text
stringlengths
3
252k
Чапаев ескерткіші — монументтік өнер туындысы. Азамат соғысының даңқты батыры В. И. Чапаевқа арналып 1984 ж. Орал қаласында орнатылған (мүсінші: Б.А. Түлеков, А.М. Әйнеков; архит.: В.З. Кацев, П.И. Кривенко). В.И. Чапаев атта отырған кейпінде кескінделген. Мүсін қоладан құйылған, биікт. 6,8 м. Чапаев ескерткішінің тұғыры бетоннан жасалып, сұр гранит және қызыл стилобатпен қапталған, биікт. 8м. Ескерткіш жаңа темір жол вокзалы алаңының композициялық көркем орт. болып табылады. ## Дереккөздер
Алабалық (лат. Pterois volitans) — дене бітіміне қарап бірден ойланбай балық деп айту қиын. Себебі, дене пішіні ерекше жаратылысты. Алабалықтың жүзбеқанаттары 2-ге бөлінген. Алдыңғы бөлігіндегі жүзбеқанаттарының тармақтарының үшкір тікендері болады. Тікенді жүзбеқанаттарының түбіндегі ойыстау жерінде улы бездері орналасқан. Тікенді тармақтарының әрқайсысының ішінде 2- ден өзекше болады. Олар жақындап келе жатқан су жануарларының тиіп кеткен жерін тікендерімен шаншып алады. Безден бөлінген сілекей тәрізді созылған уы өзекшелерімен жарақаттанған жерге құйылғанда жауы дереу есінен танады. Оның уынан абайсызда уланған адам лоқсып, басы айналып, тез оңала алмайды. Алабалық өлсе де, уы көп уақытқы дейін сақталады. ## Аталу ерекшеліктері Алабалықтың бұлай аталу себебі, балықтың реңі түрлі-түсті, әсіресе қызыл түс басым. Қызыл түстің арқасында көзге айқын шалынатын ақ және қара түсті өте көп көлденең жолақтары бар. Сондықтан, "алабалық" немесе "алажолақты балық" деп аталады. Осындай жолақтары арқылы жауынан қорғанады. Алабалықтың айқын түсі су түбінде болса да көзге өте анық көрінеді; мұндай түс "абайла, мен қауіптімін" дегенді ескертіп тұрғандай. ## Тіршілік етуі Көкірек жүзбеқанаттары өте көлемді, үлкен, қанаттарын жайған құсқа ұқсайды, сондықтан балықтың екінші атауы ұшқыш балық. Сыртқы пішімі ұқсағандықтан аталған, шын мәнінде алабалық ұша алмайды. Алабалық- Үнді және Тынық мұхиттардың тропикалық бөліктеріндегі сулардың түбіндегі маржандаржың арасында тіршілік етеді. Дене тұрқы 30cм, салмағы 1кг. Алабалықтың тағы бір таңғаларлық қызық әрекеті бар: күндіз әбден қараңғы түскенше қозғалмай бір орында (су түбіндегі үңгірлерге, маржандардың қуысында бекніп) шыдап тұруы мүмкін. Ымырт жабылғанда бекініс орнын тастап дереу қорегін аулауға шығады. ## Қоректенуі Қорегі: ұсақ шаянтектестер, ұлулар, ұсақ балықтар. Жанына жақан келген қорегі балықтың аузына қалай түскенін сезбей қалады, қорегін ұстарды алабалық өте тез қимыл жасайды. Алабалықтың басында, әсіресе көзінің айналасында болатын өсінділері мен сәл ғана қимылдап тұратын көкірек жүзбеқанаттары балдырға ұқсайды. Мұндай құбылыс алабалықты жауына байқатпайды. Қимылдаған жүзбеқанаттарына жақындағандардың барлығы алабалықтың аузына түседі. ## Суреттер * * * * *
Талас жазулары - Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңірлеріндегі Талас өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіштері . Олар , негізінен , V-VII ғасырлар аралығына жатады . Көбінесе , қойтастарға , жартастарға , бұйымдарға жазылған . Қазіргі кезде бұл аймақтардағы Талас ескерткіштерінің саны 30-ға жетеді . ## Табылған жері 1932 жылы Талас өзені бойындағы Ашықтас деген жерден төрт қырлы ағаш таяқшаға ойылып жазылған көне жазуы табылды . ## Атауы Талас ескерткіштерін бірінші , екінші , үшінші тас ескерткіштері деп сандық ретпен атау қалыптасқан . Бұл тарихи тұрғыдан Түрік , Түргеш , Қарлұқ мемлекеттері дәуіріне қатысты делінеді .
Қазақ мифологиясы— Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаратылуы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік жұмыртқадан» шығуы жайындағы көне үнділік мифті, болмаса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге болады. Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған, содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер – адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған. Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыздар мифтерді пайдаланған, мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан. Қазақтар жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, перизат т. б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ т. б. деп атайды. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады. Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің «Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының «Қамбар ата», ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» бар деп есептейді. Бұл аталған есімдердің барлығы – бір кездері данышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). "Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады. Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жындардың, албастылардың, шайтандар мен басқа да мифологиялық мақұлықтардың пайда болу туралы мынадай әңгімелер айтылады. Адам ата мен Хауа ананың арасында адамның кімнен жаратылғандығы жөнінде талас туады: Хауа ана «менен» десе, Адам ата «жоқ, менен» дейді. Қайсысының сөзі рас болып шығатынына көздерін жеткізу үшін екеуі ұрықтарын бөлек-бөлек жинайды. Адам ата ұрығын құмыраға сақтайды, Хауа ана мақтаға орап қояды. Белгілі бір уақыт өткен соң қараса, құмыра ішінде адам пайда болған екен, мақтаның ішінде де бірдеңе жыбырлайды. Бірақ ол адам емес, дию, жын, пері болып шығады. Албасты, жын-шайтанның әйелге үйір келетіні де осыдан дейді. Адам өлгеннен кейін аруаққа, тәнсіз рухқа, Құдайдың қызметшісіне, оның әмірін орындаушыға, жердегі тірлігіндегі өзімен туыстас ру мен тайпаның желеп-жебеушісіне айналады. Аруақ деп о дүниеге ерте кеткен туыс, бабаларды айтады. Қасиет тұтылатын аруақтар – атақты адамдардың, данагөйлердің, билер мен батырлардың аруақтары. Сонымен бірге әрбір адамның өзінің қолдаушы аруағы болады деп есептеледі, ал, кейде олар бірнешеу болады. Дию- (Дәу) – қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері. Диюды кейде қазақ ертегілерінде дәу деп те атайды. Қазақта дәу ертегіде кездеседі, ол алып денелі, жалғыз көзді, кейде екі басты, үсті түкті құбыжық кейпінде, демек оның бойында хаостың қалдығы бар. Ол ертегіде әйелдерді ұрлайды, оны зорлықпен иеленіп отырады, иен таудың үңгірінде өмір сүреді, адамның етін жейді, қара күштің иесі, аңғал, сонымен бірге адамға жат әрекетке баратын қатігез кейіпкер. Шайтан— діни танымда Құдайдың қаһарына ұшыраған, адамды азғырып аздыратын, өзімен бірге тозаққа әкетуді мақсат ететін пері. Шайтан оттан жаратылған, Ібілістің бұйрығын орындаушылар. Адам баласына тек дұшпандық ойлайды, бірақ оның дұшпандығының өзі Рахымды Құдайдың құдіретімен адамның рухани толысуына қызмет етуі мүмкін. Әрбір адамның бойында періштесімен қатар өзінің Шайтаны болады. Шайтан адамның бойындағы нәпсілік құштарлықтарын қоздыру арқылы әрекет жасайды, күнәлі істерге бастап, құлшылығына кедергі жасайды, адамды түзу жолдан тайдыруға, сөйтіп, түбінде тозаққа түсуге итермелейді. «Мен адам ұрпақтарын алдынан, артынан, оңынан, солынан келіп, азғырамын. Ей, Раббым, сен өзіңнің құлдарыңның көбін, берген нығметтеріңнің қадірін біліп, шүкіршілігін қылатындардың қатарынан таппайсың» (әл-Ағраф сүресі, 17-аят) деген Шайтаннан пана табудың жолы Алла есімін көп еске алып, зікір ету. Далалы жерлердің өзендерінде, қамысты сай-салаларында, иірімді тұмаларда (кішірек бастау, бұлақ) сұлу арулар – су перілері өмір сүреді. Қазақтар оларды Күлдіргіш деп атайды. Күлдіргіштер су түбінде жасырынады. Сол себептен қамыс пен құрақ өскен жайылма айдын қауіпсіз, тыныш болып көрінеді. Ағаштардың жуан діндерін аймалаған су ақырын ағып жатады. Қайраңды саланың мөлдір суында серке балықтардың шорши жүзгені жоғарыдан байқалып тұрады. Осындай аялы да саялы жерлерде қауіп бар деп ешкім ойламайды. Тұңғиықта, сарғыш қоңыр өзен балдырында Күлдіргіш жасырынатынын біле бермейді. Перілер жалаңаш келіп, шомылып жүрген жас жігіттерді қызықтырып, арбайды, еліктіріп, қастарына шақырады. Жігіт жақындай бергенде жармаса кетіп, ұзын қолдарымен мойындарынан орай қысып, өлгенше қытықтап, су түбіне, балдырлы түнекке тартып әкетеді. Албасты- су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албастылар өзен-көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жалбыраған, емшегі арқасынан асып салбыраған ұсқынсыз әйел кейпінде көрінеді. Әдетте, ол жағалауда жайбарақат шашын тарап отырады. Албастылар жансыз заттар мен жануарлар кейпіне енеді деген нанымдар бар. Ең қаскүнем зиянкес албастылар қара, қалғандары сары болады. Олардың қолында әрқашан да сиқырлы кітап, тарақ, күміс теңге жүреді. Албастының күйеуі – әзәзіл Теміртөс сайтан. Ол – орманда мекендейтін пері. Албастылар адамның түсіне еніп, шошытып, ауруға шалдықтырады. Әсіресе, жас босанған әйелдер мен жаңа туған сәбилерге өш. Жезтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтарды айламен жеңеді. Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келгені баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп, бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді. Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді. Жауыз пері обыр түнде молаларды кезіп, өлген кісілердің мәйіттерін қазып жейді. Көбіне-көп обыр – қаусаған өлмелі кемпір. Ол қараңғы түнде келіп, тауықтың жұмыртқасын ұрлайды, сиырдың сүтін еміп қояды, қорада тұрған малды айдап әкетеді. Кейбір обыр ұйықтап жатқан адамдардың қанын соратын қансорғыш қара мысыққа айналады. Зұлым адамның жаны обыр болады. Ол тыншымай, адамдардың зәре-құтын алып, берекесін қашырады. Ұсқынсыз жәдігөй Мыстан кемпір адамдарға көп жамандық жасайды. Мыстан балаларды ауыстырып қояды, бәйгелерде тұлпарды қулықпен басып озбақ болады. Өзі жер асты патшалығында ұстайтын тұтқындарды жейді, дәудің ұлдарымен бірге өлілер мен тірілер әлемінің шекарасындағы о дүниенің, Еркіліктің жер асты патшалығының есігін күзетеді. Кейбір мифтерде Жалмауыз кемпір – қорқынышты құбыжық. Бұл әзәзіл адам тұрағынан аулақ, таулар мен ормандарда өмір кешеді. Алба-жұлба киінеді. Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирек басатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді. Аяқтарының орнында қайыс белбеу болады. Өздері адам ұшырасқанша тырп етпей күтіп жатады екен. Меңіреу жыныс орман ішінде адам келе жатса, кенет алдынан шыға келіп, таңырқаған жолаушыны атымен атап, жайма-шуақ сөйлесіп, жол көрсетуге уәде береді. Сөйтіп, сенімге кіріп алған Көнаяқ қалжыраған жолаушыға қарғып мініп, оны қайысымен байлап-матап, әбден әлі құрып, өлесі болып құлағанынша қуалап мініп жүреді. От – Ұмай Тәңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен ризығын бейнелейтін құдірет (ежелгі түркілер солай деп санаған). От-Ана құдайы Ұмай Тәңір-Ананың табанынан жаралған. Оның әкесі – құрыш, шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От-Ананың желеп-жебеуімен болады. Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде әйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетінен сипайды. Табиғат пен тіршілік – адам қиялының қайнар көзі. Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар да көрініс тапқан. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Классикалық пенжак — (орысша-классический костюм) ерлерге арналган сырткы киім бір стильмен жасалып бір матадан тігіледі.Сондай-ақ классикалық пенжакқа шалбар және сирегірек желетке, галстук, ерлерге арналған көйлектер кіреді. Әуелі пенжакты тек қана ерлер пайдаланса, содан соң пенжакты әйелдерде пайдалана бастады, бірак әйелдер шалбардың орнына белдемше киді. Классикалық пенжак кеңседегі жұмыс үшін арналған, яғни келіссөздер және сыртқы ресми іс-шаралары үшін (мұражай, концерт және т.б) арнайы қонаққа бару үшінде пайдаланылады. ## Тарихы Қазіргі кезде біз күнделікті көріп жүрген пенжактың үлкен тарихы бар. Пенжак Англия елінде XIX ғасырда пайда болды. XIX ғасырдың жарты жылдығында классикалық пенжак өзіне желетке, ұзын панталон рединготты енгізді. Классикалық пенжакты ақшыл түсті панталон және желеткемен бірге пайдаланды. Классикалық пенжактың элементтеріне қолғап пен қалпақ-цилиндрді де жатқызуға болады. Классикалық пенжак XIX ғасырдың ортасында зайырлы адамдарының күнделікті киіміне айналған. XIX ғасырда пенжактың пайда болуы фрактың орнын бөлектендірді. Содан бір ғасыр өтіп, XXI ғасырда технология дамып адамдардың киім үлгісі өзгерді. Бұл жағдай фрактың қайтадан өз орнына келуіне көмектесті. Мысалы: қазіргі кездегі жастар мотоциклді пайдаланып, пенжакты кие алмай оның орнына фракты пайдаланды. Классикалық пенжактардың үлгісі күн өткен сайын түрлене бастады. Ылғи желеткенің сәні мен шалбардың қалыңдығы өзгерді. Пенжак пен шалбар әрқашан бір матадан тігілу үрдісі көбірек болды. Сондай-ақ пенжак адамның түр-келбеті мен дене пішінін өзгертуге ие болды. Пенжактарды ерлер екі жағымен де киуге ие болды. Мұндай пенжактарды екі жақты пенжак деп атады. Бұл сән қазіргі күнге дейін бар. Мұндай пенжактар әсіресе жастар үшін қолайлы болды. ## Дереккөздер * Киім үлгілері туралы жинақ ## Сыртқы сілтемелер * пиджак * жакет
# Ақ Желімбас Ақ желімбас биіктігі 1 метрге жуық,бір жылдық немесе екі жылдық,шөп тектес өсімдік. Сабағы жұмыр,тік,төменгі жағы айыр тәрізденіп,бұтақтанып өседі. Қатты түктері бар. Жоғарғы жағындағы түктері үлпілдек болады да, қолға ұстағанда желімі жабысып қалады. Ол әр түрлі құрт құмырсқаларды өзіне жабыстырып алып,жәндіктердің өсімдік гүлдеріндегі тозаңды бүлдіруінен сақтайды. Жапырақтары сопақша келген,төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары қысқа, жоғарғы жағындағылары отырмалы.Гүлдері ақ түсті,олар өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншаларын да түк басқан.Гүл тәжі 5 гүл жапырақшасынан тұрады. Әр гүл жапырақшасы жоғарғы жағынан екіге бөліне тілімденген. Ақ желімбастың гүлдерін түнгі көбелектер тозаңдандырады.Гүлдері кешке қарай қараңғы түсе ашылады.Хош иісі сол кезде анық білінеді.Гүлдері таңертең жабылғаннан кейін иісі де жоалады.Күндіз жабылып қалатын гүлдері төмен қарай салбырап "қалғып" тұрады.Өсімдіктің орыс тіліндегі атының "дрема" болуы да осыған байланысты болса керек. Жемісі жұмыртқа тәрізді,қауашақ ішінде бүйрек сықылды дәндері бар.Ақ желімбас шабындықтарда,бос жатқан және жыртылған жерлерде,бақшаларда,арықтардың маңайында өседі.Дәрі үшін ақ желімбастың жерге түскен бөлігін және тамырын пайдаланады.Оның тамырының құрамында сапониндер бар. Ақ желімбастан жасалған дәрілердің қабынуға қарсы әсер ететін,қан тоқтататын,ұйқыны қалпына келтіретін қасиеттері бар.Осыған байланысты ішкі ағзалар шаншып ауырғанда пайдаланады.Дәріні дайындау және қолдану тәсілі:Ұнтақталған өсімдіктің 1 ас қасығы 1 стакан қайнап тұрған суға салып,2 сағат қойып тұндырғаннан кейін сүзіп алады да,1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді және жатар алдында жарты стаканын бір ақ ішіп алса,ұйқы жақсарады.
Ақ тауқалақай (лат. Lamium album) – ерінгүлділер тұқымдасына, тауқалақай туысына жататын, көп жылдық шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 1 м-ге жетеді. * Сабақтары төрт қырлы, ұзын, түзу,іші қуыс, үш жағы сүйір, жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті. * Жапырақтары қарама қарсы орналасқан, күйдіргіш қалақайдың жапырақтарына ұқсайды, бірақ оларадай күйдіргіш емес. * Гүлдері екі ерінді, ақ немесе ақ сары түсті. 8-9 дан топталып жапырақтарының арасындағы қуыстарға орналасады. Гүл тостағаншасы бес қалақшадан тұрады, олар гүл жапырақшаларынан ұзындау болып келеді. * Жемісі кішкене 4 жаңғақшадан тұрады. Мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді. ## Өсетін жері Өзен жағаларында, бұталар арасында, далалы аймақтардағы шабындықтарда, орман ішінде, үйлердің маңында өседі. ## Құрамы Құрамында эфир майлары, флавондары, алкалоидтар, гистаминдер, хлорин және илік, қоймалжың заттар бар. ## Емдік қасиеті және қолданысы Халық медицинасында ақ тауқалақай қан тоқтататын күшті дәрі ретінде қолданылады.Гүлдерінің сөлін алып пайдаланса, аса тиімді болады.Әйелдердің ақ етеккірі келген кезде ақ тауқалақайдың шөбінен жасалған тұнбамен емдейді. Жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда гүлдерінен жасалған тұнбалар өте жақсы жәрдем береді.Үш түсті шегір гүлдің шөбін,бүлдіргеннің жапырағын, ақ тауқалақайдың гүлін теңдей алып, тұнба жасап қан азайғандықты, бүйрек және тамақ ауруларын емдейді. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тек гүлдерін ғана жинап алады да, көлеңкеде кептіреді. Кейде жапырағын да жинайды.Тұнбаны былай жасайды: өсімдіктің 60 грамм гүлін немесе шөбін 3 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 стақаннан 3 рет ішеді. ## Дереккөздер
Қасқасу тауы - Қазақстандағы ең көне қорықтарының бірі Ақсу-Жабағылында орналасқан. Табиғатының әсемдігі көз татарлықтай әдемі. Бұл таудың баурайына келіп демалатын қала тұрғындары өте көп. Бұл тау қазіргі таңда Қазақстан мемлекеттің қолында емес. Арабия мемлекеті 49 жылға бұл аймақты жалға алған. Бұл аймақта өсетін өсімдіктердің дәрілік қасиеті бар. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар осы қорықта кездеседі. Тау өңірінде түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Дәрілік өсімдіктердің 1300 түрі: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ; техникалық өсімдіктердің 1500 түрі: арша, итмұрын, таран; эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, томағашөп, қандыгүл; Тау өңірлерінде жануарлардың көп түрлері кездеседі. Қызыл кітапқа енген сүтқоректілердің 15-тей түрі (таутеке, елік, марал, барыс); құстардың 100 түрі (гималай ұлары, кекілік, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 3 (қалқантұмсықты, қара шұбар жылан т.б.); қосмекенділердің 1 (жасыл құрбақа). Теңіз деңгейінен 2000-3000 м. биіктікте орналасқанын фото суреттерден көруге болады.
Хаза́р қағандығы (650—969) — хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет. Батыс Түрік қағандығында 630 - 651 жылдары дулу мен нушеби тайпалары арасында азамат соғысы жүрді. Нушебилер Орта Азияның бай қалаларына арқа сүйеп, Қытаймен одақтасты. Дулу бастаған жауынгер көшпенділер шығыс түрік ханзадасы Юйгу шадқа сүйенеді. Ал хазарлар нушеби құрамында еді. Осы кезеңде күшейіп алған Таң әулиеті қағандықтың батыс иеліктерін басып алды. Нушебилердің өз арасында да наразылықтар туындап, Қытайды жақтаған Иби - Шегуй ханды қуып жібереді. Дулу тайпасынан шыққан Дулу Хэлу Шаболо хан билікті тартып алған соң, хазарлар іштей бөліне бастады. Хазарлардың алғашқы билеушісі жергілікті билеушілерден емес, тақтан қуылған түрік қағаны болды. 7 ғасырдың ортасында Түрік қағандығының еуропалық бөлігінде екі тәуелсіз саяси құрылым - Хазарлар мен Бұлғарлар құрылды. Хазар қағандығы өз қуатын арттыру мақсатында көрші тайпаларды, әсіресе, туыстас, бірақ жаулық көзқарастағы бұлғарларды бағындыруға кіріседі. Бұлғарлар жеңіліс тауып, Ботбай басқарған бір бөлігі оларға бағынады. Олар кейіннен "Қара Бұлғарлар" деп аталған кубаньдық бұлғарлар тобын құрайды. Хазарларға бағынғысы келмеген бір бөлігі Еділ бойымен жоғары өрлейді, сөйтіп, Еділ бұлғарлары пайда болды. Үшіншісі - Аспарух бастаған болгарлар 660 жылы Дунайға жетіп бекінеді. 679 жылы олар грек әскерін талқандап, ізінше Добрджаға басып кіріп, Дунай мен Балқан аралындағы елдерді түгелдей бағындырады. ## Территория Батыс Түркі қағанатынан бөлініп шыққан. Солтүстік Кавказ, Ортаңғы және төменгі Жайық ағысын, қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігін, Азов теңізі маңын, Қырымның шығыс бөлігін, және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі даласы мен орманды-даласын мекендеді. ## Ескерткiштер Көптеген жазба деректер, тарихи зерттеулер Хаза́р қағандығының Беленжер, Семендер, Варачен (Сарашен), Итиль, Саркел, т.б. ірі қалалары бар, халықар. сауда, көпсалалы шаруашылық гүлденген іргелі мемлекет болғанын көрсетеді. Мемлекеттің ұйытқысы болған этн. топтың қалыптасуын ғалымдар Қытай жазбаларындағы “ко-са” тайпасымен байланыстырады. Тарихи зеттеулер бойынша түркілердің осы тайпасы Солт. Кавказдың шығыс жағын мекендеп, түркі тілдес “савирларды” (Сібірден шыққан, түркілермен ассимиляцияға ұшыраған, арғы түбі угор-финдік тайпалар) және ирандық, кавказдық шағын топтарды өзіне қосып алған. Бірнеше этн. топтың бірігіп, түркілік ассимиляцияға түсуі нәтижесінде пайда болған хазарлардың осы ерекшеліктері сол кездің жазба деректерінен көрініс тапты. Мысалы, әл-Истахри, ибн-Хаукал хазарлардың екі топқа (“синфқа”) бөлінетінін жазады. Олар мұның бірін өңі қаралығына байланысты “қара хазар” деп атаса, екіншісін өңі аққұба, өзгеше адамдар ретінде атайды. Хаза́р қағандығы Қазақстаннан Қара теңізге дейінгі жерлерді иеленген Батыс Түрік қағандығы ыдыраған соң, Солт. Кавказдың шығысында 7 ғ-дың ортасына қарай жеке саяси құрылым ретінде бой көтерді. Мұсылман жылнамалары Дағыстан өлкесіндегі хазар билеушісін 6 ғ-дың 90-жылдардан бастап “малик”, яғни патша деп атады, ал 7 ғ-да хазар әміршісі Батыс Түрік қағандығына тек шартты түрде ғана бағынып, іс жүзінде дербес саясат ұстанды. Хазарлар көп ұзамай Батыс Түрік қағандығының қиыр батыстағы бүкіл иеліктерін өзіне қаратты. 8 ғ-дың ортасынан бастап, мемлекеттің негізгі иеліктері Солт. Кавказдан Еділ, Дон өлкелеріне ауысты. Дамудың неғұрлым гүлденген тұсына тап келген осы кезеңде мемлекеттің аумағы анағұрлым кеңейді. Қағандық құрамына Шығыс Қырым, Азов өлкелері енді, Еділ болғарлары, буртастар, солт-тегі шығыс славян тайпалары: полян, северян, радимич, вятичтер бағынды, қаған билігі батыста Дунайға дейін жетті. 9 ғ-дың басында хазар иеліктері солт-те Десна, Сейм, Сула, Сож өзендері алқаптарын қамтыды. Құрамына хазарлардан басқа алан, болғар, славян, т.б. тайпалар енген көп ұлтты мемлекетте дінге деген кеңшілік айрықша орын алды. Тәңіршілдік, ислам, христиан дінін ұстанған топтар бірге өмір сүрді. Сонымен қатар иудей дінін ұстанған еврей қауымдары кеңінен тарап, уақыт өте келе көбейе түсті. Елді қаған басқарып, оның айналасындағы ықпалды бектердің беделі жоғары болды, бұдан төмен әскери тархандар тобы тұрды. Бағынышты елдер мен аймақтарды қаған тағайындайтын тудундар басқарды. Ондай елдерден түрлі алым-салық түсіп отырды. Мысалы, Еділ болғарлары түтін басы 1 бағалы аң терісін төлесе, славяндар “әрбір соқадан” 1 күміс ақша — “щеляга” берді. Жақсы қаруланған хазар әскері Шығыс Еуропадағы шешуші күш ретінде танылды. Ғалымдар хазарлар 100 мыңнан а
Мұнайды айдағанда алынатын бензиннің мөлшері жанармайға жанармайға деген сұранысты өтей алмайды. Сондықтан көмірсутектердің ірі молекулаларын айырып, бензин фракциясына сәйкес келетіне кіші молекулалы көмірсутектер алады. Мұнай өнімдерін 400°C-тан жоғары қыздырғанда, ауыр көмірсутектер айырыла бастайды. Оларды 400 - 420°C температураға дейін қыздырып, буға айналдырған күйі екінші ректификациялық мұнарада франкцияларға бөлінеді. Бензиннен басқа:230° - 250°C аралығында ұршық майы,260° - 305°C аралығында машина майы,315° - 325°C аралығында жеңіл цилиндр майы,350° - 370°C аралығында ауыр цилиндр майы бөлінеді, ең соңында гудрон қалдық түрінде қалады.Мұнай өнімдерін белгілі бір қысымда үлкен молекулалы көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы бензинді құрайтын кіші молекулаларға айналдыруды крекинг деп атайды. "Крекинг" ағылш. crack - ажырату, үзілу деген мағынаны білдіреді. Крекинг процесін алғаш орыс ғалымы В.Г.Шухов ұсынды.
«Гүлдер» республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар ансамблі 1969 жылы Қазақстанның Халық әртісі Гүлжихан Ғалиеваның ұйымдастыруымен құрылған. 1969 жылы құрылған «Гүлдер» ансамблінің атағы Қазақстанда ғана емес, Кеңес Одағында дүркіреп тұрған. Ансамбльге танымалдылық алып келген Кубаның астанасы Гаванада өткен 11-студент жастар фестивалінен кейін, бірінен соң бірі ілесе келген республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейлі жүлделер «Гүлдердің» жанкүйерлерінің қатарын көбейтті. Ансамбль өзінің репертуарын халықтық музыкамен және заманауи эстрадалық-би жобаларымен толықтырады. Ансамбль гастрольдік сапармен әлемнің түкпір-түкпірін аралады.Мәскеу, Франция, Германия, Бирма, Малайзия, Сингапур, Цейлон аралы, Бельгия, Грекия сынды елдердің сахнасында өнер көрсетеді. Көптеген халықаралық байқаулардан жүлделі орындармен қайтып, Франция,Германия сынды әлемнің жүздеген әйгілі сахналарында да жұлдыздары жарқырады.Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Қапаш Құлышева, Қаламқас Рахимова, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Айжан Нұрмағамбетова,Бақтияр Тайлақбаев, сонымен қатар қазіргі эстрада жұлдыздары Мадина Сәдуақасова, Бейбіт Қорғандар осы өнер ордасының түлектері. ## Дереккөздер 1. http://massaget.kz/madeniet/music?page=2 2. http://madeniettv.kz/kaz/news/kazakhstan/Gulder_ansambli_merekelik_koncert_berdirnrn.html Мұрағатталған 22 ақпанның 2014 жылы.
Ізғұтты Құрманбайұлы Айттықов (1922 жыл 20 қаңтар, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Ұранхай ауылын - Зарасай қаласы, 1944) - Кеңес Одағының Батыры, қазақ. * Әскери құрама қатары -51. Гвардиялық атқыштар дивизиясы, 158 полк 2 батальон. * Әскери атағы – Гвардия аға сержанты, батальон комсоргі 1942 жылы майданда болды. Сталинград іргесінде шайқасты Калинин, Курск, Белгород облыстарының жерін азат етуге қатысты. Батыс Двина жағалауына дейін болды. Ер жүрек барлаушы жау тылында бірнеше рет болды. Оның өзі 50 гитлершіні жойып, бөлімге 22 «тіл» әкелді. Командованияның жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап шыққаны үшін Қызыл жұлдыз, І, ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен награтталды. 1944 жылы 22-июльде гвардия старшина Ізғұттыға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.1944 жылы 51-гвардияшы атқыштар дивизиясы неміс фашист әскерлерінің қарсылығын жеңе отырып батысқа ұмтылды. 158 гвардияшы атқыштар полкінің 2-батальоны дұшпанның тіркес жасалған қорғаныс шебін бірінші болып бұзып, кескілескен ұрыстарда Витебск облысы Залужье деревнясын алды. Взвод Першино деревнясын шабуылмен алып, полктың оң қанатын қорғады.Взвод шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуып, 22 июньде Батыс Двина өзеніне жетті де, келген бетте өзеннен өтті. Алғашқы топты Ізғұтты бастады. Плацтарды басып алды. Жаудың 4 пулеметін, 38 солдаты мен офицерін жойды. 2 күннен кейін взвод Полоцкіге кіріп, көше ұрыстарын бастады. Ақын Алексей Сурков «Совет Одағының Батыры Ізғұтты Айттықовқа» деген өлеңінде: Су шайған құмдық жағаны,Айғыздан жатты оқ тесіп.Айттықов жүзіп барадыӨзенде бейне от кешіпЕрліктің оты жанадыМақсаты одан жүз мықтыЕл үшін тыным алар маҚазақтың ұлы Ізғұтты! Ізғұтты Айттықовқа 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Дивизияның саяси бөлімі Айттықовтың хаты жарияланған листовқа шығарады. «Батыр» деген құрметті атақты бізде өсіп тәрбиелеген. Отан үшін ұрыстарда бізді шынықтырған комсомол Отан алдында өз борышымыздың ақырына дейін аброймен орындадық деп мақтан тұта аламыз», - деп үн тастап, өсиет қалдырған еді. Оның өсиеті орындалды. 1961 жылы 18 қазанда Тарғын орта мектебіне Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айттықовтың есімі берілді Батырдың соғыс кезіндегі жүріп өткен жорығы: Тарғын=>Сталинград=>Харьков=>Калинин=>Витебск=>Полоцк=>Зарасай. Батырға арналып тұрғызылған Полоцк қаласындағы ескерткіш. Мектеп мұражайындағы батырдың мүсіні оны Мектептің түлегі Т.Иманбаев Батыр Мүсінін жасап сыйғатартты 1965 жыл. Николаев қаласындағы "Океан" кеме жасау заводы Ізғұттының есімімен аталатын кен тасу теплоходын шығарып, ол Одесса қаласында 1976 жылы қаңтар айында суға түсірілді. Кеме Қара теңіз - Жапония аралығында жүзеді.Батыр есімі берілген мектеп. Қазіргі таңда бұл мектеп "І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" КММ болып аталынады. ##
Меруерт гүл биіктігі сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаттамасы Тамыры жіңішке, көлбеу өседі, сырты ақ, көптеген майда қосымша тамырлары бар. Сабағы қысқа. Тамырдан тікелей өсіп шыққан, сопақша келген жапырақтарының саны бірден үшке дейін, екі жағы да тегіс, жылтыр, сағақтары ұзын. Гүл сабағы да тікелей тамырдан өсіп шығады. Гүлдері гүл сабағынан бір жағына ғана орналасқан, ақ түсті, хош иісті, жемісі қызыл, үш дәнекті. Өсімдік улы. ## Таралуы Көбінесе ылғалды жерлерде, орман ішінде, бұталар арасында, өзен жағаларында өседі. Далалы аймақтарда сирек кездеседі. ## Пайдалануы Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін жаңадай гүлдей бастағанда, жерде 4-5 мантиметр биіктіктен кесіп, жинап алады. Тамырымен жұлуға болмайды, себебі бұл өсімдіктің мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соғады. Жиналған өсімдікті темір шатырлы үйдің жел соғып тұрған жоғарғы жағына, күн түспейтін жерге жұқа етіп жайып, дереу кептіріп алады. Оның құрамында жүрек глюкозидтері, сапониндер, эфир майлары, аспарагин, крахмал, алма және лимон қышқылдары, жапырақтарында С витамині бар. Меруерт гүл жүректің жұмысын жақсартып, қалпына келтіретін қасиеттері бар. Ғылыми медицина меруертгүлден жасалған дәрілерді нерв жүйесін тыныштандыру үшін, жүректің қызметін қалпына келтіріп, қан айналысын жақсарту үшін пайдаланады. Меруертгүл ғылыми медицинаға белгісіз кездердің өзінде-ақ халық медицинасында бұл өсімдіктің сулы тұнбалары кеңінен пайдаланылған. Нерв жүйесін тыныштандыру үшін меруертгүлдің бір бөлігін, түркістандық сасықшөптің жарты бөлігін, дәрілік шүйгіншөптің бір бөлігін, долананың бір бөлігін алып араластырады. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: Меруертгүлдің 15 граммын 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 2 шай қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді.
# Тас көмірді өңдеу Тас көмірді ауа қатыстырмай кокс пештерінде 900 - 1050°C температурада өңдеу әдісін тас көмірді кокстеу деп атайды. Алғашқы түзілетін өнімдер: кокс және ұшұыш заттар.Шикізаты ретінде 350 - 400°C температурада пластикалық күйге ауысып, берік және кеуекті металлургиялық кокске айналатын тас көмірлер қолданылады. Коокстелінетін көмірді көмірлердің басқа түрімен араластырып, шикіқұрам (шихта) дайындап, кокстеуге жібереді.Коксхимия өндірісінде кокспен қатар жүздеген химиялық өнімдер, химиялық өндірістің шикізаты, жартылай дайын өнімдер жіне келешекте полимерлеуге пайдаланылатын мономерлер өндіріледі. # Кокc Кокс - кеуекті қатты зат. Оны металлургия зауыттарында, домна пештерінде қолданады. Сондықтан механикалық беріктігі жоғары, ал жану жылуы 31400 кДж/кг-нан кем болмайды. # Тіке кокс газы Тіке кокс газы - құрамында өте күрделі (конденсацияланбайтын газдар, тас көмір шайырлары, ароматты көмірсутектер және су буынан құралған қоспалар) кокс пешінен шығатын бу мен газ қоспасы. Оның құрамынан шайырларды, ароматты көмірсутектердін және суды конденсациялайды, ал аммиакты адсорбциялайды. Бұлардан кейін қалған газ қоспаларын кері кокс газы деп атайды. Кокс газы - күрделі қоспа (%):H2 54 - 59, CH4 23 - 28, CO 5 - 7, N2 3 - 5, O2 0,3 - 0,8. Жанк жылуы 16700 - 17200 кДж/м3. Кокс газын кокс және домна пештерін жылытуға немесе химиялық шикізат ретінде қолданады.
# Отын және оның түрлері Отын- табиғи немесе жасанды түрде алынатын,жанатын қабілеті бар, энергия көзі және химиялық өндірістерге шикізат болып есептелетін зат. Отын агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тектес үш топқа бөлінеді. Тегіне қарай: табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Жасанды отын табиғи заттырды өңдеу нәтижесінде алынады. Болашақта сутек пен метанол, этанол, өсімдік майлары, органикалық заттар мотор және энергетикалық отын қатарына енеді. Өнеркәсіптің қай саласыда болсын, отынның маңызы зор. Отынның жану жылуы- 1кг отынды толық жаққанда бөлінетін жылу мөлшері.Отынның құрамында көміртек пен сутек неғұрлым көп болса, жылу болу қабілеті соғұрлым жоғары болады.Қатты қатты отынды химиялық өңдеудің мынадай әдістері бар пиролиз, газдандыру (газификациялау), гидрогендеу және кокстеу. * Пиролиз- көмірді ауа қатыстырмай жабық реакторда 1000 °C шамасында қыздыру. Түзілген өнімдер одан әрі өзгерістерге ұшырамайды. * Газдандыру- 1000 °C температурада қатты отынның органикалық массасын ауамен, су буымен немесе олардың қоспасымен шала тотықтыру арқылы жанғыш газдарға айналдыру. Жанатын газдарды генератор пештерінде өндіретін болғандықтан, оларды генератор газдарыдеп атайды. * Гидрогендеу- катализатор қатысында жоғары температурада және қысымда отынды сутекпен өңдеу. Бұл кезде отын алғашқы қалпынан өзгеріп, құрамында сутек мол жаңа сұйық,газ тектес немесе қатты отынға айналады. Мысалы, көмір мен тақтатастарды осылай өңдейді.
# Маралқұрай Биіктігі 1,5 метрден асатын,көп жылдық,шөп тектес өсімдік.Тамыр сабағы жуан әрі жұмыр,қара қоңыр және көптеген ақ түсті қосалқы тамырлары бар.Тамыр сабағынан жыл сайын қурап түсіп қалатын тамыр жапырақтарының орнын көруге болады.Сабақтары жуан,іші қуыс,тік өседі,бұтақтары жоқ.Жапырақтары кезектесіп орналасқан,ірі,эллипс тәрізді,шеттері бүтін,сабақты қоршай өседі.Гүлдері ірі,ақ немесе жасыл түсті,өсімдіктің жоғарғы жағында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады.Жемісі үш жерінен ашылады,ішінде тұқымы көп,қауашақ.Батпақты жерлерде,өзендердің жағаларында,ылғалды шабындықтарда,таулы беткейлерде өседі.Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын күзде немесе ерте өктемде жинап алады.Құрамында қант,қоймалжын,бояулық заттар, органикалық қышқылдар, илік заттар, вератрамин дейтін гликозид,протовератрин алкалоиді бар.Маралқұрай улы өсімдік.Сондықтан,оның тамырын қазып жинау барысында сақтық шараларын жасап,ауыз бен мұрынды дымқыл ормалмен,дәкемен байлап алу керек,Тамырды жинап болғанша тамақ немесе су ішуге тыйым салынады.Жұмыс біткен соң қолды жақсылап сабындап жуады.Халық медицинасында подагра мен ревматизмге байланысты буынның сырқырауын қойдыру үшін майдәрі жасап ауырған жерлерге жағады.Маралқұрайды дәрігердің бақылауынсыз қалай болса солай пайдалану адамның улануына әкеліп соғады.Уланған адамның сілекейі ағады,түшкіреді,аузының іші ашып,тамағын,жұтқыншағын бір нәрсе тырнаған сияқты болады,құсады,іші өтеді,қатты ауырады.
Эйсрайзенвельт - Австриядағы Хохкогель тауында орналасқан дүние жүзіндегі ең үлкен мұзды үңгір. Мұзды үңгірдің ұзындығы 42 шақырымға созылып, Альпі қойнауына кіріп кетеді. оның ең басындағы бір шақырымы мұз болып қатып жатыр. Үңгір ежелден белгілі, бірақ үңгірді зерттеуге ешкімнің батылы жетпеген.Ол 1879 жылға дейін қорқынышты мекен саналып, тек сол жылы ғана өлкетанушы көмегімен белгілі болды.Қыс мезгілінде жел үңгірдің аузынан ішке қарай ұрса, жазда іштен сыртқа қарай салқын самал есіп тұрады.
# Тас көмірді өңдеу Тас көмірді ауа қатыстырмай кокс пештерінде 900 - 1050°C температурада өңдеу әдісін тас көмірді кокстеу деп атайды. Алғашқы түзілетін өнімдер: кокс және ұшұыш заттар.Шикізаты ретінде 350 - 400°C температурада пластикалық күйге ауысып, берік және кеуекті металлургиялық кокске айналатын тас көмірлер қолданылады. Коокстелінетін көмірді көмірлердің басқа түрімен араластырып, шикіқұрам (шихта) дайындап, кокстеуге жібереді.Коксхимия өндірісінде кокспен қатар жүздеген химиялық өнімдер, химиялық өндірістің шикізаты, жартылай дайын өнімдер жіне келешекте полимерлеуге пайдаланылатын мономерлер өндіріледі. # Кокc Кокс - кеуекті қатты зат. Оны металлургия зауыттарында, домна пештерінде қолданады. Сондықтан механикалық беріктігі жоғары, ал жану жылуы 31400 кДж/кг-нан кем болмайды. # Тіке кокс газы Тіке кокс газы - құрамында өте күрделі (конденсацияланбайтын газдар, тас көмір шайырлары, ароматты көмірсутектер және су буынан құралған қоспалар) кокс пешінен шығатын бу мен газ қоспасы. Оның құрамынан шайырларды, ароматты көмірсутектердін және суды конденсациялайды, ал аммиакты адсорбциялайды. Бұлардан кейін қалған газ қоспаларын кері кокс газы деп атайды. Кокс газы - күрделі қоспа (%):H2 54 - 59, CH4 23 - 28, CO 5 - 7, N2 3 - 5, O2 0,3 - 0,8. Жанк жылуы 16700 - 17200 кДж/м3. Кокс газын кокс және домна пештерін жылытуға немесе химиялық шикізат ретінде қолданады.
## «Сібір қырғыздар жөніндегі жарғы» және Орта жүзде хандық биліктің жойылуы XIX ғасырдың басында Ресейдің орта жүздегі саясаты белсенді болып, шаруашылық саласында жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Жайық, Каспий теңізі, Ертіс, Зайсан көлі маңындағы қазақтар бұрын мал өсірумен айналысса, енді олар балық аулаумен шұғылдана бастады. Сонымен қоса шығыс және орталық аймақтарда тас көмір, түсті металл, өндіретін алғаш кен орындарын игеру жүзеге асырылып, ХІХ ғ. ортасына қарай су және жел дирмені, ұсталық, май, кен, былғары өңдеу зауыттары іске қосыла бастады.Тау кен өндірісіне Орал әскери шебі бойында тартылған жатақтардың саны жыл санап өсе түсті. Мысалы: 1820 жылы 6 мың адам болса, 1824 жылы ол сан 2 мыңға өскен. Уәли билігінің әлсіздігі Ресейдің бұл аймаққа ықпалын күшейте түсті. Империя құрамына Қазақстанның қосылуы, оның орналасқан геосаяси жағдайы Ресей үшін тиімді болды. Сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия халықтарымен Сібірмен тиімді сауда қатынасы Ресей үшін тиімсіз еді. Осындай жүріп жатқан ілгерлеушіліктерге патша үкіметі талабын қанағаттандырып, Ресейдйң басшылық, және саяси жағынан жүргізіліп отырған шаралары жандана түсті. Сондықтан да халық арасында ықпалы төмендей түскен қазақ хандықтары патша үкіметінің билеу саясатына қарсылық ұйымдастыра алмады. Қытай жағына “ауып түсіп”, “Богдыханның бодандығын қабылдауы” мүмкін деген қауіптері де хандық институттың жойылуын тездетті. 1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. II Екатеринаның атына сұлтан, ақсақалдардың Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберуі патша үкіметі үшін тиімді мүмкіндік туғызды. Хандық билікті әлсірету мақсатымен 1815 жылы патша үкіметі орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Петербург сарайы қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді. Оларды бір-біріне айдап салып, бақталас ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды.Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс қимылын тежеп отырды. 1817 ж. – Бөкей хан, 1819 ж. – Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Жаңа реформаны әзірлеуді Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийге жүктелді. Оны даярлауға болашақ декабрист Г.С.Батеньков белсене қатысты. Жарғының басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету, ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындату. Елдегі қалыптасқан рулық феодалдық тәртіптерді әлсірету. Орта жүздегі хандық билікті жою. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобольск, Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қазақтарының облысы” да кірді. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған “Сібір қазақтарының округі” сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Бұлар Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1832 ж.), Ақмола (1831 ж.), Баянауыл , Үшбұлақ (1833 ж.), Амақарағай (1834 ж.) кейінгі 40-50 жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері болды. Көшпелілердің бір округтен екіншісіне өз еркімен ауысуына шек қойылды, ол үшін “жергілікті сұлтандардың” рұқсаты талап етілді.Басқарудың жаңа тәртібі бойынша ауылдарды – ауыл старшындары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді – аға сұлтандар басқаратын болды. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлайтын болды, оларға ресейлік майор әскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды сайлағанда хан сайлағандай ескі әдет сақталып, хан сияқты ақ кигізге салып көтерді. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыстық сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнына інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы болатын еді.Аға сұлтан басшылығымен округтық приказда өткізілетін отырыстарда облыстық бастық тағайындайтын ресейлік екі “құрметті қазақ” қатысуға тиіс болды. Көп кешікпей аға сұлтандар секілді үш жылға сайланды.Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық, талап-арыздық және болыстық басқармаға шағымдар бойынша істер. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтық приказда қаралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ билерімен қатар бір орыс шенеунигі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілді. Округтік приказдың шешімдерді қайта қарауға құқығы болды. Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Мұрағат құжаттары округтік шенеуниктердің әрбір санатына қызметі үшін ақы төлемін де көрсетті. Мәселен: аға сұлтан жылына – 500 сом, жыл сайынғы мерекелерге – 3000 сом, мектептер мен училищелер “құруға” – 5000 сом қосымша шығыс баптарын белгіледі.Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылды. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторлығына бағындырылды, оның төрағасы шет елдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.1822 жылғы “Жарғы” Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында терең із қалдырды. «Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді. ## Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы, Кіші жүзде хан билігінің жойылуы 1822 ж. Орынбор губернаторы П.К.Эсеннің қатысуымен “Орынбор қазақтарын басқару” жөніндегі Жарғы бойынша Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының осы жылы бекітілмеуіне де себеп болған осы жай болды. Ал Орынбор губеранаторы 1824 ж. кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сонда басқа қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Кіші ордада (Бөкей хандығында) 1845 ж. дейін хандық билік сақталды. Жарғыны жасаушылар жергілікті факторлармен санаспады, оны іске асыруда күш қолданатын тактикаға сүйенді.Сонымен орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан патша үкіметінің әскери әрекеттерінің нәтижесінде болды. ## Қолданылған әдебиеттеp 1. Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том2. Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005. ## «Сібір қырғыздар жөніндегі жарғы» және Орта жүзде хандық биліктің жойылуы XIX ғасырдың басында Ресейдің орта жүздегі саясаты белсенді болып, шаруашылық саласында жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Жайық, Каспий теңізі, Ертіс, Зайсан көлі маңындағы қазақтар бұрын мал өсірумен айналысса, енді олар балық аулаумен шұғылдана бастады. Сонымен қоса шығыс және орталық аймақтарда тас көмір, түсті металл, өндіретін алғаш кен орындарын игеру жүзеге асырылып, ХІХ ғ. ортасына қарай су және жел дирмені, ұсталық, май, кен, былғары өңдеу зауыттары іске қосыла бастады.Тау кен өндірісіне Орал әскери шебі бойында тартылған жатақтардың саны жыл санап өсе түсті. Мысалы: 1820 жылы 6 мың адам болса, 1824 жылы ол сан 2 мыңға өскен. Уәли билігінің әлсіздігі Ресейдің бұл аймаққа ықпалын күшейте түсті. Империя құрамына Қазақстанның қосылуы, оның орналасқан геосаяси жағдайы Ресей үшін тиімді болды. Сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия халықтарымен Сібірмен тиімді сауда қатынасы Ресей үшін тиімсіз еді. Осындай жүріп жатқан ілгерлеушіліктерге патша үкіметі талабын қанағаттандырып, Ресейдйң басшылық, және саяси жағынан жүргізіліп отырған шаралары жандана түсті. Сондықтан да халық арасында ықпалы төмендей түскен қазақ хандықтары патша үкіметінің билеу саясатына қарсылық ұйымдастыра алмады. Қытай жағына “ауып түсіп”, “Богдыханның бодандығын қабылдауы” мүмкін деген қауіптері де хандық институттың жойылуын тездетті. 1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. II Екатеринаның атына сұлтан, ақсақалдардың Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберуі патша үкіметі үшін тиімді мүмкіндік туғызды. Хандық билікті әлсірету мақсатымен 1815 жылы патша үкіметі орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Петербург сарайы қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді. Оларды бір-біріне айдап салып, бақталас ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды.Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс қимылын тежеп отырды. 1817 ж. – Бөкей хан, 1819 ж. – Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Жаңа реформаны әзірлеуді Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийге жүктелді. Оны даярлауға болашақ декабрист Г.С.Батеньков белсене қатысты. Жарғының басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету, ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындату. Елдегі қалыптасқан рулық феодалдық тәртіптерді әлсірету. Орта жүздегі хандық билікті жою. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобольск, Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қазақтарының облысы” да кірді. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған “Сібір қазақтарының округі” сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Бұлар Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1832 ж.), Ақмола (1831 ж.), Баянауыл , Үшбұлақ (1833 ж.), Амақарағай (1834 ж.) кейінгі 40-50 жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері болды. Көшпелілердің бір округтен екіншісіне өз еркімен ауысуына шек қойылды, ол үшін “жергілікті сұлтандардың” рұқсаты талап етілді.Басқарудың жаңа тәртібі бойынша ауылдарды – ауыл старшындары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді – аға сұлтандар басқаратын болды. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлайтын болды, оларға ресейлік майор әскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды сайлағанда хан сайлағандай ескі әдет сақталып, хан сияқты ақ кигізге салып көтерді. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыстық сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнына інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы болатын еді.Аға сұлтан басшылығымен округтық приказда өткізілетін отырыстарда облыстық бастық тағайындайтын ресейлік екі “құрметті қазақ” қатысуға тиіс болды. Көп кешікпей аға сұлтандар секілді үш жылға сайланды.Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық, талап-арыздық және болыстық басқармаға шағымдар бойынша істер. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтық приказда қаралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ билерімен қатар бір орыс шенеунигі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілді. Округтік приказдың шешімдерді қайта қарауға құқығы болды. Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Мұрағат құжаттары округтік шенеуниктердің әрбір санатына қызметі үшін ақы төлемін де көрсетті. Мәселен: аға сұлтан жылына – 500 сом, жыл сайынғы мерекелерге – 3000 сом, мектептер мен училищелер “құруға” – 5000 сом қосымша шығыс баптарын белгіледі.Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылды. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторлығына бағындырылды, оның төрағасы шет елдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.1822 жылғы “Жарғы” Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында терең із қалдырды. «Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді. ## Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы, Кіші жүзде хан билігінің жойылуы 1822 ж. Орынбор губернаторы П.К.Эсеннің қатысуымен “Орынбор қазақтарын басқару” жөніндегі Жарғы бойынша Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының осы жылы бекітілмеуіне де себеп болған осы жай болды. Ал Орынбор губеранаторы 1824 ж. кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сонда басқа қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Кіші ордада (Бөкей хандығында) 1845 ж. дейін хандық билік сақталды. Жарғыны жасаушылар жергілікті факторлармен санаспады, оны іске асыруда күш қолданатын тактикаға сүйенді.Сонымен орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан патша үкіметінің әскери әрекеттерінің нәтижесінде болды. ## Қолданылған әдебиеттеp 1. Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том2. Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.
