text
stringlengths
3
252k
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл – 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. ## Өмірбаяны Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. ## Театр Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951). Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі. ## Кино 1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. ## Фильмографиясы ### Актер ретінде * 1940 - Райхан - Сәрсен * 1943 - Ақ раушан - Жақпан * 1945 - Абай әндері - Шәріп * 1948 - Алтын керней - Жақан Дасанов * 1952 - Жамбыл - Жамбыл * 1956 - Біз осында тұрамыз - Бейісов * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - драма актері * 1960 - Бір ауданда - Сабыр Баянов * 1964 - Алдар көсе - Алдаркөсе * 1968 - Тақиялы періште - эпизод * 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай ### Дыбыстаушы ретінде * 1968 - Ақсақ құлан - текст авторы ### Режиссер ретінде * 1954 - Дала қызы * 1954 - Махаббат туралы аңыз * 1956 - Біз осында тұрамыз * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер * 1960 - Бір ауданда * 1961 - Ән шақыруда * 1962 - Жол түйісі * 1964 - Алдар көсе * 1966 - Ата-бабалар мекені * 1968 - Тақиялы періште * 1970 - Атаманның ақыры ### Сценарийші ретінде * 1960 - Бір ауданда * 1961 - Ән шақыруда * 1964 - Алдар көсе * 1968 - Тақиялы періште * 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай ## Марапаттары * Қазақстанның халық әртісі; * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968); * КСРО Халық әртісі (1964); * КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952). ## Естелік Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Айманов Шәкен Кенжетайұлы Мұрағатталған 1 маусымның 2012 жылы.
«Іле таңы» — 1970 жылдың 1 қаңтарынан апта сайын шығарылатын қоғамдық-саяси аудандық газет. Басылым аудан көлеміндегі ресми ақпаратты және мәдениет, білім беру, ел тұрмысы жайындағы ақпаратты жариялайды. ## Ішкі сілтемелер * Іле ауданы
Өрнек — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Алматы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 529 адам (271 ер адам және 258 әйел адам) болса, 2009 жылы 299 адамды (150 ер адам және 149 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Райымжан Әзиханұлы Бөкейханов (1908-1993) - Байырғы Семей облысына қарасты Қарқаралы уезіндегі Тоқырауын болысының №7 ауылында (Қазіргі Қарағанды облысы , Қоңырат ауданы) 1908 ж. туған. Халқымыздың ұлт азаттық күресіндегі Алаш қозғалысының бас көсемі, Алаш партиясы мен Алашорда өкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұқамбетұлы Бөкейхановтың (1866-1937) бірге туған інісі Әзихан Нұрмұқамбетұлы Бөкейхановтың белбаласы, яғни Әлиханның немере інісі. 1924 ж. Қарқаралыдағы жетіжылдық мектепті бітірген соң Семейдегі Потанин атындағы екінші басқышты мектепке келіп оқуға түседі. Ол осында немере ағасы Әлиханның үзеңгілес серіктеседі, болашақ математика профессоры Әлімхан Ермековтың тәрбиесінде болады,құрдастары Сәдуақас Боқаев және Алексей Маркушевичпен достасады. 1925 ж. ақылшы ұстазы Ә.Ермековтың кеңесі арқасында және Семей қалалық білім беру бөлімінің жолдамасымен А.И.Маркушевич екеуі Ташкенттегі Орта-Азия мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне оқуға түседі. Кезінде Орта-Азия мемл. университетін бітірген, Ташкенттегі Қазпединститутының ректоры (1929-33) және Қаз.ССР халықағарту коммисары болған Әлімхан Ермековтың қарындасы Дәмештің күйеуі Темірбек Жүргенов(1898-1939) Райымжан мен оның достарына орасан зор қамқорлықтар жасайды. Орта-Азия мемлекеттік университетінде маңдайалды үлгеріммен оқып жүрген кезде оның «жанкүйер жазғыш достары» жалалы хатты жаңбырдай жаудырады. Олардың айтар басты айғақтары: «Райымжан-кеңес өкіметі мен компартияның саясатына қарсы, Алаш көсемі Әлімханның немере інісі; оған кеңестік оқу орнында орын болуы мүмкін емес». Соңына түскендер 1929 ж. 4 курста үздік үлгеріммен оқып жүрген ғылым сүйер студентті университеттен кетуге мәжбүр етеді. 1929-38 жылдар арасында Ташкентте педтехникумда, жұмысшы-батрақ мектебінде, Алматыдағы зооветинститутында математикадан сабақ береді. 1938 жылдан бастап математика және физика пәндері бойынша оқу кітабын шығаратын баспада үзіліссіз қызмет етеді. Ол көптеген оқулықтың редакторы немесе ортақтас авторы. Бейнелеп айтқанда, қазақ математикасы тілінің абзал абызы. Ақтөбелік жазушы Қуандық Шаңғытбаевпен бірлесіп, Г.Чернышевскийдің «Не істеу керек?» деген романын қазақ тіліне аударған көркем тәржімеші.
Асыл металдарСаф алтын тау жыныстарында ұсақ дәндер күйінде кездеседіТарихтағы ең ірі алтын 112 кг болғанГрек аңыздары бойынша адамзат алдымен алтын ғасырдан, одан соң мыс ғасырынан өткен.Скифтердің аңыздары бойынша жер өңдейтін құралдар алтыннан жасалған. Ал К.Маркс айтуы бойынша, «Алтын –адамзат ашқан ең бірінші металл»Ерте заманда алтынға ең бай мемлекет болған Мысыр. Ніл өзенінің 1тонна құмынан 80 граммалтын табылатын. Тарихи деректер бойынша, 3,5 мың жыл бұрын жылына 50 тонна алтын өндірілетін еді. 1910 жылы Патшалық Ресейде жылына 63 тонна алтын өндірілді.Еуропа елдеріңінде өз алтыны аз болған сондықтан оны шетелден әсіресе Америкадан испан және португал конкистадорларына (жаулаушылар) 16- 18 ғасырларда жергілікті тұрғындары – ацтектер мен майяларды түгелдей жойып жіберген . Алтынды қарқынды өндіру 19 ғасырда бастады. Алтынның бай кен орындары алдымен Орал мен Сібірден, кейінірек Калифорния, Аустралия, Оңтүстік Африка, Аляска және т.б жерлерден табылған. Егер 1800 жылы әлемде небәрі 19 тонна алтын, ал 1850 жылы 54.8 тонна, ал 1900 жылы 316.3 тонна, 1940 жылы КСРО -ны қоспағанда 1281.9 тонна алтын өндірілді. Алтын өндірісінің дамуына кен орындарының ашылуы ғана емес оны өндірудің амалдарының көбею де фактор болады. Бұрын алтынды құм мен ұсақ кварц жыныстарынан сумен шаймалап бөліп алатын.1843 жылы орыс инженері П.Р. Багратион қазіргі кезде алтын металлургиясында көп тараған әдістерінің бірі – алтынды кеннен калий цианидінің ерітіндісі арқылы алудың гидрометаллургиялық әдісін ұсынды.Ежелден алтынды металл патшасы дейтін. Алтын –ашық сары , жылтырақ, созылғыш, иілгіш металл. Алтыннан созылған сымның жуандығы өрмекші торы тәрізді.Алтыннан өте жұқа қабыршақ алынады. Мұндай қабыршақтан күн сәулесі еркін өтеді. Алтынның балқу температурасы 1063 градус ал қайнау температурасы 2710градусменшктісалмағы 19,3 г/смкуб. Алтынға байланысты аңыз бар. Сиракуз әміршісі тәж жасау үшін зергерге біраз алтын береді. Зергер жұмысын аяқтаған соң тәжді өткізеді. Бірақ патшаға бұл тәж таза алтннан емес дейді. Ашуланған хан еліндегі ең сыйлы ғалымдардың бірі Архимедті шақырады. Оған тәжді бұзбай таза алтын еместігін дәлелдеуі қажет еді. Ұлы ғалым ойланып қалады, да моншаға түсіп жатып таптым таптым эврика эврика дейді. Алтынның және тәждің меншікті салмағын есептеуге кіріседі. Алтынның салмағы судың салмағынан 19,3 есе ауыр болады дп ойлайды. Алтынды суға толтырылған ваннаға салып ығысқан судың массасы алтынның массасынан 19,3 есе жеңіл болуы тиіс дейді де тәждің таза алтын еместігін дәлелдеді.Н.Нұрахметов. Асыл металдар. Химия оқу кітабы. Алматы. Мектеп. 2010ж
ТАЙЫР ЖОМАРТБАЙҰЛЫ БОҚАЕВ (1884-1937) Байырғы Семей облысына қарасты Абай ауданының Мұқыр деген жерінде өмірге келген, сүйегі Тобықты ішіндегі Көкше руынан. Жомартбай Боқайдың алтыншы ұрпағы. Жомартбайдан Хасен мен Тайыр туған.Тайырдан – Масғұт, Өзбек, Моряк, Сағида, Халима;Хасеннен – Садуақас, Ербосын Тайырдың үлкенұлы Масғұт (1913-1979) Мәскеудің «Түсті металдар және алтын» институтында Дінмұхамед Қонаевпен (1912-1993) бірге үздік оқып, институтты 1936 жылы қызыл дипломмен бітірген. Ортаншы ұлы Өзбек жоғары білімді педагог-химик, кенже ұлы Моряк физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар, ғылыми-зерттемгер болған. Қыздары Сағида мен Халима жоғары білімді педагогтар боп қызмет еткен. Тайыр 12 жасқа дейін көкбай медресесінде, сонан соң Архат бекетіндегі орыс мектебінде оқиды. Кейін атасы Хасен оны Семейдегі медресеге оқуға әкеледі. Сонан соң Уфадағы «Медресе-Ғалияда» оқиды. Мұнда: дінтану, шығыстану пәндері, логика, математика, тарих, географиямен қатар орыс тілі және әдебиеті де оқытылған(ҚСЭ, 5-том,564-бет) 1911 жылы «Медресе-Ғалиядағы» қазақтар (Б.Майлин, Т.Жомартбаев, т.б.) өз қаражаттарына «Әліппе және төте оқу» атты қазақша оқу кітабын баспадан шығарады. 1911 ж, «Медресе-Ғалияны» аяқтаған соң Семейге оралып, онда Ертістің сол жағалауындағы «Заречная слободкада» (қазіргі Жаңа-Семей) 1910 ж. ашылған мұсылман мектебінде жаңаша сабақ береді. 1912 ж. Семейде «Балаларға жеміс» деген педагогикалық кітабын баспадан шығарады. 1916-1927 жж. Зайсан қаласында мектеп мүдірі боп ұстаздық, әдеби-шығармашылдық жұмыстармен шұғылданады. 1927-1937 жж. Семейдегі орта мектептер мен педтехникумда математикадан, әдебиеттен сабақ бeрeді. Ақын ұстаздың «Бөлшек сандар ережелері» дейтін өлең шығармасы шәкірттері жадында жатталып, ел арасында кеңінен тараған. Тайыр Жомартбайұлы математиканы өлең жолдарымен оқытқан алашшыл ағартушы-ақын.
Горчаков айдаршөбіТянь-Шаньның биік тауларында және Жоңғар Алатауында тастақты беткейлерде, жартас айырықтарында, субальпі және альпі шалғындықтарында өседі. Алдынғы түрден жер асты бөлігінің құрылысымен ерекшеленеді, түйнектің орнына мұнда жуан бұтақтанған тамырымен. Сабақтарының биіктігі 40 см, едәуір ірі, сағақты айтарлықтай ұсақ таралған жапырақшалармен, гүлдері қызғылт сары, сары, кең түзі шақшалы. Маусым – шілдеде, қыркүйекке дейін (еріген қар үйінділерінде) гүлдейді. Құрамында әсер етуі зерттелмеген түрлі алкалоидтар бар.
Қоңыр жүзгін (лат. Calligonum triste) – тарандар тұқымдасының жүзгін туысына жататын көп жылдық бұта. Биіктігі- 70см, бұтаұтарының қабығы сарғыш сұр түсті. Жапырақтары қандауыр тәрізді. Гүлі ұсақ, ұзындығы 4мм-дей,ені 10мм-дей болатын сопақша жаңғақша, қылтанағы қатты, ортасынан жоғары қарай 2-3 бұтаққа тарамдалған.Тұқымынан көбейеді. Мамырда гүлдеп,маусым айында жеміс береді. Қазақстанда Арал маңындағы Мойынқұмның құмды жерлерінде өседі. Өте сирек кездесетін эндемик. Мал жайылымы және отынға пайдалану салдарынан таралу аймағы азаюда. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қоңыроба – Тоқсанбай жотасының солтүстік-шығысындағы тау массиві. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданының шығысы және Қытай шекарасы бойында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3497 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 23-24 км-ге созылған, енді жері 6-7 км. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы герцин қатпарлығының тау жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Қиыр оңтүстік бөлігінің беткейлерімен аңғарларында цирктер, терең шатқалды аңғарлар кездеседі. Қоңыробаның батыс беткейлерінен Көксу өзенінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Тау бөктерінде қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар өседі. ## Дереккөздер
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор.Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек.Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған.Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы. ## Ою - өрнек элементтері Негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданатын ою-өрнек элементтерінің мынадай атаулары бар: * аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер «ай», «күн», «жұлдыз», «айшық», «аймүйіз», «құс жолы», «жұлдызша», «кемпірқосақ», т.б. * заттардың атауына байланысты өрнектер «балға», «балта», «тарақ», «балдақ», «күмбез», «табақ», «қармақ», т.б. * эпиграфиялық өрнектер, яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу. * ру таңбалары мен ел таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері:«тұмар», «айшық» « босаға», «тарақ», «көз», «шөміш», шылбыр», «көсеу», «ашамай», т.б. Халқымыздың бізге жеткен ою – өрнек үлгілері бай мұра, салқылмас қазына. Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады.Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен ( элемент) құралады. Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін анықтады. Біз халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою өрнектерді сөз етпекпіз. Ою-өрнектердің бұл тобын қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні десекте болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы: қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, төрт құлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан, т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсірумен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәріндеде мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп , оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәндер жасауда жиі қолданылатын мүйіз тектес оюлар. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салты бейнеленген.Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсақ зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, толықтырады да құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Мұндай мүйіз тектес ою-өрнектер тізбегін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы үйінің ішкі тіреулерінің төбесімен жалғасқан жерінен көруге болады. Мүйіз тектес ою-өрнектерді бұрын-сонды зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл өрнектердің негізі қойдың, арқардың , ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін бейнелеуден шыққан деп түйеді. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс-тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар сол бұйымдардың жеңіл, әрі берік болу жағын қарастырған. Оның үстіне әрбір жануар мен заттың өз бойында қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы композициясы, симметриясымен асимметриясы, колоритімен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі. Мысалы ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек.Жалпы қазақ халқының оюлары Орта өрнектерімен салыстырғанда композиция қарапайымдылығымен, бояу түсінің ұстамдылығымен, формаларымен ерекшеленеді. Ою-өрнек арқылы халық шеберлері өз ойларын, көңіл күйін жеткізіп отырған.Жаңа ғана атап өткен элементтер ою-өрнектің көркем тілін құрайды. Оның көркем тілі бейнелеу өнеріндегідей бояу түсіне, олардың үндестігіне, сызықтар ырғағына, жарық қатынасына байланысты. Сол секілді ою-өрнектер басты элементтерінің бірі-бояу түсінің де орналасу реті бар. Бояу түстері ырғақты үндестігімен әуенді үйлесіміне байланысты бейнелеу өнеріне жақындайды деп айтуымызға болады. Әр бояу түстерінің үйлесімді шешімдерінен көшпелілердің өмір туралы түсінігі әлеуметтік және ұлттық ерекшеліктері, олардың қуаныштары мен күйініштері көрінеді. Халық шеберлері ырғақты сызықтар үйлесімді бояу түсі айқын формалары арқылы ешқандай перспектива мен жарық қатынастарынсыз-ақ көз қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын тудырған. Осыған орай ою-өрнектердің көркем шешімі оны поэзияға жақындатады дейміз. Ою-өрнектердің бояу түсі шын дүниенің көшірмесі емес,оның шартты ұғымын ғана білдіреді. Қай жағдайда да ою-өрнектегі тұтастық сақталып отырған. Композициядағы тепе-теңдікті, тұтастықпен жинақылықты қайта өрлеу дәуіріндегі классикалық шығармалармен салыстыруға болады.
Құздықара - Мұғалжар тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі қыстау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылынан батысқа қарай 21 км жерде, Құласу және Шилі өзендерінің аралығында орналасқан. Батысында Құласу, шығысында Құмбұлақ, оңтүстігінде Кемербұлақ қыстаулары бар. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, көкпек, бұйырғын, бидайық, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қалталы қасқыр немесе Тасман қасқыры немесе Тилацин (лат. Thylacinus cynocephalus )- жойылып кеткен жануар, қалталы қасқырлар тұқымдасының (Thylacinus) жалғыз өкілі. Алғашқы рет жануардың сипаттамасын 1808 жылы ағылшын натуралист Джордж Прайдо Роберт Харрис берген. Өз еңбегінде ол жануарды "Ит басты қалталы жануар" - "cynocephalus" деп атаған. ## Таралуы XVIII ғ. және XIX ғ. басында қалталы қасқырдың саны өте көп болып, Тасманияда кең таралған болатын. XIX ғ. 30-шы жылдары мал шаруашылығына зиян келтіргендіктен Тасмания тұрғындарымен жануардың жаппай жою басталды. Қанқұмар жыртқыш туралы аңыздар таралып, жануарды ауыл шаруашылығының жауы болып есептеген. Жаппай қырып-жоюдың нәтижесінде 1863 жылға таяу қалталы қасқырларлардың соңғылары адам жете алмайтын таулар мен ормандарда сақталған. XX ғасырдың басынада жануардың бас саны кенет азаяды. Адамдардың жыртқышты жою саясатымен бірге себебі болған - эпизоотия болды: иттерден жұққан белгісіз ауру, мүмкін ит обасы. 1914 жылдың санауымен қалталы қасқырлардың саны оншақтыдан аспаса да, 1928 жылы қабылданған Тасмания фаунасын қорғау заңына қалталы қасқырдың аты кірмеген. Сонымен, бостандықтағы соңғы қалталы қасқыр 1930 жылы 13 мамырда адамдармен өлтірілген, ал еріксіздіктегі қасқыр Хобарт жеке зообағында кәріліктен өлді. 1938 жылы Тасманияда Қалталы қасқырдалды қорғау туралы заң қабылданды. Ең өкініштісі, 2013 жылы ғалымдар қызықты жаңалық ашты: қалталы қасқырлар өздерінің жақ сүйектерінің дамымағандығынан қойларды еш аулай алмаған!!! Бірақ жануар түрі бәрі бір жойылуға өте қауыпты тұғын, оның себебі - төмен генетикалық түрленуі. 2005 жылдың наурыз айында аустралиялық The Bulletin журналы Қалталы қасқырды тірілей ұстап берген адамға 1,25 млн аустралиялық доллар сыйлық бар екенің мәлімдеді, бірақ сый әлі егесін таппаған. ## Биологиялық сипаттамасы Қалталы қасқыр қалталы жануарлардың ішінде ең ірісі болған. Дене тұрқы 100-130 см, бойы 60 см, салмағы 20-25 кг. Сырт көрінісі иттер мен қасқырларға өте ұқсас, бірақ денесі ұзындау келіп, аяқтары саусақтармен аяқталған. Екі белгі: біріншіден, құйрығының басы қалың, аяқ жағында жеңішкелігі және артқы аяқтары бүгіліп қалғандығы жануардың қалталы екенін ұмыттырмайды. Тұмсығы ұзын, созылып қалған, 120 градусқа ашылатын. Түсі - сарғыш-сұр, арқасында 13-19 иығынан басталып құйрығына дейін коңыр жол-жол тілкем бар. Тұмсығы сұр, көз маңында ақшыл дақтармен. құлағы қысқа дөңгеленіп қалған. Бүгіліп қалған артқы аяқтарымен айрықша секіріп (кенгуру сияқты) қимылдайды. Ұрғашы қасқырлардың қарынында қалта болады. Жүктілік мерзімі өте қысқа - 35 күн. 2-4 әлсіз күшік туады, 2,5-3 айдан кейін қалтадан шықса да, 9 айға дейін анасының қасында жүреді. 8 жыл өмір сүреді. Қалталы қасқырдың дауысы ыңырсыған үнді еске салады, бірте бірте ол дауыс қырылдаған жөтелге ұласады. Жерде тіршілік етеді, түнде атжалмандарды, ұсақ кенгуруларды, тотықұстарды аулап азық етеді. Кейде, тіпті, қой секілді өзінен үлкен жануарларға да шабуыл жасайды. Бақа мен шаяндарды да жей береді. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қалталы қасқыр
