Маңғыстау облысының оңтүстігінде оның орташа жылдық мөлшері солтүстігінде (Орал) 360 мм, оңтүстігінде (Аққұдық) 150 мм. Өсімдік өсуге қажетті ылғал мөлшері жеткіліксіз, сондықтан мұнда, негізінен,суармалы егістік алқаптары орналасқан. Жазда температураның жоғары болуынан булану да артады. Мұны дақылдардың көпшілігінің вегетациялық даму көзеңіндегі ылғалдылық жиынтығының жетімсіздік көрсеткішінен (1105–2860) байқауға болады. Тіркелген ең суық күн 1969 жылы 10 ақпан –28 градус ыстық 43 градус (14.08.2006) орташа температура 12б2 орташа жылдык жауын шашын 167 мм. ### Жер бедері Қосымша қараңыз Маңғыстау жер бедері Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (қырат) (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті және ТМД дағы ең терең ойпат (–132 метр) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр ## Әкімшілік құрылымы ### Тарихи кезең Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы Ресей империясына қосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Жоғарғы және Төменгі Адай дистанцияларына бөлінеді. Олар болыстардан (волость) тұрды. Болыстар ең төменгі әкімшілік-саяси құрылым ретінде 1928 жылға дейін өмір сүрді. Территориялық, сандық тұрғыдан тұрақсыз болған болыстар саны 20-30 шамасында болатын. 1869 жылы "Жаңа ережеге" сәйкес Орал облысының құрамында Маңғыстау приставтығы құрылып, ол 20 мың қазақ шаңырағын біріктірді. Сол жылы Иса-Досан бастаған халық көтерілісіне байланысты бұл приставтық Кавказ әскери округіне қаратылды. 1881 жылы приставтық Маңғыстау уезіне айналып, 1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысының (орталығы - Ашхабад қаласы) құрамына кіргізілді. Сол кездері уездің жер ауданы 190 мың шаршы километр болды. 1920 жылғы шілдеде Кеңес билігі толық орнаған соң, үлкен Адай уезі құрылып, ол губерниялық құқықққа ие болды. Тобанияз Әлниязұлының басшылығымен бұл өлке Қазақ АКСР құрамына еніп, өзінің ұлттық мемлекетіне түпкілікті қосылды. 1928 жылы Адай уезі таратылып, Маңғыстау округі аз уақыттан соң Маңғыстау ауданы болып қайта құрылды. 1930–1981 жылдары аралығында Маңғыстау-Үстірт жері оқтын-оқтын қайта пішінделіп, әр кезеңде Шевченко, Мұнайлы бөлікке бөлінді. 1973 жылы 20 наурызында жеке әкімшілік облысқа айналып, өзінің территориялық құрылымын 1990 жылы қалыптастырып болды. ### Бүгінгі жағдайы Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады . Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам). Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды. ## Тарихы Маңғыстау облысы Маңғыстау түбегінде орналасқан. Облыстың атауы географиялық орналасуына байланысты берілген. Маңыстау туралы ежелгі деректер 950-960 жылдар шамасында араб авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған Махмұд Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрк (Түрік тілі сөздігі) еңбегінде жазылған дерек 1070 жж-дар шамасында болған. Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдаттан Еділ Бұлғармясына барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан қазіргі Хорезм өңірінде болып, одан әрі Үстірт үстімен жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыздар еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой ауданының аралығында болғаны анық. Ибн Фадлан "Ар Рисале" атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген. Әйгілі жібек долының бір тармағы Маңғыстау жерінен өткен, негізгі керуен жолдары ретінде Хазариядан Хорезмге дейінгі жолдар пайдаланылған. ### Археология ## Демографиясы Маңғыстау облысы халық ең сирек орналасқан облыстың бірі. Өлкедегі археологиялық ізденістер осындан 180-200 мың жыл бұрын (палеолит) кейінгі неолит, қола дәуірілерінде адам мекендегенін анықтап, Үстірт пен Маңғыстаудағы ежелгі қоныс іздерін тапты. Маңғыстау халқының саны туралы алғашқы мәлімет 1745 жылы тіркелді. Маңғыстауда сол жылы болған капитан В.