Бекмергенов Мақаш Бекбергенұлы - қазақ совет әдебиет зерттеушісі, филол. ғыл. докторы, профессор. 1963 жылдан КОКП мүшесі. ҚазПИ-ді бітірген. 1932-42 ж. Қызылорда обл-ында мұғалім, 1942-49 ж. Қызылорда пед. институтында оқытушы, 1949 жылдан Ташкентте ұстаздық етеді. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазақ совет әдебиетіндегі революция тақырыбына, Ғ. Мүсірепов творчествосына арналған. Бұл салада "Сөз зергері", "Азаматтық үшін алысқандар", "Дүбірлі дәуір шежіресі" атты монографиялары жарық көрді. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Қабан жырау, Қабан Асанұлы (1733-1824) - ақын, жырау, ұлы жүздегі Жалайыр руының Мырза тармағынан шыққан. 15 жасынан ақындығымен танылып, айтысқа түскен. Жетісу өңірінің Сүйінбай Аронұлы, Бақтыбай Жолбарысұлы, Ү.Жапсарбаев, т.б. ақындары оны ұстаз тұтқан. Қабан жыраудың бізге жеткен шығармалары — Тұмаршамен және Тауман қызбен (Арқадағы) айтыстары. Сондай-ақ, "Бәрің-дағы тыңдаңдар", "Ырыс алды — ынтымақ", "Арғымақ - жабы көрінер", "Тамшыдан теңіз молайып", "Барлы, барлы, барлы тау", "Жер ойпаңы білінбес", "Қарынбай" (хисса), т.б. шығармалары бар. 1993 жылы оның ел аузында сақталған өлең-толғаулары "Алтын қазық" деген жинағына енді (құрастырушы — Т. Қаупынбайулы). Көксу ауданындағы Ақтекше ауылындағы орта мектепке 300 жылдық мерейтойына орай Қабан жыраудың аты берілді, музей ашылып, ескерткіш (мүсіншілері: Молдабеков, Н.Қойшыбеков) орнатылды. Талдықорған қаласында Қабан жырау атында көше бар. Қабылиса (Қабан) XVIII ғасырда ұлы жүз ішіндегі Жалайырдан шыққан аса көрнекті қайраткер. Өр мінезімен, өжет батырлығымен, от ауызды, орақ тілді сөзімен көзінің тірісінде-ақ Қабан ақын атанған. Ол ел басшылары Ескелді, Балпық билермен қатар «әулие» деген атқа ие болған. Өйткені әр жерде шашырап, көшіп-қонып жүрген жалайырлардың басын қосып біріктіруде, тұтас бір ел етіп топтастыруда оның еңбегі, қажыр-қайраты үш ғасыр бойы аңыз-әңгімеге айналған. Ел үшін, жер үшін қанын төгуге, жанын қиюға әзір екенін мына бір көріністен-ақ байқауға болады.Ақынның шөбересі Мәрима Рақметқызының айтуына қарағанда, қазақ-қалмақ соғысы кезінде Жалайырдың бір батыры жекпе-жектің шартын сақтамай, қарсыласын қас пен көздің арасында шаншып өлтіреді. Мұның арты дау-дамайға айналып, қалыптасқан салт-дәстүрді бұзғаны үшін әлгі жас батырды қалмақ жағы байлап беруді талап етеді. Ел ағалары бұл талапқа мойынсұнып тұрғанда, Қабан ақын алға шығып: «Бұл батыр ел қорғаны бола алатын азамат екен, жолына жан пида - мені байлап беріңдер!» дейді де, өз еркімен жау қолына аманатқа кете барады (журналист Ораз Исмайылұлының жазбасынан). Филология ғылымдарының докторы М.Жолдасбеков Қабан ақынның алдағыны болжайтын әулиелігін бейнелейтін мынадай аңыз келтіреді: «Бірде Жетісу өлкесінен шыққан атақты батырлар Өтеген, Райымбек, Қараш және Қабан төртеуі бас қосып отырады. Райымбек пен Өтеген құрдас, Қараштың жасы олардан сәл кішілеу, бәрінен үлкені Қабан екен. Райымбек сөз бастайды: - Өтеген, «ел аралаған - сыншы» деген, жер-дүниені шарлап келдің, жасымыз болса тақады, батыр атағың бар, көпті көрдің, өле қалсақ жағдайымыз қандай болады, қайсысымыз қай жерде қаламыз, айта аласың ба? - дейді. Өтеген: - «Аға тұрып сөйлеген ініден без» деген, бұл дүниенің жарығын бізден бұрын көрген алдымызда Қабан ағамыз отыр, сол кісі айтсын! - депті. Сонда Қабан: - Екеуің біріңді бірің түрткілеп, ақыры мені сөйлеттіңдер ме? - деп сөз бастайды. - Әке-шешем қойған атымды өзгертіп, ел мені Қабан атандырды: мен бір бастаудың басында, шоқ қамыстың түбінде қалармын. Үш күн денем жерде жатады, үш күннен соң табылады. Ал, Өтеген, сенің мінезің жайлы, жүзің жылы еді, жылжып аққан судың жағасында жатасың, бірақ түбінде сені де жылжытып басқа жерге қояды. Райымбек сен көпшіл ең, қиямет-қайымға дейін басыңнан дабыр, үстіңнен дүбір кетпейтін үлкен жолдың бойында боласың» деген екен. Бұл аңызды Кенен Әзірбаев пен Әмірқұл Құлшықов айтқан. («Асыл арналар», Алматы, «Жазушы» баспасы, 1986, 152-153-беттер). Бұл аңыз рас болса, Қабанды шын әулие деуге қақымыз бар. Себебі, Өтегеннің қабірі «жылжып аққан су» Іле өзенінің бойында-тұғын, беріде Қапшағай теңізінің астында қалатын болған соң, ұрпақтары «жылжытып» биік төбенің басына қойды. Райымбек Алматыдан Ташкентке қарай шығатын үлкен жолдың бойына жерленген екен, ол маңай бұрын да, қазір де дабыр-дүбірдің орны болды, жуырда ұрпақтары басына биік ескерткіш орнатып, ары-бері өткендер, арнайы келушілер тәу ететін қасиетті мекенге айналды. Қабанның өзі Іле өзені бойындағы шоқ қамыстың ішінде, бұлақ басында жатыр. Қарт журналист мұнадай бір дерек келтірген: «Бірде ақын ауылына Ұзынағаш жақтан бір топ мейман келеді. Бала-шағалары жақын ауылға тойға кетіп, үйде жалғыз қызы Қоянкөз бен Қабан ақынның өзі қалады. Қонақтарға шай қайнатылып, ет асылғанда ерке қыз құда түсуге келгендерге ылғи қойдың қол етін қазанға салыпты. Алдарына ас келгенде қонақтар тіксініп: «Жақсы әкеден де осындай көргенсіз бала туады екен-ау» деп, бір-біріне қарасады. Соны аңғарған ақын табан астында: Балам білмей қонаққа қол асыпты, Қол асса да қой етін мол асыпты. Саннан бұрын өмірге келеді қол, Соны біліп ертеңге жол ашыпты, - дейді. Ишаратты түсінген қонақтар: «Мына қыз осал болмады. Қазақтың ескі салтын бұзып, жаңа жоралғы жасап отыр екен, қойдың жамбасын, төсін, сан етін аспай, қазанға қолын салуында да мән бар екен ғой», -деп құдандалық рәсімін жасап, елдеріне қайтыпты. Сыр бойында туып-өскен ақын ел басылары Ескелді, Балпық, Орақтылармен бірге жалайырларды Іле мен Қаратал өңіріне көшіріп әкелгенде, барлық саналы өмірін Шаған тауының шатқалдарында, Лабасының баурайында өткізсе керек. «Құйма құлақ қариялардың айтуына қарағанда, Қабан қапсағай денелі, айбарлы, ақылды адам болған, - деп жазады Ораз Исмайылов. -Ел қорғап, ерлік көрсетіп, тіпті елінің амандығы үшін аманатқа өз еркімен кеткен кездері болған. Есейе келе елшілікке жүріп, билікке араласып, халқының қамын жеген. Әділдік пен амандықты жоғары ұстаған Ақын ата әркімнің қайғы-қасіретіне ойлы көзбен қарап, оларға хал-қадірінше қол ұшын беріп отырған. Қабанның қандай ақын болғанын Кенен Әзірбаевтың «Жамбыл жыр» деген толғауынан аңғару қиын емес: Ұстазы Сүйінбайдың Қабан ақын, Бас иген Ұлы жүзде тамам ақын. Нағашысы Жалайыр Қабан еді деп, Жамбыл атам айтатын маған атын. Атағың үлкен еді-ау Қабан жырау, Жамбылдың айтқан сөзі есте тұр-ау. Жиені - сарбас ақын сөйлерінде, Әдеті - мұртын қағып, құлақ бұрау. «Импровизатор ақындарда өзі табынған адамға еліктеу әдеті болған, - деп жазады ғылым докторы М.Жолдасбеков. Қабан - Сүйінбайдың да, Сарыбастың да нағашысы. Сүйінбайдың, Сарыбастың, Кененнің жыр толғарда аспанға қолдарын сермеп, құлақ бұраулары сол Қабаннан қалған». «Менің ақындығым балаларыма дарымайды, қызым мен жиендеріме көшеді», - деген екен Қабекең. Онысы да әулиелік болып шыққан. ХІХ ғасырдың өрен жүйрік ақыны Бақтыбайдың түсіне кіріп, аруағы қонатынын Қабекең әрине білген жоқ. XX ғасырдың жыршысы қалқа ақынның да Қабанға сиынып, «пірім» деп отырады екен. Арқаның ақиығы Біржан салмен айтысқан ақын Сара былай деп толғаған: Қасиетті Қабылиса Асанұлы, Мырзадай іргесі кең елден шыққан. Кем болмас ештеңеден мұны ұққан. Бұл кісі өзі әулие, әрі ақын, Исі қазақ біледі оның атын, Өзгеден Қабекеңнің сөзі татым. Қабан ең алдымен адал сөйлейтін, билігі, байлығы бар адамдарды өтірік мақтап жағынбайтын, қара қылды қақ жарған ақын болған. Оған бір мысал: «Марқұм Иманғазы қарияның айтуынша, бір жолы ақын ауылына барымташылар баса-көктеп кіріп, жылқыларын айдап әкетеді. Қабан бастаған жаужүрек жігіттер барымташыларды қуып жетіп, айқаса кеткенде аналардың бір жігіті сойылға жығылып, мерт болады. Барымташылар құн даулап, Әділ төреге жүгенген. Төре Қабанды шақыртып: «Құнын неге қайтармайсың дегенде, ақын ойланбастан: Ұрыға құн жоқ, Ұрыға құн болса, момынға күн жоқ. Өзі ізденіп келіп, өлген немеге, Маған салсаң, дым жоқ! - деген екен. Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» есіне түсіп, төре ары қарай дау айтпапты. ХІХ ғасырда өмір сүрген Бақтыбай ақын айтқандай, «инемен қара сөзді сабақтаған» Қабан ел-жұртты имандылыққа, шариат жолына шақырып, көп өлеңдер шығарған. Оның ислам дінін жетік білгендігін, кітап оқыған сауаттылығын, өлеңдерін жазып та шығарғанын талай толғауларынан, өсиет өлеңдерінен аңғару қиын емес. Амал не, қолжазбалары сол күйінде сақталмаған, жеке жырлары ауыздан-ауызға көшіп өзгергені, бұрмаланғаны, кейбіреулердің өз жанынан қосқандары да байқалады. Қабанның ел есінде қалған даналық сөздері көп. «Не қиын? Не қымбат?», «Дүниеде не жетім», «Не ортақ және неше жұпты бар» - деп сауал қояды да, бәріне өзі тәпіштеп жауап қайырады. Мысалы, «Не қымбат?» деген сұрағына көкейге қона кететін мынадай жауап айтады: Туып-өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат. Әлпештеген анаң қымбат, Еркелеген балаң қымбат. Жақсы дос, жарың қымбат, Бәрінен де ұят пен арың қымбат. «Ел көңілін кім ашар?», «Жігіт көңілін кім ашар?», «Ұл көңілін кім ашар?», «Аурудың көңілін кім ашар?», «Аттың көңілін кім ашар?», «Кім жақын?», «Білгендерден ғибрат ал» сияқты өлеңдерінде өмірдің сан қырлы сырларын, тіршіліктегі қилы-қилы құбылыстардың астар-мәнін ашып көрсетеді. «Бақыт, қайдан келесің?», «Бақыт, қайда барасың?» жеген жырларында сұрақ-жауап арқылы сан-салалы тұрмыстың татымды-татымсыз жақтарына ойлана қарап, терең толғанады. Қабан ел-жұртты татулыққа, бауырмалдыққа шақырудан жалықпаған. Жақан Исаұлы деген кісі мынадай бір оқиғаны айтқан: «Сол заманда Іле өзенінің оңтүстік батыс беткейінде қазақ-қырғыз арасында жанжал туып, қырғыз жағының бір батыры мерт болады. Мұның аяғы насырға шабатын болған соң, қазақ жағы Шу бойында жатқан Қабанға адам жібереді. Лезде жеткен Қабекең қанды дауды шешу үшін екі күн, екі түн жырлап, қазақ пен қырғыз ежелден дос-бауыр екенін «төсекте басы, төскейде малы қосылған» туыстығын дәлелдеп, татулыққа шақырған көрінеді». Қабан - талай айтысқа түсіп, жеңімпаз атанған ақын. Бізге жеткені екеуі-ақ, олар: «Тұмаршамен және таутанмен айтысы». Таутан қызбен жұмбақ айтысқа түскенде өз заманына сай аса білімді, оқымысты адамның бейнесі көз алдымызға келеді. Өмірдің, тіршіліктің, діннің сан-саласын қамтитын жұмбақты тұмарша сұрақ күйінде қояды да, Қабан сүрінбестен дәл, анық жауап қайырып отырады. Бұдан біз тапқырлықпен қоса асқан ақылдылықты, білімдарлықты аңғарамыз. Қабан ақынның баспа бетінде жарық көрген жырларынан «Әрқашан білгенімді салдым хатқа», «Өзім терген кітаптан оқып, білдім», «жазып отырмын», «жазып кеттім» деген сөздерді ұшыратамыз. Бұған қарағанда, ол жан-жақты сауатты адам болған. Жетісудің даңқты ақын-жыраулары үлгі тұтқан, аруағына сиынған Қабылиса-Қабан ақын мұрасы аз сақталғанмен, барының өзі бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа тәлім-тәрбие берерлік алтын қазынаға айналып отыр. ## Дереккөздер
Александр Иванович Засс немесе Темір Самсон (1888, Вильнюс, Вилен губерниясы, Ресей империясы — 26 қыркүйек 1962, Хокли, Лондон, Ұлыбритания — балуан, цирк актері. ## Өмірбаяны Алексанр Засстың бала күндері Саранскте Пензия губерниясында өткен. Засстың бойы 167,5 ал салмағы 75-тен аспаса да „Темір Самсон“ XX ғасырдың ең мықты адамдарының бірі болған. Ол бала кезінен жақсы көрсеткіштерге жеткен. Есейгенде циркте актерлік талантын көрсеткен және бір қызығы, ол жасаған трюктарды ешкім қайталай алмаған. Мысалы: * Кеудесінде 500 кг тасты ұстап тұра алған, ал оның көмекшілері темір балғамен тасты жарған * Аренада пианиноны оңай алып журген * Тісімен 220 кг балғаны көтере алған. Засс өзінің орасан зор күшінің көмегімен жақсы күрескен. Засстың қарсыластары өзінен 2 есе үлкен болса да ол оларды жеңе білген. Алғаш рет 1908 жылы Орынборда өнер көрсеткен. Сол кезде адамдар оның күшіне таң қалған.1925 жылы Лондонда „Ғажап Самсон“ атты кітап шығады. Ол кітапта Засстың өмірде көрген қиыншылықтары мен өзі ойлап тапқан адам ағзасының физиологиялық дамуының түрі туралы жазылған. Засс Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген көмегі тиген. Ол сұрапыл соғыстада өзінің күшімен танылған. Дәлірек айтатын болсақ, жараланған атты иығына асып салып жүрген. Соңғы рет 1954 жылы өнер көрсеткен сол кезде Засстың жасы 66-да болатын. Актерлік өмірден соң ол жанурларды тәрбиелеген. Засстың жасы жетсе де ол мықты, әрі қайратты болып қалған. ## Дереккөздер
Батькаев Равиль Якубович (22.09.1933 ж. т., Қызылорда обл., Қармақшы ауд., Қармақшы а.) - совет зоотехнигі, а. ш. ғыл. докторы. 1966 жылдан КОКП мүшесі. 1988 жылдан Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғыл. зерт. ин-да мал азығын дайындау, сақтау және пайдалану бөлімінің бастығы. Негізгі ғыл. еңбектері малды азықтандыру және мал азығы технологиясы мәселелеріне арналған. ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1974). ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
### Қазақстан тарихында болған көтерілістер * 1770-1800 жылдар аралығындағы көтерілістер * 1800-1900 жылдар аралығындағы көтерілістер * Дерек көздері ### 1770-1800 жылдар аралығындағы көтерілістер 1773-1775-Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.1783-1797-Кіші жүз қазақтарың Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. ### 1800-1900 жылдар аралығындағы көтерілістер 1821 – Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісі.1822-1825 –Жоламан Тіленшіұлы бастаған қазақтардың патша үкіметіне қарсы көтерілісі.1836-1838 – Бөкей хандығы қазақтарының Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісі.1837-1847 – Қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1870-1873 – Адай көтерілісі ### Дерек көздері 《Қазақстан тарихы》8 сынып оқулығы ,《Атамұра》,Қабылдинов З.Е, Қайыпбаева А.Т. ## Қазақстан тарихында болған көтерілістер * 1770-1800 жылдар аралығындағы көтерілістер * 1800-1900 жылдар аралығындағы көтерілістер * Дерек көздері ### 1770-1800 жылдар аралығындағы көтерілістер 1773-1775-Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.1783-1797-Кіші жүз қазақтарың Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. ### 1800-1900 жылдар аралығындағы көтерілістер 1821 – Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісі.1822-1825 –Жоламан Тіленшіұлы бастаған қазақтардың патша үкіметіне қарсы көтерілісі.1836-1838 – Бөкей хандығы қазақтарының Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісі.1837-1847 – Қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1870-1873 – Адай көтерілісі ### Дерек көздері 《Қазақстан тарихы》8 сынып оқулығы ,《Атамұра》,Қабылдинов З.Е, Қайыпбаева А.Т.
Ақбілек — Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған психологиялық роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды. ## Қысқаша мазмұны Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе басты кейіпкер Ақбілектің қасіретке толы өмірі, мұңы мен шері жайындағы туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры мен әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді. ## Шығарманың басты кейіпкерлері * Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады. * Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады. * Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған. * Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады. * Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі. * Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады. ## Дереккөздер * http://aimauytov.psu.kz/images/stories/pdf/akbilek_aimauytov.pdf Мұрағатталған 2 қаңтардың 2014 жылы. * http://baq.kz/kk/regional_media/post/1742
Оның басым бөлігі – сұрғылт-қоңыр топырақты, жусанды-дәнді өсімдіктер жайыла өскен жазық дала. Мұндағы тамаша оазистерді бірнеше шақырымға созылған дала мен құмды шөлдер бөліп жатыр. Облыстың Оңтүстік-батыс бөлігі, Сырдарияның сол жағалауын бойлай Қызылқұмның шағыл құмдары мен Шардара даласы жатыр. Солтүстік бөлігі – Бетпақдала шөлі, қиыр оңтүстігінде – Мырзашөл, оны Тақырдала деп те атайды. Құмда сексеуіл өседі. Тау етегіндегі аудандарда дала өсімдігі бітік өсетін сарғылт топырақ басым. Тау бөктерлерінде ағаш тәрізді арша, жабайы алма, өрік ағаштары өседі. Алуан түрлі өсімдіктер әлеміне биік тау аудандарында жайыла өскен шалғынды шөп қайталанбас рең береді. Оңтүстік Қазақстан облысының ұзына бойын Қазақстан мен бүкіл Орта Азияның ең ірі өзендерінің бірі – Сырдария өзені қиып өтеді, оған Қаратау жотасының Оңтүстік бөктерінен Құрықкелес, Арыс, Бөген өзендері келіп құйылады. Шу өзенінің арнасын бойлай ағаштардың, бұталар мен шөптердің жүздеген түрлері өседі, олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Солтүстіктен келетін Шу өзені Мойынқұм құмдарында көзден ғайып болады. Сырдария мен Шу өзендерінің аңғарларын құрақ пен тоғай алып жатыр. Облыс аумағында Ақтайқын, Ақтар, Қалдыкөл сияқты таяз, негізінен, тұзды болып келетін өзендер көп тараған. Сырдария өзеніндегі жасанды Шардара, Бөген өзеніндегі Бөген, Бадам өзеніндегі Бадам және Арыс өзеніндегі Қайыңды су қоймалары өңірді. әсем табиғатын одан әрі сұлуландыра түседі.Құнарлы топырақ, күн сәулесінің мол түсуі, кең жайлаулар бұл өңірде ауыл шаруашылығының түрлі салаларын, ең алдымен суармалы егіншілік пен жайылымдық қой шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Мақта, күріш егістіктері, сондай-ақ бау-бақшалар мен жүзімдіктер де мол өнім беретіндігімен ерекшеленеді.
## Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр қайық — аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ —шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық, керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететіндер ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы — көшпелілердің киіз үйі. Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхроңдығын көрсетеді. Натуралдық шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» сияқты шебер ұсталар, тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған. Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты. Қазақ жерінде XIX ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ертұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан — бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі». Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан "Отырықшы халықтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты" деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазу-сызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды. Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғұн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол арқылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған. Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мәдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті. Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттық пен қолөнер қатар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың қалдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жоқ. Түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғасырлар) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының әрқайсысының өздеріне тән материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. ## Көне жазулар Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" — "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, әсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмұны мынадай екен: "Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сақ тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлұқтар заманында (VIII ғасыр) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазған. ## Руна әліпбиі Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған. Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара су қоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе құлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге қаған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей тәңірден жаралған Білге (дана) қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, ұлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!".Білге қаған тұсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, әділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым". Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII—XII ғасырлар) араб әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмұд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүни "Құтты білік", Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмет", Сүлеймен Бақырғани "Хикмет", Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама" (IX—X ғасырлар), Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т.б. Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты. Түркі тіліндегі осы деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан — В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының кұпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті. Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге қарағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бұл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байқау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына ұқсас. Олай болса, "Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?" деген орынды сұрақ туады. Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін", "Білге қаған" сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген. ## Қазақ даласының даналары Қазақ даласының даналары,даралары.нобай ## Әл-Фараби (870-950 жж.) Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр тегінің соңына кейде "әт-түрки" деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, "Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған". Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: "Ол — аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да (980—1037 жылдары) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады", — деген. Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиқанның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің "Meтoфизикacын" қырық, "Жан туралы" еңбегін жүз, ал "Риторикасын" екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбунасыр — халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Әбунасыр метофизика, тіл білімі, логика, география, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты. ## Жүсіп Баласағұни (1015-1075 жж.) XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты — Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ғалым өзінің атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағұни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан. Жүсіп Баласағұни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған. Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. Хас Хажиб деген үлкен атақ немесе бас уәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады. Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. "Құтадғу білік" орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра. ## Махмұд Қашғари (ХІ ғасыр) Махмұд Қашқари — түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан каласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өте жас кезінен туған мекенінен шығандап шығып, түркілер уәлаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. Махмұд өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген. Кейіннен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Бұл кез Бағдатты түркілердің селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінің дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да Махмұд түркілердің этнографиясы, ауыз әдебиетінің хрестоматиясы іспетті өз еңбегін араб халқына таныстыру мақсатымен араб тілінде жазған.Оның Бағдатта тұрып, өз шығармасын түркі тақырыбына арнауының өзі тегін емес. Махмұд өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған уағы болатын. Оның үстіне, Махмұд түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қалмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз еңбегінің атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деп атаған. Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.Қашқаридың бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. А.Н.Кононовтың сөзімен айтқанда: "Түркі тілдерінің сөздігі" — XI ғасырдың түркілердің өмірі, олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік дакылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары, ауру түрлері, дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен материалдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этностық терминология туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы бірден-бір деректеме болып табылады". ## Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166 жж.) Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын, философ, дін уағыздаушы. Орта ғасырлар Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын. Осы заманда ел бірлігін, халықтың татулығын, имандылықты өз шығармаларына арқау еткен бір топ ақындар тарих сахнасына шықты. Олар — Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани еді.Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз, 1166 жылы өлген, XII ғасырдың өкілі. Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап, зерттеушілер оны 1093 жылы дүниеге келген деп жобалайды. Түркістан маңында туып, ер жеткен соң, Түркістан қаласында өзінің шығармашылық, діни қызметін бастаған. Түркістан қаласы VI—XV ғасырларда Йасы деген атпен белгілі болған. Сондықтан да Йасыдан шыққан Қожа Ахмет Йасауи деген қосымша атқа ие болған. Қожа Ахмет ата-анасынан ерте айырылған, бірақ өте талапты, дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстан баб және Жүсіп Хамаданидан тәлім, білім алады. Одан соң білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырады. Көп ұзамай Ахмет оқымысты, діндар адам болып Йасы қаласына оралады. Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі — "Диуани хикмет" — "Даналық кітабы". Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Бұл еңбектің бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері, түпнұсқасы сақталмаған. Бұл көшірмелер Алматыда, Стамбұлда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде сақтаулы. Ахмет Йасауидің бұл шығармасы — діни сопылық еңбек. Исламның ішіндегі сопылық бағыт VIII ғасырда пайда болған. Жалпы, сопылық құран мен шариғатты толық мойындайды. Сопылық, өнеге, ұстамдарға халықтық жоғары мораль, адамның ішкі, сыртқы тазалығы, Аллаға сана арқылы ғана емес, өзінің шынайы тіршілігі арқылы құлшылық ету, қызықшылдыққа, байлыққа құмар болмау сияқты қағидалар тән. Сопылық өзінің осындай қарапайым, бұқара халықтың көңіліне жақындығымен ел арасында жақсы қолдау тапты, сөйтіп ислам дінінің бұқара халықтың арасына таралуына оң әсер етті. Ахмет Йасауидің өлеңмен жазылған "Даналық кітабындағы" жеңіл және түсінікті тілмен әсерлі жеткізілген осы қағидалар орта ғасырлардағы түркі халықтарының діни дүниетанымының, моралінің қалыптасуына үлкен әсері болды. Йасауиден кейінгі қазақ жырауларының, ақындарының, ойшылдарының еңбектерінен сопылық ықпал, өнеге анық байқалады. Ахмет Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін: "Енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбар жасынан аспақ күнә", — деп, өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада (қылует) өткізеді. Сонымен Қожа Ахмет Йасауи — XII ғасырда өмір сүрген үлкен философ, ғұлама ойшыл, ақын, мейірімге, кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр. ## Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалым. Түркі халықтарының ортақ мақтанышы, тұңғыш тарихшысы. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерін зерттеушілердің көбі оған жүгінеді. Түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеуші еуропалық ғылымдардың қай-қайсысы да Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегіне соқпай кете алмайды. Оның басты еңбегі — әлемге әйгілі "Тарихи Рашиди" шығармасы парсы тілінде жазылып, дүние жүзіне таралған. "Тарихи Рашидиді" Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Мауереннахрдағы Шағатай әулеті құрған мемлекет XIV ғасырдың ортасына таман біржола ыдырап, екіге бөлінеді, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа — дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362 жылдары) хан болады. "Тарихи Рашидидің" бірінші дәптерінде сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Абд-ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мұхаммед хан мен Уәйс ханның Моғолстан тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі. Сөйтіп,ол Моғолстанның хандары, дулаттан шықкан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының тыныс-тіршілігіне тоқталды. Ханның өзі және ұрпақтарының Мәуереннахрда, сондай-ақ қазақ хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі — ол тек шындықты ғана жазды. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.Қадырғали Жалайыри.Жалайыр тайпасынан шыққан ортағасырлық ғұламалардың тағы біреуі әрі бірегейі — Қадырғали Жалайыри. Қадырғали Жалайыри Бабыр қайтыс болған 1530 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Отырар-Түркістан маңында дүниеге келген. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз хан нояндары, уәзірлері, қолбасылары болып қызмет атқарған.Қадырғали ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жетік игеріп, Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген... "Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын", — деп жазды ол "Жылнамалар жинағында". Қадырғали казіргі Рязань жерінде орналасқан аралық мемлекет Қасым хандығында тұрған кезде өзінің атақты еңбегі "Жамиғ Ат-Тауарихты" ("Жылнамалар жинағы") жазды. Ол оны 1602 жылы аяқтаған. XVII ғасырда дүниеге келген осынау асыл мұра кейін белгілі татар зиялысы Ибраһим Халфиннің (1778—1829 жылдары) кітаптары мен қолжазбалары арасынан табылған. Кейін ол Қазан университетінің қолжазба қорына түскенімен, осы оқу орнындағы шығыстану факультеті Санкт-Петербургке қоныс аударуына байланысты "Жамиғат-тауарих" өзге дүниелермен бірге сонда жөнелтіледі. Қадырғали Жалайыри "Жылнамада" Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын, т.б. секілді түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды. Шежіре кітаптың, әсіресе XIII—XVI ғасырлар аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғаларға арналған бөлімінің ғылыми маңызы ерекше. Мұнда XVI ғасырдың басынан бергі қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы жайлы сөз болды. Қазақ хандарының әлеуметтік-саяси жағдайлары, Қазақстанда рулық патриархаттық-шонжарлық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, бектер мен хафиздер, т.б. әлеуметтік топтар туралы құнды тарихи деректер мол.Әйтсе де, "Жылнаманы" оқыған адам шығарма тілінің өзге түркі халықтарына қарағанда қазақ тіліне өте жақын екендігін байқайды. Сол себепті, бұл дүниені ескі қазақ тілінің алғашқы жазба ескерткіштерінің бірі әрі бірегейі деп қабылдағанымыз жөн. ## Глоссарий Мәдениет – адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Түркі жазуы – ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000 Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» 1994. ## Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр қайық — аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ —шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық, керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететіндер ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы — көшпелілердің киіз үйі. Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхроңдығын көрсетеді. Натуралдық шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» сияқты шебер ұсталар, тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған. Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты. Қазақ жерінде XIX ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ертұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан — бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі». Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан "Отырықшы халықтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты" деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазу-сызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды. Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғұн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол арқылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған. Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мәдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті. Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттық пен қолөнер қатар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың қалдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жоқ. Түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғасырлар) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының әрқайсысының өздеріне тән материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. ## Көне жазулар Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" — "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, әсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмұны мынадай екен: "Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сақ тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлұқтар заманында (VIII ғасыр) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазған. ## Руна әліпбиі Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған. Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара су қоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе құлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге қаған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей тәңірден жаралған Білге (дана) қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, ұлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!".Білге қаған тұсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, әділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым". Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII—XII ғасырлар) араб әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмұд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүни "Құтты білік", Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмет", Сүлеймен Бақырғани "Хикмет", Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама" (IX—X ғасырлар), Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т.б. Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты. Түркі тіліндегі осы деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан — В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының кұпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті. Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге қарағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бұл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байқау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына ұқсас. Олай болса, "Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?" деген орынды сұрақ туады. Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін", "Білге қаған" сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген. ## Қазақ даласының даналары Қазақ даласының даналары,даралары.нобай ## Әл-Фараби (870-950 жж.) Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр тегінің соңына кейде "әт-түрки" деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, "Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған". Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: "Ол — аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да (980—1037 жылдары) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады", — деген. Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиқанның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің "Meтoфизикacын" қырық, "Жан туралы" еңбегін жүз, ал "Риторикасын" екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбунасыр — халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Әбунасыр метофизика, тіл білімі, логика, география, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты. ## Жүсіп Баласағұни (1015-1075 жж.) XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты — Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ғалым өзінің атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағұни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан. Жүсіп Баласағұни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған. Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. Хас Хажиб деген үлкен атақ немесе бас уәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады. Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. "Құтадғу білік" орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра. ## Махмұд Қашғари (ХІ ғасыр) Махмұд Қашқари — түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан каласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өте жас кезінен туған мекенінен шығандап шығып, түркілер уәлаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. Махмұд өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген. Кейіннен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Бұл кез Бағдатты түркілердің селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінің дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да Махмұд түркілердің этнографиясы, ауыз әдебиетінің хрестоматиясы іспетті өз еңбегін араб халқына таныстыру мақсатымен араб тілінде жазған.Оның Бағдатта тұрып, өз шығармасын түркі тақырыбына арнауының өзі тегін емес. Махмұд өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған уағы болатын. Оның үстіне, Махмұд түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қалмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз еңбегінің атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деп атаған. Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.Қашқаридың бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. А.Н.Кононовтың сөзімен айтқанда: "Түркі тілдерінің сөздігі" — XI ғасырдың түркілердің өмірі, олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік дакылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары, ауру түрлері, дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен материалдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этностық терминология туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы бірден-бір деректеме болып табылады". ## Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166 жж.) Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын, философ, дін уағыздаушы. Орта ғасырлар Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын. Осы заманда ел бірлігін, халықтың татулығын, имандылықты өз шығармаларына арқау еткен бір топ ақындар тарих сахнасына шықты. Олар — Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани еді.Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз, 1166 жылы өлген, XII ғасырдың өкілі. Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап, зерттеушілер оны 1093 жылы дүниеге келген деп жобалайды. Түркістан маңында туып, ер жеткен соң, Түркістан қаласында өзінің шығармашылық, діни қызметін бастаған. Түркістан қаласы VI—XV ғасырларда Йасы деген атпен белгілі болған. Сондықтан да Йасыдан шыққан Қожа Ахмет Йасауи деген қосымша атқа ие болған. Қожа Ахмет ата-анасынан ерте айырылған, бірақ өте талапты, дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстан баб және Жүсіп Хамаданидан тәлім, білім алады. Одан соң білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырады. Көп ұзамай Ахмет оқымысты, діндар адам болып Йасы қаласына оралады. Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі — "Диуани хикмет" — "Даналық кітабы". Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Бұл еңбектің бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері, түпнұсқасы сақталмаған. Бұл көшірмелер Алматыда, Стамбұлда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде сақтаулы. Ахмет Йасауидің бұл шығармасы — діни сопылық еңбек. Исламның ішіндегі сопылық бағыт VIII ғасырда пайда болған. Жалпы, сопылық құран мен шариғатты толық мойындайды. Сопылық, өнеге, ұстамдарға халықтық жоғары мораль, адамның ішкі, сыртқы тазалығы, Аллаға сана арқылы ғана емес, өзінің шынайы тіршілігі арқылы құлшылық ету, қызықшылдыққа, байлыққа құмар болмау сияқты қағидалар тән. Сопылық өзінің осындай қарапайым, бұқара халықтың көңіліне жақындығымен ел арасында жақсы қолдау тапты, сөйтіп ислам дінінің бұқара халықтың арасына таралуына оң әсер етті. Ахмет Йасауидің өлеңмен жазылған "Даналық кітабындағы" жеңіл және түсінікті тілмен әсерлі жеткізілген осы қағидалар орта ғасырлардағы түркі халықтарының діни дүниетанымының, моралінің қалыптасуына үлкен әсері болды. Йасауиден кейінгі қазақ жырауларының, ақындарының, ойшылдарының еңбектерінен сопылық ықпал, өнеге анық байқалады. Ахмет Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін: "Енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбар жасынан аспақ күнә", — деп, өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада (қылует) өткізеді. Сонымен Қожа Ахмет Йасауи — XII ғасырда өмір сүрген үлкен философ, ғұлама ойшыл, ақын, мейірімге, кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр. ## Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалым. Түркі халықтарының ортақ мақтанышы, тұңғыш тарихшысы. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерін зерттеушілердің көбі оған жүгінеді. Түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеуші еуропалық ғылымдардың қай-қайсысы да Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегіне соқпай кете алмайды. Оның басты еңбегі — әлемге әйгілі "Тарихи Рашиди" шығармасы парсы тілінде жазылып, дүние жүзіне таралған. "Тарихи Рашидиді" Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Мауереннахрдағы Шағатай әулеті құрған мемлекет XIV ғасырдың ортасына таман біржола ыдырап, екіге бөлінеді, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа — дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362 жылдары) хан болады. "Тарихи Рашидидің" бірінші дәптерінде сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Абд-ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мұхаммед хан мен Уәйс ханның Моғолстан тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі. Сөйтіп,ол Моғолстанның хандары, дулаттан шықкан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының тыныс-тіршілігіне тоқталды. Ханның өзі және ұрпақтарының Мәуереннахрда, сондай-ақ қазақ хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі — ол тек шындықты ғана жазды. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.Қадырғали Жалайыри.Жалайыр тайпасынан шыққан ортағасырлық ғұламалардың тағы біреуі әрі бірегейі — Қадырғали Жалайыри. Қадырғали Жалайыри Бабыр қайтыс болған 1530 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Отырар-Түркістан маңында дүниеге келген. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз хан нояндары, уәзірлері, қолбасылары болып қызмет атқарған.Қадырғали ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жетік игеріп, Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген... "Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын", — деп жазды ол "Жылнамалар жинағында". Қадырғали казіргі Рязань жерінде орналасқан аралық мемлекет Қасым хандығында тұрған кезде өзінің атақты еңбегі "Жамиғ Ат-Тауарихты" ("Жылнамалар жинағы") жазды. Ол оны 1602 жылы аяқтаған. XVII ғасырда дүниеге келген осынау асыл мұра кейін белгілі татар зиялысы Ибраһим Халфиннің (1778—1829 жылдары) кітаптары мен қолжазбалары арасынан табылған. Кейін ол Қазан университетінің қолжазба қорына түскенімен, осы оқу орнындағы шығыстану факультеті Санкт-Петербургке қоныс аударуына байланысты "Жамиғат-тауарих" өзге дүниелермен бірге сонда жөнелтіледі. Қадырғали Жалайыри "Жылнамада" Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын, т.б. секілді түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды. Шежіре кітаптың, әсіресе XIII—XVI ғасырлар аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғаларға арналған бөлімінің ғылыми маңызы ерекше. Мұнда XVI ғасырдың басынан бергі қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы жайлы сөз болды. Қазақ хандарының әлеуметтік-саяси жағдайлары, Қазақстанда рулық патриархаттық-шонжарлық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, бектер мен хафиздер, т.б. әлеуметтік топтар туралы құнды тарихи деректер мол.Әйтсе де, "Жылнаманы" оқыған адам шығарма тілінің өзге түркі халықтарына қарағанда қазақ тіліне өте жақын екендігін байқайды. Сол себепті, бұл дүниені ескі қазақ тілінің алғашқы жазба ескерткіштерінің бірі әрі бірегейі деп қабылдағанымыз жөн. ## Глоссарий Мәдениет – адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Түркі жазуы – ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000 Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» 1994.
Сәйділ Омарұлы Талжанов (6 желтоқсан 1906 жыл, Тоқтамыс ауылы, Нұра ауданы, Қарағанды облысы – 10 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — жазушы. аудармашы, ғалым, филология ғылымының докторы (1972). Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931). ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі. 1956 - 72 Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин шығармаларын орыс тіліне аударған . Орыс қаламгерлері А.С. Пушкин. С.Талжанов, М.Горький, В.Г. Белинский, Ф.М Достоевскийдің шығармаларын қа­зақ тіліне аударған. ## Шығармалары 1957 жылы "Ұстаның үйі", 1959 жылы "Степной Сокол", 1965 жылы "Адам туралы аңыз", 1979 жылы "Өткен күндер сөйлейді" атты кітабы жарық көрді."Жол болсын", "Шындық шұбар", "Түсінбеймін" деген өлеңдері "Жаңа әдебиет" журналдарына басылып шықты. ## Дереккөздер
Қазақтың жеті кереметі. 1. Таңбалы тас суреттері2. Алтын адам 3. Қазақтың киіз үйі 4. Домбыра 5. Ясауи кесенесі 6. Маңғыстау жерасты мешіті 7. Астана - Бәйтерек Таңбалы тас суреттеріҚола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты бейнелер бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында. ## Алтын Адам 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді. ## Қазақтың киіз үйі Киіз үй- көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды. ## Домбыра Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі - домбыра туралы. Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасыме ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында. ## Ясауи кесенесі Түркістан - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан - руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен. Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді. ## Маңғыстау жерасты мешіті Бекет Ата жер асты мешіті- Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. ## Астана - Бәйтерек «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті - «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі. Астана қаласында Архитекторлар одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде "Бәйтерек" кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.
Қаражан Әбләзімов (1938-1997) - 1938 жылдың 20 наурызында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Аққорған ауылында дүниеге келген. Әкесі - Бектұрсынов Әбләзім 1941 жылы қайтыс болған. Анасы - Бектұрсынова Сайыпжамал 1964 жылы қайтыс болған. 1955 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының "Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру" факультетіне оқуға түсіп, оны 1960 жылы бітіріп шығады. 1960 жылы 1 қазаннан бастап, ол облыстық ауыл шаруашылық басқармасының жолдамасы бойынша Түркістан аудандық ауыл шаруашылық инспекциясында аға инженер болып жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық министрлігінің қайта ұйымдастырылуынан кейін Қаражан Әбләзімов Түркістан ауданының "Победа" шаруашылығына жаңа техниканы ендіру жөніндегі бас инженер болып ауыстырылды. Осы жылдың 9-сәуірінен бастап Түркістан аймақтық кеңшар-колхоз басқармасының ұйымдастырылуына байланысты, ол осы басқарманың басқару бойынша аға инженер-механигі болып ауыстырылды. 1962-1997 жылдары қазанында Түркістан аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ленин аудандық жұмысшы депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығының меңгерушісі, Тассай су қоймасының бастығы, қалалық атқару комитетінің көркейту және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, Шымкент облыстық әкімшілік басшысының арнайы өкілетті уәкілі қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі, 2-дәрежелі бірінші хатшы дипломатиялық шені берілді.1966 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиуымының грамотасымен марапатталған. 1968 жылы КСРО халық шаруашылығы жетістігі (ВДНХ) ұйымының күміс медалі; 1970 жылы "Ерлік еңбегі үшін", "В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне" медалімен; 1971 жылы "Құрмет ордені" белгісімен; 1973 жылы "Еңбек Қызыл Ту" ордерімен; 1977 жылы "Құрмет белгісі" орденімен; 1981 жылы "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.1997 жылы 15-шілдеде өмірден озды. ## Дереккөздер
Машанұлы Молда Мұқан - 1854 жылы Шомак Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ақынның өмірі және қызметі туралы аз зерттеген. Молда Мұқан ауылдың балдарын оқытқан. 1902-1907 жылдарда оның оқушыларынң бірі белгілі С.Торайгыров ақын-демократ еді. Араб тілінен қазақ тіліне өлеңдер аударған, өзі де өлең жазып шығарған. 1990 жылда жоктау « Молла Муканнын iнiсiн жоктауы » жариялаған « Боздагым » кітап « Жазушы » шықты. Арғын тайпасының Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан.
# Қоңыр итмұрын(шиповник) Қоңыр итмұрын- көп жылдық, бұталы өсімдік. # Сипаты * Биіктігі 1,5-2метрге жететін көп жылдық, бұталы өсімдік. * Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, қабығы жылтыр. * Гүлі бар бұтақтарының түп жағында тікенектер екі-екіден, жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан қауырсын тәрізді, қосалқы жапырақшалары бар. * Гүлдері ірі, ашық қызыл түсті. * Жемісі-ішінде бір ғана тұқымы бар жаңғақша, оның ішкі қабырларын түк басқан. Мамыр айынан шілде айына дейін гүлдейді. # Емдік қасиеті * Әлсіреген организмге қуат беруге пайдаланады. * Өт айдайды, қабануды басады, асқазанның және ішектің қызметін жақсартады. * Несеп айдайды. # Дәріні дайындау және қолдану тәсілі Итмұрынның ұнтақталған жемістерінің 20 грамын қайнап тұрған 2 стакан суға салып 10 минут қайнатады. Суығаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 1 стаканнан күніне 2 рет ішеді.
Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, адамзат баласының өткен тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын айтамыз. Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Осы жерде балалар, біздің ойымызда «мұрағат дегеніміз не болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын «Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме» деген жауаппен толықтырсақ, жазба деректердің қай жерде мұқият сақталатынына толық көз жеткіземіз. Әрине балалар, тарихи мәселелерді зерттеуде мұрағат қорларындағы тың деректерге негізделген әрбір шығарманың құны да жоғары, ақиқатының да шынайы айтылатынын білуіміз керек. Әңгімемізді бұдан әрі тарқатсақ, қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылымның – археология деп аталатынынан хабардар боламыз. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни, археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Сондай-ақ, балалар, жер бетінде түрлі халықтар өмір сүргеннен кейін олардың айналысатын кәсібі мен өзіндік мәдениеті болатыны белгілі. Осыған байланысты, түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылымды – этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия – «жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді. Этнографиялық зерттеулер арқылы біз әрбір халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзіндік ерекшеліктермен танысып, олардың шығу тегі туралы кең мәліметтер аламыз. Ал, мұндай мәліметтерді зерттеп, жинақтайтын мамандар – этнографтар деп аталады. Тарихи дерек көздерінің негізі болып табылатын этнографиялық мәліметтер археологиялық қазба жұмыстары кезінде ашылған ертедегі адамдардың мекен-жайларын, тұрақтары мен зираттарынан табылған заттарды зерттеп, өзара салыстыру арқылы алынады.Тарихи деректің тағы бір түрі антропологиялық дерек көздері екенін жоғарыда айтып өттік. Осыдан келіп «антропология дегеніміз қандай ғылым?» деген орынды сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын берер болсақ, адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсілдерінің пайда болуы мен сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымның – антропология деп аталатынына көз жеткіземіз. Яғни, антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі мен дене құрылысындағы айырмашылықтарды бөліп қарастырады. Осындай айырмашылықтарға қарай адам баласы жер бетінде еуропалық , моңғолдық және негрлік болып үш нәсілге бөлінетінін естен шығармауымыз керек. Ал, антропологтар ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесін өзара салыстыра келгенде біздің ата-бабаларымыздың алдымен еуропалық нәсілге жатқанын, кейіннен моңғол шапқыншылығы салдарынан болған этникалық өзгерістерге байланысты моңғолдық нәсілдің басым түскенін айғақтайды. Жоғарыда аталғандардан басқа тарихшылар өз зерттеулерінде нумизматика және геральдика ғылымының деректерін пайдаланады. Оның ішінде нумизматика теңгелерді, яғни ақша тарихын зерттесе, геральдика түрлі елтаңбалар мен мөрлерді зерттейтін тарих ғылымының қосалқы салалары болып табылады.
Сағатова Әсел (5 мамыр 1985 жылда) – қазақстандық актриса. ## Өмірбаян Семей қаласында туған. Алматыдағы орыс хореографиалық мектепті бітірген. Ол 14 жастан модель болып істеген. 9 сыныпта Әсел жарнамаларға түскен. Гонконгта және Таиландта жұмыс істеді. Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастың факультетін қызыл дипломмен бітірді. Оқудың барысында магистратурада музыкалық бағдарламаның қазақ телеарнада жұмыс істеген, және концерттердің ұйымының продюсерлік орталығында жұмыс жасаған. Қазір кинода түсіріледі және "халық лотерея" деген бағдарламаны жүргізеду. "РТРК АО "Қазақстан" фирмасында менеджер болып жұмыс істейді. Өз жолын қырғыз жазушының Шыңғыс Айтматов кітабының жазылғанына кинода түсірілген "Ананың маккуратыра тұралы жылағаны" деген фильмде түскен. Әсел бір неше қазақстандық және ресейлік-қазақстандық фильмдерде түсірілді. Басты рөлдерді "Кекесін көңіл" деген фильмдердеойнады, Рэкетир. 2012 жылдың соңында Әсел Сағатова атындағы модельдік мектеп ашылған. ## Фильмография * 2004 — Плач матери о манкурте * 2005 — Махамбеттың семсері * 2006 — Қызыл жусан * 2007 — Рэкетир — Әсел * 2008 — Сердцеедки — Эмилия * 2009 — Афалинаның секіруы — Шолпан * 2010 — Махаббат тәлкегі — Әсел * 2012 — Охота за призраком — Кира * 2012 — Подружки — Мадина * 2013 — Ход Конём — Әйгерім * 2015 — Рэкетир-2 — Әсел
Алау мұнаралары (әз. Alov qüllələri; ағылш. Flame Towers) - Бакуда орналасқан Әзірбайжанның ең танымал және ең биік сәулеттік туындысы. Өзінің сыртқы көрінісімен алаулаған отқа ұқсайды. ## Жоспар Алау мұнаралары - қонақ үй, пәтерлер мен кеңселерді біріктірген биік үш ғимарат. Жалпы ауданы 227 мың шаршы метрді құрайды. Әзірбайжан-түрік «DIA Holding» компаниясымен жүргізілген ғимараттың құрылысы 2007 жылы басталды. Бастапқыда құрылысты 2010 жылдың желтоқсан айына қарай бітіруді жоспарлаған болатын, бірақ қолайсыз ауа райына байланысты құрылыс мерзімі кейінге қалдырылды. Құрылыс компаниясының өкілдерінің айтуы бойынша құрылыс 2012 жылы ғана аяқталды. ## Қызықты мәліметтер * Ғимараттардың пішіні мен атауы Әзірбайжан елтаңбасымен байланысты.Бұл туындының Алау мұнаралары деп атануы бекер емес, архитектордың ойы бойынша ғимараттардың беті LED экрандармен жабдықталған, сондықтанда қаланың жан-жағынан түскен жарық алау секілді көрінеді. * Ғимараттардың пішіні мен атауы Әзірбайжан елтаңбасымен байланысты. * Бұл туындының Алау мұнаралары деп атануы бекер емес, архитектордың ойы бойынша ғимараттардың беті LED экрандармен жабдықталған, сондықтанда қаланың жан-жағынан түскен жарық алау секілді көрінеді. ## Галерея * Алау мұнаралары * * * *
Ей,тыңда халқымЕсіңе ал,Ақиық ақындардың ақынын.Мұқағали есімді жарқының.Халқы үшін туған,Бетке ұстар айбының.Бірақ,бірақ өкінішті бір нәрсе,Алалмай кетті-ау өз заманының асылын..Небәрі 45 жас,Небәрі 45 жыл.Неткен қысқа қыл жібің.Жүрек ауру жалмады жас ақынды,Жас арманы көкке ұшып, күл шашылды.Аңсаған арманына жете алмай,Көкке қарай кете барды,кете барды.Замандасы Фаризамен бірге жүрді,Фаризамен сырласып, күле жүрді.Бірге жазып өлеңді,мұң шағысып,Жан сырластар секілдідей болып жүрді.Бірақ,бірақ жас ақын көкке барды,Жаралы аққу Фариза жалғыз қалды.Мұқанның өнерін жалғастырып,Фаризаға өнер бітті ақынданып.Мұңайғаннан пайда бар ма?Фариза қарт болса да жалығар ма?Халыққа арнап жазды сан жырларын,Жазып өтті жұп қылып жырлар санын.Бірақ не істейсің амал бар ма?Қарашаның 23-жоғалар ма?75-ке қадам басқан Фаризаны,Ақиық ақындығы жаза ала ма?Мұқағали көзін көрген Фаризаны,О дүниеге халқы қия ала ма?Авторы: АРАЛБАЙ ӘЙГЕРІМ.
# Қызылбас жоңышқа- клевер луговой Қызылбас жоңышқа- көп жылдық, шөп тектес өсімдік. # Сипаты * Биіктігі жарты метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік. * сабағы қысқа,жапырақтары үш-үштен топталып тұрады . * Төменгі жағындағы жапырақтарының пішіндері жұмыртқаға ұқсас,шеттері майда ара тісті, ал жоғарылары сопақша келген, шеттері бүтін. * Гүлдері майда, ашық қызыл түсті,өсімдіктің жоғарғы жағынан шар сияқтанып шоғырланып тұрады Мамыр айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. # Емдік қасиеті Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлін жоғарғы жағындағы жапырақтарымен қосып жинап алады * Құрамында С витамині,каротин, эфир майлары, глюкозидтер,трифолин бар. * Қан азайғанда,дененің қуаты кемігенде және қақырық түсіретін, несеп айдайтын, микробтарды жоятын дәрі ретәнде қолданады . * Дене сыртыңдағы іріңді жараларға, шиқанға қызылбас жоңышқаның жас жапырағы мен гүлдерін басады. * Халық арасында қызылбас жоңышқаның кептірілген гүлдерінен жасалған дәрілерді өкпе ауруларын,ревматизмді емдеуге пайдаланады. # Дәріні дайындау және қолдану тәсілі 20 грамм өсімдікті гүлімен бірге 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 2-3 қасықтан 3 рет ішеді.
Қазақ халқының тарихы мыңдаған жылға көш тартады. Құс қанаты талатын иен далаға ие болған, бабаларымыз өз алдына мемлекет құрып, тілін, наным-сенімін, салт-дәстүрін сақтап келді. Ел басқарудың ұлы дәстүрге бағаланған далалық құрылымын жасады. Мұның халық санасына әбден сіңген және оның тұрмыс-тіршілігіне толық сай келетін жолы мен қағидалары бірнеше ғасыр жұмыс істеді. Әр ғасырдағы "Қасым ханның қасқа жолы"(16 ғ. ), "Есім ханның ескі жолы"(17 ғ. ), "Жеті жарғы"(18 ғ. ) сияқты әділ заңдары теңдік пен әділдіктің, шындықтың, әдептіліктің айқын көрінісі болды. Оның басында хан, уәзір, би, батыр, ақсақалдар отырды. Олар ел бірлігі, ірге беріктігі жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жұмыс атқарды. Ар, намыс, ұят, әділдік сияқты қасиетті мұраттар жолынан таймауды қатаң ұстады.Кейінгі кеңестік кезеңде қазақ халқының ежелден қалыптасқан қоғамдық құрылымы бүлінді. Кеңестік әпербақан саясат кезінде "хан - қарақшы, би - парақор, батыр - барымташы, бай - пысық" деп түсіндірді. Сөйтіп қазақ тарихындағы қасиетті хандар мен білікті билердің, хас батырлар мен бағландардың, мырзалар мен текті байлардың есімдері тарихтан сызылып, аттары өшірілді. Бүгінгі таңда заң да, заман да өзгерді. Азаттыққа, теңдікке қол жетті. Шындықты айтар кез келді, әділдік орнады. Абылай, Кенесары, сияқты ұлы хандардың, Қабанбай, Абылай, Бөгенбай, Баян, Малайсары, Кейкі сияқты хас батырлардың, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Халел, Мұхаметжан, Мұстафа сияқты біртуар қайраткерлердің қасиетті есімдері мен ар-ұждандары сақталды. Дегенмен, қазақ хандық дәуірлеріндегі қоғамдық құрылыс, шаруашылық, экономика және мәдениет саласындағы құрылымдық жүйелері, олардың қызметі мен қоғамдағы орны туралы көп жай әлі айтылған жоқ. Мұның ел тарихы үшін аса маңызды екені белгілі. Өйткені ол құрылым бірнеше ғасырлар бойы елді сақтап қана қойған жоқ, оны ілгері дамытты, бірлігі де, тірлігі де нық ел жасады.
XVI-XVII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған да, оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған да халық арасынан шыққан дарынды адамдар - ақындар, сал- серілер, жыраулар еді.Ақындар халықтың поэтикалық мұраларын сақтап, айтып берушілер, лирикалық жырларды жасаушылар болды. Сал, серілердің арасынан көптеген атақты сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты. Әншілер, күйшілер, ұлттық ат спорты ойындарының шеберлері, алуан түрлі сауыққойлар, күш иелері- балуандар, құсбегілер жалпы халықтық тойларда өздерінің даңқын шығарып жүрді.Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Өмір мен өлім, қазіргі мен келешек туралы ойды өрбіте келіп, жырау өзінің моральдық-этикалық көзқарастарын жеткізді, өз тұсындағы қоғамға, табиғатқа өзінің көзқарасын білдірді. Жауынгер жыраудың туындылары әдетте шабытты романтизмге, ерлік пен азаматтық пафосқа толы болды. Қазақтың батырлар жырын туғызушы да осы жыраулар еді.Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (1465-1560 жж.), Доспамбет (1490-1523 жж.), Жиембет (XVIIғ.), Марғасқа (XVIIғ.), Ақтамберді (1675-1768 жж.), Үмбетей (1706-1778 жж.), т.б. жыраулар. Олар- сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау кезеңдерін жырға қосып, елін, халқын азаттық үшін күреске үндеген адамдар. ## Доспанбет жырау Өз өлеңдерінде жастарды ерлікке, елін, жерін жаудан қорғауға шақырады. Оның «Айнала бұлақ басы тең», «Тоғай, тоғай , тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын ақ Жайық» жырлары Отан қорғауға арналған. ## Шалкиіз Тіленшіұлы Әскери жорықтармен Кавказдың терістігін, Қырым, Дон бойын аралап шыққан. Шалкиіз жырларының мазмұнынан оның Ноғайлының әміршісі Темір бидің жанында көбірек болғанын байқауға болады.Жиенбет жырау жырлары оның Есім ханның әскербасы қызметін атқарғандығын көрсетеді. Ханның кеңесшілерінің бірі болған. Оны жыраудың мына өлең шумағынан байқаймыз:«Есім, сені есірткенЕсіл де менің кеңесім». ## Жиембет жырау Есім ханмен бірге ойраттармен соғысқа қатынасып, Тұрсын ханның бүлігін басуға да қатынасқан. ## Марғасқа жырау Есім ханға жақын болған. Оның Есім ханға арналған «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жырлары бар. Мына бір өлең шумақтар Марғасқаның да Тұрсын хан бүлігін басуға қатынасқанын көрсетеді: «Ей, Қатағанның хан ТұрсынКім арамды ант ұрсын...». ## Ақтамберді жырау 17 жасынан бастап қазақ хандығы мен Орта Азия хандықтарының арасындағы соғыстарға қатынасқан. Жоңғарларға қарсы Отан соғысы кезінде (1723-1730 жж.) Орта жүз рубасы ақсақалдарының бірі болған. Ол өз толғауларында халқын жоңғарға қарсы күреске жігерлендіреді: «Күлдір де күлдір кісінетіп,Күреңді мінер ме екенбіз,Күдеріден бау тағып,Ақ кірекук киер ме екенбіз!Жағасы алтын, жеңі жез,Шығыршығы торғай көзСауыт киер ме екенбіз!» Қазақтың батырлар жыры: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары- тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кездегі Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен ХV-ХVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналысатын билер болатын. Олар тек сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.XVI-XVIII ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756 ж,), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765 ж.) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766 ж.) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. Би-шешендердің әдеби шығармашылығы түрі жөнінде, мазмұны жөнінен де ерекше, прозаны поэзиямен ұштастырып отырған. Олардың поэтикалық туындылар жанры, тақырыбы және жасалу себебі жағынан да алуан түрлі болып келген. Сондай-ақ би-шешендер әдебиетінің тақырыбы да өте кең, ал олар қозғайтын проблемалар қоғамдық жағынан да маңызды орын алды. Олар: әділеттік-озбырлық, достық-жаулық, ізгілік-зұлымдық, ұжымдық-бытыраңқылық, ақылдылық-топастық, батырлық-қорқақтық және тағы басқалары.Қазақ халқының ойын-сауық, той-думаны музыкасыз өтпеген. Қазақтар да түрлі музыкалық аспаптар жасай білген. Олар музыка аспабына қосылып ән салып қана қоймай, түрлі аспаптарда музыкалық шығармаларды орындаған. Сонымен қатар дабыл, керней, ұран, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптар жау шапқанда елге хабар беруде пайдаланылған.Музыка аспаптарын ағаштың қайың, шырша, емен сияқты түрлерінен жасаған. Аспап жасауда қамыс, саз балшық, мал терісі мен сүйегі, мүйізі, қылы да пайдаланылған.Қазақ халқының өмірінде музыка айрықша орынға ие болды. Ш.Уәлихановтың досы Г.Н.Потанин «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» десе, ұлы Абай : «Туғанда дүние есігін ашады өлең,Өлеңмен жер қойнына кірер денең», -дейді. ## ТАРИХИ ӘДЕБИЕТ. МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЖӘНЕ «ТАРИХ-И РАШИДИ», ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫРИДІҢ «ЖЫЛНАМАЛАР ЖИНАҒЫ», «ШЫҢҒЫС-НАМЕ». ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттер діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Заһир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих и - Рашидиін», Қожамқұл бек Балидың «Тарих- и Қыпшағын», Қадырғали бектің «Жами ат-тауарихын», Өтеміс қажының «Шыңғыс намесін», және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. ## Тарихи-и Рашиди Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. екінші жартысынан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Еңбек 1541-1546 жылдары жазылған. Бұл еңбектің авторы - Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.). 1999-2000 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати жылы болып аталғаны мәлім. Бұл күні әлемдік Дулатитануда Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың ұлы тұлға, шығыстанушы, тарихшы, мемлекет қайраткері екендігі айтылып келеді.Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында қызметте болып, онда сақталған құжаттарды пайдаланған. Осы арада М. Х. Дулатидың жеке басының қасиеттеріне тоқтала кеткен жөн. Өзі туралы былай деп жазады: «Менің анам, әжем және нағашы әпкелерімнің бәрі де хан тұқымынан шыққан, ханның әпкелерітін. Әкем жағынан да осылай ханға жақындық туыстығым бар болатын. Оған қарамастан мен он үш жасымда тұлдыр жетім қалып, Сұлтан Саид ханның қызметінде болдым. Оның маған деген әкелік мейірімі жетімдіктің қайғы қасіретін көрсетпеді. Жиырма төрт жыл хан сарайында тұрып әр түрлі өнер білім, тәлім тәрбие алдым, өмірім сән салтанатты жағдайда өтті. Оқу, жазу өнерінен, өлең шығарудан, шығарма жазудан, сурет салудан, алтынмен аптаудан, асыл таспен безендіру, ағаш оюдан, кездік соғудан, оқ жону, садақ июден қатарластарынмның арасынан алдыма жан салмадым.Мемлекет істеріне қажет барлық нәрселерде мемлекет жұмыстары мен соғыс әдістері, садақ ату, аң аулауды ұйымдастыруда нағыз ұстазым әрі тәлімгерім ханның өзі болды».Еңбекте қазақ мемлекетінің құрылуының уақыты да көрсетілген. «...Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алабындағы Қозыбасыны берді. Жұрттың көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, оларды өзбек казак деп атай бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 (1465-1466) жылдан басталады».Бүгінгі Қазақстан тарих ғылымы осы мәселеде Мұхаммед Хайдар Дулати пікірін ұстанады. ## Жами ат-тауарих «Жамих ат-тауарих» кітабының авторы Қадырғали бек Қосымұлы Жалайыр (1530-1605жж.) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен Жалайыр аталған.1587-1588 жж. ол Тәуекел ханның жиені Ораз Мұхаммедпен бірге Ресейге тұтқынға түскен. Бұл еңбек 1600-1602 жылдары сонда жазылған. Кітап алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрді. Ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма.Дерек кіріспеден және үш бөліктен тұрады. Біріншісі - Борис Годунов патшаны мадақтау, екіншісі- Рашид ад-диннің «Жами ат-Тауарих» еңбегінің парсы тілінен қысқартылған аудармасы, үшіншісі-Шыңғыс әулетінің Ораз Мұхаммедке дейінгі тарихы, Алтын Орданың билеушісі Едіге туралы әңгіме, 1602 жылы Ораз Мұхаммедтің Касимов тағына көтерілуі туралы хикая.Онда ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарих баяндалады.Еңбекпен алғашқы болып танысқан, ғылыми тұрғыда зерттеп көпшілікке таныстырып, еңбектің құндылығы мен маңыздылығын көрсеткен шығыстанушы-ғалым И. Н. Березин болды. Ол 1851 жылы деректің сол кездегі нұсқасы негізінде «Москвитянин» журналында «Татарский летописец. Современник Бориса Феодоровича Годунова» тақырыбындағы алғашқы хабарламасын жарыққа шығарды. Кейін Б. Ф. Березин «Шығыс тарихшыларының кітапханасы» атты сериясында Қадырғали Жалайыр еңбегін аудармасыз жариялады.1853-1854 жж. Ш. Ш. Уәлиханов «Жамих ат-тауарих» үзінділерін орыс тіліне аударып, түсініктемелер береді. «Өз түсініктемелерінде Ш. Ш. Уәлиханов «Жамих ат-тауарихтың» тілі шағатайлық, қазіргі қазақ тіліне өте жақын. Әбілғазы мен «Шайбани-намаға» қарағанда мұнда аңыздар аз, сөздері мен ұйқастары да керемет, көптеген сөздері әлі күнге дейін қазақтарда қолданыста жүр» деген пікірлер айтады.1995 жылы Қадырғали Жалайырдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, мамандардың осы саладағы жұмыстарын үйлестіру мақсатында Қазақстанда Халықаралық Қадырғали Жалайыр атындағы қор құрылды. Қордың тікелей демеушілігімен қазақстандық делегация Ресейдің Рязань облысындағы Касимов қаласына барып, ескі мұсылмандар зиратынан Қадырғали Жалайырдың бейітін тауып, 2005 жылы оның басына белгі тас орнатты. ## Шыңғыс наме Шыңғыстың өмірбаяны - XVI ғасырдың орта шенінде жазылған шығарма. Шығарманың авторы Өтеміс қажы. Еңбекте Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.Шығармадағы құнды мәліметтің бірі- ол өлімі аңыз болып келген Жошы хан туралы дерек. Жошы әкесі Шыңғысханның босқа қырғын жасап отырғанын, реті келгенде әкесін өлтіріп, жаулаушылықты тоқтататыны туралы айтады. Мұны Шағатай әкесіне жеткізеді. Ашуға басқан Шыңғыс хан ұлдары Шағатай мен Үгедейді Жошыны жазалауға аттандырады. Алайда олар Жошыға жетпей, оның қаза болғанын естиді. Соған қарағанда, Шыңғыс хан Жошыны жазалайтын өзінің ең сенімді адамдарын алдын ала жіберген тәрізді.Сонымен қатар еңбекте Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көші қоң мәселесіне ерекше назар аударылған.«Шыңғыс намеде» Жошы ұрпақтарының тарихы баяндалған. ## Дереккөздер 1. Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы. (көне дәуірден) А., 1995.2. Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы. А., 1993. 400-бет.3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1, 2 томдар. А., 1997. 542- бет., А., 1998.4. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. А., 2003.5. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997.
