text
stringlengths
3
252k
Алдияр мазары - Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Сабындыкөл ауылынан солтүстікке 3 км. жерде орналасқан ХІХ ғ. ескерткіші. Сегіз қырлы, күмбезді мазардың қабырғалары күйдірген және шикі кірпіштен өрілген. Мазардың жоғарғы бөлігі жұлдыз тәрізді, оның үсті сегіз қырлы, ең биігі шар тәрізді күмбезбен аяқталады. Биіктігі 4,1 м. ## Дереккөздер
Алдияров Байзолла (1924, Ақтөбе губ. Ақтөбе у./ кейін Новоресей ауданы / Бұлақ ауылы – 1990, Хромтау ауданы, Оңғара ауылы) - механизатор. Соиалистік Еңбек Ері (1957ж).1936-1958 жылдары Қызылжар МТС-ында, кейін Киров атындағы ұжымшар, комбайнер, механик, МТС меңгерушісі. Егіншілік мәдениетін көтеріп, астық бастыруда үлкен жетістікке жеткен. 1956 ж. Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты. Ленин орденімен, «Тың жерді игергені үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Лай – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейінің орта тұсындағы бұлақтардан алып, Атығай қонысына 8 км жетпей жерге сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Су жиналатын алабы 167 км2. Ұзындығы 31 км, жалпы ұзындығы 12 км болатын 6 саласы (жылғасы) бар. Лай қыстауына дейінгі арнасы жартасты, жарқабақты өңірмен өтеді, одан төменде арнасы мен аңғары кеңейеді. Төменгі арнасында жаз айларында суы қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толысады.‎ ## Дереккөздер
Алматұлы Самұрат/Шахмұрат/ (1845-1922)-айтулы ортадан шыққан , ерте ел басқаруға араласып , еңбегі Ырғыз өңіріне танылған тұлға, 1864 жылдан 1910 жылға дейін ел басқару қызметінде болады. Ол 1864-1889 ж. 54 дистанция бастығы , шөмекей руының биі, Қожакөл болысының кандидаты, Кенжеқара болыстығының тұңғыш болысы болып сайланып, оны 1911 жылға дейін атқарған . Торғай облысы әскери губернаторының 1889 ж. 25 қыркүйектегі №29 бұйрығымен Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі болып тағайындалған . 1889-1901 ж.Ырғыз уезінің құрметті бітімші судьясы қызметін атқарды. 1901-1903ж. Торғай облысы басқармасының қарауында қызмет істейді. 1903 жылы 17 мамырда Торғай селолық-шаруашылық қоғамы мәжілісінің қаулысымен сол қоғам кеңесінің мүшесі болып сайланған. А.С. ел басқару жұмысында және патша үкіметінің жоғары органдары тағайындаған мемлекеттік қызметтерде 41 жыл еңбек еткен. Ол осы жылдар ішінде Станислав күміс медалімен ,Аннаның күміс медалімен, Станислав алтын медалімен марапатталған. 1912 ж. Самұратқа император ұлықтары әулетінің құрметті азаматы жоғары атағы берілген . Шежіре: Самұрат-Алмат-Тобаберген-Киікбай-Әлібек-Қалақ-Шобдар-Бекет-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей ## Дереккөздер А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.
Алтаев Бозша (1898, Торғай қаз., Ақтөбе облылсы, Ырғыз у №15 а - 1984, Әйтеке би ауданы) - шопан. Социалистік Еңбек Ері (1949/). 1930-60 ж. «Ортақшыл» ұжымшарында (1950), «Жаңа дәуір» ұжымшары (1954), «Северный» кеңшары болып қайта құрылды, аға шопаны болды. 1945-47 ж. әр 100 саулықтан 119-127–ден қозы алып, аман сақтады. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. 1956 ж. «Қазақ КСР-ның еңбегі сіңген мал шаруашылығы шебері» атағы берілген. ## Дереккөздер
Богатое — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, қысқарған "Железин ауылдық округі" құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде, Богатое көлінің солтүстік-батыс жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 204 адам (105 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 89 адамды (42 ер адам және 47 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қарақозы — Батыс Үстірт кемерінің шығыс бөлігіндегі құдық. ## Орналасқан жері Маңғыстау обл, Маңғыстау ауд, Сайөтес а-ның солт-нде 25 км жерде Қарнау қонысы маңында орналасқан. ## Сипаттамасы Теңіз деңгейінен 190 м биіктікте жатыр. Терңд. 10 м, су шығымы 110 л/сағ. Үстірттегі төбелердің ортасында жатыр. Батысында 20 м-лік кемер, оның етегінде көне қорған қирандылары бар. Солт-нде Мамырлы, Балбұлақ, шығысында Қырқыстау, Жұмабаз құдықтары, оңт-нде Сақырамажонтық, Тайлақ бұлақтары орналасқан. Құдық мал суаруға қолданылады.
Данияров Төрехан Рысбекұлы(10.10.1962 жылы дуниеге келді, Ескелді ауданы, Н.Алдабергенов атындағы ауыл) – журналист, 1993 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды. 1985 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді. 1984-1987 жылдары «Жетісу» газетінің тілшісі, 1987-1994 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1994-1996 жылдары «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, 1996-2002 жылдары Қазақ радиосының бас директоры қызметтерін атқарды. 2002 жылдан «Қазақбезендіру» мекемесінің бас директоры, әрі республикалық «Көзқарас» және «Позиция» газеттерінің бас редакторы. Алматыдағы әйгілі Желтоқсан оқиғасы («Желтоқсан жарасы») мен XX ғасырдың 60-жылдарындағы Мәскеудегі алғашқы қазақ жастарының ұйымы («Жас тұлпар») туралы мақалалар тізбегі мен деректі повестері жоғары бағаланды. ## Дереккөздер
Аманбаев Мұрат Ермұханұлы 09.04.1955 ж.т. Октябрь ауданы Жұрын с./ мемлекеттік қызметкер. Ақтөбе кооператив техникумың Алматы х.ш. ин-тын бітірген. Еңбек жолын Мұғалжар ауданында есепші болып бастаған. 1980 - 94 ж. Республика Қаржы министрлігі аппаратында, 1994 - 96 ж. "Әлембанктің" басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының қарды, еңбек және ақша айналымы бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қаржы министрінің орынбасары, 1999 - 2001 ж. ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары, 2001 жылы ҚР Премьер Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары ## Дереккөздер А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.
Алмағанбет Атай (1927) Темір ауданы, Басшиелі ауылы - байырғы теміржолшы. 1950 жылдан темір жол саласында. Қандыағаш станциясында жүк пойызының аға кондукторы, 1953-86 ж. Поезд құрастырушы, 1986-91 жылдары жол көрсеткіш күзетінің кезекшісі. КБОК (ВЦСПС) 17 съездіне делегат болған (1982). Екі рет Еңбек Қызыл Ту (1971, 1974), Октябрь революциясы (1982) ордендерімен, «Құрметті теміржолшы» (1977) белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Қаратөс бұлбұл - ең әдемі биік тау әншілерінің бірі. Аталығы ашық түске боялған: жоғарғы жағы қарасұр, көзінің үстіндеаппақ қасы, тұмсығының астында қара кеудесінде алқызыл дағы бар, құрсағы мен құйрығының түбі - ақ түсті. Сонымен қатар, қара түсті құйрық қанаттарының ұшында айқын ақ дақтары бар. Ол құйрығын жиі тартып, желпіуш сияқты жайып жүреді. Әні жағымды және сазды, күйлеу кезеңінің қызған уақытында әнін бір сағатта 500 рет орындайды. Ұасын жерге, тастың, бұтаның панасына немесе калың бұтаның арасына салады. 4 - 6 көгілдір жұмыртқасын аналығы 2 аптада басып шығарады. Жазда 2 рет балапан шығарып үлгереді. Ұялайтын жерінде мамырдан қазанға дейін кездеседі. ## Сипаттамасы Төбесі және жоны- қошқыл , қошқыл сұр және ақ қабағы ерекше айқын бөқлініп көрінеді. Құрығының түсі үш түрлі: негізгіжартысы- ақ , құйрық ұшының үштен бір бөлігі - қара және әр қауырсынның ұшы-ақ түсті болып келеді. Аналығының түсі қоңыр , онда қызыл және қара түс болмайды , дегенмен оны құйрығын жиі көтеріп, жазуымен бірге ұйрықтың қара қауырсындарының ұшы ақ болғандықтан, жаңылыспай тануға болады. ### Мекені Бұл орталық және Оңтүстік Азия тауларының субальпілік белдемінің бұталарында өмір сүреді. Қазақстанда теңіз деңгейінен 2000-нан 3000 метрге дейінгі биіктіктерде субальпілік шалғындарының қалың аршасында мекендейді. Үндістанда және Оңтүстік Азияның басқа елдерінде қыстайды. Мамырда ұшып келіп, тамызда ұшып кетеді. ### Ерекшелігі Қаратөс бұлбұлдың аталықтары- тамаша сайрағыштар. Әуені қатты жіне әуезді. Сан алуан дербес өргермелі нұсқалы бола тұра , оның әуені жақынырақ болып келеді. Әдетте ысқырған төрт құрамды кіріспе жаңылтпашқа айналып, "сандуғаш сазына " ұқсастау болып кетеді. Өзге құстардың дауысына еліктеу өте дамыған. Қаратөс бұлбұл көбінесе кәдімгі құралайдың, орман жадырақ, қаратұмсық содырғы , бозбас пайыздың, т.б. құстардың әуенін қайталайды. Қаратөс бұлбұлдар мамырдың алғашқы күндерінен бастап, шілденің ортасына дейін, кейде сіркіреген жаңбырда , тұманда , тіпті қалың жауған қарда, әуен әбден қызған кезде, бір сағатта 542 әуенге дейін орындайды. ## Дереккөздер "Қазақстан жануарлары" (Мектеп энциклопедиясы) - 2010
Байғали Алманов (1904, Ырғыз ауданы - 1984, Қарабұтақ селосы) - әнші, ақын, домбырашы. Еңбек жолын жалшылықтан бастап, Ырғыз өңірінде құрылған «Қызыл Отау» ( бұқаралық мәдени- ағарту мекемесі) бастығы болған (1925). Бұл мекеме ауылдағы сауатсыздықты жою, шаруалар арасындағы үгіт-насихат жұмысын жүргізу, концерт, сауық кештерін өткізумен айналысқан. 1930-40 жылдары Ырғыз ауданының Мәдениет үйінде ұлт-аспаптар оркестірінде домбырашы. 1940-64 жылдары Қарабұтақ ауданының Мәдениет үйінде домбырашы, көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі. Ол халық ақыны Жөкей Шаңғытбаевтың «Құл мен қыз» поэмасын, «Қобыланды», «Алпамыс», т.б. эпостық батырлар жырын таратушы болған. Өз жанынан отан, туған жер жайлы толғаулар шығарған. ## Дереккөздер
Әсем Шөлмасақ, Ерінгүлділер тұқымдасы — тау бөктерлерінен бастан субальпі белдеулеріндегі барлық Тянь-Шань және жоңғар Алатау жоталарында кеңінен таралған. Құрғақ тастақты және далалы беткейлерде, кесілген ормандар мен бұталардың түбінде өседі. Онша көп кездеспегенімен де жиі таулы ланшафтың тартымды, көрнекті бір таным белгісі болып табылады. Көп жылдық тамырсабағы қысқа, тамырлы түйнек тәрізді жуандаған. Сабақтары (биіктігі 75 см) түзу мықты, төрт қырлы, ұзын, ақ түк басқан. Сабақ түбіндегі жапырақтар ұзын сағақты, біркелкі емес тісшелі бөліктерге қауырсынды-тілімделген. Сабақтағы жапырақтар сабақ түбіндегілерге ұқсас, тек қысқалау сағақты, гүл маңындағы жапырақтар отырыңқы, тісшелі. Барлық жапырақтардың үстіңгі жағы жасыл түсті, асты сұр (ұзын, айқасты жұлдызшалы түкті). Гүлшоғыры бірнеше топталған (сегізге дейін) шоқтан тұрады, тығыз, соқпақша, масақ құрады. Тостағанша түтікті, ақ түкті, қысқа ш бұрышты тістерімен, (ұзындығы 5 см) сары қос ерінді.Жоғарғы ерні телпек пішінді, төменгісі үш қалақты, жиегі толқындалған. Шөлмасақ маусымнан шілдеге дейін гүлдейді, шілде-тамызда жесіс салады. Жемістері төрт үш қырлы бас жағы түкті жаңғақшаға айырылады. Құрамында эфир майы бар, омарталық және сәндік өсімдік. Өсімдіктің тұнбасы қан қысымын төмендетеді, яғни медицинада қолдануға болады. ## Тағы қараңыз Өсімдіктер ## Дереккөздер «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» А.А. Иващенко, Алматыкітап баспасы 2012ж.
Қызылбауыр отқұйрық - біздің фаунамыздағы ең әдемі, ашық түсті отқұйрықтардың бірі. Басқаларынан шамалы ірі ( салмағы 23-30 г). Аталығы әр түрлі болып боялған: денесінің жоғарғы жағында (басы, арқасы ортасына дейін, кеудесі) қара түсті, аппақ болады, денесінің төменгі бөлігі жағында (құрсағы, белі, құйрығы) ашық сары түсті. Аналығы қоңыр, құйрық үсті сары түсті. Бұл әдемі құс Қазақстанның оңтүстік – шығысындағы биік таулардың Альпі белдеуінде тіршілік етеді. Ұяларын жартас жарықтарына, адам құрылыстарына салады. 3-5 қызыл дақты ақ жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, балапандарын екеуі асырайды. Қызылбауыр отқұйрық – отырықшы құс. Қыста саймен төмен қарай түседі, ұяларына тек наурызда барады. ## Дереккөздер "Қазақстан жануарлары" (Мектеп энциклопедиясы) - 2010
Бурылбас отқұйрық - кішілеу (салмағы 15 –17гр), сайрауықтар тұқымдасының құсы. Аталығы қара, құрсағы ақ түсті қанаттары кішкене “айнамен” және басында сұр “бас киімі” бар; аналығы қаралау, құйрығы қара, құйрық үсті сары түсті. Жоңғар Алатауы мен Тянь – Шань қылқан жапырақты ормандарында тіршілік етеді. Орманның тасты топырақ пен жартастарға шығатын шалғай жерлерін ұнатады. Ұясын тас арасындағы қуыстарға салады. 3-5 ақшыл жұмыртқаларын аналығы 2аптада басып шығарады. Сонан кейін осынша уақыт балапандарын екекуі ұяда асырайды. Осыдан соң аталығы балапандарына қамқоршы болады да, аналығы келесі жұмыртқаларын басуға кіріседі. Тіпті қысқа тау жазының өзінде 2рет балапан ұшырып үлгіреді. Қазақстанда сәуірден қазанға дейін болады. ## Дереккөздер "Қазақстан жануарлары" (Мектеп энциклопедиясы) - 2010
Түркістан примуласы (лат. Primula turkestanica) – наурызшешек тұқымдасына жататын, Қазақстандық 12 түрдің ішіндегі ең мықтысы, ең әдемісі. Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань тауларының альпі белдеуіндегі кішкене көлдердің және бұлақтар мен өзендердің жағалауында өседі. Шөптесін көпжылдық, сабақ түбіндегі жапырақтары сопақ-созыңқы, ірі (ұз. 15 см, ені 5 см) шоғырланған. Гүл садақшалары барынша жуан, жапырақтарынан ұзын, (биік. 40 см) жапырақтары мен гүл садақшаларын ақ өңез басып тұрады, осы түрдің ерекше белгілерінің бірі. Гүлдері 5 мүшелі, кең (7 см) шар тәрізді таспа гүлжапырақтарымен қамтылған. Тостағаншасы түтікті, күңгірт күлгін немесе қаралау, үшкір қалақшаларға терең тілімделген. Күлтесі ірі (диаметрі 2 см) қошқыл күлгін, жоғарғы жағы кеңейген. Ұзын түтікті және воронка тәрізді желбірі бар. Желбірі дөңгеленген бөліктерге бөлінген. Маусым-шілдеде гүлдейді, ұзындау цилиндр тәрізді, қорапшалары сабан түстес жемістері шілде-тамызда піседі.Тұқым саны көп, ұсақ. ## Дереккөздер «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» А.А. Иващенко, Алматыкітап баспасы 2012ж.
