text
stringlengths
3
252k
Қазақ кейде ым, ишара арқылы "сөйлесіп" болған жай, іс-қимылды осы арқылы түсіне береді. Жұдырық түю, саусақ безеу - сесті, танауына қос саусақ тығу - түк бітірмегені, көз қысу - ішкі сезімді, бас шайқау - істің орындалмағанын білдіреді. Халық арасында ым мен ишараның түрлері өте көп. Бұл негізінен сөзді шығындамай-ақ, болған істі баяндаудың немесе жеткізу, түсіндірудің бір жолы. Мұндай тәсіл көптеген халықтарда бар. Ым-ишара қатынасы алғашқы кезде қорқыныш үрейді, қуанып мерейленуді, тоқтатып тиым салуды немесе ұйғарып қолдауды меңзеген жалпылама түрде санаулы ғана ойды білдірсе, кейінгі даму кезеңдерде барған сайын жетілдіріле түскен.
Анабар (сах. -{Анаабыр}-) — Якутияның солтүстік-батысындағы өзен. Ұзындығы 939 км, алабы 100 мың км. Жылдық орта су шығысы 498 m³/сек. Анабар үстүртінің оңтүстік бөлігінен (Орта Сібір таулы үстүрті) басталып, Лаптевтер теңізіне құйылады. Жоғары ағысында аңғары тар, беткейлері тік жарлы болып келеді. Солтүстік Сібір ойпатына шыққаннан кейін едәуір кеңейеді. Сағасында (Крест мүйісі) суы таяз эстуарийге айналады (Анабар кірмесі). Алабында көлдер көп. Қар, жаңбыр су жолдарымен толады. Қыркүйек аяғында қатып, маусымның басында түседі. ## Басты салалары * Кіші Куонамка * Үлкен Куонамка * Уджа * Уэле * Суолама * Харабыл Анабар алабында алмас кені бар. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Жанар Асылбекқызы Дұғалова (1987 жылдың 17 қаңтарында Қазақстанның Қызылорда қаласында туған) — қазақстандық әнші. Türkvizyon 2014 Ән байқауының жеңімпазы. KeshYou тобының бұрынғы орындаушысы. 2014 жылдың тамызынан бастап, жеке дара мансабын бастады. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2015 ж.). ## Өмірбаяны Жанар Асылбекқызы Дұғалова Қызылордада туып, Павлодар қаласында өскен. Бала кезінде отбасымен бірге Алматыға көшті. Диапазоны кең әнші. Бірінші мұғалімі - анасы. Сол үшін Жанар жастайынан әнші болуды армандаған. Алты жасында бірінші рет жетістікке жетті. Әрі қарай республикалық, қалалық байқауларда жеңіске жетті. 2001 жылы "Жас қанат" байқауының жүлдегері болды. Жанар Доғалова музыкалық колледжін бітірген және Мәскеудегі ГИТИС-ті тәмамдаған. 2001 жылы продюсер Баян Есентаевамен кездеседі. Қазір Жанар "Кеш You" тобының мүшесі. Әнші болудан басқа ол актерлік шеберлігі де жетерлік. "Ғашық жүрек-2" киносында түскен. ## Әндері ### КешYou сапында * Асықпа (2013) * Қазақ қыздары (2013) * Туған жер (2013) * Ризамын (2013) * Махаббат (2014) * Қазақтың арулары (2014) ### Жеке * Таңданба (2011) * Сүйемін деші (2012) * Сен емес (2012) * Қарай бер (2013) * Махаббат назы (2013) * Кім үшін (2013) * Бір сұрақ (2013) * Уайымдама (2013) * Ізін көрем (2014) * Сен мені түсінбедің, Қайрат Нұртаспен бірге (2014) * Айта Берсiн (2015) * Әке-бала (2015) * Жаңбырлы түн, Нұрболат Абдуллинмен бірге (2015) * Мұның дұрыс болмады, Нұржан Керменбаевпен бірге (2016) * Ала кетпедің (2017) * Сүйем-Жек көрем (2018) ## Дереккөздер
Мухаммад Анвар ас-Садаат (араб.: محمد أنور السادات‎; 25 желтоқсан 1918—6 қазан 1981) — Мысыр Араб Республикасының президенті (15.10.1970 — 6.10.1981), маршал (мушир; 1973). 25 желтоқсан 1918 жылы Каирдың сотүстік маңайындағы Мит-Абуль-Ком қалашығында көпбалалы шаруа отбасында туған. Әкесі - Мухаммада ас-Садат әскери госпиталда хатшы болған. Медреседе Құран үйреніп, орта мектепті Каирда бітірді. 1938 жылы - Әскери колледжін бітіргеннен кейін Египет әскеріне қызмет етуге кетті. Сол жерде "Исаба" жасырын ұйымына кіріп, оның шараларына белсене қатысты. 1942 жылы әскерден шығарылып, түрмеге отырды. 1944 жылы түрмеден қашып, 1946-48 жылдары қайтадан отырған. 1952 ж. Маусым төңкерісін жасаған "Ерікті офицерлер" құпия ұйымының мүшесі. Төңкерістен кейін елде өкімет билігін қолына алған Революциялық советінің мүшесі. 1957 ж. Египет Ұлттық жиналысының вице-председателі болып сайланады және бұқаралық саяси ұғым - Ұлттық одақтың (кейіннен Араб социалисттік одағы болып қайта құрылған) Бас секретары қызметіне тағайындалды. 1960-64 жылдары БАР Ұлттық жиналысының төрағасы болды. 1964 ж. науырызда елде жаңауақытша конституция қабылданғаннан кейін Ұлттық жиналыстың төрағасы болып қайта сайланды. Садат Анвар 1964-68 және 1969-70 жылдары БАР вице-президенті. 1970 ж. 13 қарашадан (Абдель Насер Гамаль қайтыс болғаннан кейін) Египет президенті. Израильмен соғысқанда СССРды аз көмек көрсеткен деп кінәләп, Садат 1972 жылы Кеңес Одағының әскери кеңесшілерін елден шығарып жіберді. 1976 жылы өз жағынан "Достық туралы шартты" денонсация жасады (бұзды). Сонымен бірге АҚШ-пен жақындасып, қарым қатынасын нығайтып, нәтижесінде Египет - Таяу Шығыстағы америкадық әскери көмегін алатын елдерінің санына кірді. 1978 жылдың қыркүйегінде Кэмп-Дэвидтағы саммитте (Джимми Катрердің төрағалығында) Садат пен Израильдің премьер-министрі Менахем Бегин бейбітшілік келісім шартқа және Синай түбегін Египетке қайта оралу туралы қол қойды. Осы әрекеті үшін Садат пен Менахем Бегин Нобель Бейбітшілік сыйлығын алды. 1981 ж. 6 қазанда әскери парадта Садат міндеде отырған жеріне бомба лақтырылып, снайпер оғынан Анвар ас-Садат қайтыс болады. Садаттың мұрагері - Хосни Мубарак болды. 2011 жылдың 11 ақпанына дейін елді басқарды. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ануар Саадат * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ануар Саадат
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті — Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. Алғашқы оқу жылында институтта 3 бөлім ашылып, әр бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 50 студенттен 150 адам қабылданды.1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Осы жылы оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. Жоғары оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстанның батыс аймағында алғашқы аймақтық университет дәрежесіне ие болды. 2005 жылы оқу орнының білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен және әлемдік білім беру саласындағы талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Оқу орны «Mody International ertification» ұйымының «ИСО 9001-2000» және «Эксперттеу және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстандық филиалының сертификатына ие болды. 2007 жылы Университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау мақсатында болған «Алтын сапа» көрме байқауына қатысып, белсене қатысушы мекеме ретінде Алғыс хатқа ие болды. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде (Болонья) университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды, бұның өзі – университеттің қабілеттілігі мен мол дәстүрінің белгісі. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік университеттер қатарына енді. Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептілді. Болон үдерісі талаптарына сәйкес білім алушылардың қос диплом алуларына, оқу орнын қысқа мерзімде бітіруге салалы университеттердің ішінде алтыншы орынға ие. Түлектерді жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру үшін жыл сайын жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтеді, оған аймақтағы отандық және шетелдік компаниялар, түрлі деңгейдегі банк өкілдері, облыстық білім беру департаментінің жауапты адамдары қатысады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып келеді.2020 жылы маусым айында университет «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. ## Құрылымы Университеттің 6 факультеті бар: * Инновациялық білім беру факультеті * Жаратылыстану ғылымдары факультеті * Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті * Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті * Экономика және құқық факультеті * Көптілді білім беру факультеті Оларда 34 мамандық бойынша 7937 студент оқиды, (4542-сі күндізгі, ал 3395-і сырттай оқу бөлімдерінде). 43 кафедрада 560 оқытушы жұмыс істейді, оның 20-сы ғылым докторы, өздерін-өздері толық қаржыландыру (коммерциялық) топтарында 3222 студент оқиды. Университетте — Ресей, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан т.б. шет елдерден 50-ден астам студент білім алады. КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ә. Тұяқов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Фариза Оңғарсынова, т.б. осы университеттің түлектері. ‎ ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми торабы * Atyrau State University ... * Күнделік порталы * Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 60 ...
Такин- бұқаға ұқсас аң. Ол өте ірі, салмағы 350 кг дейін жетеді. Жүні қалың, түгі жіңішке, өзі өте майлы болғандықтан, денесі суланбайды. Қытай мен Бирма тауларын, Альпі тоғайларындағы шалғындарды мекендейді, қыста орманға түседі. Оның мүйізі төрт жасқа келгенде шығады. Бұл аз зерттелген тұяқтылардың қатарына жатады. ## Дереккөздер
Орталық — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заречный ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 210 адам (111 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 129 адамды (68 ер адам және 61 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жабайы бұқа немеесе Гаур (лат. Bos gaurus) - ірі, күшті бұқа. Bibos тұқымына бантенг пен купрем кіреді. Жүні қысқа болғанмен, тығыз тұрады. Таулы ормандарда, бамбукты джунглилерді, Үндістан, Үндіқытайдың түбектерін және Малакка аралын мекендейді. Шөппен, бамбуктың өркендерімен және бұталарымен қоректенеді. Шомылуды ұнатады. Таңертең және кешке жайылады да, түнде, күндіз ұйықтайды. Гаурлар топтанып жүреді. Үйірдің көсемі өте тәжірбиелі кәрі сиыр болады. Бұзауларды анасы қорғайды. Жауларына маңдайымен емес, бір жанымен шабуыл жасайды, басын төмен салып, аяғын бүгеді де бір мүйізімен соққы береді. ## Сипаттама Дене ұзындығы 3 м дейін. Шоқтығының ұзындығы 2,2 м дейін. Мүйіздері көлемді орақ секілді қайырылған, ұзындығы 83 см. ## Мекендеуі Үндістанда, Непалда, Үнді-Қытай аралшаларда мекендейді. 600-1700 м дейін биіктіктегі таулы ормандарда үйір-үйір болып өмір сүреді. Саны азаюда, ұлттық саябақтарда ғана сақталып алған. ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген. Гаурдың, Жабайы бұқаның үй пішіндесі, гаял. ## Қауіп-қатер Гаурлар жойылып бара жатқан жануарлар болып саналады. Аң аулау және сиыр эпизоотиясын жұқтыру салдарынан гаур популяциясы айтарлықтай қысқарды. Бүгінгі таңда 20 мыңға жуық гаурлар әртүрлі шектеулі аймақтарға шашыраңқы табиғатта өмір сүреді. Әртүрлі елдердегі гаурлар санының дамуы өте әртүрлі: Үндістанда популяциялар 1990 жылдардан бастап біршама өсе алды және бүгінде барлық гаурлардың 90% құрайды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жағдай қиын, барлық популяциялар жойылу қаупінде. ## Дереккөздер
Ланғұр - шағын денелі көрікті маймыл. Құйрығы бойынан ұзын. Епті, қозғалғыш. Төрт аяқтап жүгіреді. 10 метрге дейін секіре алады. Секіргенде алдыңғы аяқтарын созып, құйрығын артқа жібереді де, артқы аяқтарын басынан асыра созылады. Топтанып жүреді. Көсемдері-тәжірбиелі еркегі болады, ол ұйықтайтын, тамақтанатын орындарды таңдайды. Ланғурлар жемістер мен жапырақтарды жейді. Туған балаға қарау анасы мен кәрі ұрғашы маймылдардың мойнында болады. ## Дереккөздер
## Алашаат Алашаат- жабайы дала жылқысы.Алашааттар саванналарда топ-топ болып жайылып жүреді.Бір табанда бір айғыр және бірнеше құлынды бие болады.Айғырлары әр қадам сайын аңдып жататын арыстан,қабылан,қорқау секілді жыртқыштардан үйірін қырағылықпен қорғап жүреді.Алыстан жыртқышты байқаған айғыркөсем осқырынып ескерте тез арада табынын басқа жаққа алып кетеді.Желдей ұшып зымырап бара жатқан алшааттарды дала түсімен ажырату қиын.Олар өзара жылдамсып біртұтастыққа айналады.Алашаатардың қорғанушылық кепілі болады. ## Дереккөздер ## Алашаат Алашаат- жабайы дала жылқысы.Алашааттар саванналарда топ-топ болып жайылып жүреді.Бір табанда бір айғыр және бірнеше құлынды бие болады.Айғырлары әр қадам сайын аңдып жататын арыстан,қабылан,қорқау секілді жыртқыштардан үйірін қырағылықпен қорғап жүреді.Алыстан жыртқышты байқаған айғыркөсем осқырынып ескерте тез арада табынын басқа жаққа алып кетеді.Желдей ұшып зымырап бара жатқан алшааттарды дала түсімен ажырату қиын.Олар өзара жылдамсып біртұтастыққа айналады.Алашаатардың қорғанушылық кепілі болады. ## Дереккөздер
Қиқоңыздар немесе Көңкей (лат. Scarabidae) – тақтамұртты қоңыздардың (лат. Scarabaeidae) тұқымдасы. Бұл тұқымдасқақа бірнеше тұқымдас тармағы енген: Aphodiinae, Gedrupinae, (кравчиктер), Sca­rabaeinae (скарабинелер), Cop­rinae, (копрлар). Ересек қоңыздар мен олардың дернәсілдері көңмен қоректенеді. Кейбірі, мысалға, Орман қиқоңыздары (лат. Geotrupes stercorosus) дернәсілдері шіріген жапырақ қалдықтарында тіршілік етеді. (Aphodius) туыстары өсімдік өсінділерін құртады. ## Қызықты мәлімет Ежелгі египетіктер көңкейді киелі деп санаған,олар бақыт әкеледі деп сенген.Бізге оның әр түрлі бейнелері ғана жеткен. ## Дереккөздер
Жеті жарғы — Тәуке хан (1678–1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдермен, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К. Шүкірәлиевтің (1804), Я. Гавердовскийдің (1806), А. Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә. Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан.«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. Бізге белгілі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді. ## Жеті жарғы 1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды). 2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі). 3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық). 4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық). 5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады). 6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді. 7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін. «Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А. Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі. «Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді. Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді. «Жеті жарғыда» қылмыстық іс - құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімделген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану. Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз. «Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген. ## Дереккөздер
Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді. ІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен соң, орман даласы тайпаларының едәуір тобы өз мәдениетінің ерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетінің элементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді, әрі олардың Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Павлодардың Ертіс өңірінде, Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдің даласындағы угорлар ежелгі мадьярларға жатқан деген негіз бар. "Сібір тарихы" атты 5 томдық еңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірінің орманды алқаптарының оңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. моңғол – татар шапқыншылығы нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған . Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардың қалған бөлігі сырттан келген тайпалармен араласып кетіп, ХV - ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес "татарлар" этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс Сібірде түркі тілдес тайпалардың кейінгі орта ғасырда мекендеді деген жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселенің бір түйінін шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік. Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда кездеседі . Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше), динлин және гэгуньдер болған . Осындағы "кюйше" этнонимін "кыйчак" немесе "кыпшақ" деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған болатын . А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен . Батыс Түрік қағанатының жорығында цзюйше мен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады . Мөденің моңғолиядан солтүстік-батысқа бағытталған жорығы, Дулу ханның Жетісудан солтүстік-шығысқа қарай жорығына мән берсек, екеуінің қиылысқан жерінде қыпшақтар мен Енисей қырғыздары мекендеген жер – Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далалары екенін байқауға болады. Қыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған. Мұны М.П.Грязновтың жүргізген археологиялық қазба материалдары толық дәлелдейді. Ол Жоғары Обьтағы Большая Речка селосында жүргізген жұмыстары бойынша жоғары Обь мәдениетінің генетикалық жағы бір (б.э. ІІ – VІІІ ғғ.) одинцовский, переходный, фоминский деген кезеңдерін көрсетеді . Нақ осы жоғары Обь мәдениетінде алғаш рет б.э. ІІ мың жылдығында шығыс Еуропа далаларында кең тараған ауыздық пен "сұрақ белгісіне" ұқсас ұзын өзекті сырғалар табылған. Әдебиетте бұларды "қыпшақтыкі" деп атаған. Қыпшақ мәдениетінің қалыптасуына көршілес Минусинск котловинасының таштык халқы да әсер еткен болу керек. І ғасырда олардың бір бөлігінің батысқа жылжуы Шөміштегі және жоғары Обь мәдениетінің молаларынан табылған заттар дәлелдейді. ("Скифтік" кішкене қазандар, тарақтар, т.б.) . Обьтың жоғары жағында өлікті өртеу салты болған. Бұл жерге таштык мәдениетінің сарыны қандай жолмен енгенін дөп басып айту қиын, солай бола тұрса да ғалымдар солтүстік жолмен Енисей далалары арқылы Кузнецк Алатауын айнала Обь маңына келген деп топшылайды ІХ ғасырдан бастап Солтүстік Алтай мен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандарында сросткинск мәдениеті қалыптасады. Ол Бийск қаласы жанындағы Сросткинск селосында табылған қазбаға байланысты осылай аталған. Оны М.П.Грязнов тапқан болатын. ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениетіне тән өрнекті стиль осы солтүстік ауданда кең тараған, ал бұл жерде қыпшақтар қоныстанған. Таштык мәдениетімен қыпшақтардың туыстық қатынастары олардың европеоидтығы да көрсетеді, яғни оларды половцы, кұмандар, шары (сары) деп аталуы. Азиядағы европеоидтық нәсілдің бірі солтүстік динлиндер Минусинск котловинасында тұрған, мұнда тагар уақытының европеоидтық халқы мекендегенін палеантропологтардың мәліметтері дәлелдеген. Осындай нәсілдік белгімен қыпшақтар да ерекшеленген. Олар батыс динлин – тагарлықтардың көршілері болған, тіпті шығу тегі бойынша да байланысы болған болу керек . Таштык мәдениетінің дәстүрі ұзақ өмір сүрді. моңғол дәуірінің мәдениетінде кейбір таштық формалары екінші рет көрінді. Оны өзегі майысқан сырғалар және жібі мен белдіктің құрсаулары өрнектердің кейбір түрлері және тұғырығы конусты кубиктің түрі, ал бұл кейінгі тагар мен таштык керамикасын қайталағаны дәлелдейді. Далалы алқаптағы аудандарда, таштык мәдениетінде де ежелден қалыптасқан мұндай дәстүр моңғол дәуірінде бүкіл территорияда үстем болды ]. Қыпшақ этногенезінде таштык компонентінің болуы қыпшақ тайпалары арасында бұл дәстүрдің ұзақ сақталғанын көрсетеді. Селенгі жазбаларында (VІІІ ғ. ортасы) қыпшақтар жөнінде "түрік – қыпшақтар бізді елу жыл бойы биледі", – деп жазылған . Бұл жазба ұйғыр ханы Боян – чордың атына жазылған. Селенгі жазбаларында қыпшақтар ежелгі түріктер деп аталғандықтан, олар VІІІ ғ. бірінші жартысында ұйғырларға үстемдік жасады деген сөз. Ертеде Алтайда тұрған қыпшақтар Алашаньға қоныс аударып, болашақ Екінші қағанаттың "демографиялық негізін" қалады . К.Ш. Шаниязов Екінші қағанаттың саяси өмірінде үлкен роль атқарған қыпшақтардың орхон тобын бөліп қарайды, ал оларға Батыс моңғолия мен Тувада тұрған ұйғырлар бағынған . Селенгі жазбаларын қайта зерттеген С.Г.Кляшторный ондағы "қыпшақ" этнониміне күдікпен қарады . Бұл VІІІ ғ. бірінші жартысында Орталық Азяда қалыптасқан тарихи жағдайға сәйкес келетінін байқауға болады, яғни ұйғырлардың ежелгі түріктерге бағынған уақыты (688–741 жж.) шамамен жүз жыл құрайды, бірақ ешқандай жазба деректерде түріктер қыпшақтармен теңестірілмейді. Сонда Селенгі жазбаларын Кляшторный мен Сұлтановтың пікіріне сай есептемегенде, онда ең алғашқы түркі тіліндегі шығарма "Құтадғу білік" (1069 ж.) шығармасы болып табылады. ІХ – Х ғғ. қыпшақтардың қимақ мемлекетінің құрамына енгені жөнінде жазба деректер көп. "Қыпшақ" этнонимі Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.), авторы белгісіз "Худуд ал – Аламда" (Х ғ.), Гардизи (ХІ ғ.), ал – Идриси (ХІІ ғ.) т.б. мұсылман деректерінде кездеседі. Көптеген авторлар қыпшақтар саяси жағынан қимақтарға бағынған дербес халық деп қарастырады. Бұл кезде қыпшақтар 9 тайпадан тұрған күрделі этникалық қауымдастық еді. "Худуд – ал – алам" бойынша қыпшақтар "қимақтарға қарағанда жабайы. Олардың патшаларын қимақтар тағайындайды". Б.э. І мың жылдығының басында қыпшақтардың мәдениеті Солтүстікке таман қалыптасып, сонда қоныстанды, ІХ ғ. ортасында араб географтары мен саяхатшылары олардың Батыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқанын жазды. Рашид-ад-диннің айтуынша қыпшақтар Оғызханның итбарақтарға қарсы жорығынан кейін пайда болды . С.Ақынжановтың айтуынша, қыпшақтардың этногенезі Батыс Сібірдің орманды далаларында болды. Бұл Обь – Ертіс қос өзенінің орманды даласы деп пайымдаймыз. Солтүстігін "теңіз қоршап", "солтүстіктің адам тұрғысыз кеңістігі" жайлап жатты, ал оңтүстікте қимақтармен шекараласты. Батыс шекара өзгеріп отырды. Б.Е. Көмековтың айтуынша, VІІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. басында "қимақтардың оңтүстікке қозғалуымен қыпшақтардың Ертістен Батысқа жылжуы байқалады" . Бұл кезде қыпшақтар Орал мен Арал маңы далаларына жетіп, ежелгі башқұрт тайпаларының құрамына кіріп, печенегтермен қақтығысады. Сросткинск мәдениетіндегі қимақтар мен қыпшақтар арасындағы шекараны нақты анықтау қиын. Обьтың жоғары жағында сросткинск мәдениеті жоғары обьтық мәдениеті алмастырып, М.П. Грязновтың пайымдауынша таулы Алтайдың көршілес аудандарынан келген, соған ұқсас Қурай, Тұяқты, Шибэнің кіші ескерткіші белгілі [7. 151 б.]. Сроткинск мәдениеті Алтайда емес, көрші жатқан Шығыс Қазақстан территориясында қалыптасқанын VІІ – VІІІ ғасырларға жататын ерте сросткинск кешенін бөліп қарағанда дәлелденеді . М.П.Грязнов атап кеткен сросткинск пен таулы Алтай ескерткіштерінің жақындығы белгілі, екеуін де қалыптастыруға телес тайпалары мен Шығыс Қазақстандағы яньмо тайпалары араласқан. Қимақ мемлекетінің құрылуымен сросткинск мәдениеті қимақ – қыпшақ территориясына кең тараған. Осы жерлердегі жергілікті мәдениетті, мысалы, Алтайдағы Жоғары Обь мәдениетін ығыстырған. Қыпшақ тайпаларының ортасын сросткинск мәдениетінің енгенін Бараба даласындағы Усть – Тартас және Челябинск облысындағы Синеглазова, т.б. қорғаны дәлелдейді . Бүкіл территорияда сросткинск мәдениетінің таралғанын түрлі заттар дәлелдейді: сүйектен иілтіп жасалған түрлі заттар, үшкір тұмсықты қола және сүйек тоғалар, оқтың ұштары, ұзын белбеулер, әшекейлер, өрнекті стильдегі, т.б. Сросткинск мәдениеті ескерткіштерінің кең таралуы бұл этникалық мазмұнын жоғалта бастағанын, ал қимақ - қыпшақ бірлестігінде кең тарады деуге негіз бар. Ерте таптық мемлекеттік құрылымдарда И.С. Каменецскийдің анықтауынша түрлі мәдениеттер үстем еткен немесе мемлекеттік мәдениеттің ықпалымен тегістеліп жатады деген тенденцияны айтады. Осындай "мемлекеттік мәдениет" Батыс Сібірдің орманды далаларында ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениеті болды, ол қыпшақ елінің этникасы мен шаруашылығын қамтыды . Х ғасырдың ортасында қыпшақтар алғаш рет Ежелгі Русьтің шығыс шекарасына шықты. Ертеден белгілі Дешті – Қыпшақ ұғымы оңтүстік орыс далаларына тарай бастады. Бұл Дешті – Қыпшақтың шығыстағы шекарасының кішірейгені туралы ұғым қалыптастырды. Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қара теңіз өңірінен Солтүстік Алтайға дейін қоныстанған кезде болған күрделі этномәдени процестер жөнінде мәлімет береді. Х ғасырдың аяғында Сросткинск мәдениеті өмір сүруін тоқтатады, ал бұл кезде Қимақ мемлекеті де құлап, қыпшақ тайпаларының жаңа этноәлеуметтік қауымдастығы құрылады. Қимақ-қыпшақ федерациясындағы саяси биліктің ауысуы сыртқы жағдайларға да (найман тайпаларының Ертістің жоғары жағын алуы), ішкі жағдайда қыпшақтар әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейді. В.Бартольдтың айтуынша, қимақтардың тарихи маңызы сонда, олардың арасынан қыпшақтар шықты [20. 549 б.]. Қимақтар біраз уақыт Ертістің сол жағында тұрады . ХІІ – ХІІІ ғғ. Оңтүстік орыс далаларына қоныстанған қыпшақтар сросткинск формаларына ұқсас мәдениетті (ауыздықты, белдікті, айылбас, үщ айыр, т.б.) әкеледі. Азиядағы қыпшақ кешенінің толық қалыптасуы сросткинск мәдениетінің жоғары шекарасы (Х ғ. аяғы) шығыс Еуропа далаларында (ХІІ ғ. басы) кең тараған кезеңімен анықтауға болады, яғни ХІ – ХІІ ғғ. Батыс Сібірдің оңтүстігі бұл кезеңнің ескерткіштері аз болғандықтан олардың тарихи жазбасын қиындатады. Олардың ішіндегі негізгісі Томск қаласының жанындағы Басандайка грунтовый могильнигі. Бұл кешеннің құрылысы жөнінде жазған авторлар (К.Э.Гриневич, А.П.Дульзон, З.Я.Бояршинова) оларды үш кезеңді қарастырды: Х – ХІІ ғғ. (моңғол дәуіріне дейін), ХІІІ – ХІV ғғ. (моңғол дәуірі), ХVІ – ХVІІ ғғ. (Мұсылман молалары). Осының алғашқы екеуінің хронологиялық топтары мен түрлі жерлеу дәстүрлері тығыз байланысты екені айтылған (өлікті жерлеу, аттарды жатқызу, өртеу). "Түрік мәдениеті мен Камалық Чуд мәдениеті" араласқан, яғни жергілікті мәдениетпен сырттан келген оңтүстік мәдениетінің компоненттері болды. Табылған материалдарға сай сараптама жасалғанда Басандайка қабатының "жоғары енисей мотивтері" (оюлы әшекейлер, бір – біріне қарсы тұрған құстар, жүрек тәрізді подвески) ерте Басандайка кешенін сросткинск мәдениетімен байланыстырады. Жалпы жерлеу дәстүрі, сонымен бірге заттардың негізгі формалары Басандайка моласының көп бөлігі этникалық жағынан қыпшақтарға жатады деп анықтауға мүмкіндік береді; жоғары қабатындағы молаларды таштык мәдениетінің формалы заттары бар. В.И.Матющенко зерттеген Еловка І обасы Басандайка обасына ұқсас, ол ерте кезеңге жатады, мұнда сросткинск мәдениеті нақты бейнеленген . Жерлеудің күрделі дәстүрі Басандайка дәстүріне ұқсас. Кейінгі дәуірге жататын Сылвенск мәдениетінің Пахомов обасы (ХІІ – ХІІІ ғғ.) авторлары угорлықтармен байлансытырып және қыпшақтардың шығыс тобымен – қимақтардың әсері болған, оның ішінде ежелгі Сібір рулары мен тайпалары болған . Бұл кезде қимақтар мемлекеті болмағанын ескерсек, Сылвен мәдениетінің қыпшақ компоненті екені даусыз. Кең территорияда қыпшақ этномәдени қауымдастығының қалыптасуына байланысты күрделі этникалық процестер мен миграциялар жөніндегі ХІ – ХІІ ғғ. Оңтүстік және Батыс Сібірден табылған археологиялық ескерткіштер көрсетеді. Мысалы Пахомов моласындағы ескерткіштер Красноярскідегі Часовенногрск моласындағы ескерткіштермен ұқсас (ауыздық пен таға формалары, оюлы бляхи, т.б.), ал А.А.Гаврилова ондағы кейбір сросткинск элементтерін атап өткен . Часовенной тауларындағы ескерткіштер ХІ – ХІІ ғғ. Тува мен Минусинск котловинасындағы мәдениеттің кейінгі кезеңіне жатады. Әрине, осының бәрі қыпшақтардың этникалық тарихына қатынасы болған. ХІ – ХІІ ғғ. Тувадағы обалар, Басандайка мен половецтердің грунтовый молалары, Шығыс Еуропа далаларында өз мүсіндерін жасаған, іс жүзінде бір келкі болған. Қыпшақтардың тас ескерткіштерінде Сібірдегідей заттар көп (екі тісті шанышқы, белдіктегі ілгіштер). Бұл б.э.д. ІІ мың жылдықтағы кейбір Сібір ескерткіштерінің қыпшақтарға жататынын дәлелдейді және моңғол шапқыншылығына дейін Дешті Қыпшақтың түрлі аудандары арасындағы тығыз мәдени байланыстың болғанын көрсетеді. Қыпшақтардың шекарасына мән берсек, Батыс Дешті Қыпшақ шығыстан батысқа Жайықтан Днестрге дейін, оңтүстік пен солтүстікке Қара теңіз бен Каспий теңізінен кек қаласына дейін (қазіргі Саратов маңы) созылып жатты. Шығыс Дешті Қыпшақтың шекарасы шығыста – Ертіс, батыста – Жайық өзені, солтүстікте – Тобыл өзені, оңтүстікте – Балқаш көлі мен Сырдарияның орта ағысына енетін жерлер жатты. Осы шекараларға байыптап қарасақ, Сібірдегі Тобылдың жері де енгенін “Дотан батырң жырындағы мәліметпен де дәлелдеуге болады деп пайымдаймыз. …Ел сонда көшті дейді мақұл көріп,Қырық мың үй бір Дотанның соңына еріпТобыл дейтұғын жерге қонды,Бір ай жарым арада көшіп келіп. Сарғуанның аяғы ұлан ТобылСол жерге келіп қонды көшкен ауылМаңайына дұшпан жау жолатпастан,Дотан хан болып тұрды біррнеше жыл . Шығыс Дешті Қыпшаққа он алты тайпа енген: бөрілі, тоқсоба, иетиоба, дуртоба, ал-арс, бөржоғлы, манқұроғлы, йимак, тағ, башқұрт, құманлы, базанак, баджна, қарабөріклі, үз, жортан. Батыс қыпшақтарға он бір тайпа енді: тоқсоба, иетиоба, бөржоғлы, елбөрілі, кангароғлы, анджоғлы, дурутоба, құлаоғлы, жортан, қарабөріклі, котан. Обь бассейнінің солтүстік жағасы мен оның сағасы Ертісте түркілену процесі жүрді. Бұл жерді мекендеген угра тілдес халыққа қыпшақ тайпалары үлкен әсер етті. Қыпшақтар орта Ертіс пен Тобылда мекендеген угорларды солтүстікке ығыстырып, біраз ассимиляцияланды. Тобыл және Бараба татарларының тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді . ХІІ – ХІІІ ғғ. Алтын Орда дәуірінде Половецская мәдениеті қалыптасты. Бұл кездегі ескерткіштерге Поволжье мен Қазақстандағы ХІІ – ХІV ғғ. Жошы монеталары жатады. Сонымен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандары қыпшақ этногенезінің негізгі аймағы болды. Сросткинск мәдениеті оның әр кезеңінің тамырын құрады. ХІІІ-ХІV ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғаларды сипаттайтын деректерде Жошы ұлысының көшпелі халқын “татарлар», “моңғолдар», “түріктер», “қыпшақтар» деп атаған. Осылардың ішінен “татар» атауы көп қолданылды. ХV-ХVІ ғасырларда Орыс мемлекеті араласқан Қазан, Астрахань, Қырым және Сібір хандықтарын да “татарларң деп атаған, сөйтіп Қазаннан Астраханьға дейінгі, Қырым мен Батыс Сібірдің түркі тілдес халықтары “татарлар» деп аталды. Еділ бойы, Қырым мен Батыс Сібір татарларының этникалық негізін осы жерде бұрыннан тұрған түрік тайпалары мен қауымдастығы құрады. Ертіс, Тобыл және Тұра жерлері орыстар жаулап алғанша Сібір деген атпен белгілі болды . моңғолдар келместен бұрын Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі сан жағынан көп тайпалар қыпшақтар еді. Сондықтан Алтын Орданы орыстар Қыпшақ Ордасы деп те атаған. 1237 жылы Батый Ресейдің шығыс және оңтүстік бөліктерін жаулағанда қыпшақтарды талқандады. Қыпшақтардың өз ішіндегі алауыздықтар моңғолдардың тез жетістікке жетуінің бір себебі болды деуге болады. Сібірдегі “татарларң дегенде оның ішінде қыпшақтардың болғанын ескереміз. Орыс жылнамаларында да бұл кездеседі. Сібір жылнамаларындағы “Көшім хан» деген тарауда Көшімді “Қазақ Ордасынан келген Мұртаза ұлы…»,- деп жазған . Демек, Көшім Қазақ Ордасының адамы болғандықтан Ібір-Сібір жұртының тарихы қазақ халқының тарихымен бірегей-бірлікте қарастырылады. Едігерді тақтан тайдырған Көшім құрған Сібір хандығының құрамына қыпшақтар да енген. Жалпы Ертістің жоғары жағы мен Омнан әрі, Бараба мен Құлындыда, Есіл мен Тобылдың жоғары жағында қазақтардың жазғы жайлаулары болған. Осы бір кеңістікте қыпшақ тектес халықтардың рухы басым болды десек қателеспейміз, өйткені Алтын Орданы, кейінірек Астрахань, Қазан, Қырым, Ноғай және Сібір хандықтарын жеке-жеке мемлекеттік құрылымдарға енгізгенмен, қыпшақ тектес бір ғана халық мекндегені белгілі. Батыс Сібірдің оңтүстігінде қыпшақтардың этникалық тарихы мен мәдениетінің төрт кезеңін бөліп көрсетуге болады: 1) VІІІ ғасырда қыпшақ этносының қалыптасуы; 2) ІХ-Х ғғ. қимақ мемлекеттік бірлестігіне қыпшақтардың енген кезеңі. Бұл кезеңдегі мәдениеттің негізі сросткинск мәдениеті болып, оның солтүстік аудандарында қыпшақтар қабылдады; 3) қыпшақ этномәдени қауымдастығының үлкен территорияда, оның ішінде Батыс Сібірдің оңтүстігінде қалыптасуы (ХІ-ХІІ ғғ.). Бұл мәдениет синкретті мәнде болды, алайда негізгі айқындаушы компоненті сросткин мәдениетінің дәстүрлері сақталды; 4) ХІІІ-ХІV ғғ. қыпшақтардың моңғол мемлекетінің құрамына енуі. Жошы ұлысының құрамында біртіндеп жаңа мемлекеттік мәдениет қалыптасады. Жоғарыда аталған Тобыл жерінде 1587 жылы Тобыл қаласы Мәскеудің бұйрығы бойынша Данил Чулковтың жетекшілігімен салынады. Мұндағы мақсаты Батыс Сібір орталығындағы түрік тілдес тайпалардың арасына бекініп, өз үстемдігін жүргізу еді. Көшім хандығы құлағаннан кейін оның орнына болған Сейтек ханды 1588 ж. Данил Чулков тұтқындап, Мәскеуге жібереді. 1590 жылы Тобыл Түменге бағынуын тоқтатып, Сібірдің дербес уездік қаласына айналады. Алғашқы кезде Тобыл уезіне Тобыл өзенінің төменгі жағынан басқа Ертіс, Обь, Тавда және Конда бойындағы барлық орыс иеліктері енді. Алайда ХІХ ғ. соңында Пелым, Березов, Сургут, Тара қалаларының салынуымен Тобыл уезінің жері едәуір қысқарды. ХVІІ ғ. Тобыл уезінде түрік тілдес халықтардың саны өскенін байқауға болады:Этникалық топ ХVІІ ғ. басы ХVІІ ортасы ХVІІ аяғыТүрік тілдес 3500 3900 4970Бұхарлықтар 240 44 280Остяктар 1700 1920 2630Барлығы 5440 6000 7880 Б.О. Долгих түрік тілдес халықтарды татарлар деп жазған . Олардың көпшілігі қыпшақтар болған деп пайымдасақ, оның көпшілігі Көшім ханмен бірге кеткен болу керек. 1598 жылғы Обь өзені бойындағы соңғы шайқаста Көшімнің 370 адамы өлді, 30 адамы қалып, Көшім отбасының 30 мүшесі (оның ішінде 16 әйел адам) тұтқындалды . Көшіммен бірге 20 түтін көшіп жүрді. Бұл түтіннің әрқайсысында 5 адамнан болса, онда Көшім жеңілгенге дейін 630-640 адам болған, 50 бұхарлық саудагерлер болған. Сонда Көшіммен бірге кеткен адамдардың саны шамамен 1000 адам деп белгілесек, орыс тарихшылары жазып жүрген сібір татарларының саны аз болған болу керек, ал біздің пайымдауымызша әскерінің негізін қыпшақтар құрды. Тіпті орыстар келгенге дейін Көшімнің тұсында “сібір татарлары» деп отырған түрік тілдес тайпалардың саны ХІІ ғ. Басымен салыстырғанда 1000 адамға артық болған деп шамамен топшылауға болады. Көшімнің өзі де Қазақ Ордасынан келгендіктен Сібір жеріне жалғыз келуі мүмкін емес, нөкерлерімен келгені даусыз әрі Сібірде түрік тілдес қандастары болмаса келмеуі де ықтимал. Бұдан басқа Түмен татарлары да бар. Олардың да көпшілігі Көшіммен бірге кеткен, Көшім ұрпақтарымен байланыста болған. Оларды башқұрттардың табын руыныкі деп анықталып жүр. Бұл да терең зерттеуді қажет етеді деп есептейміз. Патша өкіметі Сібірді жаулағанда Көшім хан бастаған қол орыс отаршыларына қарсы тәуелсіздік үшін күресті алғаш бастады десек, оларға қарсы тұрған бірден-бір қол қыпшақтар болды десек қателеспейміз. Қорыта айтқанда қыпшақтардың тарихы Сібір жұртымен кейінгі орта ғасырда емес, ежелден-ақ тығыз байланыста болған. ## Пайдаланылған әдебиеттер 1. История Сибири. Л., 1968. 2. Таскин В.С. Материалы по истории сюнну. Вып. 1. М., 1968. 3. Кызласов Л.Р. Таштыкская эпоха в истории Хакасско – Минусинской котловины. М., 1960. 4. Савинов Д.Г. Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков на юге Западной Сибири // история, археология и этнография Сибири. Томск, 1979. 5. Бернштам А.Н. Заметки по этногенезу народов Северной Азии // СЭ. 1947. №2. 6. Грум – Гржимайло Г.Е. Западная Моңғолия и Урянхайский край Т. 2. Л., 1926. 7. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби // МИА. №48. 1956. С. 99 – 144. 8. Гаврилова А.А. Могильник Кудырге как источник по истории алтайских племен. – М. – Л., 1959. 9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизи. М. – Л., 1959. 10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967. 11. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа… 12. Кляшторный С.Т., Султанов Т.И. Рецензия на книгу. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…// Советская тюркология. 1975. №4. 13. Mіnorsky V. Hudіd al – Alam. London, 1937. § 21. 14. Рашид – ад – дин. Сб. л. Т. 1. Вып. 1. М. – Л., 1952. 15. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. Алма-Ата, 1972. 16. Арсланова Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья (ІІІ – ХІ вв.) // Новое в археологии Казакстана. Алма – Ата, 1968. 17. Каменецский И.С. Археологическая культура и ее определение // СА №2. 1970. 18. Матющенко В.И., Старцева Л.М. Еловский курганный могильник І периода железа // Труды ТГУ, Т. 206. Томск, 1970. 19. Гаврилова А.А. Сверкающая чаша с Енисея (к вопросу о памятниках уйгуров в Саяно – Алтае) // Древняя Сибирь. Вып. 4. Новосибирск., 1974. 20. Бартольд В.В. Кимаки. Статья из энциклопедии ислама. М., 1968. Т.5. 21. Миллер Г. История Сибири. Т.1. М.-Л., 1937. 22. Батырлар жыры. Т.2. Алматы, 1961. 23. Народы Сибири. Этнографические очерки. М.-Л., 1956. 24. Сибирские летописи. Спб., 1904. 25. Долгих Б. О. Родовой и племенной состав народов Сибири в ХІІ веке. М., 1960.