Барбыт аспабы - Қазақтар арасындағы қолданысы жөнінде Қытай музыка қоғамының мүшесі, күйші-композитор, аспапшы-шебер Ж.Мәкібай былай дейді: «...Барбыт аспабы сонау ерте замандағы қазақтың ұйтқы тайпасының бірі - Үйсіндер арасында қолданыста болыпты. Үйсін музыка мәдениеті бұдан ілгерідегі екі мың жыл бұрын жазбаға түскен. Сол Үйсін елінің ханы Оңғай бидің қызы Дес (кейбір деректерде Дейші қыз) осы барбыт аспабымен өз жанынан күй шығарып ойнайтын, өз заманының асқан өнерпазы болған көрінеді. Бұл туралы Қытайдың «Ханнама», «Батыс өңір баяны», «Үйсін баяны» және Шыңжанның қоғамдық ғылымдар журналында (№ 3, 1982, 35-52-66.) деректер бар. Барбыт бес ішекті, құрылысы домбырадан сәл үлкендеу, мойны қысқалау болып келеді. Дыбысы - қоңыр дауысты, шанағы алмұрт тәріздес жұмыр, аспап басы бөрібас. Аспапқа бөрі басын салу дәстүрі ертеден бар және ол «Көк бөрінің ұрпағымыз» дегенді білдіреді». «...Дала мәдениетінде тоқырау болмаған, даму үстінде болған», — деп, тарихшы-этнограф Л.Н.Гумилев сандаған шапқыншылықта құрбан болғандар мен күл болған қалаларды емес, халық мәдениеті мен өнеріндегі, тұрмыс-салты мен тарихындағы дәстүрлі рухани-мәдени даму үрдісін айтса керек. Сонау көне түрік, ғұн, сақ дәуірлерінен бастап құрылған мемлекеттік құрылымдардың тікелей мирасқоры саналатын бүгінгі қазақтардың ұлан-ғайыр ата-мекені, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, материалдық мәдениеті мен өнері өткен ғасырлардағы Батыстың, Шығыстың небір зерттеушілері мен жиһанкездерінің, ғалымдары мен этнографтарының, әскери-саяхатшыларының назарын әр уақытта өзіне аударып отырды. Қазақ даласына аяғы жеткен олардың бірқатары елдің тұрмыс-тіршілік қарекеті мен түрлі әлеуметтік жағдайларын шағын сипаттама түрінде де, жазба деректер ретінде де қалдырып отырды. Айта кетерлік нәрсе, мұндай еңбектердің көбі атүсті сипат алды. Солай бола тұрса да XIX ғасыр ортасынан бастап ел өмірінің әр қыры қамтылған этнографиялық мәліметтер мен жазба деректердің ғылыми негізі қаланып, шежіресі қалыптаса бастады. Солардың ішінде қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары туралы мәліметтер де тиісінше маңызды орын алады. Мәселен, Қытайдың белгілі аспап зерттеушісі Ли Юань Цин ертедегі көне түріктерден Қытайға тарап сіңіп кеткен қазақ аспабының бірі — шертер жөнінде былай дейді: «...Орта Азия мен Үндістаннан Қытайға көптеген аспаптар ауысып келген мысалдар бар. Таң династиясы (618-906) дәуірінде көптеген елдер, соның ішінде Орта Азия елдері де Қытаймен тығыз сауда-саттық, мәдени қарым-қатынастар орнатты. Сол алмасулар нәтижесінде жекелеген музыкалық аспаптар да ауысып келді. Орта Азиядан ауысқан қазіргі кезде Қытайда «пипа» аталатын көне аспап, уақыт өте келе қытай музыканттарының жетілдіруімен біршама өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезде «пипа» қытайдың музыкалық аспабы саналады». «...Хан династиясының соңғы кезеңдерінде өмір сүрген Қытайдың атақты тіл маманы Лю Шидің жазбасында: Кейінгі замандарда Қытайдын ұлттық музыкалық аспабына айналып кеткен «пипа» әу баста ғұндардан шықкан. Ат үстінде ойнауға арналған аспап», — деп көрсетілгендігін жазады зерттеуші-ғалым Ә.Дәулетхан. Орта Азия халықтарының музыкалық аспаптарын зерттеген ғалым Т.С.Вызго да көне аспаптардың бір-біріне ауысып, басқа елдер тұрмысына сіңіп кету мысалдарын жоққа шығармайды. Оның жазуынша: «Барлық деректерге қарағанда лютня (шертер — З.Ж.) тектес аспаптардың пайда болуына, дамуына, таралуына және орындаушылық мәдениеттің қалыптасуына Орта Азия аса маңызды, тіпті айқындаушы роль атқарды». Бұдан біз 618-906 ғасырлардағы мәдени алмасулар арқылы қытайға ауысқан «пипа», Әл-Фараби бабамыз арқылы ортағасырлық араб жұртына ауысқан «уд» аспабына үлгі-нұсқа болған қыпшақ даласының шертпелі «шертер» аспабының көне жұрнағы мен соқпағын аңғарамыз. Аспап атауының тіліміздегі «шерту», «шертіп тарту» т.б. сөздер ішекті-шертпелі аспаптардың нақты шерту арқылы дыбыс шығаратынына сай туындағанын көреміз. Дәстүрлі музыкалық аспаптар ішіндегі көп ішекті аспаптар жөнінде де бірқатар жазба деректер кездеседі. Соның бірінде саяхатшы П.С.Паллас (1741-1811) көп ішекті әлдебір аспап жөнінде екі түрлі дерек қалдырған. Бірінде: «...Шырша ағашынан жәшік тәріздес етіп жасалған аспаптың түбі ғана бар. Оған жуандығы әр түрлі мөлшердегі 6 қыл ішек ешбір құлақсыз керілген»,- десе, екіншісінде: «...Музыкант аспапты тізесіне қояды да сол қолымен бұрауын келтіріп, оң қолымен әуен шығарады», — деп жазады. Ал этнограф-натуралист, саяхатшы И.Г.Георги (1729-1802) дерегінде: «...Қой ішегінен тартылған 18 ішекті аспап...» делінеді. П.С.Палластың анықтамасында әңгіме бір аспап құрылысы туралы болып отырғанымен, ол екі түрлі аспапқа сипаттама береді. Яғни «... 6 қыл ішек аспапқа ешбір құлақсыз керілген» деп құлағы жоқ, құлақ бұрауынсыз ойналатын аспап туралы жазса, келесі сипаттамасында: «... сол қолымен бұрауын келтіріп, оң қолымен әуен шығарады» деп, құлақ бұрауын келтіру арқылы ойналатын басқа бір аспап туралы анықтама береді. Бірқатар зерттеушілер көп ішекті аспаптардың арасындағы кейбір айырмашылықтарға мән берместен барлығын да арфа, жетіген деп қарастырғаны белгілі. Ал шын мәнісінде, әңгіме ел арасында ертеректе қолданыста болған қазақтың этнографиялық «керуіш», «адырна» аталатын аспаптарының тарихи-этникалық болмысы туралы болып отыр. Мәселен, көне түрік ескерткіштерінде керуіш бес ішекті болып, ішектерінің жылқы қылынан тағылатыны, сырт нұсқасы садақ тәріздес доға болып иіліп келетіні, онымен эпикалық жыр-дастандар мен мұңды, жоқтау ән-әуендері сүйемелденетіні айтылады. Этнограф-зерттеуші А.Эйхгорн 1870-1883 жылдар аралығында Қазақстанның Оңтүстігіндегі Түркістан өңірінде тұрды. ## Дереккөздер
## Дабыл Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары көп. Соның бірі - дабыл. Оның шанағы дөңгелек шеңбер етіліп, екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бүзау, түйе терісі қапталып жаса-лады. Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа со-йылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпы-рып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі - и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде - теріні жібітіп барып, өткір үстарамен түгі сылынып алы-нады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады. Шанағы төзімді әрі сәнді болу үшін сыртынан өн бойын қуалай айналдыра тері қаптап, оның сыртын күйдіру әдісімен өрнектер салып безендіреді. Халық шеберлері кейде шеңбер сыртына мүйіз, сүйек, үкі, шашақ салып та жасайды. Шанақтың бір бүйіріне қолға ұстайтын тұтқасы қайыстан өріп тағылады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы -терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты не-месе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады. Жорық дабылы - үлкен етіп жасалады. Жалпы шеңбер аумағы - 3 метр 40 см, биігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі, даусы күркіреген күндей зор. Мұны дайындау да-былды жасау әдіс-тәсілімен бірдей. Аспаптың жалғыз этнографиялық нұсқасы Қазақтың халық музыка ас-паптары музейінің қорында сақталып отыр /49. Инв. № 307/. Бүл аспап ел арасында «аттаныс дабылы» деп те аталады. Ертедегі жаугершілік заманда оны алып жүретін арнайы көлік пен сарбаздар бөлінетін болған. Аспап даусы «Батыр Баян», «Бейбарыс», «Көшпенділер» секілді тарихи көркем фильмдерде қолданылды.Жорық (аттаныс) дабылы. Қалпына келтіріл-ген. Шеберлер А.Қүмаров пен Ж.Бэйжігітовтың жұмысы. 1983 ж. ## Дауылпаз Дауылпаз - халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сыр-ты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Шеңбер аумағы 40-50 см болып келетін бұл аспаптың тек бір жағы ғана шала кепкен терімен қапталады. Сал-серілер саятшылыққа қолданатын дауылпазға үкі қауырсыны тағылып, жиектеріне күміс немесе асыл тастар орна-тып жасайтын болған. Қайыстан жасалатын белбеуін аңшылар құс, аң қуған кезде ертоқымның алдыңғы қас бетіне немесе мойынға асып алады. Бұл аспаптың ел арасында қол дауылпаз, нар дауыл-паз аталатын түрлері бар. Қол дауылпаздың шеңбер аумағы 30-35 см мөлшерінде жасалады. Шанағы тұтас ағаштан ішін ойып, кейде тілікше етіп кесілген ағаштардан құрап жасалады. Шанағы алынып-салынатын үш сирағы бар қондырғыға орнатылады. Қол дауылпаздың беті түйенің немесе бүзаудың терісі-мен қапталады. Дауылпаздың осы нұсқасы қолдануға ыңғайлы болғандықтан өнер топтары арасында сүраныс көп. Ал нар дауылпаз үлкен етіп жасалады, бетіне нар түйенің терісі қапталады. Үлкендігі мен жасалу затына байланысты ел арасында „нар дауыл“ деп атайды ## Дабыл Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары көп. Соның бірі - дабыл. Оның шанағы дөңгелек шеңбер етіліп, екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бүзау, түйе терісі қапталып жаса-лады. Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа со-йылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпы-рып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі - и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде - теріні жібітіп барып, өткір үстарамен түгі сылынып алы-нады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады. Шанағы төзімді әрі сәнді болу үшін сыртынан өн бойын қуалай айналдыра тері қаптап, оның сыртын күйдіру әдісімен өрнектер салып безендіреді. Халық шеберлері кейде шеңбер сыртына мүйіз, сүйек, үкі, шашақ салып та жасайды. Шанақтың бір бүйіріне қолға ұстайтын тұтқасы қайыстан өріп тағылады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы -терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты не-месе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады. Жорық дабылы - үлкен етіп жасалады. Жалпы шеңбер аумағы - 3 метр 40 см, биігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі, даусы күркіреген күндей зор. Мұны дайындау да-былды жасау әдіс-тәсілімен бірдей. Аспаптың жалғыз этнографиялық нұсқасы Қазақтың халық музыка ас-паптары музейінің қорында сақталып отыр /49. Инв. № 307/. Бүл аспап ел арасында «аттаныс дабылы» деп те аталады. Ертедегі жаугершілік заманда оны алып жүретін арнайы көлік пен сарбаздар бөлінетін болған. Аспап даусы «Батыр Баян», «Бейбарыс», «Көшпенділер» секілді тарихи көркем фильмдерде қолданылды.Жорық (аттаныс) дабылы. Қалпына келтіріл-ген. Шеберлер А.Қүмаров пен Ж.Бэйжігітовтың жұмысы. 1983 ж. ## Дауылпаз Дауылпаз - халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сыр-ты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Шеңбер аумағы 40-50 см болып келетін бұл аспаптың тек бір жағы ғана шала кепкен терімен қапталады. Сал-серілер саятшылыққа қолданатын дауылпазға үкі қауырсыны тағылып, жиектеріне күміс немесе асыл тастар орна-тып жасайтын болған. Қайыстан жасалатын белбеуін аңшылар құс, аң қуған кезде ертоқымның алдыңғы қас бетіне немесе мойынға асып алады. Бұл аспаптың ел арасында қол дауылпаз, нар дауыл-паз аталатын түрлері бар. Қол дауылпаздың шеңбер аумағы 30-35 см мөлшерінде жасалады. Шанағы тұтас ағаштан ішін ойып, кейде тілікше етіп кесілген ағаштардан құрап жасалады. Шанағы алынып-салынатын үш сирағы бар қондырғыға орнатылады. Қол дауылпаздың беті түйенің немесе бүзаудың терісі-мен қапталады. Дауылпаздың осы нұсқасы қолдануға ыңғайлы болғандықтан өнер топтары арасында сүраныс көп. Ал нар дауылпаз үлкен етіп жасалады, бетіне нар түйенің терісі қапталады. Үлкендігі мен жасалу затына байланысты ел арасында „нар дауыл“ деп атайды
Үрлемелі аспаптардың сүйек пен мүйізден жасалатын түрлері де ертеден бері сақталған. Олар қамыс қурай, ағаштан жасалатын үрлемелі аспаптарға қарағанда ұзақ сақталып, бүгінге жетті. Соның бірі - бұғы сыбызғы. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан, жайылып жүрген марал-дарды бір жерге жинау үшін қолданылады. Оның дауысы шыққан жерге жиналған маралдар мен бұғыларды аңшылар қолға үйретіп, асырайтын болған. Мұның өзі бұл аспаптың аңшылық, мал бағу кәсіптерімен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Аспаптың бұғышақ аталуы «бұғы шақырғыш», «бұғышақ» деген түсініктерден туындаған. Кей кезде оның мүйізден жасалғандығына сай үрлемелісін «мүйіз сырнай», соғып ойнайтын үлгісін «мүйіз қақпа» деп атайды. Бұғы, сиыр малдарының мүйізін тазалап, сырты жылтырағанша қайнатып, кептіреді. Мүйіз сырнай жасауда өгіз, сиыр, қошқар мүйіздері қолданылады. Қой мен ешкі мүйізін үрлеп ойнау оңай, әрі дыбы-сы жеңіл шығады. Ал сиыр, өгіз мүйізінен шығатын дыбыс ащы емес, құмығыңқы болып келеді. Жиек-терін жұқалап жез металмен қаптап, сыртын оюлап-өрнектейді.
Каспий миногасы(Caspіomyzon wagnerі) – миногатәрізділер отрядының миногалар тұқымдасының жалғыз түрі. * Каспий тeңізі су алабының Әзірбайжан және Солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Күре, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді. * Су электр станциялары салынғанша Еділмен Калинин қаласына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу өзеніне, Терекпен Баксананың сағасына, Күремен Мцхета қ-на дейін өрлеген. * Ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 200 г-дай болады. * Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа (кейде 1) және құйрық қанаты болады. Қапшықтәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен (жеті-жетіден) ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің артында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген «тіс» деп аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды. Көбеюі мен дернәсілдік уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі құртқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін теңізге қайтады, теңізде 2 жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады. * Еті өте дәмді және майлы (31 – 34%) болғандықтан көп ауланған. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, *Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер:
Үрлемелі ысқырықтардың сирек бір түрі - тоз сырнай. «...Тоз сырнай қайыңның сыртқы қатқыл қабығын аршып тастап, діңіне таяу жеріндегі биязы тозына алып, үлкендігін бас бармақтай етіп пішіндеп, содан кейін екі бүктеп доға тәріздес етіп жасайды. Кесілген жағын ерінге қыстырып үрлеу арқылы дыбысы шығарылады» . Қарапайым ғана әдіс-тәсілмен жасалатын «ауыз сырнай», «қалта сырнай», «қағаз сырнай», «ағаш сыр-най», «қайың ысқырық», «ысқырық» деп ел арасында түрліше аталып жүрген этнографиялық аспаптардың түп-тегі осы тоз сырнай.
Қос қамыс — Әл-Фарабидің еңбектерінде «қос сыбызғы» делінсе, түркітанушы ғалым В.В. Радловтың еңбегінде «түтік», «камыш», Б. Сарыбаевта «қос сырнай» деп түрліше аталады. Атауы айтып тұрғандай, аспап табиғатта өсіп тұратын қамыс затынан жасалады. Даусы ашық, ысқырықты. Екі түтікшесі қамыстан жасалып, 5-6 жерден ойықтар салынады. Қамыс сырнайдың көлемі: * түтігінін, ұзындығы — 183 мм, * тілінің ұзындығы — 36,7 мм, * тілінің ені — 5,7 мм. * тілдің түтіктің ұшынан бастап қашык,тығы—11 мм, * түтіктің үрлейтін жағының ішкі диаметрі —9,7 мм, * түтіктің үрлейтін жағының сыртқы диаметрі—12 мм, * түп жағының ішкі диаметрі —7,3 мм, * түп жағының сыртқы диаметрі—11 мм. ## Дереккөз Қазақтың ұлттық аспаптары
Үрлемелі аспаптар маңызды екі белгісімен ерекшеленеді. Біріншіден жаратынды табиғи түп тегі болса, екіншіден зат талғамайтындығы. Олар қайсыбір аспаптарға қарағанда қайың қабығынан (тозынан) бастап қамыс-қурай, бамбук, ағаш, тері, саз балшық, қыш, пластмасса, сүйек, мүйіз, темір, мыс, жез, мал қуығы, түйе өңеші, балық пен жылан терісі секілді заттардан жасала береді. Қайсыбірінің атауларына дыбыс шығару ерекшелігі емес, жасалатын заты анықтауыш роль атқарады. ## Сазсырнай Соның бірі сазсырнай. Үлкендігін қаздың жұмыртқасындай сопақша етіп, тұтасымен саздан жасалады. Өткен ғасырдың 1968-70 жылдары Шымкент өңірінің «Темір» ауылынан түпнұсқа үлгісі кездейсоқ табылды. Сапалы саз балшықтан жасалған бұл аспапқа 3-4 жерден дыбыс ойығы салынған. Сырты боялмаған, күйдірілмеген. Жергілікті жердің тұрғындары арасында ол «Фарабидің саз сырнайы» деп те аталған көрінеді. Аспаптың дыбыс қатарын, құрылысын, жасалу әдіс-тәсілін Б. Сарыбаев, К. Қарабдалов секілді зерттеуші-ғалымдар анықтады. Қазіргі кезде оның 5-6 жерден дыбыс ойықтары салынып, шеңбер аумағы 16-18 см, жалпы ұзыны 10-12 см етіп дамыта жасалынған нұсқалары орындаушылар арасында сұранысқа ие. Аспапты жасау тәжірибелі шеберлерге, әсіресе саз, керамика заттарымен айналысатын қолөнерші-мамандарға онша қиын емес. Аспап сапалы саздан әбден иі қандырып иленген соң, белгілі бір қалыпқа келтіріп кептіріледі. Содан кейін белгілі температурада қыздырылған пешке салып күйдіріледі. Қазіргі кезде шеберлер оның сыртына ою-өрнектер салып, сілтілік металдар ерітіндісін (глазурь) жағып жасайтын болды. ## Үскірік Сазсырнай. Саз балшық. Оңтүстік Қазақстан, көне «Отырар» қазбасы, көне түрік (б.з. VIII г.) дәуірі.Осыған ұқсас және тұтасымен саздан жасалатын аспаптың бірі - үскірік. Бұл аспаптың сипаты, заты, ойналу, жасалу әдіс-тәсілі бұрын белгісіз болып келді. Аспап алғаш рет 1974 жылы Маңғыстау өңірінен ашылып қалған көне қоныс орнынан кездейсоқ табылды. Жалпы ұзыны 8-10, аумағы 12-14 см болып келеді. Сапалы саздан, қыштан жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан боран мен қатты желдің уілі-не ұқсас болғандықтан - үскірік, кей жерлерде уілдек аталады. Қазіргі кезде аспаптың этнографиялық қазба нұсқасы музейде сақталып, дамыта жасалынған түр-лері шағын ансамбльдерде қолданылып жүр. ## Құссайрауық Тұтасымен саздан жасалған үрлемелі археологиялық көне аспаптың бірі құссайрауық. Өткен ғасырдың соңында Түркістан қаласының ашылып қалған ежелгі қоныс орнынан кездейсоқ табылған бұл аспап көне түрік дәуіріне (VІІ-VІІІ-жж.) жатады. Қазіргі кезде біздің зерттеуіміз бойынша дыбыс ауқымы, лебіз жүйесі, ойналу тәсілі, сипаты, заты анықталды. Аспап табиғи саз, майда құм секілді заттардың қосындысынан қатты, тығыз етіп жасалған. Аспаптың үрлеу қуысына жақын және екі бүйірінде дыбыс ойықтары бар. Үрлеу қуысының салыну әдісі бұған дейін анықталған ұлттық үрлемелі аспаптарда кездеспейді. Аспаптың сырты кедір-бұдырлы, боялмаған табиғи қалпында. Күйдірілмей табиғи түрде қатып, тасқа айналған бұл аспап көк саздан (мергель) жасалынған. Дыбысы көне дәуірге тән бес дыбыстық (пентатоникалық) жүйеге тән. Аспаптың этнотегін анықтауда оның ел арасында «сазсайрауық» (С.Сақалұлы (IV), Фарабидің сазсырнайы (К.Қарабдалов (V), «сайрамақ» (Ә.Маргұлан) сияқты атаулары болған.
