text
stringlengths 3
252k
|
---|
## Өзен жүйелері және өзен алаптары
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.Қазақстан өзендері
### Ұзындығы 1000 км
### Ұзындығы 500 км
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
## Өзен жүйесінің ерекшелігі
Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті (эрозиясы) баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.
Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің (торының) жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км2-ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0,5 км-ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жетісу Алатауы және ТяньШань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км2-де 4-6 км-ге, таудың орта бөлігінде 10-12 км-ге, биік тауларда 16-18 км-ге дейін жетеді.
## Өзен суының шығыны және жылдық ағыны
Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр (м3/сек) есебімен өлшенеді.
Қазақстанның ең мол сулы өзені Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 880 м3/сек, Сырдарияда 703 м3/сек. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды. Мысалы, Ертістің жылдық ағыны 28 млрд м3. Су ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынының мөлшері 59 км3.
Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды негізінен анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы суының коры болып есептеледі. Жаңбыр түгелге жуық топырақтың жоғарғы бетін ылғалдандыруға және буландыруға жұмсалады. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты. Өзендердің жылдық ағынына жер бедері де әсерін тигізеді, ол таулы өзендердің басты факторларының бірі болып табылады. Абсолюттік биіктік артқан сайын жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері молая түседі. Қазақстанның солтүстігінде ылғалдану коэффициенті бірдің маңында, сондықтан ағын да көбірек және өзендердің суы да молырақ. Оңтүстікте ылғалдану коэффициенті бірден төмен, ағын мөлшері де аз.
Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км2-ге келетін мөлшері 20 000 м3. Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Түрікменстаннан ғана алда. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Қыс айларында жазықтағы өзендер жылдық ағынның 1%-ын береді. Адам баласы бөген салып, өзен ағындарын реттеп отырады. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыста да, жазда да біркелкі пайдаланылады. Бөгендер қолдан жер суландыруға, электр қуатын өндіруге, т.б. жағдайларға қолайлы. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең ірілері Бұқтырма мен Қапшағай бөгендері.
## Өзендердің қоректенуі мен режимі
Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен коректенеді.
Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген кардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен коректенеді. Негізінен кар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді (жылдық ағынның 85-95%-ы). Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері — Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98%-ы көктемгі қысқа уакытта ағып өтеді.Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.
Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Бұған Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері (Ертіс) көктемнің 2-жартысы мен жазда тасиды. Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзенінің су тасуы ұзаққа созылады.
Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.
Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды карашаның аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде 190 см, оңтүстік өзендерінде 110 см болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы катып жатады. Сәуірдің басында оңтүстіктің екінші жартысында солтүстік өзендерінің мұзы ери бастайды.
Биік тау өзендерінің мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен коректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады.
Қазақстанның өзендері жылма-жыл шайылған тау жыныстарын ағызып әкетіп отырады. Өзендер табанын тереңдетіп, бүйірлерін құлатып, ірілі-ұсақты тастарды домалатып ағады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендердің ағысы баяу болады. Қатты материалдарды аз тасымалдайды. Мұндай өзендердің лайлылығы 50-100 г/м3, ал төменгі ағыстарында 200 г/м3. Борпылдақ жыныстарды көп ағызып әкелетін Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м3) келеді. Тау өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Оның мөлшері Іледе 650 г/м3, Шудың төменгі ағысында 900 г/м3, Сырдарияда 1200 г/м3.
## Ең ұзын өзендер
## Дереккөздер

## Дереккөздер |
Фильм аты: Ұлжан
Шыққан жылы: 2013
Жанр: Телехикая, Сериал, Мелодрама
Рөлдерде: Таңсұлу Мұзафар, Сырым Қашқабаев
Суреттеме: "Ұлжан" - қарапайым қазақ отбасындағы хикаяны баяндайтын, сюжеті шынайы оқиға мен қазақи драма орайластыра баяндалатын туынды болмақ. Бас кейіпкер - тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіпкер аталған қазақтың келіншегі. Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар алып жүріп, балаларын тәрбиелеген, туған-туыстың арасындағы беделін де ойлаған ананың образы. Бұл - бүгінгі қоғамда әйелдің алатын орны туралы шынайы өмірден алынған оқиғаларға толы хикая.
## Дереккөздер
1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17 |
«Санжар мен Қайсар» — балаларға арналған қазақстандық телехикая.
## Рөлдерде
Есболған Нұрдаулет — Қайсар
Жұмабай Абылай — Санжар
Жазылбекова Аружан — Аружан
Тинбаев Жанат — Қайсар мен Санжардың әкесі
Қажынәбиева Баян — Қайсар мен Санжардың шешесі
Әкімов Дінмұхамед — кафе иесі
## Суреттеме
Санжар – оқымысты, білімдар болса, Қайсар – топ бастайтын мінезді бала. Екеуін ортақтастыратын қасиет – жаңалыққа құштарлығы. Ағайындылар әр бөлім сайын қызықты және таңғажайып оқиғаларға тап болады. Олар бірде Айдаһардың тілін тапса, бірде «Алтын киімді адамның» жоғалған жәдігеріне кез болады. Бірде қалың орманда адасып жол тапса, бірде өзгеғаламшарлықтардың сырын аша жаздайды. Олар өз қателіктерінен әрдайым лайықты қорытынды шығарып, көрерменге ой салады.
## Дереккөздер |
Фильм аты: Олимп шыңы
Шыққан жылы: 2013
Жанр: Сериал, Драма, Телехикая
Рөлдерде: Аян Өтепберген, Сергей Селишев, Филипп Волошин, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Александр Винокуров
Суреттеме: «Олимп шыңы» - Олимпиада чемпиондарының өмірі мен жеңіске жетер жолын суреттейді. Телехикаяға спорт әлемінің қызығы мен шыжығы, достық, бапкер мен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, отбасы негіз болған. Үлкен спортқа ашылған жол мен елден ерек болу, жеңістің, жеңілістің дәмі –көрермендерінің арасынан болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге ой салады. Бас кейіпкерлер – үш достың прототипі - Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Серік Сәпиев және Илья Ильин.
## Дереккөздер
1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17 |
Фильм аты: Тағдыр телехикаясы
Шыққан жылы: 2013
Жанр: Сериал, драма
Рөлдерде: Алдабек Шалбаев, Шәмшәгүл Мендиярова, Жәнел Мақажанова
Суреттеме: Адам өміріндегі маңызды сезім – ол махаббат. Біреуге бақыт сыйласа, енді біреудің басына қайғы үйіреді, біреуді үміттендіріп күттірсе, енді біреуге ешқашан оралмайды. Міне, біздің кейіпкерлеріміздің тағдырын әлекке салатын уақиға осындай. Бұл уақиға 1992 жылдан бастау алады. Қалихан – ауданның өте беделді, бай адамы, оның әйелі Шолпан туыттан қайтыс болады, аман қалған қыздары Жұлдыз. Оны емізіп, сүт анасы атанған Шәрипаның да күйеуі қайтыс болған. Ол Шолпанды құтқара алмай қалған дәрігер еді. Оның қалай қаза болғаны белгісіз. Қыздары Айдана, Жұлдызбен жасты. Шәрипа мен Айдана енді Қалиханның үйінде тұрады, оларды Қалиханның анасы Зейнеп, көмекшісі Жаназар отбасымен жылы қабылдаған.
## Дереккөздер
1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17 |
Фильм аты: Қыз жүрегі
Шыққан жылы: 2013
Жанр: Драма
Рөлдерде: Айнұр Сұлтанова, Кәрім Нұрхан, Нұргүл Шманова, Нұргүл Қайырлиева, Әміржан Нұрланұлы.
Суреттеме: Әсем – Атырау облысының Индер ауданына қарасты Есбол селосының тумасы. Алтын ұя мектеппен қоштасып ерте тұрмыс құрған ауыл қызының бейнеті. Арманы мен үміті жыл аяғында қалың жұртшылыққа ұсынылмақшы. Аталған фильмді түсіру идеясы өлкенің жас режиссері Еркебұлан Нұрханұлына тиесілі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17 |
Фильм аты: Өмір өткелдері
Шыққан жылы: 2013
Жанр: Драма, Сериал, Телехикая, Комедия
Рөлдерде: Ербол Идрисов, Жания Джуринская, Рахман Омар, Асылбек Боранбай, Омар Кикимов, Дария Жүсип, Мерей Маханов
Суреттеме: Анасынан жастайынан айырылған өжет қыз амалсыздан кәсіпкер әкесінің дүкеніне түнеп шығады. Санаулы күнге демалуға келген Айсұлу әкесінің ауыр жағдайын көріп, оның қасында қалуға шешім қабылдайды. Туған еліне бес жылдан кейін оралған қыз бизнес пен өмірде әкесінің жан достарының сатқындық жасағанына көзі жетеді. Енді оның өмірлік мақсаты - өнер мен музыка емес, осы бір қиын жағдайда әкесінің бизнесімен бірге оның абыройы мен намысын да құтқарып қалу болады. «Қазақстан» Ұлттық арнасының арнайы тапсырысымен түсірілген «Өмір өткелдері» телехикаясының қоюшы режиссері - Нарын Ерлан. Фильмнің қоюшы операторы Хасан Қыдыралиев, композиторы Қуат Шілдебаев. Рөлдерде танымал өнер жұлдыздары Рахман Омаров, Асылбек Боранбай, Дария Жүсіппен қатар, Ербол Ыдырысов, Омар Қиқымов, Жанат Тінбаев, Мерей Маханов, Ғани Құраш т.б актерлар ойнайды.
## Дереккөздер
1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17 |
Көк тарландары телехикаясы - 2013 жылы MG Production кинокомпаниясы мен режиссер Ержан Рүстембеков түсірген әскери-патриоттық бағыттағы Қазақстан телехикаясы.
Басты рөлдерде: Байғали Есеналиев, Мұрат Ахманов, Мерей Маханов, Мақсұр Серіков, Жалын Тілеубергенов, Олжас Жақыпбек.
* Телехикаяны түсірген «Махаббат тәлкегі», «Қош бол Гүлсары» (режиссердің көмекшісі), «Ана жүрегі», т.б. туындыларымен белгілі болған қазақ режиссері – Ержан Рүстембеков.
## Сюжеті
Телехикая сюжеті Қазақстан әскері қатарындағы әуе десанттарының жауынгерлік өмірі негізінде өрбиді. Отан үшін жанқиярлық іске басын тігетін ел перзенттерінің күш-жігері мен өр рухына негізделген кинотуынды тәрбиелік сипатқа толы.
Актер, әнші Жалын Тілеуберген «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында былай деді:
«Алғашқыда кастингке барған кезде режиссерлер маған туындының мақсаты - жастардың әскерге бару құлшынысы төмендеп кетуіне байланысты, осындай телехикая түсірілетінін айтты. Себебі, шынымен де жастардың дені оқу, жұмыс деп жүріп, түбі әскерге бармай қалады.
Кейін телехикая түсіріліп, эфирге шыққан соң, әскери бөлімде қызмет ететін бір ағамыз, қазіргі жастардың әскерге барғысы келетінін, көк тарландары болғысы келетінін айтты. Осыны естігенде біздің аз ғана еңбегіміз осынша әсер еткені мені қатты қуантты»
«Телехикаяға түсу барысында мен 4 ай әскер қатарында жүргендей болдым. Екі маусымның түсірілімі 4 айға созылды. Өзім әскерге бармасам да, әскери өмірдің қыр-сырына біраз қанықтым. Басында қиын болып көрінгенімен, уақыт өте үйренесің, кейін белгілі бір тәртіпке бағыну, бірдей киіну деген ұнай бастайды»
Телехикая туралы режиссер Ернар Мәліков былай дейді:
«Көк тарландары» Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілді. Алғашында 16 бөлімге тапсырыс берілген. Бірінші сезонды бітіргеннен кейін көрермендер жылы қабылдап, сұранысқа ие болған соң, «Қазақстан» телеарнасының басшылығы Нұржан Жалауқызы екінші маусымына тапсырыс берді. Жалпы жиынтығы 25 бөлімнен тұратын телехикая. Бізге тапсырыс берушілер тақырыпты ғана ұсынды. Сосын біз эпизодтық жоспарды жасағанан кейін телеарнаның шығармашылық кеңес ұжымы оқып шықты, идеяларын қосып, алатынын алып, өздері тарапынан бекітіп берді. Фильм түсіруді жауапкершілігімізге алғандықтан «MG production» кинокомпаниясының атына сөз келмеу үшін барлық жағдайларды жасауға тырыстық.
Телехикаяның негізгі тақырыбы патриотизм, жастарды отансүйгіштікке баулу, оларды әскер қатарына тарту. Фильм арқылы жас ұрпақтың бойында Отанын сүю, елін, жерін қорғауға деген патриоттық сезімдері ояту біздің мақсатымыз. Осы фильмнен соң десанттық әскерге барам деуші жігіттердің қатары күрт көбейгендігін Қорғаныс министрлігі тарапынан естіп қуанып жатырмыз.
Фильмде төрт-бес образ алдық. Ауыл баласы, қалталы байдың баласы, білімге жаны құмар оқымысты жігіт және сауыққұмар бозбала. Сондай–ақ, Айнұр есімді қыздың образы арқылы әскерге қыздарды тартуды да көздедік. Әрине, әрбір кинода конфликт болуы шарт. Ұжым болған соң жұмыс бабымен түрлі түсініспеушіліктер болары сөзсіз. Сондай-ақ, коммедиялық сюжеттер де кинода көп."
## Саундтректері
## Дереккөздер
*
## Сілтемелер
* Бүгін – «Көк тарландары» эфирге шығады Қазақстан Ұлттық Телеарнасының сайты, 29 сәуір 2015 ж.
* https://qazaqstan.tv/news/97493/
* "Көк тарландары" телехикаясы, Youtube-тағы 1 бөлімі
* Көк тарландары телехикаясы туралы мақала.2013 жыл 3 тамыз |
Фильм аты: Азапқа толы қыз ғұмыры
Шыққан жылы: 2010
Жанр: Драма, Сериал
Рөлдерде: Ботагоз Касымбекова, Зауре Айдарбекова, Жунис Алимбеков, Фаиза Коненова, Талгат Шайхиев
Суреттеме: Таразда тағы бір фильм түсірілді. Шымқаладағы «Ақ отау» газетінің бас редакторы Нұрсұлу Өтемісованың сценарийі желісімен «Азапқа толы қыз ғұмыры» атты екі сериялы көркем фильм көрермендерге жол тартты. Режиссері - М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті көпсалалы колледжінің актерлік шеберлік және сахна қозғалысы факультетінің аға оқытушысы Дүйсебай Еркебаев. Кинода Айша есімді жас қыздың тағдыры, пешенесіне жазылған сыйы баяндалады. Оның бала кезін ТарМУ көпсалалы колледжінің студенті Ботагөз Қасымбекова, бойжеткен кезін «Болашақ» колледжінің білімгері Зәуре Айдарбекова сомдады. Режиссер жас, мылқау қыздың өмірін баяндай отырып, қоғамдағы ащы шындықты жеткізуге тырысқан. Айшаның өгей әкесі Нұржан (Мәдениет қайраткері, Жамбыл облыстық театрының актері Жүніс Әлімбеков) арқылы қоғамдық трагедия көрсетіледі. Кезінде қалталы болған азамат кейін құмар ойынға әуестеніп, соңында ішкілікке салынады. Бұл бүгінгі күні қоғамның айықпас дертіне айналған құбылыс. Жүніс Әлімбековтің актерлік шеберлігінің арқасында Нұржан есімді кесапат кейіпкерді сан қырынан көресіз.
## Дереккөздер
1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17 |
Хафса бинт Сирин – табиин ғалым Мұхаммед ибн Сириннің қарындасы. Ол сенімді хадис жеткізуші, сонымен қатар, исламның фикх және басқа салаларын жақсы меңгерген болатын. Хафса он екі жасында Құранда толықтай жаттап алады. Мұхаммед ибн Сирин өзінің дін саласындағы білімі кемел болмағандықтан, онымен жиі ақылдасып отырған. Хафса хижраның 100 жылынан кейін қайтыс болады. Ол туралы әртүрлі хадис кітаптарында айтылып отырады.
## Дереккөздер
1. Дүниежүзі тарихы энциклопедиясы,126бет.
2. "Мұсылман. Ислам" кітабы, 36бет. |
Шимайторсық - ыдыс-аяқ атауы.
Шимайторсық - ірі қараның қалың терісінен тігілген өте сәнді торсық. Бетіне арнаулы мүйіз шапқымен әртүрлі өрнек салады. Бүйірі табақ сияқты дөп-дөңгелек болады.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Исмаил Әл-Mузанидің қарындасы. Бұл әйел имам Шафиидің шәкірті, белгілі табиин Исмаил Әл-Музанидің қарындасы. Ол имам аш-Шафиидің фикх бойынша лекцияларына жиі қатысатын. Кейбір ғалымдар оның фикх саласындағы білімін өз еңбектеріне кіргізген, себебі, ол ислам құқығы мәселелерін жақсы меңгерген және оның пікірі басымдылыққа ие болатын.Көптеген мұсылман ғалымдары кейбір дін мәселелері бойынша ақпаратты әйелдерден алып, оларды өз еңбектеріне кіргізген.
## Дереккөздер
1. Дүниежүзі тарихы энциклопедиясы,126бет.
2. "Мұсылман. Ислам" кітабы, 36бет. |
Өркешторсық - ыдыс-аяқ атауы.
Өркешторсық - түйенің өркеш терісінен тігіледі. Терінің жалпақ жағы торсықтың түбіне, жеңішке жағы ауызына сәйкес келеді. Оның пішіні де өркештің пішіні секілді сопақша болып келеді. Өркешторсық сәнді болмағандықтан, оған көбінесе айран, іркіт құйылады.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Мүйізторсық - ыдыс-аяқтың атауы.
Мүйізторсық - ірі қараның терісінен жасалатын сәнді торсық. Беті шимайторсық секілді шауып өрнектеліп, шытыраламен өонектеледі. Мүйізторсықтың түп жағы дөңгелек болғанымен, екі иіні қошқар мүйіз ою секілді сәндеп шығарылған.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Елеуіш - ұн елейтін арнайы ыдыс. Елеуіштің түбі қылдан немесе жіңішке жез талшықтарынан тоқылған тордан салынады да, айнала жиегі жұқа фанерадан дөңгелектеп иіліп жасалады
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Киіз есік - киіз үйдің жабдығы.
Киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Тізе жастық немесе Кепіл - бала жататын басіктің жабдығы.
Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне келіп кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Түбек орналасқан ойықтың төңірегіне таңылады. Жастықшаның ішіне мақта салынады. Әдетте 4 тізе жастық салынады: екеуі көлденең, екеуі - ұзынынан.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Мешітте әртүрлі тақарыптарда уағыздар қазақ және орыс тілдерінде айтылып, имандылыққа тәрбиелеу шаралары ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар қаланың мекеме, ұйым және кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Жыл сайын тұрмысы ауыр жанұялар мен мүгедек, жетім-жесірлерге материалдық әрі рухани көмек көрсетіледі.
## Құрылысы
Имандылық үйінің алғашқы тасы 1999 жылдың 23 қазанында қаланды. Мешіт орналасқан алаң 6,2 гектар жерді қамтиды. Ол – қала орталығындағы М.Қайырбаев, Кутузов, Кривенко, Пахомов көшелерінің аралығында орын тепкен. Алаң алуан түрлі тоғай өсіріліп, көз тартарлықтай көгалдандырылған.Мешіт аумағы – 48х48 метр. Сегіз қырлы 4 мұнарасы бар және олардың әрқайсысының биіктігі – 63 метрден тұрады. Мешіт күмбезінің биіктігі (айды қоса алғанда) – 54 метрді құрайды. Айдың ұзындығы – 1,20 метр. Мешіттің жалпы ауданы – 7240 шаршы метр. Пайдалы ауданы – 5320 шаршы метр. Оның ішінде 2850 шаршы метр – тахникалық қабат, 2850 шаршы метрі – бірінші қабат, 1810 шаршы метрі – екінші қабат, 660 шаршы метрі – үшінші қабат, яғни балкон. Ғимараттың екі қабаты мен мұнаралары кірпіштен салынған, ал күмбезі металдан құрастырылып, алюкабондпен қапталған.