Қара ұзынқанат - ұзынқанаттылар отрядының әдеттегі өкілі, салмағы 40–45гр, қараторғайдан жеңіл, қанатының құлашы 45см. Ақ тамағы, орақ тәрізді иілген ұзын қанаттары мен ерекше қысқа аяқтары бар қара құс. Ол тегіс жерге қонса, өзінің әлсіз аяқтарымен жүре алмайды, ал қанаттары үлкен, оларды қағып ұшып кету қиынға түседі. Жалпы ұшуы – тез және шебер. Ауада шіркейлерді ұстап қоректенеді.Айғайы – ащы. Қазақстанда кең тараған. Құстың ұшуына ыңғайлы әртүрлі тік беткейлердің қуыстарында ұя салады. Солтүстік ормандарда ағаш қуыстары, оңтүстік және орталық аймақтарда жартастар мен құрылыстарда ұялайды.Қолайлы жағдай болса топтасып қоныстанады. 2-4 ақ жұмыртқасын аналығы 18 күнде басып шығарады, аталығы осы уақытта оған жем тасиды. Ұялау орнына сәуірде ұшып келеді, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді. ## Дереккөздер "Қазақстан жануарлары" (Мектеп энциклопедиясы) - 2010
Астродон ерте Бор дәуірінде қазіргі АҚШ аумағаның шығыс бөлігінде өмір сүрген. Ол брахиозаврлармен байланысы бар, шөппен қоректенетін динозаврлар тобына жатады. Динозаврдың сүйектерін 1858 жылы АҚШ-тың Мэриленд штатының ауыл шаруашалаға химигі Филлип Тайсон тапқан. Содан соң оған «жұлдызды тіс» деген мағынаны білдіретін «астродон» атауы берілді. Бұл жерден табылған динозаврдың екі тісі АҚШ жерінен қазып алынған алғашқы динозавр қалдығы болып саналады. ## Қызықты дерек * Астродон — заурпод тұқымдасына жататын брахтозаврдың жақын туысы. * Астродонның АҚШ-тың Мэриленд штатынан тас болып қатып қалған тістері ғана табылған. * 1998 жылы «астродон джонстони» атауы «Мэриленд штатының динозавры» болып өзгертілді. ## Мәліметтер * Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер * Салмағы : 20 тонна * Тұқымдас : Титанозавроформдар * Отряд тармағы : Зауроподоморф ## Дереккөздер
Еңкіш түйетікен (лат. Carduus nutans) – астралылар тұқымдасының түйетікен туысына жататын өсімдік. Қазақстанда кездесетін 6 түрдің ішіндегі ең қарапайымы. Дала шабындықтарында, жайылымдарда, егістіктерде, жол бойларында, Маңғыстау облысынан басқа барлық облыстарында өседі. Көбінесе 2 жылдық, кейде көпжылдық. Сабағы 100 см, жай немесе бұтақталған, жапырағы тікенді, қанат тәрізді тілімделген, түкті және тікенді. Гүлшоғыры 6 см, себеттері еңкіш, сыртқы бөліктері еңкіш тікенді айыл жапырақтардан тұрады, қою күлгін. Ашық сұр түсті тұқымдарын ақ түсті түк қаптайды. Бұл парашютке ұқсайды. Осы арқылы тұқым желге таралады. Өсімдік барлық бөлімінде биологиялық белсенді заттар болғандықтан әртүрлі ауруларға ем: ісіктер, өкпе, асқазан және т.б. Бұл түрдің ұзақ гүлденуіне байланысты омарталық қасиеті мен хош иісі жоғары бағаланады. ## Дереккөздер
Ақбасжусан (Күрделігүлділер тұқымдасы) — Қазақстандағы 12 түрдің арасында кең таралған түрі, орманды дала мен далаларда және құрғақ шабындықтарда өседі. 70 см сабағы біреу немесе бірнеше, қатты. Жапырағы көп ланцет тәрізді, 2-3 қауырсынды салаланған. Әр саласы бірнеше жүздеген сегменттерге бөлінеді. Күрделі қылқанды, ұсақ себетті. Сыртқы гүлдері 5 дара жынысты, күлгін, қызыл түсті. Ішкі гүлдері қосжынысты, түтік тәрізді, 5 аналық, 5 тікшелі. Тозаңқабы — сары. Жемісі ұсақ тұқымша, насекомдармен тозаңданады. Тұқым төгілу арқылы таралады. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Пайдалы қасиеттері көп: қан тоқтату, тәбет ашу және т.б. Мал сүйсініп жейді. Эфир майы косметикаға қолданылады. Әсіресе күлгін түстісі сәндік өсімдік ретінде қолданылады. ## Тағы қараңыз Өсімдіктер ## Дереккөздер «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» А.А. Иващенко, Алматыкітап баспасы 2012ж.
Дала жоңышқасы — жоңышқа туысына жататын шөптесін өсімдік. Солтүстік Каспийден Зайсан ойпатына дейін және Тарбағатайдан Қырғыз Алатауына дейін таралған. Бұталы жерде, орман алаңқайында, құрғақ беткейлерде өседі. Мықты кіндік тамыры құрғақшылыққа төзімді. Көп сабақты, тік, 50-100 см. Жапырағы таспа тәрізді, 3 бөлікті. Гүлшоғыры қою шашақ тәрізді, тостағаншасы түтік тәрізді, өткір тісшелері бар. Гүл тәжі ұсақ, сары. Шілде-тамызда гүлдейді.Қазақстандағы басқа 13 түрден ерекшелігі жеміс түзулігі. Малдың азығы. Сұрыптауға қолайлы: суық пен ыстыққа төзімділігі жоғары. Бағалы омарталық өсімдік. Жабайы аралармен тозаңданады. ## Тағы қараңыз Қызыл Кітап ## Дереккөздер «Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005
## Халық емі. Қой терісіне түсіру Көшпенді қазақ өмірі табиғаттың әр алуан құбылыстарын басынан өткізген. Жатын орынның ылғал болуынан, қысқы суықтың ызғарынан және осы табиғи ортаның қысымынан қорғану жабдықтарының аз болуынан жасы егде тартқан адамдар жел-құз, құяң сынды ауруларға душар болып жатады. Қазақ емшілері осы науқастарды ауруынан айықтыру үшін түрлі ем жасаған. Солардың бірі – қойдың терісіне түсіру. Ем жасау барысында семірген еркек қойды немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Сосын, күзде піскен ерменді бүрімен қоса қайнатып, оның нілін терінің ішіне құятын болған. Кезегімен науқас адамды шешіндіріп, мойнынан бастап, аяғына дейін қой терісімен орап, жылы жауып, 2-3 сағат жатқызады. Уақыты болған соң адамды тазалап жуындырады. Қой терісіне түскен адам өзін жылы ұстап, сорпаланып, бірнеше күн күтінуі керек болған. Бұл қара емнің адам денесіндегі, буындардағы желді, сарсуды алуда, буындардың қақсауы мен сырқырап ауруын емдеп жазудағы өнімі айрықша болған. ## Халық емі. Қой терісіне түсіру Көшпенді қазақ өмірі табиғаттың әр алуан құбылыстарын басынан өткізген. Жатын орынның ылғал болуынан, қысқы суықтың ызғарынан және осы табиғи ортаның қысымынан қорғану жабдықтарының аз болуынан жасы егде тартқан адамдар жел-құз, құяң сынды ауруларға душар болып жатады. Қазақ емшілері осы науқастарды ауруынан айықтыру үшін түрлі ем жасаған. Солардың бірі – қойдың терісіне түсіру. Ем жасау барысында семірген еркек қойды немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Сосын, күзде піскен ерменді бүрімен қоса қайнатып, оның нілін терінің ішіне құятын болған. Кезегімен науқас адамды шешіндіріп, мойнынан бастап, аяғына дейін қой терісімен орап, жылы жауып, 2-3 сағат жатқызады. Уақыты болған соң адамды тазалап жуындырады. Қой терісіне түскен адам өзін жылы ұстап, сорпаланып, бірнеше күн күтінуі керек болған. Бұл қара емнің адам денесіндегі, буындардағы желді, сарсуды алуда, буындардың қақсауы мен сырқырап ауруын емдеп жазудағы өнімі айрықша болған.
Железное — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Преснов ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2013 жылға дейін қысқарған "Железин ауылдық округі" орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 761 адам (379 ер адам және 382 әйел адам) болса, 2009 жылы 570 адамды (287 ер адам және 283 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бойкүйездік (лат. negativus – жоққа шығарамын) – айтқан ақыл-кеңеске құлақ аспай, өз бетінше жүріп-тұрудан көрінетін мінездің жағымсыз жағы. Бойкүйездік белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайдағы бойкүйездік орынды талап-тілекті орындаудан бас тартудан, тыңдамай жүре беруден көрінеді. Мұндай адамның іс-әрекетінде дәйекті пікір, қисынды мотив болмайды, ол тек «өзімдікі ғана жөн» деп ешкімнің ырқына көнбей жүре береді. Белсенді бойкүйездікке салынған бала үлкендердің айтқанына қасарысып қарсы шығады. Мінездің жағымсыз қасиетіне айналған тұрақты бойкүйездіктен ауру-сырқау кезінде пайда болатын кейбір өткінші бойкүйездікті, сондай-ақ жүйке жүйесінің зақымдануынан туындайтын патологиялық бойкүйездікті (шизофрения) ажырата білу керек. Қолайлы психологиялық жағдай орнату – бала бойкүйездігінің өріс алмауының басты шарты.
## Ұлтабар Ұлтабар - ұзындығы ересек адамдарда 20-30 ге дейін жететін ащы (аш) ішектің бір бөлімі, ұлтабар ұшы.Ұлтабар - асқазан мен ащы ішекті жалғастырады.«Ұлтабар» атауы латын тілінің «duodenum digitorum», яғни «он екі саусақ ені» деген сөзінен шыққан.Ұлтабар ішкіқабырғасы адамның бет терісі сияқты жылтыр, тегіс болады.Ұлтабар бұлшық етінің жиырылуы нәтижесіндетамақ ішектің ішімен алға қарай жылжиды.Емізікше ампуласы он екі елі ішектің қабырғасында орналасқан.Ұлтабар төрт бөлікке бөлінген.Ұлтабар ащы ішектегі астың қорытылуына жауапты. Ұлтабар ащы ішектің бөлігі болғанымен ол тамақтың қорытылуына белсенді қатысады. Ұлтабарда ұлтабар ұшы бездері бар. Ол пайдалы заттардың сіңірілуі кезінде ішек ферменттерін сақтап тұруға қажетті сілтілі шырыш бөледі. ## Дереккөздер А 24 Адам анатомиясы. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-610-2 ## Ұлтабар Ұлтабар - ұзындығы ересек адамдарда 20-30 ге дейін жететін ащы (аш) ішектің бір бөлімі, ұлтабар ұшы.Ұлтабар - асқазан мен ащы ішекті жалғастырады.«Ұлтабар» атауы латын тілінің «duodenum digitorum», яғни «он екі саусақ ені» деген сөзінен шыққан.Ұлтабар ішкіқабырғасы адамның бет терісі сияқты жылтыр, тегіс болады.Ұлтабар бұлшық етінің жиырылуы нәтижесіндетамақ ішектің ішімен алға қарай жылжиды.Емізікше ампуласы он екі елі ішектің қабырғасында орналасқан.Ұлтабар төрт бөлікке бөлінген.Ұлтабар ащы ішектегі астың қорытылуына жауапты. Ұлтабар ащы ішектің бөлігі болғанымен ол тамақтың қорытылуына белсенді қатысады. Ұлтабарда ұлтабар ұшы бездері бар. Ол пайдалы заттардың сіңірілуі кезінде ішек ферменттерін сақтап тұруға қажетті сілтілі шырыш бөледі. ## Дереккөздер А 24 Адам анатомиясы. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-610-2
Қызылқұрсақ жайынауызҚызылқұрсақ жайынауыз - құйрықсыз қосмекенді, бақаның бір түрі.Кореяда, Солтүстік-Шығыс Қытайда және Ресейдің кейбір аймақтарында тараған. Дене тұрқы - 4,5 см, салмағы - 28 - 56 грамм. Тілдері жуан әрі домалақ келеді.Орташа өмір сүру үзақтығы - 20 жыл, 30 жылөмір сүретіндері де бар.Жақсы жугіре алмайды. Басын топыраққа тығып алып, өте жай шыққан дыбыстарды да естіп жатады. Су бетінде де, су астында да дауыс шығарып, «ән» айта алады.Қызылқұрсақ жайынауыздар - негізінен, жасыл түсті. Қара дақтары болады. Бірақ қоршаған ортасына байланысты қоңыр, қара түстілері де кездеседі.Қызылқұрсақ жайынауыздар суда тіршілік ететін майдабуынаяқтылармен қоректенеді. Бұл оның денесіне каротиннің көп еніп, құрсағының қызыл туске боялуына себепкер боладыЖылы, ылғалы мол орманды аймақтарда тараған.Қызылқұрсақ жайынауыз қауіп таянған кезде денесін керіп ; шалқасынан жата қалады. Сол кезде қарынындағы алқызыл дақтары айқын көрінеді. Бұл бақаның дауысы - кішкентай қоңыраудың дауысындай, муңды, сазды.Қызылқұрсақ жайынауызды қолда асырайтын болсаңыз, оған жасырынатын жерді көптеп дайындаңыз.Сонда бақаңыз өзін қауіпсіз сезінеді.Теңіз деңгейінен 1700 - 3000 метр биіктіктегі көлдер мен тоғандарды мекендейді. Көктем, жаз кезінде суда тіршілік етіп, қысқа қарай жұмсақ топырақты жерге өзін-өзі көміп тастайды. ## Дереккөздер Ж 24 Жануарлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-546-4
Лапушки — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, қысқарған "Железин ауылдық округі" құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 125 адам (59 ер адам және 66 әйел адам) болса, 2009 жылы 58 адамды (26 ер адам және 32 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ергежейлі қалталы ұшар (лат. Petaurus breviceps) – қалталылар отряды, қалталы ұшарлар тұқымдасындағы кішкентай жануар. Артқы және алдыңғы аяқтарының арасында созылатын тері жарғағы болады, ол қанат рөлін атқарып ұшуға мүмкіндік береді. Әр аяғында бес саусақтан болады. Ергежейлі қалталы ұшардың дене тұрқы-15-21 см. Салмағы - 90 - 150 грамм аралығында. Құйрығының ұзындығы денесімен бірдей болады. Ергежейлі қалталы ушардың кішкентайлыеы мен сүйкімділігі сонша, оны қалтаға салып жүруге де болады. Жұмсақ әрі қалың жүнінің түсі көкшіл-сұр, қарынында қара және сарғылтым дақтары болады. Бетінде қоңыр жолақтары бар. Бет-пішіні аздап үшкірлеу келген. Құлағы - үлкен және қозғалып тұрады. Шекесінде, кеудесінде және құрсағының төменгі жағында иіс шығаратын безі бар. Ұрғашысында ұзындығы 12,5 мм болатын қалтасы болады. Қалтасы құрсағының орта тұсында орналасқан. Құйрығы - ұзын да үлпілдек, башпайлары - жіңішке, тырнақтары - ұзын, көздері - үлкен. АҚШ-тың өзге де жергілікті жануарлары тәрізді «тәттіқұмар» ұшарға да жойылып кету қаупі төнген жоқ. Ойнақы да сүйкімді және адамды жатырқамайтын «тәттіқұмар» ұшарды жұрт қолда жиі асырайды. Бұл жануардың «тәттіқұмар поссум» немесе «тәттіқұмар ұшар» аталу себебі: біріншіден ол тәтті тағамдарды ұнатады, екіншіден әуеде қалықтап ұша алады. Бір-бірімен алуан түрлі дыбыстар шығарып хабарласады. «Тәттіқұмар» ұшар - АҚШ-та көпшілік ықыласына бөленген үй жануары. Өйткені ол - ақылды, ойнақы, әр нәрсеге қызыққыш және өте сүйкімді. ## Дереккөздер
Қазақстанның ландшафтық картасы - Қазақстан жерінің табиғи ландшафтарының орналасуы мен құрылымын (топырағы, өсімдіктері) көрсетеді. ## Қазақстанның ландшафтық картасы ## Ландшафт түрлері мен картадағы шартты белгілер ## Жазықтық ландшафтылар * Класшасы:Ойпатты жазықтықҚыратты-жазықтықҰсақ шоқылы-жазықтық * Ойпатты жазықтық * Қыратты-жазықтық * Ұсақ шоқылы-жазықтық * Типтері:Орманды далалықДалалықШөлейтткШөлдік * Орманды далалық * Далалық * Шөлейттк * Шөлдік ## Таулық ландшафтылар * Класшасы:Тау алдылықАласатаулықОртатаулықБиіктаулықТауаралық және тауішкі ойыстар * Тау алдылық * Аласатаулық * Ортатаулық * Биіктаулық * Тауаралық және тауішкі ойыстар * Типтері:НивальдықТаулық шалғындықОрмандықОрманды далалықДалалықШөлейттікШөлдік * Нивальдық * Таулық шалғындық * Ормандық * Орманды далалық * Далалық * Шөлейттік * Шөлдік ## Тағы қараңыз * Ландшафт * Ландшафтылық зона * Қазақстанның табиғаты ## Дереккөздер
Көктем сарықас (Phylloscopus trochilu) - жоны - сұрғылттау қоңырқай, бауыры - сарғыштау ақ шағын денелі сарықас. Көктем сарықасқа өте ұқсас саяшыл сарықастан айырмашылығы - тек қана аяғының ақшылдығы және дауысының нәзік <<фьюить>> деген қысқа ысқырықты дыбыс шығаруы. Еуропалық сайрағыш құстардың жақсы білгірлерінің бірі А.Н. Промптовтың дәлелдеуі бойынша көктем сарықастың әуенін <<твит-твит-твит-твит, тью-тью-тью-тью виу-вьи-вьи-вьи-льи-фью-тью-тью>> деген ретте беруге болатын үндер құбылысын түзетін таза, жағымды ысқырықтар жиынтығынан тұрады. Сонымен бірге <<виу>> буынынан кейін дыбыстар күшейе түсіп, бұдан соң біртіндеп тыңа қалады (Промптов. Птицы в природе, 1949).Қазақстанда кездесетін ұшып бара жатқан көктем сарықастардың (мұнда бұл түрдің ұялары әлі табылған жоқ) аталықты онша дыбыстап сайрамайды, дауысы асығып бара жатқандай күбірлеп естіледі. Ұялау үлескілеріндегі әуені қатты, қонымды, ерекше көмейлік дыбыспен орындалады. Сайрап отрыған құс басын жоғары көтереді де, әлсін-әлсін жан-жаққа бұрып, құс әр түрлі жерде, әр түрлі дауыс үнділігінде орындағандай әсер туғызады. Көктемгі ұшып өту сәуірде болады, көктем сарықастар Қазақстанның батыс жарты бөлігінің үстінен әсіресе көбірек ұшып өтеді. Жеке бөлінгендері ғана орталық және шығыс өңірлерде кездеседі. Қазақстаннан көктем сарықастарының ұяларын таба алмадық, дегенмен Қостанайға таяу Аманқарағай шоқ тоғайда, сондай-ақ Алексеевкаға жақын Астананың солтүстігін ала ұшып жүрген балапандардың кездесуі туралы дерек бар. Күзгі ұшып өту тамызда басталып та кетеді және бүкіл қыркүйек бойы созылады. Кешіккендері қазанның 17-сі және тіпті қарашаның 3-інде Жайық аңғарында кездескен.