Қазақ халқының тарихы мыңдаған жылға көш тартады. Құс қанаты талатын иен далаға ие болған, бабаларымыз өз алдына мемлекет құрып, тілін, наным-сенімін, салт-дәстүрін сақтап келді. Ел басқарудың ұлы дәстүрге бағаланған далалық құрылымын жасады. Мұның халық санасына әбден сіңген және оның тұрмыс-тіршілігіне толық сай келетін жолы мен қағидалары бірнеше ғасыр жұмыс істеді. Әр ғасырдағы "Қасым ханның қасқа жолы"(16 ғ. ), "Есім ханның ескі жолы"(17 ғ. ), "Жеті жарғы"(18 ғ. ) сияқты әділ заңдары теңдік пен әділдіктің, шындықтың, әдептіліктің айқын көрінісі болды. Оның басында хан, уәзір, би, батыр, ақсақалдар отырды. Олар ел бірлігі, ірге беріктігі жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жұмыс атқарды. Ар, намыс, ұят, әділдік сияқты қасиетті мұраттар жолынан таймауды қатаң ұстады.Кейінгі кеңестік кезеңде қазақ халқының ежелден қалыптасқан қоғамдық құрылымы бүлінді. Кеңестік әпербақан саясат кезінде "хан - қарақшы, би - парақор, батыр - барымташы, бай - пысық" деп түсіндірді. Сөйтіп қазақ тарихындағы қасиетті хандар мен білікті билердің, хас батырлар мен бағландардың, мырзалар мен текті байлардың есімдері тарихтан сызылып, аттары өшірілді. Бүгінгі таңда заң да, заман да өзгерді. Азаттыққа, теңдікке қол жетті. Шындықты айтар кез келді, әділдік орнады. Абылай, Кенесары сияқты ұлы хандардың, Қабанбай, Абылай, Бөгенбай, Баян, Малайсары, Кейкі сияқты хас батырлардың, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Халел, Мұхаметжан, Мұстафа сияқты біртуар қайраткерлердің қасиетті есімдері мен ар-ұждандары сақталды. Дегенмен, қазақ хандық дәуірлеріндегі қоғамдық құрылыс, шаруашылық, экономика және мәдениет саласындағы құрылымдық жүйелері, олардың қызметі мен қоғамдағы орны туралы көп жай әлі айтылған жоқ. Мұның ел тарихы үшін аса маңызды екені белгілі. Өйткені ол құрылым бірнеше ғасырлар бойы елді сақтап қана қойған жоқ, оны ілгері дамытты, бірлігі де, тірлігі де нық ел жасады.
# Усарғалдақ(чистотел большой) Усарғалдақ- көп жылдық, шөп тектес өсімдік. # Сипаты * Биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік. * Тамыр сабағы жуан әрі қысқа болады,көптеген қосымша тамырлары бар. * Жапырақтар кезектесе орналасады,тамыр жапырақтары мен төменгі сабақ жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғылары отырмалы . Жоғарғы бөлігі ірілеу үш салалы. * Гүлдері сары түсті, гүл сабақтары жіңішке, қолшатыр сықылданып шоғырланып өседі . * Жемісі-ішінде қара қоңыр тұқымдары бар,ұзындығы 6 сантиметрге жететін қауашақ. Өсімдіктің қай жерін сындырып көрсеңіз де сөлі бөлінеді. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді, жемісі шілде-қазан айларында піседі.Усарғалдақ көлеңкелі жерлерде,өзендер мен көлдердің жағаларында,батпақтардың жиегінде, бұталардың арасында,сиреген ормандарда, жыраларда, жарлардың басында,бақшаларда өседі. # Емдік қасиеті Дәрі жасауға оның жер үстіндегі бөлігін пайдаланады * Усарғалдақтан жасалған дәрілердің сүйелді кетіретін,ауырғанды басатын,микробтарды жоятын, өт және несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеттері бар. * Халық медицинасында бұл өсімдікті тері туберкулезін,подаграны, ревматизмді, сүйелді,есекжемді, тері рагын емдеуге пайдаланады. * Ол бауырдың, өт қалтасының, өт жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданады. Усарғалдақтан жасалған дәріні байқамай шамадан тыс ішіп қойған адам уланады. Мұндай жағдайда адам қатты шөлдейді,басы ауырады, асқазаны топталып, ауыр тартады, басы айналады, сөйтіп бірте-бірте есінен танады,сандырақтайды. Сондықтан бұл өсімдікпен емдеу тек қана дәрігердің бақылауымен жүргілізетінін есте ұстаған жөн.
«Әдемі» Жайдарман тобы Аты затына сай… Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің құрама командасы. 2007 жылы аталмыш университетте құрылған. Команданың бастапқы жылдары аты өзгере бергенімен, «Әдемі» болып қалыптасты. Облыс көлеміне танымал ойыншылар құрамында ойнайды. Ойнау стилі әр түрлі жанрды қамтиды, бірақ әр ойыныңа мән берсеңіз керемет сюжеттерді көретіңіз анық. Ол мәңгілік жыр – «мәхәббәт». Алдағы ойындарында қарай жүріңіз. Жоғары Лигада Ақтөбенің намысын қорғайтын жалғыз команда. Команда жетістіктері:2009 – Алматы, Премьер лига, жартылай финалист;2010 – Астана, Жоғары лига, жартылай финалист; Ақтөбе, Жоғары лига, Вице-чемпион;2011 – Астана, Жоғары лига, өкінішке орай, 1/8 финалдық ойыннан қайтты; Ақтөбе, Жоғары лига, Вице-чемпион;2012 – Астана, Жоғары лига, жартылай финалист (сәл жетпей қалды, финалға өтуге); Ақтөбе, Жоғары лига, Чемпион; «Батыс» Орталық лига, 3 – орын иегері;2013- Астана, Жоғары Лига, ойын көрсетеді… Команда құрамы:1. Артықбаев Руслан – команда капитаны, жетекші 2. Танбаев Алмат 3. Дарибаев Жанат 4. Кеңшілік Сұлтан 5. Өтебеков Ондасын 6. Шағалаев Азамат 7. Бақбергенұлы Ерхан 8. Кенжебай Ақылжан 9. Ниязбеков Бақытжан 10. Сарманова Айдана 11. Құрмашев Жасұлан – муз.оператор
Джананова(Джайкбаева)Гульдихан Исекейқзы(30.03.1943)-оқу озаты ,"Нұр Отан" партиясының мүшесі,қоғамдық қайраткер,Шымкент салалық технологиялық колледжінің директорының орынбасары.Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті тумасы. Орынбор облысында туған.Білім министрлігінің 4 марапаттамасына,"Отан"партиясының медаліне,бірнеше рет білім облысының басқармасының марапаттамаларына ие болды,"Төрт мемлекеттердің алды адамдар" энциклопедиясына енген,Онтүстік Қазақстан облысындағы 10 колледждерге сапа менеджментінің жүйесін енгізді,білімді студенттердің дүркін-дүркін санын асырады,жұмыстардың өте үлкен санын жазған, білім жұмыскері болып,Ы.Алтынсарин медалін алды және қазірде ол салалық технологиялық колледжінің директорының орынбасары болып табылады. * 1960-1964 жылдарда Шымкент педагогикалық институтінде орыс тілі мен тарих факультетінде оқыған(филология факультеті). * 1966 жылы Мәскеулік мемлекеттік университетіне аспирантураға түсті. * 1971 жылы жүмысқа білім жүйесіне түсті. * 1981-1986 жылдарда партиялық жұмыстың горкомдағы кезі,комсомолдың обкомы,Түлкібас партиясының аукомының хатшысы болған,идеологиялық жұмыстармен айналысқан. * 1987 жылда гидромелиоративтық-құрылыстық техникумге жұмысына оралып,"Нұр Отан" партиясының мүшесі болып қабылданды. * 2013 жылда Ы.Алтынсаринның медаліне ие болды. 40 жыл бойы әзіз ұстаз және ақылгөй,есіткіш басшы және қоғам қайраткері,үш жетістікті балдардын ана және де тамаша адам колледжде жұмыс істеді.
Жайдарман - түрлі аймақ (өңір, оқу орындары, мекемелер т.с.с.) немесе еркін құрамдағы ойыншылардың бас қосып, әзіл-сықақтың бірқатар жанрларындағы сайысқа түсуі. ## Жоғары лига чемпиондары ## Премьер лига чемпиондары ## Фактілер * Жоғары лиганың алғашқы бас редакторы 2005 жылы Дәнекер Оразбаев болған. Кейіннен 2009 жылғы ойындарда титрлерде редакторлар қатарында Тұрсынбек Қабатовтың есімі көрсетіледі. * Жайдарманның ең негізгі үш лигасын да бағындырған жалғыз команда Жетісайлық «Сырдария құрамасы». * Жайдарман тарихында ең көп кубок жеңіп алған команда «Тараз 2000» (40-тан аса) * Басты жүлделердің басым көпшілігін жинап үлгерген оқу орны - Халықаралық Қазақ Түрік Университеті. Бұл оқу орнының студенттері Жоғары лига чемпиондығына 4 рет ие болса, премьер лиганыңбасты қанжығасын 2 рет алып кетті. * Жоғары лиганың екі дүркін чемпиондары: Өзіміздің жігіттер (2001, 2002); Көз тимесін (2004; 2005) * Жоғары лиганың екі дүркін күміс жүлдегерлері: Жұбановшылар (2006, 2007); Аграрка сарбаздары І құрамы (2005; 2008); Ұлттық құрама ІІ құрамы (2012, 2013) * Жоғары лиганың екі дүркін қола жүлдегерлері: АЭСА Шымкент (2005, 2007); Жигули (2006; 2008); Қорқыт құрамасы (2012; 2013) * Жоғары лиганың барлық 3 түрлі (алтын, күміс, қола) медальдарына ие болған командалар: Сырдария құрамасы; Байдың балалары * Үздік ойыншы атағын ең көп рет жеңіп алған ойыншы: Арман Жаналиев (Тараз 2000) * Ең көп құрамаларда өнер көрсеткен ойыншы: Хамит Ердехан (19 команда) * Жоғары лигада өнер көрсеткен алғашқы шет елдік команда: Позитифф (Қырғызстан)
Алып Ер Тоңа — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің "Шаһнама" кітабының (XI ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып Ер Тоңа — Афрасияп Тұранның (Түр елі — түркілер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік қалған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңаның төрт ұлы болған. Олар: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алак. "Алып Ер Тоңа" дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей: түркілердің ата мекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын әкетеді. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптай береді. Сол заманда Тұран елінде "арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар Ер Тоңа" деген батыр жігіт бар екен. Ер Тоңа елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады. Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырай жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңаны "алып" деп атай бастайды. Енді ол халық алдында "Алып Ер Тоңа" деп аталады да Тұран патшасының тағына отырады. Алып Ер Тоңа қайтыс болғанда, артында калған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған "Түркі сөздерінің жинағы" деп аталатын кітапқа енген. Бұл жоқтау ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептеледі. Жоқтау жырында опасыз дүниенің Алып Ер Тонаны да аямағаны, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады. Жоқтауда: "Ажал оғы жақсыларды құлатты, жамандар қалды"- дейді. Бұл жырдың қазақ халқының әдет-ғұрпындағы жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жоқтау жырындағы ұйқастың да өзіндік ерекшелігі бар. Әдетте, шумақтың алғашқы үш тармағы (мысалы, бірінші шумағын алсақ, өлді ме? қалды ма? алды ма?) өзара ұйқасып, ал соңғы тармағы келесі шумақтың ақырғы жолымен ұйқасып (жыртылар, сүртілер) байланысады. ## Дереккөздер
## Солтүстік және Батыс Қазақстан Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Еуразияның далалы аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі, еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып айтар болсақ: * Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі - қола металлургиясы шықты. * Ең алғашқы еңбек бөлінісі - бақташылық, мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды. * Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады. * Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. * Андроново тайпалары алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі көшпелі мал шаруашылығына көшті. * Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қола дәуірінде кен өндіріп, балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған. Ал Успен кенішінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер кенді тотықтыру тәсілін тапқан, сонда ол жыныста мыс пен қалайы қосындысы күрт көбейген. Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты «қайлалап», тас соққыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған. Сол сияқты кенді жыныс астын қуалай қазып, сосын үстен төніп тұрған рудалы қатпарды балғамен ұрып опырып түсірген. Ал, ұзын штольнялар ( жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш тіреулері пайдаланған. Шахта қасындағы су басына өндірілген руданы әкеліп, жуып, бос қоқыстардан тазартқан. Уақталған руданы қонысқа әкеліп арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ, қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылған. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Металл балқытумен бірге андроноволықтар оны шыңдау, шекемелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар самай сырғаларын, алқалар білезіктер жасаған. Жетісудағы Қапал қыстағы жанындағы қорымнан табылған, ішкі жағына екі ат бейнесі салынған самайға тағылатын салпыншақ зергерлік өнердің ғажайып үлгісі болып табылады. Қола дәуінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі -мәдениет болған. Оның алғашқысы - Андроново мәдениеті. Ал б.з.д 10-8 ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан. Беғазы-Дәндібай мәдениеті негізінен алғанда Орталық Қазақстан жерінде кең таралған. 1941-1945 жылдардағы соғыс аяқталып, елдің жағдайы түзеле бастағаннан кейін ғана Орталық Қазақстанды археологиялық зерттеу басталды. Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археолология және этнография институты жанынан арнайы Орталық Қазақстан экспедициясы құрылды. Оны ұзақ жылдар бойы ғұлама ғалым академик Әлкей Марғұлан басқарды. Ә.Х. Марғұланның басшылығымен бір топ археолог-ғалымдар Орталық Қазақстанда ұзақ жылдар бойы қазба жұмыстарын жүргізді. Осының нәтижесінде тамаша археологиялық ескерткіштер ашылды. Олар- қоныстар, молалар, және т.б. Мұның бәрін жалпы атпен Андроново және Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп атайды. Әсіресе Атасу, Былқылдақ қоныстары мен Айшырақ, Дарат молаларынан табылған ескерткіштер көп жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Орталық Қазақстан дүние жүзіндегі ежелгі және ерте замандардағы адамдар жасаған мәдениеттің белгілі орталықтарының бірі ретінде анықталып отыр. Ғалымдар тұңғыш рет Орталық Қазақстандағы қола дәуірін Феодоров, Алакөл, Дәндібай кезеңдеріне бөлді. Ерте феодоров кезеңіндегі ескерткіштерге Бұғылы, Ақсу-Аюлы, Ақшатау қорымдары жатады. Алакөл ескерткіштеріне Атасу өзенінің жоғары ағысындағы Айшырақ, Былқылдақ, ал Дәндібайға-Қарасай, Беғазы ескерткіштері жатады. Андроново мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроново қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1914 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927жылы археолог М. П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, Андроново мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек Андроново ескерткіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан табылды. Андроново қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтарының бірі-Орталық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындарымен тастағы суреттер- петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабір табылып зерттелген. Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген Андроново мәдениеті ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты- бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгелете салынған қоршаулар етек алған. Ерте қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Орта қола кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген. Енді қоныстарға бұрынғыдай бекіністер салынбайды, тұрғын жайлар, жартылай жертөлелер тікбұрышты – ұзынырақ болып келеді.Кейінгі қола дәуірі қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай жертөлелер көбірек кездеседі. Шаруашылықта мал өсірудің әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түсті. Солтүстік пен Батыс Қазақстан жерінде кола дәуірінің 150- ден астам қонысы, 200- ге тарта қорымы зерттелді. Батыс Қазақстан өңірінде үйлер негізінен, тастан салынды. Тұрғын үйлердің жанында қабырғасын сексеуілмен немесе шарбақпен шегендеген құдықтар да болды. Өлген адамдарды сол немесе оң жамбасымен, қол-аяғын бүгіп жерлеген. ## Шығыс Қазақстан Шығыс Қазақстанда Андроново мәдениетінің дамуы осы тектес жолмен жүрді. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің ондаған қоныстар мен қорымдары табылды. Қанай қорымы және онымен жарыса қатар орналасқан қоныс қабырғаларының дені кейінгі қола кезеңіне жатады. Ертістің оң жақ жағалауындағы қоныстан көлемі 50 шаршы метр тікбұрышты жартылай жертөле және онымен жалғас қоражайлар қазылып, аршылып алынды. Үй қабырғалары қамыспен бастырылып сылақталған. ## Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу Жетісуда Андроново мәдениетінің өзіндік нұсқасы бар. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қола дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Оңтүстік Қазақстанда қола дәуірінің ортаңғы кезеңінде жер бетіне қазылмай қойыла салған жұмыр тастардан салынған қоршаулар тән. Олардың пішіні тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша, дөңгелек болып келеді. Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2-ші мыңжылдықта басталды. Қола дәуірінде мал шаруашылығы көпшілік тайпалардың күнкөрісінің басты көзі болған. Андроноволықтарда негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андроново тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірген, бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроново тарих-мәдени бірлестігінің негізгі қалыптасқан аймағы - Қазақстан аумағы. Андроново тайпалары Қазақстан аумағын б.з.б. І-ші мыңжылдықта мекендеген ерте көшпенділердің тікелей мәдени -этникалық ата тегі болады деп айта аламыз. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 10-сынып ## Солтүстік және Батыс Қазақстан Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Еуразияның далалы аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі, еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып айтар болсақ: * Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі - қола металлургиясы шықты. * Ең алғашқы еңбек бөлінісі - бақташылық, мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды. * Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады. * Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. * Андроново тайпалары алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі көшпелі мал шаруашылығына көшті. * Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қола дәуірінде кен өндіріп, балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған. Ал Успен кенішінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер кенді тотықтыру тәсілін тапқан, сонда ол жыныста мыс пен қалайы қосындысы күрт көбейген. Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты «қайлалап», тас соққыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған. Сол сияқты кенді жыныс астын қуалай қазып, сосын үстен төніп тұрған рудалы қатпарды балғамен ұрып опырып түсірген. Ал, ұзын штольнялар ( жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш тіреулері пайдаланған. Шахта қасындағы су басына өндірілген руданы әкеліп, жуып, бос қоқыстардан тазартқан. Уақталған руданы қонысқа әкеліп арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ, қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылған. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Металл балқытумен бірге андроноволықтар оны шыңдау, шекемелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар самай сырғаларын, алқалар білезіктер жасаған. Жетісудағы Қапал қыстағы жанындағы қорымнан табылған, ішкі жағына екі ат бейнесі салынған самайға тағылатын салпыншақ зергерлік өнердің ғажайып үлгісі болып табылады. Қола дәуінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі -мәдениет болған. Оның алғашқысы - Андроново мәдениеті. Ал б.з.д 10-8 ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан. Беғазы-Дәндібай мәдениеті негізінен алғанда Орталық Қазақстан жерінде кең таралған. 1941-1945 жылдардағы соғыс аяқталып, елдің жағдайы түзеле бастағаннан кейін ғана Орталық Қазақстанды археологиялық зерттеу басталды. Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археолология және этнография институты жанынан арнайы Орталық Қазақстан экспедициясы құрылды. Оны ұзақ жылдар бойы ғұлама ғалым академик Әлкей Марғұлан басқарды. Ә.Х. Марғұланның басшылығымен бір топ археолог-ғалымдар Орталық Қазақстанда ұзақ жылдар бойы қазба жұмыстарын жүргізді. Осының нәтижесінде тамаша археологиялық ескерткіштер ашылды. Олар- қоныстар, молалар, және т.б. Мұның бәрін жалпы атпен Андроново және Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп атайды. Әсіресе Атасу, Былқылдақ қоныстары мен Айшырақ, Дарат молаларынан табылған ескерткіштер көп жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Орталық Қазақстан дүние жүзіндегі ежелгі және ерте замандардағы адамдар жасаған мәдениеттің белгілі орталықтарының бірі ретінде анықталып отыр. Ғалымдар тұңғыш рет Орталық Қазақстандағы қола дәуірін Феодоров, Алакөл, Дәндібай кезеңдеріне бөлді. Ерте феодоров кезеңіндегі ескерткіштерге Бұғылы, Ақсу-Аюлы, Ақшатау қорымдары жатады. Алакөл ескерткіштеріне Атасу өзенінің жоғары ағысындағы Айшырақ, Былқылдақ, ал Дәндібайға-Қарасай, Беғазы ескерткіштері жатады. Андроново мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроново қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1914 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927жылы археолог М. П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, Андроново мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек Андроново ескерткіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан табылды. Андроново қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтарының бірі-Орталық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындарымен тастағы суреттер- петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабір табылып зерттелген. Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген Андроново мәдениеті ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты- бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгелете салынған қоршаулар етек алған. Ерте қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Орта қола кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген. Енді қоныстарға бұрынғыдай бекіністер салынбайды, тұрғын жайлар, жартылай жертөлелер тікбұрышты – ұзынырақ болып келеді.Кейінгі қола дәуірі қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай жертөлелер көбірек кездеседі. Шаруашылықта мал өсірудің әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түсті. Солтүстік пен Батыс Қазақстан жерінде кола дәуірінің 150- ден астам қонысы, 200- ге тарта қорымы зерттелді. Батыс Қазақстан өңірінде үйлер негізінен, тастан салынды. Тұрғын үйлердің жанында қабырғасын сексеуілмен немесе шарбақпен шегендеген құдықтар да болды. Өлген адамдарды сол немесе оң жамбасымен, қол-аяғын бүгіп жерлеген. ## Шығыс Қазақстан Шығыс Қазақстанда Андроново мәдениетінің дамуы осы тектес жолмен жүрді. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің ондаған қоныстар мен қорымдары табылды. Қанай қорымы және онымен жарыса қатар орналасқан қоныс қабырғаларының дені кейінгі қола кезеңіне жатады. Ертістің оң жақ жағалауындағы қоныстан көлемі 50 шаршы метр тікбұрышты жартылай жертөле және онымен жалғас қоражайлар қазылып, аршылып алынды. Үй қабырғалары қамыспен бастырылып сылақталған. ## Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу Жетісуда Андроново мәдениетінің өзіндік нұсқасы бар. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қола дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Оңтүстік Қазақстанда қола дәуірінің ортаңғы кезеңінде жер бетіне қазылмай қойыла салған жұмыр тастардан салынған қоршаулар тән. Олардың пішіні тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша, дөңгелек болып келеді. Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2-ші мыңжылдықта басталды. Қола дәуірінде мал шаруашылығы көпшілік тайпалардың күнкөрісінің басты көзі болған. Андроноволықтарда негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андроново тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірген, бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроново тарих-мәдени бірлестігінің негізгі қалыптасқан аймағы - Қазақстан аумағы. Андроново тайпалары Қазақстан аумағын б.з.б. І-ші мыңжылдықта мекендеген ерте көшпенділердің тікелей мәдени -этникалық ата тегі болады деп айта аламыз. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 10-сынып
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. ## Тарихы Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: * 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар * 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, * 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған). Кейіннен айналысқа: * 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; * 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; * 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; * 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); * 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; * 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы: * 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); * 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); * Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; * 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген). 2002 жылы: * 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; * 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы: * 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. 2006 жылы: * 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн). ## Жалпы мәліметтер 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды. 1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған. Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды. Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты. Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады. Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады. Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр. Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады. Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық валюта нышандары суретінін аясында үш монетадан — «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта — теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген. Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған. ## Ұлттық Банктің мұражайы Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РКФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар. Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады. * * * * * * * * Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады. Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді. 1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді. ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды: * 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша; * 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша; * 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша; * 1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге; * 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша; * 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн); * 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн); * номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша; * мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты; * 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша; * 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша; * номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша; * 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша. Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін. Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты. 2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді. Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлықтүрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлык түрлері бойынша занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген онжылдық мерзімін үзартуға құқылы. Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез келген жаңа валютаның тарихы тереңде жатқан немесе экономикасы дамыған мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді. Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы нарықтарынан арзан займдар тарту көлемінің артуынан болып отыр. ## Банкноттар ## Шақалар ### Бірінші топтама шақалары ### Екінші топтама шақалары (1997 — 26 сәуір 2019) ### Үшінші топтама шақалары (2019 бастап) Шақалардың дизайны алдыңғы топтамамен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, дегенмен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты олардағы барлық жазулар латын жазу таңбаларымен жасалған. ## Естелік шақалар Айналымға шығарылатын шақалармен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі естелік және мерейтойлық шақаларды шығарады. ## Теңге - ұлттық валюта Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылы 15 қарашада пайдалануға енгізілді. Ақша белгілері - теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі.Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаcырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертеңгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күн Ұлттық валютаның туған күні болып саналады. ## Қызықты деректер 2007 жылғы таңдалынған теңге нышаны, осыдан 120 жыл бойы Жапон пошта фирмасы қолданып келе жатқан белгісінің айнымасы болып шықты. * Жапон поштасы сайты * Қазақстан теңгесі алғаш айналымға енгізілген Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылды. ## Ескерткіш банкноттары ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан ұлттық валютасы * Теңгенің жаңа дизайны Мұрағатталған 6 қаңтардың 2014 жылы. * Қазақстан банкноттары Мұрағатталған 12 мамырдың 2019 жылы. * Монеты стран СНГ и Балтии * "Көркемсуретті Қазақстан тарихы" төртінші том, Қазақ энциклопедиясы, Алматы, 2007
Көксүңгіні кейде “тышқын сүмбілшаш” деп те атайды.Шынымен де,ұсақ гүлдері тышқанның ізі секілді. Ол сүмбілшаштар тұқымдасына жатады. Жақындап қарасаңыз кішкенелігі болмаса көксүңгі – сүмбілшаштың кішкентай көшірмесі секілді. Бойының биіктігі 10-20см.Ол көктемде 7-10 күндей уақыт гүлдейді.Гүлінің түсі: ақ, қызыл, күлгін, көк, сия көк.Бір қатарының гүлдері әдемі жұпар иіс тешығарады. Суыққа шыдамды, ерекше күтімді қажет етпейді. Құнарлы топырақта бір орындабірнеше жылға дейін үздіксіз өсе алады.Тұқымын себу және пиязшығының түбіне нөсіп шыққан балапандарын бөліп алу арқылы көбейтеді. Көксүңгі тез және оңай көбейтілетін пиязшық болып саналады.
Герей, Гирей, Керей, Кирей, Гирай – Қырым хандығы хандарының есімдеріне қосарланып айтылған лауазым атауы. Герей лауазымының пайда болуы бірнеше жорамал бар: Көне түркі тілінде «герей» сөзінің «лайықты» деген мағынасы болған. Осман түріктерінде бұл сөздің «әйгілі» , «құқылы» деген мағыналары болыпты (Ахмед Вефик пашаның «Паһжам – и ғұсмания» сөздігі) . Герей лауазымы кезінде Қырым хандығында болашақ ханның тәрбиешісі керей тайпасынан таңдалып алынып отырғанына байланысты пайда болған деген де жорамал бар.
Меруергүлдің еліміздің табиғатында жабайытүрі бар. Ол лалагүлділер тұқымдасына жатады. Көгалдандыруда мамырлық меруертгүл деген түрін қолданады. Сәуір, мамыр айларының ортасында гүлдейді.Гүлінің түсі ақ не күлгін. Бір гүлсидамында6-20 дана кішкене қоңырау тәрізді гүл болады.Меруертгүл өте нәзік гүл.Оны көгалдандыруда топтап егу арқылы қолданады. Гүлдеп болған соң қып – қызылмоншақ тәрізді жеміс салады. Меруертгүлдіңбарлық бөлігі улы болып саналады. Бірақ табиғатта меруертгүл ерекше қорғауға алынған. Себебі оның гүлі мен жидегінен дәрі алады. Көп күтімді қажет етпейді. Құнарлы, жеңіл топырақта тез өседі. Гүлді тұқымынсебу, түбін бөлу, қалемшелеу арқылыкөбейтеді.
Сауыршөптің қысқы гүл деп аталатын атауы бар. Себебі ол қыстың соңына не ерте көктемде гүлдейді. Бір қызығы қар астында жатып-ақ бой көтеріп өсе береді. Бойының биіктігі 10-15 см. Наурыз айының басында сары гүл жарады. Гүлі сабақ басында 10-15 күндей ғана гүлдейді. Кішкене гүлдің өсуі баяу болғандықтан аулада оны адам аяғы баспайтын жерге отырғызғаны дұрыс. Ерте көктемде гүлдейтіндіктен, суғарып, қоректендіру қажет емес. Тамыр түйнегін отырғызар алдында түбіне құнарлы, жеңіл топырақ салғаны дұрыс. Тұқымы арқылы сәуір айында жылы жерде жәшіктерге көбейтеді. Тұқымы өніп жапырақ жарғанға дейін тұрақты температура мен үнемі ылғалдылықты сақтау керек. ## Дереккөздер
Гүлдің аты көне грек тілінен аударғанда қызыл деген мағынаны білдіреді. Себебі, табиғи гүлдің гүлі қызыл.Оның халық арасында қосымша “иттіс” деген аты бар. Ол қандықтың гүлі мен тамырының пішініне қарай қойылған атау.Жер шарында 25 түрі бар болса,еліміздің табиғатында “Сібір қандығы” деп аталатын түрі кездеседі. Түріне қарай күлгін, ақ, сары,қызыл түсті гүл жарады. Жапырағы етті, бетінде аппақ сепкілдері бар. Алакөлеңкені ұнататындықтан, биік өсімдіктердің саясынаеккен дұрыс. Түбіне су жиналып қалғанды ұнатпайды. 4-6 жылға дейін бір орында жақсыөсе береді. Солтүстік Америкадан жерсіндірілген түрлері тек тұқымы арқылы көбейтіледі. Ал, жай түрлерін 4-5 жылда бір рет түбінен өсіп шыққан балапандарын жекелеп бөліп алу арқылы көбейтеді.
## Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы Ұлы жүз Ресейдің қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Өйткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта және Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа және Қоқан, Бұхар хандықтарының иелігінде болды. Олар Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге жиі-жиі шабуыл жасап отырды. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шықты, шаруалар көтерілісі қатыгездікпен басылды. ## Ұлы жүздің Ресей қоластына өтуі Оңтүстік Қазақстандағы Орта Азия хандықтарының озбырлығы Ұлы жүз халықтарының Ресей империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Ресей империясының құрамында болуды қалайтындығын мәлімдеді. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Ресей мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Ресей билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қаңтарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Ресей патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы Қапалда (1847 жылы) болды. Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі Қоқан хандарының билігінде болған, бұл бекіністен Қоқан билеушілерін қуу Ресей үшін қиын болды. Бұл қамалды алмай Қоқан билігіне соққы беру қиын еді. 1850 жылы капитан Гутковский бастаған 200 казактан және 50 жаяу әскерден құралған топ Қапалдан шығып Таушүбекке жақындады. Алайда Алматы өзенінде қырғыздар жасағымен қақтығысқан Гутовский Іле жағалауына қайтып оралуға мәжбүр болды. Бұл тапсырманы орындау 1851 жылы мамырдың ортасында Қапалдан аттанған подполковник Карбышев тобына жүктеледі. 1851 жылы шілденің 7-сінде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілуге мәжбүр болды. 1853 жылы Орынбор генерал губернаторы граф В.А. Перовскийдің басшылығымен іске асырылған әскери қимылдар нәтижесінде Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Ақмешіт бекінісінің алынуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды. Енді орыс әскерінің Іле бойына жылжуына жол ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың Сырдария мен Сібір әскери шептерін ұштастыру туралы ұсынысы Петербургте қабылданды. Ұлы жүз приставы майор М.Д Перемышельскийдің отряды 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жеріне Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылы көктемде сол отряд Верный деп аталған бекіністің іргетасын көтерді. Верный Алматы деп аталған ертедегі қазақтардың қоныс қалдықтары сақталған жерде болған еді. Саз балшықтан көтерілген бекініс ағаш дуалмен қоршалды. 1854 жылдың күзінде бөренелі ағаш үйлерге және казармаға Іле отрядының 470 солдаттары мен офицерлері келіп қоныс тепті, ал 1855 жылы осы бекініске Сібірден 500-ге жуық отбасы келіп қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Ресей билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставының резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан, Воронежден келген қоныстанушылардың саны бұрынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды. XIX ғасырдың екінші жартысында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, И.В. Северцев т. б сияқты ірі ғалымдар біраз уақыт тұрған. Верный бекінісінің салынуы XIX ғасырдың 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті. Патша үкіметі Оңтүстік Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады. 1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды Қоқан әскерін жеңеді. 1863 жылы Қоңыраттың 4 мыңға жуық, бестаңбалы руының 5 мыңға жуық шаңырағы Ресей билігін мойындайды. 1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев тобы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды. 1866 жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей империясының отарына айналды. ## Қазақстан Ресейге қосылу кезеңдері Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады: -Бірінші кезең - XVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан басталып 19 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында сауда қарым-қатынасы орнады. -Екінші кезең - XVIII ғасырдың 60-шы жылдары аяқталды. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы Жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. Округ басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды. -Үшінші кезең - 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың өз кезегінде уездерге т.б. бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жылдары «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясат кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады. ## Дереккөздер Қазақстан тарих 10 сынып ## Тағы қараңыз
## ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР МЕН АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ## Темір дәуіріне сипаттама Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін алмастырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.б. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы және көшпелі мал шаруашылығының дамуымен ерекшеленеді. Б.з.б. VIII-VII ғасыр көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен қолдану кезеңі болды. Бұған әр аймақ әр мезгілде қол жеткізді. Мыстың, қоланың бай кендері бар жерлерде темірді пайдалану көпке дейін кейінге ысырыла берді. Мұндай аудандар қатарына қола құю өнері жоғары дәрежеде дамыған, темір игеруге алғаш қадам жасаған Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді жатқызуға болады.Темір дәуірі б.з.б. VIII ғ. мен б.з. VI ғ. аралығын қамтиды. Ол ерте (б.з.б. VІІІ - ІІІ ғ.ғ.) және кейінгі (б.з.б. ІІІ ғ. - б.з.VІ ғ.) темір дәуірі болып екі кезеңнен тұрады. Адамзат тарихында темір дәуірі ерекше маңызды орын алады. Темір құрал-саймандары пайда болғаннан бастап еңбек өнімділігі ерекше өсті [1]. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келді. Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Адам санының өсуі, сыртқы жаудан қорғану ру-тайпалардың өзара көбірек араласуына себеп болды. Рулар үлкен тайпаларға бірікті, ал тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды. Осындай тайпалық одақтарға сақтардың, ежелгі үйсіндер мен қаңлы, ғұн, сарматтардың тайпалық одақтары жатады. Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру-тайпалардың ішкі-сыртқы қарым-қатынастары Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттердің пайда болуына әкелді. Ондай мемлекеттердің негізін қалаған сақ, ғұн, үйсін, қаңлы және сармат тайпалық одақтары болды .Б.з.б. І мыңжылдықтың басында халық санының өсуі қола дәуіріндегі өндіргіш күштің даму қарқынын басып озды. Халық санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Бұл жағдайдан шығудың екі түрлі жолы: 1) дәнді-дақылдар егілетін жерді бірнеше есе ұлғайтып, малға қыстық жемшөпті көп дайындау болса; 2) бұрын пайдаланылмаған ұшы-қиырсыз жайылымдарды игеру қажет болды. Бірінші жолды жүзеге асыру мүмкіндігі болмайтын еді. Себебі, жер өңдеу шаруашылығын кеңейту ісіне техниканың жоқтығы мен Қазақстан жеріндегі суландыру жүйесінің нашарлығы кедергі келтірді. Қиындықтан шығу үшін ежелгі тайпалар ішінара малды қыста жаюға, яғни тебінді жайылымға көшті . Кейінірек орталық, солтүстік және шығыс аймақтарды мекендеген тайпалар бұрынғыдан да сапалы жаңа шаруашылықтың негізі- көшпелі мал шаруашылығына көшті. Оның түпкілікті қалыптасуы ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланысты болды. Қазақстан даласындағы көшпелі мал шаруашылығының дамуы белгілі бір кезеңге дейін өндіргіш күштерді дамыта түскен, алға бастырушы құбылыс болдыБ.з.б. І мыңжылдықтың басында Қазақстан даласының бейнесі өзгеріске ұшырады. Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады . Адамдар бұл жерлерде енді атпен ғана жүре алатын болды. Олар жақсы жайылымдық жерлер табу үшін өздерінің бұрынғы қыстауларынан көшіп, алыстай бастады. Бұрын иесіз жатқан жерлерде ендігі жерде адамдар қоныстана бастады. Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуға мүмкіндік берді. Ол адамның шаруашылық кәсібінің аумағын кеңейтіп қана қоймай, оның еңбегінің бағасын да арттырды. Ұшы-қиырсыз даланы меңгеруге байланысты мәдениеттегі және шаруашылықтағы тұйықтық дәстүрі бұзылып, тайпалар арасында кең көлемде экономикалық және мәдени қатынастар қалыптаса бастады. Көшпелілер мен егіншілер арасындағы ғасырларға созылған ынтымақтастық екі мәдениеттің де өркендеуіне себепкер болды. Осы өзгерістердің барлығы материалдық және рухани мәдениеттің өркен жаюының алғышарттарын жасады. ## Ертедегі темір өндіру Жалпы, табиғи темір жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады. Ертеде темір қарапайым тесілмен, пеш-көрікпен өндірілетін . Ол үшін тастан не шикі саз балшықтан пеш салды. Пештің астыңғы жағының бірнеше жерінен тесік қалдырып, сол тесікке ауа үрлейтін көрік орнатты. Пештің ішіне бір қатар отын, оның үстіне бір қатар ұсатылған кен тасын қалап, кен тасының үстіне және бір қабат отын толтырып, отынның үстін тағы да кен тасымен жапқан. Содан соң төменгі қабаттағы отынды тұтатып, оның жан-жағындағы оттықтан көрікпен ауа үрлеген. Мұндай қарапайым көрікпен пештің ең жоғары температурасын көп дегенде 1200 градусқа жеткізуге болатын еді. Ал кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін кемінде 1530 градус температура қызу қажет. Сондықтан мұндай қарапайым пеш-көрік арқылы темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана бөліп алуға мүмкіндік болған. Содан соң осы шикі темір қиыршықтарын оттан алып, қып-қызыл шала балқыған күйінде төске салып, балғамен соғып, біріктіріп, шыңдап, сом темір алған. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 6-сынып ## ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР МЕН АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ## Темір дәуіріне сипаттама Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін алмастырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.б. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы және көшпелі мал шаруашылығының дамуымен ерекшеленеді. Б.з.б. VIII-VII ғасыр көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен қолдану кезеңі болды. Бұған әр аймақ әр мезгілде қол жеткізді. Мыстың, қоланың бай кендері бар жерлерде темірді пайдалану көпке дейін кейінге ысырыла берді. Мұндай аудандар қатарына қола құю өнері жоғары дәрежеде дамыған, темір игеруге алғаш қадам жасаған Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді жатқызуға болады.Темір дәуірі б.з.б. VIII ғ. мен б.з. VI ғ. аралығын қамтиды. Ол ерте (б.з.б. VІІІ - ІІІ ғ.ғ.) және кейінгі (б.з.б. ІІІ ғ. - б.з.VІ ғ.) темір дәуірі болып екі кезеңнен тұрады. Адамзат тарихында темір дәуірі ерекше маңызды орын алады. Темір құрал-саймандары пайда болғаннан бастап еңбек өнімділігі ерекше өсті [1]. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келді. Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Адам санының өсуі, сыртқы жаудан қорғану ру-тайпалардың өзара көбірек араласуына себеп болды. Рулар үлкен тайпаларға бірікті, ал тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды. Осындай тайпалық одақтарға сақтардың, ежелгі үйсіндер мен қаңлы, ғұн, сарматтардың тайпалық одақтары жатады. Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру-тайпалардың ішкі-сыртқы қарым-қатынастары Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттердің пайда болуына әкелді. Ондай мемлекеттердің негізін қалаған сақ, ғұн, үйсін, қаңлы және сармат тайпалық одақтары болды .Б.з.б. І мыңжылдықтың басында халық санының өсуі қола дәуіріндегі өндіргіш күштің даму қарқынын басып озды. Халық санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Бұл жағдайдан шығудың екі түрлі жолы: 1) дәнді-дақылдар егілетін жерді бірнеше есе ұлғайтып, малға қыстық жемшөпті көп дайындау болса; 2) бұрын пайдаланылмаған ұшы-қиырсыз жайылымдарды игеру қажет болды. Бірінші жолды жүзеге асыру мүмкіндігі болмайтын еді. Себебі, жер өңдеу шаруашылығын кеңейту ісіне техниканың жоқтығы мен Қазақстан жеріндегі суландыру жүйесінің нашарлығы кедергі келтірді. Қиындықтан шығу үшін ежелгі тайпалар ішінара малды қыста жаюға, яғни тебінді жайылымға көшті . Кейінірек орталық, солтүстік және шығыс аймақтарды мекендеген тайпалар бұрынғыдан да сапалы жаңа шаруашылықтың негізі- көшпелі мал шаруашылығына көшті. Оның түпкілікті қалыптасуы ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланысты болды. Қазақстан даласындағы көшпелі мал шаруашылығының дамуы белгілі бір кезеңге дейін өндіргіш күштерді дамыта түскен, алға бастырушы құбылыс болдыБ.з.б. І мыңжылдықтың басында Қазақстан даласының бейнесі өзгеріске ұшырады. Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады . Адамдар бұл жерлерде енді атпен ғана жүре алатын болды. Олар жақсы жайылымдық жерлер табу үшін өздерінің бұрынғы қыстауларынан көшіп, алыстай бастады. Бұрын иесіз жатқан жерлерде ендігі жерде адамдар қоныстана бастады. Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуға мүмкіндік берді. Ол адамның шаруашылық кәсібінің аумағын кеңейтіп қана қоймай, оның еңбегінің бағасын да арттырды. Ұшы-қиырсыз даланы меңгеруге байланысты мәдениеттегі және шаруашылықтағы тұйықтық дәстүрі бұзылып, тайпалар арасында кең көлемде экономикалық және мәдени қатынастар қалыптаса бастады. Көшпелілер мен егіншілер арасындағы ғасырларға созылған ынтымақтастық екі мәдениеттің де өркендеуіне себепкер болды. Осы өзгерістердің барлығы материалдық және рухани мәдениеттің өркен жаюының алғышарттарын жасады. ## Ертедегі темір өндіру Жалпы, табиғи темір жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады. Ертеде темір қарапайым тесілмен, пеш-көрікпен өндірілетін . Ол үшін тастан не шикі саз балшықтан пеш салды. Пештің астыңғы жағының бірнеше жерінен тесік қалдырып, сол тесікке ауа үрлейтін көрік орнатты. Пештің ішіне бір қатар отын, оның үстіне бір қатар ұсатылған кен тасын қалап, кен тасының үстіне және бір қабат отын толтырып, отынның үстін тағы да кен тасымен жапқан. Содан соң төменгі қабаттағы отынды тұтатып, оның жан-жағындағы оттықтан көрікпен ауа үрлеген. Мұндай қарапайым көрікпен пештің ең жоғары температурасын көп дегенде 1200 градусқа жеткізуге болатын еді. Ал кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін кемінде 1530 градус температура қызу қажет. Сондықтан мұндай қарапайым пеш-көрік арқылы темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана бөліп алуға мүмкіндік болған. Содан соң осы шикі темір қиыршықтарын оттан алып, қып-қызыл шала балқыған күйінде төске салып, балғамен соғып, біріктіріп, шыңдап, сом темір алған. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 6-сынып
Елтұтқа Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арнап шығарылған, еліміздің ұлы тұлғалары туралы оқу құралы. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі – тәуелсіздік жемістерінің бірі. Президент Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен, премьер-министрдің орынбасары И. Н. Тасмағанбетовтың тікелей араласуымен Түркі қағанатының әйгілі батыры Күлтегін құрметіне орнатылған тас ұстынның тұңғыш рет жасалған көшірмесі қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің бас ғимаратында тұр."Елтұтқа" кітабы Отан тарихын білгісі келетін көпшілік қауымға, студенттер мен оқушыларға, ата-баба рухын ардақтай білетінәрбір ұлт жанды оқырмандарға арналған оқу құралы яғни кітабы.
# Әдет Ежелгі Алтай адамзат мәдениетінің даму орталықтарының бірі болғаны туралы тарихшылар зерттеп дәлелдеген . Ол өзінің ұлылығымен Мысыр және Месопотомиядан кем түспеген . ### Өркениеттері Алтайда әлемге көшпелі өркениет сыйлаған , кейіннен Моңғолия , Шығыс Түркістан , Қазақстан , Орталық Азия және Кавказ жерлерін қамтыған біздің ата-бабаларымыз − түркілер өмір сүріп , қанат жайған . Қазақстанның қазіргі аумағы және қазақ халқы осы өркениеттің тікелей мұрагері болып табылады. ### Арыс би Бізге жеткен ең ежелгі шынайы әділеттік ілімі Дала заңдары − "Білік" , Арыс би дананың өсиеттері . Арыс би үш мыңдай жыл бұрын өмір сүрген . Оның құрметіне Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзенінің атауы берілген. Арыс бидің "Білігімен" немесе Даланың әдет-ғұрып құқығы− "Әдетпен"(Адат) ежелгі түркі мемлекеті − қағанат өмір сүріп дамыған . ### Ереже Барлық өзге құқықтық қағидалардың қайнар көзі болған "Әдеттің" ең басты ережесі − түркілердің жалғыз құдайы Тәңір алдында теңдігін мойындау болды . Осыдан "қанға − қан , мертіктіруге сондай мертіктіру" кек алу заңы шыққан . # Абай ережесі 1885 жылы мамыр айында Шар өзені бойында Орта жүз рулары бас қосқан жиын өткізілді . Оған жүзден астам билер қатысты . Бес дуан ел бас қосқан бұл жиын 74 баптан тұратын "Ереже" қабылданды . Өкімет тараптарынан негізгі жоба ұсынылса да , ол қазақтың "Есім салған ескі жол, Қысым салған қысқа жолмен" ұштасып жатуы керек болатын . ### Өзгерістер Далалықтарға , яғни қыр халқына ғана тән әдет-ғұрып , дағда-машықтар ұлы дана Абайға жақын әрі түсінікті еді . Ол ережеге көп өзгертулер , түзетулер қосып өңдеді . "Абай ережесі" қамтыған кейбір дәстүрлерде өзіндік ерекшеліктер мен жаңалықтар байқалды . Бұл Абайдың туған халқының мүддесі жолындағы күресте жеткізген тарихи жеңісі еді . Заң алдындағы жауапкершілік өмір талабына сай өзгертілген .1885 жылы мамыр айында Шар өзені бойында Орта жүз рулары бас қосқан жиын өткізілді. Оған жүзден астам билер қатысты. Бес дуан ел бас қосқан бұл жиын 74 баптан тұратын «Ереже» қабылданады. Өкімет тарапынан негізгі жоба ұсынылса да, ол қазақтың «Есім салған ескі жолы, Қасым салған қасқа жолымен» ұштасып жатуы керек болатын. Далалықтарға, яғни қыр халқына ғана тән әдет-ғұрып, дағды-машықтар ұлы дана Вбайға жақын әрі түсінікті еді. Ол ережеге көп өзгертулер, түзетулер қосып, өңдеді. «Абай ережесі» қамтыған кейбір дәстүрлерде өзіндік ерекшеліктер мен жаңалықтар байқалды. Бұл Абайдың туған халқының мүддесі жолындағы күресте жеткізген тарихи жеңісі еді. Заң алдындағы жауапкершілік өмір талабына сай өзгертілген. ## Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы
Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты кең түрде жүрді. Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында (кей деректерде) аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың таптық негізде жіктеу бойынша сипат алуы 1923 жылы 17-22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясыңда анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті. Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шақырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаған таптың түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл казақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» көшуге жасалған даярлықтың көрінісі еді. Орталық пен оның Қазақстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Смағұл Сәдуақасов сол кезде таптық негізде жіктеу саясатына қарсы болды. 1920 жылдардың бас кезінде егіс көлемі 20 %-ға кеміп, астықтан алатын өнім үш есеге азайды. Ауыл шаруашылығы саймандары тозып біткен еді. Шаруашылыққа қажетті техниканың жетіспеушілігінің салдарынан Жетісуда 900 шаруашылыққа тұқым себетін бір машинадан ғана келді. 1920 жылғы есеп бойынша Қазақ АКСР жерінде 455 мыңдай қазақ шаруашылықтары болды. Олардың 200 мыңға жуығының егістік жері бар еді. Шаруалардың жағдайы ауыр болды. Ақ гвардияшылар мен интервенттердің 1918-1919 жылдары басып алған жерлерге уақытша қожалық етуі, соғыс қимылдары, құрғақшылық пен жұт ауыл шаруашылығының жағдайын да, шаруалардың тұрмысын да әбден күйзелтті. Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары туды. Елде азық-түлік, тұтыну заттары сияқты халықтың күнделікті күнкөрісіне қажетті бұйымдар жетіспеді. Осыған байланысты РК (б)П Х съезінен кейін ендірілген азық-түлік салығын іске асыру біртіндеп жетілдірілді. Бұл бұған дейінгі азық-түлік салғыртына қарағанда әлдеқайда қолайлы еді. Азық-түлік салғырты бойынша шаруалардың күнкөрісінен артылған азық-түлік әскерлер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларға беру үшін ешбір өтеусіз алынды. Ал бұл жағдай щаруалардың наразылығын тудырды. Өйткені олардан азық-түлігі ешбір қайтарусыз және де қатал әдістермен жиналған еді. Осының салдарынан Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы наразылық ошақтары пайда болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда еңбекші халыққа тиімді еді. Осы саясатқа сәйкес жерді жалға беру мен алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді. Ауыл шаруашылығында, несие және тұтыну кооперациясын дамыту қолға алынды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немес кооперативтерге жалға берілді. Енді шаруаларға артық азық- түліктерін қалаларға апарып сатуына мүмкіндік беріліп, олардың өзара байланысын нығайтуға жол ашылды. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшудің қиыншылықтары да болды. 1924 жылдың жазында еліміздің едәуір бөлігін қуаңшылық жайлады. Жоғарыда атап өткеніміздей, оның алдында қатты жұт болып, кей жерлерде малдың 80%-на дейін қырылуына әкеліп соққан еді. Ашығушылар саны бірті-бірте көбейіп, республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. Еділ бойынан ашыққан халықтың Қазақстанның батыс губерниялары арқылы Түркістанға үздіксіз ағылып келуі, Сібірге қарай үдере көшуі халық санын күрт кемітті. Азамат соғысы және 1921-1922 жылдардағы қайыршылық пен аштық Кеңес өкіметі органдарынан өлкенің 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шаралар қолдануды талап етті. Елдегі қиыншылықтарға көмек жасау ретінде Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Декретімен республиканың егін шыққан аудандарының халқы азық-түлік салығынан босатылды. 1922 жылы егіс көлемінің 60 %-ға жуық жеріне Кеңес өкіметі берген тұқым себілді. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды. Қазақ АКСР-іне ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алу үшін 25 млн сом бөлінді. Ашыққандарға кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. Көп ұлтты өлкенің еңбекшілері оларға 2 млн пұттай астық берді. 20 мыңдай ашыққан адамдарды қабылдады. Қазақ республикасы еңбекшілерінің өмірінде жаңа үкіметтің, патша өкіметінің жер мәселесі жөніндегі саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары маңызды рөл атқарды. Патша өкіметі Сібір мен Орал казак-орыс әскерлеріне бөліп берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы Декрет шығарды. Осы Декрет бойынша қазақ шаруалары Ертіс жағалауы өңірінен 177 мың десятинадан астам жер алды. 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізіліп қазақ, ұйғыр және қырғыз еңбекшілеріне олардан тартып алынған 460 мың десятинадан астам жерді қайтарып берді. Қазақстан бойынша жер реформасын жүзеге асыру кезінде жергілікті жерлерде қателіктер мен асыра сілтеушіліктерге жол берілді. Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын тиянақты түрде жүзеге асыру үшін 1921 жылы бұқаралық ұйым- Қосшы одақтары құрылды. Қосшы одағына қазақ кедейлерімен қатар орталықтан көшіп келіп қоныстанған кедей шаруалары да тартылды. Бұл одақ бұқара халыққа еңбек артельдерін құруға көмектесіп, жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтерді. Күрделі аграрлық мәселені шешуде Қосшы одағының белсенді мүшелері, мемлекет қайраткерлері – А.Асылбеков, Ә.Жангелдин, Г.Коростелов, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, А.Розыбақиев, Ж.Бәрібаев және басқалар белсенді қызмет атқарды. Осы қайраткерлердің кейбіреуіне толығырақ тоқталсақ. Әліби Жангелдин Жангелдин Әліби (1884-1953)-қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, Азамат соғысының ардагері. 1903 жылы Орынбор діни училищесін бітірді. Торғай облысы Кеңестерінің І-съезін (1918 жыл, наурыз), Бүкілқазақтық Кеңестер съезін (1920 жыл, қазан) ұйымдастырушылардың бірі. Торғай облыстық Кеңесінің төрағасы. Одан кейінгі жылдары Қазақстандағы көптеген жауапты қызметтерде болды. 1916 жылы Жангелдин А.Имановпен бірге Торғайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін басқарды. 1917 жылы Торғай облысының, соңынан бүкіл Дала өлкесінің әскери комиссары болып тағайындалады. 1918 жылы Жангелдин отряды орталық Ресейден бөлініп қалған Ақтөбе майданына сусыз дала, сор мен құмдар арқылы қару-жарақ, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек жеткізді. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің І-съезі Жангелдинді Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті төрағасының орынбасары, әрі әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары етіп сайлады. Оның есімі Қостанай облысының бір ауданына, Қазақстан қалалары мен селоларындағы көшелерге, мектептерге берілді. Алматы, Ақтөбе, Торғай мен Қостанай қалаларында Ә.Жангелдинге арнап ескерткіш орнатылған. Сейітқали Меңдешев Меңдешев Сейітқали (1882-1937) – мемлекет қайраткері. Қазан мұғалімдер семинариясын бітірген (1903). 13 жыл бойында Бөкей даласындағы ауылдарда мұғалім болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахан түрмесіне қамалады. 1917 жылғы Ақпан революциясы жылдары ол Батыс Қазақстанда ревкомдар құруға қатысты. 1918 жылы Бөкей съезінде губатқаркомитетінің мүшесі болып сайланады, ал 1919 жылы оның төрағасы болады. Ол алғашқы қазақ атты әскери полкін құруға және облыста бірінші комсомол ұйымын құруға қатысады. 1920 жылы 25 тамызда РК(б)П Қырғыз облбюросының құрамына енгізеді. 1920 жылы Меңдешев Қазақ АКСР ОАК-нің бірінші төрағасы болды. 1926-1930 жылдары Мәскеуге шақырылып, РКФСР (ЭКОСО) экономикалық мәжілісінің мүшесі болып тағайындалады. 1930-1937 жылдары Қазақ Республикасы оқу ісі халкомы, ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, қорықтар мен ескерткіштерді қорғау жөніндегі кеңхалкомы басқармасының бастығы болды. С.Меңдешев аштықпен күресу жөніндегі Төтенше комиссияны басқарды. Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу комиссиясының, республика үкіметінің құрамына жұмысшы қазақтарды тарту жөніндегі ұсыныстарды жасау үшін құрылған арнайы комиссиясының жұмыстарына белсене қатысты. Абдолла Розыбакиев Розыбакиев Абдолла Ахметұлы (1897-1938) – қоғамдық қайраткер, журналист. Революцияға дейін Верный мұғалімдер семинариясында білім алған. 1925-1927 жылдары Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университетте (Мәскеу), 1933 жылдан БК (б)П ОК жанындағы лениндік курстардың аспирантурасында, кейіннен КСРО ОАК жанындағы Ұлттар институтында оқыды. 1917 жылы «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» басшыларының бірі, Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске қатысушы, Әскери-революциялық комитеттің, Жетісу облыстық атқару комитеті мен облыстық әскери комитетінің мүшесі болды. 1918 жылдан мұсылман большевиктерінің Верный секциясының төрағасы, РК(б)П Жетісу облыстық Комитеті жанындағы ұлттар істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, уездік комиссар қызметтерін атқарды. 1920-1922 жылдары Түркістан РК(б)П ОК-нің аз ұлттар жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Жетісу облыстық партия комитеті бюросының хатшысы болды. 1922 жылдан ұйғыр және дүнген комммунистерінің өлкелік бюросының төрағасы. 1918-1925 жылдары ұлтық газеттердің «Жетісу әшчи- халык мухбири», «Жетісу жұмысшы-шаруа тілшісі», «Көмек», «Бұхара»(«Халық»), «Кедей еркі», «Камбагалар авази» («Кедейлер үні») редакторы және алқа мүшесі. 1931 жылы «Қызыл таң» журналының редакторы сияқты журналистік жұмыстарды да атқарды. 1937 жылдан Қазақстан КП(б)П ОК-нің баспасөз бен баспаханалар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы атылды. 1957 жылы ақталды. 1921-1922 жылдардағы жер реформалары патша өкіметінің аграрлық қатынастар саласындағы отаршылдық саясатына соққы берді. Реформа жұмысшы табы мен қазақ шаруаларының ұйғыр, өзбек, дүнген диқандары одағының нығаюына көмектесті, ұлтаралық келісімді қатынас қалыптастырды.