## Қазахстанның ұлттық ақшасының тарихы Тиынның шығуы және оның төлем құралы ретінде қолданыла бастауы, қоғамда экономикалық дамудың басталуы, айырбас барысында ақша айналысының қажеттілігі туындады, ал әлеуметтік дамуда биліктің пайда болуы ол тиын шығару мүмкіндігіне ие болды. Тиынды шығаруға тек ғана мемлекет құқылы болды. Тиынның қыры (аверс) және сыры (реверс) бар. Жазулар және тиын аңыздары аверсте, сонымен қатар реверсте де орналасады. Тиында сонымен бірге тиын шығаратын мемлекет, монархтың титулы және аты, тиын сарайының аты, тиынның шығу мерзімі жазылуы мүмкін. Тиынның өзіне белгіленген салмағы болады, ол басқа елдердің тиындарының салмағымен тең және ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс. Бірінші тиындар Грецияда және Кіші Азияда күмістен соғылса, ал Қытайда мыстан құйылған. Уақыт өте келе тиын құны да күміс, алтын басты орын алды. Кейінірек оларға никель, аллюминий қосылды. Сонымен қатар темір мен қорғасын көп қолданыла бастады. Тиынды соққанда оның беріктігін арттыру үшін алтынға және күміске мыс немесе қалайы қоспасын қосады. Бұл қоспа лигатура деп аталады. Тиынды асыл металдың үлесі – проба деп аталады.(Проба-қымбат металдың сорттығын көрсететін таңба.).Ол мемлекетпен белгіленеді. Бірақта кейбір уақыттарда мемлекеттік тиын шығаруда тиынның пробасын төмендетіп, салмағын азайтты. Мұның себебі өз шығын шығара отырып, мемлекетке мол табыс әкелуі. Мұндай жағдайда тиын өз құнын жоғалтпайды. Бұл көбіне орта ғасырларда қолданылды. Тиындағы жазулар мен бейнелер мемлекетте қандай билік формасы екендігі туралы мәлімет берді. Тиындағы бейнелер мен жазулар көбіне саяси жағдайлар мен қоғамдық өмірді – соғыстар, жаулап алушылық, мемлекеттегі ішкі тартыстар, мемлекеттік және діни реформаларды көрсетті. Кейбір кездерде қандайда бір жағдайларға байланысты арнайы тиындар соғылады. Еуропадағы алғашқы айырбас құралдары-таланттар б.з.д. ІІІ ғ. пайда болды. Криттегі Кносс сарайын қазған кезде табылған салмағы 25 кг. талант созылған бұқа терісінен жасалған. Африка ақшалары Ирландияда табылған қола дәуір жүзіктеріне ұқсайды. Африкадағы Мономотана мемлекеті астанасының орнында қазба жұмыстарын жүргізген кезде «Ханда» мысынан айқыш (крест) құятын қалыптар табылды. Ол Конго және Замбези бассейнде ХҮІІІ ғ. соңына дейін қарапайым айырбас құралының орнына жүрген. Қоладан , мыстан және күмістен мәнет соққанға дейін ақша орнына метал (құйма, соқпа, кесік, қазанша, сақина, т.б.) ғана емес, мал да пайдаланылған. Қола дәуірде Шығыста пышақ , күрек , қоңырау, кейбір музыкалық аспаптар айырбас құралы ретінде пайдаланылған. Кейін олардың орнына ортасында шаршы тесіктері бар дөңгелек қола мәнеттер жүретін болды. Б.з.д. 594 ж. афиналық архонт Солон күмістің бұқаға шаққандағы құның шығарады. Сондықтан грек қала-мемлекеттері мен Ежелгі Рим тетрадрахмаларында бұқа суреті салынатын болған. Тарихтағы тұңғыш күмыс мәнеттер Эгина грек мемлекет-аралының дидрахмалары деп есептеледі. Олар-салмағы 12 грамдық күмыс құйма болып келеді, ортасында тасбақа бейнесі бедерленген. Кос өзен бойындағы мемлекеттеде б.з.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ. дөңгелек және тік бұрышты мыс қаңылтырлар ақша орнына жүрді.(1) ҮІ-ҮІІІ ғасырларда теңгелерді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларың бастырған. ІХ-Х ғасырлардағы Қазақстан жерінде күміс дирхемдері, алтын динарлары, мыс теңгелері айналымда болды. Алтын динар халықаралық валюта ретінде қолданылды. ХІ ғасырдың басында саудада жоғары сапалы күміс дирхемдер болса, кейін мыс қосылған теңгелер шығарылды. ХІ ғасырдың аяғында күміс кендерінің сарқы-луына байланысты күміс ақша шығару тоқтады. ХІ-ХІІІ ғасырларда күміс дағдарысына байланысты дирхемдерді мыстан күйып, сыртына күміс жалатты. Қала қолөнер, сауда орталығы болды. Қала халқы негізінен егіншіліқ, қолөнер, саудамен айналысты. Отырарда ішкі айналымға арналған жазусыз мыс теңгелер шығарылды. Күміс теңгелер ірі халықаралық саудада қолданылды. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда созылған мыс теңгелерге хандардың есімдері жазылған. ХҮІІ ғасыр- Отырарда ақша шығаруда құлдырау кезеңі басталып, теңгелер Түркістан мен Ташкентте соғылды. Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы ақша айналымы теңге емес, жуан сыммен кесіп алу арқылы жасалған шағын мыс кесектер түріндегі ақшаның болуымен ерекшеленеді (2) Ұлы Жібек жолы – ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді: 1.Батыстан Шығысқа бағытталатын жол; 2.Іле бағыты; 3.Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты. Саудадағы басты тауар – жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей таулары тасылды. Ежелгі қазақ жерінде шығарылған алғашқы ақшалар арасында Мүбәрәқ қожа сұлтандық еткен тұста Сығанақта жасалған теңгелер да бар. Ол екі рет 1327-1328 ж.ж. және 1328-1329ж.ж. ақша шығарған. Табылған темір теңгелерде «Әділ сұлтан – Мүбәрәк қожа. Тәңірім оның билік дәуірінің ұзақ еткей» деген сөздер бар.1368-1369 ж.ж. Сығанақта орыс хан да өз ақшасын шығарған. Өз ақшаларын айналымға енгізу олардың Алтын орда хандарынан тәуелсіздігінің бір белгісі. ХУ ғасырдың екінші жартысы-ХУІІ ғасырдағы халықаралық саудада Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда қатынастарының жолға қойылуы болды. Ресеймен сауда экономиканың дамуында маңызды факторға айналды.ХУІ ғасырдың 90-жылдарына қарай Ресей қазақ хандықтарымен саяси байланыстар орнатуға әрекет жасайды.Ресей мен Орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және дипломатиялық қатынастары ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда жанданды. Орыс мемлекеті Орта Азиядан мақта-мата, жібек шикізатын, асыл тастар, Шығыс қаруын алды. Қытай тоуарлары Ресейге Орта Азия арқылы түсіп отырды.Қазақстан мен Орта Азияға Ресейден шұға, атлас, айна, аң терілері, күміс әкеленді. Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының көшпелі дүниемен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда жүргізілді. Даладан мал, тері, жүн, дайын бұйымдар әкелінген. Сырдария қалаларынан далаға астық, қала қолөнерінің өнімдері, мата апарылды. Халықаралық сауданың және қалалар мен өңірдің арасындағы, жекелеген Сырдария қалаларының арасындағы сауданың мөлшері туралы негізінен Отырарды, Түркістанды, Сауранды қазу жұмыстарынан алынған нумизматикалық материал бойынша білуге болады. Отырардан мыс теңгелердің көптеген олжалары шықты, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне Йасы (Түркістан) мен Ташкентте соғылғандары жатады. Екінші топ Орта Азия қалаларының (Бұхара , Самарқанд және басқалар) теңгелерін қамтиды. Ең көп тобын анэпиграфтық теңгелер құрайды. Олардың бір жағында аң, екінші жағында құс бейнелінген, аң бейнеленген кейбір теңгелердің екінші жағы тегіс. Мыс көмбелердің мерзімін анықтауға олардың біреуінде Алексей Михайлович патшаның есімі бар,1655-1663 жылдары соғылған отыз орыс тиының болуы негіз береді. ХУІІ ғасырдың аяғынан басталатын уақыт Отырар, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Үзкент өмірінің бітуімен байланысты, бұл қалалардың жұрттарынан табылған нумизматикалық олжалар көрініс тапқан. Нумизматика- табылған теңге, қолданылған ақша материалдары бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым. Нумизматиканың негізін салушы веналық коллекционер И.И.Эккель. Теңге тарихы сонау жоғарғы палеолит дәуірінің өзінде айырбас жүргізілгенін көреміз. Теңіз жағалауындағылар балықпен , таулы аймақ тұрғындары бағалы металмен, Меланезия тұрғындары акула тістері тізілген алқамен, монғолдар кірпіш шаймен сауда жасасты. Көшпелілерде өте кең тараған айырбас түрі мал және аң терісі болды. Латын тіліндегі «пегуния» - ақша ұғымы, «пегус» - мал деген мағынаны білдіреді. Бұл отырықшы халықтардың көшпелі малшы тайпаларымен өзара тығыз байланыста болғанын көрсетеді. Таза алтыннан жасалған теңгені алғаш парсы патшасы Дарий шығарды, ол «дарик» деп аталды. Қазақстанның ұлттык ақшасының туған күнi — 1993 жылғы 15 қараша. Егемен елiмiздiң экономикалық тәуелсiздiгiнiң тұңғыш заттық айғағының (атрибутының) аты — теңге. Бiр теңге 100 тиыннан тұрады. Қолда ұсталатын ақшаның бәрi тек кағаз ақша (банкнот) және күмiс ақша (монета) ретiнде ғана айналысқа түседi. 1993 жылғы 12 қарашада қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгiзу туралы” Жарлыққа сәйкес теңғенi Қазақстан Республикасы аумағында меншiк түрiне қарамастан барлык нақты және заңды тұлғалар үшiн төлем құралы ретінде пайдалануға, сол сияқты банкілерде теңгелердi пайдаланып салым салу мен есеп ашуға ешбiр шек қойылмайды. Төл ақшамыздың дуниеге келуi аса маңызды тарихи окиға екендігі ескерiлiп, кейiнiрек- 1997 жылы қабылданған шешiм бойынша, 15 қараша — тегенiң түған күнi болып жарияланды. Сейтiп, ұлттық валютамыздың күнi ресми түрде қаржы саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне айналды. Ұлтгық валюта дизайнын жасауға белгiлi мамандар тобы тартылды. Әрбiр банкнот пен мәнет дизайынын 8-9 жобасы жасалды. Ең жақсыларын арнаулы мемлекеттiк комиссия бағалап, iріктедi. Содан кейiн Қазақстан ақшасын безендiрушiлердiң бiр тобы Лондондағы « Харрисон санс» фирмасының тәжірибесiмен танысты. Көп iзденістер мен қыруар күш-жiгердiң арқасында түңғыш төл валютамызды жасау жұмысы барынша қысқа мерзім iшінде атқарылды. Жаңа ақшаның көркемдік безендірілуі де, арнайы технолог бойынша қорғалуы да күткендегіден әлдеқайда жоғары болып шықты. Ағылшын. француз, жапон мамандарының жоғары бағасына ие болды. Мысалы, 500 теңгелiк қағаз ақшадағы әрбiр кескiн 250 микронға тең. Бұл, мамандардьң пiкірi бойынша оны қолдан жасауға мүмкiн еместігiнiң бiр айғағi көрiнеді. Банкноттарды көркем безендiру кезiнде белгiлi тарихи тұлғалардың (әл-Фараби, Абай, Абылай хан, Әбiлкайыр хан, Шоқан Уалиханов, Құрманғазы, Сүйiнбай) портреттерi. Алатау мен Көкшетау көрiнiстері, Қожа Ахмет Иассауи кесенесiнiң бейнесi, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.(3) Бiр, үш, бес, он және жиырма теңгелiк метал ақшалардың түсi ақ болып келедi. Бір, үш және бес теңгелiк мәнеттердiң қас бетiнде шеңбер сызық iшiне тоғыстырылған, алты қырлы бедерлер бейнеленген. Олар ақша номиналдарынын сандық белгiлерiнiң жиектерi ретiнде жасалған. Номиналдың сол жағында — ақшаның жасалып шығарылған жылы көрсетiлiп, оң жақ төменiнде ‘теңге” деген арнайы жазу бәдізделеген. Шеңберді бастыра үш қатар орама дөңгелек зер айшықтары өткізiлген. Мәнеттердің бүйір бетi тегіс келеді. Онда иірім, жазу жоқ. Сый теңгелер айырықша жоғары «пруф» таңбалы сапамен жасалады. Қазақстан аумағында да, шетелде де құны жөнiнен алғанда бiрдей коллекциялық баға бойынша сатылады. Сый теңгелер арнайы кәделiк (сувенир) қобдишаларға салынады, Ұлттық банктің қазақ орыс және ағылшын тiлдерiндегі куәлiк белгісiмен (сертификат) қамтамасыз етiледi. Әр елдің ұлттық ақшасының валютасының өз атауы бар: Қазақстанда-теңге, Ресейде-рубль, Ұлыбританияда-фунт стерлинг, Қырғыстанда-сом, Түрікменстанда-манат, Францияда, Данияда, Норвегияда, Чехияда, Исландияда –крона, АҚШ пен Канадада-доллар, т.б. ## Қазахстанның ұлттық ақшасының тарихы Тиынның шығуы және оның төлем құралы ретінде қолданыла бастауы, қоғамда экономикалық дамудың басталуы, айырбас барысында ақша айналысының қажеттілігі туындады, ал әлеуметтік дамуда биліктің пайда болуы ол тиын шығару мүмкіндігіне ие болды. Тиынды шығаруға тек ғана мемлекет құқылы болды. Тиынның қыры (аверс) және сыры (реверс) бар. Жазулар және тиын аңыздары аверсте, сонымен қатар реверсте де орналасады. Тиында сонымен бірге тиын шығаратын мемлекет, монархтың титулы және аты, тиын сарайының аты, тиынның шығу мерзімі жазылуы мүмкін. Тиынның өзіне белгіленген салмағы болады, ол басқа елдердің тиындарының салмағымен тең және ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс. Бірінші тиындар Грецияда және Кіші Азияда күмістен соғылса, ал Қытайда мыстан құйылған. Уақыт өте келе тиын құны да күміс, алтын басты орын алды. Кейінірек оларға никель, аллюминий қосылды. Сонымен қатар темір мен қорғасын көп қолданыла бастады. Тиынды соққанда оның беріктігін арттыру үшін алтынға және күміске мыс немесе қалайы қоспасын қосады. Бұл қоспа лигатура деп аталады. Тиынды асыл металдың үлесі – проба деп аталады.(Проба-қымбат металдың сорттығын көрсететін таңба.).Ол мемлекетпен белгіленеді. Бірақта кейбір уақыттарда мемлекеттік тиын шығаруда тиынның пробасын төмендетіп, салмағын азайтты. Мұның себебі өз шығын шығара отырып, мемлекетке мол табыс әкелуі. Мұндай жағдайда тиын өз құнын жоғалтпайды. Бұл көбіне орта ғасырларда қолданылды. Тиындағы жазулар мен бейнелер мемлекетте қандай билік формасы екендігі туралы мәлімет берді. Тиындағы бейнелер мен жазулар көбіне саяси жағдайлар мен қоғамдық өмірді – соғыстар, жаулап алушылық, мемлекеттегі ішкі тартыстар, мемлекеттік және діни реформаларды көрсетті. Кейбір кездерде қандайда бір жағдайларға байланысты арнайы тиындар соғылады. Еуропадағы алғашқы айырбас құралдары-таланттар б.з.д. ІІІ ғ. пайда болды. Криттегі Кносс сарайын қазған кезде табылған салмағы 25 кг. талант созылған бұқа терісінен жасалған. Африка ақшалары Ирландияда табылған қола дәуір жүзіктеріне ұқсайды. Африкадағы Мономотана мемлекеті астанасының орнында қазба жұмыстарын жүргізген кезде «Ханда» мысынан айқыш (крест) құятын қалыптар табылды. Ол Конго және Замбези бассейнде ХҮІІІ ғ. соңына дейін қарапайым айырбас құралының орнына жүрген. Қоладан , мыстан және күмістен мәнет соққанға дейін ақша орнына метал (құйма, соқпа, кесік, қазанша, сақина, т.б.) ғана емес, мал да пайдаланылған. Қола дәуірде Шығыста пышақ , күрек , қоңырау, кейбір музыкалық аспаптар айырбас құралы ретінде пайдаланылған. Кейін олардың орнына ортасында шаршы тесіктері бар дөңгелек қола мәнеттер жүретін болды. Б.з.д. 594 ж. афиналық архонт Солон күмістің бұқаға шаққандағы құның шығарады. Сондықтан грек қала-мемлекеттері мен Ежелгі Рим тетрадрахмаларында бұқа суреті салынатын болған. Тарихтағы тұңғыш күмыс мәнеттер Эгина грек мемлекет-аралының дидрахмалары деп есептеледі. Олар-салмағы 12 грамдық күмыс құйма болып келеді, ортасында тасбақа бейнесі бедерленген. Кос өзен бойындағы мемлекеттеде б.з.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ. дөңгелек және тік бұрышты мыс қаңылтырлар ақша орнына жүрді.(1) ҮІ-ҮІІІ ғасырларда теңгелерді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларың бастырған. ІХ-Х ғасырлардағы Қазақстан жерінде күміс дирхемдері, алтын динарлары, мыс теңгелері айналымда болды. Алтын динар халықаралық валюта ретінде қолданылды. ХІ ғасырдың басында саудада жоғары сапалы күміс дирхемдер болса, кейін мыс қосылған теңгелер шығарылды. ХІ ғасырдың аяғында күміс кендерінің сарқы-луына байланысты күміс ақша шығару тоқтады. ХІ-ХІІІ ғасырларда күміс дағдарысына байланысты дирхемдерді мыстан күйып, сыртына күміс жалатты. Қала қолөнер, сауда орталығы болды. Қала халқы негізінен егіншіліқ, қолөнер, саудамен айналысты. Отырарда ішкі айналымға арналған жазусыз мыс теңгелер шығарылды. Күміс теңгелер ірі халықаралық саудада қолданылды. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда созылған мыс теңгелерге хандардың есімдері жазылған. ХҮІІ ғасыр- Отырарда ақша шығаруда құлдырау кезеңі басталып, теңгелер Түркістан мен Ташкентте соғылды. Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы ақша айналымы теңге емес, жуан сыммен кесіп алу арқылы жасалған шағын мыс кесектер түріндегі ақшаның болуымен ерекшеленеді (2) Ұлы Жібек жолы – ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді: 1.Батыстан Шығысқа бағытталатын жол; 2.Іле бағыты; 3.Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты. Саудадағы басты тауар – жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей таулары тасылды. Ежелгі қазақ жерінде шығарылған алғашқы ақшалар арасында Мүбәрәқ қожа сұлтандық еткен тұста Сығанақта жасалған теңгелер да бар. Ол екі рет 1327-1328 ж.ж. және 1328-1329ж.ж. ақша шығарған. Табылған темір теңгелерде «Әділ сұлтан – Мүбәрәк қожа. Тәңірім оның билік дәуірінің ұзақ еткей» деген сөздер бар.1368-1369 ж.ж. Сығанақта орыс хан да өз ақшасын шығарған. Өз ақшаларын айналымға енгізу олардың Алтын орда хандарынан тәуелсіздігінің бір белгісі. ХУ ғасырдың екінші жартысы-ХУІІ ғасырдағы халықаралық саудада Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда қатынастарының жолға қойылуы болды. Ресеймен сауда экономиканың дамуында маңызды факторға айналды.ХУІ ғасырдың 90-жылдарына қарай Ресей қазақ хандықтарымен саяси байланыстар орнатуға әрекет жасайды.Ресей мен Орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және дипломатиялық қатынастары ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда жанданды. Орыс мемлекеті Орта Азиядан мақта-мата, жібек шикізатын, асыл тастар, Шығыс қаруын алды. Қытай тоуарлары Ресейге Орта Азия арқылы түсіп отырды.Қазақстан мен Орта Азияға Ресейден шұға, атлас, айна, аң терілері, күміс әкеленді. Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының көшпелі дүниемен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда жүргізілді. Даладан мал, тері, жүн, дайын бұйымдар әкелінген. Сырдария қалаларынан далаға астық, қала қолөнерінің өнімдері, мата апарылды. Халықаралық сауданың және қалалар мен өңірдің арасындағы, жекелеген Сырдария қалаларының арасындағы сауданың мөлшері туралы негізінен Отырарды, Түркістанды, Сауранды қазу жұмыстарынан алынған нумизматикалық материал бойынша білуге болады. Отырардан мыс теңгелердің көптеген олжалары шықты, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне Йасы (Түркістан) мен Ташкентте соғылғандары жатады. Екінші топ Орта Азия қалаларының (Бұхара , Самарқанд және басқалар) теңгелерін қамтиды. Ең көп тобын анэпиграфтық теңгелер құрайды. Олардың бір жағында аң, екінші жағында құс бейнелінген, аң бейнеленген кейбір теңгелердің екінші жағы тегіс. Мыс көмбелердің мерзімін анықтауға олардың біреуінде Алексей Михайлович патшаның есімі бар,1655-1663 жылдары соғылған отыз орыс тиының болуы негіз береді. ХУІІ ғасырдың аяғынан басталатын уақыт Отырар, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Үзкент өмірінің бітуімен байланысты, бұл қалалардың жұрттарынан табылған нумизматикалық олжалар көрініс тапқан. Нумизматика- табылған теңге, қолданылған ақша материалдары бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым. Нумизматиканың негізін салушы веналық коллекционер И.И.Эккель. Теңге тарихы сонау жоғарғы палеолит дәуірінің өзінде айырбас жүргізілгенін көреміз. Теңіз жағалауындағылар балықпен , таулы аймақ тұрғындары бағалы металмен, Меланезия тұрғындары акула тістері тізілген алқамен, монғолдар кірпіш шаймен сауда жасасты. Көшпелілерде өте кең тараған айырбас түрі мал және аң терісі болды. Латын тіліндегі «пегуния» - ақша ұғымы, «пегус» - мал деген мағынаны білдіреді. Бұл отырықшы халықтардың көшпелі малшы тайпаларымен өзара тығыз байланыста болғанын көрсетеді. Таза алтыннан жасалған теңгені алғаш парсы патшасы Дарий шығарды, ол «дарик» деп аталды. Қазақстанның ұлттык ақшасының туған күнi — 1993 жылғы 15 қараша. Егемен елiмiздiң экономикалық тәуелсiздiгiнiң тұңғыш заттық айғағының (атрибутының) аты — теңге. Бiр теңге 100 тиыннан тұрады. Қолда ұсталатын ақшаның бәрi тек кағаз ақша (банкнот) және күмiс ақша (монета) ретiнде ғана айналысқа түседi. 1993 жылғы 12 қарашада қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгiзу туралы” Жарлыққа сәйкес теңғенi Қазақстан Республикасы аумағында меншiк түрiне қарамастан барлык нақты және заңды тұлғалар үшiн төлем құралы ретінде пайдалануға, сол сияқты банкілерде теңгелердi пайдаланып салым салу мен есеп ашуға ешбiр шек қойылмайды. Төл ақшамыздың дуниеге келуi аса маңызды тарихи окиға екендігі ескерiлiп, кейiнiрек- 1997 жылы қабылданған шешiм бойынша, 15 қараша — тегенiң түған күнi болып жарияланды. Сейтiп, ұлттық валютамыздың күнi ресми түрде қаржы саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне айналды. Ұлтгық валюта дизайнын жасауға белгiлi мамандар тобы тартылды. Әрбiр банкнот пен мәнет дизайынын 8-9 жобасы жасалды. Ең жақсыларын арнаулы мемлекеттiк комиссия бағалап, iріктедi. Содан кейiн Қазақстан ақшасын безендiрушiлердiң бiр тобы Лондондағы « Харрисон санс» фирмасының тәжірибесiмен танысты. Көп iзденістер мен қыруар күш-жiгердiң арқасында түңғыш төл валютамызды жасау жұмысы барынша қысқа мерзім iшінде атқарылды. Жаңа ақшаның көркемдік безендірілуі де, арнайы технолог бойынша қорғалуы да күткендегіден әлдеқайда жоғары болып шықты. Ағылшын. француз, жапон мамандарының жоғары бағасына ие болды. Мысалы, 500 теңгелiк қағаз ақшадағы әрбiр кескiн 250 микронға тең. Бұл, мамандардьң пiкірi бойынша оны қолдан жасауға мүмкiн еместігiнiң бiр айғағi көрiнеді. Банкноттарды көркем безендiру кезiнде белгiлi тарихи тұлғалардың (әл-Фараби, Абай, Абылай хан, Әбiлкайыр хан, Шоқан Уалиханов, Құрманғазы, Сүйiнбай) портреттерi. Алатау мен Көкшетау көрiнiстері, Қожа Ахмет Иассауи кесенесiнiң бейнесi, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.(3) Бiр, үш, бес, он және жиырма теңгелiк метал ақшалардың түсi ақ болып келедi. Бір, үш және бес теңгелiк мәнеттердiң қас бетiнде шеңбер сызық iшiне тоғыстырылған, алты қырлы бедерлер бейнеленген. Олар ақша номиналдарынын сандық белгiлерiнiң жиектерi ретiнде жасалған. Номиналдың сол жағында — ақшаның жасалып шығарылған жылы көрсетiлiп, оң жақ төменiнде ‘теңге” деген арнайы жазу бәдізделеген. Шеңберді бастыра үш қатар орама дөңгелек зер айшықтары өткізiлген. Мәнеттердің бүйір бетi тегіс келеді. Онда иірім, жазу жоқ. Сый теңгелер айырықша жоғары «пруф» таңбалы сапамен жасалады. Қазақстан аумағында да, шетелде де құны жөнiнен алғанда бiрдей коллекциялық баға бойынша сатылады. Сый теңгелер арнайы кәделiк (сувенир) қобдишаларға салынады, Ұлттық банктің қазақ орыс және ағылшын тiлдерiндегі куәлiк белгісiмен (сертификат) қамтамасыз етiледi. Әр елдің ұлттық ақшасының валютасының өз атауы бар: Қазақстанда-теңге, Ресейде-рубль, Ұлыбританияда-фунт стерлинг, Қырғыстанда-сом, Түрікменстанда-манат, Францияда, Данияда, Норвегияда, Чехияда, Исландияда –крона, АҚШ пен Канадада-доллар, т.б.
Желқобыз – жарғақ теріден жасалатын үрлемелі аспап. Желқобызды тұтастай ірілген қозы немесе ешкі терісінен жасайды. Желқобыз аталу себебі ел ішіндегі көнекөз қариялардың айтуынша, буаз сиыр желінінің тырсылдап, емшектерінің жан-жаққа тырсия жайылуына ұқсас болғандығына байланысты болса керек. ## Жасалу барысы Аспаптың жасалу әдіс-тәсілі күрделі. Ен далада мал бағатындар оны қозы, ешкі терісінен жасаса, теңіз жағасында тұратындар итбалық (тюлень) асқазанынан жасайды.Желқобызды жасау үшін теріні бітеу сойып, малмаға салып, жұмсарта илеп, керіп-созып кептіреді. Онан соң бөксе жағын арасына сыздық сала тігіп, қос қапталын металл құрсаумен қыса шегелеп, мойын қуысына ағаш тығынмен бекітіледі. Местің сырты рауғаш немесе қынамен боялады. Алдыңғы пұшпағының біріне қамыс түтік, екіншісіне сыбызғы қондырылады. Алдыңғы бір пұшпаққа бекітілген қамыс түтікті бір буынынан алып, бунағына тақалған жерден еппен ойып тіл шығарады. Одан әрі жағалата бірнеше ойықшалар ойылады. Желқобызды үрлеп ойнау барысында сыбызғыша дыбыс шығарады. Местің мойын қуысына сырнай бекітуге де болады, мұндайда ол негізгі сыбызғының үніне сай құбылып үздіксіз сарнап тұратын болады. Желқобызға мойынға асуға болатындай қайыс бау тағады. Орындаушы желқобызды қолтыққа қысып, түтіксырнайдың ойықтарын басып әуендетеді. Аспаптың жалпы ұзындығы 65-70 см, ені 30-35 см болып келеді.Ел арасында ол "желбуаз", "қуық кеп", "месқобыз", "желсаз" деп түрліше аталады. Аспаптың жасалу және ойналу әдіс-тәсілі күрделі болғандықтан да ел арасында сирек кездеседі. Аспап қазір "Отырар сазы" оркестрінде қолданылып жүр.Желқобыздың қалпына келтірілген қарапайым нұсқасы 1983 жылы Халық саз аспаптары мұражайының сөресіне қойылған. Қалпына келтірген шебер – А. Хасенов.Поляктарда осыған ұқсас теріден жасалатын үрлемелі аспап козел (ешкісаз) аталады. Оның себебі, аспаптың ағаштан орнатылатын басы ешкі басты етіп жонылады немесе басы бөлек алынбаған ешкі терісінен тұтас етіп жасалады. Сонымен қатар желқобызға ұқсас саз аспаптарының үлгілері болгар, эстон, орыс халықтарында (волынка), беларусь, украин халықтарында да (дуду) бар. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Жәкішева З.С. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. Алматы: Алматыкітап, 2009; * Мұқатайұлы Н. Қазақтың музыка аспаптары. Үрімжі: ШҒТБ., 2009; * ҚР ҰМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Ұран - өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Даусы күшті, жуан, алайда, 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған. Түрік тілдес халықтар арасында ол ұлттық мереке, діни-салт жораларда, мешіт-мазар төбесіне шығып белгі беруге қолданылады.Тұтасымен металдан жасалатын керней туралы:«...Керней, сырнай тарттырып,Қарып түсті Алпамыс, Қаракөз айым үйіне...», деп келетін эпикалық жыр-дастандарда батырлардың кернейлетіп ел ішіне келген қуанышты сәті көрсетіледі. Кернейге дыбыс ойықтар салынбайды, үрлеу арқылы дыбыс шығарылады. Кернейдің жез металынан жасалатын үлгісінің жалпы ұзыны 1 метр 50 см, ені 30-35 см болып жасалса, ағаштан жасалатын кернейдің ұзындығы 1 метр, шеңбер аумағы 20-25 см етіліп, сыртына түйе өңешін қаптап жасайды.Ол үшін өзегі алынған іші қуыс ағашты өңешке өткізіп кептіреді. Бұл ағаштың жарылып кетпеуі үшін қолданылатын халықтық әдіс. Керней этнографиялық аспап ретінде сирек кездеседі. ## Дереккөз Қазақтың ұлттық аспаптары
Шағын үлгіде жасалатын, балаларға арналған екі ішекті шіңкілдек аспабынын жалпы ұзыны 45-50 см. ені 8-10 см болып келеді. Шанағы құрамалы немесе тұтас ағаштан ойып та жасалады. Сыртына ұлттык ою-өрнектер салынып жасалатын нәзік, ашық үнді аспап. Шіңкілдек басқа аспаптардын дыбысымен косылғанда ашық үні ерекшеленіп тұрады. Оның үні әсіресе шертер мен кылқобызға, сазсырнай мен адырнаға қосылғанда ерекше байқалады. Аспап негізінен 4 және 7-10 жас аралығындағы балаларға арнап жасалады. Балалардың жан дүниесіне, нәзік сезіміне. қиялына, музыкалық қабілетіне үйлесімді болып келеді. Жасалу тәсілі қарапайым. домбыра жасау әдісімен ортақ. ## Дереккөз Қазақтың ұлттық аспаптары
Домбыра тобындағы сирек қолданылатын үш ішекті нұсқасы. Ертедегі өнерпаздар арасында колданыста болған, бұл домбыра негізінен Шығыс және Орталық Қазакстан өңірлерінде дамыған. Кәдімгі екі ішекті домбыраның құрылысынан және жасалу тәсілінен айырмашылығы жок. Аспап ішек санымен және орындалатын шығармаларымен ерекшеленеді. Ұлы Абайдың кезінен, өз ән-күйлерін сүйемелдеген, үш ішекті тарихи домбырасы сақталған. Шанағы ұзынша, бұрышты, бет тақтайы қайыннан жасалған, шегелермен бекітілген, мойыны жалпақтау болып келеді. ## Дереккөз Қазақтың ұлттық аспаптары
Жағалық қияқөлең (лат. Carex riparia) – қияқөлеңдер тұқымдасының қияқөлең туысына жататын кең таралған түрі (Қазақстанда 103 түрі бар), сазды және жағалауларды мекендейді. Оңтүстік батыс бөліктегі шөлден басқа Қазақстандағы барлық жазықтар, далалар мен тауларда кездеседі. Бұл көпжылдық тең қысқа жер сабағы, жуан өрмелегіш өркендері бар. Осы туыстың басқа өкілдеріне ұқсас өркені 2 түрлі - бірі тұқым бермейді, тек жапырақты, сабақты және жеміс береді. Сабағы үш қырлы, бұдырлау, жалпақ, қау жапырақты (1-1,5- см-ге дейін). Бұл түрдің жапырағы ұзын, сабағы мен бірдей, кейде сабақтан ұзындау болады. Шашақтары сабақтың басына жиналған. Аталығы мен аналығы бөлек. Жоғарғы (3-5) аталығы цилиндр пішінді, түйіскен ұзындығы 6 см. Төменгілері аналықтар едәуір алшақтанған, аталық шашақтан аздап ұзындау. Түстері әр түрлі аталық шашақтар қошқыл-қоңыр түсті. Мамыр-маусымда гүлдейді, тозаңдану желдің көмегімен жүреді. Жемісі жаңғақ тәрізді, су арқылы таралады. Шаруашылықта мал азықтық маңызы бар, бар араларының жемі, сәндік үшін пайдаланылады. Сәндік өсімдік ретінде жасанды су тоспаларының жағалауларында өсіруге ұсынылады. ## Дереккөздер
«Илхандар мемлекеті» Илхандар (елхандар немесе Хулагу әулеті мемлекеті) әулеті Таяу және Орта Шығыста 1256 жылдан 1353 жылға дейін өмір сүрді. Бұл мемлекет құрамына қазіргі Ауғанстан, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Армения елдерінің аумағы толықтай енді. Илхандар мемлекетінің негізін қалаған – Шыңғыс Ханның Төледен туған немересі Хулагу хан. 1253 жылы Қарақорымда өткен құрылтайда Шыңғыс хан империясының сол кездегі Ұлы қағаны Мөңке Таяу Шығысқа жорық жасауды ұсынады. Жорықты басқаруды өз інісі Хулагуге тапсырады. Хулагу сарбаздары Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия аумағын жаулап алып, Құдыс (қазіргі Иерусалим) шаһарына жетеді. Оларға Египетті билеген қыпшақ Құтыздың Бейбарыс сұлтан бастаған сарбаздары (мәмлүктер) қарсы тұрады. Дәл осы кезде Хулагуге Қарақорымнан «Ұлы қаған Мөңке қайтыс болыпты» деген хабар жетеді. Империяның Ұлы ханы болудан үміті бар Хулагу Құдыс түбіне жиырма мың сарбазымен Кетбұғаны қалдырып, өзі Қарақорымға қайтады. Құдыс қаласының маңындағы Галилей жазығында 1260 жылдың 3 қыркүйегінде болған шайқаста Бейбарыс бастаған мәмлүктер Кетбұғаның жиырма мыңдық әскерін тас-талқан етіп жеңеді. Кетбұға сол шайқаста қаза табады. Ал Хулагу Тебриз қаласын астана етіп, жаңа Илхандар мемлекетінің негізін қалайды. Мемлекеттің христиан сенімін ұстанатын алғашқы хандары Рим папасымен, Франция королімен одақтасып, мұсылмандықты қабыодаған Алтын Ордамен, Египет мәмлүктерімен, Осман сұлтандығымен үнемі соғыс жүргізген. Хулагу 1265 жылы қайтыс болып,ақсүйектер арасында билік үшін талас өршиді.Жан-жақтағы мұсылман елдерімен соғыс толастамайды. 1353 жылы соңғы елхан Туга Темір өлген соң Ильхандар мемлекеті мүлдем құлап,Иран жерінде тәуелсіз мемлекеттер құрыла бастады. «Дереккөздер» .
