text
stringlengths
3
252k
Мәдениет — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Петров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 66 адам (39 ер адам және 27 әйел адам) болса, 2009 жылы 42 адамды (19 ер адам және 23 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бірлік — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Петров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 467 адам (238 ер адам және 229 әйел адам) болса, 2009 жылы 276 адамды (139 ер адам және 137 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
«Сабан той» — ұлттық салт-дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі, әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді. Әрине мұнда да кең дастарқан жайылып, ақсақалдар бата береді. Палуан күрес, ойын-сауық түрлері өткізіледі. Не керек, жұрт қауырт жұмыстан кейін кең тыныс алып бір жасап қалады. «Сабан той» мереке әрі егіншілердің еңбек қорытындысы десе де болады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. http://axi-referat.ucoz.kz/load/aza_merekeler/32
Өріс: Математикада * Өріс — алгебра элементтерінің жиынында нөлден өзге элементтерге бөлу операциясы бір мәнді түрде анықталған Сақина (алгебра)сақина. * Дифференциалдық геометрияда скаляр, векторлық, тензор өрісі Физикада * Өріс — шексіз еркіндік дәрежесінің санына ие және физикалық шаманың кеңістікте үздіксіз таралуымен сипатталатын жүйе түріндегі материяның ерекше түрі. Информатикада Реляциялық деректер базасында өрістредің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық. * Сандық тип мәдері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық болатын өрістерден тұрады. Сандық өрістердің мәндері есептеулерде қолданылуы мүмкін. * Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б. сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады. * Даталық типі өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/жжжж орысшы дд/мм/гггг) болады. * Логикалық тип "иә" - "жоқ" немесе "ақиқат" - "жалған" деген екі мәнді қабылдай алатын өрістерден тұрады. Лингвистикада * Өріс — белгілі бір тілдің әр деңгейлік (морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық және аралас лексика-синтаксистік т.б.) ортақ қызметі және белгілі бір семантикалық категория (Тілдік категория) негізінде өзара ықпалдас құралдарының жүйесі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi, қысқаша Қазғарыш - ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін атқарады. ## Негізгі міндеттері * Таңбаланған тізім элементі ғарыш қызметінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және жұмыстарды үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу * техникалық регламент ережелерін орындаумен байланысты, техникалық реттеу саласындағы үдерістерді іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады. Сонымен қатар, Сараптамалық кеңес мына қызметтерді жүзеге асырады: ғарыш қызметіндегі стандарттар, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларына, техникалық регламенттер және мемлекеттік стандарттар жобаларына сараптау жүргізеді * техникалық регламенттер және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, өзгерістерді енгізу, жою бойынша ұсыныстарды дайындайды * ғарыш қызметіндегі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге мониторингті жүзеге асырады * техникалық регламент және мемлекеттік стандаттарды әзірлеу бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламаларына ұсыныстарды дайындайды * техникалық реттеудің ұлттық және халықаралық жүйесін үйлестіру, ғылыми-техникалық базасы дамуын ескере отырып ғарыш қызметіндегі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды * техникалық комитеттер жұмыстары үшін ұсыныстарды қалыптастырады, сондай-ақ оларды құру бойынша ұсыныстарды енгізеді * техникалық комитет қызметтері туралы есептерді тыңдайды ## Қазғарыштың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Ғарыш инфрақұрылымын құру және дамыту» және «Ғарыш саласындағы ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны дамыту» деген екі стратегиялық бағытта іске асырылады.Қазғарыш және оның бағыныстағы ұйымдары стратегиялық бағыттары мен бағдарламалық құжаттары шегінде негізгі инвестициялық жобалары іске асырылуда:- «Kazsat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, оның ішінде «KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА, резервтiк жерүстi басқару кешенi (РЖБК);- «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;- ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;- Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;- дәлдігі жоғары спутниктiк навигациялық жүйесінiң жерүсті инфрақұрылымын құру.Стратегиялық жоспардың жобалары мен іс-шаралары жоспар-кестелері мен бекітілген бюджетке сәйкес іске асырылады.2012 жылғы стратегиялық бағыттары шегінде 3 нысаналы индикаторлар, 9 тікелей нәтижелер көрсеткіштері және 31 тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне жетуге арналған iс-шаралары жоспарланған.2012 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде қажетсiнетiн ғарыштық технологиялар мен қызметтердi пайдаланатын ұйымдар мен кеңселер саны бойынша 1 нысаналы индикатор іске асырылған. 10 ұйымдар мен кеңселерде ғарыштық технологиялар мен қызметтер пайдалануда.Және «Космотрас» ЖАҚ XFК жарғылық капиталына қатысу үлесi («Днепр» ЗТ) бойынша 1 тікелей нәтиже көрсеткіші іске асырылған. Ведомстволық басқарылымда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы «Космотрас» ЖАҚ XFК-ның 10% акциясына ие болуда. Басқа нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің іске асырылуы 2012 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған.Бағыттағы жұмыстар жалғасады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi, қысқаша Қазғарыш - ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін атқарады. ## Негізгі міндеттері * Таңбаланған тізім элементі ғарыш қызметінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және жұмыстарды үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу * техникалық регламент ережелерін орындаумен байланысты, техникалық реттеу саласындағы үдерістерді іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады. Сонымен қатар, Сараптамалық кеңес мына қызметтерді жүзеге асырады: ғарыш қызметіндегі стандарттар, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларына, техникалық регламенттер және мемлекеттік стандарттар жобаларына сараптау жүргізеді * техникалық регламенттер және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, өзгерістерді енгізу, жою бойынша ұсыныстарды дайындайды * ғарыш қызметіндегі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге мониторингті жүзеге асырады * техникалық регламент және мемлекеттік стандаттарды әзірлеу бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламаларына ұсыныстарды дайындайды * техникалық реттеудің ұлттық және халықаралық жүйесін үйлестіру, ғылыми-техникалық базасы дамуын ескере отырып ғарыш қызметіндегі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды * техникалық комитеттер жұмыстары үшін ұсыныстарды қалыптастырады, сондай-ақ оларды құру бойынша ұсыныстарды енгізеді * техникалық комитет қызметтері туралы есептерді тыңдайды ## Қазғарыштың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Ғарыш инфрақұрылымын құру және дамыту» және «Ғарыш саласындағы ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны дамыту» деген екі стратегиялық бағытта іске асырылады.Қазғарыш және оның бағыныстағы ұйымдары стратегиялық бағыттары мен бағдарламалық құжаттары шегінде негізгі инвестициялық жобалары іске асырылуда:- «Kazsat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, оның ішінде «KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА, резервтiк жерүстi басқару кешенi (РЖБК);- «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;- ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;- Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;- дәлдігі жоғары спутниктiк навигациялық жүйесінiң жерүсті инфрақұрылымын құру.Стратегиялық жоспардың жобалары мен іс-шаралары жоспар-кестелері мен бекітілген бюджетке сәйкес іске асырылады.2012 жылғы стратегиялық бағыттары шегінде 3 нысаналы индикаторлар, 9 тікелей нәтижелер көрсеткіштері және 31 тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне жетуге арналған iс-шаралары жоспарланған.2012 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде қажетсiнетiн ғарыштық технологиялар мен қызметтердi пайдаланатын ұйымдар мен кеңселер саны бойынша 1 нысаналы индикатор іске асырылған. 10 ұйымдар мен кеңселерде ғарыштық технологиялар мен қызметтер пайдалануда.Және «Космотрас» ЖАҚ XFК жарғылық капиталына қатысу үлесi («Днепр» ЗТ) бойынша 1 тікелей нәтиже көрсеткіші іске асырылған. Ведомстволық басқарылымда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы «Космотрас» ЖАҚ XFК-ның 10% акциясына ие болуда. Басқа нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің іске асырылуы 2012 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған.Бағыттағы жұмыстар жалғасады. ## Дереккөздер
Тархандық - ру -тайпа билеушілері мен ақсүйектерінің жерге ерекше және дербес құқықтығы. Яғни, хан (сол дәуірдегі немесе сол мемлекеттегі лауазымы ең жоғары адам) өзінің қолбасшылырына, уәзірлеріне немесе еңбек етіп, пайдасы тиген адамдарға өз атынан бөліп берген жерлері. Ал тархандық сыйлыққа, жерлерге ие болғандар ол жерге ерекшк қарады. Тархандық жер иелері өзіне қызмет еткен құлдарға, жұмысшыларға жерді бөліп бере алмады. Себебі, ол жерлерді хан тікелей өзіне сыйлыққа берген және заң бойынша құлдар мен жұмысшылар тархандық жер иесі бола алмайды. Кейбір деректерде "тархан" сөзі қолданылады. Ал "тархан" сөзі - орта ғасырларда батыс Түрік қағанатында сот қызметін атқарған шенеуніктер және моңғол дәуірінен кейінгі кезеңде билік құрған мемлекеттерде тархандық құқық, яғни сый алған ақсүйек өкілдері.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi, қысқаша Қазғарыш - ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін атқарады. ## Негізгі міндеттері * Таңбаланған тізім элементі ғарыш қызметінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және жұмыстарды үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу * техникалық регламент ережелерін орындаумен байланысты, техникалық реттеу саласындағы үдерістерді іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады. Сонымен қатар, Сараптамалық кеңес мына қызметтерді жүзеге асырады: ғарыш қызметіндегі стандарттар, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларына, техникалық регламенттер және мемлекеттік стандарттар жобаларына сараптау жүргізеді * техникалық регламенттер және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, өзгерістерді енгізу, жою бойынша ұсыныстарды дайындайды * ғарыш қызметіндегі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге мониторингті жүзеге асырады * техникалық регламент және мемлекеттік стандаттарды әзірлеу бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламаларына ұсыныстарды дайындайды * техникалық реттеудің ұлттық және халықаралық жүйесін үйлестіру, ғылыми-техникалық базасы дамуын ескере отырып ғарыш қызметіндегі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды * техникалық комитеттер жұмыстары үшін ұсыныстарды қалыптастырады, сондай-ақ оларды құру бойынша ұсыныстарды енгізеді * техникалық комитет қызметтері туралы есептерді тыңдайды ## Қазғарыштың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Ғарыш инфрақұрылымын құру және дамыту» және «Ғарыш саласындағы ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны дамыту» деген екі стратегиялық бағытта іске асырылады.Қазғарыш және оның бағыныстағы ұйымдары стратегиялық бағыттары мен бағдарламалық құжаттары шегінде негізгі инвестициялық жобалары іске асырылуда:- «Kazsat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, оның ішінде «KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА, резервтiк жерүстi басқару кешенi (РЖБК);- «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;- ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;- Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;- дәлдігі жоғары спутниктiк навигациялық жүйесінiң жерүсті инфрақұрылымын құру.Стратегиялық жоспардың жобалары мен іс-шаралары жоспар-кестелері мен бекітілген бюджетке сәйкес іске асырылады.2012 жылғы стратегиялық бағыттары шегінде 3 нысаналы индикаторлар, 9 тікелей нәтижелер көрсеткіштері және 31 тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне жетуге арналған iс-шаралары жоспарланған.2012 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде қажетсiнетiн ғарыштық технологиялар мен қызметтердi пайдаланатын ұйымдар мен кеңселер саны бойынша 1 нысаналы индикатор іске асырылған. 10 ұйымдар мен кеңселерде ғарыштық технологиялар мен қызметтер пайдалануда.Және «Космотрас» ЖАҚ XFК жарғылық капиталына қатысу үлесi («Днепр» ЗТ) бойынша 1 тікелей нәтиже көрсеткіші іске асырылған. Ведомстволық басқарылымда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы «Космотрас» ЖАҚ XFК-ның 10% акциясына ие болуда. Басқа нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің іске асырылуы 2012 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған.Бағыттағы жұмыстар жалғасады. ## Дереккөздер
Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. "Аң стилі" өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді. "Аң стилі" өнері дәстүрмен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға "өммір ағашы" дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты. ## Галерея * ## Дереккөздер Ежелгі Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра,2011. - 176 бет. ISBN 978-601-282-254-0
Райт ағайныдылар (ағылш. Wilbur Wright (1867—1912) және ағылш. Orville Wright (1871—1948)) — адам тарихындағы ең алғашықы ұшқыштар болып саналады. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды. Орвилл жаңа заттарды құрастыруға құмар болатын. Ал бұл құлшыныс інісі екеуін жаңа жобаға итермелейді. 1889 жылы олар баспа құралын құрастырып, біраз уақыт күнделікті газетті баспадан шығарумен айналысады. Ал 1892 жылы велосипед моделін құрамдап, жеке дүкендерін ашады. Бұл өте сәтті бизнес болды және олардың әрі дизайнер, әрі инженер ретінде біліктілігін арттырды. Жаңа ғасырдың басында ұшудың мүмкіндіктеріне қызығушылық пайда болады. Осылай ағайынды Райттар алғашқы механикалық ұшу аппаратын жасауға кірісіп кетеді. Олар жаңа құрылғының әрі қуатты, әрі жеңіл, әрі басқару жабдығының қарапайым болуына аса көп көңіл бөледі. Тәжірибе орны ретінде Солтүстік Каролинаның Китти Хоук деген желді аймағы таңдалып алады. Басты себеп желдің ұшақ текті құрылғыға демеу болуы еді. ## Алғашқы көкке самғауы 1903 жылы 17 желтоқсанда ағайынды Райттар тұңғыш ұшақтың жобасын аяқтап, оны іс жүзінде тексеріп көреді. Орвилл алғашқы ұшқыш болады. Ал инженер-құрастырушы Уилбер болады. Сол бір тарихи ұшақ «Ұшқыш» деп аталған. Орвилл 10,9 км/сағ. жылдамдықпен көкте 12 секунд (37 м биіктікте) самғайды. ## Ағайынды Райттардың жетістіктері * 1903 – алғашқы оң нәтиже * 1905 - Көкте жарты сағат үздіксіз ұша алатын көпқұрылымды ұшақты жасайды. * 1908 – Орвилл Райт АҚШ-тың Вирджиния штатында әскери күштердің бақылауында ұшақтың аскери бағытта қолданылу мүмкіндіктерін көрсетеді. * 1908 – Уилбер Ла Манш бұғазында 100 реттен астам ұшып, тәжірибе жасайды. Желтоқсанның 31 күні аспанда ең көп самғаған ұшақтың уақыты тіркеледі: 2 сағат, 19 минут. Олардың 1903 жылы жаңа механикалық құрылғыны патенттеуге өтініші қабылданбай қалады. Дегенмен, олар жобаны одан әрі жетілдіріп, кейінірек патентке ие болады. Қазіргі күнде Райттардың «Ұшқышы» АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы Ұлттық Әуе және Ғарыш Мұражайында көрмеге қойылған. ## Дереккөздер
«Сарыарқа» әдеби – көркем, қоғамдық – саяси журналының бас редакторы, ақын, прозашы, журналист- публицист, қоғам қайраткері. 1964 жылы Алматыда Нұрғожа Ораздың «Тұңғыш кітап» («Первая книга») қарапайым атымен алғашқы жинағы шықты. Соңғы жылдары Алматы басылымдарында Нұрғожа Ораздың «Кім табады?» «Кто угадает?» (книжка-загадка для детей), «Шұғыла» («Радуга»), «Қөңіл көктемі» («Настроение») кітаптары жарық көрді.Н. Ораз тұңғыш рет қазақ кеңес поэзиясында Л. М. Картаузовтың «Тың түлегі» («Парень с целины») поэмасында, Н. Малгаждаровтың «Қырандар ұясы» («Орлиное гнездо») поэмасында Социалистік Еңбек ерлерінің көркемдік бейнесін қалыптастырды. Ақын 50 жас мерейтойында «Тың ырғақтары» («Целинные напевы») бір аттас шығармасын шығарды, онда бұрынғы өлеңдері және поэмаларымен қатар, жаңа шығармалары басылып шықты. Содан соң «От кешкен балалық» («Детство, опалённое огнём») кітабы жарық көрді.Кітаптары: «Достар хаты» («Письма друга») – 1968 жылы шыққан алғашқы шығармасы, «Жауқазын шақ» («Молодость подобна подснежнику», 1980), «Таңдау» («Выбор», 1984). Н. Ораз өзін драматургияда көрсете алды. Бұл жөнінде оның «Қиядағы қақтығыс» («Столкновение в дали») және «Армысың, таңым» («Здравствуй, заря моя») пьесалары куә. Нұрғожа Ораз Қазақстанда публицист, деректі жанры, проблемалық очерктің шебері атағына ие болды. Оның дарыны «Дала демі» («Дыхание степи») деректі проза кітабында айқын көрінді. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
Ақын, журналист, кәсіби баспагер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты (2006).Хамитбек Мұсабаевтың «Торғай топырағы» (1991), «Ақжол» (1992), «Ахаң – Жахаң ізімен» (1993), «Алаш – Орда арманы»(1995), «Таразы» (2003), «Наркескен» (2005), «Аманкелді ауданы: деректер мен дәйектер, өлеңдер мен әндер» (2008) кітаптары жарық көрді.. Ақын, журналист, кәсіби газетші, баспагер Хамитбек Қуандықұлы Мұсабаев 1953 жылы 7 қазанда туған. 1972 жылдан Аманкелді аудандық газеті редакциясында қызмет істейді. 1972 жылдан 1975 жылға дейін тілші, 1975-1977 жылдары бөлім меңгерушісі, 1977-1981 жылдары жауапты хатшы, 1981-1990 жылдары редактордың орынбасары болып жұмыс атқарған. 1990 жылдан бастап редактор және 2002 жылдан облыстық "Қостанай таңы" газетінің Аманкелді ауданы бойынша менішкті тілшісі. Бipнеше рет ауылдық және аудандык кеңестердің депутаты болды. 1990-1992 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. 1994-2000 жылдар арасында 6ipiнші шақырылған Торғай және Қостанай облыстары мәслихаттарының алғашқы депутаттарының 6ipi болып сайланды. 1983 жылы жас ақын-жазушылардың республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты (2006). «Торғай топырағы» (1991), «Ақжол»,(1992) «Ахаң - Жахаң ізімен» (1993), «Алаш-Орда арманы» (1995), «Таразы» (2003), «Наркескен» (2005), «Аманкелды ауданы: деректер мен дәйектер, өлеңдермен әндер» (2008) атты кітаптары шыққан. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
«Жүрек лүпілі» атты автордың бірінші кітабы 1998 жылы «Алатау» Алматы баспасында жарық көрді. 2003 жылы автордың екінші кітабы «Еменнің айыр бұтағы», «Мөп-мөлдір дүние» кітабы басылып шықты.Сәлім Тоқмырзаұлы «Әскери ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қаз КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрметті грамотасымен марапатталды. Сәлім Меңдібаев Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі (2008), Мәдениеттің еңбек сіңірген қайраткері (2009), Қазақстанның журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2005), Қостанай облысының әкімі сыйлығының, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының (2007), «Қазақ тілі» өңірлік қоғамының «Ұлтжанды азамат» сыйлығының иегері. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
Қазақстандағы мұнайгазды сала мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан тұрады. Мұнай және газ құбырлары Қазақстанда Ресейлік мұнай және газ тасымалдауқұбырларының жалғасуына ие және Ресей территориясы арқылы экспорттарға шығарылады.Кеңестік уақытта Қазақстандық мұнай және газдың көп бөлігі Ресейге жеткізілді, ол кезде Реселік шикізаттар Қазақстандық кәсіпорындарға әкелінетін еді. Ондағы алынатын өнімдердің біраз бөлігі Ресейге бағытталды, ал Қазақстан қажеттілігіРесейлік жеткізіп берушілермен қамтамасыз етілді.«Қазмұнайгаз» мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстандағы мұнай қорлары жаңа мұнай кен орындарының арқасында «жоғарғы дәрежеге» өсуі мүмкін. Алдын-ала бағалаулар бойынша тек Қашағанның көмірсутек қорлары 7-ден 10 млрд тонна шарпытты отынға дейін жетуі мүмкін. Шамамен қазақстандық мұнайдың 89 пайызы республиканың батысында өндіріледі және шамамен 11 пайызы республиканың оңтүстігінде. Қазақстандағы мұнай және газоконденсатты өндіріп шетелге шығару 35 млн тоннаға жетті, соның ішінде мұнайдың меншікті үлесі 30 млн тонна. 2002 жылы өндіру көлемі өсуін жалғастырд, ал 2003 жылға деген жоспар 50 млн тонна болды.Қазақстанның мұнайының экспортының шамамен 80 пайызы мұнай құбырлары бойынша жүзеге асырылады, 13 пайызы темір жол көліктерімен тасымалдауға тиесілі және тағы 7 пайызы су көліктерімен тасымалданады. Ресейдегі сияқты Қазақстанда мұнайқұбырлы көлік қызметтерінің монополисті болып «Қазмұнайгаз» мемлекеттік компаниясы саналады, ол үш жеке және практикалы түрдегі өзара бір-бірімен байланысты емес бөліктерден тұрады: Батыс (орталық қаласы Ақтау), Шығыс (Павлодар) және Солтүстік (Ақтөбе).
1987 жылы «Жалын» Алматы баспасында «Батыр Сұлтан» (о Герое Советского Союза Султане Баймагамбетове) деректеме повесі басылып шықты. Жазушының екінші кітабы - «Өнегелі ғұмыр» деректеме повесі. Ермекбай Хасенов талантты журналист. Көптеген очерктер мен мақалалардың авторы. Журналистер арасындағы облыстық конкурстың жеңімпазы.Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Мәдениеттің еңбек сіңірген қызметкері (2009), «Қазына» сыйлығының лауреаты (2005). 2009 жылдың қараша айында Әулиекөл аудандық мәслихаттың шешімімен аудан мен оның атақты адамдарын басылымдарда белсенді насихаттағаны үшін «Әулиекөл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Г. Седовқа «Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. «Менің туған өлкем» конкурсының лауреаты. «Қазақстанның 10 жылдығы» мерейтой медалімен марапатталды. Қостанай меценаттар клубының «Музыка» номинациясының лауреаты. Шығармалары: «Страна, в которой я живу» өлеңдер жинағы, «Тайны астральных миров», «Седьмое небо» (Трансформа полярных начал в Энергосферах человека и Космоса) кітаптары, «Звездные костры» әні, «Вспомним годы целины» өлеңдер жинағы, «Десять песен о Костанае» және «Уходящие в Бессмертье» авторлық жинақтары, 2009 жылы «На крыльях света» таспасы, 10 авторлық жинақтары басылып шықты. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
Мүсінші, керамист. Монумент, станк (мәрмәр, керамика, фарфор) және бақ мүсіндерін жасау саласында жұмыс істейді. 1989 жылдан бастап көрмелерге қатысады. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер одағына кірді. Халықаралық (Троицк, 1994 ж.), облыстық, қалалық көрмелерге, сонымен қатар Жалпы одақтар көрмелеріне (Ленинград, 1988 ж., Минск қ., 1989 ж.) қатысқан.2007 жылы Ақтөбе қаласындағы халықаралық мүсіншілер фестиваліне, Астана қаласындағы «Наурыз 2006» арт-форумына қатысқан. 2000 жылы облыс әкімі сыйлығының лауреаты. 2009 жылы «Қазына» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған. ## Өмірбаяны Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды. ## Мұралары Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді. Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды. ## Ахмед Иүгінеки гуманизмі Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді. ## Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады.Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие.Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған.Түркістан шаҺарының күнбатыс бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хакоик») дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки) ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады. Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған.Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т.т.). Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы.«Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге, лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап, оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтар А. Йүгінеки пікірінше жайсаңдылық пен құрмет етушіліктен ажырамайды. Ал оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін таниды.Еңбектегі «... дүниенің зұлымдық пен жамандыққа толуы, құлшылықтың риякерлікке айналуы, мұсылмандардың көр еліктеушілікке (тақлит) салынуы, мешіттердің қаңырап қалуы, шарапханалардың толып-тасуы, ғалымдардың амал-істен, захидтердің күнәдан, даналардың (арифтердің) «ракс пен самадан» (зікір салудан) қолы тимеу, жамандық-індеттің жайылуы» сияқты наразылықтары мен жан айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс береді.Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды.Қоғамдық өзгерістер мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз.Шығармаға қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған. Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, «Ахмедтің дүниеге көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады: «әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол». Жүйнекидің этикалық-педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын аңғарылады».Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып табылмақ. Сондықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет.Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм (гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайтын саяси принцип және әлеуметтік сезім. Патриотизм Отанының жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ.Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның ұкіметіне лоялдылықты көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім.Жалпы бұл түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер» ұғымымен синонимдес болды.«Патриотизм» түсінігіне кең түрде анықтамалар берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редакциясында жарық көрген сөздікте: «Патриотизм - өз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат», - деп анықтама берілген. Философиялық сөздікте: «Адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс», - делінген. Дегенмен, «патриот» түсінігіне біз түрлі мазмұнда анықтамалар берілгендіктен, «патриотизм» сипатына жан-жақты нұсқадағы түсініктемелер ұсынылады. Бұл аталмыш құбылыстың күрделі табиғатымен түсіндіріліп, мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», - деп пайымдайды. Сонымен қатар, Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. «Бұл өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын».Патриотизм мәнін толықтай түсінбеушілік біздің тарихымыз бен мәдениетіміз, тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамның саяси дамуының стратегиясына қатынастары негізінде анықтай алмаймыз. Дегенмен, патриотизмды қалыптастыру бұл ситуативтік жоспардағы мәселе емес. Бұл еліміздің саяси жүйесін алға қарай демократияландыру жолындағы түрлі әлеуметтік топтарды біріктіруге бағытталған үнемі қозғалыстағы фактор. Сондықтан бүгінгі шарттарда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына ықпал ететін кешенді іс-әрекеттер қажет.Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық құндылықтары айқындалған мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы процестегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі нормативті-құқықтық базаларға толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес, мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет.Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рөлді білім беру атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда білім беру мекемелерінің маңыздылығы жоғары.Патриотты тәрбиелеу – бұл әлеуметтік ортаның (отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар) объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік процесс. Демек, патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбиелік жүйеге арнайы мақсатты қимылдар жүргізілгендігі дұрыс деп ойлаймыз. Мектептердегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шарттарында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Патриоттық тәрбие берудің әдістемесі тәрбиенің нақты кешенді шараларын айқындайды. Бүгінгі шарттарда патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату қажет. Мектептегі пәндер өз еліне патриоттық сезім мен мақтанышты қамтамасыз ететін бағытта жүруі тиіс. Мәселен, тарих пәнінде тәуелсіздігімізге қатысты материалдарды игеруде құрғақ тілде фактілер келтіру аз шаруа. Оқыту процесінде балаларға республикамыздың саяси беделін суреттеп, қазақстандық азаматтардың бейбітшілік пен достықта өмір сүруіне жоғары баға беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығын дәйектеу қажет. Оқыту процесінде патриотизмнің қоғамның дамуындағы қызметтік рөлінің жоғарылығына назар аударылуын дұрыс санаймыз.Саяси әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде түрлі деңгейдегі шығармашылық қызмет өкілдерін дайындайтын жоғары мектепті атай аламыз. Жоғары мектеп тек нақты білімді қалыптастырып қана қоймай, оның әлеуметтік инициативасын анықтайтын өмір салтын айқындайды. Жоғары мектеп жастардың саясатқа араласу процесіндегі маңызды рөлге ие. Өйткені, жастар өз саяси ұстанымдарын жоғары оқу орнының ықпалында қалыптастырады. Демек, болашақ мамандардың еліміздегі саяси процестерді қабылдауы оның жоғары оқу орнындағы дайындық сапасына байланысты.Студенттер ақпаратпен толық қамтылған ортаға бейімделген жастардың білімді бөлігі болып табылады. Бүгінгі жастар бұрынғы саяси әлеуметтендірудің стереотиптерінен жеңіл құтылған топ. Олар бірінші болып тоталитарлық қоғам негіздеген құндылықтарды жоққа шығарды. Сондықтан бүгінгі күнде барлық саяси күштердің өз жақтастары ретінде студенттерді қосуы кездейсоқ құбылыс емес. Жастар – бұл қазіргі қоғамдағы белсенділігі жоғары әлеуметтік база.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының негізгі субъектілері болып жастар табылатыны белгілі. Орын алған оқиғаларға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірінші хабарда: «ұлттық элементтерді арандатушы оқушы жастар тобы көшеге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешімін қолдамады», - деп жазылды [38]. Сондықтан сол кезеңнің саяси процесіне әсер етуді мақсат тұтқан жастардың қимылы мен олардың ықпалын 1986 жылғы болған оқиға көрсете алды. Міне, осы студенттер орталықтың саясатына наразылықтарын ашық көрсете алды.Бүгінгі жағдай көрсеткендей, студенттер еліміздің саяси өміріне кеңінен ықпал ете алады. Жастар қазіргі шарттарда саясатқа қатысуы саяси жүйенің сипатына ықпал ету арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылататынын түсінді. Бүгінгі күнде біз өзге тарихи және әлеуметтік кеңістікте өсіп жатқан, дәстүрлі емес, инновациялық әлеуметтік құрылымдағы, еркін мемлекет мүшесі болып табылатын жастар деп білеміз.Саяси күрестің нәтижелері мен қорытындыларын анықтауда жастардың саяси қатысуы саяси лидерлердің назарын аудартуда. XX ғ. соңы – XXІ ғ. басында «түрлі-түсті революциялар» негізгі күші болып табылған жастар қозғалыстарының саяси процестердегі қимылдары көрініс тапты.Осы революциялар шеңберінде саяси оппозиция жоспарланған және тиімді үйлестірілген қызметі жолымен бұқаралық сананы манипуляциялаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану арқылы жастардың белсенділігін көтерді. Міне, осы студенттер жоғарыда аталған оқиғаларда маңызды рөл атқарды. Студенттердің оқиғаға жаппай қатысуы студенттік қозғалыстардың жалпыхалықтық сипатта екенін айқындауға мүмкіндік берді. Осы студенттердің көмегімен оқиғаның бұқарашылдығын БАҚ-та көрсетудің қажеттілігі саналды.Біздің ойымызша, Грузия, Украина, Қырғызстанда орын алған саяси процестер жастардың саяси санасына әсер етті. Сол себептен, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке саяси ойыншылар рөліне үміткер саналған жастар ұйымдарының саны ұлғайды. Бұл экономикалық және әлеуметтік-саяси дамудың объективті заңдылықтары мен нәтижелері негізінде Қазақстандағы жастардың саяси өмірдегі маңыздылығы жоғарылағанын көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік билік органдарына позитивті қатынастарға ықпал ететін, азаматтық позицияларды жоғарылататын, жастарды заңды саяси қызмет пен олардың әлеуметтік мәселелерін шешетін мемлекеттік жастар саясаты қажет.Дегенмен, алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтыны анық. Тұлға оның ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбиесі дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет. Сонымен қатар, еліміздегі саяси ақиқат мәселелеріне объективті сипаттама беретін жаңа арнайы курстар енгізілуі қажет.Патриоттыққа тәрбиелеудегі ең маңызды рөл бұқаралық ақпарат құралдарына да жүктеледі. Міне осы институт өте жоғары көлемде саяси ақпарат таратуда жылдам мүмкіндік пен субъекттік-объекттік басқару ерекшеліктеріне ие. Сонымен бірге, бүгінгі күндегі БАҚ-тың өмір сүруі оның таралымы ғана емес, демеушілерінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екендігі жасырын емес. Олар объективті ақпаратты ұсынуға қарағанда, сенсациялық ақпараттарды жариялауға үйір. Көп жағдайда демеушілерінің әлеуметтік және саяси тапсырыстарын орындау мақсатында өз материалдарын жариялап жатады. Бұл тұста патриотизмге тәрбиелеу мәселесінің кадрдан тыс қалу қаупі мол екендігін дәлелдейді. Сондықтан бүгінгі күнде бұқаралық ақпарат құралдарында патриоттық тәрбие берудің элементтерін кеңінен пайдалану қажет.Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде жүріп, саяси әлеуметтендірудің институттары арқылы өз бағыттарын айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы туралы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін, оның ішінде саяси ілімдер тарихы үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Әдиб Ахмед Йүгінекидің жоғарыда талданған шығармасы өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарымен қазіргі саяси ғылымдардағы жоғары мәні өшпейтін құнды мұра болып қалыптасатынына толықтай сеніміміз бар. Қорыта келе, қазіргі саяси ғылымдарды жаңа идеялармен толықтыруда Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегін кең дәрежеде пайдалана аламыз және оның орны ерекше. ## Шығармалары: * Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы, Баспаға дайындағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов., А., 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971. * Малов С.Е., Памятники древнетюкской писменности, Тексты и исследования, М-Л., 1951; * Бердібаев Р., Жазба мұралар, ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966; * Шербак А.М., Грамматический очерк языка тюркских текстов Х — ХІІІ вв, Из Восточного Туркестана, М-Л., 1971. ## Сілтемелер * Ахмед Иүгінеки Мұрағатталған 5 маусымның 2016 жылы. * Ахмед Иүгінеки * «Тарих» - История Казахстана - школьникам | Тарихи кезең | Орта ... Мұрағатталған 11 маусымның 2016 жылы. ## Дереккөздер
Қалыбек Деріпсалдин 1953 жылы 10 қаңтарда Қостанай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген.Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2005 ж.). Композитор, «Мирас» ансамблінің солисті. «Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан Республикасы халық білімінің үздігі», Қостанай облысы Амангелді ауданының құрметті азаматы атағына ие болды. Қ. Деріпсалдин 5 күй мен 80 астам өлеңдер жазған. Республикалық композиторлар конкурстарының бірнеше рет жеңімпазы.Өлеңдері"Қимадан ба едің қалқам-ай""Сарыторғайым""Туған жерім-Қостанай""Ер Торғай"Жәнеде тағы да басқа өлең жинақтары бар. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
Ортағасырлық Жайық қалашығы Орал қаласынан оңтүстікте 12 км жерде, Шаған өзенінің арнасы құраған жағалаудың үстінде орналасқан. Қалашықтың көлемі шамамен 7 га құрайды. Қала тұрғын жайлардан, өндірістік және қоғамдық мақсаттағы құрылыстардан тұрады, яғни еден асты жылыту жүйесі бар шығыс моншасы, кірпіш күйдіретін және керамикалық пеш қалдықтары.Қалашықтан батысқа қарай 2 км қашықтықта, қала қорымында ғұрыптық ғимараттың, яғни полихромды глазурмен апталған екі камералы күмбезді кесененің қирандысы табылды. Қалашықтан күрделі шикі қабырғамен бөлектенген бірнеше бөлмеден тұратын тұрғын үй аршылды. Тұрғын үйлердің ішкі бөлігі тандырдың мұржасы арқылы жылынып, ол өз кезегінде «П-тәріздес» суфаға жалғасқан. Одан әрі «кан тәрізді» мұржа арқылы сыртқа қабырғадан тік шығарылған. Тұрғын үйлерде күйдірілген кірпіштен қаланған тікбұрышты пештер бар. Шаруашылық маңыздағы бөлмелерде ұралар, ташнаулар, қоқыс шұқырлары орын тепкен. Қалашықтан табылған материалдар үй құрылысы дәстүрінде Хорезм мен Сырдария өңірінің әсерлері болғанын айғақтайды. Сонымен қатар зерттеулер Нижный Повольженің тұрғын жайларымен үндестігі және өзгешеліктері бар екендігін де көрсетеді. Жайық қалашығы XIV ғ. бірінші жартысында, Өзбек (1313-1339 жж.) пен Жәнібек (1312-1357 жж.) хандардың билігі кезінде пайда болса керек. Бұл кезеңдер Алтын Орданың ең дамыған және қала мәдениетінің гүлденген кезі болып табылады.
Шымкент — Қазақстандағы республикалық маңызы бар қала, 2018 жылғы 19 маусымға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болған. Қалада 1 236 900 адам тұрады (2024). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында. Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды. ## Этимологиясы Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» — деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің «Шым» және парсының «Кент» — қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) «чиминь-чемень» яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «Кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны білдіреді. ## Тарихы Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деп болжаған. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел — археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән. Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 ж.) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорық-тары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі. Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда — мал шаруашылығы дамыған. ### Көне Шымкент Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшыраған. Шыңғыс хан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астына өткен. Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. XV ғасырдың басынан Шымкент XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі-жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері өркендеген аймақ болып қала берді. XVII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан және Бұхара хандықтары күрес жүргізді. 1810-1864 ж.ж. Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы болды. Мұнда Қоқан әскерлерінің саны жағынан үлкен гарнизоны тұрақтап, қала негізінен әскери қамал ретінде пайдаланылды. 1864 жылы қала орыс әскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан уезіның, ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды. XIX ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған: 19 мануфактуралык, 70 ұсақ-түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақ-тандыру орны, 27 ұн дүкені, ал XX ғасырдың басында — 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта тазалайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға айналды. Қала экономикасының дамуында 1883 ж. ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі «Химфарм» АҚ химия-фармацевтикалық зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене сантонино өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында дермене бұтақшасы бейнеленген. 1914 жылы Қазақстанның Ресей империясына қосылуының 50 жылдығына орай қалаға орыс генералы Черняевтің есімі берілді, бірақ 1921 жылы қала Шымкент атауына қайта ие болды. XX ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы елдегі үлкен өзгерістер нәтижесінде жаңа жетістіктерге жете бастады. Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылым, мәдениет ошақтары ашылды. Қала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзар, көшелері, саябақтарымен ажарлана түсті. 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Бүл алып өндіріс орны КСРО-дағы өндірілетін қорғасынның 70%-н беріп отырды. Қалада май комбинаты, шұлық және айна фабрикалары іске қосылды. 1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы құрылып, бұл Шымкент әуежайының негізін қалады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалалардың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан аймақтардан бұл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Қала танктерге қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық қүралдар және басқа да өнімдерді өндірді. Шымкентке өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты және Харьковтегі авиация училищесі көшірілді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында ондаған мың шымкенттіктер жаумен шай-қасып, 7 жерлесімізге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі 50-80-інші жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды. Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, қаракөл, цемент, гидролиз зауыттары, «Восход» тігін фабрикасы, металлқұрастыру және тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорынды, «Электроаппарат» зауыты, ал, тамақ өнер-кәсібінен ет, сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кәсіпорындарды атауға болады. Химия өнеркәсібі жедел дамыды. Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылды. Тұрғын үй салу қарқындап жүріп жатты. Жаңа мөлтекаудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің саны өсіп, спорттық-сауықтыру кешендері салынды. Жаңадан салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар. ## Қала эмблемасы ## Халқы Шымкент қаласы халқының саны: ## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Алғаш рет қаланы аудандарға бөлу 1945 жылы енгізілді. Сол кезде Центральный, Железнодорожный және Заводской әкімшілік аудандары құрылды.. КСРО-ның тарауы қарсаңында 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы мәліметтері бойынша қала 3 ауданнан тұрған: Абай, Еңбекші, Дзержинский (кейінірек Әл-Фараби болып өзгерген). Қазіргі таңда Шымкент 5 әкімшілік ауданнан тұрады: Абай, Еңбекші ауданы, Әл-Фараби ауданы, Қаратау ауданы және Тұран ауданы. ## Экономика және бизнес Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде «Петро Казахстан Ойл Продактс» АҚ (мұнай өңдеу), «Интеркомшина» (доңғалақ өңдеу), «Химфарм» (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда «Южполиметалл» АҚ (қорғасын және т. б. өнімдер), машина жасауда «Карданвал» (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), «Южмаш» (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), «Электроаппарат» (қуатты электр қосқыштары және т. б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар. Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – «Восход» фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), «Адал» (тоқыма өнеркәсібі), «Эластик» (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде «Шымкентцемент» АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар. Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен «Шымкентмай» және «Қайнар» (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т. б. өнімдер), «Шымкентпиво» (сыра өндіру), «Визит» (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызмет жүйесі: қалалық және қала-аралық көліктер даму үстінде. 2002 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының жеке қаржысымен үй салу жағынан Астанадан кейінгі қатардан көрінді (республика көлемінде 17 %). Тұрғын үй салумен қоса, жаңа кәсіпорындардың қүрылысын салу қарқынды түрде жүріп жатыр. Кейбір компаниялар жарамсыз қалған ескі ғимаратттардың орнына сәулетті де, сәнді тұрғын үйлерін салуда. Қалада 2000 жылға дейін болған қонақтар Шымкенттің көркейіп келе жатқанына таңғалып, тамсанады. «Қала келбеті саябақтар, скверлер, демалыс орындары және сәнді ғимараттармен ажарланып келеді. Мұнда іссапармен келушілер бизнеске қатысты мәселелерді сәтті шешумен қатар, бос уақыттарын да қызықты өткізе алады» – деп жылы лебіздерін білдіреді. Шымкент қаласының өнеркәсіп өнімі 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсті. Ауыл шаруашылық өнімі 6,3 пайызға, тұрғын үй құрылысы 19,2 пайызға, ал, бөлшек сауда 7,1 пайызға артты. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Шымкентте 3 жылда 24 кәсіпорын ашылып, 1300 тұрақты жұмыс орны пайда болды. Қалада 2 индустриалды аймақ тиімді жұмыс істейді. Қазіргі таңда, 64 млрд.теңге инвестициялар тартылып, 72 жоба іске қосылды, 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. ## Инвестициялық әлеуеті 2019 жылдың соңында Шымкент қаласының экономикасына 194,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2019 жылы қалада жалпы құны 25,6 млрд.теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жаңа 420 жұмыс орны ашылды. Қалада 2 индустриалды аймақ бар (Оңтүстік - 337 га және Тассай - 89 га). Индустриалды аймақтарға бөлінген жердің жалпы ауданы 426 га құрайды. Шымкентте жалпы құны 33 млрд. теңгені құрайтын алты инвестициялық жобамен көліктік-логистикалық аймақ құру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы жер көлемі 92 га құрайды. Қалаға инвесторларды тарту мақсатында ауданы 306 гектар болатын «Жұлдыз» атты жаңа индустриалды аймақ құрылуда. Бірінші кезеңде 76 га (2020–2021), екінші кезеңде - 230 га (2021–2022) жер игеру жоспарлануда. Сонымен қатар, әлеуетті инвесторларды қосымша ынталандыру мақсатында аумағы 136 гектар болатын Шымкент агроөнеркәсіптік аймағын құру процесі басталды, онда көтерме және бөлшек сауда қоймалары мен ауылшаруашылық кәсіпорындары орналасатын болады. Құны 8 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, қалада 427 гектар аумақта «Шымкент сити» қала құрылысы бойынша арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру барысында «Highvill» (Оңтүстік Корея), «Kinder World» (Сингапур), «Eryapi» (Түркия) компанияларын тарту көзделген. Жоба аясында қала экономикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылатын болады. Жоба қаланың 50 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуді көздейді. ## Қаланың БАҚ-ы * «Оңтүстік Қазақстан» сондай-ақ, орыс және өзбек тілдерінде шығады Газет сайты * «Шымкент Келбеті» қалалық қоғамдық-саяси газет, Газеттің Шымкент бизнес-порталындағы мұрағаты Мұрағатталған 4 ақпанның 2010 жылы. * «Рабат» облыстық апталық қоғамдық газет, Газет сайты * «Замана» газеті Газет сайты Мұрағатталған 21 сәуірдің 2010 жылы. * «Шара-Бара» апталық жарнама газеті Газет сайты Мұрағатталған 5 наурыздың 2010 жылы. ## Өнер және мәдениет Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, әзербайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді. 2002 жылы Шымкентте «Ардагерлер аллеясы» қайта жандандырылды. Қалада 8 саябақ пен сквер жұмыс істейді. Олардың үшеуінің негізі XIX ғ. ортасы мен XX ғ. басында қаланған. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жемісті жұмыс істеуде. 3 мәдениет сарайының залдары ешқашан да бос болмайды. Үш кинотеатрда қазіргі заманның фильмдерін тамашалауға болады. Қангүй мемлекеті дәуірінің бірегей экспонаттары облыстық өлкетану мұражайында қойылған. Қалада 28 кітапхана бар. Облыстың мәдени өміріндегі атаулы оқиға – 1967 жылы қазақ және орыс драмалық театрлары ғимаратының құрылысы. Ол жерлерде ҚазКСР халық әртістері Айша Абдуллина, Жұмабике Серікбаева жұмыс істеген. 60-80 жылдары ақын Омарбай Малқаров, халық ақындары Көпбай Омаров, Әселхан Қалыбекова, жазушылар Әбжапар Жылқышиев, Нәмет Сүлейменов, Уәлихан Сүлейменов, Ханбибі Есенқараева, Олег Постников, Юрий Кунгурцев, Мархабат Байғұт шығармашылық шарықтау кездері. Қазақ театрлық өнерінің негізін қалаушылар халық әртістері Хадиша Бөкеева, Ғайни Хайруллина, Құрманбек Жандарбеков, ақын әрі қоғамдық қайраткер Мұхтар Шаханов, композитор Шәмші Қалдаяқов, жазушылар Фёдор Чирва мен Жұмабек Еділбаев біздің жерлестеріміз. Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы, аквабағы, техносаябағы, «Кең-баба» этнографиялық саябағы, «Nimex Land» пен «Бамзик» ойын-сауық орталықтары балалар мен үлкендердің сүйікті демалыс орындарына айналған. Әрине, қаланың солтүстік бөлігін дендробақ, зообақ, ипподроммен байланыстыратын ұзындығы 6 шақырымдай балалар темір жолының алатын орыны айрықша. Қала аумағындағы көне қалашық пен қамалдарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қала тарихы жөнінде кешен жасау қолға алынып отыр. Қалада көрнекті ғалым, мәдениет, спорт майталмандары мен халық батырларына ескерткіштер орнатылған. Облыс және қала өз жерлестерін мақтан тұтады. Мұнда тілтанушы, мүше-корреспондент М. Балақаев, геология ғылымдарының докторы П. Тәжібаева, түркітанушы, академик С. Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторлары Қ. Бектаев пен А. Байтанаев, академик Т. Тәжібаев туған. ## Туризм және демалыс Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Қала Түркістан облысының аумағында орналасқандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар заңды түрде осы жерден басталады. Қалада жиырма арнайы мамандандырылған фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысуда. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға бару, аң-құс пен балық аулау, тау туризмі секілді салаларды қамтиды. Түркістан өңірінде калың жұртшылық зиярат жасайтын Ислам дінінің қасиетті орындары мен сәулеттік құрылыстары жеткілікті десек жаңылыспаймыз. Өлкенің тарихи құндылықтары мен зиярат ету орындарына барудағы алғашқы қадам, екінші Мекке атанған-тарихи Түркістаннан басталады. Мұнда түркі халықтарының рухани астанасы, көне дәуірдегі өркениет орталыктарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген, әлемге танымал тарих және мәдениет ескерткіштері мол қасиетті қалаға барып, әулие-әмбиелергетәуету мүмкіндігі жасалған. Шымкент шаhарының пайда болуына өзіндік үлесін қосқан көне Сайрам қаласы Ұлы жібек жолының бойындағы басты сауда және қолөнер орталығы болған Отырар қалашығы. Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан-баб кесенелері мен басқа да құндылықтар туристер жүрегінде терең әсер қалдырады. Тянь-Шань сілемдері мен Қызылқұм шөлінің арасында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның бірегей аумақтық жағдайы бір күннің ішінде қар жамылған таудан қыздырылған құмға ойысуға мүмкіндік жасайды. Осыдан келіп бір облыстың өзінде сан алуан: заңғар таулық, далалық, қүмдық , және жартылай құмдық табиғи-климаттық аймақтарға бөлініп, онда аң-қүс пен өсімдіктің түр-түрін кездестіре аласыздар. Аумағы 100 мың шаршы шақырым жерден қар барысы, аю, дала түлкісі-қарсак, тау ешкісі мен шөлейттерде жасайтын жайран, тағылан, борсық, Гималай ұлары мен дуадақты кездестіру — әлемде сирек болатын жайт. Осы аумақтағы табиғаттың қайталанбас інжу-маржандарының бірі - Орта Азиядағы байырғы қорық - Ақсу-Жабағылы болып табылады. Батыс Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан оның теңіз деңгейінен биіктігі 1000 метрден 4280 метрге жетсе, көлемі 75043 гектарды алып жатыр. Қорықтың ландшафты әдемі, ауқымды әрі ғылым мен өнер үшін баға жетпес қүндылыққа ие. Мүнда көне дәуірге тән өсімдік пен жануарлардың көптеген түрі бастапқы қалпында сақталған. Қасқабүлақ тауының тас қатпарларына ата-бабаларымыз салып кеткен көне кескін, бейнелердің ғалымдар мен туристер үшін айрықша қызығушылық туғызатыны анық. Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық орындар катарына Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан Қызылкөл, табиғаты ғажайып «Бадам» шатқалындағы «Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс аймақтары, «Сайрам-су» шатқалындағы «Альтекс» спорт кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, емдік минералдық бүлақ суы бар Сарыағаш ауданының шипажай аймағы және т.б. жатқызамыз. Ойын-сауықтық, мәдени және боулинг орталықтары, бильярд клубтары, жоғары дәрежедегі қонақ үй сервистері, күн талабына сай дәмханалар мен мейрамханалар, ғажайып қалалық демалыс аймағы, туристер мен демалушыларға мінсіз қызмет көрсетуге әзір. Бұған көне де, мәңгі жас Шымқала тұрғындарының ақкөңіл, ақ жарқын жүздері мен қонақжайлылығын қосыңыз. ## Спорт және денсаулық Қаладағы 100-ге жуық спорт залдар, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде. Бізден есімдері әлемге әйгілі талай чемпиондар шыққан. Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі мен жекеменшік спорт секциялары, клубтары талай чемпиондарды дайындап, шығаратынына күмәніміз жоқ. Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс істейді. Шымкент қаласының тұрғыны бола отырып, атақты қазақстандық спортсмен, бірнеше дүркін Еуропа мен әлем чемпионы, гимнастшы Нелли Ким бес олимпиядалық медаль жеңіп алып, әлем спортының аңызына айналды. Шымкентте облыстық және қалалық бағыныстағы бірқатар ауруды алдын-алу мекемелері жұмыс істейді. 21 стационарлық аурухана мекемесі (15 аурухана мен 6 диспансер), 19 дербес ауруханалық-емханалық мекеме, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, жедел медициналық жәрдем стансасы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бұған Ана мен бала денсаулығын қалпына келтіру, салауатты өмір сүру, медицина және апат, қан қүю, диагностика және кардиология орталықтары, балалар үйі, «Қарлығаш» шипажайы, дезинфекциялык станса, басқа да мемлекеттік және жекеменшік медицина мекемелерін қосуға болады. Медицина Академиясы мен медициналық колледжде жоғары білікті оқытушылар, соның ішінде медицина саласына еңбегі сіңген денсаулық сақтау қызметкерлері істеп жүр. ## Шымкент қаласының суреттері * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * ## Бауырлас қалалар * Измир (Түркия) * Гроссето (Италия) * Могилёв (Беларусь) * Паттайя (Тайланд) * Ходжент (Тәжікстан) * Стивенедж (Англия) * Байинь (Қытай) * Ахарнон (Грекия) * Ескішехир (Түркия) ## Дереккөздер ## Ақпарат көздері * Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты [1] Мұрағатталған 6 тамыздың 2012 жылы. * Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты [2] Мұрағатталған 4 шілденің 2012 жылы. * «Шымкент аймақтық порталы» * Подушкин Н. П. Когда родился Шымкент? // Шымкент. Историко-информационный путеводитель. Шымкент, 1998. * ОҚО Статистика департаменті ## Сілтемелер * Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты Мұрағатталған 18 тамыздың 2008 жылы. * Виртуалды Шымкент
Тағы бір ел жадында қалған күйшілердің бірі Буратай күйші. Ол Марқакөл өңірінде мөлшермен 1894-95 жылдары дүниеге келіп, 1979 жылы Күршім ауданының Қалғұтты ауылында өмірден қайтқан. 1937-38 жылдары тап жауы атанып, қуғынға ұшырап, Қырғызстанға жер аударылған екен. 1945-46 жылдары Марқакөл ауданы шекара зонасы болғандықтан әйелімен бірге Қалғұттыға мекендейді. Соғыстан кейінгі жылдары Шердаяқта шахтада жұмыс істейді. Кейіннен колхозшы болады. Көзі көргендердің айтуына қарағанда Буратай алып денелі адам болған. Өзі балуан болған екен. Домбырада көне халық күйлерін орындаған деседі. 1962 жылы Сәбит Мұқанов бұл өңірге келіп, Буратай күйшімен кездескен екен, сонда ол елу-шақты күйлерді таспаға жазып алған көрінеді. Оның бесеуі Буратайдың өзі шығарған күйлері деп айтылады. 70-жылдары Ілия Жақанов келіп, оның бір күйін Қазақ Радиосының алтын қорына жазған деседі. Міне, біздің қолымызға жеткен деректердің бары осы. Өкінішке орай бұл кісінің таспада жазылған күйлері бізге белгісіз. ## Дереккөздер 1. Күй. Қазақ халқының атақты күйшілері кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Молда-Қалан кесенесі (Мұлқалан кесенесі) – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші. ## Орналасқан жері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде. ## Кезеңі XVI ғасыр. ## Тарихи деректер, аңыздар Мұлқалан (Мулькалян) – бұл осы жерлерде танымал болған, әлі күнге дейін халық естен шығармайтын киелі Мехерегланның лақап аты. Аңыздарға сүйенсек, Мехереглан бала кезінен денсаулығы әлсіз, емшілердің ішінде ешкім оны емдегісі келмейтін. Күдер үзген Мехереглан дерттен айығу жолын өзі табуды шешеді. Дертінен айыққан соң, ол өзіне көмек сұрап келген жандардың бәрін емдеуге кіріседі. Осыдан бастап оның ерекше емдеу қасиеті барлық шартарапқа тарайды. Дүниежүзі бойынша оған адамдар емделуге, ақыл-кеңес сұрауға келеді. Мехереман басқа жергілікті әулие Мағзұммен таныс болды. Олар тіптен кімнің қайда жерленетіндігі туралы қалжыңдасатын (әрқайсысының көріпкелдік қасиеті шындыққа айналды).Бүгін Мұлқалан кесенесі (Мулькалян) қажылық жасаудың маңызды нысаны ретінде танылды. Мұнда ауруынан сауыққысы келетін, ісінің оңға басқанын қалайтын адамдар ағылып келе бастады. ## Кесене сипаты Кесене зираттың тап ортасында орналасқан. Кесене күмбезді, үлкен кіре-беріс қабырғалы стилінде жасалып, қабырғалары 9,25 м болатын тік төртбұрыш пішінде салынған. Кіре-беріс жағында үлкен портал тәрізді есігі болған, бірақ одан тек қана екі тірегі қалған, тіректердің ендері 3,0х1,75 м. Ғимараттың жалпы алаңы 113,3 шаршы метр. Кесененің жалпы биіктігі, күмбезді қосқанда 9,6 метр. Құрылыс көлемі 1087,7 метр куб. Кесене күйдірілген қызыл-сарғылт түстегі кірпіштен қаланған. Қабырғаларының қалындығы 1,0 метр. Күмбезі айналдыра-қыстыру әдісі бойынша өрілген. ## Дереккөздер