## Ерекшеліктері
Ғимарат үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Құран оқу курсы шәкірттеріне арналған дәріс және демалыс, сүндетке отырғызу бөлмелері, 400 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері орналасқан. Сонымен қатар 500 орындық әйелдер бөлімі, оның ішінде дәрісхана, кітапхана, киім ілетін бөлмелер, дәретханалар, вестибюльдер бар. 4 күмбезге сай 4 қанаттағы сәнді баспалдақтар екінші қабатқа, одан кейін орталық есікке жетелейді. Мешіттің екінші қабатында ер адамдар намаз оқитын 2000 орындық бөлме, балкон, Ислам дінінің және мешіт тарихының мұражайы, кітапхана, бейне залы, имам, наиб имам, мәжіліс, есеп-қисап, неке қию және сәбиге азан шақырып есім беру, Құран оқу бөлмелері мен гардероб, үлкен холл орналасқан. Мешіттің үшінші қабаты айнала балкон. Одан екінші қабатты шынылы дәлізін, орталық есік және 3,5 тонна салмағы, 434 шамы бар люстраны тамашалауға болады.
## Дереккөздер
1. "Мұсылман. Ислам" кітабы, 126бет. |
СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды. 1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді.1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі.Жұмысының ауырлығы, лагерь ішіндегі қатаң тәртіп жағынан Степлаг басқа лагерьлерден де асып кетті. Бірақ адам төзгісіз ауыр каторгалық еңбек, аштық, жалаңаштық, ауру, мыңдаған адамдардың өлімі тұтқындардың еңсесін басып, рухын жасыта алмады. КСРО-ның барлық лагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіп отырды. Лагерьлер жүйесінде ең көлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындар көтерілісі осы СТЕПЛАГ-та болды.1953 жылдың 27 наурызында Кеңес өкіметінің кең ауқымды амнистиясы жарияланды. Амнистия бес жыл мерзімге дейін сотталғандарды тегіс босатты. Саяси тұтқындардың көпшілігінің сотталу мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейінгі аралықты қамтығандықтан, бұл жеңілдікке түскен жоқ. Күткен үміттері ақталмаған соң, тұтқындардың арасындағы наразылық толқулары толастамай, тіпті өршіп кетті.1954 жылдың 16 мамырында Кеңгірде орналасқан 3 лагерь бөлімшесінің 60-қа жуық тұтқындары күзетшіге бағынбай, басқа лагерь территориясына кіріп кетті. Қосымша шақырылған әскери күзетінің көмегімен тәртіп бұзушыларды ұстап, абақтыға жапты. Бірақ тұтқындар наразылығын енді тоқтату қиын еді. Тіпті, 17 мамырда лагерь басқармасы бастығының лагерь пункттері арасында атыс топтарын орналастыру жайлы бұйрығы да тұтқындарды тоқтата алмады. 18 мамырда тұтқындар көтерілісі қарулы қарсылыққа ұласып, лагерь бөлімшелерінде баррикадалар, бекіністер құрыла бастады. Көтерілісті ұйымдасқан түрде басқару үшін арнайы басқарма құрылып, оның бастығы болып Қызыл Армияның бұрынғы офицері К. Кузнецов тағайындалды.1954 жылдың 16 мамырында Кеңгірде орналасқан 3 лагерь бөлімшесінің 60-қа жуық тұтқындары күзетшіге бағынбай, басқа лагерь территориясына кіріп кетті. Қосымша шақырылған әскери күзетінің көмегімен тәртіп бұзушыларды ұстап, абақтыға жапты. Бірақ тұтқындар наразылығын енді тоқтату қиын еді. Тіпті, 17 мамырда лагерь басқармасы бастығының лагерь пункттері арасында атыс топтарын орналастыру жайлы бұйрығы да тұтқындарды тоқтата алмады. 18 мамырда тұтқындар көтерілісі қарулы қарсылыққа ұласып, лагерь бөлімшелерінде баррикадалар, бекіністер құрыла бастады. Көтерілісті ұйымдасқан түрде басқару үшін арнайы басқарма құрылып, оның бастығы болып Қызыл Армияның бұрынғы офицері К. Кузнецов тағайындалды.
Лагерьде болған жалпы жиналыста көтерілісшілер Ішкі істер министрлігіне және лагерьлер Бас басқармасына арнайы хат жазып, арнаулы комиссияның лагерьде орын алған заңсыздықтарды келіп тексеруін талап етті. Көп кешікпей құрамында КСРО Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор С. Егоров, лагерьлер Бас басқармасының бастығы, генерал-лейтенант И. Долгих. КСРО Бас прокуратурасының жауапты қызметкері Н. Вавилов бар жоғары дәрежелі комиссия да келді. Көтерілісшілер мен ресми басшылықтың арасындағы шиеленіс 40 күнге созылды. Кеңгір көтерілісі кезінде Жезқазғанға Мемлекеттік қауіпсіздік министрі Серов, Ішкі істер министрі Круглов, КСРО Бас прокуроры Руденко, КОКП Орталық Комитеті Төралқасының мүшесі Фурцева келіп кетті.Көтерілістің 40-шы күні, яғни 26 маусымда лагерьдің үш қақпасы және 8 қосалқы жол арқылы жалпы саны 1600 адамнан тұратын әскери күзеттің екі дивизионы мен ішкі күзеттің бір дивизионы, 98 арнайы үйретілген иттері бар топ, үш өрт сөндіргіш мәшине көтерілісшілер бекініп жатқан жерге басып кірді. Оларға жол салып, баррикадаларды талқандау үшін бес Т-34 танктері қолданылды. Қарулы қақтығыста қарсылық көрсеткен тұтқындарға офицерлер мен бөлімше командирлері қару қолданды.Көтерілісті басу кезінде, тірі қалған куәлардың айтуынша, құрбандардың саны бірнеше жүзге жеткен. Ал ресми құжатқа сүйенсек, қарулы қақтығыс кезінде тұтқындардаң 46 адам өлген, 5 адамды тұтқындардың өздері өлтірген, 61 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Әскерилердің ішінен 40 адам жаралы болған. Көтеріліс барысында материалдық шығын 36 908 сомға, жұмысқа шықпаудан болған зардап 4 708 621 сомға бағаланды.Көтеріліске қатысқан 5200 тұтқынның тағдыры оңай болған жоқ. Белсенділік көрсеткен 400 адам түрмеге жабылды, көтерілісті қолдаған 1 мың адам (500 әйел, 500 еркек) Магаданға, Озерлагқа жер аударылды.Көтеріліс текке кеткен жоқ. Ресми басшылық саяси тұтқындардың көпшілігінің ісін қайта қарауға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде СТЕПЛАГ бойынша 8 мың тұтқын ақталып, бостандық алды.Бүкіл лагерьлер жүйесін дүр сілкінткен Кеңгір көтерілісі СТЕПЛАГ-тың күйреуінің басы болды. 1955 жылдан бастап лагерьдің басқару әкімшілігі қысқара бастады. Талай мың адамның тағдырына тауқымет әкелген СТЕПЛАГ 1957 жылы мүлдем жабылды.Көтеріліс басшыларының істері Қазақ КСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясында 1955 жылдың 21 шілдесі мен 8 тамызы аралығында қаралып, көтерілісті ұйымдастыру ұйымына кірген 6 адам өлім жазасына кесілді.Көтеріліс басшысы К. И. Кузнецовқа кесілген өлім жазасы 25 жыл мерзіммен алмастырылды.1954 жылдың маусым айындағы мәлімет бойынша СТЕПЛАГ-та 2660 орыс, 9596 украин, 2690 литван, 1074 латыш, 290 қазақ және басқа сол кезде Кеңес Одағының құрамына кірген ұлттар мен ұлыстардың перзенттері болған екен. Ал 1945–1947 жылдары әскери тұтқындар лагерінде болған шетелдік әскери тұтқындардың жалпы саны 4446 болса, соның 2369-ы – немістер, 1012-сі – жапондар, 103-і – австриялықтар, 630-ы – венгрлер, 145-і – румындар, 58-і – қытайлар т. б. ұлттардың өкілдері.Жезқазған жерінде азап лагерін еске түсіретін оның кейбір құрылыстары әлі де сақталған.
## Дереккөздер
1. Қазақстан тарихы энциклопедиясы , Атамұра 2011ж.
2. Тарихи деректер кітабы, АЛМАТІКІТАП 2010ж.
3. Тарихнама кітабы,АЛМАТЫКІТАП 2011ж. |
Саптыаяқ — қазақтың ұлттық ыдысы. Қатты ағаштан жасалады. Саптыаяқтың өзінен өрнектеліп ойылып шығарылған (ұзындығы 15 — 18 см, ені 5 — 6 см-дей) тұтқасы болады. Саптыаяқтың сабына (тұтқасына) күміспен торлап, ақық тастар орнатылған түрлері де болған.
Саптыаяқ — салқын, ыстық сусындар құюға арналған тұтқасы бар ыдыс. Әдетте сыйымдылығы 300-500 мл болады.
## Дереккөздер |
Арамза - қыста туған қозы.
Көбдік - тоқты болған арамза.
Көрпеш немесе көрпей - мезгілінен кешірек туған қозы.
Марқа - жарты жастағы қозы.
Тоқты - бір жасқа толғаны.
Ісек - екі жасқа толған еркегі.
Тұсақ - екі жасқа дейінгі қоздамаған ұрғашысы.
Саулық - қоздаған қой.
Ту қой - қоздамаған қой.
Қошқар - тұқымдыққа жіберілген еркек қой.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Түйе өсіріп шаруашылыққа пайдаланып жүрген қазақтар оны келесі түрлерге бөлген.
Нар - бір өркешті түйе.
Қоспақ - бір өркешті мен айыр түйенің будандасуынан пайда болған түйе.
Бір тума - өркешінің алдыңғы жағы "кезет" түйе.
Бекпатша - өркешінің ортасы кезетті келетін түйе.
Жөң - өркеші аласалау, жалпақ, созыңқы түйе.
Әлетүйе - өркеші ұзындау, сидам келетін суыққа төзімсіз түйе.
Аруана - жауырындарының алдыңғы жағындағы үстінде қалың өсік жүні болады, жалғыз өркешті, құйрығы ұзын, қылшықты ұрғашы түйе. Келеге түсер еркегін "ҮЛЕК", ұрғашысын "МАЯ" дейді.
Бота - жаңа туған жас төлі.
Тайлақ - бір жастан асқан түйе.
Нарша - үш жасар түйе.
Құнажын - үш жас пен төрт жастың аралығында түйе.
Екі тісті - төрт жасар түйе.
Төрт тісті - түйенің ер жеткені - баске келгені.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999
Бура - түйенің еркегі. |
Жылқы тұқымына қарай:
* арғымақ
* қазанат
* жабы
* тобышақ
* текежәуміт
* қазақы ат
* қарабайыр
* пырақ
* дүлдүл т.б. болып бөлінеді.
Шабыс ат:
* жүйрік
* тұлпар
* сәйгүлік
* саңылақ
* бәйге ат деп бөлінеді.
Салтанатқа мінетін ат:жорға
* төкпе жорға
* айдама жорға
* шайқалған жорға деп бөлінеді.
Мініс аттары:
* Аяқ ылау
* жетек ат
* қосақ ат
* түп ат
* көсем ат деп жіктеледі.
Өсуіне қарай:
* Құлын - биенің жас төлі.
* Жабағы - 6 айдан асқан құлын
* Тай - жылқының бір жастағысы.
* Құнан - жылқының екі жастағысы.
* Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
* Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
* Бесті - жылқының бес жастағысы.
Саяқтар (бойдақ жылқылар):
* Ат - піштірілген еркек жылқы.
* Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
* Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
* Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
* Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
* Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
* Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
* Пішпе - піштірілген жылқы.
Биенің атаулары:
* Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
* Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.
Сүтіне қарай биелер:
* Мама бие - өте сүтті бие.
* Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
* Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
* Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.
Қысырақ атаулары:
* Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
* Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.
* Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
* Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
* Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.
Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,
Айғырлардың атаулары:
* Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
* Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
* Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
* Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
* Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
* Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Бұзау - бір жасқа дейінгі төлі.
Торпақ-тана - бір жастан асқан төлі.
Баспақ - күзге қарайғы бұзау.
Қашар - бір жастағы ұрғашы сиыр.
Құнажын - екі жастағы төл беретін сиыр.
Дөнежін - табынға түскен ұрғашы сиыр.
Бесті сиыр - бірнеше рет бұзаулаған сиыр.
Кенже тайынша - жас сиырдың атауы.
Бұқаша - бір жасқа еркін толмаған тайынша.
Тайынша бұқа - бір жасар кезі.
Дөнен бұқа - табынға түскеніне үш жыл болғаны.
Құнан бұқа - екі жасар кезі.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Қазақ елінің салтында асқа сойыс, сабасымен яғни қымызымен, тарту-таралғыларымен барады. Ұлттың жөн-жосығы бойынша жолынан жығылмай бару ел, ер намысы. Одан ешкім бұрылып кете алмайды. Сойыс яғни мал, мал болғанда тек жылқы ғана апарады. Жақын жер болса қой айдап та барады. Сиыр, ешкі малы мұндай ұлы жиынға жарамайды. Апарған сойыс малға қосылмайды, асқа, яғни тойға барған басқа елдің қонақтарына сойылады немесе бәйгеге, тарату, сый-сияпат ретінде беріледі, яғни үлестіріледі. Мал терілері де қарапайым да қарапайым адамдарға үлестіріледі. Сойыс малының бір жілігін саба әкелгендердің ыдысына салып жібретін ескі ырым бар. Бұл жақсы тілек пен ықылас белгісі әрі дәстүр, ғұрып.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
Жанторсық – иленбеген теріден жасалатын, сусын құюға арналған ыдыс. Жанторсыққа қымыз, шұбат, айран, шалап және т.б. сүттен әзірленетін сусындарды құйып сақтаған және тасымалдаған. Торсықтың жанторсық аталуы сапарда, өрісте адамның жанына ұдайы алып жүретіндігімен және иір мүйіз тәрізді иықшасында қалып қоятын бір ұрттам сусыны қысылтаяңда адам жанына араша болатындығымен байланысты делінеді.
## Дайындау барысы
Жанторсықты түйе, сиыр, жылқының жон, сауыр терісінен тігеді. Ол үшін терінің түгін жидітіп, шелін тазалап, көлеңкеге керіп кептіреді. Сәл тобарсыған кезде арнаулы үлгімен пішіп, екі жағын беттестіріп, тарамыспен итіс-тартыс әдісімен қабаттап айқыштап тігеді. Содан соң торсықтың ішін жуып, кебу, таза қиыршық құмды кептеп, аузына ағаш тығын тығып, көлеңкеге бір-екі тәулік қойып кептіреді. Әбден кепкеннен кейін батырғының ұшымен сызып, торсық бетіне өрнек салады. Тері дымқыл болса немесе қаудырлап қатты кеуіп кетсе, өрнек түспейді. Сондықтан теріні бабына келтіріп, "кебеқұрғақ" кезінде өрнек салса, өрнектің бедері айқын, әрі терең түседі. Өрнек терең, әрі бедерлі болу үшін оның өн бойын қуалай батырғышты бірте-бірте тереңірек батырып, бірнеше мәрте қайталау керек. Батырғының ұшы тері бетінде жеңіл сырғу үшін әлсін-әлсін майға батырып отырады. Тері ыдысқа өрнек салғанда ыдыстың қарсы қапталындағы бедерлі өрнекке нұқсан келтірмей, астына жұмсақ көпшік қояды. Өрнек бедерлеп болған соң тағы да 2-3 тәулік көлеңкеде кептірсе, ыдыс қатайып, көнге айналады. Содан соң ішіндегі құмын төгіп, ыстап, жуып, майлап пайдалануға болады. Қазақта мұндай тері бұйым жасаумен иші, ысшылар айналысқан. Торсықтар мүйізді торсық және жанторсық деп негізгі екі түрге бөлінеді.
## Пайдалану
Әдемі әшекейленген мүйізді торсықтар, әдетте, үйде керегенің басында ілулі тұрады. Мұндай мүйіздеп жасалатын торсыққа құйылған қымызды сарқып құйғанның өзінде торсықтың қос мүйізінің қуысында бір-екі қасықтай қымыз қалып қояды. Қымызы таусылған жанторсыққа жаңартып саумал қымыз құйылады. Ал қымыз қалдығы келесі құйылған саумалға ашытқы болады. Егер торсыққа құрт салып, үстіне су құйып қоятын болса, қанжығада әбден шайқалған торсықтың ішіндегі құрт езіліп, шалап сияқты сусынға айналады. Оны қазақ "томыртқа" деп атайды. Ұзақ сапарда жүрген жолаушы торсықтағы томыртқаны сусын ретінде ішсе, езіліп-езіліп малта болған құртты ұртына салып сорып, азық еткен. Жанторсықты малшылар мал баққанда, жауынгерлер жорыққа шыққанда қанжығасына байлап жүрген.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
* Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005. |
Қазақ халқында егіншілік шаруашылығына орай жасалатын салт-дәстүр түрлері де аз емес. Сондай салтанатты еңбек көріністерінің бірі егінші ауылда жасалатын "көк жағыс" атты мерекелік ғұрып. Өкінішке орай осы әдет қазір ұмытылды десе де болады. Бұл дәстүр дән себлеп, ол бас алып, қауыз жара бастағанда аталып өтеді. Және ол өсіп келе жатқан дәнге көз бен тілден тағы басқа тосын апаттан сақтасын деген ақ ниетпен жасалады. Мысалы, жұма күні ақсақалдар мен диқандар және барлық ауыл еңбеккерлері егіс басына жиналып, құрбандыққа мал шалып, оның қанын егіс даласына шашып, дұға оқиды. Дастарқанға дуалы ауыз қариялар жаратушыдан тілек тілеп, бата береді.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
Осы күнге дейін жалғасып және өз ісін дәлелдеп көрсетіп жүрген сирек мамандықтың бірі - осы сынықшылық. Сынықшылар арнайы білім, оқу орындарында оқымай-ақ сүйегі сынған адамарды емдеудің ғажап өнері мен құпиясын толық игерген емсек адамдар екені талай рет дәлелденген. Олар сынған мүшелерді сырттай сипап отырып, уатылып кеткен сүйектерді орны-орнына салып, емдеген. Әрине, ел ішінде дене, сүйек жарақатын алушылар жиі кездеседі. Осындай ауыр жараланғандарды емдеп, жазып шығару жолында Қостанай, Торғай даласына аты кең жайылған сынықшы Назым есімді әйел. Ол 2000 жылдары машина апатынан қайтыс болды. Назым ешқандай дәрі-дәрмек және басқа емдеу құралдарын қолданбай-ақ өте күрделі сынықтарды әп-сәтте жазып шыққан. Марқұмның осы қаблеті мен сынықшылық қасиетін емделушілер де , маедицинаның білікті мамандары да мойындаған. Сынықшылық негізінен тұқым қуалайтын емшілік түрі есептеледі.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
1981 жылы 15 ақпанда Батыс Қазақстан облысы ,Қазталов ауданы,Бостандық ауылында дүниеге келген. Бостандық орта мектебі,Ғұмар Қараш атындағы Қараоба мектеп гимназиясын 1998 жылы аяқтады.Сармалаев Қамбар ұстазынан бейнелеу өнерінен дәріс алған. Суретші,құмырашы. 2003 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетін үздікке аяқтады. 2004-2008 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды. 2009-2012 жылдары Орал қалалық С.Ғұмаров атындағы Балалар көркемсурет мектебінде дәріс берді.Қазіргі таңда Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қосымша білім беру педагогы,қыш құмыра үйірмесінің жетекшісі. Н. Е.Әміржанов туындыларының тақырыптары тарих, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, фольклорға арнайды және оларды графиканың күрделі техникаларының бірі линогравюрада орындайды. «Махамбет-2007» аймақтық көркемсурет көрмесі мен «Жазира Жайық-2009,2011,2012,2013» БҚО суретшілерінің шығармашылық көрмесіне қатысқан.
