text
stringlengths
3
252k
Космогондық өрнектер ғарышпен байланысты жұлдыздарды,күнді,айды,жарты айды және кемпірқосақты бейнелейді.Ұлан-ғайыр далада көшіп-қонып жүрген көшпелілерді ғарыш пен әлем құпиясы үнемі қызықтарған.Өйткені,оларды түні бойы нешетүрлі ою-өрнектер құраған жұлдыздардың ғажайып әлемі көмкеріп тұрған.Шын мәнінде,табиғат аясында,онымен үйлесімде өмір сүрген көшпелі қазақтар арманшыл халық еді.Олардың киіз үйде тұруының себебі де осы болар.Киіз-үй-көшпелі өмірге бейімделген,ерте заманнанкеле жатқан баспана.Осы жеңіл же жинақы киіз үйді көшпелілер ғарышпен байланыстырған.Бұл баспана бұрышы жоқ,жер шар секілді.Төбесінің дөңгелене жасалынуы-аспан,ала едені-жер,шаңырақ жердің кіндігі болып қабылданған.Ою-өрнектердегі осындай үйлесімділік көк Тәңірге сиынудан жалғасын тапқан.Табиғаттың өзі өмірдің талай құпияларын үйретіп,қазақтарға ою-өрнектің космогондық түрлерін тарту етті.Оған ежелгі сақтар заманынан келе жатқан әлемдік кеңістік пен жер шары төрт тарабының,мәңгілік қозғалыстың символы-дөңгелек,төрт құлақ,шимай,қисық сызықты бейнелейтін жұлдыз және ою-өрнектің ортасында орналасқан әрі бес бұрышты қалыпқа ие жұлдыз кіреді.
Қан споровиктері отряды(лат. Haemospororida)- даму сатылары і кезеңде жүреді. ## Тіршілік циклі Қан споровиктері өздерінің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әртүрлі омыртқалардың эритроциттерінде өткізеді. Олардың даму циклі қожайын алмастыру арқалы жүреді. Жыныссыз көбею адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда (насекомдарда) жүреді. Бұлар спора түзбей бір қожайынна екіншісіне тікелей беріліп отырады. Адам паразиті болып безгек плазмодиясы саналады- ол безгек ауруын тудырады. Адамдарда безгек плазмодийдің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді: Plasmodium vivax, Pl.maarie, Pl.falciparium, Pl.ovale. Соңғы түрдің өкілдері бізде кездеспейді. Олардың бәрінің даму циклі және құрылыстары ұқсас аралық қожайыны адамдар, түптілік қожайыны безгек масасы болып табылады.Тіршілік циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді. ## Преэритроцитаралық шизогония Плазмодий адам денесінде зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоидтар болып саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсақ бір ядролы мерозоидтар пайда етеді. Бұл процесс преэритроциталық немесе ұлпалық шизогония деп аталынады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді. ## Эндоэритроцитаралық шизогония Эритроциттерге енген мерозоидтар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың көлемі өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3-1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады- бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда етіп, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әртүрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоидтар түзіледі. Pl.vivax-22, Pl.malarie-6-12, Pl.falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер қабықшасы жыртылып мерозоидтар қанға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге өте бастап жаңа цикл басталады. Мерозоидтармен бірге қанға олардың улы өнімдері де өтеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитаралық кезеңі Pl.vivax, Pl.falciparum, Pl.ovale-де 48 сағатқа, Pl.malarie-72 сағатқа созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасынағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз көбеюден кейін жыныстық жолмен көбеюмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозиттар эритроциттерге енбей жетілмеген жыныстық формаларға гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын- макрогаметоциттерді, енді біреулері аталық жыныс формаларын- микрогаметоциттерді пайда етеді. ## Жыныстық көбеюі және спорогония Маса ағзасына гамоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық формаға немесе гаметаларға айналады. Микрогаметоциттер бөлініп 5-6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанған зигота қозғалғыш оокинетаға айналып асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистаға айналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процессі байқалады, яғни ядромен цитоплазма бөлініп ооциста ішінде көптеген (1000) спорозоидтар түзіледі. Ооциста қабықшасы жыртылып спорозоидтар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне өтеді. ## Аурудың алдын алу шаралары Безгек резервуары болып саналатын ауру адамдарды немесе паразит тасымалдаушыларды дер кезінде тауып емдеу; ауру паразиттерін тасымалдаушы безгек масасын жою болып табылады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004
Жылқы тарихы осыдан 65 млн. жыл бұрын өмір сүрген арқасы бүкіш, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит сияқты (эохипус немесе гиракотерий) хайуаннан бастау алады. Бұл хайуанның алдыңғы қолында төрт саусағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болған. табанын тіреп жүріп бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен қоректенген.Миоцен кезеңінде 25 млн. жыл бұрын. ауа райының өзгеріп, ағашты ормандар, бұталы балаусалы ұзын шөпті алқаптар құрғақшылыққа ұшырап, жер беті кеуіп. тау-тасты далалардың пайда болуына байланысты жылқының арғы тегін де өзгертті. Тұрпаты қазіргі пониге, бас сүйегі мен тісі қазіргі жылқыға ұқсас , жұмсақ айыр тұяқтары қатты тұяққа айналып, секіріп, жылдам жүретін болды.Шамамен 12 млн. жыл бұрын жылқы тегінің келесі тізбегі - гиппарион пайда болды. Гиппариондар үш айыр тұяқты, дене тұрқы киіктей, жылдам шауып жүретіні соншалық, өздерінің отаны Аляскадан бастап Беринг "көпірі" арқылы Азияға, Еуропаға ең аяғы Африкаға таралып кеткен. Бірақ әлі күнге дейін гиппарион қазіргі жылқының арғы тұқымы ма, әлде жанама бұтағы ма деген сауалдар төңірегінде таластар көп. Жылқы тарихы осыдан 65 млн. жыл бұрын өмір сүрген арқасы бүкіш, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит сияқты (эохипус немесе гиракотерий) хайуаннан бастау алады. Бұл хайуанның алдыңғы қолында төрт саусағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болған. табанын тіреп жүріп бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен қоректенген.Миоцен кезеңінде 25 млн. жыл бұрын. ауа райының өзгеріп, ағашты ормандар, бұталы балаусалы ұзын шөпті алқаптар құрғақшылыққа ұшырап, жер беті кеуіп. тау-тасты далалардың пайда болуына байланысты жылқының арғы тегін де өзгертті. Тұрпаты қазіргі пониге, бас сүйегі мен тісі қазіргі жылқыға ұқсас , жұмсақ айыр тұяқтары қатты тұяққа айналып, секіріп, жылдам жүретін болды.Шамамен 12 млн. жыл бұрын жылқы тегінің келесі тізбегі - гиппарион пайда болды. Гиппариондар үш айыр тұяқты, дене тұрқы киіктей, жылдам шауып жүретіні соншалық, өздерінің отаны Аляскадан бастап Беринг "көпірі" арқылы Азияға, Еуропаға ең аяғы Африкаға таралып кеткен. Бірақ әлі күнге дейін гиппарион қазіргі жылқының арғы тұқымы ма, әлде жанама бұтағы ма деген сауалдар төңірегінде таластар көп. ## Дереккөздер 1. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы:"Алматыкітап баспасы", 2010.- 23 бет.
Зоомофтық өрнектер жан-жануарлар әлемін бейнелейді. Көшпелі қазақтар - ақынжанды адамдар. Өйткені олар өз малының керемет бүгілісін ежелден танып байқаған. Қазақ халқы өз ісінің хас шебері ретінде өздерінің таланттары мен қабілеттерін қолөнерге қолдана білген. Өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны – мүйіздерді бейнелеу еді. Бұл тек мүйіз тәрізді доғалы қошқар мүйіз емес, сонымен қатар осы өрнектің барлық түрлері мен композициясына көретін мүйіз, қос мүйіз, сынық мүйіз. Халық шеберлері арасында сонымен қатар жануарлардың өзге дене мүшелерін де бейнелеу кеңінен таралған. Бұл жерде түйе мойын, құсқанат, қаз мойын ою-өрнектерін атауға болады. Осы ою-өрнектермен үй заттары, жиhаздар, қару-жарақ буйымдары әсем де көркем безендіріледі. Қазіргі уақытта бұл өрнек нақыштары тұрмысқа шығатын қыздың сәукелесін, ерлердің айыр қалпағын, камзолдардың алдынғы өңірін,аяқ киімдердің конышын әшекейлеуге қолданылады.
Жылқы өнемдерін қазақ тұрмысында әртүрле ауруларды емдеуге кеңінен пайдаланады. "Жылқының сүті мен еті жақпаған ауру адам, сауықпайды, өледі" деген сөз халық арасында кең тараған. Жылқы өнімдерінің ішінде емге қолданылуы жағынан бірінші орында әрине, қымыз тұрады.Себебі қандай науқас болсын қазақ қымыздың тікелей емдігі болмаса да, ауырған адамды әрлендіру үшін негізгі емімен қатар қымыз беріп отырған. "Қымыз қырық түрлі дертке ем" дейді қазақ мақалы. Негізінде қымызбен өкпе(туберкулез) ауруын емдеу кең етек алған. "Көксаумен ауырғын адамға, кайнатылған сиырдың, жылқының майын балға қосып ішкізеді. Мейілінше көп қымыз береді. Өкпесі ауырған адам жүрек майын шикілей аз- аздап жеуі керек". Қымыздан басқа осы уақытқа дейін зерттелмей келе жатқан халық медицинасында ел арасынан жинастырған материалдарға сүйене отырып жылқының басқа да емдік өнімдері қарастырылды. Белінен шойырылып жүре алмай қалған адамды тү биенің терісіне орайды. Алдымен жаңа сойылған жылқының терісінің ішіне ерменді қайнатып құяды, сонан соң екі адам терінің екі жағынан ұстап бұрайды, бір адам сол мезетте ағаш тоқпақпен теріні тоқпақтайды, сонда тері қызып, ысиды, ыстық теріге науқасты жалаңаш куінде денесін, басын ғана шығарып орап тастайды. Алдымен адамның денесі 15-20 минут шамасында қалтырап, қалшылдап тоңады, соңынан денесі қызып терлейді, біртіндеп теріге үйрене бастайды. Өстіп науқас адам 1,5-2 сағат тері ішінде жату қажет. Осылай 7 күнде 3 рет түседі, емдеу 21 күнге созылады, науқас осы уақыт ішінде жылы үйден шықпауы қерек. ## Дереккөздер 1. "Қазақ жылқысының тарихы".- Алматы:"Алматыкітап баспасы", 2010.- 243 бет.
Ерттелген атқа мінудің де тәсілі көп. Алдымен тізгінді сол қолға алады. Сонан соң сол қолмен аттың шоқтығынан, не ердің қасынан тізгінмен бірге ұстап, сол аяқты үзеңгіге салып, оң қолмен ердің артқы қасынан ұстайды да оң аяқты серпіп атқа мінеді. Кейде еуропалықтар, орыстар оң аяғын үзеңгіге салып, аттың оң жағынан мініп жатады. Мұны қазақ ерекше сөлекет санайды. Бүйтіп мінген жас балаларға, әсіресе қалалықтарға:"Өй, орыспысын?"- деп күліп жатады. Еуропалықтар үзеңгібауды ұзын тағады. Үзеңгібауы ұзын болғанда артта отырған адам қозғалмай отырады, үзеңгібауды теуіп көтерілу, қозғалу мұң болады.Ү. қысқалау болғанда ат үстіндегі адам үзеңгіге шіреніп. аттың жүрісіне қарай орнығып, ауық- ауық көтеріліп, қозғалып отырады. Ү. қысқалығының пайдалы, өмершең екенін өмір дәлелдеп отыр. Атқа мінгенде тізү отыруға дағдылану керек. Жамбастай қисық отырған адамның салмағы, жылқының салмақ орталығына дәл түспейді де, тепе- теңдік бұзылады. ## Дереккөздер 1.Қазақ жылқысының тарихы. Алматы:"Алматыкітап баспасы", 2010.- 203 бет.
Әбдіров Нұркен (1919, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бұрынғы 5-а. — 19.12.1942, Ростов облысы) — әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж. ) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды. Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды.Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..." Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр. ## Тағы қараңыз * Нүркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты ## Дереккөздер
Аранда * Аранда (халық) — Орталық Аустралияда Алис-Спрингс қаланың маңында мекендеген аустралиялық аборигендердің этникалық тобы. * Аранда тілі — арандалықтардың тілі. * Аранда (Эн) (фр. Arandas) — Франциядағы Эн департаментіндегі комунна. * Аранда (Сарагоса) — Испания ауданы (комарка ), Арагон автономды бірлестігіне қарасты Сарагоса провинциясының құрамына енетін аудан. * Аранда — Қырымдағы Пчельники елді мекенінің бұрынғы аты. ## Тұлғалар * Аранда, Антонио (1888—1979) — Испания қолбасшысы, генерал. 1936-39 жылдардағы испан азаматтық соғысының қатысушысы. * Висенте Аранда (1926 т.ж. - ) — испания режиссері, сценарийші. * Аранда, Педро Абарка (1718—1798) — испания дипломаты, саяси және мемлекеттік қайраткері. * Эдуардо Аранда (1985 ж. туған) — парагвай футболисшысы. ## Тағы қараңыз * Аранда-де-Дуэро — Испаниядағы Бургос провинциясына кіретін қала және муниципалитет. * Аранда-де-Монкайо — Испаниядағы Сарагоса провинциясына кіретін муниципалитет.
Аранда' — Орталық Аустралия аборигендердің Алис-Спрингс қаланың маңында мекендейтін этникалық тобы. Халықтың жалпы саны - 2 мыңға жуық. Аустралия тілдерінің Пама-ньюнга тобының аранда тілінде сөйлеседі. Негізгі дәстүрлі кәсібі - аңшылық. Топтың әлеуметтік құрылысы үшін айтылатындай жыныс теңсіздігі (еркектердің доминантасы), және жас ерекшелігіне байланысты теңсіздік тән. Қазіргі таңда басқа этникалық аустралиялық аборигендер топтарымен бірге өз құқықтары үшін қозғалысқа бесенді қатысуда. ## Аты шыққан арандалықтар * Альберт Наматьира (1902—1959) — суретші. * Стив Додд (р. 1928) — киноактёр. ## Дереккөздер * Артёмова О. Ю. Австралийцы // Народы и религии мира / Глав. ред. В. А. Тишков. М.: Большая Российская Энциклопедия, 1999. С.23-25. * Коротаев А. В. Сведения о народах, данные по которым использованы в монографии // Мёрдок Дж. П. Социальная структура. М.: ОГИ, 2003. С. 440. ## Сыртқы сілтемелер * Аранда на сайте Aboriginal Art Culture and Tourism Australia (ағыл.)
Қаратал — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Николаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 200 адам (108 ер адам және 92 әйел адам) болса, 2009 жылы 138 адамды (74 ер адам және 64 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Стрельниковка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Яснов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, Үлкен Тораңғыл көлінің оңтүстік-батысында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 410 адам (207 ер адам және 203 әйел адам) болса, 2009 жылы 274 адамды (135 ер адам және 139 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Музыкалық фестиваль — музыка мен оның түрлі салаларына арналады. Олардың ішіндегі ең танымалы – рок музыка фестивалі. Музыкалық фестивальдардың көбі ашық аспан астында, далада өтеді. Әдетте, ән мен жыр фестивалі мен тағам фестивалі бірге өтеді. Қоғамдық белсенді топтар да осы шараларға атсалысады.Музыкалық фестивальдар жыл сайын бір уақытта немесе алдын-ала белгіленген мерзімде өткізіледі. Гластонбери фестивалі – әлемдегі ең танымал музыкалық мереке. Кейбір музыкалық фестивальдар музыканың бір бағытына ғана арналады. Корриб өзені жағалауын дағы Ирландияның Голуэй қаласында өтетін Голуэй көне музыкалар фестивалі орта ғасыр, қайта өрлеу кезеңі және барокка дәуіріндегі шығармаларды еске түсіреді. Ондағы негізгі мақсат – шараға қатысушылардың көңілін көтеріп, ерте замандағы мұраларды халыққа насихаттау. Үндістан штаттарында жыл бойы классикалық музыка фестивальдары толассыз өтіп жатады. ## Дереккөздер ФЕСТИВАЛЬДАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-455-4
Босаға майлау — жастар жеке отбасы құрғанда немесе жаңа үйге кіргенде жақын- жуықтары келіп, үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріледі. Көктемде бірінші шайқаған майды отбасындағылар ауыз тимей тұрып, есік жақтауын, табалдырықты, киіз уйдің ассу сақаталатын жақ босағасындағы киізді майлау ырымы да бар. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптары.- Алматы, "Атамұра", 2010.- 384 бет, суретті.
VI ғасырдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікпен айналысқан халықтар өздері тұрған мекен-жайларының орнына қалалар сала бастады. Қазақ жеріндегі алғашқы қалалар Оңтүстікте, Жетісу өңірінде және Орталық Қазақстанда пайда болған. Қалалар қолөнер, зат айырбастау және сауданың дамуына байланысты пайда болды. VІІ-XIII ғасырларда жол бойында Аспара, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб және басқа қалалар салынды. Қала қамалдарының жеке билеушісі әсем оюлы өрнектермен, ағаш, бедерлі қыш суреттермен әшекейленген кең сарайларда тұрған. Қалалар қолөнер мен сауданың орталығы болды. Қалалар шет елдермен, қала маңындағы дала көшпенділерімен алыс-беріс саудамен айналысты. Қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан теңгелер табылды. Яғни, саудада теңгелердің пайдаланылғанын көрсетеді. ІХ-ХІІІ ғасырдың бас кезінде аталған аймақтар мұсылман мәдениетінің ықпалына түсті. Осы өңірлерде көптеген жаңа қалалар салынып, құрылысында өзгерістер байқалады. Жетісу маңындағы Талғар қаласы орман және мұнаралы жолдармен қоршалып, орам-орам болып салынған. Талғар қаласында жүргізілген қазбадан сүйектен жасалған шахмат фигуралары табылған. Қалаларда діни мекемелер үшін құрылыстар, ел билеушілеріне арналған үйлер, су құбырлары салынды. Қалалар өсті, олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Қала үш бөліктен тұрған: Қамал(Бекеніс)-қаланың орталық бөлігі.Онда патшаның және әкімшілік басқару орындары, қала билеушісінің сарайы орналасқан. Шаһарстан-билеушілер, ақсүйектер, діни қызметкерлер және қаланың бай халқы мен қолөнершілері тұрған бөлік. Рабат-қолөнер шеберханалары орналасқан қала бөлігі. Осы кезде салынған көне қалалар бір-біріне ұқсамайды. Қазақстан қалалары әкімшілік, қолөнер, сауда-экономикалық орталық болумен қатар, ғылым мен мәдениет ордасы қызметін атқарған. Бұл қалаларда әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи сияқты ғалымдар өмір сүріп, еңбектерін жазған. Қалаларда сәулет өнері дамып, архитектуралық ескерткіштер, мешіттер, медреселер, кесенелер көптеп салынды. Х-ХІІ ғасырлар аралығында салынған Бабаша хатун кесенесі, Айша бибі кесенесі, Қарахан кесенесі, Сырлытам кесенесі, Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар - сәулет өнерінің тамаша туындылары болып табылады. ## Отырар Қазақстан жеріндегі көне қала. Ол ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығына айналды. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, мешіттер болған. 1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады. Халық жаулап алушыларға қарсы ерлікпен 6 ай бойы күресті. Жақсы бекінген, ерекше қарсылық көрсеткен Отырар қаласын Қайырхан әскерімен бірге қорғайды. Қаланы биік дуалмен қоршап, жан-жағын айналдыра ор қазып тастаған. Қалаға кіріп-шығу үшін, қақпа салған.Қайыр хан Шыңғыс ханның көрші мемлекеттерді қалай жаулап алғанын жақсы білді. Сондықтан қаланы қорғау үшін барлық даярлықты жасады. Жаяу және атты әскерлерді қақпа алдына қойды. Ал өзі қамал қабырғасына шығып, қала сыртына қарағанда көз жетер жердің барлығында әскер тұрды. Шыңғыс ханның жауынгерлері қамалдың айналасында бірнеше қатар болып шеңбер құрып орналасқан болатын. Отырар қаласын еркектермен бірге әйелдер де, балалар да ерлікпен қорғады. Отырар қаласы алты ай бойы монғолдардың қоршауында болады. Монғолдар қаланы жермен-жексен етеді. Талай ғасыр бойы гүлденген Отырар қаласы қиратылып, өртеніп кетеді. Қала халқы қырылады, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетеді. Отырар-қаһарман қала, оны қорғаушылар ерлік күрестің үлгісі. Отырар 1219 жылғы шапқыншылықтан кейін қайта жанданады. Отырар Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолия мен Қытайға баратын маңызды сауда қаласы болды. ## Иасы Түркістан қаласының ежелгі аты. Қала Сырдарияның оң жағалауында, Қаратау жотасының бойында орналасқан. Есім хан тұсында Түркістан Қазақ хандығының орталығы болады. Сол уақыттан бастап Иасы Түркістан қаласы деп атала бастады. Қаланы балшықтан соғылған қамал қоршады. XIX ғасырдың екінші жартысында Түркістан қаласында 20-дай мешіт, 2 медресе, 5 мыңдай тұрғыны болған. 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің іргетасы қаланды. 2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы дүние жүзінде атап өтілді. ## Сығанақ Oрта ғасырдағы Қазақстан жеріндегі көне қала. Сығанақ қаласының тұрғындарына ауыз су Сырдария өзені арқылы жер асты құбырлары мен жер үстінен өтетін каналдар арқылы келген. Қала маңындағы жерлер Сырдария алқабындағы каналдар арқылы суарылып, өңделіп отырған. Сыр бойындағы қала төңірегінде суармалы егін алқаптары жайқалып тұрған. Сауда саттық және айырбас дамиды. Сығанақ қаласын 1219-1220 жылдары моңғол әскері қоршауға алып қиратады. Бірақ ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қала қайта жанданады. Ақ Орда ханы Ерден хан (1320-1344) Сығанақ қаласына үлкен күш жұмсап, қайта тұрғызған. Осы кезде Отырар, Сауран, Жент, Баршыкент қалалары да қайта қалпына келтіріліп, жаңа құрылыстар салына бастаған. ХІV ғасырда Ақ Орданың хандары Сығанақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарады. XVIII ғасырларда сауда орталығы болды. Қала XVIII ғасырға дейін өмір сүреді. Бүгінде «Мәдени мұра» бағдарламасына сай ежелгі қалалар мен қалшықтар Бозақ, Отырар, Сауран, Талғар, Қойлық, Сарайшық қалаларында археологиялық қазба жұмыстары зерттеулер жүргізіліп, тың мәліметтер жинақталып, кітаптар шығарылуда. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 5-сынып Атамұра баспасы ## Тағы қараңыздар
Нәбиолда Салихұлы Кемешев (1949 жылы - ...) — жазушы, ақын, әнші, сазгер. Нәбиолда Салихұлы Кемешев 1949 жылы 6 сәуірде бұрынғы Марқакөл ауданының (Күршім ауданы) Жалаңаш руднигінде дүниеге келді. Ақбұлақ мектебін бітіріп, сол ауылда 1966 жылы Мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды, мектепте ән-күйден сабақ берді. Алматы кинотехникумын 1969 жылы, Өскемен мұғалімдер институтын 1974 жылы, Өскемендегі Қазақ-Американ еркін университетін 2005 жылы оқып бітірген. Ақбұлақ орта мектебінде ән сабағын оқытып, ұстаздық тәжірбиесі Республикаға таралды. «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1982 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып тағайындалды. Төрт дүркін аудандық Кеңестің, бір рет облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Инагурациясына қатысты. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының мәдени қайраткері» атағын алды. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрметті доценті, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2005 жылғы облыс әкімінің «Музыка өнері» номинациясы бойынша сыйлығының лауреаты. Нәбиолда Салихұлы «Жүрекпен сырласу» атты өлеңдер жинағының, «Көңілге түйген әсерлер» атты нақыл-мақалдар кітабының авторы. 1982-1995 жылдары аудандық Мәдениет бөлімінің меңгерушісі, күні бүгінге дейін Теректі Мәдениет үйінің директоры. Ақын, әнші, сазгер Нәбиолда Салихұлы сықақ, фельетон, скетчтер жазады. Баянда, домбырада жақсы ойнайды. Кезінде Республикалық суырып салма ақындар айтысына қатысып, Надежда Лушниковамен Жамбыл Жабаев музейінде қалжын айтыста бақ сынаған. 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанында аса үлкен белсенділік танытып, Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын Теректі аймақтық штабын басқарып, атқарған нәтижелі еңбегі үшін Н. Ә. Назарбаевтің қолы қойылған алғыс хатқа ие болған. Нәбиолда Салихұлы Кемешев ауылдастары алдында құрметті, беделді азаматтың бірі. ## Дереккөздер
Ержан Тұрғанбаев — суретші. Күршім ауданы, Боран ауылының тумасы. Автордың қолтаңба туындылары Шығыс Қазақстан Өнер Мұражайының түрлі тақырыптық экспозицияларынан орын алған. Ол жас суретшілердің шығармашылығын көрсетудің жаңа сериясына кіреді. Бүгінде көрермендердің назарына Ержан Тұрғанбаевтің 21 жұмысы ұсынылып отыр.Оның суретші ретінде қалыптасуына Алматы көркемсурет училищесінің түлегі, суретші-безендіруші Бақытбек Тілеуов игі ықпалын тигізді.Мектепті бітіргеннен кейін Ержан Тұрғанбаев 1989 жылдан 1994 жылға дейін Семей педагогикалық институтының көркем графикалық факультетінде оқыды. * В.И. Третьяков * Е.С. Асылханов * С.П. Ерошова * Н.В. Красикова * Н.Н. Өтепбаев * Г.И. Макаров * И.В. Солодухин сияқты қылқалам шеберлері мен ұстаздардан дәріс алды. Институтты тәмәмдаған жас Боран ауылында Қ.Нұрғалиев атындағы орта мектепте сызу мен бейнелеу пәнінен сабақ берді. 2000 жылы Өскеменге көшіп келіп, Шығыс Қазақстан Гуманитарлық институтында ұстаздық қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап ол Өскемен кәсіптік дайындау және сервис колледжіне сурет және кескіндеме пәнінен дәріс беруде.Суретшінің ең жақсы көретін жанры — табиғат көрінісі (пейзаж). Қылқалам шеберінің суреттерінен өзі туып өскен Боран ауылының көшелерін, аулаларын, табиғаты әсем жерлерін қызықтауға болады. Оның * «Құрғақ сайдағы таң» * «Аула» * «Түс кезі» * «Борандағы таң» * «Ертістегі кеш» және басқа жұмыстары осының айғағы. Автордың «Шуақты күн» картинасы Шығыс Қазақстан Өнер Мұражайының аймақтық шығармашылық қорының коллекциясынан орын алған.
