text
stringlengths
3
252k
Қалбан Ынтыханұлы — 1971 жылы туған, жазушы, аудармашы. Оның есімі 90 жылдардың басынан бастап Қытай қазақ басылымдары арқылы оқырманға таныс. Қытайдағы «Шұғыла», «Тарбағатай» сынды белді басылымдарда повесттері мен қысқа әңгімелері және ақ өлеңдері жарияланып тұрды. 2003 жылы Пекиндегі үлттар баспасынан «Ақ қауырсын» атты ақ өлеңдер жинағы жарық көрді. 2006 жылы тарихи отанына оралған. Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызыметкер болып жұмыс жасайды. Қалбанның әңгімелері қысқа жазылуымен ерекшеленеді. Оның әңгімелерінде Америкада қалыптасқан қара юмор ағымының кейбір элементтері мен көлеңкелері менмұндалап тұрады. Ал қара юмор деген не дегенге келер болсақ, ол өткен ғасырдың 60-шы жылдары Америкада қалыптасқан үлкен ағым, бұл ағымның көрнекті өкілдері Джозеф Хеллер (Joseph Heller) әйгілі шығармасы «Әскери тәртіптің 22 тармағы», Курт Воннегут (Kurt Vonnegut) әйгілі шығармасы «Мысықтың бесігі», Томас Пинчон (Thomas Pynchon) әйгілі шығармасы «Қойшы бала Жарс» сияқтылар. ## Дереккөздер
Будан бозкілем (Жусаншөп тұқымдасы) — Қазақстанда кездесетін 9 түрдің ішіндегі кең тарағаны. Аласа таулы далаларда, қиыршық тасты топырақта, жартастардың айырықтарында, сазды, құмды өзен жағалауындағы жарлауыттарда көп кездеседі. Дала зонасында Мұғалжарда және Қазақстанның аласа таулы оңтүстік шет орманды далада тау массивтерінде Алтайдан Қаратауға дейін кең тарағанымен бозкілем батыс Қазақстанда және барлық шөлді аудандарда өспейді. Ұзын бұтақтанған тамырсабағының арқасында бұл түр үлкен иірімдер құрайды, ал кейде көптеген қысқа жеміссіз және ұзынырақ (20 см-ге дейін) генеративті өркендер, тоғай құрайды. Мәңгі жасыл, қыста тіршілігін жоймайтын сабақтарда бұтақтанады және олардың жаңа кеңістіктерді меншіктеу мүмкіндігін туғызады. Жапырақтары кезектесе орналасқан күрек тәрізді , бос жағы үшкір емес, жиектері тісті. Жазда қою жасыл түсімен тартымды, күзде түсі сары немесе қызыл. Гүлдері ашық сары, жоғары гүлшоғырына жиналған. Жемісі – құрама көп тұқымды жапырақшалар (листовки). Дақыл 1769 жылдан танымал, безендіруге пайдаланылды. ## Дереккөздер А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.
Масиаказавр — Оңтүстік–шығыс Африка жағалауынан 800 шақрым қашықтықта орналасқан Мадагаскар жерінен табылған динозавр. Ол б.з.д. 70 миллион жыл бұрын Мадагаскарды мекендеген. Мұрны пұшық, басы жалпақ, шқппен қоректенетін динозавр қолтырауындар мен ұшатын жартқыштардың бәсекелесі болған. Көлемі неміс овчаркасындай ғана масиаказаврдың ебедейсіз денесі велоцирапторға ұқсады. Олардың жалғыз ғана айырмашылығы - тістері болатын. Масиаказаврдың алдыңғы алты тісі ауызының сыртына шығып тұрды. Бұл тістер оның келбетін сұсты етіп көрсететін. ## Қызықты дерек * Қаңқасының шамамен 40 пайызы және жақ сүйектері ғана қазылып алынды. * Масиаказавр - тістері әлкедкі орналасқан, шағын жартқыш. ## Мәліметтер * Қорегі : жануарлар * Салмағы : 35 келі * Тұқымдас : Ноазаврид * Отряд тармағы : Терапод ## Дереккөздер
Махамбет Өтемісұлы кесенесі — XIX ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері. Кесене авторы — Көпбол Демесінов. Кесененің салыну уақыты 1995 жыл 30 қыркүйек. ## Сипаттама 19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан. Ақынның қабірі мәдениет ескерткіші болып табылады және 1846 жылымен даталанады, ең басында бұл жерде қабір үстіндегі шомбал құлпытасымен жабылып тұрған сегіз қырлы тас табыты болды, 1995 жылы бұл жерді толығымен қайта салып, ақынның қабірі үстінде ақ тастан салынған әдемі мазар тұрғызылған. Осы кезден бастап ақын қабірі тек киелі жер ғана болмай, сонымен қатар сәулет ескерткіші болып табылады. Ең алғаш рет ұлы ақын Махамбет Өтемісұлының жерленген жерін XX ғ. 50-ші жылдары Гурьев ақыны Берхаир Аманшин зерттеді. 1980 жылы Махамбет Өтемісұлының жерленген жерін Қазақ ССР Мәдениет Министрінің Орал экспедициясы зерттеді. 1995 жылы Махамбет Өтемісұлының есімін мәңгі есте сақтау үшін оның қабірі үстінде мазар салу қажет деген шешім қабылданған. Негіз ретінде көне шығыс сәулет стилімен салынатын жоба алынған. Сәулетті ғимарат шомбал күмбезбен аяқталатын және қондырма барельефтерімен безендірілген көпқырлы мұнара болып табылады. Құрылыстың өзі бетоннан жасалған, бірақ сыртқы және ішкі өрнегінде ақ ұлутас пайдалынған. Сыртқы шеңбердің диаметрі 7,6 м; ішкісінің 6,2 м. Құрылыс биіктігі – 6,4 м, күмбез биіктігі 1,8 м, күмбездің сыртқы диаметрі 5,2 м. Жалпы биіктігі 12,2 м. Кіреберістегі баспалдақ биіктігі 1 м, тығыздығы 0,5 м. Мазар кіреберісі алдында оюлы өрнекпен безендірілген классикалық арка қойылған. Жалпы айтқанда, бүкіл құрылыс айналадағы дала ұлы ақынның тірі дауысын ести алатын өтіп кеткен заманнан келгендей болып көрінеді. ## Дереккөздер * http://www.madenimura.kz/kk/materials/memorial/region/atyrau_oblast Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы. ## Сілтемелер * Махамбет Өтемісұлының мазары Qazaqstan 3D сайтында
Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды. ## Дереккөздер * Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Ермұханова Х.К. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2005 * Қазақстан тарихы (Анықтамалық құрал). Мұсабеков К.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2010. * Қазақстан тарихы пәніне көмекші оқу құралы (Б.з.б. 2 млн. 500 мың ж. - б.з. XVIII ғ.) Исабек Б.Қ., Әбішова Г.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2008
Яксартозавр — коритозаврға ұқсайтын шөппен қоректенетін гадрозавр. Оның сүйектері Қытайдан табылды. Шекесінде өз тобындағы өзге динозаврлармен айқасуға және дыбыс шығаруға арналған дулыға тәрізді үлкен айдары болған. Аналықтардың айдары кішірек, ал балаларында айдар мүлдем болмаған. Ұзындығы 9 метрді құрайтын динозавр ламбеозаврин гидрозаврид тобына жатқан.Динозаврдың басүйегі сыр өзенінің бойынан да табылған. Тұқылы жалпақ, үшкір тістері болған. ## Қызықты дерек * Ол бұдан шамамен 91 - 83 миллион жыл бұрын кейінгі Бор кезеңінде өмір сүрген. * Яксатозавр Қазақстанның Арал тауларынан басталатын Сырдария өзенінің аумағында өмір сүрген. * Оның тек бассүйегінің жоғарғы бөлігі мен ми қабы ғана табылған. ## Мәліметтер * Қорегі : өсімдіктер * Салмағы : анықталмаған * Тұқымдас : Гадрозаврид * Отряд тармағы : Орнитопод ## Дереккөздер
Шіре балдан улану – бұл шіре балмен сипатталатын ауру. Шіре бал араның ас қорыту жүйесіне түсіп, оның жұмысын бұзады, содан кейін бүкіл организмнің қызметін бұзады. аралар өледі. Ауру кезінде аралар ұяларының қабырғаларына және кәріздерге қою қоңыр түсті нежіс бөліп шығарады. Жаз кезінде аралар жерде ұяның маңында жүреді және олардың құрсағы ұлғайған. Шіре балының улануы көмірсулардың, алкалоидтардың, гликозидтардлың, сапониндардың, минералды тұздардың және токсиндардың бөліп шығаратын бактерияларымен саңырауқұлақтарына байланысты. * Диагнозды өлегн аралармен ауру араларды клиникалық бақылаулар мен лабораториялық зерттеулермен, сонымен қатарды, ұяда кәрез балымен азықтанған араларды зеттеу арқылы қояды.Жарық жерлерде шіре балдары ашық сары түстен қою қоңыр түске дейін өзгереді. Сондықтанда балдың сапасын тек лабораториялық әдіспен ғана анықтауға болады. * Ветеринарлық санитарлық бағасы: зерттеу үшін ветеринарлық лабораторияға әр арасемьясынана әр ара ұясының жақтауларынан таза шыны банкаға 80 г балды алып зерттейді. Егер бал мөлшері жеткіліксіз болса, қант сиропын қолданылады.Қандай да себептермен аралар шіре балымен немесе түсті шіре балымен қыстап қалатын болатын болса, оларға онда арттырылған суғару жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл мақсатта оларға жылытылған су немесе жылытылған қант сиропын қолданады. ## Дереккөздер
Балқаш тамыржегіш қоңызы (лат. Politodorcadion balchashense) – қатты қанаттылар сабының сүген қоңыздар тұқымдасына жататын, табиғатқа сән беретін, сирек кездесетін әдемі қоңыз. Таралу аймағы өте шағын. Солтүстік Балқаш маңында анда-санда кездеседі. Долинка маңынан (Қарағанды облысы), Бектау-Ата тауынан (Балқаш қаласы маңы) табылған. Тау етегі аңғарларындағы жусанды-астық тұқымдасты жерлерде тіршілік етеді. Дернәсілдері көпжылдық астық тұқымдастың және қияқөлең өскіндерін кеміреді. Туыстың басқа өкілдері сияқты малдың шектен тыс жайылуы мен жер жыртылуын көтермейді. ## Дереккөздер "Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен" - Алматы: Алматыкітап баспасы, 2009
## Алғашқы автожирлер Құрамдас ұшу аппараттарының бойына тікұшақтар мен ұшақтардың қасиеттері біріктірілген. Мұндай апараттардың алғашқысы автожир болды. Автожир – көтергіш күшті қанаты емес, жеткші қалағы тудыратын ұшақ. Тұңғыш автожирлерді 1920 – шы жылдарда испаниялық Сиерва жасады.Н.И. Камов пен Н.К. Скрижинский құрастырған кеңестік бірнеше автожирлере Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңіне де қатысқан. Бір өкініштісі, автожирдің ұшақпен салыстырғында артықшылықтары көп болған жоқ, жылдамдық пене жүк көтергіштік жағынан көп төмен болды. Тік ұшақ жасаушылардың жетістіктері ақыр – аяғында автожирді қажетсіз етіп тастады. ## Тікұшақ Тікұшақтың басты артықшылығы – тігінен көтерілу және қону мүмкіндігі. Басты кемшілігі – ұшу жылдамдығының аздығы. Тікұшақтың жылдамдығын тым құрығанда поршенеьді ұшақтың дееңгейіне ежеткізуге инженерлер ондаған жылдар бойы күш салды. Тікұшақтарға қосымша реактивтік немесе поршеньдік қозғалтқыштарды орнатты, алайда негізгі мәселе тікұшақтың жылдамдығын арттыру емес екен. Қиындық еңе алдымене жетекші винттің қалақтарына байланысты болып шықты. Тікұшақтың жылдамдығы шамамене сағатына 350 км болған кезде қалақтардағы ауа ағыны дыбыс жылдамдығына дейін күшейееді, ал бұл аппараттың жобалануына мүлде ебасқа қырынан келуді аталап етеді. Қосымша қозғалтқыштарды бар будан тікұшақтарды жасау әрекеттері әзірге сәтті бола қойған жоқ. Қазіргі уақытта АҚШ – та және Батыс Еуропада дайындалған будан тікұшақтардың жаңа буыны сынақтан өтуде. ## Конвертоплан Ұшақтан тікұшақ күрделі, ал тікұшақтан конвертоплан күрделі, тек құрылымы жағынан емес. Конвертопланды ауыспалы режимдерде – әуеге көтерілуден ұшуға және ұшудан қоніға бет алғанда басқару оңайға соқпайды. Конвертопланның қалақтары – бұрылмалы. Көтерілгенде және қонғанда қалақтары тік орналасады да, ең алдымен көтергіш күш тудырады. Ұшу кеезінде қалақтардың осьтері көлденеең орналасады – қалақтар кәдімгі ұшақтың қалақтары сияқты “жұмыс істейді”, ал қанаттары көтергіш күшті тудырады. Ұзақ жылдар ішінде конвертопландардың қалақтарымен және мотогондолдарымен бірге қанаты да бұрылады, ал кейбіреуеінің мотогондолдары ғана бұрылады. Қалақтары өзгеше. Диаметрі жағынан олар тікұшақ пен ұшақтың қалақтарының аралығында тұр. Тікұшаққа диаметрі үлкеен қалақ керек, ал ұшаққа үлкен қалақтың қажеті жоқ. Америкалықтар әлеемдегі бірінші сериялық V – 22 “Оспри” конвертопланын дайындауға отыз жылын жұмсады. XXI ғ. басында “Оспри” АҚШ теңіз жаяу әскері корпусы мен әскери теңіз күштерін қаруландыруға қабылданды, бірақ олар қазірдің өзінде ұрысқа толық жарамды емес. ## Қызықты деректер “Оспри” тәрізді аппаратты жобалау жұмысы М.Л. Миль атындағы конструкторлық бюрода жүргізілді Алғашқы ұшатын үлгілерді жасау 1986 – 1995 жылдарға жоспарланды, бірақ 1990 – шы жылдардың басында Ми – 30 жобасы бойынша жұмыстар тоқтатылды. ## Дерек көздер * https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B2%D1%82%D0%BE%D0%B6%D0%B8%D1%80 * Техника,"Балалар энциклопедиясы Росмэн",Мәскеу 2012,ISBN 978-5-353-06042-0,УДК 087.5,ББК 92 ## Алғашқы автожирлер Құрамдас ұшу аппараттарының бойына тікұшақтар мен ұшақтардың қасиеттері біріктірілген. Мұндай апараттардың алғашқысы автожир болды. Автожир – көтергіш күшті қанаты емес, жеткші қалағы тудыратын ұшақ. Тұңғыш автожирлерді 1920 – шы жылдарда испаниялық Сиерва жасады.Н.И. Камов пен Н.К. Скрижинский құрастырған кеңестік бірнеше автожирлере Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңіне де қатысқан. Бір өкініштісі, автожирдің ұшақпен салыстырғында артықшылықтары көп болған жоқ, жылдамдық пене жүк көтергіштік жағынан көп төмен болды. Тік ұшақ жасаушылардың жетістіктері ақыр – аяғында автожирді қажетсіз етіп тастады. ## Тікұшақ Тікұшақтың басты артықшылығы – тігінен көтерілу және қону мүмкіндігі. Басты кемшілігі – ұшу жылдамдығының аздығы. Тікұшақтың жылдамдығын тым құрығанда поршенеьді ұшақтың дееңгейіне ежеткізуге инженерлер ондаған жылдар бойы күш салды. Тікұшақтарға қосымша реактивтік немесе поршеньдік қозғалтқыштарды орнатты, алайда негізгі мәселе тікұшақтың жылдамдығын арттыру емес екен. Қиындық еңе алдымене жетекші винттің қалақтарына байланысты болып шықты. Тікұшақтың жылдамдығы шамамене сағатына 350 км болған кезде қалақтардағы ауа ағыны дыбыс жылдамдығына дейін күшейееді, ал бұл аппараттың жобалануына мүлде ебасқа қырынан келуді аталап етеді. Қосымша қозғалтқыштарды бар будан тікұшақтарды жасау әрекеттері әзірге сәтті бола қойған жоқ. Қазіргі уақытта АҚШ – та және Батыс Еуропада дайындалған будан тікұшақтардың жаңа буыны сынақтан өтуде. ## Конвертоплан Ұшақтан тікұшақ күрделі, ал тікұшақтан конвертоплан күрделі, тек құрылымы жағынан емес. Конвертопланды ауыспалы режимдерде – әуеге көтерілуден ұшуға және ұшудан қоніға бет алғанда басқару оңайға соқпайды. Конвертопланның қалақтары – бұрылмалы. Көтерілгенде және қонғанда қалақтары тік орналасады да, ең алдымен көтергіш күш тудырады. Ұшу кеезінде қалақтардың осьтері көлденеең орналасады – қалақтар кәдімгі ұшақтың қалақтары сияқты “жұмыс істейді”, ал қанаттары көтергіш күшті тудырады. Ұзақ жылдар ішінде конвертопландардың қалақтарымен және мотогондолдарымен бірге қанаты да бұрылады, ал кейбіреуеінің мотогондолдары ғана бұрылады. Қалақтары өзгеше. Диаметрі жағынан олар тікұшақ пен ұшақтың қалақтарының аралығында тұр. Тікұшаққа диаметрі үлкеен қалақ керек, ал ұшаққа үлкен қалақтың қажеті жоқ. Америкалықтар әлеемдегі бірінші сериялық V – 22 “Оспри” конвертопланын дайындауға отыз жылын жұмсады. XXI ғ. басында “Оспри” АҚШ теңіз жаяу әскері корпусы мен әскери теңіз күштерін қаруландыруға қабылданды, бірақ олар қазірдің өзінде ұрысқа толық жарамды емес. ## Қызықты деректер “Оспри” тәрізді аппаратты жобалау жұмысы М.Л. Миль атындағы конструкторлық бюрода жүргізілді Алғашқы ұшатын үлгілерді жасау 1986 – 1995 жылдарға жоспарланды, бірақ 1990 – шы жылдардың басында Ми – 30 жобасы бойынша жұмыстар тоқтатылды. ## Дерек көздер * https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B2%D1%82%D0%BE%D0%B6%D0%B8%D1%80 * Техника,"Балалар энциклопедиясы Росмэн",Мәскеу 2012,ISBN 978-5-353-06042-0,УДК 087.5,ББК 92
Сарыайдар - мойны біршама қысқа және басы басы онша үлкен емес, орташа денелі үйрек.Аталығы күйттік жасану кезінде өте әдемі. Оның маңдайы және төбесі - бозғылт қызыл қошқыл, бастың қалған бөлігі және мойны - қызғылтсары қоңыр. Жемсауы және төсінің бір бөлігі - қызғылт сұр, бауыры - ақ, қалған жабын қауырсындыры - сұрғылт. Көзтартары - металөңдес жасыл, ал денені жабатын қанатта үлкен ақ теңбіл бар, оны ұшып жүргенде алыстан көруге болады. Аналығы - қарапайым реңді. Аталықтары екібуынды, қатты ысқырады, аналықтар құлақ тұндыратын "рерр" деген дыбыс шығарады.