## Әдебиет:
1.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -14б. |
Бутаков экспедициясы
## Мақсаты
Бутаков экспедициясы Арал теңізін зерттеу және картаға түсіру мақсатында 1848-1849 жылдары ұйымдастырылған. Экспедицияны орыс теңізшісі, контр-адмирал Алексей Иванович Бутаков (1816-1869 жылдары өмір сүрген) басқарды. Ол 1840-1842 жылдары Або кемесімен дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы-географ еді. Экспедиция барысында Арал теңізінің барлық аумағының тереңдіктері өлшенді, көптеген пункттердің координаттары анықталды, жаға сызығы картаға түсірілді. Арал теңізінің орталық бөлігінен бұрын белгісіз болып келген аралдар ашылды. Бутаковтың зерттеулерінің нәтижесінде Ресей Теңіз министірлігі 1850 жылы Арал теңізінің тұңғыш картасын басып шығарды, теңіздің толық гидрографикалық сипатталармын жариялады. Экспедицияның 1853-1855 және 1862-1863 жылдары Сырдарияның төменгі және орта ағысын зерттеп, картаға түсірді. 1858-1859 жылдары Әмудария атырауын зерттеді. Бутакоы Ресей үкіметінің тапсырысымен Арал флотилиясын құрды.
## Дереккөздер |
Іле жуасы (лат. Allium iliense) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік.
Шөлдегі жуалардың ең әдемісі, алғаш рет Іле өзенінің бассейігігде табылған. Шөлді және шөлдің аласа таулы аймақтарында әрқалай таралған, кейде тіпті аз кездеседі. Тығыздалған құмда және сазды топырақта қиыршық тасты беткейлерде кездесіп қалады, кейде шөлдерде Мойынқұм, Қызылқұм, Балқаш-Алакөлде, Шу,Іле тауларында. Пиязшығы үлкен (диаметрі 2 см-ге дейін), шар тәрізді қара қошқыл түсті, жұқа қорғаныш қабаты бар. Сабағы жіңішке,мықты,биіктігі 35 см дейін, екі үлкен (2 см дейін) таспа тәрізді жапырақтары бар. Гүлшоғыры босаң шоқтанған, қолшатырға ұқсайды. Ұзын гүлтабаны болымсыз иректелген. Гүлдері үлкен (1-1.5 см ұзын), жіңішке қоңырау тәрізді, түсі жылтырақ, күлгін-қызғылт түсті. Іле жуасы мамырда гүлдейді, маусымда жеміс береді. Жемістері ұсақ, шар тәрізді, қауашақ, гүлсерігі қурап қалған жапырақшаларымен оранған. Тамаша декоративті түр, шөлді аудандардың елді-мекендерін көгалдандыруға қолданылады, құрғақ гүлшоқтарын жасауда қолданылады. Бірақ мәдени түрде әлі белгісіз және зерттелмеген. Гүлдеу мерзімінде аралар көп келеді, басқа жуалар секілді шірнеу бөледі, омарташылық өсімдік ретінде қызығушылық тудырады.
## Дереккөздер |
1949 жылы 15 ақпанда Ресейдің Орынбор облысы Александров ауданы Камардиновка селосында туған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2005). Мектеп бітіргеннен кейін «Зенит» (Ворошилов) зауытына суретші-безендіруші болып жұмысқа орналасады. Еңбек ете жүріп 1975 жылы Мәскеудің Н.К.Крупская атындағы халықтық өнер институтын бітіреді. 1976-1983 жж. бейнелеу студиясында сабақ берумен қатар барлық қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге шығармашылық жұмыстарымен қатысады. 1984-1996 жылдары Облыстық сауда басқармасында бас суретші, 1996-1999 жж. Суретшілер одағының БҚО филиалында безендіруші қызметтерін атқарды. Т.Ш.Ақдәулетов-1996 жылы «Фирма Тоғжан» ЖШС-ін ашып, көптеген безендіру жұмыстарына атсалысты. Ғимараттар қасбетін көркемдеп, түрлі витраждар мен мозаика, шекіме және кескіндемелік жұмыстар орындайды
## Әдебиет:
1.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -14б. |
1952 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылдан КСРО (ҚР) Суретшілер одағының мүшесі. КСРО Кәсіподақтары (ВДНХ) сыйлығының лауреаты. Қаз.КСР Суретшілер одағы ревизиялық комиссиясының жауапты хатшысы болған. Шығармашылық жұмыстары көптеген елдерде қойылған, олардың ішінен Мәскеу, Ташкент, Прага, Египет, Канада, т.б. қалаларды айтуға болады. БҚО тарихи-өлкетану музейінің тапсырысымен бірнеше картина жазды, («Исатай-Махамбет», «Жәңгір хан») олар музей қорында сақтаулы. Тарихи деректерге сүйене отырып, түрлі мұрағат құжаттарын зерттеп, зерделеп бірнеше туындыны өмірге әкелді. Олар Оралдағы М.Мәметованың музей-үйі мен Орда ауылындағы мұражай төрінен орын алған.
## Әдебиет:
1.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -14б. |
1948 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек поселкесінде дүниеге келген. Кескіндемеші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1992). 1976 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеу Жоғары көркемсурет-өнеркәсібі училищесін бітірген (1981, бұр. Строганов). Жұмыстарының тақырыптары сан ғасырлар қойнауынан сыр шертеді, өйткені суретшіні Ұлы дала тарихының рәміздік және аллегориялық образдары, сондай-ақ тарих пен қазіргі заман байланысы, дуниеден өткен, болмаса көзі тірі-арамызда жүрген батырлар бейнелері қызықтырады. Жұбанғалиев жемісті жұмыстарын жүрегіне жақын жанрлардың бірі-портретте орындайды. И.Жұбанғалиев- халықаралық пленэрге және көптеген облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге қатысқан. Жұмыстары түрлі деңгейдегі музей қорлары мен бірнеше елдің жеке коллекцияларында сақтаулы.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 74б.
Жұбанғалиев Инган: Өмірдерек//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.-Алматы, 2002.- 288б. |
1971 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында туган. 1988 жылы Жәнібек ауданында орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын суретші-безендірушіліктен бастайды. 2001 жылдан Орал қаласындағы «Экспо», «Универтекс» жарнама агенттіктерінде суретші, дизайнер болып еңбек еткен. 2008 жылы Орал, Ақсай қалаларында «Жанымның жарығы», 2009 жылы Атырау қаласында «Жұлдызды аспан» деген атаулармен сурет көрмелері өтті. Нұрбек Жәрдемов табиғи талантын кәсібилікхіен ұштастырған суретші. Қазір М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығында сырттай оқиды. 2009 жылдан Орал қалалық көрме залында суретші болып еңбек етеді.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 62б. |
1976 жылы 12 қыркүйекте Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында туған. Суретші-график. 7 сыныптан бастап өнерге деген құштарлығы оянды. 1994-1998 жылдары БҚГУ-дың (пединститут) көркемсурет-графика факультетінде білім алады. Қазақтың ақын-жазушылары шығармаларын оқи жүріп, студенттік шақта алғашқы графикалық туындыларын салды. Еңбек жолын Орал қаласының №19 мектебінде ұстаздық қызметтен бастаған Бекжан, қалалық суретшілердің шығармашылық көрмесіне 2000 жылдан қатысады. Аға буын суретшілердің тәлім-тәрбиесін ала жүріп шығармашылық шеберлігін шыңдай түсті. 2002 жылы облыстық «Дала дарындары» фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алып, 5-ші Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне қатысқан (Астана). Тұңғыш дербес шығармашылық көрмесі 2009 жылы «Даламның қоңыр әуені» деген атпен Орал қаласында өтті. Өнердегі негізгі үстанымы: «Ұлттық бояу, қазақы үн»
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 78б. |
Ақмешіт ойраны
## Тарихы
Ақмешіт ойраны-Орынбор губерниясының генерал-губернаторы В.А. Перовский бастаған отрядтың 1853 жылы Ақмешіт бекінісін (қазіргі Қызылорда қаласы) басып алуы.Ресейдің Орта Азиядағы саясатын дербес жүргізуге патшадан өкілеттік алған Перовский Қоқан хандығының бекінісі болып тұрған Ақмешітке 1853 жылы 2 шілдеде келіп жетті.Оның отрядына 2850 жауынгер,зеңбіректер, т.б. қару-жарақтар болды.Генерал бекіністің Түркістанмен,Ташкентпен, Бұхарамен, Хиуамен, жергілікті мекендерімен қатынас жолдарына қатаң бақылау орнатып, барлаушы топтар жіберді.Ақмешітте 400-ден астам сарбаз және зеңбірек, қару-жарақ қоймасы болды. Жасақтарын жүзбасылар Бекбай, Құлбай,Қаңлыбай деген қазақтар мен Лепес есімді қарақалпақ басқарды.Тыңғылықты әзірліктен кейін 28 шілдеде генерал шешуші шайқас басталды.Оған қазақ сұлтандары Елекей (Ермұхамед) мен Мұхамеджан Баймұхамедовтың қарулы күштері де қосылды. Қорғанды алу кезінде 230 ақмешіттік қаза тауып, 77-і(35-і жаралы күйінде) тұтқынға түсті. Ақмешіттің ойрандалуы Ресей империясының Орта Азияны одан әрі отарлауына жол ашты.Ақмешіт генералдың құрметіне Перовск форты болып аталды. Қаланың Ақмешіт аты 1922 жылы қайтарылғанымен, 1925 жылы Қызылорда болып қайта өзгертілді.
## Дереккөздер
(references/)Қазақ хандығы(II бөлім) |
Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаров (1937 ж. - 1995 ж.) - архитектор, суретші. Кескіндеме саласында жұмыс істейді. 1937 жылы 3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Бөкей даласында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер және Суретшілер одағының мүшесі.
## Білімі
1962-1963 жылдары Мәскеуде Луначарский атындағы мемлекеттік театр және өнер институтында (ГИТИС), 1964-1965 жж. Ленинградта музыка, театр, кинематография институтында (ЛГИТМИКС) оқыған. Актерлік шеберлікті, режиссураны меңгерген. 1960-1964 жылдары Орал қаласында жаңа ашылған облыстық телеарнаның бас режиссері болған.
## Өнері
С.Ғұмаров жұртшылыққа суретшілік өнерімен танымал. Ол 30 жыл бойына сурет салу өнерімен шұғылданған. 1986-1995 жж. С. Ғұмаровтың жеке көрмелері Алматы, Мәскеу, Ялта, Сочи, Киев, Челябі, Вильнюс, Орал қалаларында өткізілді. Ол ешқандай жүйе, мектеп, ағымның тікелей әсеріне мойынсұнбай отыз жыл бойы тер төкті, «провинцияда өнер өрге баспайды» деген қағиданы теріске шығарып, оның шығармалары көрермен жүрегіне көптеген атышулы әріптестерінен бұрын жол тапты.
Ол өз еңбектерін абстракциялық үлгіде жазады. Ғұмаров 1980 ж. Қазақстан ақын-жазушылар шығармашылығындағы және халық ауыз әдебиетіндегі құстар бейнесін негізге ала отырып, «Аққұс» деген жалпы атпен картиналар топтамасын жазды.Оның 400-ге жуық туындылары бар Бұл топтамаға «Абай көзімен қарағандағы Аққұс бейнесі» (1980, картон, майлы бояу, Ю. А. Кошкиннің жеке қоры) картинасы да енді. Түрлі-түсті алуан пішіндер мен мозаика үлгісінде өрнектелген жұмыста Абай портреті асқақ көрінеді. Кескіндеме композициясы қазақ және араб әріптерімен жазылған сөздермен толыға түскен.
## Естеліктері
1995 жылы Орал қаласында Сәкен Гумаров музейі ашылды. Бірнеше каталогтары сақталған, ол жерде оның еңбектерінің түгел дерлік бөлігі бар. Бірақ, каталогта Сәкен Ғұмаровтың еңбектерінің қайда екендігі көрсетілмеген. Кейбір картиналары Қазақ драма театрының фойесінде тұр.
## Пайдаланылған әдебиеттер
* Ғұмаров Сәкен: Өмірдерек//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.-Алматы: Арыс,2002.-222б.
* Жазира Жайық. Батыс Қазақстан суретшілері.-Орал,2010. - 48б.
* Қобланов Н. Қылқалам шебері// Жайық үні.-2008.-31 қаңтар.-9б.
* Мәмет С. Суретші Сәкеннің сырлы әлемі//Егемен Қазақстан.-2008.
## Дереккөздер |
1973 жылы 8 тамызда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында туған. Кескіндемеші. 1990-1994 жылдары Ресейдің Саратов қаласындағы Боголюбов атындағы көркемсурет училищесінде оқыған. 2009 жылдан Орал қалалық көрме залының жетекшісі. 2003 жылы Астана қаласындағы Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, «Шеберлік класы» аталымы бойынша 1 орын алған. 2005 жылы Астанада өткен «Гүлденген Қазақстан» байқауында жүлделі 3 орынды иемденді. 2008 жылы Орал, Ақсай қалаларында «Жанымның жарығы», 2009 жылы Атырау қаласында «Жұлдызды аспан» деген атаулармен сурет көрмелері өтті. Н.Е.Жәрдемов-кескіндеме бағытында жемісті еңбектеніп жүрген дарынды суретшілердің бірі. Соңғы 1-2 жылда қазақ әуендеріне байланысты бірнеше тың дүниелерді өмірге әкелді. Қазақ халқы-музыканы ерекше қабылдайды, сырлы әлемнің терең құпиясын түйсіне біліп, жан-әлемінен өткізеді, соны кенеп бетіне түсіру, әрине шебер суретшіге байланысты. Бұл ретте Жәрдемовтың жетістігі бар.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 66б. |
1949 жылы 16 наурызда Башқұртстанның Андреевка хуторында дүниеге келген. Кескіндемеші.
Мектепте біраз жылдар тәрбиеші, мұғалім болып істегеннен кейін 1978-1983 жылдарда А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтының жаңадан ашылған көркемсурет-графика факультетінде оқиды. Бітіргеннен кейін бірер жыл мектеп мұғалімі болып істеген оны арнайы институтқа оқытушылық қызметке шақырды. 1985 жылдан күні бүгінге дейін М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да (бұрынғы Орал пединституты) «бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі», «кескіндеме», «композиция», «мүсіндеу» пәндерінен дәріс беріп келеді. С.Қ.Кұлбеков-қалальіқ, облыстық сурет көрмелеріне қатысқан. Шығармаларын негізінен кескіндеме бағытында, пейзаж жанрында жазады. Суретші ылғи да табиғат аясында болғанды жаны сүйеді. Содан болса керек, қоршаған әлемнің әсем-сүлу көріністерін қылқаламмен кенеп бетіне түсіреді. С.Кұлбековтың шынайы табиғат көріністерінен терең пәлсафа байқалмаса да, поэзия бар, адамның табиғатқа етенелігі көрінеді. Суретші өлке тарихына қатысты аңыз-әңгімелерді жақсы біледі, археологиялық жәдігерлерді жинақтаушы.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 104б. |
Қуандық Насихатұлы Мәдір (10 шілде 1965 жыл, Атырау облысы, Нарын құмы етегінде туған) — қазақ суретші, композитор. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2005), доцент. 1983 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Еңбекші орта мектебін, 1990 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. 2006 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың экономика институтын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылы институтты жақсыға аяқтаған оны білікті мамандар оқытушылыққа қалдырды, содан күні бүгінге дейін осы салада жүмыс істеп келеді. Республикалық облыстық, конкурстардың лауреаты (Алматы, 1995 ж., Орал, 2001 ж.). 1997 жылдан БҚО «Өнер» қоғамдық қорының президенті. «Талбесік» атты кітабы жарық көрген (Орал, Полиграфсервис, 2003). Қ.Н.Мәдірдің әндері мен сурет туындылары, ғылыми, әдістемелік, танымдық мақалалары республикалық бүқаралық ақпарат қүралдарында, әртүрлі ғылыми журналдарда, жинақтарда басылып жүр. 15-ке тарта оқу-әдістемелік құралдары, сурет альбомдары, т. 6. баспадан шықты.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 108б.
Жолдығали Г. Талантты сүретшілер елге танылуы тиіс// Орал өнірі.-2010.-16 қырқүйек.-14б. |
1962 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында туған. ҚР Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР (КСРО) Суретшілер одағының мүшесі (1989). 1988 жылы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірді. 1989-1999 жылдар аралығында осы институтта сабақ берді. Қайыр көптеген республикалық, халықаралық көрмелерге, симпозиумдарға қатысқан: 2003 ж.-халықаралық «Висісіу Веаг§» («Биші аю») симпозиумы (Берлин, Германия), 2004 жылы Гонконгта, 2004-05 жж., Стамбул, Токио, Сеул, 2006 ж., Сидней, Берлин, Вена қалаларында өткен халықаралық көрмелер, т.б. Қ.Оразғалиевтың көптеген жұмыстары ҚР түрлі музейлері мен заманауи галереяларында, көрме дирекциясында (Алматы), ҚР Президентінің резиденциясында (Астана), Швеция, Швейцария, Чехия мен Словакия, АҚІН, Германия мемлекеттеріндегі жеке коллекцияларда сақтаулы тұр. ҚР Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы.
## Әдебиет
Балмолдин М. Рух сәулесі// Орал өнірі.-2007.- 1 қараша. -8б.
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -118б. |
(11.04.1924-15.07.1987) Орал педагогикалық институтының филология факультетін, Краснодар университетін графика саласы бойынша сырттай бітірген. 1953 жылы Орал пионерле үйі жанынан бейнелеу өнері студиясын ашады, кейіннен (1979 ж.) бұл студия қалалық Балалар көркемсурет мектебіне айналды. В.А.Котельников-сегіз қырлы, бір сырлы азамат, әдемі ән салып, жайсаң жыр, керемет кескіндемелік туындыла{ жазатын. Шәкірттерін де жанындай жақсы көрді. Оның оқушылары ТМД елдерінің түкпір-түкпірінде кездеседі, олардың көпшілігі белгілі сәулетшілер мен дизайнерлер. Бұл күнде Суретшінің түгелге жуық шығармалары «Байырғы Орал» музейінде сақтаулы.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 96б. |
1977 жылы 25 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Ақтөбе қаласындағы гуманитарлық колледжді, 2003 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандықтары бойынша бітірді. Сол жылдан Орал қаласындағы Күрманғазы атындағы саз колледжінде істейді, қазір «Сәндік қолданбалы өнер және дизайн» бөлімінің меңгерушісі. Ә.Ғ. Тасқалиев-бейнелеу өнері әлемінің шығармашылық бағытына жаңа қадам басып, сәтті туындыларымен көріне бастаған кескіндемешінің бірі. Шығармалары бояу, кеңістік, ырғақтың ойнауы арқылы санаға тікелей әсер етеді. Суретші туындыларынан уақыт тұтастығы қамтылған өткен мен бүгінгі күн, болашақтың фантастикалық - символикалық әрекетінің нышаны көрінеді. Абстракциялық туындыларынан пішіннің жігерлі жарқын көрінісі мен ой-жүйенің бір-бірін алмастыруын байқаймыз. Жас суретші түс пен композициялық байланыстың маңызын талдап, қарапайым пошымдар арқылы өз ойын жеткізе білу бағытында ізденіп, жұмыстануда.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 160б. |
1969 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында туған. Кескіндемеші. 1992 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген. Суретші Қанат Оразов өз шығармаларын қазақ халқына жақын тақырыптар аясында салады. Жұмыстарында ұлттық колоритті көрсетіп, шығарма желісіне бояу түстері әсерінің қатыстылығын байқатып және олардың гаммалық сипатын сақтап қалуға көңіл бөледі. Қазір Орал қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С.Сейфуллин атындағы қазақ мектеп интернат кешені жанындағы «Өнер» мектебі көркемсурет сыныбының мұғалімі болып еңбек етеді.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 124б. |
1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеген келген. 1985 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдап, 2007 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген. Х.К.Шаблиевтің пікірінше «әрбір суретшіде өзі іштей «сырт» қалдырып, ішкі кеңістіктің образды әлемін және оның өмір сүретін, еңбек ететін, қарым - қатынас жасайтын сыртқы дүниемен өзара әрекеттестігін байқап, талдап отыратын «мені» болатын сияқты». Оның осы рухани толғанысы мен күйзелісі, түйсінуі мен көрегендігі сияқты толассыз рефлексияларынан болашақ картиналарының образдары туындайды. Облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге, І халықаралық «Шеберлік класы» байқауына қатысқан. (Орал, 2003) Жұмыстары алыс, жақын шетелдерде, жеке қорларда сақтаулы
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 176б. |
1977 жылы 25 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Ақтөбе қаласындағы гуманитарлық колледжді, 2003 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандықтары бойынша бітірді. Сол жылдан Орал қаласындағы Күрманғазы атындағы саз колледжінде істейді, қазір «Сәндік қолданбалы өнер және дизайн» бөлімінің меңгерушісі. Ә.Ғ. Тасқалиев-бейнелеу өнері әлемінің шығармашылық бағытына жаңа қадам басып, сәтті туындыларымен көріне бастаған кескіндемешінің бірі. Шығармалары бояу, кеңістік, ырғақтың ойнауы арқылы санаға тікелей әсер етеді. Суретші туындыларынан уақыт тұтастығы қамтылған өткен мен бүгінгі күн, болашақтың фантастикалық - символикалық әрекетінің нышаны көрінеді. Абстракциялық туындыларынан пішіннің жігерлі жарқын көрінісі мен ой-жүйенің бір-бірін алмастыруын байқаймыз. Жас суретші түс пен композициялық байланыстың маңызын талдап, қарапайым пошымдар арқылы өз ойын жеткізе білу бағытында ізденіп, жұмыстануда.
