text
stringlengths
3
252k
Күйез - бұлшық еттің қабынуы. Ауруды туғызған негізгі себептер: әр түрлі жұқпалы аурулар, сондай – ақ зат алмасудың бұзылуы, жарақат, бұлшық етке шамадан артық күш түсу, трихиноз т. б. аурулар. Күйезді тудыратын ауруларға байланысты оның жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел күйез көбінесе жұқпалы ауруладың салдарын пайда болады. Күйездің бұл түрі өте тез басталып бұлшық ет қозғалғанда, қолмен басқанда немесе сипағанда өте қатты ауырады. Созылмалы Күйез әр түрлі созылмалы жұқпалы аурулардың салдарынан болады. Күйездің бұл түрі 1-2 аптаға созылып, зақымданған бұлшық ет ісініп аурады. Емі: күйезді туғызған ауруларды емдеу, ауруды басатын препараттар қолдану, май дәрі жағып сипалау, жылы компресс қою, физиотерапиялық емдеу әдістерін қолдану. ## Дереккөздер
Қазақ солдаты — Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Алғашқыда 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған. ## Қысқаша мазмұны «Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді. ## Шығарма кейіпкерлері * Қайрош Сарталиев — романның басты кейіпкері. Оның прототипі Қайырғали Смағұлов деген кісі болған. Ол 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады. * Шеген — дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі. * Бораш — өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі. * Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин — Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері. * Самед Абдоллаев — әзілқой жауынгер. * Семен Зонин — алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі. ## Дереккөздер * http://massaget.kz/blog/8016 * http://tarih.spring.kz/kk/history/postwar/figures/musrepov/ Мұрағатталған 1 қаңтардың 2014 жылы.
### Жыраулар Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді: * Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы. * Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы). * Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы). Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы(XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Дулат Бабатайұлы, Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады.М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылықжасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз. ### Қорқыт ата Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан. Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жанкент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек. Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә. Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен. 1978—1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы — белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев. Қорқыт туралы жазба дерек IX—X ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт жөнінде қазақ ғалымдары — Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген. "Қорқыт ата кітабын" дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі. Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар. Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі. Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі: Қарағайдың түбіненҚайырып алған қобызым.Үйеңкінің түбіненҮйіріп алған қобызым.Ақ қайыңның безіненҚағып алған қобызым.Әзегінен қара еменОйып алған қобызым.Қыл құйрығын тұлпардыңІшек қылған қобызым.Таутекенің мүйізінТиек қылған қобызым. Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт: , — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан екен дейді. Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс.Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз? * Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі. * Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр. * Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр. Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйі,Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі. Бұл күйлердеҚорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді. Қорқыт дәстүрін қазақ арасында жалғастырған XVIII—XIX ғасырлар күйшілері — Жанақ, Нысанбай, Найман-бала, Қанқожа, Жұмағұл, Құлыншақ, Базар жырау, т. б. Соңғы дәуірде жалғастырғандар — Қойлыбай, бағаналы Балақай бақсы, Досжан, Шоман деген кісілер. Қорқыт дәстүрін XX ғасырдың басына дейін тамаша жалғастырушылардың бірі Ықылас Дүкенұлы қобыз даусымен Шу, Қаратау, Сарысу бойы, Бетпақдаланы күйге бөледі. ### Асан қайғы Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлық Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз. Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек ханды: , — деп сөгеді. Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді. ### Ақындар шығармашылығы Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды. XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.). XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз. ### Қазтуған Сүйінішұлы Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады. Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған. Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғаттуралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады. XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек: Алаң, алан, алаң жұртАққала ордам қонған жұрт.Атамыз біздің бұ СүйінішКүйеу болып барған жұрт.Анамыз біздің БозтуғанКеліншек болып түскен жұрт.Қарғадай мынау ҚазтуғанБатыс болып туған жұрт.Кіндігімді кескен жүрт...Қайран да менің Еділім!Қайран да менің Еділім! ### Сыпыра жырау Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады. Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушыжақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы. Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі. ### Шалкиіз жырау Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан. Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады. Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Жыраудың мына бір тіркестері бүгінгі күнге де уәзипа: Айырдан туған жампоз бар,—Жүгін нарға салғысыз.Арғымақтан туған будан бар,—Күнінде көрінім жерді алғысыз.Жаманнан туған жақсы бар,—Адам айтса нанғысыз.Жақсыдан туған жаман бар,—Күндердің күні болғандаБір аяқ асқа алғысыз. Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді: Жығылғанды тұрғызсаң,Жылағанды уатсаң,Қисайғанды түзетсең,Төңіріңнің үйі көбені,Сұлтан ием,Қарсы алдыңнан жасапты. ### Доспамбет жырау Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады. Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады. Доспамбеттің "Қоғалы көлдер, кұм, сулар", "Азау, Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық", т. б. өлеңдері белгілі. Айналайын, Ақ Жайық,Ат салмай өтер күн қайда?Еңсесі биік боз ордаЕңкеймей кірер күн қайда?Қара бұлан терісінЕтік қылар күн қайда?Күдеріден бау тағып,Кіреуке киер күн қайда?Күмбір-күмбір кісінетіпКүреңді мінер күн қайда? ### Бұқар жырау Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсынөлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді. Бұқар жырау мен Тәуке ханға байланысты мынадай бір аңыз бар: Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез. Бұл бір киын, "Ақтабан шұбырынды", ел басына күн туған, елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен. Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады. Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын есіне салатын: Ей, Абылай, Абылай!Сені мен көргенде,Тұрымтайдай үл едің,Түркістанда жүр едің.Әбілмәмбет патшағаҚызметші болып тұр едің —Қалтақтап жүріп күнелтіп,Үйсін Төле билердіңТүйесін баққан құл едін... Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған. XVIII ғасырдағы жыраулардың ең көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады. Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады. , — деп жылайды. Бұл жерде жырау Қабанбай сынды ердің халық перзенті екендігін, оның халқы үшін бағасының қандай екендігін көрсетуге тырысқан. ## Дереккөздер ## Жыраулар Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді: * Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы. * Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы). * Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы). Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы(XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Дулат Бабатайұлы, Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады.М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылықжасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз. ### Қорқыт ата Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан. Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жанкент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек. Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә. Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен. 1978—1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы — белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев. Қорқыт туралы жазба дерек IX—X ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт жөнінде қазақ ғалымдары — Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген. "Қорқыт ата кітабын" дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі. Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар. Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі. Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі: Қарағайдың түбіненҚайырып алған қобызым.Үйеңкінің түбіненҮйіріп алған қобызым.Ақ қайыңның безіненҚағып алған қобызым.Әзегінен қара еменОйып алған қобызым.Қыл құйрығын тұлпардыңІшек қылған қобызым.Таутекенің мүйізінТиек қылған қобызым. Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт: , — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан екен дейді. Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс.Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз? * Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі. * Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр. * Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр. Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйі,Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі. Бұл күйлердеҚорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді. Қорқыт дәстүрін қазақ арасында жалғастырған XVIII—XIX ғасырлар күйшілері — Жанақ, Нысанбай, Найман-бала, Қанқожа, Жұмағұл, Құлыншақ, Базар жырау, т. б. Соңғы дәуірде жалғастырғандар — Қойлыбай, бағаналы Балақай бақсы, Досжан, Шоман деген кісілер. Қорқыт дәстүрін XX ғасырдың басына дейін тамаша жалғастырушылардың бірі Ықылас Дүкенұлы қобыз даусымен Шу, Қаратау, Сарысу бойы, Бетпақдаланы күйге бөледі. ### Асан қайғы Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлық Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз. Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек ханды: , — деп сөгеді. Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді. ### Ақындар шығармашылығы Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды. XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.). XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз. ### Қазтуған Сүйінішұлы Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады. Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған. Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғаттуралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады. XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек: Алаң, алан, алаң жұртАққала ордам қонған жұрт.Атамыз біздің бұ СүйінішКүйеу болып барған жұрт.Анамыз біздің БозтуғанКеліншек болып түскен жұрт.Қарғадай мынау ҚазтуғанБатыс болып туған жұрт.Кіндігімді кескен жүрт...Қайран да менің Еділім!Қайран да менің Еділім! ### Сыпыра жырау Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады. Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушыжақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы. Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі. ### Шалкиіз жырау Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан. Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады. Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Жыраудың мына бір тіркестері бүгінгі күнге де уәзипа: Айырдан туған жампоз бар,—Жүгін нарға салғысыз.Арғымақтан туған будан бар,—Күнінде көрінім жерді алғысыз.Жаманнан туған жақсы бар,—Адам айтса нанғысыз.Жақсыдан туған жаман бар,—Күндердің күні болғандаБір аяқ асқа алғысыз. Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді: Жығылғанды тұрғызсаң,Жылағанды уатсаң,Қисайғанды түзетсең,Төңіріңнің үйі көбені,Сұлтан ием,Қарсы алдыңнан жасапты. ### Доспамбет жырау Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады. Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады. Доспамбеттің "Қоғалы көлдер, кұм, сулар", "Азау, Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық", т. б. өлеңдері белгілі. Айналайын, Ақ Жайық,Ат салмай өтер күн қайда?Еңсесі биік боз ордаЕңкеймей кірер күн қайда?Қара бұлан терісінЕтік қылар күн қайда?Күдеріден бау тағып,Кіреуке киер күн қайда?Күмбір-күмбір кісінетіпКүреңді мінер күн қайда? ### Бұқар жырау Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсынөлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді. Бұқар жырау мен Тәуке ханға байланысты мынадай бір аңыз бар: Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез. Бұл бір киын, "Ақтабан шұбырынды", ел басына күн туған, елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен. Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады. Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын есіне салатын: Ей, Абылай, Абылай!Сені мен көргенде,Тұрымтайдай үл едің,Түркістанда жүр едің.Әбілмәмбет патшағаҚызметші болып тұр едің —Қалтақтап жүріп күнелтіп,Үйсін Төле билердіңТүйесін баққан құл едін... Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған. XVIII ғасырдағы жыраулардың ең көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады. Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады. , — деп жылайды. Бұл жерде жырау Қабанбай сынды ердің халық перзенті екендігін, оның халқы үшін бағасының қандай екендігін көрсетуге тырысқан. ## Дереккөздер
Су Aстында Құйматастау – су астында орналасқан құрылыстар мен құрылымдарды құйматастауға байланысты жүргізілетін жұмыстар. Су Асты Құйматастау су астындағы құрылыстар мен құрылымдарды салу, жөндеу және қайта салуда кеңінен қолданылатын тиімді технология болып табылады. Құйматастаудың осы түрінің негізінде үлкен үнемдеулерге қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, Су Астында Құйматастау нәтижесінде судың арнасын бұрып, табанын құрғату, құрастырмалы немесе біртұтас су өткізбейтін құрылымдарды қолдану сияқты қосымша шығындарды азайтуға болады. Су астында қуйматастау түрлі жағалаулық құрылыстарды салғанда, бөгендер, мұнай және газ мұнараларын салғанда, қазаншұңқырлар мен құдықтардың, су бассейндерінің табанына су өткізбейтін құйматас қабатын жасағанда қолданылады. 1990 жылы Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі себебінен көптеген мұнай ұңғылары су астында қалып қойғандықтан сол ұңғылардың аузын судың бетіне шығару үшін осы су астында құйматастау тәсілі кеңінен пайдаланылды.
Жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы Шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Геогр. орнына қарай тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктик Шөл немесе мұз Шөлі) Шөлдері болып бөлінеді; тауларда Шөл (суық биіктаулық Шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды.Негізінен Шөлдердегі бұлтсыз ашық күндер саны 197 – 295 шамасында. Жазы ыстық. Қоңыржай белдеулік Шөлде шілденің орташа температурасы 22 – 32С; ең жоғары температурасы 50С; тропиктік және субтропиктік белдеулер Шөлдерінде 30 – 38С. Солттүстік Америкадағы Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 С-қа дейін көтеріледі. Шөлдегі топырақ беті кейде 90 С-қа дейін қызады. Жылдық жауын-шашын мөлшісі 175 – 200 мм; Такла-Макан Шөліндегі орташа мөлшісі 9 мм шамасында. Судың булануы, жерге сіңу шығыны көп болғандықтан, Шөлден өтетін кейбір өзендер сағасына жетпей тартылып қалады. Топырақ қабатындағы ылғалдың тапшы болуына байланысты Шөлдің өсімдік жамылғысы негізінен кедей, тек қуаңшылыққа бейімделген өсімдіктер өседі. Шөптесін өсімдіктен эфемерлер және эфемероидтар көп тараған. Субтропиктік және тропиктік, құрлықтың ішкі бөліктеріндегі Шөлдерде, әсіресе Африка, Арабия Шөлдерінде суккуленттер, ксерофиттік бұталар және көп жылдық шөптер өседі. Солттұстік Америка және Австрия субтропиктік Шөлдеріндегі өсімдік жамылғысы басқа Шөлдерге қарағанда түрлерге бай келеді. Шөл жануарлары өзін қоршаған географиялық ортаның қатал жағдайына бейімделген. Қосаяқ, кесіртке, жылан, құм сарышұнақтары, құм тасбақалары, қарақұйрық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Дүние жүзіндегі ең ірі шөл – Сахара. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі шөлді аймақтар: Мырзашөл, Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. Шөлдің ландшафтысы Жер шарының 19%-нда, Қазақстан жерінің 44%-нда қалыптасқан; Шөл белдемі.
Теміржол құрылысы. Түрксіборасан зор аумақты алып жатқан және қатынас жолдар торабы нашар дамыған Қазақстан үшін көлік қатынастарын дамыту мәселесі айрықша маңызды еді. Республиканың түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі салаларын құру мәселесі (Қарағанды көмір алабының, Балқаштағы мыс қорыту зауытының, Шымкенттегі қорғасын зауытының, Риддердегі мырыш зауытының және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысы мен оларды дамыту, мұнайлы Батыс аудандарды игеру) көлік қатынастарына айтарлықтай тәуелді болды. Бұл пайымдаулар Бүкілқазақстандық VII партия конференциясында (1930 жыл, 30 мамыр - 6 маусым) жасалған баяндамада көрініс тапты. Онда былай делінді: «Егер көлік қатынасы Кеңес Одағында шешуші мәнге ие болып отырған болса, онда негізінен алғанда аралық көлік жолы ретіндегі Ташкент теміржолынан өзге, Түрксібке дейін ештеңе болмаған Қазақстан жағдайында, теміржол құрылысының маңызы айрықша зор болмақ, өйткені ол Одақтың орталық аудандарын Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ баспаған, тұмса, бірақ сонымен бірге бай аудандарымен байланыстырады».. VII партия конференциясы бірінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштерін бекітті. Республиканың ауыл шаруашылығын дамытуға (жер суландырусызды қоспағанда) 2 млрд сом, өнеркәсіпке 1223 млн сом, көлік қатынасына 1231 млн сом, байланысқа 64 746 млн сом бөлінді. Осыдан көрініп тұрғанындай, бірінші бесжылдықта көлік қатынасын дамытуға айрықша мән берілді, сондықтан да оған тіпті өнеркәсіпті дамытуға Қарағанда да біршама көбірек қаржы бөлінді. Қазақстанда бесжылдық ішінде 2633 км кең табанды теміржол магистралін салу белгіленді. Негізгі бағыттар: Бурабай-Ақмола-Қарағанды, Орск-Ақтөбе, Шымкент-Ташкент, Риддер-Рубцовка, Қосқұдық тармағы, Түрксіб. Алайда жаңа теміржол құрылысының бесжылдық жоспары толық орындалған жоқ; кейбір басталған теміржол желілері (Рубцовка-Риддер, Шымкент-Ташкент т.б.) уақытша тоқтатылды. Әйтсе де Қазақ республикасының теміржол көлік қатынасының дамуы бірінші бесжылдықта айтарлықтай табысты болды, бұл жетістік ең бастысы екі теміржол құрылысынан: Түркістан-Сібір магистралі мен Бурабай-Ақмола-Қарағанды желісінен көрініс тапты. Петропавл-Көкшетау-Бурабай шипажайы теміржол желісі аяқталып, Омбы теміржолы 1927 жылдың 2 қазанында пайдалануға берілді.. Бірінші бесжылдық кезінде алдымен Бурабай-Ақмола, кейінірек Ақмола-Қарағанды желілері салынды. Петропавл-Көкшетау-Ақмола желісі Солтүстік Қазақстанның астықты аудандарына қызмет етті және негізінен ауыл шаруашылығы үшін маңызды болды. Оны Қарағандыға дейін жеткізген соң, Орталық Қазақстанға да қызмет көрсете бастады, көмір-металлургия магистраліне айналып, үлкен өнеркәсіптік мәнге ие болды. Қарағанды теміржол желісі республиканың индустрия өзегіне барар жолдың кілті іспетті болды. Теміржол желісі салынғаннан кейін бірден-ақ Қарағанды облысы ұйымдастырылды (наурыз, 1932 жыл). Ақмола-Қарғалы желісі салынғанға дейін (1939-1943 жылдар) Қарағанды теміржол желісі Қарағанды көмір алабын Орал металлургиялық өнеркәсібімен байланыстырған аса маңызды теміржолға айналды. Оның үстіне, теміржол желісі бүкіл Орталық Қазақстанның индустриялық дамуына серпін берді. Түркістан-Сібір теміржолы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатына енді. БК(б)П OK 1926 жылы 25 қарашада қабылдаан қаулысында «Сібір мен Орта Азияны және Днепрдегі электр стансасын (Днепрострой) жалғастыратын Жетісу теміржолының құрылысын . бүкілодақтық мәні бар барлық... жұмыстардың ішіндегі кезек күттірмейтініне жатқызылсын» деп көрсетті.. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Жетісу теміржол магистралінің құрылысы туралы мәселе бойынша» қаулысында да (28 ақпан 1927 жыл) оның «Орта Азия, Қазақстан және Сібірдің шаруашылық дамуы және бүкіл Кеңес Одағы үшін де аса зор мәні» атап көрсетілді. Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың арзан астығымен, Сібірдің ағашымен, сондай-ақ ірі қарамен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс болды, ал бұл өз кезегінде мақта егілетін жер аумағын шұғыл кеңейтуге, мақта өнімінің өзіндік құнын арзандатуға, шет елдерден әкелінетін мақта мөлшерін қысқартуға, сол арқылы Кеңес Одағының сыртқы саудасының баланс белсенділігін күшейтуге мүмкіндік берді. Жаңа жол бұған дейін Орта Азияға РКФСР-дін еуропалық бөлігінен тасып әкелінген астық пен ағаш материалдарды экспортқа және басқа қажеттіктерге пайдалануға мүмкіндік берді; Түрксіб Сібірдін ауыл шаруашылық өнімдерін (астық, ағаш және басқалар) Орта Азия базарына шығаруға, сондай-ақ Қазақстаннан Сібірге азық-түлік тасымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын жақсартуға жол ашты. Теміржол Қазақстан мен Қырғызстанның негізгі экономикалық аудандары арқылы өте отырып, мұндағы ауыл шаруашылығы дамуынын қуатты факторына айналды, әсіресе өнеркәсіпке қажетті шикізат бере алатын мал шаруашылығын және тау-кен ісін ілгері бастырды. Теміржол Іле, Ертіс және басқа өзендер арқылы кемемен жүзуді жақсартты. Түрксіб, Батыс Қытай мен Батыс Моңғолияның шекарасына өте жақын жерден өтетіндіктен, КСРО мен бұл елдердің тауар алмасуын айтарлықтай жақсарта алатын еді.. Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы арнаулы басқармаға жүктеліп, оның бастығы болып B.C. Шатов тағайындалды. Жолды екі жақтан: солтүстікте Семей жағынан, ал оңтүстікте Луговой стансасы жағынан бастап салуға шешім қабылданды. РКФСР Халком Кеңесі жанынан Жетісу теміржолына Жәрдем комитеті ұйымдастырылып, оған құрылыс жұмыстарын табысты жүргізуге жалпылай ықпал ету міндеті жүктелді. Комитет жанынан төрт секция құрылды: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жол қатынасы, суландыру секциялары. Комитет төрағасы болып РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасынын орынбасары Т.Р. Рысқұлов бекітілді.. Жолдың солтүстік бөлігіндегі жер қазу жұмыстары 1927 жылы сәуір айында, ал жол төсеу — 15 маусымда басталды. 1927 жылы 21 қарашада, ұзақ уақыттық дайындықтан кейін жол төсеу құрылыстын оңтүстік бөлігінде де басталды. Революцияға дейінгі зерттеулер нәтижесі жолдың қымбатқа түсетінін көрсеткен еді. Сордықтан техникалық-экономикалық алғышарттарға негізделген жаңа Зерттеулер жүргізуге шешім қабылданды. 1926-1927 жылдар бойына жаңа зерттеулер жүргізіліп, бұл жұмыс 1928 жылдың жазына дейін созылды. Соның нәтижесінде айтарлықтай қаржы — құрылыстың 212 млн сом жалпы құнынан 35 млн сом үнемделетіні белгілі болды. Қымбатқа түсетін айналма Қордай бағытының (Луговой-Фрунзе-Алматы) орнына теміржол желісін Шоқпар бағытымен жүргізуге шешім қабылданды. Жолдың солтүстік бөлігінде Лепсі бағытының орнына Балқаш бағыты алынды, бұл шешім жолдың ұзындығын қысқартып, елеулі үнемділікке қол жеткізді.. Түрксіб құрылысына Жәрдем комитетінің төрағасы болып Тұрар Рысқұловтың тағайындалуы жайдан-жай емес еді. Ол, 1926 жылдың маусымынан РКФСР ХКК (Халық Комиссарлары Кеңесі) төрағасының орынбасары бола жүріп, Қазақстан мен Орта Азияны Сібірмен жалғастыратын теміржол құрылысы жөніндегі пікірталас басталған кезден-ақ оны тезірек салу идеясының белсенді жақтаушысы әрі көшбасшысы болды. РКФСР ХКК-нің 1927 жылы 2 наурыздағы «Жетісу теміржолын салу мәселесі туралы» қаулысының өзін, Ресей үкіметі 1927 жылы 4 ақпанда құрған, Т. Рысқұлов төрағалық еткен арнаулы комиссия дайындаған болатын.. Алғашында РКФСР ХКК жағындағы Жәрдем комитетінің құрамына 18адам енді, бірақ көп ұзамай оның мүшелерінің саны 50-ден асты. Комитет жұмысына, оның пленарлық отырыстарының аралығында Т. Рысқұлов бастаған Төралқа (алғашында 9, одан сон 11 адам) жетекшілік етті. Оған Қазақстаннан КазАКСР Халком Кеңесінің төрағасы Н.Н. Нұрмақов кірді. Комитет құрамына республикалар және аймақтар халкоматтары өкілдерінен өзге, ғалымдар (8 профессор) және мамандар (инженерлер, экономистер, агрономдар және басқалар) енді. Т. Рысқұлов комитет құрамын жасактауда оған кәсіби шеберлерді тартуға ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте Жетісу теміржолын 1917 жылға дейін де салуға қатысқан Петербург жол қатынасы инженерлері институтының түлегі, Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша бұрынғы комиссары және Қоқан автономиясы үкіметінің басшысы болған Мұхамеджан Тынышбаев туралы мәселе ерекше мәнге ие еді. 1926 жылы 18 желтоқсанда Т. Рысқұлов Қызылордаға былай деп жеделхат жібереді: «ХКК Нұрмақовқа көшірмесі крайком Голощекинге. Инженер Тынышбаевты білгір маман ретінде Жәрдем комитетінің және ЖКХК Құрылыс комитетінің құрамына қосымша енгізуді шамалап отырмыз. Өз пікіріңізді хабарлаңыз». Бұған Голощекин Мәскеуге, ЖКХК-ке жолдаған жеделхатында: «Тынышбаевты енгізуге қарсымыз» деп жауап береді. Әйтсе де Т. Рысқұлов 1927 жылы қаңтарда Алматыға, губерниялық атқару комитетіне, М. Тынышбаевқа жеделхат жолдайды: «Сізді ЖКХК Жетісу-жолы құрылысы бойынша ХКК Комитеті және ЖКХК құрылыс комитетінің құрамына енгіземіз. Мәскеуде алдын ала жұмыс істеу қажет. Егер келіссеңіз, қашан шығатыныңызды хабарлаңыз. Нұрмақовпен келісілді».. Шынында да, М. Тынышбаев Түрксіб құрылысын салу барысында білгір маман ретінде қыруар еңбек етті. ## М. Тынышбаев есімінің танылуы Бұл кезде М. Тынышбаев есімі кеңінен белгілі, әрі шойын жол құрылысын жүргізу мен пайдалануға беру жөнінен білгір маман ретінде кеңінен танылған болатын. 1906-1914 жылдары ол Ортаазия теміржолы тармағында алғашында инженер, одан соң салынып жатқан Урсатьевск-Әндіжан теміржол желісінің бастығы, бас инженері, ал 1914 жылы Арыс-Әулиеата теміржол құрылысының бас инженері қызметін атқарды. Бұл жолдың 1926 жылы Луговой стансасына жетіп, құрылысы аяқталуына және Түрксіб теміржолы құрылысының басталуына байланысты, Березин, Шатов, Перельман секілді, жол қатынасының басқа да көрнекті инженерлерімен бірге, М. Тынышбаев осы ірі жол магистралін салуға шақырылады. Сөйтіп Түрксібтегі қыруар еңбегі тұрғысынан және «Орталық» (немесе «Рысқұловтық») Жәрдем комитетіне мүшелігі - екінші жағынан, М. Тынышбаевқа өзінің ұйымдастырушылық және маман ретіндегі зор талантын ашуына, ұрпақ жадында өз халқының мүддесі мен болашағы үшін аянбай еңбек еткен үлкен тұлға ретінде есімін қалдыруға тамаша мүмкіндік тудырды. Т. Рысқұловтың ұсынысы бойынша Жәрдем комитеті магистраль өтетін аудандарды кешенді зерттеу қорытындыларын жинақтады және олардың әзірлеген ұсыныстары 1927 жылдың 7 желтоқсанындағы РКФСРХКК қаулысының негізіне алынды, сондай-ақ, «РКФСР халық шаруашылығы және әлеуметгік-мәдени құрылыс бесжылдық жоспарының бақылау цифрларына» арнаулы тарау түрінде енгізілді. М. Тынышбаев тек осы экспедицияларға ғана емес, болашақ Түркістан-Сібір жолын зерттеу жөнінде Қазан төңкерісіне дейін жүргізілген басқа да экспедициялаға белсене атсалысты, атап айтқанда: 1906 жылы - Голембиевскийдің, 1913 жылы Панфиловичтің, 1914 жылы - Лениониустың, ал 1926 жылы Сахаровтың және 1927 жылы соңғы рет, Түрксіб экспедицияларына қатысты. Осы экспедициялардың барлық ұсыныстары Кеңес өкіметі тарапынан ескерілді және Қазақстан бойынша бірінші бесжылдық жоспарына енгізілді. Бұл теміржол бойына жақын жатқан аудандарда мал және егін шаруашылығын дамыту және жеделдетуге мол мүмкіндік тутызды. Етті, сүтті ірі қара және қойдың биязы жүнді, жартылай биязы жүнді тұқымдарын өсіруге, мақта танабын көбейтуге, техникалық дақылдарды, оның ішінде Іле өзені аңғарында күріш, Шу өзені анғарында қант қызылшасы мен темекі өсіруді кеңейтуге ерекше мән берілді. Сонымен бірге бұл аймақтарда өнеркәсіпті дамыту және жол қатынастарын кеңейту, әсіресе күміс-қорғасын, көмір және басқа кендерді игеру қарастырылды. Осыған байланысты, айта кету керек, Жәрдем комитеті және Т. Рысқұловты жеке өзі Балқаш көлі мен оның аудандарын кешенді зерттеуге алты экспедиция ұйымдастырып, үлкен көмек көрсетті. Мұның маңызды нәтижелерінің бірі 1928 жылы көлдің солтүстік жағалауынан инженер М.П. Русаков жетекшілік еткен геологиялық экспедицияның мыстың ірі кен орнын табуы болды. Бұл жағдай сол кездің өзінде-ак Балқаш мыс қорыту зауыты құрылысының салынуына жол ашып берді. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев Комитет жұмысы бойынша магистраль құрылысының табысты жүргізілуіне ықпал еткен көптеген шешімдердің қабылдануына жеке өздері тікелей атсалысты. Мысалы, жолдың оңтүстік бөлігін Іле Алатауының биік сілемдері (Қордай, Кастек, Шоқпар асулары арқылы) өткізудін бағыттарын таңдау мәселесі көп пікірталас тудырды. 1927 жылдың мамыр-маусым айларында Т. Рысқұлов жолдың оңтүстік учаскесінде арнайы іссапарда болып, техникалық зерттеулер қорытындыларымен танысты және Қордай, Шоқпар бағытындағы жол бойымен жүріп өтті. 16 маусымда ол Комитет торалқасының отырысында істің мән-жайын ашқан баяндамасын жасап, онда барлық нұсқаларға тиянақты талдау жүргізді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, Шоқпардың құрылыс мерзімін айтарлықтай қысқарту (бір жылға) есебінен қаржының үнемделгенін және жолды пайдалануды жеңілдеткен бірқатар он шараларды атап өтті. Қосымша зерттеулер мен талқылаулардан кейін Жәрдем комитеті «Түркістан-Сібір теміржолының оңтүстік бөлігін Шоқпар бағыты арқылы жүргізудің дұрыстығын» мойындады, бұл шешімді РКФСР үкіметі бекітті. М. Тынышбаев осы нұсқа авторларының бірі болды.. Жәрдем комитеті және Т. Рысқұловтың жеке өзі де магистральдің солтүстік бөлігінің Балқаш нұсқасын (Лenci нұсқасына қарсы) да жақтады, ұсыныс берушілердін қатарында М. Тынышбаев болды. Бұл нұсқадағы түзу тарту бойынша жол 87 шақырымға қысқарды, 8 млн сомға жуық қаржы үнемделді және Балқаш көлінің байлығын өнеркәсіптік тұрғыдан игеруге кен мүмкіндіктер тудырды. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев магистраль құрылысын жұмыс күшімен жергілікті еңбек қорлары есебінен қамтамасыз етуге, қазақтарды құрылыс және теміржол жұмысшылары қатарына тартуға, оларды оқыту арқылы теміржол мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Олардың ұсынысы бойынша жұмысшы күшін Қазақстан нан тысқары жерлерден әкелуге шектеулер қойылды. Маман жұмысшыларды алдын ала белгіленген мөлшерде ғана әкелу қарастырылды. Жергілікті тұрғындарды магистральдегі құрылыс жүмыстарына барынша кеңінен тарту «ендігі жерде жергілікті теміржол пролетариатын жасақтау мәселесінің принципті түрде қойылуы ретінде, — деп көрсетті Т. Рысқұлов, — құрылыс жұмыстарының шығынын кемітуге нақты көмек көрсете алады..., сөйтіп, Түркістан-Сібір теміржолы құрылысын табысты жүргізуге ықпал етеді». М. Тынышбаевтың ұсынысымен, магистраль құрылысының жұмысына ]Мәскеу, Ленинград, Ташкентте және Кеңес Одағының басқа да ірі қалаларында оқып жатқан қазақ студенттері тартылды. Олар жазғы демалыс кездерінде жұмысқа кіріп, практикалық тәжірибе жинақтады және еңбекақы алды, бұл олардың көпшілігі үшін үлкен материалдық көмек болды. Түрксібтін оңтүстік бөлігінде ғана Орта Азия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті жұмыс істеді. Түрксіб жаңа қалыптасып келе жатқан Қазақстан жұмысшы табы ұлт кадрларының, әсіресе құрылысшылар мен теміржолшылардың ірі ұстаханасына айналды. 1927-1930 жылдары магистраль құрылысында 20 мыңнан 30 мыңға дейін адам жұмыс істеді; олардың ішінде қазақтар қатары үздіксіз өсіп отырды. 1934 жылдың 1 қазанында Қазақстан теміржолшыларының саны 56,6 мың адамнан асты, олардың жартысына жуығы (25,3 мың, яғни 44,7%) жаңадан салынып жатқан Түркістан-Сібір магистраліне шоғырланды. Республикада 18 мыңнан астам қазақ-теміржолшы болды, олардың 9,8 мыңы, яғни 54,1%-ы Түрксібте жұмыс істеді. Олардың қатарынан Д.Ж. Омаров, М.Т. Қазыбеков, М. Қаптағаев, Б. Аспаев, О. Байтулаков т.б. сияқты беделді басшылар мен танымал теміржолшылар шықты. Сөйтіп Т. Рысқұловтың және ол басқарған Жәрдем комитетінің, әсіресе оның мүшесі М. Тынышбаевтың Түрксіб құрылысына, оған іргелес жатқан аудандардын дамуына, сондай-ақ жұмысшы табын, оның ұлттық кадрларын қалыптастыруға қосқан үлесі орасан зор болды. Сондықтан да БОА К және РКФСР ХКК «Түркістан-Сібір теміржолын (Түрксіб) 1930 жылдың 1 мамырында ашу туралы» қаулысында «РКФСР үкіметі жанындағы, Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рысқұлов жолдастың басшылығымен Түрксіб құрылысына жұмыс істеген Жәрдем комитеті жүргізген елеулі жұмыстарды» атап өтті.. Кеңес Одағы республикалары Түрксіб құрылысының алғашқы күндерінен бастап-ақ оған құрылыс материалдарымен, техникамен және кәсіби маманданған жұмысшы күшімен үлкен жәрдем көрсетті. 1927 жылдың алғашқы айларының өзінде-ақ Мәскеу, Ленинград, Харьков, Днепропетровск және РКФСР мен Украинаның басқа да ірі өнеркәсіп орталықтарынан құрылысқа бетон құюшылар, арматурашылар, байланысшылар, жол төсеушілер келіп жатты. Черкасскіден украин жер қазушы жұмысшылары келді. ЖК.ХК құрылысқа инженерлер мен техниктер тобын жіберді. Ленинградтық инженерлер мен техниктер Семей, Алматы және Мәскеу аралығында тұрақты радиобайланыс орнатуға көмектесті. Оңтүстік пен солтүстіктегі жол төсеуші-құрылысшылар қалашықтары бір-біріне жедел қарқынмен жақындай түсті. Құрылыстың алғашқы кезеңінде солтүстікте 155 шақырым, келесіде 185 шақырым, ал 1929 жылы күніне орта есеппен 2,5 шақырымнан, барлығы 432 шақырым жол төселді. 1927-1929 жылдары оңтүстікте 506 шақырым жол төселді және 1930 жылы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік желілер Айнабұлақ стансасында түйісті. Жанама құрылыстар да жедел қарқынмен жүргізілді, олардың неғұрлым ірілерінін қатарында Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және басқа өзендерге салынған көпірлерді атауға болады. 1928 жылы қыста Ертіс өзенінің екі қылта тұсынан 11 күн ішінде ұзындығы 300 метрлік уақытша ағаш тіреулі көпір салынды, ал 9 мың текше метр бетон жұмсалған, ұзындығы 600 м тұрақты темір көпір 18 айлык үздіксіз қарқынды жұмыстың нәтижесінде 1929 жылы 20 наурызда пайдалануға берілді. Аз ғана уақыт ішінде Іле көпірі бой көтерді. Екі жақтан тартылған жол түйіскенге дейін, яғни екі маусым және бір қыс ішінде, теміржол құрылысында 12 млн текше м жер қазу жұмыстары жүргізілді, оның 52%-ы қол күшімен, 15-і — тәшкемен, 15-і — вагонеткамен, 8-і - ат жегілген сүйретпемен, 10-ы - экскаватормен атқарылды, тас қопару көлемі 6% болды. Осы уақыт ішінде тұрғызылған жанама құрылыстар көлемі 155 мың шаршы метрге, негізгі және стансалық жолдар — 164 шақырымға жетті.Түрксіб 1931 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақты пайдалануға берілді. Кұрылысшылар еңбегі жоғары бағаланды: ұжым Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Еңбек Қызыл Ту орденіне ие болғандар қатарында құрылыс бастығы B.C. Шатов, жұмысшылар Ж. Балгаев, А. Мәженов, Л. Лодкин, инженерлер Д.Т. Шермгорн, Д.Д. Бизюкин — барлығы 9 адам болды.. Бірінші бесжылдықта, мұнымен қатар өнеркәсіптік мәні бар бірқатар тартабанды жолдарсалынды, олар: Гурьев-Доссор-Мақат, Байқоңыр-Қарсақбай—Жезқазған, Қосқұдық пен Ащысай тармақтары. Екінші және үшінші бесжылдық кезеңінде, бірінші бесжылдыққа қарағанда көлік қатынасын дамытуға 2,7 есе көп қаржы салынып, одан кейінгі жылдарда теміржол қатынасы бұрынғыдан да жоғары қарқынмен дамыды. Көлік қатынасы мен байланыс саласына бөлінген күрделі қаржының үлесі республика халық шаруашылығына жұмсалған барлық күрделі қаржының 21,4%-ын құрады.. Бұл жаңа теміржол құрылысын дамытуға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде Қарағанды, Балқаш, Жезқазған—Қарсақбай, Кенді Алтай және Ембі секілді Қазақстанның ірі өнеркәсіпті аудандары елдің жалпы жол қатынасы тораптарына қосылды. Бұл ретте жаңа жол желілерінің 3/5 бөлігінен көбірегі Орталық Қазақстанға тиесілі болды. 1931 —1938 жылдары салынған (тоқтатылып қойылуына байланысты 1932—1934 жылдардағы үзіліспен қосқанда) Қарағанды—Балқаш теміржол желісі 1939 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұрақты пайдалануға берілді. Ол Балқаш мыс қорыту зауытын оның отын базасы - Қарағанды көмір алабымен байланыстырды. 1940 жылы 25 желтоқсанда Жарық—Жезқазған желісі іске қосылды. Жол Жезқазған комбинатының құрылысы мен өндірістік сұраныстарына қызмет етіп, оны Қарағанды көмір алабымен, сондай-ақ мыс пен марганец кені жеткізілетін Оралмен байланыстырды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Рубцовка Риддер теміржол желісі де пайдалануға берілді, ол Алтай өнеркәсіп кешенін елдің басқа аймақтарымен байланыстыру арқылы, Шығыс Қазақстанның көлік қатынасы жағдайын, түсті металлургиясы мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін шешті. Республиканың мұнайлы аймағы Батыс Қазақстанның да теміржол торабы кеңейді. 1938 жылы күзде Орал-Илецк желісі тұрақты пайдалануға берілді, Гурьев-Қандыағаш желісі уақытша пайдаланылды, ал 1940 жылы Қандыағаш-Орск желісінің құрылысы басталды. Сонымен қатар республикада Шымкент-Леңгір, Талдықорған-Текелі, Түркістан—Ащысай және басқа да өндірістік теміржол желілері салынды. Кеңес Одағының үшінші бесжылдықтағы маңызды теміржол құрылысының бірі Оңтүстік Сібір магистралі болатын, ол Оңтүстік Оралдың металлургиясын Кузнецк көмір алабымен қосуы тиіс болды. Магистральдің құрамдас бөлігі Ақмола-Қарғалы желісі еді. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің және Қазақстан К(б)П ОК-нің 1939 жылдың 5 мамырындағы «Ақмола-Қарғалы теміржол желісінің құрылысы туралы» қаулысында: «Бұл магистральдің саяси және шаруашылық маңызы бүкіл ел үшін, әсіресе Қазақстан үшін аса маңызды. Республиканың солтүстік шығыс бөлігінде бір жарым мың шақырым қашықтыққа созылатын жол Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының шалғай аудандарының жедел өркендеуіне жағдай жасайды, бұл аудандардың жаңа да аса зор көлемдегі ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік байлығын — астық, мал шаруашылығы өнімдерін, Максимов кен орны мен Екібастұздың көмірін, Бозшакөл мысын, Майқайынның алтынын, Торғайдың сүрмесін, Сандықтаудың ағаш байлығын, тағы басқаларын кеңес халқының игілігіне айналдырады» делінді. Бұл магистральдің Қарағанды көмір алабы үшін аса зор маңызы болғанын атап айту керек, оның дамуы көміртасымалдауды түбірімен жақсартты. Петропавлдағы жүк тасымалы ағыны 1940 жылы 5,4 млн тоннаға жетті, алайда Қарағанды алабында казылған көмір 10 млн тоннаға жеткен жагдайда (бұл ол кезде таяу жылдарда жүзеге асырылуы тиіс міндет болатын) Қарағанды, Ақмола-Петропавл желісі мұндай көлемдегі жүкті тасып үлгермеген болар еді. Екінші жол салу немесе ең төте жолмен жаңа Ақмола-Қарталы желісін жүргізу Қарағанды алабын Оңтүстік Оралмен байланыстырып, әрі Омбы теміржолының жүгін азайтуы тиіс болатын. Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рысқұлов жолдастың басшылығымен Түрксіб құрылысына жұмыс істеген Жәрдем комитеті жүргізген елеулі жұмыстарды» атап өтті.. Кеңес Одағы республикалары Түрксіб құрылысының алғашқы күндерінен бастап-ақ оған құрылыс материалдарымен, техникамен және кәсіби маманданған жұмысшы күшімен үлкен жәрдем көрсетті. 1927 жылдың алғашқы айларының өзінде-ақ Мәскеу, Ленинград, Харьков, Днепропетровск және РКФСР мен Украинаның басқа да ірі өнеркәсіп орталықтарынан құрылысқа бетон құюшылар, арматурашылар, байланысшылар, жол төсеушілер келіп жатты. Черкасскіден украин жер қазушы жұмысшылары келді. ЖКХК құрылысқа инженерлер мен техниктер тобын жіберді. Ленинградтық инженерлер мен техниктер Семей, Алматы және Мәскеу аралығында тұрақты радиобайланыс орнатута көмектесті. Оңтүстік пен солтүстіктегі жол төсеуші-құрылысшылар қалашықтары бір-біріне жедел қарқынмен жақындай түсті. Құрылыстың алғашқы кезеңінде солтүстікте 155 шақырым, келесіде 185 шақырым, ал 1929 жылы күніне орта есеппен 2,5 шақырымнан, барлығы 432 шақырым жол төселді. 1927-1929 жылдары оңтүстікте 506 шақырым жол төселді және 1930 жылы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік желілер Айнабұлак стансасында түйісті. Жанама құрылыстар да жедел қарқынмен жүргізілді, олардың неғұрлым ірілерінің қатарында Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және басқа өзендерге салынған көпірлерді атауға болады. 1928 жылы қыста Ертіс өзенінің екі қылта тұсынан 11 күн ішінде ұзындығы 300 метрлік уақытша аташ тіреулі көпір салынды, ал 9 мың текше метр бетон жұмсалған, ұзындығы 600 м тұрақты темір көпір 18 айлық үздіксіз қарқынды жұмыстың нәтижесінде 1929 жылы 20 наурызда пайдалануға берілді. Аз ғана уақыт ішінде Іле көпірі бой көтерді. Екі жақтан тартылған жол түйіскенге дейін, яғни екі маусым және бір қыс ішінде, теміржол құрылысында 12 млн текше м жер қазу жұмыстары жүргізілді, оның 52%-ы қол күшімен, 15-і — тәшкемен, 15-і — вагонеткамен, 8-і — ат жегілген сүйретпемен, 10-ы — экскаватормен атқарылды, тас қопару көлемі 6% болды. Осы уақыт ішінде тұрғызылған жанама құрылыстар көлемі 155 мың шаршы метрге, негізгі және стансалык жолдар – 1644 шақырымға жетті.Түрксіб 1931 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақты пайдалануға берілді. ## Құрылысшылар еңбегі Құрылысшылар еңбегі жоғары бағаланды: ұжым Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Еңбек Қызыл Ту орденіне ие болғандар қатарында құрылыс бастығы B.C. Шатов, жұмысшылар Ж. Балғаев, А. Мәженов, Л. Лодкин, инженерлер Д.Т. Шермгорн, Д.Д. Бизюкин - барлығы 9 адам болды.. Бірінші бесжылдықта, мұнымен қатар өнеркәсіптік мәні бар бірқатар тар табанды жолдар салынды, олар: Гурьев-Доссор-Мақат, Байқоныр-Қарсақбай-Жезқазған, Қосқұдық пен Ащысай тармақтары. Екінші және үшінші бесжылдық кезеңінде, бірінші бесжылдыққа қарағанда көлік қатынасын дамытуға 2,7 есе көп қаржы салынып, одан кейінгі жылдарда теміржол қатынасы бұрынғыдан да жоғары қарқынмен дамыды. Көлік қатынасы мен байланыс саласына бөлінген күрделі қаржының үлесі республика халық шаруашылығына жұмсалған барлық күрделі қаржының 21,4%-ын құрады.. Бұл жаңа теміржол құрылысын дамытуға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде Қарағанды, Балқаш, Жезқазған-Қарсақбай, Кенді Алтай және Ембі секілді Қазақстанның ірі өнеркәсіпті аудандары елдің жалпы жол қатынасы тораптарына қосылды. Бұл ретте жаңа жол желілерінің 3/5 бөлігінен көбірегі Орталық Қазақстанға тиесілі болды. 1931-1938 жылдары салынған (тоқтатылып қойылуына байланысты 1932-1934 жылдардағы үзіліспен қосқанда) Қарағанды-Балқаш теміржол желісі 1939 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұрақты пайдалануға берілді. Ол Балқаш мыс қорыту зауытын оның отын базасы - Қарағанды көмір алабымен байланыстырды. 1940 жылы 25 желтоқсанда Жарық - Жезқазған желісі іске қосылды. Жол Жезқазған комбинатының құрылысы мен өндірістік сұраныстарына қызмет етіп, оны Қарағанды көмір алабымен, сондай-ақ мыс пен марганец кені жеткізілетін Оралмен байланыстырды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Рубцовка-Риддер теміржол желісі де пайдалануға берілді, ол Алтай өнеркәсіп кешенін елдің басқа аймақтарымен байланыстыру арқылы, Шығыс Қазақстанның көлік қатынасы жағдайын, түсті металлургиясы мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін шешті. Республиканың мұнайлы аймағы Батыс Қазақстанның датеміржол торабы кеңейді. 1938 жылы күзде Орал-Илецк желісі тұрақты пайдалануға берілді, Гурьев - Қандыағаш желісі уақытша пайдаланылды, ал 1940 жылы Қандыағаш-Орск желісінің құрылысы басталды. Сонымен қатар республикада Шымкент-Леңгір, Талдықорған-Текелі, Түркістан-Ащысай және басқа да өндірістік теміржол желілері салынды. Кеңес Одағының үшінші бесжылдықтағы маңызды теміржол құрылысының бірі Оңтүстік Сібір магистралі болатын, ол Оңтүстік Оралдың металлургиясын Кузнецк көмір алабымен қосуы тиіс болды. Магистральдің құрамдас болігі Ақмола-Қарғалы желісі еді. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің және Қазақстан К(б)П ОК-нін 1939 жылдың 5 мамырындағы «Ақмола-Қарғалы теміржол желісінін құрылысы туралы» қаулысында: «Бұл магистральдің саяси және шаруашылық маңызы бүкіл ел үшін, әсіресе Қазақстан үшін аса маңызды. Республиканың солтүстік шығыс бөлігінде бір жарым мың шақырым қашықтыққа созылатын жол Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының шалғай аудандарының жедел өркендеуіне жағдай жасайды, бұл аудандардың жаңа да аса зор көлемдегі ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік байлығын — астық, мал шаруашылығы өнімдерін, Максимов кен орны мен Екібастұздың көмірін, Бозшакөл мысын, Майқайыңның алтынын, Торғайдың сүрмесін, Сандықтаудың ағаш байлығын, тағы басқаларын кеңес халқының игілігіне айналдырады» делінді. Бұл магистральдің Қарағанды көмір алабы үшін аса зор маңызы болғаның атап айту керек, оның дамуы көмір тасымалдауды түбірімен жақсартты. Петропавлдағы жүк тасымалы ағыны 1940 жылы 5,4 млн тоннаға жетті, алайда Қарағанды алабында қазылған көмір 10 млн тоннаға жеткен жағдайда (бұл ол кезде таяу жылдарда жүзеге асырылуы тиіс міндет болатын) Қарағанды, Ақмола-Петропавл желісі мұндай көлемдегі жүкті тасып үлгермеген болар еді. Екінші жол салу немесе ең төте жолмен жаңа Ақмола-Қарғалы желісін жүргізу Қарағанды алабын Оңтүстік Оралмен байланыстырып, әрі Омбы теміржолының жүгін азайтуы тиіс болатын. Жаңа құрылысты жұмысшы күшімен қамтамасыз ету бойынша жан-жақты көмек көрсетілді: құрылыс трестерінен 2600 маман құрылысшы бөлінді; РКФСР-дің орталық облыстарынан 10 мың жұмысшы тартуға шешім қабылданды; 1939 жылдың бірінші жартысында жоғары оқу орындарын бітіргендердің қатарынан 110 жас маман құрылысқа жолдама алды; көптеген құрылыс техникалары бөлініп, онымен жұмыс істеу үшін жеткілікті мамандар жіберілді. Жаңа құрылысқа эшелон-эшелондаған құрылыс материалдары, жабдықтар, жанармай, құрастырмалы тұрғын үй бөлшектері, палаткалар, жұмысшыларға арналған киім мен тамақ тиеген тіркемелер ағылып жатты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті құрылысқа 1200 коммунист аттандырды, республика комсомолы Орталық Комитетіне 10 мың комсомол мүшесін құрылысқа жіберу тапсырылды. Ақмола-Қарғалы жолының құрылысын КазКСР Халкомы торағасының орынбасары И. Тәжиевтің басшылығымен жұмыс істеген Республикалық Жәрдем комитеті кадаталады. Комитет құрамына: Қазақстан ЛЖКО ОК хатшысы А. Мәмбетов (комитет төрагасының орынбасары), Қазақстан К(б)П OK хатшысы Ж. Шаяхметов, сауда халкомы К. Мыржыков және денсаулық сақтау халкомы И. Қарақұлов, өнер ісі жөніндегі басқарма бастығы Б. Қосынов, байланыс наркоматының өкілетгі өкілі П.Я. Поздняков, Түркістан-Сібір теміржолының бастығы Н. Брехунец, ішкі істер халкомының орынбасары Б.Н. Чирков, республикалық газеттер редакцияларынан — А.И. Шумаков («Казахстанская правда») пен С. Бәйішев («Социалисток Қазақстан») кірді. Жәрдем комитеттері, сондай-ақ жергілікті жерлерде де: Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. Бұл облыстар жекелеген құрылыс учаскелеріне, ал Алматы қаласы — Ақмоладағы көпірлердің құрылысына басшылық етті. Мәселен, Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан обкомы мен облаткомы жолдың 5 құрылыс учаскесіне Жәрдем комитетін құрып, 1939 жылы 20 мамырда құрылысқа 170 коммунист пен 1537 комсомол мүшесін аттандырды, облыс колхоздарынан көмекке 2900 жұмысшы жіберді, құрылыс басында 3 дүкен, 8 дүңгіршек, 2 асхана, 3 шаштараз, 2 жөндеу шеберханасын ашты, әр алуан кәсіпкерлік артелін құрды. Облыстық өнеркәсіп шаруашылығы артельдері құрылыс қажетіне 150 ат-тұрман әбзелдерін, 7 мың қолғап, 1000 темір кереует, 150 тәшке дайындады, 500 жұмысшыға арнап жер қазағын құралдар жинады; теміржол бойындағы мәдени-тұрмыстық құрылысқа 500 текше метр ағаш бөлінді. Жол бойына жақын орналасқан аудандарда көкөніс пен картоп өсірудің жоспары ұлғайтылды. Құрылысшыларға құрмет көрсету үшін 1 дәрігер, 2 фельдшер, 3 мейірбике, 1 санитар жіберілді, 5 көшпелі киноаппарат бөлінді, мектепке дейінгі мекемелерді, сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою курстарын, жалпы білім беретін мектептерді ұйымдастыру т.б. бойынша шаралар қабылданды. Мұндай жұмыстар республиканың басқа облыстарында да жүргізілді. Ақмола-Қарғалы, ондағы жұмысшылардың саны жатынан, Қазақстанның Түрксібтен кейінгі екінші ірі теміржол құрылысы болды. Құрылыс маусымының ең басында — 1939 жылдың мамыр айында құрылысқа 22,3 мың, адам тартылды, бұл осы құрылысқа бір жыл ішінде келген жұмысшылардың 90%-ына жуығы еді. 1939 жылы жолда жұмыс істеген жұмысшылардың орташа айлық саны сәуір-желтоқсан айларында 14 мыңға жуықтады, яғни құрылыстың жұмысшы күшіне мұқтаждығы айлар бойынша да, жыл бойы да толығымен қанағаттанарлық болды. 1940 жылы жұмысшылардың орташа саны 7 мың болды, 1941 жылы бұл сан 7622 адамға жетті; инженерлік-техникалық қызметкерлерді, қызметшілер мен кіші қызмет көрсетушілерді қосқанда құрылыста 9106 адам жұмыс істеді. Осы жол құрылысында Қазақстанның өз ішінде 84,3%, РКФСР аумағында 15,7% жұмысшы еңбек етті. 1939 жылы құрылысшылар атқарған жұмыс ауқымы жоғары деңгейді көрсетті: жер қазу жұмыстары 97,8% болды, құрылыстың шығыс бөлігінде 359,4 шақырым, батысында 389,2 шақырым жол төселді. 1941 жылдың карсаңында жер қазу жұмыстарының 88%-ы атқарылды, барлық ірі көпірлер салынып бітті, 10 орташа көпірдің 7-еуі, 99 шағын көпірдің 66-сы және басқа жұмыстар межесіне жетті. Жол құрылысының түбегейлі аяқталуы Ұлы Отан соғысы жағдайында жалғастырылды. Алғаш 1940 жылы қараша айында уақытша іске қосылғанмен, 1943 жылы толық пайдалануға берілді. Үшінші бесжылдықта жаңа көлік қатынасы құрылысы Қарағанды, Балқаш, Жезқазған-Қарсақбай, Рудный, Алтай, Ембі т.б. Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарының одан әрі қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Солтүстік және Орталық Қазақстанның теміржол желілері 1940 жылы Омбы теміржолы құрамынан бөлініп шыққан болатын және соның негізінде басқармасы Ақмола қаласында орналасқан өз алдына жеке Қарағанды теміржолы магистралі құрылды. Бұл Орталық Қазақстанның көмір-металлургия кешендерінің көлік қатынасы байланысын жақсарту және олардың одан әрі дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау талабынан туындады. Жарық-Жезқазған тармағы іске қосылғаннан кейін Қарағанды теміржолының жалпы ұзындығы 1621,4 шақырымға жетті. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары арқылы өтетін бұл теміржол республиканың халық шаруашылығында ғана емес, бүкіл Одақ деңгейінде маңызды орынды иемденді. Көлік қатынасы және экономикалық тиімділігі тұрғысынан магистраль үш учаскеге бөлінді: Петропавл-Ақмола-Тобыл желісі ауыл шаруашылығы аймағына қызмет етті; Ақмола-Қарағанды-Жарық желісі Қарағанды көмір-металлургия кешенінің теміржол күре тамырына айналды; Жезқазған-Жарық-Бертіс теміржолы Балқаш мыс қорыту өнеркәсібіне және Жезқазған-Қарсақбай тау-кен металлургия кешеніне қызмет етті. Қарағанды-Балқаш және Жарық-Жезқазған теміржолдары тұрақты пайдалануға, ал Ақмола-Қарғалы теміржолы уақытша пайдалануға берілгеннен кейін, Қарағанды теміржолы 1940 жылдың өзінде-ақ Қазақстан теміржол көлігі тасымалындағы бүкіл жүк айналымының 37%-ына жуығын атқарды. Соғыс карсаңында жылдары республиканың теміржол жүк айналымындағы Қарағанды және Түркістан-Сібір теміржол магистральдерінің үлес салмағы 75%-ға жуық болды. 1928-1940 жылдары Қазақстан теміржолдарының жалпы ұзындығы 3480 шақырымнан 6581 шақырымға, яғни 3,1 мың шақырымнан көбірекке немесе 89,0%-ға артты. Бұған қосымша көпшілік пайдаланудан бөлек 894 шақырым айналма жол желісі салынды.. Жаңа шойын жол желілерін тартуды кең ауқымда жүзеге асырумен қатар Қазақстан теміржолының тасымал өткеру қабілетін арттыру саласында да қыруар жұмыстар атқарылды. Мәселен, Қазақстан аумағынан өтетін Орынбор (1934 жылдан), Ташкент (1934 жылдан), Рязань-Орал, Оңтүстік Орал, Омбы және Томск теміржолдары өздерінің тасымалдау қабілеттерін айтарлықтай күшейтті, жол шаруашылығын жақсартты, тасымал тіркемелерін көбейтті. Республиканың көне магистралі Орынбор-Ташкент толығымен қайта құрылды: жолдың үстінгі құрылымы күшейтілді, станса қызметі дұрыс жолға қойылды. Омбы-Челябинск жолында, Есілкөл-Макушино учаскесін қоса алтанда, екі қатар жолдар салынды, автоблокировка жасалынды, топырақ төсемі жаксартылды, қуатты «ФД» паровоздары іске қосыла бастады. Түркістан-Сібір магистралінде жүзете асырған жаңа өзгерістер сол жылдардағы Қазақстан теміржол қатынасын дамытудың жарқын мысалы болып табылады. Жолдың техникалық денгейін көтеруге, паровоз және вагон деполарын, электр стансаларын салуға, жылжымалы тіркеме мен станса жабдықтарын алуға, тұрғын үй және қызмет көрсету гимараттарын салуға, стансаларды көркейтуге және тағы басқаларға 1931 жылдан 1939 жылға дейін 206 млн сомнан артық қаржы бөлінді (сметалық батамен). Жолдың жалпы ұзындығы (негізгі жол мен стансаға кіру жолдары) 225 шақырымға арттырылды. Бүл ішінара I Алматы-II Алматы және Шымкент-Леңгір тармақтарын салу мен тұрақты пайдалануға берілуінің есебінен, сондай-ақ стансаға кіру жолдарын ұлғайтудың арқасында іске асты. 1931 жылы Түрксібте бар-жоғы үш негізгі паровоз депосы болса, 1938 жылға қарай осындай тағы да алты депо жұмыс істеді. Соның нәтижесінде жолға түсетін жүк тасымалы ауыртпалығы орта есеппен 2,7 есеге қысқарды. Сонымен қатар жолшыбай аялдайтын паровоз деполары салынып, олардың саны 4-тен 7-ге жетті. 1933 жылға дейін жолда іс жүзінде вагон деполары мен шеберханалар болған жоқ. 1938 жылға қарай үш вагон депосы, екі вагон жөндеу пункті және бір тораптық маңызы бар вагон дөңгелектерін жөндеу шеберханасы салынды. Паровоз және вагон деполары мен шеберханаларының электрмоторлы стансалық жабдықтарының қуаттылығы 11,2 есе артты, жол бойынан 27 электр стансасы салынды. 1931-1937 жылдары паровоз парктері екі есе көбейді. Онда сапалық өзгерістер жүзеге асырылды: неғұрлым қуатты паровоздар келді, жүк тиеп-түсіретін вагон паркі жартылай автоматты тежегішпен жабдықталды, вагондарды автоматты тіркеу тетіктері іске қосылды, жолаушы вагондарының паркі 16%-ға көбейді. Жаңа жол желілерін салу, оларды техникалық жабдықтау, теміржолдың өткізу қабілетінің артуы — осының бәрі Қазақстан темір жол қатынасы жүк айналымының 1928 жылғы 2,9 млн тоннадан 1937 жылы 8,8 млн тоннаға жетіп, шұғыл көтерілуіне қол жеткізді. Сөйтіп Қазақстан теміржолдарының жүк айналымы бірінші бесжылдықта 3 есе, ал екінші бесжылдыкқта 2,7 еседен астамға көтерілді, 1928-1937 жылдары барлығы 6,6 есе артты. Әсіресе өнеркәсіп өнімдерін тасымалдау шұғыл өсті. 1937 жылы тас көмір мен кокс 1928 жылмен салыстырғанда 38,6 есе, минералды және құрылыс материалдары 13,9 есе, рудалар 1929 жылмен салыстырғанда 47,2 есе көбейді. Қазақстан теміржол қатынасы жүк айналымында жетекші орынды, бірінші бесжылдықтағыдай, Түркістан-Сібір және Омбы теміржолдары иеленді, олардың үлес салмағы республикадағы бүкіл жүк айналымының 70%-ына жетті. Екінші бесжылдықта Омбы теміржолының үлесі айтарлықтай артып, 1937 жылы 41% болды. Республика теміржолдары жүк айналымындағы Түрксібтің үлесі 1937 жылы 28,9%-ды құрады. Басқа теміржол желілерінің Қазақстан теміржол қатынасы жүк айналымындағы үлес салмағының аз болуы себепті (1937 жылы Орынбор теміржолы — 12,9%, Ташкент теміржолы — 6,8, Рязань-Орал темір жолы — 4,2, Томск темір жолы — 2,9, Онтүстік Орал теміржолы — 26,4%) жүкті тасымалдап әкелу жағынан Түркістан-Сібір теміржолы басым түсті. 1937 жылы оның үлес салмағы 37,7%, Омбы теміржолыныкі - 29% болды. Жүк жөнелту жөнінен Омбы теміржолының үлесі жоғары еді. 1937 жылы ол 52%-ға жетті. Түрксібтің жүк тасымал жұмысы құрылымында транзит жүк (35%) пен сырттан әкелінетін жүк (33%) мөлшері басым болды. Жергілікті тасымал және сыртқа тасу бойынша үлес салмағы көп болған жоқ. 1931-1937 жылдары Сібірден Орта Азияға 2 млн тоннаға жуық астық әкелінді, ағаш тасымалы 100 мың тоннадан 991 мың тоннаға, көмір — 9 мыңнан 809 мың тоннаға, мұнай өнімдері 73 мың тоннадан 565 мың тоннаға көбейді. 1933 жылдан Бакуден Сібірге келетін мұнай Түрксіб арқылы өтті: Красноводскіге теңізбен, одан кейін теміржолмен жеткізілді. Түрксіб арқылы жалпы жүк көлемінің 65%-ын құраған ағаш, тас көмір және мұнай өнімдерінен басқа, Қазақстан мен Қырғызстанға жыл сайын 25-тен 40 мың тоннаға дейін машиналар, рудалардың, қара металдың, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінін көп мөлшері тасылды. Ал сыртқа негізінен астық, құс, көкөніс, жеміс-жидек, мақта, қант және сексеуіл жөнелтілді. Қазақстанда көлік қатынасының басқа түрлері жетімсіз болуына орай, жолаушы тасудың басым бөлігін теміржол атқарды. Тек 1937 жылы ғана республика теміржолдарының жолаушы тасымалдау айналымы 6,7 млн адамнан асты, оның 5,1 млн-нан астамы Түркістан-Сібір және Омбы теміржолдарының үлесіне тиді. Республика теміржолдарының жолаушы тасымалдау айналымындағы Түрксібтін үлесі 1937 жылы 41,0%-ға, ал Омбыныкі 35,1%-ға жетті. 1940 жылы Қазақстан теміржолдарының жүк айналымы (жөнелту бойынша) 15,5 млн тоннадан асып, 1928 жылмен салыстырғанда 11 есе өсті; оның ішінде: тас көмір мен кокс -6075 мын т (1928 жылғы 10,0 мың тоннанын орнына), кен — 643 мың т (1932 жылғы 23,1 мың тоннаның орнына); астық — 1451 мың т (1928 жылғы 602,0 мың тоннаның орнына), құрылыс минерал материалдары - 4318 мың т (1928 жылғы 135,0 мың тоннаның орнына, яғни 30 есеге жуық) болды. Қазақстан теміржолының жүк айналымы құрылымында (жөнелту бойынша): тас көмір (1928 жылғы 0,7%-дың орнына 1940 жылы 39,1%),түсті металлургия (кен - 1932 жылғы 0,5%-дың орнына 4,1 %), мұнай өнеркәсібі өнімдері (0,5%), сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттар, әсіресе астық (9,4%) және басқалар жетекші орын алды. Осының бәрі Орталыққа және елдің басқа аймақтарына олардың өнеркәсібін отынмен, шикізатпен, ал тұрғындарын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жіберіліп отырды.. ## Индустрияландырудағы даму Индустрияландыру жағдайында Қазақстанда көлік катынасынын су жолы, автокөлік, әуе жолы т.б. тәрізді басқа да түрлері біршама дамыды. Бұл жылдары бұрыннан бар су жолдарын пайдалануды кеңейту және жаңаларын игеру жұмыстары жалғасын тапты. Орал және Іле өзендері мен Балқаш көлінде жаңа кеме қатынастары іске қосылды, Ертіс пен Сырдариядағы, Зайсан көлі мен Каспий және Арал теңіздеріндегі кеме қатынастары дамытылды. Ертіс өзені мен Зайсан көлі су жолының ірі күре тамырына айналды. 1932 жылы, осы су жолын қамтитын Батыс Сібір кеме қатынасы шаруашылығының негізінде екі кеме қатынасы шаруашылығы құрылды, олар: құрамына Ермак айлатынан Павлодар облысындағы Орал төбеге дейінгі учаске кіретін Төменгі Ертіс (орталығы Омбы қаласында) және Ермак айларынан Зайсандағы Тополев мүйісіне дейінгі аралықта қызмет көрсететін Жоғарғы Ертіс (басқармасы Семей қаласында) кеме қатынасы шаруашылықтары. 1934 жылы Жоғарғы Ертіс кеме қатынасы шаруашылығының қызмет көрсететін аумағы Павлодарға және Қара Ертіспен жоғары өрлей отырып, Қытаймен шекараға дейін жеткізілді. 1931 жылы құрылған Орал кеме қатынасы шаруашылығы Гурьевтен Орынборға дейінгі өзен жолына, Астрахан - Гурьев және Гурьев - Жилая Коса - Прорва теңіз жолына, барлығы 2239 шақырым аралыққа қызмет көрсетті. Кеме жүзетін өзендердің арнасын тазарту, су табанын тереңдету және басқа жұмыстар жүргізілді, гидротехникалық құрылыстар салынды. Нәтижесінде, Қазақстан су жолдарының пайдаланылу ауқымы 2 еседен артық өсті. Су қатынасы көліктерінің техникалық құралдары қалпына келтірілді және жаңартылды. XX тасырдың 30-жылдарының соңына қарай Қазақстанда жалпы қуаты 16 952 ат күшіне жететін, жүк көтергіштігі 68,0 мың тонна болатын жүк-жолаушы тасымалдау, сонымен қатар буксир кемелері болды. 1928 жылмен салыстырғанда жүк-жолаушы тасымалдау кемелерінің саны 2 есеге, буксир флоты 6 есеге артты, жалпы тонна есебімен салмағы 4,4 есе өсті. Алайда Қазақстандағы өзен флоты ескірген және тозығы жеткен кемелермен жабдықталған еді, олардың жүзу аралығындағы жөнделу сапасы төмен болып қала берді; мұның себебі жөндеу материалдарының жетіспеушілігі, арнайы кеме қоятын шығанақтардың дұрыс жабдықталмауы, шеберханалардың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі; еңбек өнімділігінің төмендігі т.б. болды. Кеменің суға бататын бөлігі өзен табанына тым жақын келді, қажетті мөлшерден 0,2-0,3 м асып кетті. Осының салдарынан көптеген кемелер жаз ортасында-ақ қантарулы тұрды. Бұдан кемелер жылдамдығының баяулауы, отынның артық шығындалуы, тасылатын жүктің өзіндік құнының артуы т.б. қиыншылықтар туындады. Осыған байланысты, республиканың су қатынасын түбірімен жақсарту бағытында істелетін қыруар жұмыстар күтіп тұрды. Артта қалған қатынас көліктерінің бірі автоколіктердің қанағаттанғысыз жағдайын жол құрылысының төмен деңгейімен, сондай-ақ республикадағы автопарктердің нашар жабдықталуымен түсіндіруге болады. Қазақстанның есепке алынған автомобиль және күш көлігі жолдары торабының ішінде, оның 1933 жылы 1 қаңтарда тек 0,6%-ы ғана асфальт төселген болса, 0,8%-ы тас төселіп тегістелген, 98,6%-ы табиғи жол еді. Кейінгі жылдары жол қиыншылығынан құтылу және республиканың автокөлік қатынасын дамыту іс-шараларына байланысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан бірқатар жол құрылысы техникалары мен механизмдерін алды, олардың саны 1933 жылғы 46-дан 1941 жылы 1152-ге жетті. Бұл техника Қазақстандағы жол қиындықтарын шешуге септігін тигізетін үлкен күшке айналды. Ол бұрыннан бар жолдарды жөндеуден өткізу мен жаңаларын салуда кеңінен пайдаланылды. Алайда материалдар мен құрал-саймандардың жеткіліксіздігінен, маман жұмысшы күшінің аздығынан, жұмысты механикаландыру деңгейінін төмендігінен т.б. себептерден жол құрылысы жоспары орындалмай жатты. 1928-1932 жылдары бүған бөлінген қаржының тек 46%-ы ғана игерілді, жоспарланған жол көлемінің 21%-ы ғана салынды. Жаңадан салынған жолдың 75,6%-ы тас төселген жол үлесіне тиді. Негізінен Түрксібке кіретін (жақын келетін) жолдар салу қолға алынғанымен, алайда 1933 жылға дейін олардың бір де біреуі толық аяқталмады. Екінші бесжылдықта жол құрылысы техникасымен жабдықтаудың жақсаруына және күрделі қаржы мөлшерінің көбейюіне орай, жол құрылысы ауқымы біршама кеңейді. Соның арқасында, 30-жылдардың орта шенінде Қазақстандағы автокүш көлігі жолының жалпы ұзындығы 100 мың шақырымнан асты, мұның 97,3%-ы табиғи жол болса, тас төселгені — небары 2,1%-ын, асфальт жол тек 0,6%-ын ғана құрады. Сөйтіп, екінші бесжылдықтың соңына қарай да жол қиындығы Қазақстандағы көкейкесті мәселенің бірі болып қала берді. Республиканың автопарктері көбейді. Автокөлікті басқару мен пайдаланудың формалары мен әдіс-тәсілдері жетілдірілді, оның барлық жүйелері мен мекемелерінде жоспарлы жұмыс түрі, автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы-ескерту жүйесі енгізілді. 1927 жылы Алматыда, Қазақстандағы бүкіл автокөлік тасымалы жұмыстарын бір орталыққа шоғырландырған «Автотранспорт» акционерлік қоғамы құрылды. 218 автокөлігі бар, 12 бағытта автокөлік қатынасы қызметін көрсететін бұл қоғам 1929 жылы ЖКХК Одақ көлік мекемесінің қарауына берілді. Жүк және жолаушылар тасу қызметінің ауқымы кеңейді, ол ауылдық жерлерді де қамти бастады. 30-жылдардың бас кезінде, шалғайдағы дайындаушы пункттерден астықтасу, астықты дайындау орнына («Заготзерно») жеткізу және ауыл-село тұрғындарына сауда қызметін көрсету мақсатында, тұтынушылар кооперацияларының Қазақ өлкелік одағы («Казкрайсоюз») жүйелерінде автокөлік шаруашылықтары құрыла бастады. Қазақ өлкелік одағының автопаркінде республикада сол кез үшін ең ірі — жүккөтергіштігі 1190 тонна 518 жылжымалы тіркеме болды. 1928 – 1933 жылдары Қазақстанның автокөлік паркі 10 еседен аса көбейді, ал жүк машиналары паркі 24,3 есе өсті. Бұдан кейінгі жылдары автокөлік санының осу қарқыны, әсіресе колхоз, совхоз, МТС-тердің дамуына байланысты, айтарлықтай артты. 1933 жылдың 1 шілдесінде республиканың барлық автопарктерінің 28%-ы ауыл шаруашылығы саласына қызмет етті. Әйткенмен де Қазақстанның автокөлік қызметі халық шаруашылығының жүк тасымалдау саласындағы өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыра алмады. Автокөлік шаруашылығы әлсіз, тым шағын болды, республиканың автопарктері ұсақ шаруашылықтарға бөлініп, шашырап жатты. Мәселен, 1932 жылы Қазақстанда 5-ке дейін машинасы бар 615 шаруашылық жұмыс істеді. Тек бір шаруашылық қана 100 машинаға иелік етті. 1937 жылғы 20 мың автомашинаның орнына 1941 жылға қарай 30 мыңнан аса автомашина болды. Бірақ бәрібір бұл аздық етті: бір шаруашылыққа орта есеппен үштен сәл ғана көбірек жылжымалы тіркемеден келді. Автокөлік қызметінің техникалық-жөндеу базасы қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі салдарынан автокөлік шаруашылықтарының қажеттіліктерінің тек 20%-ын ғана қамтамасыз ете алды, ал күрделі жөндеуден өтуі тиіс болған автокөлік моторлары, республикада өзіндік база болмағандықтан, Мәскеуге, Ленинградқа, Харьковке және елдің басқа қалаларына жіберіліп отырды. Автомашина гараждары жетпегендіктен, әрбір төртінші машина ашық далада тұрды. Жолдың сапасыздығы автомашиналарды қалыпты пайдаланылу мерзіміне және үздіксіз жүк тасымалын уақтылы қамтамасыз етуге кері әсерін тигізді. Бірақ қалай болғанмен де XX ғасырдың 30-жылдарындағы автокөлік қатынасы қалыптасу кезеңін бастан кешірді деп айтуға болады. XX ғасырдың 30-жылдарының басында республикада әуе көлігі қатынасы дами бастады. 1930 жылы КСРО Азаматтық әуе флотының Қазақ басқармасы ұйымдастырылды. Басқарманың материалдық-техникалық базасын жасау үшін арнайы қаржы бөлінді. 1930 жылы Алматы қаласында әуежай ашылды, отандық жана ұшақтар пайда болды, Алматы мен Фрунзе, Ташкент, Жаркент, Семей аралығында үздіксіз әуе жол қатынасы ашылды. Сондай-ақ Мәскеу — Ташкент бағыты бойынша Қызылорда мен Ақтөбе арқылы ұшу жүзеге асырылды. Әуе жолы торабы жылдан-жылға ұлғая отырып, 1937 жылға қарай оның жалпы ұзындығы 3 есеге жуық өсті. Қазақстанның әуе жолы көлігін дамытуға екінші бесжылдықта 27 млн сом бөлінді. 3 әуежай, 17 — екінші санатты, 37 — үшінші санатты аэростанса, 175 аялдама аланын, 4 жөндеу шеберханасын (Алматы, Семей, Ақмола, Ақтөбеде) және Қазақстанның әуе көлігі жүйесі үшін кадрлар дайындайтын бір авиатехникум құрылысын салу белгіленді. 1933 жылы Азаматтық әуе флотының Қазақ басқармасы қайта құрылды: екі дербес басқарма - Оңтүстік Қазақстан (орталығы Алматыда болды) және Солтүстік Қазақстан (орталығы Ақмолада болды) басқармалары жұмыс істеді. Мәскеу — Ташкент, Алматы — Балқаш — Карағанды, Алматы — Жаркент, Ақмола — Атбасар — Қостанай, Жосалы — Қарсақбай, Арал теңізі — Мойнақ, Семей — Өскемен — Алтай бағыттары ең ірі әуе жолдары санатына кірді. Одақтық және республикалық маңызға ие әуе жолдарынан басқа, жекелеген экономикалық аудандар мен ірі елді мекендерді теміржол, өзен тораптарыметі және облыс орталықтарымен байланыстыратын жергілікті әуе жолы қатынасы жасалды. Алғашқы әуе қатынасы жолдары Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында 1933 жылы пайда болды, ал 1934 жылы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында олар 36 аудан мен ірі елді мекендерді байланыстырды. Ұшақтар зауыттарға, фабрикаларға, комбинаттарға және басқа да өнеркәсіп мекемелері мен жаңа құрылыстарға жедел жүктер мен қосалқы бөлшектерді жеткізіп тұрды. Республиканың алыс аудандарына ұшқыштар медициналық керек-жарақтар мен дәрі-дәрмектер, жеміс-жидек пен көкөністер, әр алуан тауарлар тасыды, жолаушылар және пошта тасымалдаумен айналысты. Әуе флоты шалғай аудандармен және жол қатынасы қиын елді мекендермен байланыс орнатуда үлкен рөл атқарды. Жоғары жылдамдығы, сондай-ақ республиканың жол қатынасы қиын таулы, шөлейтті, жартылай шөлейтті аудандарына бару мүмкіндігі әуе көлігінің ерекше тиімділігін айқындап берді. Қазақстанның азаматтық авиациясы ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресте ауқымды жұмыстар атқарды, колхоздар мен совхоздарға егін шығымдылығын арттыруда белсенді көмек көрсетті. 1931 жылы арнаулы ауыл шаруашылық авиациясы құрылды, ал 1932 жылы мақта өсімдігі зиянкестерімен күрес жөніндегі жұмыстар қолға алынды. 1928-1933 жылдар ішінде 166 мың га аумақтағы ауыл шаруашылық зиянкестері жойылды. Одан кейінгі жылдары шегірткеге қарсы және ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес жөніндегі басқа да жұмыстар бұрынғыдан да күшті қарқынмен жүргізілді. 1930 жылдары Азаматтық әуе флоты құрамында санитарлық авиация дами бастады. Бұл игі іс 1925 жылы санитарлық ұшақтар жасау үшін қаржы жинау жөнінде ұсыныс енгізген Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдарының ленинградтық басқармасы қолдауының нәтижесінде жасалды. Санитарлық авиация паркінде П-5 амфибия ұшақтары болды. Санитарлық авиация Қазақстанда, республиканың оңтүстік шекарасынан Сібірге дейін, әсіресе оңтүстіктегі мақталы және күрішті аудандардағы көлтабандарда өте тез көбейетін безгек масасының личинкаларын жоюға байланысты көп жұмыс атқарды. 1932 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Алматы облысының Қаратал күрішті ауданында ұшақтар химиялық дәрі себуде (көлтабандарға) кеңінен пайдаланылды, соның нәтижесінде осы аудандардын бәрі дерлік қысқа мерзім ішінде безгек ауруынан қауіпсіздендірілді. Оның үстіне, санитарлық ұшақтар ауырған адамдарға дәрігерлер мен дәрі-дәрмектер жеткізді, науқастарды ауруханаларға тасыды. Сөйтіп КСРО-ны индустрияландыру жағдайында Қазақстанның жол қатынастарын дамыту жөнінен айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді, әсіресе жаңа теміржол құрылыстарын салу мен халық шаруашылығы жүктерін және жолаушыларды тасымалдау істері көзге көрінерліктей ілгері басты. Солай бола тұрса да, 1940 жылы ұлан-байтақ жері бар Қазақстанда өз заманына лайықты жол қатынастарымен қамтамасыз етілу жөнінен елеулі қиындықтар да орын алды. Ең алдымен, бұл Кеңес Одағының басқа аймақтарымен сенімді көлік байланысын қамтамасыз ету үшін жолдардың жеткіліксіз болуына қатысты, мұны бір қатарлы ғана магистральдық желілердін, түйіскен тораптар мен тұйық жолдардың көптігі салдарынан Қазақстан теміржолының өткізу қабілетінің төмен болуымен түсіндіруге болады. Екіншіден, Қазақстандағы теміржол және басқа көлік түрлері жылжымалы тіркемемен, станоктармен, рельстермен және барлық жабдықтармен дерлік сырттан, Орталық пен басқа да аймақтарда өндірілген құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Үшіншіден, Қазақстанның бұрынғы және жаңа теміржол желілері республикаішілік байланыстарды күшейту үшін ғана емес, ең бастысы республиканы Ресейдің орталығымен, Оралмен, Поволжьемен, Сібірмен және Орта Азиямен сыртқы экономикалық байланыстарын қамтамасыз ету мақсатында салынды. Осы себептен Шығыс аймақ Солтүстік, Орталық және Батыс аймақтарға тікелей шыға алмады. Бұл аймақтарға шығу Оңтүстіктен Семей арқылы, одан әрі Сібір аумағы: Новосібір, Омбы арқылы, бұлардан соң Петропавл арқылы жүзеге асырылды. Мұндай айналма жол 1953 жылға дейін — Трансқазақ магистралінің (Петропавлдан Шуға дейін) соңғы учаскесі болып табылатын Мойынғы-Шу желісі салынғанға дейін сақталды. Төртіншіден, шойын жолдармен қамтамасыз етілуі жағынан, Казақстанның басқа республикалармен салыстырғандағы жалпы артта қалушылығы да кері әсерін тигізді. 1940 жылы Қазақстан теміржолының жиілігі мынадай болды: 1 мың шаршы шақырымға бар болғаны 2,39 шақырым шойын жолдан келді. Одақ бойынша бұл корсеткіш 4,80 шақырым болды, яғни Қазақстан КСРО бойынша орташа көрсеткіштен 2,6 еседен көбірек артта қалды.. Бесіншіден, көлік қатынасының басқа түрлерінің соғыстан кейінгі жылдарды қоса алғанда өте-мөте артта қалуы, жүк және жолаушы тасымалы флотының жеткіліксіздігі, су жолдары айлақтарының әлсіздігі, автокөлік шаруашылықтары мен жолдардың жетіспеушілігі, әсіресе азаматтық авиацияның нашар дамуы республикадағы жолаушы және халық шаруашылығы тасымалының өсуіне кедергі келтірді. Қазақстан, өзінің 2711,1 мың шаршы шақырымдық орасан зор аумағына қарамастан, 1940 жылы 1,1 мың шақырым ғана тас төселген автокөлік жолымен Тәжікстан (0,9 мың шақырым) мен Түркіменстаннан (0,5 мың шақырым) ғана озып, Кеңес Одағы бойынша, Молдавиямен бірге 13 және 14-орынды иеленді.. Алайда осы және басқа кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстанның көлік қатынасы қызметі оның Кеңес Одағының басқа аймақтарымен байланысының материалдық тірегі ретіндегі рөлін атқарып қана қойған жоқ, оның үстіне республиканың өз ішіндегі облыстар, қалалар мен ауыл-селолар, өнеркәсіп орталықтары мен ауыл-село шаруашылықтары арасындағы байланысын жақсартуға да үлкен көмегін тигізді. Сонымен қатар көлік қатынасы индустриялық еңбектің жетекші салаларының бірі бола отырып, сондай-ақ ұлттық жұмысшы табын және инженерлік-техникалық интеллигенцияны қалыптастырудың ірі экономикалық негізін қалады. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4ISBN 978-601-282-026-3 ## Дереккөздер
Шашырау ореолы, шашырау атырабы (франц. aureole — жарқырау, шашырау) — кен орындарымен байланысты химиялық элементтер мөлшерінің геохимиялық фонмен салыстырғанда жоғары (кейде төмен) болып келетін табиғи түзілімдердің белдемдері. Пайда болу жағдайларына қарай Шашырау ореолы бастапқы (эндогендік) және туынды (гипергендік) болып бөлінеді. Бастапқы Шашырау ореолы кен денелерімен бір процестердің әсерінен қалыптасады. Бұл ореол бай кентастардың табиғи жалғасы болғандықтан, кен байыту технологиясының жетілдірілуіне қарай кентасты кендердің қатарына өтеді. Бастапқы Шашырау ореолының құрылысында белдемділік байқалады. Олардың кен денелері төңірегіндегі ішкі белдемдерінде барлық кентас элементтері кездеседі. Сыртқы белдемдерде химиялық элементтер саны азая береді. Сынап, сүрме, күшән сияқты элементтердің ореолдары сыртқы белдемнен орын алады. Шашырау ореолының белдемділігі химиялық элементтердің миграц. (көшу) қасиеттері мен кентаста шоғырлануына байланысты. Бастапқы Шашырау ореолының белдемдік құрылысының заңдылығы кентастардың орналасу тереңдігін анықтау үшін қолданылады. Бастапқы Шашырау ореолының геометриялық көлемі мен пішіні кен орнының тектоникасы мен тау жыныстарының физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты. Шашырау ореолы кен денелерінен жүздеген, мыңдаған м қашықтыққа таралады. Туынды Шашырау ореолы. кен денелері мен бастапқы Шашырау ореолының гипергендік процестер бұзылуы нәтижесінде хим. элементтердің табиғи түзілімдер ішінде бірнеше рет орын ауыстыруынан пайда болады. Туынды Шашырау ореолы механикалық (қатты заттардың бөлшектері түрінде шашырандылар), тұздық (ерігіш химиялық қосылыстар) және газды, биохим. болып бөлінеді. Механикалық Шашырау ореолы кендері физикалық (темп-раның, климаттың, т.б. өзгеруі) жолмен бұзылғанда жиылатын бастапқы және гипергендік минералдардың сынықтарынан, үгінділерінен тұрады. Олар элювийлік-делювийлік тау жыныстарында қалыптасады. Тұздық Шашырау ореолы жер асты суларында кездесетін ерігіш қосылыстардың (сульфаттар, т.б.) диффузия және капилляр күштері әсерінен бірнеше рет орын ауыстыруынан құралады. Газдық Шашырау ореолы радиоактивтік элементтер, мұнай, табиғи газдар кендерінің бетін жауып жатқан тау жыныстары арасында орналасады. Биохимиялық Шашырау ореолы кентастық хим. элементтердің өсімдіктерде шоғырлануымен байланысты. Орналасу жағдайларына қарай туынды Шашырау ореолы. ашық және жабық болып бөлінеді. Бұлардың алғашқылары жер бетіне шыққан тау жыныстары арасында, кейінгілері әр түрлі тереңдікте кездеседі. Бастапқы және туынды Шашырау ореолын Қазақстан геологтары кен іздеу ісінде кеңінен қолданады. ## Сілтемелер * Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Шернияз — Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесаларының бірі. Бұл пьеса ішінара өлеңмен жазылған. Жүсіпбектің Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған пьесасы. 1926 жылы Семейде басылып шыққан. Пьеса театр сахналарында қойылған. ## Қысқаша мазмұны Бұл шығармада алғашқы ұлттық интеллигенция өкілдерінің екі ұдай жолға түсуі,олардың екі қиырға тартуы, екі түрлі сенім - наным қақтығысының пайда болуы бейнеледі.Сонымен қатар пьесада шығарманың басты кейіпкері Шернияздың өзінің туған жеріне деген ыстық сезімі көрініс табады.Шернияз үшін туған жер қасиетті де қадірлі.Оның аманат - борышты, қарыздарды өтеу жолында күресу керек барлығы ел қамы үшін деген ойлары пьесада көрініс табады. ## Шығарма кейіпкерлері * Шернияз - ақылды,бойында адамгершілік қасиеті жоғары адам қатарынан.Оның бойында күш - қайрат, білім мен талант дарыған. Жасы 26 - да. * Базарбай - оқыған,жасы 25 -те, ойының бәрі тек арамдық. Оның елге барғандағы мақсаты ағайын - туыстардың,ауылдас - руластардың шоқпарын соғу, пара алу, баю, серілік - салдың құру,Дағдылы әдеті - ар - ұятты,достық - жолдастықты ұстану емес,реті келіп жатса, жақын - жуықты қаралаудан тайынбайды. * Раушан - Шернияздың сүйіп қосылған жары.Ол оқымаған,Раушанда тазалық,адамдық болғанымен оған таным - талғамы жетіспейді,осыдан барып олардың аралары суып,ақыры ажырасып тынады. * Жәмила - қала қызығына түскен,ойын - сауық, ләззат пен рақатты өмірдің мәні деп білетін жеңіл жүрісті әйел.Ол Шернияздың әйелі болады,бірақ ол күйеуінің көзіне шөп салады. * Рәзия - даяршы қатын, 25-те. * Алшағыр - қыр қазағы, Шернияздың ағасы, жасы 40-та. * Қордабай - Раушанның әкесі, жасы 60-та * Жаңылтай' - келіншек, жасы 22-де ## Дереккөздер * Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994. * http://aimauytov.psu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=64&Itemid=1 Мұрағатталған 6 қаңтардың 2014 жылы.