Қыз айттыру— дәстүр. Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді.«Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды. Түқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру» дейді. Бұл жолдың да түрлі ереже, тәртіптері бар. Егер балалар (ұл, қыз) жас болса, тіпті іште жатса да ерте келіп сөз байласады. Мұндай адамдар көбіне бірін-бірі жақсы білетін, өте сыйлы, дос кісілер арасында болады. Олар алдымен іште жатқан балаларын бір-біріне (әрине бірі ұл, бірі қыз болса) қосу туралы келіседі. «Атастыру» деген осы. Мұны «бел құда» дейді. Бесікте жатқан балаларды атастырса «бесік құда» дейді. Кейде қыз алған құда енді сол үйге өз қызға беретін болса, мұны «қарсы құда» дейді. Бұрын құда болған кісілер қүдалықты тағы жалғастыратын болса, оны «сүйек жаңғырту» деп атайды. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жасты қосу «құда түсу» арқылы жасалады. Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша жеті атадан бері қыз алыспайды. Некелік ережеде әйел күйеуден 8 жас, еркек әйелден 25 жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмейді. Әрине әмеңгерлік жолда бұл шектеуге қарамайтын жайлар да бола береді. «Қыз айттыру», баталасу жас отаудың беріктігін, сенім мен сыйластықтың негізін қалайды ## Дереккөздер
Сыпыра - ұн салуға арналған дастархан. Оны қазіргі кезде де күнделікті өмірде ұн салып, қамыр илегенде пайдаланады.
Қамшы қайтару — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі. Аталған дәстүр — құдалық, яғни, құда түсу жолында жасалатын таза қазақи ұғымды көрсететін жолдардың бірі. Мұның жөн-жосығы былай. Ұлына қалыңдық іздеген жігіт әкесі ауылдың ақсақалы мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын айтады. Бұған жанашырлар ақыл қосып, пәлен жерде осындай жақсы адам бар және оның бойжеткен қызы барын айтады. Әрине, бұл жерде болашақ құдалардың текті аталардан болуын әркім қалайды. Сөйтіп жігіт әкесі өзінің беделді адамдарын ертіп қыз әкесінің үйіне барып түседі. Қонақасын ішіп аттанған қыз әкесі өз қамшысын кереге басына іліп кетеді. Мұны көрген қыз әкесі келген кісілердің аты-жөнін, ата-тегін білгеннен кейін, оларға тиісті жауабын беруі керек. Егер қыздың басы бос болмаса (яғни, біреуге айттырылып қойылса) немесе қызын бергісі келмесе қамшы иесіне қайтарылады. Мұны «қамшы қайтару» дейді. Бұған жігіт әкесі ренжімейді. ## Дереккөздер
Сәукеле кигізу— қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі. Қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол - бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруте ынтық. Оның көрімдігі де соғанлайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын-сауық, көңілдікүлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді. ## Дереккөздер
Төркіндеу — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі. Мұның негізі «төркін» деген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың төркін жұртына арнаулы (ресми) түрде баруы «төркіндеу» деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу — әр қыздың парызы және ол бір-ақ рет төркіндеп баруға хақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстұрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз бір жыл өткеннен кейін ғана төркініне барып қайтады. Жыл аунамай төркіндеуді жаман ырымға балайды. Ерекше өлім-жітім, той-томалақ, ас бергенде болмаса, жыл толмай төркініне бармайды. Ұзатылған қыздың жыл аунап төркіндеуінің өзіндік жолы, сыры, мәні мағынасы бар. Төркініне жалғыз күйеу баланы ғана сопитып ертіп баруды ерсі көрген. Қайта сәбиді көтеріп, төркіндесе, әдемі жарастық, жақсы жол болады. Үшеулеп келген күйеу, қыз, жиенге арнап ақ сары бас қой сойып, үлкен той жасап береді. Күйеумен қызға, балаға төс, асық жілік арнап асады. Кетерінде жиенге қырық шыбар тай (кей жерде қырық серкеш) қызына бұзаулы сиыр, күйеуге шапан жауып ат мінгізеді. Қызына әсте сыңар мал бермейді, жағдайына қарай құлынды бие, қозылы қой, боталы түйе, лақты ешкі береді. Онысы - «қуыс үйден құры шықпасын», «бала жолы - бал» десе, енді бір жағынан сыңар мал бермеуі - қызымыз сыңар қалмасын, дәні арылмасын, жан жарынан айырылмасын ылғи да жұп жүріп, ұрпақты болсын дегені. Ал жыл өтпей, уақыт жетпей төркіндетпеуі - ұзатылған қыз жат жерге бауыр бассын, үйіне қайта берсе, төсегінен суып қалмасын деп отбасына сүйспеншілігі артсын дегені. ## Дереккөздер
Санат:Шалшық Шалшық- ол беторамал.Оны кейде сүлгі деп те атайды. Шалшық әртүрлі мата түрлерінен жасалады. Жалпы қазақ отбасылары шалшықты екіге бөліп қоятын болған. Олар күнделікті өмірде пайдаланатын және меймандарға арналған шалшық түрлері.
Андроново мәдениеті кезеңінің ескерткіштері — Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылған қола дәуірі ескерткіштері Алғашқы рет Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново ауылында 1913 жылы Б.Г. Андрианов тапқан. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. Андроново ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андроново мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. ## Әшекей-бұйым Қазақстан жерінде сол дәуірде мекендеген тайпалар арасында кеңінен тараған, әрі жоғары дамыған мәдениет түрі - сәндік әшекейлер көп кездеседі. Оған б.з.б VIII - VII ғасырлар аралығында жасалған шаш қыстырғыш пен білезік дәлел бола алады. Тек тіршілік қамы үшін ғана емес, әдемілік, әсемдік үшін де талпыныс бастауын сол дәуірден алады. Қола дәуірінің асыл бұйымы ретінде бізге жеткендердің ішінде пышақ пен қанжар да кездеседі. Бұлардың нақтылы қай жерден табылғаны және қайда сақтаулы тұрғаны жайында толық мәлімет бар. Мысалы, пышақ б.з.б X - VIII ғасырлар шамасында жасалған. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Шағылын қыстағынан табылған. Қазір Алматы қаласындағы Археология мұражайында сақталған. Ал қанжар б.з.б XIII - XII ғасырлар шамасында жасалған. Ол орталық Қазақстан аймағынан табылған. Алматыдағы Орталық Мемлекеттік мұражайда сақтаулы. ## Ыдыстар Заттай деректер қола дәуірі тұрғындарының тұрмыс-салтынан бізге мағлұмат береді. Мысалы, жоғарыдағы жалпақ ыдыс Орталық Қазақстандағы Қотанемел бейітінен табылған. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы XIV - VIII ғасырлардың бұйымы. Осы мәнерде жасалған ыдыстар қазақ жеріндегі көне қорым, қалалардан көп табылды. Ал мына суреттегі ыдыс Шығыс Қазақстандағы Бесқұдық бейітінен табылған. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы XIV - XIII ғасырларда жасалған. Ыдыстың сыртындағы безендірілу мәнері кейінгі дәуірлердегі бұйымдарда да кездеседі. Біздің ата-бабаларымыз тұрмыста қажетті түрлі ыдыстарды жасап, оны пайдаланумен қатар, оған талғаммен қарап, безендіре отырып, өнер туындысын жасағанын осы бұйымдар дәлелдейді. Ыдыстардың түрлі формада жасалып, ерекше өрнектермен әшекейленуі арғы ата-бабаларымыздың талғам деңгейінің биіктігін байқатады. Мына аузы тар әшекейлі ыдыс - соның бір дәлелі. Бұл ыдыс Орталық Қазақстандағы Бегазы бейітінен табылған. Шамамен, біздің заманымыздан бұрынғы X - VIII ғасырларда жасалған. Шындығында ыдыстың түрі, оның безендірілуі қолөнердің сол дәуірдің өзінде жақсы дамығанын көрсетеді. ## Егіншілік Көне дәуірдегі тайпалардың егіншілікпен айналысқанын көрсететін көптеген құрал-саймандар қазақ жеріндегі ескі қоныс орындарынан табылуда. Кетпен немесе шот суармалы егіншілікпен айналысатын адамдардың құралы. Сыр өңіріндегі, жалпы, қазақ даласындағы егіншілікпен айналысудың өте ертеде басталғанына осы бұйымдар дәлел бола алады. Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілікте пайдаланған құрал-саймандарының бір түрі - шапашоттар. Бұл Жетісу өңірінен табылған шапашоттар біздің заманымыздан бұрынғы X - VIII ғасырларда пайдаланылған. Бұл құрал-саймандар ерте жасалса да сапасы өте жоғары. Шапашотты жасауға жұмсалатын металды ерекше шеберлікпен балқытып, пайдаланған. Бұл құрал-саймандар да Жетісу өңірінен табылған. Шамамен, біздің заманымыздан бұрынғы X - VIII ғасырларға жатады. Бұл дүниелер мыс қорыту және қола құю кәсібінің сол дәуірдің өзінде дамығанын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл саймандар сол дәуірде қолөнердің дамығанын байқатады. Бұл құрал-саймандарды өнер туындыларын ретінде де тануға болады. ## Дереккөздер
Қарабел — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Яснов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 242 адам (114 ер адам және 128 әйел адам) болса, 2009 жылы тұрғылықты тұрғындары болмады. ## Дереккөздер
Күйеу киімі — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі. Қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге үшырайды. Сол бетімен қыз-келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл-қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. ## Дереккөздер
Үнді европейлік мәселенің туындауына байланысты «жерлеу дәстүрі» терминінің дифнициялау мәселесі ерекше қызығушылық тудырады. Арилер б.зд. 2 мыңжылдықта Балқан түбегінен Енесейге дейін және солтүстікте орман зонасынан бастап оңтүстікте Қытайдың солтүстік территориясына дейін ұлан-ғайыр жерді мекенднген болатын. Б.з.д. 2 мыңжылдық басында климаттың өзгеруіне байланысты өмірге қолайлы жер іздеу мақсатында жаңа жерлерге көше бастады. Кейбіреулері Еуропада қоныстанса, халықтың қалған бөлігі Үндістан және Иран территориясына қоныс аударды. Арилік тайпалар б.з.д. 2 мыңжылдықта Шығыс Еуропа, Батыс Сібір және Қазақстанда ерекшеленген дәне қазіргі ғылымға теселік немесе андроновтық мәдениет негізін қалаған үндіевропейлік тілдік және мәдени-тархи тобына жататын-ды. «Жерлеу дәстүрі» ұғымын анықтау мәселесінде барлық зерттеушілердің көзқарастары бір жерден шықпады. Зерттеушілердің бір тобы дәстүрлі яғни, жерлеу дәстүрі – зираттың және зиратүсті құрылыстардың орналасу тәртібі, негізінен қаңқа сүйектің және бірге жерленген заттардың орналасу тәртібі. Келесілері, мысалы В. Я. Петрухиннің көзқарасы бойынша жерлеу дәстүрі – ол қайтыс болған адамның жақындарының мәйітті жерлеу кезінде және оңың зираты маңында жасайтын іс әрекеттері. Мүмкін, соңғыларының анықтамасы дұрыс болар, бірақ бұл жағдайда жерлеу дәстүрінің басы мен аяғын зерттеуге археология ғылымының мүмкіндігі жоқ. Жерлеудің ортаңғы бөлігінде зерттеуге ең қолайлы болып табылады, және ол бірінші анықтаманың толық мәнін ашады. Жерлеу дәстүрінің бір белгісі өздігінен қандай да бір тарихи болжам жасауға негіз бола алмайды. Тек саны жағынан жеткілікті бейіттерде кездесетін және толық зерттелген осы белгілердің жиынтығы ғана белгілі бір тарихи болжам жасауға негіз бола алады. Кей кезері мұқиат зерттелген жерлеулердің ерекшеліктері қосымша дәлелдерді қажет етеді. Себебі жерлеу дәстүрі әртүрлі уақытта және территорияда кездесетін әртүрлі ерекшеліктерің жиынтығы ретінде аз анологиялар мен нұсқалар береді. Сондықтан ежелгі жерлеулерді тарихи дерек ретінде қолнғанда осының бәрін ескеру қажет. Жерлеудің өзін ең ертелері полеолитте кездесетін мәйітті жатқызу (ингумация) және қола дәуірінде пайда болған мәйітті өрттеп жіберу деп екіге бөледі. Ежелде әртүрлі халықтардың жерлеу дәстүрлерінің әртүрлілігі соншалық, оларды бір жүйеге келтіру өте қиын болып табылады. Археологиялық материалдар бұл дәстүрлерден толық көрініс бермесе, этнографиялық материал өлген адамды соңғы жолына аудару мысалдарына өте бай болып табылады. Жерлеу тәсілдерінің классификациясын жасауға алғаш рет француз этногрофы Жорж Монтандон тырысты. Ол жерлеу тәсілдерін негізгі сегіз топқа бөлген болатын. Олар: 1) тастап кету және алқтырып кету (abandon),2) суға тастау (immersion),3) айдалаға жерлеу (surelevation),4) мәйітті көму (ensevelissement), ол мәйітті жерге көму (enterrement) және үңгірге жерлеу (inhumation),5) өрттеп жіберу (ignition),6) мумиялау (momification),7) бөлшектеу (decharhement),8) каннибализм. 2) суға тастау (immersion),3) айдалаға жерлеу (surelevation),4) мәйітті көму (ensevelissement), ол мәйітті жерге көму (enterrement) және үңгірге жерлеу (inhumation),5) өрттеп жіберу (ignition),6) мумиялау (momification),7) бөлшектеу (decharhement),8) каннибализм. 3) айдалаға жерлеу (surelevation),4) мәйітті көму (ensevelissement), ол мәйітті жерге көму (enterrement) және үңгірге жерлеу (inhumation),5) өрттеп жіберу (ignition),6) мумиялау (momification),7) бөлшектеу (decharhement),8) каннибализм. 4) мәйітті көму (ensevelissement), ол мәйітті жерге көму (enterrement) және үңгірге жерлеу (inhumation),5) өрттеп жіберу (ignition),6) мумиялау (momification),7) бөлшектеу (decharhement),8) каннибализм. 5) өрттеп жіберу (ignition),6) мумиялау (momification),7) бөлшектеу (decharhement),8) каннибализм. 6) мумиялау (momification),7) бөлшектеу (decharhement),8) каннибализм. 7) бөлшектеу (decharhement),8) каннибализм. 8) каннибализм. Белгілі бір тарихи процестің толық маңызын түсіндіру қиын. Мысалы, не себепті кей тайпалар өліктерді керілген күйінде, ал кейбіреулер бүгулі күйінде жерлейді, не себепті отырған және тұрған күйдегі мәйіттер кездеседі. Андроновтық зираттарда кездесетін барлық жерленгендер басымен батысқа және оңтүстік-батысқа бағытталған. Жерленгендердің бағыттары олардың о дүниедегі үйін мақсатында болған. Андроновтықтардың түсінігі бойынша жер кватрат немесе дөңгелек және дөңгелек ішіне салынған квадрат түрінде болғандықтан ортасында зираты бар дөңгелек оба әлем бейнесін берді. Әр көкжиектің төрт жақ бетінің өзінің құдайы бар және күннің батуына байланысты батыстың құдайы о дүние, яғни түнек пен қараңғылық құдайы деп сенді. Андроновтықтардың сену бойынша қорғанды «өлілердің үиі» деп санаған, сондықтанда жан-жағынан қоршалған көмуге арналған ор осы «үйдің» ошағын білдірген. Ингумациялау және кремациялау кезінде бірнеше уақыт өткеннен кейін зиратты топырақпен қоршап, кейін тастан дуал тұрғызып, өлілер әлемін тірілер әлемінен алшақтатқан. Тас дуалмен қоршалған зират кей кезері төртбұрышты, кей кездері дөңгелек түрінде болған. Дәстүр арқылы қоғамда қалыптасқан діни көзқарастар, рухани және мәдени құндылықтар бекітіледі. Адам және табиғат өмірін модельдейтін оның негізгі белгілері – консерванттылық, дәстүрлік және стериатиптілік. Бір қорғанда көмілген жерлеулердің арақатынасы маңызды болып табылады. Бұндай көріністер қола дәуірінің жерлеу дәстүрлерінде көп кездеседі. Бір жерде көптеген жерлеулердің кезесуі олардың бір уақытта немесе әртүрлі уақытта жерленуілерін анықтауды қажет етеді. Бірінші жағдайда негізгі мырзаның бейітін жауынгерлер «қорғау» мақсатында (немесе мырзаға құлдар «қызмет ету» мақсатында) болса, екінші жағдайда әртүрлі жеке жерленгендер тайпа басшысының бейіті маңында немесе тайпаның құрбандық шалу жеріні маңайлата орналасқан. Ерлер, әйелдер және балалардың бейіттері белгілі бір белгіленген жерде орналасқан. Бір обада орналасқан жерлеулерге қарап олардың бір тайпа мүшелері екенін білуге болады. Осыған қоса бір тайпа мүшелері екінін бейіттердің бір түзу дұрыс қатар бойында жерлеулері арқылы да анықтауға болады. Кей кездері обадағы жерлеулерді тайпа ауылдарын жоспарлаумен салыстырады. Бұндай обаларда әр түрлі уақытта жерленгендер болғандықтан олардың хронология және өзара вертикаль жатуы сияқты статиграфиялық бақылаулардың маңызы артады. Бұл жерде зираттардың құрылысы ғана емес олақжың қандай қабатта және қандай құрылыс материалы қолданғаны және т.б. маңызды болып табылады. Бұндай қазбалардың мысалы ретінде Ягодное селосы маңындағы Н. Я. Мерперт жүпргізген қазба жұмыстарын айтуға болады. В.Я. Пертрухин Ибн-Фадлан жазған орысты жерлеу тәсілдеріне және онда жасалған істерге қарап, ежелгі идеологиябелгілерінің семантикасын ашудың қызық мысалдарын ұсынған. Ең бастысы зерттеушіні тірілердің бейіт басындағы іс-әрекеттері қызықтырды. Петрухинннің бұл бақылауы дәстүрді зерттеуге маңызды тәсілдердің бірі болуы мүмкін. Сонымен қатар Г. А. Федоров-Давыдовтың өзінің асқан дәл түрде көшпелілердің жерлеудәстүрлері маңызды істердің бірі болып табылады. Көшпелілердің заттары ұқсас болса да, ол анализ жүргізу арқылы печенегтердің, түріктердің және половецтердің жерлеу дәстүрлерін ажырата білді. Қадырбаев М.К. тасмолалық қорғандардың материалдары арқылы логикалық ой қорытындылар жасаған болатын. Ол тонаушылар лақтырып тастаған ат бастарында табылған жүген қалдықтарына қарап, ұрлық жерлеуден кейін көп уақыт өтпестен бұрын болған деген ойға келді. Қадырбаев зираттардан түгел алтынның жоғалуына қарап, сол кезде мүліктік бөлінушілік қана емес, сонымен қатар жеке меншік дамыған деген қорытынды жасады.