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 160б. |
1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеген келген. 1985 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдап, 2007 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген. Х.К.Шаблиевтің пікірінше «әрбір суретшіде өзі іштей «сырт» қалдырып, ішкі кеңістіктің образды әлемін және оның өмір сүретін, еңбек ететін, қарым - қатынас жасайтын сыртқы дүниемен өзара әрекеттестігін байқап, талдап отыратын «мені» болатын сияқты». Оның осы рухани толғанысы мен күйзелісі, түйсінуі мен көрегендігі сияқты толассыз рефлексияларынан болашақ картиналарының образдары туындайды. Облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге, І халықаралық «Шеберлік класы» байқауына қатысқан. (Орал, 2003) Жұмыстары алыс, жақын шетелдерде, жеке қорларда сақтаулы
## Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 176б. |
Айгун келiсiмшарты – 1858 жылғы орыс-қытай шекарасы мен сауда мәселесi жөнiндегi келiсiмшарт. 16 мамырда Амур өзенiнiң оң жақ жағалауындағы Айгун қаласында жасалынды. Ресей Империясы жағынан Шығыс Сiбiр генерал-губернаторы Н.Н. Муравьев қол қойса, Қытай мемлекетi жағынан iрi қолбасшы И Шань қол қойған болатын. Келiсiмшартқа сай «Амур өзенiнiң сол жақ жағалауы, Аргуннан бастап, Амурдың теңiзге құятын жерiне дейiн» Ресей Империясының жерi болып есетелiнсе, «оң жақ жағалауы, Уссури өзенiнiң төменгi ағысына дейiн Қытай Империясының жерi болатын болды.Уссури өзенiнен теңiзге дейiнгi жерлер жөнiндегi Уссурийск аумағы мәселесi ашық болып қала бердi. Бұл жерлер екi жаққа да ортақ жерлер болып есептелiндi. Уссури, Сунгари, Амур, ортақ иелiкте болып қала бердi, ал шетелдiк кемелердiң болса бұл өзендер бойымен жүзуiне тыйым салынатын болды. Айгун келiсiмшарты Ресей Империясына 1689 жылғы Нерчинск келiсiмшарты бойынша берiлген жерлер түгелiмен бердi. Айгун келiсiмшарты 1860 жылғы Пекин келiсiмшартымен толықтырылды. Пекин келiсiмшартында Ресей Империясына Уссурийск аймағы кiретiн болды.
## Айгун келiсiмшартының мазмұны, баптары
Ұлы Ресей Империясының 37 губерниясының бас билеушiсi, император Александр Николаевичтiң сенiмдi өкiлi, генерал-лейтенант Николай Муравьев және ұлы Дайцин мемлекетiнiң генералы, Амурлық қолбасшысы, князь И Шань, көпшiлiктiң келiсуiмен, екi мемлекет арасындағы мәңгiлiк достық үшiн, екi ел азаматтарының пайдасы үшiн мынаны бекiттi:Амур өзенiнiң сол жақ жағалауы, Аргуни өзенiнен бастап, Амурөзенiнiң теңiзге құятын жерiне дейiнгi жерлер Ресей Империясының иелiгi болсын, Уссури өзенiнiң төменгi жағалауы Дайцин мемлекетiнiң иелiгi болсын. Уссури өзенiнен теңiзге дейiн жатқан жерлер Ресей Империясы мен Дайцин мемлекетi иелiктерi болсын. Амур, Сунгари, Уссури өзенi бойымен тек ресейлiк және дайциндiк кемелердiң жүзуге құқылы. Басқа да шетелдiк кемелердiң бұл өзендермен жүзеге құқығы жоқ.Амур өзенiнiң сол жақ жағалауындағы Зей өзенiнен оңтүстiкке қарай, Хормолдзинь деревнясына дейiн 48 мачжурлық тұрғынды сол жерде мәңгi қалдырып, оларға манчжур үстемдiгн сақтап, оларға орыс халқының ренiшi мен қарсылығы болмасын.Екi мемлекеттiң достығ мен татуластығы үшiн Уссури, Амур, Сунгари өзендерi бойымен өмiр сүрiп жатқан халықтар арасында сауда жасау мүмкiндiгiн беру керек. Ал аталған жерлердiң билеушiлерi осы сауда қатынастарына өз үлестерiн қосуы тиiс.Ресей Империясының өкiлеттi елшiсi генерал-губернатор Муравьев пен дайцин мемлекетiнiң қолбасшысы И Шань, көпшiлiктiң келiсiмi бойынша, келiсiмшарттың мәңгiлiк және нақты түрде орындалуы тиiс. Ол үшiн орыс елшiсi генерал-губернатор Муравьев, келiсiмшартты орыс және манчжур тiлдерiнде жазып, Дайцин мемлекетiнiң қолбасшысы И Шаньға тапсырды. Ал Дайциндiк қолбасшысы келiсiмшартты манчжур және моңғол тiлдерiнде жазып, Ресей Империясының генерал-губернаторы Муравьевқа тапсырды.Осы келiсiмшартта жазылған бағдарламаны екi мемлекеттiң шекаралық бекет қызметкерлерiне хабарлануы тиiс.Айгун қаласы, 1858 жылғы 16 мамыр.Ресей Империясының ұлы патшасына Шығыс Сiбiрдiң генерал-лейтенанты кавалер Николай Муравьев.Ресей Империясының ұлы патшасының сенiмдi қызметкерi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң тапсырысы бойынша келген аға кеңесшi Петр Перовский.Амурлық қолбасшы И Шань.Дзирамингтiң дивизиялық басшысының көмекшiсi.Бекiттi:Шығыс Сiбiр генерал-губернаторының жанындағы аудармашы губерниялық секретарь Яков Шишмарев.Рота командирi Айжиндай. |
Нағым Меңдіғалиұлы Меңдіғалиев (1921 жыл – 2006 жыл) — қазақ сазгер, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор.
## Өмірбаян
1921 жылы Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын фортепиано (доцент Е. Ф. Гировскийдің класы) және композиция (профессор Е. Г. Брусиловскийдің) екі мамандығы бойынша бітірген.Меңдіғалиев атымен қазақ музыкасында фортепианолық музыка жанрының қалыптасуындағы жетістіктер тығыз байланысты. Бірінші кәсіби пианист – қазақ, ол көптеген миниатюралардың, фортепианоға арналған алғашқы концерттердің авторы, оның шығармалары музыкалық мектептер, училищелер мен консерваториялардың оқу-әдістемелік репертуарына еніп, тыңдаушы аудиториясының ықыласына ие болды. Оның “Домбыра туралы аңыз” атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының көрнекті бетіне айналды. Оның “Дала”, “Толқын”, “Елім-ай” шығармаларына жылы және шыншыл лирика тән.
## Абай өлендері
Меңдіғалиев Абайдың «Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол...», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл...», «Жазғытұры», «Кейде есер көңіл құрғырың...», «Мен сәлем жазамын...» деген өлеңдеріне ән жазды.
«Домбыра туралы аңыз»- Әні Н. Меңдіғалиевтікі, орындаған Г. Қадырбекова.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Қобызшы. 1979 жылы Ақмола облысында туған. К. Байсейітова атындағы республикалық музыкалық колледжді қобыз-прима класы бойынша бітірген. Қазір Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті. Әселдің сахналық ойыны сұлу сезімге өрілген. Ол - К. Байсейітова атындағы жас музыканттар конкурсының I сыйлығының лауреаты; жас орындаушылардың 17- ші Республикалық конкурсының Гран-при жүлдегері; Д. Нұрпейісова атындағы Республикалық орындаушылар сайысының I сыйлығының лауреаты; А. Жұбанов атындағы Республикалық фестивальдің лауреаты, 1998 жылы Астана Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурсының Гран-при сыйлығының жүлдегері.
## Марапаттамалары
К. Байсейітова атындағы жас музыканттар конкурсының I сыйлығының лауреаты; жас орындаушылардың 17- ші Республикалық конкурсының Гран-при жүлдегері; Д. Нұрпейісова атындағы Республикалық орындаушылар сайысының I сыйлығының лауреаты; А. Жұбанов атындағы Республикалық фестивальдің лауреаты, 1998 жылы Астана Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурсының Гран-при сыйлығының жүлдегері
## Дереккөздер
1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 98 бет |
Скрипкашы. Қазақстанның халық артисі, "Әлем артисі" (ЮНЕСКО, 1998ж), Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі. 1958 ж. Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, П И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді. Айман - ұйымдастырушы , талантты ұстаз. 1993 жылдан "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестрін ұйымдастырды. 1998 жылдан ол Астанадағы Қазақтың Ұлттық музыка Академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. Қазіргі кезде Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. А.Мұсаходжаеваның аты музыкалық Олимпте М. Плетнев, Г. Кремер, Е. Грач, В. Третьяков, И. Гаврш сияқты әлем жұлдыздарымен қатар тұр. Ол Шығыс музыкасының нәзіктігін, сезімталдығын Европаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіріп, ұлттық өнерді әлем халқына танытты.
## Дереккөздер
1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 24 бет |
Әнші (лирикалық - колоратуралық сопрано). Қазақстанның халық артисі. 1945 жылы Балхаш қаласында туған. Қарағанды музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін (Н. Д. Юмашеваның класы) бітірген. 1977-1978жж.. Болгарияның халық артисі, профессор А.Найденовтың басшылығымен София мемлекеттік халық опера театрында кәсіби шеберліктен өтеді. X. Халиламбекова Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, ол П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегин", "Иоланта", Дж Вердидің "Травиата", Дж. Пуччинидің "Чио-Чио-Сан", Е. Рахмадиевтің "Қамар сұлу" және "Алпамыс" операларында бас партияларды орындады. Хорлан Халиламбекова - Қати мен Ақтоқты партияларын (С. Мұхамеджанов "Ақан сері - Ақтоқты") тұңғыш рет орындаушы.
## Дереккөздер
1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 68 бет |
Пианист. 1982 жылы Алматы қаласында туған. 1988 жылы Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыкалық мектепке түскен.Ғ. Жұбанова атындағы конкурс дипломанты, Бішкек қаласында өткен (Қырғызстан) "Жас таланттар - 98" фестивалінің лауреаты, Астана қаласында өткен "Шабыт" творчестволық жастар конкурсының дипломанты, Астана қаласында өткен 1999 жылы 20-шы Республикалық жас орындаушылар конкурсының лауреаты - II сыйлықтың иегері. Сондай-ақ, Ахмедияров Ерболат Қаршымбайұлы басқа да үлкен еңбектермен марапатталған.
## Дереккөздер
1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 74 бет |
1980 жылы Алматы қаласында туған. 1997 жылы Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыкалық колледжге (скрипка класы бойынша) оқуға түсті. Оқу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің, "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестрінің құрамында өнер көрсетті. Ол –Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық фестивальдың лауреаты (Алматы, 1999), жас орындаушылардың VIII Республикалық конкурсының лауреаты (Алматы, 1997, Гран-при), М. Стрихарж бен Б. Вайкл атындағы скрипкашылар конкурсының лауреаты (Алматы, 1998). Нақты кезеңде Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы оркестрлік факультетінің 1-ші курсында оқиды.
## Дереккөздер
1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 111 бет |
Парасат – жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.
Әдетте, бұл сөз тілдерімізде ақыл, пайым сөздерімен қосарлана, қос сөз жасай: ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде де айтылады. Парасат сөзі жастардан гөрі көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г. Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердіңішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат», — дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парсатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді. |
Тимур Кәрімұлы Мыңбаев (1943–2011) — кеңестік және ресейлік дирижер, композитор, музыкатанушы, профессор. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. Селекционер Кәрім Мынбаевтың ұлы.
## Өмірбаяны
Композитор, дирижер. Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері. 1943 жылы Алматыда туған. Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан. Ленинград консерваториясын халық дирижерлік (профессор Е. П. Кудрявцевтің класы бойынша) және композиция (профессор И. Я. Пустыльниктің класы) екі мамандық бойынша бітірген. Көптеген жылдар бойы Т. Мыңбаев ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижері болып қызмет етті. Ол дирижерлік, композиторлық және музыкалық қызметті табысты тоғыстырып жүр. Ол опера мен балет, симфония мен симфониялық күйлер, соната мен квартет, оратория мен вокальды-хорлық циклдер тақырыбына қалам тартқан тұлға. Оның шығармаларында композиторлық мектептің өткені мен қазіргісі тұтасады, Мыңбаев шығармашылығының бастауы-қазақтың ұлттық фольклоры болып табылады. Халықтық ән арқылы Мыңбаев шығармашылығы ұлттық бояумен көркемделіп, жаңа леп, заман тынысымен үндесті.
Көп жылдар Т. Мыңбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижері болып жұмыс істеді. Ол дирижерлік, композиторлық және музыкалық өнерді жақсы үйлестірді. Ол опера және балет, симфония мен симфониялық күй, соната мен квартет, оратория, вокалды-хор циклдері, камералық және джаз композицияларының авторы. Олардың шығармаларында өткен және қазіргі композиторлық мектептер дәстүрін шығармашылық негізде ұстанады. Мыңбаев шығармашылығының маңызды көзі қазақтың ұлттық фольклоры болды. Халық әні арқылы Мыңбаевтың туындылары музыкаға ерекше сергектік пен әсемдік беретін кең кантильді әуенмен ойнады.
## Шығармалары
* Скрипка мен фортепианоға арналған соната (1970);
* Ішекті квартет (1971);
* 4 тромбонаға арналған квартет (1971);
* Неміс ақындарының хорға арналған сөздер циклі (1971);
* А.Пушкиннің хор мен тимпаниге арналған «жындар» өлеңі (1972);
* А.Пушкиннің сөздеріне арналған хор және симфониялық оркестрге арналған оратория (1972);
* Камералық оркестрге арналған күйлердің қара терісі (1973);
* А.Пушкиннің (1973), Г. Аполлайнердің (1973) сөздеріне арналған дауыс пен фортепианоға арналған романстар;
* Пұтқа табынушы ән (1973);
* Джаз пьесалары, оның ішінде Остинато (1974);
* «Көңілді қала» операсы (либретто, 1974 ж.);
* Симфониялық оркестрге увертюра (1974),
* Туремурат күйі (1974);
* «Оркестрге арналған симфония» (1975)
* Фрески балеті.
## Марапаттар мен сыйлықтар
* Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі
* Бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты. Ресей композиторлар одағының мүшесі. Ресейлік музыкалық серіктестіктің мүшесі
* Ленин комсомол сыйлығы (1978) — жоғары орындаушылық шеберлігі үшін
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 146 бет
* Мынбаев Тимур Каримович. gnesin-academy.ru (орыс.) |
Шүкір сәждесі тіләует сәждесі сияқты орындалады. Өзіне нығмет берілген немесе бір аурудан жазылған адамның Аллаһу та'алаға шүкір сәждесі жасауы мүстаһаб. Сәждеде алдымен "Әлхамду-лиллаһ дейді. Содан кейін сәжде тасбихын оқиды. Бірақ әр бес уақыт намаздан кейін бір шүкір сәждесі жасап орнынан тұру мәкрух.
Намазда тадилиәрканды орындамағандардың бүкіл жаратылысқа зияны тиеді. Өйткені ол адамның күнәсінің кесірінен жаңбыр жаумайды, егін шықпайды, беймезгіл уақытта жауын жауып, пайда орнына зиянын тигізетіндігі айтылған.
## Дереккөздер
Намаз кітабы/Даярлаған: Хасан Яваш. - Алматы ISBN 9965-9738-8-1 |
Сарыкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Тораңғыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 20 км-дей жерде, Сарыкөл көлінің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 211 адам (109 ер адам және 211 әйел адам) болса, 2009 жылы 14 адамды (9 ер адам және 5 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақ ешкі - ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін көптеген ешкі тұқымдарының аралас түріне жатады. Ешкі он екі жыл ғана жасайды.
Жасы мен жынысына қарай ешкі малының атаулары;
* Лақ - алты айға дейінгі ешкінің төлі.
* Шыбыш - ерте туған ұрғашы лақтың бір жастан асқаны.
* Шыбышша - бір жастан бір-екі ай кішілігі бар, текеге шағылыспай қалған ұрғашы лақ.
* Лақ теке - туғанына алты ай болған лақтың тарттырылмай қалғаны.
* Серкешік - еркек ешкінің бір жастан асқанда тарттырылған еркек лақтың бір жастан асқаны.
* Теке - жыныс қабылеті жетілген еркегі.
* Туша - екі жастан асып барып лақтаған ешкі.
* Сақа ешкі - лақтап жүрген ірі ешкі.
* Ту ешкі - ешкінің текеден бір-екі жыл қашпай немесе қашып кетсе де буаз болмай, қысыр қалғаны.
* Серке - ешкінің тарттырылған еркегі, жасына қарай құнан, серке, дөнен деп аталады.
* Азбан теке - алты-жеті жастағы текенің тарттырылып жіберілгені.
* Бас серке - ені тарттырылған текенің төрт-бес жастағысы.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999 |
Өңір салу, отау көріктеу - Отқа шақырумен бірге болып жататын кәденің бірі.
Өңір салу - жас шаңыраққа құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдарыдң өзі естен шығарып алды.
## Дереккөздер |
Тораңғыл — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Тораңғыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 521 адам (247 ер адам және 274 әйел адам) болса, 2009 жылы 487 адамды (241 ер адам және 246 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жағда Бабалықұлы, Бабалықов Жағда Бабалықұлы (1917 - 3 сәуір 2010, Алматы), тарихшы,этнограф-ғалым,шежіреші,қоғам қайраткері.1937-1940 жылдары Тарбағатай аймағының Шәуешек қаласындағы бастауыш мектепте білім алады.1941-1943 жылдары осы қаладағы гимназияда оқиды. 1940 жылдары қазақ жастарының басын қосып,астыртын ұлт-азаттық ұйым құрған.1943-1947 жылдары Үрімжідегі жоғары оқу орнында оқып жүргенде осы әрекеті үшін тұтқындалып,түрмеге қамалады.1956-1958 жылдары Қытайдағы Іле қазақ автономиялы облысының уәлиі болған.Подполковник шенін алып,Қытай мемлекеттік армиясында түрлі басшылық қызметтер атқарған.Қазақтың салт-дәстүрі, ырымдары туралы мол дерек жинақтаған ғалым-зерттеуші. Қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі жеке атаулар мен ұмыт болып бара жатқан сөздердің мағынасы туралы ой толғаған зерттеу мақалалар мен "Қырандар" атты кітаптың авторы. Қажығұмар Шабданұлы өзiнiң алты томдық «Қылмыс» романында Жағда Бабалықұлын адал азамат, бiлiмдар тұлға, нағыз қазақ зиялысы ретiнде суреттейдi. Бiр «қызығы», кейiпкерлерiнiң аты-жөнiн түгел өзгерткен (мәселен, Бұхара Тышқанбаевты Халық Қасқырбаев деп өзгертедi және т.б.) автор Жағда Бабалықұлының аты-жөнiн сол қалпында, өзгерiссiз қалдырған. Шамасы, романдағы Жағда Бабалықұлының жағымды бейнесiне ешкiмнiң де дау айта алмасына сенiмдi болған секiлдi.2010 жылы дүниеден өткен.