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыла-рымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады. 1932 ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi. Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады. Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi. 1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрiнен қатысты. Бұл олимпия ойынында жерлестерiмiз 8 алтын және 2 күмiс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальдi иемдендi. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күмiс және 7 қола медальдi алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпiров, Ш.Серiков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлi дәрежедегi 18 медальдi иелендi. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мұнда 11 спорт түрiнен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келедi. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртiншi орынды иелендi. Олар 77 медальға (оның 25-i алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркiн күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресi), О.Шишигина (жеңiл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлерi атанды. 1998 ж. Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесiншi орын алды. Олардың үлесiнде барлығы 78 медаль (оның 24-i алтын) болды. Чемпион атанғандардың iшiнде В.Гуща, Д.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.Топоров, Қ.Нұрмағамбетов (ескек), Б.Байсейiтов, С.Матвиенко (грек-рим күресi), Н.Торшина, О.Шишигина, И.Потапович, С.Арзамасов (жеңiл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов, М.Дiлдәбеков (бокс) сынды спортшылар бар. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестерiмiз 76 медаль алды. Командалық есепте бесiншi орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресi), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, В.Борисов (жеңiл атлетика), Н.Кәрiмжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта (АҚШ) қ-нда өткен 26-олимпия ойындарында Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып шықты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күмiс және 4 қола медальға ие болды. Олимпияға қатысқан 197 елдiң iшiнде Қазақстан 24-орынды иемдендi. Ю.Мельниченко (грек-рим күресi), А.Парыгин (бессайыс), В.Жиров (бокс) тәуелсiз мемлекетiмiздiң тұңғыш чемпиондары болды. Сиднейде (Австралия) өткен 27-олимпия ойындарында (2000) қазақстандықтар 3 алтын, 4 күмiс медальдi иемдендi. Олимпияға қатысқан 199 елдiң iшiнде Қазақстан спортшылары 22-орында тұрақтады. Бұл олимпия ойындарында Е.Ибрайымов, Б.Саттарханов, О.Шишигина чемпион атанды. 2001 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған 1-жазғы спартакиада өттi. Бұл бәсекеге елiмiздiң миллионнан аса тұрғыны қатысты. Бәсеке қорытындысында Оңт. Қазақстан обл-ның өкiлдерi (4430 ұпай) бас жүлденi еншiледi. Алматы қ-ның спортшылары екiншi (4272 ұпай), қарағандылықтар үшiншi (3658, 33 ұпай) орынға шықты. Ұлттық спорт түрлерi де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрiнен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтiп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбiр мектептерде пән ретiнде оқытылады. Спорт базалары. 2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қазақстанда 291 балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi болды. Оның iшiнде олимпиялық резервтi дайындайтын 55 арнайы мектептерде 142 мың жас спортшыларды 4420 бапкер жаттықтырады. Бұлардан басқа дарынды спортшыларды дайындайтын 9 мектеп-интернат (2340 жас спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады), iрi халықар. жарыстарда жоғары жетiстiктерге жеткiзу мақсатында құрылған спорттық элита 6 мектебi (құрамында 1128 спортшы, 210 бапкер бар) жұмыс iстейдi. Қазақстан кәсiпорындары мен мекемелерiнде 11,3 мың дене шынықтыру ұжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлi секцияларда дене шынықтыру және спорттың әр түрлi салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт базалары көбейiп келедi. 2002 жылғы мәлiмет бойынша республикада 26019 спорт құрылыстары тiркелген. Оның iшiнде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124 спорт кешенi, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт манежi, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшiлер жүзетiн каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секiретiн тұғыр, 13 спорттық мұз айдыны және 142 теннис корты бар. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Жайылма ауылдық округі – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтам, Жайылма, Қызылдиқан, Маятас ауылдары кіреді. Орталығы – Жайылма ауылы. ## Дереккөздер
Қойбұқа — бұқа тәріздес аң, оны ірі етіп көрсететін қалың да ұзын жүндері. Оның бойы понимен бірдей. Ол осы континеттің полярлы аймақтарында және Греландия аралдарында тіршілік етеді. Қыста олардың 12-25-і жиылып,табын болып жүреді де,ашық алаңқай жерлерде жайылады. Ол жерлерде жел қалың қарды ұшырып әкетеді де,азық етер шөптерді ашады.Олар:қына,қырықбуын және т.б. Жаз айында қобұқалар 4-7-ден топтанып тундрада,өзенді алқаптарда жайылады. Көктемде ұрғашылары бір бұзаудан табады. Бұзаулаған қойбұқа бірнеше күннен кейін қайта табынға қосылады.Ол бұзауын бір жыл емізеді. Жаудан қауіп төнсе,қойбұқалар бұзауларын ортаға алып қоршай тұрады да,мүйіздерін тосып қарсы тұра қалады. Олардың сесті түрлерінен-ақ жыртқыштар жылыстап кетуге мәжбүр болады. ## Дереккөздер
Бауыржан Жұмаханұлы Омаров(1 мамыр 1962, Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2002), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2013). ## Оқу жолы ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1986, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін (1998), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2006) бітірген. ## Жұмыс жолы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің тілшісі, аға тілшісі, аудармашысы, бөлім меңгерушісі (1986–1994), ҚазҰУ-дың аға оқытушысы (1994–1996), аға ғылыми қызметкері (докторант) (1998–2000), профессоры (2002–2003), Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры (1996–1997), Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары – Қызылорда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1997–1998), Қазақстан БҒМ М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі (2000–2003), «Қайнар» университетінің профессоры (2001–2002); ҚР Мәдениет министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінің директоры, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің төрағасы (2003–2006), "Литер-Media" ЖШС атқарушы директоры, «Астана хабары» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры (2006–2009), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы. ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі (2009–2013),қызметтерін атқарды. Қазір – ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары. Ғылыми-зерттеу саласы - әдебиеттану. Бауыржан Омаров Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Үйленген. Жұбайы - Ермағамбетова Тойған Нұрғалиқызы (1963 ж. т.), балалар дәрігері. Ұлдары - Бақытжан (1987 ж. т.), Дәурен (1988 ж. т.), Дәулет (1991 ж.т), қызы – Айжан (1995-2003). Немерелері – Аяжан (2010 ж.т.), Сая (2012 ж.т.), Сана (2014 ж.т.), Расул (2015 ж.т.). ## Ғылыми еңбектер * 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінде "Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. * 2001 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы (генезис, типология, поэтика)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын, қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымын, ежелгі әдебиет мәселелерін зерттеді. * 100-ден астам ғыл. жарияланым мен 10 ғылыми және публицистикалық кітаптардың авторы. ## Дереккөздер
Жайылма ауылдық округі: * Жайылма ауылдық округі — Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жайылма ауылдық округі — Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Тағы қараңыз
## Інжу жылан Інжу жылан – улы жылан, өзінің улы екенін байқатып тұратын ашық түсі бірден көзге түседі. Шығыс Бразилия ормандарында тіршілік етеді. Оның жоғарғы жақ сүйегінде екі улы тісі бар. Өте елеусіз тіршілік етеді, түнде ғана жүреді. Жылына алты рет түлейді. Суды өте жақсы көреді, жиі-жиі ішкенмен, суға түспейді. ## Дереккөздер ## Інжу жылан Інжу жылан – улы жылан, өзінің улы екенін байқатып тұратын ашық түсі бірден көзге түседі. Шығыс Бразилия ормандарында тіршілік етеді. Оның жоғарғы жақ сүйегінде екі улы тісі бар. Өте елеусіз тіршілік етеді, түнде ғана жүреді. Жылына алты рет түлейді. Суды өте жақсы көреді, жиі-жиі ішкенмен, суға түспейді. ## Дереккөздер
Сейвал (лат. Balaenoptera borealis) – Balaenopteridae тұқымдасының киты, мұртты киттердің ішінде үлкендігі жағынан үшінші орын алады. ## Жалпы сипаттама Сей китінің ұзындығы 14-15 метр, салмағы шамамен 20 тонна. Антрактида мұхитында тіршілік ететін мұндай киттердің ұзындығы 21 метрге дейін жетеді, ал салмағы 30 тоннаға дейін тартады. Басының көлемі, жүзбеқанаты китке қарағанда кішірек және көк китке қарағанда дөңестеу болып келеді. Басқа киттерден ерекшелігі оның тұмсығы мен кеуде жүзбеқанатының бір-біріне жақын орналасқандығында. Жүзбеқанаттары үлкен емес, кеудесінде 50 шақты ойығы мен ақшыл, бозғылт мұртшасы бар. ## Таралуы Суық және субтропиктік аймақтардан басқа, барлық мұхиттар мен теңіздерде тіршілік етеді. Жаз айларында субполярлық аймақта тіршілік етуге бейімделген. Өмір сүру ұзақтығын денесіндегі қабаттары арқылы білуге болады. Олар шамамен 65 жыл өмір сүреді. Киттәрізділердің ішіндегі ең жылдам жүзгіш кит болып есептелді. Сағатына 50 шақырымға дейін жүзеді. Әдетте жалғыз немесе 2-5 кит болып жүреді, көбінесе қорегін табу мақсатында топтасып тіршілік етеді. Аналық кит бір ғана ұрпақты өмірге алып келеді. Ұрпағы анасымен 6-9 ай бірге жүреді. Сей киттер 2-3 жылда бір рет ұрпақ алып келеді. Олардың денесінің төрттен бір бөлігін үлкен бастары иемденеді. Жұптасып та, жеке де жүзе береді. Олар қаракөз шаяндармен қоректенеді. Шаяндар көп жерлерде ондап топтанып жүреді. Аналықтары бойы 4,5 метр болатын бір баладан босанады. Анасының сүтімен қоректенетін балақанның бойы жарты жылда 9 метрге дейін өседі. ## Дереккөздер
Таушыл жуа (жуа тұқымдасы) Қазақстандық Тянь-Шаньның барлық биік жоталарында,Жоңғар Алатауы және Тарбағатайда кездеседі.Тастақты беткейлерде,биік таулы далаларда,альпі және субальпі белдеулеріндегі төсемелі аршалар арасында өседі.Пиязшығы шар тәрізді,орташа көлемді,сабағы онша биік емес -15 сантиметр,екі жіңішке таспа тәрізді жапырақтарымен және жартылай шар тәрізді босаң шатырға ұқсас гүлшоғырымен,қағазтәрізді,сұр қабыршақты.Гүлдері кең қоңыраулы,ашық күлгін түсті.Аталықтары қысқа,гүлден қылтиып шыға алмайды.Түр маусымның соңынан тамыздың ортасына дейін гүлдеп,тамыз-қыркүйекте жеміс береді.Омарталық өсімдік.Ботаникалық бақтарда,ал Батыс Еуропада көптеген жеке коллекционерлер өсіреді. Дереккөздер:Қазақстанның өсімдіктерэнциклопедиясы.
Исатай ауданы — Атырау облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. ## Жалпы сипаттама Аудан 1928 жылы құрылды. 1990 жылы облыстың Құрманғазы және Махамбет аудандары жерлерін қосу негізінде қайта құрылды. Жер аумағы 14,7 мың км². Тұрғыны 26,4 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,6 адамнан келеді (2008). Аудан орталығы – Аққыстау ауылы. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданымен, батысында Атырау облысының Құрманғазы, солтүстік-шығысында Индер, шығысында Махамбет аудандарымен, оңтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі. Исатай ауданының жері түгелімен Каспий маңы ойпатының орталық бөлігінде, шөлдік белдемде орналасқан. Батысының басым бөлігін төбешікті Нарын, Бозанай және Ментеке кұмдары, шығыс бөлігін Жайық алабы және Каспий жазығы алып жатыр. Жер аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 165 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 130 шақырым. ## Исатай ауданының эмблемасы Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 9-шілдедегі VIII-сессиясында бекітілді. Суретшісі Махамбет Оспан. Эмблема үлгісінде ауданның сан-салалы даму бағыттары, мұнай өндірісі, мал, балық шаруашылығы, Нарын құмы, теңіз бейнесі біртұтас көрініспен бейнеленген. Жер шары тәрізді дөңгелекте елдің тыныштығы, бейбіт күннің шапағы белгіленіп шаңырақтың бейнесі келтірілген. Шеңбердің жиегі еліміздің көк байрағы түстес - көгілдір түске боялған. ## Тарихы Аудан ең алғаш 20-жылдары құрылғанымен, өз тарихында көрші аудандарға қосылу мен қайта бөліну ауыртпалығын бірнеше рет көруіне тура келді. 1928 ж. бұрынғы Орал облысы Гурьев округі Сарытөбе болысының аумағында орталығы Новобогат аулы болып Новобогат ауданы шаңырақ көтерді. Аудан екі жылдан кейін таратылып, іріленген Гурьев ауданына қарады. 1939 ж. құрамына 33 ұжымшар, бірнеше ауылдық кеңестерді біріктіріп аудан қайта құрылды. 1957 ж. қайта таратылды. 1977 ж. орталығы Аққыстау жұмысшы кенті болып 3- рет құрылған Новобогат ауданының қадамы көп әріге бармай, 11 жылдан соң тағы таратылуы жөнінде жоғарыдан шешім алынды, 1990 ж. аудан қайта қалпына келтіріліп, ауданға Исатай атын беру жөніндегі жергілікті халықтың талап-тілегі ескерілді. 1900 жылдардың басында аудан аумағында Бегайдар ауылында ауыл балаларын орысша оқыту, сауаттандыру ісі басталып, кейін мектеп салынды. Бұл ауданның білім берудің алғашқы қадамы еді. Бұл білім ұясын бітірген жергілікті қазақ жастары кеңес өкіметі орнағаннан кейін елді ұжымдастыру, ауылшаруашылығын құрысу жұмыстарының ұйымдастырушылары мен басшылары бола білді. 1913 жылы Манаштағы балық кәсіпшілігінде Ганюшкинодағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінің бөлімшесі ашылып, қазақ балаларын да қабылдады. Забурында «Үлгі» мектебі салынды. Ауданда теңіз жағалауынан балық аулануы жергілікті қазақтардың балық өндірісіне жалданып жұмыс істеп, күнелтіс жасауына әсер етумен қатар, өңірде оқу-білімге, мәдениетке жол ашты. Балық батағаларына Астраханнан кемелердің келуі сауда-саттыққа да ықпалы тиді. 20-шы ғасырдың басында осында Ащықұлақ деп аталатын жерден мұнай көзінің табылуы ауданның ертеңгі болашаққа бастаған қадамдары болды.1930-жылдары ауданда ұжымдастару жылдары басталды. Жер өңдеушілер серіктестігі, артельдер, ұжымшарлар құрылып, ұжымдық шаруашылықтарға бірікті. 1939 жылы ауданда 26 ауыл-шаруашылық ұжымшарлары, 4 балық артельдері болды. Соғыс жылдарында аудан орталығы Новобогат селосында «Ағайында Нобельдер» серіктестігі тапқан мұнай кен орнынан май алынып, бензин, керосин айыру зауыты ашылды. Бұл өндіріс орындары соғыстан кейін ауданның мүддесіне қызмет етті. 1953 жылдан бастап жабық жөндеу шеберханасы, үлкен алаң, ондаған екі пәтерлік тұрғын үйлер салынып, онда білікті мамандар еңбек етті. ## Географиясы Аймақ жері - жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. Оның қиыр солтүстік-шығыс жағымен Жайық өзені ағып өтеді. Исатай ауданының жері құмдақ және сортаң сұр топырақты болып келеді. Аудан аумағының Еуразия құрлығына ішкерлей еніп жатуы ауа райының тым континенталдығын калыптастырды: қысы салқын, жазы ұзак та ыстық болып келеді. Өсімдіктердің өсіп-өнетін кезеңінде жауын-шашын аз түседі 70-115 мм, ал бүкіл жыл бойында 150-205 мм. Мұның өзі бұл аймақтың ылғалға аса тапшы келетінін көрсетеді. Сондықтан да гидротермикалық коэффициент 0,2—0,3-тен аспайды. Топырақта ылғалдың жетіспеуі, ауаның кұрғақтығы, аумақтың бір бөлігін сортанды-тұзды аймақ алып жатқандықтан, өсімдік жамылғысының қалың өсуіне мүмкіндік бермейді. ## Климаты мен экологиялық жағдайы Аудан табиғаты мен климаты жер бедеріне, оның рельефіне байланысты. Ауданның жер бедері жазықтық болғанымен, геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене ылдилай түседі. Сондықтан да теңіз үстінен бөлінген ылғалдылық жел сол бағыттан соққанда ғана әсерлі байқалады. Атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің мардымсыздығы салдарынан жыл бойына аңызақ желімен, шаңға толы дауылымен, ылғалдың ауаға бостан-бос тарайтын пайдасыз булануымен, кейде тіпті қысқы қардың өз мөлшерінен аз түсуімен жайсыз ауа райы қалыптасып келеді. Ауа райының ең ыстық айы шілдеде Аққыстаудағы ыстық мөлшері 40-43°С көрсетеді. Исатай ауданы экология қаупі төнген аумаққа ресми тіркелмеген. Облыс бойынша арнайы экологиялық бағдарламалардың жасақталуы, Үкімет тарапынан экологиялық таза дүниені қалыптастыру үшін қомақты қаржылардың бөлінуі алғашқы нәтижелерін көрсетуде. 1970 жылдардан бастап Каспий теңізін бойлай бірнеше кен орындарының жиі ашылуы, жерасты газдарының ауаға еркін жіберілуі, мұнайлы ортадағы май қалдықтарының орынсыз төгіліп-шашылуы аудан көлеміндегі экологиялық ахуалды күрт ушықтырып жіберген болатын. Бұл келеңсіздіктерге орай жергілікті тұрғындар Үкімет алдына дейін ұсыныстар түсірген еді. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және «Міндетті экологиялық сақтандыру» заңдылықтары жарық көргеннен кейін, «Жайықмұнайгаз» мұнай өндіру басқармасының негізгі бағыттарының бірі - мұнай өндірумен қатар, өндіріс нысандарында экологиялық ахуалды сауықтыруға бағыт алды. 2017 жылы басқарма бойынша қоршаған ортаны қорғау шараларына 100 млн теңге қаржы қаралса, 2018 жылдың жоспары бойынша қоршаған ортаны қорғау шараларына 200 млн теңге бөлінді. Соңғы жылдарда зияны мол жерасты алау газын арнайы зауыттар салу арқылы жергілікті шикізат ретінде тұтыну рыногына пайдалану экологиялық жүйедегі үлкен қадам саналып отыр. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 16 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 26440 адамды (13550 ер адам және 12890 әйел адам) құрады. ## Исатай ауданының әкімдері * Зұлбұқар Сүйнешов 1992-1994 * Жанай Беркалиев 1994-1999 * Нұртас Мұхтаров 1999-2001 * Насыр Дауылбаев * Зұлбұқар Сүйнешов 2002-2010 * Бақберген Қарабаев 2010-2012 * Жәрдемғали Ахметов 2012 * Тұрарбек Сұлтанбеков 2012-2013 * Нұрлыбек Ожаев 2013-2014 * Тұрарбек Сұлтанбеков 2014-2017 * Марат Мурзиев 2017-2021 * Полымбет Хасанов 2021-2023 * Нұрым Мусин 2023- ## Негізгі кен байлықтары Негізгі кен байлығы мұнай мен газ. Ауданда негізінен мұнай өндірумен айналысатын «Жайықмұнайгаз» басқармасы бүкіл Ембі мұнай бірлестігі бойынша өндірілетін «қара алтынның» төрттен үшін береді. Олардың кен орындары ауданның оңтүстік-шығыс жағында, Каспий теңізінің жағалауына таяу орналасқан. Барланғандары: Забурунье, Сазанкұрақ, Октябрь, Мартыши, Ровное, Камышитовое, Батыс және Оңтүстік-шығыс Новобогат кен орындары. Жер беті сулары ауданның тек оңтүстік-шығыс жағында кездеседі. Ауданның оңтүстік жағымен Атырау –Астрахан т. ж. мен автомобиль жолы, Қиғаш – Атырау өзен су құбыры өтеді. ## Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Өсімдіктер алабының құрамы қатқыл жерлерде бір бөлек, Нарын құмында одан өзгеше шөптермен ерекшеленеді. Теңіз жағалауы қара жусанды, құм жиегі боз жусанды, бұйырғын мен сораң сияқты ащылыққа бейім өсімдіктермен ерекшеленеді. Көктем кездерінде мортық, ақшиін, шытыр, ебелек, бидайық өседі.Құм жазықтығында ақ жусан, алабота, ебелек, майқаңбақ, қарақаңбақ, қияқ, шырмауық, сүттіген, желкен, шағыр, түйежапырақ, құланқұйрық, ақ селеу, қияқ, құртқашаш, жуа, қой жуа, сіңбірік, сәлбен сияқты өсімдіктер өседі. Теңіз жағалауларында қара жусан, сарғалдақ, шытыр, изен, қарабарақ, қамыс, жантақ, өсімдіктері кездеседі. Аудан аймағында жылдың қай кезеңінде де талғамайтын жыңғыл, жүзгін, ақтікен, адыраспан, итсигек, сексеуіл, балықкөз, сораңшөп сияқты өсімдіктер көптеп кездеседі. Жануарлар дүниесінде бауырымен жорғалаушылар және кеміргіштер үлесі басым. Шөлейт климатқа шыдамды қоян, қосаяқ, қасқыр, құмтышқан, сарышұнақ т.б. сүтқоректілер, жылан, кесіртке, батпан сияқты бауырымен жорғалаушылар, бақа, құрбақа тәрізді қосмекенділер көптеп кездеседі. Құстардан қара қарға, торғайлар, көгершін, жапалақ, қарақұс, қарлығаштар жергілікті мекен етушілер болып табылады. Қазба каналдары мен өзекшелерде торман, алабұға, шортан, қызылқанат, қаракөз балықтары кездеседі. ## Өзендері мен көлдері Аудан шөлейт аймаққа орналасқандықтан су көздері өте тапшы, су мөлшері мардымсыз. Негізгі су көзі – Жайық және Еділ өзендерінен бастау алатын суару және суландыру жүйелері. Нарын және Бақсай каналдары арқылы елді мекендер мен шабындықты жерлерге су жеткізіледі. “Кобяково-Забурын” каналымен ауданның оңтүстік-батыс шекарасына Еділ өзенінің суы келеді. Көкарна — Каспий теңізінен су шығатын канал, ол арқылы теңіздің суы “Атырау-Астрахань” автомобиль жолын кесіп өтіп, құмайт дала қойнауына жетеді. Жайықтың жоғары сағасында сәуір айының ортасынан басталатын көктемгі су тасқыны кезінде су арналары толғанмен жаздың аптап ыстығы кезінде тайыздап, тіпті шет жерлердегі тарамдары кеуіп қалады. Аудан аумағының жер бедері мен топырақ қабатының ерекшеліктеріне байланысты каналдар ирелеңкі келеді. Ежелгі Жалтыр көлі жөне басқа табиғи айдындар бұл күнде тартылып, құрғап қалған. Өткен ғасырларда теңіз суы құйған бірнеше көл тұзды сорға айналған. ## Шаруашылығы Айналысатын негізгі - мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2009 жылы (қаңтар-қазан) өндірілген ет 4,4 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті - 3,4 мың тонна, жұмыртқа - 154 мың дана өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына аудандағы мүйізді ірі қара саны - 11,6 мың бас, қой мен ешкі - 50,9 мың бас, жылқы - 8,8 мың бас, түйе - 7,4 мың бас болды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Исатай ауданы көлемінде көптеген игілікті істер атқарылған. Ауданда 2018 жылдың 1 маусымдағы мәліметі бойынша, 2042 шағын кәсіпкерлік субъектілері (оның ішінде заңды тұлғалар 133, дара кәсіпкерлер 1693, шаруа қожалықтары 216) тіркелген. Күні бүгін нақты жұмыс жасап тұрғаны 1446 (заңды тұлға 71, дара кәсіпкерлер 1164 және шаруа қожалықтары 211) кәсіпкерлік субъектілері болып отыр. Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс жасайтын адамдардың саны 2182 адамды құрап отыр. Тіркелген кәсіпкерлердің басым бөлігі, яғни 55%-ы сауда-саттық саласында, 21%-ы жолаушы және жүк тасымалымен айналысатындар, 7%-ы ауыл-шаруашылығы, ал қалған 17%-ы қызмет көрсету түрлерінің үлесіне тиіп отыр. 2018 жылдың 1 қаңтарына алынған есеп бойынша, 4 қонақ үй, 16 мейрамхана, 27 шайхана, кафе-бар, 102 азық-түлік дүкені, 6 наубайхана, 2 жылыжай, 7 сауда орталығы, 10 кеңсе, құрылыс және шаруашылық дүкені, 16 шаштараз, тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, 12 техникалық қызмет көрсету орны, 4 жанар-жағармай стансасы, 1 тіс салу емхана, 1 жекеменшік дәріхана қызмет көрсетеді. ## Кәсіпорындары «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы — 1973 жылы құрылды. Басқармада 17 кен алаңы игерілуде. Мұнай мен газды өндіру және өңдеумен айналысады. «Сазанқұрақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Исатай ауданында мұнай өндіруші тұңғыш шетелдік компания. Жылына 70 мың тонна мұнай мен 750 мың текше метрден астам газ өндіреді. Прикаспиан Петролеум компани жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — көмірсутек шикізатын барлаумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мұнай көздерін іздестіру жұмыстарын жүргізеді. «Светланд-Ойл» ЖШС — 1991 жылдың маусым айында жеке кәсіпорын ретінде құрылған. Негізгі қызметі Исатай ауданындағы Октябрьское мұнай кен орнын игеру. Кәсіпорын бұрғылаған ұңғымалардан алғашқы мұнай 1993 жылдың мамыр айында алынды. «НБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Көмірсутек шикізатын барлаумен және өндірумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2002 жылы қайта тіркелген. Исатай аумағында орналасқан Батыс Новобогат мұнай кен орнында геологиялық жұмыстарын жүргізіп, мұнай өндіреді. «Жамбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — 1999 жылдың 7 сәуірінде Каспий теңізі қазақстандық секторы қайраңының Оңтүстік Жамбай - Оңтүстік Забурунье бөлікшесінен 100%-дық үлеспен көмірсутектерді барлау, игеру және өндіру мақсатында құрылған. «Потенциал Ойл» ЖШС — көмірсутек шикізатын барлаумен, өндірумен және бөлісімдеумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Құрылтайшылары - "Bekstar International Limited" және "Firsk International Oil Corporation" компаниялары. Серіктестіктің негізгі қызметі Атырау облысы Исатай ауданының аумағында орналасқан Бегайдар бөлікшесінің көмірсутектерін барлау, өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу. ## Құрылыс, транспорт саласы Құрылыс саласы. Ауданның құрылыс саласының негізгі өркендеу кезеңдері 1977 жылдардан бастау алады. Ауданда құрылған СУ-1 құрылыс мекемесі, ДСУ-89 - жол құрылысы мекемесі, ПМК-909 мекемелері мұнай кеніштері мен аудан орталығының, ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттарды салуда айтарлықтай із қалдырды. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін аудан орталығы мен ауылардан қазіргі заман талабына сай ғимараттар бой түзеп, ауылдар сәулеті келбеттенген. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші кәсіпорындар арасында жергілікті «Болат-Д» ЖШС, «Арайстройсервис» ЖШС, кәсіпорындары бар. Транспорт саласы. Аққыстау автотранспорт кәсіпорны, Гурьев автоколоннасының №2553 базасынан Новобогат селосына 1977 жылы 10 шілдеде ескі жөндеу зауытының орнына шаңырақ көтерді. Жаңа филиалға бұрынғы МТС орны беріліп, филиалдың құрамында 35 жүк машинасы, 4 автобус транспорты ғана болып, оларға 1 колонна бастығы, 1 механик, 2 диспетчер, 60 жүргізуші, 8 жөндеуші жұмыс жасады. 1980 жылдың 1 қаңтарынан филиал Аққыстау автотранспорт кәсіпорны болып ұйымдастырылып, аудан орталығына көшірілді. Аққыстау автотранспорт кәсіпорны алғаш ұйымдасқанында 72 адам еңбек етсе, кейін құрам саны 217 адамға дейін өсті. Мекемеішілік автобустар паркі аудан орталығынан Атырау қаласына, селолық округтерге қатынайтын жолаушыларға тоқтаусыз қызмет жасады. Теміржол саласы өркендеуі Атырау- Астрахан теміржол құрылысының басталуымен тығыз байланысты. УС-99 тресінің СМП мекемелерінің құрылыс отрядтары аудан аумағының Исатай, Аққыстау ауылдарынан станса, Бақсай, Томан, №12, №13, №14, №15, №16 разъездері құрылысын бастады. 1968 жылы қазан айында Атырау-Астрахан теміржолы уақытша іске қосылып, Волгоград мұнай айыру зауытына Атыраудан мұнай тиелген эшалондар жіберілуі аудан аумағынан өткен алғашқы тасымал жүгі болатын. 1969 жылы 1 желтоқсан айында Атырау стансасынан алғаш рет жолаушылар таситын Атырау-Астрахан пойызы сапарға шықты. Аққыстау стансасы 1969 жылы құрылып, 1971 жылы толық эксплуатацияға берілді. 1969 жылы 3 санатты станса ашылған кезде 5 кезекші, 5 пойыз құрастырушы, 4 пойыз құрастырушы көмекшісі, 4 жүк қабылдап тапсырушы, 2 жүк кассирі, 4 билет кассирі, 5 станция кезекшісінің көмекшісі, 4 вокзал кезекшісі қызмет атқарған. Халық шаруашылығына, оның ішінде кеңшарларға шөп, ағаш, пішен, көмір, басқалай ауылшаруашылық заттары, жеміс жидек барлығы вагондармен Аққыстау стансасы арқылы жеткізілді. Ауданда құрылыс объектілерінің көптеп салынуына орай және жеке сектордың сұранысы көбеюі нәтижесінде стансаның жүк тасу жоспары жылдан-жылға көбейіп, жоспар артығымен орындалуда. Станса басында жол дистанциясының жолшылары, ШЧ-8 дистанциясының байланысшылары, ВЧД-1 стансасының вагон бақылаушылары, ЭЧ-4 дистанциясының электромонтерлері өз қызметтерін атқаруда. ## Байланыс, энергетика және газ жүйесі салалары Аудандық пошта байланыс торабының негізі 1930-шы жылдары қаланған деп есептеледі. 1977 жылы байланыс торабы қайта құрылды. Ол кезде байланыс торабының қызмет міндетіне екі сала - телефон-телеграф байланысы және пошта қызметі кірді. Ал 1993 жылы телефон байланысы жүйесі жаңадан құрылған телекоммуникация торабына берілді. Бүгінде пошта байланыс торабының халыққа көрсететін қызмет ауқымы кеңейген. Халық тұтынатын заттар, газет-журналдар, марка, конверт сату, пошталық хабарлама жөнелтімдерін, хат-хабар, жеделхат, посылка қабылдау мен жіберу, мерзімді баспасөзге жазу мен жеткізіп беру, коммунальдық қызмет түрлері төлемдерін және жергілікті салықтар мен алымдарды қабылдау, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу мен жеткізу, несие беру мен несие қайтарымын қабылдау, бағалы қағаздар нарқы қызметін көрсету және тағы да басқа қызмет түрлерін көрсетеді. Қазіргі уақытта аудандық пошта торабы құрамында алты пошта байланыс бөлімшесі, бір пошта байланыс тірегі және бір жылжымалы пошта байланыс бөлімшесі қызмет көрсететін құрылым және екінші дәрежелі банк деңгейінде несие берумен айналысады. Пошта торабының қызметі толықтай компьютерлік жүйеге көшірілген. Аудандық телекоммуникация торабы — 1977-82 жылдары Гурьев-Аққыстау әуелік желілік байланысы болып аталса, 1988-90 жылдары ауданның таралуына байланысты Махамбет аудандық байланыс торабына қосылды. 