text
stringlengths 3
252k
|
---|
Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Сыр өңірінің тоғыз жолдың торабында орналасуы, Арал теңізі мен Сырдария өзені арқылы Түркістан өлкесіне етене ену мүмкіндіктерінің артуы, бұл өлкенің әскери-стратегиялық маңызын еселеп арттырды. Сондықтан, патша өкіметінің Сыр бойын жаулап алуы бірнеше әскери міндеттерден тұрды:
1) гарнизондар мен бекіністер салу, тұрақты әскерлер мен казактарды орналастыру, қару-жарақ қоймасын жасау;
2) Орта Азияға басқыншылық жорықтарын дайындау және өлкеде әскери-әкімшілік басқаруды енгізу;
3) Қоқан әскерлерін ығыстырып, қазақ жерін бағындыруды аяқтау.
Осылайша, Сыр бойы патша әскерлерінің негізгі стратегиялық алаңына айналды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру мақсатында патша әкімшілігі бірқатар әскери-барлау және жазалау экспедицияларын жүйелі түрде ұйымдастырып отырды.
Ресей империясының Кіші жүз қазақтарын бағындыра отырып Сыр бойына емін-еркін енуіне Хиуа хандығы негізгі тосқауыл болды. Өйткені патша өкіметінің Сырдария мен оған іргелес жатқан қазақ жерлерін жаулаудағы стратегиясы мен тактикасы Хиуа хандығының мүддесіне қарама-қайшы келді. Сондықтан патша әкімшілігі Хиуа хандығымен арадағы қарым-қатынастарды қасақана шиеленістіріп, оған қарсы әскери жорықтар ұйымдастырды және Орынбор бағытынан оңтүстікке қарай ішкерілеп кіруге әрекеттер жасайды.
Патша өкіметі Сыр бойындағы Хиуа хандығының ықпалын әлсірету мақсатында ру билеушілерін пайдалануға тырысты. Патша әкімшілігі қарамағындағы қазақтардың ру басшыларына - Хиуа хандығының билігін мойындаған қазақ ауылдарына барымта жасауға және одан түскен олжаны өздеріне қалдыру туралы көптеген нұсқаулар береді.
Патшалық Ресейдің Сыр бойына ұстанған саясатының нәтижелі болуына және Хиуа хандығының әлсіреуіне 1833 жылы В.А.Перовскийдің Орынбор генерал-губернаторлығы қызметіне келуімен тығыз байланысты. В.А.Перовский хиуалық көпестерді қасақана тұтқынға алып екі елдің арасындағы саяси қатынастарды әдейі шиеленістірді. Ресей әкімшілігінің көпестерді тұтқынға алуы және саудаға тиым салуы Хиуа экономикасы үшін үлкен соққы болып тиді.
1839-1840 жылдары патша өкіметінің Хиуаға жасаған жорығымен бірге дипломатиялық елшiлiктерi де сәтсіздікке ұшырады. Бірақ бұл патша өкіметінің Сыр өңірін иеленуге деген ұмтылысын бір сәтке де тоқтатпады. Қайта керісінше, патша өкіметінің қазақ даласын толық жаулауға деген ниеті бұрынғыдан да күшейіп, Сыр өңірін толығымен өз құрамына қосуға итермеледі. Себебі Сыр өңірінде патша өкіметінің нақты билігінің болмауы -жергілікті қазақ халқының көңіл күйін бақылауға мүмкіндік бермеді.
Сондықтан патша өкіметі ендігі кезекте басты соққыны Хиуа хаңдығына емес, Қоқан бағытына қарай аударуға мәжбүр болды. Оған Қоқан хандығының ішінде үзіліссіз басталған азамат соғысы және Бұхар әмірлігінің Қоқанға жасаған шабуылы қолайлы жағдай туғызды. Осы жағдайларды жан-жақты саралаған патша өкіметі Қоқан хандығының қорғаныс қабілеті мүлдем төмен деген қорытынды жасады.
Патша өкіметі болашақ әскери жорықтың сәттілігі үшін топографиялық барлау жұмыстарын жүргізу арқылы мәліметтер жинау жұмыстарын бастады. 1846 жылы 10 қаңтарда Сырдарияның төменгi ағысын зерттеуге және бекініс тұрғызуға қолайлы орынды анықтау мақсатында капитан Шульц пен геодезист Лемм басқарған 200 Орал казактарынан тұратын әскери-барлау экспедициясы жіберіледі. Сыр бойын зерттеу кезінде капитан Шульцке мынадай міндеттер жүктелді: Орал бекінісінен Сыр бойына дейінгі аралықтағы қысқа жолдарды картаға түсіру, Сырдарияның төменгі ағысында бекініске қолайлы жерді табу, өзенде кемелердің жүзу мүмкіндіктерін анықтау және казактарды қоныстандыратын аймақтарды белгілеу және т.б. [2, 5 п].
Көп ұзамай капитан Шульц бастаған әскери экспедиция берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап, белгісіз аймаққа байланысты құнды барлау мәліметтерін жеткізеді. Орынбор генерал-губернаторы В.А.Обручев құжаттарға талдау жүргізе отырып, патша өкіметіне Сырдарияның төменгі ағысына бекініс салу қажет деген ұсыныс береді. Ол 1847 жылы қаңтарда Әскери министрге жазған құпия хатында Сырдың төменгі ағысында салынатын бекіністің стратегиялық маңызын былайша бағалайды: «...Біріншіден, Сырдың төменгі ағысына салынатын жаңа бекініс 6 мың түтінге жуық қазақтарға бақылау жасауға мүмкіндік береді. Екіншіден, Сырдың төменгі ағысы Еуропалық Ресейді, Батыс Сібірді, қазақ далаларын, Бұқара және Хиуаны байланыстыратын орталық болып табылады. Үшіншіден, осы бекініс арқылы біздің шекарамыз Қоқан, Хиуа хандықтарымен шектесіп, Бұқараға ықпалымызды арттыруға жағдай жасайды. Төртіншіден, Хиуа мен Бұқараға баратын сауда жолдарына бақылау орната аламыз. Бесіншіден, Хиуа мен Қоқаннан төнетін қауіпті жоямыз» [3, 4 п].
Сыр өңірін басып алу үшін, алдымен онда бекіністер жүйесін салу қажеттігін Обручевтен бұрын 1840 жылы 4 наурызда Теңiз Министрi Меньшиков: «Ағылшындардың Кабулды жаулауына және олардың Бұхарамен жақындасуына орай бізге Сырдарияда бекiнiс салу қажет. Сырдария өзенi кеме қатынасы үшiн қолайлы және ол Арал теңiзiне құятындықтан, бiзге Амудария арқылы Ауғанстан шекарасына дейiн кең жол ашылады» [4, 124 п], - деп айтқан болатын.
Осылайша, патшаның әскери шенеуніктері Сыр өңіріне бекіністер тізбегін салып, Сыр бойының қазақтарына ғана емес, бүкіл Кіші жүз қазақтарына өздерінің билігі мен бақылауын орнатуды, Қоқан, Хиуа және Бұхара хандықтары тарапынан төнген қауіпті жойып қана қоймай, оған өз ықпалымызды жүргіземіз деп жоспарлады. Сондай-ақ, олар Хиуа мен Бұқараға қатынайтын сауда керуен жолдары осы аймақтан өткендiктен, керуен жолына бақылау жүргiзуге мүмкiндiк туады деп есептеді.
Алайда Сыртқы істер министрі граф Нессельроде, Теңiз Министрi Меньшиков пен Орынбор генерал-губернаторы В.А.Обручевтiң Сырдарияның төменгi ағысында бекiнiс салу жөніндегі жобасына қарсылық білдірді. Ол бұл әрекет қоқан, бұхара және хиуалықтарды алаңдатып қана қоймай, наразылығын туғызатынын және де бұл құрылыстардың көп қаражатты қажет ететінін алға тартты. Бұл мәселе бойынша Ресей патшасы І Николай граф Нессельродеге: «Қазiргi қолайлы сәттi пайдаланып, бекiнiс салмасақ, кейiн тым қымбатқа түсуi мүмкiн», - деп есептеп үкіметке бекіністі 1847 жылы жазда салуды тапсырды және 71327 сом ақша бөлгізді. Бекіністің құрылысын жүргізу мен басқаруға тәжірибелі мамандарды тағайындауды және бекініске Оралдан 50 казак отбасын қоныстандыру туралы нұсқауын берді [5, 2 п]. Патшаның бұл нұсқауы Арал аймағының саяси-әскери маңыздылығын көрсетіп, алдағы уақытта Ресей империясы тарапынан жүргізілетін жаулаушылық соғыстарының жоспары еді.
Сонымен қатар, 1847 жылы Райым бекінісінің салыну қарсаңында патша өкіметі хиуалықтарды Райым бекiнiсi бейбiт қарым-қатынас орнату үшiн салынуда деп сендіруге тырысты және 1836 жылғы Хиуа жорығының қарсаңындағы келеңсiз оқиғаларды еске салды. Сөйтіп бiр жағынан күш көрсетiп, екiншi жағынан жұмсақтық танытып, хиуалықтардың бекiнiс құрылысына қарсы ұйымдастырылатын iс-шарарларының алдын-алу үшін Бас штаб полковнигi Иваниндi елші ретінде Хиуаға аттандыруды көздеді.
Алайда патша өкіметінің Сыр бойын жаулау мақсатында бекіністер салу әрекеттері өте шиеленісті жағдайда жүрді. Жергілікті қазақ халқы патша әкімшілігі салмақ болған бекіністер тізбегіне теріс пиғыл танытып, ашықтан-ашық қарсылық танытқаны соншалықты, патша өкіметі елшіліктің сапарын кейінге шегеруге мәжбүр болды. Оған қоса бекіністің салынуына байланысты патша өкіметі мен Хиуа хандығының арасындағы саяси жағдай одан сайын шиеленісті. Кіші жүз қазақтарына өз адамдарын аттандырған Хиуа ханы Мұхаммед Әмин оларды Райым бекiнiсінің құрылысына қарсы шығуға және орыстармен сауда қарым-қатынасын тоқтатуды ұсынып, үгiт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргiзді.
Сондай-ақ, Хиуа ханы Мұхаммед Әмин қазақ сұлтандары Жанғазы, Қайыпқали, Елекейлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, оңтүстікке қарай шабуылға шыққан патша өкіметіне қарсы қазақтарды көтеру үшін оларды басшылыққа тағайындап отырды. Мәселен, патша әкімшілігі Елекей сұлтанға мынадай баға береді: «Шөмекей руына шабуыл жасаған қоқандықтармен болған шайқастағы сәтті қимылы Елекейдің қазақтар арасында батыр танылуына және оған Хиуа ханының көңіл аударуына әсер етті, ол бірнеше рет Хиуаға барып, сыйлықтар алды, ақырында хан сайланды. 1846 жылы Ордадан шөмекей мен кете және керейттер арасында Елекей өзін хан атап, қазақтарды патша өкіметі билігінен бас тартқызып, тәуелсіз болу мақсатымен Хиуа жеріне өтуге үгіттеді деген хабарлар жетті» [6, 22-23 п].
Шөмекей және кете руларының 30 биін ерткен Елекей сұлтан Жаңадарияны қыстап шыққан соң, Мұхаммед Әмин ханның шақыруымен Хиуаға аттанып кетеді. Елекей сұлтанмен қатар Қайыпқали сұлтан да Кіші жүз қазақтарын патша өкіметінің билігіне қарсы шығуға және Хиуа иелігіне көшуге үгіттеген. Қайыпқали сұлтанның мұндай әрекетке барғанын оның Кіші жүз қазақтарына жазған хатынан көреміз: «Кіші жүздің он екі ата Байұлы ұрпақтарына, Баймұхаммед, Қазы, Сарыбөпе және басқа да құрметті билерге, қазақтарға... ата-бабамнан мұраға қалған халыққа жүк артуды өзімнің міндетім деп санаймын. Сендер өз болашақтарың туралы ойлана отырып, Ресейдің мұсылмандарға қарсы жаулық іс-қимылдарына назар аударыңдар. Мұхаммед Әмин хан Ресейдің қазақтарды басып алатынын білгеннен кейін 20 мың әскер жасақтады. Егер де сендер әділеттілер жағында болғыларың келсе, онда осы хабарды алғаннан кейін ешқандай кешіктірместен әрбір бөлімшеден ұлы, әділетті падишахқа бір құрметті өкілден жіберіңдер...» делінген [7, 27-28 пп].
Жоғарыда келтірілген деректерге назар аударсақ, Хиуа хандығы Сыр өңірі қазақтарының азаттық күресіне басшылық жасап, оларды қолдап отырған. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторы В.А.Обручевтің 1847 жылы 6 мамырда Әскери министрге жазған құпия хатында: «Қуандарияда қыстаған басым көпшілігі төртқара, шекті руларынан тұратын қазақ ауылдары Қарақұмға келіп, қоныстана бастаған. Қазақтар Хиуа ханынан Сыр бойында орыс әскері пайда болған жағдайда оларға қарсылық көрсетуге арнайы нұсқаулар алғаннан кейін қарулы жасақ құруда» [8, 165 п], - делінген. Обручев қазақтардың көтерілістері кең қанат жаймас үшін оның алдын алуға тырысып, ертеден қолданып келе жатқан әдістердің бірі - қазақтардың игі жақсылары мен ру басшыларына сый-сияпат пен марапаттаулар көрсетті. Осылайша, патша шенеунігі жергілікті қазақ билеушілері тарапынан бекініс салуға қолдау іздеді.
Райымда бекініс құрылысы салынады деген кезден-ақ қарсы шыға бастаған қазақтардан қауіптенген В.А.Обручев құрылыс жұмыстарын жүргізетін экспедицияның құрамын күшейтуге мәжбүр болды. Бекініс құрылысына аттанған экспедицияның құрамы 9 штаб офицері, 100 обер офицер, 332 унтер офицер, 5985 қатардағы жауынгер, 756 саптан тыс әскер және мыңнан астам башқұрт жасақтарынан тұрды [8, 201 п].
Райымды басқару міндеті далалық жорықтардан мол тәжірибе жинақтаған подполковник Ерофеевке жүктелсе, Сыр бойының қазақтары туралы деректер жинап, қазақтар мен патша әкімшілігінің арасында байланыс орнататын шенеунік қызметi Орынбор Шекара комиссиясының кеңесшiсi Субханкуловқа тапсырылады.
Дегенмен қазақтардың бекіністің салынуына қарсы күресі бір сәтте тоқтамай, ашық түрде сипат алды. Олар орыстардың көпестері мен азық-түлік тиеген қөліктеріне жиі-жиі шабуылдар жасап, түтін салығын төлеуден бас тартты немесе жаппай Хиуаға көшіп кетті.
Осыған байланысты генерал-лейтенант А.Е.Толмачевтың жіберген мәліметтерінде: «Сырдың төменгі ағысында қоныстанған қазақтар бекініс құрылысына мүлдем қарсы. Олардың рубасылары арнайы кеңес өткізіп, онда орыс әскерлеріне қарсылық көрсету және орыс көпестеріне шабуыл жасау жөнінде шешімге келген. Бұл шешімді орындау үшін Есет Көтібарұлы мен Жарас Өтенов Бестамаққа аттанып кеткен [8, 190 п], - деп жазылған.
Хатта көрсетілгендей көтерілістерге Есет Көтібарұлы мен Жарас Өтеұлы сияқты қазақтың ру басшылары басшылық жасап, Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы белсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бағыт алған әскерлеріне қатты қарсылық көрсетеді. Бұл жөнінде В.В.Григорьев былай деп жазды: «Ең әрі дегенде 50 жылдарда далада Есет Көтібаров пайда болды. Ол Ақмешітті алу үшін жарақтандырылып жатқан экспедицияларға түйелер беруден бас тартты. Оны ұстауға жіберілген біздің әскерден Есет қашып, үш жыл қатарынан далада жортып жүрді» [9, 363 б].
Есет батыр бастаған көтерілістің алғышарттары, себептері Ресейдің отарлық саясатынан туындады. Патша өкіметінің ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Кіші жүздегі әскери-отарлық езгісі, қазақтар құқықтарының шектелуі мен олардың саяси-әлеуметтік жағынан қаналуы және патшалық Ресейдің бұл өңірді экономикалық тұрғыдан жаулап алуы бір-бірімен астасып, қазақ халқының өмір сүруіне аса қауіп төндірді.
Есет ұйымдастырған әскердің ішінде бүкіл Кіші жүзге белгілі батырлар: Бекет Серкебайұлы, Ерназар Кенжалыұлы, Әзберген Мұнайтпасұлы, Қарақұл Қонақбайұлы, Мәуміт Сейітпенбетұлы, Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғанаұлы, Мамай Достанұлы, Ақтан Ақайұлы, Байқазақ Жолдасбайұлы, Елтізер Қуатұлы, Жәлімбет Қуатұлы, Бөкенбай Тілегенұлы және т.б. болған. Отаршылдық езгіге қарсы шыққан Кіші жүздің батырлары халықтың қолдауына ие болып, азаттық көтерілістеріне басшылық жасайды.
Батырлар мен билер бастаған қазақтар патша өкіметінің басқыншылық саясатына қарсылық ретінде патшалық Ресейден Орталық Азия хандықтарына жол тартқан сауда керуендерін шабуылдап, орыс саудасына зиян келтірді және Хиуа хандығымен бірлесе отырып патшаның жазалаушы әскерлеріне қарсы шықты және бекіністі шептерді шапты. ХІХ ғасырдың ортасында Кіші жүздегі ең белгілі әрі беделді батырлардың бірі Қарағұл Қонақбайұлы еді. Ол өз кезегінде патша үкіметіне де, Хиуа хандығына да, тіпті дала аймағында бекітілген билеуші сұлтандарға да бағынбаған тәуелсіз тұлға еді... Хан билігін жоюды мақсат еткен патша үкіметі... сұлтан топтарын бір-біріне қарсы қойып, қырқыстыра бастады. Осындай жағдайда... аласапырандардың басты себебі – отарлық саясатта жатқандығын бірден түсінген халық қалаулылары – билер Кіші жүзде белсенді қимылдармен көзге түсті... Әсіресе, Есеттің ең жақын серігі шекті руы Қабақ бөлімінен шыққан атақты би Қарағұл Қонақбайұлы ел тағдыры таразыға түскен сәтте билік тізгінін азаттық жолындағы күреспен байланыстырып, 11 жылға созылған көтерілістің басты жетекшілерінің біріне айналды [10, 8 б].
Мұрағат құжаттарына сүйенсек Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық күресінде Әзберген Мұңайтбасұлының рөлі ерекше. Ол Есеттің кеңесшісі, көмекшісі әрі туысы ретінде белгілі болып, азаттық қозғалысы тарихында өзіндік орнын қалдырған.
Патша езгісі мен отаршылдығынан құтылудың жалғыз жолы - Хиуаға қосылу деп білген Әзберген би көтеріліс кезінде-ақ Хиуа хандығымен арадағы саяси одақтастық байланысты бірден-бір жақтаушысына айналып, көтерілістің негізгі күштерін басқарған. Ол көтеріліс барысында өз ұстанымдарының беріктігімен ерекше көзге түскен бірден-бір тарихи тұлға. Тіпті, көтеріліс аяқталса да Әзберген би Есет Көтібарұлының патша әкімшілігі қарамағына өтуіне келіспей, қарсылығын жалғастырып, Хиуа жеріне өтіп кетті. 1858 жылы Орталық Азияға жорық жасаған М.Н.Галкин өзінің сапарында Қоңырат қаласындағы Әзбергеннің тамаша бағында дем алғанын жазады.
Әзберген биді Хиуа ханы сол жерді мекендеген қазақтардың билеушісі етіп тағайындап, орыс билігіне қарсы көтерілген және Ресей билігін мойындаған қазақтарға қарсы күресуге басшылық жасауды ұсынады. Әзберген би болса, ханға Ресей мен Хиуаның қол астында екіге бөлініп кеткен қазақ халқының бір-бірімен байланысып тұруына еркіндік берілген жағдайда ғана келісетіндігін, бірақ ханның қазақтарға ойына келгенін істегісі келетін ниетін қолдамайтынын, қай жерде жүрсе де, Ресей билігіндегі қазақтар немесе Хиуа иелігіндегі қазақтар ішінде ме, халқының мүшкіл жағдайына қарамастан, мұндай тапсырманы орындай алмайтындығын білдіреді.Бүкіл Сыр бойын өз билігіне бағындырмақ болған патша әкімшілігінің отаршылдық саясатына қазақтардың наразылығы уақыт өткен сайын күшейе түсті. Міне осы кезде патша әкімшілігі Перовск фортымен шектеліп қалған Ресей билігіне қауіп төнетінін түсінеді. 1855 жылы орыс әкімшілігі Райым бекінісінің қашықта орналасқанын ескере отырып, оны айлақ ретінде пайдалануды көздейді де Қазалы тармағында форт салу туралы шешімге келеді. Бұл патша әкімшілігіне Райымға Хиуадан тікелей төнетін қауіпті жою үшін қажет еді. Кейін патша өкіметіне оның да сәті келіп, Хиуада қоңыраттардың көтерілісі басталып, Қожа Нияз бекінісін талқандап кетеді. Қаңырап қалған бекіністі уақытында дереу басып алуды көздеген Самара және Орынбор генерал-губернаторы 1856 жылы 9 наурызда Коллеж Асессоры Осмоловскийге Қожа Нияз бекінісін алу үшін қазақтардан 50 түйе жинауға және Қуандариядан өту үшін көпір салдыртуға бұйрық береді. Нәтижесінде, қираған бекіністің орнына орыстардың Қазалы атты шағын ғана форты салынып, оған Райым бекінісіндегі мекемелер мен халықты көшіреді.
Перовск фортын басқа бекіністермен байланыстырған патша үкіметі Сыр бойындағы иелігін кеңейту үшін Қоқан хандығына қарай жаңа жорықтар жасау мақсатында дайындық жұмыстарына қызу кіріседі. Алайда 1856 жылы басталған Сыр қазақтарының көтерілісі бұл жоспарды уақытша жүзеге асырмай тастайды. Бұл көтерілістің орыстарға қауіпті болғаны соншалықты патша әкімшілігі Қоқан хандығымен арадағы байланысты жақсартуға көп күш жұмсайды. Тіпті, Перовскіде тұтқында отырған барлық қоқандықтарды ешқандай шарт қоймай босатып жіберуге мәжбүр болады. Бұл көтерілістің өте қауіпті болғанын Н.И.Добросмыслов: «Біздің басшылық Жанқожамен ерегісіп қалады да өздеріне қауіпті жау тауып алады. Өйткені Жанқожаның халық арасындағы беделіне ешкім шек келтіре алмайтын еді» [29, с. 107], - деп жазады.
1856 жылы желтоқсанда басталған Сыр қазақтарының көтерілісі Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы тікелей бағытталып, оны Кішкене шектілердің рубасшысы, батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды. Бастапқы кезде Ресей бодандығын қабылдап кейін патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлының бұл әрекетіне қазақ-хиуа қатынастарын зерттеуші А.А.Абдуалиев былай деп анықтама береді: «Жанқожаның орыс бодандығына өту себебінің бірі Обручевтің қазақтарға жеңіл салық саясатын жүргізуі болған еді. Раим бекінісін салу барысында ордалықтардан түтін салығы мен көлік ретінде пайдаланатын түйеден басқадан салық алмаймын деген келіссөздің бұзылуынан Жанқожа ереуіл бастады» [30, с.138].
Жаңқожа бастаған көтерілістің Сырдағы Ресей билігіне төндірген қауіптің күшті болғанын флигель адъютант Бутаковтың 1863 жылы 14 қыркүйекте Орынбор корпусының командиріне жазған хаты дәлелдей түседі: «Мен мұнда 1856-1857 жылдары болдым. Ол кезде өңірдегі бүкіл дала Жаңқожа батырдың басшылығымен наразылыққа шыққан еді. Сол кезде біз әрең дегенде форттағы шаруашылықты сақтап қалдық. Соның өзінде бүлікшілер жинап қойған шөбімізді өртеп кетті. Бізде оларды басып тастайтын күш жетіспеді. Тек Перовскіден генерал Фитингоф бекіністегі әскердің жартысын алып келіп қана көтерілісті баса алды. Біздің бақытымызға қарай қоқандықтар осы жағдайды сәтті пайдалана алмады. Хиуалық қазақтар да көтерілісшілерді рухани жағынан қолдады. Кім кепіл бола алады, сол кездегі бүлік соңғысы деп. Қазіргі уақытта қазақтарға ықпалы бар рубасылар іштей бізге қарсы. Жалпы алғанда бұл жердегі әскердің саны көп болғаны былай тұрсын, тіпті аз. Сырдария шебінің қауіпсіздігі тек Хиуа мен Қоқандағы тәртіпсіздіктердің негізінде ғана аман тұр. Егерде осы хандықтарда тәртіп орнаса немесе Бұхар әмірі оларды өзіне қосып алса, онда бізді тыныш қоймайды» [31, 125-126 пп].
Негізінде көтеріліс №1 форт маңынан қоныс аударушыларға егін өсіруге жер бөлген бекініс басшысының әрекетіне наразылық ретінде басталады. Өйткені қазақ отбасылары өздерінің егістік жерлерінен айрылып, егін салуға жарамайтын, егінді суаруы үшін ағын суы жоқ жерлерге қуылды. Сондай-ақ Арал өңіріне орыстар келген кезден бастап қазақтар оларға түтін салығын төледі және басқа да әр түрлі міндеткерліктерді атқарды. Яғни, қазақтар жолдарды жөндеуге, көпірлер салуға, су жүретін арықтарды тазалауға, жергілікті әкімшілік мүшелерін асырауға, жолсапарға шыққан шенеуніктерге қаражат бөлуге, іс-сапармен келген қызметкерлерге үй беруге, оларға отын жеткізіп беруге міндетті болды. Сонымен қатар жергілікті патша әкімшілігі бекіністерді салу үшін мыңдаған қазақтарды еріксіз айдап әкеп, тегін жұмысқа салды. Сондықтан патша өкіметінің қазақтарды қанауға бағытталған бұл іс-әрекеттері халықты ашындырып, ашық түрдегі наразылықтар мен көтерілістерге ұласты. Көтеріліс бүкіл Қазалы аймағын қамтып, оған үш мыңнан аса адам қатысты және орталығы Жаңақала бекінісі болды. Орал бекінісінің бастығы Михайлов Сырдария шебінің бастығы Фитингофқа жіберген құпия мәліметінде «Жанқожаның қарақшылары арасында қарасақалдар, кішкене шектілер және төртқаралардың бір бөлігі бар», - деп хабарлады.
Бұл рулар әлімұлы тайпасына жататан еді. Ұрыс қарсаныңда көтерілісшілерге шекті руларынан басқа құмды аудандарды мекендеген басқа қазақ рулары қосылады. Көтерілісті Жанқожамен бірге Сұлтанбөрі, Дабыл, Қожа Баймұхамед және басқалар басқарды. Көтерілісшілер шотпен, сойылмен, кетпенмен қаруланды. Азын-аулақ адамдардың ғана мылтықтары болды. 1856 жылы желтоқсанның орта шенінде Жанқожаның жасағы алдымен казактар мекендеген «Солдатская слобода» поселкасын жойып, №1 қазалы форты мен Перовск фортының бекіністеріне жақын келіп орналасады да күтпеген жерден Сырдария шебіне шабуыл жасайды. 1856 жылы желтоқсанның аяғында Қазалыны көтерілісшілер қоршап алады. 28 желтоқсанда форт бастығы Перовскийге: «Қазіргі уақытта солтүстік жағын қоспағанда фортты бүлікшіл қазақтардың жер-жерде шашыратылып орналастырылған қарақшылары қоршауға алған, олар біздің әскердің кез-келген қозғалысы жағдайында дала түкпіріне кетіп қалады. Сондықтан да гарнизон жыртқыштардың бекініске шабуылын күтіп алуға және сонан соң пішен тасып алумен, форттың әлсіз жақтарын қорғаныс жағдайына келтірумен қызу айналысып отыр» [32, 35-37 пп], - деп мәлімдеді.
Бекіністі қорғап тұрған казактардың жүзбасшысы Михайлов, елу жаяу әскер және 1 зеңбірегі бар орыстардың әскерін басқарып көтерілісшілерге қарсы шығады. Фортты жан-жағынан қоршап алған көтерілісшілер 3 казакты өлтіріп, қазынаның шөбін өртеп жібереді. Осы кезде көтерілісшілер майор Булатов бастаған орыс әскерлерінің екінші тобымен шайқасқа түседі. Соғыс қимылдары желтоқсан айының аяғына дейін созылып, алма-кезек жеңістермен өтті. Кенеттен басталған көтерілісті басуға Орынбор генерал-губернаторы Перовский Сырдария шебінің бастығы Фитингофқа бұйрық береді. Ал Жанқожа бастаған көтерілісшілер болса, Қазалы фортына шабуыл жасауға мұқият әзірленеді. 1857 жылы қаңтар айында көтерілісшілердің саны бес мыңға жетті. Перовскийдің нұсқауын орындаған Фитингоф 9 қаңтарда 1 зеңбірегі және 2 ракеталық станогі бар 300 казак пен 320 жаяу әскерді бастап жолға шығады [32, 39-40 пп].
Көтерілісшілермен қақтығыс сол күні Қазалыға жақын жердегі Арықбалық алқабында өтеді. Қамыс арасында жасырынған қазақ мергендері орыс әскерінің ту сыртына оқ жаудырып, алты адамын жаралайды. Шайқастың шешуші кезеңінде көтерілісшілер шабуылға шығады. Бірақ зеңбірек пен мылтықтардан атылған оқтардың астында қалған көтерілісшілер ауыр шығынға ұшырап, кейін қарай қашуға мәжбүр болады. Ауыр жараланған Жаңқожаның өзін көтерілісшілер оқтың астынан әрең аман алып шығады. Жеңіліс тапқан көтерілісшілерді патша әскерлері аяусыз жазалап, ауылдарын тонап, 212 үйін өртейді. Қолға түсірілген ірі қараның өзі ғана 20 мыңнан асты.
Сырдария қазақтарының көтерілісінің қайталануынан қорыққан патша 1858 жылы бүлікке қатысқан қазақтарға кешірім беретін жарлық шығарады. Бұл жарлық көтеріліс қарқынын бәсендеткенімен көтерілісшілердің қозғалысын баса алмады. Керісінше көтерілісшілер 1860 жылы сұлтан Бөрі, Жанқожа, оның ұлы Итжемес, немерелері Жанқұлы мен Жанмырза орыс билігіне қарсы әрекеттерін жалғастырған. А.А. Катенин 1860 жылы наурыздағы әскери министрге жазған хатында Жаңадария маңында старшина Елекей Қасымовтың басшылығындағы әскер 1860 жылдың қысында Жанқожа жасақтарынан талқандалғанын көрсетеді.Патша әкімшілігі Сыр қазақтарының азаттық көтерілісінің басшысы әрі рухани жетекшісі Жаңқожа Нұрмұхамедовты жою үшін арнаулы жазалау отрядін жіберді. Бұл отряд 1860 жылы Жанқара көліне жақын жердегі Қызылқұмда орналасқан Жаңқожа ауылын кенеттен қоршап алып, сол жерде 80 жастағы Жаңқожа батырды мерт қылды. Ауылын тонап 130 түйе, 115 жылқы, 216 сиыр және 2234 қойын айдап әкетті [9, 390 б].
Көтеріліс 1862 жылы 8 ақпанда №1 форттың маңына Жанқожаның немере інісі Жанмырза Ақмурзин келіп, патша әкімшілігіне өз еркімен берілгеннен кейін ғана тоқтайды.
Патшалық Ресей Хиуа хандығындағы қазақтарды өзара қырқыстырып, Жанқожа бастаған көтерілісті талқандаған соң өзінің отаршылдық жоспарын одан әрі жүзеге асыруға кіріседі. Орынбор бағыты бойынша патша өкіметі Сырдың төменгі ағысын толық жаулап алуды аяқтауға кіріседі де Ташкент билеушісі Кұшбекке: «Егер сендер Ресеймен бейбітшілік қарым-қатынаста болғыларың келсе Ақмешіт пен Түркістан аралығындағы бекіністер еш қарсылықсыз берілуі тиіс» - деп шарт қояды. Патша өкіметінің қойған шартын ташкенттіктер жауапсыз қалдырады.
Алдына қойған мақсаттарын орындауға кіріскен патша әкімшілігі ташкенттіктердің ірі қамалы Жаңақорғанды басып алуға ұмтылады. 1861 жылы 22 қыркүйекте 7 штаб-офицер, 32 обер-офицерлер, 719 төменгі шендегілер және 9 зеңбірек пен 3 ракетасы бар генерал-лейтенант А.О.Дебу басқарған орыс әскері Жаңақорғанға шабуыл жасайды [33, 129-130 пп].
Шабуыл кезінде орыстар үш адамынан айрылады. Осыдан кейін Дебу қамалды зеңбірек оғының астына алу туралы бұйрық береді. Орыс әскерлерінің қамалды бомбалағаны соншалықты оны кейін басқыншылар қайтадан салуға мәжбүр болды. Қамалды қорғаған қазақтар ерлікпен шайқасты. Бірақ қамал ішінде орын алған өрт 50 пұттық жарылғыш заты бар қоймаға жақындағандықтан қоқандықтар мен қазақтар қамалды орыстарға береді. Жаңақорған түбіндегі шайқас Сыр қазақтарының екіге бөлінгенін көрсетті. Мәселен, Кенесары ханның ұлдары Тайшық пен Ахмет өздерінің қарамағындағы қазақтарымен Патшалық Ресей жағында соғысса, Сыздық Кенесарыұлы бастаған қазақтар қоқандықтар жағында болды. «Жаңақорғанды орыстар алғанда, – деп көрсетті Дебу, – көп қазақтардың бекініс ішінде руластары мен туыстары болды. Мысалы, қыпшақ биі Байбөрі Шоновтың өзі орыстар жақта, ал оның ұлы Жаңақорған бекінісі ішінде, қоқандықтар жағында соғысты.
Кейін Қоңырат Телқожа батыр, Қаңлы Айдарбек батыр, Бектібай батыр Жалаңтөсұлы бастаған қоқандықтар Қарамұрын түбінде Тайшық, Ахмет жасақтарымен шайқасқа түсіп, Телқожа батыр Тайшықты найзаман түйреп өлтіреді.
1861 жылдың аяғында орыс әскерлерінің қоқандықтардың Жаңақорған мен Дінқорған бекіністерін басып алуы Сырдарияның бүкіл төменгі ағысы Ресей империясының билігіне өтіп, орыс әскерлерінің Орталық Азияға қарай жылжуына жол ашып берді. Ресей империясына Қазақ даласын жаулап алуға 130 жыл керек болса, Орта Азияны бар болғаны 20-25 жылда өздеріне бағындырды.
Патшалық Ресейдің Сыр өңірін жаулап алу барысында жүргізген соғыстары мен саясаты, еркіндік сүйгіш қазақтардың бодандықты қабылдамайтындығын, оларды тек қана озық қарудың күшімен бағындыруға болатындығын көрсетті.
## Дереккөздер |
Тарихта алғаш рет түрік атауымен мемлекет құрған Көк түріктер, осы ерекшелігімен тарихта маңызды орын алады. Тарихта шамамен екі жүз жылға жуық өмір сүрген Көк түріктердегі тайпа жүйесі, ғасырлар бойы зерттеліп бүгінгі Түркі әлеміне бір көпір болғаны белгілі. Бүгінгі тақырыбымыз да Көк түріктердің тарихындағы әртүрлі аттармен, ұйымдармен белгілі болған тайпалардың композициясы болмақ. Бұл композиция, басқаша айтсақ тайпалардың ыдырауы мен әрекеттенуі Көк түрік мемлекетінің 744 жылы құлағанынан кейін де жалғасып, тіпті көш кездерінде де маңызды рөл ойнаған.
Көк түрік мемлекетінің іргесін қалаған A-shih-na (Ашина) әулеті болатын (1). Бұл мемлекет егемендік алып құрылғаннан кейін 941 жылға дейін, жойылғанға дейін сол тайпадан шыққан бектер тарапынан басқарылып келді (2). Осы кезде әйгілі уәзір Тоныкөктің A-shih-te әулеті болатын. Бұл тайпа 620 жылдары II-ші Көк түрік мемлекетінің құрылуында маңызды рөл атқарды. Алайда, Тоныкөктен кейін (шамамен 725 жылдар) A-shih-te тайпасы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Сондықтан A-shih-na бірден-бір басқарушы болып табылады. Жалпы бұлар туралы басқаруды A-shih-na әулетінің қолға алуына хақ беретін каризматикалык аңыздар да бар (3). Осыдан кейін 542 жылы тарих сахнасына шығып, 545 жылы Қытайдағы Батыс Вэй (Wei) мемлекеті тарапынан ресми танылған Көк түріктер төлес тайпаларын бағындырғаннан кейін ғана өз бағымсыздықтарын қорғай алатын жағдайға жетті. Ал бұдан бұрын түбірі Hsien-pi – ден келетін жуан-жуандарға вассал еді және Алтай тауларының оңтүстік етегінде теміршілікпен айналысатын. Төлестердің жуан-жуандарға шапқыншылығының алдын алған Көк түріктер, олардың 50 мың отбасын (кейбір деректерде 50 мың адам немесе 50 мың отбасы) өздеріне бағындырды, осыдан кейін де бағымсыздыққа қарсы күш арта түсті.
## Төлес тайпалары
Деректерде төлес аты “барлық тайпалардың жалпы аты” ретінде көрсетілген (4). Одан көне дәуірлерге көз жүгіртсек Ғұндар дәуіріндегі Ting-ling-дер, олардан кейінгі Као-сһ-е- /б.з. 3- ж.ж./лердің жалғасы төлестер деп есептелінеді. Яғни, Орта Азиядағы бүкіл тайпалар Ұлы Ғұн дәуірінде Ting-ling, Juan-juan - Табғаш мемлекеті дәуірінде Као-сһ-е (Қаңлы), Көк түріктер пайда болғаннан кейін төлестер болып аталған. Негізінде Suei Shu мен Pei Shih деректерінде төлестердің тарихтағы орны туралы айқын түсіндеріледі (5).Жағрафиялық таралуына қарасақ төлес тайпалары бес аймаққа жерлескен:
Бірінші аймақ, Пу-ку (P’u-ku (бугу/бугут), Тонгра (T’ung-lo), Вей-хо (Wei-ho) Байырку (Pa-ye-ku), Фу-ло (Fu-lo) тапалары жасаған Тола өзенінің солтүстігі болып табылады. Бұл бес тайпа өздері өзара біріккен, осында жасайтын мең-чен (Meng-ch’en), ту-жо-хо (T’u-jo-ho), хун (Hun), ху-хсие (Hu-hsie), су-чие (Ssu-chie) сияқты кіші тайпалармен қосылып жиырма мың жетпіс әскер шығара алатын еді.
Екінші аймақ, Хамидің (I-wu) батысы, Карашардың солтүстігі (Yen-ch’i) Ақтаудың (Pai-shan) етектері. Бұл жерде чи-пи (Ch’i-pi), пу-ло-чихи и - ших (P’u-lo-chihi I-shih), су-по (Su-p’o), на-хо (Na-ho), ву-куан (Wu-kuan), йе-ших (Ye-shih), юни-хуан (Yu-ni-huan) және басқа да кіші тайпалар бар, бұлардың да жетпіс мыңға жуық жақсы әскері болатын. Олардың кейбір тайпалары егіншілікпен айналысатын. Бұл түріктердің егіншілікке бастауындағы маңызды мағлұмат болып табылады (6).
Үшінші аймақ, Алтай тауларының оңтүстік батысында еді. Бұл аймақтағы Сир Тардуш (Sir Tarduş (Hsie-yen-t’uo), ших-пан (Shih-p’an), та-чи (Ta-ch’i) лермен басқаларының да он мыңнан аса әскерлері болатын.
Төртінші аймақ, Самарқанд яғни, Мәуереннахрдың солтүстігі Сырдария және оның тармағы Арис (A-te) өзені жағалауы болды. Бұл аймақтағы хо-чие (Ho-chie), по-ху (Po-hu), пи-кан (Pi-kan), чю-хай (Chü-hai), хо-пи-хси (Ho-pi-hsi), хо-цо-су (Ho-ts’o-su), па-йе-вэй (Pa-ye-wei), хо-та (Ho-ta) лардың да отыз мыңдық әскері болатын. Бесінші топтағы төлестер Хазар теңізінің (Te-I Hai) шығысында еді. Сан-суо-йен (San-suo-yen), мие -қу (mie-ts`u), луң-ху (Lung-hu) тайпаларының барлығы төлестерге жатады. Себебі мұнда огур тайпалары да бар (7).Төлестердің алтыншы тобы Византияның (Fu-lin) шығысында, шамамен Кавказдарда эн-чю (en-chü), алан (A-lan), пей-жу-чо-ли (Pei-ju-Chiou-li), фу-вен-хун (Fu-wen-hun)дар болды. Бұлардың саны жиырма мыңға жуық. Барлығының түбірі түрік емес (мыс.: аландар иран тектес) көпшілігі Сабар мен Хазарлардың негізін қалаған түрік тайпалары екендігі айтылады.Көрініп отырғандай жоғарыдағы таралу шығыстан батысқа қарай жөнелген. Ең шығыс аймақ ретінде Тола өзенінің шығысындағы Керулен бойы болса, ең батыс жағы Кавказдың солтүстігі болып отыр. Тіпті Қаратеңіздің солтүстігі де бұл алаңға қосылады. Бірақ бұл тақырыпта Қытай тарихшыларының мәліметтері жеткіліксіз болып отыр.
Оңтүстік Сібірдегі қырғыздардан басталатын курынан (kurınan), тупо (Tu-po), толанка (Tolan-ka)лар және басқалары туралы айтылмағандығы қызық. Деректердін жетіспеушілігімен бірге, Сібір өлкесінің өзгеше екендігін ұмытпаған жан.551 ж. бұрын Көк түріктерге бағынған төлес тайпалары жөнінде одан кейінгі кезеңдерде ешқандай мағлұмат жоқ. Тек 603 ж. Батыс Көк Түрік мемлекетінің қағаны Тардудың жеңілуімен бірге төлес тайпаларының да таралғандығы айтылады (8).Бұдан кейін Батыс Көк Түріктердін қағаны Чуло (Ch`u-lo) салықтарды арттырып, бүкіл малдарына қол сұққандығы, тіпті сир тардуштардың көтеріліс жасау ықтималынан сескеніп олардың жүзден аса басшыларын өлтірткені айтылады. Қағанның бұл басымдығына, үлкен салықтармен басқарушылығына шыдамы жетпеген Чи-пи (Ch`i-pi) шайнасы көтеріліс жасап Чулоны ауыр жеңіліске ұшыратты. Оларға сир тардуштары да қатысты. Осылайша Чинилер мен Сир Тардуштардың алған егемендігі ұзаққа бармады. Ше-куғй (She-kuli) басшылығындағы Батыс Көк Түріктерге бағынды. Шығыстағы ұйғырлардың арасындағы алты тайпа болса Ши-пи (Shih-pi) басшыларындағы Шығыс Көк Түріктерге бағынады. Барлық батыстағылар 621 ж. кейін Тунг Ябгуға тізе бүкті (9).627 ж. Шығыс Көк Түріктердің маңызды кезеңі болып табылады. Бұл кезең мемлекеттің әлсіз кезі еді және сир тардушлар, байыркулар, ұйғырлар сияқты тайпалар бастап көтеріліс жасады. Осыдан кейін төлес атауы қолданылмады.
Жоғарыда аты аталған тайпалар бір-бірімен сол аттарымен немесе басқа атаумен де бағымсыз таныла бастады. Ал Төлестер Байкал көлінің батысында кішкене бір тайпа болып моңғолдарға дейін (Тоолес (Tooles) тіпті осы күнге дейін қырғыздардың арасында дөнес әулетінің атымен Оңтүстік Сібірде мекендеді.Сир Тардушлар VII ғасырдың алғашқы жартысында Төлестердің ең мықты тайпасы ретінде тарих сахнасында маңызды рөл ойнады (12). Тонестердің жағрафиялық таралуында Алтай тауларының оңтүстігіндегі 10 мың әскерлік күші бар Сир Тардуштардың саны кейін келе 70 мың түтіндік болған. Шығыс Көк Түріктердің әлсіреуімен, олар шығыс қанатының (яғни тоғыз оғыздар) лидері ретінде көрінеді.628 ж. бастап бағымсыз әрекет жасай бастаған Сир Тардуштар, бұрын 603 ж. орынсыз, әділетсіз салықтар жинап, бірнеше жүздердің басшыларын дарға асқан.Батыс Көк Түріктердің Қағаны Чулоны (Ch`u-lo) ауыр жеңіліске ұшыратты. 628 ж. Тунг (T`ung) Ябгу қаған басшылығындағы Батыс Түріктер ішкі қырқыстарға, ұрыстарға ұшырағандықтан Инан (603 ж. жеңіске жеткен басшылары Ишихпоның (I`-shih-po) немересі) 70 мың отбасылық әулетімен Шығыс Көк Түрік мемлекетінің билеушісі Ил Қаған (Chie-li) Hsel-li)-ға тізе бүкті. Алайда көп ұзамай бұл мемлекет сарсаңға ұшырады. Осылайша пайда болған саяси бостықтың орнын Сир тардуштардың басшылығы толтырды. Негізінде тоғыз оғыздар Инанның басшы болуын қалап, оған «Шығыс Көк Түріктерден қарсы мүдде іздеген Қытайдағы Таң әулеті қосылған болатын, бірақ бұған Сиртердуштар қарсы болып өз қағандықтарын алға тартты. Сир тардуштар 641 ж. дейін бағымсыз болды. 630 ж. Шығыс Көк Түріктердің құлауымен Қытайға жөнелген түріктердің кері қайтарылуы кезінде Сир тардуштар Көк Түріктермен де, Қытайлармен де соғысты. Бастапқы соғыстарда жеңіске жеткен Сир тердуштар басшысы қайтыс болған соң тақты бөлісе алмаған, екі ұлы Қытайларға жеңілді, 646 ж. түбегейлі ыдырады.