Содырғылар тұқымдасы (лат. Prunellidae) — Торғайтәрізділер отрядына жататын 73 тұқымдастың біреуі. Орташа денелі(торғайдай) торғай тұқымдас құстар жерде де, сондай-ақ ағаштың бөрікбастарында да бой тасалап, көзге шалынбай жүреді. Денесіне тығыз жабысқан жабысқан жабын қауырсындарының реңінде қошқыл реңк басымырақ. Аталығы мен аналығының бірінен-бірінің айырмашылығы жоқ. Моногамиялы, жеке жұп түзіп өмір сүреді үлкен топ құрмайды, дегенмен жылыстау кезеңінде басқа құстардың тобында, мысалы, торғайлармен бірге жем жеген кезде жиі кездесіп қалады. Мұндай топтағы содырғыларға тән қылығы - олар торғайлармен бірге ұшып кетпейді, жерге жабысқандай болып, ұшпай қалып қояды. Бунақденелілермен көбірек қоректенеді, көбінесе тұқымдарды, әсіресе жылдың салқын кезінде қорек етеді. Солтүстікте - жыл құстары, оңтүстік өңірде - көшпенді және отырықшы болып келеді. Содырғы тұқымдастарының бір туысында 12 түр бар. Олар негізінде Еуразияның таулы және орманды өңірлерінде орын тебеді. Кейбіреулері ғана Африканың солтүстігінде Атлас тауларына өтіп сіңеді. Қазақстанда содырғылардың 6 түрі(боз содырғы, қаратамақ содырғы, сұржон содырғы, қаратұмсық содырғы, орман содырғы және сібірлік содырғы) кездеседі. Олардың тек екеуі - орман және сібірлік содырғылар Қазақстанның аумағы арқылы жылыстайды. ## Дереккөздер
Сауысқандар туысы(pica) - торғай тәріздес құстар отрядының қарға тұқымдастарына жататын 323 туысының біреуі. Орнитологтардың көпшілігі бұл туысты монотипті, яғни бір түрден тұрады деп санайды. Алайда Солтүстік Америкада мекендейтін сауысқандар өз алдына жеке түр деген пікір де бар. Сауысқан туысты құстар орташа денелі(200-300 г), сатыланған ұзын құйрықты қарға тұқымдас құстар. Сайып келгенде Еуразия шегінде тек қана бір түрі бар.
Барапазавр. Барапазавр атауы үнді мен грек сөзінің қосындысынан құралып, «үлкен аяқты кесіртке» деген мағынаны білдіреді. Бұл атау жануардың тым үлкен аяқтарына қарап берілген. Басқа зауроподтармен салыстарғанда динозаврдың аяқтары ұзын әрі жіңішке болған. Басы – кішкентай, тістері ірі. Ғалымдар баспазаврды кесіртке аяқты динозаврлар тобына жатқызады. Оның басқа зауроподтардан ерекше белгілері: ұзын аяқтары, биік мойны және салыстырмалы түрде қысқа құйрығы. ## Қызықты дерек * Барапазавр— шамамен 189,6 – 176,5 миллион жыл бұрын ерте Юра дәуірінде өмір сүрген зауропод динозавр. * Барапазаврдың асқазанында тастар болған. * Барапазаврдың омыртқасы қатты болды. ## Мәліметтер * Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер * Салмағы : шамамен 48 тонна * Тұқымдас : Вулканодонтид * Отряд тармағы : Зауроподоморф ## Дереккөздер
І Жуан – Португалия мен Алгарвеннің оныншы патшасы. Ависс әулетінің негізін қалаған және «Лорд» атағын Сеутада алғаш болып иеленген. 1364 жылы Ависс орденінің мигистрі болып тағайындалады. 1383-1385 жылдар аралығында І Жуан Португалия патшалығының регенті болған. Бұл дағдарыс кезі болатын. 1383 жылдың қазан айында ағасы Фернандо қайтыс болды. Тақ мұрагерлігіне иелік ететін ұлы болмағандықтан, айналасындағылар Фернандоның жалғыз қызы - Беатришке билікті беруге күш жұмсады. Беатриш Кастилия патшасы I Хуан Карлосқа тұрмысқа шыққан соң, Португалия бар болғаны Испанияның провинциясы болып қалды, яғни 1383 - 1385 жылдары саяси анархия кезеңі орын алып, Португалияны бірде-бір патша басқарған жоқ.1385 жылдың 6 сәуірінде патшалықтың Коимбрада шақырылған кеңесі Жуанды Португалия патшасы деп жариялады. Бұған келіспеген кастиялықтар Жуанды тақтан құлату мақсатымен Португалияға басып кірді. 1385 жылы кастилиялықтардың әскері талқандалды. 1387 жылы I Жуан Джон Гонтаның қызы Филипп Ланкастерскаяға үйленді. Бұл неке Англия мен Португалияның одағын нығайтты.1415 жылы стратегиялық маңызы зор Африканың кеме жүзетін жағалауларын өзіне қаратқысы келген Жуанмұсылмандардың Сеут қаласына әскери жорыққа шықты. Осы сәтті жорығынан кейін ол басқыншылықсыз, тыныш саясатына қайта оралды.Жуан елді бейбіт түрде басқарып, елдің экономикалық дамуына барынша күш салды. ## Дереккөздер Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-591-4
## Үңгірдегі өнер туындылары Ежелгі үңгірлерді «өнер қазыналары» деп атауға болады. Ғибадатханалар, шіркеулер, қорғандар және үңгірдегі бейнелер үңгір өнерінің жарқын мысалдары. Үңгір өнеріне палеолиттік үңгір суреттері, Аджанта суреттері, Үндістанның Бимбетака үңгірлеріндегі бейнелер және т.б. Ежелгі өркениеттердің суреттері жатады. Үңгір суреттері археологтарды қатты қызықтырады. Ұлы Ниа үңгірі жыл бұрын ол жердеадамдар мекендегенін дәлелдейді. Палеолиттік үңгір өнері Батыс Еуропаның қаласында анықталған. Басқа танымал суреттер Солтүстік Испания мен Франциядағы Дордожне даласындағы үңгірлерде табылған. Бұл ескі үңгір өнері күшті Ласко суреттерін, Лоссельдегі сыртқы скульптураны және бірнеше жерден табылған «Венералар» деген атпен белгілі бірнеше шағын әйел мүсіндерін қамтиды. ## Дереккөздер ## Үңгірдегі өнер туындылары Ежелгі үңгірлерді «өнер қазыналары» деп атауға болады. Ғибадатханалар, шіркеулер, қорғандар және үңгірдегі бейнелер үңгір өнерінің жарқын мысалдары. Үңгір өнеріне палеолиттік үңгір суреттері, Аджанта суреттері, Үндістанның Бимбетака үңгірлеріндегі бейнелер және т.б. Ежелгі өркениеттердің суреттері жатады. Үңгір суреттері археологтарды қатты қызықтырады. Ұлы Ниа үңгірі жыл бұрын ол жердеадамдар мекендегенін дәлелдейді. Палеолиттік үңгір өнері Батыс Еуропаның қаласында анықталған. Басқа танымал суреттер Солтүстік Испания мен Франциядағы Дордожне даласындағы үңгірлерде табылған. Бұл ескі үңгір өнері күшті Ласко суреттерін, Лоссельдегі сыртқы скульптураны және бірнеше жерден табылған «Венералар» деген атпен белгілі бірнеше шағын әйел мүсіндерін қамтиды. ## Дереккөздер
Үңгір ғибатханалар Тарихи кезенге дейін өмір сүрген адамдар үшін үңгірлер тек қана баспана емес , құдайға сыйыну орны да болған. Орталық Америкада қмір сүрген Майя тайпасы «Үңгірлер о дүниенің қақпасы, сол себепті үңгірде жасалған рәсімдер арқылы ата бабалар рухынан жылдам хабар алуға болады» деп сенген. Солтүстік Жартышардағы жергілікті американдықтар да үңгірлерді киелі жер ретінді бағалаған. Ежелгі және Вудланд үнділері ең ержүрек дауынгерлерін «Мамонт» үңгірінің қараңғы түкрірінежіберетін болған.Үңгір ғибадатханалар туралы ерекше мысалдар Үндістаннан табылады. Аджанта мен оның маңындағы Эллора үңгірі - Үндістандағы ең керемет сәулет орындардың бірі. Эллорадағы үңгірлердің барлығы тамаша сәулетік келбетке ие болғанымен, Үнді Кайласа ғибадатханасы- ең танымал үңгір болып табылады. ## Дереккөздер
Көп электронды атомдар. Көп электронды атомдар үшін әрбір электронның жағдайын сипаттайтын 4 квант саны болады. Неғұрлым атомда электрон көп болған сайын энергияның мөлшеріне n санымен қатар l – дің әсері арта бастайды. * Көп электронды атомдағы деңгейшелердің энергетикалық сипаттамасы мынадай заңдылыққа бағынады: ns; (n – 1) d; (n – 2) f деңгейшелері өзара шамалас, әрі олардың энергиясы np – мен салыстырғанда әрқашанда аздау болып келеді. Бойындағы энергиясының артуы бойынша орналастырсақ энергетикалық деңгейшелердің қатары мынадай болып шығады:1s<2s<2p<3s<3p<4s≈3d<4p<5s≈4d<5p<6s≈5d≈4f<6p<7s≈6d≈5f<7p * Бұл заңдылықты Клечковский былай тұжырымдады: ## Клечковскийдің бірінші ережесі. Клечковскийдің бірінші ережесі. Элемент атомының электрондары оның энергетикалық деңгейлері мен деңгейшелерінде бас және орбиталь квант сандары қосындысының (n + l) өсуі ретімен орналасады. ## Клечковскийдің екінші ережесі Клечковскийдің екінші ережесі. Егер екі деңгейше ҥшін бас және орбиталь сандарының қосындысы (n + l) бірдей болса, онда электрон алдымен l– дің мәні кіші n – нің мәні ҥлкен деңгейшеде, одан соң n – нің мәні ҥлкен l –дің мәні кіші деңгейшеде орналасады. ## Дереккөздер
КелісөкКелісөк тары дақылының алғашқы піскен кезінде жасалатын сирек тамақ. Жаңа піскен тарыны бастырып қара тарысын алып кәдімгі сөк дайындау жолымен өткізеді. Дайын сөкті қайтадан келіге салып, қою сүт, сұйық қаймақ немесе піскен қаймақ, аздап бал құйып қайта түйе береді. Сөк пен қаймақ, сүт, бал араласып саз тәрізді қоюланып келі, келсапка жабысып қалады. Бұл келісөктің әбден піскен, жетіжен кезін білдіреді. Дайын асты келі түбінен қырып алады да, құрт тәріздес етіп алақанға сығып егіннің алғашқы дәмі ретінде сол жердегі үлкен, кішілерге бірдей етіп бөліп береді. Бұл тағамның дәмі таңдайыңнан кетпейді. Келісөктің өз мерзімі яғни жаңа ғана піскен жас тары дәнінен жасалады. Әбден пісіп жетілген тарыдан мұндай кенеуі мол келісөк шықпайды.
Құлбаев Рахымжан Ғизатұлы (1937 жылы 20 қаңтарында Алға қаласында туған) - тау-кен инжинері. ## Өмірбаяны * 1963 жылы Қ.Сәтбаев атындағы қазақ политехникалық институтын бітірген. * 1963-1973 “Қазақалтын” тресіне қарасты “Бестөбе” руднигінде тау–кен инжинері, учаске бастығы, 1973-1991 жылдары “Қазақвзрывпром” бірлестігі Ақтөбе басқармасының бастығынан мемлекеттік трестің басқармасына дейінгі сатылардан өтеді. Осы жылдарда оның басшылығымен әрі техникалық жағынан қамтамасыз етумен Алға химия комбинатында, Дөң кен–байыту комбинатында, Шилісай хромит және Көктау полиметалл рудниктерінде, Жезқазған жіне Балқаш кен–металлугрия комбинаттарында, Гурьев мұнай өңдеу және Жаңаөзен газ өндіру зауыттарында, Қаратау мен Жаңатаста, Қазақстанның басқа да кәсіпорындарында ірі өндіріс объектілері іске қосылып, өнім бере бастады. * 1994 жылы “Жарылыс” мемлекеттік акционерлік компаниясы құрылып, оның алғашқы президенті болып Рахымжан Құлбаев тағайындалды. ## Дереккөздер Ақтөбе энциклопедиясы
Ұлы Кәрім хан Зенд 1760-1779 жылдар аралығында, яғни өмірінің соңына дейін Иранның шахы болған. Зенд әулетінің негізін қалаушы. Ол ешқашан "шах" деген атақты пайдаланбағын және бұл патшалық дәрежені қабылдаудан бас тарқан. Кәрім хан Надир шах Афшардың генералдардың бірі болды. 1747 жылы Надир хан қайтыс болғаннан кейін Парсы елінде азаматтық соғыс орын алды. Кәрім хан, Абдолфат хан мен Әли Мардан хан үшеуі таққа үшінші Исмайылды отырғызып, мемлекетті өзара бөлісіп алу туралы келісімге қол жеткізді.Кәрім хан Әли Марданды өлтіріп, бүкіл Иранды өз бақылауына алды.Кәрімнің тұсында Парсы елі 40 жылға соғыстың салдарынан болған бүліншіліктен қайта қалпына келтіріліп, бейбішілік пен қауіпсіздік, татулық пен гүлдену қайта жаңғырды. Британ империясымен арадағы қарым-қатынас қайта қалпына келтірілді. Ол Шираз қаласына мешіттер мен базарлар, моншалар және бақтар салдырып, бұл қаланы Иранның астанасы етті. Сондықтан да Кәрімнің есімі әлі күнге дейін ұмытылмаған. ## Дереккөздер
Беркімбаев Сәлім Фахатұлы 1957 жылы 11 мамырда, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Біршоғыр ауылында дүниеге келген. Медицина ғылымдарының докторы. 1973 жылы Шалқар қаласының орта мектебін тәмәмдап, 1979 Ақтөбе медицина институтынының емдеу факультетін бітірген. 1979-1983 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында доктор болып жұмыс атқарып, 1983-1995 жылдары медицина институтының ординаторы, 1986 жылы аспирант ассистенті, кейін кафедра меңгерушісі болған. Кандидаттық және докторлық диссертациялары жүрек ауруларын емдеудің жаңа әдістерін зерттеу мәселелеріне арналған. Өнертапқыштық үш ұсынысы өндіріске енгізілген. Баспасөзде 50 еңбегі жарияланған. ## Дереккөздер Ақтөбе энциклопедиясы
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ — құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10—12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 481 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18—20 миллионға жетеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңізші! Оларды қорғап, пайдалана білуге тиіспіз. Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазірде Қазақстанда жылына 3,2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар — үйрек, қаз, қасқалдаң, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар (шымшың, торғай, тоңылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері — насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні мен торғайлардың неше құбылтып салған әндері талай композиторлардың шығармаларына арқау болып келе жатқан жоқ па? Сондай-ақ аспанға ұшу техникасын жетілдіру үшін құстардың ұшу заңдылықтарын зерттеу Леонардо да Винчиден бастап күні бүгінге дейінгі авиаконстукторлар еңбектерінің негізіне алынып отыр емес пе? Бүгінде де бұл жұмыстар жалғасуда. Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, кей жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті. Бұл тарауда республикамызда саны аз құстардың қай аудандарда таралғаны, биологиясы, мінез-қылық ерекшеліктері жан-жақты әңгімеленеді. Өйткені, бұл мәліметтердің оларды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін үлкен мәні бар. ## Дереккөздер http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/244-ekologia/3015-kystar.html
Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басы аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз. File: ## Таңбалы тас Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған. ## Арпа өзен таңбалы тастары Арпа өзен таңбалы тастары – қола дәуірінен сақталған (б.з.б. ІІ-І мыңжылдық) ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Абай қыстағынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500. Жартасқа салынған ат, өгіз және түйе жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар ертедегі үнді-арийліктердің әдет-ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен қатар, жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар да айқын аңғарылады. ## Баянжүрек суреттері Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды. ## Ақбауыр үңгірі Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5-6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу т.б. рәсімдері өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді. ## Қапшағай таңбалы тасы Қапшағай таңбалы тасы – Алматы қаласынан солтүстікке қарай 100 шақырым жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Б.з.б. ІІ ғасыр мен б.з. ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. Жарқабақтағы бір-біріне жалғасқан, бірінің үстіне бірі баса орналасқан тастардың он сегізінде жазу бар. Олардың негізгі бөлігі – ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен ежелгі түркі әліпбиімен жазылған моңғол тіліндегі жазулар. Мұндағы ежелгі түркі жазбалары әлі оқылып болған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткішінің ең белгілісі – Үш Бурхан суреті. ## Қаратау шимайлы тастары Қаратау шимайлы тастары – Қаратау аймағындағы қола дәуірі мен орта ғасыр аралығындағы тастарға қашалған суреттер. Мұндай тастар Қаратаудың Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ, Ақсу-Жабағылы, Қошқарата, Сүйіндіксай т.б. шатқалдары мен сайларында көптеп ұшырасады. Жалпы суреттер саны – бірнеше мың. Олар тік, қия жартастар мен ірілі-ұсақты қойтастарға қашап салынған. Қаратау шимайлы тастарында аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен күштің нышанын білдіретін түйе кескіні, аңшылық көріністері, батырлар жекпе-жегі орын алған. Арбаларға жегілген аттар, түйелер сирек ұшырасады. ## Қойбағар таңбалы тасы Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы, Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 метр биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2 метрге жетеді. Бір қызығы – түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Қойбағарда көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Ондағы дөңгелектер саны кейде екеу, кейде төртеу болып келеді.Қойбағар таңбалы тасы- Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жығанда Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700м биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен, жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2м-ге жетеді. Бір қызығы - түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Қойбағардан көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Қойбағардың түйеге жегілген арбаларының дөңгелегі кейде екеу немесе төртеу болып келеді. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы
Сиялы қалам1809 жылы англиялық Форсон мен Брам сиялы қалам – сияны резеңке қалта орнатылған күміс түтікке сорғызып, сия қалам ұшына ағып келу арқылы жазу жазатын қалам ойлап тапты. 1844 жылы АҚШ-тық Уатерман Эдсон жіңішке түтік арқылы қалам таңдайы мен сия құйылған түтікті тұтастырып, қалам ұшын саңылаулы етіп, кемелді сиялы қалам жасап шықты. ## Өнертабыстың барысы Қытайда қылқалам арқылы жазу ежелден қалыптасқан. Ал Еуропада ұзақ жылдар бойы құс қауырсынынан қауырсын қалам жасап пайдаланып келген. 1809 жылы Форсон қалам өзегіне сия құйып сақтауға болатын етіп жасады, бірақ, бұл қаламның жазуы біркелкі болмады. Сол жылдары АҚШ-та сақтандыру компаниясында жұмыс істейтін Уатерман Эдсон бұл қаламға өзгеріс жасамақ болды. Ол мақталы қағаздың айналасындағы сұйықтықты өзіне сіміретін физикалық ерекшелігінен шабыт алды. Тәжірибеден өткізу арқылы ол жіңішке түтікше орнатылған, таңдайы мен таңдай саңылауы, қаламұшы бар, жазу жазатын қалам тапқырлап шықты. Сонымен 1844 жылы біршама кемелденген сиялы қалам жарыққа шықты. ## Өнертабыстың ықпалы Жазу адамзаттың білім алуы мен білімді кейінгі ұрпаққа қалдырудағы ең маңызды тәсілі. Адамзат жазуға қолайлы құрал табуға ежелден-ақ ынталы болып келді. Бүкіл 19-шы ғасырда көп адам әртүрлі сиялы қалам зерттеп жасады, патент құқығын өтініш етушілердің өзі 400-ге жуықтайды екен. Жазу жазатын құрал саналатын қалам екі жүз жылдан бері адамзат өркениетінің алға басуына терең ықпал жасады. Ол қазірге дейін үлкен өміршеңдікке ие, оның орнын компьютер немесе машинка баса алмақ емес.Кейінгі бірнеше жылда, сиялы қаламның сорғыштығы үздіксіз жақсартылды. Қазір көптеген сиялы қаламның қаламұшы ириди қоспа металлдан жасалады, ол үйкеліске, шіруге төзімді, жүйрік әрі бағасы да арзан келеді. ## Қызықты деректер Эдсон сақтандыру компаниясының қызметкері болғандықтан, құжаттарды қабылдағанда кестені үнемі қаламмен толтыру керек болатын еді. Бірақ, Форсон, Брамдар тапқырлаған сиялы қаламды істеткенде қалам сиясы үнемі параққа төгіліп, компанияның жұмыс үнемі ақсап жататын. Бірде қалам сиясымен келген клиенттің киімін былғап алады. Ашуға мінген қонақ оның сақтандыру компаниясынан кетіп, бас сақтандыру компаниясын таңдайды. Дәл осы істен кейін ол жаңаша сиялы қалам жасауды ойға алады. Эдсон сиялы қаламды жасау үшін тамағын асырап отырған жұмысын тастап, жоқшылық жайлаған тұрмыс ішінде бар зейінімен сиялы қаламды зерттеуге кіріседі. ## Тағы қараңыз Қалам ## Сыртқы сілтемелер http://massaget.kz/bilim/gumanitarly-ylymdar/17722