Ел қорғаны — Жүсіпбек Аймауытовтың 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан пьесасы. ## Қысқаша мазмұны Пьесада азамат соғысы кезіндегі елдің сергелдеңге түсуі, халықтың соғыс кезіндегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі баяндалады. Сонымен қатар шығармада бандылардың және ақтардың жасаған қылмыстары, халықтың намысы оянып, саяси көзқарастардың тууы сияқты көпшіліктің психологиясындағы өзгерістер сипатталады. Ел қорғаны — бір перделі пьеса. ## Шығарма кейіпкерлері * Оқыған жігіт. * Ораз - еті тірі кедей. * Әбіш - о да кедей, ел кегін қуушы. * Байбек - бай. * Құрмаш - 16-17 жасар кедей баласы. * Домбай - қазаншы қара малай. * Көпжасар - кедей. * Қорабай - ауыл жігіті. * 'Қасен - орташа, о да ауыл жігіті. * Командир * Би * Болыс ## Дереккөздер * Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994. * http://aimauytov.psu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=116&Itemid=49 Мұрағатталған 6 қаңтардың 2014 жылы.
Альбатрос — В.И. Лениннің бейнесін жасауды көздеген Сәкен Сейфуллиннің 1932 жылы жазылып, 1933 жылы басылып шыққан поэмасы. Поэма әр түрлі көлемдегі 21 тарауға бөлініп, олардың әрқайсысына ат қойылған, ең қысқа тарауы 2 шумақтан, ең ұзақ тарау 14 шумақтан құралған. ## Қысқаша мазмұны Поэма елі үшін күрескен қаһармандар жайында болады. Жаңа өмір мұраттары үшін сан майданда салған ерлерді Альбатросқа теңейді.Туған елін сол қайсар құс Альбатрос іспетті жарқылдап, дұшпанға жай түсірер қайратты болуын тілек етеді. Сонымен қатар патша өкіметі құлағанымен,отаршылдықтың бір күнде оп - оңай тоқтай қалмағанын ақын поэтикалық картиналар,жанды образдарыды бейнелер арқылы әрі ықшам,әрі көркем етіп сипаттайды. Шығармада сол уақытта болған шайқастар көрінісін көрсетеді. Пьесада Асылбеков, Әйтиев, Жангельдин, Тәтімов, Ярмұхамедов сияқты күрескерлердің ерліктерін пафоспен жырласа, Антанта сойылын соғушы Юденич, Дутов, Колчак секілділердің сорақы қимылдары мазақ етіледі. ## Поэма ерекшеліктері Алғашқы «Сәйгүлігім» деп аталатын тарауынан - ақ поэманың негізгі ерекшеліктері көріне бастайды.Лирикалық қаһарман салған жерден оқырманға ағынан жарылып тіл қатады. Сөз орамдары,образды тіркестер, неологизмдер жаң дәуірдің символы ретінде асқақ естіледі. Екпіп,такт, ассонанс, градацияға ерекше мән бнру шығарманың әшкә ырғағын күшейтіп,гармоникалық тұтастық береді. Ишарат,астармен ой тастайды. Күрестерде шыныққан,асыл мұрат үшін талмай алысқан қаһарман,қажырлы азамат көз алдына келеді.Жер үстінде, аспанда, суда өткен, жан беріп,жан алған,жаңа заман үшін болған күрестің шындығын ақын образды сценалар арқылы,қысқа лирикалық сюжет, бейнелі детальді пайдалана отырып, поэтикалық күшімен шебер бейнелейді. ## Дереккөздер * Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994.
Геральдикалық қалқан (гербовый щит) — геральдикалық элементтердің бірі. Бұл элемент барлық елтаңбалардың негізі болып саналады. ## Қалқан нүктелері Фигураның геральдикалық қалқанның қай бөлімінде орналасқанын анықтау үшін қалқанды шартты түрде келесі бөлімдерге бөледі:. ## Геральдикалық қалқандардың түрлері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Елтаңбалық шоқпар * Елтаңбалық шоқпар
Геральдикалық қалқан (гербовый щит) — геральдикалық элементтердің бірі. Бұл элемент барлық елтаңбалардың негізі болып саналады. ## Қалқан нүктелері Фигураның геральдикалық қалқанның қай бөлімінде орналасқанын анықтау үшін қалқанды шартты түрде келесі бөлімдерге бөледі:. ## Геральдикалық қалқандардың түрлері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Елтаңбалық шоқпар * Елтаңбалық шоқпар
Геральдикалық қалқан (гербовый щит) — геральдикалық элементтердің бірі. Бұл элемент барлық елтаңбалардың негізі болып саналады. ## Қалқан нүктелері Фигураның геральдикалық қалқанның қай бөлімінде орналасқанын анықтау үшін қалқанды шартты түрде келесі бөлімдерге бөледі:. ## Геральдикалық қалқандардың түрлері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Елтаңбалық шоқпар * Елтаңбалық шоқпар
Геральдикалық қалқан (гербовый щит) — геральдикалық элементтердің бірі. Бұл элемент барлық елтаңбалардың негізі болып саналады. ## Қалқан нүктелері Фигураның геральдикалық қалқанның қай бөлімінде орналасқанын анықтау үшін қалқанды шартты түрде келесі бөлімдерге бөледі:. ## Геральдикалық қалқандардың түрлері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Елтаңбалық шоқпар * Елтаңбалық шоқпар
Қалқанұстаушы или Қалқанкөтеруші — гералдикалық қалқанның қос жағынан орналасатын, адамның, жануардың фигураларынан және фантастикалық фигуралардан тұратын елтаңба элементі. Олардың қызметі қалқанды ұстап тұру немесе оны көтеріп бара жату. ## Тарихы Геральдикағы қалқанұстаушылардың бейнесін бейнелеу дәстүрі сарбаздардың қалқаны мен дулығаларын ұстап жүретін қалқанұстаушылардың құрметіне жасалған деседе болады. Алайда өте ертеректе қалқанұстаушы ретінде жауынгерлердің, алыптардың фигураларын қоюдың орнына жануарлардың қиялғажайып фигуралардын жасайтын болды. Олар елтаңба иесінің жетістігіне жетелеген немесе қолдаған рухани күшін бейнелеу қажет. XIV ғасырдың басында қалқанұстаушыны көптеген мөрлер мен елтаңбалық суреттерде кездесе бастады. ## Қаланұстаушылардың түрлері және Геральдикадағы орны Француз геральдикасында мүндай фигуралардың екі түрлі анықтамасы бар. Коломбиер қалқанұстаушыларды періште, әуле, жауынгер, яғни, адам кейпіндегі образдарға келтірсе, қалқынкөтерушілерге қиялғажайып немесе шынайы жануарлардың фигураларын жатқызады. Ал тағы бір француз герльдисті Палльо оған басқаша анықтама береді. Оның пайымдауы бойынша қалқанұстаушыларға тек жалғыз адам немесе жануар кейпіндегі фигуралар жатады, ал қалқанкөтерушілерге қалқанның қос жағынан тұратын фигурал жатады. Қалқанұстаушылар бірдей болуы мүмкін, не болмаса әр түрлі болуы мүмкін, яғни, қалқынның екі жағында да бірдей жануар немесе адам бейнеленуі мүмкі, яки бір жағында басқа, ал екінші жағында басқа фигура болуы мүмкін. Екі қалқанұстаушылары бірдейге Францияның ежелгі корольдік елтаңбасын жатқызуға болады. Ал әртүрлі қалқанұстаушылар бейнеленген елтаңбаға Ұлыбританияныкін жатқызуға болады. Ұлыбританияның елтаңбасында қалқанның бір жағында тәжді алтын арыстан, ал екінші жағында кісенделген дарамүйіз бейнеленген. ## Дереккөздер
«Алтын Белдік» - әртүрлі елдердін бокс бірлестіктері халықаралық турнирлерде сарапқа салатын арнайы жүлде. ## Дереккөздер
Қалқанұстаушы или Қалқанкөтеруші — гералдикалық қалқанның қос жағынан орналасатын, адамның, жануардың фигураларынан және фантастикалық фигуралардан тұратын елтаңба элементі. Олардың қызметі қалқанды ұстап тұру немесе оны көтеріп бара жату. ## Тарихы Геральдикағы қалқанұстаушылардың бейнесін бейнелеу дәстүрі сарбаздардың қалқаны мен дулығаларын ұстап жүретін қалқанұстаушылардың құрметіне жасалған деседе болады. Алайда өте ертеректе қалқанұстаушы ретінде жауынгерлердің, алыптардың фигураларын қоюдың орнына жануарлардың қиялғажайып фигуралардын жасайтын болды. Олар елтаңба иесінің жетістігіне жетелеген немесе қолдаған рухани күшін бейнелеу қажет. XIV ғасырдың басында қалқанұстаушыны көптеген мөрлер мен елтаңбалық суреттерде кездесе бастады. ## Қаланұстаушылардың түрлері және Геральдикадағы орны Француз геральдикасында мүндай фигуралардың екі түрлі анықтамасы бар. Коломбиер қалқанұстаушыларды періште, әуле, жауынгер, яғни, адам кейпіндегі образдарға келтірсе, қалқынкөтерушілерге қиялғажайып немесе шынайы жануарлардың фигураларын жатқызады. Ал тағы бір француз герльдисті Палльо оған басқаша анықтама береді. Оның пайымдауы бойынша қалқанұстаушыларға тек жалғыз адам немесе жануар кейпіндегі фигуралар жатады, ал қалқанкөтерушілерге қалқанның қос жағынан тұратын фигурал жатады. Қалқанұстаушылар бірдей болуы мүмкін, не болмаса әр түрлі болуы мүмкін, яғни, қалқынның екі жағында да бірдей жануар немесе адам бейнеленуі мүмкі, яки бір жағында басқа, ал екінші жағында басқа фигура болуы мүмкін. Екі қалқанұстаушылары бірдейге Францияның ежелгі корольдік елтаңбасын жатқызуға болады. Ал әртүрлі қалқанұстаушылар бейнеленген елтаңбаға Ұлыбританияныкін жатқызуға болады. Ұлыбританияның елтаңбасында қалқанның бір жағында тәжді алтын арыстан, ал екінші жағында кісенделген дарамүйіз бейнеленген. ## Дереккөздер
Күйші — Ілияс Жансүгіровтың 1934 жылы жазылған романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ үздік поэмасы. Поэма жеті тараудан тұрады. Қара өлең ұйқасына құрылған , 11 буынды , 4 тармақты туынды. ## Қысқаша мазмұны Бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады. ## Шығарма кейіпкерлері * Кене хан * Күйші жігіт * Қарашаш * Сапақ ## Дереккөздер * Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994 ## Сілтемелер https://kitap.kz/audio-book/kuishy-audiobook-ylias
Жер қазғандар — Сәкен Сейфуллиннің 1928 жылы жарыққа шыққан повесі. ## Қысқаша мазмұны Шығармада Көкшетау қаласының түбінде темір жол салып жатқан жұмыскерлердің өмірі,тыныс - тіршілігі, оның ішінде бір қостағы ерлі - зайыпты және төрт бойдақ жігіттің бейнесі суреттеледі. Сонымен қатар повестте қарабайыр халықтың, жол салушылардың тіршіліктің көп ауыртпалығын бастан кешірген бес жұмысшының тағдыры сипатталады. ## Шығарма кейіпкерлері * Хасен - ұзынша бойлы шүңірек үлкен сұр көзді, қыр мұрынды, ат жақты, қапсағай,ашаң сіңір денелі, көселеу сұр жігіт. Жолдастарына қадірлі, өйткені жолдасына қоң етін сойып бергендей, өтірікке жоқ, бір сөзді жігіт, сөйлегенде дауысы дөнен қошқардвң маңырағанына ұқсайды. Күшті, сіңірлі денесі сойған қасқыр секілді. * Халкен - ұзынша бойлы, көсе, сида арық, ат жақты, жасықтау қара көзді, қыр мұрынды, тарамыс қара жігіт. Жасы 35-36 шамасында. Аяқ - қолы сойдаған. Көп ештемені онша парық қылмайтын жуас жігіт. Бірақ азырық мысқылшыл, көсе болса да, өңі ескі. Жұмсақ мінезді. Ашудың не екенін білмейді. Ашаң, сида денесі май жаққандай жып - жылтыр қара. Арықтаған дөненше қара нар тәрізді. * Сатай - аласа бойлы, дембелше, мықырлау,аяқ - қолдары, саусақтары да қысқа, тырбиған, дөңгелек бет, бәр жақ көзінің ағы бар, қара сұр жігіт. Жаурыны бүкірлеу, төңкерілген астау тәрізді. Қимылдары шапшаң. Жұмыссыз бір күн де қарап жүре алмайды. Жұмысқа өте мықты. Сөйлегенде жылдам даңғырлап сөйлейді. Ақ көңіл. Бірақ күйгелек. Қулыққа,арамдыққа аулақ. * Әзімхан - жасы 35-36 шамасында, бойдақ. Орта бойлы, кеуделі, төсті жігіт. Беті сопақтау, жуан шоң мойын, дөңгелек қара көз, қырша мұрынды, қара торы жігіт. Дене бітімі нып - нығыз,шойындай. Қалың қара сақалын күзеп, иегіне шоқша ғана сақалшық қойған. Қою қара мұрт. Қалжың, әзілдің гүлі. Қимылдары салмақты, жүрісі марғау, сылбыр,түйенің жамбозы,шудалы жайбасар қара атан тәрізді. * Бұзаубақ - жасы 40-тан асқан, қара торы, орталау бойлы адам. Арық, қалақша жауырынды, шоқша сақалды, тырбиған қара мұртты кісі, ұрты суалғандау, бетін әжім басқан. Жасынан көрген ауыр бейнеттің барлық денесіне, бетіне, маңдайына, мойнына салған қатпар - қатпар, айғыз - айғыз таңбалары шимай - шатақ әжім. Денесі жапырайған, жүк басты болған жалпақ өркеш, ақ қаптал өмірінде шыр бітпеген оқпақ қоңыр түйе тәрізді. ## Дереккөздер * Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994. ## Сілтемелер * http://www.kitap.kz/ru/content/zher-kazgandar Мұрағатталған 6 қаңтардың 2014 жылы.
Шығанақ - Ғабиден Мұстафиннің дүние жүзіне әйгілі, қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болған роман. ## Қысқаша мазмұны Роман шынайы өмірден алынған. «Шығанақ» романы тарыдан мол өнім алу жөнінен бірнеше дүркін дүниежүзілік рекорд жасаған әйгілі диқан Шығанақ Берсиев өмірінен алып жазылған . Романда өмірдің талай бел - белесін басынан кешірген шығарманың бас кейіпкері Олжабек бейнесі өзінің типтік сипатымен миллиондаған орта шаруаның жол айырықтағы әуре - сарсаңын шыншылдықпен әйгілейді. Табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ Олжабек азын - аулақ жиған - тергеніне қатер төнгенде шиыршық атып шыға келеді – кәкір - шүкірін ортаға өткізуге іші қимай, үй - ішімен колхоздан қашып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Жерұйықты іздеп жөнеледі. Олжабектің көрген күні қараң: әйелі мен баласынан, қызғыштай қорыған «байлығынан айрылған, бандының талауына түскен, өлімші болып сабалаған Шығанақ ел ішіне қайта оралып, қызу еңбек еткен сүттей ұйыған абзал жандар ортасынан құтты қоныс, бақыт табады. Сөйтіп, жазушы сайы мен саясы мол өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көп адам тағдырын бар болмысымен тұтастай ашады. ## Дереккөздер * Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994
Сұлушаш — Сәбит Мұқановтың 1928 жылы драмалық оқиғаға құрылған поэмасы. ## Қысқаша мазмұны Поэмада қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздің көрген қорлығы , әсіресе адамның бас бостандығының жоқтығы, яғни байдың кедейге не айтса сол болатындығы, екі жастың бір-біріне деген соншалықты махаббаты суреттелген. Туындының бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегіне құрылған. Яғни осы екі жастың сүйіспеншілігі , бір - біріне деген махаббаты жырланады. Поэма Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Бұл екеуінің бірін - бірі жан - тәнімен жақсы көрген , бар жүрек лүпілімен бір - біріне ұмтылған адал , албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай — сол байдың екі құлының баласы, байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі, күшті болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсылық, наразылық ерте оянады. Бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Өйткені бірі—байдың қызы, бірі— құл мен күңнің баласы. Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде , ашығьп-тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтайдың жанында сенімді серігі Қайсар болады. Сол тау басында Сұлушаш жолбарысқа тап болып, таудан секіреді. Алтайды сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып , азапта өледі. Ақын халық арасындағы аңызды алып , екі жастың орындалмаған арманын, сол кездегі қоғамдық теңсіздікті суреттейді. Сонымен қатар қазақ даласындағы өткен әділетсіздікті әшкерелейді. Кіршіксіз таза екі жанның арманына жете алмай, қыршын кетуі шынайы баяндалады. ## Шығарма кейіпкерлері * Сұлушаш - Тілеуберді деген байдың қызы. Өте сұлу да сымбатты , ақылды қыз.Оның бойынан қайсарлықты , табандылықты байқауға болады. Жаны таза , махаббатына берілген қыз. * Алтай - Сұлушаштың сүйген жігіті. Еңбекке жастайынан шыныққан жас жылқышы. Батыл ,ержүрек жігіт. * Тілеуберді - Сұлушаштың әкесі. * Ермек - Алтайдың інісі. * Ырысты * Байбосын * Алтынай ## Дереккөздер * Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994
‎Азия ұшпа шегірткесі (лат. locusta mіgratorіa) – турақанаттылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасына жататын жәндіктер. ## Сипаттамасы Олардың мұртшалары қысқа, есту мүшесі құрсақ бөлімінің бірінші сегментінде орналасқан. Үстіңгі қанаттары қатқылдау және олар денесіне жанаса орналасады. Ал астыңғы қанаттары жарғақты әрі жалпақтау болып келеді. Аталықтарының дене тұрқының ұзындығы 35 – 50 мм, аналықтары 45 – 55 мм. Аталықтары артқы санын үстіңгі қанаттарына үйкелеп дыбыс шығарады. ## Таралуы Азия ұшпа шегірткесі Солтүстік Африка мен Еуразияның құрғақ далалы аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады. Олар «жаушоғыл» (кулига) деп аталады, 4 – 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Жаушоғыл шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. Азия ұшпа шегірткесінің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. Азия ұшпа шегірткесінің Қазақстанда көбірек жұмыртқа салатын аймағына Сырдария өңірі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қамысты алқабы, Балқаш – Алакөл, Ертіс, Зайсан аумақтары жатады. Азия ұшпа шегірткесінің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 – 10 жылда байқалып тұрады. Соңғы 100 жыл ішінде мұндай жағдай Қазақстанда 9 рет қайталанған. 1995 – 2001 жыл аралығында көбеюі ерекше байқалды. Бұл кезде 10 млн га алқап зиянкестерден орасан зор зардап шекті. Бұларға қарсы механикалық, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес әдістерімен қатар адонис, димилин, номолт, матч, римон препараттары қолданылады. * *
Алтылықтар - (фр. Les Six) - 1920 ж. бір топ француз композиторларына берілген атақ (орыстың "Бестіктері" сияқты яғни "Құдіретті топты" Францияда осылай атаған). "Алтылықтардың" құрамы: * Л.Дюрей, * Д.Мийо, * А.Онеггер, * Ж.Орик, * Ф.Пуленк, * Ж.Тайфер. Бұл композиторалардың рухтандырушысы әрі әдеби жаршысы Ж.Кокто болды. Музыкалық топ сыншы А. Колленнің "Бес орыс және алты француз" деген мақаласында ("Comedie" газеті) түнғыш рет осылай аталды. "Алтылықтар" белгілі бір көркем программасы бар ағым болған жоқ, бірақ 20-шы жылдардағы конструктизм, урбанизм т.б. осы сияқты ағымдар, композицияда жаңа формалистік принциптер іздеу бұларды өз ара жақындастыра түседі. Кейін белгілі бір топ ретінде өз мәнін жоғылтты."Алтылықтар" тобындағы Онеггер, Мийо Пуленктер кейін творчестволық ерекшеліктері арқылы көрінді . 30 жылдардың ортасынжа "Алтылықтардың" творчествосы мен музыкалық,қоғам қайраткерлік ісінде француз халқының прогресшіл демократиялық қозғалысымен жақындасу ниеті байқалады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
XVIII ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы және құнды тарихи ескерткіш болып саналатын Е.И. Пугачевтің музей-үйі қала тұрғындары мен қонақтардың сұранысына ие. Әр адамның санасында Отан деген ұғым өзі мекендейтін қаланың тарихымен оның архитектуралық және тарихи ескерткіщтердің бірі – Емельян Пугачевтің музей-үйі. Бұл музейдегі жәдігерлердің әрқайсысының тарихы бар. 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысының өртіне шарпылған мекені ретінде тарих бетінен өз орнын алған музей-үйінің тарихи құңды деректер жинаумен шұғылданған ұлы орыс зерттеушілері мен жазушыларының есімдерімен де тығыз байланысты екендігі дауысыз. 1967 жылы бұл үйде кітапхана болса, 1991 жылдан бастап қайталанбас тарихи ескерткіш облыстық тарихи - өлкетану музейінің қарамағына берілді. Мұнда қазақтардың тұрмыстық бұйымдары мен қару жарақтарының түп нұсқалары, тулар, зеңбіректер, құнды патша сыйлықтары орын алған.Музей көрмесіндегі жүздеген жәдігерлер - өлке тарихы мен Жайық қазақтарының тұрмыстық келбеті мен өзіндік ерекшелігінің айшықты белгілерінің бірі.Орал қ., Достык-Дружба даң., 35,тел: 8 (7112) 26 49 86
Алтай суыры немесе Сұр суыр (лат. Marmota baibacina)  - Тиінтәрізділер тұқымдасына жататын суырлар туысының биологиялық түрі. кемірушілер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректінің ең ірісі. Сұр суыр Шығыс Қазақстандағы Хан Алтайдың оңтүстігінде және Тарбағатай тауының орманды, сайлы даласын мекендейді. Сұр суырдың дене тұрқы 70 см, салмағы 8 кг дейін жетеді. Сұр суырлар наурыздың аяғында, сәуірдің аяғында шағылысады. Буаздығы 40 тәулік, мамырдың басында аналығы 5-6 ұрпақты дүниеге әкеледі, суырдың балалары інінен маусымның аяғында шығады. Суыр інін жеке де, топтасып та қазады. Солардың ішінде отбасылық ін бутан ерекшеленіп тұрады. Суырлар нәрлі шөптесін өсімдіктермен, дәндерімен қоректенеді. Сонымен қатар, құрт-құмырсқа, ұлулармен, кейде құстардың балапанымен де азықтанады. Суыр отырықшы аң, бірақ, қажет болған жағдайда 20 шақырымдай жерге көшіп-қонуы мүмкін. Суырдың кәсіптік маңызы бар. Олардың бағалы терісінен бас киім, сырт киім тігіледі. Суыр майы халық медицинасында әртүрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады. ## Биологиялық сипаттамасы Қазақстанда кездесетін суырлардың ең ірісі, дене тұрқы 65 см, құйрығы 13 см. Жүні салалы, жұмсақ, сарғылт, жотасы қара не қара бурыл. Алтай суыры тау беткейінен 2-3 ін қазып, соның біреуінде "отбасымен" 10-12 суыр бірге тұрады. Жылына 4-6 күшік табады. Көрегі - өсімдік. Күзде денесіне 1,5-2 кг май жинап, қысқы ұйқыға жатады. Терісі мен майы үшін шілде-қыркүйекте ауланады. Алтай суыры оба ауруын тарарушы аңның бірі. ## Таралуы Алтайда, Батыс Саянда, Томск, Кемерово, Новосібір облыстарының таулы жерлерінде кең тараған. Моңғолия мен Қытайдың таулы аймақтарында да бар. Қазақстанда Тарбағатай, Саур және Орталық Қазақстанның Қызыларай, Қарғалы, Шығыс тауларында кездеседі. ## Дереккөздер
Гетум Елшілігі – Армян патшасы Гетумнің Қарақорымдағы Мөңке хан сарайына келген сапары. Кіші Армения патшасы Гетум І (1227 – 1269) патшалық билікті әкесі Константин Ламброн және ұлдары Левон мен Торосқа тапсырып, қазіргі Қазақстан жері арқылы 1254 ж. Қарақорымдағы ұлы хан Мөңке ордасына елшілікті өзі басқарып келген. Ол сапар барысында жазған жолжазбаларында Қазақстанның сол кездегі тарихы мен географиясына қатысты мәліметтер қалдырған. Гетум елшілігі Еділ бойындағы Бату ханның ордасынан Жайық өзені арқылы шығысқа қарай бет түзеп, Сарыарқаның үстімен Ертісті кесіп өтіп, 1254 ж. 13 қыркүйекте Шыңғыс хан империясының астанасы Қарақорымға жетеді. Оның басты мақсаты Шыңғыс хан империясына төлеп отырған салықты мүмкіндігінше жеңілдету және оны армяндардың өздерінің жинауына рұқсат алу болды. Гетум елшілігі қайтар жолында Шығыс Түркістанның Алмалық, Ілебалық қалаларын басып өтіп, Оңтүстік Іле жолымен Таразға соғып, Қаратау сілемдері арқылы солтүстікке бағыт түзейді де, Сығанақтың солтүстігінде орналасқан Сартақ ордасына жетеді. Оған жолыққаннан кейін Сығанаққа кері қайтып, Сауран мен Иасы (Түркістан) арқылы Отырарға жетеді де, Сырдариядан өтіп, 1255 ж. Арменияға қайтып оралады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі - ҚР еңбек сіңірген ұжымы. 1958 жылы Жамбыл атындағы қазақ филармониясының құрамында ұйымдастырылды. 1983 жылдан дербес көркемдік ұжым. Ұжымды әр кезеңде жоғары білікті музыка мамандары (Ф.Мансұров, Ғ.Доғашев, В.Яковлев, Ш.Қажығалиев, Т.Мыңбаев, Т.Әбдірашев) басқарды. Оркестрдің репертуарында Қазақстан және шет ел композиторларының шығармалары орын алды. Қазақстандық композиторлар: А. Жұбановтың “Жігер”, Е. Г. Брусиловскийдің 7, 8 симфонияларын, Е. Рахмадиевтың “Думан”, “Құдаша”, “Дайрабай” күйлерін және т. б. шығармаларын тұңғыш орындаушы. Оркестр шетелдік музыка мәдениеті классиктерінің симфониялық шығармаларын, Д. Д. Шостаковичтің 15 симфониясын, 17-18 ғғ. ескі әуендердің (Вивальдидің, Коррелидің, Йоганн Себастиан Бахтың, Гендельдің) және т. б. шығармаларын орындады. 1987 жылдан Қазақстанның мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Әбдірашев. 1998 жылы оркестрге академиялық құрметті атағы берілді. Бүкілодақтық байқаудың лауреаты (1967). ## Дереккөздер
Дон Кеңес Республикасы - облыстық әскери-революциялық комитеттің декреті бойынша 1918 ж. 23 наурызда құрылды. РКФСР-дің құрамына кірді. Орталығы - Дондағы Ростов. 1918 ж. 9-14 сәуірде Дондағы Ростовта өткен жұмысшылар мен казактар депутаттары Советтерінің 1-ші съезді Дон Кеңес Республикасының Орталық Атқару Комитеті (ОАК) мен Халкомсовы сайлады. Республиканың басшысы - ОАК төрағасы болып казак-большевик В. С. Ковалёв сайланды. Дондағы азаматтық соғыс нәтижесіде 4 мамыр 1918 ж. іс жүзінде республика жойылды. Ресми түрінде Дон Кеңес Республикасы 1918 жылы 30 қыркүйекте Бүкіл Россиялық ОАК-тын декреті бойыша таратылды. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 ж. Алматы энергетика институтының (1975) негізінде құрылған. 2010 жылдың 1 маусымынан бастап университет статусын иемденді.Орта Азия энергетика мен телекоммуникация мамандарын даярлайтын бірден-бір маманданған жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерінде 22 мамандық бойынша 3000-нан астам студент оқиды (1997). Сонымен қатар ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне арналған 3 жатақхана бар. Өскемен филиалы, 3 мектеп-лицей және Қазақстанның 8 аймағындағы 32 салалық мамандыққа бейімдейтін сынып осы институт құрамына енеді. Дәріс оқитын профессорлар мен оқытушылардың 60%-інің ғылым докторы немесе ғылым кандидаты атағы бар (1997). Институт ең жаңа оқу жабдықтарымен жарақтандырылған. 1977 — 97 жылдар аралығында институтта 1400-ден астам инженерлер, ғылыми қызметкер, өндіріс ұйымдастырушылары мен басшылары даярланды. ## Тарихы 1960 жылы Қазақстанда Қазақ Политехникалық институтында (қазіргі Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ) инженер-энергетиктерді дайындау басталды. Ол 1966 ж. инженер-электриктердің және инженер-жылу энергетиктердің бірінші түлектерін шығарды. 1975 ж. Қазақстан КП ОК және КСР Министрлер Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақ Политехникалық инситутының энергетикалық факультеті базасында Алматы энергетика институтын құру туралы КСРО Министрлер Кеңесі мен СОКП ОК шешімі қабылданды. Бұл мамандықтардың кең саласы бойынша және үлкен көлемде инженер-энергетиктерге мұқтаж Екібастұз отын-энергетика кешенінің, қуатты жылу электр станциялары құрылысының, жоғары кернеуде электр таратудың бірегей желілерінің қарқынды дамуы болып табылады. Алматы энергетика институтының бірінші ректоры болып техника ғылымының докторы, профессор - Болотов Альберт Васильевич сайланды, ол осы институтты он жыл басқарды. Бұл жылдары институт Республиканың жетекші ЖОО-ларының бірі және КСРО-да энергетикалық ЖОО-ның үшіншісі болды (Мәскеу және Ивановск энергетикалық институттарынан кейін). 1994 ж. институт ректоры қызметіне техника ғылымдарының докторы, профессор Трофимов Герман Геннадьевич тағайындалды. 1989 ж. Алматы энергетика институты Қазақстанда бірінші рет КСРО Мембілім Мемлекеттік Инспекциясы комиссиясымен аттестатталды. Осылайша, АЭИ-де мамандар дайындаудың жоғары деңгейі Одақтық деңгейде ресми танылды. Бұл институттың жас басшылығы мен оқытушылар ұжымының үлкен жетістігі болды. 1996 ж. мамыр айында Қазақстан Үкіметі Қаулысымен жоғары оқу мекемелерінің көлемді қайта құруы жүргізілді: Республика облыстарында осы өңірдегі жоғары оқу орындарын біріктіру жолымен өңірлік университеттер құрылды. Алматы энергетика институты Қазақ ұлттық техникалық университетіне «Энергетика мен Телекоммуникацияның Оқу-ғылыми кешені» (ЭжТ ОҒК) құрылымдық бөлімше сапасында қосылды.1997 жылдың мамыр айында «ЭжТ ОҒК» Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды және коммерциялық емес акционерлік қоғамы статусына ие болды. Жаңа институттың ректоры болып Даукеев Ғұмарбек Жүсіпбекович сайланды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды. ## Бүгінгі күндегі АЭжБУ жағдайы Бүгінгі күнде АЭжБУ - энергетика, ақпараттық технологиялар, автоматика, радиоэлектроника және телекоммуникация саласында тек Қазақстанда ғана емес барлық Орта Азия елдерінде мамандар даярлау бойынша жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АЭжБУ сапа менеджмент жүйесі жоғары кәсіптік білім кадрларын даярлау бойынша білім беруге қатысты ИСО 9001:2008 стандартына сәйкес деп танылды. «IQ Net» Халықаралық қауымдастығының әріптесі – «Рускиий регистр» сертификаты бойынша Қауымдастық сәйкестік сертификатын берді. Мұндай сертификат әлемнің 33 еліне жарамды болып табылады. Университет 2011 ж. кезекті мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті. ## Университеттің құрылымы Университетті басқару құрылымы: оқу-әдістемелік бөлімі, қаржы-әкімшілік бөлімі, халықаралық байланыс бөлімі, ғылыми-зерттеу секторы, маркетинг және кәсіби бағдарлау орталығы, ақпаратты-техникалық қамтамасыз ету орталығы, алты факультет: «Электр энергетика факультеті», «Жылу энергетика факультеті», «Радиотехника және байланыс факультеті», «Ақпараттық технологиялар факультеті», «Сырттай оқу және мамандарды қайта дарлау факультеті», «Жоғары оқу орнына дейінгі даярлық факультеті», жиырма үш кафедра, алты тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары және үш ғылыми-қолданбалы орталық. Университеттің материалды базасы: 3 оқу ғимараты, ғылыми зертхана ғимараты, 0,7 млн. бірліктен астам кітап қоры бар кітапхана, 411 орынды 8 оқу залы, оқу залымен арнайы жабдықталған электронды кітапхана, 1245 төсек-орынды 3 студенттер жатақханасы, 3 асхана мен 3 буфет, акт залы, би залы бар жастар орталығы, екі спорт залы, күрес залы, жаттығу залы және т.б. Мини-футболға, волейболға, баскетболға арналған ашық спорт және гимнастика алаңы бар. Оқу барысында 1000-нан астам компьютерлер пайдаланылады, оның ішінде 600-ге жуық компьютердің Интернетке қатынау мүмкіндігі бар. «АЭжБУ» Ғылыми-зерттеу орталықтары: «Энергияны қайта жаңғырту көздері мен энергия үнемдеудің жаңа технологиялары», «Су технологиялары және су-химиялық режімдер», «Оқу жабдықтары». «АЭжБУ» тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары: «Отын-энергетика кешені проблемаларын зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және экспертиза», «Өнеркәсіптік экология», «Энергия», «Наноэлектроника», «ТП БАЖ», «Ақпараттық технологиялар» студенттік ғылыми-зерттеу зертханасы. Оқу жұмысындағы ынтымақтастық: 1997ж. 15 шілдеде АЭжБУ біріншілердің бірі болып Мәскеу энергетика институтымен бірегей білімдік кеңістікті сақтау мақсатында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Шартпен нақтысында барлық мамандықтар қамтылды. 2008 жылдың науырызында «МЭИ-мен екінші экономикалық білім алу шеңберінде сырттай оқыту бағдарламасын бірлесіп ұйымдастыру туралы» тағы бір шартқа қол қойылды. АЭжБУ студенттері бір уақытта қос диплом: АЭжБУ техникалық білім туралы дипломын және МЭИ экономисі дипломын ала алады. Қазіргі уақытта бірлескен осы бағдарлама бойынша 222 адам оқып жатыр. Бүгінгі күнде АЭжБУ: «Мәскеу энергетика институты» Ұлттық зерттеу университетімен; «Том политехника университеті» МБМ-мен; Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен; Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания); С.И. Георгиевский ат. Крым мемлекеттік медициналық университетімен және т.б. алыс-жақын шет елдің жоғары оқу орындарымен, ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды.2009 ж. Алматы энергетика және байланыс университетінде мұқтаж студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуді, университеттің материалды-техникалық базасын дамытуға жәрдемдесуді, кәсіпорындардың ғылыми-тезникалық мәселелерін шешуді, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға көмектесуді нығайту мақсатында «Бітірушілер қауымдастығы» құрылды. Университет Республикадағы энергетика және телекоммуникация саласындағы кәсіпорындардың инженер-техника қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда елеулі рөл атқарады. Энергетик-мамандардың, автоматшылардың, байланысшылардың, электроншылардың біліктілігін арттыру бойынша 39 оқу бағдарламасы жасалды. Келесі ұйымдар мен кәсіпорындар өз қызметкерлерін «АЭжБУ»-де қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге жіберіп отырады: «Атырауская ТЭЦ» АҚ,«Акмолинская РЭК» АҚ, «АқтөбеМунайгаз» АҚ, Атырау Мұнай және газ институты, «Атырау Жарык» АҚ, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, «Актобе ТЭЦ» АҚ, «Васильковский горно-обогатительный комбинат» АҚ, «Жамбылские электрические станции» АҚ, «Инфромэнерго» ЖШС, «Жайыктеплоэнерго» АҚ, «Западно-Казахстанская РЭК» АҚ, «Заремский ГОК» АҚ,«Жамбылская ГРЭС» АҚ, «Кооперативный университет «Самрук-Казына» ЧУ, «Казхром» АҚ, «КEGOC» АҚ, «НК КазТемирЖолы» АҚ, «Костанайская теплоэнергетическая компания» АҚ, «КокшетауЭнерго» АҚ, «Кызылординская РЭК» АҚ, «Казцинкэнерго» АҚ, «Мангистауская РЭК» АҚ, «МежрегионЭнергоТранзит» ЖШС, «Caspian Training Group», «Северо-Казахстанская РЭК» АҚ, «СазанКурак» ЖШС, «Соколовско-Сарбайское горно-обогатительное производственное объединение» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «3-Энергоорталык» АҚ,«Фирма «ФИЗТЕХ» ЖШС,«КАТЭК» АҚ, «Центр карьерного роста» ЖШС және т.б. Бүгінгі күнде университетте 5,5 мың студент, соның ішінде 4,5 мыңы күндізгі бөлімде, 12 бакалавриат және 6 магистратура мамандықтары бойынша оқиды. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-эксперименталды, жобалық және сараптамалық жұмыстар, сонымен қатар кәсіпорындар және ұйымдар тапсырысы бойынша жыл сайын 200 млн. теңгеге қызметтер өткізіліп отырады Университеттің материалдық базасы 28077,5 м2 – оқу корпустарының ауданы978 м2 – ғылыми-зертханалар ауданы19750 м2 – студенттердің 3 жатақханасының ауданы1245 – жатақханалардағы төсек-орындар саны12 м2 – 1 студентке бөлінген пайдалы оқу ауданы196 – 3 асхана мен 3 буфеттегі отыратын орындар320 мест - акт залы700 м2 - дискозал, брейн-рингке арналған бөлмелері, КТК командалары, дебат клубы, көркемөнерпаздар үйірмесі әртістерінің фонограммалар жазбасы студиясы бар жастар орталығы1432 м2 - екі спортзал, күрес залы, жаттығу залы және т.б.4225 м2 - шағын-футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңына арналған ашық спорт алаңы КІТАПХАНА1686 м2- жалпы ауданы8 оқу залы, соның ішінде 3 жатақхананың әрқайсысында 1 оқу залы, оларда 411 – отыратын орындар0,7 млн. кітап сақтау бірлігі2428 электрондық кітапханадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және кәсіптік құжаттар300 мерзімдік басылымдар атауы (газеттер мен журналдар) 2010 Ж.КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1041 – компьютерлердің жалпы саны657 оқу мақсаттары үшін пайдаланылады70 ғылыми мақсаттарда пайдаланылады261 әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады 716 - желіде609 – Интернет желісінде ФАКУЛЬТЕТТЕРЖЭФ – жылуэнергетика факультетіЭЭФ – электрэнергетика факультетіРжБФ – радиотехника және байланыс факультетіАТФ – ақпараттық технологиялар факультетіСОжМҚДФ – сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультетіИДДФ – институтқа дейінгі дайындық факультеті АЭЖБУ-ДІҢ БІТІРТУШІ КАФЕДРАЛАРЫ. 1.«Өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау»2. «Электр стансалары, желілері мен жүйелері»3. «Электржетегі және өнеркәсіп қондырғыларын автоматтандыру»4. «Жылуэнергетикалық қондырғылар»5. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» 6. «Инженерлік кибернетика»7. «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару»8. «Автоматты электрбайланысы» 9. «Радиотехника»10. «Телекоммуникациялық жүйелер»11. «Электроника»12. «Компьютерлік технологиялар»13. «Ақпараттық жүйелер»14. «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» 15. Бритиш газ компаниясының қолдауымен Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп құрылған «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методология-сы» 5В071700 – «Жылуэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- жылуэлектр стансалары- су және отын технологиясы - жылутехнология энергетикасы- өнеркәсіптік жылуэнергетика- шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы5В071800 – «Электрэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- электр стансалары- электр жүйелері мен тораптары -релелік қорғаныс және электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру- электрмен жабдықтау -дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері- электрмеханика- электроқшауламалы, кабельдік және конденсаторлық техника- электр технологиялық қондырғылар және жүйелер- электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру - жарық техникасы және жарық көздері 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» төмендегі мамандандырулар бойынша:- басқару жүелерін автоматтандыру және ақпараттандыру- технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»5В070300 – Ақпараттық жүйелер төмендегі мамандандырулар бойынша:- отын энергетика кешендеріндегі ақпараттық жүйелер-телекоммуникациялар мен байланыстағы ақпараттық жүйелер5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ұялы радио жүйелері және телехабар-теледидар, бейнебақылау жүйелері және ғарыштық бақылау жүйесі- байланыстағы экономика және менеджмент - телекоммуникация желілері және коммутациялық жүйелері- көпарналы телекоммуникация жүйелері- электрондық жүйелер және технологиялар5В074600 – «Ғарыш техникасы және технологиялары» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ғарыштық байланыс және навигация жүйесі - ұшу аппараттарын автоматты басқару жүйесі 5В060200 – «Информатика»5В073100 – «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» төмендегі мамандандырулар бойынша:- өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі - қоршаған ортаны қорғау (экологиялық қауіпсіздік)5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»5В050600 – «Экономика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы экономика - энергетика саласындағы экономика 5В050700 - «Менеджмент» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы менеджмент- энергетика саласындағы менеджмент ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ (ПОҚ)914 – АЭжБУ-да жұмыс істейтіндердің жалпы саны400 - штаттағы оқытушылар50 – қосымша жұмыс істейтін оқытушылар50 % - ғылым докторлары және кандидаттары ғылыми дәрежесі, магистрлік академиялық дәрежесі бар. 1997 жылдан бастап 2010 жылға дейін күндізгі бөлімге 28077,5 м2 – оқу корпустарының ауданы978 м2 – ғылыми-зертханалар ауданы19750 м2 – студенттердің 3 жатақханасының ауданы1245 – жатақханалардағы төсек-орындар саны12 м2 – 1 студентке бөлінген пайдалы оқу ауданы196 – 3 асхана мен 3 буфеттегі отыратын орындар320 мест - акт залы700 м2 - дискозал, брейн-рингке арналған бөлмелері, КТК командалары, дебат клубы, көркемөнерпаздар үйірмесі әртістерінің фонограммалар жазбасы студиясы бар жастар орталығы1432 м2 - екі спортзал, күрес залы, жаттығу залы және т.