Ергежейлі цепень (лат. hymenolepis nana)- гименолепидоз ауруын қоздырушы паразит. Ол адамдардың аш ішегінде кездеседі. ## Морфофизиологиялық ерекшеліктері Ергежейлі цепеньнің ұзындығы 1-5 см, стробиласында 200-ге жуық буылтықтар болады. Алмұрт пішінді сколексінде 4 сорғышы және қармақшалары болады. ## Тіршілік циклы Ергежейлі цепеннің түпкілікті және аралық қожайыны болып адамдар саналады. Адам ішегінен жетілген жұмыртқалар сыртқа шығарылады. Егер оны жұтатын болсақ, асқорыту сөлінің әсерімен одан онкосфера шығып ішек бүрлеріне бекітіледі. Бұл жерде одан цистицеркоид типтес финналар жамиды. Бірнеше күннен кейін зақымдалған ішек бүрлері жойылып цистицеркоидтар ішек қуысына өтеді. Ішекте асқорыту сөлінің әсерінен цепеннің басы кері қайырылып ішек қабырғасына бекінеді, 14-15 күннен кейін олар көбейе бастайды. ## Патогендік әсері Ергежейі цепень негізінен дас бөбектерде жиі кездеседі, 7-14 жастағы балалар сиректеу ауырады, ал ересек адамдарда мүлдем кездеспейді.Патогендік әсері ішектің бүрлі қабығын зақымдау және улы өнімдері арқылы ағзаны улау болып табылады. Гименолепидозда бас ауруы, асқазан ауруы, ішек, нерв қызметтерінің бұзылуы байқалады, балалар тез шаршайды, жалпы әлсіздік байқалады. Балалар мазасызданып бейжай болады. ## Алдын алу шаралары Жеке гигиена нормаларын қатал сақтау, балаларды жеке тазалықты сақтауға машықтыру, санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу, бала бақшаларда тазалық сақтау, ойыншықтарды стерилдеу т.с.с. Бұл паразит тек лас қол арқылы жұғады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004
Қазақтың әдет-ғұрпында жол-жоралғы деген ұғым бар. Бұл - әр адамның еңбегіне, ата-тегіне, туыстық қатынастығына сай жасалатын алыс-беріс, сый-сыяпат ретінде берілетін тарту-таралғы. Мұның әр түрлі жoлдармен жасалатын реті болады. Мысалы, алғаш рет келген құрметті қонаққа, батырға, ақынға, ел ағаларына, құда-құдағиға көрсетілетін жол бар. Мұндай тарту-таралғыға ат-шапан, кісе белбеу, ерт-тұрман, қару-жарақ, қалы кілем, құндыз бөрік, домбыра, күміс қамшы жатады. Жол жөн - жосық кезек беру арқылы да көрсетіледі, мысалы: бата беру, бас ұстау, жоғары отыру. Бесікке салуда жол құдағиға немесе басқа рудың әйелдеріне беріледі. Жас ақын аға ақынға, жас палуан бас палуанға, жігіт қызға жолын береді, өйткені "қыздың жолы жіңішке" деген бар. Жастар қарияларға жол береді. Ерсі, әдепке жатпайтын жайларды қазақ "жолсыз іс" дейді. "Орамал тон болмаса да, жол болады", - дегенде, атам қазақ: "Үлкен - кіші болса да, сыйлай біл, арзан-қымбат болса да, жолы мен жөнін көрсете біл ", - деп ескерткен. "Е, құдайым, тіземнен сүріңдірсен де, тілімнен сүріндірме, аттан құласам да, жолымнан құлатпа ! ", - деп тілеген ел жолдан жығылуда ар санаған, сол жолдан таймаған. Қазақ жoлдан жығылуды өліммен тең санаған. Жол-жоралғы - әр адамның азаматтық, елдің елдік қасиетін сынайтын ұлағатты ғұрып. "Жаңа отауға тарту деп қазақ жоралғысымен бір-бір соғымды ақ сазандай тулатып әкеп байлаған", - деп жазады С.Жүнісов.Демек, тұрмыстағы салт - дәстүр, өмірдегі әдет-ғұрыптың бәрі осы жол-жоралғы арқылы жасалады, жөнін табады. Жолды ұстай білу - биік адамгершіліктің, ұлттық парасатымыздың берік тұғыры. ## Дереккөздері К - 30 Қазақ халқының салт-дәстүрлері. - Алматы:"Алматыкітап баспасы" ЖШС, 2010. - 145 бет, суретті.
Бұрқанбұлақ — Қазақстан Жетісу облысы Ескелді ауданы Жоңғар Алатауындағы ең бір шұрайлы Қора өзенінің (Текелі қаласынан жоғары) шатқалында орналасқан, Орталық Азиядағы ең биік сарқырама. 4 құлама судың суммалық (каскад) биіктігі 168 м, ал көрінетін бөлігі – төменгі үш құлама суы (каскад) -114 м. Ол 125 метрдей адам аяғы баспайтын құз басынан құлақ тұндыра күркірей,тонналаған мұзды су құлай ағатын жұмбақ құбылыс. Қарақошқыл гранит құздан мөлдір моншақтай құбыла төгілген ағыстан көк жасыл мүк басқан құз жартас қалың су тозаңы арасынан сарқыраманың бүкіл бойында кемпірқосақтың түсімен құлпыра ойнайды. ## Дереккөздер
Құм қояны- қояндар ішіндегі ең кішісі. Салмағы 1,5-2,5 килограмдай ғана болады. Ол республикамыздың территориясында шөл аймақтарда және Тянь- Шань тауының етегінде таралған . Өзінің аты көрсетіп тұрғандай , қоянның бұл түрі оңтүстік бөлігіндегі шөл аймақтардағы құмда көп кездеседі. Ол әсіресе Қызылқұмда , Қарақұмда және Мойынқұмда жиі қоныстанады. Оның қоры Іле өзенінің атырауы мен Балқаш көлінің төңірегінде көп Шөл аймақтағы құмды жерлерге қарағанда сулы аудандардағы өзендердің бойындағы құм қояндарының көбірек кездесетіндігі анықталып отыр. Мәселен Мойынқұмда бір шаршы километр жерге 2 қояннан , ал Шу өзенінің жағасында осындай жерге 13 аңнан келеді Құм қояндарының мекендері- төбе –төбе құ сексеуіл , жыңғыл сияқты ағаштардың арасы , көлдердің жағасындағы , қамысты сортаң жерлер . Әсіресе олар әр түрлі бұталы ағаштар өскен су жағасында көбірек мекендейді. Өйткені мұндай өңірлерде қоян жейтін жыңғыл , шеңгел сияқты бұталармен қатар жусанның түр – түрі сораң алабота қаулап өседі. Құм қояны жатағынан жер бетіне көбіне түгі мезгілде шығады.Бұл отырықшы тіршілік ететін аңның бірі . Сонымен бірге жыл бойына және маусымға байланысты ол жақын жерлерге қонысын ауыстырып отырады. Жаз айларында су қояны су бойына жақын , қамыс өскен жыңғылды бұталар арасын мекен етеді Өйткені ол кезде су маңы салқындау болады да , аң шілденің қайнаған ыстық күндерінде одан жақсы сая табады. Ал аязды қыс айларында сексеуіл өскен құмға қоныс аударады . Құм қояны өсімтал келеді . Ол да басқа қоян түрлері сияқты жылына екі – үш рет көжектеп , әр туғанда 1- ден 9- ға дейін , көбінесе 4-6 көжек табады. Сөйтіп әрбір ұрғашы қоян орта есеппен 12-15 көжек береді . Сөйтіп Қазақстанның кең – байтақ даласында қоянның үш түрі тараған. Олар ор қоян , ақ, және құм қояндары. Бұлардың біріншісі батыс , екіншісі-солтүстік ал үшіншісі – оңтүстік облыстардың жерінде көбірек кездеседі.
Қызғылт жирен саршұнақ – бұл дене тұрқы 25-34, құйрығының ұзындығы 5-9 сантиметрдей біршама ірі келген кеміргіш. Сондықтан оны кейде үлкен саршұнақ деп те атайды. Ұйқыға кетер алдында еркектерінің салмағы 900-1500 грамға дейін барады. Жотасы жылтыр сары немесе сұрғылт қоңыр. Оның екі ұртын қызыл жирен қоңыр дақтар, көзінің айналасын дөңгелене біткен қоңыр сақина тәрізді жолақ қоршап жатады. Саршұнақтың бұл түрін осы белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады. Қазақстанда қызғылт жирен саршұнақ Орал, Гурьев, Ақтөбе, Торғай облыстарының кейбір аудандарында тараған. Оның шығыстағы таралу шекарасы Есіл өзеніне дейін барады.Әсіресе бұл саршұнақтың көп тараған жері – Ақтөбе облысының Мартөк, Ленин, Қобда, Новоресей, Алға аудандары. Мұнда саршұнақ мекендеген жерлердің әр гектарына есептегенде 12-18 қызғылт жирен саршұнақтан келеді. Кей жерлерді кішкентай саршұнақпен бірге мекендесе, кей жерлерде қызылұрт саршұнақ бар жерлерде кездеседі. Бірақ бұлардың мекені басқаша болып келеді. Қызғылт жирен саршұнақ көбінесе далалық аймақтарда қоныстанады. ## Дереккөздер
Қызылұрт саршұнақ – кішкентай саршұнақтан сәл ғана ірілеу келеді. Дене тұрқы 23-30, құйрығы 4-8 см. Жотасының түсі сарғылт-қызыл, ара-арасында білінер-білінбес қоңыр дақтары болады. Бауыры ақшыл сары. Бұлардың бір айырмашылығы ұртында жирен дақтары бар. Қазақстанда қызылұрт саршұнақ негізінен тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда көп таралған. Ол Қостанай облысының солтүстік-шығыс бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Көкшетау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық аудандарында және Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының солтүстігінде кездеседі. Әсіресе Қазақстанның шығысындағы аудандарында бір гектар жерде 10-нан 20-ға дейін саршұнақтан келеді. Қызылұрт саршұнақтың қорегі өсімдіктердің жапырақ –сабақтары, дәндері және насекомдар. Бұл кеміргіштер шамамен 40 түрлі өсімдікті қорек етеді. Мұның ішінде қара құмықты, көдені, ебелекті, бедені, май таспаны, жусанды, жауқазынды, баданалы қоңырбасты т.б. өсімдіктерді құнығып жейді. Кейде шыбын-шіркейді, әсіресе қоңыздарды, жұлдыз құрттарын, көктемде тіпті өздерінің жаңа туған балаларын да жеп қояды. Қызылұрт саршұнақтың тіршілік жағдайы көбінесе кішкентай саршұнаққа ұқсайды. Бұлар да қысқы ұйқыдан көктемнің басында оянады және ол мекендейтін жерінің жағдайына байланысты болады. Мысалы, солтүстік-шығыста олар наурыз айының аяғында, ал оңтүстікте осы айдың бас кезінде ұйқыдан жаппай оянып, тіршілік қамына кірісіп, жан-жаққа тарайды. Көктемде қар тез еріп, топырақ тез жылынса, саршұнақтар да жаппай жер бетіне шығып, шағылысады.
Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) — Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі. 2010 жылғы қорытынды бойынша "Ең үздік техникалық университет" атағын иеленді. Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдік рейтингі жоғары, өндірістің үлгілі интеграциялық инфрақұрылымына қол жеткізген, халықаралық акрредитацияға ие, зерттеуші университет болуға ұмтылады. ## ҚБТУ миссиясы Қазақстан-Британ техникалық университеті – британдық жоғары мектеп тарапынан беделге ие және толық мойындалған, өзінің басты миссиясы етіп жоғары білікті мамандарды дайындауды, Қазақстан экономикасының айтулы салаларында зерттеулер жүргізу мен ғылыми жасалымдарды енгізуді алып отырған қазақстандық білім беру саласының көшбасшысы. ## ҚБТУ қызметінің негізгі бағыттары - Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылым саласындағы жетекшілік позициясын күшейту; - Университеттің әлемдік білім кеңістігенмен интеграциясын дамыту; - Әлемнің көшбасшы университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық байланыстарын кеңейту; - Жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету; - Білім берудің бакалавриат-магистратура- докторантура бірлігіндегі үшсатылы жүйесін жетілдіру; - Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін жаңа ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамыту; - Студенттердің кәсіби, ғылыми-зерттеушілік және жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру мен жетілдіру; - Өнеркәсіптік мекемелермен байланысты кеңейту, өндірістік практиканы өткізу және түлектерді жұмысқа орналастыру; - Сапа менеджментінің жаңа ұстанымдарына негізделген басқару жүйесін жетілдіру; - қызметкерлер мен студенттердің корпоративтік мәдениеті мен ҚБТУ дәстүрлеріне оң қатынасын қалыптастыру. ### ҚБТУ құндылығы - білім сапасы - ғылыми зерттеулердің жоғары сапасы - корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік - қуатты ғылыми және кадрлық әлеует - жаңашылдық - практикалық бағыттылық ## ҚБТУ тарихы Қазақстан - Британдық техникалық университетi (ҚБТУ) Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы еді. Мемлекет басшысы Ұлыбритания өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, 2000 жылғы қарашада екі ел арасында меморандумға қол қойылды. Университеттiң патроны болып Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр сайланды. Университет 2001 жылғы 3 тамызда жарық көрген Қазақстан Республикасы Үкiметінің №1027 Қаулысымен құрылды. Қазақстан тарапынан құрылтайшы болып ҚР Үкіметі шықса, өкілетті орган болып ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітілді. Екінші тараптан Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі – серік, ал Британдық Кеңес оның өкілі болып бекітілді. 2003 жылдан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚБТУ АҚ жалғыз акционері болып "ҰК ҚазМұнайГаз" АҚ бекітілді. 2005 жылдан бастап ҚБТУ мен Лондон экономика мен саяси ғылымдар мектебінің қос бакалавр диплом бағдарламасы енгізілді. 2010-11 жылдары "Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты" АҚ мен "Бектұров атындағы химия ғылымдары институты" АҚ 100% акциясын Қазақстан-Британ техникалық университеті иеленді. 2018 жылы "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ акциясының бір бөлігін "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры" ҚҚ сатып алды. ## Факультеттер КБТУ 8 факультеттер біріктіреді: * Бизнес мектебi * Ақпараттық технологиялар факультеті * Энергетика және мұнайлы-газды индустрия факультетi * Химия инженериясының ғылыми-ағарту орталығы * Халықаралық экономика мектебi (Лондон экономика мектебiмен ынтымақтастықта) * Қазақстан теңiз академиясы * Геология және геолобарлау факультеті * Қолданбалы математика факультеті * Альтернативті энергетика мен нанотехнология ғылыми-ағарту орталығы * Материалтану мен коррозия мәселелері ғылыми-ағарту орталығы ## Ректорлары * 2002 - 2004 - Ахметов Әдiл Құрманжанұлы * 2004 - 2017 - Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы * 2017 - 2021 Ибрашев Кенжебек Ниязович * 2022 жылдан - бүгінге дейін - Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы ## Рейтинг және аккредиттеу Соңғы 5 жыл (2010-2014 жылдар) ҚБТУ - үздік техникалық ЖОО, ол Қазақстан Бас БСҚТҚА рейтингісі (сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік) анықталады. · 2012 жылы ҚБТУ QS World University Rankings сәйкес осылайша әлемнің 600 жоғары техникалық оқу орындарының тізіміне кірді, және тез өсіп келе жатқан жоғарғы оқу орындарының қатарына қосылды. Зерттеу нәтижелері бойынша ҚБТУ «академиялық бедел индексі» және «жұмыс берушілер арасында индексі беделі» бойынша KI Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ды, АЭжБИ-ді, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындары артта қалдырып Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында ең көп ұпай жинады. · Қазақстанның мұнай-газ, химиялық инженерия (БСҚА), ақпараттық технологиялар бойынга ең үздік бағдарламасы · АҚШ-тағы барлық компьютерлік мамандықтар бойынша халықаралық аккредиттеу агенттігі ABET (техника және технология саласындағы аккредиттеу кеңесі) алды, және жалғыз Қазақстан университеті. · бірегей Қазақстан университеті, патша жарғысы бар және Біріккен Корольдігінің Инженерлік кеңесінің лицензиясы бар, Теңіз инженерлік, ғылым және технология Британдық институтының (IMarEST) инженерлік бағдарламаларының халықаралық аккредитациясынан өткен. · ҚБТУ «Қаржылық талдау магистратура» Бағдарламасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғаш CFA институты бағдарламасы бойынша ресми түрде танылды. · ҚБТУ Business School бизнес мектептерінің және бизнес білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Халықаралық кеңесінің (ACBSP -Accreditation Council for Business Schools and Programs) аккредиттеу рәсімін өтті. · ҚБТУ мен АССА (Дипломдалған бухгалтерлер қауымдастығы) арасында қол қойылды, ҚБТУ International Business School «Сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығымен» аккредиттеуді бастау туралы меморандумға қол қойылды. ## Халықаралық байланыстары ### Қос диплом бағдарламасы * Лондон экономика мектебі (ҚБТУ Халықаралық Экономика мектебімен бірігіп) * Женева бизнес мектебі(ҚБТУ Бизнес Мектебімен келісіп) * IFP Energies Nouvelles, Француз мұнай-газ институты (ҚТБУ ЭжМГИ факультетімен бірігіп) ### Студенттер және оқытушылар алмасу бағдарламасы * University of Cambridge (Ұлыбритания) * University Campus Suffolk (Ұлыбритания) * University of Northampton (Ұлыбритания) * Soongsil University (Корея) * Sejong University (Корея) * Азия-тынықмұхиттық технология және инновация университеті (Малайзия) * Малайзия Технологиялық университеті ### Аффилирленген университеттер * 2009 жылы, ҚБТУ Лондон экономика мектебінен "Аффилирленген Орталық" дәрежесін алды, осының арқасында Лондон экономика университетінің дипломын беруге мүмкіндік алды, бұл екеуара Лондон экономика және саяси ғылымдар (LSE) бағдарламасының арқасында іске асты * 2011 жылы, ҚБТУ Гарвард Бизнес Мектебі Стратегия және бәсекеге қабілеттілік орталығының ресми серіктесі атанды ### Әлемдік деңгейдегі профессор-оқытушылық құрамы Жалпы штаттық оқытушылардың құрамының 30%-ы (42 адам) Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Канада, Венгрия, Корея, Индия және басқа мемлекеттердің өкілдері. 60% в бизнес мектебінде, 100% MBA бағдарламасында 40-тан аса оқытушы шақырылады, әр жылы шетелден 70%-ы Ph.D. дәрежесін алғандар ҚБТУдың Профессор-оқытушылық құрамы оқытушылық және ғылыми салада үлкен тәжірибесі бар, олар мынандай университеттерде тәжірибеден өткендер: Massachusetts Institute of Technology (АҚШ), Harvard University (АҚШ), London Business School (Ұлыбритания), The Robert Gordon University (Шотландия), және басқалар. ### Оқытушылардың тағылымдамалары мен ғылыми-зерттеу жобалары Ақпараттық технологиялар * оқытушылар Антверпен университетінде ғылыми қызметкері Брюссельде Университет Либре болып табылады, олардың тәжірибе және зерттеу нәтижелерін бөлісуге, соңғы оқу-әдістемелік танысады. * Магистрлік бағдарламасы «Мұнай-газ ісі» сәйкес Хериот-Уотт университеті қызметкерлері кен даму жобалары «X-өрісі» және «W-кен» құруға қатысатын g.Edinburg тағылымдамадан өтеді. * Бөлімі «Жер Геология және физика» кафедрасының профессоры құрылымдық геология саласындағы NSF (National Science Foundation) демеушілік Құрама Штаттарының ғалымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру белсенді қатысты. * Белсенді қоймасы инженерия Леобен Австрия Монтан университеті, бұрғылау, өндіру және қолданбалы Геологиялық ғылымдар ҚБТУ мұғалімдер мен жетекші техникалық ЖОО-өзара іс-қимыл. Ақпараттық технологиялар * оқытушылар Антверпен университетінде ғылыми қызметкері Брюссельде Университет Либре болып табылады, олардың тәжірибе және зерттеу нәтижелерін бөлісуге, соңғы оқу-әдістемелік танысады. * Магистрлік бағдарламасы «Мұнай-газ ісі» сәйкес Хериот-Уотт университеті қызметкерлері кен даму жобалары «X-өрісі» және «W-кен» құруға қатысатын g.Edinburg тағылымдамадан өтеді. * Кембридж университетімен ынтымақтастық барлық дерлік факультеттер мен институттар ҚБТУ ие. Бірінші бірлескен жобасы 3 жыл бұрын орын алды және нақты Неотектоникалық проблемалары мен жер сілкінісі, геоморфология Неотектоникалық процестер мен Қазақстан үшін, әсіресе, өзекті болып кемшіліктер қалыптастыру зерттеуге арналды. Мюнхен университетінің Жер туралы ғылымдар бөлімінің, Германия, сондай-ақ көзі жыныстарының, мұнай көші-қон және биодеградациялау, зерттеу, сондай-ақ ауыр депозиттердің зерттеу Колумбия университеті Simon Bolivar рок магнетизм, Петрофизика және геология саласында * жүргізілген бірлескен ғылыми-зерттеу мұнай. Ынтымақтастық нәтижесінде, сондай-ақ бірлескен далалық жұмыстар жүргізілді. * Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер ҚБТУ жыл сайын стипендия мен грант иегерлері, мысалы, шетелде тағылымдамадан бар болу: стипендиялық қоры LRET (Ллойд Тіркелу міндеттелсін қоры); Францияда магистр IFR мектебін оқуға Total компаниясы гранттар; стипендиялар Сайпем СПА компаниясы (Eni тобы) халықаралық теңіз колледжінде Оман Патшалық Теңіз мамандығының шебері зерттеу; Эразмус Мундус бағдарламасы, IREX және басқалар. ## Ғылыми-техникалық потенциалы ҚБТУ құрамына кіреді: - 2-химиялық зерттеу институты (Химия институты мен Органикалық катализ және электрохимия институты) - Мұнай-газ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар (iKBTU) институты - 20 ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар (REC және NFI) - Білім беру оқу орталықтары Мұнай және газ секторы, машина жасау, материалтану « 1. ЖШС «Мұнай-газ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар ҚБТУ институты» 2. Оқу орталығы ҚазақстанӘскери-теңіз академиясы 3. ӘЖК мұнай-газ машина жасау және құбыр көлігі 4. Ғылыми-зерттеу зертханасы «Мұнай және газ кен орындарын қолданбалы модельдеу» Нанотехнология 5. Зертханалық 6. Инженерлік зертхана Cals технологиялық Мехатроника және робототехника 7. ғылыми-зерттеу зертханасы 8. NIL «Перспективті материалдар және технологиялар» 9. Материалдар ғылыми-зерттеу зертханасы 'Ақпараттық технологиялар Қолданбалы математика' 10. REC математика және кибернетика Ақпараттық технологиялар 11. құзыреті орталығы 12. NIL «Суперкомпьютер технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 13. NIL «Мұнай және газ өнеркәсібінің процестерді математикалық модельдеу» 'Химия және химиялық технология' Химия ғылымдарының 14. SA институты. AB Бектұрова Органикалық катализ және электрохимия 15. SA институты. D.V.Sokolskogo 16. REC Химиялық инженерия 17. NiiLit Oilfield және коллоидтық химия ## Әйгілі студенттері мен оқытушылары ### Студенттері Әнуар Нұрпейісов - актер Денис Тен - олимпиада чемпионы ### Оқытушылары Асқар Жұмаділдаев ## Дереккөздер мен сілтемелер тізімі: 1. ҚБТУ "Ең үздік техникалық университет" [1] Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2011 жылы..2. ҚБТУ-дың ресми сайты: www.kbtu.kz [2]
