text
stringlengths
3
252k
Жәлеләддин хан (1380–1412) — Алтын Орда ханы, Тоқтамыс ханның үлкен баласы. Шешесі Тоғай-Қажы бектің қызы. Жалеләддин Алтын Ордадағы дүрбелең жылдары 3 рет билік басына келді. Ол Едігемен күресінде Литва князі Витовттың қолдауына сүйенді. Жалеләддин 1407 жылы Шәдібекті Алтын Орда тағынан ығыстырып, алғаш рет билікті өз қолына алады. Едіге Хорезмге жасаған жорығынан оралғаннан кейін Жалеләддин Бұлғарларға қашып, өзін онда хан етіп жариялайды. Бірақ Едігенің ықпалымен ол жақтан да қуылып, Жалеләддин інісі Керімбердімен Ресейге, қалған бауырлары Сығанақ қаласына кетеді. 1408 жылы Едігенің Руське жорығы кезінде Жалеләддин Витовтты паналап, алғашқында Торн қаласына, кейін Грондоға қашады. 1408 жылдың аяғында Витовттың қолдауымен Болат ханға қарсы шығып, екінші рет билік басына келеді. Едіге Русьтен оралғаннан кейін Жалеләддин қайтадан Литваға қашып барып, 1409 жылы Витовтпен Тевтон орденіне қарсы бірлесіп күрес жүргізу жөнінде келісім жасайды. 1410 жылы Жалеләддин 40 мың адамдық әскерімен Грюнвалбд шайқасына қатысады. Бұл соғыста Витовт бастаған одақтастар әскері тевтондарды жеңеді. Осыдан соң Жалеләддин Қырымды алып, Болат ханға қарсы күрес жүргізеді. Алтын Орданың жаңа ханы, Болат ханның ұлы Темірден жеңілген Жалеләддин Литваға қашады. Бірақ Темір хан мен Едіге арасындағы кикілжің нәтижесінде 1411 жылдың соңында Жалеләддин үшінші рет билікке келеді. Темір өлгеннен кейін өз ықпалын күшейткен Жалеләддин Бұлғар, Қажы-Тарханды (Астрахан) өз иелігіне қосып алады. 1412 жылдың аяғында інісі Керімбердінің, ал басқа бір деректерде бауырлары Сұлтан Мұхаммед пен Кебектің қолынан қаза табады. Жалеләддиннің Аманбек, Әбд Сайид есімді екі баласы болған. ## Тағы қараңыз
Махмұт хан (1463/1464 - 1508 жылдары өмір сүрген) - Моғолстан ханы (1487 - 1508 жылдары билік құрған). Шағатай әулетінен, Батыс Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның үлкен ұлы. Махмұт хан 1487 жылы Ташкентте мұрагерлік жолмен хан тағына отырады. Ол қазақ сарбаздарымен болған екі ұрыста ойсырай жеңіледі. 1500 жылы Махмұт хан Мұхаммед Шайбаниге Бұхара мен Самарқанды жаулап алуға көмектеседі. Бірақ Мұхаммед Шайбани Самарқант тағын иеленіп алған соң, өз қамқоршысына тарпа бас салады. Сөйтіп, 1503 жылы ағайынды Махмұт пен Ахметтің (Алаша хан) әскерін талқандап, екеуін тұтқынға алады. Тұтқыннан босаған соң Ахмет хан қайтыс болады. Оның иелігіндегі Шығыс Моғолстанға Махмұттың үстемдік құрмақ ниеті жүзеге аспайды. Мұхаммед Шайбани Махмұт ханды бес ұлымен бірге алдап шақырып алып, бәрін Ходжент өзенінің суына тұншықтырып өлтіреді.
Болашақ – уақыт бөлігі. Білім: * Болашақ стипендиясы – Қазақстан Республикасындағы жас түлектерді шетелде оқытуға мүмкіндік беретін бағдарлама, халықаралық стипендия. Телевидение: * Болашақ бағдарламасы * Болашақ телехикаясы Елді мекендер: * Болашақ – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Болашақ – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл. * Болашақ – Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыл. Көшелер: * Болашақ көшесі (Астана) * Болашақ көшесі (Алматы)
Қазан — қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға 5-12 кісі қатысады. Ойынды жазақ алаңда, алаңқайда өткізуге болады. ## Ойын тәртібі Ойыншылар алдын-ала дөңгелете сызылған шеңберге бірдей ара қашықтықта, әркімнің алдында қазылған ұяға таяқтарын сүйеп тұрады. Сондай бір шұңқыр ұя дәл ортадан қазылады. Ойынды бастаушы шеңбер сыртында болады. Оның шары үшін ұя қазылмайды. Ойынды жүргізуші шарды ойыншылардың арасындағы кез-келген бос жер арқылы ортадағы ұяға түсіруге тырысады. Өзге ойыншылар шарды өз таяқтарымен шеңбер сыртына қағып жіберудің шарасын қарастырады. Егер шарды қағушы таяғын тигізе алмай өз ұясына жете алмай қалса, онда таяғын қойып үлгерген ойынды жүргізуші сол ұяны иеленеді. Ұтылып қалған кісі жүргізушінің орнын басады да, ойын жалғаса береді. Егер жүргізуші шарды орталық ұяға түсірсе, барлық ойыншылар дереу орындарын ауыстырады. Ойынды ұя жетпей қалған кісі әрі қарай жүргізе береді. ## Дереккөздер
Қарақия ойпаты - Маңғышлақтың солтүстік жазығында, Ақтаудан шамамен 50 шақырым жерде солтүстік батыстан оңтүстік мұхит деңгейінен 132м төмен әлемдегі ең терең ойпат орналасқан. Қаракие деген аты түрік тілінен аударғанда «қара аран» (жыртқыш ауыз) деген мағына береді.Ойпаттың етектері жайпақ болғандықтан, одан төменге түсу оңай. Көктемде бұл жерден қозықұйрық саңырауқұлақтарын көптеп теріп алуға болады, Маңғышлақта одан басқасы өспейді. Бұл жерді әдемілігі ғажап жыландар, қоян, түлкі, қарсақтар мекендейді; Аспанның шырқау биігінде жіті көзбен олжа аңдыған тазқара, маңайды бағдарлап, өткен-кеткенді қалт жібермейтін жабайы үстірт арқары осы жердің кең тараған хайуандары. Бағзы замандарда осы жерде «Батыр» деп аталған көл болған екен деседі. Кейін оның орнында ұзындығы 40 шақырым, ені 10 шақырымдық ойпат пайда болған. Ойпаттың пайда болуын ғалымдар тұзды жыныстардың сілтісіздендірілуімен, Каспий теңізінің жағалауында болып жататын ойылу және карстық процесстермен байланыстырады. Карст астында табиғи жерасты суларының шаймалау және еріту үдерістері үнемі жүріп жатады. Жерасты сулары әктастың, доломит пен гипстің жарылған жықпыл – жылғаларымен өтіп тау жыныстарын біртіндеп езіп отырып, жықпылдарды барған сайын кеңейтіп, терең де тар шыңырау құздардың пайда болуына себеп болады. Бұндай шыңыраулардың қабырғалары мен табаны кеңейе келіп, алып шұңғыма мен үңгірлерге айналды. Үңгірлер кеңіген сайын жоғары қабаттардың салмаған көтере алмаған үңгір төбелері мен қабырғалары опырлап құлап отырған. Бұл үрдіс ұдайы қайталанып отыратын және жердің тұзды, әктасты жыныстары жатқан қалың қабатқа беттеп үңги беретін болған. Нәтижесінде, ұсақ тау-тас жыныстарымен толып қалған алып кеуектер, шұңғымалар, шұңқырлар, жымдасып қалған жазықтар, қуыс текшелер мен үңгірлер, жыралар, ұңғыма қуыстар, соқпақтар мен табиғи құдықтар пайда болды. Қаракие ойпаты қазіргі кездегі кескінге келгенінше осылай дамып отырды. Қаракиедегі өзгеріс үрдістері әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы рельеф түзуші үрдістері жалғасып жатқандығына ені жалпақ әрі терең сайлар мен бөлініп кеткен құз жартастар мен тау кертпештері дәлел болмақ. Қазақстан ғалымдары бірнеше жыл бойы мұқият зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, сусыз Қаракие ойпатының жаңбыр бұлттарын бір жерге шоғырландырып отыратын табиғи генератор қызметін атқаратындығы мәлім болды. Жаз кезінде жоғары көтерілген ауа ойпаттың үстіне үйіріліп, ондаған шақырымға баратын қара бұлт көшкіні түзеді. Бұл айтылып отырған деректерге жерден жүргізілген бақылаулар мен жасанды жер серіктерінің түсірген фотосуреттері де айғақ. Егер жазық еңіспен төмен түссеңіз, бір кездерде бұрғыланған ұңғымадан шығып жатқан «Салқын» деп аталып келген бұлақ пен суы ағынды шағын су қоймасына тап боласыз. Суы ащылау. Бұлақ суы арна табанын бауырлап ағып отырып, ойпаттың оңтүстік бөлігінде жеткенде, құмға сіңіп кетеді. Ойпаттың оңтүстік батысында кеберсіген көл бар. Ал Қаракиенің орталық тұсында жербетілік қирау процессінің салдары- түпкіліті тау жыныстарының сілемдері көп. Бұл да кімнің де болса көруіне тұрарлық табиғаттың тамаша көрінісі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстанның табиғаты Мұрағатталған 8 ақпанның 2014 жылы.
I Ысмайыл — Ирандағы Сефевидтер әулетi мемлекетiнiң негiзiн салушы. 1487 жылы Ирандағы Ардебиль қаласында дүниеге келiп, 1524 жылы Тебризде қайтыс болған. Ол 1500-1501 жылдары қызылбас тайпаларының көмегiмен Әзiрбайжанда үкiмет басына келдi. 1502 жылы Тебриздi бағындырғаннан кейiн шаһиншаһ (шаһтар шаһы) деген атақ алды. 1503-1510 жылдары Иранды толығымен, Арменияны, Иракты, Орта Азияның бiр бөлiгiн басып алды. I Ысмайылдың Орта Азияға басып кiруi көшпелi өзбектер мемлекетiмен соғысқа алып келдi. Соғыс шииттер мен сунниттер арасында дiни ұранмен жүргiзiлiп, екi жақ алма-кезек жеңiске жетiп отырды. 1510 жылы Мерв түбiнде болған шайқаста I Ысмайыл көшпелi өзбектердiң әскерiн талқандап, Мұхаммед Шайбанидiң басын кесiп алады. I Ысмайылдың батысқа қарай жылжуы 1514 жылы Сефевидтер мен Османлылар арасындағы соғысқа әкеп соқты. Шалдыран түбiнде османлылардан жеңiлiп, Батыс Армения, Күрдiстан, Ирактан айырылады. I Ысмайыл өз заманында бiлiмдi адам болған. Ақындарға, суретшiлерге, ғалымдарға қамқорлық жасап отырған. Ол көрнектi әзiрбайжан ақыны ретiнде де белгiлi болып, өз шығармаларын Хатаи деген бүркеншiк атпен жазған.
Зоологиялық мүйіс. Жануарларды үйде ұстаған жағдайда балалар олардың мінез-құлқының қыр- сырына қаныға түседі, осы арқылы баланың бойында байқағыштық қабілет қалыптасып, хайуанаттарға деген сүйіспеншілік сезімі оянып, қалыптаса түседі. Балалар егер жануарларды қолда ұстап өсіруге жауапсыздықпен жүрдім-бардым, салғырт қарайтын болса, онда жануарлардың шығынға ұшырауы мүмкін екенін естен шығармауымыз қажет. Біршама уақыттан соң еркіне босатып жіберуге болады деген есеппен құсты немесе аңды асырау да ағаттық. Өйткені көп уақыт қолда ұсталған хайуанаттың еркіндікте өздігінен қорек тауып жеуі, кездескен қауіп-қатерден құтылуы екі талай, осыдан келіп көп жағдайда құрбан болады. ## Дереккөздер
Ауа ванналары. Нерв жүйесін тыныштандырып, жағымды әсер етеді, тыныс алуды және қанның оттегіне қанығуые жақсартады, организмнің жалпы тонусынжоғарылатады, ұйқының тыныш болуына ықпал жасап, тәбетті ашады. Ауа ваннасының әсері ауаның температурасына, оның ылғалдығы мен қозғалысына байланысты болады. Ауа ваннасын қабылдауы жылжың жылы мезгілінде, ауаның температурасы 20°С-тан төмен емес желсіз күндері бастау қажет, алғашқы кезде аяқ пен қолды ғана, кейін барлық денені жалаңаштан қыздырады. ## Дереккөздер
Ондан сұлтан - қазақ сұлтаны, батыр, Шығай ханның ұлы. Шамамен 1555 жылы дүниеге келіп, 1585 жылы ұрыста қаза болған. Шығай хан тұсында әскердің бас қолбасшысы болған. Сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсеткен, садақ атудың керемет мергені болған. Көп уәлаяттарды бағындырып, өзіне қаратқан. 30 жасқа келген шағында қалмақтармен шайқаста шейіт болған. Оның қабірі Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің жанында жерленген. Онда сұлтанның әйелі көп болған. Бәйбішесі Алтын ханымнан Ресей жеріндегі Қасым (Касимово) хандығының болашақ ханы Ораз Мұхаммед туған.
Саид хан - Моғолстан билеушісі (1514 - 1533 жылдары), Жүніс ханның немересі, Ахмет ханның ұлы. Мұхаммед Хаудар Дулаттың "Тарих-и Рашиди" атты еңбегінде Қасым хан мен Саид сұлтанның 1513 жылғы кездесуі баяндалады. 1514 жылы Саид хан Жетісу, Тянь-Шань, Ташкенттегі иеліктерінен айырылғаннан соң Әбубәкір Дулаттың әскерін талқандап, Қашқарды тартып алып, Шығыс Түркістанда жаңа Моғолия мемлекетін құрады. 1522 - 1523 жылы Саид хан бұрынғы Моғолстан жеріндегі Шағатай әулетінің иелігін өзіне қайтару мақсатымен баласы Рәшидті Жетісуға жібереді. Бірақ қазақтар мен қырғыздардың табанды қарсылығына тап болған ол Қашқарияға қайта оралады. Өкімет басына талпынған Рәшид әкесі Саид ханды 1533 жылы Тибетке жорыққа аттандырады, хан сонда қайтыс болады.
Батырхан Қамалұлы Шүкенов (18 мамыр 1962, Қызылорда, Қазақ КСР, КСРО — 28 сәуір 2015, Мәскеу, Ресей) — қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетті. Алғаш танымалдылығы да сол топ арқылы келген. ## Өмірбаяны Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасында Батырханнан басқа ағасы, інісі мен қарындасы болған. Батырхан ата-анасының ортаншы ұлы еді. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935—2011), 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған. 1981 жылы Шүкенов Алматыдағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысты. 1982 жылы консерваторияның студенті бола тұра Батырхан Алматыда Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич пен Болат Сыздықов секілді музыканттармен танысты. Кейін музыканттар Батырханды өз музыкалық топтарында саксофонист болуға өтініш білдірді. Арай тобы Роза Рымбаеваға аккомпонемент жасауымен Қазақстанға танымал ансамбль еді. Ұжымның құрамында Батырхан инструменталдық джаз композицияларын орындай жүріп, өзін альт- және тенор-саксофон виртуозы ретінде көрсетті. Нәтижесінде, Батырхан 1983 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды. 1985 жылы Батырхан Шүкенов Алматы мемлекеттік консерваториясындағы білімін аяқтады. 1985-1986 жылдары аралығында ол Кеңес Одағының әскері қатарында әскери қызметін атқарады. Мұнда да оркестр құрамында музыкамен шұғылдануды жалғастырады. 1987 жылы музыканттар «Арай» ансамблі құрамында өз шығармашылығының шектеулі екенін сезініп, Роза Рымбаеваға сүйемелдеуден бас тартады. Кейін музыканттар «Алма-Ата» тобын құрады. Топтың құрамында Батырхан саксофонда ойнаумен қатар, вокалмен айналыса бастайды. Бір жылдан соң топ «Мелодия» фирмасында өзінің алғашқы альбомын «Путь без остановок» (8 әннің барлығын Шүкенов орындайды) жарыққа шығарып, топтың атауын «Алма-Ата Студиоға» ауыстырады. 1989 жылы музыканттар өзінің алғашқы бүкілодақтық хиты «Джулияны» шығарды. Алла Пугачева бірден топпен танысып, оларды Қазақстаннан Мәскеуге шақырады. Кейін А’Студио бүкіл елге танымал болып, атағы шығады. Тығыз гастрольдық кестелер, пластинка жазылымдары, Батырдың орындауындағы жаңа әндер. А’Студио жиі Мәскеуде көпшілік алдына шығып, сахнада өнер көрсеткендіктен, ол Ресейлік топ болып саналды. Музыканттар Алла Пугачеваның Ән Театрында 1989-1994 жылдар аралығында жұмыс жасады. Батырханның сөзі бойынша, олар Алла Борисовнамен «шынайы дос болған». «Алла Борисовнаға жиі қонаққа барып, әңгіме-дүкен құрып, сурет салатын едік…». Ал Батырханды ол «балам» деп атаған. 2000 жылдың күзінде Батырхан топтан кетіп, этникалық музыкаға оралуға шешім қабылдады. Ол қысқа атқа ие болған «Батыр» жобасымен айналыса бастайды. Оның жаңа репертуарының авторларының бірі Павел Есенин аталды. 2002 жылы Батыр өзінің алғашқы жеке альбомы «Отан ананы» жарыққа шығарды. 2005 жылы Батырхан Киевте өткен музыкалық сайыс Eurovision 2005 «Твои шаги» әнімен қатысады. Дауыс беру нәтижесінде Батыр 7-ші орынды иеленеді. 2007 жылы Республика сарайы (Алматы)ндағы концерттері мен видеоклиптері бар «Батыр LIVE» альбомы жарық көреді. 2007 жылдан 2015 жылға дейін Батырхан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы кеңесшісі қызметін атқарады. 2009 жылдың 20 қарашасында Батырхан Шүкенов Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Ұлттық елшісі жарияланады. Ал 1 жылдан соң,Алматыдағы қайырымдылық бал комитеті құрамына енеді. 2010 жылы Батырхан Шүкенов төртінші жеке альбомы «Осторожно, милая девушка!» шығарады. Алайда музыкалық сыншылар бұл альбомды немқұрайлықпен қарсы алды. Ресейлік журналист және музыкалық сыншы Гуру Кен Батырхан туралы өз сөзінде музыкантты «әлсіз репертуардан азап шеккен үлкен әртіс» деп атаған.Нақ сол жылы «Всё пройдёт…» альбомы да жарық көреді. 2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бұйрығы бойынша Батырхан Шүкеновке «Қазақстан өнеріндегі еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді. 2013 жылы Батырханның соңғы альбомы «Душа» шықты. Сол жылы «Россия-1» телеарнасындағы «Живой звук» телебағдарламасының жеңімпазы атанды. 2015 жылы әртіс «Россия-1» телеарнасындағы «Один в один!» музыкалық бағдарламасына қатысты. ## Қайтыс болуы Директоры Руслан Магомедовтың айтуы бойынша, 2015 жылы 28 сәуір күні сағат шамамен 22:35-те Батырхан Шүкенов 53 жасында өзінің Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның себепі инфаркт болып есептеледі. 29 сәуір күні Мәскеуде жүздеген адам қатысқан Шүкеновпен қоштасу рәсімі өтілді. Алматыда сол күні жастар Республика сарайының алдында жиналып, кешке дейін оның өлеңдерін салған. Алматыда Қазақ мемлекеттік филармониясында 1 мамыр күні сол кездегі Алматы әкімі Ахметжан Есімов ұйымдастырған жаназа (траур) рәсімі өткізілді. Оның есігі сағат 8:00-ден бастап әрбір қонаққа ашық болатын. Оған қатысушылардың ішінде әртістер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен фанаттары қатысты. Рәсім кезінде Алматы әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Батырхан Шүкеновтің жақындары мен туыстарына жазған хатын оқыды. Ол тағы Алла Пугачёваның да хаты бар екендігін айтты. Сол жылдың 18 мамыр күнінде, Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай Республика сарайы (Алматы)нда әншіге арналған естелік кеші ұйымдастырылды. Ол жерде Шүкеновтің жазған әндері ойналды. Батырхан Қамалұлы Шүкенов Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында жерленді. ## Естелігі 2018 жылы 18 мамыр күні туған жері Қызылордада Шүкеновке ескерткіш қойылды. Ашылу рәсімінде оның досы және «А`Студио» тобындағы әріптесі Байғали Серкебаев ән салды. Қызылорда қаласында Батырхан Шүкенов атына қойылған парк бар, және Алматы қаласының Бостандық ауданында оның атымен аталған көше бар. 2021 жылы «ARTиШОК» тобымен Шүкеновке арналған спектакль өткізілді. Батырхан рөлін Қуантай Әбдімәди сомдады. ## Жеке өмірі 2008 жылдың қараша айында, 46 жастағы Батырхан Санкт-Петербургте өзінің алғашқы жары 30 жастағы Әйгеріммен кездесіп, үйленді. Бұл некеде балалар болған жоқ. Батырханның туған ағасы Бауыржанның әйелі, Дина Шүкенованың айтуы бойынша «Батырхан көп уақыт некеде болмаған еді, ол әйелімен ажырасқан болатын». Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары, Флорида штатындағы Сарасота қаласында анасымен бірге Батырханның бірінші бейресми некесінен туған ұлы Мақсұт (б. 2002) тұрады. ## Дискографиясы ### «A`Studio» тобының құрамында * «Путь без остановок» — 1988, «Мелодия» фирмасы * «Джулия» — 1990, «Русский диск» * «A`СТУДИО» — 1993, «Jeff Records» * «Солдат любви» — 1994, «Союз» студиясы * «A`STUDIO LIVE» — 1995, «Союз» студиясы * «Нелюбимая» — 1996, «Союз» студиясы * «The Best» — 1997, «Союз» студиясы * «Грешная страсть» — 1998, «ОРТ-Рекордз» ### Жеке * «Отан ана» — 2002 * «Твои шаги» — 2006 * «Батыр Live» — 2007 * «Осторожно, милая девушка!» — 2010 * «Всё пройдёт...» — 2010 * «Душа» — 2013 * «Аманат» — 2015 * «Нас исцеляет любовь» — 2017 * «Осень» — 2019 * «Батыр» — 2019 — 9хCD + 2xDVD (антология) ## Дереккөздер