б.4225 м2 - шағын-футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңына арналған ашық спорт алаңы КІТАПХАНА1686 м2- жалпы ауданы8 оқу залы, соның ішінде 3 жатақхананың әрқайсысында 1 оқу залы, оларда 411 – отыратын орындар0,7 млн. кітап сақтау бірлігі2428 электрондық кітапханадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және кәсіптік құжаттар300 мерзімдік басылымдар атауы (газеттер мен журналдар) 2010 Ж.КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1041 – компьютерлердің жалпы саны657 оқу мақсаттары үшін пайдаланылады70 ғылыми мақсаттарда пайдаланылады261 әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады 716 - желіде609 – Интернет желісінде ФАКУЛЬТЕТТЕРЖЭФ – жылуэнергетика факультетіЭЭФ – электрэнергетика факультетіРжБФ – радиотехника және байланыс факультетіАТФ – ақпараттық технологиялар факультетіСОжМҚДФ – сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультетіИДДФ – институтқа дейінгі дайындық факультеті АЭЖБУ-ДІҢ БІТІРТУШІ КАФЕДРАЛАРЫ. 1.«Өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау»2. «Электр стансалары, желілері мен жүйелері»3. «Электржетегі және өнеркәсіп қондырғыларын автоматтандыру»4. «Жылуэнергетикалық қондырғылар»5. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» 6. «Инженерлік кибернетика»7. «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару»8. «Автоматты электрбайланысы» 9. «Радиотехника»10. «Телекоммуникациялық жүйелер»11. «Электроника»12. «Компьютерлік технологиялар»13. «Ақпараттық жүйелер»14. «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» 15. Бритиш газ компаниясының қолдауымен Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп құрылған «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методология-сы» 5В071700 – «Жылуэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- жылуэлектр стансалары- су және отын технологиясы - жылутехнология энергетикасы- өнеркәсіптік жылуэнергетика- шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы5В071800 – «Электрэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- электр стансалары- электр жүйелері мен тораптары -релелік қорғаныс және электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру- электрмен жабдықтау -дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері- электрмеханика- электроқшауламалы, кабельдік және конденсаторлық техника- электр технологиялық қондырғылар және жүйелер- электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру - жарық техникасы және жарық көздері 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» төмендегі мамандандырулар бойынша:- басқару жүелерін автоматтандыру және ақпараттандыру- технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»5В070300 – Ақпараттық жүйелер төмендегі мамандандырулар бойынша:- отын энергетика кешендеріндегі ақпараттық жүйелер-телекоммуникациялар мен байланыстағы ақпараттық жүйелер5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ұялы радио жүйелері және телехабар-теледидар, бейнебақылау жүйелері және ғарыштық бақылау жүйесі- байланыстағы экономика және менеджмент - телекоммуникация желілері және коммутациялық жүйелері- көпарналы телекоммуникация жүйелері- электрондық жүйелер және технологиялар5В074600 – «Ғарыш техникасы және технологиялары» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ғарыштық байланыс және навигация жүйесі - ұшу аппараттарын автоматты басқару жүйесі 5В060200 – «Информатика»5В073100 – «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» төмендегі мамандандырулар бойынша:- өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі - қоршаған ортаны қорғау (экологиялық қауіпсіздік)5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»5В050600 – «Экономика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы экономика - энергетика саласындағы экономика 5В050700 - «Менеджмент» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы менеджмент- энергетика саласындағы менеджмент МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ- төмендегі мамандықтар бойынша бір жарым жылдық күндізгі бюджеттік кәсіптік және екі жылдық ғылыми-педагогикалық магистратура :6М070200 – «Автоматтандыру және басқару»6М071700 – «Жылуэнергетика»6М071800 – «Электрэнергетика»6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚазақстандық және еуропалық білімнің үйлесуіне, білім беру процесінің сапасын арттыруға жәрдемдесетін халықаралық ынтымақтастықтың жаңа формаларын іздестіру және білім беруді интернационалдау АЭжБУ-дің халықаралық қызметінің дамуының басым бағыты болып табылады. АЭжБУ-дағы Халықаралық ынтымақтастық ғылым саласында Кеңес Одағының ыдырауымен, ал білім беру саласында – тоқсаныншы жылдардың ортасында белсенді түрде дами бастады, бұд кезде ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес және Азия даму банкі (Жапония банкі) есебінен АЭжБУ-дің 13 бітірушісі әртүрлі магистрлік бағдарлама бойынша Азия технологиялық институтына жіберілді. Осы бағдарламаның барлық қатысушылары табысты қорғап шықты және қайтып келгеннен кейін алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білді.Халықаралық ынтымақтастық саласында, халықаралық академиялық алмасуды белсенді ұйымдастыру, магистранттар мен докторларды бірлесіп дайындау саласында Алматы энергетика және байланыс университетінің қызметін оңтайландыру мақсатында 22.10.2007 ж. №80 бұйрық негізінде АЭжБУ-да халықаралық байланыс бөлімі құрылды.Оқу жұмысындағы Ынтымақтастық: Барлық мамандық бойынша бірыңғай білім беру жүйесін сақтау мақсатында 1997 жылдың 15 шілдесінде АЭжБУ алғашқылардың бірі болып Мәскеу энергетикалық институтымен (ТУ) ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, 2008 жылдың наурыз айында сырттай оқу бөлімі бағдарламасын немесе АЭжБУ студенттерінің екінші экономикалық білім алу бағдарламасын бірлесіп ұйымдастыру бойынша тағы да бір шартқа қол қойылды. АЭжБУ студенттері бір мезгілде екі диплом алады: АЭжБУ-дің техникалық білімі туралы диплом және Мәскеу энергетикалық институтының экономист дипломы. Қазіргі кезде бірлескен бағдарлама бойынша 222 адам білім алуда.2006 жылдың 2 шілдесінен бастап “АЭжБИ” коммерциялық емес АҚ және “Томск политехникалық университеті” жоғары кәсіптік білім беру Мемлекеттік білім мекемесі арасында ынтымақтастық туралы шарт қкүшіне енді:– 2006 жылдан бастап магистрларды бірлесіп дайындау туралы, осының негізінде Алматы қаласындағы ТПУ өкілдерімен әңгімелесуден өткеннен кейін АЭжБУ студенттері магистрлік бағдарлама бойынша Ресей грантын ұтып алу сайысына қатысады. АЭжБУ-дің 15 астам бітірушісі Ресей гранты бойынша ТПУ магистратурасында оқиды. – 2007 жылдан бастап студенттер алмастыру туралы – Cisco IT Essentials– Cisco CCNA Exp.– Cisco Network Security– FWL– Fundamentals of Java2007 ж. бастап АЭжБУ Microsoft Халықарарлық корпорациясымен (Орталығы-Ирландия) бірлесіп жұмыс істейді, және IT Microsoft Академиясы бола отырып сертификат беретін Windows 2003 басқару бойынша студентер дайындайды. Есеп беру кезеңі ішінде 25 адам сертификат алды. 02.07.02 жылдан бастап АЭжБУ және Абу Райхан Беруни атындағы Ташкент Мемлекеттік техника университеті арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және энергетика мамандарын, басқа мамандарды және өтінім бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындауда АЭжБУ ғалымдары мен оқытушыларына жәрдемдесу туралы шарт қолданылып келеді. Оқытушылар мен студенттердің Халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысуы: АЭжБУ-дің «Internationalization of Higher Education, Trends, Strategies, and Scenarios for the Future» атты бірінші Халықаралық конференцияға қатысуы білімді интернационалдау мәселелерін шешу жолдарын көрсетті. Бұл шараны әртүрлі деңгейдегі және елдердегі кәсіптік білімді шоғырландыру мақсатында 2010 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы кадрларын дайындаудың ұлттық қоры ұйымдастырды. 2010 жылдың қыркүйегінде И.Э.Сулейменов «Анахарсис» жобасы бойынша халықаралық конференцияға қатысты, бұл конференция В.И. Вернадский атындағы Тавр Ұлттық Университетінде өтті. 2010 жылдың күзінде «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методологиясы» кафедрасының қызметкерлері Илющенко М.А. және Яковлева Л.В Ресей РҒА ұйымдастырған және Мәскеу қаласында өткен «БИОСФЕРАДАҒЫ СЫНАП: ЭКОЛОГИЯ-ГЕОХИМИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР» атты Халықаралық симпозиумда және Зальцбургкте (Австрия) ауылшаруашылық, орман шаруашылығы және қоршаған орта Федералдық Министрлігі өткізген 11 Халықаралық Еуропалық конференцияда мына тақырыптар бойынша баяндама жасады: «Павлодар өнеркәсіптік ауданының солтүстік бөлігінің жер асты суларының сынаппен ластануының математикалық моделі (Қазақстан Республикасы)»; «Қазақстандағы сілтілік-хлор және ацетальдегид өндірісін демеркуризациялау тәжірибесі»; «Сынаппен ластанған су нысандары мен аумағын ремедиация технологиясы үшін бағыттардың ауысуы». АЭжБУ-дің “Ақпараттық технологиялар”факультетінің 4 курс студенті Трунов К. 2010 жылдың желтоқсанында өткен «IT-Планета 2010» ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы студенттер үшін Халықаралық олимпиаданың «1С Бағдарламалау: Кәсіпорын 8» сайысында бірінші орын алды. АЭжБУ-дің студенттері мен оқытушылары «Еуразияның энергетикалық картасы – тәуекелдік балансы және жаңа мүмкіндіктер» атты KazENERGY-дің V форумы шеңберінде 2010 жылдың 4-5 қарашасында өткен «Petrobilim» Халықаралық сайысының инновациялық жобасына қатысты.Г.Т.Мусатаеваның басшылығымен АЭжБУ-дің «AUPET - 1» командасы «Return on Credibility and Knowledge» номинациясы бойынша ең мықты ондықтар қатарына кірді. Біздің қонақтарымыз: Ақпараттық технологиялар, электрэнегетика, жылуэнергетика, жаңғыртылатын энергия көздері, радиотехника, телекоммуникация мамандықтары бойынша білім саласында шетелдік мамандардың сапарлары белсенді түрде ұйымдастырылуда. Соңғы бірнеше жыл ішінде байланысты реттеу және ынтымақтастықты одан әрі жүзеге асыру үшін АЭжБУ-ға келген қонақтар мыналар:– Тревор Тентон –Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – Би Джи Ғылыми Табиғатпайдалану Методологиясы кафедрасымен бірлесіп басқару; – Чарлз Банкс – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Деррик Кларк – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Соня Хевен – Саутгемптонс университетінің профессоры. Мақсаты – Би Джи Ғылыми Табиғатпайдалану Методологиясы кафедрасымен бірлесіп басқару; – Алан Ховард – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты - бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Сэм Эбельбаум – Пейс университетінің профессоры, АҚШ. Мақсаты – АЭжБУ-мен танысу, білім саласындағы байланысты жақсарту;– Очков В.Ф. - МЭИ-дің т.ғ.д., профессор. Мақсаты– «Энергетиктер үшін ақпараттық технологиялар»тақырыбындағы дәріс;– Тронд Далсвен –«Energy saving» компаниясы, Норвегия. Мақсаты – қызметкерлер мен оқытушыларды энергия үнемдеу технологияларына оқыту;– Марианн Тымовский, Роберт Вербинский –«Protym air system» компаниясы, Польша. Мақсаты – «Жылу сорғылары негізінде жылумен қамту жүйесін жобалау» тақырыбына таныстыру дәрісі;– Люсиль Жириа – Франция және Кенстоф Лоренс елшілігінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша атташе. Келу мақсаты – АЭжБУ-мен танысу, институт профессорларымен және студенттерімен кездесу. – Мадия Камал Нашаруддин Мустафа – профессор, Сити Салбаах Шариф - Тенага энергетика университетінің Орталығының доценті, Малайзия. Мақсаты – энергетика саласында ынтымақтастықты реттеу, наурыз 2010 ж.Халықаралық бірлескен бағдарламалар: АЭжБУ «Энергетика және тұрақты даму саласындағы инженерлер мен экономистерге арналған магистрлік бағдарлама» Темпус білім жобасына қатысады. Бұл жобаға Финляндия, Франция, Гермния, Италия, Ресей және Қазақстанның 11 университеті қатысады. Жоба тұрақты даму мәселелерінің үдемелі мәніне, шикізат қорларын (мұнай, газ және т.б.) пайдалану кезінде кәсіпорынның жауапкершілігіне, экологиялық нормалардың (энергетикалық саясат, өнеркәсіптік қызметті реттеу) сақталу қажеттілігіне, энергетикалық қызмет нарығын жеңілдету және қорларды экспорттаудың жаңа халықаралық нормалары мен тетіктеріне бейімделуге байланысты Ресей мен Қазақстанның энергетикалық және өнеркәсіптік секторларының кәсіпорындары үшін кадрлар дайындау саласында жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Қатысушы- елдер өкілдерінің қорытынды кеңесі Алматы қаласында 2011 жылдың 15 желтоқсаны күні өткізілетіндігі анықталды, мұнда жоба бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері көрсетіледі. АЭжБУ өкілдері 2009 жылдың мамыр айындағы “ШЫҰ мемлекеттері- мүшелерінің білім жүйелерінің өзара іс қимыл жасау инфрақұрылымдарын қалыптастыру” атты Халықаралық конференцияға қатысты және АЭжБУ ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) Университетінің бірлескен білім бағдарламасының қатысушысы болды. Білім, ғылым және технология саласында шоғырлану процестерін дамыту, жастардың сапалы да заманауи білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, ал оқытушылар мен ғалымдардың ғылым саласында байланыс орнатуын дамыту ШЫҰУ –дің негізгі мақсаты болып табылады.АЭжБУ ШЫҰ мемлекеттері- мүшелері, сондай-ақ бақылаушы-елдердегі (Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкстан ) жұмыс істеп жатқан университеттер желісі ретінде қызмет жасауы тиіс.АЭжБУ ШЫҰ Университетін құрайтын басқа ЖОО–ның арасында Қазақстанның базалық ЖОО болып табылады, энергетика саласында ұлттық үйлестіруші- ЖОО болып табылады. Осы бағдарламаны іске асыру үшін төменде көрсетілген тармақтарға қол қойылды: - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университетін құру бойынша Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Фдерациясы мен Тәжікстан Республикасы жоомен бірлесіп жұмыс істеу туралы Меморандум;- “Энергетика бағыты бойынша магистрлік бағдарламаларды іске асыру туралы “ Мәскеу энергетика институты мен Новосибирск Мемлекеттік Техникалық Университеті арасында жасалған екі жақты шарт. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты
Геральдикалық қалқан (гербовый щит) — геральдикалық элементтердің бірі. Бұл элемент барлық елтаңбалардың негізі болып саналады. ## Қалқан нүктелері Фигураның геральдикалық қалқанның қай бөлімінде орналасқанын анықтау үшін қалқанды шартты түрде келесі бөлімдерге бөледі:. ## Геральдикалық қалқандардың түрлері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Елтаңбалық шоқпар * Елтаңбалық шоқпар
Қалқанұстаушы или Қалқанкөтеруші — гералдикалық қалқанның қос жағынан орналасатын, адамның, жануардың фигураларынан және фантастикалық фигуралардан тұратын елтаңба элементі. Олардың қызметі қалқанды ұстап тұру немесе оны көтеріп бара жату. ## Тарихы Геральдикағы қалқанұстаушылардың бейнесін бейнелеу дәстүрі сарбаздардың қалқаны мен дулығаларын ұстап жүретін қалқанұстаушылардың құрметіне жасалған деседе болады. Алайда өте ертеректе қалқанұстаушы ретінде жауынгерлердің, алыптардың фигураларын қоюдың орнына жануарлардың қиялғажайып фигуралардын жасайтын болды. Олар елтаңба иесінің жетістігіне жетелеген немесе қолдаған рухани күшін бейнелеу қажет. XIV ғасырдың басында қалқанұстаушыны көптеген мөрлер мен елтаңбалық суреттерде кездесе бастады. ## Қаланұстаушылардың түрлері және Геральдикадағы орны Француз геральдикасында мүндай фигуралардың екі түрлі анықтамасы бар. Коломбиер қалқанұстаушыларды періште, әуле, жауынгер, яғни, адам кейпіндегі образдарға келтірсе, қалқынкөтерушілерге қиялғажайып немесе шынайы жануарлардың фигураларын жатқызады. Ал тағы бір француз герльдисті Палльо оған басқаша анықтама береді. Оның пайымдауы бойынша қалқанұстаушыларға тек жалғыз адам немесе жануар кейпіндегі фигуралар жатады, ал қалқанкөтерушілерге қалқанның қос жағынан тұратын фигурал жатады. Қалқанұстаушылар бірдей болуы мүмкін, не болмаса әр түрлі болуы мүмкін, яғни, қалқынның екі жағында да бірдей жануар немесе адам бейнеленуі мүмкі, яки бір жағында басқа, ал екінші жағында басқа фигура болуы мүмкін. Екі қалқанұстаушылары бірдейге Францияның ежелгі корольдік елтаңбасын жатқызуға болады. Ал әртүрлі қалқанұстаушылар бейнеленген елтаңбаға Ұлыбританияныкін жатқызуға болады. Ұлыбританияның елтаңбасында қалқанның бір жағында тәжді алтын арыстан, ал екінші жағында кісенделген дарамүйіз бейнеленген. ## Дереккөздер
Алтын сом - патшалық Ресей империясының ақша өлшемі. Алтын сом 1895-97 жылдары қаржы министр Сергей Виттемен жүргізілген ақша реформасына байланысты енгізілген. Ресей ақша реформасынан кейін алтын монометализм жүйесіне көшті. Алтын сом құны 0,774 234 грамм таза алтынға (бұрын 1,161 г) теңгерілді. Ішкі ақша айналысына 5; 7,5; 10 және 15 сом алтын мәнеттер енгізілген. Салысыру үшін: сол кезгі валютаның құндары: * 1 Доллар АҚШ — 1,50463 г таза алтын, * 1 фунт стерлинг — 7,322382 г таза алтын * 1 француз франкі — 0,2903 г таза алтын * 1 алтын марка (Германия) — 0,358423 г таза алтын. Алтын сом 1-ші дүние жүздік соғысына дейін өмір сүрді. * * ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Алтысарылар (хакас тіліндегі "алтынзархы" - "солтүстік" немесе "төменгі") - ХІІ ғасырда Чулым өзенінің (Обьтың тармағы) жоғарғы бойындағы қырды мекен еткен Енисей қырғыздары төрт ұлысының (Алтынсар, Алтыр, Исар (Езер), Туба) бірі. Орталығы - қазіргі Хакасияның солтүстігінде болған. Ұлысты бек (хак.- піг) басқарған. Алтысарыларды "Үлкен қырғыздар" деп те атаған. Ұлыста атақты тектер болған: Номчи, Ишей, Иренек. Алтысарылар бірнеше ірі рудан ("аймақ") құралған: Қызыл, Шу, Ачи, Тұмат т.б. Оларға Чулым мен Жоғарғы Енисей алқабындағы көптеген тайпалар мен рулар бағынған. Бұл тайпалар мен руларды алым-салық төлеушілер болғандықтан "қыштым" деп атаған. Алтысарылар 17 ғасырда Алтын-ханға, ал 17 ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап жоңғарларға тәуелді болды. 1703 ж. Алтысарыларды жоңғарлар зорлап көшіріп әкетті. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Желкенділер, Салтаттылар (лат. Papilionidae) — жәндіктер класының көбелектер отрядына жататын тұқымдас. Дүние жүзінде 550, ал ТМД жерінде 35 түрі кездеседі. Қазақстанда тіршілік ететін көбелектердің ішіндегі ең әдемісі. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Іле-Балқаш бассейнінде шөптесін өсімдіктер арасында жиі кездеседі. Дернәсілі суда өсіп, дамитын пайдалы жәндіктер. Қанатының Ұзындығы 90 мм келеді. Қанаттары әр түрлі түсті өрнектермен кестеленген. Ересектерінің алдыңғы аяғы жақсы дамыған, онда екі тырнақшалары бар; артқы қанатының ішкі жағы оюлы. Көбелек жұлдызқұртының басында шанышқы тәріздес бездері бар. Бұлардан өздеріне тән иіс шығады. Қуыршағы бұршақталып келген, төсеміне басымен жоғары болын бекітіледі. Жетісу өңірінде кездесетін Аполлон, Махаон, Александр деген түрлері "Қызыл кітапқа" енгізілген. ## Биологиялық сипаттамасы Желкеншелерге ашық рең мен өзгеше қанаттары көрік беріп тұрады, шетінде ғажайып ойықтары немесе ұзын бұрымшалары желбірейді. Үлкен қанаттарын қомдаған кезде расында,керілген желкенге ұқсап кетеді. Бұл тұқымдастың ең ірі және көрікті өкілдері жер шарының қоңыржай аймақтарына бауыр басқан, алайда қуыршақтары қысқы суыққа шыдас беретін көбелектер біздің елімізде де кездеседі. Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібірдің оңтүстігіне дейінгі аумақта тіршілік ететін Арктикалық аполлон (Parnassius arcticus) да желкеншелерге жатады. Аполлондарды күр көзі әлсіз түсетін қарағай тоғайларынан ұшырастыра алмыз,өйткені осындағы құмды топырақта ғана жасаң(жасаңшөптер тұқымдасына жатады) жайқалып тұрады.Ол жұлдызқұрттар үшін таптырмас азық.Қатер төнгенде махаон жерге құлдилап,жауының көз алдына жеуге жарамсыздығын айғақтайтын қызыл таңбаларды тосады.Дұшпанын зәреқұтын одан сайын ұшыру үшін көбелек қанатының төменгі жағындағы үш аяғымен жантүршілерлік дыбыс шығарады. Махаон - біздің көбелектеріміздің ішіндегі ең әдемісі. Кергенде 9 см-ге жететін оның қанаттарының бояуымен сары, қара және көк түстер керемет үйлеседі, артқы қанаты қызыл таңбамен және шағын шошақпен әдіптелген. Желкеншлердің жұлдызқұрттарының басына (бірінші кеуде буынында) шанышқы тәріздес без өсіп шығады. Жайбарақат жатқан кезде тартылып тұрса да, қауіп төнгенде ілгері қозғалып, жыртқышты өткір қолайсыз иісімен үркітіп жібереді. Махаон қиыр солтүстік аудандарды қоспағанда, Ресейдің барлық пұшпағын мекендейді. Тау бойында 3000 м биіктікте ұшып жүреді. Ит тұмсығы өтпейтін ну орман мен жайқалған шалғындар, бақтар мен саябақтар да олардың құтты қонысы. Бірақ қазір олар да көзден бұл-бұл ұшуда. Бұл көбелектердің аналықтары шатыргүл, зығыргүл, ерінгүлді, күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге жұмыртқа салады. Ана мейірі жұлдызқұрттар азықтан тарықпасын дегенге саяды. Алкиной немесе Маак махаоны (Қиыр шығысты зерттеуші ресейлік ғалым Р.К.Маак құрметіне аталған) тек Амур аймағы мен Примор өлкесінде ғана кездеседі. Бұл Ресейдегі ең ірі көбелек: көк-жасыл түспен құбылған барқыт қанаттары кең жайғанда 12-15 см-ге жетеді. Ол әдемілігі жағынан тропикалық бір мысқал да кем түспейді.. ## Классификациясы Тұқымдасқа 32 тегі и 570 түрі (2011 ж. желтоқсанында) енген, оның ішінде 4 қазба түрі. Тұқымдаста келесі тұқым тармақтары бар: * Baroniinae тұқым тармағыBaronia * Baronia * Parnassiinae тұқым тармағыAllancastriaArchonBhutanitisHypermnestraLuehdorfiaParnassiusSericinus * Allancastria * Archon * Bhutanitis * Hypermnestra * Luehdorfia * Parnassius * Sericinus * Papilioninae тұқым тармағыAtrophaneuraBattusChilasaCressidaEuryadesEurytidesGraphiumIphiclidesLampropteraLosariaMeandrusaMimoidesOrnithopteraPachlioptaPapilioParidesPharmacophagusProtesilausProtographiumTeinopalpusTrogonopteraTroides * Atrophaneura * Battus * Chilasa * Cressida * Euryades * Eurytides * Graphium * Iphiclides * Lamproptera * Losaria * Meandrusa * Mimoides * Ornithoptera * Pachliopta * Papilio * Parides * Pharmacophagus * Protesilaus * Protographium * Teinopalpus * Trogonoptera * Troides ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Papilionidae of Russia * Papilionidae of the World * Парусники (Papilionidae) на lepidoptera.ru Мұрағатталған 19 маусымның 2009 жылы.
Тауыскөзділер немесе сатурниялар (лат. Saturniidae) - ірі түн және ымырт көбелектері тұқымдасы. ## Биологиялық сипаттамасы Тауыскөзді - атлас әлемдегі ең ірі көбелектер санатына жатады. Оның алдыңғы қанаттарының ұштары 25 см-ге дейін жетеді. Оның ауқымды қалың мамық денесі мен кең барқыт қанаттары әсем үйлесіп, ортасындағы ашық саңылау кейпіндегі қара дақтар сән беріп тұрады. Кейде бұл тауыс қауырсынындағы көзшелерді еске түсіреді. Басқа да түнгі көбелектер сияқты, тауыскөзділерде де қауырсынды мұрттар жарасым тапқан. Ол иіс сезу мүшесі болғандықтан, сол арқылы көз байлайтын түнде көбелектер серіктерін тауып, жарастық құрады. Тауыскөзділердің аталықтарының біренеше шақырым қашықтықтан аналықтары сепкен феромондардың иісін қапысыз сезетіні қызықты. Тауыскөзділердің ірі жұлдызқұрттары тікірейген қылтанға көсіледі, осы үшін құстар мен рептилиялар оны маңалай да алмайды. Тауыскөзділер 7-10 күн бойы қоректенбейді. Олар өзгелерге өмір беру арқылы өліп отырады. Ал Америкаға бауыр басқан тауыскөзді-аутомерис жұлдызқұрттарының қылдарында улы зат жасырынған, сондықтан абайсыз тиіп кетсеңіз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Алайда улы қылтандардың арасынан қауіпсіз мекен тауып, жайланып жататын ұсақ алау-көбелектің жатыпішер жұлдызқұрттары өз қожайынына қарай жол салып алады. Қуыршаққа айналмай тұрып,тауыскөзділердің балапанары өздерін берік жібек жіптің пілләсімен мұқият орайды. Шығыс және Оңтүстік Азияны жайлаған тауыскөзді - селенаның қанаттары да ұзын бұрымшамен бітеді. Грек тілінен тәржімалдағанда, "селена" - "ай" дегенді білдіреді, және бұл көбелек өз атауын ай нұрындай әсемдігіне қатысты алған. Калиго тегінен шыққан кейбір тауыскөзділердің қанаттарының екінші жұбында үкінің көзіндей дөңгелене баттиған таңбалар жанарға шалынады. Көбелек тұтқиылдан қауіп төнген сәтте оны көрсетугуе мәжбүр. Және бұл қарумен өз жаулары-құстар мен ұсақ сүтқоректілерді абыржытып тастайды. ## Таралуы Бұлар Оңтүстік-Шығыс Азияның субтропикалық ормандарынан сая тапқан. Дөңгелек көзшелермен бірге оның қанаттары үшбұрышты ашық саңылауға сән беріп тұрады. Тек Мадагаскар аралында ұшырасатын сатурния-құйрықты жұлдызға қатты ұқсайды. ## Классификация Тұқымдаста келесі тұқым тармақтары бар: * Oxyteninae * Cercophaninae * Arsenurinae Jordan, 1922 * [Ceratocampinae Harris, 1841 * Hemileucinae Grote & Robinson, 1866 * Agliinae Packard, 1893 * Ludiinae Aurivillius, 1904 * Salassinae Michener, 1949 * Saturniinae Boisduval, [1837] 1834 ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер * Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012. ## Сыртқы сілтемелер * Moths of North America: Saturniidae * Bombycoidea of Canada * Family Classification of Lepidoptera Мұрағатталған 13 тамыздың 2004 жылы.
Алыптың үйі - қашалған үлкен тастан қаланған құрылыстар (б.з.б. 3-мың жылдық - б.з.1-мың жылдығы). Ежелгі Грекияда мұндай құрылыстарды мифтік алыптар - уиклоптар салған деп есептелген. Алыптың үйі деп аталатыны да осыдан. Тек тастардың ауырлық күші құрылыстың тұрақтылығы қамтамасыз етеді. ## Арыстанның қақпасы Алыптың үйі - ол көне заманның бір құпиясы. Көбінесе -Жерорта теңізі маңайында, Армения таулы өлкесінде, Қрымда кездеседі. Әлемге белгілі Микендегі "Арыстанның қақпасы" (Lion Gate) б.з.б. XIV—XIII ғасырда құрылған. Қақпаның үстінгі жағындағы арыстандардың барельефі бейнеленген. Осыдан өз атауын алған. ## Гарни ғибдатханасы Армениядағы б. з. І ғасырында соғылған Гарни (арм. Գառնի, [gařní]) ғибдатханасының фундаментінде ақтас етрітіндімен нығайтылмаған 6 тонналық тастар табылған. Ауыр тастар өзара темір тоғынмен бекініп үстінен қорғасын құйылған. Ғибдатхана Ереван қаласынан 28 км қашықтықта, Азат өзенінің алапында Гарни ауылының қасында орналасқан. ## Саксайуаман қорғаны Саксайуаман (Saksaywaman) — Кускодағы (Перу) құрылыс. Бірінші Инко Манко Капакпен тұрғызылған. Төменгі қатардың ірі тастарының салмағы 128-ден 200 тоннаға дейін жетеді. Ең ұзын қабырғанын ені - 400 м, биіктігі 6 м. Циклопическая кладка в наше время[править | править исходный текст] ## "Адыптын үйі" технологиясын қазіргі заманда қолдануы Қазіргі заманда "Адыптын үйі" технологиясын өңделмеген кесек тастарын қатайтатын ертіндінің қалың қабатына бекітіледі. ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Алыптың үйі ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Ұзынтұмсықтылар немесе Ұзынмұрындылар, кейде пілтәрізділер (лат. Curculionidae) - түрліқоректі қоңыздардың отряд тармағының тұқымдасына жататын жәндіктер. ## Таралуы Бұл қоңыздар әлемнің барлық пұшпағына таралған, тропиктен арктикалық аудандарға дейін жайлайды,тек Ресей аумғының өзінде 5 мыңға жуық түрі мекен етеді. ## Биологиялық сипаттамасы Тұқымдас өкілдері - өте өзгеше бейнедегі шағын қоңыздар (ұзындығы 5-6 см-ге жететін кейбір тропикалық түрлерді қоспағанда). Олардың бастары түтікбасқа қарай созылған, оның ұзындығы мен қалыңдығы әркелкі, бірақ негізінен тұмсықты (мұндай ұзынмұрындылар кейде пілдер деп те аталады) еске салады. Ересек қоңыздар бәрінен бұрын өсімдіктің жасылын, тозаңды, гүл тіндерін талғажау етеді. Дернәсілдер сабақтың өзегінде, жапырақта немесе жеміс ішінде өсіп-жетіледі. Мәселен, жаңғақ ұзынмұрындысының балаң құрттары әдетте өзі өсіп шыққан жаңғақты зақымдамай қоймайды. Оның аналығы ұзын мұрнының ұшын жаңғаққа сұғып, 6-8 сағат тынбай еңбектенгеннен кейін оның қабығына саңылау түсіріп, жұмыртқаларын сонда салады. Ұзынмұрындылардың ең көрікті өкілдерінің бірі - Мадагаскар түтікшесі. Бұл қоңыздың тұрқы 3 см, оның жартысы тұмсығына кетеді. Өз атауын жапырақты шылым кейпінде орайтынына байланысты аталған. Оның ішіне аналық қоңыз жұмыртқасын салады. Мадагаскар түтікшесі өте ашық реңде: оның қызыл және қара топшылары болады. Құдды бір түтік басты лакпен бояп қойған сияқты. Басы бастүтікке ұқсас, кеміргіш ауыз бөлімімен аяқталады, мұрттары шоқпар тәрізді. Дернәсілдері аяқсыз, әдетте ақ түсті, С-тәрізді иілген, кейде боялған. Бастүтік құрылысына байланысты олар қысқатұмсықтылар (Adelognatha) және ұзынтұмсықтылар (Phanerognatha) болып бөлінеді Барлығы өсімдікқоректілер. Ұзынтұмсықтылар көбі тек ғана белгілі бір туыстасқа туысқа, кейде түрге жататын өсімдіктерде, (олигофагтар және монофагтар) дамиды, кейбіреулері көпқоректі, (полифагтар). Ұзынтұмсықтылар көбі ауыл шаруашылық мәдени және орман өсімдіктерінің зиянкестері. ## Curculionidae тұқымдас тармақтары * Bagoinae * Baridinae * Brachycerinae * Ceutorhynchinae * Conoderinae * Cossoninae * Cryptorhynchinae * Curculioninae * Cyclominae * Dryophthorinae * Entiminae * Erirhininae * Hyperinae * [Lixinae * Mesoptiliinae * Molytinae * Orobitidinae * Platypodinae * Polydrosinae * Raymondionyminae * Rhynchophorinae * Scolytinae * * * * ## Дереккөздер
Алып-Тегін - Газнауи әулеті билеген мемлекетті (Ауғанстан, Пенжаб) құрушы. Орта Азия түріктерінен шыққан. Самани әулеті тұсында гвардияға қызмет еткен құл (ғұлам) әскер басы дәрежесіне дейін көтерілген. Абдул-Малик І әмірдің кезінде мемлекеттік істерді басқарған. Алып-Тегіннің беделінен қауыптенген әмір астанадан аластатып, Хорасанның билеуші әкімі етіп жіберді. Абдул-Малик өлгеннен кейін (961) өз түріктерінен құралған өз гвардиясының күшімен Самани әскерін талқандап (962), Ғазна қаласын алды. Сөйтіп Ғазнауи әулеті билеген мемлекетті құрды. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Жұмағали Саяұлы Саин (1912-1961) - ақын, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Алматы, Көкшетау қалаларының орталық көшелеріне, Арықбалық ауданындағы орта мектептердің біріне есімі берілген. "Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған. ## Ақынның өмір жолы Жұмағали Саин 1912 жылы қазіргі Көкшетау облысының Арықбалық ауданында (бұрынғыша: Ақмола губерниясы, Көкшетау уезі, Жыланды болысында «Баян» көлінің жағасында) Сая Тілеубердіұлының семьясында туады. Сая Тілеуберді ұлы кедей болғанымен, өзін қадірлей білетін, ауыл үстемдеріне бас ие қоймайтын тәкаппарлау адам екен. Саяның өлеңшілікке, домбыраға үйірлігі болған. Жұмағали төртке келгенде шешесі Бәдігүл, беске шыққанда әкесі Сая қайтыс болып, жас бала әкесінің інісі Сыздықтың қолында тәрбиеленеді. Бұдан кейін біраз жыл бойы Жұмағали үшін жетімдік, мұқтаждық, әркімнің қабағына қарап жаутаңдайтын өмір басталады. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, бірнеше жыл ауылда сауатсыздықты жою ісіне араласқан. 1930 жыл Мәскеудегі «Цветметзолото» институтында, 1930 — 1932 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің әдебиет және өнер бөлімін басқарды. Қазақстан Жазушылар одағында жас жазушылар секциясының меңгерушісі, "Көркем әдебиет" баспасында директор болып істеген. 1941 — 1944 жж. арасында Ұлы Отан соғысы майданында болып, Украинада партизандар отрядын басқарған. Отан қорғау жолында көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін медальдармен марапатталған. 1944—1947 жж. Қазақ мемлекеттік филармониясы халық шығармашылығы үйінің директоры, 1950—1957 жж. «Жаңа өмір», «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960— 1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады. 1944 жылы «Жорық жылдары» атты өлеңдер жинағы басылады. Өлеңдері Орталық баспада және Украина журналдарында да жарияланған, жеке кітап боп басылған. ### Оқуы 1923 жылы Жұмағали Көкшетаудағы панасыз балаларды тәрбиелеп оқытатын коммунаға алынады. 1928 жылы сонда жеті жылдық мектеп бітіреді, пионерге, одан кейін комсомолға өтеді. Бір жыл Петропавлдағы педтехникумда оқыған Ж.Саин бір қыс Москвадағы түсті металл институтында оқиды. 1931 —1932 жылдарда Алматыда ҚАЗПИ-де оқиды. ### Қызметі 1932—1934 жылдары ол Қарсақпайда қалалық оқу бөлімінің бастығы және мектепте сабақ жүргізеді. 1934—1937 жылдары Саин Алматыда комсомол жұмысында және «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. 1937—1941 жылдары көркем әдебиет баспасының редакторы және жазушылар ұйымында балалар әдебиеті бөлімін басқарады. ### Соғыс жылдары 1941 жылдан 1944 жылдың күзіне дейін Ұлы Отан соғысына қатысады. Жұмағали майданда 102-ші атқыштар дивизиясының 410 полк ротасында политрук болып істейді. Бұл әскери дивизия Украинада ұрыстар жүргізеді. Политрук Ж.Саин жан аямастық патриоттықпен талай қанды ұрыстарға қатысады. Кезекті бір үлкен ұрыста Ж.Саин қызмет еткен дивизия қоршауда қалады. Қатары біртіндеп селдіреген жауынгерлер партизандық күреске кіріседі. Ж. Саин басшылық еткен партизан отряды да көптеп ұрыс жүргізіп, гитлершіл жауға қырғын болып тиеді. Сондай үлкен ұрыстардың бірінде 1942 жылдың аяғында Ж.Саин кеудесіне өткен оқтың жарқыншағы өкпесіне тоқырап, ауыр жараланады. Қоршаудағы партизандар Саинды Украинаның Луганск облысы, Кременск ауданы, Пшеничный хуторында тұратын Донбастың қарт шахтёрі, патриот Михаил Масловтың үйіне орналыстырады. Фашистер оқупациясында отырған Михаил Масулов Жұмағалиға әкедей, қызы Ефросиния дәрігердей, туған қарындасындай болып, тік тұрып күтеді, өлімнен арашалап алады. Тіміскіген жау біліп қалса бәрін атып, болмаса азаппен қорлап өлтіретіні сөзсіз. Сондай жағдайда Масловтардын, Саинға жасаған болыстығы, аяушылығы, жылға жуық асырап, сақтап, ауыр жаралы күйінде күтіп істеген қызметі тек совет жағдайында болатын адамгершілік, достық, ізгілік, асқақ мейрімділік, бірнеше буын дарынды қаламгерлеріміз рухтана жыр етерлік қасиеттер. Жорықтағы өмірді, партизандар өмірін, олардың теңдесі жоқ патриоттық қимылдарын Жұмағали Саин өзінің дарынды өлеңдерімен еселей, бірнеше дүркін жыр етті. Алайда бұл тақырып қаламгерлеріміз талай рет оралып, партизандар қимылын, Масловалардын адамгершілік, ерлік, патриоттық қасиеттерін, Ж. Саинның өзінің тамаша ерлік, партизандық, ақындық, адамгершілік сипаттарын ұшқыр шабытпен жыр етуді керек етеді. 1944 жылдың күзінде майданнан оралған Жұмағали туралы Сәбит Мұқанов былай дейді: «Поезбен келе жатыр» деген хабарын алғаннан кейін, әйелі Екатерина Михайловна екеуміз қарсы алдық. Жүдеп біткен Жұмағалидың аяғын зорға басарлық қана халі бар екен. Пәтеріне сүйемелдеп әкеп, тыныс тапқаннан кейін білсек, былайда туберкулезі бар өкпесіне жаудың оғы қадалып, сылып алуға келместік қалыңына бекіген екен (сол оқтар қабырына денесімен бірге кетті). (Қазақ әдебиеті, 16 қараша, 1962). Келе-келе Саин ауыр жараның зардабынан біраз арылды, оңалды, жазушылық күші қалпына келді. Бірақ басы бүтін айығып кете алмады, операция жасағанда үш қабырғасын алып тастаған кеудесі бір жағына жантық болды, қабағы қатыңқы, өңі қуқыл, шеңгелдеп бүрген ауру тырнағын ажыратпайтыны байқалушы еді. Бірақ ауырып жүрмін, денсаулығым нашарлады дегенді одан естімейтінсің. Одан кейінгі жылдары тынымсыз күресте өтті. Жұмағали тіршілік үшін күресті, жазушылық дарынын жарыққа шығару үшін, жан толғантқан көп жайларды сөз өрнегіне түсіріп жұртшылыққа ұсыну үшін күресті. Бұл бағытта да Саиннын Корчагинге ұқсас сипаттары көп. ### Соғыстан кейінгі жылдар Ж. Саин 1944—1947 жылдары Қазақстан филармониясында және халық өнері үйінде директор, 1950—1956 жылдары «Жаңа өмір», «Жұлдыз» журналдарының редакторының орынбасары, 1960—1961 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы болды. 1961 жылы, 28 майда Саинның жарамен зақымданған жүрегі біржола тоқтады. ## Шығармалары * Жас досыма. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948; * Қарлығаш. Өлеңдер. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1948; * Айғақ. Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМ КӨБ., 1948; * Күләнда. Поэма. ҚМ КӨБ, 1950; * Алтай. Достық туралы аңыз. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1950; * Дастандар. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1951; Т * аңдамалы шығармалар. ҚМКӘБ, 1952; * Өлеңдер. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1953; * Жылдар. Таңдамалы шығармалар. ҚМ КӨБ, 1954; * Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957; * Жорық жолдары. Өлеңдер мен поэмалар. А.,»Жазушы», 1970; * Шығармаларының 3 томдығы, А., «Жазушы», 1977-1979; * Избранные. А., «Жазушы», 1983. ## Дереккөздер * Қазақ совет әдебиеті. Алматы 1971 ж. * Қазақ әдебиеті Энциклопедиясы Алматы 1999 ж. * Ж.Саин «Шығармалары» * «Қазақ әдебиеті» газеті 2005 ж. 15 сәуір.