Құсбегі әуелі ұстауға ниет еткен құстың мекенін жіті бақылап тауып,қайда шабыттап,қайда қонақтайтынын біліп алады.Тіпті құстың алып жүрген аңын байқап,әлді-әлсіздігін,алғырлығын шамалайды.Құстың ұшыунан, қанат қағысынан, шаңқылдаған дауысынан оның жасын мөлшерлейді. Осылайша аушы құс ұстауға әрекеттенген құсбегі құс ұстауға әрекеттенген құсбегі құс тіршілігіне ұзақ уақыт зерттеу жүргізеді.Мұнадайда төніректе мылтық атып, айқайлап, оғаш қимылдармен оны шошытып алмауға тырысады.Жас балапандар ата-енесімен бірге ұшып-қонып тынымсыз шаңқылдап жүреді.Ал ересек бүркіттердің екеуден жұп құрып,аң-құс қағып жүргендігі байқалады.Сонан кейін құсты қолға түсірудің тәсілін таңдайды.Ондай тәсілдерді сан алуан: арқан байлаған керегеге жабыса түсіп қия жартастағы ұядан балапан алу, тормен ұстау, тояттатып қуып ұстау, қақпамен ұстау, жемтұзақпен ұстау,су соқты болып суға малшынған құсты қуып ұстау,аң терісі арқылы ұстау,шалмалап ұстау, түз қыранмен қол бұркітті шеңгелдестіріп ұстау, шырақ жағып , жаба тоқып ұстау тәрізді толып жатқан ұстау әдістері баршылық.Ұядан балапан алу - ең көп таралған әдіс.Оның түрі де көп.Бүркіт ұясын тау шоқысы, шағыл, сырғама, құлама жартас, жыныс ормандардағы нар қарағайдың ұшар басы тәрізді адам Осындай қиядағы ұядан балапн алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұядағы балапанға жетудің қолайлы жағын сараптап алған соң, жартастағы ұяға көбіне үстіңгі жағынан түседі.Бірнеше қайыс арқандарды қабаттап жалғап алып, бір ұшын қағылған қазыққа байлап, екінші ұшын ұяға түсетін адамның беліне байлайды.Адам еңіске сырғығанда айналып, үйіріліп кетпес үшін, беліне көлденең бақан байлайды.Құз қиыр болса бір қанат кереге алып, оның бас-аяғына ағаш таңып, ұяға түсуші адамды оның үстіне отырғызып, төмен сырғытады бұл аспақтап түсіру деп аталады. Ұяға түсуші батыл,епті адам денесін тас, бұталардан сақтайтын ықшам киім,өзімен бірге балапанды бөлеп,құндақтайтын жабдықтарды ала жүреді. Жоғарыда тұрған адамдар оның беліндегі арқаның қозғалысын басқарса, етекте тұрғандар ұяның бағытын нұсқап, ұябасардың шабуылынан қорғайдыДереккөздер Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы (Алматыкітап 2007)
Сақов Өмірбай (1922 жылы Төңкеріс елдімекенінде туылып, өскен) - Ұлы Отан соғысының ардагері. ## Отбасы және балалық шағы Балалық шағын Төңкеріс елді мекенінде өткізеді. Өмірбай жасы сегізге келгенде шешесі Қойлықбай Қуанышбайқызы 1930 жылы дүниеден өтеді. 1930 жылдардағы аштықтың дәмін әбден көріп шыққан. Үш ұлдың үлкені болғандықтан, Сақов Өмірбайға жан қинарлықтай салмақ түсті. Оқу жасына келгенімен, өмір үшін күресіп жүрді. Үйден таң ата масақ теруге шығып, күн батқан кезде оралатын кездері жиі болатын. Осындай қиыншылықтармен Өмірбай бастауышты бітіріп, жеті жылдық мектепті аяқтамай кеткен. Колхоздың жұмысына шығып, 6 өгіз қосып, көктемде соқамен жер жыртып, арба айдап, тракторға су таситын. ## Соғыс жылдары 1941 жылдың 11 желтоқсанында әскерге алынып, Жамбылдағы 105-атты әскер дивизиясының 268-атқыштар полкінің 3-пулеметші эскадронында пулеметшы болды. Алғашында Атшабар базары маңындағы ескі қораларда 1942-жылдың мамырына дейін жаттығуда болды. Қазанның 27- 28- де оларды соғысқа жібереді. Бағыты Сталининград майданы болды. 6 қарашада майдан шебіне жетіп, 11 қарашада таңғы 4-те Сталинград шайқасы басталды. Өмірбай Сталинград маңындағы Сирабикин, Орловский, Тансинский, Морозовский, Белая Голитва стансалары мен Ворошиловский, Луганский, Страбельский, Красный Лиман, Константиновский Славянка елдімекендері, Чернышевская, Запорожская облысы мен Днепропетровск, Киев, Бердичев, Людский, Тобольск, Краков Братислава қаласын азат ету шайқастарына қатысқан. 2 мамырда Берлинді алды.1945 жылдың 22 шілдесінде Мәскеудегі Жеңіс шеруені қатысқан жерлесіміздің жауынгерлік есебінде немістің жойылған 11 танкісі, он жеті автомәшине, қырық автоматшысы бар. ## Медальдары Сақов Өмірбай соғыстағы ерлігі үшін * Қызыл Ту * Қызыл Жұлдыз * II дәрежелі "Отан соғысы" * екі дүркін I дәрежелі "Отан соғысы " ордендерімен * "Берлинді алғаны үшін" * "Праганы азат еткені үшін" * "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған. * Ұзақ жылғы жемісті еңбегі ескеріліп, Еңбек Қызыл ту орденімен әспеттелді. ## Соғыстаң соңғы қызметі 1946-жылдың аяғында демобилизация болып, келер жылдың басында туған жерге оралды. Соғыстан кейінгі жылдары партия ұйымының мүшесі болып сайланды. Бірінші рет Алматыдағы қалхозшылар съезіне делегат болып, 1963 жылы Мәскеудегі көрмеге қатысқан.1950 жылдың қазанында партия ұйымының хатшысы болған. Сол кезде қалхоз іріленіп, "Төңкеріс", "Красный боец", "Молотов", "Красный октябрь" қалхоздары бірігіп, "Молотов" қалхозы болып қайта құрылды. Өмірбай іріленген қалхоздың жылқы фермасының бастығы, шаруашылық біргәдірі болып қызмет етті. Кейін 18 жылдай №1 тауарлы-сүт фермасын басқарды, 10 мәрте бес жылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындап, социалистік жарыстың озаты атанды. "Бес жылдықтардың ударнигі" төсбелгілермен марапатталған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Төлеби ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Зайыбымен он перзент тәбиелеп өсірді. ## Дереккөздер
Ементоғай бөденешөбі (лат. Veronica chamaedrys) — Бақажапырақ тұқымдасына жататын бөденешөптер (лат. Veronica) туысының көпжылдық шөптес өсімдігі. Ол құрғақ шабындықтарда, бұталар арасында, орман алаңқайларында тек Қазақстан Республиканың солтүстік шетінде және Алтай таулары мен Жоңғар және Іле Алатауында өседі. Бұл көпжылдық өсімдіктің биіктігі 30-42 см-ге дейін жіңішке басқа бөдене шөптерден айырмашылығы екіден қатарласып тік, сабағын бойлай өседі. Жапырағы да үлпілдеген, дөңгеленген, жиегі тісті, сабаққа жұптаса қарама-қарсы орналасқан. Әрбір екі жұп айқаса орналасқан, олай болса олар бір-бірін көлеңкелемейді. Басқа бөдене шөптермен салыстырғанда гүлдері көрнекті. Олар едәуір қомақты, 1,5см-ге дейін, көкшіл қою жолақты әдемі түске боялған. Отырыңқы босаң гүлшоғырына жиналған, олар алыстаан көзге түседі және көп жәндіктерді өзіне тартады. Мысалы, аралар мен қоңыздар. Едәуір ашық түсті төрт қабатты сыпыртқының ортасы гүл түтігінің тереңінен бөлінетін шырынға баратын жол көрсеткіші қызметін атқарады. Қауашағы өте ұсақ, көп тұқымды. Құрғақ күндері жетілген қауашақтары жабық, ал жаңбырлы күндері су болады, ашылады. Тұқым жаңбырмен тез шайылады, және су тоспалары арқылы тарайды. Бөденшөптің жер үсті бөлігі халықтың медицинада, жараны емдеуге, терлететін, тыныс жолдары және өкпе аурулары, организмді әлдендіруге қолданады. ## Дереккөздер
Сал-серілік— қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы. Ақындық, сазгерлік, әншілік, орындаушылық, адамгершілік, мәрттік, жомарттық, пәктік, зор абырой, тағы басқа ең ізгі қасеттердың бәрі осы мұрат тұтқандардың бойынан табылған. Сал мен сері деп аталатын екі тұлғаның бір-бірінен аз да болса ерекшеліктері бар. Сал дегеніміз — аса талантты, бір өзі бір театрдың қызметін атқаратын, ерекше әрі қымбат, әсем киінген, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мүлде бөлек, дүниесін, мал-жанын осы жолда аямайтын мәрт, жомарт жан. Оның киімдері кісі таңданарлықтай басқаша үлгіде тігіледі. Сән-салтанатты басқа, ер-тұрманы да сұлу әрі сымбатты, әшекейлі. Сал — халықтың еркесі, қызығы, думаны. Сері де — сал сияқты әнші, күйші, ақын, өнерпаз. Оның киім киісі сұлі да сыпайы. Осындай өнердің сыртында ол — сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын, әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, әрі шешен, әрі шебер, қысқасы, халық сөзімен айтқанда, "сегіз қырлы, бір сырлы" аса биік тұлғалы азамат. Мысалы, атақты Сегіз сері осындай жігіт болған. Сал-серілік екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оған үлкен өнер, қазына, мол байлық керек. Олардың жүрген жері той, думан, қызық, мереке болғандықтан, ел-жұрт өздерінің серкесі, еркесі, мақтанышын шапан жауып көтермелеген. Сал-серілерді Әз- Жәнібек, Абылай хандардың өзі жоғары бағалаған, құрмет көрсеткен. Ақан сері, Біржан сал, Шерке сал, Дәурен сал, Нияз сері, Толыбай сал, Сейіткерей сері сияқты аты халық арасында мәңгі ұмытылмастай болып қалған ер-азаматтар көп болған. Сал-серілер туралы Ш.Уәлихановтың, Ә.Марғұланның, С.Мұқановтың, І.Жансүгіровтың т.б тамаша еңбектері мен шығармалары бар. ## Дереккөздер
Құмай(өсімдік) (лат. Sorghum halepense) - астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 1-1,5 м-дей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас. * Жапырақтары ұзын, диаметрі 1-3 см. * Көп гүлді сыпртқы гүлшоғырының биіктігі 60 см-дей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы - үш, аналығы - біреу. Маусым-шілде айларында гүлдейді. * Жемісі - дән. ## Таралу аймағы Құмай құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі және азықтық құндылығы жоғары. Жерорта теңізінен Үнді және Қытайға дейінгі аралықта, Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде және Солтүстік Кавказда таралған. ## Құрамы Құмай көміртекке, белокқа, амин қышқылдарына, каротинге, минералды заттарға, А провитаминіне, В тобының дәрумендеріне бай. Оның дәнінде 70-73% крахмал, 12-15% белок, 3,5-4,5% май болады. ## Емдік қасиеті Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күз айларында жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң және жүйке ауруларын емдейді. ## Шаруашылықтағы қолданысы Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ қызыл бояу және балауыз алынады.Көк шалғыны мал жайылымы, сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады.Тұқымы, жасыл шөбі құнарлы жемшөп, пішені құстарға, ауыл шаруашылығы малдарына және тоған балықтарына бағалы азық.Құмай суғармалы егістікке, мақтаға көп зиян келтіреді. ## Дереккөздер
1218 жылы жазда Отырар қаласына Шыңғыс хан жіберген 500 түйе, 450 адамнан тұратын сауда керуені келеді. Қайыр хан саудагерлердiң арасында тыңшылар бар деген күдікпен керуенді тонап, адамдарын өлтіреді. Керуен кұрамынан тек бір адам аман қалып, Отырардағы кырғын туралы Шыңғыс ханға жеткізеді. Бұл Шыңғыс ханнын Орта Азияга шапқыншылық жасауына сылтау болды . Шыңғыс ханның Мухаммед хорезмшақа кінәлі адамды ұстап берсе бейбітшілік сақталатынын айтып жіберген елшілері де өтiрiледi. Осыдан кейін екі жақта соғыска әзiрленедi.1219 жылы Шағатай мен Үгедей бірнеше түменмен Отырарды қоршауға алады. Қайыр хан ақырына дейін қоргануға бел буады. Қайыр ханның 20 мың әскерi болған, Хорезм шахы оған 50 мың әскер қосады. Отырар бес ай бойы қорғанады . Алайда бесінші айдың сонында өзінің он мың әскергмен көмекке келген Қараша-хажиб қала қақпасын моңголдарға ашып береді. Шағатай мен Үгедей оны алғашқыда жақсы қарсы алып, содан соң олардын өз билеушісіне істеген сатқындығы ушін әскермен қосып тугел өлтіреді. Қайыр хан қалған әскерімен ішкі қамалға бекітіп, тағы 6ip ай соғысады. Ақырында, моңғолдар ең сонғы жауынгері өліп, қарсы қарсыласатын қаруы да қалмаған Қайыр ханды көмейіне куміс қуйып өлтірген. Отырарды жермен-жексен етіп қиратып, халқын соңгы адамына дейін қырған. ## Дереккөздер Энциклопедия “Сен білесің бе ?”
Бес тас (шекемтас) — көбiне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. 1 — «Бірлік». Ойыншы бес тасты жерге шашады. Таңдап алынған қақпа тасты бip қолымен аспанға лақтырады да, жердегі бipeyiн көтеріп қайта қосып алады. Қалғандарын осылай бір-бірлеп көтереді. 2 — «Екілік». Бұл жолы екі тастан көтереді. 3 — «Үштiк». Үш тасты бipre бip рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді. 4 — «Төрттік». Төрт тасты бірге көтеру керек. 5 — «Алақан». Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды. 6 — «Төртбұрыш». Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш етіп жасап, оларды тез жинап алады. 7 — «Арттан тастау». Бірліктегідей бip тасты жерден көтеріп алады. Қақпа тасты лақтырып, екіншісіне көтергенше, алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды. Осылай бәрін тастап болғаннан кейін оларды түгел бipгe көтеру керек. Ойынның басқа да сатылары бар. Бестас, көбіне бip қолмен ойналады. Тастарды түсіріп алған немесе шартты орындай алмаған ойыншы келген сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады. Ойын сатылары әр жерде әр турлі болуы мүмкін. Сатылар санына шек қойылмайды. ## Дереккөздер Энциклопедия “Сен білесің бе ?”
Тұйғын — қаршыға тұқымдастарына жататын жыртқыш құстардын ішіндегі ең ұшқыр, қырағы, шалымды құс. Қазақ құсбегілері түсінің аппақ болып бітуіне орай, көбінесе, ақ тұйғын деп атайды. Оның жоны ақ, дене бiтiмi жұп-жұмыр болып келеді. Салмағы 500 — 1090 г шамасында. Тұйғынның қаршығадан түр-түсінің өзгешілігі болмаса, қанат-кұйрығының жаратылысы мен сүйек бітімінде айырмашылық шамалы. Алайда қазақ құсбегілерінің арасында қаршығадан көpi тұйғын көбірек қадірленеді. Ол қаршығаға қарағанда шалымды келеді. Егер қаршыға мен тұйғынды құсқа қатар жіберсе, қаршыға жер ортаға жеткенше, тұйғын нысана еткен құсын бip түйіп үлгереді. Тағы бip ерекшелігі — сырт тұлғасы дөңгелектеу және қаршығадан кішілеу, сүйкімділеу болады.Құсбегілер тұйғынды сырт бітіміне орай, түр-түсіне қарай өз ішінде саралап, үш түрге бөліп айтады. Тұйғыннын сырт жүні мұнтаздай таза, күмістей ақ болса, оны «ақ тұйғын» деп атайды. Жоны болмашы қоңырайып, сұрғылт тартып тұрса, «кір тұйғын» дейді. Ал жонынан бастап, бой жүніне дейін сұрғылт түс дендеген жоны коңыр көкшiл тартқан тұйғынды «құл тұйғын» дейді. Осылайша үш түрге бөліп атағанымен, бұл үшеуінің де сыртқы түсінің айырмашылығы болмаса, қырандық қарымында, сүйекбітімінде, мiнезiнде айырмашылық болмайды.
Жузік тастау — қыздар мен бозбалалар ойыны. Үйде де, далада да, көбінесе кешке қарай ойнала береді. Қатысушылар саны шектелмейді.Бірінші турі. Ойынға қатысушылар дөңгелене отырып, жаюлы алақандары- тізелерінің үстіне қояды. Апақанында сақинасы бар бастаушы ортаға шығып, әркімге: қол беріп амандасқан бола журіп, сақинаны білдірмей біреудің алақанына салып кетіп:. Қолына сақина киген кici өзін-өзі сабырлы ұстап, ешкімге білдірмеуге тырысады. Сосын бастаушы ортадағы өз орнына барып «Жузігімді бер!» деп дауыстайды. Сол сәтте: жүзігі бар кici: «Менде!» —деп үн қатып, екi жағында отырған көршілеріне ұстатпастан, шапшаң атып тұрып, ортаға жетіп баруға тиісті. Егер көршілері оны ұстай алмай қалса:. бастаушы айыпқа тартады, ал ұсталып қалса, ол айып жазасын өтейді. Барлық рәсімдер орындалып болған соң ойын одан арықарай жалғастырылады. Енді ойынды бастаушы немесе айып төлемеген ойыншы жургiзедi.Екінші түрі. Жүзікті біреудің қолына салған бастаушы күн iлгepi таңдап қойылған «тапқышты» ортаға шақырып, сақинаның кімде екенін табуын сұрайды. «Тапқыш» ойыншыларды аралай жүріп, олардын бет-әлпетіне, қимыл-әрекетіне карап, кез келген сезікті адамның алақаның ашқызуға хақылы. Егер ол жүзік иесін дәл тапса, сол кісі айып төлейді, ал шатасып қалса, «тапқыштың» өзі айып тартады. ## Дереккөздер Энциклопедия “Сен білесің бе ?”
## Ырғыз шайқасы Бұл — Хорезм шахы Мұхаммед пен Шыңғыс хан әскерлерінің арасындағы күтпеген кездесуден туындаган шайқас. Шайқас Ырғыз өзенінің бойында өткен.Шыңғыс хан Жошы мен Сүбедей баскарған әcкepiн меркіттерге қарсы аттандырган болатын. Олар 1216 жылы ерте көктемде Ырғыз бойын жайлап жатқан мер кiттерге шабуыл жасайды. Моңғолдар қашқан меркіттердің соңына түсіп келе жатып, жолда Сырдарипяның батысында (казіргі Актөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты) Ырғыз өзені бойында қыпшақтарға қарсы жорықта жүрген Мухаммед шахтың 60 мыңдық қолы мен ұшырасып қалады. Жошы елші жіберіп, шайқасқысы келмейтінін айтады. Жошының шешіміне қарамастан, хорезмшах оны соғысуға мәжбүр етеді. Сөйтіп,тұтқиылдан жолыққан мықты қолмен аянбай шайқасуына тура келеді. Шайқас устгіде Мухаммед хан қолга тусе жаздап, ұлы Жәлел-ад-Диннің epлiriнiң арқасында әзер кұтылады. Қақтығысы куні бойы журіп, кеш түсе саябырлайды. Eкi жак келісіп, соғысты ертеңгі күнге қалдырады. Жошы әскері от жағып алдаусыратып, түн караңғылығымен жасырын шығыска қарай қайтып кетеді. Осылайша, бұл шайкаста ешкім жеңбеген. ## Дереккөздер Энциклопедия “Сен білесің бе ?” ## Ырғыз шайқасы Бұл — Хорезм шахы Мұхаммед пен Шыңғыс хан әскерлерінің арасындағы күтпеген кездесуден туындаган шайқас. Шайқас Ырғыз өзенінің бойында өткен.Шыңғыс хан Жошы мен Сүбедей баскарған әcкepiн меркіттерге қарсы аттандырган болатын. Олар 1216 жылы ерте көктемде Ырғыз бойын жайлап жатқан мер кiттерге шабуыл жасайды. Моңғолдар қашқан меркіттердің соңына түсіп келе жатып, жолда Сырдарипяның батысында (казіргі Актөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты) Ырғыз өзені бойында қыпшақтарға қарсы жорықта жүрген Мухаммед шахтың 60 мыңдық қолы мен ұшырасып қалады. Жошы елші жіберіп, шайқасқысы келмейтінін айтады. Жошының шешіміне қарамастан, хорезмшах оны соғысуға мәжбүр етеді. Сөйтіп,тұтқиылдан жолыққан мықты қолмен аянбай шайқасуына тура келеді. Шайқас устгіде Мухаммед хан қолга тусе жаздап, ұлы Жәлел-ад-Диннің epлiriнiң арқасында әзер кұтылады. Қақтығысы куні бойы журіп, кеш түсе саябырлайды. Eкi жак келісіп, соғысты ертеңгі күнге қалдырады. Жошы әскері от жағып алдаусыратып, түн караңғылығымен жасырын шығыска қарай қайтып кетеді. Осылайша, бұл шайкаста ешкім жеңбеген. ## Дереккөздер Энциклопедия “Сен білесің бе ?”
Ұлбике Жанкелдіқызы (1825 жыл, Сырдария ауданы , Қызылорда облысы - 1849 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал) - қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Тал бойына алуан түрлі өнер дарыған ару. Шыққан тегі — Ұлы жүз ішіндегі Ошақты руы, Тасжүрек. ## Шығармашылығы Ұлбикенің бойындағы туа біткен ақындық дарынының ертерек ұшталуына әкесі Жанкелді мен анасы Жаңылдықтың ықпалы айрықша болған. Бұл жөнінде Ұлбикенің өзі былай дейді: Ұлбике 12—13 жасының өзінде-ақ айтар ойын ұрымтал өлеңмен жеткізіп, ұтқыр сөздері төңірегін тәнті етіп, атақ-даңқы ауыл арасынан әріге жайыла бастайды. Әке шаңырағында бұла болып өскен қыз өз ортасындағы оқу-білімді игерген, көзі қазақты жан болғанға ұқсайды. Өзінің өлеңінде былай деуіне қарағанда, бойындағы ақындық дарынды жазба мұралар арқылы да ұштаған болу керек: ## Айтылған сөз Ұлбике оң солын танып, бой жете бастаған кезде Ошақтының Есмырза деген дуалы ауыз биі әулетін бастап, Әулиеата маңына көшіп келеді. Сол кезден бастап Ұлбикенің ақындығы айрықша қарқын алып, жұрт мойындаған көшелі ақындармен айтыстың додасына түсе бастайды. Күдеріқожа, Майлықожа, Мәделіқожа, Таспақожа, Серәліқожа, Жанкент ақын сияқты, сол кездің сөз ұстағандардың талайы Ұлбикемен айтыста тауы шағылып шығады. Ұлбикенің ақындық тегеурініне, тапқырлық-шалымына жан баласы шыдамайды. Бұл жөнінде сөз асылын терген әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпеев былай дейді: Бұрынғылар домбыра ұстап, айтатұғын «Қайым білесің бе?» деуші еді. «Қайым» деп екі ақынның айтысқанын айтады екен. Сонда «Қайым» өлеңінің басын Күдері қожа мен Ұлбике айтысқан. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ, айтыс та жоқ. Бұрынғылардікі — мақал, тақпақ… Күдері қожа албырт бозбала күнінде Ұлбикемен айтысамын дегенде Күдерінің әкесі (Еркөшек қожада ақын екен, жырлап сөйлейді екен): «Бала, Ұлбикемен айысамын десең Бұхарға барып үш жыл оқып кел. Әйтпесе онымен сен айтысуға жарамайсың» — деген екен. Көпеевтің бұл дерегіне Ұлбикенің алдына қара түсірмес дүлдүл ақын екені аңғарылып қана қоймай, сонымен бірге қазақтың сөз өнерінде ақындық айтыстың негізін салушы, орнықтырушы ақын ретінде дараланады. ## Майлы қожа Ұлбике — ойы ұшқыр, өлеңі сұлу, кісілік — парасаты өрелі ақын. Бірде Майлы қожа ақын Ұлбикеге әзілдеп: «Түсімде алтын зеренге қымыз құйып отыр екенсің» — депті. Сонда Ұлбике іркілместен былай деген екен: ## Зерттеулер Ұлбике бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір тамаша үлгілерін жүрген жерлерінде маржандай шашып отырған. Солмол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені мың шумақтай өлең. Бұл жиырмаға тарта айтыстары мен санаулы ғана көңіл күй толғаулары. Ұлбикенің асыл мұрасын жинауға М-Ж. Көпеев, Ә. Диваев, В.В. Радлов сияқты әйгілі фольклор жинаушылар айрықша ыждаһатпен ден қойған. «Бұдан 120 жылдай бұрын жанды бетіне қаратпаған ақын болып, қазақтан Ұлбике деген қыз шығыпты», — деп жазады Ә. Диваев. Ұлбикенің шығармаларын В.В. Радлов Санкт-Петербург қаласында бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялады. М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жолдасбеков қатарлы білікті ғалымдар Ұлбикенің ақындығына жоғары баға берген. Ұлбикенің ғұмыры қызғалдақтай келте болған. Тәңірі шебер оны ақындық өнерпаздығына қоса, хор қызындай көрікті етіп жаратқан. Оны ақындар «аққудың жүнді үрі», «тілі шешен, жүзі көркем» деп өлеңге қосқан. Алайда «бір кім дүние» деген емес пе, Ұлбикенің күйеуі Байтан өнердің парқын білмейтін ұр да жық, қызғаншақ адам болып кездескен. Ұлбике нағыз кемеліне келіп, ақын ретінде төңірегін тәнті ете бастаған шағында тентек күйеуінің қолынан мерт болған. ## Дереккөздер
Аласа құртқашаш, (лат. Iris humilis) – құртқашаштар тұқымдасының құртқашаш тегінің көпжылдық шөптес өсімдігі. ## Таралуы Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарында (Батыс Қазақстан,Ақтөбе және Қостанай облысының бөлігінде) кездеседі. Ол астық тұқымдастар өсетін шым жерлерде, жусанды каулы далада, кейде ұсақ тасты және сортаңтопырақты өседі. Құртқашаштың бұл түрі мәдени жағдайда көптеген елдерге танымал. Мысалы Батыс Еуропада оны 1588 жылдан өсіреді. Әсіресе тамырсабақтарының бөлігі ретінде және тұқымымен жеңіл көбейетіндегі жоғары бағаланады (себілгендері мәдени түрде екі жыл гүлдейді). Аласа құртқашаш басқа түрлермен және мәдени сорттармен жылдам тұқымдасады. Ол көптеген сорттардың, туыстасы болып табылады. ## Ботаникалық сипаттамасы Жуан бұтақтанған тамырсабағымен (1-1,5 см-ге дейін) ерекшеленеді. Жыл өткен сайын жеке құртқашаштардың тамырсабағы қаулай өсіп, үлкен (көлдеңінен 70см-ге) үйме құрайды. Аракідік тамырсабақтың ортаңғы бөлігі тіршілігін жояды және иірім ортасында өркендердің тығыз сақинасымен қоршалған тақыр (жылтыр) дақ пайда болады. Вегетативті және генеративті сабақтың төменгі жағындағы жапырақ таспа тәрізді. Ені 1 см-ге жуық, ұзындығы сабағымен бірдей 10-15 cм-ден аспайдыгүлдері дара, үлкен (көлденеңі 7 см-дің айналасында) ұзын түтікті. Түрі үлкен өзгіргіштігімен, әсіресе гүлінің түрін өзгертуімен ерекшеленеді. Қою-көк, қызғылт-сия түсті, жасылдау сары, тіпті ақ түсті де болады. Құртқашаш көктемде сәуірдің соңы- мамырда гүлдейді, жемісі (үлкен ұшталған үштүрлі қауашақ), маусым- шілде айларында піседі. Тұқымы үлкен,қыртыстанған, қара-қошқыл,қауашақтан жерге түсе сала домалай жөнеледі. ## Химиялық құрамы Қысқа сабақты, құртқа тобына кіретін бұл түрдің жер үсті бөлігі және тамырсабағында күрделі заттар құралады, олардың қатарында үлы заттар да бар. Бұл улар малдың кейбір түрлеріне әсер етеді. Мысалы: шошқалар үшін өсімдік улы, қойлар үшін жақсы азық болып есептеленеді. ## Синонимдары The Plant Listтің мәліметі бойынша, Аласа құртқашаштың синонимдарына кіреді: : * Iris arenaria Waldst. & Kit. * Iris arenaria subsp. borzaeana Prodán * Iris arenaria subsp. orientalis Lavr. * Iris arenaria f. phyllospatha Borbás * Iris borzaeana (Prodán) Prodán * Iris flavissima f. orientalis Ugr. * Iris humilis subsp. arenaria (Waldst. & Kit.) Á.Löve & D.Löve * Iris humilis var. borzaeana (Prodán) Soó * Iris humilis subsp. orientalis (Ugr.) Soó * Iris humilis f. phyllospatha (Borbás) Soó * Iris pineticola Klokov * Joniris humilis (Georgi) Klatt ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Садақбоз қау (лат. Stipa capillata) – астық тұқымдасының қау туысына жататын, тек далалы ауданда ғана емес, Қазақстанның барлық жерінде, тауда және шөлде кездеседі. Өте қаулай өспегенмен,әдетте қауырсынды қауға араласа, шашырыңқы түрде кездеседі. Бірақ ұзақ уақыт мал жайылымына пайдаланылған жерлерде қаудың басқа түрлерін ығыстыра отырып, таза шілік құрайды. Бетеге боз қаудан барлық бөліктері мөлшерінің үлкендеу болатындығымен, сабағының және жапырағының қаттылығымен, ең бастысы қауырсынсыз, мейлінше жалаңаштылығымен ерекшеленеді. Екі айға кешігіп гүлдейді (шілде-тамызда). Тырса - Қазақстан даласы өсімдігінің мал азығы ретінде маңыздыларының бірі болып табылады. Бірақ, сіңімділігі жағынан қауға жол бермейді. Қаудың жаппай, қаулай өскен жерлеріне мал жаюды немесе шөп шабуды тек гүлдеу мерзіміне дейін жүргізу керек. Пісіп жетілген жеміс мал үшін қауіпті, әсіресе ұзын өсті үшкір дәндер,қойдың жүнін шатастырады, содан кейін малдың терісіне одан денесіне кіреді. Бұл ауру тіпті кейде қойдың өлуіне дейін алып барады. Кейбір жағдайларда жалпы отардың 3 пайызы зардап шегуі мүмкін.