Жемшөп базасы- 1) шаруашылықтың, облыстың, бүкіл мемлекеттің мал шаруашылығына қажетті жемшөп қоры және жемшөп алынатын шаруашылық салалары. 2) шаруашылықта жемшөп өндіру және оны пайдалану жүйесі. Тұпрақты жемшөп базасын жасау дегеніміз- жемге арналған астық тұқымдас дақылдар, бір жылдық және көп жылдық шөптер егу, табиғи жайылымды, жемшөп дақылдары егілетін жерді тиімді пайдалану, сондай-ақ жемщөп базасын нығайту мақсатында жемщөптік ауыспалы егіске жоғары өнімді дақылдары(жүгері,картоп,қант,қызылшасы,жемшөптік бақша дақылдары т.б.) егу. Жемшөпті молайту үшін жемшөптік дақыл түрлерін таңдап алу, озат агротех, шараларды қолдану, пішен жинау, жемшөпті сүрлеу, құрама язық өндірісін дамыту керек. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Жерді муниципализациялау- жерді земстволардың немесе өзін-өзі басқаратын жергілікті органдардың (муниципалитеттердің) қарауына беру. Россиядағы бірінші буржуаздық демократия рев. кезінде агр. мәселе жөніндегі меньшевиктік программа "Жерді муниципализациялау" деген атпен белгілі болды. Ол помещиктік жерлерді төлем төлеу негізінде өзін-өзі басқаруоргандарына көшіруді ескерді, шаруалар бұл жерлерді өз шама-шарқына қарай жалға алуға тиіс болды; үлестік жерлер мен ұсақ жер меншіктері бұрынғы иелерінің қолында қалатын еді. Саяси және экономикалық жағынан реакцияшыл бола отырып, В.И.Лениннің бағалауынша жерді муниципализациялау программасы дегеніміз "нағыз аграрлық биметаллизм: нағыз ескі, тозығы жтіп, дәурені өткен, ортағасырлық үлесті меншікті жерге жеке меншіктің жоқтығымен, яғни капиталистік қоғамдағы жер қатынастарының ең алдыңғы қатарлы, теория жүзінде мінсіз құрылысымен ұштастыруды көріп отырмыз. Бұл аграрлық биметаллизм- теория жағынан мағынасыздық..." . Жерді муниципализациялаудың меньшевиктік программасы марксизмнің алдымен жер рентасы жөніндегі негіздерін ревизияларды. В.И. Ленин жерді муниципализациялаудың меньшеветвік программасын қатты сынады. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
## Омарталарға қойылатын талаптар Омарталар – құрғақ, жылы, жақсы тазартылатын, оңай желдетілетін, араларды қыста сақтап қалуға қолайлы болу тиіс. Омартаның ішіндегі рамкалардың арасы 7,5-8мм, рамканың қалыңдығы 25 мм болу керек. Омартаны жасайтын ағаш қайыннан,шыршадан, майқарағайдан, самырсыннан, көктеректен болу қажет. Ағаштың ылғалдылығы 15% - дан жоғары болмау керек. Әр омартаның корпусының қабырғасын 2 немесе 3 тақтайдан жасайды. Омартаның сыртын олифамен домдап, 2 қабат ақ, сары немесе көкшіл қызыл түске бояйды. Омартаның төбесін металлмен жабады.Омартаның құрылысы. Омартаның негізгі бөліктері: бір немесе бірнеше корпус, төбедегі тақтай, шатыр, түбі, жабысқан тақтай, алып салынатын тақтай, ұялы және магазиндік рамкалар. ## Омартаның құрылысы * Корпус – омарта қораптың пішіні тәріздес, төрт жағынан тақтаймен қоршаған. Оның ішінде аралардың жанұяларының орналастыратын ұяшықтар болады. Омартаның конструкциясына байланысты корпуста 10-нан – 20-ға дейін ұялы рамкалар болады. Корпустың алдыңғы қабырғасы араның жүісіне арналған жол. * Түбі – ол омартаның корпустық төменгі жағында орналасқан. Жабысқақ тақтай – ол араның омартадан ұшып, қайта оралуына көмегін көрсетіп, жеңілдетеді. * Дүкендік надставка – ол араның жанұяларының ұяларын кеңейтуге арналған. * Төбе – ұяның ішіндегі жылуды сақтау үшін қажет. * Шатыр – омартаны сыртынан қоршап, атмосфералық қысымнан қорғайды. Омартада шатыр тегіс немесе бірскаттық және екіскаттық болады. * Алып – салынатын тақтай – көпкорпусты омартада бұл тақтай төменірек орналасады, басқа омарталарға қарағанда.Омартаның құрылысына екі алып-салынатын тақтай кіреді. Дүкендік рамка т.б. бар. Көп корпусты омарталарда араларды күтіп бағу оңайға түседі, олардың ұяларын бұзбай кеңейте алады. Омарташы жалғыз немесе көмекшісімен көп ара жанұяларын күте алады. Омарталардан араларды көп корпусқа көктемнің бірінші жартысында көшіреді. Бұл кезде омарталарда рамкалардың ішінде төлдеу аз болады, сондықтан ол маңызды болып есептелмейді. Жазғы мезгілде төлдеу әрбір ұяда болады, оның көлемін кішірейткеннен төлдеудің бір бөлігі өлімге ұшырайды, сондықтан аралардың жанұяларының күші азайып, әлсізденеді. * Көп корпусты омартаға араларды ауыстыру ұзақ уақыт алады. Төлдеу кезінде суық тидіріп алмас үшін бұл кезеңді жылы мезгілде істейді. Таза дезинфекцияланған омартаны ескі омартамен ауыстырады, сонда араларды көшіреді, соның ішіне қысқа рамкада төлдеумен, бал және пергамен көшіреді. Төлдеуді омартаның ортасына орналастырады, ал перга мен балды шеттеріне қояды. Ескі омартада қалған араларды жаңа корпусқа қуады. Омарташы аналық араның ұяға енуін қадағалау керек. Ара жанұясының күшіне байланысты летокты 1-3 см кішірейтеді. Жазғы аралардан бал мөлшерін өте көп алады. Көп корпусты омартадан басқа: 2 корпусты 24 рамкалы омарта;Украиндық 20 рамкалы омарта; Белорустық 16 рамкалы жылытылған омарта; 16 рамкалы дүкендік надставкалв омарта; бір корпусты 2 дүкендік омарта; т.б түрлері бар. ## Дереккөздер ## Омарталарға қойылатын талаптар Омарталар – құрғақ, жылы, жақсы тазартылатын, оңай желдетілетін, араларды қыста сақтап қалуға қолайлы болу тиіс. Омартаның ішіндегі рамкалардың арасы 7,5-8мм, рамканың қалыңдығы 25 мм болу керек. Омартаны жасайтын ағаш қайыннан,шыршадан, майқарағайдан, самырсыннан, көктеректен болу қажет. Ағаштың ылғалдылығы 15% - дан жоғары болмау керек. Әр омартаның корпусының қабырғасын 2 немесе 3 тақтайдан жасайды. Омартаның сыртын олифамен домдап, 2 қабат ақ, сары немесе көкшіл қызыл түске бояйды. Омартаның төбесін металлмен жабады.Омартаның құрылысы. Омартаның негізгі бөліктері: бір немесе бірнеше корпус, төбедегі тақтай, шатыр, түбі, жабысқан тақтай, алып салынатын тақтай, ұялы және магазиндік рамкалар. ## Омартаның құрылысы * Корпус – омарта қораптың пішіні тәріздес, төрт жағынан тақтаймен қоршаған. Оның ішінде аралардың жанұяларының орналастыратын ұяшықтар болады. Омартаның конструкциясына байланысты корпуста 10-нан – 20-ға дейін ұялы рамкалар болады. Корпустың алдыңғы қабырғасы араның жүісіне арналған жол. * Түбі – ол омартаның корпустық төменгі жағында орналасқан. Жабысқақ тақтай – ол араның омартадан ұшып, қайта оралуына көмегін көрсетіп, жеңілдетеді. * Дүкендік надставка – ол араның жанұяларының ұяларын кеңейтуге арналған. * Төбе – ұяның ішіндегі жылуды сақтау үшін қажет. * Шатыр – омартаны сыртынан қоршап, атмосфералық қысымнан қорғайды. Омартада шатыр тегіс немесе бірскаттық және екіскаттық болады. * Алып – салынатын тақтай – көпкорпусты омартада бұл тақтай төменірек орналасады, басқа омарталарға қарағанда.Омартаның құрылысына екі алып-салынатын тақтай кіреді. Дүкендік рамка т.б. бар. Көп корпусты омарталарда араларды күтіп бағу оңайға түседі, олардың ұяларын бұзбай кеңейте алады. Омарташы жалғыз немесе көмекшісімен көп ара жанұяларын күте алады. Омарталардан араларды көп корпусқа көктемнің бірінші жартысында көшіреді. Бұл кезде омарталарда рамкалардың ішінде төлдеу аз болады, сондықтан ол маңызды болып есептелмейді. Жазғы мезгілде төлдеу әрбір ұяда болады, оның көлемін кішірейткеннен төлдеудің бір бөлігі өлімге ұшырайды, сондықтан аралардың жанұяларының күші азайып, әлсізденеді. * Көп корпусты омартаға араларды ауыстыру ұзақ уақыт алады. Төлдеу кезінде суық тидіріп алмас үшін бұл кезеңді жылы мезгілде істейді. Таза дезинфекцияланған омартаны ескі омартамен ауыстырады, сонда араларды көшіреді, соның ішіне қысқа рамкада төлдеумен, бал және пергамен көшіреді. Төлдеуді омартаның ортасына орналастырады, ал перга мен балды шеттеріне қояды. Ескі омартада қалған араларды жаңа корпусқа қуады. Омарташы аналық араның ұяға енуін қадағалау керек. Ара жанұясының күшіне байланысты летокты 1-3 см кішірейтеді. Жазғы аралардан бал мөлшерін өте көп алады. Көп корпусты омартадан басқа: 2 корпусты 24 рамкалы омарта;Украиндық 20 рамкалы омарта; Белорустық 16 рамкалы жылытылған омарта; 16 рамкалы дүкендік надставкалв омарта; бір корпусты 2 дүкендік омарта; т.б түрлері бар. ## Дереккөздер
Кузьмич Федор Андреевич (21.6.1908, Орел,- 19.1.1963, Ленинград)- совет дирижері. Мәскеудің полктік музыка командасында тәрбиеленді. Кейін Алматыдағы гарнизондық үрлемелі аспаптар оркестрінде дирижерлік етті. 1934 жылдан Қазақтың опера және балет театры оркестрінде трубашы, ке"іннен оның дирижері болды. Қазақ музыкасының көркемдік қасиеттерін терең түсінген Ф.А. кузьмич " Қыз Жібек", "Жалбыр", "Ер тарғын" операларының алғашқы дирижері болып, 1936ж. Мәскеуде өоткен қазақ әдебиеті мен өнерінің1-он күндігіне қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдапры артистер тобын басқарып, майдандағы жауынгерлерге өнер көрсетті. 1947 жылдан Ленинградтағы теңіз флотының үрлемелі аспаптар оркестрінде қызмет етті. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Куфтин Борис Алексеевич(21.01.1892-02.08.1953)- совет археологы және этнографы. Груз КСР-і ҒА академигі (1946 жылдан). 1919 жылдан Мәскеу университетінің оқытушысы. 1933 жылдан өмірінң соңғы күніне дейін Грузияның музейінде қызмет атқарды. Оның алғашқы еңбектері Мәскеу төңірегін, Сібір мен Қырымды мекенгдеген КСРО халықтарының шығу тегін зерттеуге арналды. 1933 жылдан бастап грузияның археолог экспедициясының жұмысына қатысты. Ежелгі Орта Азия мәдениеті туралы құнды деректер жинады. Оның қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпына байланысты жазған еңбегі 1926ж. жарық көрді. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Алексей Елисеевич Кулаковский (16.3.1877, қазіргі Саха Республикасы, Алексеев ауданы - 6.6.1926, Мәскеу)- саха кеңес ақыны, ағартушы, ғалым, саха жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол жан-жакты білімді адам болған. 1897 ж. якут реальдық училищесін бітірді. Алғашқы шығармаларында ("Пушкин поэзиясының ең басты бағалылығы", 1897 т.б.) ол орыс мәдениетінің игі ықпалын суреттеді. А.Е.Кулаковский 1900 жылы саха тіліндегі тұңғыш шығармасы - " Баянайдың дуасы" атты жырын жазды. "Жүз жасаған әженің жыры", "Сараң бай", "Саха қызының бейнесі" т.б. поэмаларында өмір шындығын шыншыл реализм тұрғысынан суреттеді. "Бақсының түсі", "Арақ" т.б. дастандарында патшалық езгіні, отаршылдардың жыртқыштығын әшкереледі. ## Дереккөздер
Кюй Цезарь Антонович(18.1.1835, Вильнюс-,-26.3.1918, Петроград)- орыс композиторы, музыканың сыншысы, инженер-генерал. 1849ж. С. Монюшкодан музыка теориясы бойынша сабақ алды.1856 жылы М.А. Балакиревпен танысты. 1857 дылы Петербургтегі Инженерлік академияны бітірісімен, сол әскери академияда сабақ берді (1878 жылдан профессор болды). Ол фортепьянолық миниатюралар, романстар (250-дей), 4 сюита,скрипка,хрға арналған шығармалар және 14 опера жазды. Опералары: " Вильям Ратклиф" (1869ж. қойылды), "Анджело" (1876 жылы қойылды), т.б. Ол- орыс балалар операсының алғашқы үлгілерін жасаушылардың бірі. Музыка сыншысы ретінде "Санк-Петербургские ведомости" т.б. газет, журналда сын мақалар бастырып тұрды. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Купуния Тамара Андреевна (08. 09. 1902ж. Хабск ауданы) — колхоз өндірісінің жаңашылы. Еңбек Ері атағын екі рет алған (1948,1951). 1943 жылдан КОКП мүшесі болған. 1930-36ж. қатардағы колхозшы, 1937–1941 ж. звено жетекшісі. 1941 жылдан бригалир. Қазақстанның бригадасы әр гектардан 1948ж.-8924, 1949ж.-9000, 1950ж-9300, 1951ж -10200 кг шай жапырағын жинады. Бригада мемлекетке1965ж-138,4т, 1967ж-150т,1968ж-152т,1969-158т,1970-167т шай тапсырды. Ол 2-7- сайланған Груз. КСР жоғарғы советінің депутаты. Үш Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы орденімен, Бүкіл одақтық халық жетістіктеі көрмесінің үлкен алтын, 5 кіші аотын, күміст.б. медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Курако Михаил Константинович (23.9.1872, Могилев облысы, Краснопольск ауданы),-8.2.1920, Кузнецк)-орыс металлургі, орыс домнашылар мектебінің негізін қалаушы. 1890 жылдан Александров темір зауты мен Брянск акционер қоғамының темір прокаттау зауытында! қазіргі Г.И.Петровский атындағы, Дневпропетровск металлургия заводы), Мариупольск (қазіргі Ильич атындағы) Краматорск т.б. металлургиялық зауттарда жұмы істейтін. Ол домна өндірісіне қатысты көптеген мамандықты меңгерді. 1917 жылы оның басшылығымен Кузнецк мателлургия зауыиының жоюасы жасалды. Домна ісін бірқатар жаңалықтар енгізді. Шихтаны автоматты түрде бөлетін көлбеу көтергіштің және домналық көріктің соны конструкциясын жасады, ауа үрлейтін фурмалық приборды кемелдендірді. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Габриэль Феликсович Шершеневич (1863 жыл, Херсон губерниясы – 1912 жыл, Мәскеу) — орыс заңгері, құқықтанушысы, Мәскеу және Қазан император университеттерінің профессоры, Бірінші Мемлекеттік Думаның депутаты, жазушы және аудармашы Вадим Шершеневичтің әкесі. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Сеңжар — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Кладбин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде, Питное көлінің жанында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 264 адам (121 ер адам және 143 әйел адам) болса, 2009 жылы 176 адамды (88 ер адам және 88 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Симақ — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Кладбин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан шығысқа қарай 41 км-дей жерде, Песчаное көлінің жанында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 200 адам (98 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 111 адамды (53 ер адам және 58 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Уткино — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Кладбин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде, Питное көлінің жанында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 212 адам (99 ер адам және 113 әйел адам) болса, 2009 жылы 80 адамды (39 ер адам және 41 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Матросово — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Қазан ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 107 адам (57 ер адам және 50 әйел адам) болса, 2009 жылы 65 адамды (34 ер адам және 31 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Светлое — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Қазан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 202 адам (101 ер адам және 101 әйел адам) болса, 2009 жылы 105 адамды (51 ер адам және 54 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазан — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қазан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде, орманды-далалы белдемде, Тұзды көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 894 адам (456 ер адам және 438 әйел адам) болса, 2009 жылы 648 адамды (324 ер адам және 324 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың басында қаланды. 1979 жылға дейін ұжымшар орталығы, 1979–96 жылдары И.П. Шухов атындағы сүт өндіру кеңшарының орталығы болды. 1996 жылдан сүт өндіретін және астық егетін шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Қабақ Айтұлы (шамамен 1611–1689 жылдары, қазіргі Өзбекстан, Шыршық өзені, Аққайран деген жер) - Ноғай Ордасының билеушісі, Мұхасан ұрпағы. Ел ұйытқысы болған би. Есімі руға шыққан. Бес ұлы - Қангелді, Жангелді, Төлес, Аралбай, Беке. Сайрам соғысының 1681–1684 жылдары Тілеу мен Қабақ тарихта болған адамдар. Атақты «Тілеу-Қабақ» әні осы кісілерге, бұлардан тараған рулы елге қатысты туған. Тілеу мен Қабақ ағайынды. Ағалы-інілі. Атасы бір, анасы бір. Бұл жөнінде әдебиетші ғалым Жұбаназар Асанов мынадай дерек береді: «Тілеудің бергі атасы – Ноғай ордасының билеушісі Мұса. Мұса мен Жаңбыршы бір туған. ХV ғасырда Алтын Орда ыдырап, жеті хандыққа бөлінгенде Мұса – Ноғай Ордасын, Жаңбыршы – Астрахань хандығын билеген. Бұл да тарихта аққа қарамен таңбаланған. Мұсадан Сидақ, Орақ, Мамай, Алшағыр туған. Сидақтан Мәку, одан Бөлек, одан Айт пен Бұжыр, Айттан Тілеу мен Қабақ туған…Тілеу мен Қабақтың бергі ұрпақтары – Қалдыбай хан, Әзберген хан, мыңжылдығын болжаған Мөңке әулие, Сарышонай, Қаражігіт, Мырзағұл билер мен Сарышолақ шайыр, Бақтыбай, Көтібар, Есет, Қарағұл, Ерназар, Бекет батырлар.Мұса әулеті Бұжырдан – ХХ ғасырда қазақ мәдениеті мен ғылымының бір бұрышын (төрт бұрышты десек) тіреген Жұбановтар тараған», — дейді. (Асанов Ж. Тілеу. // Ақтөбе. 11.08.2000 жыл). Демек, Тілеу мен Қабақтың арғы тегі – Ер Едіге. Кәуірді уысында жиырма жыл ұстаған – Ер Едіге!Тілеуден Қабақ үлкен. Жас жағынан. Бірақ Тілеу есімінің бірінші аталуында мынадай мән бар: ол – Әз Тәуке ханмен тұстас өмір сүрген, әрі оның даңқты билерінің, батырларының бірі болған. Бұны белгілі ақын Сарышолақтың: «Атамыз Қара Тілеу бидің соңы, – Сұлфазы Қосым Қожа пірдің соңы», – деген өлең тармақтары бекіте түседі. ## Ұлдары Қангелді, Жангелді, Төлес, Аралбай, Беке. ## Дереккөздер
Сайхания — анкилозаврид тұқымдасына жататын динозавр. Бор кезеңінде өмір сүрген жануардың сауытымен бірге табылған қаңқасының аз бөлігі ғана зерттелді. Динозавр құмды дауыл кезінде өлген. Денесі құмды тастың ішінде бауырымен жерге жабысып жатқан күйі табылған. Эрозия қаңқаның артқы бөлігін құртып жіберген. Соңғы кездері динозаврдың басқа да қаңқа бөліктері табылыа, ол туралы толық зерттеулер жазылуда. Сайханияның бассүйегі ерекше болған. ## Қызықты дерек * Сайхания 1971 жылы Гоби шөлінде табылған. * Оған 1977 жылы Тереза Марианска атау берген. * Сайханияның бассүйегінде ерекше тыныс алу жолдары орналасқан. ## Мәліметтер * Қорегі : өсімдіктер * Салмағы : анықталмаған * Тұқымдас : Анкилозаврид * Отряд тармағы : Тирефора ## Дереккөздер
Әбділхамит Райымбергенов (1957 жыл, Қарабұтақ ауданы; Ақтөбе облысы ) — қазақ белгілі өнер зерттеуші, күйші, Құрманғазы атынд. 1-республикалық конкурстың лауреаты (1983). Қазақтың Құрманғазы атынд. Мемлекеттік консерваториясын домбыра класы бойынша бітірген (1981). 1984-92 ж. “Мұрагер” атты республикалық фольклор сазды ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі. Ансамбль көптеген бүкілодақтық, халықаралық фестивальдарға қатысты, 1985 ж. А.Райымбергеновтың ”Мұрагер” ансамблі Мәскеуде өткізілген жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік фестивалінің дипломанты болды, 1990 ж. ансамбль Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты. “Мұрагер” қазақ музыкасын әлемге танытты, гастрольдік сапармен көптеген ТМД елдерінде, сондай-ақ Аустрияда, Үндістанда, Шри-Ланкада, Италияда, Жапонияда, Кипрде, Францияда, т.б. мемлекеттерде болды. Р.А. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Америка Құрама Штаттарына сапарға барды. Р. Еліміздің танымал музыка зерттеушісі,халқымыздың дәулескер күйшісі Қазанғап шығармашылығын жан-жақты зерттеп, көптеген еңбектер жазды. Р.А. орындауында Қазанғап күйлері Қазақ теледидары мен радиосының қорына жазылып алынды. Өзі оқып, тәлім алған Құрманғазы атынд. Мемлекеттік консерваториясының доценті, осында ғылыми-педагогикалық, ұстаздық қызмет атқарды. Р.А. респ. Теледидарды бірнеше жыл бойы “домбыра үйренейік” хабарын жүргізеді. 1995ж. респ. Мемлекеттік емес “көкіл” атты ұлттық колледждің директоры әрі көркемдік жетекшісі. Колледж еліміздің өнер оқу орындарына арнап жаңа әдістемелер, бағдарламалар жасады. Р.А. тек домбыра емес,көптеген аспаптарда-сыбызғыда, шаңқобызда, қылқобызда, үскірікте... шебер ойнайды. Өзінің халыққа танымал бірнеше күйлері бар. Францияның «EVA-1» телекомпаниясы 2001 жылы Ақтөбедегі арнайы келіп Әбділхамит Райымбергенов туралы телефильм түсірді. ## Шығармалары ”Қазанғап.Ақжелең”А.,”Өнер” 1984., “Самал Көкпар”/жинақ/.Күй толқыны. Әуесқой композиторлардың күйлері. А.,”Өнер”,1985.,”Күй қайнары”, А., “Өнер”, 1990., Жалпы бөлім беретін қазақ орта мектептерінің ән-күй сабағына арналған “Мұрагер бағдарламасы”, А., республикалық баспа кабинеті,”Қазақстан Республикасы мектептерінде оқушыларға көркем-эстетикалық білім беру” /жинақ/.,А., 1994, т.б. ## Дереккөздер А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.