Бәңгі көбелектер тұқымдасына (лат. Sphingidae)  1000-нан аса түрі бар ерекше ымырт көбелектері жатады. ## Биологиялық сипаттама Қонып отырған бәңгіні барынша ірі шылымтәріздес денесі мен қанатынан байқауға болады. Оның алдыңғы қанаты тар және ұзын, артқы қанаты қысқа және кең болып келеді. Ал қанат қаққан бәңгіні колибримен шатастырып алып жатады. Басқа көбелектен гөрі Бәңгілер шымшыққа ұқсайтыны қызық. Бәңгілер өте жылдам самғайды, тіпті жылдамдықтары 54 км/сағатқа дейін жетеді. Бұл кезде қанаттарын жылдам қағатыны соншалық, алуан реңмен араласып, жеңіл дыбыс шығарады. Гулге ұшып жеткен бәңгі ауада қалықтап тұрып, ұзын тұмсығын оның түбіне дейін сүңгітеді. Ұзын түтікпен хош иісті темекі, шырайгүл, меңдуананың нәрін сорып алады. Әдетте бәңгілер тозаңдандыратын гүлдердің иісі тунде ерекше аңқып тұрады. Бәңгілер арасында талғамен боялған ірі түрлері аз емес. Олардың бірі Олеандр бәңгісі, қанатын жайғанда 10 см-ге дейін жетеді. Мадагаскарда гүлінің тереңдігі 20 см-ге жететін орхидея табылған кезде, Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтты. Мұндай көбелек 1903 жылы ашылды. Бұл көбелек Африкада, Жерорта теңізінде, Иранда, Ауғанстанда кең таралған, бірақ кейде жазды күні солтүстікке сапар шегіп, Ресейдің орта белдеуінде де ұшырасып қалады. Тұрақты мекені Каваказдың Қара теңіз жағалауы, мұнда жерорта теңізі олеандрларының көшеттері егілген (олардың жапырақтары жұлдыз құрттарының жеңсік асы болып саналады). Олеандр бәңгісінің ірі жұлдызқұрттарының дене ұштарында мүйіз түріндегі тығыз бездер өседі. Олар ірі ақтаңдақ- «көзшелері» бар денесін көтере ісініп дұшпандарын үркітеді. Ірі бәңгі «Өлі бас » осылай аталуының арқасында қу бас пен айқасқан сүйектерді еске салатын сурет орналасқан. Көптеген халықтар осы көбелекке қатысты ырым - тыйымдар шығарып, оны бақытсыздық нышанына балайды. Бұл ащы дауыс шығара алатын бірден бір көбелек. Ол тек қанатымен гуілдеп қана қоймайды, сонымен бірге шиқылдайды да. Жаңадан туған араның аналығы шығаратын дыбысқа ұқсас бұл шиқылға елігіп, бәңгі омартаға адасып кіріп кетеді. Гүл шіресінен бөлек, ол балға да құмар, жүздеген ара ұясынан балды құныға сорады. Бәңгінің көшпелі жәндік екендігі де қызықты: Еуропаның оңтүстігінде дүние есігін ашқан көбелектер Қола түбегіне дейін ұшып жетеді. ### Smerinthinae тұқымдас тармағы * LaothoeFabricius, 1807Laothoe amurensis (Staudinger, 1892)Laothoe populi (Linnaeus, 1758) * Laothoe amurensis (Staudinger, 1892) * Laothoe populi (Linnaeus, 1758) * Smerinthus Latreille, (1802)Smerinthus ocellata Linnaeus, 1758Smerinthus caecus * Smerinthus ocellata Linnaeus, 1758 * Smerinthus caecus * Marumba Moore, (1882)Marumba quercus (Denis & Schiffermüller, 1775)Marumba gaschkewitschii (Bremer & Grey, [1852]) * Marumba quercus (Denis & Schiffermüller, 1775) * Marumba gaschkewitschii (Bremer & Grey, [1852]) * Mimas Hübner, (1819)Mimas tiliae (Linnaeus, 1758)Mimas christophi (Staudinger, 1887) * Mimas tiliae (Linnaeus, 1758) * Mimas christophi (Staudinger, 1887) * Callambulyx Rothschild & Jordan, 1903Callambulyx tatarinovii (Bremer et Grey, 1852)Callambulyx poecilus * Callambulyx tatarinovii (Bremer et Grey, 1852) * Callambulyx poecilus * Dolbina Staudinger, 1887Dolbina elegansDolbina tancrei Staudinger, 1887 * Dolbina elegans * Dolbina tancrei Staudinger, 1887 * Akbesia Rothschild & Jordan, 1903Akbesia davidi * Akbesia davidi * ClanisClanis undulosaClanis schwartzi * Clanis undulosa * Clanis schwartzi ### Sphinginae тұқымдас тармағы * Sphinx Linnaeus, 1758Sphinx ligustri Linnaeus, 1758 Sphinx pinastri Linnaeus, 1758 * Sphinx ligustri Linnaeus, 1758 * Sphinx pinastri Linnaeus, 1758 * Agrius Hübner, (1819)Agrius convolvuli (Linnaeus, 1758) * Agrius convolvuli (Linnaeus, 1758) * Acherontia [Laspeyres], 1809Acherontia atropos (Linnaeus, 1758)Acherontia lachesis * Acherontia atropos (Linnaeus, 1758) * Acherontia lachesis ### Macroglossinae тұқымдас тармағы * HemarisDalman, 1816Hemaris fuciformis (Linnaeus, 1758)Hemaris tityusLinnaeus, 1758 Hemaris thysbeHemaris croatica * Hemaris fuciformis (Linnaeus, 1758) * Hemaris tityusLinnaeus, 1758 * Hemaris thysbe * Hemaris croatica * ProserpinusHübner, (1819)Proserpinus proserpina (Pallas, 1772) * Proserpinus proserpina (Pallas, 1772) * SphingonaepiopsisWallengren, 1858Sphingonaepiopsis gorgoniades * Sphingonaepiopsis gorgoniades * Rethera Rothschild & Jordan, 1903Rethera komarovi (Christoph, 1885) * Rethera komarovi (Christoph, 1885) * DaphnisHübner, (1819)Daphnis nerii (Linnaeus, 1758) * Daphnis nerii (Linnaeus, 1758) * ClarinaTutt, 1903Clarina kotschyi * Clarina kotschyi * AcosmeryxBoisduval, (1875)Acosmeryx naga (Moore, 1857) * Acosmeryx naga (Moore, 1857) * Macroglossum Scopoli, 1777Macroglossum stellatarum Linnaeus, 1758Macroglossum gyrans * Macroglossum stellatarum Linnaeus, 1758 * Macroglossum gyrans * Hyles Hübner (1819)Hyles euphorbiae (Linnaeus, 1758)Hyles galii Rottemburg, 1775Hyles livornicaEsper, 1780Hyles vespertilio (Esper, 1780)Hyles hippophaesHyles nicaea * Hyles euphorbiae (Linnaeus, 1758) * Hyles galii Rottemburg, 1775 * Hyles livornicaEsper, 1780 * Hyles vespertilio (Esper, 1780) * Hyles hippophaes * Hyles nicaea * Deilephila Laspeyres, 1809Deilephila elpenor (Linnaeus, 1758)Deilephila porcellus (Linnaeus, 1758) * Deilephila elpenor (Linnaeus, 1758) * Deilephila porcellus (Linnaeus, 1758) * HippotionHübner, (1819)Hippotion celerio (Linnaeus, 1758) * Hippotion celerio (Linnaeus, 1758) * Theretra Hübner, (1819)Theretra clothoTheretra alecto * Theretra clotho * Theretra alecto * Euchloron Boisduval, 1875Euchloron megaera (Linnaeus, 1758) * Euchloron megaera (Linnaeus, 1758) ## Галерeя * * * * * * * * ## Сыртқы сілтемелер * Sphingidae of the Western Palaearctic\Бражники западной палеарктики * Бражники Азии Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2009 жылы. * Бражники * Sphingidae — Список типов ## Дерек көздер * Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012.
Жаңалық — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заречный ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 259 адам (133 ер адам және 126 әйел адам) болса, 2009 жылы 85 адамды (46 ер адам және 39 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Үкішілер 30 мың түрден асатын ең мол тұқымдасқа жатады, және бұл санның үзілді-кесілді емес екендігін де ескерейік.Сабалақ денелі түнгі көбелектердің сұры немесе бурыл ұзын топшылары бар.Толқынды және иір сызықты алабажақ суретке қарап кез келген адам оның бекерге үкі суреті деп аталмағандығына көз жеткізеді.Қанаттарын шатырдай жайып, тыныстап жатқан кезде көбелек ағаш қабығында елеусіз көрінеді.Ал қауіп төнген сәтте ол қанаттарының екінші жұбын жая қояды.Таңғыш кейпіндегі көк немесе қызыл түстер араласқан қанат- көбелектің басты дәрмені.Үкішенің әдеттегі өкілі таңқурай лентасы болып табылады.Оның жұлдызқұрттары емен жапырақтарында жетіледі.Жасыл альпілік үкіше Еуропа мен Азияның таулы қыраттарында ұшырасады.Оның топшысы жасыл түске боялған және иесін альпілік шалғындардың нәрлі шөптерінің тасасында жасыра алады.Ал артқы ақ қанаттары тек ұшқан кезде ғана көзге шалынады.Жалаңаш жасыл жұлдызқұрттар өмірінің үлкен бөлігін топырақта өткізеді.Өсімдіктердің тамырын кеміріп немесе жер бетіндегі сабақтарын азық етеді.Барынша көбейіп, олар көкөністерге айтарлықтай залал келтіреді.Айталық, күздік үкішенің жұлдызқұрттары күздік дақылдың көктеуін жақсы көреді.Жүгеріге, мақтаға жаудай тиеді, осынысымен ауыл шаруашылық қызметкерлеріне аз жұмыс тауып бермейді.Ал қарағай үкішесінің көбеюі қарағай тоғайын құртып кетуі мүмкін.Есесіне Еуразия мен Солтүстік Африканың шөлейт далаларында таралған тегеурінгүл үкішесі дельфиниум (тегеурінгүл) дәмін құныға жейді.Бұл өсімдік бидай егістігін басып кететін арамшөп болғандықтан, көбелектер диқандардың еңбегіне жәрдемін тигізеді.Бірақ жыртылған алқап көбейген сайын тегеурінгүл үкішесі де күрт азайып кетті. Ол да жоғалудың аз-ақ алдында тұр.Үкішенің дене бітімі қатты ерекшеленеді. Олардың ішінде шағын көбелектер басым, бірақ бұл тұқымдасқа Оңтүстік және Орталық Америкада тіршілік ететін үкіше-агриппа да жатады. Самғап бара жатқан үкіше-агриппанын түнгі құс деп ойлап қаласыз.Оның үстіне қанаттарының өрнекті бояуы үкіні еске түсіреді, ал қонақтап отырған көбелекті ағаш қабығынан ажыратып алу қиынның қиыны.Ол қанатын жазғанда ұзындығы 30,8 см-ге жетеді.Тауыскөзді атласпен бірге ғаламшардағы ең ірі көбелек санатына қосылған.Бұл көбелек әлемге кең таралғанына қарамастан, оның өмір сүру салты туралы мәліметтер жоқтың қасы. ## Дереккөздер Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012.
Қатынсу – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 155 км, су жиналатын алабы 1650 км2. ## Бастауы Бастауын Тарбағатай жотасындағы Тастау, Жалаулы тауларынан алып, Көктал ауылынан төменде Алакөлге құяды. Оң жағынан Каначка, Егінсу, сол жағынан Шошқалы, Құсақ өзендері қосылады. ## Гидрологиясы Аңғары Қазымбет ауылына дейін таулық сипатта, одан төменде біртіндеп кеңейіп, сағасында айналадағы ортамен тұтасып кетеді. Жағасы жоғарғы бөлігінде тік жарлы, биіктігі 5 — 8 м. Қазымбет ауыл тұсында таудан шыға үлкен ысырынды конус қалыптастырады. Конус аумағында арнасы тармақталып, Каначка мен Шошқалы салалары құйған тұстардан бір арнаға қайта тоғысады. Жайылмасы тармақталған тұстарында кеңейіп, шабындық шөп өседі. Суның 40-50%-ы қар, 10-12%-ы жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Жазғы — көктемгі кезеңдерде тасып, жаз соңынан күз басталғанға дейін және қыста сабасына түседі. Суының минералдылығы су тасу кезінде 100 — 300 мг/л, сабасына түскен кезеңдерде 200 — 500 мг/л. Алабының таулық бөлігінде орман ағаштарының сиректігі, беткейлерінің тік жарлылығы, қорым тастардың мол қоры, нөсерлі жауындардың көптеп орын алуы сел қаупін туғызады. Жылдық орташа су ағымы Қызылжұлдыз ауылы тұсында 4,67 м3/с. Суы егін суаруға, шабындықтар мен жайылымдарды суландыруға пайдаланылады. Қатынсудан 8 канал тартылған. ## Дереккөздер
* Қарабұлақ ауылдық округі – Абай облысы Мақаншы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қарабұлақ ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. * Қарабұлақ ауылдық округі – Ақтөбе облысы Алға ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қарабұлақ ауылдық округі – Алматы облысы Кеген ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қарабұлақ ауылдық округі – Жетісу облысы Ескелді ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қарабұлақ ауылдық округі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қарабұлақ ауылдық округі – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қарабұлақ ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы әкімшілік бірлік.
Қарабұлақ ауылдық округі – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарабұлақ ауылы кіреді. Орталығы – Қарабұлақ ауылы. Кестеде кішірек жазумен тиесілі ауыл маңындағы тұрғылықты тұрғындары ұлттық санақ қорытындысына енген мекен-жай көрсетілген. ## Дереккөздер
Гурьяновка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заречный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 143 адам (69 ер адам және 74 әйел адам) болса, 2009 жылы 34 адамды (19 ер адам және 15 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Төленгітов Қанат Файзрахманұлы (1971 жыл 27 мамыр - 2013 жыл 13 желтоқсан) - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, полковник, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының мүшесі, Ресей Федерациясы Әскери Ғылым Академиясының мүшесі.Өмірбаяны1971 жылдың 27 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауылында мектеп мұғалімдері отбасында дүниеге келген. Әкесі Файзрахман Құжырұлы математика пәнінен 40 жылдан аса уақыт ұстаздық еткен, Қазақсатн Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері.Ән айтады,домбыра,баян,балалайка аспаптарында ойнайды. Анасы Сәкен Мукажанқызы химия - биология пәндерінен 40 жылдан аса уақыт ұстаздық еткен. Жеті баланы өмірге әкелген. Қанат Файзрахманұлы 1988 жылы Жарма ауданы,Үшбиік ауылындағы Ақтайлақ би атындағы орта мектепті тамамдап, Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтының инженер-педагог мамандығына оқуға түсіп, 1993 жылы үздік бітіреді. Еңбек жолдары2008 - 2013 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің жауынгерлік даярлық басқармасы оқу және ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы Игі істері мен жетістіктері Мақалалары мен кітаптары * К вопросу о философской сущности личностно-профессионального саморазвития курсанта военного вуза * Некоторые аспекты интеграции вузов силовых структур в вопросах военного образованияЖаксылыков Р.Ф., Толенгутов К.Ф.Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Әскери институтының ХАБАРШЫСЫ * Формирование готовности курсантов к профессиональной деятельности на основе информационных образовательных технологий [Текст] : автореферат дис. . канд. пед. наук : 13.00.08 / Канат Файзрахманович Толенгутов ; Евразийский гуманит. ин-т. - Астана, 2007. - 28 с. - Библиогр.: с. 27-28. - ББК 74.6(2К)А Дереккөздер
Ізғұтты Құрманбайұлы Айттықов (1922 жыл 20 қаңтар, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Ұранхай ауылын - Зарасай қаласы, 1944) - Кеңес Одағының Батыры, қазақ. * Әскери құрама қатары -51. Гвардиялық атқыштар дивизиясы, 158 полк 2 батальон. * Әскери атағы – Гвардия аға сержанты, батальон комсоргі 1942 жылы майданда болды. Сталинград іргесінде шайқасты Калинин, Курск, Белгород облыстарының жерін азат етуге қатысты. Батыс Двина жағалауына дейін болды. Ер жүрек барлаушы жау тылында бірнеше рет болды. Оның өзі 50 гитлершіні жойып, бөлімге 22 «тіл» әкелді. Командованияның жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап шыққаны үшін Қызыл жұлдыз, І, ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен награтталды. 1944 жылы 22-июльде гвардия старшина Ізғұттыға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.1944 жылы 51-гвардияшы атқыштар дивизиясы неміс фашист әскерлерінің қарсылығын жеңе отырып батысқа ұмтылды. 158 гвардияшы атқыштар полкінің 2-батальоны дұшпанның тіркес жасалған қорғаныс шебін бірінші болып бұзып, кескілескен ұрыстарда Витебск облысы Залужье деревнясын алды. Взвод Першино деревнясын шабуылмен алып, полктың оң қанатын қорғады.Взвод шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуып, 22 июньде Батыс Двина өзеніне жетті де, келген бетте өзеннен өтті. Алғашқы топты Ізғұтты бастады. Плацтарды басып алды. Жаудың 4 пулеметін, 38 солдаты мен офицерін жойды. 2 күннен кейін взвод Полоцкіге кіріп, көше ұрыстарын бастады. Ақын Алексей Сурков «Совет Одағының Батыры Ізғұтты Айттықовқа» деген өлеңінде: Су шайған құмдық жағаны,Айғыздан жатты оқ тесіп.Айттықов жүзіп барадыӨзенде бейне от кешіпЕрліктің оты жанадыМақсаты одан жүз мықтыЕл үшін тыным алар маҚазақтың ұлы Ізғұтты! Ізғұтты Айттықовқа 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Дивизияның саяси бөлімі Айттықовтың хаты жарияланған листовқа шығарады. «Батыр» деген құрметті атақты бізде өсіп тәрбиелеген. Отан үшін ұрыстарда бізді шынықтырған комсомол Отан алдында өз борышымыздың ақырына дейін аброймен орындадық деп мақтан тұта аламыз», - деп үн тастап, өсиет қалдырған еді. Оның өсиеті орындалды. 1961 жылы 18 қазанда Тарғын орта мектебіне Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айттықовтың есімі берілді Батырдың соғыс кезіндегі жүріп өткен жорығы: Тарғын=>Сталинград=>Харьков=>Калинин=>Витебск=>Полоцк=>Зарасай. Батырға арналып тұрғызылған Полоцк қаласындағы ескерткіш. Мектеп мұражайындағы батырдың мүсіні оны Мектептің түлегі Т.Иманбаев Батыр Мүсінін жасап сыйғатартты 1965 жыл. Николаев қаласындағы "Океан" кеме жасау заводы Ізғұттының есімімен аталатын кен тасу теплоходын шығарып, ол Одесса қаласында 1976 жылы қаңтар айында суға түсірілді. Кеме Қара теңіз - Жапония аралығында жүзеді.Батыр есімі берілген мектеп. Қазіргі таңда бұл мектеп "І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" КММ болып аталынады. ##
Алма (қырымтат. Alma, Алма, укр. Альма) - Қырым түбіндегі өзен Ұзындығы 83 км. Бабуган-Яйла тауының солтүстік беткейінен басталып, Қаратеңіздің Қаламит шығанағына құйылады. Орта есеппен жылына 2 ай, кейде 6 ай құрғап қалады. Орташа су шығыны 1,2 m³/сек. Аз уақыт қана қатады, кей жылдары қатпайды. Саға тұсының суы жер суаруға пайдаланылады, аңғарында бау-бақша өсіріледі. ## Қызықты дерек 1854 жылдың 8 (20) қыркүйегінде (1853-56 ж. Қырым соғысы барысында) ағылшын-француз-түрік бірлестік әскері орыс армиясын талқандаған. Осы жеңіс мәңгі есте қалу үшін Парижде Сена өзенінде Альма көпірі соғылған. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Альма өзені * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Альма өзені
Бітім салты халық арасында маңызы бар өте қиын әрі күрделі іс. Бұл хан,би,ақсақалдардың араласуымен бітетін елдік шаруа. Ерте замандарда еларалық жаугершілік ,соғыс,ұрыс,жер дауы, ер намысына тиетін ірі қақтығыстар мен ұрыс-жанжалдар болып тұрған. Мұндайда кектескен,өштескен,есесі кеткен ел жиі қақтығысқа шығып , оның соны кісі өліміне дейін ұласқан. Міне, осындайға екі елді бітістіретін , келісімге шақыратын "бітім" деп аталатын тәртіптік заң болған. Мұндай ара ағайындыққа сөзі өтімді,беделді ел ағалары мен батырлар ,би, шешендер жүрген. Олар екі елдің де уәжін тыңдап, қиын жерде жол, бітімге шақыра білген.Кеткен есе,шыққан шығын,кісі құны қайтарылған.Мұндай бітім соңы - басы ақ үй аманат пен сый-сыяпат, қыз алысып,төс түйістіріп достыққа жалғасқан.Бұл бітімді екі елдің ақсақалдары бітім ұстап , еске алмаудың жөн-жосығын,жолын тауып отыруды міндетіне алған. ## Дереккөздер 1. "Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ұрыптары" кітабы ,Атамұра 2010
Құрғақ айрауық немесе Ақбаттауық (лат. Calamagrostis epigejos) – астық тұқымдасының айрауық туысына жататын шөптес өсімдік. ## Таралуы Құрғақ айрауық саздауыт шабандықтарда, орман алаңқайларында, Республиканың барлық жазықтарында және тау етектерінде орын тепкен. ## Биологиялық сипаттамасы Жапырағы таспа тәрізді, барынша керілген. Масақтары ұсақ, дара гүлді, күрделі жоғарғы гүл щоғырында жиылып қалың сыпырғышқа ұқсайды. Гүлдерінің гүлсерігі болмайды, аталығы үшеу, олардың майысқақ жіпшелері мен төменгі қарай иіліп тұратын тозаңқаптары бар. Жемісі ұсақ, бір ұялы, дәнек. Барлық астық тұқымдасатры сияқты құрғақ айрауық та желдің көмегімен тозаңдалады. Жазда жаппай гүлдей бастағанда, қандай да болсын бір қимыл олар топтасқан шілік тозаңынан жылтыр сарғыш бұлт көтереді. ## Пайдалануы Шаруашылықта үй жануарлары үшін де, жабайы жануарларға азық ретінде де маңызы зор. Басқа да көптеген маңызды, пайдалы қасиеттері бар. Мықты сабағы тоқыма бұйымдарын жасауда, қағаз дайындауда және жерасты бөлігі халық медицинасында тыныс жолдары мен бүйрек ауруларын емдеуде қолданылады. ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Айрауықтар тұқымдасы * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Айрауықтар тұқымдасы
Қазақстанның дәстүрлі аграрлық құрылымы. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық жаңа үрдістер және шаруа мәселесі20-жылдардың екінші жартысынан бастап кенес мемлекеті экономикалық және саяси күйреуден арыла түсті, ЖЭС идеологиясынан бас тартып, саясатын қайтадан Қазан революциясы бағытына бұрды. Нақ осы кезеңде «еңбекшілердің таптық санасына» сүйене отырып, ал іс жүзінде бәрібір сол тобырдың люмпен-пауперлік психологиясымен режим дәстүрлі құрылымның қызметі мен ұдайы өндірісі тетігінде тура қиратушы-бей-берекетсіздік процестерді туындата отырып, реттеуші акцияларды жүргізуге, әлеуметтік топты ұйымдастырудың қалыптасқан эко-жүйелік тәртібімен, яғни жинақтап айтқанда этностың тіршілік ету жүйесінде әлеуметтік-мәдени және институттық басымдықтарын ұйымдастыруға тырысты. Осы айқындаманың дұрыстығын, тарихи іс-қимылдардың ақиқат бейнесін анықтауға біраз уақыт кететін бірқатар шешуші жайттарды алдын ала зерделеп алмайынша, біз бәрібір мәселені түйсіне алмаймыз. Ең алдымен, мүмкіндігінше, қысқа да болса, негізгі дәстүрлі әлеуметтік топты ұйымдастырудың және оның «тірек конструкцияларын» - мал өсіруші жайылымдық-көшпелі қауымдарының басты құрылымдық-функционалдық принциптерін тұтас қарастыруға тура келеді. Осы ой орамында басты мәселеге, мал өсіруші шаруашылықтардың (Қазақстанның қуаншылық жағдайында шаруашылық-мәдени тірліктің басты түрі болып табылатын) мақсаты «күнкөріс экономикасы» болғанын атап көрсеткен жөн. Соңғысына өндіріс құралдарын ұдайы қайта дамытып, өсіріп отырғанда (мал мен жайылымдық) және қажетті азық-түлікті өндіргенде ғана қол жеткізуге болатын еді. Алайда осы императивті міндет қарапайым тірлік кешкен көшпелі мал өсірушінің қолынан келмеді. Және бұл түсінікті де, не мал жаюды ұйымдастыру, оны өсіріп-өндіру мен түрлі қауіп-қатерден аман сақтау, айналып келгенде, өндіріс құралдарының қарапайым ұтымды тепе-теңдігін (мал саны мен табиғат, яғни су-жайылым қоры арасындағы тепе-теңдік) қамтамасыз ету малдың белгілі бір сандық және тұр жағынан көбеюі жағдайында ғана мүмкін еді. Малдың шамадан тыс көбеюі де бірқатар қиыншылықтарды туындатты. Егер мал басынын ойластырылған шекте барынша өсуі табиғи мал азығы қорымен қамтамасыз етілмесе, олардың тіршілік ету ортасында жайылым тапшылығына жеткізді, ал мал басы шектен тыс азайып кетсе өрісте жайылатын малдардың өсімпаздық биологиялық және этологиялық ерекшеліктеріне (гендік ерекше жағдайына) орай технологиялық процестерді қалыпты ұйымдастыруға кедергі келтірер еді. Басқаша айтқанда, мекен еткен ортаны кәдеге жаратудың тиімділігі өндіріс құралдарының сандық-сапалық сипатының онтайлылығына, бұл жағдайда малдың құрамдық және сандық түріне байланысты болды. Тек тәжірибеде сыналған оңтайлылық (ол шаруашылық және экологиялық ұзақ даму барысындағы тәжірибемен тексеріледі) сақталған жағдайда ғана жеке Дара шаруашылық өзіндік ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге, сөйтіп сақталып қалуға мүмкіндік алады.. Осы маңызды тіршілік жағдайына қол жеткізу мақсатында мал өсіретін шаруашылықтар әрқайсысы бір-бірін өндіріс құралдарымен, яғни технологиялық оптимум қалыптасқанға дейін малмен өзара толықтыра отырып бірігуге көшті.. Ол былайша жүргізілді. Мәселен, бір шаруашылықта 200-300 қой болды делік. Бірақ ол, көп сияқты болғанмен, бәрібір бүкіл өндірістік кедергілер кешенін еңсеруге, тиісінше шаруашылықтың қалыпты түрде жүргізілуіне (ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге) жеткіліксіз еді. Сондықтан шаруашылық жүргізуші субъект өзін қажетті мөлшерге дейін өндіріс құралдарымен (яғни өзінің үлестік малымен) толықтыра алатын басқа шаруашылықтармен бірігуге мәжбүр болды. Ол әрқайсысында кем дегенде 20-25 бас малы бар 10-12 шаруашылық болуы мүмкін.Осы нұсқадағы қарапайым бірігу өздері күткен шоғырлануға мүмкіндік жасады. Бірігудің өр түрлі нұсқасын алуға болады, бірақ олардың жиынтығы барлық уақытта қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталады.. Айтылғаннан шығатын қорытынды, мал өсіруші қауымдарда өндірісті ұйымдастыру оған кіруші жеке адамның тек жанды еңбекті (жұмыс күшін) ұсынушы ғана емес, сондай-ақ аз да болса мал түрінің белгілі бір санына ие болуымен ерекшеленді. Онсыз ол қосымшалық (мал басын өз үлесімен толықтыру) принципін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылды және тиісінше кооперация негізінде пайда болған өндірістік қауымға кіріге алмайды. Демек, қазақтың жайылымдық-көшпелі қауымдары кооперация негізінде жұмыс істеді. Нақ соңғысы өндірістік күштердің баяу дамуы жағдайында жекелеген адамдардын қолы жетпейтін немесе ішінара қолы жететін еңбек құралдарымен техникалық жарақтануын қамтамасыз ете отырып, компенсациялық (өтемдік) қызмет атқарды. Осы ретте де қауымдық кооперация оның тіршілік етуінің кепілі қызметін атқарды. Қауым дуалистік (екі бағытты) құрылым болғандықтан (жерге қауымдық және малға жеке меншік, ұжымдық өндіріс пен жеке иелік) өндіріс және бөлу желісінде тартылған бүкіл қарама-қайшылықтар жиынтығын сақтады. Соңғысы, атап айтқанда, мүліктік және әлеуметтік жіктердетіркелді. Осындай жікке бөліну нәтижесінде қауымдастардың бір бөлігі кедейленді және қауымнан біртіндеп алшақтады не өндіріс құралдарын (малды) жоғалта отырып, бірін-бірі толықтыру, яғни шаруашылық кооперациясы жүйесінде өз қызметін атқара алмады. Сонымен бірге байлық, яғни мал мол жинақталған қауымдар да кездесті. Оның санын шоғырланудың айтарлықтай жоғары деңгейінде ойдағыдай көбейткен қауымдық шаруашылықтар қауымдық кооперацияны қажетсінбеді. Шартты түрде үдайы өндірісті сапалық тұрғыдан өзге принциптер арқылы қамтамасыз ете алатындықтан, тәуелсіз және қауымдық кооперациядан тыс өмір сүруге қабілетті ірі бай шаруашылықтар осылайша қалыптасты. Олар өз қажетін өтеп қана қоймай, қосымша өнімдер де өндіре бастады. Оны қауымдар ысырып шығарған және жаңағы ірі бай шаруашылықтарға жалданған жұмыскерлер жүзеге асырды. Сөйтіп, шенеуніктер санасында жеңіл тоғысатын «ауыл», «қауым», «ірі бай шаруашылықтар» сияқты түсініктер іс жүзінде бір-біріне мүлдем ұқсас емес еді. Егер ауыл орналасудың тек дәстүрлі қарапайым ғана түрі болса, қауымдық және қауымнан тыс құрылымдар (ірі бай шаруашылықтар) өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір және көп жағдайда әлеуметтік формалары мықты ерекшеленетін ұқсас құрылымдар болып табылады. Олардың үйлеспейтін жақтарын дәлірек сипаттап көрелік. Қауымдардың шаруашылық негізін құрамына мүшелер қосып алу арқылы өзін ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз еткен, яғни «күнкөріс экономикасына» қолы жеткен кооперациялар құрады. Қауымда тіпті де тенгермешілік принципі жоқ еді, көп жағдайда дау-жанжал орын алды: бұл арада мүдделердін қарама-қайшылығы мен қанаушылық көрініс тапты. Соңғысы бүркемелі, яғни жабық сипатта болды: оқшаулау мен қосымша еңбекті иелену әлеуметтік реттеудің (патернализм) қауымдық-жеке бастық дәстүрлі институттық қатынастарымен, редистрибуция (бөлу) және реципрокация (беру-қайтарым) құбылыстарымен жасырылды. ## Ірі бай шаруашылықтардың қалыптасуы Қауымға қатысты айтарлықтай әлеуметтік кеңістікте ірі бай шаруашылықтар қалыптасты. Ол енді қауымдық кооперацияға мұқтаждығы жоқ және тек қажетті ғана емес, сонымен бірге қосымша өнімдер өндіруді мақсат тұтқан өндірістік ұйымдар еді. Бұл ретте ірі шаруашылықтар өндірістік жағдай мен өндіріс құралдары монополиясына, яғни бірінде (ірі байларда) болып, екіншісінде болмауына ғана сүйенді. Олар қауымдардан ығыстырылған және капитализмге дейінгі жұмыс күшін жалдау-жалға беру қатынастарына енген, сондай-ақ маргиналдар мен халықтың қайыршыланған тобын құрайтын жеке адамдарды тікелей канады. Ірі шаруашылық иелері тарапынан болатын қанаушылық үрдіс мейлінше анық көрініс тапты және еш бүркемелеусіз жүзеге асырылды. Көрсетілген екі құрылым да автономдық негізде ұдайы өндірісті игере және жүзеге асыра алмады. Сондықтан таза экономикалық, сондай-ақ аралық және патриархалды-гендік (рулық) қатынастық байланыстармен ұштасқан өте күрделі өзге макро үлгідегі жиынтық құрылымды барынша кең көлемде құрды. Осы мейлінше кең қамтылған өндірістік-әлеуметтік қауымдастықты немесе дәстүрлі құрылымды белгілі жорамалмен өзіндік әлеуметтік-экономикалық экожүйе ретінде қарастыруға болады. Оған кіретін барлық элементтер мен жүйелер — қауымдар мен ірі бай шаруашылықтар, кедей-қайыршылар тобы мен маргиналды субъектілер, өздеріне тиесілі өндірістік және шаруашылық-мәдени қызметпен шұғылдана отырып, кеңістік-аумақтық тұрғыда нақты сол табиғи мекен ету ортасын игерді. Және өздерінің осы аумаққа ортақ қатысын олар бірыңғай қызмет ету тұтастығы, яғни экожүйе ретінде қабылдады. Экожүйелік принцип барлық элементтер мен жүйелердін қатаң түрдегі өзара байланысы мен өзара толықтырушылығын білдіреді. Сондықтан олардың бәрі жеке алғанда қызметтік мәні бар құрылым деп танылды және экожүйе сияқты тұтас құрылымның ұдайы өндірісінде өзінің ерекше қызметін атқарды. Олардың қайсы біреулері осы сапаны жоғалтқан жағдайда құрылымнан аластатылды және табиғи түрде істен шықты. Осы жүйенің кез келген элементі күшпен қоршау немесе істен шығару, оларды «экожүйеден» «ығыстыру» құрылымның бүкіл тұтастығын, яғни осы ретте әлеуметтік-экономикалық экожүйені бұзумен барабар еді. Өз кезегінде соңғысының бұзылуы «қоғам – табиғаттың» өзара іс-қимыл желісі бойынша сөзсіз түр өзгерту толқынын тудырады, басқаша айтқанда табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың серпінді тепе-теңдігін бұзуға қабілетті болып шығады, яғни біртұтас қызметке біріккен, жанды жаратылыстың және ол мекен ететін ортаның қауымдастығы ретінде оның қатаң анықтамасына орай түсінілетін экожүйенің өте күрделі проблемасына әкеп соқтыруы мүмкін. Дәстүрлі құрылым синергиялық, яғни өзін-өзі ұйымдастыратын және ұдайы өндірілетін жүйе болып табылады. Оның барлық қызметі мен байланыстары табиғи қуаншылық кеңістікке әлеуметтік бейімделудегі ғасырлар бойғы шаруашылық-экологиялық тәжірибе арқылы пысықталды.. Өте ауқымды, көптеген көрінетін және көрінбейтін ұдайы өндіріс арналары түріндегі аса күрделі «қан жүретін және жүйке тамыр жүйесі осы организмді қоректендіреді. Өзінің гомеостазын (тепе-теңдігін) сақтауға тырысып, ол қандай да болсын баламасыз күштеп енуге жол бермейді, әйтпесе кез келген қайсыбір ұдайы өндіріс тамырын не жүйкесін қысып, тарылту оның иммундық жүйесін бұзып, «тромбоз және сал болуға» душар етер еді. Демек, дәстүрлі құрылымның экожүйелілік және синергизм принциптері оның барлық элементтері мен жүйелерінің объективті түрде қызмет атқаратын ақиқаттары, сол сияқты солардың арасында қалыптасқан ұдайы өндіріс байланыстарының бүкіл қайтымды жақсылығы ретінде түсіндіріледі. Олардың біртұтас қызмет етуі ғана дәстүрлі құрылымның сақталуы мен тіршілік етуіне кепіл бола алды. Ал егер соңғысының өз шегінде көп жағдайда әлеуметтік топқа сәйкес келетінін ескерсек, демек ол әлдеқайда кең ауқымда — этностың тіршілік етуінің бүкіл жүйесі, ең болмағанда, мұндай жағдайда оның шаруаларды құрайтын абсолютті басым бөлігі арасында әрекет етеді. Сонымен бірге большевиктік мемлекет ортодоксалды марксизм идеологиясынын мұрагері ретінде қоғамдық құрылымдар дамуындағы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды мойындамады. «Ғылыми коммунизмнің» кеменгерлік мәніне сендіре отырып, мемлекет өте күрделі және сан қырлы жүйе ретінде онын балама «анатомияға» мүлдем берілмейтінін ескермеді. Және, бәрінен бұрын, осы субъектіге кез келген үміткер қайсыбір трансцендент талдаушы (сыртқы, зерделеу ақиқаты аясынан тыс) ретінде әрекет ете алмайды, өзі не осы «анатомияның» бөлігі және тиісінше, оның белгілі бір сегменттерін (айталық, қарапайым пендемен салыстырғанда ақылдырақ адамның таным аясы кеңірек болады, қалай дегенмен оның «нысанаға алу» секторының шегі бар) көруге ғана қабілетті болады. Алайда, егер қайсыбіреу өзінің абстрактілі ақыл-ойының мықтылығымен «көкке шарықтап», қоғамдық құрылымның бүкіл тетігі мен байланыстарын шолып шықты дегеннің өзінде, мұның өзі оның түсінігінің қандай да болсын императивтік заңдарға тұжырым жасай алатын денгейге көтерілуінің кепілі деген сөз емес. Адам өз организмін байырғы кезінен жетілдіріп отырады, бірақ оның қызметі мен байланыстарының (гормоналдық кодының, тектік байланыстарының, «толып жатқан» ДНК, РНК-лардың және басқаларының) бүкіл құяпиясын бәрібір толықтай түсінген емес. Ол түсінікті, өйткені соңғысы ешқашан да осы бұлжымас құрылым ретінде әрекет ете алмайды. Тұрақты әр тараптандыруды (күрделілендіруші) факторлардың ықпалын сезіне отырып, ол үздіксіз, егер морфологиялық күйде болмаса, тектік эволюция күйінде болады. Қоғам да осы секілді бұдан да күрделірек және сан қырлы (ең болмағанда, өз шегінде адами болмыс пен іс-тәжірибенің бүкіл жиынтығын біріктіретін) әрекет етеді. Бұл арада, үйлесіммен ұштаса әрі жымдаса және бос кеңістікте сияқты көріне отырып, шексіз көп әр түрлі деңгейдегі, әртүрлі сипаттағы байланыстармен және қатынастармен бір мезгілде әрекет етеді. Сөз жоқ, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерінің дамуын болжауға болады. Алайда оның үлгілерінін ақиқата тек жақын екенімен, барлық уақытта және барлық жерде бірдей оған дәлме-дәл келе бермейтінімен де келісу керек. Өйткені кез келген социумда әлеуметтік-экономикалық және саяси ғана емес, толып жатқан діни, этникалық, эмоциялық-психологиялық және басқа да векторлар жұмыс істейді. Сондықтан да ол қайсыбір біртұтас және міндетті схемаға беріле қоймайды және іс жүзінде оны алдын ала болжау мүмкін емес. Оны бір бұлжымас сәтке ғана (онда да соңына дейін емес және сенім де аз) түйсінуге болады, ал дамудың келесі сатысында ол қайтадан түсініксіз болып шығады. Осыдан келіп туындайтыны, қоғамдық құрылымды толық түйсінуді кіналау сол орайда «тарих соңын» мойындау болып табылады, ол оның эволюцияға қабілеттілігін жоққа шығаруынан көрінеді. Міне, осы ретте марксизм өзін материалистік және диалектикалық-тарихи ғылым деп есептегенмен, тексерген кезде тап-таза идеализмнің өзі болып шықты, өйткені бүкіл «адамзаттың алғы тарихын» түсініп қана қойған жоқ (Маркстің айтуынша, нағыз тарих тек пролетариаттың жеңісімен жасалады), сонымен бірге оның жетер жерін де алдын ала білетін секілді болып шықты. Және нақ осы философияны мемлекеттің ресми идеалына, діни дәрежесіне дейін көтеру оны салыстырмалы түрде байқаусыз және бұл талақсыз қылмыстық тәртіппен қайта қалыптастырады. Өзінің идеологиялық ұстанымына орай, мемлекет «ауыл еңбекшілерінің мүддесіне оңай бәрін де жақсы болатындай ету» мақсатымен 19-20-жылдардың басында оның құрылымының әлеуметтік-экономикалық қатынастарын түзетуге күш салды. Тұтастай реттеуші үдемелі акциялар арқылы мемлекет оның сөресін босатып, ұдайы өндірістік байланыстарын үзді. Енді мұның қалай жүргізілгеніне келейік. Ауылда шаруашылық аралық байланыстар іс жүзінде қарапайым, айталы жұт кезінде, яғни жайылымдық жерлерді мұздақ басып, күйзелгенде қауымдар ірі бай шаруашылықтарынан көмек сұрады. Соңғылары оларға өздерінің үйірлі жылқыларын берді, оларды айдап өту арқылы мұздақтар уатылып, жайылысқа жол ашылды. Осындай ұдайы өндірістік байланыстың нәтижесінде қауымдар қысыл таян жағдайларда малдарын сақтап, тиісінше тіршілігін жалғастырды. Бай шаруашылықтар таратылып еді, енді қауымға көмек сұрайтын ешкім қалмады, сөйтіп олардың жолы кесілді. Осыған ұқсас тағы бір сипатты мысал келтірейік. Дәстүрлі құрылымда ұдайы өндірістік байланыс желілерінің бірі сауын айту деп аталады. Оның мәні мынада, мыңғырта мал өсірген бай оның бір бөлігін қауымға береді. Бүкіл осы мал, төлімен қоса, ірі байдың меншігінде қалады, бірақ малды бағып, өсіргені үшін қауым оның сүті мен жүнін өзінде қалдырады. Сөз жоқ, сауын лажсыздықтан туған байланыс. Алайда маңыздысы байлардан сауын малын алу қауымға мал санын шоғырландырылған (оптимум) санға дейін жеткізетін бірден-бір мүмкіндік еді, осының аясында ғана, жоғарыда айтылғандай, қауымға өзін ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын еді. Бірақ мемлекет оның астарынан жалаң қанаушылық мәнді ғана көрді, сөйтіп оны тұншықтырып, ұдайы өндіріс байланыстарын үзді. Және мұндай мысалдар аз болған жоқ. Осы орайда ірі шаруашылықтардың малдарын тәркілеу науқаны оның айқын сипатын танытады. Аукатты және ірі мал осіруші шаруашылықтарды канау идеясы мемлекеттің өзінің таптық мүддесінен келіп шығатын табиғатынан туындады. Сондықтан Қазақстанға жаңа билік келген күннен бастап «пролетарлық» саясатты жүргізушілердің санасында әрдайым таптық күрес жолдары тұрақты орын алды. 1919 жылдың көктемінде-ақ Ленин РК(б)П Ш съезі қазақстандық делегаттарының сұрақтарына берген жауабында ауылдық жерлерде байларды экономикалық қуатынан қалай айыруға болатыны жайында мынадай өсиет айтты: «Сөз жоқ, сіздерге, ерте ме, кеш пе, малды қайта болу туралы мәселе көтеруге тура келеді».. Ірі байлардың малдарын тәркілеу туралы мәселе Қазақстанда 1923 жылғы наурызда өткен III облыстық партия конференциясында көтерілді. Алайда тауарсыз «әскери коммунизм» утопиясын жүзеге асыру нәтижесі туындатқан экономикалық жэне саяси дағдарыстан шығуға бағытталған ЖЭС стратегиясын іске асыру кезінде ол коммунист радикалдардың бұл ниетін тежеді. Экономикалық бос даурығу мен идеологиялық догманың арасын тандауға тура келді. Дағдарыстың шырмауынан шығып үлгермеген жүйе амалсыз дағдылы «таптық қыспағымен» шектелуге мәжбүр болды. Алайда 20-жылдың соңында мал өсіруші ірі шаруашылықтарды қанау идеясы қайтадан өзекті деп танылды, сөйтіп ол 1928 жылғы 27 тамызда қабылданған «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декретте көрініс тапты.. Осы декретке сәйкес 700-ге жуық шаруашылық кәмпескелеуге ұшырады, олардан 144 745 мал (ірі қараға шаққанда) тәркіленді. 113 мыңға жуық мал іле-шала ұжымдық шаруашылықтарға (29 мың немесе 26 пайызы) және кедей-батрақтар шаруашылықтарына (85 мын немесе 74 пайызы) қайтадан бөліп берілді.. Науқанның қорытындысы таңғажайып сияқты болып көрінді. Ресми органдардың есептерінде ауылда орташалар үлесінің 76%-га дейін көбейгені, ал кедейлер үлесінің керісінше 18%-ға дейін азайғаны туралы мақтаныш сезіммен хабарланды.. Сөйтіп, науқанның тиімділігін мақтан етуден көрінгендей, тәркілеудің дұрыс және дер кезінде жүргізілгені, декреттің арқасында кедейлер мен батрақтардың мәртебесі көтерілгені, яғни олардың орташалар қатарына қосылғандығы санаға сіңірілді (атай кетелік, кеңестік тарихнамада бұл үрдіс «қазақ ауылдарын орташаландыру» деп аталады). Сонымен бірге жарияланған материалдарды талдау көрсеткеніндей, тәркіленген және «тепе-тең» қайта үлестірілген мал бәрібір жетпеді, кедей-батрақ шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету проблемасын тіпті де шеше алмады. Мәселен, Қарқаралы округінде тәркіленген мал мүлдем малы жоқ 198 шаруашылыққа, 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 шаруашылыққа, 6-7 малы бар 27 шаруашылыққа үлестірілді. Қарапайым есептегеннің өзінде қолдануға болатын норма бойынша осы шаруашылыктарға барды 12 139 бас мал керек еді. Оның үстіне оларға бар болғаны 7065 бас мал берілді, ал жетпейтіні 5 мыңнан астам бас еді. Басқа округтерде де жағдай осылай болды.. БОАК-тің 13-шақырылған 111 сессиясында сөйлеген сөзінде Т. Рысқұловтың: «Нұсқауға (тәркілеуге қатысты науқан бойынша. — авт.) сәйкес кедей шаруашылықтарға 6-7 малдан беріледі... Кедей шаруашылықтарға берілген осы малдың бір бөлігі күнделікті мұқтажға жарату: берешекке беру, салықтарды өтеу және т.