## Дереккөздер
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
Қинаятұлы Бабақұмар (1967 ж.т.), тарихшы, этнограф. Қазақ елінің тарихы мен мәдениетін, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын зерттеген ғалым. Оның "Саятшылық" және құрастырушы ретінде қатысқан "Қазақ халқының ұлттық киімдері" (2007) атты этнографиялық жинақтары, (Қазақ халқының дәстүрлі өлшемдері" т.б бірнеше мақалалары жоғары бағасын алған танымдық құнды еңбектер.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
«Шығыс Қазақстан суретшілері» көрмесі ШҚО бейнелеу өнерінің дамуын барынша айқындаған суретшілердің картиналарын бір экспозициялық кеңістікке жинады.
## Сипаттамасы
Атамекен үшін Томирис – массагеттердің патшайымы, Шыңғыс хан, КСРО және Қазақстан Суретшілер одақтарының мүшесі Н.П.Аштеманың қалыптасуы Суретшілер үйінде өтті. Ол өз талантын графикада және қондырғылы кескіндемеде де байқап көрді. Көп жылдар бойы суретшіні қазақ халқының тарихы, оның қасіреттік сәті толғандырып келеді. Ол өз ойларын «Атамекен үшін», «Томирис – массагеттердің патшайымы», «Шыңғыс хан» және тағы да басқа жұмыстарында қорытып келеді. Н.П.Аштема табиғат сұлулығын «Ай сәулесі түскен Белуха», «Қазақстан даласы» сияқты туындыларында эпостық сарын деңгейіне дейін жеткізді. Суретші өнері туған жердің тарихы мен сұлулығы тақырыбының сарқылмайтындығын дәлелдейді.
Иірім, Көктемнің басы ,Ши, КСРО .Суретшілер одағының мүшесі А.И.Коробковтың туындылары–ұшы-қиыры жоқ түрлі табиғат әлеміне деген сүйіспеншілікті бейнелеуге арналған. Нақыштар мен көлемдердің пластикалық сұлулығы оның пейзаждарында ішкі тебіреністің бейнелілік әсерін құрайды. Айналадағы дүниеден алшақтай отырып, ол оны өзгертеді, сондай-ақ, керемет нәзік және поэтикалық өз әлемін жасайды (Иірім», «Көктемнің басы», «Ши»).
О.П.Леонова акварельдік кескіндемемен 20 жылдан аса уақыт айналысып келеді.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі С.П.Шупляк өнердің әр түрлі саласында жұмыс істейді, бірақ өзін гобелен мен батиктің шеберімін деп есептейді. Әсіресе суық батик техникасында жұмыс жасағанды ұнатады. Ерекше мәнерлі композицияларды табу үшін ол көп тәжірибе жасады
Экспозицияның көлемді бөлігін КСРО Суретшілер одағының мүшесі А.Г.Куклиннің сызба туындылары құрайды. «Адам мен табиғат» және «Ұлы дала» суретші шығармашылығындағы бірден-бір магистральды тақырыптар. Көрмеде ХIХ ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақтардың өмірі мен тұрмысына, Қазақстан табиғатына арналған түпнұсқалық графикалық жұмыстары ұсынылған. Этнографиялық материалды суреттеуде детальдарға, графикалық дәлдіктерге ерекше назар аударылған, композициялық қатардағы шынайылығымен шебердің мына туындылары: «Дүниеге келу», «Зергер», «Текемет» және тағы басқалары ерекшеленеді. Бұл циклде автор сирек техника граттографияға жүгінген. 1998 жылдан бастап Анатолий Григорьевич Ресейде тұрады және жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан суретшілері өнерінің гуманистік бағыттылығы, өз халқының өмірімен, оның тарихымен және мәдениетімен шығармашылығының тығыз байланыста болу қажеттігін көпшілігінің түсінуі олардың шығармашылығының қайнар көзін айқындаушы бағдаршам болған және болып қалады.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2009ж. 125бет.
2. Қазақстан суретшілері және олардың туындамасы кітабы, 2007ж. 86бет. |
Балдыберек (1992 жылға дейін – Красный Боец) — Түркістан облысы Төле би ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Леңгір қаласынана солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде, Алматы облысынан бері созыла орналасқан Талас Алатауының етегінде орналасқан.
## Халқы
## Табиғат ерекшеліктері
Бұрынырақ таудан ағатын өзеннің жағасында ит тұмсығы өтпестей бұталар мен берек ағашы қалың болып өскен екен. Берек ағашына бал аралары балдарын жинап, ағаштың жапырақтарынан бал өзенге тамып тұрған дейді. Сондықтан өзеннің де, ауылдың да аты Балдыберек аталған. Табиғаттың жауы - адам демекші сол ағаштарды ауыл халқы отын ретінде ұзақ жылдар бойы пайдалануының кесірінен қазіргі таңда бал да, баларасы да, беректе жоқ. Тек Балдыберек өзеніне сән беріп тұрған аз ғана бұталар қалған, арасында аққайың, қара ағаш, талдарда кездеседі. Балдыберек өзені Үлкен Балдыберек, Кіші Балдыберек болып екіге бөлініп ағып, ауыл соңына келгенде қосылады. Екеуінің айырмашылығы бір шама: дәмі де, температурасы да екі түрлі. Кейбір келген демалушылар үшін бұл су ем болып та табылады. Тағы бір ерекшелігі өзенде бағасы құнды, табиғатта сирек кездесетін, аты қызыл кітапқа енген, ең дәмді жалғыз бақтақ балығы кездеседі. Балдыберек өте тез ағынды өзен. Өзен жылдамдығы шамамен 10 км/сағ. Таудың кереметін айтып бітпейсің. Тау арасында көл де, өзен де бар.
Айта кететін жағдайдың бірі Балдыберек ауылы Ақсу-Жабағылы қорығының артқы бөлігінде орналасқан.
## Туризмі
Аса ірі туризм саласы болмаса да жыл сайын жазда келуші демалушылар аз емес. Тіпті шетел асып келушілер де бар. Олардың көпшілігі тауға қызығып келеді. Таудың керемет жерлері қаншама. Тауда Үлкен және Кіші дарбаза деп аталатын ғажайып екі жері бар. Үлкен дарбаза таудағы Балдыберек өзеннің бойымен серуендеуге арналған. Ал Кіші дарбаза өзінің сарқырамасы мен жуаш атты жеуге арналған өсімдігімен қызықты.
## Дереккөздер |
Ата Әбу Рашта — 2003 жылдан бастап "Хизб ут-Тахрир әл-Ислами" партиясының жетекшісі. Ата Әбу Рашта партия құрылғаннан бергі үшінші әмірі. Ол 1943 жылы Палестинада әл-Халил ауданына қарасты Рана ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Ата Әбу Раштаның отбасы араб-израль соғысының басталуына байланысты әл-Халилге жақын жерде орналасқан палаткаларға көшеді. 1959 жылға дейін әл-Халилде Хусейн ибн Али атындағы мектепте оқиды. 1960 жылы әл-Халилде әл-Ибраһимия мектебінің аттестатын иеленеді. 1960-61 оқу жылы Каир университетіне түсіп—, 1966 жылы инженер-құрылысшы мамандығын оқып шығады. Осы мамандығы бойынша бірнеше араб мемлекеттерінде жұмыс істейді.
2003 жылы Абдул Қадим Заллумның денсаулығынаибайланысты өз еркімен партия басшылығынан кеткен соң, ресми 2003 жылдың 13 сәуірінде партияның әмірі болып сайланады.
## Ата Әбу Раштаның кітаптары
1. Бақара сүресінің тәпсірі (تفسيرسورة البقرة واسمه (التيسير في أصول التفسير - سورة البقرة),
2. Фиқһ негіздері жайлы (دراساتفي أصول الفقه – تيسير الوصول إلى الأصول),
3. Араб түбегі мен Парсы шығанағындағыжаңа крест жорығы (الغزوة الصليبية الجديدة في الجزيرة والخليج),
4. Экономикалық кризистер,
5. Өндіріс саясаты жәнеөндірістік мемлекеттің құрылымы (سياسة التصنيع وبناء الدولةصناعياً),
Ата Әбу Раштаның хизбут тазрирді басқарғаннан бері партияның шығарған кітаптары:
1. Ислами тұлғаның негізгі факторлары,
2. Саяси мәселелер (Отарланған мұсылман елдері),
3. Саяси түсініктер кітабының толықтырылған нұсқасы,
4. Халифалық мемлекетіндегі білім беру жүйесінің негіздері,
5. Халифалық мемлекетінің басқару жүйесіндегі құралдары.
## Дереккөздер |
Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу шарттары — судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу, бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуге тиіс: суды ұтымды пайдалану, сутоғандарынан алынатын судың есебін жүргізу, жер бетіндегі және жер астындағы суларды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі шараларды орындау; балықты, суда жүзетін құстарды, су хайуанаттарын және жағалаудағы эко- жүйелерді корғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру; судың зиянды әсерін болдырмау, жерді су басудан, су астында қалудан, сортаңданудан және кұрғаудан қорғау; айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау. Өндіріс жағдайы бойынша қайталамалы сумен жабдықтауға және қалдықсыз технологияға көшіріле алмайтын кәсіпорындарды қоспағанда, өнеркәсіп орындарын сумен жабдықтаудың тура ағыс жүйелерін жобалауға және салуға жол берілмейді.
## Дереккөздер |
V-Alem тобы 2011 жылдың 15 сәуірінде құрылған. Топ мүшелері:
* Мейрамбек Оспанов
* Ардақ Салкашев
* Ерасыл Абдуалиев
* Жалын Тілеуберген
* АзаматЕржанұлы
1.Мейрамбек Оспанов 1986 ж. Атырау облысы Мақат ауданында дүниеге келген 9-шы сыныпты бiтiрiп Атырауға коныс аударып мунай газ ондiру операторын бiтiрген.2. Ардақ Салкашев 1988 ж. Қызылорда қаласында туылган Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында Эстрада Вокал факультетiнің Люция Тулешованын курсында 2 курста оқиды.3.Абдуалиев Ерасыл 1990 ж. Қарағанды қаласында туған Чайковский атындағы Музыкалық колледжінде вокалист мамандығының 4 курсын тамадауда .4.Тлеуберген Жалын 1991 ж. ШҚО Аягоз ауданы, Тарбагатай ауылында дүниеге келген Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында Музыкалык Драма факультетiнің 3 курс студенті.5.Ержанұлы Азамат 1990 ж. Алматы қаласында дүниеге келген Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында Кино и ТВ факультетiнің 3 курс студенті.
## Дереккөздер
http://kazamanat.kz/executors/view-1740 Мұрағатталған 23 ақпанның 2014 жылы. |
Есіл — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Покров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 210 адам (108 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 155 адамды (83 ер адам және 72 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қойлық, Қаялық — Ӏле алабындағы аса ірі ежелгі қала. Деректемелерде 11 ғасырдан бастап белгілі, бір кезде ол Қарлұқ кағаны — Арыслан ханның ордасы болды. Франция королі IX Людовиктің елшісі Вильгельм де Рубрук Қойлықта 1253 жылы күзде болған. Бұрынғы Ӏле кыстағының жанындағы өткел аркылы Ӏле өзенінен өткеннен кейін ол былай деп жазды: "Келесі оған көптеген көпестер қатынап тұрған Қаялық деген үлкен кала таптық". Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан FA археологиялық зерттеулер Қойлықтың орны Лепсі алабындағы Антоновка аулындағы қираған құрылыстар екенін анықтады. Мұнда 1964 жылы Жетісу археологиялық экспедедициясы барлау жұмыстарын жүргізген. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекші К. Байпақов) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қаланы қоршаған дуалдың биіктігі 3,5—4,5 м.
Бұрыштарының сұлбасы дүниенің төрт тарапынан бағыттас орналасқан төртбұрышты төбе. Солтүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 1200 м, оңтүстік-батыс кабырғасының ұзындығы 750 м. Сыртқы қабырғасының бойында, бір-бірінен 30—40 м қашықтықта орналасқан дөңгелек мұнаралардың қалдықтары сақталған. Олардың кейбіреулерінің қазіргі биіктігі 6—8 м-ге жетеді. Қойлықтың орнын қазғанда 1—14 ғасырлардағы қала адамдарының тұрақтары, қыштан жасалған ыдыс-аяқтар —құмыралар, көзелер, кеселер табылды. Одан табылған қола теңгелер қаланың 8—14 ғасырларда ірі өркениет орны болғанын дәлелдейді. Соңғы жылдары қала аумағынан бірнеше тұрғын үй, будда ғибадатханасының орны аршылған. Сондай-ақ кейінгі жылдардағы қазба жұмыстары нәтижесінде мешіт орындары да табылған. Олардың құрылысы мен нобайы Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Отырар алқабындағы мешіттерге өте ұқсас. Соған қарағанда мұндағы ислам діні- не енген қауымдастықтардың орталығы Отырар төңірегінде болған сияқты.
## Дереккөздер |
Еңбек — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Покров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 301 адам (151 ер адам және 150 әйел адам) болса, 2009 жылы 205 адамды (99 ер адам және 106 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
"Апалы-сіңілі екі қыз" көтерілісі (Hai Bà Trưng|𠄩婆徵) - Қытайдың Хань әулетіне қарсы лаквьеттердің (вьетнамдықтардың арғы тегі) жалпы халықтық көтерілісі (б.з.40-43 жылдар). Көтеріліс вьетнамдықтарды қытайландыруға және қанаудың күшеюіне байланыстышықты. Негізгі қорғаушы күші шаруалар болды. Көтерілісшілерге ақсүйек тұқымынан шыққан апалы-сіңілі Чынг Чак (Trưng Trắc|徵側) және Чынг Ни (Trưng Nhị|徵貳) деген екі қыз басшылық етті.
Чынг апалы-сіңілі қыздар б.з. 12 жылдар шамасында әскери қызметкерінің отбасында туған. Әкелері Мелинь (Mê Linh|麊泠) елді мекенінің префекті болған. Бір күні префекттің үйіне қонаққа көрші ауылдың префекті келеді, оның баласы Тхи Шань қыздардың үлкенін - Чакты жақсы көріп қалып, көп ұзамай екеуі үйленеді.
247 жыл бойы Қытайдың Хань әулеті навьеттерге (вьетнамдықтардың арғы тегі) еріксіз қытайландыру саясатын өткізіп жатқан. Тхи Шань (үлкен апасының күйеуі) Хань империясына қарсы шығып, қытайлықтардың қолынан қаза тапты.
Тхи Шаньның қайтыс болғаны екі апалы-сіңілі Чынгтерді көтеріліс бастауына себепболады. Б.з. 39 жылы Чак пен Ни Чынгтар өз ауылынан қытай әскерлерін қуып шығады. Осы оқиға халыққа дем беріп, екі қыздың бастауымен бур-екі айда 65 қаланы қытайлықтардан босатады. 2 жылдан астам Чак Чынг тәуелсіз мемлекеттің монархы болып, қыатйлықтардың шабуылдарын қайтарып отырды.
42-43 жылдары Хань империясы дайындалып, күш жинап тағы шапқыншылыққа шығып, көтерілісті басады.
Бұл көтеріліс жайлы халық аузында аңыз көп. Аңыз бойынша, қытайлық еркек әскерлері шабуылға тыржалаңыш шешініп шығады, вьетнам әйелдері ұялып қысынып, майдан даласынан қашып кеткен. Әйелдердің ерлігі туралы да әңгіме көп. Тағы бір аңыз бойынша, Фунг Тхи Тинь - армияның капитан әйел, екіқабат болып шабуылға қарсы шыққан. Сол шайқас арасында, қолында найзаны қысып ұстап, босанады. Босанып болғаннан кейін, баласын құндақтап, өзі қайтадан майданға шығады.
43 жылдағы шайқастың соңына дейін ерлікпен соғысқан Чынгтар ақырында жеңілетіндігіне көзі жетіп, өз-өзін Дэй өзеніне тастап, суға батып өледі. Әлдегі капитан Фунг Тхи Тинь алдымен өз нәрестесін бауыздап, сосын өз-өзін өлтіреді.
43 жылы қытайлықтар Вьетнамды қайтадан басып алады.
Чынг апалы-сіңілі қыздарды Вьетнамда қатты құрметтейді. Жылда 6 қаңтарда Ханойда Чынг апалы-сіңілі қыздардың құрметіне мемлекеттік мейрам өтеді. Қыздардың құрметіне Ханойда бір ауданды атаған, ірі көшелерге атын берген.
Бұл оқиғаның сол кездегі шежірешілерінің жазуының арқасында тарихшылар Вьетнам туралы көп мәлімет білді. Солардың бірі - қытайлықтардың басқыншылығының алдында Вьетнамда матриархат болған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Trung sisters Tuyet A. Tran & Chu V. Nguyen
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Чынг апалы-сіңілі |
Скифтер (көне грекше: Σκύθης, Σκύθαι), Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. V ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Геродоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанған. Сонымен қатар олар Азов түбегі маңында “патшалық” скифтер болғанын, олардың көшпелі тұрмыс кешетіндігін, доңғалақты киіз үйлерде тұратындығын мәлімдейді. Ежелгі грек авторларының жазбаларына қарағанда, скифтер арасында құл иеленушілік орын алған. Құлдар негізінен көршілес елдерге жасалған жорықтар кезінде қолға түскен тұтқындардан тұрған. Скифтердің тайпалық бірлестігін құруда Атей патшаның белсенділік танытқаны жайлы деректік мәліметтер сақталған. Оның билігі тұсында скифтер Доннан Төменгі Дунайға дейінгі аралықты мекендеді. Б.з.б. III ғасырдың соңында скифтер патшалығының астанасы Неапол (Симферопол маңы) қаласы болған. Төменгі Днепрдегі Көлин қалашығы оның екінші орталығы болған. Скифтер киммериялықтармен соғысып, Кіші Азияға жорықтар жасап жүрген. Сирияны, Палестинаны жаулап алып, Алдыңғы Азияға үстемдік жүргізген. Фракия тайпаларына, Ескендір Зұлқарнайынға қарсы соғысқан. Скифтер өнерінің ежелгі мұралары Қаратеңіздің солтүстік жағалауында мол шоғырланған. Бұл мәдени ескерткіштер негізінен қорымдарда сақталған. Қазба жұмысы кезінде табылған сәндік бұйымдар: қорамсақтың қабы мен қын, қылыш сабы, жүген мен үзбелері, қаптырмалары мен ер-тұрманы, сауыттар мен әйелдердің сәндік бұйымдары (айнаның сабы, білезік, шолпы, т.б.) алтын мен күмістен жасалған қайуанаттар мүсіндерімен (бұғы, бұлан, арқар, жыртқыш, құстар, фантастикалық жануарлар, т.б.) нақышталған. Бұл сәндік бұйымдардағы бедерлеп немесе құйма әдіспен жасалған өрнек сюжеті көбінесе жыртқыш немесе самұрық құстардың аң алу әрекетін бейнелейді. Әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде Днепр жағалауында скиф ақсүйектерінің алып қорғандары пайда болды. Олардың биіктігі 20 м-ден асқан. Бұларға патшалар мен жасақшылар жерленген. Ақсүйектер қабіріне олардың әйелдері немесе күтуші қызметкерлері мен аттары бірге жерленген. Жауынгерлер жанына қару жарақтары қойылған. Ауқатты адамдардың зираттарынан мыс, алтын, күміс ыдыстар, шарап құйылған грек көзелері, әр түрлі заттар жиі табылған. Б.з. I ғасырының II-жартысында Парзой мен Инисмей патшалардың тұсында скифтер күшейіп, Боспор патшалығына қарсы бірнеше рет соғыс ашқан. Қырымдағы скифтер III ғасырдың II-жартысына дейін өмір сүрген. III ғасырда скифтер өз билігінен біржолата айырылған. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде олар басқа тайпаларға сіңісіп, жеке этникалық ерекшеліктерінен аыйрылған. Дегенмен олар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың экономика, соғыс ісі саласындағы табыстары кейін Ресейдің оңтүстігін мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне елеулі ықпалын тигізді.