Бугу, Тонгра, Тупо, Байырку, Толанко, Ху-шие, Амие (Эдиз) Чипи, Басмик, Курыкан, Қырғыз, Хун, Қарлұқтар және Ұйғырлар 646, 647, 648 жылдары Қытайдың Таң әулетімен келісімге келіп, бір-бір қытай атағымен бірге әскери шен берілді. Осыдан кейін Орта Азияда Қытай басымдығы бас көтерді.Түркіштер, Батыс Көк Түрік жерінде 635 жылдары саяси оқиғалар кезінде тарих сахнасына шықты. Осыдан кейін түркіштердің Батыс Көк Түріктерден шыққандығы белгілі. 634 ж. Қаған аталған Ишбара өз өлкесін он тайпаға бөліп, әрбір тайпаға бір-бір оқтан беріп, оларға Он Шад пен Он Оқ деген атақ берді. Бес Туо-Лу, осыдан кейін бес тайпаға бес-туо-лу аты, қалған бесеуіне де ну-ших-пи аты берілді. Бес туо-лу хандықтар (çorluk) ретінде Тоқмақ (suei-ye) өзеннің шығысында құрылды. Оң жақ тобын құрайтын ну-ших-пилер де Тоқмақтың батысында құрылды. Бұл құрылымнан кейін жалпы он оқ тайпа атына ие болды. Бес туо-ло тайпаларының арасындағы туркеш аты кейіннен барлық он оқ тайпаларының атына айналды (13).Қарлұқтар, тарих сахнасында, Алтай тауларының батысында Пукучен (Pu-ku-chen) көлі жағалауынан көрінді. Алай да бұл жер олардың алғашқы ата-мекені болмауы да мүмкін. Дегенмен, қарлұқтардың 30 ж. бұрынғы мекені жөнінде ой берді (14).627 ж. бастап Шығыс Көк Түріктердің жеріндегі тайпаларында үлкен қорғаныс болды. Ол кезде Батыс Көк Түріктердің билеушісі Тунг Ябгуға бағынышты болған Сир тардуштар ең мықтысы. Сир тардуштар Тунг Ябгумен келісе алмай Шығыс Көк Түріктердің жеріне көш жасап оларға бағынды. Осылайша Тәңірі тауларының солтүстік жері босады. Қарлұқтардың күшіне енуі де бәлкім осыдан болар (15).
Қарлұқтар, төлестердің тізімінде көрсетілмейді, олар Көк Түрік әулетіне жақын екендігі айтылады. 627 жылы Батыс Көк Түрік мемлекетінің билеушісі Тунг Ябгуға көтеріліс жасаған қарлұқтар, олардың күйреуіне себеп болды.626 жылы Шығыс Көк Түрік мемлекетінің құлауы кезеңінде орын алған Тоғыз Оғыз термині, Төлес тайпаларының Тола өзені жағалауымен Керулен өзеніне қарай жалғасқан яғни Шығыс Көк Түріктердің территориясының шығыс бөлігінде мекендеген халықтың деректердегі атауы болып табылады. Жалпы оларға кіретін тайпалар мыналар: Пуку (P`u-ku), Хун (Hun), Байырку (Bayirku), Тонра (Tonra (T`ung-lo), Су-чи (Ssu-cshie (Izgil), Чи-пи (Ch`-i-pi), А-пу-се (A-pu-sse), Ку-лун-ву-ку (Ku-lun-wu-ku), Эдиз (Ediz (A-tie) (16).679 жылы Көк Түріктер Қытай мемлекетіне бағымсыздыққа қарсы күрес барысында Тоғыз Оғыздармен де бетпе-бет қарсыласатын кездері болды. Сондықтан да Орхон жазбаларында Тоғыз Оғыздармен Көк Түріктердің соғыстары жайлы көп айтылады.Жалпы айтқанда Көк Түріктердің билігі кезінде Төлес, Сир тардуш, Түркеш, Қарлұқ, Қырғыз, Тоғыз Оғыз, Оғыз тайпалары тарих сахнасынан көрінеді және түрік тарихында маңызды рөл ойнайды. Алайда, 603 жылдан кейін Төлес атауының қолданыстан шығуы бірнеше кіші тайпалардың ортаға шығуына алып келді. Саяси қарым-қатынастарда, әлеуметтік жағдайларда, соғыстарда мемлекеттің тікелей тірегі тайпалар екендігі көрініп отыр. Мемлекетті құру барысында Бумын, Төлес тайпаларының 50 мың отбасылық әулетін өзіне бағындырғаннан кейін, осы күшке сеніп, бағымсыздық жолында маңызды адымдарға қол жеткізді. Мемлекетте ішкі қырқыстар кезінде мемлекеттің басты тірегі болып табылатын тайпалар көтерілістер жасап осы қайшылықтардың артуына жол ашып отырған. Әсіресе таққа талас, алым-салықтардың артуы, себепсізден себепсіз жасалған соғыстар олардың көтеріліс жасауына сылтау болатын. Олардың Қытай айлаларына түсіп мемлекетте тынышсыздық шығаратын кездері де өте жиі болатыны соншалық, тіпті мемлекеттің күйреуіне дейін барды. Біз білетініміздей Көк түрік мемелекеті Ұйғыр, Басмил, Қарлұқ тайпаларының ортақ қозғалысының нәтижесінде құлады.Төлес атауы тек ғана тайпа атауы емес еді. Бұл мәселе тарихта бірнеше рет қозғалды. Деректер бойынша барлық тайпалардың жалпы атауы болып табылады. Ал осы жалпы аты бізді одан сайын ертеректегі тарихқа апарады. Ұлы Ғұн мемлекеті заманында Тиң-лиң (Ting-ling), Ке-кун (Ke-k’un), Қырғыз (Kirgiz), Хо-чие (Ho-chie) тайпалары туралы айтылады. Осылардың ішіндегі Тиң-лиң (Ting-ling) Алтай тауларынан Орал тауларына қарай ұзайтын аймақта мекендеген тайпалардың бір тармағы болатын. Біздің заманымыздың 2 ғасырынан кейін олардың орнына Као-че (Kao-ch’e (Kanglı), яғни Қаңлылар келді. Као-челер (мағ.: үлкен арбалылар) да Тиң-лиңлер сияқты үлкен тайпа болатын. Као-че (Kao-ch’e (Kanglı) аты жойылғаннан кейін, олардың орнын Төлестер алды. Төлестер де 603 жылға дейін осылай өмір сүрді. Осы кезде Батыс және Шығыс Көк Түріктердің саяси-әлеуметтік күйреуі осы тайпаларға ықпалын тигізді. Енді тайпа ретінде емес тармақ – тармақ болып бөлініп шыға бастады. Олардың ең бастысы Сир Тардуштар болатын. Олар Батыс Көк Түрік жерінде, яғни Қырғызстан мен Қазақстан территорияларында 634 жылы Он Оқ құрылымы пайда болды. Бұл құрылым кейіннен Түркеш атына ие болып осыдан кейін келетін Оғыздардың негізін қалады, ал 766 жылдан бастап Батыс Оғыздары деп аталды. Селжұқ және Осман империяларын құрған Оғыз Түріктері осылар болатын. Қарлұқ, Көк Түрік, Ұйғыр мемлекеттерінің ішінде өмір сүрген олар кейін өз еріктерімен әрекет жасай бастады. Соңында Қараханидтер дәуірінде маңызды рөл ойнады. (17). Қазіргі Ферғана (Өзбекстан және Қырғызстан) жерін көбінесе солтүстік Ауғанстан қолданып келеді. Тоғыз Оғыздар шығыста отырғандықтан Ұйғыр мемлекетінің басты халқының негізін қалады. 840 жылы Ұлы Ұйғыр мемлекеті құлағаннан кейін олардың бір бөлігі Кытайға кетті. Қалған бір бөлігі де Тұрпан аймағына келіп Қараханидтерге қосылды. Ал қырғыздар бұрыннан Енисей аймағында жасаған. Бұлар 1700 жылдарға дейін осылайша жасады. Ал одан кейін ойраттардың күштеуімен Тянь-Шаньға келіп, қазіргі таңдағы күйлеріне айналды. Ұйғырлар, Төлес тайпаларының шығыс бөлігіндегі тобынан шыққан болатын. Олар Тоғыз Оғыздардан кейін өз мемлекеттерін құрды. Ал мемлекет күйрегеннен кейін бір бөлігі Қытайға, бір бөлігі Тұрпанға кетті. |
Орташа денелі сарықас. Қоңыр сарықастың жоны - қоңыр, бауыры-ақшыл қоңырқай; реңінде жасыл және сары түстер болмайды, көзінің үстіндегі жолақ -ақшыл. Қимылы басқа сарықастарға ұқсас. Шақыру белгісі - айқабақтікі тәрізді - "шөпілдету". Әуені - ысқырық, үнді сарықас әуеніне ұқсас төрт буыннан құралады. Бұл сібірлік сарықас Қазақстанда тек қана өзендердің аңғарын бойлай қалаң өскен мойыл, тал-тоғайлы және биік таулардағы тарбақ қайыңды орман бар Алтайда өмір сүреді. Бүйірінде кіретін ауызы бар шар тәрізді ұяларды жер бетіне бауырлай өскен бұталар бұтағына орналастырады. Салындада 4-6 теңбелсіз ақ жұмыртқалар болады.Ұялау тіршілігінің қалған егжейтегжейлері беймәлім. Қоңыр сарықастар балапандар ұядан ұшқан соң таудың етегіне таман төмен түсіп, қыркүйекте қыстауға ұшып кетеді.
## Дерексөздер
"ҚҰСТАР" мектеп энциклопедиясынан |
## Қалталы ұшарман
Қалталы ұшарман- поссумның жақын туысы.Эквалипті ормандарда тіршілік етеді.Оның алдыңғы аяғы мен артқы аяғының ортасында түкпен көмкерілген жарғақ іспетті тері қатпарлары болады.Қалталы ұшарман ұшқанда құйрығы мен қатпарларының орнын алмастыра қояды,бұл бұрылғанда өте қажет.Ол нектармен,термиттермен қоректенеді.Ұясын эквалиптің жапырақтарынан салады,баласын қалтасында ұзақ уақыт алып жүреді.
## Дереккөздер
## Қалталы ұшарман
Қалталы ұшарман- поссумның жақын туысы.Эквалипті ормандарда тіршілік етеді.Оның алдыңғы аяғы мен артқы аяғының ортасында түкпен көмкерілген жарғақ іспетті тері қатпарлары болады.Қалталы ұшарман ұшқанда құйрығы мен қатпарларының орнын алмастыра қояды,бұл бұрылғанда өте қажет.Ол нектармен,термиттермен қоректенеді.Ұясын эквалиптің жапырақтарынан салады,баласын қалтасында ұзақ уақыт алып жүреді.
## Дереккөздер |
Ақжон тоқылдақ(DendrocopusLeucotos) - шұбар тоқылдаққа өте ұқсас, дене мөлшері де дәл сондай құс.
Айырмашылығы - қанатында едәуір жалпақ ақ жолақтардың, бауыры шұбарланып, арқасының төменгі бөлігі және шапаншасының ақ теңбілді болуы ұшып жүргенде жақсы көрінеді. Қазақстанда тек қана солтүстік бөліктің ормандарында, орманды далада және Алтайда ұялайды. Өмір сүру дағдысы шұбар тоқылдақтарға ұқсас. Қазақстанда зертелмеген.
## Дереккөздер |
Шағын денелі сарықас. Саяшыл сарықастың жоны - қоңырқай сұр, бауыры - ақшыл, қасы - көмескілеу сары. Көктем сарықасқа ұқсас, бірақ ағы-қара және дауысы басқаша. Шақыру белгісі - мұңды үнмен " ии...ии" деген ақырын дыбыс шығарады, ал әуені үздіксіз қайталанатын шиқылдаған "тень-тинь-тянь-тюнь...тр-тр,тр-тр" тәрізді дауысты буындарды алма-кезек ақырын қайталайтын үннен құралады. Қазақстанда солтүстікте ( Көкшетау ормандарында, сондай-ақ Қостанайда, Петропавл маңында және Елек өзенінде болуы мүмкін), сондай-ақ шығыста Алтай таулары мен Қалба жотасында ұя салады. Дегенмен бұл - Қазақстанның барлық жерлерінде кездесетін ең көп мөлшерде ұшып өтетін құс.Саяшыл сарықас - орман құсы.Ол Алтайдың шыршалы - самырсынды және балқарағайлы тайгасында, теңіз деңгейінен 2000 метрге дейін жоғары тау етегінде, Қазақстанның солтүстігінде қарағайлы ормандарда ұялайды. Саяшыл сарықас жерге өте сирек түсіп, жемін ағаш бөрікбасынан аулайды. Бұл үнемі-ағаш басында ұялайтын біздегі жалғыз құс, дегенмен ұяларын бұталар мен жерге де орналастырады. Ұялардың пішіні сарықастарға типтес -аузы бір бүйірінен орналасқан шар тәрізді немесе эллипс сияқты болып келеді; ұялық бөлімге көп қауырсындардан төсеніш жасайды. Ұяны негізінен аналық салады. Салындыдағы 5-7 айқын қоңыр секпілді ақ жұмыртқалар да аналығы басады. Балапандары 14 күннен кейін жұмыртқаны жарып шығып, 15 күн ұяда болады. Оларды ата-енелері аптаға жуық ұядан ұшқан соң қоректендіреді. Қазақстанда наурыздан қарашаға дейін мекендейді.
## Дерексөздер
"ҚҰСТАР" мектеп энциклопедиясынан |
Ақбас тырналар туысы (Anthropoides) - тек 2 түрден құралған тырнатәріздестер отрядына жататын құстар туысы. Ақбас тырна туысыөкілдерінің негізгі ерекшілігі - басында тақыр тері үлескісінің болмауы және батпақты жерлерде емес, далалық және шөл ландшафтарда мекендеуі. Ақбас тырналар туысына Қазақстанда өмір сүретін ақбас тырналардан басқа әдемі «көгілдір » стенлилік тырна немесе африкалық ақбас тырна жатады.
## Дереккөздер
< Құстар энциклопедиясы/> |
Боз тоқылдақ (Picuscanus) -«жасылтоқылдақтар » туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі , дене мөлшері орташа (115-130 г). Жабын қауырсындары бірыңғай реңкті сұрғылт жасыл , ашық сұр түсті басында (сондықтан боз атауы берілген) қызыл телпегі бар.Дыбыс шығармайды және көзден таса жүреді . Еуразияның аралас және жапырақты ормандарында қоныстанады.Қазақстанда тек қана Алтайда ұялайды.Көктемде тұмсығымен ұзақ және жиі даңғырлатып , тоқылдақтарға тән «даңғыраны жиі қаққан» дыбысын шығарып, ағаш дінің соққылайды .Боз тоқылдақтың өмір сүру дағдысы Қазақстанда зерттелмеген.
## Дереккөздер
<құстар мектеп энциклопедиясы/> |
Қара Тырна (Grus monachus)- едәуір кішкене (ақбас тырнадан да кішкене) қошқыл реңді тырна. Жабын қауырсындары қара немесе қошқыл сұр жалпы өңіне қарама қарсы мойнының ақ түсі ерекше көрінеді.Басының алдыңғы бөлімінде қызыл телпекті тақыр терілі үлескісі болады. Бұл тырна Шығыс Сібірде қоныстанады және өте сирек кездеседі,сондықтан оның биологиялық ерекшеліктері айқындалмаған .Қазақстанда ХIХғасыр дан -ақ бірнеше рет ұшып келгені мәлім. |
Иссадағы соғысБ. з. б 333 жылдың қарашасында Сирия мен Киликияның шекарасында, Исса жазығында Македония билеушісі Ескендір мен парсы патшасы үшінші Дарий алғаш рет бір бірімен бетпебет келді. Македониялықтарбір жыл бойы Парсы империясы жерінде салтанатпен шерулетіп жүрді. Солтүстік батыс жағалауға келіп түскен олар Кіші Азияға қарай терең жылжыды. Александрдың басқаруылындағы әскер тек қана македониялық жауынгерлерден ғана емес, бүкіл эллиндік полюстерді біріктіретін Коринф одағының басқарушысы болғандықтан грек жалдамалыларынан да тұрды. Бастапқыда Дарий жас патшаға менсінбеушілікпен қарап қателеседі. Ол мысқыл ретінде оған кішкентай бала құсатып қамшы, доп және бірнеше алтын теңге жібереді.Асыл тастармен безендірілген арбада тұрған Дарий басқарған және ағаш палисадпен қорғанған жүзмыңнан асқан парсы жауынгерлері Македонскийдің әскеріне қарсы тұрды. Александр барлығы отыз мың жаяу әскерден және бес мың салт аттыдан құралған армиясын он алты қатарданг тұратын фаланга әскер болды. Дарий қашады. Александр артынан қуады, бірақұ Дарий артынан шаң ғака қалдырады. Басқарушыларының қашқанын көрген парсылықтар беріледі. Сол түнде Александр Дарийге арналған кешкі асты көріп «Патшалық ету деген, міне, осы болар» деп шаттана айқайлайды. |
Музыка Мектебі- оқушыларға арнаулы музыкалык білім беретін оқу орындары. Қазақстандағы алғашқы Музыка Мектебі 1934 ж. Алматы мен Орал калаларында ашылды. Бұл мектептерде фортепьяно, ішекті үрлемелі және халық музыка аспаптары сыныптары болды. 1949 ж. Алматы қаласында К.Байсейітова атындағы музыка мектеп-интернаты ашылды. Сондай-ақ, Қарағанды қалысында орта мектеп бар. 1988 ж. респ. бойынша 3 он жылдық, 461 жеті жылдық Музыка Мектебі және 14 өнер мектебі жүмыс істеді.
## Дереккөздер |
Мұқам - ұйғыр музыкасындағы белгілі бір ладтағы аспаптық, вокальдық және би пьессалары циклін құрайтын музыкалық шығарма. Әр мұқам "Чон нәгмә", "Дастан", "Мәшрәп" атты негізгі үш тараудан, ал олардың әрқайсысы бірнеше бөлімнен тұрады. Мұқам жеке әнші-солистің 13 ішекті саттар аспабының сүйемелдеумен орындалатын кіріспеден басталады да оған саттар, гиджак, дутар, тамбур, рабоб, чан, най, сырнай, награ, дап, сопая т.б музыкалық аспаптарда ойнайтын әншілер мен музыканттар қосылады. Алғашқы екі тарауында вокальдық-хор бөлімдері ғана енеді. Ол бөлімдердің кейбіреулеріне бишілер де қатысады. Әр мұқам шамамен бір жарым сағаттай орындалады. Қазіргі кезде белгілі "он екі мұқам" бар.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Қазақстан – Қытай экономикалық қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы экономикалық қатынастар. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан Республикасысының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың ХХІ ғасырдағы дамуы көбіне – көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие».
## Хронология
1993 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде болып Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы. «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл магистраль толық іске қосылғанда Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтпек.
Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау, транспортты дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын екендіктерін айқын көрсетті.
1995 жылғы 11-14 қыркүйек аралығында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға ресми сапары болып, онда келіссөздердің нәтижесінде екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дрстық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету жөніндегі бірлескен Декларацияға қол қойды.
1995 жылғы 8 ақпанда ҚХР тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы, яғни Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға экономикалық зорлық көрсету деп бас тартуға міндеттеме алған келісімге қол қойылды.
Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасына қаяу түсірген ядролық қауіпсіздік проблемасындағы ең өзекті мәселе – Алматыдан 700 километр қашықтықта орналасқан Лобнор полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселе еді. Лобнор полигоны 1964 жылы құрылды. Сол жылы 16 қазанда атом бомбасы атмосферада жарылды.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян-Цзэминнің Қазақстанға 1996 жылғы шілде айындағы тұңғыш ресми сапары өзара қатынастар тарихының жаңа бетін ашты.
Цзян Цзэминь: «Қытай мен Қазақстан басшылары екі елдің дәстүрлі достық қарым-қатынастарын дамытуға зор маңыз береді. Соңғы жылдары менің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында осы күнге дейін көп кездесулер болып өтті. Біздің арамызда қазірдің өзінде бірлескен саяси құжаттарда өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым-қатынастарымыздың тұрақты дамуы үшін саяси және заңды іргетасы болып отырған, екі жақты қарым-қатынастардың және ірі халықаралық проблемалардың үлкен тобы бойынша ортақ түсіністіктің бір қатарына қол жеткіздік» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Алматыдағы жоғары деңгейдегі келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен Декларацияға қол қойды. Онда екі ел «Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасындағы 1996 жылғы 26 сәуірде қол қойылған шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімді жоғары бағалайды, осы келісімді жүзеге асыру жөніндегі пәрменді іс-шаралар қабылдауға және шекара ауданындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімді жедел түрде әзірлеу үшін одан әрі қарай күш-жігер жұмсауға бел буғаны туралы мәлімдейді», — деп көрсетілген.
Сонымен қатар онда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтумен қатар Азияда ХХІ ғасырда бірлесіп даму мәселелерін талқылау қажеттігі айтылды. Қытай Халық Республикасының төрағасы тұңғыш рет Лобнордағы ядролық сынақтарға тиым салу шешімі туралы тарихи мәлімдеме жасады.
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси және экономикалық қатынасты дамыту 1991 жылғы шілде айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге бірінші сапарынан басталды. Ол кезде Қазақстанның Қытайға баратын темір жолы Ресей арқылы өтетін. Ендігі бағыт – сыртқа шығатын балама жолдар құрастырыла басталды. Осыған орай Қытай жағы Үрімжіден «Дружба» (Достық) стансасына дейін 460 шақырымдық темір жол тартып, 1991 жылғы 1 қыркүйекте бірінші жүк поезды жолға шықты.
1991 жылғы желтоқсанда Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады, ол бес жыл мерзімге күшінде болды. Ал, 1992 жылғы ақпанда Қазақстан — Қытай үкіметаралық мазмұндамасына қол қойылды. Онда азаматтық авиация, темір жол және автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым мен техника саласында екі жақты ынтымақтастықты жолға қойып, дамыту көзделді. Тауар несиесі туралы келісім бойынша Қазақстан 1993-1995 жылдары Қытайдан 30 миллион юаньға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар алатын болды.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1992 жылдың сәуір айынан бастап темір жол қатынасы орнатылғаннан кейін дамыды. 1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытайф өзара өкілдіктер ашу туралы келісімге қол қойды. 1995 жылы Достық – Алешанькоу темір жол өткелдері арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы жүк тасымалының көлемі 7,2 млн. тоннаға жетті. 2004 жылғы 19 наурызда Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Дружба» стансасының жүк тасымалын өткізу қабілетін он миллион тоннаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет деп көрсетілді.
1997 жылы Қазақстанның басынан ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының шекарасына дейінгі аралықта мұнай құбырын төсеу (қашықтығы 3 мың шақырым), «Ақтөбе мұнайгаз» акционерлік қоғамына үш мыңдай кен орындарын көркейфту, оны пайдалану, қоршаған ортаны сауықтыру, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, акционерлік қоғамның 71 миллион АҚШ долларына жуық қазіргі қарызын өтеу т.б. міндеттемелерге Қытай Ұлттық мұнай компаниясымен келісімге қол қойылды. Компания 20 жыл ішінде осы шараларды жүзеге асыру үшін трт миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсауды мақсат етіп отыр.
2004 жылғы наурызда ұзындығы 448,8 километрлік Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры іске қосылып, ол Ақтөбе және Атырау облыстарын байланыстырады және бұл құбыр Батыс Қазақстан мен Батыс Қытай арасына салынатын халықаралық мұнай құбырының бастапқы кезеңі болып табылады. Болашақта оның ұзындығы 3 мың километрге жетіп, жоба 3-3, 5 миллиард долларға белгіленді. 2004 жылы оның 2-кезегі іске қосылған кезде жылына 10 миллион тонна мұнай шетелге шығарылатын болады.
2004 жылғы мамыр айында екі ел арсында Атасу-Аламанькоу мұнай құбыры құрылысын салу туралы келісімге қол қойфылды, ұзындығы – 588 километр жоба шамамен 688 миллион АҚШ долларына белгіленген, алғаш іске қосылған кезде (2005 ж) оның қуаты жылына 10 миллион тонна мұнайф шығаруға жеткен.
Сонымен қатар екі ел арасында сауда экономикалық қатынас жылдан жылға дамуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2004 жылы 4 миллиард 500 миллион АҚШ долларына жетті.
Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Негізгі экспорт қара және түсті металл, оның ішінде металл сынықтары мен мыс болып табылады. Импорт құрылымы: техника мен құрал-жабдықтар, тоқыма бұйымдары, халық тұтынатын тауарлар, химия өнімдері, фосфор тыңайтқыштары. 2001 жылдан бастап Қазақстан бидайы Қытай рыногіне шығарыла бастады.
Қазіргі кезде Қазақстанда лн сегіз Қытай компаниясы және 70 бірлескен кәсіпорын қызмет істейді.
Қытай Қазақстанның халықаралық бастамаларын үнемі қолдап келеді. 2002 жылғы маусым айында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің тұңғыш саммитіне ҚХР-ның сол кездегі төрағасы Цзян Цзэминьнің қатысуы ерекше маңызды болды.
Қазіргі уақытта Қытайда 1 миллион 300мың қазақ тұрады. Олар негізінен Шыңжаң ұйғыр автономиялық районына қарасты Іле қазақ автономиялық обылысының Алтай, Тарбағатай, іле аймақтарында, Санжы, Бұратала облыстарында, Құмыл аймағында, Гансу өлкесінде, Күйтің, Шыхызы, Үрімжі қалаларында тұрады.
Президент Н.Назарбаевтың 2002 жылғы 23 желтоқсанда Қытайға жасалған мемлекеттік сапары кезінде қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт және екі ел арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы екі жақты қатынастарды үздіксіз дамытуға серпіп беретіндігі атап көрсетілді.
Мемлекет басшылары лаңкестік, сепаратизм және экстремизм жарандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қатер болып табылатынын баса көрсетті.
2003 жылғы 3 маусымда ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанда мемлекеттік сапармен болды. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы бірлескен декларацияға қол қойып, соның нәтижесінде екі елдің өзара қарым-қатынасын әрі қарай дамыту жолдары айқындалды.
Президент Н.Назарбаев 2004 жылғы 16-19 мамырда ҚХР-да ресми сапармен болды. Іс-сапар барысында, осы ресми сапарға Қытай жағы өте үлкен мән беріп отырғанын атап көрсетті.
Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық саладағы қатынастарда мынадай принциптер басшылыққа алынды: егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шабуыл жасамау, ішкі істерге араласпау, теңдік пен өзара тиімділік, бейбіт қатар өмір сүру, барлық елдердің халықтарының әлеуметтік құрылыс пен даму үлгісін таңдау құқықтарын құрметтеу.
Қауіпсіздік және әскери салада, екі ел шекара ауданындағы достық, сенім және ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайту үшін қорғаныс күштерді өзара қысқарту туралы келісім жасады. 1996 жылдан бастап Лобнор ядролық сынақ полигоны өз жұмысын тоқтатты. 1995 жылы Қытай-Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы келісімге қол қойды. 2002 жылғы 11 мамырда екі ел арасындағы шекараны демаркациялауға қол қойылды.
Трансшекаралық өзендер мәселесі де өз шешімін әділетті шешуді күн тәртібіне қойып отыр. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына ерекше мән береді.
Сауда-экономикалық салада теңдік пен өзара тиімділік принципін ұстану, энергетика, металлургия, мұнай-химия өнеркәсібі, минералды тыңайтқыштар өндірісі, көлік, тоқыма өнеркәсібі салаларындағы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу туралы келісімге қол қойылып, ол жүзеге асырылуда.
2004 жылғы Қазақстан мен Қытай делегацияларының кеңейтілген құрамындағы келіссөзінде Қытай халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао көршілес екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен алғысын білдірді.
## Дереккөздер |
Дүнген тілі - қытай-тибет тілдері семьясына жататын тіл. Дүнген халқының тілі. Дүнгендер ҚХР-де 6 млн-нан астам, ал КСРО-да, - 52 мың (1979, негізінен ҚазКСР-і мен Қырғ. КСР-інде тұрады. Қазақстанда 22 мың. дүнген (1988) бар. Дүнген тілі ганьсуй, шаньси диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі ганьсуй диалектісі негізінде жасалған. КСРО-да бұл тілдің жазуы 1928 жылдан латын графикасына, 1953 жылдан орыс графикасына негізделген алфавитке көшті.
## Дереккөздер
↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Алматы саяси оқу үйі ғимараты 1982 жылы салынды (арх. Ю. Г. Ратушный, О. Н. Балықбаев, Т. Е. Ералиев т.б.). Ғимарат Абай алаңының архит. ансамблін композициялық жағынан толықтырып, оған көрік беріп тұр. Оның конфигурациялық формасы таға тәрізденіп жасалған. Ғимараттың қасбетіне гранит тастар, түсті мәрмәрлар, ұлутас т.б. да пайдаланылды. Алматы саяси оқу үйінің алдында сәнді ағаштар отырғызылған, фонтанды алаң жасалған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Алтыншы июль - М. Ф. Шатровтың 2 бөлімді документті драмасы.
1965 ж. 30 октябрьде Орыс драма театрының сахнасында осы драма бойынша қойылған спектакль премьерасы болды. Спектакльде 1918 жылғы шілде жас Кеңес өкіметінің солшыл эсерлер бүлігіне қарсы ымырасыз күрес жүргізіп жатқан сәттегі аса қатерлі драм. жағдай өз көрінісін тапты. Толыққанды, сом тұлғалар жасаған басты рөлдерде ойнаушылар арқылы большевиктер партиясының өз ісіне деген сенімділігі мен табанды күрес жүргізу нәтижесінде жеңіске жету заңдылығының идеясы ашылып көрсетіледі. Спектакльге қатысушылардың бір тобына ҚазССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
## Дереккөздер |
Антонин әулеті, (лат. Antonini - Рим императорларының әулеті (96-192). Император Антонин Пийдің есімімен аталған.
Антонин әулетіне мыналар жатады:
* Нерва (96-98)
* Траян (98-117)
* Адриан (117-138)
* Антонин Пий (138-161)
* Марк Аврелий, бірігіп басқарушы Луций Вер (161-180)
* Коммод (180-192).
Сенатқа қарсы саясат жүргізген 1 ғ-дағы императорлардан өзгеше Антонин әулеті құл иеленуші ақсүйектердің мүддесін қорғады. Үстем таптардың ынтымағын барынша күшейтіп, империяда саяси құрылысты тұрақтандырды. Бірақ Адриан тұсында дағдарыс нышандары біліне бастады. Алым-салық ауырпалығынан күйзелген ауыл халықы көтеріліске шықты. Антонин әулеті үстемдігін соңғы кезеңінде құл иелену жүйесі құлдырай бастады.
## Уақыт сызығы
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
## Сыртқы сілтемелер
* Династия Антонинов. Генеалогия
* Сердюкова С. Г. Политическая элита эпохи Антонинов Мұрағатталған 11 тамыздың 2007 жылы. // Мнемон: Исследования и публикации по истории античного мира / Под ред. Э. Д. Фролова. — Вып. 2. — СПб., 2003.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Келес кесірткесі немесе Варандар (лат. Varanus) — Бауырымен жорғалаушылар класының Кесірткелер отрядының ішіндегі жыртқыштар тобына жататын Келес кесіртке тұқымдасының аттас тегі. Олар Африканың, Азияның, Австралияның субтропикалық, тропикалық аймақтарында кеңінен таралған жыртқыш.
## Негізгі сипаттамасы
Келес кесіртке кесірткелердің варандар тұқымдасына жататын Орта Азия мен Қазақстанда таралған ең ірі кесіртке. Оның дене тұрқының ұзындығы 150- 170-см, салмағы 2,5- 3кг жетеді. Келес кесірткесінің денесінің бұлшық еттері өте жақсы жетілген, аяқтарындағы 5 саусақтары ұзын, ұшында ішке қарай иілген тырнақтары болады. Мойны жуан. Терісін қаптап тұратын қабыршақтарын сыртынан айналдыра ұсақ қабыршақтар сақина тәрізді қоршап тұрады. Басы көп қырлы қалқаншалармен қапталған. Құрсақ жағындағы төрт қырлы қалқаншалары көлденеңінен орналасқан. Көз қарашығы үлкен, қозғалмалы қабақтары болады. Құлақ тесігі ылғи да ашық жатады. Аузындағы тілінің ұшы жыланның тіліне ұқсас екі айыр. Тістері өткір, түскен тісінің орнына жаңа тіс шығады. Реңі онша ашық емес, көбінесе құмға ұқсас сұр түсті.
## Тіршілік етуі
Келес кесіртке Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Қызылқұм мен Сырдария өзенінің өң жағалауындағы шөлді аумақтарда кездеседі, бірақ саны аз. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Өте жылдам жүгіре алады. Үш жылда жыныстық жетіледі. Жылына бір рет 20- дай жұмыртқа салып көбейтеді. Биылғы салған жұмыртқадан келесі жылы көктемде жас ұрпақтары тіршілік ете бастайды. Келес кесіртке көбінесе ұсақ жорғалаушылармен, кемірушілермен, құс жұмыртқаларымен, балапандармен қоректенеді, кейде жәндіктерді де қорек етеді. Келес кесіртке өте сирек кездесетіндіктен, әрі саны аз болғандықтан Халықаралық табиғат қорғау одағының (МСОП) және Қазақстанның Қызыл кітабына (2008) тіркелген.
Варандар тұқымдасының ең үлкен түрі - Комодо келесі деп аталады. Бұл түрді ғалымдар 1912 жылы Индонезияның Малай топаралына жататын Комодо, Рнджа, Падар, Флорес аралдарынан табылды. Оның денесінің ұзындығы 3- 4м, салмағы 150- 250кг. жетеді. Ол жақсы жетілген құйрығының көмегімен жабайы бұғыларды, шошқаларды соғып өлтіре алады. Саны сирек болғандықтан МСОП-тың Қызыл кітабына тіркелген. Варандар тұқымдасының ең кішкентай түрі- қысқа құйрықты варан деп аталады. Оның денесінің ұзындығы 20см- дей.
## Дереккөздер |
Арай - республикалық профессионалды эстрадалық ансамбль. 1979 ж. ҚазКСР-інің халық артисті Роза Рымбаеваның қатысуымен "Қазақконцерт" жанынан құрылды. Ансамбль құрамында 12 адам қызмет етеді. Репертуары негізінен джаз музыкасы мәнерінде өңделген қазақтың халық әндерінен, совет композиторларының муз. шығармаларынан құрылған. "Арай" гастрольдік сапармен Қазақстанның обл. орталықтарында және Москва, Ленинград, Киев, Кишинов, Куйшыбаев т.б. қалаларда болды, сондай-ақ ВХР-де (1980), БХР-де, ГДР-де өткен КСРО-ның мәдениет күндеріне, ҚазКСР әдебиеті мен өнерінің РКФСР-дегі және эст. КСР-індегі күндеріне қатысты. Ансамблдің көркемдік жетекшісі - Т. Оқапов. 1987 жылдан "Алматы" ансамблі боп қайта құрылды.
## Дереккөздер
↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Ариан - корей профессионалды эстрадалық ансамблі. 1967 ж. Корей музыкалы комедия театрының жанынан құрылды. Ансамбль аты корейдің халық арасына кең тараған "Ариан" әнімен аталады. Ансамбльдің көркемдік жағын басқарушы - ҚазССР-інің еңбек сіңірген әртісі В. А. Ким; бас дирижері - ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері - Э. Л. Богушевский; бас балетмейстері ҚазССР-інің еңбек сіңірген әртісі Р. И. Ли. Ансамбль программасында негізінен корей халқының ән-билері және совет композиторлары мен дүние жүзі халықтарының шығармалары бар. "Ариан" концерттік сапармен еліміздің көптеген жерлерінде болып, өнер көрсетті.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Бүркеніш ат - кейбір саяси қайраткерлердің, жазушының, суретшінің түрлі себептермен шын аты-жөнінің орнына қойып алған бөтен аты. В. И. Ленин патша цензурасының қатал жағдайында еңбектерін "Вл. Ильин", "К. Тулин" деген атпен жариялаған. Н. В. Гогольдің ерте кездегі "Ганс Кюхельгартен" поэмасы "Н. Алов" деген бүркеніш атпен шыққан.
Кез келген автор бүркеніш атпен шығарма жазуға хақылы. КСРО-да бүркеніш ат авторлық право бойынша қорғалады және автордың келісімінсіз оның бүркеніш атын жария етуге ешкімнің хақысы жоқ.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Желдірме - қазақтың халық музыкасы творчествосында речитативті түрде қалыптасқан ән жанрының бір түрі. Желдірменің мелодиялық өрісі негізінен бір немесе бірнеше рет қайталанып отыратын әуеннен тұрады. Әуені жылдам, жүрдек, қарқынды күйде басталып, соңы қоңыржай сазда аяқталады. Желдірме 7-8, көбінесе 11 буынды өлең өлшемінің негізінде құрылып, биік нотадан басталатын кіріспемен, кейде кіріспесіз де айтыла береді.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Жебеуші Христос шіркеуі - 19 ғ-дың аяғында салынған діни архит. ескерткіш. Жайық қазақтарының орыс мемлекеті қол астына өтуінің 300 жылдығына арналып, 15-18 ғ-дағы жаңа москвалық архит. стилінде Орал қаласында соғылған. Шіркеу құрлысы 1891 жылы басталып, 1907 жылы аяқталды. Барабандары шатырмен жабылып, күмбезделіп бітеді. Оның үстіне крест орнатылған. Құрылыс қабырғалары, барабандары ашық-қоңыр түсті қыш плиткалармен қапталған. 1983 жылы жөндеуден өтіп, онда республикадағы алғашқы Атеизм музейі және планетарий құрылды.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
“Ескендірнаме” — Әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низами Гәнжауй (1141 — 1209) жазған “Хамсаның” (“Бес кітаптың”) ең соңғы, яғни бесінші дастаны. “Ескендірнаме” дастаны екі бөлімнен тұрады. Біріншісі — “Шарафнаме” (“Даңқ кітабы”), екіншісі — “Икпалнаме” (“Бақыт кітабы”) деп аталады. Низами “Ескендірнаменің” кіріспесінде өзінің жасы алпысқа келгенін, осы уақыт ішінде “Хамсаның” төрт кітабын (“Сырлар қазынасы”, “Хұсырау мен Шырын”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Жеті ару” дастандарын) жазып біткенін, енді шығармашылық ғұмырының тұжырымы іспеттес “Ескендірнаме” дастанын жазуға кірісіп отырғанын оқырман қауымға ескертіп айтады. “Ескендірнаме” дастанының басты қаһарманы — Шығыс елдерінде “Ескендір Зұлқарнайын” деген есіммен мәшһүр болған қадым заманның даңқты әскери қолбасшысы Александр Македонский. Македонскийдің тарихи деректерге негізделген шынайы ғұмырнамасын ұлы қолбасшының үзеңгілес достары Клитрих пен Онесикрит жазғаны мәлім. Ал шығыс шайырлары сол ежелгі дәуірлердің өзінде-ақ халықтың “әділ патша”, “кемеңгер патша”, “қайырымды патша” жөніндегі арман-қиялын негізге ала отырып, Македонскийді көкке көтере мадақтайтын әр түрлі дастандар жаза бастаған. Тіпті оны Мысыр елінің қадым заман патшалары — перғауындардың асыл текті ұрпағы екен деп те жырлады.Әлем әдебиетінде Александр Македонскийдің әскери жорықтарын жырлаған 200-ден астам дастан бар. Ал, Низами жазған “Ескендірнаме” — солардың бәрінен де шоқтығы биік тұрған, Шығыс поэзиясында теңдесі жоқ көркем туынды. Низами “Ескендірнаме” дастанын Александр Македонский жөніндегі қыруар көп тарихи деректер мен аңыз-әфсаналарды негізге ала отырып жазған. Ол осы шығармасы арқылы өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ең күрделі де көкейкесті сауалдарына — “мемлекетті қалай басқару керек”, “қандай адам патша тағына отыруға лайықты” деген сұрақтарға ойшыл ақын ретінде жауап іздейді. Ақын бұл сауалдардың жауабын ежелгі грек, көне түрік және байырғы қытай мен үнді ғұламаларының философиялық ілімдерінен іздеп, солардың дүниетаным саласындағы ой-тұжырымдарын оқырман қауымға ұсынады. Сөйтіп, Низами әлемге әмірін жүргізген Александр Македонский жорықтарын жырлау арқылы мұсылмандық Шығыс поэзиясында тұңғыш рет мәжүсилік (зороастризм) салт-сананы, ислам қағидаларын және көне грек ойшылдарының ілім-білімін өзара үйлестіре отырып, адамзат қоғамының ақыл-парасат пен ғылымға негізделген үйлесімді даму жолын ұсынады. Низами дастанында алыс өлкелерге әскери жорықтар жасаған кемеңгер қолбасшы Ескендір барған жерлерінде мәжүсилік дәстүрлерді де, ислам шарттарын да, ежелгі грек ойшылдарының философиялық ой-тұжырымдарын да жан-жақты білетін, әрі оларды барынша құрметтейтін жан болып шығады. Бұл арқылы Низами мемлекетті әділдік жолымен басқару керек, патша тағына отыратын адам халық қамын ойлайтын, жан-жақты білімді, өнер, ғылымға қамқорлық жасайтын, биік парасат иесі болуға міндетті деген тұжырым жасайды. “Ескендірнаме” дастанының бірінші бөлімі саналатын “Даңқ кітабы” — Ескендірдің өмірге келуін, Аристотельмен бірге тәрбиеленуін, жастық шағында Батыс пен Шығыстың ұлы ғұламаларынан дәріс алғанын, ер жете келе патша тағына отырғанын жырлаумен басталады. Низами Ескендірді сыры беймәлім алыс өлкелерге, қатерлі әскери жорықтарға тек ержүрек батыр ретінде ғана емес, сонымен бірге, бүкіл әлемнің құпиясын жетік білетін ғұлама жан, данышпен қолбасшы бейнесінде аттандырады. “Даңқ кітабында” Ескендір қалың қол бастап, алыстағы Мысыр, Иран, Дербент, Хорасан, Балх, Үндістан, Қытай өлкелеріне, Сақ даласына жорық жасайды. Алайда Ескендірдің алдына қойған негізгі мақсаты бұл елдерді қарудың күшімен жаулап алу емес, қайта сондағы өз билеушілерінен қорлық көрген халықты “әділетсіз патшалардың зорлығынан” құтқару болып табылады. “Даңқ кітабының” шытырман оқиғаларға толы сюжеттік желісі дастанның басты қаһарманы Ескендірді әлемде әділдік орнату үшін күресуші данышпан қолбасшы, әрі бүкіл адамзаттың қамқоршысы, кемеңгер патша дәрежесіне көтеріп бейнелеумен аяқталады. “Ескендірнаменің” екінші бөлімі — “Бақыт кітабында” Ескендір өзінің ең соңғы әскери жорығына аттанып, бұрын-соңды ешкім көріп білмеген таңғажайып өлкеге тап болады. “Күн нұрына бөленген” осы елдегі адамдардың бәрі бірдей бақытты екен. Өйткені мұнда құл да жоқ, қожайын да жоқ, кедей де жоқ, бай да жоқ. Бұл елдің адамдары бірін-бірі күндемейді, дүние-мүлікке қызықпайды, өтірік-өсек айтпайды, есіктеріне құлып салмайды, бау-бақшаларын қоршап қоймайды. Дастанда Ескендір “шынайы әділдік орнаған” осы ғажайып елге келген соң ғана өз өмірінің түпкі мақсаты, мән-мағынасы туралы терең ойға шомады. Ақыры ол адам мен қоғам арасында табиғи түрде үйлесіп жатқан сәйкестікті алғаш рет аңғарып, әлемдік үйлесім заңын пайымдайды. Енді оның өмірге, қоғамдық ортаға, өзін қоршаған табиғатқа деген көзқарасы мүлдем өзгереді. Даңқты қолбасшы атақ пен байлық үшін сансыз көп жорықтар жасап, босқа өткізген өміріне өкініш білдіреді. Бақытты болу үшін адамға көп нәрсе керек еместігін түсінеді. “Бақыт кітабында” дүниенің жаратылысы, қоғам өміріндегі адамның рөлі туралы Аристотель, Платон, Сократ, Архимед, Фарфорий (Порфирий Тианский) сияқты көптеген көне заман философтарының ой-тұжырымдары ғажайып жыр жолдары арқылы берілген. Низами “Даңқ кітабында” даңқты қолбасшы, кемеңгер патша бейнесінде көрінген Ескендірді “Бақыт кітабында” әулие патша дәрежесіне дейін шарықтатып жырлайды. Бұл арқылы Низами мемлекетті басқаратын адам дарынды қолбасшы, ойшыл кемеңгер ғана емес, сонымен бірге, қоғамның болашағын болжай білетін қасиеті бар әулие жан болуы керек деген тұжырым жасайды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Киров ескерткіші, Коммунистік партия мен совет мемл. қайраткері С. М. Кировтің құрметіне Өскемен қаласындағы Киров атындағы паркте 1938 жылы орнатылған. Авторлары: мүсінші Н. В. Томский, арх. Н. А. Тоцкий. Биіктігі - 7 м. Мінбеден сөз сойлеп тұрған жалынды шешен - табанды большевик бейнесінде мүсінделген. Гранитті тұғырдың орта тұсынан периметрі бойынша "Өнеркәсіп", "Ауылшаруашылығы" қола барельефтері түсірілген. Мұндай ескерткіш Ленинградтағы Киров алаңында да орнатылған. Киров ескерткіші - респ. мәні бар өнер туындысы, ол мемл. қорғауға алынған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Көтібар мұнарасы - тарихи-архитектуралық ескерткіш. 1869 жылы ұлт азаттық қозғалысқа қатысқан Көтібар Итаяқұлы батырға арналып салынған.