Халық ғұмыры – тарихи дамудың диалектикалық заңдылығын құрайтын жалғыз нысана. Дәуірлер сипатынан табиғи дамудың бел-белестерін, алған асу, шыққан биігін пайымдап, кешегі мен бүгіннің арақатынасын ажыратуға, өзгенің өресі жетпес жорамал деректердің жанды-жансыз жобасын жасауға болады. Осы ретте көз жетер тарихын қаламен аттап, қағазға тақтап қойған елге қызыға да, қызғана да қарайсың. Хаттаулы тарих – халық болмысының рухани, мәдени өрісіне берілген төлқұжат. Ондай елдің әлемдік дамудағы кімнің-кім болғанын сарапқа салар тұста алдына жан салмай кететіні де сондықтан. Қазақ қауымының қолына қалам алған санасы сардар азаматтарының қай-қайсысы болсын, әсіресе XX ғасырдың алғашқы шеңберінен бастап тарихи деректерге ден қоя бастауының себебін біз осы жайдармен байланыстыра қарауымыз керек. Өйткені «Алаш қозғалысына қатысып, «Алаш» партиясын құрысып, Алашорда үкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұғырлары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресі, өркениетті нысана ету – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, ерекше қасиет» болды. Ұлт тарихының мәнді тұстары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ж.Досмұхамедов, С.Сейфуллин, М.Әуезов шығармаларында қамтыла бастаған. Қазақ елі тарихының әдебиеттегі көрінісі сол дәуірдегі қазақ әдебиеттануының көрнекті өкілдерінің еңбектерінде көрініс тауып, әр қырынан сөз болды. Бұл ежелден-ақ көркем әдебиет пен тарихтың арақатынасы сөз боп келе жатқан қазақ әдебиеттану ғылымында да түбірлі мәселе екенін көрсетеді. Алайда түбірі терең, түбегейлі шындықты жүйелеп, ұлттық ғұмырнаманың әлемдік дамудағы дара тұстарын ашып көрсетудің алғашқы талпыныстарына талағы тар заман тұсау салып бақты. Ұлт тарихының шындығынан жасқанудың коммунистік идеологияның күшті қаруларының біріне айналуы да сол XX ғасырдың болмысындағы танымдык кереғарлықтың керемет мысалы болып қала бермек. Солай дегенмен халық зердесі бұғауға да, бұрауға да көнбейтін қуат. Халық зердесі ешқашан да ұмытшақтық кеселіне ұшыраған емес. Ал зерденің зерлі нұсқаларына зер сала қарап, қара қылды қақ жарар әділет биігінен пайымдау – сол халықтың қанатты перзенттерінің парызы болған. Бізге тұстас дәуірде, алғашқылардың бірі болып, осы үдеден шыққан жазушы Ілияс Есенберлин болды. Оның алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың, әдебиеттегі алаштық мақсат пен ұлттық рух көрінісінің үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушының туғанына 80 жыл толуы қарсаңында «Ақиқат шындық темір шымылдықтың ар жағында тұтқындалып, ата тарихының «ақтаңдақтарын» зерттеу тыйым салынған жылдары Ілекең қазақ қаламгерлерінің алғашқысы болып қиын да күрделі тақырыпқа – Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталанбас бейнелерін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы – «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүние жүзінің көптеген халықтарының тіліне аударылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық бола қоймас» - деп жазғанындай бұл шығарманы қазақ халқының баға жетпес көркем туындысы әрі ешқандай шығармамен теңестіруге болмайтын орны бөлек тарихи, ғылыми жағынан кең қамтылған кесек дүние дегеніміз орынды. Рас, Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазылған романдарынан бұрын да одақ көлемінде фундаментальді тарихи шығармалар жарық көрген. Алексей Толстойдың «Бірінші Петр», Василий Янның «Шыңғысхан», Г.Гамсахурдияның «Давид IV Строитель» тағы басқа романдар сөз жоқ тарихта үлкен орны бар, олардың авторлары да өте талантты танымал тұлғалар. Бірақ олар өз шығармаларындағы кейіпкерлерін қай қырынан көрсетем десе де, ашығын айтқанда «жоқтан бар жасап, болмағанды болды» десе де шек қойылмады. Роман қалай жазылса, баспадан солай жарық көрді, барынша ерік берілді. Идеология тарапынан ешқандай қысым, ешқандай кедергі болмады. Міне осыны жоғарыдағы кітап авторлары қажетінше пайдаланды. Ал Есенберлинде мұндай еркіндік жоқ екені белгілі. Қазақтан шыққан батырларды, атақты хандарды, от ауыз, орақ тілді билер мен шешендерді насихаттауға, олардың батырлығы мен ерлігін өнері мен өткірлігін, ұйымшылдығы мен бірлігін қалың оқырманға жеткізуге партиялық цензура тарапынан қатаң тыйым салынатын кез. Керек болса, партиялық идеология қазақ халқының ғасырлар бойғы бай тарихын жылы жауып қойып, қазақ тарихы «Ұлы октябрь революциясынан бастау алады» дегенге дейін барды. Ал коммунистік партияның сол кездегі көшбасшысы Л.Брежнев бір сиезде «Қазақстанда қайдағы бір Кенесары Қасымов дегенді шығарып алды» деп ашуланып, сес көрсеткені бар. І.Есенберлинің «Көшпенділер» трилогиясы партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырларының, хандарының, шешендерінің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсынуы жай ерлік қана емес, талантты жазушының, саяси жеңісі еді. «Көшпенділер» ұлт тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағылып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмалағандығын көркем тілмен бейнелеп берді.Есенберлиннің осы трилогиясынан нәр алып, көп нәрседен мағлұмат алған көпшілік оқырман ондаған жылдардан соң тоталитарлық жүйеге қарсылық білдіргенін дүние жүзі біледі. Бірақ қылышынан қан тамған Горбачевтік-Колбиндік баскесерлер әділдік іздеп, бой көрсеткен жастарды қалай қуғындап, қалай түрмеге жапқанына тарих куә.Қазақ халқының бұрмаланған тарихын зерделей білген Есенберлин ұлт тағдырының дәуірлер бедеріндегі болмысын өнер тілімен өрнектеп баяндау мақсатында қолына қалам алып, «Көшпенділер» трилогиясын жазуға кірісті. Әсіресе Қазақстанның өз еркімен Ресейге қалай қосылғандығын, оның пайдалы және зиянды тұстарын нақты дәлелдермен оқырман алдына ұсынды. Әбілқайыр хан мен Абылай ханның әр кезеңдердегі осы мәселелерге байланысты іс- әрекеттерін көрсетуге тырысты. Қазақ халқының ержүректілігін, қандай жағдайда болсын елін, жерін сыртқы жаулардан қорғай алатындығын көрсетіп берді. Қазақ қандай халық, олар қашан және қалай қалыптасты, жеке ұлт ретінде танылуға қандай мүмкіндіктері бар? Романда осы сұрақтарға нақты жауап берілген. Бұл тоталитарлық жүйе билік құрған кезеңдегі ұлтты сақтап қалу үшін жасалған бірден-бір қадам болатын.Бүгінгі күнді сол өткеннің нәтижесі ретінде таныған Есенберлин қоғамның түрлі қабаттарындағы жасырын қалған күрделі оқиғаларды, аса мәнді тарихи кезеңдерді әлемдік тарихтағы ұлы оқиғалармен салыстыра отырып, небір тар, қысылтаяң замандарда өз бойынан қуат тапқан халық күшінің құдыретін көркем бейнелеуге ұмтылады. Ол көне тарихқа бүгінгі заман талғамы тұрғысынан өлшеп үңіледі. Негізгі өзегі сол кезең үшін аса маңызды болған нақты тарихи тартыстарға құрылған І.Есенберлин романдарының сюжеттік желісінде тарихи-документтік сипат пен романтикалық леп аралас келіп отырады. I.Есенберлин – тарихи деректерді терең меңгерген сөз зергері әрі сол заманға сай тарихи сипатты нақты көре білген зерделі қаламгер. Оның шығармаларында суреттеліп отырған заманның ерекшеліктері мен өзіндік келбетін танытатын поэтикалық қуат тарихи тұрғыдан нанымды. Есенберлин қаһармандарының мінез ерекшеліктерінен қоршаған ортаның жағдайынан туындап отыратын поэтикалық қиял, ойдан шығарған оқиғалар шынайы сипатқа ие екендігін көреміз. Жазушылық қабілет пен үлкен зерттеушілік ізденістің нәтижесінде дүниеге келген «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» трилогиялары ғылыми ой мен творчестволық қиялдың тамаша синтезі деуге болады.Халықтың қай кезең болсын езгіге, бұғауға, қорлыққа шыдамай, бостандық, теңдік, еркіндік үшін соңғы күшін сарқып күресе беретіндігін кең тыныста суреттейтін трилогияда күрескерлік идея бой оздыра көрініп отырады, оптимистік күрес жолы көркем хикаяланады. Халықтың жеке ел болуындағы ең үлкен және соңғы қуатты тегеуріні қазақ халқының жоңғардың жойқын шабуылына төтеп беріп, елдігі мен жерін сақтап қалуы болды. Бұл нағыз Ұлы Отан соғысы, сол отан үшін шайқастағы тұтас халықтың ерлігі еді. Бұл сипат, Отан іргесін сақтап қалу үшін болған ұлы шайқас романда бар болмысымен жан-жақты көрінеді. Тарих оқулықтарында «өз еркімен қосылды» деп түсіндіріліп келген Ресей империясына қазақ даласының бағындырылу процесінің қиын да күрделі сипаты «Жанталас» романында Әбілқайыр, Барақ, Абылай сияқты әртүрлі көзқарастағы ел билеушілерінің іс-әрекет, айла шарғылары арқылы көрініс табады. Қандай тығырықтан да халық өзін-өзі шығарады. Трилогияның алтын желісі, негізгі өзегі – қазақ халқының саясат бұғауы, шовинизм құрсауымен беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту. «Адамзаттың нағыз шын тарихын тарихшы емес, суреткер жазады», - дейді М.Горький. І.Есенберлин осы принципті ту етіп ұстап, ғылымда да осы уақытқа дейін терең сараланып бітпеген тарихтың қос қыртыс қатпарларына қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет қаламгер көзімен саяхат жасап, оқырман назарын көне тарихтың әлі ашыла қоймаған тың беттеріне аударады. Максим Горький Жазушылардың бүкілодақтық бірінші сиезінде сөйлеген сөзінде тарихи тақырыпты терендете түсудің аса қиын екеніне баса назар аудара келе былай деген болатын: «Біз өткен заманның тарихын білмейміз. Удельдік-князьдік және шекаралық қалалардың құрылғанынан бастап осы күнге дейінгі тарихын жазуды ұйғарып отырмыз, бұл ішінара қолға да алына бастады. Бұл жұмыс бізге очерк, әңгімелер арқылы феодалдық Ресейдің өмірін, Москва князьдары мен патшаларының отарлық саясатын, сауда мен өнеркәсіптің дамуы, князьдың, воеводаның, көпестің, ұсақ мешанның, шіркеудің шаруаларды қалай қанап келгенін айқын көрсетіп беруге тиіс...Біз одақтас республикалардың өткен кездегі тарихын білуіміз керек» . Алайда бұл ойды жүзеге асыруға солақай саясаттың кесірінен Одақтас республика жазушылары үшін дер кезінде мүмкіншілік тумады. Өйткені біржақты саясат ұлт тарихына қатысты бұрынғының бәрінен бойды аулақ ұстауға мәжбүр еткен еді. Бұл орайда Ілияс Есенберлин дәуір тынысын жіті бақылай отырып, халық тарихының ең күрделі кезеңін бейнелейтін тарихи романдарды дүниеге әкелді. Авторын абыройға жеткізіп, жігер отына бөлеген «Көшпенділердің» халықтың алау ықыласы мен кенен ілтипатына ілігу себебін шығарманың көркемдік қасиетіне байланысты ғана қарау жеткіліксіз. Ілияс Есенберлин қаламынан туған тарихи романдардың жылдар бойына әсері кемімей келе жату сыры тереңіректе жатқан секілді. Тереңде жатқан сыр болмысына бойлай қарасақ, тағы да уақыт өлшемі мен замана талабы деген ұғым айшықтала береді. Ой, сана жазушы қаламының қыран қимылына, қиял қиянына бұрылады, ашып айтуға сол замананың тар кезеңі тұсау болған тарихи шындықты көркемдік үлгіде танып-білудің алғашқы талпынысына жетелейді.Өйткені, өткеніміз туралы кешеге дейін там-тұмдап қана дерек біліп келсек, «Көшпенділер» елдік дәстүріміз, ғасырларға созылған шытырманға толы тарихымыз бар екенін көркем әдебиет әлемінде тұңғыш рет таныстыра алды. Ол ол ма, бұл шығармадан тіпті тарихи еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе басы бірікпей шашыранды түрінде жатқан мағлұматтардың бір жүйеге түскен желісін көреміз. Соншама көп фактілерді жазушы жалаң тізбей, роман шарттарына лайықтап, қорытып, көркемдік қиялға бөлеп бере алуы шығарманың тартымдылық қасиетін арттыра түсті. Міне, осындай тарих пен аңыздың, қиял ауқымы мен шеберліктің бірлестік табуы трилогияның өзгеше бітімін белгілеген еді. Сонымен қатар әдебиеттегі белгілі жанрлардың шартына сай бағалау қиындығы да шығарманың материалы, жанры, көркемдік тәсілі мейлінше тың болғандығын көрсетіп тұр. Жаладан емес, жаладан шегер жападан қорыққан күйректік меңдеген заманда бүгін бір халықтың қабыланға қарсы шауып, қарсақтан қаймыққан бала мінез, барын бағалай алмай жатып, жортып жүріп жоғын іздеген ақ жүрек жомарт халықтың тарихи зердесін оятуға тәуекел етуі ерлікке пара-пар қимыл еді. Ол осы үдеден шыға білді. Солақай сынның, алакөз пиғылдың, таным таяздығының алғашқы қадамға тигізер кесірінен де қорықпады. Сенім салмағы алдымен халық парасатына жүктелді. Ана-халық айтар ақырғы сөздің ақ боларына сенген жазушы қаламынан қазақ тарихының, Дала ғұмырнамасының ғасырлар ғаламаты алмағайып күйге салған көркем бейнесі туды.Арғысын айтпағанның өзінде, бүгінгі ұлттық дүниетаным өресі деңгейінен қараған оқырманға Ілияс Есенберлин ерлігіндегі біз пайымдаған үш арна сөз өнерінің диалектикалық нысанасындағы биік талғамға жауап беріп тұрғаны анық. Олар – аты мен затын аңыз желісі көмескілеп, іс-қимылын адам психологиясындағы зандылықтардан бөліп әкеткен тарихи тұлғаларды қайтадан жандандырып әкелуі, олардың болмыс-бітіміндегі тарихи таңбалардың ақ-қарасын ажыратып беруі. Ел аузындағы аңыз-болжамдармен астасып барып көптеген шығармаларға жеңіл желі болған Шыңғыс әулетінің өз дәуіріндегі рухани, саяси, адами бейнесін мүмкін алғаш рет аша білген осы Ілияс Есенберлин эпопеясы шығар. Мұны – бірінші арна деп ұғыңыз. Екінші арна – тарихи катаклизмдер тұсындағы жеке адамның қажыр-қайраты мен халықтық іс-қимылдардың өзара үйлесуінен туындайтын идеал беріктігі, мақсат бірлігі. Адасудың аранды сүрлеуінен бұрып әкетер жалғыз қуат – өмір өркенінің тым нәзік әрі тым киелі екенін ажырата білу, халық қаһарынан қатал күштің жоқ екенін сезіну болса керек. «Шоқпар ұстаған жұртты қамшымен бағындыру» айтуға жеңіл әрине. Сондықтан да болар, сүйенер жұртының сенімін ояту арқылы ғана іске асар осынау ірілікті адамзат тарихы саусақпен ғана санап бере алады. Бағындыру арқылы бағыну – мұратқа жетудің төте жолы бола алмақ емес. Ауыздағыдан айырар алауыз меңдеген ұрпақ, тіпті ел мұраты, халық қамы үшін болса да, баяны жоқ билікке таласқан ұрпақ түптің түбінде су аяғы құрдымға кетпек. Қараға күні түскен ханның кебі жеке адамның ғана пешенесіне жазылар трагедия емес, бұл кеп бүтін бір халықтың да бағаналы басына бақан ойнатуы мүмкін. Ілияс Есенберлин еңбегіндегі тарихи тәлімдер (тұжырымдар) осыған меңзейді.Эпопеядағы үшінші арна – сөз өнеріндегі жанрлық қуаттардың жымдасуы, ізденіс шиырларының бір арнаға ұласып, тарихи шежірелер мен аңыздардың, мифтік бейнелер мен мифологиялық сарындардың жандануы. Болған, бірақ тірі куәсі жоқ оқиғаның барысындағы іс-қимылдардың нанымдылығы. Рас, шығарманың кей тұстары әдеби-көркем шығармадан гөрі тарих оқулығына көбірек ұқсап кетеді. Біле-білсек, жазушы бұл әрекеттерге саналы түрде барған. Мұны біз Қадыр ақын айтпақшы, «тарихы қалың, оқулығы жұп-жұқа елдің» өткенінен бүгінгі ұрпаққа толыққанды хабар беру ниетінен туындаған өзіндік тәсіл деп түсінуіміз керек. Өйткені бұл шығарма сол кезең туралы алғашқы барлау ғой. Осы ретте қандай іске құлаш ұрғанын бір кісідей санаулы санаткерлердің қатарында тұрған қаламгердің кезінде «Қаһар» романы туралы айтқан мына пікірі еске түседі: «Тарихи эпопеяны жазуды соңғы кітаптан бастауымның себебі – жиналған архив деректерінің молдығы, қамтылатын дәуірлер ауқымының кеңдігі, ойлаған, жоспарлаған кітаптарды түгел жазуға ғұмырым жете ме, жетпей ме деген күдік» дей келіп, ол көңіліне ұялаған күдігі туралы «Жұлдыз» журналының тілшісіне берген сұхбатында былай деді: «Мұның мәнісі бар. О баста, тарихи деректерді жинау кезінде, романға кіріспес бұрын, іштей жоспар жасаған едім. Яғни көңілімде, іс жоспарымда халқымыздың 500 жылдық тарихын қамтитын трилогия болып қалыптасты. Бірақ трилогияның ең соңынан бастауыма себеп болды. Ең алдымен тіршіліктің кейбір тауқыметін тартқандықтан ба, үшеуін бірден қамтып жазуға өмірім жете ме, жетпей ме деп те қауіптендім. Содан болар халыққа, болашақ үрім бұтаққа айтпақ болған ойымның тарихи оқиғаларға деген жазушылық тенденциям мен позициямның айқын көрінісі болған басты темір қазығым – «Қаһар» еді. Егер алдыңғыларын айтып келіп, көксеген негізгі ойыма қол жетпей қалса, өмірбақи арманда, орны толмас өкініште өтуім мүмкін ғой. Ойға алған, көңілге түйген трилогияның ең әуелі соңынан бастап жазылу сыры осы еді». Бүгінгі болмыстың деңгейінен караған оқырманға жазушының бұл жан сырындағы жасырын иірімдер көп нәрсені аңғартса керек. «Қаһар» романы билікке машыққан «білгірлікке», «Сақтықтан» самарқау тартқан санаға, аттыға ілесем деп таңы айырылған «хан-талапай» қауымының қас-қабағына жасалған барлау болатын. Роман сонымен бірге, оқырман деп аталатын, жақсыны-жақсы, жаманды-жаман деп айтуға арын да, барын да салуға әрқашан даяр тұрар тура бидің тарихи зердесін тағы бір селт еткізерге жасалған талпыныс еді. Өйткені бұл романға арқау болған кезінде қазақ зиялыларының басына қатер төндірген тақырып еді. Қазақтың ұлы тарихшысы Е.Бекмаханов сол кезең шындығын бұрмаламай жазам деп бас бостандығынан айырылған. «Хан Кене» тарихи драмасын жазам деп М.Әуезов азапты күндерді бастан кешірген. Халық «Қаһарға» деген адалдығын, таланты тас жарған перзентіне деген махаббатын бірден байқатып, суреткерді алакөзден де, жала сөзден де арашалап алды. Аты озғанның алдынан жарылқар батасын берді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырға ғасырларға жетер қуат қосты. Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ қауымы дамудың дара биігінде орны бар, өзгенің өресіне де, сөресіне де көлеңкесін түсірмей, көсіліп жатқан рухани, мәдени, геосаяси өрісі бар елдің болмысымен қайтадан қауышты. Иә, өткен дәуір, өшкен өмір елестерін қайта тірілтіп, сан әрекет, сансыз істердің мәнге ие болар тұстарын ғана сұрыптап талғай білудің өзі оңай емес екені түсінікті жай. Ал жеті ғасырға жуық мезгілді қамтитын кемел еңбектің кемерін тауып, сан тарау жолдың түйісер тұсын межелеу, сан сала бұлақтың тоғысар арнасын абайлау тарлан талант қана көтеретін жүк. Арынды мінез, арқалы дарынның ғана қолынан келетін «Көшпенділерде» қазақ хандығының ХҮ-ХІХ ғасырлар арасындағы тарихы суреттеліп, халық өмірін бейнелейтін орасан үлкен оқиғалар, түрлі байланыстар, сан алуан адамдар тағдыры әдеби бейнеге айналып, көркемдік тұрғыдан баяндалады. Осылайша қазақ хандығының ХҮ-ХІХ ғасыр арасындағы құрылу мен қалыптасу процесінің, жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің, Кенесары бастаған қозғалыстың себеп-салдары, сыр-сипаты мен ақиқаты, қамтылған қомақты-қомақты кезеңдерін «Көшпенділер» трилогиясына арқау еткен жазушы, тарих қойнауына бойлай түсіп, ХІІІ-ХҮ ғасыр аралығын шежірелеп беретін «Алтын Орда» трилогиясын жазып шықты. І.Есенберлин романында айқын байқалатын құбылыстың бірі – танымдық фантазиялық және философиялық қарым, оның кең әрі мол сипаты. Жазушы кітаптың өн бойында өзінің дүниетаным, талғам таразысынан ауытқымайды. Ол – атақты хандардың, айбынды әмірлердің даңқы мен байлығы қарапайым халық қанымен, жасымен суарылғандығын дәл бейнелеп көрсете білді. Зорлыққа, қарудың күшіне ғана негізделген Алтын Орданың ұзақ жылдар бойы салтанат құруы, хандардың өзара алауыздығы мен бақталастығы, азғындауы, оларға қарсы езілгендердің күреске шығуы, үздіксіз соғыстар мен жазықсыз қырылған халық тағдыры шынайы суреттеліп, шебер қиюластырылады. «Алтын орда» деген географиялық атау, өткеннің бұлдыр елесі емес, нақтылы кұрамы, билеу жүйесі бар ел екендігі, ол мемлекеттің басында дарын, қайрат, қабілеті күшті қайраткерлер де, ата даңқына малданған, ұсақ мінезді, қара басының мүддесі үшін ғана бәрін сатып жіберетін опасыз, күйкі жандар да отырғаны жүректі сыздатып, сананы сан-саққа бұратын әсерлі қалыпта қатар түзейді. Халық қолдамаған, бейбітшілікке, еңбекке, әділетке негізделмеген әкімшіліктің өмірі ұзақ болмайтынын ұқтырады. Жалпы мемлекеттік емес, жеке бастың қамынан шыққан мақсат әрқашан бұзықтыққа, опасыздыққа апарып соғатындығын еске салады. Жеке адамның бойындағы алапат алғырлықтың арамзалықка ауысып, қалың нөпір қарапайым халықты да, ел үшін етегімен су кешіп, кеудесін оққа төсеп жүрген есіл ерлерді де қайранға тастап, өз мақсатының игілігі үшін жапа шектіртіп, қырғынға ұшыратқан опасыз пиғылдары олардың бір өзінде «қырық кісінің айласы бар» хандық тұлғалармен қабат өріліп көрсетілген бейнелері эпопеяның әр бетінде көрініс тауып жатады. Терең ақылдың опасыздық айласына айналып, бет қаратпас өжет батырлықтың жауыздыққа ұласып жатқан жантүршігерлік қым-қуыт психологиялық сәттер халық тарихының қатпар-қатпар шындығы екені көз алдыңа келеді. Ол – бүгінгі заманның да ақиқаты. Жазушы өзі өмір сүрген кезең шындығын өткен дәуір елесін көз алдымызға келтіру арқылы беруге тырысқан. Ел басқару мен мемлекет билігіндегі ғасырлар бойы қайталанып келген, тіпті жаңа қоғамдық формацияның тұсында да сыртқы түрі ғана өзгергенімен, мемлекеттік тұрғыдан империялық идея мен жеке тұлғалардағы өзімшіл пиғылдың жаңа формада етек алып отырғанын тарихи кейіпкерлер бейнесі арқылы еске салады. Тарих пен қазіргі заман диалектикасын көркемдік тұрғыдан танып, заман шындығын өнер туындысымен бейнелеп бере білген жазушы қуатына сүйсінесіз. Дала төсіндегі тарлан тұлға, тарихи нысананың бірі, аты аңызбен астасып кеткен Тоқтамыстың эпопеядағы тұтас бейнесі емес, бір ғана сәтін еске түсірейік: «Тоқтамыстың өзі бастаған, қаныпезер әскері қыпшақтың әділетсіздікке қарсы бас көтерген ер жігіттерін қойдай қырды, тіпті қуып жүріп сауғалай қол көтергенін қылышпен шапты, қашып құтыламын дегенін найзамен түйрей жер құштырды. Күн бесінге айналғанда дүние жүзі қып-қызыл қанға боянып, ұрыс тынды. «Қыпшақ қырылған» деген жер содан қалды. - Кімде-кім маған қарсы қол көтерсе, осылай қырылады! - деді Тоқтамыс . «Ханның бұларды алдап ұрғанын» кеш білген ел осылайша қырылып калмақ. «Қырық айлалы хан» тағы да алдап түсірді. Өйткені «халық деген алақанын түкіріп күреске шықса, кімді болса да алып ұратын балуан екенін ол бұрыннан сезетін».Сондықтан да Тоқтамыс көкжиекте шоғырланып жинала бастаған халықты көріп сескенеді. «Көп қорқытады, терең батырады» деген қағиданы жақсы түсінген ол алпыс екі тамырлы айлаға көшеді. Жолбарыс жүректі батырлар бастаған азаматтық ойдағы арында топтың талабына көнгендей, келісімге келгендей болып алдаусыратып барып, орайын тауып оларды орға түсіреді. Қоғамдық формациялардың кез-келген тұсында да, тарихи дамудың қай кезеңдерінде де қайталана беретін психологиялық сәттерді (ұқсастықтарды) терең түсініп, жіті сезінген жазушы талантына тәнті боласыз. Тарихи дәуірлердің көркем бейнесін жасап, ой қорытып, келер күндер елесін де болжай алған, тіпті сол күндерге эпопея беттеріндегі суреттелген түрлі оқиғалар арқылы кейінгі ұрпаққа бағыт беруді, ой тастауды мақсат еткен І.Есенберлин кемеңгерлігін бүгін де жасыруға болмас. І.Есенберлин эпопеясындағы дәуір шындығы сол суреттеліп отырған кезеңге ғана тән деп қарауға, жағымсыз қылық, опасыз жан, айлалы әрекет, арамза ой, өзімшіл пиғыл, үстемшіл идея тек сол ғасыр адамдарын көрсететін ғана бейнелер деуге болмайды. Ол – жазушы өмір сүрген ортаның да жарқын көрінісі одан кейінгі кезеңнің де елесі. Әр бетті оқыған сайын бүгінгі күнмен астасып жатқан тарихи сипаттар жазушы қиялымен өріліп, шеберлікпен жымдасқан қияметті тірлік, қиянатқа толы өмір, қасиетті сенім мен қасіретті өлім, алау арман мен айықпас қайғы араласқан аласапыран оқиғалар арқылы көз алдыңнан өтіп жатады. Қаталдық пен кекті көңілдің, қатыгездік пен шуақты мейірдің мәңгілік айқасын жеріне жеткізе суреттеп, бейнелеп бере алған Ілияс Есенберлин тәуелсіздік рухы мен ұлттық сана, ұлттық намысты оятып, азаттыққа ұмтылу идеясын қалыптастырудың арнаға айналар қайнар көздерін ашып берген.Қай кезде де ел басында, мемлекет тұғырында жүрегіне ұлттық сана сезім ұялап, бойына ұлттық сана сіңген, ойын ұлттық патриотизм кернеген, жадында халық тарихы орын тепкен, бар күш-жігерін, парасат-білімін, ақыл-зердесін шын таза гуманистік идеямен көмкере біліп, өзі басқарып отырған мемлекеттің болашағы үшін, сол мемлекетті иеленетін, жер, суын ғасырлар бойы қан төгіп жүріп қорғап келген негізгі күшін халықтың ұлттық тағдырына арнайтын, шын күйінетін адам болмайынша зұлым саясат, сұрқия мінез, жеке бастың қамы үшін ғана күрес қайталана беретінін, жалғаса беретінін ескертіп тұрғандай. Ойлап қарайық, бүгінде өркениет те (реформа барысы) біртіндеп оң бағытқа қарай жылжып келе жатқан тәрізді, алайда адамдардың адамгершілік өркениетінің төмендігі салдарынан көңіл көншімейтін деңгейде жүріп жатқаны аян. Бүгінде саясаткерлер мен өкімет чиновниктерінің көбі олардың моральдық-этикалық құлдырауы салдарынан «күйіп отырғаны» да шындық. Ұятсыздық пен шенқұмарлық – чиновниктер мен реформаторлардың негізгі ауруы. Бұл оларды коррупцияға алып барып жатқаны және бұл құбылыстардың біздің өркениетіміздің елеулі тежеуші күштерінің бірі болып отырғаны өтірік пе?! Есенберлин романы дәл осыны айтып отырғандай. Егер адамдардың адамгершілік санасы жетілмесе, қоғам өмірінің жалпы өркениеті тез ілгері баса қоймайтынын ескертіп тұрғандай. Мұндайда, егер экономикалық-математикалық, техникалық, биологиялық, саяси және басқа білімдер адам санасын түзу және терең дамытатын болса, онда биік адамгершілік шындықтар адамның алдынан өмірдің мәнін, оның жұмбақ сырларын және оның заңды механизмдерін аша отырып, адам санасын терең дамытады. Заманнан адам өркениетінің негізгі мәні олардың осы бір өмірді құратын шындықты түсінуге жақындай беру құлшынысынан тұрады.Эпопеяның әр бетінде «Ханның алдауы – халықтың соры болатын» құбылыс екенін есіңе салып, ой жетегіне салатын сөйлемдер жазушы қиялының тұңғиық сырына бойлатады. Ал І.Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазылған романдар шоғыры Алаш ұранды әдебиеттің рухани жалғасы, оның рухы мен идеясын біздің дәуірімізде қайта жаңғыртқан шығарма болғаны шындық. ## Дереккөздер 1. Р.Нұрғали. Әуезов және алаш. – Алматы: Санат, 1997. – 432 б. 2. // Писатель. Личность. Человек. – Алматы: Атамұра – Қазақстан фонд имени Ильяса Есенберлина, 1993. – 88 стр. 3. І.Есенберлин. 10 томдық. 8-том. – Алматы: Жазушы, 1984.-304б. 4. // Жұлдыз, 1975, №1 5. І.Есенберлин. 10 томдық. 9-том. – Алматы: Жазушы, 1987. -544б.
Амантай Исин(1951 жылы Шығыс Қазақстан, Семей облысы, Абыралы ауданында туған. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Қазақстан тарихы" факультетінің оқытушысы. Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. Найман тайпасының Байғана руынан. Тарихшы-ғалым (1988). Бірнеше монография және жүзге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Жарық көрген кітаптары: «Әділ сұлтан» эпикалык жыры» (2001), «Казахское ханство и Ногайская Орда во второй половине ХV-ХVІ вв.» (2002, 2004), «Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы: 1999-2003 жж. археологиялық зерттеулер» (2004), «Русские источники по истории Казахстана. Т.1.Посольские материалы Русского государства» (2005).Күйді әкесі, халық ақыны Иса Биназаровтан (1898-1964) үйренген. Музыкалық фольклорға қызығып, 1979-1982 жж. Шығыс Қазақстанның жергілікті күй дәстүрлері өкілдерінің орындауындағы күйлерді үнтаспаға жазып алады. Әсіресе, Ақсуат өңіріндегі қарт күйші Бағаналы Саятөлековтың орындауындағы күйлерді жазып алып, сақтап жеткізуі маңызды. Шұбартаулық Кәмілжан Әбілжанов, аякөздік Әбілхақ Қыңырбеков, ақсуаттық Алшынғазы Байқыдыров, семейлік Мерғали Ибраевтың музыкалық мұрасына ден қояды. Бірнеше күйдің ноталарын 2000-2003 жж. республикалық «Абай» журналында жариялады.2006 ж. Өскеменде өткен «Алтай-Тарбағатай өңірі күй өнері» феставаліне қатысқан. Білім және Ғылым министрлігінің, Ақпарат және мәдениет министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер 1. Күй. Қазақ халқының атақты күйшілері кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Саятүлеков Бағаналы (1895-1986) – күйшілік дәстүріндегі орындаушылардың бірі. Бағаналы Саятүлеков 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылында дүниеге келген. Алты жасынан бастап қолына домбыра ұстаған Бағаналы өзінің тарлан шабысынан, дүл-дүл аяқ алысынан жаңылмай өткен адам. Жас кезінде дауысы зор әнші, әрі домбырашы болған. Майталман домбырашының орындауында Тәттімбет, Тоқа, Раздық, Байжігіт, тағы басқа күйші-композиторлардың туындылары өз ерекшелігімен кейінгі ұрпаққа жетті. Бағаналы Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін алғаш орындаушылардың бірі. Ол 1937 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының 1-слетіне және Жамбылдың 95 жасқа толу тойына шақырылып, өнер көрсетеді. Күйшінің репертуарында халыққа белгісіз 40-қа тарта күй болған екен. «Қорамжан», «Ащы күй», «Көктөбет», «Шыңырау», «Беласар» сияқты күйлердің нұсқасын бүгінге жеткізген, домбырашылығымен қатар, «Қосішек», «Барина-сударина», «Шопан тойы», «Гагаринге сүйінші», «Ой толғауы», «Қосбасар» сияқты бірнеше күйлер шығарған. Шығыс Қазақстан мен Арқа өңіріндегі халық композиторлары күйлерін шебер орындаған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайты Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2008 жылы. * Кітапхана
Шертпе күй шебері Ғабдылхақ Барлықов 1938 жылы ақпан айында Қытай Халық Респуликасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. Әкесі Барлық домбыраны сұлу шертіп, ел ішіне кең тараған жыр-дастандарды, тарихи қиссаларды домбыра сүйемелімен толғайтын, елге танымал адам болған. Әкесінен қисса, жырларды домбырамен сүйемелдеу әуендерін қызыға үйреніп, домбыра аспабына құштарланып, онымен әуестенеді. Ғабдылхақтың анасы Оралқан Есенәліқызы қолынан үкілі домбырасы түспеген әнші және айтыскер ақын болыпты. Оралқан апайдың туған нағашысы Қаракерейдің тума руынан шыққан Сейіт-Сері. Өз тұсында «Ақын Сейіт» атанған, көп жылдар Әсет Найманбаевпен бірге жүріп ән шырқаған, өз жанынан ән шығарған елге танымал өнерпаз болған. Ол кішкентай жиені Оралқанның бойындағы өнер ұшқынын ерте аңғарып, оны бала жасынан өнерге баулиды. Оралқанның әкесі Есенәлі, оның інілері Сүлеймен, Көрпебай күйші-домбырашылар болған екен.Ардақты ана екі нәрестесі Ғабдылхақты да жастайынан халықтық өнердің кәусарынан сусындатып, баласының өнерге ынтызарын арттырады.Ғабдылхақтың домбырашы болуына игі ықпалын тигізіп, алғаш баулығандардың бірі Тоқтасын қарт. Тоқтасынның қалақтай домбырасынан төгілген күйлер Ғабдылхақтың балғын сезімін баурап алатын. Домбырашы қарт Тоқтасыннан домбыра шертуді игере бастаған Ғабдылхақ мектепте оқып жүргенде «Жорға аю», «Майдажал», «Беласар», «Телқоңыр» атты халық күйлерін орындайтын болады. 1956 жылы Шәуешек гимназиясын бітірген кезінде репертуары молайған ортанқол домбырашы болған. Халық композиторы Қайрақбайдың «Емен толқыны», «Қоңыр самал», күйші Жұмажанның «Ой терме» тағы басқа күйлерді игереді. Гимназияны үздік бітірген Ғабдылхақ Алтай аймағына жұмысқа жіберіліп, тіл-әдебиет пәнінің мұғалімі болып 1960 жылға дейін ұстаздық етіп, «Алтай» газетінің редакциясына ауысып, қоғам өміріне араласады. Халықтық өнерге талпынуына жол ашады. Қалалық мәдениет үйіндегі кештерге қатысуы Ғабдылхақтың өнерге деген құштарлық талғамын өсіріп, орындаушылық шеберлігін арттыра түседі. Балуанхақ, Мәмен, Тәстенбайдың Задасы қатарлы домбырашылармен араласып репертуарына «Көк дөнен», «Әкім батыр», «Шақабай-Шалап» сияқты күйлерді косады. Бір сапарында Қаба ауданында болғанда осы өңірге аты әйгілі, күйші Мүкейдің баласы Рахметолламан кезігіп, одан Мүкейдің «Қосбасар», «Акқабанның толқыны» т.б. бірнеше халық күйлерін үйренеді. Сонымен қатар Буыршын ауданында болып, көнекөз домбырашы карттар Әділхая, Ерғазы атты кісілерден халық композиторлары Бейсенбінің «Кеңес», «Таңсаңшы», Қайрақбайдың «Мергеннің мұңы», «Шеруші құлан», «Өрелі кер» күйлерін үйреніп, олардың аңыздарын біледі.1962 жылдың сәуір айында өз атамекені, қазақ жеріне Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Үржар ауданы, Тасбұлақ елді мекеніне қоныстанады. Осы жерде Мақаншы ауданының мәдениет үйіне жұмысқа орналасып, көркемөнерпаздар үйірмесін басқарады, оған қосымша мектепте ән-күй сабағын жүргізіп мұғалім болады.1972 жылдың күзінде Құрманғазы атындағы қазақтың Мемлекеттік академиясының халық аспаптар оркестріне Ғабдылхақтың орындау шеберлігі назарға алынып, оркестр кұрамына домбырашы болып қабылданады. 1978 жылы қазақ радиосының музыкалық қорына бірнеше күйлер жаздырады. 1986 жылы Бейсенбі, Қайрақбай, Мүкей күйлерін күйтабаққа түсіріп, жарыққа шығарады.Қазақтың дарынды композиторы, дирижер, халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтың жетекшілігімен Мемелекеттік фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі құрылғаннан кейін Ғабдылқақ оркестр құрамына алынады. Ғабдылқақ күй өнерінде өзіндік орны бар бірегей күйші. ## Дереккөздер 1. Күй. Қазақ халқының атақты күйшілері кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Қалжан Ахун медресесі XIX ғ. аяғында салынған медресе. Қызылорда қаласының солтүстік батысында 60 шақырым жерде автокөлік тас жолы бойында және темір жолдан 100 метр жерде орналасқан. Қалжан Ахун 1862 жылы Хиуа хандығында дүниеге келген және Хиуа мен Бұқараның рухани оқу орындарында білім алған. Қалжан Ахунаның әкесі Бөлекбай Ақтөбе облысындағы Жамақағлы жеріндегі табын руынан. Жас кезінде Қарақалпақстандағы туыстарының қолында тұрып, Хиуа хандығына қызмет етеді, ол жерде үлкен қызмет атқарады. 1875 жылы дүние салады. Медресе күйдірілген кірпіштерден және жоғары сапалы тікбұршты қам кесектерден тұрғызылған, аумақтың өлшемдері – 43,7х43,0 м, биіктігі – 7,3 м. Барлық бөлмелер ауланың периметрінде орналасқан. Ескерткіштің негізгі қасбеті солтүстік-солтүстік-батыс жаққа бағытталған, онда ғимараттың бас қақпасы бар. Бас қасбетке сонымен қатар мешіт бөлмесі (батыс жақтан) мен тамақтану бөлмесі (шығыс жақтан) шығып тұр, худжалар (сыныптар) бүйірлік қасбеттерді (әр жақта оннан) жағалай орналасқан, аулада қызметтік бөлмелер орналасқан. Кішентай Қалжан небары 13 жаста болатын. Жастайынан жетімдіктің азабын көріп жүріп, оқуын жалғастырған. 1889 жылы 27 жасында Көкілдаш медресесінің заң факультетін тамамдап «Ахун » атағын алады. Ол уақытта мұндай аттақа заңды білетін адамдарға ғана емес, сондай ақ шешендер де ие болған. 1890 жылы төменгі Сырдарияға Бұқара медресесінде бірге оқыған Кете шөмекей Ораз имамның шақыруы бойынша келіп өмірінің соңына дейін болады. Ол мешіт шаруалардың балаларының сауатын ашып, ағарту жұмыстарымен айналысады. Қалжан ақын Бұқарадан білім алып туған жері Сырдария аймағында өз қаражатына мешіт тұрғызады. Ол халық арасында ақын және қоғам қайратері ретінде белгілі. Оның бастамасы бойынша 1916 жылы осы жобаның зерттеу нысаны болған медресе тұрғызылды. Бұл жерде медреседен өзге ішкі кірпіштен тұрғызылған Қалжан Ахунның өзі тұрған үйінің орны бар. Қазіргі күнде мешітте Қалжан Ахунның жанұясы жерленген. Аймақты тазалау кезінде алғашқы саман медресенің саман қабырғаларының іздері табылды. Бүгінгі күнде барлық осы құрылыс құшағында осы заманғы зираттар орын тепкен. Медресе бір қабатты, дәстүрлі жоспардағы солтүстік батысқа бағытталып салынған. Сарай ортасында құдық бар. Құрылыстың кейбір жерлері күйген кірпіштен салынған. Қалған жерлері 34-31х14х7,5 мөлшердегі кірпіштен салынған. Ескерткіштің жағдайы қауіпті, 1990 жылдары үш бөлмеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кіре берісіне барлық сыртқы қабаты салынған. Басқа бөлмелері (20 дан астам) белгілі мөлшерде бүлінген. Ғимарат 20 бөлмеден және 7 қосымша үйшіктерден тұрады. 44х44 мөлшеріндегі жоспарлы квадрат үлкен қақпасы бар. Қабырға қалаулары күйген кірпіштен және керамикалық плиталармен бөлінген. Мешіт медресе республикалық маңызы бар мемлекеттік ескерткіштер қатарына жатады. Қалжан ахун туралы деректер. Бұхара қаласында оқу бітіріп келген діни тұлғалардың көпшілігі Ресей тарапынан дайындалған молдалардан үлкен ерекшелігі болды. Олардың дүние, мал үшін емес, халықтың рухани тұтастығын қалыптастырып, өзгелердің рухани ықпалына түсіп қалмауының алдын алу үшін қызмет еткен.Қалжан ахун 1902 жылдан бастап Сыр бойына мешіт-медресе салуды қолға алады. Мұны бұрынғы жергілікті халық қызу қолдайды. Дәулетті адамдар үйір-үйір жылқы береді. Өңірде сол дәуірдегі үлкен жаңалық Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты құрылысшылардың кірпіш зауыты сатып алынып, қыш кірпіштері құйылады.Құрылыс тек 20 жылдары аяқталады. Кеңес дәуірінде 20-30 жж. "Ақ жол" мектеп-интернаты болған. Кейін Қалжан ахун ұрпақтары саяси қуғынға ұшыраған кезде медресе астық қоймасы, мал қорасы, мектеп-интернат қызметтерін атқарған. ## Дереккөздер http://alimsak.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=275:biregej-s-ulet-neri-eskertkishteri&catid=90&Itemid=576(қолжетпейтін сілтеме) http://kyzylorda-pamyatniki.kz/kz/monuments/kzo/ger234 Мұрағатталған 8 қарашаның 2018 жылы.
Қазақстанда ғылыми ой-пiкiрдiң тууы ежелгi замандардан бастау алады. Археол. зерттеулер мен жазба деректер бiзге Жетiсуда, Орт. және Шығ. Қазақстанда 6 — 8, 9 — 11 ғ-ларда-ақ болған ежелгi қалалар мен қоныстар мәдениетi туралы деректер бередi. Бұл мәдениеттiң иелерi өз көркемөнерiн, қолөнерiн және жазуын жасаған жергiлiктi түркi тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар едi. Орта Азия мен Қазақстанның 8 — 11 ғ-ларда араб халифатына кiруiне байланысты өлкеде ислам дiнi таралып, мәдени өмiрде араб мәдениетiнiң ықпалы күшейе түстi. Бат. Еуропадағы латын тiлi сияқты араб тiлi халифат аумағында халықар. әмбебап тiлге айналды. Алайда жергiлiктi мәдениет пен тiл сақталып қалды. Араб мәдениетiн жасауға және дамытуға халифаттың бiр кездегi арабтар жаулап алған елдерiнен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерiнiң базарларымен және қолөнершiлерiмен ғана емес, сонымен бiрге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшiлерiмен, бай кiтапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзiне мәлiм болды. Қалалардың арасында Үндiстан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жiбек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының геогр. және экон. жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-егiншiлiк аудандарының түйiскен жерiнде орналасқан Отырар (Фараб) қ. ерекше көзге түстi. Отырар кiтапханасы қолжазба кiтап қорының байлығы жағынан Египеттегi Александрия кiтапханасынан кейiнгi аса iрi кiтап қоймасы болды. Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келдi. Ол аса зор ғыл. мұра — жүзден астам iрi еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 — 941) және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бiрге әйгiлi астрон. кестелердi жасауға қатысқан астроном әрi математик — Ғаббас әл-Жәуһари (9 ғ-дың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары — Ысқақ әл-Фараби және 40 мың сөзден тұратын араб тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiн жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Ертiс жағалауында қимақтар арасынан географ әрi тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи (т.-ө. ж. белгiсiз) шықты. 10 — 11 ғ-ларда қазiргi Қазақстан аумағында өмiр сүрген Қарахан әулетi мемлекетiнде тамаша ақын әрi ойшыл Жүсiп Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 ж. жазылған “Құтадғу бiлiк” кiтабы дүние жүзiнiң көптеген елдерiне тарады және оны ғалымдар бүгiнге дейiн зейiн қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттiң дамуында Ежелгi Грекия мәдениетiнiң елеулi ықпалы болғаны сөзсiз. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесiн сол кездiң өзiнде-ақ Еуропа ғалымдары да мойындаған болатын, мұны 10 — 12 ғ-ларда Шығыс ғалымдары мен ақындары кiтаптарының Францияда, Италияда, Испанияда және Еуропаның басқа да елдерiнде аударылып кеңiнен таралғандығы да дәлелдейдi. Олар: Ибн Синаның (Авиценна) “Медицина каноны”, әл-Хорезмидiң “Алгебрасы мен теңдеуi”, Ибн Рушдтiң (1126 — 98), т.б. еңбектерi. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттiң 9 — 11 ғ-лардағы дамуы туралы айта келiп, орыс шығыстанушысы Н.И. Конрад ғыл. тәжiрибеге “Шығыстың дәуiрлеуi” деген терминдi енгiздi. Қазiргi Қазақстан аум-нда ғылым мен мәдениет қарама-қайшы және шектеулi түрде дамыды. Бұл өлкенiң Жоңғар және басқа сұрапыл шапқыншылықтарға ұшырауы оның жағдайын мүлде қиындата түстi. 16 ғ-дағы ғалым Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашиди” деген еңбегi нағыз шыншыл да айқын шығарма болды, оның мәнi күнi бүгiнге дейiн жойылған жоқ. 17 ғ-дағы автор — Қыдырғали Жалайыридiң “Жамиғ ат-Тауарих” деген шежiрелер жинағы да назар аударарлық бiрегей еңбек, бұл жинақ 13 — 15 ғ-лардағы қазақ халқының тарихы мен этнографиясының аса қызғылықты деректемесi болып табылады және ол қазiргi қазақ тiлiне өте жақын тiлде жазылған. 17 ғасырдың соңы — 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У. Ремезов болды, ол “Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама” деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғ-дың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д. Бухгольцтың (т.-ө. ж. б.), С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң (т.-ө. ж. белгiсiз) және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өз-нiң алабын Зайсан к-не дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғыл. экспедициясы Арал т-н және Каспий т-нiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ қазақ халқы туралы кейбiр этногр. мәлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731) оны ғыл. тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 ж. құрылған Ресей ҒА Қазақстан өлкесiн геогр., геол. және этногр. тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Бат. Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711 — 1755), И.Г. Гмелин (1709 — 1755), И.И. Лепехин, П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рычков, т.б. басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.К. Кирилов, П.И. Рычков, В.Н. Татищев (1686 — 1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады. “Ерте заманнан бергi Ресей тарихы”, т.б. еңбектерiнде В.Н. Татищев қазақтардың тарихына зор көңiл бөлдi, олардың этногр. тегi, тұрмысы, мәдениетi мен әдет-ғұрпы жөнiндегi мәселелердi тұңғыш рет ғыл. әдебиетте баяндауға талпынды. Рычков, Паллас, И.И. Георги, Фальк, И.Г. Андреев, Г.И. Спасский, Н.Я. Бичурин, С.Б. Броневский, В.И. Даль (1801 — 1872), А.И. Левшин өздерiнiң еңбектерiнде қазақтардың тарихын, материалдық және рухани өмiрiн егжей-тегжейлi баяндады. Өлке тарихына декабристер, сондай-ақ орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де зор көңiл бөлдi. Қазақтардың тарихы жөнiнде “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген (1832) үш бөлiмнен тұратын тұңғыш iргелi еңбек жазған А.И. Левшиндi Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының Геродоты деп атады, ал оның монографиясын ғылым үшiн қымбат қазына деп бағалады. Белгiлi орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.М. Пржевальский, Г.Н. Потанин өлкенi зерттеуге ғана емес, сонымен бiрге Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында демокр. ғыл. ойдың қалыптасуына да зор үлес қосты. Осы аса iрi ғалымдар, сондай-ақ В.В. Григорьев, Н.Ф. Костылецкий, Е.П. Михаэлис, П.Е. Маковецкий, А.А. Блек қазақтың ағартушы-демократтары — Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың рухани өсiп-толысуына тiкелей ықпал еттi. Ресей Федерациясының шалғайдағы отары — Қазақстан 20 ғ-дың басында бiрте-бiрте капиталистiк қатынастар аясына тартыла бастады. Алайда патриархаттық-феод. қатынастардың үстемдiгi, патша өкiметiнiң езiлген халықтарды әдейi мешеулiк пен қараңғылықта ұстаған отаршылдық саясаты, шын мәнiнде, қазақтарды әлеум. және ұлттық прогреске жеткiзетiн жолды жауып тастады. 20 ғ-дың басында қазақ балаларының басым көпшiлiгi әрi дегенде тек ауыл медресесiнде ғана оқи алды, мұндағы оқу балаларға дiни аяттарды жаттатумен ғана шектелдi. Қазақ жерiнде 1916 ж. қарсаңында небары бiрнеше орыс және орыс-қазақ мектебi ғана болды. Оларда 19370 қазақ баласы оқыды. Ресей ғылым академиясының, басқа ведомстволардың ғалымдары Бат. Қазақстанға ара-тұра келiп қайтқанына қарамастан Қазақстан тұтас алғанда 1917 ж. Қазан төңкерiсiне дейiн ғыл. тұрғыдан терең зерттелмей жатты, ал оның қойнауы табиғи шикiзат қорларына бай болатын. 1920 ж. акад. И.М. Губкиннiң басшылығымен әрi тiкелей қатысуымен Жайық-Ембi мұнайлы ауданын зерттеу iсi ұйымдастырылды. 1920 ж., сондай-ақ, Қарағанды көмiр алабын, Екiбастұз көмiр алабын зерттеу, этногр. және археол. экспедициялардың барлау жұмыстары басталды. Түбiрiнен қайта жабдықтау көзделген негiзгi 8 экон. ауданның қатарында Түркiстан да болды. 1919 ж. Қырғыз (Қазақ) ревкомы штабының жанынан тарихи-статист. бөлiм құрылып, ол 1920 ж. ғыл. комиссия (кейiн ҚазАКСР Халық ағарту комиссариатының Академиялық орт. болып қайта құрылды) ретiнде Қырғыз (Қазақ) ревкомының ағарту бөлiмi құрамына ендi. 1920 ж. Ресей ғылым академиясының Табиғи өндiргiш күштердi зерттеу жөнiндегi тұрақты комиссиясы жанынан Қазақстанның жер қойнауын, өсiмдiктерi мен жануарларын, жалпы табиғатын, сондай-ақ, мәдениетiн, тұрмысын, тiлiн, этн. процестердi кешендi түрде зерттеу үшiн бiрқатар тұрақты және маусымдық экспедициялық отрядтар құрды. Қазақстандағы алғашқы мемл. ғыл. мекемелер, негiзiнен, а. ш-мен байланысты болды. Олар: Өлкелiк өсiмдiк қорғау ст. (1924), Тыңайтқыш және агроном.-топырақтану ғыл.-зерт. ин-ты (1926), 1925 ж. Санитариялық-бактериол. ин-т ашылды. Алматы Бас геол. к-тiнiң және Түстi металдар ин-тының бөлiмшелерi жұмыс iстей бастады. Одақтас және автон. республикалардың табиғи қорларын зерттеу жөнiнде құрылған ерекше к-т 1920 жылдың басында-ақ Қазақстанды кешендi зерттеу жөнiнде шаралар белгiледi. 1927 ж. республиканың табиғи ресурстарын кешендi түрде зерттеу жөнiнде КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы құрылып, оны акад. А.Е. Ферсман басқарды. 1932 жылдың КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы отрядтарының негiзiнде дербес 8 экспедиция ұйымдастырылды. 1932 ж. қарсаңында республикада 10-нан астам ғыл.-зерт. ин-ты мен тәжiрибе ст., жүздеген тiрек пунктерi, лаб-лар мен ауа райын зерттеу ст-лары, бiрсыпыра геол. барлау ұйымдары болды. ҚазАКСР Мемл. жоспарлау комиссиясы жанындағы экон. зерт. ин-ты, а. ш-н қайта құру, қой ш., сойыстық мал ш., топырақтану, құрылыс ин-ттары сол кездегi iрi ғыл. мекемелердiң қатарына жатады. Сол жылдары геологтар А.А. Гапеев пен Д.Н. Бурцев Қарағанды алабында жаңа көмiр кен орындарын ашты. М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Р.А. Борукаев Қоңыратта, Жезқазғанда және Бозшакөлде мыс кен орындарын барлады. Республика ғылымын дамытуда қол жеткен табыстардың нәтижесiнде және ғыл.-зерт. жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту және оларды үйлестiру мақсатында Кеңес үкiметiнiң және КСРО ҒА төралқасының шешiмi бойынша 1932 ж. 8 наурызда КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Онда небары зоология және ботаника секторлары жұмыс iстедi. 1935 ж. құрамында қазақ тiлi мен әдебиетi, халық шығармашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық мәдениетi ғыл.-зерт. ин-ты база қарамағына берiлдi, сол жылдары Алматыда Ботаника бағының негiзi қаланды. Медицина ғылымы дамыды. 1933 ж. Мал ш. ин-ты, 1935 ж. Егiншiлiк ин-ты, Мал дәрiгерлiк және а. ш. экономикасы ин-ттары құрылды. А. ш. тәжiрибе ст-ларының тұтас жүйесi пайда болды. Мамандандырылған ин-ттар — а. ш-н механикаландыру және электрлендiру, су ш., орман ш., өсiмдiк қорғау, жемiс-жүзiм ш., астық ш. ин-ттары ұйымдастырылды. 1940 ж. Бүкiлодақтық а. ш. ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлiмшесi құрылып, оған республиканың а. ш. саласындағы ғыл.-зерт. мекемелерiне басшылық ету және олардың жұмысын үйлестiру мiндетi жүктелдi. Совет 1938 ж. КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы Қазақ бөлiмшесi болып қайта құрылды. Бөлiмше президиумын акад. А.Д. Архангельский басқарды. Бөлiмше ұйымдастырылғаннан кейiн ғыл.-зерт. ин-ттарының жүйесi жедел қарқынмен дами бастады. 1939 ж. бөлiмше жанынан топырақтану және география секторлары құрылды. Қарағандыда Ботаника бағының негiзi қаланды. 1941 ж. Тiл, әдебиет және тарих ин-тының лингвистика бөлiмi, 1940 ж. Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылды. КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлiмшесiнде 2-дүниежүз. соғыс басталар алдында 100-ге жуық ғыл. қызметкер, олардың iшiнде 3 ғыл. докт., 14 ғыл. канд. жұмыс iстедi. Соғыс жылдары республикаға елiмiздiң көптеген ғыл. мекемелерi мен жоғары оқу орындары көшiп келдi. Есiмi бүкiл әлемге әйгiлi ғалымдар — И.П. Бардин, Л.С. Берг, В.И. Вернадский, Н.Ф. Гамалея (1859 — 1949), И.И. Мещанинов, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мандельштам (1879 — 1944), Н.В. Цицин (1898 — 1980), С.Г. Струмилин (1877 — 1974), А.М. Панкратова, А.Е. Фаворский (1860 — 1945), С.Е. Малов, В.Г. Фесенков (1889 — 1972), Г.А. Тихов (1875 — 1960), Б.А. Воронцов-Вельяминов (1904 ж.т.), т.б. осында қызмет еттi. Оралдың, Бат. Сiбiрдiң және Қазақстанның ресурстарын Отан қорғау iсiне жұмылдыру жөнiндегi КСРО ғылым академиясының комиссиясы iске кiрiстi, оны акад. В.Л. Комаров (1869 — 1945) басқарды. Ғалымдар қорғаныстық және халық ш. маңызы бар ұсыныстар жасап, оларды өндiрiске енгiздi, қара металдар, молибден, вольфрам, марганец кентастарының, т.б. шикiзат ресурстарының мол қорын ашты. Адамдарға қан құю қызметi ұйымдастырылды, жұқпалы жараларды жедел емдеу әдiстерi кеңiнен қолданылды. 1942 ж. Астрономия және физика, Химия-металлургия ин-ттары құрылды. 1943 ж. топырақтану-ботаника, зоология және тропиктiк аурулар ин-ттары құрылды. 1942 — 45 ж. КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң ғыл. мекемелерi негiзiнде мамандандырылған химия, металлургия және кен байыту, отқа төзiмдi материалдар мен құрылыс материалдары, зоология ин-ттары ұйымдастырылды. 1945 ж. Тарих, археология және этнография, Кен iсi, Топырақтану ин-ттары, Математика және механика секторы жұмыс iстей бастады (қ. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы). Қазақстан Республикасы мемл. тәуелсiздiгiн алғаннан кейiнгi жылдар iшiнде (1991 — 2003) ғыл.-тех. саланы ұйымдастыруды реформалау жобалары бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, ғылым мен техника және елдiң мемл. ғыл.-тех. саясатын мемл. басқарудың негiзi қаланды. 1991 жыл елiмiздiң ұлттық жетiстiгi есебiндегi отандық ғылым дамуының жаңа кезеңi басталғандығымен ерекшелендi. Қазақстанның құқықтық меншiгiне 100-ден астам жалпы одақтық мемл. ғыл.-тех. мекемелер өткендiктен ғылымды мемл. қолдаудың маңыздылығы күрт өстi. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзiм iшiнде мемл. ғыл.-тех. саясатты айқындау қажеттiлiгi туындады, елдiң ғыл.-тех. күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрi дамыту үшiн ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың тиiмдi құрылымын қалыптастыру мәселесi туындады. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесiнiң 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентiнiң “Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемл. басқару органдарының iс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетiлдiру” туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология мин. құрылды. Министрлiкке мынадай мiндеттер жүктелiндi: республиканың ғыл.-тех. саласының дамуы жолында мемл. саясат жүргiзу; ғыл. және ғыл.-пед. кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестiру; ғыл.-технол. салада халықар. ынтымақтастықты ұйымдастыру. 2000 ж. қайта құрылған ҚР Бiлiм және ғылым мин. — ғылым мен ғыл.-тех. саладағы iс-әрекеттердi жүзеге асыратын, респ. бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғыл.-зерттеу бағдарламаларына үйлестiретiн бiрыңғай мемл. өкiлеттi орган болып табылады. Министрлiкке бiлiм және ғылым мен техника саласында бiрыңғай мемл. саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепiлдiк етiлген көлемде ақысыз бiлiм алуды мемл. оқу орындарында қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғыл. және пед. кадрларды аттестациялау мен даярлау мiндетi жүктелген. Министрлiк қарамағында әр түрлi бағыттағы 130 ғыл. мекеме бар. Ғыл. зерттеулердi ҚР Президентi ұсынған “Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiндегi қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетiн түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеум.-экон., экол. және ғыл.-тех. мәселелерге байланысты өзектi мәселелердi шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғыл.-тех. потенциалды дамыту, ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасау Қазақстан Республикасының егемендiк жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемiнде ұлттық ғыл. орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғыл. потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғыл. зерттеулердi дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемл. қолдау, халықар. ынтымақтастықты дамыту мәселелерiне байланысты жұмыстар жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасы Мин. Каб-нiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы” Қаулысы бойынша ғыл.-тех. және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (ҒТТКЖ) мен ғыл.-тех. бағдарламаларды респ. бюджеттен қаржыландыру тәртiбi айқындалды. Ғылым және жаңа технология мин. жанынан Ғылым қоры ұйымдастырылды. 1993 жылдан бастап мемл. бюджеттен қаржыландырылатын ғыл.-тех. бағдарламалар мен жобаларды мемл. ғыл.-тех. сараптау енгiзiлдi. Республикада өткiзiлетiн ашық тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалық-технол. жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжаттарын мемл. тiркеудiң бiрыңғай тәртiбi бекiтiлдi. Осылай, ҒТТКЖ-дi қаржыландыруды бағдарламалық-мақсатты әдiске көшiрудiң нормативтiк-құқықтық негiзi жасалды. Республика ғыл.-тех. саласы жүргiзген жұмыстардың қорытындылары 1998 ж. ақпанда Астана қ-ндағы көрмеде көрсетiлдi. Елде машина жасау, атом өнеркәсiбi мен энергетиканы дамыту жөнiнде мемл. бағдарламалардың жобалары жасалды. Республика тау-кен металлургиясы кешенiн дамытудың тұжырымдамасы жасалды. Түрлi мақсаттағы жоғары тиiмдi катализаторлар, қоңыр және тас көмiр, тақта тасты сұйылтып қайта өңдеу кезiнде алынатын синтет. мұнай мен оны өңдейтiн шағын з-ттар жобалары жасалды. Астық пен күрiштiң жаңа сорттары шығарылды. Түрлi пайдалы қазбаларды iздеу мен өндiрудiң және ұтымды пайдаланудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерi мен тәсiлдерi анықталды. Әр түрлi үлгiдегi аспаптар — жылу және электр есептегiштер, жылу энергиясын, ыстық және суық суды есептеу аспаптары мен қызметкерлердi жедел мед. куәландыру, т.б. аппараттары өндiрiске енгiзiлдi. Алғаш рет отандық компьютерлер мен бiрқатар өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы электрондық құрылғылар шығарылды. 1998 жылдың соңына дейiн 30 шағын кәсiпорын мен өндiрiстер ұйымдастырылды. Республика ғалымдары мемл. басқару процестерiн қамтамасыз етуге белсендi үлес қосты: көне дәуiрлерден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi қазақ философиясының тарихы, шығыс пен батыс мәдениетi ықпалдасуы контексiнде жаңа философия мен ғылым методологиясы, Қазақстан Республикасындағы конституциялық процестiң дамуы, еуроазиялық интеграция, геосаясат, демогр. даму болжамы жасалды. Каспий т-нiң құқықтық мәртебесi, аймақтардың өндiрiстiк күштер құрылымын оңтайландыру мен халықты тiршiлiктiк қамтамасыз ету жүйесi, М.Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық толық жинағын дайындау мақсатында көптеген ғыл.-зерттеу жұмыстары атқарылды. ҚР Үкiметi жанынан iргелi және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың мемл. басымдылықтарына және болжам жасауға жауапты консультативтi-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғыл.-тех. комиссия (ЖҒТК) құрылды. ҚР Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегi “Академик Қ.И. Сәтбаевты мәңгi есте қалдыру туралы” Қаулысына сәйкес 1999 ж. бiрқатар мерейтойлық шаралар өткiзiлдi. Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесi ЮНЕСКО қолдауымен өткiзiлетiн мерейтойлар санатына қосылды. 1999 ж. 15 — 23 сәуiр аралығында Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде аса көрнектi ғалым, акад. Қ.И. Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған халықар. ғыл. симпозиум өттi. Симпозиумда “Қазақстан ғылымы өткен шақтан болашаққа” деген атпен көрме ашылып, “Қазақстандағы ғылыми ой-пiкiрлер тарихы”; “Қ.И. Сәтбаев — көрнектi ғылым ұйымдастырушысы”; “Қазақстанның геологиялық ресурстары”, “Минералдық шикiзаттарды өңдеу” және “Ауыл шаруашылық ғылымдарының жетiстiктерi” деп аталатын бөлiмдер жұмыс iстедi. Сондай-ақ “Қазақстан және ғарыш”, “Ядролық физика”, “Қазiргi заманғы байланыс құралдары”, “Өмiр сапасы”, “Қазақстан республикасындағы жоғары бiлiм”, “Перспективтi ғылыми жобалар” деп аталатын тақырыптарда материалдар қойылды. 1999 ж. 26 маусым мен 1 шiлде аралығында Будапештте ЮНЕСКО және Халықар. ғыл. қауымдастықтың бастамасымен “21 ғасырдағы ғылым. Жаңа мiндеттер” тақырыбына дүниежүз. конференция өттi. 2000 ж. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен ғыл.-тех. саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ғыл.-тех. потенциалдың қалыптасуына бағытталған, экономика мен оның қорларының қазiргi заманғы инновациялық талаптарына жауап беретiн ҚР-ның ғылым және ғыл.-тех. саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бiрлесуi арқылы Астана мен Алматы қ-нда 2000 ж. 11 — 14 мамыр аралығында “Үшiншi мыңжылдық ғылымы” атты халықар. конференция өткiзiлдi. Түркiстан қ-ның 1500 жылдығын тойлау шеңберiнде 20 — 21 қазанда “Қазақстан мен Түркi әлемiнiң рухани тарихындағы Түркiстан және Қожа Ахмет Иасауи” халықар. ғыл.-практик. конференциясы өткiзiлiп, оның жұмысына Қазақстан мен таяу және алыс шет елдерден келген 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты. ЮНЕСКО шеңберiнде атап өтiлген бұл шараның соңы Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде Қазақстан делегациясының қатысуы арқылы өткiзiлген “Түркiстанға 1500 жыл” деп аталатын дөңгелек столмен аяқталды. 2001 ж. 2 ақпанда Алматы қ-нда бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң съезi өтiп, онда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев баяндама жасады. Президент өз баяндамасында Қазақстан үшiн елдiң әлеум.-экон., рухани дамуы факторында отандық ғылымды қайта құрудың өмiрлiк маңызы бар екендiгiн атап көрсеттi. ҚР-ның 2001 ж. 12 шiлдеде қабылданған “Ғылым туралы” Заңы ғылымды басқаруды одан әрi жетiлдiрудiң, инновация мен зерттеу процестерiн ұйымдастырудың, кадрлар даярлаудың, отандық ғылымды әлемдiк ғыл. қауымдастыққа интеграциялаудың негiзiн қалаушы құжат болды. Бұл заң ғылым және ғыл.-тех. iс-әрекеттер саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестiруге бағыттала отырып, мемл. ғыл.-тех. саясаттың принциптерi мен негiзгi мақсаттарын, оны жүзеге асыратын мемл. өкiлеттi органдарды айқындайды және нарықтық қатынас жағдайындағы ғылымның жаңа ұйымдық формасының дамуын, ғылым саласындағы субъектiлердiң мiндеттерi мен құқықтарын белгiлейдi. Ғыл.-зерттеу ин-ттарының материалдық-тех. базасын нығайту мақсатында, ғыл. зерттеулер үшiн бiрегей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғыл. мекемелердi қазiргi заманғы компьютерлiк техникамен жарақтандыруға бағытталған “Ғылыми мекемелерге құрал-жабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржыландыру” туралы жаңа бюджеттiк бағдарламаға сәйкес алғаш рет қаржы бөлiндi. Соңғы жылдардағы ғалымдар жүргiзген ғыл. зерттеулер отандық ғылым мен технологияның бәсекелестiк мүмкiндiктерiн жоғары көтеретiн жаңа iргелi бiлiмге бағытталынып келедi. Ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстердiң қалыптасуы үшiн ғыл. базалардың құрылуы табиғи және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңа материалдар мен препараттар жасау, техногендiк қалдықтарды қайта өңдеуге тарту, тау-кен металлургиясы кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуi мен тиiмдiлiгiн көтеру, молекулалық және клеткалық биология нәтижелерiн биотехнологияда, медицинада, а. ш-нда қолдану, денсаулық және тамақтану сапасы, телекоммуникация мен байланыстың қазiргi заманғы жүйесiн құру, атом энергетикасын дамыту сияқты қажеттi шаралардан тұрады. Қазiргi уақытта 36 ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстерге арналған конструкторлық-жобалық және тех.-құжаттық жұмыстар дайын. Отандық технологияны пайдалану негiзiнде жылына 15 млрд доллардан астам өнiм беретiн деңгейге жетуге мүмкiндiгi бар елдегi химия және мұнай химиясы өнiдiрiстерi мен мұнай, газ және көмiр өңдеу бойынша бәсекеге қабiлеттi және тиiмдi құрылыстарды кеңейту мен жаңарту көзделiнуде. Тәуелсiздiк жылдарындағы кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғыл. шығармашылық процестi басқарудың жаңа тәсiлдерiн енгiзу, ғалымдар iс-әрекетiне қолайлы жағдай туғызу, ғыл. кадрлардың жаңа буынын даярлау, бiлiм мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесiн iздестiрумен сипатталады. Қазақстанның аграрлық ғылымын басқару түрлерi бiрнеше рет өзгерiске ұшырады. 1941 ж. В.И. Ленин атынд. Бүкiлодақтық а. ш. ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлiмшесi құрылды, ол 1957 — 62 жылға дейiн Қазақ а. ш. ғылымдар академиясы деп аталды. Кейiн агр. саладағы ғыл.-зерттеу ин-ттары А. ш. мин-нiң (1962 — 71) және ВАСХНИЛ-дiң Шығыс бөлiмшесiнiң (1971 — 90) құзырында болды. Қазақстан Президентiнiң 1990 жылғы 14 желтоқсандағы жарлығына сәйкес ВАСХНИЛ-дың Шығыс бөлiмшесi мен респ. және одақтық бағыныстағы ғыл.-зерттеу мекемелерi негiзiнде қайтадан Қазақ а. ш. ғылымдар академиясы құрылды. 1996 ж. Қазақ а. ш. ғылымдар академиясының базасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орт. (ҚР ҰААЗО) құрылып, оған елдiң агроөндiрiстiк кешенiн ғыл. зерттеулермен қамтамасыз ету мiндетi жүктелдi. Жалпы алғанда ҚР агр. ғылым жүйесiнде 3372 инж.-тех. және ғыл. кадрлар қызмет етедi, 1383 ғыл. қызметкердiң iшiнде 130 ғылым докт., 540 ғылым канд. бар (2002). Агроөндiрiстiк кешендi ғыл. зерттеулермен қамтамасыз ету мәселелерiмен 29 ин-т, олардың екi филиалы, 18 а. ш., орман және малдәрiгерлiк ст-лар, 38 тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорындар, респ. а. ш. ғыл. кiтапханасы, “Бастау” ғыл. басылым редакциясы, сондай-ақ, елдiң бiрқатар жоғары оқу орындары айналысады. Агр. ғылымдар орталықтарының негiзгi мiндеттерi: агроөнеркәсiп кешенi саласында ғыл.-тех. прогрестi жеделдетуге бағытталған iргелi және қолданбалы зерттеулердi жүргiзу; агроөнеркәсiп кешенiндегi экон. реформалардың ғыл. негiздерiн жасау; жоғары өнiм беретiн өсiмдiктердiң сорттары мен гибридтерiн, жануарлар тұқымдарын алу; а. ш. жануарларының, өсiмдiктерi мен микроорганизмдерiнiң құнды гендiк қорын сақтау, дамыту және қолдану; а. ш. өнiмдерiн өндiру, өңдеу және сақтау үшiн ресурс үнемдейтiн жаңа технологиялар, машиналар мен құрал-жабдықтар жасау; ауыл, орман, су және балық ш-н кешендi механикаландыру, электрлендiру мен автоматтандыру үшiн машиналар жүйесiн қалыптастыру, техника мен қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiн тиiмдi пайдалану әдiстерiн жасау; а. ш-нда табиғи ресурстарды тиiмдi пайдаланудың ғыл. негiздерiн жасау; агроөнеркәсiп кешенiнiң барлық салалары бойынша жоғары бiлiктi ғыл. кадрлар даярлауды ұйымдастыру; тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорындарда а. ш. дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтерiн (будандарын), жаңа технологияларды, машиналар мен құрал-саймандарды өндiрiстiк сынақтан өткiзу; а. ш. дақылдарынының жоғары өнiмдi тұқымдарын, жануарлар тұқымдары мен тұқымдық топтарын көбейту және өткiзу; ғыл. жетiстiктер мен бiлiмдердi насихаттау және тарату. Жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберiнде соңғы жылдары а. ш. ғыл. мекемелерi өндiрiске төмендегiдей негiзгi ұсыныстар енгiздi: агроөнеркәсiп кешенiн экон. дағдарыстан шығару iс-шаралары ұсынылған; шаруа қожалықтарының аймақтық үлгiлерi жасалып, оларды дамытуды мемл. қолдау шаралары ұсынылды; а. ш. дақылдарының 193 сорты мен гибридi жасалып, мемл. сынақтан өттi, 277-сi мемл. сынақтан өтуде; қазақстандық сұрыптаудың жоғары сапалы сұрыптамалары пайдаланылып, ел аймақтары бойынша тұқым өсiрудi ұйымдастыру құрылымы жасалды; жыл сайын дәндi дақылдардың 25 мың т, майлы өсiмдiктердiң 800 — 900 т, көп жылдық өсiмдiктердiң 450 — 500 т, картоптың 4,5 — 5,0 мың т сапалы тұқымдары өндiрiлiп, сатылады; а. ш. жануарларының 14 жаңа типi, түрлерi мен тұқымдары өсiрiлiп сынақтан өткiзiлдi; ауылда болып жатқан өзгерiстердi ескере отырып, жануарларды тұқымдық аудандастырудың жаңа жоспары құрылды; мал ш. салаларында малдәрiгерлiк жағдайды жақсарту мақсатында 10 вакцина, 9 диагностикум және 3 емдiк препарат жасалды; ин-ттардың тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорындарында елде бар а. ш. өсiмдiктерi, жануарлары мен микроорганизмдерiнiң гендiк қоры сақталған; 35 жаңа машиналар мен қондырғы, тракторлар мен комбайндардың агрегаттары мен бөлшектерiн қалпына келтiру бойынша 14 технол. процесс, технол.-жөндеу құралдарының 15 үлгiсi, жиналған астықты өңдеуге арналған 14 технол. жабдық жасалып, сынақтан өткiзiлiп, өндiрiске ұсынылды; өсiмдiк ш-н кешендi механикаландыруға арналған машиналар жүйесi ұсынылды; машина-технол. ст-ларды (МТС) ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берiлдi; жергiлiктi шикiзат негiзiнде емдiк-сауықтыру қасиеттерi бар 5 жаңа тағам өнiмi, сыра мен шараптың 3 жаңа түрiн өндiру технологиясы жасалды; халықар. талаптарға сәйкес тамақ өнiмдерi мен шикiзаттың негiзгi түрлерiне Қазақстанның 42 стандарты жасалып бекiтiлдi; зерттеу нәтижелерiне Қазақстан Республикасының 173 патентi және 58 авторлық куәлiгi берiлген. 2002 ж. желтоқсан айында Қазақстан Үкiметiнiң қаулысымен ҚР Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орт. таратылып, оның қарамағындағы ғыл.-зерттеу ин-ттары шаруашылық жүргiзу құқығындағы ғыл.-өндiрiстiк орталықтар мен ғыл.-зерттеу ин-ттары болып қайта ұйымдастырылды. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том