Тыржыңқұлақ немесе Қозықұйрық (лат. Morchella) — Саңырауқұлақтардың Аскомикоцеттер бөлімінің Тыржынқұлақтар тұқымдасының тегі. ## Биологиялық сипаттамасы Тыржыңқұлақ немесе Қозықұйрық (кадімгі сморчок және конус таргідес сморчок) — ерте пісетін саңыраукұлақтар, кәдiмгici - жапырақты орманда, конус таріздес - қылканды және аралас орманда cәyip айында өседө. Бipiншiciнiңқалпақшасы жұмыртқа тәріздес, қара күрең немесе ашық күрең, ал ортасы ойықтау. Екіншісгнің басы конус тәріздес, күрең неме¬се зәйтүн ағашы тектес, тубіртегінде қатарла¬са орналаскан сызықтары бар. Сморчоктың екі турінің де қалпақшаларының төменгі шет¬тері тубіртегіне тұтасып кеткенТүсі - көбінесе қоңыр, денесі - ұсақ тесікті. ## Таралуы және экологиясы ## Турлері * Morchella angusticeps * Morchella conica (Конусты Тыржынқұлақ) * Morchella costata * Morchella crassipes * Morchella elata * Morchella esculenta * Morchella gigas * Morchella semilibera * Morchella spongiola * Morchella spongiola или dunensis * Morchella vulgaris (Кәдімгі тыржынқұлақ) ## Дереккөздер * Энциклопедия “Сен білесің бе ?” * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Тыржынқұлақ * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Тыржынқұлақ
Жирен майдажелек – астралылар тұқымдасының майдажелек туысына жататын өсімдік. Қазақстандық 32 турдің ішіндегі ең ашық түсті және тиімдісі.Шашыранқы түрде кездеседі,шілік құрмайды.Шөптесін көпжылдық бұтақтанған,қысқа,тік сабақты,биіктігі 50 см-ге дейін.Сабақ түбіндегі жапырақтар ұзын сағақты, созыңқы қандауырша,сабағындағылары жіңішкелеу,кең сағақты ең жоғарыдағылары отырынқы,гүлшоғыры осы тұқымдастың барлығына тән себет.Әдетте жалғыз,ірі,диаметрі 4 см,жапырақшалары ширатылған,көп санды,жіңішке,ұзындығына тең.Шеткі гүлдер аналық жіңішке үш қатарға орналасқан,ортаңғылары қосжынысты,түтікті.Ұш жағында бес тісшесі бар.Гүлшоғырының түсі ашық қызғылт сары.Құрақтың жаңа көгінде әдемі көрінеді.Тұқымшылары көп санды.Ұсақ жоғарғы жағында екі қатар айдарымен қамтылған,желмен тез таралады.Бағалы сәндік өсімдік. ## Өсетін жерлері Орман белдеуінің жоғарғы бөлігін және солтүстік Тянь-Шаньмен,Жоңғар-Алатауының биік тауларында кең тараған.Субальпі және альпі құрғақ шалғындықтарында,шыршалы ормандарда,төселмелі аршалар арасында өседі. ## Гүлдейтін кезеңі Майда желек маусымнан қыркүйекке дейін гүлдейді,тамыз-қыркүйекте жеміс салады. ## Өсірілуі Көптен бері мәдени турде өсіріліп келеді.Тұқыммен жақсы көбейеді.Өздігінен себіліп,қаулай өседі.
Тулкішек' (лат. Cantharellus) — саңырауқұлақтардың базидиомицеттер бөлігінің агарикомицет сабының тегі. Түлкішек тұқымдасының(Cantharellaceae) үлгілік тегі. ## Биологиялық сипаттамасы Тулкішек (лисички) қалпақшасы дөңестеу келген, шеттері бiркелкі емес. Қалпақшасы мен тубіртегінің тусі жумыртканың сарысындай. Жумсагы сары , и i с i жағымды. ## Таралуы ## Түрлері Түлкішек тегінде 60-там астам түрлері бар: * Cantharellus alboroseus|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus amethysteus|aut=(Quél.) Sacc., 1887 * Cantharellus appalachiensis|aut=R.H. Petersen, 1971 * Cantharellus atratus|aut=Corner, 1966 * Cantharellus atrolilacinus|aut=Eyssart., Buyck & Halling, 2003 * Cantharellus attenuatus|aut=Cleland, 1934 * Cantharellus aurora|aut=(Batsch) Kuyper, 1991 * Cantharellus camphoratus|aut=R.H. Petersen, 1979 * Cantharellus cascadensis|aut=Dunham, O'Dell & R. Molina, 2003 * Cantharellus cibarius|aut=Fr., 1821|Кәдімгі түлкішекCantharellus pallens|aut=Pilát, 1959 * Cantharellus pallens|aut=Pilát, 1959 * Cantharellus cinereus|aut=Pers., 1794|Сұр түлкішек * Cantharellus cinnabarinus|aut=(Schwein.) Schwein., 1832 * Cantharellus conspicuus|aut=Eyssart., Buyck & Verbeken, 2002 * Cantharellus croceifolius|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus cyanescens|aut=Buyck, 1994 * Cantharellus cyanoxanthus|aut=R. Heim ex Heinem., 1958 * Cantharellus defibulatus|aut=(Heinem.) Eyssart. & Buyck, 2001 * Cantharellus densifolius|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus elsae|aut=(G. Stev.) E. Horak, 1971 * Cantharellus eucalyptorum|aut=Ducousso, A.M. Ba et al.{?}, 2002 * Cantharellus ferruginascens|aut=P.D. Orton, 1969 * Cantharellus flavobrunneus|aut=R.H. Petersen, 1979 * Cantharellus floridulus|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus formosus|aut=Corner, 1966 * Cantharellus friesii|aut=Welw. & Curr., 1869 * Cantharellus garnierii|aut=Ducousso & Eyssart., 2004 * Cantharellus guyanensis|aut=Mont., 1854 * Cantharellus henricii|aut=Eyssart. & Buyck, 2000 * Cantharellus ianthinoxanthus|aut=(Maire) Kühner, 1947 * {{bt-latrus|Cantharellus ignicolor|aut=R.H. Petersen, 1975 * {{bt-latrus|Cantharellus insignis|aut=(Cooke) Corner, 1966 * Cantharellus isabellinus|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus lateritius|aut=(Berk.) Singer, 1949 * Cantharellus lilacinopruinatus|aut=Hermitte, Eyssart. & Poumarat, 2005 * Cantharellus lilacinus|aut=Cleland & Cheel, 1919 * {{bt-latrus|Cantharellus longisporus|aut=Heinem., 1958 * {{bt-latrus|Cantharellus luteocomus|aut=H.E. Bigelow, 1978 * {{bt-latrus|Cantharellus luteopunctatus|aut=(Beeli) Heinem., 1958 * {{bt-latrus|Cantharellus lutescens|aut=Fr., 1821 * Cantharellus melanoxeros|aut=Desm., 1830 * Cantharellus miniatescens|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus minor|aut=Peck, 1872 * Cantharellus nothofagorum|aut=G.M. Muell. & R.H. Petersen, 1992 * Cantharellus omphalinoides|aut=Corner, 1976 * Cantharellus pallidipes|aut=R.H. Petersen, 1979 * Cantharellus parviluteus|aut=Fern. Sas., Pérez-De-Greg. & Eyssart., 2004 * Cantharellus persicinus|aut=R.H. Petersen, 1986 * Cantharellus pleurotoides|aut=T.W. Henkel, Aime & S.L. Mill., 2006 * Cantharellus pseudofriesii|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus pusio|aut=Berk., 1856 * Cantharellus queletii|aut=(Ferry) Corner, 1966 * Cantharellus rhodophyllus|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus splendens|aut=Buyck, 1994 * Cantharellus subalbidus|aut=A.H. Sm. & Morse, 1947 * Cantharellus subdenticulatus|aut=Mont., 1860 * Cantharellus subincarnatus|aut=Eyssart. & Buyck, 2001 * Cantharellus subpruinosus|aut=Eyssart. & Buyck, 2000 * Cantharellus tabernensis|aut=Feib. & Cibula, 1996 * Cantharellus tenuis|aut=Heinem., 1958 * Cantharellus tomentosus|aut=Eyssart. & Buyck, 2000 * Cantharellus tubaeformis|aut=Fr., 1821 * Cantharellus umbriceps|aut=Cooke, 1879 * Cantharellus wellingtonensis|aut=McNabb, 1971 * Cantharellus xanthoscyphus|aut=R.H. Petersen, 1992 ## Дереккөздер * Энциклопедия “Сен білесің бе ?”
Сібір қандығы (лат. Erythronium sibiricum) – лалагүлдер тұқымдасының қандық туысына жататын ең бір әдемі гүлдейтін көктем флорасының өкілі. Қазақстанда таралуы Алтай тауы мен Шығыс Қазақстан облысымен шектелген. Жапырақты және қылқанжапырақты ормандарда, аласа таулардан орманның жоғарғы шекарасына дейін (теңіз деңгейінен 2400 м). Жер асты бөлігі нәзік, ақ цилиндр формалы, пиязшығы (ұзындығы 5-6 см), сабағы жұқа, биіктігі гүлмен қоса есептегенде 10-30 см шамасында. Жапырағының барлығы екіден, қарама-қарсы орналасқан, кең қандауырша пішінді, күңгірт жасыл, көптеген мрамор тәрізді күрең дақты, гүлдері дара, иілген, жапырақшалары артқа қайырылған. Аталықтары жақсы ерекшеленеді, ашық сары, ұзын тозаңдарымен. Тұманды күндері және салқын түсүден гүлсерігінің жапырақтары иіледі. Осындай жолмен тозаңды суланудан қорғайды. Қандық өсу ортасына байланысты сәуірдің соңынан шілденің басына дейін гүлдейді. Кейде ол 1 минутта 100 гүлдеген түр бір үлкен бір алқап құрады.Гүлдерінің түсі жылдам ауысып отырады – өте күңгірттен, ашық күлгін кейде таза ақ түске. Гүлдеу мерзімі аяқталған соң сабақ жапырылып қалады, жеміс (дөңгеленген қорапша) қақырайды да бір неше ондаған тұқым жерге шашылады. Тұқымды құмырсқалар таратады. Қандық ерте көктемдегі омарталық өсімдік (1 га 45 кг өнім береді) ретінде және сәндік өсімдік жоғары бағаланады. Пиязшықтары маринадталған және қайнатылған түрде жеуге жарамды. Халықтық медицинада жиі қолданылады қан аздықты, жүйке жүйелерін емдейді.
Тянь-Шань шетені (лат. Sorbus tianschanica) — раушангүлділер тұқымдасына жататын Шетен (лат. Sorbus) тегінің өсімдігі. Қазақстандағы кездесетін үш түрдің ішіндегі таудағы ең тараған өсіидіктердің бірі. Шыршалы, аршалы ормандардың құрамында Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында кездеседі. Биіктігі 5 м-ге жететін әдемі ағаш, жылтырақ, қызыл қоңыр қабықты және ірі қауырсынды жапырақты. Гүлдерінің саны көп, кең қалқан тәрізді гүлшоғырына жиналған. Желектері ақ, күлтесі ірі (диаметрі 2 см), аталықтары желектерінен едәуір қысқа. Маусымда гүлдейді, жемістері (күңгірт қызыл жидек), тамыз-қыркүйекте піседі. Құстар арқылы тасымалданады, тұқымымен жақсы көбейеді, өте жақсы сәндік өсімдік. Саяжай учаскелерін безендіруге ыңғайлы, жемістерін жеуге болады, әсірісе алғашқы суықтан соң. Әртүрлі сусындарды даярлауда қолданылады. Жемістері мен тұқымының бактерияларды өлтіретін қасиеті бар. Жемістерінің тұнбасы мен тұқымынан алынатын қою май кейбір жұқпалы ауруларды емдеуге ұсынылған.
Максимович рауғашы (лат. Rheum maximowiczii) – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстандағы тоғыз түрдің біреуі, Тянь-Шаньдағы кең тараған, әсіресе батысында. Ұсақ топырақты, тастақты беткейлерде аласа таулардан, таулардың жоғарғы белдеуіне дейінгі аралықта, кейде шілік құрай өседі. Тамырсабағы мықты, тік, сабағының биіктігі 100 см дейін жалғыздан, сирек олар екі-үштен, жуан бұтақтанған. Жапырақтары тек сабақ түбінде, қысқа жуан сағақты, ірі (60 см) дөңгеленген, бұдыр түйме тәрізді тақталы. Гүлдері ұсақ, жасылдау ақ түсті. Ұзын гүлтабанына пирамида тәрізді сыпырғы гүлшоғырына жиналған. Гүлсерігі жай алты жапырақшадан тұрады. Аталығы тоғыз, аналығы қысқа бағаналы және үш тозаңды. Рауғаш мамыр-маусымда гүлдейді, және жеміс береді. Жемістері ірі, ұзындығы 2см-ге дейін дөңгеленген күңгірт қызыл түсті, кең қанатты. Жеміс салу кезеңінде бұл түр едәуір тиімды болып көрінеді. Өсімдіктердің барлық бөлігі иілік заттар бөледі. Олар әсіресе тамырында көп, тамырының көлемі үлкен, салмағы 5 кг дейін, теріні илеу үшін және сары, күлгін-қоңыр түске бояу ушін қолданады. Жапырақ сағатарының құрамында дәрумендер бар. Тамаққа шикі күйінде пайдаланады, сондай-ақ шырын, компот, тосап түрінде. Жемісі жеуге жарамды, ботқа тәрізді күйінде.Халықтық медицинада жер асты бөлігі және жапырағының шырыны безгекті және асқазан ауруларын емдеуге қолданады.
Ұлытау- Ұлы Даладағы қазақ этносының қалыптасу тарихымен мейілінше терең байланысқан аймақ. Көшпенділер мәдениеті жайлы: «Көшпенділер өз кезеңінде дүниеге шалбар мен ертоқымды алып келді. Осы аса маңызды «өнер тапқыштық жаңалықтардың» екеүі де көшпенділер әлемінде жасалғаны ешқандай күмән тудырмайтын ақиқат. Бұл «Өнертапқыштық жаңалықтар» кез келген данышпындық секілді өте қарапайым.Тарихи түп-түбіріне үнілсек, көшпенділер бүкіл әлемдегі, жер бетіндегі адамзат атаулының бұттарын жапқызған және кезі келгенде атқа мінгізген»,-деп кесімді пікір айтқан еуразиялық қозғалыс манифистінің авторы,аса ірі гуманист-ғалым П.Н.Савицкий 1957 жылы иммиграцияда Л.Н.Гумилевке жолдаған хатында Ұлытау құдіретіне мынандай баға береді « Тарихтың кейбір кезендерінде қазақтың сулы,нулы «қоян жон» қырқаларының да (биіктігі 1500 метрге дейін және одан жоғарырақ; мысалы, Қызыларай жоталары -1559м) этностардың өсіп дамыған ордасы болғандығына ешқандай күмән жоқ. Бұл-қазіргі Қарағанды маңы. «Қоян жон» жоталар «чудтардың» құжыныған тасқа ойып салған суреттеріне толы, бұл этностың ұзақ әрі күрделі тарихи жолдар өткендігін көрсетеді.
Жасылтауылжық немесе көкторға- қауырсын жабыны жасылдау сарғыш ренді дене бітімі тығыз,жуан тұмсықты қунақ тұқымдас құс. Бөлме құстарымен әуестенушілер осы реңіне байланысты Орман Баққунақ ,деп ааған болса керек. Алайда жасылтуылжық баққунақтан кем дегенде екі есе үлкен,тұмсықтарында да айырмашылық бар. Жасылтуылжық Евуропа,Кавказ және кіші Азия ормандарында таралған. Ортп Азияның таулы ормандарында ,соның ішінде Қазақстанның оңтүстігінде оқшауланып жайғасқан.Бұл құс Тәңіртаудың солтүстік баурайын бойлай біртіңдеп шығысқа қарай таралып мекендейді.Мәселен, ол Алматыда бұдан 20 жыл бұрын пайда бола бастады,ал қазыр бұл құс кала тынымбақтары мен саябақтарының әдеттегі тұрғыны болып алды.Жасылтуылжық көктемде науырызда көріне бастайды да аталықтары бірден сайрай бастайды. Еурапалық сайрағыш құстардың жақсы білгірі проффесор Л.Б.Беме былай деп жазылған : «Жасылтауылжық сыңғырлаған әуені баурап әкететін әсемдігінен айырылған жоқ». Ол үнде таза назды ысқырық бар және құбылып шыққан әуезі өте үнді. Ұясын ағаштарға салады.Сылындыдағы 4-5 көгілдіреу ақшыл жұмыртқалары 12-14 күн басады.Балапандарды аналықпен аталық соншама уақыт ұяда жемдейді; Олар ұшып кеткеннен соң аналық пен аталық бірлесып тағы бір балапан өргізеді. Жасылтуылжық екінші ұядағы балапандар ұшқан соң топтасып жылыстайды,ал қыркүйекте олар оңтүстікке қарай ұшады. Қазанның оңтүстігінен әр жерлерден ғана қыстап қалған бірен-саран жасылтуылжықты кездестіруге болады.
Кішкене суқұзғын - суқұзғындардың ең кішкенесі. Кішкене суқұзғын үлкен суқұзғыннан тек денесінің кішілігімен ғана ерекшеленбейді, оның мойны және құйрығы үлкен суқұзғыннан ұзынырақ. Оңтүстік түрі Қазақстанда тек қана Сырдария бойында, сондай-ақ Арал және Каспий теңізінде кездеседі. Айтарлықтай қауымшыл құс емес, үлкен шоғыр түзбейді. Кейде басқа су маңы құстарының шоғырында орын тебеді. ## Ұялары Ұялары қамыстарда және ағаштарда орналасады, қамыстар мен ағаштарға қанаты және тұмсығының жәрдемімен оңай өрмелей алады. Салындыдағы 4-6 жұмыртқаларды ата-енелерібір айға жуық басады. Үлкен суқұзғындарға қарағанда бұлар жиірек және құлықты ұшады. Ұялау орындарына ерте, кейде ақпаннан-ақ ұшып келеді, бірақ өздерінің үлкен туыстарынан жай ұялауға кіріседі. Күзгі ұшып кетуі байқалмай өтеді. Қазақстанның оңтүстік бөліктерінде Сырдария аңғарында қыстайды. ## Дереккөздер <"Құстар" мектеп энциклопедиясынан/>
Отбасын құрудың құқықтық тәртібі
Айтарлықтай көрікті емес, сарықасқа ұқсас кішкене құс. Кіші міңгірліктің жоны - сұрғылт қоңыр,бауыры - ақ. Қазақстанның бүкіл жазықтығына дерлік - орманды далада, құрғақ далаға, шөлейтпен , тіпті бұталары сирек өскен шөлге децін мекендейді. Өте ширақ, ұсақ бунақденелілерді іздестіріп , бұтада үнемі орын ауыстарап жүреді, кейде соларды қуып жету үшін ұша жөнеледі. Дауысы айқабақ тәрізді "чок-чок" деп шығады. Әуені қатты емес, бірақ өзіне тән әуезді. Тостағанша тәрізді терең ұясы бұта арасына орнықтылырады. Салындыдағы 3-5 секпілді қызғылт жұмыртқаларды 11-14 күн уақыт аталықпен бірлесіп аналық қоректендіреді.Қазақстанға мамырдың басында ұшып келіп, қыркүйектің басында республика шегін толық артқа қалдырып, тамызда ұшып келеді. ## Дереккөздер <"Құстар" мектеп энциклопедиясынан/>
Сырттай қарағанда аталығындағы қызыл түстің жоқтығы болмаса, кәдімгі суықторғайдан айнымайтын құс. Жазда тек қана Алтайда кездеседі, ал қыста Қазақстанда анда-санда оңтүстігінде және оңтүстік-батысында кездесіп қалады. Толық зерттелмеген құс. ## Дереккөздер <"Құстар" мектеп энциклопедиясынан/>
Жарқұс (Tichodroma muraria)-біздің фаунамыздағы ең ашық және әдемі құстардың бірі. Бұл шағын денелі (16-19), жоны-күл түстес сұр құс. Дөңгеленген үлкен қанатының арқасында торғайдан үлкен тәрізді болып көрінеді. Қанатын қомдаған кезде жай ғана қара түсті болып байқалады, ал қанатын жазып жібергенде көзге бірден бірінші дәрежелі желпуіш қауырсыннан ашық қызыл түс пен дөңгелек ақ теңбіл көзге шалынады. Жарқұс қанатын ұзақ жазбайды, көбінесе қанатын жиі қағып, жартасты бойлай жылжиды. Міне осы әп-сәтте қызыл түстің «жалт етуі» қанаттың үнемі жазылып тұруынан гөрі назарды өзіне көп аударады.Жартасты бойлай құйрықты тірек етпей, екпіндей секіре жылжығанда жартасқа бүкіл денесімен жармасқандай, ең қиындау жерлерде көзді ашып-жұмғанша қанатын жазып үлгереді. Көбінесе 1-2 м қашықтыққа ұшып өтеді. Ұшқан кезде дөңгеленген кең қанатты алабажақ құс ірі көбелекке ұқсап кетеді. Ол бәбісек сияқты пырылдап ұшып қонады. Дегенмен кейде жарқұс қанатын кең жайып, ауаның жылы ағысын пайдалана шарықтап ұшып, ұзақ уақыт қалықтайды. Көбінесе жартас жанында сан алуан күрделі бұрылыстар жасайды.Жарқұстың ысқырған әуені әдемі, бірақ ол сирек сайрайды. Бұлар-жалпы алғанда үндемейтін құстар. Олар жіңішке, имек піскек тәрізді тұмсығымен жартас жарықтарымен әр алуан бунақденелілерді және өрмекшілерді алып жейді. Жарқұстар жартастың кең жарығына ұяларын салады. Олардың ұяларына жыртқыштар да, адам да бара алмайды. Сондықтан жарқұстың ұялау тіршілік әрекеті егжей-тегжейлі аз зерттелген. Аталықтың ұя басып жатқан аналыққа балапандарды жылытқан алғашқы күндері жем таситыны белгілі. Жұмыртқаларды басу ұзақтығы және балапандардың ұяда қанша уақыт болатыны анықталмаған.