## Географиялық орны
Көтібар мұнарасы қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылы маңында орналасқан.
## Сипаты
Мұнара шикі кірпіштен қаланған, ішінде айналып шығатын баспалдағы бар. Ірге тасының диаметрі 4 м, биіктігі 10 м. Көтібар мұнарасы жоғары қарай өтетін есіктері бар 4 қабаттан тұрады. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді. Ескерткішке қатысты материалдар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.
## Дереккөздер |
Көкшетау - Көкшетаудағы В. И. Ленин атындағы сарайдың вокальды-хореогр. ансамблі. 1974 ж. құрылған ол алғашында эстрадалық хореогр., одан кейін вокальды-хоеогр. сансамбль ретінде жұмыс істей бастады. 1975 ж. халық ансамблі атағына ие болды. Ансабль құрамында әншілер мен бишілер тобы және домбыра оркестрі бар.
Ансамбль коллективі Алматыда (1978,1984), республиканың облыс орталықтарында, сондай-ақ шетелде өнер көрсетті. Еңбекшілер көркемөнерпаздың творчесвосының 1-Бүкілодақтық фестивалының лауреаты (1977).
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Қазақ драма театрының студиясы - профессионалдық театрларға арнайы актерлер даярлайтын студия.
Ол театрларды маман актерлермен қамтамасыз ету мақсатымен 1930 жылы Алматыда Қазақ драма театрының жанынан тұңғыш рет ашылды. Осы екі жылдық студия бірнеше рет қайталанды. Мұнда болашақ театр қызметкерлері актер шеберлігінен, жалпы сахна өнерінің тарихынан білім алады. Студияны бітірушілердің қатарында ҚазССР-інің халық артистері А. Абдуллина, Ә. Жолымбетов, Б. Қалтаев, Әнуар Молдабеков, ҚазССР-інің еңбек сіңірген артистері Қ. Ш. Әділшінов, Ә. Әсімжанов, Е. Б. Жайсаңбаев, Г. Сыздықова, ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаттары Қ. Н. Жұмабеков, К. М. Қазақбаева т.б. бар.
## Дереккөздер |
Қазақ КСР көркемсурет қоры - КСРО Көркемсурет қорының республикалық ұйымы. 1944 ж. Қазақстан суретшілер одағы жанынан құрылған: суретшілер мен өнер зерттеушілерінің творчестволық жұмысына, олардың материалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Қазақ КСР Қазақ КСР көркемсурет қорын басқарма басқарады. "Өнер" көркем өндіріс комбинаты, салон-магазині, республиканың облыс орталықтарында 11 көркем өндіріс шеберханалары бар.
## Дереккөздер
↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Қазақ КСР еңбек сіңірген архитекторы - құрметті атақ.
Архитектураны дамытуға зор үлес қосқан, қазіргі заманғы тұрғын үйлерді, қоғамдық, өнеркәсіптік және а.ш. үйлерін, ғимараттар мен комплекстерді салуда немесе архитектура ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірген, қоғамдық өмірге белсене қатысқан архитекторларға ҚазКСР Жоғ. Кеңесі Төралаақсының Жарлығы бойынша берілді. Бұл атаққа 41 адам ие болды.
## Дереккөздер |
<"Құстар" мектеп энциклопедиясынан/> |
Тауықтәріздестер отрядына жататын құстар туысы.Далалыық шілдер туысы шағын денелі құрлық құстарының екі түрін қамтиды, олардың реңі сұрғылттау - құм түстес - қорғаныш реңді. Қазақстанда тек қана далалық шіл кездеседі.
## Дереккөздер
<"Құстар" мектеп энциклопедиясынан/> |
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы - құрметті атақ.
Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ең кемі 10 жыл мінсіз жұмыс істеген, өндіріске ғылымның, жаңа техниканың жетістіктерін, еңбектің озық әдістерін енгізу негізінде өндірістік тапсырмаларды орындауда, еңбек өнімділігін арттыруда, құрылыстың сапасын жақсартып, оның құнын кемітуде және құрылыс материалының өзіндік құнын кемітуде табыстарға ие болған құрылыс ұйымдарының бөлшектерін жасайтын кәсіпорындардың қызметкерлеріне беріледі. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 13.08.1960 ж. бекітілген. Бұл атаққа 1050 адам ие болған (1987), оның ішінде 14-і архитектор.
## Дереккөздер |
Жасыбай Өмiрұлы - қазақ батыры.
## Өмірбаяны
XVIII ғасырда өмір сүрген. Орта жүздің арғын тайпасы Бәсентиін руынан шыққан. Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Жасыбай батыр құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін, басқа да қазақ жерін жоңғарлардан азат ету күресіне белсене араласқан.
## Күресі
Бір шайқас алдында Олжабай батыр Жасыбай батырға сарбаздарымен келе жатқан жоңғар жасағының жолын бөгеп, жiбермеудi тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр екi есе көп жау қолымен асқан ерлiкпен соғысады.Бiрақ оқыс тиген жау садағының оғынан қайтыс болады. Қазақ қолы шегiне бастайды.Сол кезде тау шатқалына Олжабай бастаған әскер кiредi. Олжабай батыр Жасыбай батырдың жау оғынан мерт болғанын естiп, қалмақтарды қырып салады. Бұл күнде ол жер Қалмаққырылған деп аталады.
## Есімімен аталатын жерлер
Қазiргi Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлi, Жасыбай тауы деген жерлер бар. Жасыбай батырдың бейiтi сол асудың үстiнде. Халық арасында батырдың ерлiгiн баяндайтын Ер Жасыбай жыры сақталған.
## Дереккөздер |
Асқар Бегәділұлы Абдуалы 1953 жылы 03 қаңтарда Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.
Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1992-1996 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. 1996-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры болды. 2003-2010 жылдары А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті Тараз институтын басқарды. Қазақстан білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаевтың 2010 жылдың 19 наурыздағы бұйрығымен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарып келеді.
А.Абдуалы т.ғ.д., профессор, 100-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы. Жамбыл облысында белсенді қоғам қайраткері ретінде белгілі.
Мемлекеттік «Ерен Еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, сонымен қатар ҚР білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы «Қазақстан Республикасы ағарту саласының құрметті азаматы» марапаттық белгілерімен марапатталған.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры (Қазақстан, Ақтөбе), техника ғылымдарының докторы, ЖАК доценті, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің, Алматы экономика және статистика академиясының профессоры, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі.Қазіргі кезде Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ғылыми-зерттеу істері жөніндегі проректоры қызметін атқаруда. С.М. Базарбаева өзінің ғылыми жұмыстарында негізінен өнеркәсіптік экология, геоэкология, мұнай-газ, химиялық және металлургиялық өнеркәсіп қалдықтарын кешенді түрде қайта өңдеу, пайдаға асыру әдіснамасы, тері өндіру технологиясы сияқты өзекті тақырыптарды көтерді. Ғалым 80-нен астам ғылыми жұмыстар жариялады, соның ішінде 2 монография, 8 өнертабысқа арналған авторлық куәлік, ҚР 2 предпатентінің авторы болды.
Бүгінгі таңда Сәуле Маратқызы техникалық білім беруге арналған оқулықтардың сарапшысы болып табылады. Инновациялық жобаларға қатысты бірқатар конкурстардың жеңімпазы. Оның ғылыми еңбектері қоршаған ортаны қорғау, геоэкология, минералды ресурстарды тиімді пайдаланудың теориясы мен практикасын дамытуға зор үлес қосты.С.М. Базарбаева тек ұйымдастырушы ғана емес, ғылым саласын белсенді насихаттаушы да болып табылады, қоғамдық, ұйымдастырушылық қызметке жан-жақты ат салысады.Оның ғылыми қызығушылықтарының аясы өте кең, нақтылар болсақ, өнеркәсіптік экология, табиғатты тиімді пайдалану, тері және жүн өңдеу технологиясы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру және ағарту, өнеркәсіптік дизайнды атап өтуге болады. Жергілікті БАҚ-тағы көптеген жарияланымдар мен сұхбаттардың авторы. Бүгінгі таңда Сәуле Маратқызы Базарбаева өзінің ғылыми жобалары мен өнертабыстарын оқу процесіне және өндіріске енгізумен айналысады.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Айдарлы шымшық (лат. Lophophanes cristatus, син. Parus cristatus) — Еуропада кең таралған Шымшықтар тұқымдасының Айдарлы шымшықтар тегінің жалғыз биологиялық түрі.
## Сипаттамасы
Басындағы ұзын қауырсындардан түзілген айдары басқа шымшықтардан ерекше бөлініп көрінетін құс. Айдарлы шымшық Еуразияның қылқанды ормандарында қоныстанады. Қазақстанға қысқы уақытта кездейсоқ екі рет ұшып келген.
## Дереккөздер |
Байжанов Қайрат Балабиұлы 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына «Жаратылыстану» факультетінің «География және биология» мамандығы бойынша студент қатарына қабылданды.1986-1988 жж. КСРО әскері қатарында борышын өтеді.1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық университетін «География және биология» мамандығы бойынша бітірді.Ауылшаруашылығы ғылымдары кандидаты, доцент, 50-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған, 7 авторлық куәліктің, 2 инновациялық патенттің иегері.1992-2001 жж. – Қазақ Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы «Картоп және көкеніс шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. Алматы облысы, Қарасай ауданы.
2001 жылы – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы. Тараз қаласы.2002-2004 жылдар – «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті деканының орынбасары.2004-2008 жж. – А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «География және биология» кафедрасының меңгерушісі. Тараз қаласы.2008 жылдан – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Техника ғылымдарының докторы, пpофессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, С.П.Королев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, КСРО космонавтика федерациясы Байқоңыр ғарыш айлағының ардагері, ғылым, техника және білім беру саласы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2005 жылдың 12-ші желтоқсанындағы Президент жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Академик Ө.А.Жолдасбековтың туғанына 75 жыл» медалімен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясына 15 жыл» белгісімен марапатталған 2008 жылдың қаңтарында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын және төсбелгісін алған, 2008 жылдың 25 қаңтарында «ҚР-ның ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған, 2008 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстанның құрметті инженері» деген атаққа ие болған, ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының құрметті азаматы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың проректоры Ысқақов Тұрлыбек Өтешұлы 1948 жылы 26 қаңтарда Ордабасы ауданы, Темірлан селосында туған, ұлты қазақ. Қазақ химия–технологиялық институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1980 жылдан бастап техника ғылымдарының кандидаты, Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 50 жылдығы атындағы Киев политехникалық институтының жанындағы мамандандырылған Кеңесте 1980 жылдың 10 қарашасында диссертациясын қорғады. 1994 жылы Алматы қаласында Құрылыс жоба Ғылыми зерттеу институты жанындағы докторлық Кеңес 06.01. мамандандырылған Кеңесінде «Арнайы тағайындаудағы құрылыс конструкцияларын жылулық қорғау үшін жаңа материалдар мен бұйымдар» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осы жылдары Тұрлыбек Өтешұлының ұйымдастырушылық және өз айналасына білікті, қабілетті және шығармашыл қызметкерлерді жұмылдыру қабілеті айқын көрінді. Т.Ө.Ысқақов Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтының Қызылорда филиалын ұйымдастыруға белсене қатысып, онда жеті жылға жуық декан қызметін атқарды. 1983 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша «Байқоңыр» ғарыш кешенінің нысандары үшін зерттеулер жүргізген «Кристалл» проблемалық лабораториясын ұйымдастырып, оны басқарды, содан кейін 1991 жылы осы лаборатория негізінде Арнаулы материалтану Ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыруға жетекшілік етіп, директор болып тағайындалды. Т.Ө.Ысқақов арнайы қасиеттері бар шыны кристалдық материалдарды алудың физика-химиялық негіздері саласындағы ірі ғалымдардың бірі, 172 ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 оқу құралы және 4 монографиясы, 93 патенттері мен өнертапқыштық авторлық куәліктері бар. Ғалым Т.Ө.Ысқақовтың жүргізген зерттеулері экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге арналған арнайы материалдар алуға бағытталған. Бұл материалдар өзінің физика-механикалық, термиялық және адгезиялық көрсеткіштері бойынша шетелдік аналогтарынан басым магний фосфаттын байланыстырушы жүйелермен бірге КСРО Қорғаныс Министрлігінің нысандарында «Байқоңыр» ғарыш кешенінің құрылыстарының жоғары темперетуралық газды-динамикалық әсерлерден қорғау үшін термиялық төзімді қаптамалар ретінде енгізіліп, жұмыс жүргізілді. Қайраткер Т.Ө.Ысқақовтың ғылыми және инженерлік тәжірибесі мол. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасы патенттерімен қорғалған техникалық құрамында керамикалық плитканың бетон қоспасының апролактам қалдықтары бар. Т.Ө.Ысқақовтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен жүргізіліп жатқан зерттеулер өзекті, Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларының дамуымен басым бағыттарына сәйкес, ал алынған нәтижелері бәсекеге қабілетті және ерекше практикалық маңызы бар, себебі олар ғылыми-зерттеулер нәтижелерін енгізу үшін істеп тұрған өндірістік қуаттарды қайта жарақтандыру мүмкіндігін ескеріп жүргізілген. Енгізілген жаңалықтың нәтижесінде ыстыққа төзімді, жоғары температураларға беріктігі негізінде термиялық төзімді бұйымдар алу технологиясы Қазақстанда шығарылмайтын шамотты жоғары температураға беріктік өндірісін ұйымдастыру Қазақстанның металлургиялық, энергетикалық және химия салаларын минималды шығындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оңтүстік Қазақстандағы Құлантау кен орнының кендері негізінде кепкен вермикулит және жоғары температуралы жылу изоляциялық материалдар шығаруға технологиялық зерттеулер жүргізіліп ұсыныстар жасалды. Мұндай материалдар жылу изоляциясы, сейсмикалық қорғау үшін, плиталардың отқа төзімді толтырғыштары және металл конструкцияларының қамтамалары ретінде пайдалануы мүмкін. Профессор Т.Ө. Ысқақовтың үздіксіз ізденісінің нәтижесінде, эксперименталды зерттеулер негізінде түрлі минералдық материалдарды жылдам күйдіру, кептіру және салқындату технологиясы үшін тәсілдер мен аппаратуралық безендірілуі жасалды; өнеркәсіптің түрлі салаларын қайта жарақтандыру үшін ұсыныстар дайындалды. Жылдам күйдіру технологиясы бойынша өнеркәсіп қалдықтары да, мәселен жылу электр орталығы күлдері, шлактар өңделуі мүмкін, ал бұл аймақтың экологиялық қауіпсіздігін едәуір жоғарлатады. Жасалған қондырғылар мен тәсілдер Ресей территориясында енгізілген. Қондырғылар мен тәсілдер экологиялық қауіпсіз, қарапайым әрі ықшам, ал олардың өнімділігі дәстүрлі әдістерден 10-15 есе жоғары. Т.Ө.Ысқақовтың басқаруымен едәуір ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен шығармашылық қатынастар орнатылды. Көптеген жылдар бойы осы министрлікпен келісім-шарттар бойынша және ҚР Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай зерттеулер жүргізілуде. Аталған зерттеулерді орындау барысында алынған нәтижелер: Қазақстан Республикасының шикізат ресурстары негізінде химиялық ток көздерін өндіру үшін негізгі материалдар алу технологиясы жасалды. Алынған материалдар мен реактивтер негізінде жаңа сілтілі ламельсіз никель-кадмий аккумуляторларын өндіру технологиясы жасалды. Жергілікті өсімдік шикізаты негізінде биологиялық белсенді заттарды электрлі-химиялық синтездеу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Ісікке қарсы белсенділігі бар заттар; радиация зардаптарының алдын-алуға және емдеуге арналған биологиялық белсенді заттар синтезделді. Алғашқы дәрігерлік-биологиялық зерттеулер синтезделген қосылыстар зиянсыз және өте тиімді екендігін көрсетті. Жоғары температуралық процесстердің энергия сыйымдылығын фундаменталды зерттеулері негізінде және химиялық әдістер мен силикаттық технологияларды пайдалану арқылы Т.Ө.Ысқақовтың басшылығымен жаңа бағыт – силикатты және қиын балқитын металл емес материалдарды золь-гель синтездеу дамып келеді. Осы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің кәсіпорындарында ендіруге ұсыныстар жасалды. Орындалған зерттеулер нәтижесінде танктер мен БТР заттары үшін желінуге төзімді материал жасалды, жаңа материалдан жұмыс қабатының бекуімен танктің қозғалғыш бөлшегінің құйма технологиясы ұсынылып, Қазақстан шикізат ресурсы негізінде пісірілген және балқытылған электродтарды дайындау технологиясы жасалды. Әскери техника нысандары мен құрылыстарды радио- жасыру үшін арнайы қамтамалар алу технологиясын жасау зерттеулернің жаңалығы мен маңызы өте зор. Зерттеулер нәтижелері Бухарестте өткен халықаралық симпозиумде, Кеңес - Үндістан «Эксперименталды минерология» симпозиумында, Париждегі халықаралық симпозиумда баяндалды. Жұмыс Алматыда өткен әскери техника конвенциясы көрмесінде көрсетілді. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Байқоңыр» ғарыш кешенінде ендіру кезінде ең ірі техника экономикалық нәтижелер алынды. «Буран-Энергия» ғарыш кешенін ұшыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқаны үшін Т.Ө.Ысқақовқа С.П.Королев сыйлығының лауреаты атағы берілді. Шлакты ситалл плиталарын Чернобыль аймағында радиоактивті сәулеленуден қорғау үшін тиімді материал ретінде сынау нәтижелері жоғары бағаланды. Т.Ө.Ысқақов Министрлер Кабинетінің үкімімен бекітілген жоғары температураға төзімді өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасауға қатысқан, Оңтүстік Қазақстан ауданының кәсіпорындарында ғылым мен техника жетістіктерін ендіруге бағытталған «Шымкент» аймақтық бағдарламасын жасаудың және жүзеге асырудың ұйымдастырушысы және басшысы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігіне бекітуге ұсынылған «Қазақстан-Ғарыш» бағдарламасын жасаудың ұйымдастырушысы. Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша Т.Ө.Ысқақовтың «Ғарыш кешендерінің құрылыстары үшін беріктігі жоғары термиялық төзімді материалдар мен бұйымдар» (Алматы, Әуе-ғарыш агентінің баспасы, 250 бет), «Шыны кристалдық фосфатты байланыстырғыш жүйелер негізіндегі «жоғары температураға төзімді бетондар» және «Құрылыстар мен конструкцияларды жылулық қорғау» монографиялары жарық көрді. Т.Ө.Ысқақовтың жетекшілігімен 2 докторлық және 6 кандидаттық диссертация қорғалды. Ысқақов Т.Ө. өзін жоғары оқу орны мен ғылыми ұжымдары ұйымдастырушы қабілеті бар жоғары білікті маман және Қазақстандағы силикат ғылымына елеулі үлес қосқан ғалым ретінде көрсете білді.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Махатов Болатхан Махатұлы 1956 жылы 12 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Бестоғай ауылында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Моңғолия ҰҒА шетелдік толық мүшесі (академигі)
Ысты руынан шыққан.
## Еңбек жолы
1973 жылы Түлкібас ауданы, Ванновка ауылында Ломоносов атындағы орыс орта мектебін бітіріп, Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. Студент кезінен бастап, профессор Т.О. Измаиловтың жетекшілігімен физиология кафедрасында студенттік ғылыми кружоктарға қатысып, көптеген студенттік конференцияларда баяндама жасап, профессор М.М.Бетембаеваның жетекшілігімен жаңа дегерес қой тұқымының жүн құрылысының ерекшеліктері туралы ғылыми жұмыстар жүргізеді.
Институтты үздік белгімен бітіріп Шымкент облысының ауыл шаруашылық басқармасының нормативті – зерттеу станциясында аға зоотехник болып қызметке тұрып, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру проблемаларымен айналысады. 1979 жылдың желтоқсан айында Қазақ қой шаруашылық ғылыми зерттеу институтына, мал шаруашылығын азықтандыру және химиялық зерттеу бөліміне аспирантураға түседі, сол кезеңнен бастап мал ағзасындағы минералды заттардың алмасуы, оның ішінде метионин және лизин аминқышқылдарының негізгі элементтерінің бірі күкүрттің алмасуын терең зерттеп, академик Т.И. Сарбасовтың жетекшілігімен 1984 жылы «Биязы жүнді қой тұқымдарының күкүртке қажеттілігі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация жұмысын қорғайды. Осы аталған кезден бастап Қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының физиология және азықтандыру биохимия зертханасына кіші ғылыми қызметкер болып орналасып, мал ағзасындағы азық заттардың азот, фосфор, калий, т.б. минералды заттардың алмасу процестерін зерттеу жұмыстарымен айналысып, әріптестерімен бірге республикалық бағдарлама жасайды.
Көптеген ғылыми – тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы дәлелденіп алынған нәтижелері Бүкілодақтық және республикалық үйлестіру кеңестерінде қолдау тауып, 1996 жылы докторлық диссертацияға жалғасып, ойдағыдай қорғап, ғылым докторы атағын алды.1997 жылы қараша айында Ғылым Министрлігімен Ғылым Академиясының бұйрығымен Қазақ Қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтына директор болып сайланады. Бұл жылдары мемлекетімізді 6 жыл бойы егемендік алып, елімізге тән ерешеліктерді ескере отырып, ғылым бағытында жаңа бағдарламасын қалыптастыру кезеңі журіп жатты. Себебі көптеген тұрғыда кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан ғылым мен шаруашылық қарым-қатынастар өзгеріп, жаңа заманға сәйкес талаптар туындай бастады. Сол себептен бұрынғы ғылымға деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп, ғалымдарға жаңа талаптар мен мақсаттар жүктеліп, жаңадан пайда болып жатқан проблемаларға жауап табу керек болды. Осы себептен ғылыми жаңа бағдарламалар жасалып, қалыптасып жатқан нарық талаптарына сәйкес жұмыстарды үйлестіру сұрағы туындады. Сонымен қатар мекеме басшысы ретінде ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру мен қатар шаруашылық сұрақтарымен де тығыз айналасуға тура келді.
## Еңбектері
Мемлекеттік меншік түрі өзгеріп, көптеген асыл тұқымды мал шаруашылықтары жекешелендірілудің нәтижесінде ғылым мен жаңа фермерлік қожалықтар арасындағы қатынастарды қарастыру қажеттілігі туды. Осы тұрғыда институт ғалымдарымен бірлесе отырып, Б.Махатовтың жетекшілігімен асыл тұқымды шаруа қожалықтарымен ғылыми жұмыстардың ұйымдастырудың жаңа формасын қалыптастырды, жетекші ғалымдарға экспериментте жүрген мал бастарын жалға алып тәжірибелік іс шараларын жүзеге асырды. Осы мезетте олардың басы тек сан жағынан емес, сапалық жағынан да өсу басталды, бұрын шығарылған тұқымдарды жетілдіре отырып, жаңа мал тұқымдарын шығаруға қол жеткізді. Бұл кісінің институтты басқару кезеңінде жетекші ғалымдардың еңбегімен бір мұғалжар жылқы мен бір сарыарқа қой тұқымы шығарылды.
2003 жылы ауыл-шаруашылығы ғылыми зерттеу институттарын – үйлесімдеу мен қайта ұйымдастыруы шараларына сәйкес 5 (бес) ғылыми зерттеу институттары бір ғылыми орталыққа біріктірілді. Бұрынғы қой шаруашылығы ғылыми зерттеу Институты бөлімше болып бекітілуіне байланысты ол Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне ұстаздық жұмысқа ауысып, алғашқы уақытта кафедрада профессоры, кафедра меңгерушісі және факультет деканы қызметін атқарды. Осы кезеңнен бастап, ауыл – шаруашылыққа білікті жас мамандар дайындауда бірталай жұмыстар атқарды. Осыған қоса докторлық ғылыми кеңестің төрағасы ретінде елімізге жас ғылымдар дайындауда да үлкен еңбек атқарды. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетте жүрген кезінде әріптестерімен бірге 3 әдістемелік құрал мен бір кітап жазып шықты.2008 жылдың маусым айынан бастап адам және жануарлар физиологиясы институтына конкурстық балама бойынша директор болып сайланып, институт ғалымдарымен бірлесе отырып физиология саласында мемлекеттік бағдарлама жасап, республикалық Ғылыми Техникалық Комиссияның қолдауына ие болды.Бүгінгі таңда 90-нан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 2 кітап, 10-нан аса әдістемелік құралдар мен ұсыныстардың авторы. Жас ғылымдарға қамқор көрсете отырып, 3 ғылым кандидаттарын дайындап, 3 шәкірті докторлық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Негізгі ғылыми жұмыстары: 1) Рекомендации по изменению неорганических источников серы в питании овец (соавторы Сарбасов Т.И. и др. 1984). 2) Эффективное использование протеина овцами при полноценном кормлении их углеводу (Вестник с-х наук Казахстана Бастау, 2002, стр. 66-68). 3) Влияние распадаемости протеина рубце на ферментацию корма (Вестник с-х науки Казахстана 4, Бастау, 2003, стр. 62-63). 4) Оптимальный уровень распадаемого протеина в сеносилостно - концентратном типе кормления овец. (Вестник с-х науки Казахстана, 2003, стр. 58-59). 5) Биология разведения перепелов (соавторы Абрикосова В.И., Байбатшанов М.К., Алматы, 2008. 153 с.). 6) Рекомендации по технологии производства яиц и мяса перепелов (соавторы Абрикосова В.И., Байбатшанов М.К., 2008, 63 с).
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Меңліғазиев Есенгелді Жұмәділұлы 23.08.1942 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Тарғап ауылында дүниеге келген. Есенгелді Жұмаділұлы Меңлігазиев еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін 1965 жылы бітірген соң, жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасында кіші ғылыми қызметтен бастады. Есенгелді Жұмаділұлы 1970 жылы химия ғылымдарының кандидаттық диссертациясын, ал 1989 жылы докторлық диссертациясын табысты қорғап шықты.Е.Меңліғазиев 1993 жылдан профессор. 2001 жылы ҚР ХЖҒА мүше-корреспондент болып сайланды. Профессор Е.Меңлігазиев полимерлер химиясы саласында тек қана Қазақстан Республикасы мен ТМД және алыс шет елдерге, оның ішінде АҚШ, Англия, Германия және т.б. мемлекеттердің ғылымсүйер қауымына танымал көрнекі ғалым.Есенгелді Жұмаділұлы 1970-1991 жылдар арасында Ғылым академиясы химия институтының ионалмастырғыш зертханасында кіші (1970-1976 жж.), аға ғылыми қызметкер (1976-1986 жж.), жетекші ғылыми қызметкер (1986-1989 жж.), негізгі ғылыми ғылыми қызметкер (1989-1991 жж.) міндетін атқарды. Е.Ж.Меңлігазиев 200-ден астам ғылыми жұмыстың, 3 монографияның авторы және 40 астам КСРО дәуірінде авторлық куәлік алған өнертапқыш ғалым. Екі рет өнертапқыш таңбасымен марапатталған.«Ион алмастырғыш заттар» (1968ж.), «Көп функционалды ион алмастырғыштар» (1986ж.), «Неорганикалық химия курсы» (2011ж.) оқулықтарының авторы.Есенгелді Жұмаділұлы 1991-1996 жж. Алматы Автомобиль жолдары институтында ғылым проректоры, 1996-1998 жж. Қазақ көлік және коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі, 1998-2000 жж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ғылым және әлеуметтік проректоры, ал 2000-2003 жылдарда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және комммуникация академиясында тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2008-2010 жылдарда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және комммуникация академиясының кафедра профессоры қызметін атқарды.Есенгелді Жұмаділұлы транспорт-коммуникация, педагогикалық мамандар дайындау салаларында жоғары білімді мамандарды оқыту және тәрбиелеуде өзін жоғары дәрежелі педагог, білікті ғалым ретінде көрсете білді. Е.Ж.Меңлігазиев 2010 жылдан бері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің химия кафедрасында профессор қызметін абыроймен атқарып келеді.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Бердімұратов Темерхан Байбосынұлы, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің президенті (Қазақстан, Ақтөбе), психология докторы, адами ресурстарды басқару саласындағы іскерлік әкімшілік докторы, профессор, Қазақстаннның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі.
## Өмірбаяны
1951 жылы 17 қарашада Ақтөбе қаласында туған. Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетін сәтті аяқтаған (1974). Көптеген жылдар бойы Ақтөбе облысының білім беру жүйесінде жемісті еңбек етті (1975-1989). КСРО ПҒА Жалпыодақтық кәсіби-техникалық білім беру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірді, сол уақытта КСРО-ның білім беру жөніндегі Мемкомитетінің және КСРО психологтар Қоғамының «Қазақ гуманистік тәрбие орталығы» ғылыми-енгізу кәсіпорнын басқарды (1991-1994). 1994 жылы бизнесті басқару және құқық Халықаралық институтында психологиядан кандидаттық диссертациясын және Сан-Марино Республикасының Халықаралық Ғылым Академиясы өкілдігінде магистрлік (Master of Psichology) диссертациясын сәтті қорғады. 1998 ж. Кеннеди-Вестерн Университетінде (АҚШ, Вайоминг штаты, Шейн қ.) оған «Тілді суггестивті әдістер арқылы оқытуды ұйымдастыру» - «Organization of Language Training by Suggestive Methods» тақырыбындағы диссертациялық зерттеуі негізінде психология мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
1998 жылы Темірхан Байбосынұлына Мәскеудегі Халықаралық университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен профессор атағы берілді (Ресей, Мәскеу). Халықаралық акмеологиялық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі (қызметтің жоғары кәсібилігі туралы ғылым, Санкт-Петербург, 1997) болып тағайындалды; 1998 жылы жоғары білім беру жүйесіндегі менеджмент жөніндегі Жаһандық Форум қатысушысы болды (Чикаго, АҚШ). 2002 жылы психотерапевтердің Бүкіләлемдік кеңесінің мүшелігіне қабылданды (Австрия. Вена); Еуропа университетінің іскерлік әкімшілік докторы болды (gonoris cauza) (Швейцария, Монтре, 2008), Еуропалық университеттің магистрлері мен PhD докторларының ғылыми жетекшісі; 2006 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі болды.
## Атқарған істері
Т.Б. Бердімұратов – аймақтың алдыңғы қатарлы профессорларының бірі. Ол, негізінен, психология-педагогика, жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, қолданбалы психологияның өзекті бағыттары бойынша теориялық-әдіснамалық, ғылыми-практикалық, эксперименталды зерттеулермен айналысады.
Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Психология» мамандығының жетекші маманы, лекторы болып табылады. «Білім алуды үйрен», «Өзін-өзі тану негіздері», «НЛП бойынша арнайы курс», «Нейролингвистикалық бағдарламалау әдістері негізінде білім алушылардың тиімді ойлауын және мінез-құлқын тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарланған жүйесі педагогикалық технологиясының пәнаралық моделі», «Білім беру жүйесін дамыту: инновациялар және технологиялар» сияқты іргелі зерттеу еңбектері бар.
Т.Б. Бердімұратовтың көп жылдық педагогикалық еңбектері мен ғылыми ізденістерінің нәтижесі ретінде ҚОХУ жанынан оқытудың нейролингвистикалық технологиялары ғылыми-зерттеу институтының құрылуы, GRS-навигатор – авторлық педагогикалық тренажерді даярлауы және іске қосуы, жаңа технология – оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған жүйесінің пәнаралық моделі: нейролингвистикалық бағдарламалау әдістері негізінде студенттердің тиімді ойлауын және мінез-құлқын тәрбиелеу процесінің жолға қойылуы, оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту, білікті педагог және маман қалыптастыру әдіснамасына қатысты өзекті мәселелерге арналған бірқатар оқу құралдары мен ғылыми еңбектерін атап өтуге болады. Соңғы бес жылда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шыққан еңбектері ерекше назар аударлық, өйткені оларды Еуропа жоғары оқу орындарының, Қазақстан және Ресейдің көрнекті ғалымдары мойындап, оң баға берді. Инновациялық білім беру технологияларын дамытуға қосқан мол үлесі үшін «ХХІ ғасыр қоғамын интеллектуалды дамытуға қосқан жеке-дара үлесі үшін» деген Сократ атындағы Медаль иегері болды (Ұлыбритания, Оксфорд, 2007); Халықаралық сыйлық Лауреаты атанды, ғылыми зерттеулері аясында «Халықаралық ғылымға қосқан үлесі үшін» белгісінің иегері болды және «Ғылымдағы есім» атты 21 ғасырдың көрнекті ғалымдарының Бүкіләлемдік реестріне аты енгізілді.
Профессор Т.Б. Бердімұратов шығармашылық идеяларын шынайы педагогикалық жүйеде жүзеге асыра білді: жастарды оқыту және тәрбиелеуде өзіндік ерекшеліктері бар, яғни оқытудың қолайлы жағдайлары құрылған, студенттердің тұлғалық дамуына баса назар аударатын, олардың шығармашылық және эстетикалық дүниетанымдарын дамытуды басшылыққа алатын жоғары оқу орнын құра білді. Өзінің ғылыми идеяларын педагогикалық практикада іске асырып, заманауи білім беру жағдайында оқытудың тиімді модельдерін жобалау үшін, арнайы зерттеулер жүргізу үшін ғылыми лабораториялар жабдықтады.
## Марапаттамалары
Т.Б. Бердімұратов белгілі қоғам қайраткері болып табылады. Бірнеше мәрте Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің қабырғасында Қазақстан, Ресей, Еуропаның көрнекті қайраткерлерін қабылдады. Атап айтсақ: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев (тамыз, 1998ж.), «Бөбек» қорының Президенті С.А. Назарбаева, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше Өкілетті Елшісі В.Н. Николаенко (1998), Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Елшісі Дуглас Мак Адам (1999), ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Кекілбаев (1999), ҚР Бас прокуроры Ю.А. Хитрин (1999), РФ-ның Қазақстандағы Төтенше Өкілетті Елшісі М.Н. Бочарников (2008), ҚР-дағы АҚШ Елшісі Джон Ордвей және басқа да көптеген саясат, өнер, білім, ғылым салаларының белгілі өкілдерін қабылдаған болатын.
Білім, ғылым, бизнес салаларындағы жетіктіктері және қосқан үлесі үшін профессор Т.Б. Бердімұратов халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі көптеген Ордендер, Медальдар, алғыс хаттар, дипломдар, Құрмет белгісі, сертификаттармен марапатталған.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Бозымов Казыбай Қараұлы, Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл бекетінде 1949 жылы 16 ақпанда дүниеге келген.
## Еңбек жолы
Білімі жоғары, 1976 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын үздік бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Орал бекетінің локомотивтік депосында нақты өлшемелі аспаптарды жөндеу, реттеу және оларға қызмет көрсету слесары ретінде жұмыс жасай жүріп, жұмысшы жастардың № 54 кешкі мектебінде оқыған. 1967 жылы сәуір айында тепловоз машинисінің көмекшісі қызметіне ауыстырылған.1969 – 1971 жылдары Кеңес әскери қарулы күштері қатарында қызмет ете жүріп, қатардағы жауынгердің жоғары наградасы – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.1971 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1976 жылы үздік бітіріп шықты.
Бұдан кейінгі еңбек жолы жоғарыда аталған оқу орнымен тығыз байланысты, осы оқу орнында ассистент қызметінен бастап, аспирант, жеке мал шаруашылығы кафедрасының доценті, зооинженерлік факультеттің деканы, Батыс Қазақстан аграрлық университетінің бірінші проректоры, одан кейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректорына дейінгі лауазымдық қызметтерді атқарды.
## Қызметтері
09.1976 – 01.1976 ж.ж. – Жеке мал шаруашылығы кафедрасыныңассистенті;
01.1979 – 12.1981 ж.ж. – Бүкілодақтық етті мал шаруашылығығылыми-зерттеу институтының аспиранты;
институтының (БҚАШИ) жеке мал шаруашылығы кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы;
бірінші проректоры;
университетінің ректоры;
04.11.2002 жылдан осы уақытқа дейін – Жәңгір хан атындағы Батыс
Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры.
## Еңбектері
Профессор Қ.Қ. Бозымов 233 ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің, мақалалардың, соның ішінде «Қазақтың ақбас сиыры» және «Түйе шаруашылығы» монографияларының, «Цитология, эмбриология, гистология негіздерімен жануарлар анатомиясының практикумы» мен «Жылқы және түйе шаруашылығы» оқулықтары, асылдандыру, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен асылтұқымдық қасиеттерін арттыруға арналған ұсынымдар мен нұсқаулықтардың авторы. «Ерлікке тағзым» және «Білім берудегі сапа менеджменті» кітаптарын шығарған.
Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық, бір докторлық диссертация қорғалды. Қазіргі кезде де ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысады, Батыс Қазақстандағы асылтұқымды жануарлардың көбею қабілеттерін арттыруға арналған тақырыптың ғылыми жетекшісі болып табылады. Университеттің диссертациялық кеңесінің төрағасы. Қазақстан ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды, сондай-ақ Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі. Қазақстан ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының Батыс Қазақстан филиалының төрағасы.Малды асылдандыру жұмысындағы ірі жетістігі үшін (жаңа аймақтық түр және қазақтың ақбас сиырының екі линиясын шығарған) ҚР ӘМ зияткерлік меншікті қорғау комитеті профессор Қ.Қ. Бозымовқа 2010 жылы 3 патент берді.
## Марапаттамалары
ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы;
ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы;
БЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасы;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2005 ж.;
«Құрмет» ордені, 2006 ж.;
ҚР Президентінің Алғыс хаты мен «Барыс» белгісі, 2009 ж.;
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісі, 2010 ж.;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалы, 2011 ж.
Қ.Қ. Бозымов – беделді ғалым, қоғам қайраткері, білікті кәсіби-жетекші, студенттер қауымы мен әріптестері арасында, облыс пен Республика көлемінде абыройға және құрметке ие. Ол «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі. 2005 жылы ҚР Президенттігіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қалалық штаб төрағасы және сенімді өкілі болды.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Жұмабаев Уәлихан Ағабекұлы – Оңтүстік Қазақстан облысы, облысы, Бәйдібек ауданы, Кеңес елді мекенінде 1962 жылы 05 желтоқсанда дүниеге келген. Ұлты қазақ.
## Еңбек жолы
Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалы фармацевтикалық факультетін 1990 ж. 0405 – «Фармация» мамандығы бойынша тамамдаған. Биология ғылымдарының докторы (2009ж.).Біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі (2010ж.). 1999 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің Д 09.01.04 –диссертациялық кеңесінде 14.00.07- Гигиена және 03.00.04 – Биохимия мамандықтары бойынша «Кристаллографические и хемилюминесцентные свойства конденсата выдыхаемого воздуха при поражении бронхолегочного аппарата неорганическими соединениями фосфора» атты тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2003 жылы биология мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды. 2009 жылы Қазақ тағамтану академиясы жанындағы ОД 53.28.01 Біріккен диссертациялық кеңесінде 14.00.07 – Гигиена мамандығы бойынша «Қорғасынның ішкі ағзаларға уытты әсері және оның фитофармакологиялық коррекциясы» тақырыбында, биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленуге арналған докторлық диссертациясын қорғады.
## Еңбектері
Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалы фармацевтикалық факультетін (Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы) 1990 жылы үздік бітірген соң, 1990-1995 жылдары «Гигиена және кәсіби аурулар» Ғылыми зерттеу институты Шымкент бөлімінің ғылыми қызметкері, 1995-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының орталық ғылыми зерттеу лабораториясының ғылыми қызметкері, 1996-1999 жылдары биологиялық химия кафедрасының ассистенті, 1999 жылдан аталған кафедраның аға оқытушысы, 2001 жылдан доцент міндетін атқарушы, 2003-2009 жылдары доцент қызметін, сонымен қатар, 1999-2009 жылдар аралығында химия фармацевтика факультетінің деканы. Бұл, бүгінгі таңдағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының дамуына қосқан үлесінің зор екендігін көрсетеді.
2009 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті оқу-клиникалық базасы оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, фармакология және клиникалық фармакология кафедрасының профессор міндетін атқарушы қызметінде де, медициналық мамандықтар бойынша халықаралық деңгейдегі мамандар дайындаудағы оқу-клиникалық базасының қалыптасуы үшін атқарған үлесіде орасан зор.
21 жылдық ғылыми – педагогикалық еңбегінің нәтижесінде 90-нан астам ғылыми және әдістемелік еңбектері жарық көрді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствасы шешімімен өнертабысқа берілген 3 патент, 1 авторлық куәлік, 7 тиімді ұсыныс куәліктері мен биоорганикалық және биологиялық химия саласы бойынша 4 оқу-әдістемелік құралдары мен 0405 – «Фармация» мамандығы бойынша биологиялық химия пәнінен типтік оқу бағдарламасының авторы. Сонымен қатар, Республикалық ғылыми-техникалық саласының шеңберіндегі «Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы жұмысшы-лардың денсаулығын сақтау» бағдарламасы бойынша (мемлекеттік тіркелуі 0194 ҚР 00428) және 2003-2005 жылдары аралығында «Отандық дәрілік өсімдіктер шикізатының негізінде жаңа дәрілік препараттарды жетілдіріп ендіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушысы (мемлекеттік тіркелу нөмірі –О.0342). Қазақ тағамдану академиясы жанындағы ОД 53.28.01 Біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі (2010ж.).
У.А.Жұмабаевтың жетекшілігімен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен берілген 2 кандидаттық диссертация қорғалған. Сонымен қатар, бірнеше ғылыми қызметкерлердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етуде.Ғылыми-педагогикалық және қоғамдық жұмыстарда қол жеткізген табыстары үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы әкімшілігінің бірнеше мақтау грамоталары мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. Докторлық жұмысы бекітілгеннен кейін 7 ғылыми мақала, оның ішінде комитет белгілеген журналдарда 5 ғылыми мақала, 4 әдістеме құралдары жарық көрді.
Жұмабаев Уәлихан Ағабекұлы 1999 жылдан бастап бірқатар мемлекеттік білім мекемелерінде (декан, оқу-әдістемелік басқарма бастығы, проректор, ректор міндетін атқарушы және т.б.) лауазымдарын атқарып келеді және қайсысында болмасын, ол, қызметтестерінің арасында еңбексүйгіштігімен, әділдігімен, құзыреттілігімен, принципшілдігімен және адамдармен қарым-қатынаста қарапайымдылығымен аталып жүреді.
Таңдамалы еңбектері:
1. У.А. Жұмабаев - Устройство для получения конденсата выдыхаемого воздуха. - Приоритетная справка с Госкомизобретений СССР №5007573/14/057828 от 18.11.1991г.
2. У.А. Жұмабаев - Балалардың бронх-өкпе ауруларын дифференциалды диагностикалау тәсілі. - ҚР Ұлттық патент ведомствосының 31.07.2002.-№34108, Авторлық куәлігі.
3. У.А. Жұмабаев – «Липидтердің алмасуы» Биологиялық химия пәнінен жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне “ арналған оқу құралы. - Шымкент 2002ж.
4. У.А. Жұмабаев - Динамика показательей актиоксидантной системы гепатоцитов подвлиянием донника лекарственного при острой свинцовой интоксикации. - Науковий журнал «Досягнення біологіі» mа медицини. Одеса,Украина,2007.-№ 2 (10). - С. 86-87.
5. У.А. Жұмабаев - Динамика содержания -токоферала и активность антирадикальной и антиокислительной своиства крови у рабочих свинцового завода с патологиейбронхолегочной системы.- Вестник Карагандинского государственного университета им Е.А. Букетова. Серия биология, медицина, география.- Караганда, 2008.- №1(49).-С.24-26.
6. У.А. Жұмабаев - Способ лечения свинцовой интоксикации в эксперименте. - Инновационный патент на изобретение НИИС КПИС МЮ РК №12-2/33 от 23.06.2008.
7. У.А. Жұмабаев - Влияние муколитического препарата амброксола на продукциюактивных форм кислорода в крови у больных с обострением хронической обструктивной болезни легких. - Ғылыми журнал «Поиск»-«Ізденіс» Жаратылыстану
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.1954 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары, 1976 жылы А.Н. Косыгин атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Мәскеу тоқыма институтын бітіріп, 1983 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында докторлық диссертация қорғаған.Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.
2004 жылы «Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері» атағына ие болды, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «2009 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
Жалпы жұмыс өтілі – 36 жыл, саладағы жұмыс өтілі – 36 жыл, осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.Ж.Ү. Мырхалықов – тоқыма өндірісі саласындағы көрнекті ғалым және жоғарғы мектептің тәжірибелі ұйымдастырушысы. Оңтүстік Қазақстан облысының мақта-тоқыма кластерінің дамуына және «Оңтүстік» Еркін экономикалық аймақтың қалыптасуына, тоқыма материалдары өндірісінің технологиясы бойынша ғылыми бағыттарды және Қазақстан оңтүстістігінде тоқыма кластерін кадрлық қамтамасыз ету жүйесін дамытуға үлкен үлес қосты.