Әнші. 1976 жылы туған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде көр-кемөнерпаздар үйірмесіне үзбей қатысып, А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін орындап, аудан, облыста өткен оқушылар арасындағы байқауларда жүлдегер атанған. Алғаш рет Ә.Еспаевтің «Ұстазым» әнін облыста бас қосқан мұғалімдердің мәжілісінде орындап, «Ең үздік жас әнші» деген грамотамен марапатталған.Орта мектепті 1983 жылы бітіріп, Алматы мемлекеттік қыздар педагогтік институтына түседі.2002 жылдан Семейдің Ә.Қашаубаев атындағы филармониясында әнші.2001 жылғы Алматы облыстық әншілер байқауының, Ақан серіге арналған «Ата мұра» әншілер байқауының лауреаты. Шығыс Қазақстан облыстық Ә.Қашаубаев атындағы және Ә.Найманбаев атындағы 2003 жылы өткен байқаулардың бірінші жүлдесінің иегері.Қазақ радиосының «Алтын қорына» әндері жазылған. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, домбырашы, күйші-зерттеуші.1974 жылы 5-желтоқсанда Тарбағатай ауданы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін Қазақстан Респуликасыныц «Білім беру ісінің үздігі», ұстаз Қ. Рақышеваның класында оқыған.1994-1999 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, профессор А.Тоқтағанның класынан дәріс алған. Республикалық конкурстардың лауреаты. Бірнеше оқу-методикалық кітаптардың авторы. «Құрманғазы» (2005), «Тәттімбет және Арқа күйлері» (2005), «Сүгір. Қаратау шертпесі» (2006), «Сарыарқа әндері» (2008), «Шығыстың шыңырау күйлері» (2010) ноталар жинақтарын құрастырып шығарған.Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, «Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай күйшілік өнері» жөнінде оқыған баяндамалары ғылыми мақалалар жинағында жарық көрген.Күйші-орындаушы ретінде дәстүрлі музыка фестивальдері, республикалық телеарналар арқылы күйшілік өнерді насихаттап, еңбек етіп келеді. Орындаған күйлері қазақ радиосының алтын қорына енген.ҚР білім беру ісінің үздігі. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Облыстық композиторлар бірлестігінің мүшесі. Алматы қаласындағы консерваториясын бітірді. В. С. Буланов көптеген қалалық және облыстық мерекелер мен фестивальдарға қатысты. Әр түрлі конкурстардың лауреаты мен дипломаты. Алғыс хаттар мен грамоталары бар. В. С. Буланов «Мұрагер» қалалық балалар ұйымын құруына орай өлең жазды. Оның өлеңі қалалық балалар ұйымының әнұранына айналды. 2010 жылдың мамыр айында балалар шығармашылық үйінде В. С. Булановтың шығармашылық кеші өткізілді. В. С. Булановтың 3 мерейтой шығармашылық кеші өткізілді. ## Дереккөздер 1. Қазақстанның атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://www.kostanay.gov.kz/
Құмақайұлы Кәлек - Сыбызғышы. 1930 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Сыбызғыны 8 жасынан үйрене бастаған Кәлек үшін бұл өнер жеті атасынан бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрлі үрдіс еді. Әкесі Кұмақай да, Өтеміс, Делдал және тағы басқа арғы аталары да елге сыбызғышы ретінде мәлім болған. Мәселен, әкесі Құмақай Шамғынұлы 1944 жылы Алтай қазақтарының көтерілісіне қатысып, Оспан батырды қолдауға Моңголиядан әскер қатарында барады. Осы соғыста жүргенде ел-жұртын аңсап «Сағыныш» деген күй шығарады. Оспан батырдың ұйымдастыруымен өткен бір алқалы жиында Құрыш деген атақты сыбызғышымен күй сайысына түсіп, жеңіп шығады. Кейін «Құрбыма», «Кең жайлау» сияқты күйлерді дүниеге әкеледі. Кұмақайдан тәлім алған Кәбетай Уатханұлы, Жұмайхан Ташынұлы, Нағашыбай сияқты шәкірттері оның өнерін жалғастырған. Ал Делдал Сасанұлы Алтай, Қобда аймағына аты шыққан сыбызғышы және батыр, қамшыгер адам екен. Оның «Жаяу Делдал», «Жеті атым» күйлері бүгінге дейін жетіп, орындалып жүр. Ал Баян Өлгий аймағының Тұлба ауылындағы сегіз жылдық мектепті бітірген бозбала Кәлек ел арасындағы той-томалақтарда сыбызғы тартып, елге кең таныла бастайды. 1958 жылы жанадан ашылған аймақтық музыкалық драма театрына шақырылып, халық аспаптар оркестріне сыбызғышы болып орналасқан. Осы ұжымда қызмет атқара жүріп музыкалық білімін жетілдіре түседі. 1960 жылы Баян Өлгий аймағының 20, театрдың 10 жылдығына арналған өнер байқауларында өнер көрсетіп үлкен сахна төрінде халық қошеметіне бөленген. Аймақтың танымал өнерпазына айналған Кәлек Монғолияның он сегіз аймағында, 1965 жылы Тува АССР-інде, 1967 жылы Таулы Алтайда, 1974 жылы Қырғызстан, Польша, Германия, Чехия және Мәскеу сахналарында өнер көрсетеді. 1967 жылы Таулы Алтайда зерттеуші ғалым Б.Сарыбаевпен кездесіп, үнтаспаға сыбызғы күйлерін жазып береді. Еліміздің сол кездегі астанасы Алматыға келіп, музыка фестивальдеріне қатысады. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауылыңда тұратын К.Құмақайұлы - Баян Өлгийдегі сыбызғы дәстүрінің бірегей мұрагері. Қазақ еліне жүзге тарта сыбызғы күйлерін жеткізіп, еліміздің мәдени қорына өзінің мол мұрасын косып отыр. Көпшілікке белгісіз күйлерді орындаумен қатар олардын шығу тарихына байланысты аңыз-әңгімелерді де жетік біледі. Қазақстанда тұңғыш рет сыбызғы күйлеріне арналған кітаптың шығуына қосқан үлесі өте зор. Жинақтағы аңыздар мен күйлердің барлығы дерлік сол кісінің айтуы, орындауы бойынша жазылып алынған және оған Кәлек күйшінің өзі шығарған «Арман», «Бақыт құшағында», «Шопан сазы» атты күйлері енгізілген. Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ## Дереккөздер
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Астана қаласындағы жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында. 9 факультетте 6000-нан аса студент оқиды, университетте 20 ғылым доктор, проффесор, 150 ғылым кандидаттар мен доцент дәріс береді (1998). Өсімдік шаруашылығында өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылық өндірісін инженер-техника жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізеді. Университетте 3 диссертация кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. ## Университет тарихы Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жәңе ең ежелгі жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. Университет бүгінде жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесі бар біртұтас оқу – ғылыми – әдістемелік кешенді құрайды. Қазіргі кезде университетте 43 кафедра бар. Қазіргі кезде университеттің сегіз факультететінде 10000-ға жуық студент жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін мамандықтар тобы бойынша 37 бакалавриат, 24 магистратура, 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Сонымен қатар 5 бакалавриат, 3 магистратура мамандықтары бойынша көптілді оқу үрдісі жүзеге асырылуда. Білім бері үдерісін 650 оқытушы, оның ішінде 353 ғылым докторы мен кандидаты жүргізеді. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті 35,8% құрайды, олар оқытудың жаңа прогрессивтік формаларын дамыту мақсатында қызмет жасауда. Университет ғалымдары аймақтық, республикалық салалық және сала аралық ғылыми бағдарламаларға қатысады. Ғылыми жобалар саны 30-дан 45-ке жетті, ғылымды қаржыландыру 3 есеге артып, 251 млн теңгеден асты. Thomson Reuters агенттігімен «ҚАТУ Ғылым жаршысы» журналы индексі нөлден жоғары ғылыми басылым ретінде танылған.Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 55 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Университет білім беруде келесі бағыттарға басымдық береді: экономиканың аграрлық саласына сапалы мамандар дайындау, оқу орнының рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігін Республика деңгейінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде арттыру, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ойдағыдай қауымдасу. Оларды жүзеге асыру үшін университет қазіргі заманғы басқару жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуде, материалдық-техникалық базасын нығайтты, өндіріс орындармен, жұмыс берушілермен, ғылыми зерттеу институттары және орталықтармен өзара ынтымақтастықтың тиімді жүйесін қалыптастырды, ғылыми базасын нығайтуда. ҚазАТЗУ халықаралық стандарттар бойынша институционалдық аккредитация мен мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті, қазіргі уақытта халықаралық аккредитациядан өтуге дайындалуда.Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Чехия, Польша т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Университеттің барлық құрылымдарын компьютерлендірумен байланысты алдыңғы қатарлы оқыту технологиялары енгізілуде. Осының бәрі әлемдік білім беру жүйесіне нәтижелі қауымдасуымызға мүмкіндік жасайды.Университеттің материалдық – техникалық базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми – педагогикалық потенциалы өлшеусіз өсті. Алғашқы рет жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен 60 мамандық бойынша модульді білім берудің оқу бағдарламалары дайындалды. Университеттің материалдық – техникалық базасын одан әрі кеңейту мақсатында 8 инвестициялық жоба дайындалған. QS агенттігінің зерттеулері бойынша ҚазАТЗУ 601+ әлем университеттерінің рейтингіне 8 қазақстандық университеттің бірі болып енді. ## Факултеттер * Агрономия факультеті 1957 жылы ашылған.Факультет 5В080100 - «Агрономия», 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В0608 - «Экология», 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Факультетте 6М080100 - «Агрономия», 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6М080800 - «Топырақтану және агрохимия», 6М070100 - «Биотехнология» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультеттегі «Топырақ мұражайы» солтүстік және орталық аймақтардағы бірегей мұражай болып табылады.Факультетте дән сапасын бағалау; тұқымтану; биотехнология; агрохимия; диагностика және өсімдіктердің микроклональдық көбеюі; мал азығын өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары коллекциясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми зертханалары бар. * Сәулет өнері факультеті 1965 жылы құрылған.1992 жылы сәулет өнері факультеті әлемнің танымал болған сәулет өнері мектептерінің каталогына енгізілді.Мамандарды дайындау мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына негізделіп, 5В042000 – «Сәулет»; 5В042100 – «Дизайн» мамандықтары бойынша күндізгі оқыту бөлімдерінде жүргізіледі. 6М042000 - «Сәулет» мамандығы бойынша магистрлер дайындалады. * Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті 1964 жылы негізі қаланған.Факультет 5В120100 - «Ветеринарлық медицина», 5В120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша маман және 5В070100 - «Биотехнология», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6М080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 6М080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 6М120100 - «Ветеринарлық медицина», 6М120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6D120100 - «Ветеринарлық медицина», 6D120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте паразитология, акушерлік және хирургия мұражайлары, биотехнология, мал азықтандыру, сүт өңдеу, токсидермия, ветеринарлық сараптау зертханалары, балық өсіру цехы жұмыс істейді. * Жерге орналастыру факультеті 1957 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В090300 - «Жерге орналастыру», 5В090700 - «Кадастр», 5В090800 – «Бағалау», 5В071100 «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М090300 - «Жерге орналастыру», 6М090700 - «Кадастр».мамандықтары бойынша магистратура ашылған. Факультетте университетіміздің бірінші ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Гендельман атындағы мұражай бар. * Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті Факультет 1985 жылдан бастап жеке факультет ретінде жұмыс істейді.Факультет 5В012000 - «Кәсіптік білім», 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М0120 - «Кәсіптік білім», 6М070300 - «Ақпараттық жүйелер», 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. * Техникалық факультет 1957 жылы құрылған.Факультетте 5В080600 - «Аграрлық техника және технологиялар», 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5В072800 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындалады.Факультет 6М080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», 6М073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды. 6D080600 - «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Оқу үрдісінде лабораториялық қондырғылармен жабдықталған аудиториялар және жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникалары қолданылады. * Энергетикалық факультет 1965 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В071700 – «Жылу энергетикасы», 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 5В081200 - «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультет 6М071800 – «Электр энергетикасы», 6М071700 – «Жылу энергетикасы», 6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды.2008 жылдан бастап факультет базасында энергия үнемдеу технологиялары орталығы ашылған, телекоммуникациялар саласындағы жаңа технологиялар бойынша заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді. * Экономика факультеті 1960 жылы негізі қаланған.Факультет 5В050600 - «Экономика», 5В050700 - «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 - «Маркетинг», 5В090400 - «Әлеуметтік – мәдени сервис» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М050600 - «Экономика», 6М050700 - «Менеджмент», мамандануы «Аграрлық менеджмент», 6М050900 - «Қаржы», 6М051100 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D050600 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте интерактивті тақтасы бар кабинет және әдістемелік кабинет жұмыс істейді. * Сырттай оқу факультеті 1959 жылы құрылған. Қазіргі уақытта факультетте жаңа үлгідегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген қашықтықтан (дистанциялық) оқыту үрдісі енгізілуде. Мамандандырудың барлық бағыттары бойынша кейстік технологиялардың оқу-әдістемелік кешендері әзірленген. * Әскери кафедра Әскери кафедра 1965 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Университет студенттері жоғары білім алумен қатар, әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыш және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алып шығады ## Оқу орнын әр жылдарда басқарған тұлғалар * директор Т.Г.Духов (1958 ж. ақпан - 1961 ж. мамыр) – техника ғылымдарының кандидаты, доцент; ректорлар: * М.А.Гендельман (1961 ж. мамыр - 1982 ж. қараша) – экономика ғылымдарының докторы, профессор; * К.Ә.Сағадиев (1982 ж. желтоқсан – 1990 ж. қараша) - экономика ғылымдарының докторы, профессор; * Я.Я.Мауль (1991 ж. ақпан – 1993 ж. қазан) - экономика ғылымдарының докторы, профессор; * Б.Ө.Әлімжанов (1993 ж. қазан – 2004 ж. қазан) – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор; * А.Қ.Бұлашев (2004 ж. қараша – 2011 ж. қараша) – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. * А.Қ. Күрішбаев (2011 жылдың қараша айынан бері) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі. ## Тарих беттеріне қысқаша шолу * 1957 ж. – Ақмола ауылшаруашылық институты құрылды (КСРО Министрлер Кеңесінің 3.10.1957 ж. №1176 Қаулысы); * 1996 ж. – институт Ақмола аграрлық университеті болып қайта құрылып, оған Сәкен Сейфуллин есімі берілді (ҚР Үкіметінің 7.05.1996 ж. №573 Қаулысы); * 2001 ж. – университет С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мәртебесіне ие болды (ҚР Үкіметінің 15.06.2001 ж. №821 Қаулысы); * 2004 ж. – университет «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 03.08.2004 ж. №829 Қаулысы). * 2007 ж. – университет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына беріліп, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 22.05.2007 ж. №409 Қаулысы). * ҚазАТУ Республиканың жоғары оқу орындары арасында ең алғашқылардың бірі болып «Русский Регистр» және IQNet (Сертификаттау бойынша Халықаралық желі) сертификаттау жүйесіндегі ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аудит тексерісінен өтіп, 2005 жылғы 18 сәуірде № 000340 куәлігіне ие болды. ## Еншілес ұйымдары * Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы, Щучинск қаласы) * А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Ақмола облысы, Научный кенті) * Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы (Солтүстік Қазақстан облысы, Шағалалы ауылы) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Аграрлық университет бестігі сайлауда дауыс береді | Астана ..(қолжетпейтін сілтеме)
Режиссер. 1969 жылы 5 наурызда бұрынғы Үржар ауданының Қарамойыл ауылында туған.1986 жылы Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітірді. Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы мәдениет училищесінің мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімін тәмамдап, осы училищеде ұстаздық етті. Кейінірек Ресейдің Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік мәдениет институтында режиссер мамандығы бойынша оқыған.1997-1998 жылдары Семей облыстық мәдениет басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. А.Құнанбайұлының 150 жылдығына, Үржар ауданының 80 жылдығына арналған, тағы басқа көптеген мәдени іс-шаралардың сценарийлерін жазып, қойылымдардың режиссерлігін атқарды. 2010 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында, мәдениет басқармасының шақыруымен, әлем классигі Жан Батист Мольердің шығармасы бойынша спектакль қойып қайтты.2008 жылдан Үржар аудандық Мәдениет үйінің жанына құрылған «Керуен» театрына жетекшілік етіп келеді. Аталмыш театр өнердегі жетістіктері үшін «Халықтық театр» атағын иеленді. Театр сахнасында қазақ және шетел драматургтерінің шығармалары қойылып келеді. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Ербол Саррин - Дәстүрлі әнші. Қазақстанның халық әртісі (2014). Ол 1962 жылы 2 қазанда Қарағанды облысы Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы қаласындағы эстрадалық өнер студиясына (қазіргі Ж.Елебеков атындағы колледж) атақты әнші-композитор, жазушы, Қазакстанға еңбегі сіңген әртіс Ж. Кәрменовтің сыныбына түсіп, 1987 жылы окып бітірді.Өнердегі ең алғашқы жолын Целиноград облысының мемлекеттік филармониясында бастады. Осы филармонияда еңбек ете жүріп, 1988 жылы Алматыда өткен Ә.Қашаубаев атындағы II республикалық әншілер байқауына қатысып лауреат атанды. 1992 жылы Целиноград музыкалық училищесінде домбырамен ән салу сыныбын ашу мақсатында қосымша жұмысқа шакырылды. 1993 жылы С.Сейфуллин атындағы пединститутқа түсіп, 1997 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді.1998 жылы Президенттің колдауымен ашылған, әлем әртісі, профессор А. Мұсақожаева басшылық еткен ҚазҰМА-ға аға ұстаздыққа қалдырылды.Қазақстан Республикасының әншілік өнерін дамыту жолына қосқан еңбегі үшін Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Қазіргі кезде Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі ән департаментінің доценті. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Кітапхана деректері
Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1951 жылы 14 наурызда Абай ауданында туған.16 жасында М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Қаракөз рөлін ойнап танымал болды. Келесі жылы одақтық байқауға қатысып, Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның рөлін сомдады.Сексенінші жылдар басында «Қазақконцертте» алты жыл еңбек етіп, Өзбекстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Удмуртия, Қарақалпақстан елдерінде гастрольдік сапарларда болды.Қазір Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаздық етеді.Бүкілодақтық жастар сыйлығының иегері. БЛКЖО Орталық Комитетінің, Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Есімі Абай ауданының Құрмет тақтасына жазылған. Көптеген ән сайыстарының жеңімпазы және жүлдегері. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Режиссер, театр және кино актері, ақын, драматург. 1978 жылы туған. Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының директоры әрі бас режиссері қызметін атқара жүріп, қазақ ұлттық сахна өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Жас режиссердің жетекшілігіндегі театр ұжымы бірнеше рет халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған.Қазақ көрермені үшін Рустем актер ретінде де танымал. Белгілі «Лаве» фильміне түскен.«Бөрінама» жыр жинағының авторы. Өлеңдері «XXI ғасыр ақындарының антологиясына» және басқа да ұжымдық жинақтарға енген.Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. 2007 жылы «Шәкен жұлдыздары» кино-фестивалінде «Бес тиын» көркем шығармасы үшін арнайы марапатқа ие болды. Р.Есдәулетов негізінен психологиялық драма қоюға құштар болатын. Ол адам жанының құпияларына терең бойлауға тырысатын. Адам мінезіндегі қарама-қайшылықтарды, өзгерістерді жарқырата ашуды көздейтін. Рүстем Есдәулетов қазақ труппасын басқарған жеті жыл ішінде 25 қойылым жасап үлгерген.2009 жылы труппа Қарағандыда өткен республикалық театрлар фестивалінде жүлделі үшінші орынды иеленді. Рүстемнің жұлдызды жеңістері алда еді, өкінішке орай қазақтың аймаңдай талантты ұлы 2009 жылдың 25 қарашасында кенеттен көз жұмды. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Әнші, композитор.1965 жылы 5 наурызда Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген.1982 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1986 жылы Семейдің Шәкерім атындағы пединститутының көркемсурет факультетіне түсіп, 1991 жылы тәмамдаған.1992 жылы облыстық жастар комитетіне қызметке тұрып, жастар өміріне белсене араласады. 1994 жылдан қалалық мәдениет басқармасын басқарды.Алпысқа жуық әннің, соның ішінде халық көкейінен шыққан «Бір бәйтерек, бір шынар» атты әннің авторы бүгінде шығармашылық өрлеу шағында.1993 жылғы «Үкілі үміт» атты республикалық композиторлар байқауының, Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық, республикалық композиторлар байқауының жүлдегері. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Көне ұлттық аспаптарды зерттеуші және шебер орындаушы.1978 жылы 8 қазанда Есім ауылында дүниеге келген.1995 жылы Семейдегі №16 мектепті бітіріп, 1996-1998 жылдары Құнанбай қажы медресесін тәмамдаған. 1999-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Семей мемлекеттік университетінде дәріс алды.Шаңқобыз, қылқобыз, шертер, абызғы, дауылпаз, сазсырнай аспаптарын меңгерген. Қазақтың көне сақ-түркіден келе жатқан күркіреме-көмей әуенін тұңғыш орындап, зерттеуші.1995 жылғы облыстық «Жігіт сұлтаны» сайысының бас жүлдегері. 1999 жылғы республикалық «Шабыт» фестивалінің, 2009 жылы Ресей Федерациясының Алтай Республикасында өткен халықаралық қарахыр-көмей әуені бойынша байқауының, Моңғолия, Хакасия, Саха елдерінде өткен фестивальдардың лауреаты. 2000 жылғы «Жас қанат» байқауындағы «Алтын қобыз» сыйлығының, Алтай Республикасының Чорос-Гуркин атындағы сыйлығының иегері. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/ [[Санат: ]]
Шахарбану Есенғұлова - Актриса, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1980).1946 жылы 16 мамырда Тарбағатай ауданында дүниеге келген. КСРО мемлекеттік Ленин орденді академиялық кіші театры жанындағы И.Щепкин атындағы театр училищесінің драмалық театр және кино факультетін бітірген (1972).1964-1967 жылдары Тарбағатай ауданындағы орта мектепте музыка пәнінен сабақ берді. Торғай, Жезқазған, Орал облыстық қазақ драма театрларында актриса болды. 2001 жылдан Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актрисасы. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
1937 жылы Зайсан ауданы, Кеңсай ауылында туған. Әнші, актер, режиссер, импровизатор, КСРО Мәдениет Министрлігінің үздік қызметкері, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері. 1955 жылы М.Әуезов мектебін бітіріп, кәсіптік-техникалық училищеге түсті. Сол жылы училище атынан республикалық әншілер конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды (17 жаста еді). Жюри мүшелері Е.Серкебаев, Б.Төлегенова консерваторияға қал деп ұсыныс жасады. 1958 жылы әскери борышын өтеу үшін Белоруссияға Брест қамалына келеді. Әскери округтік әншілер байқауында жеңімпаз атанып, Александров атындағы ән-би ансамбліне шақырылады. 1961 жылы Зайсан халық театрының режиссері болып, театрда көркемөнерпаздар өнерін дамытып, спектакльдер қояды. 1963 жылы Ақжар-Зайсан бірігіп, яғни екі аудан Республикалық юнкурста жеңімпаз атанып Москваға жолдама алады. М.Әуезовтың «Қарагөзінде» - Сырым, Ш.Айтматовтың «Жәмиласында» - Оспан бейнелерін сомдады. Кремль сахнасында жасаған 2 образ да Москва жұртшылығын дүр сілкіндірді. Осы еңбсгі жоғары бағаланып, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің «Құрмет» грамотасымен 23 жасында ардақталды. Кинофильмге түсті. 1970-1972 жылдары Марқа өңірінің өнерін көтеріп, «Халық театры» - атағын алуға көп тер төгеді. 1973 жылы Алматыдағы ішкі істер ансамблінде әнші болып үлкен табысқа жетіп, алғысқа бөленді.1974 жылдан өмірінің соңына дейін (2002 жыл) Зайсан театрында режиссер болды. «Айнакөл» ансамблін құрып, «халықтық» атаққа жеткізді. 1974 жылы алғаш рет Зайсан өңірінде ұмыт болған ата-баба дәстүрін жалғап, жаңа салт «Беташар» жасады. Оны үнемі үйлену тойлардың бәрінде айтып, үгіттеп көптеген шәкірттеріне үйретті. 1973 жылы облыстық қазақша күреске қатысып, ауыр салмақтан 93 кг-да 1 орынды жеңіп алды.1984 жылы Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген ақындар айтысында термеші ретінде бас жүлдені алды.1987 жылы Москвада өткен 15 республика қатысқан ән-би мерекесі фестиваліне қатысып, ВДНХ-ның медалімен және лауреат медалімен марапатталды.1988 жылы мамырда Болгар Халықтық Республикасында қазақ ұлт аспаптар оркестрі құрамында ән салды (Пловдив, София қалаларында). 2001 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтан алғысхат алды. Жұбайы Күлзипа да өлкемізге танымал әнші болды. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Александр Александрович Андронов - (11.04.1901, Мәскеу, КСРО — 31.10.1952, Горький) — Кеңес Одағының белгілі физигі, механик және математик. Элекотротехника, радиофизика және қолданбалы механиканың дарынды маманы, 1946 жылдан КСРО ғылым академиясының техникалық ғылымдарының академигі, профессор, Н.И.Лобачевский атындағы Горький Мемлекеттік университетінің Радиофизика факультетінің меңгерушісі. Мәскеуде туған. Шешесі - Липская Лидия Александровна, әкесі - Александр Петрович Калинин (1835—1905 жж.) көпес. 1925 жылы Мәскеу университетін бітірген. Леонид Исаакович Мандельштамның шәкірті және ең жақын қызметкері. Автотербеліс теориясының математикалық негізін салған. Атақты шәкірттері: А. С. Алексеев, Н. Н. Баутин, И. Л. Бернштейн, Н. В. Бутенин, А. В. Гапонов-Грехов, Н. А. Железцов, Е. А. Леонтович-Андронова, А. Г. Майер, Ю. И. Неймарк. ## Сыртқы сілтемелер * «Личность в науке: Александр Александрович Андронов (1901—1952)». Материалы выставки, посвященной 100-летию со дня рождения академика А. А. Андронова. Музей радиофизического факультета ННГУ, 2001. * Музей Нижегородского государственного университета Мұрағатталған 22 сәуірдің 2008 жылы. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Баршыкент-Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы орта ғасыр қаласы. Қақпасы батысқа қараған қала Сырдарияның сол жақ бетінде орналасқан. Сығанақ халқының Жошы әскерінен ұырғын тапқанын етсіген қала тұрғындары Жошы қолына айтарлықтай қарсылық көрсетпеген. Баршыкент туралы деректер әр қилы. Қорғанның ішінен құм басқан үш ірі құрылыстың ізі байқалған. Күйдірілген қышын жергілікті халық тасып кеткен. Қорғанның шығысында 400 қадамдай жердегі өзеннің кеуіп қалған арнасын Баршындария деп атаған. Қала маңына жақын жерде мазар бар. Мазар қорғанның батыс жағында, қала қақпасынан 280 қадамдай жерде орналасқан. Тұрған жері биік құм. Күмбезі бар мазар есігінің сыртындағы жазудың ("ғұммал жай лаһат"), яғни, "ғұммал" - тыныштық, "лаһат" - жалаңаш деген ұғым беретінін ғалым Ә.Қоңыратбаев оқыған.
Жүнісов Қанат Құрмашұлы - әнші, актер, ақын, драматург. ## Биография 1974 жылы 22 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Дәстүрлі ән байқауының жүлдегері. Қазақ эстрадасындағы "Бәйтерек", "Аламан", "Формат" т.с.с бірнеше топтардың, Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева, Дос сынды көптеген танымал әншілердің репертуарларындағы белгілі әндердің сөзін жазған. Қ.Жүнісов сөз жазған 200 әннің отыздан астамы "Хит шеру" бағдарламасында жеңімпаз атанған. "Біржан сал", "Мағжан", "Жамбыл" фильмдерінде ойнаған. С.Сейфуллиннің 110, 115, 120 жылдығында театр сахнасында, "Сәкен", "Өмір жолы", "Тайны и судьбы великих казахов" секілді деректі фильмдерде, "Жамбыл" көркем фильмінде С.Сейфуллиннің рөлін сомдаған. 2014 жылы Анкара қаласында "Түрксой" ұйымы өткізген шарада С.Сейфуллин рөлін ойнағаны үшін Қырғызстан үкіметі "Тоқтағұл" атындағы медальмен марапаттаған. Сонымен қатар "Сәкен сұңқар" бейнебаянын түсірген. "Біржан сал" фильміндегі сал-серілердің сөз қағысуын, "Құнанбай" фильміндегі Жанақ ақынның жырын жазған. "Алғашқы махаббат" пьесасы Ресей елінде өткен театр фестивалінде "Ең үздік шығарма" номинациясын жеңіп алған. 2006 жылы "Ханшайым", 2014 жылы "Ән қанаты" атты ән жинақтары шыққан. Еліміздің жиырма шақты театрында пьесалары қойылған. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2014 жылы қазақ өнері тарихында тұңғыш рет бірнеше жанрды қамтыған ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҚ өткізген.Апталыққа мемлекеттік 5 театр ұжымы мен танымал өнер иелері қатысқан. ## Апталық бағдарламасы Қ.Жүнісовтің "Жас қала, жас қаламгер"атты шығармашылық апталығының бағдарламасы: * 22 қыркүйек "Өнерге тағзым" (дәстүрлі ән және поэезия кеші) * 23 қыркүйек "Махаббат мелодрамасы" (спектакль) * 24 қыркүйек "Ғашықтар хикаясы" (спектакль) * 25 қыркүйек "Алғашқы махаббат" (спектакль) * 26 қыркүйек "Әншінің пірі Әміре" (моноспектакль) * 27 қыркүйек "Сәкен сұңқар" (спектакль) * 28 қыркүйек "Сырлы саз" (Қ.Жүнісовтің сөзіне жазылған әндерден концерт); Апталық аясында "Сөйле сырлы сахна" атты кітабының тусаукесері өткен.Жұлдызды Астана - 2016" тұңғыш радиосыйлығында "Үздік мәтін авторы" номинациясының жеңімпазы атанды."Шалқар шабыт" радиоспектакльдер сайысында "Әншінің пірі Әміре" атты моноспектаклі жүлдегер атанған.50 ге жуық әдеби кештердің сценарийлерін жазып әрі кештердің жүргізушісі болған.Республикалық газет-журналдарға шығармалары, сұхбат-мақалалары жиі басылып тұрады.Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі.1998-2009 ж ж Гумилев атындағы ЕҰУ қызмет еткен.2009-2015 жж Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.Қазіргі уақытта Қазақстан Авторлар Қоғамының мүшесі әрі Астана қаласындағы филиалының төрағасы. ## Дереккөздер
Қара жол- адамдардың,жан-жануарлардың және көліктердің жиі жүруінен жер бетінде тыңнан пайда болады.Қазақ халқы көршілес жатқан шағын ауылдарды қосатын жолдарды да, ұзын әрі маңызды,ел мен елді жалғап жатқан жолдарды да Қара жол деп атай береді.Бізге бұрыннан таныс Ұлы Жібек жолы Қазақстанның оңтүстік бөлігімен өткен.Араб халифатынан Скандинавияға дейін созылған,Еуразияның бір шетінен екінші шетіне дейін барған ерте замандағы Қара жолдардың болғаны белгілі."Янтарь жолы" бүкіл Орта Еуропа арқылы өткен.Ал "Қалайы жолы" Англядағы Корнуолл түбегінен басталып,Жерорта теңізі жағалауы елдеріне дейін барған.Олар біздің жыл санауымызға дейінгі үшінші мыңжылдықтың соңында пайда болған.Ерте заманда қазақ даласы арқылы да көптеген ірі жолдар өткен. Ірі керуен жолдарының бір тармағы Хиуадан Маңғыстау даласы арқылы Астраханға дейін барған."Хан жолы" Түркістан қаласын бүгінгі Шымкент,Тараз,Қарағанды,Ақмола,Көкшетау ,Қызылжар өңірлерімен байланыстырған.Ертедегі Орал,Жаркент,Сығанақ қалалары "Сарысу жолы" арқылы өзара байланыста болған.Сондай-ақ,"Тарақтылар жолы" мен "Абылай жолының" да болғаны белгілі.18ғасырдың соңында қазақ даласындағы ірі елді мекендерді байланыстырған Орынбар-Қостанай-Петропавловск-Омбы- Семей-Өскемен-Бұқтырма жолы пайда болды.1846жылы Өскемен-Көкпекті-Семей-Аягөз,Петропавл-Ақмола,Орынбор - Қарабұтақ жолдары ашылды.1855 жылдан бастап Верныйдан Қапалға дейін 13 бекеті бар пошта жолы жұмыс істей бастады.Сол кездері ең ұзын жол болып Семей-Верный жолы саналған.Ташкент - Орынбор жолы ұзындығы бойынша екінші жол болған.Кейінірек Қорғас пен Қарақолға (Қырғызстан) баратын жолдар ашылған.Өткен ғасырдың 20жылдарынан бастап ірі-ірі Қара жолдар біртіндеп автомобиль жолдарына айнала бастады. ## Дереккөздер <энциклопедия/>
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығы нан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр. Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерiнде Жайық (Dаiх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендерi туралы мәлiметтер келтiрген. 9 — 10 ғ-ларда араб ғалымдары Арал т-не толық сипаттама берiп, картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал т-не құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегi деректерiнде Жайық, Жем, Сағыз өзендерi аталған. 13 ғ-да Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшiлер өздерi жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерiнiң жеке бақылаулары негiзiнде Каспий теңізінiң тұйық алап екендiгi туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдерi, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтiрген. 15-17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәлiметтер Ресей әдебиеттерiнде жинақтала бастаған. Бұл мәлiметтер Мәскеу мемлекетiн және оған iргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кiтабы”) атты еңбекте қазiргi республиканың батыс, оңт. және орт. бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 17 ғасырда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жерiне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәлiметтерi жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сiбiрдiң сызба кiтабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дыҢ 60-жылдарына дейiн созылған Ресейдiң Қазақстанды отарлау үрдiсi оның аумағының геогр. зерттелуiнiң сипаты мен барысына әсерiн тигiзбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды. Ертiс өзенінің бойында бекiнiстер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңт.-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топогр. картаға түсiру iсi жүргiзiлдi. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал т-дерi жағалауында, Сарысу, Шу өзендерiнiң алаптарында картаға қарапайым түсiрулер iске асырылды. Бұл түсiрулердiң нәтижесiнде, бiр жағынан, Қазақстанның жеке өңiрлерiнiң тұңғыш iрi масштабты карталары жасалса, екiншi жағынан, табиғат ерекшелiктерi туралы ғыл. мәлiметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кiтабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 — 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдiң Ғылым және көркемөнер академиясының академиктерi мен адъюнктерi Қазақстанның Едiл мен Жайық өзендерi аралығындағы бөлiгiн, Маңғыстау түбегiн, Ырғыз бен Торғай өзендерiнiң алабын, Есiл даласын, Ертiс маңы ойпатын, Кендi Алтайды және Қалба жотасын зерттедi. 1820—21 ж. экспедициялық зерттеулер нәтижесiнде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесiнiң табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлiмiнде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берiлдi. 19 ғ-дың 1-жартысында қазiргi Қазақстан аумағын зерттеушi экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейiнгi аралықта Г.С. Карелин өлкенi картаға түсiрумен бiрге әр түрлi аймақтардың (Каспий т. жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А.Гумбольдт өзiнiң Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесiнде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемдi еңбегiн шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейiн Қазақстан туралы жиналған геогр. деректер А.И. Левшиннiң “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кiтабында (1832) қорытындыланды. Бұл кiтап Қазақстанның жерi туралы берiлген алғашқы толық геогр. сипаттама болды. 1840—50 ж. аралығында Шығыс, Оңт.-Шығыс және Орт. Қазақстан өңiрлерiне Ресей ботанигi Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш—Алакөл ойысының шығыс бөлiгiне физ.-геогр. сипаттама бердi. 19 ғ-дың орта шенiнде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңiздерi жан-жақты зерттелдi. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерiнiң маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесiнде Бат. Қазақстанның жер бетi, геол. құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейдi. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классик. монографиясында Бат. Қазақстанды ландшафтылық-геогр. облыстарға бөлдi. 1856—57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бiрi — Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегi Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды. 19 ғ-дың 50—60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл. сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-геогр. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орт. Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды. 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдiң Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, т. ж-дың салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл бөлiне бастады. Жалпы геогр. зерттеулермен бiрге арнаулы геол., топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 1865—79 ж. аралығында А.Татаринов Оңт. Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары жүргiзiлдi. Қазан төңкерiсiне дейiн Маңғыстау түбегiн зерттеу жұмыстарының ең көрнектiсi — Н.И. Андрусовтың “Мангышлак” (“Маңғыстау”) атты еңбегi. Мұнда автор түбектiң тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгiлi болған барлық деректердi тұжырымдады. 1865—79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солт-н, Балқаштың оңт-н, Тарбағатайды зерттеп, Түркiстан аймағының алғашқы геол. картасын (1881) жасады. Онда бүкiл Оңт. Қазақстан өңiрi камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физ. географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан” (“Түркiстан”) еңбегiн жазды (1886—1906). Ол сонымен бiрге 1887 ж. Верныйдағы (қазiргi Алматы) зiлзаланың себебiн және зардаптарын зерттедi. 19 ғ-дың 90-жылдарында Сiбiр т. ж-н салуға байланысты Солт. Қазақстанда көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солт. және Орт. Қазақстанның геол. құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары (Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геол., топырақ тану, ботан., т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол. бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты геогр. сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. зерттеу жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi. 19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргiзiлдi, бiрақ мұнда метеорол. ст-лардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы бiркелкi болмады. 1898 — 99 ж. Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Геогр. қоғамының Бат. Сiбiр бөлiмшесiнiң тапсырмасымен Солт. және Орт. Қазақстанның iрi көлдерiне зерттеу жүргiздi. 1899 — 1902 ж. аралығында Берг Арал т-нiң гидрологиясын зерттедi. Нәтижесiнде Арал т. туралы бұрынғы түсiнiктер түбiрiмен өзгертiлдi. Бұрын бүкiл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш к-не дейiн созылып жатқан бiртұтас Арал — Каспий алабы болды деген ұғым терiске шығарылды. Өз зерттеулерiнiң нәтижесiн Берг “Аральское море” (“Арал теңiзi”) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерiнiң нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгiнгi күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осыдан кейiнгi жылдары Берг Балқаш к-н жан-жақты зерттедi. 20 ғ-дың басында қазiргi Қазақстан жерiнде топырақтану зерттеулерi етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушiлер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық еттi. Қазақстанның өсiмдiгiн зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сiңiрдi. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Iле тауларын, Iле өз. алабын, Iле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бiрi болып Тұран шөлiн жiктеп, онда шөлдiң саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерiнiң бар екендiгiн анықтады. Геоботан. зерттеулердiң iшiнде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетiсу Алатауында, Алтайда ботан. және геогр. зерттеулер жүргiздi. Ол бұл тау жүйелерiндегi өсiмдiктердiң таралуының бiрқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Бат. Қазақстанда жүргiзген геоботан. зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, шөл және дала белдемiнiң ауыспалы сипатта екендiгi туралы пiкiр айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттедi. Ол өз еңбектерiнде, әсiресе, өсiмдiк ассоциациясының жер бедерiмен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады. 19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоол. зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал т-дерiнiң фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиол. коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геол. уақытта Каспий мен Арал т-дерi арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң зерттеулерi геогр. тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы”) деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогр. аудандастырудың негiзiн қалады (Оңт. Қазақстанды қоса). Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушiлер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерiнiң тiкелей бақылаулары мен бұрынғы мәлiметтердi пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың геогр. таралуын жете түсiндiрдi. Сондай-ақ, олардың еңбектерiнде Қазақстанның жазық бөлiгiн аудандастыру мәселесi қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерiнде табиғат кешендерiнiң әр түрлi құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физ.-геогр. заңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелерi көтерiлдi. Қазақстан аумағының қазiргi физ.-геогр. бөлiнуiнiң негiзi Бергтiң “Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области” (“Сiбiр мен Түркiстанды ландшафтық және морфол. аймақтарға бөлу тәжiрибесi”) мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негiзiнде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфол. облыстарға бөлдi. Бергтiң аудандастыру туралы еңбегiнiң Қазақстан аумағы үшiн қазiрге дейiн ғыл. маңызы күштi. Қазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi Қазақстанның өндiргiш күштерiн соц. негiзде дамыту мәселелерiмен тiкелей байланыстырылды. Өнеркәсiп пен а. ш-ның дамуы табиғи қорлардың зерттелуiмен ұштастырылды. Әрбiр iрi құрылысқа байланысты геогр. ортаның элементтерi — жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геол. барлау кеңiнен етек алды. Топырақ және өсiмдiк түрлерiн зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елдi мекендердiң пайда болуына және одан әрi дамуына байланысты Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнiң климаттық жағдайы зерттелдi, су қорларын iздеу жұмыстары кең көлемде жүргiзiлдi. Дегенмен, республика жерiнiң геогр. зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлi болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерiлу қарқынына, ғыл. мекемелердiң жұмыс көлемiне байланысты болды. Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшiн Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсiресе, 20 ғ-дың 20-жылдарының ортасында елiмiзде халық ш-н қайта құру және соц. экономиканың негiзiн қалау кезеңiнде кең өрiс алды. Жеке облыс аумағын жүйелi және жан-жақты зерттейтiн ғыл. экспедициялар ұйымдастырыла бастады. Минералдық шикiзаттардың кеңiнен iздестiрiле барлануына байланысты Қазақстан жерiн зерттеушi ин-ттардың, геол. партиялардың және трестердiң (Сiбiр к-тi, Орт. геол. ин-ттың Сiбiр бөлiмi, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геол. барлау трестерi, Ауыр өнеркәсiп халкомының Қазақ геология-гидрогеол. басқармасы, т.б.) саны көбейе түстi. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автон. республикаларды зерттеушi арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 ж. Қазақ гидрометеорол. басқармасы ұйымдастырылды. 1932 ж. КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндiргiш күштерiн зерттеуге арналған конференция өттi. Бұл жағдай республикада жүргiзiлген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ғылым академиясының бөлiмшесiне айналды). Геол. зерттеулердiң басты мақсаты — елiмiздiң өнеркәсiбiне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орт. Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек еттi. Кен орындарының өнеркәсiптiк маңызын анықтай түсу үшiн Әулиеата уезiнде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солт.-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орт. Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геол. зерттеулер iске асырылды. Геоморфол. байқаулар Үстiртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргiзiлдi. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан “Материалы по гипсометрии Казахстана” (“Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер”) кiтабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берiлдi. Оңт. Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркiстан метеорол. ин-ты елеулi үлес қосты. Түркiстан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрдi. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың “Климатический очерк Казахстана” (“Қазақстанның климаттық очеркi”) еңбегi] жасалды. Қазақстандағы алғашқы гидрол. кешендi зерттеу жұмысы ретiнде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдiң (1926) еңбектерiн атауға болады. Бұлар Оңт. Қазақстан өңiрiнiң су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ғылым академиясының басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуi жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлiгiне бiрнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтiң “Краткий гидрографический очерк Казахстана” (“Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркi”) және “Гидрометеорологический очерк Казахстана” (“Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркi”) еңбектерiн баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерiнiң төм. ағысындағы көлдер зерттелдi. КСРО Геогр. коғамының Верный және Түркiстан бөлiмдерi Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiмен өтетiн лай тасқындардың себебiн анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңiрлерiнiң топырағын зерттеу кең өрiс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) бердi. Олардың жұмыстарында топырақ-өсiмдiк белдемдерiнiң сұлбасы жасалып жiктелдi. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетiсу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ғылым академиясының экспедициялары құрамында Герасимов Үстiрттiң, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттедi. Әсiресе, Герасимовтың еңбектерiнде (1928—30) бұл өңiрлердiң топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңiрдi физ.-геогр. аудандастыру жөнiнде құнды деректер берiлдi. Геоботан. зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жердi анықтау әрi оларға сипаттама беру мiндетi қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшiлiгi Бат. Қазақстанда жүргiзiлдi (И.В. Ларин). КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңiрдiң өсiмдiгiн зерттеуге елеулi үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жiбердi. Бұл саладағы зерттеудiң алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923—25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегiнде өсiмдiк жамылғысы географиясын түсiндiруге генетик. принциптi пайдалануды және физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулi үлес қосты. Өндiрiстi тиiмдi де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезiнде айқындала түстi. Алғашқы бесжылдық (1929—32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсiп және а. ш-ның барлық салаларының тех. базаларын жасау қарастырылды; ол үшiн республикадағы геогр. зерттеулердi кеңiнен және жан-жақты жүргiзу керек болды. Бұл кезеңде (1928—40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғыл.-зерт. мекемелерiнiң және жергiлiктi ғыл. кадрлардың көбеюiнiң нәтижесiнде Қазақстан жерiнде тұрақты бақылаулар жүргiзу жолға қойылды. Геол. барлау жұмыстары түстi және сирек металдар, көмiр, т.б. кен байлықтарының қоры жөнiнен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекшi орындардың бiрiне шығарды. Алтайдың, Орт. Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңiрлердiң геол. құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргiзiлдi. Климаттық және гидрол. жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюiне негiзделе жүргiзiлдi. Су қорларын зерттеу өрiстедi. Өндiрiс қажеттерiн өтеу және салынуға тиiстi гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшiн кейбiр жеке алаптарға кешендi зерттеулер жүргiзiлдi. Бұлардың нәтижесiнде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшiм каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдiң Балқаш-Алакөл алабы жөнiнде, Солт. және Орт. Қазақстан туралы “КСРО су қорларының анықтамасы” жинағының 13-томы, т.б. еңбектерi жарық көрдi. Арал т. мен Балқаш к-н жаңадан зерттеу басталды. Iле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциол. бақылаулар жүргiздi. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941—45) жалпы геогр. зерттеулер бiршама қысқарды, негiзiнен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерiлдi. КСРО ғылым академиясының Геогр. ин-тының көпшiлiк қызметкерлерi Алматыға көшiрiлiп, Топырақ тану және Ботаника ин-ттарымен және басқа жергiлiктi ғалымдармен бiрлесе отырып, а. ш-н өркендетудiң қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфол. карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлi зерттелдi. Солардың нәтижесiнде жердi тиiмдi пайдалануға нақты ұсыныстар берiлдi. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) iрi қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудiң геохим. тәсiлi жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетiн өтеуге катысты табиғат жағдайларының бiрнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзiнiң Қазақстан табиғаты туралы очерктерiн жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң Геогр. секторын белгiлi ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экон. ауданға бөлдi. Соғыстан кейiнгi жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңiл бөлiндi. Халық ш-н қалпына келтiру және одан әрi дамыту үшiн табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бiрнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал т-ндегi Барсакелмес аралының, Балқаш к-нiң оңт-ндегi шөлдiң, Жетiсудың геогр. жағдайлары зерттелдi. Республика аумағын физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргiзiлген зерттеу материалдары негiзiнде республика табиғатының басты кешендерiне тұжырымды сипаттама берiлген “Қазақстанның физика-географиялық очерктерi” (1952) жарыққа шықты. Қазақ КСР ғылым академиясының Геогр. ин-ты Қазақстан табиғатын зерттеудi одан әрi жалғастыра бердi, “Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама” (1950) жинақ кiтабын шығарды. КСРО ғылым академиясының өндiргiш күштердi зерттеу кеңесi игерiлуге тиiстi жаңа аудандарда кешендi экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикiзат қоры, Солт. және Орт. Қазақстанның минералдық шикiзат, гидроэнергет. және ормандық қорларын зерттедi. Тянь-Шаньда биiк таулық физ.-геогр. ст. құрылды. Республика жерiн геоморфол. зерттеу, әсiресе геоморфол. картаға түсiру iсi өрiстедi. Жер қойнауын зерттеу тәсiлдерiнiң бiрi — геол. картаға түсiру жалпы зерттеу процестерiнiң құрамына енгiзiлдi. Сөйтiп геоморфол. карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудiң негiзiне айналды. Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жердi игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелдi. Аңызақ жел, атмосф. қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетiнiң тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелдi. Осы зерттеулердiң деректерi негiзiнде “Қазақстан климаты” (1959) атты жинақ шықты. Гидрол. зерттеулердiң iшiнде республика көлдерiнiң жете тексерiлгенiн аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейiннен КСРО ғылым академиясының Көлтану ин-тына айналған көлтану лаб. мен Қазақ КСР ғылым академиясының геогр. секторының қызметкерлерi бiрлесе жүргiздi. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердiң физ.-геогр. жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелдi. Көлдердiң жалпы кадастры құрастырылды. Жер бетi суы қорларын зерттеу нәтижелерi тың және тыңайған жерлердi игеруге байланысты бiршама толықтырылды. Бiрнеше iрi гидрол. кешендiк зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректерi “Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель” (“Тың және тыңайған жердi өңiрлерiнiң беткi ағын қоры”), “Ресурсы поверхностных вод СССР” (“КСРО жер бетi ағынының қоры”) жинақтарына енгiзiлдi. Топырақ жамылғысын зерттеген әр саланың ғыл. және өндiрiстiк мекемелердiң қорытындылары көп томдық “Почвы Казахской ССР” (“Қазақ КСР-iнiң топырағы”) басылымында және бiрнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботан. және зоогеогр. зерттеулердiң жиынтық деректерi жарық көрдi. КСРО ғылым академиясының аэротәсiлдер лаб. Солт. Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудiң аэротәсiлiн белгiледi. Экон. география саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетiн бейнелейтiн кешендiк еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндiргiш күштердi тиiмдi орналастыруға, экон. аудандастыруға және экон. аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндiрiстiк кешендердiң қалыптасу мәселелерiне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдiрахманов, т.б.) жарық көрдi. Республика жерiн жан-жақты зерттеу нәтижесiнде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендiк атластары құрастырылды. Тың өлкесiнiң, Қарағанды, Қостанай, Солт. Қазақстан облыстарының бiрнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердiң кеңiнен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкiлодақтық 6-кеңесiнiң (1963) Алматыда өтуi әсер еттi. Арал маңы мен Жезқазған өңiрiнiң, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау обл-тарының ландшафтылық жағдайы зерттелдi. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том
Ағартушылықтың бастауы.XVIII ғасыр тарихында, әсiресе Еуропа үшiн өзгерiске толы болды. Бұл кезеңдi Ағартушылық дәуiрi деп атайды. Жаңа замандаадамдар өздерi өмiр сүрген әлемдi ретке келтiруге ұмтылды. Дiнге, құдайға сенушiлiк әлi де болса санада жеткiлiктi түрде күштi болғанымен, ол сенiм екiншi кезекке ығыстырылып, ал ақыл-парасатқа деген сенiм мен адамдардың данышпандық қуаты көптеген бiлiмдi адамдар үшiн жаңа дiн секiлдi болды.Олар қоршаған әлемдi — табиғат әлемi мен адамзат қоғамын ақыл-парасат, ғылым және тәжiрибе арқылы тануға ұмтылды. Ғылым-бiлiм жарық сәулесi тәрiздi бiлiм-сiздiк түнегiн сейiлтедi деп есептедi. Зиялы қауым қоғамдағы өмiр сүрiп отырған тәртiптерге сын көзбен қарай бастады. Бұл ұғымдар ағартушылық деп, ал бiлiмдi адамдар арасында үстемдiк құрған сол идеялар дәуiрi — Ағартушылық ғасыры деп аталды. Ол XVII ғасырдың екiншi жартысынан XVIII ғасырдың соңына дейiн созылды.Сол кездiң алдыңғы қатарлы адамдары өздерiнiң қабiлетiн ғылымда, бiлiмде, саясатта, қоғамдық iс-әрекеттерде, өнерде көрсетуге тырысты. Идеялары мен iс-әрекетi замандастары мен ұрпақтарының өмiрiне үлкен ықпал көрсеткен адамдарды ағартушылар деп атады. Ағарту ғасырының бiлiмдi адамы — бұл кiтаби мәдениетадамы. Оның өмiрiндегi бiлiм салт-дәстүрлерге қарағанда анағұрлым үлкен рөл атқарады. Ол уақыттың аса көрнектi өкiлдерi өздерiн ғылым, бiлiм беру, қоғамдық қызмет, өнер салаларында жарқын көрсеттi. Олар қоғамда өтiп жатқан оқиғалардың мәнiн ашуға және талдауға, табиғаттағы барлық үдерiстер мен құбылыстардысана, ғылым мен iс-тәжiрибелiк тұрғыдан зерделеуге ұмтылды. Олардың теориялық және iс-тәжiрибелiк еңбектерi ағартушылық еңбектер деп, ал олар өмiр сүрген уа-қыт — Ағартушылық дәуiрi деп атала бастады. Бұл ғасыр Еуропа елдерiнде жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастардың одан әрi дамуына қуатты серпiн бердi.