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. ## Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді. ## Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. ## Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. ## Суарылған ядролық темірмен Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. ## Қорытынды бөлім Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. ## Дереккөздер http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/244-ekologia/3026-nevada-semei.html
## Скиф тулары Скифтердің туларында аузынан сала құлаш тілі шыққан айбатты арыстан бейнесі бейнеленген.Арыстан - күн мен оттың , қаһарлы күш пен айбынның белгісі.Скиф аттарының дүбірін естіген отырықшы халық, бұлар нағыз жаналғыштар ,жеріңді алады , қалаңды өртейді, бала-шағаларыңды құл қылыды- деп зәрелері ұшқан екен. ## Ғұн тулары Ғұндардың біздің заманымыздың алғашұы ғасырларында Азиядағы үлкен де нағыз қаһарлы мемлекет болды. Олар Қытайға үнемі шапқыншылық жорықтар жасап , жерін басып алып отырды. Ұлы Қытай қорғанының салыну себебі де осы. Сондықтан ғұн тауларында жер-дүниесі жұтатындай аузын ашып тұрған айдаһар бейнеленген. Кейіннен бұл бейне Қытай империясының туларынан орын алды. ## Дереккөздер 1.“Сен білесің бе?”-энциклопедиясы ## Скиф тулары Скифтердің туларында аузынан сала құлаш тілі шыққан айбатты арыстан бейнесі бейнеленген.Арыстан - күн мен оттың , қаһарлы күш пен айбынның белгісі.Скиф аттарының дүбірін естіген отырықшы халық, бұлар нағыз жаналғыштар ,жеріңді алады , қалаңды өртейді, бала-шағаларыңды құл қылыды- деп зәрелері ұшқан екен. ## Ғұн тулары Ғұндардың біздің заманымыздың алғашұы ғасырларында Азиядағы үлкен де нағыз қаһарлы мемлекет болды. Олар Қытайға үнемі шапқыншылық жорықтар жасап , жерін басып алып отырды. Ұлы Қытай қорғанының салыну себебі де осы. Сондықтан ғұн тауларында жер-дүниесі жұтатындай аузын ашып тұрған айдаһар бейнеленген. Кейіннен бұл бейне Қытай империясының туларынан орын алды. ## Дереккөздер 1.“Сен білесің бе?”-энциклопедиясы
Бахия Атшабарұлы Атшабаров (1.11.1919 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарақұс ауылы — 2010, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан. Алматы медицина институтын бітірген (1942). 1942 — 1945 ж. Отан соғысына қатысқан. 1952 — 1984 ж. Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, директоры болды. Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған. Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. ## ҚазҰМУ-де академик Б. Атшабаров атындағы орталық Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабаровты еске алуға арналған ғылыми-зерттеу орталығы бар. 30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал, Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді. ## Еңбектері Қарқаралы өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бахия Атшабаров Қазақстан ғылымына 160 ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монография, 5 ғылыми жаңалық енгізген. ## Шығармалары: * Клиническая невропатология при артериальной гипертонии, А-А., 1953; * Поражение нервной системы при свинцовой интоксикации, А-А., 1966; * Обоснование нового метода измерения давления жидкости в полостях организма, А-А., 1974; * Новый метод измерения внутри-черепного давления, А-А., 1974. ## Дереккөздер Алматы ақшамы газеті
Жабайы алма ағаштары арасында Недзвецкий алмасының – Орта Азиядан тараған, бөрікбасы шатыр тәріздес, қызыл түсті әдемі жапырақтары бар, тек қана сәндік, балды, аязға және құрғақшылыққа төзімді түрлері бар.Айтарлықтай мол гүлдеуі және жеміс беруі бұл алма ағашын көгалдандыруда және бағбандықта баға жетпес өсімдікке айналдырады. Жабайы алма ағаштары мыңдаған жылдар бойында экологиялық күрделі тау жағдайында дамығандықтан, мәдени сұрыптарды қалпына келтіру және олардың өнімділігін арттыру жолында алғашқы селекциялық материал ретінде жоғары бағаланады. Тянь – Шаньның аз зерттелген шатқалдарында селекция үшін таптырмайтын, әлі де аз зерттелген түрлері өсіп тұр. Ортаазиялық аймақта жабайы алма ағаштары негізінен Тянь-Шаньда өседі. Оны көбіне батыс Тянь-Шаньнан , Іле және Жоңғар Алатауынан кездестіруге болады.
Арша құралайы - ірі құнақ (салмағы 35-50 г.), аталықтары басы сұрғылт түспен жалтыраған керемет қызғылт түсті, аналықтары мен балапандары айқын ұзыншақ теңбілденген сұр қоңыр түсті. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань биік тауларында тіршілік етеді де ерекше мыңқылдап дыбыс шығарады, ешбір құспен шатастыру мүмкін емес. Ұясын арша мен шырша бұтақтарына салады. Бұтақтар мен шөптен жасалған, ішіне жүн төселген ұясындағы 4-5 сирек теңбілді көгілдір жұмыртқаларын аналығы 2 аптада басып шығарады. ## Дереккөздер "Қазақстан жануарлары" (Мектеп энциклопедиясы)
Жиренқұйрық шыбыншы (Muscicapa ruficauda) - сұр шыбыншыға өте ұқсас, алайда құйрығы мен құйрықүсті жирен түсті құс. Жиренқұйрық шыбыншы Батыс Тәңіртаудың Қазақстанға өте жақын оңтүстік жоталарында мекендейді. Оның 20 ғасырдың 30-жылдарында Ақсу-Жабағалы қорығынан кездесуі туралы әдеби сілтемелер бар. Алайда бұдан соң оны орнитологтардың бірнеше рет болғанына қарамастан бұл жерден ешкім көрмеген. Бәлкім, біріне-бірі өте ұқсас бозбас қызылқұйрықтың аналығын жиренқұйрық шыбыншыға ұқсатуы да мүмкін шығар. Жаңадан бақылауды қажет етеді. ## Дереккөздер Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді. Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз. Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр. Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері, астрономиялық цифрларға жетіп жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған. Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай... Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді. Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде. Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардара ГЭС-і, мұнан басқа - Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару-суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан. Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм көріп отыр. Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара - осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, "Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру. Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. "Көкарал" бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер "Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет. Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы осьінен тайдырын жібере жаздады. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес ## Дереккөздер http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/244-ekologia/3016-ekologialik-problemalar-.html
Шалғын қоңырбасы (лат. Poa pratensis) – астық тұқымдасының қоңырбас туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда өсетін осы тұқымдасқа кіретін 40 түрдің ішіндегі ең кең таралғаны. Бұл көпжылдық өсімдік, өрмелегіш, ұзын тамыр мен босаң түп түзеді.Ол Қазақстанның территориясындағы барлық шабындық, қалың бұталы, жазықтық және таулы жерлерінде кездеседі.Сабағы 90 см-ге дейін биік, тегіс таспа тәрізді жапырақтары және 3-4 шашақты бұтақшалары гүлшоғырына жиналған. Шашақтары ұсақ, жасыл немес сиякөк, әрқайсысы 3-5 гүлден тұрады. Мамырдан (жазықта), шілдеге дейін (тауда) гүлдейді. Шалғын қоңырбасы бағалы мал азығы болып есептеледі. Мал жайылып кеткен соң қаулап өседі. Кейбір елдерде дақыл түрінде мал азығы үшін және безендіру мақсатында өсіріледі. ## Дереккөздер А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.
Шілтер жапырақты шәйқурай — Қазақстанда кездесетін 7 түрдің ішіндегі едәуір танымал түрі. Қазақстанның барлық аудандарында, өзен жағасында, шалғынды далада, бұталы өсімдіктер арасында, тау сайларында, беткейлерінде, тың жерлерде өсіп-өнеді. Оның жіңішке мықты ьұтактары бар, одан жылда қатты бірнеше екі қырлы сабақтар тарайды. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, элипс тәрізді, жиектері бітеу. Бұл түрдің жапырағына тән ерекшелігі көп нүктелі бедері бар, эфир майының тұнық тамшыларымен толтырылған. Егер жапырақты күнге қарайтын болсақ, олар жіңішке инемен тесілгендей болып көрінеді. Осыған байланысты бұл түр «Шілтер жапырақты шәйқурай» деген атау алған. Гүлдері едәуір көлемді, жалтыр сары, қалқан секілді сыпырғыға жиналған. Тостағаншалары мен күлтелері 5-тен, көп аталықтары 3 шоққа бөлінген. Тостағаншалар мен күлтелерінің жиегінде қара нүктелер анық көрінеді, үйекген уқалаған кезде қызғылт сары бояғыш зат көрінеді. Осы себепті бұл өсімдіктің гүлін жүннен тоқылған киімдерді сары туске бояу үшін қолданады. Тозаңдануы жәндіктер арқылы. Гүлдері шырынсыз бірақ ашық, бояуы және тозаңның шамадан тыс көптігі жәндіктерді шақырады. Гүлдеуі мекеніне байланысты маусымнан тамызға дейін созылады. Тұқымы тамыз және қыркүйек айларында жетіледі. Бұл үш қырлы, қоңыр түсті қауашақтар басқалардан ерекше көзге түседі. Құрғақ күндері ашылады да, жаңбырлы күндері жабылып тұрады. Тұқым саны көп, ұсақ қара қоңыр түсті, қауашақтың жоғарғы жағындағы тесіктен қозғалғанда шашылып түседі. ## Медицинада Шәйқурайдың жер беті бөлігінің құрамында биологиялық белсенді заттар, эфир майы және витаминдер бар. Гүлдеу кезінде жиып алынған шәйқурайдың жеке өзі немесе қоспасы түрлі елдердің ғылыми және халықтық медицинасында кеңінен қолданылып келеді.Славян халқының мақалы: „Қалай ұнсыз нан пісіру мүмкін болмаса, шәйқурайсыз адам мен жануардың ауруын емдеу мүмкін емес“. Бұл өсімдік суық тигенде, микробтарды өлтіруге және жараны емдеуге қолданылады. ## Дереккөздер А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.
Мұнтазқұс (лат. Cepphus) — Татреңтәрізділер отрядының Мұнтазқұстар тұқымдасының тегі. Көбіне үлкендігі кіші-гірім үйректердей болады, тұмсығы үзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы болмайды. ## Таралуы Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика теңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.
Сам қаласы - Ұлы Жібек жолы бойында болған тарихи қала. ## Суреттемесі «Сам – солтүстiк Үстiртте орналасқан ортағасырлық қалалардың бiрi. Оның атауы қазiргi Бейнеу өңiрiндегi Сам құмымен, Мыңсуалмас, Жарқұдық ойпатымен байланысты деген болжам бар. Керуен жолдарының тоғысындағы iрi сауда орталығы саналған бұл қала, әсiресе XIV-XVI ғасырларда «Ноғай жолы» бойындағы керуен сарай ретiнде кеңiнен танымал болған», - деп жазады өңiрдi зерттеуге көп еңбек сiңiрген, белгiлi қазақ ғалымы Серік Әжiғали. Ол Самды Алтын Орданың Сарай Бату, Сарай Берке, Сарайшық қалаларымен қатар қояды. ## Этимологиясы Танымал шығыстанушы Ислам Жеменей парсы тілінде «сам» сөзі шөл даланың құрғақ та ыстық құйынды желінің атауы, яғни аңызақты, аптапты аймақ деген мағына береді дейді. Арабтар да құм дауылдарын көтеріп, қатты екпінмен соғатын құрғақ ыстық желді «самум» отты жел деп атайды. Қазіргі таңда Сам нақты жер аты емес, өңірдің жалпы атауы есебінде қолданылады. Сам құмының әр жотасының өз аты, Сам құмының әр құдығының өз атауы бар. Сам сөзінің өңір атауына айналуын біздің қарттар патша үкіметінің осы аймақты картаға түсірушілеріне жолбасшы болған Сам Малкелдіұлымен көбірек байланыстырады. ## Орналасқан жері Т.Басенов Сам қаласының орны Қоңыраттан 360 шақырым жердегi, 45°35’ ендiк пен 55°52’ бойлық арасында орналасқан, жергiлiктi халық Белдеулi деп атайтын Көптам жерiнде болуы керек дейдi және бұл жердегi құлап қалған керуен сарайлардың архитектуралық-құрылыс тәсiлдерiне қарап, сондай-ақ ел арасындағы аңыз-әңгiмелерге сүйенiп қала XVI ғасырдың ортасы мен XVII ғасырдың басында салынған болар деген болжам айтады. ## Тарихи деректер Х-ХI ғасырларда Хорезм мемлекетi өзiнiң солтүстiк батысындағы шекарасында Бейнеу қамалын тұрғызып, онда мықты әскери күш ұстаған. Ислам Жеменейдің пікірінше Бейнеу сөзі парсының «бини» мұрын, тұмсық сөзінен шыққан, «тау тұмсығы» деген мағына береді. Шындығында да Бейнеу қамалы орналасқан жерді біз «Күйкеннің тұмсығы» дейміз. Жергілікті жұрт Бейнеу атауын Атақозы батырдың інісінің баласы, үш рет Қыдыр көрген делінетін, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты ақсақал Бейнеу Намазұлының есімімен байланыстырады. С.Толстов Бейнеу қамалы мен ондағы керуен сарайдың кесiлген тастан салынғанын, бұл жерде ХII ғасырларға дейiн адамдар мекендегенiн айтады. Бiрақ ғалымдар Х ғасырларға дейiн осы өңiрде болған саяхатшылардың жолжазбаларында Сам қаласы жайлы мәлiмет жоқ дейдi. Шындығында да, Ахмед ибн Фадлан жазбаларында да, ХІ ғасырда Хорезмнен Үстірт арқылы печенегтерге барған белгілі саяхатшы Гардизидің күнделігінде де керуен сарайлар жайлы дерек кездеспейді. Орыс ғалымдары Г.Федоров-Давыдов пен В.Егоровтiң айтуынша алтынордалық қалалар ХIII-XIV ғасырларда тұрғызылған. К.Байпақов пен Л.Ерзаковичтің пікірінше монғол шапқыншылығы кезінде талқандалған қалалардың көпшілігі осы ғасырларда қайта өрлеген. Соған қарағанда Сам қаласы да Алтын Орда тұсында салынған болуы керек. Қалай болғанда да осы өңiрде Сам атты қаланың болғаны тарихи шындық, ал оның орнын Сам құмының терiстiк бетінен iздеуiмiз керек сияқты. Батыс пен Шығыс саудасының тiзгiнiн өз қолына алғысы келген Әмiр Темiр әскерi 1388 жылы сауда жолының ең басты орталығы Yргенiш қаласын, 1395 жылы Алтын Орданың Сарай Берке, Сарай Бату қалаларын талқандайды. Бұл сапарда Сам қаласының қаншалықты зардап шеккендігі туралы мәлімет жоқ, бiрақ осы жорықтардан соң ол керуен сарайлары бар үлкен қала есебінде көпшілікке кеңінен танымал болады. Алтын Орда тұсында керуендеріндегі көлік саны он мыңға дейін жеткен, қалмақтардың басқыншылығы кезiнде иесіз қалған Үстірттегі керуен жолдары тек орыс князьдерінің бірігуі нәтижесінде Москва мемлекеті құрылған соң ғана қайта жанданады. 1717 жылы кабардалық князь Бекович-Черкасский патша ағзам І Петрдің тапсырмасына сай 3464 адаммен Гурьевтен шығып Ноғай жолы арқылы Хиуаға жорыққа аттанады. Жол бойындағы құдықтарды аршытып, керуен сарайларын оңдатады. Бірақ теңіз қатынасы қолға алынған соң керуен жолдары өз мәнін жоя бастайды, ал ХІХ ғасырдың соңына таман мыңдаған жылдық тарихы бар ұлы жолдың дәурені өтіп, тарих қойнауына кетеді. ## Дереккөздер
## Жас көшбасшылар ассоциациясы туралы Жас көшбасшылар ассоциациясы(қысқаша-ЖКА)- жастар қоғамдық ұйымы. Жас балалар, ұстаздармен біреге жұмыс жасайтын қоғамдық ұйым. ## МИССИЯСЫ Білімдік және тәрбиелік маңызы бар бағдарламалар арқылы Қазақстанның жас азаматтарының көшбасшылық дағдыларын дамыту. ## Құндылықтары - Жаңа адамадармен танысу; - Бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болу; - Көшбасшы қасиеттерін дамыту; - Топтық жұмысты ұйымдастыру,топта жұмыс істеуге үйрену; - «Арқан курсы» сессиясы арқылы өз қорқынышсезімін жеңе білу; ## Тарихы Жас көшбасшылар ассоциациясы 1994 жылдың 3 мамырында ашылды. Сөйтседе, Қазақстандағы ЖКА(Жас көшбасшылар ассоциациясы) ресми түрде 1995 жылдың шілде айында тіркелді. 2000-2001 жылдары ЖКА Қазақстанның 9 ірі қалаларында өз филиалдарын ашты: Астана, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Орал және Степногорск қалалары. ## Тренингтері ЖКА балалармен бірге "Арқан курсы" сияқты көптеген тренингтер өткізеді. Осы тренингтер арқылы жастар өздерінің көшбасшылық дағдысын дамытады, және де ұйымшылдыққа үйренеді. ## Қызықты мәліметтер 1997 жылдың қараша айында АҚШ-ның Бірінші Ледиі Хиллари Клинтон Қазақстанға келген сапарында ЖКА-на қатысқан балалармен бірге жиналып отырды. Хиллари Клинтон осындай жас көшбасшылар ассоциацияларына жақсы көңіл бөледі екен. Тіпті ол жас шағында осы сияқты бағдарламаларда қатысыпты. Және де ол "Арқан курсын" да өтіп көріпті. ## Дереккөздер http://ayl.kz/%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8/%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B8/ Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. http://ayl.kz/about/info/ Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. ## Жас көшбасшылар ассоциациясы туралы Жас көшбасшылар ассоциациясы(қысқаша-ЖКА)- жастар қоғамдық ұйымы. Жас балалар, ұстаздармен біреге жұмыс жасайтын қоғамдық ұйым. ## МИССИЯСЫ Білімдік және тәрбиелік маңызы бар бағдарламалар арқылы Қазақстанның жас азаматтарының көшбасшылық дағдыларын дамыту. ## Құндылықтары - Жаңа адамадармен танысу; - Бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болу; - Көшбасшы қасиеттерін дамыту; - Топтық жұмысты ұйымдастыру,топта жұмыс істеуге үйрену; - «Арқан курсы» сессиясы арқылы өз қорқынышсезімін жеңе білу; ## Тарихы Жас көшбасшылар ассоциациясы 1994 жылдың 3 мамырында ашылды. Сөйтседе, Қазақстандағы ЖКА(Жас көшбасшылар ассоциациясы) ресми түрде 1995 жылдың шілде айында тіркелді. 2000-2001 жылдары ЖКА Қазақстанның 9 ірі қалаларында өз филиалдарын ашты: Астана, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Орал және Степногорск қалалары. ## Тренингтері ЖКА балалармен бірге "Арқан курсы" сияқты көптеген тренингтер өткізеді. Осы тренингтер арқылы жастар өздерінің көшбасшылық дағдысын дамытады, және де ұйымшылдыққа үйренеді. ## Қызықты мәліметтер 1997 жылдың қараша айында АҚШ-ның Бірінші Ледиі Хиллари Клинтон Қазақстанға келген сапарында ЖКА-на қатысқан балалармен бірге жиналып отырды. Хиллари Клинтон осындай жас көшбасшылар ассоциацияларына жақсы көңіл бөледі екен. Тіпті ол жас шағында осы сияқты бағдарламаларда қатысыпты. Және де ол "Арқан курсын" да өтіп көріпті. ## Дереккөздер http://ayl.kz/%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8/%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B8/ Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы. http://ayl.kz/about/info/ Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы.