Ол көптеген жылдардан бері тоқыма материалдары саласындағы қолданбалы зерттеулерді басқарып, өндіріске жаңа инновациялық технологияларды ендіруге мүмкіншілік беретін білім және ғылым саласында халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыруда.Ж.Ү. Мырхалықовтың ғылыми жетекшілігімен 3 PhD докторлық, 5 кандидаттық және 20 магистрлік диссертациялар қорғалды. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен үш магистрант ғылыми жұмыстарын орындауда.Ол 10 оқулықтар мен монографиялардың, 200 астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, соның ішінде өнертабыстық 18 авторлық куәліктердің авторы.2012 жылы оның басшылығымен «Оңтүстік Қазақстан облысының даму экономикалық талдауы және басымдылықтары» монографиясы шығарылған.«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
1976 жылдан 1977 жылға дейін – Жамбыл технологиялық институты ХТООП кафедрасының ассистенті, 1977 жылдан 1979 жылға дейін аталған жоғары оқу орнының тағылымдама – ізденушісі, 1979 жылдан 1982 жыл аралығында Мәскеу тоқыма институтының күндізгі аспирантурасында білім алған. 1983 жылдың ақпан айынан 1983 жылдың қараша айына дейін жеңіл өнеркәсібі машиналары мен аппараттары кафедрасының оқытушысы, 1984 жылдың қараша айынан мамыр айына дейін Жамбыл институты металдар және материалтану кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 1995 жылдың мамыр айынан 1998 жылдың мамыр айы аралығында Мырхалықов Ж.Ү. аға оқытушы, доцент, коммерциялық бөлім бастығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді. 1998 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің деканы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті тоқыма өндірісінің технологиясы кафедрасының профессоры.2008 жылдың қыркүйек айында Ж.Ү. Мырхалықов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне жұмысқа шақырылып, жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің деканы лауазымына тағайындалды.
2010 жылы инновациялық қызметі жөніндегі проректор лауазымына, 2012 жылдың наурыз айында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.Оның қоғамдық қызметі Тараз қалалық мәслихатының бірінші және екінші шақырылымдарының депутаты болып сайлануымен байланысты, ол мәслихатта білім және ғылым бойынша тұрақты комиссияны басқарған.
Ж.Ү. Мырхалықов қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының ректоры бола отырып, университеттің еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы болуына мүмкіншілік беретін маңызды ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда.Соңғы жылдары университет Қазақстан жоғары оқу орындары рейтингісі бойынша көпсалалы университеттер арасында 2-4 орындарды иеленіп, көшбасшылар қатарында келеді. Университетте мемлекеттік білім гранттарын ұтып алу саны өсіп келеді, олардың саны бойынша ОҚМУ 2012 жылы Қазақстан жоғары оқу орындарының арасында 4 орынға ие болды.
Ж.Ү.Мырхалықов университеттің материалдық-техникалық және зертханалық базалардың нығаюына және жаңартылуына аса үлкен көңіл бөледі. Оқу және ғылыми зертханалардың техникалық құралдары жаңартылды. Бұл университетке көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегері болуына себеп болды.ОҚМУ студенттеріне спорт шеберлігінің деңгейін көтеруге мүмкіншілік беретін университетте, спорт базасын жетілдіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.Жоғары білікті мамандарды даярлау ісіндегі көпжылдық маңызды еңбегі, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жоғары жетістіктері, отандық ғылымды дамытудағы табыстары, өндірістегі жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін оған Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері атағы берілді.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Совет одағының өнертапқышы Баешов Әбдуәлі - 1946 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысының Жаңақорған станциясында дүниеге келді. Орта мектептің 1-4 кластарын Жаңақорғанда оқып, Кентау қаласындағы № 2 мектеп-интернатын 1964 жылы бітіріп, сол жылы Қазақ Химия-технология институтына (қазіргі кезде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті) түсті. Бұл институтты «Электрохимия процесерінің технологиясы» мамандығы бойынша 1969 жылы бітірді.
1969-1970 ж.ж. Петропавловск қаласындағы В.В. Куйбышев атындағы машина жасау зауытында инженер-технолог болып жұмыс істеді. Баешов Әбдуәлі 1970 жылдан 1991 жылға дейін Қарағанды қаласында Қазақстанның ғылым академиясының Химия металлургия институтында – инженер, аға инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1970-1974 белгілі ғалым, академик Е.А. Букетовтың ғылыми жетекшілігімен аспирантурада оқыды, 1977 ж. кандидаттық және 1991 ж. докторлық диссертациясын қорғады. Баешов Әбдуәлі – 1993 жылы профессор, ал 1995 жылы қазіргі Ұлттық Жаратылыстану академиясының академигі, 1998 ж. – Қолданбалы экология академиясының академигі, 2008 ж – Халықаралық информатика академиясының академигі. Негізгі ғылыми бағыты – электрохимия, гидроэлектрометаллургия және экология.
Ә.Баешов 1991 жылы жаңадан ашылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетіне экология факультетінің деканы қызметіне шақырылып, онан кейін Кентау бөлімінің вице-президенті, ректоры, директоры қызметтерін атқарды. 2003 ж. осы университеттің Еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.
Ә.Баешов 1000-нан аса ғылыми еңбектері ғылыми баспаларда жарық көрді, оның ішінде 22 монография және оқулықтар, 150-ден аса Кеңес Одағының авторлық куәліктері мен Қазақстан Республикасының, және шетел патенттері (АҚШ, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Австралия, Голландия, Венгрия және т.б.). Кеңестер одағының өнертабыс және жаңалықтар жөніндегі мемлекеттік комитетінің шешімі бойынша, оның екі ғылыми патентіне, пионерлік және өте тапқыр шешім болғандықтан, автор есімі берілді. Олар: «Фосфор шламындағы фосфорды анықтаудың Букетов-Баешов әдісі» (1983 ж) және «Ультрадисперсті мыс ұнтағын алудың Баешов-Журинов әдісі» (1987 ж) деп аталады. Академик Е.Букетов пен А.Баешовтың ғылыми жаңалығын өте жоғары бағалаған Америка ғалымдары 1990 жылдары аспанда жаңадан табылған жұлдызға «Букетов – Баешов жұлдызы» деп ат қойыпты. Күрделі зерттеулері фундаментальды және практикалық қолданыс тауып отырған көлемді еңбектері үшін «Кеңестер одағының – өнертапқышы» деген құрметті атаққа ие болды. Ғылымның электрохимия, гидроэлектрометаллургия және экология саласындағы жұмыстары – шет, ТМД елдерінде және Республикамызда кеңінен белгілі.
Профессор А. Баешовтың негізгі ғылым бағыты – тұрақты және жиілігі 50 Гц өндірістік айнымалы токпен поляризацияланған қатты және ұнтақты электродтарда жүретін электрохимиялық процесстерді зерттеу. Қатты, газ және сұйық түріндегі өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру және олардан пайдалы заттарды бөліп алу, өте майда металл ұнтақтарының түзілу механизмін зерттеу және т.б. Ерімейді деп келген титан, платина, палладий, родий және басқа металдарды еріту мүмкіншіліктерін қарастыру және олардың қосылыстарын синтездеу, Күннің жылу энергиясынан электр тоғын алудың принципиальды жаңа әдістерін жасау.
А. Баешовтың ғылыми еңбектерінің нәтижелері әлемнің әртүрлі қалаларында өткен халықаралық ғылыми симпозиумдерде, конференцияларында баяндалған (Харвин, Вильнюс, Ташкент, Москва, Екатеренбург, Санкт-Петербург, Томск, Самарканд, Тбилиси және т.б.).А. Баешовтың бірнеше ғылыми жұмыстарының нәтижелері өндіріске еңгізілген. Мысалы, Балхаш тау-кен комбинатында электролиз ерітіндісін мышьяк (V) және сурьма (V) иондарынан тазалау әдісі, 1973 жылы өндіріске енгізіліп елімізге көп мөлшерде экономикалық пайда әкелді. Жамбыл фосфор заводында, фосфор шламындағы фосфор мөлшерін анықтаудың қарапайым, экономикалық тиімді қауіпсіз әдісі 1985 жылдан бастап қолданылып келеді.
А. Баешовтың ғылыми жетекшілігімен бүгінгі күнге дейін 100-ден астам дипломдық және магистрлік ғылыми жұмыстар, 37 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалды. Бір шәкірті Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ал үшеуі Республикалық жас ғылымдар конкурсына қатысып, үздік жас ғалымдарға беретін Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты атағына ие болды.2008 жылдан бастап Алматы қаласындағы Органикалық катализ және электрохимия институтындағы докторлық атақ беретін диссертациялық кеңестің төрағасының орынбасары.А. Баешовтың жоғары оқу орындарына арнап жазған бірнеше кітаптар: Қоршаған орта химиясы, Алматы, 1998; Практикум по химии окружающей среды, Алматы, 1999; Экология негіздері, Ясауи университеті, 2000; Экология және таза су проблемалары, Алматы, 2002 және т.б. Республикамыздың көптеген университеттерінде оқулық ретінде кеңінен қолданылып жүр.
Бірнеше ғылыми монографиялары: «Электрохимия селена, теллура и полония», Алматы, Наука, 1998; Электрохимия серы и ее соединений, Алматы, Ғылым, 1997, Электрохимические методы извлечения меди, халькогенов и синтеза их соединений, Алматы, Наука, 1990 және т.б. ғылыми кітаптары еліміздің жоғарғы оқу орындарында арнайы пәндер ретінде және оларға қажетті қосымша оқулық ретінде кеңінен қолданылып жүр.1996 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу министрлігі коллегиясы шешімімен, ол, Ы.Алтинсарин атындағы медальмен және «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Кентау қаласының қоғамдық жұмыстарына белсенді ат салысып және экология проблемаларын шешудегі жұмыстарын ескере отырып «Кентау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Жоғарыда көрсетілгендей жұмыстарды атқарғаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының маслихатының мақтау грамотасымен 2 рет марапатталды (1998, 2001 ж).Ғылым мен техниканың дамуына аса үлкен үлес қосқаны үшін 2002-2004, 2006-2007 және 2011-2012 жылдардың Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды, ал 2003 жылы ғылым, техника және білім саласында жеткен аса үлкен жетістіктер нәтижесінде – ғылым, техника және білім салалары бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 2006 жылы «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамыту үшін» медалімен марапатталды. 1997 ж. академик Е. Букетов сыйлығының лауреаты атағына ие болды.2005 жылдан бастап Органикалық катализ және электрохимия институтының директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, ал 2010 жылдан бастап осы институттың Бас директоры.
Баешов А., музыка саласына да өз үлесін қосып жүр. Көптеген музыкалық аспаптарда шебер ойнайды, өзінің ой – толғаныстарын күй, ән түрінде де халыққа жеткізіп жүр. 1996 жылы «Ясауи толғауы» атты күйлер жинағы Алматыдағы баспадан шықты. Бұл күйлер жинағына «Ясауи толғауы», «Түркістан», «Тұран», «Репрессия», «Ұстаз» және де басқа күйлері енді. Әбекеңнің жазған «Гүл ару», «Өмірімнің жұлдызы», «Өмір-өлең», «Түркістан жастарының вальсі» және де басқа өлеңдері еліміздің онтүстік өңірінде жиі айтылып жүр. Әбекеңнің «Өмір-өлең» әні облыстық «Арай» ән-күй фестивалінде екінші орын алса, Кентау аймағы композиторларының конкурсында «Түркістан жастарының вальсі» әні бірінші орын алды.Жұбайы Баешова Ажар Коспанқызы – техника ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры. А. Баешовтың екі баласы, бес немересі бар. Ұлы Қаныш, қызы – Салтанат университеттерін өте үздік бітіріп, экономика және химия салаларында қызмет істеп жүр. Салтанат химия ғылымдарының кандидаты. Немерелері бар – Адель, Ербол, Диар, Тайыр, Асель.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Б.Нұрлыбеков ОҚ облысында бастауыш, орта мектептерде, орта дәрежелі кәсіптік, жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз. ҚР-ғы оқу – ағарту саласын, оның ішінде оңтүстік өңіріндегі ХІХ-XX. ғасырлардағы мектептердің тарихын зерттеп, ғылыми танымдылық еңбектер жасаған белгілі ғалым, бастауыш, орта жоғары оқу орындарында, аудандық, обылыстық мекемелерде, обылыстық партия комитетінде жауапты, басшылық қызметтер атқарған Ұлы Отан соғыс майданында саяси жетекшілік жасаған қөрнекті қайраткер.
Б.Нұрлыбеков 1912 жыл Түркістан уезінің Созақ болысына қарасты Сызған ауылында дүниеге келген. Ауылда ескіше сауат ашып, жаңадан ашылған бастауыш мектепті бітіріп, елді сауаттандыру мәдени-көпшілік жұмыстарына бел шешіп араласады. 1930 жылы Шымкентте мұғалімдер даярлайтын 6 айлық курста білім алып, аудан орталығындағы бастауыш мектепте сабақ баре жүріп, оқу менгерушісі қызметін атқарады.
1933 жылдың аудандық оқу бөлімінің ұсынысы бойынша Түркістан станциясында ашылған кәсіптік ФЗО мектебіне мұғалім болып ауысады. Түркістан педучилищесінің оқу ісінің менгерушісі, училище басшысы қызметіне жоғарлатылды.
1939 жылдың басында аудандық партия комитетінің шешімімен Түркістан аудандық оқу бөлімінің менгерушісі қызметіне тағайындалады.1940 жылы Облыстық партия комитетінің ұсынылуы мен облыстық кәсіподақ комитетінің оқу-ағарту саласы қызметкерлері одағының төрағасы болып сайланады. 1941 жылы обылыстық партия комитетіне әуелі нұсқаушы, онан соң кадрлар секторы менгерушісі кызметіне жоғарлатады.
1942 жылы қыркүйек айында майданға шақырылып, 1946 жылдың қыркүйегіне дейін саяси жетекшілік қызметте болады1946жылдың қыркүйегінен бастап обылыстық партия комитетінде сектор менгерушісі, обылыстық тұтынушылар одағы төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары қызметерін атқарып жүріп, Абай атындаға Қазақ Мемлекеттік педагогика институтың бітіреді. 1950-57 жылдары Сталин атындағы Шымкент педагогика институтында педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, доценті кафедра менгерушісі, институт кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады.
Б.Нұрлыбеков білім саласында қызмет істей жүріп, республикадағы оқу-ағарту саласының тарихын, бұрынғы Түркістан Республикасының құрамында болған Қазақстаның Оңтүстік облыстарындағы мектептердің тарихын жан-жақты зертеп, көптеген ғылыми енбектер жасады. 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі мектептерінің тарихы (1864-1925) деген тақырыпта педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дисертация қорғады. Ғылыми еңбектерінің негізінде оған доцент ғылыми атағы берілді.Б.Нұрлыбековтың тәрбиесінен шыққан мыңдаған шәкірттерінің қатарында көптеген көрнекті қайраткерлер, ғылым, білім, еңбек, ардагерлері академиктер бар.
Балтабай атаның жұбайы қажы Мәкен Сейілқызы ұзақ жылдар мектепте мұғалім, директор болып еңбек еткен Республикадағы кеңінен танымал құрметті жан. Ол кісілер өз отбасында мәпелеп өсірген ұл-қыздары: Альмира, Алима, Ұлжан. Мұрат үлкен немересі Қуандық ғылым мен еңбекте биік нәтижелерге қол жеткізді. Оның ішінде Алима Балтабайқызы әке жолын қуған педагогика ғылымдарының докторы , професор бірнеше жыл Қазақ мемлекеттік қыздар пеагогика институтының Педагогика және психология факультетінің, Қазіргі кезде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Педогогика және мәдениет факультетінің деканы болып қызмет атқарады.Б. Нұрлыбеков Отанымыздың қөптеген орден, медаль, грамоталарымен оның ішінде «Құрмет белгісі» 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталып, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болған.
Б. Нұрлыбековтың жарты ғасырдан астам уақыт еліміздің білім-ғылым саласындағы жас ұрпақты тәрбиелеп өсірудегі ерең еңбегін ескеріп, оның есімін мәнгі есте қалдыру мақсатына Шымкент қалалық мәслихатының шешімімен қаланың бір қошесіне есімі берілді.
Ұлағатты ұстаздың еңбек жолы
01.10.1929ж Түркістан қаласындағы педагогикалық училищені аяқтады.01.09.1937ж Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы24.03.1939ж Аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды03.06.1940ж Түркістан аудандық білім бөлімінің менгерушісі05.06.1940ж Облыс комитетінің шешімімен облыстық бастауыш және орта мектептердің төрағасы20.06,1942ж Еңбек резервтерінің облыстық басқармасы саяси бөлімі бойынша бастықтың орынбасары31.07.1942ж Ұлы отан соғысына шақырылды16.09.1946ж Обылыстың партия комитетінің кадрлар бөлімі секторының менгерушісі лауазымына03.10.1947ж ОҚ обылыстың тұтынушылар кеңесі басқармасының төрағасының орынбасары12.09.1950ж Сталин атындағы Шымкент педагогикалық институтынйң директоры01.09.1957ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы18.12.1965ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасында доцент м.а02.12.1967ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының доценті01.12.1971ж «Педагогика» кафедрасының менгерушісі27.04.1977ж «Педагогика» кафедрасының менгерушісі1979-1987ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының доценті1989 жылдан Дербес зейнеткер
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Траисов Балуаш Бақышұлы 1950 жылы 25 желтоқсанда Орынбор облысы, Первомай ауданы, Каменное ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ .Ғылыми дәрежесі, атағы: ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік марапаттары бар: Қазақстан Ауыл шаруашылық Министрлігі, Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің Құрмет грамотасы, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» белгісі.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1968 жылы Орынбор облысы, Первомай ауданындағы астық қабылдау пунктінде жұмысшы болып бастады.1969 жылдан бастап 1971 жылға дейін Совет армиясы қарулы күштері қатарындағы Германия совет әскері тобында борышын өтеді. 1971 жылдың маусымында аға сержант әскери атағымен запасқа шықты.
1971 жылы запасқа шыққаннан кейін Орынбор облысы, Первомай поселкесінде тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында жұмысшы болып қызмет атқарды.1971 жылдың желтоқсан айынан 1972 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтындағы дайындық бөлімінің тыңдаушысы. 1972 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының студенттер қатарына қосылып, оны 1977 жылы аяқтады.1977-1992 жыл - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында аға ғылыми қызметкер.
1992 жылдың 1 қаңтарынан 1996 жылдың 1 қаңтарына дейін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты жанандағы «Зерде» ғылыми-өндірістік орталығының директоры.1996 жылдың 1 қаңтарынан 2000 жылдың 23 ақпанына дейін Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры.2000 жылдың 1 наурызынан 2002 жылдың 5 қарашасына дейін Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры.2002 жылдың 7 қарашасынан 2009 жылдың 31 тамызына дейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры.
2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы күнге дейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.1977 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының зооинженерия факультетін бітіргеннен кейін, өзін толықтай ғылымға арнап, аянбай еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ғалым аға қызметкерден ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорға дейін көтерілді.
1984 жылы Қазақстан қой шаруашылығы жөніндегі ғылыми зерттеу институтының аспирантурасын сырттай бітіріп, ВНИИОК-та (Ставрополь қ.) 1985 жылы ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу жолындағы диссертациясын қорғады.
## Еңбектері
1994 жылы ақпанда НИПТИЖ-де (Новосибирск қ.) Батыс Қазақстан облысындағы кроссбредті қой шаруашылығына арналған докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды.Профессор Б.Б.Траисов Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық ғылымының дамуына өзіндік үлес қосты.
Б.Б.Траисов қой шаруашылығы саласындағы В.А.Бальмонт, К.У.Медеубеков сияқты ғұлама ғалымдар бастаған кроссбредті қой шаруашлығын шығару жұмыстарын жалғастырды. Көп жылғы еңбек кроссбредті жүнді қойдың етті-жүнді ақжайық тұқымын дүниеге келтірді. Қойдың етті-жүнді ақжайық тұқымы 1996 жылы саралаудан өткізілді (ҚР Ауыл Шаруашылық Министрлігі 1996 жыл 26 тамыз №124 бұйрығы). Қойдың бұл тұқымы бүгінде Қазақстанның ауылшаруашылық ғылымы үшін зор жетістік деп есептелінеді. Профессор Б.Б.Траисов осы шығарылған жаңа тұқымның авторы болып табылады.
Профессор Б.Б.Траисов ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар қойдың етті-жүнді ақжайық тұқымының зауыттық екі түрін шығарды: «БАЛИ - 1395» тірі салмағы үлкен және «БАК – 4087» ұзын жүнді. Мал шараушылығындағы бұл жаңа жетістіктерге Жәңгір хан атындағы университет патент иеленуші болып, профессор Б.Б.Траисов 2010 жылы зауыттық екі түрдің авторы атанды. 2011 жылы ақжайық етті – жүнді қой тұқымы бойынша зауыттық етті типіне және қою қалың жүнді ата іздеріне мал шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент алуға ұсынылды.
Б.Б.Траисовтың жетекшілігімен 220-дан аса ғылыми еңбектер мен 5 монография, оқу құралдары, ұсыныстар, қой шаруашылығын асылдандыру, кроссбредті қойлардың өнімділік сапасын арттыру мәселелеріне арналған бірнеше оқулықтар жарыққа шықты. Қой шаруашылығы практикумы, жартылай биязы жүнді қойларды бонитировкалау жөніндегі нұсқаулық, Батыс Қазақстан облысы жүйесін ауыл шаруашылыққа енгізу, «Ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастырудың негіздері» оқу құралы, «Ерлікке тағзым», «Сельскохозяйственное производство степного приуралья: возрождение и интенсификация» кітаптары.
Б.Б.Траисов үлкен ғылыми, педагогикалық жұмыстарды жүргізуде, «Қой шаруашылығы» ҒТБ жетекшісі, студенттердің дипломдық жұмыстарына, магистранттар, докторанттар мен ізденушілердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді.Оның жетекшілігімен 2 докторлық, 6 кандидаттық және 5 магистрлік диссертациялар қорғалды.Балуаш Бақышұлы әр түрлі қызметтерді атқара отырып, өзін білікті, ынталы жетекші ретінде көрсете білді. Ұйымдастырушылық қабілеті, ғылыми – педагогикалық белсенді қызметі университеттің ғылыми және халықаралық серіктестік қызметінің дамуына мүмкіндік берді.
## Қызметтері
1985 жылы ВНИИОК-та (Ставрополь қ.) ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу жолындағы диссертациясын қорғады, ал 1994 жылы ақпанда Сібір ғылыми-зерттеу және мал шаруашылығын технологиялық – жобалау институтында (Новосибирск қ.) ауылшаруашылық ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған докторлық диссертациясын қорғады. 1996 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімі бойынша «Зоотехния» мамандығы бойынша профессор атағы берілді. Оның жетекшілігімен 2 докторлық, 6 кандидаттық және 5 магистрлік диссертациялар қорғалды. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене араласып келеді, Батыс Қазақстандағы малдардың өндірістік қабілетін толық жетілдіру ғылыми тақырыбының жетекшісі болып табылады.Профессор Траисов Б.Б. 042 «Прикладные научные исследования в области агропромышленного комплекса» мемлекетті бағдарламасы бойынша «Совершенствование племенных и продуктивных показателей акжаикской мясо-шерстной породы овец» тақырыбының жетекшісі.
Профессор Траисов Б.Б. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіндегі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі.Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысып, қойларды бонитировкалау бойынша шаруашылықтарда жыл сайын семинарлар өткізеді.
Профессор Траисов Б.Б. 1997 жылдан 2007 жылдың желтоқсанына дейін университет жанындағы 06.02.01-Ауыл шаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы, генетикасы және көбеюі; 06.02.04 – Дербес зоотехния, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы; 06.01.09 - Өсімдік шаруашылығы мамандықтарынан қорғалатын докторлық (кандидаттық) диссертациялар бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы.2001 – «Қазақстан жоғары мектебінің таңдаулылары» кітабына қосылды. Алматы: ЖШС «РОНД», 2001. 663 б.
2002 – «Батыс Қазақстан облысы» энциоклопедиясына қосылды. Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. 494 б.
2004 – «Жоғары мектептегі жетекші ғылымдар мен педагогтар» кітабына қосылды. Алматы: «СаГа», 2004. 481-484 б.
2005 – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары тізіміне қосылды.
2006 - Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық энциклопедиясына қосылды. – Орал. 2006
## Марапаттамалары
Ол ғылыми білімі, жан-жақтылығы, туралығы, адалдығы мен басқа да жағымды қасиеттерінің арқасында университет ұжымының арасында, Қазақстан және шет ел ғалымдарының арасында жоғары беделге ие болды.
Б.Б.Траисовтың Батыс Қазақстандағы қой шаруашылығын, ауыл шаруашылық ғылымдарын дамытудағы жемісті қызметі, ғылыми интеграциялары мен жоғары білімде, Қазақстан, Ресей, Израиль, Германия, Украина және Белорусия ғалымдарымен халықаралық байланыста, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары Академиясының таңдаулы мүшесі, Халықаралық аграрлық білім академиясында (Мәскеу қ.) «Зоотехния» мамандығы бойынша академик дәрежесіне ие болуына әсер етті.
Қазақстан Ауыл шаруашылық Министрлігі, Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Сабден Оразалы Сабденұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Тастұмсық (бұрынғы Вознесеновка) ауылында 1947 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Жанұялы (жұбайы Ақботаева Жанат Оразалықызы), Қайрат (1971-2000 жж.), Ризали (1996 ж.т.) есімді екі ұлы және Анар (1975 ж.т.), Жанар (1975 ж.т.), Гауһар (1989 ж.т.) есімді үш қызы бар.
Қазақ химия-технология институтын инженер-технолог мамандығы бойынша (1970 ж.) тамамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, диссертациясының тақырыбы: «Жөндеу өндірісін тиімді басқарудың экономикалық проблемалары» (1989 ж.), профессор (1999 ж.), ХИА және ҚР ИА академигі (1992 ж.), ҚР ЖМ ҒА және ЖМ ХҒА академигі (1996 ж.), «Евразия» ХЭА академигі (1998ж.). ҚР ЖТҒА академигі (2009 ж.).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Еңбек жолы
Институт тамамдаған соң Шымкент қорғасын зауытында инженер-электрші (1970-1971 жж.); «Қазмонтажавтоматика» трестінің инженері (1971-73 жж.); Қазақстан ҒА Экономика институтында инженер, аға экономист, кіші және аға ғылыми қызметкер (1973-86 жж.) болып еңбек еткен. Одан әрі, ол КСРО ҒА Экономика институтының аға ғылыми қызметкері, машықтанушы-зерттеушісі (Мәскеу қ. 1986-87 жж.); Қазақстан ҒА Экономика институтының аға, бас ғылыми қызметкері (1987-90 жж.); ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ғылым мен халық ағартуды дамыту мәселелері жөніндегі комитет төрағасы (1990-93 жж.); ҚР Жоғарғы кеңесінің экономикалық реформалар жөніндегі комитет төрағасы (1994-95 жж.); «Білім» білім беру жөніндегі халықаралық қазақ консорциумы кеңесінің төрағасы (1995 ж.); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитет мүшесі, Ғылым және жаңа технологиялар жөніндегі кіші комитет төрағасы (1996-99 жж.); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитет мүшесі (1999-2001 жж.); Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті (2001 ж. шілде – 2003 ж. маусым). ҚАЗ ККА профессоры (2004-2006 жж.); «Қазақстан - АҚШ» Талдау және болжамдау институтының президенті (2005-2006 жж.); ҚР Білім және ғылым минситрлігінің Экономика институтының директоры (2006 ж. бастап). «Ғалымдар одағы » республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (2006 ж. бастап).
Қазақстан инженерлері одағының тең төрағасы (1993-95 жж.); «Еңбек» республикалық саяси партиясы төрағасының орынбасары (1995-97 жж.); 2000 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары (1999-2001 жж.). 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін БСДП президиумының мүшесі, 2007 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық палата мүшесі.
11 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби саясаткер. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-13 шақырылымдарының, ҚР Парламенті Мәжілісінің 1-ші (1995-99 жж.) және 2-ші (1999-2001 жж.) шақырылымдарының, барлығы 4 рет депутат сайланған. ҚР Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылымының (2007 ж.) депутаттығына үміткер. ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымының (2007 ж.) депутаттығына БСДП атынан үміткер. Егеменді Қазақстанның өркендеуіне елеулі үлес қосты. ҚР Жоғарғы Кеңесінің, кейін ҚР Парламентінің депутаты бола жүріп, біздің еліміз үшін аса маңызды көптеген заңдардың әзірленуіне және қабылдануына тікелей қатысты. 1995 жылы оның басшылық етуімен, басты идеясы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау болып табылатын, «Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы (ЖЭС)» жазылды және ҚР Жоғарғы Кеңесінде қабылданды. Одан әрі, ол жасаған ЖЭС тұжырымдамасы ҚР Үкіметінің іс-әрекеттерінің кезекті бағдарламаларында (1990-2001 жж.) іс жүзінде қолдау тапты және ел экономикасының дамуына ықпал етті.1997-2001 ж.ж. аралығында ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының ғылым және білім, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясы басшыларының бірі болды. Қазақстанда және ТМД елдерінде экономикалық жүйені реформалауды заңнамалық қамтамасыз етуде де елеулі үлес қосты. Қазақстан тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болу жағдайында ғылым мен ғылыми-техникалық саясат және нарықтық экономиканы қалыптастыру мәселелерінде, сондай-ақ ТМД елдері үшін моделді, ұсынымды заң жобаларын қабылдау жөніндегі Достастық елдерінің парламентаралық істерінде мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға атсалысты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің депутаттарының арасында біріншілердің бірі болып ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының құрмет грамотасымен марапатталған.Ғылым және техника саласында Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты (1980 ж.); «Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамытудың концептуалды негіздерін» (11 кітапты монографиялар) әзірлегені үшін, Ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003 ж.).
460-тан астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде 40 кітаптың авторы: «Управление ремонтным производством в условиях ускорения НТП» (1988 ж.), «Малые предприятия: опыт и перспективы развития» (1991 ж.), «Наука и научно-техническая политика в условиях рынка: глазами парламентария» (1992 ж.), «Наука. Образование. Рыночная экономика» (1994 ж.), «Экономичкская политика переходного периода на рубеже ХХІ века» (1997 ж.), «ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз» (1997 ж.), «Что делать....для восстановления экономикм Казахстана» (2000 ж.), «Рыночная экономика: учебное пособие» (2002 ж.), «Финансово-кредитное регулирование деятельности промышленных предприятий Казахстана: проблемы и перспективы» (2003 ж.), «Роль науки в социально-экономическом прогрессе Казахстана и задачи Союза ученых» (2006 ж.), «Бәсекелестік экономика» (2007 ж.), «Конкурентоспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения» (2007 ж.), «Турар Рыскулов: государственная деятельность и экономические воззрения» (2007 ж.), «Инновационная экономика» (2008 ж.), «Избранные труды по экономике в 10 томах» (2009 ж.), «Логистика» (2010 ж.), «Интеллектуалды экономика – ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы» (2010 ж.), «Устойчивое инновационное развитие и мировые финансы в ХХІ веке» (2010 ж.).Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Қазақстанның чемпионы.
«Түрік халықтары тарихының панорамасы» альбомының идеясының (2003 ж.), сондай-ақ өз қаражатына тұрғызылған «Түркібасы Әулиесі» тарихи монументінің авторы болып табылады. «Жаралы сезім» көркем фильмінің идея авторы.Ресей мен Қазақстан арасында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда сіңірген еңбегі үшін, 2007 жылдың тамызында Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі «Ломоносов орденін» табыстаған.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Сабырханов Дархан – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.
Дархан Сабырханов (22.6. 1953 жылдары туған, Мақтаарал ауданы Жаңа дала ауылы ) – ғалым, техника ғылым докторы (1997), профессор (1997). Қазақ политехника институтын (қазіргі Қазақ ҰТУ) бітірген (1974). 1974 – 80 жылдары Шымкент қорғасын завотында электр дәнекерлеуші, инженер, Қазақ химия-технология институтында инжинер , аға инжинер , аспирант. 1980 – 96 жылдары Қазақ химия-технология институтында кіші ғылым қызметкер, салалық зертхана меңгерушісі, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, докторант. 1996 – 2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті нде химия өндірісі аппараттары мен машиналары кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік бірлестіктің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2003 жылдан агроөнеркәсіп факултетінің деканы. 124 ғылым еңбегі; 1 монография, 3 оқу құралы, 18 өнертабысы жарық көрген. Ғылым мен техника саласы бойынша КСРО Мемлекеттік білім беру комитеті сыйлығының лауреаты, Түркістан облысы мәслихатының мақтау қағазымен, «КСРО өнертапқышы», «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгілерімен марапатталған.
## Еңбек жолы
1953 жылы 22-ші маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Ш.Ділдәбеков атындағы ауылында туған.1974 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Металлургиялық өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді.Қазақ химия – технологиялық институтында 1975 жылдан бастап жұмыс істейді.
1980 жылы 05.17.08 – Химиялық өндірістің процесстері мен аппараттары мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімін бітірді, 1982 жылы кандидаттық диссертация, 1996 жылы докторлық диссертациясын қорғады, 1997 жылдан бастап 05.17.00 – Химиялық технология бағыты бойынша профессор.Сабырханов Д. ғылыми–зерттеу зертханасының меңгерушісі, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор, факультет деканы, институт директоры, оқу – әдістемелік бірлестігі және оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.
2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Сабырханов Д. университеттің бірінші проректоры болып, 2012 жылдың маусым айынан оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді.Д. Сабырхановпен 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 5 магистр дайындалды. Ол 200 ғылыми еңбектерді жариялап, алыс шет елдерде баспадан шығарды, 6 оқулық және оқу құралдарын, 25-тен астам әдістемелік жасалымдары жарық көрді. Д. Сабырханов дайындаған оқулықтар мен оқу құралдары университет және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындары білім алушыларының арасында үлкен сұранысқа ие.
## Қызметтері
Д. Сабырханов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы білімінің үздігі», «ҚР ғылымына қосқан үлесі үшін», «ҚР білімінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, А. Байтұрсынов медалімен, «КСРО өнертапқышы» атағымен марапатталған. Ол 2006 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорының гранттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің экология проблемалары бойынша қолданбалы зерттеулер бағдарламасымен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның жасаған жылу-салмақ алмасу аппараттары және шаң-газ тазарту құрылғысы Қазақстан, Ресей, Украина және Өзбекстан мемлекеттерінің химия, металлургия, мұнайхимия, энергетика, химия – фармацевтика, құрылыс өндіріс салаларында енгізілді.
Д. Сабырхановтың басшылығымен М. Әуезов атындағы ОҚМУ – нің инновациялық-зерттеу жоғары оқу орны ретіндегі «Ғылым –білім - инновация» принципімен және ғылыми зерттеу арқылы жаңа білім және дағдыларды алу жолымен мамандарды дайындау сапасын жоғарылатуды көздейтін Стратегиялық даму жоспары жасалды.Д.Сабырханов жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен типтік нормативтік құжаттар (типтік оқу жоспарлары және типтік оқу бағдарламалары) жасауды басқара отырып, Қазақстанның білім беру жүйесінің нормативтік базасын құруға үлкен үлес қосты.Д.Сабырхановтың қажымас еңбегінің арқасында университетте оқу процесі толық қамтамасыз етіліп, ПОҚ-мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің мемлекеттік тілде дайындалып, баспадан шығуы жоғары дәрежеге жетті.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына арналған 8 ауыл шаруашылық мамандық бойынша мамандар дайындауды бастау және университетте агроөнеркәсіп факультетінің ашылуы Д. Сабырхановтың еңбегі. Ол мемлекеттік гранттарды иелену бойынша көшбасшы және университеттің алдыңғы қатарлы құрылымы болып табылатын факультеттің материалдық – техникалық дамуы және қалыптасуына қомақты үлес қосты.
Аймақтарға қажетті азық – түлік өнімдерін өндіру және өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, биотехнология, металлургия, электр және жылу энегетикасы, машинажасау мамандықтары бойынша мамандарды дайындаудың бастамашысы болды.
## Марапаттамалары
Д.Сабырхановтың басшылығымен қос диплом бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды оқыту және дайындау ұтқырлығы дамыды. Оның үлкен тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларын жасаудағы ғылыми – практикалық тәжірибесінің арқасында Германия, Түркия, Ресейдің жоғары оқу орындарымен бірлескен хабардарлық ыңғайы негізінде 10 бағыттағы бағдарламалары бойынша түлектер Қазақстан және серіктес жоғары оқу орнының дипломдарын алады.М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бакалавриат және магистратураның 13 білім бағдарламалары бойынша алғашқы болып халықаралық аккредитациядан өтуі, оларға Еуропа қауымдастықтарының «Евробакалавр, Евроинженер, Евроинформатик» үздік белгілерінің берілуі және осы оқу бағдарламаларының түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуі Д. Сабырхановтың еңбегінің нәтижесі. Түлектер бекітілген нұсқадағы дипломмен қатар бүкіл әлемде мойындалған ЮНЕСКОмен бекітілген формадағы «Диплом соплиментті» ала отырып, әлемнің еңбек нарығында үстем құқыққа ие болады.
Д.Сабырханов Ұлттық аккредитация және рейтинг агенттігінің (ҰАРА) және Білім беру сапасын бағалау тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСБТҚА) сарапшысы бола отырып, Қазақстанның білім беру сапасын жоғарылатуға және аккредитация жүйесінің жасалуына қосқан үлесі мол. Қазақстан жоғары оқу орындарының институционалдық және бағдарламалық аккредитациясына қатыса отырып, мамандар дайындау сапасын жоғарылатуға еңбек сіңірді.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген, қазақ. Ысты руынан шыққан.
## Қызметтері
1962 жылы БЛКЖО қатарына алынған. 1969 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды бітіріп, 1978 жылы – АВПШ-та тарих және қоғамтану мұғалімі, саясаттанушы.
1969-1972 жылдары – Қазақстанның ЛКЖО Алматы обкомында дәріс оқушы. 1972-1978 жылдары – Алматы қаласындағы Қазақстанның ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. 1978-1980 жылдары – АВПШ тыңдаушысы. 1980-1981 жылдары – Алматы қаласындағы Ленин аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
1981-1982 жылдары – Алматы қаласындағы Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1982-1986 жылдары – Алматы қаласындағы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.
1986-1988 жылдары – Шымкент партия обкомының хатшысы. 1988-1991 жылдары – Қазақ КСР Министрлер кеңесінің ДБ жалпы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Аппаратындағы бақылау секторының меңгерушісі. 1991-1994 жылдары – Алматы қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1998 жылдары – Өзбекстан мен Украинадағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі. 1998-2005 жылдары – Алматы қаласы Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары – «АПК» АҚ-ның және «АлЭС» АҚ-ның КБ бастығы. 2008 жылдан бері – “KULAN OIL” ЖШС HR департаментінің директоры.
Комсомол аудандық комитетінің, қалалық комитетінің, обкомының және партия обкомының мүшесі, халық депутаттары аудандық, қалалық, облыстық кеңестерінің делегаты. Қазақстан комсомолының 15-съезінің делегаты.
## Марапаттамалары
“Құрмет” орденімен, екі медальмен, Қазақстан БЛКЖО ОК, ЛКЖО ОК Құрмет грамоталарымен, БЛКЖО ОК «Комсомолдағы белсенді еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.Менің өмірімдегі комсомол: Комсомол – өз өмірімдегі жарқын кезең болды. Бұл өмірімде қандай жетістіктерге жеткен болсам, солар комсомолдың арқасында орын алды деймін. Ол нағыз өмірлік тәртіпке шыңдаған мектеп іспеттес болды. Қазіргі уақытта осындай шыңдау мектебінен өткен жандарды кезіктірем. Негізінен, олар қай жерде жүрсе де даңқы артқан тұлғалар болып табылады. Олар – ұлтжанды азаматтар, өз істеріне аса берілген, елгезек әрі достықты қадірлей білетіндер. Және ол достықтары риясыз пәк. Адами қарым-қатынастағы бұл ізгі қасиеттерді бүгінгі жетекшілердің бойынан кездестіре бермейсің.
Меніңше, КОМСОМОЛҒА кезіккенімнің өзі менің жолымның болғаны деп түсінемін. Жақсы адамдармен кезіктім. Менің алғашқы комсомолдағы ұстазым – Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев болды. Комсомол қатарында шыңдалып жетілгенім үшін сол адамға барынша ризамын. Қазіргі кезде менің ең жақын жолдастарым – комсомол кезінен келе жатқан достарым. Біз өз арамызда бір жанұядай болып кеттік, қиыншылық кезіге қалса бірімізге-біріміз қол ұшын береміз, қуанышты сәттерде әрдайым біргеміз.Менің пікірімше, БЛКЖО тарихын, комсомолдық басқару органдарының жұмыс атқару тарихын зерделеуіміз керек.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған.
## Каспий албырты
Албырттар тұқымдасының бір тұр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік - батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. XX ғ. басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырты — албырттардың ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см; жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 — 7 кг. Қара теңіз албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке келеді. Каспий албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі зерттелмеген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 — 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) езеннің түбіндегі малтатасты жерлерге. қазан — қаңтар айларында (судың температурасы 3 — 13°С-ка жеткенде) шашады, ұрығы 26 — 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шыкпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты Каспий албыртының көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты. Шабақтары жөндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері — балықтармен (килька, атерина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен қоректенеді. Каспий албыртының саны қай кезде де көп болған емес. Каспийдің оңтүстік-батыс бөлігінен басқа жерде сирек кездеседі. Оның жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Каспий итбалығы
Ескекаяқтылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды. Дене тұрқы 125 -160 см, салмағы 65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен тұтасып біткен, соңдықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек тәрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп қалады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігін көбінесе суда өткізеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 тәуліктей қоректендіреді. 2 — 3 айда әбден семірген ақүрпегін «май итбалық» деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды «қара итбалық» деп атайды. Негізінен, балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан кәсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 — 70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 — 450 мындай Каспий итбалығы мекендейді.
## Каспий қаязы
Арал қаязының түр тармағы, өткінші балық. Негізінен, Каспийдің оңтүстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен жөне батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Дене тұрқы 56 — 76 см (103 см-ге дейін), салмағы 3 — 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфологиялық белгілері Арал қаязына ұқсас (негізгі айырмашылығы — тіршілік ететін жерінде). Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сәуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді. Көктемде өрлегендері судың температурасы 20 —23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 — 1259 мың) ағысқа шашады. Каспий қаязы өзен щаяндарымен, су жәндіктерімен, дернәсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дөні мен детрит те кездеседі. Каспий қаязының еті өте дөмді, оның Қазақстан суларында еш уақытта саны көп болған емес, сондықтан кәсіптік маңызы шамалы.
### Дереккөздер
'Әлем ғажайыптары' Мәскеу РОСМЭН 2012. ISBN 978-5-353-06044-4 УДК 087,5 ББК 92 |
Нұрмамбетов Эмиль Исабайұлы – Қазақстанның жетекші геоморфологы, ҚР БҒМ География институтының бас ғылыми қызметкері Алматы қаласында, педагогтар отбасында 1934 жылдың 7 қарашасында дүниеге келді. Ата-анасы – Нұрмамбетов Исабай мен Мұхамеджанова Зайнаб – Советтік Қазақстанның қалыққа Білім беру ді ұйымдастырушылар және белсенді қатысушылары.
Ол Алматыда орыс орта мектебін бітіргеннен кейін 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, геология-география факультетін 1958 жылы «кен орындарын іздестіру және барлау» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Университетті бітіре салып, қазақстан геологиясы мен геоморфологиясының негізін қалаушылардың бірі Г.Ц. Медоевтің шақыруымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтына жұмысқа кірді. Осында Э.И.Нұрмамбетов лаборанттықтан бастап, ғылым сатыларынан түгелдей өтіп 1991 жылға дейін еңбек етті.
1991 жылы ол конкурстық негізде Қазақ КСР ғылым академиясының География институтына өтті. Мнда ол жаңа құрылған геоморфология зертханасын басқарды, қазір де сонда жемісті еңбек етуде.Э.И. Нұрмамбетов геоморфология саласында кең танымал ғалым. 1958 жылдан бері ол Қазақстанның түрлі аудандарында жүргізілген бедерді, неотектониканы, неоген-төрттік шөгінділерді зерттеу бойынша түсірілімдік және сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып келеді. Бірқатар материалдары Солтүстік Евразия бойынша халықаралық басылымдарға енген республика аумағының түрлі масштабтағы тақырыптық карталарының редакторы және авторы.
Ол бедер элементтерінің, пішіндерінің және түрлі тұрпаттарын жасқа, морфологиясына және шығу тегіне қарай жіктеудің ұстанымдарын (принциптері) жасауға , Қазақстан және бұрынғы КСРО аумақтарының карталарының легендаларын (шартты белгілер) қалыптастыруға қатысты. Оның қаламынан бірқатар ірі монографиялардың бөлімдері (Геология СССР, том XX; Геология и металлогения Северного Казахстана; Рельеф Казахстана) шықты, сонымен бірге көптеген ғылыми мақалалар мен есептер. Ондағы материалдар Батыс, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның бедерлерінің құрылымы мен даму тарихының астарларын қамтиды. Э.И. Нұрмамбетов өз зерттеулерінде маңызды қолданбалы мәселелерді шешуге жол ашатын жер беті бедерінің геологиялық құрылыммен нақты байланыстарын табуға көп көңіл бөлді. Ол ашқан Индер тұз күмбезіндегі оқпалық пішіндердің орналасуы мен кеңістіктегі даму заңдылықтары іздестіру ұғңғымаларының санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ол ашқан заңдылықтар борат және калий-магнезийлі шикізаттардың қорын есептеуде қажетті коэффициент енгізуге жағдай жасады, есептеулердің дәлдігі жақсарды.
Э.И. Нұрмамбетовтың Солтүстік Қазақстандағы бұрынға палеогендік теңіздердің жағалық шекараларын анықтау бойынша жасаған әдіснамалығы аса маңызды. Айтылған шекаралар циркон мен техникалық алмаздардың шашырандыларын анықтаушы фактор. Шашырынды алтын мен жерасты суларының кен орындарын іздестіру үшін болашағы зор Орталық Қазақстанның ежелгі гидрологиялық желісінің аңғарларының үлескілерін картаға түсірудің әдістері жөнінде де осыны айтуға болады.