Екатериновка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Қазан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 405 адам (196 ер адам және 209 әйел адам) болса, 2009 жылы 279 адамды (134 ер адам және 145 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
## Өмірі мен шығармашылығы Сахариев Баламер (1929–1979) - Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында туған. 1950 жылы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиет факультетін бітірген. 1951 жылы «Халық мұғалімі» журналында әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істейді. Филология ғылымының кандидаты. М.Базарбаевпен бірге қазақ әдебиетінің оқулығын («Мектеп») жазады. «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақ совет әдебиеті тарихы» авторларының бірі. Жүзден астам ғылыми сын мақалалар мен рецензиялардың авторы. Мақалалары орыс, өзбек, қырғыз тілдерінде де жарияланды. Н.К.Крупскаяның көптеген педагогикалық еңбектерін, парсы жазушыларының бірнеше әңгімесін, И.Буниннің, О.Туманянның бір топ әңгімелерін, Куба жазушысы Д.Олеманның «Төңкеріс түлектері» повесін, Поповтың «Семья», Корнейчуктің «Днепр айдынында» пьесаларын аударды. Шығармалары: Уақыт тынысы. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Жазушы», 1965; Күндестер тұлғасы. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1980. ## Дереккөздер * http://adebiportal.kz/authors/sakhariev-balamer/ Мұрағатталған 6 наурыздың 2014 жылы. ## Өмірі мен шығармашылығы Сахариев Баламер (1929–1979) - Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында туған. 1950 жылы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиет факультетін бітірген. 1951 жылы «Халық мұғалімі» журналында әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істейді. Филология ғылымының кандидаты. М.Базарбаевпен бірге қазақ әдебиетінің оқулығын («Мектеп») жазады. «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақ совет әдебиеті тарихы» авторларының бірі. Жүзден астам ғылыми сын мақалалар мен рецензиялардың авторы. Мақалалары орыс, өзбек, қырғыз тілдерінде де жарияланды. Н.К.Крупскаяның көптеген педагогикалық еңбектерін, парсы жазушыларының бірнеше әңгімесін, И.Буниннің, О.Туманянның бір топ әңгімелерін, Куба жазушысы Д.Олеманның «Төңкеріс түлектері» повесін, Поповтың «Семья», Корнейчуктің «Днепр айдынында» пьесаларын аударды. Шығармалары: Уақыт тынысы. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Жазушы», 1965; Күндестер тұлғасы. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1980. ## Дереккөздер * http://adebiportal.kz/authors/sakhariev-balamer/ Мұрағатталған 6 наурыздың 2014 жылы.
Заурорнитойд — шамамен 85 — 77 миллион жыл бұрын кейінгі Бор кезеңінде өмір сүрген екі аяқты шапшаң қимылдайтын динозавр. Жыртқыштықпен өмір сүрген ол екі аяқпен жүгіретін болған. Есту және көру қабілеттері өте жақсы дамыған. Зауроргитойд өз тобындағы басқа да динозаврлар секілді етпен қоректенген. Көз ұяшықтары үлкен, соның арқасында алысты жақсы көрген. Күндіз де, түнде де айналаны біркелкі бақылай алған болуы мүмкін. ## Қызықты дерек * Ғалымдар заурорнитойдтың үлкен көздеріне қарап, түнгі жануар болған деп жорамалдары. * Заурорнитойдқа 1924 жылы Осборн атау берген. * Үлкен ірі өткір тырнақты үш саусақтары болған. ## Мәліметтер * Қорегі : жануарлар * Салмағы : 13 -27 келі * Тұқымдас : Троодонтид * Отряд тармағы : Теропод ## Дереккөздер
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі. XІX ғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне алып келді. Көтерілістің негізгі себептері, Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853 жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда облысы) басып алған болатын. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған басқыншылық саясат халықтың ашу-ызасын тудырған еді. Шекті руы басқыншылардың бірі Жанғожа қарапайым халықтың арасында беделді болды. Ол сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отаршылық қанау салдарынан тұрмысы тіпті нашарлап кеткенін жақсы түсінді. Бұның себебі алдымен жер мәселесі еді. Ақмешітті басып алғаннан кейін патша өкіметі Сырдария әскери шебін құрды. Бұл шеп бойынша бұрын қазақ халқы иемденіп келген көлемді әрі шұрайлы жер орыс-казактар мен Ресейден қоныс аударып келгендерді орналастыру үшін берілді. Жергілікті қазақтарға түтін салығы салынды, көптеген ауыр жұмыстарды орындау жүктелді. Олар жолды жөндеуге, көпірлер салуға, бас арықтарды тазалауға міндетті болды. Оның үстінде жергілікті үкімет орындарының талап етуімен бекіністер салуға, құрылыс материалдарын тасу үшін күш-көлік бөлуге де міндетті еді. Осы сияқты көлденең міндеткерліктер көбіне егіншілердің науқанды жұмыстарымен қабат келіп, олардың жағдайын ауырлата түсті. Егінші қазақтардың бұған дейін пайдаланып келген құнарлы жері күшпен тартылып алынып, казактарға берілді. 1857 жылға дейін 3000-дай қазақ отбасыларының егістікке жарамды жерлері тартып алынып, олар ағын суы жоқ, егістікке жарамсыз жерлерге қуылып тасталады. Осы жағдай 50-жылдардың ортасында шағын шекті руының егіншілерін ашық күреске шығуға әкелді
Мусин Қорған Нұрханұлы (1926 жылы туған) - 1970 жылдан Қазақ Совет Социалистік Республикасының селолық құрылыс министрі. 1959 жылдан КОКП мүшесі. Ташкенттің ауыл шаруашылығын суландыру және механикаландыру институтын бітірген (1953 жыл) соң инженерлік, су тех. қызметтер атқарады. 1966-70 жылдары ҚазКСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбсары, 1-орынбасары. 1970 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі. 8-9-10 сайл. Қазақ Совет Социалистік Республикасының Жоғарғы Совет депутаты болып тағайындалады. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы.
Алексеевка каолин кені — Көкшетау обл-ның Алексеевка қ. т. поселкесінің жанындағы ірі кен орны. Ол Ңырыққұдық (жоғарғы ордовик — төменгі силур) және Бурабай (төменгі девон) интрузивтері түйіскен жердегі мезозойлық үгілу қыртысынан орын алған. Кварцты диориттер, гранит- тер мен сазды тақта тастардың үгілуiнен пайда болған бастапқы каолин қабатының қалыңдығы бірнеше см-ден 77-ж-ге, ал ауд. 123 км²-ге жетеді.3 участокта каолин кенінің 9 линзасы бар. Каолиннің түсі ақ, отқа төзімділігі 1740° С, хим. құрамы 6138/61 ГОСТ-нің барлық талаптарына сай келеді. Ңұрғақ, ылғалды күйінде байытуға болады. Концентрат шығымы 46,3—86,7%. Байытылмаған каолиннен отқа төзімді бұйымдар, ақ және түсті цемент алуға болады. Байытылған каолин нәзік керамика, санитарлық-тех., фаянс бұйымдарын, құрылыс плиталарын, жоғары сортты қағаз, кабель, резина т. б. материалдар жасауға жарамды. Жылына 1 млн т-дан аса каолин өндіретін карьер бар. Ол Целиноград, Қарағанды керамика з-дтарын, Павлодардың 2 целлюлоза-қағаз және Төм. Тагилдің металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. ## Дереккөздер
Ақкөл ауданы — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. 1997 жылға дейін "Алексеев ауданы" деп аталып келді. Орталығы — Ақкөл қаласы. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде Біржан сал ауданымен және Степногорск қаласымен, шығысында Ерейментау ауданымен, батысында Бұланды, Астрахан аудандарымен, оңтүстігінде Шортанды ауданымен шектеседі. ## Жер бедері Ақкөл ауданы жері (абсолют биіктігі 200-400 м) ұсақ, шоқылы, белесті болып келеді. Орталық бөлігінде Домбыралы тауы (471 м) орналасқан. Пайдалы қазбалардан: алтын, гранит, қиыршықтас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы — 170-18°С, шілдеде 19-20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-400 мм. Басты өзендері: Қалқұтан, Талқара, Ақсуат. Көлдері ұсақ, негізінен сор болып келеді. Ірі көлдері: Итемген, Ақкөл, Балықтыкөл, Шортанкөл, Жарлыкөл. Жерасты сулары ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен маңыз атқарады. Топырағы карбонатты, сортаң, оңтүстікке қарай қара. Өсімдіктерден: түрлі шөп, қызғылт және қылқан селеу, сулыбас т.б. өседі. Орманының аумағы 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). Жануарлардан: бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, ақтиын, дала тышқаны, өзен-көлдерінде шортан, алабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді. ## Шаруашылығы Аудан орталығында жөндеу-механикалқ, темір-құйматас бұйымдары және ет, сүт заттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 3 орман шаруашылығы, баспахана жұмыс істейді. Ақкөл ауданының тұрғындары негізінен астық, мал өсірумен шұғылданады. Ауыл шаруашылық жерінің аумағы 567,2 мың га (1997), оның 226,0 мың га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында. Ауыл шаруашылығы жерінің ауданы 822974 га, оның 165886 га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында 12 кәсіпорын, 3 құрылыс, 4 көлік мекемесі бар, ауданы мамандандырылған бірлестік, қожалық, акционерлік және кооперациялық шаруашылықтар құрылған. Егіншілікте негізінен дәнді дақыл (80%) өсірумен айналысады. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, шошқа, құс өсіріледі. Ақкөл ауданында кәсіптік-техникалық училище, 34 мектеп, бала-бақшалары, мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Ауданы «Знамя Родины» газеті шығады. Аудан облыс орталығы — Көкшетау қаласы, елді мекендермен темір және автомобиль жолдары арқылы қатынасады. ## Халқы Тұрғындар саны: 25 793 адам (2019). * Ұлттық құрамы: қазақтар (42,86%), орыстар (38,96%), украиндар (4,26%), немістер (5,85%), беларустар (1,43%), татарлар (2,23%), еврейлер (0,34%), башқұрттар (0,33%), ингуштар (0,17%), корейлер (0,20%), әзербайжандар (0,29%), поляктар (1,31%), армяндар (0,12%), басқалары (1,99%). ## Әкімшілік бөлінісі 29 елді мекен 7 ауылдық округ пен 1 ауылдық, 1 қалалық әкімдікке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Танымал тұлғалары * Айтпай Бекболатұлы Құсайынов - Социалистік Еңбек Ері * Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов - Кеңес Одағының Батыры ## Дереккөздер
## Ру мен қауым Ежелгі адамдар саны 20 – 30 адамнан аспайтын топтарға (қауымдар) бірігіп жүрді. Кһпшілік жағдай оларға жыртқыштарға қарсы тұрып, ірі жануарларды қаумалап ұстауға, жабайы табиғат жағдайында өмір сүруге мүмкіндік береді. Алғашқы қауымдық мүшелер құрылысын туысқандық қатынастары біріктірді: әрбір қауым бірнеше рулардан тұрды. Ру – өз шығу тегін (әкеден балаға) не шешелік (шешеден балаға) тізбектен тарататын адамдар тобы. Рудың негізгі ерекшелігі өз руының өкілдерімен некеге тұруға тиым салынды. Ру мүшелері бір – біріне барлық жағдайда жәрдемдесіп, өз руласының өлімі мен жарақаты үшін, қанмен кек алуға даяр болатын. Ру мүшелері, сол секілді, діни культі арқылы бірігеді. Әдетте екі немесе бірнеше рулар бір – бірімен тығыз байланыста болады. Олар аң аулайтын жерлерді бөлісіп, бірлесе еңбек етіп, үйленеді: бір рудың адамдары өзге рудан қыз алып үйленетін. Сондай – ақ, ру мүшелерін өмір сүру аумағы да біріктіретін. Ертеректегі қауымда билік оның барлық тең құқылы мүшелеріне тиесілі болатын. Басты заң – бабалар дәстүрі болып, қауымдағы адамдар оның сақталуын бірге қадағалайтын. Шаруашылық және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері ұжымдық түрде шешілетін. Сонымен қатар, әрқашан топтарда үлкен беделге ие, басшы бір немесе бірнеше адам болады. Бірақ, аңшылық немесе әскери өнерінің, данышпандық немесе сәттілігінің арқасында абыройға ие болған басшылар жеке өздері біреулерге бұйырып немесе жазалай алмайтын. Бірте – бірте басқару билігі күрделене берді. Қауымдағы халық саны артып, оның мүшелері біртұтас ұжым құраудан қала бастады. Сол себепті, дәстүрлердің орындалуы мен бақылау міндеті ақсақалдар алқасына ауысты. ## Сіз білесіз бе? * Ғалымдар алғашқы адамдарды қайырымды да мейірімді болғандығын болжайды. Иракта бір көзі соқыр, бір қолы жоқ болған адам мүрдесінің қалдығы табылды. Ол сол күйімен 40 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Егер, оған тайпасындағылар көмектеспегенде, бір апта да өмір сүре алмайтын еді. * Үңгірдегі оттың сөнбеуін қадағалау - қауымның әрбір мүшесінің міндеті болған. * Алғашқы қауымдық құрылыс бірнеше мыңдаған жыл бұрын 20 - 30 адамнан тұратын ұжымға бірікті. ## Галерея * ## Дереккөздер * Әлемдік тарих,"Балалар энциклопедиясы Росмэн",Мәскеу 2012,ISBN 978-5-353-06037-6, УДК 087.5, ББК 63,3(0) ## Ру мен қауым Ежелгі адамдар саны 20 – 30 адамнан аспайтын топтарға (қауымдар) бірігіп жүрді. Кһпшілік жағдай оларға жыртқыштарға қарсы тұрып, ірі жануарларды қаумалап ұстауға, жабайы табиғат жағдайында өмір сүруге мүмкіндік береді. Алғашқы қауымдық мүшелер құрылысын туысқандық қатынастары біріктірді: әрбір қауым бірнеше рулардан тұрды. Ру – өз шығу тегін (әкеден балаға) не шешелік (шешеден балаға) тізбектен тарататын адамдар тобы. Рудың негізгі ерекшелігі өз руының өкілдерімен некеге тұруға тиым салынды. Ру мүшелері бір – біріне барлық жағдайда жәрдемдесіп, өз руласының өлімі мен жарақаты үшін, қанмен кек алуға даяр болатын. Ру мүшелері, сол секілді, діни культі арқылы бірігеді. Әдетте екі немесе бірнеше рулар бір – бірімен тығыз байланыста болады. Олар аң аулайтын жерлерді бөлісіп, бірлесе еңбек етіп, үйленеді: бір рудың адамдары өзге рудан қыз алып үйленетін. Сондай – ақ, ру мүшелерін өмір сүру аумағы да біріктіретін. Ертеректегі қауымда билік оның барлық тең құқылы мүшелеріне тиесілі болатын. Басты заң – бабалар дәстүрі болып, қауымдағы адамдар оның сақталуын бірге қадағалайтын. Шаруашылық және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері ұжымдық түрде шешілетін. Сонымен қатар, әрқашан топтарда үлкен беделге ие, басшы бір немесе бірнеше адам болады. Бірақ, аңшылық немесе әскери өнерінің, данышпандық немесе сәттілігінің арқасында абыройға ие болған басшылар жеке өздері біреулерге бұйырып немесе жазалай алмайтын. Бірте – бірте басқару билігі күрделене берді. Қауымдағы халық саны артып, оның мүшелері біртұтас ұжым құраудан қала бастады. Сол себепті, дәстүрлердің орындалуы мен бақылау міндеті ақсақалдар алқасына ауысты. ## Сіз білесіз бе? * Ғалымдар алғашқы адамдарды қайырымды да мейірімді болғандығын болжайды. Иракта бір көзі соқыр, бір қолы жоқ болған адам мүрдесінің қалдығы табылды. Ол сол күйімен 40 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Егер, оған тайпасындағылар көмектеспегенде, бір апта да өмір сүре алмайтын еді. * Үңгірдегі оттың сөнбеуін қадағалау - қауымның әрбір мүшесінің міндеті болған. * Алғашқы қауымдық құрылыс бірнеше мыңдаған жыл бұрын 20 - 30 адамнан тұратын ұжымға бірікті. ## Галерея * ## Дереккөздер * Әлемдік тарих,"Балалар энциклопедиясы Росмэн",Мәскеу 2012,ISBN 978-5-353-06037-6, УДК 087.5, ББК 63,3(0)
Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова (4 наурыз 1958 жыл, Бесқайнар ауылы, Киров ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, химия мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы. ## Өмірбаяны Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Жетісу облысы Киров (қазіргі Көксу ауданы) ауданының Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімін бітірген соң, жоғары білімді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған. Бірінші жұмыс орны 1979 жылы Алматы облысындағы, Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен. Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті. Басында, 1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған, ал 1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы ретінде еңбек еткен. 1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды. 1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарысұлы атындағы мектеп директорының қызметін атқарды. 1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары 1996 - 2002 болып, 2002 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымына тағайындалған. 2005 - 2007 жылдары - «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымына қайта тағайындалған. 2009 жылғы қазан - 2023 жылғы наурыз аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы болды. ## Марапаттары * Құрмет ордені * Парасат ордені * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі * Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі * Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі * Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі * Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Мұрағатталған 6 мамырдың 2021 жылы. Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