б. үшін сатылады, қалған 2—3 малдан ештеңе құралмайды» деуі бекер емес-ті.. Мұндай статистика шаруашылықтардың айтарлықтай бөлігінің малмен мүлдем аз мөлшерде қамтамасыз етілгенін ғана көрсетеді. Сондай-ақ жоғарыда аталғандай, жағдайларының ерекшеліктеріне орай, мал өсіретін шаруашылықтарды қажетті азық-түлікпен және өндірісті (яғни күнделікті тіршілік үшін) құрал-жабдықпен қамтамасыз етудің кепілі ретінде қауымдық кооперация әрекет етеді. Тиісінше, тіпті мал бөлініп берілгеннің өзінде, еңбекші жеке адам бәрібір қауымға қосылуы тиіс. Алайда шаруашылықтардың осындай кірігуін жүзеге асыру үшін, басқаларымен бірге аз мөлшерде болса да иелігінде өндіріс құралы (мал) болуы қажет, өйткеніонсыз қауымішілік қосымшалық принципін (мұнсыз қажетті өндірістік-технолотиялық жағынан оңтайлы мүмкіндіктерге қол жеткізілмейді) іске асыру жөніндегі өз қызметін атқара алмайды. Алған санаулы ғана малымен бұл шаруашылықтардың бәрібір қауымға ене алмайтыны, сөйтіп өзінің әлеуметтік мәртебесін көтеруден үміті үзілетіні осыдан-ақ түсінікті. Көп ұзамай тәркілеу бойынша алынған мал сатылды немесе сойылды. Қағаз жүзінде олар орташалар қатарында саналғанмен, шын мәнінде олар құрылымның сол баяғы тәуелді элементі, тек басқа деңгейде қаналған күйінде қалды. Алайда аз да болса тіршілік ету мүмкіндігі бар осы арналар да айтарлықтай тарылды, ірі бай шаруашылықтар таратылғандықтан, кедей-батрақ топтарының олармен жұмысшы күшін жалдау-жалдану қатынастары арқылы байланыс жасау мүмкіндіктері жойылды. Сондықтан олар деревнялар мен станицаларға қоныс аударуға мәжбүр болды, сөйтіп жалдамалы жұмысшыларға айналды (батырақ) немесе қалаларға барып, қайыршылар мен қаңғыбастардың қатарын толықтырды. Большевиктік ұстаным тарапынан тәркілеу он шара ретінде танылды, сөйтіп ол осыған байланысты әзірленген қаулыларда ауылды «қанішер-қанаушылардан» азат ету міндетін көздеген шара ретінде баяндалды. Алайда тырманың басын бассан сабы маңдайына тиеді дегеннің кері келді. Жоғарыда біз атап өткендей, ірі бай шаруашылықтардың таратылуына байланысты сауын қатынастары да үзілді, бұрын бай малынын бір бөлігін алған көптеген қауымдар енді өз малдарын шоғырландыра алатындай деңгейге жеткізе алмады. Олар технологиялық тұрғыдан оңтайлы мүмкіндіктен айырылды, сөйтіп кедейленді. Жұт басталғанда жағдай мүлдем тұйыққа тірелді, мұздақ басқан өрістің қарын босатуға үйірлі жылқы алатын жер табылмады. Байдың ауыл шаруашылығы құралдарын, жегін малдарын,тұқымдарын пайдаланатын (аз-мұз болса да) қауым осының бәрінен құралақан қалғандықтан олар әбден кедейленді. «Қауымдар — ірі бай шаруашылықтар» желісі бойынша көптеген басқа да ұдайы өндіріс байланыстары үзілді. ## Аумақтық-шаруашылық қауымдастықтың құрылуы Жоғарыда айтылғандай қауымдар мен ірі бай шаруашылықтар жинақтала келгенде мейлінше ауқымды құрылым — аумақтық-шаруашылық қауымдастығын құрды. Осының аясында өндіріс құралдары мен факторлардың иелері болып отырған ірі бай шаруашылықтар соңғысының монополисіне айналды. Сонымен бірге әлеуметтік-өндірістік қауымдастықтың барлық субъектілері (ірі бай шаруашылықтары, қауымдар және т.б.) аумаққа, мекен ету ортасына ортақ еңбек құралы ретінде қарап, ортақ қатынаста болатындықтан ол біртұтас еңбек кооперациясы (сонымен бірге еңбек болу жүйесі) ретінде әрекет ететін. Кез келген кооперацияның және еңбек бөлінісінің басқару мен регламенттеу қызметін де атқаратыны белгілі. Әйтпесе бәрі бос даурығу болар еді. Осы қызметті өндірісті монополияландырған ірі бай шаруашылықтары атқарды. Олар таратылғаннан кейін басқару мен регламенттеу органдарының орны 609, қалды. Сөйтіп ынтымақтастық («біздің») қатынасы қауымда оның жеке адамдарының санасына «өзімдікі — өзгенікі», «біздікі — біздікі емес» сияқты мәңгілік қарсылықты орнықтырды. Сырт қарағанда бәрі бейбіт жүріп жатқандай көрінгенмен, ол сенімсіздік пен жеккөру сезімін тудырды. Ынтымақтастықтың қасаң таптаурыны және сонымен бірге бойкүйездік қайсыбір жекелеген қауымның қауымаралық келісім жағдайында біртұтас аумақтық-шаруашылық организмін басқару жауапкершілігін өзіне алуына мүмкіндік бермеді. Бірде бір қауым тек билікке таза өз ырқын билей алмағандықтан ғана (қайталап айтайық: ірі бай шаруашылықтың өктемдігі өзінің өндіріске аумақтық-шаруашылық қауымдастығы шегіндегі монополиялық орны бойынша негізделді) екіншісіне бағынғысы келмеді. Сондықтан егер патриархалдық-генеалогиялық (рулық) аргументтер немесе дәстүрлі құқық институтының көмегімен шағымдану арқылы баршаға ортақ көшбасшыны мойындата алмаған жағдайда, әлеуметтік-өндірістік қауымдастық дау-шардың қыспағында қалады, соның салдарынан оның арты айтыс-тартыс пен бос даурығуға ұласады. Тәркілеу барысында көмек комиссиясы (жарлы-жақыбай белсенділерінен тұратын) деп аталған комиссия нұсқауда көрсетілген шектен көбіне шығып кететін, бар назарын әдетте бай және ауқатты шаруашылықтарға аударатын. Алайда көшпелі әлеуметтік топта өндірісті ұйымдастыру ерекшелігі мынадай, тағы да қайталап айтайық, мысалы, тіпті 300-400 не одан да көп малы бар шаруашылық қауымдық кооперациядан тыс өмір сүре алмайтын еді, сондықтан олар амалсыз қауымға кірді. «Тап күресін» және «әлеуметтік теңдікті» жақтаушылар үшін мұндай малы барлар дереу тәркілеуге жататын өте бай адамдар болып көрінді. Осындай «қауым байларын» экспроприациялау, оның меншігін тәркілеудің нәтижесінде қауым өндіріс құралдары мен өндірісті ұдайы дамыту үшін міндетті түрде қажет мал санынан айырылды, іле-шала күйзеліп, кедейленді, ал өздері жарлы-жақыбай қатарына келіп қосылды. Ақыр сонында, және ең бастысы, экспроприациялау шараларының барысында ұдайы өндірістік байланыстардын ең маңызды буындары бұзылды, ол бүкіл дәстүрлі құрылымнын күйреуіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп, мақтаныш сезіміне толы мәлімдемелер мен рапорттар орташалар қатарын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсартуды тілге тиек еткенмен, керісінше шаруашылықтары күйзелген, қаңғыбастары көбейіп, тұралаған ауылдардың нақты шындығын айтудан жалтарды. Мемлекет ірі бай шаруашылықтардың малдарын тәркілеу қарсаңында (олар іс жүзінде тіпті уақытқа қатысты да дәл келеді) жүргізілген науқан барысында да, екінші реформа - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу барысында да (1926—1927) капитализмге дейінгі құрылымдардың ерекшелігін мүлдем түсінбеді.. Жер қатынастары саласындағы әлеуметтік қайшылықтарды шешуде өздеріне тен келетін ешкімнің жоқ екеніне Кеңес қоғамын сендіріп, бұл арада да Ресей деревняларында сыннан өткен марксизм ілімімен қаруланған большевиктер осы кедергіні қазақ ауылдарында шұғыл шешіп тастауға ұмтылды. Осы акцияға кең ауқымды сипат беріп, олар мұны көтеріңкі сезіммен аграрлық революция деп атады. Жақында ғана «республикаға тағайындалған», VI Бүкілқазақ партия конференциясында (1926 жыл) сөз сөйлеген БК(б)П Қазолком хатшысы Ф. Голошекин шешенсіп: «Шабындық жерді қайта бөліс дегенімізне? Кіші Қазан төңкерісі деген осы!» деп ақыл айтты.. Насихаттық әдебиет оны іліп әкетті. Мәселен, жарияланымдардың бірінде: «Егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу ... күні өткен патриархалдық-рулық қалдықтарды жояды, руды, рулық қауымды тұтас шаруашылық бірлігі ретінде түбегейлі жоқ қылады»деп жазылды.. Реформаның осал жақтары бірден-ақ байқалды. Олар ұйымдық-техникалық жағынан гөрі, мәндік қырлары жағынан көбірек көрінді. Айтылғандарға қарағанда, реформаны жүргізу барысында, шаруашылық құрылымдары жұмыс істеп тұрған жағдайда, жерді қарапайым қайта бөлудің осы желі бойынша қанат жайған қайшылықтарды әзірге өздігінен жоя алмағаны ескерілмеді. Жерді кәдеге жарату мүмкіндігінсіз алу, оның ішінде жікке бөліну процестерін жұмсарту бағытында да (реформадан кейінгі сыртқы белгілерімен жасалған статистикалық мәліметтерде бірінде жерпайдаланудың артуы, екіншісінде азаюы мұны жоққа шығарғандай көрінгенмен) онша пайда түсірмеді. Мұндай мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін шаруашылықта осы айтылғандардан өзге оларда қосымша өндірістік қорлар, осы ретте көлік күші (жегін малы), ауыл шаруашылық құралдары, тұқым және т.б. болуы тиіс. Оның үстіне, кедей, қуатсыз, тіпті орташа шаруашылықтардың (яғни, дәлірек айтқанда, негізгі қайта бөлінетін алқаптарды алғанда) бір бөлігі де осыған қатысты қатты тапшылыққа кезікті. 1928 жылы республикада 800 мыңнан астам қазақ шаруашылығы жұмыс істеді. 1927 жылғы ауыл шаруашылығы санағына сәйкес, оларда 124 мың қарапайым құралдар (түрен, соқа, орақ, шалғы және т.б.), 54 мың тырма, 0,5 мың тұқым сепкіш, 13,5 мың шөп шабатын машина, 9,4 мың соқа (темір) және" т.б. болды. Осыдан-ақ көрінгендей, тепе-теңдік мүлдем қолайсыз еді. Егер әлеуметтік сипатына келсек, онда жағдай бұдан да сүреңсіз болатын. Айталық, Петропавл округінде кедей шаруашылықтардың 95,5%-ында, орташа шаруашылықтардың 83,2 %-ында, Павлодарда тиісінше — 99,4 және 85,8, Қызылордада — 72,9 және 69,1, Сырдария округінде — 66,2 және 54,5%-ында ешқандай мүлік болмады." Осындай жағдай республиканың басқа аймақтарында да байқалды. Жоғарыда айтылғандай, 1928 жылы 27 тамызда ірі байлар мен жартылай феодалдардың мүлкін тәркілеу туралы декрет қабылданды. Өлке мен округтік ұйымдардан ауылдарға ең қатал нұсқау және үлкен құқықтық еркіндікпен қаруланған 4812 өкіл аттандырылды. Олардың бәріне тән «қасиет» мәселенің мәніне бармау мен каһарлы қаталдық болды. Негізгі нысана орташалардың ауқатты тұратындарына бағытталды. Алайда мәселенің анық-қанығына барып жатпаған өкілдер, көбіне нағыз орташаларды, кейде тақыр кедейлерді де құрықтады. Құжат бойынша 696 шаруашылықтан мал алынды деп көрсетілген, ал іс жүзінде оның саны әлдеқайда көп еді. Мысалы, бір Ақмола округінен жоспарда көрсетілген 46 шаруашылықтың орнына 200-ден аса шаруашылық тәркіленіп, басқа жаққа көшірілді, Петропавл округінде 34 шаруашылықтың орнына 102-сі және т.б. осы күйді кешті. Науқан барысында 145 мыңға тарта сиыр кедейлерге таратылып берілді. Бұл арада айта кететін жайт, кәмпескеге ірі байлар ғана емес, өкіметке аса іш тартпайтыны белгілі болған орташалар да тап болды. Мұнымен бірге бай шаруашылықтарға салық салу үрдісі де күшейтілді, ондай шаруашылықтар ауыл шаруашылығы салығының басым бөлігін төлеуге мәжбүр болды. Мысалы, 1927—1928 жылдары шаруашылықтың 4%-ы бүкіл салық сомасының 33%-ын төледі. Бұған қосымша «еркін салық» деген жүйе де жұмыс істеді, ол бойынша төленетін салық сомасы бастапқыдан екі-үш есе асып түсетін еді. Мұндай жағдайда жерге қолы жеткен, бірақ осы құқығын іске асыруға іс жүзінде қаражаты жоқ көптеген кедей және қуаты төмен шаруашылықтар амалсыз бұрынғы иелерінің, яғни күйі барлар мен байлардын пайдасына осы құқығынан бас тартуға мәжбүр болды. Шабындық жерлерді бөлуде де көптеген кедергілер кездесті. Бұл идея дәстүрлі құрылымның институттық шырғалаңында-ақ тұншықты. Реформата сәйкес шабындық жерлер «жан басына» бөлінуі тиіс еді.. Алайда консервативтік-дәстүрлі қалып қоғамда «теңдіктің» өзге, мал санымен үйлестірілген өлшеміне басымдық берді.. Қазақтардың жер пайдалануы жөніндегі материалдарда (Щербина мен Румянцевтің экспедициялары бойынша), мысалы, «көшпелілер арасында шабындықтарды бөлу көбіне және жиі жағдайда мал санына қарай жүзеге асырылды», «шөп шабылатын жерді бөлу кезінде иелік әдетте шаруашылықтарға, бірақ шөп барлық кезде малы көптерге мол беріледі. Шөпті шабу және үлестіру кезінде оны шапқан адам шөмеле иесі есептеледі, бірақ бұл жағдайда да шөп көбіне кедейлерден гөрі малдылардың үлесінде қалады», «жерді орыстарға қоғам (қауым. — авт.) береді (жалға. — авт.), дегенмен жалдау ақысы қазақтар арасында мал басы санына қарай бөлінеді» деп атап көрсетілді.. Жоғарыда келтірілген институттар дерек көздерінде жазылғандай, кедейдін шабындықты бөлу кезінде басымдыққа ие болған көп балалы отбасы ата-баба заңына жүгіну жолымен әлеуметтік рұқсат алған моральдық террордың бүкіл ауыртпалығын көтеруі де мүмкін еді. Егер дау одан әрі өршісе, мәселе нұсқаумен шектелмеді, құлақ аспағандарды қауымның ауқатты бай адамы еріксіз басып алған патернализм жүйесіне, яғни әлеуметтік кепілдіктер арнасына (ол қауымда өндірілген өнімнің бір бөлігі түгі жоқ мүшелерінің пайдасына берілді, сөйтіп қауымның қатардағы мүшелерін қанауға жол ашып берді) жібермеуге дейін ұласты. Мұндай жағдайда байдың шабындығынан үміт етуге батылы баратын кедейлердің кездесуі екіталай, өйткені ауылдың бетке ұстарына тиімді тәртіп тез қалпына келтірілері (әрине, жасырын жолмен) сөзсіз еді. Сөйтіп, оқиғаны билікке қолайсыз бағытта дамыту мүмкіндігінің сақталуы, ең бастысы, еңбекші топтың саяси белсенділігінің төмендігінен және өздерінің таптық мүдделерін түсінбеуінен емес (кеңестік тарихнама дәлелдегендей) еді. Мұның бұдан әлдеқайда қарапайым себептері бар: кәдімгі патерналистік байланыстар, дәстүрлі қоғамдағы бүркемелі үстемдік-бағыныштылық қатынастар, мүлкі жоқтарға, егер олар байдың қайта бөлінген шабындықтарын пайдаланса кедейлердің ең төмен күнкөріс деңгейін көтеруіне кепілдік берген болар еді. Соңғы жағдайда мүндай мүмкіндік көбіне өзекті күйінде қалып отырды, өйткені шаруашылық малмен қамтамасыз етілмегендіктен және басқа да қажетті материалдық жағдайлар болмағандықтан мәселе бәрібір шешілмеді. Жинақтап айтқанда, осы жайттар — жекелеген кедергілерден тұратын, өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі ерекшеліктерімен ұштасқан ең басты тежеуші фактор рөлін атарды. Дәстүрлі шаруашылықтар жағдайында, жоғарыда бірнеше қайтара атап көрсетілгендей, қажетті азық-түлік пен ұдайы өндіріс құралдарына еңбек кооперациялары, толықтырушылық принциптері, өндірістік-технологиялық оптимум және тағы басқалары арқылы қауымдар аясында ғана қол жеткізуге болатын еді. Өндіріс құралдарынын шектеулі бөлігіне ғана иелік ететін еңбекші субъект оз шаруашылығын, қауымдық ұйымдасудан тыс, азды-көпті жұмыспен қамтамасыз ете алмайтын. Осы мәнде де қауым шаруашылық жүргізуші жеке адамның өмір сүруінің өзіндік кепілі ретінде әрекет етті. Осындай тәуелділікті сезіне отырып, соңғысы қауымдық бірліктен тыс қандай да бір шаруашылық саласында шешім шығара алмады, яғни бұл ретте де барлық уақытта жалпық орпоративтік мүдделерге басымдық берілер еді. Бірақ мұндай мүдделерді іс жүзінде қауымда ұйымдық-шаруашылық міндеттерін және өндірістің өзін билейтін қауымдық ақ-сүйектер иемденіп алған болатын. Сондықтан қауымның байға бас ұрғысы келмеген қатардағы мүшесі өзін қауымға қарсы қоюға тәуекел етті. Ал бұл бейнелеп айтқанда, астындағы тағынды балталаумен бірдей еді, демек, тек қауым арқылы ғана оның мүшесі өзінің ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ете алды. Демек, реформа жүргізілген кезде прагматикалық тұрғыда ойлайтын шаруа өте күрделі шешімдермен бетпе-бет келді. Не байдың шабындықтарынан бас тарту керек, яғни ақсүйектердің бақылауындағы редистрибуция (өнімді қайта бөлу) тетігі қамтамасыз ететін, ең төмен, бірақ өмір сүруге кепілдік беретін күнкөрісті қоғамдық тәртіптің конфермистік үлгісін ұстанумен ауыстыру керек, не даушарға басты жегіп, шөп шабуға кірісу керек. Жалпы дәстүрлі сананың солқылдақтығы жағдайында дүдәмал жайттар көбейді (ал тәуекел — шаруаның психологиясына жат). Дерек көздерінен байқауға болатындай, ауылдың тұрмысы төмен тобы шамамен былай ойлайды: әрине, шабындық керек, біраконың, егер тиімді болмағанның өзінде қажетті қорға балама қолжетімді денгейдегі шегі бола ма, яғни малмен және басқа да материалдық факторлармен қамтамасыз етілмеген жағдайда ол ең төмен күнкөріс денгейіне кепілдік бере ме? . Экономикалық дұрыстығы тұрғысынан алғашқы (конформистік) нұсқа, әдетте басым мақұлданды. Басқаша айтқанда, экономикалық басымдық тұрғысынан алғанда реформа барлық уақытта және барлық жерде бірдей, айта кету керек, тек қауым аясында ғана емес, одан да кең, жанама және тікелей кірігу үрдісі өндірістік-әлеуметтік қауымдастық шегінде әрекет ететін дәстүрлі тетіктерге қарсы бәсекеге төтеп бере алған жоқ. Бұған куәлік ететін жайттар жетіп-артылады. Алайда солардың ішінен сипаттыларына ғана тоқталайық. Мәселен, республиканың Жер халық комиссары Қ. Сұлтанбеков реформаға қатысты жасаған баяндамасында: «Биыл елде мынадай жағдай орын алды, өзінің өндіріс құралдары, шөп шабуға, жер жыртуға мүмкіндігі болмаса да жер үлесін алған кедей жерді қайтып бергенім үшін бай рақметін айтар, мені тамақтандырар, қажетті бір нәрселер берер деген үмітпен, ол жерді байға қайтып берген».. БК(б)П ОК ұйымдастыру кеңесінде (1929 жылғы сәуір), реформаның қорытындылары назарға алынып, «бұл іс-шаралар ойдағыдай нәтиже берген жоқ» деп атап көрсетілді.. БК(б)П Семей губкомы да қайта бөлудің күткендегідей нәтиже бермегенін мойындады.. Өз кезінде басқа бір бақылаушы да былай деп жазды: «Көптеген аудандарда үлес белісу кезінде кедейлер сенімді күш бола алмады. Біз кедейлерді толык өз жағымызға тап ойдағыдай шығара алғанымыз жоқ... Шабындықтарды үлестіріп беру ауылда таптық тартысты, әлеуметтік топтардың жерге деген күресін қажетті ауқымда қамтып, тиісті мөлшерде ширата алған жоқ».. Голощекиннің де ойлағанындай болып шықпады, реформанын нақты барысында болжамының ақиқаттан бұлай мықтап алшақтап кететіні күтпеген жағдай еді. «Біз тап баса алмадық.., — деді ол, — әрқайсысында 10 мыңнан аса мал бар Шормановты, Ақбаевты алалық (ірі байлар. — авт.).Біз олардан жерді тартып алдық, мен енді олар бұдан әрі не істейді деп ойладым. Олар босқа қарап отырмайды ғой. Бұл арада басқа бір нәрсе бар жолдастар. Біздің олардан жерді тартып алғанымыз жақсы болды, бірақ біз бәрін бірдей байқай алмаппыз, байдың құтылып кететін тағы бір жолы бар болып шықты, жолдастар, міне, осы жолды табалық та оны одан тартып алалық».. «Ауылдағы кіші Қазан» жайлы ақиқат ақпарат алып отыратын бас идеологтың өзінің амалсыз мойындауына қарап-ақ, ауыл шаруашылығын қайта құрудың тиімсіздігін байқауға болады. Дегенмен, кеңестік бірқатар тарихшылар реформаның үлкен табыстары және «ауылды кеңестендірудегі орасан зор орны» туралы шабыттана жазды (егер «ауылды кеңестендіруге» тоқталсақ, онда жоғарыдан нұсқалған, төменнен мойындалмаған үрдіс туралы ғана айтқан жөн, ол бойынша қауым - шаруаның үйреншікті әлеуметтік кеңістігі мен тіршілігі, одан басқасы түсініксіз абстрактілі санаттағылар). Дәлел ретінде таңғаларлық цифрлар (1360 мыңдес. шабындық, 1250 мың дес. егістік жер үлестірілген) мен «беттерін шан басқан, жалаң аяқ, шабындықтарды әрлі-берлі кезіп, шұрайлы жерлерге деген заңды құқықтарын жүзеге асырушы» ауыл еңбеккерлерінің алған телімдерін байларға қайтарып бергісі келмей ме деген сұраққа бірауыздан: «Ешқашан да бұлай болмайды» деп жауап бергені туралы толып жатқан мұрағат құжаттарынан үзінділер келтірілді.. 1с жүзінде мұрағаттарда зерттеушілерді шатастыратын, реформаны оң бағалаудың дұрыстығына сендіруге бағытталған мұндай құжаттар толып жатыр. Бірақ, мұнда негізінен селекциялық, яғни көзқарас тұрғысынан сұрыпталған ақпараттардың жиі түсетіндігін ескерген жөн. Билікті құмандандыратын, әр түрлі теріс ойға жетелейтін ақпараттар жасырын жолмен келді (агенттер деректері, фельдбайланыс және т.б.) және кейін ерекше бумаларда «К» (құпия) деген тыйым салынған белгімен сақталынды. 1932-1933 жылдардағы аштықтың ақиқатын, нақты мөлшерін білетіндер қатарының сирек екені тегін емес: бұл туралы бүкіл ақпарат ұзақ жылдар бойы - ОГГІУ - ІІХК - МҚК мұрағат қоймаларында сақталынып келді. Шабындықтар мен жайылымдық жерлерді қайта бөлісуге 400 мың шаруашылық немесе 2 млн адам қамтылды.. Аталмыш жиынтық мемлекеттерге қатысты деректердің баршасы біртіндеп жиналынса да, ол тіптірепрезентативтілігінің (ақпараттық анықтығының) ең төменгі пайызына да жетпейді. Демек, әлеуметтік нормативті мәдениет тәжірибесімен жетілдірілген өндірісті ұйымдастыру ерекшелігі (бұрынғы басқару жүйесі, патриархалдық-генеологиялық және дәстүрлі-идеологиялық байланыстар және т.б.) көп ретте реформаның іс-қимылын тоқырауға ұшыратты. Капитализмге дейінгі үрдіс ұзақ жылдар сақталып қалды. Дәстүрлі экономикалық құрылымды кең ауқымды түрде қайта бөлу акциялары (өзге елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, бұл рынокта жылдам және әлдеқайда аз құрбандықпен жүзеге асырылған еді) арқылы реформалауға қабілетсіздігін байқаған мемлекет «қанаушы тапты шектеу мен ығыстырудан оларды тап ретінде жою» саясатына көше отырып, өзінің аграрлық революциясының мәнін түбірлі өзгертті. Дәстүрлі құрылымның күні өтіп, этностың өмір сүруін қамтамасыз ететін бүкіл жүйе осымен өз қызметін тоқтатты. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы.ISBN 978-601-282-055-3, т. 4ISBN 978-601-282-026-3 ## Дереккөздер
Петр Павлович Гавриленко — суретші. 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданы Гусиное селосында туған. Арнайы суретшілік білімі жоқ, живописьші.1946 жылы Семей өзен флоты училищесін бітірген, одан кейін Жоғарғы Ертіс өзен пароходствосында жұмысқа тұрады. Кемелерде рулевойдан бастап, капитанға дейін қызмет етеді де, пароходство басқармасына орналасады. 1967 жылы әуесқой суретшілер көрмесімен танысады. Кейінірек жергілікті кәсіпқой суретшілер Н.Яковлев, М.М.Беляев, В.И.Третьяковпен бірлесіп этюдтарға шығады. 1968 жылдан бастап П.Гавриленко қалалық, облыстық көрмелерге қатысады. Ленинградта, Ригада, Мурманскіде, Архангельскіде өткізілген теңіз және өзен флоты әуесқой суретшілері байқауының лауреаты, және дипломанты. Гавриленко пейзаж жанрында басымырақ еңбектенеді. Ақынжанды суретшіге табиғаттың құбылмалы райы, кейбір қайталанбас сәттері қатты әсер етеді. Лириктік көзқарас күнделікті тірліктің өзінен ерекше күйді ұғынуға мүмкіндік береді. «Күзгі қауырт шақ» — картинасына сюжетті күздің бір әдемі қоңырқай күндерінде күтпеген жерден Семейдің шет жағындағы Контрольный поселкасында кездестірген. Суретші үлкен қаладан ауыл өмірінің «кішкентай әлемін» ашқандай болады. Күз айындағы қауырт шақты, ауыл өміріін асықпай әңгімелейді. Суретте бақшадан өнім жинап жүрген әйелдер, күзгі мол өнім, үлкендердің жұмысын бақылап жүрген балалар, дән шоқып жүрген тауықтар, түрлі-түсті ауыл үйлері.Жұмсақ алтын түстес бояулар полотноның көңіл күйін аша түскен. Пейзаж адамдардың күнделікті еңбек жырымен рухтанған. Адамдар тұрмысы мен табиғаттың мәңгілік әлемі ынтымақ пен үйлесім тапқан.
Көкшіл көкшегүл (Шайтанкелмес лат. Polemonium caeruleum) - Қазақстанда кездесетін көкшегүлдер тұқымдасының (лат. Polemoniaceae) екі түрдің бірі. ## Таралуы Көкшіл көкшегүл шалғында, орман алаңқайларында батпақты жағасында, өзен жағалауларында, орманды далаларда және Алтай тауынан Солтүстік Тянь-Шаньға дейін. ## Биологиялық сипаттамасы Өте әдемі тамыры жуан көпжылдық өсімдік, жіңішке тамырлары тығыз топтанып орналасқан. Сабағы (кейде бірнешеу болады) тік, іші қуыс, биіктігі 100см. болады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, күрделі, бірнеше жұп, ұзын ланцет тәрізді, үшкір жапырақшалардан тұрады. Гүлдері өте ашық, көгілдір, және көк түсті болады. Ақ гүлдері өте сирек кездеседі. Гүлдері үлкен диаметрі 1,5-2см. 5 мүшелі, гүл шоғыры сыпыртқының басында бұтақталған. Тостағаншасы қоңыраудай. Тозаңдану әр түрлі жәндіктердің көмегімен жүреді. Гүлдің түтігі өте қысқа болғандықтан шырын оңай алынады. Гүлдеу мерзімі маусым және шілде, тұқымы тамыз, қыркүйекте пісіп жетіледі. Қауашағы көп тұқымды. ## Пайдалануы Көкшегүл белгілі дәрілік өсімдік, жерасты бөлігі арнайы жүрек және өкпе ауруларын емдеуге қолданылады. Халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Гүлдері, жапырағы және басқа да жер үсті бөлігі, бал беретін, сәндік ретінде, малға жем-шөп ретінде пайдаланылады. Өсімдік тамыр бұтақтарының бөліктерінен кеңейе алады. Жақында ғалымдар көкшегүлдің тағы да бір таңқаларлық қасиетін ашты ол барлық бөліктері құрамында металл хромның болуы. Осы қасиетіне байланысты металдың кен орнын іздеуге, солай-ақ олармен ластанған орындардан тазартуға қолданылады. ## Дереккөздер
Күйеу-екінші бір рудың қызын алған жігіт.Қайнылары алдында күйеудің жолы кіші болғанымен, ол-сыйлы адамдардың бірі. Оны елдің үлкен-кішісі қажап, ойнап отырады."Әзілің жарасса , атаңмен ойна" деп, күйеу де әзіл жарастырады. Әйелінің ағалары күйеуге қайнаға болады. Күйеу әйелінің апаларын қайын бикем деп, сіңлілері мен інілерін балдызым деп, олармен әзілдесәп ойнай береді. Жасы 60-70-ке келсе де, күйеу "қартаймайды" ,оның қалжынына өкпе жоқ.Сондықтан да күйеу жүрген жерде ойын-күлкі, жарасты әзіл-қалжың қоса жүреді. Кейде күйеудің әйелі қайтыс болса, онда қайын жұртынан тағы бір қыз алуға хақы бар.Бұл қазақи әдет-ғұрыпта бар нәрсе.Жас күйеу табаққа бата бермейді. ## Күйеу аяқ Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдет бойынша енесін қошеметпен өз үйіне апарып салады. Ата-енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны "күйеу аяқ дейді". ## Күйеу киімі Қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетті түрде күйеу киімін киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас келіншектер күйеуді киімінен тауып алады.Сондықтан күйеу басқа жігітерден салт бойынша ерекше киінеді. Түр-түсі өзгеше бешпент,зерлі желбегей шекпен, сыптығыр шалбар, өкшелі сармантай етік т.б. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге,күлкіге ұшырайды. Күйеу жігіттің «ыңыршақ көру» жолына ата-енесі ерекше мән береді, яғни, әл-ауқаттарына қарай ат міндіріп, шапан кигізіп, тіпті, сауындық, сойыстық мал айдатады. Бұл-ата-ененің күйеу баласына деген ата-аналық мейірім-шапағаты. Жортқанда жолы болсын, басқан қадамы құтты, отбасы бай-бақытты болсын деген ізгі тілектерінің айғағы.Бұл салт-күйеу бала мен ата-ене арасындағы сүйіспеншілікті одан ары тереңдетеді. Барыс- келіс, алыс-берістерін жиілетіп, жүректеріне шынайы ата-балалық сезім ұялатады. Түсіністік, сыйластық , сырластық сезімдерін терендетеді. ## Үйленер кезде күйеу жігіт біліп жүруге міндетті кәделер: 1.Сүт ақы (кей жерлерде ана сүті, ата сүті) — қайын енеге емізгені үшін берілетін кәде –бір түйе немесе бір ат. Қазіргі заман талабына сай түйе мен жылқының құнына келетін бағалы әшекей. 2.Балдыз көрімдік –бұрындары ұрын барғанда қалыңдықтың сіңілісмен арнайы танысып, соны таныстырған жанға көрімдек ретінде сыйлық ұсынған. Қазіргі заман талабына сай қалыңдықтың сіңілдері жездесіне әр түрлі ойын шартарын ұсынып қалыңдық отырған бөлменің кілтін сатады. Күйеу жігіт балдыздарына ақшалай сый жасап, балдыз көрімдік кәдесін жасайды. 3.Жеңгетай –қалыңдықтың жақын жеңгелеріне арналады 4.Сәукеле байғазы- қалыңдықтың сәукелесін киген жеңгесі күйеу жігіттен байғазы сұрайды. Ақшалай сыйлық немесе алтын, күміс әшекейлер беріледі 5.Отау жабар - қалыңдықтың отауын жапқан әйелдерге берілетін мал 6.Ентігімдік – күйеудің алдынан шығып қарсы алып, шашу шашқан келіншектерге берілетін кәде 7.Ат байлар — кезінде біздің аталарымыз екінші бір ауылга бару үшін атты көлік етіп пайдаланған, қазіргідей авто көлікпен емес. Сол кездері ат байлар деген ырым болған, қалыңдық ауылына келген күйеу жігіттің атын қалыңдық жеңгелері атын байлағаны үшін куйеу жігіт мата немесе әшекей бұйымдарды берген. Қазіргі біздің заманымызда осы салт ұмыт бола бастады 8.Төсек салар – ұрын тойда төсек салған жеңгесіне беретін кәде 9.Шымылдық байлар шымылдықтың құрып берген қалыңдық туыскандарына берілетін сый 10.Қол ұстар — ұрын тойда қалыңдықтың қолын жігітке ұстатқан жеңгесіне беретін сыйлық 11.Шаш сипатар – қалыңдық жеңгелері күйеу жігітке қалыңдықтың шашын сипауға рұқсат бергендері үшін берілетін сыйлық 12.Көрпе қимылдатар 13.Ит ырылдар – куйеуге ырылдаған итті қуу үшін. (есік сыртынан жеңгесінің бірі ит болып ырылдайды) 14.Бақан сылдымақ- түндікті ашқан адамға берілетін сыйлық 15.Мойын тастар- ұрын тойға арнап сойылған қойдың мойынын түндіктен лақтыр 16.Арқа жатар еліміздің кейбір аймақтарында жоқ, қызды төсекке жатуға көмектескен жеңгелеріне берілетін кәде 17.Қыз көтерер-қалыңдықты кілемге салып көтергендерге беріледі. 18.Кемпір өлді - өтірік өліп, қосылуға кедергі келтірген кемпірді қаййта «тірілту» үшін берілетін ақы 19.Куйеу аттанар- күйеуді атқа отырғызғаны үшін 20.Қыз қашар – туыстарынан қашып кеткен қалыңдықты әкелгендері үшін. ## Мақалада Дереккөздер 1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, Атамұра 2010ж 2. http://www.atazholy.kz/ 3. http://neke.kz/
Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Мәселен ақсақалдарға, құдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрек, жүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға ірі мал жамбасының шұқыршағын, жауырынын, кәрі жілігін аспайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе бермейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды. Сыбағаның, төркін сыбаға, қара сыбаға, өлі сыбаға, су сыбаға түрлері бар. ## Дереккөздер
Улы қырықбуын немесе Дала қырықбуыны (лат. Equisetum arvense) — қырықбуын тұқымдасына жататын Қырықбуын тұқымдас тармағының көпжылдық шөптес өсімдігі. Жоғары сатылы споралы өсімдіктер бөліміне жатады. Қырықбуынды тәрізді және буынсабақтылар жер бетіндегі өсімдіктер патшалығының ертедегі өкілдері. Бізге дейінгі 400 млн. жылдар шамасында пайда болған- карбон дәуірі. Мезеозой эраcының басында , 200 млн. жылға жуық бұрын, қырықбуын тірізділердің көпшілігі жеке кейбір түрлердің ежелгі пішіндері жойылып кеткен. Бүгінге дейін тек бір ғана туыс өкілдері сақталып қалды . ## Таралуы Дала қырықбуыны Қазақстанда кездесетін 7 түрдің ішіндегі ең кең тарағаны. Ол сазды шыбындықтарды, өзен жағасында, саз балшық жағалауларда, Республиканың барлық облыстарында өседі, солтүстік жазықтар мен оңтүстік тауларда, тау етектеріндегі тастақты – құмдауыт беткейлерінде жиі кездеседі. ## Биологиялық сипаттамасы Бұл бұтақтанған тамырлары топыраққа тереңдей енген көп жылдық өсімдік. Тамыры көптеген түйнектерді алып шығып, екі түрлі жер үсті өскінін жетілдіреді. Біріншісі ерте көктемде пайда болады және биіктігі 25 см-ге дейін ашық-қошқыл түсті , бұтақтанбаған сабағымен , ұшында цилиндр тәрізді споралы машағымен ерекшеленеді. Ол астыңғы жағында споралы қалталар орналасқан бұрыштанған қылқан тәрізді жапырақшалардан тұрады. Жеміс бермейтін жазғы өскіндері , тек жеміс беретіндері қурап қалған соң жетіледі. Олар бұтақтанған , биіктігі 50 см. жасыл , қатты , қабырғалы , жіңішке сабақтарға бұтақтар сақиналы шоқталған. Жапырағы жеміс беретін өскіндердікіндей құрғақ, үшкірлінген , сабақты айнала өскен сақинасымен . ## Құрамы = Дала қырық буыны шөбінің құрамында сапониндер және алколоидтар бар. ## Қолдануы Дала қырықбуынының жасыл асыл өскіндері кеңінен танымал ертеден белгілі бүйрек, жүрек қантамырлары ауруларына , ревматизм, қан диабетін емдеуге қолданылды. Жер асты түйнектері және тәттілеу споралары өскіндер азық ретінде пайдаланылды. Бұрында химиялық бояғыш заттар пайда болғанға дейін споралы өскіндері жүнді - сұрғылт - сары түске бояу үшін қолданылған. ### Ескертпе Онымен құлындардың уланатыны байқалып жүр. Дала қырық буыны араласқан пішен жеген құландар мен тайлар уланып қалады. Басқа мал түліктер және сақа жылқылары уланбайды. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дала қырықбуыны * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дала қырықбуыны
## Қоректенуі мен өмір сүруі Саяқ соналардың тұтас аналықтары өз дернәсілдерін нағыз “тірі сүрмен”-қимылсыз жәндіктермен,олардың балаңқұрттарымен немесе өрмекшілермен қоректендіреді.Алып сколия Еуропа мен Орта Азияны мекендейді,сол сияқты Кавказ тауында ұшырасады.Бұл 4,5 см-ге жететін өте ірі және қара реңді сона.Денесін ашық сары таңбалар қаптаған.Қорқынышты түріне қарамастан,ол басқыншы емес,өйткені улы бізгегі оған ұясын қорғау үшін қажет.Сколия аналықтары олжасын іздеп жер бетімен жүгіріп жүреді.Негізінен сона топырақта,орман шымында немесе шірік томарда өмір сүретін мүйізше қоңыздың немесе бұғы-қоңыздың дернәсілдерін азық етеді.Олжасын тапқан бойда сколия мүлтіксіз дәлдікпен оның құрсақ жүйке жүйесін бізгекпен шаншып алады.Бұл ине олжасын өлтірмейді,жай жансыздандырады.Оның қимылсыз қалғанына көзі жеткен соң,сона денесіне бір жұмыртқа салады.Одан шыққан жатыпішер дернәсіл өз қожасының жабынын кеміріп,оның тіндерімен қоректене бастайды.Алдымен ол дәмсіз әрі маңызсыз мүшелерінен (бұлшықет,майлы дене,ішек) дәм татады,”тәттіге” жүйке және қан тамырлары жүйесін сақтап қояды.Нәтижесінде жансызданған олжа соңғы сәтке дейін тірі қалпында қалады,ал дернәсіл жаңа тіндерді тағам етеді. Кейбір саяқ соналар алдымен ін қазады,содан кейін осында жансызданған жұлдызқұрттарды,шегірткелерді,көбелектерді тасып әкеледі.Сона олжасын ауамен жеткізеді немесе мұртынан тартып жермен сүйреді. ## Тұқымдасы Саяқ жол соналары-індерін жақсы тегістелген топыраққа-соқпаққа,үлкен жолдардың ортасына салатын болғандықтан осылай аталған.Бұл соналардың бірқатары өрмекшілердің белгілі бір түрлерін олжалауға мамандалады.Мәселен,жол соналары қасқыр-өрмекшілерді аулайды,мамық соналар уы адамдар мен үй жануарлары үшін өте қауіпті қарақұрттардың ізіне түссе,каликургтер ірі бүйілерге жаудай тиеді.ал Оңтүстік Америкада тіпті алып сабалақ құсжегіш-өрмекшілермен айқасатын соналар тіршілік етеді.Мұндай соналардың бізгегі өте жақсы жетілген,және олар ақылға сыймас дәлдікпен шаншиды.Олардың жүгін жеңілдететін бір нәрсе,өрмекшінің барлық қозғалысын кеудесінде орналасқан біртұтас жүйесі басқарады.Шешуші соққы жұмсамай тұрып,сона бізгегін өрмекшінің ауыз қуысына пісіп алады,өйткені оның улы хилецерін залалсыздандыру қажет.Олжасын қимылсыз қалдырып,сона жақыннан жайлы орын іздейді және ін қазуға бел байлайды.Уақыт өткен сайын ол өз жұмысын тоқтатып,олжаның орнында жатқандығын тексеріп қарайды.Содан кейін ол тірі,бірақ жансызданып қалған өрмекшіні інге жеткізіп,оған жұмыртқасын енгізеді,кіріс тесігін мұқият жауып,жоғарыдан тастарды,қылқандарды,қабық қиқымдарын тастайды. ## Scoliidae түрлері * Sсolia m. maculata Dr.S. hirta Schr. * S. hirta Schr. * S. q. quadripunctata F.S. d. dejeani v.d. Lind. * S. d. dejeani v.d. Lind. ## Scoliidae тұқымдастары * Proscoliinaeo Proscolia Rasnitsyn, 1977Scoliinae * o Proscolia Rasnitsyn, 1977 * Scoliinae * o Campsomeriella Betrem, 1941o Colpa Dufour, 1841o Dasyscolia Bradley, 1951o Micromeriella Betrem, 1972 * o Colpa Dufour, 1841 * o Dasyscolia Bradley, 1951 * o Micromeriella Betrem, 1972 * o Megascolia Betrem, 1928 * o Scolia Fabricius 1775 ## Сыртқы сілтемелер * http://www.apus.ru/site.xp/049050057056049.html * http://www.apus.ru/site.xp/049050057056049.html ## Дерек көздер * Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012. ## Қоректенуі мен өмір сүруі Саяқ соналардың тұтас аналықтары өз дернәсілдерін нағыз “тірі сүрмен”-қимылсыз жәндіктермен,олардың балаңқұрттарымен немесе өрмекшілермен қоректендіреді.Алып сколия Еуропа мен Орта Азияны мекендейді,сол сияқты Кавказ тауында ұшырасады.Бұл 4,5 см-ге жететін өте ірі және қара реңді сона.Денесін ашық сары таңбалар қаптаған.Қорқынышты түріне қарамастан,ол басқыншы емес,өйткені улы бізгегі оған ұясын қорғау үшін қажет.Сколия аналықтары олжасын іздеп жер бетімен жүгіріп жүреді.Негізінен сона топырақта,орман шымында немесе шірік томарда өмір сүретін мүйізше қоңыздың немесе бұғы-қоңыздың дернәсілдерін азық етеді.Олжасын тапқан бойда сколия мүлтіксіз дәлдікпен оның құрсақ жүйке жүйесін бізгекпен шаншып алады.Бұл ине олжасын өлтірмейді,жай жансыздандырады.Оның қимылсыз қалғанына көзі жеткен соң,сона денесіне бір жұмыртқа салады.Одан шыққан жатыпішер дернәсіл өз қожасының жабынын кеміріп,оның тіндерімен қоректене бастайды.Алдымен ол дәмсіз әрі маңызсыз мүшелерінен (бұлшықет,майлы дене,ішек) дәм татады,”тәттіге” жүйке және қан тамырлары жүйесін сақтап қояды.Нәтижесінде жансызданған олжа соңғы сәтке дейін тірі қалпында қалады,ал дернәсіл жаңа тіндерді тағам етеді. Кейбір саяқ соналар алдымен ін қазады,содан кейін осында жансызданған жұлдызқұрттарды,шегірткелерді,көбелектерді тасып әкеледі.Сона олжасын ауамен жеткізеді немесе мұртынан тартып жермен сүйреді. ## Тұқымдасы Саяқ жол соналары-індерін жақсы тегістелген топыраққа-соқпаққа,үлкен жолдардың ортасына салатын болғандықтан осылай аталған.Бұл соналардың бірқатары өрмекшілердің белгілі бір түрлерін олжалауға мамандалады.Мәселен,жол соналары қасқыр-өрмекшілерді аулайды,мамық соналар уы адамдар мен үй жануарлары үшін өте қауіпті қарақұрттардың ізіне түссе,каликургтер ірі бүйілерге жаудай тиеді.ал Оңтүстік Америкада тіпті алып сабалақ құсжегіш-өрмекшілермен айқасатын соналар тіршілік етеді.Мұндай соналардың бізгегі өте жақсы жетілген,және олар ақылға сыймас дәлдікпен шаншиды.Олардың жүгін жеңілдететін бір нәрсе,өрмекшінің барлық қозғалысын кеудесінде орналасқан біртұтас жүйесі басқарады.Шешуші соққы жұмсамай тұрып,сона бізгегін өрмекшінің ауыз қуысына пісіп алады,өйткені оның улы хилецерін залалсыздандыру қажет.Олжасын қимылсыз қалдырып,сона жақыннан жайлы орын іздейді және ін қазуға бел байлайды.Уақыт өткен сайын ол өз жұмысын тоқтатып,олжаның орнында жатқандығын тексеріп қарайды.Содан кейін ол тірі,бірақ жансызданып қалған өрмекшіні інге жеткізіп,оған жұмыртқасын енгізеді,кіріс тесігін мұқият жауып,жоғарыдан тастарды,қылқандарды,қабық қиқымдарын тастайды. ## Scoliidae түрлері * Sсolia m. maculata Dr.S. hirta Schr. * S. hirta Schr. * S. q. quadripunctata F.S. d. dejeani v.d. Lind. * S. d. dejeani v.d. Lind. ## Scoliidae тұқымдастары * Proscoliinaeo Proscolia Rasnitsyn, 1977Scoliinae * o Proscolia Rasnitsyn, 1977 * Scoliinae * o Campsomeriella Betrem, 1941o Colpa Dufour, 1841o Dasyscolia Bradley, 1951o Micromeriella Betrem, 1972 * o Colpa Dufour, 1841 * o Dasyscolia Bradley, 1951 * o Micromeriella Betrem, 1972 * o Megascolia Betrem, 1928 * o Scolia Fabricius 1775 ## Сыртқы сілтемелер * http://www.apus.ru/site.xp/049050057056049.html * http://www.apus.ru/site.xp/049050057056049.html ## Дерек көздер * Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012.