## Дереккөздер
Смирнов А.П., Скифы, М., 1966; Иллюстрированная история Казахстана, т. 1, А., 2004.Гасанов Заур, "Царские скифы: этноязыковая идентификация "царских скифов" и древних огузов", https://ebooks.az/book_SvXq7m84.html?lang=ru, 2002
Смирнов А.П., Скифы, М., 1966; Иллюстрированная история Казахстана, т. 1, А., 2004.Гасанов Заур, "Царские скифы: этноязыковая идентификация "царских скифов" и древних огузов", https://ebooks.az/book_SvXq7m84.html?lang=ru, 2002 |
## Патша үкіметінің бекеттері, станциялары мен линияларының салынуы
Қазақстан аумағында патша үкіметінің отаршылық әрекеті күшейді. Бұл әрекеттер қазақтардың жерлерін тартып алу мақсаттарынан көрінді. Ор, Тройцк және Елек өзені аймақтарын дағы қазақтардың жерлерін баса көктеп тартып алды.Патша үкіметінің (1810-1822 жылдар) аралығында қазақтардың Жаңаелек маңындағы жерлерін алуы. Жаңаелек шебінің құрылуына әкелген негізгі себеп болып табылды. Патша үкіметінің жүргізілген іс-шараларының сылтауы тұз тасылатын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп түсіндірілді. Ежелден табын, тама руларының көшіп-қонып жүретін қазақтардың мал жайылымы еді. Өздері тұз өндірумен айналысып шөбі шүйгін жайлауларында мал бағатын, сонымен қатар осы жерлердегі көлдердің суы мен батпағының емдік қасиеті болған. Ол жөнінде ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі «Бұл аймаққа орыстар келмей тұрып-ақ жазды күндері қырғыздар (қазақтар – авт.) Електің тұзды көлдеріне түсіп, шомылып жататын, оның тұзды суы толып жатқан ауруға шипа болатын қасиеті бар деп білетін». Олай болса халық ертеден-ақ аңғарған. 1810 жылы патша үкіметі Жаңаелек шебін жасауға кірісті. Яғни ол Жайық, Елек, Құралай және Бердянка өзендері аралығын түгелде алып, онымен қоса қазақтардың 600 мың десятинаға жуық жерін патша үкіметі пайдасына берілді.Қазақстанда отарлық езгінің күшеюі: XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалар қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайын өзгертті. Жаңадан құрылған округтарда аға сұлтанның айналасындағылардың маңызы өсті. Егер ертеректе 1822 ЖЫЛҒЫ Жарлық бойынша би ретінде осы атаққа халық алдындағы қызметімен ие болған адамдар отырса, енді оларды қауым тағайындағанымен, атақтарына шешімді түрде округтық бұйрықпен бекітілді. Патша үкіметі осындай жолмен жергілікті басқарудың дәстүрлі органдарын бақылауға алуға ұмтылды.XIX ғасырдың бipiншi жартысында қазақтарға ауыр отарлық езгі көруге тура келді, ең бай жайылымдарынан, өзендері мен көлдерінен Елек өзенінің бойында Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Көмірлі, Вятлянская және Бердянская жаңа бекіністердің негізі қаланды. Олардың төңірегіне айналдырыла ор қазылды, кедергілі жал тұрғызылды. Жаңа аймақтың аумағына әскери адамдар мен казақтар қоныстандырылды. Олар кейінен казақтар тобына көшірілді.
## Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы, барысы, қозғаушы күштері
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс (1822-1825 ж.) Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар Орынбор генерал-губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде талай рет өтініш жасады. Бірақ ол өтініштердің орындалуына үзілді-кесілді тыйым салынумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан-ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жолындағы күреске басшылық етті. Жоламан батыр атақты Бөкенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Жоламан батыр өзінің қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшіні топтастырды. Жаңадан құрылған шекара шебіне күшті жабуылдар жасала бастады. Көтеріліске шыққан қазақтар казақтардың станицаларына шабуыл жасады, олардың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып,малдарын айдап әкетті. Сондай-ақ олар патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуыл жасады.Ондай шабуылдарды шағын жасақтар жасады. Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды бас алмады. Көтерілісті басу үшін құрамында 500 Орынбор казагы, құрамында екі зеңбірегі бар жазалашы экспедиция жіберілді. Сөйтіп 1825 ж. Бұлдырты, Шиелі, Тамды өзендері бойындағы қазақ ауылдарын ойрандап, оларды қырып-жойды. Қазақтар аянбай қарсылық көрсетті. Осы тұста 195 сарбаз қаза тауып, 125 адам тұтқынға алынды. Олардың ішінде жас балалар менәйелдер де болған еді. Жолман Тіленшіұлы бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп-жетілуіне елеулі ықпал етті.Жаңаелек аймағының құрылуы (1835 ж.) Жаңаелек шекара шебіндегі бекіністердің құрылысы аяқталғаннан кейін 1835 жылғы 5 наурызда Министрлер Кабинетінің «Орынбор губерниясының қырғыз (қазақ.-авт) даласымен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы» Ережесі бекітілді.Бұл Ереже бойынша Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін Орынбор шекаралық шебі қазақ даласының ішкі жағына қарай ілгері жылжытылды. Қазақтар тағы 4 миллионға жуық десятина жерінен айырылып шыға келді. Мұның өзі көлемі жағынан бүкіл Орынбор губерниясының төрттен біріне тең еді. Жаңа Ережеге сәйкес қазақтар жаңа шекара шебінің сыртқы жағына көшуге тиіс болды. Өздерініңбұрынғы ата қоныстарынан айырылмау үшін олар неше түрлі айла –шарғылар жасауға дейін барды. Мәселен, бізге Кенесары Қасымұлы жасақтарының шабуылы мен оөбырлығынан құтылу қиын болады деген шағым айтты. Осындай қыруар көп шағым айтылып, өтініш жасалғаннан кейін Орынбор өлкесінің басшылығы қазақтарды қоныстарында уақытша қала тұруына рұқсат етті. Бірақ бұрынғы жерлерін өздері жалға алып, ақы төлеп тұратын болды.Жаңа шекара шебіндегі аймақтар ең бір құнарлы да шұрайлы жерлер болатын. Онда күні кешеге дейін қыпшақтар мен жағалбайлы руларының 12 мыңға тарта отбасы көшіп-қонып жүретін. Бұл қоныстан ығыстырылған қазақтар кейінірек Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске белсене қатысты.Қазақ даласына қарай ілгері жылжытылған шекара шебінде Императорское, Наследницкое, Константиновское,Николаевское және Михайловское бекіністері алғашқы жылдың өзінде-ақ тұрғызылды.Жаңа шекара шебінде Орынбор казактары мен 9 және 10кантондардағы башқұрттардан тосқауылшы күзетшілер қойылды. Патша үкіметі бұдан кейін де қазақ жерін басып алуын тоқтатпады.Жаңа шекара шебі аймағында қазақтардың уақытша тұруына рұқсат етілгенімен де, олардың саны бірте-бірте арта берді. 1855 жылы ондағы қазақтардың саны 28 мың адамға жақын болған, ал 1891 жылы- 50 мыңға жетті. Қазақтардан жерлерін тартып алуы, бұрын үй сайын түтін салығын төлеп келсе, енді ежелгі өз жерлерін жалға алып пайдаланғаны үшін қосымша алым-салық төлейтін болды. Жалға жер алған қазақтар өздерін қашан қуып жіберетініне алаңдаумен болды. Міне, патша үкіметінің осы іс-әрекеттерінің барлғы қа зақтардың отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілуіне себеп болды.1825 жылдың көктемінде ресей империясыныңотаршылдық езгісіне қарсы қозғалысты Қарқарлы округы қазақтарының басқарушы-сұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. Ол әрі-бері өткен керуендерге бақылау орнатты. Приказдарға шабуыл жасауға көшті. 1826 жылғы 31 қаңтарда Саржан Қасымұлының жасағы патша үкіметінің әскерлеріне қарсы ашық шайқасқа шықты. Оған өз қол астына қарайтын Қарпық болысы көмекке келді. Алайда олар жеңіліп қалды.Саржан Кіші жүз қазақтарының арасына көшіп кетуге мәжбүр болды.1831 жылдың орта кезінде патша үкіметінің құрамында 500солдаты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылдарын шауып кетті. 450 бейбіт тұрғын қаза тапты.Ондаған адам тұтқынға алынды. Кейінірек патша үкіметінің әскерлері тықсырып, тиісе берген соң Саржан Ұлы жүз қазақтарының ортасына көшіп барды. Ол Қоқан хандығының қол астына қарайтын қазақтардың көмегіне үміттенді.Бірақ бұл жағдай Қоқан хандығымен екі арада шиеленісті оқиға тудырды. 1836 жылы жазда Ташкенттің билеушілері Саржанды және оның бауырлары Ержан менЕсенгелдіні Қоқан хандығының нұсқауы бойынша зұлымдықпен өлтірді. Ал 1840 жылы олардың әкесі Қасым сұлтан да сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапты.
## Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы
Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталды. Өйткені олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерілісшілер патша үкіметінің жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімшелеріне қарсы тұра алмады. Дегенмен де бұл көтерілістің қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихындағы алатын маңызы зор. Ол қазақтардың 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына негіз қалады Қазақтардың отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілуіне себеп болды.
## Дереккөздер
Қазақстан тарихы 8 - 9 сыныптар
## Тағы қараңыз
Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы |
Бай мен жарлы баласы - 1897 жылы Ыбырай Алтынсарин жазған балалар әңгімесі.
Ол дүниенің көптеген тіліне аударылған.
## Қысқаша мазмұны
Екі бала Асан мен Үсен болған. Асан бай баласы, ал Үсен жарлы баласы.Бір күні ел көшкенде қыр астында ойнап жүріп,ескерлемей, екеуі жұртта қалыпты. Сонда олардың саяхаты басталады. Жолында Асан қайта-қайта жылады, ал Үсен әрқашан оны тыныштаган. Саяхатында олар үйрек пен балық аулады. Соңында олар моланы тауып, ата-аналарының ауылын табады.
## Шығарма кейіпкерлері
Асан - Байдың баласы. Үсенмен далада жалғыз қалған. Өте қорқақ, жылауық бала. Сапарада Үсенге бірнеше рет көмектескен. Ол өте ерке бала.
Үсен - Жарлы адаманың баласы. Асанмен ойнағанда, далада жұртта қалыпты. Сапарда Асанға аса көмектескен. Үсен оған өмірді үш рет сақтаған. Ол өте білімді. тапқыр бала. |

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы «Акварелька» балалар шығармашылығы студиясымен бірлесе отырып, Өскемен қаласының Білім беру бөлімінің қолдауымен «Балалық шақ - шағын ел» атты балалар шығармашылығының көрмесін ұсынады. Көрме жыл сайын өтетін «Кенгуренок» атты балалар шығармашылығы конкурсының аясында ұйымдастырылды.
Көрмеде ұсынылған 150-ден аса жұмыс балалық әлемнің жарқын, ертегілік, қайталанбайтын әлемін бейнелейді. Балалар өздерінің ішкі толғанысын шығармашылық тілмен жеткізуге, өздерінің таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыруға зор мүмкіндік алды. Балалар шығармашылығы қоры тақырыбы еш сарқылмайды, ал көрменің әсерлі аясы балалар туындыларының бейнелену тілінің айқындылығын және сонылығын паш етеді, олардың реңі кескіндемелік бейнелілік, графикалық жаңалық.
Көрме Халықаралық балаларды қорғау күніне арналады.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Пайза,байса,басма -XIII- XV ғасырларда Алтын Орда хандары сенім құжаты (грамотасы) ретінде тапсыратын металл тақташа (пластина). Негізінен күмістен , кейде алтыннан жасалған тақташа өлшемдері 30х10 см, пішіні әр қилы (төрт бұрышты, дөңгелек), жиектері доғаша иілген. Пйзалар осы кнге дейін жеткен Алтын орда қазынасының үлкен бір бөлігін құрайды. Алтын Орда пайзалары қазіргі Моңғолия, Сібір аймағы, Байкал төңірегінен бастап Батыс Еуропа аумағына дейін кеіңнен таралған және барлық жердегі заңдылық күші бірдей, бәрәне ортақ құжат болды. Пайза - елшілердің, керуен тартқан саудагер, көпестердің және саяхатшылардың мемлекеттік шекарадан өткенде көрсететін басты құжаты еді. Пайзада "ел билеген адамның әмірімен рұқсат етілген" деген мағынаны беретін жазуы болған. Пайзаның бір шетінде ойылған тесігі бар. Иесі тесіктен жіп өткізіп алып, белдігіне тығып алатын. Пайзадағы моңғол сөздері, негізінен , ұйғыр жазуымен ойып түсірілген. Ондағы жазылған сөздер көбіне бір мағыналас болып келіп отырады. Мәселен: "Мәңгілік көк аспанның, жарылқайтын күш-қуатымен, ұлылық құдыретіне сәйкес, кімде-кім Абдолланың әміріне бағынбаса ол кісі жазалы болып, өлтіруге тиіс"- деп жазылған Еділ бойынан табылған бір пайзада. Пайзалардың екі жақ бетіне әртүрлі хайуандардың бейнесі ойып түсірілген. ХІІІ ғасыр пайзаларында, көбінесе қытайдың мұрны жалпақ, көзі ұлкен "таоте"деген құьыжығының немесе геральдикалық мәнге ие Күн мен Айлың бейнесі - Шыңғыс ханның харизмалық бейнесі ретінде жиі салынған. Алтын Орда хандары Тоқтай (1290 - 1312), Өзбек (1312 - 1341), Келдібек (1361), және Өзбектің ұлы Абдолла (1362-1369) шығарған пайзаларда Ай мен Күннің бейнелері жиі кездеседі.
## Юань әулетінің пайзасы
Шойыннан құйылып, күміспен әрленген. Өлшемдері 15,5х12 см. 1909 жылы Томск губерниясынан табылған. Бес баған моңғолша "Мәңгілік Тәңір күшімен, ханның әмірін тыңдамаған адам өлсін" деген шаршы жазуы бар. Мұндай жазуды ресми құжаттар үшін 1269 жылы Пагба лама ойлап тапқан.Пайзаның пішіні дөңгелек, бір шеті шығыңқы. Онда Тибет өнерінде кең таралған арыстан бейленген. Пайза Эрмитажда сақтаулы
## Алтын Орда хандарының пайзалары
Қырым тұбегінен табылған пайза. 1361 жылы құйма күмітен шыңдап жасалған. Пйзаның өлшемдері 29,97 см, қазір Мәскеуде, Ресей мемлекеттік тарихи мұражайында сақтаулы. Оның жиек қырлары нықышына келтіре отырып, ал шетіне таяу ойығының айналасы дөңес етіп жасалған. Пайзаның екі жақ бетінде де алтын жалатылған әріптермен оюланып, әшекейленген моңғол сөздері ұйғыр жазуымен түсірілен. Бір жақ бетінде екі қатарға жағалай, алты тармақты күлте жапырақтары ішіне қарай көмкеріле бейнеленген. Екінші бетінде бұлт арасындағы Ай сұлбасы бар. Осы пайзадағы жазуда: "Мәңгілік көктің (аспанның) ұлы құдіреті мен күш қуатының арқасында, Келдібектің әмірі:"Кімде-кім мұны (бұл жарлықты) құрмет тұтып сыйламаса жазаға тартылып өлтірілуі тиіс" деген сөздер кездеседі.Алтын Орда пайзасы. Күмістен құйылған ьақташа бетіндегі жазулар алтынмен әрленген. Қазіргі Батыс Сібір аумағынан табылған. Күміс пайза. 1853 жылы Селенга өзені бойынан табылған Тік төрт бұрыш пішінді, бұрыштары ойыс. Тесігінің айналасы доғалша иілген. Онда қытай иероглифі мен "Құрмет белгісі №34" деп жазылған. Пайзаның өзінде моңғолша шаршы жазуы бар. Бір бетіндегі үш бағана және екінші бетіндегі екі бағана жазуда: "Мәңгілік Тәңір күшімен ханның есімі қасиетті болсын. Тыңдамаған адам өлтіріледі не өледі" деген сөздер қашалған. Эрмитажда сақтаулы.
## Дереккөздер
"Аруна" баспасы, 2007 ISBN 9965-042-7 ББК 63.3 каз |
Тасөткел — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Тәтті ауылдық округінің аумағындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Ауылдық округ орталығы - Тәтті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км, аудан орталығы - Меркіден 51 км-дей жерде.
## Халқы
Ауылдың аты өзі айтып тұрғандай, суы мол жерден құмтас төселген көпір арқылы адамдар ары-бері қатынағандықтан осылай аталған.
## Дереккөздер |
Тескентоған — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Сұрат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Округ орталығы - Сұраттан батысқа қарай 4 км-дей, аудан орталығы - Меркіден оңтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Тарихы
Кеңес өкіметі уақытында бұл ауыл "Қызыл ту" ауылы деп аталған. Колхоздар таратылған уақытқа дейін Киров колхозына қараған.
## Ауыл атауы
Тескентоған атауы - тарихи есім. Сыпатай батырдың басшылығымен осы елді мекенді суландыру үшін биік белді қазып, Меркі өзенінен су бұрған. Сондықтан, Тескентоған ауылы аталып кеткен. Ал, одан кейін колхоздастыру кезінде "Ерназар" колхозы атанған. "Ерназар" колхозы тұсында бұл ауыл тау бөктеріндегі, қазіргі "Пионер" лагерінің төменгі тұсында болған. Қазіргі орынға 1941 жылы қоныс аударып, "Қызыл ту" атанды. Негізінен, Сыпатай батырдың ұрпақтары осы ауылда тұрады. Осы жерде Сыпатай батыр қайтыс болғанда, ағайын, ел-жұрты ақ жуып, арулаған, жаназасын оқып, соңғы сапарға шығарып салған. Сондықтан ол жерді жергілікті халық әлі күнге дейін "Сыпатайдың жуғысы" деп атайды.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының ордендері, құрмет атақтары мен медальдар жүйесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 заңынан бастау алады. Марапаттар уақыт өте келе өзгертіліп, толықтырылды.
## Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi
## Ордендер
## Дереккөздер |
Қонақ – жолаушылып келе жатып, үйге түскен бейтаныс жан, немесе сый-сияпат көрсету үшін арнайы шақырылған сыйлы адам; сондай-ақ, ауыл арасын қыдыра келген адамдардың бірі деген ұғымның атауы. Аталмыш ұғымның мазмұнынан қонақтың қазақ салтында "құдайы қонақ"; "арнайы қонақ"; "қыдырма қонақ" деп аталатын үш түрі бар екені байқалады. Қазақ танымында қонақ ұғымының этикеттік, құқықтық, діни-мифологиялық қырлары бар.