Тілеміш (Buteo rufinus)-күндізгі жыртқыш құстар отрядының қаршығатәрізділертұқымдасына жататын құс.Еуразияда,Солтүстік Африкада тараған. Қазаұстанның барлық аймақтарында кездеседі. Тілеміш шөлейтті,далалы аймақтарды,аласа таулар мен тау беткейлерін мекендейді. Қоразының қанатының ұзындығы 405-438мм, ұябасарыныкі-442-475мм, салмағы 1-1,5 кг. Түсі ақшыл реңді болса, арқасы сұр, қызғылт қоңыр, шұбар; құйрығы жолақсыз не солғын қоңыр жолақты; қанатысұр теңбілді. Ересек құстар күңгірт,қоңыр түсті, қанаты мен құйрығында көлденең қара сұр жолақтары болады. Көзі сарғыш не қоңыр,тұмсығы қара,балсірісі мен аяғы сары.Жаз бойы қауырсындары күнге күйіп,маусым ішінде басқа реңге ауысады.Әуеде қалықтап ұшады,ұшқанда қанатындағы ақ дақ жақсы көрінеді.Жерде жақсы жүреді,жыл құсы.Наурызда ұшып келіп,сәуірдің басында жартас пен құздағы (сирек ағаш басындағы) ұяға қара дақты 2-5 (негізінен 3-4)жұмыртқасын салады, оларды 40 күндей басады.Балапандары 40-50 ұша бастайды.Кеміргіштермен,ірі кесірткелермен ,жыландармен,майда құстармен,ірі жәндіктермен қоректенеді.Тамыздың аяғынан қазанның басына дейінгі аралықта жылы жаққа ұшып кетеді.Тілеміштер Орта және Оңтүстік Азияда,Африкада,кейде Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қыстайды.Пайдалы құс. ## Дереккөздер <энциклопедия/>
==Тоты көкнәр== (Көкнәрлер тұқымдасы)Қазақстанда кездесетін тоғыз түрдің ішіндегі ең кең тарағаны, таудың төменгі белдеулерінде Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі аралықта және Республиканың шөлді аймақтарында кездеседі.Ол сазды және құмды шөлдерде ,тастақты және қиыршық тасты жерлерде аласа таулардың беткейлерінде өседі. Оңтүстік облыстарға тән саз балшықтан құйған дуалдарда өседі. Біржылдық өсімдік. Көктемде гүлдейтін, көлемі мен қаулай өсуі көктем мезгіліндегі ауа-райына тығыз байланысты. Жаңбыр көп болған жылдары көкнәр қаптап кетеді,сабағының биіктігі 70 см-ге жетеді. Бұтағы көбейіп, гүлдеу мерзімі 1 айға созылады. Мұндай жылдары гүлдеген көкнәр үздіксіз бірнеше километрге дейін таралады. Шөлдерде ,тау арасындағы аңғарларда табиғатқа сән беріп тұрады. Алыстан қарағанда үлкен ашық қызыл түсті төсенішпен бүкіл алқапты жауып қойғандай көрінеді, құрғақшылық жылдары көкнәр өте аз және гүлдеу мезгілі қысқа болады, бұтақтанбайды. Бір немесе бірнеше гүл салады. Ауа -райы қолайсыз жылдары өте аласа, биіктігі бар болғаны 2-3 см, гүл мөлшері өзгермейді. Бұл түрдің сабағын қатты түк басқан, жапырағы қауырсын тәрізді бөлек сегметтерге бөлінген, тістері тарамдалған ұшында қылтанағы бар, желек саны төртеу. Бүршік кезінде олар бозғылт күлгін, жұмырлана тығыздалған. Ертеңгілік уақытта гүл ашады,екі тостағанша жапырақшасы түсіп қалаады, желектер бойларын түзейді.Олар ашық қызыл түсті, желектерінің түп жағы қою сия көк дақты анық қара жолақпен көмкерілген. Ашылған гүлдері үлкен (диаметрі 6 см-ге дейін), аталықтарының саны көп, өте жұқа, күңгірт жіпшелер және ұсақ тозаңқаптар көкшіл түсті. Көкнәр жәндіктермен тозаңданады, оларды гүлдердің ашық түсі және ашылған тозаңқаптардан желектерге себіліп қалатын көкшіл тозаңдардың көптігі тартады. Бір қызығы, ұсақ жәндіктер (шыбындар,жарғақ қанаттылар,ұсақ қоңыздар) тура желектерге қонады, ал үлкендері (аралар,кейбір қоңыздар) тура желектерге қонады. Пісіп жетілген жемістің пішіні сопақ, қабырғалы, жоғары жағы дөңгелек (диск) тісті,ұшын өте қатты қылтанақтар басқан. Тұқым саны көп, Ұсақ жеміс пісіп жетілген соң дискінің астыңғы жағынан пайда болатын арныйы тесік қуысы арқылы төгіледі. Көкнәрдің жер үсті бөлігінің құрамында алколоидтар бар, сондықтан ол құрғақ күйінде де, өсіп тұрған мерзімінде де улы. Құрамында 2-3% көкнәрі бар шөппен малдарды қоркетендіруге болмайды. Желектерінің пайдалы қасиеті бар. Халықтық медецинада көзді жууға, күн өтіп кеткенде (әсіресе балаларға), тері ауруларына қызылша, шешекке пайдаланады. Гүл жапырақшаларын жібек маталарды қарақошқыл, күлгін-сұр, қара түстереге бояуға және тәтті тағамдарды бояуға пайдаланады.<Қазақстан өсімдіктер әлемі/> ## Дереккөздер
Қызыл – Тарбағатай жотасының солтүстік бөлігіндегі тау сілемі. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылының оңтүстігінде 31 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2556 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 16 км-ге созылған, енді жері 6 км. ## Жер бедері Беткейі тік, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстігінен Орта Ласты (Ласты), оңтүстік беткейінен Терісайрық өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Кішіқожыр, шығысында Сарышоқы, солтүстігінде Қаршыға, оңтүстігінде Құтанашбай таулары орналасқан. ## Өсімдігі Тау беткейлерін негізінен таудың қара және қызғылт қоңыр топырақты дала ландшафтысы алып жатыр. Солтүстік беткейдің жоғарғы белдеуінде альпі шалғыны басталады. Оңтүстігі бұталы дала, тау етегінде жусан аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Тауаралық аңғарлары мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қызыл – Ащықақ (Тұздықақ) сорының солтүстік-шығысындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылының оңтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері 11 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 4 км. Солтүстігінде Мешітқұм, шығысында Қарағали, Қарабұдыр құмдары жатыр. ## Өсімдігі Құмды, сортаңды сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жүзгін, қияқ, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. Жер бедері жонды-белесті төбелерден тұрады. ## Дереккөздер
Джагир — әскери қызметi үшiн жекеменшiкке берiлген жер, оларды иеленушi әскери қызметкерлердi джагирлер деп атады.Аурангзеб падишах тұсында джагирлер саны көбейiп, олар падишахтың негiзгi тiрегiне айналды.Заминдар— жекеменшiк жер, оның иелерi заминдарлар меншiгiндегi жердi өңдеуге шаруаларды пайдаланды. Осы жерден алынған өнiмнiң 10%-ын өзiне қалдырып, қалғанын мемлекетке өткiзiп отырды. Заминдарлар өз иелiгiндегi жердi мұраға қалдыра алатын едi. Кейде олардың қолында салықтан босатылған жер иелiктерi де болды. Заминдарлардың шыққан тегi көбiнесе үндi ақсүйектерi болса, ал джагирдарлардың негiзi мұсылмандардан құрылатын едi.Инам— мџсылман дiнбасыларының меншiгiне берiлген жер. Олар салықтан босатылды. Уакф — дiни орындардың, яғни мешiт, медресе, дiни мектептердiң меншiгiндегi жер. Оларға да салық салынбады.
Протестант дiнiн ұстаушы елдерде ғылым мен дiн арасында қайшылық аса көп болмаған. Ал католиктiк елдерде ағартушылар мен шiркеу арасында елеулi келiспеушiлiктер болып тұрды. Францияда көптеген ағартушылар католиктiк шiркеуден қол үзiп, оларды сынға алды.Бұл ағартушылар, яғни құдайды жоққа шығарушыатеистер — дүниенi ешкiм жаратқан жоқ, ол мәңгiлiк және шексiз деп санады. Сонымен бiрге табиғат адамның санасынан тыс және тәуелсiз өмiр сүредiдейтiн ағартушылар материалистер болды. Францияда Поль Гольбах, Жюльен Ламетри, Дени Дидро, Клод Гельвеций сияқты аса iрi атеистер мен материалистер болды. Олар жанның өлмейтiндiгiне, дүниенi құдайдың жаратқанына, табиғаттан тыс күштердiң бар екенiне сенбедi, олар құдайғасенушiлiк табиғаттың барлық құпиялары ашылғанда өзiнен-өзi жойылады деп есептедi.ХVIII ғасыр ағартушыларын адамзат тарихының мәселелерi, оның даму барысы, өткен өмiр мен қазiргi заманның айырмашылықтары, оның себептерi, т.б. толғандырды.
Әнші. Шығыс Қазақстан облысының тумасы.Орта мектепті Күршім ауылынан бітіріп, 1992-1995 жылдар аралығында Семей қаласындағы музыкалық училищеде, 1995-1999 жылдары Алматы қаласьшдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында білім алды.С. Тұрысбековтің «Секеннің саз отауы» ансамбілінде, «Көпен келе жатыр» театрында, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінде, «Серпер» тобында өнер көрсетті. Республикалық «Қазақстан», «Хабар» телеарналары ұйымдастырған «Тамаша», «Алтыбақан», «Ән мен әнші», «Шаншар» бағдарламаларына қатысты. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында, Моңғол Халық Республикасының Баян Өлгий аймағында, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында өнер сапарында болған. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Баршынкент мазары Баршынкент-Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы орта ғасыр қаласы. Қақпасы батысқа қараған қала Сырдарияның сол жақ бетінде орналасқан. Сығанақ халқының Жошы әскерінен ұырғын тапқанын етсіген қала тұрғындары Жошы қолына айтарлықтай қарсылық көрсетпеген. Баршыкент туралы деректер әр қилы. Қорғанның ішінен құм басқан үш ірі құрылыстың ізі байқалған. Күйдірілген қышын жергілікті халық тасып кеткен. Қорғанның шығысында 400 қадамдай жердегі өзеннің кеуіп қалған арнасын Баршындария деп атаған. Қала маңына жақын жерде мазар бар. Мазар қорғанның батыс жағында, қала қақпасынан 280 қадамдай жерде орналасқан. Тұрған жері биік құм. Күмбезі бар мазар есігінің сыртындағы жазудың ("ғұммал жай лаһат"), яғни, "ғұммал" - тыныштық, "лаһат" - жалаңаш деген ұғым беретінін ғалым Ә.Қоңыратбаев оқыған.
## Ақын және домбыра Қазақ ұғымында ақын деген сөздің мағынасы кең. Академик Радловтың, профессор Мұхтар Әуезовтің айтуларына қарағанда ақын деген сөздің түпкі мағынасы «ағын», «ағылудан» шығуы ықтимал.Е. Исмайлов қазақ поэзиясында ақынды шығармашылық қызметіне қарай екі жікке бөлген. Бірі, өлеңді домбырамен суырып салып айтатын немесе жазып шығарса да жаттап әнге қосып айтатын импровизатор халық ақындары, екіншісі, оқыған, білімді, өлеңді жазып шығаратын жазба ақындар. Ал Әл Фараби болса ақындарды үш топқа бөлген. Ұлы ұстаз өлең жазатындардың үшінші тобын тума қабілеті де жоқ, жоғарғы екеуіне еліктеумен ғана жүретіндер деп атаған. [ 1, 17, 18б] Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жіті таныстырар асыл мұрамыз. Орыс ғалымы В.В. Виноградов: «Археологиялық олжалардың (қабырғадағы сурет, күйдірілген сазтерракта) ішінде кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын тұтынылған қос ішекті аспаптың бейнесі айрықша назар аудартады...Бұған бүгінгі күнгі ең тектес, ең жақын аспап ретінде қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузын жатқызуға болады» дейді. Бұдан домбыраның қазақ ұлты пайда болған кезде-ақ аспап болып қалыптасқандығы көрінеді. Домбыра өз бойына көптеген пәндік сапаларды жиыстырады. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов домбыраның екі ішегін қағып, әуен шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету – логика, күй сезімінің мәнін жеткізу – философия деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақтың көне заманының және қазіргі таңдағы күйшілердің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. [2, 109 – 112б] Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі.. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді ─ деген жолдары осыны айғақтайды. [4, 223 б] Қазіргі таңда домбыраның рөлі тек ДЭККО (жаңа компьютерлі домбыра) жүйесі бойынша ғана танымал әрі маңызды болып отыр. Халық әндерін домбыраға салып, сүйемелдеусіз орындау тек ескіліктің куәсі болған қауымның көңілінен шығады деген пікір бар. Қалай дегенде де домбырадан қазақтың қалпын, жүрегін, дала иісін, өзіндік ерекшелігін аңғарамыз. Қос ішекті домбыраның құдіреті кез келген халықты, ұлтты таң қалдырып, таңырқата білген. Қазіргі заман талабына сай ДЭККО жанры музыкалық мәдениетімізді өркендетуде зор ықпалын тигізуде. Бұл музыкалық жанрды жаһандастыруды композитор Жасарал Еңсепов енгізді. Біздің ойымызша, бұл жүйе дұрыс қабылданған, өйткені домбырамен күй шерткенде немесе ән салғанда оған қосымша музыка беріп тұрса, оның ешқандай артықшылығы жоқ екендігін айтады зерттеушілер.[2, 112 б] ## Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы домбыра бейнесі Ал енді қазақ ақындарының домбыраға көзқарасы қандай болды? дегенге келсек, Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында домбыра бейнесін былайша сомдайды.«Күйші» поэмасының қозғайтын негізгі мәселесі ─ қазақ күйлерінің, күй өнерінің ғажап сыр–сипатын, қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету. Кене ханды іздеп келіп, соның алдында күйшінің құйқылжыта тартқан ғажайып күй өнерін ақын тіл өнерінің төгілген әсем өрнектерімен тартымды бейнелейді. Күңіреніп «Асанқайғы» күй толғанды, Желмая желе жортып жерді шалды, Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды, Аралап, қоныс таппай күй зарланды. Бұл жерде табиғаттың бір сыры ашылады. Бір сыры дегеніміз ─ қазақ күйінің табиғат құбылысына тең келуі. Асан қайғының Желмаяға мініп Жерұйық іздегеніндей, алып күй қазақ даласын аралап, қоныс таппай зарланады. Бұл - күйші жігіттің бай қиял дүниесі, асқақтаған арманы мен шабытының көрінісі.Ақын күйші тартқан күйлерді поэзия тілімен шебер суреттей білген.. Алатау күй тындады ауылдай боп, Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп. Аңқылдап алтын жүрек домбырадан Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп. Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып, Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып. Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, Талдырып, тамшылатып, сығып сарқып. Мұнда ақынның суреттеу жағы басымырақ. Күйді ауылға, бауырға, жауынға теңеп, оның құдіретті күшін, үнін танытады. «Алатау күй тыңдады ауылдай боп» деген жолында «Алатау» сөзі жинақтау қызметін атқарады. Бұл ұғым нені қамтымайды: таулар, жоталар, ұсақ шоқылар. Осылардың бәрі бірігіп келіп, бір ауылдай ұйып, бар назарын төгіліп тұрған күйге аударғанын ақын шебер суреттейді. Үшінші жолында ақынның «алтын жүрек» домбыра деп алғаны аспаптың асылдығын күйшінің мәңгілік соғып тұрған жүрегі іспетті тамаша жеткізеді. Күйді адамша аңқылдатып, домбыраны алтын жүрекке балап эпитетті метафораны қолданған. Күйдің жазғы жылы жауындай боп құйып тұруы – оның естуге жағымды сыңғырлаған жылы үндей шертілуі. Міне, осы тұстан біз домбыраның бейнесін анық байқаймыз. Әрбір жолында ақын оқырманға эстетикалық әсер береді. Бұл әсерді тек адам ғана емес, Күңіренген бір мұңды күй даланы алды, Табиғат тыпа–тыныш бола қалды. Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп, Қамыстан жолбарыс та ыңыранды ─ деп, табиғат та осындай күй кешіп, күйдің бір ырғағын болсын сезіп, түсінгендей болған сәтті ақын көркем тілмен жеткізеді. Күйші тартып отырған күйдің толқыны бір мезетте жаңа толқынмен төгіле түседі. Жіберді бір мезетте қағып-қағып, Тасқындап тыңнан бір күй қосылды ағып. Байырғы тоқсан күйдің бірі де жоқ, Жаңа күй, жаңа жолмен кетті лағып. Бұл – жаңа күй – құмарлық күйінің тууы. Ол енді өзі бұрын тартып жүрген тоқсан күйдің бәрінен да айырылып, жаңа күй, қызға деген құмарлық күйін тудырады. Мұнда ақынның шертіп отырған күйімен қоса психологиясы да өзгереді. Өзгерген мінез өзгеше күйдің сарынын тудырады. Бұл жерде күйдің құрылымы да өзгереді. Міне, бұдан біз адам санасы өзгерген тұста күй ырғағы да басқа жолмен шертілетінін байқаймыз. [3, 175 - 231] ## Поэзиядағы домбыра бейнесі Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл–сәл кем бұра, Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ ─ домбыра! – деп, Қадыр Мырзалиев жырға қосқан. Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт, Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды ─ деп, Қадыр Мырзалиев сезім құбылуын, ішкі жан сырын білдірудегі домбыраның рөлін осылайша танытады. Домбырам, қоңыр қазым, аққуымсың! Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың! деп, Мұқағали Мақатаев мұңы мен шаттығының бәрі домбырада екенін үлкен эмоциямен жеткізеді. Бүл жерде ақындардың домбыраны суреттеу тәсілдері ұқсас. Екі ақын да аспапты, оның үнін құс пен жануарға балап суреттейді. Міне, осы тұста ақындардың суреттеу ерекшелігі байқалып, поэзиядағы домбыра бейнесі ашыла түседі. Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам, Бірі, ұлым, өзіңсің, Екіншісі – домбырам ... деп, Жұмекен Нәжімеденов ақындық жүрегінің домбыраға деген махаббатын білдіреді. Ұл баласын ұрпағым деп, ал домбыраны қазақ жұртының көзіндей аманат етіп қалдырып, өз ұлымен тең санайды. Есік қағам мен ылғи асыққаннан кешігіп, Қағам сонда күйменен махаббаттың есігін . Кекіліңнен сипамас бұрын сонда мен сенің Сипап көрем домбырамның қос ішегін кеш, ұлым! [8, 148 б] Бұл жерде ақын өз халқының символы – домбыра бәрінен қымбат екенін аянбай жырлайды. «Орыс сыншысы Белинскийдің қағидасынша, ақын өмірдегі құбылыстарды басқалардан бұрын тез сезеді. Өзі көріп сезгеніне сүйінуі де, күйінуі де шапшаң... Ол қазір өмірдегі бір көрген тамаша қызықты әсерге қуанып, шаттанып отыратын болса, ендігі бір кезекте өзіне жайсыз әсер еткен уақиғаны көріп, сезіп, ол күйінеді, ызаланады» дейді Е. Исмайлов «Ақындар» кітабында. [ 1,18 б] Жоғарыда берілген өлеңдерде ақындардың осындай ерекше қасиеті байқалады. Сүйінген немесе күйінген сәтте ақынның қамқоры домбыра болатынына көзіміз жетіп отыр. Ақындардың осы туындыларынан домбыраға, қазаққа деген ортақ мінезді көреміз. Әр ақын өз стилімен жырласа да, ой өрісі мен сезімі бір. Бақыт жайлы толғанам көп, Менің бағым – домбыра. Қалам ұстай білмесем – қайғырмас ем, ал, бірақ домбыра ұстай білмесем, күйдің мәнін, сүйсінбесем, әр ұғып, өлер едім, жүрегім қасіреттен жарылып ! деп, ақын Ж. Нәжімеденов толғанады. [11, 258 б] домбыраны шерте білмеген үлкен қасірет деп санайды. Ақынның жан-жүрегіне ыстық зат бірінші кезекте қағаз бен қалам болса, екіншісі – домбыра екенін айтады. Өйткені, домбыра қазақ жұртының көзі, тарихы, менталитеті, арманы, бақыты. ## Қазақ күйінің ерекшелігі. Поэзиядағы күйдің бейнесі Қазақ поэзиясында домбырамен қоса күй де жырланады. Жалпы күй туралы Құдайберген Жұбанов былай дейді: «Ескі жазба белгілердің ішінде бұл сөз ең әрідегі нұсқалардан, Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат» деген ХІ ғасырдан қалған кітабында ұшырайды. Бұл: «Ол көк» деген сөзді мысалға алып, оны «Ол ән салып тұр» деп аударды. Соған қарағанда қазақтың күй деген сөзі ол кезде көк түрінде болып, ән-күй мағынасында қолданылғандығы көрінеді. Күй туралы мағлұмат ХІV ғасырда жазылған кітаптардан табылады...»[5, 11б.] Бұл зерттеулер «күй» сөзінің ертеде пайда болғандығын және оның сол дәуірде қалыптасқандығы туралы деректер береді. Аталмыш сөз адамның күйін білдіретін шығарма болғандықтан солай аталуы мүмкін. Жалпы әр елдің музыкасы сол елдің мінез-құлқына лайық. Ал қазақ мінезін танытатын музыканың жанры – күй. Қазақ күйінің аса шебер, күрделі құрылысты, мұңды болып келуі халық арасындағы қиын дәуірді бейнелейді. Бұл тарихқа келіп тіреледі. Мысалы Құрманғазының «Кішкентай» күйі Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне арналған. Қолбасшы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің қару күшімен басылуы, рулардың ұзақ уақыт қудалануы Құрманғазының қанаушы тапқа деген көзқарасын өзгертіп, қолындағы қаруын халық игілігіне жұмсауына себеп болады. [6, 39 б] Шығарманың басы баяу басталып, одан соң шалқып, шарқып, өткір шертіле түседі. Соңында алдыңғы баяу сарын қайта оралады. Бұдан халықтың арман–мүддесі, күйініші, сағынышы, өкініші, қайғы–мұңы бір арнаға түсіп, бір ғана қазақтың қара домбырасынан күй болып төгіліп, біздің заманымызға тарих болып жеткендігін көреміз.Халық ақындарының өлеңдерінде күйге сыншылдық жиі байқалды. Ұлы Абайдың шығармасында осы музыка жанрының бейнесі ерекше. Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?! ─ деп, әуелі ақын сол заман жұртшылығының күйді ұға білмеуіне күйінуін білдірсе, Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің өсері бар, ─ деп ән мен күйге сын көзбен қарап, сарапшылық танытады. Ал, Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй! [9, 241 б] Деп, тек жақсы ән мен тәтті күй ғана жүрекке жететінін айта келе, әнді Абайша сүйіп, түсінуін талап етеді. «Күйлер – халық музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл – осы күнгі Еуропаның симфониясы тәрізді. Мұндай дәрежеге жету үшін халық музыкасы жақсы дамыған болуы керек. Сондықтан күйлерді қазақ музыкасының ең жоғары дамыған түрінің үлгілері деп білуіміз керек», ─ депті ғалым Қ. Жұбанов. [10, 107 б] Расында да, қазақ музыкасының үлкен әлемдік деңгейге жетуге мүмкіндігі зор. Домбыраның үні өмірдің әр түрлі құбылысын ашық суреттей алады. Ақындар домбыраны жырға қосқанда осы мақсатты көздеді. ## Домбыраның қазіргі таңдағы рөлі Домбыра қазақтың ұлттық аспабы, солай болып қала береді де. Ескіліктің көзі болып қалған аспапты қазіргі заман жастарының бәрі дерлік толық біле бермейді. Шетелдік музыкаға еліктеу, домбыра үнін жақтырмау халық арасында баршылық. Осы аспаптық өнерімізді өркендетуді үлкен мақсат деп алып, дамыту қажет. Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Қазақ домбырасы прозалық жанрда ғана зерттеліп, айтылып келсе, поэзияда оның мәні ерекше. Оған біздің ақындардың туындыларындағы аспаптың көркем тілмен суреттелуін талдай отыра көзіміз жетті. Міне, поэзиядағы оның суреттелуі – бойындағы тамаша сапаларды айшықты көрсетеді. Домбыра - төл мәдениетімізді шыңдайтын аспап. Мұқағали Мақатаевтың: Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң, Өнердің не екенін де білмес едім, - деген жолдарында ақын өнердің көзі домбыра екенін айтады. Яғни барлық өнер түрі домбырадан бастау алады, сондықтан да қазақтың ерекше мәдениетінің қасиетін түсініп, оның өркен жаюына осы ақындардың поэзия әлемін терең зерттеп, халыққа неғұрлым жиі таныстырып, жеткізіп отыруымыз керек деп ойлаймыз. Ойымызды түйіндей келе, «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта аллмасаң да қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызы жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген ─ тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді» [2, 112 б] деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзімен тәмамдағым келеді. ## Дереккөздер 1. Исмайлов Е. «Ақындар». – Алматы: «Жазушы», 1956. – 17 б. 2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004. - 109 – 112 б. 3. Жансүгіров І. 3-том, Алматы: «Қазығұрт», 2004. - 175 – 231 б. 4. Мырзалиев Қ. «Домбыра», - Алматы: «Жазушы», 1979. - 223 б. 5. Жұбанов Қ. (Құраст. Ақырап Жұбанов) – Алматы: «Өнер», 1990. – 11б. 6. Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі» - Алматы: «Жазушы», 1975. - 39 – 41б. 7. Нәжімеденов Ж. «Ұрпағым саған айтам» - Алматы: «Жазушы» , 1988. - 148 б. 8. Талжанов С. «Өткен күндер сөйлейді» - Алматы: «Жазушы», - 1979. – 242 б. 10. Сейдімбеков А. «Сонар» - Алматы: «Жалын», - 1989. – 107 б. 11. Нәжімеденов Ж. «Менің топырағым» - Алматы: «Жазушы», - 1985. – 258б. 12.Мақатаев М. «Жырлайды жүрек» - Алматы: «Жазушы», 1989.– 87 б. ## Ақын және домбыра Қазақ ұғымында ақын деген сөздің мағынасы кең. Академик Радловтың, профессор Мұхтар Әуезовтің айтуларына қарағанда ақын деген сөздің түпкі мағынасы «ағын», «ағылудан» шығуы ықтимал.Е. Исмайлов қазақ поэзиясында ақынды шығармашылық қызметіне қарай екі жікке бөлген. Бірі, өлеңді домбырамен суырып салып айтатын немесе жазып шығарса да жаттап әнге қосып айтатын импровизатор халық ақындары, екіншісі, оқыған, білімді, өлеңді жазып шығаратын жазба ақындар. Ал Әл Фараби болса ақындарды үш топқа бөлген. Ұлы ұстаз өлең жазатындардың үшінші тобын тума қабілеті де жоқ, жоғарғы екеуіне еліктеумен ғана жүретіндер деп атаған. [ 1, 17, 18б] Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жіті таныстырар асыл мұрамыз. Орыс ғалымы В.В. Виноградов: «Археологиялық олжалардың (қабырғадағы сурет, күйдірілген сазтерракта) ішінде кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын тұтынылған қос ішекті аспаптың бейнесі айрықша назар аудартады...Бұған бүгінгі күнгі ең тектес, ең жақын аспап ретінде қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузын жатқызуға болады» дейді. Бұдан домбыраның қазақ ұлты пайда болған кезде-ақ аспап болып қалыптасқандығы көрінеді. Домбыра өз бойына көптеген пәндік сапаларды жиыстырады. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов домбыраның екі ішегін қағып, әуен шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету – логика, күй сезімінің мәнін жеткізу – философия деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақтың көне заманының және қазіргі таңдағы күйшілердің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. [2, 109 – 112б] Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі.. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді ─ деген жолдары осыны айғақтайды. [4, 223 б] Қазіргі таңда домбыраның рөлі тек ДЭККО (жаңа компьютерлі домбыра) жүйесі бойынша ғана танымал әрі маңызды болып отыр. Халық әндерін домбыраға салып, сүйемелдеусіз орындау тек ескіліктің куәсі болған қауымның көңілінен шығады деген пікір бар. Қалай дегенде де домбырадан қазақтың қалпын, жүрегін, дала иісін, өзіндік ерекшелігін аңғарамыз. Қос ішекті домбыраның құдіреті кез келген халықты, ұлтты таң қалдырып, таңырқата білген. Қазіргі заман талабына сай ДЭККО жанры музыкалық мәдениетімізді өркендетуде зор ықпалын тигізуде. Бұл музыкалық жанрды жаһандастыруды композитор Жасарал Еңсепов енгізді. Біздің ойымызша, бұл жүйе дұрыс қабылданған, өйткені домбырамен күй шерткенде немесе ән салғанда оған қосымша музыка беріп тұрса, оның ешқандай артықшылығы жоқ екендігін айтады зерттеушілер.[2, 112 б] ## Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы домбыра бейнесі Ал енді қазақ ақындарының домбыраға көзқарасы қандай болды? дегенге келсек, Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында домбыра бейнесін былайша сомдайды.«Күйші» поэмасының қозғайтын негізгі мәселесі ─ қазақ күйлерінің, күй өнерінің ғажап сыр–сипатын, қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету. Кене ханды іздеп келіп, соның алдында күйшінің құйқылжыта тартқан ғажайып күй өнерін ақын тіл өнерінің төгілген әсем өрнектерімен тартымды бейнелейді. Күңіреніп «Асанқайғы» күй толғанды, Желмая желе жортып жерді шалды, Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды, Аралап, қоныс таппай күй зарланды. Бұл жерде табиғаттың бір сыры ашылады. Бір сыры дегеніміз ─ қазақ күйінің табиғат құбылысына тең келуі. Асан қайғының Желмаяға мініп Жерұйық іздегеніндей, алып күй қазақ даласын аралап, қоныс таппай зарланады. Бұл - күйші жігіттің бай қиял дүниесі, асқақтаған арманы мен шабытының көрінісі.Ақын күйші тартқан күйлерді поэзия тілімен шебер суреттей білген.. Алатау күй тындады ауылдай боп, Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп. Аңқылдап алтын жүрек домбырадан Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп. Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып, Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып. Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, Талдырып, тамшылатып, сығып сарқып. Мұнда ақынның суреттеу жағы басымырақ. Күйді ауылға, бауырға, жауынға теңеп, оның құдіретті күшін, үнін танытады. «Алатау күй тыңдады ауылдай боп» деген жолында «Алатау» сөзі жинақтау қызметін атқарады. Бұл ұғым нені қамтымайды: таулар, жоталар, ұсақ шоқылар. Осылардың бәрі бірігіп келіп, бір ауылдай ұйып, бар назарын төгіліп тұрған күйге аударғанын ақын шебер суреттейді. Үшінші жолында ақынның «алтын жүрек» домбыра деп алғаны аспаптың асылдығын күйшінің мәңгілік соғып тұрған жүрегі іспетті тамаша жеткізеді. Күйді адамша аңқылдатып, домбыраны алтын жүрекке балап эпитетті метафораны қолданған. Күйдің жазғы жылы жауындай боп құйып тұруы – оның естуге жағымды сыңғырлаған жылы үндей шертілуі. Міне, осы тұстан біз домбыраның бейнесін анық байқаймыз. Әрбір жолында ақын оқырманға эстетикалық әсер береді. Бұл әсерді тек адам ғана емес, Күңіренген бір мұңды күй даланы алды, Табиғат тыпа–тыныш бола қалды. Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп, Қамыстан жолбарыс та ыңыранды ─ деп, табиғат та осындай күй кешіп, күйдің бір ырғағын болсын сезіп, түсінгендей болған сәтті ақын көркем тілмен жеткізеді. Күйші тартып отырған күйдің толқыны бір мезетте жаңа толқынмен төгіле түседі. Жіберді бір мезетте қағып-қағып, Тасқындап тыңнан бір күй қосылды ағып. Байырғы тоқсан күйдің бірі де жоқ, Жаңа күй, жаңа жолмен кетті лағып. Бұл – жаңа күй – құмарлық күйінің тууы. Ол енді өзі бұрын тартып жүрген тоқсан күйдің бәрінен да айырылып, жаңа күй, қызға деген құмарлық күйін тудырады. Мұнда ақынның шертіп отырған күйімен қоса психологиясы да өзгереді. Өзгерген мінез өзгеше күйдің сарынын тудырады. Бұл жерде күйдің құрылымы да өзгереді. Міне, бұдан біз адам санасы өзгерген тұста күй ырғағы да басқа жолмен шертілетінін байқаймыз. [3, 175 - 231] ## Поэзиядағы домбыра бейнесі Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл–сәл кем бұра, Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ ─ домбыра! – деп, Қадыр Мырзалиев жырға қосқан. Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт, Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды ─ деп, Қадыр Мырзалиев сезім құбылуын, ішкі жан сырын білдірудегі домбыраның рөлін осылайша танытады. Домбырам, қоңыр қазым, аққуымсың! Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың! деп, Мұқағали Мақатаев мұңы мен шаттығының бәрі домбырада екенін үлкен эмоциямен жеткізеді. Бүл жерде ақындардың домбыраны суреттеу тәсілдері ұқсас. Екі ақын да аспапты, оның үнін құс пен жануарға балап суреттейді. Міне, осы тұста ақындардың суреттеу ерекшелігі байқалып, поэзиядағы домбыра бейнесі ашыла түседі. Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам, Бірі, ұлым, өзіңсің, Екіншісі – домбырам ... деп, Жұмекен Нәжімеденов ақындық жүрегінің домбыраға деген махаббатын білдіреді. Ұл баласын ұрпағым деп, ал домбыраны қазақ жұртының көзіндей аманат етіп қалдырып, өз ұлымен тең санайды. Есік қағам мен ылғи асыққаннан кешігіп, Қағам сонда күйменен махаббаттың есігін . Кекіліңнен сипамас бұрын сонда мен сенің Сипап көрем домбырамның қос ішегін кеш, ұлым! [8, 148 б] Бұл жерде ақын өз халқының символы – домбыра бәрінен қымбат екенін аянбай жырлайды. «Орыс сыншысы Белинскийдің қағидасынша, ақын өмірдегі құбылыстарды басқалардан бұрын тез сезеді. Өзі көріп сезгеніне сүйінуі де, күйінуі де шапшаң... Ол қазір өмірдегі бір көрген тамаша қызықты әсерге қуанып, шаттанып отыратын болса, ендігі бір кезекте өзіне жайсыз әсер еткен уақиғаны көріп, сезіп, ол күйінеді, ызаланады» дейді Е. Исмайлов «Ақындар» кітабында. [ 1,18 б] Жоғарыда берілген өлеңдерде ақындардың осындай ерекше қасиеті байқалады. Сүйінген немесе күйінген сәтте ақынның қамқоры домбыра болатынына көзіміз жетіп отыр. Ақындардың осы туындыларынан домбыраға, қазаққа деген ортақ мінезді көреміз. Әр ақын өз стилімен жырласа да, ой өрісі мен сезімі бір. Бақыт жайлы толғанам көп, Менің бағым – домбыра. Қалам ұстай білмесем – қайғырмас ем, ал, бірақ домбыра ұстай білмесем, күйдің мәнін, сүйсінбесем, әр ұғып, өлер едім, жүрегім қасіреттен жарылып ! деп, ақын Ж. Нәжімеденов толғанады. [11, 258 б] домбыраны шерте білмеген үлкен қасірет деп санайды. Ақынның жан-жүрегіне ыстық зат бірінші кезекте қағаз бен қалам болса, екіншісі – домбыра екенін айтады. Өйткені, домбыра қазақ жұртының көзі, тарихы, менталитеті, арманы, бақыты. ## Қазақ күйінің ерекшелігі. Поэзиядағы күйдің бейнесі Қазақ поэзиясында домбырамен қоса күй де жырланады. Жалпы күй туралы Құдайберген Жұбанов былай дейді: «Ескі жазба белгілердің ішінде бұл сөз ең әрідегі нұсқалардан, Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат» деген ХІ ғасырдан қалған кітабында ұшырайды. Бұл: «Ол көк» деген сөзді мысалға алып, оны «Ол ән салып тұр» деп аударды. Соған қарағанда қазақтың күй деген сөзі ол кезде көк түрінде болып, ән-күй мағынасында қолданылғандығы көрінеді. Күй туралы мағлұмат ХІV ғасырда жазылған кітаптардан табылады...»[5, 11б.] Бұл зерттеулер «күй» сөзінің ертеде пайда болғандығын және оның сол дәуірде қалыптасқандығы туралы деректер береді. Аталмыш сөз адамның күйін білдіретін шығарма болғандықтан солай аталуы мүмкін. Жалпы әр елдің музыкасы сол елдің мінез-құлқына лайық. Ал қазақ мінезін танытатын музыканың жанры – күй. Қазақ күйінің аса шебер, күрделі құрылысты, мұңды болып келуі халық арасындағы қиын дәуірді бейнелейді. Бұл тарихқа келіп тіреледі. Мысалы Құрманғазының «Кішкентай» күйі Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне арналған. Қолбасшы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің қару күшімен басылуы, рулардың ұзақ уақыт қудалануы Құрманғазының қанаушы тапқа деген көзқарасын өзгертіп, қолындағы қаруын халық игілігіне жұмсауына себеп болады. [6, 39 б] Шығарманың басы баяу басталып, одан соң шалқып, шарқып, өткір шертіле түседі. Соңында алдыңғы баяу сарын қайта оралады. Бұдан халықтың арман–мүддесі, күйініші, сағынышы, өкініші, қайғы–мұңы бір арнаға түсіп, бір ғана қазақтың қара домбырасынан күй болып төгіліп, біздің заманымызға тарих болып жеткендігін көреміз.Халық ақындарының өлеңдерінде күйге сыншылдық жиі байқалды. Ұлы Абайдың шығармасында осы музыка жанрының бейнесі ерекше. Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?! ─ деп, әуелі ақын сол заман жұртшылығының күйді ұға білмеуіне күйінуін білдірсе, Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің өсері бар, ─ деп ән мен күйге сын көзбен қарап, сарапшылық танытады. Ал, Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй! [9, 241 б] Деп, тек жақсы ән мен тәтті күй ғана жүрекке жететінін айта келе, әнді Абайша сүйіп, түсінуін талап етеді. «Күйлер – халық музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл – осы күнгі Еуропаның симфониясы тәрізді. Мұндай дәрежеге жету үшін халық музыкасы жақсы дамыған болуы керек. Сондықтан күйлерді қазақ музыкасының ең жоғары дамыған түрінің үлгілері деп білуіміз керек», ─ депті ғалым Қ. Жұбанов. [10, 107 б] Расында да, қазақ музыкасының үлкен әлемдік деңгейге жетуге мүмкіндігі зор. Домбыраның үні өмірдің әр түрлі құбылысын ашық суреттей алады. Ақындар домбыраны жырға қосқанда осы мақсатты көздеді. ## Домбыраның қазіргі таңдағы рөлі Домбыра қазақтың ұлттық аспабы, солай болып қала береді де. Ескіліктің көзі болып қалған аспапты қазіргі заман жастарының бәрі дерлік толық біле бермейді. Шетелдік музыкаға еліктеу, домбыра үнін жақтырмау халық арасында баршылық. Осы аспаптық өнерімізді өркендетуді үлкен мақсат деп алып, дамыту қажет. Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Қазақ домбырасы прозалық жанрда ғана зерттеліп, айтылып келсе, поэзияда оның мәні ерекше. Оған біздің ақындардың туындыларындағы аспаптың көркем тілмен суреттелуін талдай отыра көзіміз жетті. Міне, поэзиядағы оның суреттелуі – бойындағы тамаша сапаларды айшықты көрсетеді. Домбыра - төл мәдениетімізді шыңдайтын аспап. Мұқағали Мақатаевтың: Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң, Өнердің не екенін де білмес едім, - деген жолдарында ақын өнердің көзі домбыра екенін айтады. Яғни барлық өнер түрі домбырадан бастау алады, сондықтан да қазақтың ерекше мәдениетінің қасиетін түсініп, оның өркен жаюына осы ақындардың поэзия әлемін терең зерттеп, халыққа неғұрлым жиі таныстырып, жеткізіп отыруымыз керек деп ойлаймыз. Ойымызды түйіндей келе, «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта аллмасаң да қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызы жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген ─ тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді» [2, 112 б] деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзімен тәмамдағым келеді. ## Дереккөздер 1. Исмайлов Е. «Ақындар». – Алматы: «Жазушы», 1956. – 17 б. 2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004. - 109 – 112 б. 3. Жансүгіров І. 3-том, Алматы: «Қазығұрт», 2004. - 175 – 231 б. 4. Мырзалиев Қ. «Домбыра», - Алматы: «Жазушы», 1979. - 223 б. 5. Жұбанов Қ. (Құраст. Ақырап Жұбанов) – Алматы: «Өнер», 1990. – 11б. 6. Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі» - Алматы: «Жазушы», 1975. - 39 – 41б. 7. Нәжімеденов Ж. «Ұрпағым саған айтам» - Алматы: «Жазушы» , 1988. - 148 б. 8. Талжанов С. «Өткен күндер сөйлейді» - Алматы: «Жазушы», - 1979. – 242 б. 10. Сейдімбеков А. «Сонар» - Алматы: «Жалын», - 1989. – 107 б. 11. Нәжімеденов Ж. «Менің топырағым» - Алматы: «Жазушы», - 1985. – 258б. 12.Мақатаев М. «Жырлайды жүрек» - Алматы: «Жазушы», 1989.– 87 б.
Даналық – адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау. Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның, қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап, салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол- даналық философиясы. Оны біз Конфуцийден, Сократтан, Достоевскийден, Л. Толстойдан, Ыбырай мен Абайдан таба аламыз.Осы кезге дейін философиялық әдебиетте даналықты философияның өткен шағы деп қарау, сол себепті даналыққа көңіл бөлмеу орынсыз келеді. Даналық- философияның түпкі мәні. Даналықтың не екенін Сократтан сұрауға тура келеді. Оның ойынша , даналық деген дүниені, өзіңді басқаларды түсіну, бәріне де түсінікпен қарау. Философияның даналыққа байланысты тағы бір анықтамасы – түсінік. Геккельдердің философиясы рухты түсінуге бағытталса, К.Маркстың философиясы тарихты түсінумен байланысты. Қазақстан даналығының Кеңес дәуіріндегі диалектика, таным теориясы мен методикасы, даналық тарихы саласындағы Одаққа, Әлемге танылған еңбектері атап көрсетіледі, сонымен бірге ХХІ - ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі даналықтың басты бағыты, нысанасы - өзіне лайық және өзіне тән, халқымыздың төл мұрасы - даналыққа қайтып оралып, қайтадан даналық жолына түсу деген маңызды тұжырым жасалады. Даналықтың дарабоздығы қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнерден көрінеді.Әдетте, шешендік өнер – дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай – ақ халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне сондай сарамжал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар – форумдар болған. Мәселен, ежелгі Афин шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон, XIX – XX ғ. өмір сүрген орыс шешендері П.А.Александров, Ф.Н.Плевано, А.Ф.Кони, қазақ шешендері Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы және Әйтеке Бәйбекұлы, Сырым Датұлы даналықтың даңғыл жолымен саясаттың саңлақтары атанды. Сырым жас кезінде қасындағы жолдасымен Нұралы ханның үйіне сәлем бере барады. Хан үйінде Қараман тана Малайсары бимен әңгімелесіп отыр екен. -Балалар, аман ба ? – депті де, бұларды елемей, өздері сөйлесе беріпті.Сырым жолдасына дауыстап: -Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой, - дейді. Малайсары жалт бұрылып: Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без -Сырнайдай сайрап тұрған мына бала кім өзі? – деп жақтырмай қалады. Сонда Сырым табанда: -Ата тұрып, ұл сөйлесе, ержеткені болар. Ана тұрып, қыз сөйлесе, бойжеткені болар. Ата балаға көлденең тұрса, кері кеткені болар, - дейді. Малайсары Сырымның тапқырлығына риза болып: -Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, - деп қасына шақырып, "Бағың жансын !" - деп батасын береді. Содан бастап Сырым жөнінде " Датта бір бала бар, ақылы данаға парапар" – деген нақыл сөз тарайды.Қазыбек биге бір адам "Кім жақын, не қымбат, не қиын ?" – деген үш сұраққа жауап беріңізші деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен: Тату болса, ағайын жақын Ақылшы болса, ағайың жақын, Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын Алтын ұяң- Отан қымбат, Құт берекең – атаң қымбат, Аймалайтын – анаң қымбат. Асқар тауың- әкең қымбат Туып өскен елің қымбат Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын, Дәл осындай жағдайда, Пана болмас өз үйің Жазылмаса, дерт қиын, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын. Тентек болса, ұл қиын, Не істеріңді – біле алмай, Ашиды сонда бас миың. Кім жақын, не қымбат, не қиын дегенде – даналықтың мәні бар, даналықты керек қылатын сұрақтар. Жақындық, туыстық – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Адам кімге арқа сүйерін, кімге үміт артарын ойлағанда ең алдымен жақын – жуығын есіне алады. Қазыбек олардың жақындығына шарт қояды,егер тату болса, бауырмал болса деп. Билер мен шешендер сөздерінде ойдан шығарып топшылау жоқ, тәжірибені қорыту орын алады. Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың тапқырлығын, ақылдығын естіп жүрген шешен баланы қасына отырғызып, оған сұрақ қояды - Шырағым, дүние неге сүйенеді? Абай:-Дүние үмітке сүйенеді . Үміт адам баласының рухани тіректерінің бірі. Абайдың өзі де халқы өзгерер, түзелер, оянар деп көп үміттенді, халқына өлеңмен де, қара сөзбен де, жеке басының тәжірибесінен де жыр етіп әрекет жасады. Тауы қайтып туңілді де. Сонда да үмітін үзбеді.Жанқұтты: - Көздің көрмесі бола ма ? Абай: - Көз қабағын көрмейді , - дейді. Кейде адам аяғының астындағын көзінің алдындағыны көрмейді, былайша айтқанда, елемейді, мән бермейді. Алдымен адам алды- артын мұқият абайлап алуы керек. Сосын барып алыстағыға, биіктегіге көз тастауға болады, - деп жауап беріпті.Даналықтың қайнар бұлағы мақал – мәтелдерден де бастау алады. Қазақтың мақал- мәтелдерінің терең де бай мазмұнын, сұлулығын, тапқырлығын, шешендігін, жарасымдылығын шебер бейнелеп, жан – жақты ашып жүрген жазушыларымыз, баршылық. Солардың ішінен халық жазушысы М. Әлімбайды, ғалымдар Әсет Балғанбайұлын ерекше атап өтуге болады. Олар халық мақал- мәтелдердегі даналықты, тағылымды, тәлім - тәрбиені, өсиетті бүкіл жұртқа жеткізбек болып ат салысып келеді. Біз мақал – мәтелдерге философиялық тұрғыдан қарап, олардың философиясының мазмұнын алуға тырыстық. Сондай мақалдарға көңіл бөлсек. Адамға туған жерден қымбат ештеңе жоқ. Кім болса да, қайда жүрсе де, ол елін , туған жерін аңсап жүреді, барып топырағына аунап қайту, ауасын бір жұту ол үшін бір ғанибет көрінеді. "Ат айналып, қазығын табар" – деп тауып айтқан емес пе? Болмаса Туған жерді анам демей не дейін! Туған елді панам демей не дейін! Сол арқылы асқақ менің ән – жырым, Сол арқылы асқақ менің мерейім, - демек " Ер туған жеріне, ит тойған жеріне" – деп халық адамның елге,туған жерге деген ыстық сезімін дәл бейнелейтін. "Пәлен жерде пайда бар, өз жеріндей қайда бар!" деген мақалда да терең мағына бар. Бақ іздеп, табын көздеп адамдар жан- жаққа тіпті шет елге де кетіп жатыр. Табыс кілтін оларға кім әзірлеп қойды? Асан Қайғы ат сабылтып Жерұйықты іздеді, тапты ма? Жоқ. Әзір тұрған бақыт, табыс болмайды. Бәрі еңбекпен келеді. Қазақ жерінде, елімізде, ебін тауып еңбек еткен адамға бәрі табылады. Адам ең алдымен өз елін, туған жерін, өңдеп, көгерту керек. Кіндік қаны тамған жерге тер төгуі керек. Бұл оның адамзаттық борышы.Ежелден бері еңбек өнермен, біліммен өлшеніп келеді" Оқымаған бір бала, оқыған екі бала" деген мақал да философиялық тілде айтылады. Оқу, білім, өнер адамды өсіреді, өзгертеді, көзін ашады, бойындағы ұйықтап жатқан қабілеттерін оятады, күш- қайрат береді. Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі даналықтың биік өрісін, өзіндік сипатын танытады.Жыраулар поэзиясының дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Асан Қайғы өнернамалары айрықша әсер етеді. Жорық жыршысы Доспанбет жырау шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің өр тұлғасы, оның асқақ рухы, берік дәті, өмірлік мұраты танылады. Арғымаққа оқ тиді Қыл майқанның түбінен, Аймадетке оқ тиді Отыз екі омыртқаның буынынан, Зырлап аққан қара қан Тыйылмайды жонның уақ тамырдан. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкеріне айналдырған, ал Шоқан Уәлиханов, "Көшпенділер философы" атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы еді. Ешкімменен ұрыспа Жолдасыңа жау тисе Жаныңды аяп тұрыспа, Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Аса кеш те, қоя бер, Бұрынғыны қуыспа Кешіре білу кімнің қолынан келеді ? Өзіне де, басқаға да сенетін, адамдардың осал жерін білетін, шеті түзу, көңілі кең, өмірді түсінген адамдар ғана кешірімпаз болады. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерекшелінеді.Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы – даналықтың дүние танымы, адамдық табиғаты, этикалық қағидалары айқын аңғарылады. Даналық үрдістің өз еңбектеріні шеңберінде ұстаған ғұламалардың бірі – А. Құнанбаев. Ол - қандай тақырыпта сөз етсе де жеріне жеткізе жырлайтын зор талант иесі Абай махаббат мәселесін де үлкен шеберлікпен жыр етті. Өмір шындығына табанын нық тірей отырып, бұл мәселені кейде даналық асқақтық дәрежесіне шейін көтерді. Махаббатсыз - дүние бос, Айуанға оны қосыңдар. Қызықтан өзге қалсаң бос, Қатының, балаң – досың бар.Бұл өлең ұлы ақынның достықты жыр еткен барлық өлеңдерінің кілті. Абай кезіндегі, не өзінен бұрынғы қазақтың әдемілікке көзқарасынтарын тамаша түрде қорыта келіп, қандай әйелді әдемі деп білуге болады деген сұраққа жауап іздейді, оның жауабы" әдептілік, арлылық, адамгершілік" болады. " Біз надан боп өсірдік" деп Ыбырай өзін емес, халқын айтып отыр. Адам өзін бәсекеге, жарыста сынайды, көрсетеді. "Қазақтарға керегі – Ыбырайдың ойынша,- жалпы білім мен пайдалы өнер. Ыбырайдың "Өсиет " өлеңін де даналықтың, терең түсінігі нышанын айтады. Бәріміз бір адамның баласымыз, Жігіттер бір- біріңе қарасыңыз. Өмір деген бес күндік кетер өтіп, Атаң барған орынға барасыңыз "Бір адамның баласымыз" деген сөзі бүкіл адамзаттың өкіліміз деп түсінуге болады. "Оқу – білім бар жұртта" деген өлеңінде Ыбырай білімінің күшін жүзеге асуын, білімнен туатын әр алуан даналық ойларды кеше отырып елінің өркенді болып өсуін айтады. Даналықты философия үшін кездейсоқ, өткінші анықтама еместігі, керісінше, даналықтың болмысымен тығыз байланысты екендігі тиянақты дәлелденеді. Менің ойымша даналықтың маңызды жағы және көрінісі түсінік болып табылады. Айырмашылығы – ол табиғатты, қоғамды танумен айналыспайды; ол табиғаттану және қоғамтану ғылымдарының жетістіктерін талдап, түсінуге тырысады. Даналықтың мысалы – адам, адамның дүниеге қатынасы, адамның қарама - қайшылыққа, талас-тартысқа толы өмірі. Даналық ой кешу мен түсінікті керек ететін және олардың мүмкіндігін паш ететін мәселелер экзистенциалдық мәселелер қатарына жатқызылады. Ғылыми зерттеу жұмысында даналық түсінік мәселелер арқылы қазақ философиясына тура шығуға болатын, қазақ даналығының ерекшелігін, өзіндік сипатын даналық тарихындағы орнын, әлемдік даналықпен сабақтастығын дұрыс түсінуге болатыны жан – жақты дәлелденеді. Жұмыста даналық тарихы дәстүрден тыс, жаңаша даналық пен түсініктің қалыптасып, өрістеу тарихы ретінде қарастырылады; шығыс, батыс және қазақ даналығындағы көптеген ойшылдардың ілімдеріндегі еңбектеріндегі әдебиеттегі даналық пен түсініктің өміршең, озық үлгілері іріктеліп алынып, рефлексиялық тұрғыда талданады. Қазақ даналығын зерттеудің методологиялық дәйектері ретінде қазақ даналығына тән негізгі ерекшеліктер атап көрсетіледі: Даналық, түсінік, экзистенциалдық мәселелерді қарастыру (өмір мен өлім, жан мен тән, көңіл, ар – ұят, қарыз бен парыз, обал мен сауап, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен реніш, өкініш, қорқыныш,әдеп пен әдет т.т.), ақындар мен шешендер айтысы; суырып салып айту, адамды жұбату; сөйтіп қазақ әдебиетіндегі даналыққа зерттеуге жол ашылады.Ғылыми зерттеу жұмысындағы қазақ даналығы, ақын- жыраулар, би – шешендер, Ыбырай, Абай шығармашылығы жөніндегі ойлар, пікірлер бұдан бұрын жарық көрген зерттеушілердің пікірін қайталамайды, жалғастырып, толықтыра түседі. Діндегі, әдебиет пен өнердегі даналық пен түсінік мәселесі, өмірде орын алатын экзистенциалдар – сарқылмайтын тақырып бола берері сөзсіз. Сөзіміздің соңында Абайдың өлшейтұғын сөзіне құлақ түрейік. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Осы ойлардың сүйеніші–даналық пен түсінік. ## Дереккөздер 1.С. Сматаев " Қаз дауысты Қазыбек." Егемен Қазақстан 1991 ж. 16 қараша. 2."Бес ғасыр жырлайды" 1 том 26 бет 3.Ы. Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 73 бет 4.ҚыраубаеваА. " Ғасырлар мұрасы" Алматы 1988ж 5.С. Негімов "Ақын даналар" 6.Р. Бердібаев "Кәусәр бұлақ" 1989ж 7.Х. Сүйіншалиев "Қазақ әдебиетінің тарихы" Алматы " Санат" 1997 ж. 8.Билер туындыларындағы даналық жөнінде:Нысаналы А.Төле би.Егемен Қазақстан 1991 ж. 30 қараша 9.Абай тағылымы: Әдеби – сын мақалалар мен зерттеу. Алматы – 1986 ж. 10. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі Алматы 1986 ж. 11. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы Алматы 1988 ж. 12. М.Мағауин. Қобыз сарыны Алматы 1968 ж.