Ақжағал Шөжешымшық (лат. Parus songarus) - томпыштан денесі ірірек (13-15г), дегенмен сырттай көрінісі шөжешымшық типтес құс. Оны Н.А Северцов томпыштың түршесі ретінде бекер сипаттамаса керек. Солтүстік Тәңіртау және Жоңғар Алатауының қылқанды ормандарында қоныстанады, солардың эндемигі , яғни тек қана сол жерде кездеседі. Қимылы қыраубас шөжешымшыққа ұқсастау, алайда ұсақтау томпыштармен салыстырғанда қимылы баяу болып келеді.Шақырау белгісі - шөжешымшықтардың туыс тармағына типтес: "цицици" , сондай-ақ әрбір буынға екпін түсіретін өзіне тән "әжи-жи-жи" деген де дыбысы бар. Әуені- шыршалы орманнан едәуір қашықтыққа естілетін және мөлшерлес орындалатын сыңғарлаған "тиу-тиу-тиу" деген дыбыс. Алайда басқа шымшықтармен салыстырғанда өте аз-сирек және қысқарақ сайрайды. Ұяларын шыршалардың биік түбірінен , кейде өсіп тұрған шырша діңінен құстың өзі қуыс қашап орналастырады. Сонымен бірге ағаш түбірінен қуыс қашауға 20 күндей жұмсалады. Қуысты аталығы мен аналығы қашайды, ұяға қажетті материалдарды да екеуі бірлесіп тасиды, тек қана ұяға төсейтін мамықты аналығы жалғыз тасып жеткізеді. Қуыс даяр болғанда ұяны 6-7 күнде салады, алайда ішкі қуысы үлкен шымшыққа арналған. Бірінші балапанның жұмыртқадан жарып шығуына дейін 17-19 тәулік өтеді. Балапандарды бастапқыда аналық қоректендіреді, ал бұдан соң аталық және аналық 130-дан 400-ге дейін жем үлесін тасиды. Жем үлесі бунақденелілерден құралады. Шөжешымшықтар қыркүйектен бастап қыс бойы немесе қыстың көп бөлігінде негізгі қорегін құрайтын шырша тұқымдарымен қоректенуге көшеді. ## Дереккөздер * Қазақстан жануарлары сериясы : Құстар. энциклопедия, Атамұра 2010ж. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.birds.kz/
Тәбәрік — жасы жүзге келіп немесе жүзге жақындап өлген қарттардың тірі кездерінде тұтынған заттарын бөлісу. Ол бізге де жұғысты болсын немесе біз де сондай жасқа жете берейік, деген тілекті білдіреді. Ондай үлкен кісілердің өмірлерінде тұтынған заттарын өзара бөлісіп алады. Тәбәрікке әжелердің жиған зергерлік бұйымдары, киген киімдері, сандығына салып сақтаған заттары, қарт аталардың қамшылары, ер-тоқымдары, бас киімдері мен киген киімдері және жеке тұтынған заттары жатады. Тәбәрік тарату - қазақ халқында да ертеден келе жатқан дәстүрлі ғұрыптық жоралғыларының бірі. Жасы ұлғайып, о дүниелік болған қарт адамдардың жеке бұйымдарын бала-шағасы өзара бөлісіп алып, қалғанын жақын ағайын-туыстарына тәбәрік түрінде үлестіріп отырған. ## Дереккөздер
Алтын тамыр немесе Қызғылт семізот (лат. Rhodiola rosea) — ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл - тек алтын тамырға ғана тән қасиет. ## Таралуы Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде , өзен аңғарлары мен жағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлімінен Альпі белдеуіне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударлық шіліктер құрайды. ## Сипаты * Тамырдан биіктігі 50 см-ге дейін жететін бірнеше түзу сабақтар өсіп шығады, бірақ бұтақтары болмайды. * Өте тығыз әрі кезектесіп қалың орналасқан етті, сопақша жапырақтары бар. Кейде жапырақтарының шеттерінде майда әрі сирек тістері болады. * Сары түсті гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып тұрады. * Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шілдеде тұқым бере бастайды. * Тұқымынан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. * Қазақстанда Жетісу Алатауының, Алтай тауының биік белдеулерінде, тасты беткейлерде, су жағасындағы шабындықтарда өседі.) ## Химиялық құрамы Тамырының құрамында көмірсулар , органиқалық қышқылдар , иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа да белсенді әсер ететін заттар бар. ## Емдік қасиеті * Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол әсіресе қытай медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған. * Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде 1931 жылы совет ғалымы Г.В.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты. * Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми медицинада қолданылып, аз уақыттың ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды. * Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар. ### Қолданылуы * Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабылетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде пайдаланады. * Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады. * Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді. * Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды. Жүргізілген зерттеу жұмыстары алтын тамырдың дәрілік қасиеттері маралшөп тамырының дәрілік қасиетінен анағұрлым күштірек екенін көрсетті. Алтын тамырдың табиғи ареалы жылдан-жылға азайып барады. Қазіргі кезде Алматы, Алтай ботаникалық бақтарында қолдан жерсіндірілуде. Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғаңдықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер * Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер ## Дереккөздер
Тарбағатай – Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қытай аумағындағы орташа биік тау. Тарбағатай сөзі моңғол тілінің "тарбаған" сөзінен пайда болған деген жорамал бар. Қазақша аударғанда "суыр" (кеміруші түрі) дегенді білдіреді. Тарбағатай - тұтастай алғанда "суырлы тау" деген мағына береді. Алайда бұл таудың тарихи атауы - Барқытбел. ## Жер бедері Тарбағатай тауы Аягөз өзенінен Хабар асуына дейін 180 шақырымға созылып жатыр. Ең биік жері - Тастау шыңы (2992 м). Ірі өзендері болмаса да, Аягөздің салалары және Үржар өзені ағады. Қалған кішігірім өзендері бастауын бұлақтан алып, төменгі етегіндегі құмдықтарға сіңіп кетеді. ## Табиғаты Тау Алтай мен Жетісу Алатауының аралығында орналасқандықтан, табиғаты екеуіне де ұқсас болып келеді. Таудың 80%-ға жуығы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Жері ылғалды болғандықтан, суармай-ақ астық пен бау-бақша егіледі. Жоғарғы жағындағы шалғынды жерлерде мал жайылады. ## Дереккөздер
Қанқыз немесе Қызыл Қоңыз (лат. Coccіnelіdae) – жәндіктер класы, қаттықанаттылар отрядына жататын жыртқыштар тұқымдасының аралас қоректі қоңыздарының бір түрі. Қанқыз жер шарында кең тараған; қорек тандамайтын отряд тармағының коңыздар тұқымдасы. Бұлардың 2 мыңдай түрі белгілі, ал Қазақстанда 120-ға жуық түрі бар. Олар тек есейген кезеңінде ғана емес, дернәсіл кезеңінде де жыртқыштық тіршілік етеді. Олардың денелері жартылай шар тәріздес болып келеді. Бізге бәрінен жақсы танысы жетіноқатты ханқызы-топшыларында қара ноқаттары бар ашық-қызыл қоңыз, бірақ сары және қара ханқыздары да тіршілік етеді. Олар да жолақ кейпіндегі, үтір немесе таңба кейпіндегі өрнектер бар, бір түрдің ішінде бояуы күшті шоғырланған. Қоңыздың кереғар реңі оның жеуге жарамсыздығынан хабардар етеді. Егер кесіртке немесе қандай да бір құс бәрібір ханқызын жеуге оқталса, онда оның аяғының мүшелерінен улы сұйықтың тамшылары бөлінеді. Оның жағымсыз иісі аңқып тұрады. Көптеген әлем халықтарында ханқызы үлкен құрмет пен абыройға ие, өйткені адамдар олардың ежелден шіркейлердің,аққанаттардың, құрттардың,сымырлардың және өрмекшілердің бітіспес жаулары екендігін біледі. Дене тұрқы 3 – 7 мм, арқа жағы дөңесті, бауыр жағы тегіс, пішіні дөңгелек, реңі қызыл не сары күңгірт дақты келеді. Қанқыз ағаш қабығының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында, т.б. жерлерде қыстайды. Қанқыз тамағы мол болғанда, өсімталдығы да жоғары болады. Жылына 1 – 3 рет ұрпақ береді. Өсімдік үстіне 200 – 400-ден топтап, 1500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқасы сопақша, сары, дернәсілі күңгірт түсті, қызыл, сары не ақ дақты немесе жолақты болады. Дернәсілдері өте тез өседі, тіпті 2 – 4 аптада қуыршаққа айналады. Қанқызының көптеген түрі пайдалы. Қолайлы жағдайда қанқыз саны тез өсіп, зиянды жәндіктерді жейді. Мысалы, жетідақты қанқыз бір тәулікте 80-ге дейін алма битін жояды. Қанқыз өсімдік бітесі, сымыр, бүрге-шіркей, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене, т.б. ұсақ жәндіктерді жейді. Кейбір бақша қанқызы, картоп қанқызы, т.б. екпе өсімдіктерді жеп, зиян келтіреді. ## Қорғанысы Бұл кәдімгі : «Ел қайда көшеді , суды қайдан ішеді», - деп ұшырып ойнайтын қанқыз. Әр тірі ағзаның өзінің жауынан деген , қарсыласынан деген қорғанысы болады. Сол секілді бұл насеком да өзін-өзі қорғаудан құр-алақан емес . Қауіп-қатер төнген жағдайда қанқыздың аяғының бүгілген жерінде қызғылт - сары түсті тамшылар , яғни , бір сөзбен айтқанда «сүт» пайда болады. Есесіне оның дәмі өте сүйкімсіз болып келеді. Осы сүт арқылы қанқыз өз жауларынан қорғанады. ## Қорегі Қанқыз есесіне пайдалы насеком болып есептеледі. Оның қорегі – жас өсімдіктің сөлін соратын қарапайым кішкентай жәндік – өсімдік биті. Олар өсімдік сөлдерімен нәрленеді және жаппай көбею кезінде егістікті жайпап та кетеді. Тамақ көп болған сайын, ханқыздарының аналықтары да алтын құрсақтыға айналады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер тамақ үшін күреске де белсене қосылады: қуыршаққа айналу үшін олардың әрқайсысы 1 мыңға жуық шіркейден ауыз тиюі керек. Ханқыздардың көмегімен химиялық құралдарды пайдаланбай-ақ,з иянкес жәндіктерге бітіспес майдан ашуға болады. Олардың бірқатар түрлері әдейі айрылады, содан кейін бүлінген егістіктердің төбесіне түсіреді, не болмаса оранжереялар мен жылыжайларға өрбітіп жібереді. Қанқыз күніне 200-ге жуық өсімдік бетін жей алады. Ал енді оның личинкасы өзінен екі еседей қомағай болып келеді. ## Классификациясы Ханқыздарының 4000 мыңнан аса түрі белгілі.Кейбір түрлері шіркейлер бар бүкіл өсімдіктерде:ағаштарда,шөптерде болады.Ал екіншілері тек дала шөптерінде болады.Кейбіреулері өзен немесе су көзінің жанында,төртіншілері тек ағаштарда.Кей ханқыздары су өсімдіктерінде де өмір сүреді.Соңғы айтылған ханқыздары ұзын аяқтарымен ерекшеленеді.Себебі олар желден оңай майысып кететін өсімдіктерде жүре алу қажет.Ең қарапайым түрі ол-жетіноқатты ханқызы.Оның ұзындығы 7-8 мм.Кеуде сауытындағы алдыңғы жақтағы қара жердегі ақ нүктелері,қызыл қанатүстеріндегі 7 қара нүктемен бұл ханқыздары Еуропада,Солтүстік Африка және Азияда өте танымал. ## Жүйелеу Ханқыздарының 360 түрі бар. Соның кей түрлері: * AdaliaCoccinellatypusCoccinula * Coccinellatypus * Coccinula * Harmonia * HippodamiaPropyleaPsylloboraRhyzobiusScymnus * Propylea * Psyllobora * Rhyzobius * Scymnus * TytthaspisCoccinella Linnaeus * Coccinella Linnaeus * Coccinula DobzhanskyCryptolaemus MulsantEpilachna Redtenbacher * Cryptolaemus Mulsant * Epilachna Redtenbacher * Exochomus Redtenbacher * Henosepilachna Herbst * Hippodamia Mulsant * Ithone SolskyLeis MulsantRhizobius StephensRodolia Mulsant * Leis Mulsant * Rhizobius Stephens * Rodolia Mulsant ## Ханқыздарының тұқымдас тармағы * ChilocorinaeCoccidulinae * Coccidulinae * Coccinellinae * EpilachninaeHyperaspidinaeMicroweiseinaeScymninae * Hyperaspidinae * Microweiseinae * Scymninae * Sticholotidinae ## Ханқыздың мәдениеттегі орны Ағылшынтілді елдерде ханқыздарын Ladybird, Ladybug немесе Lady Beetle деп атайды.Бұл сөздердің барлығының мағынасын біріктіретін сөз ол «Lady».Бұл сөз Дева Марияны білдіреді.Осыған байланысты құдайға сенетін елдерде ханқыздары киелі жәндік болып саналады.Әрине оларды өлтіруге болмайды.Адамдар байқағандай олар зиянкестермен күреседі.Ол өрмекші секілді ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін жәндіктермен күреседі.Осы ханқызы кенелерді де өлтіреді.Бір ханқызы өз өмірінде 4000 мыңға жуық кенені жоя алады. ## Галерея * * * * * * * * * * * * * * ## Дерек көздер * Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012. ## Сыртқы сілтемелер * Семейство божьи коровки.(қолжетпейтін сілтеме) * Сергей Сергеевич Ижевский. Божья коровка. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * Божьи коровки // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907. * Атлас божьих коровок (Coccinellidae) России. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * (ағыл.) Божья коровка в Австралии. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * (ағыл.) Multicolored Asian ladybug Harmonia axyridis Фотографии Божьих коровок. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * (ағыл.) Статья о божьих коровках на сайте The Earth Life Web. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * (ағыл.) Божьи коровки на сайте eNature. * (ағыл.) Harlequin Ladybird survey in the British Isles. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * (ағыл.) Основная информация о божьих коровках (Божьих Коровки Азии). Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * (ағыл.) Божьи коровки. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. на сайте УФ / ИФАС Featured Creatures Web site * (нем.) Таксономия божьих коровок Coccinellids. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 маусым 2007.(қолжетпейтін сілтеме) * Фотографии божьих коровок. Тайвань. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 мамыр 2007.(қолжетпейтін сілтеме) * П. В. Семьянов Семейство Coccinellidae — божьи коровки или кокцинеллиды (включая Epilachninae). Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * Почему божья коровка так называется?. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012. * http://zooclub.ru/chlen/nasek/201.shtml ## Сілтемелер * Жәндіктер * Қоңыздар ## Дереккөздер "Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газет
## 'Жыл басы' Жыл басы- дегеніміз он екі жыл атауларының алғашқысы; мүшел жалдарының бірі, біріншісі - тышқан жылы және Ұлыстың ұлы күні.Он екі жылдардың қатары тышқанмен басталып, доңызбен аяқталады.Олардың арасында сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылдары аталады.Бұл жыл атаулары 12 жылда, басқаша айтқанда бір мүшелде бір рет қайталанып отырады. ## Қазақтарда жыл басы деп саналатын ұлттық мейрам (қысқаша ақпарат)Наурыз мейрамы ұлыстың ұлы күні деп есептеледі.Бұл күнде , яғни 22 наурыз күнінде, күн мен түн теңеледі.Халық Наурыз мерекесіне ерте дайындалады.Осы күні әрбір үйде мол дастарқан жайылады.Дастарқанның басында әрбір адам Наурыз көжені ішуге міндетті.Осы қадірлі көжеге жеті түрлі тағам қосылады.Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алады.Ата-әжелеріміз " Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!" деген қасиетті баталарын айтады.Дәл осы күнде балалар мен қыз, бойжеткендер халқымыздың ұлттық ойндарын ойнап, көңіл көтереді.Оындай еліміздің, жеріміздің жарқыраған, бақытты әрі мерекелі күні Жыл басы деп есептеледі. ## Жыл басы туралы ертегілер Жыл басын таңдауда жапондықтар да, қазақ халқы да қызықты, балаларға арналған ертегі құрастырудан аянбады.Оның дәлелі , бүлдіршіндерге арналған журнал беттері болып табылады .Жапондықтарда өте қызықты Жыл басы атты ертегі бар. Бұл ертегі Жаратушының бұйрығы мен тышқанның қулығы туралы болады.Ертегі басында Жаратушы бүкіл жан-жануарларға жаңа жылдың алғашқы күні таңертең жиналуға бұйрық береді.Онымен қоса, ол "Кім бірінші болып жетсе, сол жыл басы болады.",- деп айтыптытағы да.Оны білмеген жалқау мысық тышқаннан сұрайды.Сонда тышқын оған жаңа жылдың бірінші күні дегеннің орнына екінші күні кел деп айтады.Жүрісі баяу сиыр таңертең ерте жету үшін жаңа жылға қараған түні жолға шығады. Оны көрген тышқан білдірмей арқасына шығып отырып алады.Таң атқан кезде сиыр Жаратушыға келген кезде, тышқан секіріп түседі. Сонда тышқан бірінші барғандықтан , жыл басы болады.Ал одан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, маймыл, әтеш, ит, ең соңында барып қабан келеді. Жаңа жылдың екінші күні жалқау мысық келеді. Тышқанның алдағанын білген ол тышқанға өмір бойы өш екен.(бұл жапондықтардың нұсқасы)Қазақ халқының да осындай ерекше ертегісі әрі әңгімесі бар. Бұнда жануарлар жыл басы болуға таласады.Сонда әр жануар өз ерекшелігін айтып өзін мақтайды.Содан оларға қарап тұрған тышқан оларға бұлай ештеңе шықпайтынын түсіндіріп, кім бірінші жылды көрсе сол жыл басы болады дейді.Сол кезде түйе мақтанып тұрғанын тышқан көріп оның басына шығады. Барлық жануар мен көремін деп тұрғанда тышқан ең бірінші көріп, жыл басы атанады.Осылайша екі ертегіде де тышқан өзін ерекше көрсетіп жыл басы атанады. ## Жыл атаулары туралы ### Mақал - мәтелдер 1.Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.2.Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.3.Мысыққ ойын - тышқанға өлім.4.Ит - жеті қазынаның бірі5.Ел жатпай, ит тынбас6.Ит үйдің құлағы7.Ит иесін қорғайды8.Ер қанаты - ат9.Бәйгіден ат келмейді, бап келеді.10.Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.11.Ай мінбей атыңды мақтама.12.Шіделі ат өз атың, тұсаулы ат бос атың.13.Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпайды.14.Қой өрісі қорадан.15.Cиырлы бай - сары май.16.Қоян көлеңкесінен қорқады.17.Қоянды қамыс өлтіреді ,батырды намыс өлтіреді. Жұмбақтар Өзінше ноян қорқақ кім? (қоян) Aлмастан тыным, шабады ? (құлын) Ұзын - ұзын із келер, ұзын бойлы қызкелер. (жылан) Eл жатса да , енекесі жатпайды. (сиыр мүйізі) Қисық ағашқа қар жұқпас. (сиыр мүйізі) Иесіне адал, бөтенге қатал. (ит) Қошқар мүйіз үйі бар, кіріп соған бұйығар. (ұлу ) Aрыстанға ұқсайды, тек тышқанды ұстайды. (мысық) Aйдарлы ағам таң атпай айғайлайды (әтеш) Өлеңдер Жыл қайыру Тышқан қаптап жамасын, Cиыр сүзіп алмасын , Барыс жүрсе ырылдап, Қоян қашып тығылмақ, Ұлу кисін қабығын, Жылан қойсын шағуын, Жылқым жатсын жайылып, Қойды қоям қайырып, Мешін маймыл мазақшыл, Тауық - тары тамақшыл, Ит- иісшіл көреген, Доңыз семіз не деген? Қоян Едірейіп құлағы,Елең қағып тұрады.Тықыр етсе бір дыбыс,Түлкі ғой деп ұғады.Сыбдыр шықса селк еткен,Қорқақтығын көрсеткен.Қорықпайтын қоянды,Оқимыз тек ертектен! ## Әдебиет * Балдырған журналы , Баспасөз - 2010, 12 ай * Балдырған журналы , Баспасөз - 2010, 7 ай * Қазақ газеттері , Үркер журналы, үй жануарларына байланысты мақал-мәтелдер ## Сыртқы сілтеме Жұмбақтар Мұрағатталған 18 желтоқсанның 2014 жылы.Мақал-мәтелдерНаурыз - жыл басы - мейрамдар Мұрағатталған 28 қазанның 2016 жылы.ертегілер жыл басы Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2020 жылы.
## Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз.Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытындажеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан.Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. АӨК құрамында үш негізгі буын бар. * АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. * бұл ауыл шаруашылығы. * тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады. Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуғаәсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары. ## АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы 1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейінанықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығызбайланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз етеалмай келеді. АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді. Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегініңүлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардыңөнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді. Елімізшет елдерден азық-түлікті кеп мөлшерде сатып алады. ## Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар. * Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті. * Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы. * Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлыкүрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын«тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады. Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар- фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді.Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды,тек ол үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибестансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясыауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады. Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады. Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар - ауыл шаруашылық жерлері (аумақтары). Олардыңнегізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтap, сонымен бірге көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер). Егістік жерлердің жекелеген бөліктері кеп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады. Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалыжерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес. Бірақ оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады.Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр. Еліміздің әр бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы бірдей емес. Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғакшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор.Бірнеше мелиоративтік шараларды бір уақытта қатар жүргізугеде болады. Оны кешенді мелиорация деп атайды. Мысалы, Оңтүстікте егістікті суару және онда ағаш отырғызу арқылы қорғауменұштастырыла жүргізіледі. Мелиорациялық шаралар тұрақты өнімалу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкенаумақтарда кысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі казіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ әзірге жеткіліксіз. Сондықтан егістік жерлерді өңдеудің қарапайым технологиясын қолдануға тура келеді. Жағдай дегенмен, біртіндеп жақсарыпкеледі. Бірақ бәрібір материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі - ауыл шаруашылық өндірісіне кедергі келтіретін негізгісебептердің бірі. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өңделетін жер менмал басының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай жол экстенсивтіболар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл - ауылшаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақыттанегізінен осы жол басым болуы керек. Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олартиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 53% және 47%-ынбереді. ## Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады. Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді. Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен агроклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді. Белсенді температуралар жиынтығы орманды дала зонасында 1800-2000°-ка, дала зонасында - 2000-2600°, шөлейт зонада - 2400-3000° жәнешөл зонасында 3000°-тан жоғары болып келеді. Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіругекөп мөлшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылық коэффициентініңкөмегімен анықтайды. Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттықжағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады. Еліміздегі егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды.Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары және қарабидай. Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар. Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді. Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарайсебілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақтыөнім береді. Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік — күріш, бұл сужайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегібірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді. Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін,ең төзімді есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгіөсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс. Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді. Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс. Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан,оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ.Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Түркістан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады. Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздіңелімізде ондай жерлер - Алматы жәнe Жамбыл облыстары. Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны Қазақстанның барлықоблыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-іШығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді. Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалықдақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді. Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді.Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесінетиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан беріАлматы облысы саналады. Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшіліғі (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақтысүйеді. Бақша дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ,құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жәнеАлматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды. Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткенібақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Алатауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың (орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі. ## Дереккөздер ## Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз.Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытындажеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан.Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. АӨК құрамында үш негізгі буын бар. * АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. * бұл ауыл шаруашылығы. * тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады. Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуғаәсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары. ## АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы 1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейінанықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығызбайланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз етеалмай келеді. АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді. Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегініңүлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардыңөнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді. Елімізшет елдерден азық-түлікті кеп мөлшерде сатып алады. ## Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар. * Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті. * Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы. * Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлыкүрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын«тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады. Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар- фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді.Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды,тек ол үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибестансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясыауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады. Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады. Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар - ауыл шаруашылық жерлері (аумақтары). Олардыңнегізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтap, сонымен бірге көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер). Егістік жерлердің жекелеген бөліктері кеп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады. Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалыжерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес. Бірақ оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады.Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр. Еліміздің әр бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы бірдей емес. Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғакшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор.Бірнеше мелиоративтік шараларды бір уақытта қатар жүргізугеде болады. Оны кешенді мелиорация деп атайды. Мысалы, Оңтүстікте егістікті суару және онда ағаш отырғызу арқылы қорғауменұштастырыла жүргізіледі. Мелиорациялық шаралар тұрақты өнімалу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкенаумақтарда кысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі казіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ әзірге жеткіліксіз. Сондықтан егістік жерлерді өңдеудің қарапайым технологиясын қолдануға тура келеді. Жағдай дегенмен, біртіндеп жақсарыпкеледі. Бірақ бәрібір материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі - ауыл шаруашылық өндірісіне кедергі келтіретін негізгісебептердің бірі. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өңделетін жер менмал басының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай жол экстенсивтіболар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл - ауылшаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақыттанегізінен осы жол басым болуы керек. Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олартиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 53% және 47%-ынбереді. ## Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады. Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді. Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен агроклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді. Белсенді температуралар жиынтығы орманды дала зонасында 1800-2000°-ка, дала зонасында - 2000-2600°, шөлейт зонада - 2400-3000° жәнешөл зонасында 3000°-тан жоғары болып келеді. Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіругекөп мөлшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылық коэффициентініңкөмегімен анықтайды. Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттықжағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады. Еліміздегі егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды.Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары және қарабидай. Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар. Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді. Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарайсебілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақтыөнім береді. Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік — күріш, бұл сужайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегібірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді. Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін,ең төзімді есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгіөсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс. Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді. Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс. Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан,оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ.Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Түркістан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады. Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздіңелімізде ондай жерлер - Алматы жәнe Жамбыл облыстары. Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны Қазақстанның барлықоблыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-іШығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді. Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалықдақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді. Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді.Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесінетиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан беріАлматы облысы саналады. Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшіліғі (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақтысүйеді. Бақша дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ,құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жәнеАлматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды. Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткенібақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Алатауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың (орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі. ## Дереккөздер
Аңғар Марғозыұлы Смағұлов Материалдар көшіріліп басылған ретте «Ortalyq Qazaqstan» сайтына сілтеме жасау міндетті. https://ortalyq.kz/bitimi-b-lek-b-ryn-ydan/1957 жылы Ақшатау кентінде дүниеге келген. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. 1974 жылы Ж. Алтайбаев атындағы (бұрынғы К. Маркс) орта мектебін бітірген. 1974-1980 жылдар аралығында Ә. І. Сембаев (бұрынғы Ж. Жабаев) атындағы орта мектепте мұғалім, Шет аудандық "Ильич туы" газетінің партия тұрмысы бөлімінде тілші, Ақшатау селолық мәдениет үйінде директор қызметтерін атқарды. 1980-1995 жылдары "Ақшатау" кеңшарының әр саласында еңбек етті. Одан кейін кәсіпкерлікпен айналысты. Қазір "КарьерТау" мекемесінде қызмет атқарады. Көптеген танымдық мақалалар жазған. Бірқатар кітаптары жарық көрген. Жергілікті өлкетанушы, шежіреші. Қырғыз Республикасына барған "Кенесары" экспедициясының құрамында зерттеу жұмыстарымен айналысқан. ## Дереккөздер http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Gylym/Tamyryn_tartkan_terennen.pdfhttp://baq.kz/kk/regional_media/post/463
Синекдоха (мегзеу) - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану. Мысалы: Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге жайылады (мақал) ## Дереккөздер
Сібір құртқашашы (лат. Iris sibirica) – құртқашаштар тұқымдасына жататын Шығыс және Орталық Еуропада, Сібірде (Солтүстік Азия) өсетін көпжылдық өсімдік. ## Таралуы Шығыс және Орталық Еуропада, Сібірде (Солтүстік Азия) өседі. Қазақстанда кездесетін 19 түрі бар. Олар Республиканың тек солтүстігінде, орманды, далалы аймақтарда кездеседі. ## Биологиялық сипаттамасы Бұл шөптесін көпжылдық өсімдік - тамыры бұтақталған түбін тығыздап алып қайың жанында , түбінде, орманның ашық жерлерінде , ылғалды шалғындарда өседі. Жапырағы жіңішке (1 см-дің айналасында) , таспа тәрізді , тегіс, желпуіш тәрізді шоқтана жиналған. Сабағы тік, биік (100 см-ге жетеді) , жапырақтары дара , гүл саны 2-3, диаметрі 5-7 см-ге жетеді. Түстері жиі өзгереді - қою сия түстен , көкшіл , көгілдір , бозғылт, кейде таза ақ түсті. Қысқа түтіктегі гүл серігі алты бөліктен тұрады , төмен өскен және екі шеңберге орналасқан. Сыртқы жапырақшалар ішкілеріне қарағанда ашыңқы керіліп, иіліп тұрады, ал ішкілері тігінен жоғарыға бағытталған. Осы тұқымдасқа жататын барлық түрлер сияқты аталық мұнда үшеу. Жоғарыдан қарағанда олар байқалмайды . Сібір құртқашашы әдетте маусымда гүлдейді , жемісі тамыз айында жетіледі. Көбею жолдары - тұқым арқылы және вегетативті түрде . ## Пайдалануы Өсімдіктің барлық бөлігі халықтық медицинада - бас , тіс , асқазан ауруларына , Сібір жарасын емдеуге қолданылады. XYI ғасырдың аяғында мәдени түрде өсіруге тәжірибе жасалған , бұл түр үздік декоротивті өсімдік ретінде танымал . Оның суыққа төзімділігі мен жылдам көбейетіндігін гүл өсірушілер мен сұрыптаушылар жоғары бағылауда. ## Дереккөздер: * Қазақстанның өсімдіктері кітабы , Атамұра 2011ж. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.flowersgallery.com/ * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Сібір құртқашашы * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Сібір құртқашашы
Қазақ халқының салт дәстүрлерінің бірі болып табылад! Қыз баланың сүйіктісіне жібек матаның үстіне кестелеп сүйіктісіне арнап оз сезімін жазып сыйлық ретінде тартуды, қазақта кестелі орамал дейді. оған байланысты мына өлен жолдарынан көз жеткізуімізге болады. Кестелі ақ жібек орамалАлыстан жолдаған сүйген жар"Жауынгер жарым сен, есіңе ал"Деп жазған оюлап хаты бар ## Дереккөздер * Кестелі орамал әні
Соғым сою, соғым — қысқы азық қорына арналып дайындалған ет. Қазақ халқының бұлжымас салты. Бұл әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық-түліктің мол қоры. "Қыс қамын жаз ойлайтын" ел жаз шығысымен-ақ күздік және қыстық соғымын ерте ойластыра, қарастыра бастайды. Ондай малды күні бұрын белгілеп, күтімге алады. Соғымға түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады. Ауқатты отбасылар 2-4 ірі мал сойып алады. Соғым сою да мәртебелі, берекелі әрі атаулы сәт. Әр елде, әр ауылда кәсіпқой соғым союшылар болады. Оны «қасапшы» деп атайды. Мал союдың жөн жосығы, тәртібі болады. Соған орай әрбір жілік, омыртқа, қабырға, қазы тағы басқа кәделі мүшелер тиісті ет майымен бірге бөлінуі керек. Олай болмаған жағдайда қасапшыға да, табақ тартқанда үй иесіне де мін. Соғым кезінде ішек-қарын тазартатын әйелдер де әзір тұрады. Әсіресе, жылқының ішек-қарындары яғни, қазы-қарта деп жұрт қадірлейтін мүшелері өте мұқият тазртылуы қажет. Ірі малдың жіліктері мен қабырғалары екіге бөлінеді. Яғни бір жарты жілігі, басқа еттермен бірге бір табақ есебіне жүреді. Қазақ қасиетті мал есебіне жатқызатын түйе мен жылқының басын бөлмей асып, пісірген. Сиырдың басын ғана бөліп, жеке-жеке тартқан. Соғым сойылғаннан кейін міндетті түрде мол қуырдақ қуырылады. Одан қасапшылармен бірге, ақсақалдар, көрші-көлемдер тойғанша жейді. Қасапшыларға еңбегі үшін «қолкесер» яғни еңбегі үшін ет беріледі. Соғымнан жақын-жуық, туыс-туған, құда-жекжаттарға міндетті түрде ауыз тигізу керек. Немесе сыбағасын беріп жібереді.
Қызғылтсары айқабақ - (лат. Acrocephalus agricola) торғайлар сабының Сандуғаштар тұқымдасының Айқабақтар тегіне жататын сайрағыш құсы. ## Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқы - 13 см, қанаттарының өрісі 15—17,5 см. Денесінің төбе жағының қауырсындары - ақшыл-қоңыр, төмен жағы - ақшылдау. Жыныстық дисморфизм болмайды, еркегі де ұрғашысы да сырт көрінісі бірдей. Қызғылтсары айқабақ - ең кішкене айқабақтардың бірі, басқаларына өте ұқсас, тек қана жазда төбесінің қауырсындары жонынан қошқылдау болып көрінеді . Дауысы мен әуезі де өзге кішкене айқабақтарға, әсіресе саз айқабаққа ұқсас, алайда одан айырмашылығы қызғылтсары айқабақ бұталарда емес, қамыста өмір сүреді. Қамысқа ұялайды, сонымен бірге ұяда өзін сақ ұстайды. Қамыс немесе қоғаның бірнеше сабақтарына орнықтырылған цилиндр пішінді ұя суға жиі тиіп тұрады, алайда көбінесе судан 30 см қашықтықта болады. Салындыда көгілдір немесе жасылдау реңкті теңбілденген 4-5 жұмыртқалар жатады. Ұялау тұрмысы егжей- тегжейлі зерттелмеген . ## Таралу аймақтары Бүкіл Орта Азияда кең тараған. Қазақстанда қамысы қалың өскен жазықтық, су қоймалардың барлығында болады. Қыста Пәкістан мен Үндістан жаққа миграция жасайды. Қазақстанда сәуірдің ортасынан қазан айының алғашқы жартысына дейін 6 айға жуық болады. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.birds.kz/species.php?species=451&l=ru Мұрағатталған 14 қаңтардың 2014 жылы. * Позвоночные животные России: Индийская камышевка Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қызғылтсары Айқабақ * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қызғылтсары Айқабақ ## Дереккөздер
Жолақбас Айқабақ - (лат. Acrocephalus schoenobaenus) - торғайлар сабының Acrocephalасеае тұқымдасының сайрағыш құсы. ## Таралу аймақтары Жолақбас айқабақ Қазақстанда республиканың солтүстік және батысындағы қамысты тоспаларда мекендейді. ## Биологиялық сипаттамасы Жолақбас Айқабақт - жоны қошқыл қоңырқай, бауыры сарғыштау саз түстес шағын денелі ала шұбар құс. Оның өзге айқабақтардан айырмашылығы - бастың екі жағында - созылған қара жолағының, айқын байқалатын бозғылт қасының болуы. Ұясын су жақтағы қалың шөптің, қамыс немесе бұталар өркеніне, ылғалды орынға орналастырады. Аналық салындыдағы қызғылт қоңыр секпілді 4-5 жұмыртқаны 13 күн басады . Аталығымен бірге 13-15 күн балапандарды қоректендіреді. Балапандар ұядан ұшқаннан кейін ұзақ уақыт 19 күнге жуық бірге болады. Жолақбас айқабақ оңтүстікке қыркүйек - қазан айларында ұшып кетеді. ### Тән ерекшеліктер Айқабактың аталықтары әр құсқа еліктеген әуезімен асыға сайрап, күйттеу кезеңі қызған шақта көбінесе құсойнақ жасап ұшады. Сонымен қатар аталық қамыс әуеге көтеріліп, қанатын баяу қағады да жоғарыға қиғаш ұшады; шарықтай көтеріліп, бір орында біраз қалтырап тұрады, қанатын өте биік көтергендіктен, оның ұштары жанасқандай болып байқалады; бұдан соң қанатын арқасынан жоғары көтеріңкіреп, құйрығын жоғарырақ қиғаш ұстап, көлбеу қалықтайды - құлдырап келіп, қамыс арасына гүрс етіп құлайды - осылардың барлығын сайрап жүріп орындайды. ## Сыртқы сілтемелер * Позвоночные животные России: Камышовка-барсучок Мұрағатталған 16 қаңтардың 2014 жылы. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Жолақбас айқабақ * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Жолақбас айқабақ ## Дереккөздер * Қазақстанның құстары кітабы , Атамұра 2011ж. * http://birds.sfu-kras.ru/
Сарыалқым арасақ - шағын денелі 40-60г, көгілдір , жасыл ,сары және ашық қызғылтсары түстердің үйлесімінде ашық түске боялған құс. Ұшқан қарлығаш сияқты өте жақсы ұшады . Тек қана арасақтың қанаты аздап кеңдеу және ұшу мәнері біраз өзгелеу - қанаттарын тез кезектестіре қағып , кең жаяды да ұзақ қалықтайды. Дауысы - бірден қатты "крю-крю...крю-крю" деп шырылдайды. ## Таралу аймағы Оңтүстік Еуропада , Жерорта теңізі және Оңтүстік - Батыс Азияда мекендейді.Қазақстанда оңтүстік және шығыс тау етектеріндегі барлық шөл-шөлейттерде өмір сүреді. ## Тән ерекшеліктері Аналығы іш қазып , ұя жасайды. Інде ұзын тұмсығымен сарғыш топырақты қазып , сонда шағын шоғыр түзіп , орнығады. Салындыдағы 4-7 домалақтау келген ақ жұмыртқаларды аналығы 20 күн басады. Аталығы кейде аналыққа жем тасиды, анда санда аналықты ұяда алмастырады. Балапандарды аталық және аналығы бір айға жуық ұяда қоректендіреді және ұядан ұшқан соң тағы жарты айдай жемдейді. Қанаттанған балапандар ересектерімен бірге үлкен топ түзіп, оңтүстікке бағыт алып , жылыстай бастайды. Арасақтар омарта орналасқан жерлерде араларды жеуге көшеді , сөйтіп балаларға шаруашылығын үлкен шығынға ұшыратуы мүмкін. Қазақстанда 4 ай - мамырдан қыркүйекке дейін болады. ## Дереккөздер 1. ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ кітабы , Атамұра 2011ж. 2. http://birds.sfu-kras.ru/
Қатты науқастанып тұрған баланы тез айығып, көтеріліп кетуі үшін оның ата-анасы жақын жердегі немесе көршілес отырған үйге апарып , "балам тышқаншық сала келді" дейді. Бұл ауырған баланың дертінен айықтыра түсудің , көңілін сергітудің бір шарасы есебінде жасалатын ырым. Барған үйдің иелері науқастың тәуір болып кеткеніне қуанып үйдегі бар жылы-жұмсағын асады немесе мал сойып құрметтейді. Баланың көңілі көтерілетіндей әңгіме , үлгі , өнете, өлең , жұмбақ , жаңылтпаштар айтады. Кетерде жаңа киім кигізеді. Ескі киімін жағып жібереді. Бұл дәстүрден адамға деген ықылас пен пейілдің , балаға деген емдеу , тәрбие үлгісінің , әсіресе балаға деген жақсы әдеп пен саналы көзқарас жолдарының ұлан-ғайыр екендігінің бұл да бір көрінісі болып табылады. ## Дереккөздер 1. http://www.kokozen.com/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Аққанатты бозторғай (лат. Melanocorypha leucoptera) - Қазақстандағы дала бозторғай туысына жататын 4 түрдің біреуі. ## Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқыны 17-19 см, қанаттарының өрісі - 35 см-ге дейін. Жабын қауырсынының қызғылт түсінен, әр қанаттың артқы жиегіндегі жалпақ ақ жолақ бойынша оңай тануға болады. Ұшқанда бұл ақ жолақтар көрінбейтіндіктен, қанатты балшықшы тәрізденіп, жіңішке және үшкір болып көрінеді. Құс ойнақта ұшуы өзге дала бозторғайдардікі сияқты - қанаттарын толық жанастырғандый күшті сермейді. Әуезі әдемі, қанық және сыңғырлап естіледі. ## Таралу аймағы Қазақстанның солтүстік жартысын, орман-далалы зонаның далалық және оңтүстік бөлігін мекен етеді. Қазақстанның қалған аумақтарының барлығында - наурыз және қыркүйек-қазанда ұшып өткенде кездестіруге болады. Қысты Қазақстанның оңтүстігінде таман өткізеді, алайда қыс жылы болса, Шығыс Қаспий мағында, соның ішінде Қазақстан аймағында қыстап қалады. ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аққанатты бозторғайПозвоночные животные России: Белокрылый жаворонок Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.http://www.birds.kz/species.php?species=379&l=ru Мұрағатталған 14 қаңтардың 2014 жылы. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аққанатты бозторғай * Позвоночные животные России: Белокрылый жаворонок Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы. * http://www.birds.kz/species.php?species=379&l=ru Мұрағатталған 14 қаңтардың 2014 жылы. ## Дереккөздер
Коре́я — Құрамына Корей түбегі және жанасқан аралдар мен мәдени-тарихи тұрғыдан бірккен мұрасы кіретін географиялық территория.. Бұрында бір мемлекет болған. Солтүстігінде КХДР және Ресейі бар құрлықты шекара. Ал оңтүстігінде Жапон аралдары 1945 жылы Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгенінен кейін, сол кездері Японияның отары болған, Корея шекарасы екі ауқымды әскери жауапкершілікті аймаққа бөлінді: * КСРО–ның бақылауында — 38° паралелінен солтүстікке қарай. * АҚШ–тың бақылауында — 38° паралелінен оңтүстікке қарай. Осының нәтижесінде 1948 жылы осы екі аумақта қос мемлекет орнады: * солтүстікте — Корей Халық Демократиялық Республикасы * оңтүстікте — Корея Республикасы Корея шекарасы — 220,8 мың.км². Қос мемлекеттің жалпы халық саны 70 млн. адамнан жоғары, халықтың 99 % корейлер. Негізінен діни нанымдары — буддизм және христиандық Табиғаты — Корей түбегі, Маньчжурия -Корей таулары қараңыз. ## Тарихы Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін палеолит заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2-1 ғасырларда аса күшті мемлекетке айналды. Б.з. басында Когуре (солтүстікте), Пэкче (оңтүстік-батыста), Силла (оңтүстік-шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4-6 ғасырларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче, Когуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Когуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676 жылы қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғасырда Кореяның көпшілік жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғасырда Силла ыдырап, 935 жыл. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет қидандардың шабуылына (993, 1010 — 11, 1018 — 19) төтеп беріп, елдің тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231-1259 жылдары Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғасырдың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. 1352-1362 жылдары Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Елорда Кэчен қаласынан Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғасырдың аяғында елге жапондар, 17 ғасырда маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592-1598 жылдары жапон басқыншыларынан елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 жылы Корея билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17-18 ғасырларда ел әлеуметтік-эконономикалық жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бері экономикада нарықтық қатынастар пайда болды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап дамыған елдер Кореяға күш көрсете бастады. 1876 жылы Жапония Кореяны тиімсіз Канхва шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 жылы АҚШ, 1893 жылы Ұлыбритания, Германия, 1894 жылы Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды. 1893-1894 жылдары елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, Кореяда Қытай мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай соғысы (1894-1895) болып өтті. Қытай Кореядан кетуге мәжбүр болды. 1904-1905 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата орнықты, 1910 жылдан бастап Корея отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды. 1919-1945 жылдары елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы ұйымдары құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілгеннен кейін, 1945 жылғы Ялта конференциясы шешімдеріне сәйкес, Корея 38° ендікте екі бөлініп, солтүстік КСРО-ның, оңтүстік — АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО мен АҚШ арасындағы "Қырғи Қабақ Соғысқа" байланысты ел жасанды түрде екіге бөлінді. 1948 жылдың 15 тамызда Сеулде ресми түрде Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық Республикасы құрылды. Екі ел арасында 1949 жылы қарулы қақтығыстар * 1950-1953 жылдары корей соғысы болып өтті. 1953 жылдың 27 шілдесінде соғыс еш нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды. * 1987 жылға дейін Кореяда әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғасырдың 60-80-жылдары елде экономика қарқынды дамып, Корея кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші орынға шықты. 1987 жылы демократиялық қозғалыстардың қысымымен елде либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 жылы Сеулде 24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 жылы тұңғыш рет оппозиция үкімет басына келді. ## Оңтүстік Корея Корея Республикасы (корейше 대한민국 [tɛːhanminɡuk̚] тэхан мингук) — Корей түбегінде орналасқан және де Шығыс Азия мемлекеті. Елдің бейресми, әсіресе, орыс тілді баспасөзде кеңінен қолданылатын атауы — Оңтүстік Корея Астанасы: Сеул қ. Ауданы — 99 617,38 шаршы км. Халқы: 49 024 737 адам (2007 жылғы санақ бойынша) Халқы: корейлер ел халқының негізгі көпшілігін құрайды. Кішігірім (100 мың) қытайлар тобы — негізінен Қытайдан, Гонконгтан және Макаодан тікелей келгендер емес, Жапониядан, Малайзиядан, Үндістаннан және Филиппиннен қоныс аударғандар. Діні: Оңтүстік Кореядағы негізгі дін — дәстүрлі буддизм және қатысты түрде елге жақында енген христиандық. Тілі: корей тілі.Ақша бірлігі: корей вонасы. Мемлекеттік мерекелер: 1 қаңтар – Жаңа жыл, 1 наурыз – Корея тәуелсіздігі үшін қозғалыс күні, 5 мамыр - Оңтүстік Кореядағы балалар күні, 12 қыркүйек - Чхусок , 3 қазан – Оңтүстік Корея мемлекетінің негізі қаланған күн, 25 желтоқсан – Христиандардың «Рождество» мерекесі. Аумағы: Корея Республикасы Азияның негізгі бөлігінен 1100 километрге шығып тұрған Корей түбегінің оңтүстік бөлігін алады. Батысынан түбек Сары теңізбен, шығысынан – Жапон теңізімен, ал оңтүстігінен Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шектеледі. Ландшафты негізінен таулы, жазықтар аумақтың тек 30% алады. Жағалаулардың 3000 жуық аралдары бар, олардың дені кішігірім және елсіз. Ең ірі арал - Чеджудо. Климаты муссондық, жазы ыстық және ылғал, қыс қатысты түрде суық және құрғақ. ## Солтүстік Корея Корей Халық Демократиялық Республикасы, (КХДР), корейше — Чосон минджуджуый иымин конхвачук — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км². Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”. Елді президент басқарады (2011 жылдан Ким Чен Ын). Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15 сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімш. жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген. ## Дереккөздер
Қол кесер — соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға. Дәстүр бойынша шаруашылыққа көмекке келген адамды еңбек ақысыз жібермеген. Шаруаның ауыр, жеңіліне қарамай тиісті ақысын берген «келі түбі», «қол үздік» сияқты. «Қол кесер» - соғым сойған, етті мүшелеген. Етті мүшелеген уақытта қолын кесіп алса, ақы төленген. Етті мүшелегенді «соғым соятын» отбасы жақсы біледі. Союшы адам міндетті түрде «қол кесер» алған. «Ауыз омыртқа» деген мүшені союшы адам алатын. Соғым сою – отбасы үшін қуаныш, мереке күн болған. Соғымнан алғашқы дәм «қуырдақ» болады.