Батырхан Қамалұлы Шүкенов (18 мамыр 1962, Қызылорда, Қазақ КСР, КСРО — 28 сәуір 2015, Мәскеу, Ресей) — қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетті. Алғаш танымалдылығы да сол топ арқылы келген. ## Өмірбаяны Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасында Батырханнан басқа ағасы, інісі мен қарындасы болған. Батырхан ата-анасының ортаншы ұлы еді. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935—2011), 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған. 1981 жылы Шүкенов Алматыдағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысты. 1982 жылы консерваторияның студенті бола тұра Батырхан Алматыда Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич пен Болат Сыздықов секілді музыканттармен танысты. Кейін музыканттар Батырханды өз музыкалық топтарында саксофонист болуға өтініш білдірді. Арай тобы Роза Рымбаеваға аккомпонемент жасауымен Қазақстанға танымал ансамбль еді. Ұжымның құрамында Батырхан инструменталдық джаз композицияларын орындай жүріп, өзін альт- және тенор-саксофон виртуозы ретінде көрсетті. Нәтижесінде, Батырхан 1983 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды. 1985 жылы Батырхан Шүкенов Алматы мемлекеттік консерваториясындағы білімін аяқтады. 1985-1986 жылдары аралығында ол Кеңес Одағының әскері қатарында әскери қызметін атқарады. Мұнда да оркестр құрамында музыкамен шұғылдануды жалғастырады. 1987 жылы музыканттар «Арай» ансамблі құрамында өз шығармашылығының шектеулі екенін сезініп, Роза Рымбаеваға сүйемелдеуден бас тартады. Кейін музыканттар «Алма-Ата» тобын құрады. Топтың құрамында Батырхан саксофонда ойнаумен қатар, вокалмен айналыса бастайды. Бір жылдан соң топ «Мелодия» фирмасында өзінің алғашқы альбомын «Путь без остановок» (8 әннің барлығын Шүкенов орындайды) жарыққа шығарып, топтың атауын «Алма-Ата Студиоға» ауыстырады. 1989 жылы музыканттар өзінің алғашқы бүкілодақтық хиты «Джулияны» шығарды. Алла Пугачева бірден топпен танысып, оларды Қазақстаннан Мәскеуге шақырады. Кейін А’Студио бүкіл елге танымал болып, атағы шығады. Тығыз гастрольдық кестелер, пластинка жазылымдары, Батырдың орындауындағы жаңа әндер. А’Студио жиі Мәскеуде көпшілік алдына шығып, сахнада өнер көрсеткендіктен, ол Ресейлік топ болып саналды. Музыканттар Алла Пугачеваның Ән Театрында 1989-1994 жылдар аралығында жұмыс жасады. Батырханның сөзі бойынша, олар Алла Борисовнамен «шынайы дос болған». «Алла Борисовнаға жиі қонаққа барып, әңгіме-дүкен құрып, сурет салатын едік…». Ал Батырханды ол «балам» деп атаған. 2000 жылдың күзінде Батырхан топтан кетіп, этникалық музыкаға оралуға шешім қабылдады. Ол қысқа атқа ие болған «Батыр» жобасымен айналыса бастайды. Оның жаңа репертуарының авторларының бірі Павел Есенин аталды. 2002 жылы Батыр өзінің алғашқы жеке альбомы «Отан ананы» жарыққа шығарды. 2005 жылы Батырхан Киевте өткен музыкалық сайыс Eurovision 2005 «Твои шаги» әнімен қатысады. Дауыс беру нәтижесінде Батыр 7-ші орынды иеленеді. 2007 жылы Республика сарайы (Алматы)ндағы концерттері мен видеоклиптері бар «Батыр LIVE» альбомы жарық көреді. 2007 жылдан 2015 жылға дейін Батырхан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы кеңесшісі қызметін атқарады. 2009 жылдың 20 қарашасында Батырхан Шүкенов Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Ұлттық елшісі жарияланады. Ал 1 жылдан соң,Алматыдағы қайырымдылық бал комитеті құрамына енеді. 2010 жылы Батырхан Шүкенов төртінші жеке альбомы «Осторожно, милая девушка!» шығарады. Алайда музыкалық сыншылар бұл альбомды немқұрайлықпен қарсы алды. Ресейлік журналист және музыкалық сыншы Гуру Кен Батырхан туралы өз сөзінде музыкантты «әлсіз репертуардан азап шеккен үлкен әртіс» деп атаған.Нақ сол жылы «Всё пройдёт…» альбомы да жарық көреді. 2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бұйрығы бойынша Батырхан Шүкеновке «Қазақстан өнеріндегі еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді. 2013 жылы Батырханның соңғы альбомы «Душа» шықты. Сол жылы «Россия-1» телеарнасындағы «Живой звук» телебағдарламасының жеңімпазы атанды. 2015 жылы әртіс «Россия-1» телеарнасындағы «Один в один!» музыкалық бағдарламасына қатысты. ## Қайтыс болуы Директоры Руслан Магомедовтың айтуы бойынша, 2015 жылы 28 сәуір күні сағат шамамен 22:35-те Батырхан Шүкенов 53 жасында өзінің Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның себепі инфаркт болып есептеледі. 29 сәуір күні Мәскеуде жүздеген адам қатысқан Шүкеновпен қоштасу рәсімі өтілді. Алматыда сол күні жастар Республика сарайының алдында жиналып, кешке дейін оның өлеңдерін салған. Алматыда Қазақ мемлекеттік филармониясында 1 мамыр күні сол кездегі Алматы әкімі Ахметжан Есімов ұйымдастырған жаназа (траур) рәсімі өткізілді. Оның есігі сағат 8:00-ден бастап әрбір қонаққа ашық болатын. Оған қатысушылардың ішінде әртістер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен фанаттары қатысты. Рәсім кезінде Алматы әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Батырхан Шүкеновтің жақындары мен туыстарына жазған хатын оқыды. Ол тағы Алла Пугачёваның да хаты бар екендігін айтты. Сол жылдың 18 мамыр күнінде, Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай Республика сарайы (Алматы)нда әншіге арналған естелік кеші ұйымдастырылды. Ол жерде Шүкеновтің жазған әндері ойналды. Батырхан Қамалұлы Шүкенов Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында жерленді. ## Естелігі 2018 жылы 18 мамыр күні туған жері Қызылордада Шүкеновке ескерткіш қойылды. Ашылу рәсімінде оның досы және «А`Студио» тобындағы әріптесі Байғали Серкебаев ән салды. Қызылорда қаласында Батырхан Шүкенов атына қойылған парк бар, және Алматы қаласының Бостандық ауданында оның атымен аталған көше бар. 2021 жылы «ARTиШОК» тобымен Шүкеновке арналған спектакль өткізілді. Батырхан рөлін Қуантай Әбдімәди сомдады. ## Жеке өмірі 2008 жылдың қараша айында, 46 жастағы Батырхан Санкт-Петербургте өзінің алғашқы жары 30 жастағы Әйгеріммен кездесіп, үйленді. Бұл некеде балалар болған жоқ. Батырханның туған ағасы Бауыржанның әйелі, Дина Шүкенованың айтуы бойынша «Батырхан көп уақыт некеде болмаған еді, ол әйелімен ажырасқан болатын». Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары, Флорида штатындағы Сарасота қаласында анасымен бірге Батырханның бірінші бейресми некесінен туған ұлы Мақсұт (б. 2002) тұрады. ## Дискографиясы ### «A`Studio» тобының құрамында * «Путь без остановок» — 1988, «Мелодия» фирмасы * «Джулия» — 1990, «Русский диск» * «A`СТУДИО» — 1993, «Jeff Records» * «Солдат любви» — 1994, «Союз» студиясы * «A`STUDIO LIVE» — 1995, «Союз» студиясы * «Нелюбимая» — 1996, «Союз» студиясы * «The Best» — 1997, «Союз» студиясы * «Грешная страсть» — 1998, «ОРТ-Рекордз» ### Жеке * «Отан ана» — 2002 * «Твои шаги» — 2006 * «Батыр Live» — 2007 * «Осторожно, милая девушка!» — 2010 * «Всё пройдёт...» — 2010 * «Душа» — 2013 * «Аманат» — 2015 * «Нас исцеляет любовь» — 2017 * «Осень» — 2019 * «Батыр» — 2019 — 9хCD + 2xDVD (антология) ## Дереккөздер
Хиуа (өзб. Xiva) — Өзбекстанның Хорезм облысындағы қаласы. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 метр биіктікте, Үргеніш темір жолы стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. Халқы 51,2 мың (2004) адамға тең. Хиуа тарихы көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Хиуа б. з. д. 1-мыңжылдықта дамыған Топыраққала, Қуатқала, Бүркітқала, Гүлдірсін, Қырыққыз, т. б. қалалармен қатар аталады. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. 5 ғасырда қаланған. Бастапқыда Ахемен әулеті мемлекеттерінің, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болды. Хиуаны 712 жылы арабтар жаулап алды. IX–X ғасырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді. Хиуа қаласында өз заманында Мұхаммед әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина тәрізді ірі энциклопедияшы ғалымдар еңбек етті. Шыңғыс хан мен Әмір Темір заманында Хиуа қиратылып, талауға түсті. Хиуаның қайта гүлденген кезеңі 16 ғасырға сәйкес келеді. Бұл кезде қаланың ірі қорған қабырғалары, салтанатты сарайлар, мешіттер, мұнаралар, кесенелер салынып, архитектуралық ансамбль құрылды. XVII-ғасырда Хиуа Хиуа хандығының астанасы болды. 1842 жылы Хиуа хандығының билеушісі Аллақұл хан Хиуаның бір бөлігін арнайы дуалмен қоршатып, қаланың ол бөлігін Ишан қаласы деп атады. 19 ғасырда Хиуада көптеген медреселер мен мешіттер салынды. Әйгілі медреселердің қатарына көркем безендірілген ғимараты бар Мұхаммед Аминхан медресесі жатады. 1873 жылы Хиуаны орыс әскерлері басып алып, бүкіл Хиуа хандығымен бірге Ресей империясының протекторатына айналдырды. 1920–1924 жылы Хорезм Халық Кеңес Республикасының астанасы болды. 1967 жылы қаланың ескі бөлігі — Ишан қаласы қорыққа айналдырылды. 1995 жылы Хиуа ЮНЕСКО-ның шешіміне сай әлемдік мәдениеттегі ерекше орны бар қалалардың қатарына қосылды. 1997 жылы Хиуаның 2500 жылдық мерейтойы аталып өтті. ## Дереккөздер
Ленинское — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, Лесной ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1702 адам (836 ер адам және 866 әйел адам) болса, 2009 жылы 1324 адамды (634 ер адам және 690 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызылжұлдыз — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Лесной ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2010 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде. ## Жергілікті халық 1999 жылы жергілікті халық саны 216 адам (112 ер адам және 104 әйел адам) болса, 2009 жылы 6 адам тұрды (4 ер адам және 2 әйел адам). ## Дереккөздер
Дайындық — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Лесной ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан батысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 248 адам (123 ер адам және 125 әйел адам) болса, 2009 жылы 182 адамды (97 ер адам және 85 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Лесные Поляны — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Полтава ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 227 адам (115 ер адам және 112 әйел адам) болса, 2009 жылы 95 адамды (56 ер адам және 39 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Борки — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Полтава ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде, Үлкен Жарма көлінің солтүстік-шығыс жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 349 адам (182 ер адам және 167 әйел адам) болса, 2009 жылы 70 адамды (40 ер адам және 30 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақтөбе (орыс. Ахтубинск) — Ресейдің Астрахан облысындағы қала (1959 жылдан), Ахтубинск ауданының орталығы, темір жол стансасы. Қаланың негізгі бөлігі Ахтуба өзенінің оң жағасында орналасқан. Халқы - 39 386 (санақ жылы 2013). Ет комбинаты, консервілеу зауыты, кеме жөндеу және кірпіш зауыттары бар. Басқұншақ көлінде өндірілген ас тұзы басқа аудандарға Ахтубинск арқылы жөнелтіледі. ## Физикалық-географиялық сипаттамалары ### Сағат белдеуі Ақтөбе қаласы халықаралық стандарт бойынша Samara Time Zone (STZ) ретінде белгіленген уақыт белдеуінде орналасқан. UTC-ке қатысты жылжу +4:00 құрайды, Мәскеу уақытымен салыстырғанда +1 сағат құрайды. Ақтөбедегі уақыт географиялық уақыт белдеуіне сәйкес келеді. ### Географиялық орны Ақтөбе қаласы Астрахан облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі жартылай шөлді аймақта орналасқан Ақтөбе ауданының құрамына кіреді және Еділ өзенінің сол жағалауында созылып жатыр. Оның аумағы 781 мың га құрайды. Ақтөбе - Ақтөбе ауданының аудан орталығы және Астраханнан 292 км қашықтықта орналасқан. Облыс орталығымен байланыс автомобиль, су, темір жол және әуе көлігімен жүзеге асырылады. Аудан солтүстігінде Волгоград облысымен, шығысында Қазақстанмен, батысында Черноярскпен, оңтүстік-батысында Жантаумен, оңтүстігінде Қарабайлы аудандарымен шектеседі. Аумағы біркелкі, табақша тәрізді ойпаң-шұңқырлы жазық. Еділ және Ақтөбе өзендерінің аңғарларында терең, бірақ қысқа жыралар бар. Жалпы жайылма арналы-көлдері бар үлкен жоталы бедермен сипатталады. ### Климаты ## Ұлттық құрамы * орыстар — 35 937 (86,5 %); * қазақтар — 2 496 (6 %); * украиндар — 935 (2,2 %); * басқалар — 5,3 % ## Фотогалерея * * * * * * * * * ## Дереккөздер
Астана футбол клубы — қазақстандық кәсіби футбол клубы. 2009 жылы Астана қаласында құрылды. 2013 жылдан бастап ЕУРО кубоктарға қатысады. Қазақстанның 7 дүркін чемпионы. Астана клубы 2015-16 жылғы Еуро-кубоктар маусымында кипрлық АПОЕЛ-ды 2-1 жалпы есебімен жеңіп, Еуропа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған Қазақстан тарихындағы алғашқы клуб атанды. Астана Арена стадионы клубтың негізгі ойын стадионы. 2023-24 жылғы маусым қорытындысы бойынша УЕФА клубтары тізімінде 136 орында. ## Тарихы 2009 жылы "Алматы" мен "Мегаспорт" клубтарының қосылуымен пайда болды. Клубтың тұңғыш жаттықтырушысы Вахид Масудов болды. Одан кейін клубты Сергей Юран жаттықтырды. Алғашқы маусымда клуб сапында Егор Титов, Андрей Тихонов (кейін клубқа бапкер де болды) секілді ресейлік ардагер футболшылармен бірге қазақстандық Андрей Карпович, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, өзбекстандық Максим Шацких секілді футболшылар ойнады. 2009 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымын клуб Алматыда өткізді. Одан кейін клубтың базасы Астанада жаңадан салынған "Астана Арена" стадионына ауысты. Маусым қорытындысында клуб екінші орын алды. Бірақ жалақыны уақытында ала алмағандықтан Сергей Юранмен бірге бірнеше легионерлер клубтан кетті. Күміс жүлде иеленгеніне қарамастан клуб 2010/11 жылғы Еуропа лигасына УЕФА-ның "үш жыл ережесі" бойынша қатыса алмады (еурокубоктерге ұлттық біріншілікте кемінде үш маусым ойнаған клуб қана қатыса алады). 2014 жылғы маусым айында клуб бапкері боп болгариялық Станимир Стоилов тағайындалды. Осы маусымда тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. 2015 жылы 26 тамыз күні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Кипрде жергілікті АПОЭЛ клубымен тең түсті (өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан-ды). Екі ойын қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Қазақстан атынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы клуб атанды. Топтық кезеңде "Галатасарай", "Атлетико Мадрид", "Бенфика" клубтарымен бір топқа түсті. Бұл жылы топтық турнирде жеңіс тойын тойлай алмады, алты кездесудің төртеуінде тең ойнап, төртінші орында қалды. Тек сырт алаңда "Бенфика" мен "Атлетикодан" ұтылды. 2016/17 жылғы маусымда тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасының топтық турниріне жолдама алды. Бұл жолы да төртінші орында қалды. 2017/18 жылғы Еуропа Лигасында тұңғыш рет көктемгі плей-офф кезеңдеріне дейін жетіп, 1/16 финалда "Спортинг Лиссабоннан" ұтылды (үйде 1:3, сыртта 3:3). Осы матчтан соң бас бапкер Станимир Стойлов командадан кетіп, орнына Григорий Бабаян келді. 2019 жылдың басында команда тізгінін украиналық бапкер Роман Григорчук ұстады. Григорчуктың басқаруымен клуб тағы да Қазақстан чемпионы атанды және Еуропа лигасының топтық турниріне шықты. Бірақ Еуропа лигасының топтық турнирінде клуб бір рет қана жеңіске жетті ("Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты), осы себеппен 2020 жылдың басында Григорчук қызметтен босады. 2020 жылдың басында клуб тізгінін сол кездегі Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкері Михал Билек ұстады. 2020/21 жылғы чемпиондар лигасында клуб бірінші раундта-ақ "Динамо Брест" клубынан 3-6 есебімен ұтылып, Еуропа лигасына түсіп қалды. Осы жеңілістен соң ұзамай Билек орнын босатты, оның орнына келген Пол Эшуорт та клубтың құлдырауын тоқтата алмады, чемпионатта "Қайратты" турнир кестесінде өздерінен ұзатып алды, Еуропа лигасында "Будучностан" ұтылып қалды да, соңғы алты жылда бірінші рет клуб еуротурнирлерде топтық кезеңге шыға алмады. Қыркүйек айының соңында енді тізгінді ресейлік маман Андрей Тихонов ұстады. Бірақ клуб 2020 жылғы чемпионатты үшінші орынмен қорытындылады. ## Еуропадағы өнері Астана клубы УЕФА чемпиондар лигасындағы Ыстамбұлдың "Галатасарайымен" Астанада 2-2 тең түсіп алғашқы ұпайын алады. 2015-2016 жылғы маусымда өз алаңында ұтылып көрмеді: ## Премьер-лигадағы көрсеткіштер кестесі ## Еурокубоктар ### Матчтары Notes * І КР: Бірінші квалификациялық раунды * ІІ КР: Екінші квалификациялық раунды * ІІІ КР: Үшінші квалификациялық раунды ## Рейтинг Астана футбол клубының барлық жылдардағы рейтингі. Ақпарат УЕФА ресми сайтынан алынған: ## Клубтың түстері және формасы ### Логотип * Астана футбол клубының 2020 жылдан бастап қабылданған логотипінде екі жұлдыз – Астананың 6 чемпиондығының символы (елдегі әрбір үшінші чемпионатқа бір жұлдыз). ## Стадион Астана футбол клубы «Астана Арена» стадионында ойнайды. Сыйымдылығы 30 200 көрермен. Стадионның жылжымалы шатыры бар, ол 20 минутта ашылып-жабылады. Алаң жасанды, футболдан басқа концерттерді өткізуге бейімделген. 2020 жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Астана маусымды 1500 орындық «Жас Қыран» стадионында бастауға мәжбүр болды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты 2024 жылғы маусымда Астана қайтадан «Хан Тәңірі» стадионында өткізуге мәжбүр. ## Брендтер және демеушілік ## Басшылық 2024 жыл, қыркүйек ## Бапкерлік құрам 2024 жыл, қыркүйек ## Негізгі Құрам * №12 жанкүйерлерге берілген. ## Бас бапкерлер Астана футбол клубының барлық бапкерлері ## Жетістіктері Қазақстан Премьер Лигасы * Чемпион (7, рекорд): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2022 * 2-орын (3): 2009, 2013, 2021 * 3-орын (1): 2020 Футболдан Қазақстан Кубогы * Жеңімпаз (3): 2010, 2012, 2016 * Финалист: 2015 Футболдан Қазақстан Суперкубогы * Жеңімпаз (6, рекорд): 2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023 ## Рекордтар ### Командалық рекордтар * Ең ірі жеңістер: Астана - Корвинул 6:1, Астана - Атырау 7:0 * Өз алаңында ең ірі жеңіс: Астана - Атырау 7:0 * Сырт алаңда ең ірі жеңіс: Ертіс - Астана 1:6 * Ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0 * Өз алаңында ең ірі жеңіліс: Астана - АЗ Алкмаар 0:5 * Сырт алаңда ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0 ### Футболшылар орнатқан рекордтар 2024 жыл, қыркүйек * Бір маусымдағы ең көп гол: 19 — Марин Томасов, 2019 жыл * Бір маусымда чемпионатта ең көп гол: 12 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл * Бір маусымда ең көп ассист: 19 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл * Бір маусымда чемпионатта ең көп ассист: 17 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл * Ең жас дебютант: Мади Жакипбаев — 15 жас, 11 ай, 21 күн (12.03.2016) * Ең жас гол авторы: Абзал Бейсебеков — 16 жас, 5 ай, 10 күн (10.05.2009) * Қақпашылардың құрғақ сериясы (маусымда): Ненад Эрич — 565 минут (29.04.12 — 16.06.12) * Қақпашылардың құрғақ сериясы (чемпионатта): Владимир Логиновский — 555 минут (15.03.14 - 19.04.14) * Қақпашылардың құрғақ сериясы (кубокта): Ненад Эрич — 440 минут (01.11.12 - 16.08.14) ### Ең көп матч ойнаған ойыншылар 2024 жыл, қыркүйек ### Ең көп гол соққан футболшылар 2024 жыл, қыркүйек ### Ең көп нәтижелі пас берген футболшылар 2024 жыл, қыркүйек ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты  (орыс.)  (ағыл.)  (қаз.) * Астана футбол клубы нәтижелері
Саятшылықтың ішінде иттерді қолға ұстап үйретуді халық салбурын өнеріне жатқызған. Салбурын – ерте заманнан қалыптасқан қасиетті ұлттық мұра.Салбурынға шығу кезінде ойын-сауық құрып, мереке-думан жасаған. Саятшылар қыстыгүні топтасып тағалаған ат, жылы киім, баптап қолға үйретілген құмай тазы иттерімен қараша айынан бастап, ақпанның аяғына дейін 3 – 4 айға аң аулауға, қансонарға шыққан.Адам енді-енді тіршілік ете бастағанда жан-жануардың ішінен өзіне бірінші серік еткені ит екен. Ол – адамның досы, жанашыры, көмекшісі. Халқымыз асырайтын иттерін тұқымы жағынан дүрегей жəне тазы деп екіге бөлген. Дүрегей иттер үй маңайын, малдарды күзетеді. Олардың ішінен қасқырмен алыса кетсе, алқымынан алатын бөрібасарлар сияқты тайыншадай төбеттер шыққан. Олар түгіне қарай тықыр, сабалақ, жарғақ құлақ, дүрегей түкті, ал сүйек бітіміне қарай ірі сүйектілер болып жіктелген.Аңға салатын итін қазақтар тазы деп атайды. Тазы – орташа ғана бойы бар жүйрік ит. Ол қораға, адамға үрмейді. Суыққа шыдамсыз. Сондықтан қысты күндері үйде ұстайды. Жүні тықыр, сирақты, түстері өскен ортасына бейімді болады. Дала тазысының кеудесі мен бөксесінің биіктігі бірдей, өте шапшаң, сүйегі жеңіл, нəзік келеді. Сондықтан да оны ши тазы деп атайды. Таулы жердің тазысының кеуде жағынан бөксе жағы биіктеу, аяғы сіңірлі, мықты, мойыны ұзын əрі жуандау болады. Əдетте, олар – ашу шақырмайтын байсалды жануар, ал ашу шақырса аянбайтын жыртқыш. Өте ашулы кезінде тайсалмай қасқырға түседі. Аң аулауға шыққанда аңшының дыбыссыз жасаған бүкіл қозғалы сын бақылап, өте естілік көрсетеді. Аңшы бармаған немесе аң шы ескермей кеткен түкпір-түкпірдің бəрін өзі сүзеді. Тəжірибелі аңшы тазыны өте семіртпей не арытпай ұстайды. Құмай əрі жүйрік, əрі алғыр тазы ұғымында қолданылады. Иттің ең жүйрік, ең шалымды түрі құмай. Жүйрік, алғыр тазыларды «құстай ұшады» деп мақтап, қыран құс – құмайға теңеген, содан «құмай, құмай тазы» дейтін атау қалыптасқан. Қазақ аңызында «Ілуде бір италақаз жұмыртқасынан пайда болған ерекше тазының бір түрі» делінеді. Қазақтар жақсы көрген жүйрік тазысын «құстан жаратылған құмай» деп бағалаған. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет.ISBN 9965-26-407-4
Шілия – қамытты аттың мойнына кетірмеу үшін пайдаланылатын əбзел. Шілияны қайыстан тігіп, түйіп өріп істейді, шеберлер күміспен, жезбен қадақтап əсемдейді, əр жеріне қайыстан шашақ тағады. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет.ISBN 9965-26-407-4