Жайылма — Қостанай облысы Қамысты ауданы, Адай ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін қысқартылған Жайылма ауылдық округі орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қамысты ауылынан оңтүстікке қарай 49 км жерде, Тобыл өзенінің жағалауында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1025 адам (493 ер адам және 532 әйел адам) болса, 2009 жылы 291 адамды (140 ер адам және 151 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 19-ғасырдың тоқсаныншы жылдары қаланған. Тың жерлерді игеруге дейін ұжымшар орталығы, 1999 жылға дейін Пушкин атындағы кеңшардың орталығы болды. 1997 жылдан Жайылмада шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істеді. ## Инфрақұрылымы Ауылда орталау мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
## Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға әсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық-табиғи аясы далалық болып саналатын, көшпелі шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дәйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, академик А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті шығысқа қарағанда батыспен тығыз байланыста болған сияқты", – деп атап көрсеткен. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі қолданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов б.з.б. ІХ ғасырдан б.з. ХІ ғасыр аралығында көшпелілер мәдениетінің өрлеу дәуірі, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда «жасампаздық эволюцияны» бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде кеңестік тарихнама жоққа шығарған Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс, ғылымға "Дала өркениеті" – деген атпен ене бастады. Оның әлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде әділ баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының қойнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сияқты. Ал тарихты оқитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезеңде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзақ уақыт Азияның отары сияқты болды» - деп атап көрсетті.Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюция жолымен қалыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы әлеуметтену үрдісі мен нәсілдік-генетикикалық бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өңдеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты. ## Көшпелілер тұрмысы Көшпелілер тұрмысы. Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шығыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі үрдістерін өткерді. Әсіресе, мыңдаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық бірігулердің, геосаяси және әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтастырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені, көне қытай жазбаларында айтылған. Тоталитарлық режим тұсында тарихшылар түркі жұртының даңқы, өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап, Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезеңдерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық ұшырасқан емес. Көне түркілер дәуірлеген кезеңде көшпелі тұрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды. Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешендеріне орасан ықпалын тигізді. Тұрақты дипломат және сауда-саттық қарым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтастырып, тек материалдық айырбастың ғана емес, сондай-ақ, ілкі санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мәдени құндылықтардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәтижесінде Көк түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — төл сына жазуы қалыптасты. Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакас және Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. І-мыңжылдықтың соңы мен ІІ-мыңжылдықтың бас кезіндегі (V-VІ ғ-лардағы) түркілердің аса қуатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дәлел болады. XX ғ-дың басына шейін өзіндік өрнегі мен этникалық бітімін жоғалтпаған осынау ерекше мәдени-тарихи тип «Дала өркениеті» екендігі, белгілі қазақ зерттеуші-ғалымдары М.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің, М.Барманқұлов және т.б. еңбектерінде негізделген. Дала өркениеті шын мәнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік құбылыс емес, динамикалық, футуристік мән-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді. ## Рухани мәдениеті Рухани мәдениеті.Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды қалыптастырып, ұрпақтардың тарихи жадындай эпостык шығармалар арқылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі оқиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халқының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тәжірибесі жинақталған ауыз әдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз-әпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты. Ислам ренессансын бастан өткеріп, әлемдік ғылымдар мен ғылыми-танымдык ізденістердің бастауына (әл- Хорезмидің "әл-Жебрасы", Ұлықбектің астрономия зерттеулері, Омар Һайямның аспан денелерінің картасы, Әбу Әли Ибн Синаның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі әлемінің ішкі тұтасуының саяси-экономикалық, мәдени және этногенетикалық үрдістері, Шыңғысхан империясының шапқыншылығы кезінде күрт тоқырауға ұшырады. Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы территория шегінен тысқары кетуге мәжбүр болды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі Шыңғысхан империясының саяси құрылымын, әлеуметтік- құқықтық негіздерін жетілдіруге атсалысып, ұлан-ғайыр кеңістікке қанат жаюына тікелей жәрдемдесті. Шыңғысхан Түркі қағанаты кезінде қалыптасқан әскери-әкімшілік жүйені бұлжытпай басшылықка алды. ХV ғ-дың 60-жылдары құрылған Қазақ хандығының тағдыры ұлы Түркі қағанаты және Шыңғысхан империяларының тарихымен тамырласып, шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан территориясындағы сан ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, этносаяси үрдістердің заңды жалғасы ретінде өрбіді. Аралас, яки көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы қатар дамыған, дәстүрлі қала мәдениеті бар өлкенің табиғи топтасуы негізінде ХІV-ХV ғ-лардағы біртұтас экономикалық аймақ құру үрдісі бүкіл қазақ жерін бірегей саяси құрылымға біріктіруге жағдай жасады. Үш жарым ғасырдай Орталық Азияда елеулі рөл атқарған Қазақ хандығы мемлекеттік нышандарын жетілдіріп қана қойған жоқ, қазақ ұлтын тұтастырып, оның этникалық жер аумағын нығайтып, рухани және материалдық мәдениетін дамытты. Әлемдік шаруашылық жүргізу тенденцияларының өзгеруі Еуразия ендігіндегі геосаяси ахуалға қаяу түсірді. Елдің солтүстігінде өз тауарларын өткізу рыногын әрі арзан шикізат көзін иемдену, әділетсіз экономикалық айырбасқа жол ашу мүддесі көкейін тескен Ресей империясы ентелеп тұрды. Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім — Дала өркениетінің бесігі болған Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан да осы кезеңнен бастап сол империяның геосаяси мүдделерінің орбитасына айналды. Әскери-әкімшілік шаралардың ғана емес, сондай-ақ адуынды идеология аппараттың көмегімен отаршылдар этномәдени тұтастықты бұзып, ұлттық нигилизмге, тарихи жадсыздыққа дем берді. Көшпелілер қоғамын "басқаруға келмейтін, жабайы, қиратушылық қарымнан аспайтын, прогрессивті дамудың алғышарттарына қарсы жөңкілетін күш" ретінде сипаттайтын пікір орнықты. Патша генералдары мен жазалаушы отряд басшыларының өзі қазақ даласындағы озбырлық әрекеттерін, отарлау саясатын "өркениетті әлемді тағылықтан құтқару" деп түсінген. Тіпті, Батыс Еуропа ғалымдарының өзі (Тойнби, Р.Киплинг, М.Вебер, Э.Трельч, т.б.) еуропада өркениет қана бар, ал өзге кеңістік "тағыларды мәдениетті адамға айналдырудың алаңы" – деп есептеді. Кез келген ұлттың өркениеттілігі, мәдени бітімі сол елдің тәуелсіздігі аясында өрбиді. Егемен ел — тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтас мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен жолды, шыққан биікті бағалай білу шарт. Өткенін бағалай білмеген келешегін де қадірлей алмайды. Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған. Өткен ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы жөнінде қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады. Бұл ретте С.Зимановтың "Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы", В.Ф. Шахматовтың "Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы", С. Толыбековтің "XVII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы", Д.Кішібековтің "Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы", Н. Масановтың "Қазақтардың көшпелі өркениеті", т.б. еңбектері жарық көрді. ## Көшпеліліктің шығу тегі Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты. Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетін жалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен. Көшпеліліктің эволюциясы. Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді. Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына, тіпті сүйегі мен мүйізін де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмыс қалыптасуы барысында, алдымен, сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы зор. Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды. Көшпелілікке өтуден бұрын мал шаруашылығы бірнеше өтпелі түрді: үй маңындағы малшылық, алысқа ұзамайтын бақташылық, жайлау бақташылығын басынан кешірді. Құдықтың шығуы да сол 2-мыңжылдықтың соңы, 1-мыңжылдықтың бас кезі. Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық қорғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады. Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малды құдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. Ендік көшпелілік — батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжып отыратын көшпеліліктің түрі. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. ## Қазақстанда мал шаруашылығының қалыптасуы Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі болды. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған. Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі анықталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген. Жылқы алғаш қолға үйретілген аймақ деп Шығыс Еуропа мен Еділ бойы есептеледі. Жылқыны қолға үйрету мөлшермен б.з.д. 4-мыңжылдықта болған сияқты. Қазақстан жерінде ең көне мал сүйегі энеолит дәуірі ескерткіштерінде кездеседі. Бұл — Терісек, Сексеуілді, Орталық Қазақстандағы Қарағайлы (Қарағанды маңы) тұрақтары, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым қонысы. Бұлардың мөлшерлі жасы б.з.д. 3-мыңжылдықтың орта шені. Бұл тұрақтардан қойдың, ешкінің, сиырдың, жылқының сүйектері табылған. Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған. Бұдан 3 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде құрғақшылық күшейді. Далалы, жартылай шөлейт, таулы аудандарда мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айнала бастады. Алдымен жартылай көшпелілік, содан соң көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады. Көшпелі шаруашылық түрлері. Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, Қазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған. Орта ғасырларда Ертіс бойы мен Жетісудағы отырықшы қоныстарда, кішігірім қалаларда суармалы егіншілік болған. Жартылай көшпелілерде егіншілік, отырықшылықтың белгілі бір нышаны болғанымен, негізгі шаруашылығы — мал бағу, ал тұрмысы көшпелілікке бейім болды. Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасып, таралды. Оларда мал шаруашылығымен қатар суармалы егіс, жауын суымен шығатын егіншілік жақсы дамыды. Соғды мен Ферғананың отырықшы мәдениетіне бұл елдердің көршілес жатуы оларда ертеде-ақ отырықшы мәдениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Сақ заманының өзінде Оңтүстікте Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты бекіністі қалашықтар қалыптасты. Отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуы, әсіресе б.з.д. 1-мыңжылдықтың бас кезіне дәл келеді, осы кезде бұрынғы көшпелі, жартылай көшпелі мал бағушы қауымдастық біртіндеп отырықшылыққа көшуге айналды. Осы кезден бастап, бұдан кейінгі ерте орта ғасырлар дәуірінде бұл аймақтарда үлкен отырықшы қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Дегенмен осы қоныстар мен қалалардың сыртында, маңайында жартылай көшпелі, отырықшы малшы қауымдар аз болған жоқ. Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қала мәдениеті жақсы дамып, халықтың көпшілігі отырықшылыққа айналды. Бұл жағдай Жетісудың да біраз аумағына таралды. Моңғол шапқыншылығынан кейін Оңтүстік Қазақстанда қола мәдениеті, отырықшы егіншілер экономикасы күйреген кезде, бұл өңірде де жартылай көшпелі мал шаруашылығы қайтадан жаңа қарқынмен дамыды. XVII—XVIII ғасырлардағы шығыста жоңғарлармен, батыста қалмақтармен соғыс қазақ халқының шаруашылығына өз әсерін тигізді. Көші-қон жолдары, бағыттары өзгерді, жайылым бірде тарылып, бірде кеңіді, мал басы азайды. Жоғарыда келтірілген екі мысал этносаяси жағдайлар халықтың шаруашылық құрылымының, бағытының өзгеруіне әкелетіндігін көрсетеді. Көшпелілердің өсірген түліктері. Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен. Ерте темір дәуірі заманында кәдімгі қойлармен қатар биязы жүнді қой, ешкі де өсірілген екен. Алтайдан, Жетісудан табылған ерте темір дәуіріне жататын киіздер осындай биязы жүннен басылған. Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік — жылқы. Жылқы мөлшермен б. з. д. 2-мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген. Сақ дәуірінде Қазақстан жерінде басы үлкен, аяғы қысқалау, тұрқы ұзын, түгі қалың жылқы тұқымы кең таралған. Бұл жылқылар тебіндеп жайылуға үйренген қазақтың қазіргі жабы жылқысы тұқымына жақын. Сонымен қатар сол заманның ақсүйектері, қолбасшы батырлары жерленген үлкен қорымдардан (Пазырық, Берел) тұрқы биік аттардың да сүйегі табылған. Сақ дәуірінде жабы сияқты төзімді, жекпе-жекке, үлкен ұрыстарға мінетін қазанаттармен қатар осы екі тұқымның араласуынан шыққан тұрқы орташа жылқы тұқымдары да болған. Олардың сүйектері Шығыс Қазақстан жеріндегі Кіші Красноярка қонысынан, Орталық Қазақстандағы Тасмола зиратынан табылған. Бұл деректер сақтардың жылқының әр түрлі тұқымдарын өздері сұрыптап шығара алғандығының белгісі. Сақ дәуірінде қалыптаса бастаған осы жылқылардың тұқымы ғұн, сармат, үйсін дәуірінде, одан соң көне түркілер заманында кең таралып, өз жалғасын тапты. Ұзақ жорықтарға төзімді, аса күй талғамайтын осындай жылқыларды қыпшақтар да өсірген. Қыпшақ жерін аралаған ибн Баттута деген араб саяхатшысының пікірінше, Үнді жерінде жорыққа мінуге арналған қыпшақ жылқыларына сұраныс өте күшті болған. Қазақстан жерінде қола дәуірінен бері ірі қара мал өсірілген. Қола, ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған сиыр сүйектері де ірі, орташа, ұсақ сиыр тұқымдарының болғандығын көрсетеді. Көшпелілер малының құрамында ірі қара аз болды. Қола дәуіріне қарағанда көшпелілік пайда болған ерте темір дәуірінде сиыр малы азайды. Тек қана үлкен өзен-көлдердің (Сыр, Ертіс, Жетісу аймақтары) маңын мекендеген жартылай көшпелі тайпалар сиыр өсірген. Ортағасырлық моңғол көшпелілерінде қысы-жазы өз аяғымен жайылуға бейімделген, жүні қалыңдау сиыр тұқымы өсірілген. Далалы, шөлейтті аймақтарды мекендеген көшпелілерде сиырдың осындай тұқымы кеңірек таралған болуы керек. Қазақтың ежелден қолға үйреткен төрт түлігінің бірі — түйе. Қазақстан, Орталық Азия жері қосөркешті түйенің қолға үйретілген аймағы болып есептеледі. Түйені қолға үйрету Арал, Маңғыстау өңірінде мөлшермен бұдан үш жарым мың жыл бұрын, яғни б.з.д. 2-мыңжылдықтың ортасында іске асқан. Үй түйесі Қазақстанның көптеген аймақтарында жабайы түйе — қаптағайды қолға үйретуден пайда болған. Туыстық қатынастар. Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көп жағдайда туыстық қатынастармен астасып жатыр. "Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық" деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ататектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Шежірелік бұл аңызды тарихи шындық деп қарауға болмайды. Бұл көшпелі қоғамның рулық идеологиясы туғызған аңыз. Көшпелі қоғам туыстық қағида бойынша бірігеді. Кейін отырықшы халықтарда ең жақын туыстық қағида ғана сақталып, қалған бірлестіктер аумақтық жақындық, яғни көршілік қағидаға негізделетін болған. Қазақ халқының құрамына кіретін үш жүздің баласының алыс этногенетикалық туысқандығы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Тайпа. Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады. Бұл жерде бір нәрсені ескерте кеткен жөн. Қазақтар тайпа деген атауды көп қолданбайды. Оның себебі бұл сөздің бізге арабтардан келгендігінен болса керек. Бірақ ғылыми әдебиетте "ру" деген сөзді орыстың "род", ал "тайпа" деген ұғымды "племя" деген сөзбен атау қалыптасқандықтан, біз рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз. Әйтпесе "тайпа" ұғымы кей өңірлерде ру ұғымынан тар шеңберлі ұғым болып есептеледі. Сонымен, тайпа дегеніміз—жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері деп түсінгеніміз жөн. Қазақ қоғамындағы көпшілік тайпалардың атауы өте әріден белгілі. Мысалы, үйсіндер мен қаңлылар тарихи деректерде бұдан 2300 жыл бұрын аталса, найман, керей, жалайыр, қыпшақ, т.б. тайпалар тарих бетіне кейіннен, бұдан 1200 жыл бұрын шыққандығы белгілі. Аталған қазақ тайпаларының біразы басқа туыстас халықтардың да құрамында кездеседі. Мысалы, қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, қаңлылар туысқан өзбек, башқұрт, ноғай, татар, мажар (венгр), т.б. халықтардың құрамында бар. Бұл қазақ тайпаларының көпшілігі әріден келе жатқан этностық бірлестіктер екендігін және бұл тайпалар қандас туыстар бірлігінен гөрі этностық, этносаяси бірлестік екендігінің куәсі Ру. Біздің пайымдауымызша, шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі. Жақын туыстар өзара қыз алыспайды. Балаға кішкентайынан жеті атасының кім екенін жаттатып өсірген. Бір атаның балалары жақындығы жағынан 7 атадан асқаннан кейін ғана өзара құдандалық қатынасқа түсуіне рұқсат етіледі. Оны ел ақсақалдары арнайы рәсімдейді. XVII—XIX ғасырларда кейбір рулар туыстығымыз, берекеміз бұзылмасын деп, 13—15 атаға дейін өзара қыз алыспаған. Жақын туыстар арасында қыз алыспау тәртібін рулық экзогамия дейді. Әріден келе жатқан үлкен руларда қандас туыстықпен қатар жай генеалогиялық (шежірелік) туыстық қалыптасқан. Рулардың өсіп-өну үдерісінде олар әр түрлі тарихи себептермен (соғыс, жер ауып көшу) өзара араласып сіңісіп отырған. Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Ұран ретінде сол рудың белгілі бір атақты адамының аты қабылданатын. Қазақ жөн сұрасқанда: "Қай рудансың?", "Қай елсің?" — деп сұраған. Мысалы, басқа тайпа арасына барғанда, алдымен қай жүзден, қай рудан, сол рудың ішіндегі қай тармақтан екенін, содан соң қай атадан тарайтынын айтқан. Мысалы: "Ұлы жүзбін, оның ішінде дулатпын, дулаттың ішінде жаныспын, оның ішінде жантумын, одан өтеміспін", — деп, бергі атасына дейін атап береді. Қазақ ру-тайпалары өзара қатты араласқан. Бұл араласу, бір жағынан, бір-бірімен некелік қатынастар арқылы болса, екінші жағынан, ел басына күн туған соғыс, жұт, әр түрлі жұқпалы аурулардан қоныс аударудан болған. Сонымен қатар ру-тайпалардың араласуына тайпалар, рулардың бір саяси-этностық одақтар құруы әсер етіп отырған. Қазақтың "Қарға тамырлы қазақпыз" деген нақылы олардың бір-бірімен туыстас екендігін көрсетеді. Қазақ қоғамының жүзге, руға бөлінушілігінің кейде келеңсіз, жағымсыз жақтары да бар. Өзінің шыққан тегін, аталарының шежіре тарихын әркім білуі керек. Онсыз адам тексіз, өнегесіз болып өседі. Бірақ өз шыққан тегін біле тұра, бүгінде сол ру-тайпалардан сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ деген біртұтас халықтың ұрпағы екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. ## Әлеуметтік жіктелу XVIII—XIX ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қанау бүркенішті әдістермен жүргізіліп, езгі түрінде болмағандықтан, таптық қарама-қайшылық қатты шиеленісте болған жоқ. Оның үстіне, туыстық қағидаға негізделген рулық қауым идеологиясы байларға кедей туыстарын қатты қанауға мүмкіндік бермеді, кедейдің өз туыстасының шаруашылығында жұмыс істеуі де қанау мазмұнын туыстық пиғылмен жеңілдетті. Қазақ қауымында, басқа жұрттан келіп сіңген кірмелер, қоңсылар, аз да болса құл, күңдер болды. Қауымның бұл тобындағы кедейлерді қанау, оларға әлеуметтік қатынас рулас қауым мүшелеріне қарағанда қаталдау болды. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да, бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байдың шаруашылығында жұмыс істеді. Дегенмен қазақ қоғамында құл мен күң деген елеулі әлеуметтік топ болған жоқ, өндірісте де олардың орны біршама төмен болды. Қазақ қоғамындағы ханнан, ханның әулетінен кейінгі тұрған әлеуметтік топ — сұлтандар. Сұлтандар хандар сияқты тек төре тұқымынан сайланды. Төре деген әлеуметтік этностық топты Шыңғыс ханның тұқымынан тараған ұрпақтарды ғана құрады. Олардың өз ұраны, өз таңбасы болды. Олар қазақ ішіндегі ақсүйек топқа жатады. Олар қазаққа қыз бермесе де, қазақтан қыз алды. Сондықтан қазаққа тезірек сіңісіп кетті. Төрені сағалап, паналап, басқа елден, тіпті басқа жұрттардан қазақ арасына сіңген кірмелер төлеңгіт деп аталды. Олар төренің малын бақты, жерін қорыды, сойылын соқты. Қазақ арасындағы тағы бір әлеуметтік-этностық топты қожалар құрады. Олардың арғы тегі — арабтан шыққан, қазақ жеріне ислам дінін таратушылардың ұрпағы. Олар қара қазаққа қызын бермеді, ал өздері қазақ қыздарына өте сирек үйленді. Сондықтан да олар қазақ болып, қазаққа сіңісіп кеткенімен, генетикалық жағынан оқшау қалды. ## Басқару жүйесі Көшпелі қазақ қоғамында өзінің басқару жүйесі болды. Көне заманда қазақ жерінде сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері болды. Орта ғасырларда наймандардың, керейлердің, жалайырлардың, қыпшақтардың мемлекеттіліктері болды. XIV ғасырға дейін Қазақстан жерінде әр түрлі мемлекеттер болды, XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы құрылды. Бұлардың барлығы да көшпелі қауымдастықтар құрған мемлекеттер. Сондықтан көшпелілерде мемлекеттілік болған жоқ, ал болса, "олар мемлекеттік басқару жүйесінің үлгісін отырықшы халықтардан алды, үйренді" деген пікірлер мүлдем қате. Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасқан XV—XVIII ғасырлар аралығындағы көшпелі қоғамның билік жүйесінде елдің ең жоғарғы саяси билігін хан жүргізді. Хан өкіметінің төмендегідей өкілеттігі және қызметі болды: 1. Хан бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы болып есептелді. Қол астындағы елді, жерді қорғау — оның басты міндеті саналды. 2. Хан бөтен елге соғыс ашу немесе бейбітшілік жөнінде келісім жасауға құқылы болды. 3. Хан бүкіл қазақ елінің атынан шетелдермен келісімшарттар жасады. 4. Хан елдің жоғарғы сотының қызметін атқарды, біреуді өлім жазасына бұйыруға немесе кешіруге құқылы болды. 5. Хан бүкіл елге қатысты заңдар, Жарлықтар шығарды. Көшпелілерде қағандар, хандар, патшалар сияқты елбасыларына бағыну, солардың маңайына топтасу, ел бірлігін сақтау ежелден қалыптасқан дәстүр. Өйткені оларда ел басқарушы адамдарға табыну дәстүрі болды. Сонау ғұндардың тәңірқұтыларынан, көне үйсіндердің күнбилерінен бастап, түркілердің қағандарына дейін ел басқарушыны Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді. Түркі заманының қоғамдарында қазақ хандарын да солай құрметтеді. Оларды хан сайлағанда, боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге отырғызып көтерді. Қазақ хандарының жанында ақылшысы, кеңесшілері, төбе билері, жасақтары, іс жүргізуші мемлекеттік қызметкерлері болды. Хан жергілікті жерлерді өзінің әрбір жүздегі өкілдері — сұлтандар арқылы, үлкен тайпа көсемдері — билер, ру-тайпа ақсақалдары арқылы басқарды. Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру ақсақалдары жүргізді. Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті. Ел ішіндегі істерді — ру, тайпа, жүздер арасындағы жер дауын, жесір дауын, үлкен барымталар дауын үш жүздің басы қосылған үлкен астарда да шешіп отырды. XVIII ғасырдың бірінші ширегіне дейін, яғни қазақ жерін Ресей империясы жаулап ала бастағанға дейінгі көшпелі, жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы саяси билік түрі — хандық басқару болды. Сонымен қатар ел басқару жүйесінде ежелден келе жатқан дәстүрлі қоғамның потестарлық билік жүйесі кең орын алды. Потестарлық билік жүйесі дегеніміз — таптық қоғамға дейінгі және таптық қоғамның бастапқы сатысында сақталатын дәстүрлі билік жүйесі. Ол бойынша елді ханмен бірге ел арасындағы беделді ақсақалдар, билер, батырлар басқарды. ## Қоғамдағы түрлі топтар қызметі Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Жалпы, арғы заманғы дәстүрлі қазақ қоғамында батырлардың орны ерекше болды. Оны олардың батырлар жырындағы бейнесінен байқаймыз. Көшпелі қазақ қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілер, тіпті ханның өзі де құлақ асып, санасты. Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, оташылар, сынықшылар айналысты. Олар әріден келе жатқан халық медицинасының әдіс-тәсілдерін меңгерген шипагерлер болды. Жалпы, көшпелі тұрмыстың жылжымалылығы, халықтың бір орында топтаспай, бытырап орналасуы, әр түрлі індет, жұқпалы аурудың тарауынан сақтады. Көшпелі қауымдастықтарда сол қоғам тіршілігіне қажетті барлық мамандық иелері болды. Олар — ұста, өрімші, үйші, ерші, атбегі, сыншы, құсбегі, есепші, бақсы, балгер, т.б. Ұста темірден таға, ауыздық, шалғы, орақ, күрек-сайман соқты. Көшпелі қазақ қоғамында темір ұсталарын, олардың дүниесін, көрігін қасиетті санаған. Сірә, олар отпен, металмен жұмыс істегендіктен қастерлесе керек. Жауынгердің қару-жарағын, сауыт-сайманын соғатын темір ұсталарының қоғамдағы бағасы да жоғары болды. Өрімші тері бұйымдарынан, қайыстаң әр түрлі ат әбзелдерін өрді. Үйші киіз үйдің ағаш сүйегін жасады. Ерші ер шауып, құрады. Атбегі ат баптады, сыншы асыл тұқымды жүйрік аттың сынын анықтап, таңдады. Құсбегі бүркіт, қаршыға, лашын құстарын қайырып, аңға, құсқа салды. Бақсы-балгер ем-дом жасады. Жауырыншы жауырынға қарап бал ашты, жол кесті, болашақты болжады. Әнші, күйші халық көңілін көтерді. Шешен ел атынан дауға түсті. Барымташы елдің басқада кеткен кегін малын тартып, айдап алу арқылы қайтарды. Майрампаз елді күлдірді, ел ішінде әр түрлі күлдіргі әңгіме тудырды. Олар Еуропа елдеріндегі шуттар сияқты, әдетте, хан ордасында, үлкен байлардың қолында жүрді. Майрампаз тауып сөйлейтін, мазақтаушылық қабілеті бар адамдар болды. Олардың орынды сайқымазағын ханның өзі де ренжімей көтерді. Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубаға шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғүрып, салт-санасымен қатты санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды. Сонымен, көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы өзінің бірнеше сатылы этностық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам. ## Глоссарий Глоссарий: Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді, қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды, сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Потестарлық билік жүйесі дегеніміз — таптық қоғамға дейінгі және таптық қоғамның бастапқы сатысында сақталатын дәстүрлі билік жүйесі. ## Дереккөздер 1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. 2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ## Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға әсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық-табиғи аясы далалық болып саналатын, көшпелі шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дәйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, академик А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті шығысқа қарағанда батыспен тығыз байланыста болған сияқты", – деп атап көрсеткен. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі қолданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов б.з.б. ІХ ғасырдан б.з. ХІ ғасыр аралығында көшпелілер мәдениетінің өрлеу дәуірі, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда «жасампаздық эволюцияны» бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде кеңестік тарихнама жоққа шығарған Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс, ғылымға "Дала өркениеті" – деген атпен ене бастады. Оның әлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде әділ баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының қойнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сияқты. Ал тарихты оқитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезеңде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзақ уақыт Азияның отары сияқты болды» - деп атап көрсетті.Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюция жолымен қалыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы әлеуметтену үрдісі мен нәсілдік-генетикикалық бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өңдеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты. ## Көшпелілер тұрмысы Көшпелілер тұрмысы. Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шығыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі үрдістерін өткерді. Әсіресе, мыңдаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық бірігулердің, геосаяси және әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтастырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені, көне қытай жазбаларында айтылған. Тоталитарлық режим тұсында тарихшылар түркі жұртының даңқы, өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап, Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезеңдерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық ұшырасқан емес. Көне түркілер дәуірлеген кезеңде көшпелі тұрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды. Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешендеріне орасан ықпалын тигізді. Тұрақты дипломат және сауда-саттық қарым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтастырып, тек материалдық айырбастың ғана емес, сондай-ақ, ілкі санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мәдени құндылықтардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәтижесінде Көк түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — төл сына жазуы қалыптасты. Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакас және Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. І-мыңжылдықтың соңы мен ІІ-мыңжылдықтың бас кезіндегі (V-VІ ғ-лардағы) түркілердің аса қуатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дәлел болады. XX ғ-дың басына шейін өзіндік өрнегі мен этникалық бітімін жоғалтпаған осынау ерекше мәдени-тарихи тип «Дала өркениеті» екендігі, белгілі қазақ зерттеуші-ғалымдары М.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің, М.Барманқұлов және т.б. еңбектерінде негізделген. Дала өркениеті шын мәнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік құбылыс емес, динамикалық, футуристік мән-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді. ## Рухани мәдениеті Рухани мәдениеті.Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды қалыптастырып, ұрпақтардың тарихи жадындай эпостык шығармалар арқылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі оқиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халқының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тәжірибесі жинақталған ауыз әдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз-әпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты. Ислам ренессансын бастан өткеріп, әлемдік ғылымдар мен ғылыми-танымдык ізденістердің бастауына (әл- Хорезмидің "әл-Жебрасы", Ұлықбектің астрономия зерттеулері, Омар Һайямның аспан денелерінің картасы, Әбу Әли Ибн Синаның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі әлемінің ішкі тұтасуының саяси-экономикалық, мәдени және этногенетикалық үрдістері, Шыңғысхан империясының шапқыншылығы кезінде күрт тоқырауға ұшырады. Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы территория шегінен тысқары кетуге мәжбүр болды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі Шыңғысхан империясының саяси құрылымын, әлеуметтік- құқықтық негіздерін жетілдіруге атсалысып, ұлан-ғайыр кеңістікке қанат жаюына тікелей жәрдемдесті. Шыңғысхан Түркі қағанаты кезінде қалыптасқан әскери-әкімшілік жүйені бұлжытпай басшылықка алды. ХV ғ-дың 60-жылдары құрылған Қазақ хандығының тағдыры ұлы Түркі қағанаты және Шыңғысхан империяларының тарихымен тамырласып, шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан территориясындағы сан ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, этносаяси үрдістердің заңды жалғасы ретінде өрбіді. Аралас, яки көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы қатар дамыған, дәстүрлі қала мәдениеті бар өлкенің табиғи топтасуы негізінде ХІV-ХV ғ-лардағы біртұтас экономикалық аймақ құру үрдісі бүкіл қазақ жерін бірегей саяси құрылымға біріктіруге жағдай жасады. Үш жарым ғасырдай Орталық Азияда елеулі рөл атқарған Қазақ хандығы мемлекеттік нышандарын жетілдіріп қана қойған жоқ, қазақ ұлтын тұтастырып, оның этникалық жер аумағын нығайтып, рухани және материалдық мәдениетін дамытты. Әлемдік шаруашылық жүргізу тенденцияларының өзгеруі Еуразия ендігіндегі геосаяси ахуалға қаяу түсірді. Елдің солтүстігінде өз тауарларын өткізу рыногын әрі арзан шикізат көзін иемдену, әділетсіз экономикалық айырбасқа жол ашу мүддесі көкейін тескен Ресей империясы ентелеп тұрды. Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім — Дала өркениетінің бесігі болған Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан да осы кезеңнен бастап сол империяның геосаяси мүдделерінің орбитасына айналды. Әскери-әкімшілік шаралардың ғана емес, сондай-ақ адуынды идеология аппараттың көмегімен отаршылдар этномәдени тұтастықты бұзып, ұлттық нигилизмге, тарихи жадсыздыққа дем берді. Көшпелілер қоғамын "басқаруға келмейтін, жабайы, қиратушылық қарымнан аспайтын, прогрессивті дамудың алғышарттарына қарсы жөңкілетін күш" ретінде сипаттайтын пікір орнықты. Патша генералдары мен жазалаушы отряд басшыларының өзі қазақ даласындағы озбырлық әрекеттерін, отарлау саясатын "өркениетті әлемді тағылықтан құтқару" деп түсінген. Тіпті, Батыс Еуропа ғалымдарының өзі (Тойнби, Р.Киплинг, М.Вебер, Э.Трельч, т.б.) еуропада өркениет қана бар, ал өзге кеңістік "тағыларды мәдениетті адамға айналдырудың алаңы" – деп есептеді. Кез келген ұлттың өркениеттілігі, мәдени бітімі сол елдің тәуелсіздігі аясында өрбиді. Егемен ел — тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтас мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен жолды, шыққан биікті бағалай білу шарт. Өткенін бағалай білмеген келешегін де қадірлей алмайды. Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған. Өткен ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы жөнінде қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады. Бұл ретте С.Зимановтың "Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы", В.Ф. Шахматовтың "Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы", С. Толыбековтің "XVII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы", Д.Кішібековтің "Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы", Н. Масановтың "Қазақтардың көшпелі өркениеті", т.б. еңбектері жарық көрді. ## Көшпеліліктің шығу тегі Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты. Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетін жалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен. Көшпеліліктің эволюциясы. Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді. Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына, тіпті сүйегі мен мүйізін де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмыс қалыптасуы барысында, алдымен, сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы зор. Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды. Көшпелілікке өтуден бұрын мал шаруашылығы бірнеше өтпелі түрді: үй маңындағы малшылық, алысқа ұзамайтын бақташылық, жайлау бақташылығын басынан кешірді. Құдықтың шығуы да сол 2-мыңжылдықтың соңы, 1-мыңжылдықтың бас кезі. Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық қорғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады. Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малды құдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. Ендік көшпелілік — батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжып отыратын көшпеліліктің түрі. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. ## Қазақстанда мал шаруашылығының қалыптасуы Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі болды. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған. Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі анықталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген. Жылқы алғаш қолға үйретілген аймақ деп Шығыс Еуропа мен Еділ бойы есептеледі. Жылқыны қолға үйрету мөлшермен б.з.д. 4-мыңжылдықта болған сияқты. Қазақстан жерінде ең көне мал сүйегі энеолит дәуірі ескерткіштерінде кездеседі. Бұл — Терісек, Сексеуілді, Орталық Қазақстандағы Қарағайлы (Қарағанды маңы) тұрақтары, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым қонысы. Бұлардың мөлшерлі жасы б.з.д. 3-мыңжылдықтың орта шені. Бұл тұрақтардан қойдың, ешкінің, сиырдың, жылқының сүйектері табылған. Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған. Бұдан 3 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде құрғақшылық күшейді. Далалы, жартылай шөлейт, таулы аудандарда мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айнала бастады. Алдымен жартылай көшпелілік, содан соң көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады. Көшпелі шаруашылық түрлері. Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, Қазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған. Орта ғасырларда Ертіс бойы мен Жетісудағы отырықшы қоныстарда, кішігірім қалаларда суармалы егіншілік болған. Жартылай көшпелілерде егіншілік, отырықшылықтың белгілі бір нышаны болғанымен, негізгі шаруашылығы — мал бағу, ал тұрмысы көшпелілікке бейім болды. Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасып, таралды. Оларда мал шаруашылығымен қатар суармалы егіс, жауын суымен шығатын егіншілік жақсы дамыды. Соғды мен Ферғананың отырықшы мәдениетіне бұл елдердің көршілес жатуы оларда ертеде-ақ отырықшы мәдениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Сақ заманының өзінде Оңтүстікте Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты бекіністі қалашықтар қалыптасты. Отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуы, әсіресе б.з.д. 1-мыңжылдықтың бас кезіне дәл келеді, осы кезде бұрынғы көшпелі, жартылай көшпелі мал бағушы қауымдастық біртіндеп отырықшылыққа көшуге айналды. Осы кезден бастап, бұдан кейінгі ерте орта ғасырлар дәуірінде бұл аймақтарда үлкен отырықшы қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Дегенмен осы қоныстар мен қалалардың сыртында, маңайында жартылай көшпелі, отырықшы малшы қауымдар аз болған жоқ. Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қала мәдениеті жақсы дамып, халықтың көпшілігі отырықшылыққа айналды. Бұл жағдай Жетісудың да біраз аумағына таралды. Моңғол шапқыншылығынан кейін Оңтүстік Қазақстанда қола мәдениеті, отырықшы егіншілер экономикасы күйреген кезде, бұл өңірде де жартылай көшпелі мал шаруашылығы қайтадан жаңа қарқынмен дамыды. XVII—XVIII ғасырлардағы шығыста жоңғарлармен, батыста қалмақтармен соғыс қазақ халқының шаруашылығына өз әсерін тигізді. Көші-қон жолдары, бағыттары өзгерді, жайылым бірде тарылып, бірде кеңіді, мал басы азайды. Жоғарыда келтірілген екі мысал этносаяси жағдайлар халықтың шаруашылық құрылымының, бағытының өзгеруіне әкелетіндігін көрсетеді. Көшпелілердің өсірген түліктері. Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен. Ерте темір дәуірі заманында кәдімгі қойлармен қатар биязы жүнді қой, ешкі де өсірілген екен. Алтайдан, Жетісудан табылған ерте темір дәуіріне жататын киіздер осындай биязы жүннен басылған. Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік — жылқы. Жылқы мөлшермен б. з. д. 2-мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген. Сақ дәуірінде Қазақстан жерінде басы үлкен, аяғы қысқалау, тұрқы ұзын, түгі қалың жылқы тұқымы кең таралған. Бұл жылқылар тебіндеп жайылуға үйренген қазақтың қазіргі жабы жылқысы тұқымына жақын. Сонымен қатар сол заманның ақсүйектері, қолбасшы батырлары жерленген үлкен қорымдардан (Пазырық, Берел) тұрқы биік аттардың да сүйегі табылған. Сақ дәуірінде жабы сияқты төзімді, жекпе-жекке, үлкен ұрыстарға мінетін қазанаттармен қатар осы екі тұқымның араласуынан шыққан тұрқы орташа жылқы тұқымдары да болған. Олардың сүйектері Шығыс Қазақстан жеріндегі Кіші Красноярка қонысынан, Орталық Қазақстандағы Тасмола зиратынан табылған. Бұл деректер сақтардың жылқының әр түрлі тұқымдарын өздері сұрыптап шығара алғандығының белгісі. Сақ дәуірінде қалыптаса бастаған осы жылқылардың тұқымы ғұн, сармат, үйсін дәуірінде, одан соң көне түркілер заманында кең таралып, өз жалғасын тапты. Ұзақ жорықтарға төзімді, аса күй талғамайтын осындай жылқыларды қыпшақтар да өсірген. Қыпшақ жерін аралаған ибн Баттута деген араб саяхатшысының пікірінше, Үнді жерінде жорыққа мінуге арналған қыпшақ жылқыларына сұраныс өте күшті болған. Қазақстан жерінде қола дәуірінен бері ірі қара мал өсірілген. Қола, ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған сиыр сүйектері де ірі, орташа, ұсақ сиыр тұқымдарының болғандығын көрсетеді. Көшпелілер малының құрамында ірі қара аз болды. Қола дәуіріне қарағанда көшпелілік пайда болған ерте темір дәуірінде сиыр малы азайды. Тек қана үлкен өзен-көлдердің (Сыр, Ертіс, Жетісу аймақтары) маңын мекендеген жартылай көшпелі тайпалар сиыр өсірген. Ортағасырлық моңғол көшпелілерінде қысы-жазы өз аяғымен жайылуға бейімделген, жүні қалыңдау сиыр тұқымы өсірілген. Далалы, шөлейтті аймақтарды мекендеген көшпелілерде сиырдың осындай тұқымы кеңірек таралған болуы керек. Қазақтың ежелден қолға үйреткен төрт түлігінің бірі — түйе. Қазақстан, Орталық Азия жері қосөркешті түйенің қолға үйретілген аймағы болып есептеледі. Түйені қолға үйрету Арал, Маңғыстау өңірінде мөлшермен бұдан үш жарым мың жыл бұрын, яғни б.з.д. 2-мыңжылдықтың ортасында іске асқан. Үй түйесі Қазақстанның көптеген аймақтарында жабайы түйе — қаптағайды қолға үйретуден пайда болған. Туыстық қатынастар. Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көп жағдайда туыстық қатынастармен астасып жатыр. "Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық" деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ататектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Шежірелік бұл аңызды тарихи шындық деп қарауға болмайды. Бұл көшпелі қоғамның рулық идеологиясы туғызған аңыз. Көшпелі қоғам туыстық қағида бойынша бірігеді. Кейін отырықшы халықтарда ең жақын туыстық қағида ғана сақталып, қалған бірлестіктер аумақтық жақындық, яғни көршілік қағидаға негізделетін болған. Қазақ халқының құрамына кіретін үш жүздің баласының алыс этногенетикалық туысқандығы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Тайпа. Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады. Бұл жерде бір нәрсені ескерте кеткен жөн. Қазақтар тайпа деген атауды көп қолданбайды. Оның себебі бұл сөздің бізге арабтардан келгендігінен болса керек. Бірақ ғылыми әдебиетте "ру" деген сөзді орыстың "род", ал "тайпа" деген ұғымды "племя" деген сөзбен атау қалыптасқандықтан, біз рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз. Әйтпесе "тайпа" ұғымы кей өңірлерде ру ұғымынан тар шеңберлі ұғым болып есептеледі. Сонымен, тайпа дегеніміз—жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері деп түсінгеніміз жөн. Қазақ қоғамындағы көпшілік тайпалардың атауы өте әріден белгілі. Мысалы, үйсіндер мен қаңлылар тарихи деректерде бұдан 2300 жыл бұрын аталса, найман, керей, жалайыр, қыпшақ, т.б. тайпалар тарих бетіне кейіннен, бұдан 1200 жыл бұрын шыққандығы белгілі. Аталған қазақ тайпаларының біразы басқа туыстас халықтардың да құрамында кездеседі. Мысалы, қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, қаңлылар туысқан өзбек, башқұрт, ноғай, татар, мажар (венгр), т.б. халықтардың құрамында бар. Бұл қазақ тайпаларының көпшілігі әріден келе жатқан этностық бірлестіктер екендігін және бұл тайпалар қандас туыстар бірлігінен гөрі этностық, этносаяси бірлестік екендігінің куәсі Ру. Біздің пайымдауымызша, шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі. Жақын туыстар өзара қыз алыспайды. Балаға кішкентайынан жеті атасының кім екенін жаттатып өсірген. Бір атаның балалары жақындығы жағынан 7 атадан асқаннан кейін ғана өзара құдандалық қатынасқа түсуіне рұқсат етіледі. Оны ел ақсақалдары арнайы рәсімдейді. XVII—XIX ғасырларда кейбір рулар туыстығымыз, берекеміз бұзылмасын деп, 13—15 атаға дейін өзара қыз алыспаған. Жақын туыстар арасында қыз алыспау тәртібін рулық экзогамия дейді. Әріден келе жатқан үлкен руларда қандас туыстықпен қатар жай генеалогиялық (шежірелік) туыстық қалыптасқан. Рулардың өсіп-өну үдерісінде олар әр түрлі тарихи себептермен (соғыс, жер ауып көшу) өзара араласып сіңісіп отырған. Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Ұран ретінде сол рудың белгілі бір атақты адамының аты қабылданатын. Қазақ жөн сұрасқанда: "Қай рудансың?", "Қай елсің?" — деп сұраған. Мысалы, басқа тайпа арасына барғанда, алдымен қай жүзден, қай рудан, сол рудың ішіндегі қай тармақтан екенін, содан соң қай атадан тарайтынын айтқан. Мысалы: "Ұлы жүзбін, оның ішінде дулатпын, дулаттың ішінде жаныспын, оның ішінде жантумын, одан өтеміспін", — деп, бергі атасына дейін атап береді. Қазақ ру-тайпалары өзара қатты араласқан. Бұл араласу, бір жағынан, бір-бірімен некелік қатынастар арқылы болса, екінші жағынан, ел басына күн туған соғыс, жұт, әр түрлі жұқпалы аурулардан қоныс аударудан болған. Сонымен қатар ру-тайпалардың араласуына тайпалар, рулардың бір саяси-этностық одақтар құруы әсер етіп отырған. Қазақтың "Қарға тамырлы қазақпыз" деген нақылы олардың бір-бірімен туыстас екендігін көрсетеді. Қазақ қоғамының жүзге, руға бөлінушілігінің кейде келеңсіз, жағымсыз жақтары да бар. Өзінің шыққан тегін, аталарының шежіре тарихын әркім білуі керек. Онсыз адам тексіз, өнегесіз болып өседі. Бірақ өз шыққан тегін біле тұра, бүгінде сол ру-тайпалардан сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ деген біртұтас халықтың ұрпағы екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. ## Әлеуметтік жіктелу XVIII—XIX ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қанау бүркенішті әдістермен жүргізіліп, езгі түрінде болмағандықтан, таптық қарама-қайшылық қатты шиеленісте болған жоқ. Оның үстіне, туыстық қағидаға негізделген рулық қауым идеологиясы байларға кедей туыстарын қатты қанауға мүмкіндік бермеді, кедейдің өз туыстасының шаруашылығында жұмыс істеуі де қанау мазмұнын туыстық пиғылмен жеңілдетті. Қазақ қауымында, басқа жұрттан келіп сіңген кірмелер, қоңсылар, аз да болса құл, күңдер болды. Қауымның бұл тобындағы кедейлерді қанау, оларға әлеуметтік қатынас рулас қауым мүшелеріне қарағанда қаталдау болды. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да, бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байдың шаруашылығында жұмыс істеді. Дегенмен қазақ қоғамында құл мен күң деген елеулі әлеуметтік топ болған жоқ, өндірісте де олардың орны біршама төмен болды. Қазақ қоғамындағы ханнан, ханның әулетінен кейінгі тұрған әлеуметтік топ — сұлтандар. Сұлтандар хандар сияқты тек төре тұқымынан сайланды. Төре деген әлеуметтік этностық топты Шыңғыс ханның тұқымынан тараған ұрпақтарды ғана құрады. Олардың өз ұраны, өз таңбасы болды. Олар қазақ ішіндегі ақсүйек топқа жатады. Олар қазаққа қыз бермесе де, қазақтан қыз алды. Сондықтан қазаққа тезірек сіңісіп кетті. Төрені сағалап, паналап, басқа елден, тіпті басқа жұрттардан қазақ арасына сіңген кірмелер төлеңгіт деп аталды. Олар төренің малын бақты, жерін қорыды, сойылын соқты. Қазақ арасындағы тағы бір әлеуметтік-этностық топты қожалар құрады. Олардың арғы тегі — арабтан шыққан, қазақ жеріне ислам дінін таратушылардың ұрпағы. Олар қара қазаққа қызын бермеді, ал өздері қазақ қыздарына өте сирек үйленді. Сондықтан да олар қазақ болып, қазаққа сіңісіп кеткенімен, генетикалық жағынан оқшау қалды. ## Басқару жүйесі Көшпелі қазақ қоғамында өзінің басқару жүйесі болды. Көне заманда қазақ жерінде сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері болды. Орта ғасырларда наймандардың, керейлердің, жалайырлардың, қыпшақтардың мемлекеттіліктері болды. XIV ғасырға дейін Қазақстан жерінде әр түрлі мемлекеттер болды, XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы құрылды. Бұлардың барлығы да көшпелі қауымдастықтар құрған мемлекеттер. Сондықтан көшпелілерде мемлекеттілік болған жоқ, ал болса, "олар мемлекеттік басқару жүйесінің үлгісін отырықшы халықтардан алды, үйренді" деген пікірлер мүлдем қате. Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасқан XV—XVIII ғасырлар аралығындағы көшпелі қоғамның билік жүйесінде елдің ең жоғарғы саяси билігін хан жүргізді. Хан өкіметінің төмендегідей өкілеттігі және қызметі болды: 1. Хан бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы болып есептелді. Қол астындағы елді, жерді қорғау — оның басты міндеті саналды. 2. Хан бөтен елге соғыс ашу немесе бейбітшілік жөнінде келісім жасауға құқылы болды. 3. Хан бүкіл қазақ елінің атынан шетелдермен келісімшарттар жасады. 4. Хан елдің жоғарғы сотының қызметін атқарды, біреуді өлім жазасына бұйыруға немесе кешіруге құқылы болды. 5. Хан бүкіл елге қатысты заңдар, Жарлықтар шығарды. Көшпелілерде қағандар, хандар, патшалар сияқты елбасыларына бағыну, солардың маңайына топтасу, ел бірлігін сақтау ежелден қалыптасқан дәстүр. Өйткені оларда ел басқарушы адамдарға табыну дәстүрі болды. Сонау ғұндардың тәңірқұтыларынан, көне үйсіндердің күнбилерінен бастап, түркілердің қағандарына дейін ел басқарушыны Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді. Түркі заманының қоғамдарында қазақ хандарын да солай құрметтеді. Оларды хан сайлағанда, боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге отырғызып көтерді. Қазақ хандарының жанында ақылшысы, кеңесшілері, төбе билері, жасақтары, іс жүргізуші мемлекеттік қызметкерлері болды. Хан жергілікті жерлерді өзінің әрбір жүздегі өкілдері — сұлтандар арқылы, үлкен тайпа көсемдері — билер, ру-тайпа ақсақалдары арқылы басқарды. Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру ақсақалдары жүргізді. Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті. Ел ішіндегі істерді — ру, тайпа, жүздер арасындағы жер дауын, жесір дауын, үлкен барымталар дауын үш жүздің басы қосылған үлкен астарда да шешіп отырды. XVIII ғасырдың бірінші ширегіне дейін, яғни қазақ жерін Ресей империясы жаулап ала бастағанға дейінгі көшпелі, жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы саяси билік түрі — хандық басқару болды. Сонымен қатар ел басқару жүйесінде ежелден келе жатқан дәстүрлі қоғамның потестарлық билік жүйесі кең орын алды. Потестарлық билік жүйесі дегеніміз — таптық қоғамға дейінгі және таптық қоғамның бастапқы сатысында сақталатын дәстүрлі билік жүйесі. Ол бойынша елді ханмен бірге ел арасындағы беделді ақсақалдар, билер, батырлар басқарды. ## Қоғамдағы түрлі топтар қызметі Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Жалпы, арғы заманғы дәстүрлі қазақ қоғамында батырлардың орны ерекше болды. Оны олардың батырлар жырындағы бейнесінен байқаймыз. Көшпелі қазақ қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілер, тіпті ханның өзі де құлақ асып, санасты. Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, оташылар, сынықшылар айналысты. Олар әріден келе жатқан халық медицинасының әдіс-тәсілдерін меңгерген шипагерлер болды. Жалпы, көшпелі тұрмыстың жылжымалылығы, халықтың бір орында топтаспай, бытырап орналасуы, әр түрлі індет, жұқпалы аурудың тарауынан сақтады. Көшпелі қауымдастықтарда сол қоғам тіршілігіне қажетті барлық мамандық иелері болды. Олар — ұста, өрімші, үйші, ерші, атбегі, сыншы, құсбегі, есепші, бақсы, балгер, т.б. Ұста темірден таға, ауыздық, шалғы, орақ, күрек-сайман соқты. Көшпелі қазақ қоғамында темір ұсталарын, олардың дүниесін, көрігін қасиетті санаған. Сірә, олар отпен, металмен жұмыс істегендіктен қастерлесе керек. Жауынгердің қару-жарағын, сауыт-сайманын соғатын темір ұсталарының қоғамдағы бағасы да жоғары болды. Өрімші тері бұйымдарынан, қайыстаң әр түрлі ат әбзелдерін өрді. Үйші киіз үйдің ағаш сүйегін жасады. Ерші ер шауып, құрады. Атбегі ат баптады, сыншы асыл тұқымды жүйрік аттың сынын анықтап, таңдады. Құсбегі бүркіт, қаршыға, лашын құстарын қайырып, аңға, құсқа салды. Бақсы-балгер ем-дом жасады. Жауырыншы жауырынға қарап бал ашты, жол кесті, болашақты болжады. Әнші, күйші халық көңілін көтерді. Шешен ел атынан дауға түсті. Барымташы елдің басқада кеткен кегін малын тартып, айдап алу арқылы қайтарды. Майрампаз елді күлдірді, ел ішінде әр түрлі күлдіргі әңгіме тудырды. Олар Еуропа елдеріндегі шуттар сияқты, әдетте, хан ордасында, үлкен байлардың қолында жүрді. Майрампаз тауып сөйлейтін, мазақтаушылық қабілеті бар адамдар болды. Олардың орынды сайқымазағын ханның өзі де ренжімей көтерді. Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубаға шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғүрып, салт-санасымен қатты санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды. Сонымен, көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы өзінің бірнеше сатылы этностық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам. ## Глоссарий Глоссарий: Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді, қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды, сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Потестарлық билік жүйесі дегеніміз — таптық қоғамға дейінгі және таптық қоғамның бастапқы сатысында сақталатын дәстүрлі билік жүйесі. ## Дереккөздер 1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. 2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