Анатолий Мубәрякзянович Ғаисин - 1952 жылы 12 маусымда РКФСР Бурятия Республикасының Улан-Удэ қаласында туған. Орыс. Әкесі - Гаийсин Мубарякзян Сабирович. Анасы - Ануфриева Любовь Ивановна, зейнеткер. М.И. Глинка Атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1976),концерттік орындаушы, педагог, халық аспаптар оркестрініңдирижері; М.И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттікконсерваториясының ассистентура-машықтануынан өткен(1978). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1997 жылдан). «Баянда ойнаудың прогрессивті мектебі» кітабының теңавторы (1988), жинақтарда жарияланған оқыту әдістемесімен орындау теориясы мәселелері бойынша мақалалардың авторы. Орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. 1969 жылдан - Улан-Удэ қалалық №2 музыка мектебініңоқытушысы. 1971 жылдан - М.И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясының студенті. 1976жылдың қыркүйек айынан - Улан-Удэ қалалық музыкаучилищесінің оқытушысы. 1976 жылдың қараша айынан М.И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында ассистент-машықтанушы. 1978 жылдан - Жамбыл қаласындағы облыстық филармонияның солисі,сонымен бір уақытта Жамбыл қаласындағы Д. Нұрпейісоваатындағы БММ оқытушысы. 1980 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттықконсерваториясының аға оқытушысы, доценті, профессоры. 1983-1990 жылдары - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солисі, Жамбыл атындағыҚазақ мемлекеттік филармониясының солисі. «Әлем кубогы» халықаралық конкурсының лауреаты (Гамбург, 1982). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығыныңлауреаты (1988). 1-ші Бүкілодақтық баяншы-аккордеоншылар конкурсының дипломанты (Новосібір, 1979). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1993). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өте жақсы». Хоббиі - тау шаңғысы. Сүйіп оқитын әдебиеті - О. де Бальзак, Б. Пастернак. Үйленген. Жұбайы - Гаийсина Ольга Михайловна. Қызы - Гаийсина София (1977 ж.т.); ұлы - Гаийсин Дмитрий (1987 ж.т.). ## Дереккөздер
Ертекші - бұрыннан белгілі ертектерді жадында сақтап, тыңдаушыға көркем тілмен, тартымды етіп айтып беретін немесе өз жанынан да ертегі шығаратын адам. Фольклордың қара сөзбен айтылатын эпикалық жанрларының бір түрі - ертегінің алуан үлгілері ел ішіне көненің сөзін көп білетін ертекшілер арқылы тараған. Әр ертекші өзінің білім өрісіне, өмірлік тәжірбиесіне, сөзге ұсталығына орай, ертегіге өзінше көркемдік өрнек дарытады. Ертегілерді адамгершілік, жақсылық-жаманшылық туралы неше алуан терең ойлар, тапқырлық нақыл-ақылдар, өнеге-өсиеттерді ертекшінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қалдырған мұрасы. Алғашқы қауымдық кезңдегі ертекшілер алуан түрлі наным-сенімдерді, мифтік әңгімелерді жадында сақтап, кие тұтаты адамдар болған. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Азубаев Ғибрат - әнші, хореограф. ## Өмірбаяны Абай ауданының Қарауыл ауылында туған.1983 жылы орта мектепті бітіріп, осы жылы Шымкенттің Әл-Фараби атындағы өнер институтына түскен. 1987-1989 жылдары әскер қатарында азаматтық борышын өтеген соң Ленинградтың (Санкт-Петербург) мәдени-ағарту институтында оқуын қайта жалғастырып, 1991 жылы бітірген.Жолдама бойынша Ташкент қаласындағы «Бахор» мемлекеттік би ансамблінде жұмыс істеген. 1991 жылдан Абай ауылына келіп, «Бал-дәурен» балалар ансамблін құрып, «Қаламқас» ансамблінде балетмейстер, көркемдік жетекші болып еңбек етті. «Көңіл толқыны», «СОНАР», «Сельские зори», «Балдәурен» ансамбльдерінің құрылуына атсалысып, осы ансамбльдермен бірге 18 мемлекетті аралап, Еуропада, Қытайда, Кубада өнер көрсеткен. 1993 жылы жаңадан ашылған Абыралы ауданына арнайы шақыртумен барып, ансамбльдер құрып, мәдениет бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Қазір Санкт-Петербургтегі «Солнечный круг» үлкен фестивалін өткізу қоғамының Азия аймағы бойынша жауапты мүшесі. ## Жетістіктері 1994 жылы Қытайда, 1995 жылы Түркияда өткен «Навруз» дүниежүзілік түркі тілдес халықтардың фестиваліне қатысып, Гран-приді жеңіп алған. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. ↑http://kitaphana.kz/
Байкенже Әбекұлы Белбаев (1951 жылы 19 қазанда Аягөз қаласында дүниеге келген) — театр және кино актері, каскадер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2003). ## Өмірбаяны Алматы эстрада-цирк студиясының акробатика-гимнастика бөлімінде білім алған. Щепкин атындағы Мәскеу театр училишесінің актерлік факультетін бітірген (1974). 1974 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының актері. ҚазКСР Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан). ## Рөлдері Актердің режиссер М.Кәрібозовтың «Сағым» фильміндегі бас кейіпкер, Б.Қалымбетовтің «Сардар» картинасындағы қалмақ колбасшысы, Р.Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі есепші Тойбай, С.Тәуекелдің «Махамбеттің семсері» картинасындағы хорунжий Ықылас, ресейлік режиссерлер Е.Кончаловскийдің «А»-ға қайта оралу», Э.Оразбаевтың «Афалинаның қарғуы» фильмдеріндегі кейіпкерлері экраннан жарқырай көрініп, көрермен көңілін баурап алған бейнелер. «Афалинаның қарғуы» фильмінде бас кейіпкерлердің бірінің бейнесін сомдап, қос қанатты қырандай актерлік шеберлік пен каскадерлік өнерді қатар меңгергенін көрермен қауымға паш етті. Бұл туынды 2010 жылы сәуір айында Мәскеуде өткізілген детективті фильмдердің XII фестивалінде «Көркем детектив фильм» саласы бойынша бас жүлдеге ие болып, сол жылы желтоқсан айында Киевте өткізілген «Алтын Георгий» фестивалінде «Үздік сценарий үшін» санаты бойынша жеңімпаз атанды. Байкалдың өнерін ресейлік режиссерлер жоғары бағалайды. Қазір ол Семей полигонында сутегі бомбасын сынақтан өткізудің зардабы туралы Павел Чухрайдың «Мәскеу-400» деп аталатын картинасына түсіп жатыр. ## Отбасы Әкесі - Белбаев Әбек, марқұм, қызметкер болған. Анасы -Белбаева Мүкім, марқұм, үй шаруасымен айналысқан. Үйленген. Жұбайы - Белбаева Гүлзия, актриса, дубляж және дыбыстау режиссері. Қызы - Маржан (1974 жылы туған);ұлы - Біржан (1979 жылы туған). ## Жеке өмірі * Қазақ және орыс тілдерін біледі. * Әскери атағы - сержант. * Діни көзқарасы - атеист. * Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә.Назарбаев. * Хоббиі - спорт, музыка. * Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар. ## Дереккөздер
Ынтықбаев Еркен-композитор, продюсер. ## Өмірбаяны 1960 жылғы 2 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген.1974 жылы музыка мектебінін фортепьяно сыныбын бітірген. 1974-1979 жылдары музыкалық училищеде, 1979-1985 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда білім алды. 1985 жылдан Қазақ мемлекеттік облыстық филармониясының жанындағы «Арқас» тобында, 1987 жылдан «Дос-Мұқасан» тобының, 1989 жылдан «Арай» тобының құрамында музыкант болды. 1999 жылдан Т.Жүргенов атындағы академияда, К.Байсейітова атындағы мектепте ұстаздық етті.1997 жылы «Мэри Лонг», 1998 жылы «Аян» топтарын құрды (бұл топтар республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, байқаулардың жүлдегері атанды). Бірнеше деректі фильмдерге музыка жазды. ## Шығармашылық жұмыстары «Анажан», «Алматым-Астанам», «Жерім - жаннатым», «Қазақ елі», «Жұлдызды жылдар», «Ертегіге - ертеңіме сенемін», «Арманға арнау», «Күлімдеген көздер», «Анық-қанығым», «Алтын сағым», «Қара маған, қара», «Бұлбұл сайрасын», «Арман-ай», «Ән қанатым», «Алматым менің», «Ақ ордам - Астанам», «Мәңгі іздеймін», «Өмірде мына сен барсың», «Закон разлук», «Белый стих», «Королева», «Цветы», «Я тебя люблю», тағы басқа да көптеген әндердің; «Жанель», «Анель» фортепьяноға арналған пьесаларының; «Откровение», «Прикосновение», «Моим друзьям» аспаптық шығармаларының авторы. ## Жетістіктері 1974 жылы Алматы қаласында өткен республикалық пианиношылар байқауының иегері, 2001 жылы «Алтын диск» жүлдесінің «Ең үздік ән» аталымы бойынша «Қазақ елі» әні үшін жеңімпаз атанды. 2005 жылы «Алматы туралы ең үздік ән» байқауында «Алматым менің» әні үшін дипломға, 2007 жылы Астана қаласының 10 жылдығына арналған байқауында «Ақ ордам - Астанам» әні үшін арнайы сыйлыққа ие болды. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. ↑http://kitaphana.kz/
Ани (арм. Անի, түр. Ani, лат. 'Abnicum', груз. ანისი — «Аниси») — орта ғасырдағы қамал. Армянның Камсаракани әулетінің князьдары тұсында салынған . Гүлденуі кезеңінде 100 мыңнан астам тұрғыны бар "1001 шіркеуі бар қала" атағымен белгілі болған. Қаланың қираған қалдықтары қазіргі Түркияның шығысында Ахурян өзенінің жағасында тұр. Карсктан 42 км қашықтықта. ## Географиясы Координаттары: 40°30′ с. е. 43°34′ ш. б.40.500° с. е. 43.567° ш. б. / 40.500; 43.567 Теңіз үстіндегі деңгейі - 1338 м. ## Тарихы * Қаланың негізі ежелгі замандарда салынған. * V—VIII ғ. — бастапқы кезде Камсаракани князьдары билеген. Сонан кейін Баграти әулетіне көшкен. * 961 — Ашот III тұсында Ани қаласы Арменияның астанасы болады. Ани ірі саяси, экономикалық, мәдени және сауда орталығына айналады. * 1045 — қала Византияның билігіне көшеді. * 1064—1072 — Түрік-салжұқтар шабуылынан қала талқанданып қалады. * 1072—1124 — Шеддадидтар қаланы басып алды * 1124—1126 — грузиндар басып алуы * 1161—1163 — грузиндар басып алуы * 1163—1174 — салжұқтар басып алуы. * 1174—1177 — Иване Орбелиан басып алып Грузиямен бірігуі (1177—1185), Георгия III патшалығының тұсында. * 1185—1199 — Шеддадидтар басып алды. * 1199—1236 — Закарянның басшылығы. Арменияның орталығы. * 1236 — монғолдардың шапқыншылығынан кейін қала болудан қалған. * 1319 — қатты жер сілкінісінен қираған. * XIV ғ. — Қара Койунлу түрікмен әулетінің астанасы. * XIV ғ-дың соңы — Темірлан әскері басып алып, қала өз мәдени және экономика орталығы деңгейінен айрылады. * 1534 — Осман империясының құрамына кіреді. * 1878—1917 — Сан-Стефан бітім шарты бойынша Ресей империясының құрамына кіреді. ## Қазіргі жағдайы Ани - орта ғасырлық ескерткіштерге бай. 1892-93, 1904-16 жылдары жүргізілген архиологиялық қазбалар мұндағы Баграти сарайын, Ахурян өзеніндегі көпірді, мейрамхананы, мұнаралы дуалдарды, тұрғын кварталдарды, көптеген шіркеулерді т.б. құрылыстарды ашты. ## Астрономияда Ани қаласының құрметіне 1914 жылы орыс астроном Григорий Николаевич Неуймин ашқан астероидты атаған. ## Галерея * widths="160px" * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * widths="1000px" * ## Дереккөздер
## Қарқаралы петициясы Отаршыл өкімет билігінің атынан ірі көлемді мазмұнды петициялардың бірі.Петицияның мәтіні: * ) Қырғыз халқының аты мұсылман қырғыз деп аталып әскери міндеттен босатылсын. * ) Қырғыздарды Орынбордың рухани жиналысына бағындырып, 1868 жылға дейінгі ережелерді қолданып, қазан мұсылмандарының тәртібіне сәйкестендіру керек. * ) Қырғыздарға мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын. Ол жерлерде арабша, парсы және түрік тілінде сабақ беруге, газет және кітаптар шығаруға баспахана салуға рұқсат берілсін. * ) Қырғыз халқын басқаратын адам қырғыз тілін білулері міндетті. Оларды тағайындау немесе орнынан алу мәселесі қырғыз қоғамының өкілінің таңдауымен болуы шарт. Бүгінгі шаруа бастықтарының орнына халықтың арасын бітістірушілерді заңдандыру керек. Бұл қызмет қырғыздардың ішінен жеткілікті білімді қырғызды тағайындау қажет. * ) Барлық қырғыз істері қырғыз диалектісінде жүргізілуі міндетті. Хат жазушы, күзетші, хаттарды таратушылары тегіс тек қырғыз тілін білетін адамдардан тағайындалсын. * ) Болыс басқарушысы, халық соты, ауыл старшындары және сайлауға қатысушылар бүгінгі ережеге сай жүргізілсін. Бұл қызметтегі адамдар өздері сауатты адамдар болуы, олар ол қызметке кірісер алдында өз қызметінде заңсыздыққа жол бермеу үшін ант берулері керек. Олардың бұл қызметтен кетуіне тек халықтың көпшілігі дауыс бергенде ғана рұқсат етілсін. * ) Бөлімшелік ара бітістірушісі қырғыз тілін білсін, сонда аудармашының қажеті болмайды. * ) Тергеу жұмысы жүріп жатқан кезде айыпталушы жағынан қорғаушы қатыссын. * ) Округтік соттың жанында сот ісіне қатысып отыратын қазы болуы шарт. * ) Тергеусіз және соттың шешімінсіз әкімшілік жолымен жер аудару тыйылсын. * ) Қырғыздың халық соты – Заң министрлігіне ғана бағынсын. * ) Халық сотынан, бидің билігінен алып, мұрагерлікті толығымен молда мен шариғатқа бағындырсын. * ) Сайлаудан өткен қызмет орнын бекітерде әскери губернаторға ұсынбас бұрын сайлауға қатынасқан бастықты бекітуге жіберілгелі отырған адамды Ахунмен ақылдасуы тиіс. * ) Қырғыз халқынан өз ерліктерімен беретін садақа мен айыпталғаны үшін түсетін қаржы әкімшіліктің нұсқауымен емес, халықтың өзі бөлгендері дұрыс болар еді. * ) Ертіс бойындағы жерлер ерте заманнан қырғыздардың ата қоныстары болып есептелген, кейіннен әскерлердің пайдасына берілді. Сондай-ақ басқа мәртебелінің кеңсесіне қарасты қырғыздардың пайдалануына берілген жерлер сол қырғыздарға ата қонысы ретінде мәңгілікке берілсін. * ) Қырғыздардың қыстаулары және жаз жайлаулары бұрынғы салт бойынша олардың меншігінде қалуы тиісті. * ) Қырғыздың таулы даласында ашылған қазба байлықтары олардың өз меншігі болуы, ол жерде салынатын заводтар қырғыздардың өзінікі болып есептеледі. Егер де олар өздері оны өндіруден бас тартса, сонда ғана басқа адамдарға жалға беруге болады. Бірақ олар әр десятинасына жалдау ақысын төлеулері тиіс. * ) Қырғыздар ағаштарды қажетке жарату, балық аулау тағы басқада құқықтарға рұқсат етуді талап етеді. * ) Қырғыздар тұрған жерлерге таяу орналасқан тұзды және балығы бар көлде солардың меншігіне қалдырылсын. Ол көлдерді жалға беру уездің өкілдерінің сенімділерінің біріне тапсырылсын. * ) Тұзды және балық аулайтын көлдердегі жалға беруден түсетін қаржыны бүкіл уездің қажетіне жұмсау үшін арнаулы салым-қаржы депозит есепшотын ашу керек. Қоғамның келісіміне сәйкес, бұл қаржы астық қорын дайындауға жұмсалады. * ) Қырғыз халқының діни адамдарын қамтамасыз ету қазан мұсылмандарымен теңелуі тиіс. * ) Қажылыққа баруға шек қойылмасын, еркіндік берілсін. * ) Қажылыққа барған кезде билет-паспортпен пайдалану тәртібі православдықтармен бірдей дәрежеде болсын. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. * ) Қырғыз халқының ішіне миссионерлердің баруына тыйым салынсын. * ) Қырғыздардың, әсіресе, кәмелетке толмаған жастардың басқа дінге өтуіне тыйым салу керек. Ал басқа діннен мұсылман дініне өтемін деушілерге егер олар сауатты болса рұқсат ету керек. Христиан дініне өткендер болса ескі салтты орындауға мәжбүр етілмесің. * ) Некеге отыру немесе айырылысу мәселесін губернатор мен уез бастықтарының қарамағынан шығару керек. * ) Әкімшілік мұндай іске кіріспесін, ешқандай мәлімет сұрамасын. * ) Мешіт пен медресенің пайдасына «Вакуф»қа рұқсат етілсін. * ) – * ) Қырғыздар православниктер сияқты империяның қай уезінен, облысынан, губерниясынан болмасын жер алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерде істеуге құқығы болсын. * ) Діни адамдар православяндар сияқты құрметті болсын. * ) Мектептерде міндетті түрде мынадай шарт орындалуы керек: Алдымен, қырғыз оқушыларына мұсылманның діни сабақтары оқытылады, кәмелетке жеткендерге діннің бес негізгі шартынан сабақ беріледі, ал одан кейін ғана орыс тілінен сауатын ашу сабағы жүреді. Мектепті бітіргенге дейін мұсылман діні сабағы негізгі болып есептеледі. * ) Мектептерде христиан діні туралы сабақ оқытылмасын. * ) Таяудағы бастықтардың қоластындағы қырғыздар туралы жоғарғы бастықтарына өсек, мәлімет жеткізу олардың ісіне қарсылық көрсете алатын қырғыздарға хабарлау міндеттелсін. Өйткені осыған дейін қырғыздар туралы мәліметтерде: қырғыз – ұры, қырғыз – пәлеқор, қырғыз – өтірікші, қырғыз – жалқау тағы басқада теріс ой тудыратын өсектер арқылы қазақтың байлары мен кедейлерінің арасына от жақты. Шындығында, патшаның қоластындағы – халықтың ішінде қырғыз халқы көнбіс-күй талғамайтын, шыдамды, бәрін кешіре білетін, кек сақтамайтын, өте жоғары дәрежеде қарапайым шын ықыласымен патшаға бағынған, әркезде оның діни әрекеттеріне ғана қарсы шығатын халық. * ) Жаңа ереженің жобасын жасап жатқан жиынға қырғыздардың өкілетті депутаты қатынасуы керек. * ) Қырғыздар туралы мәселе мемлекеттік кеңесте қаралғанда қырғыздың депутаты қатынасуы шарт. * ) Жоспарланған жоба 100 жылға бекітілсін. * ) Соңғы 20 жылда қырғыздардан тартып алынып, жер аударылғандарға берілген жерлер қырғыздардың басшыларына қайтарылсын. * ) Ал олар салған құрылыстардың құны Земствоның қаржысынан қайтарылсын. * ) Өткен патшалар сыйлаған, кейіннен тартып алынған жерлер ата қоныстардың иесіне қайтарылсын. Бұл жерлер қазынаныкі немесе жекеменшіктікі болады. * ) Ұлы – тақсыр император салғызған бұрынғы мешіттер мен медреселер ескірді. Оларды жөндеуден өткізу керек немесе жаңадан салу қажет. Сол арқылы біздің ұлы монархқа деген құрметті күшейтеміз. * ) Түземдік әкімшіліктерде өзара қырғыздардың арасында жауласу болмас үшін төмендегілер орындалсын: «Егер бір болыстың партиясына қарсы жағы ашуланса, онда сайлауға түсетін жаңа қызметкерді басқа көршілес болыстың адамымен ауыстыруы қажет. Сайлану құқығынан айырылғандармен сайланушының саны теңелсін. Сайлауға түсетіндер жеребеге сәйкес тең мөлшерде әрбір болыстан шақырылсын. Бұл съезде партияға бөлінген болыстан ешкімді кіргізбеу қажет. Сайлауға шақырылғандарға жұмсалған шығынды партияға бөлінген жақтарына төлетуді бастығы шешсін.Сайлауға түсетіндердің ісімен бастығы ол сайлауға түспей тұрып, танысуы керек. Съезге ол партияның жақтаушылары да қатыстырылмасын.Мұндай бөлінгендерді болдырмау бөлімшенің бастықтарының және Ахунның міндеті. Сайлау кезінде Ахундарда қатынасулары қажет. * ) Ұрлық және тағы басқа да лайықсыз істерді халық сотының төтенше съезінде қарауға жүктеген дұрыс. Оны түрмеге жабу құқығын азайтып, жер аудару құқығын көбірек қолданатын құқық берілсін. * ) Төтенше съезді жылына бір рет шақыру құқығы берілсін. Съезді өткізетін жері, уақыты және қанша күні бөлімшелердің бастықтарының жиналысында белгіленсін. Бұл съезде бастықтары және Ахуны қатынассын. * ) Бидің, болыстың съезді 100 рубльге дейінгі істі шешсін, үш айға дейін тұтқындау құқығы болсын. Өйткені келіспейтін жағы істі төтенше съезге беруіне уақыт керек. * ) Әр болыста алымды жинайтын адамдар сайлануы тиіс, шариғатқа сәйкес, қозғалыстағы дүние мүлкінен алынатын процентті белгілі (зекет, готур, бітір) басқада міндетті алымдар, кедей отбасының оқушыларына төленеді. * ) Кісі өлтіргені үшін заңды соттаудан басқа олардан салт бойынша кұн өндіру (төлету) қажет. Егерде өлген адамның (каторыға жіберген) туыстарының тұрмыстары нашар тұрса, онда оған көмек қазына есебінен беріледі. Қол қойғандар: Семей облысының Павлодар уезінің Атағозы болысының қырғызы Омархан молда Мұсафыров, Семей уезінің Сейтенев болысының қырғызы Темірғали Нороконов, Қарқаралы уезінің қырғызы Едрей болысы Апық Жолшарин ## Дереккөздер ## Қарқаралы петициясы Отаршыл өкімет билігінің атынан ірі көлемді мазмұнды петициялардың бірі.Петицияның мәтіні: * ) Қырғыз халқының аты мұсылман қырғыз деп аталып әскери міндеттен босатылсын. * ) Қырғыздарды Орынбордың рухани жиналысына бағындырып, 1868 жылға дейінгі ережелерді қолданып, қазан мұсылмандарының тәртібіне сәйкестендіру керек. * ) Қырғыздарға мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын. Ол жерлерде арабша, парсы және түрік тілінде сабақ беруге, газет және кітаптар шығаруға баспахана салуға рұқсат берілсін. * ) Қырғыз халқын басқаратын адам қырғыз тілін білулері міндетті. Оларды тағайындау немесе орнынан алу мәселесі қырғыз қоғамының өкілінің таңдауымен болуы шарт. Бүгінгі шаруа бастықтарының орнына халықтың арасын бітістірушілерді заңдандыру керек. Бұл қызмет қырғыздардың ішінен жеткілікті білімді қырғызды тағайындау қажет. * ) Барлық қырғыз істері қырғыз диалектісінде жүргізілуі міндетті. Хат жазушы, күзетші, хаттарды таратушылары тегіс тек қырғыз тілін білетін адамдардан тағайындалсын. * ) Болыс басқарушысы, халық соты, ауыл старшындары және сайлауға қатысушылар бүгінгі ережеге сай жүргізілсін. Бұл қызметтегі адамдар өздері сауатты адамдар болуы, олар ол қызметке кірісер алдында өз қызметінде заңсыздыққа жол бермеу үшін ант берулері керек. Олардың бұл қызметтен кетуіне тек халықтың көпшілігі дауыс бергенде ғана рұқсат етілсін. * ) Бөлімшелік ара бітістірушісі қырғыз тілін білсін, сонда аудармашының қажеті болмайды. * ) Тергеу жұмысы жүріп жатқан кезде айыпталушы жағынан қорғаушы қатыссын. * ) Округтік соттың жанында сот ісіне қатысып отыратын қазы болуы шарт. * ) Тергеусіз және соттың шешімінсіз әкімшілік жолымен жер аудару тыйылсын. * ) Қырғыздың халық соты – Заң министрлігіне ғана бағынсын. * ) Халық сотынан, бидің билігінен алып, мұрагерлікті толығымен молда мен шариғатқа бағындырсын. * ) Сайлаудан өткен қызмет орнын бекітерде әскери губернаторға ұсынбас бұрын сайлауға қатынасқан бастықты бекітуге жіберілгелі отырған адамды Ахунмен ақылдасуы тиіс. * ) Қырғыз халқынан өз ерліктерімен беретін садақа мен айыпталғаны үшін түсетін қаржы әкімшіліктің нұсқауымен емес, халықтың өзі бөлгендері дұрыс болар еді. * ) Ертіс бойындағы жерлер ерте заманнан қырғыздардың ата қоныстары болып есептелген, кейіннен әскерлердің пайдасына берілді. Сондай-ақ басқа мәртебелінің кеңсесіне қарасты қырғыздардың пайдалануына берілген жерлер сол қырғыздарға ата қонысы ретінде мәңгілікке берілсін. * ) Қырғыздардың қыстаулары және жаз жайлаулары бұрынғы салт бойынша олардың меншігінде қалуы тиісті. * ) Қырғыздың таулы даласында ашылған қазба байлықтары олардың өз меншігі болуы, ол жерде салынатын заводтар қырғыздардың өзінікі болып есептеледі. Егер де олар өздері оны өндіруден бас тартса, сонда ғана басқа адамдарға жалға беруге болады. Бірақ олар әр десятинасына жалдау ақысын төлеулері тиіс. * ) Қырғыздар ағаштарды қажетке жарату, балық аулау тағы басқада құқықтарға рұқсат етуді талап етеді. * ) Қырғыздар тұрған жерлерге таяу орналасқан тұзды және балығы бар көлде солардың меншігіне қалдырылсын. Ол көлдерді жалға беру уездің өкілдерінің сенімділерінің біріне тапсырылсын. * ) Тұзды және балық аулайтын көлдердегі жалға беруден түсетін қаржыны бүкіл уездің қажетіне жұмсау үшін арнаулы салым-қаржы депозит есепшотын ашу керек. Қоғамның келісіміне сәйкес, бұл қаржы астық қорын дайындауға жұмсалады. * ) Қырғыз халқының діни адамдарын қамтамасыз ету қазан мұсылмандарымен теңелуі тиіс. * ) Қажылыққа баруға шек қойылмасын, еркіндік берілсін. * ) Қажылыққа барған кезде билет-паспортпен пайдалану тәртібі православдықтармен бірдей дәрежеде болсын. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. * ) Қырғыз халқының ішіне миссионерлердің баруына тыйым салынсын. * ) Қырғыздардың, әсіресе, кәмелетке толмаған жастардың басқа дінге өтуіне тыйым салу керек. Ал басқа діннен мұсылман дініне өтемін деушілерге егер олар сауатты болса рұқсат ету керек. Христиан дініне өткендер болса ескі салтты орындауға мәжбүр етілмесің. * ) Некеге отыру немесе айырылысу мәселесін губернатор мен уез бастықтарының қарамағынан шығару керек. * ) Әкімшілік мұндай іске кіріспесін, ешқандай мәлімет сұрамасын. * ) Мешіт пен медресенің пайдасына «Вакуф»қа рұқсат етілсін. * ) – * ) Қырғыздар православниктер сияқты империяның қай уезінен, облысынан, губерниясынан болмасын жер алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерде істеуге құқығы болсын. * ) Діни адамдар православяндар сияқты құрметті болсын. * ) Мектептерде міндетті түрде мынадай шарт орындалуы керек: Алдымен, қырғыз оқушыларына мұсылманның діни сабақтары оқытылады, кәмелетке жеткендерге діннің бес негізгі шартынан сабақ беріледі, ал одан кейін ғана орыс тілінен сауатын ашу сабағы жүреді. Мектепті бітіргенге дейін мұсылман діні сабағы негізгі болып есептеледі. * ) Мектептерде христиан діні туралы сабақ оқытылмасын. * ) Таяудағы бастықтардың қоластындағы қырғыздар туралы жоғарғы бастықтарына өсек, мәлімет жеткізу олардың ісіне қарсылық көрсете алатын қырғыздарға хабарлау міндеттелсін. Өйткені осыған дейін қырғыздар туралы мәліметтерде: қырғыз – ұры, қырғыз – пәлеқор, қырғыз – өтірікші, қырғыз – жалқау тағы басқада теріс ой тудыратын өсектер арқылы қазақтың байлары мен кедейлерінің арасына от жақты. Шындығында, патшаның қоластындағы – халықтың ішінде қырғыз халқы көнбіс-күй талғамайтын, шыдамды, бәрін кешіре білетін, кек сақтамайтын, өте жоғары дәрежеде қарапайым шын ықыласымен патшаға бағынған, әркезде оның діни әрекеттеріне ғана қарсы шығатын халық. * ) Жаңа ереженің жобасын жасап жатқан жиынға қырғыздардың өкілетті депутаты қатынасуы керек. * ) Қырғыздар туралы мәселе мемлекеттік кеңесте қаралғанда қырғыздың депутаты қатынасуы шарт. * ) Жоспарланған жоба 100 жылға бекітілсін. * ) Соңғы 20 жылда қырғыздардан тартып алынып, жер аударылғандарға берілген жерлер қырғыздардың басшыларына қайтарылсын. * ) Ал олар салған құрылыстардың құны Земствоның қаржысынан қайтарылсын. * ) Өткен патшалар сыйлаған, кейіннен тартып алынған жерлер ата қоныстардың иесіне қайтарылсын. Бұл жерлер қазынаныкі немесе жекеменшіктікі болады. * ) Ұлы – тақсыр император салғызған бұрынғы мешіттер мен медреселер ескірді. Оларды жөндеуден өткізу керек немесе жаңадан салу қажет. Сол арқылы біздің ұлы монархқа деген құрметті күшейтеміз. * ) Түземдік әкімшіліктерде өзара қырғыздардың арасында жауласу болмас үшін төмендегілер орындалсын: «Егер бір болыстың партиясына қарсы жағы ашуланса, онда сайлауға түсетін жаңа қызметкерді басқа көршілес болыстың адамымен ауыстыруы қажет. Сайлану құқығынан айырылғандармен сайланушының саны теңелсін. Сайлауға түсетіндер жеребеге сәйкес тең мөлшерде әрбір болыстан шақырылсын. Бұл съезде партияға бөлінген болыстан ешкімді кіргізбеу қажет. Сайлауға шақырылғандарға жұмсалған шығынды партияға бөлінген жақтарына төлетуді бастығы шешсін.Сайлауға түсетіндердің ісімен бастығы ол сайлауға түспей тұрып, танысуы керек. Съезге ол партияның жақтаушылары да қатыстырылмасын.Мұндай бөлінгендерді болдырмау бөлімшенің бастықтарының және Ахунның міндеті. Сайлау кезінде Ахундарда қатынасулары қажет. * ) Ұрлық және тағы басқа да лайықсыз істерді халық сотының төтенше съезінде қарауға жүктеген дұрыс. Оны түрмеге жабу құқығын азайтып, жер аудару құқығын көбірек қолданатын құқық берілсін. * ) Төтенше съезді жылына бір рет шақыру құқығы берілсін. Съезді өткізетін жері, уақыты және қанша күні бөлімшелердің бастықтарының жиналысында белгіленсін. Бұл съезде бастықтары және Ахуны қатынассын. * ) Бидің, болыстың съезді 100 рубльге дейінгі істі шешсін, үш айға дейін тұтқындау құқығы болсын. Өйткені келіспейтін жағы істі төтенше съезге беруіне уақыт керек. * ) Әр болыста алымды жинайтын адамдар сайлануы тиіс, шариғатқа сәйкес, қозғалыстағы дүние мүлкінен алынатын процентті белгілі (зекет, готур, бітір) басқада міндетті алымдар, кедей отбасының оқушыларына төленеді. * ) Кісі өлтіргені үшін заңды соттаудан басқа олардан салт бойынша кұн өндіру (төлету) қажет. Егерде өлген адамның (каторыға жіберген) туыстарының тұрмыстары нашар тұрса, онда оған көмек қазына есебінен беріледі. Қол қойғандар: Семей облысының Павлодар уезінің Атағозы болысының қырғызы Омархан молда Мұсафыров, Семей уезінің Сейтенев болысының қырғызы Темірғали Нороконов, Қарқаралы уезінің қырғызы Едрей болысы Апық Жолшарин ## Дереккөздер
Головизин үйі - Алматыдағы архитектуралық ескерткіш, көпес тұрғын үйінің үлгісімен салынған. 1908 ж. ірге көтерген. Ғимарат ағаштан салынған, тұғыр қабаты - кірпіш, Көше бұрышын көмкере, ассиметриялық құрылымды мекен-жай үлгісімен тұрғызылған. Доғаланып келген қабырғаның ортасынан күмбез орнаған. Қасбеттері белдеу және бағаналар жүйесімен әсемделген. Ұлы Октябрь соц. революциясынан кейін мұнда 2-балалар ауруханасы, одан соң балалар бақшасы орналасты. 1930 жылдан ҚазССР Халкомсовының шаруашылық басқармасының қарамағына көшті. Қазір мұнда Советтік балалар қорының Қазақ респ. бөлімшесі орналасқан. Головизин үйі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттерінің тізіміне енген. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Ақын, композитор. 1873 жылы қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Ол Абайдың шәкірттерінің бірі.1894 жылдан бастап Ақылбай, Көкбай,Мағауия сияқты дарынды ақындар тобына қосылып, ұлы Абайдың ақындық мектебінен өтеді. Оның көптеген өлең, дастандары, сондай-ақ халық арасында кең тараған «Перуайым», «Шұбартау», «Шыңғыстау», т.б. әндері бар. Халық арасында беделді ақындардың бірі болған. 1923 жылы қайтыс болған. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. ↑http://kitaphana.kz/
Қазақ қыздар үшін бас киім кию міндетті болмаған, бірақ XIX ғасырдың ортасынан бастап мұндай бас киімді кигендері байқалады. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қыздардың "скуфьясы" үшкір болған және ер адамдардың тақияларынан көп ерекшелігі болмаған. Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған. Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабаттап сырып тіккен. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. "Таңдай", "ирек", "қабырға" тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс,, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі болған. Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда "телпек", шығыс Қазақстанда "кепеш" деп атайды.па, жақ алқа тәрізді тізіліп, баскиімнің етегін шашақтап тұрады. Қыздар кепеші - Қыздар кепешінің қабырғасы (керегесі) биік, төбесі дөңгелек формада жасалған. Ою-өрнектердің қай түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін арттырады. Төбесіне торғын жібек шашақ төгіліп немесе, үлпілдек үкі қадалады.(Халел. Н.Ұлттық мирас). Сораба - қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Кәдімгі тақиядан айырмашылығы артында салпыншағы бар, қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге ұқсас солардың элементтерін қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін "ырымдап" кигізеді. Содан да: "Қыздар киер сораба, салбыратып шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын", - деген халық өлеңінде үзінділер кездеседі. Жырға - әйелдердің сәнді баскиімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен әшекейленіп тігіледі. Ол, әдетте, көп салпыншақты, түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ, шұбырт Бөрік - аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі. Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады. Қазақта бөріктің әр руға тән өзіндік үлгілері болған. Қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс т.б. халықтар да бөрік киген. Ол халықтарда тебетей //төбетей аталатын бас киімі туралы сөздіктерде Даль "татарская ермолка" десе, Дмитриев "шығыс қалпағы", Қ.Жұбанов " төбе-верх, голова+тей-суффикс" дейді. В.В. Радлов : "Татар: түбәтәй, түбә-верхушка" деп дәлелдейді.(Опыт словаря тюркских наречии.) Бұл турасында тілші Ә.Алмауытова: "Уәждділік негізінен туынды сөздерге тән болғандықтан, тебетей туынды сөзінің уәжі адамның бұл киімді төбесіне киетін қызметімен байланысты сияқты", - дейді. Қазақтың жар-жар, сыңсыма айту, т.б. ғұрыптарында айтатын: Бөркім, бөркім, бөркім-ай!Басыма киген көркім-ай!Ерте жатып, кеш тұрған,Үйдегі менің еркім-ай! - деген Бөркім, бөркім, бөркім-ай!Басыма киген көркім-ай!Ерте жатып, кеш тұрған,Үйдегі менің еркім-ай! - деген жолдардан бөрікті тұрмыс құрмаған қыздар да кигендігін байқатады. Қыздарға арналған бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталып, тігіледі. Жиегін қымбат бағалы аң және мал терілерімен көмкереді. Соған сай ерекше бағаланатын ерекше кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қарсақ бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік және оқалы бөрік, деп аталатын түрлері ертеректе әркімнің ұнатып киетін баскиімі болғанға ұқсайды. Бөріктің жұрындалған терісіне қарай сан алуан түрге бөліп атайды: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. түрлері бар. ## Дереккөздер * "Қазақстан халқының ұлттық киімдері" Алматы кітап 2007ж.