1983 жылы қазан айында аудандық байланыс торабының ғимараты пайдалануға берілді. 1993 жылы Исатай аудандық байланыс торабы екіге бөлініп, «Қазақтелеком» ААҚ-ның Исатай аудандық телекоммуникация торабы құрылды. 1985 жылы аудан орталығында автоматтандырылған қалааралық байланыс, 2002 жылы Аққыстау селосында сыйымдылығы 1500 номерлік сандық 812000 стансасы іске қосылып, селоішілік кабель сыйымдылығы өсірілді. 2003-2005 жылдары Новобогат, Чапаев, Жанбай, Нарын, Исатай, Забурын ауылдарында сандық М200 стансасы орнатылып, кабель сыйымдылықтары өсірілді. Аудан орталығында 2004-2005 жылдары 550 номерге телефон кеңейтілді. 2006 жылы Гран, Қызылүй елді мекендеріне телефон байланысы жеткізіліп, 2008 жылы аудан орталығынан 200 шақырымдай қашықтықтағы Үштаған, Мыңтөбе, Айбас елді мекендеріне спутниктік жүйе арқылы телефон байланысы орнатылды. Ауданның электр жүйесі бастауын 1972 жылы қуаты 10 000 кВА екі трансформаторы бар 110/35 (10 кВ Аққыстау қосалқы стансасының (подстанция) іске қосылуынан алады. 1972 жылы Аққыстау ауылынан 110/35 (10 кВ-тік Аққыстау қосалқы стансасы салынып, оған 10 кВ-тік 70 километрге жуық жоғарғы кернеулі әуе желілері жалғанып, Новобогат ауылы, одан кешікпей қараша айында Чапаев ауылы, Қызыл үй елді мекені, 1973 жылдың жазында Жанбай ауылы жоғарғы кернеулі электр желісіне қосылды. 1974 жылы желтоқсан айында Х.Ерғалиев ауылынан қуаты 2500 кВА №83-ші Новобогат қосалқы стансасының салынуы, оған Бақсай өзегінің бойынан 14-16 электр сораптары (насос) жалғанып, кеңшардың жем-шөп дайындауына мол үлесін қосты. Ауданда Забурын кен орнының ашылуына байланысты Зинеден ауылынан №95-ші Октябрьская қосалқы стансасы 1991 жылы іске қосылып, оған кен алаңынан басқа Зинеден ауылы мен Амангелді ауылының тұрғын үйлері және бірнеше малшы қыстақтары қосылды. Аудан территориясынан газ құбырының өтуіне байланысты осы жылы №94-ші Тайман қосалқы стансасы да, іске қосылып, аудандағы қосалқы стансалар саны 4-ке жетті. 1998 жылы шілде айында Аққыстау учаскесі «Исатай аудандық электр жүйесі» деген атпен іріленіп қайтадан құрылды. Манаштағы қуаты 52 МВт болатын станция «Ветроэнерготехнологии» ЖШС қаражатымен 12,3 млрд теңгеге салынған. Станция желдің күшімен ғана энергия беретіндіктен, оның ай сайынғы жіберетін қуаты желге тәуелді. Мердігер компания аудандағы үнемі күшті жел болатын жерді таңдауға екі жылдай уақыт жұмсап, Исатай ауданындағы Манаш ауылына жақын жердегі учаскені лайық деп тапқан. Осы жерде жоғарыдағы  желдің орташа жылдамдығы жыл бойына секундына 8-10 метр болады. «Жел қағарлардың» қалыпты жұмыс істеуі үшін желдің жылдамдығы 4-тен 25 м/с-қа дейін болу қажет. Жел күшейген жағдайда қондырғы автоматты түрде өшіп, қолайлы ауа райын күту режиміне ауысады. Жел электр қондырғыларының жалпы биіктігі 100 метрден асады, 4 секциядан тұратын тіреу салмағы 148 тоннаны, генератор 58 тоннаны, ал «винт» қалағының салмағы 21 тоннаны құрайды. Бір қалақтың ұзындығы 32 метр, ал ротормен бірге осы алып «пропеллердің» диаметрі 65 метр. Аудандағы газ жүйесі тарихы Исатай ауданы Аққыстау селосында салынған кірпіш зауытын іске қосу мақсатында алғаш рет 1996 жылы Тұщықұдық ауылында «Ташкент-2» АГТС-і (Автоматты газ тарату стансасы) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуінен бастау алады. Аудан жалпы табиғи газды тұрмыста пайдалануға алғаш рет 2001 жылы қол жеткізіліп, аудан орталығы тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. 2002-2004 жылдары Х.Ерғалиев, Тұщықұдық және Исатай елді мекендеріне табиғи газ пайдалануға берілді. Осыған орай «Атырауоблгаз» ААҚ-ның Аққыстаудағы бөлімшесі ашылып, жұмыс жасай бастады. 2006 жылдың қаңтар айынан «ОблТрансГаз» КМК, 2012 жылдың тамыз айынан «Атырауоблгазжелілері» АҚ, 2012 жылдың қараша айынан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы, Атырау өндірістік филиалдары болып өзгертілген мекемелердің аудандық Исатай газ шаруашылығы филиалы қалыпты жұмыс жасап келеді.Сонымен қатар Жанбай, Жаңа Жанбай, Нарын елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында «ГАЗПРОММАШ-10» АГТС-ы 2008 жылы қолданысқа берілді. Ауданның 96% толықтай газбен қамтылған. ## Дін және өркениет Аудандағы діннің қалыптасуы Бөкей ордасынан бастау алады. Нарындық қазақтар арасында алғаш сауат ашып, бар мүмкіндігінше діни білім алғандардың бір бөлігінің мешіттер ашуы құм қазақтарының еңсесін тіктеді. Исатай ауданы аумағында болған Обалы мен Орпадағы Байғазы мен баласы Мақаш, Қорықтағы Дәулетияр, Бегайдардағы Ахмет, Сүйектідегі Лұқпан, Забұрындағы Меңетай, Кетешағылдағы Елеш, Тұщықұдықтағы Құрманбек, Дуабергендегі Нұртаза, Жанбайдағы (Қызылжар), Төлеміс, Забурындағы Құрманбай т.б. кұдай үйлері діни сауат ашу жолындағы істің бастамашылары бола білді. Білімдерін жетілдіріп, дінге деген сенімдері артқан діни тұлғалардың бір легі Меккеге жол салып, қажылық парыздарын өтеді. Олардың арасында үш рет барған Алдоңғар Қарақұлұлы, Нұрпейіс қажы Әлішұлы, Әйіп қажы Бекенұлы сынды азаматтар болды. Халық арасында емшілігімен танылған Ақмаңдай әже Мырзағұлқызы, Жабас, Сәт-Ата, Толыбай әулиелердің жолын Қайыр Жақияұлы, Дәрісқали Иманғалиұлы, Тәни Есалыұлы, Мүтіш Серғазыұлы, Әжен Батырбекұлы, Ғизат Аяшев, Зейнеден Құрасұлы, оның ұлдары Уалитхан мен Рыспайлар жалғастырып, халықтың жан шипасы үшін аянбай қызмет жасады. Қазақ елі тәуелсіздік алған жылдардан бастап, дінге деген көзқарас жаңарып, жастар имандылыққа бетбұрыс жасады. Аудан көлемінде Х.Ерғалиев ауылынан «Қамысқала», Аққыстау селосынан «Зинеден Ата» мешіттері салынды. Зинеден Ата мешіті — аудан орталығындағы мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат. Мешіт жобасы классикалық ислам үлгісінде күмбезді, қос мұнаралы болып салынған. Аудан тұрғындарының рухани орталығына айналған үйде жастарды имандылыққа тәрбиелеуде көптеген игілікті шаралар атқарылып келеді. Мешіттің негізін қалаушы Исатай ауданының Құрметті азаматы, Сәт баба ұрпағы - Рыспай Зинеденұлы. Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты. Қамысқала мешіті — Х.Ерғалиев ауылында орналасқан діни ғимарат. Мешіт үйінің құрылысы Исатай ауданының Құрметті азаматы, Нұрпейіс Мақашевтың бастамасымен салынды. Құрылысты жүргізген мердігер «Ғимарат» ЖШС.2004 жылы салынған. Жалпы аумағы 0,36 га. Мешіт ерлер залы (80,7 шаршы метр), әйелдер залы (42 шаршы метр) және имам бөлмесінен тұрады. Оның 14 метрлік 1 мұнарасы және екі бүйірінде 10 метрлік екі мұнарасы бар. Үлкен күмбезі негізгі зал үстіне салынған. Алла үйі дала түстес кірпіштен қаланған. Қасбеті Орта Азиялық мешіттер сәулетін еске салады. Ғибадатхана михрабына шаһадат калимасы, ал екі жағына «Алла» және «Мұхаммед» деп жазылған. Күмбез астына «Аятул курси» аяттары өрнектелген. ## Тарихи және мәдени ескерткіштер Исатай ауданы - көне тарихты өлке болғанымен, аймақтың негізгі құрамы Нарын құмы тарихи тұрғыдан әлі де зерттелмей келеді. Аудан көлемінде археологиялық зерттеулерді айтпағанда, жай ізденістегі экспедициялар жұмыс жасамаған. Сондықтан да бұл аймақта тарих, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері сирек кездеседі. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның есебінде Исатай ауданы бойынша 10 ескерткіш ғана тіркелінген (2017). Аққыстау селолық округінің аумағында үш жерде орналасқан ескі қорымдардағы құлпытастар есепке алынған. XIX ғасыр мәдениетінің азаматтық сәулет өнерінің көне үлгісі болып табылатын бұл сағанатамдар мен құлпытастар қатты тасқа ойып өрнектер салу, араб әріптерімен жазу арқылы жасалған. Тарихи және мәдени ескерткіштердің бір тобы 1836-38 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы И.Таймановқа арналған. Нарын ауылдық округі аумағында 1991 ж. Исатайдың 200 жылдығына арналған шаралар өткен жерде, батырдың әкесі Тайман жерленген жерге ескерткіш белгілер қойылды. ТАСКРАН шекаралық белгісі — Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым қашықтықта орналасқан Таскран белгісі кезінде шекаралық белгі ретінде орнатылған. Биіктігі 10,5 м, жалпы көлемі 7,8x7,0 м. Мұнараның үштен екі бөлігі шикі кірпіштен қаланып, жоғарғы жағы қамыс пен саз балшықтан жасалған. «Атырау-Астрахан» автомобиль жолының бойында орналасқан. Орал өңірі өз алдына облыс болып, Орынбор губерниясынан бөлініп, Астрахан губерниясына берілгенде Астрахан губерниясымен екі аралық мың шақырым қашықтықты тең бөлетін шекара сызығы жыртылып белгіленген. Теңізге тірелетін жерге жеткенде тастан биік етіп осы белгіні орнатқан. Бұл белгі теңіздегі балықшыларға бағдар болған, ол үшін суға қара ала таяулар қағылған.. Қанша уақыт өтсе де сол қалпында сақтаулы. БӨКЕЙ сұлтан көне жұрты — Тұщықұдық ауылдық округінен 20 шақырым қашықтықта Жалтыр көлінің жиегінде орналасқан тарихи мекен. Бөкей хан 1901 жылы орыс патшасынан рұхсат алып, Еділ-Жайық арасына қоныс тепкендегі алғашқы орналасқан мекені. Осы қонысқа көшіп келген жылы қайтыс болған Бөкей шешесінің мәйіті де осы жерде. Төре тұқымының әдет-ғұрпы бойынша құпия жерленген, ескерткіш-зират тұрғызылмаған. Сұлтанның көне жұртындағы ескерткіш белгі - 2016 жылы аудандық әкімшілік бастамасымен қойылды. ИСАТАЙДЫҢ көк татыры — атанған жер Айбас елді мекенінен батысқа қарай, 25 шақырым жерде, Құсқонбас пен Үштағанның Құрманғазы ауданымен шектесетін жерінде орналасқан. Исатай бастаған көтерілісшілер осы жерден оқ-дәрі дайындап, ұсталар найза, сүңгі, айбалта, қылыш, мылтық т.б. қару-жарақ соққан. Ені 10-15 метр, ұзыны 25-30 метр болатын тегістіктің бетін темір тотығы мен күкірт араласқан көкшіл құм басып жатыр. Жер астынан күңгірлеген, жаңғырыққан үн шығуына қарағанда, татыр астында бос кеңістік бар деген тұжырым бар. ИСАТАЙДЫҢ қол жинаған орны — Азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлы 1836 ж. Манаш ауылының арқа бетіндегі Дүзентөбе деген жерде 200-дей көтерілісшінің басын біріктіріп, қол жинаған. 1991 ж. Исатай Тайманұлының 200 жылдық мерейтойына орай осы жерде республикалық мереке өткізілді. ҚҰСҚОНБАСТАҒЫ тас төбелер — тарихи мекен. Құсқонбастан батысқа қарай 80 шақырым қашықтықта Құрманғазының Керей-Ашық қыстағына жақын жерде Исатай батыр сарбаздары Геке әскерлерімен шешуші шайқасқа түскені белгілі. Тарихшылардың пайымдауынша, Нарынның шығысындағы Бекетай құмындағы Тастөбе шайқасы өтті деген жерлер осы аймақ болуы мүмкін деген жорамалдар бар. Биік қыраттың биіктігі 5-6 метр шамасында, аумағы қазақтың он екі қанатты киіз үйінің аумағындай жердегі құмдар арасынан жұдырықтай-жұдырықтай көк тастар көрініп жатыр. Бұл тастар жаудан қорғану үшін 100 шақырым қашықтықтағы Бесшоқы тауынан тасып әкелініп, қолдан тұрғызылған шығар деген болжамдар көптеп айтылады. ## Аудан мәдениеті Ауданның мәдениет мекемелерінің тарихы 1930-шы жылдардағы қызыл отаулардан басталады. Қызыл отаулар үгіт-насихат шараларының ұйтқысы, көркемөнерпаздықпен айналысатын, білім деңгейін көтеретін орын болды. Ұсақ ұжымшарлар ірілендіріліп, олардың экономикасы нығайған кезде ұжымшар орталықтарында клубтар ашылды. Ауданның елді мекендерінде өнерлі жандардың басын біріктіретін драма үйірмелері, оркестрлер, хор ұжымдары құрылып жұмыс істей бастады. Аудандық мәдениет бөлімін 1945-57 жылдар аралығында басқарған Жұмабай Қуанышев, Ғабит Ідіркенов, Боқан Ержанов, Бисен Жұмағалиевтер мәдениет мекемелерінің жұмысын жетілдіруге, көркемөнерпаздықты дамытуға көп еңбек сіңірді. Облыс бойынша алғашқы халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды. 1957 жылы Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалі шеңберінде өткен облыстық байқауда аудан оркестрі жүлделі орынды иеленді. Ауданда өнердің үлгісі Чапаев (қазіргі Тұщықұдық) селосы болды. Драма ұжымы 1967 жылы халық театры атағын алды. Басқа ауыл-селоларда да көркемөнерпаздық кең өріс алды. Өнер топтары, жанұялық ансамбльдер көбейді. 1990 жылы Исатай ауданы қайта құрылғаннан бері аудандық мәдениет бөліміне Мирас Қибашев, Манарбек Дәулетов, Ақылбек Рысқалиев, Света Жарылғасова жетекшілік етті. Тәуелсіздік жылдарында ауданда айтыс өнері дамып келеді. Шынарбек Қабиев, Саадат Нұрманов республикалық ақындар айтыстарында жүлдегер атанса, олардың соңынан бір топ жас ақындар өсіп келеді. Қазір ауданда 3 мәдениет үйі, 6 селолық клуб, 3 жылжымалы клуб, 1 халық театры, И.Тайманұлы мұражайы, 18 кітапхана қызмет көрсетеді. Соңғы бес жылда Нарын, Қызылүй, Забурын селолық клубтары ашылды. Аудандық орталық кітапхана 1911 жылы 480 дана кітаппен Аққыстау селосында ашылса, қазір кітап қоры 141184 данаға жетті. 2006 жылы кітапхана республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттык жүйе (РАБИС) бағдарламасына қосылып, электрондық каталог жасақталды. ## Халық ағарту ісі Қазан революциясына дейін құм өңіріндегі ауылдарға М.Шектібаев, М.Ахсартов деген мұғалімдер келіп, сауаттандыру жұмыстарын жүргізген. 1939 жылы ауданда 35 бастауыш, 2 орта, 9 орталау мектеп болды. Жалпы елдегі сауатсыздықты жоюмен қатар халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ауыл мұғалімдері белсене араласты.Ұлы Отан соғысынан бұрын Нарын құмының әрбір ауылдық кеңесінің қарауында бір мектептен болды. 1957 жылдан кеңшарлар құрылған соң құмдағы мектептер кеңшарлар орталықтарына көшіріле бастады. 1963 жылдан бастап балалар бақшалары ашылды. 1977 жылы ауданда 7 орта, 3 сегіз жылдық мектеп, 9 интернат болды. 1976-1977 оқу жылының қортындысында 5613 бала, 1977-1978 оқу жылында 5782 бала оқыды. Оған 357 мұғалім ұстаздық етті. 2008 жылы ауданда 9 орта, 1 орталау, 4 бастауыш мектеп, 1 спорт мектебі, 3 саз мектебі, 8 балабақша, 1 оқушылар үйі жұмыс жасайды. Аудандық білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарды. Типтік үлгіде алғаш 1965 жылы Амангелді атындағы (Мәсәлімов) орта мектебінің құрылысы салынса, 1986-87 жылдары Аққыстау, Чапаев, Жанбай ауылдарында типтік орта мектептер салынды. Шалғайдағы Қызылүй, Жасқайрат және Жаңа Жанбай елді мекендерінде бастауыш мектептер, Абай (2001), Новобогат (2004), Гагарин атындағы (2005), Исатай (2007) орта мектептеріне жаңадан типтік мектеп ғимараттары салынды. ## Денсаулық сақтау ісі Емханалардың алғаш негізі 1928 жылы Новобогат ауданы құрылған кезде жұмыс жасаған екі фельдшерлік пункт негізінде қаланған. Аудандық аурухананың негізі 1944 жылы Новобогат кентінде ашылған 10 төсектік аурухана негізінде қаланды. 1950-ші жылдары Айбас, Мыңтөбе, Забурын ауылдық Кеңестерінде 5 төсектік, Чапаев ауылында 10 төсектік ауылдық ауруханалар болған. Новобогат учаскелік ауруханасына 1967 жылы республика бойынша алғашқылардың қатарында типтік үлгідегі аурухана салынып, күні бүгінге дейін сақталуда. Аудандық орталық аурухананың 50 төсектік типтік үлгідегі ғимараты 2004 жылы салынып пайдалануға берілді. Чапаев, Жанбай ауылдарындағы учаскелік ауруханалар 1983 жылы селолық емханаға айналдырылды. Денсаулық сақтау саласындағы реформалар талабына сәйкес 2000 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімі кұрылып, 2005 жылға дейін жұмыс жасады. Ауданда 2008 жылы аудандық орталық аурухана, Новобогат учаскелік ауруханасы және аудандық туберкулез ауруханасы халыққа медициналық қызмет көрсетсе, бір аудандық және екі селолық (Чапаев, Жанбай) отбасылық емханасы жұмыс істейді. 2007 жылы Нарын, Забурын, Исатай селолық округтерінде фельдшерлік- акушерлік пункттер базасында дәрігерлік амбулатория ашылып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады. 1984 жылы аурухана Аққыстау селосына жаңа ғимаратқа көшірілді. ## Баспасөзі Қазіргі Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тұңғыш саны 1953 жылы ақпанның 18-і күні «Малшылар үні» деген атпен жарық көрді. Газет өткен ауыл тұрмысының, аудан ел-жұртының еңбек және күрес жолын, қуаныш-мерейін, бастан өткерген қиын-қыстау шақтарын баяндады. «Малшылар үнінің» 5 жылда шыққан №561 санынан алғашқы редакторлар Төлеген Сатқанбаев пен Мүтәліп Шәріпов, жауапты хатшы Ғалымжан Үбеновболды. Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдары мен оған ілісе аудан өңірінде атқарылған үлан-асыр өзгерістер, әсіресе ауыл-шаруашылығын өрге бастыру бағытында жасалған қадамдар газет беттерінде кеңінен көрсетіліп отырды. 20 жылдай үзілістен соң, 1977 жылғы қазанның бірінде «Нарын таңы» деген атпен қайта шыққан аудандық басылымның екінші өмірі сол уақытта өрлеу, кейінірек келе тоқырау аталған кезеңдегі ауданның өндірісі, транспорты мен құрылысы, ауыл-шаруашылығы салаларында қол жеткен табыстар, олардағы социалистік жарыс пен озаттар өнегесі, мәдениеттегі, білім беру мен денсаулық сақтаудағы істердің кеңінен жариялануы қамтамасыз етілді. Газет жылнамасындағы үшінші кезең аудан Исатай атын алып, қайтадан құрылуына байланысты 1991 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Заман мен қоғамдағы өзгерістерге орай газеттің беталыс бағдары мүлдем жаңа сипатқа ие болды, тақырып мазмұны, материалдар стилі өзгерді. Көкейтесті мәселелерді қозғайтын, өзіндік көзқарастарын білдіретін жарияланымдар көбірек беріле бастады.Ұлттық қадір-қасиетімізді кұрметтеп, салт-дәстүріміз бен халықтық әдет-ғұрыптарымызды, имандылықты өмірге орнықтыру мәселесіне кең орын берілетін болды. Экономика, саясат, әділет, сот, заң, әлеуметтік тұрмыс, тазалық, нашақорлық, темекі шегу, СПИД, қоршаған орта, көші-қон, индустриялық-инновациялық жобалар, агроөнеркәсіп және мұнай өндірісі, шаруагерлер тіршілігі, ауыл өмірі, жеке кәсіпкерлік, басқа да тақырыптағы мақалалар сараптамалық тұрғыда көбірек жарияланып келеді. Сондай-ақ қазіргі кезде басылымның мазмұны мен сапасына, көркемдік безендірілуіне көбірек мән беріліп, «Қоғам», «Өңір өмірі», «Кәсіп пен нәсіп», «Газет ішіндегі газет», «Бұқара», «Шаңырақ», «Әлеумет», «Сырғалым», «Газет және оқырман», «Спорт», «Керуен», «Алдар көсе», т.б. жаңа форматта арнаулы беттері ашылды. ## Аудан спорты 1977 жылы маусым айында Новобогат аудандық кеңесі атқару комитетінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитеті болып кұрылды. 1990 жылы аудандық жастар ісі, туризм және спорт бөлімі, 2000 жылы туризм және спорт бөлімі, 2006 жылдан бастап аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі болды. Аудан көлемінде ұлттық спорт түрлерін дамыту кеңінен іске асырылып келеді. Көкпар, аламан бәйге, жорға, тай, атан жарыстарын өткізу дағдыға айналдырылды. Нарын өлкесінде ат баптау дәстүрі - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. 2007 жылы ауданның көкпар командасы жасақталып, алғаш рет облыстық жарыстарға қатынасты. Спорт пен денешынықтыруға жергілікті халыққа орталық стадион, 2 мәдени спорт кешені, аулаішілік спорт алаңдары қызмет көрсетуде.Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олардың филиалдары өз саңлақтарын әлемдік додаға дейін тәрбиелеген жеңімпаздар дайындайтын білім ордасы ретінде танылуда. ## Ауданның танымал тұлғалары * Ахмет Сүндетов – Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. (Забурын а.) * Дина Нұрпейсова – күйші композитор. (Бекетай құмы) * Зақаш Камалиденов – қоғам және мемлекет қайраткері. (Орпа а.) * Қаршыға Ахмедияров –Қазақстанның халық әртісі, халық күйшісі, сазгер. (Таңдай а.) * Нәбиден Әбуталиев – жазушы, драматург (Молшағыл а.) * Фариза Оңғарсынова - қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы. (Манаш а.) * Хамит Ерғалиев - қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы. (Новобогат а.) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Исатай ауданы туралы(қолжетпейтін сілтеме)
Шренг астрагалы (бұршақ тұқымдасы) Балқаш және Бетпақдала маңындағы шөп далаларда,сонымен бірге аласа таулардың дала аймақтарында кездеседі.Мысалы,Мұғалжар,солтүстік және Батыс Тянь-Шань.Тегіс жерден таудың ортаңғы белдеулеріне дейін майда шөгінділерде және тасты топырақтарда өседі.Ұзын қою сопақша гүлшоғырлары жапырақсыз гүлсидамына орналасқан.Күлтелері қара қошқыл күлгін түсті,түтікшелі тостағаншадан екі есе ұзын.Гүлдеп біткеннен кейін тостағанша көпіршік тәрізді пішінге айналады және ұлғайып жемістерді жабады.Жемістері маусым-шілдеде пісіп жетіледі.Осы уақытта гүлшоғырдың ортасы қурайды және сына бастайды.Көпіршік тостағанша мен қоршаған жеке бұршақтар жер бетімен домалап,аналықтан бірнеше қашықтыққа ұзайды.Шренг астрагалы гүлдегенде және жеміс салғанда өте әдемі көрінеді.Ол табиғат ландшафтында өте тиімді көрінеді және альпі төбешігін безендіруге өте қолайлы. Дереккөздер:Қазақстанның өсімдіктер энциклопедиясы.
Батпақ тасжарғаны - тасжарғандар тұқымдасына жатады.Таралу аудандарына Қазақстанның оңтүстік облыстары жатады.Ылғалды,бұлақ,өзен жағалауларында,Алтайда және мүкті,қыналы тундрада өседі.Сабақтары 40-30 сантиметр,онша ұзын емес,жапырағы жіңішке,қандауырша тәрізді,гүлдері ашық-сары,түп жағында қызғылт сары нүктелері бар.Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді.Омарталық өсімдік,халықтық медицинада тамыры және тұқымы тері ауруларын,жер үсті бөлігі жүрек ауруларын емдейді. ## Дереккөздер Қазақстанның өсімдіктер энциклопедиясы.
Сиректүк сиыржоңышқа - бұршақ тұқымдасының Қазақстанда кездесетін 26 түрінің бірі, Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі таулардың орта белдеуіне және төменгі белдеуіне, сондай-ақ шөлді және республиканың батыс бөлігіндегі оңтүстік дала аймақтарына тән мекендеуші. Құмды, сазды, топырақты шөлдерде, қиыршық тасты тау беткейлерінде өседі. Өте тартымды, көпжылдық. Қаулай өседі. Тік қатты бұтақтанған тамыр сабағымен ерекшеленеді. Ондай тамырсабақтан қою топ-топ өркендер жетіледі, сабақтары көптеп бұтақтанған. Жапырағы жұпсыз қауырсынды, үлкен жапырақшалармен. Жапырақшалар саны 2-6 жұп, сопақша таспа тәрізді, ұзындығы 3 сантиметр, ені 0,5 сантиметр. Гүлдері едәуір үлкен, ұзындығы 2 сантиметр, екі-төрттен ұзын гүл тұғырына орналасқан. Күлтенің түсі ашық, түрлі-түсті. Жалауша қызғылт сия көк, қанаты күлгін сары, қайыршаның ұшы көгілдір. Бояулар мен жапырақ пішіні өте құбылмалы. Бұл түр сәуір-мамырда гүлдеп, маусым-шілдеде жеміс береді, ұзындығы 5 сантиметр, ені 1 сантиметр. Пісіп жетілген соң жеміс қақырайды, олардың жармалары қатты бұрылып, тұқымды күшпен итеріп, аналықтан шығарып тастайды. Көп еңбекті қажет етпейтін мал азықтық өсімдік, малдың барлық түрі жақсы жейді. Құрғақшылық жағдайында малға көктемгі азық есебінде кейбір мамандар жазықта және аласа тауларда өсіруді ұсынады.. ## Дереккөздер
Алля Анаров – Социалисттік Еңбек Ері атағын екі рет алған (1948, 1951) Қырғызстанның Ош облысының Араван ауданының «Коммунизм» колхозының бригадирі (1951-1962). Алля Анаров – КСРО Жоғары Советінің 2-ші шақырылуының, Қырғыз КСР Жоғары Советінің 3-4 шақырылуының депутаты. ## Өмірбаяны 1939 жылдан КОКП мүшесі. 1931-51 ж. колхозда звено жетекшісі болып шитті мақтадан мол өнім жинады: * 1948 ж. – әр гектардан 100,9 ц, * 1949 ж. – әр гектардан 88,5 ц, * 1950 ж. – әр гектардан 74,5 ц, * 1951-62 ж. мақта бригадасының бригадирі, * 1962-67 ж. осы колхоздың егіс бригадасының бригадирі, * 1967-68 ж. тың жерде ұйымдастырылған «Пахтачи» совхозының мақта бригадасының бригадирі болып істеді. ## Марапаттары Алля Анаров 5 рет Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған. Бүкіл одақтық ауыл шаруашылығы және халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің бес Үлкен алтын, жеті Кіші алтын медальдарына ие болды. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Таулар жер шарының барлық құрлықтарында бар. Таулардың кейбірі өте биік болады. Непал мен Тибеттің шекарасында жатқан Гималай тау жүйесіндегі Эверест шыңы – жер бетіндегі ең биік тау. ## Тау шыңдары * ХанТәңірі (Сарыжаз жотасы) - 6995 м * Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы(Меридиандық жота) - 6276 м * Талғар шыңы(Іле Алатауы) - 4973 м * Шоқтал тауы(Күнгей Алатау) - 4770 м * Бесақан тауы(Жоңғар Алатауы) - 4622 м * Металлургтер тауы(Іле Алатауы) - 4600 м * Мұзтау шыңы(Алтай тауы) - 4506 м * Манас шыңы(Талас Алатауы) - 4482 м * Мұзтау шыңы(Сауыр тауы) 3818 м ## Дереккөздер "Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0
Орал алды үстірті - Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. ## Жер бедері Үстірттің орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік-шығысында біраз биіктейді де, солтүстікке, батысқа және оңтүстікке қарай араласып, төбелі-жонды жазыққа ұласып кетеді. Орал алды үстіртін Жем өзені салалары мен бірнеше ұсақ өзендер кесіп өтеді. ## Геологиялық құрылымы Үстірт кей жерлерінде фосфориттер кездесетін саз, құм шөгінділерінен түзілген. ## Дереккөздер
Су - құрлықтағы сұйық, қатты күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едауір мол. Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: * өзендер * көлдер * жер асты суы * мұздықтар Қазақстанда ұзындығы 1000км-ден асатын 7 өзен бар олар: Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу. Республикамыздың өзендері негізгі 2 алапқа жатады: 1. Солтүстік Мұзды мұхит алабы(Өзендері:Ертіс, Есіл, Тобыл салаларымен). 2-ші алап - Ішкі тұйық көлдер алабы(бұл алапқа ішкі көлдерге құятын өзендер жатады. Қазақстан өзендерінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Қазақстан аумағындағы ең ұзын және ең суы мол өзен - Ертіс өзені. Ертістің жалпы ұзындығы - 4248км. Ал оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 1700км. Ертіс өзені Қытай жерінен басталып, Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен еніп, Зайсан көліне құяды. Ертіс өзенінің деңгейі сәуір, мамыр айларында көтеріледі. Ертіс өзені Қазақстан жеріндегі кеме жүзуге ең қолайлы өзен болып саналады. Ертіс өзені - Ресей жеріндегі Объ өзенінің сол жақ ірі саласы болып саналады. Ертіс өзенінің оң жақ ірі саласы - Бұқтырма өзені. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен СЭС-тары(Су Электр Стансалары) салынған. Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы салынды. ## Дереккөздер "Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0
Тобыл-Обағанның жазық даласы батысында Орал Сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысындағы Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Бұл да көлді жазық. Жер бетінің биіктігі оңтүстігінде 250 м. Солтүстікке қарай аласарады. Жазық саздардан түзілген. Оның бетін плиоцен мен неогеннің жыныстары жапқан. Аумағында Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл, Обаған өзендері ағып өтеді. Тұщы көлдер аз, ең үлкені - Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер көп. Жері қара топырақты, шалғынды. ## Дереккөздер "Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0
Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырдың басында, Урмия көлінен Қап тауының шекараларына дейін созылған Урарту бірегей мемлекетінің астанасы қазіргі Ван қаласында орналасты. Урарту гидравликалық жұмыстарда, суландыруда, жүктерді сумен тасымалдауда шеберлер болды, сондай-ақ арналар мен жасанды көлдер құрылысында да шеберлікпен ерекшеленді. Олар тек жылқы шаруашылығын жақсы білуімен ғана әйгілі болмай, сонымен бірге қуатты және атты әскердің иелері ретінде де танылды. ## Дереккөздер 1. Көне түркі мәдениеті кітабы, Алматыкітап 2011ж. 2. http://www.tourismturkey.kz/ Мұрағатталған 10 тамыздың 2018 жылы.
Измирден шығысқа Сардыға қарай б.д.дейінгі 800 және 650 жылдары лидиялықтар деп аталатын басқа халықтар өмір сүрді, ақшаны тап осылар ойлап тапты деген болжам бар. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда лидиялық патша Креза мен парсылар Анадолыны Кызылырмакқа дейін екі бөлікке бөліп алуға келісті. Парсылар бұл келісімді сақтамады және Лидиялықтардың аумағына басып кіруді жалғастыра берді, парсылар Анадолыда б.д.д. 333 жылы Александр Македонской келгенге дейін басымды күшке ие болып қала берді. ## Дереккөздер 1. Көне түркі мәдениеті кітабы, Алматыкітап 2011ж. 2. http://www.tourismturkey.kz/ Мұрағатталған 10 тамыздың 2018 жылы.