Копытовскийдің журналында Мұрат Нияз деген кісінің түбекте түрікменнің алты руынан 1400 үй мекендейтінін айтқаны туралы жазылған. Сол кездері түбекті мекендеген қазақ халқымен бірге қосып санағанда бұл ймақта 15-20 мың адам өмір сүрген. ### Халық саны 1897 жылы алғашқы халық санағы ол кезде уезд болатын облыс аумағында 63 468 адам тұрғандығын анықтады. Серікбол Қондыбай Маңғыстаудың демографиялық тарихын 2-3 кезеңге бөледі: * Бірінші кезең (1916 жылға дейінгі уақыт) - Ресей Империясына бағындырылған өлке оқтын оқтын болып тұрған қазақ-хиуа қақтығыстары мен орыс үкіметінің жазалау экспедицияларына қарамастан халықтың баяу да болса табиғи өсімі байқалады. * Екінші кезең (1916–1959 жылдар аралығы) - 1916 жылдан басталған көтерілістің арты үлкен азамат соғысына ұласты. Осы жылдары болған соғыс және аштық кесірінен халық санынынң 42 пайызына дейін кеміген. Ал кейінгі байларды тәркілеу уақыты кезінде де халық саны қатты кеміді. * Үшінші кезең (1959–1990 жылдар алағы) - Мұнай мен стратегиялық маңызы бар шикізат қорларының игерілуіне байланысты Маңғыстауды қоныстану тез қарқынмен жүрді, небәрі 15–18 жылдың ішінде 10 есе өсті. Сырттан келу қарқынның жоғары болуымен қатар жергілікті халықтың да туу көрсеткіштері өте жоғары дәрежеде болды. * Төртінші кезең (тоқсаныншы жылдар) — Кеңес Одағының ыдырауы демографиялық өзгерістерге әкелді. Басқа ұлт өкілдерінің өз тарихи отандарына оралуы мен Иран, Өзбекстан Түрікменстаннан қазақтардың елге орала бастауымен ерекшеленді. Маңғыстау облысының соңғы он жылдағы демографиялық динамикасы * - 2009 жылғы халық санағының ресми қорытындысы Облыстағы туу және өлім көрсеткіштері ### Қала және ауыл халқы 2016 жылы облыста 633.1 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы – 303,7 мың немесе 49%, ауыл халқы – 329,4 мың адам (51%). 2011 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 98,1 мың адамға немесе 34,2% өсті . ### Миграция Егемендік алған 15 жыл ауқымында көршілес республикалардан Отанына оралған қандастарымыздың есебінен аймақтағы адам саны, оның ішінде қазақтардың үлес салмағы соңғы жылдары едәуір өсті. Есеп-санақ басқармасының (2007) мәліметі бойынша облыс көлеміндегі адам саны 390,0 мыңға жетті. Түбектегі барлық халықтың 1/3-іне жуығы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Олар негізінен осы жердің байырғы тұрғындары. ### Ұлттық құрамы Бұл республика халқының 2,5%-ға жуығы. Халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды (90,26%): қалғандары орыстар (6,10%), әзербайжандар (0,91%), украиндар (0,31%), өзбек (0,35%), татарлар (0,27%), корейлер (0,14%), шешендер (0,11%), басқа ұлттар (1,38%). Облыс тұрғындарының 49,9%-ы (303,7 мың адам) қалада, 50,1%-ы (329,4 мың адам) ауылда тұрады. Халқының орташа тығызд. 1 км²-ге 3,6 адамнан келеді. Халық негізінен темір жол бойы және облыстың батысындағы Ақтау, Қаратау таулары етегінде қоныстанған. Кейінгі жылдары мұнай кен орындарының игерілуіне байланысты халық осы кен орындарына шоғырлана бастады. Қалалары – Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко. ### Өмір сүру көрсеткіштері Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторы ## Экономикасы Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады. Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр. Облыстың 2010 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері: * Жалпы аймақтық өнім - 1 422,9 млрд теңге (5 орын) * Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі- 1647, 4 млрд теңге (2 орын) * Ауылшаруашылығының өнімі - 4.4 млрд теңге (14 орын) * Негізгі капиталға жасалған инвестиция - 372 млрд теңге (3 орын) * Бөлшекті сауда көлемі - 78 млрд теңге (14 орын) ### Облыстың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы ### Рейтингтері Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд теңге құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд теңге. 