Қақталған балық. Шекті мөлшерде тұздалған балықты табиғи жағдайда, кейде жасанды жағдайда 10-200°С температурада табиғи жағдайда ақырын сусыздану арқылы алады. Қақтау кезінде 15-30 тәулік балықта күрделі физикалық-химиялық процестер жүреді. Сыртқы түрі мен дәмі өзгереді. Жылу мен ауа әсерінен балық ылғалдылығы төмендейді, бұлшық ет ткані тығыздалады, май сіңеді, ашық янтарь түске енеді. Сонымен қатар белоктар мен майлардың автоликалық өзгеріс, тотығу процестері жүреді. Нәтижесінде шикі балық дәмі мен иісі жойылады, жетіледі де, өзіңдік дәм мен иіс пайда болады. ## Дереккөздер
## Бес шеркеш Кіші жүз Байұлынан (Қыдырқожа) - Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық болғанда, осылардың Қыдырсиығынан өрбіген балалардың бірі - Шеркеш. Шеркештен - Қосым, Қойыс, Жауғашты, Шумақ Досым (Қылыш, Кескен, Тілес). Осы бесеуінен тараған ұрпақты жинақтап "Бес шеркеш" деп атайды. Бұлардың ішіндегі Қосымы Шеркештің асырап алған киімді баласы болса керек. Алайда, Шеркештің ықыласы ауып, еншілес еткендіктен исі шеркештер Қосым ұрпағын аға тұтып, төрге отырғызады. Ел аузында "Қосым шеркеш емес, кәтеней қосым емес" деп айтылатын мәтел сөз де Қосымның Шеркешке асыранды бала болғанын айғақтай түседі. Осы мәтелдегі Кәтеней деп отырғаны да асыранды бала. Шежіре бойынша Қосымнан - Бекбасар, Марас туған. Марастан - Мырзамбет туған. Мырзамбеттен - Жанғабыл, Сатыбалды, Сары, Қоңыр, Кәтеней деп таратылады. Бұл бесеуінен өрбіген ұрпақты "Қосым шеркеш" деп айырып атайтын дәстүр бар. Кейбір шежіре дерегінде Қосымнан - Кәтеней, Мырзамбет, Жайымбет туыпты немесе Қосымнан - Мырза, Шора туыпты деп те айтылады. ## Дереккөздер Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. - Астана: Фолиант, 2008, 435 бет ## Бес шеркеш Кіші жүз Байұлынан (Қыдырқожа) - Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық болғанда, осылардың Қыдырсиығынан өрбіген балалардың бірі - Шеркеш. Шеркештен - Қосым, Қойыс, Жауғашты, Шумақ Досым (Қылыш, Кескен, Тілес). Осы бесеуінен тараған ұрпақты жинақтап "Бес шеркеш" деп атайды. Бұлардың ішіндегі Қосымы Шеркештің асырап алған киімді баласы болса керек. Алайда, Шеркештің ықыласы ауып, еншілес еткендіктен исі шеркештер Қосым ұрпағын аға тұтып, төрге отырғызады. Ел аузында "Қосым шеркеш емес, кәтеней қосым емес" деп айтылатын мәтел сөз де Қосымның Шеркешке асыранды бала болғанын айғақтай түседі. Осы мәтелдегі Кәтеней деп отырғаны да асыранды бала. Шежіре бойынша Қосымнан - Бекбасар, Марас туған. Марастан - Мырзамбет туған. Мырзамбеттен - Жанғабыл, Сатыбалды, Сары, Қоңыр, Кәтеней деп таратылады. Бұл бесеуінен өрбіген ұрпақты "Қосым шеркеш" деп айырып атайтын дәстүр бар. Кейбір шежіре дерегінде Қосымнан - Кәтеней, Мырзамбет, Жайымбет туыпты немесе Қосымнан - Мырза, Шора туыпты деп те айтылады. ## Дереккөздер Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. - Астана: Фолиант, 2008, 435 бет
## Ханафийаның үш шарты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әрі немере інісі, әрі күйеу баласы Хазірет Әлі Рұм патшалығымен болған соғыста сол елдің патшасының қызы Ханафийамен жекпе - жекке шығып, белдесуіне тура келеді. Сол белдесуде Әзірет Әлі патша қызын жеңіп, шарт бойынша өзіне пенде етіп елге алып келеді. Елге келген соң пайғамбардың алдына жүгіндіреді. Сонда, Ханафийа қыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға мынандай үш шарт қояды: "Біріншісі - мені қазірден бастап мұсылман дініне қабылдайсыз, екінші - мені жеңген Хазірет Әліге некелеп қосасыз, үшінші - менен туған ұл бала Сіздің атыңыз бен менің атымды қатар алып жүретін болады", - дейді. Пайғамбар қыздың айтқан шарттарының бәрін де қабыл алады. Содан, Ханафийа Әліге қосылады. Олардан ұл бала туып, оның атының Мұхаммед Ханафийа атануы содан еді дейді. Қазақ шежірелерінде көптеген қожа әулеттері осы Мұхаммед Ханафийадан өрбітіледі (Дерек беруші Зікірия Жандарбек (1953), белгілі түркітанушы, Оңтүстік Қазақстан облысы). ## Дереккөздер Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. - Астана: Фолиант, 2008, 368 бет ## Ханафийаның үш шарты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әрі немере інісі, әрі күйеу баласы Хазірет Әлі Рұм патшалығымен болған соғыста сол елдің патшасының қызы Ханафийамен жекпе - жекке шығып, белдесуіне тура келеді. Сол белдесуде Әзірет Әлі патша қызын жеңіп, шарт бойынша өзіне пенде етіп елге алып келеді. Елге келген соң пайғамбардың алдына жүгіндіреді. Сонда, Ханафийа қыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға мынандай үш шарт қояды: "Біріншісі - мені қазірден бастап мұсылман дініне қабылдайсыз, екінші - мені жеңген Хазірет Әліге некелеп қосасыз, үшінші - менен туған ұл бала Сіздің атыңыз бен менің атымды қатар алып жүретін болады", - дейді. Пайғамбар қыздың айтқан шарттарының бәрін де қабыл алады. Содан, Ханафийа Әліге қосылады. Олардан ұл бала туып, оның атының Мұхаммед Ханафийа атануы содан еді дейді. Қазақ шежірелерінде көптеген қожа әулеттері осы Мұхаммед Ханафийадан өрбітіледі (Дерек беруші Зікірия Жандарбек (1953), белгілі түркітанушы, Оңтүстік Қазақстан облысы). ## Дереккөздер Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. - Астана: Фолиант, 2008, 368 бет
Шортандардың обасы (чума) – көктем – жаз уақыттарында көп пайда болатын, өткір жұқпалы ауру. Онымен басымды шортандар ғана ауырады. Аурудың қоздырғышы: B. pseudomonas esoxicidae. ## Белгілері Бұл ауруға шалдыққан шортандардың терісінде, жиірек терінің артқы бөлігінде қызыл жолақты жаралар пайда болады. Өткір жағдайларда жарып көргенде құрсақ бөлігінде сары – ақшыл қызыл түсті сұйықтықпен фибрин жіптерінің жинақталуы байқалады. Жұмсақ тері асты біріктірігш тканьдері бұзылып гиперемирленгені, жара ортасында бұлшықеті жалаңаштанғандығы көрінеді. Денесі мен құйрық бөлігінде домалак қалыптағы жаралар пайда болады. Ішкі мүшелерде патологияанотомиялық тән белгілер болмайды. Хронологиялық қалыпта балық денесінде әртүрлі түрдегі және көлемдегі жаралар байқалады. ## Санитарлық баға Аз зақымдалған уақытында ұсталған тірі балықтарды тазартып, мұқият пісіргеннен кейін оны тағам ретінде тұтынуға болады. Ал қатты зақымдалғандарын утильдеуге жіберген жөн. ## Дереккөздер
Негізінен тұқылар мен сазандарды зақымдайтын өткір септикалық ауру. Үлкен жастағы (үш және екі) балықтар тым тез қабылдағыш болып келеді. Жыл мезгілінің әсіресе ыстық уақытында жылдам таралады. ## Кызамақтың қоздырушысы Кызамақтың қоздырушысы- B. pseudomonas punсtata, қысқа, қозғалғыш, шеттері жұмырлау ұзындығы 0,8-2 мк, ені 0,5-0,8 мк, спора мен капсула құрамайтын грамтеріс таяқша. Қатты нәрлі ортада жартылай мөлдір домалақ тізбек құрайды, сорпада- тегіс лайланады, бетінде – жұқа қабық, түбінде тұнба түзеді.20°-25° С жақсы өседі.Бактериясының сүзгіш кабығы бар. * Инфекцияның қайнар көзі бастапқы (ауру ағза, экссудативтін бөліну, өлген балық мүшелері және т.б.) және екінші қайтара (жұқпалы суаттар, азықтар мен балық өсіретін құрал - жабдықтар) болып екіге бөлінеді. * Аурудың қоздырғыштары суда, тоған түбінде жақсы сақталады, төмен температуралар әсеріне төзімді. Аурудың бастапқы сатысында (өткір ағымды) ауру балықтарда тері қабатымен ішкі мүшелерінің геморрагиялық қабынуы байқалады. Барлық жүзу қанаттары, әсіресе төменгі (кеуде, құрсақ және анальдың) қанаттары инсенсивті қызыл түске боялады, құрсақ водянкасы дамып, ол жалпы дененің водянкасына ауысады,ақырында қабыршақтары тікірейіп кетеді. Сол сияқты шарасынан шыққан көздері байкалады. Құрсақты басқанда анустан шырыш жіптері бөлініп шығады. Аурудың өткір кезеңінде тері мен жүзу қанатының қабығынан бөллігінде некротикалық ошақ пайда болып, одан соң шеттері ойлы қара әртүрлі қалыптағы жараға айналады.Өлген балықтарды жарып көрген уақытта, ішкі мүшелерінің гиперемирленгені, Қаусағандығы, қатты ісінгендігі байқалады. Құрсақ бөлігі қызыл түстес транссудатқа толған.Көкбауырдың көлемі ұлғайған. Жүректің қан тамырлары мен жүзу торсылдағы инъецирленген, перикардта нүктелік кан құйылған. ## Санитарлык баға Егер бұзылмаған таза балықтың сытқы жамылғысында бірен- саран іріңді- некротикалық жарақат пен жаралар байкалып, ол бұлшық ет ткандеріне терең ене қоймаған болса, ондай балықты азық түлік мақсатында пайдалануға жіберіледі. Бірақ зақымдалған жерін тазалап алып тастап және пысырылғаннан немесе 30минуттан кем емес қуырылғаннан кейін қоғамдық тамақтану желісінде қолдануға рұқсат етіледі. Балықта қызамықтың өткір ағымдағы ауру нышандары байқалғанда жәнеде іріңді- некротикалық жара, бұлшық еттің тканьдеріндетереңге енген гидрелген ошақтары болғанда, ондай балықты утилизатцияға жібереді.(Жақсы пысырып аңдарға азық – түлік ретінде береді). ## Дереккөздер
Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы Ташкентте туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1993 жылдан). Құрмет орденінің иегері (2003). ## Өмірбаяны * Бақтияр Қожа 1957 жылы 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келген. * 1980 жылы театр студиясын бітірген соң, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына қабылданды. * 1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. ## Ойнаған рөлдері У.Шекспирдің “Гамлетінде” Гамлетті (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), «Ромео мен Джульеттасында» Лоренцо (реж. О.Салимов), А.Чеховтың “Шағаласында” Тригорин (реж. Б.Атабаев), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Өсіпбай, М.Задорновтың “Күйеуіңізді сатыңызшысында” Андрей Васильевич (реж.О.Кенебаев), Ғ.Мүсіреповтің “Махаббат дастанында” Қарабай, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Зұлқарнай (реж. Қ.Сүгірбеков), Ы.Сапарбайдың “Сыған серенадасында” Абзал (Е.Обаев, Т.Аралбай), Шахимарденнің “Томирисінде” Ардашир (реж. Т.әл-Тарази), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Қыдырәлі, С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Сайлау (реж. Ә.Рахимов) және тағы да басқа рөлдерді сомдаған актер. 2013 жылы түсірілген "Жедел Жәрдем" телехикаясында Ермек Ильясов атты дәрігердің рөлін сомдайды. ## Марапаттары * 2003 жылы «Құрмет» орденінің иегері * 2009 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды. * 2016 жылы ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл медалі ## Дереккөздер http://www.kozhalar.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=35:2011-05-13-14-59-28&catid=4:tulgalar2&Itemid=13 http://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/post/9678/bio/
Есім хан саясаты (Шығайдың баласы, 1598-1628 ж.ж) саясатының ерекшелігі: * Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды * Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды * Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді. * „Есім ханның ескі жолы“ атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда: * Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті * Әскер тәртібін бұзушыларға жазаны ауырлатты * Ескі құқықтық заңдар мен ғұрыптарды сақтады. XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды: * Хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді * Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті * Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады Есім хандығы, астанасы – Түркістан қаласы.Тұрсын-Мұхаммед хандығы, ордасы – Ташкент.Тұрсын-Мұхаммед (1613-1627ж.ж.) өз атынан ақша шығарып, салық жинап отырды.Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп, Тұрсын-Мұхаммедтің іс-әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады. Бұхардың ханы Иманкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып, Ташкентті тартып алуға тырысты. Қазақ хандарының арасында алауыздық күшейіп, 1627 ж. Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті өлтіреді. * 1628 жылы Есім хан қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесіне жерленеді. Бұхар әскері Ташкентті тартып алды. ## Дереккөздер * Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Ермұханова Х.К. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2005 * Қазақстан тарихы (Анықтамалық құрал). Мұсабеков К.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2010.