Иса Қонай ұлы Ахунбаев (25.09.1908, Торыайғыр, Ыстықкөл ауданы - 05.01.1975, Шу облысы) - кеңес одағының атақты хирургі. Ұлты - қырғыз. Қырғыз ССР ғылым академиясының толық мүшесі (1954) және тұнғыш президенті (1954-60), КСРО Мғылым академиясының корреспондент-мүшесі. 1935 ж. Орта Азия медициналық институтын бітірген. 1935-37 жылдары Қырғыз ССР-і Денсаулық сақтау халкомының орынбасары, Қырғыз медициналық институтының директоры, жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі (1946-48 ж.). Ахунбаевтың медициналық саласынан 120 ғылыми еңбегі жарияланды, оның негізгілері балалардың бұғақ, соқыр ішек және эхинококкоз ауруын зерттеуге арналған. Ахунбаев - 1949 жылдан Қырғыз КП ОК мүшесі, КСРО Жоғары Советінің депутаты (2,4-шақырылуы). Хирургтердің халықаралық ассоциациясының мүшесі (1948). Ленин орденімент.б. 4 орденмен және медалдармен марапатталған. ## Дереккөздер
XIX ғасырдың басында Ақтөбе аймағын орыс отаршылдары жаулап алады. Олар қамал бекіністерін салып, қазақтардың жерін тартып ала бастайды. Бірде Қызылқала атты бекіністен бес жауынгер шығып елдің адамдарын соққыға жығады. Малын тартып əкетеді. Аңнан келген Құламан батыр ойран-топыр болған ауылын көреді. Ашуланған ол атынан түспестен жауларын қуып жетіп, екеуін қылышпен шауып өлтіреді. Қалған үшеуі жеткізбей Қызылқалаға кіріп кетеді. Қамал қақпасы тарс жабылады. Сонда батыр ойланбастан Ардакүреңге қамшыны басып-басып жіберіп, қамалдан бір-ақ секіріп ішіне түседі. Мұндай жағдайды күтпеген жау əскері абыржып, қолдарына қаруларын ала алмай қалады. Құламан батыр атойлап оңды-солды шапқылайды. Əбден ойрандап құмары қанғанша қылыштаған батыр Ардакүреңмен қамалдан секіріп, қайтадан сыртына шығады. Сөйтіп, жауын қырған Құламан батыр ауылын тұтас көшіріп, Сарыарқа жаққа өтіп кетеді. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет.ISBN 9965-26-407-4
Биіктігі 7—15 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 1—1,5 см, қара қоңыр, жұқа терілі, ішкі жағы қалың түкті қабықты. Сабағы жалаңаш, жапырақ саны екеу, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, жалаңаш, тегіс, сызықты, гүлден едәуір биік, төменгісі жалпақтау, ені 6—12 мм. Гүлі біреу, 2 гүлдісі сирек, гүл серігі ақ (өте сирек сары), ұзындығы 15—25 мм, сыртқысы таспа тәрізді, сырты күлгін, ішкісінен 1,5 есе жіңішке, ішкісі сопақша, түбі ұзын тырнақшаға жіңішкерген және осында кірпікшелі; аталықтары гүл серігінен 2 есе қысқа, олардың жіпшелері сары, түбі түкті, тозаңдықтары сопақша сызықты, ұзындығы 4—5 мм, сүйір ұшы өте қысқа; түйіні аталыққа тең дерлік, едәуір ұзын бағанды. Мамыр—маусым айларында гүлдейді. Қазақстанда таралуы. Эндемик. Таудың альпілік белдеуінде өседі. Батыс Тянь—Шаньда кездеседі. Ескерту: Ақсу—Жабағылы мемлекеттік табиғат қорығында осы түрдің түгел сары түсті формасынан тұратын шағын популяциясы белгілі. ## Дереккөздер
Биберштейн қызғалдағы немесе Бәйшешек (лат. Túlipa biebersteiniána) - Лалагүл тұқымдасының Қызғалдақ туысына жататын көпжылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 15—30 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1—2 см, жұқа қабықты, қара қоңыр, ішкі жағының жоғарғы жәнетүп жағы қалың жатаған түкті қабықты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны –2—3, қайырылған, сирек бүктелген, жалаңаш, жиегі кейде кірпікшелі, гүлден аспайды, төменгісі шамалы жалпақтау, сызықша таспа, ені 5—20 мм. Гүлі біреу; гүл серігі сары, ұзындығы 2—3 см, біртіндеп сүйірленген, сыртқыларының сырт жағы күлгін ренді, таспа тәрізді,, ішкілерінен 2 есе жалпақ, ішкілері сопақша жұмыртқа тәрізді, түбі кірпікшелі, ұшы шамалы сақалды; аталығы гүл серігінен 2 есе қысқа; олардың жіптері қалың түкті сақиналы, тозаңдықтары ұзыншақ, жіптерінен 2—3 есе қысқа, ұзындығы 3—4 мм, түйіні аталығынан қысқа, аналық ауызы дерлік орнықты;қорапша ені 1—1,5 см, ұзындығы 1,5—2,5 см, ұшы сүйір. Сәуір —мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанда таралуы. Далалы, шалғынды даланың ойпат жерлерінде, орман алаңқайлары мен шетінде өседі. Жалпы Сырт сілемінде, Тобыл–Есіл, Ақтөбе, Торғай, Мұғалжар, Батыс шоқыларында кездеседі. ## Дереккөздер
Қонақ тары немесе Баттауық. немесе Ит қонақ, немесе Қарабас шөп (лат. Echinochloa crus-galli) – астық тұқымдасының Echinоchloa туысына жататын бір жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 10 см-ден 120 см-ге дейін жетеді. * Сабағы түбінен бастап бұтақталған, домалақ сабан сабақты. * Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, тілшесіз, жиегі өткір бұдырлы. * Масағының қос жынысты жұмыртқа тәрізді бір гүлі болады, сағақсыз немесе қысқа гүлсағақты. * Гүлшоғырының ұзындығы 20 см-дей сыпыртқыгүл. * Масағының ұзындығы 3 мм-дей, қатты түкті қабыршағы бар. * Жемісі - сопақша келген дәнек, ұзындығы 2-3 мм, ені 1,2-1,25 мм. ### Көбеюуі Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді, тамыз-қыркүйек айларында піседі. Тұқымынан көбейеді. Дәні құстарға азық ретінде қолданылады. ### Өсу ареалы Қазақстанның барлық жерінде егістіктерде және бау-бақшаларда өседі. ## Дереккөздер
Полтавка — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, Полтава ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 984 адам (491 ер адам және 493 әйел адам) болса, 2009 жылы 799 адамды (396 ер адам және 403 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қосқұдық сексеуілді орманы - Мойынқұм құмды алқабының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің сол жағалық аңғарындағы орманды алқап. ## Географиялық координаттары * Жамбыл облысының Шу (шығыс бөлігі), Меркі (оңтүстік бөлігі) және Мойынқұм (басым бөлігі) аудандары жерлерін қамтып жатыр. * Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылған, енді жері 30 км-ге жуық.. * Аумағы 3,5 мың км². * Алқаптың шағын бөлігі (0,6 мың км²) Шу өзенінің оң жағалық аңғарындағы Сексеуілдала даласында жатыр. * Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 330-400 м, абсалюттік биіктігі 444 м (алқаптың оңтүстік-шығысындағы Аязбай қыстауы маңы). Қосқұдық сексеуілді орманының алқабында Мойынқұм ауданының орман шаруашылығы, сондай-ақ аудан орталығы Мойынқұм ауылы, т.б. елді мекендер, қыстаулар мен жайлаулар, суы тұщы құдықтар орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Палеоген кезеңіндегі тектоникалық қозғалыстың әсерінен әуелі Шу өзенінің аккумулятты жазығы қалыптасса, неогеннің 2-жартысында өзеннің аңғары толығымен қалыптасып, жазық далада құм төбелер пайда болған. ## Климаты Қосқұдық сексеуілді орманының климаты қоңыржай континетті: * қысы суық, жазы қуаң әрі азынақты ыстық, қаңтар айының жылдық орташа мөлшері -8-12°С, кейде ауа температурасы - 36°С-қа дейін төмендейді. * шілде айының жылдық орташа мөлшері 25-27°С, кейде ауа температурасы 42°С-қа көтеріледі. * жауын-шашынның орташа мөлшері 130-180 мм. * аясыз күннің орташа мөлшері 5,5 айға (170 күн) жетеді. * желдің жылдық орташа мөлшері 2,9-3,3 м/с, кейде оның жылдамдығы 20 м/с-қа дейін болады. ## Топырағы * Орманның басым бөлігінің топырағы сортаңданған және құмдақты сұр топырақтан тұрады. * Құм төбелер арасындағы шұратты жерлерде грунт сулары жер бетіне жақын жатыр (1,5 м-ден 5 м-ге дейін). ## Өсімдігі * Топырақ жамылғысында сексеуілден басқа (негізгі алқапта қара сексеуіл өседі) баялышты-жусанды, бұйырғынды-жусанды өсімдіктер басым. * Кейбір жерлерде теріскен, күйреуік, ши, жүзгін жыңғыл шоғырлары кездеседі. * Өзен бойында ну қамыс, шілік жыңғыл аралас тоғай қалыптасқан. ## Жануарлары Жабайы шошқа (доңыз), ақкіс, сусар, ондатр, қасқыр, қызыл түлкі, борсық және т.б. жануарлар. ## Тағы қараңыз * Сексеуіл * Орман ## Дереккөздер
Күмәнді қоңыраусары (лат. Thladiantha dubia) - асқабақтар тұқымдасы, қоңыраусары туысына жататын көп жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 0,5-1,5(3) м. * Сабағы түкті, аздап бұтақталған. * Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-13 см, ені 4-9 см, ұшына қарай сүйір, түбінде терең ойығы бар, жиегі аздап тісті, екі жағын ұсақ түк басқан. Жапырақ жүйкесінің бойы мен сағағын қатты қылтанақ және қысқа түк басқан. * Гүлсидамының ұзындығы 12 см, аталық гүлдерінің гүл сағағы жіңішке, ұзын әрі жұмсақ түкті, ұзындығы 1-3 см. Аналық гүлдерінің сағағы жуандау. * Қандауыр тәрізді тостаған жапырақшаларының ұзындығы 12-13 мм, сыртына қарай қайырылған. Күлтесі сары түсті, ұзынша жұмыртқа тәрізді, диаметрі 2,5-3 см, сүйір немесе сүйірлеу. Аналық мойны жалаң, бүйрек тәрізді аналық аузы болады. * Жемісі сопақ жұмыртқа тәрізді, жасыл немесе қызыл түсті, томпақ келген және қысқа түкті, ұзындығы 4-5 мм, ені 2,5-3 мм. ### Көбейуі Маусым-қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз-қазан айларында жемістенеді. Тұқымы және тамыр түйнегі арқылы көбейеді. ### Өсу ареалы * Қазақстанда Іле және Күнгей Алатауларында өседі. Бау-бақшаларда арамшөп ретінде, қала маңында, тау етегіндегі жол жиегінде өседі, әсемдік үшін де өсіріледі. ## Дереккөздер
Қарамая – Батыс Үстірт кемерінің орта бөлігіндегі төбе. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төлеп ауылының солтүстік-батысында 65 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 209 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км жерге созылып жатыр. Енді жері 1 км шамасында. Беткейлері жайпақ, пішіні сопақ тәрізді келген. Солтүстігінде Нұртанқазған, шағысында Басқараған құдықтары, оңтүстігінде өзімен аттас Қарамая көлі мен өзен орналасқан. ## Өсімдігі Сортаң, сор топырақ жамылғысында бұйырғын, көкбуын, баялыш, жусан және т.б. бұталар өседі. ## Дереккөздер
Новороссийское — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Черкасск ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 556 адам (291 ер адам және 265 әйел адам) болса, 2009 жылы 253 адамды (121 ер адам және 132 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Добровольское — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Черкасск ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 514 адам (242 ер адам және 272 әйел адам) болса, 2009 жылы 380 адамды (193 ер адам және 187 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Черкасское — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, Черкасск ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1468 адам (717 ер адам және 751 әйел адам) болса, 2009 жылы 1197 адамды (581 ер адам және 616 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ивановка — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, Иванов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1385 адам (689 ер адам және 696 әйел адам) болса, 2009 жылы 975 адамды (479 ер адам және 496 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сарышешек, рамматофиллюм - орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта. Қазақстанда кездесетін 2 түрі бар: жуантамырлы, тауды тасты беткейлеінде өседі, биіктігі 10 - 30 см аралығында. Мұғалжар, Жетісу, Күнгей Алатауларында, ұсақ шоқылы аймақтарда, Солтүстік Үстіртте, Арал теңізінің жағалауында, Бетпақдала мен Алтайда кездеседі, бұталы сарышешек шөлейтті жерлерде өседі, биіктігі 50 см-дей. Бұлардың сабақтары бұтақталып келеді, жапырақтары ұзын, жіңішке. Тостағанша жапырақтарының пішіні ұзынша, күлтесінен екі есе қысқа. Аталықтары жіңішке, бос жатады. Аналық мойыны қысқа. Гүлі ақ немесе күлгін түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі - түзу немесе сәл иіліп келген бұршаққын. Ол екі жағына қарап ашылады. Тұқымының сырты тегіс, қоңыр түсті. Бұталы сарышешек - Бетпакдала, Қарқаралыда және Жетісу Алатауында кездесетін эндемик. ## Дереккөздер Атамекен географиялық энциклопедиясы
Тоқшын — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, Тоқшын ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2586 адам (1234 ер адам және 1352 әйел адам) болса, 2009 жылы 2066 адамды (1014 ер адам және 1052 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сибағат (төл есiмi Сиғуатолла) Мәкәрiмұлы — 1888 жылы бұрынғы Бөкей Ордасы, қазiргi Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Үштаған ауылында дүниеге келiп, сол жерде 1976 жылы дүниеден озған. Қазақтың дiни ағартушысы. Шыққан тегі Кіші жүз, Байұлы, Алаша руы. Әкесi Мәкәрiм Мұсылманұлы есiмi ел арасында медресе ашып, дiни және емшiлiк қызметiмен кең таралған. 1916 жылдары Меккеге 2-шi мәрте қажылық сапарына аттанып, сол жерде дүние салған. Сибағат Мәкәрiмұлы 20-шы ғасырдың басында Уфа қаласындағы әйгiлi "Ғалия" оқу орнын тәмамдап, Стамбул, Қазан, Астрахан шаһарларында дiни және медицина бағытында iлiм алған. 1918 жылдардан бастап елге оралып медресе ашып, медицина және ағартушылық бағытта қызмет еткен. Сибағат Мәкәрiмұлының тылсым күштерi және көрiпкелдiк қасиеттерi мен терең дiни iлiмнiң ие болуына байланысты ел арасында оны Сибағат Әулие деп атап кеткен. Халық жадында Сибағат Әулие сопылық дәрежедегi қарапайымдылығы мен жұпыны өмiрi, көптеген шипагерлiк қасиеттерi мен ағартушылық жұмыстары жақсы сақталған. 1975 жылы Ботахан ауылында халық ақыны Әбу Сәрсенбаев пен Сибағат Мәкәрiмұлы арасында қоғамдық, әлеуметтiк, рухани сұрақтарды қамтыған үлкен сұхбат болып, оған көптеген ауыл халқы қатысқан.
Камышлово — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Тоқшын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 694 адам (346 ер адам және 348 әйел адам) болса, 2009 жылы 339 адамды (182 ер адам және 157 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Малайсары жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысында, Іле өзенінің оң жағалауынан бастап ендік бағытта созылып жатқан жота. ## Географиялық орны Алматы облысы Талғар және Жетісу облысы Кербұлақ аудандары жерінде орналасқан. Солтүстігінде Мойынқұм құмымен, оңтүстігінде Итжон үстіртімен шектеседі. Жота батыстан (718 м) шығысқа (1406 м) қарай биіктейді, жалпы ұзындығы 80-85 км, енді жері 20 км-ге жетеді. ## Жер бедері Солтүстігі мен оңтүстігінің адырлы беткейлері қатты тілімделген. Олардан жаз айларында құрғап қалатын шағын өзендер бастау алады. ## Климаты Климаты тым континентті. Ауа райының орташа температурасы қаңтарда -8-12°С (кейде -34°С-ке дейін төмендейді), шілде айында 24-28°С (кейде 35°С-қа дейін жоғарлайды). Жауын-шашынның орташа мөлшері қыс айларында 50-200 мм, жаз айларында 150-180 мм. ## Топырағы, өсімдігі мен жан-жануарлары Топырағы батысында - сұр, шығысында - бозғылт қоңыр. Өсімдіктері - жусан, бетеге, селеу, көде, қау, ебелек аралас әр түрлі шөптер. Жота қойнауын тышқан, кесіртке, жылан, т.б. жәндіктер, торғай, бұлдырық т.б. құстар мекендейді. ## Елді-мекендері Жота баурайында қыстаулар (Тоғызқұдық, Қопалы, Малайсары, т.б.), қоныстар (Көкбастау, Кербұлақ, т.б.) мен бұлақтар орналасқан. Шығысындағы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылы маңында Малайсары жотасының етегімен Түрксіб темір жолы және Алматы-Өскемен автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Макаревич мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі қазаншұңқырлық мұздық. Мұздық атауы (1926-1992 жж.) кеңестік және қазақстандық мұзтанушы (гляциолог) Константин Григорьевич Макаревичтің есімімен аталған. ## Географиялық орны және ауданы Алматы облысы Қарасай ауданының оңтүстігінде Шнитников мұздығының батысында, Ақсай өзенінің бастауында жатыр. Ұзындығы 4,2 км, аумағы 5,9 км2, мұз көлемі 0,28 км2. Фирн (мұзқар) межесі 3600 м биіктіктен өтеді, мұздық тілі 3100 м-ге дейін түседі. ## Тағы қараңыз * Алатау таулары ## Дереккөздер
Майкөбен қоңыр көмір алабы – Павлодар облысы Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан. Алап Сарыкөл, Шөптікөл, Ащыкөл, Талдыкөл, Жиренкөл, Тасқұдық және Тамды кен орындарына бөлінеді. Аумағы 1040 км². ## Тарихы Мұндағы көмір туралы мәлімет 19-шы ғасырдың басында алынған. Алғаш А.А.Краснопольский зерттеген. Төменгі және ортаңғы юра көмірлі қабатының қалыңдығы 1850 м. ## Геологиялық құрлысы Майкөбен қоңыр көмір алабы 4 шоғырға: ащыкөл, талдыкөл, шөптікөл және жиренкөлге жіктеледі. Олардың ішінде ащыкөл, талдыкөл және шөптікөл шоғырларының 500-600 м қимасында негізгі көмір қабаттары мен горизонттары орналасқан. Шөптікөл шоғырының қалыңдығы 250-300 және 150-250 м болатын екі көмір горизонты бар. Оның қалыңдығы 170-340 м. Қалғандары бір-бір қабаттан (қалыңдағы 5-6м) тұрады. Сапалық көрсеткіштері бойынша алаптың көмірін жоғары сапалы энергетикалық отын, газға айналдыруға, кокстенгенде Қарағанды көмір алабындағы долинка шоғырының көміріне қоспа ретінде пайдалануға болады. Көмірлі шөгінділер ендік бағытта 70 км, енді жері 20 км болатын ірі синклинальды құрылымды түзейді. ## Көмірінің құрамы * Алаптың көмірі қара шірінді, күлділігі орташа (25-28% ). * Көмір шамалы күкіртті (0,5-1% ) және фосфорлы (0,1% ). * Жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 7-7,5 мың ккал/кг. * Шайырдың мөлшері 4-7% , кейде 10%. * Гумин қышқылы (шөптікөл шоғырында) құрғақ көмірге шаққанда 5% шамасында. * Битум 2,5% шамасында. * Көмірді газға айналдырғанда жылу бөлгіштігі 1000 ккал/м3 болатын 3,5 м3/кг газ алынған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Майкөбен көмірлі кен орны Мұрағатталған 13 сәуірдің 2014 жылы.
Тайтұяқ (лат. Asarum) - жиренше тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік туыстасы. Ұзын, жіңішке, көлбеу өскен тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтарының шеттері бүтін, аттың ізіне ұқсас, сағақтары ұзын, түкті. Бұл өсімдіктің жапырақтары қыста да түспейді. Гүл сабағы қысқа, гүлдері жеке-жеке орналасқан, сырт жағынан қарағанда ашық қоңырлау, ішкі жағы кою қоңыр түсті. Жемісі қауашақ сықылды. Сәуір айында гүлдейді. Бұл өсімдік негізінен ормандар арасында, көлеңкелі жерлерде өседі. ## Биологиялық сипаты * Тамыры тармақты көген тамырсабақ. * Сабағы - қысқа және тармақты. * Жапырақтары кезекті орналасқан, бүтін жиекті. * Гүлдері - дара гүлді , қос жынысты, аталығы 12. * Гүл формуласы — P_(3); A_{6+6}; G_(6) * Жемісі - дұрыс қақырамайтын қорапша. * Өсімдіктің өзіне ерекше иісі бар. Сәуір - мамыр айында гүлдейді. Жемісін маусым айында салады. Вегетативтік (тамырсабақтың ұлғаюы нәтижесінде) тәсілімен және дәндері арқылы көбейеді. ### Өсетін жері мен таралу аймағы Жер бетінде 100-ге жуық түрі бар. Көпшілік түрлері Оңтүстік-Шығыс Азияда таралған. Орманда, әсіресе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда өседі. ### Химиялық құрамы Өсімдіктің тамырында және жер үстіндегі бөлімдерінде эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алколоид, фенолкарбон қышқылдары, флавоноидтар, крахмал және гликозидтер бар. ### Емдік қасиеті және қолданысы Дәрілік мақсат үшін тайтұяқтың жер үстіндегі бөлігін және тамырын жинайды. Халық медицинасында несеп айдайтын, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар асқазан және жүрек қызметін реттейтін, қабынуға қарсы әсер ететін, құстыратын және осыған байланысты асқынған маскүнемдікке шипа болатын қасиеттері бар. Әйелдердің етеккірін қалыпқа келтіру үшін де қолданылады. Бауыр, асқазан, ішек ауруларына қарсы және сары ауруға ұшыраған кісілердің денесі сарғайғанда да ем үшін қолданылады. Шемен ауруында несеп жүргізу арқылы ісікті қайтару үшін пайдаланылады. Тайтұяқтың тамырынан азар эфир майын алады. Оны парфюмерияда көп қолданады. ## Сақтық шарасы Тамыры улы, сондықтан дәрі жасағaнда өсімдіктің дәрілік мөлшерін дұрыс алып, ұқыптылықпен қадағалау керек. Дәрігердің бақылауынсыз өсімдікпен емделуге болмайды. ## Дереккөздер