## 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра бастады.Қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комиттері сияқты басқа да қоғамдық ұйымдар маңызды жұмыстар атқарды. Ауылдық-селолық жердегі 20-жылдары жүргізілген басқа да бұқаралық іс-шаралардың бәріне шаруалар ұйымдары қатысқан.Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі 30-жылдардың басына қарай тоқтатылды. Сталиндік, голощекиндік ұжымдастыру басталып, демократияның шектелуіне байланысты жоғарыда аталған бұқаралық ұйымдар, алдымен, Қосшы одағын таратып, мүліктер мен оларға қарасты кәсіпорындарды ұжымшарлардың бөлінбес қорына берді.20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді сөз еткенде төмендегі мәселеге ерекше назар аудару қажет. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға кірісті. Бұл зерденің иелері ұлттық зиялы топтың көрнекті өкілдері болатын. Соларға қысым көрсетуге бағытталған кең көлемді шаралар жүргізіле бастады. Кеңестік Шығыс халықтары мен ішінара Еділ бойының халықтары жүздеген жылдар бойы араб әліпбиін пайдаланып келгені мәлім. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша 1929 жылы латын әліпбиіне, ал 1940 жылы кириллицаға көшірілді. Осының салдарынан қазақтар бір ұрпақтың өмірінде ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің інжу-маржандары саналып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдарынан айырылды. ## Республикада партия мен комсомолдың орталық органдарының құрылуы 1921 жылы құрылған облыстық партия ұйымы 1925 жылы өлкелік болып өзгертілді. 1921 жылы Орынборда Қазақстан комсомолының І съезі болып өткеннен кейін жастар ұйымдары да өздерінің қызметін жандандыра түсті. Қазақстан комсомолының тарихында Ғани Мұратбаевтың (1902-1925 жж.) орны ерекше. Қысқа өмір сүрсе де Қазақстан комсомолы тарихында өшпес із қалдырды. ## Ғани Мұратбаев Қазақстан мен Орталық Азия комсомолының аса көрнекті ұйымдастырушыларының және басшыларының бірі, ол қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында 1902 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Кеңес өкіметі орнасымен ол Қазалы уездік Кеңесі атқару комитетінің мүшесі болды. 1918 жылы Ғани Мұратбаев Ташкенттің кеңес- партия мектебіне оқуға түседі. 1920 жылы ол Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. Самарқан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1920 жылы қазанда Ғани Мұратбаев комсомолдың ІІІ съезінің жұмысына қатысты. 1921 жылы Ғ.Мұратбаев Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Жастардың Коммунистік Интернационалының (КИМ) ІІІ конгресінде ол Жастардың Коммунистік Интернационалы атқару комитетінің мүшесі, ал 1923 жылы Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды.1923 жылдан бастап Ғ.Мұратбаев Мәскеуде жұмыс істеді. Ол Жастардың Комммунистік Интернационалының Шығыстағы еңбекші жастар бөлімін басқарды. Ғани 1925 жылы 15 сәуірде Мәскеуде қайтыс болды. Ол, алдымен, Қазақстан мен Орталық Азия республикаларының жастарын оқуға тартуға, кәсіптік маамндықты тезірек үйренуіне күш салды. Қазақстан жастары өз қатарынан Ғ.Мұратбаев сияқты халықаралық коммунистік жастар қозғалысының тамаша қайраткерлерін өсіріп шығарғанын мақтан етеді. Қазақстан жұртшылығы 2002 жылы оның туғанына 100 жыл толуын құрметпен атап өтті.Бұл жылдары Қазақ АКСР үкіметі Мәскеуден келген нұсқауларды басшылыққа ала отырып, Кеңес өкіметін одан әрі нығайтумен қатар, өз тарапынан ескіліктің «сарқыншақтарын» жоюмен де айналысты. Жергілікті жерде өтіп жатқан сайлаулардан байлар, діни қызметкерлер, имамдар шеттетілді. Мәселен, күйеуге беретін қыз үшін қалың мал алуды жою, көп әйел алуға, әмеңгерлікке тыйым салу туралы Декреттер қабылдап, оларды халық арасында кеңінен насихаттады. Әйелдер тағдырына қатысты осы және басқа да қаулы қарарлар мен Декреттерді жүзеге асыруға Н.Құлжанова, Ш.Иманбаева және басқалар белсене қатысты. ## Нәзипа Құлжанова (1887-1934 жж.) - бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол Ы.Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейіннен Қостанайдағы гимназияға түседі. Бұны бітірген соң, Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқып, оны үздік бітіреді. 1904 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясына оқытушы болып орналасады. Осы жылдардан бастап қоғамдық істерге белсене араласады. Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты кеш ұйымдастырып (1914 ж.), орыс және қазақ тілдерінде баяндама жасайды. 1920-1922 жылдары-Ақмолада мұғалім, 1923-1925 жылдары- «Қызыл Қазақстан» журналының, 1925-1929 жылдары- «Әйел теңдігі» журналының жауапты хатшысы болды. Орыс тілінен аудармалар жасады (М.Горький, В.Г.Короленко, А.Куприн, Б.А.Лавренко, А.Скиталей, т.б.). Нәзипа орыс тіліндегі еңбектерді сол тұстағы қазақ жағдайына бейімдей отырып «Ана мен бала» атты кітапты жазады (1927 ж.).Бұл сол кездегі жағдайға байланысты медициналық ағарту жұмысының талабынан туған дүние болатын.1923 жылы шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы қазақ педагогикасында сәбилер тәрбиесіне арналған алғашқы әдістемелік құрал. Мұнда мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің тарихы, олардың отандық және шетелдік үлгілері сөз болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің мәні мен оның қазақ жеріндегі ерекшеліктері де ашылады. Ол табиғатты сүю мен еңбекке тәрбиелеуді баса көрсетіп, екеуін де өзектес мәселе деп қарайды. Өзі де Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастыру ісіне белсене араласады.Ауылдық жерде мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі. Ауылдық жерлердегі қызыл отаулар мәдени-ағарту жұмысының нағыз орталығына айналды. өкіметті қарапайым халықпен жақындастыру, халық өкілдерін мемлекетті басқару ісіне араластыру, еңбекшілердің өкіметке деген сенімін арттыру, ұлттар арасындағы туысқандық қатынасты нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Мәселен,Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1923 жылы «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет шығарады. Онда Орталық өкімет пен үкімет атынан шығарылатын заңдарды, губерниялық ұйымдардың нормативтік актілерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау көзделді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті «қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» Декрет шығарды.30-жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте орталықтан жіберілген Ф.И.Голощекиннің келуіне байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Ол Сталиннің қатаң бағытын, аймақтық көсемшілдік идеясын жақтады. Ол ауыл «Қазан» лебін сезінген жоқ, «1925 жылдың күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымында өзгеріс болған жоқ» деп дәлелдеп бақты. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұстанды. Бірақ бұл саясат елеулі қарсылыққа ұшырады. Алайда, голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлер қуғындала бастады. 1927-1929 жылдары әр түрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Халық ағарту комиссары С.Сәдуақасов және басқалар қызметінен алынды.Бұл зиялы топ Қазақстандағы голощекиндік саясаттың қателігіне алғаш республиканың бірінші басшысының өзін, одан соң оның Мәскеудегі «қожасы» И.Сталиннің көзін жеткізуге әр түрлі жолдармен әрекет жасап бақты. Бірақ оларға « жікшілдік күреске қатысты» деген кінә тағылды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюінен ұлттық рсепубликаларда ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде қатаң шаралар қолданыла бастады.1928 жылы «буржуазиялық ұлтшылдар» деп аталғандардың, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М,Жұмайбайұлы, Ж.Аймауытов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалары бар ұлттық зиялылардың екінші тобы (40 адамдай) 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында қамауға алынды. Бұлардың бәрі дерлік 1937-1938 жылдары жазықсыз жазаланды.30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өріс ала бастады. Қазақстанда ұлтшылдық бағыттағы «жауларды» іздеу басталды. Қазақстан партия ұйымына «меңдешевшілдік», «қожановшылдық», «сейфуллиншілдік» деп аталатын айдар тағылып, партия ұйымдарын қудалау жүргізілді. Олар, негізінен, троцкийшілдердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды. 1937-1938 жылдардағы қатаң жазалау кезінде республика бойынша партия қатарынан 9223 адам халық жауы ретінде аластатылған.1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясатынан Кеңес өкіметін оранту жолында, коммунистік идеяларының салтанат құруы үшін күрескендер де құтыла алмады. БК (б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияға берілген адал да тәжірибелі қайраткерлер құрбан болды. Олардың арасында кәсіпқой революционер В.Н.Андронников, 1917 жылдан партия мүшесі Л.И. Мирзоян, азамат соғысына қатысушы К. Рафальский және тағы басқа көптеген адамдар болды. ## Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VІІІ съезінде Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңы-КСРО Конституциясы қабылданды. Осы заң бойынша бұған дейін кейбір автономиялы рсепублика болып келгендер одақтас республикаларға айналды, солардың бірі-Қазақстан еді. Енді ол Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып, он бір одақтас республикадан тұратын КСРО-ның құрамына кірді.1937 жылдың наурыз айында Қазақстан кеңестерінің төтенше Х съезі Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясын қабылдады. Онда бүкіл елдегі сияқты, республикада да социализм негіздері құрылғаны, өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік және шаруашылыққа жоспарлы басшылық нығайғаны, адамды адамның қанауы жойылып, тең құқықты қатынастардың қалыптасқаны, халықтар ынтымақтастығының жолға қойылып, экономика мен мәдениет өрлеуінің жүзеге асырылғаны, дамығаны атап көрсетілді.Қазақ КСР-інің саяси негізі- еңбекшілер депутаттарының кеңестері, экономикалық негізі-социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік болатыны атап айтылды. Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде енеді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болады деп көрсетілді.1937 жылдың желтоқсанында КСРО ел еңбекшілері КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауын өткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесіне республикадан 44 депутат сайланды, олардың ішінде шахтер Т. Күзембаев, мұнайшы С.Зұрбаев, комбайншы И.Логвиненко, сауыншы С. Оңғарбаева, флотатор Ә.Әлімжанов және басқалар болды.20-30 жылдар кезеңін қорытындылай келе, Кеңес елін мекендеген басқа халықтар сияқты қазақ халқы да қайшылықтар мен қиындықтарға толы қаһармандық жолдан өтті деуге болады. Біріншіден, қазақ халқының саяси теңдікпен, аумақтық автономия болу құқығына қолы жетті. Мәдениет пен білім беру саласында да табысқа ие болды. Осының бәріне ұлт-азаттық күресінің тынысы, халықтың әділеттікке, иманды қоғамға сенімі әсер етті. Екінші жағынан, экономика мен мәдениет салаларындағы қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты. ## Глоссарий: Рабфак - 1919-1940 жылдары кеңестік елдегі жұмысшы, шаруа жастарын жоғары мектепте оқу үшін даярлайтын жұмысшы факультеті.Коммуна - мүлік және еңбек бөлісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы.Түсті металлургия-өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.Қара металлургия- руда және руда емес, шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.Жоспарлау- экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс –шаралар кешенін әзірлеу. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 11 сынып, қоғамдық-гуманитарлық бағыт, Алматы «Мектеп» 2007 жҚазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» баспасы, 1994 ж. ## 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра бастады.Қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комиттері сияқты басқа да қоғамдық ұйымдар маңызды жұмыстар атқарды. Ауылдық-селолық жердегі 20-жылдары жүргізілген басқа да бұқаралық іс-шаралардың бәріне шаруалар ұйымдары қатысқан.Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі 30-жылдардың басына қарай тоқтатылды. Сталиндік, голощекиндік ұжымдастыру басталып, демократияның шектелуіне байланысты жоғарыда аталған бұқаралық ұйымдар, алдымен, Қосшы одағын таратып, мүліктер мен оларға қарасты кәсіпорындарды ұжымшарлардың бөлінбес қорына берді.20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді сөз еткенде төмендегі мәселеге ерекше назар аудару қажет. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға кірісті. Бұл зерденің иелері ұлттық зиялы топтың көрнекті өкілдері болатын. Соларға қысым көрсетуге бағытталған кең көлемді шаралар жүргізіле бастады. Кеңестік Шығыс халықтары мен ішінара Еділ бойының халықтары жүздеген жылдар бойы араб әліпбиін пайдаланып келгені мәлім. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша 1929 жылы латын әліпбиіне, ал 1940 жылы кириллицаға көшірілді. Осының салдарынан қазақтар бір ұрпақтың өмірінде ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің інжу-маржандары саналып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдарынан айырылды. ## Республикада партия мен комсомолдың орталық органдарының құрылуы 1921 жылы құрылған облыстық партия ұйымы 1925 жылы өлкелік болып өзгертілді. 1921 жылы Орынборда Қазақстан комсомолының І съезі болып өткеннен кейін жастар ұйымдары да өздерінің қызметін жандандыра түсті. Қазақстан комсомолының тарихында Ғани Мұратбаевтың (1902-1925 жж.) орны ерекше. Қысқа өмір сүрсе де Қазақстан комсомолы тарихында өшпес із қалдырды. ## Ғани Мұратбаев Қазақстан мен Орталық Азия комсомолының аса көрнекті ұйымдастырушыларының және басшыларының бірі, ол қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында 1902 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Кеңес өкіметі орнасымен ол Қазалы уездік Кеңесі атқару комитетінің мүшесі болды. 1918 жылы Ғани Мұратбаев Ташкенттің кеңес- партия мектебіне оқуға түседі. 1920 жылы ол Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. Самарқан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1920 жылы қазанда Ғани Мұратбаев комсомолдың ІІІ съезінің жұмысына қатысты. 1921 жылы Ғ.Мұратбаев Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Жастардың Коммунистік Интернационалының (КИМ) ІІІ конгресінде ол Жастардың Коммунистік Интернационалы атқару комитетінің мүшесі, ал 1923 жылы Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды.1923 жылдан бастап Ғ.Мұратбаев Мәскеуде жұмыс істеді. Ол Жастардың Комммунистік Интернационалының Шығыстағы еңбекші жастар бөлімін басқарды. Ғани 1925 жылы 15 сәуірде Мәскеуде қайтыс болды. Ол, алдымен, Қазақстан мен Орталық Азия республикаларының жастарын оқуға тартуға, кәсіптік маамндықты тезірек үйренуіне күш салды. Қазақстан жастары өз қатарынан Ғ.Мұратбаев сияқты халықаралық коммунистік жастар қозғалысының тамаша қайраткерлерін өсіріп шығарғанын мақтан етеді. Қазақстан жұртшылығы 2002 жылы оның туғанына 100 жыл толуын құрметпен атап өтті.Бұл жылдары Қазақ АКСР үкіметі Мәскеуден келген нұсқауларды басшылыққа ала отырып, Кеңес өкіметін одан әрі нығайтумен қатар, өз тарапынан ескіліктің «сарқыншақтарын» жоюмен де айналысты. Жергілікті жерде өтіп жатқан сайлаулардан байлар, діни қызметкерлер, имамдар шеттетілді. Мәселен, күйеуге беретін қыз үшін қалың мал алуды жою, көп әйел алуға, әмеңгерлікке тыйым салу туралы Декреттер қабылдап, оларды халық арасында кеңінен насихаттады. Әйелдер тағдырына қатысты осы және басқа да қаулы қарарлар мен Декреттерді жүзеге асыруға Н.Құлжанова, Ш.Иманбаева және басқалар белсене қатысты. ## Нәзипа Құлжанова (1887-1934 жж.) - бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол Ы.Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейіннен Қостанайдағы гимназияға түседі. Бұны бітірген соң, Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқып, оны үздік бітіреді. 1904 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясына оқытушы болып орналасады. Осы жылдардан бастап қоғамдық істерге белсене араласады. Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты кеш ұйымдастырып (1914 ж.), орыс және қазақ тілдерінде баяндама жасайды. 1920-1922 жылдары-Ақмолада мұғалім, 1923-1925 жылдары- «Қызыл Қазақстан» журналының, 1925-1929 жылдары- «Әйел теңдігі» журналының жауапты хатшысы болды. Орыс тілінен аудармалар жасады (М.Горький, В.Г.Короленко, А.Куприн, Б.А.Лавренко, А.Скиталей, т.б.). Нәзипа орыс тіліндегі еңбектерді сол тұстағы қазақ жағдайына бейімдей отырып «Ана мен бала» атты кітапты жазады (1927 ж.).Бұл сол кездегі жағдайға байланысты медициналық ағарту жұмысының талабынан туған дүние болатын.1923 жылы шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы қазақ педагогикасында сәбилер тәрбиесіне арналған алғашқы әдістемелік құрал. Мұнда мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің тарихы, олардың отандық және шетелдік үлгілері сөз болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің мәні мен оның қазақ жеріндегі ерекшеліктері де ашылады. Ол табиғатты сүю мен еңбекке тәрбиелеуді баса көрсетіп, екеуін де өзектес мәселе деп қарайды. Өзі де Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастыру ісіне белсене араласады.Ауылдық жерде мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі. Ауылдық жерлердегі қызыл отаулар мәдени-ағарту жұмысының нағыз орталығына айналды. өкіметті қарапайым халықпен жақындастыру, халық өкілдерін мемлекетті басқару ісіне араластыру, еңбекшілердің өкіметке деген сенімін арттыру, ұлттар арасындағы туысқандық қатынасты нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Мәселен,Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1923 жылы «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет шығарады. Онда Орталық өкімет пен үкімет атынан шығарылатын заңдарды, губерниялық ұйымдардың нормативтік актілерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау көзделді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті «қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» Декрет шығарды.30-жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте орталықтан жіберілген Ф.И.Голощекиннің келуіне байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Ол Сталиннің қатаң бағытын, аймақтық көсемшілдік идеясын жақтады. Ол ауыл «Қазан» лебін сезінген жоқ, «1925 жылдың күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымында өзгеріс болған жоқ» деп дәлелдеп бақты. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұстанды. Бірақ бұл саясат елеулі қарсылыққа ұшырады. Алайда, голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлер қуғындала бастады. 1927-1929 жылдары әр түрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Халық ағарту комиссары С.Сәдуақасов және басқалар қызметінен алынды.Бұл зиялы топ Қазақстандағы голощекиндік саясаттың қателігіне алғаш республиканың бірінші басшысының өзін, одан соң оның Мәскеудегі «қожасы» И.Сталиннің көзін жеткізуге әр түрлі жолдармен әрекет жасап бақты. Бірақ оларға « жікшілдік күреске қатысты» деген кінә тағылды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюінен ұлттық рсепубликаларда ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде қатаң шаралар қолданыла бастады.1928 жылы «буржуазиялық ұлтшылдар» деп аталғандардың, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М,Жұмайбайұлы, Ж.Аймауытов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалары бар ұлттық зиялылардың екінші тобы (40 адамдай) 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында қамауға алынды. Бұлардың бәрі дерлік 1937-1938 жылдары жазықсыз жазаланды.30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өріс ала бастады. Қазақстанда ұлтшылдық бағыттағы «жауларды» іздеу басталды. Қазақстан партия ұйымына «меңдешевшілдік», «қожановшылдық», «сейфуллиншілдік» деп аталатын айдар тағылып, партия ұйымдарын қудалау жүргізілді. Олар, негізінен, троцкийшілдердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды. 1937-1938 жылдардағы қатаң жазалау кезінде республика бойынша партия қатарынан 9223 адам халық жауы ретінде аластатылған.1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясатынан Кеңес өкіметін оранту жолында, коммунистік идеяларының салтанат құруы үшін күрескендер де құтыла алмады. БК (б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияға берілген адал да тәжірибелі қайраткерлер құрбан болды. Олардың арасында кәсіпқой революционер В.Н.Андронников, 1917 жылдан партия мүшесі Л.И. Мирзоян, азамат соғысына қатысушы К. Рафальский және тағы басқа көптеген адамдар болды. ## Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VІІІ съезінде Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңы-КСРО Конституциясы қабылданды. Осы заң бойынша бұған дейін кейбір автономиялы рсепублика болып келгендер одақтас республикаларға айналды, солардың бірі-Қазақстан еді. Енді ол Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып, он бір одақтас республикадан тұратын КСРО-ның құрамына кірді.1937 жылдың наурыз айында Қазақстан кеңестерінің төтенше Х съезі Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясын қабылдады. Онда бүкіл елдегі сияқты, республикада да социализм негіздері құрылғаны, өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік және шаруашылыққа жоспарлы басшылық нығайғаны, адамды адамның қанауы жойылып, тең құқықты қатынастардың қалыптасқаны, халықтар ынтымақтастығының жолға қойылып, экономика мен мәдениет өрлеуінің жүзеге асырылғаны, дамығаны атап көрсетілді.Қазақ КСР-інің саяси негізі- еңбекшілер депутаттарының кеңестері, экономикалық негізі-социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік болатыны атап айтылды. Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде енеді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болады деп көрсетілді.1937 жылдың желтоқсанында КСРО ел еңбекшілері КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауын өткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесіне республикадан 44 депутат сайланды, олардың ішінде шахтер Т. Күзембаев, мұнайшы С.Зұрбаев, комбайншы И.Логвиненко, сауыншы С. Оңғарбаева, флотатор Ә.Әлімжанов және басқалар болды.20-30 жылдар кезеңін қорытындылай келе, Кеңес елін мекендеген басқа халықтар сияқты қазақ халқы да қайшылықтар мен қиындықтарға толы қаһармандық жолдан өтті деуге болады. Біріншіден, қазақ халқының саяси теңдікпен, аумақтық автономия болу құқығына қолы жетті. Мәдениет пен білім беру саласында да табысқа ие болды. Осының бәріне ұлт-азаттық күресінің тынысы, халықтың әділеттікке, иманды қоғамға сенімі әсер етті. Екінші жағынан, экономика мен мәдениет салаларындағы қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты. ## Глоссарий: Рабфак - 1919-1940 жылдары кеңестік елдегі жұмысшы, шаруа жастарын жоғары мектепте оқу үшін даярлайтын жұмысшы факультеті.Коммуна - мүлік және еңбек бөлісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы.Түсті металлургия-өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.Қара металлургия- руда және руда емес, шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.Жоспарлау- экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс –шаралар кешенін әзірлеу. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 11 сынып, қоғамдық-гуманитарлық бағыт, Алматы «Мектеп» 2007 жҚазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» баспасы, 1994 ж.
## ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР Адамдар ерте кезден-ақ өмірде көрген-білгендері мен іс-тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа қалдырудың түрлі жолдарын ойластырған. Сондықтан, олар мұның бірден-бір жолын жазып қалдыру деп танығандықтан, ендігі жерде жазуға деген қажеттілік күшейеді. Нәтижесінде, бұдан бес мың жыл бұрын сурет, шартты белгілер түрінде алғашқы жазу пайда болған екен. Ежелгі адамдар өз ойларын еркін жеткізу үшін әр сөзге немесе әрбір буынға бір сурет немесе бір шартты белгі қойған. Мысалы, жаңа тас дәуіріндегі адамдар тас тақтайшалардың бетін қашап бұғы, адам, жұлдыз, балта және ай мен күннің суретін салған. Мұндай тасқа қашап жазған жазуларды –пиктография деп атаймыз. Дегенмен тасқа қашап жазудың қаншалықты қиын екені белгілі. Сондықтан адамдардың жеңіл жазу түрлерін ойластыру барысында сына жазу үлгілері пайда болады. Тарихта осындай шартты белгілер негізінде ең көне жазу үлгісі – Шумер сына жазуы болып табылады. Осы жерде балалар, біздің ойымызда «сына жазу деген қандай жазу және ол қалай жазылған?» деген сұрақтың туындары сөзсіз. Ендеше сына жазудың жасалу және жазылу тәсіліне көз жүгіртсек, олардың бұл жазуға қыш тақталар мен қамыс таяқшаларды пайдаланғанын көреміз. Яғни, олар алдымен кеппеген саз балшықтан төрт бұрышты тақтайшалар жасаған. Содан соң оған құстың қауырсыны немесе қамыс таяқшалармен суретті таңбалар салады. Жазып болғаннан кейін қыш тақтаны отқа күйдіріп, кепкеннен соң қаттап жинап қойған. Мәселен, археологтар Ассирияның астанасы Ниневия қаласына қазба жұмыстарын жүргізу барысында өртенген сарайдың ішінен «қыш кітаптары» бар кітапхананы табады. Дегенмен, сарайдың өзі өртеніп кетсе де, ондағы кітаптар сол қалпында сақталып қалған. ## Мазмұны Жазудың пайда болуы оны жазатын ыңғайлы материалды қажет еткені анық. Осыған орай, ертедегі адамдар жазу кезінде қыш тақталардан басқа, қайың қабығын, пергамент және папирустарды пайдаланған. Соның ішінде қайың қабығына жазу тәсілі ежелгі Русьте кең тараса, египеттіктер Ніл өзенінің таяз жерінде өсетін биіктігі 4-5 метр болатын папирус қамысын жазу мақсатында пайдаланды. Олар осы қамыс сабағынан жазу парақтарын дайындап, оны – «папирус» деп атаған екен. Ал, «пергамент» болса б.з.б ІІ ғасырда Пергам патшалығында аса мұқият өңдеу барысында бұзау терісінен алынатын жазу құралы болып табылады. Бір бұзаудың терісінен жазуға арналған 2-3 парақ пергамент дайындалған.Осылайша балалар, жазудың пайда болуы мен жазу құралдары жөнінен хабардар бола отырып, ендігі кезекте әлемде алғаш рет алфавиттің пайда болу тарихына тоқталайық. Жер бетінде ең алғашқы алфавит бұдан үш жарым мың жыл бұрын Финикия жерінде ойлап табылды. Бұл алфавиттің қазіргі алфавиттен ерекшелігі – онда дауысты дыбыстар болмаған екен. Дауысты дыбыстарды олар өздері қойып оқитындықтан үлкен қиындық туғызды. Сондықтан, оны әркім әртүрлі оқуы да мүмкін еді. Алайда, гректер финикиялықтардың осы алфавитіне дауысты дыбыстар қосып, бүгінгі таңда қолданылып жүрген әріптердің негізін қалаған.Балалар, жазба деректерге қатысты келесі бір бөліп айтатын әңгіме – қазақ жазуының қалай қалыптасқаны жөніндегі мәселе. Жалпы қазақ жазуы өзінің бастауын көне түркілердің руна жазуынан алады. «Руна» дегеніміз «құпия» деген мағынаны білдірген. Кезінде осы жазумен көптеген ескерткіштерге құнды мәліметтер жазылған. Солардың ішіндегі ең айқын үлгілері Солтүстік Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің аңғарынан табылған тас бағандардағы орхон-енисей жазбаларында көрініс тапқан. Кейіннен Орталық Азияға арабтардың келуімен қазақ жерінде ислам діні орнығып, қазақтар «араб жазуымен» жаза бастаған. Бұған мысал ретінде орта ғасырлардағы Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашғари, Қожа АхметЯсауи тәрізді әйгілі қазақ ғұламаларының еңбектері осы араб графикасына негізделгенін айта аламыз. Осылайша он ғасырға жуық қазақтардың жазуына айналған араб алфавиті негізінде қазақ халқы өзіне баға жетпес мол мәдени мұра қалыптастырды. Алайда, XX ғасырдың басында, яғни 1929 жылы кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде қазақ жазуы араб графикасынан латын алфавитіне көшірілді. Жаңа алфавитпен бірге қазақ халқының қаншама жылдар бойы араб графикасы негізінде қалыптасқан мәдениеті қоса жоғалып, қазақ халқы жазу-сызуды мүлдем білмеген қараңғы сауатсыз халық ретінде нақақпен көрсетілді. Осы ретте, қазақ ұлтының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасына негізделген қазақ халқына ең тиімді «төте жазуды» ойлап тапқан болатын. Өкінішке орай, бұл жазу қолданысқа енгізілген жоқ. ## Маңызы Осылайша, кеңес үкіметі қазақ халқының сан жылдар бойы қалыптасқан мәдени құндылықтарын ешбір мойындамастан, сауатсыздықпен күрес науқанын жүргізді. Сөйтіп, қазақ халқы кеңестік саясат негізінде енгізілген латын алфавитінде жазуды үйренген болатын, алайда, қайтадан 1940 жылы орыс графикасына негізделген «кириллицаға» көшірді. Мінеки балалар, осылайша тарихқа көз жүгірте отырып, жер бетінде алғаш жазудың қалай пайда болғаны және бүгінгі таңда біз қандай алфавитті қолданып жүргеніміз жөнінде жазба деректер бойынша көптеген мағлұмат алдық. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер ## ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР Адамдар ерте кезден-ақ өмірде көрген-білгендері мен іс-тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа қалдырудың түрлі жолдарын ойластырған. Сондықтан, олар мұның бірден-бір жолын жазып қалдыру деп танығандықтан, ендігі жерде жазуға деген қажеттілік күшейеді. Нәтижесінде, бұдан бес мың жыл бұрын сурет, шартты белгілер түрінде алғашқы жазу пайда болған екен. Ежелгі адамдар өз ойларын еркін жеткізу үшін әр сөзге немесе әрбір буынға бір сурет немесе бір шартты белгі қойған. Мысалы, жаңа тас дәуіріндегі адамдар тас тақтайшалардың бетін қашап бұғы, адам, жұлдыз, балта және ай мен күннің суретін салған. Мұндай тасқа қашап жазған жазуларды –пиктография деп атаймыз. Дегенмен тасқа қашап жазудың қаншалықты қиын екені белгілі. Сондықтан адамдардың жеңіл жазу түрлерін ойластыру барысында сына жазу үлгілері пайда болады. Тарихта осындай шартты белгілер негізінде ең көне жазу үлгісі – Шумер сына жазуы болып табылады. Осы жерде балалар, біздің ойымызда «сына жазу деген қандай жазу және ол қалай жазылған?» деген сұрақтың туындары сөзсіз. Ендеше сына жазудың жасалу және жазылу тәсіліне көз жүгіртсек, олардың бұл жазуға қыш тақталар мен қамыс таяқшаларды пайдаланғанын көреміз. Яғни, олар алдымен кеппеген саз балшықтан төрт бұрышты тақтайшалар жасаған. Содан соң оған құстың қауырсыны немесе қамыс таяқшалармен суретті таңбалар салады. Жазып болғаннан кейін қыш тақтаны отқа күйдіріп, кепкеннен соң қаттап жинап қойған. Мәселен, археологтар Ассирияның астанасы Ниневия қаласына қазба жұмыстарын жүргізу барысында өртенген сарайдың ішінен «қыш кітаптары» бар кітапхананы табады. Дегенмен, сарайдың өзі өртеніп кетсе де, ондағы кітаптар сол қалпында сақталып қалған. ## Мазмұны Жазудың пайда болуы оны жазатын ыңғайлы материалды қажет еткені анық. Осыған орай, ертедегі адамдар жазу кезінде қыш тақталардан басқа, қайың қабығын, пергамент және папирустарды пайдаланған. Соның ішінде қайың қабығына жазу тәсілі ежелгі Русьте кең тараса, египеттіктер Ніл өзенінің таяз жерінде өсетін биіктігі 4-5 метр болатын папирус қамысын жазу мақсатында пайдаланды. Олар осы қамыс сабағынан жазу парақтарын дайындап, оны – «папирус» деп атаған екен. Ал, «пергамент» болса б.з.б ІІ ғасырда Пергам патшалығында аса мұқият өңдеу барысында бұзау терісінен алынатын жазу құралы болып табылады. Бір бұзаудың терісінен жазуға арналған 2-3 парақ пергамент дайындалған.Осылайша балалар, жазудың пайда болуы мен жазу құралдары жөнінен хабардар бола отырып, ендігі кезекте әлемде алғаш рет алфавиттің пайда болу тарихына тоқталайық. Жер бетінде ең алғашқы алфавит бұдан үш жарым мың жыл бұрын Финикия жерінде ойлап табылды. Бұл алфавиттің қазіргі алфавиттен ерекшелігі – онда дауысты дыбыстар болмаған екен. Дауысты дыбыстарды олар өздері қойып оқитындықтан үлкен қиындық туғызды. Сондықтан, оны әркім әртүрлі оқуы да мүмкін еді. Алайда, гректер финикиялықтардың осы алфавитіне дауысты дыбыстар қосып, бүгінгі таңда қолданылып жүрген әріптердің негізін қалаған.Балалар, жазба деректерге қатысты келесі бір бөліп айтатын әңгіме – қазақ жазуының қалай қалыптасқаны жөніндегі мәселе. Жалпы қазақ жазуы өзінің бастауын көне түркілердің руна жазуынан алады. «Руна» дегеніміз «құпия» деген мағынаны білдірген. Кезінде осы жазумен көптеген ескерткіштерге құнды мәліметтер жазылған. Солардың ішіндегі ең айқын үлгілері Солтүстік Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің аңғарынан табылған тас бағандардағы орхон-енисей жазбаларында көрініс тапқан. Кейіннен Орталық Азияға арабтардың келуімен қазақ жерінде ислам діні орнығып, қазақтар «араб жазуымен» жаза бастаған. Бұған мысал ретінде орта ғасырлардағы Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашғари, Қожа АхметЯсауи тәрізді әйгілі қазақ ғұламаларының еңбектері осы араб графикасына негізделгенін айта аламыз. Осылайша он ғасырға жуық қазақтардың жазуына айналған араб алфавиті негізінде қазақ халқы өзіне баға жетпес мол мәдени мұра қалыптастырды. Алайда, XX ғасырдың басында, яғни 1929 жылы кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде қазақ жазуы араб графикасынан латын алфавитіне көшірілді. Жаңа алфавитпен бірге қазақ халқының қаншама жылдар бойы араб графикасы негізінде қалыптасқан мәдениеті қоса жоғалып, қазақ халқы жазу-сызуды мүлдем білмеген қараңғы сауатсыз халық ретінде нақақпен көрсетілді. Осы ретте, қазақ ұлтының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасына негізделген қазақ халқына ең тиімді «төте жазуды» ойлап тапқан болатын. Өкінішке орай, бұл жазу қолданысқа енгізілген жоқ. ## Маңызы Осылайша, кеңес үкіметі қазақ халқының сан жылдар бойы қалыптасқан мәдени құндылықтарын ешбір мойындамастан, сауатсыздықпен күрес науқанын жүргізді. Сөйтіп, қазақ халқы кеңестік саясат негізінде енгізілген латын алфавитінде жазуды үйренген болатын, алайда, қайтадан 1940 жылы орыс графикасына негізделген «кириллицаға» көшірді. Мінеки балалар, осылайша тарихқа көз жүгірте отырып, жер бетінде алғаш жазудың қалай пайда болғаны және бүгінгі таңда біз қандай алфавитті қолданып жүргеніміз жөнінде жазба деректер бойынша көптеген мағлұмат алдық. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер
"Жеңгелері әуелі қашанғы дәстүр бойынша күйеу мен қыздың қолдарын ұстаттра беріп еді..." (Ғ. Мүсірепов). Қыз айттырылып, қалың мал төлеген соң, әдетте жігіт қалыңдық ауылына "ұрын" келеді. Міне осы жолы жігіт пен қызды бір-біріне алғаш рет табыстыру үшін "көрімдік", "қыз кәде", "шаш сипатар", "мойын тастар", "арқа жатар" деген салт-дәстүрлерді жасап, кәде алады. Сол көп дәстүрлердің басы осы "қол ұстатар". Мұнда жеңге бір-біріне не дерін білмей отырған екеуінің қолын ұстатады да өзі шығып кетеді. Бұл екі жасты жақындатудың халықтық бір амалы. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
Халық салты бойынша біреудің жұмысына қол ұшын бергені, көмектескені үшін ешкім ақы сұрамайды. Бірақ шаруаны істеткен адам "келі түбі", "қолүздік" деп тиісті сыбағасын немесе сол еңбегңне қарай бос қайтармайды. Соның бір - соғым сойысқандарға берілетік қолкесер. Яғни соғым сойған адамға тиісті мүшелерін салып ет береді. Соғым сою да қазақ үшін берекелі, елеулі кұндердің бірі. Соғым етінен алғаш қуырдақ қуырылады. Бұл соғымның дәстүрі. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
## Қазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихы ## Этникалық топтар Бүгінгі мемлекеттердің басым көпшілігінің халқы көпұлтты сипатқа ие. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының құрамында үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғ. 70-жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып қалыптаса бастады. Мысалы, Қазақ жерінің батысындағы Орынбор қазақтары облысында, Бөкей Ордасында, Орал казак әскерінде қазақтардан басқа орыстар, татарлар, қалмақтар, армяндар, башқұрттар, түркімендер, өзбектер, еврейлер өмір сүрді. Ал Сібір қазақтары облысында (Қазақ жерінің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық аумақтары) орыстар, поляктар, татарлар, башқұрттар, өзбектер, қырғыздар және т.б. қоныстанды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан аумағына орыстар арасындағы ескі әдет-ғұрыпты ұстанушылар (старообрядцы) патша үкіметі мен шіркеу тарапынан жасалған әкімшілік және діни тұрғыда жасалған қысымнан бас сауғалап, сонау XVIII ғасырдың 60-жылдарында-ақ қоныстанған болатын. 1886 жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі туралы ереже қабылданды. Қоныс аудару саясатына ұйымдасқан сипат беру үшін және Қазақ жеріне шаруалардың ерікті әрі бей-берекет қоныс аударуын шектеу мақсатында 1889 жылы 13-шілдеде патша үкіметі «Қазына жеріне село тұрғындары мен мещандардың ерікті қоныс аударуы туралы және бұрын қоныс аударған аталған топтарды есепке алу тәртібі туралы» арнайы ереже қабылдады. Бұл ереже бойынша қоныс аудару тиісті органдардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылатын болды. Сондай-ақ, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында қоныс аудару аудандары нақты белгіленді. 1891 және 1892 жылдары аталмыш ереже Торғай мен Орал облыстарына да енгізілді. Ресейден шаруаларды қоныс аудару тиісінше қазақ жерін тартып алу арқылы жүзеге асырылды. 1885–1893 жылдары Ақмола және Семей облысындағы қазақтардың иелігінен 284,843десятина құнарлы жер тартып алынды. Қоныс аудару тасқыны, әсіресе, Жетісу облысына күшті болды. 1868–1880 жылдар аралығында бұл облысқа 3,324 шаруа отбасы көшіп келген. Сол себепті 1891 жылы Ішкі істер министрлігі Жетісуға қоныс аударуға арнайы шешім қабылдағанға дейін тыйым салған болатын. Патша үкіметінің қоныс аудару саясатында Сібір темір жолы Комитетінің рөлі маңызды болды. Қазақ жері арқылы Транссібір темір жолының 178 шақырымды құрайтын бір бөлігі өткен еді. Ол Темір жолдың осы бөлігі үшін патша үкіметі 2,5 млн десятина жер кесіп алуды және бұл жерге 160 мың адамды қоныс аударуды жоспарлаған-ды. Патша үкіметінің жоспарлы жүргізілген қоныс аудару саясаты нәтижесінде 1897 жылғы санақ есебі бойынша Далалық өлкеде қазақтар – 77%, орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды құрады. Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%. Санақ материалдарының өзіндік ерекшеліктері де болды. Санақ негізіне халықтың этникалық емес, адамның тілдік қатынасы басты нысан ретінде алынды. Егер украиндар, белорустар, еврейлар өздерінің ана тілі деп орыс тілін атаса, онда олардың ұлты орыс деп жазылған. Сондай-ақ, татарлардың, өзбектердің, қырғыздардың кейбіреуі ана тілі ретінде қазақ тілін (сол кезде қырғыз немесе қырғыз-қайсақ) атаса, олардың да ұлты қазақ деп тіркелген. Өз кезегінде қазақтар санақ науқанына патша үкіметінің салық мөлшерін ұлғайтуға бағытталған шарасы деп, оған әрдайым күдікпен қараған. Сол себепті көбінесе отбасы мүшелерінің санын азайтып беруге тырысқан. Бұл шамамен қазақтардың 10%-ы 1897 ж. санақ бойынша есепке алынбай қалуы мүмкін деген болжамға жетелейді. 1897 жылғы Ресей империясындағы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында барлығы 4 млн 147 мың адам өмір сүрген. Санақ нәтижелері анықтағандай, Қазақ жеріндегі үлес салмағы басым үш этникалық топты айқындауға болады: халықтың саны бойынша: қазақтар 74–78%-ды, орыстар 10–13%-ды, украиндар 1–2%-ды құраған. Ұлттық құрамы жағынан алғанда басқа халықтар – 300 мың адам немесе 7,2% болды. Мысалы, 1897 жылы Қазақстанда 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва өмір сүрген. Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихы Цинь империясының Құлжа аймағынан Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуымен де тығыз байланысты. Бұл аймақтағы саяси жағдайға жергілікті халықтардың Қытай үкіметіне қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі елеулі әсер етті. 1864 жылы 7-маусымда Кучар қаласында дүнгендер көтеріліске шығып, ол бүкіл Синьцзян аумағын қамтыды және оған ұйғырлар, қазақтар мен қырғыздар да қатысқан еді. Алайда, 1877 жылы бұл көтерілістерді Қытай әскері Қашқарда толығымен басып-жаншыған еді. Бұл аймақтағы саяси жағдай біршама тұрақтағаннан кейін 1881 жылы 12 ақпанда Петербургте орыс–қытай келісіміне қол қойылды. Бұл келісім-шартқа сәйкес сол өлкеде тұрып жатқан халыққа Қытай немесе Ресей бодандығын қабылдау жөнінде таңдау құқығы берілді. Сол себепті ұйғырлар мен дүнгендердің бір бөлігі Ресей империясы аумағында тұруға ниет білдірді. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанға қоныс аударуы 1881–1883 жылдары жүзеге асырылды. Бұл аудандарға барлығы 45 мың ұйғыр (тараншы) және 5 мың дүнген қоныстанды. Олар негізінен Үсек, Шарын, Шелек, Талғар өзендері бойына орналасты. Сондай-ақ, олар тығыз қоныстанған аудандарда Жаркент, Ақкент, Ақсу – Шарын, Малыбай, Құрама және Қарасу болыстары ұйымдастырылды. 1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша: дүнгендердің саны – 14,130, ұйғырлардың саны – 55,999 адамға жеткен. Қазақстанның этникалық құрылымының өзгеруіне патша үкіметінің революцияшыл пиғылдағы азаматтарды жер аудару саясаты да өз әсерін тигізген еді. Дегенмен, ол демографиялық ахуалды қалыптастырудағы шешуші фактор болмаса да, Қазақ жерінде мұндай фактілер орын алғандығы белгілі. Мәселен, ХІХ ғ. 30-жылдарында Қазақ жері Ресей езгісіне қарсы Польшадағы көтеріліске қатысушылардың саяси қоныс аудару аймағына айналды. І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық ұлттың өкілдері өмір сүрді. Олардың қатарында орыстар мен украиндардан басқа: татарлар, ұйғырлар, өзбектер, башқұрттар, немістер, поляктар, дүнгендер, еврейлер, тәжіктер, молдовандар және т.б. бар-тын. Сонымен, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енгеннен кейін қалыптасқан демографиялық ахуалына тән сипат – бұл кезеңнің алғашқы жылдарында моноэтникалық ерекшелік сақталып келген болса, ХІХ ғ. 50–60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады. ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап орыс және украин шаруаларын қоныс аудару саясаты жаппай сипат ала бастағаны белгілі. Өмір тауқыметі мен патша үкіметінің саясаты оларды өз атамекенін тастап, белгісіз аймаққа қоныс аударуға мәжбүр етті. Бұл жерде тағы бір ерекше тоқтала кететін жайт, ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың көп бөлігі 1891–1892 жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінде орын алған қуаңшылық пен егіннің шықпай қалуына байланысты аштықтан бас сауғалап, жан сақтап қалған болатын. XX ғ. басында Ресей империясында екінші жалпы халық санағын өткізу туралы мәселе көтеріле бастады. Алайда, І дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы қос төңкеріс бұл санақты толық жүзеге асыруға бөгет болды. Дегенмен, 1916 жылы мамыр–тамыз аралығында ішнара санақ жүргізілген еді. Ол негізінен ауылдық жердегі тұрғындарды қамтыды. Бұл санақ бойынша жинақталған материалдардың ІІІ томына Қазақстанның 6 облысы бойынша мәліметтер енгізілген. Бұл деректерге қарағанда қазақтардың саны 3 млн. 994 мың адам немесе барлық халыққа шаққандағы үлес салмағы 50,7%-ды құраған. 1917 жылы жазда ауыл шаруашылық және қалалар бойынша санақ жүргізілді. Бұл санақ бойынша тұрақты тұрғылықты жерінде сол мезетте бар адамдар (наличное население) мен уақытша тұрмайтын халықтың есебі алынды. Өткен жылғы санақпен салыстырғанда 1917 жылы қазақ халқының саны 446 мың адамға азайып, 3 млн. 548 мың адам ғана қалған. 1917 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыс халқының үлес салмағы 18,9%-ды, украиндар – 10,3%-ды құрады. Қазақ жеріне шаруаларды қоныс аударумен бірге шетелдік иммиграция құбылысы да орын алды. 1897 жылғы санақ материалдарында «басқа да келімсек» («прочее пришлое») халықтар (олардың ішіне иммигранттар да кірген) Далалық өлкеде – 3%-ды, ал Түркістан өлкесінде – 1,9%-ды құраған. 1917 жылғы 1-қаңтардағы Ресей империясының санақ материалдарында бұл көрсеткіштер тиісінше 4,3 және 3,3%-ға жеткен. 1910 жылы Далалық өлкеге 1700 шетелдік азамат келген. Соның ішінде Қытайдан – 274, Германиядан – 188, Персиядан – 144, Даниядан – 103, Австриядан – 133, Түркиядан – 82, Ұлыбританиядан – 81, АҚШ-тан – 56, Грециядан – 38, Швециядан – 36, Швейцариядан – 31, Италиядан – 68, Жапониядан – 39, Кореядан – 22, Моңғолиядан – 270 адам келген. Сондай-ақ, олардың ішінде Румыния, Черногория, Нидерланд, Финляндия, Бельгия, Болгария, Сербия, Венгрия, Сальвадор, Португалия азаматтары да болған. Ресей империясының І дүниежүзілік соғысқа қатысуына байланысты Қазақстанда ұлттық-отарлық езгі де күшейе берді. Ол өз кезегінде елдегі ұлттық және әлеуметтік қайшылықтарды туғызды. Қоныс аударушыларды жерге орналастыру қазақ халқының сорына айналды. Қоныс аударушыларды жерге орналастыру жұмыстары барысында қазақтардың мал айдайтын жолдарына дейін алынып, су көздеріне бара алмайтындай жағдайлар жасалды. Қазақстанның этникалық құрамының өзгеруіне І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ жерінің әскери тұтқындарды орналастыру аймағына айналуы да елеулі әсер етті. 1914 жылдың соңына қарай Далалық өлкенің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан өлкесінің арнайы орындарында әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 20 мыңға жуық әскери тұтқындар орналастырылды. Қазақ жеріне әскери тұтқындарды жіберу 1812 жылғы Ресейдегі Отан соғысынан бері орын алған. Қазақстанның экономикалық тұрғыда Ресейдің ықпалына түсуі бірқатар өндіріс ошақтарының пайда болуына алып келді. Ең алдымен Ресей капиталы Қазақ жерінде тау-кен өндірісін игеруге салынды. Қазақ жерін экономикалық тұрғыда отарлау жол қатынасын, әсіресе су және темір жол көлігін дамытуды талап етті. Темір жол қатынасының пайда болуы өлкенің этникалық құрамының өзгеруіне де әсері болды. Қазақ жерін әскери-казактық, шаруаларды қоныс аудару және экономикалық тұрғыда отарлау барысында 400-ден астам станицалар мен деревнялар, 30-дан астам қалалар пайда болды. Қала халқы Ресейдің орталық аудандарынан келген қоныс аударушылар есебінен өсе бастады. Қалалардағы халықтың басым бөлігін орыстар – 54%-дан 82,8%-ға дейін құраса, татарлар – 14,3%, қазақтар – 16%, басқа ұлттар – 3% болған. 1917 жылы Қазақстанда тұрып жатқан халықтың ішіндегі қазақтардың үлес салмағы 59,8%-ды құрады. Қазақстанның алты облысындағы 1897–1917 жылдар аралығындағы халықтың механикалық өсімі 1 млн. 301 мың адам болды. Сондай-ақ, осы кезеңде Ресейден басқа аймақтарға қоныс аударғандардың төрттен бірі Қазақ жеріне келді. Ал 1906–1912 жылдары жүргізілген Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде 360,7 мың қоныс аударушылардың 80,6%-ы Украинадан және 19,4%-ы Ресейдің оңтүстігінен келді. Нәтижесінде 1917 жылы орыстар мен украиндар барлық халықтың 29,4%-ын, яғни 1 млн 745 мың адамды құрады. Кеңестік дәуірде Қазақстан халқының этникалық құрылымының өзгеруі Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан әрі күшейді. Оған алғышарт болған тарихи оқиғаларға мыналар жатты: индустрияландыру кезінде жаппай сипат алған миграциялық үдерістер, күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін науқандары, тұтас халықтарды күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бейбіт халықты эвакуациялау, тың және тыңайған жерлерді игеру және соғыстан кейін шикізаттық бағытта өндіріс орындарының дамуы. Кеңестік алғашқы халық санағы 1920 жылы тамызда өткізілді. Бұл санақты ерекшелейтін басым бағыты – санақ формулярында ана тілі туралы сұрақпен бірге, адамның ұлты да айқындалып көрсетілген-ді. Санақ формулярын толтыру сұрақ беру әдісі арқылы жүргізілді. 1920 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 5 млн 400 мың адамды құраған. 1921 жылы жазда Қазақстанда қатты қуаңшылық болып, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Қостанай облыстары аумағындағы егіннің барлығы дерлік күйіп кетті. Республикада 2,3 млн астам адам аштыққа ұшырады. 1922 жылы халық саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 млн астам адамға азайғанын көрсетті. Кеңестік дәуірде Қазақстан халқының этникалық құрылымының өзгеруіне жаңа аумақтық-әкімшілік бөліністің де елеулі әсері болғандығын атап көрсетуге тиіспіз. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы (ҚазАКСР) құрылды. Қазақ АКСР-нің құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Маңғышлақ уезі енді. Ал Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Республикасының құрамында қалды. 1921 жылы Қазақстанның солтүстігі мен батыс бөлігінде және Батыс Сібірде межелеу саясаты жүргізілді. Жаңа әкімшілік шекаралардың белгіленуі нәтижесінде Қазақ жерінің бірқатар аумақтары Ресей Федерациясының Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы облыстары мен Алтай өлкесіне беріліп, қазақтардың бір бөлігі сол аумақтарда қалып қойды. 1924 жылы 27 қазанда КСРО ОАК Қазақстан мен Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу саясатын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Бұл саясат бойынша құрамына Тәжік АКСР – енген Өзбек КСР-і, Түркімен КСР-і, РКФСР құрамында болатын Қара-қырғыз автономиялық облысы және құрамына Қарақалпақ автономиялық облысы кірген Қазақ АКСР-і құрылды. Оған дейін Түркістан Республикасының құрамында болып келген Сырдария мен Жетісу облыстарының қазақ аудандары Қазақстанға қосылды. Қарақалпақ автономиялық облысы 1930 жылы Қазақ АКСР-інің құрамынан шығарылып, РКФСР құрамына енгізілді. 1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді. 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 58,5%, орыстар – 20,6%, украиндар – 13,9%, өзбектер – 2,1%, татарлар – 1,3%, ұйғырлар – 1%, немістер – 0,8%. Ал сандық тұрғыдан алғанда: қазақтар – 3627612 адам, орыстар – 1275056, украиндар – 860201, немістер – 51094, татарлар – 79758, өзбектер – 129399, белорустар – 25584, ұйғырлар – 63432, өзге ұлт өкілдері – 88.453 адам болған. 1920 жылдардың ортасынан бастап большевиктік партияның жоспары бойынша Кеңестер Одағында социалистік құрылыстың маңызды бағыттары жүзеге асырыла бастады. Олар: индустрияландыру – аграрлық елден дамыған индустриялы елге айналау; ұжымдастыру – социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру. Мұның бәрі 1928 – 1932 жылдардағы І бесжылдық жоспары негізінде қауырт түрде жүзеге асырылуы тиіс еді. Алайда, бұл міндеттерді орындау барысында күштеу әдістері кеңінен қолданылып, оның этнодемографиялық зардаптары да айқын көрінді. Индустрияландыру науқаны барысында Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Кеңес Одағының басқа да өндірістік аудандарынан миграциялық ағын күшейді. Мысалы, 1928 – 1939 жылдары Қазақстандағы қала халқының механикалық өсімі миграциялық үдеріс барысында 1,8 млн адамды құрады. 1930 жылдардағы индустрияландыру, ұжымдастыру және күштеп депортациялау саясаты жүзеге асырылған уақытта Қазақстан халқының ұлттық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Алайда, голощекиндік «кіші қазан» науқаны барысында қалыптасқан аштық қасіретінің нәтижесінде өз жеріндегі қазақ халқының саны күрт азайып кетті. Оған мына статистикалық деректер айқын дәлел бола алады. Қазақ АКСР-нің халықшаруашылық есеп басқармасының 1930–1936 жылдардағы мәліметтері бойынша Қазақстандағы халық санының кемуі төмендегідей көрініс берген: 1930 ж. – 5873,0 мың адам; 1931 ж. – 5114,0 мың адам; 1932 ж. – 3227,0 мың адам; 1933 ж. – 2493,5 мың адам; 1934 ж. – 2.681,8 мың адам; 1935 ж. – 2926,0 мың адам; 1936 ж. – 3287 мың адам. 1930 – 1932 жж. Қазақстаннан КСРО-дан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болғандардың саны – 1,3 млн адам болды. Бұл кезеңде республика аумағына басқа ұлт өкілдерінің келуі жалғаса берді. Қоныс аударып келгендер республикадағы орыс халқының санын 12%-ға (1174 мың), татарларды 30%-ға (27 мың), белорустарды 22%-ға (6 мың) адамға арттырды. 1920 жылдары Қазақстанға қоныс аудару ұйымдасқан сипат алып, ол күштеу-мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылды. Басқа ұлт өкілдерінің біздің елімізге келуіне Ресейдің орталығындағы өндірістік аудандарда етек алған жұмыссыздық себеп болған еді. Сол кезеңде ондағы жұмыссыздардың саны 1,3 млн жуық адамға жетті. Ондаған мың адам күн көріс қамы үшін Қазақстанға Түркісіб, Қарағанды көмір бассейнінің және т.б. өндіріс нысандарының құрылысына ағылып келе бастады. КСРО-ның басқа аймақтарынан жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде жіберу (вербовка) науқаны барысында 1931–1940 жылдары Қазақстанға 509 мың адам келген. Ал олардың барлығы дерлік өндірістік нысандар, темір жол, қалалар мен жұмысшы кенттерінің құрылыстары аяқталғаннан кейін Қазақстанда қалып қойды. Мысалы, Түркісіб темір жолын салу құрылысына 30 ұлт өкілдері қатысса, Балқаштағы құрылыстарға – 45, Ақмола – Қарталы темір жол құрылысына – 50 ұлттың өкілдері атсалысқан. 1920 ж. соңы мен 1930 ж. басында КСРО аумағында аграрлық қоныс аудару саясаты жүзеге асырылды. Бұл саясат барысында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Кеңес Одағының басқа да аудандарынан шаруашылығы тәркіленген дәулетті шаруалар (кулактар), яғни арнайы қоныс аударушылар (спецпереселенцы) қоныстандырыла бастады. Сонымен бірге, КСРО-ның еуропалық аудандары мен Сібірден ерікті түрде қоныс аударушы шаруалар да келе бастады. Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз саясаты Қазақстанда 1930–1933жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750 мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды. Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия елдеріне асып кетті. Ал көршілес республикаларға аштықтан бас сауғалап қоныс аударған қазақтардың саны 453 мың адам болған. Соған сәйкес РКФСР-дағы қазақтардың саны 2,3 есе, Өзбекстанда – 1,7 есе, Түркменстанда 6 есе, Тәжікстанда 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өскен. Демограф мамандардың пікірі бойынша аштық қасіретінің салдары Қазақстанның демографиялық дамуында 150–170 жыл бойында айқын сезіліп отыратын көрінеді. 