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд теңге, немесе 2003 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2004 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған. ## Туризмнің дамуы ## Мәдениеті ### Маңғыстау күй мектебі ### Маңғыстаудың салт дәтүрлері ### Бекет Ата ### Маңғыстаудың жерасты мешіттері ### Маңғыстау туралы шығармалар ## Білім беру жүйесі Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 2010 жылы Ақтау қаласында Жер-Аспан-Теңіз мега жобасының аясында салынған университеттің жаңа оқу корпусы ашылды. Жаңа кампусты ашуға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. ## Денсаулық сақтау жүйесі Денсаулық сақтау ісі жөнінде Маңғыстау облысы әлі де артта қалып келеді. Дегенмен соңғы жылдары осы саладағы көптеген көрсеткіштер жақсарып келе жатыр. Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар. ## Өнеркәсіп ### Ірі компаниялар * Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация * Маңғыстаумұнайгаз * Өзенмұнайгаз * ПМК * Ақтау порты * Казмортрансфлот * Қаражанбасмұнайгаз * Қарақұдықмұнай * Бозачи * Каспий меруерті оперейтинг * Н оперейтинг * Құрманғазы Петролеум * Хазар * Ерсай * МАЭК * КазАзот * Keppel Kazakhstan * Теңіз сервис ### Мұнай өндірісі Тарихи кезеңдер ## Ауыл шаруашылығы Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді. Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді. 2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады. 2004 жылы 15,5 млн тонна шикі мұнай, 2,8 млрд тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі. ## Билік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Әкімді Президент тағайындайды. ## Тағы қараңыз * Бесшоқы * Қарақия ойысы * Өзенмұнайгаз * Кендірлі * Ақтау сити * Шерқала * Бекет Мырзағұлұлы * Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл) * Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл) ## Сыртқы сілтеме * Маңғыстау облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP) * Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми веб сайты Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы. ## Дереккөздер
Тікен тәрізділерге — солтүстік жарты шардағы тұзды және, тұщы суларды мекен ететін ұсақ балықтар жатады. Бұлардың арқа қанаттарынын алдыңғы бөлімі мен қанаттары тікен сияқты болады. * Қабыршақтары сүйекті. * Ұрғашысы шөптен ұя жасап, 100 шақты уылдырық шашады. * Қазақстанда тікен тәрізділердің бірнеше түрлері Балтық, Баренцево, Азов, Каспий теңіздерінен кездестіруге болады. ## Дереккөздер
Базум жотасы - Кіші Кавказдың тау жотасы, Арменияның солтүстігінде орналасқан. Ұзындығы - 70 км-дей, ені 15-20 км. Базум жотасы вулкан текті және шөгінді тау жыныстарынан, граниттен тұрады. Етек жағы - далалық шалғын, одан жоғары - субальпілік және альпілік шалғын. Памбака шатқалында жалпақ жапырақты орман өседі . Ең биік шыңы - Урасар тауы (биіктігі 2992 м). Басқа биік шыңдар: * Урасар — 2992 м * Аглаган — 2977 м * Шиштепе — 2836 м * Карагафлі — 2805 м * Тодор — 2796 м * Ярда — 2652 м * Кочгирлан — 2302 м. ## Дереккөздер