Орталық және Шығыс Қазақстанның түрлі бөліктерінде жүргізген көпжылдық далалық байқаулардың негізінде Э.И. Нұрмамбетов салыстырмалы түрдегі тектоникалық тыныштық дәуіріндегі үдерістің күшеюіне байланысты Сарыарқаның бедерінің даму тарихын және үгілуін анықтады Ол дәлелдеген инфильтрациялық қабық қалыптасу теориясы жас жанартаулықтың стратификациясы, ежелгі аңғарлардың тектік табиғаты және палеогеографияның өзге де бірқатар мәселелері жөніндегі дискуссиялық мәселені шешуге көмектеседі.Э.И. Нұрмамбетов соңғы онжылдықтардағы өзінің зерттеулерін Батыс Қазақстанда өткізіп жүр. Онда ол бедер қалыптасудың қазіргі замандық табиғи-антропогендік үдерістерін қарастыруда. Геоморфологияның мұндай бағыты мұнай-газ саласының қарқынды даму аудандары үшін аса маңызды экологиялық астарға ие . Э.И Нұрмамбетовтің көмірсутек шикізатын барлау және алумен, магистральді құбырлар салумен айналысатын бірқатар компаниялардың кеңесшісі болуы кездейсоқ емес.
Оның жұмыстарында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің тайыз сулы қайраңының жағалаулық геоморфологиясы ерекше орын алад. Ол теңіз деңгейінің соңғы 10 мың жылдық өзгерісінің жер беттік және суасты шекаралары анықталды. Бедердің табиғи ерекшеліктерін және антропогендік қорғау ғимараттарын ескере отырып жағалаудың түрлі үлескілеріндегі желбөгеттік сулардың мүмкін болатын таралу шекараларын анықтады. Каспийдің морфологиялық және генетикалық өзгешіліктері бар қазақстандық жағалауының жағдайы анықталған, олардың түрлі деңгейдегі теңіз дамуының болжамы берілген, мұнай өнімдерінің апатты төгілу жағдайындағы құтқару жабдықтарын орналастыру үшін келу жолдары ұсынылған.Э.И. Нұрмамбетов басқаратын топ Каспийдің қазақстандық жағалауының ірі масштабты геоморфологиялық, инженерлік-геологиялық, гидрологиялық және геоэкологиялық карталарын құрастырды. Осымен қоса Арал теңізі бойынша осыған ұқсас жұмыстардың серіктес авторы ретінде, ол өзіне бір табиғи зонада өтіп жатқан қарама-қарсы құбылыстарды (қазіргі замандық Каспийдің трансгрессиясы мен Аралдың регрессиясын) ғылыми мақсатта максимал пайдалануды мақсат етіп қояды. Мұндай керемет «табиғат зертханасының» нысанында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері өшпес маңызға ие.
Динамикалық бедері қазіргі кезде болмаған антропогендік ықпалға ұшыраған Каспий теңізінің қайраңын зерттеу жөніндегі Э.И. Нұрмамбетовтің жұмыстарын атап өту қажет.Халықаралық концорсмумдардың қолдауымен Солтүстік – Шығыс Каспийдің тайыз сулы қайраңының айтарлықтай бөлігіні терң зерттеуге қол жеткізді. Су табаны бедерінің морфометриясын, желдік толқын мен маусымдық ағыстардың ықпалымен болатын түп шөгінділердің тасымалдану жолдарын, сең қалыптасу кезеңіндегі мұз алаңдарының бедерге әсерін анықтады.
Көп жылдардағы материалдардың талдауы кіретін зерттеулер Казақстанның тайыз сулы қайраңының алғашқы геоморфологиялық картасын жасауға мүмкіндік берді. Онда суасты жазықтарының түрлі тұрпаттары,бедердің ірі генетикасы әртүрлі пішіндерін . ерекшеленді Мәліметтер базасының кеңеюіне қарай жасалатын карталардың масштабы да 1 : 200 000 дейін ірілене түсті, ал жеке үлескілер үшін және де ірірек (ұқсастық және векторлық нұсқалар). Еділ, Жайық, Жем өзендерінің авандельталарының дамуының, барлардың, қайырлардың, аккумуляциялық және алғашқы аралдардың түр өзгертуінің, Маңғыстау түбегінің абразиялық беткейлері мен бенчтерінің қайта құрылуының болжамын жасауға мүмкіндік туды. Құрылып жатқан жасанды аралдардың архипелагының және қосарлана жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстарының мониторингі олардың табандық бедердің динмикасына ықпалын, ағыстардың өзгеруін анықтайды. Мұның барлығы тайыз судың ерекше биотасында көрініс береді. Э.И. Нұрмамбетовтің Солтүстік Капийдегі зерттеулері қазақстандық теңіз геоморфологиясының негізін салды деуімізге әбден болады.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж. |
Еренғайып Сәліпұлы Омаров - 1948 жылғы 8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы), Үржар ауданында туған
## Өмірбаяны
1972 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін бітіріп, 1972-1982 жылдары Павлодар индустриалды институтында оқытушы болып қызмет атқарған. 1976-1979 жж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін бітірген. 1981 ж. физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Гамма сәулесінің кремний және хром ядросынан шағылуы» деген тақырыпта диссертация қорғаған.Көптеген шетелдік басылымдарда және Халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда мақалалары мен баяндамалары жарияланған. 1982 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, 1983-1993 жж. Қыздар Педагогикалық институтында доцент болып қызмет істеді, ғылыми лабораторияға жетекшілік етті. Физика ғылымы саласында 3 ғылыми жаңалық ашты. 1996 ж. профессор ғылыми атағын алды.1991 жылы жоғары білікті мамандар даярлау үшін өзін-өзі қаржыландыратын жаңа типті жоғары оқу орны - ҚАЙНАР университетін құрды және Ректоры болып сайланды. Ол республикада жеке меншікті оқу жүйесінің негізін қалаған бірден-бір университет болып табылады. Тұңғыш талапкерлер 1991 жылы музыка, қазақ тілі және мектепке дейінгі педагогика мамандықтары бойынша қабылданған. Алғашқы жылдары Мәскеу халықаралық қатынастар университетімен (МГИМО) бірлесе жұмыс жасады. Қазақстанда алғаш рет халықаралық қатынас, экономика және құқық мамандықтарын ашуға атсалысты (1992 ж.). Лицензия ұғымы енгізілген кезде алғашқы жоғары оқу орны ретінде мемлекеттік сынақтан өтіп №1 лицензияға ие болды. ҚАЙНАР университеті ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қойылатын талаптарға сай жұмыс жасап келеді. Тиісті мерзімдерде акредетациядан және бірнеше дүркін аттестациядан өткен (соңғы рет 2010 ж.). 1994 ж. ректор Е.С.Омаров Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болып, университеттің қал-жағдайымен таныстырды. 2002 ж. Е.С.Омаровтың Қайнар университетін құруда атқарған еңбегі жоғары бағаланып Францияның өнеркәсіп кәсіпорындар қолдау ассоцациясының алтын медалімен марапатталды. Университет жанынан «Қайнар университетінің Хабаршысы» журналы тұрақты түрде шығып тұрады. 2000-2003 жж. Университет жанында тарих ғылымдары саласында кандидаттық диссертациялар қорғау кеңесі, ал қазіргі уақытта Қарағанды университетімен Біріккен докторлық диссертациялық Кеңесі жұмыс жасайды. Университет ашылған кезден бастап аспирантура бөлімі қызмет етіп келді. Көптеген шетелдік университеттермен әріптестік қарым-қатынас орнықтырған. Соның нәтижесінде ҚАЙНАР университетінің студенттері мен түлектеріне шетелдерде магистратура және докторантура оқу бөлімдерінде білімдерін жетілдіруге толық мүмкіндіктер жасалған.Қазіргі кезеңде университеттің алты факультетінде 19 мамандық бойынша төрт мыңнан астам білімгер бакалавр және магистр академиялық дәрежесі бойынша білім алуда.Жетік ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1995 жылы Е.С.Омаров Қазақстан Респуликасының Жаратылыстану Ғылымдары академиясының құрылуына белсенді түрде ат салысты, Президенті болып сайланды. Академия аз уақыт ішінде дүниежүзі ғалымдары мойындайтын дәрежеге жетті. Академия мен оның мүшелері халықаралық деңгейдегі сыйлықтармен марапатталды. Е.Омаров 2008 жылы Академияның ұлттық деңгейдегі академияға айналуына зор еңбек етті. 2009 жылдан бастап ҚҰЖҒА-ның Вице-президенті қызметін атқарады. «Қазақ өркениеті» идеясының авторы және оның теориясы мен тарихын зерттеуші. Аттиланың - Еділ патшаның портретін тауып, оның өмірбаянын кешенді түрде зерттеді. Франция жерінде салынған Аттила музейіне экспонаттар жинауға, оның іске қосылуына үлес қосты. «Қазақ өркениеті» атты жаңа ғылыми бағытты қалыптастырып, «Қазақ өркениеті» концепциясының авторы атанды. Қазақтарда көшпенділікпен қатар өзендік өркениет болғандығын, ертедегі қазақтардың кеме жасағандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Қазақ өркениетінің - көшпенділік, қалалық, өзендік, әскери, егіншілік, дала өркениеттері болып бөлінетіндігін айқындады. «Қазақ өркениеті» концепциясы жаңа ғылыми бағыт ретінде республикада және шет елдерде қолдауын тапты. ҚАЙНАР университеті жанындағы Қазақ өркениеті және тарихы ғылыми институтын ашуға ұйытқы болды. «Қазақ өркениеті» журналының Бас редакторы.
## Марапаттары
ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001, 2005 жж.); «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2005 ж.); ҚР-ның жоғары білім үздігі, ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін белгілермен; Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының (РЖҒА) П.Л.Капица медалімен (2000 ж.), Францияның өнеркәсіп және кәсіпорындар ассоциациясының алтын медалімен (2002 ж.), Еуропа жаратылыстану Ғылымдары Академиясының медалімен (2005 ж.), Халықаралық «Бөбек» қорының Алғысымен марапатталған (1994 ж.).Е.С.Омаров - Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Нью-Йорк ғылым академиясының толық мүшесі. Ғалым ретінде ¥лы Жібек жолын басынан аяғына дейін, яғни Пекин мен Ыстамбул аралығын жүріп өтіп, Халықаралық география қоғамының (Португалия) толық мүшесі болып сайланды.Сорбон (Париж II) және ФАКО (Париж) унверситеттерінде (2001 ж.) Қазақ өркениеті жайында лекция оқыған. Англия, Қытай, Франция, Австралия, Германия, Португалия, АҚШ, Түркия, Ресей, Египет т. б. мемлекеттерде Халықаралық конгрестер мен конференцияларда қазақ өркениеті, тарихы, білім мен ғылым салаларының өзекті мәселелері жайында баяндамалар жасады. Италияныц Болонья қаласында Қазақстан Республикасының жиырма екі және алыс шетелдік он тоғыз жоғары оқу орындарының ректорлары қатарында 2010 жылдың 17 қыркүйегінде университеттердің ¥лы Хартиясына ҚОЛ ҚОЙДЫ.
## Еңбектері
1. Краткая история казахской цивилизации. А., 2005; 2. Қазақ өркениеті. Пекин, 2008 ж.; 3. Аттила. Цивилизаторская роль. А., 2006.; 4. Аттила. Жизненный путь. А., 2006.; 5. Портреты: Степь глазами извне от Геродота до Гумбольдта, (бірлескен автор), Алматы, 2000; 6. Иллюстрированная история Казахстана. Т.Г, Алматы, 2001 - кітабында материалдары жарық көрді. 7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік (бірлескен автор). Алматы: «Ғылым» баспасы, 1992 жыл. 8. Қазақша - қытайша сөздік. 70000 астам сөз. Жауапты редакторы. Үрімші, 1449 бет, 2010 ж. 9. Атомдық және молекулалық физика. А. -6.128. 2007. 10. Brief History of the Kazakh Civilization. Алматы. 2000.«Қазақ өркениеті» және «Аттила және өркениет» атты монографиялық еңбектері жуық арада жарық көрмек.E.С.Омаров 100-ден астам мақалалардың авторы, оның бір бөлігі шетел басылымдарында жаряланған.
## Дереккөздер |
Венчур – тәуекелшіл коммерциялық кәсіпорын; өнімнің жаңа түрлерін жасауға, өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми техникалық ұйым. Оған тән сипат жаңа енгізімділерді пайдалану. Ол идеяларды талдап әзірлеуден бастап, материалдық тұрғыда іске асыруға дейінгі іспен айналысатын дербес ғылыми құрастырымдылық зертхана болуы да мүмкін. Венчурлік ұйымдардың үш түрі болуы мүмкін, олар: корпорациялар, серіктес және жеке дара компаниялар. Оларды құру үшін ең алдымен жаңа енгізілім идеяларының болуы, жаңа нысанды ұйымдастырып, басқара алатын кәсіпкердің болуы, капиталдың болуы қажет.Дереккөздер: Қазақстан. Ұлттық энциелопедиясы оныншы том |
Қарағанды симфония оркестрі - Қарағанды мемлекеттік филармониясының жанынан 1983-84 ж. ұйымдасқан профессионалды шығармашылық коллектив. Құрамында 59 музыкант бар. Алғашқы концертін 1984 ж. қойды. 1984 ж. "Совет композиторларының шығармаларындағы азаматтық үн және патриотизм" деген атпен Қазақстанда өткен совет музыкасының фестивалына қатынасты. Оркестрдің бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі - В. В. Норец (1986 жылдан).
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Қазмузхоркомбинат - қазақтың музыкалық-хореографиялық оқу комбинаты. 1941 жылы тамыз айында құрылды. Оның құрамында Алматының муз. уч-щесі, Хореогр уч-ще, Ә. Қашаубаев атындағы муз. мектеп және 220 орындық муз. мектеп-интернат болды. "Қазмузхоркомбинат" Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыға эвакуациямен келген пед.-музыканттар класы ашылды. Бұл кластарға композитор Л. А. Хамиди жетекшілік етті. 1944 ж. осы "Қазмузхоркомбинаттың" жоғары кластары негізінде Алматы консерваториясы ашылды. Комбинат 1950 ж. таратылды.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Жақыпбай Достайұлы Достай (17 сәуір 1951 жылы туған, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі ауылы) - география ғылымдарының докторы (1999), профессор, Қазақстанның ірі географы, геоэкологы, топонимисі, ҚР БҒМ География институтының су мәселелері бөлімінің меңгерушісі 1951-жылы сәуірдің 17-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі әулие ауылында қазақ шаруасының отбасында дүниеге келді.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Еңбек жолы
1958-жылы Теректі жеті жылдық мектебінің 1-сыныбына барып, 1968-жылы Боралдай қазақ орта мектебін үздік бітірді. Мектептен соң бір жылдай өз аулында шопанның көмекшісі болып істеді.
1969 – 1975 жылдары зілзалаға ұшыраған Ташкент қаласын қалпына келтіру жұмыстарына Главташкентстрой трестінде тас қалаушы, электр дәнекерлеуші, биіктегі құрастырушы (высотник-монтажник) болып қатысты. Осы жылдары жұмыстан қол үзбей Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университетінің география факультетінде оқыды. Екі жыл Совет Армиясында борышын өтеді.
1975 – 1979 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің күндізгі бөлімінде гидрология мамандығы бойынша оқып, гидролог−инженер дипломымен бітірді.
1979-1981 жылдары Қазақтың гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтында, Жайық гидрологиялық экспедициясының құрамында далалық ізденістер жүргізді.1981 жылы ұшқан ұясы Қазақ Ұлттық университетіне арнайы шақырылып, онда Іле − Балқаш мәселелерімен айналысатын арнайы кешенді экспедицияны басқарды (1981-1986 жж.). Осы жылдары ол инженер, аға инженер, жетекші инженер, «Мелиоративті гидрология» салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
1986-1989 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының География институнда аспирант (гидрология, су ресурстары және гирохимия мамандығы бойынша). 1990 жылы қазанда Ленинград (Санкт-Петербург) қаласында «Іле Алатауының олтүстік беткейіндегі өзендердің ағындысының түр өзгертуі» тақырыбында диссертация қорғап, география ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
## Қызметтері
1989 – 2002 жж. − География институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі сатыларынан өтті.1999 жылы қазанның 15-де докторлық диссертация қорғады. Докторлық диссетациясы Орталық Азиядағы тұйық алаптардағы гидроэкологиялық жағдайларды басқару мәселесіне арналған. Жұмыстың негізгі тұжырымдары «Упраление гидроэкосистемой бассейна озера Балкаш» монографиясында жарық көрді.
2002 – 2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің «Геоэкология және табиғи орта мониторингі» кафедрасының меңгерушісі, университеттің Үлкен ғылыми кеңесінің мүшесі, география факультетінің ғылыми кеңесінң мүшесі.
2005 жылдан осы күнге дейін География институтының Су мәселелері бөлімінің ғылыми жетекшісі, меңгерушісі.
## Еңбектері
Ж. Д. Достайдың негізгі ғылыми-зерттеу жұмысы аридтік климат жағдайындағы тұйық алаптардағы су ресустарын басқару мәселелерімен байланысты. Ол Қазақстанның географиялық қоғамдастығы, гидрологтары, геоэкологтары және топонимистері арасында, сонымен бірге шетелдердегі географиялық орталықтарда гидрология, су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану салаларының ірі ғалымы ретінде танымал. Ол гидрология мен географияның жаңа саласы − гидроэкология бағытының негізін салушы. Білімнің осы бағытында Орталық Азияның тұйық алаптарының негізінде тұңғыш рет гидроэкологиялық жағдайларды басқарудың ғылыми негіздерін теориялық тұрғыда дәлелдеді.
Ж. Д. Достайдың ғылыми қызметінің тағы бір маңызды бағыты − трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселелерін зерттеу болып табылады. Бұл мәселе аса өзекті маңызға ие, себебі Еліміздің су ресурстарының жартысына жуығы шекаралас елдердің аумағында қалыптасатындығында.
Оның шығармашылығының тағы да бір маңызды бағыты − қазақ халқы қалыптастырған жер-су атаулары мен географиялық терминдер. Географиялық атаулар мен аталымдардың қалыптасуының географиялық, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық негідері алғаш рет жүйеге келтіріліп, тұжырымдамасы жасалды. Осы бағытта үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның тікелей жетекшілігімен топонимия бағытында 4 кандидаттық, 1 докторлық диссертациялар қорғалды.
Жақыпбай Достайұлының қазақ тіліндегі ғылыми терминология мен жоғарғы дәрежелі мамандар даярлаудағы (университет және аспирантура, докторантура арқылы) еңбегі зор. Ол университеттердің география, гидрометеорология және су шаруашылығы мамандықтары үшін қазақ және орыс тілдерінде «Гидроэкология: табиғат суларын сарқылудан және ластанудан қорғау» атты арнайы дәріс дайындап, оқу құралын басып шығарды (1993 ж.). Тұңғыш рет университеттер үшін қазақ тілінде «Жалпы гидрология» оқулығын басып шығарды (Білім, 1996). Қазір оның өңделген, түзетілген екінші басылымы баспаға дайын тұр.
Оның қаламынан «Геология, география және геодезия», «Су шаруашылығы», (Рауан, 2000) және «Селтану/ Селеведение» (2007) қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер, «Су шаруашылығы» (2002), «География және геодезия» (2007) түсіндірме сөздіктер шықты. Бұл еңбектерде автордың шығармашылық әлеуеті туындатқан бірқатар гидрометеорологиялық, геоэкологиялық терминдер қазақ ғылыми тілінің айналымына түсті.
Оның гидрология, гидроэкология, геоэкология, география, су шаруашылығы, топонимия салалары бойынша жазған еңбектерінің саны 150-ден асады (Қазақ энциклопедиясында басылған 250-ден аса мақалаларды есептемегенде). Олардың 7- монография, университеттер үшін 1 оқулық, 3 оқу құралы, орта мектептер үшін 2 оқулық жарық көрді.Ол Венада, Гиссенде, Үрімшіде, Пекинде, Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Ташкентте, Бішкекте, Астанада, Павлодарда, Шымкентте, Таразда, Семейде т.б. өткен халықаралық, республикалық конференцияларда мақалалар жасады. Көптеген халықаралық ғылыми жиналыстарда төрағалық етті.
Жақыпбай Достайұлы қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласады. Ол халық шаруашлығы мен ғылым салаларында пайдаланылатын қазақша терминдерді бірізділікке (унификация) түсіруде айтарлықтай үлес қосты. Әр уақытта қоғамдық негізде Ғылыми техникалық білім жөніндегі комиссияның Мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі жауапты хатшысы, ҚР ҰҒА Жер туралы Ғылымдар бөлімшесінің терминологиялық комиссиясының мүшесі, Қазақ Ұлттық энциклопедиясының география редакциясының төрағасы, «География және геоэкология мәселелері/Вопросы географии и геоэкологии» журналының бас редакторының орынбасары, «Вестник КазНУ. Серия географическая», «Гидрометеорология и экология», «География және табиғат», «Экологическое образование в Казахстане» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, География институтының докторлық диссертациялық кеңестерінің мүшесі болып істеді. Қазір Қырғыз Ұлттық университетінде; Геология институтарындағы докторлпық кеңестердің мүшесі. Қазақстан Жоғарғы Аттестациялық Комиссиясының эксперті (сарапшысы).
Ғалымның жетекшілігімен ғылымның география (гидрология, су ресурстары және гидрохимия; геоэкология; топонимия; геоморфология; ландшафттану және т.б.), техника салалары бойынша 18 кандидаттық 2 докторлық диссертациялар қорғалды.
Ж.Д.Достайдың негізгі еңбектері:
1.Жалпы гидрология: Университеттер үшін оқулық – Алматы: Білім, 1996. – 256 бет.2. Арало-Сырдарьинский бассейн. Гидроэкологические проблемы, вопросы вододеления. – Алматы: Дәуір, 2001. – 180 с. (соавторы Турсунов А.А. и Бурлибаев М.Ж.)3. Су шаруашылығы / Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002 жыл. - 392 бет (ұжым жетекшісі және негізгі автор)4. Современное экологическое состояние бассейна озера Балкаш. – Алматы: Каганат6 2002 жыл. – 388 с. (в соавторстве)5.Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балкаш. – Алматы: Каганат, 584 с. (в соавторстве)6. Analysys of drain rows of the Syrdarya and Amudarya rivers and models of management by a level regime of Aral sea. – Almaty: Ewera, 2004. – 196 p. . (Sadykov D.Sh., Cretaux J …).7. География және геодезия./ Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы:Мектеп, 2007. - 264 бет (Авторлар ұжымы)8. География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. − Алматы: Мектеп, 2003; 2007; 2010. – 328 бет. (авторлық ұжым)9. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. − Алматы: Мектеп, 2003; 2007; 2010. – 328 бет. (авторлық ұжым)Бұл оқулықтар орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде де 3 рет қайта басылып шықты.10. Опустынивание: деградация земель. – Астана: Проект ПРООН, 2005. – 88 с. (Павличенко Л.М., Чигаркин А.В. и др.)11. Селтану саласы атауларынының қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі, негізгі терминдер. – Алматы: РИИЦ АЗИЯ, 2006. – 184 бет7 (авторлық ұжым)12. Wasserressourcen and deren Nutzung im Ile-Balchasch Becken. – Discussion Papers, #34, Giessen, қараша, 2006. – 76 p.13. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірістерінің негізі /Университеттер үшін оқулық – Алматы, 2008. – 128 бет (Д.А.Умутбаевамен бірге)14. Управление гидроэкосистемой бассейна озера Балкаш. – Алматы: Изд.ИГ МОН РК, 2009. – 235 с.15. Управление водоснабжением и водоотведением города Алматы. – Алматы, 2009. – 176 с.16. Национальный Атлас Республики Казахстан (автор карт и редактор) – Алматы, 2006.17. Республика Казахстан. 1 том. (автор и редактор) – Алматы, 2006.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Академик, биология ғылымдарының докторы, профессор Тәшенов Қазис Тәшенұлы 1928 жылы 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Шалақын ауданындағы Ақсу ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1932 жылы ата-анасы Омбы темір жолының көмекші шаруашылығына көшіп барады (қазіргі Бескөл ауданының «Озерный» кеңшары), сол жерде бастауыш мектепті бітіреді.
## Еңбек жолы
Қамқорсыз қалғандықтан оны Петропавловск қаласындағы № 45 темір жол мектеп-интернатына өткізеді, сол жерде ол жеті жылдық білім алады.Содан соң Қ.Т. Тәшенов Петропавл малдәрігерлік техникумына түсіп, 1947 жылы үздік бітіреді. Институт бітіргеннен кейін оны оқу озаты ретінде ҚазССР Ғылым академиясының аспирантурасына жібереді.
1952 жылы ол Алматы қаласына қоныс аударып, ҚазССР ҒА–ның Эксперименталдық биология институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді, Сталинград экспедициясын басқарады, оның мақсаты Жайық-Еділ каналы аймағындағы мал шаруашылығын дамыту болатын. 1953 жылы Қ.Т. Тәшенов конкурс бойынша ҚазССР-ның Экспериментальдық биология институтының физиология лабораториясының аспирантурасына өтеді. 1955 жылы Экспериментальдық биология институтының физиология лабораториясының аспирантурасына өтеді. 1955 жылы Эксперименталдық биология институты таратылып, лаборатория ҚазССР ғылым академиясының Физиология институтына ауыстырылады. Сол кезден бастап Қ.Е. Тәшеновтің барлық ғылыми қызметі ҚазССР ҒА- ның Физиология институттымен байланысты.
## Еңбектері
1957 жылы ол «Күйіс қайыратын малдың асқорыту физиологиясы» тақырыбына биология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Бұл жұмысында ол күйіс малының таз қарыныңда микробиологиялық белоктың жинақталу процесі азық рационының сипатына және асқорыту жолына келіп түсетін сілекей мөлшері мен құрамын анықтау үшін Қ.Т. Тәшенов тәжірибе жасаған жануарлардың сілекей алу әдісі бойынша күйіс малының сілекейін жинауға болмайды, себебі олар сілекейді үздіксіз және көп мөлшерде шығарады.
1961 жылы Қ.Т. Тәшенов ҚазССР ҒА – ның Физиологиясы лабораториясының меңгерушісі болып тағайындалады. Осы кезден бастап оның ауылшаруашылық малының асқорыту жүйесінің қызметін зерттеу жұмыстары басталады. Мысалы, асқазаны бір камералы жануарларға қарағанда күйіс малдарының асқорыту мүшелерінің өз ерекшеліктері бар. Күйіс малдарының асқазанның алғашқы үш бөлігінде азық микроорганизмдердің көмегімен өндеуге түседі, ал асқорыту бездері үздіксіз жұмыс істеп, тәулік бойына өте көп сөл бөледі. Сонымен қатар қойдын, ешкінің және туйенің ұйқы безі жолы өт жолымен жалғанған және 12-елі ішекке ортақ жол ашылған, сондықтан таза панкреатит сөлін және өтті бөліп алу мүмкін емес.
Қ.Т. Тәшенов ұйқыбезі және өт жолдарын бөлектеп шығарудың хирургиялық операция әдісін ойлап тапты.Сонаң соң ол қарынды бөлектеп алудың хирургиялық амалдары мен операция жасау тәсілдеріне бірқатар өзгертулер енгізді. Ғалым ойлап тапқан түтіктік әдістің жаңа варианттарының біреуі – иннервация мен қан тамырларын сақтай отырып, ұлтабардан кіші асқазан алу.Зерттеудің нәтижелері Қ.Т. Тәшеновтің 1967 жылы «Сауын малының асқорыту бездерінің қызметі» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғауына негіз болды. Бұл жұмыс асқорыту жүйсінің қызметі мен сүт бездері жұмысының арасындағы байланысты зеттеуге арналған.
## Қызметтері
1976-1991 жылдары Қ.Т. Тәшенов КСРО Ғылым академиялары арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы екі жақты Келісім негізінде Чехославакия ҒА – ның Физиология институтымен, Словакия ҒА – ның Тамақтану физиологиясы институтымен бірдесіп, ғылыми – зерттеу жумыстырын орындайды. Бірлескен зерттеудің негізі мақсаты куйіс жануарларының асқорыту жүйесінің азотты алмасуын және нейрогуморалды реттеуін анықтау еді. Қ.Т. Тәшенов чехославакиялық әріптестерімен бірлесе отырып негізінен синтетикалық заттардан тұратын азық тапты, мал басын сақтап қалуға мүмкіндік беретін дәстурлі емес азық рационын жасады.
1980 жылы ол ҚазССР ҒА – ның Физиология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Қызметіне тағайындалады, сонаң соң институт директоры болады (1986-1990ж). Физиология институтының директоры кезінде Қ.Т. Тәшенов үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін, ұжыммен жұмыс істей алатындығын көрсетті, институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарыныңсапасы мен тиімділігін арттыруға, ғылыми-ұйымдастыру жұмысын жақсартуға көп еңбек сіңірді. Оның басшылығымен зерттеулер тематикасы қайта қаралды, негізгі бағыттар анықталды, жас және жоғары білімді кадрлар дайындауға байланысты белсенді жұмыстар жүргізілді. Басты бағыттар – «Лимфа түзілу физиологиясы» және «Өнімді жануарлар физиологиясы» бойынша Бүкілодақтық бағдарлама жасалынды.
КСРО ҒА - ның Физиология бөлімшесінің арнайы шешімімен 1988 жылы Қаз ССР ҒА – ның Физиология институты Лимфатикалық жүйе физиологиясы проблемасы бойынша басты ғылыми мекеме болып белгіленді, оның жетекшісі ҚазССР ҒА – ның корреспондент мүшесі болып Қ.Т. Тәшенов бекітілді.1990 жылы Қ.Т. Тәшенов КазССР Ғылым академиясы Төралқасының мүшесі және Биологиялық және медициналық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы болып сайланды. Ол Қазақстан биология ғылымын дамытудың басты бағыттарының концепциясын жасауға қатысады.
1992 жылы Қ.Т. Тәшенов Халықаралық «Ақ крест» рыцарь орденінің мүшесі болып және рыцарлар конфедерациясы Дүниежузілік Парламентінің үлкен Кеңесінің мүшесі болып сайланады, оған Рыцарь атағы беріледі (Австралия, Сидней қаласы). 1992 жылы Қазақстан физиолгтарының 2 – съезінде Қазақстан физиология қоғамының президенті болып қайта сайланды. Оның бастамасы бойынша Қазақстан физиология қоғамы Әлем физиологтарының 34 Конгресінде (Санкт-Петербург, 1997 ж). Физиология ғылымдарының Халықаралық одағына мүше болып қабылданады (орталығы Германияда).
## Марапаттамалары
1994 жылы Қазис Тәшенұлы Тәшенов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академик) болып сайланады.1996 жылы ол ҚР Медицина Ғылым академиясының Құрметті профессоры.
1990- 2002 жж. Қ.Т. Тәшенов Ұлттық ғылыми академиясы төралқасының мүшесі, биология және медицина ғылымдары бөлімшесінің адам және жануарлар физиолоиясы бойынша Ғылыми Кеңесінің «Өнімді жануарлар физиологиясы» секциясының басшысы болды және ауылшаруашылығы жануарларының физиологиясы және биохимиясы жөніндегі Бүкілодақтық үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.
Академик К.М. Быков атындағы сыйлықты беру жөніндегі комиссияның және КСРО ҒА–ның И.М. Сеченов атындағы Физиологиялық журналы алқасының мүшесі болды. КСРО ҒА – ның асқорыту және сіңіру физиологиясының проблемасы бойынша Халықаралық комиссия мүшесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының «Известия», биология сериясы журналының бас редакторы және адам мен жануарлар физиологиясы бойынша докторлық және кандидаттық диссертация қоғау жөніндегі кеңестің төрағасы.Қ.Т. Тәшенов 25 –ке жуық ғылым кандидаттары мен докторларын дайындады. 35 жылға жуық әл-Фараби атындағы Қазақтын Ұлттық университектінің адам және жануарлар физиологиясы кафедрасының профессоры қызметін қосымша атқаруда, биология факультетінің студенттеріне физиологиядан дәріс оқиды. Ғылыми зерттеулерінің нәтижесі бойынша Қ.Т. Тәшенов 250 ғылыми еңбек жариялады, оның 4-і монография және 20 жұмысы шет елдерде ағылшын, неміс, чех тілдерінде жарияланды.Сонымен қатар, Қ.Т. Тәшенов Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Адам және жануарлар физиологиясы институты жүргізіп отырған «Қоршаған орта жағдайында организмнің төзімділігін арттыру мақсатында, ішкі мүшелер жүйесі қызметінің қалпына келу және реттелу механизмдері» проблемасына қатысты іргелі зерттудің ғылыми жетекшісі.Жемісті ғылыми қызметі және жоғары білікті кадрлар дайындағаны үшін Қ.Т. Тәшенов Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академия Төралқасының және қоғамдық ұйымдардың мерекелік және құрмет грамотысымен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, бесжылдық тапсырмаларын орындаудағы ерен жетістіктері үшін Қазақстанның алтын кітабына енгізіліп құрмет дипломымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотысымен марапатталды.
Академик Қ.Т. Тәшенов – ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы саласындағы ірі ғалым, оның зерттеулері ТМД елдерінде де, одан тыс жерлерде де кең таралған.Ғылыми беделі, ұйымдастырушылық қабілеті және оның ыңталылығы нәтижесінде Қазақстанның физиология ғылымы шетелдік ғылыми қоғамда кең танылды.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Қаражүсіпұлы Дүйсен (т. -ө. ж. белгісіз) - 19 ғасырда өмір сүрген қазақтың халық шебері, мүсінші әрі сәулетші. Сам аймағында (қазіргі Ақтөбе обл.) туып-өскен. Құлпытас орнату мен сағанатам салудың ұстасы. Ол Сам құмының оңт.-батысындағы Омар мен Тұрдың мазарын салаған(1897). Сонымен бірге ол сағаналар мен құлпытас жасау ісінде қазақтың ұлттық ою-өрнегін қолдана білген.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Құлпытас – бейітке қойылатын тас белгі.
Ұғым-түсініктері мен салт-дәстүрлеріне қарай дүние жүзі халықтарында құлпытастың көптеген түрлері кездеседі.
* Ежелгі Шумер, Мысыр, Этрустар заманында құлпытастар адам мүсіні түрінде жасалынды. Құлпытасқа адам бейнесін қашап, мәйітпен бірге қою дәстүрі ғұн заманы, түрік қағандығы, қыпшақ, түргеш дәуірлерінде кең жайылды.
* Құлпытастардың шығу тегі, рәміздік мән-мағынасы туралы ғылымда нақты тұжырым қалыптаспаған. Қалай болғанда да, қазіргі қазақ даласындағы құлпытастардың арғы тарихы сақтар мен ежелгі түркілердің тас мүсіндерімен, сондай-ақ көне түркілер жазуы қашалған бітіктастармен байланысты екендігі анық. Қазақ даласындағы құлпытастардың даму эволюциясы Батыс және Оңтүстік Қазақстанда сақталған құлпытастардан көрінеді.
* Құлпытастарды әрлеу, нақыштау, бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген халықтың қолөнері мен мемориалдық үрдісінің, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен дүниетанымының белгісі іспетті. Мысалы, түркі жерінде ислам дінінің бел алуына орай бейнелі құлпытастар орнына өрнекті көктастар қойылатын болды. Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілгенімен, аса үлкен құлпытас қойып, оған адамның, малдың немесе әлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынуына байланысты құлпытастарға арабша Құран сүрелері мен аяттар жазу өнері етек алды. Түркістандағы Иасауиге қойылған құлпытас, сондай-ақ сонда жерленген қазақ халқының атақты хандары мен қайраткерлерінің басына қойылған құлпытастарда осы үрдіс сақталған.
## Дереккөздер |
Қарқаралы халық театры - драмалық әуесқойлар коллективі. Қарағанды обл-ның Қарқаралы ауд. Мәдениет үйі жанынан 1955 ж. құрылды, ал 1960 ж. оған халық театры атағы берілді. Көркемдік жетекшілері А. Қ. Шанин, Б. Төлеуханова болды. Коллектив құрамында жұмысшылар мен қызметкердер бар. Қарқаралы халық театрында қойылған спектакльдер қатарында Ә. Әбішевтің "Белгісіз батыры", С. Н. Жүнісовтың "Қос анары", С. Шаймерденовтың "Қайдасың, Зоринасы", А. Р. Сатаевтың "Ғани Мұратбаевы", Ш. Жүнісовтің "Жарқын жастығы" т.б. бар. Респ. халық театрлары байқауының лауреаты.
## Дереккөздер
Омар мен Тұрдың мазары |
М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы - мәдени-концерттік мекеме.
## Тарихы
* Филармония Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің №72 бұйрығы негізінде 1975 жылы 1-сәуірде құрылды.
* 2003 жылдары 30 шілдедегі облыстық әкімінің шешімімен филармонияға М.Өскенбаевтың есімі берілді.
* 2006 жылдары филармонияның кіші симфониялық оркестрі құрылып жұмыс істей бастады. Аталмыш оркестр үшін Алматы қаласында киімдер тігіліп, барлық музыкашы мамандар аспаптармен қамтамасыз етілді. Облыс әкімінің желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесу және оның мерекелік концерт бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл концертке филармонияның бүкіл шығармашылық ұжымдары қатысып, ол кіші симфониялық оркестрдің тұсаукесер концерттік бағдарламасымен аяқталды. Концерт бағдарламасына Қазақстан мен Ресейдің және шет ел композиторларының шығармалары енгізілді. Облыстық мәдениет басқармасының шақыруымен кіші симфониялық оркестрдің тұсаукесер концертіне профессор Қ.Ахметов дирижерлік жасады. Оркестр ұжымына ҚР мәдениет қайраткері Р.Мадреев жетекшілік етеді.
## Мақсаты және құрамы
Облыстық филармонияның негізгі мақсаты жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жергілікті тұрғындарды классикалық музыка туындыларымен таныстыра отырып, олардың рухани қажетін өтеу болып табылады. Маңғыстау облыстық филармониясының құрамында камералық ансамбль (Маңғыстау облыстық филармониясының камералық ансамблі), қазақ ұлт аспаптар оркестрі және «Ақжарма» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бар.
## Дереккөздер |
Қордай қыздары - әуесқой үгіт бригадасы. Жамбыл облысының Қордай ауданында Мәдениет үйі жанынан 1974 ж. құрылды, ал 1978 ж. оған халық бригадасы атағы берілді. Ұйымдастырған әрі көркемдік жетекшісі Л. Қайдашова. Үгіт бригадасының құрамында жұмысшылар, қызметкерлер мен мектеп оқушылары бар. Оның программасы аудан өміріне қатысты ең мәнді де көкейтесті мәселелерді қамтуға құрылған.
Үгіт бригадасы ауданда өткізілетін мәдени-көпшілік жұмысына белсенді түрде араласады.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Айланшөп, немесе Самалдық шөп (лат. Persicaria maculosa) – тарандар тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның көптеген аймақтарында (Каспий маңы ойпаты, Балқаш-Алакөл ойысы, Түркістан, Жоңғар, Іле Алатауы, Қаратау өңірлері), өзен бойында, арық, тоған жағалауларында өседі. Оны сиырдан басқа малдың бәрі жейді.
Биіктігі 20-80 см, сабағы тік болады. Қаңдауыр пішіндес жапырағы сабаққа кезек орналасады. Сабағы тік өседі әрі қысқа, ұштары сүйір, шеттері бүтін,жоғарғы жағында қара қоңыр дақтары бар, бұтақтары көп, жапырақтары кезектесіп орналасқан.
Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті, 5 гүл жапырақшадан тұрады, жапырақтарының қуысына масақша тәрізденіп шоғырланған. Жемісі жұмыртқа сықылды қара түсті жылтыр жаңғақша. Самалдық шөп өзендердің,арықтардың жағаларында, ылғалды жерлерде, арамшөп ретінде егістік жерлерде өсе береді. Дәрі жасау үшін оның жер бетіндегі бөлігінің жоғарғы жағын гүлдеген кезінде жинап алады.
Құрамында К витамині, флавоноидтар, гликозидтер, эфир майлары, қоймалжың, илік заттар, С витамині бар. Өсімдіктің қан тоқтататын, несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеттері бар. Дене сыртындағы жаралардың жазылуын тездету үшін майдәрі жасап та пайдаланады. Етеккір көп келгенде, геморрой түіндерінен, жатырдан қан кеткенде оны тоқтату үшін қолданады. Бас ауырғанда кісінің желке тұсына өсімдіктің жас шөбін басуға болады. Әйелдердің ақ етіккірінің келуін, бүйректің ауруларын емдеу үшін де пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: Самалдық шөптің ұнтақталған шөбінің 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салады да, 15 минут тұндырады. Дәріні сүзіп алып екіге бөледі де, бір күнде тамқтан кейін екі рет ішіп тауысады. Емдеу мерзімі 3 апта. 2 литр суға өсімдіктің кептіріліп ұнтақталған 2 уысын салып 15 минут қайнатады да,1 стакан ыстық сүт және 1 ас қасық крахмал қосып,бұлау жасап пайдаланады. Ваннаға жату ұзақтығы 15 минут. Күн сайын немесе күнара қабылдап,1-2 айға дейін емделеді.
## Дереккөздер |
Орман сұлтан– Кіші жүз сұлтаны, он сегізінші ғасырдың соңы мен он тоғызыншы ғасырдың басы кезінде көрнекті саяси тұлғалардың бірі. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның қалмақ әйелі Ырыстан туған.
Өз ордасында мектеп ашқан. Сырым Датұлына қарсы күреске және кіші жүздегі хандық басқаруды қалпына келтіру жолындағы қозғалысқа белсене қатысты. Мың сегіз жүз тоғызыншы жылы Хан кеңесінің төрағасы болды. Қаратай сұлтанның көтерілісіне қатысып, сол үшін тұтқындалды. 1810 жылы 11 наурызда Орынборда шекаралық комиссиясының шешімімен барлық шендері мен сұлтан атағынан айырылып, Иркутск губерниясына жер аударылды. Кейіннен жер аудару Петербургтегі қамалға қамаумен алмастырылды. Қамауда қайтыс болған.
## Дереккөздер |
Жылгелді қазіргі Маңғыстау облысы аумағындағы Сарыой деген жерде туып, қазіргі Түркіменстанның Қулы Маяк жерінде қайтыс болған. Өмір сүрген жылдары 1855-1938 жылдары болып табылады. Маңғыстау түбегіндегі адайдың "жеті қайқысы" атанған сал-серілердің бірі Жылгелдінің "Дәурен!, "Құнан нар" әндерімен қатар, "Ағибаш", "Ақзер" толғаулары бар. |
Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811, қазіргі Ақмола облысыҚорғалжын ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын.
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Әкесі — Тобылбай би. А. Орынбай, Серәлі, Шөже ақындармен айтысқан. Қоқан, Ташкент, Созақ, Үргеніш, Бұхар қалаларын аралаған. 1837 ж. Ташкент сапарынан оралып келе жатып, Кенесары ханның қолына түседі. Хан оны қауіпті адам санап өлтірмекші болғанда, ақын өзінің елі мен жеріне қоштасу жырын табанда суырып салып айтып, ақындық өнерінің құдіретімен ажалдан құтылады. Шоқан Уәлиханов А. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол «Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше» дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді.Ақынның бүгінге "Арыстанның әні" атты жалғыз әні ғана жетті.
## Сыртқы сілтеме
* Научная библиотека Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Молдабеков Алтынбай - совет кескіндемешісі, сән және қол өнер шебері. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Қазақстан көркемсурет галереясы , 1935 ж. Алматыда ашылған. "Қазақстанда Совет өкіметінің орнауына 15 жыл" атты көрменің негізінде Орт. музей жанында ұйымдастырылды. 1947 ж. Т. Г. Шевченко есімі берілді. Галерея қазақ, орыс, кеңестік және шетел суретшілерінің еңбектерін жинақтау, насихаттау жұмыстарын жүргізді. 1976 ж. Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер музейі болып қайта құрылды.
## Дереккөздер
↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Рақышев Хамит Қошанұлы. 1949 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылында дүниеге келді. Алматы құрылыс техникумын, Кеңес сауда институтын, Ресей басқару академиясын бітірді, техник-құрылысшы, экономист, саясаттанушы.
Еңбек жолын жәй жұмыстан бастады, мастер, аға инженер, аға прораб, Абай атындағы азық өндірісі бас директорының орынбасары (1971-1981), Ленинск совхозрабколхозында – төраға орынбасары, Алматы облысының Ұзынағаш аулындағы Жамбыл аудандық тұтынушылар одағында – басқарма төрағасы (1981-86), Жезқазған облыстық тұтынушылар одағында – басқарма төрағасы (1986-88), Жезқазған облыстық атқару комитетінде – төраға орынбасары (1988-90) сияқты қызметтерде болды. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіндегі демалыс үйінің бастығы (1990), ҚР Президент Аппаратымен Министрлер Кабинетінің сауда және қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі (1990-93), ҚР Президентінің жанындағы Негізгі бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы (1993). Ал 1993 жылдан бастап – Қазақстанның Сауда–өнеркәсіптік палатасының төрағасы болып қызмет атқарды. 2007 жылдың 6 сәуірінде дүниеден озды.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Исабаев Слям Мұхамеджанұлы 1937 жылдың 18 наурызы күні Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарым ауданының Мало-Красноярка селосында шаруа отбасында дүниеге келген.1955 жылы Үлкен Нарым орта мектебін бітірген соң, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1960 жылы аяқтап, заңтанушы заңгер мамандығын алған.