## Құдайы қонақ
Құдайы қонақ – ат арылтып алыстан келе жатып үйге түскен, шаңырақ иесіне ешбір таныстығы, туыстығы, жекжаттығы жоқ бейтаныс жолаушы. Байырғы салт-дәстүрінде құдайы қонақты зор құрметпен күту сияқты абзал қасиеттің пайда болу себебін халық ел ішінде айтылатын Алаш хан туралы аңызбен байланыстырады.Н.И. Гродеков жазып алған аңызда, қонақасы беру дәстүрі қазақ руларының түпатасы Алашқа тірелетіні айтылады. Аңыз бойынша Алаш қартайған шағында малының бір бөлігін өзіне қалдырып, қалған бөлігін Үш жүз болып тараған үш ұлына бөліп береді және әрқайсысына берілген мал-мүлікті енші, яғни әрқайсысының жеке басының игілігі (мүлкі) деп атайды. «Сендердің көшпелі өмір жағдайларыңа айналысатын ата кәсібің мал өсіру болғандықтан базары бар саудамен айналысатын отырықшы өмір сендерге жат». Кез-келген жолаушы ақысын төлеп, ішіп-жеміне, тамағына керегін сатып ала алады. Ал сендердің қолда бар мүліктерің мал болғандықтан, жейтін азықтарың ретінде оны бір жерден екінші жерге алып жүру қиын болар. Өз қойыңды, тіпті басқа да малды ат үстінде жүріп алыс жолға алып жүре алмассыңдар. Сондықтан менің сендерге айтар өсиетім: бір-біріңе қонаққа барғанда ас-су үшін ақы сұрамаңдар, бір-біріңе үнемі шақырылған қонақтай болыңдар; бір-біріңе қонақасы немесе сый-сияпат беретіндей сыйлас болыңдар. Бұл үшін менен тағы да өзімде қалған мүліктің төрттен бірін алыңдар және де оны өздеріңнің игіліктерің емес, ортақ игілік деп, әрі өз араларыңда өмір бақи бөлінбеген енші деп санаңдар» – деген екен. Парасатты ру басы Алашқа балалары сонда: «иә, біз сенің қамқорлығыңды ұмытпаймыз», – деп жауап берген екен.Сөйтіп, өзінде қалған төртінші бөлікті Алаш қонақ сыбағасы болсын деп, үш ұлының ортақ меншігіне беріпті. Ал осы үш ұлы – үш Жүздің баласы – жолаушыға, қандай қазақ болмасын, тегін тамақ, жылы орын т.б. қажетті қамқорлықтар жасап тұруға міндетті болса керек. Осы салт Алаш ханның ұрпақтары болып саналатын қазақтар үшін айнымас дәстүрге айналған деседі."Қонақ таңдап қонады" дейді халық мақалы. Шынында, қонақ ауылдағы ауқатты, дәулетті үйдің бірін таңдау мүмкін. Бірақ бұлай етуі өз басының «жайлы» болуын ойлағандық емес, қоңторғай, жоқ-жітік үйді аяқ асты састырып, ұялтпайын дегені. Қонақ тарапынан мұндай этикалық ұстанымды «ет піседі, ет болмаса бет піседі» деген мақалдың мазмұнынан аңғаруға болады.
## Арнайы қонақ
Арнайы қонақ – қыз ұзату, келін түсіру, құда түсу тәрізді т.б. дүбірлі тойға, ас беру сияқты торқалы тойға арнайы шақырылған қонақ. Әдетте шақырушы жақ той болатыны жөнінде ауыл-аймаққа, ел-елдің құрметті, сыйлы адамдарына арнайы ат шаптырып, хабаршы жібереді. Егер ат бәйгесі, палуан күрес, ақындар айтысы тәрізді тойдың сәнін келтіретін, тойшы ауылдың абырой - атағын шығаратын гедонистік шаралар өткізілетін болса, той жөнінде сауын айту (хабар айту) ең аз дегенде үш ай бұрын айтылуға тиіс. Өйткені тойға шақырылған қонақтар өз руластарының ішінен бәйгеге қосар атын баптатады, белдесетін палуандарын, өнер сайысына түсетін ақын-жырауларын таңдайды. Ал сайысқа түсетін ақын кіммен айтысқа түсетінін біліп отырады. Қарсыласының қапысын табуды іздейді.Арнайы қонақ күту тойшы қауымға ерекше сын. Шақырылған мәртебелі, сыйлы қонақтардың бас-басына үй тігіліп, арнайы күтушілер бөлінеді. Тойға шақырылған қонақтарды тойшы ауыл сонадайдан, қозыкөш жерден, күтіп алады. Ол үшін төрт тарапқа жеті-сегіз, он адамнан күтіп алушыларды жібереді. Олардың ішінен біреуі жеделдете келіп, мәртебелі қонақтардың келе жатқанын, кімдер екенін той иесіне немесе басқарушыға хабарлап тұрады. Қонақтарды арнайы тігілген үйге әкеліп түсіреді.Арнайы қонақ күтуде дәстүрлі мәдени ортада қонақтардың тұрғаластығына ерекше көңіл бөлінеді. Тұрғаластық дегеніміз – «қонақтың жоғары әлеуметтік беделі, қоғамдағы алатын айрықша орны». Тұрғаластығы тең, жолы қатар қонақтарға бірінен-бірі кем болмайтын ақ боз үйлер тігіледі, бірыңғай киімді күтушілер қойылады. Жасалатын сый-сияпатта қонақтардың өзара тұрғаластығы мықтап ескереледі. Тұрғаластығына қарай сый-сияпат көрмеуі қонақтың ренішіне, той аяқталмай аттанып кетуіне себеп болады.
## Қыдырма қонақ
Қыдырма қонақ – «ауыл үй, ауыл арасындағы қонақ» деген ұғымды аңғартады. Ұғымның өз атауы айтып тұрғандай үй иесі қыдырма қонаққа күнделікті көріп жүрген ауыл адамы деп қарайды. Қыдырма қонақ құдайы қонақ, арнайы қонақтай мәртебелі болмайды, ерекше сый-сияпат көрсетілмейді. Бірақ қалыптасқан этикеттік норма бойынша «өзімсініп» келген қонақты сыртқа теппейді «келіңіз, төрлетіңіз; дайын асқа дәл келдіңіз, мақтап жүреді екенсіз» т.б. дегендей ілтипат сөз айтылады. Қонақ күтуді, қонаққа баруды, келген қонақтан әңгіме, хабар-ошар естуді қазақтар қызық көріп қатты ұнатады. Бұл – қазақтың қонағуарлық мінезін көрсетеді. Қыдырма қонақ осындай қонағуарлық мінездің бір көрініс іспетті. Оны тек «қазан аңду» деп түсінуге болмайды. Қыдырма қонақтың қазақ тұрмыс-салтында қонақ ретіндегі беделі пәлендей дерлік жоғары болмайды, өйткені ол шақырусыз келген ауыл адамы, осы себептен кейде оны әзілмен Атырау өлкесінде қоңсы қонақ деп те атаған.Әдетте қоңсы ауыл, қоңсы қолаң атауы ел ішіндегі әлеуметтік мәртебесі төмен қауымға қарата айтылады. Шақырусыз қаумалап келген ауыл арасының «қонақтарын» қоңсы қонақ деген әзіл түріндегі тұспалмен айтылуы образды мән алған. Бұдан қыдырма қонақтың қазақтың тұрмыстық санасындағы бейнесін айқын аңғаруға болады.
## Этикеттік норма, қонақ құқығы
Этикет бойынша қонақ ауылға аяңдап келеді. Өйткені шауып келу ертеде қайғылы жағдайда, жау келгенде, мал барымталағанда т.б. жайсыз кезде ғана болады. Құдайы қонақ жолаушылап келе жатып, түсетін үйінің сыртынан келіп, қалыптасқан этикеттік формула бойынша «әу, кім бар-ау үйде?» деп дауыстайды. Сыртқа шыққан үй иесіне өзінің құдайы қонақ екенін айтады. Жолаушы мен үй иесі «ауыз толтырып» сәлемдесуден соң, қонақтың аттан түсіп, үйге кіруін өтінеді, қонақ үй кісісіне (әйеліне) есенсіз бе деп сыпайырақ сәлемдеседі. Қонақты төрдің оң жағына таман қонақ көрпе төселіп, жастық тасталған жерге жайғастырады. Қонақтың атын отағасы аулақтау жердегі атағашқа (мама ағаш) байлатады. Ат көлігінің күтімін де мойнына алады. Ертедегі салт бойынша қорадан немесе ауыл маңынан қой алдырып, босағаға байлап, союға алақан жайып құдайы қонақтың ризалығын сұрайды. Қонажатар қонақ болса, батасын береді, ал түстеніп аттанар қонақ болса, жайын айтып, пышақ қандатпайды. Үй иесі мен құдайы қонақ өзара жөн сұрасып, өздерінің кім екенін, қай ауыл, қай әулет, қайсы рудан екенін айтады. Отағасы қонаққа тамағы, ас-суынан бере отырып, жылы шырай танытады, қонағының көңілін көтеруге тырысады. «Қонақ табаққа емес, қабаққа; етке емес, ниетке қарайды» деп ескертеді қазақ мақалы. Бұл – біріншіден, бұзуға болмайтын қатаң этикеттік норма, екіншіден, қазақ жерінде қонақ құқығы заңмен қорғалады. Қой сойып, қол қусырмаса, тартылған сыйтабақта өзіне лайық кәделі мүше (бас, жамбас т.б.) болмаса, аткөлігіне қарамаса, қонақ ауыл ақсақалына, биге шағымдана алады. Ондай үйдің иесі ата-баба жолын бұзғандық деп, заң бойынша ат-шапан айып тартады. Аға буын этнограф Х.Арғынбаев: «Үйінде отағасысы болмаса да қазақ әйелі құдайы қонақты үйге түсіріп күтуге міндетті болған. Сондықтан әйелдің жақсысы күйеуінің жоғында да оның жоқтығын білдірмей үйге түскен қонақты күтіп, жолынан жығылмайтын әйелдер бүкіл әйел қауымына үлгі ретінде ел аузында мақтаныш болатын. Күйеуі жоқта қонаққа жөндеп қонағасы бере алмаған әйелдер де ел аузында сөз болып, сараңдығымен аты шығатын» – дейді.Құдайы қонақты байырғы қазақтардың жігжаппар болып күту себебі, үшіншіден, қонақ ұғымы діни – мифологиялық түсінікпен ұштасап жатады. Қонақты Құдай жібереді; Қонақты қондырмасаң құт кетеді; Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады; Қырықтың бірі Қыдыр т.б. Қыдыр, Құт және қонақ ұғымының бір-бірімен байланысты айтылу себебі бар. Діни-мифтік санада Қыдыр баба (Қызыр баба) – қысылған адамға жәрдем беруші қасиетті, киелі күш иесі.
## Қонақ күтудегі аймақтық ерекшеліктер
Қонақ күту дәстүрі күллі қазаққа ортақ болғанмен, ішінара аймақтық ерекшеліктер де байқалады. Қазақ елінің шығыс өңірінде сыйтабақ тартылғанда қонақ етті өзі турап, басқаларға ұсынып отырады, түстік аймақта қонаққа үй иесінің өзі немесе қызмет жасап жүрген ағайыны ет турайды. Сыр бойы өңірінде қонаққа тартылған қой басының оң құлағын кесіп алып, балаларының кішісіне берген, басты оң құлақсыз тартқан, бұл ерекшелік «ырысым үйде қалсын» деген ырыммен байланысты. Кез-келген қонаққа арнап қазанға ет салғанда алдымен кәрі жілікті салған, бұл малдың бар етін кәрі жілік ұстап тұрады, деген сенімге байланысты. Үлкен тамақтан соң, дастарқанға бата беру дәстүрі барлық жерде «ас қайыру» деп аталады. Ас қайыру кезіндегі үй иесі, отбасының басқа мүшелері батаны екі қолын жайып, ал, кей өңірде түрегеліп тұрып қабылдайды.
## Қонағуарлықтың ақпараттық және тәрбиелік мәні
Қазақтың қонағуарлық мінезі ежелден қалыптасқан. "Атаң барда ел таны еріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп" деген мақал қонағуарлықтың қағидасы іспетті. Қонағуарлық қазақы ортада ел ахуалы, жер жағдайы жайында ақпарат алудық тиімді бір көзі болған. Төңкеріске дейінгі көшпелі қазақ өмірінде қонағуарлық дәстүрдің ерекше сипатының болуына әсерін тигізетін жағдайдың бірі – құдайы қонақтың айналада болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғалардың бірден-бір хабаршысы болғандығында. Қазақтың ұшы қиыры жоқ кең сахарасында көшіп жүретін ауылдар ел ішіндегі жаңалықтардың бәрін ең алдымен ел аралап жүрген жолаушылардан ғана еститін. Сондықтан да болар қонақ түскен үйге ауыл адамдары шақыртпай-ақ келіп әңгіме тыңдап, алуан түрлі жаңалықтарды еститін.Мұндай хабарлар бір ауылдан екінші ауылға өте тез тарайтындықтан, қазақ оны «ұзын құлақ» атандырғанын» атап айта келіп Х. Арғынбаев әсіресе қазақ қонағуарлығының тәрбиелік мәнін аша түседі: «Қазақ отбасында балалар жастайынан қонағуарлыққа тәрбиеленеді. Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме сұрайды, өнерлі болса ән салғызып, күй тартқызады. Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. «Адам болар бала қонаққа үйір» деп те қазақ тегін айтпаған. Өйткені әр қонақтан естіген жаңалықтарын есіне сақтай білген жастың өмірді білуі, түсінуі кеңейіп, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Көптеген нақыл сөздерді, пайдалы кеңестерді үйренумен бірге, жаманшылықтан жиренуге де үйретеді. Олай болса қонағуарлықтың тәрбиелік мәні де аз болмаған» - деп пікір түйеді.Сонымен қатар қонақ күту, қонаққа бару, яғни қонақшылау дәстүрі халықты мәдени-этникалық жақтан бірегейлендіруші (идентификатор) маңызды факторлардың бірі болған. Сондай-ақ, қонаққа шақыру, қонақ күту, қонақ аттандыру тәрізді халықтың ең бір абзал қасиеті ғасырлар бойы қоғамдағы зтикалық ұстанымдар мен этикеттік нормаларды жалғастырып, жаңғыртып, жетілдіріп отырған.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу закона. ЗООИРГО. Вып.ІІ. Казань, 1871. С. 146-147;
* Добросмыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области в XVIII-XIX веках. Казань: Тип. Императорского Университета, 1904;
* Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). Алматы: Ғылым, 1973;
* Қорқытов Б. Атырау билері мен батырлары. Алматы: Өлке, 1992;
* Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Арыс, 2006;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Шемен — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Тәтті ауылдық округі аумағында орналасқан темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Округ орталығы - Тәтті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Ауыл атауы
Шілік сөзі бұрмаланып, Шемен деп кеткен. Ал, Шілік деген сөздің өзі де ши өскен жер болғандыықтан, Шилік деп атағанның орнынан Шілік деп аталып кеткен.
## Дереккөздер |
Жайсанып Мүдәрісұлы - атақты ұшқыш, жалынды әскери қайраткер 1910 жылы дүние есігін ашқан. Туған жері - Зайсан өңірі. 1925 жылдары Зайсан жақтан Моңғол еліне өтіп кеткен. Содан 1932 жылы Моңғол елі атынан Кеңес елінің Орынбор қаласындағы әуе күштері училищесіне оқуға барады. Оқуын бітірген соң, 1937-1939 жылдары өзі оқыған Орынбордағы ұшқыштар училищесінде ұстаз болып қалып қояды, бірақ 1939 жылдың басында Моңғол елі кері шақырып алады. Себебі, 1938 жылы 1 желтоқсан күні Моңғол армиясының тарихында тұңғыш рет әуе күштерінің күшейтілген полкі құрылған болатын. Соған тәжірибелі басшы қажет еді. Әрі Халкин-гол маңында Жапон миллитаристерінің шабуылдау қаупі төніп келе жатты. 1939 жылы Халкин-голда КСРО мен Моңғолия қарулы күштері бірлесіп, жапондарға соққы берді. Соғысқа өз полкын бастап, полковник Жайсанып та қатысты. Жайсанып Мүдәрісұлы 1942 жылдың 15 қазанында Моңғолия Үкімет басшысының № 00182 бұйрығымен Әуе қарулы күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 1944 жылдың сәуір айында Ұлы Құрылтайдың № 22 жарлығымен оған генерал-мойор шені берілді. 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Кеңес одағы Жапонияға қарсы жедел түрде соғыс жариялады. Оған Моңғолия да қатысты. Осы жорықта Жайсанып басқарған Моңғол елінің ұшқыштары жапондарға қарсы соғысқан. тник» типтегі 11 ұшақты қолға түсірдік. Рапорт беруші – генерал-майор М. Зайсанов» деп қол қойылған. Жапония жеңілгеннен кейін орыс-Моңғолдың бір топ генералдарымен бірге Жайсанып Мүдәрісұлын Бас қолбасшы И.В.Сталин Мәскеуде қабылдаған. Өз қолымен Кеңес Одағының «Қызыл Ту» орденін тапсырған. Осы оқиға жайында ертеректе Жайсаныптың өз аузынан жазып алған, бүгіндері Ұлан-батыр қаласында аман-есен тұрып жатқан академик-ғалым, жазушы-журналист Ислам Қабышұлы 1980 жылы Өлгей қаласында жарық көрген «Аймағым – алтын ордам» атты естеліктер жинағында былай деп еске алыпты: «… орден тапсырып тұрып И.В.Сталин: – Құрметті генерал, сіз қай ұлттан боласыз? – депті. Жайсанып: «Мен қазақпын, жолдас Бас қолбасшы!»-дейді таза орыс тілінде. Сонда И.В.Сталин: – Сізді мен сырттай 1939 жылдан бері білемін, аз халықтың үлкен жүректі азаматы екенсіз, құттықтаймын!».Мемлекет басшысы маршал Х. Чойбалсанның 1948 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен генерал Жайсанып КСРО Әуе күштері академиясына оқуға жіберіліпті. Одан кейінгі өмірі күңгірт. 1953 жылы біржола тұрып қалу үшін Алматыға ат басын бұрған көрінеді. Оған сол тұстағы жағдай сай болмаған. 1965 жылы дүниеден өткен.
## Дереккөздер
* https://kaskir.wordpress.com/category/%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%B8-%D1%82%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80/ |
Шалдуар, Шалдовар — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі құрамындағы, Луговой-Бішкек темір жолы бойындағы бекет.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Меркі ауылынан шығысқа қарай 24 км-дей қашықтықта орналасқан.
## Халқы
## Ауыл атауы
Ауыл атауының этимологиясына келсек - Шалдовар сөзінің мағынасы қырғыз және өзбек тілдерінде сақталған. Өзбекше "чалдивар" - сөйлеу тілінде "тастанды, бос қалған аула, қиранды". Қырғызша "чалыбар" - қандай да бір нәрсенің қирап, бүлінгендігі, қирап бүлінген қалдығы. Чалдыбары чыгу - бұзылу, тамтығы шығу, керектен шығу.
## Дереккөздер |
## Түйреу қаруы
Қазақта екі түрлі түйреу қаруы болған. Ұшы жалпақ болып келетін қылышты қазақтар «найза» деп атаған. Ұшы қырлы ұзын қылыш «сүңгі» делінген. Ол жаудың сауытын сындыра соққы беруге арналған. Қазақ батырлары найза мен қайың найзаға: моншақ, ту, жалауша, шашақ сынды белгі таққан. Ту – жалпы әскердің белгісі, мойшақ - әскербасының таңбасы болды. Түрлі-түсті жалаушалар әскери жасақтардың бір-бірін тануы үшін қажет болса, аттың жалынан немесе жібек баудан жасалған шашақтар батырлықтың нышаны саналды.

Мальцево — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Покров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 244 адам (113 ер адам және 131 әйел адам) болса, 2009 жылы 220 адамды (113 ер адам және 107 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
## Қазақ философияның тарихи-мәдени бастаулары
Қазақ философиясын пайымдаудың негізгі өзектілігін жалпы алғандағы іргелі гуманитарлық ғылымдағы жаңа зерттеу мүмкіндіктерін айқындаумен және мәселені тарихи-философиялық сипатта қарастырумен байланысты, сонымен бірге ұжымдық жұмыстың авторлары, негізінен, түркілік және қазақ ойшылдарының бұрыннан таныс және жаңадан белгілі болып жатқан еңбектерін жүйелі түрде дүниетанымдық-әдіснамалық негіздемелер арқылы зерделеп, ғылыми айналымға қосумен байланыстыруға болады. Бұл тарих философиясы және философия тарихы мәселелеріне деген өзіндік жаңа ғылыми қатынастың қалыптасып келе жатқанын білдіреді және қазақтың философиялық ойындағы тарихи тұлғалар дүниетанымын шынайы этнофилософиялық тұрғылардан қарастыруға мүмкіндіктер кеңінен ашылатынын көрсетеді. Олардың ішінде қазақ философиясының көне дәуірден қазіргіге дейінгі жолын тарихи кезеңдеу алға шығады, этникалық әлемдегі адам мәні мен оның еркіндігі мәселесі, басқа этностың болмысындағы этникалық сана мәртебесі және т. б. мәселелер күн тәртібіне қойыла бастайды
## Дереккөздер
.