## Жолдасу Жолдасу (жолын беру), (дәстүр). Үлкен мәжілістерде, бас қосуларда бұрынғы адамдар ата салт – дәстүрі жолымен өзіне лайық орын алады. Сый – сияпат жасағанда бас табаққа кіруде немесе бата беруде де ата – баба жолы негіз болады. Мұндайда тек жасын ғана емес, жүз, ру, туыстық, іліктік жағы да еске алынады. Мұны қазақ салты бойынша «жолдасу» немесе «жолын алу» - деп те атайды. Бұл ежелгі қазақ заңдарында негізделген. ## Дереккөздер Кенжеахметұлы С. К – 30 Қазақ халқының салт – дәстүрлері. – Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2010. – 312 бет, суретті. ISBN 978 – 601 – 01 – 0374 – 0 ## Жолдасу Жолдасу (жолын беру), (дәстүр). Үлкен мәжілістерде, бас қосуларда бұрынғы адамдар ата салт – дәстүрі жолымен өзіне лайық орын алады. Сый – сияпат жасағанда бас табаққа кіруде немесе бата беруде де ата – баба жолы негіз болады. Мұндайда тек жасын ғана емес, жүз, ру, туыстық, іліктік жағы да еске алынады. Мұны қазақ салты бойынша «жолдасу» немесе «жолын алу» - деп те атайды. Бұл ежелгі қазақ заңдарында негізделген. ## Дереккөздер Кенжеахметұлы С. К – 30 Қазақ халқының салт – дәстүрлері. – Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2010. – 312 бет, суретті. ISBN 978 – 601 – 01 – 0374 – 0
Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен — 7 желтоқсан 1996, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1947). Ришат Абдуллиннің егізі. ## Өмірбаяны 1939 — 65 жылдары Абай ат. Қазақ опера және балет театрында әнші болды. 1965 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерт”бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. Абдуллин негізінен лирикалық кейіптегі опералық бейнелерді сахнаға шығарды. Мысалы: Төлеген, Қайрақбай, Балпан, Арыстан (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” және “Айман-Шолпанында”), Ленский (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Серік (М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”), Зілқара (Брусиловский мен Төлебаевтың “Амангелдісінде”), Тұяқбай (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Әзім (А. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайында”) тағы да басқа. Ол 1936 жылы Мәскеуде (Ресей) өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Абдуллин әнші ретінде қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ән-романстарын ерекше нақышпен орындаған. ## Отбасы Әйелі — Абдуллина Камаш және төрт баласы: * Қызы — Абдуллина Ғалия (1941) * Ұлы — Абдуллин Сағынай (1953) ## Дереккөздер
Құтты болсын айту - дәстүр. Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың қуанышқа ортақ екендігінің белгісі. «Қайырлы болсын» айтуға келмегендерге өкпелеуге болады. Өйткені, ол тілегі, ықыласы жоқ деген бөтен ойды білдіреді. ## Дереккөздер
Нағашылап бару (дәстүр). Халық ішінде «Балалығың ұстаса – нағашыңа бар, жігіттігің ұстаса – қайныңа бар» деген қағида бар. Әдеттегідей барыс – келіс емес, ата жолында мұның өз жөн – жосығы бар. «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» дегендей, бұл жолы ерекше салтанатпен жиен жолдас – жораларын ертіп барады. Нағашылары оған құрмет көрсетеді. Мал сойып, төрге шығарып, сауық құрады. Жиен барынша еркелеп, еркін сөйлеп, арасында нағашыларының кемшіліктері болса, сынай отырып, әзілдеседі. Нағашылары жиендеріне жиенқұрығын («қырық серкеш») беріп, барынша риза етіп аттандырады. Нағашы елінде 4 – 5 күн қылдырып, аунап – қунаған жиен кетер алдында ризашылығын білдіріп аттанады. Бір ескере кететін жай: нағашы – жиен арасында бәсеке, көре алмаушылық, күндей сияқты жат әдеттер болмайды. Олар қатты әзілдескенімен, бірін – бірі көтеріп, сырттай мақтап, әрі олардың атымен мақтанып жүреді. ## Дереккөздер Кенжеахметұлы С. К – 30 Қазақ халқының салт – дәстүрлері. – Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2010. – 312 бет, суретті. ISBN 978 – 601 – 01 – 0374 – 0
Саурық Стамбекұлы (1798 – 1854 жж.) ## Өмірбаяны Қоқан хандығы мен қырғыз манаптары жаулап алу мақсатында жүргізген соғыстарда ерен ерлігімен көзге түскен қазақ халқының батыры. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Стамбекұлы Саурықтың ортақ жауға қарсы барлық қазақ рулары бірігеді деген сенімін қат – қабат келген әскери – саяси жағдайлар растай түсті. XIX ғасырдың орта шенінде қазақ жерлерін жауоап алу мақсатында жүргізген Қоқан және қырғыз феодалдары жорықтарының қарқына үдей түсті. 1854 жылы қазақ әскерін басқарған ол Қоқан феодалдарына қарсы шайқастарда Сарыкемерде, Тойшыбек бекінісінде жеңіске қол жеткізді. Сол жылы Ормон манап бастауымен қазақ жеріне баса – көктеп кірген қырғыз қолына тегеурінді тойтарыс берді. Саурық батыр Қастек сайында болған қиян – кескі шайқаста ерлікпен қаза тапты. ## Дереккөздер Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған./ Құраст. Тоғысбаев Б., Сужиков А. – Алматы. «Алматыкітап баспасы», 2009. – 285 бет. ISBN 978 – 601 – 01 – 0268 – 2
Ақтөбе политехникалық колледжі — Ақтөбедегі оқу орны. 1965 жылы Шұбарқұдықта №6 кәсіптік-техникалық училище 1967 жылы темір индустриалды педтехникум, 1979 жылы Ақтөбеге көшіріліп, Ақтөбе индустриалды-педагогикалық техникуміне айналды. 1997 жылы қазіргі атымен аталды. 1999 жылы құрылыс техникумы қосылды. 1983 жылы төрт қабатты оқу ғимараты салынды. 1985 жылы шеберхана, 1986 жылы спорт акт залы, асхана, цехтарда 48 станок, кітапханада 69 мың том әдебиеті, компьютермен жабдықталған 4 бөлме, бірнеше цех, ауыл шаруашылығы машинасы бар. Колледжде газ бен мұнайды өңдеу; мұнай және газ кендерін пайдалану; ақпаратты жөндеу автоматты жүйелері және басқару; электрмен жабдықтау; экономика; бухгалтерлік есеп және бақылау; автокөлік жүк тасымалын ұйымдастыру және басқару; автокөліктерді жөңдеу және техникалық күту; азаматтық өнеркәсіп құрылыстарын жөндеу; ғимараттарын салу және пайдалану; жол құрылысын жабдықтау және жөндеу; есептеу техникасын автоматоматтандыру жүйесін бағдарламамен қамту мамандары даярланады. Оқу мерзімі 9 сынып базасында 4 жыл, күндізгі бөлімінде 2 жыл, 10 ай. Сырттан оқу бөлімінде 2 жыл, 10 ай оқиды. Барлығы 2000 студент, оның ішінде мемлекеттік тілде 800-і оқиды. Индустриалды-педтехникум түлектерінен В.Г. Друзьяк, П. Климчук, О. Ержанов сияқты белгілі мамандар шықты. Осы уақыт ішінде 4000 маман даярланды. Колледжде 100 оқытушы, оның 98-і жоғарғы білімді, 7 – «Қазақ КСР-нің ағарту ісінің үздік қызметкері». Азаматтық құрылыс пен кәсіпорындарын, электржабдықтарын монтаждау, жөндеу және пайдалану, көтерме-көліктің, құрылыстың, жолдық машиналар мен жабдықтарды жөңдеу және пайдалану істерін қамтиды. ## Дереккөздер
Бауыржанаяқ - қола дәуірінде жататын ежелгі мекен орны. Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Каменка аулы маңында орналасқан. Ол 29 шұңқырдан тұрады. Шұңқырдың диаметрі 5 - 16 метр , тереңдігі 0,2 - 0,4 метр. Мекенді 1986 жылы Батыс Қазақстан Гуманитариялық Университетінің археологиялық экспедициясы ашты. Үйінді топырақтың беткі жағынанан кремний және кварцит қиыршықтары, пышақ тәрізді пластинкалар, бекітпелер, керамикалық бұйымдардың ұсақ бөлшектері және т.б. табылды. Бұл ескі мекеннің беткі қабатын 1987 жылы Батыс Қазақстан облысының мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі Б. Райымқұлов) жан - жақты зерттеді, бірақ қазба жұмыстары жүргізілген жоқ. ## Дереккөздер
Басқан, Қараүңгір – Жетісу (Жоңғар) Алатауында орналасқан. Бұл асуды кейде Қараүңгір деп те атайды. ## Жер бедері Ол Қазақстан мен Қытай шекарасында теңіз деңгейінен 3801 м биіктікте жатыр. Асуда жыл бойы мұз бен қар жатады. Солтүстік беткейінен Басқан өзені, оңтүстік беткейінен (Қытай аумағында) Қараүңгір өзені бастау алады. Асудан мамыр-қараша айларында салт атпен өтуге болады. Асуды жергілікті халық ертеден-ақ пайдаланып келеді. ## Дереккөздер
Мұрат Əбенұлы Айтқожин – ірі қоғам қайраткері, Қазақстанда молекулярлық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Ол 1939 жылы 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туып, небәрі 48 жасында (19.12.1987 ж.) Алматы қаласында дүниеден өтті. Ол клеткалық макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары мен белоктың) синтезі саласында аса құнды зерттеулерін жүргізді. Ол жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының суббөлшектерінен әрекеті күшті будан рибосомалар алуаға болатындығын дәлелдеді. Адматыдағы Ғылым академиясы жанынан ол 1983 жылы молекулалық биология және биохимия ғылыми зерттеу институтын ашты. Қазір ол Мұрат Әбенұлы Айтқожиннің есімімен аталады. Өмір жолына көз салсақ, Мұрат аға қазақтың әл-Фараби атындағы университетін 1962 жылы бітірген. Оқу сонынан ол 1965 жылы Қазақ-ғылыми қызметкер, 1967 жылы аға ғылымии қызметкері, 1978 жлдан 1983 жылға дейін директоры болып жұмыс істейді. 1983 жылдан бастап өзі ұйымдастырған Молекулалық биология және биохимия институтын басқарды. 1986 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақ Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметін атқарады. Ол 1977 жылдан биология ғылымының докторы, 1980 жылы профессор, 1978 жылы Қазақ Ұлттық академиясының академигі атағын алды. Лениндік сыйлықтың иегері. 1987 жылы Халықаралық бейбітшілік қорының Алтын Медалімен, және "Халықтар достығы" орденімен марапатталды. Ғалымның аты өшпейді. ## Дереккөздер Тұңғыштар/Құрастырған Ш.Күмісбаев.-Алматы:"Алматыкітап", 2007-қазақ тілінде. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет.ISBN 9965-26-407-4
Жанғабыл Әтекеұлы, Жанғабыл шешен (1851 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шәлкөде өзенінің бойы, Ақбастау өңірі - 1924 жыл Райымбек ауданы, Қарасаз аулы) - би шешен. Әкесі Әтеке да қажыға барған, ел ішіндегі беделді кісі болған. Жетісуда "Атекем айтты дегенше, Әтекең айтты десеңші" деген тәмсіл сақталған. Әке өнегесімен Жанғабыл 16 жасынан билік сөз айтып, ел ішіндегі дау-дамайларды шешетін дәрежеге жеткен. Кейіннен елінің намысын қорғап, жылына бір рет Көкалы жардың көпірінде (Іле өзені) өтетін жиынға қатысып, әр алуан дауға билік айтқан, жөн - жосық көрсеткен. Ұзақ, Жәмеңке, Диқанбай, Нөке, Жансерке сияқты ел жақсыларымен араласып, ел бірлігін, ағайын татулығын сақтауды мұрат еткен. ## Дереккөздер
Жалпақсу - Қазақстандағы ежелгі палеолит ескерткеші. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Адай бөлімшесінен оңтүстікке қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Қаржантау қыраттарынан солтүстік - батыс беткейінен ағып шығатын шағын тау суларының бірігуінен құралатын Жалпақсу өзенінен 1,5 шақырым жерде орналасқан. Осы жерден 1973 жылы мустьелік ескерткіштің орны анықталды. Ескерткіштен шағын дөңгелек нуклеус, бірнеше үшбұрышты, кремнилі профириттен жасалған тас сынықтары және басқа тас бұйымдар табылды. Бұл ескерткіштердің барлығында мустьелік өңдеу техникасының белгілері сақталған. ## Дереккөздер
РАЙЫМБЕРГЕНОВ Ысқақ /1929,Қарабұтақ ауд. Қосағаш а.-1988, Ақтөбе қ./-күйші, сазгер , ұстаз, Қол өнері шебері, өнер зерттеуші. Ақтөбе педагогика училищесінде 40 ж. жуық дәріс беріп, көптеген шәкірттер дайындады. Құрманғазы, Қазанғап, Мүсірәлі күйлерін шебер орындап, қалың елге таратумен бірге өзі де “Жастар биі” , «Балдырған», жалпы сан 10 күй, «Егіншілер жыры» атты ән шығарған. Ж.Айпақов, Ә.Өтеғұлов, Жырау, Жүсіп Сейілов сынды өнер саңлақтарымен бірге туған өлкеде өнерді көтеруге салысқан. Қазақтың ұлттық ою- өнертектерін жинап, дамытып, оған жас ұрпақты баулуға күш салған. Домбыра,қобыз сынды ұлт-аспаптарын акустикалық түрде зерттеп, өзі де көптеген аспаптар жасай білген. Өзі жасаған қобызы Алматы өнер зерттеуші шеберлерінің жоғарғы бағасын алған, қазіргі облыстық мұражайда сақталып тұр. Р. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «Лениншілжас», облыстық «Коммунизм жолы » атты газеттерінде күй, айтыс өнері, қазақтың қолөнері мен саз аспаптары туралы ой толғап, көптеген мақалалар жазған. Өсімдікьердіңжәне жануарлардың қазақша атаулар жайлы қалдырған мұрасы өз кезегін күтіп жатқан үлкен жұмыс. «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі». ## Дереккөздер
Торозавр — үлкен төрт аяқты, шөппен қоректенетін, үш мүйізді динозавр. Ол жұмыртқадан жарылып шығып, шөптердің арасында өмір сүрген. Біздің заманымыздан 70—60 миллион жыл бұрын көне Бор дәуірінде қазіргі Солтүстік Америка жерін мекендеген. Динозаврдың негізгі қорегі — саговник, пальма секілді өсімдіктер. Оның азу тістері осындай қатты өсімдіктерді шайнауға арналғандай. Ірі денелі цератопсид тұқымдасына жататын динозаврдың ұзындығы — 7,5 метр, биіктігі — 2 метр. Бассүйегінің өзі 2,6 метр ұзын болды. ол бассүйегінің көлемі жағынан ежелгі жануарлар арасында екінші орында. ол бассүйегінің көлемі жағынан ежелгі жануарлар арасында екінші орында. ## Қызықты дерек * Оғвн 1891 жылы палеонтолог Гофониил Чарльз Марш атау беріп, тоық сипаттаған. * Торозаврдың бассүйегін алғаш болып қазба жұмыстарын жүргізуші Джон Бел Хаччер тапқан. * Динозавр шөбі мол жерлерді мекендеген. ## Мәліметтер * Қорегі : өсімдіктер * Салмағы : 4—6 тонна * Тұқымдас : Құсжамбасты цератопсид * Отряд тармағы : Цератоп ## Дереккөздер
Қарғану (ғұрып). " - Қарғанбашы. Саған сенем ғой." (Ә. Нұрпейісов). Қазақ ғұрпында қарғыс та бар, қарғану да бар. Біреу жала жапқанда, нақақ күйдіргенде өзінің ақ - адалдығын дәлелдеу үшін қарғанады. Мысалы, "екі дүние де қызық көремін", "Құран ұстайын", "керегенің көгін жейін", мен сенің затыңды ұрлаған жоқпын" - дейді. Әрине, мұндай ауыр сөздерді адал, таза адамдар айта алған. Әдетте қарғану да өте ауыр сөз. Сондықтан оған жұрт көп бара бермеді. ## Дереккөздер
Есектартқан асуы – Алматы облысы Райымбек ауданындағы асу. Асу Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстік-батыс сілемі – Қаратауда. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Жаз айларында асуда қар болмайды. Оның оңтүстік беткейі жалаңаш, терең жыралармен тілімделген. Солтүстік беткейінде қылқан жапырақты орман өскен. Жергілікті халық Есектартқан асуын ертеден-ақ пайдаланған. Асу Текес өзенінің аңғарының жоғары жағынан тауаралық Кеген аңғарына, одан əрі Іле аңғарына өтетін төте жол саналады. ## Дереккөздер
Төрелік - дәстүрлі заң, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан, билік жолымен бекітілген құқықтық тәртіп. Іс әділ шешілсе, оған әркім тоқтайды, ризалық білдіреді. Өмір болған соң ауыл арасында, ел ішінде, үй ішінде дау - жанжал, түсініспеушілік болмай тұрмайды. Мұндай жағдайда аузы дуалы, қазақ заңын, істің жөн - жобасын білетін әділетті билер шиеленіскен істі шешіп, төрелігін айтып, дауды бітіреді. Төре, яғни билік айтушы, болған істі екі жақтың да даугерлерін қатыстыра отырып қарайды. Екі жақты да мұқият тыңдап, куәларды да қатыстырады., сөйтіп, ақ - қараны шешіп, төрелігін беріп, билігін айтады. Қазақ заңында дау - жанжалды ел ішінен шыққан билер мен қазылар шешеді. Қазақ қауымында бидің орны мүлде бөлек. Би - өзі сот, өзі прокурор, өзі тергеуші, әрі ақтаушы. Төле бидің: "Елге бай құт емес, би құт", - деуі, халықтың: "Әділ бидің елін дау араламайды", - дегені осыдан шыққан. ## Дереккөздер
Туған жерге аунату (дәстүр). "Жас жігіттер Ғафу ақынды туған жерге аунатып, мәз - мейрам болысты" ("Жаңа өмір" газеті). Әдетте басқа жақта тұратын ер - азаматтарды туған жеріне келгенде, оны жерге аунатып алатын жақсы дәстүр бар. Мұның мән мағынасы көп. Біріншіден, "сен осы жерде тудың, ұмытпа, перзенттік қарызыңды өте" деген мағынада. Екінші, "туған жер ата - анаң, отаның, оның жақсы қасиеттері бойыңда, ойыңда жүрсін" деген тәлім жатыр. Қалай дегенмен де халықтың осы бір әдемі дәстүрінде "Бәрібір сен туған жерге баласың" (Ш. Мұхамеджанов) деген ұлы ұғымды білдіретін, оның отаншылдық сезім - сенімін арттыратын тәрбиелік қызметі өте зор екендігін көру қиын емес. ## Дереккөздер
Тойхана (салт). Тойға әкелген сый - сияпатты қазақ тойхана деп атады. "Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой". (Қазақтың би шешендері). Оған әркім өз шамасына қарай кілем, мал, ақша да әкеле береді. Мұндай салт қазір де бар. Тойдың да түрлері бар. Соған сәйкес оған әкелген сый - ескерткіштердің ат-атаулары бар. Мысалы, асқа - сауын, сойыс, тойға - тойхана, үйлену тойына - немеурін, бала сүндеттегенде - бәсіре, мүшелтойға - сыйлық т.б. Мұның мән - мәнісі осындай үлкен жиында жұмсалатын шығынды ел , туған - туыс, ағайын - ілік болып бірге көтеруінде жатыр. Демек, бірлігі, ынтымағы зор ел "жұмыла көтерген жүк жеңіл" , - деп біріге іс жасаған. ## Дереккөздер