Степное — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Шағалалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстікке қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 332 адам (163 ер адам және 169 әйел адам) болса, 2009 жылы 256 адамды (120 ер адам және 136 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Южное — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Шағалалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 204 адам (95 ер адам және 109 әйел адам) болса, 2009 жылы 141 адамды (67 ер адам және 74 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құмбел сарышатыры (лат. Hieracium kumbelicum) – астралылар тұқымдасының сарышатыр туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларында санаулы түрде кездеседі. Биіктігі 50 см-ге дейін барады. Көптеген жіңішке қосымша тамырлардан тұратын тамыр сабағы қысқа. Сабағы тік әрі жіңішке, аздап қатпарланған. Түб жағын қалың түк басқан. Тамыр жапырақтары гүлдеу кезінде солып қалады. Сабағында 5-7 жапырағы жалпақ, қандауыр тәрізді, екі жағын да қарапайым және жұлдыз тәріздес түк басқан. Тостағаншасы бірнеше, ұзындығы 1,5 см, сабақтың жоғарғы жағында шатырша гүлшоғырына бекіген. Орама жапырақтары қарапайым, жұлдыз тәрізді және безді түк жапқан, күлтесі ақшыл сары түсті. Қылтанақты қара қоңыр түсті тұқымы цилиндр тәрізді, ұзындығы 2 мм-дей, қыры айқын, айдаршасы ақ түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым-тамыз айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Сирек кездесетін эндемик. Орман алаңқайларында, әр түрлі далалы-шалғынды жерлерде өседі. Таралу аймағының азаюына байланысты Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Үлгі — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Иванов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан шығысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 294 адам (151 ер адам және 143 әйел адам) болса, 2009 жылы 132 адамды (68 ер адам және 64 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі (7 наурыз - 6 тамыз 2014) — Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрамындағы байланыс, ақпараттандыру, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (7 наурыз - 6 тамыз 2014 жыл). Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс. Агенттіктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі» мемлекеттік мекемесі. 2014 жылдың 6 тамыз күні Президенттің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиналыста Президент Н.Назарбаев 17 министрліктің 12 қалатындығын және барлық агенттіктер министрліктердің құрамына кіретіндігін хабарлады. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі жаңадан құрылған ҚР инвестициялар мен даму министрлігінің құрамына кірді. Министр - Исекешов Әсет Орентайұлы. Агенттік басшысы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев министрдің орынбасары болып тағайындалды. ## Тарихы Агенттік 2014 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігінің негізінде құрылды. Агенттіктің төрағасы ретінде Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев тағайындалды . 18 наурыз күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Агенттіктің басшысы Үкімет құрамына енгізілді. ## Қызметі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне келесі қызметтер өтті: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы; Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді. ## Ұйымдастырылуы Агенттіктің құрамында 50 адам қызмет етеді. Басшылық құрамына Төраға, оның орынбасарлары мен жауапты хатшы кіреді. Төраға * Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Орынбасарлары * Сәкен Сейітжаппарұлы Сарсенов - бірінші орынбасар, байланыс және коммуникация саласына жауапты (11.04.2014 - ) * Дмитрий Васильевич Голобурда - ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласына жауапты. (11.04.2014 - ) * Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев - ақпарат және БАҚ өкілдерімен жұмысқа жауапты. (11.04.2014 - ) Жауапты хатшы * Бек Кәрімбекұлы Арпабаев ## Іс-шаралары ## Дереккөздер
Аша немесе Абу Басир Маймун ибн Кайс аль-Бакри немесе аль-Аша (араб.: اَلأَعْشَى‎) — VII ғасырдың араб ақыны. Ақын 570 ж.ш. Аравияда туған. Өмірінің көбін Арабияны кезумен өткізген, өлең айтып күн көрген. Аша Мұхаммед пайғамбарды мақтап қасида жазғанымен ислам дінін қабылдамаған. Христиандармен байланысты болған. Ол көне Арабиядағы «шарап жырының» бастаушысы және соның таңдаулы өкілдерінің бірі деп саналады. 629 ж.ш. қайтыс болған. ## Дереккөздер
Севан Рабдан, Севан Рабдан, Цеван Рабтан, Цеван Рабдан, Цон Араптан, Шаған Рабдан (1663 – 1727 жылдары өмір сүрген) – жоңғар ханы (1697 - 1727), мемлекет қайраткері, мәмлігер және қолбасшы. Жиырма жыл бойы Маньчжур әулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен қақтығысқа жол бермей Жоңғар хандығын тез арада нығайтып алып, өзінің күш-жігерін қазақ қоныстарын, Тянь-Шань қырғыздарының жерін, Шығыс Түркістанды, Саян-Алтай және Барабы даласын қоныстанған халықтарды жаулап алуға бағыттады. Жоңғарлар қазақтарға үсті-үстіне шапқыншылық жасап, адамдары мен малдарын айдап әкетті, жайылымдары мен мүліктерін тартып алып, кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып-жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы шабуылдар мен ішкі алауыздықтан бытырап, әлсіреген қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор қайғы-қасіретті бастан кешірді. Сыбан Раптан Шығыс Түркістанды бағындырып, Тибетке басып кіреді. 1716 жылы Сыбан Раптан әскерінің негізгі бөлігін қазақтарға қарсы аттандырады. 1718 жылы көктемде жоңғарлар Түркістанға тақап келген еді. 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болып, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Соғысқа мықтап дайындалып алған Сыбан Раптан 1723 жылы көктемде қазақ жеріне жеті тұстан басып кіреді. Бұл шабуыл қазақ халқына ауыр қасірет әкеліп, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталып кетті. Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын басып алды.1726 жылы барлық қазақ руларын басқыншыларға қарсы біріктіру қолға алынып (Ордабасы кеңесі), үш жүздің қолы жоңғар әскеріне соққы бере бастайды. ## Дереккөздер
Аша мұрт шаян немесе Кладоцерлер (лат. Cladocera) — омыртқасыз жануарлардың буынаяқтылар типінің шаянтәрізділер класына жататын жәндіктер. Бұлардың дүние жүзінде 420 түрі бар, ал Қазақстанда 130 түрі белгілі. Бұлар ағынсыз тұщы суларда, теңіздердің түбінде тіршілік етеді. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің ішінде мүкті тропиктік ормандарда тіршілік ететін құрлықтық түрлері де кездеседі. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің денесі бүйірінен қысылған, екі жақтауы бақалшақпен қапталған. Ұзындығы 5 мм-ге дейін. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басындағы 1 жұп күрделі көздері бірігіп кеткен және кейбір түрлерінде рудиментті маңдайлық (науплиальді) көзі сақталмаған. Мұрттары мен мұртшалары жылжу қызметін атқарады. Көкірегіндегі 4 – 6 жұп аяқтарының буындары жойылып, сүзгіге айналған, онымен қорегін (детриттер, бактериялар, бір клеткалы балдырлар, т.б.) сүзіп ұстайды. Аяқтарындағы желбезектері тыныс алу қызметін атқарады. Жыртқыш түрлерінде (Leptodora) бақалшақтары кішілеу, аяқтары қорегін ұстауға бейімделген. Бұтақмұртты шаянтәрізділерде маусымдық өзгергіштік (цикломорфоз) айқын байқалады, мыс., темп-раның өзгеруіне байланысты кейбір өкілдерінің (Daphnіa, Bosmіna) бақалшақтарының пішіні өзгеріп тұрады. Көктемде қыстап шыққан жұмыртқалардан аналық дамиды. Бұлар жаз бойы партеногенез (жыныссыз) жолымен көбейеді. Аталықтары күзде дамиды да, көктемде аналық жұмыртқаларды ұрықтандырады. Бұтақмұртты шаянтәрізділер тұщы су және теңіз балықтарының, сол сияқты тіссіз киттәрізділердің, әсіресе, бекіретәрізділер мен албырттар шабақтарының негізгі қорегі болып табылады. Аша мұрт шаяндар - желбезекаяқты шаянтәрізділер жасағына жататын омыртқасыз жануар. Ең кең тараған түрі - Дафния (лат. Daphnia) тегінің өкілдері, кейде оны "Су бүргесі" деп атайды. ## Биологиялық сипаттамасы Денесінің ұзындыға 2-3 мм. Тұщы суда тіршілік етеді. Көзі сыңар. Кеудесі 4-6 сегменттен тұрады, мұнда аяқтары орналасқан. Құрсағы қысқа, ішіне қарай иілген, ұшында тырнаққа ұқсас екіі мүшесі болады. Мұртшалары қысқа, ал мұрттары жақсы дамыған және жүзу қызметін атқарады. Бактериялармен, балдырлармен қоректенеді. Қорегін аяғындағы қылшықтарымен сүзіп ұстайды. Жыртқыш түрлері де бар. Аша мұрт шаян - тұщы су балықтарының негізгі қорегі. ## Пайдалануы Балық өсіретін зауыттарда бұлардың кейбір түрін (көбіне дафнияны) әдейі өсіріп, шабақтарды қоректендіреді. ## Жіктелуі Аша мұрт шаяндарды келесі жасақ тармақтарына, тұқымдастарға және тектерге бөледі: * Жасақ тармағы: Anomopoda Sars, 1865Тұқымдасы: дафниялар (Daphniidae Straus, 1820)Ceriodaphnia Dana, 1853Daphnia (Daphnia Müller, 1785)Daphniopsis Sars, 1903Megafenestra Dumont & Pensaert, 1983Simocephalus Schödler, 1858Scapholeberis Schödler, 1858Тұқымдасы: Moinidae Goulden, 1968Моины (Moina Baird, 1850)Moinodaphnia Herrick, 1887Тұқымдасы: Chydoridae (Chydoridae Stebbing, 1902)Acroperus Baird, 1843Alona Baird, 1843Alonella Sars, 1862Alonopsis Sars, 1862Anchistropus Sars, 1862Archepleuroxus Smirnov & Timms, 1983Australochydorus Smirnov & Timms, 1983Biapertura Smirnov, 1971BryospilusCamptocercus Baird, 1843Celsinotum Frey, 1991Хидоры (Chydorus Leach, 1816)Dadaya Sars, 1901Disparalona Sars, 1862Dunhevedia King, 1853Estatheroporus Alonso, 1990Ephemeroporus Frey, 1982Euryalona Sars, 1901Graptolebris Sars, 1862KarualonaKozhowiaKurzia Dybowski & Grochowski, 1894Leberis Smirnov, 1989Leydigia Kurz, 1875Monope Smirnov & Timms, 1983Monospilus Sars, 1862Notoalona Rajapaksa & Fernando, 1987Oxyurella Dybowski & Grochowski, 1894Paralona Šráhek-Hušek, 1962ParakozhowiaPhrixura P.E. Müller, 1867PicripleuroxusPlanicirclus Frey, 1991Pleuroxus Baird, 1843Plurispina Frey, 1991Pseudochydorus Fryer, 1968Rak Smirnov & Timms, 1983Rhynchotalona Norman, 1903Saycia Sars, 1904Spinalona Ciros-Perez & Elias-Gutierrez, 1997Tretocephala Frey, 1965Тұқымдасы: AcantholeberidaeAcantholeberis Lilljeborg, 1846Тұқымдасы: OphryoxidaeOphryoxus Sars, 1862Тұқымдасы: EurycercidaeEurycercus Baird, 1843Тұқымдасы: Macrothricidae (Macrothricidae Norman & Brady, 1867)Bunops Birge, 1893Drepanothrix Sars, 1862Echinisca Liévin, 1848Grimaldina Richard, 1892Guernella Richard, 1892Iheringula Sars, 1900Lathonura Lilljeborg, 1853Macrothrix Baird, 1843Neothrix Gurney, 1927Parophryoxus Doolittle, 1909Pseudomoina Sars, 1912Streblocerus Sars, 1862Wlassicsia Daday, 1904Тұқымдасы: IlyocryptidaeIlyocryptus Sars, 1862Тұқымдасы: Dumontiidae Santos-Flores & Dodson, 2003Dumontia Santos-Flores & Dodson, 2003Тұқымдасы: Bosminidae (Bosminidae Baird, 1846)Босмины (Bosmina Baird, 1846)Bosminopsis Richard, 1895 * Тұқымдасы: дафниялар (Daphniidae Straus, 1820)Ceriodaphnia Dana, 1853Daphnia (Daphnia Müller, 1785)Daphniopsis Sars, 1903Megafenestra Dumont & Pensaert, 1983Simocephalus Schödler, 1858Scapholeberis Schödler, 1858 * Ceriodaphnia Dana, 1853 * Daphnia (Daphnia Müller, 1785) * Daphniopsis Sars, 1903 * Megafenestra Dumont & Pensaert, 1983 * Simocephalus Schödler, 1858 * Scapholeberis Schödler, 1858 * Тұқымдасы: Moinidae Goulden, 1968Моины (Moina Baird, 1850)Moinodaphnia Herrick, 1887 * Моины (Moina Baird, 1850) * Moinodaphnia Herrick, 1887 * Тұқымдасы: Chydoridae (Chydoridae Stebbing, 1902)Acroperus Baird, 1843Alona Baird, 1843Alonella Sars, 1862Alonopsis Sars, 1862Anchistropus Sars, 1862Archepleuroxus Smirnov & Timms, 1983Australochydorus Smirnov & Timms, 1983Biapertura Smirnov, 1971BryospilusCamptocercus Baird, 1843Celsinotum Frey, 1991Хидоры (Chydorus Leach, 1816)Dadaya Sars, 1901Disparalona Sars, 1862Dunhevedia King, 1853Estatheroporus Alonso, 1990Ephemeroporus Frey, 1982Euryalona Sars, 1901Graptolebris Sars, 1862KarualonaKozhowiaKurzia Dybowski & Grochowski, 1894Leberis Smirnov, 1989Leydigia Kurz, 1875Monope Smirnov & Timms, 1983Monospilus Sars, 1862Notoalona Rajapaksa & Fernando, 1987Oxyurella Dybowski & Grochowski, 1894Paralona Šráhek-Hušek, 1962ParakozhowiaPhrixura P.E. Müller, 1867PicripleuroxusPlanicirclus Frey, 1991Pleuroxus Baird, 1843Plurispina Frey, 1991Pseudochydorus Fryer, 1968Rak Smirnov & Timms, 1983Rhynchotalona Norman, 1903Saycia Sars, 1904Spinalona Ciros-Perez & Elias-Gutierrez, 1997Tretocephala Frey, 1965 * Acroperus Baird, 1843 * Alona Baird, 1843 * Alonella Sars, 1862 * Alonopsis Sars, 1862 * Anchistropus Sars, 1862 * Archepleuroxus Smirnov & Timms, 1983 * Australochydorus Smirnov & Timms, 1983 * Biapertura Smirnov, 1971 * Bryospilus * Camptocercus Baird, 1843 * Celsinotum Frey, 1991 * Хидоры (Chydorus Leach, 1816) * Dadaya Sars, 1901 * Disparalona Sars, 1862 * Dunhevedia King, 1853 * Estatheroporus Alonso, 1990 * Ephemeroporus Frey, 1982 * Euryalona Sars, 1901 * Graptolebris Sars, 1862 * Karualona * Kozhowia * Kurzia Dybowski & Grochowski, 1894 * Leberis Smirnov, 1989 * Leydigia Kurz, 1875 * Monope Smirnov & Timms, 1983 * Monospilus Sars, 1862 * Notoalona Rajapaksa & Fernando, 1987 * Oxyurella Dybowski & Grochowski, 1894 * Paralona Šráhek-Hušek, 1962 * Parakozhowia * Phrixura P.E. Müller, 1867 * Picripleuroxus * Planicirclus Frey, 1991 * Pleuroxus Baird, 1843 * Plurispina Frey, 1991 * Pseudochydorus Fryer, 1968 * Rak Smirnov & Timms, 1983 * Rhynchotalona Norman, 1903 * Saycia Sars, 1904 * Spinalona Ciros-Perez & Elias-Gutierrez, 1997 * Tretocephala Frey, 1965 * Тұқымдасы: AcantholeberidaeAcantholeberis Lilljeborg, 1846 * Acantholeberis Lilljeborg, 1846 * Тұқымдасы: OphryoxidaeOphryoxus Sars, 1862 * Ophryoxus Sars, 1862 * Тұқымдасы: EurycercidaeEurycercus Baird, 1843 * Eurycercus Baird, 1843 * Тұқымдасы: Macrothricidae (Macrothricidae Norman & Brady, 1867)Bunops Birge, 1893Drepanothrix Sars, 1862Echinisca Liévin, 1848Grimaldina Richard, 1892Guernella Richard, 1892Iheringula Sars, 1900Lathonura Lilljeborg, 1853Macrothrix Baird, 1843Neothrix Gurney, 1927Parophryoxus Doolittle, 1909Pseudomoina Sars, 1912Streblocerus Sars, 1862Wlassicsia Daday, 1904 * Bunops Birge, 1893 * Drepanothrix Sars, 1862 * Echinisca Liévin, 1848 * Grimaldina Richard, 1892 * Guernella Richard, 1892 * Iheringula Sars, 1900 * Lathonura Lilljeborg, 1853 * Macrothrix Baird, 1843 * Neothrix Gurney, 1927 * Parophryoxus Doolittle, 1909 * Pseudomoina Sars, 1912 * Streblocerus Sars, 1862 * Wlassicsia Daday, 1904 * Тұқымдасы: IlyocryptidaeIlyocryptus Sars, 1862 * Ilyocryptus Sars, 1862 * Тұқымдасы: Dumontiidae Santos-Flores & Dodson, 2003Dumontia Santos-Flores & Dodson, 2003 * Dumontia Santos-Flores & Dodson, 2003 * Тұқымдасы: Bosminidae (Bosminidae Baird, 1846)Босмины (Bosmina Baird, 1846)Bosminopsis Richard, 1895 * Босмины (Bosmina Baird, 1846) * Bosminopsis Richard, 1895 * Жасақ тармағы: Ctenopoda Sars, 1865Тұқымдасы: Sididae (Sididae Baird, 1850)Diaphanosoma (Diaphanosoma Fischer, 1850)Latona Straus, 1820Latonopsis Sars, 1888Penilia Dana, 1849Pseudosida Herrick, 1884Sarsilatona Korovchinsky, 1985Сиды (Sida Straus, 1820)Тұқымдасы: Holopediidae (Holopediidae Sars, 1865)Holopedium (Holopedium Zaddach, 1855) * Тұқымдасы: Sididae (Sididae Baird, 1850)Diaphanosoma (Diaphanosoma Fischer, 1850)Latona Straus, 1820Latonopsis Sars, 1888Penilia Dana, 1849Pseudosida Herrick, 1884Sarsilatona Korovchinsky, 1985Сиды (Sida Straus, 1820) * Diaphanosoma (Diaphanosoma Fischer, 1850) * Latona Straus, 1820 * Latonopsis Sars, 1888 * Penilia Dana, 1849 * Pseudosida Herrick, 1884 * Sarsilatona Korovchinsky, 1985 * Сиды (Sida Straus, 1820) * Тұқымдасы: Holopediidae (Holopediidae Sars, 1865)Holopedium (Holopedium Zaddach, 1855) * Holopedium (Holopedium Zaddach, 1855) * Жасақ тармағы: Onychopoda Sars, 1865Тұқымдасы: Polyphemidae (Polyphemidae Baird, 1845)Polyphemus Linnaeus, 1758Тұқымдасы: Cercopagidae Mordukhai-Boltovskoi, 1966Bythotrephes (Bythotrephes Leydig, 1860)Cercopagis Sars, 1897Тұқымдасы: Podonidae Mordukhai-Boltovskoi, 1968Caspievadne Behning, 1941Cornigerius Mordukhai-Boltovskoi, 1967Evadne Lovén, 1836Pleopis Dana, 1852Podon Lilljeborg, 1853Podonevadne Gibitz, 1922Pseudevadne * Тұқымдасы: Polyphemidae (Polyphemidae Baird, 1845)Polyphemus Linnaeus, 1758 * Polyphemus Linnaeus, 1758 * Тұқымдасы: Cercopagidae Mordukhai-Boltovskoi, 1966Bythotrephes (Bythotrephes Leydig, 1860)Cercopagis Sars, 1897 * Bythotrephes (Bythotrephes Leydig, 1860) * Cercopagis Sars, 1897 * Тұқымдасы: Podonidae Mordukhai-Boltovskoi, 1968Caspievadne Behning, 1941Cornigerius Mordukhai-Boltovskoi, 1967Evadne Lovén, 1836Pleopis Dana, 1852Podon Lilljeborg, 1853Podonevadne Gibitz, 1922Pseudevadne * Caspievadne Behning, 1941 * Cornigerius Mordukhai-Boltovskoi, 1967 * Evadne Lovén, 1836 * Pleopis Dana, 1852 * Podon Lilljeborg, 1853 * Podonevadne Gibitz, 1922 * Pseudevadne * Жасақ тармағы: Haplopoda Sars, 1865Тұқымдасы: Leptodoridae Lilljeborg, 1861Leptodora (Leptodora Lilljeborg, 1861) * Тұқымдасы: Leptodoridae Lilljeborg, 1861Leptodora (Leptodora Lilljeborg, 1861) * Leptodora (Leptodora Lilljeborg, 1861) ## Дереккөздер
Махмұд Ибн Уәли, Махмұд бин Әмір Уәли (1595/96, Балх — ө.ж.б.) — тарихшы, әдебиетші. 17 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген. Өз заманының жан-жақты білімді адамы болған. Орта ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы жөніндегі аса құнды деректеме саналатын “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” (“Мейірбан адамдардың ізгі қасиеттері жайлы телегей-теңіз құпия сырлар”) және т.б. шығармалар жазған. Оның “Махаббатнаме”, “Наджм-и сакиб”, “Ахлақ-и Хусайни” атты қасидалар мен ғазелдер жинағы және “Равайих-и тайиба” атты сопылық танымдағы шығармасы бар.1625 — 1630 ж. Үндістанға(Пәкістан) саяхат жасап, Кабул, Пешавар, Лахор, Дели, Аллахабад, Бенарес, Калькутта және т.б. қалаларда болды. Үндістаннан қайтып оралған соң Аштархан әулетінен шыққан Нәдір Мұхаммед ханның сарайында қызмет істеп, әуелі Балхта, сонан соң Бұхарада тұрды. Жоғарыда аталған негізгі еңбегін Нәдір Мұхаммедтің тапсыруы бойынша 1634 ж. 24 қыркүйекте бастап, 1640/41 ж. аяқтаған. “Бахр әл-асрар” — энциклопедиялық көлемді шығарма (7 том). Махмұд ибн Уәли бұл шығармасын жазуда араб, парсы-тәжік және түрік тілдерінде бұрынырақ түзілген (Ибн әл-Факих, Табари, әл-Истахри, Әбу Райхан әл-Бируни, Ата Мәлік Жуайни, Фазлаллах Рашид әд-Дин, Шараф әд-Дин Әли Йезди, Масуд бин Осман Кухистани, Әмин Ахмед Рази, Зайн әд-Дин Махмуд Васифи, т.б. ғалымдар шығармаларын) еңбектерді пайдаланған. Сонымен қатар бұл еңбекте қазақ хандарының шығу тегі, Ақ Орда, Әбілхайыр хан мемлекеті, Қазақ хандығының тарихына қатысты, 16 — 17 ғ-лардың басындағы қазақ, Орта Азия халықтары, қазақ-моғол қатынастары, Есім және басқа қазақ хандарының Шығыс Түркістандағы Шағатай әулетінің өзара талас-тартысына қатысуы жайлы да мәліметтер бар. ## Дереккөздер
Ханкелді Сырымбетұлы – қазақ батыры. 1688 жылы дүниеге келіп, 1763 жылы қайтыс болған. Ханкелді батыр Ұлы жүздің албан тайпасының алжан руынан шыққан. Ханкелді жоңғар басқыншылығына қарсы талай шайқастарға қатысқан. Ол Аягөз, Тесіктас жерінде жоңғарлармен болған шайқастарда ерекше көзге түскен, Аңырақай соғысына қатысқан. Жоңғар басқыншылына қарсы күресте үлкен ұлы Тілеуке де әкесімен бірге жауға шапқан. Немересі Райымбек те осы шайқастарға қатысты. Ханкелді батыр сол кездердің жағдайына орай Ұлы жүз қазақтарының Ресейге қосылуына ел ағаларымен бірге елеулі үлес қосады. 1733 жылы Төле би, Сатай және Бөлек батырлармен бірге Ханкелді батыр да орыс мемлекетіне қарауға тілек білдіріп, патшаға хат жазады. Бұл алғашқы хатты Аралбай және Оразкелді батырлар жеткізсе, 1734 жылы жазылған екінші хатты Петерборға тікелей Ханкелді батыр және Төле бидің немере інісі Айтбай екеуі апарады.
# Ертіс шебі Ертіс шебі – 18 ғасырдың 1-жартысында патшалық Ресейдің қазақ даласын біртіндеп отарлау саясатына орай салған бекіністері. Оның құрамына Ямышев (1715), Омбы (1716), Железин (1717), Семей (1718), Өскемен (1719-1720), Семияр (1720) бекіністері енді. # Ұзындығы Шептің жалпы ұзындығы 920 шақырым болды. # Киндерман сөзі Сібір әскерінің қолбасшысы генерал Киндерман 1745 жылы Ресей патшалығына жолдаған рапортында «Бірінен-бірі 15 – 20 шақырымдай жерде тұратын бекіністер мен күзет орындарының тізбегі шепке қаһарлы бейне береді» деп жазған. Алайда 1742 жылы осы «қаһарлы шеп» басшылығы 40 мың жоңғар әскерінің Семияр мен Семей бекіністері аралығынан Сарыарқаға қарай өтуіне жол берген. # Кеңейюі Ертіс шебі жаңа бекіністер, форпостар салу арқылы кеңейе берді. 1847 – 1854 жылдары Ертіс шебі Семейден Сергиополь (Аягөз) арқылы оңтүстікке – Верный бекінісіне (Алматы) ұласты.