Алғашқы кезде бұл аймақтардың жаму дәрежесі ұзақ уақыт бір деңгейде болып, теңіз суы басып жатқан. Кейін ұлан-байтақ теңіз орнында бірінен соң бірі таулар пайда бола бастады. Каледон қатпарлы аймағы Сарыарқаның солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстік бөлігін қамтыған. Герцин қатпарлы аймағына Мұғалжар, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтай таулары кірген. Бұл аймақтардың негізін құрайтын жыныстар көп жерлерде жер бетіне шығып жатады, ал ойыс жерлері мезозой және кайнозой жыныстарынан тұрады. ## Дереккөздер "Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0
## Үлкен паморник Үлкен паморник- шағаланың тұқымдасы.Антарктидада мекендейді. Ол жылдамдығын біресе арттырып,біресе бәсеңдетіп ұша алады.Қанатының ұзындығы 40 см.Ол мұхитта көшіп қонып-күнін өткізеді.Басқа құстардың жемтігін тартып алады.Ол ұсақ құстар мен кішігірім аңдарды да аулайды.Қалдықтардан жиіркенбейді.Ұрпақ қалдыру мақсатында поморниктердің ұясы жердегі кішігірім шұңқырда болады.Оған екі жұмыртқа салынады.Ата-аналары екеулеп басып шығарады.Жұмыртқаны басып шыққан балапандар ұядан бір аптадан кейін шыға бастайды.Олар да үлкендері сияқты жерде жақсы жүре алады. ## Дереккөздер ## Үлкен паморник Үлкен паморник- шағаланың тұқымдасы.Антарктидада мекендейді. Ол жылдамдығын біресе арттырып,біресе бәсеңдетіп ұша алады.Қанатының ұзындығы 40 см.Ол мұхитта көшіп қонып-күнін өткізеді.Басқа құстардың жемтігін тартып алады.Ол ұсақ құстар мен кішігірім аңдарды да аулайды.Қалдықтардан жиіркенбейді.Ұрпақ қалдыру мақсатында поморниктердің ұясы жердегі кішігірім шұңқырда болады.Оған екі жұмыртқа салынады.Ата-аналары екеулеп басып шығарады.Жұмыртқаны басып шыққан балапандар ұядан бір аптадан кейін шыға бастайды.Олар да үлкендері сияқты жерде жақсы жүре алады. ## Дереккөздер
Өзендер құламасы деп оның бастауының сағасынан метр есебімен көрсетілген биіктікті атайды. Өзеннің жеке учаскелеріндегі құлама - бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі нүкте аралығындағы биіктігінің айырмасы. Өзеннің бастауы және сағасының, аралығы өзендердің құламасын өзеннің ұзындығына бөлгенде өзеннің еңістігі шығады. Өзен өзінің салаларымен қоса су жинайтын жерді өзен алабы деп атайды. Олар: Солтүстік мұзды мұхит алабы, Каспий теңіз алабы. ## Дереккөздер География: Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. ISBN 9965-9783-7-9
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) — еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. "Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны") Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады. ## Урбандалу үрдісінің арқауы * қала халқының табиғи өсімі; * ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; * қала маңы аудандарының пайда болуы; * ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция. ## Урбандалу түрлері * Субурбандалу - қалалық агломерациялардың қалыптасуының нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағының өсу және даму процессі. * Контрурбандалу - урбанизацияға кері процесс. * Жалған урбандалу - қала халқының санының өсуі. Бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы. ## Қаладағы урбандалу үдерісі Қала халқы үлесінің өсуі - республиканың индустриялық көрсеткішінің жоғары деңгейінің белгісі болып табылады. Қалаларда өнеркәсіптік өндірістер, транспорттвқ, сауда, мәдени, ғылыми және өзге де нысандар шоғырланады. Көптеген қалалық елді мекендер әкімшілік-аумақтық қызметтерді атқарады. Қала типтес кенттерде бір немесе бірнеше өнеркәсіп орналасады. Қалалардың қалыптасуы оның индустриялық дамуы, сәулеттік бейнесі мен тұрғындар саны бойынша ажыратылады. Қазіргі таңда қалаларды жіктеудің бірнеше түрі бар, олардың негізінде екі категория - қаланың ауқымы және қызмет түрлері қалыптасады. ## Қазақстандағы урбандалу үдерісі Халық саны бойынша қалалар жіктелуі * кіші (20 мың адамға дейін) * орта (50 мың адамға дейін) * үлкен (100 мың адамға дейін) * аса ірі (500 мың адамға дейін) * Миллионер қалалар Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекендер бар. Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Астана (1 078 362 адам) және Шымкент (1 011 551 адам). Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді. Қала халқы Қарағанды (79,5%) және Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы өнеркәсіптің дамуымен тікелей байланысты. Урбандалудың қазіргі деңгейіне үлкен қалалардың өсуі, қала агломерацияларының қалыптасуы, мегаполистердің пайда болуы тән. Кейбір ірі өндірістік орталықтар айналасында өндірістік, транспорттық, мәдени және тұрмыстық байланыстарға ие көптеген ұсақ және орта қалалардың шоғырлауын агломерация деп атайды. Қарағанды мен Теміртау айналасында Саран, Абай, Шахты, Топар, Долинка агломерациялары т.б. қалалар қалыптасқан. Келесі агломерация - Алматы. Болашақта әлемдік және аймақтық нарықпен бірігу нәтижесінде жаңа қала агломерациялары пайда болады. Әр агломерацияның экономиканың белгілі бір саласына қатысты өзіндік мамандануы және белгілі бір бағыттары бар. Урбандалу үдерісі қарқынды байқалатын аймақтар қатарына Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары кіреді. Бұл үш аймақтың екеуінде хаб қалалар орналасқан: Орталық-шығыс макроаймақтың орталығы - Өскемен, Батыс макроаймақтың орталығы - Ақтөбе. Жалпы болжам бойынша Қазақстанда 5 хаб қала болмақ: Ақтөбе мен Өскеменнен басқа Солтүстік макроаймақ орталығы - Астана және Оңтүстік макроаймақ хабтары - Алматы мен Шымкент. Қаржылық орталықтар халқының өсу қарқыны жоспарланғаннан да жоғары екенін айта кету керек. Елдің аумақтық дамуының болжамдық сызбасына сәйкес Алматы халқының саны 2019 жылы қаңтар айында 1 854 556 мың адама жетті. Жалпы Алматы Оңтүстік макроаймақ хабы болғандықтан, Алматы - Тараз - Шымкент бағыттарын байланыстыратын ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналды. Астана хаб қаласының дамуы қала агломерациясының қалыптасуымен байланысты. Астана хаб қаласының дамуы қала агломерациясының қалыптасуымен байланысты. Агломерацияны Қарағанды, Көкшетау мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту арқылы кеңейту қарастырылған. Елорда халқы бүгінде екі миллион адамға жетуі мүмкін екені болжанып отыр. Осындай болжамдарға сәйкес қала әкімшілігі екі миллион тұрғынға есептелген "Астана мастер" жобасына халықаралық сайыс жариялады. Кіші қалалардағы өнеркәсіп бір-екі кәсіпорынмен немесе оның мүлдем болмауымен шектеледі. Бұл халықты жұмыс орындарымен, көлік қатынасымен, ауызсумен қамтамасыз етуде күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың туындауына себепші болды. Мұндай жағдайда Кентау, Жаңатас, Қаратау, Талғар қалаларына тән. Елде осы қалалардың маңызды мәселелерін шешу мақсатында жасалатын шараларды басқарып, реттеу үшін 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама аясында инженерлік инфрақұрылымды салу, өнеркәсіптік аймақтарды және индустриялық зоналарды қалыптастыру іске асырылмақ. Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында тұрғындардың моноқалалардан көшіп, тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне көмек көрсетеді. Қала мен қала шегінде шоғырланған өнеркәсіптік, әсіресе энергетикалық, металлургиялық, химиялық және өзге де кәсіпорындар қоршаған ортаға айтарлықтай теріс ықпал етеді. Өнеркәсіптердің отынды жағуынан, түрлі залалды заттардың атмосфераға шығарылуынана, автокөлік газынан қала ауасы ластанып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Осының нәтижесінде қала ауасы ауылдық мекендерге қарағанда 15 есе артық ластанған. Бұған қоса ауаға ғарыштан зиянды қосылыстар да келіп енеді. Қазақстанда атмосфераны ластайтын заттардың максималды концентрациясы басым бірнеше қала бар. Бұлар: Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Балқаш және т.б. қалалар. Алматыда ластанудың 15,5%-ы зауыттарға, 23,3%-ы қалааралық көлікке, 58,6%-ы автокөлікке тиесілі. Алматы қаласының ауасында жоғары температурада отынның жануы кезінде пайда болатын азот диоксиді басым. Оның негізгі көздері автокөлік қалдық газдары, ЖЭС-тің ауаға зиянды шығарылымдары, қатты қалдықтарды жағу мен газдың жануы болып табылады. Қаланың лас ауасы тұрғындардың денсаулығына зиян, ал күкірт қосылыстары тарихи сәулеттік ескерткіштерге кері әсер тигізеді. Мұндай қалаларда көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратын, шуды төмендететін орман алқаптарын отырғызып, ал өндірістік кәсіпорындарында тазалау сүзгілерін орнату керек. ## Дереккөздер
Тәжді көгершін- әлемдегі көгершін атаулының ең ірісі, оның ұзындығы 75 см, салмағы 2 кг тартады. Оның басында тәжі бар,сондықтан оны тәжді деп атайды. Олар Австралия маңындағы Жаңа Гвинеяның солтүстігіндегі ормандарда тіршілік етеді. Олар бір-бірімен мәңгілікке жұптасады. Ұяларын ағаштарға салады. Балапандарын басқа көгершіндер секілді, ата-анасы бірге өздерінің тамақ сарқынынан шығатын көгершін сүтімен қоректендіреді. Өз тамақтарын жерден табады. Олар жерде жақсы жүреді, жеңіл әрі жылдам ұшады. ## Дереккөздер
Андома қыраты - Орыс жазығының солтүстігіндегі қырат. Әк тастан түзілген. Ресейдің 3 облысының аймағында орналасқан: Вологда облысы - 78 %, Карелия Республикасы - 17 %, Архангельск облысы - 5 %. Үш өзеннің су айырығы: Ақ, Лача және Ладога . Біршама тегіс келген мореналық төбелер мен көптеген көлдер бар. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Чириковка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Заречный ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1268 адам (595 ер адам және 673 әйел адам) болса, 2009 жылы 1034 адамды (501 ер адам және 533 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Тұрлыбай батыр ауылы (2011 жылға дейін — Красная заря) — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Округ орталығы - Жамбыл ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым, аудан орталығы - Меркіден 9 шақырым қашықтықта "Көлтоған" байламтасының төменгі сағасында орналасқан. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік пункт, дүкен жұмыс істейді. Бұрынғы атауы Тұрлыбай батыр ауылы, артель құрылған соң "Красная заря", тәуелсіздік алғаннан кейін "Қызыл таң" деп аталды. ## Ауыл тарихы Бұл ауыл адамдарының ата-бабалары бұрын қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданының Қорағаты ауылының маңындағы Шілік деген жерде тұрған. Сол кездерде, ауылдың бетке ұстар азаматы, Сыпатай батырдың серігі болған Тұрлыбай батыр халықты ұйымдастырып, егін суғару үшін Меркі өзенінің бір тармағының алдын бөгеп екі жерден (біреуі үлкен, біреуі кіші) байламта жасайды. Үлкен байламта "Көлтоған", кіші байламта "Балатоған" аталды. Сол байламталардың төменгі сағасынан үш жерден төменге қарай "Шілікке" дейін, яғни 7-8 шақырымдай тоған қаздырады. Сөйтіп, көп адамдар егін егіп, жағдайын түзей бастайды. Шіліктің бойындағы халық, суы мол Көлтоғанға жақын маңға, яғни көлдің төменгі сағасына келіп қоныстана бастайды. Байламтадағы көл мен қазылған тоған бірігіп "Көлтоған", кіші байламтада балалар шомылып, көп ойнайтындықтан "Балатоған" аталып кеткен. ## Дереккөздер
Қызылсай — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жаңатоған ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Округ орталығы - Қостоғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей, аудан орталығы - Меркі ауылынан 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт, клуб жұмыс істейді. ## Ауыл тарихы Қызылсай ауылының аумағында колхоздастыруға дейін қазіргі Қостоған ауылы адамдарының бір бөлігі отырған. Ал, Қызылсайлықтар қазіргі Гранитогорск ауылының төменгі қапталында "Қызыл еңбек" ауылымен қатар отырған. Екі ауылдың ортасын екі терең сай бөліп тұрған. Ортадағы терең сайдың табанында ағып жатқан судан жаяу адам өте алмайтын болған. Жауын-шашыннан жиналып аққан судың табанында қызғылтым топырақ жатқандықтан ауылдың аты Қызылсай аталып кеткен. ## Дереккөздер
Қызылқыстақ — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылынан шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Ауылда бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт жұмыс істейді. ## Тарихы Ауыл колхоздастыру кезінде өзінше жеке колхоз болған. 1950 жылы "Аралқыстақ" колхозы "Қызылқыстаққа" қосылып, "Қызылқыстақ" колхозы атанған. 1953 жылы "Қызылқыстақ" колхозы "Победа" колхозына қосылады. ## Дереккөздер
Фильм аты: Сырғалым Шыққан жылы: 2014 Жанр: Драма, Телесериал Телехикая pөлдерде: Жұлдыз Маханова, Шер Әлі, Омар Қиқымов, Қалампыр Айсанғалиева, Әлихан Ыдырышева, Жандарбек Садырбаев ## Мазмұны Қарапайым қазақ отбасы ел қатарлы өмір сүреді. Бір күні бұл шаңыраққа ауылдан отағасының жақын досының қызы келеді. Бұл отбасының үлкен ұлы ауыл қызына қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал кенже ұлы қызды үйінен кетіруді ойлайды. Ауылдық тәрбие көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне өзгеріс әкеледі. ## Дереккөздер 1. http://www.zharar.com/ 2. http://kinostan.kazjur.kz/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Фильм аты: Әпке телехикаясы Шыққан жылы: 2014 Жанр: Мелодрама, Телесериал, Телехикая ## Мазмұны Туындыда ата-анасынан ерте айырылған бір отбасындағы бес баланың басқа түскен қиындықтарға мойымай, өмірден өз орындарын тапқаны баяндалады. Бір ата, бір анадан туса да, мінездері әрқилы ұл-қыздарды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бағып-қаққан шаңырақтың үлкені Қамажай - бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, артынан ерген іні-сіңілілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан. Өрімдей ұл-қызға әке мен шешені жоқтатпаған әпкенің еңбегі еш кетпейді. ## Дереккөздер 1. http://www.zharar.com/ 2. http://kinostan.kazjur.kz/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы Жерорта теңізінің биік таулары мен қоршалған жағалауын алып жатыр. Мұнда жазы ыстық, құрғақ, ал қысы жылы, жаңбырлы болады. Сондықтан өсімдіктер жыл бойы өсуін жалғастырып, мәңгі жасыл сипат алады. Бұл өсімдіктер жаздың ыстығы мен құрғақтығына да жақсы бейімделген: олардың жапырақтары ұсақ, әрі қалың, беті беті жылтыр болады, кейбіреулерінің бетін түк басқан. Ылғалды, жылы қыста шөптесін өсімдіктер қаулап өседі. Зонада субтропиктік орманның құнарлы құнарлы қоңыр топырағы таралған. Ормандар кесу нәтижесінде сиреген, сақталып қалған бөліктерінде тас емен, тығын емен, қолшатыр тәрізді жерортатеңіздік пиния қарағайы, грек жаңғағы, зәйтүн, кипарис ағаштары өседі. Кесілген ормандар орнын мәңгі жасыл бұталар мен аласа ағаштар: бүлдірген ағашы, мирта, аласа тас емен алмастырған. Мұнда майшетен, жүзім, цитрус тұқымдастары сияқты мәдени өсімдіктер де өсіріледі. Казказдың оңтүстігіндегі Колхида және Ленкорань ойпаттарында жалпақ жапырақты және мәңгі жасыл ағаштар аралас өсетін ылғалды субтропиктік ормандар таралған. Бұл өңірлердің климаты ылғалды, жазы ыстық, қысы жылы. Топырағы сары түсті болып келеді. ## Дереккөздер География. Материктер мен мұхиттар. - Алматы:Атамұра, 2003 ISBN 9965-05-684-6
Қасқұлақ - Қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ойын далада өткізіледі (алаңда, есік алдында), көбінесе кешке қарай. 10-нан бастап 20-ға дейін жоғарғы сынып оқушылары қатысады.“Қасқыр” және “түнгі күзетші” тандалады. Қалған ойнаушылар “қойларды” бейнелейді. Олар не “күзетші”, не “қасқыр” көрмеу үшін жанжаққа таралып тығылады. “Қасқыр” көріну үшін басың ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды іздеумен, ол “күзетшінің” көзіне түспеуге тырысады. “Күзетшінің” тапсырмасы - “қасқырды” андап жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер “қасқыр” ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны “күзетші” көрмей қалса, онда “қасқыр”, “күзетшінің” орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы “қасқыр” болады. “Күзетші” болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер “күзетші”, “қасқырды” көрсе, өзінің “отарын” қорғап оны қуады. Ойын уақыты белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы “қасқырларды”, “күзетшілерді” және “қойларды” белгілейді. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Хан ату- Қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ойынға көп асықтары бар 2 немесе 4 ұл бала қатыса алады. Үстел алдында отырып, бүкіл асықтарын шығарады (мысалы, 3 адам 10 асықтан). “Хан” түрінде белгі бір асықты тандайды және бір немесе бірнеше асықтарды ортаға қояды, сосың оларды қолға алып, кезекпен едеңге лақтырады. Егер осы уақытта “хан” алшы қалпында болса, онда осы қалпында тұрған асықпен оны соғу керек. Дәл осылай “хан”, бүк немесе ішік қалпында болса. Соққан асықты қалтасына салып, қатысушы ойынды жалғастырады. Егер ойнаушы”ханға” көздегенде басқа асыққа тигізсе немесе мүлдем тигізбесе, онда ол ойыннан шығады. Асықтарды келесі жинайды және лақтырады. Ойын асықтары біткенше дейін жалғаса береді. Бір ережені ескертуі жөн: асықты лақтырғанда, “хан” асықтардын астында қалуы мүмкін және асықтардан тазаланбайды. Сонда лақтырған: “хан талапай” деп бақырады. Ойнаушылардың бәрі, асықтарға жауылып көбірек алуға таласады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Фильм аты: Ұстаз Шыққан жылы: 2013 Жанр:Драма, Телесериал, Телехикая ## Мазмұны Бұл - қазақстандық ұстаздардың өмірі туралы хикая. Ұстаздық жолды таңдаған мамандардың күнделікті тіршілігі, бүгінгі мектептің бейнесі, патриоттық тәрбие, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас осы хикаядан көрініс таппақ. Негізгі кейіпкер - бастауыш мектептің жас мұғалімі. «Ұстаз» көпсериялы фильмі Қазақстандағы тәрбиелік жүйе туралы ғана емес, сондай-ақ, көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан ауыл шаруашылығы тақырыбын да қозғайды.Фильм желісі бойынша, қала типтес ауылдардың біріне мектеп салынады. Алайда, нысан салынып бітісімен, бірден кадр тапшылығы мәселесі алдан шығады. Мектептің директоры Байзақов Білім министрлігіне оқу ордасына жас мамандарды жолдау жөнінде сұраныс жібереді. ## Дереккөздер 1. http://www.zharar.com/ 2. http://kinostan.kazjur.kz/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
«Қандық-сандық» – сайыс. Бүкіл жастағы оқушы ұлдар ойнайды. Ойнаушылардың саны 2-ден бастап 40 адамға дейін.Ойын ойнаушылары капитандармен екі құрамаға бөлінеді, қайсылары ережелерді сақтауын байқап тұрады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Бір-біріне арқасымен қарама-қарсы тұрып, олар шыңтақтармен ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша әрқайсысы өзінің қарсыласының аяқтарын жерден (едеңнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға оңай емес, өйткені жүргізушінің белгісі бойынша екеуі жартылай отыру қалпына отырады. Қарсыласын көтеріп алған жеңіске жетеді. Көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз атанады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Мыңқазан — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жаңатоған ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ауыл округ орталығы - Қостоған ауылының солтүстік-шығысында 1 км-дей, аудан орталығы - Меркі ауылының шығысында 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік пункт жұмыс істейді. ## Ауыл тарихы "Мыңқазан" деп аталатын жер негізінде қазіргі Луговой - Бішкек темір жолы мен Мықанды тас жолының екі оратсы, яғни "Қызылқыстақ" елді мекенінің батыс жағы. Ашаршылық болған 1931-1932 жалдары Меркі өңірінде тұрып жатқан көп адамдар аштан өлмеу үшін, тамақ іздеп басы ауған жаққа тентіреп кетті, қырғыз, өзбек ағайындарды паналады. Ел қайта ес жиған тұста халық туып-өскен жеріне қайта орала бастады. Бірақ, сазды жер болғандықтан ол жерге үй салу қолайсыз болды. Сондықтан қазіргі Мыңқазан ауылы орналасқан орынға қарай жылжи бастаған. Колхоздастыру кезінде ауыл іргесі бекіп, отырықшыланған. Қазір колхоз тараған, ауыл адамдары шаруа қожалықтарын құрып, өз беттерінше жұмыс істеуде. ## Дереккөздер
«Бұғнай» - Қазақтың ұлттық ойындарының бірі.Ойын 10-нан 25-ке дейін жететін барлық ойнаушылардың саны шеңбер бойынша тұрып қалатын әркез жерде өткізіледі. Кіші мектеп жасындағы балалар ойнайды.Ойнаушылар шеңбер бойынша қазақша отырады. Жүргізуші (жіребе бойынша тандалады) ойнаушыларды: “бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай…” және т.с. – ақырғысына дейін санай бастайды. Сосын жүргізуші әркез бір нөмірді кенет айтып қалады (мысалы, “алтыншы бұғнай!”), айтылған орыннан шапшаң тұрып, өзі бір нөмірді айтып қайта шапшаң қазақша отырады. Айтылған нөмір тұрады және әркез бір нөмірді атайды. Дәл солай әркез рет: айтылған шапшаң тұрады, нөмір атайды және шапшаң отырады. Егерде біреудің нөмірін атағанда, ал ол тұрмай және оның орнына басқа бір ойнаушы тұрса, онда оған әркез тапсырма беріледі (сұраққа жауап беру, билеу, өлең айту, бір аяқпен секіру, жұмбақты шешу және т.б.). Осыдан кейін ол өз еркінімен жаңа нөмерді атайды. Ойын аяғында қателеспегендерді белгілейді. Ережелер: 1) әрбір ойнаушы өз нөмірін есте сақтау керек және шақырғанға дейін тұрмау керек; 2) шақырғаннан кейін ойнаушы өзінің орнына малдас құрып отырады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Сақина салу - Қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ойында саны 10-ға жететін жастар қатысады.Қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша) шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны (тиынды) салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп: “қайда менім сақинам?” – деп айтады. Сұрақты естіген соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін) ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда оны өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін: жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды. Латынша "планус" - жалпақ, тегіс деген мағына береді. Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бірбірінен арақашықтығын дәл анықтауға болады. Планда заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағымен бірдей болады. Сондықтан онда бір, екі және одан да көп қабатты үйлер бірдей болып шығады, өйткені қағазға олардың тек қана алып жатқан орны сызылады. ## Дереккөздер "Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0
Ақсақ қарға - қазақтың ұлттық ойындарының бірі. “Қарға” деген бұл қарға атта құс, ал “ақсақ” ақсандайтын дегені. Неліктен “қарға ақсақ”? Өйткені “қарға” бейнесін жасайтын бір аяқпен секіреді. Ал екінші аяғы бүгілген және белбеумен немесе орамалмен байланған. “Қарға” қай аяққа ақсандайтыны маңызды емес. Қатысушылар құрамаларға бөлінеді және секірмелі эстафета жасалынады. Бірақ аяқты байлайтын белбеу немесе орамал бір “қарғадан” басқасына ауысып отырады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Тұмақ ұру - қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын жасыл алаңда өткізіледі. Ойнаушылар саны шектелмеген. Ертерек көмбені белгілейді. 20 м қашықтықта жылқы бойындағы таяқты орнатады және бұған бас киімді кигізеді. Ойынға сонымен қатар көзді жауып байлауға орамал керек. Жүргізуші қатысушылардың біреуін шақырады, оның көзін орамалмен байлап қояды және қолына қамшы беріп атқа отырғызады. Көздері орамалмен байланған атқа мінуші қамшымен таяқтағы бас киімді қағып түсіру керек. Ереже бойынша ойнаушыда үш мүмкіндігі бар. Сонымен бүкіл ойнаушылар бір шеңберден жасайды, ал ең көп мүмкіншіліктерді қолдаған ойнаушы жеңімпаз атанады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Салт аттылар - қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ойын жасаыл алаңда немесе спортзалда төсеген маттар үстінде өтеді. Алдын ала ойнаушылар екіден бөлінеді, жасалынған жұптар екі құрамаға бөлінеді. Ойынға тек қана ұлдар қатысады. Ереже бойынша, әрбір жұпта біреуі басқаның мойына отырады және құрама “салт аттылар” тобын құрайды. Жүргізушінің белгісі бойынша ойынды бастайды. Екі құрамадан ортаға екі “салт аттылар” шығады. Ойын шарты бойынша “салт аттылар” бір-бірін “ат” үстінен құлату керек. Қай топтың “салт аттылары” жиі құласа, олар жеңілген боп аталады. Ойын аяғында жүргізуші жеңімпаздары атайды және алдын ала дайындалған жүлделерді таратады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген. Таңбалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді. Өткен жарты ғасырда осы жерлерде ондаған ғылыми экспедициялар болып, әрбір дала маусымында ғалымдар көне дәуірдегі адамдардың өмірі туралы жаңа дәлелдемелер тауып отырған. Бүгінгі, ауданы 3800 га қорық - датасы біздің жыл санауымызға дейінгі ХІV-ХIII ғасырдың ортасы – ХІХ-XX жүзжылдық аралығымен көрсетілген елді мекендер, мазарлар, тас қашалған орындар, петроглифтер галереялары (ал олардың бәрін қосқанда 5000-н астам суреттер) және діни құрылыстар (құрбан шалынатын жерлер) түрлі кезеңдегі жүзге тарта ескерткіштерден тұратын қорық бірегей археологиялық кешен болып табылады. Міне осы кездің бәрінде, бірнеше мыңжылдықтар бойы мұнда адамдар тұрғылықты өмір сүрген, бұған дәлел – тастан қаланған үйлер мен мал кіргізетін қоралардың орны, ыдыстардың сынығы және тастан, темірден, сүйектен жасалған бұйымдар. Петроглифтер Таңбалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған. Таңбалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»), «маскарадшылар», шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық көріністер, жас босанған әйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшелендіріп тұрған. ## Толығырақ Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Таңбалы болып саналады. Таңбалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды. Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Таңбалыда 5 000 суреттей бар. Таңбалы – Балқаш бассейні аймағында Семиречьядағы 50 орталықтардың бірі Орталық Азия аясында ғана емес әлемдік масштабта ауқымдылығын таралды. Таңбалы петроглифтері сұлулығымен, кеңістік көрінісінде ежелгі адамның әлемді тануын білдіртеді. 2004 жылы Таңбалы археологиялық петроглифі Юнеско Әлемдік мұралар тізімі енген. Юнеско қорғауындағы Тамғал ескерткіші әлемдік маңызы бар қазына болып табылады. 2006 жылдан Юнеско ескерткіш өмірінде белсенді қатысып келеді және оны сақтауда қолайлы орта туғызуда. Шатқал маңындағы қола дәуір молалары (б.э.д. ХI-Х ғғ) орналасып ертедегі көшпенділер ( б.э.д III мен II ғғ.) және олардың қоныстары орын тепкен. Таңбалы шатқалында мекендеген ежелгі адамдар табиғаттың көркем жерлерінде ерекше, қайталанбас ландшфатар енгізді. Таңбалы әлемдік танымал мұражай-қорығына «RGB-Studio» ЖШС-нің мультимедийлік энциклопедиясы арналған. Қазақстанның қазіргі аймағында қырма өнерінен шыққан ежелгі ескерткіштер орналасқан. Петроглифтер (гректің «тас» пен «кесу»сөзінен шыққан) - қырма суреттер. Бейнелі өнер түрі ретінде петроглифтер Қазақстан аймағында ежелде пайда болған. Көптеген тарихқа дейінгі шығармалар біздің күнге дейін жетіп, мәдениет туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беріп, ежелгі тайпа мен діни нанымдар рәсімін бейнеледі. Қазақстандағы қырма бейнелері туралы ХI ғасырдың ғалымы әл-Бируни атап өткен, ол қимақтар еліндегі жұмбақ суреттерге жергілікті халық табынуын айтқан. Х1Х ғасырдағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан петроглифтер шоғырланған ірі аудандар болып саналды. Өткен жүзжылдықтың 40-50 жылдарында республиканың шығысында республиканың шығысында Тарбағатай, Нарын, Қалба, Моңрақ, Сауыр тауларында «картиналар көрмесі» сериясы ашылады. Шығыс Қазақстан қырма суреттерге толы еді. Алайда, бұл өлкеде ешкім петроглифтермен айналыспады. Таңбалы деп шатқалды жергілікті халық атаған. Жартылай шөлейт аймақтарында орналасқан шатқалдың жылы мезгіл кезінде қалың бұтамен жабылып, көктемде гүлдерден көмкерілген кілем төселеді. Таңбалы тек табиғатымен қызықтырып қоймай, бұл жерден сирек өсімдіктер мен жабайы қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және балабан, сұңқар, дала бүркіті сынды құстарды кездестіруге болады. Бәрінен де адам қолынан туындаған Таңбалы петроглифы қызықтырады. Таңбалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген. Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи «Таңбалы» қорығына 10 мультимедийлық энциклопедиялар арналып, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «RGB-Studio» ЖШС-і құрған «Мультимедийлық энциклопедия коллекциясына» енді. Таңбалы шатқалындағы алғашқы петроглифтер 1957 жылы 19 қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимова жетекшілігіндегі ғылыми зерттеушілер тобынан шыққан А.А.Поповпен суретке түсірілді. Ғылыми экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А. Г. Максимов пен А.А. Попов Таңбалы петроглифінің жерін жіті зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. А.Г. Максимов ашуға өз септігін қосқан ғалым ретінде шаттықтан күнделігінде жазбалар жүргізген. 1958 жылы А.Г. Максимовтың бірінші дүниесі «Таңбалы шатқалындағы қырма суреттер» жарық көреді, онда естеліктің жартығасырлық тарихы берілген. 1977-78 жылдары Таңбалы ескерткішін зерттеу А.Г.Максимов жетекшілігімен жалғасты. Біріншіден, Таңбалы аймағы толығымен зертеліп, петроглифтер жиналған негізгі орындардың кестесі құрылады. 1980 жылдардың аяғында ғылыми мақалалар мен қырма суреттерге байланысты Таңбалы зор танымалдыққа ие болып, шетелдік және отандық мамандардың назарын аударды. 1990-1994 жылдары Таңбалы ескерткішін зерттеген ғалымдар петроглифтерді сақтауда алға қойған есептері болды. «Таңбалы шатқалының қырма суреттері консервациясы» атты Мемлекеттік жоба қабылданып, мәліметтер қоры өңделіп, петроглифтерді суреттейтін дала бейнелірінің 3000 суреті берілген. Б.э.д, екінші мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның бірі Күнбасты құдай. А. Г. Максимов, А.С. Ермолаев, Н. Марьяшевтың «Таңбалы шатқалының қырма суреттері» кітабында Таңбалының күнбасты алыптары ежелгі антропоморфты құдайдың бейнесі болса керек деп жазған. Петроглифтер бейнелері ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Таңбалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды. Суреттер тақырыбы әртүрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбанды шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолдануда, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескеріп жүрген. Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі-түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше срует көруге мүмкіндік болатын. Алқап бойында шатқалды бірнеше суреттерін топтасқан түрде көріп, күрделі композицияларға біріліктірілгенін аңғаруға болады.Сол жерде акустика мықты, дауысты қатты шығармай-ақ 100 метрден қашық жерде естіледі. Атқарылған жұмыстар Таңбалы петроглифтер кешенінің мәдени-тарихи маңыздылығын тереңдетсе керек. 1994 жылы петроглифтерді зерттеу қаржының жоқтығынан тоқтатылады. Алайда, Таңбалы петроглифтерінің танымалдылығынан 1995-2001 жылдар аралығында туристер ағымынан ескерткішті бақылау қиындап кетеді. Оның ақырында естеліктерге қауіп төнгені бар. Тек 1998 жылы Таңбалы кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңғырып, Қазақстанның мәдениет министрлігімен Таңбалы кешенін сақтау мен кешенді бағдарламасын өңдеу басталды. Сол жылы Таңбалыны Қазақстан атынан Юнесканың Әлемдік Мұралардың Алғашқы Тізіміне енгізу негіздемесі дайындалады. 1999 жылы Юнесконың Әлемдік Мұралар Комитеті Таңбалыны беделді ескерткіш ретінде 2001-2002 жылдарда номинацияға қосу қажет деп анықтайды. 2001 жылдың тамыз айында Қазақстан Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов пен Юнесконың Бас директоры К. Мацуура Таңбалы шатқалында болып, ескерткіш маңздылығын бағалап, Қазақстан мамандарының ескерткішке қолайлы жағдай туғызғанын көріп, тәнті болады. 2001 жылдың 5-қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Таңбалы Археологиялық кешені республикалық маңзы бар ескерткіш мәртебесін алып, қорғау аймақтары белгіленіп, 2003 жылдың 14-қазанында № 1052 Үкіметтің арнайы қаулысымен Мәдениет министрлігінің қолдауымен Алматы облысы Таңбалы шатқалында 3,8 га жалпы ауданы бар «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени, табиғи қорық-мұражай ашылады. Ескерткіш кешенінде 2-мыңжылдық бойы адамдармен қолданған молалар, петроглифтер, діни орындар орныққан. Таңбалы қорық-мұражайының жалпы ауданы 3800 га құрайды Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдени саясат пен өнертану институтымен ұсынылған. ## Дереккөздер