1937 жылы Кеңес Одағында кезекті халық санағы өткізілді. Алайда, оның материалдары жүйеленіп, талдауға түспей мұрағат қорларында ғана сақталып қалды. Дегенмен, кейін 1937 жылғы санақ қорытындыларының құпиялылығы ашылып, жария етілді. 1937 жылғы санақ бойынша КСРО аумағындағы Қазақ халқының саны 2862458 адамды құраған. Ал атамекеніндегі, яғни Қазақ КСР-дегі қазақтардың саны – 2181,520 адам ғана болған. Қазақ КСР-дегі халықтың жалпы саны – 5126,676 адамды құраған. Бұл деректер халық санының өткен кезеңдермен салыстырғанда қаншалықты кеміп кеткенін айқын көрсетіп тұр. Сонымен бірге, сол кезеңдегі идеологиялық талаптарға сәйкес ресми түрде 1930 жылдардағы аштық туралы айтуға тыйым салынған болатын. Кеңес өкіметі 1937 жылғы санақ қорытындыларын дұрыс емес деп тауып, 1939 жылы халық санағын қайта жүргізді. Қазақстан халқының этникалық құрамы туралы статистикалық мәліметтер төмендегідей болды: Қазақ КСР-нің жалпы халқының саны – 6 млн 93 мың 507 адам. Олардың ішінде: қазақтар – 38,0%; орыстар – 40,2%; украиндар – 10,8%, 1,5–1,8% аралығында немістер, татарлар, өзбектер, корейлер және басқа ұлт өкілдері – 3,3%. XX ғасыр қатаң саяси-құқықтық жүйе – тоталитарлық мемлекетті тудырған еді. КСРО-да большевиктердің күшпен депортациялау тәжірибесі 1920 жылдары-ақ жүзеге асырыла бастаған болатын. Бұл кезде Сібірге, Орал мен Қазақ жеріне оппозиция белсенділері, ауқатты азаматтар, дін өкілдері, бұрынғы патша әкімшілігінің чиновниктері жер аударылған-ды. 1937 – 1940 жылдары кеңестік корейлер, немістер, қырым татарлары, қалмақтар, балқарлар, шешендер, ингуштер, қарашайлар мен месхет түріктері барлық құқықтарынан айырылған еді. Оларды шетелдік тыңшы, диверсант деген жалған, ойдан шығарылған айыппен басқа жерлерге қоныс аударды. Күштеп қоныс аударудың ауқымы мен қатаңдығы бұл шараның қуғын-сүргінге ұшыраған этникалық топтарды қасақана құртуды көздегенін дәлелдеп тұрса керек. Аштық, эпидемиялар, тұрмыстық келеңсіздіктер, бір отбасы мүшелерінің жан-жаққа бөлініп кетуі және ең бастысы – ойдан шығарылған жалған айып әрі ресми биліктің жау пиғылындағы көзқарасы тек адамдардың өліміне ғана әкеліп қойған жоқ еді, ол тұтас этностарды моральдық күйзеліске ұшыратты. Сталиндік қуғын-сүргін саясатына байланысты Қазақ жері жазалау лагерьлерінің аймағына айналды. КСРО-ның БОАК мен ХКК 1929 жылы 6 қарашадағы шешімімен қауіпті қылмыскерлерді қоғамнан аластату мен күштеп жұмыс істету үшін еңбекпен түзеу лагерьлерін құру белгіленді. Осылайша Еңбек лагерьлері мен еңбек қоныстарының бас басқармасы – ГУЛАГ құрылды. ГУЛАГ жүйесіне 60-тан астам лагерь енді. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл лагерьлері, Кеңгір арнайы лагері, Өскемен лагері ашылды. Бұл лагерьлер ішіндегі ең ірілері «Карлаг» (ерекше режимдегі Қарағанды лагері), «отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагері – «АЛЖИР» болды. Қазақстандағы аса ірі лагерьлердің бірі – Карлаг 1930 жылы КСРО-ның ХКК 13 мамырдағы қаулысымен құрылды. Қарқаралы округі аумағынан оған 110 мың гектар жер бөлінді. Карлаг ашылған уақытта онда 47 ұлт өкілдерінен құралған 2,567 «тұтқын» отырды. Карлаг жүйесінде 292 шаруашылық лагері, 26 ерікті қоныс бөлімшесі болды. 1931–1960 жылдар аралығында Карлагта 1 млн жуық адам «жазасын» өтеген екен. Сонымен бірге, Қазақ жеріне ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аударылғандар ағыны артты. 1931–1932 жылдары Солтүстік Кавказдан Қазақстан мен Орта Азияға 38,104 отбасын (171 мыңнан артық адамды) қоныс аударып жіберді. 1930 жылы екінші жартысында «сенімсіз халықтар» деген сылтаумен батыс Украина мен батыс Белоруссия облыстарынан Қазақстан мен Кеңес Одағының басқа да аумақтарына поляк және неміс отбасылары (15 мың шаруашылық немесе 45 мыңға жуық адам) депортацияланды. Мұндай тағдыр тәлкегіне Қиыр Шығыста өмір сүрген қытайлықтар (11 мың адам), поляктар мен латыштар, Әзірбайжаннан ирандықтар (2 мың отбасы), Армения мен Нахичеваннан 809 күрд шаруашылықтары (7.325 адам) да ұшыраған еді. 1936 жылы ақпанда Украинадан Қазақ жеріне тағы да неміс және поляк шаруашылықтары қоныс аударылды. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарына қоныстандырылды. КСРО ХКК 1936 жылы 21 мамырда қабылданған «Дағыстан мен Шешен – Ингуш аумағынан кулак шаруашылықтарын қоныс аудару туралы» қаулысына сәйкес Қазақ жері мен Орта Азияға 1000 шаруа қожалығы депортацияланды. Ұжымдастыру науқаны барысында Қазақстанға тәркіленген 250 мың кулак шаруашылықтары күштеп қоныс аударылған. Сондай-ақ, соғыс қарсаңында Қазақстандағы өндірістік құрылыстарға басқа республикалардан 1 млн. 200 мың адам жіберілген-ді. 1937 жылы 21 тамызда «Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарында тұратын корейлерді қоныс аудару туралы» құпия қаулыға қол қойылды. Кеңестік корейлер ешбір сотсыз-тергеусіз «жапон тыңшылары» деп айыпталып, шұғыл депортациялық шараларға ілінді. КСРО ХКК мен БКП(б) ОК қабылдаған қаулысына сәйкес Қазақстанға 100 мыңға жуық корейлер қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек – желтоқсан аралығында Қиыр Шығыстан Қазақ жеріне 20789 корей отбасы (98454 адам) депортацияланды. Депортацияланған халықтардың тарихы аса күрделі кезең оқиғаларын қамтиды. Қазақтар 1930 жылдардағы бұрын-соңды Қазақ даласында болып көрмеген аштық қасіретін басынан rөткізіп отырса да, осынау тарихи сын сағатынан сүрінбей өтті. Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен қоныс аударылып келген халықтардың сақталып қалуы мен рухани-материалдық ұрғыда қайта түлеуіне мүмкін болған көмегін аяған жоқ-тын. Қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының көрсеткен мейірбандығы мен қонақжайлылығы қоныс аударылып келген халықтардың жадында сақталады және ол ешқашан ұмытылмақ емес. Міне, бұл тарихи тағдыр қазақстандық ұлтаралық татулық моделінің негізі болса керек. 1940 жылы республикада арнайы қоныс аударылғандардың жаңа контингенті пайда болды. Бұл кезде депортация құрығына он мыңдаған поляк ұлтшылдары ілінді. Олардың ішінде Германияның Польшаны жаулап алғаннан кейін бас сауғалаған босқындары да депортацияланды. 1940 жылдың ақпан – 1941 жылдың маусым айлары аралығында Украина мен Белоруссияның батыс облыстарынан, Литвадан 380 мың поляк депортацияланып, олардың көпшілігі арнайы қоныстарға орналастырылды. Гитлерлік Германиямен Кеңес Одағы арасындағы соғыс Поволжьедегі неміс автономиясын жоюға алғышарт болып, 1941 жылы күзде Қазақ жеріне 361 мың неміс қоныс аударылды. Қазақстандағы немістердің этникалық тобының қалыптасуына негіз салған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941 жылғы 28 тамызда қабылдаған «Еділ бойында тұратын немістерді қоныс аудару туралы» (О переселении немцев, проживающих в районах Поволжья) Жарлығы болды. Еділ бойында тұратын немістерге сатқындық айыбы тағылды. Жарлықтың күші кеңестік неміс ұлты өкілдерінің барлығына қолданылды. Еділ бойы немістерімен қатар москвалық, ленинградтық немістер де жер аударылып, Украина мен Кавказ немістері депортацияланды, майданнан солдаттар мен офицерлер шақыртылып алынды. Сол кезеңде республикадағы немістердің жалпы саны 441713 адамды құрады. 1943–1944 жылдары Қазақ жері мен Орта Азияға, Сібірге Солтүстік Кавказ бен Қырымнан басқа да этникалық топтар депортацияланды. Күштеп қоныс аударылған халықтардың алғашқыларының бірі – қарашайлықтар болды. Оған сылтау болған қарашай халқының жекелеген тобының сатқындығы мен қарақшылық әрекеті-міс. Осындай күдікке сәйкес жедел түрде 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиялық облысы жойылып, 14774 қарашайлық шаңырақ, жалпы саны 69287 адам Қазақстан мен Қырғызстанға қоныс аударылды. Олардың 45529 адамы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ 23300 адам Қырғызстанға қоныстандырылды. Қалмақтардың тағдыры да осылай шешілді. 1943 жылы 27 желтоқсанда негізсіз айыптарды алға тарта отырып, Қалмақ АКСР-і жойылды. Ал 92 мың қалмақ (олардың 65%-ы қарттар мен балалар) Қазақстан мен Сібірге депортацияланды. 1944 жылы Кабардин-Балқар АКСР-і Кабардин АКСР-і болып өзгертіліп, ал балқарлар Қазақстанға қоныс аударылды. 1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып, жалпы саны 150,1 мың қырым татарлары Қазақстанға қоныс аударылды. Сонымен бірге, Қырымнан Қазақ жеріне барлығы 7 мың болгарлар мен гректер депортацияланды. Ал 1945 жылғы қазандағы есеп бойынша Қазақстанда 406375 шешен және ингуш ұлтының өкілдері болған. 1943–1944 жылдары Солтүстік Кавказдан, Қырымнан, Закавказьеден Қазақ жеріне барлығы 507480 адам қоныс аударылған. Содай-ақ, 1944 жылы қарашада Қазақстан мен Орта Азияға Месхетиядан 110 мың адам қоныс аударылды. Соғысқа дейін Грузияның оңтүстік аудандарында түріктер өмір сүрген болатын. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы месхеттік түріктердің де тағдырын шешкен еді. Қаулыда қоныс аударудың себебі «шекара қауіпсіздігін нығайту мақсатында» деп көрсетілді. Месхеттік түріктер де Қазақстан мен Орта Азияға қоныс аударылды. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтар арасында ирандықтардан, күрдтерден, әзірбайжан мен армяндардан құралған 2,5 мың шаңырақ болатын. Олар да Әзірбайжан мен Армениядан Қазақстанның Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударылған-ды. Депортацияға ұшыраған халықтардың барлығы казармалық қатаң тәртіп жағдайында өмір сүрді. 1948 жылғы 26 қарашада шыққан Жарлыққа сәйкес бұрынғы тұрған жеріне рұқсатсыз шығу 20 жылға дейінгі каторгалық жұмысқа жегілумен жазаланатын болды. Кеңестер Одағында жаппай саяси қуғын-сүргін саясаты белең алған тұста барлығы 3 млн астам адам депортацияланған. Олардың арнайы қоныстары негізінен Қазақ жері мен Сібірде орналасты. Депортацияланған халықтар Қазақстанның барлық облыстарында дерлік құрылған арнайы қоныстарға орналастырылды. Күштеп қоныс аударудың қайғы-қасіреті өлшеусіз еді, оны басынан өткізгендер ешқашан ұмытпақ емес. Бұрын өмір сүрген жерлерінде олар барлық дүние мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды» мал немесе тауар таситын вагондармен әкелді. Қоныстанушылар арасында эпидемиялық жұқпалы аурулар күшейіп кетті. Климаттық өзгеріс пен өте ауыр тұрмыстық жағдайлар қоныс аударушылар арасындағы өлімді көбейтіп жіберді. Бірақ депортациялық саясаттың қатал жағдайында олар аман қалып қана қоймай, Қазақ өлкесінен жаңа Отанын тапты, өздерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, көп ұлтты Қазақ жерінде өзіне лайықты орнын алды. 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы Қазақстандағы этникалық өзгерістердің жаңа толқынына себепші болған еді. Қазақ жеріне майдан шебіне жақын жерлердегі батыс аудандардан өндіріс орындарын эвакуациялау өте күрделі жағдайда жүзеге асырылды. 1941–1942 жылдары республикаға Украина мен Орталық Ресейден 200-ден астам өндіріс орындары көшірілді. Сонымен бірге, Қазақстанға майданға жақын аудандардан бейбіт халық эвакуацияланған-ды. 1941 жылы республикаға 386,5 мың адам көшірілсе, ал 1942 жылдың соңында тағы 500 мыңнан астам адам келді. Олардың көпшілігі кейін Қазақстанда орнығып қалған еді. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына 1 196 164 қазақстандық жауынгер шақырылды. Өнеркәсіптің стратегиялық маңызды салаларында жұмыс істеу үшін 670 мың адам еңбек армиясына мобилизацияланды. Сонымен, соғыс жылдарында Қазақ жеріне 1,5 млн эвакуацияланған және депортацияға ұшыраған халықтар келді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі миграциялық үдерістер де мейлінше жедел қарқынмен өзгеріп отырды. Қазақстанға бағыт алған жаңа аса ірі этникалық толқын тың және тыңайған жерлерді игеру науқанымен және кең көлемде жүргізілген өндірістік құрылыспен тығыз байланысты болды. 1954 жылы Компартия ОК пленумы «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылдады. Кеңес Одағы басшылығы нан тапшылығын жоюды тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы шешуді көздеді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни 50%. Тек 1954 – 1955 жылдары, бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954 – 1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн жуық адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлес салмағы күрт төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылу қаупі туды. Алайда, иммиграциялық қысым жалғаса берді. Қазақстандағы өндірістік құрылыс пен көлік саласы үшін жұмысшы күшін жасақтау науқаны ұйымдастырылып, 1954–1965 жылдары республикаға 0,5 млн жуық адам келді. Олар негізінен Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан келді. Бұл үдеріс жергілікті халықтың саны мен үлес салмағының одан әрі төмендеуіне ықпал етті. 1959 жылы қаңтарда соғыстан кейінгі алғашқы халық санағы жүргізілді. Бұл санақ бойынша Қазақстан халқының саны 9,3 млн адам болған және ол 1939 жылғы санақ есебімен салыстырғанда 52,5%-ы көбейгенін көрсетті. Республикадағы этникалық топтардың арасалмағы төмендегідей болып қалыптасты: қазақтар – 30%, орыстар – 42,7%, белорустар – 1,2%, корейлер – 0,8%, ұйғырлар – 0,6%, әзірбайжандар – 0,4% және басқа халықтар – 5,5%. Тоталитарлық билік саясатының нәтижесінде Қазақстанның көпұлттылық сипаты тереңдей берді. Бұл жерде ерекше ескерте кететін жайт, жергілікті халықтың, яғни қазақтардың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендеп кеткен еді. Бұндай жағдай бүкіл Кеңестер Одағында жалғыз Қазақстанда ғана қалыптасты. Қазақстанның ішкі жағдайында да қазақтардың қоныстануы біркелкі болмаған-ды. Егер Оңтүстік Қазақстанда жалпы халыққа шаққандағы үлес салмағы 37,6%, Батыс Қазақстанда – 52%-ды құраса, бұл көрсеткіш Шығыс және Орталық Қазақстанда 18 – 19% болған. 1950 жылдардың екінші жартысынан басталып кейінгі жылдары өз жалғасын тапқан Қазақстан экономикасының даму қарқынының өсуі жұмысшы күшіне деген сұранысты үнемі алға тартып отырды. Соған сәйкес 1959 –1970 жылдары Қазақстан қалаларына Ресейден 480 мың адам, Украинадан – 72,3 мың адам келді. 1970 жылы қаңтарда кезекті халық санағы болып өтті. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 13 млн адамды құрап, 11 жыл ішінде 40%-ға өскенін көрсетті. Оның ішінде қазақтар – 32,6%, орыстар – 42,5%, украиндар – 7,2%, немістер – 6,6%, татарлар – 2,2%, ұйғырлар – 0,9%, корейлер – 0,6%, әзірбайжандар – 0,4%, дүнгендер – 0,1% және басқа халықтар – 3,8% болған. Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерге қарағанда 1939 жылдан бері Қазақстандағы саны жағынан ең көп этникалық топ орыстар болып қала берді. Шығысславяндық этностық тұрғыдан келгенде, тіпті олар республика халқының көп бөлігін құрайтын еді. Солай бола тұрса да қазақ халқының демографиялық дамуында түбегейлі бетбұрыстың қалыптаса бастағандығын көруге болады. 1959 – 1970 жылдары қазақтардың саны 1 млн 446 мың адамға, яғни 51,9%-ға өскен. 1960 жылдардан бастап Кеңес Одағының басқа республикаларынан Қазақстанға миграциялық үдерістер азая бастады. Ал 1970 жылдардың ортасынан бастап, әсіресе 1980 жылдардың аяғында миграциялық үдеріс кері бағытқа, яғни республикадан тыс жерлерге қоныс аудару бағыты орын алды. 1970–1985 жылдарда еліміздің өндірістік қуаты арта берді. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Маңғышлақ, Қаратау – Жамбыл және Павлодар – Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. 1979 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша жергілікті емес халықтың саны 64,0%-ды құрады. 1979 жылғы санақ Қазақстандағы орыстар мен орыстілді халықтар санының өсуі өзінің шарықтау шегіне жеткенін көрсетті. 1979 жылы Қазақстан халқының саны 14 млн 684 мың адамды құрады. Олардың ішінде: қазақтар – 36%; орыстар – 40,8%, немістер – 6,2%; украиндар – 6,1%; татарлар – 2,2%; өзбектер – 1,8%; белорустар – 1,2%; ұйғырлар – 1,0%; корейлер – 0,6%; әзірбайжандар – 0,5% және басқа халықтар – 3,6% болды. 1979 жылы халық санының өсуі 1970 жылмен салыстырғанда 12,9%-ды ғана құраған. Оның себебі – республикадағы өзге ұлт өкілдерінің Кеңес Одағының басқа аймақтарына қоныс аударуымен түсіндіріледі. 1970 – 1979 жылдар аралығында ең жоғарғы өсім қазақтарда болған – 25%; өзбектер мен ұйғырларда – 22%; әзірбайжандарда – 21%, ал ең төменгі өсім орыс халқында байқалған – 8,5%. Қазақ халқы санының артуы, біріншіден, табиғи өсім болса, екіншіден, Өзбекстаннан, Ресейден, Түркіменстаннан және Қытайдан қазақтардың өз отанына оралуына байланысты болды. Егер 1920 жылы Қазақстанда өмір сүретін этностардың саны 38 болып тіркелген болса, ал 1970 жылғы санақ бойынша 114, 1986 жылы 120 этнос өмір сүрген. 1989 жылы қаңтарда КСРО-дағы соңғы халық санағы өткізілді. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн адам болды. Қазақстан халқының құрамы сандық көрсеткішпен төмендегідей еді: қазақтар – 39,7%; орыстар – 37,8%; украиндар – 5,4%; немістер – 5,8%; татарлар – 2,0%; өзбектер – 2,0%; белорустар мен ұйғырлар – 1,1%; корейлер – 0,6%; әзербайжандар – 0,5%. 1990 жылдардың басында Қазақстанда 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар тұрақты өмір сүрген. Олардың ішінде қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, татар, ұйғыр, белорус, корей халықтарының үлес салмағы 95%-дан астам еді. Ал республикадағы екі негізгі этностар: қазақтар мен орыстардың үлес салмағы 77,5%-ды, жалпы саны 12 млн 760 мың адамды құрады. 1979 – 1989 жылдар аралығында халықтың жалпы өсімі 1 млн 780 мың адамды немесе 12%-ды құраған. Өсімнің ең жоғарғы көрсеткіші қазақтарда болған, ол 23,5%-ды құрады. Жалпы қазақ халқының өсімі, жоғарыда атап көрсетілгендей, табиғи өсім мен басқа елдерден Отанына оралу үдерісімен байланысты болған еді. Басқа этностардың өсімі табиғи өсім негізінде қалыптасты. ## Қазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихы ## Этникалық топтар Бүгінгі мемлекеттердің басым көпшілігінің халқы көпұлтты сипатқа ие. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының құрамында үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғ. 70-жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып қалыптаса бастады. Мысалы, Қазақ жерінің батысындағы Орынбор қазақтары облысында, Бөкей Ордасында, Орал казак әскерінде қазақтардан басқа орыстар, татарлар, қалмақтар, армяндар, башқұрттар, түркімендер, өзбектер, еврейлер өмір сүрді. Ал Сібір қазақтары облысында (Қазақ жерінің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық аумақтары) орыстар, поляктар, татарлар, башқұрттар, өзбектер, қырғыздар және т.б. қоныстанды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан аумағына орыстар арасындағы ескі әдет-ғұрыпты ұстанушылар (старообрядцы) патша үкіметі мен шіркеу тарапынан жасалған әкімшілік және діни тұрғыда жасалған қысымнан бас сауғалап, сонау XVIII ғасырдың 60-жылдарында-ақ қоныстанған болатын. 1886 жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі туралы ереже қабылданды. Қоныс аудару саясатына ұйымдасқан сипат беру үшін және Қазақ жеріне шаруалардың ерікті әрі бей-берекет қоныс аударуын шектеу мақсатында 1889 жылы 13-шілдеде патша үкіметі «Қазына жеріне село тұрғындары мен мещандардың ерікті қоныс аударуы туралы және бұрын қоныс аударған аталған топтарды есепке алу тәртібі туралы» арнайы ереже қабылдады. Бұл ереже бойынша қоныс аудару тиісті органдардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылатын болды. Сондай-ақ, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында қоныс аудару аудандары нақты белгіленді. 1891 және 1892 жылдары аталмыш ереже Торғай мен Орал облыстарына да енгізілді. Ресейден шаруаларды қоныс аудару тиісінше қазақ жерін тартып алу арқылы жүзеге асырылды. 1885–1893 жылдары Ақмола және Семей облысындағы қазақтардың иелігінен 284,843десятина құнарлы жер тартып алынды. Қоныс аудару тасқыны, әсіресе, Жетісу облысына күшті болды. 1868–1880 жылдар аралығында бұл облысқа 3,324 шаруа отбасы көшіп келген. Сол себепті 1891 жылы Ішкі істер министрлігі Жетісуға қоныс аударуға арнайы шешім қабылдағанға дейін тыйым салған болатын. Патша үкіметінің қоныс аудару саясатында Сібір темір жолы Комитетінің рөлі маңызды болды. Қазақ жері арқылы Транссібір темір жолының 178 шақырымды құрайтын бір бөлігі өткен еді. Ол Темір жолдың осы бөлігі үшін патша үкіметі 2,5 млн десятина жер кесіп алуды және бұл жерге 160 мың адамды қоныс аударуды жоспарлаған-ды. Патша үкіметінің жоспарлы жүргізілген қоныс аудару саясаты нәтижесінде 1897 жылғы санақ есебі бойынша Далалық өлкеде қазақтар – 77%, орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды құрады. Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%. Санақ материалдарының өзіндік ерекшеліктері де болды. Санақ негізіне халықтың этникалық емес, адамның тілдік қатынасы басты нысан ретінде алынды. Егер украиндар, белорустар, еврейлар өздерінің ана тілі деп орыс тілін атаса, онда олардың ұлты орыс деп жазылған. Сондай-ақ, татарлардың, өзбектердің, қырғыздардың кейбіреуі ана тілі ретінде қазақ тілін (сол кезде қырғыз немесе қырғыз-қайсақ) атаса, олардың да ұлты қазақ деп тіркелген. Өз кезегінде қазақтар санақ науқанына патша үкіметінің салық мөлшерін ұлғайтуға бағытталған шарасы деп, оған әрдайым күдікпен қараған. Сол себепті көбінесе отбасы мүшелерінің санын азайтып беруге тырысқан. Бұл шамамен қазақтардың 10%-ы 1897 ж. санақ бойынша есепке алынбай қалуы мүмкін деген болжамға жетелейді. 1897 жылғы Ресей империясындағы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында барлығы 4 млн 147 мың адам өмір сүрген. Санақ нәтижелері анықтағандай, Қазақ жеріндегі үлес салмағы басым үш этникалық топты айқындауға болады: халықтың саны бойынша: қазақтар 74–78%-ды, орыстар 10–13%-ды, украиндар 1–2%-ды құраған. Ұлттық құрамы жағынан алғанда басқа халықтар – 300 мың адам немесе 7,2% болды. Мысалы, 1897 жылы Қазақстанда 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва өмір сүрген. Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихы Цинь империясының Құлжа аймағынан Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуымен де тығыз байланысты. Бұл аймақтағы саяси жағдайға жергілікті халықтардың Қытай үкіметіне қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі елеулі әсер етті. 1864 жылы 7-маусымда Кучар қаласында дүнгендер көтеріліске шығып, ол бүкіл Синьцзян аумағын қамтыды және оған ұйғырлар, қазақтар мен қырғыздар да қатысқан еді. Алайда, 1877 жылы бұл көтерілістерді Қытай әскері Қашқарда толығымен басып-жаншыған еді. Бұл аймақтағы саяси жағдай біршама тұрақтағаннан кейін 1881 жылы 12 ақпанда Петербургте орыс–қытай келісіміне қол қойылды. Бұл келісім-шартқа сәйкес сол өлкеде тұрып жатқан халыққа Қытай немесе Ресей бодандығын қабылдау жөнінде таңдау құқығы берілді. Сол себепті ұйғырлар мен дүнгендердің бір бөлігі Ресей империясы аумағында тұруға ниет білдірді. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанға қоныс аударуы 1881–1883 жылдары жүзеге асырылды. Бұл аудандарға барлығы 45 мың ұйғыр (тараншы) және 5 мың дүнген қоныстанды. Олар негізінен Үсек, Шарын, Шелек, Талғар өзендері бойына орналасты. Сондай-ақ, олар тығыз қоныстанған аудандарда Жаркент, Ақкент, Ақсу – Шарын, Малыбай, Құрама және Қарасу болыстары ұйымдастырылды. 1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша: дүнгендердің саны – 14,130, ұйғырлардың саны – 55,999 адамға жеткен. Қазақстанның этникалық құрылымының өзгеруіне патша үкіметінің революцияшыл пиғылдағы азаматтарды жер аудару саясаты да өз әсерін тигізген еді. Дегенмен, ол демографиялық ахуалды қалыптастырудағы шешуші фактор болмаса да, Қазақ жерінде мұндай фактілер орын алғандығы белгілі. Мәселен, ХІХ ғ. 30-жылдарында Қазақ жері Ресей езгісіне қарсы Польшадағы көтеріліске қатысушылардың саяси қоныс аудару аймағына айналды. І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық ұлттың өкілдері өмір сүрді. Олардың қатарында орыстар мен украиндардан басқа: татарлар, ұйғырлар, өзбектер, башқұрттар, немістер, поляктар, дүнгендер, еврейлер, тәжіктер, молдовандар және т.б. бар-тын. Сонымен, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енгеннен кейін қалыптасқан демографиялық ахуалына тән сипат – бұл кезеңнің алғашқы жылдарында моноэтникалық ерекшелік сақталып келген болса, ХІХ ғ. 50–60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады. ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап орыс және украин шаруаларын қоныс аудару саясаты жаппай сипат ала бастағаны белгілі. Өмір тауқыметі мен патша үкіметінің саясаты оларды өз атамекенін тастап, белгісіз аймаққа қоныс аударуға мәжбүр етті. Бұл жерде тағы бір ерекше тоқтала кететін жайт, ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың көп бөлігі 1891–1892 жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінде орын алған қуаңшылық пен егіннің шықпай қалуына байланысты аштықтан бас сауғалап, жан сақтап қалған болатын. XX ғ. басында Ресей империясында екінші жалпы халық санағын өткізу туралы мәселе көтеріле бастады. Алайда, І дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы қос төңкеріс бұл санақты толық жүзеге асыруға бөгет болды. Дегенмен, 1916 жылы мамыр–тамыз аралығында ішнара санақ жүргізілген еді. Ол негізінен ауылдық жердегі тұрғындарды қамтыды. Бұл санақ бойынша жинақталған материалдардың ІІІ томына Қазақстанның 6 облысы бойынша мәліметтер енгізілген. Бұл деректерге қарағанда қазақтардың саны 3 млн. 994 мың адам немесе барлық халыққа шаққандағы үлес салмағы 50,7%-ды құраған. 1917 жылы жазда ауыл шаруашылық және қалалар бойынша санақ жүргізілді. Бұл санақ бойынша тұрақты тұрғылықты жерінде сол мезетте бар адамдар (наличное население) мен уақытша тұрмайтын халықтың есебі алынды. Өткен жылғы санақпен салыстырғанда 1917 жылы қазақ халқының саны 446 мың адамға азайып, 3 млн. 548 мың адам ғана қалған. 1917 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыс халқының үлес салмағы 18,9%-ды, украиндар – 10,3%-ды құрады. Қазақ жеріне шаруаларды қоныс аударумен бірге шетелдік иммиграция құбылысы да орын алды. 1897 жылғы санақ материалдарында «басқа да келімсек» («прочее пришлое») халықтар (олардың ішіне иммигранттар да кірген) Далалық өлкеде – 3%-ды, ал Түркістан өлкесінде – 1,9%-ды құраған. 1917 жылғы 1-қаңтардағы Ресей империясының санақ материалдарында бұл көрсеткіштер тиісінше 4,3 және 3,3%-ға жеткен. 1910 жылы Далалық өлкеге 1700 шетелдік азамат келген. Соның ішінде Қытайдан – 274, Германиядан – 188, Персиядан – 144, Даниядан – 103, Австриядан – 133, Түркиядан – 82, Ұлыбританиядан – 81, АҚШ-тан – 56, Грециядан – 38, Швециядан – 36, Швейцариядан – 31, Италиядан – 68, Жапониядан – 39, Кореядан – 22, Моңғолиядан – 270 адам келген. Сондай-ақ, олардың ішінде Румыния, Черногория, Нидерланд, Финляндия, Бельгия, Болгария, Сербия, Венгрия, Сальвадор, Португалия азаматтары да болған. Ресей империясының І дүниежүзілік соғысқа қатысуына байланысты Қазақстанда ұлттық-отарлық езгі де күшейе берді. Ол өз кезегінде елдегі ұлттық және әлеуметтік қайшылықтарды туғызды. Қоныс аударушыларды жерге орналастыру қазақ халқының сорына айналды. Қоныс аударушыларды жерге орналастыру жұмыстары барысында қазақтардың мал айдайтын жолдарына дейін алынып, су көздеріне бара алмайтындай жағдайлар жасалды. Қазақстанның этникалық құрамының өзгеруіне І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ жерінің әскери тұтқындарды орналастыру аймағына айналуы да елеулі әсер етті. 1914 жылдың соңына қарай Далалық өлкенің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан өлкесінің арнайы орындарында әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 20 мыңға жуық әскери тұтқындар орналастырылды. Қазақ жеріне әскери тұтқындарды жіберу 1812 жылғы Ресейдегі Отан соғысынан бері орын алған. Қазақстанның экономикалық тұрғыда Ресейдің ықпалына түсуі бірқатар өндіріс ошақтарының пайда болуына алып келді. Ең алдымен Ресей капиталы Қазақ жерінде тау-кен өндірісін игеруге салынды. Қазақ жерін экономикалық тұрғыда отарлау жол қатынасын, әсіресе су және темір жол көлігін дамытуды талап етті. Темір жол қатынасының пайда болуы өлкенің этникалық құрамының өзгеруіне де әсері болды. Қазақ жерін әскери-казактық, шаруаларды қоныс аудару және экономикалық тұрғыда отарлау барысында 400-ден астам станицалар мен деревнялар, 30-дан астам қалалар пайда болды. Қала халқы Ресейдің орталық аудандарынан келген қоныс аударушылар есебінен өсе бастады. Қалалардағы халықтың басым бөлігін орыстар – 54%-дан 82,8%-ға дейін құраса, татарлар – 14,3%, қазақтар – 16%, басқа ұлттар – 3% болған. 1917 жылы Қазақстанда тұрып жатқан халықтың ішіндегі қазақтардың үлес салмағы 59,8%-ды құрады. Қазақстанның алты облысындағы 1897–1917 жылдар аралығындағы халықтың механикалық өсімі 1 млн. 301 мың адам болды. Сондай-ақ, осы кезеңде Ресейден басқа аймақтарға қоныс аударғандардың төрттен бірі Қазақ жеріне келді. Ал 1906–1912 жылдары жүргізілген Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде 360,7 мың қоныс аударушылардың 80,6%-ы Украинадан және 19,4%-ы Ресейдің оңтүстігінен келді. Нәтижесінде 1917 жылы орыстар мен украиндар барлық халықтың 29,4%-ын, яғни 1 млн 745 мың адамды құрады. Кеңестік дәуірде Қазақстан халқының этникалық құрылымының өзгеруі Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан әрі күшейді. Оған алғышарт болған тарихи оқиғаларға мыналар жатты: индустрияландыру кезінде жаппай сипат алған миграциялық үдерістер, күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін науқандары, тұтас халықтарды күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бейбіт халықты эвакуациялау, тың және тыңайған жерлерді игеру және соғыстан кейін шикізаттық бағытта өндіріс орындарының дамуы. Кеңестік алғашқы халық санағы 1920 жылы тамызда өткізілді. Бұл санақты ерекшелейтін басым бағыты – санақ формулярында ана тілі туралы сұрақпен бірге, адамның ұлты да айқындалып көрсетілген-ді. Санақ формулярын толтыру сұрақ беру әдісі арқылы жүргізілді. 1920 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 5 млн 400 мың адамды құраған. 1921 жылы жазда Қазақстанда қатты қуаңшылық болып, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Қостанай облыстары аумағындағы егіннің барлығы дерлік күйіп кетті. Республикада 2,3 млн астам адам аштыққа ұшырады. 1922 жылы халық саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 млн астам адамға азайғанын көрсетті. Кеңестік дәуірде Қазақстан халқының этникалық құрылымының өзгеруіне жаңа аумақтық-әкімшілік бөліністің де елеулі әсері болғандығын атап көрсетуге тиіспіз. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы (ҚазАКСР) құрылды. Қазақ АКСР-нің құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Маңғышлақ уезі енді. Ал Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Республикасының құрамында қалды. 1921 жылы Қазақстанның солтүстігі мен батыс бөлігінде және Батыс Сібірде межелеу саясаты жүргізілді. Жаңа әкімшілік шекаралардың белгіленуі нәтижесінде Қазақ жерінің бірқатар аумақтары Ресей Федерациясының Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы облыстары мен Алтай өлкесіне беріліп, қазақтардың бір бөлігі сол аумақтарда қалып қойды. 1924 жылы 27 қазанда КСРО ОАК Қазақстан мен Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу саясатын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Бұл саясат бойынша құрамына Тәжік АКСР – енген Өзбек КСР-і, Түркімен КСР-і, РКФСР құрамында болатын Қара-қырғыз автономиялық облысы және құрамына Қарақалпақ автономиялық облысы кірген Қазақ АКСР-і құрылды. Оған дейін Түркістан Республикасының құрамында болып келген Сырдария мен Жетісу облыстарының қазақ аудандары Қазақстанға қосылды. Қарақалпақ автономиялық облысы 1930 жылы Қазақ АКСР-інің құрамынан шығарылып, РКФСР құрамына енгізілді. 1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді. 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 58,5%, орыстар – 20,6%, украиндар – 13,9%, өзбектер – 2,1%, татарлар – 1,3%, ұйғырлар – 1%, немістер – 0,8%. Ал сандық тұрғыдан алғанда: қазақтар – 3627612 адам, орыстар – 1275056, украиндар – 860201, немістер – 51094, татарлар – 79758, өзбектер – 129399, белорустар – 25584, ұйғырлар – 63432, өзге ұлт өкілдері – 88.453 адам болған. 1920 жылдардың ортасынан бастап большевиктік партияның жоспары бойынша Кеңестер Одағында социалистік құрылыстың маңызды бағыттары жүзеге асырыла бастады. Олар: индустрияландыру – аграрлық елден дамыған индустриялы елге айналау; ұжымдастыру – социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру. Мұның бәрі 1928 – 1932 жылдардағы І бесжылдық жоспары негізінде қауырт түрде жүзеге асырылуы тиіс еді. Алайда, бұл міндеттерді орындау барысында күштеу әдістері кеңінен қолданылып, оның этнодемографиялық зардаптары да айқын көрінді. Индустрияландыру науқаны барысында Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Кеңес Одағының басқа да өндірістік аудандарынан миграциялық ағын күшейді. Мысалы, 1928 – 1939 жылдары Қазақстандағы қала халқының механикалық өсімі миграциялық үдеріс барысында 1,8 млн адамды құрады. 1930 жылдардағы индустрияландыру, ұжымдастыру және күштеп депортациялау саясаты жүзеге асырылған уақытта Қазақстан халқының ұлттық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Алайда, голощекиндік «кіші қазан» науқаны барысында қалыптасқан аштық қасіретінің нәтижесінде өз жеріндегі қазақ халқының саны күрт азайып кетті. Оған мына статистикалық деректер айқын дәлел бола алады. Қазақ АКСР-нің халықшаруашылық есеп басқармасының 1930–1936 жылдардағы мәліметтері бойынша Қазақстандағы халық санының кемуі төмендегідей көрініс берген: 1930 ж. – 5873,0 мың адам; 1931 ж. – 5114,0 мың адам; 1932 ж. – 3227,0 мың адам; 1933 ж. – 2493,5 мың адам; 1934 ж. – 2.681,8 мың адам; 1935 ж. – 2926,0 мың адам; 1936 ж. – 3287 мың адам. 1930 – 1932 жж. Қазақстаннан КСРО-дан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болғандардың саны – 1,3 млн адам болды. Бұл кезеңде республика аумағына басқа ұлт өкілдерінің келуі жалғаса берді. Қоныс аударып келгендер республикадағы орыс халқының санын 12%-ға (1174 мың), татарларды 30%-ға (27 мың), белорустарды 22%-ға (6 мың) адамға арттырды. 1920 жылдары Қазақстанға қоныс аудару ұйымдасқан сипат алып, ол күштеу-мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылды. Басқа ұлт өкілдерінің біздің елімізге келуіне Ресейдің орталығындағы өндірістік аудандарда етек алған жұмыссыздық себеп болған еді. Сол кезеңде ондағы жұмыссыздардың саны 1,3 млн жуық адамға жетті. Ондаған мың адам күн көріс қамы үшін Қазақстанға Түркісіб, Қарағанды көмір бассейнінің және т.б. өндіріс нысандарының құрылысына ағылып келе бастады. КСРО-ның басқа аймақтарынан жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде жіберу (вербовка) науқаны барысында 1931–1940 жылдары Қазақстанға 509 мың адам келген. Ал олардың барлығы дерлік өндірістік нысандар, темір жол, қалалар мен жұмысшы кенттерінің құрылыстары аяқталғаннан кейін Қазақстанда қалып қойды. Мысалы, Түркісіб темір жолын салу құрылысына 30 ұлт өкілдері қатысса, Балқаштағы құрылыстарға – 45, Ақмола – Қарталы темір жол құрылысына – 50 ұлттың өкілдері атсалысқан. 1920 ж. соңы мен 1930 ж. басында КСРО аумағында аграрлық қоныс аудару саясаты жүзеге асырылды. Бұл саясат барысында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Кеңес Одағының басқа да аудандарынан шаруашылығы тәркіленген дәулетті шаруалар (кулактар), яғни арнайы қоныс аударушылар (спецпереселенцы) қоныстандырыла бастады. Сонымен бірге, КСРО-ның еуропалық аудандары мен Сібірден ерікті түрде қоныс аударушы шаруалар да келе бастады. Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз саясаты Қазақстанда 1930–1933жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750 мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды. Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия елдеріне асып кетті. Ал көршілес республикаларға аштықтан бас сауғалап қоныс аударған қазақтардың саны 453 мың адам болған. Соған сәйкес РКФСР-дағы қазақтардың саны 2,3 есе, Өзбекстанда – 1,7 есе, Түркменстанда 6 есе, Тәжікстанда 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өскен. Демограф мамандардың пікірі бойынша аштық қасіретінің салдары Қазақстанның демографиялық дамуында 150–170 жыл бойында айқын сезіліп отыратын көрінеді. 1937 жылы Кеңес Одағында кезекті халық санағы өткізілді. Алайда, оның материалдары жүйеленіп, талдауға түспей мұрағат қорларында ғана сақталып қалды. Дегенмен, кейін 1937 жылғы санақ қорытындыларының құпиялылығы ашылып, жария етілді. 1937 жылғы санақ бойынша КСРО аумағындағы Қазақ халқының саны 2862458 адамды құраған. Ал атамекеніндегі, яғни Қазақ КСР-дегі қазақтардың саны – 2181,520 адам ғана болған. Қазақ КСР-дегі халықтың жалпы саны – 5126,676 адамды құраған. Бұл деректер халық санының өткен кезеңдермен салыстырғанда қаншалықты кеміп кеткенін айқын көрсетіп тұр. Сонымен бірге, сол кезеңдегі идеологиялық талаптарға сәйкес ресми түрде 1930 жылдардағы аштық туралы айтуға тыйым салынған болатын. Кеңес өкіметі 1937 жылғы санақ қорытындыларын дұрыс емес деп тауып, 1939 жылы халық санағын қайта жүргізді. Қазақстан халқының этникалық құрамы туралы статистикалық мәліметтер төмендегідей болды: Қазақ КСР-нің жалпы халқының саны – 6 млн 93 мың 507 адам. Олардың ішінде: қазақтар – 38,0%; орыстар – 40,2%; украиндар – 10,8%, 1,5–1,8% аралығында немістер, татарлар, өзбектер, корейлер және басқа ұлт өкілдері – 3,3%. XX ғасыр қатаң саяси-құқықтық жүйе – тоталитарлық мемлекетті тудырған еді. КСРО-да большевиктердің күшпен депортациялау тәжірибесі 1920 жылдары-ақ жүзеге асырыла бастаған болатын. Бұл кезде Сібірге, Орал мен Қазақ жеріне оппозиция белсенділері, ауқатты азаматтар, дін өкілдері, бұрынғы патша әкімшілігінің чиновниктері жер аударылған-ды. 1937 – 1940 жылдары кеңестік корейлер, немістер, қырым татарлары, қалмақтар, балқарлар, шешендер, ингуштер, қарашайлар мен месхет түріктері барлық құқықтарынан айырылған еді. Оларды шетелдік тыңшы, диверсант деген жалған, ойдан шығарылған айыппен басқа жерлерге қоныс аударды. Күштеп қоныс аударудың ауқымы мен қатаңдығы бұл шараның қуғын-сүргінге ұшыраған этникалық топтарды қасақана құртуды көздегенін дәлелдеп тұрса керек. Аштық, эпидемиялар, тұрмыстық келеңсіздіктер, бір отбасы мүшелерінің жан-жаққа бөлініп кетуі және ең бастысы – ойдан шығарылған жалған айып әрі ресми биліктің жау пиғылындағы көзқарасы тек адамдардың өліміне ғана әкеліп қойған жоқ еді, ол тұтас этностарды моральдық күйзеліске ұшыратты. Сталиндік қуғын-сүргін саясатына байланысты Қазақ жері жазалау лагерьлерінің аймағына айналды. КСРО-ның БОАК мен ХКК 1929 жылы 6 қарашадағы шешімімен қауіпті қылмыскерлерді қоғамнан аластату мен күштеп жұмыс істету үшін еңбекпен түзеу лагерьлерін құру белгіленді. Осылайша Еңбек лагерьлері мен еңбек қоныстарының бас басқармасы – ГУЛАГ құрылды. ГУЛАГ жүйесіне 60-тан астам лагерь енді. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл лагерьлері, Кеңгір арнайы лагері, Өскемен лагері ашылды. Бұл лагерьлер ішіндегі ең ірілері «Карлаг» (ерекше режимдегі Қарағанды лагері), «отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагері – «АЛЖИР» болды. Қазақстандағы аса ірі лагерьлердің бірі – Карлаг 1930 жылы КСРО-ның ХКК 13 мамырдағы қаулысымен құрылды. Қарқаралы округі аумағынан оған 110 мың гектар жер бөлінді. Карлаг ашылған уақытта онда 47 ұлт өкілдерінен құралған 2,567 «тұтқын» отырды. Карлаг жүйесінде 292 шаруашылық лагері, 26 ерікті қоныс бөлімшесі болды. 1931–1960 жылдар аралығында Карлагта 1 млн жуық адам «жазасын» өтеген екен. Сонымен бірге, Қазақ жеріне ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аударылғандар ағыны артты. 1931–1932 жылдары Солтүстік Кавказдан Қазақстан мен Орта Азияға 38,104 отбасын (171 мыңнан артық адамды) қоныс аударып жіберді. 1930 жылы екінші жартысында «сенімсіз халықтар» деген сылтаумен батыс Украина мен батыс Белоруссия облыстарынан Қазақстан мен Кеңес Одағының басқа да аумақтарына поляк және неміс отбасылары (15 мың шаруашылық немесе 45 мыңға жуық адам) депортацияланды. Мұндай тағдыр тәлкегіне Қиыр Шығыста өмір сүрген қытайлықтар (11 мың адам), поляктар мен латыштар, Әзірбайжаннан ирандықтар (2 мың отбасы), Армения мен Нахичеваннан 809 күрд шаруашылықтары (7.325 адам) да ұшыраған еді. 1936 жылы ақпанда Украинадан Қазақ жеріне тағы да неміс және поляк шаруашылықтары қоныс аударылды. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарына қоныстандырылды. КСРО ХКК 1936 жылы 21 мамырда қабылданған «Дағыстан мен Шешен – Ингуш аумағынан кулак шаруашылықтарын қоныс аудару туралы» қаулысына сәйкес Қазақ жері мен Орта Азияға 1000 шаруа қожалығы депортацияланды. Ұжымдастыру науқаны барысында Қазақстанға тәркіленген 250 мың кулак шаруашылықтары күштеп қоныс аударылған. Сондай-ақ, соғыс қарсаңында Қазақстандағы өндірістік құрылыстарға басқа республикалардан 1 млн. 200 мың адам жіберілген-ді. 1937 жылы 21 тамызда «Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарында тұратын корейлерді қоныс аудару туралы» құпия қаулыға қол қойылды. Кеңестік корейлер ешбір сотсыз-тергеусіз «жапон тыңшылары» деп айыпталып, шұғыл депортациялық шараларға ілінді. КСРО ХКК мен БКП(б) ОК қабылдаған қаулысына сәйкес Қазақстанға 100 мыңға жуық корейлер қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек – желтоқсан аралығында Қиыр Шығыстан Қазақ жеріне 20789 корей отбасы (98454 адам) депортацияланды. Депортацияланған халықтардың тарихы аса күрделі кезең оқиғаларын қамтиды. Қазақтар 1930 жылдардағы бұрын-соңды Қазақ даласында болып көрмеген аштық қасіретін басынан rөткізіп отырса да, осынау тарихи сын сағатынан сүрінбей өтті. Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен қоныс аударылып келген халықтардың сақталып қалуы мен рухани-материалдық ұрғыда қайта түлеуіне мүмкін болған көмегін аяған жоқ-тын. Қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының көрсеткен мейірбандығы мен қонақжайлылығы қоныс аударылып келген халықтардың жадында сақталады және ол ешқашан ұмытылмақ емес. Міне, бұл тарихи тағдыр қазақстандық ұлтаралық татулық моделінің негізі болса керек. 1940 жылы республикада арнайы қоныс аударылғандардың жаңа контингенті пайда болды. Бұл кезде депортация құрығына он мыңдаған поляк ұлтшылдары ілінді. Олардың ішінде Германияның Польшаны жаулап алғаннан кейін бас сауғалаған босқындары да депортацияланды. 1940 жылдың ақпан – 1941 жылдың маусым айлары аралығында Украина мен Белоруссияның батыс облыстарынан, Литвадан 380 мың поляк депортацияланып, олардың көпшілігі арнайы қоныстарға орналастырылды. Гитлерлік Германиямен Кеңес Одағы арасындағы соғыс Поволжьедегі неміс автономиясын жоюға алғышарт болып, 1941 жылы күзде Қазақ жеріне 361 мың неміс қоныс аударылды. Қазақстандағы немістердің этникалық тобының қалыптасуына негіз салған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941 жылғы 28 тамызда қабылдаған «Еділ бойында тұратын немістерді қоныс аудару туралы» (О переселении немцев, проживающих в районах Поволжья) Жарлығы болды. Еділ бойында тұратын немістерге сатқындық айыбы тағылды. Жарлықтың күші кеңестік неміс ұлты өкілдерінің барлығына қолданылды. Еділ бойы немістерімен қатар москвалық, ленинградтық немістер де жер аударылып, Украина мен Кавказ немістері депортацияланды, майданнан солдаттар мен офицерлер шақыртылып алынды. Сол кезеңде республикадағы немістердің жалпы саны 441713 адамды құрады. 1943–1944 жылдары Қазақ жері мен Орта Азияға, Сібірге Солтүстік Кавказ бен Қырымнан басқа да этникалық топтар депортацияланды. Күштеп қоныс аударылған халықтардың алғашқыларының бірі – қарашайлықтар болды. Оған сылтау болған қарашай халқының жекелеген тобының сатқындығы мен қарақшылық әрекеті-міс. Осындай күдікке сәйкес жедел түрде 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиялық облысы жойылып, 14774 қарашайлық шаңырақ, жалпы саны 69287 адам Қазақстан мен Қырғызстанға қоныс аударылды. Олардың 45529 адамы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ 23300 адам Қырғызстанға қоныстандырылды. Қалмақтардың тағдыры да осылай шешілді. 1943 жылы 27 желтоқсанда негізсіз айыптарды алға тарта отырып, Қалмақ АКСР-і жойылды. Ал 92 мың қалмақ (олардың 65%-ы қарттар мен балалар) Қазақстан мен Сібірге депортацияланды. 1944 жылы Кабардин-Балқар АКСР-і Кабардин АКСР-і болып өзгертіліп, ал балқарлар Қазақстанға қоныс аударылды. 1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып, жалпы саны 150,1 мың қырым татарлары Қазақстанға қоныс аударылды. Сонымен бірге, Қырымнан Қазақ жеріне барлығы 7 мың болгарлар мен гректер депортацияланды. Ал 1945 жылғы қазандағы есеп бойынша Қазақстанда 406375 шешен және ингуш ұлтының өкілдері болған. 1943–1944 жылдары Солтүстік Кавказдан, Қырымнан, Закавказьеден Қазақ жеріне барлығы 507480 адам қоныс аударылған. Содай-ақ, 1944 жылы қарашада Қазақстан мен Орта Азияға Месхетиядан 110 мың адам қоныс аударылды. Соғысқа дейін Грузияның оңтүстік аудандарында түріктер өмір сүрген болатын. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы месхеттік түріктердің де тағдырын шешкен еді. Қаулыда қоныс аударудың себебі «шекара қауіпсіздігін нығайту мақсатында» деп көрсетілді. Месхеттік түріктер де Қазақстан мен Орта Азияға қоныс аударылды. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтар арасында ирандықтардан, күрдтерден, әзірбайжан мен армяндардан құралған 2,5 мың шаңырақ болатын. Олар да Әзірбайжан мен Армениядан Қазақстанның Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударылған-ды. Депортацияға ұшыраған халықтардың барлығы казармалық қатаң тәртіп жағдайында өмір сүрді. 1948 жылғы 26 қарашада шыққан Жарлыққа сәйкес бұрынғы тұрған жеріне рұқсатсыз шығу 20 жылға дейінгі каторгалық жұмысқа жегілумен жазаланатын болды. Кеңестер Одағында жаппай саяси қуғын-сүргін саясаты белең алған тұста барлығы 3 млн астам адам депортацияланған. Олардың арнайы қоныстары негізінен Қазақ жері мен Сібірде орналасты. Депортацияланған халықтар Қазақстанның барлық облыстарында дерлік құрылған арнайы қоныстарға орналастырылды. Күштеп қоныс аударудың қайғы-қасіреті өлшеусіз еді, оны басынан өткізгендер ешқашан ұмытпақ емес. Бұрын өмір сүрген жерлерінде олар барлық дүние мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды» мал немесе тауар таситын вагондармен әкелді. Қоныстанушылар арасында эпидемиялық жұқпалы аурулар күшейіп кетті. Климаттық өзгеріс пен өте ауыр тұрмыстық жағдайлар қоныс аударушылар арасындағы өлімді көбейтіп жіберді. Бірақ депортациялық саясаттың қатал жағдайында олар аман қалып қана қоймай, Қазақ өлкесінен жаңа Отанын тапты, өздерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, көп ұлтты Қазақ жерінде өзіне лайықты орнын алды. 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы Қазақстандағы этникалық өзгерістердің жаңа толқынына себепші болған еді. Қазақ жеріне майдан шебіне жақын жерлердегі батыс аудандардан өндіріс орындарын эвакуациялау өте күрделі жағдайда жүзеге асырылды. 1941–1942 жылдары республикаға Украина мен Орталық Ресейден 200-ден астам өндіріс орындары көшірілді. Сонымен бірге, Қазақстанға майданға жақын аудандардан бейбіт халық эвакуацияланған-ды. 1941 жылы республикаға 386,5 мың адам көшірілсе, ал 1942 жылдың соңында тағы 500 мыңнан астам адам келді. Олардың көпшілігі кейін Қазақстанда орнығып қалған еді. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына 1 196 164 қазақстандық жауынгер шақырылды. Өнеркәсіптің стратегиялық маңызды салаларында жұмыс істеу үшін 670 мың адам еңбек армиясына мобилизацияланды. Сонымен, соғыс жылдарында Қазақ жеріне 1,5 млн эвакуацияланған және депортацияға ұшыраған халықтар келді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі миграциялық үдерістер де мейлінше жедел қарқынмен өзгеріп отырды. Қазақстанға бағыт алған жаңа аса ірі этникалық толқын тың және тыңайған жерлерді игеру науқанымен және кең көлемде жүргізілген өндірістік құрылыспен тығыз байланысты болды. 1954 жылы Компартия ОК пленумы «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылдады. Кеңес Одағы басшылығы нан тапшылығын жоюды тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы шешуді көздеді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни 50%. Тек 1954 – 1955 жылдары, бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954 – 1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн жуық адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлес салмағы күрт төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылу қаупі туды. Алайда, иммиграциялық қысым жалғаса берді. Қазақстандағы өндірістік құрылыс пен көлік саласы үшін жұмысшы күшін жасақтау науқаны ұйымдастырылып, 1954–1965 жылдары республикаға 0,5 млн жуық адам келді. Олар негізінен Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан келді. Бұл үдеріс жергілікті халықтың саны мен үлес салмағының одан әрі төмендеуіне ықпал етті. 1959 жылы қаңтарда соғыстан кейінгі алғашқы халық санағы жүргізілді. Бұл санақ бойынша Қазақстан халқының саны 9,3 млн адам болған және ол 1939 жылғы санақ есебімен салыстырғанда 52,5%-ы көбейгенін көрсетті. Республикадағы этникалық топтардың арасалмағы төмендегідей болып қалыптасты: қазақтар – 30%, орыстар – 42,7%, белорустар – 1,2%, корейлер – 0,8%, ұйғырлар – 0,6%, әзірбайжандар – 0,4% және басқа халықтар – 5,5%. Тоталитарлық билік саясатының нәтижесінде Қазақстанның көпұлттылық сипаты тереңдей берді. Бұл жерде ерекше ескерте кететін жайт, жергілікті халықтың, яғни қазақтардың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендеп кеткен еді. Бұндай жағдай бүкіл Кеңестер Одағында жалғыз Қазақстанда ғана қалыптасты. Қазақстанның ішкі жағдайында да қазақтардың қоныстануы біркелкі болмаған-ды. Егер Оңтүстік Қазақстанда жалпы халыққа шаққандағы үлес салмағы 37,6%, Батыс Қазақстанда – 52%-ды құраса, бұл көрсеткіш Шығыс және Орталық Қазақстанда 18 – 19% болған. 1950 жылдардың екінші жартысынан басталып кейінгі жылдары өз жалғасын тапқан Қазақстан экономикасының даму қарқынының өсуі жұмысшы күшіне деген сұранысты үнемі алға тартып отырды. Соған сәйкес 1959 –1970 жылдары Қазақстан қалаларына Ресейден 480 мың адам, Украинадан – 72,3 мың адам келді. 1970 жылы қаңтарда кезекті халық санағы болып өтті. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 13 млн адамды құрап, 11 жыл ішінде 40%-ға өскенін көрсетті. Оның ішінде қазақтар – 32,6%, орыстар – 42,5%, украиндар – 7,2%, немістер – 6,6%, татарлар – 2,2%, ұйғырлар – 0,9%, корейлер – 0,6%, әзірбайжандар – 0,4%, дүнгендер – 0,1% және басқа халықтар – 3,8% болған. Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерге қарағанда 1939 жылдан бері Қазақстандағы саны жағынан ең көп этникалық топ орыстар болып қала берді. Шығысславяндық этностық тұрғыдан келгенде, тіпті олар республика халқының көп бөлігін құрайтын еді. Солай бола тұрса да қазақ халқының демографиялық дамуында түбегейлі бетбұрыстың қалыптаса бастағандығын көруге болады. 1959 – 1970 жылдары қазақтардың саны 1 млн 446 мың адамға, яғни 51,9%-ға өскен. 1960 жылдардан бастап Кеңес Одағының басқа республикаларынан Қазақстанға миграциялық үдерістер азая бастады. Ал 1970 жылдардың ортасынан бастап, әсіресе 1980 жылдардың аяғында миграциялық үдеріс кері бағытқа, яғни республикадан тыс жерлерге қоныс аудару бағыты орын алды. 1970–1985 жылдарда еліміздің өндірістік қуаты арта берді. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Маңғышлақ, Қаратау – Жамбыл және Павлодар – Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. 1979 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша жергілікті емес халықтың саны 64,0%-ды құрады. 1979 жылғы санақ Қазақстандағы орыстар мен орыстілді халықтар санының өсуі өзінің шарықтау шегіне жеткенін көрсетті. 1979 жылы Қазақстан халқының саны 14 млн 684 мың адамды құрады. Олардың ішінде: қазақтар – 36%; орыстар – 40,8%, немістер – 6,2%; украиндар – 6,1%; татарлар – 2,2%; өзбектер – 1,8%; белорустар – 1,2%; ұйғырлар – 1,0%; корейлер – 0,6%; әзірбайжандар – 0,5% және басқа халықтар – 3,6% болды. 1979 жылы халық санының өсуі 1970 жылмен салыстырғанда 12,9%-ды ғана құраған. Оның себебі – республикадағы өзге ұлт өкілдерінің Кеңес Одағының басқа аймақтарына қоныс аударуымен түсіндіріледі. 1970 – 1979 жылдар аралығында ең жоғарғы өсім қазақтарда болған – 25%; өзбектер мен ұйғырларда – 22%; әзірбайжандарда – 21%, ал ең төменгі өсім орыс халқында байқалған – 8,5%. Қазақ халқы санының артуы, біріншіден, табиғи өсім болса, екіншіден, Өзбекстаннан, Ресейден, Түркіменстаннан және Қытайдан қазақтардың өз отанына оралуына байланысты болды. Егер 1920 жылы Қазақстанда өмір сүретін этностардың саны 38 болып тіркелген болса, ал 1970 жылғы санақ бойынша 114, 1986 жылы 120 этнос өмір сүрген. 1989 жылы қаңтарда КСРО-дағы соңғы халық санағы өткізілді. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн адам болды. Қазақстан халқының құрамы сандық көрсеткішпен төмендегідей еді: қазақтар – 39,7%; орыстар – 37,8%; украиндар – 5,4%; немістер – 5,8%; татарлар – 2,0%; өзбектер – 2,0%; белорустар мен ұйғырлар – 1,1%; корейлер – 0,6%; әзербайжандар – 0,5%. 1990 жылдардың басында Қазақстанда 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар тұрақты өмір сүрген. Олардың ішінде қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, татар, ұйғыр, белорус, корей халықтарының үлес салмағы 95%-дан астам еді. Ал республикадағы екі негізгі этностар: қазақтар мен орыстардың үлес салмағы 77,5%-ды, жалпы саны 12 млн 760 мың адамды құрады. 1979 – 1989 жылдар аралығында халықтың жалпы өсімі 1 млн 780 мың адамды немесе 12%-ды құраған. Өсімнің ең жоғарғы көрсеткіші қазақтарда болған, ол 23,5%-ды құрады. Жалпы қазақ халқының өсімі, жоғарыда атап көрсетілгендей, табиғи өсім мен басқа елдерден Отанына оралу үдерісімен байланысты болған еді. Басқа этностардың өсімі табиғи өсім негізінде қалыптасты.