Мүйізді немесе құлақты бозторғай – торғай тектестер үшін дене пішіні орташа құс.(салмағы 30-40гр).Қазақстандағы құлақты бозторғайлардың жалғыз өкілі. ## Сипаттама Ерекше сұр түсті және көзіне дейін ақ тамағының айналасында қара сақиналары, төбесінде қара түсті “мүйіздері бар”. Мүйізді бозторғай өсімдігі аз, құрғақ тасты жерлерде тіршілік етеді. Бұл сымбатты , әдемі , орташа денелі (30-40г) бозторғай ерекше боялған. Жоны-әлсіз шарап түсті қызғылт реңкті біркелкі сұр, бауыры- бозғылт ақ түсті. Төсінде- қара таға немесе алқымын шектейтін қара сақина ( солтүстікте, тундрада өмір сүретіндердің) алқымы- сары. Ақшыл түсті төбсінде қара қауырсындардан ұшталған "құлағы" бар. Тәңіртаудың биік тауларында өмір сүретіндердің алқымын айналатын қара сақина болады. Бұл түрше атауы бозторғай- ақақыл бозторғай. ## Мекені Қазақстанда 2 түрлі қоныстану орны: жазықтықта шөл мен шөлейт және теңіз деңгейінен 3 мың метр биік тауларда ұялайды. Сонымен қатар бізде Тундрадан келген бозторғай қыстайды. Альпі белдеуінде ұялайтын мүйізді бозторғайда тамағының айналасында ашық түсті тұйық қара сақинасы бар.Қазақстан жазықтығы, дәлірек айтқанда еспубликаның орталық бөлігіндегі тау жұрнақтарының тасшақпақты далалық және шөлейт ауқымындағы үлескілер- қлақты бозторғайдың қазақстандық түршесі өмір сүретін орындар. Оның алқымындағы қара теңбіл ұштары тұйықталмаған таға тәрізді болады. Сары алқымды бозторғайлар тундрада өмір сүреді және Қазақстанға қыста ұшып келеді. Өзге бозторғайлар сияқты құлақты бозторғай жақсы сайрайды, тек қана көбінесе ауада ұшып жүріп емес, жерде сайрайды. Оның дауысы едәуір жоғары . ## Ұялауы Ұясын жерде шұңқырда салады, ішіне шөп, сонан кейін мамық жүн төсейді. 2-4 қоңыр дақты жұмыртқаларын аналығы басады, аталығы өте сирек ауыстырады. Балапандарын екеуі де асырайды. Ұялау кезеңі –ұя салғаннан балапан ұшырғанға дейінгі уақыт, 30 күнге созылады. Сондықтан кейде екінші рет балапан шығарады. Жәндіктермен және өсімдік дәндерімен қоректенеді. Жұптасып өмір сүреді, жерді шұңқырлап, ұя жасайды, көбінес далада өскен шөптердің сабағымен мардымсыз жапқан болады. Әдетте аталығы аналығына жұмыртқа басуға жәрдемдеседі, салындыдағы 2-3 бозғылт теңбілді жұмыртқа салады; балапандарын екуі бірлесіп қоректендіреді. Ұялау соңынан үлкен топ құруға жиалып, Қазақстанның оңтүстік облыстарында , Тәңіртау та бөктеріне дейін қыс бойы жылыстайды. ### Дереккөздер
Леонидовка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Корнеев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 260 адам (131 ер адам және 129 әйел адам) болса, 2009 жылы 170 адамды (84 ер адам және 86 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Новоузенка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Корнеев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 603 адам (294 ер адам және 309 әйел адам) болса, 2009 жылы 204 адамды (101 ер адам және 103 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кіші саршұнақ – саршұнақтардың ішіндегі ең кішкенесі, денесінің тұрқы 17-24, құйрығы 3-4 см. Қысқы ұйқыға кетер алдында салмағы әдетте 300-400 грамнан аспайды. Жотасының жүні сұр, аздаған сары күрең теңбілдері болады. Бауыры ақшыл сары болып келеді. Қазақстанда бұл кеміргіштердің мекені көп территорияны алып жатыр. Ол Гурьев, Орал, Ақтөбе және Град облысының барлық аудандарында, Целиноград облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Жезқазған облыстарының солтүстік және батыс, сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстік аудандарында таралған. Әсіресе алғашқы төрт облыстың территориясында кішкентай саршұнақ мекендейтін жерде көбіне бір гектарда 5-тен 35-ке, ал кейде 100-ге дейін саршұнақ кездеседі. Тек Орал облысында ғана бұл саршұнақтың қоры 200 миллиондай. Ол көбіне сары, сортаңдау топырақты жусанды далаларда өсімдігі сирек жерлерде мекендейді. Сонымен қатар елді мекендердің төңірегіндегі жайылымдық жерлерде, жол бойында және егіс маңында көп кездеседі. Ал кейбір аудандарда күздік бидай және көп жылдық шөп егістіктерінде тұрақты тіршілік етеді. Тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда жыртылмай қалған жерлерді мекендейді. Бұл жерлерде тіпті егістікте де көптеп кездесе беретіні байқалып отыр. Кіші саршұнақтар шөбі аласа өскен жерлерден ін қазады. Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда інін көп жылдар бойы пайдаланады. Оны әр жыл сайын тереңдетіп жер бетіне 1-1,5 текше метр топырақ шығарады. Міне, осыдан барып далада төмпешіктер пайда болады, оларды саршұнақ төбешіктері деп атайды. Саршұнақтар мекендеген жерлерді анықтау оңай. Ескі төбешіктердің диаметрі 2-3 метрге, ал биіктігі 50 мантиметрге дейін барады. Егістік жерлерде мұндай төбешіктер болмайды. Төбешіктер саршұнақтың тіршілік етуі үшін үлкен роль атқарады. Көктемнің алғашқы мезгілінде қар еріген уақытта, жауын-шашын болған кезде саршұнақтар осы төбешіктерді мекендеп аман қалады. Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда кішкентай саршұнақ інді өте көп қазады. Олардың ескі мекендерінде бір саршұнаққа 10-ден 30-ға дейін ін келеді. Бір гектарда 500-700 інге дейін және 50-80 төбешік кездеседі. Саршұнақтың уақытша және тұрақты індері болады. Уақытша індер қарапайым келеді. Бұлардың тереңдігі 50-80 см, ұзындығы 80-100 см. Бұл індерін күндіз қоректенуге шыққанда немесе қауіп-қатер төнген кезде пайдаланады. Саршұнақтар қысқы ұйқыдан көктемде қар кетісімен оянып, тіршілік ете бастайды. Оңтүстік аудандарда наурыз айында оянса, апрельдің бас кезінде оянады. Бұлардың ұйқыдан ояну кезеңі ауа райына байланысты болады. Егер ауа райы желсіз, күндізгі температура плюс 6-8 градус болса, онда саршұнақтар 10-15 күнде қысқы ұйқыданжаппай оянып, жер бетіне шығады. Ал ауа райы өте салқын (жауын-шашынды, көк тайғақ) болса, көбісі інінде қырылып қалады. Міне, осылайша саршұнақтардың ұйқыдан оянуы 30 күнге дейін созылады. Ұйқыдан оянған кезде еркектері 170-250 грамм, ал ұрғашылары 140-200 грамм салмақ тартады. Ұрғашылары ійнен сыртқа шыЛқан соң, бірнеше күннен кейін-аЛ шағылыса бастайды. Шағылысу кезеУі аяқталысымен бблар ескі індерін тазалап, кеУейтіп немесе жаңа:ін Лазуға кіріседі. Балаларын 22-26 күндей көтереді. Балалары қызылшақа, соқыр болып туады. Көздерін 20 күн дегенде ашып, 25 күн шамасында жер бетіне әр іннен 4-5-тен шыға бастайды. Олар алғашқы кезде індерінен алыс кетпей, өсімдіктердің нәзік жасыл жапырақтарымен қоректенеді. Бұл кезде әрбір баласының салмағы 40 г шамасындай болады. Ал салмағы 60-80 грамға жеткен кезде жан-жаққа тарап, өздері ін қазып немесе ескі уақытша індерде тіршілік ете бастайды. Май айының аяғында, июньнің бас кезінде саршұнақтарының еркектерінің салмағы 400-500 грамға, ұрғашыларының салмағы 300-350 грамға дейін жетіп, аз уақыттан кейін қысқы ұйқыға кетеді. ## Дереккөздер
Ашшур немесе Ассур (ивр. אַשּׁוּר‎ / Aššûr; араб.: آشور‎), - ежелгі Ассирия астанасы, қазіргі Кальят-Шаргат (Иракта). Аты ассириялық Ұлы Тәңірінің құрметіне қойылған. Көне қаланың жұқанасы Шергаттың ( Ирак) оңтүстігінде, Бағдаттың солтүстік-шығысында 260 км қашықтықта орналасқан.. ## Тарихы Археологиялық мәдени қабаты б. з. б. 4 мың жылдыққа жатады. 3-мың жылдықтың аяғы мен 2-мың жылдықтың басында қала өз алдында мемлекет, ал 2-мың жылдықтың ортасынан бастап Ассирияның астанасы болды. Б.з.б. 9 ғасырда ол әлі де астана саналғанымен, патша сарайы мұнда болған жоқ. Ашшурдың мемлекеттік салықтар мен міндеткерліктен босатылады. Ашшурды мидяндар (б.з.б. 613 ж.) қиратты. Кейін Парфияға қарады. Ашшурдың 70 га жерді алып жатқан қираған орны 1821 ж. ашылды. Алғаш ағылшын ғаламы О.Лейард (1845-1847), одан кейін неміс оқымыстылары Р.Кольдевей мен В.Андре (1903-1914), зерттеп, бағалы мәдени мұраларды, сына жазулы кітапхананы танты. Ашшурда сәулетті қақпа, екі қатар қорғаныс шебінің құрылыстары, сауда, тұрғын кварталдар т.б. бар. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ашшур * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ашшур ## Тағы қараңыз * Ассирия * Ассириялықтар * Ашшур (ассириялық тәңір)
Советское — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Корнеев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде, Үлкен Тораңғыл көлінің шығыс жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 430 адам (204 ер адам және 226 әйел адам) болса, 2009 жылы 305 адамды (145 ер адам және 160 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
V-Alem тобы 2011 жылдың 15 сәуірінде құрылған. Топ мүшелері: * Мейрамбек Оспанов * Ардақ Салкашев * Ерасыл Абдуалиев * Жалын Тілеуберген * АзаматЕржанұлы 1.Мейрамбек Оспанов 1986 ж. Атырау облысы Мақат ауданында дүниеге келген 9-шы сыныпты бiтiрiп Атырауға коныс аударып мунай газ ондiру операторын бiтiрген.2. Ардақ Салкашев 1988 ж. Қызылорда қаласында туылган Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында Эстрада Вокал факультетiнің Люция Тулешованын курсында 2 курста оқиды.3.Абдуалиев Ерасыл 1990 ж. Қарағанды қаласында туған Чайковский атындағы Музыкалық колледжінде вокалист мамандығының 4 курсын тамадауда .4.Тлеуберген Жалын 1991 ж. ШҚО Аягоз ауданы, Тарбагатай ауылында дүниеге келген Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында Музыкалык Драма факультетiнің 3 курс студенті.5.Ержанұлы Азамат 1990 ж. Алматы қаласында дүниеге келген Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында Кино и ТВ факультетiнің 3 курс студенті. ## Дереккөздер http://kazamanat.kz/executors/view-1740 Мұрағатталған 23 ақпанның 2014 жылы.
Шетен сайрақ (Turdus pilaris)-жоны әне иығы - сарғылт,басы және құйрықүсті - сұр, қоқшыл түсті едәуір ірі(96-125г) сайрақ.Бөтегесі және түсі-қандауыр сияқты шұбарланған тат түстес қызыл қоқшыл, тек қана бауырының ортасы- ақшылдау.Бұл - сыртқы кейпі және қылығы бойынша нағыз сайрақ типтес құс.Түзу және шапшаң ұшады,ұшып жүргенде қолтығындағы ақ түс көрінеді.Шақырысу дауысы - "чак...чак...чак",үріккен кезде - қатты шиқылдайды.Әуені - сыбызғыша сызылған әдемі үн және жағымсыз шиқыл мен ащы дауыс естіледі.Шетен сайрақтың тек қана жұбымен өмір сүретін көптеген сайрақтардан айырмашылығы - сиректелген қауымдастық сияқты жұп топтарымен орын тебеді.Шетен сайрақтар топырақпен сыланған сайрақтарға тән тостаған тәріздес ұяларын жерден онша биіктетпей - 1,5-4 м ағаш басына орналастырады.Салындыдағы 4-7 тат түстес безендіруі бар көгілдір жасыл жұмыртқаларды аналығы 11-14 күн басады.Балапандар 10-14 күнде ұядан кетіп, әлі ұша алмағандықтан және әр алуан жыртқыштардан алғашқы күндері өліп қалатындары да аз емес.Шетен сайрақтар бір жазда екі рет балапан өргізу мүмкіндігі бар,бірақ Қазақстан бойынша нақтылы деректер жоқ.Бұлар кеш шыққан ұялас балапандар ұшқан ірі топқа жиналып,көшпенділенеді де,қарашаға дейін, Қазақстанның оңтүстігінде жидектердің жақсы түсімі болған жерлерден азық тауып,бүкіл қысты өткізеді. ## Дереккөздер' Құстар мектеп энциклопедиясы
Петр Александрович Чихачев (1808 ж. 16 сәуір (е.м. сәуір 28), Гатчина — 13 қазан 1890 жылы) — географ, геолог және саяхатшы. ## Өмірбаян Бүкіл әлемдік, география ғылымына үлкен үлес қосқан аса талантты ғалым, Ресей және басқа көптеген Батыс Еуропа мемлекеттерді зерттеуге, Ғылым академиялары мен Географиялық қоғамдарының мүшесі П.Чихачев бастаған экспедиция аттандырылады. Экспедицияға аталған өлкені, әсіресе Оңтүстік Алтайдың табиғатын, жер қойнауын, ондағы халықтың кәсібін, Ресейдің отарлық саясатына жергілікті халықтың көзқарасын білу тапсырылады. П.Чихачев бұл міндетті өзіне тән іскерлікпен орындап шығады. Оңтүстік Алтайды, осы арқылы қазіргі Шығыс Қазақстан территориясының табиғи байлығын, ондағы негізгі халықтың тұрмысын зерттеп, көргендерін жаза отырып, қазақ жері табиғатының ерекшелігін, байлығын көрсетіп, сол кездегі алғашқы зерттеушілердің қатарында қазақ халқына оңды баға береді. Ол қазақтардың шаруашылығына, тұрмыс салты мен дәстүріндегі ерекшеліктеріне тоқталады.Чихачев Петр «Оңтүстік Алтайға саяхат» атты кітабын жазды. Оған шетел ғалымдары жоғары баға берді. Осы еңбек арқылы Еуропа оқырмандары Алтай тауларының оңтүстігін мекендеген қазақ деген халық бар екендігін білді, оның өзіндік ерекшелігімен, тұрмысымен танысты. ## Еңбектері * Voyage scientifique dans l'Altaï oriental et les parties adjacentes de la frontière de Chine, 1845, Paris * Lettres sur la Turquie, 1850, Bruxelles * Asie Mineure: Description physique, statistique et archéologique de cette contrée, huit volumes de 1852 à 1868, Paris * Le Bosphore et Constantinople, 1864, 2e édition en 1877 * Considérations géologiques sur les îles Océaniques, 1878 * Espagne, Algérie et Tunisie, 1880, Paris * Études de géographie et d'histoire naturelle, 1890 ## Дереккөздер
Jusan Bank (толық атауы «First Heartland Jusan Bank» АҚ) — қазақстандық банк. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 20 аймақтық филиалы және 118 бөлімшесі бар. ## Даму тарихы ### 2020 жыл * Жеке экожүйесін құруға негізделген банкті дамытудың бес жылдық стратегиясы қабылданды * Apple Pay және Samsung Pay іске қосылды ### 2019 жыл * First Heartland Securities Банктің жай акцияларының 99,5% сатып алады * Цеснабанк өзінің атауын First Heartland Jýsan Bank деп Jýsan Bank бөлшек сауда маркасымен өзгертті (бекітілген латын әліпбиінде «Жусан Банк») * Банктің бас кеңсесі Алматыға көшті * Jýsan Bank пен First Heartland Bank бірігуі аяқталды * IT-платформаның белсенді дамуы, жаңа карталар мен мобильді қосымшалардың шығарылуы ### 2018 жыл * Агроөнеркәсіптік кешенді жетілдіру тетігі бекітіліп, Қордың банктің кредиттік портфелінің проблемалық кредиттерін 450 млрд теңгеге өтеуі туралы келісім жасалды. ### 2017 жыл * Алматыда тәулік бойы автоматтандырылған депозитарийі бар Қазақстандағы ең ірі VIP орталық ашылды * Банк өзінің 25 жылдығын атап өтті ### 2016 жыл * Геннадий Головкин банктің ресми бренд-амбассадоры болды * Банк Минск Беларусбанкіне синдикатталған қарызға қатысатын жетекші менеджер және банктің рөлін атқарды ### 2015 жыл * Банк Росэксимбанкпен қазақстандық импорттаушы компаниялар мен ресейлік экспорттаушылар қатысатын операцияларды жүзеге асыру үшін бас қаржыландыру туралы келісімге қол қойды * Банк MasterCard халықаралық төлем карточкаларын шығаруды және оларға қызмет көрсетуді бастады ### 2014 жыл * Банк активтерінің мөлшері 1 трлн теңгеден асты ### 2013 жыл * Талдықорған қаласында Банк филиалы ашылды * Цеснабанк және Еуразиялық даму банкі 5 жыл мерзімге 4 млн. АҚШ доллары көлемінде саудалық қаржыландыру мақсатындағы жаңартылатын кредиттік желі туралы келісімге қол қойды ### 2012 жыл * Цеснабанк World Finance британдық журналының жыл сайынғы жобасы әлемнің 100 жетекші компаниялары және лидерлері тізіміне енді * Цеснабанк «Цесна» Корпорациясы» АҚ Алтын белгісін алды * Wоrld Finance Цеснабанкті 2012 ж. Қазақстанның Үздік коммерциялық банкі деп таныды. * Standard & Poor’s (S&P) рейтингілік агенттігі Цеснабанк рейтингілері бойынша болжамды «Негативтіден» «Тұрақты» деңгейіне өзгертті, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «В» деңгейінде растады, қысқа мерзімді кредиттік рейтингіні «В» деңгейіне дейін және қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтингіні «kzBB+» деңгейіне дейін көтерді. * Банк жарғылық капиталды 4, 9 млрд. теңгеге ұлғайтты. ### 2011 жыл * 2010 ж. қорытындысы бойынша «ЛИДЕР» ақша аударымы жүйесінің ең үздік серіктесі атанды. * Standard & Poor's рейтинг агенттігі Цеснабанктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-»-тан «B»-ға дейін, ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzBB-»-тан «kzBB+»-ке дейін көтерді, сондай-ақ қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «С» деңгейінде растады. Рейтингілер бойынша болжам — «Тұрақты». ### 2010 жыл * Банк сомасы 125 млн. АҚШ доллары болатын 3 жылдық еврооблигация шығарылымын жоспарлы өтеуді жүзеге асырды. * Банкке корреспонденттік қатынастар мен жоғары төлемдік сапа саласындағы жетістіктері үшін жетекші әлемдік қаржы институттарының, Citigroup және Commerzbank AG-тың наградалары берілді. * Банк қазіргі заманғы байланыс-орталықты енгізу жөніндегі жобаны аяқтады. * Банк SAP ERP-ді енгізуді аяқтады. * Банк Цесна Гарант сақтандыру компаниясының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат алды. * Банктің Екібастұз қаласында филиалы