Ашпалы көпір — үлкен өзендерде тағы басқа кеме өткізуге арналған көпірдің өзгеше түрі. Ашпалы көпірдің тиімді жағы (қозғалмайтын көпірге қарағанда): * Ашпалы болғадықтан оны биіктетпей-ақ су бетінен аз ғана көтерінкі салады. Сондай-ақ, оның салыну бағасы арзан. Кемшіліктері: * ашпалы көпірдің механизмдері техникалық қызметті және жөндеуді қажет етеді. * кемелер өтіп бара жатқан кезде жермен жүретін көлік көпірден өте алмай қалады. ## Ашпалы көпірлердің жіктелуі: ### Көлік жүретін жолының бойымен жылжитын көпір. ## Су жиегіне перпендикуляр бағытында жылжитын көпір. ## Су жиегі бойымен, бірақ көлік жүретін жолға перпендикуляр бағытында жылжитын көпір. ## Қызықты дерек * Чикаго өзенінде (АҚШ) — 38 ашпалы көпір орнатылған. * Нева өзенінде Санкт-Петербургте (Ресей) — 19 ашпалы көпір бар. * Әлемдегі ең қысқа ашпалы көпір — Бермуд аралдарындағы Сомерсет көпірі: ұзындығы 40 м, ені 8 м. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ашпалы көпір
## Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (www.mtc.gov.kz) көлiк, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларында, сондай-ақ заңнамамен қарастырылған шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. ## Жүзеге асыратын бағдарламалар: * Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама; * Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама; * «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы; * Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы.] ### ҚР Үкіметінің қаулысы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже; * алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен; Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен. * Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын. * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. * Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен. * Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. * Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. * Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. ### Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар: * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі. * Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. ## Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы ## Дереккөздер ## Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (www.mtc.gov.kz) көлiк, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларында, сондай-ақ заңнамамен қарастырылған шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. ## Жүзеге асыратын бағдарламалар: * Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама; * Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама; * «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы; * Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы.] ### ҚР Үкіметінің қаулысы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже; * алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен; Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен. * Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын. * Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. * Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен. * Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. * Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. * Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. ### Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар: * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті; * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі. * Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. ## Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы ## Дереккөздер
Құссүттіген (лат. Ornithogalum) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Жерорта, Еуразия, Африканың субтропиктік және қоңыржай аймақтарында өсетін 130-ға жуық түрі бар. Қазақстанда Тобыл-Есіл аралығындағы жазықта, Ертіс аңғарында, Балқаш көлі мен Каспий теңізі ойпатында, Жем өзені алабында, Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында қауашықты құссүттіген (Ornithogalum bulbiferum) өседі. Құссүттігеннің кейбір түрлері улы. Әсемдік үшін өсірілетін түрлері де бар. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 3-15 см. * Ұзындығы 4-5 мм болатын жуашығы жұмыртқа тәрізді, бір немесе бірнеше ұсақ жуашығы болады. * Сабағының төменгі жағын қалың сұр түк басқан. * Төменгі жапырақтары жіңішке жіп тәрізді, жартылай цилиндрлі, 3-5 сабақ жапырақтарының түп жағы түйнек тәрізді томпиып тұрады да, соның ішінде жуашық орналасады. * 1-3 гүлі гүлдеу алдында төмен қарай иілетін жіңішке гүлсағағына орналасқан. Гүлсерігі бөліктерінің ұзындығы 7-12 мм, қандауыр тәрізді, ішкі жағы ашық сары, сырты жасылдау. Аталығы гүлсерігінен 1/8-1/4-ге қысқарақ, тозаңдығы созылыңқы. Қауашағы сопақ, 3 қырлы, гүлсерігінен 2 есе қысқа. Наурыз-сәуір айларында гүлдейді. ## Өсетін ареалы Далалы жерлерде, таудың тастақты баурайларында, лессті тау етегінде өседі. ## Дереккөздер
Маңқы (лат. Gallinago media) - тауқұдіреттер тұқымдасына жататын құс. ## Сипаты * Дене тұрқы 35 см, салмағы 200 г-дай. * Қоңыр түсті қауырсынының үстінде қара дақтары бар, бауыры теңбіл түсті. * Сұрғылт түсті кеудесінің шұбар дақтары бар. * Тұмсығының ұзындығы 57-69 мм. * Түнде белсенді тіршілік етеді, қорегін аулауға күн ұясына батар алдында шығады. * Ұшқан кезде жерден ауыр көтеріледі, 3-5 м биіктікке көтерліген соң түзу ұшады. ## Ұя салуы Маңқы - жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, мекиені көзге көп түсе бермейтін сазды төмпешікті жерлерге ұя жасап, оған 4 ірі, сұр түсті теңбіл жұмыртқа салып, 17-18 күн басады.Балапандары тез өседі, дене тұрқы 4-5 аптадан кейін үлкен маңқы құстармен бірдей болады. ## Мекендеуі Еуразияда (Скандинавиядан Енисейге дейін) және Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі аймақтардағы жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың ашық және шалшықты-батпақты жерлерін мекендейді. Қыстау үшін Африкаға ұшып кетеді. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын алқалы орган, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты. Үкіметті Республика Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы бойынша реттеледі. ## Тарихы 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орнына Қазақ КСР Министрлер Кабинетi пайда болып, Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымының орнына Премьер-министр лауазымы енгізілді. 1991 жылы 16 қазанда Ұзақбай Қараманов отставкаға кетіп, Сергей Терещенко Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 1994 жылы 11 қазанда Сергей Терещенконың Министрлер Кабинетi отставкаға кетіп, 12 қазанда Әкежан Қажыгелдин Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Конституциялық Соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысына байланысты 11 наурызда Министрлер Кабинетi Жоғарғы Кеңеспен қатар отставкаға кетті. Кейін Әкежан Қажыгелдин Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Министрлер кабинеті ресми түрде Үкімет деп атала бастады. 1997 жылы 10 қазанда Әкежан Қажыгелдин отставкаға кетіп, Нұрлан Балғымбаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 1999 жылы 1 қазанда Нұрлан Балғымбаев отставкаға кетті. 12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2002 жылы 28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев отставкаға кетіп, Иманғали Тасмағамбетов Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2003 жылы 11 маусымда Иманғали Тасмағамбетов отставкаға кетті. 13 маусымда Даниал Ахметов Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2005 жылы желтоқсанда өткізілген кезектен тыс Президент сайлауынан кейін 2006 жылы 18 қаңтарда Даниал Ахметов Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды. 2007 жылы 8 қаңтарда Даниал Ахметов отставкаға кетті. 10 қаңтарда Кәрім Мәсімов Премьер-министр болып тағайындалды. 2011 жылы 8 сәуірде кезектен тыс Президент сайлауы өткен соң, Кәрім Мәсімов премьер-министр болып қайта тағайындалды. 2012 жылы 24 қыркүйекте Кәрім Мәсімов отставкаға кетіп, Серік Ахметов Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2014 жылы 2 сәуірде Премьер-министр Серік Ахметов отставкаға кетіп, Кәрім Мәсімов екінші мәрте премьер-министр болып тағайындалды. 2014 жылы 6 тамызда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, Қазақстан тарихындағы ең ықшам Үкімет құрылды. Отырыс барысында 17 министрлік, 9 агенттік орнына 12 министрліктен тұратын жаңа Үкіметтің құрылымы туралы шешім қабылданды. Үкімет құрамында болған барлық агенттіктер министрліктердің құрамына комитет ретінде кірді. Премьер-министрдің 2 орынбасары ғана қалды. 2015 жылы 29 сәуірде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өткен соң, Кәрім Мәсімов қайтадан премьер-министр болып тағайындалды. 2016 жылы 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімов отставкаға кетті. 9 қыркүйекте Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың 21 ақпанында Сағынтаев бастаған Үкімет отставкаға кетті. Оның орнына 25 ақпанда Үкімет басшысы ретінде Асқар Мамин тағайындалды. 2021 жылы 15 қаңтарда парламент сайлауынан кейін Асқар Мамин қайта премьер-министр болып тағайындалды. 2022 жылы 5 қаңтарда елдегі қиын ахуалға байланысты Үкімет отставкаға кетті. Маминнің орнына Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 11 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды. 2023 жылы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті жаңадан сайланған Мәжіліс алдында отставкаға кетті. 30 наурызда Әлихан Смайылов қайта Премьер-Министр болып тағайындалды. 2024 жылы 5 ақпанда Мемлекет басшысы Әлихан Смайылов бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Үкімет құрамы жасақталғанша Премьер-министр міндетін атқару Роман Склярға жүктелді. 6 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-Министр ретінде Олжас Бектеновті тағайындады. ## Жалпы ережелер ### Үкіметті құру Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер құрайды. Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және Президентіне ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. ### Үкіметтің орнынан түсуі Республика Үкіметі Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкіметтің өкілеттікті доғаруы оның мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Үкімет өз міндетін атқара береді. Егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет және оның кез келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Республика Президенті орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Республика Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметінен босатуға хақылы. ### Үкімет құрамында болуға байланысты шектеулер Республика Үкіметі мүшелерінің: * өкілді органның депутаттары болуға; * оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға; * кәсіпкерлікпен шұғылдануға; * Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ. ## Өкiлеттiктері Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген: * ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау; * мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу; * әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру; * Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету; * ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру; * мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау; * құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; * баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру; * мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу; * мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; * еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау; * мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру; * аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi; * ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру; * табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру; * құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; * азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру; * келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау; * ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; * сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу; * сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; * халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру; * Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты. ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс. Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады. ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс. ## Құрылымы Үкiмет құрылымын министрлiктер құрайды. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi. Министрлік Республика Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша, Үкімет әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына сүйеніп, тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады. Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне ведомстволар (комитеттер), департаменттер және басқармалар жатады. Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде "қызметтер" құра алады. ### Министрліктер Үкіметтің құрамында 21 министрлік бар: * ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (1992-) * ҚР Әділет министрлігі (1991-) * ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (1999 қаңтар-қазан, 2022-) * ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (1991-1997, 2001-2014, 2017-) * ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1997-2014, 2017-) * ҚР Көлік министрлігі (1991-1994, 2023-) * ҚР Қаржы министрлігі (1991-) * ҚР Қорғаныс министрлігі (1992-) * ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (2006-2010, 2012-2014, 2023-) * ҚР Оқу-ағарту министрлігі (2022-) * ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (2023-) * ҚР Сауда және интеграция министрлігі (2019-) * ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі (2023-) * ҚР Сыртқы істер министрлігі (1991-) * ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (2004-2014, 2020-) * ҚР Туризм және спорт министрлігі (2006-2012, 2023-) * ҚР Ұлттық экономика министрлігі (2014-) * ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019-) * ҚР Ішкі істер министрлігі (1991-) * ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (1997-1999, 2023-) * ҚР Энергетика министрлігі (2014-) Бұрынғы министрліктер * Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2019-2023) * Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (2018-2023) * Мәдениет және спорт министрлігі (2014-2023) * Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (2019-2023) * Білім және ғылым министрлігі (1999-2022) * Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (2016-2019) * Қоғамдық даму министрлігі (2018-2019) * Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2016-2019) * Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019 ақпан-маусым) * Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (2016-2018) * Инвестициялар және даму министрлігі (2014-2018) * Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (2014-2017) * Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (2015-2016) * Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (2010-2014) * Көлік және коммуникациялар министрлігі (1994-1999 қаңтар, 1999 қазан-2014) * Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (2013-2014) * Мәдениет министрлігі (1992-1997, 2003-2004, 2010-2012, 2014 наурыз-тамыз) * Мұнай және газ министрлігі (2010-2014) * Өңірлік даму министрлігі (2013-2014) * Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (2002-2010, 2013-2014) * Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (2002-2013) * Экономикалық даму және сауда министрлігі (2010-2013) * Байланыс және ақпарат министрлігі (2010-2012) * Индустрия және сауда министрлігі (2002-2010) * Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2000-2010) * Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (2004-2006) * Ақпарат министрлігі (2003-2004) * Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (1999-2003) * Мемлекеттік кiрiс министрлiгi (1998-2002) * Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (1999-2002) * Экономика және сауда министрлiгi (1997 наурыз-қазан, 2000-2002) * Экономика министрлігі (1993-1997, 1999-2000) * Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (1997-2000) * Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі (1997-1999) * Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi (1997-1999) * Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы (1996-1999) * Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi (1999 қаңтар-қазан) * Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі (1999 қаңтар-қазан) * Білім министрлігі (1993-1997) * Бiлiм және мәдениет министрлiгі (1997 наурыз-қазан) * Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (1992-1997) * Еңбек министрлігі (1991-1997) * Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi (1993-1997) * Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi (1993-1997) * Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi (1994-1997) * Өнеркәсiп және сауда министрлiгi (1994-1997) * Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1992-1997) * Экология және биоресурстар министрлiгi (1992-1997) * Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi (1997 наурыз-қазан) * Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi (1994-1997) * Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi (1992-1996) * Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi (1991-1995) * Байланыс министрлігі (1991-1994) * Өнеркәсіп министрлігі (1991-1994) * Сауда министрлігі (1991-1994) * Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi (1991-1994) * Энергетика және отын ресурстары министрлiгi (1992-1994) * Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі (1991-1993) * Халыққа бiлiм беру министрлiгi (1991-1993) * Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi (1991-1992) * Әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгi (1991-1992) * Орман шаруашылығы министрлігі (1991-1992) * Энергетика және электрлендіру министрлiгi (1991-1992) ### Комитеттері ## Қазіргі құрамы ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты * Қазақстан премьер-министрі ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми сайты Мұрағатталған 12 мамырдың 2016 жылы. * Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Жамбыл Ошақбайұлы Тобаяқов (16.8.1936 ж., Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы – 1997 ж., Алматы) - ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1974), профессор (1992). ## Өмірбаяны 1952 жылы Алматы облысындағы бұрынғы Гвардия ауданындағы Қоғалы орта мектебін, 1957 ж. ҚазМУ-ді бітірген. Еңбек жолын Алматы облысындағы Калинин орта мектебінде мұғалім ретінде бастаған. Алматы құрылыс техникумында (1958-63), Қазақ ауыл шаруашылығы институтында (1963-68), ҚазПТИ-да (1968-74; 1996-97), Алматы энергетика институтында (1974-84; 1994-96), Қарағанды педагогикалық институтында (1964-74) ұстаздық етіп, жауапты қызметтер атқарды. ## Ғылыми жұмыстары Жамбыл Тобаяқовтың ғылыми жұмыстары плазматрондардың жылулық-физикалық қасиеттерін зерттеуге арналған. Бірнеше ғылыми-танымдық жинағы, монографияларымен оқулықтары жарық көрген. Мысалы «Астарлы аспан» (1969), «Лекционный эксперимент по физике» (1985), «Электр және магнетизм» (1987), «Физикалық түсіндірме сөздік» (1991), т.б. ## Марапаттары Бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының "ҚР Әкімшінің-жергілікті орналасу" заңының 10 бабына және Алматы облысы Әкімнің 25-сәуір 1999жылы №441 қаулысына сәйкес Голубиновка орта мектебіне 1994 жылы - белгілі ғалым, профессор Жамбыл Тобаяқовтың есімі берілді. ## Дереккөздер
Көкшіл лағат (лат. Molinia caerulea) – астық тұқымдасының лағат туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 50-120 см, кішігірім тығыз шым қабатын түзе өседі. * Сабағы тегіс, өте қысқа төменгі және ұзынша жоғарғы буынаралықтан тұрады. * Жиекті жапырақтары сабақтың түбінде ғана болады, үстіңгі жағы түкті, ұзындығы 3-9 мм. * Сыпыртқыгүл шоғыры жіңішке әрі ұзын, ұзыдығы 1530 см, ені 1-6 см. Масағы 2-5 гүлді, қошқыл күлгін түсті. Масақ қабыршақтары жұмыртқа тәрізді, сыртында қабығы бар, доғал немесе қысқа үшкір ұшы болады. * Гүл қабыршақтарының ұзындығы 3-5 мм, ұшына қарай доғалданып келген. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. ## Өсетін ареалы Лағаттың (Molinia) 5 түрі бар, олар Еуропада, Кавказ тауларында, Батыс Сібірде, Кіші Азияда кездеседі. Қазақстанда тек көкшіл лағат түрі сортаң топырақты шалғындар мен ормандарда, бұта арасында өседі. Тобыл-Есіл жазығында, Каспий маңында, Жем өзені алабында кездеседі. Құнарлы мал азықтық дақыл, бірақ жас өскіні жеміс бергенге дейін улы болып саналады. ## Дереккөздер
Бақытжан Ошақбайұлы Тобаяқ (21.4.1953 жылы туған, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы) - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1994), КСРО өнертапқышы (1986), Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері (2003). ## Білімі * 1973 жылы ҚазПТИ-ді бітірген. * 1993 жылы ҚазМУ-ді бітірген. * Ш.Шокин атындағы Энергетика ғылыми зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * Еңбек жолын Өскемен жылу энергетикалық орталығында жөндеуші ретінде бастаған. * Кейін республикалық «Қазтехэнерго» кәсіпорнында (1973) инженер. * Энергетика министрлігінде инженер * Ташкент көлік қатынасы инженерлік институтының филиалында оқытушы * Қазақтың Энергетика ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкер (1976-86) болды. * 1986-99 жылдар аралығында баспа орындарында «Қазақ энциклопедиясы», «Зерде», «Қаржы-қаражат» журналында, «Халық Кеңесі» газетінде, ҚазАқпарат-та, «Хабар» агенттігінде, т.б. әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. * Қазір ұлттық «KEGOC» энергетикалық компаниясында бөлім бастығы. ## Еңбектері * «Бостан» (1994) * «Темірқазық» (1999) * «Сонар» (1999) * «Металдар құпиясы» (1997) * «Егемен елдің экономикасы» (1995) * «Адамзат тірлікті дәулет білмек...» (2000) * «Құланиек» (2000) * «Алматы көшелері» (2001), т.б. өлең жинақтары мен ғылыми-танымдық кітаптары жарық көрген. ## Маврапаттары * КСРО өнертапқыштары белгісі (1986) * Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2003). * Кербұлақ ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Терістік жоңғар кестежусаны (лат. Pyrethrum arctodzhungaricum) – астралылар тұқымдасы, кестежусан туысына жататын (жартылай) шала бұта. Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Биіктігі 20-35 см. Бір жылдық өркендері сабағын түзеді, олардың кейбіреулерінде себет болады. Жапырақтары жасыл түсті, сағақты, сопақша немесе жұмыртқа пішінді, екі-үш қауырсын тәрізді тілімделген. Олардың ең ұшындағылары сағақсыз, ұсақ. Себеті біреу, олардың жапырақшалары шөптесін, сыртындағылары қандауыр тәрізді, ішіндегілері сопақтау ұзын. Гүлдері әр түрлі: шетіндегілері шұбар, күлтесі тілше тәрізді ақ түсті, ортасындағылары қос жынысты, күлтесі түтікше тәрізді, сары түсті. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі түксіз, бұдыр тұқымша. Сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
# Ерәлі сұлтан Ерәлі, Ермұхамедәлі (шамамен 1720 жылы туған, 1794 жылы қайтыс болған) – Кіші жүз ханы (1791 - 1794), Әбілқайыр ханның баласы. Жастайынан хан кеңестеріне қатысып, әкімшілік істерге араласқан. Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген елшілігін басқарған. Елшілікті Ресей патшайымы Анна Иоанновна салтанатты түрде қабылдайды. # Әбілқайырдың аманаты Ерәлі әкесі Әбілқайыр ханның ерік-қалауын білдіре отырып, Ресей патшасынан Кіші жүз қазақтарын қолдауды өтінеді. Ерәлі Әбілқайырдың аманаты ретінде ағасы Ниязсұлтанмен бірге Санкт-Петербургте қалады. Олар бірте-бірте Ресей империясының отарлау саясатының шын сырын ұғады. Елге қайтуға асығып, Ерәлі әкесінен аманаттыққа басқа бір баласын жіберуді өтінеді. # 1738 жыл # А.А.Пеутлингтың Ерәліні хан етіп сайлауы Орынбор генерал-губернаторы А.А. Пеутлинг Ерәліні 1790 жылы қайтыс болған Нұралының орнына Кіші жүз ханы етіп сайлауды ұйғырады. 1791 жылы 4 қыркүйекте Ор қаласы түбінде зеңбіректен салют беріліп, Ерәлі Кіші жүз ханы болып сайланады. Хан болып сайланғаннан кейін де ол өз ордасын Сыр бойынан көшірмеген.
Тершеңдік- тердің тым көп бөлініп шығуы. Тер бөліну процесінің организмнің тіршілігі үшін маңызы зор. Термен бірге денедегі зиянды нәрселер бөлініп шығады. Терлеуді нерв жүйелері реттеп отырады. Болмашы ғана дене еңбегімен айналысқанда, қобалжығанда, ауа райы жылығанда нерв жүйелері әсерленгіш, эндокрин тобындағы ауруларға және созылмалы инфекциялық сырқаттарға шалдыққан адамдардың денесін тер басып кетеді. Дененің жалпы терлеуімен бірге оның жеке мүшелерінің, яғни алақан, табан, қолтық т.б терлейтіні байқалады. Шaмадан тыс тершеңдік дененің қызарып, баздануына, есекжем ауруының терінің грибокті және іріңді ауруларының қозуына ықпал етеді. Тершең адамдар дәрігерге көріну керек. Ал дененің жеке мүшелері терлегенде теріні күтудің гигиеналық ережесін сақтау қажет. ## Дереккөздер