## Еңбекжолы
Университетті бітіргеннен кейін екі жыл (1960-1962) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ сот сараптама ғылыми-зерттеу институтында сарапшы-криминалист,1962 жылдың қараша айынан 1994 жылдың қараша айына дейін Ішкі істер органдары жүйесінде еңбек етіп, қатардағы сарапшы-криминалисттен, әрі тергеушіден бастап, ҚР ІІМ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін жоғарылайды. Осы қызметіне, КСРО ІІМ басшылығымен ұсынылған, әрі Қазақ КСР басшылығымен Талдықорған облысы ІІБ бастығының орынбасары қызметіне тағайындалып, сонда 1985 жылға дейін қызмет атқарған.
1985 - 1990 жылдары Алматы облыстық ІІБ бастығы болып қызмет еткен. 1990 жылдың маусым айында бекіту тәртібімен Алматы қаласының ҚІІБ бастығы болып(әрі ҚР ІІМ министрінің орынбасары болдым) тағайындалады. Милиция генерал-майорының атағын Н.И.Рыжковтың қолы қойылған КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1988 жылдың қазан айында иеленеді.
1990 жылғы көктемде Қазақ КСР-нің 12 шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Сонда алғаш рет сайлау баламалы түрде өткізілді. Құқық мәселелері жөніндегі комитетте жұмыс істеген. Қазақстанның алғашқы Конституциясы мен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заңнамалық актілері тап осы 12 шақырылымдағы Жоғарғы Кеңеспен қабылданған.
## Марапаттамалары
ҚР Жоғарғы Кеңесінің 11 медалімен және Құрмет Грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Еркебек Қамбарұлы Арғымбаев (11 наурыз 1947 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылы) — ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
## Еңбек жолы
* 1971 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
* 1987 ж. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
## Қызметтері
* 1971-1977 жж. Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-интерні, Жамбыл аудандық туберкулез ауруханасында дәрігер-фтизиатр, Жамбыл аудандық емдеу бірлестігінің Дегерес бөлімшелік ауруханасының бас дәрігері.
* 1977-1983 жж. ҚазКСР Денсаулық сақтау Министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмысы Бас басқармасының дәрігер-инспекторы, коллегия хатшысы, кадр бөлімінің бастығы.
* 1983-1987 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы.
* 1987-1992 жылдары Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
* 1992-1994 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары.
* 1994-1996 жж. ҚР Қызыл Крест және Қызыл Ай Қоғамының (2002 жылдан бастап ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамы) бас директоры, 1996 жылдан бастап президенті қызметін атқарады.
## Қоғамдық қызметі
* Денсаулық сақтау Министрлігі коллегиясының мүшесі (1992-1994, 2001-2002).
* ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия мүшесі (1998-2000).
* 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның мүшесі.
## Марапаттамалары
* 1980 ж. КСРО-ның Денсаулық сақтау ісінің үздігі атанды.
* денсаулық сақтау саласына қосқан зор еңбегі ескеріліп, 1997 ж. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
* 1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет дәрежесі берілді.
* «Алтын Адам – Жыл Адамы» фестиваль-конкурсының «Қазақстанның 2000 жылғы Қоғам қайраткері» номинациясының жеңімпазы.
## Дереккөздер |
Асанбай Асқарұлы Асқаров (15 қыркүйек 1922 жыл, Тәтті ауылы Меркі ауданы, Жамбыл облысы – 13 тамыз 2001 жыл, Алматы) — көрнекті мемлекет, партия және қоғам қайраткері, Алматы облыстық (1959–1965), Жамбыл облыстық (1965–1978) және Шымкент облыстық (1978–1985) партия комитеттерінің бірінші хатшысы, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері (22.02.1982).
Дулат тайпасының Ботбай руынан шыққан. Орта ғана шаруасы бар әкесі Асқар 1930 жылы қайтыс болды. Асанбайдың атасы Асылбек би болған, ол 1916 жылы Ақкөз батыр бастаған көтеріліске қатысқан.
## Еңбек жолы
А.А. Асқаров мектептен кейін Фрунзедегі педагогикалық училищені 1939 жылы бітіріп, еңбек жолын мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастайды.1942-1946 жылдары әскери міндетін өтеді, полк мектебінде, саяси училищеде оқыды. Полковник. Әскерден оралған соң (1946) Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болған. 1951-1954 жылдары Мәскеу қаласы Орталық Комитетінің КОКП-сының жоғары партиялық мектебінде тыңдаушы, 1954-1958 жылдары Жамбыл облысындағы Красногорск және Мерке аудандары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1958-1959 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі Атқару комитетінің төрағасы, 1959-1965 жылдары Жамбыл облысының облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1978 жылдары Алматы облыстық обком партиясының бірінші хатшысы болған және Қазақстан Орталық комитеті Коммунистік партиясының бюро мүшесі қызметін атқарған.1978-1985 жылдары – Түркістан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. Ол Жоғарғы партия мектебін және кандидаттық диссертациясын өте жоғары бағамен қорғаған.
## Қызметтері
Көп жылдар КОКП және Қазақстан КП-сының Орталық Комитетінің мүшесі, КСРО және Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі, сол облыстардың Атқару комитеттерінің депутаты болып сайланды.
Асанбай Асқарұлының көп жылдардағы Кеңес Үкіметі мен халқына, коммунистік партияға сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, Социалистік Еңбек Ері атағы (1982) берілді. Ол 5 мәрте Ленин орденімен, көптеген медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1986 жылы Қазақстан Орталық Партия Комитетінің Колбин басқарған кезде, одан кейін де Асекеңнің басына ауыр күндер туып, төрт жылдан аса уақыт қамауда болды. Асқаровқа жағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды. А. Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.
А.А. Асқаров – экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. А. Асқаров – «Тағдыр» (1991), «Жұмақ пен тозақ жырлары» (1992), «Көзқарас» (1997), «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998) және көптеген кітаптардың авторы.
## Дереккөздер |
Шолпан Әділжанқызы Бөлекбаева (1956 жыл 26 мамыр Алматы облысы Андреевка селосы) - дәрігер.
## Еңбек жолы
* 1963-1973 жылдары Андреевка селосының №2 орта мектебінде білім нәрімен сусындаған. 1973-1974 жылдары аудандық тубдиспансерде жұмыс істейді. 1974-1980 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында жетік білім алады.
* 1982-1985 ж.ж. – педиатр-дәрігер, №3 қалалық балалар емханасы, Алматы қаласы;
* 1985-1987 ж.ж. – хат және шағым бөлімінің инспекторы, Республикалық консультативтік емханадан ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінде, Алматы қаласы;
* 1987-1989 ж.ж. – ҒЗИ базасында балалар неврологиясы бойынша клиникалық ординатура, Алматы қаласы;
* 1989-1991 ж.ж. – невропатолог-дәрігер, №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, Алматы қаласы;
* 1991-1995 ж.ж. - №7 қалалық клиникалық аурухананың ерте жастағы психо-неврология бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласы;
* 1995 жылдан 2007 жылғы тамыз айына дейін – «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері, Алматы қаласы;
* 2007 жылғы 24 тамыздан бастап «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ – бас директоры, одан әрі басқарма төрайымы қызметін атқарады.
* 1991-1995 ж.ж. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар невропатологы;
* 2002-2005 ж.ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар реабилитологы;
* 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас медициналық реабилитолог;
* 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Дәрігерлер мен дәрішілердің Халықаралық Қауымдастығының құрамына кіретін Қазақстан Республикасының балалар реабилитологтары қауымдастығының президенті.
## Еңбектері
Әртүрлі журналдар мен жинақтарда 80-нен астам ғылыми мақалалары жарияланды. 2004 жылы «Клиникалық медицина сұрақтары» атты ғылыми мақалалар мен дәрістер жинағы, 2006 жылы «Нейрореабилитацияның өзекті сұрақтары» ғылыми еңбектер жинағы, 2008 жылы «БЦС-да кешенді оңалтудың қазіргі әдістері» атты дәрігерлерге арналған әдістемелік ұсынымдары басылды. 2011 жылдан бастап шығарылатын «Реабилитология сұрақтары» атты ғылыми тәжірибелік журналдың бас редакторы.
## Марапаттамалары
Қазақстан Республикасының балалар реабилитологиясының дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін кәсіби маман ретінде Бөлекбаева Шолпан «Шапағат» медаліне, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстанның дәрігерлері мен дәрішілердің қауымдастығының гауһар төс белгісіне», «Алтын дәрігер» төс белгісіне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медаліне ие болды.
## Дереккөздер |
Әзімбаев Тұрдымұрат 1923 жылы 24 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының Бесабдал ауылында қазіргі Қошқарата округінде туған.
Шанышқылы тайпасының Бесуыл руынан шыққан.
## Еңбекжолы
Сондағы Калинин (қазіргі Нұрғиса Тілендиев) атындағы мектептің жеті сыныбын 1939 жылы бітіріп Капланбектегі зооветтехникумда, соңынан сондағы педагогикалық училищеде білімін жалғастырған.
Еңбек жолын 1941 жылы Калинин атындағы мектепте мұғалімдіктен бастаған.Сол мектептен 1942 жылы наурыз айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. 1942 ж. шілде айына дейін Алматыда әскери дайындықтан өтіп, сол жерден Ұлы Отан соғысына аттанады. Соғыста Украина майданында 51-армияның 346-атқыштар дивизиясына қарасты 1168 полкта барлаушы қызметін атқарады. Генерал Д.И.Станкевский басқарған 346-шы атқыштар дивизиясы құрамында жауға қарсы соғысқан Тұрдымұрат аға Қырымды азат етуде үлкен ерлік көрсетеді. Ол туралы тек сол бір отты, қанды Сиваш плацдармындағы өліммен беттескен әрбір минөт өмір жайлы жазылған «Мы вернулись, Севастополь», «Верность памяти», «Позвала отчизна в бой» атты кітаптар сыр шертеді. Бұл кітаптардың барлығы Украинада, Қырымда басылып шыққан.
Ондағы көрсеткен ерлігімен 2 рет «За отвагу» медалімен және жауынгерлік «Қызыл ту» орденімен марапатталды.1943 жылы Қырымды алудағы аса жоғары ерлігі ескеріліп Кеңестер Одағының Батыры атағына ұсынылады. Ол материал диспансериядан өтіп 4 Украина майданының штабына барғанда жоғарыға жіберілмей қалып қояды.
Тұрдымұрат Әзімбаев 1944 жылы тамыз айында ауыр жараланып елге оралған соң Бесабдал ауылдық кеңесінде хатшы, одан Шымкент мұғалімдер даярлайтын институтты, Алматы педагогикалық институтын үздік бітіріп, бірнеше мектептерде директор, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, ауылдық, аудандық партия кеңестерінде қызмет атқарды.1978 жылы зейнетке шыққан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін өмірінің соңына дейін (2009 ж.) атқарады.
## Марапаттамалары
Көп жылғы еңбегі ескеріліп Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы» және Шымкент облыстық атқару комитетінің мақтау қағаздарымен 3 мәрте марапатталды.Бүкілодақтық ардагерлер кеңесінің «Құрмет белгісімен» және Қазақстан Республикасының ардагерлер кеңесінің мақтау қағазымен 3 рет марапатталды.Қазақстан Оқу министрлігінің «Халық-ағарту ісінің үздік мұғалімі» белгісімен, 1995 жылы Қазақстан Республикасының «Отан» орденімен, 1999 жылы «Астана» медалімен, ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай «Қазақстан 10 жыл» медалімен және тағы да басқа 19 медальмен марапатталған.
Тұрдымұрат Әзімбаев бірнеше рет аудандық кеңес депутаты, облыстық және аудандық партия комитеттерінің бірнеше рет пленум мүшесі болып сайланған.Т. Әзімбаев отбасында 5 ұл мен 5 қыз өсіріп-тәрбиелеген. Барлығы да жоғары білімді, қоғамның әр саласында қызмет атқарып келеді. 27 немере, 25 шөбере көрген қадірлі ата.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
## Еңбекжолы
1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының (қазіргі Ордабасы ауданы) Бөржар ауылында дүниеге келген. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
1933-1941 жылдары ол Первомаевка селосында, Шымкент және Сайрам қалаларында тұрып, жеті жылдық мектепті бітірген. 1941-1944 жылдары Георгиевка ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Георгиевка селосында Ворошилов атындағы қазақ орта мектеп-интернатында оқыған.
Қозыке Бишімбайұлы өзінің еңбек жолын өте ерте бастады. Қатал соғыс жылдары 9-шы-10-шы сынып оқушысы бола жүріп, ол «Сталин жолы» аудандық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Осы кезде ол өз жерлестерінің енбектегі жетістіктері мен майдандағы ерліктері туралы алғашқы очерктерін, лирикалық өлеңдерін жариялай бастады.
Соғыс жылдары кезінде Қазақстанның оңтүстігі Совет Одағы қорғанысын нығайтуда үлкен маңызға ие болды. Елде осы аймақтағы мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын, жергілікті ерекшеліктер мен ұлттық дәстүрді білетін жас мамандарға қажеттілік туды. 1944 жылдың тамыз айында орта мектепті үздік бітірген Қозыке Бишімбаев Совет Армиясы қатарына шақырылды. Сол жерден мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери қызметке алынып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің мектебінде бір жыл дәріс алды.
1945 жылдың қарашасында Қозыке Бишімбайұлы МҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық басқармасының аппаратына жұмысқа жіберіліп, төтенше өкіл және аға төтенше өкіл болып жұмыс істеді. Ал, 1949-1950 жылдар арасынында ол МҚКБ аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
Қозыке Бишімбайұлы органда істеген алғашқы жылдарынан бастап-ақ барлау жұмыстарында адамдардың менталитеті мен психологиясын меңгергендігін орынды қолдана білетін және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыра алатын, тапқыр да білгір чекист ретінде көріне білді. Бұл қасиеттері оған 5-6 жылдың арасында он мемлекеттік мәні бар маңызды қылмыстарды әшкерелеуге көмектесті.
1953 жылдың ақпан айында Қозыке Бишімбайұлы МҚКБ Екінші бөліміне бастық болып тағайындалды. Бұл қызметті атқара жүріп, заңсыз консульдықпен және заңсыз валюталық істермен айналысып жүрген адамдарды әшкерелеу, жауапкершілікке тарту жұмыстарын басқарды. Осы уақытта ол Шымкент педагогикалық институының тарих факультетінің сыртқы бөліміне түсіп, оны үздік бітіріп шықты.
## Марапаттамалары
1961 жылы ақпан айының басында Қозыке Бишімбайұлы Кентау қаласы және Түркістан ауданы бойынша МҚКБ аппаратының өкілі болып тағайындалды. Сол кезде ол кісінің басшылығымен, КСРО орталық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, елде саяси жағдайды ушықтыру мақсатында астыртын жұмыс жасап, құпия мағлұматтар жинап жүрген шетел барлау агенттерін әшкерелеу ісі нәтижелі аяқталды. Ол кезде Одақтың немесе Қазақстан көлемінде шетелдік барлау қызметкерлерін әшекерелеу және оларды ұстау өте сирек кездесетін жағдай болатынын айта кету керек. Осы тапсырманы мүлтіксіз атқарғаны және ержүректігі үшін Қозыке Бишімбайұлы ерекше мемлекеттік награда - «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.
Қозыке Бишімбаевтың ерен еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, 14 медаль, КСРО және ҚазССР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің грамоталарымен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, Совет Одағының Құрметті Чекисті атағы берілді.80 жылдық мерейтойы құрметіне Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Көрнекті совет чекисі, офицер, адамгершілігі мол, ерекше шығармашыл тұлға - Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаевтың өнегелі өмірі - баршамызға үлгі. Ол өзінің саналы ғұмырын Отанына қызмет етуге арнады. Жоғары кәсібилік, чекисттерге тән сезімталдығы, патриоттық сезімі, ержүректілігі мен аянбай еткен еңбегі әрқашан оның жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда оның бар болмысы «Чекист ыстық жүректі, салқын қанды, қолы таза болуы тиіс» деген белгілі ұғымға толығымен сай келеді.
## Еңбектері
1963 жылы Қозыке Бишімбайұлы МҚК облыстық басқармасына бөлімше бастығы болып ауысып, 1965 жылдың сәуір айында бөлім бастығы болып тағайындалды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы стратегиялық жағынан маңызды өндірістермен байланысты шетел мамандарын бақылауды қамтамасыз ететін бөлімшені басқарды. Чекистердің кәсібилігі мен жігерлілігінің арқасында ғылыми-техникалық барлау бойынша құнды мағлұматтар алынып, экономикалық диверсия жүргізу мақсатында жүрген шетел фирмаларының сапасыз құрал-жабдықтар әкелуіне тосқауыл қойылды.
1970 жылдың желтоқсан айында Қозыке Бишімбайұлы Қызыл-Орда облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы болып тағайындалып, осы орында 12 жыл қызмет атқарды. Осы жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің арнайы объектілері бойынша төтенше іс-шараларды нығайтуға байланысты нақты жұмыстар жүргізілді. Байқоңырдағы ғарыш аймағы мен ұшу комплекстері құрылған күнінен бастап, қазірге дейін шетел барлау қызметкерлерінің арнайы топтың назарында болып келеді. Облыстық басқармамен Орталық органдардың бірге жұмыс жүргізу нәтижесінде ерекше режимдегі объектілер контрбарлау іс-шараларымен сенімді денгейде қорғалды.
Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен және тікелей басшылығы арқасында шетелдердегі қазақ эмиграциясының орталықтарымен қарым-қатынас орнату іс‑шаралары жүргізіліп, ол қазақтардың тарихи отанына оралуына бастама болды.
Қозыке Бишімбайұлы үлгілі басшы бола білді. КСРО МҚК инспекциясының анықтамаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарды басқарып қана қомай, сонымен қатар, олардың ішіндегі ең маңызды операциялардың жоспарлануы мен жүзеге асуына тікелей қатысып белсене араласқаны туралы мағлұматтар бар. Қол астында істеген қызметтестері оның әріптестерінің жұмыс және тұрмыс жағдайларының жақсаруына көп көңіл бөлгені туралы шын көңілмен еске алады. Айта кететін болсақ, оның бастамасымен және тікелей басшылығымен Қызыл-Орда облысы МҚК басқармасының қазіргі жаңа ғимараты салынды.
Қозыке Бишімбаев облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене араласқан азамат. Ол Қазақстан Компартиясы Облыстық Комитеті бюросының мүшесі және де Облыстық Кеңес депутаты болды, Қоғамдық тәртіпті қорғау және әлеуметтік заңдылықтар бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, Қазақстан компартиясының XIII, XIV және XV съездерінің делегаты болып сайланды.
Құрметті демалыста бола тұра, нәтижелі өмір сүруге деген құлшынысын сақтап келеді. Туған халқының және ата-бабаларының тарихын зерттеп, тарихи очерктер жазумен айналысып жүр. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласады. Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен «Шымыр ата» қоры құрылып, 2002 жылы ол кісінің басшылығымен Ташкент қаласында қазақ халқының көрнекті қайраткері Шымыр атаның мавзолейі тұрғызылды.
Қозыке Бишімбайұлы - жан-жақты шығармашыл, өнерге бейім адам болғандықтан, әдебиет пен музыкада да бір қырынан көріне білді. ЧК органдарының 50, 60 жылдықтарына арнап шығарылған Республикалық Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Чекисты Казахстана» және «Мы из ЧК» кітабында жарық көрген «Вояж Пападопулоса» атты очерк сол кісінің қаламымен жазылған.
Ол – бірнеше кітаптың авторы. 1998 жылы көпшілікке танымал «Өмір сазы - өз елім» атты әндер жинағы жарық көріп, 2001 жылы ол қайта өңделіп шықты. Бұл жинаққа енген әндердің сөзі де, және көпшілігінің әні де мерейтой иесінің еншісінде екенін айтпай кетуге болмайды.
2001 жылы Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап «Ардақты елім – асқар белім» атты жыр жинағын құрастырып дайындады. Оның «Пойманы с поличным» деректі повесі 2001 жылы жазылып, 2003 жылы «Өмір өлең өзегім» атты өлең жинақтары жарық көрді.2004 жылы жазылған «Ордабасы сарыны» атты күйі оркестрге лайықтап өңделді. Бұл күй үш бөлімнен тұрады: «Халық зары», «Аттан» «Шайқас». Бұл шығарма қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресуіне арналды.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/
## Еңбекжолы
1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының (қазіргі Ордабасы ауданы) Бөржар ауылында дүниеге келген. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
1933-1941 жылдары ол Первомаевка селосында, Шымкент және Сайрам қалаларында тұрып, жеті жылдық мектепті бітірген. 1941-1944 жылдары Георгиевка ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Георгиевка селосында Ворошилов атындағы қазақ орта мектеп-интернатында оқыған.
Қозыке Бишімбайұлы өзінің еңбек жолын өте ерте бастады. Қатал соғыс жылдары 9-шы-10-шы сынып оқушысы бола жүріп, ол «Сталин жолы» аудандық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Осы кезде ол өз жерлестерінің енбектегі жетістіктері мен майдандағы ерліктері туралы алғашқы очерктерін, лирикалық өлеңдерін жариялай бастады.
Соғыс жылдары кезінде Қазақстанның оңтүстігі Совет Одағы қорғанысын нығайтуда үлкен маңызға ие болды. Елде осы аймақтағы мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын, жергілікті ерекшеліктер мен ұлттық дәстүрді білетін жас мамандарға қажеттілік туды. 1944 жылдың тамыз айында орта мектепті үздік бітірген Қозыке Бишімбаев Совет Армиясы қатарына шақырылды. Сол жерден мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери қызметке алынып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің мектебінде бір жыл дәріс алды.
1945 жылдың қарашасында Қозыке Бишімбайұлы МҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық басқармасының аппаратына жұмысқа жіберіліп, төтенше өкіл және аға төтенше өкіл болып жұмыс істеді. Ал, 1949-1950 жылдар арасынында ол МҚКБ аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
Қозыке Бишімбайұлы органда істеген алғашқы жылдарынан бастап-ақ барлау жұмыстарында адамдардың менталитеті мен психологиясын меңгергендігін орынды қолдана білетін және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыра алатын, тапқыр да білгір чекист ретінде көріне білді. Бұл қасиеттері оған 5-6 жылдың арасында он мемлекеттік мәні бар маңызды қылмыстарды әшкерелеуге көмектесті.
1953 жылдың ақпан айында Қозыке Бишімбайұлы МҚКБ Екінші бөліміне бастық болып тағайындалды. Бұл қызметті атқара жүріп, заңсыз консульдықпен және заңсыз валюталық істермен айналысып жүрген адамдарды әшкерелеу, жауапкершілікке тарту жұмыстарын басқарды. Осы уақытта ол Шымкент педагогикалық институының тарих факультетінің сыртқы бөліміне түсіп, оны үздік бітіріп шықты.
## Марапаттамалары
1961 жылы ақпан айының басында Қозыке Бишімбайұлы Кентау қаласы және Түркістан ауданы бойынша МҚКБ аппаратының өкілі болып тағайындалды. Сол кезде ол кісінің басшылығымен, КСРО орталық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, елде саяси жағдайды ушықтыру мақсатында астыртын жұмыс жасап, құпия мағлұматтар жинап жүрген шетел барлау агенттерін әшкерелеу ісі нәтижелі аяқталды. Ол кезде Одақтың немесе Қазақстан көлемінде шетелдік барлау қызметкерлерін әшекерелеу және оларды ұстау өте сирек кездесетін жағдай болатынын айта кету керек. Осы тапсырманы мүлтіксіз атқарғаны және ержүректігі үшін Қозыке Бишімбайұлы ерекше мемлекеттік награда - «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.
Қозыке Бишімбаевтың ерен еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, 14 медаль, КСРО және ҚазССР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің грамоталарымен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, Совет Одағының Құрметті Чекисті атағы берілді.80 жылдық мерейтойы құрметіне Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Көрнекті совет чекисі, офицер, адамгершілігі мол, ерекше шығармашыл тұлға - Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаевтың өнегелі өмірі - баршамызға үлгі. Ол өзінің саналы ғұмырын Отанына қызмет етуге арнады. Жоғары кәсібилік, чекисттерге тән сезімталдығы, патриоттық сезімі, ержүректілігі мен аянбай еткен еңбегі әрқашан оның жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда оның бар болмысы «Чекист ыстық жүректі, салқын қанды, қолы таза болуы тиіс» деген белгілі ұғымға толығымен сай келеді.
## Еңбектері
1963 жылы Қозыке Бишімбайұлы МҚК облыстық басқармасына бөлімше бастығы болып ауысып, 1965 жылдың сәуір айында бөлім бастығы болып тағайындалды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы стратегиялық жағынан маңызды өндірістермен байланысты шетел мамандарын бақылауды қамтамасыз ететін бөлімшені басқарды. Чекистердің кәсібилігі мен жігерлілігінің арқасында ғылыми-техникалық барлау бойынша құнды мағлұматтар алынып, экономикалық диверсия жүргізу мақсатында жүрген шетел фирмаларының сапасыз құрал-жабдықтар әкелуіне тосқауыл қойылды.
1970 жылдың желтоқсан айында Қозыке Бишімбайұлы Қызыл-Орда облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы болып тағайындалып, осы орында 12 жыл қызмет атқарды. Осы жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің арнайы объектілері бойынша төтенше іс-шараларды нығайтуға байланысты нақты жұмыстар жүргізілді. Байқоңырдағы ғарыш аймағы мен ұшу комплекстері құрылған күнінен бастап, қазірге дейін шетел барлау қызметкерлерінің арнайы топтың назарында болып келеді. Облыстық басқармамен Орталық органдардың бірге жұмыс жүргізу нәтижесінде ерекше режимдегі объектілер контрбарлау іс-шараларымен сенімді денгейде қорғалды.
Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен және тікелей басшылығы арқасында шетелдердегі қазақ эмиграциясының орталықтарымен қарым-қатынас орнату іс‑шаралары жүргізіліп, ол қазақтардың тарихи отанына оралуына бастама болды.
Қозыке Бишімбайұлы үлгілі басшы бола білді. КСРО МҚК инспекциясының анықтамаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарды басқарып қана қомай, сонымен қатар, олардың ішіндегі ең маңызды операциялардың жоспарлануы мен жүзеге асуына тікелей қатысып белсене араласқаны туралы мағлұматтар бар. Қол астында істеген қызметтестері оның әріптестерінің жұмыс және тұрмыс жағдайларының жақсаруына көп көңіл бөлгені туралы шын көңілмен еске алады. Айта кететін болсақ, оның бастамасымен және тікелей басшылығымен Қызыл-Орда облысы МҚК басқармасының қазіргі жаңа ғимараты салынды.
Қозыке Бишімбаев облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене араласқан азамат. Ол Қазақстан Компартиясы Облыстық Комитеті бюросының мүшесі және де Облыстық Кеңес депутаты болды, Қоғамдық тәртіпті қорғау және әлеуметтік заңдылықтар бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, Қазақстан компартиясының XIII, XIV және XV съездерінің делегаты болып сайланды.
Құрметті демалыста бола тұра, нәтижелі өмір сүруге деген құлшынысын сақтап келеді. Туған халқының және ата-бабаларының тарихын зерттеп, тарихи очерктер жазумен айналысып жүр. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласады. Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен «Шымыр ата» қоры құрылып, 2002 жылы ол кісінің басшылығымен Ташкент қаласында қазақ халқының көрнекті қайраткері Шымыр атаның мавзолейі тұрғызылды.
Қозыке Бишімбайұлы - жан-жақты шығармашыл, өнерге бейім адам болғандықтан, әдебиет пен музыкада да бір қырынан көріне білді. ЧК органдарының 50, 60 жылдықтарына арнап шығарылған Республикалық Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Чекисты Казахстана» және «Мы из ЧК» кітабында жарық көрген «Вояж Пападопулоса» атты очерк сол кісінің қаламымен жазылған.
Ол – бірнеше кітаптың авторы. 1998 жылы көпшілікке танымал «Өмір сазы - өз елім» атты әндер жинағы жарық көріп, 2001 жылы ол қайта өңделіп шықты. Бұл жинаққа енген әндердің сөзі де, және көпшілігінің әні де мерейтой иесінің еншісінде екенін айтпай кетуге болмайды.
2001 жылы Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап «Ардақты елім – асқар белім» атты жыр жинағын құрастырып дайындады. Оның «Пойманы с поличным» деректі повесі 2001 жылы жазылып, 2003 жылы «Өмір өлең өзегім» атты өлең жинақтары жарық көрді.2004 жылы жазылған «Ордабасы сарыны» атты күйі оркестрге лайықтап өңделді. Бұл күй үш бөлімнен тұрады: «Халық зары», «Аттан» «Шайқас». Бұл шығарма қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресуіне арналды.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Өнеркәсіп , оның отаршылдық сипаты -қазақ елі Ресейге отар ел болғандағы өнеркәсіп.
## Өнеркәсіптің пайда болуы
Қазақстанды отарға айналдырып болған соң Ресей оның жер асты байлықтарын тонауға көшті. Пайдалы қазбаларды іздестіру басталды. Орыс капиталистері өз капиталдарын тау-кен өнеркәсібіне жұмсады. Өкімет тарапынан несиеге мұқтаж болғандықтан, кейбірі өнеркәсіпті тоқтатты. Заводтарда жұмысшылар мерзімдік жұмыс істеді, яғни көктем мен жазда, қазақтар рудниктер мен заводтардың жанына көшіп келгенде жұмыс істеді. Темір жолдың жоқтығы өндірілген өнімді шығарып сатуға бөгет болды. Өндіріс техникасы ескі, қарапайым болды. 90 жылдың аяғында орыс капиталының базасы Қазақстанда алғаш тау-кен өнеркәсіп өндірісін құруға әрекеттенді. 1899 ж. Воскресенск тау- кен өнеркәсібінің қоғамы құрылды. Бұл акционерлік қоғам Павлодар мен Балқашқа дейінгі алқаптағы тас көмір, мыс, күміс, қорғасын кендері жатқан үлкен жерлерді жалға алды. 90 жылдары алғашқы Ембі мұнай өнеркәсіп компаниясы пайда болды.XIX ғасырдың аяғында Қазақстан Ресейдегі Орал мен Кавказдан кейінгі негізгі мыс өнеркәсібіне айналды. Ауыл шаруашылық шикізатты өңдейтін заводтар көбейді. Реформалық Ресейде капитализм дамыды. Қазақстанның тау-кен өндірістерін басқаратын тау-кен басқармасы құрылды. Олар финанс министріне бағынды. Алғаш Қарағанды көмірін ашқан 1833 жылы Аппақ Байжанов (1824-1887). Орталық Қазақстан мен Ертіс бойындағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан - Қосым Пішенбаев. Ол Павлодардағы миллионер-көпес А.И.Деровқа жалданып, бай кен орындарын іздеуші, сонымен бірге, маркшейдер болып жұмыс атқарған. К.Пішенбаев Баянауыл өңіріндегі Шөптікөл, Қарасор, Талды көл, Жамантұз, Майкөбен сияқты таскөмір кен орындарын ашқан. ХІХ ғ. 40-жылдары тұрғылықты қазақтардан Ресей кәсіпкерлері халықты алдап, өтірік құжат жасап, орыс кәсіпкерлері пайдалы қазба байлығы мол жерлерді қазақтардан тегін сатып алды. Мысалы, 50 жылдары қазақ байлары саудагер Ушаковқа Қарағанды көмір өңдейтін жерін 255 сомға, Саранскіні – 114, Жезқазған мыс шығатын жерін – 100 сомға сатып жіберді. Бұл - кен орындарын орыс капиталистері талан-таражыға түсіріп, жанталаса өңдеді. Оның негізінде Спасско-Воскресенский және Успенск мыс рудниктері салынды. Сонымен қатар саудагер Поповтың күміс балқытатын заводтары салынды. Бұл өндірістердің өндіру күші аз болды.Тау-кен өндірісі негізінен Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында шоғырландырылды. 80-ші жылдардың басында Қазақстанда көмір мен металл өндіру 50 жылдарға қарағанда бірнеше есе өсті. Бұл - өсім, әсіресе Қарағанды кенінде, Успенскі руднигі мен Спасск мыс қорыту заводында байқалды. Тау-кен өнеркәсібінің ең пайдалы өндірісі алтын. Алтын өндіруден түскен табыс іс жүзінде түгелдей шетке кетіп жатты.Ол Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Реседен де тысқары, негізінен Еуропаға жөнелтілді. Олар аз уақыт ішінде көп пайда табуға ұмтылды. Бай кен орындары тез бітіп, босқа қалып жатты. Дегенмен, көптеген тау-кен өнеркәсібіндегі ең пайдалы сала алтын өндіру болып табылды. Бұл өндірісте орыс және татар кәсіпкерлері басымдылық танытты. Өскемен уезінде алтын кені қазылатын 50-ге тарта рудник болған еді. Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнеркәсібі де дамыды, ол XIX ғ. аяғында көне тау-кен өнеркәсібін екінші жоспарға итеріп тастады.Ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін көптеген өндірістер қарапайым техникамен жабдықталған ұсақ қолөнер мекемелері болды. Мұндай мекемелердегі жұмысшылар саны небәрі 5-10 адам болды. Кейіннен мекемелер көбейіп, жұмысшылар да көбейді, жалпы өнім де көбейді. Егер 1886 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылық шикізатты өңдейтін 1028 ұсақ өндіріс орындары болса, 1895 ж. олар 2124 болды, соған сәйкес, жұмысшы күші де өсті, яғни 3432-ден 5493-ке жетті. XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда өнеркәсіп орталық Ресейдегі капиталистік өнеркәсіпке қарағанда баяу дамыды. Осы капиталистік қатынастардың ауылға тұтастай еніп, қазақтардың шөп шауып, балық аулап, бақша егумен айналысуына мәжбүрледі. Мал шаруашылық өнімдерін өңдейтін негізгі ошақтар Ақмола мен Семей облыстары болды. Семей облысында 1888 жылы 9 сабын қайнататын, 23 кірпіш, 2 сыра зауыты, 13 былғары, 1 май қорытатын зауыт бар еді. Қазақстандағы ірі өндіріс орындары сырттан келген капитал есебінде құрылды. Тұз, мұнай, алтын өндірісі де жоғары мөлшерде өндірілді. Мысалы, Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон, Елек кәсіпшіліктерінде және Қазақстанның Солтүстік Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Олар өздері тұтынумен қатар, Қазақстаннан тыс жерлерге сату үшін де өндірді. Мысалы, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінде ғана 4 миллион пұтқа таяу тұз өндірілді. Онда 10.000 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз Батыс және Шығыс Сібірге және Об өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп тұрды. Мұнай өндіру де шетелдік кәсіпкерлер яғни ағылшындардың қолында болды. 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде Жем өзенінің бойында мұнайды көп мөлшерде өндіре бастады.
## Сауда өнеркәсіп буржуазиясының, жұмысшы табының қалыптаса бастауы
Шетелдік компаниялар шектен тыс пайда тапты. Патшаның отаршылдық саясаты Қазақстанды шикізат өндіріп, тауар өткізетін рынокқа айналдырып, өлкедегі өнеркәсіптерді мәңгілік артта қалдырмақ болды. Орыс капиталистері ескі жабдықтарды, арзан жұмыс күшін пайдаланды. Бұл техникалық прогрессті тежеді, өнімді азайтты, жұмысшылардың жағдайын ауырлатты. XX ғасырдың бас кезінде негізінен тау - кен кәсіпорындарын патша өкіметі шетелдік кәсіпкерлер қолына берді. Себебі, кәсіпорындарды игеруге орыс кәсіпкерлерінің білімі мен тәжірибесі жетіспеген болатын. Шетелдік кәсіпкерлер тез арада байып шыға келді. Олар жергілікті арзан шикізатты өздерінде қымбатқа сатып, банкілерден алған қарыздарынан құтылып қана қоймай, қыруар пайданың астында қалды. Ал кен орындары, шахталар аюандықпен талан-таражыға салынып, тонаудың салдарынан біртіндеп істен шыға бастады. Техника жаңартылған жоқ, ал шикізат шетел асып кетіп жатты. 1904 жылы Лондонда «Спасск мыс-кен орындары акционерлік қоғамы құрылды» Осы қоғам орыс көрестерінен мыс кеніштерін сатып алумен айналысты. Осы тұста шетелдіктерге Спасск-Воскресенский және Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты және Саран, Қарағанды көмір кендері сатылып кеткен болатын. Акцияны шетел азаматтары ұстады. Олар: Англияның, АҚШ-тың, Германияның, Францияның, Щвецияның, Испанияның азаматтары еді. Осы жылы 1904 ж. Риддер және Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын австриялық кәсіпкерлер сатып алды. 1906 ж. Лондонда «Атбасар мыс-кен орындары акционерлік қоғамы» құрылды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алды. Сонымен бірге, Байқоңыр аймағындағы темір кен орындары мен әк карьерлерін де иемденді. Отарланған аймақтарда табиғат байлығын пайдалану - темір жол құрылысынан кейін үдей түсті. Орыс фабриканттары XIX ғ. 60-70 жылдары-ақ өкіметпен Ресейді шығыс аймақтармен байланыстыру үшін темір жол салуын талап етті. 1891-1893 жылдары Покровская слобода – Орал темір жол желісі тартылды. Челябі мен Омбы арасында 1894 жылдан бастап темір жол қатынасы жүзеге асты. Сонымен қатар 1901-1905 жылдары Орынбор – Ташкент темір жолы салынды. 1905 жылы жалпы Қазақстан аумағындағы темір жолдың ұзындығы 2000 километрдей болды. Орыс буржуазиясы орта азиялық мақтаны тез және арзан бағамен ішкі губернияға жіберіп, жаңадан қосылған Орта Азия облыстарына орыс өнеркәсібінің өнімін әкелгісі келді.Темір жол сала отырып өкімет әскери-стратегиялық мақсат қойды. Пайдалануға берілген Закаспий темір жолы орыс саудагерлері мен өнеркәсіпкерлеріне бай шикізат көзі мен орыс тауарын өткізудің арзан және жылдам жолы болды. Екінші жарты жылда-ақ қазақ даласына темір жол магистралі тартыла бастады. 1874-1878 жж. (Орынбор-Самара-Орынбор) темір жолы салынды, ал орталық губернияларды Батыс Қазақстанмен байланыстырды, 1891-1893 жж. Покровская-Слобода-Орал жолы салынды, 1897 ж. Урбах-Астрахань жолы салынды. Дегенмен, бұл линиялар Қазақстанның тек біраз ғана бөлігін қамтыды, территориясының солтүстік бөлігін кесіп өтті. Қазақтардың жаппай жерсіз қалуы - жаппай кедейленуге әкелді. Кедейлер күнкөріс көзі негізінен – өндірістердегі жұмыс қана болды. Қазақстанның әр аймақтарында жалдамалы жұмысшылар саны әртүрлі болды. Ұлт жұмысшыларының үлкен отрядтары орталық және шығыс облыстарда орналасты, онда 1855 ж.- 11 000отряд болды. XIX ғасырдың екінші жартысынан қазақ жеріне орыс, украин шаруаларын қоныстандыру жүріп жатқан болса, XX ғасырдың басында, әсіресе, революциядан кейін бұл саясат күшейе түсті.
## Аграрлық даму ерекшеліктері
Қазақтардың «артық» жерлерін алу деген желеумен патша үкіметі, шын мәнінде, қазақ руларының ғасырлар бойы көшіп-қонған жерлерін басып алуды әдетке айналдырды. 1853 және 1905 жылдары көшпенді қазақтардан 4 млн десятина жер тартылып алынса, 1906-1907 жылдар арасында 17 млн десятина жер тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға бөлініп берілді. Күштілердің әлсіздерден жерді тартып алуы қауымдар деңгейінде де жүріп жатты. Қазақстандағы жер қатынасын қиындатқан елеулі есептердің бәрі жердің бір бөлігінің казак әскеріне тиесілі болуы еді. 1917 жылға қарай Орынбор әскерінде - 7,4 млн десятина, Жетісу әскерінде - 681,5 мың десятина, Орал әскерінде - 6,4 млн десятина жер болған. Патша үкіметі Ресейдің орталығындағы аграрлық мәселенің шиленісуін өзінен шет аймақтарды, соның ішінде Қазақстанды отарлау жолымен яғни, шаруаларды осында қоныстандыру жолымен шешпек болды.Ең құнарлы жерлер тартып алынды. Столыпиннің 1910 ж. қабылдатқан аграрлық саясатының бірі - шаруаларды шет аймақтарға, атап айтқанда, Қазақстанға жаппай көшіру болды. Екінші жағынан, Қазақстанға қоныс аударған шаруалар арасынан өзіне тірек болатын кулак топтарын топтастырды. Әскерге арналған, қазыналық қажеттерге, қалалар мен темір жолдың орналасуына арнап тартып алынған жерлерді қоса есептегенде қоныстандыру қорына тартып алынған жердің жалпы көлемі 45 млн десятинадан астам болды.Орыс, украин шаруаларының көптеп келуі халықтың құрамының өзгеруіне де әкелді. 1906 жылдан 1915 жылға дейін дала өлкесінен қоныс аудару аудандарына 91 0587 адам келді. Олардың 47 % - Ақмолаға, 38% - Торғай, Орал, 15%-ы Семей қоныс аудару аудандарына жіберілді. Қоныстану деңгейі 1907 жылы 8 0360 адам болса, 1914 жылы 5 3360 жылға дейін төмендеген. Әр жылдары ауытқып отырған және қоныс аударушы санының қысқаруы реформаның сәтсіз қортындысын көрсетеді. Қоныс аударушылардың едәуірі кері кайтып отырған.1910-1911 жылдары Ресейде экономика өрлей бастады. Жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуіл қозғалысы жандана бастады. 1910-1911 жылдары жұмысшылардың экономикалық сипаттағы жекелеген бой көтерулері ғана болды. Түркістан мен Перовск станицияларының темір жол шеберханаларының жұмысшылары және Атбасар мыс рудалары ’’акционерлік’’ қоғамының кеніштері жұмысшыларының бой көтерулері болды. 1912 жылдың сәуіріндегі «Лена» алтын кеніштерінде патша әскерлерінің қырғыны Ресейдегі, соның ішіндегі Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының дамуына тың тыныс берді. Қазақстанда сәуір айының аяғында-ақ революциялық қозғалыстар басталды. Орынбор-Ташкент темір жол жұмысшылары белсенділік көрсетті. АСОЖП Орынбор қалалық комитеті 1 мамырды мерекелеуге шақырып, 8 сағаттық жұмыс күнін т.б. талаптар қойылған прокламациялар таратты. 1 мамырда басты шеберханалар жұмысшыларының қысқа уақытқа созылған ереуілдері болды. 1912 жылдың шілдесінде Жем мұнай кәсіпшілігінің жұмысшылары, 1913 ж. маусымында Орынбор-Орск темір жолының құрылысшы-жұмысшылары, Доссор мұнайшылары бас көтеріп әкімшілікке қарсы шықты. Қыркүйекте «Атбасар мыс рудалары» қоғамының Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір кен орындарындағы жұмысшылардың толқулары болып өтті. Олар экономикалық жағдайды жақсартуды, әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етті.
## Тағы қараңыз
## Дереккөздер |
Дәрібаев Жолтай Рақымбекұлы, 1961 жылдың 01 қарашасында Қарағанды облысы Қарсақбай поселкесінде қызметкер жанұясында дүниеге келген.
## Еңбекжолы
## Еңбектері
1968-1978 жылдары Қарсақбай қазақ орта мектебінде жетік білім алып, үздік бағалармен Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне әкесі мен шешесінің қолдауымен түседі. Жолтай Рақымбекұлы 1-2 курстарда үздік оқығаны үшін, ұлттық мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша 3 курстан бастап Мәскеу қаласындағы И.М.Сеченов атындағы 1-ші Мәскеу мемлекеттік медицина институтына ауыстырылады. Институтты табысты бітіріп, Мәскеу қаласында ординатураға, аспирантураға қалдырылуына қарамастан, өз халқына қызмет етемін деп, 1984 жылы ол Жезқазған қаласы облыстық ауруханасында өзінің дәрігерлік қызметін бастайды. Әкесінің қалауымен жүйке ауруларын емдеуші невропатолог мамандығын таңдап алып, осы күнге дейін өзінің бар білімі мен күшін осы саланы дамытуға жұмсауда.
Облыстық ауруханада қызмет етіп жүріп, тәжірибесін жетілдірумен қатар Жолтай Рақымбекұлы, өзінің білімге, ғылымға деген құштарлығын одан әрі дамыту мақсатымен, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясына өз құжаттарын жібереді. Іріктеу байқауынан сүрінбей өтіп, Жолтай Дәрібаев осы академияның неврология, нейрохирургия және медициналық генетика кафедрасына 1989-1991 жылдары клиникалық ординатураға қабылданады. Ординатураны бітірген соң, өз ізденістерін тоқтатпай, 1993-1996 жылдары осы кафедраға аспирантураға түсіп, кандидаттық (PhD) диссертациясын жазып, Алматы қаласында үздік қорғап шығады. Ғылыми ізденіс жолдарында, неврологияны терең меңгеруде Жолтай Рақымбекұлы көптеген терең білімді ұстаздармен, әріптестермен кездеседі. Олардың қатарында Гүлжан Ахметжанқызы Жанайдарова, Смағұл Қайшыбайұлы Қайшыбаев, Айтхожа Бегалыұлы Бегалиев, Клара Ғалымбекқызы Нәдірова, Сурен Гегамович Зограбян (Арменияда), Фаина Ефимовна Горбачева (Мәскеуде), Шолпан Әділжанқызы Бөлекбаева және басқалар бар.