Докучаев Василий Васильевич – топырақ зерттеуші орыс ғалымы, осы заманғы топырақ генезисі мен табиғатты комплексі зерттеудің негізін салушы. Ол 1846 жылы 17 ақпанда Смоленск губерниясында Милюково селосында дүниеге келген. ## Еңбек жолы Докучаевтың есімін әлемге әйгілеген «Русский чернозем» атты монографиясы. Ол 1880-1896 жылдары Петербург университетінде минерология және кристаллография пәндерінен лекция оқыды. Ол 1871 жылы Петербург университетіндегі табиғаттану ғылымы бөлімінің физика-математика факультетін бітіріп, геология кабинетінде істеді, 1872 жылы Петербургтегі табиғат зерттеушілер қоғамының тұрақты мүшесі, 1873 жылы минерология қоғамының мүшесі, 1874 жылы жоғарыда аталған қоғамның геология және минерология бөлімшесінің секретары. Ол 1877 жылдан қара топырақты аймақтың топырағын зерттеуге кірісті. Ресейдің бірнеше губерниясының топырақ қыртысын зерттеуге экспедициялар ұйымдастырып, оған басшылық етті. Париждегі дүгие жүзілік көрмеде 1889 жылы орыс топырағының үлгісі мен Докучаевтың жарияланған еңбектері көрсетілді. Ресейде тұңғыш рет Ново-Александрийск институтында топырақ тану кафедрасын ашты. Докучаев 1903 жылы 26 қазанда Петербург қаласында дүниеден озған. КСРО-да Докучаевтың теориялық және практикалық еңбектері жоғары бағаланды. Оның 100 жылдығына орай топырақтану саласындағы үздік ғылыми еңбектерге Алтын медаль және В.В.Докучаев атындағы сыйлық берілді. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Хан сарқыты (салт). "Хан сарқыты - сары бал, сұараусыз ішсем деп едім!" (Махамбет). "Осы орайдағы басқа жұртта жоқ тағы бір рәсім - хан атқа мініп, ордаға түскен кезде әр тайпадан, әр тайпадан, әр тараптан арнайы іріктелген қаншама адам ханның өрістегі малын, қозы - лақ, құлын - тайына дейін түк қалдырмай бөліске салады. Бұлт рәсім хан сарқыты деп аталады. Ханға малдың керегі жоқ. Хан - ел иесі, жұрт тұлғасы, елде бар болса, ханда да бар, ханның халықтан бөтен тілегі болмауға тиіс деген сөз. Сонымен қатар жақсы ырым. Сайлауға келе алмаған жұрт тойдан дәм татады, хан малының тұқымы қалған елге құт әкеледі. Ырым, наным ғана емес, мақтан. Өзінің ұлттық мемлекетінің басында отырған, халық қалауымен көтерілген ханға деген биік құрмет белгісі. (Арада апта өтпей, бұл мал он есе көбейіп, кері қайтады, бірақ бұл ханның емес, қазынаның малы)" (М. Мағауин). ## Дереккөздер
Қоржын сөгу – құдалық кезінде күйеу жігіт жақтың қалыңдық ауылына әкелген қоржынын ашу жоралғысы. ## Жоралғы барысы Күйеу жігіт жақтан дайындалып әкелінген қоржынның екі басын ашуға қалыңдық ауылының әйелдері жиналады. Жиналғандардың ішінен айналасына сыйлы, қадірлі, егделеу әйелдердің біріне қоржынды ашқызады. Қоржының арқалығына байланған матаны әдетте қоржын ашушы әйел алады. Жолы кесілмесін деп ырымдайтындықтан болар, қоржынының аузы байланған бауды қайшы, пышақпен кеспей, қолмен шешеді. Қоржынның бетінде бағалы шапан, қымбат кездеме, басқа да мата, тайтұяқ, қойтұяқ күміс, алтын жамбы салынады. Қоржын ішінде орамал, білезік, жүзік тәрізді буылып-түйілген сый кәделік заттар болады. Сондай-ақ, өрік, мейіз, қант, шай сияқты дастарқанға керек-жарақтар салынады. Қоржын әкелген құдағи (жігіт шешесі) әкелген киіттерін кімдерге екенін атап-атап, жиналғандарға көрсетіп, құдағиға (қыз шешесіне) тапсырады. Қоржын ашу жоралғысына жиналған әйелдердің ішінен басалқалы біреуі қоржынға баға береді. Қоржын орта шықпай, олқы түспей ойдағыдай болса, «қоржын тоқ екен, жақсы екен» дейді. Бұдан соң дастарқан жайылып, шай жасалады. Қоржыннан шай жабдығына деп әкелінген өрік, мейіз, қант, шай, науат, жаңғақ дастарқанға қойылады. «Осындай тойға жете беріңдер» деп, жасы үлкен әйелдер тілек білдіреді. Қоржынның бір басындағы қант-шай, өрік-мейіз, орамал тәрізділерді қоржын ашуға келгендер тойбастар деп бөлісіп алады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Жүнісов А. Фаниден бақиға дейін (қазақтың байырғы тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптары). Алматы: Жазушы, 2001; * Тоқтабаева Ш. Қазақтардың қолөнерге байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Алматы: Арыс, 2005. 126-138 бб.
Жанқылыш – Кіші жүз құрамындағы Әлім тайпасының Шекті руынан тараған атаның бірі. (Айт, Бұжыр, Жанқылыш, Жақайым) Ол Ақбансыр, Қазбансыр болып екіге бөлінеді. Қазан революциясынан бұрын Ембі уезінің Қошқарата болысымен Арал, Шалқарата және Қарақалпақстанның Шымбай, Қоңырат уездерін мекен еткен. Таңбасы Әлімұлы тайпасының таңбасымен бірдей. Ру тайпасы шамамен орта ғасырларда батыс Еуропадан шығыс Еуропаға (Батыс Қазақстанға) көшіп келген[дереккөзі?]. Рудың адамдарының бет әлпеті батыс Еуропалықтарға және Солтүстік Еуропалықтарғада (көбінесе финно-угорларға) ұқсас болып келеді. ## Шежіре * Әлімнен — Жаманақ (Шекті). * Жаманақтан — Шыңғыс, Өріс, Бәубек. * Бәубектен — Көкбөрі, Темірбақты, Жанқылыш. * Жанқылыштан — Ақбансыр, Қазбансыр. * Ақбансырдан — Жайын, Қожай, Құлқара, Шожай. * Қазбансырдан — Ұлтарақ, Құлтас (Соқыр), Қаналы. ## Дереккөздер
Жанту – Ұлы Жүз Дулат тайпасы құрамндағы Жаныс руының бір атасы. Шежіре деректері бойынша, Жантудан Жайлмыс, Ақберді, Өтеміс, Жаңабай, Қуажақ, Қожамберді, Құдайберді ұрпақтары тарайды. Олар социалистік революциясына дейін Әулиеата, Верный уездерін мекендеген. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ киносы ерекше жетістіктермен есте қалды. Бұл жылдары ұлттық фильмімізге енген жаңалықтар аз емес еді. Аталған кезеңде КСРО кинематографистері бастарынан біраз қиындықтарды өткергені анық. Атап айтсақ кеңестік алып киноиндустрия орталығы атанған "Ленфильм" мен "Мосфильм" өз орындарын соғыс салдарынан ауыстыруға тура келді. Соғыс бастала салысымен кеңестік кино тақырыбы мен идеялары соғыс туралы болды. Сол жылдары шығарылған әрбір туынды фашизмге қарсы үгіт-насихат түрінде экрандалып отырды. Кеңес киносы өз әскеріне рух беру мақсатында аталмыш өнерді кеңінен пайдаланды. Әсіресе қысқа форматты фильмдер көптеп шығарылды. 1941 жылдың күзінде "Мосфильм", "Ленфильм" киностудиялары Алматы қаласына уақытша қоныс тебеді. Сонымен қатар Орталық деректі фильм студиясы мен Киевтің хроникалық студиясы да Алматы қаласына шоғырланады. 1941 жылы 12 қыркүйекте Алматы көркем фильмдер студиясы ұйымдастырылады. Ал 1941 жылдың 15-ші қарашасында "Мосфильм", "Ленфильм " студияларымен бірігіп Біріккен Киностудиялар Орталығының (ЦОКС) құрамына енеді. Сөйтіп БКО Алматы қаласында құрылған болатын. Мұнда орыстың атақты кино мамандары жұмыс жасады. Атап айтсақ : С.Эйзенштейн, И.Пырьев, Г.Александров, Г.Рошаль, В.Пудовкин, Г.Козинцев, ағайынды Васильевтер, Л.Трауберг, Э.Тиссэ, тағы басқа бірқатар белгілі кинематографистер бар. Сонымен қатар Бүкілодақтық сценарий студиясы да Алматыға көшіріледі. Онда бүкіл елге танымал кинодраматургтер жұмыс істеді. Олардың ішінде М. Блейман, С. Ермолинский, А. Каплер, Н. Эрдман секілді өз саласының нағыз шеберлері бар еді. Осындай маманадардың келуі қазақ киносының дамуын ілгерлетті. Орыс драматургтерімен қазақ жазушылар арасында жақын шығармашылық байланыс орнайды. Байланыс нәтижесінде соғыс жылдары көптеген фильмдер туылады. Соның бірі "Дала әндері" киноновелласы. Новелла құрамына 3 қысқаметражды фильм енгізілді. 1."Сын бойца", 1941 ж., реж: В.Строева, сц: Ғ.Мүсірепов, С.Михалков, И.Прут. 2. "Алыптың әні", 1942 ж., реж: В.Строева, сц: Ә.Тәжібаев, Л.Жежеленко. 3. "Ақ гүл", 1943 ж., реж: Е.Арон, сц: Қ.Сиранов, В.Морозов. "Ақ гүл" фильмі Қазақстан тақырыбындағы алғашқы кинокомедия болып есептеледі. Сюжетін жазған Қабыш Сиранов қазақтың алғаш кәсіпқой сценарийшісі ретінде белгілі. ## Дереккөздер http://kinostan.kz/story/view?id=10 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы.
Ислам Қосжан (1954 жылы туған) — қазақстандық жазушы, математик. ## Өмірбаяны 1972-1973 жылдары Жетісай мәдени-ағарту техникумының халық аспаптары бөлімінде оқыған.1973-1977 жылдары Арқалық педагогикалық институтында оқып, физика – математика мамандығы бойынша Маңғыстауда ағартушылық салада жұмыс жасаған. Қазірде «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінде жұмыста. Қазіргі уақытта Ақтау қаласында тұрады. ## Шығармашылығы Өлеңдері республикалық «Қазақ әдебиеті», «Алтын Орда» газеттерінде, «Таң Шолпан», «Жұлдыз» жорналдарында жарық көрген. «Мазасыз тіршілік», «Мазасыз жүрек», «Іңкәр көңіл», «Сезім жапырағы» кітаптарының авторы. ## Дереккөздер * http://adebiportal.kz/authors/islam-oszhan-/ Мұрағатталған 6 наурыздың 2014 жылы. ## Тағы қараңыз * http://adebiportal.kz/catalog/book/ma-ystau-a-yn-zhazushylaryny-k-tapkhanasy-38-tom/ Мұрағатталған 28 сәуірдің 2014 жылы.
Сарытөс шымшық (лат. Cyanistes cyanus flavipectus) - ақ шымшықтың көшірмесі тәрізді, алайда төсінде үлкен сары теңбілі бар шымшық. Батыс Тәңіртау және Қырғыз жотасының батыс бөлігіндегі жапырақты ормандарда мекен етеді. Дене мөлшері, қылығы, дауысы ақ шымшыққа ұқсайтын болғандықтан, ұзақ уақыт бір түрдің түршесі саналып келеді. Соңғы жылдары Тәңіртаудың солтүстік беткейлері мен тау баурайын бойлай шығыста Алматыға қарай біртіндеп таралып келеді. Қыста ақ шымшық тәрізді қыстап шыққан кезеңде зиянды бунақденелілерді құртып, жасыл желекке үлкен пайда келтіре жүріп, ұялау аймағында кең көшпенділілік жасайды. ## Дереккөздер
Ұлы Отан соғысынан кейінгі қазақ киносы екі кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңге - 1945-1951 жылдар аралығындағы шыққан көркем фильмдер жатса, екіншісіне - 1952-1960 жылдары шыққан қазақ кинотуындылары жатады. Соғыс аяқталған соң ЦОКС құрамындағы болған киностудиялар өз жерлеріне қайта бастайды. "Алматы" киностудиясы меншігіне көптеген техникалар мен кино өндіріске қажетті өндірістік зертханалық жабдықтар аманат етіледі. Соғыстан кейінгі жылдары шыққан алғашқы көркем фильм - "Абай әндері" / "Песни Абая" (1945) болды. Сценарий авторы - Мұхтар Әуезов, режиссері - Григорий Рошаль болып бекітілді. Қалыбек Қуанышбаев (Абай рөлі), Шәкен Айманов (Шәріп), Елубай Өмірзақов (Ерден), Серке Қожамқұлов секілді сахна саңлақтары фильмде бас кейіпкерлерді сомдады. Бұл фильм шығысымен қазақ кино өндірісінің қарқын алуы қиындай түсті. Алты жыл ішінде бар-жоғы екі көркем фильм ғана түсіріледі. "Абай әндерінен" кейін араға үш жыл салып, 1948 жылы "Алтын керней" ("Золотой рог") фильмі шығады. Режиссеры Е. Арон, фильмнің мазмұны мал шаруашылығы саласында ізденіп жатқан ғалымдар өмірінен алынған. Басты рөлдерде: Шәкен Айманов, Серке Қожамқұлов, Қалыбек Қуанышбаев ойнайды. Көркем фильмдер өндірісі тоқырағанымен, дубляж жұмысы барынша жандана бастайды. Осы кезеңде Қ. Әбусейітов, Д. Тналина, Т. Масанова секілді мамандар аударма жұмысында алғашқы қадамдарын бастайды. 1952 жылы экранға "Жамбыл (фильм)" ("Джамбул") фильмі шығады (реж: Е. Дзиган). Жамбыл рөлін актер Шәкен Айманов сомдап шығады. Фильм Жамбылдың өмірін кеңінен көрсетуге тырысты. Сәтті жағы - Шәкен Айманов қарт Жамбыл бейнесін қайғы қасыреті мен мінезін аша бейнелеп шықты.Осыдан соң 1953 жылы, актер болып танылып жүрген Айманов өзінің шығармашылық жолын кинорежиссер саласымен жалғастырады. "Махаббат туралы аңыз" ("Поэма о любви") фильмі оның алғашқы жұмысы болып саналады. Бұл фильмді қазақ киносының төл туындасына да балауға болады. Фильм халық ауыз әдебиетінің үздік туындысы есептелетін "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" лирикалық жырының негізінде түсірілді. Бұл жұмыс соғыстан кейінгі жылдардың екінші кезеңіне тиесілі. 1955-1960 жылдары қазақ киносы үшін сәтті жыл болды. Өткені осы жылдары табысты фильмдер дүниеге келе бастады. "Қыз-жігіт" / "Девушка-джигит" (1955 реж: П. Боголюбов) музыкалық комедиясы түсірілді. Режисердың көмекшісі ретінде Сұлтан Қожықов болып бекітіледі. Болашақ кино режиссердың кинодағы бұл алғашқы қадамы еді. Басты рөлдерде: Л. Әбдікәрімов, К. Қожабеков, М. Сүртібаев ойнады. "Алматы" студиясының құрамы ұлттық режиссерлармен толықты: Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаев, Шәріп Бейсембаев секілді тұлғалар қазақ режиссурасының негізін қалаушылар болып есептеледі. ## 1950-60 жылдары жарық көрген басқа да фильмдер * "Бұл Шұғылада болған еді" / "Это было в Шугле" (1955 ж., реж: Мәжит Бегалин) * "Ана мен бала" / "Мать и сын" (1955 ж., реж: Сұлтан Қожықов) * "Дала қызы" / "Дочь степей" (1954 ж., реж.: Шәкен Айманов, Карл Гаккель) * "Ботакөзде" (1957 ж., реж.: Ефим Арон) * "Оның уақыты келеді" / "Его время придет" (1957 ж., реж.: Мәжит Бегалин) * "Біз Жетісуданбыз" / "Мы из Семиречья" ( 1958 ж., реж.: Сұлтан Қожықов) * "Мазасыз көктемде" / "Беспокойная весна" (1956 ж., реж.: А. Медведкин) * "Ертістің жабайы жағасында" / "На диком бреге Иртыша" (1959 ж., реж.: Ефим Арон) * "Ана туралы аңыз" / "Сказ о матери" (1963 ж., реж.: А. Карпов) * "Тұлпардың ізі" / "Следы уходят за горизонт" (1964 ж., реж.: Мәжит Бегалин) * "Қилы кезеңде" / "Тревожное утро" (1966 ж., реж.: Абдолла Қарсақбаев) Тұтасымен алып қарағанда, елуінші-алпысыншы жылдар тұсындағы көркем фильмдер өндірісін жалпы ұлттық кино өнерінің режиссура тұрғысынан қалыптасып,өзіндік бағыты байқалған құбылыс кезеңі деп бағалауға болады. ## Дереккөздер
Зелилий Мұхаммед Садық – ұйғырдың классик ақыны. Шығармаларын парсы тілінде де жазған. Ол 1674 жылы Жаркендте дүниеге келген. Зелилий «Шілтендер туралы әңгіме» (1733), «Мұхаммед Шериптің өмірі» (1742) атты көлемді дастандармен бірге қасида, ғазал, рубаи, мухаммас, мустаһзад түріндекөптеген өлеңдерін қалдырды. Қашғар,Ақсу, Артуш, Кучар,Тұрпан,Қумул,Хотан т. б. ұйғыр қалаларын аралап, «Сапарнамасын»жазды. Зелилий поэзиясы тақырыпқа бай. Арам ниетті адамдарды сынап,адалдық пен таза махабатты, Отан сүйгіштікті беріле жырлаған. Зелилий шығармалары 18ғ-дағы ұйғыр поэзиясынбиік белеске көтерді. ## Дереккөздер Имин Турсун, Зелилий шеирлиридин, «Тарим», 1957, №12,;Маматахунов У., уйғур әдәбияти классиклари, А.,1960.(қолжетпейтін сілтеме)
Жоғарғы Яна жотасы-Якут АССР-нің солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Ойыстармен бөлінген көптеген жоталардан, тау массивтерінен тұрады. Лена, Алдан, Омолай,Яна және Индигрика өзендерінің су айырығы. Ленаның атырауынан Томпо өзеніне (Алданның оң саласы) дейін 1200км-ге созылып жатыр. Ж. Я. ж-ның оңтүстңк-шығыс жалғасы Сетте-Дабан жотасы деп аталады. Солтүстік шеті Туора-Сис және Хараулах жоталарынан тұрады. Олардың биіктігі 1000-1250м-ден аспайды. Ж. Я. ж.-ның меридиан бойымен жатқан бөлігі-Орулганның биіктігі 2100-2300м-ге (ең биік жері 2389м) жетеді. Орулганның шығысында Кулар жотасы (биіктігі 1300 м-ге дейін) жатыр. Тектоникалық жағынан Ж. Я. ж.- алевролиттен, құм тастан, тақта тастан, ішінара әк тастан түзілген антиклинорий. Кей жерлерінде шөгінді жыныстарды диабаз дайқасы, гранитті интрузиялар қиып өтеді. мұнда алтын, қалайы кең орындары бар. Климаты суық, өте континенттік. Январьдың орташа температурасы-36-38градус. Жазы қысқа , июльдің орташа температурасы 12-14градус. Биік жоталардың басы арктикалық суық шөл; одан төмендегі қиыршық тасты , саздақты беткейлерде таулық тундра, мұнан төменде жер бауырлап өсетін қайың, бұта тектес қандыағаш, поляр талы, оңтүстік беткейлерінің төменгі белдеулерінде(800-1200м биіктікке дейін) бал қарағай , сағыз қарағай, ірі өзен аңғарларында қарағай, қайың, шырша, терек, бұта өседі. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Зейд әулеті-8 ғ-да мұсылмандық шиит сектасының жолын қуушылар. Оны құрушы әрі алғашқы имамы Зейд ибн Әли (3-шейіт имамы Хусейннің немересі) Зейд болды. Зейд 740 ж. ш-нды Омейялық халифтерге қарсы соғыста қаза тапты. З. ә. талай рет үкімет билігі Әлидің ұрпақтарына берілсін деген ұранмен көтерілістерге қатысты. 10 ғ-дың басында З. ә. таулы Йеменде үкіметті басып алды, 1962 жылға дейін биледі. әулие-әнбиелер мен суфизмді дәріптеуге қарсы болды. Олардың арасында диуаналар жоқ. Қазіргі Йемен тұрғындарының көпшілігі З. ә-не жатады. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.(қолжетпейтін сілтеме)
Иверсен-(Jversen) Феликс – фин қоғам қайраткері, бейбітшелік күрескері. Ол 1887 жылы 22 қыркүйекте Германия, Любек қаласында дүниеге келген. 1909 жылы Хельсинки университетін бітірген. 1920-1954 жылдары сол университеттің математик профессоры болып тағайындалады. ## Еңбек жолы Шешен және публицистпацифист ретінде Финляндия мен Скандинавия елдеріне аты мәшһүр болды. Ол еркіндікті жақтаушылар қозғалысына белсене қатысады. Иверсен 1949 жылдан Финляндиядағы бейбітшілікті жақтаушылар ұйымының вице президенті. 1950-1952 Солтүстік Еуропа елдері Бейбітшілік одағының председателі. 1950 жылдан Бүкіл дүние жүзілік Бейбітшілік Советінің мүшесі. 1955 жылы «Халықтар арасында бейбітшілікті нағайтқаны үшін» Халықаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты атанады. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Ескендіров Әділ Рза оғлы (әз. Adil Rza oğlu İsgəndərov; 1912 жыл, Гәнжә —1978 жыл, Баку) — кеңес әзірбайжан режиссері, КСРО халық артисі (1959), профессор. 1940 жылдан КОКП мүшесі. 1930 жылы Бакудың театр техникумын, 1936 жылы ГИТИС-ті бітірді. Сол жылдан Азизбеков атындағы театрда қызмет етеді. 1937-1960 жылдары осы театрдың бас режиссері. Қойған спектакльдеры: М.Ибрагимовтың «Хаяты», С.Вургунның «Вагифы», мен «Фархад пен Шырыны», Э.Мамедханлының «Шығыс таңы» т.б. 1937 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады. Киноға түскен. 1961 жылы киноға ауысты. ## Марапаттаулары КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948), Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендермен марапатталған. ## Дереккөздер