Ордағы қасқыр- қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Алаң ортасында ұзындығы 10 м және иені 1 м бейнеленген қасқыр шұңқырын сызады. Ойынға қатысушылардың үштен бір бөлігі шұңқырда тығылып қасқырларды бейнелейді. Қалғандары алаңның бір жағында жиналады. Бұлар “қозылар” мен “лақтар”. Жүргізушінің белгісі бойынша олар қасқыр шұңқырын секіріп, алаңның басқа жағына өтеді. Осы уақытта “қасқырлар”, “қозылар” мен “лақтарды” ұстап алуға тырысады. Ойын шарты бойынша “қасқырларға” шұңқыр сызығынан шығуға болмайды. Ал “қозылар” мен “лақтар” бұл сызықты баспау керек, сонымен қатар шұңқырды әрине басуға болмайды. Егер басып кетсе, ұсталынған болып саналады. “Қасқырлар” мен “қозылар, лақтар” саны теңелсе, ойын тоқтатылады және шұңқырға, ойнаушылардың басқа үштен бір бөлігі тығылады, сосың “қасқыр” рөлін ақырғы той ойнатады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Мал тұратын жер- қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойында манеждін шеткілік қабырғасына бір шетімен жақындатып қойылған ұзын ағаштарды жылқылардың тұратын жерін белгілейді. Жылқы тұратын жердін саны ойын қатысушыларынан аз орнатылады. Салт аттылар (кейде ертоқымы орнатылмаған жылқылармен) жылқы тұратын жерден қарама-қарсы жағына қарай қадамдармен қимылдайды. Төрешінің бнлгісі бойынша олар жылқыларын бұрады және жылқы тұратын жерлерге қарай бос орынға тұрып алуға шабады. Жылқы тұратын орынсыз қалған атқа мінуші ойыннан шығады. Ойын екі атқа мінушіге бір жылқы тұратын орны қалғанша дейін жалғаса береді. Атқа мінушілер жылқы тұратын орның манеждін ортасына жүргенше дейін ақырғы жылқы тұратын орнын манеждін жанама (жақын тұрған) қабырғасына қарай ауыстырады. Ақырғы жылқы тұратын орнын алған атқа мінуші ойынның жеңімпазы аталады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Ешкіні тарту- қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Қатысушылардың күші, батылдығы, іскерлігі сынақталатын ұлттық спорт ойыны. Ойын қатысушыларына лақ немесе бұзау беріледі. Бұл ойын – жылқымен басқаруды, ертоқымда отыруды, ал негізгісі күшті сынау. Ойын ережесі бойынша, көкпарды, толық шауып келіп, жерден көтереді және қадірлі ақсақалдың немесе өте құрметті адамның босағасына апаруға тырысады. Қарсыластар алып қоюға және өздері қадірлейтін адамдарға апаруға тырысады. Іскерлікті, мықты атқа мінуші жігіт және жақсы жүйрік жылқы жеңімпаз аталады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Жемхана- қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл әзіл-күлкі ойыны. Ойнаушылар – ат мінушілер ойын қашықтықта бірнеше күлкілі және қиын тапсырмаларды жасауымен тұжырымданады. «Мал тұратын жерге» қаптармен жақындау және үзеңгілері босатылған ертоқымға отыру. Жылқыны жүргізіп тұрып бөрене үстінен өту. Сәбізді (қартопты) шелекке үймелеу. Ертоқымға тұрып ілініп қойылған бөтелкеден (үстіне төгіп алмай) айранды ішу. Автокөлік доңғалағының резеңке дөңгелегі арасынан (немесе түбі жоқ бөшкеден) өту. Сумен толтырылған шелектегі алманы (немесе допты) ауызбен ұстау. Қаптын ішіне кіріп және жылқыны жүргізіп, бөгет болып қойылған ағаш арқылы секіріп өту керек. Гүлдер салынған ыдыстармен қапталған орындық арқылы бір де ыдысты (бөгет төрешінің қарамағына байланысты әр түрлі болуы мүмкін) құлатпай секіру. Ертоқымға мініп, сумен толы іліңіп тұрған шелектен алманы алу керек. Алманы көмекші қызға арнап, оны ертоқымына көтеріп алып отырғызу және мәреге жеткізу. Бұл жаттығу үшін екі есе санды ұпай беріледі. Ойын серіктестің ойнаушысын ертоқымына тартып алып отырғызу және мәреге жеткізу. Тартып алған ойнаушы екі есе санды ұпай алады. Тартылып қалған ойнаушы ұпайларын жоғалтады. Ертоқымда отырып сәбізбен (немесе қартоппен) толтырылған шелекті жерден көтеріп алу және мәреге (шаппай-ақ) жеткізу. Мәреде жылқы үстінен ертоқымды шешу (бұны жылқыдан түспей жасауға болады) және ертоқымсыз жылқы үстінде отырып төрешілерге сәлем беруге жақындау керек. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Хан талапай — қазақтың ұлттық ойындарының бірі. КІРІСПЕ: Әдетте қыстың күндері, үйде ойналатын отбасылық ойын. Ойынды үлкендер мен кішілер қосылып та, тек балалар да ойнай береді. Ойынды екі адамнан бес адамға дейін ойнайды, онан көбейіп кетсе ойын қызықсыз болады. Ойынға 21 асық қажет. Жиырма асық біркелкі, ал жиырма бірінші асық қалған асықтардан кішірек болғаны абзал. Осы кішірек асықты Хан сайлайды. Басқа асықтардан ерекшеленіп тұруы үшін хан әдетте қынамен қызыл түске боялған болады. ОЙЫННЫҢ МАҚСАТЫ: Межеленген 51 (немесе 101) асықты атып алу. Ойын жеңілген (соңында қалған) ойыншы белгілі болғанша ойналады. ТЕРМИНДЕР: АЛШЫ – асықтың ойық қыры үстіне қарап, тік тұрғанда аталатын позицияның атауы. Асық алшысынан түсуі сәттілік, шаттық, жеңісті білдіреді. Сондай-ақ Алшы жылқы малының белгісі ретінде қолданылады. Алшы дәрежесі жағынан бірінші орында. ТӘЙКЕ – асықтың тегіс қыры үстіне қарап тік тұрғанда (алшыға қарама-қарсы) аталатын позицияның атауы. Тәйке түйе малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан екінші орында. БҮК – асықтың дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен түсіп жатқанда аталатын позицияның атауы. Бүк қой малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан үшінші орында. ШІК – асықтың шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық жатқанда аталатын позицияның атауы. Шік ешкі малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан төртінші орында. ОМПЫ – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып тұрғанда аталатын позицияның атауы. Асық омпысынан түсуі ойға да кірмеген, адам нанғысыз, аз ықтималды оқиғаның орын алуын білдіреді. Мал атауы белгіленбеген. ҚЫНЖЫ – асықтың қырымен, бір жаққа қисайып тұрғанда аталатын позицияның атауы. ҚИМЫЛ ЖАТУ – екі немесе одан көп асықтардың бір-біріне тиіп жатқанда, арасындағы біреуін алу, басқа асықты қимылдатуға әкелетін жағдайда қолданылатын термин. АСЫҚ ИІРУ – бас бармақ және сұқ саусақпен асықты екі бұрышынан ұстап ортаға иіріп (айналдырып) тастау. АСЫҚ АТЫП АЛУ – бір асықты (әдетте хан) шертіп атып, басқа позициясы бірдей асыққа тигізіп, тиген (атылған) асықты ұпай ретінде өзіне алу. Асық атып алу әрекетінде келесі шарттар орындалу керек: * Ататын асықпен нысанадағы асықтың позициясы сәйкес болуы, яғни бүгімен жатқан асықпен тек бүк асықтарды атуға болады, шікпен шікті т.с.с; * Ататын асық та, нысанадағы асық та қимыл жатпауы; * Ату барысында (асықты нысанаға қарай шертіп ұшыру, әдетте сұқ саусақпен) ойыншының ататын асықты қимылдатпай атуы. Жаңадан үйренуші жас балаларға ататын асықты нысанадағы асыққа шертіп емес, жартылай сүйретіп апарып тигізу рұқсат етіледі, бұл әрекет Шана деп аталады; * Атқан асық тек қана нысанаға дәл тиюі; * Атқан асық та, нысана да (атылған асық) басқа асыққа тимеуі; * Атылған асықты алу кезінде басқа асықты қимылдатпауы; ОЙЫННЫҢ ЕРЕЖЕСІ: Ойын еденге жайылған киіз немесе тықыр кілем бетінде ойналады. Ойыншылар саны екеу болса қарама-қарсы, онан көп болса айнала отырады. Ойынды кім бастайтынын анықтау үшін, ойыншылар кезекпен (сағат тілімен) ханды ортаға иіреді. Ханы алшы немесе үш рет тәйке түскен ойыншы ойынды бастайды. Бастаушы ойыншы уысына (екі алақанына) бар асықты (21) жинап, ортаға жайып соғады. Асықтарды бір төбеге үйіп тастамай, не болмаса бір-бірінен тым алшақ шашып тастамай соғу, ойында жеңіске жетудің үлкен кепілі. Ойнап отырған ойыншы үндемей отыру керек. Ойыншы байқамай сөйлесе, әлде жөткірінсе т.с.с, ойыншының ойыны тоқтатылып, кезек келесі адамға көшеді. Басқа, өз кезегін күтіп бос отырған ойыншылар сөйлей бере алады. Асықтар ортаға соғылған сәттен бастап, бар ойыншылардың назары ханда болуы керек. Егер хан алшысынан түсіп жатса, ойыншылар «ТАЛАПАЙ» деп ортаға бас салып, мейлінше көп асық жинауға кіріседі. Талас тек ортадағы асықтарға жүру керек, қасындағы ойыншының жинап алып қойған асықтарын алуға (ұрлауға) болмайды. Хан алшы түспеген жағдайда, ойындағы ойыншы соққан асықтардың арасынан, басқа асықтарды қимылдатпай, алшысынан түсіп жатқан асықтарды жинап алады. Сонан кейін ханмен позициясы бірдей жай асықтарды атып ала бастайды. Ату барысында хан алшы түссе, ойыншы атып алған асықпен қоса ханды да алады. Хансыз қалған көп асықты, ойыншы өз қалауы бойынша, кез келген біреуімен позициясы бірдей екіншісін атып ала береді. Асық ату барысында жоғарыда аталған шарттардың біреуі бұзылса (нысанаға тимеу, нысанаға да басқа асыққа тию, атар сәтте ататын асықты қимылдату т.с.с), кезек келесі ойыншыға өтеді. Ортаға соғылған (жайылып жатқан) асықтардың арасында қынжы түскені болса, басқа ойыншы бұл асықты, мейілінше басқа асықтарға тигізбей, ортаға иіріп тастайды. Жатқан асықтардың арасында омпы түскені болса, кез-келген ойыншы бұл асықты сүйіп өзіне ала алады. Хан қынжы түссе де, омпы түссе де ортаға иіріліп тасталуы керек.21 асық ойыншылардың үлесіне өтіп болғанда, әр ойыншы өзінің қанша асық атып алғанын санайды (хан санаққа енбейді). Қолында ханы бар ойыншы, барлық асықты жинап келесі айналымды бастайды. Әр айналымнан кейінгі өтетін санақ ұпайлары өткен айналымдардағы ұпайларға қосылып отырады. Бірінші болып межеге жеткен ойыншы (51 асық атып алған), бірінші орынға шығып, ойынды аяқтайды. Қалған ойыншылар межеленген 51 асық атып алғанша ойынды жалғастырады. Қандай да бір себептермен (талапай, алшы түскен асықтарды алу немесе қате санау кезеңдерінде) ойыншы 51 асықтан артық алып қойса, жинаған ұпайлар “күйеді” де, ойыншы келесі айналымнан бастап ойынды нөлден бастау (қуып жету) құқына ие болады. КҮРДЕЛІЛІК ДЕҢГЕЙІ: Ойыншылар шыңдала түсуімен қатар ойынның күрделігі де жоғарылай түсу керек. Күрделілік келесі шарттарды алып-қосу арқылы жүзеге асырады: * Асық атып алу әрекетінде Шана әдісі (асықты нысанадағы асыққа шертіп емес, жартылай сүйретіп апарып тигізу) * Ату барысында атылған асықты қай қолмен алу шарты (асық оң жақ қолмен атылса, атылған асықты тек сол жақ қолмен алу) * Ханның жатқан орнына байланысты ойыншының орын ауыстыру мүмкіндігі ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
## «Казак» деген кімдер? «Козак», «казак» – татар сөзі. Бұл славян және одан кейін орыс тілдеріне борыштан (салықтан) азат, ерікті, ержүрек және сонымен бірге атты жауынгер деген ұғымдарды білдіретін сөз ретінде енген. XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кейіннен Жайық казактары деп аталып кеткен ерікті казак қауымдастығы құрыла бастады. XVI ғасырдың 80-жылдарында Дон казактарының бір бөлігі Мәскеу мем­лекетінің әскерінен жеңіліп, атаман Ермакпен бірге Сібірге кетті. Бұл жерде олар Сібірді басып алуға қатысты. Екінші бөлігі Волга бойымен Каспий теңізіне түседі. Жайық бойымен жүзе отырып, Үлкен Ноғай Орда­сының астанасы Сарайшық қаласына келеді. Сарайшықты талқандап, теңіз арқы­лы қайтадан Донға кетеді.1808 жылғы Ережеге сәйкес, Сібір ли­ниялық әскері казактарды қызметке өз қа­ру­ларымен, жабдықтарымен, киім-кешегімен және жылқыларымен алуға тиіс бол­ды. Сібір казак әскерлерін құрған кезде патша үкі­меті бірінші кезекте казактардың полицейлік рөл атқаруы керектігін ескерді. Ал енді Сібір казак әскерлері «барлық бүлік­шілерді тыныштандырушы және жуасытушы» ретінде өздерінің міндеттерін қаты­гездікпен орындады. ## Казактардың Орал даласын отарлауы ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұтастай Ресей отарына айналған қазақ даласындағы әскери казактардың рөлі мен жалпы казачество туралы кезінде А.И.Герцен «Колокол» журналында жеріне жеткізе айтқан еді. Ол: «Полковник Слуцкий қыр­ғыз-қазақ даласындағы циви­лизациялық әу­лиелер деп атаған казактар «тиімді» қыз­метке көшпелілерді тонап, пайда табу үшін барды», – деп жазады. Казактардың қыр­ғыздарға не істейтінін білесіздер ме? (Яғни қазақтарға). Олардың күллі мал-мүлкі казактың өз меншігі тәрізді қойын тартып алу, өгізін не жылқысын ұрлап әкету казак үшін керемет бір батылдық, жігіттік өнер сияқты көрінеді. Ол үшін төменгі шендегілерге ескертіп, сөгіс беріп жатқан офицерлер де жоқ, ауық-ауық олардың өздері де ауылдарды талап отырады. Есаул Бутаков, подполковник Абакумов сияқты теріс қылықтарымен даңқы шыққан мырзалар да бар... Бүкіл Сібір әскерлері қырғыздардың (қазақтардың) есебінен күн көріп отыр десе де болады», – деген хабары жағдайды өте-мөте толық жеткізеді .Казак отрядтары орналасқан бос жатқан жерлер, негізінде, ешқандай иесіз жерлер емес, керісінше көшпелілердің жыл бойы кө­шіп-қонып жүретін қыс-қыстауы, жаз-жайлауы еді. Ежелгі қазақ еркіндігін шектеу саясаты, әскер жасақтарындағы өзгерістер, оның Ре­сей империясының құрамдас бөлігіне ай­нал­­­дырылуы қатардағы қазақ жұрт­шы­лығының 1722-1837 жылдар аралығын­дағы бір ғасырдан астам уақыт ішінде көп­теген бой көтерулерін туғызды. Қазақ даласы тыныштықтан айырылды. Шаруа­шы­лы­ғы күйзеліп, берекесі кетті. Казактар пат­шаның саптағы күші ретінде Исатай мен Махамбет, Көтібар мен Есет бастаған қазақ шаруаларының да отаршылдық пен фео­далдық әділетсіздікке қарсы көтерілістерін қанға бояуға қатысты. Таққа отырған патша Екатерина-ІІ Е.Пугачевтің шаруалар көте­рілісін жеңгеннен кейін «Жайықта болған сорақы оқиғаны мүлдем ұмыту үшін» 1775 жылғы қаңтардың 15 жұлдызында Жайық қаласын – Орал қаласы, Жайық өзенін – Орал өзені, ал Жайық әскерлерін Орал әскерлері деп өзгертуге жарлық шығарды. Сөйтіп, казактардың бұрынғы еркіндігіне де тыйым салынды. 1868 жылы «Далалық облыстардағы басқару туралы уақытша ереже» бойынша Орал облысы құрылады. Оған Орал казак әскерлерінің қоныстанған жерлері мен Орынбор қазақтары жерінің (Орал өзенінің сол жағалауы, Т.К) едәуір бөлігі, Маңғыс­тау төңірегі, жалпы көлемі 29,6 миллион десятина алқап енеді. Оның Орал, Өзен, Шыж, Елек тағы басқа өзендер айнала­сын­дағы анағұрлым шаруаға ыңғайлы, құнарлы 6,4 миллион десятинасы әскерлердің бөліп-жармай иелену құқындағы жерлер болса, 23,2 миллион десятинасы қазақ­тар­дың қоғамдық пайдаланудағы мемлекеттік меншігі еді. Облыс көлемінде 1897 жылғы санақ бойынша 645121 адам тұрса, оның 118 мың­ға жуығы әскери казактар сословиесінің тұрғындары болған. Орынбор әскері 533 мың адамнан құралды. Осы кезде казак сословиесі 61 станицада, 446 поселкеде, 550 хуторда тұрып, қазақтардан күштеп тартып алған 7,4 миллион десятина жерді иеленді. Енді оларға төмендегі үш міндетті бұлжыт­пай орындау жүктелді: біріншіден, пат­ша­ның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға көмектесу; екіншіден, тартып алынған жерді көшпенді тайпалардың шабуылынан қор­ғау; үшіншіден, казак әскерлері мем­лекеттің қарулы күштерінің бір бөлігін құ­райды. Бұл жылдары қазақ даласынан өзге ай­мақтарда әскерлер құрыла бастаған еді. Дон казактарынан Астрахань казак әскері құ­рылды. Олар Кіші жүз қазақтарының 808 мың десятина жерін тартып алды (ҚР Орта­лық мемлекеттік мұрағаты, 39-қор, 1-тізбе, 2425-іс, 8083-б). Казактар жергілікті халыққа үнемі қы­сымшылық жасап отырды. Қазақ ауылдарын тонады, малдарын тартып алды, әскер ор­наласқан территориядағы су көздеріне жолатпады. Казактар – оңтүстік Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан территориясына орыс мұжықтарының алғашқы легі келгенге дейін патша әкімшілігі қазақ даласын әскери казак-орыстардың отарлауымен шек­теді. Түркістан өлкесінде казак-орыс­тардың тұрақтары Жетісу облысында пайда болып, оның тұрғындарының саны уақыт өткен сайын өсіп отырды. Облысқа орыс­тардың енуі 1831 жылы Жетісуға таяу жерде Сібір гарнизоны орналасқан Аягөз при­каздығының құрылуымен басталған еді. 1847 жылы жүзбасы Абакумов 200 казакпен бірге Қапал өзені бойында жаңа қамал – Қапалдың негізін қалады. Патша әскерлерінің Жетісудағы жылжуының келесі нысанасы Іле өзені бойы болды. Орыс әс­кер­лері ілгері жылжыған сайын өздеріне қарсы шыққан қазақ ауылдарын қаты­гез­дікпен талқандап отырды. 1853 жылы Қапалдан бүкіл Іле өлкесін жаулап алу мақсатымен арнайы экспедиция шығып, маусым-тамыз айларында өл­кеде тірек орталығын салуға қолайлы жер іздестірілді. Қамал тұрғызу үшін суы мол, жері құнарлы, құрылыс жүргізуге қажетті қалың орманды Үлкен және Кіші Алматы өзендері аралығындағы кең дала таңдалып, мұнда 1854 жылы Заилийское деп аталған бекініс салынды. Ал келесі жылы бұл елді мекен Верный форты деген атпен өзгертілді. Қамалға таяу жерге Іле өлкесіндегі алғашқы орыс поселкесі болып табылатын Алматы казак станицасының негізі де осы жылы қаланды. 1856 жылы мұнда тағы да 139 казак және 200 шаруа отбасы Томбы және Тобыл губернияларынан, Воронеж губерниясынан 242 шаруа отбасы келіп қоныстанды. Тал­ғар, Есік, Қаскелең және Шамалған өзендері бойында да жаңа казак және шаруа поселкелері пайда бола бастады. Империя шекарасы оңтүстікке: Лепсіден – Ілеге, одан соң Шу өзеніне қарай жылжи берді. 1855 жылы Үржар және Лепсі станицалары, 1858-1860 жылдары Көксу, Қас­келең, Арасан, Қарабұлақ т.б. казак станицалары салынды. Нәтижесінде 1867 жылға дейін Жетісуда құрылған 14 казак поселкелері мен станицаларында 14648 адам өмір сүрді. 1867 жылғы 13 шілдеде ІІ Александр пат­шаның жарлығымен Жетісу казак әс­керлері құрылды. Оның міндеттеріне отар­лануға тиіс аймақтарды Ресей құрамына біртұтас кіргізу, басып алған сол жерлердегі шекараны қорғау, форпос, бекініс салу жұмыстары кірді. Жаңа әскер штатында 600 адамнан тұратын екі атты полкты қоса есептегенде барлығы 1768 адам болды. Келімсек казактар мұндағы қазақтар­дың өңделген ең құнарлы егіс алқаптарын, су жүйелерін, мал жайылымдарын тартып алып, халқымыздың дәстүрлі мал және егін шаруашылығының дамуына орасан зор нұқсан келтірді. Бұл жөнінде Телжан Шонайұлы былай дей­ді: «Үкімет, әуелі қылмысты болып, жазаға бұйырылып, Ресейге зияннан басқа пайда тигізбейді деп түсінген, шіріген жұ­мырт­қаға есептелген адамдарды қазақ даласына орнықтыруға ұмтылды. Өлім жазасына кесілген және саяси өлімге арналған­дарды жіберді. Екінші, тіпті салық төлемей шаруашылық күші үзіліп, Ресейге пайда кел­тіруден қалған мұжықтарды көшірді. Бұлар­ды атты казак қылып жазды. Үшінші­ден, бұрыннан басы бос жауынгер атты казактарды орналастырды, жауынгерлігінің үстіне казак-орыс бұрыннан қазақпен со­ғысып үйренген» («Қазақ тарихы», 2010 №4, 23-бет). ## Патша генералы Колпаковский Қазақстанның оңтүстік өңірлерін жаулап алуда отаршылдық саясаттың итаршылары, генералдар В.Перовскийдің, М.Черняевтің, Г.Колпаковскийлердің аттары тарихта қатар аталады. Колпаковский Герасим Алевсеевич (1814-1896) – орыс армиясының генералы. Батыс Сібір, Түркістан және Дала өлке­лерінің әскери-әкімшілік басшысы. Орта Азия мен Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатын белсене жүзеге асырушы. Харьков губерниясындағы офицер-дворянның отбасында туды. 1852 жылдан бастап Батыс Сібір өлкесі генерал-губернаторының адъюданты болды. 1858 жылы Алатау округі мен Ұлы жүз қазақтары өлкесіне шабуыл жа­саған қоқандықтарға қарсы соғыс қи­мылында Ұзынағаш маңындағы шайқасқа (1860 ж.) қатысты. 1862 жылы Шу өзені алқабына жасалған экспедицияны бас­қарып, Қастек, Пішпекті алды. Сол үшін оған генерал-майор атағы берілді. 1864-67 жылдары – Семей облысының, 1867-82 жылдары – Жетісу облысының генерал-губернаторы болып тағайындалды. 1889 жылы Әскери советтің мүшесі болып тағайын­далып, Петербургке ауыстырылды. Генерал Г.Колпаковскийдің «ерліктері» жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарға сөз берсек: 1882 жылы 4 шілдедегі өзінің бірінші бұйрығында Колпаковский Дала генерал-губернаторы және Омбы соғыс округінің әскери Бас командашысы қызметін атқаруға кіріскенін жариялады (ҚР ОММ, 64-қор, 1-тізбе, 59-іс, 1-бет). Өзінің орталыққа берілген адам екенін Колпаковский 1883 жылғы Ақ патшаға ар­наған тұңғыш Дала генерал-губер­наторы­ның есебінде көрсетіп-ақ берді: «Үш дала облысының өзара қарым-қатынастары (Ақмола, Семей және Жетісу облыстары туралы) олардың бір орталыққа бағынуға негіз екенін дәлелдеді. Осыған орай алысқа созылған мемлекеттік шекара бірлігін, керекті транзитті жолдардың қалыптасуын, өлкені біркелкі отарлауын қамтамасыз етуді ұсынды» (ҚРООМ, 64-қор, 1-тізбе, 125-іс, 29-бет.). Жаңадан келген патша итаршысы, Жетісу казак әскерінің құрметті атаманы Колпаковский енді қазақ жерінің байлығын ха­лықтан тартып алып, самодержавиелік өкі­меттің мүддесіне сай етіп жүзеге асыра бас­тады. Ол өзінің патшаға арнаған есепті баяндамасында: «Орыстармен күнделікті эконо­микалық қарым-қатынастың ықпалы арқа­сында қазақтар өздерінің ежелгі жауынгерлік рухынан айырылды, ал қазір олар бейбіт, дәрменсіз өмір сүрген номадтарға айналды. Олар орыс өкіметіне бас иіп, түтін са­лығын, тағы басқа да алым-салықтарды бұлжытпай орындайды», – деп жазды (ҚРООМ, 64-қор, 1-тізбе, 125-іс, 122-бет.). Міне, осындай генерал-губернатордың «мағыналы» сөздерінен самодержавиенің отарлау саясатының шеруін аңдауға болады. Мұның өзі – еңбекші халықты езіп, үнін шығартпай тастағанының бір айғағы. Колпаковскийдің келуімен бірге дала өлкесінде отарлау саясатының жаңа толқыны өрледі. Қазақтардың ежелден бері ұқсатылған жайлы жерлері қазына меншігі деп жарияланды. Қазақ жерлерін казактардың қалай тартып алып, зорлық-зомбылық көрсеткенін бел­гілі ғалым, жазушы Сапабек Әсіп ағамыз өзінің «Қазақ қасіреті» деген еңбегінде егжей-тегжейлі баяндап жазған (Әсіп С. Қазақ қасіреті – Алматы, 1994 ж.). ## Қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жан­сүгіров өзінің «Жетісу» (1730-1916) атты кітабында (Алматы, 2001 ж) былай дейді: «Колпаковский қалайда Жетісуды орысқа шегелеп ұстауға отар саясатын мық­тап ұстады. Жетісуды орнықты отар қылуға орнығып отыратын орыс керек болды. «Жетісуда жер мол» деген дақпырт бүтін Ресейге таралады. Жер, судан айырылған қазақ-қырғыз кедейленіп, аяқты малдың өрісі тарылып, азайып, егін салып, егінші бо­лып күн көруге жайлы жер-суынан айырылып, әлгі келімсектерге малай болып сіңеді. Алғашында Жетісуға жалғыз арбамен қаңғырып келген қара мұжықтар жаулап алған ел ішіне келген соң, өзін әкім санап, мінезі өзгеріп, еңбек жеу, шаруаны қанауға, жұртты соруға құнығады. Әрқай­сысы төрт-бестен қыстау жай салып, 20-30-дан малай жалдайтын алпауытқа айналады. ...Жетісуды орыс жаулап алудың ең аяғы Ұзынағаш соғысы болды. Бұл туралы Түр­кістанның алғашқы жарым патшасы (генерал-губернаторы) Фон Кауфман: «Ұзынағаш соғысындағы жеңісіміз біздің орыстың бүтін Орта Азияны жаулағандағы жеңісіміздің анасы болды», – дейді. Жетісу алынғанын жазған орыстың Набецкий дегені: «Ұзын­ағаш соғысындағы орыс үстемдігі Жетісу­дағы орыс отарының ең мықты салынған алғашқы табалдырық тасы еді», – дейді. ...Бұл жеңіс, расында, Орта Азияның отар­лығына ұлы қайрат қылған орыстың мақтанарлық жұмысы еді. Өйткені неше заманнан бері Кенесарысы, Сырымы, басқа да батырлары шығып, орысқа ұлы көлденең болған қазақтың, қазақ-қырғыздың арқа таңатын Қоқан хандығының тұралап жеңіл­ген­дігі еді. Ұзынағашта орыспен соқтыққан Орта Азияның қолы Орта Азиядағы халық­тардың ең мықты күші деуге болады. Бұған Тәшкен, Самарқан, Қоқаннан басқа Орта Азия­дағы сарт қалаларынан күтініп, көмек келген. Жетісудың қазақ-қырғызынан Сар­ба­ғыш, Дулат қосылған. Осылардың Ұзын­ағаштағы ұрыстағы жеңілісі Орта Азия халқының ұнжырғасын түсіріп кетті. Орысқа қарсы бұдан кейін белсеніп шығарлық елде қайрат қалмауға жақындады. Осы ұрыстан кейін Орта Азия сырын орыс әбден алды. Бұл күнге шейін алдаумен, арбаумен алынып келе жатқан Орта Азияны отарлау әдісі енді тура әскер аттандырып жаулап, шабу-шаншумен алуға қол қойылды» (35-55-беттерден). Біз генерал-губернатор Колпаковскийдің қызметіне қысқаша тарихи шолу жасадық, оның саясаты, күнделікті іс-әрекеті, қазақ халқының мүддесін жақтаудан әлдеқайда алыс болды. Керісінше, осы халықтың қолайлы жерлерін мүлде тартып алып, оларды күйзеліске ұшыратуға бағытталды. Колпаковский өзінің қызметімен, іс-әрекетімен артындағы ізбасарларына өшпес «өнеге» қалдырып кетті. Оның жолын қуу­шылар ол бастаған істі одан әрі жалғас­тырушылар болды. Жергілікті халықты қанаушылар әрдайым Г.А.Колпаковскийді үлгі тұтып, ол бастаған істі одан әрі жалғас­тыруға шақырып отырды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гас­форд Колпаковскийге қазақтар одан кейін шабуыл жасамас үшін, олардың бүкіл дүние-мүлкі мен малдарын тартып алып, ең басты сұлтандары мен билерін жазаға тарту туралы нұсқау береді. Бұл нұсқаумен қоса Гасфордтың Колпаковскийге жөнел­тілген келесі бір нұсқауы орыстардың «бүлік­шіл» қазақтарды жазалауда аяусыз қатыгездікке барғанын көрсетеді. Онда: «...кез келген қару ұстаған қазақты жою керек. Егер де қазақтар Ресей билігіне наразы болып, аздап болса да сатқындық жасайтын болса, онда оларды табан астында атып тастап, ауылдарын өртеп және дүние-мүліктері мен малдарын талаңдар, ...біз олардың батылдығын басып, бізден сақ­тануға үйретеміз. Казактардың қазақтар­ды атқан кезде бірде-бір оғы босқа кетпесін» (Ресей федерациясының Орталық Мемлекет мұрағаты, 5451-қор, 1 тізбе, 27-іс, 129-бет.). Жетісу казактары және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Патшаның Бірінші дүниежүзілік соғыс­тағы жұмыстарына жергілікті тұрғындардан қара жұмысшы алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы қазақ халқының жағдайы тым ауырлап кеткен кезде шықты. Жарлық бойынша, Жетісудан 87 мың адам алу жоспарланған болатын. Алдағы дауылды сезген Жетісу казак әскерлері толқуды басуға дайындала бастады. Көтерілісшілерге қарсы 8750 мылтық үлестірілген 35 рота, 3900 қылыштан тұра­тын 24 казак жүздігі, 16 зеңбірек пен 24 пулемет, ал далалық жерлерде 21 жаяу әскер ротасы, 22 жүздік, 4 зеңбірек пен 17 пулемет дайындалды (ҚРООМ, 39-қор, 1-тізбе, 1120-іс, 30-бет.). Көтерілістің негізгі ошақтарының бірі – Қарқара жайлауы болды. Ол Жаркент уезінің едәуір бөлігін қамтып, Қаракөл уезіндегі қырғыз еліне дейін жайылды. 1916 жылы 6 шілде күні Ақбейіт бөк­терінде барлық 16 болыс Албан елі өкіл­дерінің жиыны болды. Жарлықты тал­қы­лап болғаннан соң жиналғандар бірауыздан мынадай шешім қабылдады: «...Қазір біз қайыршылық халде өмір сүрудеміз. Жер салығы, тұяқат бес есе өсті. Малдың әр басынан 25 тиыннан тұяқат алуда. Енді, міне, 19 бен 43 жас аралығындағы ерлерді окоп қазу жұмыстарына алмақшы. Біз бұл қарғыс атқан жарлықты орындауға қарсымыз...» 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесі жанындағы төбеде патша жарлығына қарсы ел ағалары Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Серікбай Қанаев, Қазыбек Шормановтар сөз сөйлеп, патша үкіметіне қар­сылықтарын білдірді (содан бері бұл төбені Ереуіл төбе деп атап кетті). 17 шілдеден бастап облыста әскери жағдай енгізілді. Жалаңаш станицасында казак-орыстардан жазалаушы отряд құрылып, оның құрамына 126 адамнан тұ­ратын казак жүздігі енді. Жасы үлкен (40-45 жас) казактардан қосымша жүздік құрылып, оған 1106 адам тартылды. Бұған қосымша күш ретінде Қарқара көтерілісін басу үшін Түркістан генерал-губернаторы Куропат­киннің әмірімен Жетісуға 3 дружина, 7 рота, 5 казак жүздігі, 14 зеңбірек, 2 пулемет командасы жіберілді. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Үкіртітау, Байынқол, Сарықаптал, Ноғай, Толағай аумағында қиян-кескі ұрыс­тар болды. Қазан айының соңы мен қараша айының басында Қарқара көтерілісі патша әскерінің қатыгездігімен аяусыз басып-жаншылды. 1916 жылы тамыз-қыркүйек айларында Асы, Самсы, Отар өңірлерінде де казак-орыс жазалаушыларымен қарулы ұрыстар болды. Көтеріліс көптеген адамдардың өлімімен аяқталды. Көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеевті жұрт алдында Боралдай төбешігіндегі дарға асады. Жетісу қазақтарының көтерілісі майданнан шұғыл шақыртылып алынған 7-інші Орынбор және 9-ыншы Сібір казак полктары келгеннен соң ғана басылды. Мұрағат құжаттары сол кездегі казак жүздіктерінің Жетісудағы жаппай қырып-жоюшылықтың адам айтқысыз жайларын алдыға жайып салады. Жетісу облысының әскери губернаторы Фольбаумның қолы қойылған құжаттарда «аяусыз жазалаңдар», «тез арада қамаң­дар», «тез арада өлтірсін» деген сөздерге толы. «Көтерілісті басудың бір-ақ жолы бар. Көтерілген болыста бірден бірнеше жүз адамды қырып-жою керек» деген сөздер де сол қанішер губернатордың нұсқауы. Патша өкіметінің жазалаушы отрядтары ешкімді аяған жоқ. Артиллерия оғымен тұтас ауылдардың күлін көкке ұшырып жатты. Казак жүздіктерінен, бандылардан, қа­рулы жасақшылардан зәбір көрген, жапа шеккен мыңдаған қазақтар 1916-1917 жылдардың қаһарлы қысында Қытайға ауып, тауда қарлы боранда үсіп өлді. Бір түтінде, статистика бойынша, 5,1 адам болса, 1917 жылдың қаңтарында облыс халқының саны 270-632 адамға азайған. Балқаш құмында 37 355 адам орналасса, 30 мыңнан астам адам үй-күйсіз қалыпты. («Қазақ тарихы», 2007, №2, 116-117 беттер). Архивте патшаның қол­шоқпары – қазақ отрядтарының қанды істері жайлы бұдан басқа да сорақы деректер өте көп. Алайда 1916 жылдың соңына қарай казактар арасында жіктелу және ыдырау бағыты айқын байқалды. Бұған едәуір дә­ре­жеде мұрындық болған казактарға полицейлік қызметті жүктеген мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық жағынан оларды азғындатушылық рөлі болды. 1917 жылы казактар өздеріне жүктелген жендеттік міндеткерліктен бас тартып, Романовтар империясына қолдау көрсетпеді. Ал азамат соғысы атаман-генералдар Дутов, Толстов және Анненков бастаған казак қолдары орысты да, қазақты да аямады. 1920 жылы большевиктердің Казачествоны таратуына байланысты казак әс­керлері жойылды. Шындық осылай бола тұрса да, 1993 жылдың наурыз айында Ресей президентінің жарлығы бойынша Казачество мемлекет тарапынан қолдауға ие болды. Осы жар­лықта Казачество қоғамдарына жерді пай­далануға айырықша ерік беру қажеттігі де айтылды. Осындай дем берушіліктен қуат алып, ара-тұра бой көрсетіп, қауымдастық құрып, батыс пен солтүстік өлкелерде үгіт айтушы қозғалыстар туралы, олардың пиғылдары жайлы түрлі мерзімдік басылым беттерінен оқып та жүрміз. Айта берсек, бүгінгі тарихымызда да адам төзбес кемшіліктер мен қателіктерден аяқ сүрінеді. Осының бәрінің басты себебі – әлі де орыс отаршылдарының аяғымызға түсірген алапат темір қақпаны екені өзімізге, ұрпағы­мызға ашық айтып түсіндіретін уақыт жеткен сияқты. Бұл қақпаннан көкбөрілер іспет­тес, тірсегімізді шайнап тастап алға қарай кетуіміз керек. ## Дереккөздер ## «Казак» деген кімдер? «Козак», «казак» – татар сөзі. Бұл славян және одан кейін орыс тілдеріне борыштан (салықтан) азат, ерікті, ержүрек және сонымен бірге атты жауынгер деген ұғымдарды білдіретін сөз ретінде енген. XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кейіннен Жайық казактары деп аталып кеткен ерікті казак қауымдастығы құрыла бастады. XVI ғасырдың 80-жылдарында Дон казактарының бір бөлігі Мәскеу мем­лекетінің әскерінен жеңіліп, атаман Ермакпен бірге Сібірге кетті. Бұл жерде олар Сібірді басып алуға қатысты. Екінші бөлігі Волга бойымен Каспий теңізіне түседі. Жайық бойымен жүзе отырып, Үлкен Ноғай Орда­сының астанасы Сарайшық қаласына келеді. Сарайшықты талқандап, теңіз арқы­лы қайтадан Донға кетеді.1808 жылғы Ережеге сәйкес, Сібір ли­ниялық әскері казактарды қызметке өз қа­ру­ларымен, жабдықтарымен, киім-кешегімен және жылқыларымен алуға тиіс бол­ды. Сібір казак әскерлерін құрған кезде патша үкі­меті бірінші кезекте казактардың полицейлік рөл атқаруы керектігін ескерді. Ал енді Сібір казак әскерлері «барлық бүлік­шілерді тыныштандырушы және жуасытушы» ретінде өздерінің міндеттерін қаты­гездікпен орындады. ## Казактардың Орал даласын отарлауы ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұтастай Ресей отарына айналған қазақ даласындағы әскери казактардың рөлі мен жалпы казачество туралы кезінде А.И.Герцен «Колокол» журналында жеріне жеткізе айтқан еді. Ол: «Полковник Слуцкий қыр­ғыз-қазақ даласындағы циви­лизациялық әу­лиелер деп атаған казактар «тиімді» қыз­метке көшпелілерді тонап, пайда табу үшін барды», – деп жазады. Казактардың қыр­ғыздарға не істейтінін білесіздер ме? (Яғни қазақтарға). Олардың күллі мал-мүлкі казактың өз меншігі тәрізді қойын тартып алу, өгізін не жылқысын ұрлап әкету казак үшін керемет бір батылдық, жігіттік өнер сияқты көрінеді. Ол үшін төменгі шендегілерге ескертіп, сөгіс беріп жатқан офицерлер де жоқ, ауық-ауық олардың өздері де ауылдарды талап отырады. Есаул Бутаков, подполковник Абакумов сияқты теріс қылықтарымен даңқы шыққан мырзалар да бар... Бүкіл Сібір әскерлері қырғыздардың (қазақтардың) есебінен күн көріп отыр десе де болады», – деген хабары жағдайды өте-мөте толық жеткізеді .Казак отрядтары орналасқан бос жатқан жерлер, негізінде, ешқандай иесіз жерлер емес, керісінше көшпелілердің жыл бойы кө­шіп-қонып жүретін қыс-қыстауы, жаз-жайлауы еді. Ежелгі қазақ еркіндігін шектеу саясаты, әскер жасақтарындағы өзгерістер, оның Ре­сей империясының құрамдас бөлігіне ай­нал­­­дырылуы қатардағы қазақ жұрт­шы­лығының 1722-1837 жылдар аралығын­дағы бір ғасырдан астам уақыт ішінде көп­теген бой көтерулерін туғызды. Қазақ даласы тыныштықтан айырылды. Шаруа­шы­лы­ғы күйзеліп, берекесі кетті. Казактар пат­шаның саптағы күші ретінде Исатай мен Махамбет, Көтібар мен Есет бастаған қазақ шаруаларының да отаршылдық пен фео­далдық әділетсіздікке қарсы көтерілістерін қанға бояуға қатысты. Таққа отырған патша Екатерина-ІІ Е.Пугачевтің шаруалар көте­рілісін жеңгеннен кейін «Жайықта болған сорақы оқиғаны мүлдем ұмыту үшін» 1775 жылғы қаңтардың 15 жұлдызында Жайық қаласын – Орал қаласы, Жайық өзенін – Орал өзені, ал Жайық әскерлерін Орал әскерлері деп өзгертуге жарлық шығарды. Сөйтіп, казактардың бұрынғы еркіндігіне де тыйым салынды. 1868 жылы «Далалық облыстардағы басқару туралы уақытша ереже» бойынша Орал облысы құрылады. Оған Орал казак әскерлерінің қоныстанған жерлері мен Орынбор қазақтары жерінің (Орал өзенінің сол жағалауы, Т.К) едәуір бөлігі, Маңғыс­тау төңірегі, жалпы көлемі 29,6 миллион десятина алқап енеді. Оның Орал, Өзен, Шыж, Елек тағы басқа өзендер айнала­сын­дағы анағұрлым шаруаға ыңғайлы, құнарлы 6,4 миллион десятинасы әскерлердің бөліп-жармай иелену құқындағы жерлер болса, 23,2 миллион десятинасы қазақ­тар­дың қоғамдық пайдаланудағы мемлекеттік меншігі еді. Облыс көлемінде 1897 жылғы санақ бойынша 645121 адам тұрса, оның 118 мың­ға жуығы әскери казактар сословиесінің тұрғындары болған. Орынбор әскері 533 мың адамнан құралды. Осы кезде казак сословиесі 61 станицада, 446 поселкеде, 550 хуторда тұрып, қазақтардан күштеп тартып алған 7,4 миллион десятина жерді иеленді. Енді оларға төмендегі үш міндетті бұлжыт­пай орындау жүктелді: біріншіден, пат­ша­ның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға көмектесу; екіншіден, тартып алынған жерді көшпенді тайпалардың шабуылынан қор­ғау; үшіншіден, казак әскерлері мем­лекеттің қарулы күштерінің бір бөлігін құ­райды. Бұл жылдары қазақ даласынан өзге ай­мақтарда әскерлер құрыла бастаған еді. Дон казактарынан Астрахань казак әскері құ­рылды. Олар Кіші жүз қазақтарының 808 мың десятина жерін тартып алды (ҚР Орта­лық мемлекеттік мұрағаты, 39-қор, 1-тізбе, 2425-іс, 8083-б). Казактар жергілікті халыққа үнемі қы­сымшылық жасап отырды. Қазақ ауылдарын тонады, малдарын тартып алды, әскер ор­наласқан территориядағы су көздеріне жолатпады. Казактар – оңтүстік Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан территориясына орыс мұжықтарының алғашқы легі келгенге дейін патша әкімшілігі қазақ даласын әскери казак-орыстардың отарлауымен шек­теді. Түркістан өлкесінде казак-орыс­тардың тұрақтары Жетісу облысында пайда болып, оның тұрғындарының саны уақыт өткен сайын өсіп отырды. Облысқа орыс­тардың енуі 1831 жылы Жетісуға таяу жерде Сібір гарнизоны орналасқан Аягөз при­каздығының құрылуымен басталған еді. 1847 жылы жүзбасы Абакумов 200 казакпен бірге Қапал өзені бойында жаңа қамал – Қапалдың негізін қалады. Патша әскерлерінің Жетісудағы жылжуының келесі нысанасы Іле өзені бойы болды. Орыс әс­кер­лері ілгері жылжыған сайын өздеріне қарсы шыққан қазақ ауылдарын қаты­гез­дікпен талқандап отырды. 1853 жылы Қапалдан бүкіл Іле өлкесін жаулап алу мақсатымен арнайы экспедиция шығып, маусым-тамыз айларында өл­кеде тірек орталығын салуға қолайлы жер іздестірілді. Қамал тұрғызу үшін суы мол, жері құнарлы, құрылыс жүргізуге қажетті қалың орманды Үлкен және Кіші Алматы өзендері аралығындағы кең дала таңдалып, мұнда 1854 жылы Заилийское деп аталған бекініс салынды. Ал келесі жылы бұл елді мекен Верный форты деген атпен өзгертілді. Қамалға таяу жерге Іле өлкесіндегі алғашқы орыс поселкесі болып табылатын Алматы казак станицасының негізі де осы жылы қаланды. 1856 жылы мұнда тағы да 139 казак және 200 шаруа отбасы Томбы және Тобыл губернияларынан, Воронеж губерниясынан 242 шаруа отбасы келіп қоныстанды. Тал­ғар, Есік, Қаскелең және Шамалған өзендері бойында да жаңа казак және шаруа поселкелері пайда бола бастады. Империя шекарасы оңтүстікке: Лепсіден – Ілеге, одан соң Шу өзеніне қарай жылжи берді. 1855 жылы Үржар және Лепсі станицалары, 1858-1860 жылдары Көксу, Қас­келең, Арасан, Қарабұлақ т.б. казак станицалары салынды. Нәтижесінде 1867 жылға дейін Жетісуда құрылған 14 казак поселкелері мен станицаларында 14648 адам өмір сүрді. 1867 жылғы 13 шілдеде ІІ Александр пат­шаның жарлығымен Жетісу казак әс­керлері құрылды. Оның міндеттеріне отар­лануға тиіс аймақтарды Ресей құрамына біртұтас кіргізу, басып алған сол жерлердегі шекараны қорғау, форпос, бекініс салу жұмыстары кірді. Жаңа әскер штатында 600 адамнан тұратын екі атты полкты қоса есептегенде барлығы 1768 адам болды. Келімсек казактар мұндағы қазақтар­дың өңделген ең құнарлы егіс алқаптарын, су жүйелерін, мал жайылымдарын тартып алып, халқымыздың дәстүрлі мал және егін шаруашылығының дамуына орасан зор нұқсан келтірді. Бұл жөнінде Телжан Шонайұлы былай дей­ді: «Үкімет, әуелі қылмысты болып, жазаға бұйырылып, Ресейге зияннан басқа пайда тигізбейді деп түсінген, шіріген жұ­мырт­қаға есептелген адамдарды қазақ даласына орнықтыруға ұмтылды. Өлім жазасына кесілген және саяси өлімге арналған­дарды жіберді. Екінші, тіпті салық төлемей шаруашылық күші үзіліп, Ресейге пайда кел­тіруден қалған мұжықтарды көшірді. Бұлар­ды атты казак қылып жазды. Үшінші­ден, бұрыннан басы бос жауынгер атты казактарды орналастырды, жауынгерлігінің үстіне казак-орыс бұрыннан қазақпен со­ғысып үйренген» («Қазақ тарихы», 2010 №4, 23-бет). ## Патша генералы Колпаковский Қазақстанның оңтүстік өңірлерін жаулап алуда отаршылдық саясаттың итаршылары, генералдар В.Перовскийдің, М.Черняевтің, Г.Колпаковскийлердің аттары тарихта қатар аталады. Колпаковский Герасим Алевсеевич (1814-1896) – орыс армиясының генералы. Батыс Сібір, Түркістан және Дала өлке­лерінің әскери-әкімшілік басшысы. Орта Азия мен Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатын белсене жүзеге асырушы. Харьков губерниясындағы офицер-дворянның отбасында туды. 1852 жылдан бастап Батыс Сібір өлкесі генерал-губернаторының адъюданты болды. 1858 жылы Алатау округі мен Ұлы жүз қазақтары өлкесіне шабуыл жа­саған қоқандықтарға қарсы соғыс қи­мылында Ұзынағаш маңындағы шайқасқа (1860 ж.) қатысты. 1862 жылы Шу өзені алқабына жасалған экспедицияны бас­қарып, Қастек, Пішпекті алды. Сол үшін оған генерал-майор атағы берілді. 1864-67 жылдары – Семей облысының, 1867-82 жылдары – Жетісу облысының генерал-губернаторы болып тағайындалды. 1889 жылы Әскери советтің мүшесі болып тағайын­далып, Петербургке ауыстырылды. Генерал Г.