Өзінің ғылыми жұмысы ретінде Семей ядролық полигонына жақын орналасқан аймақтардың тұрғындары арасында жүйке жүйесі ауруларының тұқым қуалаушылық ауруларының таралуын статистикалық және генетикалық-популяциялық тұрғыда зерттеп, неврология ғылыми саласына өз үлесін қосты.1998 жылы Жоғары Аттестациялық комиссияның шешуімен Жолтай Дәрібаевқа медицина саласындағы доцент деген ғылыми атағы берілді. Өз қызметін осы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында атқара отырып, Жолтай Рақымбекұлы медицинаны, оның ішінде неврология пәнін қазақ тіліне аударуда көптеген қызметтер атқарды. Ол елімізде алғашқы болып неврология пәнінен жалпы неврология және жүйке аурулары деген 2 кітапшаны баспаханадан басып шығарды. Бұл кітапшалар, жаңа оқулықтар даярланғанға дейін еліміздегі барлық медициналық академияларда қолданылып келді. Сонымен қатар Ж. Дәрібаев 120-дан астам ғылыми еңбектер мен студенттер мен дәрігер-курсанттарға арналған методикалық оқу-құралдарының авторы.
Қызмет барысында өз замандастары мен әріптестері арасында беделі артып, кәсіби дәрігер ретінде мыңдаған науқастарға өз көмегін тайсалмай беріп отырды. Беделділігі мен жетістіктерінің арқасында 2001-2006 жылдары Ж. Дәрібаевты «Қазақмыс» корпорациясы өз медициналық орталығына неврология саласын дамыту мақсатымен жұмысқа шақырады. «Самсунг» клиникасының дамуына қосқан үлесі үшін, еліміздің бас қаласы Астанаға қызмет бабымен ауысуы кезінде, осы клиникада, елімізде тұңғыш рет Жолтай Дәрібаев атындағы науқастар емделуші палата ашылды. Осы бөлімшеде әлі күнге дейін, емделуші әр науқас Ж. Дәрібаев атындағы палата деген ескерткіш тақтайшамен танысып, палатаның ашылу тарихына көздерін жеткізуде.
## Қызметтері
2006-2008 жылдары Жолтай Рақымбекұлы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы медицина орталығы ауруханасында невропатолог маманы болып қызмет етеді.
2008 жылы Ж. Дәрібаев Астанадағы Республикалық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері ретінде шақырылып, қазір осы орталықтың медицина директоры қызметін атқаруда. Денсаулықтарында ақаулары бар балалардың оңалып, сауығып кетуіне өз тәжірибесі мен білімін жан-жақты пайдалануда.Жолтай Рақымбекұлының медицина саласындағы негізгі еңбектері: ми қан айналымының бұзылу ауруларына, бас-ми және жұлын жарақатынан кейінгі ақауларды емдеуге, неврология саласында қолданылуға қажетті жаңа дәрі-дәрмектердің пайдаланылуына, тұқым қуалаушы ауруларды түсінуге, балалардың церебралды салдануын емдеуге арналған.
Сонымен қатар Ж. Дәрібаев Астана мемлекеттік университетінде студенттерге неврология пәнін үйретуге өз үлесін қосуда. Болашақта «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының барлық орталықтары Назарбаев Университеті медициналық мектебінің клиникалары болып жарияланғандықтан, Жолтай Рақымбекұлы осы Университеттің студенттеріне сабақ беруге дайын. Сонымен қатар ол 2012 жылы Америка Құрама Штаттарының жариялаған іріктеу байқауынан үздік өтіп, АҚШ университеттеріне барып, өз тәжірибесін одан әрі жетілдіріп келді.
Дәрігер саласында қызмет ете отырып, Жолтай Рақымбекұлы өзінің сүйген жарын да осы медицина саласында тапты. Жұбайы Сауле Өміртайқызы, дәрігер невропатолог, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы медицина орталығы ауруханасында қызмет етеді. Әріптестері мен науқастар алдында беделді, сыйлы және жетік білімді маман. Сауле Өміртайқызымен бірге 3 қыз сүйіп, тәрбиелеуде. Жолтай Рақымбекұлы өзінің медицина саласында жеткен жетістіктеріне Сауле Өміртайқызының да қосқан үлесі зор деп есептейді.
Дәрібаевтар жанұясы тек қана кәсіби жетістіктерге жетуді мақсат тұтпай, соңдарынан ерген бүлдіршіндеріне өнегелі тәрбие беруді, жақсы білім беруді де мақсат етеді және олардың өмірде өз жолдарын дұрыс табуларына өз ақыл-кеңестерін беруде.«Өз халқымның ақ халатты абзал жандары қатарында қызмет ету, жұбайым Саулемен бірге қыздарымды өсіріп, жетілдіруге төгіп жатқан еңбектерім - менің көптеген бақытты шақтарымның бірі деп есептеймін», - дейді Ж. Дәрібаев.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Мирас Болатұлы Асан - 1987 жылы мамыр айының 13 күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты аулында дүниге келген. №21 «Бақты» орта мектебін бітіргеннен кейін академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2010 жылғы ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.
«Соңғы раушан», «Бекзат» жыр жинақтарының авторы. Республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналдың Бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. Бүгінде "Орталық Қазақстан" газетінде тілші болып жұмыс істейді. Үйленген. Бір баласы бар.
## Дереккөздер |
Байсеркина Фарида Дуғалықызы 1964 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген.
## Еңбекжолы
Фарида Дуғалықызы 1981 жылы орта мектепті үздік бітіріп, Семей қаласындағы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түседі. Институтты бітіріп, педиатр-дәрігер мамандығына ие болып, 1987 жылы Талдықорған қаласына еңбек жолын бастауға жолдама алады. Ол интернатураны аяқтағаннан кейін, Алматы облысының Крупская участкелік ауруханасына жіберіледі. Осы учаскелік ауруханада шығармашылық ізденісте еңбек етіп, ешбір қаймықпай, қажырлы қайрат танытып, мол іс-тәжірибе жинақтады. 1991 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру курсында реаниматолог-дәрігер мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтіп, Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында реанимация бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді. 1998-2001 жылға дейін Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының күндізгі аспирантурасын оқып білімін жетілдірді. 2001-2006 жылдар аралығында «Резлов ЛТД» ЖШС – коммерциялық директор болып қызмет атқарды. 2006-2007 жылдары Ақмола медакадемиясында – балалар ауруы кафедрасының ассистенті болып, Рысқұлов атындағы қазақ экономика университеті JICA-мен бірлесе – «Маркетинг стратегиясы және компания дамуы» курсында оқыды.
2007 жылы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» РМК-да қоғамдық-ақпарат бөлімінің бастығы болып, кейін ол «Республикалық балаларды оңалту орталығы» акционерлік қоғам болған кезде, оның стратегиялық жоспарлау директорлығына тағайындалады. Кейініректе Бас директордың орынбасарына дейін көтерілді. 2008 жылы «Денсаулық сақтау басқармасының қазіргі проблемалары» тақырыбында қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау мамандығы бойынша денсаулық сақтау жоғары мектебінен өтті.
2009 жылы Астана медицина университетінде – «Аккредитация элементтерімен медицина қызметі сапасының ішкі аудитін ұйымдастырудың таңдамалы мәселелері» атты тақырыптық жетілдіруден, сол жылы «ҰМХ» АҚ – JCI сапасының халықаралық стандарты бойынша білім беру бағдарламасынан өтті. Мәскеу қаласындағы Бакулев атындағы НЦССХ-та «Денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулықты ұйымдастырудың өзекті мәселелері» бойынша біліктілігін арттырып, «Денсаулық және денсаулық сақтау», Медициналық көмектің сапасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Экономика және қаржыландыру» мамандығының сертификатын алды. Ол 2011 жылдан 2013 жылға дейін «Әкімшілік ісінің докторы» халықаралық бағдарламасының тыңдаушысы болып саналады, 2011 жылы әулие Георг госпиталының базасында Лондон университетінің жанындағы HeaIthcare Management Course – London, 2 апталық оқыту курстарында да оқыды. Нейрореабилитологтардың Женевадағы, Швейцариядағы «Медицинадағы роботталған технология» халықаралық конгресстеріне қатысты. Қазіргі уақытта Басқарма төрайымының орынбасары болып қызмет атқарады.
## Марапаттары
Денсаулықтарында ақаулары бар балаларды оңалтуда да өз тәжірибесін кеңінен пайдаланып келе жатқан үздік маман. 2009 жылы Астана қаласының Есіл ауданы әкімінің мақтау қағазымен, 2011 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталды.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этруск әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (бустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber — тәуелсіз, liber — кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) — аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.
## Қазақша өлшемді латын әліпбиі
Дыбыс құраудың халықаралық қосалқы баламалары gh, ph, sh халықаралық жағдайларға ғана қолданылады.
Толықтыру:
1) Жуандық «`» белгісі «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «q», «x», «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты]. t.b.;
2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] aera [әра] мыңжылдық, «ое» [ө] poena [пөна] жаза және «ue» [ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы: poёta немесе poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қостаңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset т.б.;
3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн.
4) "y" және "z" әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Қазақ тіліндегі «r», «w», «y», «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде [і]-[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстармен [і]-[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: s`yliq, uw, uwis, kyw, jetisw, Jetis`w, swret, tyim, t`yim, kelw, aedeby, qi`ltyma, Atraw, qzil, qarz, traektr, t.b.
5) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia [ыталия], Russia [рұссия], Francia [франшия];
6) Халықаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т.б.
7) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona);
8) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп;9) Латынның «c» таңбасы «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Соған негізделіп, [ш] фонемасын белгілеген жөн. Латын тілінде классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан "g" әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырдағы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн;
10) Ал латындағы «х» таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе қыпшақ тілінің [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн;
11) Латыншадағы «h» таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh;
12) Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам түрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), änci (aenci), ädemi (aedemi), saŋlaq (sanhlaq), taŋ (tanh), Öskemen (Oeskemen), öner (oener), Ĭdĭrĭs (I’diris), sĭmbat (si’mbat), Sĭxanaq (Si`xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) т.б.;
13) Орыс тілінен енген «е» [йе] дыбыс таңбасы латыншада «ye» болып жазылады. М: Sansizbayev, Yelyena, Yevgyeniy, Qazanbayeva, Aytbayev, Tsaryeva, Yekatyeriyna t.b.
"К" әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы "K" немесе KAL – Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған. Сол себепті оны өзіміздің [к] фонемамызға қолданғанымыз жөн.
Классикалық латын тілі кезеңінде "u" және "i" әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі "v", "j" әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда "j" әріпінің орнына "і" әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Ал әлемдік ауқымға келсек, өте мөте ағылшын тілі факторын ескерсек, "j" әрпі тек [ж] фонемасын береді. М: Jonson [жонсон].
Герман тілдеріндегі "w" әрпі ХІ ғасырда енгізілген. Ол герман тілдеріндегі дауыссыз [у] фонемасын белгілеу үшін енгізілген. Сондықтан оны өзіміздегі [у] фонемасын беогілеген жөн.
Дауыссыздар латын тілінде muta (p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.
Әрине, айта кеткім келетіні - латынның тілдік заңдылығына белгілі дәрежеде үйлескенімізбен, оған бүтіндей үйлесуіміз мүмкін емес. Сондықтан дәнін алып қауызын тастауымыз керек сиақты.
Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:
* ph [ф] болып оқылады philosophus [философұс] философия;
* rh [р] болып оқылады rhetor [ретор] ритор;
* th [т] болып оқылады theatrum [театрұм] театр ;
* ch [х] болып оқылады pulcher [пұлхер] әдемі;
* sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;
* qu [құ] болып оқылады aqua [ақұа] су.
Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиентиа] білім. Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингұа] тіл, angulus [ангұлұс] бұрыш, longus [лонгұс] ұзын, unguis [унгүис] тырнақ.
Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылған. Ал оның латын тілінің дамуының соңғы кезеңіндегі өзгерістерін бұл жерде ескермейміз.
Біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ертеден-ақ басталған. Оның бір бұлжытпас айғағы - Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша.
XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармалары латын әліпбиінде жазылған болатын:
1) kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun (көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73)
2) Olturganim oba yer basqanim baqir canaq (Олтұрғаным оба йер басқаным иақыр шанақ. Ол үзеңгі.)
3) (CC, 120/145) Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir. (Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір)
4) (CC, 119/143) aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa (Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа)
5) (CC,120/145) burunsiz buz teser. Ol qoy bogu. (Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ)
Қазақтың өлшемді латын әліпбиін жасауда ең алдымен осы «Кодекс куманикус»-қа көбірек мән берілді:
1) Koekce ulaxim koegende semirir. Ol xowun;
2) Olturxanim oba yer, basqanim baqir canaq;
3) Yazda yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir;
4) Aq kemeninh awzi yoq. Ol yumurtqa;
5) Burunsiz buz teser. Ol qoy boxu.
Мен бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атаған себебім: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды. Өркен Тоқтарұлы.
Barliq adamdar t`wmisinan azat jaene qadr-qasyeti men quqiqtari tenh bolip duenyege keledi. Adamdarxa aqil-parasat, ar-ojdan berilgen, sondiqtan olar br-brimen tuwistiq, bawirmaldiq qarim-qatinas jasawlari tyis.
Ықшам түрінде:
Arĭstanbaydĭŋ muqĭcĭ
– Jaqsĭ keldiŋ, cĭraxĭm, seni körwge qumar bolĭp otĭr edik, – dep öziŋe jastĭq qoya seni maqtay söyleytini de bar.– Keŋes ökimetiniŋ jumĭsĭna qasĭq qanĭm qalxanca dayĭnmĭn! – dep belsendilik körsetetini de bar.
Arĭstanbaydĭŋ Muqĭcĭ deytin belsendi kedeyiŋ men bolamĭn! – dep tösin qaxĭp qoywdan da tayĭnbaydĭ.
– Älgi ökil qayda? Siz bolasĭz ba? – dep maxan töne tüsti.
– Jumĭsĭm: belsendi kedey edim. Osĭ eldegi «Arĭstanbaydĭŋ Muqĭcĭ» deytin men bolamĭn. Batĭraqtar körisinen kolkhozĭmĭzxa orĭn kelgen eken, soxan meni jiber desem, bastĭxĭmĭz jibermeydi. Bastĭxĭmĭz oŋbaxan neme: Äkesiniŋ äkesi Bädel qajĭxa barxan kisi. Özin tüsirtip tastamasam bolmas...Tüsine almay qayta surap edim. Muqĭc cataqqa saldĭ.– Sizdiŋ munĭŋĭz «törecildik», munĭŋĭz «oŋcĭl men solcĭldĭq»! Men izdenetin jerdi bilem, sizdiŋ üstiŋizden de izdene alamĭn, – deydi Muqĭc.
Munĭŋĭz asĭra siltew! – dep calqayaqtaydĭ. Birew qysĭnsĭz jala japsa, isiŋ aq bolsa da betiŋ bir küreŋ tartpaqcĭ xoy.
– Öziŋ nege aytpaysĭŋ? – dep, bĭlayxĭlarĭ oxan tüylikti.
– Muqĭctĭŋ osĭ erkelegeni jeter. Muqĭctĭŋ kümanĭn acw kerek! Munĭŋ kim ekenin bilesiŋder me? – dedi.– Bilemiz xoy, – dep otĭrxandar kürsindi.
Beyimbet Maylĭn “Aristanbaydĭnh muqĭcĭ” cĭxarmasĭnan üzindi.
Құрама түрінде:
Aristanbaydinh muqici
– Jaqsi keldinh, craxim, seni koerwge qumar bolip otr edik, – dep oezinhe jastiq qoya seni maqtay soeyleytini de bar.– Kenhes oekimetininh jumisina qasiq qanim qalxanca dayinmin! – dep belsendilik koersetetini de bar.
Aristanbaydinh Muqici deytin belsendi kedeyinh men bolamin! – dep toesin qaxip qoywdan da tayinbaydi.
– Aelgi oekil qayda? Sz bolasz ba? – dep maxan toene tuesti.
– Jumisim: belsendi kedey edim. Osi eldegi «Aristanbaydinh Muqici» deytin men bolamin. Batraqtar koerisinen koelkhozimzxa orin kelgen eken, soxan meni jiber desem, bastiximz jibermeydi. Bastiximz onhbaxan neme: Aekesininh aekesi Baedel qajixa barxan kisi. Oezin tuesrtip tastamasam bolmas...Tuesine almay qayta surap edim. Muqic cataqqa saldi.– Szdinh muninhz «toerecildik», muninhz «onhcil men solcildiq»! Men izdenetin jerdi bilem, szdinh uestinhzden de izdene alamin, – deydi Muqic.
Muninhz asra siltew! – dep calqayaqtaydi. Brew qysinsz jala japsa, isinh aq bolsa da betinh br kuerenh tartpaqci xoy.
– Oezinh nege aytpaysinh? – dep, bilayxilari oxan tueylikti.
– Muqictinh osi erkelegeni jeter. Muqictinh kuemanin acw kerek! Muninh kim ekenin bilesinhder me? – dedi.– Bilemz xoy, – dep otrxandar kuersindi.
Beyimbet Maylin “Aristanbaydinh muqici” cixarmasinan uezindi.
Кирилше:
Арыстанбайдың мұқышы
– Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік, – деп өзіңе жастық қоя сені мақтай сөйлейтіні де бар.– Кеңес өкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын! – деп белсенділік көрсететіні де бар.
Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын! – деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.
– Әлгі өкіл қайда? Сіз боласыз ба? – деп маған төне түсті.
– Жұмысым: белсенді кедей едім. Осы елдегі «Арыстанбайдың Мұқышы» дейтін мен боламын. Батырақтар көрісінен колхозымызға орын келген екен, соған мені жібер десем, бастығымыз жібермейді. Бастығымыз оңбаған неме: Әкесінің әкесі Бәдел қажыға барған кісі. Өзін түсіртіп тастамасам болмас...Түсіне алмай қайта сұрап едім. Мұқыш шатаққа салды.– Сіздің мұныңыз «төрешілдік», мұныңыз «оңшыл мен солшылдық»! Мен ізденетін жерді білем, сіздің үстіңізден де іздене аламын, – дейді Мұқыш.
Мұныңыз асыра сілтеу! – деп шалқаяқтайды. Біреу қисынсыз жала жапса, ісің ақ болса да бетің бір күрең тартпақшы ғой.
– Өзің неге айтпайсың? – деп, былайғылары оған түйлікті.
– Мұқыштың осы еркелегені жетер. Мұқыштың күманын ашу керек! Мұның кім екенін білесіңдер ме? – деді.– Білеміз ғой, – деп отырғандар күрсінді.
Бейімбет Майлин "Арыстанбайдың мұқышы" шығармасынан үзінді.
## Дереккөздер |
Болат металлургиясы - шойынға қарағанда болат құрамында көміртек аз болғандықтан, шойынды қышқылмен байытып, көміртекті бірте-бірке кеміту жолымен немесе шойын мен болат қоспасынан болат өндіру процессі. Бұл қазіргі металлугиядағы кең тараған тәсілдің бірі болып келеді. Болатты рудадағы темірді байытып, оған қажетті мөлшерде көміртек және басқа қоспалар қосу арқылы да өндіруге болады. Болат өндірудің (тигель процессі, бессемер процессі, томас процессі, мартен процессі) тік ақпалы пештерде және электр пештерінде болат қорыту және т. б. тәсілдері бар. Бұлардыңарасындағы ертенден белгілісі ол - тигель процессі болып санлады. Бірақ соңғы кезде бұл тәсілді электр пештерінде болат қорыту тәсілі ығыстыра бастады.
## Тарихы
-XX ғасырдың 2-жартысында өндірісте конвертер процессі пайда болғаннан кейін, құйма болат өндіру жылдам жами бастады. ХIX ғасырдың 50 жылдары мартен процессі бойынша болат өндіну тәсілі табылды.
-Технологиялық процесстерінің жан-жақты тиімділігі арқасында және өндірілетін металл сапасы жоғары болған нәтижесінде XX ғасырдың орта кезеңінен бастап, мартен процессі болат өндірудің басты тәсіліне айналды. Сол жылдары бүкіл дүние жүзінде өндірлетін болаттың 80%-теп астамы дәл осы тәсіл бойынша қорытылды.
-Электро пештерінде болат қорытуы XIX ғасырдың аяқ кезінде қолданыла бастады.
-XX ғасырдың орта кезінде жүние жүзінде қорытылған болаттың 7%-ы доғалы және индукциялы пештерде өндірілді
## Қазіргі кездегі өндіріс
Дүние жүзінде өндірілетін барлық болаттың 90%-92%-ы құйма түрінде қорытылады. Деформацияланға болат алу үшін, оны алдымен блюмингте немесе слябингте, одан соң прокат сандарында ыстықтай прокаттайд.
## Дереккөздер
Карнаухов М. М., Металлургия стали, ч. 1-3, Л., 1934; Лебедев Б. Г., история черной металлургии в СССР, М., 1967 |
* "Асланның сабақтары" ("Уроки гармонии") Эмир Байғазин;
* "Құрылысшылар" Әділхан Ержанов,
* "Бауыр" Серік Апрымов,
* "Нағима" Жанна Исабаева
* "Кітап" Ербол Жұмағұлов";
* "Өзге ғаламшарлықтардың қатысы жоқ" ("Инопланетяне ни при чем") Фархат Шарипов
* "Джокер" – Талғат Жәнібеков;
* "Тыйым салынған билер" ("Запрещенные танцы") – Ерболат Беделхан;
* "Сен және мен" ("Он и она") – Сәкен Жолдас
* "Бір кем дүние фильмі"
* "Препод"
* "Елесті аулау"
* "Күн сақшылары"
* "Олимп шыңы телехикаясы"
* "Ат жүрісі"
* "Жол"
* "Тракторшының махаббаты"
* "Ер Төстік пен Айдаһар"
* "Жеңіс семсері"
* "Бапкер"
* "Көк тарландары"
* "Бауыржан Момышұлы"
* "Елбасы жолы"
## Дереккөздер |
Ризванова Асия Рашитқызы 1968 жылы 23 наурызда қызмет етушілер отбасында дүниеге келген, ұлты татар.
1985 жылы Көкшетау қаласының №1 орта мектебін үздік тамамдайды, 1985-1991 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина институтының педиатрия бөлімінде оқи жүріп, алдымен тазалықшы, кейін балалар ауруханасының жаңа туған балалар патологиясы бөлімшесінде мейірбике болып жұмыс істейді.
## Еңбекжолы
Өзінің дәрігерлік еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау қаласының облыстық балалар ауруханасында интерна-дәрігер, кейіннен 1994 жылы балалар емханасында педиатр дәрігер болып бастайды. 1999 жылы Казан мемлекеттік медицина академиясында балалар неврологиясы бойынша алғашқы маманданудан, сол жылы Омбы мемлекеттік медицина академиясында ультрадыбыстық диагностика бойынша алғашқы маманданудан өтеді. 1991 жылы Көкшетау қаласының «Болашақ» қалпына келтіру ауруханасында балалар невропатологы болып, бір уақытта балалардың миына ультрадыбыспен диагностика жүргізеді. 2003-2006 жылдары Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында «Ишемиялық гипоксия энцефалопатия салдарының клиника-нейросонографиялық сипаттамасы» тақырыбында диссертациямен айналысқан.
2006 жылы нерв аурулары мамандығы бойынша медицина ғылымдарының ғылыми дәрежесі берілді. 2006 жылдан бері нерв аурулары мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының медицина ғылымдарының докторының ғылыми дәрежесінің ізденушісі. 2006 жылы балалар неврологиясы мамандығы бойынша жоғары санат сертификатын қорғады, «Балаларда мидың ишемиялық гипоксиялық зақымдануын болжау тәсілі» бойынша патент алды. 2007 жылы Мәскеу қаласында Ресей мемлекеттік университет базасында нейро-ортопедиялық патология кезіндегі қалпына келтіру терапиясы бойынша білім алды.
2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының Республикалық балаларды оңалту орталығында 2011 жылға дейін неврология бөлімшесінің меңгерушісі, 2012 жылдан бастап бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде аккредитация элементтерімен медициналық қызмет сапасының ішкі аудитін ұйымдастыру сұрақтары бойынша маманданудан өтті, балалар неврологиясы бойынша біліктілігін арттырды, 15 семинарға және әртүрлі бағыттағы 12 мастер-класқа қатынасты.
Міне осындай еңбектері жақсы бағаланып, Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегінің арқасында және қазіргі таңда орталықтың қоғамдық жұмыстарына белсене араласқаны үшін Медицина қызметкерлері күніне орай ҚР Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің Кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен, ҚР министрінің құрмет грамотасымен, Ұлттық Медициналық Холдингі АҚ жанындағы «Нұр Отан» ХМП филиалының құрмет грамотасымен марапатталған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. тақырыбында диссертациямен айналысқан.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Медетбекова Жанна Әкімбекқызы 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітіреді.
## Еңбекжолы
1988-1989 жылдары Алматы облыстық балалар ауруханасында интернатурадан өтеді. Интернатураны аяқтағаннан кейін Қапшағай қаласында 1989-1995 жылдары неонатолог-дәрігер болып жұмыс істейді.
1995-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының клиникалық ординатурасында оқиды.
1997-2001 жылдары Алматы қаласының облыстық балалар аурханасында балалар психоневрологиясы бөлімшесін басқарады.
2001-2006 жылдары Алматы қаласының №7 ҚКА психоневрология бөлімшесінің балалар невропатологы, оның ішінде 3 жыл психоневрология бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады.
2006-2007 жылдары №7 ҚКА нейрохирургия бөлімшесінде балалар невропатологы болып жұмыс істейді.
2007-2008 жылдары Алматы қаласының №2 БКА функциялық диагностика бөлімшесінің ЭЭГ кабинетінің дәрігері және ерте жастағы неврология бөлімшесінің невролог дәрігері.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жанна Әкімбекқызы Астана қаласының Республикалық балаларды оңалту орталығында невролог дәрігер және «Қадам» бөлімшесінің (3 жастан 5 жасқа дейінгі) меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ғылыми дәрежесі бар - Медицина ғылымдарының кандидаты.
2009 жылы ақпанда Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының балалар неврологиясы кафедрасында «Балалардағы инфантилді спазмының клиника-функциялық және нейрорадиологиялық сипаттамасы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
Республикалық балаларды оңалту орталығында жұмыс істей жүріп өзін жоғары білікті маман, жақсылық тілеуші, балаларға және олардың ата-аналарына қайырымды, кәсіби шеберлігін арттыру үшін жалықпайтынын көрсете білді.
Неврологиялық аурумен науқастанған балаларға көмек көрсете отырып ол өз алдына маңызды мақсаттар қояды:- Реабилиталогияда танып білуді ғылыми-дәлелдеу базаларымен кеңейту;- Организмді қалпына келтіру және сауықтырудың әртүрлі әдістерін әзірлеу, ОНЖ зақымдалған балалардың өмірін жақсарту.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Сейсембеков Толқын Әділжанұлы, 1960 жылы 23-наурызда Талдықорған облысы, Андреевка ауылында өмірге келген. 1967 жылы Андреевка селосының №2 мектебіне барып, 1977 жылы сол мектепті аяқтады. 1977 жылдан 1978 жылға дейін сол мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеп, 1978 жылы Қазақ дене шынықтыру институтына түсті, 1982 жылы осы институтты «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, жолдамамен Андреевка ауылының №2 орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып барды.1983 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1984 жылдың қараша айында әскер қатарынан босатылды.1984 жылдан 1988 жылға дейін Талдықорған қаласындағы №4 Кәсіптік-техникалық училищесінде дене шынықтыру жетекшісі қызметін атқарды. 1988 – 1992 жылдар аралығында «40 лет Октября» колхозының БЖСМ-де бокстан тренер-оқытушы болып жұмыс істеді. Талай шәкірттері облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері болған.1992 – 1998 жылдарда «Үй басқармасында» бас инженер, «Кировский торговый дом фирмы «Женис» ЖШС директорының коммерция жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.1998 жылы Алматы қаласындағы «Балбұлақ» РБОО-на ЕДШ нұсқаушысы болып қабылданып, 2004 жылы ЕДШ нұсқаушысы-әдіскері етіп ауыстырылды. 2004 жылы Англияда ортез жасау мамандығы бойынша оқып келген соң, сол жылдың желтоқсан айында осы орталықта ашылған ортез-протез шеберханасына ортез жасаушы маман болып ауысты, ал 2005 жылы осы шеберхананың меңгерушісі болып тағайындалды. 2007 жылы Англияда ортез жасау мамандығы бойынша білімін одан ары жетілдірді.2007 жылы Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығының» ортез кіші зауытына директор болып қабылданды. Осы уақыт ішінде бірнеше жаңашыл ұсыныс жасап, патенттерге ие болды. Қазіргі уақытта ортездеу және модельдеу зертханасының меңгерушісі.
## Марапаттамалары
Жемісті жұмысы үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет Грамотасымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгілерімен марапатталған. Қазақстан Республикасы дәрігерлер мен провизорлар Ассоциациясының «Алтын дәрігер» төс белгісінің иегері.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
Тойжан Сейдалықызы Жәниева, жоғары санатты логопед, жоғары санатты дефектолог, 1957 жылы 20-қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Талдықорған облысының Бөрлітөбе аудынында 1975 жылы мектеп бітірген соң, Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетіне түсіп, 1980 жылы аяқтады.
## Еңбекжолы
Еңбек жолын Орал қаласындағы жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған облыстық №15 көмекші мектеп-интернатында бастады. Бұл мектепте ол біртіндеп жетекші, тәрбиеші, мұғалім, логопед қызметтерін атқара келе, 1997 – 2007 жылдары директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары болып істеді. Арнайы білім алу сұранысы бар балалармен жұмыс істеу үшін ол Абай атындағы ҚазПИ-дің дефектологиялық факультетіне түсіп, «Олигофренопедагогика және логопедия» мамандығын игерді.
2004 жылы облыстық №15 көмекші мектеп-интернатында ресурстық орталық ашып, онда педагогтарды оқытумен айналысады. 2004-2006 жылдары мектепте ҚР Білім және ғылым министрлігінің көмекші мектепке арналған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша эксперименталдық қызметті басқарып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың кешенді құралдарын жасауға бас-көз болды. Биология пәнінің мұғалімі Г.Б.Айтқалиевамен бірігіп, 6-сыныпқа арналған «Өлі табиғат» оқулығын аударумен және интеллекті бұзылған балалардың 4 сарапты деңгейіне арналған 4 жұмыс дәптерін жасап шығарумен айналысты.
## Марапаттамалары
Жақсы жұмысы үшін Облыстық білім беру басқармасы, облыстық білім жетілдіру институтының Құрмет грамоталарымен марапатталды.2007 жылы Тойжан Сейдалықызы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-на жұмысқа шақырылды. Ол аға түзету педагог қызметін атқарады, мүмкіндігі шектеулі балалармен жасалатын түзету оқу-тәрбие үрдісін қадағалайды, сонымен қатар, қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балалармен жұмыс істейтін балаларды оқытып тәрбиелеуші педагогтарды дайындаумен айналысады. Логопедтермен біріге отырып БЦС сырқатына шалдыққан балаларға жасалатын логопедиялық уқалау әдістерін оңалту үрдісіне енгізумен айналысады, «Логопедиялық уқалау» көрнекі құралы» флип-чарты және «Балалар церебралды салдану сырқатына шалдыққан балаларға логопедилық уқалауды қолдану» әдістемелік құралын дайындап шығарды.
## Қызметтері
2011 жылдан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс логопеді қызметін атқарады.Қоғамда жұмыс істеген жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет Грамотасымен (2008), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кәсіподақ ұйымының «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгісімен марапатталды.Жолдасы Жәниев Ұзақбай Рамазанұлы ҚР Ішкі істер саласында көп жыл еңбек еткен, қазірде Орталықтың шаруашылық қызметін басқарады. Қызы Әсел ҚХР Шанхай қаласында жоғары білім алып жатыр.
## Дереккөздер
1. ↑http://www.velchel.ru/ |
## Сайрамдық көмбе
ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Сайрам (ежелгі Испиджаб) қаласы аумағынан ортағасырлық кезеңге жататын екі көмбеден тұратын таң қаларлық олжаларды ашты. Ортағасырлық кезеңнің тұрғын құрылыстарындағы қазба жұмыстары барысында бірегей заттарды тапты. Саны 2600 дана болатын күміс тиынды құмыраны ескі тандырдың түбіне жасырып қойған. Тиындар шамамен XIII-XVI ғғ. жатады. Мұндай қазына Қазақстан археологиясы тарихындағы алғашқы көлемді күміс тиындар болып табылады, олар Әмір Темірден Қасым ханға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы ақша қатынасын қамтиды.Ортағасырлық кезеңге жататын алтын бұйымдар көмбесі біріншісінің жанынан шықты, ол да Қазақстанның ортағасырлық қала аумағынан табылған алғашқы қазына. Бұрын археологтар осы сияқты заттарды жекелеген түрінде тауып келген болатын. Алтын бұйымдар (білезік, сақина, сырға, ілмектер, тұмар, тоға, ұсақ сом алтында және т.б.) бірегей және үлкен көркемдік құндылыққа ие екендігі сөзсіз.
## Дереккөздер
## Сайрамдық көмбе
ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Сайрам (ежелгі Испиджаб) қаласы аумағынан ортағасырлық кезеңге жататын екі көмбеден тұратын таң қаларлық олжаларды ашты. Ортағасырлық кезеңнің тұрғын құрылыстарындағы қазба жұмыстары барысында бірегей заттарды тапты. Саны 2600 дана болатын күміс тиынды құмыраны ескі тандырдың түбіне жасырып қойған. Тиындар шамамен XIII-XVI ғғ. жатады. Мұндай қазына Қазақстан археологиясы тарихындағы алғашқы көлемді күміс тиындар болып табылады, олар Әмір Темірден Қасым ханға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы ақша қатынасын қамтиды.Ортағасырлық кезеңге жататын алтын бұйымдар көмбесі біріншісінің жанынан шықты, ол да Қазақстанның ортағасырлық қала аумағынан табылған алғашқы қазына. Бұрын археологтар осы сияқты заттарды жекелеген түрінде тауып келген болатын. Алтын бұйымдар (білезік, сақина, сырға, ілмектер, тұмар, тоға, ұсақ сом алтында және т.б.) бірегей және үлкен көркемдік құндылыққа ие екендігі сөзсіз.
## Дереккөздер |
## Ұржар ханшайымы
Қазақстандық археологтар Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданындағы Таскескен–Бақты автожолын қалпына келтіру кезінде оның аймағында қалған обалардың бірінен таң қаларлық олжа тапты. Зерттеу жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты жүргізді.Оба үйіндісі астындағы тас табыттан, яғни 1,7 м тереңдіктегі үлкен мәрмәр тас тақтаның астынан ақсүйек текті жас әйелдің сүйектері табылды. Қабір шұңқырынан қыш және ағаш ыдыстар мен құрбандыққа шалынған малдың – қойдың сүйектері шықты. Адам қаңқасының сүйектерінде көк және жасыл түсті киімнің мата қалдықтары сақталған. Қаңқаның бас жағынан табылған алтын сырға мен құрбандық шалатын тас – сол уақыттағы әйелдерді жерлеудегі міндетті атрибут.
Айтарлықтай құнды заттарға өсімдікті мәнермен және зооморфты өрнектермен бай әшекейленген шошақты (сүйір) алтын бас киімді жатқызуға болады. Бас киімнің оқ тәрізді ұшы алтын сымдардан шиыршықталып әшекейленіп аяқталған. Төменгі жағындағы бұйымды ежелгі зергерлер бетін кедір-бұдырландырған ілмектермен әшекейлеген. Пішіні мен өрнектердің орындалуы бойынша бұйым қазақ әйелдерінің халықтық бас киімі – сәукеле мен бөрікті еске түсіреді. Осы сияқты бас киімді Қазақстан сақтарының салтанатты киімдерінің жарақтарынан кездестіруге болады. Осыған ұқсас олжалар Қазақстанда осы уақытқа жататын атақты Есік обасынан белгілі. Ұржар «ханшайымы» шамамен б.з.д. 4-3 ғасырларға жатады.
## Дереккөздер
## Ұржар ханшайымы
Қазақстандық археологтар Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданындағы Таскескен–Бақты автожолын қалпына келтіру кезінде оның аймағында қалған обалардың бірінен таң қаларлық олжа тапты. Зерттеу жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты жүргізді.Оба үйіндісі астындағы тас табыттан, яғни 1,7 м тереңдіктегі үлкен мәрмәр тас тақтаның астынан ақсүйек текті жас әйелдің сүйектері табылды. Қабір шұңқырынан қыш және ағаш ыдыстар мен құрбандыққа шалынған малдың – қойдың сүйектері шықты. Адам қаңқасының сүйектерінде көк және жасыл түсті киімнің мата қалдықтары сақталған. Қаңқаның бас жағынан табылған алтын сырға мен құрбандық шалатын тас – сол уақыттағы әйелдерді жерлеудегі міндетті атрибут.
Айтарлықтай құнды заттарға өсімдікті мәнермен және зооморфты өрнектермен бай әшекейленген шошақты (сүйір) алтын бас киімді жатқызуға болады. Бас киімнің оқ тәрізді ұшы алтын сымдардан шиыршықталып әшекейленіп аяқталған. Төменгі жағындағы бұйымды ежелгі зергерлер бетін кедір-бұдырландырған ілмектермен әшекейлеген. Пішіні мен өрнектердің орындалуы бойынша бұйым қазақ әйелдерінің халықтық бас киімі – сәукеле мен бөрікті еске түсіреді. Осы сияқты бас киімді Қазақстан сақтарының салтанатты киімдерінің жарақтарынан кездестіруге болады. Осыған ұқсас олжалар Қазақстанда осы уақытқа жататын атақты Есік обасынан белгілі. Ұржар «ханшайымы» шамамен б.з.д. 4-3 ғасырларға жатады.
## Дереккөздер |
## Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.
Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.
Лингвистикалық жағынан алғанда, бұл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III — I мың жылдықтарды қамтиды.
Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бұл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.
## Дереккөздер
## Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.
Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.
Лингвистикалық жағынан алғанда, бұл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III — I мың жылдықтарды қамтиды.
Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бұл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.