## Бесіктің жасалуы Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік болып есептеледі. бесіктің жасалуы мен басқа да жабдықтарына тоқталсақ: қазақ бесігі талдан, қайыңнан иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Иіп әуелі бесік қазақ бесігінің негізгі түрі. Ең әуелі бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды да, оның алрақтарының ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы бөрік қиыстырылатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның зіркілсіз, жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық. Бесік арқалығы: біріншіден, оның үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеу үшін; екіншіден, бесікті тербету үшін; үшіншіден, оған әртүрлі сылдырмақтар, ойыншықтар іліп тұмарлар тағу үшін аса қолайлы. Бала бесікте ояу жатқан кезде сол сылдырмақтармен ойнайды. Ол үшін оянған екі қолын бос қояды. Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды. ## Дереккөздер Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері, Алматы, 2004 ж. ## Бесіктің жасалуы Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік болып есептеледі. бесіктің жасалуы мен басқа да жабдықтарына тоқталсақ: қазақ бесігі талдан, қайыңнан иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Иіп әуелі бесік қазақ бесігінің негізгі түрі. Ең әуелі бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды да, оның алрақтарының ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы бөрік қиыстырылатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның зіркілсіз, жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық. Бесік арқалығы: біріншіден, оның үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеу үшін; екіншіден, бесікті тербету үшін; үшіншіден, оған әртүрлі сылдырмақтар, ойыншықтар іліп тұмарлар тағу үшін аса қолайлы. Бала бесікте ояу жатқан кезде сол сылдырмақтармен ойнайды. Ол үшін оянған екі қолын бос қояды. Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды. ## Дереккөздер Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері, Алматы, 2004 ж.
## Тілашар тойы Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады. Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады. Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады. ## Дереккөздер ## Тілашар тойы Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады. Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады. Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады. ## Дереккөздер
## Киіз үй жабдықтары * Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. * Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. * Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. * Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан. * Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан. * Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. * Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан. * Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау. * Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. * Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. * Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. * Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. * Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз. * Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз. ## Дереккөздер ## Киіз үй жабдықтары * Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. * Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. * Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. * Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. * Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан. * Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан. * Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. * Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан. * Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау. * Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. * Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. * Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. * Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. * Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз. * Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз. ## Дереккөздер
## Дәстүрлі қолөнер түрлері * Ағаштан бұйымдар жасау. * Жүннен бұйымдар жасау. * Арқан жіп бесу. * Киіз басу. * Киізден бұйымдар жасау. * Киім тоқу. * Теріден бұйымдар жасау. * Сүйктен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау. * Металдан бұйымдар жасау. * Зергерлік. * Тасатан, қыштан бұйымдар жасау. * Ши тоқу. * Ер – тұрман жасау. * Кесте тігу. * Киім тігу. * Аяқ киім тігу. * Сабын жасау. * Бояу жасау ## Дереккөздер ## Дәстүрлі қолөнер түрлері * Ағаштан бұйымдар жасау. * Жүннен бұйымдар жасау. * Арқан жіп бесу. * Киіз басу. * Киізден бұйымдар жасау. * Киім тоқу. * Теріден бұйымдар жасау. * Сүйктен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау. * Металдан бұйымдар жасау. * Зергерлік. * Тасатан, қыштан бұйымдар жасау. * Ши тоқу. * Ер – тұрман жасау. * Кесте тігу. * Киім тігу. * Аяқ киім тігу. * Сабын жасау. * Бояу жасау ## Дереккөздер
## Киіз үйлердің атаулары * Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй. * Ақ шаңқан үй. Сүттен ақ , аппақ киіз үй. * Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй. * Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй. * Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй. * Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады. * Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй. * Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй. * Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй. * Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй. * Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй. ## Дереккөздер ## Киіз үйлердің атаулары * Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй. * Ақ шаңқан үй. Сүттен ақ , аппақ киіз үй. * Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй. * Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй. * Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй. * Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады. * Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй. * Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй. * Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй. * Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй. * Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй. ## Дереккөздер
Амангелді — 1938 жылы Ленфильмде Алматы кинохроника студиясы кинематографистертерімен түсірілген көркем фильм. Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм. ## Шығу тарихы "Амангелді" көркем фильмі қазақ киносының тарихынан үлкен орын алады. Кинотуынды төңірегінде көптеген пікірлер айтылды да, айтылып та келе жатыр.Алғаш қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов 1944 жылғы мақаласында былай деп жазған : "1937 жылы Ленин орденді "Ленфильм" киностудиясы толықметражды "Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Моисей Левин болды. Бұл фильм ұлттық кинематографияның негізін қалаған ең алғашқы киносуретіміз болып табылады". ("Кино жылдар ойлар", Алматы "Өнер" 1983 ж. 10 бет). Расында аталмыш фильм қазақ кино өнерінің тарихында өзіндік орынға ие. Ұзақ уақыт бойына "Амангелді" фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы төл туынды деп есептелініп келді. Дегенмен бұл қате пікір! Себебі аталмыш фильм "Ленфильм" киностудиясының туындысы болып есептелінеді, және де фильм аталмыш киностудияның тапсырылысымен түсірілді. Сондықтан "Амангелді" - Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильм деп санау керек. Осы мәселе бойынша қазақ кинотанушысы, кино тарихшысы Бауыржан Нөгербек өз пікірлерінде айтып кетеді. Қабыш Сирановтың келтірген мақаласында сценарий авторы: "Ғабит Мүсірепов пен Всеволод Иванов", - делінген. Ал ақиқаты екеуінен бөлек, сценарий жазуға Бейімбет Майлин де ат салысқан еді. Сол жылдардағы кеңес үкіметінің солақай саясатының кесірінен бұл жазушымыздың есімі титрден алып тасталынды. Тіпті, Ғабит Мүсірепов есімі де алып тасталған кездер де болған. "Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. Сценарий авторлары: Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Всеволод Иванов, қоюшы режиссеры: Мойсей Левин, операторы: Хечо Назарьянц. Сонымаен қатар фильмге қазақтың ұлы актерлері түсті. Басты рөлді, яғни Амангелді бейнесін театр актеры Елубай Өмірзақов сомдады. Одан бөлек Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Қапан Бадыров, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жиенқұлова, Рахметулла Салменов секілді әртістер фильмге қатысады.Тарихи революциялық, биографиялық фильм болғандықтан фильмнің көркем шығуы драматургиялық жұмыс, режисуралық жұмыс пен актерлық жұмысқа байланысты еді. Жобаның артықшылығы - фильм қазақтың батыры Амангелді жайында болғандығы. Ал фильм идеясы Кеңес үкіметін насихаттауға бағытталды. Өкінішке орай бұл туындыдан Амангелдінің, сарбаздарының бейнесінен қазақи мінезді байқау қиын. ## Сюжет Фильм Амангелді батыр мен сарбаздарының ерліктері жайлы баяндалады. Басты жетістік - Елубай Өмірзақов сомдаған Амангелді бейнесі еді. Себебі актер Амангелді бейнесін кезең сипатымен тұтастықта бере алды. Сонымен қатар Елубай Өмірзақов фильм заңдылығына сәйкес кейіпкер мінезін терең ашты. ## Рөлдерде * Амангелді Иманов — Елубай Өмірзақов * Балым — Шара Жиенқұлова * Бекет — Серке Қожамқұлов * Жақас — Құрманбек Жандарбеков * Жапар — Қанабек Байсейітов * Байбол — Қалыбек Қуанышбаев * Қаратай — Қапан Бадыров * Серке — Рахметолда Сәлменов * Егор Лаврентьев — Федор Федоровский * генерал — Георгий Станиславский * губернатор Осип Петрович — Владимир Сладкопевцев ## "Амангелді" фильмінің ерекшеліктері * Қазақ кино драматургиясының қалыптасуына әсерін тигізді. Осыдан кейін басқа жазушыларымыз осы салаға қызығушылықпен ат салыса бастады. * Алғашқы қазақ актерлеріміздің шеберлігін шыңдады. Ұлттық кино актерлер мектебінің пайда болуына алып келді. * Ұлттық режиссураның қалыптасуына да үлесін тигізді. Осы жобадан кейін қазақ режиссурасының қажеттілігі туындайды. * Тарихи революциялық жанрдың дамуына әсерін тигізді ## Қызықты мәліметтер * "Амангелді" фильмі қазақ елі көрген ең алғаш "дыбысты" көркем фильм * Аталмыш фильмге қазақтың тұңғыш режиссеры Шәкен Айманов та ойнаған (эпизод) * Бастапқыда, 1936 жылы Ғабит Мүсірепов пен Бейімбет Майлин "Амангелді" деп аталатын пьесаға сценарий жазған. Кейіннен фильмге осы сценарий пайдаланылды. * Қазір бұл картина Қазақ киносының "Алтын қорына" кіреді. ## Сыртқы сілтемелер kinostan.kz сайтында Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. ## Дереккөздер
Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің толық тізімі алфавиттік қатар бойынша: ## А * Ақтүкті таспа * Алтай гимнесперумы * Альберт құртқашашы * Алтай қасқыр жидегі * Ақ тұңғиық * Алматы юринеясы * Ақбас юринея * Ала күлте қызғалдағы * Алтай раушаны * Ангрен уғамиясы * Ақсары жуантамыр * Ақжолақ сасыр * Ақшыл сепкілгүл * Алтай сибиркасы * Алатау эспарцеті * Алматы шиқылдағы * Альберт қызғалдағы ## Ә * Әсем юринея * Әлие-Ата аққаңбағы * Әлие-Ата трихантемис ## Б * Бекетова недроломасы * Бөгде шөлсалмақ тәрізді жалған шандра * Берішті клавулина * Берқара терегі * Бектауата тиынтығы * Берік сүттіген * Бесмүйіз склеротиария * Бетпақдала сылдыпшөбі * Бор сылдыршөп * Бор сиякөк * Бор риян * Борщов қызғалдағы * Бұдыр кекіре * Бұғы кладинасы * Бүршікті альдрованда * Бұталық астеротамнус * Бүршікті феллориния * Бүріспе дала саңырауқұлағы ## В * Вавилов көбенқұйрығы * Введенский қасқыржемі * Верещагин саздақ шөбі * Виталий шөмішгүлі * Виттрок раушаны ## Г * Гердер кахрис * Голоскоков лепидопсис * Грейга қызғалдағы ## Д * Дарабас криптокодан * Дала таушымлдығы * Даур цимбариясы * Дәрмене жусан ## Е * Едебур бадамы * Еуропа шыршашөбі ## Ж * Жабайы жүзім * Жаңа Попов қазжуасы * Жартас сәбізшөбі * Жылтыр жанаргүл * Жоңғар көкгүлі * Жұмыр анафалис * Жым астрагалы * Жалған ракитник астрагал * Жұмыртқа жапырақ түйесіңір * Жіңішке сабақ астрагал * Жетісу недзвецкиясы * Жоңғар сабынкөгі * Жабысқақ қандыағаш * Жағастай мертензиясы * Жатаған Шренк шыршасы * Жоңғар түймебасы * Жоңғар тұтасжапырағы * Жіңішке көкнәр * Жіңішке штубендорфия * Жебежапырақ страгановия ## З * Зеравшан аршасы * Зайсан лақасы * Зинаида шөлмасағы ## И * Иілгіш қау * Илларин генингиясы ## К * Кавказ таудағаны * Карнауа өгізкөзі * Кауфман қызғалдағы * Кәдімгі өрік * Кәдімгі жұмсақ жеміс * Кәдімгі емен * Кәдімгі пыста * Кәдімгі семсершөп * Кәдімгі толокнянка * Кәдімгі тасжапырақ * Кәдімгі шолпанкебіс * Келлер кестежусаны * Кекіре плаглобазис * Керемет квелеция * Кеш қызғалдағы * Кіші сүйелжазар * Көктем жанаргүлі * Көкшіл шиқылдағы * Киізтәрізді жерсабын * Кауфман иккониковиясы * Колпаков иридодиктиумы * Колпаковский қызғалдағы * Коровин тұтасжапырағы * Корольков қызғалдағы * Краменников канкриниелласы * Коопман бересклеті * Кузнецов ерсағызы * Культиасов шренкиясы * Культиасов клинолапастнигі * Кушакевич шиқылдағы * Күмәнді долана * Күнгеәй қауы * Көксағыз бақбақ * Көрікті островския * Көптамырлы жуа * Комаров жуасы * Кірпі қаратұқым ## Қ * Қабықты жалынгүл * Қазақ лақсасы * Қазақстан спарасисі * Қайықша томағашөбі * Қар дәуаяғы * Қаратау жалған бозкілемі * Қаражемісті итжүзім * Қаратау қауы * Қаратау рапонтикум * Қаратау сасыққурайы * Қаратау тиынтығы * Қаратау ұшқаты * Қаратау жалынбасы * Қаратау кекіресі * Қаратау лепидолофа * Қаратау паракаршумы * Қаратау томағашөбі * Қаратау түйетабаны * Қаратау ырғайы * Қаратау шөмішгүлі * Қаратаулық бочанцевия * Қарқаралы бөріқарақаты * Қастек жуасы * Қатпар гладиолус * Қатпарлы соссюрея * Қатты көбенқұйрық * Қатты жапырақ келлерия * Қозықұйрық таблицалы * Қоқан салпысы * Қоңыр жүзгін * Қу бұйырғын * Қызғылт сары ақбасқурай * Қызылтіл зиягүл * Қызғылт семізот * Қылтанақ осмориза * Қопал астрагалы * Құмбел сарышатыры * Құрғақ сасыр * Құсмұрын астрагал * Қызыл қайың * Қысқа аталық қызғалдақ ## Л * Ледебуриелла тырнашөп тәрізді * Ледебур қоянбұршағы * Леманн қызғалдағы * Леманн күшаласы * Линчевский кемпіршөбі * Лотос жаӊғақ * Людвиг құртқашашы ## М * Майда катран * Мақсыр рапонтикум * Марал тамыры * Маргарита щуровскиясы * Медиазия іріжапырақтары * Мейен ламидопус * Мейер шытырмағы * Мейер шоқгүлі * Меруертгүл * Мишенквиц кендір * Минквиц примула * Микешин ссосюреясы * Майхаил лепехинелла * Михельсон кермегі * Мия жапырақ астрагал * Мушкетов түйесіӊірі * Мұғалжар юринеясы * Мұздақ пастернаковник * Мүслім сылдыршөбі * Мыӊжылқы усасыры * Мыӊжылқы көбенқұйрығы ## Н * Наркалуен шмальгаузениясы * Недзвецкий алмасы * Недзвецкий екіресі * Нұрания сабынкөгі ## О * Орамалы сасыр * Островский қызғалдағы ## П * Павлов сары андызы * Парсы шырмауық * Пахифиссиденс * Павлов раушаны * Попов ақшешегі * Попов ащытамыры * Попов мертензиясы * Пятаев лепидолопсис * Піскем жуа * Пахифиссиденс үлкенжапырақты * Полипорус тамырсүйгіш ## Р * Рубцов астрагалы * Рубцов семеновясы * Регель қызғалдағы * Регель рафидофитоны * Разниченко кермегі * Разниченко риян ## С * Сабақсыз жалаӊжеміс * Сабақша метастахис * Саз қызанағы * Сары лапыз * Сары жуа * Сауыр тегеурінгүл * Северцев жалғаншөлмасағы * Северцев унгерниясы * Секпіл шолпанкебіс * Семенов айдаршөбі * Семенов картузасы * Сергей жуасы * Сиверс алмасы * Скутигер Тянь-Шанский * Согди шағаны * Солтүстік жоӊғар кестежусаны * Сөгеті сасыры * Суворов жуасы * Сопақша допмагүл * Сырдария сылдыршөбі * Сібір қандығы ## Т * Талас қайыӊы * Талас бәрпісі * Тамаша ассүттіген * Таӊдамалы плаун * Тарбағатай стеллоропсис * Тарбағатай мертензиясы * Тарбағатай қандыгүлі * Тарбағатай кемпіршөбі * Тартыӊқы қоӊырбас * Тас жапырақ лепидолофа * Татар катран * Тауқұм сасыры * Таусағыз тауысы * Тегіс сасыр * Тегіс сфагнум * Тегіс ортотрихум * Телпек сүйсін * Теңгежапырақ шықшөп * Теӊұзын лакса * Титов кемпіршөбі * Тянь-Шань жанаргүлі * Тянь-Шань жуасы * Тянь-Шань қазтабаны * Тянь-Шань сибиркасы * Тянь-Шань сылдыршөбі * Тянь-Шань стелеропсис * Тораӊғы терек * Түбірлі томағашөп * Түкті жуа * Түктігүл Шренкиясы * Түктігүлді астрагал * Траутфеттер страгановиясы * Турчин жуасы * Түркістан козополенкиясы * Тұрлан құмдақшөбі * Тікенді хетолимон ## Ұ * Ұғам кекіресі * Ұсақторлы жуа * Ұғам баданы * Ұсақ жеміс мүкжидек ## Ү * Үлкенжапырақ көбенқұйрық * Үшқабат астрагал ## Ф * Федченко недзвецкиясы * Федченко юринеясы * Фальклор бауыршөбі ## Х * Хантау тау сағызы * Хива сораӊы * Ховен майқарағаны ## Ш * Шаттауық кәдімгі орманжаӊғақ * Шолпаншаш сүмбіл * Шренк қызғалдағы * Шренк тобылғытүсі * Шу-Іле қандыгүлі * Шыбықты тиынтақ * Шылым туысы * Шымыр страгановия * Шырын астрагалы ## І * Іле бөрі қарақат * Іле көкжалбызы * Іле сасыры * Іле ұшқаты * Ірі гүлді шолпанкебіс * Ірі юринея ## Я * Ярмоленко қайыңы * Ярослав сүттігені ## Дереккөздер А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.