А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины — Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. Ол Қарағанды лагерінің ("Карлаг") 26 бөлімшесі ретінде қазіргі Астана қаласының оңт. батысында, Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының (НКВД) 1937 ж. 5 тамыздағы 00486 бұйрығы негізінде құрылған . КСРО ОАК-нің 1934 ж. 8 маусымдағы қаулысына сәйкес "отанын сатқандардың" отбасы мүшелеріне 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 жылға Сібірдің аудандарына жер аудару жазасы берілген. Алжир лагері 30 мың га жерді алып жатты. Оның Қарағанды , Ақмола өңірінде бірнеше бөлімшелері болды. АЛЖИР тұтқындары егін екті, мал бақты, құрылыс жұмыстарымен айналысты . Ұлы Отан соғысы жылдары АЛЖИР-де 8 мыңнан астам тұтұын әйел ұсталды. Лагерде КСРО мемл. Басшыларының, әскери қолбасшылардың әйелдері мен жақын туыстары, Қазақстан басшы қызметкерлерінің әйелдері мен балалары, жақын туыстары жапа шекті. Онда маршал М.Н. Тухачевский, А.С. Енукидзенің әйелі мен қызы, С. Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам, Б. Майлиннің әйелі Күнжамал, Т. Рысқұловтың әйелі Күләндам, С. Мендешовтың әйелі Рәзия, Т. Жүргеновтың әйелі Дәмеш, С.Асфендияровтың әйелі Рабиға Майнұр Сармолдаева және т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар «жазасын өтеді». Лагерге анасымен түскен сәбилер 2-3 жасқа жеткен соң аналарынан айырылып алынып, балалар үйлерінің «тәрбиесіне» берілді. АЛЖИР 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерге ауыстырылды, мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ 1956-57 ж. Саяси репрессия құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады. АЛЖИР тек 80-жылдардың соңында ғана ашық айтылып , жазыла бастады. Ол жөніңде деректі «АЛЖИР» фильмі түсіріліп, «Кебенек киген арулар» пьесасы жазылған. 2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені. Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді. Қазіргі уақытта мұражайға келушілер назарына 1905-1916 жылдары қазақ зиялыларының саяси іс-әрекеттері, кеңес өкіметін орнату кезеңі, ұжымдастыру және шаруашылықтың қасіреті, қазақ жеріндегі аштық, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-1950 жылдары Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғындар, 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылып отыр. Бүгінде осы бөлімдерде төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Лагерьде КСРО мемл. басшыларының, әскери қолбасшылардың әйелдері мен жақын туыстары, Қазақстан басшы қызметкерлерінің әйелдері мен балалары, жақын туыстары жапа шекті. Онда маршал М.Н. Тухачевскийдің қарындасы Е.Н. Тухачевская, А.С. Енукидзенің әйелі мен қызы, С.Сейфуллиннің әйелі Гүлбаһрам, Б.Майлиннің әйелі Күнжамал, Т.Рысқұловтың әйелі Әзиза, С.Қожановтың әйелі Күләндам, С.Меңдешевтің әйелі Рәзия, Т.Жүргеновтың әйелі Дәмеш, Н.Нұрмақовтың әйелі Зүпнұн, С.Аспандияровтың әйелі Рабиға, Майнұр Сарымолдаева, Елизавета Садуақасова, Мария Есқараева, Мәриям Тоғжанова, Әйіш Құлымбетова, Бибіжамал Сырғабекова, Сағадат Таштитова, Шәкітай Тәтімова, Айша Қабылова, Кира Нұрмағамбетова (лагерьде атылды), Жанбике Шанина, Хадиша Мусина, Сақыпжамал Назарова (Зарап Темірбековтың әйелі), Уәзипа Күленова, Мағрипа Рүстемова, Әсма Шоманова, Зағипа Тінәлина, Баршын Қалменова, Мәдина Оразова, Мәрияш Есенгелдина т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар «жазасын» өтеді. Лагерьге анасымен бірге түскен сәбилер 2 — 3 жасқа жеткен соң аналарынан айырып алынып, балалар үйлерінің «тәрбиесіне» берілді. А. 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерьлерге ауыстырылды, жер аударылды, мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ 1956 — 57 ж. саяси репрессия құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады. А. туралы тек 20 ғ-дың 80-жылдарының соңында ғана ашық айтылып, жазыла бастады. Ол жөнінде деректі «АЛЖИР» фильмі түсіріп, «Кебенек киген арулар» пьесасы жазылған. Экспозицияның жеке бір бөлігі «АЛЖИР» тұтқындарының балаларына арналып отырғаны тегіннен тегін емес. Сол жылдардағы тергеушінің кабинеті өзінің сұрқымен адам денесін тітіркендіреді. Шағын жертөлелердегі тұрмыс көрінісі, тұтқынға алынғандардың жеке нәрселері, қуғын-сүргін құрбандары балаларының хаттары көрнекі жерден орын алған. Жалпы қуғын-сүргін жылдарының алғашқы ескерткіші осыдан жиырма жыл бұрын Малиновка, қазіргі Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қарапайым қызметкері Любовь Егоровна Дроботаның тікелей араласуымен жасалған «Қақ айырылған жұлдыз» кешенінен бастау алады. ## Дереккөздер