ашылды. * Банк жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге көбейтті. ### 2009 жыл * Банк «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы іске асырылған Шағын және орта бизнес жобаларды қаржыландыруды тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншының қаражатын ойдағыдай игерді. * Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде «Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы бөлінген екі транштың қаражатын ойдағыдай игерді. * Банк борыштық міндеттеменің бір бөлігін, нақтылай айтқанда, үшінші шығарылым көлемі 5 млрд. теңге, айналым мерзімі 3 жыл және тіркелген купондық мөлшерлемесі 8% облигацияны өтеді, оның борыштық бағалы қағаздардың ішкі нарығында орналастырылған көлемі 27%-ды құрады. * Банк, Қазақстан Республикасындағы канадалық өндірушілердің жабдықтарын экспорттауды қаржыландыру мақсатында, Канаданың Export Development Canada (EDC) экспорттық-кредиттік агенттігімен сомасы $13 млн. кредиттік желі туралы Келісімге қол қойды. * Банк өзінің Процессингілік орталығын енгізуді жүзеге асырды. * Банк сомасы 16 млн. АҚШ доллары болатын синдикатталған қарызды өтеуді ойдағыдай жүзеге асырды. * Банк «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында есеп айырысу ұйымы ретінде таңдалды. * Жылжымайтын нарықтағы мәселелерді шешу және тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтауды уақытында қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында, Банк пен * «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың арасында «Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен екінші деңгейлі банктердің арасында жылжымайтын нарықтағы мәселелерді шешу бойынша өзара әрекеттестік туралы Келісім жасалды. * Банк сомасы 66 674 мың. АҚШ доллары болатын еврооблигацияны, Банктің борыштық жүктемесін өтеу уақытын оңтайлы бөлу мақсатында, қайта сатып алу мен жарамсыз деп тануды жүзеге асырды. ### 2008 жыл * Банк шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ақша қаражатын бөлу бойынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (ШОКД) бағдарламасына қатысты. * «Цеснабанк» АҚ пен «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорация» Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. * Банктің жарғылық капиталы 2 млрд. теңгеге көбейді. * Банк сомасы 16 млн. АҚШ доллары болатын синдикатталған қарызды өтеуді ойдағыдай жүзеге асырды. * ҚР Білім және ғылым министрлігі белсенді қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Банкке «Жыл меценаты – 2008» сыйлығын берді. * Банк ҚР Үкіметімен, «Қазына» АҚ-пен және «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ-пен серіктестік туралы келісімге қол қойды, оның негізінде «Қазына» АҚ Астана қаласындағы құрылыс нысандарын қолдау үшін мерзімді банк салымын орналастырды. ### 2007 жыл * «Цеснабанктен машиналар шеруі» атты бірегей акция басталды, Банк салымшылары арасындағы ұтыс ойынында 45 автомобиль және өзге де көптеген сыйлықтар қарастырылды. * Банк 125 млн. АҚШ долларына еврооблигация шығарылымын 9, 875% купонмен қоса және 2010ж. өтелетіндей етіп жүзеге асырды. Мәміленің жетекші менеджерлері Citigroup пен Dresdner Kleinwort болды. * «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында жарғылық капиталды 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге көбейту туралы шешім қабылданды. * Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі төрағасының 07.02.2007ж. №53 бұйрығына сәйкес, «Цеснабанк» акционерлік қоғамына бағалы қағаздар нарығындағы кастодиальды қызметті жүзеге асыруға 07.02.2007ж. № 0007100290 лицензия ресімделді. * Цеснабанк акционерлері директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының резиденттері емес екі тәуелсіз директорды: Джеффри Брэмптон Манди (Jeffrey Brampton Mundy) мен Яцек Бжезинскиді (Jacek Brzezinski) сайлады. * Банк жаңа қызмет көрсетуді — мобильді банкингті, ұялы телефондардағы SMS-хабарламалар көмегімен карточкалық шоттар бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік бойы бақылау жүйесін енгізді. * Беделді Euromoney халықаралық қаржы журналы Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы менеджменті үздік банктердің бірі деп таныды — «Best Managed Companies 2007» номинациясы. * Банк ЮНИСТРИМ халықаралық ақша аудару жүйесімен серіктестік келісімге қол қойды. * Банк Қазақстанда бір ай ішінде 3 филиалды – Тараз қаласында, Қызылорда қаласында және екінші филиалды Алматы қаласында ашты. * Банк клиенттеріне төлем карталарын кредиттік лимитпен бірге беретін «Present» жаңа бағдарламасын енгізді. * Банк сомасы 54 млн. АҚШ доллары болатын синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды. Мәміленің жетекші ұйымдастырушылары мен букраннерлері Commerzbank AG және Standard Bank Plc болды. Citibank N.A., Dresdner Kleinwort және «Банк ВТБ» ААҚ та жетекші ұйымдастырушылар мәртебесін алды. * Банктің «Действуй практично – пользуйся Visa» акциясына қатысуы. * Банкоматтарға төлем карталарын пайдаланып төлеу үшін жаңа қызмет көрсету енгізілді: 1) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың банк шоттарын толықтыру;2) «Қазақтелеком» АҚ қызметіне төлеу. * Банктің клиенттері мен қызметкерлері үшін төлем карталарын пайдаланып жаңа жаңартпалы кредит беру бағдарламасы енгізілді. * Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-тың рейтингтерін растады: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қысқа мерзімді «Not Prime» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі (РФУБ) «Е+» деңгейінде. Банктің барлық рейтингілерінің «Тұрақты» деген болжамы бар. * Банк жеке тұлғалардың кейбір мерзімді депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады. * Банктің тұрақты салымшыларын көтермелеу үшін жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша «Сенімділігі үшін үстеме» акциясы енгізілді. * «Prepaid» алдын ала төленген карталары шығарылымы бойынша пилоттық жобалар енгізілді. * Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка кентінде Алматы облыстық филиалы ашылды. ### 2006 жыл * Банк сомасы 15 млрд. теңге болатын бірінші облигациялық бағдарламаны тіркеді, оның шеңберінде 4 облигация шығарылымы жүзеге асырылды. * Банк сомасы 22 млн. АҚШ доллары болатын дебюттік синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды. Қарызды ұйымдастырушылар Raiffeisen Zentralbank Österreich AG (Австрия) және Bankgesellschaft Berlin AG (Германия) болды. * «Цеснабанк» АҚ пен Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі «Цеснабанк АҚ қызметінің ашықтығын көтеру мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы» екі жақты меморандумға қол қойды. * Банктің Call Center Ақпараттық-анықтамалық қызметі құрылды, оған Қазақстанның кез келген нүктесінен 8 800 080 25 25 телефоны арқылы хабарласуға болады. * Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа мынадай рейтингтер берді: эмитент дефолты рейтингі - «B-", «Тұрақты» болжамы, қысқа мерзімді рейтинг — «B». * Банк клиенттермен неғұрлым тығыз байланыс орнату және қажеттіліктерді анықтау және оларды банк өнімдерін жеке сату арқылы қанағаттандыру үшін Менеджерлік қатынастар институтын құрды. * Заңды тұлғалар үшін Банктің жаңа және бұрыннан бар клиенттері үшін жеңілдік талабымен шот ашуға және «Банк-Клиент» жүйесін орнатуды жүргізуге мүмкіндік беретін «Жаңа жылда Цеснабанкпен бірге» акциясы өткізілді. * «VISA International» төлем жүйесінің маркетингтік бағдарламасы қорытындысы бойынша Цеснабанк «VISA акциясының үздік жарнамалық көрсетілімі» наградасын алды. * Банк сомасы 50 миллион АҚШ доллары болатын синдикатталған қарыз алуды жүзеге асырды. Landesbank Berlin AG, Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG букраннерлер ретінде. * Банк Қазақстанда тұрған Western Union үздік қызмет көрсету пункті рейтингінде бірінші орынды алды. * Цеснабанк барлық салымшыларының арасында «Цеснабанк» АҚ-тың 15 жылдығына орайластырылған «Астанадан пәтер ұтып ал!» атты теңдесі жоқ акция өткізді. * Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында филиалдар ашылды. ### 2005 жыл * Өскемен, Петропавл, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды. * Visa халықаралық төлем карточкасы шығарылымы. * Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа «В-С» деңгейінде контрагенттің кредиттік рейтингін және депозиттік сертификаттар рейтингін берді. Болжам — «Тұрақты». * Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі «Цесна» корпорациясы» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ Банк холдингі мәртебесін алуына келісімін берді. ### 2004 жыл * Астана қаласында Астаналық филиал жұмысын бастады, Көкшетау қаласында КЕБ және Қарағанды қаласында филиал ашылды. * Банк VISA халықаралық төлем жүйесіне ассоциацияланған мүше және Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына мүше ретінде қабылданды. * Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа мынадай рейтингтер берді: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі «Е+» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты». ### 2003 жыл * Ауыл шаруашылық министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін іске асыруға қатысушы банктердің арасында үздік деп танылды. * Қазақстандық қор биржасының Биржалық кеңесінің шешімімен банк акциялары КАSЕ-нің «А» санатты бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді. * Банкті Еуропалық қайта құру және даму банкі ең сапалы кредиттік қоржыны бар банк ретінде атады. * Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында банк банктік ақпараттық технологияны автоматтандыруға қатысты Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өткен деп танылды. ### 2001 жыл * Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында «Цеснабанк» « Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже» талаптарын орындаған деп танылды. ### 2000 жыл * «Цеснабанк» АҚ Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорына мүше болды. ### 1998-2001 жылдары * Банк Rabobank (Нидерланд) банкімен бірге «Твиннинг» институциональды даму бағдарламасына қатысты. ### 1998 жыл * Азия даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кредиттік желілері ашылды және Дүниежүзілік банкпен Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жөнінде келісімге қол қойылды. ### 1997 жыл * Степногорск және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды. ### 1996 жыл * Орталық Азия — Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасалды. ### 1993 жыл * Алматы мен Қостанай қалаларында филиалдар ашылды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты * First Heartland Jýsan Bank - барлығы банк туралы
## Өмірбаян Павел Петрович Буров (4 наурыз 1902 - 1944 жж.) —Осында бас инженер болып П.П.Буров қызмет еткен-ді. Буров Павел Петрович 1902 жылы 4 наурызда шаруа жанұясында дүниеге келген. 1929 жылы Ленинградтағы Тау-кен институтын бітіріп біздің өлкемізге жас маман ретінде жолдамамен келген екен.Студенттік кездегі геологиялық — барлау партияларында жұмыс істеп, жиған тәжірибелері ескеріліп, тау инженері П.П.Буров Риддер геологиялық-барлау партиясына бастық етіп тағайындалған. Ол кезде Риддер қаласы көңілге жағымсыз, көшелерін батпақ басып жататын, үйлері аласа, көріксіз қала болған. Геологтың жұмысы да оңай емес, оның қиындығына төзген, соған шын көңілін берген адам ғана істейтін жұмыс. Ол уақытта геология жұмысында өзіндік қиыншылықтар да болған, шет ел концессионерлері зерттеулерінің қорытындысы қанағаттанарлықсыз, ал одан басқа геологиялық деректер жоқтың қасы.Міне, осындай кезде біздің өлкеге келген, өлкеміздің жер қойнауындағы бағалы қазба байлықтарын барлау іздестіру жұмыстарын қолға алып, оған тікелей басшылық еткен азамат П.П.Буров болған еді.1931 жылы П.П.Буров басқарған геологиялық — барлау партиясы Риддер комбинатына қарасты еді. Буровтың ұжымы осы ауданның қазба байлықтарын, жаңа кен көздерін барлау, іздестіру жұмыстарын атқарған. Риддер, Сокольный кен көздері ашылғаннан кейін, Белоусов пен Зыряндағы кен көздерін барлау жұмыстары белгіленіп, оған басшылық ету Буровқа тапсырылған. Осы жылы Зырян концессиясы таратылып, Зырян кен басқармасы құрылған. Зырян кен басқармасы кен көздерін іздестіру-барлау жұмыстарын үнемі Риддер комбинатымен бірлесіп атқарған да, сол жауапты жұмыстың басы-қасында Буров болған, ол бірде техникалық басқарушы, бірде бас геолог немесе геологиялық-барлау партиясының басшысы болып істеді. Алтайдың ескікөз геологтарының бірі, геология-минерология ғылымдарының кандидаты К.Ф.Ермолаевтың естелігінде:«Буров өткен зерттеу жұмыстарының нәтижесін терең оқып — меңгеріп, кен-өнеркәсіптік шоғырлану байланысын орнатып, зерттеудің жаңа әдістерін қолданып, тау-геометриялық анализдер жасап, геологиялық-барлау жұмыстарын кешенді түрде іске асырған. Осының нәтижесінде Риддер және Сокольный кен көздері түсті металл қорының молдығы жөнінен Одақ бойынша бірінші орында тұр», -деп жазылған.Кейінгі жылдары зерттелген қорлар санының өсуі Риддердегі кенді жазықтың құрылысы туалы П.П.Буров пен Н.Н.Куректің жасаған қорытындыларын және олардың зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесін растап берді. Бұл жөнінде олар жазған ғылыми еңбек «Риддерская группа полиметалических месторождений» деп аталған. Қос автордың «Риддерское рудное поле» деген монографиялық еңбектері де бар.Геология саласындағы еңбектері үшін Буров бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, 1935 жылы «Қазақстанға-15 жыл» белгісімен марапатталған. 1940 жылы геологиялық-барлау жұмыстарындағы жетістіктері үшін П.П.Буров «Түсті металлургия халық комиссариатының социалистік жарыс үздігі» белгісімен марапатталған.1940 жылы Лениногор геологиялық -барлау партиясының базасында «Алтайцветметразветка» тресі құрылды. Кейіннен Өскемен қаласына көшірілген осы тресте П.П.Буров бас инженер, трест басқарушысының орынбасары болған. Тәжірибесі мол геолог П.П.Буров Николаевтан жаңа кен көзі табылған соң дереу геологиялық-барлау партиясын құрып, асқан қызығушылықпен бұл жұмысты қолға алған.П.П.Буров 1944 жылы сәуір айында Мәскеу қаласындағы конференцияға баяндама алып барып, осы іссапарында жүріп, конференцияға бір-екі күн қалғанда 6-сәуірде кенеттен қайтыс болды.П.П.Буров өз өмірін Алтай жеріндегі кен көздерін барлау, зерттеу жұмыстарына арнаған азамат. Осы жұмысқа бар күшін сарп еткен ол қоғамдық жұмысқа да, ғылыми еңбекке де уақыт тапқан. Оның педагогикалық еңбегінің өзі-келешектің қамы, одан үйренген, оның тәжірибесіне ден қойған геологтар П.П.Буровтың ісін жалғастырып, Кенді Алтайда тұрып жатыр. Ол артық сөзі жоқ, көпшілікке қадірлі, кең мінезді жан болған, таулардың сырын түсінген, жер қойнауындағы байлықтың көзін ашқан адам. Оның маңдай тері мен мол еңбегінің нәтижесінде біздің Кенді Алтай өлкесінің мәртебесі өсіп отыр.42 жасында өмірден кеткенмен П.П.Буровтың Кенді Алтай жерінде және осы өлкенің тарихында есімі мәңгілікке қалды. 1945 жылдан бері қаламызда оның есімімен аталатын көше бар
Яхэ-Ыджыдъёль — Ресейдегі өзен. Коми Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы БАР/ПЕЧОРА/1110 орналасқан. Өзен ұзындығы 16 км-ді құрайды. ## Су реестрінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Двинск-Печорск су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Печора өзені Шердино ауылындағы су өлшейтін посттан Уса өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Усаға қосылу құйылысына дейінгі Печора тармағының су алаптары, өзен алабы — Печора. Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: * Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 03050100212103000061753 * Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 103006175 * Су алабының коды — 03.05.01.002 * ГЗ томының нөмірі — 03 * ГЗ бойынша шығарылуы — 0 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы.
Саз АЙҚАБАҚ (Acrocephalus palustris) - мөлшері де,түсі де қамыс айқабаққа өте ұқсас болғанымен, қамыста емес, көбінесе бұталарда,әсіресе суға жақын өскен талдарда өмір сүретін құс. Қазақстанда тек қана Жайық аңғарын бойлай және солтүстіктегі кейбір жерлерде ұялайды. Өз атауына қарамастан, аса батпақты шалғындық үлескілерден аулақ жүреді,солардың арасынан бұталы және шөптері бар көтеріңкі жерлерді таңдайды. ## Ерекшеліктері Саз айқабақ дауысының қамыс айқабаққа жалпы ұқсастығына қарамастан өте жақсы сайрайды. "Көптеген құстардың үнін қағып алып,ғажап дәлме–дәлдікпен бере алу бейімділігінің жоғары дамуы арқасында әуезі үнді,әуенді және айрықша алуан түрлі. Өзге құстар әуенінің үзінділері өзінің шыңқылдаған дауысына тосыннан және басқаға ұқсамайтын қалыпта ұласады. Соның нәтижесінде өте шапшаң орындалатын өзіне тән әуездер құрамасы туындайды. Бір жолы Жайық аңғарында саз айқұлақтың аталығы 15 минутта он екі құстың:бұлбұл,алабұдбұл, сұр сандуғаш,жауторғай,орман жадырақ,қызылқұйрық, сарыбауыршымшық ,тентекқұс, жағалтай, сарыалқым арасақ және көкшіл шымшықтың үнін келтіріп сайрағаны байқалды" ## Дереккөздер 1. Құстар энциклопедиясы.
Кемер белбеу — қыздар мен әйел адамдар буынатын белбеу. Оның былғары немесе барқыт жолағына металл шытырлар қондырып көбіне күмістен соққан. Қыздардың киіміндегі бұл ерекшелік жалпыға бірдей әйел киім-кешегінде қайталанбаған. Маусымньң суық кездерінде барқытпен тысталған пұшпақ iшік киіп, белдікпен қаусырынатын болған.Кемер белбеу кice белбеуге қарағанда анағұрлым жалпақ әpi әшекейлеп нақышталуы күрделірек болып келген. Кемер белбеуге бағдарлап қарала салу, лажы жүргізу, жапсырмаларына асыл тастардан көз салу, күмбездеп ширата жүргізу сияқты күрделі техникалық тәсілдер қолданатындықтан, олардың көркемдік сапасы әрдайым жоғары болған.Сондықтан халық: «Кемер белбеу белге сән, Кемелді жігіт елге сән», - деп текке айтпаған. Кемер белбеулердің екі ұшы қақталып күміс жалатылған жалпақ, топсалы қапсырмалы болып келген. Сонымен қорыта келгенде, қазақ белбеуін жасалган материалдарына, безендірілуіне, қосалқы бөліктерінің бар-жоғына байланысты мынадай топтарға: * қолданылатын жеріне байланысты - күнделікті тұрмыста, жиын тойларда және соғыста; * жасы мен жынысына байланысты - бойжеткен мен бозбаланыкі, әйелдер мен ер адамдардікі; * әскери-әкімшілік иерархиядағы орны мен қызметіне байланысты - батырлардікі, ру ақсақалдарыныкі, аға сұлтандар мен хандардыкі деп топтастыруға болады. ## Дереккөздер 3. Самашев, Ж. Жетібаев. Қазақтың этнографиялық суpeттерiндегі белбеу мотивы // КазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, №12.57-67-66.