Қызылмойын сұқсыр, (лат. Podiceps auritus)  —Сұқсырлар тәрізділер(Podicipediformes) тұқымдасының бір түрі. ## Биологиялық сипаттамасы Жемсауы, мойны және екі қапталы қызғылт сары реңді, орташа денелі құс. Тұмсығынан көз арқылы құлаққа қарай тұқыл түзетін ашық қызғылтсары жолақтар созылады, соған байланысты олар "тұқылды" құстар деп аталады, қызылмойын сұқсыр тайга зонасы мен орманды дал зонасына қоныстырып , ұялау үшін Қазақстанға солтүстіктен ғана -орманды дала зонасының суқоймаларына енеді. Бұдан басқа ол таудан қашқақтамайды , теңіз деңгеиінен - 1000м және одан жоғары Алтайдан кездеседі. Тоқтау сулы немесе суы нашар ағатын , су бетінде өсімдіктер бер шағын суқоймаларды ұнатады. Ұяларын қалқыма аралшаларда ғана емес, су жағасына да орналастырады. Салындыда-5,оқта-текте 6 жұмыртқа болады. Жас балапандар қанатына көтеріле салысымен алысқа көше бастайды. Ұшып өту кезінде біздің елдің әр түрлі бөліктерінен кездесуі мүмкін. ## Таралуы Қазақстанда өте сирек кездесетін сұқсырлардың бірі. Еуропа, Азия и Солтүстік Америкада жиі кездеседі. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер * "Құстар" мектеп энциклопедиясынан * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қызылмойын сұқсыр * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қызылмойын сұқсыр
Рахима Жұбатұрова - атақты опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі. Рахима Жұбатұрова 1943 жылы Әндіжанда (Өзбекстан) туған. Алматы консерваториясын бітіріп, 1975 жылдан бастап Абай атындағы Опера және балет театрының әншісі болған. Талантты әнші репертуарында Сараның (М.Төлебаев, "Біржан мен Сара"), Дананың (Е.Г.Брусиловский, "Ер тарғын"), Гүлбаршын мен Қамардың (Е.Рахмадиев, "Алпамыс" пен "Қамар сұлу") Татьяна мен Иолантаның (П.И. Чайковский, "Евгений Онегин" мен "Иоланта") және басқа да көптеген кейіпкерлердің әйгілі партиялары бар. Рахима Жұбатұрова өз өнерін Австрия, Германия, Польша және Югославия театрларының сахналарында көрсеткен. Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы ISBN 9965-26-407-4
Дене мөлшері және реңі бойынша сұр қазға салыстыруға болатын құс. Сұр қаздан айырмашылығы - қырманқаздаң реңі едәуір қошқыл, әсіресе оны басынан және мойнынан байқауға болады.Бауырында ешқашан қара теңбілдер болмайды. Дегенмен оның ерекшелігі тұмсығында , тұмсығының түбі мен ұшы - қара, ортасы қызыл-сары болып келеді.Қырманқаз тундрада және тайгада ұялайды. Алтайдың таулы көлдерінде өмір сүруі мүмкін деген болжам бар, алайда оған нақтылы дәлел жоқ. Көктемде - наурыз-сәуірде, ал күзді - қазан-қарашада ұшып өтеді. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде аздаған мөлшерде үнемі қыстайды. ## Дереккөздер <"Құстар" мектеп энциклопедиясынан />
Бұл кішкене сұлыкеш, басы-қара, мойнында жалпақ ақ қарғысы болады. Ол батыста Алтайға дейін, Сібірде қоныстанады, ал Моңғолия және Қытайда қыстайды. Қазаұстанда Алтайда, республиканың шығыс шекарасымен бірге Бұқтырма және Қарақоба бастауларында аздаған мөлшерде ұялайды. ## Дереккөздер <"ҚҰСТАР" мектеп энциклопедиясынан/>
Дала қарақасы - қарақас тұқымдастығындағы кішірек шалшықшы. Шалшықшыларға сай емес, ерекше қысқа аяқтарына байланысты, отырған кезде жерде жатқан сияқты болып көрінеді. Бірақ ұшқанда қарлығашты еске түсіреді. Үшкір ұзын қанаттары, айыр құйрығы, қысқа жалпақ тұмсығындағы кең ауыз қиысы - осының бәрі жәндіктерді ұшып жүріп ұстауына икемделген. Қарлығаштар секілді қарақастар да ұзақ уақыт ауада биік қалықтап ұшады, көбіне түтас үйір болып қалықтайды. Ұяларын жерге салады, жұптар бір-бірінен шамалы қашықтықта орналасады, 2-3 шұбар жұмыртқаларын кезектесіп басып шығарып, балапандарын бірге ертіп жүреді. Қазақстанда 4 ай болады (мамырдың басынан қыркүйектің ортасына дейін). Қыстау үшін Оңтүстік Африкаға ұшып кетеді. Жәндіктермен қоректенетін пайдалы құс, шегірткені өте көп жейді. Өкінішке орай соңғы жылдары дала қарақасының саны барлық жерде азайып барады, сондықтан Халықаралық Табиғат Қорғау одағының ерекше тізіміне енгізілді.
Дала сұржыланы - Қазақстанда барлық жерде кездеседі, әсіресе далалы аймақтарында кеңінен таралған. Қуаң далаларда өзен аңғарлары мен саз және көл жағалауларын мекендейді. Жылына 7-8 ай белсенді (қысқы ұйқы - қарашадан наурызға дейін). Жазда ымырт пен түнде өте белсенді, жылдың басқа уақытында күндіз белсенді. Көптеген басқа жыландардан айырмашылығы - жұмыртқа салмайды, ұрпағы өзінің ішінде жетіледі. Аналығы алты өсімге дейін береді. Ұсақ кеміргіштер, құстар және басқа ұсақ жануарлармен, сонымен қатар жәндіктермен де қоректенеді. Жемтігін уы арқылы өлтіреді. Сұржыланның уы жыртқыштар мен ірі жануарлардан қорғану қызметін атқарады. Өте кең таралған, мал шаруашылығына зиянын тигізеді. Әсіресе ірі қара малдар мен жылқыларды, көбіне ернінен шағады. У миға және басқа да маңызды орталықтарға тез жетеді. Сұржыланның шаққан уы - адам өмірі үшін де қауіпті, дегенмен өлім қатері аз. Сұржыланның шағуынан сақтану үшін - басып кетпеу немесе басқадай жолмен мазаламау керек. Егер шақса, жарадан тезірек уды алып тастап, дәрігерге көріне қажет. Сұржылан уы медицинада вакцина жасау үшін қолданылады.
## Боз арамқұлақ Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады. ## Дереккөздер Энциклопедия “Сен білесің бе ?”Үлгі:Саңырауқұлақтар ## Боз арамқұлақ Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады. ## Дереккөздер Энциклопедия “Сен білесің бе ?”Үлгі:Саңырауқұлақтар
Гималайдан Қиыр Шығысқа дейін таралған құс. Ташкент өңірімен шекаралас Қазақстанның оңтүстігінен бір-ақ рет кездескен. ## Дереккөздер <"ҚҰСТАР" мектеп энциклопедиясынан/>
Сексеуіл торғай - Қазақстанды мекендейтін 5 торғайдың ішіндегі ең сирегі және әдемісі (қалған төртеуі: үй торғайы, қылаң торғай, қаратөс торғай және түз торғайлары). Бұл Қазақстанда Қызылқұм мен Оңтүстік Балқаш маңы шөлдерін мекендейді. Сексеуілді орман, тораңғы тоғайлары мен шөлде орналасқан елді мекендерде тіршілік етеді. Үй торғайының пішінімен бірдей (салмағы 24-28 г), ашық түсті бояуымен, ал ересек аталығы - басының екі шетіндегі жалпақ сарғыш қызыл жолағымен ерекшеленеді. Сазды шақыру үні - түз жау торғайынының үніне ұқсас. Сонымен қатар, бүкіл шымшықтарға тән шырылдаған дыбыстар шығарады. Құс ойнағы да шымшықтардыкі. Жәндіктермен және дәнмен қоректенеді. Тораңғы мен сексеуіл қуыстарында ұялайды, қыстақтар мен қоралардың шатырына да қоныстанады. 5-7 шұбар жұмыртқаларын салады. Ұядағы тіршілігі зерттелмеген. Бір жазда екі рет ұялауы мүмкін. Қазақстанда наурыздан қарашаға кездеседі, оңтүстіктің қиыр шетінде жекелеген құстар қыста кездесіп қалады. Орталық және Орта Азия шөлінің бұл тұрғыны Қазақстанда Қызылқұм және Оңтүстік Балқаш маңында қоныстанады. Сексеуілді ормандарда, тораңғылы тоғайларда, шөл өзендерінің жайылмаларында өмір сүреді. Шөл ортасында орналасқан елді мекендерден де алшақтау кетпейді. Ол мұнда зираттарға, ұя салуға көп мүмкіндік келтіретін сазды және тасты құрылыстарға айқын ұмтылады. Сірә, қыста Қазақстан шегінен орын ауыстыратын болса керек, солай болғанмен де сексеуіл торғайдың ұялау орындарында, мысалы Іле өзенінің атырауында қыста да сирек кездесетіні мәлім. Торғайларға тән сан алуан дыбыс шығарады, оның әуезді шақыру үні жауторғайдың дауысын еске түсіреді. Сексеуіл торғайдың жауторғаймен ортақтастығы өте көп. Жеке жұп түзіп өмір сүреді. Ұялары бір жұп пен екіншісінің аралығында 50 м қашықтықта орналасады, құстардың қайтуы кезінде ғана үйір-үйір боылп кездеседі. Ұяларды аталық пен аналық бірлесіп салады. Салындыда 3-7 теңбілді жұмыртқалар болады. Олардың жұмыртқа басуы және балапандарын қоректендіруі туралы Қазақстанда егжей-тегжейлі деректер айқындалмаған. Бұл құс орталықазиялық мекендеуші ретінде орнитологиялық туристер үшін үлкен қызығушылық көрсетеді.
Қазақбай балуан XX ғасырдың бас кезінде Алтай аймағында өмір сүрген. Оның "қажы" атануы жөнінде әңгіме бар. 1900 жылдары жетпістен асқан Шәукебай қажылыққа бармақшы болған. Халық Шәукеге "жасыңыз болса келіп қалды, сонау Меккеге қалай жетесіз?" дегенде, "жанымда Қазақбай жүрсе, еш қауіп-қатер жоқ" деп жауап беріпті. Сөйтіп жиырма шақты адам қажылыққа аттанды. Қазақбайдың ол кезде он алтыға толып, ел арасында танылған кезі. Көшке ілесе алмай қалған түйені мойнына салып көтеріп, жылқының кісендерін бытырлатып үзгені, тағаларды алақанға салып, бір қысқанда сындырғаны дүйім елге тарап үлгерген болатын. Қажылыққа баратындар керуенге ілесіп, сан алуан елдерді, сусыз шөлдерді басып, қиыншылықпен жетеді екен. Жолшыбай керуенбасы: "Жақын арада суық суы, саялы ағаштары бар бұлаққа жетеміз. Сол арадан тынығатын жер таңдаңдар.", - дейді.Біраздан соң сары құмның арасынан жап-жасыл кілемдей ағаштың басы мұнартып көрінеді. Қазақбай жүгіріп барып, бұлаққа жақын шынар ағашының астына алашасын жаяды да, кері кетеді. Адамдарын ертіп келсе, жаңағы жерге отыз шақты адам үлкен қалың кілем төсеп отырып алыпты. "Бұл біздің орын еді, мен белгілеп, алашамды жайып кеткенмін" деген Қазақбайға әлгілер "өй, Самарқанның сары кілемі тұрғанда, қазақтың алашасына не жоқ?!" деп орындарынан қозғалмапты. Ашуланған Қазақбай кілемнің шетінен қос қолдап ұстап сілкігенде, әлгі отыз шақты адам үйме-жүйме болып бірінің үстіне бірі құлап, ойран-топыры шығыпты. Кілемдерін алуға мұршалары да келмей қаша жөнеліпті. Дереккөз:"Сен білесің бе?" энциклопедиясы ISBN 9965-26-407-4
Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын. Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі берілген көше және ескерткіштер бар. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды.Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіруде. ## Дереккөздер
Шөл шақшақайы - Қазақстан шөлінде кездесетін 7 (кәдімгі шақшақай, биші шақшақай, қасқа шақшақай, испан шақшақайы, қарамойын шақшақай, қара шақшақай және шөл шақшақайы) шақшақайдың бірі. Атына сәйкес тек шөлде ұялайды. Каспий маңынан ЗАйсан шұңқырына дейін кездеседі. Қазақстанда наурыздан қазанға дейін болады. Азияның оңтүстігі мен Африкада қыстайды. Бұл кішілеу қызғылт құстың құйрығының жартысынан көбі қара түске боялған, ал аталықтарының кеудесі мен құрсағыашық, тамағы қара түсті.Қылықтары шақшақайдыкі, бірақ әні қысқалау. Жай, әрі нәзік "тилили" деген дыбыс шығарады. Ұясын інде емес, қысқа бойлы бұталардың, көбіне сортаң өсімдіктердің арасына, жердегі шұңқырларға салады. 4-6 сирек қоңыр теңбілді ашық көгілдір жұмыртқаларын аналығы екі аптада басып шығарады, осынша уақыт ұясында қоректендіреді. Жазда екі рет балапан басып шығарады.
Жалтырауық жармасқы (лат. Teratoscincus scincus) – бұл өзгеше түнгі кесіртке, тек құмды мекендейді. Қазақстандағы ерекше жармасқы тұқымдасының 6 түрінің бірі. Бұл кесірткенің сыртқы пішіні қызық: қысқа және толықша денесінің ұзындығы 11 см, үлкен бұрышты басында күндізгі жарыққа үйренбеген үлкен көздері бар. Түнде жарықтың түсу бұрышына байланысты көздері біресе суық жасыл түспен, біресе ашық қызыл рубин түспен жанады. Жалтырауық жармасқысының санын есептеу әдісі осыған негізделген, осы уақытта есепшінің көзіне керемет көрініс: ыстық шөл түндеріндегі қара түнекте шексіз көп суық сәуле өрмекшілер мен басқа түнгі омыртқасыздар арасынан жекеленген ашық қызыл рубиндер көрінеді. Бұл түнгң жануардың терісі өте нәзік, байқамайтиіп кестеге. ## Дереккөздер
Қызылмойын сұқсыр, (лат. Podiceps auritus)  —Сұқсырлар тәрізділер(Podicipediformes) тұқымдасының бір түрі. ## Биологиялық сипаттамасы Жемсауы, мойны және екі қапталы қызғылт сары реңді, орташа денелі құс. Тұмсығынан көз арқылы құлаққа қарай тұқыл түзетін ашық қызғылтсары жолақтар созылады, соған байланысты олар "тұқылды" құстар деп аталады, қызылмойын сұқсыр тайга зонасы мен орманды дал зонасына қоныстырып , ұялау үшін Қазақстанға солтүстіктен ғана -орманды дала зонасының суқоймаларына енеді. Бұдан басқа ол таудан қашқақтамайды , теңіз деңгеиінен - 1000м және одан жоғары Алтайдан кездеседі. Тоқтау сулы немесе суы нашар ағатын , су бетінде өсімдіктер бер шағын суқоймаларды ұнатады. Ұяларын қалқыма аралшаларда ғана емес, су жағасына да орналастырады. Салындыда-5,оқта-текте 6 жұмыртқа болады. Жас балапандар қанатына көтеріле салысымен алысқа көше бастайды. Ұшып өту кезінде біздің елдің әр түрлі бөліктерінен кездесуі мүмкін. ## Таралуы Қазақстанда өте сирек кездесетін сұқсырлардың бірі. Еуропа, Азия и Солтүстік Америкада жиі кездеседі. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер * "Құстар" мектеп энциклопедиясынан * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қызылмойын сұқсыр * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қызылмойын сұқсыр
Ауылдық округ — Қазақстандағы үшінші деңгейлі ауылшаруашылық жеріндегі ең кіші әкімшілік бірлік. ## Ауылдық округтердің облыстар бойынша саны ### Атаулар статистикасы 2022 жыл бойынша ӘАНК (КАТО) тізіміне сәйкес Қазақстандағы ең кең таралған ауылдық округ атаулары. Жалғасы: ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * [1] Мұрағатталған 26 ақпанның 2014 жылы.
Батбат кесіртке (лат. Phrynocephalus mystaceus) – ешкіемерлер тұқымдасындағы жұмырбасты кесірткелер туысының бір түрі. Каспий теңізі мен Алакөл арасындағы шөлді аймақтарда тіршілік етеді. Қазақстанда 2 түр тармағы бар. Денесінің ұзындығы 20 см-дей, салмағы 43 г-ға дейін, терісінің қабыршақтары ұсақ, бүртікті келеді. Басы жалпақ, жұмыр. Артқа қарай ширатылған құйрығы түбінен ұшына қарай жіңішке, ұшы қара түсті болады. Түсі тұтастай ашық сұрғылт, бауыры ақшыл түсті, алқымында қара жолағы, ал екі езуінде ұсақ шашақты үлкен терілі қатпары бар. Ізіне түсіп қуғанда денесінің екі бүйіріне ырғала қозғалып, тез арада «құмға сіңіп» кететіндіктен, «батбат кесіртке» деп аталған. Жауынан қорғанғанда не қауіп төнгенде терілі қатпары қатты керіліп, құлаққа ұқсайды, сондықтан оны «құлақты кесіртке» деп те атайды. Наурыз – қазан айларының аралығында күндіз көзге түседі. Жылына 2 рет 2 – 4 жұмыртқа салып, көбейеді. Өрмекшілермен, өсімдік жапырақтарымен қоректенеді. Кейбір зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. ТМД кеңістігінде 7 түрі белгілі. Теңбіл батбат кесіртке Түркімен Қарақұмының оңтүстігінде, ТМД фаунасы эндемигі, Өзбекстанда таралған, кентаун батбат кесіртке КСРО Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * The Reptile Database  (ағыл.) * Ресейдің омыртқалылары Мұрағатталған 5 тамыздың 2017 жылы.
Коши-Буняковский теңсіздігі немесе Коши — Буняковсий — Шварц теңсіздігі — квадратымен интегралданатын f(x) және g(x) функциялары үшін орындалатын, В.Я. Буняковский дәлелдеген теңсіздік: {\displaystyle [\int \limits _{a}^{b}f(x)g(x)\mathrm {d} x]^{2}\leqslant \int \limits _{a}^{b}f^{2}(x)\mathrm {d} x]^{2}\int \limits _{f}^{b}g^{2}(x)\mathrm {d} x]^{2}} {\displaystyle [\int \limits _{a}^{b}f(x)g(x)\mathrm {d} x]^{2}\leqslant \int \limits _{a}^{b}f^{2}(x)\mathrm {d} x]^{2}\int \limits _{f}^{b}g^{2}(x)\mathrm {d} x]^{2}} Бұл теңсіздік алгебралық теңсіздігіне ұқсас: {\displaystyle (a_{1}b_{1}+a_{2}b_{2}+...+a_{n}b_{n})^{2}\leqslant (a_{1}^{2}+a_{2}^{2}+...+a_{n}^{2})(b_{1}^{2}+b_{2}^{2}+...+b_{n}^{2})}. {\displaystyle (a_{1}b_{1}+a_{2}b_{2}+...+a_{n}b_{n})^{2}\leqslant (a_{1}^{2}+a_{2}^{2}+...+a_{n}^{2})(b_{1}^{2}+b_{2}^{2}+...+b_{n}^{2})}. Мұны француз математигі О.Коши (1789 – 1857) дәлелдеген (1821). Егер ak және bk қатарлары жинақталатын қатарлар болса, онда ak және bk шексіз тізбектері үшін де Коши теңсіздігі дұрыс болып есептеледі. Коши теңсіздігінің интегралдық түрін орыс математигі В.Я. Буняковский (1804 – 1889) көрсеткен (1859), ал оны неміс математигі Л.Гельдер (1859 – 1937) жалпылап бердіБуняковский теңсіздігі кейде Шварц теңсіздігі деп те атайды (Г.А. Шварцтың аты бойынша). ## Дереккөздер
Саркодалылар класы (лат. Sarcomastigophora)- ең қарапайым жануарлар. ## Негізгі сипаттамасы Бұларға 10000-ға жуық түрлер жатады; олар негізінен теңіздерде, тұщы суларда және топырақта кездеседі. Олардың цитоплазмасы жіктелмеген, бір немесе бірнеше ядролары болады. Дене пішіні тұрақсыз, қозғалу органоидтары болып жалған аяқтары саналады. Жалған аяқтары қозғалумен қатар жемтікті қармау қызметін де атқарады. Ауыз қуысы болмайды, жасушаға заттардың енуі және жасушадан заттардың сыртқа шығарылуы денесінің кез келген жері арқылы жүзеге асады. Жиырылғыш вакуолядары біреу. Көбеюі негізінде жыныссыз жолмен жасушаның екіге бөлінуі арқылы жүреді. Бұл класстың өкілдерінің ішінен бір отряд өкілдерінің маңызы белгілі, Ол амебалар отряды. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004
Қарақоңыз қорықшасы – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қарақоңыз шатқалында орналасқан мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықша. 1971 жылы Қордай ауданы мемлекеттік орман қоры жерінде құрылған. Жер аумағы 3,1 мың га. ## Флорасы Қорықшада өсімдіктердің 500-ден астам түрлері кездеседі. Оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Кавказ таудағаны, Кәдімгі пісте, недзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшәласасыр, жуа, рауғаш, қызғылт радиола, қызғалдақтар мен жанаргүлдердің көптеген түрлері, т.б. өсімдіктер бар. Қорықша аумағында ағаш егу тек санитарлық түрде жүргізіледі. Басқа пайдалану түрлері, сонымен бірге жайылым, шабындық қатаң белгіленген мөлшерде жүргізіледі. ## Дереккөздер
Айналғыш мақтанторғайлар (лат. Scotocerca) - Торғайтәрізділер сабының сайрағыш құстар ұлы тұқымдасының Сандуғаштар тұқымдастарға жататын 8 тегінің бірі. Айналғыш мақтанторғай туыстас құстар ұсақ сандуғаштарға ұқсас, бірақ құйрығының ұшы кертеш емес. Шөлде мекендейді. Қазіргі заманда тектің бір ғана түрі танымал - айналғыш мақтанторғай. ## Дереккөздер
Тақыр батбаты - орташа пішінді кесіртке (денесінің ұзындығы 6 см), жалпақ жапырылған денесі сыртынан әр түрлі кедір-бұдырлы қабыршақпен қапталған, арқасы сұр немесе қоңыр сұр түсті, көлденең қоңыр дақтары бар. Мойнының екі шетіндегі бір-бірден қызыл дағы ақшыл-көгілдір түспен көмкерілген. Құрсақ жағы ақ, тек құйрығының төменгі жағы қызыл түсті. Тақыр, сортаң, балшықты, тастақты және басқа әртүрлі тығыз топырақты шөлдерде және шөлейттерде кең таралған. Қысқы ұйқыдан наурызда шығып, қазанда қайта ұйқыға кетеді.Күндіз белсенді. Ашық ыстық күндері аз қашықтыққа өте қатты жүгіреді, тіпті үрейлі кезінің өзінде 10-20 метрден кейін тығылады. Тақыр жерде көзден лезде жоқ болады. Бұлтты күндері немесе таңертең ерте салқын болғанда, олар өте аз қозғалады, сөйтіп кез-келген жыртқышқа жем болады. Таңертең және кешке белсенді. Ұсақ омытрқасыз жануарлармен және саршаяндармен қоректенеді. Аналығы мамырдың ортасынан маусымның аяғына дейін бірнеше рет жұмыртқа салады.