Колпаковскийдің «ерліктері» жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарға сөз берсек: 1882 жылы 4 шілдедегі өзінің бірінші бұйрығында Колпаковский Дала генерал-губернаторы және Омбы соғыс округінің әскери Бас командашысы қызметін атқаруға кіріскенін жариялады (ҚР ОММ, 64-қор, 1-тізбе, 59-іс, 1-бет). Өзінің орталыққа берілген адам екенін Колпаковский 1883 жылғы Ақ патшаға ар­наған тұңғыш Дала генерал-губер­наторы­ның есебінде көрсетіп-ақ берді: «Үш дала облысының өзара қарым-қатынастары (Ақмола, Семей және Жетісу облыстары туралы) олардың бір орталыққа бағынуға негіз екенін дәлелдеді. Осыған орай алысқа созылған мемлекеттік шекара бірлігін, керекті транзитті жолдардың қалыптасуын, өлкені біркелкі отарлауын қамтамасыз етуді ұсынды» (ҚРООМ, 64-қор, 1-тізбе, 125-іс, 29-бет.). Жаңадан келген патша итаршысы, Жетісу казак әскерінің құрметті атаманы Колпаковский енді қазақ жерінің байлығын ха­лықтан тартып алып, самодержавиелік өкі­меттің мүддесіне сай етіп жүзеге асыра бас­тады. Ол өзінің патшаға арнаған есепті баяндамасында: «Орыстармен күнделікті эконо­микалық қарым-қатынастың ықпалы арқа­сында қазақтар өздерінің ежелгі жауынгерлік рухынан айырылды, ал қазір олар бейбіт, дәрменсіз өмір сүрген номадтарға айналды. Олар орыс өкіметіне бас иіп, түтін са­лығын, тағы басқа да алым-салықтарды бұлжытпай орындайды», – деп жазды (ҚРООМ, 64-қор, 1-тізбе, 125-іс, 122-бет.). Міне, осындай генерал-губернатордың «мағыналы» сөздерінен самодержавиенің отарлау саясатының шеруін аңдауға болады. Мұның өзі – еңбекші халықты езіп, үнін шығартпай тастағанының бір айғағы. Колпаковскийдің келуімен бірге дала өлкесінде отарлау саясатының жаңа толқыны өрледі. Қазақтардың ежелден бері ұқсатылған жайлы жерлері қазына меншігі деп жарияланды. Қазақ жерлерін казактардың қалай тартып алып, зорлық-зомбылық көрсеткенін бел­гілі ғалым, жазушы Сапабек Әсіп ағамыз өзінің «Қазақ қасіреті» деген еңбегінде егжей-тегжейлі баяндап жазған (Әсіп С. Қазақ қасіреті – Алматы, 1994 ж.). ## Қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жан­сүгіров өзінің «Жетісу» (1730-1916) атты кітабында (Алматы, 2001 ж) былай дейді: «Колпаковский қалайда Жетісуды орысқа шегелеп ұстауға отар саясатын мық­тап ұстады. Жетісуды орнықты отар қылуға орнығып отыратын орыс керек болды. «Жетісуда жер мол» деген дақпырт бүтін Ресейге таралады. Жер, судан айырылған қазақ-қырғыз кедейленіп, аяқты малдың өрісі тарылып, азайып, егін салып, егінші бо­лып күн көруге жайлы жер-суынан айырылып, әлгі келімсектерге малай болып сіңеді. Алғашында Жетісуға жалғыз арбамен қаңғырып келген қара мұжықтар жаулап алған ел ішіне келген соң, өзін әкім санап, мінезі өзгеріп, еңбек жеу, шаруаны қанауға, жұртты соруға құнығады. Әрқай­сысы төрт-бестен қыстау жай салып, 20-30-дан малай жалдайтын алпауытқа айналады. ...Жетісуды орыс жаулап алудың ең аяғы Ұзынағаш соғысы болды. Бұл туралы Түр­кістанның алғашқы жарым патшасы (генерал-губернаторы) Фон Кауфман: «Ұзынағаш соғысындағы жеңісіміз біздің орыстың бүтін Орта Азияны жаулағандағы жеңісіміздің анасы болды», – дейді. Жетісу алынғанын жазған орыстың Набецкий дегені: «Ұзын­ағаш соғысындағы орыс үстемдігі Жетісу­дағы орыс отарының ең мықты салынған алғашқы табалдырық тасы еді», – дейді. ...Бұл жеңіс, расында, Орта Азияның отар­лығына ұлы қайрат қылған орыстың мақтанарлық жұмысы еді. Өйткені неше заманнан бері Кенесарысы, Сырымы, басқа да батырлары шығып, орысқа ұлы көлденең болған қазақтың, қазақ-қырғыздың арқа таңатын Қоқан хандығының тұралап жеңіл­ген­дігі еді. Ұзынағашта орыспен соқтыққан Орта Азияның қолы Орта Азиядағы халық­тардың ең мықты күші деуге болады. Бұған Тәшкен, Самарқан, Қоқаннан басқа Орта Азия­дағы сарт қалаларынан күтініп, көмек келген. Жетісудың қазақ-қырғызынан Сар­ба­ғыш, Дулат қосылған. Осылардың Ұзын­ағаштағы ұрыстағы жеңілісі Орта Азия халқының ұнжырғасын түсіріп кетті. Орысқа қарсы бұдан кейін белсеніп шығарлық елде қайрат қалмауға жақындады. Осы ұрыстан кейін Орта Азия сырын орыс әбден алды. Бұл күнге шейін алдаумен, арбаумен алынып келе жатқан Орта Азияны отарлау әдісі енді тура әскер аттандырып жаулап, шабу-шаншумен алуға қол қойылды» (35-55-беттерден). Біз генерал-губернатор Колпаковскийдің қызметіне қысқаша тарихи шолу жасадық, оның саясаты, күнделікті іс-әрекеті, қазақ халқының мүддесін жақтаудан әлдеқайда алыс болды. Керісінше, осы халықтың қолайлы жерлерін мүлде тартып алып, оларды күйзеліске ұшыратуға бағытталды. Колпаковский өзінің қызметімен, іс-әрекетімен артындағы ізбасарларына өшпес «өнеге» қалдырып кетті. Оның жолын қуу­шылар ол бастаған істі одан әрі жалғас­тырушылар болды. Жергілікті халықты қанаушылар әрдайым Г.А.Колпаковскийді үлгі тұтып, ол бастаған істі одан әрі жалғас­тыруға шақырып отырды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гас­форд Колпаковскийге қазақтар одан кейін шабуыл жасамас үшін, олардың бүкіл дүние-мүлкі мен малдарын тартып алып, ең басты сұлтандары мен билерін жазаға тарту туралы нұсқау береді. Бұл нұсқаумен қоса Гасфордтың Колпаковскийге жөнел­тілген келесі бір нұсқауы орыстардың «бүлік­шіл» қазақтарды жазалауда аяусыз қатыгездікке барғанын көрсетеді. Онда: «...кез келген қару ұстаған қазақты жою керек. Егер де қазақтар Ресей билігіне наразы болып, аздап болса да сатқындық жасайтын болса, онда оларды табан астында атып тастап, ауылдарын өртеп және дүние-мүліктері мен малдарын талаңдар, ...біз олардың батылдығын басып, бізден сақ­тануға үйретеміз. Казактардың қазақтар­ды атқан кезде бірде-бір оғы босқа кетпесін» (Ресей федерациясының Орталық Мемлекет мұрағаты, 5451-қор, 1 тізбе, 27-іс, 129-бет.). Жетісу казактары және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Патшаның Бірінші дүниежүзілік соғыс­тағы жұмыстарына жергілікті тұрғындардан қара жұмысшы алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы қазақ халқының жағдайы тым ауырлап кеткен кезде шықты. Жарлық бойынша, Жетісудан 87 мың адам алу жоспарланған болатын. Алдағы дауылды сезген Жетісу казак әскерлері толқуды басуға дайындала бастады. Көтерілісшілерге қарсы 8750 мылтық үлестірілген 35 рота, 3900 қылыштан тұра­тын 24 казак жүздігі, 16 зеңбірек пен 24 пулемет, ал далалық жерлерде 21 жаяу әскер ротасы, 22 жүздік, 4 зеңбірек пен 17 пулемет дайындалды (ҚРООМ, 39-қор, 1-тізбе, 1120-іс, 30-бет.). Көтерілістің негізгі ошақтарының бірі – Қарқара жайлауы болды. Ол Жаркент уезінің едәуір бөлігін қамтып, Қаракөл уезіндегі қырғыз еліне дейін жайылды. 1916 жылы 6 шілде күні Ақбейіт бөк­терінде барлық 16 болыс Албан елі өкіл­дерінің жиыны болды. Жарлықты тал­қы­лап болғаннан соң жиналғандар бірауыздан мынадай шешім қабылдады: «...Қазір біз қайыршылық халде өмір сүрудеміз. Жер салығы, тұяқат бес есе өсті. Малдың әр басынан 25 тиыннан тұяқат алуда. Енді, міне, 19 бен 43 жас аралығындағы ерлерді окоп қазу жұмыстарына алмақшы. Біз бұл қарғыс атқан жарлықты орындауға қарсымыз...» 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесі жанындағы төбеде патша жарлығына қарсы ел ағалары Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Серікбай Қанаев, Қазыбек Шормановтар сөз сөйлеп, патша үкіметіне қар­сылықтарын білдірді (содан бері бұл төбені Ереуіл төбе деп атап кетті). 17 шілдеден бастап облыста әскери жағдай енгізілді. Жалаңаш станицасында казак-орыстардан жазалаушы отряд құрылып, оның құрамына 126 адамнан тұ­ратын казак жүздігі енді. Жасы үлкен (40-45 жас) казактардан қосымша жүздік құрылып, оған 1106 адам тартылды. Бұған қосымша күш ретінде Қарқара көтерілісін басу үшін Түркістан генерал-губернаторы Куропат­киннің әмірімен Жетісуға 3 дружина, 7 рота, 5 казак жүздігі, 14 зеңбірек, 2 пулемет командасы жіберілді. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Үкіртітау, Байынқол, Сарықаптал, Ноғай, Толағай аумағында қиян-кескі ұрыс­тар болды. Қазан айының соңы мен қараша айының басында Қарқара көтерілісі патша әскерінің қатыгездігімен аяусыз басып-жаншылды. 1916 жылы тамыз-қыркүйек айларында Асы, Самсы, Отар өңірлерінде де казак-орыс жазалаушыларымен қарулы ұрыстар болды. Көтеріліс көптеген адамдардың өлімімен аяқталды. Көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеевті жұрт алдында Боралдай төбешігіндегі дарға асады. Жетісу қазақтарының көтерілісі майданнан шұғыл шақыртылып алынған 7-інші Орынбор және 9-ыншы Сібір казак полктары келгеннен соң ғана басылды. Мұрағат құжаттары сол кездегі казак жүздіктерінің Жетісудағы жаппай қырып-жоюшылықтың адам айтқысыз жайларын алдыға жайып салады. Жетісу облысының әскери губернаторы Фольбаумның қолы қойылған құжаттарда «аяусыз жазалаңдар», «тез арада қамаң­дар», «тез арада өлтірсін» деген сөздерге толы. «Көтерілісті басудың бір-ақ жолы бар. Көтерілген болыста бірден бірнеше жүз адамды қырып-жою керек» деген сөздер де сол қанішер губернатордың нұсқауы. Патша өкіметінің жазалаушы отрядтары ешкімді аяған жоқ. Артиллерия оғымен тұтас ауылдардың күлін көкке ұшырып жатты. Казак жүздіктерінен, бандылардан, қа­рулы жасақшылардан зәбір көрген, жапа шеккен мыңдаған қазақтар 1916-1917 жылдардың қаһарлы қысында Қытайға ауып, тауда қарлы боранда үсіп өлді. Бір түтінде, статистика бойынша, 5,1 адам болса, 1917 жылдың қаңтарында облыс халқының саны 270-632 адамға азайған. Балқаш құмында 37 355 адам орналасса, 30 мыңнан астам адам үй-күйсіз қалыпты. («Қазақ тарихы», 2007, №2, 116-117 беттер). Архивте патшаның қол­шоқпары – қазақ отрядтарының қанды істері жайлы бұдан басқа да сорақы деректер өте көп. Алайда 1916 жылдың соңына қарай казактар арасында жіктелу және ыдырау бағыты айқын байқалды. Бұған едәуір дә­ре­жеде мұрындық болған казактарға полицейлік қызметті жүктеген мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық жағынан оларды азғындатушылық рөлі болды. 1917 жылы казактар өздеріне жүктелген жендеттік міндеткерліктен бас тартып, Романовтар империясына қолдау көрсетпеді. Ал азамат соғысы атаман-генералдар Дутов, Толстов және Анненков бастаған казак қолдары орысты да, қазақты да аямады. 1920 жылы большевиктердің Казачествоны таратуына байланысты казак әс­керлері жойылды. Шындық осылай бола тұрса да, 1993 жылдың наурыз айында Ресей президентінің жарлығы бойынша Казачество мемлекет тарапынан қолдауға ие болды. Осы жар­лықта Казачество қоғамдарына жерді пай­далануға айырықша ерік беру қажеттігі де айтылды. Осындай дем берушіліктен қуат алып, ара-тұра бой көрсетіп, қауымдастық құрып, батыс пен солтүстік өлкелерде үгіт айтушы қозғалыстар туралы, олардың пиғылдары жайлы түрлі мерзімдік басылым беттерінен оқып та жүрміз. Айта берсек, бүгінгі тарихымызда да адам төзбес кемшіліктер мен қателіктерден аяқ сүрінеді. Осының бәрінің басты себебі – әлі де орыс отаршылдарының аяғымызға түсірген алапат темір қақпаны екені өзімізге, ұрпағы­мызға ашық айтып түсіндіретін уақыт жеткен сияқты. Бұл қақпаннан көкбөрілер іспет­тес, тірсегімізді шайнап тастап алға қарай кетуіміз керек. ## Дереккөздер
## Шымкент көтерілісі Шымкент көтерілісі - 1967 жылғы маусымның 13-і мен 15-жұлдызы арасында Шымкент қаласында болған оқшау оқиға. Бұл оқиға Кремль басшыларын дүр сілкіндірді. Оқиға көп уақыт бойы өте құпия сақталды. ### Оқиғаның басты себебі Бұған тереңірек үңілсеңіз, оқиға қарапайым істен басталған және аяқ астынан, ойламаған жерден өріс алған. Қалалық автопарк жүргізушісі Василий Остроухов деген 29 жасар жігітті түнгі сағат бір шамасында көшеде удай мас болып жатқан жерінен милиция жасағы медициналық айықтырғышқа жеткізген. Таңертеңгі сағат 6.00 кезінде жүргізілген кезекті тексеріс Остроуховтың жансыз, өлі денесінің үстінен шыққан.Мәйітті ашқан облыстық сот-дәрігерлік сарапшы В.Нестеров ажал гипертония сырқатына қатты мастық қосылып, миға қан құйылуы мүмкін деген қорытынды жасайды. Мұны Алматыдан жедел шақыртылып, қайта экспертиза жасаған профессор Сидоров та қостайды. Бірақ, кейін анықталғандай, Остроухов милиция жасағының қолына түспестен бұрын біреулермен төбелесіп таяқ жеген. Осыған байланысты өмірге қатер төнерлік болмаса да, денесінен көгеріңкі белгілер табылуы оқиғаға май құя түседі. ### Оқиға барысы Мәйіттің туыстары, автопарк қызметшілері «сендер оны ұрып өлтірдіңдер, Мәскеуден маман шақырыңдар» деп табандап тұрып алады. Ел-жұрт құлақтанып, милицияны қарғап-сілеп, наразылық білдірушілер саны көбейеді. Автопарк ұжымы «ұйымшылдық» көрсетіп, қаладағы көлік қатынасын тоқтатады. Ақыры тобыр молайып, ішкі істер бөлімін қоршайды, ғимаратын қиратады, өртейді. Автотұрақтағы көліктер от-жалынға оранады. Көшедегі милиция қызметкерлерін ұрып-соғып, бас-көз демей төмпештейді. Тергеу изоляторына барып, ондағыларды қырып-жойып, қақтығыс кезінде түрменің біраз қызметшілері жарақат алады. ### Көтерілістің нәтижелері Көтерілісшілерді басу үшін әскер күші пайдаланылған. Нәтижесінде тәртіпті сақтау органдарының 20 қызметкері, 2 жауынгер, 3 партия-кеңес шенеунігі әртүрлі дәрежеде жарақат алады. Тәртіп бұзушылардың 50 адамына оқ тиіп, 7-уі қаза табады. 34 адам қылмыстық жауапқа тартылады, 3-уі ату жазасына кесіледі. Лауазымды үлкенді-кішілі біраз адам қызметтен қуылады.14-маусым күні Мәскеуден КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ОК хатшысы Андрей Павлович Кириленко мен КСРО Ішкі істер министрі генерал Николай Анисимович Щелоков, Алматыдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев бастаған топ Шымкентке ұшып келеді. Шұғыл түрде арнаулы комиссия құрылып, төтенше оқиғаның жай-жапсары сараптала бастайды. ## Шымкент көтерілісі Шымкент көтерілісі - 1967 жылғы маусымның 13-і мен 15-жұлдызы арасында Шымкент қаласында болған оқшау оқиға. Бұл оқиға Кремль басшыларын дүр сілкіндірді. Оқиға көп уақыт бойы өте құпия сақталды. ### Оқиғаның басты себебі Бұған тереңірек үңілсеңіз, оқиға қарапайым істен басталған және аяқ астынан, ойламаған жерден өріс алған. Қалалық автопарк жүргізушісі Василий Остроухов деген 29 жасар жігітті түнгі сағат бір шамасында көшеде удай мас болып жатқан жерінен милиция жасағы медициналық айықтырғышқа жеткізген. Таңертеңгі сағат 6.00 кезінде жүргізілген кезекті тексеріс Остроуховтың жансыз, өлі денесінің үстінен шыққан.Мәйітті ашқан облыстық сот-дәрігерлік сарапшы В.Нестеров ажал гипертония сырқатына қатты мастық қосылып, миға қан құйылуы мүмкін деген қорытынды жасайды. Мұны Алматыдан жедел шақыртылып, қайта экспертиза жасаған профессор Сидоров та қостайды. Бірақ, кейін анықталғандай, Остроухов милиция жасағының қолына түспестен бұрын біреулермен төбелесіп таяқ жеген. Осыған байланысты өмірге қатер төнерлік болмаса да, денесінен көгеріңкі белгілер табылуы оқиғаға май құя түседі. ### Оқиға барысы Мәйіттің туыстары, автопарк қызметшілері «сендер оны ұрып өлтірдіңдер, Мәскеуден маман шақырыңдар» деп табандап тұрып алады. Ел-жұрт құлақтанып, милицияны қарғап-сілеп, наразылық білдірушілер саны көбейеді. Автопарк ұжымы «ұйымшылдық» көрсетіп, қаладағы көлік қатынасын тоқтатады. Ақыры тобыр молайып, ішкі істер бөлімін қоршайды, ғимаратын қиратады, өртейді. Автотұрақтағы көліктер от-жалынға оранады. Көшедегі милиция қызметкерлерін ұрып-соғып, бас-көз демей төмпештейді. Тергеу изоляторына барып, ондағыларды қырып-жойып, қақтығыс кезінде түрменің біраз қызметшілері жарақат алады. ### Көтерілістің нәтижелері Көтерілісшілерді басу үшін әскер күші пайдаланылған. Нәтижесінде тәртіпті сақтау органдарының 20 қызметкері, 2 жауынгер, 3 партия-кеңес шенеунігі әртүрлі дәрежеде жарақат алады. Тәртіп бұзушылардың 50 адамына оқ тиіп, 7-уі қаза табады. 34 адам қылмыстық жауапқа тартылады, 3-уі ату жазасына кесіледі. Лауазымды үлкенді-кішілі біраз адам қызметтен қуылады.14-маусым күні Мәскеуден КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ОК хатшысы Андрей Павлович Кириленко мен КСРО Ішкі істер министрі генерал Николай Анисимович Щелоков, Алматыдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев бастаған топ Шымкентке ұшып келеді. Шұғыл түрде арнаулы комиссия құрылып, төтенше оқиғаның жай-жапсары сараптала бастайды.
Сына жазуы, шумер жазуы – б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі. Сына тәріздес сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын мұндай жазуларды шумерлер, аккадтықтар, эламдықтар, хурриттер қолданған. Шумерлердің 4-мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін Тигр мен Евфрат өзендері бойын мекендеген тайпалар екені туралы деректер осы сына жазбаларында сақталған. Сына жазуының нақты пайда болу мерзімі белгісіз, шамамен б.з.б. 4-мыңжылдықта қолданыста болған. Сына жазуы парсы жерінен және Месопотамия өңірінен табылған, олардың таңбалары бір-біріне өте ұқсас. Зерттеушілердің пікірінше, алғаш бұл жазу сына тәрізді болмаған, таңбаларда түрлі деректі, дерексіз бейнелер салынған. Алғаш 1621 ж. Италия саяхатшысы Пьетро делла Валле сына жазуын зерттесе, 1684 ж. Эгелберт Кемпфор көне парсы жазуының көшірмелерін жариялап, сына жазуы атауын алғаш ғылыми айналымға енгізді. Сондай-ақ дат ғалымы К.Нибур Персопольдағы жазуларды (1765 ж.), Г.Роулинсон мен Э.Хинкс парсы жеріндегі жазуларды қағазға түсірген. Парсы жерінен табылған сына жазуын Г.Гротефенд зерттеді, ол сөздердің көне парсы тіліндегі айтылуын ескере отырып, олардың айтылуы мен жазылуын салыстырды. Көне парсы жазулары қазіргі Шираз қаласына жақын маңдағы Дариуш (Дария) пен Хашуариш (Ксеркс) сарайлары қалдықтарын аршу кезінде түсіріліп алынған. Сына жазуында жазылған әр түрлі құжаттар, сөздіктер және ғыл. еңбектер, мәтіндер сақталған. Сына жазуы түсірілген ескерткіштер призма, цилиндр, конус тәріздес әр түрлі формалы саз тақтайшалардан тұрады. Сына жазуылары бір жағынан, адамзат басынан кешкен көне тарихты танытатын зор білім қазынасы болса, екінші жағынан, оның бүгінгі кезде көп елдердің мәдениетіне, соның ішінде қазақтың ұлттық мәдениетіне тигізген ықпалы орасан зор. ## Әдебиет: * Дирингер Д., Алфавит, М., 1963; * Әміров Р., Әмірова Ж., Көне жазба ескерткіштер, А., 1995. ## Дереккөздер
Ат ерттеу – мініс көлігіне ер-тоқым салып жабдықтау, мінуге дайындау. Әдетте жайдақ атқа міну қолайсыз болғандықтан, оны ерттеп мінеді. Жайлы ер-тоқым салып мінген адам ғана ат үстіндегі ұзақ жүріске шыдайды. ## Ерттеу тәртібі Ат ерттеудің өзіндік тәртібі бар. * Ең алдымен, ат арқасына терлік салынады. Оны кейде іштік, ішкілік деп те атайды. * Терліктен кейін тоқымның екі қабат киізден сырылып, алды-арты былғарымен көмкеріліп тігілген ішпек деп аталатын түрі – тоқым салынады. Тоқымды кейде тебінгі тоқым дейді. Өйткені, көп жағдайда тебінгі киіз тоқымға жапсырылып тігіледі. Яғни оны үнемі өз алдына жеке тігіп жатпайды. Ат әбзелін осылай жабдықтау тоқымның үзеңгі бау тігетін тұсының тез тозбауын қамтамасыз етеді. * Осыдан кейін ер салынады. * Одан соң ерді сәл артқа таман сырғытып, құйысқан салады. Ерді қайтадан тоқымға ыңғайлап алға жылжытып, үстіне көпшігін төсеп, үзеңгісінің тұсынан сәл артқа таман келтіріп, айылмен тартып бекітеді. ## Арқасы кеткен атқа ер салу амал-тәсілдері Қазақ жауыр атқа мінбесе де, өте мұқтаж болған жағдайда арқасы кеткен атқа ер салғанда мүйеттеу, оймалау, тығылдырықтау, желқомдау деп аталатын амал-тәсілдерді пайдаланған. Бұл тәсілдер атауы қолданылу барысында пайдаланылатын заттарына байланысты қалыптасқан. * Атап айтқанда, жауыр жараның төңірегі ішпек тиіп қажалмас үшін салынатын, терлік пен ішпек арасына «қоралай» қоюға лайықталған ортасы тесік киізді мүйет деп атайды. * Ал ойма – ішпек, тоқымның ішкі бетін ат арқасындағы жараға келетін тұсын дәлдеп тесіп, ойып алынған бөлігі. Жауырдың жазылмайтын лоққы, шилі түрлері асқынған кезде мәжбүрлікпен жасалатын айла-тәсіл. * Тығылдырық немесе кепіл киіз – ер қапталының не алдыңғы, не артқы бөлігінің біріне ат арқасына қатты қысып батпауы үшін қабатталып салынатын киіз кесінді. * Желқом – жауыр болған ат арқасын ашық қалдыру үшін екі қапталға қойылатын екі ішпек. Сонда оқпан мүлде ашық қалады да, жауыр жараға тимейді. Лажсыздықтан туған бұл амалдар, сонымен қатар, әбден жауыр болып, жүк артып-тартуға мүлдем болмай қалған жағдайда сиыр мен түйеге де жиі салынады. Ел арасында ерттеуге және ат әбзелдеріне байланысты «Атыңнан айырылсаң да, ер-тоқымыңнан айырылма», «Ат арқасына ер батса аяңшыл болады», «Жаман ерден жайдағым, жаман әйелден бойдағым», «Төреге ерсең, ер арқаларсың, қожаға ерсең, тері арқаларсың», «Қарағай ерге қас болмас, қыз бала елге бас болмас» деген көптеген мақал-мәтелдер кездеседі. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Бабалықұлы Ж. Ер тұрман. Жалын. 1985. №3, №6; * Бегманов Қ. Этнографпен әңгіме. Алматы: Дәстүр, 2010; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
## Социализмнің кеңестік жолына наразылық көріністері Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды.Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды.Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сұрақтардың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу қажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды.1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 – 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады.Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды. ## Неміс автономиясы мәселесі Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшіп келген еді. КОКП ОК-нің 1979 жылдың көктемінде олар үшін Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешімі қазақ халқының мүдделерін тұтастай аяққа басудың көрінісі болып табылады. Қазақстан Компартиясы ОК-нің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, мұндай ұсыныс КСРО МХК төрағасы Ю.Андропов тарапынан жасалған екен. Бұл мәселе қойылғанда қатынасып отырған Қазақстан басшылығы үнсіз қалады. Бұл аз болғандай, Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру жөнінде комитет құрылып, оған Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы А.Коркин басшылық етті. Комитеттің шешімі бойынша, болашақ автономияның әкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы болуға тиіс деген ұйғарым жасалды. Автономия құрамына сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілуге тиіс болды. Неміс автономиясының құрылуы туралы хабар Қазақстан жеріне, әсіресе оның солтүстік бөлігіне, лезде тарап кетті.1979 жылғы маусымның 16-сы таңертең қазақ жастарының топтары Ақмоланың орталығындағы Ленин алаңына көптеп жинала бастады. Жастрадың қолдарында «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазуы бар тақтайшалар болды. Көп ұзамай қала орталығы демонстранттарға лық толды. Осы оқиғаны көзімен көргендердің айтуына қарағанда, митингіде сөйлеушілердің сөзі дәйекті де байсалды болды. Олар Қазақстанның кеңес республикасы және көп ұлтты Кеңес Одағының құрамдас бөлігі екендігін айтқан. Бұл жерде ондаған жылдар бойына қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және көптеген басқа халықтардың өкілдері қоян-қолтық бірлесіп еңбек етті. Енді келіп осындай республикада оның Жоғарғы Кеңесімен, халқымен ақылдаспастан, ойда жоқта неміс автономиясы құрылмақшы. Митингіге қатысушы бір студент: «Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз», - деді. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратып жіберуге тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шет түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті.Келесі шеру маусымның 19-ы болды. Митингіге қатысушылардың алдына облатком төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов шықты. Өзінің ұзаққа созылған шашыраңқы сөзінде Морозов қалай дегенмен Ақмола облысында ешқандай автономия құрылмайтындығына жұрттың көзін жеткізе білді. Дегенмен жұрт дүрлігіп қалған еді. Толқулар басқа елді мекендер мен облыстарға қанат жайды. Алайда біраз уақыттан соң дүрлігіс саябыр тартты.Бірақ республика басшылығы мен МХК бұл шерулер туралы ақпаратта таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөз де бұл оқиғалар туралы жұмған аузын ашқан жоқ. Алайда Ақмолада 1979 жылы болып өткен толқулар туралы қауесет республикада ұзақ уақытқа дейін тыншымады. ## Халықаралық жағдайы Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бетбағыттар күресі әсерінен туындаған саяси жүйенің қайшылықты, күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат дарытты. 70-жылдардың бас кезінде әлемдегі саяси ахуалдың жұмсаруы, халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі тән болды. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды. Еуропалық 33 мемлекеттің, АҚШ пен Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актіде мемлекетаралық қатынастар жаңа айқындамалар тұрғысынан реттеліп, мемлекеттердің адам хұқын қорғау жөніндегі күш-жігері біріктірілді.Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті. Алайда Қазақстаннан шетке шығарылатын өнімдер тізімі технологиялық жаңалықтардан емес, негізінен шикізаттық қуат көздерінен, мәселен, түсті металдардан, хром кені мен темір балқытпаларынан, жұқа болат тақталарынан, мұнайдан, т.б. тұратын еді.Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т.б. сырттан тасыды.Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды. Қазақстандық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде – Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасында, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді. Ғылыми байланыстар да сирек құбылыс болған жоқ. Қазақ КСР Ғылым академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, 31 проблема мен жеке тақырыптарды зерттеуге қатынасты. Химия ғылымдары институтының қызметкерлері өздерінің чехословакиялық және болғарлық әріптестерімен берік қатынастар орнатты. АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс жүзеге асырылды.Қазақстанда кеңес-сирия достығының күндері, Францияның КСРО-дағы күндері өткізілді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптары оркестірінің әртістері, КСРО халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша әуез өнерімен тәнті етті. Қазақ операсы мен балетінің, көркемсурет пен графикасының, қолданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка елдерінде өнер көрсетті.Алайда сыртқы саясат саласындағы қарыспа шешімдер, біліктілік жағынан төмен және шала ойластырылған идеология мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды.Екі әлеуметтік-саяси жүйе арасындағы текетірестіктің өрши түсуіне шынайы дүниені айқын тануға бөгеті мол «дұшпан бейнесі» дейтін түсінік май тамызды. «Саяси күрестің күшеюі» туралы жолнұсқа (тезис) орнына «идеологиялық күрестің күшеюі» дейтін екінші бір жолнұсқа келді. Осының салдарынан екінші жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті-үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке – АҚШ пен КСРО-ға түсті. Бұл шығындар ең алдымен осы екі мемлекеттің азаматтарын тұралатар жүкке айналды. Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық мүлік қоймасын жаңарта жасақтауға сүйреді. Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келіп, өсіп-өнген жерлерде, яғни Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін молынан қамтыды. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 жылғы тамыздың 29-ында сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперементтік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерлер ұзақ жылдар бойы жұмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергіліктің халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ деп мәлімдесе де полигон айналадағы табиғатқа, адамдардың денсаулық жағдайына аса қатерлі еді.Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және ионданушы радиацияға байланысты туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диагноз қоюға тыйым салынды. КСРО Денсаулық сақтау Министрлігі бұл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым салды, ал әскери дәрігерлер жүргізген тексерістердің нәтижесі аса құпия сақталып, ядролық полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды.Адамдарға деген осыншалық безбүйрек көзқарас салдарынан полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Сәуле ауруының нышандары, мәсеплен, Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындарының бойынан көптеп кездесті. Бірақ полигонның халықтың денсаулығына төндіріп отырған қатері туралы оқта-текте үн көтергендердің дабылы естілусіз де ескерусіз қалып жатты. «Империалистік қатерден» үрейленген мемлекет қарулануды жалғастыра берді.1969-1970 жылдары Маңғыстау облысының аумағында да халықтан жасырын түрде кен жыныстарында үш бірдей жерасты ядролық сынағы өткізілді.Саяси және идеологиялық жағдайдың ушығуына социалистік достық одақ елдері ішіндегі күрделі қарым-қатынастар да әсер етті. Қытай Халық Республикасы өзінің «қытайлық ерекше» жолын іздестіре бастады. Оның үстіне ҚХР-дың Кеңес Одағымен қарым-қатынасы 1960 жылдардың ортасынан бастап салқын тартқан еді. Екі ел арасындағы экономикалық, саяси өзара байланыстар айтарлықтай шектелді. 1964 жылы әскери қарама-қарсылық күшейе түсті. Екі мемлкеттің де шекарасына сан жағынан орасан зор әскер әкелінді. Мысалы, кеңес шекарасындағы қытай әскерлерінің саны 1967 жылы 400 мың адамға жетті. Кеңес әскерлері болса Монғолияға қарай жылжып, Қиыр Шығыс пен Забайкальеге орналастырылды. 1969 жылғы масуымның 13-і Даман аралығында екі ел арасында әскери қақтығыс болып, оның барысында екі жақтан да көп адам қаза тапты. Дәл екі айдан соң тамыздың 13-, Семей облысындағы Жалаңашкөл бойында келесі ірі әскери қақтығыс болып, адамдар тағы да шығынға ұшырады. Кеңес басшылығы Қытай ядролық объектілеріне алдын-ала ескерту соққыларын беру жоспарын жасай бастады. Ядролық соғыс қауіпті шынайы сипат ала бастады. Бұл қатер КСРО мен Қытай басшыларын келіссөз жасауға мәжбүр етті. Қыркүйектің 11-і Пекин әуежайында А.Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасында болған кездесу ядролық жанжалды болдырмауда шешуші рөл атқарды. Соғыс қауіпі жойылды, бірақ бұдан КСРО мен ҚХР арасындағы қатынас жақсарып кеткен жоқ. Екі ел ұзақ уақыт бойына бір-біріне қырғи қабақ қарап келді.70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың бас кезінде Кеңес Одағында қос қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса қуатты қорғаныс қабілеті болып көрмеген еді, бірақ нақ осыған байланысты соғыс қатері, ядролық шабуылға ұшырау қауіпі бұрынғыдан да анғұрлым ұлғая түсті. Бұл кезде әлемдік социализмнің даму қамқорының бәсеңдеуі байқалды. Әлеуміттк-экономикалық және саяси салаларда қолайсыз бетбағыттар пайда болып, тереңдей түсті. Шығыс еуропа елдерінде орныққан тотолитарлық құрылыстар саяси басшылық пен мемлекеттік басқару функцияларын бір уысқа шоғырландыра келіп, бірті-бірте өзін халық бұқарасына қарсы қойды. Бұған, мәселен, Польшада болып өткен оқиғалар айғақ бола алады. Мұнда 1956 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықта төрт рет дау-жанжал туындады. Ол поляк Біріккен Жұмысшы партисяның нақ өзі мен оның әлеуметтік тірегі болып саналатын жұмысшы табы арасында өрестеді. Бұл тоңтерістік әкімшіл - әміршіл жүйенің теориясы мен идеологиясының дағдарысқа ұшырағандығының белгісі еді. Алайда мұндай «дабылдардың» бірді – біріне лайықты жауап берген жоқ. Жаңартуға ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, яки «капитализмге қайта оралу» деп бағаланды.Мұнда ел басқару жүйесін сақтап қалудың барлық құралдары, тіпті әскери жағдай енгізу де түгел қолданылды. Қасарыспа қасаңдық пен идеологиялық шалықтау шылауында қалған КСРО мен социолистік қосын елдері басшыларының басым көпшілігі қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгерту міндеттерін шешу биігіне өре жеткізе алмады. Идеологиялық қысым көрсету мен әр түрлі жазаларға ден қою социализм дәуіріндегі рухани өмірдің басты нышандарына айналды. ## Өнеркәсіптегі жағдай КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді. Оның үстіне шаруашылық жүргізу тәжірибесі бірте-бірте социализм туралы қасарыспа қасаң түсініктер салдарынан туындаған, күні біткен шептерге сырғи берді. Осының нәтижесінде республика тарихи прогрестен біртіндеп шетқақпайлана берді. Реформалардың қусырылуы 70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің Ертісте Шүлбі СЭС-інің құрылысы басталды. Трактор және ауылшаруашылық машиналарын жаса, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары озыңқы қарқынмен дамыды. Мұнай өндіру көлемі ұлғайды. Бұл сала әсіресе Маңғыстауда жедел өркендеді. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру – 1,8 есе, сары фосфор – 1,5 есе өсті, оның үстіне республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады.Мұнайдың едәуір көлемін сыртқа шығару халық шаруашылығына қажетті сырттан тасылатын тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіндік туғызып, экономикалық дамудағы жаңсақтардың ащы зардабын тежей тұруға жәрдемдесті. Бірақ 70-жылдардың екінші жартысынан бері қарай мұндай теріс бетбағыттар барған сайын айқын аңғарыла түсті.Тежеліс тетігінің өзегіне айналған сөз бен іс арасындағы алшақтық әр қилы сипаттарда көрініс тапты. Бұған төмендегі мысалдар жақсы дәлел бола алады. КОКП – нің XXIV – XXVI съездерінде ғылыми-техникалық прогресс туралы көп айтылды. Осыған орай ғылым мен техниканы тұтастыру формасы ғылыми - өндірістік бірлестіктер құру деп танылды. 60 – 70 – жылдар ұласқан тұста дүниеге келген мұндай бірлестіктер жаңа техниканың жасалуына ғана емес, оның халық шаруашылығына таралуына да жәрдемдесті. Ғылыми - өндірістік бірлестіктердің құрамына ғылыми және өндірістік бөлшектер енгізілді, яғни ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлер мен жұмысшылардың күнделікті еңбегін бір орталыққа тоғыстыруға ұмтылыс жасалды. Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971-1985 жылдар ішінде 28-ден 162-ге, осы принциптермен жұмыс істейтін кәсіпорындар 97-ден 610-ға дейін жетті. Барлық шығарылған өнім көлемінің 46,7 проценті және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істеушілердің 46,8 проценті ғылыми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді. Бірақ іргетасы берік дұрыс шешімдер тәжірибеге енгізілген сәттен бастап өмігшеңдігінен айырылып қалатын. Мұның себебі мынады: КСРО-да ғылыми-техникалық революция рухында түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғастырыла берді. Ғылыми-техникалық прогресті тұсауламай тұра алмаған мемлекеттік-монополистік меншік экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді ## Социализмнің кеңестік жолына наразылық көріністері Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды.Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды.Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сұрақтардың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу қажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды.1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 – 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады.Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды. ## Неміс автономиясы мәселесі Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшіп келген еді. КОКП ОК-нің 1979 жылдың көктемінде олар үшін Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешімі қазақ халқының мүдделерін тұтастай аяққа басудың көрінісі болып табылады. Қазақстан Компартиясы ОК-нің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, мұндай ұсыныс КСРО МХК төрағасы Ю.Андропов тарапынан жасалған екен. Бұл мәселе қойылғанда қатынасып отырған Қазақстан басшылығы үнсіз қалады. Бұл аз болғандай, Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру жөнінде комитет құрылып, оған Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы А.Коркин басшылық етті. Комитеттің шешімі бойынша, болашақ автономияның әкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы болуға тиіс деген ұйғарым жасалды. Автономия құрамына сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілуге тиіс болды. Неміс автономиясының құрылуы туралы хабар Қазақстан жеріне, әсіресе оның солтүстік бөлігіне, лезде тарап кетті.1979 жылғы маусымның 16-сы таңертең қазақ жастарының топтары Ақмоланың орталығындағы Ленин алаңына көптеп жинала бастады. Жастрадың қолдарында «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазуы бар тақтайшалар болды. Көп ұзамай қала орталығы демонстранттарға лық толды. Осы оқиғаны көзімен көргендердің айтуына қарағанда, митингіде сөйлеушілердің сөзі дәйекті де байсалды болды. Олар Қазақстанның кеңес республикасы және көп ұлтты Кеңес Одағының құрамдас бөлігі екендігін айтқан. Бұл жерде ондаған жылдар бойына қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және көптеген басқа халықтардың өкілдері қоян-қолтық бірлесіп еңбек етті. Енді келіп осындай республикада оның Жоғарғы Кеңесімен, халқымен ақылдаспастан, ойда жоқта неміс автономиясы құрылмақшы. Митингіге қатысушы бір студент: «Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз», - деді. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратып жіберуге тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шет түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті.Келесі шеру маусымның 19-ы болды. Митингіге қатысушылардың алдына облатком төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов шықты. Өзінің ұзаққа созылған шашыраңқы сөзінде Морозов қалай дегенмен Ақмола облысында ешқандай автономия құрылмайтындығына жұрттың көзін жеткізе білді. Дегенмен жұрт дүрлігіп қалған еді. Толқулар басқа елді мекендер мен облыстарға қанат жайды. Алайда біраз уақыттан соң дүрлігіс саябыр тартты.Бірақ республика басшылығы мен МХК бұл шерулер туралы ақпаратта таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөз де бұл оқиғалар туралы жұмған аузын ашқан жоқ. Алайда Ақмолада 1979 жылы болып өткен толқулар туралы қауесет республикада ұзақ уақытқа дейін тыншымады. ## Халықаралық жағдайы Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бетбағыттар күресі әсерінен туындаған саяси жүйенің қайшылықты, күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат дарытты. 