Сақатов Марат Сәйдешұлы(1947-2000) - өнер қайраткері. Марат Сақатов Өскемен мәдени -ағарту училищесінің оқытушысы, Семей облыстық драма театрының режиссері ретінде де өзін үлкен ұжымдар арасында таныта білді. ## Еңбекжолы 1947 жылы 27 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы (қазір Күршім ауданы) Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Боран орта мектебін бітіріп, 1970 жылдарға дейін ішкі істер бөлімінде қызмет еткен. Mектеп жасынан -ақ өнерімен көзге түскен, тума талант Мараттың жолы өнер еді. 1970 жылы келіп, өмірінің ақырына дейін сол жолдан таймай қызмет етті. 1976 жылы Москвадағы Щукин атындағы жоғарғы театр училищесін сырттай бітіріп шықты. 1975-1977 ж. аралығында Марқакөл халықтық драма театрында режиссер болып, сол жылдары сахнаға «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Абай», «Ақан сері -Ақтоқты» т.б. кесек туындыларды шығарды.1980-1982 жылдары Марқакөл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, ұйымдастырушылық қырынан да көрінді.Мараттың Марқаның «Тамашасын» қалыптастырып, шыңдалуына да сіңірген еңбегі ерекше. Сатиралық көріністердің сценариін өзі жазып, өзі шебер орындаушы ретінде көрермендерін күлкіге кенелтті. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы.186б 2. http://imena.pushkinlibrary.kz/
Хакобо Арбенс Гусман (ис. Jacobo Árbenz Guzmán, 14 қыркүйек, 1913 жыл — 27 қаңтар, 1971жыл) — Гватемалының мемлекеттік және саяси қайраткері. 1945-50 жылдары қорғаныс министрі. 1951 жылы президент болып сайланған. Арбенс Гусман үкіметі елдің ұлттық мүддесін қорғау саясатын жүргізді, американ монополияларының, әсіресе, "Юнайтед фрут компанидің" (United Fruit Company) «зорлық-зомбылығына қарсы шықты. Мекемеде жұмыс істеп жүрген жергілікті адамдарға айлығын екі есе көбейткізді. Бірсыпыра прогрестік шараларды жүзеге асырды: * аграрлық реформа туралы заң қабылдаттырды (1951) * американ монополиясы жерінің 160 мың гектары мемлекет қарамағына алғызды, * помещик шаруашылықтарының 554 мың гектар жері экспроприацияланған және т.б. АҚШ ұйымдастырылған қарулы интервенция (1954 ж., маусым) салдарынан Арбенс Гусман үкіметі құлатылды. Биліктен бас тартқаннан кейін Арбенс шетелге кетті. Алғашқы кезде Парижде тұрды, сосын Прагаға көшіп кетті. 1957 жылы Уругвайға барды. 1960 жылдан бастап Фидель Кастроның шақырылуымен Кубада болады. 1965 жылы Арбенстің қызы Арабелла Мексикада өз-өзіне қол салып қайтыс болады. Қызының жерлеуіне келген Арбенс Мехикода қалып кояды. 1971 жылы өз пәтерінде ванна бөлмесінде өлігі табылады. Өлімінің себебі және мән-жайі осы күнге дейін белгісіз. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Хакобо Арбенс Гусман (ис. Jacobo Árbenz Guzmán, 14 қыркүйек, 1913 жыл — 27 қаңтар, 1971жыл) — Гватемалының мемлекеттік және саяси қайраткері. 1945-50 жылдары қорғаныс министрі. 1951 жылы президент болып сайланған. Арбенс Гусман үкіметі елдің ұлттық мүддесін қорғау саясатын жүргізді, американ монополияларының, әсіресе, "Юнайтед фрут компанидің" (United Fruit Company) «зорлық-зомбылығына қарсы шықты. Мекемеде жұмыс істеп жүрген жергілікті адамдарға айлығын екі есе көбейткізді. Бірсыпыра прогрестік шараларды жүзеге асырды: * аграрлық реформа туралы заң қабылдаттырды (1951) * американ монополиясы жерінің 160 мың гектары мемлекет қарамағына алғызды, * помещик шаруашылықтарының 554 мың гектар жері экспроприацияланған және т.б. АҚШ ұйымдастырылған қарулы интервенция (1954 ж., маусым) салдарынан Арбенс Гусман үкіметі құлатылды. Биліктен бас тартқаннан кейін Арбенс шетелге кетті. Алғашқы кезде Парижде тұрды, сосын Прагаға көшіп кетті. 1957 жылы Уругвайға барды. 1960 жылдан бастап Фидель Кастроның шақырылуымен Кубада болады. 1965 жылы Арбенстің қызы Арабелла Мексикада өз-өзіне қол салып қайтыс болады. Қызының жерлеуіне келген Арбенс Мехикода қалып кояды. 1971 жылы өз пәтерінде ванна бөлмесінде өлігі табылады. Өлімінің себебі және мән-жайі осы күнге дейін белгісіз. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Арғұн (Хайлар, моңғ. Эргүнэ, эвен. Ергэне) — Шилкамен қосылып Амурды құрайтын өзен. Ұзындығы - 1620 км, оның 944 км-і Ресей мен Қытай шекарасын бойлай ағады. Алабы 164 мың кm². Манчжуриядағы Үлкен Хинган жотасының солтүстік-батыс беткейінен басталады. Бастауында Хайлар деп, ал Мутная тармағынан төмен - Арғұн деп аталады. Жотадан шыққаннан кейін Арғұн жайылмасы үлкен кең аңғармен ағады. Сағасына таяу жерде аңғары тарылады да, жағалары жар қабаққа айналады. Жылдық орта су шығыны сағасында 400 m³/сек. Негізінен жаңбыр суынан құралады. Жылы маусымда тасиды. Басты салалары: * сол жақтан - Газимур, Уров, Урюмкан * оң жақтан - Гэньхэ, Нюэрхэ. Арғұнда балықтың 60 түрі бар, соның ішінде амур, сазан, кета көп ауланады. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры – кәсіби музыкалық драма ұжымы. ## Тарихы 1920 жылы құрамында әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек сынды майталман өнер иелері топтасқан "Ес-аймақ" қоғамы ұйымдастырған жартылай кәсіпқой драма труппасы негізінде құрылып, 1934 жылы ресми түрде бекітілді. Труппаның ұйымдастырушылары М. Әуезов, Қ. Сәтбаев және режиссер Ғ. Төребаев болды. Театр шымылдығын I. Жансүгіровтің "Кек" пьесасымен ашты. Театрдың құрылуы мен қалыптасуына өнер шеберлері Ж.Т. Шанин, 0. Беков, Қ. Жандарбеков, композитор Л. Хамиди көп еңбек сіңірді. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арнап А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" операсының ықшамдалған нұсқасын қойды (режиссер Қ. Жандарбеков). 10 жыл өткен соң Қ. Жандарбеков операның әдеби-драмалық негізінде "Абай" спектаклін қайта қойды. 1952 жылы маусымда Ш. Айманов және Я. Штейннің "Абай" инсценировкасын көрсетті. Абай бейнесін әртіст С. Қыдырәлин, Құнанбайды - Н. Аханов , Зерені - Ж. Сәкенова жасады. ## Қойылымдар Театр ондаған алыс-жақын шетел классиктерімен қатар, әлемдік драматургия дәрежесіндегі М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Б. Майлиннің, Ғ. Мұстафиннің, Р. Ғамзатовтың, Ш. Айтматовтың шығармаларын сахнаға шығарды. "Еңлік – Кебек", "Қаракөз", "Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу", "Айман – Шолпан", "Бөлтірік бөрік астында" пьесалары театр репертуарының алтын қорына айналды. ## Театр ұжымы Өнер ордасының, аға буын әртістері мен режиссерлардың озық дәстүрлерін бүгінде талантты әртістер одан әрі жалғастыруда. Театрда үш Қазақстанның халық әртісі: Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, 14 мәдениет қайраткері, барлығы 64 адам еңбек етуде. Симфония оркестрі және балет әртістері тобы бар. Театр классикалық шығармаларды музыкамен көркемдеп, балетпен ұштастыруға зор еңбек сіңіруде. Сондай-ақ театр жанында әртістер даярлайтын "Театр студиясы" жұмыс істеп, аз уақыт ішінде студия жүздеген жас сахна шеберлерін тәрбиелеп, үлкен өнерге жолдама берді. ## Театр жетістіктері Театр Каирде өткен халықаралық фестиваль мен республикалық фестивальдердің лауреаты. Сондай-ақ облыс орталықтарына, Моңғолия мен Қытайға гастрольдік сапарға шығып қайтқан. * 2014 жыл – Павлодар қаласында өткен Ж. Аймауытовтың 125 жылдығына арналған "Алаштың ардақтысы" атты Қазақстан аймақтық театрлары фестивалінде "Әдебиетті насихаттағаны үшін" номинациясы бойынша диплом. * Тараз қаласында өткен "Тұңғышбай әл-Тарази, Таразға шақырады" атты әртістерге арналған І Республикалық театр фестиваліне қатысқаны үшін театр "Алғыс хатпен" марапатталды. * 2015 жылы Өскемен қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне А. Тілеуханның "Керей хан - хан Жәнібек" спектаклімен қатысып бас жүлде жеңіп алды. * 2016 жылы Атырау қаласында өткен Р. Отарбай атындағы театр фестивалінен жүлделі үшінші орынды иеленді. "Көрермен көзайымы" номинациясын Ә. Байрова иеленді. Осы жылы Орал қаласында өткен Иран-Ғайып атындағы театр фестифалінен, Б. Төлеков "Үздік ер адам бейнесін", Б. Тойымбаева "Үздік әйел бейнесін" иеленді. * 2017 жылы Атырау қаласы, драматург Иран-Ғайыптың "Мәңгілік елдің алтын адамы" атты Республикалық Театрлар фестивалінде "Жоғары дәрежелі өнер көрсеткені үшін" деген дипломмен "Адасқан бақ құсы" қойылымы марапатталды, "Керікеткен-Патша-Әмірші" образын жоғары деңгейде сомдағаны үшін Б. Төлеков марапатталды. ## Дереккөздер ## Театр сайты * http://teatr-abai.kz/
Кедендік рәсімдердің түрлері 1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай: 1) ішкі тұтыну үшін шығару; 2) экспорт; 3) кедендік транзит 4) кеден қоймасы; 5) кедендік аумақта қайта өңдеу; 6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу; 7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу; 8) уақытша әкелу (жіберу); 9) уақытша әкету; 10) кері импорт; 11) кері экспорт; 12) бажсыз сауда; 13) жою; 14) мемлекеттің пайдасына бас тарту 15) еркін кедендік аймақ; 16) еркін қойма; 17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту1. Тұлғаның таңдауы бойынша кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады. 2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы. Кедендік рәсіммен орналастыру Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады. 309-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі. 310-бап. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуынкедендік бақылау 1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді. 2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі. 311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарынсақтамағаны үшін жауапкершілік 1. Осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, декларант жауапты болады. Тұлғалар, кедендік рәсімнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлар шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде әкетілгенге дейін аварияның не еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмаған, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда, жауапты болмайды. 2. Тұлғалар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты: 1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмаған; 2) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің саны тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген; 3) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдері мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттің лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққан жағдайларда жауапты болмайды. 3. Тауарлардың біржола жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне әкеп соққан мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, сондай-ақ жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды. 312-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардыалып қою (тыйым салу) салдарлары 1. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар алып қойылған не мұндай тауарларға тыйым салынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Егер тауарларды алып қоюдың не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданылуы қайта жаңғыртылады. Кедендік рәсімнің қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде осы бөлімге сәйкес көзделген пайыздар оларды есепке жазу және төлеу кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі ішінде есепке жазылмайды және төленбейді. 2. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды тәркілеу және мемлекет меншігіне өзгеше айналдыру кезінде осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тәркіленген және мемлекет меншігіне өзгеше айналдырылған шетелдік тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады. 3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағанына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде аяқталуы тиіс. Оларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды. 36-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі 313-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендікрәсімінің мазмұны Ішкі тұтыну үшін шығару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, орналастырылған кезде шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағында оларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерсіз болатын және пайдаланылатын кедендік рәсім болып табылады. 314-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудыңкедендік рәсімімен орналастыру шарттары 1. Тауарлар: 1) егер тарифтік артықшылықтар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу; 2) шектеулер мен тыйым салуларды сақтау; 3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралардың қолданылуына байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды табыс ету шарттары сақталған кезде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылады. 2. Көрсетілген шарттар орындалған кезде тауар кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады. 3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде тауарлар осы Кодекстің 301-бабына сәйкес шартты түрде шығарылуға жатады және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды. 315-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміменорналастырылатын (орналастырылған) тауарларғақатысты кедендік әкелу баждарын, салықтардытөлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуыжәне оларды төлеу мерзімі 1. Декларантта ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды. 2. Декларанттың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті: 1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты – осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда; 2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты: егер тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге мерзімі белгіленбесе, бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл өткен соң; бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткен соң; мұндай тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың немесе жоюдың кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл ішінде не жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде – тауарларды мемлекет меншігіне қабылдауды не оны жоюды растайтын құжатты кеден органына табыс еткен кезден бастап; бес жыл ішінде не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде туындаған, осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда; мұндай орналастыруға дейін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда шартты түрде шығарылған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырған кезде тоқтатылады. 3. Кедендік әкелу баждары, салықтар мынадай мерзімдерде: 1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты, – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін; 2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдаланып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты: мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартылған жағдайда – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияға жеңілдіктерді пайдаланудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізгенге дейін; мұндай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзатын немесе жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарды бұзатын тауарлармен іс-әрекеттер жасалған жағдайда, – көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні төленуге жатады. 37-тарау. Экспорт кедендік рәсімі 316-бап. Экспорт кедендік рәсімінің мазмұны 1. Кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және одан тысқары жерлерде тұрақты болуға арналған кездегі кедендік рәсім экспорт болып табылады. 2. Бұрын уақытша әкетудің немесе кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кеден органына іс жүзінде көрсетпей экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға жол беріледі. 317-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсіміменорналастыру шарттары 1. Тауарлар: 1) егер кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкету баждарын төлеу; 2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау; 3) үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарын қолдану мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты тауардың шығарылған жері туралы сертификатты табыс ету шарттары сақталған кезде экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады. 2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады. 318-бап. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғантауарларға қатысты кедендік әкету баждарынтөлеу жөніндегі міндеттің туындауы ментоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі 1. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды. 2. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады. 3. Егер осы Кодексте өзгеше мерзім белгіленбесе, кедендік әкету баждары экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін төлеуге жатады. 38-тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімі 319-бап. Кедендік транзит туралы жалпы ережелер 1. Кедендік транзитке сәйкес тауарлар кеден одағының кедендік аумағы арқылы, оның ішінде кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы, жөнелтуші кеден органынан жеткізілу межеленген кеден органына дейін тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қоспағанда, тыйым салулар мен шектеулерді қолдана отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлемей кедендік бақылаумен тасымалданатын кедендік рәсім кедендік транзит болып табылады. 2. Кедендік транзит: 1) келген жеріндегі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін шетелдік тауарларды; 2) келген жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды; 3) шетелдік тауарларды, сондай-ақ, егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса, ішкі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын; 4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды; 5) кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы кеткен жеріндегі кеден органынан келген жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын тасымалдау кезінде қолданылады. 3. Егер әуе көлігі халықаралық рейс жасау уақытында келген жерінде тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды. Халықаралық почта жөнелтімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалады. Теңіз көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес кеден одағына мүше бір ғана мемлекеттің аумағы арқылы өткізілетін тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшеліктері кеден одағына мүше осындай мемлекеттің заңнамасымен белгіленуі мүмкін. 4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялауды осы Кодекстің 284-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар жүзеге асырады. 5. Егер осы Кодексте және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше көзделмесе, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай кеден одағының кедендік аумағы арқылы тасымалданады. 6. Осы тарауды қолдану мақсатына орай халықаралық тасымалдаудың көлік құралы деп кеден одағының кедендік аумағы арқылы оның шегінен шықпай тауарлар тасымалдайтын көлік құралы да түсініледі. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің мазмұныБелгіленген мерзім ішінде кедендік баждар, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай шетелдік тауарлар кеден қоймасында кедендік бақылаумен сақталатын кездегі кедендік рәсім кеден қоймасы болып табылады. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі 343-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендікрәсімінің мазмұны 1. Кедендік аумақта қайта өңдеу – шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып және кейіннен қайта өңдеу өнімдерінің кеден одағының аумағынан тысқары әкетілуімен тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін пайдаланылатын кедендік рәсім. 2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операция нәтижесінде алынған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады. 3. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде кеден одағының тауарларын пайдалануға жол беріледі. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендікрәсімінің мазмұны 1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу, кейіннен қайта өңдеу өнімдері кеден одағының кедендік аумағына әкеліне отырып, кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды белгіленген мерзімде кедендік әкелу баждарын төлеуден шартты түрде толық босата отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай жасау мақсатында кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін кездегі кедендік рәсім болып табылады. 2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан нақты әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкалар бойынша кедендік әкелу баждарын төлей отырып, қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен кейіннен орналастырылған жағдайда, шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждары төленбей, тыйым салулар мен шектеулерді, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдана отырып, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім болып табылады. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімініңмазмұны Уақытша әкелу (жіберу) шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе ішінара босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кейіннен кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, кеден одағының кедендік аумағында белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім болып табылады. Уақытша әкету кедендік рәсімінің мазмұны Уақытша әкету кеден одағының тауарлары кедендік әкету баждарын төлеуден толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кейін кері импорт кеден рәсімімен орналастырыла отырып, кеден одағының кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетілетін және белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім болып табылады. Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады. Кері импорт кедендік рәсімі Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұныКері импорт кеден одағының кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, осы кеден одағының кедендік аумағына қайта әкетілетін кездегі кедендік рәсім болып табылады. Кері экспорт кеден одағының кедендік аумағына бұрын әкелінген тауарлар не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей не (немесе) олардың төленген сомасын қайтара отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай осы аумақтан әкетілетін кездегі кедендік рәсім болып табылады. Бажсыз сауда кедендік рәсімі Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұныБажсыз сауда, тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шығып кететін жеке тұлғаларға не шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне кедендік баждар, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай бажсыз сауда дүкендерінде бөлшек саудада сатылатын кездегі кедендік рәсім болып табылады. Жою кедендік рәсімінің мазмұныЖою, шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай кедендік бақылаумен жойылатын кездегі кедендік рәсім болып табылады. Тауарларды жою деп тауарларды зарарсыздандыру, олар ішінара немесе толық өзінің тұтыну және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне келтіру мүмкін болмайтын күйге келтіру түсініледі. Жою кедендік рәсімі аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылған, қайтарымсыз жоғалған тауарларға қатысты қолданылуы да мүмкін. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендікрәсімінің мазмұны1. Мемлекет пайдасына бас тарту шетелдік тауарлар кедендік баждар мен салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай кеден одағына мүше мемлекеттердің меншігіне өтеусіз берілетін кедендік рәсім болып табылады. 2. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кеден одағы тауарының мәртебесіне ие болады. Арнайы кедендік рәсімнің мазмұныАрнайы кедендік рәсім кедендік баждар мен салықтарды алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік мақсаттар үшін кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету талаптары мен шарттарын айқындайтын кедендік рәсім болып табылады. Арнайы кедендік рәсім Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған жағдайларға сәйкес және тауарлар санаттарына қатысты осы Кодексте белгіленеді. Дереккөздер: Дереккөздер: ҚР Кеден Кодексі http://law.delovoimir.kz/laws/view/1393/page:23(қолжетпейтін сілтеме)
Геоглиф — жерге ойып салынған ұзындығы 4 метрден асатын геометриялы немесе бейнелі өрнек. Кейбір геоглифтардың үлкендігі соншалық, оларды тек аспаннан ғана көруге болады. Геоглифтерді салудың бірнеше түрі бар. Бірі—жердің беткі қабатынан белгілі бір тереңдікке дейін қазып, таңба түсіру. Ал екіншісі арнай қиыршық немесе ірі тастарды төсеп, бейне жасау. Тағы бір түрі—ағаштарды белгілі бір бейне жасай отырып егу. ## Таралуы Әлемге әйгілі геоглифтердің бірі Перу жеріндегі Наска шөліндегі Наска сызықтары. Бұл алып бейнелер өткен ғасырды 39 жылдарына дейін белгісіз болып келді. Бұл бейнелерді оның үстімен ұшып келе жатқан ұшқыштар алғаш байқаған. Наска сызықтарының ерекшелігі белгілі бір қашықтықтан көрінуінде. Геоглифтер әлемнің әр жерінде таралған. Солардың бірі Англиядағы Уффингтон ақ аты. Ұзындығы 110 метр болатын ат таңбасы Оксфордшир графтығына таяу жердегі әктас төбеде орналасқан. Бұл 1994 жыл табылған жалғыз ағылшындық геоглиф. Зерттеген ғалымдардың айтуынша оның салыну уақыты б.з.д X ғасыр. Осылар секілді геоглифтер АҚШ-тың Огайо штатында, Ресей Федерациясында (Челябинскте), Африкада (Виктория көлінің оңтүстігі мен Эфиопияда) және Аустралияда (Марри адамы) таралған. Ал Қазақстанда Қостанайдағы 101 үйіндіден тұратын «Үштоғай шаршысы» мен Торғайдағы севастиканы, т.б бейнелерді атаса болады. ### Мақсаты Ғалымдардың болжауынша Наска геоглифтері онда мекендеген ежелгі тұрғындардың жұмысы. Деректерде б.з.д 500 жылдары ол аймақта құрғақшылық басталған. Наска аймағын мекендеген тұрғындар құрғақшылықты тоқтату үшін құдайдың мейірімін тілеп, көптеген қиыншылықтар арқылы үлкендігі 14 шақырымға жуық колибри құсы, маймылдың, алып киттің бейнелерін салған. Басқа геоглифтердің мақсаты әлі де белгісіз. ## Суреттер * * ## Сыртқы сілтемелер Жердің құпия мекендері ## Дереккөздер
Сарман — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Спасов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 201 адам (106 ер адам және 95 әйел адам) болса, 2009 жылы 103 адамды (58 ер адам және 45 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Мақаш Бекмұхамедов- халықтардың рухани достығын насихаттаушы, қазақ халқын тез қарқынмен ілгері прогреске ұмытылуға үндеп және осы салада қыруар қызмет еткен, ғылым, мәдениет, әдебиет саласында да өз ізін тастаған саналы азамат. ## Өмірбаяны Мақаш Бекмұхамедов 1830 жылы Бөкей ордасында (қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданы) Шолтырдың семьясында дүниеге келген. Дәулетті әкесінің беделі арқасында және өзінің ынталылығы мен зерделілігі нәтижесінде Мақаш 1841 жылы Ордада еуропалық үлгімен құрылған тұңғыш қазақ ектебінде білім алып, кейін Орынбор қаласындағы Неплюев кадет корпусына оқуға түседі. Осы корпуста ол Мұхамед-Салық Бабажановпен бірге оқып, оны ойдағыдай тәмамдап шығады. Мақаш 1852 жылдан бастап Орда қаласындағы Бөкейлік уақытша Советтің тәржімешісі болып қызмет атқарады. Кейінірек ол Каспий теңізі жағалауындағы I және II округтерге әкім болып тағайындалады. 1892-1897 жылдары Орда қаласындағы Уақытша Советтің кеңесшісі болып істейді. 1897 жылы ол әкімшілік қызметтен біржола босанып зейнетке шығады.1904 жылы қайтыс болады. ## Шығармашылығы М.Бекмұхамедовтың бізге "Байжұма", "Көкжорға" күйлері жетті. Ал оның өз жанынан өлең шығарып және ел арасынан жинаған бірсыпыра өлеңдері "Жақсы үгіт" деген атпен 1908 жылы Қазан қаласында ағайынды Каримовтар баспасында жеке кітап болып басылып шықты.Оның бұдан басқа 3 томдық қолжазба шығармасы болған. Онда әдеби, тарихи, шешендік сөздердің үлгілері сақталған. ## Сыртқы сілтемелер ISBN 5-615-01496-2 Б.Ысқақов, 1994ж
Тауағаш — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Спасов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 617 адам (322 ер адам және 295 әйел адам) болса, 2009 жылы 416 адамды (225 ер адам және 191 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай Құнанбаев. Ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық. Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды, бұған қоса 5900-ден астам ХVII-XIX ғ. басылымдары бар. Әр түрлі кезеңдегі қазақ және орыс тілдеріндегі сирек кездесетін басылымдар бар. Кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Ол үлкен халықаралық байланыстар жасайды, алыс жақын шет елдердердің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықта. ## Кітапхана тарихы Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырдан артық уақыт өтті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша кітапханаға қазақтың кемеңгер ақыны Абай есімі берілді. Себебі, Семей тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінен маңызды орын алатын кітапхана тарихы ұлы ақынның есімімен тығыз байланысты еді. ХIХ ғасырдың екінші жартысында Семей жері патшалық Ресей үшін саяси айыптыларды жазалау орындарының біріне айналғаны тарихтан мәлім. Қалада саяси жер аударылғандардың болуы қаланың мәдени - рухани өміріне тың өзгерістер әкелді. Саяси жер аударылғандар Е.П. Михаэлис, П.Д.Лобановский, Н.И.Долгополов, С.С.Гросс, А.Л.Леонтьев, А.Блектердің Семей қаласының рухани өміріне сіңірген еңбектері бір төбе. 1869 жылы Е.П.Михаэлис Семей қаласына жер аударылып келеді. Ол жазасын өтей жүріп үлкен әлеуметтік жұмыстармен айналысып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеулерінің нәтижесін мақала етіп, Орыс география қоғамының «Известиясына» бастырып отырған. Е.П.Михаэлистің ұсынысымен 1878 жылы Семей қаласында Облыстық санақ комитеті ұйымдастырылады. Бұл комитет қазақ өлкесіндегі экономика, тарих, шаруашылық және табиғат мәселесін зерттейтін ғылыми мекеме болды. Евгений Петрович сол комитеттің тұңғыш секретары болып қызмет атқарады.1883 жылы ресми түрде қазан айында Облыстық санақ комитетінің жанынан Е.П.Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардардың ұйымдастыруымен кітапхананың негізі қаланды.Кітапхананың ең алғашқы кітапханашысы саяси жер аударылған тарихшы, этнограф [Н.Я.Коншин] болды. Кітапхана туралы деректерге көз жүгіртсек, алғаш ашылған уақытында небәрі 274 дана кітап болып, оны 130 оқырман пайдаланған көрінеді. Әр жылдары кітапханаға қала тұрғындары мен П.Плещеев, Г.В.Юдин, А.И.Деров сияқты ауқатты көпестер қайырымдылық көмек көрсетіп, оның іргелі мәдениет ошағына айналуына ықпал етті.Өлке тарихына байланысты жарық көргенИмператорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилерінде қала тарихы мен мәдениеті туралы өте қызықты да маңызды мәліметтерді табуға болады. Мысалы, кітапхана қорында сақталған «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год» деп аталатын кітапқа назар аударсақ: «Бастауыш білім беру қоғамының 1893/94 жылдарғы жұмыс есебінде» кітапханадағы 130 оқырманның 30-ы жоғары білімді, оның ішінде 3-еуі әйел адам; 38-і орта білімді, оның ішінде 13-і әйел, әйел адам болған көрінеді. 130 оқырманның 111-і орыс, 9-ы поляк, 1-еуі неміс, 5-еуі еврей, 4-еуі қазақ ұлтынан екен. ## Абай және кітапхана Кітапхананы пайдаланушылардың бірі – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. 1959 жылы «Қазақ мемлекет баспасынан» жарық көрген Ә.Жиреншиннің «Абай және орыстың революцияшыл демократтары» атты кітапта мынадай мағлұматтар берілген: «Михаэлис пен Абай тұңғыш рет осы кітапханада кездесіп танысады. Алғашқы рет Михаэлис пен Абай өте бір қызық есте қаларлық жағдайда кездеседі. Абай Семейдегі кітапханаға келіп, Л.Н.Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Михаэлистің қолында еді, Абайдың сұрағанын көріп, Михаэлис Абайға келіп кітапты оған беріп, тұңғыш рет екеуі танысып, тіл қатады. Олардың алғашқы танысулары кітапхана ішінен басталады. Ол кезде кітапхана Семей жұртшылығының үлкен мәдениет ошағына айналып еді. Абай орыстың, батыстың классикалық әдебиетімен осы кітапханада танысады. Михаэлиспен кездесу Абайдың өмірге, дүниеге деген көзқарасын шыңдай түседі, ал Евгений Петрович оның танып оқуға, білім алуға деген зор талабын көріп, кітапты көп оқуға кеңес береді. Абайдың өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақұлы былай дейді: «Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Тургенов, Белинский, Добролюбов және Писаревтың шығармаларымен таныстырған адам Михаэлис еді. Ол туған әкемнен де артық еңбек етіп, менің дүниеге көзімді ашты деп отырушы еді». Абай мен Е.П. Михаэлистің бұл танысуы зор достыққа айналып, ақын өмірінде өшпес із қалдырды. Ғұлама ақынның қоғамдық кітапхананың оқырманы болғанын тарихта қалдырып, әлемге әйгілеген Ресей түрмелерін зерттеу мақсатында Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американ публицисі Дж.Кеннан болды. XIX ғасырдың аяғында Патшалық Россияда әр түрлі тәсілдермен жер аударылған саяси қайраткерлерді көзбен көріп, материал жинап, кітап жазбақ болған тәуелсіз журналист - жазушы Джордж Кеннан 1864-1890 жылдар аралығында Сібір, Алтай өлкесіне 4-5 мәрте саяхат жасайды. 1885 жылдың жазында Дж.Кеннан суретші Фрост екеуі Семейге келіп, Сібірдің алыс бір түпкіріндегі құм басқан қала ортасында, шағын ағаш үйде орналасқан қорында Спенсер, Бокль, Льюис, Милль, Тэйлор, Уоллэс шығармаларымен әлемдік көркем әдебиеттің тамаша үлгілері бар кітапхана көргенін, сот мекемесінде қызмет ететін А.А.Леонтьевпен әңгімелесіп, кітапхананы жергілікті қазақтар да пайдаланатынын естіген. Осы сапардан кейін жазылған, 1906 жылы[ «Сибирь және ссылка»] деген атпен орыс тіліне аударылған кітабында Дж. Кенан Семейге жер аударылғандармен бетпе-бет жүздескенін, қазақ даласына айдалған орыс революционерлерінің тұрмысы, қызметі туралы жазады. Сондай-ақ, бұл кітапта Абай Құнанбаев туралы қызықты деректер де бар. Аталған кітапта Семейде Леонтьевтің үйінде қонақ болған кезіндегі әңгімесінде ол былай дейді: «...Менің кейбір сұрақтарыма жауап бере отырып, Леонтьев маған Семей қаласы кітапханасының қалай жұмыс істей бастағанын баян етті. Кітапхананың жер аударылып келген мұңдықтарға ғана уаныш емес екенін, қала халқының ой-өрісін кеңейтерлік рухани азығына айналғанын айтып өтті». ## Сирек басылымдар қоры Халыққа ғасырдан артық қызмет көрсетіп, әр оқырманның жанына рухани азық беріп келе жатқан бұл рухани білім ордасында сақталған әр кітаптың өз тарихы бар. Кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған 4 500 ге жуық әдебиеттер қоры кітапхананың алтын қорын құрайды.Кітапхананың сирек басылымдар қоры XVIII ғасырдың 2-ші жартысынан бастап XX ғасырдың бас кезіндегі Ресейлік кітап баспа туындыларынан, XX ғасырдың бас кезіндегі өлкетану әдебиеттерінен, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында жарық көрген ресейлік және өлкемізге қатысты Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилері мен кеңестік дәуірдегі мерзімді басылымдардан тұрады. Кітапхананың сирек қоры ұлы жазушылар шығармаларымен және қазақ зиялылары туындыларымен ерекше құнды. Сирек қордан Абай үшін таным баспалдақтары болаған Г.Спенсер, Милль, Дж. Г.Льюисъ, А.Уоллэсъ В.Уэвелль сынды батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін, Семей өңірін зерттеген зерттеушілер Б.Герасимовтың, Е.П.Михаэлистің, Н.Я.Коншиннің, Г.Н.Потаниннің, Ф.Зобниннің, А.Седельниковтың, Е.Шмурлоның, В.Сапожниковтың, қазақ зиялылары Ә.Бөкейхановтың, Ж.Ақпаевтың т.б. ғылыми-зерттеу мақалаларын табуға болады. Батыс классикалық әдебиетімен, орыс әдебиеті алтын ғасырындағы жазушылардың бай туындалары, кезінде солақай саясаттың құрбаны болған Е.Бекмаханов, С.Асфендияровтай ұлт зиялыларының ірі ғылыми монографиялық еңбектері мен қазақ әдебиетінің алтын ғасырын құраған қоғам қайраткерлері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Күдериннің көзі тірісінде жарық көрген еңбектері кітапхана сөрелерінде сақталған. Сонымен қатар, ресейлік «Современник», «Вестник Европы», «Русский Вестник», «Педагогический сборник», өлкетануға байланысты «Социалды Шығыс», «Екпінді», т.б. мерзімді басылымдардың бай қоры сақталынып отыр. ## Кітапхананың бүгінгі қызметі Сонау XIX ғасырдан бері ғұламалар мұрасын ғасырдан ғасырға дейін сақтап, талай оқырман үшін білім ордасы болған киелі шаңырақ бүгінде жаңа заман талаптарына сай қызмет көрсетуде. Бүгінгі кітапхананың мақсаты қала жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету үшін өз ақпараттық әлеуетін нығайту, оқырман қауымның ақпараттарды білуге деген талап-тілектеріне қолдау көрсету, электрондық ресурстарды тиімді қолдануға үйрету. Жалпы оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше. Қазір кітапхананың кітап қоры 340 мыңнан асып, оны 17 000-ға жуық оқырман пайдаланады. Жыл сайын 400 мыңға жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны 176 000 оқырманды құрап отыр. Жылына кітапхана 200 тарта мерзімді басылымдарды жаздырып алады. ## Кітапхана жетістіктері * 1961 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігі және Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті «Үлгілі кітапхана» деген атақ берді және дипломмен марапаттады. * 1983 ж. кітапхананың негізі қаланғанына 100 жыл толуына байланысты Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды. * 1993 ж. «Қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайдағы Қазақстанның ұлттық библиографиясы» атты республикалық зерделі кеңес өткізілді. * 1995 ж. IFLA – халықаралық кітапханалық Ассоциациясының мүшесі болды. * 1995-2008 ж. кітапхана Түркия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Канада елдеріндегі IFLA-ның халықаралық кітапханалық конференцияларына қатысты. * 1996 ж. «Сорос-Қазақстан» қорының грантын жеңу арқылы кітапхана Интернет желісіне қосылды. * 1997 ж. Қырымдағы «Библиотеки и ассоциации в меняющемся мире: новые технологии и новые формы сотрудничества» тақырыбында халықарлық конференцияға қатысты. * 2000-2009 ж. кітапханалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске аса бастады. ( АБИС), (ИРБИС), (РАБИС). * 2002 жылы Айрекс /АҚШ/ ұйымының IATP бағдарламасы бойынша Интернет орталығы ашылды. * 2004 ж. кітапхананың «Абай атындағы әмбебап кітапхана» (http://semeylib.kz.iatp.net) атты wев-сайты ашылды. * 2004 ж. «АҚШ кітапханаларының менеджменті» атты халықаралық бағдарламаға қатысты. * 2005 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Астана қаласында ашылуына қатысты. * 2006-2007 ж. Интернет орталығы жеңіп алған гранттар арқылы кітапханаға жаңа компьютерлік технологиялар бөлінді. * 2007 ж. «Абай атындағы кітапхананың өлкетану қоры» (http://abaykray.kz.iatp.net) атты өлкетану сайты құрылды. * 2009 ж. «Америка мәдени бұрышы» АҚШ елшілігі Қоғаммен байланыс бөлімінің грантымен ашылды. ## Дереккөз Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сайты(қолжетпейтін сілтеме) ## Әдебиеттер 1. «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год»2. Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1959 ж.3. Әуезов М. Уақыт және суреткер. Алматы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962 жыл
Кімде-кім бұл дұғаны жаттап алса, абырой-даңқы артып, мәртебесі күшейеді. Саудамен шұғылданушылар бұл дұғаны жазып, дүкеннің төрт бұрышына іліп қойса, саудасы жақсы жүреді. Бисмиллһаир рахманир рахим!Аллаһумма, ия, рабби, Жабрайл уә Микайл уә Исрафил уә Азрайл уә Иб- раһим уә Исмаил уә Исхақ, уә Иақуб уә мунзилул баракат уә мунлимул Таурат уәл Инжил уәл Забур уәл Қур‘ан уә лә қаула уә лә қууата иллә биллаһил алыйул а‘зим, лә илаһа илла Аллаһул маликул хаққул мубийн. Мухаммадур расуллаһ салихул уа‘дил амин.Ия, рабб, ия, рабб, ия рабб, ия хай, ия қайюм, ия зал жалали уәл икрам. Асалукәл азыйм ан тарзуқани ризқан халалан саййбан таййбан бирахматикә ия архамар рахимийн. ## Дереккөздер "Қасиетті дұғалар" кітабы.