Мал сойысқанда, кілем тоқу, текемет басу, іс тігу сияқты қолмен атқарылатын жұмыстарға ауылдың қолы шебер еркек-әйелдері тікелей араласып, қол ұшын береді, жәрдемдеседі. Іс аяқталған соң отанасы осы жұмысқа қатысқандарға "қолүздік" деп аталатын кәде береді. Яғни атқарылған істен артық қалған ине-жіп, жүн-жұрқа, түбіт, тарамыс тағы басқа ұсақ-түйектер үлестіріледі немесе басқа да заттар береді. Бұл да ұлттық жарасымды кәде және ол әркімнің еңбегін бағалаудың қарапайым белгісі. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
Құдаларды қарсы алу қандай жауапты әрі қызықты салт болса, кетерде аттандыру да сондай міндетті жүктейді. Оларды риза етіп аттандыру бүкіл ағайын-туғанның бірлігі мен үлгі-өнегесін дәлелдейді. Құдалардың көлігін дайындап, жолға шығару да тойдың соңғы қызметін көрсетеді. Қыз жеңгелері мен жас әйелдер құда аттандырар деген кәде алады. Жалпы кәде алу пайда табу емес, ұлт дәстүрі мен ойнақы мінезінің ғана айғағы деп тану керек. Кәде осы көріністердің дәнекері ғана, оған ешкім "алып алты, жеп жеті" болмайды. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
Қой (лат. Ovis aries) — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан. Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі, 15 – 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады.Отар – бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі. Биязы жүнді және асыл тұқымды қозыларды үш жарым төр айларында, қылшық жүнді үш төрт айлығында бөліп, отар құрады. Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады. Жас төлдерден құралған отарларды бөлек жақсы жайылымдарға жаяды, жеммен үстеп қорректендіреді. Отарлар бір- бірімен араластырылмайды, үш төрт адамнан құралған малшылар (шопандар) бағып күтеді.Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 – 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар – саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту қой деп атайды. Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 – 140 килограмм; 50 – 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 – 15; 4 – 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 – 10; 3 – 6 килограмм (биязылау жүнділерінен); 4 – 6; 2 – 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады. Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары – қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады. Үй қойларының ата-тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, арқар (немесе аргал) және жабайы қыр қойлары болып табылады. Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері пайда болған.Жабайы қойдың көз алды мен бақайының аралықтары безді келіп, басы құйқалы, жазық маңдайлы болады. Қошқарлары иір мүйізді, ірі, қылшық түкті, дөңгелек құйрықты, сида, ұзын сирақты. Олардың қысқы қоректері ағаш қабықтары мен көк шырпылар және құрғақ шөптер. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте қолайлы келген.Жабайы қой тұқымдарын адам баласы көптеген уақыт алып, бағып-қағып қолға үйретті, үй қойы етіп, жерсіндірді, ауа райына көндіктіріп, дағдыландырды, содан қой түлігі атанды.Қолға үйренген үй қойларының да тұқымдары әр түрлі болып келеді. Солардың бірі — қазақы қой.Қазақы қойлар бертін келе тұқымдарына қарай, өскен жеріне, тұқымына, өсімталдығына, түр-түсіне, жүніне, құйрық, бас, құлақ, бітістеріне, жасына, мінез-әдеттеріне, тағы басқадай ерекшеліктеріне байланысты аталған. Мысалы: шаруалар қойды жасына қарай: үлкен (сақа) қошқар, азбан, ісек, дөнен қой, құнан қой, саулық, тұсақ, тоқты, марқа қозы деп атаса, жынысына қарай; еркек қой, ұрғашы қой, (тоқтышақ), еркек тоқты, ұрғашы тоқты, еркек марқа, ұрғашы марқа, еркек қозы, ұрғашы қозы, т. б. деп атайды. ## Генетикасы Диплоидті жасушаларда түрлі қошқарлардың хромосомалары әртүрлі. Бұл сан (2n) 52-ден (қарлы қойда) 58-ге дейін (уриден) .Кейде хромосомалардың саны бір түрдің өкілдерінен, тіпті бір адамнан да ерекшеленуі мүмкін. Ішкі қойлардың әдетте 54 хромосомасы бар, бірақ хромосома саны 50-ден 53-ке дейін болатын жасушалар жиі кездеседі, сонымен қатар, 52-хромосомалық адам басым болған отбасылардың тұқымдары бар .Хромосомалар санынан айырмашылығы бар тұқымдардың өкілдері межеленген және өмір сүретін және жемісті ұрпақ әкеле алады . Муфлон диапазондары (2n = 54) мен уриден (2n = 58) қиылысатын Эльбрус тауларында гибридті шыққан адамдар тобы бар. Хромосомалардың саны 54-ден 58-ге дейін . ## Таралуы Жабайы қойлар батыс, орталық және солтүстік-шығыс Азия да, сондай-ақ Солтүстік Америка ның батысында орналасқан. Еуропада олар Балқан түбегінде тұрды, бірақ шамамен 3 мың жыл бұрын қайтыс болды. Кейбір Жерорта теңізі аралдарында орналасқан муфлон топтарының шыққан жері, олардың нақты жабайы қошқарлар немесе жаңа жабайы аңдар болса да, дау-дамай болып табылады. Көптеген қойлар таулы аудандарда тұрады, бірақ шөл далада өмір сүретіндер де бар, мысалы, кейбір бордақылау популяциясы. ## Қойға қойылатын атаулар Күй жайына, төлдеу уақытына, жынысына, жасына, сауылуына, желін, емшек бітісіне, дене бітіміне, шағылысу мерзіміне, мінезіне және жүн бітісіне байланысты болып келеді. ## Түсініктемелер Қой шаруашылығы әлемнің көп елдерінде байырғы заманнан кең тараған кәсіптердің бірі. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады. ## Тарихы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 ж. 29 маусымда КСРО Мембанкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ретіндеашылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды. ## Негізгі фунциясы Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі: * мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу; * төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; * валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; * қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды: * Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi; * Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады; * банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады; * Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады; * төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады; * Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады; * Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады; * қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады; * Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады. Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады. ## Басқару құрылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Президентіне тікелей бағынып, оған есеп береді. Ел Президенті Ұлттық Банк Төрағасын Парламент Сенатының келісуімен 6 жылдық мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. Ұлттық Банк құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады. Ұлттық Банк құрылымы 1. Орталық аппарат: * департаменттер; * басқармалар. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары: * орталық филиал (Астана қаласы); * республикалық маңызы бар Алматы мен Шымкент қалаларындағы филиалдар; * Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларындағы филиалдар; * Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары: * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; * Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері. Акцияларына Ұлттық банк иелік ететін заңды тұлғалар * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» акционерлік қоғамы * «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы * «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы * «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (64%) * «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы * «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» акционерлік қоғамы * «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (47%) ## ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымы * Ақша-кредит саясаты департаменті * Төлем балансы департаменті * Қаржы нарығының статистикасы департаменті * Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті * Қаржылық технологиялар департаменті * Төлем жүйелері департаменті * Бухгалтерлік есеп департаменті * Операциялық есепке алу департаменті * Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі * Ішкі аудит департаменті * Қауіпсіздік департаменті * Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы * Тәуекелдер және комплаенс департаменті * Монетарлық операциялар департаменті * Халықаралық ынтымақтастық департаменті * Заң департаменті * Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті * Қолма-қол ақша айналысы департаменті * Қаржы департаменті * Адам капиталын дамыту департаменті * Әкімшілік басқармасы * Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті Алматы қаласындағы өкілдік * Зерттеулер және талдама орталығы * Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті * Тұрақты өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚРҰлттық Банкі қайта үйымдастырылды, одан ҚР Қаржы нарығынжәне қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі бөлініпшығарылды.ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен ҚРҰлттық Банкінің орталық аппаратының қүрылымына мынадай өзгертулер енгізілді: қолма-қол ақшамен жұмыс және төлем жүйелері басқармалары департаменттер болып қайта құрылды; монетарлықоперацияларды есепке алу басқармасы құрылды. ## Төрағалар * қаңтар 1992 — желтоқсан 1993 — Ғалым Байназаров * 1994 — қаңтар 1996 — Дәулет Сембаев * қаңтар 1996 — ақпан 1998 — Ораз Жандосов * ақпан 1998 — қазан 1999 — Қадыржан Дәмитов * қазан 1999 — қаңтар 2004 — Григорий Марченко * 26 қаңтар 2004 — наурыз 2009 — Әнуар Сәйденов * 22 қаңтар 2009 — 1 қазан 2013 — Григорий Марченко * 1 қазан 2013 — 2 қараша 2015 — Қайрат Келімбетов * 2 қараша 2015 — 26 ақпан 2019 — Данияр Ақышев * 26 ақпан 2019 — 31 қаңтар 2022 — Ерболат Досаев * 3 ақпан 2022 — 4 қыркүйек 2023 - Ғалымжан Пірматов * 4 қыркүйек 2023 жыл - Тимур Сүлейменов ## Дереккөздер
Малды ауылда мал өлімі мен шығыны болмай тұрмайтыны белгілі. Ауқатты адамдардың малы өлсе оның ештеңесі кетпейді. Егер ауыл ішіндегі тұрмысы төмен кедейдің малы шығын болып адал өлсе оның жөні басқа. Мұндайда әлгі пышаққа ілінген ірі малды ауыл адамдары сойып, оның 12 жілігін бір-бір ұсақ малға балап, бөліп әкетеді. Бұл дәстүр қазақ ғұрпында "қызыл көтеру" деп аталған. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
Қайтыс болған белгілі адамдарға ас беру ежелгі дәстүр. Бұған күні бұрын үлкен дайындық ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі, сауын айтылады. Ас болатын күннен бір-екі күн бұрын дайындық жайын тексеріп, қорытындылайтын мәжіліс болады. Бұл үлкен тойдың ақырғы, қорытынды сәті. Бұған арнайы бір мал сойылып, ас алдындағы шағын бір той өткізіледі. Той өткізушілер бірауызды болуға, ел намысын қорғауға шақырып, пәтуаласады. "Ошақ майлау" дегеніміз осы. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
Бірі жасы үлкен, бірі жас екі ер адам тым жақын достық әрі сыйластық қарым-қатынаста болады. Бірімен-бірі туыстай араласып, бірінің жоғын бірі түгендеп, жан аямас достық қалыпта жүреді. Мұндай кісілер бірін-бірі "өкіл күйеу" деп атайды. Бірақ бұлар кәдімгі күйеу емес, атауы ғана солай болғанмен достықтан да, туыстықтан да жақын көңілдес болады. Мұны екі ұлт өкілі немесе құрбы адамдар арасындағы "тамырлық" қатынаспен шатастыруға болмайды. Бұлардың айырмашылығы адамдардың жас ерекшелігімен ажыратылады. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
## Қоқан хандығындағы қазақтар ХҮІІІ ғасырдың басындағы Бұхара хандығының әлсіреуіне байланысты, 1709 жылы Ферғана иелігі билігін өзбектің мыңдар руының өкілі Шахрух би (1709-1791) қолына алып, дербес саясат жүргізуі Ферғана иелігінде Қоқан хандығы деген атауға ие болды.(1).Қоқан билеушілері 1709 жылдан 1805жылға дейін өздері би деп атап келсе, 1805 жылы Әлімбек өзін ханмын деп жариялап, соған орай ол басқарған мемлекет Қоқан хандығы деп атала бастады.ХҮІІІ ғасырдың орта негізінде күш қуаты арта түскен Қоқан хандығы қуатты елге айналуына қазақ және қырғыз рулары өзіндік үлес қосты.1709-1876 жылдары өмір сүрген Қоқан хандығының қалыптасу кезеңі 1709-1804 ж. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде қазақ, қырғыз және басқа хандықтардың қалыптасу есебінен Ферғана өлкесінің экономикалық жағдайы нығая түсіп, тәуелсіз Қоқан иелігі пайда болды.Ресей ежелгі актілер мұрағатында (2, c193) 1741жылы Ташкентте болған татарлық саудагер Шубай Арслановтың мәліметінше, алдында жоңғар үстемдігі кезінде Ташкент қаласында хандар бір бірін өлтіру арқылы таққа отырған, бұған халық еш наразылық білдірмеген. Ең алдымен қаланы қырғыз қайсақ арасынан Жолбарыс иеленді. Бірақ 1740 жылы 5 сәуірде Ташкентте мешітте намаз оқып отырған жерінде опасыздықпен өлтірілді. Сол жылы Абылай сұлтанның қолдауымен қала билігі Төле бидің қолына көшеді.Қазақ хандығының әлсіреп, Жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері күшейе түскен кезінде Төле би елдің иесіне тән қасиет таныта білді. Жоңғарлар қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандары қуғын сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық күрес жолында күрес жүргізді. Сол бір қысылтаяң шақтағы ерен еңбегі Төле бидің есімін күллі қазақ тарихынан бөліп ала алмайтын біртұтас ұғымға, ұлтқа риясыз қызмет етудің символына айналдырды. (3)Жоңғар шапқыншылығы тоқтатылғаннан кейін, Ташкент аймағын Абылай хан өзінің туыстары басқаратын қазақ руларына: дулат, ысты, сіргелі, ошақты, қоңырат, найман және т.б. бөліп берген еді. Бір біріне тәуелсіз төрт қыстақтан құралған Ташкенттің Раджапбек басқарған Бесағаш деген бөлігін ыстылар, Мұхамед Ибрахимбек басында тұрған Көкшені қоңыраттар, Жошы әулетінен шыққан өкіл басқарған Сибзарды Жаныстар Бабахан төре қарамағындағы Шайхантəуірды сіргелі, ошақты рулары, ал наймандар Шыназды иеленді. (4).1784жылы Ташкенттегі билікті қазақтардың алауыздығын пайдаланып, ұлы жүздің шанышқылы және қаңлы руларының көмегімен Шайхантəуір билеушісінің баласы Жүнісқожа өз қолына алды.(5). Жүнісқожаның шығу тегі және билікке келуі жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. П.П. Иванов Жүнісқожаны Н.И. Градеков (6, 25), келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, қырғыздардың қалша руынан шыққан және Төле бидің қоластында қызметте болған, кейін Төле би дүниеден өткеннен кейін, билікке ұмтылып, 15-20 жылдай қазақтармен күрес жүргізді деп көрсетеді. Жүнісқожаны ұлы жүз қазақтарымен туыстық қарым - қатынаста байланыстырып тұрды. Жүнісқожаның әпкесінің бірін Төле бидің туған жиені Сиқым Шинет батыр алып, одан Рысбек пен Тұрыс батырлар дүниеге келген және тағы бір әпкесін Төле бидің өзі алып, одан Жолан мен Қожабек атты балалары туған. (7,27).Жүнісқожа және оның мұрагерлері басқарған Ташкент иелігі 1784-1808ж өмір сүрді. Ташкентке жақын орналасқан Құрама, Шымкент, Сайрам, Әулие-Ата, Түркістан, Ақмешіт және Сыр бойының біраз бөлігі Ташкент иелігі құрамында болды. Ташкент өзінің саяси құрылысы жөнінен Бұқара, Қоқан хандықтарынан кем түспеді. Ташкенттің билігінің өсуіне Шайхантəуір билінің жергілікті қожалары көмектесті. Ташкентті басқаруға Ресеймен сауда жасасатын бай қолөнершілер мен көпестер ықпал жасап отырды.П. Ивановтың мәліметінше, (5) Ұлы жүзде хандық билікті жойып, зекет салығын енгізді. Өз билігін жоғары ұстау үшін беделді қазақтарға арқа сүйеп, әскерлерді қазақтардан ғана сайлап алды. Бұған қаңлы, шанышқылы, рамадан руларынан шыққан 24 батырдың есімдері айтылады. Бұл әскери құраманы «Қарақазақ» деп атаған. «Қарақазақтар» деп аталатын жеке мүлкі жоқ адамдардан құралған 6 мыңға жуық шешуші ұрыстарда маңызды рөл атқарды. Қарақазақтарды қарумен, мініс аттарымен және басқа қызметтік әскери тұрмыстық бұйымдармен Жүнісқожаның өзі қамтамасыз етті. Бейбіт кезде қарақазақтар Жүнісқожаның және ірі шенеуніктердің үй шаруасын жүргізді.1794 ж. Қоқан ханы Нарботаның әскері Ташкент жеріне баса көктеп кірді, бірақ жеңілісіне ұшырады. Қоқандықтарға қарсы 1797-1798 жылдары Жүнісқожамен Ұлы жүз қазақтарымен одақ құрды.(1,66).1799ж. Нарбота қаза тапты. 1803 ж. Жүнісқожа қолы Гурумсарай деген жерде қоқандық әскерлермен кездесті, Қоқан билеушісі Әлімхан таулық Ташкенттерден құралған. Раджап дуанбегі басқарған атты әскерді қарсы қойды. Қазақ қолбасшылары Рүстем, Әділ және Бабахан төрелердің өзара келіспеушілігінен, жасағының шабуылын тойтарды. Осы оқиғадан кейін Жүнісқожа қатты науқастанып, көп ұзамай көз жұмды. (8,96). ## Дереккөздер ## Қоқан хандығындағы қазақтар ХҮІІІ ғасырдың басындағы Бұхара хандығының әлсіреуіне байланысты, 1709 жылы Ферғана иелігі билігін өзбектің мыңдар руының өкілі Шахрух би (1709-1791) қолына алып, дербес саясат жүргізуі Ферғана иелігінде Қоқан хандығы деген атауға ие болды.(1).Қоқан билеушілері 1709 жылдан 1805жылға дейін өздері би деп атап келсе, 1805 жылы Әлімбек өзін ханмын деп жариялап, соған орай ол басқарған мемлекет Қоқан хандығы деп атала бастады.ХҮІІІ ғасырдың орта негізінде күш қуаты арта түскен Қоқан хандығы қуатты елге айналуына қазақ және қырғыз рулары өзіндік үлес қосты.1709-1876 жылдары өмір сүрген Қоқан хандығының қалыптасу кезеңі 1709-1804 ж. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде қазақ, қырғыз және басқа хандықтардың қалыптасу есебінен Ферғана өлкесінің экономикалық жағдайы нығая түсіп, тәуелсіз Қоқан иелігі пайда болды.Ресей ежелгі актілер мұрағатында (2, c193) 1741жылы Ташкентте болған татарлық саудагер Шубай Арслановтың мәліметінше, алдында жоңғар үстемдігі кезінде Ташкент қаласында хандар бір бірін өлтіру арқылы таққа отырған, бұған халық еш наразылық білдірмеген. Ең алдымен қаланы қырғыз қайсақ арасынан Жолбарыс иеленді. Бірақ 1740 жылы 5 сәуірде Ташкентте мешітте намаз оқып отырған жерінде опасыздықпен өлтірілді. Сол жылы Абылай сұлтанның қолдауымен қала билігі Төле бидің қолына көшеді.Қазақ хандығының әлсіреп, Жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері күшейе түскен кезінде Төле би елдің иесіне тән қасиет таныта білді. Жоңғарлар қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандары қуғын сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық күрес жолында күрес жүргізді. Сол бір қысылтаяң шақтағы ерен еңбегі Төле бидің есімін күллі қазақ тарихынан бөліп ала алмайтын біртұтас ұғымға, ұлтқа риясыз қызмет етудің символына айналдырды. (3)Жоңғар шапқыншылығы тоқтатылғаннан кейін, Ташкент аймағын Абылай хан өзінің туыстары басқаратын қазақ руларына: дулат, ысты, сіргелі, ошақты, қоңырат, найман және т.б. бөліп берген еді. Бір біріне тәуелсіз төрт қыстақтан құралған Ташкенттің Раджапбек басқарған Бесағаш деген бөлігін ыстылар, Мұхамед Ибрахимбек басында тұрған Көкшені қоңыраттар, Жошы әулетінен шыққан өкіл басқарған Сибзарды Жаныстар Бабахан төре қарамағындағы Шайхантəуірды сіргелі, ошақты рулары, ал наймандар Шыназды иеленді. (4).1784жылы Ташкенттегі билікті қазақтардың алауыздығын пайдаланып, ұлы жүздің шанышқылы және қаңлы руларының көмегімен Шайхантəуір билеушісінің баласы Жүнісқожа өз қолына алды.(5). Жүнісқожаның шығу тегі және билікке келуі жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. П.П. Иванов Жүнісқожаны Н.И. Градеков (6, 25), келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, қырғыздардың қалша руынан шыққан және Төле бидің қоластында қызметте болған, кейін Төле би дүниеден өткеннен кейін, билікке ұмтылып, 15-20 жылдай қазақтармен күрес жүргізді деп көрсетеді. Жүнісқожаны ұлы жүз қазақтарымен туыстық қарым - қатынаста байланыстырып тұрды. Жүнісқожаның әпкесінің бірін Төле бидің туған жиені Сиқым Шинет батыр алып, одан Рысбек пен Тұрыс батырлар дүниеге келген және тағы бір әпкесін Төле бидің өзі алып, одан Жолан мен Қожабек атты балалары туған. (7,27).Жүнісқожа және оның мұрагерлері басқарған Ташкент иелігі 1784-1808ж өмір сүрді. Ташкентке жақын орналасқан Құрама, Шымкент, Сайрам, Әулие-Ата, Түркістан, Ақмешіт және Сыр бойының біраз бөлігі Ташкент иелігі құрамында болды. Ташкент өзінің саяси құрылысы жөнінен Бұқара, Қоқан хандықтарынан кем түспеді. Ташкенттің билігінің өсуіне Шайхантəуір билінің жергілікті қожалары көмектесті. Ташкентті басқаруға Ресеймен сауда жасасатын бай қолөнершілер мен көпестер ықпал жасап отырды.П. Ивановтың мәліметінше, (5) Ұлы жүзде хандық билікті жойып, зекет салығын енгізді. Өз билігін жоғары ұстау үшін беделді қазақтарға арқа сүйеп, әскерлерді қазақтардан ғана сайлап алды. Бұған қаңлы, шанышқылы, рамадан руларынан шыққан 24 батырдың есімдері айтылады. Бұл әскери құраманы «Қарақазақ» деп атаған. «Қарақазақтар» деп аталатын жеке мүлкі жоқ адамдардан құралған 6 мыңға жуық шешуші ұрыстарда маңызды рөл атқарды. Қарақазақтарды қарумен, мініс аттарымен және басқа қызметтік әскери тұрмыстық бұйымдармен Жүнісқожаның өзі қамтамасыз етті. Бейбіт кезде қарақазақтар Жүнісқожаның және ірі шенеуніктердің үй шаруасын жүргізді.1794 ж. Қоқан ханы Нарботаның әскері Ташкент жеріне баса көктеп кірді, бірақ жеңілісіне ұшырады. Қоқандықтарға қарсы 1797-1798 жылдары Жүнісқожамен Ұлы жүз қазақтарымен одақ құрды.(1,66).1799ж. Нарбота қаза тапты. 1803 ж. Жүнісқожа қолы Гурумсарай деген жерде қоқандық әскерлермен кездесті, Қоқан билеушісі Әлімхан таулық Ташкенттерден құралған. Раджап дуанбегі басқарған атты әскерді қарсы қойды. Қазақ қолбасшылары Рүстем, Әділ және Бабахан төрелердің өзара келіспеушілігінен, жасағының шабуылын тойтарды. Осы оқиғадан кейін Жүнісқожа қатты науқастанып, көп ұзамай көз жұмды. (8,96). ## Дереккөздер
Абдо Мұхаммед (1849-1905) - Мысыр ғұламасы, қоғам қайраткері,мысырлық теолог және либералды реформатор. Исламды қоғамның өркениетті даму жағдайларына қарай бейімдеу бағытындағы діни-қоғамдық ағымның негізін салушылардың бірі. Әл-Азһарда білім жүйесі бойынша реформа жасап, мұсылман тәртібі мен заң, сот жұмыстарында жаңа имандылық ережелерін енгізуді насихаттады. Ол құдай құдіретімен белгіленген жазмыш шеңберінде болса да, адамның ерік бостандығы бар деп таныды. Сонымен бірге, ислам діні негізін сақтай отырып, батыс өркениетінің жетістіктерін игеруді жақтады. Парламенттік демократияны қолдады. Ислам ілімін діни-заңдылық, адамгершілік пен әлеуметтік қағида түрінде қарастырып, оны уақыт ағымына бейімдеуге баса назар аударуға шақырды. Каирде студент болып жүріп, Джамаль әл-Дина әл-Афганидің ықпалына түседі. Саяси радикализмі үшін (1882-88) оқудан шығарылып жіберіледі. Британияға қарсы топтармен байланысы үшін Мысырдан аласталып, 1884 ж. Парижде әл-Афганимен бірге «әл-Уруа әл-ууска» деген құпия қоғам және сол атпен газет ұйымдастырды. Мысырға қайта оралған соң, білім саласында жауапты қызметтер атқарды, әл-Азһар ун-тетінің әкімш. кеңесін басқарды, дәріс оқыды. Мысырға қайтып келген соң мансап жолын судья болудан бастайды, 1899 мүфти (заңдық кеңес беруші) болады. «Құдайдың бірлігі жөніндегі трактат» атты кітабында ислам дінінің христиандыққа қарағанда ғылым жетістігіне, өркениетке жақындау екендігін атап көрсеткен. Абдо әділдік, береке, дұрыс ойлау талаптарын ұстануға шақыра отырып, мұсылман құқығы мен әкімшілігін либерализациялауға талпынған.Әл-Азһарда білім жүйесі бойынша реформа жасап, мұсылман тәртібімен заң, сот жұмыстарында жаңа имандылық ережелерін енгізуді насихаттады. Ол Құдайлық кұдіретімен белгіленген жазмыш шеңберінде болса да, адамның ерік бостандығы бар деп таныды. Сонымен бірге, Ислам негізін сақтай отырып Батыс өркениетінің жетістіктерін игеруді жақтады. Парламенттік демократияны қолдады. Ислам ілімін діни заңдылық, адамгершілік пен элеум. діни қағида түрінде қарастырыл оны уақыт ағымына бейімдеуге, сондай-ақ жаратылыстану ғалымдары тарапынан қорғауға алуға баса назар аударды. Ол Исламды соңғы кездегі «бұрмалаушылықтардан тазартуға», адамзат мүддесі үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «өз» сүннеттері мен Құран негізінде шариғатты қайта қарауға, ижтихадты толық қалпына келтіруге шақырды. Абд Мұхаммед адамның ақыл парасатының шексіз мүмкіндіктерін, дүниені және оның даму заңдылықтарын таныпбілуге болатындығын атап көрсетті. ## Дереккөздер
## Өмірі мен игі истері Құрбанов Олжа Құрбанұлы (10.05.1910 жыл, бұрынғы Георгиевка ауданы Доңғыстау ауылы - 19.01.1973, Манкент) - еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек жолын 1925 жылы Қызыл кетпен ұжымшарында есепшіліктен бастаған. 1929 жылдан сол ұжымшардың төрағасы, 1937 - 1940 жылдарыСайрам ауданының саяси бөлімінде, аудандық МТС - те директор, 1940 - 1942 жылдары Түркістан аудандық партия кеңесінің төрағасы, 1942 - 1959 жылдары Сайрам ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1959 -1971 жылдары Манкент ұжымшарының төрағасы болды. Көптеген орден, медаль, дипломдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Өмірі мен игі истері Құрбанов Олжа Құрбанұлы (10.05.1910 жыл, бұрынғы Георгиевка ауданы Доңғыстау ауылы - 19.01.1973, Манкент) - еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек жолын 1925 жылы Қызыл кетпен ұжымшарында есепшіліктен бастаған. 1929 жылдан сол ұжымшардың төрағасы, 1937 - 1940 жылдарыСайрам ауданының саяси бөлімінде, аудандық МТС - те директор, 1940 - 1942 жылдары Түркістан аудандық партия кеңесінің төрағасы, 1942 - 1959 жылдары Сайрам ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1959 -1971 жылдары Манкент ұжымшарының төрағасы болды. Көптеген орден, медаль, дипломдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қазақта жөні бөлек, маңызы зор, елдің айнымас салтының көрінісінің бірі сыбаға екенін екінің бірі біледі. Оның бірнеше түрі мен жолы бар. Соның бірі қазір мүлде ұмытылып бара жатқан су сыбаға. Әдетте қыста бүкіл ауыл болып, балықты көл, өзен, сулардан балық аулайды. Ауға, сүзекке немесе қағазға балық мол іліксе балық аулауға келгендер көңілденіп қарқ болып қалады. "Балық үлестіріп жатырсыңдар ма?" дегендей үлес кезінде қызықтаушылар тіпті шуласып кетеді. Осы кезді күтіп жүрген көл маңында отырған, ертедегі ата-бабалары осы жер мен суды иеленген ауылдың ұрпақтарының бірі келіп, халық дәстүрімен "су сыбаға" сұрайды. Өзінің ежелгі жер иесі екенін ескертеді. Бұған қарсы ешкім сөз айтпайды, балықтан үлеін береді. Ауыл иесі салт-дәстүрді сыйлағаны үшін оларға алғыс айтып, аттанады. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген. * Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген * Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген. * Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб аңғарын мекендеген. ## Сақтардың қоғамдық әлеуметтік құрылымы Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан..Сонымен Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды деректері- қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді ## Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында өмір сүрген. Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі- Іле алқабы болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба мазарлары осы алқаптан табылған. Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген: ерте кезеңі (б.з.д. ҮІІІ- ҮІ ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. Ү-ІІІ ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обалары ескерткіштері жөніндегі ең толық мәліметті б.з дейінгі І мың жылдықтың орта кезеңіне жататын Бесшатыр қорымы мен Есік обасы береді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның обалары баяғыда тоналған, бірақ тонаушылар барлық затты көтеріп кете алмаған. Шолақ темір қанжар-акинактар, садақ оғының қола жебелері мен қорамсақтары табылған. Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі- Есік обасы- біздің заманымыздан бұрынғы Ү-ІҮ ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Есік қорғаны Есік қаласының жанындағы Есік өзенінің сол жағалауында, Алматы қаласынан 50 шақырым жерден табылған. Мұнда табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған. Осылардың ішіндегі екі нәрсе біздер үшін ерекше құнды дүниелер. Бірі- 26 таңбадан тұратын жазуы бар тостаған ыдыс. Екіншісі- атақты Алтын адам. Таңбалы тостаған. Бұл тостаған сақ дәуірінен сақталған, жазба ескерткіш болып танылады. Бұл жазу біздің ата- бабаларымыздың өркениетінің ерте қалыптасқанын әлем жұртшылығына танытты. Жұмбақ жазуды атақты турколог- ғалым- Алтай Аманжолов оқыған: «Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізіңді бүк! Халықта азық- түлік мол болғай» - деп аударылады екен. Бұл жазудың құндылығы: Қазақстан жерін мекендеген сақтардың тілі- түркі тілі екендігін дәлелдейді. ## Әшекей жапсырмалар Есік қорғанынан табылған әшекей жапсырмаларда түрлі аңдардың бейнелері ерекше талғаммен безендірілген. Пышақ, канжарлардың сабында бейнеленген жапсырмалардағы бұланның, аттың, бұғының суреттері сақ мәдениетінің бір айғағы. ## Құрбандық шырағданы Есік қорғаныан табылған құрбандық шырағданы шамамен біздің заманымыздан бұрынғы ІҮ-ІІІ ғасыр бұйымы. Шырағдан үстінде құрбандыққа шалынбақшы жылқы мен адам бейнесі берілген. Тарихтан белгілі сол кездері бабаларымыз көк Тәңіріне сиынған, яғни Тәңір дінін ұстанған, Тәңірге, ата- баба аруағына бағыштап құрбандық шалып отырған. Бұл шырағдан кезінде Еуропа елдерінің қызығушылығына ілпипатына ие болған. ## Керамика ыдыс Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған ыдыс. Көне Қазақстан керамикасы. Біздің заманымызға дейінгі ҮІ-ІҮ ғасырлар бұйымы.Бұдан сол кездегі шеберлердің өз бұйымдарын әр түрлі материалдарды пайдалана білгенін байқаймыз. ## Алтын адам Есік қорғанынан табылған алтын киімді сақ жауынгері. Жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі қабірде басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселіп, үстіне алтын жапсырмалармен безендірілген, Алтын адам - Қазақстанның азаттық символына айналды. Төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Алматы қаласындағы республика алаңында тәуелсіздік монументінде Алтын адам бейнеленген. Алтын адам 1974 жылы Лейпциг жәрмеңкесінде көрсетілді. Бұл жәрмеңкеде Еуропа жұртшылығы сақ кезеңінің бірегей үлгісімен танысты. ## Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері Бұл өңір обалы қорымдардың көптеп тараған аймақтарының бірі болып табылады. Орталық Қазақстаннан Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Археологиялық материалдар Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәденитетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірді қолданғанын көрсетті. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ, айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды.Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғанда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. ## Мұртты қорғандар не үшін салынған? Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған.Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда.Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген күйінде қалып отыр. Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерледі.Қазақ даласының көптеген өңірінен табылған ежелгі қорған мен обалардан сол заманның әдет-ғұрыптарына байланысты бұйымдармен қатар адам сүйектері де қазып алынды. Осы адам сүйектеріне жүргізілген арнайы зерттеу жұмыстары Қазақстан жерінде алғашқы темір дәуірінде сақ тайпалары өмір сүргенін дәлелдейді. Сол дәуірде Қазақстан аймағы шошақ бөрікті сақтардың негізгі мекен-жайы болғаны белгілі. Сондықтан антропологиялық сипаттамалар тек осыларға ғана беріледі. Шошақ бөрікті сақтарға байланысты археологиялық ескерткіштер Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аймақтарында орналасқан. Осылардан табылған адамдардың қаңқа сүйектеріне арнайы антропологиялық зерттеулер жүргізілді. Көне заманда қазақ даласын мекендеген сақ тайпаларына қатысты зерттелген бас сүйек өлшемдерін жыныс ерекшеліктеріне қарай тоғыстырылып, барлығына ортақ краниометриялық анықтамасы алынды. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы: бас формасы жұмыр, төбе биіктігі жоғарылау, маңдай кеңдігі орташа, қабақ сүйектері айтарлықтай жетілген, бет сүйегі аласа, ені жалпақ, жақ сүйектері орташа көтеріңкі, жазықтығы сүйір, көз ұяларының биіктігі аласа, ені жалпақ, алдынан қарағанда пішімі төртбұрышты, қоңқақ мұрын болып келеді. Осы айтылған сипаттамалар және басқа анықтамалар бойынша сақ тайпалары көне еуропоидтық антропологиялық типке жатады. Бұл адамның бас сүйегі сақ тайпаларының біріне жатады. Оның табылған жері Алматы облысындағы Қаратал өзенінің бойы. Антропологиялық пішімі осыған ұқсас адамдар сақ дәуірінде көне қазақ даласына кең таралған. Сонымен қатар олардың бейнесіне моңғолоид тектес тайпалар ықпал еткені байқалады. Жалпы қазақ даласында сақ тайпаларының дәуірінде (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар арасында) моңғолоид тегінің араласу деңгейі 15 — 20 пайыздан аспағаны байқалады..Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады.Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабірін балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермейді.Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабірлерге жерленген. ## Шаруашылығы Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлеудің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеп оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды.Сонымен қорыта келгенде сақтар мен сарматтар тайпалары коғамдық құрылымы мемлекеттік деңгейге өскен және өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар айрықша көшпелі өркениет жасау ісінде жоғары дәрежеге жетті. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 10-сынып
"Жерін теңсерікке беретін есепқор байлар" (З. Ақышев). Бұрын шөп дайындағанда байлар жұртты көмекке шақырады. Кейде әр адам өз иелігіндегі жердің шабындығын "теңсерікке" береді. Яғни жігіт жалдап шабылған шөптің жартысын сол адам алады. Жалданған адам шөпті мезгілінде шауып, шөмелелеп береді. Жер иесі келісім бойынша тиісті шөп үлесін бөледі немесе соған лайықтап мал да береді. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
Көгілдір мүйіс - аты әлемге жайылған ашық аспан астындағы геотермалды бассейн. Оның суының температурасы жыл бойына +40 С болып тұрады. Бассейн Исландияның оңтүстік - батыс жағында орналасқан. Ол елдің символдарының бірі. Жергілікті халық та, туристер де бассейнге үздіксіз келіп түсіп жатады. Көгілдір мүйіс суының 65 пайызы теңіз суынан, ал қалған 35 пайызы тұшы судан тұрады. Су құрамында минералды заттар көп болғандықтан, емдік қасиеті де бар. Оның айналасында бір шақырым қашықтыққы дейін ешқандай тіршілік жоқ. Айналасының барлығын да қап - қара лава қалдықтары алып жатыр. Судың құрамында кремний көп. Оның молекулалары күн көзіне шағылысады да, соның әсерінен су керемет көгілдір түсті болып көрінеді.
Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғары палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техникасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1 — 2 сантиметр геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады (Микролит). Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты. Б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы экономикалық дағдарыс палеолит дәуірінің соңында болып өтті. Бұл кезде адамдар саны арта түсті. “Мамонттық фауна” құрамына кіретін жануарлар түрлері жойылды. Бұрынғы аңды қаумалап ұстау, қуалап аулау, тағы басқа аңшылық әдістер маңызын жойды. Осы кезде мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды да аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді. Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1 — 3, Маятас, Бөген, тағы басқа), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, тағы басқа), Есіл маңынан (Мичурин, Боголюбово — 2, Явленко — 2, тағы басқа), Атбасар төңірегінен (Тельман-7, -8а, -9а, -14а, тағы басқа), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды-15, тағы басқа), Торғайдан (Тұз, Дүзбай-6, Евгеньевка, тағы басқа), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, тағы басқа), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек-21, Шідерті, тағы басқа), Маңғыстаудан (Шақпақата-2, Қызылсу-1, тағы басқа) табылды. Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уакытгың материалдык мәдениеті туралы алғашкы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды25.70—80-жылдардағы В.Ф. ЗайберттіңЕсіл өңірінде, В.Н. Jlor- ішннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және онын далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардын аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялык зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрак ашылды.Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамакқ табудың бұрынғы әдістерін (камалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік кұралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін тұгызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болган бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылыгы элементтері пайда болып, баскаларында балық аулау және жинау — аңшылык кәсібі калыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әp түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. X — VII мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орың ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялык мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.Тас ғасырының аяғына карай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түр кұрамы едәуір артып: жылқы, коян, сутышқан, кұндыз, касқыр, түлкі, аю, кабан, елік, бұлан, қарақұйрык, киік, бизон, түр болды . Олардың арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты сонау палеолит дәуірінде калыптаскан тобырлы түрде қамалап және қуалап аулау дағдысы жойылмады. Бірақ Қазақстан тұргындарының өмірінде аң аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады.Алғашкы аншылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ақ жайғаскан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халык санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал озендерінің аңғарлары- на қоныс аударады. Мезолиттік тұрактар осы кезге дейін палеолитгік орындар табылмаған жерлерде пайда болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрактар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолитгік (неғүрлым ертедегі) тұрактардың қазірдін өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғүрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі коныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындыктар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материалдық калдыктар калмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар каласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында—Тельман-7, — 8а, — 9а, — 14а, одан да оңтүстікте, Карағанды манында Әкімбек және Қараганды-15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындагы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, — 12 тұрак- тары мәлім. Торгай ойпаңы ауданында — Дұзбай-6, Қостанай қаласы манында Дачная және Евгеньевка түрақтары орналаскан29.Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұргын үй кұрылыстарының калдыктары сақталмаган. Есіл өзені аңгарында көлемі 40—60 шаршы метр, каңқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бүрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана калган.Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ. Шынына келгенде адамга ол жоғаргы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылык өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садак пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа кару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен катар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді.Мезолитте еңбек күралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болтан жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың (пышақтың, канжардың, жебе мен найза үшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2—1 см пышақ сияқты тасқалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілді. Сөйтіп осындай қалақша бейімделген нұсқаның түпкі түрі ретінде (оның үстіне Қазақстан аумағында ғана емес, іс жүзінде бүкіл әлемде) кеңінен таралды. Бейімделген нұсқаны қосымша өндеу және оларды негізге немесе сапқа бекітудің әр түрлі әдістері арқылы іс жүзінде кез келген еңбек кұралын дайындауға болатын еді. Сол кезде олардың жаппай таралғандары мыналар: жебелердің, шанышкылардың, найзалардың үштары, тері өндеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, әр түрлі түйреуіштер, теріні, сүйек пен ағашты өндеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар. Тас сыныктары- нан көбінесе кырғыштар жасалған.Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық калдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер үштарының түріндегі және бейімделген нұсканы қосымша өндеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная тұрақтарындағы геометриялык нысанда кыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы кыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшеліктер аумақтықта, хроноло- гиялык та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал-Каспий суайрығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты31. Маңғыстаудың мезолипіктүрағы (Кызыл- су- 1 және баскалар) мен Солтүстік-Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік- Батыс (Дефе-Шығанак) Үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассимметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суырылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалакшалармен және қабаттары өнделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады. ## Thèviec қабірлері - Тулуз мұражайы * * * * ## Дереккөздер
Бұрынғы кезде жер дауы, жесір дауы, құн дауы сияқты қазақ арасында әр түрлі дау-дамай, қақтығыстар болып тұрған. Осындай уақытта дауласушы екі жақ бір-бірінің малын қуып кетіп, яғни барымталап алып отырған. Ал кейбір кезде күші басым жақ алған малын қайтармай, біржола сіңіріп те кеткен. Мұны қазақ "білмесе-сыдырымта" деп аяғын сиырқұйымшақтандырып із-түзін білдірмей жіберген. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.
## Өмірі мен шығармашылық жолы Әрін Әміре Әрінұлы – 1957 жылы Алматы облысының Қаратал ауданындағы  Дөңши ауылында дүниеге келген. Әскер қатарындағы борышын ГДР-де өтеген. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  журналистика факультетін тәмамдады. 2013 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесін алды. 1978-2015 жылдар аралығында Қаратал аудандық «Коммунизм жолы» газетінде жауапты хатшы, Киров аудандық «Еңбек туы» газетінде редактордың орынбасары, Талдықорған облыстық «Жерұйық» газетінде аға тілші, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, республикалық «Спорт» газеті бас редакторының орынбасары, Алматы облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары,  Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы,  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2015 жылдың ақпан айынан Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы. ## Марапаттары Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан Академиясының академигі, Қазақстанның Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның  Құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының магистрі, Сайдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының  (2008 ж.) лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,  ҚР Спортына еңбегі сіңген қызметкер, «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл",«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медальдарымен, ҚР Президенті «Алғыс хатымен», республикалық «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған. «Ақ қарға алау жаққан Азиада» (2010 ж.) республикалық мүшәйрасының Бас жүлдегері, облыс және республика көлеміндегі өзге де мүшәйралардың  жеңімпазы, Алматы облысының Құрметті азаматы, Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы. ## Еңбектері 1999 жылы «Тылсым тыныс» атты деректі повесі, 2004 жылы «Тамызық» деген атпен өлеңдер жинағы, «Кенен жерім – Көксуым» публицистикалық еңбектер жинағы,  2006 жылы «Ауғанның от-жалыны» зерттеу кітабы, 2007 жылы «Маздақ» жыр жинағы, «Томирис» әңгімелер топтамасы, 2017 жылы «Айқабақ» жыр жинағы жарық көрді. Топтама өлеңдері қазақ поэзиясының "Жыр жауһары"  антологиясына, өзге де бірқатар  республикалық жинақтарға енген. ## Дереккөздер * http://adebiportal.kz/authors/r-n-m-re/ ## Өмірі мен шығармашылық жолы Әрін Әміре Әрінұлы – 1957 жылы Алматы облысының Қаратал ауданындағы  Дөңши ауылында дүниеге келген. Әскер қатарындағы борышын ГДР-де өтеген. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  журналистика факультетін тәмамдады. 2013 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесін алды. 1978-2015 жылдар аралығында Қаратал аудандық «Коммунизм жолы» газетінде жауапты хатшы, Киров аудандық «Еңбек туы» газетінде редактордың орынбасары, Талдықорған облыстық «Жерұйық» газетінде аға тілші, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, республикалық «Спорт» газеті бас редакторының орынбасары, Алматы облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары,  Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы,  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2015 жылдың ақпан айынан Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы. ## Марапаттары Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан Академиясының академигі, Қазақстанның Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның  Құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының магистрі, Сайдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының  (2008 ж.) лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,  ҚР Спортына еңбегі сіңген қызметкер, «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл",«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медальдарымен, ҚР Президенті «Алғыс хатымен», республикалық «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған. «Ақ қарға алау жаққан Азиада» (2010 ж.) республикалық мүшәйрасының Бас жүлдегері, облыс және республика көлеміндегі өзге де мүшәйралардың  жеңімпазы, Алматы облысының Құрметті азаматы, Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы. ## Еңбектері 1999 жылы «Тылсым тыныс» атты деректі повесі, 2004 жылы «Тамызық» деген атпен өлеңдер жинағы, «Кенен жерім – Көксуым» публицистикалық еңбектер жинағы,  2006 жылы «Ауғанның от-жалыны» зерттеу кітабы, 2007 жылы «Маздақ» жыр жинағы, «Томирис» әңгімелер топтамасы, 2017 жылы «Айқабақ» жыр жинағы жарық көрді. Топтама өлеңдері қазақ поэзиясының "Жыр жауһары"  антологиясына, өзге де бірқатар  республикалық жинақтарға енген. ## Дереккөздер * http://adebiportal.kz/authors/r-n-m-re/
Ресейдегі 1905 жылғы күздегі шаруалардың жаппай көтерілісінде жұмысшы табының беделі мен азаттық қозғалысындағы басшылық рөлі артты. Сондықтан,патша өкіметі жиі толқулар ошағы болған аймақтардан Қазақстанға 1907 - 1912 жылдары Еуропалық бөліктерінен 2 млн 400 мың адамды қоныстандырды.1917 жылға дейін 45 млн. десятина ең құнарлы дейтін жерлерді қоныс аударшыларға жергілікті тұрғындардан тартып алынып, оларды таулар мен құнарсыз жерлерге ығыстырды. Суы жоқ, мал жаятын шабындықтың болмауынан қазақ - қырғыз халқының кедейленген тобыры пайда болды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтармен орыс - украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды одан әрі шиеліністіріп, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.Сонымен қатар 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Одан әрі патша чиновниктері және жергілікті әкімдердің, байлардың зорлық - зомбылығы күшейіп, Қазақстанда отарлауды күшейте берді: * Жергілікті халықтан алынатын салық 3 - 4 есе көбейді; * Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді; * Әскерлердің қажетін қамтамасыз ету үшін киіз алынды; * Жығып - құруға өте ыңғайлы киіз үй т.б; * Әскери салық ретінде әрбір отбасы 1 сом 84 мөлшерінде төлеуге міндетті болды. Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды.1915 ж маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор - Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.1916 ж қаңтар айында Верный, Семей қалаларында, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларында қанаушы мен қаналушы таптар арасындағы қарама - қарсылық бір - біріне қарсы шығу бұқаралық сипат алды.Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 - маусымдағы жарлығы “Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереженің” қабылдануы әлеуметтік жағдайы мүшкіл топтың наразылығын күшейтті.Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді.Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстын басқармалар мен ауыл старшындары жас мөлшерінің асып кеткендігіне қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын “қара тізімге қосты”, ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын тапты.Сол кездегі Саратов губерниясының депутаты А.Ф Керенский 60 жастағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал байдың балаларының 25 - 30 жастағылары 50 - ден жазылғандығы орыс шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкім сымақтарының парақорлығы деп шенейді.Осындай әділетсіздіктердің көрінісі болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым - салық қағаздарын т.б. жойып жіберу әрекеттері белең алды.Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық қылышпен қаруланған ашынған топ, байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетуі жиілей түсті.Қазақстандағы қозғалыс ұлт - азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал - байларға қарсы бағытталды.Қазақ демократияшыл зиялыларының қызметі.Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық - либералдын бағыттағы алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саясы әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне, төтеп бере алатындай қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді.Десе де, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас - көз болып, кейін аман - есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Ә. Бөкейхановтың өзі бастаған топ майданға аттанды. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.Ұлт - азаттық көтерілістің басталуының себебі жоғарыда аталып өткендей қазақ жерін отарлау, қазақ жерін қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясаты еді.Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, мал шарушылығының құлдырауы, егіншіліктің азаюы т.с.с.Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт - азаттық қозғалыс болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған қозғалыс барысында жалпыұлттық ұрандар көтерілді.Оның негізгі қозғаушы күші - қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған ішінара жұмысшы тобы өкілдері, байлар да, билерде, молдалар да, болыс басшылары да, зиялы қауымның әр түрлі топтары да белсене араласты. Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні - өз билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды.Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды.1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Таранша болысының Городское елді аймағындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетулерден басталды. Сол жылғы 7, 8 шілденің алғашқы күндері Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректігі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шарлары қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешім қабылданды. Съезге қатысушылар “оқтың астына барғанша осында өлген артық” деген қаулы қабылдады. 1916 жылғы 7 - тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станциясы мақында біріккен бас көтеру басталды.Сөйтіп, көтеріліс Тоқмақ маңына ауысты. Верный - Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі - Тоқаш Бокин.Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, феодал - байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шықырды.Түркістан генерал - губернаторы Куропаткин жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге қарсы күресу үшін, тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды ұсынды. Көтерілісшілерге қарсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарақтандырылып арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери - далалық соттар ұйымдастырылды.Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, қазақтардың бес жүзіндегі және 14 зеңбірек жеткізілді, майдандағы армиядан қазақ - орыс батареясы және екі пулемет командасы бар екі орыс - казак полкі әкелінді. Жазалаушылар соңғы ұрыс 1916 жылғы кыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді.Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға қашты. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып - жаншылды.Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболат Әшекеевті дарға асып өлтірді.Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Актөбе, Қостанайды қамтыды.Торғай облысындағы қозғалысты басу үшін генерал Лаврентьев бастаған арнайы жазалау экспедициясы жасақталды. Оның құрамында Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз жасақтары мен қазақ жасақтары болдыКейіннен 1916 жылы 13 - қарашада әскери қимыл ауданына Қазан, Пермь, Орынбордан қосымша полктар тартылды.Ұшы - қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор - Ташкент темір жолының жұмысшылары қосылды. Торғай өңіріндегі бас сардар Амангелді Иманов халық көтерілісіне алғаш рет әскери тәртіп орнатты. Ол отрядтарын 10, 5, 100, 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елу басы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды.1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 - ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Аменгелді бастаған көтерілісті басу үшін, патша өкіметі генерал А.Д. Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді.Лаврентьев әскерлерінің келе жатқаның естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге шегініп, Бетпаққараға жиналып, А. Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды.Торғай облысында А. Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған Әліби Жангелдин болды.Патша жазалаушылары мен А. Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді.Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері:- бытыраңқылығы;- көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы;- патша өкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді.Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір арқын белес болып табылады. Көтеріліс дүниежүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды.Көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді.1916 ж көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана - сезімін арттыруда зор рөл атқарды.Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери - феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы 9 сынып ## Тағы қараңыз
Зума жартасы - Нигерия астанасынан 55 шақырым жерде, Абуджа мен Кадун қалаларын байланыстырып тұрған жол сағасында орналасқан. Ол - елдің географиялық орталығы. Зума - Нигерияның дазықты даласындағы ең әйгілі таулардың бірі. Биіктігі - 725 метр, өзі 1 шақырымға созылып жатыр. Оның жарқабақты қабырғалары жаңбыр суына жырымдалып, өзгеше күйге түскен. Жергілікті тұрғындар Зума жартасында оның үстіне шыққысы келетіндерді жақтырмайтын, жұмбақ күш иесі бар деп сенеді. Ол тек шыққан адамға ғана емес, халыққа да қаһарын төгеді деген сенім қалыптасқан. Зума атауы арабтың «зулема» - яғни, «әлем» деген сөзінен шыққан. Оның қастерленетіні сондай, Нигерияның ұлттық валютасында суреті бейнеленген.
Мекеш Жұмабекұлы 1950 жылы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Ворошилов ауылында дүниеге келді. Қарапайым жандар отбасында тәрбиеленген. ## Өмірбаяны Уақ тайпасынан шыққан. Әкесі - Утин Жұмабек 1925 жылы туған. Туған-туыс, жора-жолдастарының айтуынша қайырымды, бауырмал, адамгершілігі мол кісі болған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Майданда жабысқан дерт сыр беріп, соның салдарынан 1955 жылы көз жұмды. Анасы – Утина Райхан 1930 жылы туған. Екі ұлына әрі ана, әрі әке болып, оларды ел қатарына қосқан. Қазіргі уақытта зейнеткер. Мекеш Утин ауылдың жеті жылдық мектебін үздік аяқтап, Петропавл қаласындағы М.Калинин атындағы мектеп-интернатына орналасты. Мектепті бітіргеннен соң қызмет жолын Булаев ауданының Ворошилов сегізжылдық мектебінің неміс тілі оқытушылығынан бастады. 1972 жылы білімін жетілдіру мақсатымен КСРО астанасы – Мәскеу қаласына аттанды. Онда Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетіне қабылданып, 1978 жылы “Халық шаруашылығын жоспарлау” мамандығын алып шықты. Университет қабырғасы Мекеш Жұмабекұлына жоғары білім берумен қатар оның өмірге деген көзқарасын өзгертті. Онда ұлттар, халықтар арасындағы достыққа, олардың мәдениетін құрметтеуге баулыды. 1987 жылдан бастап өмірінің соңына дейін «Алматықұрылыс» компаниясы бас басқармасының вице-президенті қызметін атқарған. Күрделі де сан салалы бұл қызметті ойдағыдай атқару үшін білім, тәжірибеге ұласқан кәсіпқойлық, адамгершілік қасиеттері өз үлесін қосатыны белгілі. ## Қызметтері 2007 жылдан Алмалы ауданынан Алматы қалалық мәслихатының депутаты болған. ## Марапаттар * “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 10 жыл” медалі (2001), * БҰҰ Бас кеңес беруші дәрежесіндегі Халықаралық ақпараттандыру академиясының Халықаралық конкурсі «Дүние жүзі ақпараттанушыларының тандаулысы - 2005» жүлдесінің алтын медалі, * «Ерен еңбегі үшін» медалі (2006) ## Отбасы Жұбайы – Утина Күләш 1951 жылы туған. Білімі – жоғары. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы. Ұлы – Утин Таупық 1976 жылы туған. Экономика ғылымдарының кандидаты. «АСК-Консалтинг» ЖШС-нің бас директоры.Ұлы – Утин Әрсен 1981 жылы туған. Бас прокуратурада қызмет атқарады. Бауыры – Утин Амантай Жұмабекұлы 1955 жылы туған. “Алматы мәдени тұрмыс құрылыс” АҚ бас директорының орынбасары. ## Дереккөздер 1. Қазақстан. Қазақстан саясаты кітабы, 2011 ж. АлматыКітап.