## Қос етек көйлек Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын «өңір» деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жаң түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтың тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік, алқа деп те атай береді. ## Дереккөздер ## Қос етек көйлек Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын «өңір» деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жаң түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтың тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік, алқа деп те атай береді. ## Дереккөздер
## Тана Түйменің сабағы, сағағы жоғын тана деп атайды. Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. іш киімдер тігуде қолданады. ## Дереккөздер ## Тана Түйменің сабағы, сағағы жоғын тана деп атайды. Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. іш киімдер тігуде қолданады. ## Дереккөздер
## Түйілген орамал (ойын түрі) Ойын жасыл алаңда өтеді. Екі рет түйілген ақ орамал керек. Ойынды түнде де ойнауға болады. Ойынды жігіт басқарады. Ол өзіне жақын бүкіл ойнаушыларды жинайды, сосың: “бір, екі, үш” – деп айтады және қатысушылар жан-жаққа қашады. Жүргізушінің өзі орамалмен жүрген ойнаушыны қуып жетіп алып қою керек. Ал бұл ойнаушы жүргізуші жақындаған кезде орамалды басқа ойнаушыға лақтырады, ол басқасына, басқасы тағы біреуге және т.с. Бұл ойын футбол сияқты, бірақ доптын орнына екі рет түйілген ақ орамал. Жүргізуші орамалды біреуден алып қоймағанша дейін қуып жүреді. Ұсталынған халықты сауықтандырады, сосың жүргізушімен бірге орамал артынан жүгіреді немесе жүргізушіні ауыстырады. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. "Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007. ## Түйілген орамал (ойын түрі) Ойын жасыл алаңда өтеді. Екі рет түйілген ақ орамал керек. Ойынды түнде де ойнауға болады. Ойынды жігіт басқарады. Ол өзіне жақын бүкіл ойнаушыларды жинайды, сосың: “бір, екі, үш” – деп айтады және қатысушылар жан-жаққа қашады. Жүргізушінің өзі орамалмен жүрген ойнаушыны қуып жетіп алып қою керек. Ал бұл ойнаушы жүргізуші жақындаған кезде орамалды басқа ойнаушыға лақтырады, ол басқасына, басқасы тағы біреуге және т.с. Бұл ойын футбол сияқты, бірақ доптын орнына екі рет түйілген ақ орамал. Жүргізуші орамалды біреуден алып қоймағанша дейін қуып жүреді. Ұсталынған халықты сауықтандырады, сосың жүргізушімен бірге орамал артынан жүгіреді немесе жүргізушіні ауыстырады. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. "Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007.
## Солтандар ұрысы Солтандар ұрысы – эскадрондармен қаруланған және қылыштасу маскаларымен қорғаған салт аттылар қатысатын құрамалық ат спорттық ойыны. Маскаларға жоғары қарай түрлі түсті (әр құрамаға өз түсті) солтандарды немесе жіңішке бишіктерге екі ауа түйіршіктерін қыстырады. Ауа түйіршіктерін тесіп немесе қарсыластан солтандарды қағып жіберу ойын мақсаты және қарсылас осыдан кейін алаңнан кету керек. Қай құрамада атқа мінгендер шығып кетсе, солар жеңілген болып саналады. Ойын іскерлік пен тапқырлықты, қаруды қолдануды, жылқымен басқаруды ақылдығын сұрайды. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. "Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007. ## Солтандар ұрысы Солтандар ұрысы – эскадрондармен қаруланған және қылыштасу маскаларымен қорғаған салт аттылар қатысатын құрамалық ат спорттық ойыны. Маскаларға жоғары қарай түрлі түсті (әр құрамаға өз түсті) солтандарды немесе жіңішке бишіктерге екі ауа түйіршіктерін қыстырады. Ауа түйіршіктерін тесіп немесе қарсыластан солтандарды қағып жіберу ойын мақсаты және қарсылас осыдан кейін алаңнан кету керек. Қай құрамада атқа мінгендер шығып кетсе, солар жеңілген болып саналады. Ойын іскерлік пен тапқырлықты, қаруды қолдануды, жылқымен басқаруды ақылдығын сұрайды. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. "Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007.
## Сақина жасыру Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады. ## Дереккөздер ## Сақина жасыру Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады. ## Дереккөздер
## Себет (ұлттық ойын) Бұрын осы ойын өте кең тараған болатын. Бұл ойында от жағып үлкен хор әң айтқан және барлығы моңшақтармен әшекейленген ескі киімдерін киетін күні қыздар бастайтын. Жасыл алаңда 3х3 м көлемімен төртбұрышты, аса биік емес қоршау орнатылады. Бұған кеуіп қалған шыршалар мен шөпті салады. Кешкіде, оттарды жаққанда осы “себетте” жағылады. Орманнан ертоқымсыз жылқыларда отырған қыздар шығып, осы от “себет” арқылы секіреді. Секіретін жылқының өз алдындағы итерген ауасы от пен түтінді ашып жіберетін, сондықтан от не жылқыға, не жылқы үстінде отырған қызға қауіпті болмайды. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. ## Себет (ұлттық ойын) Бұрын осы ойын өте кең тараған болатын. Бұл ойында от жағып үлкен хор әң айтқан және барлығы моңшақтармен әшекейленген ескі киімдерін киетін күні қыздар бастайтын. Жасыл алаңда 3х3 м көлемімен төртбұрышты, аса биік емес қоршау орнатылады. Бұған кеуіп қалған шыршалар мен шөпті салады. Кешкіде, оттарды жаққанда осы “себетте” жағылады. Орманнан ертоқымсыз жылқыларда отырған қыздар шығып, осы от “себет” арқылы секіреді. Секіретін жылқының өз алдындағы итерген ауасы от пен түтінді ашып жіберетін, сондықтан от не жылқыға, не жылқы үстінде отырған қызға қауіпті болмайды. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы.
## Тұмақ ұру (ойын түрі) Бұл ойын жасыл алаңда өткізіледі. Ойнаушылар саны шектелмеген. Ертерек көмбені белгілейді. 20 м қашықтықта жылқы бойындағы таяқты орнатады және бұған бас киімді кигізеді. Ойынға сонымен қатар көзді жауып байлауға орамал керек. Жүргізуші қатысушылардың біреуін шақырады, оның көзін орамалмен байлап қояды және қолына қамшы беріп атқа отырғызады. Көздері орамалмен байланған атқа мінуші қамшымен таяқтағы бас киімді қағып түсіру керек. Ереже бойынша ойнаушыда үш мүмкіндігі бар. Сонымен бүкіл ойнаушылар бір шеңберден жасайды, ал ең көп мүмкіншіліктерді қолдаған ойнаушы жеңімпаз атанады. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. "Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007 ## Тұмақ ұру (ойын түрі) Бұл ойын жасыл алаңда өткізіледі. Ойнаушылар саны шектелмеген. Ертерек көмбені белгілейді. 20 м қашықтықта жылқы бойындағы таяқты орнатады және бұған бас киімді кигізеді. Ойынға сонымен қатар көзді жауып байлауға орамал керек. Жүргізуші қатысушылардың біреуін шақырады, оның көзін орамалмен байлап қояды және қолына қамшы беріп атқа отырғызады. Көздері орамалмен байланған атқа мінуші қамшымен таяқтағы бас киімді қағып түсіру керек. Ереже бойынша ойнаушыда үш мүмкіндігі бар. Сонымен бүкіл ойнаушылар бір шеңберден жасайды, ал ең көп мүмкіншіліктерді қолдаған ойнаушы жеңімпаз атанады. ## Дереккөздер http://kitaptar.com/node/1101 Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. "Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007
Кандеев көтерілісі - Пенза губерниясының Чембар, Керен уездері мен Тамбов губерниясының Моршан, Кирсан уездерінде 1861 болған шаруалар қозғалысы. Черногай, Студенка селолары шаруаларының помещиктерге жұмыс істеуден бас тартуынан басталды. 19 ақпандағы «Ереже» бойынша помещиктердің бүкіл жері шаруаларға тегін беріліпті-міс, дегенмен жергілікті жердегілер сол шындықты жасырып отыр деп білген Высокое селосының шаруалары 2 сәуір күні вотчина басқармасының басқарушыларын қуып, олардың онына өз ортасынан шыққан жаңа бастықтарды тағайындады. 5 сәуірде Чембар уезінің Покровское селосының щаруалары помещиктің малдарын өзара бөлісіп алды. Сәуір айының басында бұл толқу Пенза губерниясының 26 селосы мен деревнясын, Тамбов губерниясының Кирсанов уезін толықтай дерлік қамтыған болатын. 10 сәуір күні шалға, найзамен қаруланған Черногай селосының шаруалары бір рота солдатқа қарсы шықты. Көтерілістің орталығы Керен уезінің Кандеев селосы болды. Көтерілісті Гаврила Стрельцев, Антон Тихонов, Андрей Елизаров , Леонтий Егорцев басқарды. Көтеріліс жеңіліс тапқан соң 174 адам сот алдында жауапқа тартылып, олардың 114-і Сібірге айдалды. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
АЛБАН ЕҢБЕК ПАРТИЯСЫ (АЕП; 1948 ж. ноябрьге дейін А л б а н и я Коммунистік партиясы; АКП) 1941 ж. 8 ноябрьде Тиранада құрылды. Ол кезде Албанияны италь-ян фашистері басып алған еді. АКП албан халқының бостандық, тәуелсіз-дік жолындағы күресіне басшылық етті. АКП басшылығымен 1942 ж. сен-тябрьде ұлт-азаттық майданы құрыл-ды (1945 ж. Демокр. майдан деп атал-ды). 1943 ж. июльде партизан отряд-тары негізінде ұлт-азаттық армиясы жасақталды. АКП басқарған халық қозғалысының нәтижесінде және Сов. Қарулы Күштерінің жәрдемімен 1944 ж. ел толық азат етілді. АКП басшылығы, КСРО-ның туысқандық кө-мегі арқасында халық ш-ы қалпына келтірілді, әлеуметтік-экономик. ша-ралар жүзеге асырылды. Партияны нығайтуда АКП 1-съезінің (1948 ж. нояб.) маңызы зор болды. Съезд пар-тияның құрылған кезден бергі жұмы-сын қорытып, 1949—50 ж. елді эконо-мик. және мәденн жағынан дамыту жоспарын бекітті, партиялық-ұйым-дастыру, бұқаралық-саяси жұмыстың әдісін өзгерту міндетін алға қойды, партияның Уставын қабылдады, АКП-ні Албан Еңбек партиясы (АЕП) деп атау туралы қаулы алды. АЕП делегациясы коммупистік жә-не жұмысшы партиялары өкілдерінің 1957, 60 ж. Москвада болған Кеңесте-ріне қатысып, олардың документтері-не қол қойды. Кейінгі жылдары АЕП басшылары маркстік-лениндік жолдан ауытқып, ұлтшылдыққа бой ұрды, өз-дерінің интернаңионалдық борышта-рын орындаудан бас тартты, халық-ар. коммунистік және жұмысшы қоз-ғалысына опасыздық жасап, жікшіл-дік жолына түсті. АЕП жоғарғы органы — съезд; ол Орталық Комитетті, Орталық бақылау және Тексеру комиссияларын сайлай-ды, ал ОК Саяси бюро мен Секрета-рпатты сайлайды. 1966 жылғы мәлі-мет бойынша АЕП қатарында 66 327 мүше мен кандидат бар. АЕП ОК бі-рінші секретары — Э. Ходжа. ## Дереккөздер
Аманат - Сатыбалды Нарымбетовтың фильмі. Басты рөлдерді Санжар Мәдиев пен Берік Айтжанов сомдады. Фильм нақты тарихи оқиғаларға негізделген. ## Сюжеті Фильмнің басты кейіпкері - 19 ғасырдағы қазақтардың Ресей империясына қарсы күресін ұйымдастырған, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы. Фильмде онымен қоса Бұқарбай батыр сияқты ханның сенімді серіктерінің өмірі көрсетілген.Фильмде бірнеше оқиға параллельді көрсетіледі. Фильмді тамашалау арқылы 19 ғасырдағы Кене хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов өміріне саяхат жасауға болады. Фильмді түсіру барысында, Nomad каскадёрлері шайқас эпизодтарына қатысты. Фильм Кенесары хан жайлы фильмдердің алғашқысы болмақ. Бұрында деректі фильмдер түсірілсе де, көркем фильмдер түсірілмеген еді. ## Дереккөздер
Жалпы алғанда, Сақтар, Ғұндар, Үйсіндер, Лопнорлықтар адамды негізінен жерге жерлеген, яғни сүйекті қабір қазып көмген. Ал Түркілер, Қырғыздар, Қияндар тағы басқалар сүйекті өртеп жібереді екен. Әрбір дәуірдегі Үйсін қабірлерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Үйсіндер алғашқы дәуірде мал шаруашылығымен, соңғы мезгілдерде қосымша егін шаруашылығымен шұғылданған. Соған байланысты болса керек, алғашқы дәуірдегі үйсін молалары солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле жерленген. Қабірдің айналасын таспен қоршап, төбесіне тастан белгі салған. Мүрдені шығыстан батысқа қарай қазып, аузына айқастыра жұмыр ағаш қойып, оның үстіне тас жатқызған. Үйсіндердің ыдыстарының түбі көбінде дөңгелек келеді. Құлақтылары аз кездеседі. Сақтар тұсындағылармен салыстырғанда, мұнда көбінесе темір бұйымдар бірге көмілген. Қабір ішінен қойдың қаңқалары кездесіп отырады.Үйсіндердің орта дәуірдегі зираттары үш-төрттен қаз-қатар топтастырыла, тізбектеле қазылған. Үймесінің тең жартысы тастан қаланған. Қабірдің қола бұйымдарынан гөрі темір бұйымдар көп шыққан. Тұтқа құлақтары бар ыдыстардың бүйірі мен түбі жұқа келеді. Бұл ыдыстар алғашқы мезгілдегіден гөрі мәнерлі жасалған.Үйсіндердің соңғы дәуірдегі қабірлерінде үйінді тас жоқ, сүйек терең қазылған. Қабірден көбінесе темір бұйымдар шыққан. Ал, ыдыс-аяқтарының бүйірі жұқа, түбі жайпақ, өңі қызыл немесе күрең түсті болып келеді. Үйсіндердің қабірлерінің сыртқы бейнесі сақтардың қабірінен онша ерекшеленбейді. Алайда үйсін қабірінде адаммен бірге көмілген бұйымдар өте аз. Оның көбі темір бұйымдар, ал, қару-жарақ мүлде аз көмілген. Үйсін қабірлері шығыстан батысқа қарай бағытталып, сүйектің басын құбылаға қаратып, шалқасынан түзу жатқызған. Сол білегі мен оң білегі сәл бүгілген немесе екі қолы жамбасының үстіне не астына қаратылған. Сүйекпен бірге көмілген ыдыс басының оң жағына қойылған. Қойдың омыртқасы бірге көмілген. Қабірге тағы пышақ, біз, сырға, жақұт, моншақ, айна, сүйек бұйымдар, фарфор ыдыстар, шақ (тоқыма ұршығы) сияқты нәрселер бірге көмілген. Ерлердің қабірінен, көбінесе қолабіз, темірбіз, жақұт-моншақ, алқа, ыдыс сияқты бұйымдар шыққан. Сүйектің көбінің беті солтүстікке қаратылып қойылған. Бетін жоғары қаратып түзу жатқызылғандары өте аз. Ал бетін оңтүстікке қаратып қойылғандары жоқтың қасы. ## Дереккөздер * Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Ермұханова Х.К. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2005 * Қазақстан тарихы (Анықтамалық құрал). Мұсабеков К.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2010. * Қазақстан тарихы пәніне көмекші оқу құралы (Б.з.б. 2 млн. 500 мың ж. - б.з. XVIII ғ.) Исабек Б.Қ., Әбішова Г.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2008
«Жалғыздың күні» (ағылш. Cast Away) — драма, режиссёр Роберт Земекистің фильмі. Басты рөлді Том Хэнкс сомдады. ## Сюжеті Америкалық тасымалдау қызметкері Чак Ноланд ұшақпен сапарға аттанған кезінде, ұшағы апатқа ұшырайды. Экипаж мүшелері түгел қаза болып, Чак қана тірі қалады. Ол Тынық мұхитындағы аралда 4 жыл жалғыз өмір сүреді. Ол әртүрлі дене жарақаттарын, психологиялық жарақаттар алады. Чак қолдан қайық жасап алып, ашық мұхитпен өзін тауып алғанша, жүзе береді. ## Рөлдерде * Том Хэнкс - Чак Ноланд * Хелен Хант - Келли Фрерс * Ник Сирси - Стэн * Дженифер Льюис as Бекка Туиг * Крис Нот - Джерри Ловет * Лари Уайт - Беттина Петерсон * Винс Мартин - Альберт Миллер * Джофри Блейк - Мейнард Брахам * Майкл Форест - Джек * Джей Аковон - Петров ## Қызықты деректер * Түсірілім барысында актёр Том Хэнкс «профессионалды ерлік» жасады — ол 15 килограммға арықтады. «ТӨРТ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ» титрінен кейін, экранда мүлдем басқа адам — арық, әрі ұзын Том пайда болады. * Осы рөл үшін Том Хэнкс «Оскар» жүлдесіне ұсынылып, бірақ Рассел Кроуден ұтылып қалады (фильм « Гладиатор»). * Фильм Монурики аралында түсірілді. * «Жалғыздың күні» әлемдік прокатта 2000—2001 жылдардағы түсімді фильм болды, пайыздық көрсеткіші бойынша, Ридли Скоттың « Гладиатор» атты блокбастерін артта қалдырды. ## Жүлделер * ОСКАР — 2001 2 номинацияда: Том Хэнкс («Үздік ер адам рөлі») және «Үздік дыбыс». * АЛТЫН ГЛОБУС — 2001 Том Хэнкс (номинация «Үздік драмалық ер адам рөлі») * «MTV» телеарнасың жүлдесі — 2001 4 номинацияда: Үздік экшн-көрініс, Үздік сүйісу (Том Хэнкс пен Хелен Хант), Үздік ер адам рөлі (Том Хэнкс) * Британдық киноакадемия — 2001 Номинация: Үздік ер адам рөлі (Том Хэнкс) ## Саундтрек * 1.«Cast Away» — 3:44 * 2.«Wilson, I’m Sorry» — 1:39 * 3.«Drive to Kelly’s» — 3:54 * 4.«Love of My Life» — 1:47 * 5.«What the Tide Could Bring» — 3:39 * 6.«Crossroads» — 2:08 * 7.«End Credits» — 7:29 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Cast Away (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Cast Away (ағыл.) Metacritic сайтында * «Cast Away» (ағыл.) Box Office Mojo сайтында
«Айналар»(ағылш. Mirrors) — режиссёр Александр Ажаның фильмі. Оңтүстіккореялық Айнаның арты фильміне ремейк. 2010 жылы Айналар 2 атты фильмнің сиквелі түсірілді. ## Сюжеті Өмірінде аса ауыр психологиялық жара алған Бен Карсон ішімдікке салынады. Әйелі балаларымен Беннен кетіп қалады. Бен қиындықтарды артқа тастап, ішімдіктен бас тартып жұмысқа орналасады. Оның міндеті - ескі универмагты күзету болатын. Бен уақыт өте келе, тосын оқиғаларды бастан өткереді. Универмагтағы айналар Бенге маза бермейді. Айна Бенге Эсекерді табуға бұйрық береді. Анна Эсекер бала кезінде ерекше аурумен ауырған көрінеді. Оның ауруы айналарға ауысып, Аннаны қайтадан іздеуге көшеді. Бен Аннаны тауып, көмек беруін өтінеді. ## Басты рөлдерде * . Кифер Сазерленд—Бен Карсон * . Паула Паттон—Эми Карсон * . Камерон Бойс—Майкл Карсон * . Эрика Глюк—Дэйзи Карсон * . Эми Смарт—Анджела Карсон * . Мэри Бет Пейл—Анна Эссекер * . Джон Шрэпнел—Лоренцо Сапелли * . Джейсон Флеминг—Лэрри Бёрни * . Адина Рапитеану-Анна Эссекер (бала кезі) ## Оригинал фильмнен айырмашылығы Америкалық нұсқа корей фильмінен біршама ерекшеленеді. Жалғыз өзгермегені, екі фильмнің идеясы бір — оқиға жанып кеткен универмагта жұмыс істейтін бұрынғы полицей қызметкері төңірегінде өрбиді. Сюжетінің өзге тұстары бір-бірінен ерекшеленеді. Корей фильмі — мистикаға толы детектив болса, ал американдық нұсқа — бөгде күштердің айналар арқылы біздің әлемімізге енуін баяндайтын қорқынышты фильм.