Сарышаян немесе Қыршаян (лат. Scorpiones) – өрмекшітәрізділер класына жататын жәндіктер отряды. Сарышаяндардың 1750-ге тарта түрі белгілі, олардың ішіндегі 50-дей түрі улы болып саналады. Қазақстанда 2 түрі: Кавказ және шұбар сарышаян тіршілік етеді. Сарышаянның ірі түрлерінің дене тұрқы 20 сантиметрге дейін жетеді (Pandinus imperator), майдалары - 13 мм болады. Денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Құрсақ бөлігі бунақталған болады: алдыңғы бөлігі жуантық, соңғы бөлігі жіңішкеріп, құйрық тәрізді созылыңқы келеді. Қалқанмен қапталған баскөкірегінде екі жұп ортаңғы үлкен көз және 5 жұп ұсақ қаптал көздері болады. Құрсақ бөлігінің ең соңғы буындағы екі жұп улы бездің өзекшесі үшкір шаншарға ашылады. Қыршаян құйрығын қатты сермеп, улы шаншарымен жемін өлтіреді, одан мал жіне адам ауыр сырқаттанады, кейде тіпті өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан қыршаяннан сақтану қажет. Қыршаянның ауыз бөлігінде кішірек қысқышты күйісаяқ және үлкен қысқышты тұтқыаяқтар болады, ол солар арқылы қорегін аулап, ұстап жейді. Қыршаяндар өкпе арқылы тыныс алады, тірілей балалайды, жас қыршаяндар анасының денесінде жабысып жүреді. Қыршаяндар ауа райы жылы және ыстық елдерде , сондай-ақ ылғалды орманда да, құмды шөл далада, кез келген жерлерде тіршілік ете алады.Саны көп. Сарышаянның түрі елдің бәріне таныс. Бұл - аяқтарында үлкен қысқыштары бар, құйрығы тік көтерілген, оның ұшында бүгілген іспегі бар ұзыншақ буынаяқты. Денесінің ұзындығы 20 см. Сарышаяндар туралы аңыздар мен қияли ертегілерде құйрығындағы улы іспегімен қорқытады. Сарышаянның шағуы - шабуылы немесе қорғанысы. Тірі жемтікпен қоректенеді, егер ірі де белсенді жәндікті ұстаса, алдымен улы іспегімен жансыздандырады. Әдетте жәндіктерді, ұсақ сүтқоректілерді және құстарды сарышаян уы өлтіреді, бірақ адамның өлгені туралы мәлімет өте аз. Бұлардың құрғақ шөлді аймақтан кездестіруге болады. Ымырт пен түнде белсенді. Бірнеше жыл өмір сүреді. ## Жетісу (Алматы облысы) Сарышаян - Жетісу өлкесінің шөлдерінің қарапайым тұрғыны, улы жыртқыш. Оның өлшемдері 4 см-ге дейін жетеді, түнгі өмір салтын жүргізеді және оттың жарығына қонаққа келуі мүмкін . ## Дереккөздер
Саз құладыны - біздің сулы-сазды жерлеріміздегі ең көп таралған қанатты жыртқыш. Бұл - дене пішіні орташа (қанатының құлашы 140 см), басы мен иығы ақ түсті, жыртқыш келбетті құс. Кескініне сай келмейтін, шиқылдаған дауысы бар. Саз құладынын қамыс арасы мен жығанақтардан жер бауырлай ұшып, жемтігін іздеп жүргенін жиі көруге болады. Жемтігін тапқан бойда, қанаттарын арқасына жиіп, тас түйіндей төмен құлайды. Ол күшті ұзын аяқтарымен өзінен үлкен жемтігін ұстап тұра алады. Қазақстанның барлық жеріндегі қамысы қалың өскен су қоймаларында тіршілік етеді. Ұяларын қамыстың кептелген жері мен ну өскен жеріне, кейде су үстіне салады. 3-6, көбіне 4-5 сирек теңбілді жасыл жұмыртқаларын аналығы басып шығарады. Ал аталығы ұя салынған аймағын қорғап, аналығына жем тасиды. Балапандары 40 күннен кейін ұшады, бірақ ұзақ уақыт ата-анасының қамқорлығында болады. Бұлар әртүрлі жануартектес - ұсақ торғайлар мен ірі үйректер, сонымен қатар сарышұнақтар, ондатр, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, тіпті жәндіктермен де қоректенеді. Наурыздың ортасында ұшып келеді, қыркүйекте ұшып кетеді.
Үлкен суқұзғыны - ірі (ұзындығы - 1 метрдей, салмағы 2-2,5 кг) ақшыл беті мен ілмектәрізді тұмсығы бар қара түсті құс. Төрт саусағы да жүзу жарғағымен байланысқан, сондықтан жақсы жүзеді, сүңгиді. Бірқазандармен туыс. Жас суқұзғынының денесінің төменгі жағы - ақшыл күңгірт. Қазақстанның барлық жерінен кездестіруге болады, тек солтүстік бөлігінде аз ұялайды және сирек кездеседі. Кез-келген балығы көп су қоймаларында тіршілік етеді. Үйірлі құс, ұясын әртүрлі жерге салады: қамысты жерге, жоғарғы жағы тереңдетілген сазды мұнаралар, қамыстың кептелген жерінде, тіпті ағашқа да ұя салады. Көбіне бірқазан, жалбағай, құтандармен бірігіп, топ құрайды. Ағаштағы топтарында, әсіресе балапандары қанаттарымен, мойнымен, құйрығымен көмектесіп, бұта-бұтаға оңай шығады. 3-5 жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп, бір ай бойы басады. Балапандарын жемсауында жартылай қорытылған балықпен қоректендіреді. Ересектері кейде күніне 2 кг балыққа дейін жейді. Ұясын тастаған балапандары топқа қосылып, қорегі көп су қоймаларына қоныс аударады. Наурызда ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді. Біразын қыста Сырдариядан да кездестіруге болады.
Виталий Леонидович Метте (5 қаңтар 1947— 4 шілде 2003), Қоғам қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі (1997-2003). ## Өмірбаяны Метте Виталий Леонидович Зырян ауданының Козлушки ауылында дүниеге келген. * 1970 жылы Севостополь жоғары-әскери инженерлі училищесін үздік тәмамдап, Су асты кемелеріне ядролы энергетикалық құрылғы орнату мамандығы бойынша әскери инженер-механик дипломын алып шығады. * Аспапшы, ауысым шебері, аға инженер-технолог, Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) цех басшысы (1974-1989); * ҮМЗ директоры, бас директоры(1989-1994); орынбасар (1994-1995), ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары (1995-1996); «Айвидон интернэшинел» фирмасының вице-президенті (1996 – 1997) қызметтерін атқарады. * ҚР ғылым мен техника бойынша Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін қатар алып жүреді. * 1997 жыл наурыз айынан Семей облысын, кейін мамыр айынан, яғни Семей мен ШҚО біріккен соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды (1997-2003). * Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі. * Гандболдан спорт шебері * Өзін меценат ретінде ұсынып, көптеген мұражай жобаларына қаржылай көмек көрсеткен. Өскемен қаласындағы Андрей Первозванныйдың шіркеуін салуға тікелей араласқан. * 2004 жылы наурыз айында Виталий Леонидович 20 жыл бойы (1974-1994) қажырлы еңбек еткен ҮМЗ уран өндірісі ғимаратына мемориалды ескерткіш тақта орнатылды. ## Қызметтері 2003 жылдың наурызынан өмірінің соңына дейін «Қазақстан инжиниринг ҰК» ААҚ отандық әскери-өнеркәсіптік холдингінің президенті болды. Ғылым мен техникадан металлургиялық негіз жасап, аса өткізгіш металдардың өнеркәсіптік өндірісін құрғаны үшін Ресей Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атанды. Қазақстан өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Одағының Президенті. Техника ғылымдарының кандидаты. Қазақстан ақша құятын жері мен Ұлттық валютаның қалыптасуына да біршама үлес қосқан. ## Марапаттар * КСРО ҰШЖК (ВДНХ) Күміс медалі, * РФ Мемлекеттік сыйлығы, * «Құрмет» ордені. * 2000 жылы мәдениет пен өнер саласында әкімнің сыйлығы ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2. Облыс әкімі Парасат орденінің иегері [Мәтін] : [Республикада сіңірген еңбегң үшін Шығыс Қазақстандықтарды марапаттау туралы ] // Дидар. - 1999. - 21желтоқсанТоқпатаев У. Тұрақтылыққа бастаған жол [Мәтін] : [Халқының құрметіне бөленген Виталий Леонидович Метте елу бес жасқа толып отыр. Шығыс Қазақстан облысын басқарудағы атқарған игі істері туралы] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2002. – 2 қаңтар.- Б.1
Қарабас шағала (лат. Larus melanocephalus) - Татреңтәрізділер отрядына жататын Шағалалар тұқымдасының құсы, көл шағалаға ұқсас орташа денелі (қанатының алымы - 1 метрге жуық) шағала. Көл шағаладан айырмашылығы қарабас шағаланың басы қошқыл қоңыр емес, көмірдей қара, одан басқа ересек жасануында қанат жиегінде қара жолақ болмайды. ## Мекен ортасы Бұл құс Жерорта теңізі, Азия және Қара теңіздердің жағалауларында қоныстанады. Қазақстанда тек қана Солтүстік Каспий маңындағы Еділ және Жайық өзен аралына, сондай-ақ Маңғышлақ түбегіне ұшып келгені мәлім. ## Тариxы Қарабас шағаланың әр түрлі үлескілерге таралу аймағында бірсыпыра айырмашылықтар болғандықтан, ғалымдар арасында оны жүйелеуде көптеген пікірлер туындады. Мамандар соңғы онжылдықта Солтүстік полюс айналасында таралған түрлі бірқатар дұрыс ажыратылмаған түрлерді бөлшектеп бөлді. Сондықтан XIX және XX ғасырларда біздің республика сипатталған құсты, қазір қарабасшағала деп атайды. ## Дереккөздер
1992 жылы мамырдың 7-сі күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Осы кезден бастап бұл күн «Отан қорғау күні» болып аталып жүр. Қазіргі таңда республикамыздың көршілес мемлекеттермен өзара тəжірибе алмасып, бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік туған.1995 жылы ынтымақтастық операцияларына қатысу мақсатымен Орта азия батальоны (Ортаазбат) құрылды. Мемлекетіміздің Қарулы күштері өз еліміздің тыныштығын қорғап қана қоймай, бейбітшілік үшін күреседі. ## Дереккөздер «Сен білесін бе?» энциклопедиясы. Автор: Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т.
Бозтаев Кешірім Бозтайұлы (1933–1999) — қоғам және мемлекет қайраткері, Семей облысының бұрынғы бірінші хатшысы. ## Өмірбаяны Кешірім Бозтаев 1933 жылдың 25 шілдесінде бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылында дүниеге келген, Найман тайпасының Қаракерей руының Сыбан бөлімінен шыққан. Кешірім Бозтаев Шығыс Қазақстан және Семей облыстары өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосты. 1989 жылы 20 ақпанда СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. Горбачевтің атына шифрограмма жолдап, Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың тоқтатылуын талап еткен тұңғыш азамат. КСРО әскери - өнеркәсіптік кешенінің қарсылығына қарамастан, полигонды жабу жолында 1991 жылға дейін үздіксіз күрес жүргізді. Өзі Қазақстан Компартиясы Семей обкомының бірінші хатшысы бола отырып, 80 – жылдардың соңында құрылған «Семей – Невада» қозғалысына қолдау көрсетті. КСРО Қорғаныс министрлігінен ядролық сынақтардың радиациялық салдарлары туралы материалдарды жариялауын және бұл ақпараттарды Қазақстанға беруін, Семей полигонының маңайында орналасқан елді мекендерге қаржылық көмек көрсетілуін, тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсартылуын, сондай-ақ өнердегі радиоэкологиялық жағдай мен тұрғындардың денсаулығын тексеретін комиссияның құрылуын талап етті. ## Қызметтері Кешірім Бозтаев Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау» туралы Заңының, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен тұрғындарды медициналық оңалту бағдарламасының авторы.1996 жылы Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлерімен бірге Халықаралық «Полигон – 29 тамыз» қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. 2002 жылы бұл қор БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінде консультативтік статусқа ие болды. ## Марапаттамалары К. Бозтаев үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, көптеген Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. 1997 жылдан Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу академиясының (Мәскеу) толық академик – мүшесі, «Экология» халықтық академиясының академигі, Семей мемлекеттік медициналық академиясының Құрметті профессоры, Семей қаласының Құрметті азаматы. Материалды Абай атындағы Семей әмбебап кітапханасы ұсынған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2. Қабышұлы Ғ. Ақиқат - анық айтылса ғана ақиқат // Қазақ әдебиеті. - 2011. – 10 б. 3. Пигаваев В. Есімі еске алуға әбден лайық // Егемен Қазақстан. - 2011. - 2 б. 4. Сейсенұлы Д. Полигон кімге зардап...: К.Бозтаевтың"Қайнар синдромы" атты кітабы туралы // Егемен Қазақстан. - 1995. 5. Сәрсеке М. Шығыс елі риза саған, Кешірім // Семей таңы. - 2009. - 20 тамыз. - 4 б.; Семей таңы. - 2009.; – 4 б.
Қызылқасқа сутартар - кептердің дене пішініндей (салмағы 300 г), құйрығының екі шетінде ақ қауырсындары бар, қара түсті су құсы. Бұл суда құйрығын тік көтеріп жазып ұстайды, сондықтан құйрығының ақ жақтары жақсы көрінеді. Маңдайындағы есте қаларлықтай қызыл белгісі қызыл тұмсығымен байланысқан. Қазақстанның оңтүсіндегі суаттарда, Жайықта, Орталық Қазақстанның кейбір көлдерінде қамысты тоғайларда тіршілік етеді. Жеке жұп болып, жиі жүзіп жүретін ұя салады. Жылына екі рет балапан шығарады. Бірінші рет 6-11, екіншісінде 2-6 теңбілді тотық түсті жұмыртқаларын салады. Аналығы бірінші шыққан балапандары өз беттерінше болмай жатып, екінші ретті жұмыртқасын басуға отырады. Ал балапандарымен олармен аталықтары айналысады. Өсімдік үстіндегі жәндіктерді шоқып жейді. Қызылқасқа сутартар Қазақстанда сәуірдің соңынан қазанның соңына дейін болады.
Айналғыш мақтанторғай (лат. Scotocerca inquieta) - Торғайтәрізділер сабының Сандуғаштар тұқымдасының Айналғыш мақтанторғайлар тегінің құсы. Бұрын лат. Cisticolidae тұқымдасына жатқызған. ## Таралуы Айналғыш мақтанторғайдың табиғи ареалы - Ауғанстан, Алжир, Мысыр, Иран, Израиль, Иордания, Ливан, Ливия, Мавритания, Морокко, Оман, Пакистан, Ресей, Сауд Аравиясы, Сирия, Тәжікстан, Тунис, Түрікменстан, Біріккен Араб Эмираттары, Өзбекстан және Йемен. Қазақстанда Қызылқұм шөлі үстіртпен Маңқыстау шекарасындағы құмды аймақтардан ұялары табылған. ## Сипаттамасы Бұл - ашық сұр түсті кішкентай құс (салмағы небәрі 9-10 г). Басында ұзыншақ қара теңбілдері бар және едәуір ұзын құйрығын үңгірек сияқты жоғары тік көтеріп, үнемі қозғалтып отырады. Уақытының көбін бұта арасында өткізеді, келесі бұтаға төмен ұшып барады. Дауысы - нәзік созылыңқы ысқырықтан шиқылға ұласады. Бұлар ешқашан жеке жүрмейді, тек топ болып тіршілік етеді. Негізінде жәндіктермен, жылдың суық кезінде өсімдік дәндерімен қоректенеді. Ұясы бұталарда,ішіне қалың қауырсын төселген науада 6-9 жұмыртқасын аналығы басып шығарады. Балапандарын 14 күн ұяда, осынша күн ұшқаннан кейін, екеуі асырайды. Жазда екі рет балапан ұшырады. Тіршілігі толық зерттелмеген. ## Дереккөздер
Бағзы замандарда Ұлы Даланы мекендеуші көшпелілер Көк Құдайы – Тəңірге сенген. Осыған орай, олардың ұстанған діні «тəңіршілдік» деп аталған.Тəңір – дүниедегі жан иелерін жаратушы, тіршілік лебін үрлеуші Бас Құдай. Бірақ ол пайда болғанға дейін ғаламды бұлдыраған тұман, буырқанған мұхит басып жатқан. Бабаларымыз – ежелгі түркілердің мифтерінде əлем осы мұхиттан жаратылған делінген. Ол былай суреттеледі: «... Баяғыда көк те, жер де болмаған, тек бір ғана шетсіз-шексіз мұхит болған. Күндердің бір күнінде мұхиттың ортасында Ақ Жарық көрініп, одан нұр шашқан алтын жұмыртқа шыққан. Оның ішінде күллі əлемнің болашақ түп атасы – Тəңір жаралған.Тəңір өте ұзақ, миллиондаған жылдар бойы ұйықтады. Ақыры, бір күні оянды да, жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шықты. Жұмыртқаның үстіңгі жағынан Көкті жаратты, ал төменгі бөлігінен Жерді жасады. Көк Жерге құлап кетіп, жер жүзінде тағы да аласапыран орнамас үшін Тəңір олардың арасына темір қазық қойды. Ол Аспан таяғы – Темірқазық жұлдызы. Тəңір Темірқазыққа Көк жүзін айналып жүретін аспан арғымақтарын – жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды байлап тастады». ## Дереккөздер «Сен білесін бе?» энциклопедиясы. Автор: Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т.
Ертеде біздің жерімізде еркіндік сүйгіш сақтар өмір сүрген. Шамамен екі жарым мың жыл бұрын құдіретті парсы патшасы Кир оларды бағындыруды ойлайды. Оның əскерінің тегеурініне ешкім төтеп бере алмайтын. Кирдің жеңімпаздығы туралы дақпырт əлемді шарлап кеткен. Алайда сақтарды бағындырамын деген ойы іске аспай, керісінше, бүкіл əлемге масқарасы шығады. Оқиға былай болған екен. Кир жақсы қаруланған əскерін сақ-массагеттерді бағындыруға аттандырады. Сақ-массагеттердің падишасы ер жүрек Томирис еді. Кир оған елшісін жіберіп «Маған тұрмысқа шықсын» деген ұсыныс жасайды. Патшайым Кирдің ойы өзінде емес, патшалықты иелену екенін түсініп, оң қабақ танытпайды. Ол Кир əскерінің өзеннің арғы бетінде – шекарада тұрғанын білгендіктен, елші жіберіп, кері қайтуын ұсынады. Алайда парсылар өзеннен өтіп, массагеттердің тобына жауыздықпен шабуыл жасайды. Олар Томиристің ұлы Спаргаписті тұтқынға алады. Патшайым тағы да Кирден жерінен кетіп, Спаргаписті азат етуді талап етеді. Бірақ Кир шабуылын жалғастыра береді. Осы кезде бұғаудан құтылған Спаргапис өзіне қол жұмсайды. Ызаға булыққан Томирис Кир əскерін толық талқандайды. Осы шайқаста парсы патшасы Кир өліп, оның 200 мың жауынгері жер жастанады. Патшайым Томирис «Іздегенің қан еді, ал іш, ендеше!» деп оның басын қан толтырылған меске батырады.Парсылар сақтардың еркіндік үшін өз өмірін қиюға əзір екенін түсініп, басқыншылық жорықтарын тоқтатады. ## Дереккөздер «Сен білесін бе?» энциклопедиясы. Автор: Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т.
От – Ұмай Тəңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен ризығын бейнелейтін құдірет (ежелгі түркілер солай деп санаған). От түркілерде (баяғы заманда да, қазірде) əулие ретінде қастерленіп, қасиет тұтылған.От-Ана құдайы Ұмай Тəңір-Ананың табанынан жаралған. Оның əкесі – құрыш, шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От-Ананың желеп-жебеуімен болады.Мифке сəйкес, отты ағаштан бірінші болып шығарған Надулуша пайғамбар. Отқа түкіруге, қоздап жанып жатқан шоқты басуға, ошақтағы отты өшіруге болмайды.Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде əйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетін сипаған...Соғыс кезінде жауынгерлер халқының алдында адал болуға ант беру рəсімін өткізу үшін екі жерге от жағып, жас сарбаздарды «екі оттың» ортасынан өткізіп, қаруларын сүйгізген.Басқа бір елдің елшісін дала əміршісіне (қағанға, ханға немесе сұлтанға) кіргізбес бұрын оны да екі оттың ортасынан өткізіп, отпен аластайды. Аластау рəсімінен кейін ондай адам жамандық жасай алмайды деп саналған. Егер елші жанып жатқан екі алаудың ортасынан өтуге қарсылық етіп қасарысса, онда оның сынақтан өтпегені. Мұндай жағдайда арам ниетті адам деп танып, оны өлтіріп жіберуі де əбден мүмкін. ХІІІ ғасырда орыс князі Михаил Алтын Орда əміршісі Бату ханның ордасына кірер алдында аластау рəсімін орындаудан бас тартып, сол үшін өлімге кесілген.
Ислам дінінде рамазан айында мұсылмандар жан амандығына шүкірлік ретінде мешітке барып пітір-садақа береді. Пітір-садақа жан басына қарай есептеледі. Садақа айт намазына дейін беріліп бітуі керек. Оның мөлшері жыл сайын бір килограмм бидайдың құнына байланысты өзгеріп отырады. Пітір-садақа, негізінен, ақшалай, кейде заттай да берілуі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пітір садақа-сәһу сәждесі сияқты, яғни сәһу сәжде намаздың жаңылысқан жеріне каффарат болса, пітір садақа тұтқан оразаның кемшіліктерінің өтеуі» -дейді. ## Дереккөздер «Сен білесін бе?» энциклопедиясы. Автор: Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т.
Үлкен қарқылдақ - біздегі қарқылдақтардың ішіндегі ең ірісі, қанаттарының құлашы 111 см, ал салмағы өзен қарқылдағынан 6-7 есе ауыр. Сырт пішіні өзен қарқылдағына ұқсас, бірақ тұмсығы және аяқтары қара түсті. Қазақстанның оңтүстігінде тіршілік етеді, бірақ барлық жерден кездестіруге болады. Көбіне тұзды көлдерде ұялайды. Өте шоғырланып тіршілік ететін құс, ірі топтар болып ұялайды. Айғайшы, шабуылшы, кез-келген дұшпанына шабуыл жасайды. Ұясы - қарапайым сопақша шұңқыр, 1-3 шұбар жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп, 3 аптада басып шығарады. Шыққаннан кейін екі күннен соң, балапандары суға кетеді, бір айдан кейін ұшады. Қазақстанда сәуірдің соңынан қыркүйекке дейін болады.
Сақина Ғабулкаюмқызы Ахметова (10.3.1930 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992). Алматы педагогика шет тілдер институтының ағылшын тілі факультетін бітірген (1952). Семей педагогика институтының оқытушысы (1952–1957), Мәскеудің облысының педагогика институтының аспиранты (1957–59) болды. Алматы педагогика шет тілдер институтында оқытушы (1959–1986), Қазақ ұлттық техника университетінде шет тілдері кафедрасының меңгерушісі (986–1996) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан проф. «Ағылшын артиклінің синтактикасы мен прагматикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ## Дереккөздер
Қара қарқылдақ - дене пішіні кіші қарқылдақтан үлкен, ал өзен қарқылдағынан кіші (салмағы 60-80 г), құйрық үсті ақ, қалған жері қара түсті. Қазақстанда кең таралған, тек тау мен сусыз шөлде кездеспейді. Жаға өсімдігі жақсы жетілген тоқтау және баяу ағатын су қоймаларында қоныстанған. Бұл туыс өкілдерінің сазды жерге құмарлығынан, оларды "сазды қарқылдақтар" деп те атайды. Бұлар су жәндіктерімен, олардың дернәсілдерімен, шаянтәрізділермен және басқа да омыртқасыздармен қоректенеді. Көбіне басқа су маңы құстарымен бірге топ болып ұялайды.Ұяларын аралдарда және жағаларда кездестіруге болады. Көбіне 3 жұмыртқа салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп, 2 аптада басып шығарады. Балапандары 20-25 күнде ұшады. Сәуірдің соңында кеш ұшып келеді, қыркүйектің басында ұшып кетеді.
Оюластырып кестелеу Оюластырып кестелеу немесе оюластырып жапсыру- маталарды бөлек-бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бұлар бірыңғай матаға(барқыт, шұға, т.б.) біртұтас мазмұндағы бірнеше ою-өрнектердің жиынтығынан, үйлескен тұтас желісін жасау негізінде тігіледі. Бір матаның бетіне екінші матадан қиылған фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіліп сәнделеді. Көбінесі торлау әдісін қолданады. Кестенің бұл түрі шапшаң орындалады, нәтижесінде кестелейтін бұйымымыздың бетінде әдемі бедерлі өрнек пайда болып, көздің жауын алады. Кесте тігер алдында қиылып алынған өрнекті мата бетіне көктеп алып шеттерін бүгіп кестелеуге болады немесе салынатын өрнекті маталарға арналған желімдермен үтіктеп бекітіп алады. Матаның созылмайтын тығыз тоқылған түрін таңдаған дұрыс. ## Дереккөздер 1. "Қолөнер"