Фильм аты: Сәби жүрек Шыққан жылы: 2014 Жанр: Телехикая, Отбасылы,Драма, Телесериал Рөлдерде: Темірлан Жанботаев, Ерлан Көкеев, Владимир Толоконников, Алексей Шемес, Нина Жмеренецкая Суреттеме: «Сәби жүрек» телехикаясы. Бұл «Хабар» арнасының өз көрермендеріне ұсынған тағы бір тартуы. Отандық сериал драматург Нұрлан Санжардың повесінің желісі бойынша түсірілген. Фильм ешбір ресейлік немесе латын америкалық сериалдарға ұқсамайды. Мұнда кеңестік дәуір күйреген 90-жылдардағы ауыр кезең суреттеледі. Алуан түрлі адамдардың тағдыры көрсетіледі. Жеті жастағы Шыңғыс өз анасын табу үшін балалар үйінен қашып шығады. Өмірдегі ең жақын адамын жоғалтқан жеткіншек осы бір асқақ арманына жету үшін бүкіл елді аралайды. Оның жолында сан түрлі адамдар кездеседі, сан түрлі оқиғалар орын алады... 13 сериядан тұратын туынды экранға шыққан жылы-ақ екі бірдей халықаралық жүлдені қанжығасына байлады. Ялтада өткен телефестивальде басты рольді сомдаған Темірлан Жанботаев «Үміт» аталымы бойынша ең үздік актер деп танылса, Мәскеуде өткен телефорумда фильм балаларға арналған ең үздік сценарий аталымы бойынша арнайы сыйлықты жеңіп алды. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Сәулет өнері.Өнердің бұл түрі Қазақстанда X-XII ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді.Оның басты дәлелі-Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі,Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары.Алайда XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы бұл өнердің дамуына үлкен нұқсан келтірді.Өйткені XIII ғасырдан XIV ғасырға дейін жерімізде айтарлықтай ірі құрылыстар салынбаған.
Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы 1939 жылдың 11 каңтарында Қызыл Ту ауыл советіне (қaзipгi Сырдария ауданы) қарасты Майлыкұм ауылында теміржолшының жанұясында дүниеге келді. ## Еңбекжолы Бастауыш білімді ауылдан алып, 1953 жылы қаладағы №1 "1 Май" мектебінде оқуын әpi қарай жалғастырды. 1956 жылы орта мектепті үздік бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия Политехникалык Институтының машина кұрастырушы - механика факультетіне оқуға тycтi. Институт қабырғасында үздік оқуымен қатар, ғылыми-техникалық ойлау қабілетінің жоғарылығымен көзге тусті. 1961 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, Оңтүстік Қазақстан Совнархозына қарасты Қызылорда қаласындағы "Автотрактородеталь" заводына инженер-технолог мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. 1978 жылы Қызылорда облысына ауыл шаруашылығына кажетті машиналар (жатка) шығаратын завод салу туралы Үкіметтің қаулысы шықты. Бұрынғы металлоконструкция заводының орнына жаңа өндіріс орнын салу керек болды. Облыстық партия комитетінің ұйғаруы бойынша білікті басшы, білімді инженер Даулетбаев А.С жаңа заводка директор болып тағайындалды. ## Еңбектері Даулетбаев А.С. жатканы модернизациялау жолында талай рационализаторльқ жаңалыктар ашып, 1984-1992 жылдар аралығында оншакты авторлық куәліктің иeci атанды.Облысымызда шығарыла бастаған ауыл шаруашылығы жаткалары Бүкілодақтық ауыл шаруашылғы көрмесінде «Жоғары категориялы сапа» номинациясын жеңіп алды. Бүкілодақтық көрмелерде Қызылордадан шыққан жаткалар жүлделі орындарды жеңіп алып, көптеген мақтау кағаздарымен марапатталды. 1984 жылы заводта 300 жатка шығарылса, 1988 жылдан бастап жыл сайын 1000-нан аса жаткалар шығарылып, Куба, Вьетнам, Украина, Ресей сияқты елдерге жіберілді.Кезінде заводта Д.А.Конаев, Н.Назарбаев тағы да басқа коғам қайраткерлері болып, өндіріспен, жұмысшылардың хал-ахуалдарымен танысты. Бүкіл өмip жолын Қызылорда облысының өндіріс салаларын көтеруге арнаған білімді де білікті инженер Даулетбаев Абайділда Сыздықұлының еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол кici 11 дүркін Қалалық Кеңестің, 3 мәрте Облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен марапатталды. ## Дереккөздер 1. Қазақстан. Қазақстан саясаты кітабы, 2011 ж. АлматыКітап.
Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі. ## Еңбекжолы 1942 жылы 28 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданындағы (қазіргі Төле би ауданы) Қасқасу ауылында дүниеге келген. Әкесі Абдулла Сейітов Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Анасы – Тазагүл Сәлімбаева. 1958-1963 жж. Ташкент политехникалық институтын (инженер-электрик мамандығы бойынша), ал 1985-1987 жж. Мәскеу қаласындағы КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясын, 1986-1987 жж. Мәскеу қаласындағы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясын тәмамдады. Еңбек жолын «Южказэнергоның» аудандық басқармасындағы инженер қызметінен бастады. 1969 жылы Республика энергетика министрлігінің аппаратына жаңадан ұйымдастырылған диспетчерлік бірлестік басқармасына энергетикалық тәртіп қызметінің бастығы қызметіне жіберілді. 1974 жылы «Южказэнерго» аймақтық басқармасына бас инженер, кейін басқарма бастығы қызметтерін атқарып талап қойғыш, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы, білікті маман ретінде танылды. 1982 жылы Қазақ КСР Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметіне жоғарылатылды. ## Қызметтері 1986-1992 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары – Қазақ КСР Мемлекеттік экономикалық комитетінің төрағасы қызметтерін лайықты атқарды. Осы жылдары ол ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық Агенттік төрағасы лауазымында Қазақстанға шетелдерден инвестициялар тартудың алғашқы тәжірибелерінің негізін қалады. 1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстандық іскер ынтымақтастық орталығы «Атакент» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды.1995 жылы Қ. Абдуллаевтың іскерлік мол тәжірибесі ескеріліп Республика Президентінің арнайы жарлығымен құрылған ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы болып тағайындалды.1996-1997 жж. ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2000 жылдан бері өзі құрған «Атакент» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің төрағасы болып келеді. Сондай-ақ, 2005 жылдан бері «Академик Ш. Чокин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін қоса атқарады. ## Марапаттамалары 1981 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. Қалық Абдуллаев Шымкент қалалық, Оңтүстік Қазақстан облыстық Халық депутаттары Кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. «Атакент» орталығы үшін ең бастысы – көрме бизнесі. «Итеса», «Атакент-Экспо» компаниялары халықаралық, ұлттық, арнайы көрмелердің, жәрмеңкелердің, бизнес байланыстар мен конференциялардың басты ұйымдастырушылары болып табылады.Өткізілген конференциялар мен көрмелердің нәтижесінде сауда, экономикалық және саяси қатынастар жетіле түседі. Мәдени және жалпы адамзатқа қажетті байланыстар дамып, жетіле түседі. ## Дереккөздер 1. Қазақстан. Қазақстан саясаты кітабы, 2011 ж. АлматыКітап.
Фильм аты: Күләш Шыққан жылы: 2013 Жанр: Өмірбаян Рөлдерде: Айгерім Уалжанова, Медғат Өмірәлиев Суреттеме: Қазақстан продюсері Баян Есентаеваға тиесілі "Shine Production" компаниясы қазақтың опера әншісі Күләш Байсейітованың өміріне арналған сериалдың өндірісіне дайындалуда. Қазір түсіру тобы Орал қаласына келіп, локация (түсірілім объектілері мен орындарын) іріктеу жұмыстарымен айналысуда. Бұл жайына "Уральская неделя" басылымы хабарлайды. Аты аңызға айналған тарихи тұлға туралы телефильм 12 бөлімнен құралмақ. Сериалдың премьерасы осы жылдың соңына жоспарланған. Негізгі түсірілімдер Орал мен Мәскеу қалаларында өтеді. Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано),қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949). ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Фильм аты: Әке серті Шыққан жылы: 2013 Жанр: Телехикая, Отбасылы, Драма, Телесериал Рөлдерде: Болат Әбділманов, Гүлшат Тутова, Айдос Бектеміров, Сағат Жылгелдиев, Гүлшарат Жұбаева, Мақсат Сәбитов, Гүлбахрам Байбосынова, Ернар Жұматаев, Айғаным Өтепбергенова Суреттеме: Адам өмірінде қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Кез келген адам өмір сүре отырып, оның ыстығы мен суығын бірдей көреді. Өмірдің жарқын жақтары мен қиындығы белгілі бір адамдар тобына ортақ болып келсе, кейбір ауыртпашылығы жеке адамға түсуі ықтимал. Махаббат – біреулер үшін өмір мәні. Ал біреулер үшін өмірдің ауыртпашылығын көтеріп, қиындығына төтеп берудің амалы. Алайда кей кезде дәл осы махаббат жүректі жаралайтын дертке, өтеуі қиын борышқа айналады. Ол – жүректі мазалап, жегідей жеп, жан-дүнииені жаулайды. Саналы адам махаббат қасіретін ұмытпақшы болып жанталасады, бірақ ол мүмкін емес. Оның емін табу қиын. Махаббат дерті – қатігез жел бұталарын сындырып, соңғы жапырақтарын ұшырып әкеткен ағаштай немесе теңіз дауылына ұшырап, ығып кеткен кемедей өз дегеніне көндіреді. Оның қайда апарып, неге ұрындыратыны бір жаратушының қолында. Біреулер мұны тағдырдың жазуы десе, енді біреулер өмірдегі сәттілік пен сәтсіздік деп пайымдайды. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Фильм аты: Ұзақ жол Шыққан жылы: 2013 Жанр: Мелодрамма, Телехикая, Сериал Рөлдерде: Гүлбаһрам Байбосынова, Қуаныш Мамытқалиев, Азамат Сатыбалды, Болат Мәзімбайұлы Әбділманов Суреттеме: Телехикаядағы оқиғалар өмірден алынған. «Ұзақ жол» мелодрамасы 16 сериядан тұратын туынды бастан - аяқ шытырман оқиғаға толы. Амантай мен Жанар туған ауылынан арман қуып қалаға келеді. Бірақ ауылға бауыр басқан олар қаланың қайнаған өміріне үйрене алмай түрлі жайтқа тап болады. Сөйтіп жүргенде бір-бірнен көз жазып, тағдыр олардың өмірін екіге айырады. Телехикаяның екінші бір желісі қос кәсіпкер Мәдина мен Мұсаның қайшылықтарға толы өмірі жайында өрбиді. Фильмнің продюсерлері - Абай Қарпықов пен оның ұлы Әлмири. Шығармашылық топ жаңа телетоптама көрерменді өмірде жиі кездесетін әрқилы оқиғаларымен қызықтырады деген сенімде. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Яхия Аубәкірұлы Әубәкіров (1925 жылы 18 тамыз Қарағанды облысы Шет ауданы - 2008 жылы 23 маусым Алматы) — ғалым. ҚР ҰҒА академигі. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. ## Еңбекжолы * Қарағанды облысының Ақбауыр ауылында орта білім алып, соғыс жылдары жеті жылдық ауыл мектебінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 1944-1946 жылдары кеңес әскерінің құрамында әкімшілік қызметтің қатардағы жауынгері болып қызмет атқарады. * 60-шы жылдары экономика ғылымының Қазақстандық мектебі өте жылдам қарқынмен қалыптасып дами бастағаны мәлім. Академик С.Б.Баишев, ҚазССР–ға корр. мүшесі Г.Ч.Чуланов, профессорлар С.А.Нейштадт, И.М.Бровер, Ф.А.Жеребятьев, Т.Ш.Шаукенбаев, Т.Т.Төлебаев, М.Е.Бутин, В.Н.Пуриц, Г.Ш.Надиров, Д.Қ.Қабдиев, В.Г.Мордовин және т.б сияқты мықты ғалымдармен, оқытушылармен, Республикадағы экономика ғылымының негізін қалаушы ардагерлер мен қатар жұмыс істей жүріп, Я.Ә.Әубәкіровта экономикалық теорияны дамытуға өзінің елеулі үлесін қосты. ## Еңбектері * Я.Ә.Әубәкіров өзінің аграрлық мәселелерге арналған саяси экономикалық зерттеулер саласындағы ізденістерін кеңейтіп әрі тереңдете отырып «Социалистік ауыл шаруашылығындағы экономикалық заңдарды пайдаланудың мәселелері» атты тақырыпқа жазылған докторлық диссертациясын қорғауға шығарды. Диссертация 1972 жылдың наурызында ҚазССР Ғылым Академиясының экономика институтында сәтті қорғалады. Сол жылдардың желтоқсанында КСРО жоғарғы және арнаулы орта білім беру министрлігінің жанындағы Жоғары аттестациялау комиссиясы Президумының шешімімен Я.Ә.Әубакіровке экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. * Я.Ә.Әубәкіров ұйымдастыру жұмыстары мен ғылыми педагогикалық қызметін ұштастыра отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми еңбектер мен оқулықтарды, оқу құралдарын дайындауға да белсене қатысты. Осы жылдары оның жазған экономика ғылымының теориялық мәселелері және аграрлық экономиканың қазіргі мәселелеріне арналған бірнеше монографиялық жұмыстар жарық көрді. * Я.Ә.Әубәкіровтің Мемлекет иелігінен алумен экономиканың аграрлық саласын жекешелендіруге байланысты ұсыныстарының көпшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми еңбектері жинағында басылды. * Я.Ә.Әубәкіров жас мамандарды дайындауға көп күш жұмсады. Оның шәкірттері – бұрынғы философия-экономика факультетіне қарайтын өзі басқарған саяси экономия кафедрасының, кейіннен 1991 жылы құрылған экономика және әлеуметтану факультетінің (қазір экономика және құқықтану институті) түлектері. Олар біздің Республикамызда және Шет елдерде қызмет етуде. Аспиранттары мен ізденушілеріне ғылыми жетекшілік жасаған жылдарында ол 40-тан аса ғылым кандидаттар мен докторларын дайындап шығарды. Олар Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде еңбек етуде. ## Қызметтері * Я.Әубәкіровтің ұстаздық қызметі мен ғылыми зерттеулері Қазақстандағы экономика ғылымдарының қалыптасу кезеңінде оның дамуына негіз болды. * 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының доценті атағын алады. * 1963 жылдан бастап, Қазақ халық шаруашылығы институтында (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) саяси экономия кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады. * 1967-1972 жылдары осы институттың проректоры қызметін атқарады. * 1970 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары қызметкерлерінің арасында алғаш рет Яхия Әубәкірұлына «ҚазССР Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері» деген құрметті атақ берілді. * Экономика ғылымдарының докторы, профессор Я.Ә.Әубәкіровтің ғылыми зерттеушілік және ұйымдастырушылық еңбегінің нәтижесі Қазақстанның ғылыми ортасында танымал болды. 1975 жылы ол ҚазССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, 1989 жылы толық мүшесі болып сайланды. * Я.Ә.Әубәкіров қоғамдық қызметі мен еңбек жолындағы еңбегі мемлекеттік марапаттауға ие болды. 1970 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары қызметкерлерінің ішінен бірінші оған «ҚазССР Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері» деген құрметті атақ берілді. Ол КСРО медальдарымен, КСРО жоғары мектебінің үздігі белгісімен және ҚР президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен, Қазақ КССР Жоғарғы кеңесінің құрмет грамоталарымен, КСРО жоғарғы білім беру министрлігінің құрмет қағазымен марапатталды. Ғылым саласындағы және оның жетістіктерін таратудағы еңбегі үшін Я.Ә.Әубәкіровтің аты Бүкіл Одақтық «Білім» Қоғамының алтын кітабына жазылды. * Академик Я.Ә.Әубәкіровті көптеген аймақтарда, бұрынғы Одақтың Республикаларында, алыс және жақын шетелдерде жақсы біледі. Ол үнемі ғылыми конференцияларға қатысып, дәріс оқыды, докторлық және кандидаттық диссертацияларға ресми оппонент болды. * Я.Ә.Әубәкіровтің ғылыми және педагогикалық қызметінің көп бөлігін оның ғылыми ұйымдастырушылық еңбегімен ұштастырады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының қабілетті ұйымдастырушысы және жетекшісі ретінде ол бірнеше жыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандандырылған Кеңестің төрағасы болды. * Университеттің өміріндегі, Алматы қаласы және Республика өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласа отырып, Яхия Әубәкірұлы көп жылдар бойы Республикалық «Білім» Қоғамының экономика секциясының төрағасы болып істеді. * Академик Я.Ә.Әубәкіров өтпелі кезең экономикасының мәселелерінің, нарықтық қатынастардың қалыптасуын қарастыра отырып, әрқашан өзіндік пікірін білдіріп отырды. Нарықтық қатынастарды ерекше етіп көрсетпей, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған нарыққа өту механизмінің қызметі мен оның қалыптасуын мадақтамай, ол әрқашан өтпелі кезең экономикасында мемлекеттік тұрғыдан реттеп отырудың қажеттігін атап көрсетті.
Фильм аты: Болашақ Шыққан жылы: 2013 Жанр: Телесериал, Телехикая Суреттеме: Нұржан - Астана қаласындағы ең үлкен емханаға жолдама алса да, шалғайдағы қарапайым бір ауылдың емханасында жұмыс жасағысы келетін жас дәрігер. Сөйтіп ол енді аудандағы орталық аурухананың қатардағы дәрігері атанады. Сезім - сол ауылда тұратын қыз. Ол Алматыдағы институттардың бірінде оқыған, бірінші курсты бітіріп ауылына келе жатқан кезде жол апатына түсіп, содан төсек тартып жатып қалған. Көп ұзамай, ауылға баласының жағдайын білуге Нұржанның анасы да келеді. Нұржанның анасы - Ажар Бектасовна медицина ғылымының докторы, профессор. Елена Петровна сол ауданда бұрын акушер – гинеколог болып жұмыс істеген. Ойламаған жерден ол Ажардың қолындағы сақинаны байқап қалған соң, Ажар Бектасовна ұлы Нұржанға өзіндегі сақина туралы хикаяны айтуға мәжбүр болады. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Жиенбаев Сұлтан Сүлейменұлы 1921 жылы 22 шілдеде Алматы қаласында туған. ## Өмірбаяны Орта мектепті тәмамдаған соң Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылдың желтоқсан айында институттың екінші курсынан өз еркімен 100-ші жеке қазақ атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанады. Сөйтіп танкіге қарсы қарулар тобының командирі бола жүріп, Ржев, Великие Луки, Невель қалаларын азат етуге қатысқан. 1944 жылы үшінші рет ауыр жарақат алуына байланысты Қарулы күштер құрамынан босатылады. Алматыға оралған соң Түркістан-Сібір темір жолының Алматы бөлімшесінде басшы болып еңбек жолын бастаған. 1950 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО Сауда министрлігінің Жоғарғы сауда мектебіне оқуға жіберіліп, 1953 жылы оны бітіргеннен кейін ҚазССР-нің Сауда министрлігінің Өндірістік тауарлар басқармасының бастығы болып қызметке тағайындалады. 1954 жылы КСРО-ның Бас универмагының Алматы орталық универмагының директорлығына жолданады. Осы 1954 жылы күзде Алматы қалалық партконференциясында Алматы қалалық партия комитетінің әкімшілік, жоспарлау-қаражат және сауда органдарының бөлім меңгерушісі болып бекітіледі. 1959 жылы Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 - 1962 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясының ОК-де бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1962 жылы Қазақ ССР-нің Сауда министрі болып, ал, 1970 жылы – Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, онда 14 жыл қызмет атқарған. Бірнеше мәрте Қазақстан КП ОК-нің мүшесі және Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. ## Марапаттамалары Ұлы Отан соғысындағы қантөгістерде танытқан ерліктері үшін тоғыз жауынгерлік төсбелгілермен марапатталған. Солардың ішінде: екі мәрте Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордендерімен, Ресейдің «Великая Победа» орденімен, «Ерлігі үшін», «За отличие в охране госграницы СССР», «За победу над Германией», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерен еңбегі үшін» медальдары бар. Республика игілі жолындағы ерен еңбектері үшін «Октябрь революциясы» ордендерімен, «Жеңіс» орденімен, үш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің төрт құрмет грамоталарымен, сондай-ақ, жауынгерлік ерліктері және ерен еңбектері үшін 28 медальдармен марапатталған. 2000 жылы «Дайк-Пресс» баспасынан, 100-ші жеке қазақ атқыштар бригадасының жауынгерлік жолы суреттелген, батырлардың аттары аталған, сол бригаданың жауынгерлері мен командирлерінің ерліктері туралы айтылған «Сотая Казахская» кітабы жарық көрді. «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «КСРО Мемарбитражының органдарына 60 жыл» медалімен және алты түрлі мерекелік медальдармен, Мемарбитраждың грамоталарымен марапатталған.Сұлтан Сүлейменұлы мен Нурания Гиреевна екеуі 67 жыл отасып, үш бала тәрбиелеп өсірген және алты немерелері мен он екі шөберелері өсіп келеді. Үш баласы да ғылым кандидаттары. ## Дереккөздер 1. Қазақстан. Қазақстан саясаты кітабы, 2011 ж. АлматыКітап.
## Этнография ғылымы туралы түсінік. Этнография- халықтардың қоғамдық құрылысы туралы ғылым, гректің «этнос»-халық, «графо»-жазу, үйрену деген сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша этнография- халықтардың қоғамдық құрылысын, олардың арғы- бергі тегін, өзара қарым-қатынасын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым. ## Қазақ этнографиясын зерттеуші ғалымдар. Қазақстан этнографиясын зерттеуші ғалымдар- П.Н.Рычков, А.И.Левшин, В.В.Радлов, Н.А.Аристов, А.Н.Харузин, Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ә.Х.Марғұлан, Х.А.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, М.С.Мұқанов және т.б. Олар өз еңбектерінде қазақ халқының ертеден келе жатқан аңыз-әңгімелері, отбасы мен неке қию ерекшеліктері, қолөнері, ою-өрнектері, ұлттық ойындары, эпостық жырлары, және музыкалық аспаптары туралы тарихи-этнографиялық зерттеулерін жүргізді. ## Ш.Уәлиханов. Этнография тарих ғылымының бір саласы ретінде дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зерттейді. Тұрмыс дегеніміз- әрбір халықтың ғасырлары бойы қалыптасқан, сан-салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, күнделікті өмірі, ұлттық ерекшелігі. Дүние жүзін мекендеген сан жағынан азды-көпті халықтардың әрқайсысының ғасырлар бойы қалыптасқан тек өзіне лайықты тұрмыс ерекшелігі бар. Сол ерекшеліктер арқылы бір халық екінші халыққа ұқсамайды. Әдет-ғұрып ғасырлар бойы сол халықпен бірге өмір сүреді. Этнография халықтардың тұрмысындағы ұлттық ерекшелігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына басқа да халықтармен салыстыра көңіл аударып, жалпы, сол халықтың мәдениетінің нақты даму жолын анықтайды. Бір халықтың тұрмысын зерттегенде, сол халықты басқа да халықтармен, әсіресе, көрші халықтармен салыстыра зерттеген тиімді. Себебі қандай халық болса да, өзге халықтармен араласпай отыра алмаған. Мұндай қарым-қатынас олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей байланысты жүзеге асырылған. Әр халыққа тән белгілердің елеулі тұрақтылығы, әдетте, көптеген ғасырлар бойы сақталады. Әр этностың белгілі бір ішкі бірлігі болады, сондай-ақ оны осындай сипатта пайда болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты да болады. Мұның өзінде жеке этносты құрайтын адамдардың өзіндік сана-сезімі, тіршілігі, әдет-ғұрпы, жалпыұлттық ерекшелігі қалыптасады. Этнос белгілі бір тарихи мекенде өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, ойлау жүйесі өркендеген, сондай-ақ өздерінің біртұтастығын әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезімі қалыптасқан әлеуметтік қауым. Этнос мүшелерінің тұрмыс-салтының әр түрлі салаларында көзге түсетін ортақ белгілері мен айырмашылықтары бар. Сол салалардың ішіндегі аса маңыздысы- тіл. Тіл тиісті этносқа жататын адамдардың негізгі қарым-қатынас жасайтын құралы ретінде қызмет етеді. Ол басты этностық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын-алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық ұстанымдар бойынша негіздеп тіл отбасына бөледі. Дүние жүзіндегі халықтардың тілдері 20-дан астам үлкен тіл отбасына бөлінеді. ## Рухани және материалдық мәдениет. Этностардың өмір сүруі үшін тілмен қатар мәдениет жетекші рөл атқарады. Мәдениет деген түсінік кең және тар мағынада қолданылады. Мысалы, ауыл шаруашылығында егілетін әр түрлі дақылды, өсімдік түрлерін де мәдени дақылдар деп атайды. Бұл мәдениет сөзін тар мағынада қолдану. Ғылыми тілде «мәдениет» ұғымын кең мағынасында қолданып, адам баласының қажырлы еңбегінің нәтижесінде пайда болған материалдық және рухани байлықтардың жиынтығын айтамыз. Сөйтіп, жалпы мәдениетті заттай және рухани деп екіге бөлуге болады. Адамдардың еңбек етуінің арқасында жасалған бұйымдарды-заттық (материалдық) мәдениет деп атаймыз. Оған: әр түрлі еңбек құралдары, тұрғын үйлер, киім, үй ішілік бұйымдар, т.б. жатады. Ал адамдардың ақыл- ой еңбегінің нәтижесін- рухани мәдениет дейміз. Оған- дін, діни сезім, әдебиет, музыка, ғылым, тіл, тарих, математика, т.б. топтасады. Жер шарын мекендеген үлкенді-кішілі халықтардың өздеріне ғана лайықты мәдени болмыстары бар. Мәдениетсіз халық болмайды. Бірақ оның даму дәрежесі біркелкі емес. Халықтардың ғасырлар бойы өмір сүруі тілді, мәдениет пен тұрмысқа тән сипатты белгілерін ұрпақтан- ұрпаққа беріп отыру арқылы қамтамасыз етіледі. Қысқасы, белгілі бір халықтың екінші бір халықтан тілі мен сенімі, мекен-жайы ғана бөлек емес, сонымен бірге мінез-құлқы, салт-дәстүрімен ерекшеленеді екен. Ондай ерекшелікті елемей тұрып этнос туралы белгілі бір тұжырым жасау мүмкін емес. Сол себептен этностық ерекшеліктерді зерттейтн этнография ғылымының маңызы зор. Этнографиялық мағлұматтар халықтың этностық тегін, рухани болмысын, мәдени талғамын, моральдық-этикалық қалыптарын саралауға көмектеседі. ## Қазақтың ұлттық киімдері мен дәстүрлі тағамдары. Шаруашылықтың және әлеуметтік қатынастардың өзгеруіне орай көрші елдермен жаңаша қарым-қатынастардың пайда болуы қазақ киімдеріне және оның өзгеруіне үлкен әсерін тигізді. Халық киімінің ерекшелігі ол этностың сыртқы болмысының бір түрін көрсетеді. Заттар күнделікті қолдануға қолайлы белгілерімен жасалған. Киім қолайлылық, эстетикалық, дәстүрлі сыйынушы деген мағынаны иеленді. Сонымен қатар жастық, заттық және т.б. арнаулы қызметтерді атқарады. Қазақ киімдері көшпелі өмір сүруге және климаттық жағдайларға сай, қозғалуға ыңғайлы болған. Ертеден қазақтарда киім тігуге тері мен үй жануарларының жүндері пайдаланылған. Бас киімдері түлкі және тағы басқа мамық жүнді аңдар терілерінен тігілген. Көрші мемлекеттермен сауда қатынасының дамуына байланысты киім тігуге шыт, биязы, барқыт, парша, жібек, т.б. фабрикалық маталар қолданыла бастаған. Қазақтың ұлттық киімдері адамның жас ерекшелігін көрсетеді. Әйел киімдерінің ерекшеліктері: қыз киімі, бойжеткен қыз және қалыңдық киімі, тұрмыстағы әйел киімі, бірінші баласын туғанға дейінгі келіншек киімі, сонымен бірге жасы ұлғайған әйелдер киімдері болып бөлінеді. Ер адамдар киімін жасқа қарай бөлу нақты сақталмаған. Қазақ киімдері кәсіптік мағына бойынша да бөлінеді. Мысалы, бақсыларға, хандарға, жауынгерлерге және аңшыларға арналған арнайы киімдер болған. XX ғасыр басында ұлттық киімдердің кейбір ыңғайсыз және қымбат формалары күнделікті қолданыстан шығып, қарапайым әрі ыңғайлы еуропалық киімдермен өзгертілді. Киізден жасалатын киімдер: 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима. Теріден жасалатын киімдер: Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон. Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шоқай); Шоңқайма. Жүннен жасалатын киімдер: Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен. Ерлердің бас киімдері: тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қалпақ –ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді. Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады. Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім. Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр. Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жасалатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөріктің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі конус тәрізді биіктеу келеді. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан. Әйелдердің бас киімдері. Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олардың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер тігіледі. Қазақтың «үкідей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шыққан тәрізді. Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, моншақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім. Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді. Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім. Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтайы қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. Қарқара бөркі. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсына жоғарыдан төмен қарай үшкілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады. Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді. Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігілген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңіріндешылауыш деп атап, аналарды «ақ жаулықты аналар» деп ардақтайды. Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды. Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе». Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі.Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай. Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт.Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Күрең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді. Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі. Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған. Көшпелі қазақтардың тамағы, негізінен ет және сүт тағамдарынан тұрады. Қолда бар мал түрлері- қой, жылқы, ешкі, кей жағдайда түйе еті мен сүтін тамаққа пайдаланған және жылқы еті сапасы жоғары деп саналған. Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірде ғана мал өнімінен әзірленген негізгі тамақтарға қоса нан, жеміс, көкөністі пайдалана бастаған. Олардың ішінде ең көп өсірілгені-тары, арпа, бидай, күріш. Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтың негізгі асы-сүт пен ет. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың-бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасай білген. Етті суға, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап та, отқа қақтап та жеген. Ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін түрлі өсімдіктерді: пияз, сарымсақ, жуа, атқұлақ, қымыздық, т.б. пайдаланған. ## Киіз үй және оның құрылысы. Қазақстан даласын көшпелі өмір кешкен тайпалар көшіп-қону өміріне сай келетін киіз үйді ойлап тапты. Киіз үй- өзінің даму жолында ұзақ әрі қиын қозғалушы үй формасынан қазіргі заманға сай түріне дейінгі кезеңнен өтті. Қазақтың киіз үйі басқа киіз үйлерден (түрік, монғол) ерекше. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен, бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ, есіктен тұрады. Кереге– киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Уық-шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар. Шаңырақ-киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иінінің бүйірінің астына қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады. Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Сықырлауық–киіз үйдің ағаш есігі. Бұл есік екі жармалы болып келеді. Киіз үйдің жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық үзік және түндік. Туырлық- үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады. Шаңырақты жауып тұратын төртбұрышты шағын киізді түндік (түңлік) деп атайды. Киіз үйдің бау-шуына: желбау, аяқбау, аспа бау, әр түрлі таңғыштар, бау-басқұрлар жатады. Үйдің қақ ортасында ошақ тұрады. ## Әшекей бұйымдары, жиһаз-жабдықтары. Ежелгі қазақ халқы әшекейлі бұйымдарды көп пайдаланған. Киімнің көрнекі материалы зергерлік бұйымдар болып табылады. Оларды жасағанда алтын, күміс, және бағалы тастарды пайдаланған. Қазақ зергерлері негізінен, әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шашбау, т.б.) әсем жасай білген. Зергерлік заттарда жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқармүйіз, түйетабан, таңдай), өсімдік тектес (жапырақша, гүл, сабақша), үйлесімді өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі. Зергерлік өнердің туындылары жауға-айбар, жақынға- мақтаныш, аруға-ажар, жігітке-жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған. Әшекей заттарды жасауда зергерлер ұсталықтың құйма ою, салу, шекпе, көшірме, зерлеу, иректеу түрлерін қолданған. Олар басқа, шашқа, мойынға, көкірекке, қолға тағуға арналып жасалады. Шашқа арналған әшекейлерге шашбау мен шолпы жатады. Қазақ қыздары моншақ тақпайтын. Оның орнына күмістен өрнектеп жасалған әшекейлі бойтұмар тақты. Омырауға тағылатын алқалар мен қолға арналған білезіктер және сақиналар кең тараған. Сақинаны әйелдер де, ерлер де тақты. Киіз үйдің ішкі жабдықтары күнделікті тұрмыста қолданатын үй керек-жарағы болып қана қоймай, өнер шығармашылығы болып табылады. Сыйлы орын-төр, төрдің сол жағы үй иелерінің демалатын орны. Төрдің артында жүкяқтың үстінде сандықтар мен бума заттар, ал оның жан-жағында киім мен бас киімдер ілінетін адалбақан орналасады. Киіз үйдің ішінде Қазақстанның кез-келген жеріне танымал ағаш жиһаз (төсек, жүкаяқ, кебеже және т.б) заттары болады. ## Қазақ халқының ұлттық қолөнері. Қазақ халқының ғасырлар бойғы қалыптасқан ұлттық мәдениетінің, материалдық қазынасының қомақты бөлігі –ұлттық қолөнері. Қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім-қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен ерекшеленеді, қолөнер үлгілері тек эстетикалық мұра ғана емес, сонымен бірге халықтың белгілі бір тарихи кезеңдегі таным-түсінігі, өмір-салты, сұлулық туралы талғамынан хабар береді. Өнер ескерткіштері ұсталық, зергерлік, ағаш және тоқыма өнерінде көрініс алған. Қолөнершілер, негізінен, жазғы және қысқы тұрғын үй жиһаздарын, ат әбзелдері, киімдер, яғни, үйге қажетті затар жасаған. Кеңінен тарағаны- жүннен жіп иіру, тері илеу, тоқыма тоқу, сүйектен және ағаштан ою, зергерлік өнер, т.б. Әсіресе, түкті заттарды тоқу ерекше орын алды; киіз басу, киіз үй жапқыштарын жасау, текемет, түсті алаша, сырмақ, тұскиіз, ою-өрнек бұйымдарды тігу. Шиге тоқыма жіптердің көмегімен белгілі бір өрнек немесе сурет салу да кең тараған. Теріні ашыған сүтке салып жібітіп, оны қолмен илеп, тон, етік тігуге арналған терілерді табиғи бояулармен бояған. Кілемдер көлденең станокта, өрмекте жүннен иіріліп, түрлі-түсті боялған жіптерден тоқылған. Кілемдердің бірнеше түрлері болған. Түксіз кілемдер жерге төселіп, түкті кілемдер керегеге ілініп, үйдің көркін кіргізген. Кілем тоқумен қатар аяққап, қоржын, сандық қоржын және т.б. жасау тығыз байланысты. Бұл заттар кілем тоқитын станокқа ұқсас, бірақ көлемі кіші құралда тоқылған. ## Ағаштан жасалған бұйымдар. Қазақ тұрмысында ертеден-ақ ағаш ұсталығы жақсы дамыған. Ағаш ұсталары киіз үйдің сүйегін, арба, қайқыбас төсек, кебеже, жүкаяқ, сандық, үстел жасаған. Ер қосатын ершілер де ағаш ұстасы болған. Сонымен қатар ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті астау, ағаш табақ, тегене, ожау, ағаш шелек, көнек, піспек, күбі, саптыаяқ, т.б. заттар жасаған. Ағаш ұсталығында пайдаланылатын негізгі құралдар: балта, шот, балға, қашау, үскі, бұрғы. Қазақ ағаш өнерінің ең бір кең тараған түрі-ершілік өнері. Ерді қайың, үйеңкі, қара мойыл сияқты мықты ағаштарды таңдаған. Бұл ағаштардың түбірі (томары) қатты болады. Ерге арналып қиылған ағаш мұқият кептіріледі. Қазақ ері, әдетте, бес бөліктен тұрады: алдыңғы қасы, артқы қасы, екі қаптал ағаштары және белдік ағашы (бел ағаш). ## Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары. Музыкалық аспаптар тек той-думандарда ғана пайдаланылып қоймай, жау шапқанда дабыл, дауылпаз, ұран, керней сияқты түрлері арқылы елге хабар беріліп отырған. Ал бақсы- балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыздарды пайдаланған. Әнші-күйшілер өлең-жыр, терме айтқанда немесе күй шерткенде домбыра, сыбызғы, сырнай, қыл қобыз сияқты шекті аспаптармен сүйемелдеген. Музыка аспаптарын ағаштың қайың, шырша, емен сияқты түрлерінен жасаған. Сонымен бірге аспап жасауға қамыс, саз балшық, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі, қылы пайдаланылған. Балшықтан, қамыс, мүйізден үрлемелі музыкалық аспап сазсырнай, сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады. Ішекті музыкалық аспаптар- жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз, шалып ойнайтын шаңқобыз, соқпалы аспаптар –даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері бар. Ішекті шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптың бірі-жетіген. ## Этнография ғылымы туралы түсінік. Этнография- халықтардың қоғамдық құрылысы туралы ғылым, гректің «этнос»-халық, «графо»-жазу, үйрену деген сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша этнография- халықтардың қоғамдық құрылысын, олардың арғы- бергі тегін, өзара қарым-қатынасын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым. ## Қазақ этнографиясын зерттеуші ғалымдар. Қазақстан этнографиясын зерттеуші ғалымдар- П.Н.Рычков, А.И.Левшин, В.В.Радлов, Н.А.Аристов, А.Н.Харузин, Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ә.Х.Марғұлан, Х.А.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, М.С.Мұқанов және т.б. Олар өз еңбектерінде қазақ халқының ертеден келе жатқан аңыз-әңгімелері, отбасы мен неке қию ерекшеліктері, қолөнері, ою-өрнектері, ұлттық ойындары, эпостық жырлары, және музыкалық аспаптары туралы тарихи-этнографиялық зерттеулерін жүргізді. ## Ш.Уәлиханов. Этнография тарих ғылымының бір саласы ретінде дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зерттейді. Тұрмыс дегеніміз- әрбір халықтың ғасырлары бойы қалыптасқан, сан-салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, күнделікті өмірі, ұлттық ерекшелігі. Дүние жүзін мекендеген сан жағынан азды-көпті халықтардың әрқайсысының ғасырлар бойы қалыптасқан тек өзіне лайықты тұрмыс ерекшелігі бар. Сол ерекшеліктер арқылы бір халық екінші халыққа ұқсамайды. Әдет-ғұрып ғасырлар бойы сол халықпен бірге өмір сүреді. Этнография халықтардың тұрмысындағы ұлттық ерекшелігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына басқа да халықтармен салыстыра көңіл аударып, жалпы, сол халықтың мәдениетінің нақты даму жолын анықтайды. Бір халықтың тұрмысын зерттегенде, сол халықты басқа да халықтармен, әсіресе, көрші халықтармен салыстыра зерттеген тиімді. Себебі қандай халық болса да, өзге халықтармен араласпай отыра алмаған. Мұндай қарым-қатынас олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей байланысты жүзеге асырылған. Әр халыққа тән белгілердің елеулі тұрақтылығы, әдетте, көптеген ғасырлар бойы сақталады. Әр этностың белгілі бір ішкі бірлігі болады, сондай-ақ оны осындай сипатта пайда болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты да болады. Мұның өзінде жеке этносты құрайтын адамдардың өзіндік сана-сезімі, тіршілігі, әдет-ғұрпы, жалпыұлттық ерекшелігі қалыптасады. Этнос белгілі бір тарихи мекенде өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, ойлау жүйесі өркендеген, сондай-ақ өздерінің біртұтастығын әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезімі қалыптасқан әлеуметтік қауым. Этнос мүшелерінің тұрмыс-салтының әр түрлі салаларында көзге түсетін ортақ белгілері мен айырмашылықтары бар. Сол салалардың ішіндегі аса маңыздысы- тіл. Тіл тиісті этносқа жататын адамдардың негізгі қарым-қатынас жасайтын құралы ретінде қызмет етеді. Ол басты этностық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын-алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық ұстанымдар бойынша негіздеп тіл отбасына бөледі. Дүние жүзіндегі халықтардың тілдері 20-дан астам үлкен тіл отбасына бөлінеді. ## Рухани және материалдық мәдениет. Этностардың өмір сүруі үшін тілмен қатар мәдениет жетекші рөл атқарады. Мәдениет деген түсінік кең және тар мағынада қолданылады. Мысалы, ауыл шаруашылығында егілетін әр түрлі дақылды, өсімдік түрлерін де мәдени дақылдар деп атайды. Бұл мәдениет сөзін тар мағынада қолдану. Ғылыми тілде «мәдениет» ұғымын кең мағынасында қолданып, адам баласының қажырлы еңбегінің нәтижесінде пайда болған материалдық және рухани байлықтардың жиынтығын айтамыз. Сөйтіп, жалпы мәдениетті заттай және рухани деп екіге бөлуге болады. Адамдардың еңбек етуінің арқасында жасалған бұйымдарды-заттық (материалдық) мәдениет деп атаймыз. Оған: әр түрлі еңбек құралдары, тұрғын үйлер, киім, үй ішілік бұйымдар, т.б. жатады. Ал адамдардың ақыл- ой еңбегінің нәтижесін- рухани мәдениет дейміз. Оған- дін, діни сезім, әдебиет, музыка, ғылым, тіл, тарих, математика, т.б. топтасады. Жер шарын мекендеген үлкенді-кішілі халықтардың өздеріне ғана лайықты мәдени болмыстары бар. Мәдениетсіз халық болмайды. Бірақ оның даму дәрежесі біркелкі емес. Халықтардың ғасырлар бойы өмір сүруі тілді, мәдениет пен тұрмысқа тән сипатты белгілерін ұрпақтан- ұрпаққа беріп отыру арқылы қамтамасыз етіледі. Қысқасы, белгілі бір халықтың екінші бір халықтан тілі мен сенімі, мекен-жайы ғана бөлек емес, сонымен бірге мінез-құлқы, салт-дәстүрімен ерекшеленеді екен. Ондай ерекшелікті елемей тұрып этнос туралы белгілі бір тұжырым жасау мүмкін емес. Сол себептен этностық ерекшеліктерді зерттейтн этнография ғылымының маңызы зор. Этнографиялық мағлұматтар халықтың этностық тегін, рухани болмысын, мәдени талғамын, моральдық-этикалық қалыптарын саралауға көмектеседі. ## Қазақтың ұлттық киімдері мен дәстүрлі тағамдары. Шаруашылықтың және әлеуметтік қатынастардың өзгеруіне орай көрші елдермен жаңаша қарым-қатынастардың пайда болуы қазақ киімдеріне және оның өзгеруіне үлкен әсерін тигізді. Халық киімінің ерекшелігі ол этностың сыртқы болмысының бір түрін көрсетеді. Заттар күнделікті қолдануға қолайлы белгілерімен жасалған. Киім қолайлылық, эстетикалық, дәстүрлі сыйынушы деген мағынаны иеленді. Сонымен қатар жастық, заттық және т.б. арнаулы қызметтерді атқарады. Қазақ киімдері көшпелі өмір сүруге және климаттық жағдайларға сай, қозғалуға ыңғайлы болған. Ертеден қазақтарда киім тігуге тері мен үй жануарларының жүндері пайдаланылған. Бас киімдері түлкі және тағы басқа мамық жүнді аңдар терілерінен тігілген. Көрші мемлекеттермен сауда қатынасының дамуына байланысты киім тігуге шыт, биязы, барқыт, парша, жібек, т.б. фабрикалық маталар қолданыла бастаған. Қазақтың ұлттық киімдері адамның жас ерекшелігін көрсетеді. Әйел киімдерінің ерекшеліктері: қыз киімі, бойжеткен қыз және қалыңдық киімі, тұрмыстағы әйел киімі, бірінші баласын туғанға дейінгі келіншек киімі, сонымен бірге жасы ұлғайған әйелдер киімдері болып бөлінеді. Ер адамдар киімін жасқа қарай бөлу нақты сақталмаған. Қазақ киімдері кәсіптік мағына бойынша да бөлінеді. Мысалы, бақсыларға, хандарға, жауынгерлерге және аңшыларға арналған арнайы киімдер болған. XX ғасыр басында ұлттық киімдердің кейбір ыңғайсыз және қымбат формалары күнделікті қолданыстан шығып, қарапайым әрі ыңғайлы еуропалық киімдермен өзгертілді. Киізден жасалатын киімдер: 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима. Теріден жасалатын киімдер: Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон. Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шоқай); Шоңқайма. Жүннен жасалатын киімдер: Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен. Ерлердің бас киімдері: тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қалпақ –ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді. Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады. Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім. Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр. Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жасалатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөріктің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі конус тәрізді биіктеу келеді. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан. Әйелдердің бас киімдері. Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олардың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер тігіледі. Қазақтың «үкідей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шыққан тәрізді. Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, моншақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім. Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді. Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім. Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтайы қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. Қарқара бөркі. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсына жоғарыдан төмен қарай үшкілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады. Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді. Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігілген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңіріндешылауыш деп атап, аналарды «ақ жаулықты аналар» деп ардақтайды. Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды. Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе». Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі.Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай. Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт.Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Күрең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді. Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі. Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған. Көшпелі қазақтардың тамағы, негізінен ет және сүт тағамдарынан тұрады. Қолда бар мал түрлері- қой, жылқы, ешкі, кей жағдайда түйе еті мен сүтін тамаққа пайдаланған және жылқы еті сапасы жоғары деп саналған. Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірде ғана мал өнімінен әзірленген негізгі тамақтарға қоса нан, жеміс, көкөністі пайдалана бастаған. Олардың ішінде ең көп өсірілгені-тары, арпа, бидай, күріш. Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтың негізгі асы-сүт пен ет. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың-бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасай білген. Етті суға, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап та, отқа қақтап та жеген. Ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін түрлі өсімдіктерді: пияз, сарымсақ, жуа, атқұлақ, қымыздық, т.б. пайдаланған. ## Киіз үй және оның құрылысы. Қазақстан даласын көшпелі өмір кешкен тайпалар көшіп-қону өміріне сай келетін киіз үйді ойлап тапты. Киіз үй- өзінің даму жолында ұзақ әрі қиын қозғалушы үй формасынан қазіргі заманға сай түріне дейінгі кезеңнен өтті. Қазақтың киіз үйі басқа киіз үйлерден (түрік, монғол) ерекше. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен, бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ, есіктен тұрады. Кереге– киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Уық-шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар. Шаңырақ-киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иінінің бүйірінің астына қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады. Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Сықырлауық–киіз үйдің ағаш есігі. Бұл есік екі жармалы болып келеді. Киіз үйдің жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық үзік және түндік. Туырлық- үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады. Шаңырақты жауып тұратын төртбұрышты шағын киізді түндік (түңлік) деп атайды. Киіз үйдің бау-шуына: желбау, аяқбау, аспа бау, әр түрлі таңғыштар, бау-басқұрлар жатады. Үйдің қақ ортасында ошақ тұрады. ## Әшекей бұйымдары, жиһаз-жабдықтары. Ежелгі қазақ халқы әшекейлі бұйымдарды көп пайдаланған. Киімнің көрнекі материалы зергерлік бұйымдар болып табылады. Оларды жасағанда алтын, күміс, және бағалы тастарды пайдаланған. Қазақ зергерлері негізінен, әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шашбау, т.б.) әсем жасай білген. Зергерлік заттарда жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқармүйіз, түйетабан, таңдай), өсімдік тектес (жапырақша, гүл, сабақша), үйлесімді өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі. Зергерлік өнердің туындылары жауға-айбар, жақынға- мақтаныш, аруға-ажар, жігітке-жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған. Әшекей заттарды жасауда зергерлер ұсталықтың құйма ою, салу, шекпе, көшірме, зерлеу, иректеу түрлерін қолданған. Олар басқа, шашқа, мойынға, көкірекке, қолға тағуға арналып жасалады. Шашқа арналған әшекейлерге шашбау мен шолпы жатады. Қазақ қыздары моншақ тақпайтын. Оның орнына күмістен өрнектеп жасалған әшекейлі бойтұмар тақты. Омырауға тағылатын алқалар мен қолға арналған білезіктер және сақиналар кең тараған. Сақинаны әйелдер де, ерлер де тақты. Киіз үйдің ішкі жабдықтары күнделікті тұрмыста қолданатын үй керек-жарағы болып қана қоймай, өнер шығармашылығы болып табылады. Сыйлы орын-төр, төрдің сол жағы үй иелерінің демалатын орны. Төрдің артында жүкяқтың үстінде сандықтар мен бума заттар, ал оның жан-жағында киім мен бас киімдер ілінетін адалбақан орналасады. Киіз үйдің ішінде Қазақстанның кез-келген жеріне танымал ағаш жиһаз (төсек, жүкаяқ, кебеже және т.б) заттары болады. ## Қазақ халқының ұлттық қолөнері. Қазақ халқының ғасырлар бойғы қалыптасқан ұлттық мәдениетінің, материалдық қазынасының қомақты бөлігі –ұлттық қолөнері. Қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім-қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен ерекшеленеді, қолөнер үлгілері тек эстетикалық мұра ғана емес, сонымен бірге халықтың белгілі бір тарихи кезеңдегі таным-түсінігі, өмір-салты, сұлулық туралы талғамынан хабар береді. Өнер ескерткіштері ұсталық, зергерлік, ағаш және тоқыма өнерінде көрініс алған. Қолөнершілер, негізінен, жазғы және қысқы тұрғын үй жиһаздарын, ат әбзелдері, киімдер, яғни, үйге қажетті затар жасаған. Кеңінен тарағаны- жүннен жіп иіру, тері илеу, тоқыма тоқу, сүйектен және ағаштан ою, зергерлік өнер, т.б. Әсіресе, түкті заттарды тоқу ерекше орын алды; киіз басу, киіз үй жапқыштарын жасау, текемет, түсті алаша, сырмақ, тұскиіз, ою-өрнек бұйымдарды тігу. Шиге тоқыма жіптердің көмегімен белгілі бір өрнек немесе сурет салу да кең тараған. Теріні ашыған сүтке салып жібітіп, оны қолмен илеп, тон, етік тігуге арналған терілерді табиғи бояулармен бояған. Кілемдер көлденең станокта, өрмекте жүннен иіріліп, түрлі-түсті боялған жіптерден тоқылған. Кілемдердің бірнеше түрлері болған. Түксіз кілемдер жерге төселіп, түкті кілемдер керегеге ілініп, үйдің көркін кіргізген. Кілем тоқумен қатар аяққап, қоржын, сандық қоржын және т.б. жасау тығыз байланысты. Бұл заттар кілем тоқитын станокқа ұқсас, бірақ көлемі кіші құралда тоқылған. ## Ағаштан жасалған бұйымдар. Қазақ тұрмысында ертеден-ақ ағаш ұсталығы жақсы дамыған. Ағаш ұсталары киіз үйдің сүйегін, арба, қайқыбас төсек, кебеже, жүкаяқ, сандық, үстел жасаған. Ер қосатын ершілер де ағаш ұстасы болған. Сонымен қатар ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті астау, ағаш табақ, тегене, ожау, ағаш шелек, көнек, піспек, күбі, саптыаяқ, т.б. заттар жасаған. Ағаш ұсталығында пайдаланылатын негізгі құралдар: балта, шот, балға, қашау, үскі, бұрғы. Қазақ ағаш өнерінің ең бір кең тараған түрі-ершілік өнері. Ерді қайың, үйеңкі, қара мойыл сияқты мықты ағаштарды таңдаған. Бұл ағаштардың түбірі (томары) қатты болады. Ерге арналып қиылған ағаш мұқият кептіріледі. Қазақ ері, әдетте, бес бөліктен тұрады: алдыңғы қасы, артқы қасы, екі қаптал ағаштары және белдік ағашы (бел ағаш). ## Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары. Музыкалық аспаптар тек той-думандарда ғана пайдаланылып қоймай, жау шапқанда дабыл, дауылпаз, ұран, керней сияқты түрлері арқылы елге хабар беріліп отырған. Ал бақсы- балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыздарды пайдаланған. Әнші-күйшілер өлең-жыр, терме айтқанда немесе күй шерткенде домбыра, сыбызғы, сырнай, қыл қобыз сияқты шекті аспаптармен сүйемелдеген. Музыка аспаптарын ағаштың қайың, шырша, емен сияқты түрлерінен жасаған. Сонымен бірге аспап жасауға қамыс, саз балшық, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі, қылы пайдаланылған. Балшықтан, қамыс, мүйізден үрлемелі музыкалық аспап сазсырнай, сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады. Ішекті музыкалық аспаптар- жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз, шалып ойнайтын шаңқобыз, соқпалы аспаптар –даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері бар. Ішекті шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптың бірі-жетіген.
Фильм аты: Жас Ұлан Шыққан жылы: 2013 Жанр: Әскери, Сериал, Телехикая Суреттеме: Ұлттық арнада алғашқы әскери-патриоттық «Жас Ұлан» телехикаясы көрсетіледі. Телехикаяда «еліме қорған болсам», деген үш достың басынан кешкендері баяндалады. Басты рөлдерді аталмыш әскери мектептің оқушылары орындайды. Үш достың әскердегі бастарынан кешкен қиыншылықтары мен қызықты оқиғалары көрініс табады. Бұл фильм тәрбиелік мағынамен түсірілген. Режиссер Серікбол Өтепбергенов. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Фильм аты: Ауыл сақшысы Шыққан жылы: 2013 Жанр: Телехикая, Сериал, Детектив Рөлдерде: Дәурен Серғазин Суреттеме: "Қазақстан" ұлттық арнасында 2013 жылғы 11 қарашадан бастап "Ауыл сақшысы" деген сериал басталады. Сюжетте қаладан ауылға ауысып келген жас полицей туралы баяндалады. Жұмысы біткеннен кейін лейтенант қалаға оралмақ болады, бірақ махаббат оның жоспарын өзгертеді. Сериалда сондай-ақ жер қойнауында жатқан қазба байлық үшін жерге таласқан үлескерлер туралы сөз болмақ. Жобаның сценариін жазған Бейбарыс Жұманиязов. Музыкасы Айдос Сағатовтыкы. Сериалды түсірген - белгілі режиссер Сәбит Құрманбеков, продюсері - Виктор Климов. Ауыл сақшысы рөлін Дәурен Серғазин сомдайды. 16 бөлімнен тұратын "Ауыл сақшысы" сериалы "Қазақстан" арнасында 11 қарашадан бастап көрсетіледі. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Фильм аты: Cұңқар Шыққан жылы: 2013 Рөлдерде: Ержан Жарылқасынов, Бауыржан Қаптағаев, Асхат Үрпеков, Асылхан Төлепов Суреттеме: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендерге «Сұңқар» атты жаңа телехикаяны ұсынбақ. Режиссер Жасұлан Пошановтың туындысына басты рөлді Асылхан Төлепов сомдайды. «Сұңқар» телехикаясы - атбегілікті серік еткен ауыл адамдарының өмірін суреттейді. Негізгі кейіпкер - жас жігіт бала күнінен бастап, енесінен жетім қалған құлынды өсіріп-бағады. Бозбала шақта да «Сұңқар» оның сенімді серігі болады. «Сұңқар» - Ақан серіге сән берген «Құлагердің», Қобыландының қанатына айналған «Тайбурылдың» тұяғы. Талай жарыстан жүлдемен оралған арғымақ жігітке де, оның отбасына да үлкен абырой әкеледі. 4-шi Қарашадан бастап "Сұңқар" көпбөлiмдi фильмi Қазақстан Ұлттық арнасында. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Фильм аты: Туған елдің түтіні Шыққан жылы: 2013 Жанр: Сериал, Телехикая Рөлдерде: Оңдасын Бесікбасов, Дариға Күшікбаева, Олжас Жақыпбек, Рүстем Жаныаманов, Әйгерім Төлемісова Суреттеме: Туған елдің топырағы, туған үйдің түтіні кімге де болсын ыстық, қадірлі... Мемлекет тарихындағы елеулі оқиғалардың қарапайым елдің өміріне әсері, айрандай ұйыған отбасындағы бәйтеректей әкенің орны, балалардың есеюі, жігіттің ел ағасы болуы – осының барлығы туған жердің, елдің тарихының бір бөлігі. Қазақстанның бұғанасының бекіп, алғашқы дипломатиялық қарым-қатынас, саясаттағы, экономикадағы қадамдары, халықаралық спорттағы алғашқы жеңістер, бизнестің дамуы, тұңғыш теңгенің шығуы - мұның барлығы телехикая кейіпкерлерінің өмірімен ұштасқан. Тарих пен өмірді сабақтастыра отырып өрілген бұл фильм Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы ел өмірінің шынайы болмысын баяндайды. ## Дереккөздер 1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17
Фильм аты: Бір кем дүние Шыққан жылы: 2013 Жанр: Драма Рөлдерде: Қуаныш Тұрдалин, Динара Абдуллина, Оразхан Сәдуақасұлы Кендебаев, Шолпан Сіргебаева, Азамат Сатыпалды, Жалғас Толғанбай. Суреттеме: Фильмнің сюжеті - пенделік парызын өтеуге ниеттенген қарапайым ауыл ақсақалының өміріне құрылады. Алайда, ұзақ жыл немере сүюді армандаған қарттың тағдыры бұл мақсатына тұсау салады. Туынды көрерменге кейіпкердің ішкі жан-дүниесіндегі күйзелістерге мойымайтын күрескерлік рухын ашып көрсетеді. Ар тазалығын дәріптейді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17