70-жылдардың бас кезінде әлемдегі саяси ахуалдың жұмсаруы, халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі тән болды. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды. Еуропалық 33 мемлекеттің, АҚШ пен Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актіде мемлекетаралық қатынастар жаңа айқындамалар тұрғысынан реттеліп, мемлекеттердің адам хұқын қорғау жөніндегі күш-жігері біріктірілді.Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті. Алайда Қазақстаннан шетке шығарылатын өнімдер тізімі технологиялық жаңалықтардан емес, негізінен шикізаттық қуат көздерінен, мәселен, түсті металдардан, хром кені мен темір балқытпаларынан, жұқа болат тақталарынан, мұнайдан, т.б. тұратын еді.Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т.б. сырттан тасыды.Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды. Қазақстандық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде – Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасында, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді. Ғылыми байланыстар да сирек құбылыс болған жоқ. Қазақ КСР Ғылым академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, 31 проблема мен жеке тақырыптарды зерттеуге қатынасты. Химия ғылымдары институтының қызметкерлері өздерінің чехословакиялық және болғарлық әріптестерімен берік қатынастар орнатты. АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс жүзеге асырылды.Қазақстанда кеңес-сирия достығының күндері, Францияның КСРО-дағы күндері өткізілді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптары оркестірінің әртістері, КСРО халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша әуез өнерімен тәнті етті. Қазақ операсы мен балетінің, көркемсурет пен графикасының, қолданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка елдерінде өнер көрсетті.Алайда сыртқы саясат саласындағы қарыспа шешімдер, біліктілік жағынан төмен және шала ойластырылған идеология мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды.Екі әлеуметтік-саяси жүйе арасындағы текетірестіктің өрши түсуіне шынайы дүниені айқын тануға бөгеті мол «дұшпан бейнесі» дейтін түсінік май тамызды. «Саяси күрестің күшеюі» туралы жолнұсқа (тезис) орнына «идеологиялық күрестің күшеюі» дейтін екінші бір жолнұсқа келді. Осының салдарынан екінші жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті-үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке – АҚШ пен КСРО-ға түсті. Бұл шығындар ең алдымен осы екі мемлекеттің азаматтарын тұралатар жүкке айналды. Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық мүлік қоймасын жаңарта жасақтауға сүйреді. Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келіп, өсіп-өнген жерлерде, яғни Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін молынан қамтыды. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 жылғы тамыздың 29-ында сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперементтік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерлер ұзақ жылдар бойы жұмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергіліктің халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ деп мәлімдесе де полигон айналадағы табиғатқа, адамдардың денсаулық жағдайына аса қатерлі еді.Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және ионданушы радиацияға байланысты туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диагноз қоюға тыйым салынды. КСРО Денсаулық сақтау Министрлігі бұл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым салды, ал әскери дәрігерлер жүргізген тексерістердің нәтижесі аса құпия сақталып, ядролық полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды.Адамдарға деген осыншалық безбүйрек көзқарас салдарынан полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Сәуле ауруының нышандары, мәсеплен, Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындарының бойынан көптеп кездесті. Бірақ полигонның халықтың денсаулығына төндіріп отырған қатері туралы оқта-текте үн көтергендердің дабылы естілусіз де ескерусіз қалып жатты. «Империалистік қатерден» үрейленген мемлекет қарулануды жалғастыра берді.1969-1970 жылдары Маңғыстау облысының аумағында да халықтан жасырын түрде кен жыныстарында үш бірдей жерасты ядролық сынағы өткізілді.Саяси және идеологиялық жағдайдың ушығуына социалистік достық одақ елдері ішіндегі күрделі қарым-қатынастар да әсер етті. Қытай Халық Республикасы өзінің «қытайлық ерекше» жолын іздестіре бастады. Оның үстіне ҚХР-дың Кеңес Одағымен қарым-қатынасы 1960 жылдардың ортасынан бастап салқын тартқан еді. Екі ел арасындағы экономикалық, саяси өзара байланыстар айтарлықтай шектелді. 1964 жылы әскери қарама-қарсылық күшейе түсті. Екі мемлкеттің де шекарасына сан жағынан орасан зор әскер әкелінді. Мысалы, кеңес шекарасындағы қытай әскерлерінің саны 1967 жылы 400 мың адамға жетті. Кеңес әскерлері болса Монғолияға қарай жылжып, Қиыр Шығыс пен Забайкальеге орналастырылды. 1969 жылғы масуымның 13-і Даман аралығында екі ел арасында әскери қақтығыс болып, оның барысында екі жақтан да көп адам қаза тапты. Дәл екі айдан соң тамыздың 13-, Семей облысындағы Жалаңашкөл бойында келесі ірі әскери қақтығыс болып, адамдар тағы да шығынға ұшырады. Кеңес басшылығы Қытай ядролық объектілеріне алдын-ала ескерту соққыларын беру жоспарын жасай бастады. Ядролық соғыс қауіпті шынайы сипат ала бастады. Бұл қатер КСРО мен Қытай басшыларын келіссөз жасауға мәжбүр етті. Қыркүйектің 11-і Пекин әуежайында А.Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасында болған кездесу ядролық жанжалды болдырмауда шешуші рөл атқарды. Соғыс қауіпі жойылды, бірақ бұдан КСРО мен ҚХР арасындағы қатынас жақсарып кеткен жоқ. Екі ел ұзақ уақыт бойына бір-біріне қырғи қабақ қарап келді.70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың бас кезінде Кеңес Одағында қос қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса қуатты қорғаныс қабілеті болып көрмеген еді, бірақ нақ осыған байланысты соғыс қатері, ядролық шабуылға ұшырау қауіпі бұрынғыдан да анғұрлым ұлғая түсті. Бұл кезде әлемдік социализмнің даму қамқорының бәсеңдеуі байқалды. Әлеуміттк-экономикалық және саяси салаларда қолайсыз бетбағыттар пайда болып, тереңдей түсті. Шығыс еуропа елдерінде орныққан тотолитарлық құрылыстар саяси басшылық пен мемлекеттік басқару функцияларын бір уысқа шоғырландыра келіп, бірті-бірте өзін халық бұқарасына қарсы қойды. Бұған, мәселен, Польшада болып өткен оқиғалар айғақ бола алады. Мұнда 1956 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықта төрт рет дау-жанжал туындады. Ол поляк Біріккен Жұмысшы партисяның нақ өзі мен оның әлеуметтік тірегі болып саналатын жұмысшы табы арасында өрестеді. Бұл тоңтерістік әкімшіл - әміршіл жүйенің теориясы мен идеологиясының дағдарысқа ұшырағандығының белгісі еді. Алайда мұндай «дабылдардың» бірді – біріне лайықты жауап берген жоқ. Жаңартуға ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, яки «капитализмге қайта оралу» деп бағаланды.Мұнда ел басқару жүйесін сақтап қалудың барлық құралдары, тіпті әскери жағдай енгізу де түгел қолданылды. Қасарыспа қасаңдық пен идеологиялық шалықтау шылауында қалған КСРО мен социолистік қосын елдері басшыларының басым көпшілігі қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгерту міндеттерін шешу биігіне өре жеткізе алмады. Идеологиялық қысым көрсету мен әр түрлі жазаларға ден қою социализм дәуіріндегі рухани өмірдің басты нышандарына айналды. ## Өнеркәсіптегі жағдай КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді. Оның үстіне шаруашылық жүргізу тәжірибесі бірте-бірте социализм туралы қасарыспа қасаң түсініктер салдарынан туындаған, күні біткен шептерге сырғи берді. Осының нәтижесінде республика тарихи прогрестен біртіндеп шетқақпайлана берді. Реформалардың қусырылуы 70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің Ертісте Шүлбі СЭС-інің құрылысы басталды. Трактор және ауылшаруашылық машиналарын жаса, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары озыңқы қарқынмен дамыды. Мұнай өндіру көлемі ұлғайды. Бұл сала әсіресе Маңғыстауда жедел өркендеді. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру – 1,8 есе, сары фосфор – 1,5 есе өсті, оның үстіне республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады.Мұнайдың едәуір көлемін сыртқа шығару халық шаруашылығына қажетті сырттан тасылатын тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіндік туғызып, экономикалық дамудағы жаңсақтардың ащы зардабын тежей тұруға жәрдемдесті. Бірақ 70-жылдардың екінші жартысынан бері қарай мұндай теріс бетбағыттар барған сайын айқын аңғарыла түсті.Тежеліс тетігінің өзегіне айналған сөз бен іс арасындағы алшақтық әр қилы сипаттарда көрініс тапты. Бұған төмендегі мысалдар жақсы дәлел бола алады. КОКП – нің XXIV – XXVI съездерінде ғылыми-техникалық прогресс туралы көп айтылды. Осыған орай ғылым мен техниканы тұтастыру формасы ғылыми - өндірістік бірлестіктер құру деп танылды. 60 – 70 – жылдар ұласқан тұста дүниеге келген мұндай бірлестіктер жаңа техниканың жасалуына ғана емес, оның халық шаруашылығына таралуына да жәрдемдесті. Ғылыми - өндірістік бірлестіктердің құрамына ғылыми және өндірістік бөлшектер енгізілді, яғни ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлер мен жұмысшылардың күнделікті еңбегін бір орталыққа тоғыстыруға ұмтылыс жасалды. Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971-1985 жылдар ішінде 28-ден 162-ге, осы принциптермен жұмыс істейтін кәсіпорындар 97-ден 610-ға дейін жетті. Барлық шығарылған өнім көлемінің 46,7 проценті және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істеушілердің 46,8 проценті ғылыми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді. Бірақ іргетасы берік дұрыс шешімдер тәжірибеге енгізілген сәттен бастап өмігшеңдігінен айырылып қалатын. Мұның себебі мынады: КСРО-да ғылыми-техникалық революция рухында түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғастырыла берді. Ғылыми-техникалық прогресті тұсауламай тұра алмаған мемлекеттік-монополистік меншік экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді
Томыртқа — қыста семіз жылқының еті әрі тағам,жанға қуат, денсаулыққа да аса пайдалы.Етке тойған кісілерге «ет-етке, сорпа-бетке»деп аяқпен, кесемен майлы сорпа ұсынылады. Осы сорпа ішіне біреулер мұз салып жібереді. Мұны томыртқа дейді. Біреу өз елін, жерін сағынғанда «маған жоқ майлы омыртқа, көзден ұшты-ау томыртқа» деп қамыққан екен. Қазақ халқы табиғат байлығымен ертеден-ақ етене жақын және ол байлықты тиімді пайдалана білген. Мәселен, ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін түрлі өсімдік нәрселерін пайдаланған: пияз, домалақ пияз сарымсақ, тау жуа, ешкі жуа, жылқы жуа, ит жуа, сондай-ақ атшоңқай (қоғаның қуырған тамыры), ақшоңқай (тоғайлы алқапта өсетін буылтық тамырлы өсімдік), атқұлақ (шавель конский – қымыздықтың бір түрі), қымыздық (шавель конский – қымыздықтың бір түрі), қымыздық (шавель кислый— қышқыл жапырақ), шалқан (редька), кірен ( ескі аңызға, бақшаға шығатын қурай тәрізді өсімдіктің тамыры), арала ( өсімдік тамыры), аш күкей (буылтық тамырлы өсімдік), күрмек (қарақұмық-гречка), бозбұға, сарбұға, көкнәр,қызан, лимон, лавр жапырағы, сондай-ақ қозы құйрық, капуста, теңіз капустасы, қалампыр, бал қарағайдың түйілген дәні, жайын картоп, сүйрік, жауқазын, содан соң суқұрай, бидайықтың балы, тау сағыз, құм сағыз, тағы басқалар. Адам азығына жарамды нәрлі, дәмді, шырынды өсімдіктерді білумен қатар, дертке шипа, денеге қуат беретін азықтық, ем — дәрілік жабайы және мәдени өсімдіктерді пайдаланған.Тамыр дәрі, күшәла, жусан, емарал, қарандыз, уқорғасын, сарбұға, қырық дертке дауа қырықбуын, сүтқурай, адыраспан, жайын картоп, құм жеміл, тағы басқа адамның денсаулығына пайдасы бар өсімдіктерді қазақтар ертеден-ақ пайдалана бастаған. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары кітабы,Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Айқын қыз — қазақтың халық биі. Музыкалық өлшемі 2/4. Халық композиторыҚұрманғазы Сағырбайұлының осы аттас күйінің сүйемелімен орындалады. 1934 жылы "Қыз Жібек" операсының балетмейстері А. А. Александров қойған бұл биде қазақтың өрмек тоқу өнері бейнеленді. 1954 жылы "Қыз Жібек" операсының қайта Қойылуына байланысты балетмейстер Д. Т. Әбіров "Айжан қыз" биінің жаңа вариантын жасады. Онда қазақ қыздарына тән жан сұлулығы, биязы мінез, мөлдір сезім би тілімен суреттеледі. "Айжан қыз" биі көркемөнерпаздар үйірмелерінде кеңінен орын алған. ## Дереккөздер
Табақ деп әдетте ас салатын, беті кең жайпақ ағаш ыдысты айтады. Темір табақ, шыны табақтар бертінде шыққан. Қазақша еттен табақ тартқанда оның бірнеше түрін білу абзал. Ондай табақтарды жасауға халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын жақсы білетін көргенді адамдар шақырылған.Қазақ ғұрпында табақ дегеніміз — бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ деп негізінде төртке бөлінеді. Оның бер жағында күйеу табақ, құдағи табағы, қыздардың, соғымшының, малшының табағы деген табақтар және бар. Олар өздерінің атына, маңызына қарай еттің әр түрлі мүшесінен жасалады. Қойдың қадірлі мүшесі бас, жамбас, тоқпан жілік, асық жілік. Жылқының ең қадірлі мүшесі жая, қазы, қарта, жал деп саналады. «Жақсының жейтін асы — жая мен жал» деп басталатын өлең де осыған дәлел.Бас табаққа бас, жамбас салынуы шарт. Орта табаққа асық жілік, кейде жамбас та түседі. Сый табаққа да бас, жамбас салынуы шарт. Аяқ табақ ауыл адамдары үшін (қонақ емес) еттің басқа мүшелерінен жасалады.Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады. Келін табаққа да төс және ұлтабар, жүрек түседі. Қыздардың табағына жүрек, бүйрек, жағымен тіл салынады. Құдағилар табағында жамбас немесе асықты жілік пен сүбе болады. Әйелдер табағына, кейбір ерекше жағдайда болмаса, бас салынбайды. Басты ең жасы үлкен, қадірлі қонақ ұстайды, оның ұсынуы бойынша табақ басында отырған адамдардың ішіңдегі басқа бір беделдісі ұстайды. Бас табақтағы адамдар әуелі бас алынбай тұрып, табаққа қол салмайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша бас ұстаған адам әуелі өзі бір кесіп ауыз тиеді де, содан кейін табақтастарына құйқа үлестіріп, тегіс ауыз тигізеді. Осыдан соң бастың жарым жарты құйқасын, бір құлағын сақтай отырып, орта табақтағы жасы үлкен адамға ұсынады. Жерік асының табағы. Қазақ қауымы ананы ерекше құрметтеген. Екіқабат ананы құрметтеудің көптеген белгілерінің бірі — оған арнап, мол салып табақ жасап, жерік асын апару. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса, асықты жілік, төс, ұлтабар салынып, үстіне жаңа соғылған болат кездік (пышақ) салып апару салты болған. Ондай табақ мол, үйеме болып жасалады. Сол сияқты жаңа түскен келіншектің бетін ашқан соң, оған өзіне жеке арналған «беташар» табағытартылады. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары кітабы,Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Тұяқтас — қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыздың ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенді тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Қазақ халқы оны ою арқылы әсемдеген. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. ## Әдебиет * Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары кітабы,Атамұра 2011ж.
Орбұлақ шайқасы — қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтті. ## Шайқас алғышарттары XVII ғасырдың 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан (1629–1680) басқарды. 1635 жылы шайқастардың бірінде Жәңгір хан жеңіліс тауып, тұтқынға түседі. Бірнеше жыл тұтқында болған Жәңгір өзара бітімнен кейін босап, қазақ даласына оралды. Осыдан кейін Жәңгір жоңғарлармен бітіспес жауға айналады. Жауынгер қалмақтар ежелден қазақтарды өздерінің жаулары деп санаған. Олар ерте көктемде қазақтарға шабуыл жасауды әдетке айналдырған, олар әлі жайлауға шықпаған, бірікпеген. Бұл туралы білген Жәңгір хан алғашқы еруімен Қалақ батыр бастаған тоғыз жігитті жау еліне барлауға жібереді. Бірнеше күн жолда болғаннан кейін, жауынгерлер айсыз түнде қалмақтар лагеріне жетеді-олар жау қолбасшыларының бірін (мыңбасы) ұрлап кетеді. Қазіргі тілмен айтқанда, олар "тілді" алады. Ханның жеңіл қолымен жасалған бұл операциядан кейін топ "Қалақтың темір тоғызы" деп аталады. Тұтқыннан жаудың дизайнын, оның жүру жолын білген хан Жәңгір және оның серіктері оны туған жеріне жақындағанда қарсы алып, көшпенділер үшін ерекше шайқасу тактикасын қолдануға шешім қабылдады. 1640 жылы жоңғарлар қазақ даласын нысана ретінде қарастырған құрылтай өткізеді. Осылай болды: 1643 жылдың көктемінде жоңғар қонтайшы Ерден Батыр үлкен әскермен Қазақ жерлеріне жорыққа шықты. Жәңгір хан жауынгерлерімен бірге Жоңғар Алатауының Орбұлақ өзенінің шатқалын терең қазып, қазақтардың негізгі күштері келгенге дейін бұқтырмада күтті. Жауынгерлердің жартысы жолда үйінді ұйымдастырды, ал қалғандары жартастарға тарады, осылайша жоңғарларға буктурма дайындады. Шатқалға ешнәрсе білмеген жоңғарлар кірген кезде, олар алдымен таспен лақтырылды, содан кейін пайда болған дүрбелеңді пайдаланып, оларды артқы жағынан мылтықпен ұрды. Бұл шайқаста қазақтар алғаш рет мылтық қолданды. Мұндай оқиғаларды күткен жоңғарлар қарсылық көрсете алмады. Осы шайқас барысында жоңғарлар 10 мыңға жуық жауынгерінен айырылып, Самарқандтан келген Жалаңтөс батыр әскерлерінің шабуылымен 20 мың адамдық күшпен шегінуге мәжбүр болды. ## Географиялық жағдай Таудың ішінде Жәңгір жағдайды зерттеп, жартылай таныс жерлерде алдағы қимылдың жоспарын жасады. Артта Алтынемел шыңы бар. Қоянды тау шыңының бауырының шығыс жағында Күреңкей тау, Аламантау, Куянатытау, Сарытау, Боңқан таулары созылып жатыр. Көкжеті тауының арғы жағы жоңғарлар. Бұл жер тактикалық жағынан қызықтырады: ұзындығы 200 метрдей екі биік таудың сілеміндегі тар сай, биіктігі 2000-2500 метр теңіз биіктігімен өлшегенде.Батыстан Қоянды тауының шыңдарында Күреңкейдің шығуға қиын шыңдары, Оңтүстік батысында Кача-таудың жоталарында терең сай бар. Ол жерге көп салттыларды орналастыруға болады. Ал оның сол жағындағы жерден қазылған бекіністің тастармен қаланған жерінде қазақтың ерікті жасақшылары орналасқан. Әскерлердің бұл бөлігінің басшылығына Жиембет және Жақсығұл батырларды қойған.Олардың желке жағында төмен түсуге болатын жер және бірнеше жүз ат орналасуға болатын сай бар. Одан таудың етегімен келе жатқан жоңғарларға шұңқырда отырған қазақ жауынгерлері де, олардың аттары да көрінбейді. Мұның барлығын осы жерлерді көзбен бір шолып өткенде байқауға болады. ## Шайқас барысы Батыр қонтайшы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын» деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп келгендер өз қанына өзі тұншығады. Ойраттар елу мың болса да 600 сарбазың жетеді. Қостоқты бастаған қолың, Сүлеймен бастаған сексен мергенің бар, қия тұмсықты біз барғанша төтеп беріңдер» деп Салқам Жәңгірге хабар жібереді.Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 600 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек тигендей мәңгілікке сұлап түседі екен. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Салқам Жәңгір әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 600 сарбазын із суытар жерге тастап, ойраттардың алдынан өзі шығады. Оларды алдаусыратады да «Сасықтеке» түтініне ұрындырады. Қазақ қолының аз екенін білетін жау жапырып тастамақ болып лап бергенде улы түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Міне, осындай амал-айла арқасында қалмақ қолы ойсырай бастайды.Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлеріне улы түтін әсер ете қоймайды. Уланғандары қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, тазарып аман қалады. Ал аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып тазартады. Алғашқыда не болғанын түсінбей қалған ойраттар мәнісін кейіннен біледі. Он мыңдай жасағынан айырылған олар кейін шегініп ақылдаса бастайды. Осы кезде жиырма мың қолымен Жалаңтөс Баһадүрдің қолы тықсыра бастайды Жоңғарлармен шайқаста Жәңгір тапқырлық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдады. А.И.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр қонтайшыға қатты соққы берді», – деп сипаттайды.Жоңғарлардың отрядтары ойлы-қырлы жерлермен кезеңге шығып, оқты қарулармен қаруланған қазақтармен соғысуға мәжбүр болды.Жоңғарлардың қару-жарақтары туралы Ю.Крижанович: «Қалмақтар соғысқа өте мықты қаруланып шығады. Дулығамен, найзамен және сауытпен. Олардың садақтары мен қылыштары біздердікінен қысқа және ұшы қайырылмаған. Оны римдіктердің «siccae» атты қаруларымен салыстыруға болады. Өздері оны лақтыратын найза деп атайды. Дегенмен де соғыса келе, олар өте жақсы ойланған қақпанға түскендерін, кезеңге шабуыл жасаудың оларға жеңіс әкелмейтінін түсінді. Бірақ әскерді тоқтату мүмкіндігі тіпті болмады. Артта келе жатқан әскерлер олардың тығыздығын көбейте бастады. Ол жоңғарлардың жауынгерлік ұрандарын, көпшілігінің тез алға ұмтылуын әлсіретті. Ақырында мағынасы жоқ шабуылды тоқтатудың сәті түсті. Барлық әскерлерге қоманда жетіп, олар төменгі жерге түсіп, қазақтың жауынгерлерін өзеннің маңайында айналып өтуге шешім қабылдады. Жоңғарлар төменге бет алды. Айнабұлақ өзенінің ағысының ойылған жерінде өткел бар, оны альпинистер «цирк» деп атайды. Қазақтың атқыштары оларды сол жерге қуып тықты. Осы арада жоғарыдан асылып тұрған тастар төмен құлай бастады. Ол атқа немесе әскеріне тиіп, қырыла бастады» – дейді.Аман-есен шыққандары қазақ жауынгерлерінің оғынан қаза тапты. Шайқас бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін еді, ол – жоңғарлар жағдайды түсініп, кезеңге шығу үмітінен бас тартулары тиіс. Қазақ әскерлерінің бір бөлігіне таулардың арасындағы қалмақтар бекіністен тар өткелмен өткенде қоршап алу бұйырса, екіншісіне тауда жасырыну бұйырды. Ол қалай ойласа, солай болды. Қоңтайшы бекініске шабуыл жасады. Содан ерлікпен қорғана бастады. Осы кезде Жәңгір сұлтан жауға сырт жағынан шабуылдады. Винтовкасымен соққы берді. Жаулар жағынан 10000-ға дейін адам қырылды» – деп сипаттайды.Жоңғарлар тағдырмен ойнамай, кейін шегінді. Таудағы шайқас Жәңгірге қанат бітірді. Оқиға аяқ астынан ойламаған шешім қабылдатты. Енді жоңғарлар шайқасқа ашық жерлерді іздей бастады.Ондай жер Орбұлақтың шет жағынан табылды. Шындығында, екінші шайқаста Батыр қоңтайшы ауыр жағдайдан жеңіл құтылды. Тіпті өзімен бірге 10 мыңдай тұтқынды алып кетті. Ол жасақшыларды емес, жолдағы бейбіт ауылдарды шауып, адамдарды тұтқындаған. ## Шайқас нәтижесі мен тарихи маңызы Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды.Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді.Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды. ## Дереккөздер
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс — азаттық көтеріліс болып саналды. Ол 1822 – 1825 жылдары болды. ## Көтерілістің басталуы Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар 1 ші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті. ## Көтерілістің дамуы мен аяғы Жоламан батыр атақты Бөгенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Ашу – ызыға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келіп қосылды. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Жаңадан құрылған Жаңаелек шекара шебіне күшті шабуылдар жасала бастады. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды. Ондай шабуылдарды шағын жасақтар жасады. Әрбір шабуылдан кейін көтерілісшілер өздерінің соңында өртке оранған станицалар мен ауылдарды қалдырып, Қарақұмның терең қойнауыны сіңіп, бой тасалап кететін. Мұның өзі патша үкіметінің жазалаушы әскерінің көтерілісшілерге қуғын ұйымдастыруын қиындатты. Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды басуға дәрменсіз болды. Көтерілісті басу үшін құрамында 500 Орынбор казагы мен екі зеңбірегі бар жазалаушы экспедиция жіберілді. 1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция Бұлдырты, Шиелі және Тамды өзендерінің бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып – жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезінде 195 сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың құрамында әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап тастады. Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. Көптеген адамдар ауырып қаза тапты. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтеріліс жетекшісі патша үкіметіне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды.1835 жылы көтеріліс көтеріліс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және Троицк бекіністерінің арасындағы кең – байтақ жерді Ресей империясының қазақтардан тартып алуына тікелей байланысты болды. Көтерілісшілерге Кіші жүз бен Орта жүздің жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ рулары қосылды. Қазақтар шекара шебіндегі бекіністерге жүйелі түрде шабуыл жасап тұрды. Көтеріліске тағы да Жоламан батыр басшылық етті. Кейінірек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісіне барып қосылды. ## Тарихи маңызы Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп – жетілуіне елеулі ықпал етті. ## Дереккөздер
Жанышқан тары. Ақтаған тарыны келіге салып сүтке, майға қаймаққа жанышады. Кейде жанышқан тарыға қант, мейіз қосады. Тары шұжық. Ақтаған тарыға ет,ұсақтап тураған өкпе-бауыр, ішек-қарын қосып шұжық айналдырған. Сол сияқты ақтаған тары, күріш немесе олардың жармасын қосып бүрме,жұмыр, үлпершек, қарта айналдырған, сондай-ақ семіз өңештер, қолқалар, жөргемдер жасаған.Қаймақтан сарымай айырғанда іркіліп шығатын қышқыл сүт. Оны кейде шайқаған майды шынылау үшін суық суға салып сығымдаған, одан қалған сүтті май сүтінін шалабы деп, кей жерлерде май шалап деп атаған. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары кітабы,Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Май қошан. Қамырдың ортасына ұсақ туралған майлы ет немесе жанышталған, ет турағышқа тартылған жентек ет салып пешке пісірген жөн. Ет оралған бүкпелер мен кіселердің «Қазы кісе», «Тоспа бәліш», «Қансоқта», «Мисоқта», «Ірімшік бүрме» деген сияқты түрлері бар. Ұн тағамдарын әзірлегенде мынадай технологиялық жағдайларға көңіл аударған жөн. Әр түрлі тағамдарға пайдаланылатын ұн сортын және оның ылғалдылығын білу керек, соның шамасына қарай қамыр илейтін судың мөлшері белгіленеді. Жақсы ұнның мөлшерлі ылғалы 14,5 процент. Ал, ылғал көлемін анықтау үшін ұнды уыстап алып қысқанда иленбесе, қолдан оңай сусып түсетін болса, ылғалдың қалыпты мөлшерде болғаны.Қамыр ашытатын үнды илер алдында 12 градус шамасына келтіріп жылытқан жөн.Иленетін ұнды тазарту және онда болатын қиыршық түйіртпектерден арылту үшін елеуіштен өткізіп алу қажет. Нан илейтін судың жылылығы 35—40 градустай болуы керек. Қамыр иленетін суға тұзын дұрыс салудың мәні зор, өйткені тұзы көп нан көтерілмейді Нанға қосылған қант мөлшерінің де дәл болғаны жөн Қанты артық қосылған қамыр жақсы көпіріп қабара алмайды, түсі ерте қызарып, нашар піседі. Қамырға салынатын ас содасының мөлшері тым көпболса тағамның түсін бұзып, дәмділігін төмендетеді Сода салынған қамырды тез және жұмсақ илеген дұрыс Көп илеген қамырдағы соданың қосындысынан пайда болатын көмір қышқылды газ ұшып кетіп, қамыр қатаяды да көтерілмей піседі. Ұнның сортына қарай оған ылғалды, дәм беретін белок, көміртегі, май, минералдық заттар. Ылғалды қалыпты қамыр жақсы созылады, әрі жақсы піседі.Нан тағамдарына жұмыртқа қосу оның дәмін, нәрін келтірумен қатар, созымдылығын арттырып, тез қабарып үлпілдек, әбден жұмсақ болып пісуін қамтамасыз етеді. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары кітабы,Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
## Батыр Жауынгерлік шеберлікті жетік меңгерген, ерлігімен аты шыққан ержүрек, батыл, қаһарман адам. ## Батыр атағы Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі – жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай – ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе – жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралық көзге түскендерді де, барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. ## Ел қорғаны болған ұлы батырлар 18 – 19 ғасырларда қазақ хандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және Кенесары батыр атанды. 18 ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. 19 ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай – ақ Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт – азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды. ## Дереккөздер ## Батыр Жауынгерлік шеберлікті жетік меңгерген, ерлігімен аты шыққан ержүрек, батыл, қаһарман адам. ## Батыр атағы Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі – жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай – ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе – жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралық көзге түскендерді де, барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. ## Ел қорғаны болған ұлы батырлар 18 – 19 ғасырларда қазақ хандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және Кенесары батыр атанды. 18 ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. 19 ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай – ақ Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт – азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды. ## Дереккөздер
Ас-сибаи Юсуф - араб жазушысы, қоғам қайраткері. Әскери академияны, Каир ун-тін бітірген. 1943-52 ж. Әскери академияда оқытушы, 1953-56 ж. "Ар-рисала аль-джадида" әдеби журналының, 1968-78 ж. "Лотос" журналының бас редакторы. 1956-78 ж. Әдебиет және өнер жөніндегі жоғары советтің, Араб елдері Жазушылар одағының, Египет жазушылары ассамблеясының, Азия және Африка халықтары ынтымақ ұйымының, Азия және Африка елдері жазушыларының ассоциациясы Тұрақты бюросының бас секретары, Египет мәдениет министрі болды. Шығармалары 1933 жылдан жариялана бастады. Алғашқы әңгімелер жинағы - "Елестер" жинағы жарық көрді. "Әзірейілдің мұрагері", "Монтаны жері", "Су иесі", "Өз жүрегімді қайтар", "Оралу", Шапалақ және сүю", "Біз жалғыз емеспіз", "Қас қағым өмір" т.б. романдарында араб халқының ауыр тұрмысы, 50-60 жылдарда Египетте болған саяси-әлеуметтік өзгерістер, 1948 жылғы араб-израиль соғысы, 1952 жылғы азаттық революциясы баяндалады. Ол бейбітшілік алтын медалымен марапатталған, "Лотос" сыйлығын алған. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Лайк Сулейман - ауған ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері. 1964 жылдан Ауғанстан Халық-Демократиялық партиясының мүшесі. Кабул ун-тін бітірген. 1959-70 ж. Ауғанстан радиосында қызметкер, "Парчам" газетін шығарушы және оның жауапты редакторы, 1970 жылдан рев. астыртын жұмыста. 1978 жылдан Ауғанстан радио және телевизия министрі, 1980 жылдан ғылым академиясының президенті, 1981 жылдан тайпа және ұлт істері жөніндеге миистр. 1973 жылдан Азия және Африка елдері жазушылары ассоциациясының мүшесі. Азия және Африка елдері жазушыларының Алматыда өткен 5-конференциясына қатысты. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
### Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.Ол қиыншылықтар: * Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. * Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді. * Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді. * Жергілікті мамандардың жетіспеуі. * Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. * Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. * Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі. Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері: * Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою. * Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру. Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. ## Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.Ол қиыншылықтар: * Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. * Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді. * Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді. * Жергілікті мамандардың жетіспеуі. * Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. * Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. * Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі. Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері: * Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою. * Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру. Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Қоспалы ұн — әр түрлі астық дәндерін араластырып тартқан ұн. Ұн жарма — малға берілетін, шала тартылған ұн. Қол ұн — қолдиірменге тартылған кебекті ұн; Тарының, жүгерінің, сұлының, бұршақтың ұны, тағы басқалары. Нан пісірілу түріне, қоспасына қарай жіктеліп аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан деп, отқа көміп пісірілгеңдерін көмбе деп, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтер деп, қазанға пісірілгендерін қарыма деп, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін қосып бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Иә, дән жер ананың адамзатқа, малға, құсқа тағы басқа жануарларға берген баға жетпес азығы, ризығы. Өсімдік дәнінің бұл қасиетін адамзат ерте ашқан, ұқсатып пайдалана білген. Сонымен дән — азық, нан — ризық, нан — халық дәулеті. Барлық басқа халықтар сияқты қазақтар да ұннан неше түрлі нан пісіреді. Пешке салып қабартып пісіретін нандардың ішінде қазақ арасында көп тараған аттары мен түрлері —ақ нан, қара нан, сары нан (жүгері мен бұршақ ұнынан), қоңыр нан, бөлке нан, қалаш нан, тоқаш нан, сәйке, үзеңгі нан, бұрама, кірпіш нан, шиыртпақ, бәліш. Ал бәтер, қатырма, қаттама, көмбе, бауырсақ, бармақ, күлше, жаппа, қарма, таба нан түрлері қазақтардың таза өз ұлттық тағамдары. Ақ нанның қазақша пісірілу әдісі мынадай: Жылы судың тұзын татытып алып, мөлшерлі ашытқыны езіп, үстіне шақтап ұн салып, 3 сағаттай жылы жерге қойып ашытады. Ашыған қамыр өз көлемін 2,5—3 есе ұлғайтуы керек. Содан кейін тарыға ұн салып басып, 3—3,5 сағат бұқтырып алып бөлектеп кеседі. Дөңгелектеп жайып, шетін қалыңдау қалдырып өң бетіне қасықпен өрнек түсіріп, жұмыртқамен сылап орташа қызған духовкаға 10 минуттай қояды. Ертеде оны қоламтаға көміп те пісірген. Шәй дастарқанына арналған. Майға жүздіріп пісіретін нандардың негізгі түрі — бауырсақ, дөңгелек, шелпек, жайма, қиықша кісе (самса) сәлде, құймақ, жұқпас, май ботқа және тұшпара болған. Суға, сорпаға, сүтке пісірілетін көже салмалар, су бүйрек (ақ ірімшікті суға пісіріп, сары май салып жейді, орысша вареники). Сусындық шаймалардың да бірнеше түрлері мен атаулары бар. Қазақ нандарының пісірілу түрлеріне тоқтала кетудің этнографиялық және тілдік жағынан мәні зор. Мысалы олардың қазақ сахарасында ең алғашқы пайда болғаны көмбе нан. Оны 1—2 сантиметр шамасындай етіп жайып, қоламтаға көміп пісірген. Қарма одан гөрі жұқа жайылып, ортасынан тесік қалдырылып, түбіне май жағып қыздырған, қазанға қарып пісірген. Жаппа, күлше деген нандарды қатты қызған тандырға, пешке пісірген. Ол қаттама деген бәтердің бір түрі. Бірақ оны қатты илеп, жайып, күн көзіне кептіріп алып пісірген. Ондай бәтер үгілмелі, опырылмалы болып келеді. Нанның қаттама деп аталатын түрін жұқа жайылған қамырды қабаттап, кейде арасына жеміс немесе жеміс қағың салып пісірген. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары кітабы,Атамұра 2011ж. 2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
Мешіт-медресе сәулет өнерінің ескерткіші Бәйдібек ауданы Шаян ауылында орналасқан. Шаян аталу себебі, ағып жатқан өзенде шаян көп деп түсіндіріледі. Алғашында кішкене саман мешіт болған, дегенмен тұрғындардың көп қоныс тебуі кеңірек мешіт салуға итермелеген.Шеберлерді Бұхарадан шақырған. Салған шеберлердің есімі бірде-бір құжаттарда сақталмаған, медресе ғимараты дәрісханамен бірге жобаланған. Мешіт медресе кешеніне қарап Мауренахр сәулет өнерінің техникасымен байланысы бар екенін көре аламыз, оның формасы мен компазициясы ортағасырлық белгілі Бұхара, Хиуа шеберлері стилінде орындалған. Мешіт медресені 26х14х6см мөлшердегі кірпішпен салған, ал жуандығы 27х12х5см кірпіш қолданылған. Цокольға, іргетасына ұзын трапеция тектес кірпіш қолданылған. Мешіт үстінен медресе құрылысы мешіттен едәуір кейін салынған. Кешеннің орталық ядросы деп үлкен мешітті айтуға болады. Мешіттің солтүстік батысында П үлгідегі медресе, оңтүстігінде мешіт жағында дәрісхана орналасқан. Мешітте ешқашанда мұнара болмаған, дегенмен олар XX-ғасырдың отызыншы жылдарында бұзылған.