Қожаберген жырау — Орта жүз Ашамайлы Керейден тарайтын Көшебе руынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді. ## Өмірбаян Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген. Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы. Қожаберген қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастанын шығарды. Өз аулында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ислам дінін насихаттайды, шеберхана салдырып, елді қол өнеріне баулып, егін салуды қолға алады. 1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы, әрі бас ақын етіп сайлайды. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырған. Қожаберген батырдың жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екендігіне қоса, оның елші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Оған ақынның «Елшілік» деген өлеңі дәлел. Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған — Сегіз Сері. Ол жыраудың «Елім-ай», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр» т.б. төлтума шығармаларын жинап, бізге жеткізген. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандап, соны жырға қосады. Бұл жағынан алғанда, Қожабергеннің жыр еткен тақырыбының саяси жағынан өте маңызды екенін көреміз. «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады. Атынан белгілі болып отырғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тіліне айналдырады. Қожабергеннің ақындық талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған «Елім-ай» жыр-дастаны. Ел басына түскен ауыр апатты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңін жыр тіліне көшірген. Шығарма 7 бөлімнен тұратын 3683 шумақ, яғни 14732 жол өлең. Қазақ әдебиетінде 11 буынды, 4 тармақты, қара өлең ұйқасымен шығарма жазудың негізін салушы осы Қожаберген жырау десек, қателеспейміз. Оның көлемді дастандарының бәрі бұған дәлел бола алады. Жыраудың бұл дәстүрін кейін оның інісі Дәстем салдың немересі Жанкісі ақын, шәкірттері Көтеш, Жанақ ақындар одан әрі дамытып әкеткені белгілі. ## Әдебиет * Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы.—«Қазақ тарихы»,1995,6; Керей хан.— «Егемен * Қазақстан»,1997, 22 наурыз; Жәнібек хан.- «Егемен Қазақстан», 1997, 14 маусым. * Кекілбаев Ә. Елдік пен ерлік киесі.- «Егемен Қазақстан»,1997, 14 наурыз. * Қаратаев Т. Әбілхайыртанудың кейбір «ақтаңдақ» беттері.- «Қазақ әдебиеті»,1998, 11 желтоқсан. * Салғараұлы Қ. Ақ орда ма, көк орда ма.- «Ана тілі», мешін жылы, 2 сәуір. * Сарай Ә. «Қазақ» атауының ізімен.- Кітапта: «Қазақ тарихынан», А., 1997, 353- 398 беттер. * Сейдімбек А. Елі үшін туған ер.- «Жас алаш», 1998, 8 қыркүйек. * Сағынбекұлы Р. Рухани нәр. «Алматы ақшамы», 1996, 7- 9 қазан. ## Дереккөздер
Абдұл-Қасым Ареф Казвини ( парсы: ابوالقاسم‌ عارف قزوینی ‎ ), Иран ақыны, лирик және композитор. Казвани (Иран) қаласында молданың отбасында туған. Әкесі - Хади Вакиля Казвини діни білімге баулаған. Саяси тасниф (халық романстары) жанры мен саяси ғазалдардың негізін салушысы. 200 өлеңінің жинағы 1924 жылы Берлинде басылды. Ареф Казвини 1905-11 ж. Иран революциясына қатысқан. Революциялық мазмұнда таснифтер жазған. 20-шы жылдары соардан концерттер қойды. "Нахид" газетінде жұмыс істеді. Ареф Казвини поэзиясында халық өлеңдерінің басталу элементтері мен классикалық поэзия дәстүрлері ұштастырылған. Саясиғазалдарында дәстүрлі образдар жаңаша шешім тапқан. ## Сыртқы сілтемелер * Abolqassem Aref Ghazvini (In English Мұрағатталған 24 маусымның 2021 жылы.), Rouhollah Khaleghi Artistic Center / Kanun-e Honari-e Rouhollah Khaleghi ([1] Мұрағатталған 25 қаңтардың 2021 жылы.). ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Геоглиф — жерге ойып салынған ұзындығы 4 метрден асатын геометриялы немесе бейнелі өрнек. Кейбір геоглифтардың үлкендігі соншалық, оларды тек аспаннан ғана көруге болады. Геоглифтерді салудың бірнеше түрі бар. Бірі—жердің беткі қабатынан белгілі бір тереңдікке дейін қазып, таңба түсіру. Ал екіншісі арнай қиыршық немесе ірі тастарды төсеп, бейне жасау. Тағы бір түрі—ағаштарды белгілі бір бейне жасай отырып егу. ## Таралуы Әлемге әйгілі геоглифтердің бірі Перу жеріндегі Наска шөліндегі Наска сызықтары. Бұл алып бейнелер өткен ғасырды 39 жылдарына дейін белгісіз болып келді. Бұл бейнелерді оның үстімен ұшып келе жатқан ұшқыштар алғаш байқаған. Наска сызықтарының ерекшелігі белгілі бір қашықтықтан көрінуінде. Геоглифтер әлемнің әр жерінде таралған. Солардың бірі Англиядағы Уффингтон ақ аты. Ұзындығы 110 метр болатын ат таңбасы Оксфордшир графтығына таяу жердегі әктас төбеде орналасқан. Бұл 1994 жыл табылған жалғыз ағылшындық геоглиф. Зерттеген ғалымдардың айтуынша оның салыну уақыты б.з.д X ғасыр. Осылар секілді геоглифтер АҚШ-тың Огайо штатында, Ресей Федерациясында (Челябинскте), Африкада (Виктория көлінің оңтүстігі мен Эфиопияда) және Аустралияда (Марри адамы) таралған. Ал Қазақстанда Қостанайдағы 101 үйіндіден тұратын «Үштоғай шаршысы» мен Торғайдағы севастиканы, т.б бейнелерді атаса болады. ### Мақсаты Ғалымдардың болжауынша Наска геоглифтері онда мекендеген ежелгі тұрғындардың жұмысы. Деректерде б.з.д 500 жылдары ол аймақта құрғақшылық басталған. Наска аймағын мекендеген тұрғындар құрғақшылықты тоқтату үшін құдайдың мейірімін тілеп, көптеген қиыншылықтар арқылы үлкендігі 14 шақырымға жуық колибри құсы, маймылдың, алып киттің бейнелерін салған. Басқа геоглифтердің мақсаты әлі де белгісіз. ## Суреттер * * ## Сыртқы сілтемелер Жердің құпия мекендері ## Дереккөздер
Арин-Берд (Арин-берд, Аринберд, арм. Արին բերդ) - Ереван қаласының шетіндегі төбе; үстінде б.з.б. 782 ж.шамасында Урарту патшасы Аргишти І салдырған қамалдың қалдықтары бар. Құрылыстан табылған жазуда қамалдың аты Эребуни екені айтылған (Ереван деген атау содан қалса керек). Қамал Севан көліне ұмтылған урартулықтардың бекіністі тірегі болған. Мұнда 1950 жылы К.Л.Оганесян қазба жұмыстарын жүргізгенде, ғимараттар мен ғибдатханалардың қалдығын тапқан. Қабырғаларында ою-өрнектер, Урарту құдайлары бейнеленген. Шаруашылық құрылыстары, қоймалар табылған. Б.з.б. 8 ғасырдың аяғында қамал бұрынғы мәнінен айырылған; оның содан былайғы өмірі Урартудан кейінгі дәуірмен (б.з.б. 5 ғ.) байланысты. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том * Оганесян К.Л. Арин-Берд I, Архитектура Эребуни по материалам раскопок 1950 — 1959 жж., Издательство АН Армянской ССР, Ереван, 1961
Аримаспы (лат. Arima- "жалғыз", лат. spi - "көз") - жартылай аңызға айналған тайпа. ## Геродоттың сипаттауы Алғаш рет бұл туралы грек тарихшысы Геродот дерек берген. Ол "патша скифтерінен" бөлініп шығып, қазіргі Қазақстанның солтүстік-шығысын мекендеген иирка мен басқа да скифтер туралы әңгімесін аяқтайды да, Асседон тайпасы жөнінде баяндауға кіріседі. Оның шығысында "жалғыз көзді" Аримаспы, онан әріректе "алтын қорыған самұрықтар" турады дейді. Б.з.б. 5 ғасырдың ортасында Аримаспы батысқа қарай көшіп, Исседонды ығыстырған, ал исседон скифтерді қудалап, скифтер киммериялықтарды Оңтүстік теңіз (Қара теңіз) жағалауындағы ежелгі жерлерінен түріп шыққан. ## Басқа деректер "Жалғыз көзді" Аримаспы жайындағы әңгімені бүкіл грек-рим жазушылары қайталайды. Оларша, бұл аңыз болмай, шындық болып көрінген, демек, сол тайпаға тәң этнографиялық ерекшелікті білдірген. Бұған қарағанда, сол тайпаның "жалғыз көзді" атануы адамдардың бет-жүзін жартылай бояп немесе татуировкалап (таңба салып) жүруінен болуы мүмкін. Олар мұны қасиетті, игі ниетті болып көрінуі үшін істеген. Мұндай әдет франкиялықтарды, дактар мен сарматтарда, ағатырларды, Енисейдің ежелгі қырғыздарында кең тараған. Бұл ғұрып 17 ғасырдағы Енисей уезі тұрғындары туралы орыс документтерінде де кездеседі. Жергілікті әскери басшысының мына жұрт неге "жалғыз көзді" деген сұрағына олардың бір жақ беті көмірмен бояғандықтан бір көзі көрінбей тұр деген жауап болған. Аримаспы шығыста Байкал көліне дейінгі жерді алып жатқан гиперборейлермен және "алтын қорыған самұрықтармен" Енисей алабы шектескендіктен, олардың мекенін Солтүстік Алтай деуге болады. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Спасовка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Спасов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде, Үлкен Қоржынкөл көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 731 адам (361 ер адам және 370 әйел адам) болса, 2009 жылы 465 адамды (237 ер адам және 228 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
«Сарышаяндар патшасы» (ағылш. The Scorpion King) — 2002 жылғы америкалық шытырман оқиғалы фильм. «Мумия қайта оралады» фильмінің спин-оффы. Басты рөлді рестлер Дуэйн Джонсон сомдады. Фильмнің слоганы: «Жауынгер, аңыз, патша». ## Сюжет Аккадтық жалдамалы кісі өлтіруші Метаес Мемнон патшаның көріпкелі Касандраны өлтіру туралы бұйрық алады. Шабуыл барысында Метаестің өзі және серіктері тұтқынға түседі. Мемнон Метаестің тұтқынға түскен ағасын өлтіреді. Метаес қашып шығып, Мемноннан кек алуға шешім қабылдайды. Оған кек жолында патшаның көріпкелі көмектеседі. Касандраның болашақты болжайтын қасиеті бар болатын. Метаес пен Касандра нубиялық қолбасы Балтазардың қолына түсіп қалады. Балтазар мен Метаес жекпе-жекке шығып, Метаес жеңіске жетеді. Балтазар Метаеспен бірге Мемнон патшаға қарсы соғысуға келісім береді. Метаес патша сарайында жүріп, өнертапқышпен танысады. Өнертапқыш жарылғыш зат ойлап тапқан болатын. Метаес патшаны жекпе-жекте жеңеді. Мемнон мұнара басынан құлап, сол сәтте өнертапқыш жарылғышты жарып, Мемнонның күлі көкке ұшады. Метаес ағасының кегін алады. Сөйтіп Метаес патша әскерлеріне ие болып, Сарышаяндар патшасы атанады. Касандра Метаестің жары атанады. ## Рөлдерде ## Саундтрек * «I Stand Alone» — Godsmack * «Set It Off (Tweaker Remix)» — P.O.D. * «Break You» — Drowning Pool * «Streamline» — System of a Down * «To Whom It May Concern» — Creed * «Yanking Out My Heart» — Nickelback * «Losing My Grip» — Hoobastank * «Only the Strong» — Flaw * «Iron Head» — Rob Zombie feat. Ozzy Osbourne * «My Life» — 12 Stones * «Along the Way» — Mushroomhead * «Breathless» — Lifer * «Corrected» — Sevendust * «Burn It Black» — Injected * «27» — Breaking Point * «Glow» — Coal Chamber ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фильмнің ресми сайты Мұрағатталған 3 қыркүйектің 2004 жылы. * «Сарышаяндар патшасы» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
Теели гастрокоптасы (лат. Gastrocopta theeli) – таралу аймағы шағын, сирек кездесетін буылтық құрттардың сирек түрі. Ежелгі фауна қалдығы, жалпақ жапырақты ормандарда қалыптасқан. Кавказда, Оңтүстік Алтай мен Оңтүстік Приморьеде таралған. Аралас және жалпақ жапырақты тау ормандарвеың беткейінде түскен дапыпақ жабынының астында тіршілік етеді. Аз мөлшерде сирек кездеседі. Тауда малды шектен тыс бағу нәтижесінде түр саны қысқарып жатыр. Түрді қорғау үшін орманды қорғау керек. Таралу аймақтарының ішінде жерсіндірулер жүргізу, малды шектен тыс бағуды қысқартып, түрдің тіршілік ететін жерін қоршаку керек.
Аркатаг немесе Пржевальский (қыт. 阿尓格山, ұйғ. ' арка «арқасы», таг «тау») - Қытайдағы Куньлуньның орталық бөлігіндегі тау жотасы. Тау жотасы Тибет автономды ауданымен Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданын бөледі. Ұзындығы - 650 км, ең биік шыңы - Улуг Музтаг (биіктігі 6973 м). Негізінен гранит, гнейс, құм қайырдың тұнбасынан түзелген. Басында көп жылдық қар мен мұз жатады. Солтүстік беткейінде алтын кендері бар. Аркатагты алғаш зерттеген - орыс саяхатшы Николай Михайлович Пржевальский. 1884 жылы саяхатшы тау жотасын зерттеп, атын "Жұмбақты" («Загадочный») деп қойған. Географиялық қоғам 1886 жылы ғалымның еңбегін елеп, оның құрметіне жотаны Пржевальский деп атады. ## Тағы қараңыз * Куньлунь * Николай Михайлович Пржевальский ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том ## Сыртқы сілтемелер * БСЭ Мұрағатталған 10 қаңтардың 2008 жылы. * Словарь географических названий
# Кесте өнері Кесте-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Кесте тігу өнерінің қазақ халқында ерте кезден болғандығын археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштері дәлелдейді.Кесте-сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары.Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып отырды.Кестешілік дәстүрі толысып, кемелденуімен бірге өзінің көз тұнытар көркемділігімен, жан сергітер әсемділігімен, өміршеңдігімен халқымыздың тірлік-тынысына мән-мағына қосып, заттық және рухани өмірін әрлей түсті, сән-салтанатын арттырып отырды.Сонау жаңа тас дәуірі кезіндегі ата-бабаларымыздың қоладан, мыстан, ағаштан, сүйектен,тастан жасалған құрал-жабдық, жиһаз-мүліктерін қарапайым ою-өрнектермен бедерлеп, әшекейлеп істей білгендігі кейінгі кестешілік өнерінің өрнек сынды іргетасын қалады. Осы негізде жүннен жасалған киізді, тоқыма бұйымдарды, кездеме-маталарды, тері материалдарды өрнектеп кестелеп қажетіне қолданды. Қазақ кестешілігін түсіну үшін алдымен қазақ ою-өрнегін білу қажет. Ою және өрнек үлгілеріне халқымыз тотемдік сенімдеріне байланысты аспан шырақтарын, табиғат құбылыстарын, мифтік тұрғыдан киелі деп білген жан-жануар, аң-құстардың бейнелерін, табиғаттың көз тоймас көркем суреттерін, ру-тайпалардың таңба-белгілерін сан алуан жіптермен түрлеп аса бағалы кестелі қазыналар шоғырын қолдан шығарды.Кесте өрнегін кез келген адам сыза бермейді. Оны арнаулы ел ішінде сызушы деп аталатын өрнекшілер сызады, өйткені кестеленетін заттар түкті төсек сырмақ, кежім т.б. сияқты көлемді және көрнекті жасаулар болуы мүмкін, оны ершіміне келтіріп келтіріп сызу қажет. Қазақ халқында кесте тігумен тігумен тек қана әйелдер айналысады. Қазақ қыздарына аналары ыждағаттылық пен төзімді талап ететін бұл қолөнер түрін бала кезінен үйретеді. Алғаш кесте үйренушілер үшін кестелеудің әліппелік білімі - су тарту жіптерді реңіне қарай қолдана білу жолдары берілген.[[Санат:]]
Белгілі бір этникалық топты белгілейтін ту. Этникалық туларды көбіне этникалық топтардың ішіндегі саяси немесе мәдени қозғалыстар еңгізеді. Олар әдетте көпэтносты мемлекеттердегі этникалық азшылықтар немесе этникалық көпшіліктер арасында танымал болады. Этникалық ту концепциясы заманауи термин. Ұғым өз бастауын ұлттық ту түсінігінен бастайды. ## Солтүстік Африка және Батыс Азия ## Африка мүйісі ## Шығыс, Орталық және Батыс Африка ## Оңтүстік Африка ## Солтүстік Америка ## Орталық Америка және Карибтер ## Оңтүстік Америка
* Айсары – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы темір жол бекеті. * Айсары – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл. * Айсары – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл.