Қой жасы - қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жасқа келісімен бастаушты бітіріп, жоғары класқа көшкен оқушыдый кәсібін ауыстырады. Отаудың иесі деп үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойлаған емес. Сондықтада он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деген ертеде. Ал сиыр мен түйеге ие болу кәрі-құртаңның сыбағасы. Қазақтың ертедегі ең көп ұстаған малы жылқы мен қой, онаң соң түйе. Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы дейтіні бір қора қойды итқұсқа жегізбей, жоғалтпай бағу. Жауын-шашында, боранда аман сақтау, күн шыққаннан қас қарайғанша жалықпай жайып, кең далада жападан жалғыз жүру, осы жастардағы адамның ғана қолынан келеді. Он бестегілердің де өте бір қағылезі болмаса төзуі қиын. Бірақ төзбеуге болмайды. Дала тіршілігінде өсіту заң. Көнбесе басқадай кәсіп кем де кем, күн көре алмайды. Бұл қой жасынан еті тірілер ғана, сенімділер ғана жылқы жасына аусады. Емтиханнан өте алмағандары сол қойдың соңында мәңгі қалады. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ инеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйтетіні осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу –анығырақ айтқанда оқыту басталады. Қазақта мектеп те жоқ. Медіресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз деп кеудесімен ат басып кете жаздап жүргендер – шетінен дөйдала, пілге үрген иттер. Олар қашаннан бері қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. «Тоқым қағу» соларға қаққызбаудың, соғысса жеңілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы «тоқым қағарға» дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік. Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Көген той — көктемде мал төлдеп, көк шыққан уақытта өтіледі. Сондай-ақ, шаруашылық әрі еңбек құрметіне арналған шағын той-томалағы. Ауылдың үлкен-кішісі көктемді қуанышпен қарсы алады. Дастарқан жайып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мал басының көбеюін, жақсы көңіл-күй болуын тілейді. Үлкендер өздері кеңес құрады: малды жайлауға, жақсы жерге шығару, т.б. Қазақ тамақтың түрін үш атайды: ақ — сүт, сүт тағамдары, көк — өсімдіктер, қызыл — ет, ет тағамдары. Көген тойында әйелдер ақ түсті ұнатады, сондықтан қазақ байлауышты ақпен байлайды. Көген той – ақтың мол болуына, мал-бастың аман болуына тілектес болудың белгісі. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Бие қысырмас. Отқа май салынып, келіннің беті ашылғаннан кейін сол жақтағы келінді енесі шақырып оң жаққа отырғызады. Сонан соң ортаға ақ бұл тастайды. Оны отырғандар жыртып-жыртып алады. Үйлеріне апарып сабаларының аузына байлайды. Мұндағы мән: бірінші, келінді өзінің қызындай көретіндігін білдіріп оны өз қызы отырған қадірлі орынға лайық еткені, екінші, ортаға ақ бұл тастап оны бөліп бергені – қазақта ең қастерлі түлік-жылқы, астың аяулысы-қымыз. Осы екеуі түтін басынан үзілмесін дегені. "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" дегенді әлімсақтан бері айтып келе жатқан қазақ келін келгеннен кейін келешектің тағдырын көбінесе келінге байланысты түсінеді. Қазақта той көбінесе ел жайлауға шыққанда болады. Бұл кезде мал қоңды, қол бос,қолайлы. Қымыз сабасы бәрінде болмағанымен ірікттің сабасынан кез келген үй кұр емес. Мұндайда ақты екінші сабаға байлауға болады. Саба – қазақ асының қайнар бұлағы. Мұнан қымыз да, құрт та, сарымай да өндіріледі...Бие қысыр қалмаса бәрі де болады ғой. Рымның аты, міне, осыған байланысты болады. Табысы құралмаған жігіттен, құрсағы құр жатпайтын биенің артық делінетіні де осыдан. Қазақ үшін бие қысыр қалмаса онан ұлттық шарап (қымыз) та, жауға атойлап, аттандап, «абылайлап», «а құдайлап» шабатын саңлақ та, қазы мен қарта, жал мен жая да болады ғой. Осыны ескерген халық үшін бие қысырмас кәдесіне үлкен мән берген. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
«Сал, серілік» - қазақ халқының өнерлі мәдениетті екендігін көрсетеді. Бұл ақындық, әншілік, сөз өнері. Сал, сері – деген атақ өзі мырза, адал, ақ көңіл өнерлі адамдарға беріледі. Сал, сері бір өзі халықтың алдында өнерін көрсете алатын адам. Ол әдемі киінеді, жүрісі, тұрысы ерекше көзге түседі, өзгелерден бөлек болып көрінеді. Мысалы, Біржан сал суырып салма ақын. Сері – бұлда әнші, импровизатор ақын, серілігіне қоса ол аңшы, балуан, құралайда көзге ататын мерген, құсты да жүйрікті де қолға үйретеді, қолынан іс келетін шебер, сөзге шешен. Әрине кез келген адам сал, сері бола алмайды. Сал Біржан,Ақан сері сияқты бұл адамдар бай болулары керек, өнер туындалырын бағалап сүйетін, он саусағы өнерлі болып. Ол адамдардың жүрген жерлері мереке, көңілді күй, ән, жыр той болады. Халық оларға зор құрметпен қарап сыйлаған. Халықтың мақтанышы болған. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Тымпи – ойынға қатынасушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады. Біреуін ойынды жүргізүге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» -деп бұйырады. Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы, үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен әзіл-қалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді күлдірудің амалын іздейді. Қалжың жыр да айтады. Ешқайсы шамданбайды. Өйткені ойынға қатынасушылардың аты әлгідей қалжың өлеңге қосылмауы керек. Әзілі де, сықағы да өтпесе, бет-аузын тыржыңдатып, әр түрлі құбылтады. Қолапайсыз қимылдармен құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру үшін неше алуан сұрақтар қойып, көздеріне төнеді. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Сондықтан ойынды жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі болуы керек. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатудың тиімді тәсілі — қабыққа салып бояу. Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол диірменмен тартады. 11-12 қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтаталған 4—4,5 кг қабықты бір жарым-екі шелек суга салып, тұзын татытып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстеп су құяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сұйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды тоқтатып, қабықтың ұнтағын сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою-сүйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырдасынмен теріге жағады. Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір-екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні тобарси бастаған соң-ақ қолмен уқалап созғылайды. Теріні бояудың басқа түрлері — томар бояу, қынамен бояу. Боялған теріден әсем киім,тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көп киім тігіледі. Бұларды өң киімдер деп атайды. Өйткені бұл киімдер өте жылы болады. Қой мен ешкінің терісінен тон, шалбар, үлкен қойдың терісінен ішік, сеңсең ішік, елтірі ішік, лаң терісінен ішік, бөкебай ішік тігіледі. Қозы, лақ терлерінен тымақ, бәрік, құлақшын тігеді. Сондай-ақ жүнін сыртына қаратып, құлын терісінен тіккен ішікті (доханы) «құлын ішік» деп, ал жүнін ішіне қаратып бота терісінен тіккен ішікті «бота ішік» деп атайды. Қойдың, ешкінің, тайлақтың пұшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай құрама киімдерді көбінесе балаларға арнап тігеді. Олар әрі жылы, әрі жеңіл келеді. Мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, жанат ішік, бұлғын ішік аң терісінен тігіледі. Кей де мұндай киімдерді аң терісінің жонынан, тамағынан немесе пұшағынан құрап істейді. Бұл киімдерді тамақ ішік, пұшпақ бөрік, пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды. Оларды бөстек дейді. Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен тыстап, әдіптейді, жаға-жеңдерін кестелеп жұрындайды немесе сыздың жүргізу арқылы әшекейлейді (құндыз бөрік, қамқа тон т.б.). ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Қотыр қайың немесе Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula) - синонимы: Betula verrucosa - қайың тұқымдасына жататын ағаш. ## Таралуы Қайыңдар тұқымдасының Солтүстік жарты шарда кеңінен таралаған. Бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігінде Батыс Сібірде, Батыс Европада, Жерорта теңізі аймағы Балканда, солт Африкада, Алдыңғы және Орталық Азияда кездеседі. Қазақстан-ның жазық даласында: мысалы жалпы сырт сілемдері, Тобыл-Есіл, Ертіс, Семей, Көкшетау, Мұғалжар, Ембі, Батыс және Шығыс Сарыарқа жотасы, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань т.б. 15 түрі өседі. Ең көп тараған түрі – Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula). ## Биологиялық сипаттамасы Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді. Ағаштың биіктігі 20 (кейде 30) м-дей, діңінің диам. 60 – 80 см-ге дейін, қабығы ақ түсті. Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті, тілімденген, кезектесіп орналасады. Аталық гүл шоғы сырға тәрізді, бұтағының ұшында жетіледі. Аналық гүл шоғының жасыл түсті сырғалары, аталық сырғасына қарағанда едәуір қысқа болады, олар көктемде ағаш бүрінен дамиды. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жарып, гүлдейді. Жемісі – ұсақ жаңғақша (оның ұзындығы 1,5 – 4 мм). Тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. ## Қолдануы * Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар. Медицинада бүршігі мен жапырағын бүйрек ауруларына қарсы ем ретінде қолданады. * Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш, оларды елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді. * Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Сүрегі құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. * Қайың қабығын тіліп, одан ағатын шырынды ішуге болады. Қайың шырынында 20%-дай қант, кальций оксиді және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. * Сүйелді қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін отырғызады. * Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады. ## Күтімі Көп күтімді қажет етпейді. Жас көшетін алғашқы жылдары түзулеп өсірсе, діңі тік әрі әдемі болып өседі. Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі. ## Қайың туралы өлең жолдары ## Галерея * * * * ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Сүйелді қайыңБерёза повислая на сайте www.ecosystema.ruБерёза повислая на сайте USDA NRCS (ағыл.) * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Сүйелді қайың * Берёза повислая на сайте www.ecosystema.ru * Берёза повислая на сайте USDA NRCS (ағыл.) ## Дереккөздер
Жылқы жасы - қай халықта болмасын жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рахаты да жылқыда болған. Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық. Ат құлағы көрінбейтін боранда тұмсығына оқтаудай мұз қатқан атпен бірнеше күн жүріп жылқыға не болу, алдынан тосатын, ұлып соңынан қалмайтын қалың қасқырға жегізбей, екі күннің бірінде тебініп сақадай-сай жауға бермеу жиырма бес пен қырықтың арасындағылардың ғана қолынан келеді.Бұл кезді қазақ халқы сондықтанда жылқының жасы деген, әдіптеп айтсақ бұның өзі бұрынғы қазақтың еңбекке баулудағы жоғары мектепті бітіргені. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
Мыжыма —Кейде есімі белгілі адамдар шаңыраққа, үлкенге сәлем беруге әдейі соғады, амандық біледі. Сыйлы кісілерге міндетті түрде мал сойып бас ұсынады. Алайда қонақтар асығыс жүреді. Мұндайда қазақтар мал сойдырмаған кісілерге соған лайық дәм тартатын жолды таба білді. Сондай бағалы тағамдардың бірі — “мыжыма” деп аталатын нан тағам. наннан жоғары тағам жоқ. Екіншіден тез әзірленеді әрі дәмді тағам. Келген кісілерге соятын малға қарамайтынын білген бәйбіше шоққа дереу нан салады, ол ілезде қайнаған шәймен пісіп шығады. Бәйбіше сырлы аяқты алып қарынан сары майды мол салып, оның үстіне тападан жана ғана алынған ыстық нанды турап жіберіп, оң қолымен езеді де қоңақтардың алдына қояды. Тұзды сары майға мыжылған нанның мұндай дәмді болатынын кейбір адамдар әліде білмеуі мүмкін. білікті адамдар мұндай тамақтың күнде жеп жүрген еттен де артық екенің бағалайды. ## Дереккөздер * Қазақтың дархан дастарқаны - Алматы "Алматыкітап" ЖШС - 2005 ISBN 9665-24-559-2
Ине жасырмақ- жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Қажетті бұйымдар: ине және домбыра. Ойын шарты: ойыншылар ең алдымен, бастаушыны сайлайды. Ол, біріншіден, тәртіпті бақылайды, екінші, домбырада, немесе басқа музыкалық аспапты ойнайтын кісіні табады; үшіншіден, ойын ережесін түсіндіріп, екі ойыншыны таңдайды. Ойыншының біреуі бөлмеден шығып кетеді де, үйде қалған екінші инені өз бойындағы киіміне жасырады, немесе басқа біреуге береді. Бастаушының белгісі бойынша үйге қайта оралған іздеуші инені ойынға қатысушылардың жағасынан, бас киімдерінен іздей бастайды. Іздеуді жеңілдету үшін музыкант домбырада ойнап отырады. Егер іздеуші ойыншы нысанаға жақындай түссе, домбыра күмбірлей жөнеледі. Ал, егер нысана тұсынан іздеуші өтіп кетсе, домбыра үні бәсеңси бастайды. Іздеуші инесі бар кісіге жақындаған не алыстаған сайын домбырашы оны әр қилы сарынмен бағыттап, дәлдеп отырады. Нысанға дөп келген іздеуші ине осында-ау деген кісіні әбден тінте тексеріп, инені табуға тырысады. Ине жасыра алмаған, кәде бойынша ән салып, не әзіл айтып айып төлейді. Ал табылмаса іздеушінің өзі айып тартады. ## Дереккөздер 1. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/ 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан, Атамұра 2011ж.
"Құрткөже" — Ата - бабаларымыз қыстың қымызы деп атап кеткен құркөженің орны бір бөлек. Енді осы көже қалай дайындалады. алдымен қанша әзірленетінін әркім өзі мөлшерлеп біліп алады. мысалы 4 немесе 5 литрдей көже дайындау қажет делік. бұл үшін осы шамадағы суға татымына қарай тұз, қайнаған кезде аздап күріш күріш немесе сөк салады. Енді бір басқа ыдысқа суық су құйып, оған 1-2 кесе ұн қосып, түйіршіктері кеткенше әбден араластырылған соң қоймалжың тартып, сәл қоюланады. Мұны жоғарыда айтылған күріш немесе сөк қосылған қайнаған суға қосып тағы араластырады. Сонда ұн қосылған су қайнап, піскен қоймалжын көжеге айналады. Осыдан соң езетін құрттың өзін екі үш рет қайта жуып, сыртындағы шаң тозаңдардан әбден тазартылады. құртта әзірленген су мөлшеріне қарай алынады. Құрткөженің дәмі, татымды әрине, оны дегенмен, бұған құрттың сапасының да зор әсері бар. Әсіресе қой сүтінен жасалған құрттың тамақтық құнары, дәмі мен сапасы өте жоғары болады. Бүгінде құрт тек сиыр сүтінен жасалады. Бұдан да дәмді әрі тұшымды көже дайындауға әбден болады. Сонымен жоғарыда айтылғандай, мөлшерлі ыстық суға бір аяқтай құрт салып, оны езеді. Қоюланып езілген құрт қайнатылған суға қосылады да, оның сұйығы езіліп жатқан құрт үстіне қайта құйылып, тағыда езіледі. Осылайша бірнеше рет қайталанып, әркім қалауынша қою немесе сұйық етіп дайындайды. Қоюлату қажет болса ұн, сұйылту қажет болса су қосады. міне осы езулі құртты қосқаннан кейін, көжені қайта ысытып, оған қажетінше сары май, шыжық салып сапырады. содан әзірленген тағам әбден бабына келеді. осыдан кейін оны кесе аяққа құйып ұсынады. тағы бір айта кетерлік сөз, құрткөже жанға шипа, бойға қуат беретін өте күшті, қадірлі тағам. Ерте кездерде қысты күндері алыс жолға шыққан жолаушылар немесе далада айлап боран мен аязда жүретін шылқышылар күні бұрын құрткөже ездіріп алып арнаулы ыдыстарға құйып сақтаған. Шынындада құрткөже қысты күндері тоңдырмайды. оның қуаттылығы сондай, бір атамыз аязда тоңып келіп, екі-үш аяқ ыстық құрткөжені жеделдете тастап жіберіп бойы жібеген кезде "Бәйбіше, күн жылынды білем, боз аттың жабуын алып тасташы" деген екен. бір сөзбен айтқанда, қасиеті де, қадірі де мол құрткөжеміздің әр қазақ дастарқанында болып тұрғанға не жетсін. ## Дереккөздер * Қазақтың дархан дастарқаны - Алматы "Алматыкітап" ЖШС - 2005 ISBN 9665-24-559-2
Аққанатты бозторғай (лат. Melanocorypha leucoptera) - Қазақстандағы дала бозторғай туысына жататын 4 түрдің біреуі. ## Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқыны 17-19 см, қанаттарының өрісі - 35 см-ге дейін. Жабын қауырсынының қызғылт түсінен, әр қанаттың артқы жиегіндегі жалпақ ақ жолақ бойынша оңай тануға болады. Ұшқанда бұл ақ жолақтар көрінбейтіндіктен, қанатты балшықшы тәрізденіп, жіңішке және үшкір болып көрінеді. Құс ойнақта ұшуы өзге дала бозторғайдардікі сияқты - қанаттарын толық жанастырғандый күшті сермейді. Әуезі әдемі, қанық және сыңғырлап естіледі. ## Таралу аймағы Қазақстанның солтүстік жартысын, орман-далалы зонаның далалық және оңтүстік бөлігін мекен етеді. Қазақстанның қалған аумақтарының барлығында - наурыз және қыркүйек-қазанда ұшып өткенде кездестіруге болады. Қысты Қазақстанның оңтүстігінде таман өткізеді, алайда қыс жылы болса, Шығыс Қаспий мағында, соның ішінде Қазақстан аймағында қыстап қалады. ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аққанатты бозторғайПозвоночные животные России: Белокрылый жаворонок Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.http://www.birds.kz/species.php?species=379&l=ru Мұрағатталған 14 қаңтардың 2014 жылы. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аққанатты бозторғай * Позвоночные животные России: Белокрылый жаворонок Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы. * http://www.birds.kz/species.php?species=379&l=ru Мұрағатталған 14 қаңтардың 2014 жылы. ## Дереккөздер
Жаңаауыл — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Боран ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 54 км жерде. ## Тарихы Алғашында ауылдың орнында "Шегір" атты шағын елді мекен болған. 1970 жылы Мұсахан, Бажанай сияқты жерлердегі шағын бірнеше үйлер Шегір ауылымен бірігіп үлкен ауыл құрылады. Жаңа құрылған ауыл Жаңаауыл аталады. Жаңаауыл Қалжыр өзенінің оң жағалауында, Бөкенбай тауының оңтүстігінде орналасқан. Ежелден Қожамбет руы жайлаған. Кеңес дәуірінде бұл өлкеде Ысқақ атты бай болған. Ол кәмпеске кезінде Қытайға өтіп кеткен. Кедей шаруалардың көпшілігі Ысқақ байдың қол астында жалшылықта болған. ҰОС жылдары Жаңаауыл ауылы оқиғалардан шет қалған жоқ. Ауылдан 110 ға жуық адам соғысқа аттанды. Жаңаауыл ауылы кеңес дәуірінде үлкен ауыл болды. Ең алғаш болып Боран ауылдық округінде мектеп-интернат Жаңаауыл ауылына салынды. Кейіннен ауылдың маңыздылығы төмендей бастады. ## Халқы Ауылда халық санының жылдан жылға төмендеуі байқалады. Халық санының төмендеуіне тұрғындардың жаппай қалаға көшуі әсер етті. ## Төтенше жағдай 2011 жылы Жаңаауыл ауылында төтенше жағдай орын алды. Ауылдың дәл маңынан ағатын Қалжыр өзені қатты аяз салдарынан қатып, өзеннің арналарын толтырып тастайды. Соның салдарынан пайда болған қызыл су арнадан асып ауыл маңына жақындайды. Ауылдың өзенге жақын тұсындағы үйлердің қора-жайы, айналасы судың астында қалады. Бірнеше үйлер эвакуацияланады. Шығыс Қазақстан ТЖМ қызметкерлері ауыл тұрғындарымен бірлесіп жергілікті арналарды аршып, бітелген мұздан тазартады. Жұмысқа ондаған ауыр техника жұмылдырылды. Жағдайды Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітұлы Сейітовтың өзі қадағалады.. ## Дереккөздер
Аманұлла хан (парсы: امان‌الله خان‎; 1 маусым, 1892 жыл, Пагман, Ауғанстан – 25 сәуір, 1960 жыл, Цюрих, Швейцария) — Ауғанстанның 10-шы әмірі, Ауғанстан королы (21.02.1919—14.01.1929). ## Биографиясы Хабибулла-хан әмірдің баласы. 1919 ж. 21 ақпанда өкімет басына келісімен, Ауғанстанды тәуелсіз ел деп жариялады (28.02.1919 ж). 1919 ж. үшінші ағылшын-ауған соғысы бассталды. Нәтижесінде Англия 1921 ж. Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады. Аманулла-хан мен В.И.Лениннің келісуі бойынша, 1919 ж. Ауғанстан мен Совет одағы арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. 1921 ж. совет-ауған арасында бейтараптық сақтау, бір-біріне шабуыл жасамау тіралы шарт жасалып, 1926 ж. бекітілді. 1927—1928 жылдары Аманулла Үндістанға, Таяу Шығыстың бірқатар елдеріне, Батыс Еуропа елдеріне достық сапрымен барған. 1928 ж. Аманулла-хан КСРО-ға келіп қайтты. Аманулла-хан жүргізген реформалар елдің бірлігін нығайтып, экономиканы дамытуға себепші болды. Сонымен бірге, салықтың көбеюі қарапайым халықта наразылық туғызды. 1928-1929 ж. ағылшындардың қолдауымен Бачаи Сакао үкіметке қарсы көтеріліс бастады. Нәтижесінде Аманулла-хан тақтан түсуге мәжбүр болды. Елден безіп, Италияда өмір сүрді. 1948 ж. Цюрихте қайтыс болды. Жалалабад қаласында (Ауғанстан) жерленді. ## Сыртқа сілтемелер * Life of Amir Amanullah Khan in pictures Мұрағатталған 7 наурыздың 2013 жылы. * Amanulla Khan: Betrayal of Nadir Khan * Ghazi Amanullah Khan City Мұрағатталған 30 наурыздың 2012 жылы. next to Jalalabad * Ghazi Amanullah Khan City on YouTube * Дереккөздер“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Төлепберген Айқын Нұртанұлы - қазақ әншісі. «Superstar.kz» мегажобасында алғаш рет үлкен сахнаға шығып, таныла бастады. ## Биография Албан руынан шыққан. туған күні, айы, жылы: 10.02.1982 ж. Туған жері: Алматы қаласы. Қ. И. Сәтпаев ат. Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін баспагер-инженер мамандығы бойынша бітірген. ### Фильмдер 2020 — «Менім сақинам қайда?» — Асқар ## Жетістіктері: 1.«Мистер ҚазҰТУ-2000», 2. «Superstar KZ» финалисті, 3. «Новая волна 2006» байқауына қатысушы.4. <<Астана жұлдызы>> наминация иегеріПродюсері Эрик Тастембеков . ## Дереккөздер 1. http://meta.kz/ Мұрағатталған 10 қаңтардың 2014 жылы. 2. http://music.nur.kz/artist_bio-10267-ajkin-tolepbergen Мұрағатталған 16 қаңтардың 2014 жылы.
Әлия Әнуарбекқызы Телебарисова (30 сәуір 1993 жыл, Тараз) — Қазақстанның актрисасы. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" атты фильмде бас рөлдердің бірін (Зере) орындағаннан кейін әйгілі болды. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдерде және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2" телехикаяларына түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясында актерлік өнер бөлімінде оқыған. Ең алғашқы рөлін Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясында орындаған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * [1]Телебарисова Алия Ануарбековна
Кітапханалық статистикасының бір бөлімі * кітапханалардың санын, * олардың даму дәрежесін түрлі белгілері бойынша топталуын, * жүйенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді. Бүл мәлімет кітапхана жүйесінің өркендеуін, тұрақты кітапханалардың жүмысын көрсетеді. Кітапхама жүйесінің статистикалық мақсаттары үшін кітапханалар мынадай топтарға бөлінеді: * көпшілік, * гылыми-техникалық кітапханалар, * жоғары оқу орындарынын ғылыми кітапханалары, * арнаулы кітапханалар, * мектеп кітапхаиалары, т.б. Кітапхана жүйесіне талдау жасау үшін мынадай көрсеткіштер қолдапылады. ## Дереккөздер
Айбек Кәрімов Мүталапханұлы 1959 жылы Семей облысы(қазіргі ШҚО) Ақсуат ауданындағы Ерназар ауылында дүниеге келген. Руы найман.Білімі жоғары. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген. 2011 жылдын қаңтарынан Семей қаласының әкімі. ## Еңбек жолы Еңбек жолын институтты аяқтаған соң 1981 жылы Семей облысы Шар ауданы Громовка ауылындағы Киров атындағы совхозда зоотехник болып бастаған. 1982-1985 жылдарда Семей облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, содан кейін Семей облысы Шар аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшы болды. Одан кейін Семей облыстық әкімшіліктің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды. 1995-2002 жылдарда – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі болды. 2002 - 2004 жылдарда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі болып жұмыс атқарды. 2004-2006 жылдар аралығында – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2006 - 2008 жылдарда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі болды. 2008 жылғы қыркүйек айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының инвестициялық бағдарламалар үйлестірушісі болып қызмет атқарды. 2010 жылдың наурызынан 2011 жылдың қантарына дейін Шемонаиха ауданының әкімі. 2011 жылдан Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. ## Дереккөздер http://www.akimvko.gov.kz/kz/rule/akimat-vostochno-kazaxstanskoj-oblasti/akimatyi-gorodov-i-rajonov/semej/personyi/karimov-ajbek-mutalapxanovich.html
Кітапханалық статистикасының бір бөлімі * кітапханалардың санын, * олардың даму дәрежесін түрлі белгілері бойынша топталуын, * жүйенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді. Бүл мәлімет кітапхана жүйесінің өркендеуін, тұрақты кітапханалардың жүмысын көрсетеді. Кітапхама жүйесінің статистикалық мақсаттары үшін кітапханалар мынадай топтарға бөлінеді: * көпшілік, * гылыми-техникалық кітапханалар, * жоғары оқу орындарынын ғылыми кітапханалары, * арнаулы кітапханалар, * мектеп кітапхаиалары, т.б. Кітапхана жүйесіне талдау жасау үшін мынадай көрсеткіштер қолдапылады. ## Дереккөздер
## Кітапхана жүйесінің жинақты көрсеткіші Кітапхана жүйесінің жинақты көрсеткіші - бір жерде (аудан, қала, облыс) орналасқан немесе бір мекемеге қарайтын жеке кітапхананың немесе кітапханалар тобының жұмыс тиімділігінің көрсеткіші. Кітапхана жұмысының жиынтық көрсеткіші өлшем келмейтін, ортақ жұмсалған еңбек, шығын, пайдалы нәтиже немесе шарттық сипаттамалар негізінде өлшеуге келетін аткарылған жұмыс. Кітапхана практикасында кітапхана жұмысының жинақты көрсеткіші * жеке кітапхананың бір мөзгілдегі бірнеше және * турлі-түрлі көрсеткіштері бойынша тұтас қызмөтіне сипаттама беру үшін есептеледі. * Бір топ кітапханалар жиынтығының жұмыс нәтижөсіне сипаттама беру үшін есептеледі. Мұның бірінші сатысы кітапхана қызметінің интенсивтілік коэффициентін қолдану болып табылады. ## Кітапханалық статистикасының бір бөлімі Кітапханалық статистикасының бір бөлімі кітапханалардың санын, олардың даму дәрежесін түрлі белгілері бойынша топталуын,жүйенің қалыптасу ерекшеліктерінзерттейді. Бүл мәлімет кітапхана жүйесінің өркендеуін, тұрақты кітапханалардың жүмысын көрсетеді.Кітапхама жүйесінің статистикалық мақсаттары үшін кітапханалар мынадай топтарға бөлінеді:көпшілік,гылыми-техникалық кітапханалар,жоғары оқу орындарынын ғылыми кітапханалары,арнаулы кітапханалар,мектеп кітапхаиалары, т.б.Кітапхана жүйесіне талдау жасау үшін мынадай көрсеткіштер қолдапылады ## Кітапхана жабдығы Түрлі кітапханалық процестерді атқару үшін қолданылатын материалдық-техникалық құралдар кажет. Кітапхананың негізгі жабдықтары: * кітап беру кафедрасы, * каталог шкафы, * оқырман үстелі, * көрме витринасы, * сөре. Кітапхана жабдығы бөлмелердегі орналасу сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: * барлық жағын түгелдей ашық орналастыру (оқырман үстелі, екіжақты сөрелер, екіжақты кітап көрмелері мен каталог шкафтары, т.б.); * қабырғаға сүйеп орналастыру (біржақты сөрелер, кітаптар мен журналдарға арналған шкафтар, көрме витриналары мен каталог шкафтары); * қабырғаға іліп орналастыру (қабырғаға қағылған немесе тіреп ілінген витриналар, сөрелер, газеттерге арналған үстатқыштар, түрлі көрсеткіштері бар тақталар, оқырман сұранымының орындалуын хабарлайтын индикатор және т.б. ## Кітаптардың орналасу сипаттары Кітапханаларда қабырғаға ілу арқылы орналастырылатын жабдықтар барған сайын кең қолданылуда. Кітапхана жабдығының, сондай-ақ жылжымайтын, қозғауға келмейтін, кейде тіпті бір орынға мықтап бекітілгөн және мобильді қажетіне қарай орнын ауыстыруға болатын түрлері бар. Мысалы, көшпелі кітапхана сияқты алып жүретін витриналар; ролик типтес дөңгелектер орнатылған жылжымалы витриналар мөн сөрелер, ықшам орналастырылған кітап қоймаларындағы сөрелөр, кітап тасуға арналған арбалар. ## Дереккөз ## Дереккөз ## Кітапхана жүйесінің жинақты көрсеткіші Кітапхана жүйесінің жинақты көрсеткіші - бір жерде (аудан, қала, облыс) орналасқан немесе бір мекемеге қарайтын жеке кітапхананың немесе кітапханалар тобының жұмыс тиімділігінің көрсеткіші. Кітапхана жұмысының жиынтық көрсеткіші өлшем келмейтін, ортақ жұмсалған еңбек, шығын, пайдалы нәтиже немесе шарттық сипаттамалар негізінде өлшеуге келетін аткарылған жұмыс. Кітапхана практикасында кітапхана жұмысының жинақты көрсеткіші * жеке кітапхананың бір мөзгілдегі бірнеше және * турлі-түрлі көрсеткіштері бойынша тұтас қызмөтіне сипаттама беру үшін есептеледі. * Бір топ кітапханалар жиынтығының жұмыс нәтижөсіне сипаттама беру үшін есептеледі. Мұның бірінші сатысы кітапхана қызметінің интенсивтілік коэффициентін қолдану болып табылады. ## Кітапханалық статистикасының бір бөлімі Кітапханалық статистикасының бір бөлімі кітапханалардың санын, олардың даму дәрежесін түрлі белгілері бойынша топталуын,жүйенің қалыптасу ерекшеліктерінзерттейді. Бүл мәлімет кітапхана жүйесінің өркендеуін, тұрақты кітапханалардың жүмысын көрсетеді.Кітапхама жүйесінің статистикалық мақсаттары үшін кітапханалар мынадай топтарға бөлінеді:көпшілік,гылыми-техникалық кітапханалар,жоғары оқу орындарынын ғылыми кітапханалары,арнаулы кітапханалар,мектеп кітапхаиалары, т.б.Кітапхана жүйесіне талдау жасау үшін мынадай көрсеткіштер қолдапылады ## Кітапхана жабдығы Түрлі кітапханалық процестерді атқару үшін қолданылатын материалдық-техникалық құралдар кажет. Кітапхананың негізгі жабдықтары: * кітап беру кафедрасы, * каталог шкафы, * оқырман үстелі, * көрме витринасы, * сөре. Кітапхана жабдығы бөлмелердегі орналасу сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: * барлық жағын түгелдей ашық орналастыру (оқырман үстелі, екіжақты сөрелер, екіжақты кітап көрмелері мен каталог шкафтары, т.б.); * қабырғаға сүйеп орналастыру (біржақты сөрелер, кітаптар мен журналдарға арналған шкафтар, көрме витриналары мен каталог шкафтары); * қабырғаға іліп орналастыру (қабырғаға қағылған немесе тіреп ілінген витриналар, сөрелер, газеттерге арналған үстатқыштар, түрлі көрсеткіштері бар тақталар, оқырман сұранымының орындалуын хабарлайтын индикатор және т.б. ## Кітаптардың орналасу сипаттары Кітапханаларда қабырғаға ілу арқылы орналастырылатын жабдықтар барған сайын кең қолданылуда. Кітапхана жабдығының, сондай-ақ жылжымайтын, қозғауға келмейтін, кейде тіпті бір орынға мықтап бекітілгөн және мобильді қажетіне қарай орнын ауыстыруға болатын түрлері бар. Мысалы, көшпелі кітапхана сияқты алып жүретін витриналар; ролик типтес дөңгелектер орнатылған жылжымалы витриналар мөн сөрелер, ықшам орналастырылған кітап қоймаларындағы сөрелөр, кітап тасуға арналған арбалар. ## Дереккөз ## Дереккөз
Жиенқұрық – жиен нағашы жұртына алғаш барғанда берілетін кәде, сыйлық. ## Жоралғы сипаты мен атаулары Жиенге нағашы жұрты алғаш келгені үшін бәсiре, яғни мал атап, ен салады. Кейін нағашылары жиен ер жеткенде сол малды енші қылып беретін болған. Бұл болмаған жағдайда жиен ес біліп, есейе келе нағашы жұртынан қалаған затын (жүйрiк ат, тазы, қыран бүркіт, берен мылтық) сұрайды, оны нағашылары беруге мiндетті. Бұл салт ел арасында "жиенқұрық" немесе "жиенсыбаға" деп аталған, яғни жиеннiң құрығына iлiккенін нағашылары жиен назары қатты деп бетiн қайтармай, орындайтын болған. Жиенқұрыққа байланысты берілетін кәденің атын "жиеннiң қырық серкешi" деп те атайды. Бұл жиенқұрықтың барлық қазақ өңірлеріне ортақ мөлшері болып табылады. ## Кәдені алу барысы Жиен нағашысынан жиенқұрық салтына сәйкес өзіне тиесілі кәдені үш рет алуға қақылы. Кейбір жағдайда жиен өзіне ұнаған бұйымды немесе малды сұраусыз да алып кете берген. Оны "жиендік жасау" деп атайды. Төртінші рет осындай іс-әрекетке барған жиеннің қылығы "ұрлық" деп есептелінеді. Бірақ, жиеннің осындай жайтқа баруы өте сирек кездесетін құбылыс болды. Өйткені, нағашы-жиеннің арасындағы туыстық қатынас қазақы ортадағы жалпы туыстық жүйенің ең іргелі принциптерінің бірі болды.Қазақтың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері туралы деректерді жинақтаған академик С.З. Зимановтың қолжазба қорында осы жайтқа байланысты төмендегідей мәлімет келтіріледі: «Нағашылары жиеннің алып кеткен малын даулап, шағымдана алмайды, әрі ренжуіне жол жоқ. Себебі әдет заңы бойынша жиен нағашысынан бір рет қана қалағанын алып, жиендік етуге ерікті болған». ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Т.1. Юридический быт. Ташкент: Типо-Литография С.И. Лахтина, 1889; * Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және дәстүрлері туралы деректер (акад. С.З. Зимановтың қолжазба қорынан алынды). Қазақтың Ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. Он томдық. IX том. Алматы: Жеті жарғы, 2008. 176-б.
Қазақта зәру затты (мысалы, қазыны, жүрек майын, қарындағы мамыр майын, т.б.) емге сұрайтын ырым бар. Қалыптасқан халық заңы бойынша “емге” деп сұрағандарға тамақ бол­сын, зат болсын сөзсіз беруге тиіс. Халық ішінде біp нәрсені “емге ізде­сең таба алмайсың” деген сөз бар. Емге, ырымға сұрағанда бер­мей қалу біздің халықтың әдетінде жоқ нәрсе екенін естен шығармау керек. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. 2. http://ardaktylar.kz/articles/atsjek-berud-mn/(қолжетпейтін сілтеме) 3. http://www.egemen.kz/kz/bas-bet/82-zhanalyktar-muragaty/9423-d1-8d-d1-82-d0-bd-d0-be-d0-b3-d1-80-d0-b0-d1-84-d0-b8-d1-8f-d0-bb-d1-8b-d2-9b-d1-8d-d1-82-d1-8e-d0-b4-d1-82-d0-b5-d1-80-2 Мұрағатталған 21 желтоқсанның 2014 жылы.