Нухов, Фарид Аюпович - 1930 жылы 21 наурызда дүниеге келіп, 1990 жылы 19 наурызда дүние салған. Ол Уфа моторқұрастыру зауытының авиациялық оталдырғыштарды жинаушы. Социалистік еңбек батыры. ## Биография Фарид Аюпович Нухов Староминизитарово Иглиндық ауданында 1930 жылдың 21 наурызында дүниеге келшген. Анасы Вафия Сулейманова қатты сырқаттанған болатын. Әкесі соғыстың бас кезінде колхоз басшысы болып және сельсовет басшысы болып жұмыс жасаған. Оның отбасында үлкен ағалары болған, бірақ олар соғысқа дейін Уфа қаласына жұмыс жасауға кеткен болатын. 1946 жылы ол өзінің ағаларына Уфа қаласына барады. Ол соңғы екі жылын техникумда оқуға жұмсайды. Ол 1990 жылға дейін Уфа моторқұрастырушы зауытының слесарь - жинағыш болып жұмыс атқарады. Ол 1980-1990 жылдары Башқұр АССР ның жоғарғы совет депутаты жұмысын атқарады. Нухов Фарид Аюпович 1990 жылдың 19 наурызында дүние салды. ## Дереккөздер
Үкілер туысы (Вubo) – қауырсындар түзілген «құлағы» жақсы байқалатын, ең ірі жапалақтарды біріктіретін құстар туысы. Үкілер туысына 11 түр қамтылады. Солардың бірі Қазақстанда өмір сүреді. Үкілер туысы (Вubo, bubo) - біздегі жапалақтардың бірі денелісі (салмағы -3 килоға жуық, қанатының алымы 1,8 м шамасында). Танымал жапалақ кейіпті құс. Бүкіл жабын қауырсындары сүмектенген безекті қоңыр реңді. Қызылсары көзі, бет табақшасы тік тұрған «құлақпен» аяқталады. Түнгі және іңір қараңғысында тіршілік етеді. Дауысы –баршаға жақсы таныс «уһ-уһ».
ҮҢГІРЕК (Troglodytes troglodytes)- ,біздегі фаунаның ең кішкене денелі 8-10 г құсы. Үңгірек тұқымдастардың ең ерекше өкілі үңгіректің дене бітімі мығым , реңі қоңырқай қызғылтсары және ұдайы қысқа құйрығын сілкіп қалып , жоғары көтереді.Қолды-аяққа тұрмай, қунақ қимыл жасап, қалың өскен шөпте немесе дауыл құлатқан ағашта ұшып-қонып жүргені құстан гөрі тышқанды еске түсіреді.Мұндайда ашуланғандай «чирр »немесе «чок-чок» деген үзбелі дауысты жиі шығарады.Үңгіректің осы ерекшелігі сансыз халық атауларында түбіршек ,қабықжегі,жаңғақшыл,чок-чок және т.б.атауларда көрініс берді.Ешқашан үйір түзбейді, ұялас балапандардың ұшуға дейінгі қысқа кезеңін қоспағанда , жалғыз – жарымнан кездеседі.Аталықтар өте әдемі сайрайды. Бұл – ормандарымыздағы ең жақсы сайрағыш құс.Үңгірек қатты, сыңғырлата ұзақ сайрағанда әуенінен бірдемелерді пайдаланады.Дегенмен үңгірек әуенібаққунақтың тамаша сайраған үнін еске түсіреді.Үңгіректер Тәңіртаудың қылқанды ормандарында сәуірден тамызға дейін сайрайды.
Саламат Мұқашұлы Мұқашев (21 қазан 1927 жыл, Гурьев Қаз АКСР - 18 маусым 2004 жыл Алматы) — Қазақ Совет Социалистік Республикасына еңбегі сіңген саяси және мемлекеттік қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы. Гурьев мұнай техникумын (1947), ВЦСПС-тің Харьковтегі мектебін (1951), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1947) сырттай оқып бітірген. Еңбек жолын 1942 жылы Мақат кәсіпшілігінде операторлықтан бастады. Байұлы тайпасының Есентемір руынан. ## Атқарған қызметтері * 1961-1970 жылдары Ембі ауданы партия комитетінің 1-секретары. * 1970-1977 Гурьев облыстық партия комитетінің 1-хатшысы * 1977-1980 Қазақ кәсіподақтар кеңесінің төрағасы * 1980-1985 Маңғыстау облыстық партия комитетінің 1-хатшысы * 1985-1988 ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасы * 1988-1997 Республикалық табиғатты қорғау қоғамының төрағасы * 1950 жылдан КОКП мүшесі. * 1971 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі. * 1971 жылдан Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты * 1977 жылдан Кәсіподақтардың Қазақ респ. советінің председателі. * 1977 жылдан Қазақстан КП ОК-нің Бюро мүшелігіне кандидат. * Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі. * КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. ## Дереккөздер
Өлкедегі азамат соғысы — 1917-1920 жылдары Өлке аумағындағы азамат соғысы ## Өлкеде азамат соғысының басталуы 1917 жылы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Дегенмен, олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы Гурьев (Атырау) қаласында Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады. 1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтын бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңіс өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте ақгвардияшылар казак станицалары мен орыс селоларындағы бай-құлақ элементтеріне сүйенеді, жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден қолдау тапты. 1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құрылған корпусты Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жерлердегі кеңес өкіметінің басшылары К.Сүтішев, И.Дубинин, П.Калюжная, Ғ.Ыдырысов, К.Шугаев, П.Салов және тағы басқаларын азаптап өлтірлі. Өскемен Совдепінің төрағасы Я.Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервеннер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды. 1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс станцияларында Кеңес үкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әскери бөлімдергеқарсы кескілескен ұрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық характер түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында Черкасск қорғанысы деп аталады. Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды. Революцияға қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің Комуч (Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті) үкіметін, Каспий сыртқы облысында ағылшын үкіметін құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті. Кеңес елі үшін ең басты майдан - Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т.б қалаларда құрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орыбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Х.Чурин, Ж.Сәрсенов, Х.Ишанов, Б.Жәнікешев т.б қызмет етті. Сол жылдың қараша айында Ақтөбе майданына Әліби Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. 1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә.Жангелдин мен А.Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер экадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл әскер бөлімдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп қалған көпетеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы және шаруалар өкілдері де кірді. Облыстық және уездік кеңестер мен әскери комиссариаттар жергілікті бұқара халық өкілдерін - қазақтарды, қырғыздарды, дүнгендерді, өзбектерді, ұйғырларды және басқаларын Қызыл Армия қатарына тартуда саяси-ұйымдастыруда коптеген қиындықтар ды кездесті. Қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдықтар жетіспеді. Әскери жасақтарға басшылық ететін тәжірибелі қызыл командирлер мен саяси қызметкерлердің қатары аз болды. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында "әскери коммунизм" саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. Әскери коммунизм саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауды көбейтуге, Қызыл Армияны, жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді. Әскери коммунизм саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міңдеттілігі талап етілді. Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды. Қазақстанда әскери коммунизм саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария, Жетісу облыстар, Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсіпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Міне, осы шаралардың барлығы Қазақстанның азамат соғысы майдандарында интервенттер мен ақ гвардияшыларға шешуші соққы беруге жағдай жасады. 1918 жылы күзде 1 және 4 Қызыл Армия бөлімдері шабуылға шығып, Бугрслан, Бұзылық, Қазан, Александров-Гайды босатып, Орынбор мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп,Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылдың 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919 жылғы көктемде М.В. Фрунзе басқарған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал В.И.Чапаев басқарған 25 дивизия оңтүстік-батыс аудандарында соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, олраға күйрете соққы берді. Қазақстанда Колчак тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. 1918 жылы желтоқсан айының аяғында Ә.Жангелдин, А.Иманов және Ырғыз отрядының біріккен күшімен Торғайда кеңес өкіметі қалпына келтірілді. Бұл кезде Ақмола, Семей облыстарында да партизандық қозғалыстар өрістеді. Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизандар қозғалысы кең өріс алды. Тарбағатай мен Алтайдың Тау қырандары отрядтарының қозғалысы, Жетісудағы Черкасск қорғанысы Қазақстандағы азамат соғысы тарихында елеулі оқиға болды. 1919 жыдың жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күштерінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. Қызу шайқастардың барысында Колчак Армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінді. Колчактың "Оңтүстік армиясын" Түркістан майданының қызыл әскер бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді. Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. 1919 жылы шілдедеқоршауда қалған Орал қаласы азат етілді, 1920 жылы 5 қаңтарда Гурьев (Атырау), ал 8 қаңтарда Доссор мұнай кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы ақтардың қарсылығын тезірек басуға мүмкіндік берді. 1920 жылдың көктемінде Үржар, Арасан станциялары, атаман Анненковтың штабы орналасқан Үшарал поселкісі босатылды. 29 наурызда Қапал бекінісі құлаған соң Абакумовка, Ақсу, Сарқант және басқа да станицалар азат етілді. Атаман Анненков және оған қосылған Дутов басқарған ақ гвардияшылардың қалдықтары Синьцзянға қашты. Нәтижесінде 1920 жылғы наурыз айында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды. Қазақстан жеріндегі ірі-ірі соғыс қимылдары М.В. Фрунзе, М.Н. Тухачевский, В.И. Чапаев сияқты белгілі әскери қолбасшылар, И.П. Белов, И.С. Кутяков, А. Иманов т.б. секілді талантты қызыл әскер командирлері басшылығымен жүзеге асырылды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылы 12 маусымдағы Верныйдағы бүлік соның көрінісі еді. Бүлікті басуды іске асырғандар арасында Д.А.Фурманов, И.П.Белов, Ғ.Мұратбаев, Б.Шагабудинов, т.б. болды. Сол жылғы жазда Семей облысында ақ гвардияшылар офицерлерімен эсерлер ұйымдастырған бай-құлақтардың бүліктері жүрді. Олар партия және кеңес қызметкерлерін өлтіріп, мемлекет қоймаларын тонады, кеңестік мекемелерді ойрандады. Қызыл Армия бөлімдері жұмысшылардың деревня мен ауыл-село кедейлерінің белсене қолдауымен қысқа мерзімде контрреволюциялық бүліктердің бәрін жойды. Қазақстанда кеңес өкімет орнатудағы күресі жеңіске жетті. ## Дереккөздер
Сарғалдақ торғай(сұлыкеш сарғалдақ) – Қазақстанда кездесетін сарғалдақтың 19 түрінің бірі. Ересек аталығы өте ашық түсті: денесінің жоғарғы жағында қара жіңішке сызықтары болады, жасыл-сарғыш түсті төменгі жағы және басындағы ашық қоңыр түсті күләпарасы мен кеудесінің алдыңғы жағы да ашық қоңыр түсті болып келеді. Аналығы жасыл-сары бояумен, әсіресе құрсақ жағы құлпырған тембілді ашық қоңыр түсті. Үні сыңғырлаған, күшті және әнінің орындалуымен басқа сұлыкештерден қатты ерекшеленеді, сандуғаштың әнін еске түсіреді. Аталықтары осындай ән және әдемі күйлеу ойнағын салады: жиі қанаттарын қағып, құйрығын жоғары көтеріп, бір бұтадан екінші бұтаға секіреді. Қазақстанда кең таралған, тек Солтүстік биік таулы аудандарда кездеспейді. Шөл мен шөлейт үшін – кең таралған құс. Бұл көптеген кез-келген жерлерде ұялайтын, саны көп құс болып есептеледі. Индияда қыстайды. Басқа сарғалдақтардан айырмашылығы – ұясын бұталар мен шөптесін өсімдіктердің бұтақшаларында салады. Сыртқы қабатын жаңа шөптен құмдақтайды, басқа құстардың ұясынан бірден айырықшаланады. 3-5 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, балапандарын көбіне өзі асырайды. Қазақстанда сәуірдің соңынан тамыздың соңына дейін болады.
Көкшіл жуа (лат. Allium caesium) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын Қазақстанда кездесетін 112 түрдің ішіндегі ең көп тараған түрі. Қазақстанның солтүстік, батыс аудандары, Каспий және Арал теңізі маңы шөлдерінен басқа, далалы аймақтарда, шөлейттерде, тауларда, жазықтарда кездеседі. Кейде гүлдеу кезінде айтарлықтай көптігімен оқшауланып көрінеді. Маусым-шілде айында ашық-көк түсімен ерекшеленеді. Көп жылдық, онша үлкен емес, бір пиязшығы сұр терілі қабыршақпен қапталған. Сабағы 50 см, 2-3 тен жартылай цилиндр тәрізді жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, қоңырау тәрізді 6 гүлсерігі жапырақшасы, 6 аталық және 3 ұяшықты дәнекер, ұзарыңқы гүл серігінен озыңқы болып тұрады. Гүлдері ұзын гүл табанына орналасқан және қою шар тәрізді немесе жарты шарға ұқсас гүлшоғыры шатыр пішінді. Гүлдері сірне бөледі, ара маен бал арасы тозаңдандырады. Тұқымы қара ұсақ, бұрыштанған, қауашақтан сабақ тербелген сайын шашылады. Қазақстанның көптеген жерлерінде ащы және жағымды дәмі үшін пайдаланылады. Омарташылықта маңзды. 1876 жылдан бері мәдени түрде сәндік мақсатта өсіріледі. ## Дереккөздер
Қайраңкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қайраңкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1252 адам (611 ер адам және 641 әйел адам) болса, 2009 жылы 935 адамды (451 ер адам және 484 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ала қараторғай (лат. Sturnus contra) – Торғайтәрізділердің Қараторғай тұқымдастарының денесі шағын құсы. ## Таралуы Табиғи ареалы - Оңтүстік Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Көбіне ашық, талдары аз жерлерде, адам тұратын мекендерге жақын ұялайды.. ## Сипаттамасы Дене тұрқы 21-24 см, еркек дарасы мен ұрғашы дарасы өзара қатты ұқсас болады. Ала қараторғай шегірткелерді құртушы атағына еге болған. Бұған келесі суреттеме куәгер: . Бұл суреттеме – атақты аңшы-ғалым және жазушы-натуралисттің ала қараторғайдың шегірткені қырып-жоюын өте көрнекі бейнелеп көрсетуі. Ғалымдардың есебі бойынша, бір ересек ала қараторғай күніне 200 г шегірткені құртады, 10 мың жұп (мұндай топ Қазақстанда жиі кездеседі) айына 108 тонна осындай зиянкестерді құртады. Дегенмен, жаз соңында, күзде ала қараторғайлар кәдімгі қараторғайларға жүзім өнімін құртуға қатты көмектеседі. Жүзімдікті қорғау үшін оларды үркітетін дыбысты үн таспаға жазып қояды. ## Түрлері Табиғатта 4 түрі айқындалады: * S. c. sordidus, * S. c. superciliaris, * S. c. floweri * S. c. jalla. ## Галерея * * * * * * * ## Дереккөздер
Саятшылық — қазақтың байырғы да қосалқы кәсібінің, сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы. Саятшылық (Серілік)- қыран құс салып аң алдыру-құс ілдіру, жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы, түзу мылтық ұстап –аң құмар аңшы, ізші болу, әнші, күйші, жыршыларды, атшы, қосшы, қағушыларды ертіп салбурында серілік етіп, саят жасау, жылқының, құстың, тазының бабын тауып - атбегі, құсбегі болу, еркін табиғатқа қамқорлық көрсете отырып, оның ғажаптарын, сұлулуғын сезіне білу, олардан рахат тауып, ләззат алу, саяттану. Бұл кәсіптің маманын аңшы және саятшы деп атаған. Аңшылықтың бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды - бағалы аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы - қай-қайсысы да адамдардың қажетіне жараған. Құрал-сайманның үнемі жетіліп отыруы аңшылықтың да өзгеріп отыруына әсер етті. Ертеде адам аңшылықта ор қазу, тор, тұзақ, қақпан құруды қолданса, кейін атпен қуып, ит қосып, құс салып, садақпен, мылтықпен атуды үйренді. ## Дереккөздер