Белгілі бір этникалық топты белгілейтін ту. Этникалық туларды көбіне этникалық топтардың ішіндегі саяси немесе мәдени қозғалыстар еңгізеді. Олар әдетте көпэтносты мемлекеттердегі этникалық азшылықтар немесе этникалық көпшіліктер арасында танымал болады. Этникалық ту концепциясы заманауи термин. Ұғым өз бастауын ұлттық ту түсінігінен бастайды. ## Солтүстік Африка және Батыс Азия ## Африка мүйісі ## Шығыс, Орталық және Батыс Африка ## Оңтүстік Африка ## Солтүстік Америка ## Орталық Америка және Карибтер ## Оңтүстік Америка
Ақжар (2023 жылға дейін — Приречное) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Ақжар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км қашықтықта, Сілеті өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Дәрілік нарқайсар (лат. Verbena officinalis) – нарқайсарлар тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Дәрілік нарқайсарды гректер адамға бақыт әкелетін өсімдік деп есептеген. Вербена - өсімдіктің ғылыми атауы. Кельт тіліндегі "фер" - жою және "вын"- тас деген сөзден шыққан. ## Сипаты * Биіктігі 1 метрге жетеді. * Тік өсетін, төрт қырылы сабағы бар. * Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сағақтары қысқа. Оның орта шеніндегі жапырақтары үш бөлімді. Жоғарғы жағындағы жапырақтары да үш бөлімді, ені ұзындығынан екі-үш есе қысқа. Өсімдіктің ең ұшындағы жапырақтары отырмалы, шеттері бүтін. Әрбір бұтақтың ұштарындағы гүлдері масақ сияқтанып шоғырланып орналасқан. * Гүл тостағаншасы бес қалақшадан тұрады. Ақ немесе ақшыл, кейде көк түсті гүлдердің гүл жапырақшалары бесеу. * Жемісі - 4 жаңғақша. * Нарқайсарлардың иісі жоқ, жолдардың жиегінде, орман ішіндегі алаңқайларда, жалпы табиғаты жылы жерлерде өседі. Жаз бойы гүлдеп тұрады. ## Емдік қасиеті Құрамында илік заттар, вервенами деген гликозид бар. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жоғарғы жағындағы гүлдеп тұрған бөлігін сабағымен, жапырағымен қосып жинайды.Халық медицинасында бұл өсімдіктің жапырағынан жасалған дәрілер бауыр мен талақ ауруларына және ревматизмге қарсы, жалпы дененің қуаты азайғанда, бас және тіс ауырғанда қолданады. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Сүйментамыр , Дәрілік зоря (лат. Levisticum officinale) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 2 метрге жуық. * Тамыры ірі, жуан, сырт жағынан қарағанда сары, іш жағынан қарағанда ақ түсті. Тамырын жылдам кескенде, сары түсті сөл бөлінеді. * Сабағы жұмыр, іші қуыс, жоғарғы жағында жайыла өседі. * Жапырақтары теріс қаратып қойған жұмыртқа тәрізді, қалың жасыл түсті. Қауырсын тәрізденіп екі жерінен тілімделген, жоғарғылары да қауырсын тәрізді, шеттері ірі. Ұстап қарағанда жапырақтары қолға салқындау болып сезіледі. Ол жапырақтардың құрамындағы эфир майларына байланысты. * Гүлдері ашық сары түсті, күрделі, шатыр тәрізденіп тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. * Сүйментамырды көбінесе мәдени түрде бақшаларда өсіреді. ## Емдік қасиеті Халық медицинасында зоря несеп айдайтын, қақырық түсіретін, ауырған жерелерді тыныштандыратын дәрі ретінде пайдаланылады. Бүйрек, жүрек, асқазан, ішек, өкпе, шемен ауруларын емдеу үшін де қолданылады. Сонымен қатар жүйке ауруларын емдеуге, ішек құрттарын түсіруге, іш желдегенде қолданады.Құрамында эфир майлары, шайыр заттар, қант, крахмал, илік заттар бар.Дәрі үшін оның тамырын жинайды. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Аю балдырған (лат. Archangеlica officinalis) - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын, екіжылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 2 метрге дейін жетеді. * Тамыры қысқа, жуан, сындырғанда одан ақ сүт тәрізді зат бөлініп шығады. * Сабағының іші қуыс, тік өседі, жуан, сырты тегіс. * Жапырақтары сопақша келеген, 2-3 салалы, ара тісті. Төменгі жапырақтары ірі, сағақтары ұзын. Жоғарғылары отырмалы және әрбір жапырағының түп жағы сақина сияқтанып, сабақты қоршап тұрады. * Гүлдері ақ немесе жасыл сары түсті, шоғырланып тұрады. Мамыр айынын қыркүйек айына дейін гүлдейді. * Өсімдіктің аңқыған ерекше иісі бар және дәмі ащы. Ол батпақты жерлерде, өзен, көл жағаларында, ылғалды шабындықтарды, орман арасында өседі. ## Құрамы * Шайыр * Эфир майлары * Балауыз * Илік және ащы заттар * Валериан қышқылы * Сірке қышқылы ## Емдік қасиеті * Медицинада аю балдырғанның тамырын тер шығаратын, өт және несеп айдайтын, жел шығаратын, қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланады. * Микробтар мен паразиттерді өлтіретін қасиеті де бар. * Аю балдырғанның тамырын бронх қабынғанда, іш желдегенде, ішек түйнеп ауырғанда, іш өткенде қолдану өте пайдалы. * Хорея ауруы кезінде жүйке тыныштандыратын дәрі ретінде береді. * Подагра, ревматизм, бел ауруы кезінде осы өсімдіктен ванна жасап пайдаланады. * Аю балдырғанның өскінінен сығып алған сөл тістің, құлақтың шаншып ауырғанын қойғызады. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын ерте көктемде қазып алады, жемісін күзде жинайды. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Аррас униясы (нидер. Unie van Atrecht) - Нидерландының оңтүстік-батысындағы провинцияларының (Эно, Артуа, Дуэ) бірлестігі, Оны құру жөнінде шартқа 1579 ж. 6 қаңтарда Аррас қаласында қол қойылды. Бірлестік Нидерланд буржуазиялық революциясының (16 ғ.) табысынан үрейі ұшқан реакцияшыл католик дворяндардың бастамасы бойынша құрылған. Аррас униясы Нидерландда испан үстемдігін қалпына келтіру мақсатын көздеді. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том ## Сыртқы сілтемелер ## Дереккөздер
Ақжарқын (2009 жылға дейін – Совхозное) — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Ақжарқын ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан батысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 909 адам (457 ер адам және 452 әйел адам) болса, 2009 жылы 699 адамды (344 ер адам және 355 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Восходское — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Восход ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 849 адам (417 ер адам және 432 әйел адам) болса, 2009 жылы 406 адамды (202 ер адам және 204 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Арташат (арм. Արտաշատ, гр. Ἀρτάξατα, лат. Neronia) - қала, Арменияның Арташат ауданының орталығы. Ереваннан 29 км жердегі темір жол стансасы, Аракс өзенінің алабында, Ереван - Джульфа тас жолының бойында орналасқан. Халқы - 25 300 адам, аумағы - 18,3 км². Қазіргі Арташаттың маңында ежелгі Арменияның астанасы салынған (б.з.б. 176 ж.). Көп ұзамай-ақ қолөнердің, сауданың, эллиндік мәдениетінің орталығына айналды. Б.з.б. 58, 163 жылдары римдіктер, 364-368 жылдары Иран патшасы Шапура әскерлері шабуыл жасап, Арташатты 2 рет қиратты. 5 ғ-дың орта кезінде Арменияның астанасы Двинге көшірілді де, Арташат бұрынғы маңызын жоғалтта. Қазір мәдениеті өскен, шарап ашыту, паркет жасау, мақта тазалау т.б. зауыттары, тоқыма-трикотаж комбинаты, жиһаз фабрикасы, т.б. бар қала. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Арташат
Артавазд ІІ (көне грекше: ΒΑΣΙΛΕΟΣ ΑΡΤΑΥΑΖΔΟΥ, арм. Արտավազդ Երկրորդ - Ұлы Арменияның 5-ші патшасы, Тигран ІІ-нің баласы. Артавазд ІІ білімді адам болған, өлең және сахналық драмаларын грек тілінде жазған. Тәуелсіздік алу үшін Римге қарсы күресті. Б.з.б. 53 ж. Карр түбіндегі шайқаста парфиялықтардың римдіктерді жеңуі және Парфия-Армения одағының құрылуы Ұлы Арменияның тәуелсіздігін нығайтты. Ертеректе Рим жаулап алған Софена мен Кіші Арменияны Артавазд ІІ қайтарып алды. Кейінрек Парфияның әлсіреуіне байланысты өзін "Рим халқының досы және одақтасымын" деп мойындауға мәжбүр болды. Б.з.б 34 ж. Рим қолбасшысы Марк Антоний Арменияға басып кіріп, Артавазд ІІ-ні алдап қолға түсіреді де, оны 3 жылдан кейін Мысырда дарға асып өлтіреді. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Жарқын — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы, Ұялы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 78 адам (42 ер адам және 36 әйел адам) болса, 2009 жылы 13 адамды (5 ер адам және 8 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Иван Иванович Артоболевский (9.10.1905 (26.9),Мәскеу, Ресей - 21.9.1977,Мәскеу облысы, КСРО) - машина және механизмдер теориясы саласындағы кеңес ғалымы, 1946 жылдан КСРО ғылым академиясының академигі. Социалисттік еңбек ері (1969) Діни қызметкерінің отбасында туған. 1938 жылы әкесін Кеңес одағы ату жазасымен өлтірген. 1926 ж. К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген. 1937 жылдан КСРО ҒА Машина тану институтының машина динамикасылабораториясын басқарды. Артоболевский кеңістік механизмдер жіктелуін жасады, кеңістік механизмдерді анализдеудің жаңа әдісін ұсынды. Тамақ, полиграфия және станок жасау өнеркәсіптерінде қолданылатын автомат-машиналарды зерттеу әдістерін жасауға қатынсты. 1966 жылдан Бүкіл одақтық "Знание" қоғамының төрағасы, КСРО Жоғары Советінің (7-9 шақырылуы) депутаты. Ол 3 рет Ленин орденімен т.б. да ордендермен және медальдармен марапатталған. Артоболевскийға 1946 ж. КСРО ғылым академиясының П.Л.Чебышев атындағы сыйлығы, 1959 ж. Дүние жүздік бейбітшілік советінің Жолио-Кюри атындағы күміс медалы, 1966 ж. Чехославакия ғылым академиясының "Ғылым мен қоғам дамуына еткен қызметі үшін" медалы, 1967 ж. Инженер-механиктер институтының (Англия) Дж.Уатт атындағы халықаралық алтын медалі берілді. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Бердібек Соқпақбаевтың Шал мен Бала әңгімесі. Бас кейіпкерлер: Тақыр бала- Сашаның кластасы және көршісі, мейірімді, ақкөңіл бала.Шал- Сашаның атасы, ақсақал, мейірімді, дана адам.Саша- Тақыр баланың досы әрі кластасы. Атасының оң қолы, көмекшісі. Тәртіпті және сабағын жақсы оқиды. Қысқаша мазмұны: Бердібек Соқпақбаев басқа шығармалары Чемпион. Повесть (1951) Алыстағы ауылда. Повесть (1953) Менің атым Қожа. Повесть (1957) Бала шаққа саяхат. Повесть (1960) Өлгендер қайтып келмейді. Роман (1963 — 1 том, 1974 — 2 том) Аяжан. Повесть Жекпе жек. Повесть Ақ жал.Әңгімелер Қайдасың, Гауһар?Повесть http://kitap.kz/
Ақсай (2009 жылға дейін – Кузбасс) — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы, Восход ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 499 адам (242 ер адам және 257 әйел адам) болса, 2009 жылы 203 адамды (99 ер адам және 104 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
## Авторы: Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) - Жазушы. 1924 жылы Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қостөбе ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1949). Еңбек жолын Нарынқолда мұғалім болудан бастаған. Әр жылдары «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, Жазушылар Одағында қызмет атқарған. Алғашқы жинағы 1950 жылы жарық көрген. «Бұлақ» деп аталатын ол жинақта балаларға арналған өлеңдері топтастырылған. Араға жеті жыл салып, әйгілі «Менің атым – Қожа» повесін жарыққа шығарған. Балалар әдебиетінің классигі саналатын Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Он алты жасар чемпион» повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы – қазақ әдебиетінің қорына қосылған сүйекті шығармалардың қатарында. «Алыстағы ауылда», «Гауһар» повестері де қалың көрерменнің көңілінен шықты. «Менің атым – Қожаның» желісімен түсірілген көркем фильм француздың Канн халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды. Повесть орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. «Өлгендер қайтып келмейді» романы да орыс тіліне аударылған. Бүгінде туған жерінде және Алматы қаласында Бердібек Соқпақбаев атындағы көше бар. ## Басты кейіпкерлер: Нұржан - шаңғыш Жолдыбек - Шаңғыш, шаңғы үйірмесінің старостасы Сейдахмет - «Бірінші Май» колхозының қойшысы Сейдахметтің әйелі Шаңғышылар - «Бірінші Май» колхозының сегіз жылдық мектебінің оқушылары. ## Қысқа Мазмұны: Жеті «Бірінші Май» колхозының сегіз жылдық мектебінің оқушылары, алдағы болатын шаңғы жарысына әзірлік жасап дәл бораннын кезінде үйлеріне қайтқан оқиға туралы әнгіме. ### Бердібек Соқпақбаев Бердібек Соқпақбаевтың басқа әңгімелері - Хат, Шал мен Бала, Ұлтан оқиғасы, Түнгі Қонақ, Сол бір сапар, Саша, Редакцияға хат жыне басқалары. Ең үздік әңгімесі: Менің атым Қожа Дәйек көз - kitap.kz ## Авторы: Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) - Жазушы. 1924 жылы Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қостөбе ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1949). Еңбек жолын Нарынқолда мұғалім болудан бастаған. Әр жылдары «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, Жазушылар Одағында қызмет атқарған. Алғашқы жинағы 1950 жылы жарық көрген. «Бұлақ» деп аталатын ол жинақта балаларға арналған өлеңдері топтастырылған. Араға жеті жыл салып, әйгілі «Менің атым – Қожа» повесін жарыққа шығарған. Балалар әдебиетінің классигі саналатын Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Он алты жасар чемпион» повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы – қазақ әдебиетінің қорына қосылған сүйекті шығармалардың қатарында. «Алыстағы ауылда», «Гауһар» повестері де қалың көрерменнің көңілінен шықты. «Менің атым – Қожаның» желісімен түсірілген көркем фильм француздың Канн халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды. Повесть орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. «Өлгендер қайтып келмейді» романы да орыс тіліне аударылған. Бүгінде туған жерінде және Алматы қаласында Бердібек Соқпақбаев атындағы көше бар. ## Басты кейіпкерлер: Нұржан - шаңғыш Жолдыбек - Шаңғыш, шаңғы үйірмесінің старостасы Сейдахмет - «Бірінші Май» колхозының қойшысы Сейдахметтің әйелі Шаңғышылар - «Бірінші Май» колхозының сегіз жылдық мектебінің оқушылары. ## Қысқа Мазмұны: Жеті «Бірінші Май» колхозының сегіз жылдық мектебінің оқушылары, алдағы болатын шаңғы жарысына әзірлік жасап дәл бораннын кезінде үйлеріне қайтқан оқиға туралы әнгіме. ### Бердібек Соқпақбаев Бердібек Соқпақбаевтың басқа әңгімелері - Хат, Шал мен Бала, Ұлтан оқиғасы, Түнгі Қонақ, Сол бір сапар, Саша, Редакцияға хат жыне басқалары. Ең үздік әңгімесі: Менің атым Қожа Дәйек көз - kitap.kz
Ащыкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы, Ақжарқын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан батысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 871 адам (445 ер адам және 426 әйел адам) болса, 2009 жылы 586 адамды (305 ер адам және 281 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ұлтан оқиғасы - Бердібек Соқпақбаев жазған балаларға арналған әңгімесі. Бұл автор "Хат", 'Шал мен бала сияқты,әдебиеттің озық туындыларынының қатарына жататыг "Менің атым Қожа" повесін жазған. ## Қысқаша мазмұны Бір заманда Сәрсебек деген жас адам, студент, Жаңа-Жыл мейрамы алдында ақ жейде мен галстукті магазиннен сатып алып жатақханаға келеді. Кешке қарай ол мейрамына бара жатқанда, үйде өзінше қалады. ## Кейіпкерлер * ""Сәрсебек"" - әңгіменің бас кейіпкері. Ол университеттің үшінші курсының студенті. Костюмды ешқашан кимеген. Фатима деген қызды жақсы көреді. * ""Фатима"" - университеттің химикалық факультетінде бірінші курста оқып жүр. ## Дереккөздер * [1] Мұрағатталған 18 наурыздың 2014 жылы.
Үлгі:Infobox diseaseТуадан біткен ұршық шығу (ағылш. congenital dislocation of the hip) немесе Ұршық буынының дисплазиясы (ағылш. developmental dysplasia of the hip) — тірек-қимыл жүйесінде болатын кемістіктердің бірі. Мұнда баланың ортан жілігінің шығып кетуі іштен туа болады немесе соған бейім боп туады. Туадан ұршық шығу ауруы, әуелі мүше мүгедектігінің ішіндегі ішіндегі ең жиі кезігетіні болып табылады. Туадан ұршық шығу ақауы неғұрлым ерте анықталса, солғұрлым жақсы болады. Нәрестеден анасы мына белгілерді байқаса сол сәтінде маман дәргерлерге барып қаралуы шарт. Сырқаттың пайда болу себептері күні бүгінге дейін толық анықталған жоқ. Бірақ ол жөнінде бірнеше теориялар бар: * Алғашқы ұрықтану кезіндегі кемістік, яғни ұрықтанған аналық жасуша дұрыс дамып жетілмейді. Тіпті бұл тұқым қуалауы да мүмкін деген пікірлер айтылады; * Жамбас-сан буынының қабынуы теориясы – іштегі нәресте жатырдың тарлығына және ондағы судың аздығына байланысты механикалық қысым көреді, ал ол қабынуға әкеледі; * Ағзаның толық жіктелмеген дәнекер тіндерінің дисплазиясы. Бұл теория бойынша жамбас-сан буынын құратын құрылымдар (бұлшық ет, сіңір, буын қабы, сүйектердің буын жақ беттері) үйлесімділігі толық жетілмеген. Ер балаларда да, қыз балаларда да көбінесе бір жақ ұршықтың шығуы кездеседі. Босанарда бөксе жағымен келіп туған нәрестелерде, шала туған балаларда мұндай шығу жиі байқалады.Ауру кезінде жамбас-сан буынында мынадай өзгерістер болады * Ұршық ұясының үстіңгі жиегі көтеріңкі (тайқы) болып қалыптасады. Ұршық ұясы дұрыс тереңдеп жетілмейді; * Буын айналасындағы тіндер өзгеріске ұшырайды:жамбас-сан буындарының сіңірлері, мысалы, шеңберлі аймақ, жамбас-ортан жілік, шонданай-ортан жілік сіңірлері созылады;буын қабының созылмалы шығуға бейімделуі барысында "құм сағат" пішінге өзгереді;жамбас-сан буыны аумағындағы бұлшық еттер (бөксе, тақым еттері) қысқарады, олардың жоғарғы (омыртқа) және төменгі (жамбас астаушасы мен ортан жілік) бірігу нүктелерінің жақын орналасуына байланысты қысқаруынан және көлбеу тартуынан өздерінің физиологиялық тонустарын жоғалтады. * жамбас-сан буындарының сіңірлері, мысалы, шеңберлі аймақ, жамбас-ортан жілік, шонданай-ортан жілік сіңірлері созылады; * буын қабының созылмалы шығуға бейімделуі барысында "құм сағат" пішінге өзгереді; * жамбас-сан буыны аумағындағы бұлшық еттер (бөксе, тақым еттері) қысқарады, олардың жоғарғы (омыртқа) және төменгі (жамбас астаушасы мен ортан жілік) бірігу нүктелерінің жақын орналасуына байланысты қысқаруынан және көлбеу тартуынан өздерінің физиологиялық тонустарын жоғалтады. Осы айтылған себептер ортан жілік басының, яғни ұршығының жамбас шұңқыры ортасынан тайып, жоғары және артқа қарай қозғалуына алып келеді. Төменгі әйгіленімдер ұршық буынының дисплазиясы кезінде ең жиі кездесетіні: * Аяғын талтайтқанда, толық талтаймайды. * Ұршық буынының орнынан тайюы немесе оның сыртылдау әйгіленімі дейді (Марк-Ортолан әйгіленімі). * Шап аймағындағы қатпарлардың симметриялы болмауы және қосымша қатпарлар пайда болуы. * Аяқтарының бір-бірінен қысқа болады. * Аяқ ұштарының сыртқа қарай айналуы. Осы белгілерді анықтай салысымен маман адамдарға апарып көрсету керек. Толық анықтау үшін рентгенодиагностика жасалу керек. Рентген суретте ұршық басының сүйектенуі қалыс болып, кейде сыртқа қарай орналасыды, буын шұңқырының үстіңгі қырының жайдақталуы және т.б. белгілері болады. Егер, 1,5 жасқа дейін операциясыз емдесе 95% дейін жақсы нәтиже береді, ал 4 жасқа дейн анықталса 80% жақсы нәтижемен операциясыз емдеуге болады. ## Сыртқы белгілері Жаңа туған нәрестелер мен алғашқы айдағы сәбилерде физиологиялық жоғары тонус болатындығына байланысты жамбас-сан буыны дисплазиясын анықтау күрделірек. Дегенмен, сандағы қатпарлар санына, ауру аяқтың сыртқа қарай теуіп жатуына, екінші аяқпен салыстырғанда қысқалығына, бала жүрісінің өзгеруіне, яғни ақсауына немесе аяғын сылтып басуына және т.б. белгілерге көңіл бөлген жөн. Ауру аяқты рентгенге салып та тексереді. Сонда мынадай белгілер байқалуы мүмкін: * жамбас сүйек айналма ойдымының шатыршасының көлбей бітуі; * ортан жілікбасы ядросының сүйектену мерзімінің кешеуілдеуі; * ортан жіліктің шетке қарай ығысып орналасуы. Бұл үш белгі "Путти үштігі" (триадасы) деп аталады. Үш айға толмаған нәрестені рентгенге түсіруге рұқсат етілмейді. Өйиткені осыған дейін ортан жіліктің басы сүйектене қоймайды және ойдымдарының физиологиялық тұрғыдан үлкендігі қате шешім жасауға себепші болады. ## Емі Емдеудің екі жолы бар. Олар: * отасыз және дәрі-дәрмекпен емдеу; * ота жасау. Ем баланың жасына, сырқатының түріне қарай іріктеледі. Нәтижесі бала сырқатының ерте, дер кезінде анықталуына байланысты. Отасыз емнің негізгі шарты: * баланың жамбас-сан буындарына қысым жасамау, еркін болуын қадағалау; * құндақтау, мұндағы мақсат – ортан жіліктің басын жамбас ойдымының орта тұсына бейім ұстап, ойдымның жұмсақ шеміршек жиегін және т.б. буын айналасындағы жұмсақ тіндерге зақым келтірмеу және қозғалысты арнаулы бағытта сақтау. Осы мезгілде, егер балада дисплазия немесе жамбас-сан шығуы болмаса, ет-сіңір шетіндегі физиологиялық тонус қалыпты жағдайға келеді; * күніне бірнеше рет, мысалы, емізер алдында құндағын ашып, жауырын, жамбас айналасын сылап-сипап, буындарын еркін бүгіп-жазып, созып тұру керек. Оң қолмен бүгілген сол аяқты сағат тілі бағытымен, сол қолмен оң аяқты сағат тіліне қарсы, екі аяқты бір деңгейге келтіріп, сонан соң жамбас-сан буынын да айналдыру керек. Айналдыру саны баланың жағдайына байланысты, оны күштеп жасауға болмайды. ## Дереккөздер