Пачев Бекмұрза Машевич (18. 1. 1854, қазіргі Қабарда-Балқар АССР-і Нартан с., - 15. 2. 1936, сонда) - қабарда совет ақыны. Кедей-шаруа семьясында туған. 80 жылдары араб жазуы негізінде алфавит жасады. Оның Октябрь революциясына дейнгі шығармаларында патша әкімдерінің озбырлығы мен сатқындығы ("Бекмұрзаев қалай үйленді" 1882, "Қанжар" 1909-10 поэмалары мен "Жел", "Молда" т.б. өлеңдері), қарапайым адамдардың ерлігі ("Алихан Каширгов туралы жыр", "Мылтықты оқтаңдар", "Ауыр күдер" т.б. өлеңдері) бейнеленді. Октябрь революциясын қуанышпен қарсы алған ол көсеміміз В. И. Ленинді, халықтар достығын, жаңарған өмірді ("Москва туралы сезім" өлеңі мен "Қабарда поэмасы" т.б.) шабыттана жырлады. П. творчествосын А. М. Горький жоғары бағалады. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Есекмия (лат. Oxytropis glabra) - тықыр кекіре - бұршақ тұқымдасының кекіре туысына жататып көп жылдық шөптесін өсімдік. Есекмия жіңішке сабақты, төселіп немесе өрлеп өседі, ұз. 5 - 70 см, селдір түкті. Қосалқы жапырақтары ортасына дейін бір тұтас, жоғарғы ұштары үшкірленген. Жапырақтарының ұз. 2 - 10 см, жапырақшалары 7 - 12 жұп. Гүлдері қос жынысты, шашақты гүл шоғына топтасқан; тостағаншасы қоңырау тәрізді; күлтесі көк күлгін түсті; аналығы 10 - 12. Бұршақ қаптары сопақтау, ұз. 1 - 2 см, бір ұялы; тұқымдары майда, сопақша келген, қоңыр түсті; Маусым-шілдеде гүлдейді. Орта Азияда, Бат. және Шығ. Сібірде, Моңғолияда кездеседі. Қазақстанда шөлді аймақтар мен биік тау басынан басқа жерлердегі шалғындарда, өзен бойларында өседі. Е. - мал, әсіресе жылқы үшін улы өсімдік. ## Дереккөздер
ЕСЕНСКИЙ - Янко (30. 12. 1874, Мартин, - 27. 12. 1945, Братислава) - словак жазушысы. 1890 жылдардың соңында жаза бастаған. "Өлеңдер" (1905), "Тұтқыннан шыққанда" (1919), "Дуылдан соң" (1932), "Түнге қарсы" (1945) атты өлең жинақтары шықты. А. С. Пушкин, А. А. Блок, С. А. Есенин өлеңдерін словак тіліне аударды. Е-дің проза саласында жазғандары - "Шалғай жердің әңгімелері" (1913), "Өткен өмірден" (1935) атты сатиралық шығармалары. Бурж. Чехословакияның қоғамдық құрылысын әшкерлеген "Демократтар" атты дилогиясында (1934-38) т.б. шығармаларында ол - фашизмнің Словакияны құл ету әрекетіне қарсы күресті. Словактың 1-ші дәрежелі ұлттық көтерілісі орденімен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Төрге отырғызу - қазақ халқының күнделікті тұрмысында кадірлі, сыйлы қонақты, қарт кісілерді құрметтеу әдебі. Халқымыздаың тіршілігінде төрдің маңызы зор. Төрге отырғызу сыйлауды, құрметтеуді білдіреді. Төрге отырғызу бірнеше жағдайларда орындалады. Біріншісі, күнделікті күйбең тіршілікте төрге қария кісі немесе үйдің иесі отырады. Екінші жағдайда, той-жиындарда төрге ақсақалдар не болмаса жас ерекшелігіне қарай үлкен ағалар немесе қызметі жоғары кісілер орын алады. Ал үшіншісі, үйге қонақ келген жағдайда төрге міндетті түрде қонақ отырады. Төрге отырғызудың тағы бір түрі - күнделікті тұрмыста бойжеткен қызды немесе төркініне келген қыздарды аяқ жаққа отырғызбай, төрге шығарады. "Төрге шықпаған қыз - төркінін кедейлетеді" деген сенім бар. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Папанин Иван Дмитриевич (26.11.1894ж.т, Севастополь)- Арктика зерттеушісі, геогр.ғылми докторы (1938) контр.-адмирал (1943), Совет Одағы Батыры атағын екі рет алған (27.6.1937 және 3.2.1940). 1919 жылдан КОКП мүшесі. 1918-1920ж. Украина және Қырымдағы Азамат соғысына белсене қатысты. 1923-32 ж. Байланыс халкомында жұмыс істеді. 1951 жылдан КСРО ғылым академиясының Теңіздердегі экспедициялық жұмыстар юөлімінің бастығы,1952-72ж. КСРО ғылым академиясының Ішкі сулар биологиясы институтының директоры. 8 рет Ленин орденімен т.б. орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
# Хан алшы Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояңдар. Осы асық «Хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді.Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала « ханның» түсуіне қарай жақын асықтарды бас бармақтардың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере- ыршытып біріне – бірін дәлдей отырып тигізеді.Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпағандарың жөн.Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан»алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысың өз қолдарыңа түсіруге әрекеттеніңдер. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.
Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады. ## Ішкi саясат * 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай(Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин(Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты. * 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды. * 1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды. * 17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды. * 1712 жылы халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхаданығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті; қ. Канси. ## Сыртқы саясат Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті. * 17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып, * 1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді. * 1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты. * 1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Іле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды. * 1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті. * 19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті. ## Апиын соғысы 1840 — 42 ж. Қытай мен Ұлыбритания арасында болған “апиын соғысы” екіншісінің жеңісімен аяқталды. Цинь империясы Нанкин келісіміне қол қойып, еур. державаларға тәуелділікке түсуге мәжбүр болды. Маньчжурлардың билігі мен шетелдіктердің үстемдігіне қарсы болған тайпиндер көтерілісі (1850 — 66) Цинь империясын одан әрі әлсіретті. Апиын соғыстары екі негізгі қақтығысты қамтиды: * Бірінші апиын соғысы (1840-1842) * Екінші апиын соғысы (1856-1860) ### Бірінші апиын соғысы Бірінші апиын соғысы Ұлыбритания мен Цин империясы арасында жүргізілді. Ұлыбритания екі мемлекет арасындағы Қытайға тиімді болған сауда теңгерімін тоқтату мақсатымен Цин империясына соғыс жариялады. Коулунда 1839 жылдың 4 сәуірінде орын алған теңіз қақтығысы Ұлыбританияның 1840 жылдың қыркүйегінде соғыс жариялауымен аяқталды. Бұл соғысты Америка Құрама Штаттарының президенті қолдады. Ұлыбритания жағынан соғысқа 40 кеме мен 4000 сарбаз қатысты. Қытайдың 880 мың әскері елдің аумағында бытыраңқы орналасуымен қоса тәжірибесіз болды. 1841 жылғы жеңістерінен кейін Ұлыбритания Цин империясына кіріптарлық шарттарын ұсынды. Нанкин бейбіт келісіміне сәйкес Цин империясы соғыс шығындарымен қоса Гонконг аралынан айырылып, қытай порттарын ашуға мәжбүр болды. Екінші апиын соғысы Екінші апиын соғысы Ұлыбритания мен Францияның біріккен күшімен Цин империясына қарсы жүршізілді. Ұлыбритания өзендердің бойында орналасқан порттарды басып алып, Қытайдың ішкі аудандарына енуді көздеді. 1851 жылы басталған азамат соғысы кезінде Цин империясына дұшпандық көзқараста болған Тайпин мемлекеті пайда болды. Қырым соғысынан кейін 1856 жылдың қазан айында Ұлыбритания Қытайға қарсы жаңа жорығын бастады. 1857 жылы Кантон қаласын біріккен ағылшын-француз әскері қоршауға алды. Ұытай үкіметі кіріптарлық шаттарды қабылдамағандықтан, қала толығымен қиратылды. 1860 жылғы шешуші шайқаста ағылшын-француз әскері маньчжур-моңғол әскерін талқандап, Пекинге қауіп төндіре бастады. ## Жапондық-қытай соғыс 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Қытай еур. мемлекеттер (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Германия) мен Жапонияның үлес алуда өзара бәсекеге түскен жартылай отарына айнала бастады. Бірте-бірте билеуші топтардың арасында шетелдік үлгідегі өнеркәсіп құруды жақтайтын “Яну пай” тобы пайда болды. Қытайдың ұлттық буржуазиясы дүниеге келді. Қоғамды жаңарту, саяси жүйеге өзгерістер енгізуді талап ету қозғалысы күшейді. Цинь империясының Франциямен (1884 — 85) және Жапониямен (1894 — 95) болған соғыста ауыр жеңіліске ұшырауы ұлттық дағдарысты тереңдете түсті.Сун Ятсен басқарған саяси қайраткерлер маньчжурлардың билігін халықтық республика құрумен алмастыруды ұсынды. ## Ихэтуаньдер көтерілісі Ихэтуаньдер көтерілісі мен оны басып-жаншу үшін сегіз мемлекет әскерлерінің Пекинге жасаған шабуылы Цинь империясын мүлдем дәрменсіз күйге түсірді. 1911 ж. жазда Учань қ-нда Сун Ятсеннің басшылығымен басталған көтеріліс бүкіл халықтық қолдауға ие болып, жеңіске жетті. Цинь империясы билігі жойылды. Желтоқсан айында Нанкин қ-нда Қытай Республикасы жарияланып, Сун Ятсен басқарған Уақытша үкімет құрылды. ## Сiлтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 18 том
Өтеғалиева Халима Нұрғалиқызы (15 шілде 1889 жыл, Орал облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба аулы - 1984 жыл) — қазақ халық ақыны. 1946 жылдан КСРО жазушылар одағының мүшесі. Жастайынан ән-күйге, өлең-жырға әуес болды. Ел ішіндегі ойын-тойларда, жиындарда ән айтып, өлең-жыр шығарды, ақындармен айтысқа түсті. Оның баспа жүзін тұңғыш көрген «Жайнаған күш» атты өлеңі 1938 жылы Жәнібек ауданында газетінде жарияланды. Ол 1944 жылы Алматыға ауысады. Мерзімді баспасөзде бірқатар өлеңдері жарық көрді. «Мақтанышым - өз елім» (1961), «Ана жыры» (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты. ## Дереккөздер
# БҚО табиғат ресурстары Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды. Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған : пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб. Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб. # Өзендері Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солт. Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678 км квадрат. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек, Шыңғырлау (Утва), Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады. Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады. Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғна ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді. # Көлдері Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда) ; жалпы 150 – ге жуық көл бар, олардың айдындарының аумағы 1532 км квадрат. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мыс Шежін жайылмасы 2200 км кадрат ауданды алып жатыр. Дүре – 700 км квадрат, Қараөзен – 600 – 700 км квадрат, Сарыөзен – 200 – 300 км квадрат, ал Бұлдырты – 100 км квадратқа жуық жерге жайылған. Облыс аумағында көлдер әркелкі орналасқан : Елек алабында – 5, Өлеңті алабында – 1 - 2, Бұлдырты алабында – 10 – нан аса, Қалдығайты алабында – 20 – дан аса (оның ішінде жазда тартылып қалатын Итмұрын тұзды көлінің шарасы – 112 км квадрат), Жақсыбай алабында 5 – 6 шағын көл бар. Ойыл сағасындағы Аралсор (Өзенсор) көлінің ауданы – 112 км квадрат. Бұл көлдердің бәрі Жайықпен ұласпайтын өзендердің алаптарында орналасқан. Облыстың оңт. – батыс бөлігі көлді келеді. Олар Дүре – Шежін жайылма суларының оңт. бөлігінде, Көшім және Мұқыр өзендерінің сағалық жағында Қараөзен, Сарыөзен сағаларында (Қамыс – Самар көлдері) шоғырланған. Бұлардың арасында 200 км квадрат ауданды алып жатқан Балықты Сакрыл, Сарай, Қамыс – Самар көлдерін бөліп атауға болады. Облыстың осы бөлігінде су айдыны 1 – ден 4 км квадратқа дейін тұзды, кеуіп қалатын көлдер көп, олардыңда ауданы 72 км квадрат тұзды Боткөл бар. Оның ең терең әрі уқымды су айдыны Шалқар көлі, ауданы – 242 км квадрат. # Жануарлар дүниесі Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310 – ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді. Сүтқоректілерден өздерінің алуан түрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Олардың ішінде әсіресе кішкентай сарышұнақ, кәдімгі сұртышқан, дала алақоржыны, кеңінен таралған. Қамысты – қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солт. бөлігінде аққоян мен дала шақылдағы кездеседі. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, аққұлақ, аққіс мекендейді, сондай – ақ қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады, оңтүстік – батыстағы адырлы құмдарда жабайы мысық бар, кейде бұл ауданда жанат тәрізді ит кездеседі. Оқта – текте тоғай тауығы, кәмшат, еуропа қара күзені, тіпті сілеусінді ұшырастыруға болады. Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жарқанат едәуір көп (8 түрі бар). Тұяқтылардан киік көп тараған. Жайылмалық орман – тоғайларда бұлан мен елік мекендейді. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120 – ға жуық түрі бар). Орман – тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Орман алаңқайларында сұлусары, бақторғай сұр мақтанторғай, өзен жағалауларын, ескі арналарды бойлай өскен бұталарда құрқылдақторғай, жасымықторғай, Жайын жайылмасының солт. бөлігінде шырылдақторғай, сарықасторғайлар бар. Облыста бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің 10 түрі, жыландардың сегіз түрі және тасбақа (батпақты) бар. Облыстың өзендері мен көлдері өздерінің балыққа байлығымен және әр алуандығымен ерекшелінеді. Ең көбі тұқы тәрізділер (28 түр), олардың ішінде әсіресе жерсінгендері – ақамур мен дөңмаңдай. Тұщы суларда табан, мөңке, сазан, ақбалық, көксерке, т.б. кездеседі. Жайық өзені аса бағалы бекіре тұқымдастарға (шоқыр, бекіре, қортпа) бай. Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400 – ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150 – 200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың – 10 – 15, өрмекші, кенелердің 100 – ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай – ақ молюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаян тәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды. # Өсімдіктер дүниесі Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300 – ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Өсімдіктерді эндимиктік түрлері : Талиев гүлкекіресі, қатты жапырақты келерия, майысқақ боз, Еділ майқарағайы және т.б. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңт. аудандар шөлдің солт. шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте – бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солт. бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады. Боз даланың оңт. шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинск арқылы Шалқар көлінімен солт. жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Бұнда далалық боздың әр алуан түрлерімен қатар қылтанақсыз арпабас, бедетүнгі шегіргүл, дала шиесі, талбұршақ және т.б. кездеседі. Облыстың шөптесін қорының бсты түрі – жайылмалық шалғындар. Жайықтың төңірегінен биіктеу белесті – жады келетін жайылмаларында бидайық тектес және жусанды – бидайық аралас өскен шалғын көп кездеседі. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі. Жайылмалардың ең төмен учаскелерін өлең шөбі басым батпақты шалғындар алып жатыр. Облыстың орман – тоғай өсімдіктерін зерттеген кезде дала тоғайларының негізінен қосымша ылғалды белдемдерге ұштасып келетіні анықталды. Облыстағы орман алқаптары – жайылмалық орман – тоғай, құмайт масивтердегі бұталы алқап және көлтабан ойпандарындағы массивтер түрінде өскен ; жайылмалық тоғай көбіне өзен аңғарларымен байланысты. Мұнда аралас өскен бұталы үйеңкі, қара және ақтерек, шегіршін, көктерек, қайың, емен ағаштары ұзақ уақыт суда қалуға бейімделген. Құмайт массивтердегі тоғай шегі оңтүстікке қарай сұғына түсіп, 49 градус солт. ендікке дейін жетеді.
* "Шежіре"- араб сөзі. Қазақ тіліне аударғанда "ағаштың бұтағы" деген мағынаны білдіреді. Қазақта әрбір адам өзінің арғы тегін кем дегенде жеті атасына дейін тарата білуі керек. Мұны білмегенді ел "жеті атасын білмеген жетесіз" деп сөккен. Сондықтан қараз баласы әкесінен бастап жеті атасының есімдерін кішкентай кезінен жаттап өсуі тиіс. Қазақ шежірені атқарған тарихты айтумен бір деп есептеген. Ол тарих қызметін атқарған. * Әрбір адам өз ата-бабасының өмірде жасаған ғибратты іс-әрекеттерін ұрпақтанұрпаққа ауызша жеткізіп,жастрады тәрбиелеп отырды. Шежірені кейде "Далалық тарихнама" деп те айтады. Зерттеуші ғалымдар бір ата 13 атадан асса руға, бірнеше ру біріксе тайпаға,бірнеше тайпа бірігіп жүз болып қауымдассаөхалық не ел болады деп есептейді. Қазақтардың шежірені ертеден үздіксіз пайдаланып келуі олардың өткенін өмір бойы қадағалап, келешегін анықтап отырғандығынан хабар береді. * "Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер". Әр адамның жеті атасын білуі - көргенділігі мен білімін,ата көргендігін танытады. Білмесе - "жеті атасын білмейтін жетесіз" деп сөккен. Жеті атаны үйрету - әр ата-ананың басты борышы. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Мүслетдин Мағамбетұлы Өтемағамбетов (5 желтоқсан 1917 жыл, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы - 12 наурыз 1966 жыл, Алматы) — қазақ кеңес физикалық географы. Ландшафттану, физикалық-географиялық аудандау, Қазақстан геоморфологиясы саласындағы көрнекті ғалым. Географиялық ғылымдарының кандидаты, доцент (1956). Қазақстан география қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. 1964 жылы Алматыда өткен Бүкіл Одақтық 6-ландшафттану кеңесінде «Таулы аймақтар ландшафтысын танудың проблемалары» деген тақырыпта көлемді баяндама жасады. М.М.Өтемағамбетовтың жоғары оқу орындарында арнаған «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы бірнеше басылыммен шығарылды. ## Дереккөздер
Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит-полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның аумағында Республиканың 100% марганецті рудалардың балансты қорлары, 80%-дан астым – триоксид вольфрам, 63,9% - молибден, 54,2% - қорғасын, 38,8% - мырыш, 36% - мыс, 31,9% - көмір (оның ішінде кокс көмірдің барлық 100% қоры), 100% волластонит пен родусит – астбест, 70%-дан астым барит және т.с.с. топталған. «Испат-Кармет» ААҚ. Кәсіпорын қара металл және шойын илектің барлық республикалық көлемін өндіреді. «Испат-Кармет» АҚ ыстық мырыштау желілері енгізілген, диаметрі 20-76 мм, жылына 80мың тонна жобалық қуатты, 175 млн. теңге тұратын электрдәнекерленген құбырлар өндірісінің цехы іске қосылған. Осы өнім коммуналдық қызмет көрсету және құрылыс саласында талап етіледі. Өткізу рыногы - Өзбекстан, Украина, Қырғызстан және т.б. елдер. Қайта құрылған №3 домна пешті техникалық қайта жарақтандыру нәтижесінде техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарған: пештің өнімділігі шойын жылына 1450 ден 1520 мың тонна дейін өскен, пайдалы көлемі 2700-ден 3200 текше метрге артқан. Инвестиция көлемі 9360 млн. теңгені құраған. ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт сапа жүйесі қарқын енгізілуде. 2003 жылы илек өндірісіне (ЛПЦ-1,2,3 және ЦГЦА) ИСО 9000 сериялы куәлігі берілген, бұған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Қосымша құн және шектеу дәрежесін өсіру мақсатымен «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ жылына 500 кг зергерлік бұйым өндірістік қуатты БКМК – да зергерлік-сәнді цехы іске қосылған. Бұйымдар толығынан экспортқа жіберіледі. БКМК шаңтұтқыш цехында 99 % зиянды қатты лақтырындылар аулайтын жеті құрғақ электрсүзгі іске қосылған. Жылына 100 мың тонна мырыш өндірістік қуатты «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ «Балқаштүстімет» ХМК ӨБ мырыш зауыты іске қосылған. Зауытта канада «Дайнатек» фирмасының қоршаған ортаны ластамайтын - жаңа технология қолданған. Бұдан басқа зауыт рыноктың жаңа сегменті – құрамында 50% мырыш бар мырыш қойыртпасын қайта өңдеуге бағытталған, әлемдегі басқа мырыш зауыттары 50% дан артық мырыш қойыртпаларын қайта өңдейді. 2004 жылы ПВ-2 (Ванюков пеші) жұмысын бастады, бұл құрамындағы мыс көлемі төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік берді (0,14 %-дан 0,18 % -ға дейін).