Шәрке - қонышы жоқ тоқылған жеңіл аяқ киім. 150г жүннен иірілген жіп кетеді. (жуан жіпті 2-ге біріктіреді) №5 ілмек пайдаланылады. * Тоқу өрнегі: жай шалу. * Шәрке үш бөліктен тұрады: табан, жұлық, тұмсығы. * Шәркенің артқы жақ бөлігіне, манжет жасауға, көтеру үшін тоқылған шалулардан басқа, әрі- бері 8- 10 қатар жай шалулар "шаян ілмек" өрнегімен және бір қатар тоқиды. Дайын болған жұлықты табанға жай шалулар арқылы қосады. Дайын болған жұлықты табанға жай шалулар арқылы қосады. Дайын болған сыздыққа теріден, не киізден ұлтан салып алуға болады. ' ## Дереккөздер
Шәрке - қонышы жоқ тоқылған жеңіл аяқ киім. 150г жүннен иірілген жіп кетеді. (жуан жіпті 2-ге біріктіреді) №5 ілмек пайдаланылады. * Тоқу өрнегі: жай шалу. * Шәрке үш бөліктен тұрады: табан, жұлық, тұмсығы. * Шәркенің артқы жақ бөлігіне, манжет жасауға, көтеру үшін тоқылған шалулардан басқа, әрі- бері 8- 10 қатар жай шалулар "шаян ілмек" өрнегімен және бір қатар тоқиды. Дайын болған жұлықты табанға жай шалулар арқылы қосады. Дайын болған жұлықты табанға жай шалулар арқылы қосады. Дайын болған сыздыққа теріден, не киізден ұлтан салып алуға болады. ' ## Дереккөздер
Құсмұрын қоңыр көмір кен орны — Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында орналасқан қоңыр көмір кен орны. Солтүстігінен Астана-Қостанай-Магнитогорск темір жол магистралі өтеді. 1948 жылы ашылған. Кен орны Құсмұрын көлі қазаншұңқырында, аумағы 100 км2-ге жуық, тереңдігі 500 м. ## Қалыптасу кезеңінің және шөгінді қабаттарының сипаты Көмір қабатының шөгіндісі төменгі орта юра кезеңінің конгломераттарымен, көмірмен, жанғыш тақтатастарымен жабылып, жарылым қанаттарымен тілімденіп брахисинклинальды қатпарды құрайды. Өнімді қабаты көлбеу белді тау жыныстарынан тұратын ірі баспалдақты блоктар түрінде тараған. Бор және кайнозойдың құмтасты-сазды тау жыныстарының қалыңдығы 30-120 м. Көмір жиналған негізгі қабаты құсмұрын шоғырында (төменгі юра), қалыңдығы 118 м болатын 17 өнім қатарынан тұрады. Ең қалың қабаты Төменгі Қабат (Нижний Мощный) -10+36 м, Жоғарғы Қабат (Верхний Мощный) - 7-52 м. Төменгі Қабат кен қабатының баланстық қоры Құсмұрын қоңыр көмір кен орнының жартысына жуығын құрайды. Желек қаттың тереңдігі 40-425 м.. Құсмұрын шоғырынан жоғарыда дүзбай шоғырының (орта юра) шөгінділерінде шоғырланған. Мұнда қалыңдығы 50 м болатын көмірдің 11 өнімдік қаты бар. Кен орнында төрттік және палеоген шөгінділерінде техникалық және ауыз суға жарамды 6 сулы горизонт анықталған. ## Көмір құрамы Қаттағы көмір құрамы: * қара шірінді (гумусты); * кейде қара шірінді - сапропельді, сапропельді-қара шірінді болып келеді. Сирек жағдайда сапропелиттер мен жанғыш тастар кездеседі. Көмірдің маркасы Б2: * Күлділігі 17%Күлінде натрий тотығының мөлшері жоғары (4,8%).Германий қоспаларының практикалық маңызы бар. * Күлінде натрий тотығының мөлшері жоғары (4,8%). * Германий қоспаларының практикалық маңызы бар. * Жұмыстық ылғалдылығы 33,4% * Күкірт 0,4-5,7% (орташасы 2,9%) * Ұшпа газдың үлесі 42-88% * Жанудағы жылу үлесі 6707 ккал/кг, жұмыстық отындікі 2929 ккал/кг. * Баланстық қоры А + В + С, категориясы бойынша 2,6 млрд.т, жанғыш тақтатастікі 118,7 млн.т. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi, әрі елтаңбасы. 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 жылғы 24 қаңтар) белгiленген. 2024 жылғы наурызда президент Тоқаев елтаңба дизайнының жуырда өзгеретінін және жаңа дизайнның байқау арқылы таңдалатынын айтты. ## Суреттемесі Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді. Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.Техникалық шарттар" ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде "Қазақстан" сөзін латын графикасымен "QAZAQSTAN" етіп өзгерту, ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов. ## Тағы қараңыз * ҚазКСР елтаңбасы * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны * Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы * Мемлекеттік елтаңбалар тізімі
Құлжан мұнайлы-газ конденсант кен орны — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорная темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Құрылым сейсмикалық барлау нәтижесінде ашылып, барлау-іздестіруі нақтыланып, 1976-1986 жылдары бекітілген. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық тұрғысы Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс борт (ернеулік) белдемінде, Оңтүстік Ембі (Жем) көтерілімінің периклинальдық бөлігіне жатады, III және V горизонт құрылымдары екі жартылай күмбезден - батыс және шығыс телімдерден тұрады. Олар ендік бағытта созылып жатыр. Бұл жартылай екі күмбездің жер асты биіктігі 2850 м. Олардың аудандары шамамен 9,5х1 км. Ұңғымалар бұрғыланып, бұл екі күмбезден 8 өнім қабаты анықталған. Коллекторлары кеуекті. ## Жатыс сипаты * Юра дәуірі шоғырындағы горизонт:кеуектілігі 18,6-23,8%;өтімділігі 6,4-34,9%;жалпы қалыңдығы 17,3-68,8 м (Ю-IV);тиімді қалыңдығы 1 м-ден (Ю-I) 3,45 м-ге дейін (Ю-Х);шоғырының биіктігі 5,2-23,3 м.;мұнаймен қаныққандығы 0,46-0,67;газбен қаныққандығы 0,65-0,1. * кеуектілігі 18,6-23,8%; * өтімділігі 6,4-34,9%; * жалпы қалыңдығы 17,3-68,8 м (Ю-IV); * тиімді қалыңдығы 1 м-ден (Ю-I) 3,45 м-ге дейін (Ю-Х); * шоғырының биіктігі 5,2-23,3 м.; * мұнаймен қаныққандығы 0,46-0,67; * газбен қаныққандығы 0,65-0,1. * Төменгі бор шоғырындағы горизонт:кеуектілігі 23-25%;газбен қаныққан тиімді мөлшері 3,5-6,7 м; газбен қаныққаны 0,53;газбен қаныққан қабатының қалыңдығы 325 м. * кеуектілігі 23-25%; * газбен қаныққан тиімді мөлшері 3,5-6,7 м; газбен қаныққаны 0,53; * газбен қаныққан қабатының қалыңдығы 325 м. * Қатқойнаулық қысымының юра және төменгі бор шөгінділерінде 17,6-28,4 МПа. ## Құрамы Юра горизонтындағы мұнай тығыздығы орта және ауыр (876-дан 918кг/м3). Басым бөлігінде оларда күкірті және парафині аз болып келеді (1,9-2,4%). ## Дереккөздер
«Өліара» — Төлен Әбдіктің 1985 жылы жарыққа шыққан романы. ## Тарихы ## Қысқаша мазмұны ## Кейіпкерлері * Асқар - автордың сипаттауы: "Асқар киініп сыртқа шықты. Басына барқыт тақия, үстіне қара көк матадан тігілген жұқа бешпент, аяғына жаздық құрым етік киіп, бойындағы ауруы мен кәрілігін білдірмей, денесін тік ұстап, кетіп бара жатқан шоқша сақалды ажарлы кісінің жүрісіндегі кербездік пен тәкаппарлық кісінің назарын өзіне бірден аударады. Бұл кісінің шаруа киімімен жүргенін ешкім көрген емес. " * Назар - * Бәйтен - * Нұрбек - * Өлмес - Өлместің әкесі Жаманқұл кедей адам болса да, елге сыйлы, абыройлы кісі болған. Өлместің азан шақыртып қойған аты - Ержігіт. Бала кезіндегі пысықтығына қарап, жеңгелері Өлмес деп атап, кейін бірте-бірте бұрынғы есімі ұмытылып, біржола Өлмес болып қалды. Ата мекені Шағырлы болатын. Өлмес әкесінің құда түсіп, үйлендірмек болған ниетіне көнбестен, жалғыз балалы жесір әйелге үйленіп, соның азғантай малымен тұрмыс құрды. Шаруақорлығының арқасында мал бітті. Жақсылармен жанасып, бедел жинады. "Өлмес жақсы мен жаманды өзінше түсінуші еді. Кімнің тасы өрге домалап тұрса, сол - жақсы адам деп есептейтін. Біреуден біреудің басы артық дегенді бұл кісі мойындаған емес. Оған өмірден келтіретін мысалы да көп еді және осы ойды бойына сіңірген сайын, байлаулы қолы босағандай, бір еркіндікті сезіп, істеген ісіне өкінбейтін мінез тапты. Қажет адамға кішілік көрсетіп, қызмет қылуға намыстанбайтын болды. Адам бойындағы ең айбатты қару - жағымпаздық, және айтпағаны болмаса, осы жұрттың бәрі біледі деп ойлайтын. Бірақ Өлмес жағымпаздықты шынайы көңілдің риясыз пейілі құсатып шебер жасағандықтан, анау адамның өзі де бұл жайында әмәнда жақсы пікірде жүруші еді. Ол естіп адам мен заманның ыңғайын елден бұрын танығыш болып өсті. Қиын-қыстау кездерде құтқармастай болып кезіккен тауқыметтен Өлмес елдің бәрін айран-асыр қылып, оп-оңай құтылып кете беретін. Жұрттың бәрі ақ таяғын ұстап қалған ұлы жұтта Өлместің дәулеті шайқалмай қалды." * Қотыр - * Хадиша - * Қаратай - * Оймауыт - * Қамза - ## Тағы қараңыз * Төлен Әбдік ## Сыртқы сілтемелер * Төлен Әбдіков * Қаламгер қайраты Көрнекті жазушы Төлен Әбдік – 70 жаста * Төлен Әбдіков Мұрағатталған 16 сәуірдің 2014 жылы. * Төлен Әбдіков "Өліара" Мұрағатталған 16 сәуірдің 2014 жылы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ## Мәтін Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ## Тарихы ### Қазақ КСР әнұраны 1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.. ### 1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады. Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. ## Тағы қараңыз * Қазақстан елтаңбасы * Қазақстан туы ## Дереккөздер
NOMAD - Қазақстандық каскадёрлік топ. Қазақ мемлекеттік циркі негізінде құрылған. Басшысы - Жайдарбек Күнғожинов. Құрамында 40 каскадёр мен 30 үйретілген жылқы бар. Голливуд, Ресейдің атыс-шабыс фильмдерінде каскадёрлік жұмыс атқарады. Қазақстанда атыс-шабыс жанрндағы фильмдердің аздығынан, елімізде онша танымал емес. Каскадёрлер үнемі әртүрлі трюктерді шынайы жасауымен ерекшеленеді. Көбінесе, жапондар қуыршақтарды көп пайдаланады. Ал голливуд трюктердің шынайы болғанын қалайды. Сондықтан NOMAD тобының жігіттері сұранысқа ие. Қазақстанда каскадерлер кәсіби түрде дайындалмайды. Сондықтан да, топтың мүшелерінің көпшілгі кәсіби каскадёр емес. Олар негізінен: шабандоз, цирк шеберлері болып келеді. Сергей Бодров Көшпенділер фильмін түсіру кезінде NOMАD жігіттерін таңдайды. Оның айтқаны: "Шабандоздар Испанияда, Англияда бар, дегенмен қазақтар ең үздік шабандоздар". Топтың ең танымал мүшесі - Нұрлан Алтаев. ## NOMАD мүшелері қатысқан жобалар * Көшпенділер (2005 жыл) * Дневной дозор (2005 жыл) * Код апокалипсиса (2007 жыл) * Рэкетир (2007 жыл) * Мұстафа Шоқай (2008 жыл) * Келін (2008 жыл) * Семья (2008 жыл) * Ағайынды (2009 жыл) * Обратная сторона (2009 жыл) * Сіз кімсіз К мырза? (2009 жыл) * Запрещенная реальность (2009 жыл) * Прыжок афалины (2009 жыл) * Біржан сал (2009 жыл) * Тучи над холмами (2009 жыл) * Дом солнца (2010 жыл) * Сказ о розовом зайце (2010 жыл) * Путь домой (2010 жыл) * Возвращение в "А" (2011 жыл) * Байконур (2011 жыл) * Ликвидатор (2011 жыл) * Небо моего детства (2011 жыл) * Конон варвар (2011 жыл) * Храбрые перцем (2011 жыл) * Шал (2012 жыл) * Жаужүрек мың бала (2012 жыл) * Неудержимые 2 (2012 жыл) * Joker (2013 жыл) * 47 ронинов (2013 жыл) * Ограбление по-казахски (2014 жыл) * Голос степей (2014 жыл) * Курманжан датка (2014 жыл) * Марко Поло (2014 жыл) * Воскресший Эртугрул (2014-2019 жылдары) * Весь мир у наших ног (2015 жыл) * Құнанбай (2015 жыл) * Кенже (2015 жыл) * Жат (2015 жыл) * Дорога домой (2015 жыл) * Рэкетир 2 (2015 жыл) * Районы (2016 жыл) * Аманат (2016 жыл) * Отважный и красавица (2016 жыл) * Қазақ хандығы. Алмас қылыш (2016 жыл) * Анаға апарар жол (2016 жыл) * Ты - моя Родина (2016 жыл) * Викинг (2016 жыл) * Марко Поло (2016 жыл) * Легенда о коловрате (2017 жыл) * Баахубали: рождение легенды (2017 жыл) * Женщины-воины (2018 жыл) * Завоеватель (2018 жыл) * Бизнесмены (2018 жыл) * Домашний арест (2018 жыл) * Equus. История лошади (2018 жыл) * Макмафия (2018 жыл) * Время стойких (2018 жыл) * Банды индостана (2018 жыл) * Балуан Шолақ (2019 жыл) * Тобол (2019 жыл) * Союз спасения (2019 жыл) * KAZBAT (2019 жыл) * Ва-банк (2019 жыл) * Герой Нарасима Редди (2019 жыл) * Захар Беркут (2019 жыл) * Батырлар (2019 жыл) * Конкрады. Дороги времени (2019 жыл) * Томирис (2019 жыл) * Шырақшы (Хранитель) (2020 жыл) * Жаным, ты не поверишь (2020 жыл) * Письмо королю (2020 жыл) * Мулан (2020 жыл) ## Топ мүшелері бірге жұмыс істеген актёрлер * Сильвестр Сталлоне * Арнольд Шварценегер * Джет Ли * Чак Норрис * Дольф Лунгрен
Қазақстан көлдері — Қазақстанда 48 262 көл бар. ## Ең ірі көлдер тізімі
Бал алу. Балды аралардың өздерінен артылып қалғанда ғана алуға болады. Өнімнің әбден жетілгенін, жабыстырылғанын, әдетте аралар шырынды өсімдіктердің жаңа қонысына көшерде алады. Ашық бал әбден жетілмейді, оның емдіу қасиеттері жоғары болмайды, сақтаған кезде ол ашып кетеді. * Балды кәрездерден омарта пышағымен бал шайқауышқа алады. Алдын ала оларды (балауыз қабыршағын кесіп) ашу қажет. Бал шайқауыштар айналған кезде ортадан тепкіш күштің әсерінен бал қуыстардан шығып, ыдыстың қабырғаларына жабысып қалады. Балды салқын жерде жақсы жабылған ағаш ыдыста немесе сүт құятын флягтарда сақтау керек. ## Дереккөздер
Арынғазы Абылғазыұлы (1783 — 1833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі Абылғазы қайтыс болғаннан кейін шекті, жаппас, арғын, алтын, т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған. Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. Шерғазымен тайталасып, оны хандықтан ығыстыруға ұмтылған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті нығайту, Орта жүз бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған ислам дінін, мұсылмандық құқықты, шариғатты тірек ету. Сөйтіп, ол билер мен старшындарды ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріккен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтылды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен. Шерғазының соңынан Санкт-Петербургқа барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, Калугаға жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан өз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын көңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, Дәулеткерей, т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті. ## Дереккөздер
Алтай кен байыту кешені (еск. Зырянов кен байыту кешені) – Қазақстандағы қорғасын-мырыш кентастарын өндіріп, байытумен айналысатын ірі түсті металлургия кәсіпорны. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында орналасқан. Қазмырыш концернінің құрамына кіреді. ## Тарихы 1791 жылы ашылған Зырян кенді ауданы негізінде 1953 жылы құрылды. 1953-1993 жылдары Зырянов қорғасын-мырыш комбинаты, 1993–1997 жылдары “Зырянов қорғасын-мырыш комбинаты” акционерлік қоғамы болып аталды. 1997 жылы “Зырянов кен байыту кешені” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Құрамында қорғасын зауыты, Грехов және Малеевка кеніштері, кен байыту фабрикасы бар. ## Өнімдері Ашық әдіспен және жер астында өндірілетін қорғасын, мырыш кентастары кен байыту фабрикасында өңделіп, қорғасын, мырыш, мыс концентраттары түрінде өнім шығарылады. Кешенде 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Қой сауу – қой қоздағаннан кейін тамыз айының басына дейін таңертең және кешке екі рет сауып құнарлы сүт алу. Әр малдың сауылу мерзімі мен тәсілі әртүрлі. Қой – үш ай, ешкі - 5 ай, ал сиыр одан ұзақ уақыт бойы сауылады. Бие - алты ай, түйе он екі ай сауылады. Будан қой тұқымдарының ішінде кейбіреулері 3 айдан да артық сауылады. ## Саууға қосақтау Аз қойды жеке-жеке ұстап тұрып, қозыларын салып, идіріп немесе көгендеп сауады. Қой көп болса, оларды қосақтап сауады. Қосақтау – қойларды сауу кезінде бастарын бір-біріне қаратып, керілген арқанға тізіп байлау. Қосақтау үшін жасалған ұзын арқанды "қосақ арқан" деген. Қосақ арқанның "салма қосақ" және "шалма қосақ" тәрізді түрлері қолданылады. * Салма қосақты ел ішінде "керме қосақ" деп те айтады. Салма қосақ жасау үшін алдымен арқанның ұзындығына шамалас жерден бірін аласа, бірін одан биік етіп екі қазық (биік қазық қойдың бойынан асып тұруы керек) қағылады. Осы екі қазыққа арқан керіліп, қазыққа байланғаннан артығы бос қойылады. Салма қосаққа қойларды екі-екіден әкеліп қосақтайды. Ол үшін алғашқы әкелінген екі қойдың тамағын керілген арқанға қойып, байланған қызықтан артылып, бос қойылған арқанның ұшымен қой мойындарының үстінен бастырып отырып, керілген арқаннан шалып алады. Қой басы шығып кетпейтіндей етіп шалып алған арқанды тартып қояды. Одан әрі осы арқанға екі қойды қарсы жағынан әкеліп, олардың да мойындарын керілген арқан үстіне қойып тұрып, алдыңғы қой бастарына тақап қысып тартып, қалған қойларды да осы тәртіппен тізіп байлайды. * Шалма қосаққа қазықтар қағылмайды. Ұзын арқанның бір ұшын ілмектеп, қойларды қосарлап, мойындарынан арқанды ілмектеп шалып, тізіп шығады. Қойлар түгелдей тізілген соң, арқанның ұшын тұйықтап байлайды. Сауып болған соң арқанның байланған ұшын шешіп тартып қалғанда, қойлар бір-ақ ағытылады. Шалма қосақтың осындай ерекшелігіне байланысты оны "ағытпа қосақ", "ағытпалы қосақ" деп те айтады. ## Емізіп, емізбей сауу тәсілдері Қойдың сауылатын уақыты халық арасында "қой сауымы", "қой сауыны", "қой сауманы", "сауыны келу" деп, ал сауылатын қойларды "саулық қой", "сауулы қой" деп атайды. Көп қойды саууға айдап әкелгенде көгенделмеген қозылар немесе көгеннен ағытылған қозылар енесін көріп, маңырай жүгіріп, жамырайды. Қозылар жамырағанда саулық қойлар исінеді. Қойды қозысын емізіп, немесе емізбей саууға байланысты қой сауу тәсілдері әртүрлі аталады. * Қозысын емізбей саууды – үріптеу, қозысын емізбей тұрып сауып алып, екінші рет қозысын емізіп барып саууды жебей сауу, жебу, идіріп сауу дейді. Идіру деп қойды және т.б. малды төлін емізіп тойдыруға немесе сүтін сауып алуға, исіндіруге дайындауды айтады. Сауын малын идіру үшін төлін аздап емізіп алады. Иіген малдың желіні сүтке толады, сыздайды. Малдың сауылып жатқанын, мал сауынын "идірім" деп атайды. Үріптей сауу мен жебей сауу салма қосақтағы қойларға жиі қолданылады. Салма қосақ қой сауғанда әйелдер әуелі қосақтың бір шетінен бастап, екінші шетіне қарай қозыларды бір рет емізбей сауып шығады. Одан соң екінші рет қойларды жебей сауып (иітіп, идіріп) шығады. Идіріп сауудың астынан идіріп сауу және жанай идіріп сауу тәрізді түрлері бар. Қойды үріптеп сауған соң, қозысын емізіп отырып, идіріп алып сауу – астынан идіріп сауу, ал қозысын еркінше емізбей, тек жанастырып барып, қой исінген кезінде сауу жанай идіріп сауу деп аталады. Кей жерде бұл тәсілді төлін салу дейді. Төлін салу – төлін аздап қана емізіп, қой иіген сәтте жылдам сауып алу. * Жебей сауу тәсілі бойынша қой немесе басқа да сауын малы қайта сауылатындықтан, желіндегі сүт сарқа сауылады. Сауылған сүттің жебінді сүт, иінді (иінді сүт) деп аталуы мал сауу тәсілдерінен шыққан. Мал желініне жиналған сүтті сауып алғандағы сүт – жебінді сүт, жебей сауылған малдың төлін бауырына салып иітіп алып, қайта сауылған сүт иінді сүт деп айтылады. Қой бірнеше ай сауылып, қою, құнарлы сүт алынады. Қой сүті сиырдың сүтінен әлдеқайда құнарлы, майлы болады. Халық оны «Қойдың сүті – қорғасын», – деп бағалайды (Қойдың сүті – қорғасын, қойды тепкен (соққан) оңбасын. Мақал). Мамандардың айтуынша, қой сүтінің ешкі сүтінен де едәуір айырмашылығы бар. Сауын малын идіру үшін төл салудан басқа қалыптасқан жолдары да бар. Мал сауатын адам түлік түріне қарай айтылатын одағай сөздерді белгілі бір әуезбен айта отырып, оның назарын аударып, айтқанға көндіруге әрекет жасайды. Мәселен, биені сауғанда "құр сал" деп, інгенді иіткенде "дүздір" деп, қойды иіту үшін "қош-қош" деп, дауысын көтеріңкіреп "бұйырады".Сауылатын және сауылмайтын қой-ешкілер бөлек-бөлек бағылған. Мұндайда жаз жайлауда екі ауыл қатар отырып, бірі қозы-лақтарын қысыр қалған қойларға, серкешке қосып, келесі ауыл сауылатын қой-ешкілерді бағады. Саулық қойларды бағуға байланысты осылай отыруды халық тілінде бойдақ-саулық болу деп айтады. ## Суалу Барлық малдың белгілі бір уақытта суалатыны сияқты қой да күзге қарай суала бастайды. Қой жазда екі рет сауылғанмен, күзге қарай бір-ақ рет сауылады. Күз бастала қойдың күніне бір-ақ рет сауылуын кейбір өңірде қой бір келу, жаздыгүні түсте және кешке екі рет сауылуын қой екі келу десе, тек кешке бір рет сауылатын қойларды кешкі қой деп атайды. Сонымен бірге кей жерлерде сауылатын қойларды түс кезінде саууға әкелген, оны түскі қой деп аталған. Суалу – сауын малының сүтінің азаюы. Ол – мал табиғатындағы қалыпты жағдай. Оны кейде сүт тартылу, ақ болып кету дейді. Сүті тартылатын уақыты болмаса да, аурудың әсерінен сауылып жүрген түлік ақ болып кетеді. Мәселен, желінсаумен ауырған қой-ешкінің сүті ерте тартылып кетеді. Желінсау деп қой-ешкінің желіні іспей, ақ болып кетуін атайды. Ондай қойды саумайды. «Желінсау қой қосаққа кірмейді, Құр аяққа бата жүрмейді» деген халық мақалы саулық қойдың осындай күйіне орай қалыптасқан. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Ермеков М. Қазақстанның биязы және ұяң жүнді қой шаруашылығы. Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1951; * Елемесов А., Ермеков М. Қой шаруашылығы. Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1954; * Казахская пастбищно-кочевая община. Алма-Ата: Наука, 1964; * Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969; * Медеубеков Қ.Ү. Сарбасов Т.И. Қазақстанның қой шаруашылығы. Алматы: Қайнар,1984; * Бабалықұлы Ж. Мал ауруларының қазақша атаулары. Алматы: Қайнар, 1986; * Саудабаев С.Б., Нартбаев А.Н. Қой мен ешкіні қолда өсіру. Алматы: Қайнар, 1988; * Өмірзақов Т. Мал түгіне байланысты қалыптасқан этнографизмдер // Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1988. -173 бб.; * Есімболова М.Қ. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Эверо, 2004; * Арғынбаев Х., Тоқтабай А., Сейітқұлова Ж. Қазақтың мал шаруашылығына байланысты наным-сенімдері // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Құраст. С. Әжіғали. Алматы: Арыс, 2005. 73-94 бб.; * Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. Алматы: Арыс, 2005; * ҚӘТС, 10 том. Алматы: Арыс, 2009;
«Қазмырыш» (Kazzinc) – түсті металлургия кәсіпорны. 1997 жылы қаңтарда құрылған. Құрамына Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зырян мырыш комбинаты, Ленингор жөндеу-механика зауыты акционерлік қоғамдары, Текелі кен байыту комбинаты мен Бұқтырма су-энергетикалық кешені енеді. Басқарушы компания – “Қазастур Цинг АГ” фирмасы (Швейцария). Кәсіпорын металды мырыш, тазартылған қорғасын, мыс концентратын, металды кадмий, күкірт қышқылын, электр және жылу энергиясын өндіреді. “Қазмырыш” 50 мердігерлік кәсіпорынды байланыстырып, 25 мың жұмысшы маманға жұмыс беріп отыр. 1996 жылмен салыстырғанда 2000 жылы мырыш өндіру 55%, қорғасын – 136%, мыс – 71%, алтын – 125%, күміс – 418%-ға өсті. Мырыштың жылдық өнімі 240 мың тоннадан асып түсті. Республика бюджетіне 75 млн. доллардан астам қаржы аударды. ## Компания құрылымы * ӨскеменӨскемен қорғасын-мырыш комбинатыМырыш зауытыҚорғасын зауытыМыс зауытыБағалы металдар өндіру зауыты * Өскемен қорғасын-мырыш комбинатыМырыш зауытыҚорғасын зауытыМыс зауытыБағалы металдар өндіру зауыты * Мырыш зауыты * Қорғасын зауыты * Мыс зауыты * Бағалы металдар өндіру зауыты * РиддерРиддер тау-кен байыту кешеніРиддер металлургия кешені«Қазмырышкмаш» өндірістік кешені«Қазмырыш-Шахтоқұрылыс» өндірістік кешені * Риддер тау-кен байыту кешені * Риддер металлургия кешені * «Қазмырышкмаш» өндірістік кешені * «Қазмырыш-Шахтоқұрылыс» өндірістік кешені * Алтай«Алтай» кен байыту кешені * «Алтай» кен байыту кешені * СеребрянскБұқтырма СЭС * Бұқтырма СЭС * ЖәйремЖәйрем кен байыту комбинаты * Жәйрем кен байыту комбинаты * Көкшетау«Altyntau Kokshetau» АҚ * «Altyntau Kokshetau» АҚ ## Марапаттар мен сыйлықтар * Қазақстан Республикасы Президентінің «Парыз» сыйлығы «Қазмырыш» ЖШС бес рет берілді * «Қазмырыш» ЖШС 8 рет «Алтын Гефест» салалық сыйлығымен марапатталды
Верный – Алматы қаласының 1921 жылға дейінгі атауы. Орта ғасырлардағы Алмату (Алматы) қонысының орнына 1853 жылы Ресей үкіметі Заилийский әскери бекінісін салды. Ол 1854 жылғы ақпаннан «Верный» («Сенімді») деп аталды. Верный табаны бес бұрышты қамал тұрғызылды, оның айналасына терең ор қазылып, ағаш шарбақпен қоршалды. Қамал гарнизонында Іле отрядының 470 солдаттары мен офицерлері қызмет етті. 1855 жылдан бастап Верныйға Ресейдің орталық губернияларынан, кейіннен Сібірден орыстар мен татарлар көшіп келе бастады. 1855 жылы Алатау округінің әкімшілігі Қапалдан Верныйға ауысты. 1856 жылы Верныйда Қазына бағы (қазіргі Орталық саяжай) салынды. Татарлар қонысының маңынан кәсіпкер Әлімжановтың алғашқы су диірмені іске қосылды. 1858 жылы Кузнецов деген көпес сыра қайнататын зауыт ашты. 1860 жылы пошта бөлімшесі мен аурухана ашылып, шешек ауруына қарсы егу жүргізіле бастады. 1859 жылы мамырда Верныйдың тұрғындары 5 мыңға жетті. 1867 жылы Верный бекінісі қалаға айналып, Верный уезінің және Семей облысының әкімшілік орталығы болды.
Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы (ағылш. Eurasian Natural Resources Corporation PLC, ENRC, И-Эн-Ар-Си, немесе И-Эн-Эр-Си) (LSE: ENRC , KASE: GB_ENRC) Лондон Құрама Патшалықта орналасқан Қазақстан табиғи ресурстарын сатумен айналысатын мекемесі. ## Тарихы 1990 жылдары приватизация уақытын пайдаланып еврейлердің сатып алған мекемесі. 2006 жылы реорганизация ретінде бір группаға бірікті. 2007 жылы Лондон Қор Биржасына тіркеп қаржы пайызын 20%-ға көтерді содан 2008 жылы наурыздаFTSE 100 мекемелер тізіміне қосылды.ЕТРК Қазақстандағы ең үлкен мекемесі. Онда 70,000 адам жұмыс істеуде, оның 65,000 Қазақстанда жұмыс істеуде. ## Corporate affairs ### Мененджмент ENRC мененджерлер командасы мінеки назарларыңызға: ### Иелері Ең ірі акция иелері: ## Сілттемелер ## Сыртқы сілттемелер * http://www.enrc.com/ Мұрағатталған 16 мамырдың 2008 жылы. ресми беті Үлгі:FTSE 100 Index constituentsҮлгі:Energy in the United Kingdom
* Пресновка – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Пресновка – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл.