Жұқа жапырақты көкбас – шатыршагүлділер тұқымдасының көкбас туысына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі жарты метрге жуық. * Бірінші жылы тек тамыр жапырақтары шығады, екінші жылы гүлдейді. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сағақтары ұзын, ара тісті. * Сабақ жапырақтары отырмалы, қолдың саласы сықылданып тілімделген, шеттерінде тістері бар. Сабақтары әр бұтада бір-екіден болады. Алғаш шыға бастағанда ол жасыл түсті, ал өсе келе сабағы әуелі ақ түске, содан кейін ақщыл көк түске боялады. * Гүлдері көк түсті, майда, жұмыртқа тәрізденіп өсімдіктің ең ұшында тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. * Жұқа жапырақты көкбас жолдардың жиегінде, егістіктердің ішінде, құмда және ылғалды жерлерде, бұталардың арасында өседі. ## Емдік қасиеті Құрамында сапонин, танин, эфир майлары, илік заттар, флавоноидтар бар.Халық медицинасында қақырық түсіретін, аурған жерлерді басатын дәрі ретінде пайдаланады, бронхтың қабынуларын, ұйқысыздықты емдейді. Сонымен қатар жөтелді басу үшін, жүрек ауруын, шеменді, тіс ауруларын емдеу үшін де қолданады. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Қырықбуынды қылша немесе Тау қылшасы (лат. Ephеdra equisetіna) - қылша тұқымдасына жататын бұталы, көп жылдық өсімдік. ## Таралуы Кавказ, Батыс Сібір, Қазақстанда таудың таспақты беткейлерінде өседі. ## Сипаты Биіктігі 2,5 метрге жуық. Жоғары қараған жуан бұтақтарына қарама-қарсы ұзындығы 20-30 см-дей жас бұтақтар өсіп шығады. Жапырақтары жетілмеген, қабыршақ сықылды, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, бір жынысты, бірнеше масақша жасап шоғырланып тұрады. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Тамыз айында қызыл түсті, етті, бір тұқымды жеміс береді. Тұқымы - домалақ, қара қоңыр түсті дәнек. Таулы жердегі ормандарда, тастақты беткейлерде өседі. ## Емдік қасиеті Құрамында эфедрин, псевдоэфедрин, метилэфедрин, илік заттар, аскорбин қышқылы бар. Өсімдіктің құрамындағы эфедриннің қан қысымын көтеретін, бронхтарды кеңейтетін қасиеті бар. Осыған байланысты қырықбуынды қылшаны қан қысымының кенет төмендеуін, бронх демікпесін, көкжөтелді емдеуге пайдаланады. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жас бұтақшаларын бір жылда екі рет - сәуір-мамыр айларында және шілде-қыркүйек айларында жинап алып пайдаланады. Өсімдік - улы, одан жасалынған дәрі- дәрмектермен емделу барысы дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі қажет. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Қарғын - Дулат Исабековтың 1980 жылы жарық көрген романы. "Қарғын" сөзі "сай-сайдан, жылғадан  аққан  құм-тасы  аралас  жауын суы; тасқын" дегенді білдіреді. ## Тарихы ## Қысқаша сипаттамасы Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен стдудент қыз Бағила. Жасын Мәдиев – ойы алғыр, өмір шындығына жасқанбай тура қарайтын талантты жазушы. Оның Бағилаға деген шынайы сезімі де өз мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-дүниесінің өзімен-өзі арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де сөздер айтып қалады. ## Кейіпкерлері * Бағила - 18 жасар жас қыз. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының қызы. Өмірдің қиындығын көрмей өскен қыз. Алғаш рет әкесімен қалаға келеді, оқуға түседі. * Бағиланың әкесі Қаратай - аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Мейірімді, жағымды кейіпкер. * Бағиланың анасы Ғайникамал - Момын, қанша ашуланса да қатты сөзі жоқ, балалары мен күйеуінің қас-қабағына қарап, солардың денсаулығы мен жақсы тұрмысына өмірін бағыштаған, дүниеде жамандық бар деп ойламайтын дарқан адам. * Тұрғат - бидай өңді, қап-қара мұрты бар, әскерге барып келген; сыпайы, жұмсақ дауыспен сөйлейді. Автор оны "Өзін қашан да сылап-сипап жұрт алдында ізетті, алғыр, сыпайы, ақылды боп көрінуге тырысып, бір күй, бір қалыптан таймайтын бидай өңді сұлуша келген жігіт" деп сипаттайды. * Сәргел - Сәргел қымыранды жақсы көреді, соның арқасында екінші әйелі Мәликемен танысады. Ғылым докторы, докторлығын Бағиланың әкесінің көмегімен қорғайды. Жағымпаз, қызғаншақ адам. * Мәлике - Сәргелдің әйелі,бірбеткей,қайсар әйел,өмірден көп қиындық көріп,сонда да мойымаған, Бағиланың сырласы болды. Адамдарға ат қойып жүреді. * Мәликенің бірінші күйеуі - барабаншы. Автор оны былай суреттейді: «Барабанда отырған грек тектес сақалды жігіт кешеден бері өз аспабын сағынып қалған болуы керек, басын тұқыртып алып, құлшына соғуға кірісті». * Жасын Мәдиев - аты шулы жазушы, өмірге деген көзқарасы ерекше, прототипі Асқар Сүлейменов, салқынқанды, басқалардан бөлек ойлайтын болғанлықтан досы да жоқ. * Суретші - Бағиланы 4-5 жыл бойы аңдып жүреді. Сыртынан сурет салады, суретке түсіріп алады. * Мәнсия - Мәликенің қолында тұратын туысқан сіңілісі. 4-5 жасында жол апатына түсіп, мүгедек болып қалған.Сол аяғы тізесінен төмен қарай протез, ал оң қолы шынтағынан ішке бүгіліп жазылмай қатып қалған. Бағиланы жек көреді. * Ректор - ## Тағы қараңыз Дулат Исабеков ## Сыртқы сілтемелер * Дулат Исабеков Мұрағатталған 18 наурыздың 2014 жылы. * Cоциализм зәулімі * Ескерткіш * Бонопарттың үйленуі * «ЖАСЫННАН» АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВТІ ІЗДЕДІК... Мұрағатталған 18 наурыздың 2014 жылы. ## Дереккөздер
Археологиялық қазбалар - көне заман мен орта ғасырлардан қалған мәдениет ескерткіштерін, жан-жануарлардың сүйектерін қазу, зерттеу жұмыстары. Оны ғылым академиясының арнаулы рұқсаты бойынша ғылыми дайындығы бар, қазудың әдіс-тәсілдерін білетін және археологияның талабына сай жүзеге асыра алатын тәжірибелі адамдар жүргізеді. Қазу объектісі * қаланың жұрты болса, оның ұзындығын, көлденеңін, биіктігін анықтайды, барлық бөліктегіндегі мәдени қабаттың құрамын, демек, археологиялық стратиграфиясын зерттейді. * Зираттар қазылғанда, топырақтан үйілген обаның құрылысы, қабырдың қабырғасы, өліктің сүйегі зерттеуге алынады. Өлікпен бірге қойылған нәрселер кейде бүтін қалпында сақталады, олардың жатқан орнына қарай, қандай кәдеде жаратылғандығы айқындалады. Қабырдың құрылысын зерттеу арқылы өліктің жерлеу ғұрпы, оны тудырған діннің сипаты білінеді. Табылған қаңқа сүйектердің антропологиялық қорытынды жасауға мәні зор. Бірге қойылған бұйыдар өлген адам бай, кедей екенін, ал сүйектер сол замандағы шаруашылықтың түрін анықтауға көмектеседі. Көне мекендерде ғасыралар бойы пайда болған мәдени қабаттарды (ғылыми құжаттарды жасай отырып) мұқият зерттеу хронологиялық дерек береді. Қазақстанда археологиялық ескерткіштер арнайы есепке алынады және оны мемлекет қорғайды. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Оразбеков Нурлан Исағалиулы, 12 қараша, 1952 жылы, Шығыс Қазақстан обл. Көкпекті ауданында дүниеге келді. Қазақстан медицина университетінің ректоры (2006-2008), Қазақ ұлттық медицина университетінің дипломнан кейінгі даярлық кафедрасының профессоры (2010 бастап).1975 жылы Семей қ. Медициналық институтын бітірді.1975—1979 жылдар арасында Семей обл. Жарма аудандық ауруханада хирург қызметін атқарды.1979—1986 жылдары арасында Сызганов атындағы Қазақ хирургия ғылыми зерттеу институтында Бауыр, өт жолдары бөлімшесінде ғылыми қызметкер1986—1991 жылдары — Алматы медицина институтының Госпиталды хирургия кафедрасының ассистенті1991—1997 жылдары — Қазақ ұлттық медицина университетінің Госпиталды хирургия кафедрасының доценті, кейін профессор атағына ие болды1997—2006 жылдары - Қазақстан медицина университетінің проректоры.В 2006—2007 жылдары - Қазақстан медицина университетінің ректоры.2010 — жылдан бастап Қазақ ұлттық медицина университетінің дипломнан кейінгі даярлық кафедрасының профессоры.
Байтуыс — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы, Кеңащы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде, Кіші Қараой көлінен оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей қашықтықта орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 246 адам (137 ер адам және 127 әйел адам) болса, 2009 жылы 197 адамды (96 ер адам және 101 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қосүйлі қалақай (лат. Urtіca diоica) - қалақайлар тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 1 метрге жуық. * Сабағы төрт қырлы, түзу, жоғарғы жағында бұтақтары көп. * Жапырақтары жүрек тәрізді, ұш жақтары сүйірлеу, бір-біріне қарама-қарсы орналасады, сағақтары ұзын, шеттері ірі, ара тісті. Жапырақтары мен сабағы тиген жерді дуылдататын күйдіргіш түк басқан. * Гүлдері майда, көкшіл түсті. Бір өсімдікте аталық гүлдер өссе, екіншілерінде тек аналық гүлдер ғана өседі, сондықтан қалақайды "қос үйлі" деп атайды. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Қосүйлі қалақай үй маңайында, жол жиегінде, бос алаңдарда, егістік жерлерде өседі. ## Емдік қасиеті * Дәрі жасау үшін оның жапырақтарын гүлдеген кезінде жинап алады. * Құрамында С, К, В дәрумендері, пантотен қышқылы, уртицин глюкозиді, хлорофилл, құмырсқа қышқылы, фитостерин, каротин, кальций және тағы басқа заттар бар. * Ғылыми медицинада қосүйлі қалақай өкпеден, жатырдан, ішектен, геморрой түйіндерінен, асқазаннан қан кеткенде дәрі ретінде қолданылады. Өсімдіктің құрамындағы хлорофилл денедегі зат алмасуын, жүрек пен өкпенің қызметін жақсартады. Қосүйлі қалақайды көптен жазылмай жүрген жараларды емдеуге, ағзадағы дәруменнің жетіспеуін және қанның құрамын қалпына келтіру үшін пайдаланады. Соңғы кезде өсімдікті диабетті емдеуге де пайдалана бастады. Бауыр және өт жолдарының созылмалы ауруларын қалақаймен емдеуге болады. * Халық медицинасында қосүйлі қалақайдың жапырақтарымен ревматизмді, іштің қатуын, подаграны, бүйрек пен қуық ауруларын, өкпе туберкулезін, геморройды, дизентерияны емдейді. Тамыранан жасалған сулы тұнбаны бронх демікпесін, асқазан ауруларын емдеуге қолданады. Сонымен қатар дене сыртындағы жарақаттарды, іріңді жараларды, сүйектің қабынуын емдеуге де болады. Оны шемен ауруын емдеуге, дене қызуын басуға және жөтелге қарсы да пайдаланады. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Қосүйлі мысықтабан (лат. Antennaria dioica) – астралылар тұқымдасы, мысықтабан туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 25 см-дей. * Тамырынан тікелей өсіп шығатын күрек тәрізді жапырақтарының үстіңгі жағы жылтыр да, астыңғы жағы түкті болады. Бәрі бір жерге жиналып топталып тұрады. Ал сабығынан өсіп шығатын жапырақтары сопақша, кезектесе орналасқан. * Гүлдері ақ немесе қызыл түсті, майда, өсімдіктің жоғарғы жағында қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады. * Қосүйлі мысықтабан қарағайлы ормандарда, шабындықтарда, далалы аймақтарда, бұталардың арасында өседі. ## Құрамы * Илік заттар * Шайыр * Сапониндер * К дәрумені * Фитостерин ## Емдік қасиеті * Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлімен қоса жинап алады. Гүлін жинаған кезде тек толық ашылмағандарын жинау қажет. * Халық медицинасында қосүйлі мысықтабанды өкпеден, геморрой түйіндерінен, жатырдан, мұрыннан, асқазаннан, ішектерден, сыртқы дене жарақаттардан кеткен қанды тоқтату үшін пайдаланады. * Өсімдік гүлінің өт айдайтын қасиеті бар. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Асау көк - қазақтың дәстүрлi ойыны. * Мақсаты: Қысты күні кешкі тамақтаң соң қонаққа ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатымен ұйымдастырылады. * Ойын шарты: Әуелі үй иелері ауылдың "алты ауызын" айтады да, одан кейін "қонақ кәдесі" деп, оның өнер көрсетуін өтінеді. Түк білмейтін қонақты айып ретінде Асау көкке мінгізіп, әжуа қылады. Бұл үшін үйдегі екі діңгекке 1 м-дей биіктетіп арқан керіледі. Соған аттап мінген қонақ ештеңеге сүйенбей, ерсілі-қарсылы жүруі керек. * Ойынның мәні - өнерпаздыққа баулу. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Бостандық — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Кішіқараой ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Кіші Қараой көлінен оңтүстікке қарай 5 км-дей қашықтықта орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1077 адам (549 ер адам және 528 әйел адам) болса, 2009 жылы 847 адамды (416 ер адам және 431 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Георге Асаки, молд. Gheorghe Asachi (Asaki),(1 наурыз1788, Герца, Молдавия княздігі — 24 қараша1869 ж., Яссы) — армян текті молдаван және румын жазушысы, ағартушы, тарихшы, драматург және аударушы. Георге Асаки ұлттық мәдениетті өркендетуді жақтады. Георге Асаки бірінші ұлттықттеатрды ұйымдастырушы (1816 ж.(, "Румын арасы" газетін (1829-49) шығарды. Яссыдағы бірінші молдаван гимназиясын (1828), Михайлянск академиясын (1835), Музыкалық драмам консерваториясын (1837) негізін салған. Георге Асакида патриоттық және дидактикалық сипатта жазылған "Өлеңдер" (1836) жинақтары, "Князь қызы Руксана" (1841), "Молдаван қызы Елена" (1851), "Ақ жазық" (1855) т.б. шығармалары молдаван және румын әдебиетінің тарихында белгілі роль атқарды. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Тіласты безі (орыс. подъязычная железа) glandula sublin — ауыз қуысына сілекей бөлетін ас қорыту безі. Ол ауыз түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде орналасады. Тіласты безі алдыңғы көпөзекті және артқы бір өзекті тіласты сілекей бездеріне бөлінеді. Без өзектері тілдің астындағы тіласты сүйелшесіне ашылады. Тіласты безі паренхималы мүше ретінде: стромадан және паренхимадан тұрады. Без стромасын дәнекер ұлпасы, ал паренхимасын күрделі көпіршікше-түтікше аралас без құрайды. Бездің секрет бөлетін бөлімінде сірлі, кілегейлі және аралас альвеолалар болады.
араб.: ‎ Қазақстан Республикасының кеден органдарыЗаңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс — әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс — әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған. Дегенмен, Конститутцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс — әрекетінің негізгі параметірлері белгіленген және Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас идеялары мен қағидалары айқындалған. Қазіргі жалпы әлемдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп келгенде, «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге иеболуда. Жалпы «кеден органы» түсінігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны және нақты тарихы кезендегі атқарып отырған қызмет аумағын, функцияын да есепке алу керек. Себебі, Әрбір тарихи кезеңде «кеден органы» түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер (кез келген мемлекеттік органның нақты бір міндеттерді атқару үшін құрылатыны белгілі), оның құзіреті, құрылымы, іс — әрекетінің әдістері мен түрлері, т.б. параметірлері үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресе, мемлекеттің құрылу, қалыптасу дәуіріне тән.Әрбір басқару органының мемлекеттік механизімі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі. Кеден органын құрудағы басты мақсат мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кеден егенмендік» ұғымы аясына кең ауқымды міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады. Жалпы, егемендік (суверенитет – француздың souverainete сөзінен – жоғарғы билік деген ұғымды білдіреді) мемлекеттік биліктің халқаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай – ақ ел ішіндегі өзгеде биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизімінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады. 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 – бабында:Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқада нормативтік – құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функйияларды атқаруға;- баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға;- әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге;- мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға;- өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз, — деп атап көрсетілген.Кеден саясатыКеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:- Қазақстан нарығын қорғау;- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;- Экономиканың дамуын ынталандыру;- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;- Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету;- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;- Сауда саясаты міндеттерін шешу; деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс — әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс — әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс — әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады. ## Дереккөздер
Кілемді күту .Кілемді ұқыпты күтіп ұстаған жағдайда ұзақ уақыт пайдалануға болады. Кіре беріске,аяқ астына ,дәлізге,холл ,вестибуль,баспалдақ тағы басқа адамдар көбірек жүретін орындаға төселген кілемдер тез тозады. Сондықтан да оның үстіне жіңішкелеу кенеп мата немесе басқадай материалдар төселген жөн.Егер бүктелетін кілем болса оның жиегіне іш жағынан кішілеу кенеп қалташалар тігіп,оған жалпақтау металл табақшалар қоятын болса кілемге жиналатын электр-статикалық зарядтар мөлшері азаядыКілемнің тозбауы және әдемілігі мен былқылдақтығын арттыру үшін оның астына киіз немесе жұмсақ резеңке салады.Еденге төселетін кілемнің орнын ауыстырып отырған жөн.
Егістік көздәрі (лат. Anagallis arvensis) – наурызшешек тұқымдасына жататын бір жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Сабағы төрт қырлы, жерге төселіп көлбей өседі, бұтақтары көп. * Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жұмыртқа тәрізді, шеттері бүтін. Жапырақтарының төменгі жақтарынан қарағанда көрінетін қара дақтары бар. * Гүлдері әдемі, қызыл түсті, гүл сабақтары ұзын, жапырақтарының қуысына жеке-жеке орналасқан. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен. * Жемісі - ашылатын қақпағы бар, ішінде тұқымы көп қауашақ. Егістік көздәрі құмды, тастақты жерлерде, далалы аймақтарда, егістік араларында арамшөп ретінде өсе береді. ## Емдік қасиеті * Дәрі жасау үшін өсімідіктің жер үстіндегі бөлігін жинайды. * Құрамында сапониндер, ферменттер, примвераза деген гликозид бар. * Халық медицинасында бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің несеп айдайтын, қабынуға қарсы әсер ететін, орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын, бүйректегі, қуықтағы тастарды ерітетін қасиеттері бар деп есептеледі. * Егістік көздәрімен өкпе туберкулезін, демікпені, жүйке жүйесінің, бауыр және көз ауруларын емдейді. Бүйрек қабынғанда, іш жүрмей қалғанда және тері ауруларын емдеуге де қолданады. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Шимон Ашкенази (пол. Szymon Askenazy, 28.12.1866, Завихост, Радом губерниясы, Польша — 22.06.1935, Варшава) — поляк тарихшысы, саясаткер және дипломат. Буржуазия-либералдық Львов тарихи мектебінің көрнекті өкілі. Варашава, кейіннен Геттинген университеттерінде оқыған. 1897 жылдан бастап Лбвов университетінде сабақ берді. 1902-14 жылдары профессор атағын алды. 1910 жылдан бастап Краков ғылым академиясының мүшесі. 1920-23 жылдары Ұлттар лигасындағы Польшаның өкілі. ## Еңбектері Шимон Ашкенази - Польша тарихы (18 ғасырдың аяғы- 19 ғасырдың басы) жөнінде жазылған көптеген еңбектердің авторы. * Ministeryum Wielhorskiego 1815—1816 : dodatek 1812-1813-1814 (1898) * Wczasy historyczne Tom 1 (1902) Tom 2 (1904) * Sto lat zarządu w Królestwie Polskiem : 1800—1900 (1903) * Uniwersytet Warszawski (1905) * Łukasiński Tom 1 (1908) Tom 2 (1908) * Dwa stulecia : XVIII i XIX : badania i przyczynki Tom 1 (1901) Tom 2 (1910) * Przymierze polsko-pruskie (1918) * Nauka uniwersytecka a kolejność studjów w uniwersyteckiej nauce prawa (1921) * Książę Józef Poniatowski 1763—1813 (1922) * Gdańsk a Polska (1923) * Uwagi (1924) * Szkice i portrety (1937) ## Сыртқы сілтемелер * Биография (польск.) * Книги Шимона Ашкенази в электронной библиотеке в формате djvu ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Балуантас - қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл аймағындағы орналасқан ірі тас. Ені 1 метр, ұзындығы 2 метр. Балуантасты ең алғаш Қожамбет руынан шыққан Сырым балуан көтерген. Кейіннен Балуантасты Төртуыл руынан шыққан Мейрамғали балуан көтерген. Оқиғаны өз көзімен көргендердің айтуы бойынша, Мейрамғали балуан тасты көтеріп алып, 40-50 қадамдай апарып, қайтадан орнына әкеліп қойған. Осыдан кейін, Балуантасты көтерген адамдар болмаған. Балуантас осы күнге дейін сақталған. Мейрамғали балуан 1969 жылы қайтыс болған. Ұрпақтары Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Жиделі және Жаңаауыл ауылдарында тұрады.
Горьковское — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Үлкен Қараой ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан солтүстікке қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1330 адам (668 ер адам және 662 әйел адам) болса, 2009 жылы 969 адамды (463 ер адам және 506 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Таразы — ақын, Есет Көтібарұлының келіні. ## Өмірбаяны Шамамен 1864 жылы Бершүгір тауының баурайында дүниеге келген Таразы — Шекті Тілеу батырдың ұлы Әлдеберді тайпасының Құлтума аталығынан Қален деген байдың қызы. Анасының аты — Бибі. Әкеден ерте айрылғанымен, бірінен соң бірі болыс болған туған ағалары Әнуар мен Әлжанның арасында еркін өседі. Бұла өседі. Ақындығы өз алдына, жігерімен, қайтпас қайсарлығымен көрінеді. Ағалары ақын, ақылды Таразының бетінен қақпайды. Ақылымен ауыл-аймағын билеген Таразы есімі үш жүзге белгілі Есет Көтібарұлына келін болып түседі. ## Дереккөздер
Жәбірейіл ата кесенесі — Түркістан облысының Қазығұрт ауданында орналасқан кесене. Жалпы алғанда күмбез үлкен кіре-беріс қабырғалы, тек бөлмелі ғимарат болып табылады, ішкі бөлмесі тік төртбұрыш пішінінде. Сопақша келген, Еуропа тәрізіндегі күйдірілген кірпіштен қаланған. Бұрыннан сол жерде болып кейін бұзылған мазардын орнына салынған. Сәулет әшекей өрнектеріменен тек қана екі қабырғасы безендірілген. Оңтүстік және батыс қабырғалары - П әрпіне ұқсас қуысы бар портал тәрізінде жасалған. Басты тіректері, оның 4/3 биіктігіндегі қосымша тіректерменен күшейтілдірілген. Батыс қабырғасы, үш жалған тіректерменен үшке бөлінген, әрбірісінде кішкентай қуыстар жасалған. ## Сілтемелер * Түркістан облысындағы қасиетті орындар * Мазар Джабраила
Лабак кесенесі - Ұлытау ауданы Малшыбай ауылының оңтүстік шығысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан. Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші болып есептеледі. Автор, құрылысшы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы белгісіз. 1975 жылы жазда ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы зерттеген. (М.Маманбаев, М.Нұрқабаев, М.Сембин). Кесене бір камералы порталды-күмбезді құрылыс.Порталды қуыстың қабырғаларында өсімдіктен жасалған бояумен араб әріптерімен жазылған жазуы және оюы бар екі шаршы кірпіш бар. Эпиграфика нашар сақталған. Солтүстік, батыс және шығыс қасбеті «шырша» бейнесінде қаланған кірпіштермен безендірілген. Кіре беріс ойық шошақ пішінді. Кесене дымқыл кірпіштерден салынған және күйдірілген кірпіштермен қапталған. Жоспардағы өлшемдері: сыртқы периметр бойынша - 7,25х8,24 м. Қабырғаларының қалыңдығы – 90 см шамасында. Биіктігі - 6,44 м. XIX ғасырдағы Орталық Қазақстандағы үздік үлгілердің бірі. ## Дереккөздер * http://www.madenimura.kz Мұрағатталған 25 наурыздың 2014 жылы. * Сембин М.К.. Отчет о работе Центрально-Казахстанской экспедиции - 75. (Джезказганская область), 1975, Архив НИПМ.