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан... Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді. Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Сақ кезіндегі тайпалардың көркем шығармашылығының неғұрлым айқын және есте қаларлық көріністерінің арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Жаңа дәуірдің 7 ғасырынан Сібірдің, Қазақстанның, Еділ бойының аумақты далалары мен Еуропа оңтүстігі халықтарының аңдық стиль деп аталатын өнердің өзіндік және жарқын құбылысы пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдардарды және мифтік зооморфтық құбыжықтарды бейнелеу болды. Сақ және ғұн шеберлерінің бұйымдарында Еуразия өзендерінің, ормандарының, далаларының бай жанды әлемі: балықтар, жыландар, үйректер, аққулар, бүркіттері, қырандары, кірпілері, бұғылары , бұландар, еліктер, маралдар, арқарлар, қасқырлар, барыстар, жолбарыстар, арыстандар, жылқылар, қойлар, қодастар, түйелер жан бітіп кеткендей болады. Олар басы бүркіт, денесі арыстан және басқа ертегілік құбыжықтармен : біресе ол кесіртке денелі және ешкі басты жануар, біресе ол бұғы мүйізді жолбарыс, қабан тұмсықты және тісті немесе барақ ит басты түріндегі құлақтарымен қасқырлар болып алмасып отырады. . Бұл бейнелер зооморфтық өзгерулер құбылысын білдіреді, олар ерте темір дәуірі көшпенділерінің өнерінде жетекші бағыттардың бірін құрайды. Зооморфты айналулармен қатар неғұрлым кең тараған мотив - аңдар мен құбыжықтар қинаулары мен күрес көріністері: бүркіттің, кодас пен бүркіт жемтігіне таласқан жолбарысқа, жыланның атқа шабуылы, ағаш көрінісі алдындағы жолбарыс пен қос өркешті түйенің, жолбарыстың атпен айқасы бейнелері. . Қазір б.д.дейінгі І-ші мыңжылдыққа дейінгі Еуразия көшпенділерінің бұл мотивін түсіндіретіндей бірде-бір нанымды болжам жоқ. Бұл көріністер төтемдердің немесе жақсылық пен жамандықтың күресін білдіретін рулардың немесе тайпалардың тартысын бейнелейді деген болжамдар айтылды. Жануарлар "қинауының" көріністері алғашқы қауымдық құрылысы ыдырауы дәуірінің әлеуметтік процестерінің мифологиялық бейнеленуі болып табылады деген пікір бар. Зерттеушілер олардан "күштінің құқын", жеңісті дәріптеуді растауын көреді. "Аңдық стиль" өнері негізінен қызмет көрсеткен аристократияның тонау мен соғыс әдеткі жұмысына айналғанда, бұл дәуірдің қатаң сыйпатымен байланыстырылады. "Қинау" көріністерінен ру эмблемасын көріп, оған геральдикалық мән берілді. . Ертедегі суретшілердің шығармашылығы жануарлар әлемінің нақты бейнесімен жанды және сан алуан өзара байланыста болды. Қазақстандық фаунадан арқар мен тау текенің, жолбарыс пен жабайы шошқаның, марал мен түйенің, дала бүркіті мен сирегірек қарақұйрықтың, қасқырдың және қоянның бейнелері жиі кездеседі. Аңдық образдарды көркем сомдау да алуан түрлі болды. Олар домалақ скульптура, бұлдыр кескінді және сызықты суреттер түрінде орындалды. Бұл бұйымдарды жасау материалдары ретінде тек алтын, күміс, қола және темір ғана пайдаланып қоймай , сонымен бірге сүйек пен мүйізге ою салу, жапсырма, түрлі түсті киіз бен теріге өрнек салу кең қолданылды. . Сақ қорғандарын қазу біздерді Қазақстанның ертедегі көшпенділерінің "аң стиліндегі" үлгілермен кең таныстырады. Сырдарияның төменгі ағысындағы ‡йғарақ моласынан (б.д.дейінгі 6-7 ғасырлар) арқар мен грифондар басы бейнеленген айылбастар, Төгіскен (б.д.дейінгі 6 ғасыр) моласынан қосарланған жылқы басы түріндегі қола қалақшалар, қойдың басы мен жатқан қиялдағыдай екі құбыжық бейнеленген семсер қынабының алтын қоршауы белгілі. Сондай-ақ басқа да үздік олжалар: Павлодар облысындағы Тасмола қорғанынан (б.д.дейінгі 6-7 ғасыр) тау-текелердің бейнелері, жолбарыс түріндегі, мал түріндегі жұқа қабыршықты алтын қаңылтыр белгілер, б.д.дейінгі 4-3 ғасырларындағы Қарамұрын моласы жерлеулерінен жолбарыстың түйеге шапқан көрінісімен қола белгі және қиял-ғажайып жануары мен қос қыран түріндегі қайыс бастырма, бүктелген қабан түріндегі мүйізден жасалған белгі бар.. Ауызына құсты, сондай-ақ бірқатар басқа бұйымдарды қыстырған арыстан басының бейнесі бар даңқты Бекқара тоғасы б.д.дейінгі 3 - 2 ғасырларға жатады. Тасмола бейітін қазған кезде марал мүйізінен жасалған шағын сымбатты тоға табылды. Б.д.дейінгі 5 ғасырда, әсіресе 4 ғасырда скиф мәдениетіне грек өнерінің күшті ықпалы басталады. Скиф аристократиясының тұрмысы грек қалаларында жасалған бұйымдармен толыға түседі. Скиф патшалары мен көсемдері шеберлерінің көркем шығармашылығына эллиндік ықпалмен бірге адам бейнесі енеді. Дегенмен, Еуразияның басқа көшпенділерінің өнері сияқты скиф өнері, бұл ең алдымен, аңдарды бейнелеу өнері. Б.Н.Граковтың айтуынша, ол аңдық стильді тамаша дамыта білді, ал іс адамды бейнелеуге қатысты болған кезде қарапайым жағдайынан қиындықпен арылды. "Далалардың ұлы белдеуінің" барлық барысында "аңдық стиль" ішкі бірлігімен және өз эволюциясының ортақ бағытымен ерекшеленеді. Қоршаған шындықты өзінше бейнелейтін бұл өнер ерекше бейнелеу құрылымына ие.
Ақшылрең міңгірлек (Hippolais rama) – реңінің ақшылдығы болмаса, сол кіші міңгірлекке ұқсас құс. Көпке дейін ақшылрең міңгірлектің бір түрдің түршесі деп санап келді. Қазақстанның оңтүстік өңірінде - Солтүстік Арал маңында. Балқаш және Бетпақдала мекендейді. Ақшылрең міңгірлекті жеке түрге бөлгеннен бергі уақытта оның тұқымтоптық өмірдегі ерекшеліктері және кіші міңгірлектен айырмашылығы туралы мағлұматтар әзірге жиналған жок. Олардың тіршіліктерінде ұқсастық көп.
Панаева (Головачёва) Авдотья Яковлевна (лақап аты - Н. Станицкий; 31 шілде (12 тамыз) 1820, Санкт-Петербург — 30 наурыз (11 сәуір) 1893, сонда) — орыс жазушысы. Актер семьясында туған. Петербург театр училищесінде білім алды. Панаеваның"Тальниковтердің үй-іші" (1848) атты алғашқы повесі жанұядағы "тәртіпті" сынағаны үшін цензурадан өтпей қалды. Ол Н.А. Некрасовпен "Әлемнің үш елі" (1848-1849), "Өлі көл" (1851) романдарын жазды. А.Я.Панаеваның "Өмірдің уақ-түйектері"(1854), "Дала бикеші" (1855), "Үйдегі тамұқ" (1857), " Бұлыңғыр Петербургтегі роман" (1860) повестерінде еңбек, күрес және тәрбие мәселелері бейнеленген. А.Я.Панаеваның атын танытқан тәуір шығармасы – "Әйел үлесі" (1862). Жаңа адамдар образын жасауда сәтті шыққан бұл роман Н.Г. Чернышевскийдің ықпалымен жазылған болатын. Ол Шоқан Уәлихановпен таныс болған. ## Дереккөздер
Кіші міңгірлек (Hippolais caligata) – айтарлықтай көрікті емес, сарықасқа ұқсас кішкене құс. Кішкене міңгірлектің жоны – сұрғылт-қоңыр, бауыры – ақ. Қазақстанның бүкіл жазықтығына дерлік – орманды далада, құрғақ далаға, шөлейтпен, тіпті бұталары шөлге дейін мекендейді. Өте ширақ, ұсақ бунақденелілерді іздестіріп, бұтада үнемі орнын ауыстырып жүреді. Кейдк соларды құып жету үшін ұша жөнеледі. Даусы айқабақ тәрізді “чок-чок” деп шығады, әуені қатты емес, бірақ өзіне тін әуезді. Тостағанша тәрізді терең ұясы бұта арасына орнықтырылады. Салындыдағы 3-5 сепкілді қызғылт жұмыртқаларды 11-14 күн уақыт аталықтарымен аналық бірге қоректендіреді. Қазақстанда мамырдың басында ұшып келіп, қыркүйектің басында Республика шегін толық артқа қалдырып, тамызда ұшып келеді.
Ұзынқұйрық оңаза (лат. Strix uralensis) — реңі жапалаққа ұқсас, кәдімгідей ірі денелі (бір килограмм шамасында, қанатының алымы 125 шамасында) құс. Дене мөлшерінің үлкендігінен басқа, кәдімгі оңазаның дөңгелеген құйрығындай емес, едәуір ұзын сына тәрізді құйрығымен ерекшеленеді. Еуразияның қылқанды және ішінары аралас ормандарында мекен етеді. Қазақстанды оңтүстік Алтайда ұялайды, ал жылыстау кезінде Жайық маңында қыста да байқалады. Ағаш құстарына және басқа құстардың ескі ұяларына ұялайды. Салындыда екіден алтыға дейін (көбінесе 3-4) жұмыртқа болады. Жұмыртқалардың аналығы бес аптаға дейін басады. Негізінде тышқан тәріздес кемірушілерді жейді. ## Дереккөздер
Кермекке салуЕмен, тал, т.б. ағаштардың қабығын, томарбояу, рауғаш тәрізді өсімдіктердің тамыр-түбірін, ермен-жусанның бүрін кептіріп, талқан тәрізді түйіп жасалған қоспаны кермек деп атаған. Осы қоспаны қазанға салып, су құйып, тұз қосып қайнатады. Содан соң ағаш астауға қотарып, жалаңаш қолдың шынтағын батырғанда күймейтіндей шым-шым кезінде теріні салып қояды. Бірнеше тәуліктен соң терінің пұшпағын өткір пышақпен алып, суын сорғытып, көлеңкеге жауып кептіреді. Кермекке салынған тері әдемі қоңыр-қызыл түске боялады. Осыны қызылдау деп те айта береді. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Кәдімгі түймешетен (лат. Tanacetum vulgare) – астралылар тұқымдасы, түймешетен туысына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 1 м-ден асады. * Сабағы түзу, ұзына бойы созылған жаралары бар, жоғарғы жағында бұтақталып жайыла өседі. * Сопақша келген жапырақтары жарыса кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді тілімделген. Шеттері ара тісті, жоғарғы жағынан қарағанда қою-жасыл түсті, төменгі жағынан қарағанда сұр-жасыл түсті болып келеді. * Гүл тостағаншалары дөңгелек, сары, шатырша сияқтанып топталып тұрады. Гүлдері түтікше тәрізді, майда. Гүл себеттері жеке жартылай шар тәрізді, гүл себеттерінің шеңбері 6-8 мм-ге дейін болады. Гүлдері сарғыш, гүл орамдары қоңырқай –жасыл. Иісі өзіне тән, дәмі ащылау. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. ## Өсетін жері мен таралу аймағы Өсімдік жолдардың жиегінде, егістік жерлерде, шабындықтарда, өзен жағаларында, тұрғын үйлердің маңында, далалы аймақтарда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Еуропада, Кавказ, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірде, Моңғолия, Қытай, Солтүстік Жапонияда таралған. ## Химиялық құрамы Өсімдіктің гүлінде флавоноидты қосылыстар (3,5-4%) кверцетин, кемпферол, цинарозид, лютеолин, аксиллярин, апигенин, изорамнетин, кверцимеритрин (эфир майы) 0,9%, оның құрамында камфора, альфа, бета туйон, туйол, борнеол, пинен бар. Ол - улы өсімдік. ## Емдік қасиеті мен қолданысы Кәдімгі түймешетен гүлдері тұнбаларының тамаққа тәбетті аштыртатын, асқазан бездерінің жұмысын күшейтетін, ас қорыту жұмыстарын жақсартатын, қанның қысымын жоғарлататын, дененің қызуын төмендететін, қабынуға қарсы әсер ететін, өт айдайтын, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Ғылыми медицинада түймешетеннен жасалған дәрілерді ішек құрттарын түсіру үшін, ауыздың және бауыр, өт жолдарының ауруын, тоқ ішектің қабынуын емдеу үшін пайдаланады. Дәрілік мақсатта гүл тостағаншаларын өсімдік гүлдеген кезінде жинап алады. Кептірер алдында гүл тостағаншаларының 4 см-ден ұзындарын алып тастайды. Кептіргіштерде 40°С температурада немесе көлеңкелі жерлерде аударыстырып кептіруге болады. Өсімдік улы болғандықтан, одан жасалған дәрілерді үлкен сақтықпен, дәрігердің кеңесімен пайдаланған жөн. ## Дереккөздер
Көнмаңдай туысы (лат. Povphyrio) – сутартар тұқымдастардың ірі денелі, қошқыл реңді құстар туысы. Бұл туыстың екі түрінің біреуі – көнмаңдай, ол бізде мекендейді, екіншісі – такахэ, Жаңа Зеландияның эндемигі, ірі денелі ұша алмайтын құс. Көнмаңдай (лат. Porphyrio porphyrio) – биіктігі жарты метрге жететін ірі денелі, ашық реңді құс. Жабын қауырсындары, көкшіл және күлгін түспен құлпырған қош-қыл реңді, тұмсығы – ашық қызыл, маңдайы – шытыралы және аяғы – ұзын. Көнмаңдай Африканың тропиктік және субтропиктік аудандарында, Оңтүстік Азияда, Аустралияда, Поленезияда және Малай архипелагында, солтүстікте – Еуропаның оңтүстік аймағына дейін тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий маңында кездеседі. Қамыс қалың өскен су қоймаларда, көбінесе шағын жинақ түзіп қоныстанады. Негізінде су өсімдіктерінің әр түрлі бөліктерімен қоректенеді, дегенмен жәндіктерді де, кейде ұсақ омыртқалы жануарлардыда (бақалар, кесірткелер) жейді. Ұясын жыпырлаған қамысқа немесе су ортасындағы төмпешікке салады. Салындыда алты-тоғыз жұмыртқа болады. Балапандарына аталығы мен аналығы қамқорлық жасайды. Бұл – сирек кездесетін құс, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. ## Дереккөздер
СөкСөк — қазақ халқының ертеден дайындап, ішіп-жеп келе жатқан тағамының бірі. Ол тарыдан жасалады. Ақталмаған тарыны қара тары дейді. Бұдан сөк дайындау үшің қара тарыны әбден тазалап, үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастағанда тарыны қайта алып, шыптаға салып сүзеді. Оны кептірмей, қазанға салып қуырып, былғауышпен күйдірмей араластырып отырады. Ұстауға ыңғайлы, бір жақ басына шүберек оралған ағашты былғауыш дейді.Қуырылған тары енді піседі. Оны ыдысқа салып алады да түйеді. Түюге келі мен келсап пайдаланылады. Қуырған тары осыған құйылады да, оны келсаппен соғады. Түйілген тарының қауызы уатылып, ішіндегі дәні бөлінеді. Мұны тары түю дейді. Осы кезде оны қайтадан қотарып алып, қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны қаралау дейді. Қаралап болғаннан кейін, оны қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Ақталғаннан кейін оны сөк деп атайды. Сөктен түрлі талқан, жарма, тары көже, сүт көже, төп, бөртпе тағы басқа дәмді ұлттық тағамдар жасалады. Сөкті сүтке, қаймаққа, майға араластырып жейді. Балалар, жастар сөкті құрғақтай да жей береді. Тарыны диірменге тартып талқан жасайды. Сөкті майға қуырады, оны майсөк деп атайды. ## Дереккөздер https://qazaly.kz/zanalyk/ruhaniyt/2583-sk-ata-babamyz-zrlegen-taam.html?ysclid=lvoq9809an466223570
Қараой қорықшасы – мемлекеттік зоологиялық қорықша. Қорықша сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысының Балқаш ауданында 1979 жылы құрылған. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша Қараой мемлекеттік табиғи кешенді қорықшасы болып өзгертілді. Жер аумағы 5,1 мың км². ## Жер бедері Іле өзенінің атырауындағы қамысты, шалғынды, сортаң, құмайтты топырақты алқаптарды қамтиды. ## Өсімдігі мен жануарлары Қорықша Бақанас және Күрті орман және жануарлар әлемін қорғайтын мемлекеттік кәсіпорындармен жапсарлас орналасқандықтан бұл аумақта сексеуіл дайындалады. Сексеуілдерді бей-берекет кесуге шек қойылып, оларды қорғау жолға қойылған. Қорықша аумағында жануарлардан елік, доңыз, т.б мекендесе, қазір сирек кездесетін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген аң-құстар қарақұйрық, сұңқылдақ аққу, қоқиқаз, бұйра бірқазан, ақ тырна, сұр тырна, тағы басқалар қорғалады. ## Дереккөздер
Жент — шай дастарқанына қойылатын ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған тағам. Жент шай дастарқанына қойылады. Жент жасалатын негізгі өнім — сөк. Диірменге тартылған немесе келіге салып түйіліп жармаланған сөкке тортасынан айырған сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан соң ыдысқа салынып, беті тегістеледі де, салқын жерде сақталады. Құрамында 100 г сөк, 80 г ірімшік, 80 г бал, 80 г қант, 350 г сары май, 80 г мейіз немесе ұнтақталған жаңғақ дәні болады. Жент қазақтың аса шеберлікпен жасайтын әрі өте дәмді, тағамдық нәрі мол жеңсік тағамдардың бірі — жент. Жент қой сүтінен жасалған және диірменге ұнтақталып тартылған ірімшік, қуырылған бидай мен піскен сөк талқаны, сары майдан қорытылып әбден тұңдырылған шыртылдақ құйылып қайнатылып әбден араластырады. Ол қоңыр түске еніп араласқан кезде мейіз, аздап қант қосып одан әрі бұлғай береді. Толық араласып болған кезде үлкен әрі жайпақ ыдысқа салып қатырылады. «Ауқатты отбасылар мұны қысқа әзірлейді. Женттің құны да, құнары мен қасиеті де сары майдан жоғары тұрады. Сондықтан оны құрметті қонақтарға той, мереке күндерінде ғана дастарқанға қоятын зәру тағам.Жент, ежігей, құрт дайындайтын отбасына әркімдер құрметпен қарайды. Бұл ауқатты, дәулетті үй ғана емес, ұлт салт-дәстүрін берік сақтайтын, дастарқаны бай отбасы ретінде ауызға алынады. Жент қазір де жасалады. Бірақ негізгі құрамы ірімшік пен сөк болмағандықтан кебіртең, дәмсіз әрі тез уатылып, құрғап қала береді. ## Дереккөздер
Құройыл – Ойыл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады.