. |
Покровка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Покров ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1891 жылы қаланған. Покровкада 1932 жылы алғашқы ұжымшар құрылды. 1970 жылы “Есіл” ауыл шаруашылығы техникумының оқу-тәжірибе шаруашылығының орталығы болды. 1995 жылы шаруашылық негізінде “Образцовое” ӨК құрылды.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2109 адам (1001 ер адам және 1108 әйел адам) болса, 2009 жылы 1862 адамды (895 ер адам және 967 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақ үшін өмірдің бір қызығы – шөбере алақанынан су ішу. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халық даналығы. Демек бала сүю, ұрпақ өсіру әр адам үшін тіршілік парызы. Соның ішінде «шөбере» деп аталатын төртінші ұрпақ көру көп нәрсені аңғартады. Бұл кемеліне келген қарттық өмірдің үлкен белгісі. Оның қазақ әдетінде жөн-жосығы, қағидасы бар. Жөн-жосығы – ата мен әженің жаңа туған шөберенің алақанынан су ішу. Қағидасы – шөбере қолынан су ішкен адам бұл дүниеде бақытты, о дүниеде де жолы ашық, жеңілдік болады. Қалай болған күнде де төртінші, бесінші ұрпақты көру көп жасаудың белгісі ғана емес, ұзақ ғұмыр кешудегі өмір сапарының мазмұнды жолдары екені артық.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
Суық сарғалдақ - латын тілінен тікелей аударғанда кішкентай бақа дегенді білдіреді. Аңыз бойынша, Иисус Христос анасына деген құраметі мен сүйіспеншілігін білдіру үшін жұлдыздарды сарғалдаққа айналдырып жіберген деседі. Іле Алатауы шалғындарында сарғалдақтардың алғашқы шашырандылары - температура қалырты қысқы деңгейден сәл ауытқып, ашық күн көбейіп, соңғы қысқы жаңбырмен жағаласа күн көзі көктемдегідей жылынатын сәір айында-ақ байқала бастайды. Ашық сары сарғалдақ қауашақтарымен өрілген қалың жасыл шөп кілемі шындығында алтын шалғын деуге лайық түрге енеді. Сарғалдақтардың алтын сәулесі алыстан көзге шалынып, жүрегіңді қуанышқа толтырып жібереді.
## Дереккөздер
Қазақстанның ғажайып флорасы, 2012 жыл |
Өлі сыбаға — көбінесе балықшы ауылдарда болатын дәстүр. Бас көтеретін азаматы жоқ қарттарға, асыраушысы дүниеден өткен жетім-жесірлерге балықшылар үлес береді. Бұған ешкім іштарлық немесе қарсылық жасауға болмайды. Бұл ел ішінде бұлжымас заң. Қазақ даласында егіннен – кеусен, малдан – көгендік, мүліктен – шүлен, балықтан – өлі сыбаға беру сияқты жоғары азаматтық пен жомарттықтың, кең пейілдің, қамқорлықтың ғажайып мысалдары ел тарихы мен әңгімелерінде жиі кездеседі.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
«Сүйекке кіру» деп қайтыс болған кісіні ақ жуып арулауды айтады. Бұған сүйекті жуудың жөнін білетін, орта жастан асқан адамдар кіреді. Сүйегіне кіретін адамдарды марқұмның өзі айтып кететін де жағдай кездеседі. Бұған шариғат заңы бойынша әр рудан бес не жеті кісі түседі. Олардың міндеті – мәйітті жуып, тазарту. Бұдан кейін марқұм әйел болса бес қабат, еркек болса үш қабат ақ матаға – ақиретке оралады.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы. |
## Өмірі
Әйтімов Зейнілқабиден Әйтімұлы - Казақстан Журналистері одағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі (кәсіби атағы), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген дербес зейнеткер, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Еңбек майданына қатысушы. 1930 жылы 20 қарашада Павлодар облысының қазіргі Ақсу қаласында туған. Бұрын Жармақ (Ермак) деп аталған осы ауылдағы орта мектепті бітірісімен З.Әйтімов 1950 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің (КазГУ) журналистика бөлімшесіне түседі. Бұған дейін біраз уақыт аудандық газетте («Сталин жолы») жұмыс істеп, қаламы төселіп қалған ол үздік студенттер қатарында болды.1955 жылы университеттің журфагын бітірген 3.Әйтімұлы Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетіне жолдама алады. Мұнда ол редакцияның бірнеше бөлімінде әдеби қызметкер болып, әр салада калам тартуға машықтанады. Материалдарды әдеби жағынан өңдеуге бейімділігі ескеріліп, ол әдеби хатшы лауазымына ауыстырылады әрі газеттің алқа мүшесі болып бекітіледі. Редакциядағы істеген жылдары 3.Әйтімов газет бетінде әр жанрларда қалам тартып, проблемалық мәселелер көтереді. Сол кезде Павлодар облысының Май, Баянауыл аудандарынан жазған сын корреспонденциялары аталған аудандардың басшы органдарында талқыланып, тиісті шаралар белгіленеді. «Қызыл туда»- 3.Әйтімов әуелі мэдениет және тұрмыс бөлімінің, кейіннен насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болады. Сондай-ақ 3.Әйтімұлы - редакция комсомол ұйымының хатшысы, әуелі Павлодар қалалық комсомол комитетінің, сосын Павлодар облыстық комсомол комитетінің бюро мүшесі болып сайланады.
* 1961 жылы Қазақстанның солтүстігіндегі облыстары (Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) аумағында Тың олкесі құрылған кезде 3.Әйтімов таңдаулы журналист ретінде Ақмоладағы, кейін Целиноград деп аталған (қазіргі Астана) қаладағы «Тың өлкесі» газетінің редакциясына қызметке ауыстырылды. Мұнда ол әуелі бөлім меңгерушісі, көп ұзамай бас редактордың бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл кезде ол редакцияның ұйымдастыру жұмыстарына, газеттің тартымды да мазмұнды шығарылуын мықтап қолға алады. Әрі қоғамдық жүмыстарға белсене араласады: Целиноград облыстық партия комитетінің мүшесі, екі мәрте Целиноград қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланады.
## Еңбек жолы
* 1965 жылы Зейнілқабиден Әйтімұлы Мәскеудегі, КОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасына түсіп, оның журналистика секциясында оқиды. Үш жыл бойы ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін емтихандар тапсырады, «Бұқараның өндірістік белсенділігі және баспасөз» деген тақырыптағы диссертацияға материалдар жинайды. Зерттеу мақалалары Мәскеудегі «Мысль» баспасында жарық көрген жинаққа енеді (1968ж.), КОКП Орталық Комитетінің «Экономическая газета» апталыгында (1967ж.) және Қазақстан ғылым академиясының басылымдарында (1965,1967ж.ж.) жарияланды.
* 1968 жылы Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясын бітіріп, диссертацияны ойдағыдай қорғап шыққан 3.Әйтімов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратына қызметке жіберіледі. Мұнда ол насихат және үгіт бөлімінің баспасөз секторында аудандық және қалалық газеттер мен республикадағы журналдардың шығарылуына бас-көз болады.
* 1971 жылы 3.Әйтімов Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімшесіне педагогтық қызметке ауысты. Содан былай жиырма жыл бойы оның қаракеті журналист кадрларын даярлаумен байланысты болып келді. Көптеген басшы журналист кадрларын шыңдауға атсалысты. Әуелі журналистика кафедрасының доңенті, сосын журналистика бөлімшесінің деканы болды. 3.Әйтімов журналистика бөлімшесінің деканы болған жылдары оны бітірген жүздеген журналистер еліміздің баспасөз, радио мен теледидар органдарының басшы кадрларының легіне қосылды.
* 1973-1979 жылдары 3.Әйтімов қоғамдық негізінде Алматыдағы Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық «Білім» қоғамы ұйымы басқармасының төрағасы болып сайланды. Осы кезде екі мәрте Фрунзе (Медеу) аудандық партия комитетінің мүшесі, әрі аудандық кеңестің депутаты болды. Аупартком мен ауаткомның мәжілістеріне мәселелер дайындауға белсене қатысып, өзі басқаратын соңиалистік заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі аудандық кеңестің тұрақты комиссиясының жұмысын жандандырды.
Алматы жоғары партия мектебінде ғылыми кеңестің және партбюро мүшесі, кәсіподақтар комитеті төрағасының орынбасары, жалпы мектептік көп тиражды «Лениншіл» - «Ленинец» газетінің қоғамдық негізіндегі редакторы болды.3.Әйтімовтің «Печать и производственная активность масс» деп аталатын монографиясы 1971 жылы Алматыдағы «Қазақстан» баспасынан орыс тілінде басылып шықты. Қазақстан туралы кітапшасы 1978 жылы республиканың «Білім» коғамы тарапынан жарық көрді. Жүзден астам теориялық және публицистикалық мақалалары республикалық журналдар мен газеттерде жарияланды, «Қазақстан», «Мектеп», «Наука» баспалары шығарған жинақтарға және «Қазақ энциклопедиясына» енді. Ол В.И.Ленин шығармаларының толық жинағының қазақша мәтіндерін редакциялауға белсене қатысты. Сол сияқты баспаларда шығарылатын бірнеше кітаптардың қолжазбаларына рецензиялар жазды. «Наука» баспасы шығарған «Биобиблиография ученых «Казахстана», «Очерки экономической истории Казастана» (1989ж.), «Академик Сақтаған Бәйішев» (2000ж.) деген кітаптардың құрастырушыларының әрі редакторларының бірі болды. 3.Әйтімов әртүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар мен ғылыми хабарламалар жасауға белсене қатысты. Мәселен, Мәскеуде 1988 жылы ақпан айында КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы мен КСРО Журналистер одағы ұйымдастырған халықаралық конференцияда ол жасаған ғылыми хабарлама: «Қазақстан баспасөзінде қоғамдық пікірді жария ету тәжірибесі» деп аталады. Ол Қазақ радиосы мен телевизиясының тұрақты авторы болды.
* 1991 жылы шілдеде 3.Әйтімовке «Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін» деген зейнетақы тағайындалды. Дербес зейнеткерлікке шыққан соң да ол еңбек етуін, қоғамдық жұмысын тоқтатқан жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі аппаратына қызметке алынды. Мұнда ол мемлекеттік құжаттарды - заңдар мен заң актілерінің, қаулылар мен өкімдердің, басқа да құжаттардың орыс тілінен қазақ тіліне дұрыс аударылуына атсалысты (1992-1995ж.ж.). Бірер жыл қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттеу жөніндегі «Арыс» деп аталатын қоғамдық-саяси қорда редактор - кеңесші болды (1996-1998ж.ж.). Әлемдік әдебиет және журналистика университетінің студенттеріне журналистика проблемалары жөнінде дәріс берді (1999-2001ж.ж.).
3.Әйтімов - Қазақстандағы ардагерлер қозғалысына белсене қатысушылардың бірі. Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы Орталық кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы болған (2001-2003ж.ж.). Қазір Қазақстан журналистер одағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы әрі Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының Ардагерлер кеңесінің төрағасы.«Тың жерлерді игергені үшін» (1957ж.), «Тыңға 50 жыл» (2004ж.), «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл» (2005ж.) медальдарымен, бірнеше грамоталармен марапатталған. Арасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай жіберген Алғыс хаты бар.
## Дереккөздер
* http://ardaktylar.kz/persons/jtmov-zejnlabiden-jtmly/(қолжетпейтін сілтеме)

* http://ardaktylar.kz/persons/jtmov-zejnlabiden-jtmly/(қолжетпейтін сілтеме) |
Құмарұлы Ясиын (1957 ж.т.), Қытайда тұратын қазақ этнографы. «Ұлы даланың рухани арнасы», «Қазақтың салт-дәстүрлері» (Шыңжаң, 2007 ж.) атты көлемді жинақтары жалпы қазақ елінің шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларындағы ұлттық дәстүрлердің өзіндік орны мен қызметін, маңызын шебер жеткізе білумен құнды ғылыми туындылар қатарына жатады. Ясиын Құмарұлы: “Қазақ тарихына қатысты деректердің 50 пайыздан астамы қытай мұрағат деректерінде жатыр” деген екен.
Ясин ҚҰМАРҰЛЫ (басылымдарда Ясиын Құмарұлы, Ясын Құмарұлы, Я Құмарұлы деп бірнеше түрлі алынып жүр), 1957 жылдың күзінде, Қытайдың ШҰАР Баркөл қазақ автоном ауданының көрікті Бәйгетөбе жайлауының етегінде туған. 1983 жылы Шыңжаң университетінің математика факултетін бітірген. 1989 – 1990 жылдары Шаңхай Фудан университетінің математика факултетінде Дербес диффренциял теңдеулер бағытында аспиранттық білім толықтырған. 1983 жылдан 2003 жылдарға дейін Шыңжаң университеті математика факултетінің оқытушысы, «Шыңжаң университеті ғылыми журналы»-ның редакторы міндетін өтеген. 2003 жылдан қазірге дейін «Шыңжаң қоғамдық ғылымы» журналының бас редакторының орынбасары. Аға редактор (Аға зерттеуші).Ясин Құмарұлының басты зерттеу бағыты - қазақ мәдениетін қамтыған байырғы көшпелілер мәдениетінің тарихы. Оның қазірге дейін қытайдағы және Қазақстандағы түрлі ғылми басылымдарда «Абстракт математика және объективтік шындық», «Сұлулықтың анасы жаратылыс», «‹Кодекс Куманикс› және ‹Абай жолы› романының тіл құрылмасының статикалық салыстырмасы», «Түркі тілдерінің лексикалық парқын мөлшерлеудің мәтематикалық әдістерін қарастыру», «Чулар мен түркі халықтарының тіл-мәдениет байланысы туралы», «Қытай бейнелі жазуы және терістік даласындағы жартас суреттері», «Ұндістер, Шаңдар және Терістік көшпелілерінің тарихи мәдени байланысы», «Сүйек-саут жазуынан терістік көшпелілерінің салт-дәстүріне назар», «Жебе, ру, тудың 3500 жылдық таңғажайып байланысы», «Тіл - мәдениет тарихының айғағы: шүмер, тохар, қытай, түркі тілдеріндегі кей мәдениет атаулары», «Терістік көшпелілерінің қытайдың орта жазық әскери мәдениетіне әсері», «‹Қас› (қаш) сөзінің тегі және евразиадағы өзен-су аттары», «Терістік көшпелілері және Таң-Соң жырлары», «Байырғы түркі жазуындағы кей әріптердің тегі», «Қытай бейнелі жазуының генезесін қарастырудың түркологиядағы маңызы», «Қазақ ру таңбаларындағы ортақтық - от пен күн симулы», «Қаратау жартас суреттері және қаражорға биі», «Грифоннан бөрі төтеміне дейін», «Бүкіл халықтық әскери қоғам және қазақ хандығы» сияқты 140 тан астам мақаласы жарияланды.Ол «Қазақ шежіресін зерттеу» атты қытай мемлекеттік қоғамдық ғылымдар қорының зерттеу бағдарламасын айтарлықтай нәтижемен тамамдады. «Шыңжаңдағы аз ұлттардың наным-сенімі және қоғамы» атты қытайдың мемлекеттік қоғамдық ғылымдар қорының зерттеу бағдарламасының «Қазақтың наным-сенімі және қоғамы» атты тармақ темесін жазу міндетін орындады. Қазірге дейын 12 кітабы басылым көрді. Оның 2003 жылы басылым көрген «Алыстағы ата мұра» атты монографиясы ШҰАР дың 7-кезекті философия-қоғамдық ғылымдар силығының үздік туынды силығын еншіледі. Осы зерттеулерінің жалғасы ретінде 2011 жылы басылым көрген көлемді монографиясы «Көшпелілер және орта жазық мәдениеті» 2014жылы ШҰАР-дың 10 кезекті философия-қоғамдық ғылымдар силығының 3-дәрежелі туынды силығына қол жеткізді. «Қазақтың салт-дәстүрі» атты кесек еңбегі 2006-жылы Үрімжіде өткізілген мемлекеттік 16-реткі кітап көрмесінде силанды, 2008 жылы ШҰАР-дың алтыншы реткі кітап силығының 3-дәрежелі силығын иеленді, сондай-ақ таңдаулы туынды ретінде мемлекет іші-сыртындағы кітап көрмелеріне қойылды. Жасаған «Қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі» атты 8000 мақал қамтылған түсіндірме сөздігі 2012 жылы жарық көріп, жұрттың жылы жүзбен қабылдауына ие болды. Автордың бұдан басқа «Қазақтың силастық мәдениеті», «Қазақтың көлік мәдениеті», «Қазақтың шежіре мәдениеті», «Қазақтың наным-сенім мәдениеті», «Қазақтың би мәдениеті» сияқты жұртты өзіне баураған бірнеше кітаптарі арыт-артынан жарық көрді. Таяуда ғана «Сақтан қалған сарқыттар» атты қазақ мәдениеті мен сақ мәдениетінің мүрагерлік байланысын зерттеген көлемді монографиясы басылым көрді.
Дерек көзіЯсин Құмарұлы: «Сақтан қалған сарқыттар», Шынжаң Әсемөнер-фото сурет баспасы, Үрімжі, 2015жыл.
## Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.Дерек көзі Ясин Құмарұлы: «Сақтан қалған сарқыттар», Шынжаң Әсемөнер-фото сурет баспасы, Үрімжі, 2015жыл. |
Мучник Бениамин Семенович – орыс совет тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы. ҚазГУ-ді бітірген. 1960-61 ж. «Кооператор Казахстана» журналының тілшісі, 1965-88 ҚазССР Халыққа білім беру мин-лігінің Педагогика ғылымдары ғыл.-зерт. Ин-тында аға ғыл. қызметкер. 1988 жылдан Алматы шетел тілдері ин-тында орыс және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. Негізгі теориялық еңбектері коммуникациялық лингвистика, практикалық стилистика, сөйлеу мәдениеті және психолингвистика мәселелеріне арналған. Бұл салада «Ойды жазбаша түрде жеткізу», «Адам және текст: Жазба тіл мәдениетінің негіздері», «Жазба тіл мәдениеті» атты монографиялары жарық көрді.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Нәзіров Амангелді Тақиұлы – совет биохимигі, биология ғылымдарының докторы. Алматы мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1964-67 ж. Гурьев обл-нда провизор-дәрігер. 1971-76 ж. ҚазССР Денсаулық сақтау мин-лігінің Акушерлік және гинекол. Ғыл.-зерт. Ин-тында аға ғыл. қызметкер, 1976 жылдан осы ин-ттың биохим. Лабораториясын басқарады. Негізгі ғылыми еңбектері екіқабат әйелдің биохимясы мен физиологиясына, құрсақ көтеру кезіндегі дерттерге арналған. Нәзіров нәрестенің құрсақта дамуының пато-физиол. механизмдерін ашты.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Нұралин Нұрғазы – совет геологы, геол.-минералогия ғылымдарының докторы. 1964 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеу түсті металдар және алтын ин-тын бітірген. 1955-57 ж. Экспедицияда геолог. ҚазССР ғылым академиясының Геол. Ғылымдар ин-тында инженер, кіші, аға ғыл. қызметкер, 1973 лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері мыс кендерінің геологиясы мен металлогениясына арналған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Пак Марат Александрович – совет физигі, физ.-матем. Ғыл. докторы. 1967 жылдан КППС мүшесі. ҚазГУ-ді бітірген. 1953-69 ж. Қызылорда мемл. Пед. Ин-тында оқытушы, кафедра меңгерушісі. 1970-83 ж. Алматы т.ж транспорты инженерлері ин-тында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі,1984 жылдан доцент. Негізгі ғылыми жұмыстары түрлі класты компланарлы емес көп атомды молекулалардың гомологиялық қатарларды электрондық күйдің орбиталық құрылымын қалыптастыруға арналған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.