## Дереккөздер |
Бүгінгі Қазақстандағы мәдениет төңкерісі өлкенің барлық еңбекші жұртшылығын қуантып ырза қылғандай көп-көп табыстарға ие болып отыр. Өлке мен елдің бұрынғы ешбір тарихында болмаған мәдениет табыстары, жаңа төңкерісшіл жас жұртшылықтың, өнер таппақ болып, қанат қаққан талабы қазір де көркем өнер саласында да, жаңалық үстіне жаңалық туғызып келеді. Халықтардың көсемі Сталин жолдастың Қазақстан еңбекшілерін мәдени тәрбиеге молықтыру жөнінде өзі нұсқаған бағыттары қазіргі күнде Мирзоян жолдас бастаған өлкенің жаңа басшылығының уақытында толығынан жүзеге асып отыр. Сондайлық үлкен тарихи маңызы бар ірі бағыттағы ірі жаңалықтың бірі — қазақтың мемлекеттік музыка театры. Бұл театрдың қазіргі қалпында алдымен айқындалып көрінетін ерекшелігі: ән, күй негізінің тұтасынан халық қорынан шыққандығы. Еңбекші елдің өткен күндегі ауыр халін, сол елдің қиял сезімін әдей терең күйде, айқын түрде сақтап қалған ешкім де жоқ. Тіпті, қазақ елінің көп ғасырлық ой мәдениетінің куәләрі болған, бай эпосы мен фольклоры да сезімінің тереңдігі, өрнегінің шеберлігі жағынан әннен төмен түсіп отырады. Әрбір орташа әншінің қолында жүздеп саналатын; арнап жинаушы болған адамның қолында мыңдап саналатын қазақтың халық әні, рушылдық-бекшілдік ескілігінің шөл ғасырларынан, отар құлдығынан нелер алып өтті? Ол осы әнді туғызып, сонымен жұбанған еңбекші адамның қиялы мен үмітінің өшпес жанар отын жоғалтпай алып өтті. Шынында да, туғанынан бастап өліміне шейін өтетін күйін алсақ, қазақтың өмірінде әннің ілесіп жүрмеген ешбір үлкен кезеңі жоқ деуге болады. Оның өмірінде не ғұрыптан туған ән, не үй іші тұрмысы салтынан туған ән, не болмаса өз өнері арқылы өз жанынан шыққан әндер ылғи егіз болып ілесіп отырады. Ән ғасырлар түкпірінен қайғылы хал баянын бізге жеткізді. Қырық руға бөлініп кескілескен шабыс қияли қиқу күндерін де, өртенген үміт, қаза тапқан жас буын жайын да баян етеді. Біздің күндерге шейін жеткен ән, төңкерісшіл буынға патшалық зорлығымен алысып өлген отар құлдарының ереуілі мен тартысын, қоғамдық мұңын баян етеді. Өзінің терең сезімді әндеріне қазақ әйелі де көп қайғы, көп күйігін бөлеген. Көп қатын алу, қалың мал, әмеңгерлік сияқты қорлық салты мен шариғат әдет дегендер қинаған жас әйел мен ана әйелдің зарларын да әнмен табамыз. Қалың бұқара ішінен шығып, бұрын атағы мәлім болмаса да өз ішіндегі өнермен тебіреніп талай көркем өнер белгілерін тудырған ақын қазақ, ақын әйел мұралары да әнмен жетіп отыр. Еркектен шыққан ақын күйшілермен қатар әйелден шыққан да талай шерменде өнерпаздың аттарын кейінгі ұрпаққа мәңгілікке қалдырып отырған да ән. Солардың заманына ырза болмай күйікпен күңіренген жерлерінің ішінде терең сырлы махаббат лирикасы да, көңіл күйінің лирикасы да яки, табиғат лирикасы да молынан көрінеді. Ереуіл ән мен кекесін ән, лағынат оқу әндері сияқты талай халық жүрегінен шыққан әндер сол өмір үшін алысқан ел қорынан табылады. Қазақта әнмен қатар халық композиторлары шығарған толып жатқан күйлер де бар. Бұл не қоғамдық, не салт бастың мұңын айтқан әңгімелі эпос үлгісіндегі музыка. Күйдің бірталайы қазақ елінің легендасын да баян етеді. Мінеки, музыка театрының өнер табу жолында ізденуіне үлкен қор болып отырған негізгі ірге тас осындай халық мұрасы. Бұл елдің төңкерісшіл жаңа көркем өнер құрамын деген талабының уақытында, алғашқы кезде, осындай ел көңілінде, ел аузында сақталып келген күй мұраларының керекке жаратылмай шетте қалуы мүмкін емес еді. Музыка театры осы екі мұраны дұрыстап баурап алып, мағыналандырып пайдалануды өз ісінің ең басынан 1933 жылдан бастады. Содан бері қарай театр бір ойынынан екінші ойынға ауысқан сайын халық музыкасын барынша кең, терең түрде пайдаланумен келеді. Әнді өрнек салып, ажарлап, жаңа мазмұнмен байытар, көркемдігін асыратын жаңалықтар қоса отырып, сол ескі мұраны Еуропаланған жаңа театрлы мәдениеттің бір үлкен жәрдемшісі етіп алды. Халық мұрасын көркемдеп, мағыналандырып пайдалану өзінен өзі де бір үлкен тарихи-мәдени адым болумен бірге бұл жұмыс, осы іргеден жаңа төңкерісшіл музыка туғызуға, нағыз үлкен қазақ операсын туғызуға да үлкен әзірлік сияқты болып танылуы керек. Бірінен-бірі мазмұнымен жақын боп, ырғақ, сарын жағынан бір бітімдес болған халық әндері бұрын жеке-жеке тіршілік етсе, қазір тұтас мазмұн арқылы біріне-бірі қосылып, туысып алып, музыка театрының сахнасынан бүгінде үлкен, тұтас, бір тұлға, бір бітімді әңгімелі шығарма есепті естіледі. Сондай еппен, шеберлікпен құралған мазмұны, ырғақ толқыны бір бітімді әндер қазір музыка театрында қазақ тыңдаушысына нағыз жаңғырар, жанданған шыны халық туындысы сияқтанып сезіледі. Бізге мұра болып қалған халық әнінің мол байлығы бұл заманға шейін ешбір түрде пайдаланылмағандықтан, қазірде сол қордан үлкен драмалы, терең лирикалы, қоғамдық терең сырлары талай асыл бұйымдарды теріп алуымызға мүмкіндік беріп отыр. Ән, күй жөнінде халық қорына сүйенген музыка театры өзінің алғашқы адымында сюжетдрамалық негізді де, тақырыптың біразын да сондай қазақ көпшілігіне мәлім болған ел эпосы мен елдің тарихи жырынан алды. Театрдың тұңғыш постановкісі музыкалы комедия "Айман — Шолпанның" (осы аттас тарихи жырдың мазмұнына құрылған пьеса) театрдың барлық ісін, барлық бет пішінін көрсетіушіге өте ұғымды, өте жақын ғып көрсетті. Сонымен қатар кешегі күні, ел басынан өткен халдер ішінде асылымсыпардақтымсып өткен батырлық-рушылдық тұрғыларына қарсы арналған музыкалы мысқыл, ашу есебінде сезілді. Театр ойындарының ішінде қазақ көрушісіне өте жақсы көрінетін көрнекті постановканың бірі — "Шұға"1. Ол өткен күндегі қазақ әйелінің қайғылы халін баян етеді. Халық әнінің, әсіресе, көркем, көрнекті боп шыққан бір түрі, қазақ көпшілігіне өте айқын мәлім болған сырлы-шерлі, эпос поэмасы "Қыз Жібекті"2 әндетіп сахнаға қоюда өте айқын көрінді. Ішкі дүние ой-сезімі бай боп біткен айқын әйел образы "Қыз Жібек" еді. Оның бойына біткен өнері, өткен заманның әйелін езген қоғамдық салттағы шарттармен қарысып, алысып көргендігі. Музыка осы жайларды барынша әсерлі етіп, терең трагедияға айналдырып көрсете алды. Бірақ, музыкалы театр жалғыз эпос ауқымында қалмай, сол халық әнінің жәрдемімен өзінің соңғы постановкісінде зор мазмұнды, қоғамдық маңызы үлкен халық драмасын да күйлеп көрсете алды. Бұл түрдегі музыка спектакілі — "Жалбыр"3. Ол тұтасымен 1916 жылы патшаға қарсы алысқан атақты қазақ көтерілісін көрсетуге арналған шығарма. Осы постановканың барлығына кіргізілген халық әндері, тарихи жағынан, мазмұн жағынан алсақ та яки бір сарын, бір ырғақтас бітім жағынан алсақ та, тұтас дауысты музыка болып көрінеді. Онысы әр бір жеке образдарының әнмен шешілетін әңгімелік сүрлеуінен де басынан ақырына шейін өскелеңдеп, айқындалып көрінеді. "Қыз Жібекте" Жібек ариясы әуелде көңілді, үмітті тоннан басталып, бері келе күдік пен қайғыға ауыса барып, ақыры үлкен трагедиямен жадырайтын болса, сол сияқты "Жалбырда" Қадишаның ариясы да, біртіндеп барып өскелеңдей келіп, өзінің правосы үшін алысқан, қаза шеккен елдің үлкен тартысының терең толқынды лейтмотивіне айналады. Театрдың негізгі қалпы, алғашқы кезде театрға алынған әншілердің де жай қалпын өзінше белгіледі. Бұл әншінің көбі бұрынғы халық ішіндегі профессионал әншілер, я ескі халық әнін көп білген актер-әншілер. Бүгінде консерваторияда жаңа әншілердің кадрын әзірлеп жатумен қатар музыка театры өз қолындағы актерінің өнерін арттыруға күнделікті тәрбие жүргізеді. Оларды бүгінгі өздері айтып жүрген әуендерді стилдеп, мәдени әдіспен айтуға баулиды. Бүгінгі музыка театр әншілерінің ішінде халық әнінің осындай боп жаңғырған, стилденген үлгісін айқын ғып айтатын әншілер — еңбегі сіңген артистка Күләш және Қанабек, Құрманбек. Бірақ негізгі ән, музыка бұйымдарын халық қорынан алып отырған музыка театры, тегінде, өзінің жаңа түрдегі театрлы, музыкалы мәдениетін ұдайы қазақтың ұлттық түрлерінің ішінде ғана оқшаулап тұсап отырмақ емес. Сол себепті әлі онша көп түр таппаған, әлі шеберленбеген, халық инструменттерін халық оркестрін ұстап қалған жоқ. Театр алғашқы адымын симфониялы оркестрімен бастады. Халық инструменттерінің оркестрі жаңа үлгіде істелген домбырасы мен үні ұлғайтылған қобызы мен сыбызғыдан құралып, қазақтың мемлекеттік филармониясының көлемінде өз бетімен ұлғайып келеді. Оның да өзінше үлкен тәжірибелері, ізденушілері, табыстары бар. Бірақ бұл сияқты тәжірибе зерттеу ісін музыка театры филормонияға тапсырып, өзі симфония оркестріне көшті де, барлық музыкалы спектакілінің жетекшісі етіп сол оркестрді сайлап алды. Сонымен, музыкалы театрдың бүгінгі оркестрі халық әндерінің көп ырғағын өз бетімен өсіруші, тереңдеуші есебінде қызмет етеді. Және сол оркестр увертюрасы арқылы, жеке әндердің мазмұнын шешу арқылы және көп әнді сахнаны өзінше айқындауы арқылы спектаклдің барлық музыкалы негізін бір тұтас шығарма дәрежесіне жеткізіп, өсіріп отырады. Бұл реттегі ізденушілік, басшылық музыка театрында ұдайы істейтін Еуропаша білімі бар композиторға тапсырылған4 Халық инструментін ұстап қалмауы сияқты театр құр ғана ұлттық түрі бар екен деп, халықтың азын-аулақ би пантомимасын да түгел ұстанып отырмайды. Мұнда би өнері жөнінде театр, балет өнершісіне анадан көп еркіндік береді. Сонымен, бұрын ел ортасында болған би-пантомима мен халық ойындарын және қазақтың әр түрлі еңбек үстіндегі қозғалыстарын Еуропаша ажарлық істеліп, қызықтырып, жанды қылып көрсетуге ерік береді. Қазақ театры нағыз жоғарғы дәрежелі үлкен балет өнері халықтың шала өнер дәрежесіндегі би-пантомимасынан көп алыс, көп жоғары тұрғанын еске алады. Сондықтан жаңағыларды мағыналандырып, мәдениеттендіріп, ажарлау 24 мен келіп, өзінің нағыз Еуропа үлгісіндегі балетін құрап жасап келеді. Ол балет қазақтың өнер салтындағы, мәдени тарихындағы мазмұндардан туған және, әсіресе, қазақтың халық музыкасының ритмінен өнген балет болмақшы. Міне, театр-музыка мәдениетінің бүгінгі сатысында қазақтың халық өнерінің үлкен жиынтық белгісі боп отырған музыка театрының жай-күйі, ізденуі осындай. Музыка театры осындайлық барлық талап, табыстары арқылы енді өз сахнасында нағыз толық үнді операны қоюға жақындап кеп отыр. Ол опера музыка театрына арнап белгілі композитор Асафьев5 жазып жатқан жаңа қазақ операсы "Ақан — Зайра"6 болмақшы. Еңбекші ел мемлекетінің қазіргі күндері бүкіл жер жүзі, бүкіл адам баласының баяғы заманнан бергі ұзақ тарихында ең алғаш рет бір ұлы көктем кезіне жеткен дәуір сияқты сезіледі. Әр минут, әр сағат, әр күніміз бұрынғы шөл ғасырларда тіршілік еткен еңбекші адамның ерні кезеріп, қиял етіп, аңсап өткен қиял, арман-тілектерін үсті-үстіне орындап беріп отыр. Сондай жер шарының тарихында осы ұлы көктем күндерінде ең тұңғыш рет гүл атып шығып жатқан зор туыстардың бірі — осы бүгінгі күнде барлық еңбекші мемлекетін шарт қылып отырған негізгі заңның туысы. Осы соңғы екі-үш күн ішінде бүкіл дүние жүзіндегі еңбекші атаулыны қуанта сергітіп отырған қалпының өзін алғанда да, бұл жаңа заңның қаншалық асыл, ұлы мағыналы заң екенін ұғу қиын емес. Мұны оқып, ұғынып отырған еңбекші жұртшылық осындай дана заңды туғызып беріп отырған партияға өзінің қуанышын, ырзалығын білдіре алмай отыра алмайды. Қазір барлық мемлекетіміздегі неше алуан қауымның жаңа заңды құттықтай қарсы алып жатқан үндері жер жүзіне естіліп отыр. "Заң туса осылай тусын, халық тілегіне қабысқан ереже орнаса осылай орнасын" деп, екінің бірі айтарлық күн болды. Бұрынғы Ресей патшалығының езгісінде келген бұқара, оның ішінде қазақ тарихының ауыр, қараңғы күндерінің ішінде күңіреніп, қабағы қатып келген еңбекші ел ол дәуірлердің лағынат заңын мың да бір дұшпаны деп ұғынып еді. Үйтпеске шарасы да жоқ еді. "Әр ханның тұсында бір сұрқылтай" дегені — әр ханның тұсында да түрі әр түрлі болғанмен, қалпы, қорлығы бір сұмырай, нәрсіз күннің сұмырай заңдары болғанын айтып еді. Ол күндердің заңдары ел мен ел арасын да алыстатып ашып, адам мен адамдай емес, аң мен аң арасының шәргездігін нығайтқандай болушы еді. "Ел-елдің заңы басқа да, иттері қара қасқаның" түбінде де бір елге бір ел дұшпан, жат дегеннің сызы жатушы еді. Бүгінгі біздің заң туыс, табыс, бұрынғы біріңді-біріңе қайрап салған, жарғыластырған жыртқыштық тарихының қара күндерін ұмыт дейді. Осылардың бәрімен қатар адам баласының, азамат басының баға салмағын қастерлеп, биік дәрежеге көтеруде де бұл заңдай кең өріс, үлкен тұрғылы заңды адам тарихы көрген емес. Біздің Қазақстан жұртшылығын алсақ, әсіресе, ерекше қуантатын жайымыз тағы бар. Біз Одақ ішіндегі орны сай үлкен республика болғалы отырмыз. Бұрын езілген, есесіз ел тарихының шынымен қуанышты, бақытты, күн шуақты дәуіріне енді құлаш ұрып, қанат қағып кеп кіретін болдық. Партияға қазақ еңбекшілерінің бүгінгі күнгі қуанышты ырзалығы, әсіресе ерекше. Бұл сияқты ұлы дәуір тудырған ұлы шаралар, ұлы жаңалықтар көп жұртшылықпен қатар әдебиет, көркемөнер жолында істеп жүрген біз сияқты қызметшілерден әсіресе, көп, көрнекті нәтиже шығатын еңбекті талап етеді. Заманымызға, бақытты күнімізге сай шығармалар беру — біздің міндет.
## Дереккөздер
↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 |
Сырнай — қазақтың үрлемелі музыкалық аспаптарына байланысты қолданылатын жалпы атау. Сырнай өзінің жасалған затына қарай, құрылысына байланысты бөлінеді. 19 ғ-дың ортасынан қазақ арасына гармоника тарай бастады. Ел арасында сырнайдың көптеген түрлерінен, гармонь ғана қалғандықтан, оны қағаз сырнай демей сырнай деп кеткен. Қазір ансамбльдер мен оркестрлерде сазсырнай қолданылып жүр.
## Дереккөздер
↑ Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р. Н. Нұрғалиев; Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
«Астана» концерт залы (бұрынғы атауы: Конгресс-холл; одан бұрын Тың игерушілер сарайы деп аталды) — Астанадағы ғимарат.
1963 ж. Целиноград қ-нда Литв. КСР мемл. қала құрылысын жобалау институтының жобасы бойынша салынған. Сарайдың көрермендер залын 2330 орынды партер, амфитеатр мен балкон құрайды. Көрермендерге қызмет көрсетуге арналған 150 орынды кафесі бар. Фойесі тың мен космосты игеру тақырыбына арналған мозаикалық панномен әшекейленген. Сонымен бірге оны Москваның ботаникалық бағы ұйымдастырған сәндік өсімдіктер көрінісі құлпырта түседі. Сарайдың сахнасы концерт, спектакльдер қоюға ыңғайлы, ені 32 м, биікт. 18 м, жүк көтеретін қондырғымен жабдықталған. Сахна сыртында артистерге арналған арнаулы бөлмелер орналасқан.
1982 жылы ғимарат Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілді.
## Дереккөздер
↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Қазақ диаспорасының пайда болуы, және қалыптасуы негізінен екі жолмен түзілгендігі белгілі: оның біріншісі мемлекеттік шекараларды белгілеген кезде өзінің байырғы ата-жұртында тұрса да негізгі этнткалық ортасынан бөлініп қалған қазақтар болса, екіншісі тарихи жағдайларға байланысты көшіп барып орналасып қалғандар. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөліктерін, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүрлеген.
## Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуы себептері
Қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда әртүрлі оқиғаларға байланысты, оның аман қалған санының жан-жақты шоғыры мен шашырағаны жайлы айтпай кете алмаймыз. Қазіргі диаспорамыздың қиын да қилы мәселелерін тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүддеміз, халықтық бірлігіміз, тұрғысынан ғана қажет болып отырған жоқ. Ол – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқығын қорғау, ұлттық қауіпсіздік сияқты өте қажет зерттеушілік әрекет. Алдымен қазақтың шашыраңқы диаспорасы қанша, олар қайда және қалай барған, болмаса онда қалай қалған деген сауалдарға жауап берейік. Қазіргі таңда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатыр. Бұлардың бір бөлігі ирредент, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредент деп өздерінің ежелгі ата-мекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамыңда болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге қоныс аударуға мәжбүрлеп, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Қазақ диаспорасын біріктіріп тұрған негізгі нәрсе - олардың өздерін қазақ этносына, оның құрамындағы белгілі бір руға тән екендігін мойындауы, этникалық тілі мен салт-дәстүрін жоғалтпауы. Қазақ диаспорасына тән сипат — өзі өмір сүріп жатқан ортасында сандық тұрғыдан азшылық болуына қарамастан өз ерекшеліктерін құндылық ретінде сақтап қалуы. Көшпелілік Қазақстанның жергілікті халқының елден көп мөлшерде ауа көшуі 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кеткен,1920—1921 жылдары, әсіресе, 1931—1933 жылдарда байқалды. Отырықшыландыру негізіндегі ұжымдастыру саясатындағы асыра сілтеу қазақ халқын қасіретке ұшыратты. Жергілікті халықтың орны толмайтын шығыны - 2 млн. адам немесе халықтың бастапқы санының 49%-ы болды. Аштықтан аман қалған халықтың жартысы (шамамен 1030 мың адам) республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Кейін оның 414 мыңы Қазақстанға қайтып оралды.
Сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуге икемді ашық жүйе болып табылады. Қазақтар өзінің тектік, рулық бөлінісін қатаң сақтай отырып, дүниені танудың әр алуандық сипатындағы өзге діндер мен өзге мәдениетті кеңінен қабылдай алатын ділі бар халық.
Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.
Көптеген ұлт-азаттық кетерілістері аяусыз басып-жаншып тастағаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.
## Ресейдегі қазақтары
Ресей Федерациясында қазақтар саны айтарлықтай, 800 мыңға (2000—2001 жж.) жуық. Олар тығыз қоныстанған аудандар Қазақстан шекарасының маңына таяу орналасқан. Бұл — Алтай, Новосібір, Омбы, Челябі, Қорған, Орынбор, Саратов, Волгоград, Астрахан облыстары. Ресейдің еуропалық бөлігінде қазақтар саны аз, негізінен, қалаларда тұрады.
Орталық Азиядағы сияқты Ресей қазақтары да ауылдық жерде тұрады. Осы жағдай бұлардың өзге халық арасында туысқандық байланыстары мен этностық тұтастығын сақтап қалу үшін тығыз орналасуға ұмтылуын, сондай-ақ қазақ тұрғындарының урбандалу деңгейінің төмендігін көрсетеді. Қазақтардың ұрпақ сабақтастығын және этностық тамырымен байланысын сақтап келе жатқан салалардың бірі - ұлттық әдет-ғұрпы мен салт-санасы. Әлеуметтік салада аға ұрпаққа құрметпен қараушылық дәстүрі туысқандық байланыстар деңгейінде сақталған. Аға ұрпақ қамқорлығы және тығыз қоныстануының нәтижесінде қазақтар ана тілін сақтап қалған, дегенмен мұнда да жастар өзінің ана тілін нашар біледі. Оған Кеңес өкіметі кезіндегі білім беру жүйесіндегі өзгерістер де әсер етті.
30-жылдардың ортасынан бастап, РКФСР-дегі педагогикалық училищелер қазақ мектептерінің саны аз деген сылтаумен жабылған. 1967 жылы Астрахан қазақ педучилищесі соңғы түлектерін даярлап шығарды. Қазақ мектептерінің жабылуы кеңес идеологтарының КСРО халықтары одағынан бірыңғай кеңес халқын қалыптастыруға ұмтылысына байланысты болған. Мәдениет және бітім беру саласында орыс тілі басты назарға алынды. Қазақ халқының тілі мен мәдени дәстүрлерін сақтауға Ресей қазақтары құрған қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де өз үлестерін қосуда.
Таулы-Алтай қаласында тұратын 62 мың халықтың екі мыңға жуығы қазақтар. Жалпы, Алтай өлкесінде 15 мыңдай қазақ тұрып жатыр. Ал Барнауыл жақта — Алтай өлкесінің Сібір бөлігіндегі қазақтардың саны 7 мыңнан асады.
Дүниежүзілік сахнада тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болуы қазақ халқының ұлттық санасын өсіре түсті. Қазақ диаспорасының өкілдері өз халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек зерттеп білуге көңіл бөле бастады.
## Монғолиядағы қазақтар
Монғолияның батыс бөлігінде тұратын қазақтардың негізгі тобын абақ керейлер құрады. Абақтардың басым көпшілігі бұл елге XIX ғасырдың 60-70-жылдары Қытайдан келген болатын. Оларды бастап келгендер Қожамжар, Самырхан сұлтандар мен Көбеш Айтбайұлы, Жылқышы, Ақтайұлы сияқты ру басылары еді.
Қоныс аударып келудің негізгі себептері Қытайдағы 1850-1864 жылдары тайпиндердің (шаруалардың) және 1862-1878 жылдары дүнгендердің көтеріліс жасауы болды. Көтерілістің негізгі себебі жер тапшылығына байланысты еді. Қытай үкіметі бұл мәселені шешу үшін «жаңа жерлерді игеру» саясатына көшті, Шыңжаңда жер иеленуші дүнгендер мен қытайлар қаптап кетті. Мұның өзі ондағы қазақтарға қиын тиді. Малдарына жайылым қалмаған қазақтар Монғолияға қоныс аударуға мәжбүр болды.
Олар жаңа қонысында да мал шаруашылығымен айналысты. Бірақ жалға алып пайдаланған жайылымдары үшін монғолдарға ақы төлеп тұрды. XX ғасырдың бас кезінде Монғолиядағы қазақтардың жалпы саны 12 мыңға жуықтады. Монғолиядағы белгілі қазақ азаматтары Көбеш батыр (1802-1888 жж.), Жуанган би, Сүгірбай би, Тілеубай молда және басқалар болды.
## Өзбекстандағы қазақтар
Қазақтар Орта Азия мемлекеттерінің аумағында ерте замандардан бері тұрып келген болатын. Олар әсіресе Ташкенттің, Жызақтың және Ходженттің төңірегінде көп қоныстанған еді. 1820 жылы Ресей саяхатшысы әрі зерттеуші Е.Мейсндорф Бұхар хандығындағы қазақтар туралы былай деп жазды: «Біз қырғыздарды (қазақтарды. - авт.) Бұхараның солтүстік-шығысындағы Қаршы, Солтүстігіндегі қарақалпақтармен шектесетін Мианкала маңында көп көрдік».
Қазақтардың бірқатар бөлігі бұл жаққа патша үкіметінің әскерлері Оңтүстік Қазақстанды Ресей империясына қосып алғаннан кейін қоныс аударған болатын. Олар Кеңесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлының және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістерге қатысып, қуғын көрген, жерінен айрылып қалған қазақтар еді.
1897 жылғы халық санағы Жызақ және Ходжент уезінің аумағында ғана 63 мың қазақ тұратынын көрсетті. Қазақтардың көпшілігі мал шаруашылығымен, бірқатары егіншілікпен айналысты. Бұл аумақта олар заң тәртібіне қатаң бағынатындығымен көзге түсті. Сондықтан да оларға сауда керуендеріне Қазақстан аумағында жол көрсетіп, бастап жүру міндеті сеніп тапсырылды.
Қазақтардың көпшілігі мал шаруашылығымен, бірқатары егіншілікпен айналысты. Бұл аумақта олар заң тәртібіне қатаң бағынатындығымен көзге түсті. Сондықтан да оларға сауда керуендеріне Қазақстан аумағында жол көрсетіп, бастап жүру міндеті сеніп тапсырылды. Олар мал және егін шаруашылығымен айналысты.
## Қытайдағы қазақтар
Қытайдағы қазақтар алыс шетелдердегі қазақ диаспорасының арасындағы ең көбі. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы (ҚХР) құрылған кезде онда 420 мыңнан астам қазақтар болса, олардың 418 мыңы Шыңжаң халқының 9%-ын құрайтын. 3 мыңдай қазақтар Шыңжаңмен шекаралас Ганьсу және Синхай провинцияларында өмір сүріп жатты. Ал 1999 жылғы ресми Қытай деректері бойынша, қазақ диаспорасы 1,3 млн адамға жеткен. Қазақтардың басым көпшілігі (82,6%) егін, мал, орман шаруашылығы мен балық аулау кәсіпшіліктерінде еңбек етеді. Шыңжаңда, көп ұлтты аймақ ретінде қазақ, үйғыр, дүнген, т.б. ұлттық мектептері жұмыс істейді. Шыңжаңдағы аз ұлт өкілдерінің балаларын оқыту үшін 1952 жылдан бастап мұнда ұйғыр, қазақ, моңғол тілінде оқулықтар шығарыла бастады. 1970—1980-жылдары ресми Қытай үкіметі аз ұлт өкілдері арасынан жоғары білімді мамандарды көптеп даярлау мүддесін көтермелеуге тырысты. Мысалы, университетке қабылдаған кезде оларға қытайлықтардан төмен балл белгіленді. Бірақ Қытайдағы ауыл қазақтарының білім деңгейінің төмендігі, мектептер мен мүғалім-қазақтардың азшылығы жағдайында жоғары білім қол жетпейтін дәреже болып қала берді. Бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) 1986 жылы ҚХР-да қазақ тілінде 20-дан астам журнал мен 10 газет жарық көріп тұрды. Жергілікті теледидар қазақша бағдарламалар беріп тұрады, радиостанциялар қазақша хабар таратады. Қазақ диаспорасын біріктіріп тұрған негізгі нәрсе олардың өздерін қазақ этносына, оның құрамындағы белгілі бір руға тән екендігін мойындауы, этникалық тілі мен салт-дәстүрін жоғалтпауы. Қазақ диаспорасына тән сипат — өзі өмір сүріп жатқан ортасында сандық тұрғыдан азшылық болуына қарамастан өз ерекшеліктерін құндылық ретінде сақтап қалуы. Көшпелі қоғам сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуге икемді ашық жүйе болып табылады. Қазақтар өзінің тектік, рулық бөлінісін қатаң сақтай отырып, дүниені танудың әр алуандық сипатындағы өзге діндер мен өзге мәдениетті кеңінен қабылдай алатын ділі бар халық.
Сөйтіп, қазақ диаспорасының дүние жүзі елдерінде этностық өмір сүруге талпыныс үдерісі бірнеше ғасырларға созылды.
## Тағы қараңыз
## Дереккөздер
[1](қолжетпейтін сілтеме)Қазақстан тарихы 8 сынып |
## Шақырым
Шақырым - ұзындық өлшемі . Шақырым Орта Азия мен Қазақстанда , сондай-ақ бірқатар Шығыс елдерінде де кең тараған . Қазақта шақырым өлшеміне дауыс жетер жердегі қашықтық алынған . Бұл нақтылы бір мәнге ие болмаған . Басқа халықтар арасында шақырым іспеттес өлшемдер жиі кездеседі . Шақырым Араб еледерінде пайдаланылған фарсах немесе парсанг (шамамен 6км), сондай-ақ Ресейде қолдаған верста(1.0668км ) тектес өлшемдер қатарына жатады . Шақырым қазіргі кезде мың метрді(1км) құрайды.
## Құрық бойы
Құрық бойы - халықтық өлшем . Бұл өлшем құрықтың ұзындығындай ғана жер дегенді , яғни шамамен 4-5 метрді білдіреді .
## Қадам
Қадам - адамның адымымен өлшенетін ұзындық ; құрылыс , суару жұмыстарында , спорт ойындарында , әскери жаттығуларда , т.б. қолданылған ұзындық өлшемі . Көптеген мәліметтерге қарағанда , бір қадам шамамен 60-70 см-ге тең .
## Шідербойы
Шідербойы - жылқының алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы .
## Тұсау бойы
Тұсау бойы - жылқының алдынғы екі аяғының арасы .
## Аршын
Аршын - шамамен 90-100 сантиметрге дейінгі - өлшемі .
## Шақырым
Шақырым - ұзындық өлшемі . Шақырым Орта Азия мен Қазақстанда , сондай-ақ бірқатар Шығыс елдерінде де кең тараған . Қазақта шақырым өлшеміне дауыс жетер жердегі қашықтық алынған . Бұл нақтылы бір мәнге ие болмаған . Басқа халықтар арасында шақырым іспеттес өлшемдер жиі кездеседі . Шақырым Араб еледерінде пайдаланылған фарсах немесе парсанг (шамамен 6км), сондай-ақ Ресейде қолдаған верста(1.0668км ) тектес өлшемдер қатарына жатады . Шақырым қазіргі кезде мың метрді(1км) құрайды.
## Құрық бойы
Құрық бойы - халықтық өлшем . Бұл өлшем құрықтың ұзындығындай ғана жер дегенді , яғни шамамен 4-5 метрді білдіреді .
## Қадам
Қадам - адамның адымымен өлшенетін ұзындық ; құрылыс , суару жұмыстарында , спорт ойындарында , әскери жаттығуларда , т.б. қолданылған ұзындық өлшемі . Көптеген мәліметтерге қарағанда , бір қадам шамамен 60-70 см-ге тең .
## Шідербойы
Шідербойы - жылқының алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы .
## Тұсау бойы
Тұсау бойы - жылқының алдынғы екі аяғының арасы .
## Аршын
Аршын - шамамен 90-100 сантиметрге дейінгі - өлшемі . |
Республиканың 15 жылдық өсуін, табыстарын атағанда көркемөнер саласы да өзінің Октябрьден туып, бүгінгідей көрнекті белге шыққан жайларын айтпай тұра алмайды. Рушылдық, феодалдық, жабайыға жақын бақташылық күйі ескі ғасырдың көп ғасырлық шөліндей боп артта қалды. Ленин партиясы өзінің дана, ұлы жолды ұлт саясаты арқылы кешегі құлдық отарын бүгін 15-ақ жыл ішінде мәдениетті, күшті республикаға айналдырды. Әсіресе, өлкеміздің Мирзоян жолдас бастаған басшылығы мәдениет жұмысына мейлінше көп көңіл бөлді. Қуанышты тойымыздың зор мағынасы әр саладағы табыстарымызды көрмеге салып, бұрын кім едік, енді қандай өріске жетіп отырмыз деген жәйларды салыстырып саралаумен ажарланбақ. Бас-басына атап айтсақ, ең алдымен, бізде биыл 10 жасқа толып отырған мемлекеттік драма театры бар2. Бізде алдыңғы қатардағы ірі мәдениетті елдерде туатын үлкен операға қарай ауысып, өсіп, толып келе жатқан Қазақстан музыка театры бар. Облыс басы сайын бір-бір жап-жақсы облыстық театрлар қалыптасып келе жатыр. Олардың ішінде әсіресе, Шығыс Қазақстанның жолдас Бекұлы Орынбек бастаған драмалық театры мейлінше өсіп, толып қалған, қатардағы көрнекті театрдың бірі боп отыр. Өнер қайраткерлерінің кадрын әзірлеу ісі де — біздегі әсіресе өнімді, көңілді боп келе жатқан қызықты істің бірі. Алматы қаласындағы музыка-драма техникумы қазір табанын нық басқан, ірі білім, шын мамандық дүкені боп нығайып отыр. Бүгінгі драма, музыка театры — барлық облыстық, өндірістік театрларға ертең оқымысты, білімді өнерпаздардың ірі күштерін қосатын үзілмес қоры. Осы сияқты бір үлкен сенімді дүкен — Мәскеу мен Ленинградтың жоғарғы дәрежелі өнерпаздар институттарының жанынан ашылған мастерскойларымыз3, биылғы жылы бұрынғы драма актерін әзірлейтін мастерскойлардан басқа Мәскеу консерваториясының жанынан кейін қазақ операсының әншісі боп шығатын бір топ оқып, өсіп, әзірленіп жатқан дәмелі білімпаз жастардың қатарына Ленинградтың балеттік школында былтырдан оқып, тәрбиеленіп жатқан бір топ жас балаларды да қосу керек. Осы соңғы саналған мастерскойлар мен жеке топтар түбінде бір мезгілдік қана болмай, әрдайым лек-легімен келіп, осы бүгінгі сияқты қалыптарын жоймай, үрдіс істеп тұратын болу керек. Әзірше Одақтық үлкен мамандық мектептерінде оқып жатқан жастардың ішінен артисі де, режиссері, суретшісі де тұтас шығатын болады. Бұлар түбінде бірнеше топ-топ боп оқу бітіріп келгенде бір-бір театрды қолды-қолына ала-ала тұра қалатын әзір коллективтер болады. Соңғы жылдардағы қазақ өнерінің бір ірі жолға басқан жаңалығы — енді Қазақстандағы өнерпаздар жалғыз Қазақстан көлемінде, қазақ тыңдаушысының ортасында ғана қалмай, Одақтық, дүниелік майданға шыға бастады. Бұл — екі жолмен жүріп келеді: біріншіден, қазақ күштері көпке мәлімденіп, үлкен жолға шыға бастаса, екіншіден. біздің көркемөнерлік істерімізге алдыңғы қатар орыс өнерпаздарының қатынасып, ат салысуы күшейіп келеді. Қазір біздің сахна-драмалық істеріміз, ән-күйіміздің көркемделіп өсуі, би өнеріміздің барлығы да жалғыз қазақ күшімен істелмейді. Осы аталған мамандықтардың Одаққа аты шыққан ірі адамдары: ірі композитор, ірі режиссер, ірі биші, суретшісі сияқтының барлығы да бізбен істесіп, Қазақстанның көркемөнер ісіне анықтап жегіліп отыр4. Қазақтың өз әнші, күйшілерінің өнерлері былтырдан бастап пластинкаға түсіп, жақсы ән, жақсы күй дегеннің барлығы, атақты әнші жігіт, әнші әйел артистеріміздің үндері бүкіл Одаққа, бүкіл дүниеге тарайтындай мүмкіншілік алып отыр. Осы сияқты ғасырлар бойы қазақ ортасы, қазақы қазаннан аспай жүрген домбыра, қобыз және ұмытылып бара жатқан сыбызғы ән-күй аспаптары да енді жаңа сапа, жаңа түрге көшіп, тәжірибе ретінде бас құрап, қазақ оркестрі деген жаңа оркестр жасап отыр. Бірақ біздің бұны демеп, сүйеп, көтермелеуіміз — "не шығар екен, қаншалық өріске бара алар екен" деген және "халық аспаптары сол халық қолына ажарланған және сапа тапқан, өскелеңдеген түрде барсын" деген тәжірибе сияқты нәрселер. Болмаса қазақтың ендігі жаңа үлкен көркемөнерінің жалғыз аспаптары осы болсын дегендік емес. Бүгінгі Қазақстан көркемөнерінің жалпы беталысы, тәжірибе, ізденулерінің ішіндегі бір ерекше жақсы, дұрыс бағыты — біз ешбір салада да мынау қазақтікі еді, мынау қазақтікі емес еді. деп, біріне-бірі жабысып, бірінен бойды қашық ұстамаймыз. Ол би-балет өнері болсын, үлкен музыка болсын, қолданатын музыка аспабының жайы болсын, я театрдың сахналық түрлері, ерекшеліктері турасында болсын — бәріне де халық қорын, тарихи мұраларымызды пайдаланып ажарлаумен қатар, әсіресе, алдыңғы қатар өнерлі елдердің интернационалдық мәдениет қорынан мейлінше іркілмей пайдаланамыз. Көсеміміз Лениннің ескі мәдениет мұраларын оқы, біл деген ұранын біз сияқты мәдениет жолында кенжелеп, артта қалған еңбекші ел, әсіресе, айрықша ескеріп, жүзеге молынан асыруға міндетті. Сондықтан қазақ домбыра оркестрі тәжірибе ретінде өз ісін істеп келе жатса, сонымен қатар, алдыңғы қатар үлкен өнерімізді аспаптарға сүйеп көркейтеміз. Бүгінгі мәдениетті көркемөнер орындарымыздың барлығы да осы тәжірибемен түзу өріс алып келеді. Енді осы саналған ірі-ірі өнер белгілерінің алдында тұрған осу проблемаларын да айта кету қажет. Сол ретте алдымен мемлекеттік драма театрын алсақ, бұл әзірше біздегі жалпы еңбекші, төңкерісші жұртшылықты төңкеріс бағытындағы ұлы салт-санаға баулитын үлкен тәрбие орны болуға міндетті. Ол, бір жағы, ірі мәдени салт-саналық шарттарға жарап тұратын үлкен репертуарды, үлкен пьесаларды керек етеді. Екінші, сондай шығармалардың терең суретті ірі тип кейіптерін көңілдегідей ғып, үлгілі ғып жетер өрісіне жеткізе шығаратын үлкен актер күшін тілейді. Драма театры өзінің он жылдық дәуірінде Елубайдай, Қалыбек, Серкедей ірі талантты халық артисі, еңбегі сіңген артистерді шығарып, өсіріп отыр. Осылардың қатарына қосылған жастан өскен Қапан, Камал. Шәкен, Жақтайлар, Сейфолла, Сұлтандар да театрдың бүгінгі сатысына олқы күш емес. Соңғылардың бәрінде де оқысақ, білсек білім тереңдетіп, тез дамысақ деген жолынан талап өте күшті. Бірақ осымен қатар драма театрының актер күшін алғанда қатты ақсататын бір мәселе — әйел күштерінің орасан кемділігі. Бұрыннан белгілі дәрежеде мәдениеттенген әйел ішіндегі бас актриса Мәлике болмаса, немесе бастан өсіп келе жатқан Қатира, Сабира болмаса, әйел күші өте сұйқыл. Жоқтың қасы. Бүкіл республикадағы бірден-бір мемлекеттік театрға жалғыз Мәлике тұлға бола ала ма? Онан соңғы үлкен бір кемшілік, театрдың ең алдыңғы қатар актерлерінен бастап, барлық жаңа күштеріне шейін қарасақ, он жыл жасаған тірліктің ішінде әлі күнге бірде-бір мамандық білім алған адам жоқ. Барлық жас өзінен-өзі шұқынып, әйтеуір тімтініп, ізденіп көрейікші дегені болмаса, сонымен азды-көпті үстірт мағлұмат құрау болмаса, бұл күнге шейін театр ылғи актердің самородок боп тууын дәметіп, бәрінің де туысына зорлап келеді. Бірақ жұрттың бәрі Щепкин, жұрттың бәрі Елубай, Серке, Қалыбек бола бере ала ма? Олардың өзін алсақ та мәдениетті ірі театрдың барлық шартын орындап бере алмайды. Үйткені, ендігі біздің мәдениетті зритель қоятын шарттың көбі кейде бұлардың да қолынан келуі қиын. Шама шарқынан тысқарырақ боп түсетін кездері бар. Олай болса бұл күштердің көбін дұрыстап оқытып өсіруге, барлық ірі театрлардың үлгілерін көрсетіп өсіруге міндеттіміз. Осы қатарлы үлкен-үлкен проблемалары бар көрнекті, қызықты дүкеніміздің бірі — әнкүй театры. Әзірше ол көруші жұртшылыққа ұдайы қызғылықты, ыстық, тәтті-дәмді боп, жарқ-жұрқ етіп жалтылдап, мәз-майрам қып келе жатыр. Ол алғаш ашылған уағында момын ғана атпен студия боп қана қалыптана бастап еді. Алғашқы адымы "Айман — Шолпан" тәуір боп өткен соң ол театр атын алып, батыл қимылдай бастады. Бірақ бұл күнге шейін әлі де ол бір эксперимент — тәжірибе театрының үлгісі екені даусыз. Рас, ол мін емес. Кей уақытта кейбір театрдың тіпті барлық қалпы, мазмұны, түрі де сол эксперименттік негізінен жүріп отыратыны да болады. Мүмкін, тіпті, біздің музыка театрымызға бірнеше жылға шейін, әлде тіпті қазақтың шын мағынадағы операсы туған соң да өз бетінде осындай эксперимент боп жүре беру де қажет болар. Олай болса бұл театр проблемаларын әзіргі сол эксперименттік бетінен белгілеу шарт. Осы жағынан қарасақ, бүгін әзірлеп жатқан "Жалбырды" сөз қылмай қоя тұрып, "АйманШолпаннан" "Қыз Жібекке" шейін жүрген жолын алғанда, қаншалық үлкен жаңғыру, өрлеп-өсу бар, соны көрейік. Бұл екеуінің арасындағы айырмасы — соңғысында ән көбейе түскен, би молайған, бірақ екеуінің де жасалу, қалыптану негізі бар. Бұл театрдың эксперименттік бір ерекшелігі — қазақтың ескі тарихынан қалған ән мұрасын түгел пайдалану ғой. Ол өз бетінде, жекеше алғанда дұрыс негіз болсын. Бірақ, тегінде, осыны ғана арқандаулы қазығындай біліп, қайта-қайта тебіндеп, бар жұрт қала берсе дұрыс бола ма? Эксперименттік іздену, үсті-үстіне түр табу қайда? Қазақ әнінің мол екені рас, оны бүгінгі жұртшылықтың сүйетіні, бағалайтыны рас. Бірақ соған қарап, ән-күй театры әрбір постановкесін ылғи сол ел әндерінің қанатына артып, сол әнге арналған көруші ықыласын өздеріне қорек қып жүре беруге бола ма? Бұл тым оңайлау жол болғанмен де, қаншаға барады? Ал зәуі, қазақ әнінің көп қорының баршасын сол театрдың өзі шиырлап тастаған күн болса, онда қайтеді? Оның да таусылатын күні болмай ма? Жоқ, әлі де ән көп, талайға жетеді дей береміз бе? Ол бірақ ізденуден қорғаншақтап, оңайды, әзір асты жағалай беруіміз болмас па? Ескі әннің жаңаша жазылған операға кіретін орны да бар. Бірақ оған қарап не постановка қойсақ, соның бәрінде де "мынау жердің өлеңдерінде, драмалық күйіне пәленше ән дәл келеді" деп, ылғи ән монтажын жасай беруіміз көп іздену боп шыға ма? Бел ауыртпай ғана ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүре беру болмас па екен? Ескі тарихтан алған "Айман-Шолпан", "Қыз Жібекке" пайдаланған бірқалыпты ескі әндермен көтеріліс, төңкеріс я бүгінгі бір мазмұн, монтаждап алған ән-күйде екінші мазмұн боп отырса жол ма? Осы жайларды ән-күй театры мықтап ескеріп, өзінің эксперименты ылғи қайталақтай беретін бір негіз, бір машыққа құрмай, шамасы келгенше шығармашылдық, ізденгіштік қарекеттерін күшейтуге міндетті. Алғаш бастаған тәжірибелерден енді ілгері қарай бір секіріп түсетін мезгіл болды.
## Дереккөздер
↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 |
Ұрпаққа жарасымды есім беру - ежелден келе жатқан, ізі суымаған жалпы халықтың игі дәстүрi. Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үшін қарт шежіре сияқты ұрпаққа жеткізіп отырады.
Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне қабаттары негізгі де ұйытқы тірек боп табылып, төмендегідей лексика-семантикалық топқа жіктеледі.==* Мал шаруашылығымен байланысты есімдер: Бота, Бұқа, Аққозы., Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т.б.
* Туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба, Туғанбай, Жиенбай т.б.
* Жер-су аттарына қойылған есімдер: Алатау, Еділ, Орал, Алтай т.б.
* Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты: Шара, Табақбай, Айнагүл т.б.
* Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айранбай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т.б.==
Қазақ халқы тарихында феодал ақсүйектер – өздерінің әлеуметтік тегін немесе атақ дәрежесін көрсету мақсатымен бай, бек, би, төре сияқты сөздерді өз есімдеріне қосып, қосақтай айтып отырған еді. Бұл анықтауыш сипаттағы тұлғалар сол замандардан бастап жалпы халық есімдері құрамында да жиі кездесетін.Бірақ біздің советтік дәуірде анықтауыштар әуелі мағыналарынан айырылса, енді біреулері жаңа мағынаға ие болды. Мәселен, мырза қазіргі кезде «қайырымды», «жомарт», «мәрт адам», «бай», «әлді», «қуатты». Бұл күнде ата-аналар балаларына – бай, бек, би, сұлтан, төре сөздері арқылы жасалған есімдерді сирек беріп, балаларға мән-мағынасы айқын да анық, сұлу да көркем есімдер береді:Мәселен, Басат, Азат, Артур, Айбек, Серік, Алма, Дина, Мира, Сәуле тағы басқа.Кейбір есімдердің мән-мағынасы (семантикасы) мен дыбыстық сипаттары арқылы белгілі бір аймақ тұрғындарының тілдік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Сол жергілікті тілдер негізінде қойылған есімдердің алуан түрлі тұлғалары мен тұрмыстың варианттары да ерекшеленіп тұрады. Атап айтқанда, оңтүстік, тұрғындары есімдеріне дауыссыз еріндік және сонар мдыбыстары орнына қатаң дауысты п дыбысы қолданылса, сол пдыбысы орнына сонар м дыбысының қолданылуы есімдер мен фамилиялардың тек басқа буындарында ғана емес, ортасында да кездесіп отырады. Мәселен, Пақтагүл (әдеби тілдегі Мақтагүл орнына), Палым (Балым); Полат (Болат), Палымбет (Болымбет) т.б.Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарында, сондай-ақ Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында әдеби тіліміздегі дауыссыз ұяңш дыбысы орнына тіл алды чдыбысы қолданылады. Мәселен, Ақчал, Чегебай, Чотбай, Чойбек т.б.Тілімізде халықтың осындай ұлттық психологиялық түсінік, ырым, наным-сенім негізінде дүниеге келген есімдер өте көп. Айталық, аты аңызға айналған Қорқыт есімінің шығу тарихы «Қорқыт ата» кітабында: «Қорқыт ата дүниеге келгенде, табиғат алай-дүлей қаһарына мініп, көк аспанды қара бұлт басып, бірнеше күн қараңғылық билеп, елдің зәре құтын қашырған күн болыпты» делінген. Халықты қорқытқан бала деп атын Қорқыт атапты десе, енді бір деректерде Қорқыт түбірі – құт - береке, байлық, ырыс мағынасында қойылған есім делінеді. |
## Өмірі мен шығармашылығы
Байкурт Факир — (лақап аты түр. Fakir Baykurt; шын есімі – Тахир Вели; 30.04.1929 жылы Акчакөй, Бурдур облысында туған; 11.10.1999 жылы Эссенде дүниеден өткен) – атақты түрік жазушысы. Шаруа отбасында дүниеге келген. 1949 жылы Мұғалімдер ауыл институтын, 1955 жылы Анкара қаласында Гази институтын бітірген. 1960 жылы Бастапқы білім беру мектебінде инспектор, 1971 жылы солшыл демократиялық бағыттың көрнекті өкілі ретінде Түркияның Жұмысшы партиясының жетекшісімен бірге тұтқындалып, 1973 жылға дейін қамауда болады. 1946 жылдан бастап ақын ретінде жарық көре бастайды. 1950 жылдардан бастап түрік ауылдарының өмірі жайлы барлық әлеуметтік шиеленіс қарама-қайшылықтардың жаңадан бой көтеруі, прозашы ретінде шынайы шығармалары шығады. «Секпіл» («Çilli», 1955), «Құрсақ ауруы» («Karın ağrısı», 1961), «Қортық Мухаммет» («Cüce Muhammet», 1964) және т.б. әңгімелер жинағы, «Жыландардың өші» («Yılanların öcü», 1959, орыс.ауд. 1964) және «Иразджи тіршілігі» («İrazcanın dirliği», 1961) роман-дилогиясы, «Оныншы ауыл» («Onuncu köy», 1961, орыс.ауд. 1967), «Америкалық орама» («Amerikan sargısı», 1967) және т.б. романдары бар. Сонымен қатар, балалар әңгімелерін де жазған.
## Дереккөздер
* http://feb-web.ru
* http://adebiportal.kz/authors/baykurt-fakir/ Мұрағатталған 2 шілденің 2014 жылы.
## Тағы қараңыз
* Қосымша ақпарат
## Өмірі мен шығармашылығы
Байкурт Факир — (лақап аты түр. Fakir Baykurt; шын есімі – Тахир Вели; 30.04.1929 жылы Акчакөй, Бурдур облысында туған; 11.10.1999 жылы Эссенде дүниеден өткен) – атақты түрік жазушысы. Шаруа отбасында дүниеге келген. 1949 жылы Мұғалімдер ауыл институтын, 1955 жылы Анкара қаласында Гази институтын бітірген. 1960 жылы Бастапқы білім беру мектебінде инспектор, 1971 жылы солшыл демократиялық бағыттың көрнекті өкілі ретінде Түркияның Жұмысшы партиясының жетекшісімен бірге тұтқындалып, 1973 жылға дейін қамауда болады. 1946 жылдан бастап ақын ретінде жарық көре бастайды. 1950 жылдардан бастап түрік ауылдарының өмірі жайлы барлық әлеуметтік шиеленіс қарама-қайшылықтардың жаңадан бой көтеруі, прозашы ретінде шынайы шығармалары шығады. «Секпіл» («Çilli», 1955), «Құрсақ ауруы» («Karın ağrısı», 1961), «Қортық Мухаммет» («Cüce Muhammet», 1964) және т.б. әңгімелер жинағы, «Жыландардың өші» («Yılanların öcü», 1959, орыс.ауд. 1964) және «Иразджи тіршілігі» («İrazcanın dirliği», 1961) роман-дилогиясы, «Оныншы ауыл» («Onuncu köy», 1961, орыс.ауд. 1967), «Америкалық орама» («Amerikan sargısı», 1967) және т.б. романдары бар. Сонымен қатар, балалар әңгімелерін де жазған.
## Дереккөздер
* http://feb-web.ru
* http://adebiportal.kz/authors/baykurt-fakir/ Мұрағатталған 2 шілденің 2014 жылы.
## Тағы қараңыз
* Қосымша ақпарат |
Ферроқорытпашылардың мәдениет үйі - 1941 ж. Ақтөбе қ-да Харьковтың "Горпроект" ин-тының жобасы бойынша салынған ғимарат. Формасы "Н" әрпіне ұқсас, биік, классицизм үлгісінде тастұғырдың үстіне орнатылған. Үш қабатты ғимараттың қабырғалары гранит плиталармен қапталған. Қасбетін әшекейлеу ісінде архит. детальдармен қатар әрқилы сәндік өрнектер жарасымды қолданылған. Ферроқорытпашылардың мәдениет үйінің ішкі ауласы тың шешіммен жобаланған: ішкі ауланың екі бүйірі ғимараттың екі қанаты болып келсе, бет жағы аркалармен көмкерілген. Аркалардың иініне барельфті адам бейнелері ойылып салынған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.