Көксауыр - жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп, өюластыры немесе бір түсті көксауырдың әзін әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, кебіс, мәсі, етік, кісе, аттұрман тігеді. Бұл заттарды да көксауыр деп атай береді. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, өкше сірінің артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауың асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиһаз саналады. Көксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар тұскиіз, тон, сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасалған. Сондықтан көксауыр ісі кебінесе зергерлер қолына тән. ## Дереккөздер Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Тищенко Вячеслав Евгеньевич [7(19) .8.1861,Санкт-Петербург ,-25 .2.1941,Ленинград-совет химигі, КСРО ғылым академиясының академигі (1935;корр.мүшесі,1928).1884ж.Санкт-Петербург ун-нің бітіргеннен кейін сол университетте 1882-жылдан А.М.Бутлеровтың лабораториясында жұмыс істеп,1884 жылдан Д.И.Менделеевтің ассистенті болды.1891 ж.Санкт-Петербург ун-тінде тех. және аналит.химиядан ,1900-15ж,Әйелдер мед.ин-тында жалпы және органик.химиядан лекция оқыды.1934жылдан Ленинград ун-тінің жанындағы химия ғыл.-зерт.ин-ның директоры.Т.енбектерінің көбі орман химиясына арналған;скипидардан камфораны алудың өндірістік әдісін ұсынды.Бірінші дүн.жүз.соғыс кезінде Т.басшылығымен теңіз балдырларынан иод алудың технологиясы,бірқатар хим.таза реактивтер алу жолдары өндіріске енгізілді.КСРО Мемл.сыйлығының лауреаты (1941). Қазақ энциклопедиясы
Кторов Анатолий Петрович (24. 04. 1898 ж. т., Москва) - орыс совет актеpi, КСРО халық артисi (1963). 1919 ж. Комиссаржевская театры жанындағы студияны бітірді. 1917-1933 ж. Комиссаржевская мен Корш театрында ойнады. 1933 жылдан Москваның Көркем академиялық театрының құрамында актер. Нәзік юмор, әсем пластика мен өгкір мінезділік — оның сахналық творчествосына тән қасиет. 1925 жылдан кинофильмдерге тускен. 1965 ж. гастрольдiк сапармен Алматыда өнер көрсетті. КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1952). 2 орденмен марапатталған. ## Дереккөздер
Шөміш қағу. Көктем келе қар кетіп, жер жіпсіп, көк шыға бастайды, бәйшешек шығады. Сәуір келе аспанды бұлт жауып, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Үлкендер бұл күнді қуанышпен қарсы алған. «Күн күркіреді, көк дүркіреді»,- деп. Себебі, күн күркіресе, жаңбыр жауып, жер гүлденеді. Осы мезгілде қолдарына ағаш ожау алып, табалдырыққа қойып, маңдайшаға тигізіп: Сүт пен, айран мол болсын. Аштықпен, бақытсыздық алысқа кетсін. Халық тоқ болсын, жайдары жүзді, көңілді болсын – деп алғашқы көктемді күннің күркіреуі мен жаңбырды қарсы алған. Көктемде шығатын жуа, қымыздықты жеуге болатын – күн күркіремей жеуге болмайды. ## Дереккөздер Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Салбұрын. Қыс түскен соң қыран құсы бар аңшы жігіттер аңға шығады. Аңшы құсымен өзінің жүректілігін, ептілігін, құсының алғырлығын көрсету үшін сонарды асыға күтеді. Ұлы Абайдың « Қансанарда бүркітші шығады аңға», -деген өлеңінде: «Қансарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанда. Жақсы атпен тату жолдас бір – ғанибет Ынғайлы ықшам киім аңшы адам.»'' Ең қызығы қыстың мұндай күнінде түлкі, қасқыр өз індерінен шықпай отырады. Олардың бұл әдісін білетін аңшы айқайлап, шулап оларды інінен шығарады. Енді оны ұстау үшін құсын жібереді. Алынған аң тен бөліске түседі. Ақсақалдар сыбағасы өз алдына ауылға келген соң салтанатты түрде табыстайды. Бұл үрдістің тәрбиелік мәні зор. Өзара татулық, үлкенге құрмет.Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын "салбұрын" деп айтады. Мұны аңшылық мерекесі десе де болады. Салбұрын аңшылардың ерлігін, азаматтығын сынайтын жол. Аңшылардың қысты күні күтетін сәті — сонар. Сонар "ұзақ сонар", "келте сонар" және "қан сонар" деп үшке бөлінеді. Мұның ең қызығы соңғысы. Бұл — аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқаңдай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп жүреді де ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады. ## Дереккөздер Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданылады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Сондықтан қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияны, кимешек-жаулықтарды, аяқ киімдердің күлшіндерін, кебістің шажамайын тігуге қолданылады. Қайып тігу әдісінде астына шаншып алған инені ілгері шаншып үстіне шыгарған соң, оны шегіндіре әкеліп манағы шанышқан ізбен қайтадан астына түсіреді де, тағы ілгері шаншып, үстіне шығарады. Осылай орындалған тігістің бет жағында жіпсіз босаралық қалмайды.Тон, шалбар, тымақ сияқты теріден тігілген киімдерді тігуде тебе тігу тәсілі қолданылады. Тігістің жалпы көрінісі тепшуге ұқсас. Бірақ тепшу сияқты түйреп алып тігуге келмейтін тұтқыр материалдарды сол қолмен шымшып ұстай отырып, оң қолдағы инені екі саусақпен әрлі-берлі өткермелеп отырады. Тігіс жібі тепшуге қарағанда жиірек түседі. ## Дереккөздер Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады (түкті кілем). Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті ширатқан шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады. ## Дереккөздер Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Төкіндеу. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз төркініне бір жыл болмай баруға рұқсат жоқ. «Төркіні жақынның төсегі жиылмайды» деген құдалар бір ауылда бірге отырғанда ғана. Бүйтіп бара беру төркіндеуге жатпайды. Төркіндеу – қазақта аса үлкен кәде. Мұның жүгі де өте ауыр. Алғашқы бір жыл ұзатылып барған жас қыз үшін бұл өте ұзақ уақыт. Екі көзі төрт болып, осы бір жылды бітіре алмаған жас келін үйін, әке-шешесін, аға-бауырын, елін сағынып, өлдім-талдым дегенде бір жылға әзер жеткенде қандай қуанады десеңші. Аралықта бауырлары, ағалары келгенде ел-жұртын сағынып жүрген келін оларды құшақтап шаршағанша жылайды.Егер тұысы жоқ болып, елінен бөгде біреулер келсе де көзіне жылы ұшырап: «...мен жыламай кім жылар артымнан келер аға жоқ, деп, көріскенде жасын көл етеді... Төркіндеп баратындар: ұзатылған қыз, күйеу бала, кішкене жиен. Бұлардың апаратындары әке-шешеге жағалы киім, бір-бір кебіндік ақ бұл, үйіндегілердің басқаларына бір нәрсе апару, апармау шарт емес. Төркіндеп келген қыздың уақыты бір айдан кем болмайды. Өйткені ол жұртын аралап мауқын, шерін, сағынышын басуы керек. Қызы, күйеубаласы келген үй жақын-жуығын жиып, мал сояды. Қызбен күйеуді жақындары, жекжаттары шақырады. Бұл қыз бен күйеу үшін ең жақсы демалыс. Өте-мөте қыз бір жасап қалады. Ай бітіп қайтқанда қыздың үйі бұзаулы сиыр, құлынды биені екі баласына енші етіп береді. Жиенге шұбар тай мінгізіп, қырық серкеш айдатады. Бұл- бөлек үй болып шығатын екеуіне қайын жұрттың берген еншісі. Мұндай малды басқа жақындары да береді. Қазақ қыз бен жиеннен ешнәрсені аямайды. Өте-мөте жиеннің қолын өмір бойы қақпайды. «Пайғамбар да күйеуін сыйлапты» дегенді қазақ жақсы біледі. «Қыздан туғанның қиығы жоқ», «Жиенді ұруға болмайды, қол қалтырайды», «Нағашым бай, қайным бай, қайтып кедей қыласың құдайым-ай?» дегендерді де қазақ бет албаты айтпайды... бәрінде де батпандай мән бар. ## Дереккөздер Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8