Жүзімше (лат. Thermopsis lanceolata) – Бұршақ тұқымдасының тентекмия туысына жататын, биіктігі 40 см-ге жететін, сабағы түзу, көпжылдық шөптес өсімдік. Тамырсабағы түлеп жайыла өседі. Сабағында бұтақтары көп, жапырақтары сұр түсті, кезектесіп, үшпен топтала орналасқан. Жапырақтарының бөлшектері сопақша, жіңішкелеу. Қосымша жапырақтары қатарынан ұзын, сондықтан бұл өсімдіктің тамыр жапырақтары 5 салалы. Гүлдері сары, ірі, сабағының үш жағынан шоғырланып тұрады. Жемісінің ұзындығы 6 см-ге жететін бұршақ сияқты қоңыр әрі жалпақ. ## Таралуы Таулардың, төбелердің, батпақты беткейлерде, тың жерлерде, шөл және шөлеит аймақтарда, ал кейде арамшөп ретінде егістердің арасында да өсе береді. Тобыл, Есіл, Ертіс өзеңдерінің анғарларында, Көкшетау, Ақтөбе, Ұлытау, Қарқаралы, Алтай, Тарбағатай тауларында кездеседі. Ресейдің еуропалық блігінде, Моңғолияда, Батыс және Шығыс Сібірде таралған. ## Дайындалуы Дәрі жасау үшін өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігін, тұқымдарын (Herba et Semina Thermopsidis lanceolata) жинайды. Жылы ашық кезенде күн астында немесе 50-600С кептіргіште кептіреді. Тұқымдарын қыркүйек айынан бастап теріп алады. ## Химиялық құрам Өсімдіктің тұқымында алкалоидтар (0,63-2%), оның ішінде цитизин (0,22-1,16%), термопсин (0,09-0,43%), пахикаприн (0,06-0,57%), гомотермопсин, анагирин (0,13%), лупанин кездеседі Шөбінің бойында алкалоидтар (0,37-4,05%), оның ішінде термопсин, тамопседин, гомотермопсин, анагирин, цитизин, метилцитизин, пахикаприн, лупанин, термопсанин, ромбифолин, аргентин, термопсидин табылған. Сонымен қоса, жер үстіндегі өнімдерінде оксикорич қышқылдарының туындылары, флавоноидтар, микро-, макроэлементтер болады. ## Қолданылуы Шөбінен жасалған дәрілер қақырық түсіретін дәрі ретінде, созылмалы бронхит, пнеоманияны емдеуге қолданады. Тұқымынан алынған дәрілер уланғанда (морфин барбитураттар), тыныс тоқтағанда пайдаланады. ## Дәрі-дәрмектер Тұнба (1:400), цититон, құрғақ экстракт. Қақырық түсіретін дәрілердің, табекстің құрамында болады. Сақталу мерзімі 3 жыл. ## Құрамында стероидты сапониндер бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар Стероидты сапониндер табиғи күрделі гликозидтердің қатарына жататын органикалық қосылыстар болып саналады. Шнайдер 1811 жылы дәрілік сабыншөптен стероидты затты бөліп алған. 1819 жылы Мэлон осы қосылысқа сапонин деген терминді ұсынған болатын, себебі олардың сулы тұнбасын шайқағанда жақсы көбінеді. Латынша аро көбіну, сабыну деген сөз. Сапониндердің көбісі эритритроциттердің ыдырау процесіне тікелей қатынасы бар. Сапониндер суық каңдшылар жануарларға /бақа, қүрбақа, қүрт/өтеулы заттар болып келеді.Стероидты сапониндер 100 ден астам өсімдіктерде анықталған. Олар әртүрлі өсімдік түқымдастарында, көбінесе лалагүлдер/Jiliaceal/, дискореялар /Discoreaceal/, бұршақтар /Fabaceal/, алқалар /Solanaceal/, сарғалдақтар /Ranunculaceal/ т.б. тұқымдастарда ұшырасады. 150 стероидты гликозидтердің ішінде 100-ден астамы спиростанол, 40-қа жуық-фурастанол сапониндер кездеседі.Бойында сапониндері бар өсімдіктердің, шипалы қасиеті сапогенин мөлшеріне байланысты белгіленді. Медицинада стероидты сапониндердің цитостатикалық, фунгистатикалық, қан қысымын темендететін, жүрек қызметіне есер ететін қасиеттері пайдаланылады. Осыған орай олар қандағы холестериннің мөлшерін азайту, атеросклероз ауруын емдеу үшін, сондай - ақ стероидты гормондары синтездеу үшін де қолданады ## Дереккөздер
Ақтөбе майданы - азамат соғысы кезінде дутовшыларға қарсы Орынбор-Ақтөбе төңірегі мен Орынбор-Ташкент темір жолдар бойында құрылған мадан. Ол жауды Түркістан өлкесіне жеткізбей РКФСР-дің Орта Азиямен байланысын қалпына келтіру мақсатымен құрылған. Оған Ленин үнемі көңіл бөліп, көмек жіберткізіп отырды. Майдан 2 кезеңге бөлінеді. I кезең 3 шілде - 1919 жылғы 22 қаңтар, II кезең 1919 жылғы 18 сәуір - 13 қыркүйек аралығын қамтиды. ## Дереккөздер
1972 жылы Канадада салынған көне мектептердің бірі. Балаларға сабақ беру тәсілінің өзге мектептерге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Мамандарының идеясы өте сапалы. Мектепте сабақ кестесі жоқ, барлығын оқушылардың өздері белгілейді. Ал ұстаздары әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, қызығушылықтарына сәйкес көмек көрсетеді. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейтіндіктен, күнделікке баға қойылмайды. Әр сынып балалардың жасына емес, олардың қызығушылығына сәйкес құралады. Мектепке қатысты мәселелердің барлығын оқушылар, ата-аналар, ұстаздар ай сайын болатын жиналыста бірігіп отырып талқылайды. Оқу үрдісіне ата-аналары да қатысады. Альфа мектебінің ұраны – бірігіп білім алу. ## Дереккөздер
КелісөкКелісөк тары дақылының алғашқы піскен кезінде жасалатын сирек тамақ. Жаңа піскен тарыны бастырып қара тарысын алып кәдімгі сөк дайындау жолымен өткізеді. Дайын сөкті қайтадан келіге салып, қою сүт, сұйық қаймақ немесе піскен қаймақ, аздап бал құйып қайта түйе береді. Сөк пен қаймақ, сүт, бал араласып саз тәрізді қоюланып келі, келсапка жабысып қалады. Бұл келісөктің әбден піскен, жетіжен кезін білдіреді. Дайын асты келі түбінен қырып алады да, құрт тәріздес етіп алақанға сығып егіннің алғашқы дәмі ретінде сол жердегі үлкен, кішілерге бірдей етіп бөліп береді. Бұл тағамның дәмі таңдайыңнан кетпейді. Келісөктің өз мерзімі яғни жаңа ғана піскен жас тары дәнінен жасалады. Әбден пісіп жетілген тарыдан мұндай кенеуі мол келісөк шықпайды.
Ливен жалған бозкілем (Pseudosedum lievenii) — жасаңшөптер тұқымдасы, жалғанбозкілем туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Будан бозкілем түріне қарағанда Қазақстанға кең тараған. Ол тек жазықтықтағы далаларда және тауда ғана емес, сондай-ақ Маңғышлақ және Үстіртте басқа шөл далаларда өседі. Қазақстан тауларында туыстың тағы үш түрі бар : Қаратау жалған бозкілемі (Жоңғар Алатауынан Батыс Тянь-Шаньға дейін). Жақын туыс өкілі бола тұра жалған бозкілем гүлінің құрылысы, жапырақтары будан бозкілемнен тіпті өзгеше. Гүлдің тостағаншасы қысқа, түбіне дейін 5-6-ға бөлінген, 5-6 күлтелерден, бас жағы ортасына дейін 5-6 үшкір бөліктерге бөлінген. Қалқан тәрізді гүл шоғырына жиналған ақшыл-күлгін, жібек тәрізді, тісшеленген гүлдерді тіпті, былтырғы жылғы сұр түсті шөптердің арасынан немесе жартастан анық байқауға болады. Жалған бозкілем сәуір-мамырда гүлдейді, маусым-тамызда жеміс береді.Өзіндік сырт бейнесінің тартымдылығына, тамырсабағының қатысуымен жылдам көбеюіне байланысты сәндік мақсатта пайдаланылады. Халықтық медицинада түр белгісіз, тек Тәжікстанда жас шөптен алынған шырын тері ауруларын емдеуге пайдаланылады. ## Дереккөздер А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.
Геометриялық ою-өрнектерді қиық шаршылар, иректер, үшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық нақышы көшпелі қазақтарға грек математигі Пифагордың заңдары мен нақты сандардың белгілі болғанын көрсетеді. Өйткені біздің ата-бабларымыз тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір сүрген. Олардың ортасында қолөнершілер, саудагелер, құрылысшылар көп болған. Өсімдік тектес өрнектермен араласқан геометриялық нақыштарды Бабажы қатын (ΧΙ - ΧΙΙ ғғ.), Айша бибі (ΧΙ - ΧΙΙ ғғ.), Қожа Ахмет Иасауи (ΧΙΙΙ - ΧΙV ғғ.) және т.б. монументті құрылыстардан көруге болады. Геометриялық ою-өрнектердің элементтері төрбұрышты, қиық шаршылы, жұлдызды болып келеді. Олар ағашты көркем өңдеуде, үй іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде өте жиі кездеседі."Ирек", "ирек су" геометриялық өрнектері қисық сызықтар сынығынан тұрады. Осы сызықтардың шегі болмауы да мүмкін. Олармен бешпенттер, камзолдар, шапандар және тақияның жиегі, сондай-ақ сақина, білезік, қапсырма, алқа секілді зергерлік бұйымдар, ши тоқымалары, сырмақтар мен кебеже, жүкаяқтар, ыдыс-аяқ пен киім-кешектер әшекейленеді.
Қотанбұлақ – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нарманбет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан тау. ## Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Абсолюттік биіктігі 740 м. Сай, жыра, өзен аңғарларымен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің ортаңғы және жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Бұлаққа бай. ## Дереккөздер
Қолөнерде пайдаланылытан бояулардың үш түрі бар: * Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін түрлі-түсті ұнтақ түріндегі және сұйық күйдегі бояулар. * Даяр күйінде кездесетін табиғи бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімідк жапырақтары, қабықтары, тамырлары мен жемістерінен алынады. * Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып, пайдаланылады. Халық шеберлері саз аспаптарын әрлеу үшін жоса және т.б. табиғи бояуларды пайдаланған. Жоса дегеніміз - қызғылт-сарғыш түсті бояу топырақ. Ағаш бұйымдарды жосамен бояғанда оған қажетінше су қосып, езіп, ағашқа біркелкі етіп жағады да, кептіреді. Содан соң тұзды суға таза киіз немесе шұғадан жасалған бұлғауышты батырып, сонымен жосаланған ағаш бұйымды жақсылап ысқыласа, бояу қолға, киімге жұқпайтын болады. Сол сияқты томарбояу, қына, рауғаш, сары ағаш, т.б. өсімдіктердің тамырын күзде жинап, жуып, кептіріп алу керек. Емен, тал, терек ағашының қабығы, ермен мен жусанның бүрі, жеміс ағаштарының күзде түскен жапырақтары, пияздың қабығы да бояу әзірлеуге жарамды. Осы аталған бояу жасалатын өсімдіктердің кептірілген тамырын, қабығын, жапырағын ұсақтап алып қайнатады. Басытқы ретінде аздап ас тұзын, ашудас қосады. Ұзақ қайнаған соң ірімтігін сүзіп алып, бояуды қанжылым кезінде ағаш бұлғауышпен жағады. Бояу бікелкі сіңу үшін боялатын ағаш бұйымды алдын ала ылғалдап алған жөн. Бояу мен түстердің таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен байланысты символдық мәні болған. Қазақта кейбір түстер мынадай символдық мағына берген: көк түс - ашық аспанды, бейбіт өмірді, қызыл түс - оттың, күннің жылуын, ақ түс - ақиқатты , қуанышты, бақытты, қара түс - жерді, жасыл түс - жастықты, көктем қуаншын білдірген. Халық шеберлері затты осы түстердің бірімен бояғанда оған белгілі мән берген.
Майазаура — үлкен денелі, шөппен қоректенетін динозавр. Ол бұдан шамамен 80 - 65 миллион жыл бұрын кеәінгі Бор дәуірінде Солтүстік Америка материгін мекендеген. Ұясының жанынан жұмыртқаларымен бірге табылған алғашқы динозавр - майазаура болатын. Бұл оның балаларына қорек тасп өмір сүргенін көрметеді. Оның жалпақ басы, көзінің үстінде кішкене айдары болды. Тұмсығы - тіссіз, ұрт қалталары мен табиғи жолмен егелетін ұрт тістері бар, артқы аяқтары тұяқты динозавр. Ұзындығы - 9 метр, салмағы - шамамен 3-4 тонна. Ол төрт аяқпен жүрген. ## Қызықты дерек * Майазаура атауы жақсы кесіртке-ана деген мағынаны білдіреді. * Ол - өз ұясын қоғап тіршілік еткен бірден-бір динозавр. * Майазаураның қаңқасы алғаш рет АҚШ-тың Монтана штатынан табылған. ## Мәліметтер * Қорегі : өсімдіктер * Салмағы : 3-4 тонна * Тұқымдас : Гадрозаврид * Отряд тармағы : Орнитопод ## Дереккөздер
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шарушылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылый көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Ортағасырлық қоғамда малға жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен.Ортағасырлардағы жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда, феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз және түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ, қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста және аң аулауда пайдалатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан, көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. "Бұл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан", - деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын.Жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда, асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мұның өзі түркі тайпаларының белгілі бір топтарының тұрақты қыстаулары бар жартылай көшпелі тұрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр ұстағанын көрсетеді. Ірі қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Батыс Қазақстанға ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Құмды және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Әл Джахиз "көшпелі түріктер аң аулағанда, әсіресе қарақұйрықтар мен құландарды қуған кезінде ғажап төзімді," - деп көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға құс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен ұстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында тұратындар балық аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі - мал шарушылығына көмекші ғана болған. ## Дереккөздер * Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Ермұханова Х.К. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2005 * Қазақстан тарихы (Анықтамалық құрал). Мұсабеков К.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2010. * Қазақстан тарихы пәніне көмекші оқу құралы (Б.з.б. 2 млн. 500 мың ж. - б.з. XVIII ғ.) Исабек Б.Қ., Әбішова Г.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2008
Қараой жер асты су кені – Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой және Бозой үстірттерінде орналасқан. Аудан шаруашылықтарының сұранысы бойынша барланған. ## Геологиялық құрылымы Кен орны төменгі төрттік кезеңінің аллювийлі-пролювийлі шөгінділерінің сулы қабат кешенінде шоғырланған. ## Сипаты Сулы тау жынысы арагідік құм қабаттарымен бөлінген құмдақтар мен қайыршықтардан тұрады. Грунт сулары 170-175 метр тереңдікке жетеді. Өздігімен ағатын ұңғыма дебиті 0,5-тен 11 л/c-қа дейін өзгереді. Сулы кешен жер үсті және атмосфералық жауын-шашынның түзілуінен, сондай-ақ тереңде жатқан судың циркуляуциясына толығады. Сулы қабаттың орташа қалыңдығы 20 метр. Есептік бас тоған әрқайсысы секундына 29 литр су беретін екі ұңғымадан алынады. ## Құрамы Жер асты суы тұщы минералды, 0,1-0,3 г/л гидрокарбонатты – натрийлі, кейде гидрокарбонатты – сульфатты – натрий – кальцийлі. ## Дереккөздер
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен (омаш) өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналысындағы бау-бақшалар суғарылған. ## Дереккөздер * Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Ермұханова Х.К. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2005 * Қазақстан тарихы (Анықтамалық құрал). Мұсабеков К.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2010. * Қазақстан тарихы пәніне көмекші оқу құралы (Б.з.б. 2 млн. 500 мың ж. - б.з. XVIII ғ.) Исабек Б.Қ., Әбішова Г.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2008