Үдербаева Бақыт - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1989). ## Өмірбаяны 1950 жылы туған.Сегіз жылдық мектепті бітіріп, 1967 жылы М.Төлебаев атындағы музыка училищесіне оқуға түседі.Шығармашылық жолын 1970 жылы Семей облыстық филармониясында әнші болып бастайды.«Бақыт Үдербаева ән шырқайды» атты күй-табағы мен телефильмі жарыққа шыққан. ## Марапаттамалары 1975 жылы бүкілодақтық әншілер байқауының дипломанты, 1980 жылы Ә.Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауының бірінші жүлдегері болды.«Құрмет» орденінің иегері. ## Сыртқы сілтемелер [1] ## Дереккөздер
## XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан баспасөзінің дамуы Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік «қамқорлық» (бірінші жағынан) және «ризашылық» (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 «Сібір қазақтары» туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің «Еуропалық тәсілдерін» танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды. Мұның барлығы ақыр аяғында қазақтардың оған қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығуына жол ашты 50,б.198.Халық көтерілістері, қазақтардың өздерін сыртқы жаулардан қорғау әрекеті (әсіресе, Хиуа, Бұқара, Қоқан, Қытай елдерінің оның ішінде Ресейге де қарсылық көрсетулері) отарлық басқару тұсында ерекше орын алды. Ал, орыстар қазақтарды өз діндеріне бағындыру мақсатында басқарудың еуропалық үлгісін оларға күштеп таңды. Осының барлығы ұлттық сананың дамуына ұзақ жылдар бойы қасақана құрылған тор болып келді. Ал, жергілікті байлардың қанау тәсілдерімен патша әкімшілігінің ауыр алым-салықтары, қазақтардың күш көрсетуі-қазақ халқын қайыршылыққа әкеп тіреді. Мәселен, ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Ұя, Орал, Ешім, Ор және Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле тағы басқа өзендерді бойлай орналасқан ұшан теңіз алқапты қазақтар иемденді. ІХ ғасырдың соңында олардың саны жүз мың адамнан асып кетті. Патша үкіметі оларға қазақтардың кесерлерінен жер беріп, көптеген жеңілдіктер жасап, ал қазақтарды Сахарада пайдаланатын ұрда қолшоқпарына айналдырды. Қазақ жерін отарға айналдыру саясатының тиімді түрі миграция тәсілі болды. Егер Қазақстанға Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен 1986 жылға дейін 294 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінсе, 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңға артты.Ел билеуші жергілікті бай - манаптардың халық санасына үнемі «Ресей мемлекеті бізге бар жақсылық жасауда» деген, қоғамдық пікір тудыруға тырысып баққаны байқалады. Олар басқаларға қазақ халқы орыстарға бағынғанға дейін негізінен көшпенді өмір сүрді. Сөйтіп Еуропалық елдерден «артта қалған» жартылай жабайы халық болды деген жел сөз таратып, қазақтарды отырықшылыққа үйретудің қажеттігі туралы екі ұшты жоспарлар құра бастады 1,б.3.Өткен ғасырдағы патшалы Ресейдің осындай саясаты кешегі кеңес үкіметіне де мұра болып қалғандай. Себебі, соңғы кезеңге дейінгі қазақтар туралы сөз қозғалса, «Олар тек дала көшпенділері болған, оларда шаруашылықтың егіншілік түрі мүлдем болмаған еді» деп еске алып келді. Алайда, қазіргі қолда бар көптеген архив және сол кезеңде шығып тұрған демократиялық бағыттағы басылымдардың материалдарына сүйене отырып, біздер қазақ жерінде Ресей Қазақстанды жаулап алған кезеңге дейін де мақта, астық шаруашылығы, көкеніс, бау-бақша, жеміс-жидек, алма бақтары болғандығын, сол тарихи кезеңде Қазақстанда суландыру құрылыстарының кең жүйесі жасалғандығын, қазақтардың ерте заманда да суландырылған алқаптарда жұмыс істегендігін, оларға малға жем, шөп дайындау ісінің де ертеден таныс болғандығын, қазақтардың ХІХ ғасырдың басынан-ақ отырықшы және көшпелі өмір сүріп, ол кезде де қазіргі малшылардың да өміріне ұқсас шаруашылық түрлерінің болғандығын мақтанышпен айта аламыз. «XIX ғасырда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын (әсіресе ет, май) ірі отар елге айналды. Қазақтардың өміріне бойлап енген сауда, тауар айырбасы және жәрмеңке оларды Еуропа мәдениетіне жақындастырып, ерекше роль атқарды». Алайда, сауданың келуіне байланысты қазақ даласында жергілікті халықтың орыс заңдары мен нарықтық құнын жете білмегендіктерінен алдау, тонау, күш көрсету дегендер көбейіп кетті. Сол кезеңдегі «Отечественные записки» сияқты кейбір жанашыр басылым қағаздардың жер бетінен толық жойылып кету қауіпі төнді, -деп дабыл қағуы да тегін емес. Екіншіден, мұның барлығының себебі өзінің шет аймақтарында; әсіресе, аз ұлттардың арасында патшалық Ресейдің саясатына байланысты еді. Өйткені, Ресей Қазақстанды жаулап алғаннан соң, оның жерін шикізат қоймасы мен арзан жұмыс күшіне айналдыруды көздеді. Өлкенің өнеркәсібін игеру көп экономикалық шығынды қажет етті. Сондықтан, Ресей пайдалы қазбалары мен мал шаруашылығының өнімдерін қанағат тұтты. Ресейге Қазақстанда астық шаруашылығын дамыту ол кезде пайдасыз болды. Оған көп шығын жұмсау керек еді. Сөйтіп, қазақ даласында ауыл шаруашылығы нашар дамыды. Тіпті ұсақ тауар өндірісі саласында да Қазақстан өз саудасын Ресей мен байланыстырғандықтан Шығыстың бай саудасынан айырылып, күнделікті өмірге қажетті заттарды шығаруға да мүмкіндігі болмай қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың соңында да мал шаруашылығы «мамандандырылған» шаруашылықтың басты түрі ретінде қала берді 9,б.172.Белгілі Еуропалық түсінік бойынша, XIX ғасырда қазақтардың мәдениет дәрежесі орыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған. Алайда, мұндай теңестіру қазақтардың мәдениетіне орыс мәдениетінің тұрмысынан қараудың негізінде пайда болғаны шындық. Бірақ әділін айту керек, кезінде демократтарды былай қойғанда, кейбір миссионерлердің өздері де қазақ халқының ұлттық өзіндік мәдениетін жоғары бағалап, қазақтар бейбіт, бауырмал, адамдар ретінде сипатталған. Әйтседе, өкінішке орай, қазақ елін басқару (патшалы Ресейдің тарапынан) өте шиеленіскен, қиын жағдайда жүргізілді. Мәселен, 1868 жылы далалық облыстарды басқару жағдайының жобасын талқылаған Министрлер кабинеті қазақтарға қатысты, барлық заңдардың бұрмаланып отырғанын атап көрсеткен. Ал, осы кезде қазақ жеріне Ресейден орыстардың шектен тыс қоныс аударуы демократиялық бағыттағы зиялыларды қатты ойлантқан. Бұл орайда А.Ядренцевтің «Сібір бұратаналары және олардың құрып бітуі» деген мақаласындағы жер мәселесі барлық жүгенсіздіктер мен кедейшіліктің басталуы болды деген жолдар патшаның оспадар саясатының нәтижесінде бір ұлттың құрып кету қауіпінің тұрғанын меңзеді. Өзінің әріптесінің бұл ойын қостай отырып, Л.К.Чермак «Қырғыздар қырылып бара ма!» деген мақала жазды. Сөйтіп, патша отарлау саясатын өрістетіп, бар шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына беру арқылы өзі шығарған заңды өзі бұрмалап, қазақтардың жерін орыстардың меншігіне айналдырған. Бұл жөнінде қазақ даласын басқару туралы заң жобасына пікір ұсынған комиссия былай деген: «Қырғыз даласына, шекаралардан қазақтарды сондай-ақ ішкі және Сібір губернияларынан орыс шаруаларын кіргізу оларды қазақтар тегіне алу, орыстардың көп мөлшерде қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Приказдардың тұрақты орналасқан жері қоныс аударушы орыстардың тегін көбейте түсті. Орыс қоныс аударушылары Жайық пен Ертіс өзендерінен есептегенде 1000 шақырымға жуық оңтүстік аймақты басып алып, бұрындары Ресейдің шекаралық аудандары болып келген қазақ даласы патшалықтың ішкі бөлігіне айналып шыға келді. Бұл хабарды кезінде деректі құжаттар негізінде патша генралдары Ф.Бис пен Л.Валюзик жазған. Сол кезде «Современник», сатиралық «Искра», «Военный собранник» тағы басқа көптеген газет-журналдар мен альманахтардың беттерінде қазақтарға хат танытудың қажеттілігі, қазақ жұмысшыларының тұз өндіру орындарындағы қиын жағдайлары, көшпелі ауылдардағы тап қайшылықтары қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кенжелеп қалу қауіпі турасында және қазақ даласындағы отарлау саясатын жүргізіп отырған патша үкіметінің топас іс жүргізушілері хақында еңбектер жазған Е. Карповик, А.Еврейна, К.Губарев, А.А.Курочкин, А.Гейнстер есімдерін ерекше атауға болады. Отарлау саясатының жүгенсіздігі үкіметтің барлық шет аймақтары сияқты Қазақстанда да тек өз жеке бастарының қамы үшін, қажеттілікті халықтың хал жағдайымен есептескендігінен-ақ көріп отырды. Олар өз мақсаттарына жету үшін «Мамандарылған» шаруашылық саясатында жүргізді. Мұның өзі Қазақстандағы индустрияландырудың өнеркәсіпті дамытудың, ауыл шаруашылығы жүйесінің қолданбалы түрлерін дамытудың орнына, өлкені пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің қоймаларына айналдыруға әкеп соқтырды. Осының барлығы жергілікті халықтың өміріне, әдеп-ғұрпына үлкен әсер етті. Оларға күштеу арқылы Еуропалық дүниетанымның белгілерін енгізе бастады. Отаршылдар қазақ мәдениеті Еуропалықтар мен орыстардың мәдениетімен салыстырғанда «Екінші сортта» деп келісті 22,б.184.Міне, осындай себептермен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы жоққа шығарылды. Халық көшпелі рулар мен тайпалардың жиынтығы болғандықтан олардың мәдениеті мен әдебиеті ауызға алғысыз», -деп көрсетілді. Осыдан барып, орыстар өздерін басқаларға «Аға халықпыз» деп мойындатуға тырысты. Қазақ халқының осылайша бұрмаланып келген ғасырлар бойғы тарихының сыр - сипатын тек бүгінгі дербес ел болған таңда ғана ашық айтуға мүмкіндік туды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой - пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Міржақып, Ғушар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипатты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді. Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси әлеуметтік қозғалыстың дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Мұның себебі, Ресей самодержавиесындағы жалпы қоғамдық ой - сананың дамуында бостандық идеясы билеп алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түпкірге жеткен сарынынан еді. ## Пайдаланған әдебиеттер ## XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан баспасөзінің дамуы Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік «қамқорлық» (бірінші жағынан) және «ризашылық» (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 «Сібір қазақтары» туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің «Еуропалық тәсілдерін» танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды. Мұның барлығы ақыр аяғында қазақтардың оған қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығуына жол ашты 50,б.198.Халық көтерілістері, қазақтардың өздерін сыртқы жаулардан қорғау әрекеті (әсіресе, Хиуа, Бұқара, Қоқан, Қытай елдерінің оның ішінде Ресейге де қарсылық көрсетулері) отарлық басқару тұсында ерекше орын алды. Ал, орыстар қазақтарды өз діндеріне бағындыру мақсатында басқарудың еуропалық үлгісін оларға күштеп таңды. Осының барлығы ұлттық сананың дамуына ұзақ жылдар бойы қасақана құрылған тор болып келді. Ал, жергілікті байлардың қанау тәсілдерімен патша әкімшілігінің ауыр алым-салықтары, қазақтардың күш көрсетуі-қазақ халқын қайыршылыққа әкеп тіреді. Мәселен, ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Ұя, Орал, Ешім, Ор және Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле тағы басқа өзендерді бойлай орналасқан ұшан теңіз алқапты қазақтар иемденді. ІХ ғасырдың соңында олардың саны жүз мың адамнан асып кетті. Патша үкіметі оларға қазақтардың кесерлерінен жер беріп, көптеген жеңілдіктер жасап, ал қазақтарды Сахарада пайдаланатын ұрда қолшоқпарына айналдырды. Қазақ жерін отарға айналдыру саясатының тиімді түрі миграция тәсілі болды. Егер Қазақстанға Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен 1986 жылға дейін 294 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінсе, 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңға артты.Ел билеуші жергілікті бай - манаптардың халық санасына үнемі «Ресей мемлекеті бізге бар жақсылық жасауда» деген, қоғамдық пікір тудыруға тырысып баққаны байқалады. Олар басқаларға қазақ халқы орыстарға бағынғанға дейін негізінен көшпенді өмір сүрді. Сөйтіп Еуропалық елдерден «артта қалған» жартылай жабайы халық болды деген жел сөз таратып, қазақтарды отырықшылыққа үйретудің қажеттігі туралы екі ұшты жоспарлар құра бастады 1,б.3.Өткен ғасырдағы патшалы Ресейдің осындай саясаты кешегі кеңес үкіметіне де мұра болып қалғандай. Себебі, соңғы кезеңге дейінгі қазақтар туралы сөз қозғалса, «Олар тек дала көшпенділері болған, оларда шаруашылықтың егіншілік түрі мүлдем болмаған еді» деп еске алып келді. Алайда, қазіргі қолда бар көптеген архив және сол кезеңде шығып тұрған демократиялық бағыттағы басылымдардың материалдарына сүйене отырып, біздер қазақ жерінде Ресей Қазақстанды жаулап алған кезеңге дейін де мақта, астық шаруашылығы, көкеніс, бау-бақша, жеміс-жидек, алма бақтары болғандығын, сол тарихи кезеңде Қазақстанда суландыру құрылыстарының кең жүйесі жасалғандығын, қазақтардың ерте заманда да суландырылған алқаптарда жұмыс істегендігін, оларға малға жем, шөп дайындау ісінің де ертеден таныс болғандығын, қазақтардың ХІХ ғасырдың басынан-ақ отырықшы және көшпелі өмір сүріп, ол кезде де қазіргі малшылардың да өміріне ұқсас шаруашылық түрлерінің болғандығын мақтанышпен айта аламыз. «XIX ғасырда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын (әсіресе ет, май) ірі отар елге айналды. Қазақтардың өміріне бойлап енген сауда, тауар айырбасы және жәрмеңке оларды Еуропа мәдениетіне жақындастырып, ерекше роль атқарды». Алайда, сауданың келуіне байланысты қазақ даласында жергілікті халықтың орыс заңдары мен нарықтық құнын жете білмегендіктерінен алдау, тонау, күш көрсету дегендер көбейіп кетті. Сол кезеңдегі «Отечественные записки» сияқты кейбір жанашыр басылым қағаздардың жер бетінен толық жойылып кету қауіпі төнді, -деп дабыл қағуы да тегін емес. Екіншіден, мұның барлығының себебі өзінің шет аймақтарында; әсіресе, аз ұлттардың арасында патшалық Ресейдің саясатына байланысты еді. Өйткені, Ресей Қазақстанды жаулап алғаннан соң, оның жерін шикізат қоймасы мен арзан жұмыс күшіне айналдыруды көздеді. Өлкенің өнеркәсібін игеру көп экономикалық шығынды қажет етті. Сондықтан, Ресей пайдалы қазбалары мен мал шаруашылығының өнімдерін қанағат тұтты. Ресейге Қазақстанда астық шаруашылығын дамыту ол кезде пайдасыз болды. Оған көп шығын жұмсау керек еді. Сөйтіп, қазақ даласында ауыл шаруашылығы нашар дамыды. Тіпті ұсақ тауар өндірісі саласында да Қазақстан өз саудасын Ресей мен байланыстырғандықтан Шығыстың бай саудасынан айырылып, күнделікті өмірге қажетті заттарды шығаруға да мүмкіндігі болмай қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың соңында да мал шаруашылығы «мамандандырылған» шаруашылықтың басты түрі ретінде қала берді 9,б.172.Белгілі Еуропалық түсінік бойынша, XIX ғасырда қазақтардың мәдениет дәрежесі орыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған. Алайда, мұндай теңестіру қазақтардың мәдениетіне орыс мәдениетінің тұрмысынан қараудың негізінде пайда болғаны шындық. Бірақ әділін айту керек, кезінде демократтарды былай қойғанда, кейбір миссионерлердің өздері де қазақ халқының ұлттық өзіндік мәдениетін жоғары бағалап, қазақтар бейбіт, бауырмал, адамдар ретінде сипатталған. Әйтседе, өкінішке орай, қазақ елін басқару (патшалы Ресейдің тарапынан) өте шиеленіскен, қиын жағдайда жүргізілді. Мәселен, 1868 жылы далалық облыстарды басқару жағдайының жобасын талқылаған Министрлер кабинеті қазақтарға қатысты, барлық заңдардың бұрмаланып отырғанын атап көрсеткен. Ал, осы кезде қазақ жеріне Ресейден орыстардың шектен тыс қоныс аударуы демократиялық бағыттағы зиялыларды қатты ойлантқан. Бұл орайда А.Ядренцевтің «Сібір бұратаналары және олардың құрып бітуі» деген мақаласындағы жер мәселесі барлық жүгенсіздіктер мен кедейшіліктің басталуы болды деген жолдар патшаның оспадар саясатының нәтижесінде бір ұлттың құрып кету қауіпінің тұрғанын меңзеді. Өзінің әріптесінің бұл ойын қостай отырып, Л.К.Чермак «Қырғыздар қырылып бара ма!» деген мақала жазды. Сөйтіп, патша отарлау саясатын өрістетіп, бар шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына беру арқылы өзі шығарған заңды өзі бұрмалап, қазақтардың жерін орыстардың меншігіне айналдырған. Бұл жөнінде қазақ даласын басқару туралы заң жобасына пікір ұсынған комиссия былай деген: «Қырғыз даласына, шекаралардан қазақтарды сондай-ақ ішкі және Сібір губернияларынан орыс шаруаларын кіргізу оларды қазақтар тегіне алу, орыстардың көп мөлшерде қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Приказдардың тұрақты орналасқан жері қоныс аударушы орыстардың тегін көбейте түсті. Орыс қоныс аударушылары Жайық пен Ертіс өзендерінен есептегенде 1000 шақырымға жуық оңтүстік аймақты басып алып, бұрындары Ресейдің шекаралық аудандары болып келген қазақ даласы патшалықтың ішкі бөлігіне айналып шыға келді. Бұл хабарды кезінде деректі құжаттар негізінде патша генралдары Ф.Бис пен Л.Валюзик жазған. Сол кезде «Современник», сатиралық «Искра», «Военный собранник» тағы басқа көптеген газет-журналдар мен альманахтардың беттерінде қазақтарға хат танытудың қажеттілігі, қазақ жұмысшыларының тұз өндіру орындарындағы қиын жағдайлары, көшпелі ауылдардағы тап қайшылықтары қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кенжелеп қалу қауіпі турасында және қазақ даласындағы отарлау саясатын жүргізіп отырған патша үкіметінің топас іс жүргізушілері хақында еңбектер жазған Е. Карповик, А.Еврейна, К.Губарев, А.А.Курочкин, А.Гейнстер есімдерін ерекше атауға болады. Отарлау саясатының жүгенсіздігі үкіметтің барлық шет аймақтары сияқты Қазақстанда да тек өз жеке бастарының қамы үшін, қажеттілікті халықтың хал жағдайымен есептескендігінен-ақ көріп отырды. Олар өз мақсаттарына жету үшін «Мамандарылған» шаруашылық саясатында жүргізді. Мұның өзі Қазақстандағы индустрияландырудың өнеркәсіпті дамытудың, ауыл шаруашылығы жүйесінің қолданбалы түрлерін дамытудың орнына, өлкені пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің қоймаларына айналдыруға әкеп соқтырды. Осының барлығы жергілікті халықтың өміріне, әдеп-ғұрпына үлкен әсер етті. Оларға күштеу арқылы Еуропалық дүниетанымның белгілерін енгізе бастады. Отаршылдар қазақ мәдениеті Еуропалықтар мен орыстардың мәдениетімен салыстырғанда «Екінші сортта» деп келісті 22,б.184.Міне, осындай себептермен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы жоққа шығарылды. Халық көшпелі рулар мен тайпалардың жиынтығы болғандықтан олардың мәдениеті мен әдебиеті ауызға алғысыз», -деп көрсетілді. Осыдан барып, орыстар өздерін басқаларға «Аға халықпыз» деп мойындатуға тырысты. Қазақ халқының осылайша бұрмаланып келген ғасырлар бойғы тарихының сыр - сипатын тек бүгінгі дербес ел болған таңда ғана ашық айтуға мүмкіндік туды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой - пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Міржақып, Ғушар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипатты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді. Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси әлеуметтік қозғалыстың дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Мұның себебі, Ресей самодержавиесындағы жалпы қоғамдық ой - сананың дамуында бостандық идеясы билеп алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түпкірге жеткен сарынынан еді. ## Пайдаланған әдебиеттер
Терминологиялық сөздіктер тарихын сөз етер болсақ, оны «алаш» зиялыларының қайраткерлік қызметімен байланыстырмай өту мүмкін емес. Мысалы, қазақ терминографиясындағы алғашқы сөздіктердің қатарына жатқызылып жүрген сөздіктерге алаштықтар шығарған, 1927 жылы жарық көрген Н. Қаратышқановтың «Пән сөздері» мен 1931 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Атаулар сөздігі» жатады. Алғашқы терминологиялық сөздіктер ретінде бұл екі сөздіктен басқа да сөздіктер өзіндік мүмкіндігімен терминографиялық еңбектер тарихына кіре алады, бұл сөздіктер белгілі бір қызметі жағынан терминография тарихында қарастырылып, терминографиялық еңбектің қызметін атқарған сөздіктер ретінде бағалана алады. Мұндай сөздіктердің қатарына 1925 жылы Мәскеу қаласынан жарық көрген Қ. Кемеңгерұлының басшылығымен құрастырылған «Қазақша-орысша тілмаш» пен 1926 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Орысша-қазақша әскерлік атаулар» сөздігі жатады. Аталған сөздіктердің құрылымындағы ерекшеліктер мен терминдерді жүйелеу ісіндегі ұқсас сипаттар – терминологиялық сөздіктерді шығару, терминдерді қолданушысына жеткізу, жүйелеу істеріндегі «алаш» кезеңінің өзіндік үдерісі мен бет-бейнесін айшықтай түседі. Солардың бірі – атауы жағынан терминографиялық сөздік деп есептеуге болатын – «Орысша-қазақша әскерлік атаулары» [1]. Бұл сөздік білім кеңесінің ұйғарымымен 5000 данада Қызылорда қаласынан 1926 жылы басылып шыққан. Сөздіктегі мәліметтерге жүгінсек, сөздікте берілген терминдердің аудармашысы – А.Өтембаев деген кісі. Сөздіктің соңғы жағында берілген тағы бір дерек – А.Байтұрсынұлы мен Ғаббас Нұрымұлының берген анықтамасы. Сол кездегі Қазақ білім комиссиясының төрағасы ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған комиссия бұл сөздікке енген терминдерді, жалпы сөздікті өз тараптарынан ресми түрде бекіте отырып шығарған. Сөздік құрылымында терминдер әліпби ретімен орналастырылып берілген. Олардың басым бөлігі мүмкіндігінше аударылып берілгендігін байқауға болады: авангард – алғы әскер, адская машина – ажал машинасы, атака – шабуыл, банда – басбашы, барабан – дабыл, батальон – қос, батарея – зеңбірек қосы, пешая – жаяу, конная – атты, зенитная – тік, безоружный – қарусыз, битва – соғыс, бинт – орауыш, боевое столкновение – жауға қағысу, наступительный – ұмтыла, оборонительный қорғана, морской – теңіз, рукопашный – қоян-қолтық, заграждение – бөгет, колодка прицельная – сығалау табаны, пулеметная – оқ шашар, т.б. Бұл сөздікті тізе берсек, бүкіл сөздіктің материалдарының басым бөлігін, тіпті барлығына дерлігін қамтып шығуға тура келеді. Басты байқалатыны – қазақ тілінің сөзімен беруге, аударып қалыптастыруға деген ұмтылыстың алғашқы бесжылдық, онжылдықтағы ізденісін байқай аласыз. Ал өзге тілдегі нұсқасы қабылданып алынған терминдер қазақ тілінің заңдылығына икемделіп қабылданып алынған. Бұл 1925 жылдан бергі осы кезеңде шығарылған сөздіктердің барлығында, тіпті 1931 жылы кеңестік биліктің басқаруымен шыққан алғашқы сөздікте де солай. Оған дәлел осы сөздіктен келтіре кетуге болатын автомат – абтамат, агитсут – үгіт соты, академия – академие, баллистические приборы – балістіке құралы, барометр – барометір, брезент – бірезент, вольтметр – болтметр, вымпел – бемпел, газ – ғаз, градус – қырадыс, инспектирование – інспектеу, инспектор – інспектір, канал – қанал, капот – көпет, капсюль – кәпсүл, комутатор – көмететір, комиссар – кемесер, лаборатория – лабыратыр, магазин – магажін, микрофон – мекіропон, перископ – перескеп, планшет – пыланшет, почта – пошта, рапорт – ырапырт, химия – кемие, шлея – шілійа, т.б. Бір мән берерлігі – осы кезеңдегі шығарылған басқа сөздіктердегі сияқты бұл сөздікте де кірме терминдердің сол қалпында алынған түрін байқай қоймайсыз. Осы сияқты кірме терминдердің ішінде қазіргі үрдіс бойынша сол қалпында алынған терминдерді іздеп көргенімізде, өзге тілдегі нұсқасын сақтап жазылған динамит – динамит, штат – штат түрінде берілген бар болғаны 3-4 терминді ғана кездестірдік. Қалғаны жоғарыдағыдай өзгертіліп жазылған, қазақтың тіліне жатық қалпында берілген. Ал басым көпшілігінің аударылып берілгендігін еріксіз аңғаруға болады. Олардың барлығы өз тілімізден алынған баламалармен немесе тіркесті баламалармен аударылған. Сол қалпында, сол кезеңнен бастап қолданыла беріп кете бергенде, қазіргі айтып жүргендей жай сөз жүзінде емес, шынында терминдердің көпшілігі қазақтың өз тілінде сөйлер ме еді деген тұжырымның шындыққа жақын екендігіне нақты дәлелдермен, осы сөздікте көрінетін мысалдармен көз жеткізе түсуге болады. Бұл қазіргі кезде жай сөз деп айтылып жүрген ұлттық терминдер қалыптастыру бағытының мүмкін екендігін айғақтай алады. Сөздікпен танысып шыққан әрбір ғалым, әрбір термин зерттеуші, әрбір қолданушы тілде термин жасау мүмкіндігінің табиғатына, сол кездегі термин жасаудың табиғи үлгісіне тереңдей еніп, жаңа сөз, термин жасаудың қыр-сырын тұла бойымен түсіне алатын болады. Сөздік соңында «Қазақ білім кемесиесінің ағасы Байтұрсын ұлы Ақымет, Кемесие қатшысы Нұрым ұлы Ғаббас» деп қол қойылған, «12-інші үйен 1926-ыншы жыл» деп мерзімі көрсетіліп: «Бұл атаулар қазақ білім кемесиесінің 1925-інші жылғы октәбірден 1926-ыншы жылғы үйенге шейін болған мәжілістерінде тексеріліп осы күйінде қабыл алынды», - деп анықтама жазылғандығын да қосымша ақпарат ретінде көрсете кетуге болады [1]. Бір айта кетерлігі – қазіргі лексикография мен терминографияда өзекті болып есептеліп жүрген тақырыптық сөздік құрастыру, тақырыптық сөздіктің құрылымына қатысты топтастырып беру жүйесі осы сөздіктің соңына қарай қосымша қамтылған. Әліпби ретімен терминдерді тізіп, аудармасын берген сөздіктің негізгі бөлігінен басқа, соңында бірқатар терминдер тақырыптарға топтастырылып берілген. Әскер саласындағы маңыздылығына немесе бөлек жүйемен беруге оңтайлы болғандығынан болса керек, негізінен қарулардың ішінде қолданылатын ұғымдар «Бесатардың атаулары», «Оқшашар бөлшектерінің атаулары» деген тақырыптар аясының ішіне топтастырылып, әліпби ретімен жеке тізілген. Сондай-ақ оны бекітіп, ресми пікір білдірген де сол кезеңдегі термин жасау ісін басқарушы зиялы ғалымдардың бірі, Қазақстан білім комиссиясының төрағасы Ахмет Байтұрсынұлы болған. Алғашқы еңбек болса да, үлкен ізденіспен басталған қазақ терминологиялық сөздігінің қазақ терминографиясы тарихында өзіндік маңызды орны бар. 1925-1927 жылдары шығарылған терминография тарихындағы маңызды еңбектердің бірі – Н.Қаратышқанұлы құрастырған «Пән сөздері». Сөздіктің ішінде берілген терминдердің аудармасынан, олардың берілісінен оның өз кезеңінде ауқымды міндеттер мен мақсаттарды орындап, іске жарай алғандығын байқауға болады. Әсіресе көзге бірден түсетін ерекшелік қайсыбір терминнің қазіргі сөздіктердей кірме нұсқасын бере салуды бұл сөздіктен сирек кездестіресіз. Сөздік мүмкіндігінше терминдер мен термин емес сөздердің орыс тіліндегі нұсқасын қазақшалауға ұмтылған. Мысалы, абберация – бұлдырлық, агит суд – үгіт соты, аквариум – су қора, анатомия тән жүйесі, выводная труба – шүмек, высший центр мозга, вычитаемое – азайтқыш, гипноз – ұйыту, испарение – кебу, каолин – ақ саз, поршень – іскек, потсобник – көмекші, растворитель – ерітпе, регресс – кер кету, уголовно-процессуальный кодекс – қылмыстық істерді жүргізу заңы, т.б. Мән беріп қарасақ, қазіргі сөздіктердей көптеген кірме терминдердің нұсқасын тұлғасында бере салу мұнда жоқтың қасы. Тіпті аудармалардың өзінде терминдік табиғат пен ерекшеліктер сақталмай жатса да, таза қазақы түсінік, қазақ тілділерге түсінікті аударма кездеседі. Мысалы, уголовно-процессуальный кодексті қазіргі тіліміздегідей қылмыстық іс кодексі деп аудара салмай, қылмыстық істерді жүргізу заңы деп қазақ тілділерге түсінікті етіп аударып берудің өзінде үлкен ұтымдылық бар. Осы сияқты ұтымды аудармалар берілген тәжірибе қазіргі терминография үшін жетпей жатқан мәселе. Немесе жоғарыда берілген аквариумды – су қора деп аудару қазіргі терминді қазақ тіліне аударушылардың ойына келмейтін қолданыс. Әрине, бұл аударма қазіргі қазақ тілінің даму деңгейіне, лингвостилистикалық, танымдық дамуына байланысты талапқа сәйкес келе қоймайтын аударма болып көрінуі де ықтимал. Алайда, екінші жағынан, таза қазақтық тіл деген мен қазіргі қазақ тілінің, қазақ тілділердің сол кезеңдегі санасы мен қазіргі тілдік санасының арасындағы алшақтықты да көрсетпек. Ондай аудармалардың қазіргі терминологиямыз бен тілімізде жат болып көрінуі, ондай аудармаларға жатырқай қарауымыз да сондықтан болар. «Бұл – даму көрсеткіші ме, әлде тілдік танымды түсіну деңгейінен айырылып қалу көрсеткіші ме?» деген заңды сұрақ туындайды. Қазіргі тілдік санамызға тереңдеп қарасақ, бұл дамудан гөрі, тілдің табиғатын тұла бойымызбен түсінуден алшақтап қалуға жақынырақ келетін сияқты. Немесе қазіргі тіліміздің қабылдауына да жат болып көріне қоймайтын астрономия – аспан тану, буксир – жетек, вена – көк тамыр, зубная эмаль – тіс кіреукесі, иллюзия – алданыс, инфракрасный – сауыр қызыл, нервная система – жүйке жүйесі, параллелограм – қиықша, пантамима – ымдасу, плотина – бөгет, пленум – толық мәжіліс, пружина – серіппе, равносильное уравнение – мәндес теңдеулер, симпатия – сүйкім сынды аудармалар қазіргі терминдерді аудару ісіне жөн сілтеуге жарарлық. Сондықтан мұндай аудармаларды қазірге тілімізге алу жағынан да, тілдің сол кезеңдегі саф, бұзылмаған табиғатын түсіну тұрғысынан да сөздіктің маңызды еңбек болып қала беретіндігін ескеруіміз қажет. Н.Қаратышқанұлы құрастырған бұл сөздік туралы айта кетерлік тағы бір ерекшелік – бұл сөздікте математика терминдерінің берілуі. Сөздікте қазіргі терминологиямыз үшін аудару мен өз тілімізге икемдеп алу қиындау болып отырған математика саласына қатысты терминдер беріледі. Жоғарыда келтірілген Н.Қаратышқанұлының осы сөздігі туралы мақала жазған С.Е. Елубаевтың өзі де мақаласында: «Н.Қаратышқанұлы құрастырған сөздіктегі математика терминдерінің төрттен бірі дұрыс жасалған еді», – деген тұжырым жасауы да бекер емес [2, 91 б.]. Расында, терминологиялық сөздіктің құрылымында математика терминдері басым жағдайда аударылып берілген. Мысалы, сөздік құрылымынан: алгебра – алжебір, аргумент –дәлел, арифметическая прогрессия – айырымдық дәуірлеу, арифметическая средина – айырымдық орта, вертикальные углы – тұстас бұрыштар, вертикальная линия – тік сызық, высота наклонной плоскости – көлбеу жазықтығы, вычитание – азайту, вычитаемое – азайтқыш, гипотенуза – қиғаш сызық, горизонтальная линия – жатық сызық, горизонтальное направление – жатық бағыт, делимое – бөлінер, делитель – бөлгіш, диаметр – өре, длина – тұрық, единица – бірлік, единица измерения – өлшеуіш, именное число – деректі сан, квадрат – шаршы, ось – шүлдік, параллель – қатар, параллелограм – қиықша, периметр – жиек, синус – синус, cotg – котангеніс, треугольник – үшкіл, уравнение – теңдеу, формула – өрнек, целое – бүтін, т.б. Аталған терминдердің барлығын бірдей дұрыс еді демесек те, математика терминдерін алғаш сөздікте қамтып, қазақшалап берген автордың үлкен еңбегін атап айтпасқа болмайды. Сонымен бірге осы терминдердің ішіндегі уравнение – теңдеу, формула – өрнек, целое – бүтін, квадрат – шаршы, синус – синус, cotg – котангеніс сияқты терминдер қазіргі математикада, оның ішінде алгебра мен геометрияда, тіпті физикада да, жалпы математикамен байланысты салаларда қолданылып жүр. Одан басқа келтірілген терминдердің ішіндегі алгебра – алжебір, аргумент – дәлел, арифметическая средина – айырымдық орта, вертикальные углы – тұстас бұрыштар, высота наклонной плоскости – көлбеу жазықтығы, вычитание – азайту, вычитаемое – азайтқыш, гипотенуза – қиғаш сызық, горизонтальная линия – жатық сызық, горизонтальное направление – жатық бағыт, делимое – бөлінер, делитель – бөлгіш, диаметр – өре, периметр – жиек, треугольник – үшкіл т.б. терминдерді қазіргі математикада да қолдануға болатын терминдер қатарына жатқызуға болады. Тіпті бұл терминдердің біразы қазіргі математикада басқа нұсқасында қалыптасып кетті дегеннің өзінде, ғалымның құрастырған сөздігінде берілген термин жасау үлгісін алдағы жаратылыстану ғылымдарының терминдерін жасауда, аударуда, қалыптастыруда, қабылдауда үлгі ретінде негізге алуға боларлық тізбелер екендігін көрсетуге міндеттіміз. Егер осы талданып өткен, 1925 жылы шыққан «Орысша-қазақша әскерлік атаулар» сөздігі мен 1927 жылы Н.Қаратышқанұлының басқаруымен шыққан «Пән сөздері» сөздігін салыстырып, екі сөздіктің ішіндегі терминдермен, терминдердің берілісімен, құрылымымен мұқият танысатын болсақ, үлкен ұқсастықты аңғаруға болады. Бір байқалатыны – алғашқы сөздік пен екінші сөздіктегі терминдердің құрамы қайталанады, көпшілік терминдер бірдей. Яғни қамтылған терминдерінің көпшілігі алғашқы сөздікте берілген терминдер болып келеді. Тіпті аудармасы мен тыныс белгілеріне дейін бірдей болып сәйкеседі. Бір қолдан немесе құрастырушылар тобынан шыққан қолтаңбаны байқауға болады. Бұдан бұл екі сөздік те арнайы мекеменің жоспарлауымен шығарылған, тек екіншісі – қайта басылып шыққан нұсқасы деген қорытынды жасауға болады. Расында да, алғашқы сөздікпен танысып шығып, екінші сөздікпен таныса бастаған қолданушы екеуінің материалдарының көпшілігі бірдей терминдер екендігін аңғарады. Ал айырмашылық – алғашқы терминографиялық еңбекте әскери атауларға басымдық беріліп, оған қосымша басқа ғылым салаларына да тән терминдерді араластырып берсе, екіншісінде әскерлік атаулардың орнын математика терминдері басып, негізінен математика терминдерін қамтуға басымдылық беріледі. Дәлел болу үшін бір-екі мысал келтіре кетсек, екі сөздікте де агитация – үгіт, агитация – үгіт соты, аэростат – айырастат, глицерин – күлсерен деп бірдей нұсқада, бірдей қалыпта кездеседі. Егер әліпби ретімен берілген әр әріпке қатысты термин сөздер тізбегін салыстырсақ, кейінгі сөздікте математика терминдерімен бірге толықтырудың негізі барлығына мән бересіз. Бір ғана «А» әрпіне қатысты алғашқы сөздікте берілген терминдер санынан екінші сөздікте берілген терминдер саны көбірек болып шығады, толықтырылғандығы көрініп тұрады. Бұл сөздіктердің мұндай қайталаулармен, бірінен соң екіншісінің аз уақыт ішінде қайта баспадан жарық көріп жатуының өзіндік себептері де жоқ емес сияқты. Өйткені біріншіден, қазақ терминологиясы көптеген терминдік бірліктерін қалыптастырып жатқан тұс осы кезеңмен сәйкес келсе, екіншіден, сол мақсаттарда қолданыс сұранысына ие осы терминографиялық еңбектер болған еді. Сөздік терминдерді реттеп берген алғашқы сөздіктердің бірі болғандықтан, құрылымында тек математика терминдерін берумен шектелмеген. Сөздікте сол кезде алғаш ресми түрде қазақ терминологиясының қолданысына ене бастаған механика, физика, медицина, биология, әдебиеттану, тіл білімі сынды бірнеше ғылым салаларының терминдері қамтылып берілген. Алғашқы сөздіктердің қатарына жататындықтан, әр сала терминдері араластырылып берілген деген кемшілікті бұл сөздікке қатысты таға алмаймыз. Осы сөздіктің кирилл әріптеріне көшіріліп, қайта басылып шыққан нұсқасына алғысөз жазған ғалым Ш.Құрманбайұлы сөздіктің маңызы туралы: «Арнаулы сөздіктер түзу ісі бір ғасырға жуық даму жолынан өткеніне қарамастан, бұл саладағы кемшіліктерден әлі арыла алмай отырғанда, ұлт тіліндегі термин шығармашылығы жаңадан қолға алына бастаған кезеңде жарық көрген алғашқы терминологиялық сөздікке сын айтудың өзі де артықтау болар», - дей келіп, келесі ойларының бірінде: «...Н.Қаратышқанұлының құрастырған сөздігінен термин шығармашылығының кезеңдік келбетін айқын аңғаруға болады», - деп сөздіктің маңызды тұсын дәл көрсетеді. Бұл – біздің жоғарыда термин шығармашылығындағы алаш зиялыларының ұстанымына қатысты тұжырымымызды нақтылай алатын дәлел [3, 12 б.]. Терминографиялық еңбектерді жарыққа шығарудағы «алаштықтардың» қолтаңбасын айшықтай түсетін еңбектің біріне Қ.Кемеңгерұлының басқаруымен шыққан «Қазақша-орысша тілмашты» жатқызуға болады [4]. 1925 жылы Мәскеу қаласынан жарық көрген бұл сөздік Тіл комитетінің тапсырысы бойынша 2005 жылы баспадан қайта жарық көріп, терминография тарихын жүйелеудегі ізденісті жеңілдетіп, тәжірибелік терминография тарихының қорын тағы бір еңбекпен, қажетті дерекпен байыта түсті. Бұл сөздіктің құрастырушылары Қошке Кемеңгерұлы, Мұстафа Боралқайұлы, Абдолла Байтасұлы, Есім Байғасқаұлы, Шәкір Баймақанұлы, Ғаббас Дәулетбекұлы, Сұлтан Темірбекұлы, Төлеутай Сәрсенбайұлы болған. Қошке осы сөздік туралы өзі жазған мақалаларының бірінде: «Біздер «тілмашты» жағропалықтарға арнап жазғандықтан, өте сирек айтылатын сөздерді кіргіздік», – деп көрсетеді [4, 9 б.]. Мәліметтерінде бұл сөздіктің «қараушысы – Мағжан» болғандығы да көрсетіледі. Бұл да сөздікте қамтылған материалдардың маңызы туралы ақпарат беретін мәлімет. Ғалым Д.Қамзабекұлы бұл дерекпен байланыстыра отырып, сөздіктің маңызы туралы мынадай пікір айтады: «Мына қызықты қараңызшы: Қошкелер сөздікті еуропалықтарға арнап жазады, ал ол еуропалануға бағыт алған болашақ қазақтарға да арналғандай. «Өз қазағымызды» өзіміз тілі басқа деп танитынымызды кім болжаған? Бірақ шындықтан қашып құтыла алмаймыз. Бүгін Қ.Кемеңгерұлы жетекшілігімен шыққан сөздік еуропаланған қазақ түгіл тіл құбылысы мен заңдылығын жанымен сезіну қабілетінен айырылып қалған кәдімгі қазаққа да ділгір» [4, 9 б.]. Бұдан шығатын қорытынды, сөздік өз бойына сол кезеңдегі қазақ сөзінің таза алтын сарайын қамтып, оны аударма өнерімен ұштастырып бере алған. Еңбек сол кезеңдегі таза қазақ сөзінің келбеті мен тіл өнерінің нағыз қазақтың тіліне тән бояуын көрсетуімен құнды. Бұл жөнінде де алғы сөз авторы: «...1925 жылы Мәскеуде басылған «Қазақша-орысша тілмаш» осыдан бір ғасыр бұрынғы сөздерді, ұғымдарды қағазға қаттаумен құнды», – деп қорытады [4, 10 б.]. Терминографиялық тұрғыдан қарастырсақ, бұл арнайы, мақсатты түрде шығарылған терминологиялық сөздік емес. Соған қарамастан, сөздік құрастырудағы алғашқы тәжірибелердің бірі ретінде сол кезеңде шығарылған, талданып өткен терминологиялық сөздіктердің шығарылуына негіз бола алды. Бірақ «Тілмашта» тек лексикалық бірліктер қамтылған деп айтуға келмейді. Өйткені орыс тілінен аударылған ұғымдарды беруде көптеген сөздер жасалған. Сол сөздердің арасында термин сөздер бар. Тағы бір аңғарарлығы – сөздерді жасаудың үлгілері, термин жасаудың табиғатына жақын, термин жасауда да қолдануға, негіз болуға жарарлық. Сөздікте берілген жүйелі сөз жасау үлгілері осындай тұжырым жасауға жетелейді. Бұл ойды «Тілмаштан» мысалдар ала отырып нақтылауымызға да болады: атыс – стрельба, атыспақ – перестреливаться, атыстырмақ – пон.зал.от гл. атыспақ. Немесе сөздікте осы сияқты әсер, әсерленбек, әсерленбірмек, әсерлі; балшық, балшықты, балшықшы; жауап, жауапты, жауапкер; тіл, тілазар, тілалмақ, тіләуезділігі, тілтимек, тілдеспек, тілсіз күш, тіл қисыны, тілмаш, тілмарлама; сияқты жүйелі сөз жасау, сөз аудару үлгілерін кездестіруге болады. Демек, өз кезеңінде маңызды лексикографиялық еңбек болғандығына қарамастан, «Қазақша-орысша тілмаш» – терминдерді беруде де, оны жасаудың тілдік үлгілерін көрсетуде де үлкен рөл атқарған, терминографияның терминологиялық лексикография бағытын дамытуға үлес қосқан сөздік болып бағалана алады. Ол өз кезегінде терминдерді қалыптастыруға, қолданушысына жеткізуде үлкен қызмет атқаратын терминография тәжірибесіндегі қажетті бағыт. Ал терминография ұғымының тек терминологиялық сөздіктермен шектелмейтіндігін, терминологиялық сөздіктер оның негізгі зерттеу нысандарының бірі ғана екендігін, терминографияның терминдерді реттеп, жүйелеуші жұмыстармен байланысты мәселелердің барлығын қамтитындығын ескерсек, терминография тарихының бастау көздерін алғашқы басылып шыққан терминографиялық сөздікпен шектеу де дұрыс болмайды. Жаңа терминдердің берілуінде оқулықтар мен оқу құралдарының да терминографиядағы орнын ұмытпаған дұрыс. Оқулықтар – терминдерді салалық ғылыми жүйеге сәйкес реттеп көрсететін әрі оларды нақты ғылыми мәтін ішінде қолдана отырып сұрыптайтын терминографиялық еңбек. Ал көптеген жаңа терминдер қалыптасып жатқан 20-30 жылдардың кезеңінде жарық көрген оқулық еңбектер ол терминдердің қолданысқа еніп, қалыптасуы, жарамсыз терминдердің сұрыпталып, реттелуі үшін үлкен терминографиялық еңбектерге тән қызметтерді атқарғандығын мойындауымыз керек. Мұндай оқулықтардың қатарына М.Дулатовтың «Есеп құралын» (Орынбор, 1918), К.Жәленовтың «Есеп тану» (Ташкент, 1923), Ж.Күдериннің «Өсімдіктану» (Қызылорда, 1927), С.Қожановтың «Есептану құралы» (Ташкент, 1924) т.б. еңбектерді атап, оларды алғашқы кезеңдегі терминографияның бірқатар қызметтерін атқарған жұмыстар ретінде тануға толық негіз бар. Терминографияның теориялық мәселелері XX ғасыр басында мүлдем көтерілмеді деп айта алмаймыз. Айталық, «Атаулар сөздігінің» алғысөзін жазушылардың өзі терминдерді терминологиялық сөздікте берудің мәселелеріне бара алған. Жалпы, сонымен бірге, осы кезеңде зиялы қауым мен ғалымдардың шама-шарқынша шығарып келген сөздіктерінің қай-қайсысына да алғысөз жазылып, алғашқы терминологиялық сөздіктер болғандықтан, түсіндірмелер беріліп отырған. Сөздікті қолдануға, жасау барысындағы ұстанымдарға, сөздікте берілген терминдердің берілу ерекшеліктеріне тоқталған осы алғысөздерде көтерілген мәселелердің мазмұны сол кезеңде терминографияның теориялық мәселелері терминографтар мен тілші-ғалымдардың алдынан шығып отырғандығын айғақтайды. Тіпті, мұндай теориялық мәселелер жекелеген ғылым тіліне, термин сөздердің мәселелеріне арналған баяндамалар мен ғылыми мақалаларда да қамтылып отырған. Демек, XX ғасыр басында орыс терминтану іліміндегідей, арнайы «терминография», «терминограф» терминдері қолданылмаса да, оның негізгі мәселелері жалпы қазақ терминтану ілімінің аясында қарастырылып, талдаулар мен терминологиялық сөздіктерді құрастыру ісінің нысаны болып келген. Айтылған ойлар тізбегіне сол кезеңдегі қазақ зиялыларының еңбектерінен дәйек үшін нақты мысалдар келтіре түсуге болары хақ. Мысалы, Елдес Омарұлының «Қазақша пән сөздер» атты баяндамасында мынандай сөйлемдерді кездестіруге болады: «Сөздердің өзі де – тізілуі де қазақша болу шараларын істеу керек. Сөзді қазақша тізу қолдан келмейтін жұмыс емес: Ол үшін жазушы жат тілдің сөз тізіміне әуес болуды қойып, қазақша сөйлем жүйесінің тиісті ережесін жаттап алса, – қазақша сөйлемнің анықтауышы анықталатын сөздің алдына, толықтауыш, пысықтауыштар өздерінің толықтап пысықтайтын сөздерінің алдына келіп арасына басқа сөз салмай жалғаса тізіледі – деген жалғыз ережені жаттап алса болады» [5, 75 б.]. Аңғаратынымыз, ғылым тілін жасаушылар оқулықтарында болсын, сөздіктерінде болсын қазақ тілінде жасалған сөздерді мүмкіндігінше қазаққа түсінікті етіп түзгені орынды екендігі талданады. Сол кезең үшін қазіргі қазақ терминографиясында қалыптасып отырған жағдай сынды қазақ терминологиялық сөздіктерінде қазақ терминдерінің барынша басым берілуі өзекті мәселе болғанға ұқсайды. Бұл – Елдес Омарұлының 1925 жылы Орынбор қаласында өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде жасаған баяндамасы. Баяндама осы жиынның соңында зиялы қауым тарапынан талқыланып, арнайы қаулы шығарылған. Қаулының соңғы тармағы былай деп келеді: «Қазақша сөздер әліпби ретімен тізіліп, лұғат кітебі болып жазылып шығарылсын». Арнайы комиссия немесе жиын тарапынан талданып, қабылданған терминдердің сөздік ретінде басылып шығарылуына мән беріліп отырған. Ал «Атаулар сөздігі» – алаштықтар шығарған терминологиялық сөздіктердің жинақталып берілген соңғы нұсқасы және алаш зиялыларының терминдерді жүйелеу ісіндегі айрықша қолтаңбасы. «Атаулар сөздігінің» терминдерді жүйелеудегі қызметі мен қазақ терминографиясының тарихындағы орны бөлек. Бұл жөнінде «Атаулар сөздігіне» қатысты жан-жақты талдаулар арнайы жасалды да [6, с. 11-12].. Терминдік ұғымдар мен атаулар «Қазақ» газетінің беттерінде, кейіннен жарық көріп отырған «Айқап», «Абай» журналдарында, «Сарыарқа» газеттерінде басылып тұрғандығы белгілі. Бұған дәлел – біріншіден, аталған газеттердің сол кезеңде қазақ ұлтының арасында үлкен беделге ие болғандығы. Сондықтан ондай газеттерде жаңалықтар ретінің бірінші кезекте басылатындығы белгілі. Екіншіден, аталған газет беттерінде термин саласының өзекті мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар жарияланып отырған. Үшіншіден, терминдердің газет беттерінің соңында беріліп отырғандығы жөніндегі мәліметтер ғалымдардың еңбектерінен де кездеседі. Осы бұқаралық ақпарат құралдары мен оқулықтарда, оқу құралдарында, қарастырылып өткен, 1925-1927 жылдарда шығарылған маңызды сөздіктерде берілген терминдер 1931 жылы Қызылорда қаласынан 5000 дана таралыммен Халық ағарту комиссариаты білім кеңесінің терминология комиссиясының шығаруымен жарияланған «Атаулар сөздігінде» жинақталып, жеке сөздік ретінде басылып шыққан. Латын тілінде басылып шыққан бұл сөздік алғашқы сөздіктердің біріне жататындығына қарамастан, терминологиялық сөздіктердің қызметін, терминологиялық сөздік ретінде алдына қойған мақсатын атқара алған. Сапалық жағынан, ең алдымен, сол кезеңдегі ғылым мен техника салаларына тән қалыптасқан жаңа атауларды (терминдерді) барынша жинақтап, қамтып берген. Екіншіден, сөздік әрі ақпарат, мәлімет беру, әрі жаңа атаулардың (терминдердің) аудармасын беру мақсаттарын көздеген. Сөздіктің бұл екі мақсатты да жүзеге асыра алғандығын байқауға болады. Үшіншіден, алдына қойған мақсатын мүмкіндігінше орындауға ұмтылған. «Атаулар сөздігінің» мақсаттары – жаңа атаулар жөнінде ғылыми қауымға көпшілікке ақпарат беру, терминдердің аудармасын беру, термин сөздердің қолданысын бірізге түсіру. Осы мақсаттардың сөздіктің құрылымындағы орындалу деңгейіне тоқталсақ, «Атаулар сөздігінің» терминдерді аударып беру сапасы, терминдердің қазақ тіліндегі нұсқасы қазіргі терминологиялық сөздіктерден салыстырмалы түрде болса да жақсырақ екендігіне көз жеткізуге болады. Бұл туралы сөздіктің алғы сөзін немесе кіріспе орнына берілген, «Атаулар сөздігінің» өзінде көрсетілген «Бір-екі сөзін» жазушы-сөздікті құрастырушылардың өзі: «Бұл сөздікке еуропадан сегіз мыңнан аса сөз алынып, оның көпшілігі қазақ тіліне аударылды», - деп көрсетеді [7, 3 б.]. Мұны сөздіктің құрылымындағы көптеген сөздердің аудармасы нақтылай алады. Мысалы, давление – қызу, бинокль – дүрбі, заготовка – даярлау, ряд – қатар, транспортир – бұрыштық, изображение – кескіндеу, избиратель – сайлаушы, маска – түс перде, мастер – шебер, налог – салық, перепись – санақ, угол – бұрыш, целое – бүтін, часть – бөлім, член – мүше, т.б. Енді осыдан бағамдап көрсек, сол кезеңдегі тілі мен ділі, діні таза, шұбарланып, санасы уланбаған қазақ тілінің өкілі үшін термин болсын, басқа сөз болсын өз тіліңнің ішінен шықпаған, өзгеден алынайын деп тұрған сөзді аудару немесе қазақтың сөйлеуі мен айтуына икемдеу қалыпты, дұрыс құбылыс, бағыт болып есептелген. Сондықтан да олар қазіргідей «аударып қажеті не», «қажеті қанша», «үйреніп те қалдық», «оларды түсінбеу деген жай сөз» деп ат тондарын ала қашып, ұра түрегеліп, үрке шаппайды, жатырқай қарамайды, алагөздік танытпайды. Керісінше, «көпшілігі қазақ тіліне» аударылды деп, соның өзін аяғына дейін орындай алмағандығына өкініш білдіреді. Саналардың арасындағы айырмашылықты, тілдік сананың көрінісін терминография да айғақтап беретіндігін тарихи терминографияны талдау да дәлелдеп отыр. Жинақтай айтқанда, қазақ терминографиясының тарихындағы «алаш» кезеңінің өзіндік қолтаңбасы айрықша. «Алаш» зиялыларының терминография саласындағы мұралары терең зерттеле түсуі қажеттігі айқын. ## Дереккөздер 1. Орысша-қазақша әскерлік атаулары / Жалпы редакциясын басқарған Ш. Құрманбайұлы. Астана: 1С-Сервис, 2005. – 136 б. 2. Елубаев С.Е. Основные принципы образования терминологии по математике // Қазақ терминологиясының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1986. – 89-92 бб. 3. Қаратышқанов Н. Пән сөздері (1927). Алматы: Ер-Дәулет, 2004. – 128 б. 4. Қазақша-орысша тілмаш (1925) / Басқарушы: Қ. Кемеңгерұлы. Астана: Келешек-пресс, 2005. – 288 б. 5. Омарұлы Елдес. Қазақша пән сөздері // Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі: сиез материалдары. Орынбор, 1925. – 75 б. 6. Атаулар сөздігі. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2004. – 184 б. 7. Атаулар сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған А. Байтұрсынұлы. Қызылорда: Қазағыстан, 1931. – 168 б.
Нұразхан Алмас-мәдениеттанушы, суретші. ## Өмірбаяны 1964 жылы Зайсан қаласында дүниеге келген.1979-1983 жылдары Васнецов атындағы Аврамцево көркемөнер-өндіріс училищесінде (Ресей), 1987-1992 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемөнер институтында, 2004-306 жылдары Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтында білім алды.1992-1996 жылдары Алматы қаласындағы «Алас» кооперативінің, 1997-1998 жылдары «Балалар мен жасөспірімдердің өнер орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры болды. 1998-2000 жылдары ҚР Суретшілер одағы төрағасының орынбасары, 2000-2004 жылдары Абай атыңдағы ҚҰУ көркемөнер-графика факультеті сәндік-қолданбалы өнер кафедрасының меңгерушісі болса, 2004-2007 жылдары «Дарын-Аrt» ЖШС көркемөнер-өндірістік компаниясының, 2007-2009 жылдары Астана қаласында орналасқан Мәдениет пен өнерді шыңдау мемлекеттік қорының директоры қызметтерін атқарды, 2009 жылдан Астана қаласындағы «Қазақстан халқын рухани дамыту қоры» АҚ президенті.Педагогика ғылымдарының кандидаты. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының академигі. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. ↑http://kitaphana.kz/
Біздің қазақ халқы –мұсылман, діні – ислам екендігі үнемі Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.Өкінішке орай, кешегі «қызыл империя» ата-бабаларымыз қасиеттеген, түпкі табиғи болмысына айналдырған ислам дінін мансұқтап, ұрпақтарына құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете жаздады. Құдайға шүкір, қазір тәуелсіздігіміз өз қолымызда, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда. Қазіргі жаһандану дәуірінде «бәле қайда? Бассаң аяқ астында» дегендей, бізді сақтануға шақыратын мәселелер жетерлік. Еліміздіегі экономикалық қиындық көптеген келеңсіз жайттердің бой көтеруіне жол ашып берді. Бір формациядан екінші формацияға өту, әрине, көптеген қиындықтарды қоса әкеледі. Бұл қиындықтардан рухани біртұтастық қиналдырмай алып шығаруы хақ. Ал, рухани күйзеліске ұшырау, әртүрлі жіктерге бөлініп, дағдарысқа ұшыратады. Қазіргі Қазақстан халқы рухани дағдарыстарды басынан кешіруде. Алпауыт империялар ең алдымен жаһандану дәуірінде кез келген елдің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді тектен текке көздемейді. Рухани тұтастығынан айырылған елді өнбіс етіп алу ежелден келе жатқан дәстүр. Әсіресе, ұйқыдан енді оянған нәрестедей қазақ халқын азғыру, соңына ерту оңайдың оңайы. Тәуелсіздігімізден бергі он жыл ішінде жарты миллиондай қара көздеріміз басқа діннің шылауында кетуі осыны айғақтайды. Дәл осылайша үнсіз кете беретін болсақ, алдағы 15-20 жыл ішінде қазақтың тең жартысы өзге діндерге өтуі ғажап емес. Сондықтан да, әлі де кеш емес, мемлекеттік тұрғыдан маңыз беріп, дін саясатына ерекше көңіл бөлу, мемлекеттің басым көпшілігі мұсылмандардың (Қазақстан Республикасында қазір мұсылмандар ресми дерек бойынша 70%) мүддесін, ауыз бірлігін сақтайтын заңдар қабылдау, исламдық этикалы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқыту, миссионерлік іс-әрекеттерге тыйым салу қажет. «Иегово куәлері» үстіміздегі жылы Украинада конференция өткізіп, оған Қазақстаннан барған 500 делегаттың 350-і өзіміздің қара көздер екені көп нәрсені білдірсе керек. Қаншама қара көздеріміз «кришна» дініне еніп, мінез-құлықтары адамдық сипаттан алшақтап кеткенін де жақсы білеміз. Ислам дінін үгіт-насихат етушілерден гөрі өзге, дінімізге жат діндерді насихаттаушылар көп. Олар қалалардағы көше-көшелерді, тіпті ауыл-ауылдарды аралап, тегін діни кітаптарын таратып, жұртты азғыртып жүр. Қайта, міне осы миссионерлердің өздері адам құқығын бұзып, отбастарымызға ылаң салуда. Қазір Республикамызда үш жүз елуден астам діни секталар мен ағымдар білгенін істепм жатыр. Олардың қатарында исламдық ағымдар мен «Ахмади» секілді теріс жолдағы ағымдар да бар. Біздің қазақ сан ғасырлар бойы ислам дінінің «Имам Ағзам» деп аталатын Ханифилік жолды ғана ұстанып келген. Бұл жол нағыз демократиялық, суниттік жол. Ханифилер өзінің көнімпаздығымен, ізгілікті сипаттарымен ерекшеленеді. Мұны жақсы біле білген ата-бабаларымыз осы ағымды ҮІІІ ғасырдан бері нық ұстап, арасына жік түсірмей келген еді.Ислам дінінің берік орныға қоймау себебін біз республикамыздағы жалпақшешейлік діни саясаттан көреміз. Көпұлтты Ресейде зайырлы мемлекет бола тұра, заңдарында ежелден келе жатқан христиан дінін құрметтеп, оған басымдылық беретінін айдан анық жазып көрсетеді. Ал, біздерде әлемдегі барша дін, ағым, секталарға есік ашық.Ағамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен имандылықты бойына сіңіру, мектепте де жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл көкейкесті мәселелерді шешуге мемлекетіміз де, діни басқармамыз да, бүкіл мұсылмандар да атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек. Қазақстанды мекендейтін мұсылмандар 70% астам. Әрине, бұл үлкен күш. Бәріміз осы күшті бірітірсек, адамгершілік, әділеттілік, имандық жолын тез қалпына келтірер едік. Мемлекетімізде халықтар татулығы нығайып, нағыз азаматтық қоғам құру жеңілдер еді. Өйткені, құқықтық-демократиялық мемлекеттің қайнар көзі де осы исламда, ата-баба қағида-ережелерінде жатыр. Парламентіміз заңдарды құрастырып, бекітіп, қабылдап отырғанда бұларды көзінен таса қалдырмаулары тиіс. Барша өркениетті елдер өздерінің түп-тамырларына, өткеніне сүйенеді. Жапония да, АҚШ та, Қытай да, Ағылшындар да, Немістер де, Үнділер де дәл солай, қазіргі заңдары өткенінен нәр алған. Ал, біздердің заңымыз сырттан әкелінгендіктен, қаншама сұлу, әдемі көрінгенімен дінімізге, руханиятымызға сіңбейді. Сол үшін де заңдарымыз көпшілік көңілінен шықпай жүр. Оған бірер мысалдар келтіре кетейін: — біріншіден, ата-бабаларымыз кез келген іс-әрекет, ой-ниетті адал-арамға, жақсы-жаманға, обал-сауапқа, дұрыс-бұрысқа бөлген. Бірін—жақсы, екіншісін—күнә дейді. Күнә нәрселер адам баласына зиян келтіреді. Сондықтан да ондай іс-әрекеттер қылмыс, жөнсіз жасалып, кез келген қоғам мүшесі ондай әрекеттерден аулақ жүрген; — екіншіден, күнә жасаушылар болмауын қоғамның өзі қадағалап, бола қалған жағдайда оның шығу себебін анықтап, оның жайылып кетпеу жағы қарастырылады; — үшіншіден, күнә жасаушы міндетті түрде жазасын тартуы, жасаған күнәсіна өкініш білдіруі, екінші рет істемеуге шешім қабылдауы және қылмыс пен күнәнің кешірілуі көзде тұтылады; — төртіншіден, мұны жүзеге асырушы билер, ақсақалдар және билік басындағылар жақсы біліп қана қоймай, оларды жаман жолдан қайтарып, имандылыққа жетелеген; — бесіншіден, кез келген қылмысты іс, дау-дамай жариялы түрде, халық алдында өткен. Сөйтіп, жазаның әділдігі өзгелер алдында анықталып, оның үстіне өзгелерге сабақ, үлгі (сот шешімдері) болған./15/ Өкінішке орай, осындайнағыз демократиялық принциптер құқық қорғау органдары қызметкерлерінде жеткіліксіз. Ал осы принциптерді мықты ұстанған мұсылман елдерінде түрмелер бос, қаңырап тұр. Айтылған кінараттар нәтижесінде республикамызда түрмелердің толы болуы, біздерде салауаттық пен имандылықтың жоқтығын көрсетеді. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар нәтижелі болуы—имандылық пен әділеттілкте жатыр. Ал, имандылық пен әділеттілік тек ислам діні мен ата-бабаларымыздың біздерге қасиеттеп қалдырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде жатыр. Мұны мықтап қолға алмасақ, бармақ тістеуге де шамамыз келмей қалары анық. ## Дереккөздер 1. Нұралы Өсерұлы. Ислам және Қазақстан. //Руханият. –Алматы 2003 ж. 2. Ислам және Қазақстан. // Руханият, - Алматы 2003 ж. 701-б. 3. Шүлембаева Қ. Ислам дінінің топтық және әлеуметтік мәні. –Алматы 1970 ж. 4. Доржанов С.Б. Ислам және қазіргі кезең. –Алматы 1985 ж.
Жалқауаң (лат. Bradypodidae)- тіссіз сүтқоректілердің түріне жатады. Көкбауыры мен ұйқы безі денесінің сол жағынан оң жағына ауысқан ерекше сүтқоректі. ## Табиғатта таралуы Жалқауаңдар өзінше бір тұқымдасқа топтастырылған. Қазіргі кезде олардың 5 түрі бар. Жалқауаңдар негізінен Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Олар ағаштарға арқасын төмен салбыратып 4 аяқтарының барлық саусағымен мықтап ұстап қозғалмай бекініп тұрады. Тіпті абайсызда қалғы кетсе де құламайды. Себебі, алдыңғы аяқтарының 3 саусағы (кей түрінде 2 саусақ) артқы аяқтарының 3 саусағы ұшындағы ішке иілген ұзын тырнақтарымен ілгек тәрізді бірігіп кеткен. Сол ілгектерімен ағашқа мықтап бекінеді. Денесіндегі түктерінің ұшы да арқа жағына қарай бағытталған ұын қылшықтары болады. Жаңбыр суы денесінен қылшықтарының бойымен төмен жерге қарай ағады. Түктерінде көк- жасыл бактериялар қалың жабысқандақтан (зиянсыз), қоңырқай- сұр түсі жасылдау болып көрінеді. ## Негізгі сипаттамасы Қалың ормандарда жасыл бактерияларға толы ол байқалмай, қозғалмай ілініп тұрған жануарды ешкім байқамайды. Жауынан қорғанудың бір тәсілі- қозғалмау. Жалқауаңдар арқасын төмен қаратып ағаш бұтағына 4 аяғымен салбырап ілінген қалпын өзгертпеген соң ішкі мүшелерінің де орындары ауысып орналасқан. Оның сыртын қарны жауып тұрады. Көкбауыры мен ұйқы безі сол жағынан оң жағына ауысқан, кеңірдегі екі жерден иілген, қуығы өте үлкен көкетке жанаса орналасқан. Бұл құбылыстың барлығы да олардың мекен ететін орта жағдайында бейімделгендігінің дәлелі бола алады. ## Тіршілік етуі Жалқауаңдар ағаштардың жапырағын, жас өркендерін, гүлдері мен жемістерін қорек етеді. Терісі қатайып әбден мүйізденіп кеткен. Еріндерімен олар қорегін үзіп (жұлып) жейді. Бір ағашта қорегі таусылған жағдайда жалқауаңдар жерге түсіп келесі ағашқа жармасады. Жерге түскенде тіпті дәрменсіз. Жерге жатып аяқтарын созып ағашқа қалай жабысу керек екендігін мойнын жан- жағына бұрып іздестіре бастайды. Біра жерге әрең қозғалып, зорға дегенде басқа ағашқа тырнағымен жабысады. Жалқауаңдар тәулігіне 15 сағат ұйықтайды. Олардың тыныс алуы өте баяу, дене температурасы +24, +33 градусқа дейін төмендейді. Аптасына бір рет қана жаңбырдан соң үлкен дәретке ағаш түбіне түседі. Жалқауаңдар аштыққа өте шыдамды. ## Дереккөздер
Алматы Ақшамы – Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихатының ресми басылымы. Бірінші саны 1988 ж. 1-шілдесінен бастап “Вечерняя Алма-Ата” газетінің аудармасы ретінде жарық көрген. 1990 ж. 17-ақпаннан дербес газет болып шыға бастады. Газеттің алғашқы бас редакторы — И. Бейсебаев. Алғашқыда 40 мың данамен тек Алматыда, 1982 жылдан кейін Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарына тарады. Қазір республиканың барлық облысына тарайды. Газет қалалық әкімдік пен мәслихаттың жұмысын, Алматы қаласының әлеум.-экон. өмірін жазып келеді. Редакцияда қоғамдық-саяси өмір, экономика және әлеум. мәселелер, құқық, әдебиет-өнер, хат және қоғамдық пікір бөлімдері бар. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Қазақ қыздар үшін бас киім кию міндетті болмаған, бірақ XIX ғасырдың ортасынан бастап мұндай бас киімді кигендері байқалады. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қыздардың "скуфьясы" үшкір болған және ер адамдардың тақияларынан көп ерекшелігі болмаған. Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған. Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабаттап сырып тіккен. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. "Таңдай", "ирек", "қабырға" тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс,, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі болған. Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда "телпек", шығыс Қазақстанда "кепеш" деп атайды.па, жақ алқа тәрізді тізіліп, баскиімнің етегін шашақтап тұрады. Қыздар кепеші - Қыздар кепешінің қабырғасы (керегесі) биік, төбесі дөңгелек формада жасалған. Ою-өрнектердің қай түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін арттырады. Төбесіне торғын жібек шашақ төгіліп немесе, үлпілдек үкі қадалады.(Халел. Н.Ұлттық мирас). Сораба - қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Кәдімгі тақиядан айырмашылығы артында салпыншағы бар, қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге ұқсас солардың элементтерін қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін "ырымдап" кигізеді. Содан да: "Қыздар киер сораба, салбыратып шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын", - деген халық өлеңінде үзінділер кездеседі. Жырға - әйелдердің сәнді баскиімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен әшекейленіп тігіледі. Ол, әдетте, көп салпыншақты, түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ, шұбырт Бөрік - аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі. Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады. Қазақта бөріктің әр руға тән өзіндік үлгілері болған. Қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс т.б. халықтар да бөрік киген. Ол халықтарда тебетей //төбетей аталатын бас киімі туралы сөздіктерде Даль "татарская ермолка" десе, Дмитриев "шығыс қалпағы", Қ.Жұбанов " төбе-верх, голова+тей-суффикс" дейді. В.В. Радлов : "Татар: түбәтәй, түбә-верхушка" деп дәлелдейді.(Опыт словаря тюркских наречии.) Бұл турасында тілші Ә.Алмауытова: "Уәждділік негізінен туынды сөздерге тән болғандықтан, тебетей туынды сөзінің уәжі адамның бұл киімді төбесіне киетін қызметімен байланысты сияқты", - дейді. Қазақтың жар-жар, сыңсыма айту, т.б. ғұрыптарында айтатын: Бөркім, бөркім, бөркім-ай!Басыма киген көркім-ай!Ерте жатып, кеш тұрған,Үйдегі менің еркім-ай! - деген Бөркім, бөркім, бөркім-ай!Басыма киген көркім-ай!Ерте жатып, кеш тұрған,Үйдегі менің еркім-ай! - деген жолдардан бөрікті тұрмыс құрмаған қыздар да кигендігін байқатады. Қыздарға арналған бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталып, тігіледі. Жиегін қымбат бағалы аң және мал терілерімен көмкереді. Соған сай ерекше бағаланатын ерекше кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қарсақ бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік және оқалы бөрік, деп аталатын түрлері ертеректе әркімнің ұнатып киетін баскиімі болғанға ұқсайды. Бөріктің жұрындалған терісіне қарай сан алуан түрге бөліп атайды: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. түрлері бар. ## Дереккөздер * "Қазақстан халқының ұлттық киімдері" Алматы кітап 2007ж.
## XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан баспасөзінің дамуы Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік «қамқорлық» (бірінші жағынан) және «ризашылық» (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 «Сібір қазақтары» туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің «Еуропалық тәсілдерін» танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды. Мұның барлығы ақыр аяғында қазақтардың оған қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығуына жол ашты 50,б.198.Халық көтерілістері, қазақтардың өздерін сыртқы жаулардан қорғау әрекеті (әсіресе, Хиуа, Бұқара, Қоқан, Қытай елдерінің оның ішінде Ресейге де қарсылық көрсетулері) отарлық басқару тұсында ерекше орын алды. Ал, орыстар қазақтарды өз діндеріне бағындыру мақсатында басқарудың еуропалық үлгісін оларға күштеп таңды. Осының барлығы ұлттық сананың дамуына ұзақ жылдар бойы қасақана құрылған тор болып келді. Ал, жергілікті байлардың қанау тәсілдерімен патша әкімшілігінің ауыр алым-салықтары, қазақтардың күш көрсетуі-қазақ халқын қайыршылыққа әкеп тіреді. Мәселен, ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Ұя, Орал, Ешім, Ор және Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле тағы басқа өзендерді бойлай орналасқан ұшан теңіз алқапты қазақтар иемденді. ІХ ғасырдың соңында олардың саны жүз мың адамнан асып кетті. Патша үкіметі оларға қазақтардың кесерлерінен жер беріп, көптеген жеңілдіктер жасап, ал қазақтарды Сахарада пайдаланатын ұрда қолшоқпарына айналдырды. Қазақ жерін отарға айналдыру саясатының тиімді түрі миграция тәсілі болды. Егер Қазақстанға Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен 1986 жылға дейін 294 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінсе, 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңға артты.Ел билеуші жергілікті бай - манаптардың халық санасына үнемі «Ресей мемлекеті бізге бар жақсылық жасауда» деген, қоғамдық пікір тудыруға тырысып баққаны байқалады. Олар басқаларға қазақ халқы орыстарға бағынғанға дейін негізінен көшпенді өмір сүрді. Сөйтіп Еуропалық елдерден «артта қалған» жартылай жабайы халық болды деген жел сөз таратып, қазақтарды отырықшылыққа үйретудің қажеттігі туралы екі ұшты жоспарлар құра бастады 1,б.3.Өткен ғасырдағы патшалы Ресейдің осындай саясаты кешегі кеңес үкіметіне де мұра болып қалғандай. Себебі, соңғы кезеңге дейінгі қазақтар туралы сөз қозғалса, «Олар тек дала көшпенділері болған, оларда шаруашылықтың егіншілік түрі мүлдем болмаған еді» деп еске алып келді. Алайда, қазіргі қолда бар көптеген архив және сол кезеңде шығып тұрған демократиялық бағыттағы басылымдардың материалдарына сүйене отырып, біздер қазақ жерінде Ресей Қазақстанды жаулап алған кезеңге дейін де мақта, астық шаруашылығы, көкеніс, бау-бақша, жеміс-жидек, алма бақтары болғандығын, сол тарихи кезеңде Қазақстанда суландыру құрылыстарының кең жүйесі жасалғандығын, қазақтардың ерте заманда да суландырылған алқаптарда жұмыс істегендігін, оларға малға жем, шөп дайындау ісінің де ертеден таныс болғандығын, қазақтардың ХІХ ғасырдың басынан-ақ отырықшы және көшпелі өмір сүріп, ол кезде де қазіргі малшылардың да өміріне ұқсас шаруашылық түрлерінің болғандығын мақтанышпен айта аламыз. «XIX ғасырда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын (әсіресе ет, май) ірі отар елге айналды. Қазақтардың өміріне бойлап енген сауда, тауар айырбасы және жәрмеңке оларды Еуропа мәдениетіне жақындастырып, ерекше роль атқарды». Алайда, сауданың келуіне байланысты қазақ даласында жергілікті халықтың орыс заңдары мен нарықтық құнын жете білмегендіктерінен алдау, тонау, күш көрсету дегендер көбейіп кетті. Сол кезеңдегі «Отечественные записки» сияқты кейбір жанашыр басылым қағаздардың жер бетінен толық жойылып кету қауіпі төнді, -деп дабыл қағуы да тегін емес. Екіншіден, мұның барлығының себебі өзінің шет аймақтарында; әсіресе, аз ұлттардың арасында патшалық Ресейдің саясатына байланысты еді. Өйткені, Ресей Қазақстанды жаулап алғаннан соң, оның жерін шикізат қоймасы мен арзан жұмыс күшіне айналдыруды көздеді. Өлкенің өнеркәсібін игеру көп экономикалық шығынды қажет етті. Сондықтан, Ресей пайдалы қазбалары мен мал шаруашылығының өнімдерін қанағат тұтты. Ресейге Қазақстанда астық шаруашылығын дамыту ол кезде пайдасыз болды. Оған көп шығын жұмсау керек еді. Сөйтіп, қазақ даласында ауыл шаруашылығы нашар дамыды. Тіпті ұсақ тауар өндірісі саласында да Қазақстан өз саудасын Ресей мен байланыстырғандықтан Шығыстың бай саудасынан айырылып, күнделікті өмірге қажетті заттарды шығаруға да мүмкіндігі болмай қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың соңында да мал шаруашылығы «мамандандырылған» шаруашылықтың басты түрі ретінде қала берді 9,б.172.Белгілі Еуропалық түсінік бойынша, XIX ғасырда қазақтардың мәдениет дәрежесі орыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған. Алайда, мұндай теңестіру қазақтардың мәдениетіне орыс мәдениетінің тұрмысынан қараудың негізінде пайда болғаны шындық. Бірақ әділін айту керек, кезінде демократтарды былай қойғанда, кейбір миссионерлердің өздері де қазақ халқының ұлттық өзіндік мәдениетін жоғары бағалап, қазақтар бейбіт, бауырмал, адамдар ретінде сипатталған. Әйтседе, өкінішке орай, қазақ елін басқару (патшалы Ресейдің тарапынан) өте шиеленіскен, қиын жағдайда жүргізілді. Мәселен, 1868 жылы далалық облыстарды басқару жағдайының жобасын талқылаған Министрлер кабинеті қазақтарға қатысты, барлық заңдардың бұрмаланып отырғанын атап көрсеткен. Ал, осы кезде қазақ жеріне Ресейден орыстардың шектен тыс қоныс аударуы демократиялық бағыттағы зиялыларды қатты ойлантқан. Бұл орайда А.Ядренцевтің «Сібір бұратаналары және олардың құрып бітуі» деген мақаласындағы жер мәселесі барлық жүгенсіздіктер мен кедейшіліктің басталуы болды деген жолдар патшаның оспадар саясатының нәтижесінде бір ұлттың құрып кету қауіпінің тұрғанын меңзеді. Өзінің әріптесінің бұл ойын қостай отырып, Л.К.Чермак «Қырғыздар қырылып бара ма!» деген мақала жазды. Сөйтіп, патша отарлау саясатын өрістетіп, бар шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына беру арқылы өзі шығарған заңды өзі бұрмалап, қазақтардың жерін орыстардың меншігіне айналдырған. Бұл жөнінде қазақ даласын басқару туралы заң жобасына пікір ұсынған комиссия былай деген: «Қырғыз даласына, шекаралардан қазақтарды сондай-ақ ішкі және Сібір губернияларынан орыс шаруаларын кіргізу оларды қазақтар тегіне алу, орыстардың көп мөлшерде қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Приказдардың тұрақты орналасқан жері қоныс аударушы орыстардың тегін көбейте түсті. Орыс қоныс аударушылары Жайық пен Ертіс өзендерінен есептегенде 1000 шақырымға жуық оңтүстік аймақты басып алып, бұрындары Ресейдің шекаралық аудандары болып келген қазақ даласы патшалықтың ішкі бөлігіне айналып шыға келді. Бұл хабарды кезінде деректі құжаттар негізінде патша генралдары Ф.Бис пен Л.Валюзик жазған. Сол кезде «Современник», сатиралық «Искра», «Военный собранник» тағы басқа көптеген газет-журналдар мен альманахтардың беттерінде қазақтарға хат танытудың қажеттілігі, қазақ жұмысшыларының тұз өндіру орындарындағы қиын жағдайлары, көшпелі ауылдардағы тап қайшылықтары қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кенжелеп қалу қауіпі турасында және қазақ даласындағы отарлау саясатын жүргізіп отырған патша үкіметінің топас іс жүргізушілері хақында еңбектер жазған Е. Карповик, А.Еврейна, К.Губарев, А.А.Курочкин, А.Гейнстер есімдерін ерекше атауға болады. Отарлау саясатының жүгенсіздігі үкіметтің барлық шет аймақтары сияқты Қазақстанда да тек өз жеке бастарының қамы үшін, қажеттілікті халықтың хал жағдайымен есептескендігінен-ақ көріп отырды. Олар өз мақсаттарына жету үшін «Мамандарылған» шаруашылық саясатында жүргізді. Мұның өзі Қазақстандағы индустрияландырудың өнеркәсіпті дамытудың, ауыл шаруашылығы жүйесінің қолданбалы түрлерін дамытудың орнына, өлкені пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің қоймаларына айналдыруға әкеп соқтырды. Осының барлығы жергілікті халықтың өміріне, әдеп-ғұрпына үлкен әсер етті. Оларға күштеу арқылы Еуропалық дүниетанымның белгілерін енгізе бастады. Отаршылдар қазақ мәдениеті Еуропалықтар мен орыстардың мәдениетімен салыстырғанда «Екінші сортта» деп келісті 22,б.184.Міне, осындай себептермен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы жоққа шығарылды. Халық көшпелі рулар мен тайпалардың жиынтығы болғандықтан олардың мәдениеті мен әдебиеті ауызға алғысыз», -деп көрсетілді. Осыдан барып, орыстар өздерін басқаларға «Аға халықпыз» деп мойындатуға тырысты. Қазақ халқының осылайша бұрмаланып келген ғасырлар бойғы тарихының сыр - сипатын тек бүгінгі дербес ел болған таңда ғана ашық айтуға мүмкіндік туды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой - пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Міржақып, Ғушар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипатты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді. Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси әлеуметтік қозғалыстың дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Мұның себебі, Ресей самодержавиесындағы жалпы қоғамдық ой - сананың дамуында бостандық идеясы билеп алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түпкірге жеткен сарынынан еді. ## Пайдаланған әдебиеттер ## XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан баспасөзінің дамуы Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік «қамқорлық» (бірінші жағынан) және «ризашылық» (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 «Сібір қазақтары» туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің «Еуропалық тәсілдерін» танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды. Мұның барлығы ақыр аяғында қазақтардың оған қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығуына жол ашты 50,б.198.Халық көтерілістері, қазақтардың өздерін сыртқы жаулардан қорғау әрекеті (әсіресе, Хиуа, Бұқара, Қоқан, Қытай елдерінің оның ішінде Ресейге де қарсылық көрсетулері) отарлық басқару тұсында ерекше орын алды. Ал, орыстар қазақтарды өз діндеріне бағындыру мақсатында басқарудың еуропалық үлгісін оларға күштеп таңды. Осының барлығы ұлттық сананың дамуына ұзақ жылдар бойы қасақана құрылған тор болып келді. Ал, жергілікті байлардың қанау тәсілдерімен патша әкімшілігінің ауыр алым-салықтары, қазақтардың күш көрсетуі-қазақ халқын қайыршылыққа әкеп тіреді. Мәселен, ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Ұя, Орал, Ешім, Ор және Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле тағы басқа өзендерді бойлай орналасқан ұшан теңіз алқапты қазақтар иемденді. ІХ ғасырдың соңында олардың саны жүз мың адамнан асып кетті. Патша үкіметі оларға қазақтардың кесерлерінен жер беріп, көптеген жеңілдіктер жасап, ал қазақтарды Сахарада пайдаланатын ұрда қолшоқпарына айналдырды. Қазақ жерін отарға айналдыру саясатының тиімді түрі миграция тәсілі болды. Егер Қазақстанға Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен 1986 жылға дейін 294 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінсе, 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңға артты.Ел билеуші жергілікті бай - манаптардың халық санасына үнемі «Ресей мемлекеті бізге бар жақсылық жасауда» деген, қоғамдық пікір тудыруға тырысып баққаны байқалады. Олар басқаларға қазақ халқы орыстарға бағынғанға дейін негізінен көшпенді өмір сүрді. Сөйтіп Еуропалық елдерден «артта қалған» жартылай жабайы халық болды деген жел сөз таратып, қазақтарды отырықшылыққа үйретудің қажеттігі туралы екі ұшты жоспарлар құра бастады 1,б.3.Өткен ғасырдағы патшалы Ресейдің осындай саясаты кешегі кеңес үкіметіне де мұра болып қалғандай. Себебі, соңғы кезеңге дейінгі қазақтар туралы сөз қозғалса, «Олар тек дала көшпенділері болған, оларда шаруашылықтың егіншілік түрі мүлдем болмаған еді» деп еске алып келді. Алайда, қазіргі қолда бар көптеген архив және сол кезеңде шығып тұрған демократиялық бағыттағы басылымдардың материалдарына сүйене отырып, біздер қазақ жерінде Ресей Қазақстанды жаулап алған кезеңге дейін де мақта, астық шаруашылығы, көкеніс, бау-бақша, жеміс-жидек, алма бақтары болғандығын, сол тарихи кезеңде Қазақстанда суландыру құрылыстарының кең жүйесі жасалғандығын, қазақтардың ерте заманда да суландырылған алқаптарда жұмыс істегендігін, оларға малға жем, шөп дайындау ісінің де ертеден таныс болғандығын, қазақтардың ХІХ ғасырдың басынан-ақ отырықшы және көшпелі өмір сүріп, ол кезде де қазіргі малшылардың да өміріне ұқсас шаруашылық түрлерінің болғандығын мақтанышпен айта аламыз. «XIX ғасырда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын (әсіресе ет, май) ірі отар елге айналды. Қазақтардың өміріне бойлап енген сауда, тауар айырбасы және жәрмеңке оларды Еуропа мәдениетіне жақындастырып, ерекше роль атқарды». Алайда, сауданың келуіне байланысты қазақ даласында жергілікті халықтың орыс заңдары мен нарықтық құнын жете білмегендіктерінен алдау, тонау, күш көрсету дегендер көбейіп кетті. Сол кезеңдегі «Отечественные записки» сияқты кейбір жанашыр басылым қағаздардың жер бетінен толық жойылып кету қауіпі төнді, -деп дабыл қағуы да тегін емес. Екіншіден, мұның барлығының себебі өзінің шет аймақтарында; әсіресе, аз ұлттардың арасында патшалық Ресейдің саясатына байланысты еді. Өйткені, Ресей Қазақстанды жаулап алғаннан соң, оның жерін шикізат қоймасы мен арзан жұмыс күшіне айналдыруды көздеді. Өлкенің өнеркәсібін игеру көп экономикалық шығынды қажет етті. Сондықтан, Ресей пайдалы қазбалары мен мал шаруашылығының өнімдерін қанағат тұтты. Ресейге Қазақстанда астық шаруашылығын дамыту ол кезде пайдасыз болды. Оған көп шығын жұмсау керек еді. Сөйтіп, қазақ даласында ауыл шаруашылығы нашар дамыды. Тіпті ұсақ тауар өндірісі саласында да Қазақстан өз саудасын Ресей мен байланыстырғандықтан Шығыстың бай саудасынан айырылып, күнделікті өмірге қажетті заттарды шығаруға да мүмкіндігі болмай қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың соңында да мал шаруашылығы «мамандандырылған» шаруашылықтың басты түрі ретінде қала берді 9,б.172.Белгілі Еуропалық түсінік бойынша, XIX ғасырда қазақтардың мәдениет дәрежесі орыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған. Алайда, мұндай теңестіру қазақтардың мәдениетіне орыс мәдениетінің тұрмысынан қараудың негізінде пайда болғаны шындық. Бірақ әділін айту керек, кезінде демократтарды былай қойғанда, кейбір миссионерлердің өздері де қазақ халқының ұлттық өзіндік мәдениетін жоғары бағалап, қазақтар бейбіт, бауырмал, адамдар ретінде сипатталған. Әйтседе, өкінішке орай, қазақ елін басқару (патшалы Ресейдің тарапынан) өте шиеленіскен, қиын жағдайда жүргізілді. Мәселен, 1868 жылы далалық облыстарды басқару жағдайының жобасын талқылаған Министрлер кабинеті қазақтарға қатысты, барлық заңдардың бұрмаланып отырғанын атап көрсеткен. Ал, осы кезде қазақ жеріне Ресейден орыстардың шектен тыс қоныс аударуы демократиялық бағыттағы зиялыларды қатты ойлантқан. Бұл орайда А.Ядренцевтің «Сібір бұратаналары және олардың құрып бітуі» деген мақаласындағы жер мәселесі барлық жүгенсіздіктер мен кедейшіліктің басталуы болды деген жолдар патшаның оспадар саясатының нәтижесінде бір ұлттың құрып кету қауіпінің тұрғанын меңзеді. Өзінің әріптесінің бұл ойын қостай отырып, Л.К.Чермак «Қырғыздар қырылып бара ма!» деген мақала жазды. Сөйтіп, патша отарлау саясатын өрістетіп, бар шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына беру арқылы өзі шығарған заңды өзі бұрмалап, қазақтардың жерін орыстардың меншігіне айналдырған. Бұл жөнінде қазақ даласын басқару туралы заң жобасына пікір ұсынған комиссия былай деген: «Қырғыз даласына, шекаралардан қазақтарды сондай-ақ ішкі және Сібір губернияларынан орыс шаруаларын кіргізу оларды қазақтар тегіне алу, орыстардың көп мөлшерде қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Приказдардың тұрақты орналасқан жері қоныс аударушы орыстардың тегін көбейте түсті. Орыс қоныс аударушылары Жайық пен Ертіс өзендерінен есептегенде 1000 шақырымға жуық оңтүстік аймақты басып алып, бұрындары Ресейдің шекаралық аудандары болып келген қазақ даласы патшалықтың ішкі бөлігіне айналып шыға келді. Бұл хабарды кезінде деректі құжаттар негізінде патша генралдары Ф.Бис пен Л.Валюзик жазған. Сол кезде «Современник», сатиралық «Искра», «Военный собранник» тағы басқа көптеген газет-журналдар мен альманахтардың беттерінде қазақтарға хат танытудың қажеттілігі, қазақ жұмысшыларының тұз өндіру орындарындағы қиын жағдайлары, көшпелі ауылдардағы тап қайшылықтары қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кенжелеп қалу қауіпі турасында және қазақ даласындағы отарлау саясатын жүргізіп отырған патша үкіметінің топас іс жүргізушілері хақында еңбектер жазған Е. Карповик, А.Еврейна, К.Губарев, А.А.Курочкин, А.Гейнстер есімдерін ерекше атауға болады. Отарлау саясатының жүгенсіздігі үкіметтің барлық шет аймақтары сияқты Қазақстанда да тек өз жеке бастарының қамы үшін, қажеттілікті халықтың хал жағдайымен есептескендігінен-ақ көріп отырды. Олар өз мақсаттарына жету үшін «Мамандарылған» шаруашылық саясатында жүргізді. Мұның өзі Қазақстандағы индустрияландырудың өнеркәсіпті дамытудың, ауыл шаруашылығы жүйесінің қолданбалы түрлерін дамытудың орнына, өлкені пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің қоймаларына айналдыруға әкеп соқтырды. Осының барлығы жергілікті халықтың өміріне, әдеп-ғұрпына үлкен әсер етті. Оларға күштеу арқылы Еуропалық дүниетанымның белгілерін енгізе бастады. Отаршылдар қазақ мәдениеті Еуропалықтар мен орыстардың мәдениетімен салыстырғанда «Екінші сортта» деп келісті 22,б.184.Міне, осындай себептермен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы жоққа шығарылды. Халық көшпелі рулар мен тайпалардың жиынтығы болғандықтан олардың мәдениеті мен әдебиеті ауызға алғысыз», -деп көрсетілді. Осыдан барып, орыстар өздерін басқаларға «Аға халықпыз» деп мойындатуға тырысты. Қазақ халқының осылайша бұрмаланып келген ғасырлар бойғы тарихының сыр - сипатын тек бүгінгі дербес ел болған таңда ғана ашық айтуға мүмкіндік туды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой - пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Міржақып, Ғушар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипатты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді. Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси әлеуметтік қозғалыстың дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Мұның себебі, Ресей самодержавиесындағы жалпы қоғамдық ой - сананың дамуында бостандық идеясы билеп алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түпкірге жеткен сарынынан еді. ## Пайдаланған әдебиеттер
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714-ші жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737-ші жылы қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады. Б. Ғафуров: «714-ші жылы Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты жаулап алып, өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды. Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрыптардың нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқалардан өзгелерден бөлек өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақтық өзіндік идеологияны ғана басшылыққа алды. Бұл исламның Қазақстанға баяу енуін туғызды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды. Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік ибн Маруан (685–705) тұсында ғана жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутейб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705-ші жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берген. Төртінші рет Кутейба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутейба) екі дирһам береді» деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу, т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді. Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан термторриясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады. Оларға қарсы «ғазауат» соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез-келгендерінің бастарында да бар. Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері. Заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) уаызекі шығармашылық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақтытәрбиелейтін үлгі-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кеңес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т.б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды. Араб халифаты 634-ші жыл мен 710-шы жылдың аралығында, яғни 70–80 жылдың ішінде Сирияны, Иранды, Ауғанды, Орта Азияны, Африканың солтүстігін, Египет пен Европаның батысын тұтас жаулап алып, оларға бірден ислам діні мен араб тілінің үстемдігін орнатуға тырысты. Кезінде Кеңес үкіметі ешқандай діни сенімдерге рұқсат бермеді. Нәтижесінде, мемлекет болып қалыптаса алмай, жойылып кетті. Ал бүгінде «атеисттік бағытты ұстанады» деген елдердің өзінде дін еркіндігі бар. Діни сенімдерін заңына қосқан елдер бар. Американың әнұранында «Құдай, Американы қорға» деп айтылатынын бәріміз білеміз. Мемлекетіміздің діні бізге ешқандай зиян келтірмейді. Ал исламнан бас тарту - сонау әл-Фарабиден бері қарай өмір сүрген Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Дулатилардан бас тарту. Осыдан бес жүз жыл бұрын құрылған Қазақ хандығы да сол кезде ислам дінімен өмір сүрді. Кешегі Абылай хан заманында Бұхар жырау «Бес уақыт бес намаз, Біреуін қаза қылмасқа»деп жырлады. Ал олар біздің бабаларымыз, тарихымыз. Яғни, діні сенімнен бас тарту ұлттық болмыстан бас тарту болып саналады. Жаулап алушы мемлекеттің басты мақсаты - сол елдің тарихы мен дәстүрін жою. Болашағына сенімі жоқ елді жаулап алу оңай. Кейбіреулер «Ислам діні келгенге дейінгі тарихымыз бар, тәңіршілдікке қайтайық» деп айтуы мүмкін. Біз әл-Фараби бастаған тұлғалардың көзқарасы ислам арқылы қалыптасқанын көрсеттік. Ақсақ Темірдің өзі Қожа Ахмет Йассауидің кесенесін салу арқылы ислам дінін насихаттады. Немересі Ұлықбек исламның ақиқатын өз еңбектерінде жазып кетті. Ал енді тәңіршілдікке оралайық. Ең болмаса XVIII-ші ғасырдың соңында мынадай бір ғалым тәңіршілдік туралы айтты деген ақпарат жоқ. Одан арғы тарихқа бармай-ақ қояйық. Шоқан Уәлиханов XIX-шы ғасырдың соңында якуттың бір жазушысының жазған еңбегін аударды. Қазіргі тәңіршілдердің шамшырағы осы еңбек қана. Алайда оны діни маман жазбағанын ескертеміз. Ал ислам дінін әл-Фарабиден бастап айтып келеді. Ол үзілмей, ғасырдан ғасырға жалғасуда. Ислам дінінен бас тарту - тарихтан бас тарту. Ал өткенімізден бас тарту келешектегі сенімсіздікке әкеледі. Бұл ұлт болып жойылып кетуге апаратын бағыт болады. ## Дереккөздер 1. Бартольд В.В. Соч. Т. V 68-б. 2. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. –Москва. 1961 ж. 3. Орынбеков М.С. Протоқазақтардың дүниетанымы. –Алматы 1995 ж. 4. Гафуров Б.Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история. –Москва, 1972 ж. 316-б. 5. Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2002ж. 103-б. 6. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 1992 ж. 135-б.
Қазақтың этноргафиялық суреттерінде кескінделген адам (батыр) бейнесі негізінен өте қарапайым түрде, яғни бет әлпеті өңсіз, бос болып, ал кеудесі мен қол-аяқтары жай сызықтармен, кейбірінде тік бұрыштармен; өте сирек көріністерде: кеудесі - қазақтың антропоморвты мүсініне ұқсас болса, ал аяғы - қонышы кең, биік өкшелі, киіз байпақты саптама етік түрінде қалыптан тыс ұлғайтылып берілген. Бет-әлпеті өңсіз, бос болып келетін сурттердің басында конус іспетті «қаптама» булыға, күн немесе т.б. культті бейнелер болуы мүмкін. Иықтары домаланып келген трапеция пішінді кеудесі астындағы тұғырымен бірге бүтін ұлу тастардан қашалып жасалса, кейбірінің тұғырларының қапталдарына әртүрлі суреттер, көп бұрышты сынықтар немесе бейнесіз мүсндер салынады. Олардың кейбірі тік сызықтардың қосылуы арқылы «күн», «ұшқан құс», «жебе» т.б. тәрізді жеке батырлардың немесе белгілі бір рудың таңбасына айналады. Мұндай белгілі-таңбалар мүсндердің иықтарында да кездеседі. Денесінің алды-артына қылыш, айбалта, шиті мылтық, жебелі садақ пен жебелері бар қорамса сияқты қару-жарақ түрлері салынады. Ислам дінінің таралуына дейінгі салынған мүсіндердің кейбірінің су толатын ойықтар болады. Бұл исламға дейінгі бастауы бар мұслмандық - мистикалық түсінік бойынша оған толған сулы өлген адам жанының териоморвты образы - құстар ішіуі тиіс. Бұл жерде айта кететін бір жағдай, анлропоморвты бейнелердің бет-әлпетінің өңсіз, бос болуы мұслмандық бейнелеу өнерінің жалпы бағыттарымен байланысты Исламның гнеселогиялық нормалары бойынша «шын бет-әлпеті» қарапайым пенделердің тануы мүмкін емес деген ұғым бар. Қолымызда бар деректерге сүйенсек ,батыр - тек соғыста ерлік көрсеткен тұлға ғана емес, ол - соғыс өнерін кәсіпке айналдырып, бүкіл өмірін соғыста өткізетін және кәсібі бүкіл әулетіне жалғасып отыратын; хандық билікпен тығыз байланыста болып ,мемлекеттік істерге араласып отыратын; өзіндік мәдениетті мен өнері, идиалогиясы мен моральдық нормалары, салт-дәстүрі, наным-сенімдері мен ырым-жоралары бар көшпелі қоғамның ерекше жігі.Енді біз батырларға берілген осы анықтамаға қысқаша тоқталып өтейік. Батыр-кәсіпқой әскери адам. Әскери кәсіп-батырлардың негізгі кәсібі. Сондықтан бұл қоғамдық жік өкілдері қартайғанша қаруын қолынан тастамай, бар өмірін соғыста өткізетін. Соғыста қаза болу батырлар үшін қасиетті өлім болып саналады. Оған Ақтамберді жыраудың: “Бар арманым, айтайын, Батырларша жорықта Өлмедім оқтан, қайтейін” ,- деген толғауы мен кешегі жоңғар шапқыншылығы кезінде ауырып, төсек тартып жатқан Олжабайдың: «Қой боғындай қоғасын маған бұйрықсыз болып, жамандардай төсекте сұлап жатып, қағындыдан өлдім-ау», - деп бармағын жұлып шайнап тастағаны мысал бола алады.Әскери кәсіп - батырлар үшін ата кәсіп саналып, көп жағдайда әкеден балаға мұра болған. Батлрла әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіпппен айналысып ел үшін соғысқа аттануы міндетті. Әскери әулеттен болғандықтан батырла алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әксінің кегін алудан бастайды. Өйтекні әке кегін қумау батыр үшін өліммен бірдей. Бұл жерде айта кететін бір жәйт: бір-бірінің намысын қадірлей білетін батырлар: «...Мен өлсем арманым жоқ, артымда үш ұл, бір қызым бар. Сен өлсең артаңда дәнеңең жөқ, тұяқсыз ұалсың, елге барда әйел ал, бала көр, ...артыңда кек алатын тұяқ қалсын», - деген үзіндіден көріп отырғанымыздай, айқастағы қасыласының атында кегін қуар мұрагері болуын қатты ескеріп отырған. Батырлар хандық билікпен де тығыз байланысты, яғни хан жанындағы әскерикеңес мүшелері, түрлі дауазым иелері болғандықтан елдің ішкі және сырқы саясатына араласып, мемлекетаралық қатынастарға қатынасып, әртүәлі қызметтерді атқарған.Мысалы елшілік қызметтегі қызметтегі батырлар өз дегеніне кез-келген әдіспен жетіп отырған. Бірде олар қарсыласын өздерінің күші туралы өтірік ақпаратпен қорқытса, енді бірде оқыс қимылдап, айқайлап, өздерін қатыгез ретінде көрсетіп жауларының беделін көрсетуге тырысқан Жыраулар өнері батырлар идеологиясымен тікелей байланысты. өйтекні, жыаулар - батырлар жігінің өкілдері, яғни олардың барлығы баырлар әулетінен шыққан және кезінде батыр болған адамдар. Оған қолбасы болған қазту,ан жырауды, Есімханның әскер басы Жиенбет жырауды, Темір бидің батыры Шалкиізді, жорыққа қатысқан батыр - Допанбетті мысалға келтіруге болады. Аңшылық батырлардың негізгі кәсібі болмаса да кейбір жағдайларда олар аңшылықпен айналысқан. Атап айтсақ л жағдайлар: - жұтан малдары қырылған от-басы мен ауылдарын асырау үшін; - мал-жандарына зиян келтірген жырқыш аңдарды құрту үшін; - тыныштық, бейбіт жылдары әскери дайындығын жлғалтпау және оны одан әрі жетілдіру үшін т.б.. Қазақ батырларының ұстанған діни-нанымдарының мән-мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері де болған. Қандай да бір үлкен істі батасыз бастамайтын халқымыз сияқты, батырларымызда батырлар жолына түсерде, алғашқы жорықтарына аттанарда әулие ақсақалдардан, атақты батырлардан, не әке-шешелерінен бата алып шықса, ал жоықта, айқаста, жол жүргенде сыйынатын, қолдайтын пірлері, әулиелері болған.Қазақ батырлары сыйнатын пірлердің ішінде көне заманннан келе жатқандары да, ислам дінінен енгендері де бар. Олардың кебіреулері мифтік қаһармандар болса, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тұлғалар. Солардың ішінде ең бірінші аталатыны Иран, Тұран батырларының пірі - атақты мифологиялық батырлар - Рүстем мен Дастан болса, ал екіншісі - Баба Түкті Шашты Азиз. «Утемиш - хаджи Чингиз-наме» кітабында ол (Баба Туклас) Өзбек хан кезінде қазақтың ру-тайпаларын ислам дініне нгізген төрт әулиенің бірі болса қазақ-ноғай батырлық жырларында Баба Түкті Шашты Әзиз әулие болып, мешіт ұстаған тақуа адам ретінде айтылады Көшпелі халықтардың батырлары пір тұтып, сыйынатын исламға дейінгі көне рухтадың бірі - Ғайып ерен, қырық шілтен.Көне наным бойынша Ғайып ерен, қырық шілтен көзге көрінбейтін, шілтен деп аталатын қырық нөкері бар адамдарға көмектесіп жүретін рух.Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мұсылман әулиелеріне де сыйына бастады. Қазақ батырлары сыйнған сондай әулиелердің бірі ислам үшін соғыстарда көп ерлік көрсеткен, мұсылманның атақты батыры, төртінші Халиф болған - Ғали (Әли, Хазірет Әлі). Жорықта, жолда жүргендіктен батырлар Қыдыр (Қызыр) атаны да пір тұтқан. Қызыр баба Шығста ислам дініне әулие саналып, кейін мұсылман әулиелерінің қатарына енген.Қазақтың көнеден келе жатқан діни түсініктері бойынша әр батырдың айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда қолдап, жебейтін аруақтары болған. Аруақ - адамның ата-бабаларының қасиеті, киелі рухтары, ал кие - аруақтың өасиеті, басқаларға тигізген кесапаты, зияны немесе жақсылығы /5;350/.Батырлардың киесі жайшылықта көзге көрінбейді. Ол тек айқаста, соғыста ғана көрініп, жауды жеңуге көмектеседі. Батырдың киесінің болуы оның күштілігінің белгісі. Оған ата бабаларының аруғы - жолбарыс болып қонған Бәйтікұлы Тоғанас батыр туралы аңызды мысалға келтіруге болады.Қазақ халқының аруақтары, оның киесі туралы діни нанымдарының түп-тамыры өте көне замандарда жатыр. Алғашқы рулық қауымдарды әр ру-тайпалар өздерін белгілі бір аңнан, құстан жаралғанбыз деп түсіп, өзінің тегі саналатын хайуанатқа табынған. Алғашқы қауым заманындағы адамдардың бұл көне діни нанымын, «тотемизм» деп, ал, ру-тайпалардың тегі саналған хайуанаттарды «тотем» деп атайды /10; 51-82/. Көне түркілердің өздерін көк бөрінің ұрпағымыз деуі және т.б. мысалдар осы көне тотемдік нанымдардың дәлелі.Кез-келген халықтың әскерилерінікі сияқты қазақ батырларының да қалаптасқан жауынгерлік этикасы мен моральдық нормалары болған және оны олар қатаң түрде ұстаған. Атап айтар болсақ: - үлкен айқастар әрқашан жекпе-жекпен басталады; жекпе-жекке қатысу батырлардың басты міндеттерінің бірі; жауынгерлердің шын мәнісінде батыр атануы осы жекпе-жек айқастарда жеңіске жетуден басталады; сол жекпе-жек алдында батырлар бір- бірінің аты-жөнін сұрап, өздерін таныстыруға тиісті; таныстыруда бабасы мен әкесінің аттарын, жасаған ерліктерін айтатын, сондай-ақ қарсыласына психологиялық шабуыл жасап, жауының мысын басатын: - ертегілерде, батырлар жырларында жиі кездесетін «атыспақ керек пе, шабыспақ керек пе?» - деген сөз тіркесі бар. Бұдан біз батырдың жекпе - жек айқаста қарсыласттарына қару таңдауға мүмкішілік бергенін, бес қаруды түгел меңгергендігін және өзіне сенімді екендігін көркміз; - жекпе-жекте көшпелі халықтардың батырлары жасы үлкен, жолы үлкен адамдарға беретін болған; - ұйықтап жатқан, сондай-ақ қарусыз адамдарды өлтірмеген; - батырлар жорыққа шыққанда жауды қапыда шаппаған. Керісінше оған хабар беріп, айқасқа дайындалуға мұрсат беріп, кездесетін жерін, уақытын белгіліеген. Бұдан біз батырлардың өкінішеке қалмай, өз намысын қарумен қорғауға алғандығын және бір-бірінің қадір-қасиетін, ар-намысын қадірлей білгеніндігін көреміз. ## Дереккөздер 1. Абылай хан. Тарихи жырлар. Алматы, 2. Ай заман-ай, заман-ай (Бес ғасыр жырлайды). Алматы, 1991. 1 т. 3. Ақтамберді жырау // Ай заман-ай, заман-ай (Бес ғасыр жырлайды). Алматы, 1991, 1 т. 4. Жалғыз жігіт ұрпақтары // Ертегілер. Алматы, 4 т. 5. Қазақ тілінің түсндірме сөздігі. Алматы, 1985. 1 т. 6. Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М., 1984. 7. Мустафина Р.М. Представлание, кльты обряды у казахов. Алматы, 1992. 8. Парапария // Батырлар жыры. Алматы, 1980. 5 т. 9. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері. Алматы, 2005. 10. Токарев С.А. Ранние формы релегии. М., 1990. 11. Утемиш-хаджи. Чигиз-наме. Алматы, 1992.
«BaigeNews.kz» (2019 жылға дейін BNews.kz) — қазақстандық ақпарат агенттігі. 2009 жылдың шілде айында іске қосылды. Сол жылдың шілде айында ҚР-ның ресми Ақпараттық агенттігі статусын алды. BaigeNews күнде online режимде ақпаратты текстілік, видео, фото, графикалық форматта ұсынып отырады. Қазақстан мен әлемнің саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени, спорттық жаңалықтарын таратады. Ақпараттық агенттік қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Сонымен қатар қазақ тілді ақпарат латын қарпіне аударылады. ## Жұмысы Агенттіктің жұмыс істеу принциптері - жылдамдық, нақтылық және шынайылық. Жаңалықтар тізбегінде күнделікті 350-ден 700-ге дейін жаңалық шығып отырады. BNews.kz порталында ҚР Үкіметінің отырыстары online-көрсетілімі жүргізіледі. Bnews.kz порталында 2012 жылы қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде 43 мың материал, 800 видеоматериал, 8 мыңнан астам фотоматериалдар жарық көрген. Қазақ және орыс тілдерінде 52 онлайн-конференция, Үкімет отырысының 23 онлайн-көрсетілімі өткізілген. 2014 жылдың 1-ші қаңтарына сәйкес BNews.kz порталында 64538 материал, 3893 видеоматериал, 10 мыңнан астам фотоматериалдар жинақталған. ## Дереккөздер
Сылдырмақша қандыгүл – Тянь-Шань,Жоңғар Алатауы және Тарбағатайдың биік таулы ылғалды мекен орталарына тән түр.Қазақстандағы 47 түрдің ішіндегі өзінше ерекшесі.Бұл онша биік емес,(25 см) көпжылдық,қысқарған тамырымен. Сулы шалғындықтарда субальпі және альпі белдеулерінің батпақты жерлерінде өседі.Сабағы жалаң,кейде олар болымсыз қабырғалы, сабақ түбіндегі жапырақтары шоқтанған, сабағындағылары кезектесе орналасқан. Барлық жапырақтары сағақты дөңгеленген шеміршек тісті, сегменттерге қауырсынды бөлінген. Бас жағындағы гүлшоғыры тығыз, шашақ пішінді.Гүлдері қысқа, гүлтабандарында жапырақ тәрізді гүлжапырақшаларымен қамтылған.Тостағаншасы түтікті.Түп жағы болымсыз үрмелі, тісшелері бір келкі емес(олардың төртеуі жалпақ, ал жоғарғы біреуі ұсақ үшкір).Күлте(қосерінді) ірі,ені 4,5 см, ақшыл күлгін түсті. Күлте түтігі ұзын, жоғарғы ерні иілген, және де біртіндеп жартылай сақина тәрізді иілген тісті тұмсықшаға кірігеді. Астыңғы ерні өте кең. Үш дөңгеленген қалақшаға бөлінген. ## Дереккөздер <"Қазақстан өсімдіктер әлемі" энциклопедиясынан/>
Корей диаспорасына 7 млн-дай Кореядан тыс өмір сүретін корейлер кіреді. Бестен төрті - 3 елді мекендеген: Қытай, Жапония и АҚШ. Жаңа Зеландияда, Қазақстанда, Канадада, Өзбекстанда және Аустралияда халықының 0,5 % корей мигранттар құрайды ## Қазақстандағы корей диаспорасы Қазақ халқының болмыс-бітімімен біте қайнасып, тұрмыс-тіршілігі ортақ бір арнаға тоғысқан корейлердің өзіндік ұлт ретіндегі мәдени құндылықтары біздің елде де қалыптасып келеді. Өзіндік өрнектерімен, ұлттық болмысымен, ұлттық киімдерінің айрықша үлгісімен, барша халықтар дастарханының сүйікті мәзіріне айналған асханасымен ерекшеленетін корей халқының мәдени құндылықтары қазақ елінде де тарғыл жолмен дамып келеді. Жалпы, тарихи отанында корейліктер * коре сарам ("Коре елінің адамдары"), * чосон сарам ("Чосон елінің адамдары"), * хангук сарам ("Хангук елінің адамдары") деп бөлінеді. Қазақстан Республикасында тұратын корейліктер өздерін коре сарам, яғни «Коре елінің адамдары» деп атайды. ### Тарихы 1939 жылғы депортация салдарынан Қазақстанға 96453 корей күштеп көшірілген.. Олардың көпшілігі Қызылорда облысы мен бұрынғы Талдықорған облысының Қаратал, Көксу аудандарына орналасқан. Жолдан әбден қажып, қалжыраған корей ұлтын қазақтар болмысына сай құшағын айқара ашып, емін-жарқын көңіл күймен қарсы алды... Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қазақ халқы тағдырлас корей халқының жан батпанын тереңінен түсініп, бауырына басты. Сол уақыттан бері корейлерден бірнеше ұрпақ тарады, бүгінде олар осыншама ыстық ықылас пен аса мейірбандылық танытқан қазақ жұртының, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп жүрген, кез келген салада өзіндік үлесі бар ел азаматтары болып отыр. Олардың ұрпақтары бүгінде Қазақстанды өз Отаны санайды. Саны аз болғанымен (халықтың 1%-нен аз) корейлер ұлт ретіндегі болмыс-бітімін ғана сақтап қалмай, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы өздерінің ұлт ретіндегі ерекшеліктерін өз елінен жырақта насихаттап жүрген бірегей ұлттардың санатында. 1990 жылы Алматы қаласында Қазақстан корейлерінің құрылтай съезі өтті, онда корей мәдени орталықтарының Республикалық қауымдастығы құрылды. Кейіннен ол Корей мәдени орталықтарының Қауымдастығы деп өзгертілді. Қауымдастықты Юрий Андреевич Цхай басқарды. Барлық облыстарда дерлік ана тілін үйрену бойынша топтар, көркемөнерпаздар ұжымы құрылған. Алматы қаласындағы Корей Республикасының білім беру Министрлігінің білім беру мекемесі Білім беру Орталығы ашылған алғашқы күндерінен бастап мәдени орталықтарға зор көмек көрсетуде. Қауымдастық корей өнері фестивальдарын өткізіп отырады, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тілді жетік білу бойынша республикалық сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Сайыстың жеңімпаздары Халықаралық сайысқа қатысу үшін Тэджон қаласына жіберіледі. Корей тілінің оқытушылары Корея Республикасының жоғары оқу орындарында машықтанудан өтіп тұрады. Қазақстанның республикалық радиохабарларында 20 жылдан астам уақыттан бері корей тілінде хабарлар шығып тұрады. «Коре ильбо» республикалық газеті шығарылады. Халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықтар кең өріс алуда, негізінен – Корея Республикасының радио және теледидар Корпорациясымен. Қазақстан корейлерінің Қауымдастығы ұлттық мәдениетті қайта өрлету мен дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға ұмтылады. Маңызды міндеттерінің бірі –халықаралық мәдени және экономикалық байланыстарды орнату және дамыту. Ұрпақтар сабақтастығына, жастар қозғалысын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Қазір Қазақстанда 99665 корей бар, оның 14097-і Қарағанды облысында. Қарағанды облысында корейлердің көп шоғыры орналасқандықтан, ол жерде Қарағанды облыстық корей мәдени орталығы ашылған. Ол 1989 жылдың қыркүйегінде құрылған. Қоғамдық ұйымның негізгі міндеті – корей мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін одан әрі дамытып, жаңғырту, қоғамның демократиялық жаңаруына диаспораның белсенділігін көтеруге көмек беру. Орталықтың басты жетістігі оның жоғары беделі, жинақталған тәжірибе, ұрпақтар жалғастығын бекітетін, үлкендерге, ана тілі мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелейтін дәстүрлер. Орталықтың бірден-бір ұжымы немесе құрылымы он бес жылдың ішінде өз қызметін тоқтатқан емес. Орталықтың негізгі қазынасы адамдар, оның активін уақыт сынынан өткен адамдар құрайды. Соның заңды жалғасы ретінде 2003 жылы "Мугунхва" фольклорлық ансамблі "халықтық" атағын алды. Филиалдың қасында, сондай-ақ Қарағандының үш мектебі мен екі жоғары оқу орнында Қазақстан корейлері қауымдастығының Қарағанды филиалының көмегімен корей тілін оқыту іске асырылады. Осы мақсат үшін Корей Республикасы елшілігі жанындағы ағарту орталығынан оқыған филиал активтерінен төрт оқытушы даярланды. Сабақ беруге Корей Республикасынан келген еріктілер тартылды. Филиалдың жанынан ардагерлер хоры, "Киппым" би тобы құрылып, жұмыс жасайды. Көркем өнерпаздар ұжымдарының мүшелері қалалық, облыстық, республикалық ұлттық мәдени фестивальдарға үнемі қатысады. Филиал түрлі шараларды тұрақты өткізеді, оның көбі дәстүрге айналды. Солардың ішінде ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлау, қыздар мен ұлдардың мерекесі ерекше орын алады. Поэзиялық атау алған "Өмірдің күзі" мерекесі қариялар күніне арналған. Филиалдың жұмысы орталықтың құрылымын одан әрі жетілдіруге арналған. Қазақстан Республикасы үкіметінің іс-әрекет бағдарламасына сәйкес басым бағыттар анықталған. Мысалы, филиалда "Кемеңгерлер алқасының" басшылығымен аға ұрпақпен жұмыс жүргізіледі. Жастарды тәрбиелеу Қазақстан корейлері республикалық қауымдастығы мен Қазақстан корейлері жастар қозғалысының бағдарламасы арқылы іске асырылады. Оқушылар арасындағы "Жеткіншек көшбасшы" республикалық іріктеу турына жыл сайын Қарағанды тұратын корей ұлтының өкілдері арасынан 100 оқушы қатысады. Корея республикасы елшілігінің "КАХАК" НТО мен Қарағанды филиалының көмегімен ҚКҚ-ның атаулы стипендиясын алу үшін студенттік конкурс өткізіліп келеді. Онда КарМУ, КарМТУ мен "Лингва" тіл мен аударма институтының студенттері жеңімпаз атанды. Қарағанды филиалы республикада бірінші болып шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің слетін өткізіп, экономикалық кеңес құрып, Қазақстан корейлері қауымдастығына ҚКҚ-ның қасынан экономикалық кеңес құру ұсынысымен шықты. Корейлер, бастапқы атауы – чосен-саран. Корей тілі кейінгі уақытқа дейін оқшауланған тіл болып келді, яғни ешқандай лингвистикалық топқа енбеген. Оның шығуы жайында түрлі жорамалдар бар. ### Салт-дәстүрлері Қазақстанға тарихи депортация кезінде қоныс аударған коре сарам корейлері бүгінде өзіндік тарихи-мәдени мұраға бай, халықтық элементтері мен санғасырлық ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өз дәрежесінде сақтап қалған, ата салтының мол қазынасын дәріптей білген ұлт ретінде қадірлі. Қазақстандағы корейлер христиан дінін ұстанады. Ал негізінен корей ұлтының көп бөлігі будда дінінің өкілдері. Ежелгі дәуірде корейлер шаман дінін ұстанып, табиғат құдіретіне табынған. III-IV ғасырларда Кореяға будда діні таралып, орта ғасырларда Конфуцийшілдік күшті ықпал еткен. XIX ғасырда Кореяға христиан діні де енді. Бірақ ол кең тарай алмады. Корейлердің отбасы әдетте көп балалы болып келеді. Баланың дүниеге келуін үлкен мереке етіп тойлайды. Тұрмыстың ауырлығынан балалар нәресте кезінде көп шетіней берген. Осындай кесапаттан сақтау үшін балаларға түрліше ырымдар жасауды әдетке айналдырған. Мәселен, ерте кезде ер баланың бірнеше есімі болған. Егер бала ауқатты отбасынан шыққан болса жақсы аттар қоятын болған. (Маржан, Әселе, Айдаһар т.б.). Ал егер шаруа адамының баласы болса – Шошқа, Бақа, Ит т.б. деп қойылған. Баланың есімі неғұрлым тұрпайы болса, соғұрлым оның өмірі жеңіл болады деген түсінік орнаған. Бұл баланы көз тиюден сақтайды деген түсініктен туған. Кейде ер балаға қыз баланың атын берушілік те болған. Кейінде нәрестенің сырт бейнесіне, мінезіне қарай лайықты есімдер берген. Мысалы бүркіт – батылдық бейнесі. Шелпек – жалпақ бет бала. Бала осылайша уақытша аттарды пайдаланып келіп, кейін кәмелетке толғанда тиісті құжат алу кезінде тұрақты атқа ие болады. Дәстүр бойынша немерелердің есімін ата тегіне қарай оның атасы қоятын болған. Осылайша ата текке байланысты аттар онша көп болмай корей халқында Цой, Пак, Ким, Ли деген аттар бүкіл ру, тайпалардың балаларына ортақ ат болып тараған. Бұл халықта тек аттан бұрын келеді. Корейлерде әйелдердің ресми немесе күйеуге тигеннен кейін күйеуінің тегімен аталған. Корей халқында баласы жоқтар өз туыстарының баласын асырап алатын болған. Асырап алған бала ата-аналарына адал қызмет етуге міндетті саналған. Корей халқында үш мерекені атап өту заң саналған. Ол біріншіден баланың туған күні; екіншісі – үйлену тойы; үшіншісі – мүшел тойы (алпысқа келуі). Үйлену тойы міндетті түрде сенбі, жексенбі күндері өткізіледі. Корейлердің салты бойынша ұзатылған қызды оның шешесі күйеу жігіттің қолына өзі әкеп береді. Қалыңдық бұған үнсіз көнуге тиіс. Келін күні бұрын дайындалып қойылған айнаны жігіттің шешесіне береді. Жігіттің шешесі оны күріш салған қаптың ішіне тығады. Бұл ырым келін мен ененің тату болуын, ас-суға иелік етуін меңзеу. Ал келінді үйге кіргізгенде оның жолына ақ мата жайып, үстіне күріш төгеді. Ол келіннің жолы ақ және ырзықты болсын деген тілекті білдіру. Бір жағынан қазақ халқының қызын ұзатып шығарып салғандағы алдына ақ мата төсеуі екі халық арасындағы үндестікті көрсетіп тұрғандай. Корейлердің дәстүрі бойынша келін түскеннен кейінгі үшінші күні үй шаруасымен айналысып, өзінің не нәрсеге бейім екендігін байқатуы тиіс. Сонымен қатар, корей халқында алпыс жасқа толған азаматтың мүшел тойын салтанатпен атап өту, оған ағайын-туыстардың көп қаржы жинап беріп, тойды өткізісуі заң болған. Сол қаржымен бақытты қарттықты өткіз деген ырым. Қаржы жинаудың екінші жағы да бар. Ол адамға «Сен көп жасадың ендігі жерде өмірің осымен бітті» дегенді сездіріп, онымен қоштасуы екен. Бұл халықта да өлген адамды жоқтау салты бар. Егер үй иесі қайтыс болса, еркек туыстары оң жаққа, әйелдер сол жаққа отырады. Әйелі, үлкен ұлы басқа балалары етпетінен жатып жылайды. Ал өлген адамды екі күн түнетіп, үшінші күні сағат 2-де шығарады да қайтыс болған адамға тиесілі зат, киім-кешектері түгелдей зират басында өртелінеді. Өлікті үйден жеті тесігі бар тақтай астаушаға салып басын оңтүстікке қаратып шығарады. Өлікті жерлеудің де үш түрлі жолы бар. Жерге жерлеу, ауада жерлеу, мәйітті өртеп жіберу. Бұрынғы уақытта будда тақуаларын кременацияда өртейтін болған. Тақуа адам өлсе оның денесін бос жерге ешқандай әдет-ғұрыпсыз өртейтін болған. Ал дәулеттілер дүние салса, олардың күлін тамаққа араластырып, құстарға жем ретінде ауаға шашатын болған. Кедейлер қайтыс болса үйдің жанына үстіне сабан жауып әркім үйінен ескі киімдер әкеліп жауып мәйітті соған орап денесін алыстау жерге апарып үстіне сабан жауып өртейтін болған. Корей халқында кейбір мейрамдарды жыл мезгіліне, шаруашылыққа байланысты өткізген. Соның ішінде жаңа жыл салтанатын өткізуге ерекше көңіл бөлген. Олар жаңа жылды қалай көңілді өткізсең, жаңа егіннің өнімі де мол болады деп есептеген. Көктемнің басы мен егін салу кезін де көңілді өткізген. Ал егін жинау орақ басталу кезінде жаңа егіннің өнімінен түрлі тағам даярлап ұлттық ойындар мен той өткізуді дәстүр еткен. Корейліктердің ежелгі наным-сенімдерінің бірі Алтай мен Сібірден неолит кезеңінде келушілер алып келген шаманизм. Шаманизмнің біраз өзгерген түрі бүгінгі күнге дейін сақталып қалған. Қазіргі Кореяда бірнеше ондаған мың мудан-шамандар бар. Досизм де Кореяда ежелгі заманда пайда болған. Бірақ бұл діни-дүниетанымдық ағым айқын ұйымдастырылып рәсімделген жоқ, сонда да оның әсері күні бүгінге дейін тән мен жанның саулығы, мәңгі өмірге ұмтылыс, ұзақ өмір мен бақыт тілеуде байқалады. Қазақстандағы корей диаспорасының басқа этностардан айырмашылығы өздерінің тарихи отанына көшіп кетушілердің жоқтығы болып табылады. Жас корейліктердің аз бөлігі ғана Корея Республикасына оқуға немесе жұмыс істеуге уақытша кетіп жатыр. Ал тұрақты өмір сүруге тек қана бірнеше ондаған адамдар кетіп жатыр.Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады. Қазақстандық корейлер де корейліктер де олардың ата-бабалары сияқты некеге тұруға ерекше мән береді. Бұл адамның өміріндегі төрт басты оқиғаның бірі және салтанатты түрде өткізіліп, оған барлық руластарының назары аударылады. Неке алдында құда түсу рәсімі өтеді. Күйеу жігіт руластарының ішіндегі үлкендері – әкесі, үлкен ағасы, кейбір жағдайда ғана күйеу жігіттің анасы құда бола алады. Қалыңдықтың ата-анасының келісімін, екі жақ ченчи – некелестіру рәсімін өткізуге келіседі, некелесуді толығымен күйеу жігіт қаржыландырады, бірақ ол қалыңдықтың үйінде өтеді. Ченчи рәсіміне күйеу жігіт пен қалыңдықтың жақын туыстары мен достары шақырылады. Қалыңдықтың туыстарына ерлі-зайыптылар арасындағы адалдықтың белгісі ретінде – қаз, күріштің желімді сортынан жасалған ерекше нан – чалпыпэги, сонымен қатар ақ күріш шелпектер – тимпени ұсыну міндетті болып есептеледі. Корейлер отбасындағы қарт адамдарды құрметтеп, балалары олардың мерейтойларын тойлайды. Соның ішінде ең маңыздысы балалардың ата-анасының 61 жасқа толу мерейтойын тойлауы болып табылады. Бұл мерейтой егер отбасындағы балалардың барлығы ер жетіп, отбасын құрып, олардың тойлары жасалып, отбасында ешқандай қайғылы жағдай болмаса ғана тойланады. Егер ондай болмаса, мерейтой кейінге қалдырылып 2, 4, 6 жылдан кейін тойланады. Корейліктердің дәстүрлі тағамдары өсімдік тағамдар – жарма мен көкөністен жасалған тағамдар басым болып табылады. Корейліктердің тағамдары Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген басқа халықтары сияқты күріш басым өнімді құрайды, күріштен (пап, паби) буға тұзсыз пісірілген ботқалар пісіріледі.Республикада корейлердің музыкалық комедия театры жұмыс істейді. Корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады. Қазақстанның ауылдық жерінде тұратын корейліктердің тұрғын үйі дәстүрлі және орта азиялық құрылыс элементтерінің жиынтығын көрсетеді. Үйлері көбінесе саз балшықты қабырғалардан немесе саман кірпішінен жасалған қабырғалардан тұрғызылады. Қазақстанға келгенге дейін бұндай үй құрылыстары болған жоқ, себебі, корейлердің дәстүрлі тұрғын үйлері, қаңқа бағаналы құрылыстар жатады. Корейлердің дәстүрлі жылыту жүйесі кудур немесе ондаль ұлттың өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі болды. Оның мәні от жағатын жерден құбырларға өтетін түтін шығару жүйесінде болды. Жалпы, корей ұлты өзінің тарихи отанында-ақ егін шаруашылығымен айналысқан. Олар көбінесе күріш, арпа, тары, бұршақ дақылдарын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Қыш-құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдарды қамыстан, сабаннан жасап пайдаланады. Бүгінде Қазақстанда тұратын корей ұлты өзінің еңбексүйгіштігімен, тиянықтылығымен, білімқорлығымен ерекшеленеді. Қазақстанда тұратын коре сарам корейлерінің ұлттық киімі көбінесе ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақ шалбар, күртеше, халат киеді. Мереке күндері қыз балалар қызыл түсті юбка және ашық қызыл түсті кофта киеді. Балалар киімдері де пішілуі мен тігілуі жағынан үлкендердің киімдерінен көп өзгешелігі болмайды. Ерте кезде корей шаруалары аяқтарына жуан иірілген жіптен немесе қамыстан тоқылған сандал, ал жауынды күндері өкшесі биік етіліп ағаштан ойылып жасалған аяқ киім киетін болған. Мысалы орыс мұжықтары шіліктен шәркей тоқып кисе, қазақтар мал терісінен жасалған шәркейді пайдаланған. Сол сияқты корейлер былғарыдан тігілген аяқ киімдермен қатар резеңкеден жасалған аяқ киімдерді (оны комус деп атаған) пайдаланған. Бұл аяқ киімдерді олар әлі күнге дейін Қазақстанда болатын түрлі ұлттық іс-шараларда киіп жүр. Ерлердің сабаннан немесе жұқа киізден бас киімі – шляпа бүгінге дейін өзінің ұлттық мән-мағынасын жойған жоқ. Оларды көбінесе жастар жағы киюге әуес келеді. Корейлердің садақ тарту жарысы, белбеу тақпай күресу, матадан жасалған белбеу тағып күресу секілді ұлттық ойындары мен спорт жарыстары мереке қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Жалпы, корейлердің осы тұстағы дәстүрлі ұлттық ойындары қазақ халқының төл ойындарына ұқсас келеді. Қазіргі кезде жоғарыда аталған ойындарға қоса спорттың жеңіл атлетика, футбол, волейбол, шаңғы, коньки тебу түрлері қосылған. Корейдің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған музыкалық аспабына комунго, паягым, флейта, барабан жатады. ### Тілі Корей тілі – Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876-1914 жж.) болып табылады. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонетикасы, түсінікті грамматикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік-буындық және солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптерден тұрады. Корей ұлтының дәстүрлі қолөнеріне – қыш өндіру, лак бұйымдары, сабаннан тоқу және т.б жатады. ## Сыртқы сілтемелер * Korean Festival in Kingston * londonkoreanlinks.net ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Дорогой горьких испытаний: К 60-летию депортации корейцев России / Сост. В. В. Тян. Москва, Экслибрис-Пресс. 1997.