Лаварсаз, Лавар-Қарасу, Даярсаз – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, алабында аумағы 20 га болатын шағын көл және ұзындығы 16 км болатын Жіңішкесу (Жіңішкебұлақ, Тамды) саласы бар. ## Бастауы Бастауын Қорам ауылынан шығыста 8 км жердегі Бөшке деп аталатын сазды-батпақты қоныс аумағындағы қайнардан алып, Даярсаз қонысынан төменде Сенсембай-Қарасу өзеніне сол жағынан құяды. Одан әрі Торғай сайы бойымен ағып, Іле өзеніне (Қапшағай су қоймасы) құяды. Жоғарғы ағысында Қарасу, ал Лавар ауылынан бастап Лавар деп аталады. ## Гидрологиясы Арнасы толығымен дерлік жазық өңірмен өтеді. Сол жағалауының басым бөлігі жарлауытты келген. Бастауынан Сенсембай-Қарасу өзеніне дейінгі жағалау бойында тал, шілік, жүзгін, жиде, т.б. ағаштардан, бұталардан тұратын тоғай қалыптасқан және жағалауында қамыс, құрақ қалың өскен. арнасында жыл бойы су болады. Суында балық бар. Жыл құстары және т.б. құстар ұя салады, мекендейді. Өзен бойында Қорам, Лавар ауылдары және қыстаулар мен қоныстар жайласқан. Алабы - мал жайылымы және шабындық. ## Дереккөздер
Қошқар мұнай кен орны — Атырау облысы, Мақат ауданында Қошқартұз күмбезінің оңтүстік-шығысынан 17 км, шағын Бекбике кен орнының батысында 20 км жерде орналасқан. 1941-1944 жылдары барлау жұмыстары жүргізіліп, дербес мұнай күмбезі анықталған. ## Қалыптасу кезеңі * Мұнайлы алаң Оңтүстік Ембіге (Жемге) тән келетін төменгі пермь кезеңінің (кунгур ярусы) тұзында басталып, төрттік кезеңдегі соңғы каспий трансгерссияның шөгінді құрылымдар кешенінде жаралған. Оңтүстік Қошқар кен орнындағы мұнай көздері оңтүстік-батыстағы альб-сеноман, неоком және орта юра шөгінділерінен құралған. * Мұнай алаңының жалпы аумағы 2368 км2, мұнайдың өнімді қабаты 220-885 м тереңдікте, қалыңдығы 50 м-ге дейін. Кен орнында ең көп мұнай 1948 жылы алынған (157,9 мың т). ## Құрамы Қошқар мұнайының құрамы: * шайыр (11-23,5%); * парафин (0,4-0,45%); * күкірт (0,10-0,32%). ## Дереккөздер
Африканың оңтүстік шетінде мұхит толқындары шулап келіп соғылып жатқан биік тік жартас- Қайырлы Үміт мүйісі орын тепкен. Бұл Африканың ең оңтүстік нүктесі емес (ең оңтүстік мүйісі - Инелі), бірақ дәл осы Қайырлы Үміт мүйісіне жеткенде жағалау алған рет Атлант мұхитынан Үнді мұхитына қарай жол аша отырып , күншығысқа қарай бұрылады. Бұл мүйісті ең алғаш рет 1488 ж. португал теіңзшісі Б. Диаш ашып, Дауыо мүйісі атаған. Бірақ, Үндістанға теіңз жолын ашуға тырысып, Африка маңына экспедиция жіберген португал королі ІІ жуан бұл жерді Қайырлы үмір мүйісі деп атауды бұйырды. Көп ұзамай, португалдықтардың үміті ақталып, 1497 ж. Васко да Гама Қайырлы Үміт мүйісін айналып өтіп, Үнді мұхитына шығып, оны жүзіп өтіп 1498 ж. Үндістанға жүзіп келді. Қайырлы үміт мүйісінен Солтүстік жартышардан көрінбейтін Оңтүстік жартышар аспанының шоқ жұлдызын өте жақсы бақылауға болады екен. ХІХ ғ. мұнда бейтаныс жұлдыздарды зерттеуе еуропалық астрономдар арнайы келеген екен. ## Дереккөздер 2012 "Мәскеу Росмэн" "Әлем ғажайыптары" ISBN 978-5-353-06044-4 УДК 087,5 ББК 92
Жәнібек Қошқарұлы (1693-1752) – жоңғарларға қарсы күресте даңқы шыққан қазақ батыры. Бұқар жыраудың сөзімен айтқанда, Жәнібек-«Қаракерей Кабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек би, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп Орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Шыққан тегі -Орта жүздің тайпасына. Ол Шақшақұлы Жәнібек деген атпен кеңінен танымал, Атасы Шақшақ Аманжолұлы Еңсегей бойлы ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Жәнібек батыр 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшілерінің бірі болған. 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста қол бастап, ханның негізгі кеңесшілерінің бірі болған. 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек батыр Еділ қалмақтарымен және жоңғарлармен болған күреске қатысып отырған. 1726 жылы Бұланты шайқасында Орта жүз әскерлерінің бөлігі Жәнібек батырдың басқаруына қараған. Жәнібек батыр 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері орта жүге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек батырдың бастаған қазақ жасақтары саны жағынан басым басқыншыларға тойтарыс берді. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынбарға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек батырдың жүктеген. Ресей патшайымы Елизазавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Жәнібек 1752 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Тосын құмында қайтыс болған. Батырлың мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген. ## Дереккөздер
Малдыбай газ кен орны — Шу-Сарысу алабының Мойынқұм ойысында, Жамбыл облысы, Тараз қаласының солтүстігінде 185 км жерде орналасқан. Кен 1977 жылы ашылған. ## Геологиясы мен сипаты * Брахиантиклиналь қатпар түріндегі кең құрылымы төменгі визе газды қабатының беті бойынша 1910 м-лік изогипспен шектеледі. Оның өлшемдері 12,5х2,7 км, амплитудасы 192 м. Қанаттарының еңістелу бұрышы 8-90°. * Серпухов газды қабатының беті бойынша құрылымның өлшемдері 13х3 км, амплитудасы 150 м-ге жуық. Кен төменгі визенің көмірлі-теригендік және төменгі серпухов карбонатты шөгінділеріндегі қабаттық-дөңдік типті екі иірімнен тұрады. Дөңіндегі жатыс тереңдігі 2025 м-лік төменгі визе иірімінің биіктігі 135,2 м. Газ-су жапсары анықталмаған. * Өнімді қабаттарының жалпы қалыңдығы 171 м, тиімді қалыңдығы 4,2 м, газға қаныққан қабаты 1,4 м. ## Құрамы * Кеуекті және жарықшақты типтегі коллекторлар құмтастардан құралған, кеуектілігі 14,4%. * Газға қаныққан коэффициенті 0,77. * Қабат қысымы 21,8 МПа, температурасы 63°С. * Газдың бастапқы шығымы 7,95 мм-лік диафрагмада 7,5 мың м3/тәулік. * Иірімнің жаппасы болып онымен бір жастағы көмірлі аргиллиттер және олардың бетіндегі ортаңғы визенің ангидриттері мен сульфаттанған әктастарының қабаты саналады. Төменгі серпухов иірімінің зерттелуі аяқталмаған. Оның газдық қалыңдығы 57-63 м, органогендік-кесекті әктастардан базальттық горизонтымен байланысты. Бұл әктастар көршілес Анабай, Амангелді, т.б. кендерде өнімді болып саналады. Төменгі визе шөгінділерінің газ құрамы, %-дық мөлшері: метан 89, этан 0,91, пропан 0,05, н-бутан 0,022, т.б. Төменгі серпухов иірімінің газдары 88,85%-ға дейін метаннан, этан 4%, пропан 1,1%, азот 4,9%, көмірқышқыл 1,15%, гелий 0,085% тұрады. Иірімдердің режимі серпімді газ-арынды. ## Тағы қараңыз * Қазақстанның кен ресурстары ## Дереккөздер
Ғұн туларыҒұндар біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Азиядағы үлкен де нағыз қаһарлы мемлекет болды. Олар Қытайда үнемі шапқыншылық жорықтар жасап, жерін басып алып отырды. Ұлы Қытай қорғанының салыну себебі де осы. Сондықтан ғұн туларында жер-дүниені жұтатындай аузын ашып тұрған айдаһар бейнеленген. Кейінірек бұл бейне Қытай империясының туларынан орын алды. Орыс халқының ауыз әдебиетіндегі жағымсыз кейіпкер "Змей Горынычтың" басқыншылар образы ретінде қалыптасуының да түпкі мәні - талай ғасырлар бойы көшпенділерден зардап шегуінде.
Парсы патшасы Дарий І (Ахеменид) б.д. дейінгі 520 жылы 700 мыңдық әскер жинап, Скифияға бет алды. Соғыстың бірнеше себептері болды. Дарийдің өзі 100 жыл бұрын скифтердің Мидияға басып кіруінің кегін қайтармаққа шешім алдым деп түсіндіреді. Шын мәнісінде тек Азияны ғана емес, сонымен бірге Еуропаны жаулап алуды ойластырған парсы патшасы Қара теңіз бойының астықты аудандарын басып алу үшін, скифтерді талқандамақ болды. Бұл жерлерден Грекия да астық алып тұрған. Шын мәнінде еуропалық құрылықтың жартысын азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, диқан скифтер сол кездердің өзінде көршілеріне астық сатып келді. Болашақ соғыста Грекияны скифтердің экономикалық көмегінен қол үздіріп, сөйтіп, екі халықты әлсіретіп, оларды жаулап алу үшін Дарий осы бір астық пен малға бай ауданды басып алмақ болды. . Скифтерге жорыққа аттануға дайындалған Дарий қарамағындағы халықтарға хабаршылар жіберді. Ол біреулеріне әскер шығаруды, басқаларына кеме жіберуді, үшіншілеріне Фракиялық Боспордан көпір салуға бұйырды. Көпір Калхедон облысында салынды. Көпірмен әскер өткізіле бастағанда Дарий жағалаудан, Бехистун мекенінен ақ мәрмардан екі баған орнатуды және ассириялық және эллиндік жазуларда ол өзі бастап келе жатқан барлық халықтардың атын жазуға әмір етеді. Біздің уақытымызға дейін жеткен даңқты Бехистун жазуы деген осы. Екінші көпір Истр-Дунай өзені үстінен салынды, өйткені Скифияға дейін жету үшін, Скифияның алдында тұрған Фракияны жаулап алу қажет болды. Фракия Дарийге онша қарсылық көрсете алмады. Сонымен, Дарий әскерлері скиф жерінің шекарасынан көрінді. Дарий әскерлерінің келе жатқанын білген скиф көсемдері кеңеске жиналып, сонда өздері ғана парсылардың қаптаған қолына ашық соғыста төтеп бере алмайтынына көздері жетеді де, көрші тайпаларға елшілерін аттандырады. Таврлардың, агафирстердің, неврлердің, андрофагтардың, меланхлендердің, гелондердің, будиндердің және савроматтардың патшалары тағы бір кеңеске жиналады. Бірақ кеңесте бірауыздылық болмайды. Гелондер, будиндер және савроматтар келісімге келіп, скифтерге көмектесуге уәде береді. Агафирстер, неврлер, андрофагтар, меланхлендер және таврлар патшалары парсылар олардың тайпаларына емес, өздерінің өштестері - скифтерге қарсы келе жатқан жоқ сияқты, сондықтан олар соғысқа қатыспайды дегенді айтады. . Мұндай жауап алған скифтер парсылармен ашық шайқасқа шықпауға шешім алады, өйткені көршілері көмекке келмейтін болды. Скифтер малдарын айдап, құдықтар мен бұлақтарды бітеп, шөпті жойып, даланы өртеп, баяу шегіне бастайды. ¤з әскерлерін скифтер екіге бөледі. Біріншісі Скопасис патшаның басшылығымен, савроматтармен бірге Танаису өзеніне қарай шегінеді. Бір әскерге біріктірілген екі басқа бөліктеріне Иданфирс пен Таксакис басшылық жасады. Оларға гелондар мен будиндер қосылды. Бұл отряд күндік жердегі Дарий әскерінен скифтермен әскери одақтан бас тартқан тайпалардың жерімен шегінеді. Оларды да парсылармен соғысқа тартпақ болады. Ақыры үздіксіз тақымдап қуудың нәтижесінде жауласқан екі әскер де Танаис өзеніне жетеді, одан өтіп, савроматтар жері арқылы будиндер аймағына келеді. Будиндер жеріне тереңдеп енген парсылар ағаш қабырғалармен қоршалған қалаға тап болады. Будиндер қашады, қала қаңырап қалады, парсылар оны өртеп жібереді. Бұдан кейін де парсылар скифтерді қууды жалғастыра береді, будиндер елінен де өтеді, ақыры шөлге ілігеді. Шөлдің шетіне Дарий тоқтайды және бір-бірінен бірдей қашықтықта сегіз үлкен бекініс салуға бұйырады. Бұл бекіністерді парсылар салып жатқанда, скифтер оларды солтүстігінен айналып өтіп, Скифияға оралады. Парсылардың алдында скифтердің жоқ екенін білгеннен кейін, Дарий жартылай аяқталған құрылысты тоқтатуға бұйырып, өз әскерін батысқа бұрады. Скифияға оралып, парсылар бұл жерде енді бірлесе қимылдаған скиф әскерлерінің қос отрядына кезігеді. Тікелей соқтығысулар болмаған соң, парсылар скифтерді табандап қуа береді және де скифтер әрдайым олардан бір күндік жер алда жүріп отырады. Осының бәрі бірнеше айларға созылады. Скифтер оларға көмек беруден бас тартқан тайпалардың иеліктері және ең алдымен меланхлендердің елі арқылы шегінеді. Содан скифтер жауларын андрофагтар, содан кейін неврлер жеріне қарай бастайды. Бұл тайпалардың зәре-құтын алып, оларды өздеріне қосылуға мәжбүр етіп, скифтер агафирстерге қарай шегінеді. Бірақ агафирстер алдынан шығып, егер скифтер олардың жерлеріне аяқ басар болса, онда скифтермен шайқасамыз дегенді айтады. Скифтер агафирстер еліне бармай, парсыларды неврлер елінен өз жеріне қарай тартады. Осылайша соғыс созыла береді және оның соңы көрінбейді. Дарий Иданфирске елші жіберіп, далада айнала беруді тоқтатып, ашық соғысқа шығуды ұсынады. Бұған Иданфирс скифтердің не қаласы, не өңделген жері жоқ, сондықтан олар бүліншілікке ұшыраймын деп қорықпайды деп жауап береді. "Егер сендер біздермен қайткен күнде де соғысқанды қалайтын болсаңдар, онда біздің ата-бабаларымыздың мүрделері бар. Соларды тауып, талқандап көріңіздер, сол мүрделер үшін біз шайқасамыз ба, жоқ па содан кейін білесіңдер", - дейді скифтер патшасы Иданфирс. Бұл соғыста ұсақ қақтығыстар болмай тұрмайды. Дарий әскері өздеріне тамақ іздегенде, скифтер оларды аңдып тұрды. Скифтердің атты әскерлері әрқашан жау салт аттыларын тым-тырақай қашырды. Қашып келе жатқан парсылық салт аттылар өздеріне көмекке келе жатқан жаяу әскерлерін баса-көктеп кетеді. Мұндайда атты әскердің бетін қайтарған скифтер әрқашан көп болған жаяу әскерлерден үрейленіп, кері қаша бастайды. Ақыры Дарий әскерінің саны едәуір сирейді, скифтік тактика оны әбден діңкелетеді, содан Дарий қиын жағдайда қалады. Мұны білген скиф патшалары Дарийге құсы, тышқаны, бақасы және бес жебесі бар сәлемдемені жаршы арқылы жібереді. Парсылар сәлемдемені жеткізушіден бұл сыйлықтар нені білдіретінін сұрайды. Ал анау оған тек сыйлықтарды түсіндірулерсіз жеткізу бұйырылды деп жауап береді. Парсылар кеңес құрады. Дарий скифтер өздерін оның билігіне береді және өзіне бағынудың белгісі ретінде жер мен суды береді, өйткені тышқан жерде өмір сүреді, бақа суда, құстар аспанда тіршілік етеді, ал жебелер скифтер қарсылық білдіруден бас тартады дегенді білдіреді деп топшылайды. Бірақ оның кеңесшісі Гобрий басқаша түсіндіреді: "Егер сендер, парсылар, құс сияқты аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқандай жерге індеп кірмесеңдер немесе бақадай батпақтап қашпасаңдар, онда мына жебелер кеуделеріңе қадалып, кейін қайта алмайсыңдар!". Парсы патшасына сыйлықтарын тапсырғаннан кейін скиф отрядтары - жаяу және атты әскерлері парсылармен шайқасуға жауынгерлік сап түзейді. Скифтер жауынгерлік сапқа тұрғанда, олардың қатарларының арасынан қоян жүгіріп өтеді. Қоянды көрген скифтер оны қуалай жөнеледі, олардың қатарлары бұзылады және олардың қосында айғай-шу шығады. Дарий жау жағынан шыққан шудың мәнісін сұрайды. Скифтер айғаймен аттандап қоян қуып жүргенін естіген Дарий өз жақындарына: "Мына адамдар бізді иттің етіндей жек көреді және Гобрий скиф сыйлықтары туралы дұрыс пайымдағанын мен енді түсініп отырмын. Біз енді аман-есен оралуды ойластыруымыз керек", - дейді. Міне, сонда Гобрий патшаға тағы бір кеңес берді: "Түн болысымен біз әдеттегідей от жағуымыз керек, ошақтағы отты сөндірмес үшін әлсіз жауынгерлерді тағдырдың тәлкегіне қалдырып, скифтер әлі көпірге келмей, оны олар бұзбай, көпір күзетшілері біздер үшін өлімді шешім қабылдамай тұрғанда, өздеріміз шегінуіміз керек", - дейді. Әскерлері өзеннен өтіп, сонымен аман қалады. Сөйтіп, Дарий І-дің Скифияға жорығы абыройсыз аяқталады. Геродот. Күн батқанда, Дарий әлгі айтылғандарды орындайды. От жағып, ал өзі негізгі әскерлерімен асығыс өткелге қарай беттейді. Жолдан парсылар адасып, скифтер олардан бұрын өзенге жетеді және көпірде парсыларды ионяндер күтіп тұрады. Скифтер ионяндерге көпірді бұзып, парсыларға қарсы шығуды және солайша бостандық алуды ұсынады. Бірақ ионяндер көсемдері Дарийден алған артықшылықтарын ойлап, естері шығады да, көпірдің тек шетін бұзып, скифтерді алдап соғады. Ионяндер көпірді талқандап жатыр деп сенген скифтер парсыларды іздеп кері бұрылады. Парсылар жол бойы адасқандықтан, скифтер де қателеседі және жауын жолықтыра алмайды. Скифтер қарсыластарын іздеп жүріп, өз елінің атқа жемі мен суы бар бөлігімен жүреді, жаулары осы жолмен шегінуде деп ойлайды. Алайда парсылар өздері бұрын шиырлаған жолға түсіп, ақыры өліп-талып өткелге жетеді. Және ол жерге түнде жетіп, көпірдің бүлінгенін көреді. Бірақ көпір аттар мен жаяу әскерге төсеніші бар кемелерден құралған қалқымалы болады. Бір египеттік көпірді күзетуге Дарий қалдырып кеткен ионянин Гестиейді шақырып, қатқыл дауыспен айғайлай бастайды. Гестией естісімен әскерді өткізу үшін барлық кемелерді жеткізеді де, көпірді орнатады. Парсылардың єскерлері өзеннен өтіп, сонымен аман қалады. Сөйтіп, Дарий І-дің Скифияға жорығы абыройсыз аяқталады. ## Дереккөздер
IGAR мәшинесі Ғарыштық технологиялар қатерлі ісікті анықтауда көмектеседі. Сонымен қатар, үлкен робот-манипуляторлар ғарышкерлерге ғана емес, Жер тұрғындарына қатерлі ісікті емедуге көмектеседі. Бұл роборт- хирургты ойлап табушылар олардың машиналары боипсияны тура анықтайды дейді. Бұл жаңа машинаның атауы IGAR - қысқартылуы Image-Guided Autonomous Robot (Дербес Робот, суреттер ақылы жұмыс жасайды). Бұл машина магнитті- резонансты сканердің көмегімен жұмыс атқарады. Оның аса қауіпті көкірек қатерлі ісігін анықтауда пайдасы зор. Қазіргі кезде, бұл тәсілмен маммограммада қауіпті көрінген ағзалар тексеріледі. Арнайы программаның арқасында рентгентолог IGAR аймағын анықтап, сол аймақта биопсия жоғарғы дәлдікпен анықталады. Бұл машина ойлап табушылар, процедураның ауыртпалығын жеңілдете отырып, оның ақысы төмендеу болады деп жариялады.IGAR-дың алғашқы 3 клиникалық зерттемелерін доктор Натали Дучансе, кеуденің рентгентологиясын Сант-Сакрементте өткіздіреді.Бұл машинаның игіліктерін пайдалана отырып, зерттемелер ұзақ уақыт алмайды, әрі ол тиімді. Сонымен қатар, нағыз қатерлі ісікті өсіру үшін оны ғарышта өсіруіміз қажет. Себебі, қатерлі ісікке әсер ететін микрогравитация адамның онкологиялық аурулар кезеңіндегідей ісіктің көлемі мен құрылымына ие болады. ## Дереккөздер * "Наука и техника", 2008
Аюши (моңғ. Ард Аюуш,толық аты Алдаржавын Аюуш; 1858—1939) — Ішкі Монғолиядағы Кобдо аймағының оңтүстік-батыс бөлігіндегі араттардың азаттық қозғалысының басқарушысы (1903—1917 ж.). Хошун князы Минибазардың басыбайлы шаруасы болған. 1903 ж. Хошун араттары мен ұсақ тайджилерінің князьға қарсыереуіліне басшылық етті. 1911-18 жылға дейін хошун араттарының феодалдар мен отаршыларға қарсы күресін басқарды. Кейін 1921 ж. революцияға және халықтық-демократиялық Моңғолияны орнатуға белсене қатысты. ## Дереккөздер
Архангелка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Архангель ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1174 адам (588 ер адам және 586 әйел адам) болса, 2009 жылы 582 адамды (308 ер адам және 274 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Лақтыбай мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының шығысы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында орналасқан. Кен орны 1988 жыл жылы ашылған, барлану үстінде. ## Геологиясы мен сипаты * Лақтыбай көтерілімі КТ-II тас көмір қатқабатының карбонатты кемерінің жиегі мен беткейі аумағында орналасқан. Көтерілім оңтүстік жағынан терригендік ортаңғы визе шөгінділерінің қатқабатында байқалатын ендік бағыттағы жарылымдармен шектелген және өлшемдері 3,5х2,2 км, амплитудасы 300 м болатын 3900 м-лік изогипспен шектелген дөңді (төбені) құрайды. * Іздестіру ұңғымаларының деректері бойынша кеннің геологиялық құрылымын қалыптастыруға палеоген, [[[Бор кезеңі|бор]], триас, жоғарғы пермь, кунгур жыныстары қатысқан. Қиманың тұзасты бөлігі үш литологиялық-стратиграфиялық шөгінділерден құралған. Терригендік қимада 7 өнімді қабат бөлінген. * Негізгі блок шегіндегі мұнайлы қабаттың қалыңдығы 0,8-9,4 м, коллекторлардың ашық кеуектілігі 13,1-17,2%, мұнайға қаныққандығы 42,5-62,4%. * Тәулігіне 1,6-27 м2 мұнай шығады. ## Құрамы * Мұнайдың тығыздығы 820-849 кг/м2. * Күкірті аз. * Парафин мөлшері 1,32-4,9%. ## Дереккөздер
Мамыт (Шығыс Орал) қоңыр көмір кені орны — Орал сырты үстіртінің шығысындағы Мамыт өзенінің алабында, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша кентінің шығысында 25 км жерде орналасқан. Кен орны 1994 жылдан игерілуде. Қоңыр көмір қоры 0,6 млрд.т. Жылына орта есеппен 433,6 мың т тауарлы көмір өндіріледі. Тұрмыстық отын ретінде пайдаланылады. ## Геологиясы мен сипаты Геологиялық барлау жұмысы 1951-1960 жылдары жүргізілген. * Көмір қабаты орта юра дәуірінің саз және алевролит қабатындағы көмірленген ағаш қалдықтары бар ұсақ түйіршікті құмда шоғырланған. * Шөгіндінің қалыңдығы 400 м-ге жуық, ортаңғы бөлігінде қимасының қалыңдығы 150-165 м. * Көмірдің 30 қатының 23-і өнімді саналады. Олардың қалыңдығы 0,7-10 м. Өнімді қаттың тереңдігі оңтүстігінде 5-7 м, кен орнының оңтүстік-шығысында 180-220 м. * Негізгі өнімді әрі қуатты қабаты 3-9 м тереңдікте жатыр. ## Құрамы және физикалық қасиеті * Көмірдің күлділігі 22-28%, кейде 30-40%-ға жетеді. * Ылғалдылығы 30-40%. * Ұшықтық заттардың үлесі 35%. * Меншікті салмағы 1,66, кеуектілігі 50%. * Жанғыш массасында сутектің мөлшері 4,4%, күкірт 2%, шайыр 3,4%, битум 2,8%. * Құрғақ отынның жылу бергіштігі 5055 ккал/кг, жанғыш массасынікі 5825 ккал/кг. ## Дереккөздер
Қаратайқыз мұнай кен орны — Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор темір жол стансасының шығысынды 85 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығысында орналасқан. Кен орны 1948-1960 жылдары барланып ашылған. ## Геологиясы мен сипаты Кен қосқанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. * Неокомда 6, юрада 1 мұнайлы қабат барланған. Неоком қабаттары құрылым шоқтығында 260 м, юранікі 359 м тереңдікте. * Иірімдердің биіктігі 11, кеуектілігі 20 м. * Мұнайлы қабаттар терригендік таужыныстардан түзілген, коллекторлары кеуекті. * Қабаттардың мұнайға қаныққан қалыңдығы 16 м (неоком) және 5 м (юра) ## Құрамы * Коллекторлардың ашық кеуектілігі 25-30%. * Мұнайға қанығу коэффициенті 0,9. * Мұнайдың тығыздығы 894-899 кг/м3. * Күкірті аз - 0,32%. * Парафині аз - 0,64%. * Шайырлылығы жоғары - 28%.