Абділ Әзіз баб кесенесі — Қарахан дәуірінің (IX ғ.) сәулет ескерткіші, кесене Түркістан облысы Сайрам ауылында орналасқан. ## Құрылыс сипаттамасы Ғимарат үш жартылай сферикалық күмбезбен жабылған: біреуі ортада және енді шетінде. Портал шеті аркамен жабылған. Портал бұрыштарында доғал келген бағаналар бар. Порталдың жоғарғы жағы карнизбен аяқталған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған. Порталдың бүйір тұсынан солтүстік фасадында 0,820 белгідегі баспалдаққа шығар жол бар.Орталық кіреберіс қақпаға қарама қарсы михраб орналасқан. ## Тарихы Сайрам ауданында IX ғасырда салынған, Қожа Ахмет Ясауидың «Рисала» атты бізге қолжазба күйінде жеткен кітабында Абд ул-Әзиз баб Мұхаммед пайғамбар бастаған ислам жолына түскен алғашқы кісілердің бірі екендігі айтылады. Оны есімінің соңына қосылған «баб» сөзі де байқатады. Абд ул-Әзиз Сайрамдағы Ибрахим атамен (Қожа Ахмет Ясауидың әкесі) және Отырардағы Арыстан бабпен аталас. Күмбез XVI ғасырда қалпына келтірілген. Оны қайта салдырған қазақ ханы Наурызахмет (Барақ) деген мәліметтер бар. Бұл күмбез Сайрамдағы ең үлкен кешен саналады, ол ортағасырлық сәулет дәстүрінде салынған. Төрт бұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған күмбезді кешен үш бөлмеден тұрады. Кірер аузы текшеленіп, аркамен тізілген, екі жақ босағасына бағаналар орнатылған. Кешенді жөндеуден өткізген құрылысшылар күмбездің бастапқы жобасын сақтауға тырысқан. ## Дереккөздер
Баба-Ата кешені — Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында орналасқан. Мешіт 19 ғасырдың соңыңда салынған. Мешіт орта-ғасырлардан қалған Баба-Ата қаласының ескі орнының ішінде орналасқан. Бұл мешіттің салыну мақсатын, осы жерде орта ғасырларда мекендеген әйгілі ислам дінін уағыздаушысыменен байланыстырады. Жалпы алғанда, ғимарат сопақша келген төртбұрыш пішінінде жасалған болып, сегіз қырлы шеңберлер үстіне қаланған, екі тең емес күмбезбенен жабылған. Ғимарат оңтүстік-батыс жағына қаратылған. Кіре-беріс қабырғасының сыртқы жағынан, қабырғанын тап ортасындан, екі жаққа бірдей қашыктықта орналастырылған екі өте мықты, тік-төртбұрыш пішініне жақын тірек орналастырылған, бұл тіректер ғимараттың аркасын тіреп тұр.
Хызыр мұнарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласында орналасқан. Сайрам қалашығы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ежелгі елдімекеннің бірі болып табылады. Сайрамсу өзенінің бойында, Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте орта ғасыр заманында (ІХ – ХІІ ғасырлар) Сайрам қаласының орнында – Испиджаб қаласы болған. Испиджабтың алғаш аталуы, 629 жылы қытай авторы Сюань-Цзяннің географиялық еңбегінде кездеседі.Ал «Сайрам» атауының алғаш аталуы, жалғыз тұратын қытай сопысы Чан-Чуннің 1221 жылы Шыңғысханның ордасына қарай жол салған саяхатының сипаттамасында кездеседі. Испиджаб-Сайрам қаласы, Шаштан (Ташкент) Шымкентке апаратын керуен жолы үстінде орналасқан сауда-кәсіби орталық болған еді және сол өңірге жақын жазық дала аймақтарына ислам дінінің тарату орталығы болған.Араб шапқыншылығының басына қарай (VII – ХІІІ ғасырлар). Сайрам қаласы екі бөліктен құралған – ішкі қала және шахристан. Бірақ, X ғасырдың өзінде-ақ ішкі қала қирап, оның нақты орналасуы анықталмаған. Ал, шахристанға келсек, ол XV – XIX ғасырлар арасы ауылдың орталық бөлігінде, Сайрамсу өзенінің оң жағалауында, табиғи түрде қалыптасқан төбенің үстінде орналасқан. Оның аумағы 20 гектарға жуық болған. Шахристан айналасындағы жерден 5 – 10 метр биікте болған және оны шарбақ пен балшықтан соғылған дуалдар қоршаған. Олардың ені 8 – 10 метрге шейін болған. Дуалдар төрт жаққа қаратылған және төрт қақпасы болған. Қақпаларға жақын, мал суару үшін көлемі үлкен хауыздар жасалған, өйткені соғыс кезінде малдар да қамалдың ішіне алынатын болған.
Қажы Талиға кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан. Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Осы кезге дейін кесененің бастапқы қалпын сақталмаған.Алғашқы оюлары жоғалған. Кесене көлемі 6400 х 6300 және биіктігі 7,2 м квадрат үлгісінде салынған. Қабырғалары гипсті қоспамен жасалған квадрат кірпіштермен қаланған. Кесененің барлық бұрыштарында доғал бағаналар бар. Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталған. Кесене күмбезбен көмкеріліп салынған. Күмбез біртүрлі кірпішпен қаланып, сырты 1,1м кішкене күмбездермен аяқталады. Барлық периметрлері бойынша кесенеде екі ағаштан жасалған сейсмопояс бекітілген.
Тұрбат діни сәулет комплексі, XIII-XIX ғасырлар Ысхақ Ата Түрбесі. Оңтүстік Қазақстан облысынын, Казығұрт районында орналасқан. Ысхақ Ата түрбесі - XVI ғасырдың соңы менен XVII басының ескерткіші болып табылады. Тендесі жоқ түрбе, жобалап қарағанда, тік төртбұрыш пішініндегі ішкі көлеміне ие (8,2х8,5 м), тік төртбұрыш үстіне, ішінен 3 бүйірінен үш бос қуыс қалдырылған (батыс, шығыс және солтүстік бүиірлерінен) сегіз қырлы шеңбер орнатылған, ал бұл сегіз- қырлы шеңбер үстінен күмбез жабылған.Атаулы ғимарат Оңтүстік Қазақстанның өзіндік, тендесі жоқ ескерткіштердің біреуі болып табылады , ғимараттың ішкі көлемінің сәулеттік шешімі өзіндік. Бұл ескерткіш, мемлекеттік маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштері тізіміне енгізілген.
## Банк туралы «Альянс Банкі» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 19 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді.Бүгінгі күні «Альянс Банкі» АҚ активтер мөлшері бойынша елімізде жетiншi орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеуде әмбебап қаржы институты ретінде дамуда.«Альянс Банкі» АҚ мажорлық акционері болып Банкінің 67% жай және 67% артықшылықты акцияларына ие «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-әуқат қоры табылады. 33% жай және 33% артықшылықты акциялар миноритарлы акционерлерге тиесілі. ## Қатысушылары: -Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қорына; -Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына; -Қазақстандық қор биржасына (KASE); -Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына; -S.W.I.F.T. және REUTERS телекоммуникациялардың халықаралық банкаралық жүйесі; -Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы; -VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің негізгі мүшесі. «Альянс Банкі» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға, сондай-ақ депозиттерге орналастыру үшін қаржы қаражатына сенім білдіретін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енгізілген. «Альянс Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының 51 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 106 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие. Сонымен қатар 953 банкомат, оның ішінде 322 қолма-қол қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша беретін пункттердегі 135 POS-терминалдар және сауда-сервис кәсіпорындарындағы 696 POS-терминал есептелінетін көлемді эквайрингтік құрылғы желісіне ие. ## Берілген рейтингтері Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі: -"CCC" контрагентінің ұзақ мерзімді кредит рейтингі; -"С" контрагентінің қысқа мерзімді кредит рейтингі; -Ұлттық шкала бойынша Банкіге "kzССС+" рейтингі берілді; -Рейтингтер болжамы - "Негативтi"; -Басым қамтамасыз етілмеген борыш: "CCC+" рейтингі; -Бағынышты борыш: "CCC" рейтингі ## Дереккөздер http://www.alb.kz/kz/about/information Мұрағатталған 26 желтоқсанның 2010 жылы.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.). ## Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді.1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.. ## Дағдарыстың себептері ### Саяси саладағы белгілері 1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы. ### Экономикалық салада дағдарыстың белгілері - Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі. - Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Товар зәрулігі. ### Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды. ## Қайта құру бағыты 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы күрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды. ## Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады. ## Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды. ### Оқиға барысы 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығарылды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды. ## Кеңес саяси жүйесіндегі реформалар 1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан).1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Ресей «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді. ## Қоғамдық – саяси қозғалыстар 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді. ## 1991 жылғы тамыз бүлігі 5 тамыз күні М. С. Горбачев отбасымен бірге Қырымда құрылысы жаңадан аяқталған Форосқа демалуға кетті. М. С. Горбачев демалысқа кеткеннен кейін ел билігін Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті өз қолына алады. 18 тамызда Форосқа ГКЧП (Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті) мүшелері — Бакланов, Шенин, Болдин, Варенников жөне Плеханов барып, М. С. Горбачевтің елде төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қоюын талап етті. М. С. Горбачев құжатқа қол қоюдан бас тартты.ГКЧП-ның басшылары вице-президент Г. И. Янаев, В. С. Павлов, Д. Т. Язов, Б. К. Пуго, В. Крючков, В. А. Стародубцев, А. И. Тизяков жөне Бакланов болды.19—21 тамыз күндері ГКЧП басшылары Мәскеу төңірегіне әскерлерді әкелді. Бірақ, нақты іс-өрекеттерге бармады. Мәскеу қаласында демократиялық күштердің шақыруымен 500 мың адам қатысқан саяси шеру болды. Жиналғандар алдында Б. Н. Ельцин сөз сөйлеп, ГКЧП-ның іс-өрекеттерін антиконституциялық, антидемократиялық деп бағалады. ГКЧП мүшелері ешқандай қарсылық көрсетпеді. 1 тамызда ГКЧП мүшелері Форосқа барып, М. С. Горбачевті Мөскеу қаласына өкелді. 22 тамызда ГКЧП басшылары тұтқындалды. Елдегі билік Б. Н. Ельциннің қолына көшті. 23 тамызда РКФСР Жоғарғы кеңесінде М. С. Горбачевтің КОКП-ты таратуға келісім беруі үзілді-кесілді талап етілді. М. С. Горбачев КОКП-ты тарату туралы келісімге қол қойды. Б. Н. Ельцин РКФСР компартиясын таратты.1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусияның Беловеж Пущесында үш славян мемлекетінің басшылары — Б. Ельцин (РКФСР), Л. Кравчук (Украина) жөне С. Шушкевич (Белоруссия) кездесіп, “Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халықаралық құқық негізінде өзінің өмір сүруін тоқтатты” деген мәлімдеме жариялады. 10 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы (ратификацияланды) бекітілді. 1991 жылы 16 желоқсанда Қазақстан Республикасы өз төуелсіздігін жариялады. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы 11 ел басшылары бас қосып, ТМД елдерінің ынтымағы ретінде Алматы декларациясына қол қойды. КСРО ыдырап, оның орнына жаңа одақ — ТМД құрылды. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. С. Горбачев теледидардан сөз сөйледі. Ол “ТМД елдері одағының құрылуы, КСРО деген елдің жойылуы менің КСРО Президенті қызметінен бас тартуыма әкелді” деді. Кешкі сағат 19-дан 38 минут кеткенде Кремльдің үстіндегі КСРО-ның қызыл жалауы түсіріліп, оның орнына қызыл, ақ және көк бояулы Ресей жалауы ілінді. Сөйтіп, XX ғасыр тарихындағы ең ірі держава — КСРО деген ел тарих қойнауына кірді. ## КСРО-ның сыртқы саясаты 70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан басталуына әкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, “жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985 жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы келісімдерді жалғастыруға келісті.1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8 желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі демократиялық револю­ция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді.1989 жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды. ## Дереккөздер
## Уакар Уакар - кішігірім маймыл.Оның бойы 45-48 см,ал құйрығының ұзындығы соның үштен бір бөлігі.Ол Оңтүстік Америкадағы құйрығы шолақ жалғыз маймыл.Ол Амазон ормандарында өсетін биік ағаштардың басында тіршілік етеді.Жерге мүлде түспейді.Олардың жүні жұмсақ,ұзын,жібектей болады.Олар бұтадан бұтаға секіріп жүргенде,желмен тербетіліп тұрады.Уакарлар шағын топтарға бірігеді.Жемістерді,бүртіктерді,ұрықтарды,жапырақтарды азық етеді. Анасы балаларын арқасына салып жүріп асырайды.Егер оған біреу тиіссе,әкесі ренжіп,бүкіл қол-аяқтарымен отырған бұтағын сілкілей бастайды.Бұл кезде оның беті де қып-қызыл болып кетеді.Бұл жалтыр және сары уакарға тән. ## Дереккөздер ## Уакар Уакар - кішігірім маймыл.Оның бойы 45-48 см,ал құйрығының ұзындығы соның үштен бір бөлігі.Ол Оңтүстік Америкадағы құйрығы шолақ жалғыз маймыл.Ол Амазон ормандарында өсетін биік ағаштардың басында тіршілік етеді.Жерге мүлде түспейді.Олардың жүні жұмсақ,ұзын,жібектей болады.Олар бұтадан бұтаға секіріп жүргенде,желмен тербетіліп тұрады.Уакарлар шағын топтарға бірігеді.Жемістерді,бүртіктерді,ұрықтарды,жапырақтарды азық етеді. Анасы балаларын арқасына салып жүріп асырайды.Егер оған біреу тиіссе,әкесі ренжіп,бүкіл қол-аяқтарымен отырған бұтағын сілкілей бастайды.Бұл кезде оның беті де қып-қызыл болып кетеді.Бұл жалтыр және сары уакарға тән. ## Дереккөздер
Петровка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Петров ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1451 адам (726 ер адам және 725 әйел адам) болса, 2009 жылы 1281 адамды (638 ер адам және 643 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Капибара (Судоңыз) — әлемдегі ең ірі кеміргіш. Оның денесі қатты қылшықпен көмкерілген. Аяқтарында жүзетін жарғақтары бар. Соның көмегімен ол жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Шөбі шүйгінді өзен жағалауларында қоныстанады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Әр еркегінің бірнеше әйелі болады. Аналықтары жылына үш рет екіден, төрттен бала табады. Торайларының көзі ашық, дамыған қалыпта тууы олардың қолға тез үйренуіне де көмектеседі. Олар мейрімді, момын келеді. ## Сипаттама Капибараның ауыр, бөшке тәрізді денесі және қысқа басы бар, денесінің үстіңгі жағында қызыл-қоңыр жүні бар, астында сарғыш-қоңырға айналады. Денесінің ұзындығы - 107-134 см, ал бойы - 50-64 см, салмағы - 35-66 килограмды құрайды. Ересек капибаралардың ұзындығы 106-дан 134 см-ге дейін (3,48-ден 4,40 фут) дейін өседі, құрғақ жерлерде биіктігі 50-ден 62 см-ге дейін (20-24 дюйм) жетеді және әдетте салмағы 35-тен 66 кг-ға дейін (77-146 фунт), орташа есеппен Венесуэла лланосында 48,9 кг (108 фунт). Әйелдер еркектерге қарағанда сәл ауыр. Ең жоғары тіркелген салмақтар Бразилиядан келген жабайы әйел үшін 91 кг (201 фунт) және Уругвайдан келген жабайы еркек үшін 73,5 кг (162 фунт). ## Экология Олар Оңтүстік және Орталық Американың су жағалауларында, тропикалық аймақтарында мекендейді. Капибара Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай, Венесуэла, Перу, Гайана, Парагвай сияқты елдерде көптеп кездеседі. Өйткені осы аталған елдердің ауасы мен суы олар үшін қолайлы. Олар көлдер, өзендер, батпақтар, тоғандар және батпақтар сияқты су қоймаларының жанында, сондай-ақ су басқан саванналарда және тропикалық тропикалық ормандардағы өзендердің бойында тығыз орманды жерлерде тұрады. Олар керемет жүзгіштер және су астында бір уақытта бес минутқа дейін тыныстарын ұстай алады. Капибара мал шаруашылығында гүлденген. Олар тығыздығы жоғары популяцияларда орташа есеппен 10 га (25 акр) үй аумақтарында жүреді. ## Диета Капибара көбінесе Орталық және Оңтүстік Американың ірі су қоймаларының жанында өмір сүреді. Көбіне су астында және күндіз белсенді болады. Олардың жаулары көп, мысалы жылан, иттер, қолтырауын, ягуар және т.б. Олар 10-20 шақты болып өмір сүреді. Осындай топтарға бөлініп белгілі бір жерлерді басып отырады. Капибаралар жақсы жүзеді және сүңгиді. Осының арқасында олар су астындағы балдырлар мен өсімдіктермен қоректенеді. Капибар – шөпқоректілер, негізінен шөптер мен су өсімдіктерінде, сондай-ақ жемістер мен ағаштардың қабығында жайылады. Олар өте селективті қоректендіргіштер және бір түрдің жапырақтарымен қоректенеді және оны қоршаған басқа түрлерді елемейді. Құрғақ маусымда олар көбірек өсімдіктерді жейді, өйткені өсімдіктер аз. Олар ылғалды маусымда шөп жесе, құрғақ маусымда көбірек қамысқа ауысуы керек. Жазда капибара жейтін өсімдіктер қыста қоректік құндылығын жоғалтады, сондықтан олар сол уақытта тұтынылмайды. ## Дереккөздер
Жоғары шыңның биіктігінде (теңіз деңгейінен 3000 метр тереңдікте) әулие Мерке тастан қашалған еске алу конструкциясы, төбелерден тұратын Eуразия аймағындағы көшпенділер-түріктердің храмды комплексі жалғыз сақталған болып ұсынылады. Жерленген-еске алу қасиетті ғимараты Жетісу көшпенді халқының мыңжылғы тарихының дамуының барлық деңгейлерін көрсетеді.Жаңа жасалған түрінде біздің күнге дейін қасиетті Мерке еңбекқорлықтың күшіне он шақты тасты мүсіндер сақталған. Сандық үстіртінде ескерткіштердің ең жоғары концентрациясы мүсінмен белгіленген.Бүгінгі күнде Сандық үстірінде белгілі ескерткіштер Меркеннің барлық аймағының жерінде (70 мүсін) 50 тасты мүсіндер орналасқан. 1998 жылы Мерке ауылында қасиетті Мерке түрік ескерткіштерін сақтауда және археологиялық оқыту сұрақтарына арналған ғылыми-практикалық семинар өткізілген болатын. Көшпенділер моделдері, мыңжылдықты сақталған аналогы тез табу қиын. Семинардың мақсаты түрік ескерткіштерін мамандармен сұрақтарды талқылау ғана емес, ұлттық мәдени-тарихи паркі Меркен ескерткіштер қорында құрылу бойынша жұмысты жалғастыру туралы ақпаратты алмасу.
Бес-Шатыр мазараты (Пять шатров) біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта қазіргі Қазақстан территориясында мекендеген көне сақтардың табынатын орны болған. Мұнда 2 кв. км. алаңда Бесшатыр мазараты – сақтардың көне Семиречья халқының монументтілік және композициялық күрделілігі жағынан ең елеулі археологиялық ескерткіші орналасқан. Мазарат солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км созылып жатыр, және Іле өзенінің бастауы Семиречьеде, «Алтын-Емель» мемлекеттік ұлттық паркінің территориясында Алматы қаласынан 170 км қашықтықта орналасқан. Молашық диаметрі 8 -ден 70 метрге дейінгі, биіктігі 2- ден 20 метрге дейінгі 18 салтанатты обадан тұрады.Молашықтың барлық обалары бір типті және қалың жабу түріндегі күрделі құрылымды шытырман болып келеді: дәліз —кіре беріс құрылыс— көму камерасы.Көлемі 20 кв. м және биіктігі 3 м көму камералары тастар мен тас кесектерінің астында жақсы сақталған. Тек екі обаның камералары өртелген. Теңлік обасында бай көмбе табылды, жапырақ алтындардан дайындалған киім әшекейлерінің арасында алтынмен әшекейленген темір аса таяқ бар. Ең үлкен оба диаметрі — 105 метр, биіктігі — 20 метрге жуық, ал шеңбер радиусы — 250 метр. Ғалымдардың есептеуінше оны салу үшін адамның 40 мың күні кеткен. Оба ұштары шықпайтын бұрамамен оралған 93 тас дуал шынжырмен бекіген. Дуалдың кейбір тік орналасқан тақталарында қазақ руларының таңбалары бар.
Жұбан-Ана күмбезі, Жұбан әулие – Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы 189-разъезден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Сарысу өзенінің солтүстік жағасында XI ғасырда ірге көтерген архитекторлық ескерткіш. Күмбез туралы алғашқы жазба деректерді П.И. Рычков “Орынбор топографикасында” (1762) келтіреді. Ескерткіш жайында кішігірім мақала жазып, оның жоба-суретін алғаш Ш.Уәлиханов (ол бұл бейіттің Әулие сағанасы деп аталатынын жазады) сызып қалдырған (1863). Күмбез туралы әр кезде С.Б. Броневский, А.И. Левшин (1830), А.К.Красовский (1868), И.А. Кастанье (1910) жазған. Кеңес дәуірінде академик Ә.Марғұлан бұл ескерткішті қыпшақтардың ортағасырлық құрылысына жатқызды. Жұбан-Ана Күмбезі төрт бұрышты текше жобамен салынған. Қабырға қалауының үстінен барабан (мойындық) шығарып, оған сегіз қырлы күмбез орнатылған. Қшкі төрт бұрышында сүйірлеп шығарған михрабтары бар. Аузы оңтүстік-шығысқа қараған. Күмбезі мен барабаны шаршы кірпішпен өрілген. Ескерткіштің аумағы сыртқы периметрі бойынша 6х6 м, ішкі жағы 4х4 м, биіктігі 6 м. Іргетасы биіктігі 50 см тас тақталармен қаланған. Құрылысқа көлемі 27х27х6 см кірпіштер пайдаланылған. Жұбан-Ана күмбезі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. ## Дереккөздер
Кент тауларында Кызыл-Кент жолының маңында қазақ даласына жоңғар шапқыншылығы кезіндегі сәулет ескерткіші бар. Халық арасында ол Кент сарайы деген атаумен белгілі. Кішігірім жазықта, барлық жағынан жартасты таулармен қоршалған. Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуші М.Чеканинский «Развалины Кызыл - Кент, опубликованной в записках Семипалатинского отделения общества изучения Казахстана» атты мақаласында (1929) Қарақаралы ауданына қазақстарды қоныстандыру тарихы туралы бірқатар қызық ұсыныстарды хабарлайды.Кент тауларында Кіші жүздің Жағалбайлы руының қазақтары XIV ғасырда пайда болды. Мекеннің өзіне тән мінезі, ғимарат жоспары және тапқырлықтары М.Чеканинскийдің ойынша Қызыл Кентке Будда храмына қарағандай қарауға мүмкіндік береді. Кент сарайының ғимараты кішігірім, шаршы пішінді. Жақтардың өлшемі 5 сажень (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 сажень шамамен 2 метр болып есептеледі.) Үш жақтан жалғас салынған үйлер бар, олардың сыртқа шығатын есіктері жоқ. Терезелері қайда екені белгісіз. ХIХ ғ. соңында құрылыс бұзылған. Оңтүстік жақтағы ұзындығы 8 аршин (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 аршинде 71 см бар.) қабырға тұсында кіреберіс есік орналасқан. Кіреберіс есік қалқаның астында орналасқан. Қалқа балкон түрінде және ұзындығы 4 аршин ағаш бағаналарымен тірелген. Екі бағана үйдің қабырғаларының қалқасын тіреп тұр, ал төртеуі қарама-қарсы жақтағы шеттерді тіреп тұр. Екі артқы және алғы бағаналарға бір- бір бөрене салынған, кесе-көлденеңнен орта қалыңдықты 17 сырғауыл орналасқан. Сырғауылдардың арасы тақтайшалармен толтырылған. Үстінен тас тақталар төселген. Қалқаның екі жағынан да қабырғалардың қалдықтары сақталған. Бұл қабырғалардың міндеті жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалқадан жоғары оңтүстік қабырғада кіреберістің үстінде терезе сақталған. Ал, ғимараттың ішінде осы қабырғада жерден 3 аршин 7 вершок (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 аршинде 71 см, 1 вершокта 4,445 см бар.) биіктікте жұқа мөтке көрінетін. Анықтап айтқанда, бұл екінші қабат еденінің қалдықтары. Сонымен, ғимарат екі қабатты болғаны анықталды. Бұл жергілікті тұрғындардың әңгімесі, оңтүстік қабырғаның биіктігі және екінші қабаттағы биіктікте терезенің болуы негізінде дәлелденді. Бүкіл сарай жапсырма құрылыстарымен бірге тас тақталардан салынған. Құрылыстың ішкі және сыртқы жағы балшықпен сыланған. Қабырғалардың қалыңдығы 1 аршин 2 вершкок. Сарай маңында түрлі құрылыстардың үйінділері болған. Сарайдың қасында бірнеше қабір бар. Сыртынан қарағанда олар қазақтардікі емес. Кент сарайы Жоңғар хандығы тұсында пайда болған ескеркіш. Қызыл Кент үйіндісінің маңынан бидай тұқымы бар бірнеше қыш құмыра – будда дінінің заты табылды.
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында, Тараз қаласынан 18 шақырым жерде, Айша бибі ауылында орналасқан. Қазір "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңнамасы" негізінде қорғалған архитектуралық ескерткіш. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек кесененің батыс қабырғасында сақталған. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО-ға Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген. ## Құрылысы Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған,оюға толы, толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен қапталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулыларының бірі болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар,оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. ## Аңыз Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. І нұсқа. Аңыз бойынша сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Аса атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды. Бейкүнә екі жастың отбасылық бақыты небары бірнеше минутқа созылады. Даналардың «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен. ІІ нұсқа. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ.Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін»,– деп теріс батасын береді. Айша Бибі Қарасудың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан. ## Қалпына келтіру “Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту, қабырғаларын көтеріп, алғашқы кейпіне келтіру, күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. ## Галерея * * * * * * * * * * * ## Тағы қараңыз * Айша бибі ## Дереккөздер
Ақыртас — археологиялық кешен, қазіргі Тараздың шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансасынан 6 км оңтүстікте, Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Қазір бұл, тау шатқалынан бастау алатын, құрғап бар жатқан бұлақтардың арналары кескен, тау бөктері.Ескерткішті зерттеу 19 ғасырда басталды. Шығыстанушылар, архитекторлар және археологтар өз еңбектерін осы бірегей ескерткішке арнаған. Ақыртас кешені алғаш өлкетанушылар мен ғалымдар В.А. Каллаур, П.И. Лерх, Д.И. Иванов, В.В. Бартольд және Г.И. Пацевич зерттеген. 1936 ж. Ақыртас қирандыларында КСРО ҒА мен ММЗИ Қазақ филиалының археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) болды. Сол кезде обалар қазылған болатын. 1940 және 1945-46 жж. Ақыртасты Г.И. Пацевич зерттеді. 1945 ж. ескерткіште ҚазКСР МК жанындағы архитектура ісінің Басқармасы өлшеу жұмыстарын жүргізді. Материалдарын 1950 ж. Т.К.Басенов жариялап, солтүстік қасбетте мұнаралар барын анықтады, Ақыртас жоспары түзетілді. Ескерткішті археологиялық тұрғыдан жоспарлы зерттеуді проф. К.М.Байпақовтың басшылымен ОҚКАЭ 1992 ж. бастады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізіліп келе жатқан археологиялық зерттеулер барысында бірнеше әр заманғы археорлогиялық және археологиялық-архитектуралық ескерткіштер анықталып, құжатталып және кешенді зерттелуде. Олар: сарай – монументалды құрылыс, жоспарда төртбұрышты, қызыл құмтастың ірі блоктарынан 1 ден 1,5 м-ге дейін қаланған. Құрылыс көлемі 169х145 м. Ғимарат ұзын жақтарымен солтүстік-оңтүстік сызығымен бағытталған. Құрылыс жоспары жақсы оқылады: бас көшесі солтүстік және оңтүстік кірістерді байланыстырады. Оған перпендикуляр шығыстан батысқа тағы бір көше өтіп, терең айвандарға тіреледі. Көшелер құрылысты төрт бөлікке бөледі, оның үшеуі аула айналасында орналасқан бөлмелерден тұрады, ал, біреуі (солтүстік-батысы) құрылыстан ада. Бүкіл құрылыстың ортасында аула бар, оның периметрі бойынша бағаналардың тастан қаланған, көлемі 5х5 м, базалары бар. Ауланың оңтүстік бөлігінде екі қауыздың орнындағы қазаншұңқырлар байқалады. Аршылған қабырғалардың биіктігі 3 м-ге жетеді. Қамал – жоспарда шаршы тәрізді құрылыс, көлемі 39х40,5 м, сарай кешенінен оңтүстік-батысқа қарай 1 км қашықтықта орналасқан. Қамал дүниенің төрт тарапына қараған. Құрылыстың бұрыштарында кесіндісінде домалақ мұнаралар орнатылған; шартты түрде қамал деп аталатын құрылыс табиғи қырда орналасқан. Оның көлемі 40х25 м., биіктігі 3-3,5 м. Ғимарат жоспарда тікбұрышты, ұзын жағымен шығыстан батысқа созылған. Құрылыс VII ғ. екінші жартысы – X ғ. мерзімделеді; бау-бақша аймағы сарай кешенінен шығыста, көлемі 250х250 м. қабырғамен қоршалған аумақ орналасқан. Бұл аймақта бау-бақша отырғызылу көзделген болса керек; шартты түрде қала сыртындағы тұрғын жайлар немесе «тұрғынжай орамы», сарай кешенінен солтүстікте орналасқан, және кешен маңында орналасқан, тұрғын жайлар деп болжанған, бірнеше төбешіктер; тас кен орны, саз алатын карьер, қарауыл мұнара, құлдардың жертөлелері, агроирригациялық құрылыстар және сумен қамтамасыз ету жүйесі, сақ дәуірінің обалары, 18 ғ. – 19 ғ. басындағы мекенжұрт. Жинақталған материалдарды кең сараптау мүмкіндігі бар тұтас жүйеге (ГИС) біріктірілуі, ұзақ мерзімді менеджмент жоспар жазуға жақсы негіз салды. «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүргізіліп отырған зерттеулер, Ақыртас археологиялық кешенінде консервациялық жұмыстар мен ашық аспан астындағы музей жасау шараларын қамтыған, кешенді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Жұмыстар, кешенді дүниежүзілік мұра тізіміне номинант ретінде енгізуге, сонымен қатар, туристер санын арттыруға, ескерткіштің потенциалын ашады деген нысандарда шоғырланған.
Бабажы-қатын кесенесі – Қазақстандағы X-XI ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан. ## Архитектурасы Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына көркем қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, көркем қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Бабаджа-Хатун кесенесінің тұрғызылуы туралы аңыз Айша Бибі кесесінің салынуы туралы аңызбен тікелей байланысты. Аталған аңыздың түрлі нұсқалары бар. Кең таралған аңызға сәйкес - Айша Бибі XІІ ғасырда өмір сүрген атақты ақын, ойшыл, ғұлама Сүлеймен Бақырғанидың қызы болған. Ол өмірден озғанынан кейін Айша Айқожы шейхтің тәрбиесінде болды. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ.Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін»,– деп теріс батасын береді. Айша Бибі қара судың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан. Кесене сәулеттік композицияның қарапайымдылығымен, монументтілігімен және пішіндердің аса әсемдігімен ерекшеленеді. Көлемді композицияның тұрақтылығы мен тақтатастан жасалған төсеніші бар тас іргетастан тұрғызылуының арқасында кесене осы уақытқа дейін сақталған. Оның шаршы тұрпаттас ғимараты он алты қырлы жұмыр қабырғада орналасқан қырлы күмбезбен көмкерілген; қасбет қабырғаларының беті жерге жетпейтін қуыстармен, әшекейлеп қаланған бойтұмарлармен безендірілген. Бас қасбеттің ортасында кесенеге баратын дөңгелек қақпа тұрғызылған. кесененің бас қасбетінің парапетінде араб тілінде: «Бұл Бабаджа-Хатун қабірі. Оны салушы...» деген жазу қалдықтары сақталған. Кесененің шаршы тұрпаттас пішіні бар, оның мөлшері 6,8х6,8х5,0 метр, қабырғалардың қалыңдығы 1,23 метрге жетеді. Мөлшері 24х24х 0,5 см болатын ашық күйдірілген кірпіштен қаланған. Бабаджа-Хатун кесенесінің сәулеттік композициясы қарапайым, әрі безендірулері аз. Ғимарттың үш қасбетінде (батыс қасбеттен басқа) қуыстар мен бойтұмарлар өрнектелген. Басты қасбет жанама қасбеттерден парапеттің болуымен ғана ерекшеленеді. Қасбет қабырғаларының беті жалған арка тәріздес жалған терезелермен және қуыстармен безендірілген. Терезелер үстінде әшекейленіп, кірпіштен қаланған шеңберлер бар. Декоративті қуыстар мен бойтұмарлар қабырғаға қаланған, кесіндісінде тік қырлы науаны жасайтын П әрпі түріндегі шеңбердің ішіне салынған. Жиектеменің үстімен бұрыштары сыртқы қабырғаға қарай бұрылған қосарланған кірпіштерден тұратын тісті көлденең жолақ өтеді. Осындай жиектемелер күмбез қойылған парапет пен барабанның үстімен бойлай өтеді. Қабырғалардан сегіз қырлы қабырға мен күмбезге өтетін жер тромпалармен бүркемеленген. Кесене қашалған барабанмен көмкерілген, ол 16 қырлы конус күмбез үшін негіз болды. Өкінішке орай, тарихи күмбез осы уақытқа дейін сақталған жоқ. 1981 жылы күмбез «Қазжобареставрация» жобалау институтының жобасы бойынша қайта жаңартылды. ## Зерттеу жұмыстары XIX ғасырдың соңынан бастап Бабаджа-Хатун кесенесін бірнеше ғалымдар: 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953 жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген.1982 жылдан бастап Кесене сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттің қорғауына алынды ## Қазіргі кезде 2002 жылы Бабаджа-Хатун кесенесінде реставрациялау жұмыстары жүргізілді, күмбез зерттеліп, бүкіл құрылыс іргетасының негізі нығайтылды. ## Дереккөздер
* Қызылжұлдыз – Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл. * Қызылжұлдыз – Абай облысы Көкпекті ауданындағы таратылған ауыл. * Қызыл Жұлдыз – Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Қызылжұлдыз – Ақмола облысы Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Қызыл Жұлдыз – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл. * Қызылжұлдыз – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне бағынысты ауыл. * Қызылжұлдыз – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында болған ауыл, 2010 жылы таратылған. * Қызылжұлдыз – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл.
Кіші секпілгүл (лат. Lіlіaceac) —көгалды шалғындарға, бұта шіліктеріне, орман алаңқайларына Батыстан шығыс шекараға дейін Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі аласа тауларға тән тіршілік иесі, Бұл қызғалдақтарға жақын туыс, сырт кескіндері биологиялық ерекшелітері жағынан ұқсас. Пияшығының диаметрі 1,5 см-ге дейін ақ тұсті,шар тәрізді, қызғалдақтағыдай құрғақ жабын қабығы жоқ. Сабағы биік-50см-ге жетеді, Жапырағы 3-7 кезектесе орналасқан,жіңішке таспа тәрізді. Гүлі біреу, аракідік екеу, биіктігі 3 см-дей. Түсі қошқыл-күлгін болымсыз жабыңқы әр түрлі дақтвры бар.Қызғалдақтан айырмашылығы гүлдері қоңырау тәрізді. Жемістері ұзыншақ үш қырлы қорапша, қоңырқай түсті, тегіс саны жағынан көп. Гүлдеу мерзімі сәуір-мамыр жемісті маусымда береді. Тұқымның көбеюі себілген тұқымның жетілу кезеңі және тіршілік ұзақтығы қызғалдақпен бірдей. Кіші секпіл гүл безендіру жұмыстары үшін, сапалы өсімдік. Қазақстанның ботаника бақтарында жүргізілген зерттеулерден табысьты өтіп, алаңдарды көгалдандыруға пайдаланып жүр. ## Дереккөздер