KazTube (қаз. Қазтюб) — қолданушылар мен компанияларға бейненi сақтау және көрсету қызметiн атқаратын қазақстандық бейне-портал. Мақсаты – Қазақстан аумағындағы және одан тысқары жерлердегі кең ауқымды аудиторияға бағытталған, мазмұны ұлттық идеяға толы, алғашқы ұлттық бейне-портал. ## Компания тарихы 14 ақпан 2014 ж. сайт іске қосылды. Қазнеттегі жиі қаралатын сайттардың бірі. ## Арнайы жобалар KaztubeStudio бренді өзіндік видео контент шығару үшін құрылған. Бренд алдында бірнеше мақсаттар қойылған: * Қазақстан эстрада жұлдыздары концерттерін жазып алу * Қазақстанның танымал тұлғаларымен сұхбаттар * Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жазу * Әлеуметтік бейнероликтерді жасау Видео-портал аясында танымал эстрада жұлдыздарының аккаунттары ашылған. Аккаунт арқылы эксклюзивті видео мен аудио материалдарды жүктеуге мүмкіншілік бар. ## Жұмыс тобы * Жоба жетекшісі * Контент бойынша маман * PR маман * IT маман * Видео бойынша маман * Модератор * SMM маман ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Qazcontent * YouTube
Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.Мақал-мәтелдер туралы сөз болғанда, не оларды зерделеп оқығанда, алдымен сол мақал кімге, қай қырын тануға арналғандығын аңғарамыз. Яғни әйел адамға ма, әлде ер адамға ма? Міне, осыдан келіп мақал-мәтелдегі гендер мәселесі туындайды. Ғалым Маханова гендер дегеніміз не? деген сұраққа мынадай жауап айтады: «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, гендер дегеніміз – жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез-құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстындардың жиынтығы»,- деп гендерді әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. [1;65]Гендер қоғамда дүниеге келіп, ұлттық тілдік тұлғаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және мәдени процесстердің жиынтығы. Мұндай процессер келіп тіл білімінде гендерлік лингвистиканы тудырды. Бұл фактор қазақ ауыз әдебиеті, соның ішінде мақал-мәтелдер бойынан жақсы көрініс тапқан. Қай мақалды алсақ та ол ер не әйел адамның жас ерекшеліктеріне, мінез-құлқына және іс-әрекеттеріне байланысты келеді. Мысалы: Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па, Аға деген жігітті жаным десе болмас па! Бірінші жолда, әйел затының алғашқы міндеті дүниеге ұрпақ әкелу, десек те бірнеше баланы бағу, қатарға қосу оңай іс емес, сондықтан сәбиді дүниеге әкелген әйелге жылы сөздің қайсысы да лайық екендігін меңзейді. Ал үлкенді сыйлаған аға деп, кішіпейілділік танытқан ер азаматқа кім жетсін?Алдымен, мақал-мәтелдердегі әйел бейнесінің гендерлік ерекшелігіне тоқталсам, әйел барлық адамзат түсінігінде тіршілік жаңартушы, өмірге адам әкелуші, жылулық пен мейірімділіктің, берекенің бастауы. Әйел атауына түсіндірме сөздік те, бірінші – адам баласының ұрғашы жыныстылары, екінші – жұбай, қосақ деген анықтама берілген. [2;592]. Сонымен қатар әйел атауымен байланысты тіл бірліктерін сәби, қыз бала, бойжеткен, келіншек, келін, жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, ана, әже, кемпір деп өз ішінен жасына қарай бөлуге болады. Енді осы бөліністердегі қыз бейнесінен бастасақ. Қыз – нәзік те қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, төзімді жан. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесі тұтас ұлтқа әсерін тигізетінін айтады. «Қызға қырық үйден тию» деген мақалдың астарында қыз абыройы, өскен ортасының абыройы деген мән жатыр. Ал «баланың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге» деген мақалдың мәні ұл қыздың жаман атағы сол бала тәрбиелеп отырған ата-ана ұяты. Қыз бала саналы болса, өсек, өтіріктен қашық жүрсе, ол да ана – мейрімі, бақыты. «Өсектен сау сонау қыз, шайқалмаған сары уыз». Халқымыз еңбектің небір қиыншылығы мен бейнетін көріп, артынан соның рахатына бөленген. Осыны ертерек ойлаған ана қыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастаған. Тіпті төсек жинау, үй тазалау, тамақ істеуінің өзі үлкен сын. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш», «Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, жаман қыз біреу келсе төрге қашар» деген мақалдар осыны меңзеген. Қыз есейіп, бойжетісімен оның айналасы сырт көзге толады. Біреу «үкі тағуға», біреу «алып қашуға» ұмтылады. «Қызды ауыл өсекшіл» деп ауыл-аймақтағы адамдардың аңдығаны, екі ауыз сөзі бойжеткен қыз болады. Ал аналар бой жетіп қалған қызының төсегін бөлек салып, жас шағындай оған көршіге желпілдеп жүгіріп баруды, не бір ауылға өзін қыдырып жіберуді шектейді. Жіберсе апа, жеңгелерін ерткен, көбіне жеңгесіне сенеді.«Қыздың сырын жеңгесі біледі» не «қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» [3;67] деп мақалдаған.«Қыз мұраты - кету» дегендей қыз бала табиғатынан басқа үйдің босағасын аттап, сол үйдің түтінін түтетуге жаралған ғой. Сондықтанда жасы келісімен қыз баланы ата анасы, бүкіл бауырлары сыңсу айтып шығарып салады. Құда келіп, құйрық-бауыр жесіп, баталасады. Ұясынан ұшқан құсы ұясына абыройлы қонуын артындағы ата-анасы тілеген. Жұрт оларды «ұлыңды ұяға, қызыңды қияға қондырдың» деп құттықтаған. Одан әрі реті келсе қызды жасауымен берген. «Бастапқы қызыңды жасаулы ұзат,соңғы қызыңның өтеуіне жақсы», «қалыңсыз қыз болмас» не болмаса «құмға төккен білінбес, қызға берген білінбес» [4;412] деген мақалдар осыны білдіреді.Қыз әке үйіндегі өмірімен қоштасып,уақыты жеткенде өзге табалдырықты «келін» боп аттайды. Келін баланың не інінің әйелі. Қазақ дәстүрінде жаңа түскен келінге сын көзбен көріп қараушылар көп. «Жақсы келін-келін, жаман келін - келсап», «Келіні жақсының керегесі алтын» дейді. «Келін қайын ененің топырағынан», «Басында сыншыл болса, кейін сыршыл болады» деп келін мен ене арасын жақындастыру, енені құрметтеуге үйреткен. Шындыққа келсек: ене біреудің шешесі, сенің шешеңде біреуге ене.«Келіннің де келін болып түскен күннен бастап өзіне артылар міндеттері бар. Әрине қалыптасқан орныққан әдет-дағдысы бар. Бұрын өзіне таныс емес ортаға бірден «тастай батып, судай сіңу» оңайлықпен орындала бермейді. Бұл ретте қазақ әйелінің даналығы, сабырлылығы, төзімділігі жеткілікті. «Әйел әдептің әліппесі», «әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді», «аты былғанған әйелдің асыл сөзі өтімсіз» деп жатамыз, яғни әйел адам құт босағаның ұйтқысы, әрі берекесі емес пе?»[5;229].Жанұядағы қадірлі жанның бірі – ана. Ана - өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Сондықтан да мақал-мәтелдерде «әкесіз жетім жарым жетім, анасыз жетім нағыз жетім», «анасыз өмір сөнген көмір», «сақаудың тілін анасы түсінеді». Сонымен қазақ халқы «қызын қызыл гүлім» деп еркелеткен, баласы: анам – ардағым, анам – аяулым деп мадақтап, сый-құрмет көрсеткен ерлері: әйелім – жаным, сүйіктім, асыл аруым, жан серігім деп аялаған. Өз отбасында сыйласа білген адамдар өзге адамды сыйлай алады, өзгелер мен сыйласа алады. Сонда ғана, енеңнің ана екенін, анаңның да ене екенін қатты ұғынасың. Анаңның ақ сүтіне қарыз болсаң, енеңнің ақ пейіліне, өзегін қақ жарып шыққан баласын, қиғаны үшін қарыздар. Әйел еріне жұбай, қосақ не соның қостыны. Еркектің жақсысын асырып, жаманын жасыратын, жыртығын жамайтын тек әйел ғана. Ер азаматтар «Артымда тұяқ қалды» деп жатады. Олар алдымен өзін дүниеге әкелгені үшін анасына борышты болса, екінші ретте өзіне бала сыйлағаны үшін қосағына қарыздар. «Әйелдің жақсысы - ақылшың», - деп әйелдің абзал қасиеттері еріне кеңес беріп, ақыл айтып отыруын айтқан. Әйел затының тағы бір ерекшелігі – кемпіріне әже болу. Әже ақылдың кені, өткеннің шежіресі. Әжені үлкен ана ретінде сыйлау, немеренің оған, оның немересіне бауырмалдылығы дәстүрге деген ықыласқа бастау болады. «Немере етін жеп, сүйегін берер», «Бала балым баланың баласы жаным»,- деп немересін баласынанда жақсы көріп, жанына жақын тұтқан. Сонымен, мақал-мәтелдегі әйелдің гендерлік көрінісі осылайша дамып отырады. «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сүйенсек әйелдің қоғамдық, әлеуметтік ролін толық ашып бере аламыз. Бұрынғы кезеңде әйел тек шеңберінде қалса, қазір әйел мемлекетте саясатқа араласып, ерлермен өз пікірін білдіретін дәрежеде. Тіпті әрбір қоғамның әрбір жеткен биігі, мәдениетінің деңгейі оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді. Тілімізде сонымен қатар ерге қатысты айтылатын мақал-мәтелдерде жеткілікті. Оның дүниеге келуін, тәрбиесін, жас өспірім шағын, ересек кезін, еңбекке араласу, азаматтық шағын, қария, ата болған кезеңдерін жақсы суреттейді. Жалпы қазақ халқы бірінші дүниеге ұл бала келсе, алғашқы ұл болса қатты қуанған. Оған мол сенім артқан. Ұл бала артымда қалар ізім, тұяғым деп білген. «Тай өссе ат тынығады, ұл өссе әке тынығады», «Ата өліп бала қалса мұратына жетеді, бала өліп ата қалса арманы іште кетеді», «Соры қалың әкенің – кер бағып ұлы өседі», «Ұлыңның санасы болса, елдің ағасы болар». Ерге қатысты аға-іні деген туыстық атау бар. Ол жас ерекшеліктеріне қарай аталады да, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген сыйластығын, қамқорлығын білдіреді: «Аға қорған, іні зордан», «аға адасса, іні із кесер», «Аға бастар, іні қоштар», «Ағасы бардың жағасы бар».Ер баланы «Он үште отау иесі» деп ата-ана баланы тез үйлі қылып, келін жұмсап, немере сүюді армандаған. «Үйленгенше өз ұлың, үйленген соң кісі ұлы» - деген мақалда кездеседі. Бұл үй болған жігіт, өз жұртым, қайын жұртым деп екі жаққа жалтақтайтыны рас, соған айтылған болу керек. Жігіт қайын жұртына «күйеу бала» атанады, қайын жұрты күйеу сыйлы қонақ, оған төс тартады. Бірақ күйеу әдеп сақтап, өзінің жолын білуі қажет. Кейде «Күйеу күл астында», «Жаман күйеу қатыншыл», «Күл төбе болмас, күйеу ұл болмас» деп мақалдаған. «Жігіт жарымен жақсы» дегендей ер адам өмірін де әйелдің алар орны ерекше. Ерді адам қылуда, жаман қылуда алған жарына байланысты: «адам болар жігіттің жары өзіне лайық, керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық», «Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, жары жақсы болса бір бақыт».Қазақ мақалдарында ерлік, батырлық, ержүректік, азаматтық, халық игілігі үшін еңбек ұғымы мен жанаса айтылып отырады. Жігіттің ерлік қасиеттері мен сипаттайтын гендерлік лексика: ер, ел, ат, батыр, намыс, ерлік, азаматтақ т.б. Ел, ер туралы сөйлегенде халық бұл екі ұғымды бір-біріне тығыз қабыстыра айтады. Мысалы: «Ер сүрінбей ел танымас», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» т.б. Халық еліне, отанына еңбегін сіңіріп, өмірін соның игілігіне арнап ел сынына төзе білген адам ғана ер болады деп түсінеді. «Ердің сыншысы елі» деген. Сонымен бірге ер азаматтың қоғамдағы гендерлік бейнесін ашатын хан, сұлтан, би әкім сынды сөздер мақалда көрініс табады. «Әкім адал болмаса жұрт бұзылар, сауда адал болмаса нарық бұзылар», «Әкімге қарсы келме, күніңе кемшілік келер», «Төре тайғақ болса, бітіп болмас, төбе тайғақ боса, шығып болмас», «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді». Ескерте кететін жайт ердің образын ашатын хан, сұлтан, төре сынды сөздер қазір қолданыста жоқ, олардыңорнына әкім, бастық, орынбасар сынды сөздер қолданылады. Ер адам өмір бойы осылай күшке мініп, патша не хан болып, не ерлігі асқан батыр болып тұра бермейді. Уақыт өтеді, жас та жетеді, ешқайда қашып құтыла алмайтын кәрілік кеп жетеді. Енді бұрынғы ел басқарған би не әкім емес, жаңа буынға ақыл айтатын қария болады. Басына түскен кәрілікті халық «Қарт айнаға қараса, өзіне көңілі толмайды», «Ер қартайса еркі кетер, әйел қартайса көркі кетер» деп ер бойындағы ерлік, қайрат, күш-қуаттың кете бастауын мақалдаған. Сонымен, бұл тақырып болашақ филолог ретінде мені қашаннан қызықтырып келеді. Осы уақытқа дейін «ер», «әйел» концептісіне байланысты қаншама мақал-мәтелдер жинадым. Бұларды қыздың және ер адамның әр өмір сатысына бөліп бөлек-бөлек қарастырдым. Бірақ осы жұмысымдағы көрініс тапқан мақал-мәтелдер оның бірері ғана. ## Дереккөздер 1. Өркен Маханова «Білім беру жүйесіндегі гендерлік өлшем»//Ақиқат №9, 2003 жыл. 2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы 1974, І-том 3. Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған: Ж.Малайсаран. Алматы, «Ана тілі», 2004 жыл. 4. Ж.Кейкін «Қазақтың 7777 мақал-мәтелі» Алматы, «Өлке», 2002 жыл. 5. С.Амантаева «Әйел» концептісінің мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерде бейнеленуі//Лингвистика мен лингводидактиканың өзекті мәселелері. Қарағанды: «ҚарМУ», 2005 жыл.
Ұзынтамыр қандыгүл (лат. Pedicularis dolichorhiza) – сұңғыла тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдігі. Батыс Тянь-Шаньнан бастап барлық биік таулардың ортаңғы белдеулерінде топтанып өседі. Әр түрлі шөпті шалғындықта, аршалы қайыңды ормандарда, бұлақтар мен өзендердің жағалауларында өседі. Алдыңғы түрден тамырының арқан тәрізді бөлігі мен едәуір ірі көлемімен (биіктігі 85 см), ұзарыңқы, босаң гүлшоғырымен және гүлінің түстерімен (сары) ерекшеленеді. Күлтенің үстіңгі ерні екі тісті тұмсықшамен аяқталады. Бұл түр маусым, шілдеде гүлдейді, шілдеде, тамызда жеміс салады. Тамыры және жерүсті бөлігінде улы алколоидтар және көбіктенетін заттар сапониндер бар. Халықтық медицинада тамырының қайнатпасы асқазан ауруларына пайдаланады. Жер үсті бөлігі қан қысымын түсіруге жіне жүректің қызметін қалпына келтіруге пайдалы. Қандыгүл екі түрі де декоративті өсімдік ретінде қызығушылық тудырады. ## Дереккөздер
## Патшалық күшіген Патшалық күшіген -ірі жыртқыш құс.Континентің шығыс аудандарын мекендейді.Ұяларын биік ағаштарға немесе қуыстарға салады.Үш жұмыртқа табады.Олардың қанатының ұзындығы 2 м-ге жетеді.Күшігеннің беті жып-жылтыр,әжімді болып,қалталанып тұрады.Басы мен мойнында қауырсын жоқ,оның орнына сирек қыл болады.Ол өлексемен қоректеніп,табиғатқа пайдасын тигізеді,өлген жануарлардан тазартады.Бұғы балаларына ауыз салады,бақаларды да аулайды. ## Дереккөздер . ## Патшалық күшіген Патшалық күшіген -ірі жыртқыш құс.Континентің шығыс аудандарын мекендейді.Ұяларын биік ағаштарға немесе қуыстарға салады.Үш жұмыртқа табады.Олардың қанатының ұзындығы 2 м-ге жетеді.Күшігеннің беті жып-жылтыр,әжімді болып,қалталанып тұрады.Басы мен мойнында қауырсын жоқ,оның орнына сирек қыл болады.Ол өлексемен қоректеніп,табиғатқа пайдасын тигізеді,өлген жануарлардан тазартады.Бұғы балаларына ауыз салады,бақаларды да аулайды. ## Дереккөздер .
Теңіз ірбісі , теңіз қабыланы (лат. Hydrurga leptonyx) – нағыз итбалықтар тұқымдасына жататын ескекаяқты сүтқоректі. Басқа итбалықтарға қарағанда Антарктида жиі кездеседі. Оның денесіндегі май қабаты сол жерді мекендейтін басқа итбалықтарға қарағанда жұқа болады. Қыста теңіз қабылдандары Австралия, Отты Жер, Патагония жағалауларына кетеді, себебі ол жақ жылы болады. Жазда қайтып оралады. Жалғыздан жүреді. Оларды жүзіп бара жатқан мұз үстінде адам аяғы баспаған аралдар мен жағалаулардан көруге болады. Теңіз қабыланы - жыртқыш аң. Ол тек балықтар мен пингвиндер және итбалықтарды да жейді. Өлген иттердің етін де азық етеді Дене ұзындығы 3,5 м дейін, салмағы 40 кг дейін. Жаңа туған ірбіс ұрпағы, (ұзындығы 1,5-1,6 м), түгі ұзын, жұмсақ. Түсі ірбіске ұқсас. Антарктиданың ауытқыған сең аймағында тіршілік етеді. Қалқыған сеңмен Антарктида, Жаңа Зеландия, Австралия, Африка жағалауларында пайда болады. Негізгі қорегі балықтар мен басаяқты ұлулар. Сонымен қатар итбалықтар мен құстарға шабуылдайды. Саны 800 мыңдай. ## Дереккөздер
Қалталы албасты немесе Тасмания сайтаны (лат. Sarcophilus laniarius; көне атауы: Sarcophilus harrisii (Boitard, 1841)) — жыртқыш қалталылар (лат. Dasyuromorphia) отрядының аттас Жыртқыш қалталылар (лат. Dasyuridae) тұқымдасының биологиялық түрі, Sarcophilus тегінің жалғыш өкілі. Тасмания сайтаны - қанқұмар жыртқыш, Аустралияда тіршілік ететін етқоректілердің ең ірісі. Ол тек Тасмания аралында таралған. Оның қатерлі дауысы ыңырсыған үнді еске салады, бірте-бірте ол дауыс қырылдаған жөтелге ұласады. Жерде тіршілік етеді, түнде атжалмандарды, ұсақ кенгуруларды, тотықұстарды аулап азық етеді. Кейде, тіпті, қой секілді өзінен үлкен жануарларға да шабуыл жасайды. Бақа мен шаяндарды да жей береді. Ол өте таза жануар. Суға шомылып, күнге қыздырынғанды ұнатады. Ұрғашысының қалтасы таға секілді бірнеше тері қаптарларынан тұрады. Қыркүйектің соңына қарай сол қалтадан қылқиып кішкентай жан иесінің басы, я құйрығы көрініп қалады. Тасмания сайтаны сағатына он үш шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Жануар күндіз қалың бұталардың арасында немесе інінде отырады. Аң аулауға түнде шығатындықтан, оның қара түсі өте көп көмегін тигізеді. Қорегін аяусыздықпен өлтіріп, оның жүні мен сүйегін де жеп қояды. Тасмания сайтандары жас кезінде ағашқа өрмелеп шығып кетеді. Бірақ жасы ұлғайған сайын олар үшін ағашқа өрмелеу қиындай түседі. Тасмания сайтандары жергілікті сүтқоректілермен(қойлармен де), құстармен, балықтармен, жәндіктермен, бақалармен және бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді. Тасмания сайтаны - Австралия үшін киелі жануар. Ол - Тасмания ұлттық қорықтарының және табиғат қорғау қоғамдарының рәмізі. Виктория футбол лигасында ойнайтын тасманиялық команданың атауы - «Девилз», яғни «Сайтандар». Қорыққан кездегі жантүршіктірерлік қыңсылаған дауысы, қап-қара терісі мен ашулы мінезіне байланысты Аустралия құрлығына алғаш келген еуропалықтар бүл жануарды «сайтан» деп атап кеткен ## Дереккөздер
## Шірік Рабат археологиялық экспедициясы Осы жылдары үлкен храм, бір шеңбер және тікбұрышты жерлеу құрылыстары зерттелді. Қалашықтың және қорғаныс үйіндісінің әртүрлі бөліктеріне бірнеше шурфтар салынды. 2004-2006 жылдары «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстарын Шірік Рабат археологиялық экспедициясы жалғастырды (Ж.Құрманқұлов). Шірік Рабат қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км жерде, қазіргі уақытта суы тартылған Жаңадария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұл қалашық солтүстіктен оңтүстікке қарай 850х600 м созылған табиғи төбе үстінде орналасқан. Қалашық мықты әскери жүйемен қоршалған. Төбенің төменгі жағында ені 40 м, тереңдігі 4,5 м ор қазылған. Қазіргі уақытта сақталған биіктігі 3 м, табанындағы ені 8-10 м. Ордың ішкі периметрі бойынша да жал орналасқан. 2004-2006 жылдары қалашық территориясында екі жерлеу конструкциясы және диаметрі шамамен 80 м үлкен шеңбер тәріздес құрылыс қазылды. Зерттелген жерлеу орындары диаметрі 15 м болатын кішігірім ойыс сияқты болып келген. Қазба барысында жер деңгейінен 2,10-2,50 м. тереңдікте пішіні төртбұрышты болып келетін күрделі түрде салынған қабір құрылысы табылды. Бұл бір-біріне ұқсас батыс және шығыс бөліктерден тұратын катакомбалардан тұрады. Қабірхананың салыну барысын сөз етер болсақ, мұнда ең алдымен мәйіттің ішкі үйі болып есептелетін лақат қазылып дайындалған. Мәйіт жерленген соң оның шығар есігі кесек кірпіштермен қалап жабылған. Лақат ішінен бас жағымен оңтүстікке қарай жатқызылған үш ересек адамның мәйіттері аршылып алынды. Қабірді аршу барысында мәйіттермен қоса көмілген жеке бұйымдар да табылды. Батыс беттегі жеке жатқан мәйіттің сол жанынан ұзындығы 1 м асатын семсер мен белінің тұсынан белдіктің қалдықтары табылды. Мұнда айта кетерлік жәйт: шығыс беттегі екі мәйіт бірінің үстіне бірі қабаттастырыла қойылған. Екі мәйіттің астыңғысының белінен белдік былғарысынң қалдықтары мен киімдерге жапсырылып тігілген сары металдан, пастадан жасалған әшекейлік бұйымдары табылды. Сондай-ақ, олардың жанынан Есіктен табылған таңбаларға да ұқсас болып келетін жазуы бар қыш құмыра-көнек пен күміспен құрсауланған ағаш тостағанның қалдығы шықса, ал аяқ жағынан қыштан жасалған шамдал ыдысы табылды. Жерлеу құрылыстары б.д.д. IV-II ғғ. жатады. Қалашықтың оңтүстік-шығысында орналасқан үй бірнеше бөлмелер мен шаруашылық құрылыстарынан тұрады. Табылған заттар бұл үйдің жерлеу құрылысынан кейінгі кезде, яғни ІХ-ХІІ ғғ. соғылғанын көрсетеді. ## Дереккөздер ## Шірік Рабат археологиялық экспедициясы Осы жылдары үлкен храм, бір шеңбер және тікбұрышты жерлеу құрылыстары зерттелді. Қалашықтың және қорғаныс үйіндісінің әртүрлі бөліктеріне бірнеше шурфтар салынды. 2004-2006 жылдары «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстарын Шірік Рабат археологиялық экспедициясы жалғастырды (Ж.Құрманқұлов). Шірік Рабат қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км жерде, қазіргі уақытта суы тартылған Жаңадария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұл қалашық солтүстіктен оңтүстікке қарай 850х600 м созылған табиғи төбе үстінде орналасқан. Қалашық мықты әскери жүйемен қоршалған. Төбенің төменгі жағында ені 40 м, тереңдігі 4,5 м ор қазылған. Қазіргі уақытта сақталған биіктігі 3 м, табанындағы ені 8-10 м. Ордың ішкі периметрі бойынша да жал орналасқан. 2004-2006 жылдары қалашық территориясында екі жерлеу конструкциясы және диаметрі шамамен 80 м үлкен шеңбер тәріздес құрылыс қазылды. Зерттелген жерлеу орындары диаметрі 15 м болатын кішігірім ойыс сияқты болып келген. Қазба барысында жер деңгейінен 2,10-2,50 м. тереңдікте пішіні төртбұрышты болып келетін күрделі түрде салынған қабір құрылысы табылды. Бұл бір-біріне ұқсас батыс және шығыс бөліктерден тұратын катакомбалардан тұрады. Қабірхананың салыну барысын сөз етер болсақ, мұнда ең алдымен мәйіттің ішкі үйі болып есептелетін лақат қазылып дайындалған. Мәйіт жерленген соң оның шығар есігі кесек кірпіштермен қалап жабылған. Лақат ішінен бас жағымен оңтүстікке қарай жатқызылған үш ересек адамның мәйіттері аршылып алынды. Қабірді аршу барысында мәйіттермен қоса көмілген жеке бұйымдар да табылды. Батыс беттегі жеке жатқан мәйіттің сол жанынан ұзындығы 1 м асатын семсер мен белінің тұсынан белдіктің қалдықтары табылды. Мұнда айта кетерлік жәйт: шығыс беттегі екі мәйіт бірінің үстіне бірі қабаттастырыла қойылған. Екі мәйіттің астыңғысының белінен белдік былғарысынң қалдықтары мен киімдерге жапсырылып тігілген сары металдан, пастадан жасалған әшекейлік бұйымдары табылды. Сондай-ақ, олардың жанынан Есіктен табылған таңбаларға да ұқсас болып келетін жазуы бар қыш құмыра-көнек пен күміспен құрсауланған ағаш тостағанның қалдығы шықса, ал аяқ жағынан қыштан жасалған шамдал ыдысы табылды. Жерлеу құрылыстары б.д.д. IV-II ғғ. жатады. Қалашықтың оңтүстік-шығысында орналасқан үй бірнеше бөлмелер мен шаруашылық құрылыстарынан тұрады. Табылған заттар бұл үйдің жерлеу құрылысынан кейінгі кезде, яғни ІХ-ХІІ ғғ. соғылғанын көрсетеді. ## Дереккөздер
## Дереккөздер ## Дереккөздер
## Дереккөздер ## Дереккөздер
АЛМАТЫ ЗАҢ КОЛЛЕДЖІРЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕГІ АРНАУЛЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ЖЕТЕКШІ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІРЕГЕЙІ 1995 ЖЫЛЫ ЗАҢГЕР, САЯСАТТАНУШЫ-ҒАЛЫМ Д.М.ЖАЗЫБАЕВТЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛЫҒЫМЕН АШЫЛҒАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ СЕРИЯСЫ АА № 0000316. ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ БЕРІЛГЕН КҮНІ 11.01.2002 Ж. ЛИЦЕНЗИЯ МЕРЗІМІ ШЕКТЕЛМЕГЕН. МЕКЕМЕ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНБАЙТЫН, КОММЕРЦИЯМЕН ШҰҒЫЛДАНБАЙТЫН, КӘСІПТІК ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ ОРНЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ.МАМАНДЫҚ: ҚҰҚЫҚТАНУ, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ. БІЛІКТІЛІК: ЗАҢГЕР, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ МАМАНЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МАМАНЫ. КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ЖЕРІНДЕ ЖАРАМДЫ ДИПЛОМ БЕРІЛЕДІ. КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АНЫҚТАУ БӨЛІМІНДЕ, СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ, САЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ, НОТАРИАЛДЫҚ КЕҢСЕ ИНСПЕКТОРЫ, КАДР БӨЛІМІНДЕ, НЕКЕГЕ ТҰРҒЫЗУ ОРНЫНДА, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ, КӘСІПОРЫНДАРДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ АЛАДЫ. КОЛЛЕДЖГЕ 9-ШЫ СЫНЫП БІТІРУШІЛЕР, ОРТА БІЛІМІ, ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМІ БАР АЗАМАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ. КОЛЛЕДЖДЕ ҒЫЛЫМ КАНДИДАТТАРЫ, ҒЫЛЫМ МАГИСТРЛЕРІ, ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ І-ШІ ДӘРЕЖЕЛІ ОҚЫТУШЫЛАР, АҒА ОҚЫТУШЫЛАР, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ САНАТТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДӘРІС БЕРЕДІ.КОЛЛЕДЖДІҢ МЕКЕН ЖАЙЫ: 480062, АЛМАТЫ Қ, А.ЖҰБАНОВ КӨШЕСІ, 1А. БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 276-34-00 ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Түбі бір түркі тілдес халықтардың ауызекі әдебиетінде түбірі, мағынасы бір сөздер көптеп кездеседі. Біреуі өзінің мәнін жоғалтып пайдаланудан шықса, енді бірі уақыт өте бейімделіп, тұрмыс-тірлікте қолданып келе жатыр. Сол сөздердің ішінде «Көк бөрі» сөзі мені қызықтырды. Бір қарағанда жай ғана бөрі, тарлан қасқырдың түсін білдіретін сөз тізбек сияқты болып көрінгенмен, түбірінде кең мағына жатқанын түсіндіріп көрейін. Мен «Көк бөрі» сөзінің мағынасын зерттеу барысында «көк» сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім. Мына төмендегідей мағыналарды сөздіктен таптым: а) түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе, Құс алған көкке қарар (халық даналығы) ә) Көк аспан - көк жүзі, аспан күмбезі б) Көк күмбезі – аспан әлемі в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин) [ 1 ] г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады. ғ) көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді. М. Жармұхамедовтың «оғыз нама» дастанында «көк» сөзі айрықша жиі қолданылып бір – бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып тұр: А) Заттың сын – сипатын білдіретін кәдімгі «эпитет» түрінде («өң – шырыйы көк еді», «көк жарық түсті», «жарық айнадан көгілдірек», «көзі көктен көгірек», «көк бөрі», «көкжал арлан») Б) Белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты («көк шатырымыз болсын», «оқты көкке атыңдар», «Көк – Оғыздың ұлының аты») В) Жаратушы, әмірі күшті Алла («көк тәңірі», «көктен көк жарық түсті», «қыз күлсе, көк тәңірі» мағынасында «тәңірі күлер еді, жыласа көк тәңірі жылар еді», «көк тәңірге мен өтемін») Мен бұл «көк бөрі» сөзін талдау барысында алдыма қойған көптеген мақсаттарым болды. Мысалы ең негізгілерін атап айтатын болсам; - Байрағымыз неге көк? - Түріктер өзінің шығу тегін неге көк бөріден таратады? - «Көк бөрі» туралы көптеген аңыздар шындыққа ұласа ма? - С.К.Игiбаевтiң «Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі» атты тарихи еңбегiндегі айғақтары нені дәлелдеді? - «Оғыз қаған» жырындағы жол бастаған Көкжал бөрінің көк бөріге қатысы бар ма? - З. Тұрсынханұлының кітабы неге «Көк бөрілердің көз жасы» деп аталды?Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді. Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің, аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған. [ 3] «Бөрі басы» – ұраным, Бөрілі менің байрағым! Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым Бөрілі байрақ астында Бөгеліп көрген жан емен. Бөрідей жортып жүргенде Бөлініп қалған жан емен, - деп келетін Сүйінбай ақынның бұл өлең жолдары бұған дәлел. Қазақ халқы әлі күнге дейін батыл жігіттерді «Көк бөріге» теңеп әр түрлі шығармаларда бөріні батылдық символы ретінде бейнелейді. [ 6 ] Түркология пән ретiнде қалыптасқаннан берi оның зерттеу объектi кебiнесе байырғы Орхон ескерткiштерiнiң тiлi жене оның қазіргі түркi халықтарының тiлiмен болған байланысын зерттеу болып келгенi мәлiм. Ал, байырғы түркi халықтарының тарихын түркi тiлiндегi байырғы ескерткiштермен, өзге де деректермен, бұдан бұрынғы ғалымдар еңбектерiмен салыстыра зерттеу, әсiресе, аталмыш этностың қазақ тарихымен байланысын жан-жақты қарастыру бүгiнгi отандық түркологияның басты мiндетi болып табылады.Осы тұрғыдан алғанда, С.К.Игiбаевтiң «Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі» атты еңбегi осы бостықтың орынын толтыруға қызмет ететiн тың iзденістің жемiсi деп есептеймiн. Ол бұдан бұрынғы ғалымдар еңбегiн саралай отырып, түркi қағанатының қалыптасуы мен түркiлердiң этникалыкқ тегi, Қытайдың Таң империясымен болған байланысы, кейiн келе Түркi қағанатының орынында пайда болған өзге де қағанаттар туралы тың ойларын, ғылыми дәлелдерiн ортаға салады. Әсiресе, автордың Н.Я.Бичурин мен Л.Н.Гумилев еңбектерiне сiлтеме жасай отырып, олар тарапынан жiберiлген қателер, атап айтқанда, түркi халқы мен олардың билеушi тайпасы ашиналар монғол тiлдес болған, монғол тiлiнiң басқа диалектiсiнде сөйлеген деген пiкiрлерiне тойтарыс береді. Түркiлердiң ата-бабасы ғұндардың да, телестердiң де түркі тiлдес этнос болғандыын бұлтартпас фактiлермен делелдейдi. Л..Н.Гумилев түрiктер алғашында Алтайға келгенде, олардың жауы алтайлықтар мен осы күнгi қазақтың арғы ата-бабалары болған,-дейдi. Сонда қазақтың ата-бабасы кiмдер едi? Гумилевтiң ойынша, қазақтар ата-бабасынан Түркiлермен мүлде қатыссыз бөгде этнос болғанға ұқсайды. Бұл ХIII ғасырға дейiн монғол үстiртiн мекендеген түркi халқының тарихын түркi халықтарының өзiнен аулақтатқысы келетiн, сол үшiн оларды бiрден монғол тектi етiп көрсетуге тырысатын көне кеңестiк атитүрiкшiлдiк идеологияның бiр көрiнiсi деуге болады. Л.Н.Гумилев бұнымен ғана шектелiп қалмайды, көне түркiлерден соң билiк басына келген ұйғырларды (этнонимi ғана өзгерген түркi тайпаларын) еуропалық нәсiл ретiнде көрсетедi. Бүгiнге дейiн көптеген ғалымдар олар айтқан жаңсақ пiкiрлердi бiрiнен соң бiрi көшiрiп алып пайдаланып келедi. Сөйтiп, түркi халықтарының тарихын көне түркi қағанатының тарихымен байланыстырғысы келмейтiн, керағар бағыт-бағдар беретiн концепция ғылымда әбден орнығып алған. Бұл еңбекте осы тектес концептуалды мәселелерге теориялық және дерекнамалық тұрғыдан талдау жасай отырып, қателiгiн ашып керсетедi. Түркi қағанатының құрылған жылын, бәз бiреулер айтып жүргендей, 545 жыл емес, қайта 535 жылдан да бұрынырақ екенiн атап көрсетедi. Бұл үшiн 535 жылы Қытайдың Вэй патшалығының түркi ордасына елшi жiбергендiгiн басты дерек ретiнде көрсетедi. Түркi тарихын зерттеп жүрген ғалымдар А.И.Крукчи мен С.А. Примбетовтардың Л.Н. Гумилев пiкiрiне сiлтеме жасай отырып, VI ғасырдың басында түрiктер Қытайдың боданы едi деген пiкiрiн жоққа шығарады. Көптеген зерттеулердi, деректердi пайдаланып, Батыс жене Шығыс түрiк қағанатының ресми бөлiнген жылы 584 жыл екендiгiн көрсетедi. Сонымен бiрге, шығыс түркiлерiнiң Қытай қоластына қараған жылы жұрт айтып жүргендей, 50 жыл емес, айналасы 30 жыл екендiгiне сiлтейдi. өйткенi, 650 жылы Шығыс Түрiк қағанаты өмiр сүруiн тоқтатты. Бодан болды. Бiрақ 679 жылдан басталған көтерiлiстiң әсерiмен 693 жылы Шығыс түрiк қағанаты қайта кұрылады,— дейдi автор. Бұдан Шығыс түркi қағанатына тән түркi тайпаларының бодандыққа мүлде мойын ұсынып кетпегендiгiн .байқауға болады. Бұл түркi халықтарының кейiнгi тағдыры мен өткен тарихының арасында елдiк пен ұлттық рухты сақтау жолында белгiлi дәстүр сабақтастығы жатқандығын көрсетедi. Сондай-ақ, еңбекте Түркi қағанаты мен одан соңғы ұйғыр, қарлұқ, түркеш, қыпшақ мемлекеттерiнiң тарихи сабактастығы туралы да ой өрбiтедi. Еңбектiң жалпы құрылымынан қарағанда, қыпшақ мемлекетi байырғы Түркi қағанатының заңды жалғасы ретiнде жарастырылады. Өйткенi, қыпшақтар да бiр кезде Орхонның шығысындағы байтақ даланы мекендейтiн түркi тайпасы болатын. Батыс түрiк қағанаты кезiнде олар тарихи деректерде айтылатын қимақтардың бiр тайпасы ретiнде дамыды. Түрiктердiң жол астында болып, түркi тiлiнде сөйледi. Батыс түрiк қағанаты жойылғаннан кейiн олар түрiктердiң өзге тайпаларынан бөлiнiп шығып, VIII ғасырда Ертiс өңiрiне иелiк еттi. IХ ғасырдың соңғы жарымында олар Ертiс бойында Кимак мемлекетiн жұрды. В.В.Бартольд те кыпшақтардың осы қимақтар негiзiнде дамып, жарыққа шыққандығын алға тартады. [ 7 ]Мына төмендегі аңызда Оғыз қаған жыры туралы бейнеленеді. Күндерде бір күні Айқаған деген анадан еркек бала туады. Оның шырайы көк, аузы оттай қызыл, көздері қаракер, шашы мен қасы қара болатын. Ол анасының омырауынан бір – ақ рет емеді де, шикі ет, тамақ сұрайды. Тез тілі шығып, қырық күнде жүріп, ойнауға жарайды. Бөрі белді, бұлғын жаурынды, аю кеуделі, өгіз аяқты болады. Өсіп – жетіледі. Сол маңда үлкен орман бар еді. Онда бір Қат дейтін жалмауыз аң пайда болып, ел – жұртты жеп қояды екен. Оны аулауға Оғыз қаған шығанды. Орманға барады да, бір бұғыны ұстап алып, талдың шыбығымен ағашқа байлап кетеді. Ертеңіне қайтып келсе, Қат бұғыны жеп қойыпты. Енді бір аюды ұстап алып, алтын белбеумен байлап кетеді. Оны да жеп қояды. Одан кейін өзі кеп тұрады. Қат келіп мүйізімен ұрғанда, найзамен түйреп, қылышпен басын шауып алады.Бір күні Оғыз қаған ел – жұртына жарлық шашып, той жасайды. Тойдан соң, Көк бөріні ұран етіп, дүниенің төрт бұрышына қаған болмақ ойы бар екенін айтады. Оң жағындағы Алтын хан бірден бағынадыюСол жақтағы Үрім хан: «Сөзін қабылдамаймын. Тұрысамын!» - дейді.Оғыз қаған Үрім ханға қарсы аттанады. Қырық күн өткенде Мұзтаудың түбіне келген соң, шатырын түсіріп, ұйықтап кетеді. Таңертең шатырға күндей жарық түсіп, жарықтан Көкжал бөрі шығып, Оғыз әскерлеріне жол сілтеп, Еділге келгенде тоқтайды. Осы жерде жеңіске жетеді. Бұл аңыздан Көкжал бөріні тағы бір қырынан танығандаймыз. [ 8 ] Мен Зәкенхан Тұрсынханұлының «Көк бөрінің көз жасы» кітабын қызықты екенін естіп қысқы демалысымда оқыдым. Алғашында кітап сюжеті мені өзіне тартпаған сияқты болды.Алған істі аяқсыз қалдырмайтын әдетіммен тұтас оуға кірістім. Бірақ оқи келе кітапқа деген ынтам артып, бітіргенге дейін асықтым. Зәкенхан Тұрсынханұлының бұл еңбегінде XII – XIII ғасырдағы Орта Азыяға Шыңғыс хан мен оның балаларының жасаған шапқыншылығы, жергілікті халықтың жанкешті қорғанысы, көрген бейнеті, көз жасы көркем тілде суреттеледі. Ал, автордың романды неге «Көк бөрілердің көз жас» деп атағаны, менің ойымша кітаптың өз атында тұрған секілді. Себебі: Шыңғыс, Жошы шапқыншылығынан кейін күйзелген ел, жаншып басса да, жалғызын өлтіріп жылатып еңіретсе де берілмей бекем болған, езгінің астында ақситып азу тісін көрсеткен, қайсар да қайратты елді бөрі демей кім дерсің? [ 9 ]Ал, қазақ тарихының басқа кезеңдеріне келсек, қай кезеңін алсақ та сол қайсарлықтың ізін көріп қалғандаймыз. Мысалы: жетпіс дыл бойы Кеңес еліне бодан болған, диктаторлық саясатта тәрбиеленген қазақ жастарының біртұтас Қазақстанның еркіндігі үшін жаппай көтерілуіне не себеп? Ата – бабамыздан мұраға қалған қанымызға сіңген ЕРКІНДІК пен БОСТАНДЫҚ сүйгіштігіміз бе, әлде сол қанымызға қосқан БӨРІ – АНАмыздың үлесі ме? Менің ойымша екеуі де, шындыққа ұласатын секілді. Себебі, басып – жаншып, өз ой, өз арманынан айрылған көнбіс халықтың бір күнде көтеріліске шығуына кім, не себеп? Әрине, бұған себеп қанға сіңген рухтық – киелі қасиет. Ертеңгі күнге деген сенім мен күшті біліктің арқасында қазіргі теуелсіздігімізге жеткеніміз дәлел. «Көк бөрі», «Көк»- сөздері. Біз үшін киелі, қадірлі, қасиетті. Дәл осы сөз алпыс екі тамырында қазақтың қаны ойнаған бойындағы ар – намыс пен қазақтың қамын ойлаған мынау алып даламның төсін емген осы бір құт мекенде өсіп - өнген «көшпенділер» деп аталған бабалардың көшіне енген бар қазақтың қан жүрегінде сақталатын, құранның аятындай жатталатын сөз болса керек. Арқадағы Ақорданың төрінен көкке өрлеген көк байрақпен көгіме арғы тегі Көкбөрі деп саналған қайсар мінез қазақтың тәуелсіздік қыраны қалықтаған күні туды. Қанша ғасыр өтсе – дағы көнермеген, тозбаған, айтқан сайын рухыңды қозғаған, тыңдағанда көкірегіңде намыс оты маздаған дәл осындай құдіретті сөз, қазағымның бүгіні мен ертеңінде талай- талай жас оттарды маздатып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеуге себеп болары қақ. Жаңа ғасыр таңы тағы атқанда, қазағымды әлем танып жатқанда, Көкбайрағым көтеріліп аспанға, ынтымақ пен ырысымыз жарасқан бұл шақтарда көк аспан, ата-баба рухына сиына отырып жахандану көшіне алға тарқанда Қазақстан елі Евразия ғана емес бүкіл әлемге танымал болды. Бұған көптен себеп елбасы президентіміз Н.Назарбаевтің ұстанып отырған достық, ынтымақтастық саясаты болса керек. Көк байрақтың астында, иманды сөзі аузында, «алла» деген, «көк тәңір» деген ел- жұртымның берекесі берік, алты ауызы түгел болғай! [ 10 ] ## Дереккөздер 1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том – Алматы 2002 ж. 682б. 2. М. Жармұхамедов «Көненің көзі» - Алматы «Санат» 1996 ж,54 б. 3. Ана тілі 3 сынып – Алматы «Атамұра» 2003ж. 4. Ежелгі дәуір әдебиеті – Алматы «Ана тілі» 1991 ж. 5. Қазақ тілі 10 сынып- Алматы «Мектеп» 2006 ж. 6. Образование тюркского каганата и его распад – Өскемен 2004 ж. 7. Қ. Өмірәлиев «Оғыз қаған эпосының тілі» - Алматы: «Ғылым» 1988ж. 8. Тұрсынхан Зәкенұлы «Көк бөрілердің көз жасы» - Астана «Елорда» 2002 ж. 9. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр – аңыздар» - Алматы: 1985 ж. 10. Жетісу газеті Талдықорған қаласы 14.01.2006ж.
Мамыр қынжыгүлі немесе Мамыр інжугүлі (Меруертгүл, лат. Convallária majalis) - Лалагүлдер тұқымдасының көпжылдық шөптес өсімдігі. ## Биологиялық сипаттамасы Тамырсабағы қалың емес, қазы қауырсынның қалыңдығынан үлкен емес. Тамырлары жеңішке. Көбіне екі немесе үш үлкен эллипс пішінді жапырақтардың арасында ірі бүршік орналасады. Сабағында шашақ гүлшоғырында 6-20 майда хош иісті гүлдер орналасады. Гүлдері көбіне бірыңғай қарап тұрады. Мамырмен маусымның арасында гүлдейді. Гүл Формуласы: 12px {\displaystyle \ast P_{(3+3)}\;A_{3+3}\;G_{({\underline {3}})}}. жемісі  — қызыл шартәрізді жидек, 6-8 мм. Маусым- шілдеде жеміс салады. ## Таралуы Қазақстанда сирек кездесетін түр, таралу аймағының оңтүстік шекарасында орналасқан. Орал облысының тек солтүстік бөлігінде кездеседі. Небары оқшауорналасқан 6 жерден белгілі: Ақсуат, Петрово, Жайық маңы, Кирсанова, Аманкелді сайы мен Жайық өзенінің оң жағалауы(Орал қаласы мен Ақжайық елді мекені арасы). Қазақстан жерінен тыс Еуропаның орманды аймақтарында (Қырым мен Кавказды қосқанда) таралған.Емен-қарағашты және басқа жапырақты ормандарда, орман шетінде, бұталар арасында өседі. Саны орман көлемінің қысқаруына және гүлдеп тұрған өсімдіктерді жаппай жинау әсерінен азайып отыр. 1947 жылы Н.В.Павлов Жайық өзені аңғарындағы мамыр қынжыгүл қоры Қазақстанның дәрілік мұқтажын қамтамасыз етуге толық жетеді деп жазған болатын. Өт тартымды және көпке мәлім сәндік өсімдіктің гүлдеу кезеңі ұзақтау - 15-20 күнге созылады. Мәдени түрде төзімді, тамырсабағының кесіндісімен оңай көбейеді. Табиғи популяциялары жағдайын бақылап, қорғауды қажет етеді. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер * "Қазақстан өсімдіктер әлемі асыл қазынасы" энциклопедиясы * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Мамыр қынжыгүлі
Үлгі:Тал САРЫҚАС (Phylloscopus borcalis) -Шығыс Сібірдің шығысында қоныстанатын сарықас. Тал сарықастың қонысқа ұшып кету жолы , тіпті Қазақстанның шығыс жағынан өтеді.Сондықтан жылыстаушы сарқастар біздің республика аумағынан қыркүйекте үш рет қана кездескен .Ол көктемде сәуір мамырда ұшып өткенде кездесуі мүмкін. ## Дереккөздер <"құстар" мектеп энциклопедиясынан/>
Өте айқын реңді әжептәуір ірі сарықас.Сайрауық сарықастардың аталықтары мен аналықтарының күйттік жасануда,яғни көктемде жоны – сарғыштау жасыл немесе шөп түстес жасыл ,ал бауыры-сұрғылт сары (тек қана құрсағы мен құйрықасты таза ақ түсті);қасы - ашық , лимон түсті жасыл болады.Шақыру белгісі –бастапқыда «тюю-тюю» деп дыбысталатын , созылыңқы естілетін ысқырық ,алайда әуені өте ерекше , қысқа және үзілмелі . Әуені бірнеше рет қайталанатын ысқырықтан басталады да жиілей түсіп, ең соңында тез жұмыс істейтін тігін машинасынан айнымайтын «сип- сип- сип- сип-вип-сиррсиррр»деген қысқа ,құбылған дыбысқа ауысады (Птицы Казахстан .Т.4,1972. 30-бет).Бұл еуропалық сарықас Қазақстанда солтүстік,батыс және оңтүстік өңірлерге бірнеше рет ұшып келген ,сондай -ақ таяуда ғана орнитолог Н.Н. Березовиков оның ұясын Оңтүстік Алтайдан тапты. <"Құстар" мектеп энциклопедиясы/>
# phylloscopus nitidus Жасыл сарықастың толық көшірмесі дерлік құс. Зайыр сайырқас жасыл сарықастың түршесі деп саналады, жасыл сарықастан айырмашылығы - жонының ашық сары жасыл реңкі болуы. Мұндай сарықастар Кавказда қоныстанады, Қазақстанда бар болғаны екі рет ұшып келген құстар ретінде Каспий маңында кездеседі. ## Дереккөздер <"Құстар" мектеп энциклопедиясы/>
## Ә.Х.Марғұлан институтының археологиялық экспедициялары Археология институты – көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысатын ғылым мекеме. 1991 жылы қазан айында Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнол. институты негізінде құрылған. Институтқа Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә.Х.Марғұланның есімі берілген. Институт құрамында 5 шығармалары ғылыми-зерттеу тобы жұмыс істейді, ғылыми-зерттеулерді ғылыми кеңес ұйымдастырады, далалық комитет пен жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Институт құрамында: тас дәуірі ескерткіштері; қола дәуірі және ежелгі технология; ерте дәуірдегі өнер; урбанизация және көшпенділер мәселелерін зерттейтін топтар мен Археология мұражайы бар. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі палеолиттен орта ғасырларға дейінгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді кешенді зерттеу негізінде Қазақстан аумағында болған тарихи процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін танып білуге, ежелгі замандағы экономикалық, саяси және діни-мифологиялық жүйелерді толық анықтауға бағытталған. Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда мекен еткен тайпалар мен халықтардың материалдық ескерткіштерін зерттеумен айналысатын 5 экспедиция ұйымдастырылған: Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Құрманқұлов) Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев) Батыс Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) Түркістан археология экспедициясы (жетекшісі Б.Смағұлов). Институт ғалымдары ежелгі палеолит тұрақтарын зерттеу нәтижесінде қазақ жерін адам баласы бір миллион жыл бұрын мекендегенін анықтады. Қазақстан жері сақ, түркі тайпаларының атамекені болғандығы дәлелденді, қазақ этносының қалыптасу процесі түзіліп, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар мемлекет бірлестіктерінің тарихы нақтыланып, олардың Орта және Таяу Шығыспен, Орта Азия, Еділ бойы, Орал тауы өңірі, Сібірмен саяси, экономика және мәдени байланыстары ашылды. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бойы, көшпелілер мен отырықшылар өркениеті, қала мен даланың өзара қатынасы мен ықпалы зерттелді. Орта ғасырдағы Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық және Талхиз қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері Қазақ мемлекеттігі мен мәдениетінің қалыптасуы, түркі, қыпшақ, қаңлы және қарахан дәуірлерінен бастау алатындығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Институт ғалымдары Ақышевтың «Есік обасы», С.М.Ақынжановтың «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтар», Байпақовтың «Оңтүстік Жетісудағы қала мәдениеті», ЖЫЛЫК.Таймағамбетовтың «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы палеолит тұрағы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көрді. Институт мамандары халықар. конференцияларда баяндамалар жасап, Вашингтон, Париж, Токио, Сеул қ-ларында дәрістер оқыды. 1987 жылы Алматыда көшпелі және отырықшы мәдениетінің өзара қатынасы мәселесі жөнінде Халықар. симпозиум өтті. Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты халықар. бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, урбанизация, мәдениеттану, палеоэкономика бағытында зерттеулер жүргізуде.[1] Институт Франция, Италия, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның алдыңғы қатарлы археол. орталықтарымен тығыз халықаралық байланыс орнатқан. Қазақ халқының тарихи-мәдени ескерткіштері мен археол. жетістіктерін насихаттауда бірегей экспонаттары тек Қазақстанда ғана емес, шет ел көрмелерінде сәтті көрсетіліп жүрген Археология мұражайы маңызды рөл атқарады. ## Дереккөздер ## Ә.Х.Марғұлан институтының археологиялық экспедициялары Археология институты – көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысатын ғылым мекеме. 1991 жылы қазан айында Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнол. институты негізінде құрылған. Институтқа Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә.Х.Марғұланның есімі берілген. Институт құрамында 5 шығармалары ғылыми-зерттеу тобы жұмыс істейді, ғылыми-зерттеулерді ғылыми кеңес ұйымдастырады, далалық комитет пен жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Институт құрамында: тас дәуірі ескерткіштері; қола дәуірі және ежелгі технология; ерте дәуірдегі өнер; урбанизация және көшпенділер мәселелерін зерттейтін топтар мен Археология мұражайы бар. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі палеолиттен орта ғасырларға дейінгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді кешенді зерттеу негізінде Қазақстан аумағында болған тарихи процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін танып білуге, ежелгі замандағы экономикалық, саяси және діни-мифологиялық жүйелерді толық анықтауға бағытталған. Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда мекен еткен тайпалар мен халықтардың материалдық ескерткіштерін зерттеумен айналысатын 5 экспедиция ұйымдастырылған: Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Құрманқұлов) Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев) Батыс Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) Түркістан археология экспедициясы (жетекшісі Б.Смағұлов). Институт ғалымдары ежелгі палеолит тұрақтарын зерттеу нәтижесінде қазақ жерін адам баласы бір миллион жыл бұрын мекендегенін анықтады. Қазақстан жері сақ, түркі тайпаларының атамекені болғандығы дәлелденді, қазақ этносының қалыптасу процесі түзіліп, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар мемлекет бірлестіктерінің тарихы нақтыланып, олардың Орта және Таяу Шығыспен, Орта Азия, Еділ бойы, Орал тауы өңірі, Сібірмен саяси, экономика және мәдени байланыстары ашылды. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бойы, көшпелілер мен отырықшылар өркениеті, қала мен даланың өзара қатынасы мен ықпалы зерттелді. Орта ғасырдағы Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық және Талхиз қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері Қазақ мемлекеттігі мен мәдениетінің қалыптасуы, түркі, қыпшақ, қаңлы және қарахан дәуірлерінен бастау алатындығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Институт ғалымдары Ақышевтың «Есік обасы», С.М.Ақынжановтың «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтар», Байпақовтың «Оңтүстік Жетісудағы қала мәдениеті», ЖЫЛЫК.Таймағамбетовтың «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы палеолит тұрағы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көрді. Институт мамандары халықар. конференцияларда баяндамалар жасап, Вашингтон, Париж, Токио, Сеул қ-ларында дәрістер оқыды. 1987 жылы Алматыда көшпелі және отырықшы мәдениетінің өзара қатынасы мәселесі жөнінде Халықар. симпозиум өтті. Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты халықар. бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, урбанизация, мәдениеттану, палеоэкономика бағытында зерттеулер жүргізуде.[1] Институт Франция, Италия, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның алдыңғы қатарлы археол. орталықтарымен тығыз халықаралық байланыс орнатқан. Қазақ халқының тарихи-мәдени ескерткіштері мен археол. жетістіктерін насихаттауда бірегей экспонаттары тек Қазақстанда ғана емес, шет ел көрмелерінде сәтті көрсетіліп жүрген Археология мұражайы маңызды рөл атқарады. ## Дереккөздер
Павел Петроович Аносов (10.07.1796 /29 маусым/, Тверь — 25.05.1851 /13/) . Омбы) — орыс металургы, кен инженерлері корпусының генерал-майоры. 1817 жылдан Златоустов зауыттарында қызмет істеді. Жоғары сапалы құйма болат алу процестерін жасады, қорыту тигелінде темірді тікелей цементтеу жолымен құйма болат алу тәсілін, алтынды алтынды жыныс құмнан алу тәсілін; сондай-ақ, шойынды қорытып, болатқа айналдыру тәсілін, ашты. 1831 ж. болат құрылымын зерттеуге микроскоп пайдаланды. ХІХ ғасырда бірінші болып өткір жүзді қару жасау үшін жоғары сапалы құйма құрыш әзірледі. Металургия жайлы зерттеулерін ғылыми мақалаларында және "О булатах" деген кітабында жариялады (1841). ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Ежелгі гректердің нанымы бойынша, адамдар өлгеннен кейін жандары о дүниеге - Аид құдай басқаратын жер асты патшалығына ауысады. Гректер жердегі көптеген үңгірлер мен жарықтар - өлілер патшалығына кіретін қақпалар деп ойлаған. Осындай қақпалардың бірінен Гермес құдай адамдардың жандарын Стикс өзенінің жағасына апарады. Бұл өзен - тірілер әлемі мен өлілер патшалығының арасындағы шекара. Гректер өлген адамның аузына тиын салған, Харон өзін Стикс өзенінен өткізгені үшін марқұм сол тиынмен ақы төлейді. Ақша берілмеген жандар жағаны бойлап, мәңгіріп, бақытсыз күйде қаңғып қалған. ## Бірінші жол Өзеннің арғы жағасында адамның жаны үш басты төбет Цербердің қасынан өтеді. Цербер өлілер патшалығын тірі адамдардан қорғаған әрі іштен ешкімді шығармаған. Жанның келесі кездестіретіндері - Зевстің Минос, Радамант және Эак ұлдары. Олар жаңа келген жанды жер бетіндегі бүкіл өмірінде өзін қалай ұстап, қалай өмір кешкеніне қарай сотқа тартады. Зұлым әрі қатал адамдардың жандарын Тартарға (тозақ) жіберген, онда оларды мәңгі жаза күтіп тұрған. Тақуалық пен өмір сүрген әрі қандай да бір дін жолын ұстанған адамдардың жандарын Елесей алаңына - күннің алтын сәулесіне шомылған бақытты мекенге жолдаған. Тақуалардың жандары қайтадан өмірге келуге сұрана алатын болған. Егер діндар адамдардың жандары тақуалық өмірінің арқасында Елесей алаңына үш мәрте қайтып оралса, олар Шаттық аралдарына бара алады. Бұл мәңгілік қуаныш мекені, оны Тартардан шыққан Кронос басқарады. Бірақ көптеген адамдар жер бетіндегі өмірінде тым жақсы да, тым жаман да болмаған, сондықтан олардың жандарын Асфодель шалғынына жіберген. Бұл бір сұрқай, көңілсіз жер, өлгендердің жандары сондағы қараңғылықта мақсатсық қаңғып, аз да болса рухын көтере қуанып қалу үшін жер бетіндегі тірі адамдардан сый-сыяпат күтеді. ## Екінші жол Тағы бір жол Эребке Аид пен Персефонаның сарайына бастайды. Аид құнарлылық құдайы Деметраның қызы Персефона сұлуға ғашық болып, оны өзінің өлілер патшалығына алып кетеді. Олардың сарайының жанынан Жад суы мен Лета суы ағып жатыр. Тақуа жандар Жад суынан ішкен. Сондықтан олар еш нәрсені ұмытпаған. Ал Лета суынан қарапайым жандар ішіп, өткенді ұмытып қалған. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер * Әпсаналар, Мәскеу Росмэн 2012, ISBN 978-5-353-06045-1