Айтуар — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Архангель ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстікке қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 299 адам (161 ер адам және 138 әйел адам) болса, 2009 жылы 213 адамды (105 ер адам және 108 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қараөзен гипс кен орны - Атырау қаласының жанында орналасқан кен орны. Кен күмбезінің аумағы 25 км2-ге жуық. Кен орны пайдаланылуда. ## Геологиясы және құрамы * Гипстің қалыңдығы 70 м-ге жетеді. * Алғашқы белгіленген қоры 6,312 млн.т, орташа қалыңдығы 2,4 м. Барланған гипс тасының қоры 30 млн.т. * Гипстің түсі сұрғылт, кристалдығы әр түрлі, көбінесе сазды, карбонатты болып келеді. * Жыныстардағы гипстің мөлшері 81,6%-дан 90,5%-ға жейін жетеді. ## Химиялық құрамы * SO3 - 21,7-26-53; * К2O2 - 0,4-1,61; * CaO - 24,08-31,68; * MgO іздері; * H2O - 12,94-19,6. ## Тағы қараңыз * Кен орны * Қазақстанның кен ресурстары ## Дереккөздер
## Төрт-түліктің сүті Сүт - басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сондай-ақ сүт амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сиыр сүтімен қатар тағам ретінде басқа мал түліктерінің - ешкінің, қойдың, буйволдың, түйенің, биенің сүттері де пайдаланылады. Аталған мал түліктерінің сүтінен әр халық өз салтына, өз дәстүріне қарай неше түрлі сүт тағамдарын дайындайды. ### Ешкі сүті Ешкі сүті. Жалпы, ешкі ежелден келе жатқан түлік. Соған байланысты оның сүті де қай халыққа болса да етене жақын. Химиялық құрамы жағынан басқа мал сүтіне қарағанда сиыр сүтіне жақынырақ. Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі дімкәс кісілерді ешкі сүтімен емдеген. Анасы жарытпаған балаларға да ешкі сүті берілген. Кейбір уақытта сиыр сүті жақпайтын адамдар ешкі сүтін ішкенде асқазанының ас қорытуы жақсарғаң.Ешкі түлігінің кез-келген жағдайда төзімді, аса көп күтімді қажет етпейтін, көп тараған жануарлардың бірі екені бәрімізге мәлім.Қазіргі кезде Азия, Африка елдерінде, Италия, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Испания, , Швейцария, Англия елдерінде ешкі өсіру кең тараған. Европадағы аталған елдер дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы сүтті бағыттағы ең таңдаулы сауын сиырларын өсіретін елдер. Соған қарамастан оларда ешкі сүті де өндіріледі. Ешкіден күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. Сүтті ешкіден 8-10 айдың ішінде 250-350 килограмға дейін сүт саууға болады, ал бағып-күтіп, жақсы азықтандырған кезде бұл көрсеткіш 1700 килограмға дейін барады. Ешкі сүті көбінесе ірімшік, айран т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады.Қазіргі кезде Қазақстанда ешкі малын саууға көңіл бөлінбей келеді, тіпті жеке шаруашылықтардың өзінде де ешкі сүтін пайдалану сиреп бара жатыр. ### Қой сүті Қой сүті. Біздің КСРО халықтарының өте көп пайдаланатын сүтінің бірі. Әсіресе Закавказья, Орта Азия, Қазақстанда, шет елдерден - Болгария, Румыния, Франция, Грекия, Албания т.б. елдерде қой сауу кең тараған. Құрамында 6,7 процент май, 5,8 процент белок, 4,8 процент сүт қанты, 1 процентке дейін минералды заттар бар. 4-5 айдың ішінде қойдан 150 килограмға дейін сүт саууға болады. Кейбір сүтті қойдан 500-килограмға дейін сүт сауылады.Қазақстан қаракөл елтірісін өндіретін Республикалардың бірі. Шаруашылықтың бұл саласында қаракөл қозысын көбінесе тіршілігінің 3-4 күндігінде сойып, елтірісін алады. Осы сойылған қозылардың енесінен кем дегенде 100-150 кг сүт сауылса, ол республика бойынша сауылатын сүт мөлшерін көбейтудің бірден-бір резерві болып табылар еді. Қойды отарлап бағатын шаруашылықтар жағдайында сауу оңай да емес. Дегенмен шаруашылықты мердігерлік әдіске көшірген уақытта елеусіз қалдыруға да болмайтын жағдай. Сиыр сүтінен қандай тағам дайындалса, қой сүтінен де дәл соңдай тағам, әсіресе брынза жақсы дайындалады. Қой сүтінен дайындалған құрт-ірімшік тіл үйіреді. Ал айранының дәмі ерекше. Тағы бір қызығы-қой сүті қою болғандықтан 1кг ірімшік әзірлеу үшін сиыр сүтіне қарағанда екі есе кем жұмсалады. Қой сүтінен дайындалған ірімшіктің нәзік қышқыл дәмі, өзіндік жақсы иісі болады. «Қойдың сүті қорғасын» деп халық тегін айтпаған ғой. ### Бие сүті Бие сүті. Орта Азия, Қазақстан, Татар, Башқұрт, моңғол халықтарының аса қадір тұтатын сүтінің бірі. Химиялық құрамы жөнінен сиыр сүтінен айырмашылығы, бие сүтінде құрғақ заттар, соның ішінде белок пен майдың да мөлшері аз болады. Бірақ бие сүтінде сүт қантының мөлшері сиыр сүтіне қарағанда көбірек.Бие сүтінен ашытылатын қымыз - адамзат үшін табиғаттың өзі сыйға тартқан, жұғымдылығы жағынан болсын, дәмділігі жағынан болсын, тіпті шөл басуының өзі ерекше сусын. Талай ақын өлеңіне арқау, талай жырға желі болғаны да қымыздың қадірін одан сайын арттыра түседі. Ал ақындар тегіннен-тегін жырға қоспаса керек.Осынау жанға шипа, дертке дауа, сусындардың сусыны болып табылатын қымызды ішкен уақытта-организмге әл береді, денсаулықты түзеп, адамның көңіл-күйін көтереді.Қазақ халқы ерте кезден бастап-ақ бие сүті құрамының ана сүтінің құрамына жақын екенін білген. Сондықтан да анасы жарытпаған жас нәрестені саумал беріп баққан. Бие сүтінде 1,26% мөлшерінде белок болады. Оның жартысы глобумин, альбуминнен тұрады. Ал өзімізге белгілі сиыр сүтінде 27% мөлшерінде казеин болады. Сондықтан да ұйытқан кезде, сиыр сүті қою ұйыйды да, бие сүті ондай қоюлана қоймайды. Альбумин жас балалар үшін тез қорытылатын қоректік зат. Сондықтан да бие сүтін альбуминдік сүт, ал сиыр сүтін казеиндік сүт деп атайды. Құрамында сарысу белоктары көп болғандыктан бие сүтінің технологиялық маңызы артады, олар ерітіндіде тез еріп, бірқалыпты, тұнбасыз сұйық консистенция ұстап тұрады. Сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінің май құрамының да өзіндік ерекшеліктері бар. Майдың сүттегі түйіршіктерінің диаметрі сиыр сүтінің майына қарағанда кішкентайлау келеді, осыған байланысты асқазанда тезірек қорытылады. Бие сүтінің майында сиыр сүтіне қарағанда төменгі молекулалық май қышқылдары көбірек кездеседі (12,7%және 7,5%). Құрамында линолен, линол, арахйдон сияқты қанықпаған май қышқылдары бие сүтінің емдік те, биологиялық та маңыздылығын, жоғарылата түседі. Осы май қышқылдары организмде болып тұратын зат алмасудың әр түрлі кезеңінде маңызды орын алады. Бие сүті майының емдік қасиетінің тағы бір маңыздылығы - мұнда, туберкулез ауруының бактериялары өсіп-өнбейді. Ал сиыр сүтінің майында туберкулез бактериясы емін-еркін өсіп-өне береді. Сондықтан да туберкулезге шалдыққан жандарға арналған сауықтыру орындары емделушілерді міңдетті, түрде қымызбен емдейді.Қышқылдың құрамында ашытуға қатысқан микроорганизмдердің өсіп-өнуіне байланысты А, С витаминдерінің мөлшері көбейеді. Сондықтан да оның емдік, диеталық мәні жоғарылай түседі. Өзімізге белгілі С витамині болса организмді суықтан, тұмау ауруларынан сақтандыруға себебін тигізеді. ### Түйе сүті Түйенің сүтінен көне заманнан шөл және шөлейт аймақтарды мекендеген халықтардың бірден-бір негізгі сусыны - шұбат дайындалады.Бір кездері мал шаруашылығының осы бір саласына салғырттық көрсету салдарынан Қазақстан жерінде түйе тым азайып кетті. Түйе азайған соң сүт азаймай ма? Міне, осындай жағдайларға байланысты шипалы да жұғымды сусын - шұбат та сирек кездесетін сусынға айналды. 1988 жылдың басында Қазақстанда 131,5 мың түйе малы болды. Бұл өте аз. Оның 50,8 мыңы жеке шаруашылық иелерінің қолында екен. Сөзіміз құрғақ болмас үшін цифрларға жүгінейік. 1929 жылы Қазақстанда 987,5 мың түйе болған (П.В. Иванов. «Түйе шаруашылығы», 1934 ж.) көрінеді.Түйенің сүтінен әзірленетін шұбат әрі сусын, әрі тоң тағам. Сахараны жайлау еткен халық өкілдері келген қонағына амандық-саулықтан соң міндетті түрде осы сусынды ұсынады екен. Түйе сүтінің химиялық құрамы жағынан сиыр сүтінен өзгешелігі шамалы.Шөл және шөлейт аудандарда түйеден жергілікті сиырларға қарағанда сүтті көп саууға болады. Түйе 12-3,4 айға дейін сауыла береді. Осы уақыттың ішінде әр сауулы інгеннен 1000-2500 килограмға дейін сүт сауу түк емес. Сүттілігіне келетін болсақ жалғыз өркешті түйелер қос өркешті түйелерді шаңына да ілестірмейді.Түйе сүті бактерицидтік қасиетті көп сақтайды. Сондықтан да жаңа сауылған сүт көпке дейін ашымайды. Түйе сүтінің бұл қасиетінің жазы тым ыстық аудандарда тұратын халықтар үшін маңызы зор. Сондай-ақ осы қасиетіне байланысты түйе сүтін алыс жолға алып шыға беруге де болады.Әдетте, түйе сүтінен ашытылатын сусын-шұбатты қазақтар мен түрікмендер дайындайды. Тек бұл сусынды қазақтар шұбат десе, түрікмендер чал деп атайды.Шұбат организмге қуат береді, шөл қандырып, тамаққа деген тәбетіңді ашады. Шұбатты да қымыз сияқты туберкулез ауруына дәру ретінде ішкізуге болады.Шұбаттың ішек-қарынның, ұйқы безінің жұмысын жақсартуда да көмегі көп. Қазіргі кезде Гурьев, Қызылорда, Шымкент, Алматы облысының кейбір аудандарында түйе шаруашылығын өркендетіп, сүт өндіретін комплекстер ашуда. ### Буйвол сүті Буйвол сүті - бір қарағанда құлаққа тосын естіледі. Дегенмен буйвол Үндістан, Индонезия т.б. елдерді былай қойғанда біздің Кавказда да көп тараған малдың бірі. Мәселен, азербайжандар буйвол сүтінен дәмі тіл үйіретін неше түрлі тағамдар дайындайды. Осы республикада сауылған бүкіл сүттің 1/4 бөлігі буйвол сүтінің үлесіне тиеді. Буйвол сүтінің құрамы сиыр сүтінің құрамына өте жақын. Соған байланысты сиыр сүтінен дайындалатын тағамдар мен буйвол сүтінен дайындалатын тағамдар да ұқсас, Мысал үшін буйвол сүтінен де айран, сары май, ірімшік т.б. дайындалады. Сондай-ақ буйвол сүтінің тағы бір ерекшелігі, оның құрамында А, Е витаминдері көп те, каротин аз болады. Сондықтан да өндірілген сары майдың түсі ақшылдау келеді. ## Дереккөздер ## Төрт-түліктің сүті Сүт - басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сондай-ақ сүт амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сиыр сүтімен қатар тағам ретінде басқа мал түліктерінің - ешкінің, қойдың, буйволдың, түйенің, биенің сүттері де пайдаланылады. Аталған мал түліктерінің сүтінен әр халық өз салтына, өз дәстүріне қарай неше түрлі сүт тағамдарын дайындайды. ### Ешкі сүті Ешкі сүті. Жалпы, ешкі ежелден келе жатқан түлік. Соған байланысты оның сүті де қай халыққа болса да етене жақын. Химиялық құрамы жағынан басқа мал сүтіне қарағанда сиыр сүтіне жақынырақ. Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі дімкәс кісілерді ешкі сүтімен емдеген. Анасы жарытпаған балаларға да ешкі сүті берілген. Кейбір уақытта сиыр сүті жақпайтын адамдар ешкі сүтін ішкенде асқазанының ас қорытуы жақсарғаң.Ешкі түлігінің кез-келген жағдайда төзімді, аса көп күтімді қажет етпейтін, көп тараған жануарлардың бірі екені бәрімізге мәлім.Қазіргі кезде Азия, Африка елдерінде, Италия, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Испания, , Швейцария, Англия елдерінде ешкі өсіру кең тараған. Европадағы аталған елдер дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы сүтті бағыттағы ең таңдаулы сауын сиырларын өсіретін елдер. Соған қарамастан оларда ешкі сүті де өндіріледі. Ешкіден күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. Сүтті ешкіден 8-10 айдың ішінде 250-350 килограмға дейін сүт саууға болады, ал бағып-күтіп, жақсы азықтандырған кезде бұл көрсеткіш 1700 килограмға дейін барады. Ешкі сүті көбінесе ірімшік, айран т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады.Қазіргі кезде Қазақстанда ешкі малын саууға көңіл бөлінбей келеді, тіпті жеке шаруашылықтардың өзінде де ешкі сүтін пайдалану сиреп бара жатыр. ### Қой сүті Қой сүті. Біздің КСРО халықтарының өте көп пайдаланатын сүтінің бірі. Әсіресе Закавказья, Орта Азия, Қазақстанда, шет елдерден - Болгария, Румыния, Франция, Грекия, Албания т.б. елдерде қой сауу кең тараған. Құрамында 6,7 процент май, 5,8 процент белок, 4,8 процент сүт қанты, 1 процентке дейін минералды заттар бар. 4-5 айдың ішінде қойдан 150 килограмға дейін сүт саууға болады. Кейбір сүтті қойдан 500-килограмға дейін сүт сауылады.Қазақстан қаракөл елтірісін өндіретін Республикалардың бірі. Шаруашылықтың бұл саласында қаракөл қозысын көбінесе тіршілігінің 3-4 күндігінде сойып, елтірісін алады. Осы сойылған қозылардың енесінен кем дегенде 100-150 кг сүт сауылса, ол республика бойынша сауылатын сүт мөлшерін көбейтудің бірден-бір резерві болып табылар еді. Қойды отарлап бағатын шаруашылықтар жағдайында сауу оңай да емес. Дегенмен шаруашылықты мердігерлік әдіске көшірген уақытта елеусіз қалдыруға да болмайтын жағдай. Сиыр сүтінен қандай тағам дайындалса, қой сүтінен де дәл соңдай тағам, әсіресе брынза жақсы дайындалады. Қой сүтінен дайындалған құрт-ірімшік тіл үйіреді. Ал айранының дәмі ерекше. Тағы бір қызығы-қой сүті қою болғандықтан 1кг ірімшік әзірлеу үшін сиыр сүтіне қарағанда екі есе кем жұмсалады. Қой сүтінен дайындалған ірімшіктің нәзік қышқыл дәмі, өзіндік жақсы иісі болады. «Қойдың сүті қорғасын» деп халық тегін айтпаған ғой. ### Бие сүті Бие сүті. Орта Азия, Қазақстан, Татар, Башқұрт, моңғол халықтарының аса қадір тұтатын сүтінің бірі. Химиялық құрамы жөнінен сиыр сүтінен айырмашылығы, бие сүтінде құрғақ заттар, соның ішінде белок пен майдың да мөлшері аз болады. Бірақ бие сүтінде сүт қантының мөлшері сиыр сүтіне қарағанда көбірек.Бие сүтінен ашытылатын қымыз - адамзат үшін табиғаттың өзі сыйға тартқан, жұғымдылығы жағынан болсын, дәмділігі жағынан болсын, тіпті шөл басуының өзі ерекше сусын. Талай ақын өлеңіне арқау, талай жырға желі болғаны да қымыздың қадірін одан сайын арттыра түседі. Ал ақындар тегіннен-тегін жырға қоспаса керек.Осынау жанға шипа, дертке дауа, сусындардың сусыны болып табылатын қымызды ішкен уақытта-организмге әл береді, денсаулықты түзеп, адамның көңіл-күйін көтереді.Қазақ халқы ерте кезден бастап-ақ бие сүті құрамының ана сүтінің құрамына жақын екенін білген. Сондықтан да анасы жарытпаған жас нәрестені саумал беріп баққан. Бие сүтінде 1,26% мөлшерінде белок болады. Оның жартысы глобумин, альбуминнен тұрады. Ал өзімізге белгілі сиыр сүтінде 27% мөлшерінде казеин болады. Сондықтан да ұйытқан кезде, сиыр сүті қою ұйыйды да, бие сүті ондай қоюлана қоймайды. Альбумин жас балалар үшін тез қорытылатын қоректік зат. Сондықтан да бие сүтін альбуминдік сүт, ал сиыр сүтін казеиндік сүт деп атайды. Құрамында сарысу белоктары көп болғандыктан бие сүтінің технологиялық маңызы артады, олар ерітіндіде тез еріп, бірқалыпты, тұнбасыз сұйық консистенция ұстап тұрады. Сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінің май құрамының да өзіндік ерекшеліктері бар. Майдың сүттегі түйіршіктерінің диаметрі сиыр сүтінің майына қарағанда кішкентайлау келеді, осыған байланысты асқазанда тезірек қорытылады. Бие сүтінің майында сиыр сүтіне қарағанда төменгі молекулалық май қышқылдары көбірек кездеседі (12,7%және 7,5%). Құрамында линолен, линол, арахйдон сияқты қанықпаған май қышқылдары бие сүтінің емдік те, биологиялық та маңыздылығын, жоғарылата түседі. Осы май қышқылдары организмде болып тұратын зат алмасудың әр түрлі кезеңінде маңызды орын алады. Бие сүті майының емдік қасиетінің тағы бір маңыздылығы - мұнда, туберкулез ауруының бактериялары өсіп-өнбейді. Ал сиыр сүтінің майында туберкулез бактериясы емін-еркін өсіп-өне береді. Сондықтан да туберкулезге шалдыққан жандарға арналған сауықтыру орындары емделушілерді міңдетті, түрде қымызбен емдейді.Қышқылдың құрамында ашытуға қатысқан микроорганизмдердің өсіп-өнуіне байланысты А, С витаминдерінің мөлшері көбейеді. Сондықтан да оның емдік, диеталық мәні жоғарылай түседі. Өзімізге белгілі С витамині болса организмді суықтан, тұмау ауруларынан сақтандыруға себебін тигізеді. ### Түйе сүті Түйенің сүтінен көне заманнан шөл және шөлейт аймақтарды мекендеген халықтардың бірден-бір негізгі сусыны - шұбат дайындалады.Бір кездері мал шаруашылығының осы бір саласына салғырттық көрсету салдарынан Қазақстан жерінде түйе тым азайып кетті. Түйе азайған соң сүт азаймай ма? Міне, осындай жағдайларға байланысты шипалы да жұғымды сусын - шұбат та сирек кездесетін сусынға айналды. 1988 жылдың басында Қазақстанда 131,5 мың түйе малы болды. Бұл өте аз. Оның 50,8 мыңы жеке шаруашылық иелерінің қолында екен. Сөзіміз құрғақ болмас үшін цифрларға жүгінейік. 1929 жылы Қазақстанда 987,5 мың түйе болған (П.В. Иванов. «Түйе шаруашылығы», 1934 ж.) көрінеді.Түйенің сүтінен әзірленетін шұбат әрі сусын, әрі тоң тағам. Сахараны жайлау еткен халық өкілдері келген қонағына амандық-саулықтан соң міндетті түрде осы сусынды ұсынады екен. Түйе сүтінің химиялық құрамы жағынан сиыр сүтінен өзгешелігі шамалы.Шөл және шөлейт аудандарда түйеден жергілікті сиырларға қарағанда сүтті көп саууға болады. Түйе 12-3,4 айға дейін сауыла береді. Осы уақыттың ішінде әр сауулы інгеннен 1000-2500 килограмға дейін сүт сауу түк емес. Сүттілігіне келетін болсақ жалғыз өркешті түйелер қос өркешті түйелерді шаңына да ілестірмейді.Түйе сүті бактерицидтік қасиетті көп сақтайды. Сондықтан да жаңа сауылған сүт көпке дейін ашымайды. Түйе сүтінің бұл қасиетінің жазы тым ыстық аудандарда тұратын халықтар үшін маңызы зор. Сондай-ақ осы қасиетіне байланысты түйе сүтін алыс жолға алып шыға беруге де болады.Әдетте, түйе сүтінен ашытылатын сусын-шұбатты қазақтар мен түрікмендер дайындайды. Тек бұл сусынды қазақтар шұбат десе, түрікмендер чал деп атайды.Шұбат организмге қуат береді, шөл қандырып, тамаққа деген тәбетіңді ашады. Шұбатты да қымыз сияқты туберкулез ауруына дәру ретінде ішкізуге болады.Шұбаттың ішек-қарынның, ұйқы безінің жұмысын жақсартуда да көмегі көп. Қазіргі кезде Гурьев, Қызылорда, Шымкент, Алматы облысының кейбір аудандарында түйе шаруашылығын өркендетіп, сүт өндіретін комплекстер ашуда. ### Буйвол сүті Буйвол сүті - бір қарағанда құлаққа тосын естіледі. Дегенмен буйвол Үндістан, Индонезия т.б. елдерді былай қойғанда біздің Кавказда да көп тараған малдың бірі. Мәселен, азербайжандар буйвол сүтінен дәмі тіл үйіретін неше түрлі тағамдар дайындайды. Осы республикада сауылған бүкіл сүттің 1/4 бөлігі буйвол сүтінің үлесіне тиеді. Буйвол сүтінің құрамы сиыр сүтінің құрамына өте жақын. Соған байланысты сиыр сүтінен дайындалатын тағамдар мен буйвол сүтінен дайындалатын тағамдар да ұқсас, Мысал үшін буйвол сүтінен де айран, сары май, ірімшік т.б. дайындалады. Сондай-ақ буйвол сүтінің тағы бір ерекшелігі, оның құрамында А, Е витаминдері көп те, каротин аз болады. Сондықтан да өндірілген сары майдың түсі ақшылдау келеді. ## Дереккөздер
Айғырұшқан – Қазақстан аумағында орналасқан ежелгі қорым. ## Орналасуы Қожайтоғай ауылының солтүстік шығысына қарай 30 км жерде. Айғырұшқан тауының үстінде. 2004 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің және Шымкент қалалық археологиялық және этнологиялық экспедициясы зерттеген. Айғырұшқан тауы солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Тау үлкен екі бөліктен тұрады. ## Бөліктері Бірінші бөлігі үлкен, үсті жайпақ, солтүстік-батыс жағы тегіс, оңтүстік-шығыс жағы тік жарлы болып келген. Екінші бөлігі биік шоқы, бас жағы оңтүстік-шығысқа қарай иіліп келген. Айғырұшқан тауында таспен үйілген үлкенді-кішілі 8 және бірнеше ұсақ обалар бар. ## Бірінші оба Бірінші оба екі тау жотасының арасында, аумағы 15,80х14,20 м, ортасының тастары алынып сай болған. Аумағы 6 м, тереңдігі 50 см. Оба биіктігі 1,30 см. Қалған жеті оба тау жотасының үстінде жатыр. ## Екінші оба Екінші оба жота жиегінен 50 м, оңтүстік жиектен 5 м қашықтықта орналасқан. Аумағы 5,8х5 м, биіктігі 20 см, екіншісі оба мен төртінші оба арақашықтығы 98 м, төртінші оба оңтүстік жота жиегінен 7 м жерде, аумағы 12 м, биіктігі 70 см. ## Ең аумақты оба Обалардың ішіндегі ең аумақтысы 5 оба жота жиегінен 31 м жерде орналасқан. Аумағы 18х18 м, биіктігі 1,70 см болып табылады. 6-шы оба 5 обамен жалғасып жатыр. Аумағы 9,50х9 м, биіктігі 70 см. Осы 5, 6 обалардың оңтүстік жағында он шақты ұсақ обалар бар. Олардың біразының орындары аласа шұңқыр болып қалған. 6 обадан 33 м қашықтықта 7 оба бар, аумағы 12х12 м, 8х7,50 м, биіктігі 50 см болып келген. Қорым темір дәуіріне жатқызылады. ## Дереккөздер
Үлгі — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Архангель ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстікке қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 363 адам (178 ер адам және 185 әйел адам) болса, 2009 жылы 235 адамды (120 ер адам және 115 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер