text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жергонн нүктесі — үшбұрыштың төбелерін осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің әлгі төбелерге қарсы жатқан қабырғалармен жанасатын нүктелерін өзара қосатын түзулердің қиылысу нүктесі. Мұны дәлелдеген француз астрономы Жозеф Жергонн (1771 - 1859) болған.
## Дереккөздер |
Фуад Ғасанұлы Әбдірахманов (әз. Fuad Həsən oğlu Əbdürəhmanov; 1915 — 1971) — мүсінші, Әзірбайжан КСР-нің халық суретшісі (1955), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі (1949), екі мәрте Сталин премиясының Лауреаты (1947, 1951), 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі.
Ленинградтағы Көркемсурет академиясында М.Г.Манизерде оқыған (1935-40). Абдурахманов Фуад Гасан оглыға 1946 ж. Кировабад қаласында орнатылған Низами ескерткішіне КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1947); бұл ескерткіш Бакуде де қойылды (1949).
Мүсінші қолынаң шыққан Чойболса мен Сухэ-батор (мәрмәр, 1954, Ұланбатырдағы зиратта), жазушы С.Виргунның (1961, Баку), ақын Рудакидің (1964 Душанбе) ескерткіштері, 1960ж. Бакуде қойылған "Азаттық" (1950,гипс, КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды) және "Шопан" (қола, 1951 Третьяков галереясы) статуялары Абдурахманов Фуад Гасан оглыдың моументалист ші екенін көрсетеді. Ол бірталай портреттік бюсттер де жасаған.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Абдураззақ Абди Эфенди - Abdürrezzak Abdi Efendi - (1835 ,Стамбул -1914,Стамбул) - түрік актері, Стамбулда туған.Бастапқы кезде саудагер болады. 1873 жылдан бастап "Орта ойын" театрының спектакліне қатысып, көбінесе комедиялық рольдерін ойнаған. "Түрктің күлкілі үйі"("Хандеханен османи") атанған театр труппасы (халық театры) ұйымдастырып басқарумен бірге, жаз айларында Стамбул төңірегіндегі тұрғындарға ойын-сауық көрсетумен шұғылдаған. 1890 ж.патша сарай театрына арнайы қызметке шақырылады. Кіші түрік революциясынан кейін (1908) халық театрына қайта келіп, өзінің шәкірттері Кел Хасан мен Нашит басқарған театр труппасында ойнайды. ("Отан" және "Ескі-құсқы сатушы Әбді" спектакльдері)
## Дереккөздер
* Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том |
Манук Хачатурович Абегян (29.03.1865-25.09.1944) - арм. Մանուկ Աբեղյան - армян кеңес әдебиет зерттеушісі, фольклорист, тіл маманы.
Армян КСР ғылым академиясының академигі (1943). Армян тілі мен әдебиеті туралы 250-дей еңбектің авторы.
## Аса ірі зерттеулері
* Жаңа армян әдеби тілінің синтаксисі - 1912
* Армян тілінің теориясы - 1931
### Әдебиет пен фольклор мәселелеріне арналған еңбектері
* Мовсес Хоренацидың "Армения тарихындағы" армянның халық мифтары - 1899
* Армянның халық эпосы - 1908
* Армян өлеңінің өлшемі - 1933
* Армян әдебиетінің тарихы - 2 томдық, 1944-46
### Тарихи зерде
Армения ҒА Әдебиет институтын Абегян Манук Хачатуровичтың есімімен аталған.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Халил Ғалеевич Абжалилов (29.09.1896, Мустафино,Орынбор уезі, Ресей -18.03.1963, Қазан , РКФСР) - тат. Xəlil Ğali uğlı Əbcəlilev, Хәлил Гали улы Әбҗелилев - татар совет актері, КСРО халық артисі (1957).
1944 жылдан КОКП мүшесі. Сахналық қызметін 1916 ж. Орынборда театрдың драматикалық "Ширкат" ("Жолдастық") труппасында бастаған. Орынбор, Ташкент, Бұқар және Хиуа театрларын ұйымдастыруға қатысты. 1928 ж. бастап Татардың Ш.Камал атындағы академиялық драма театрында ойнады. Шекспир трагедиясынан Отелло, Король Лир, Гиззаттың "Тасқындарынан" Бектемір, Исанбет пьесасынан Насреддин қожа рольдерін т.б. орындады. Абжалилов Халил Ғалеевич 1924-27 ж. өзбек киностудиясының фильмдерінде түсті. Татар АССР-і Жоғары Советіің депутаты (2-4 шақырылуы) Абжалилов Халил Ғалеевич 3 орденмен марапатталған.
## Түсініктемелер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.
Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) сандар ұғымы, кейіннен сандардың натурал қатарының {\displaystyle (1,2,3,4,\ldots )} шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан ұғымының алғашқы кеңеюі — натурал сандарға бөлшек сандардың қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ, атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты қолданысқа енгізілді. Теріс сандар арифметикалық есептерді шешудің жалпы тәсілдерін беретін алгебраның ғылым ретінде дамуына байланысты шықты. Бүтін, бөлшек (оң және теріс) және нөл сандары рационал сан деп аталды. Айнымалы шамалардың шексіз өзгеруін зерттеу үшін сан ұғымы кеңейтіліп, нақты сандар жиынтығы пайда болды. Шамалардың қатынасын (мыс., квадрат диагоналының оның қабырғасына қатынасы) дәл өрнектеу қажеттігі иррационал сандар ұғымын енгізуге себепші болды. 16 ғасырда квадрат және куб теңдеулерді шешуге байланысты жорамал сандар ұғымы енгізілді. Сан ұғымы дамуының соңғы кезеңі комплекс сандардың енгізілуі болды. Бұл идея 16 ғасырда үшінші және төртінші дәрежелі алгебралық теңдеулердің шешімін табуға байланысты пайда болған.
## Негізгі сандар жиыны
Сандар жиынының мынандай түрлері бар:
* Натурал сандар — натурал сандар жиынын {\displaystyle \mathbb {N} } деп белгілейді.
* Бүтін сандар — бүтін сандар жиынын {\displaystyle \mathbb {Z} } деп белгілейді.
* Рационал сандар — рационал сандар жиынын {\displaystyle \mathbb {Q} } деп белгілейді.
* Иррационал сандар — иррационал сандар жиынын әдетте {\displaystyle \mathbb {I} } деп белгілейді.
* Нақты сандар — нақты сандар жиынын {\displaystyle \mathbb {R} } деп белгілейді. Нақты сандардың өздері алгебралық және трансценденттік болып бөлінеді.
* Комплекс сандар — комплекс сандар жиынын {\displaystyle \mathbb {C} } деп белгілейді.
### Сандар жиынының жалпылауы
Кватерниондар - гиперкомплекс сандардың бір түрі. Кватерниондар жиынын {\displaystyle \mathbb {H} } арқылы белгілейді. Олардың комплекс сандардан айырмашылығы көбейтуге қатысты коммутативті емес. Өз кезегінде кватерниондар жиынының кеңеюі болып табылатын {\displaystyle \mathbb {O} } октонион (октав) сандар жиыны ассоциативтік (терімділік) қасиетін жоғалтады. Октонион сандарға қарағанда {\displaystyle \mathbb {S} } седенион сандар жиыны альтернативті (балама) қасиеттерге ие емес, бірақ қуатты ассоциативті қасиетті сақтайды. Осы жалпыланған сандар жиыны үшін келесі иерархия дұрыс болады: {\displaystyle \mathbb {C} \subset \mathbb {H} \subset \mathbb {O} \subset \mathbb {S} }.
Сандар жиынының иерархиясы
Иерархия келесідей болады: {\displaystyle \mathbb {N} \subset \mathbb {Z} \subset \mathbb {Q} \subset \mathbb {R} \subset \mathbb {C} \subset \mathbb {H} \subset \mathbb {O} \subset \mathbb {S} }
Кемел сан
Кемел сан - өзінің бүтін (яғни өзінен кіші) бөлгіштерінің қосындысына тең бүтін оң сан. Мысалы, {\displaystyle ~6} саны өзінің бөлгіштерінің {\displaystyle ~1+2+3} қосындысына тең, яғни {\displaystyle ~6=1+2+3.} Сол сияқты,{\displaystyle 28=1+2+4+7+14.} Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда Евклид жұп кемел сандарды {\displaystyle ~2^{p-1}\left(2p-1\right)} формуласымен анықтауға болатынын білген, тек {\displaystyle p} мен {\displaystyle ~2^{p}-1} сандарының жай сандар болуы шарт. Осы әдіспен 1987 жылға дейін барлығы {\displaystyle ~27} жұп кемел сан анықталған. {\displaystyle ~496} жөне {\displaystyle ~8128} сандары - кемел сандар. Тақ кемел санның болу немесе болмау мәселесі шешімін тапқан жоқ.Ғалымдардың болжауынша {\displaystyle ~1}-ден {\displaystyle ~10^{50}} дәрежесіне тең натурал сандар аралығында мұндай кемел сандардың кездеспеуі ықтимал.
Қарама-қарсы сандар
Қарама-қарсы сандар — қосындысы нөлге тең болатын екі сан, {\displaystyle ~a+(-a)=0.}Мысалы, {\displaystyle ~7} және {\displaystyle ~-7}, {\displaystyle ~{\sqrt {3}}}және — {\displaystyle ~{\sqrt {-3}}} ,{\displaystyle ~2-i}және{\displaystyle ~-2+i}карама-қарсы сандар. {\displaystyle ~0}-дің; (нөлдің) қарама-қарсы саны {\displaystyle ~0} (нөл). Қарама-қарсы сандар комплекс сандар жазықтығында нөлге қатысты симметриялы нүктелермен белгіленеді. Дербес жағдайда, нақты карама-қарсы сандар сан осінде, санақтың бас нүктесіне, яғни нөлге қатысты симметриялы түрде бейнеленеді.
Құрама сан
Құрама сан – жай сан болмайтын, яғни 1-ден және өзінен де басқа бөлгіштері болатын натурал сан. Мысалы, 4, 18, 105, т. б. құрама сандар. Әрбір құрама санды бір ғана тәсілмен жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде өрнектеуге болады.
Оң сан
Оң сан – нөлден үлкен (a>0) нақты сан(a). Оң сандар - сан түзуінің бойында санақ бас нүктесінің оң жағында (яғни нөлдің оң жағында) жататын нүктелермен бейнелененеді.
### Пайдаланылған cілтемелер |
Абрикосов Алексей Иванович (18.01.1875, Мәскеу-09.04.1955, Мәскеу) - паталого-анатом.
1918 жылдан өміріің ақырғы күніндеріне дейін Мәскеу 1-ші медициалық институтының профессоры. КСРО Медицина ғылым академиясының қалыпты мүшесі және патологиялық морфология институтының директоры. Мәскеу паталог-анатомдары қоғамының құрметті төрағасы. Өкпе тіберкулезінде болатын бастапқы өзгерістердің анатомиялық мәнін анықтаған, ісіктің бір түрі - миоманың миобласттаң пайда болатынын ашқан. Көптеген морфологиялық еңбектер мен оқулықтардың авторы.
## Марапаттары
* "Орақ пен балға" медалы - 1945
* 2 Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалисттік Еңбек Ері - 1945,
* КСРО ғылым академиясының академигі - 1939,
* КСРО медициналық ғылым академиясының толық мүшесі - 1944,
* 1939 жылдаң КОКП мүшесі
* Сталин сыйлығының лауреаты - 1942.
## Дереккөздер
* Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том |
Айдит Дипа Нусантра (индон. Dipa Nusantara Aidit; 30.07.1923—22.11.1965) - Индонезия жұмысшы және коммунистік қозғалысының қайраткері.
Суматра аралында орманшы-жұмысшы отбасыда туған. Сауда мектебі бітірген.
1939 жылдан отаншыл жастар қозғалысы басшыларының бірі.
1943 ж. Индоезия Компартиясына мүше болып өтті.
1945 ж. тәуелсіздік жолындағы күреске қатысқаны үшін жапондықтар, кейін ағылшын-голландықтар қамауға алды.
1947 ж. Компартияның саяси бюросына мүше болып сайланды. 1951-59 ж. - бас секретары, 1959-65 ж. - төрағасы.
Айдит Дипа Индонезияның Жоғары косультативтік Советіне мүше (1959 жылдан), Халықтық уақытша консультативтік конгресі председателінің орынбасары (1960 жылдан), Ұлттық майдан председателінің орынбасары (1961 жылдан), портфельсіз миистр (1962 жылдан) болды.
Айдит Дипа 1965 жылы "30 қыркүйектің оқиғасынан" кейін Сухардо өкіметінің қолынан қаза тапты.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Алжирдың мемлекеттік туы(араб.: علم الجزائر, бербер Acenyal n Dzayer) жасыл және ақ түсті екі бірдей тік жолақтардан және қызыл түсті жұлдыз бен жарты айдан құралады.Ақ түс тыныштықтың, жасыл түс табиғаттың әсемдігін, қызыл түс Алжир соғысында(1954-1962) қаза тапқан адамдарың канын білдірсе, ал жұлдыз және жарты ай Исламды көрсетеді
Ту 1962 жылдың 3 шілдесінде қабылданған болатын.1958–1962 жылдардағы қуғындағы Алжир үкіметінің туы да осыған ұқсас келді.
Тудың дизайны бір деректерде 19 ғасырда Абд әл-Қадыр қолданған жасыл және ақ түсті тік жолақтардан құралған тудан алынған болса, бір деректерде 16-19 ғасырлар аралығында Османдық Алжирдың ақ түсті жарты ай және жұлдыздан құралған қызыл тудан алынған.Тағы бір деректерде туды 1928 жылы ұлтшыл көшбасшы Мессали Хадж жасаған делінеді.
Алжир әскери-теңіз күштерінің туының сол жақ жоғарында ақ түсті айқасқан зәкір орналасқан.
## Сыртқы сілтемелер
* Алжир "Flags of the World"та (ағыл.) |
Қалқай ишанұлы Мамырбай — (шамамен 1822–1824, Қарабдал-Абыла, – өлген жылы белгісіз, сол жерде). Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.
Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850–1851 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Уезд бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863–1866 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.
Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.
Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, Мамырбайға баба қасиеті қонған деседі. Бірде қырдан күзге Сырға оралған Мамырбай Қараөзектен өтуге келсе, қайық арғы бетте болыпты. Арғы жағадағыларға Мамырбай ишан: «Қайықты бері әкеліңдер»,-дейді. Олар: «Қатты жел болып тұр, қайықты аударып аламыз»,- дегесін, атын тебініп жіберіп, толқындап жатқан Қараөзек суына салып жібереді. Не болғаны белгісіз, Мамырбай аман-есен дариядан өте шығыпты.
Мамырбайдың үлкен ағасы Алдажар ишан өзінен кейінгі ұрпақтарының мінезі мен басқа жағдайларын өлеңмен айта отырып: ...«Біз Мамырбай екеуміз кәріппіз», - деп өздерінің қарттығын білдірсе керек.
Ишанның басқа ұлдары сияқты Мамырбай балалары да қудалауға түскен. Ол мұрағат құжаттарында 1902–1905 жылдары сайлаушылар бетінен жиналысқа қатысып қол қойған. Сонда Мамырбай ишан 1902 жылы өмірде бар болған.
## Дереккөздер |
Жайық шұғыласы – Атырау облысы, Махамбет аудандық қоғамдық-саяси газет. Алғашқы саны 1941 жылы 19-наурызда «Ленин жолы» деген атпен жарық көрді. Бұған облыста тұңғыш құрылған «Бақсай» кеңшарында (осы аудан аумағында) 30-жылдар ортасында шығып тұрған «Қой шаруашылығы» деп аталатын көп тиражды газет негіз болған. Бірінші редакторы Мақсот Жалмұхатов. Аудандық газеттердің жабылуына байланысты «Ленин жолы» да 1962 жылы өз қызметін тоқтатып, 1963 жылы «Малды өңір» деген атпен қайта шықты, 1978 жылдан «Жайық шұғыласы» деген атпен шығып келеді. «Жайық шұғыласы» аудан өміріндегі жаңалықтарға үн қосады. Қоғамдық тілші-авторлар көмегіне сүйеніп, егіншілік пен мал шаруашылығын тиімді жүргізудің өзекті мәселелерін, әлеуметтік, мәдени салалардағы өркенді істерді ұдайы көтеріп жазады. 100-ден астам қоғамдық тілшілер газет жұмысына қатысып тұрады. Әр жылдарда А.Ыбыраев, К.Дошанов, Д,Шененов, Ғ.Қожықов, К.Кенжалиев, І.Көпбаев, Н.Тағанбаев, С.Хасанов, Т.Жауыров, К.Бекбаев редакторлық қызмет атқарды. 1978 жылғы редакторы - С.Тәжбентаев. Ақындар М.Неталиев, Қ.Сағиев, З.Дабылов осы газетте жұмыс істеген. Құрылтайшылары – аудан әкімшілігі, аудандық мәслихат және редакция ұжымы. Аптасына 1 рет шығады. |
Николаевка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Николаев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағасына таяу орманды дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2076 адам (1016 ер адам және 1060 әйел адам) болса, 2009 жылы 1603 адамды (792 ер адам және 811 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесін 1894 жылы Ресейдің Самар губерниясынан қоныс аударған шаруалар қалаған. 1929–1996 жылдары кеңшар және ауылдық кеңестің орталығы болып келді. 1996 жылдан ауылда ӨК, ет, сүйек ұнын өндіретін зауытт жұмыс істейді. Ауыл маңында ерте темір және қола дәуіріндегі “Қауыркөл”, “Қарабұлақ”, “Николаевка-1”, “Николаевка-2”, “Жаңабай”, т.б. көне қорғандар орны сақталған.
## Дереккөздер |
Ақтас — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Бұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 443 адам (222 ер адам және 221 әйел адам) болса, 2009 жылы 323 адамды (165 ер адам және 158 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Төлен Әбдік (1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында туған) — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).
## Толығырақ
* Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында дүниеге келген.
* 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті)нің филология факултетін бітірген.
* 1965 - 1970 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
* 1970 - 1977 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
* 1977 - 1979 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор.
* 1979 - 1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.
* 1990 - 1992 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.
* 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі.
* 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.
## Шығармалары
* Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.
Сонан бергі кезеңде
* “Көкжиек” (1969)
* “Күзгі жапырақтар” (1971)
* “Ақиқат” (1974)
* “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары
* Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985)
* “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді.
* “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды.
* “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.
## Жеке қасиеттері
* Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған.
* Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.
## Марапаттары
* 2002 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы және алтын медалі.
* 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
* Қазақстанның ПЕН клубы сыйлығының иегері.
* 2013 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Парасат ордені берілді.
## Дереккөздер |
Тобанияз Әлниязұлы (1875 жыл, бұрынғы Закаспий облысы, Маңғышлақ оязы, Жеменей болысы – 9 қазан 1930 жыл, Алматы) – қоғам қайраткері. Діни мектепте бастауыш білім алған. 1915 жылы болыс басқарушысы болып сайланған. 1916 жылы патша жарлығына қарсы шыққаны үшін тұтқынға алынып, 1917 жылы патша үкіметі құлағаннан кейін абақтыдан босатылды. 1918–1923 жылдары Адай оязының революциялық комитетінің төрағасы. Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесінің жетекшілері – Халел және Жаїанша Досмұхамедовтермен тығыз байланыста болды. Жангелдин экспедициясына қолдау көрсетті. Қазақтар мен түрікмендердің достық қарым-қатынаста болуына күш салып, екі халық арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт түрде шешуге қол жеткізді. Қылмыс жасағандарға құн төлету керектігін жақтап, мұны өзі басқарған уезде енгізбекші болды. Кеңестік билікке қарсы Қарақұм өңірінде жүріп жатқан қозғалысқа қолдау танытты. Билік орындарының нұсқауларында жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі, дініндегі ерекшеліктердің сақталуын талап етті. 1923 жылы Тобаниязға "ұлтшыл", "діндар" деген айып тағылды. Соған орай ол уездік революциялық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. 1924–1928 жылдары ояздық салық инспекторы болып еңбек етті. 1929 жылы желтоқсанда тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. Тобанияз Әлниязұлы 1990 жылы 26 сәуірде Қазақ КСР-і Жоғарғы сотының шешімімен ақталды.
## Дереккөздер |
Жангелді ауданы (1928–1956 жылдары Торғай ауданы) — Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 37,6 мың км². Аудан орталығы – Торғай ауылы.
## Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Қамысты, Науырзым аудандарымен, шығысында Амангелді ауданымен, батысында Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би аудандарымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.
Жангелді ауылының жері негізінен Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатыр. Солтүстік-батысы теңіз деңгейінен биіктігі 210 – 310 метр бойлық бағыттағы Теке, Қызбел, Жыланды және Қарғалы таулары орналасқан Торғай үстіртінің оңтүстік-батыс шетін қамтиды. Жер бедерінің жалпы еңісі оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұм құмдары жатыр. Кен байлықтарынан құрылыс материалдары кен орындары бар.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 22 – 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 225 – 275 мм. Жерінің топырағы негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, оңтүстігінде сортаң және құмдақ келеді. Дала өсімдігінен далада қау, шағыр, жусан, сүтемген, бидайық, өзен бойлары мен сай-салаларда тал, жиде, жүзгін, қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, жабайы шошқа, ақ бөкен, сарышұнақ, ондатр кездеседі; құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, шағала, қызғыш бар.
## Су торабы
Жер беті сулары Торғай, Өлкейек, Ұлы Жыланшық және Теке өзендерінің салаларынан және ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Торғайдың Қабырға тармағы жаз бойы суалмайды. Ірі көлдері: Ақкөл, Жаман Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ащытастысор.
## Халқы
Тұрғындар саны – 12 251 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,71%, татарлар – 0,12%, орыстар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,07%.
## Әкімшілік бөлінісі
22 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 7 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3759,7 мың га (2008), оның ішінде 27,8 мың га жері егістік, 90,2 мың га шабындық, 338 мың га жайылым. Жангелді ауданында жолаушылар мен жүк тасымалы республикалық маңызы бар Арал – Ырғыз – Торғай – Амангелді – Арқалық автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Жангелді ауданы – тарихи өлке. Ә. Жангелдиннің революция қызметі, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы азаттық көтеріліс Торғай даласымен байланысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашты.
## Дереккөздер |
Қарауылтөбе ауылдық округі – Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарауылтөбе ауылы кіреді. Орталығы – Қарауылтөбе ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1322 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қарауылтөбе ауылдық округі:
* Қарауылтөбе ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қарауылтөбе ауылдық округі – Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. |
Алабие — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Бесқұдық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 386 адам (191 ер адам және 195 әйел адам) болса, 2009 жылы 297 адамды (154 ер адам және 143 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Черуновка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Бесқұдық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 559 адам (265 ер адам және 294 әйел адам) болса, 2009 жылы 413 адамды (201 ер адам және 212 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бұлақ — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Бұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 902 адам (462 ер адам және 440 әйел адам) болса, 2009 жылы 577 адамды (300 ер адам және 277 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тамамбай — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Бесқұдық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 229 адам (113 ер адам және 116 әйел адам) болса, 2009 жылы 68 адамды (38 ер адам және 30 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бесқұдық — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Бесқұдық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 716 адам (361 ер адам және 355 әйел адам) болса, 2009 жылы 500 адамды (260 ер адам және 240 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақбан -
* Адай тайпасының Келімберді руынан тараған бір атасы (Кіші жүз).
Ұраны - "Бекет". Ата қонысы - Маңғыстау түбегі. Ақбанның біразы Түркменстанда, Қарақалпақстанда тұрады.
* Төртқара руының Оразынан тараған бір оғы (Кіші жүз).
Ата мекені - Сыр бойы. Ақбаннан Жалаңтөс, Сейітқұл сияқты батырлар шыққан. Ақбан ұрпағы қазір негізінен Қызылорда облысының Қазалы ауданын мекендейді.
* Әлімұлы бірлестігіне енетін Жанқылыш руының бір атасы (Кіші жүз). Бұрынғы мекені - Темір уезі, Қошқарата болысы. Қазір негізінен Ақтөбе облысының Шалқар, Жұрын, Атырау облысының Ембі ауданынды, біразы Қарақалпақстанда тұрады.
* Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлестігіне кіретін тайпаның бір атасы.
## Дереккөздер |
Сүлеймен сұлтан (түр. Muhteşem Yüzyıl) — османлы сұлтаны I Сүлеймен тұсындағы Ұлы Османлы Мемлекеті жайлы тарихи түрік телехикаясы. Тұсаукесері 5 қаңтар 2011 жылы Түркияның Star TV телеарнасында болды.
## Желісі
Сүлеймен сұлтан телехикаясының авторы Марал Оқайдың айтуы бойынша хикая о бастан авторлардың қиялы мен тарихи дәлелдердің бірігуінен туындаған, I Сүлейменнің өмірі жайлы әлемге аты таралған ұлы хикая еді.
Хикаяда I Сүлейменнің билігі кезіндегі тарихи жайттар мен оның Қырым хандығынан әкелінген украин күңі Хүррем сұлтанмен қарым-қатынасы көрсетіледі. Хан сарайына оны Паргалы Ибраһим паша алып келген болатын. Дегенмен өзінің билігін жүргізу мақсатында Хүррем сұлтан барлық жауларын жояды.
## Көрсетілімі
## Түсірілімі
Телесериал үшін 50000 м² ауданы бар павильон салынды, онда телехикаяға қажетті көптеген декорациялар сыйды.
## Кейіпкерлері
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* muhtesemyuzyil.tv (түрік.) «Ғаламат ғасыр» телехикаясы
* www.startv.com.tr // Star TV арнасының беттері Мұрағатталған 9 сәуірдің 2012 жылы.
* www.showtvnet.com // Show TV сайтының беті Мұрағатталған 3 сәуірдің 2012 жылы. |
Қарағай — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Бұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 313 адам (167 ер адам және 146 әйел адам) болса, 2009 жылы 231 адамды (122 ер адам және 109 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
«Сақиналар әміршісі» (ағылш. The Lord of the Rings) – ағылшын жазушысы Дж.Р.Р. Толкиеннің романы. Фэнтези жанрындағы танымал романдардың бірі. «Хоббит» романының жалғасы. Негізінен бір бүтін кітап, көлемінің үлкендігінен баспа кезінде оны үш кітап етіп жарыққа шығарады: «Сақина бауырластығы», «Қос қамал» және «Патшаның оралуы». XX ғасырдың ең үздік әрі танымал кітаптарының бірі. Әлемнің 38 тіліне аударылған. Кітаптың мазмұн желісімен режиссер Питер Джексон фильм түсіреді, кино жоғары деңгейден көрініп, кассалық фильмдер қатарына қосылады. Толкин ағылшын эпосын құру мақсатында жазған романын 1937 жылы бастап, 1948 жылы бітірген. Алайда бірқатар қиыншылықтарға байланысты кітап тек 1954-1955 жылдары ғана жарық көреді. Кітапқа қатысты жақсы пікірлер айтылған.
## Құрылу тарихы
Бастапқыда Толкин «Хоббит» романының жалғасын жазуды мақсат еткен жоқ («Сақиналар әміршісі» романы шын мәнінде осындай жалғасы). Алайда, 1937 жылы 15 қарашада «Хоббит» кітабының бірінші баспагері Allen & Unwin-тің иесі Стэнли Анвинмен түскі ас ішіп отырғанда, Толкин басқа жұмыстарды қарауға жіберуге шақыру алды. Баспагердің сын-пікір берушісі «Силмариллионды» қабылдамады, бірақ ол бұл туралы оң пікір білдірді. Бұған жігерленген Толкин «Хоббиттің» жалғасын жаза бастады және 1937 жылы 16 желтоқсанда баспаға жазған хатында жаңа кітаптың бірінші тарауын хабарлады.
Толкиннің мақсаты ағылшын эпосын жасау болды. Толкин Солтүстік Еуропаның ортағасырлық аңыздарымен, мысалы, «Хервер туралы сага», «Велсунгах туралы сага», «Беовулф» және басқа да көне герман, көне скандинав, ескі ағылшын және ортағасырлық ағылшын мәтіндерімен жақсы таныс Оксфорд филологы болды. «Сақиналар әміршісі» басқа әдеби көздерден де, мысалы, «Артурлық» кезеңнің аңыздары және карел-фин эпопеясы «Калеваламен» шабыттанды. Толкиннің айтуынша, ағылшынсаксондар мұндай көлемдегі эпосқа өте мұқтаж болған. «Артурлық» аңызды ол ағылшын-саксондық емес, айқын келттіктерге байланысты үйлеспейтін алмастыру деп санады.
Ағылшын эпопеясын жасау мәселесі Толкиннің Инклингтермен кездесулерінде жиі талқыланды (Оксфорд университетіндегі әдеби пікірталас тобы; осы топтың апта сайынғы жиналыстарында исланд аңыздары мен өзінің жарияланбаған жазбалары талқыланатын). Толкин осы топ мүшелерінің біреуімен ғана, ағылшын эпопеясы болмаған жағдайда, оны өзіміз жасау керек деген Клайв С.Люистің пікірмен келісті.
Осы талқылаулармен бірге 1937 жылдың желтоқсанында Толкин «жаңа Хоббитті» бастады. Бірнеше сәтсіз әрекеттерден кейін бұл оқиға «Хоббиттің» жалғасы болудан басылып шықпаған Силмариллионның жалғасы бола бастады. Билбоның жоғалуының себептері, Құдіретті сақинаның маңыздылығы туралы ой және романның атауы тек 1938 жылдың көктемінде ғана белгілі болғанымен, бірінші тараудың идеясы дайын түрде пайда болды. Алғашында Толкин Билбо өзінің барлық қазынасын жұмсап, жаңа шытырман оқиғаларға кіріскен тағы бір әңгіме жазғысы келді, бірақ сақина мен оның күші есіне түсіп, оның орнына осы туралы жазуды шешті. Бастапқыда басты кейіпкер Билбо болды, бірақ кейін автор оқиға мұндай күлкілі әрі көңілді кейіпкер үшін тым байыпты деп шешті. Толкин Билбоның ұлын сапарға жіберуді ойлады, бірақ сұрақтар туындады: оның әйелі қайда болды? Билбо ұлын осындай қауіпті сапарға қалай жіберді? Нәтижесінде Толкин сиқырлы күші бар артефактті кейіпкердің жиені қабылдайтын ежелгі грек аңыздарының дәстүрін жалғастыруды ұйғарды. Осылайша хоббит Фродо Беггинс дүниеге келді.
Толкин өз хаттарында «Сақиналар әміршісін» жазудағы мақсат ішінара «біздің шынайы әлеміміздегі шындықты түсіндіру және адамгершілікті қолдау» екенін атап өтеді. Перфекционист болғандықтан, Толкин баяу жазды. Оның әдеби жұмысы жиі академиялық міндеттермен тоқтап отырды, атап айтқанда, Толкин студенттерден емтихан алуға мәжбүр болды (тіпті «Хоббиттің» бірінші сөз орамы — «ағылш. In a hole in the ground there lived a Hobbit» деп — студенттердің бірінің емтихан парағында жазылған). 1943 жылдың көп бөлігінде Толкин мәтінмен жұмыс істемеді, бірақ жұмысын 1944 жылдың сәуірінде қайта бастады. Толкин романның тарауларын Ұлыбританияның әуе күштерінде Африкада қызмет еткен ұлы Кристофер мен Клайв Люиске жіберіп жүрді. 1948 жылы әңгіме аяқталды, бірақ «Сақиналар әміршісінің» алғашқы бөліктерін өңдеу 1949 жылға дейін жалғасты.
## Жариялану тарихы
### Бірінші басылым
Толкин Allen & Unwin Сақиналар әміршісін ұсынды. Толкиннің жоспары бойынша «Силмариллионды» «Сақиналар әміршісімен» бір мезгілде басылуы керек еді, бірақ баспа үйі бұған бармады. Содан кейін 1950 жылы Толкин Collins баспа үйіне өз жұмысын ұсынды, бірақ баспагер Милтон Уолдман (ағылш. Milton Waldman) роман «қысқарту өте қажет» деді. 1952 жылы Толкин Allen & Unwin қайтадан хат жазды. Атап айтқанда, ол: «Мен мәтіннің кез келген бөлігін басып шығару мүмкіндігін қуана қарастырамын» деп жазды. Баспа үйі романды толығымен және «қысқартусыз» басып шығаруға келісті. Келісімшарт бойынша автор ешнәрсе алмағанымен, кітапты басып шығаруға кеткен шығын өзін ақтап болған соң, автор сатылымның қомақты үлесін алды.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі қағаз тапшылығына байланысты баспагерлер Толкиннен романды 6 атаусыз кітапқа бөлуді сұрады. Содан кейін, ыңғайлы болу үшін, оларды баспагер жұппен үш бөлікке біріктірді, олар «Сақина бауырластығы» (ағылш. The Fellowship of the Ring; 1 мен 2 кітап), «Қос қамал» (ағылш. The Two Towers; 3 мен 4 кітап) және «Патшаның оралуы» (ағылш. The Return of the King; 5 мен 6 кітап, қосымша) деп аталды. Толкиннің өзі романын осы бөліктерге бөлуге қарсы болды, тек ешбір баспа үйі кітапты толығымен басып шығаруға келіспегендіктен ғана келісті. Мұндағы мәселе қағаздың аздығы, ал бірінші томның бағасының арзандауы және серияның сәтті шыққанын бағалау болды.
Ортадүние картасы мен қосымшаларды жасаудың кешігуіне байланысты роман 1954-1955 жылдарға дейін жарық көрмеді. Үш бөлім Англияда 1954 жылы 29 шілдеде, 1954 жылы 11 қарашада және 1955 жылы 20 қазанда, ал біраз уақыттан кейін АҚШ-та жарық көрді. Соңғы бөлімнің жариялануының кешігуіне, атап айтқанда, оның атауына қатысты даулар себеп болды. Толкин «Патшаның оралуы» дегенді ұнатпай, оны «Сақина соғысы» деп атауды ұсынды, бірақ баспагерлер қарсылық танытып, өз дегендерінде тұрды.
Содан бері «Сақиналар әміршісі» трилогия деп аталады. Толкиннің өзі де бұл терминді қолданған, бірақ ол басқа жағдайларда оның дұрыс емес екенін айтқан. Романды әртүрлі баспа үйлер бір, екі, үш, алты немесе жеті том етіп шығарды.
Кітапты жұртшылық әртүрлі қабылдады. Жалпы, пікірлердің көпшілігі оң болды, ал Толкиннің Инклингтегі әріптестері жай ғана қуанды. Джонның досы Клайв С.Люис кітаптың өз уақытынан асып түсетінін болжаған. Сонымен қатар, көптеген газет сыншылары консерватизм мен кейіпкерлердің тереңдігінің жоқтығын атап өтті. Сыншы Эдмунд Уилсон Толкиннің кітабы ересектерге қарағанда жас аудиторияға жақсырақ болар еді деп атап өтті.
### АҚШ-тағы басылым.
1960 жылдардың басында Ace Books баспа үйіндегі фантастика бөлімінің редакторы Доналд А.Воллхайм (ағылш. Donald A. Wollheim) романның Америка Құрама Штаттарында авторлық құқығы қорғалмағанын анықтады, өйткені бұл жұмысты қатты мұқаба түрінде басып шығарған Houghton Mifflin баспа үйі мұны ұмытып кеткен. Сонымен, 1965 жылы «Сақиналар әміршісінің» жаңа басылымы Америка Құрама Штаттарында автордың рұқсатынсыз және роялти төлемей, бұл жолы жұмсақ мұқабамен жарық көрді. Толкин бұл оқиғаны американдық оқырмандарының назарына ұсынды. Толкиннің жанкүйерлерінің қатты ашуланғаны сонша, тіпті баспа үйі кітаптардың сатылуын қысқартуға және авторға атаулы сыйақы төлеуге мәжбүр болды.
Осыдан кейін «Сақиналар әміршісі» Америка Құрама Штаттарында Толкиннің рұқсатымен Ballantine Books баспа үйі арқылы шығарылды және керемет коммерциялық табысқа жетті. Толкин мәтінді өңдеп, бұл жолы басылым оның толық келісімімен шығарылуына және авторлық құқықтың даусыз қорғалуына мұқият болды. Бұл мәтін «Сақиналар әміршісінің» екінші басылымы ретінде белгілі болды. Соңғы, бірақ кем дегенде, басылымның форматы себеп болды: жұқа мұқабада және салыстырмалы түрде арзан. Соның арқасында кітап жасөспірімдер мен жастар аудиториясына қолжетімді болды.
Сақиналардың әміршісі берекелі жерге түсті. Хиппи қозғалысы мен бейбітшілік пен бостандық идеяларының жетегінде кеткен 1960 жылдардағы жастар Толкиннен пікірлес адамды көрді. 1960 жылдардың ортасында «Сақиналар әміршісі» нағыз «бум» тудырды. Автордың өзі мұндай табыстың өзіне жағымпазданғанын мойындағанымен, оның «ғұрыпына» көңілі толмады. Ол тіпті телефон нөмірін өзгертуге мәжбүр болды, өйткені жанкүйерлер оны қоңыраулармен мазалады.
«Сақиналар әміршісінің» екінші басылымы үшін Толкин кітапты Ортадүние әлемі туралы кең қосымшалармен қамтамасыз етті, сонымен қатар мәтінге бірқатар өзгерістер енгізді, соның арқасында Америка Құрама Штаттарында авторлық құқығымен қорғалды.
## Желісі
«Сақиналар әміршісі» трилогиясының желісі «Хоббит» повесінің оқиғаларымен байланысты және оның жалғасы; оқиға Хоббит оқиғалары аяқталғаннан кейін шамамен 60 жыл өткен соң басталады.
### «Сақина бауырластығы»
Хоббит Билбо Беггинс, «Хоббит» хикаясының басты кейіпкері, қадірлі 111 жасқа толып, өзінің жиені Фродоға оның кез келген ұстаушысын көрінбейтін ететін сиқырлы сақина қалдырды. Сиқыршы Гендалфтан Фродо оның қарапайым сақина емес, Құдіретті сақинаның өзі, түнек әміршісі Сауронның, Мордор елінен шыққан Ортадүниедегі еркін халықтардың жауы, басқа барлық сиқырлы сақиналарды бағындыру үшін жасалғанын білді. Сақинаның өз еркі бар және иесінің өмірін ұзартуға қабілетті, сонымен бірге оны құлға айналдырады, оның ойларын бұрмалап, Сақинаға ие болу ниетін тудырады. Сақинаның көмегімен көп жылдар бұрын жеңілген Саурон жоғалған күшін қалпына келтіре алады. Сақинаны жоюдың бір ғана жолы бар – оны соғып шығарған Мордордағы Ородруин Отты тауының өзегіне тастау.
Хоббит достары Сэм, Мерри және Пипинмен Фродо қауіпті сыйлықтан құтылу үшін элфтердің мекеніне — Ривенделлге аттанады. Орман сиқыршысы Том Бомбадилдің көмегімен кейіпкерлер оларды Тау маңы ауылындағы «Қырындық пони» тавернасында күтіп отырған жолбасшы — Жаһанкез лақап атпен танымал ізші Арагорнға жетеді. Хоббиттерді Сауронның сақинасын алыстан сезетін елес қызметшілер, қара шабандоз-назгулдар қуалайды. Хоббиттер мен Арагорн Заверти жотасына жетеді, онда назгулдардың жетекшісі Фродоның иығын моргулдық қылыштың жүзімен ауыр жаралайды. Қатты қиындықпен және жол бойында кездескен элф Глорфинделдің көмегімен кейіпкерлер Ривенделлге жетеді, онда элфтердің әміршісі Елронд жараланған хоббитті емдейді.
Ривенделлге әртүрлі халықтар мен патшалықтардың өкілдері (мысалы, адамдар, эльфтер, гномдар және т.б.) Сақинамен не істеу керектігін талқылау үшін келеді. Гендалф Истари орденінің басшысы, Сауронның құлына айналған, Сақинаны өзінде қалдырғысы келетін, ақ сиқыршы Саруманның Мордормен жасырын одаққа кірген сатқындығы туралы әңгімелейді. Арагорн Арнор мен Гондор патшаларының ұрпағы болып шықты, олардың әулеті пайғамбарлық бойынша тағына қайта оралуы керек. Гондордың қазіргі билеушісі II Денетордың үлкен әрі ең сүйікті ұлы Боромир Сақинаның күшін жауға қарсы пайдалануды ұсынады. Гендалф оны Сақинаның тек зұлымдық жасап, оны киген адамның санасын құлдыққа айналдыра алатынына сендіреді. Кеңес Сақинаны Ородруинде жоюға тырысу керек деген шешім қабылдайды, Фродо бұл тапсырманы орындауға шақырылады. Гендалф, Арагорн, Боромир, гном Гимли және элф Леголас және тағы үш хоббит Фродомен бірге баруға ниеттенеді. Осылайша Сақина бауырластығы құрылады.
Карадрас арқылы асудан өтудің сәтсіз әрекетінен кейін кейіпкерлер гномдардың ежелгі патшалығы Мориа үңгірлерімен өтуге шешім қабылдады. Үңгірлерді зұлым гоблиндер, сондай-ақ ғасырлар бұрын гномдар оятқан Морготтың ежелгі ібілісі — Балрог басып алғвн еді. Мориа бойымен ұзақ уақыт адасып жүргеннен кейін жасақ Жылнама залына кіреді, онда оларға орктар шабуыл жасайды. Жасақ ол жерден шыға кетеді, бірақ Казад-Дум көпірінде оларға Балрог кезігеді. Балрогпен шайқаса түскен Гендалф жаумен бірге тұңғиыққа құлап, жасақты жетекшісіз қалдырады, бірақ оның орнын Арагорн басады.
Топ элфтердің орман патшалығы Лотлориенеден пана табады. Фродо Элф патшайымы Галадриелге сақинаны ұсынады, бірақ ол сақина арбауының азғыруын жеңе алады. Жасақ Андуин өзені бойымен жолға шығады. Аялдағаннан кейін Боромир Фродо мен оның серіктерін Гондорға баруға және Сақинаны жауға қарсы қолдануға көндіруге тырысады. Сақина оны бір сәтке есінен тандырып, ол оны Фрододан тартып алуға тырысады. Фродо сақинаның көмегімен жасырынып, достарын бұдан былай азғырулар мен қауіптерге ұшыратпау үшін жолды жалғыз жалғастыруды шешеді, бірақ Сэм оның соңынан еріп кетеді.
### «Қос қамал»
Бауырластықтың қалған мүшелеріне орктар мен гоблиндер шабуыл жасайды, Боромир шайқаста қаһармандықпен қаза табады, ал Мерри мен Пипинді жаулар тұтқынға алады. Арагорн, Леголас және Гимли хоббиттерді құтқару үшін орктарды қуып жетуді шешеді, осылайша тапсырманы орындауға Фродо мен Сэмді жалғыз жібереді.
Хоббиттерді ұрлаған орктар жасағы аралас: гоблиндердің бір бөлігі Бауырластықтан кек алу үшін солтүстіктен келген (шамасы Мориядан), орктардың бір бөлігі Сауронға, ал бір бөлігі Саруманға қызмет етеді. Олар төбелесіп, қожайындардың қайсысы тұтқындарды алып жүру керектігін шешеді, соңында Саруманның орктары жеңіп, жасақ батысқа қарай Исенгардқа беттейді. Бірнеше күннен кейін оларды Роханның салт аттылары - рохирримдер қуып жетеді. Шабандоздармен қақтығыс кезінде орк жасағы жойылады, ал Мерри мен Пипин Фангорн орманына қашып үлгереді, онда олар енттер мен олардың көшбасшысы әрі орман күзетшісі Ағашсақалды кездестіреді. Хоббиттер оны және басқа енттерді Изенгард бекінісінің айналасындағы орманды қиратып жатқан және Роханға шабуыл жасауға дайындалып жүрген Саруманға қарсы тұруға көндіреді.
Арагорн, Гимли және Леголас орктардың ізімен жүреді. Екінші маршал Марк Еомерден (орктарға шабуылды басқарған) күтпеген көмек алған олар Фангорнның шетіне жетіп, орманда күтпеген жерден Гендалфті кездестіреді. Оның айтуынша, ол Балрогты жеңіп, өлім алдында жаңа күштер мен жоғарыдан тапсырма алды - Ортадүниені құтқару үшін Саруманды алмастыру. Енді оның аты Ақ Гендалф. Кейіпкерлер Едорастағы Рохан патшасы Теоденге аттанады. Патша кеңесшісі әрі Саруманның тыңшысы Гриманың әсерінен енжарлыққа салынған еді. Гендалф Теоденді сатқынды қуып шығуға, әскер жинап, Саруманға шайқас беруге көндіреді. Рохан мен Исенгард әскерлері Хелм Ойымындағы ұлы шайқаста кездеседі, онда Саруманның жақтастары бастапқыда жеңіске жақын болады, бірақ Гендалф әкелген қосымша күш шайқастың нәтижесін рохирримдердің пайдасына шешеді. Осы уақытта Мерри мен Пипин беттеген енттер Исенгардтағы бүкіл гарнизонын қиратып, сумен шайып өтеді. Гендалф жеңілген Саруманды сиқырлы күшінен айырып, Истари орденінен қуып, асатаяғын сындырады. Саруман үмітін үзеді, ал оның қызметшісі Грима Ортханктық палантирді (Саурон онымен Саруманды құл еткен) суға лақтырады. Пиппин лақтырылған палантирді көтереді, бірақ Гендалф алып алады. Түнде демалу кезінде Пиппин палантирге қарап, Сауронды көреді. Жасақтың үстінен назгул ұшып кетеді. Гендалф Мордордың алға жылжуының жақында басталатынын түсініп, Пиппинді өзімен бірге алып, палантирді Арагорнға тапсырады.
Осы уақытта Фродо мен Сэм Мордорға жол тартады. Бір кездері хоббит болған, бірақ сақинаның иесі болғаннан кейін оның әсерінен ақылынан адасқан сенімсіз тіршілік иесі — Голлум олардың күтпеген жолбасшысы болады. Ол сақинаны «менің сұлуым» деп атайды және оған қайтадан ие болуды армандайды. Сақинаның зұлым күшін сезінген Фродо Голлумды аяп, оны Сэмнің тиісулерінен қорғайды. Голлум жеке тұлғаның бөлінуінен зардап шегеді: оның бір бөлігі жақсы Фродоға сенеді, екіншісі хоббиттерді өлтіріп, сақинаны иемденгісі келеді. Фродо Голлумды Фарамир бастаған гондорлық ізшілер жасағына шарасыздан бергеннен соң, екіншісі жеңеді: жолбасшы хоббиттерді тұзаққа — Унголианттың соңғы баласы болып табылатын алып өрмекші Шелобтың үңгіріне апарады. Фродо Шелобтың уының құрбаны болды, бірақ Сэм мақұлықты жеңеді. Досын өлді деп шешіп, Сэм жалғыз өзі Сақинамен сапарын жалғастырады, бірақ кенеттен орктар Шелобпен шайқас алаңында пайда болып, Фродоны алып, оны Кирит Унгол бекінісіне апарады. Орктардың әңгімелерінен Сэм Фродоның шын мәнінде тірі екенін естиді.
### «Патшаның оралуы»
Гендалф Пиппинмен бірге — Минас Тирит тұрғындарына Мордор әскерлерінің алдағы ілгерідегі шабуылы туралы ескерту үшін Гондорға аттанады. Ол Гондордың наменгері Денетордың Боромирді жоқтап жатқанда табады. Теоден Рохан әскерін Гондорға көмек көрсетуге апарады, Мерри патшаның тыйымын бұзып, әскермен жасырын аттанады. Арагорн Леголас пен Гимлимен бірге жасырын жолмен өтіп, бір кездері Арагорнның бабасы Исилдурға берген антын бұзған және содан бері дамыл таппаған адамдардың елесі — Өлілер Әскерін көмекке шақырады. Мордордан келген орктар Осгилиатты басып алып, Минас Тиритке шабуыл жасай бастады. Фарамирді өрттен алып шыққан Гендалфты Пиппин әрең ескертеді, бірақ Денетор өзін-өзі өртеп жібереді. Гендалф қаланың қорғанысын өз қолына алады; сонымен бірге Теоденнің көптен күткен Рохан қосымша күші қала қабырғаларына жақындайды. Теоденнің әскерлері көмекке келеді, патшаның өзі шайқаста қаза табады, бірақ қарапайым сарбаз кейпінде соғысқа аттанған жиені Еовин Мерримен бірге назгулдердің басшысын өлтіреді. Арагорн Өлілер Әскерінің көмегімен оңтүстік Гондордың қарақшылық қоршауын алып тастап, қарақшылардан тартып алынған кемелерге жаңа мықты қосымша күш әкеліп, орктар мен оңтүстіктердің жеңіліске ұшырауын аяқтайды. Минас Тирит аман қалады. Арагорн Еовинді, Фарамирді және көптеген қала тұрғындарын емдейді. Соғыс кеңесінде Сауронның назарын Ородруиннен аударып, Фродоға тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін Мордор Қақпасына әскер жіберу туралы шешім қабылданды. Қақпа алдында Гендалф Сауронның ултиматумын қабылдамайды, Батыс әскерлері Мордордың басым күштеріне шабуыл жасайды.
Осы уақытта Фродоны қолға түсірген орктар олжа үшін жанжалдасып, бір-бірін толығымен өлтіреді. Осыны пайдаланып, Сэм Фродоны босатады. Хоббиттер соңғы күштерімен Ородруин жанартауына жетеді. Шаршаған Фродо ақыры сақинаның арбауына түсіп, оны жоймайтынын, бірақ оның Әміршісі болғысы келетінін мәлімдейді. Сэм досын тоқтатуға дәрменсіз. Голлум Фродоға шабуыл жасап, саусағын тістеп алып, сақинаны иемденеді, бірақ байқаусызда жанартаудың өзегіне «сұлуымен» бірге түседі, осылайша оны ырықсыз құртады. Орктар мен Мордорды басқарған Саурон бұл жолы мәңгілік денеден айырылды, оның бекіністері жойылып, оның әскерлері қорқып қашады. Алып қырандар Фродо мен Сэмді атқылап жатқан Ородруиннің баурайынан құтқарады.
Минас Тиритте Гендалфтың өзі Арагорнды Гондор патшасы етіп жариялайды, Фарамир оған билікті беріп, Еовинге үйленеді. Арагорнның өзі Елрондтың қызы Арвенді әйелі етіп алады. Төрт хоббитті батырлар ретінде құттықтайды. Үйлеріне оралған олар өз елдерін Саруман бастаған қарақшылар басып алғанын байқайды. Кейіпкерлер хоббиттердің халқын көтеріліске көтеріп, басқыншыларды қуып шығуға шақырады, Саруман қашуға тырысқанда өз қолбасы Гриманың қолынан қаза табады.
Фродо бейбіт өмірге қайта оралып, Алқызыл кітапта өзінің шытырман оқиғаларын сипаттайды. Жылдар өткен сайын оны ескі жаралары мен сағыныштары оның бойын жиі иеленеді. Фродо Билбо және үш Элф сақинасының сақтаушылары — Гендалф, Елронд және Галадриелмен бірге кемемен элфтердің теңіздің арғы жағындағы еліне — Шеткі Батысқа жүзіп барады. Олармен бірге ғажайыптар мен сиқыр кетеді. Төртінші Дәуір, өлім құрығынан құтылмайтын адамдардың дәуірі басталады.
### Қосымша
Кітапта сонымен қатар Сақиналар әміршісі әлемі туралы әртүрлі мәліметтерден тұратын алты қосымша бар:
* A қосымшасы. Патшалар мен билеушілердің шежіресі. Нуменор туралы әңгімесі, Арнор, Гондор және Рохан патшаларының тізімдері, Арагорн мен Арвен туралы әңгімесі (мұнда Арагорн Төртінші Дәуірдің 120-жылы қайтыс болғаны, содан соң Арвен Лориенге кетіп қалып, келесі көктемде қайтыс болғанын хабарлайды), Дурин халықтарының гномдары туралы тарихынан («Хоббитке» дейінгі оқиғалардың қысқаша мазмұнымен) тұрады.
* B қосымшасы. Екінші және Үшінші Дәуірлер хронологиясы. Онда сонымен қатар Сақиналар бауырластығының басқа мүшелерінің бұдан былайғы тағдыры туралы қысқаша ақпарат бар (Сэм жеті рет Бургомистр болып сайланады, ал әйелі қайтыс болғаннан кейін, отбасылық аңыз бойынша ол теңіздің арғы жағына Сақинаны кигендернің соңғысы ретінде жүзіп кетеді; Мерри мен Пиппин Ширде ұзақ өмір сүріп, дүниеден кетер алдында Гондорға кетіп, онда олар Арагорнның жанында жерленеді; Леголас, Арагорн қайтыс болғаннан кейін кеме жасап, Шеткі Батысқа жүзіп кетеді, ал Гимли, аңыз бойынша, онымен бірге кетіп қалады).
* C қосымшасы. Хоббиттердің генеалогиялық ағашы.
* D қосымшасы. Ортадүниеде қолданылатын күнтізбелер, атап айтқанда Хоббит күнтізбесі туралы ақпаратты қамтиды.
* E қосымшасы. Ортадүние тілдеріндегі сөздердің айтылуы және жазу жүйесі туралы ақпарат.
* F қосымшасы. Ортадүниенің тілдері мен халықтары туралы, сонымен қатар қазіргі ағылшын тіліне аударудағы кейбір қиындықтар.
## Туындының тақырыптары мен талдауы
### Билік
Романның негізгі тақырыбы билік тақырыбы. Том Шиппидің айтуынша, «Сақиналар әміршісі» Эктон мырзаның атақты сөзіне негізделген: «Билік аздыруға бейім, ал абсолютті билік мүлдем бұзады. Ұлы адамдар - әрқашан дерлік жаман адамдар... Бұл афоризм 1887 жылына келеді және ежелгі дәуір адамдарының мінездері үшін ерекше заманауи сипатқа ие. Романдағы бұл идеяның іске асуы – бастапқыда ниеті жақсы болғанына қарамастан, барлық иелерін зұлымдыққа айналдыра алатын Сақина. Толкиннің пікірінше, ол «физикалық күш пен машиналар арқылы, сондай-ақ сөзсіз өтіріктің көмегімен жүзеге асуға ұмтылатын билікке ынталануды» бейнелейді. Шиппи Гендалфтың сақинаны алудан ашулып бас тартқанын атап өтеді:
— Еліктірме мені! Мен, әрине, Түнек Әміршісі сияқты болғым келмейді. Бірақ Сақина менің жүрегіме апаратын жолды біледі. Ол аяушылық, әлсіздерді аяу және жақсы істерге күш-қуат алу арқылы әрекет етеді. Мені еліктірме. Мен оны ешқашан пайдаланбауға ант етсем де, сақтау үшін алуға батылым бармайды. Уәдемді орындауға күшім жетпейді.
Зерттеуші «шаруашылықтарды шошқалар билеген біздің ғасырда сиқыршының сақинаны алудан бас тартуы ерекше әсерлі естіледі» деп атап өтеді. Сақинаға ие болғысы келетін жай ғана ынтаның өзі неге алып келетіні Боромирдің мысалынан анық көрінеді - ол патриотизмді басшылыққа ала және оның «шыншыл адамға» зиян тигізбейтініне сенімді. Алайда, Боромир оны тікелей айтпаса да, оның сөйлеген сөздерінде «мақсат – құралдарды ақтайды» деген қағида үнемі байқалады. Сақинаның көмегімен ол өз елін «әділ соғыста» қорғау үшін күш-қуат алуды көздейді, бірақ Шиппи атап өткендей, «диктатураның табиғаты туралы біздің заманауи біліміміз мұнымен ешкім ешқашан тоқтамайтынын бірден еске салады».
«Сақиналар әміршісіндегі» саяси биліктің тікелей теріс бейнесін Мордордағы Саурон мен Исенгардтағы Саруман орнатқан әскери-деспотиялық тәртіп бейнелейді. Олардың экономикасы құл еңбегіне негізделген және табиғи ресурстарды толығымен сарқылғанға дейін аяусыз пайдалануға бағытталған, өнеркәсіп тек әскери мақсатта жұмыс істейді және қоршаған ортаны мақсатты түрде ластайды, тек жаулар ғана емес, сонымен бірге өз әскерінің жауынгерлері де террорға ұшырайды. Саруманның өзін «көп құлдар мен машиналармен» қоршауға ұмтылуы оның басқа тіршілік иелерін олардың тұтастығы мен даралығын қабылдай алмауын көрсетеді. Мұндай «мордорлық» дүниетаным үшін барлық тұлғалар бақылауды қажет ететін біртекті массаға дейін түйіседі. Керісінше, еркін таңдаудың маңыздылығын және айтарлықтай билікке ие емес «кіші және әлсіз» жеке тұлғалардың іс-әрекетінің маңыздылығын түсініп, жақсылықты жақтаушылар жеңіске жетеді. Толкиннің пікірінше, роман «қайталанатын тақырыпты анық көрсетуі керек: бір қарағанда шағын, кішкентай, Ұлылар мен Даналардың (жақсылардың және зұлымдардың) несібесінде ұмытылғандардың лайықты іс жасағандар мен күтпеген және болжауға болмайтын ерік-жігерілер әлемдік саясатта қандай орынды алады.
### Зұлымдықтың жаратылысы: Боэций және манихейлер
## Кейіпкерлері
### Басты кейіпкерлері
* "Фродо Бэггинс" – Шир мекенінде тұрады, 22 қыркүйек 2968 жылы дүниеге келген. Ол Гэндальфқа сақинаны жоюда көмектескен хоббит. Бильбо Бэггиндстің жиені.
* "Сэмуайз Гэмджи" – Фродоның ең жақын досы, саяхатқа тек Гендальфтың айтуымен ғана барған. Сэмнің барғаны өте маңызды болды, себебі ол саяхатта Фродоға үлкен көмек қолын созды.
* "Мериадок Брендибек" – Шир мекенінде өте бай және қадірлі Брендибек әулетінің ұрпағы. Мериадок – әкесінің жалғыз баласы, Перегрин Тук және Фродо Бэггинстің жиені.
* "Перегрин Тук немесе Пип" Пиннин Паладина II отбасындағы жалғыз бала болған. Туктардың жалғыз ұлынан басқа үш қызы болған .
* "Арагорн" – Араторн және Гильраеннің ұлы, Дундэйн руынан шыққан, Элендильянің ұрпағы. Солтүстік дундэйнның 16-шы басшысы.
* "Леголас" – жалғыз эльф, Жүзік бауырласынының құрамында болған. Эльфтер тілінен «Жасыл жапырақ» деп аударылады.
* "Гимли" – Глоиннің ұлы, Жүзік бауырласының бір мүшесі.Гном.
* "Гендальф" Истаридалар бестігінің бірі болған, ол хоббиттергмен бірге сақинаны жойған. Гендальф синдарин тілінде «сұр түсті мүсәпір» деп аударылады.
* "Боромир" – Гондор Денетордың бірінші ұлы. Бұның аты екі эльф тілінен және екі мағынадан тұрады.
### Қосалқы кейіпкерлері:
Галадриэль, Элронд, Арвен, Фарамир, Теоден, Эовин, Бильбо Бэггинс, Келеборн, Халдир, Элендир, Исильдур, Голлум, Мадрил, тағы да басқалар.
## Кітаптар
### Сақина бауырластығы
Повесьтің басты кейіпкері – Бильбо Бэггинс демалуға кетіп, өзінің жиені Фродо Бэггинске адамды көрсетпейтін сақина тастап кетеді. Бірақ ол жүзік – бүкіл әлем билігінің жүзігі. Сондықтан Фродо мұндай қауіпті сыйлықтың көзін құртқысы келді. Ол достарымен “Жүзік бауырластығын ” жасап, саяхатқа кетті...
### Қос қамал
Орктар “Сақина бауырластығына ” шабуыл жасайды. Бірақ сақина иелері бағынған жоқ. Олар Энттердің көмегімен орктарды жеңеді. Сол уақытта жүзіктің бұрынғы қожайыны Голлум жүзіктің әсерінен ақыл-есінен айырылған ұсқынсыз жаратылыс иесіне айырылған, хоббиттерге кедергі бергісі келді.
### Патшаның оралуы
Бұл оқиғадағы ең басты шайқас. Сауронның әскері сақинаны жоюға төтеп бергілері келеді. Алайда олардың қолдарынан түк шықпайды, себебі хоббиттердің жақын және батыл достары бар. Соғыс бітті. Фродо бейбіт өмірге жетті. Ол өз өмірі туралы Бильбо бастаған Алқызыл кітапта жазады. Гэндальф өзімен бірге Фродо мен Бильбоны алып, эльфтермен бірге Жерортадан кетеді.
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Филиз Аһмет 1981 жылдың 15 сәуірінде Македонияның астанасында туған. Босниялық соғыс кезінде ол отбасымен бірге Швецияға көшіп барады. Ол елде Филиз медицина лицейіне түсіп, мамандық алады. Скопиеге қайтып оралғаннан соң ол өзінің әйгілі атасы Лүтфү Сейфуллаһтың ізімен барып, театрға еңбек сіңіруге бет алады. Ол Ғажайып Өнерлер Академиясына түсіп, онда 2003 жылға дейін оқып жүріп, ең дарынды оқушы атағын алады. Одан басқа актриса Түрік театр Консерваториясында білім алып, онда осы күнге шейін қызмет етеді. Филиз Аһмет өзінің 31 жасында түрікше, македонша, албанша, шведше, ағылшынша, сербше және болгарша таза біледі. Ғажайып ғасырды тек қана Түркия емес, әлем көрермендері көргеннен кейін әртіс әйелдің сүйікті көрермендерінің саны арта түсті.
## Мансабы
Филиздің кино әлеміндегі тұсаукесері Македонияның мини сериалы “Заведени” болды. Түркиядағы атағын 2007 жылы Star TV арнасынан жүріп өткен “Қош бол, Румелия” телехикаясы арқылы алды. Жәнеде ол мынандай фильмдерде ойнады: “Менің өмірімнің голы”, Басқа ауданның балалары”, “Газел”, “Кішкентай қыз”, “Сахна арты”. “Балкандық үйлену тойы” атты танымал телехикаяда Галинаның рөлін сомдағанан кейін Филизге “Ғажайып ғасыр” хикаясында Нигяр Калфа рөлін сомдауға ұсыныс келді. Ол киноэпопеяда Филиз Аһмет өзінің кейіпкерін толығымен ашқаннан кейін, сериалдың ең басты кейіпкерлерінің біріне айналды. “Ғажайып ғасырдан” кеткеннен кейін ол “Бақытты отбасы кітабы” фильмінде ойнады. Қазіргі таңда Филиз ешқайда түсіп жатқан жоқ, бірақ-та 2013 жылы қыркүйек айында Ыстамбұл қаласында өтетін үлкен театр қойылымына дайындық жүргізуде.
## Марапаттары
* 2003 жылы «Кішкентай қыз» фильмінде ең үздік рөл сомдаған үшін, Жас актерлердік үздігі деген марапатпен марапатталған.
* 2005 жылы Болашағы жарқын актриса атығын алды.
* 2007 жылы «Сахна арты» фильмінде екінші қатарлы үздік әйел рөлін сомдағаны үшін марапатталды.
## Өмірбаяны
Филиз Аһмет 1981 жылдың 15 сәуірінде Македонияның астанасында туған. Босниялық соғыс кезінде ол отбасымен бірге Швецияға көшіп барады. Ол елде Филиз медицина лицейіне түсіп, мамандық алады. Скопиеге қайтып оралғаннан соң ол өзінің әйгілі атасы Лүтфү Сейфуллаһтың ізімен барып, театрға еңбек сіңіруге бет алады. Ол Ғажайып Өнерлер Академиясына түсіп, онда 2003 жылға дейін оқып жүріп, ең дарынды оқушы атағын алады. Одан басқа актриса Түрік театр Консерваториясында білім алып, онда осы күнге шейін қызмет етеді. Филиз Аһмет өзінің 31 жасында түрікше, македонша, албанша, шведше, ағылшынша, сербше және болгарша таза біледі. Ғажайып ғасырды тек қана Түркия емес, әлем көрермендері көргеннен кейін әртіс әйелдің сүйікті көрермендерінің саны арта түсті.
## Мансабы
Филиздің кино әлеміндегі тұсаукесері Македонияның мини сериалы “Заведени” болды. Түркиядағы атағын 2007 жылы Star TV арнасынан жүріп өткен “Қош бол, Румелия” телехикаясы арқылы алды. Жәнеде ол мынандай фильмдерде ойнады: “Менің өмірімнің голы”, Басқа ауданның балалары”, “Газел”, “Кішкентай қыз”, “Сахна арты”. “Балкандық үйлену тойы” атты танымал телехикаяда Галинаның рөлін сомдағанан кейін Филизге “Ғажайып ғасыр” хикаясында Нигяр Калфа рөлін сомдауға ұсыныс келді. Ол киноэпопеяда Филиз Аһмет өзінің кейіпкерін толығымен ашқаннан кейін, сериалдың ең басты кейіпкерлерінің біріне айналды. “Ғажайып ғасырдан” кеткеннен кейін ол “Бақытты отбасы кітабы” фильмінде ойнады. Қазіргі таңда Филиз ешқайда түсіп жатқан жоқ, бірақ-та 2013 жылы қыркүйек айында Ыстамбұл қаласында өтетін үлкен театр қойылымына дайындық жүргізуде.
## Марапаттары
* 2003 жылы «Кішкентай қыз» фильмінде ең үздік рөл сомдаған үшін, Жас актерлердік үздігі деген марапатпен марапатталған.
* 2005 жылы Болашағы жарқын актриса атығын алды.
* 2007 жылы «Сахна арты» фильмінде екінші қатарлы үздік әйел рөлін сомдағаны үшін марапатталды. |
Весёлое — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Ильин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2010 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 17 адам (10 ер адам және 7 әйел адам) болса, 2009 жылы 4 адамды (2 ер адам және 2 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ұзынкөл — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл, аудан және Ұзынкөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Қостанай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 154 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 6878 адам (3461 ер адам және 3417 әйел адам) болса, 2009 жылы 6378 адамды (3072 ер адам және 3306 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Амангелді — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Ильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 202 адам (97 ер адам және 105 әйел адам) болса, 2009 жылы 85 адамды (43 ер адам және 42 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Вахиде Перчин (түр. Vahide Perçin) (1965 жылы 13 маусымда Измирде, Түркияда дүниеге келген) – театрдың және киноның саласындағы түрік актрисасы.
## Өмірбаяны
Вахиде 1965 жылы XX ғасырдың басында Грекиядан келген босқындардың отбасында дүниге келген. Әкесі – ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, анасы – үй қожалығымен айналысады. Орта мектепті тәмамдағанан кейін бейнелеу өнері факультетіне (театр бөлімшесіне) түсті.
## Мансабы
Алғашқы уақытта жергілікті театрда қызмет етті. 2003 жылы Ыстамбұлға көшіп келді де, жақын арада «Ыстамбұл жайлы ертегілер» атты телехикаядан рөл алды. Оның үлкен жетістігі «Мен оны Фериха деп атадым» атты телехикаяда Зехраның рөлін сомдау болды. 2013 жылы «Тамаша ғасыр» атты телехикаяда Мәриям Үзерліні алмастырып Хүррем сұлтанның рөлін орындады.
## Жеке өмірі
Студенттік кезінде Вахиде Алтан Гөрдүм атты актерге күйеуге тиеді. Олар алдымен Измирде бір театрда жұмыс істейді, ал кейіннен бір түсірілім алаңында кездеседі. Ыстанбұлға көшіп келген шақта-ақ жұбайлардың актерлік мансаптары кеңейе берді. Алтан Гөрдүм Отандың көрермендерге «Ғажайып ғасыр» телехикаясындағы Бекир-аға рөлімен танымал. 1994 жылы ерлі-зайыптылардың Алези атты қызы дүниеге келді. 2013 жылы жұп айырылысып кетті.
## Қатерлі ісікпен күресуі
“Мен оны Фериха деп атадым» атты телехикая түсіріліп жатқан кезде, актрисаға қорқынышты диагноз қойылды – сүт безінің қатерлі ісігі. Жобаны тастап, Вахиде аурумен күресуге кірісті. Оны жұбайы, қызы, қызметтестері мен көрерменде қолдап, көмек берді. Қауіпті аурудан айығып, актриса қайтадан жұмысқа кірісті.
## Фильмографиясы
## Марапаттары
## Дереккөздер |
Александровка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Ильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 887 адам (443 ер адам және 444 әйел адам) болса, 2009 жылы 622 адамды (321 ер адам және 301 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шоғыр қоңыраугүл. Ең танымал және Қазақстанда кездесетін 12 түрдің арасындағы көп таралғаны. Оңтүстік шөлден басқа Қазақстанның барлық аймағында-шабындықтар мен орман алаңқайларында, таулар мен жазықтарда кездеседі. Бұл көпжылдықтың мықты тамырсабағы және (50см-ге дейін биік) сабағы, жұмыртқа тәрізді созыңқы жапырағы бар. Басқа гүлдерден гүлдерінің орналасуы ерекшелігімен ажыратылады. Дара емес тығыздала сабақ ұшына жақындап топтама гүлдің басын құрайды. Әр гүлде 5 тостағанша, күлте және аналық, одан кейін үш бөлек тозаң түйіні бар. Өсіп кеткен күлтелер ұзын түтік құрайды, олардың түбінде омарталық бездер орналасқан (шырынды). Осыған байланысты гүлде айқас тозаңдану жүреді, тек үлкен жәндікткр т.с. Қоңыраугүл жаздың ортасында маусым, тамыз, қыркүйектк жеміс береді. Тұқымы өте ұсақ пісіп-жетілген қауашақта пайда болатын арнайы тесік арқылы төгіледі де желмен таралады. Жапырағы, гүлі және басқа да жер бетіндегі бөлігі өсімдіктің халық медицинасында, нерв жүйесі ауырғанда, тамақ ауруына қолданады. Жас өскіндері мен жапырағы Е дәруменіне бай, оларды тамаққа салат ретінде пайдаланады. Шоғыр қоңыраугүл жақсы омарталық өсімдік және әсемдік үшін өсіруде қиын тудырмайды. Гүлдерінің түсінің алуан түрлілігіне байланысты XVI ғасырдың ортасынан бері түр ретінде жоғары бағаланып келеді.
## Дереккөздер
Қазақстанның өсімдікткер әлемі, А.А.Иващенко |
Ұлытау – Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы аласа таулы массив.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері - Ақмешіт (1133 м).
## Тарихы
Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің табылуы мен ғалымдардың зерттеулерімен Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын куәландырады. Ұлытау - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері.Осы бір көне таудың кереметтігі Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа бағыттаған өзінің жаугершілік жорығын бастаған.
Ұлытауда Жошы хан мен түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халықтық ауыз әдебиетінде мәңгілік сақталған. Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едігеде осында жер қойнына берілген. Ұлытаудағы Алтыншоқы тауындағы тас тақтаға 1391 жылы осында болғаны турасында ұлы Ақсақ Темір жазба қалдырған.
Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит дәуірлеріне жол бастап тұрғандай. Археолог-ғалымдар баяғы заманғы адамдардың талай мекендерін және олардың еңбек құралдарын тапты. Қаракеңгір өзенінің жағасында палеолит дәуірінің Қазақстандағы ең ірі шеберханасы табылды. Өзендердің бойында көне заманның бай елді мекендері сан қилы көмбелер, сағаналары жерленген көне мәдениеттің байлықтары болғаны белгілі болған. Осы күнге дейін «мұрты бар қорғандардың» құпиясы ашылған жоқ. Бір археологтар бұл мәйіт басына салынған құрылыстар десе, екіншілері көне обсерватория дегенге саяды. Археологиялық қазба жұмыстары мұнда осыдан үш мың жыл бұрын да тау-кен өнеркәсібімен кеңінен айналысқанын және ондағы жергілікті тайпалардың Иракқа, Үндістанға және Грекияға мыс, қалайы, күміс және алтын жөнелтіп отырғандығына куәлік етеді.
Ұлытау аумағында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке пайдаланылады
Ұлытауды «көлдер мен бұлақтар елі» деп атайды. Ұлытаудың кең бұлақ суларының пайдалы қасиеттері туралы осы өңірден шеткері жерлерде білген.
## Дереккөздер |
Самар (вар. Samar, 12°03′ с. е. 125°07′ ш. б.12.050° с. е. 125.117° ш. б. / 12.050; 125.117 ) — Филиппин архипелагының орталығында орналасқан аралдардың бірі.
Жері - 12849,4 кm².Көп бөлігінің орташа биіктігі таулар мен қыраттар (биікт. 850 м) алып жатыр.Жағалауы жазық, қатты тілімделген, шығанақтар мен қойнаулары көп.Климаты тропиктік, жылдық жауын-шашын мөлшері 2500-3500 мм.Мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Кокос пальмасы, абака, ананас т.б. өседі.Кемірушілердің Филиппин архипелагына ғана тән бірнеше түрлері мекендеген.
## Тарихы
Европалықтар үшін аралды испан теңізшісі Руи Лопес де Виллалобос (Ruy López de Villalobos) 1543 жылы ашты.
## Халқы=
Ең ірі қаласы - Калбайог (вар. Calbayog). Аралда үш аймақтан құралады - Самар (733 377 тұр.), Солтүстік Самар (589 013 тұр.) және Шығыс Самар (428 877 тұр.). 2010 ж. мәліметі бойынша осы үш аймақтың тұрғындарының жалпы саны - 1 751 267 адам[2], көбісі — висайя.
## Экономика
Тамақ өнеркәсібі, кен қазушы өнеркәсіп, ағаш өнеркәсібі орындары жұмыс істейді.
Халық жер шаруашылығымен (күріш, маис, банан, цитрус, манго, кофе, какао, абака, қантты құрақ өсіру), мал шаруашылығымен (енеке, бұқа, ешкі, шошқа, тауық, үйрек өсіру), балық аулаумен айналысады.
Жергілікті халықтың арасында темір және ағаш ұсталық қолөнері, қыш-құмыра кәсіпшілігі, ротанг пен бамбуктан тоқу, әшекей бұйымдар жасау кең дамыған. |
Кая — көп мағыналы ұғым:
## Жер-су аттары
* Кая — Франциядағы коммуна.
* Кая — Ресейдегі өзен.
## Адамның есімі не тегі
* Һазал Кая — түрік актрисасы әрі модель.
## Басқа
Кая — Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан тайпалық одақ. |
Аратіс дриада - Қазақстанда тек алтайда ғана (Шығыс Қазақстан облысы) кездесетін раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдік. Тек қана биік тауларда , ірі қиыршық тастарда және альпі көгалдарында өседі. жиі, ерекше өсімдіктер бірлестігін құрайды, оларды дриада тундрасы деп атайды. Бұл атаудың шығуының өзі қызықты.Ежелгі грек мифологиясында дриада гректердің орман құдайының аты. Ежелгі Грекия орманының негізі еменнен тұрады, грек тілінде дриас деген емен деген сөз. яғни бұл өсімдік құдайдың құрметіне осылай аталған. Бұл өсімдіктің тіршілік формасы да қызықты, төселмелі, көп бұтақты бұташық, мәңгі жасыл жапырақты. ол жер бауырлаған биіктігі
## Ерекшелігі
Гүлдері жалғыздан, қысқа 2-7 см, бірақ жеміс салу кезеңінде аздап ұзаратын гүлсимдары, ақ түкті және қызғылт безді түктерімен. Тостағанша жапырақшалары және желектері сегізден, аталықтары мен аналықтары көп, Жапырақтары жіңішке жасыл, тостағанша жапырақшаларынан ұзындау, ақ эллипс тәрізді. Дриада маусымның ортасынан тамызға дейін гүлдейді, шілденің соңында жеміс салады. Жемісі көптеген жіңішке тұқымшалардан тұрады, олардың әрқайсысы ұш жағында 3 см-ге дейін қауырсын түкті осьті. Тұқымның бөлігі желмен таралады, ал көпшілігі осьтермен, қылтанақтармен малдың жүніне ілініп, аналық өсімдіктен алыстай береді. Жасыл жапырақтары мен бүршіктері көктемде тундра құрының азығы болып есептеледі, міне, осыдан келіп орыстың халық атауы "куропаточья трава" шығады. Жапырағында дәрумендер және иілік заттар бар, сондықтан Алтайда оны шай орнына пайдаланады және асқазан-ішек ауруларына қарсы ем ретінде қолданады. Мәңгі жасыл жапырақтардың ерекше таңқаларлық әдемілігі жастық пішінді түрі өсімдікті өте тартымды көрсетеді. Бірақ Қазақстанда дриаданы қолда өсіру өте қиын болғандықтан көгалдандыру мақсатында қолданылмайды.
## Дереккөздер
"Қазақстанның өсімдіктер әлемі" энциклопедиясы |
Еңбекші — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Еңбекші ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан батысқа қарай 23 км жерде, Сайқан жотасының етегінде, Шынжылы өзенінің аңғарының жусан, көкпек, бұйырғын өскен сұр және шалғынды-сұр топырақты шөлейт белдеміне орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1932 жылы қаланды. Ильич атындағы кеңшардың және Қарабұлақ ауылдық кеңесінің орталығы болған. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Юрий Федорович Самарин (03.05.1819 /21 сәуір/,Петербург,Ресей империясы — 31.03.1876/19/,Берлин,Германия) - орыс философы, идеалист, тарихшы, славянофил бағытын ұстанған публицист, полковник Федор Васильевич Самарин мен София Юрьевнаның ұлы — Ю. А. Нелединский-Мелецкийдің қызы. Императрица Мария Федоровнаның кіндік баласы және отбасындағы алғашқы бала; кейінірек туылғандардан ағайынды Николай мен Дмитрий Самариндер, сондай — ақ әпкесі Мария Федоровна Соллогуб танымал болды..
Дворяндар отбасында туған.1838 ж. Мәскеу университеті философия факультетінің тіл-әдебиет бөлімін бітірді.
"Стефан Яворский және Феофан Прокопович" атты еңбегіне (1844) магистр атағын алды.
1844-52 ж. Прибалтикада мемлекеттік қызметте болды.
1853 жылдан әдеби публицистикамен айналысты. Самарин әуелде гегельшіл болып, 1840 жылдан К.С.Аксаков пен А.С.Хомяковтың ықпалымен славянофил бағытына көшеді.
1850-ші жылдардың ортасында Самарин шаруалардың мәселелерімен көп шұғылданып, крепостниктік правоны жою жөнінде жоба ұсынып, Ресейде крепостниктік реформа жасуға және оны әзірлеуге қатысады.
Самарин философиялық көзқарасы славянофилдердің православие діні жөніндегідіни түсініктермен байланысты. Самарин материалисттік көзқараспен идеялық күрес жүргізе отырып, материализмге қарсы зорлық-зомбылық шараларын қолдануға қарсы болды.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Еңбекші — Алматы облысы Қарасай ауданы, Әйтей ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей, Іле Алатауының солтүстік баурайындағы жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен тебелі жонды келген сұр, бозғылт қоңыр топырақты өңірінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1963 жылы осы маңда Алматы биокомбинатының қосалқы шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланды. "Еңбекші" ЖШС-і және шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Еңбекшіде орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Еңбекші — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Талды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей, округ орталығы — Талды ауылынан 2 км-дей жерде Өсек (Үсек) өзенінің аңғарындағы жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөп өскен тау бөктерінің қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты өңірінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1950-1997 жылдары "Октябрьдің 40 жылдығы" ұжымдарының бөлімшесі ретінде іргесі қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Еңбекшіде 90 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Алтын Орда дәуірінің әдебиеті - 13 ғасырдың 2-ші жартысынан 15 ғасырдың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің әдебиеті.
Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.
Аттары (кейде тек лақап есімдері) бірді-екілі шығармалары сақталған ақын-жазушылар:
* Рабғұзи
* Әли
* Сайф Сарайи
* Хорезми
* Сайдахмет
* Хусам Қатиб
* Құтб
* Дүрбек
* Сақақи т.б.
Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия( атты үлкен жинақ. Онда 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.
Әли (13-14 ғ.) - Хорезмнен шыққан ақын. "Қисса Жүсіп деген дастан жазған, онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан баысқа мәлімет жоқ.
Сайф Сарайи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған.
Хорезми (14 ғ.) - үлкен ақын. "Мұхаббатнама" атты поэма жазған. Поэмасында "Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші айттым" дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.Шын аты-жөні, басқа шығармалары сақталмаған. "Мұхаббатнама" мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе үлкенді-кішілі он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. "Мұхаббатнама" - Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ең көрнекті нұсқасы.
Хұсам Қатиб (14 ғ.) - "Жұм-жұма" атты поэманың авторы. Бұл поэма Низами поэмаларына еліктеу түрінде жазылған.
Құтб (14 ғ.) "Хисрау Шырын", "Фархад- Шырын" дастандарын жазған. Бұларды автор өзінен бұрынғы ақындар баяндаған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі дастанды аттас Низами шығармаларының түрікше нұсқасы десе де болады.
Сайдахмед (14-15 ғ.) "Таһшшуқнама", "Саонама" дастандарын жазған ақын.
Дүрбек (14-15 ғ.) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- де"ді ақын. Оны 1409 ж. аяқтағанын аңғартады.Дүрбек жайында басқа мәлімет жоқ.
Сақақи (15 ғ.) Сырдария мен амудария аралығынан мекендеген ру-тайпаларынан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдердің көбіне дүние жайында лирикалық болып келеді.
Сонымен Алтын Орда дәуірінде оның қол астына қараған ру-тайпалар мен халықтардың үлкенді-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда ацдарма шығармалар да едәуір орын алады.
## Дереккөздер
* Ертедегі мәдениет куәлары. Жинақ. А., 1966
* Ертедегі қазақ әдебиеті нұсқалары хрестоматиясы, құраст. Б. Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев т.б. , Алматы, 1967
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Мерием Саһра Үзерли (түр. Meryem Sahra Üzerli) 1983 жылы 12 тамыз күні дүниеге келген) – түрік-алман актрисасы.
## Өмірбаяны
Мәриям 1983 жылы 12 тамызда Германияның Кассел қаласында Құсайын атты түрік пен Урсула есімді германның отбасында дүниеге келген. Отбасындағы үшінші бала, одан үлкен біржатырлы егіздер анасы Урсуланың бұрынғы отбаында туылғандар – Денни және Кристофер, Мәриямнан кіші оның туған сіңілісі – Джанан бар.
2000-2003 жылдар аралығында Гамбург қаласында «Schauspielstudio Frese» драмалық студиядан актерлік шеберлік сабақтарын алған. Кішігірім театралдық қойылымдарына қатысқан. 2003-2008 жылдар аралығында қысқақойылымды алмандық фильмдерінде ойнаған. 2011-2013 жылдар аралығында Темір Савжының ұсынысы бойынша оған бүкіләлемдік атақ алып келген Ұлы Османлы Мемлекетінің 10-шы сұлтаны I Сүлейменнің өмірі мен махаббаты жайлы қойылған «Тамаша ғасыр» телехикаясында Хүррем сұлтанның рөлін ойнаған. 2013 жылдың 16 мамырында Мәриям Үзерли Ыстанбұлдан Берлинге ұшып кетті. Оның айтуы бойынша: «Тамаша ғасыр» телехикаясының әрбір бөлімінің ұзақтығы 100-120 минуттан, оны түсіруге 4-5 күн уақыт үздіксіз жұмыс істеу керек. Осы себептерге орай мен қатты физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршап, зардап кештім,- деді. Tims Productions-тың ресми мәлімдемесінде Мәриям Үзерлиді оған төленетін жалақының көлемі қанағаттандырмады делінген. Тағы да мәлім болғандай Үзерли бұл жайттан соң ендігі ары Түркияға қайтып оралудан бас тартқан.
## Жеке өмірі
Біршама уақыт Мерием Үзерли Түркиялық кәсіпкер Джан Атешпен кездесіп жүрді, жұп тіпті аттастырылып қойғандығын жариялады. Бірақ-та 2013 жылдың тамыз айында олар айырылысып кетті. Тамыздың соңында Мерием өзінің төртінші ай жүкті екендігін ресми жариялады.
## Фильмографиясы
## Марапаттары
## Сілтемелер
* Үлгі:Мерием Үзерли Internet Movie Database сайтында
* Үлгі:Мерием Үзерлидің ресми сайты |
Мемлекеттік баж– заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін мемлекеттік органдар алатын міндетті төлем.
Кәсіпорын, ұйым, мекемелер және жекелеген азаматтардан және зандық маңызы бар құжаттарды беру үшін (талап арыз бен кассациялық шағымдарды, шарттарды, өсиеттерді, сенімхаттарды бекіту және т.б.) арнайы өкілеттелген мекемелердің олардан жинайтын ақшалай алымдары.
## Адвалорлық (адвалерлік) баждар
Тауардың кедендік құнына пайыздық қатынаста алынуымен сипатталатын кедендік баж салығының түрі.
## Дереккөздер |
Окан Ялабык (түр. Okan Yalabık [oˈkan jalaˈbɯk] 1978 жылы 13 желтоқсанда Ыстанбұл қаласында дүниеге келген) – түрік актеры.
## Өмірбаяны
Окан Ялабык 1978 жылы 13 желтоқсанда туған, мектепте оқыған кезден-ақ актер болатынын білген екен. Ол оқушы кезінде мектпе театрында ойнаған, кейіннен шынайы актерлік білім аламын деп, Ыстанбұлдық университетке Йылдыз Кентараның тобында оқыған.Екі мыңдардың басында телевизиялық мамандығын кәсіби түрде жалғастыра бастап, өзінің негізгі үш рөлін сомдады. Алғашқы рөлі «Серсері» телехикаясындағы жұмыссыз, бірақ шынайы сезімтал және мейірімді, байдың қызына ғашық болып, ақыры оның жүрегін жаулап алған адам - Омер Йелкеннің рөлі. 2006 жылы «Түсінші, сүйіктім» атты телехикаяда басқа жігітті жақсы көріп қалған қызды сүйетін романтикалық әрі мейірімді жас жігіт – Неджеттің рөлінде ойнаған. Үшінші рөлі Парғалы Ибраһим-паша. «Ғажайып ғасыр» телехикаясындағы бұл рөлі үшін ол 2011 жылы «Ең үздік актер» атағын алды. Ялабык тағы бір неше фильмде ойнаған, оның соңғылары «Күз жарасы» мен «Аңшылық маусымы». «Аңшылық маусымы» фильміндегі полицей Хасанның рөлі үшін де 2011 жылы «Ең үздік актер» рөлін алды. 2008 және 2009 жылдары пьессаларда ойнағаны үшін де ол екі марапат алды. «39 баспалдақта» шығарманың ерекшелігі үшін Окан бір өзі 10-нан астам кейіпкерді ойнады. Ялабык тек қана актер ғана болып қоймай, сонымен қатар әнші болып та табылады. Ол «Куң-фу панда» және «Куң-фу панда 2» мультфильміндерінің түрікшеге аударылымында, Окан басты кейіпкері Поның дауысын сомдады. Тағы да Ялабыктың атақты жұмыстарының бірі - PlayStation 3-ке арналған «Uncharted 3» ойынын да дыбыстауы.
## Фильмографисы
## Сілтемелер
* Үлгі:Окан Ялабык Internet Movie Database сайтында
* Үлгі:Окан Ялабык «Ғажайып ғасыр» сайтында
* Үлгі:Окан Ялабык sinematurk.com сайтында |
Енгин Гүнайдын (түр.Engin Günaydın 1972 жылы 29 қаңтарда Түркия, Токат қаласында дүниеге келген) – түркиялық актер әрі сценарист.
## Мансабы
Енгин Гүнайдын– комедия жанрының белгілі актеры. «Uykusuz» әзіл-сықақтық журналына әзілдер, фильмдерге сценарилер жазады. Жарнамаларда, «Zaga» күлегештік телебағдарламасында, «Еуропа жағасы» телехикаясында ойнайды. 2009 жылы Енгин Гүнайдын «Вавиен» фильміне сценарий жазған. Мұнда ол өзінің құрбысы Бинур Кайамен бірге басты рөлде ойнады. Бұл фильм «Yeşilçam» және «Siyad» марапаттарын үздік сценарий үшін жаулап алған. 2011 жылы Гүнайдын «Ғажайып ғасыр» телехикаясында пайда болды. 2011 жылдың соңында оған «Жалаң дүние» телехикаясында ойнауға ұсыныс келді.
## Фильмографиясы
* «Рок» (2001) — Неджати
* «Соққы» (2004) — SencerСенджер
* «Ғарыштық бөлік: X-шы бөлім» (2004)
* «Еуропа жағасы» (2004—2009) — Бурхан Алтынтоп
* «Жақсылық» (2006) — Ерол
* «Вавиен» (2009) — сценарист
* «Ғажайып ғасыр» (2011—2012) — Гүл аға
* «Ішінде» (2012)
## Сілтемелер
Үлгі:Енгин Гүнайдын Internet Movie Database сайтында |
Алтынкөл (алт. -Алтын Кӧл-, орыс. Телецкое, моңғ. Алтын нуур) — Ресейдегі Алтай Республикасының солтүстік - шығысындағы тектоникалық ойыста жатқан аса көрікті көл.
## Сипаттамасы
436м биіктікте, аумағы 123 шаршы км, ұзындығы 78 км, орташа ені 3 км. Көп жерінің тереңдігі 200 м-ден асады, ең терең жері 325м.
Тақта тас, гранит, метаморфтық жыныстардан тұратын шығанақсыз тік жағаларының биіктігі 800 - 1000 метрге жетеді. Түбі тегіс, сұр тұнбадан тұрады, жағаға таяу жері тастақ. Көлге 70 шақты өзен құяды, тек Бия өзені ағып шығады.
Көлге келіп құятын судың 97% -ы өзендерден келеді, оның 72% -ы Шолышман өзенінің үлесіне тиеді. Суы тұщы. Беткі қабатының температурасы жазда 14 - 16 °C, қыста 2,2 - 2,3 °C. Кей жылдары қатпайды.
Көлден хариус, таймень, алабұға, шортан, нәлім ауланады. Айналасында қылқан жапырақты қалың орман өскен. Туристер көп келеді.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Селма Ергеч (түр. Selma Ergeç, алм. Selma Ergetcsh 1978 жылы 1 қарашада Германияның Хамм қаласында дүниеге келген) – Түркия мен Германияның актрисасы мен моделі. Халыққа «2.0 желісі» және «Ғажайып ғасыр» телехикаясындағы рөлдерімен танымал.
## Өмірбаяны
Селма 1978 жылы Хамм қаласында түрік-дәрігердің және Германияның Рур аймағының алман- мейірбикесінің отбасында дүниеге келген. 1983 жылы отбасымен түрік қаласы – Мерсинге, одан кейін Анкараға көш аударған. Ал 1989 жылы қайтадан Германияға қайтып оралған. 1995 жылы ол Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі орта мектепті бітірген. 1995-1996 жылдары Оксфорд Ұлыбританиядағы Хедингтон мектебінде оқыған. 1996-1998 жылдары студенттерді алмастырып оқыту бағдарламасының аясында Францияның Лилле қаласында (Нор-Па-де-Кале аймағы) білім алған. 1998 жылы Селма Германияға оралды. Содан соң Түркияға көшіп барып, Ыстанбұлдық университеттің Адана қаласындағы медициналық факультетінде оқып, медициналық клиникады стажер болған.
## Мансабы
Медициналық оқуды бітіргенен соң, Сельма 1 жылдық демалыс алып, сол кезде NBC компаниясының өнімі - «Жарым Алма» сериалында Айшаның рөлін сомдады. 2003 жылдан бастап, Сельма актриса Алия Узунатағаннан актерлік шеберлік сабақтарын ала бастады. Ол Mujdat Gezen Art Center-ның келушісі болған. 2006 жылы Сельма түрік-америкалық «2.0 желісі» фильмінде актер Халит Ергенчпен бірге басты рөлді орындады. Сельма Ергеч өзінің әріптестері Каролина Көш және Бану Ентурмен бірге модель ретінде Selamlique маркасының басты бейнесі болып табылады. Бұл марка Сельмаға «Тамаша ғасырға» дейін де үлкен табыс пен атақ алып келген. 2011 жылы Ергечты «Тамаша ғасыр» телехикаясына I Сүлейменнің қарындасы Қадиша сұлтанның рөлін сомдауға шақырды. Сельманың өз ойы бойынша, бұл рөл оған тек актриса ретінде ғана емес, сонымен қатар жан дүниесінің байытылуына да қажет. İnStyle журналына сұхбат берген кезде: «Біз жан дүниемізді бере отырып, жанды жобада жұмыс істейміз, сондықтан да балдырға батпаймыз. «Тамаша ғасыр» телехикаясның ерекшелігі оның әрбір бөлек бөлімінде, өзіне тән жанды тіршілік бар. Келесі бөлім өткен бөлімнен де қызықтырақ болады деген сезім, бүкіл түсірілім тобының көкейінде болғандықтан сериалдың сапасы ең алғашқы күннен бері төмендеген емес». «Қадиша сұлтанның қылықтары өзгеріп кетті. Кейбір жағдайлар кей кезде менің өзімді де таңғалдыралы, оның кейіпі бара-бара «қызықты» болып барады. Қадиша сұлтан, мен істемейтін немесе істей алмайтын нәрсені істейді. Кейде мен айтып тастар едім деген жағдайда, ол үндемей қалады. Ал керісінше мен үндемес едім деген жағдайда ол есінен адасып тұрып, барлығын айтып тастайды. Мен өзіме мүлдемге ұқсамайтын кейіпкердің рөлін сомдаған кезде оның жан дүниесін, оның осылай істеуіне не себепші болғанын түсінгім келеді. Ақыр соңы оны ойнау аса қызықты», - деді Қадиша сұлтанның рөлі жайлы – Сельма Ергеч.
## Фильмографиясы
## Қызықты мәліметтер
Селма кәсіби модель және «Түркияның ең сұлу аруы» беделді даңқтың жүлдесінің номенанты болған.Селма спортпен өте қатты қызығады, оның ішінде, ат үстінде жүру, қылыштасу, тһеквондо да бар.Ол алты тіл біледі, олар, түрікше, ағылшынша, алманша, латынша, итальянша және франсұзша.Селма Ергеч 9 жасынан бастап ет жемейді.
## Сілтемелер
* Үлгі:İnStyle журналының желтоқсандық нөміріндегі сұхбат пен сурет, Хатидже Сұлтанның ішкі жан дүниесі
* Үлгі:↑ Selma Ergeç Elle dergisini poz verdi — DHA Doğan Haber Ajansı
* Үлгі:Сельма Ергеч Internet Movie Database сайтынды |
МЕТЕОРИТ КРАТЕРІ - аса үлкен метеориттер құлап түскенде пайда болатын, диаметрі бір метрден ондағанкилометрге дейін баратын шұңқырлар.Жылдамдығы 2-5 км/сек. және одан артық метеорит соғылған кезде қатты күйден сығылған газ күйіне ауысып, өте күшті қопарғыш толқын пайда болады.Метеориттен тек шамалысынық қана қалуы мүмкін. Метеорит кратері негізінен екі түрге бөлінеді: соқпа Метеорит кратері және қопарылғышМетеорит кратері. Соқпа кратердің мөлшерлері онша үлкен болмайды(диаметрі 8-9 м-ден бірнеше ондаған м-ге дейін барады) және оның ішінде тау жыныстарымен араласқан метеориттің ұсақ сынықтары байқалады. Қопарылғыш кратердің мөлшерлері үлкен болады (бірнеше ондаған м-ден ондаған км-ге дейін барады) және оның жиектерінде тау жыныстарының қабаттары болады; кратерде метеорит сынықтары болмайды. КСРО территориясындаЭстония ССР-інде Саарема аралында орналасқан Каали тобы (8 кратерден тұрады) бар; олардың ішіндегі ең үлкеніқопарылғыш кратердің диаметрі 110 м-ге , тереңдігі 16 м-ге тең. Барлық белгілі Метеорит кратерлер бұдан мыңдағанжылдар бұрын пайда болуы мүмкін.1947 ж. 12 ақпанда КСРО-ның Приморье өлкесінде 24 соқпа кратер (көлденеңі 8-ден26 м-ге дейін) пайда болған. |
Аюка хан, кейде Аюке хан (қалм. Аюши хан, орыс. Аюка хан, 1642 – 1724) – Еділ қалмақтарының төртінші бас тайшысы (1672-1698), тұңғыш қалмақ ханы (1699-1724). Моншақтың үлкен ұлы әрі мирасқоры, Шукур-Дайчиннің немересі.
## Өмірбаяны
Болашақ қалмақ ханы балалық шағын Жоңғарияда өткізген. Туған кезіндегі есімі "Аюши" еді (ұзақ өмір буддасы Амитаюсаның қысқартылған аты), алайда орыс тарихына Аюка ретінде енді. 1654 жылы атасы Дайчинмен Еділдің бойына жетті. 1672 жылы әкесі Моншақтың өлімінен кейін туыстарының көмегімен Қалмақ ордасының бас тайшысы атанды.
Аюка Еділ қалмақтарын біріктіріп, өз иеліктерінің аумағын біраз кеңейтті. Жоңғариядан көшіп келген бір топ торғауыттар Аюканың билігін мойындап, Қалмақ ұлысының санын арттырды.
1670 жылы қазақ жерiне басып кiрген. 1673 жылы ақпанда Ресей патшасының қол астына кiргендiгi жөнiнде ант бередi. Орыс әскеріне арқа сүйеп, түрік сұлтанына, Солтүстік Кавказ тұрғындарына, Қазақ, Түрікмен, Хиуа хандықтарына қарсы жорықтар жасады. Аюкенiң атты әскерi Қырым соғысында орыстар жағында болады. 1681 жылы орыс әкiмшiлiгi оған дуанбасы атағын бередi. 1682-1683 жылдары Аюкенiң әскерi Ресей үстемдiгiне қарсы көтерiлген башқұрт көтерiлiсшiлерiн қырғынға ұшыратады. 1696 жылы орыс әскерiмен бiрге Азау(Азов) қамалын алады. Сенiмдi қызметi үшiн Петр I оған алтын қылыш тарту еткен.
1690 жылы Далай лама қалмақ тайшысы Аюкаға хандық титул мен мөрді ұсынды.
Еділдің төменгі ағысындағы билігін нығайту мақсатында ресей билігі Аюканының және оның одақтастары болған дербет тайшылары мен нойондарының әскерін Астрахан (1705-1706), Булавин (1707-1709) көтерілістерінде, Солтүстік соғыс (1700-1721) барысында кеңінен қолданды.
Аюке таққа мұрагерi етiп ұлдарының кенжесi Серен Дондукты қалдырған.
## Галерея
## Әдебиет
* Тепкеев В. Т. Аюка-хан и его время / Отв. ред. А.Н. Команджаев. Элиста: КалмНЦ РАН, 2018. – 359 с.
* Аюка // Русский биографический словарь : в 25 томах. — СПб., 1900. — Т. 2: Алексинский — Бестужев-Рюмин. — С. 366—368.
* К. Д. Э. Аюки // Энциклопедический лексикон: В 17 т. — СПб.: Тип. А. Плюшара, 1835. — Т. III: АРА—АФО. — С. 524—527.
* Лари Илишкин, Знаменитые калмыки прошлого, Элиста, 2010, стр. 8 — 14
* Цюрюмов А. В. Калмыцкое ханство в составе России: проблемы политических взаимоотношений. — Элиста: Джангар, 2007.
* Шовунов К. П. «Очерки военной истории калмыков (17-19 вв.)».
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х |
Ақмешіттің ойрандалуы — Ресей империясы, Орынбор губерниясының әскери губернаторы (1833 — 42 және 1851 — 57) В.А. Перовский бастаған отрядтың Ақмешіт бекінісін (қазіргі Қызылорда қаласы) басып алуы. Ресейдің Орта Азиядағы саясатын дербес жүргізуге құқылы Перовский Қоқан хандығының бекінісі болып тұрған Ақмешітке 1853 жылы 2 шілдеде келіп жетті. Оның отрядында 2850 жауынгер, көптеген зеңбіректер т.б. қару-жарақтар болды. Генерал бекіністің Түркістанмен,Ташкентпен, Бұхарамен, Хиуамен, жергілікті мекендермен қатынас жолдарына қатаң бақылау орнатып, барлаушы топтар жіберді. Ақмешітке 400-ден астам сарбаз, зеңбіректер, қару-жарақ қоймасы болды. Жасақтарын жүзбасылар Бекбай, Құлбай, Қаңлыбай деген қазақтар мен Лепес есімді қарақалпақ басқарды. Тыңғылықты әзірліктен кейін 28 шілдеде генерал шешуші шайқас бастады. Оған қазақ сұлтандары Елекей (Ермұхамед) мен Мұхамеджан Баймұхамедовтің қарулы күштері де қосылды. Қорғанды алу кезінде 230 ақмешіттік қаза тауып, 77-і (35-і жаралы күйінде) тұтқынға түсті. Ақмешіттің ойрандалуы Ресей империясының Орта Азияны одан әрі отарлауына жол ашты. Ақмешіт генералдың құрметіне Перовск форты болып аталды (31.8.1853).
## Дереккөздер |
Рәшид хан, Абд ар-Рәшид (1509-1566) (ұйғ. عبد الرشيد خان)-Шағатай әулетiнен шыққан Қашқарияның билеушiсi(1530-1563 жылдары). Әкесi Сұлтан Саид хан - осы мемлекеттiң негiзiн қалаған(1514жылы ),атасы - Моғолстанның ханы - Сұлтан Ақмет (Алаша қан). Ол Қашқарияны 33жыл басқарды.Оның ұстазы әрi тәрбиешiсi белгiлi тарихшы және саяси қайраткер - Мұхаммед Хайдар Дулат.Дулат тайпасы билеушiлерiнiң Қашқарияда қайтадан билiк құрмақ ниетiнен сескенген Рәшид хан таққа отырысымен дулаттарға қаһарын тiгiп, Мұхаммед Хайдар Дулаттың нағашысы Сайд Мұхаммед мырзаны қуғынға ұшыратты.Бiрақ бұрынғы шәкiртiмен әлi де болса жақсы қарым-қатынас орнатпақ болған М.Дулат Шағатай әулетiнен шыққан қандардың Моғолстан мен Қашқарияны билеуi жайында жазған тарихи шығармасы "Тарих-и Рашидидi" жас ханға арнады.Рәшид хан өзi билiк еткен алғашқы жылдардан-ақ Қазақ хандығына деген бұрынғы туыстық,достық қатынасты емес,қазақтарды Жетiсудан қуып шығу саясатын ұстанды.Ол үшiн бұрыннан өздерiмен дұшпан болып келген шайбанилiктермен достық және татулық келiсiмiне келуге тырысты. Сөйтiп,1533-1537 жылдары аралығында өзбек қаны Убайдолламен одақ жасасып ,қазақтарға бiрнеше рет жорық жасайды.Оларға қарсы қазақтар мен қырғыздардың бiрiккен одағы қарсы тұрады.
## Дереккөздер |
Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі.
Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташы, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жарған әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан. Бөлтірік шешен 1854 жылы дүниеден қайтқан. Оның үрім-бұтақтары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының қалалары мен далаларыңда еңбек етеді.
## Шыққан тегі
Бөлтіріктің шыққан тегі Ұлы жүз — Ысты. Шежіре дерегі бойынша Ыстыдан өрбіген бір ата Ойықтан Қызылқұрт, Зорбай (Ауызүсіген), Орбай (Көкшекөз), Сәтек туған. Осы төрт бұтақтың Зорбайынан Бәйгелді, одан Қосай, одан Малай, одан Сүйіндік, одан Өтеген, одан Сабдалы, одан Әлмен, одан Бөлтірік туады. Бөлтіріктің нағашысы — әйгілі Қараменде би. Ақындық, шешендік өнері ерте танылып, төңірегін әділдік-тапқырлығымен тәнті еткен Бөлтірік ел ішінің дау-шарына көп араласқан, өз ортасының ісілікті, жарастықты болуына айрықша ықпал еткен. Оның абырой беделі ауыл арасымен шектелмей, ел қамы мен халық тағдырына қатысты істерде де еленіп-ескеріліп отырған. Ол Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, сөзімен де, ісімен де танылған. Сондай-ақ, Бөлтірік өз тұсындағы Балпық би, андас Құтым би, мырза Жайнақ би, сарыүйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Малай би, суан Қожбанбет би, шапырашты Сұраншы би, қасқарау Ноғайбай би, тобықты Құнанбай Өскенбайұлы мырза, сондай-ақ, Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен тізе түйістіріп, бастас болып, ел ісіне бел шеше араласқан. Айтқан сөзі жерге түспеген аға сұлтан Тезек төре айтыпты дейді: "Мен екі ақын, бір шешенді көрдім: бірі — жалайыр Бақтыбай, біреуі — қызыл екей Сүйінбай, үшіншісі — Бөлтірік шешен. Атам — Абылай, әкем — Әділ, өзім Тезек едім. Он сегіз мың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржола сағым сынды". Сондай-ақ, "Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт", — деген сөзді әйгілі Ноғайбай би айтыпты дейді.
Бөлтірік шешен туралы А.Байтұрсынов, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, К.Әзірбаев, З.Қабдолов, Ж.Дөдебаев еңбектерінде толымды мағлұматтар кездеседі.
## Дереккөздер |
Алтайстика - алтай тілдерінің шығу тегін арнайы зерттейтін тарихи салыстырмалы тіл білімінің дербес саласы. Алтайстиканың негізгі мақсаты - алтай тілдері тобына жататын түркі, моңғол, тұңғыс - маньчжур тілдерінің өзара жақындастығын, төркіндестігін анықтау. А. саласындағы арнайы зерттеулер түркі, моңғол, тұңғыс - маньчжур тілдерінің кейбір типологиялық, структуралық ерекшеліктеріне сүйеніп, олардың арасындағы шынында да көптеген ұқсастықтардың, кейбір ұқсас грамматикалық тұлғалардың, фонетикалық заңдылықтардың және ортақ сөздердің бар екенін анықтап отыр. Бірақ бұл ұқсастықтардың себебін, мән-жайын түсіндіруге алтаист ғалымдардың арасында күні бүгінге дейін бір ауыздылық жоқ. Бірқатар ғалымдар (Б. Я. Владимирцов, Г. Рамстедт, Е. Д. Поливанов, М. Рясянен, Н. А. Баскаков, К. Г. Мангес т.б) алтай тілдері о баста бір тілден тараған , шығу тегі бір деп топшыласа, енді біреулері (Л. Лигети, В. Котвич, Г. Д. Санжеев, А. М.Щербек т.б.) алтай тілдері арасындағы ұқсастық олардың тарихи ұзақ дәуірлер бойы өзара тығыз қарым - қатынас болуының және бір - біріне күшті әсер етуінің нәтижесі деп жорамалдайды.
## Дереккөздер
Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1972ж., 1 том, 292б., |
Қарақұм құрылтайы, Қарақұм жиыны - 1710 жылы үш жүз өкiлдерiнiң жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшiн құрылған жиын. Ол Арал теңiзiнiң солтүстiгiндегi Қарақұм алқабында өттi.
Бұл бас қосуға ықпал жасаған Тәуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқаруды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Қазақтардың қорғаныс қабiлетiн нығайту үшiн сұлтандар билiгiн шектеп, үш жүздi жауапты билер арқылы басқаруға ұмтылды. Жиынға қатысушылардың пiкiрлерi ортақ болған жоқ. Олардың бiр бөлiгi жоңғарларға бодан болуды жөн көрсе, кейбiреулерi аңысын аңду пиғылын ұстанды. Дегенмен Бөкенбай Қараұлы батыр халықты жоңғарларға қарсы шабуыл жасауға көндiрдi. Бұл басқосуда хандар арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мәселе көтерiлдi. Оған үмiткерлер Қайып сұлтан мен Әбiлқайыр хан болды. Жасақтарға Бөкенбай жетекшi болып сайланса, хан билiгi Әбiлқайырға берiлдi.
## Дереккөздер |
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) — ноғайлық мырза, батыр, халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.
Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би – Нұраддин – Уаққас – Мұса – Ысмайыл би – Дінбай би – Тінікей – Абдолла – Сүйініш – Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабардин кінәзі Касбулат Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады.Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.
Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтайды.
Көрінген мынау көк Нарын
Ойран салып өткен жер.
Маңдайы күнге күймеген,
Жорғадан басқа мінбеген,
Сұлудан басқа сүймеген,
Қамқадан басқа кимеген...
Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.
Жауды көрсең жайнаған,
Жай тасындай қайнаған.
Еділде тұрып оқ атса
Жайыққа түсіп жоғалған...
Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқамнан қосым қалар деп,
Ақ дария толқын күшейтер.
Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп
Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған тек Қазтуғанға тән тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:
Жабағалы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең.
## Дереккөздер |
Өзтемiр жорығы — ойраттардың Әбiлхайыр хандығына қарсы Өзтемiр тайшы бастаған тонаушылық жорығы. 1457 жылы ұйымдастырылды.
XV ғасырдың 20-30 жылдары Iле және Ыстықкөлге дейiн шапқыншылықтар жасап тұрған ойраттар 50-шi жылдары Сырдария өңiрiне жетедi. Ойраттар Iле өзенiне келген соң қызметшiлерi мен арбаларын қалдырып, әскерi Әбiлхайыр хандығының астанасы - Сығанаққа аттанады. Көккесене деген жерде Әбiлхайыр хан мен Өзтемiр тайшы әскерлерiнiң арасында ауыр шайқас өтедi. Шайқаста Әбiлхайыр хан жеңiлiске ұшырап, шегiнедi де, Сығанаққа тығылуға мәжбүр болады. Бұдан кейiн қарсылық кездестiрмеген ойрат әскерi Түркiстан, Ташкент аймақтарын тонаушылыққа ұшыратып, көптеген тұтқындарды құлшылыққа әкетедi. Өзтемiр тайшы қайтарында Әбiлхайырмен келiсiм-шарт жасасады. Бұл Әбiлхайыр үшiн қорлық бiтiм едi. Күйрей жеңiлген Әбiлхайыр Түркiстанның талан-таражға салынған қалаларын тастап Дештi Қыпшаққа кетуге мәжбүр болады (Сыр бойына 1460-шы жылдары ғана оралады). Бұл жеңiлiстен кейiн Әбiлхайыр өзiнiң ұлыстарында қатал тәртiп орнатуға кiрiседi. |
Ақширақ - Орталық Тянь-Шаньдағы тау массиві. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан солтүтік, солтүстік-шығысқа қарай қатарласа созылған үш жотадан тұрады. Нарынның жоғарғы ағысы мен Сарыжаз өзенінің су айрығы саналады. Биіктігі 5126 метрге дейін, ұзындығы 50 км-дей. Метаморфтық тақта тас, әк тас, граниттерден құралады.Тянь-Шаньдағы мұзданудың ірі орталығы. Мұздану ауданы 439км2; 59 мұздықтың ең ірісі - Петров мұздығынан Нарын өзені басталады.
## Дереккөздер |
## Саңырық Тоқтыбайұлы
Саңырық Тоқтыбайұлы (1692) — жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Ошақты тайпасының Тасжүрек руынан. Әкесі — Тоқтыбай да батыр болған. Ол кісі кезінде батырлығымен бірге, таймас турашылдығымен, ауытқымас әділдігімен де елге танылып, аты шыгыпты. Әкенің осы қасиеті балаларына да жүғып, Саңырықтың ағасы Дәнен де, інісі Сарымерген де батыр болған. Атадан балаға берілген әңгімелер арқылы Саңырықтың бүгінгі ұрпақтары аталарын: "Ұзын бойлы, жауырыны сәл еңкіштеу, қолдары әлеуетті, ала көз, түсі суық, сұсты кісі болған" — деп суреттейді.
Саңырықтың ерекше қасиеті — құралайды көзге атқан мерген болған. Алғашқыда атағы осы мергендігімен шыққан. Ошақтының атақты бір байы той жасап, сонда мергендер жарысын өткізіп, бас бәйгеге қалы кілем жабылған қара нар бастаған тоғыз және сүйектен жасап, алтынмен аптап, күміспен күптеген керемет садақты тігеді. Осы сайыста 16 жасар Саңырық бас жүлдені жеңіп алады. Кейін "Саңырықтың сарнауығы" деп аталып кеткен осы садақ Саңырық батырдың жоңғармен соғыстағы бас қаруының бірі болған.
Саңырықтың батырлық жолы әйгілі "Ақтабан шұбырындыдан" кейін басталады. Атамекені жау қолында қалып, босқан елдің ауыр халын көріп, ет жүрегі езілген қазақтың намысты ұлдары ата жаудан кек алу қамына кірісіп, жер-жерде жауынгер жасақтар құрайды. Олар жаушы жіберіп, өзара хабарласып, бір-бірімен бірігіп, көп ұзамай бүкіл халықтық ұлы күшке айналады. Осындай бірігулер кезінде алғашқылардың бірі болып тізе қосқан Ұлы жүздің Саңырық батыры мен Кіші жүздің Тайлақ батыры болады. Олар осыдан кейін жүп жазбай, ел еңсесін көтерген тұңғыш жеңісті әкелген Бұланты шайқасында, түпкілікті жеңіске бетбұрыс жасатқан Аңырақай шайқасында да бір болады. Тарихшылар Бұланты шайқасында шабуылдаушы әскердің қолбасылары болған Саңырық пен Тайлақ батырларды осы жолғы жеңістің "жолашарлары" болды деп бағалайды.
Саңырық батыр жасағы бұдан кейін де талай шайқасқа катысқан. Оның Талас бойын жаудан тазартудағы, әсіресе, Ақкесене, Көккесене деп аталатын екі мүнара түбіндегі шайқастағы ерлігі ел аузында аңызға, жыр-дастанға айналған. Халық арасындағы сондай жырлардың біріндегі:
“ Босқан елді құрап ап, қол бастаған Саңырық.Алладан мәдет сұрап ап, жол бастаған Саңырық.Қарсы келген жауына, қырғын салған Саңырық.Анталаған қалмаққа, сүргін салған Саңырық.Тайлақ батыр екеуі серік болған Саңырық, —”
деп, жалғаса беретін әр жолдар ел қорғаған еріне риза болған халқының ерен құрметіндей, есте сақтар мәңгі ескерткішіндей көрініп, тым асқақ естіледі.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Есет Көкіұлы
* Қобыланды Тоқтарбайұлы
* Қарасай Алтынайұлы
* Жалаңтөс батыр (1576 —1656 жж.)
* Қабанбай батыр
* Хангелді Сырымбетұлы |
Ақжол би, Дайырқожа (туған жылы белгiсiз - шамамен 1459 жылы қаза болған ) - Әбiлхайыр хан кезiндегi атақты би. Дештi Қыпшақтың әйгiлi ақындарының бiрi Қотанның ұлы. Өз аты Дайырқожа, барлық мәселелердi әдiл шешкенi үшiн Ақжол би атанған. Ауыз әдебиетi деректерi бойынша Ақжол би мен Қобыланды батыр арасында дау -жанжал туып, Қобыланды Ақжол бидi өлтiрген. Бұған наразы болған Қотан бастаған арғындар Ақ Орда ханы Әбiлхайырдан бөлiнiп, Жетiсуға көшедi. Кейбiр зерттеулер бойынша Керей және Жәнiбек сұлтандардың қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға кетуiне осы оқиға себеп болған. Қотан бидiң баласы Ақжол биге айтқан жоқтауы ("Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар едi,құлыным!") әдеби мұра болып бүгiнге дейiн жеткен.
## Дереккөздер |
Ашамүйізді киік немесе Айырмүйіз (лат. Antilocapra americana) — күйіс қайыратын сүтқоректілердің отряд тармағына, Ашамүйізділер тұқымдасына жататын жануар.
## Биологиялық сипаттамасы
Дене тұрқы 1,5 м, биіктігі (шоқтығынан алғанда) 80 см, салмағы 35-60кг, сыртқы бейнесі бөкен тәрізді.
Түсі - ақшыл қоңыр, бауыры - ақ, тамғыда ақ "айшық" , текелерінде қара "маска" бар.
Айыр мүйіз текесінің қысқа (30 см) және толықша келген мүйізі тік шығып, екі ұшы алшақтау әрі қайқылау болып өседі. Еркектерінің мүйізі қысқа, жуан, аша тәрізді, ал ұрғашыларының мүйізі қыскалау, 5-7 см-ден аспайды. Аша мүйізділердің бұғылардан айырмашылығы - мүйізінің тек сыртқы қабатын ғана тастайды да - сүйекті негізі сақталады. Айыр мүйіздің басқа қуыс мүйізділерден бір айырмашылығы - оны мүйіз қабығы жыл сайын күйлегеннен кейін түсіп, қайта шығып отырады.
Айыр мүйіз жыл сайын мамыр-маусымда төлдейді. 60% ұрғашысы егіз бұзау табады. Бұзаудың салмағы 2-4 кг, түсі - сұр, 3 аптада шөп жей бастайды. 3 айда жетіледі.
Табиғатта 5-7 жыл өмір сүреді.
## Түрлері
Барлығы 5 түр тармағы бар:
* A. americana americana
* A. americana mexicana
* A. americana oregona
* A. americana peninsularis
* A. americana sonoriensis
## Таралуы
Солтүстік Американың прерий далаларында мекендеген, Канаданың оңтүстік-батысынан Мексиканың солтүстігіне дейін. Өте көп аулағандықтан 1908 жылғы мәліметпен саны 20 мыңға дейін азайған, кейбір жерлерде мүлдем құрып кеткен. Қазіргі күнде популяциясы 2-3 млн-ға жеткізілді.
## Пайдалауы
Мүйізінен дәрі жасайды
## Дереккөздер |
Жасыбай Өмiрұлы - қазақ батыры.
## Өмірбаяны
XVIII ғасырда өмір сүрген. Орта жүздің арғын тайпасы Бәсентиін руынан шыққан. Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Жасыбай батыр құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін, басқа да қазақ жерін жоңғарлардан азат ету күресіне белсене араласқан.
## Күресі
Бір шайқас алдында Олжабай батыр Жасыбай батырға сарбаздарымен келе жатқан жоңғар жасағының жолын бөгеп, жiбермеудi тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр екi есе көп жау қолымен асқан ерлiкпен соғысады.Бiрақ оқыс тиген жау садағының оғынан қайтыс болады. Қазақ қолы шегiне бастайды.Сол кезде тау шатқалына Олжабай бастаған әскер кiредi. Олжабай батыр Жасыбай батырдың жау оғынан мерт болғанын естiп, қалмақтарды қырып салады. Бұл күнде ол жер Қалмаққырылған деп аталады.
## Есімімен аталатын жерлер
Қазiргi Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлi, Жасыбай тауы деген жерлер бар. Жасыбай батырдың бейiтi сол асудың үстiнде. Халық арасында батырдың ерлiгiн баяндайтын Ер Жасыбай жыры сақталған.
## Дереккөздер |
Сүзге ханым - (???-1598) - Көшiм ханның сүйiктi әйелi, Шығай ханның қызы.
## Өмірбаяны
Көрiктi, сұлу әйелiне арнап Көшiм хан Ертiстiң бойынан ағаштан Сүзге-Тұра қалашығын салдырған (қазiргi Ресейдегi Тобыл қаласының маңында). Қалашықты екi жағынан Ертiс өзенi, алдынан терең жыра қорғап тұрған. Жыра арқылы көпiр салынған. Көшiм хан жұма күнгi намаздан кейiн осында келетiн. Сүзге ханымның Сiбiр хандығы құлағаннан кейiнгi тағдыры әртүрлi айтылады. Бiр аңыз бойынша ол 1598 жылы 20 тамызда Сiбiр хандығы күйреген күнi тұтқынға алынып, Көшiмнiң басқа әйелдерiмен, балаларымен бiрге Мәскеуге аттандырылған. Онда ол ертерек тұтқынға түсiп, орыс патшасына қызмет етiп жүрген Көшiм ханның жиенi Мұхаммедқұлға қосылған. Басқа аңыз бойынша Сүзге хандық құлағаннан кейiн өз қалашығын бекiттiрiп, бiр айға дейiн жауға берiлмей соғысқан. Күш таусылғанда, ол орыстарға "Шығып кетуге мүмкiндiк берсеңдер, қамалды сендерге тастаймыз "деген шарт қояды. Орыстар оған келiседi, бiрақ Сүзгенiң қалуын талап етедi. Жауынгерлерiнiң өмiрiн сақтап қалу үшiн Сүзге бұл шартты қабылдайды. Қорғаушылар кемеге мiнiп көзден ғайып болғанда, басқыншылар қалаға кiредi. Олар үлкен емен түбiнде жасаулы киiм киiп, қолына қанжар ұстаған Сүзгенiң өлi денесiне тап болады. |
Еменшіл сұлыкеш (Emberiza aureola) шағын денелі (19-22 г), өте көркем сұлыкеш.
## Биологиялық сипаттама
Жоны - қошқыл сарғылт, бауыры - лимонтәріздес сары, жемсауын сарғылт жолақ басып өтеді, қанатында және құйрығында ақ теңбілі бар, басының екі жағындағы маңдайы мен тамағындағы қара реңі арқылы аталықты басқа құстардың арасынан айқын көруге болады. Аналығы ашықтау өңді және қара түс болмайды, алайда жоны - қоңырқай, бауыры - сары, көмескілеу болуы да мүмкін. Басқа сұлыкештер тәрізді еменшіл сұлыкеш аралас жем жейді, балапандарды бунақденелілермен қоректендіреді. Ұялары жерде, құрғақ орындарға орналастырыдады, алайда кейде су жанындағы төмпешікке салады. Салындыдағы 4-6 қошқыл теңбілдер мен жіңішке сызықтармен мәрмәр түсті етіп безендірілген зәйтүн түстес - көгілдір түстен қоңырқай түске дейін боялған жұмыртқаларды ата-енелері ұяда кезектесіп, 13 күнге жуық басады. Балапандарын да ата-енелер 13-14 күн бірлесіп қоректендіреді. Бір жазда бір рет балапан өргізеді. Күзгі үшып өтуі туралы мәлімет жоқ.
## Таралуы
Бұл шығыс азиялық сұлыкеш бүкіл XX ғасыр барысында түрдің бір бағытта - батыста және оңтүстік батыста ұдайы таралуына жазушылар мен ғалымдар шығармасында мысал қызметін атқарды. Ол Қазақстанда орманды даланың шығыс және солтүстік өңірлеріне таман қоныстанады. Еменшіл сұлыкеш бұталарaы бар ылғалды, шөбі биік шалғынды үлескілерді ұнатады. Қыста Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшып кетеді, сонымен бірге ұялайтын аймақтың батыс бөлігінен (одан таяуда ұшып келсе де) алдымен шығысқа, соңынан батысқа ұшып кетеді. Сондықтан еменшіл сұлыкештің Қазақстанға ұшып келуі еш жерде айқын емес.
## Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010. |
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.
Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Ұлы Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.
Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885), “Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971) “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында жарық көрді.
Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
## Сыртқы сілтемелер
* Malimetter.kz Шалкиіз Тіленшіұлы реферат (қазақша)
## Тағы қараңыз
* Жыр
* Бұқар жырау
* Тәттімбет
## Әдебиет
* Харузин ауылы Киргизы Букеевской Орды, М., 1889;
* Мағауин М., Шалкиіз жырау Тіленшіұлы. — Жин.: Тіл және әдебиет мәселелері, ауылы , 1965;
* соныкі, Қобыз сарыны, ауылы , 1968.
## Дереккөздер |
Бопай ханым (шамамен 1690 – 31 мамыр 1780, Батыс Қазақстан облысы Елек өзені бойы) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, аузы сөзі дуалы мәмілегер.
## Өмірбаяны
Бопай Адай руынан - батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай Кенесары көтерілісіне катысуды халық арасында жалықпай - талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлыменбірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз (апамыз) Бопай. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.
Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А.И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. Нұралыны “қырғыз-қайсақ ханы” етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А.П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға “аттандатпай”, Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ-жоңғар қатынастарына тигізген әсері, Қайып хан мен Нұралы ханды бітістіруге бағытталған әрекеттері Бопайдың ел бірлігін қамтамасыз етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Дж. Кэстльдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.И. Левшин 19 ғасырдың 30-жылдарында:
деп жазды. Б. Елекке құятын Жосалы өз-нің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Кен орындарын игеру табиғи режимде немесе қабатқа әсер ету әдістерін қолданыумен жүргізіледі. Әдісті таңдау геологиялық-технологиялық шарттарға байланысты болады.
Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері (сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипатталады.
І саты – пайдалану кезеңін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы – ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сипатталады және пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПа∙с дейін болса 3-4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.
ІІ саты – мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру – бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) және сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тәсіліне ауысады.
ІІІ саты – мұнай өндірудің едәуір төмендеуі – мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып ұңғылар қорының азаюымен), ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады, әсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кен орындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты және орта есеппен 5-10 жылды құрайды. Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды. Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80-90%-ке дейін мұнай алынады.
ІV саты – игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипатталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе одан да бірнеше ондаған жылды құрайды және экономикалық тиімділік шегімен (рентабельділікпен) анықталады. Бұл әсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады. |
Сап алтын - алтын құрамындағы күмістің (43 % -не дейін) қатты ерітіндісі түрінде кездесетін минерал.
Кубтық сингонияда кристалданады, жеке кристалдарыоктаэдр, ромбылық додекаэдр, куб сияқты болады.
Түсі қанық және солғын сары, қызғылт. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2,5 Тығыздығы 19700-16800 кг/m².
Түйірлерінің ірілігіне қарай Сап алтын
* нәзік дисперсті (1-5 мк),
* тозаң тәрізді (5-50мк),
* ұсақ түйірлі (0,05-2мм),
* ірі түйірлі (2 мм-ден жоғары) болып ажыратылады.
Салмағы 5 грамнан жоғары Сап алтын арнаулы есепке алынады. Сап алтынның ірі кесектері Австралияда ("Холтерман плитасы" - жыныс кесектерімен қоса285 г, "Сүйкімді бейтаныс" - 70,9 кг, "Күткен қонақ" - 68,1 кг), Оралда ("Үлкен ұшбұрыш" немесе "дүниежүзілік монстр" - 36,2 кг), Ленада табылды.
Шығыс Қазақстанда революциядан бұрын салмағы 32 фунттық, Ұлы Отан соғысы жылдары 20 кг-дай, 1966 ж. Бестөбе алтын кенінде 900 г Сап алтын кесектері табылды.
Сап алтын кварц желілерінің жарықшаларында пирит, арсенопирит, пирротин т.б. сульфидтермен бірге ұшырайды. Ағынды су арқылы кесек жыныстармен бірге көшкенде қажалады, жұмырланады, пішіні өзгереді.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Ақша Сейітқұлұлы (1573–1659) – Қоқан ханы. Сыр бойында дүниеге келген. Атақты Әйтеке Байбекұлының атасы. Әлім тайпасының құрамындағы Төртқара руынан.
Әкесі Сейітқұл 1590–1620 жылдары Самарқан мен Бұқара аймағындағы 40 мың үйлі қазақ, 35 мың үйлі қарақалпақ, 100 мың үйлі өзбек жұртын біріктіріп, солардың ханы болған. 1622 жылы өзбек ханы Иманқұл Түркістан маңындағы қарақалпақтарға шабуыл жасады. Қарақалпақтарға Ақшаның інісі Жалаңтөс баһадүр өз жасағымен көмекке аттанады. Жалаңтөстен қаймыққан Иманқұл бітім жасауға мәжбүр болды. Қоқан мен Самарқанды сыйға тартып, екеуінің де әмірі етіп Жалаңтөсті жариялады. Осы кезде өзге елдерге жорыққа аттанбақ болған Жалаңтөс Қоқанның билігін туған ағасы Ақшаға берді. Ақша шамамен 1622–1635 жылы Қоқан ханының тағында отырды. Кейбір деректерде оны Қоқан әмірі деп атайды. Ақша інісі Жалаңтөс баһадүр бастаған жорықтарға қатыспаған. Алайда оның жорықтарына әскер дайындау, жол шығындарымен жабдықтау, қару-жарақпен қамтамасыз ету жұмыстарына белсене араласқан. Сонымен бірге Қоқан қаласы мен сол төңіректегі уәлаяттарды басқаруда әділ басшы ретінде кеңінен танылып, құрметке бөленген. Кейін 1635 жылы Қоқан билігін Жалаңтөстің өзіне берді. Ақшаның қабірі Өзбекстанның Науаи облысы , Нұрата ауданы Нұрата ауданының жерінде.
## Дереккөздер |
Қойкелді Сартұлы (1702–1795) — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы, Шымыр руынан.
1730 жылы Аңырақай шайқасына, 1734 жылы жоңғарлардың екінші шабуылына қарсы күресте оңт. қазақтарының әскербасы болған. 1740–1750 жылы жоңғар қалмақтарымен болған шайқастарда, 1756–1757 жылы Оңтүстік Қазақстанды қалмақтардан азат етуде ерлік, тапқырлық көрсеткен.
## Жастық шағы
Әкесі Қойкелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Ол сонда он жыл білім алып, елге діни сауаты мол білікті азамат болып оралады. Оның ел ішінде əзірет атануы да содан. Бірақ жаугершілік заман, ел басына түскен ауыр жағдай Қойкелдіні еріксіз əзіреттің сәлдесін тастап, дулыға, шапанын тастап, сауыт киюге, тәспиығын тастап, найза ұстауға мәжбүр етеді.
## Төле бимен байланысы
Қойкелдінің бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі — Төле бимен ажырата алмастай тығыз байланыста өтеді. Ұлы бидің сенімді серігі, жауға жұмсар батыры болған. Бұл ретте Төленің өмірін жазған Қазанғап: "Сол күндерде əзірет, Сарттың Ұлы Қойкелді, Төледен кейін бастаған, Ұлы жүзді сол еді" - дейді. Сондай-ақ "Төле би келмей жүріс жоқ, Қойкелді келмей ұрыс жоқ" деген ел аузында сақталып, мақалға айналған ескі сөз де сол бір аласапыран кезеңде айтулы екі тарихи тұлғаның ел тағдырын шешуде қандай орын алғанын айғақтап тұрғандай.
Қойкелді әуелде батырлығымен аты шығады. Түрлі шайқаста жекпе-жек шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Кейін сардар болып, кол басқарғанда да ол әскери соғыс төсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасылық қабілетін танытады. Атақты Аңырақай шайқасына Қойкелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатыр да қатысады. Осы соғыста Ақша бірнеше рет жекпе-жекке шығып, жаудың бірнеше батырын өлтірсе, Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болады. Баласы 13 жасар Қарабатыр қаптама соғыста ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан әкесі Қойкелді келіп алып шыққанша жауға бермей қорғап тұрады.Қойкелді қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін елді жаудан тазартылған жерге орналастыруда да үлкен еңбек сіңіреді.
Кешегі Кеңес дәуірінде Қойкелдіні орыс керуенін тонаушы қарақшы ретінде көрсетіп келді. Соның салқыны оның кейінгі ұрпағына да тиіп, 1937 жылы олардың біразы "халық жауы" аталып, атылып, айдалып кетеді. Шындығына келгенде, Қойкелдінің керуен тонағаны да, кейін Төле би мен Шақшақұлы Жәнібек батырдың араласуымен орыс патшасының өкілі Карл Миллерге керуен шығынына мал беріп, төлегені де рас. Бірақ ол не қылған керуен еді. Мәселе осында. Ол орыс патшасының қазақ жері арқылы жоңғар басқыншыларына жасырын қару-жарақ тиеп алып бара жатқан керуені еді. Кейін 1756–1758 жылдардагы атамекенді жоңғарлардан тазарту жолындағы ақтық айқастарда осы орыс мылтықтары қазақ жауынгерлерінің қолында "сөйлеп", жеңіс туының желбіреуіне үлес қосқаны белгілі.Қойкелді батыр 93 жасқа келіп, туған жерінде өз ажалынан қайтыс болған. Денесі сол кездің дәстүрі бойынша Түркістанға жерленген.
## Дереккөздер |
Абылай Уәлибақыулы , қанішер Абылай (т. - ө.ж.б.) - 17 ғасырдыңдың басында Сауран мен Түркістанды билеген қазақ сұлтаны, батыр. Үргеніш өңірінде туған. Абылай (Әбілмансұр) ханның туған атасы, Жәдік әулетінен. «Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін де қанішер деген қаһарлы да құрметті атаққа ие болған кісі» (Ш.Уәлиханов). Абылай Уәлибақыұлы кейбір деректерге қарағанда, Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ руларының бір бөлігіне билік жүргізген. Ресей империясы қазақ хандығындағы саяси жағдайға барлау жасау мақсатымен және экономикалық байланыстар орнатуды көздеп, 1616 ж. Тобылдың дуан басы И.С.Куракинге Абылай Уәлибақыұлымен келіссөз жүргізуді тапсырды. Абылай Уәлибақыұлыға Сібірдегі орыс қамалдарына шабуыл жасаған қалмақтарға қарсы соғыс одағын кұру, оның есесіне қазақтарға Сібір қалаларындағы сауда-саттыққа емін-еркін қатысуға рұқсат берілетіндігі ұсынылады. Бірақ Ресей екінші жағынан қалмақтармен де астыртын келіссөздер жүргізіп, қазақтар жөнінде арандатушылық саясат ұстанды. Осы себепті және Бұхар ханы Имамкулидің 1612 ж. Түркістанга жасаған тонаушылық жорығы нәтижесінде Абылай Уәлибақыұлы мен орыстар арасындаты бұл кездегі қарым- қатынас нәтижелі болмаған. Абылай Уәлибақыұлы әкесі Уәлибақы, атасы Жәңгір хан, баласы Көркем Уәли сияқты қан майданда қаза тапты.
## Дереккөздер |
Хуэй (хуэйцзу, қыт. 回族, пиньинь: huízú, сөзбе-сөз: «хуэй этносы»; қазақша: дүнгендер) — Қытай Халық Республикасының 56 ресми мойындалған ұлттық азшылығы. Хуэйлер негізінен Нинся-Хуэй автономиялық ауданында тұрады. Хэнань, Шыңжаң, Цинхай, Юньнань, Хэбэй, Шаньдун, Аньхой және басқа провинциялар мен автономиялық аудандарда хуэй халқының тығыз қоныстанған аудандары бар. Жалпы халық саны 10 586 087 адам (2010).
## Тілі
Олар қытай тілінің әртүрлі диалектілерінде сөйлейді, қытай иероглифтік жазуын қолданады.
## Діні
Діні бойынша Xуэйлар – сүнниттік мұсылмандар.Хуэйлер Қытайдағы барлық мұсылмандардың 45 пайызын құрайды. Олар көптеген ғасырлар бойы Исламды (ханафи ағымында) ұстанады және ислам мәдени мұрасының тасымалдаушылары болып табылады.
## Тарихы
Олардың ата-бабалары 13-ғасырда моңғол халқының үш жорығынан кейін шығыс Қытайға қоныс аударған хуэйхуй халқы, ал мұсылмандар Тан (618 - 907 жж.) және Сун династиясы (960 - 1276) кезінде оңтүстік-шығыс Қытайдың жағалау аймақтарында қоныс аударған.Өз тарихында көптеген басқа ұлттармен үздіксіз араласуы (мысалы, аралас неке) арқылы Хуэй халқы ханзу, моңғол және ұйғыр халықтарының әдет-ғұрыптары мен өмір салтын бірте-бірте қабылдап, өздерінің хуэйхуэй ұлтын құрады.
## Кәсібі
Негізгі кәсіптері — суармалы егіншілік. Күріш, арпа, бидай, жүгері, бау-бақша егеді. Сондай-ақ мал шаруашылығымен, көлік тасымалымен, қолөнер өндірісімен, саудамен айналысады. Олар шаруашылықты басқара білуімен танымал, дәстүрлі қызмет түрлерінің қатарында інжу-маржан мен асыл тастарды өңдеу, мал сою, өңдеу өнеркәсібі бар.
## Өмір салты
Отбасы шағын, бұрын үлкен болған, патриархалдық. Әйелдер айтарлықтай жоғары орынға ие. Көшедегі ертегішілер музыкалық аспаптардың (скрипка, бубен, зурна, т.б.) сүйемелдеуімен эпикалық поэмаларды орындап, танымал болды.
Кірпіш пен каркастан қалап, сабан қосылған балшықпен сыланған үйлерде тұрады. Бөлмені жылытатын жатаған кең пеш (кан) салады, аласа үстелде тамақтанады.
Ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерінің үлгісі ұқсас келеді. Желбегей киетін кеудеше, кең балақ шалбар, матамен қапталған аяқ киім киеді. Әйелдер киімі кестемен әшекейленеді.
Ұлттық тағамдары: ет араластырып майға қуырған ұн, көкөністер. Сүйікті тағамдары — дүнген кеспесі мен палау. Алдымен шай ішіп, соңынан сұйық тамақ ішеді. Тағамдарын таяқшамен жейді және бұрыш, сарымсақ, сірке қышқылын көп пайдаланады.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қытайлар
* Уцул халқы
* Елдер бойынша ислам |
## Жауғаш Қырбасұлы
Жауғаш Қырбасұлы (1733, Алматы облысы Қарасай ауданы — 1782, Жамбыл облысы Меркі ауданы) — Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. Ұлы жүз құрамындағы ботбай руының Қоралас аталығынан шыққан. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, “Жаралы жолбарыс” деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіске жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы шайқас кезінде туғандықтан әуелгі қойылған есімі Жауқашты екен, анасы Қоңырбике еркелетіп, Жауғаш атанып кеткен. Әкесі Қырбас 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарлармен болған бірқатар шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботбай қолын басқарған Сәмен батыр әскерінде мыңбасы болған. Жауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы Қарпық, Майлыбай сияқты серіктерімен ел еркіндігі жолында Алатаудан Арқаға барып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған. Жауғаш 1751 — 1753 жылдары Абылай ханның бірнеше тапсырмаларын тиянақты орындап, сенімді серіктерінің біріне айналды. 1754 — 1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланып, Жауғаш ұрыс болып жатқан жерден ханды аман алып шығып, құтқарып қалады. Бұқар жырау жырларында Абылай хан “Іздесем де табылмас, Жауғашжан, сендей құбаша ұл” деп мадақтаған Жауғаш батыр осы. Ол Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Сол жылы (1756) қытай генералы Хадаха өз қолына түскен Жауғаш батырды Абылай ханмен келісім жасауға жібереді. Жауғаш батыр 1771 — 1774 жылдары қырғыздармен қақтығыстардың мәмілегерлікпен аяқталуына ат салысқан. Қырғыз Момохан батыр мен Жайыл батырдың баласы Итекеге ара түсіп, Абылай ханның кескен өлім жазасынан аман алып қалып, қазақ-қырғыз арасындағы бауырластықтың сақталуына үлес қосқан. Абылай ханның өмірінің соңына дейін жанында болып, айнымайтын тірегі саналған Жауғаш батырға хан аманат етіп тапсырған, жоңғарларға қарсы соғыстарда көтерген қасиетті жеңіс туы батырдың ұрпақтарының қолында күні бүгінге дейін сақтаулы. Денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде, дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына жерленген. Қазіргі Жамбыл облысы Меркі ауданы Папанин ауылына Жауғаш батыр есімі берілген.
Ол — білімді мәмілегер, Қазақ хандығының 1756-58 жылдардағы Қытаймен келісімге келуіне, 1770-1774 жылдардағы қырғыздармен қақтығысының нөтижелі аяқталуына ерекше еңбек сіңіреді. Абылай ханның арнайы шақыруымен Жауғаш жетпісінші жылдардың аяғында қайтадан Арқаға барады. Хан ордасын Түркістанға көшіргенде Тілеуберді, Бүрге батырлармен бірге соның қорғаушысы болады. Жауғаш қандай жағдай болса да сөзіне берік, досқа адал, әділ кісі болған. Өздерімен соғысқан дүшпаны Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сүрап алуы соның айғағы. Оның досқа адалдығын Абылай хан да жоғары бағалайды. Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болады.
## Дереккөздер |
Ескелді би (шамамен 1692–1770 жылдар) Әмбе жалайыр әулие атанған Ескелді би — күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII-ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі. Ол өзінен екі жас кіші Балпық әулиемен, Қаблиса сияқты әрі ақын, әрі батырмен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылып босып кеткен жалайырлардың басын құрап, Жетісу өлкесіне қоныстандырған тарихи тұлға.
## Шежіреден
Ұлы жүздегі он екі ата Жалайырдың бір тармағы Сиыршы руынан өрбіген бес баланың бірі — Тоқымбеттен Бейімбет туады. Одан тараған үш ұлдың ортаншысы — Жанғабыл. Оның баласы Жылкелді — бес ұлдың әкесі. Үшіншісі Ескелді екен. Жылкелдінің бәйбішесі алты Алашқа мәлім Төле бидің Ұланбике атты қызы екен. Талдықорғандық журналист, жазушы Әли Ысқабаев жинаған деректерге қарағанда, Ұланбике анамыз ұзатылғаннан кейін араға бірер жыл салып, әкесі Төле бидің ауылына төркіндеп барады. Мал ішінде Кертаған деген өгіз жұр екен. Құрбыларымен, шешесімен сырласқанда Ұланбике сол өгіздің басына жерік екенін білдіреді. Мұны естіген Төкең: "Кертаған — малымның құты мен берекесі еді, менің дәулетім қызыма ауысайын деген екен", — деп, өтінішін орындатады. Қызының құрбы-жеңгелерін шақырып: "Өгіздің басын бұзбай тұтас асыңдар, қай жерін қалап жейді екен, байқап отырыңдар" — дейді. Бірақ Ұланбике бас пісіріп алдына келгенде, құрбы жеңгелеріне: "Мені оңаша қалдырыңдар" деген тілек айтады. Әйткенмен бір-екі жеңгесі жабықтан сығалап қарап тұрады. Жерік қыз бастың тілін ғана кесіп алып, жеген екен. Мұны жақсылыққа жорыған Төле би: "Құдай қаласа қызым ұл туады екен, ол қызыл тілдің шешені, өз елінің көсемі болады екен" — деп болжапты. Қызы төркінінен еліне қайтқан соң аман-есен босанып, ұл туады. Жылкелді қайын атасына ат шаптырып сүйінші сұратқанда, Төле би: "Тілекті алла ескерді, Жалайыр еліне ес келді, баланың есімі Ескелді аталсын. Елінің есін жиғызып, халық қамын ойлайтын азамат болып өсер ме екен", — деп, жас нәрестенің ертеңін болжап, шілдеханасына арнайы ақ боз ат шалдырып, дүбірлі той жасаған екен.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
Ескелдінің жастайынан зерек, тапқыр болып өсуіне қоршаған ортасы игі ықпал еткен. Ел билеген азаматтар, айыр тілді билер бас қосқанда әкесі Ескелдіні бала кезінен бірге ертіп жұрген. Келе-келе есі кіре бастаған кезде билер шиеленіскен дау-дамайдың шешуін таппай дағдарып отырғанда балаң жігіттің еті қызып, арқасы қозып, сөз сұрай бастаған. Ауыл ақсақалдары, білікті билер оқта-текте сөз кезегін бергенде Ескелді асқан тапқырлықпен, шешендікпен, ақынша ұйқас сөздер тауып, сөйлей жөнеледі екен. Бұған әкесі Жылкелді ұяла қысылып: "Балам, үлкендердің алдына бекер түсесің", — деп, тыйым салмақ болғанда сөз төркінін ұғатын зерделі, зиялы кісілер: "Жылкелді, баланың талабын қайтарма, бұл жерде "ата тұрғанда ұл сөйлегеннен без, ана тұрғанда қыз сөйлегеннен без" деген көне мәтелді қолдану ретсіз, балаңның ұғымы да, түйсігі де бөлек, басқа балаларға ұқсамайды" дегенде, көңілі тасып шабыттанған Ескелді:
Қой асығын қомсынып, Шымыр емес демеңіз, Қолға жақса сақа ғой. Ұл сөйлесе шамсынып,Жасы кіші демеңіз,Ақылы асса дана ғой, — деп тоқтаған екен.Бұған әкесі де шаттанып: "Балам, алдыңнан жарылқасын, үй баласы ма десем, ел баласы екенсің, еліңнің ай маңдайлы арысы бол!". — деп, батасын берген екен.Төле би жиені бес жасқа толғанда ұлы жүздің бар жақсысын шақырып, Ескелдіні оң тізесіне отырғызып: "Ақыл-есім орнына келді, енді бір он бес жыл жасаймын" — деп, өзінің де алдағы ғұмырын болжаған екен. Бұл жолы Төле би ең ұлы үш батасының бірін Ескелдіге берген екен. Қызырдың сөзіндей бірінші батасын Абылай ханға, екінші батасын Жетісу жерін жау қалмақтан азат етуде айрықша еңбек сіңіріп, теңдессіз ерліктер жасаған Өтеген батырға берсе керек.
### Ер жеткен шығы
Бірде Абылай хан жорық сапарынан келе жатып, жолай Сыр бойын жайлап отырған Жалайыр еліне ат басын бұрыпты. Осы өңірдегі сыйлы кісілердің бірі Жылкелді оны арнайы қонақ етеді. Сый-сияпат көріп, көңілі толған Абылай үй иесін сөзге тартады.— Ақсақал, әңгіме айта отырайық. Сіздің ойыңызша, жол анасы не, су анасы не, сөз анасы не? — деп сұрақ қояды.Адамгершілігі, кісілігі айрықша болса да Жылкелді мүндай тапқыр сөзге орашолақтау-тұғын. Сонда да сұраққа жауап беру керек:—Жол анасы үлкен даңғыл жол шығар. Су анасы — мұхит, сөз анасы тіл шығар, — депті күмілжіңкіреп. Сонда сөзге құлақ тігіп отырған Ескелді:—Жол анасы тұяқ болар, су анасы бұлақ болар, сөз анасы құлақ болар, — деп жауап берген. Енді бір деректе, ер жетіп келе жатқан жиенін Төле би сынамақ болған екен. Алыстан сәлем беруге арнайы келген Ескелді әбден кәрілік жеңген нағашы атасына:
Армысыз, ата!Таудан аққан бұлағым,Жауға шапсам ұраным.Сыйынсам да аллағаӨзіңді айтып тұрамын!Алты Алаштың өрісің,Халқымыздың төрісің.Өзің ғана табасыңӘрбір істің желісін, — деп, сәлем берген екен. Жақын жолдастарын ертіп, сонау Сыр бойынан Қазығұрт етегіне арнайы келген жиеніне риза болғаны сонша бірден өбектемей, ақыл-есінің қаншалықты толысқанын байқау үшін:—Досың қайда? Дұшпаның қайда? — деп сұрақ қойыпты Төле би. Ескелді сұқ саусағымен жұрек тұсын нұқыпты да, аузын ашып, тілін көрсетіпті.—Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда? — деп сұрағанда, Ескелді оң иығы мен сол иығын көрсетіпті.— Білікті адам қандай? Ақымақ адам қандай? — деп сұрағанда Ескелді күн көзіне күн салып қарап, алысқа үңіліпті, содан кейін көзін жұмып, төмен қарапты. Сонда қарт би "түсіндім" дегендей басын изеп, "балам, қолыңды жайшы" депті.
Шырағың жанып тұрсын,Бұлағың ағып тұрсын.Мың да бір бәледен,Жүз де бір кесапаттанАлла тағала қағып тұрсын.Жазың жайлы болсын,Қысың майлы болсын,Отын-суың сайлы болсын.Саған қастық ойлағанныңКөкірегіне қайғы толсын.Дұшпаның табаныңда болсын,Достарың қабағыңда болсын.Маңдайыңда жұлдыз болсын,Таңдайыңда бұлбұл болсын, — депті.Қонақтар бой жазып сыртқа шыққанда, жолдастары: — "Достарың кім? Дұшпаның қайда?" дегенде, неге жүрек тұсын нұқып, неге аузыңды ашып тіліңді көрсеттің? — деп сұрағанда, Ескелді:—Қас та, дұшпан да, дос та адамның өзінен. Жүрегің жұмсақ, пейілің кең болса, дос көп. Жүрек — адам денесінің төрешісі. Төреші әділ болса, жұрт айналаңа жиналады, сондықтан достықтың діңгегі деп, жүрек тұсын көрсеттім. Тіл — адамның әрі досы, әрі дұшпаны. Парасатты сөз айтсаң, біреуге жақсылық тілесең, жан-жағың жарқырап жүреді, байқамай, ағат сөз айтсаң — жан-жағың жабыла шағатын жылан-шаянға толады. Мен соны мезгедім.—"Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда?" деген сұраққа оң иығың мен сол иығыңды неге көрсеттің?,—деп сұрағанда, Ескелді:—Көне аңыздарда Қаһарман, Қатибин деген екі періште адам баласының жақсылығы мен жамандығын екі иығында отырып, үнемі жазып отырады деп, әжем мен атам айтатын. Бұл — жай сөз емес, әрбір пенде адамдықтан асып кетпесін деген тілектен туған.Бала жігіт бірнеше күннен кейін еліне жүрмек болғанда, Төле би жиенін өз ордасына шақырып, ақ бурыл дөненді, күмістеп шапқан ер-тұрманымен алдына көлденең тартып, алмас қылыш сыйлапты. Ескелді нағашы атасы берген түлпарға мініп, алмас қылышын жарқыратып қолына ұстағанда, тұлғасы жауға енді аттанғалы тұрған батырға ұқсаса керек. Сонда Төле би:
Бір алла жар болып,Қызыр-Ӏлияс шылауыңда болсын.Атың құтты болсын,Жаның жұпты болсын.Табаныңнан мұз өтсін,Маңдайыңнан күн өтсін.Үйің ырысқа толып,Төріңе Қызыр түнесін.Ғайып-ерен қырық шілтенЖан-жағыңнан қолдасын.Мұратың халық болсын,Алдың жарық болсын! — деп бата беріпті.
### Батыр Ескелді
Күллі Ұлы жүзді аузына қаратқан Төле биден бата алған соң Ескелдінің абыройы көтеріліп, барша Жалайырдың билігіне араласа бастайды. Өзінен екі жас кіші Балпық би де осы тұста ел басқаруға жарап қалған еді. Екеуі тізе қосып, Орақ батырды қолбасшы етіп, елді үгіттеуге, мәміле жүргізуге от ауызды, орақ тілді Қаблиса (Қабан) ақынды бас етіп, Сыр бойындағы елді Жетісу өлкесіне қарай көшіреді. Бұл оқиға Қалқа Жапсарбаевтың дастанында тамаша суреттелген. Шежіре бойынша оқиға 1767 жылы болған сияқты. Ауыз әдебиетін, тарихи деректерді көп жинаған Әубәкір Диваев былай деп жазған: "Үйсіндер Сырдан ауып келген... Сарқырама, Қараөзен, Қуаң деген жерлерден қалмақты қуып, Жетісуға егін салып орналасқан. Үйсіннен Қасқарау Өтеген батыр, Суаннан Қараекенің баласы Дәулет, Жалайырдан Ескелді, Сыпатай, Байқоңыр батыр бесеуі жерге бастап алып келді. Қалмақтан әуелі жерді босатқан Найманнан Қаракерей Қабанбай, Найманның Матайынан шыққан шыққан Тәттібай Есімбекұлы, Қораластан шыққан ер Жауғаш, Ыстыдан шыққан Шой батыр Абылайды хан көтеріп, қалмақты қуған". Бәрі шындық, тек Абылайды әлгі аталғандар ғана емес, күллі қазақтың ру басылары, қолбасшылар хан көтергені тарихтан белгілі. Тағы бір шындық, Бұхар жыраудың ашумен айтқан бір сөзіне бола Абылайды Төле би құл ретінде ұстады деу мүлде қате, ол оның түйесін де баққан емес, ақылына, мінезіне іштей риза болған ұлы би болашақ ұлы ханды өз ұлындай көріп, тәрбиелеп өсірген.Талдықорғанның маңайындағы Үштөбе деген жерде Абылай бастаған қол қалмақтармен бетпе-бет кездесіп қалады. Сол кездегі салт бойынша әуелі екі жақтың батырлары жекпе-жекке шығуы керек. Сонда Долонхор деген қалмақ батырымен Ескелді айқасып, ұзақ арпалыстан кейін аттан аударып, басын кесіп әкелген екен. Сонда қазақтар жаппай шабуылға шығып, жауды қашырған дейді. "Ер Ескелді аталатын" тұсы сол.Осы оқиғадан кейін Ескелді бір топ жасаққа қолбасшы болып тағайындалады. Ол Абылайға былай десе керек:
Алдияр деп айқайлап,Тұла бойда қан ойнап,Елім үшін құрсанып,Қылыш іліп білекке,Өлімге де бас байлап,Жеткіз деп құдай тілекке,Суық ұстап түсімді,Қайрап қойып тісімді,Найзаға байлап ақ байрақ,Жауға шаптым бөгелмей,Сынағалы күшімді!Ескелді бастаған қол Ӏле, Қаратал, Көксу бойында қалмақ жасақтарына қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, үнемі жеңіске жетіп отырған. Азық- түлік, күш-көлік әкеле жатқан тылдағы керуенін ілгері бастырмай, тау-таудың қуысына тығып талқандайды екен. Ол бастаған қолдың Ӏле, Бақанас жақтағы ерліктері осы күнге дейін ел аузында. Ол Қапалда Қабанбай тобына қосылып, жаралы жауды шекарадан асыра қууда да айрықша көзге түскен.
## Ескелді би туралы жырлар
Ескелді мен Балпық бейнесі ауызекі аңыздарда ғана емес, халыққа белгілі ерен жүйрік ақындардың да жырларына ілінген. Мысалы, ұлы жырау Сүйінбай Қатағанмен айтысқанда былай деген:
Мен бір жерде тұрмайын, Ӏледен әрі өтейін, Қызыл тілмен жетейін, Таңбалы тасты бетке ұстап, Желкеңді қиып кетейін, Он екі ата ол жақта, Тарақ деген жұртым бар, Ақкөбікті өлтірген, Орақ деген мықтым бар. Арғы атасын айтайын, Толған айдай толқыған, Қоғалы көлдей шалқыған, Көсем өткен Ескелді,Шешен тілді Балпықтан.Сыпайы туған бұл жұртым,Ӏле өзенін жерлеген,Сыр суындай өрлеген,Дұшпанға намыс бермеген,Бақ-дәулеті кернеген,Он екі ата ЖалайырАршынға қолын сермеген,Батырлық, ерлік сонда бар,Маңына дұшпан келмеген.
Сүйінбай ақынның сөзін талай жылдан кейін одан әрі жалғастырған ақын Сара былай жырлайды:
Ел едік Үйсін, Найман аулы аралас,Қосылған төскейде мал, төсекте бас.Жалайыр жалпақ, жуас берекелі,Ертеден мәлім еді ел екені.Сағынып аңсай іздеп келгенімде,Ортаңнан қызық көрдім мерекелі, — дейді де:Балпық пен Ескелдідей кемеңгер де,Айтулы сөзге жүйрік тереңдер де,Дарынды Дарабоздай бәйбіше өткенАқылы асып туған ерлерден де.Үш жүзге мәшһұр болған аты көптен,Жайылып талай жерге даңқы жеткен.Маржандай көмейінен сөз төгілген,Бақ қонған Бақтыбайдай ақын өткен...
Сол Бақтыбай айтысқа шығарда үш әулиеге сиынады екен:
Ия, Алла! Тіл жағыма бергін медет,Қолдай гөр, Ескелді атам өзің демеп, —деп бір бастаса, ар жағын жалғап:Атам Қабан оңдаса,Ескелді, Балпық қолдаса, — деп сиынады екен.
Ал XX ғасырдың ақыны Қалқа былай деп толғаған:
Балпық пенен ОрақтыЕскелді биді басшы ғып,Алдынан жер шолады.Атырауды айналып,Қаракенге барады.Ӏшіне шыққан бүлдіргенБүлдіргені жұпардай,Мұрынды исі жарады.Аққан суы мөлдіреп,Ӏшсең шөлің қанады.Қараталдың өлкесіӀледен де бағалы.
## Әулие Ескелді
Көзінің тірісінде әулие атанған, әрі шешен, әрі батыр Ескелді бидің кейбір заттарын ұрпақтары әлі күнге дейін көздің қарашығындай сақтап отыр. Қазіргі Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Сарыбұлақ ауылында Ескелді-Балпық мұражайы бар. Сонда Ескелді ұрпағы Әлбилан баласы Нұрсағат қария сақтап тапсырған дулыға көрмеге қойылған. Және бір қасиетті мүлкі бұрынғы Талдықорған облысындағы "Жетісу" колхозының Екпінді ауылында тұратын Жүнісбай баласы Сүлеймен карияның үйінде сақталып тұрғанын 1992 жылы қазан айында өткен дүбірлі той кезінде естіген едік. Ескелді бидің әулиелігін куәландыратын бір дерек: сонау бір жылдары Қаратал өңіріне күріш егеміз деп жер қазғанда тік тартылған канал Ескелдінің зиратына тіреліпті. Жергілікті қариялар зиратқа жақындамаңдар, алыстан айналдыра қазыңдар десе, бұл жұмысты басқарушылар: "Әулиеге де, құдайға да сенбейміз"— деп, экскаваторшыны жұмсай беріпті. Алып машина қайта-қайта бұзылып сынса да, аналар өршелене түскен. Ақыры экскаватор құлап, машинист оңбай жараланған. Соңында канал арнасын күмбезден бұрып әкетуге мәжбүр болған. Мұны көзімен көргендер бар!
## Ескелді би айтқан сөздер
Талдықорғанда тұратын ақын, журналист Әли Ысқабаев Ӏле өзенінің Балқашқа құятын сағасында өмір сүрген Найзабай баласы Қосшыбай қарттан Ескелді би айтты деген мынадай сөздерін жазып алған:
Араға үш жүз жыл салған соң, әрине, көп сөздер ұмытылған. Әйтпесе Ескелді сияқты ел бастаған би, қол бастаған батыр айтқан ұлы сөздер үшан-теңіз болуға тиіс. Бүл әулиенің рухы да, ісі де ұрпақтар жадында мөңгі сақталарына күмән жоқ. Мұны біз Қаратал өзені бойында өткен 300 жылдығына арналған ұлан-асыр тойдан, оған орнатылған зәулім ескерткіштен анық байқадық.
## Дереккөздер |
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет-ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.
Салт-дәстүр мәселесі
Қазіргі таңда салт-дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт-дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт- дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.
## Дереккөздер |
Уикиқайнар (ағылш. Wikisource) — ашық кітапхана — «Уикимедиа» қорының коммерциялық емес жобасы. Бұл жобаның мақсаты барлық тілдерде қолжетімді мәтіндерді қамтамасыз ететін, әрдайым толықтырылып отыратын электрондық кітапхана құру. Жоба өз жұмысын 2003 жыл маусымның 20 бастап атқаруда.
## Уикиқайнардың қазіргі кездегі көлемі
Жобаның статистика бетінде көрсетілген ақпарат бойынша, 2013 жылдың 31 мамыр айында 48 тілдік бөлім болды, олардың ішінде ең көлемдісі болғандары:
* Орыс тіліндегі бөлім — 251 427 мақала,
* Ағылшын тіліндегі бөлім — 226 519 мақала,
* Француз тіліндегі бөлім — 100 314 мақала,
* Португал тіліндегі бөлім — 88 624 мақала,
* Неміс тіліндегі бөлім — 74 001 мақала.
Ал мета-уики ақпаратты бойынша, 2013 жылдың 5 шілдесінде Уикиқайнардың 63 тілдік бөлімі болды және алғашқы бестікке келесі бөлімдер еңді:
* Француз тіліндегі бөлім — 1 376 760 мақала,
* Ағылшын тіліндегі бөлім — 956 868 мақала,
* Неміс тіліндегі бөлім — 303 359 мақала,
* Орыс тіліндегі бөлім — 259 120 мақала,
* Итальян тіліндегі бөлім — 140 339 мақала.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Анықтама «Уикиқайнар деген не?»
* Нұсқама «Уикиқайнар неден тұрады»
* Статистика |
Ақиқат пен аңыз — роман-диалог
Ақиқат пен аңыз — Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.
## Қысқаша мазмұны
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.
## Шығарманың басты кейіпкері
Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар,өр мінезді кісі болғанынын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.
1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
## Тағы қараңыз
* Әзілхан Нұршайықов
* Бауыржан Момышұлы
## Дереккөздер
* http://ikitap.kz/book/a_nurshaiykov_akikat_pen_anyz/files/assets/basic-html/page2.html |
Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш ,Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.
Трилогия көптеген тілдерге аударылып, 1998 жылғы ағылшын тіліндегі басылымға («The Nomads») алғысөзді Президент Нұрсұлтан Назарбаев жазған. 2012 жылы «Көшпенділер» жапон тілінде жарық көрді. 2012 жылы неміс тіліндегі аудармасы шықты.
## Қысқаша мазмұны
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
* Алмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
* Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.
* Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.
## Трилогиядағы тарихи тұлғалар
Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
* Алмас қылыш романында — Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан, Асан қайғы, Қазтуған
* Жанталас романында — Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау
* Қаһар романында — Кенесары хан, Ағыбай батыр, Жоламан батыр, Бопай сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.
## Кітап туралы пікірлер
Нұрсұлтан Назарбаев:«Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш - қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді».
Шыңғыс Айтматов:«...алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жағдайына да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр».
Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов:«І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».
Шыңғыс Хұсейінов:«Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін - өзі танып - білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады».
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* http://www.tarih.spring.kz/kk/history/postwar/figures/esenberlin/ Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2013 жылы.
* Ілияс Есенберлин
* http://shkola-isatai.at.ua/load/kitaptar/kitaptar/ilijas_esenberlin_quot_k_shpendiler_quot_kitaby_quot_a_ar_quot_3_tom_2004_zhyl/37-1-0-215
## сілтемелер
* http://1referat.kz/shygarma/koshpendiler.html Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы.
* http://doc.nlrk.kz/result/ebook_1018/#ps Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2013 жылы.
* http://www.kitap.kz/ru/content/koshpendiler-2-kitap Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2013 жылы.
* І.Есенберлин.Көшпенділер:Тарихи трилогия.Алматы:Көшпенділер баспасы,2006.
* І.Есенберлин.Көшпенділер:Тарихи трилогия. - Алматы:І.Есенберлин атындағы қор,2002. |
Ахмед Әл Әсир ливандық мұсылман суннит, оңтүстік Ливанның қаласы Сайдадағы "Биляль бин Рабах" мешітінің бұрынғы имамы. Жергілікті саясатта беделі және әсері көбейгендіктен және БАҚ-мен қарым-қатынасы жақсы болғандықтан, ол Ливанның қазіргі саяси сақынасындағы үлкен және белгілі тұлғаға айналды. Оны "саляфи" деп атайды, бірақ ол өзін ұлттық телеарнада сектаға қатысы жоқ суннитпін деп атады. Ол Иранға және лаңкестік қарулы шиит тобы Хезболлаға қарсы сөз сөйледі, сөзінде оларды Ливанның діни балансын және демократиясын құртуында айыптады.
## Дереккөдер |
Есберді батыр - батыр, шешен, Қожамбет-Наймандар әскерлерін бастаған қолбасшы. Шамамен XVII - XVIII ғасырда өмір сүріп, Абылай ханның сенімді серігі Әбілпейіз сұлтанның батырларының бірі болған. Руы - Найман, Қаракерей ішіндегі Қожанбет, Егізқара атасына жатады.
Ата қоныстары Бөкенбай тауының оңтүстік етегі, Қалжыр өзенінің бойы.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел-жұртына қамқорлық танытады. 1770 - 1776 жылдары найман елі Әбілпейіз және Көгедай сұлтандардың билігінде болады. 1776 жылы Әбілпейіз ордасы Қалжыр өзенімен Күршім өзені аралығында болған. Бабатілеу, Қабырғатал арасына хан ордасын тіккен. Көгедай Әбілпейізұлы ордасын Зайсандағы Жеменей өзенінің бойына ауыстырады. Хан ордасы кейіннен Ластыға ауысады. Себебі, бұл жер Қытаймен сауда қатынастарына қолайлы болды. Бұл кезде Шәуешекте жәрмеңке ашылады.
1726 жылы Ордабасы тауының маңында бүкілқазақтық құрылтай болды. Осы құрылтайға Қазақ хандығы жеріндегі хан - сұлтандар, атақты батырлар қатысады. Есберді батыр өз жасақтарын бастап құрылтайға қатысады. Есберді батыр Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатысады. Бірде Көгедай төре Есберді батырды дереу Ластыға, Әбілпейіз ордасына шақырады. Бір түнде кешікпей жетсін дейді. Есберді батыр бірнеше жолдасымен Қара Ертістегі жалғыз өткел Түйетастан зорға өтеді. Батыр Түйетас арқылы бір жарым күнде Ластыға Көгедай төре алдына барады.
* Айтылған мерзімнен кешігіп келгені үшін Есберді батырдың басын алыңдар, - дейді Көгедай төре.
* Алдымен төренің басын мен алармын, содан кейін менің басымды сендер аласыңдар, - дейді Есберді батыр.
* Батырым кеудең асыл екен, бөксең жасық екен депті төре. Соңыңа ерген әскерің жоқ деген мағынада айтқан болса керек. Осыдан кейін төре ойланып, батырды жазадан босатады. Төренің аузы уәлі болғаныма, Бәйтелі ұрпақтарынан Есбердіден кейін қол бастаған батыр шықпайды.
Есберді батыр қайтыс болған соң Қалжыр өзенінің бойындағы Диірмен деген жерге жерленеді. Көгедай төре батырдың зиратын көріп : "Есберді батыр адам еді, батыр денесі етекте жатпау керек. Оны көтеріңкі биік жерге жерлеп, "Есберді нұрасы" деп атаңдар" дейді. Батырдың ұрпақтары Есбердінің денесін орнынан алып, орнына қара қой көміпті. Себебі, қазақ халқының дәстүрі бойынша жерленген адамның денесі орынынан алынса, мәйіттің орны бос қалмауы керек болған. Батырды Қалжыр өзенінің оңтүстік - батысына биік жерге құрметпен жерленген. Күйдірілген қышпен қоршалған төрт бұрышты зираты осы күнге дейін тұр. Зират белгіні жұрт "Есберді нұрасы" деп атайды. "Есберді нұрасы" көп жылдар бойы жалғыз оқшау тұрады. 1966 жылы Қожанбет , Егізқара Дөсет атасына жататын Меңдібаев Ғұмар қария "Есберді нұрасына" жерленеді. Осыдан кейін "Есберді нұрасында бейіттер көбейіп кетеді. "Есберді нұрасы" күні бүгінге дейін көп бейіттер арасында тұр. Батыр туралы деректер аз. Есберді батырдың қандай ұрыстарға қатысқаны, әскерінің саны қанша болғаны туралы жазбаша деректер жоқтың қасы. Әрине мұндай құбылыс өзге батырларға да тән. Ол туралы деректер ауызша түрде ғана сақталған. Батыр туралы деректердің ұмыт қалмай, жиналып бірізділікке салынуына Марқа өңірінің беделді ұстазы, зерттеушісі Мешелева Мәкеннің үлесі қомақты. Мешелева Мәкеннің "Қарт Алтай аясындағы ару Марқа" атты кітабында батыр туралы жинаған материалдарды, Марқа өңірің атақты адамдары туралы мәліметтер келтірді. Өзге тарихи кітаптардың бірде бірінде Есберді батыр туралы деректер келтірілмеген.
## Ұрпақтары
Есберді батырдың абыройы өте жоғары болған. Ол атақты Қамбар төреден қалыңсыз қыз алған. Яғни, батыр Шыңғыс хан ұрпақтарымен туыстық қатынаста болған. Ұрпақтары Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл аймағында, Жаңаауыл ауылы және Қалжыр ауылында. Ұрпақтарының бір бөлігі Түркия елінде. Бейіті қазіргі Бәйгетөбе деген жерде. Ақсақалдардың айтуынша бейітке 300 жыл болған. Есберді батырдың әкесі - Бәйтелі. Ұлдарының бірі - Белеш. Белештен - Шәкі қажы, Шәкіден - Сұрабай, Сұрабайдан - Асқар, Асқардан - Мұса (1870 - 1943), Мұсадан - Сиязбай (1901 - 1928), Секен, Бекен тарайды. Бекен бала кезінде қой бағып жүріп Қалжырға ағып кетеді. Секеннен Сәветбек, Сәветхан, Қарлығаш тарайды. Секен Ұлы Отан соғысынан оралмайды. Сиязбай 27 жасында соқыршектен қайтыс болады. Сиязбайдан - Қабышкен (1927 - 2012), Қабышкеннен бес ұл: Мұратхан, Болатқан, Бауыржан, Талант, Дулат тарайды. Батыр туралы мәліметтер тек ауызша ақсақалдардың айтуымен жеткен. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлік көрсеткен.
Батырдың ұрпақтарының біразы ауыр жылдары заманның ауыртпалығымен туған жерден алысқа көшіп кеткен. Қытайға көшкен Есберді ұрпақтары 20 ғасырдың 30 жылдарына дейін сонда тұрақтаған. Алайда, ұрпақтың қамымен, болашақты ойлап, олар оңтүстік азия елдерін басып өтіп, Түркия еліне қоныс аударған. Түркияға барар жолда олар небір қиындықтарға жолыққан. Бүгінгі таңдағы батыр ұрпағының бірі, бүкіл түркі жұртына белгілі тұлға, әрі осы Түркияда туып өскен ғалым, түрколог - Әбдіуақап Қара есімді азамат.
## Дереккөздер |
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы (1861-1903), ақын. Зираты Жабасай қорымында. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді. Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып, кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. Әуезов «Әбубәкір өмірі мен шығармалары» жөнінде зерттеу-мақала жазған. Ол зерттеуі М. Жолдыбайұлымен және Ә. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құрамы» деген кітапта жарияланған (7-сыныпқа арналған, А,, 99-102-беттер, 1933).
## Дереккөздер |
Ақбілек — Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған психологиялық роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды.
## Қысқаша мазмұны
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе басты кейіпкер Ақбілектің қасіретке толы өмірі, мұңы мен шері жайындағы туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры мен әйел теңсіздігі.
«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
## Шығарманың басты кейіпкерлері
* Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
* Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
* Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
* Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
* Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
* Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
## Дереккөздер
* http://aimauytov.psu.kz/images/stories/pdf/akbilek_aimauytov.pdf Мұрағатталған 2 қаңтардың 2014 жылы.
* http://baq.kz/kk/regional_media/post/1742 |
Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды… Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын ойлайтын түзу адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды. Зар заман ағымы отаршылдық дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі. Асан ата айтып кеткен («Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып, заң тозып, жаман болар»), Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір дұспан Ақырда шығар сол тұстан») дәуір келіп жеткен соң ақын-жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлы 1802-1871, Шортанбай Қанайұлы 1818- 1881, Мұрат Мөңкеұлы1843-1906, Әбубәкір Кердері Шоқанұлы 1858-1903 т.с.с. ақындарды қосуға болады.Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі.Асылық азған заманда,
Алуан- алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,-
деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.Ол:
Қайыр кетіп байлардан,
Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен тенгеторпақ деп,
Тиынға тиын болып тұр.
Залым туған сұмырайлар
Осылай жұртты еміп тұр,-
дейді.Осының бәрін Шортанбай заманның азғандығы деп ұқты. Шығыстағы Дулаттың, батыстағы Әбубәкір мен Мұраттың, Арқадағы Шортанбайдың бір – біріне ұқсас әуенмен ел мұңын жырлауы көп ойға жетелейді.Заманды сезіну ортақтығы деген осы.Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты. Бұл қарсылық отаршылдық дәуірдің құбылыстарын аяусыз сынға алған зар заман поэзиясында шынайы көрініс тапты:Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?
Ұлы өрісі қысқарып,
Кең қонысың тарылды.
Шортанбай:
Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды.
Талай ғасырдан бергі жаугершілік жорықтарында қасқыр мінез танытып, намысын ешкімге таптатпаған,кеудесі көтеріңкі, рухы биік қыр қазағы ептеген жағымпаздыққа бой алдырды. Бұл ең алдымен Дулат Бабатайұлының сынына ілікті:Майырдан алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын.
Ел пысығы жортады-ай,
Өз елді қорқытып,
Одан өзі қорқады-ай.
Бұл тұрғыда М.Мырзахметовтің пікіріне жүгінсек, «қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет ұлттық санасы саналы түрде оянған жаңашыл ақын, халқының бозторғайы боп шырылдаған Дулат поэзиясында отаршылдық билік жүйесі және елін сатқан атқамінерлер бейнесін тұңғыш галереясы жасалды» дейді.Жұртшылық арасында «Жаңа низам» деп аталған 1868 жылғы реформа- зар заман поэзиясының негізгі тақырыбы болды.Қарапайым халықтың «Жаңа низамды» қалай қабылдағанын, қандай күйге түскенін зар заман мектебінің өкілдері тайға таңба басқандай бейнелейді.Әсіресе, Дулат Бабатайұлының отарлаушылардың астарлы амал-айласы мен қитұрқы қулығын салғаннан-ақ аңғарды:
Батыстан патша түнегі,
Жеріңе келіп түнеді.
Жоныңнан таспа тіледі,
Дулат оны біледі.
Осыны Шортанбай да:
Осы күнде заманның,
Осылайша болып тұр.
Мұсылманды бұл күнде,
Орыс кәпір жеңіп тұр.
Ал Әбубәкір болса:
Қоныстан бірнешелер көшті үркіп,
Штаттың хабарынан білмей қорқып — дейді.
Отаршылдық биліктің ел арасындағы өкілдерінің бейнесі зар заман поэзиясында типтік тұлға ретінде көрініс тапты. «Өмірдің шындық құбылыстары мен оқиғаларының қалың тасқыны арасынан қажетті типтік сипаттағы маңызды, мағыналы фактілерді көре білу үшін де зергерлік зерде керек» деген талап тұрғысынан қарасақ, халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдау арқылы өзара үндестік танытқан замана жыршыларының шығармаларынан типологиялық ұқсастықтың мысалдарын көптеп кездестіруге болады.
## Махамбет шығармашылығындағы құс бейнесі.
Қалықпан – ерекше жағдайда сирек туатын қыранның бірі. Аңыз бойынша қарақұстың жетінші не тоғызыншы ұрпағына сәйкес. Махамбет Өтемісұлы өзінің мұндай іргелі қасиетке шешендік ой, ақындық тіл, ұшқыр ақылымен жете алатынына назар аударту арқылы метафора дәлдігін асыра түседі. Жеке ісімен ниетінің дұрыстығына сенім, қиялдағы күдік болжамы, диалогтық қатынасты елестету өлеңдегі аршындау, жан-жағына қарақтау, іштей сөйлесу, ашық пікір айту, өзіне-өзі сенімділік және оған басқа субъектілерді иландыру экспрессемалары – психологиялық драматизм кернеуіне лайықты мысал. Жорық падишаһы Махамбет адалдығы мен ақтығына шіркейдей күмән ұялатудан аулақ. Контрастылық ыңғай, шендестіре сөйлеу, тұлға мен жалпы қауым интенцияларын шартты түрде шарпыстыра ой түю тағы да әдепті айқындау мазмұнын тиянақтай түседі.Сонымен қатар,ақынның ереуіл үстіндегі бар бітім-тұлғасын қазақ менталитеті үшін аса қадірлі текті құстар әулетімен салыстыра толғау үрдісі әрдайым қайталанып отырады.
Мен қарақұстан туған қалықпан,
Сөйлер сөзге жалықпан.
Көптер көзін тіккендей,
Көп соңыма түскендей,
Көптің несін алыппын?
Тыңда, халық, әлеумет,
Көп кісіден анықпын.
Махамбет жыралындағы ақынның айналасынан оқшау тұлғасын даралап көрсетуде «ақсұңқар» концептіне қатысты жолдар ерекше поэтикалық қуатпен биік әсерлерге бастайды. Мысалы:Аспанда ұшқан ақсұңқар,
Қолымда тұйғын, лашын.
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын («Аспанда ұшқан ақсұңқар») – деп тұсауын кесетін толғауда «ақсұңқар» — қол жетпес арман кейпінде сағыныш, ынтызарлық әуендерімен ұштасып жатады.Диалогтық қатынас сақталатын өлең құрылымындағы «ақсұңқар» концепті символикалық мағынасын өзге шығармаларда да жоғалтпайды.«Мен қарақұстан туған қалықпан» формасындағы құрылымнан өзгешелік – мұнда кішіден ірілену орынан жоғарыдан сәл төмендеу, әйтсе де дегдарлық сымбатынан айрылмау әрі жақсылық ұғымының құндылық өрнегін ата-тек өлшемімен құлпырту мақсаты шығармашылық үдерісіндегі ырықсыздық заматын табиғи талант құдіретімен түрлендірген. Өмірдегі көрініс, жағдаят атаулыны әсерге бөлеп, шығандата суреттеу романтизм эстетикасы талаптарына әбден сай. Өлеңде психологиялық ыңғайдағы намыс категориясы поэтикалық астарлы бейне әрі риторикалық сұрау арқылы динамикалық серпін тапса, соңғы қос тармақтағы аллитерация және айқын метафора болмысы предикативті сипатымен дараланады. «Бәйтерек» жай бәйтерек емес, «түбін қазған» «бәйтерек», ол жай құламайды, «толқуменен құлайды». Қозғалыс суретінің шынайылығы эмотивтік ой-сезім қабаттарына эстетикалық ажар қосады. Әсер-түйсік іліктестігі заңдылығына сайсаңыз, осы жолдардағы эпитеттер Махамбет өмірін коннотативті жүйеде көп қырлы қалыппен бедерлейді. Фауна мен флорадағы егіздесу шағы соңғы мезетте мұңды кейіп алуы ақын тіршілігімен тағы бір жұп түйін құрайды. Сатылы, градациялы параллелизм үлгісіндегі сұлулық генотиптен алшақтамайтын қайсарлық, асқақтық, табандылық рухымен тұтасып жатыр.
Таудай болған талаптың
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бауы көрініп,
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Негізінен Исатай өлімін аза тұту рәсіміне беріліп, толғауда жоғарыдағыдай керағар сезім тоғысулары кездеспейді, қайта бастан-аяқ түнеру,күйіну сағаттарына сәйкес біп текті ой ағымы, салыстырулар бедері белестеніп көрінеді.Киелі құс бейнесі Махамбет жырларында уақыт өте жеке субьект болмысымен терең ұштасыптұтасу үрдісіне көшетіндей.
Томағалы сұңқар мен едім,
Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.
Ер дұшпаны көп болар,
Қатын-дұшпан жігіттер
Не демес дейсің сыртымнан ?
Махамбет эпитеттері сұңқар тұлғасын тым еркін күйде бейнелемейді.Қалың тобырдың бірі емес, топжарған жүйрік сазгер арқылы батыр артық туған қасиетін жасырудан аулақ. «Көп кісіден анықпын»деп қана кішірейе қататын лирикалық кейіпкер енді қиялдағы көңіл жақпас көріністерге ашына ,қыр көрсете сөйлейді.Махамбеттің жаулары алыста ғана емес, өз ішінде,қасында жүргені наразылық әсерін асқындыра түседі.Лашын, ителгі, бүркіт,жапалақ, күшеген,қаршыға,қыран концептілері төңірегіндегі көркемдік бейне үзіктері Махамбет өлеңдерінтоты құстай түрлендіреді.Сұңқар ұғымының ақын автопортретін сомдаудағы эстетикалық тұжырымдамасы адамзаттың тәуелсіздік, азаттық рухы жолындағы қайтпас қайсарлық, ерлік,зәулім мұрат туралы поэтикалық түсініктерін толымды өрнектеген.Тарихқа біржақты баға беру, аруақтар сырын толық білмей жатып,талқыға салу-әр адамның арына жүк. Махамбет Өтемісұлының жорық көсемі әрі елдік пен ерліктің жыршысы,ұлы жырау екендігі анық.
## Тағы қараңыз
* Зар Заман ақындары
* Зар Заман
* Жоғалған ұрпақ
## Дереккөздер
1. Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы. Автореферат.Алматы.2002.
2. Қ.Өмірәлиев ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Алматы:Ғылым.1976ж.270б.
3. Қаратаев М.Дәстүр және жаңашылдық,І кітап,Алматы.1980.366 б. Ғылым.
4. Мәдібай Қ.Зар заман ағымы.Алматы:Қазақ университеті.1997 ж.160 б. |
Қойлық, Қаялық — Ӏле алабындағы аса ірі ежелгі қала. Деректемелерде 11 ғасырдан бастап белгілі, бір кезде ол Қарлұқ кағаны — Арыслан ханның ордасы болды. Франция королі IX Людовиктің елшісі Вильгельм де Рубрук Қойлықта 1253 жылы күзде болған. Бұрынғы Ӏле кыстағының жанындағы өткел аркылы Ӏле өзенінен өткеннен кейін ол былай деп жазды: "Келесі оған көптеген көпестер қатынап тұрған Қаялық деген үлкен кала таптық". Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан FA археологиялық зерттеулер Қойлықтың орны Лепсі алабындағы Антоновка аулындағы қираған құрылыстар екенін анықтады. Мұнда 1964 жылы Жетісу археологиялық экспедедициясы барлау жұмыстарын жүргізген. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекші К. Байпақов) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қаланы қоршаған дуалдың биіктігі 3,5—4,5 м.
Бұрыштарының сұлбасы дүниенің төрт тарапынан бағыттас орналасқан төртбұрышты төбе. Солтүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 1200 м, оңтүстік-батыс кабырғасының ұзындығы 750 м. Сыртқы қабырғасының бойында, бір-бірінен 30—40 м қашықтықта орналасқан дөңгелек мұнаралардың қалдықтары сақталған. Олардың кейбіреулерінің қазіргі биіктігі 6—8 м-ге жетеді. Қойлықтың орнын қазғанда 1—14 ғасырлардағы қала адамдарының тұрақтары, қыштан жасалған ыдыс-аяқтар —құмыралар, көзелер, кеселер табылды. Одан табылған қола теңгелер қаланың 8—14 ғасырларда ірі өркениет орны болғанын дәлелдейді. Соңғы жылдары қала аумағынан бірнеше тұрғын үй, будда ғибадатханасының орны аршылған. Сондай-ақ кейінгі жылдардағы қазба жұмыстары нәтижесінде мешіт орындары да табылған. Олардың құрылысы мен нобайы Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Отырар алқабындағы мешіттерге өте ұқсас. Соған қарағанда мұндағы ислам діні- не енген қауымдастықтардың орталығы Отырар төңірегінде болған сияқты.
## Дереккөздер |
Алқа — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заречный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде, Балықты көлінің батысында 3 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 223 адам (119 ер адам және 104 әйел адам) болса, 2009 жылы 122 адамды (67 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ұлпан — Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі.
Роман алғаш рет «Жұлдыз» журналының 1974 жылғы 6, 7, 12 сандарында жарияланды. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан жеке кітап болып шықты. Жазушының бес томдық шығармалар жинағының (Алматы, «Жазушы», 1972–1976) бесінші томына (1976 жылы шықты) енді. 1976 жылы роман «Улпан ее имя» деген атпен орыс тілінде (аударған Алексей Белянинов) «Жазушы» баспасынан кітап болып шықты. Бұл роман үш бөлімнен (бірінші бөлімінде жеті, екіншісінде он екі, үшіншісінде бес тараушалардан құралған) және жиырма төрт тараудан тұрады. Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар. Романның екінші бөліміндей он екінші тараушаны автор жаңадан жазып қосты. Бұл тарауша алғаш рет «Қазақ әдебиеті» газетінің 1979 жылғы 2 ақпандағы санында «Ұлпан стансасы» деген атпен жарияланды.
## Қысқаша мазмұны
Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы, батыры. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-қазақтары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған.
Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Есеней оны ұл бала деп ойлайды. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз. Оның екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Ұлпанасыр той жасайды.
Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Біжікен жүкті болып, толғатар алдында қайтыс болады.
Біжікеннің өлімінен кейін Торсан Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол станциясының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станция). Романның ерекшеліктерінің бірі - қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болуы.
## Шығарма кейіпкерлері
* Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. Ұлпан — кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
* Есеней — романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол — ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.
* «Түрікпен» Мүсіреп — Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары — бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал—мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.
* Аңшы Мүсіреп — Есенейдің достарының бірі. Өзі мерген, шебер, аң аулаудан жанын салмайтын адам.
* Шынар — түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі. Шынардың әкесі етікші болған. Шынар — қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек. Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі. Аяғында кестелі етігі бар. Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі. Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар.
* Артықбай мен Несібелі — Ұлпанның ата-анасы.
* Біжікен (Бибіжиһан) — Есеней мен Ұлпаның қызы.
* Тілеміс — тілмаш және Торсанның әкесі.
* Байдалы би, Тоқай би, Күзембай болыс ,кәрі би Өтеміс — ауылдың би-болыстары.
* Хұсайынғази — молда.
* Еламан — Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді.Еламанның үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған.
* Айтолқын — Еламанның әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген. Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады.
* Торсан — Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған. Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ. |
## Тарихы
Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында өткен ғасырдан сыр шертетін тарихи – музей ашылды.Бұл музей үйін 1899 жылы казак-орыстар діни мектеп үшін салғызған. 1938 жылы қыркүйекте қазақ орта мектебі ашылды. Ұлы Абай есімі мектепке 1945 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойына орай берілді. Сол мектепті 1958 жылы бітірген 42 түлектің бірі – бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Мектеп жаңа ғимаратқа көшкен соң, бұл үй мектеп жанынан жатып оқитын балалар жатақханасы болып өзгереді. Ғимарат интернат қызметін 90-шы жылдарға дейін жалғастырады. Кейінірек интернат жабылып қалды да, бұл үй мектеп мұғалімдері, негізінен жас отбасылары тұратын пәтерге айналдырылды.Осы ескі мектеп ғимаратын музейге айналдыру мәселесін қозғап, 1997 жылдың қаңтарында Абай атындағы қазақ орта мектебінің сол кездегі директоры Мәрия Мұқанова мен бүгінгі ел Президентін білім нәрімен сусындатқан майдангер ұс0таз Исаев Сейітхан екеуі Елбасына арнайы хат жазып, жеке қабылдауын өтінеді. Сол жылғы 15 мамыр күні Елбасы Сейітхан ата мен Мәрия апайды Алматыдағы резиденциясында жылы шыраймен қабылдады. Сөйтіп, аудандағы музей мәселесі оң шешімін тауып, орта мектептің ескі үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
## Мұражайдың құрылуы
Музей Алматы облысы әкімі шешімімен 1999 жылы 24 қыркүйекте құрылды. Ал ресми ашылуы осы жылдың 30-шы тамызында болған еді. Музейдің алғашқы директоры болып Мұқанова Мария Мұсатайқызы тағайындалды. Жылына музейді 3000-нан аса көрермендер тамашалайды.
Музейде ғасырлар қойнауына кеткен аудан тарихына байланысты, Елбасының жасөспірім кезінен, жігіттік дәуіріне дейінгі және тұлға болып қалыптасуына байланысты 2000-ға жуық әртүрлі мағыналы да құнды фотоқұжаттар, материалдық жәдігерлер саны бар. Оның ішінде – 899-ы негізгі қорға жатса, 1048-і көмекші қорға тіркелген. Барлығы – 1947 экспонат.
## Музей залдары, витриналары, экспонаттары
Музейдің залдары мен бөлімдері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жеріне арналған. Олар «Тәуелсіздік» залы, «Археология», «Тарих» залдары, «Аудан мен қала тарихы» залы. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған 4 зал бар: «Балалық шағы», «Мектеп кезеңіне» арналған зал, «Есею жылдары» және «ҚР Тұңғыш Президенті» залы. «Ауданның бүгінгі күнгі жетістіктері» залында аудан территориясында орын алған өндірістік мекемелер, мектептер, мәдени орталықтар, спорт жетістіктері қатысты мәліметтер жинақталған.
Музей Мемлекетіміздің символы - «Тәуелсіздік монументінен» басталады.
Музейдің келесі залы Қарасай өңірінің көне археологиялық бастауын елестетеді. Мұндағы жәдігерлер тарихи реттілікпен орналасқан. Алғашқы витринада осы музейге еңбегі сіңген еліміздің басты археологтары Карл Байпақов пен Жәкен Таймағамбетовтардың фотосуреттері ілінген. Палеолит кезеңінің пышақ, қырғыш сияқты еңбек құралдары, Темір дәуірінің бұйымдары, Қола дәуірінде пайдаланған мыс қазан мен ортағасырлық қыш ыдыстар, мыс теңгелер т.б. жәдігерлер өз ретімен археология бөлімінде орын алған. ---Сонау заманынан бастап Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуына ат салысқан басшылар мен мемлекет қайраткерлері туралы үлкен стендтен танып білуге болады. Онда Керей ханның, Қасым ханның, Есім ханның, Салқам Жәңгірдің, Тәуке ханның, Абылай ханның суреттері бейнеленген, сонымен бірге қазақтың төбе билері Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билердің де фотосы осында ілулі.«Ауданның ортағасырлық кезеңі» залы бойынша экскурсия Қарасай, Наурызбай, Әйтей батырлардың ерлігімен таныстырудан басталады. Көрерменнің назарын осы бөлмедегі Нұржан Қарымсақовтың «Қарасай батыр бабамыздың шайқасы» атты суреті бірден тартады. Бұл майлы бояумен салынған жас суретшінің картинасы, қазақ батырларының жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі қаһарманды күресін айқындайды. Сонымен қатар бұл залда қазақ батырларының әскери сауыты, ат әбзелдері, металлдан құйылған зергерлік бұйымдар және Елбасының жеке қорынан алынған экспонаттар орын алған.
Келесі залда Қаскелең ауданының құрылуы мен қалыптасу тарихы баяндалады. Тұрмыстық бұйымдар, сол кезде қолданылған ақша-банкноттар, облигациялар, сирек кездесетін бірегей құжаттар осы залдың негізгі экспонаттары. Сонымен қатар, қайраткер тұлғалар С. Керімбеков, Б. Әшекеев, Ж. Бәрібаев, П. Виноградов тәрізді азаматтар мен сол кезде ақындық өнерімен танылған ақын айтыскерлер, әншілер Қаражанова, Итақов, Нұрлыбаевтың, Керімбековтың, Молдабековтың, Ұябаевтың, Әлімқұловтың, Бақыт Әшімованың фотосуреттері жеке стендке ілінген. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің суреттері, сол кісілердің әр кездердегі кездесу сәттері бейнеленген фотосуреттер, кітаптар, соғыста қолданылған заттар көрсетілген. Ауданның алғашқы басшылары мен хатшыларының фотосуреттері, басқа ұлт өкілдерінің тұрмыстық заттары бар бұл бөлім – ауданның құрылуы мен қалыптасуын көрсетеді. Сондай-ақ бұл бөлімнен музейдің Приходск училищесі болған кездегі фотосуретін, православ шіркеуі ғимаратының, Любовинск станицасының тұрғындарының фотосуреттерін тамашалауға болады. Жамбылдың қанттан құйылған мүсіні мен Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл музейінің қасында орналасқан кесенесінің макеті қойылған.
Музейде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағынан, жігіттік дәуірінен, қайраткер басшы болған кезеңінен елес беретін фотосуреттер мен экспонаттар да арнайы залдарда орын алған. Осы залдар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2000, 2002 жылдары өзімен бірге алып келген және де Президенттің жеке қорынан алынған экспонаттармен, фотосуреттермен толықтырылған. Осы залдағы үлкен экспозициямыз Нұрсұлтан Әбішұлының әулетіне арналады. Стендте Әбіш Назарбайұлының портреті ілінген. Стендте Нұрсұлтанның анасымен 1962 жылы түскен портреті ілінген.
«Текті білу тексіздікке ұрындырмайды», – дей отырып алғашқы экспозиция «Шежіре» кестесі ілінген витринадан басталады. Онда Бәйдібек баба, оның үш әйелінің бірі Зәріп анадан тараған Жалманбет, Шапырашты, Малды Ыстық, Есқожа, Алтынай, Қарасай, Көшек, Айдар, Мырзатай, Қамбаба, Еділ, Назарбай, Әбіш, Нұрсұлтан... сияқты даңқты есімдер жазылған. Сонымен бірге мұнда Әбіш Назарбаевтың отбасының фотосуреті ілінген. Осылармен бірге витринада «Президенттің балалық шағы» атты Бейбіт Сапаралының екі кітабы мен қарт ұстаз Сейітхан Исаевтың «Ұлы дала перзенті» атты кітабы қойылған. Бұларда Нұрсұлтан Әбішұлының ғұмырбаян деректері, естелік-толғаулар молынан қамтылған. Ал, экспозицияның ең құнды дүниесі болып, Әлжан апамыздың қолы тиген ұршығы бүгін де көпшіліктің назарын аулауда. Әрі қарай Үшқоңыр ауылындағы орталық мешіттің макеті тұр. Президенттің туып-өскен жері Үшқоңыр төбесі бейнеленген, өлшемі 2х3-ті билборд музейіміздің ортасынан орын алып отыр.
Ал, келесі залдағы экспозиция Нұрсұлтан Әбішұлының Шамалған ауылында оқыған кезеңіне арналған. Витринаның төрінде Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін бастауыш сынып пәндеріне оқытып, қолына алғаш қалам ұстатқан ұстаз Тәкура Алғадайқызы Ысмайылованың фотосуреті ілінген. Шамалғандағы ескі мектеп үйінің фотосуреті және «бестіктер» қатары тізілген Н. Назарбаевтың үлгерім табелі қойылған. Нұрсұлтанның бала кезіндегі досы Виктор Мельниченкомен және бозбала кезіндегі достары Қайсар Дыбысовпен және Қасымбек Бекдайыровпен түскен фотосуреттері ілінген.
Одан кейінгі витрина Қаскелең қаласындағы Абай орта мектеп-интернатында өткен жылдарына арналады. Залдың сол жақ бетінде орналасқан стендте Абай мектебінің ескі ғимаратының (қазіргі тарихи-өлкетану музейі) фотосуреті ілінген. Келесі, 1957-1958 жылдары жоғары сыныпта оқыған болашақ Президентті білім нәрімен сусындатқан ұстаз-тәрбиешілер - Әбдірахман Байжанов пен (1948-1968 жылдар аралығында мектеп директоры), Сейітхан Исаевтың (1948 жылдан тарих пәнінің мұғалімі және Н. Назарбаевтың класс жетекшісі болған) фотосуреттері, Абай мектебінің алдындағы салтанатты жиын, соңғы емтихан алдында 1958 жылғы түскен Елбасының фотосуреттері және ортаға Абай мектебінің 1957-1958 оқу жылының 21-ші түлектерінің виньеткасы, «Ұлан» газетінің 1990 жылы шыққан нөмірінде Президенттің мектеп кезіне арналған мақаласы ілінген. Сонымен қатар экспозицияда жасөспірім Нұрсұлтанның «Юный натуралист» үйірмесіне қатысқан 1958 жылғы суреті, 1955 жылы кластастарымен түскен суреті және 1958 жылы Қаскелең қаласында 1-Мамыр мейрамы кезінде ту ұстаушылар қатарында тұрған Нұрсұлтанның фотосуреттері ілінген. ---Осы залда скульптор Абдрахмановтың Елбасының жасөспірім кезіне арналған мүсіні қойылған.
Кішірек витринада қойылған пионерлік барабан мен сырнай сол өткен кезеңдерден елес беріп тұрғандай. Осы витринаның жоғарғы жағына ілінген стендте Абай мектебінде ашылғалы бері еңбек еткен ұстаздардың фотосуреттерімен, осы мектептің ашылуына ат салысқан ұстаз Әбіжан Байсалбаевқа арналған «Первый учитель» мақаласы жазылған «Ленинская знамя» газетінің 1967 жылғы нөмірі ілінген. Залдың ортасынан орын алған Нұрсұлтан Әбішұлы оқыған кездегі парта, қылқалам, сиясауыт және 50-ші жылдардағы шот келушілер назарын өзіне тартады.
Ендігі музейіміздің келесі залы Нұрсұлтан Әбішұлының ер жетіп, есейіп, еңбекке араласқан кезеңінен елес береді. Осы залдың бір витринасы Нұрсұлтан Әбішұлының сол кезеңдегі өмір жолына арналып, комбинатта жұмыс істеген кезінен суреттері ілінген.Еліміздің тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай Алматы жолаушылар таситын автопарк ұжымы сыйға тартқан Елбасының бейнесімен тоқылған кілем төрдің басынан орын алған.Келесі витринада Теміртау тақырыбын жалғастыра отырып, металлургия комбинатының жұмыс костюмін, бас киімін, қорғаныш бас киімдерін көруге болады.Ары қарай, витринада Елбасына берілген мәртебелер жинақталған. Атап айтсақ, «Алматы облысының құрметті азаматы», «Қызылорда облысының құрметті азаматы» және «Қарасай ауданының құрметті азаматы» деген куәліктер мен медаль-значоктары қойылған. Осы витриналардың жоғарғы жағындағы стендте Нұрсұлтан Әбішұлы 1984 жылы Республика Министрлер кеңесінің төрағасы болған кездегі фотосуреттері, белгілі қайраткер Д. Қонаевтың суреттері ілінген.ҚР Тұңғыш Президенті залына біздің келушілер ерекше қызығушылық танытады, өйткені мұнда Тұңғыш Президентке әр көздерде басқа мемлекет басшыларынан сыйға тартылған сыйлықтары жинақталған. Елбасының бейнесімен құйылған фарфор ваза Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың сыйлығы және үндістердің қасиетті түтігі қойылған витрина экспозицияны жалғастырады.
1995 жылы 29-сәуірде өткізілген референдумда сайлаушылардың 95,46% Н. Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылдың 1-желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде пікір білдірді. Сол кезеңдерді бейнелейтін фотосуреттер залдың сол жағында ілінген стендте көрсетілген. Және де 2005 жылғы 4-желтоқсандағы сайлау барысында 91,15% дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы обсалютті жеңіске жеткеніне де тарих куә. Сол жеңіске жету сәті мен Елбасының Ант беру рәсімі кезіндегі фотосуреттері, ҚР Президентінің Анты ілінген. Сайлау кезіндегі үгіт-насихат жүргізу брошюралары, кітаптар қойылған.Келесі витринада ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан қолғап пен космосқа барып қайтқан еліміздің байрағы мен қазақ жері салынған капсула қойылған. Одан әрі «Нұрсұлтан Әбішұлы мен Сара Алпысқызы Назарбаевтар» скульптурасы экспозицияны жалғастырады. Скульптураның авторы - В.А. Чепелик.
Әрі қарай «Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ елінің негізін қалаған көшбасшы», - деп аталған витринада ғарышкерлер Т. Мұсабаевпен және Т. Әубәкіровпен бірге түскен фотосуреті, ұлттық валютамыздың енгізілуі туралы жарлығы мен фотосуреті, Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы мен фотосуреті, 2010 жылы ОБСЕ-ге төрағалық еткен кездегі фотосуреті, ҚР Қарулы күштерінің фотосуреттері ілінген. Және жер сілкінісін бақылайтын құрал «Геофон» макеті, академик Қ. Сәтпаевқа арналған медаль, Нұрсұлтан Әбішұлының еңбектері жинақталған. Олар, «Қазақстан – 2030», «Еуразия жүрегінде», «Эпицентр мира», «Ғасырлар тоғысында» және «Сындарлы он жыл».
2000 жылы Ресей Федерациясының қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рушайло сыйлаған табиғи тас пен қоладан жасалған үстел сағаты да көрерменнің назарын өзіне аударады. Ал, «Тройцк маңайы» деп аталатын, табиғи тастардың үгіндісінен жасалған, осы қаланың бір әдемі ауласы бейнеленген картина адамға керемет әсер беретіні сөзсіз және «Зубр» мүсіні де келушілердің қызығушылығын арттырады. Бұл дүниелер Белорусия Республикасының Президенті А. Лукашенконың сыйлықтары.-- Музейдің құнды экспонаты - Нұрсұлтан Әбішұлының өз қолымен сыйға тартқан өзін-өзі жеген айдаһар мүсіні де осы залға қойылған. Ол – «өмір шексіз, өмір бітпейді ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді» деген мағына береді.Елбасының Қарасай ауданына келген сәттері бейнеленген фотосуреттері, аудан картасы, ауданның атауын өзгерту туралы Елбасының үкімі ілінген стендтер «Қарасай ауданының бүгінгі күнгі жетістіктері» деп аталатын залдың бастауы болып келеді. Бүгінгі күні бой көтеріп, елге қызмет көрсетіп келе жатқан мекемелердің, ауданның мәдени-ағарту жұмыстарынан елес беретін суреттер және спорттағы жетістіктерінен, аудан спортшыларының фотосуреттері, сыйлықтары мен медальдары жинақталған.
## Дереккөздер |
Тілдің даму зандары — лингвистикалық әдебиетте жиі кездескенімен, нақты мәні сараланып анықталмаған түсінік. Оның бір себебі — тіл білімінде даму және өзгеру деген ұғымдардын шегі жете анықталмауына байланысты. Қайсы бір тіл бірліктерінін өзгерістері, өзара байланыстары мен қатынастары, тілді жетілдіруге қатысты болмаса да, олардын дамуы ретінде қарастырылады.
## Анықтамасы
"Даму" деген термин екі мағынада түсініледі:
* тіл бірліктерінің бір күйден басқа бір күйге ауысуы;
* қарым-қатынас қажеттілігінің күшеюіне байланысты тілдің бейімделу процесі.
Тілді тарихи дамып отыратын құбылыс деп тану тіл білімі тарихында әр түрлі теория туғызған, бірақ олар тіл дамуының себебі мен сипатын түсіндіре алмады. Мәселен, үнді еуропа тілдерінің шығу тегі олардың бәріне ортақ үндіеуропалық ататілден шыққаны туралы идея, Чарлз Дарвиннін эволюииялык теориясының кең таралуы — тілге, тілдің даму проблемаларына натуралистік көзқарасты тудырды (А. Шлейхер, Ф. М. Мюллер т. б.). Шлейхер тілді табиғи организммен бірдей деп қарап, тілдің дамуын екі кезенге бөледі: тілдің даму кезеңі (тарихқа дейінгі кезең) және тілдердің ыдырап жіктелу кезеңі (тарихи кезең). Туыс тілдердегі ататілден қалған дыбыстар мен формалардың ыдырауын, яғни алғашқы формалардын өзгеруін, ол тілдің дамуы деп есептеді. Мұндай идеялардан жас грамматиктерде құттыла алмады. В. Гумбольдт Тілдің Даму заңдары рухтың даму заңдарына тәуелді деп қарады. А. Шлейхер, Н. Я. Марр тілдердің әр түрлі морфологиялык (даралаушы, жалғамалы, флективті) типтерін тілдің сатылап дамуының нәтижесі деп санады. Сонымен бірге Н. Я. Марр және онын жолын куушылар Тілдің Даму зандарын экономикалық формациялардындаму заңдарымен, өндірістің дамуымен байланыстырып қарастырды. Тілдегі өзгерістердің даму заңдары мен оның себебін ажыратпау тілдің даму заңдары жайындағы қазіргі теорияларға да тән (Ф. де Соссюр т. б.)
## Тіл дамуындағы эволюция және прогресс
Тіл дамуындағы эволюция және прогресс өзіндік ерекшелікгері бар аса күрделі ұғымдар болып табылады. Қоғам дамуымен бірге ойлау да дамиды, онын бәрі тілде ізін калды- Рады. Б. А. Серебренниковтін пікірінше, тіл дамуынын (процесінің) қатыстық және абсолюттік түрлері бар және олар бірдей емес. Тіл техникасы көбнесе қатыстық прогресті бейнелейді. Мәселен, әр түрлі тілдердегі дауыссыздардың ықпал заңдылығына ұшырап отыруы, толық дауыстылардың ықшамдалып отыруы т. б. осының көрсеткіштері. Бірақ тіл техникасындағы мұндай тенденциялар әр тілде әр түрлі болуына байланысты көптеген проблемалар туындайды.Тіл техникасындағы абсолюттік прогресс қоғамдық өмірдін күрделенген формаларына тілдің бейімделуімен сипатталады. Қоғамда өндірістік күштің өсуі, ғылым, техника, мәдениет дамуы, адамдардың әлеуметтік өмірінің күрделенуі, жана қатынастардың тууы т.б.— бәрі өмірге қаншама жаңа ұғымдар әкеледі, тілдің қоғамдық қызметінің артуына, стильдік түрлерінің кеңеюіне мүмкіндік береді.Тілдер қатыстық және абсолюттік прогресс бағытында қатар дамиды. Табиғи тіл ешқандай алдын ала болжаусыз, стихиялы түрде дамиды. Түйіндеп айтқанда,Тілдің Даму заңдарын тілдердін даму жолдарын прогрестік тұрғыда бағыттап отыратын түрақты және заңды тенденциялар деп анықтауға болады.
## Дереккөздер |
Камизарлар- Лангедок ( Оңтүстік Франция) провинциясы шаруаларының феодалдарға қарсы көтерілісіне (1702 - 1705) қатынасушылар. Көтерілістің шығуына, негізінен, испан мұрагерлігі үшін соғысқа байланысты феодалдар қанаудың күшеюіне себепші болды. 1702ж. 24 июньде гугеноттар көтеріліс бастап, жеңіске жетті. Севанна толқудың орталығына айналды. Басшылары Ж. Кавалье мен Ролан болды. 1703 - 04 жж. көтеріліс Лангедок округының көпшілігін және көрші провинцияларды қамтыды. Камизарлар қамалдарды, шіркеулерді өртеп, дворяндарды, діндарларды, чиновниктерді өлтірді. Көтеріліс айбынынан сескенген үкімет жалған уәде берді. 1704 ж. бітімге қол қойды. Сол жылы күзде көтерілістің негізгі күштері күйретілді, бірақ толқу 1715 жылға дейін созылып, әсіресе 1709 жылы өте - мөте күшейді. К. көтерілісі феод. - абсолюттік тәртіппің құлдырау кезінде басталған тұңғыш халықтық бұқаралық қозғалыс болды.
Дереккөздер
Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5том, 212 бет. |
Оянған өлке — Ғабит Мүсіреповтің 1953 жылы жарыққа шыққан қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды. Романның алғашқы журналдық нұсқасы «Әдебиет және исскуство» журналының 1952 жылғы 1-5 және 10-12 cандарында жарияланып, 1953 жылы роман жеке кітап болып шығады. Ал романның жалғасы ретінде «Жат қолында» деген шығармасы арада отыз жыл салып жарыққа шықты.
## Қысқаша мазмұны
Екі кітаптан тұратын романда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Октябрь революциясына дейінгі мерзімдегі қазақ халқының әлеуметтік,экономикалық хал – ахуалы, барша тұрмыс – тіршілігі,Қарағанды көмір өндірісі ашылып, онда қазақ жұмысшы тобының құрыла бастауы, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы, олардың таптық мақсатты терең түсінісіп, орыс капиталистері мен қазақ байларына қарсы тізе қоса бастауы, таптық сана-сезімінің оянуы суреттеледі. Романның екінші кітабы «Жат қолында» атты роман ширек ғасыр өткен соң — 1984 жылы дүниеге келді. Онда Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған.қоғамдық жағдайы кеңінен қамтылып, жан – жақты терең суреттеледі. Романда қазақ өмірінің сол кездегі тарихы да, әлеуметтік тұрғысы да, этика мен эстетика да, әдет – ғұрыптық, салт – санасы да үлкен суреткердің ой елегінен өтіп, бейнелі көрініс тапқан. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейдіСонымен қатар романда қоныстандыру саясатының нәтижесінде жерлерінен айрылған,мұқтаждыққа ұшыраған,жұттың кесапатына душар болған,малдарын қырып алған шаруалардың күйзелісін көрсеткен.Мұның себептеріне көшпелі мал шаруашылығына кезектесіп келетін жұттың ауыр зардаптары,ХІХ ғасырдың соңына қарай отаршыл әкімшіліктің қазақ шаруашылықтарына мөлшерден тыс ауыр салықтардың салынуы,құнарлы жерлерін жаппай тартып алуыдың үдей түсуі жатады.Қоныс аударушы орыстар мен қазақтардың достық қарым –қатынасын шебер бейнелеп көрсеткен.
## Шығарма кейіпкерлері
* Игілік — паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді.
* Сандыбай — шебер. Он саусағыынан өнер тамады. Ағаштан түйме түйеді. Өзі айтқандай он саусағы алтын. Шеберлігімен елге танылған. Игіліктің ақ үйін салып берген де осы.
* Жұман — мал бағумен ғана шұғылданатын ескіліктің адамы. |
Өндіріс — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Ильин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2010 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 53 адам (24 ер адам және 29 әйел адам) болса, 2009 жылы 9 адамды (5 ер адам және 4 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дулыға үсті әшекей (орыс. Нашлемник, еуропалық дәстүрде клейнод деп аталады) — дулығаның үстіне бекітілген әшекей, бастапқы кезде әшекейді жануардың мүйізінен немесе құс қауырсынынан жасаған.Бұл элемент рыцарлық турнирлер кезіңде дамыды. Ол көпшілік ортасында рыцарді тауып алуға көмектесетін құрал ретінде қолданылды.
Әшекейдің үстіңгі жақ бөлігі жеңіл ағаштан, былғарыдан және папье-машеден жасалатын, бірақ уақыт өте келе оны бағалы материалдардан жасайтын болды. Бұл элемент XVI ғасырда Англия герольдтарымен заңдалған.
Дулыға үсті әшекейінің екі түрі болады: оның бірі қосымша, ал екіншісі ерікті әшекей. Қосымша дулыға үсті әшекейі тура қалқандағы суреттеі толығымен қайталайды. Ал ерікті әшекейлер қалқандағы суретті қайталамайды, бірақ көп жағдайларда оның тинктураларын қайталайды. Сондай-ақ дулыға үсті әшекей ұранды суреттейтін болып кездеседі, яғни, ұранның мағынасын ашады.
Еуропалық геральдикада дулыға үсті әшекейі дулығаға бурелетпен қоса берігеді.
## Дереккөздер
* Дулыға үсті әшекей - "Геральдика әлемінде" сайты
* Лакиер А. Б. http://www.heraldrybooks.ru/text.php?id=75 Глава третья, § 27 Внешние украшения щита: … нашлемник … // Орыс геральдикасы — Книга, 1990. |
Бурлет немесе бурелет (фр. bourrelet — бұрау (жгут), бөріті, ісіну) — Елтаңба элементтерінің бірі.
Бастапқыда бурелет жүнмен тығыздалған, матадан жасалған екі-үш түтіктен тұратын, соққыларды бәсендетенің дулығаның сыртынан киетін сарбаз сауыт-сайманы. Ал крест жорықтары кезінде бурелет күнен қорғайтын, шатырды ұстап тұруға қолданған.
Бурелеттің болуы сарбаздың крест жорығында болғандығын айқындайтын. Сондықтан геральдикадан бурелеттің кескінін көруге болады. Бурелеттің түсі сарбаздың жалауы мен Қалқанына байланысты болады.
Негізінен алты орамнан тұру қажет. Шатыр секілді бурлетте елтаңбаның негізгі түстерімен боялуы қажет, сондай-ақ алғашқы орам металлдан, ал екінші орам финифтиден болуы тиіс (осындай ретпен қалған барлық ормадар).
## Сыртқы сілтемелер
* Бурелет - "Геральдика әлемінде" сайты |
Ақан сері — Ақтоқты — Ғабит Мүсіреповтың 1941 жазған тарихи шығармасы. Пьеса қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың біріне айналды.
Шығармада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталады. Бұл пьеса 4 перделі, 5 суретті драма. Драматург осы шығармасының 2 түрлі нұсқасын жазған. Пьеса романтизм үлгісінде жазылған.
Беташар қойылымы 10.3.1942 жылы болды, режиссер М. Гольдблат, суретшісі Э. Чарномский. Спектакль кезінде қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін — Ш.Айманов, Ақтоқты — Ш.Жандарбекова, Науан Қазірет — Қ.Бадыров, Жалмұқан — Е.Өмірзақов, Қоңқай — С.Қожамқұлов, Мылқау балуанды Қ.Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін Ақан-сері — Ақтоқты трагедиясы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсету үшін «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылды. Бірақ 1942 жылғыдан айырмашылығы аз. Кейінірек рөлдерге басқа актерлер қосылып, Хазіретті — Қ.Әділшінов, Сердәліні — Қ.Қармысов, Дәмеліні — Р.Қойшыбаева, Балуанды — Ы.Ноғайбаев, Жалмұқанды — М.Сүртібаев, Ақанды — Ш.Мусин ойнады. 1972 жылы спектакль қайта қойылды.
## Қысқаша мазмұны
Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы,тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресей қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды.Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмайды. Сөйтіп ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып 1913 жылы жездесінің қолында қайтыс болады.
## Шығарма кейіпкерлері
«Ақан сері – Ақтоқтының» барлық кейіпкерлерінің мінез-құлықтары, іс-әрекеттері жалындап сөйлей жөнелетін шешендіктері пьесада нанымды суреттелген. Мұнда ұзақ монологтар, қаһармандардың өз-өзімен сырласып кету сәттері жиі кездеседі. Шығармадағы басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар.
* Ақан - ақыл-ой иесі, жалынды, қайратты жас, сұлу сезімі, үлкен жаны бар, өз заманында, өз ортасында озық білім алып, өмірдің мағынасын іздеп толғанған адам. Өмір шындығын дін жолынан, құдайға құлдықтан іздейді. Бірақ, ол дін жолынан шындық таппайды.
* Ақтоқты - Ақанның ауылдасы Боқтабай деген байдың қызы. Ақанның ғашықтың әндері Ақтоқтыға арналған. Ақтоқты Ақанды сүйген, оған тұрмысқа шығуға уәде беріп, Ақан оны алып қашады. Қыздың ағайын-туыстары қызды қорқытып, үркітіп оны айнытып тастайды. Сөйтіп, Ақтоқты сертінен тайқып, Ақаннан кетуге рұқсат сұрайды. Ақан өз сүйгеніне зорлық жасай алмай, бұл азапқа көнеді. Ақтоқты өзін атастырған жерге тұрмысқа шығып, бірнеше баланың анасы болып, жасы жетпістен асқанда қайтыс болады.
* Жалмұқан - Ақтоқтының өмірде айттырған күйеуі,Сүтемеген деген байдың баласы.
* Сердалы - ақын. Ол көптеген қиссалар, өлеңдер жазған ақын, Ақанның құрдасы әрі жерлесі. Ол күншіл, іші тар адам болған.
* Балта, Мәрзия, Жылкелді, Мұрат, Балуан - халық өкілдері.Бұлардың бойында қайнаған қайрат, қауқарлы күш бар.
* Сейіт, Дәмелі, Қоңқай, Қорамса -халық өкілдері. Бірақ күш-қуаты аз, қайраты кем қарт адамдар.
* Науан - Ақанның немере.
## Тағы қараңыз
* Ақан Сері
* Ақан-сері — Ақтоты операсы
## Дереккөздер
* Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов — дараматург. Монография. А., Өнер, 1982ж.
* http://www.rusnauka.com/7_NITSB_2012/Philologia/2_102962.doc.htm |
Ауыл шаруашылығының Қазан төңкерісіне дейінгі дамуы. Экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген байырғы маңғыстаулықтардың ежелгі және ортағасырлық тарихы кейінгі ұрпаққа өзіндік ерекшелігімен, сондай-ақ қайталанбас жәдігерлігімен із қалдырған кәдімгі көшпенділердің тыныс-тіршілігінің айнасы десе де болғандай.
Таңғажайып табиғаты бар жартылай шөлді, аңызақ пен аптапты маң дала, бірі қырынан, бірі ойынан менмұндалаған ежелгі таулар мен ойпаттар, тартпа сорлар мен тақырлар, неше түрлі мүсіндегі көздің жауын алатын бор тастар, небір замандардан бері сол көшпенділердің мекені болғанына тарих куә. «Маңғыстауға жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен екен» деп жатады. Өйткені Маңғыстаудың жазира даласы, климаты жайлы, жамылғыға кенде емес Қаратауы мен Ақтауы, қамытты қатқылы мен құмы малға да, жанға да балдай тәтті мөлдір сулы құдығы мен бұлағы қоныс іздеген көшпенділерді еріктен тыс өзіне тартады. Тарихшылар ежелгі Маңғыстаудың жай-күйі, көрінісі қазіргіден әлдеқайда артық, су көздері мол, өсімдікке бай, жануарлар дүниесі де сан түрлі, нағыз «жұмақ» осы жер екен деп те жазады...
Біздің заманымыздан бұрын қазақ даласын, оның ішінде Арал мен Каспий аралығын мекен еткен сақтар, бұлардың құрамына кіретін массагет, дай, касспи, т.б тайпалар үнемі мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонумен күн кешкен. Олар сол кезде Маңғыстаудың Қараойын мекендеген. Б. з. б. 490 – 425 жылдар аралығында өмір сүрген «тарихтың атасы» Геродот пен грек географы Страбон бірі скиф, бірі сақ деп жаза келіп, массагеттер мен дайлар туралы: «Өздері ат үстінде де, жаяу да мықты жауынгерлер, қарулары – садақ, қылыш, қалқан, балта» деп келтіреді. Геродот олар жайлы «егін екпеген, мал мен балықты қорек еткен, сүт тағамдарын кеңінен пайдаланып, күнге табынып, жылқыны құрбандыққа шалған» дейді. Белгілі грек тарихшысы Плутарх олардың қымызға қызып, жайбарақат отырған шақтарында бойына қуат, ойына шабыт шақыру үшін садағының адырнасын шертетінін сөз етеді. Ғұламалардың бұл сөздеріне қарағанда массагеттер мен дайлар және оған көрші тайпалардың негізгі күнелтісі – малының жайымен Арал – Каспий арасында жылқы өсіріп, оны күш-көлік ретінде жақсы пайдаланғанына көз жеткізуге болады.
Сонау палеолит және тас дәуірінің соңын ала аң аулап, өсімдіктің дәнін жинап күн көрген олар мезолит дәуірінде бұрынғы кәсіптерін балық аулаумен толықтырды. Неолит дәуірінде жабайы аңдарды қолға үйрету, мал өсірумен айналыса бастады.
Археологтар Г.Коробкова, Б.Батыровтың айтуынша, («Наука и человечество», М., 1975) Орта Азия мен Қазақстанда алғаш қолға үйретілген мал – ешкі. Б. з. б. 6-мыңжылдық тұсындағы неолит заманы мекен-жайларынан табылған сүйектердің 80%-ы ешкінің сүйегі болса, одан кейінгі көне мекен-жайлардан табылған сүйектердің басым көпшілігі қойдың сүйектері болып шыққан. Ешкі мен қойдың қолда көптеп өсірілуі, адамдарды алыс жайылымдарды игеруге, тыңнан су көздерін іздеуге, көшпелі мал шаруашылығын кеңінен өрістетуге итермелеген. Сөйтіп, үнемі қозғалыстағы көшпелі мал шаруашылығы, тасымал жүктерінің ұлғаюы, күш-көліктің қажеттілігі түйе түлігін көптеп өсіруге әкеліп тірейді. Ал теңіз жағасы, аралдар, бұлақтар мен сулы қамытшылықтарды сағалаған отырықшыларда сиыр өсірілді. Орта ғасырларда Маңғыстау мен Үстіртті жайлаған оғыз, қыпшақ, кейінгі ғасырлардағы ноғай, қазақ, түрікмен тайпалары мал шаруашылығымен қоса алғашында кетпен, күрек-бел, бертін келе соқаның (шоқай ағаш) көмегімен жер жыртып, жер бетіне жақын су көздері мен бұлақ суларына салма, ау, шюз, кәріз, жарма шығырды пайдаланып, егін салумен айналысты. Егістік саласында Маңғыстау приставы Н.Ломакиннің 1873 жылғы Қаңға баба құдығы маңындағы тау баурайында Өтек Көпжасаровтың иелігіндегі 800 түп, Сұлтан епе, Мерет құдықтарының маңындағы Гафар Қаражігітов, Есіркеп және Нұрнияз Маевтер қарауындағы 1500 түп ағаштары, сондай-ақ Ұланақ, Жыңғылды, Шетпе, Ағашты, Ақмыш, Аусары, Жармыш су көздеріндегі егістіктер игілікті істің көрінісі іспеттес. Бірақ суармалы егіске су көздері тапшы, мүмкіндігі аз Маңғыстау аймағында мал өсіру басым болды. Көшпелі мал шаруашылығы өзінің өміршеңдігімен ілгері жүре берді. Сөйтіп, сол кездегі шаһарлар мен қамалдарды, теңіз жағалауы мен аралдарды мекендеген халықтар және көшпенділер арасында бір-біріне деген экономикалық мүдделіліктен туындаған сауда-саттық етек ала бастады. Акад. В.Бартольд «Бұл өлкеде сауда желісінің қарқынды өсу кезеңі 12 ғ-дың маңы» деген. Шын мәнінде экон. қатынастың, сауда керуендерінің басы әріден басталғанға ұқсайды. Тарихшылардың тұжырымдамасына қарағанда Ұлы Жібек жолының далалық тармағы б.з.б. 1 ғ-да Маңғыстау арқылы өткен дейді. Оған дәлел Қарағантүп шыңдарындағы тұт ағаштарының тұқымы Қараған – Қаңға – ...Үстірт арқылы Қытайдан келген деген жорамалдарында нанымды ұқсастықтар бар. Қара т., Кавказ, Еділ бойын жайлаған хазарлардың 8 ғ-да Маңғыстау арқылы Хорезмге өтуі Шығыс Еуропаның бар жаңалығын оңт.-шығыс елдеріне жеткізсе, Ибн Фадлан дерегі бойынша (922 ж.) Үргеніш – Қоңырат – Үстірт – Жем – Еділ жолы арқылы сауда керуендері Орта Азияның асыл бұйымдарын, жеміс-жидегін орыс жеріне, Еділ бойы халықтарына жеткізумен болды. Сондай-ақ оңт. пен солт. елдері арасындағы экон. байланыс жасаған сауда керуендері Маңғыстау арқылы толассыз жүріп жатты. Сөйтіп, атақты Хорезм – Бұлғар жолы, Ескі Ноғай керуен жолдары өмірге келді. Маңғыстау шын мәніндегі батыс пен шығыс, солт. пен оңт. елдерінің сауда қақпасына айналды.
Моңғол шапқыншылығы, 1388 ж. Үргеніштің талқандалуы, Шайбани және Әбілғазы хандардың қашып келіп Маңғыстауды паналауы, 15 ғ-да Маңғыстау мен Үстіртті ноғайлардың жаулап алуы, бұдан кейінгі 1663 – 1724 жылдардағы қалмақтармен қанды қырғын-қақтығыс Маңғыстаудың дамуына кері әсерін тигізді. Сауда, керуен жолдары уақытша тоқтады. Бұл кезең Ресейдің Каспийдің шығыс жағалауына көз тігіп, Бекович-Черкасскийдің 1715 ж. Маңғыстауға келіп, Қарағантүп (қазіргі Түпқараған), Шағадам (Красноводск, қазіргі Түрікменбашы) арқылы кері қайтуы, 1834 ж. Г.Карелиннің Қызылтастан бекініс салуы Маңғыстау мен Үстірт өңірі тарихындағы экон. жаңа қатынастар мен саяси-әлеум. қайшылықтардың алғашқы тамыр жая бастаған кезеңінің басы болатын.
Шөл даламен сапар шеккен сауда керуені саябыр тауып, оның орнына Астрахан, Кавказ, ішкі Ресейден Маңғыстауға – Каспийдің шығыс жағалауына теңіз жолы арқылы саудагерлер, кәсіпкерлер келе бастады. 18 ғ-дың 35 – 50-жылдары қоныс іздеген адайлардың алғашқы тобы Маңғыстаудың Қараойына келе бастаған. Олардың оңт.-батыс қанаты Бозащыда түрікмендермен аралас қоныс тепті. Сөйтіп, Арал мен Каспий, Шағадам (Түрікменбашы) мен Жемнің арасын қамтитын Маңғыстау аймағында көшпелі мал ш-на негізделген елдің қалыпты жағдайда өркендеу кезеңі сол 18 ғ-дың 2-жартысынан бері қарай басталды. Мал ш-мен айналысқан көшпелі адайлардың жайылым, қоныс, жер-су пайдалануында 19 ғ-дың 2-жартысына дейін шек болған жоқ. Олар Маңғыстаудың Қараойынан бастап Үстірт, Сам, Жем, Сағыз, Қобда, Тайсойған – Бүйрек, Нарын, Орынбор, одан солт.-шығысқа қарай Мұғалжарға дейінгі далалықтарда жайлап және қыстап қалып отырды. Ал бірқатары жылма-жыл Маңғыстаудың ойына көшуді әдетке айналдырса, жайлаудағы елдің оңт.-шығыс қанатындағылар ара-тұра Хорезмнің ойына (Бесқала маңына) көшіп, қыстап шығатын болған. Адайдың айтулы жырауларының бірі Нұрым Шыршығұлұлының «Тоғыз ауыл» деген толғауында: «Ойыл да Қиыл, Жем, Қайнар, көлденең өтіп ел жайлар, жаз ортасы болғанда, күн зауалға толғанда, қонушы еді қарыштап, Маңғыстаудың ойына, сыя алмай шыққан көп байлар» – деп суреттейді. Сол сияқты көшпелі шаруагерлердің бір бөлігі ілгергі беттегі Маңғыстау жазығымен Үстірттің оңт-нен бастап, Қырықсегіз, Теппе арқылы Жаңғақтың ойын мекендеп, одан әрі Шағадамға (Красноводскіге) дейінгі кеңістікті еркін пайдаланған. Нәтижесінде 1750 – 1860 ж. мал ш. ерекше қарқынмен өркендеді. Бір ғана Жаңай Қожаназар байдың өзіне 11 мың бас жылқы бітіпті... Маңғыстауда мал ш-ның негізін салған малбегілері: Ескелді Саназар, Жаңай Қожаназар, Жары Назар және солардың жолын қуған небір шаруагер бабалар болған. Cол заманнан қалыптасып ата дәстүрге айналған мал өсірудің сан қырлы әдістері атадан балаға өтіп отырған.
Адайдың белгілі тұлғалары: Қожаназар, Қарабас, Қозыбай, Сейіт, Сүйінғара, Тастемір, Матай, Барақ, Бекболат, Есендерге берілген асқа 500 – 1000-нан кем емес үй тігіліп, үш атаның ұрпақтары бас қосып, өліге иман түсіріп, тіріге сауап келтірген. Мал шаруашылығын зерттеген ғалымдар саралай келе маңғыстаулықтардың Қазан төңкерісіне дейінгі жер пайдалануын негізінен 3 топқа бөледі:
а) Қыста Маңғыстауды қыстап бар малымен Жем, Сағыз, Ойыл, Қара және Сарықобдаға дейін көшіп шығатындар. Бұлардың жалпы саны 13900-дей түтін немесе барлық шаруагердің 47%-ын құрайды. Жылына бір жағының өзі 1200 шақырымға дейін көші-қонда болады.
ә) Маңғыстауды қыстап жаз Үстіртке шығатындар, бұлардың жалпы саны 7300-ге жуық шаруашылық немесе 28%-ын ұстап, көктем шыға әрісі 300 км-ге (бір беті) дейін көшетіндер.
б) Аралас шаруашылықтары бар жатақтар, бұлардың ішінде де өте көп малдылары болған. Бірақ мал бағудың әдісінде қыстақтан көп ұзамай тың жерге, жазғы суаттарға шығып қонумен шектелген, ал бірқатары қосалқы егін, балық аулаумен де шұғылданған. Бұлардың жалпы саны 700-ге жуық немесе 25%-ды құраған. Ал осы үшінші топтағылардың өзін жіктегенде оның 85%-ы негізінен (егін, балық) таза мал ш-мен айналысатын отбасылар болған. Ол кездегі шаруашылықтар үшін Маңғыстаудың жағдайында жыл бойы ашық аспан астындагы жайы¬лыста ұстауға және үнемі көші-қонға қой, жылқы, түйе түліктері ғана шыдаған.
Маңғыстаудың жағдайында маусымдық жайылыс пен көші-қон мерзімдері ерекше маңыз атқарып, ол қатаң сақталған. Оның өзі «Ай-айдың оты басқа» деген өмір талабынан туындаған.
Маусымдық орындар мен олардың орташа мерзімдері төмендегіше: І. Қыс қыстау.15. ХІІ – 25.ІІІ = 100 күн 1) Маңғыстаудың ойы, Бозащы түбегі, Қарақұм беті.2) Сам құмы, Матай құмы.3) Хорезмнің ойы (Бесқала маңы).4) Шағадам беті, Жаңғақтың ойы.
ІІ. Көктем. Қырға шығу,25. ІІІ – І.VІ=65 күн. Төл қабылдау, жабағы жүн алу.
ІІІ. Жаз жайлау.1. VІ – 10. Х=130 күн. Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, т.б (бірқатары Үстіртте қалады).
ІV. Күз күзеу. 10.Х – 15.ХІІ = 65 күн. Үстірт, қыстаққа жақындау, күзем алу, күйек алу болып қалыптасты.
...Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан маңғыстаулықтардың әлеуметтік экономикасы мал өсіріп оны жайып бағудың қыры мен сырын қаншама меңгергенімен, тұрып жейтін мал азығының жоқтығынан оқтын-оқтын соғатын жұттан әлсін-әлі титықтап қалып отырды.
Маңғыстаулықтарға бір жағынан хиуалықтар, екінші жағынан, патша өкіметі еркіндікке үйренген көшпелі елді күн өткен сайын біртіндеп құрсауға ала бастады. 19 ғ-дың 50-жылдарынан бастап хиуалықтар адайларға тегін жер пайдалануға мүмкіндік бермеу мақсатында 50 адамнан жасақ ұстады. Бұдан кейін Көне Үргеніш, Дәуқара, Қарауылбаш, Айбүгір бағытына қоныстаушылардың қоныстары тарыла бастады. Алым-салықтың түрі көбейді. Хиуа жеріне қадам басқан қазақтар үшін жылына 600 ділдә немесе 1000 бас қой ханға зекет салығы төленсе, жер-суды пайдаланғаны үшін жергілікті бектерге түйе мен жылқыға 20 тиын, қой мен сиырға 10 тиыннан алым төленді. Ал қазақ жеріне ендей кіріп етектен ұстай билік жүргізген ресейліктердің тегеуріні күн сайын өрши түсті.
Елек (Илецк) казактарына 700 мың десятина жердің кесіліп берілуіне байланысты, еріксіз ығысқан Кіші жүздің тана, табын рулары шығысқа беттеп, Борсықтың құмы, Жемнің жоғарғы басында адайлармен қақтығыса бастады.
Сондай-ақ жері тарылып, қонысы ауған қазақтардың дүркін-дүркін патша өкіметіне наразылық бой көрсетуі белең ала бастады. Кездейсоқ болатын жергілікті халықтың қарсылығына төтеп беру, екінші жағынан, Каспий теңізінің шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын толықтай игеріп, Орта Азия елдеріне жақындау мақсатымен 1834 ж. Қызылтас қамалы, одан 5 жыл өткеннен кейін Жем өзенінің орта сағасына Ембі бекінісі, 1845 ж. Торғай өзенінің бойынан Орынбор шекаралық бекінісі салынды. Патша өкіметі мұнымен де қанағат тұтып қойған жоқ, көп ұзамай Қарағантүбектен (1846) Ново-Петровск, 1848 ж. Ырғыз, Қарақұдық, Арал теңізі жағасынан Қосарал бекіністері бой көтерді. Осылайша тірек пункттерін салып, күшін жинақтаған Ресей үкіметі қазақтарды басқарудың жаңа жүйесін дайындауға бағыттап комиссия құрып, оның құрамын жасақтады және ол құрам император Александр ІІ-нің арнайы бұйрығымен 1865 жылдың 5-маусымынан бастап күшіне енді.
Осы бұйрықтың негізінде стат-секретарь Герстің басшылығымен қазақтардың жерін, дәстүрін, дінін, кәсібін, салық мөлшерін басқару жүйесін өзгертуге бағытталған 1868 жылғы (21 қазан) «Уақытша ереже» – жаңа Низам жарыққа шықты. Қазақ елін отарлаудың ұтылау, бөлшектеу тәсілдері қолға алынды. Басқарудың дистансалық жүйесі жойылып, оның орнына болыстық жүйе енетін болды.
«Уақытша ереженің» талабы бойынша қазақтардың ең негізгі байлығы, тіршілігінің көзі, ата-бабадан қалған мұрасы – жер аяқ астынан патша өкіметінің мемлекет меншігіне айналып шыға келді. Көшпенділерді жабайылықтың баламасы ретінде ұғынған патша өкіметі «жерге иелік ету қазақтардың «қолы» емес деп шешті.
Қазақ енді өзінің ата қонысын, жайылыс пен су көзін өкіметтен жалға алып, сол үшін оларға жер салығын төлейтін болды. Көші-қон, қозғалыстың бәрі есепке алынып шектелді. Бұдан былай басыбайлы жер тек патша өкіметінің рұқсатымен берілетін болды. Ол жердің иесі «сен» екеніңді анықтайтын қолыңда заңды құжатың болуы шартқа айналды. Сөйтіп, Ресейден қазақ жеріне ниеті ауған келімсектерге есік айқара ашылып, орыстандыру саясаты басталып кетті.
Осы аграрлық төңкеріс басқаларға қарағанда мыңғырған малдың бабын тек қана көше жүріп тапқан адайларды көз көріп, құлақ естімеген әлеуметтік күйзеліс, эконлмикалық дағдарысқа әкеліп тіреді. Б.Қаратаевтың мұрағатында сақталған мына бір жеделхат солардың айғағындай: «Тифлис, Кавказ наместнигіне, Орынбор бағытына жазғы жайлауға көшкен 3000 үй адайлар Ембі бекетіне келіп тірелді. Салықтың барлық түрін төлейміз деп уәделерін беруде. Қыстан жүдеп шыққан малдарын жаз жайлауға жеткізіп, аман сақтау үшін өткізіп жібереміз бе, жоқ болмаса кейін қуып тақырға отырғызамыз ба? Не бұйырасыз? Телеграфпен хабарлауды, бұйрықтың негізін пошта арқылы жіберуді өтінемін. Мұндай көшпенді адайларда адам саны 60000-ға жетуі ықтимал. Қол қойған генерал-адъютант Крыжановский». 2 маусым, 1870 жыл. Ембі бекеті
Ал мынау болса сол 3000 үйдің атынан рубасы өкілдердің бекініс басшыларына берген қолхатының қысқаша мазмұны: «... 14 күннің ішінде одан кешіктірмей, 1869 жыл үшін түтін сайын 1 сом 50 тиын, 1870 жыл үшін 3 сом 60 тиын, барлығы 5 сом 10 тиын күміс ақша жинап, Ембі уезінің бастығына тапсырамыз. Қол қойғандар: Қырықмылтық, Түрікменадай, Балықшы рулары атынан Ойманбет Дайрабаев, Тумыш Шаманов, Ағатай Дүйімбаев». 26 мамыр, 1870 жыл. Ембі бекеті''«Жаңа ереже» бойынша салық есептеуде бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сом 60 тиынға бір-ақ жетті және екі жылдың ақшасын қатар төлеуді талап етті. Экономикалық-аграрлық төңкеріспен әлеуметтік тұрғыдан титықтатқан салық саясатына балық шаруашылығының келеңсіздігі қосылды. Адайларға балық аулайтын құрал-сайман сатуға тыйым салынды. Жалдамалы жұмыс та шектелді. Ондағы қазақтардың үлес-салмағы үштің біріне де жетпеді. Оның үстіне рухани қысым да (жаңа Низамда қазақ пен түрікмендерге балаларын Бұхара мен Хиуа бетіне оқуға жіберуге тыйым салынған. Мекке, Мединенің жолы кесілген, оған қоса бір болысқа немесе 1000 – 1200 үйге бір имам, бір мешіт делінген) жүйкені жұқартып, ақыр аяғында саяси астар алған айтулы қарсылық 1870 жылғы Иса – Досан бастаған адайлардың Ұлт-азаттық көтерілісіне әкеліп тіреді... Ресей үкіметі 1874 жылдың 9 наурызында Каспий сырты аймағын басқарудың «Уақытша ережесін» бекітті. Бұл ережеге сай Маңғышлақ және Красноводск приставстволары қосылып, Каспий сырты аймақтық соғыс бөлімі болып құрылып, Кавказ армиясының бас қолбасшысына бағынатын болды. Осы шешімнен кейін маңғыстаулықтар үшін жаз жайлау – Арқа бетке көшудің шегі Күйкеннен Арал теңізіне тартылған шекара сызығынан аспайтын болып белгіленді. Нәтижесінде маңғыстаулық шаруагерлердің 47%-ы жазғы жайлауынан айрылды. Осылайша адай халқын ата-жеріне сыйғызбай, олардың сан ғасырлық өсіп-өркендеген дәстүрлі әлеуетін жан-жақты тұралатып, тоз-тозын шығарған Ресей 1865 ж. ресми түрде бастаған «ойынын» 1875 жылдың 1 мамырында аяқтады. 1873 ж. «Уақытша ереженің» қысымына шыдамай өкіметке қарсы шыққандарға, егер олар кінәларын мойындап, Хиуа, Көктөбе жорығына кедергі келтірмесе, патша ағзамның атынан кешірім болатынын жария етті.
Осы аграрлық төңкеріс кезінде жазалаушы казак, орыс отрядтары аман қалған шаруагерлерді Сібірге айдады. Есебін тапқандары қара басын сауғалап, басының ауған жағына қашып құтылды. Төңкерістің соңын ала жүргізілген Маңғышлақ приставствосының есебінде 1870 жылғы 20000 үй адайлардан (ауызша жеткен әңгімеде 40 мың үй деп айтылады) 1873 ж. 7000 үй ғана қалған екен (М.Тұрсынова). Міне, сол елмен бірге мыңғырған мал да кетті. Жылма-жыл жер-жердегі жәрмеңкелерге айдалатын сан мыңдаған төрт-түлік мал санының күрт азаюы, Ішкі Ресейге үздіксіз өтетін ет, жүн, тері сияқты мал өнімдерінің шамадан тыс кемуі, базар баққан отырықшы елдің күнделікті күнелтісіне айтарлықтай кері әсерін тигізсе, өнеркәсіп орындарын шикізаттан кәдімгідей кесіп тастады.
Табиғаты қатаң әрі шөл, шөлейт далада осыншама малды көше жүріп бағып күту тек қана қазақтардың қолынан келетін ата кәсібі екенін Ресей үкіметі кештеу түсінді. Оны қайтадан қалпына келтірудің қажеттілігін өмірдің өзі көрсетіп берді.
Алайда үштен екісіне жуығы кеміген мал шаруашылығының орны қапелімде қалпына келе қоймады. Малдан ада болған халықтың бірқатар бөлігі егіншілікпен, ал енді бірқатарының Каспийдің шығыс жағалауында кеңінен қанат жая бастаған балық кәсіпшілігіне жұмысқа кіруіне әкеліп тіреді. Осындай шарасыздықтан бастары қосылған жүзге жуық отбасы Құйылыс, Емір алқабына жаңбыр, қар суына егін салады. Тау бойындағы (Қаратау) бұлақтар түгелге жуық игеріле бастаған, 1870 ж. тау бұлақтарында 29 орында бау-бақша, егін салынса, оның саны 1896 ж. 186-ға жеткен. Сөйтіп, егін Маңғыстау үшін қосалқы шаруашылық болғанымен, халықтың белгілі бір бөлігі үшін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан айрықша орын алған.
Балық аулау, балық кәсіпшілігінің қарқын алуы 19 ғ-дың 50-жылдарынан басталды. 1846 – 58 жылдары Кетік қаласына 49 отбасы көшпелілер келді. Олар әуелі 1910 жылға, содан кейін 1912 жылға дейін балық аулау жөнінде арнайы рұқсат және басқалай үкімет тарапынан жеңілдіктерді пайдаланды. Балық аулауда, ірі балық кәсіпорындарын ашуда көзге түскендер З.Дубский, С.Афанасьев, С.Климов, М.Ериванцев, И.Абаков, т.б. болды. 1902 жылдың ішінде Николаевск станицасында 60 кемемен 1294 т, келесі жылы 6389 т қызылбалық ауланды.
Ал Дубский бұдан бұрын 1890 жылдардың ішінде жылына 15 мың пұт қызыл балық аулауды іске асырған. Ол 1903 ж. Қызылқұмнан өзінің үшінші кәсіпорнын ашты. Кәсіпшіліктегі жұмысшылар негізінен жергілікті қазақтар, басқа да ұлт өкілдері болды. Қазақтардың балықшылықпен айналысатын жерлері – Қаражамбас, Тапей, Тереңөзек, Ортаеспе, Қараағаш, Жандауыр беті болатын. Бұдан кейін Долгий, Түпқарағаннан Кендірліге дейінгі жерлер қосылды. 1906 – 11 ж. 722 отбасы балық аулауда (оның 138-і түрікмен, 584-і қазақ) жұмыс жасады. 1903 ж. Қарағантүпті қоспағанда қазақтардың өзінде 230 қайық болған, ал 1915 ж. оның саны 393-ке жеткен. Сонымен қатар бұларда 1720 ахан, 80 қармақ, 9320 шабақ ауы болған. Олар осылардың көмегімен бір маусымда 1460 пұт қызыл балық және 40 мың пұт ірілі-уақты әр түрлі балық, оған қоса 328 мың пұт шабақ ұстап жергілікті жерге және Астраханға сатып пайдаланған.
1893 ж. Каспий теңізі мемлекет меншігі болып есептелді. Бірнеше балық поселкесі ашылатын болып, оның ішіне Бозащы, Кендірлі, Кіші Долгий кірді.
Кіші Долгий аралында көпестер тез байыды. Бұл жерге келген 15 көшпелі отбасында 45 қайық болған еді, 7 жылдан кейін отбасы саны 49-ға, ал қайық саны 360-қа жетті. Оларда 365 адам жұмыс істеді, бұлардың көпшілігі қара жұмыстағы жалдамалы қазақтар болатын. Жандауырда 1890 ж. саудагер И.Абаков балықшы поселкесін ашады. Маусымды итбалық аулауда 500-ге дейін жұмысшы күші болды.
Каспийдің шығыс жағалауындағы 66 балық батағасынан Құлалыда – 14, түрікмендік жағада – 32, Бозащыда – 20, осының 42-сі қазақтар мен түрікмендердікі, қалған 24-і орыс өндіріс иелерінікі болатын.
Бірқатар қазақтар тұз өндірісінде жасаған. Тұздың негізгі орындары: Тасорпа, Тұзбайыр, Қайлы, Шопан ата, Кетік болған. Жалпы тұз өнімі қала комендантының билігінде болып, ірі орыс байларына – балық өндірісіне жанұяға – 150 пұт, қазақ байына 10 пұт, қалғандарына 2 пұттан берілген. 1899 ж. Жем және Маңғыстау бойынша 241900 пұт тұз өндірілген.
Ф.Михайловтың есебі бойынша 1903 ж. Маңғыстау уезінде 1300 түрікмен, 900 қазақ отбасы балық шаруашылығымен айналысқан.
Мал шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің өркендеуі сауда айналымын күшейтіп, бір кездердегі саябырси бастаған керуен жолын қайтадан жандандыра бастады. 1883 ж. Хиуаға жіберілген керуендегі түйе саны 14205 болса, бұл сан 1889 ж. 20 мыңға жетті.
Ал Оралға 700 түйемен керуен жіберіліп, 1899 ж. оның саны 12620 болды. Сол жылы Шағадамға (Красноводскіге) 785 түйемен керуен жолға шықты. Сөйтіп, 20 ғ-дың басында керуен саны 2,5 есе өсіп, ондағы түйе саны 36414-ке жетті.
Маңғыстау уезінде 1900 ж. арнайы есепке алынып тіркелген 92 саудагер, олардың иелігінде 64 сату орындары мен 35 сауда қоймалары болды.
Сөйтіп, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Маңғыстау уезі а.ш. өнімдерін, оның ішінде мал шаруашылығы мен балық өнімдерін өндіретін және оларды сыртқа шығарып сататын негізгі орынға айналды.
Мал шаруашылығының қарқын алып өркендеген тұсы 1883 – 1910 жылдар аралығы. Каспий сырты облысындағы мал басының Маңғышлақ уезі бойынша жинақ есебі (Адай уезі түгелге жуық кірген) 1883 – 1914 жылдар аралығы және 1925 жылдың көрсеткіштері алынды (1-кестені қараңыз).
Мал шаруашылығына байланысты Маңғыстау аймағының демографиялық, экономикалық даму барысынан айқын хабар беретін әр кезеңдегі су көздері, орпалықтар мен бөгеттер, құдықтар мен шыңыраулар олардың сандық өсу көрсеткіштері (өлкеде 1870 ж. 817 тұщы, 322 ащы, не бары 1139 құдық болса, оның саны 1899 ж. – 1211 тұщы, 2957 ащы, не бары 4168 болып көбейген) тарих бетінде қалды. Сонымен 1883 – 1910 жылдар (1910 – 11 әйгілі «ит» жылының жұтына дейінгі) аралығы ауыл шаруашылығының жемісті жылдары болды..
## Дереккөздер |
Алғашқы зубр (Bison priscus) - қазбадан табылған сыйыр тұқымдас жануар.
Турға қарағанда Алғашқы зубрдың маңдай сүйегі жаалпақ, мүйізі үлкен, ұшы алшақ болған. Ол плейстоцен дәуірінде Оңтүстік Америка мен Австралиядан басқа құрлықтарда кең тараған. Алғашқы зубрдың бірнеше түр тармағына жататын қазба сүйек қалдықтары Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Орал облыстарынан табылған.
Алғашқы зубрдың кейінгі ұрпақтары - осы кездегі зубр және бизон. Алғашқы зубрды ертедегі тас дәуірі кезінде адам аулаған.
## Сыртқы сілтемелер
* Steppe Bison - Yukon Beringia Interpretive Centre Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2010 жылы.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
## Көтерілістің алғышарты
1867–1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.
Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.
Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауыл старшындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол, пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.
Кіші жүз қазақтары 1868–1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.
Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40–50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10–12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.
Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді.
Кіші жүз қазақтары мен Жайық казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы — 15 тиын, ірі қара мал — 18 тиын, жылқы — 23 тиын, түйеге — 38 тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.
Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтар арасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа ұшыратты.
Қазақстанның оңтүстігінің Ресейге түпкілікті қосылуы 1867–1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» жасалуына тікелей байланысты. Бұл заң Ресейдің империялық пиғылының арта түскендігінің көрінісі. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі — рулық құрылымды бұзып, әкімшілік басқаруды оларға түсініксіз, сан алуан сатылы билік иерархиясымен ауыстырды. Орал облысы қазақтарының жері Орал казак әскерлері жерімен біріктіріліп, оны басқару казак атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылығын туғызды. Қазақтар дүниетанымы мен көшпелі өмір салтына қайшы келетін сырттан күшпен таңылған жаңа реформаны қабылдамады.
## Көтерілістің басталуы
Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады.
Ұйымдастыру комиссиясы, ең алдымен, үй есебін алуға, онбасы, елубасылардың сайлауын өткізуге, олардың арасынан ауыл старшындарын, болыс билеушілерін сайлауға, елді ауыл-ауылға бөлуге, жаңа мөлшерде үй басы салығын жинауға тиіс болды. Бірақ бұл комиссиялар ауылдардың табанды қарсылығына кездесті. Қазақ еңбекшілері «Уақытша Ереженің» негізгі мәнін дұрыс ұғынып, оны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.
Жаңа әкімшілікке бөлу жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы келе жатқан тәртібіне үйлеспеді: бір рудың жайлауы, қыстауы басқа уездер мен болыстардың қарамағына ауысып кетті.
«Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.
Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.
1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды.
Комиссия Елек өзенінің бастауы тұсындағы 30-дистанцияға қарасты қазақтардың күштірек қарсылығына кезікті. Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады.
Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері Каспийдің қатқан мұзы үстімен кейін қайтты.
1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Қазақ ұлықтарына жалданған бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер қырға жиылып, 600–700-ден бөлініп, жасақтар құра бастады.
Қазақтар топ-топ болып бірігіп, жасақ ұйымдастырды. Олар күндіз-түні жан-жақтан комиссияны мазалаумен болды. Шеп бойындағы казак-орыстардың малдарын айдап әкетіп, әскери жасақтарға шабуыл жасады.
# Көтеріліс ошақтары
Торғай облысы Ырғыз, Елек уезі осылайша көтерілістің бір ошағына айналса, екінші ошағы Орал облысының Орал, Калмыков уезінде қалыптасты. Калмыков уезінде Тайпақ деген жердегі Азнабай елді мекенінде алаша, байбақты рулары көп топтасты. 1869 жылғы наурыздан бастап стихиялы түрде шыққан наразылықтар белгілі формаға ие болып, ұйымдасқан сипат алды. Тіпті комиссия мүшелерімен келіссөз жүргізілді. Олар тұрақты жасақ құрып, алдыңғы шепке күзет қойды, ұсақ топқа бөлініп, үздіксіз шабуыл жасады. Өз іштерінен хан, әмір сайлап, дербес билік жүйесін құрды.
Халық арасында беделді азаматтар мен ақсақалдар бас қосып, «Уақытша Ережеге» байланысты кеңес өткізді. Торғай облысы Елек уезіндегі Қобда бойында Белқопа деген жерде Мұңайтпас Бөтенбеков деген бидің ауылына 500-дей ру ақсақалдары жиналады.
Наурыздың соңы мен сәуірдің басында белгілі ақын Шәңгерей Бөкеев Орал облысына келіп, «Уақытша Ереженің» күмәнді тұстарына тоқталып, жер сатуға рұқсат берудің зиянды жақтарын түсіндіреді.
Елек, Қобда бойындағы көтеріліс ошағында 6 мың отбасы қарсылық көрсетті. Көтерілісшілерге бұрын сұлтан-басқарушының көмекшісі болған Ханғали Арыстанұлы басшылық етті. Олар Ырғыз уезінде Орал-Ор пошта бекеттерін тонады.
Шекті руы қазақтары «комиссияны қабылдамаймыз, одан Хиуаға кеткеніміз артық» деп мәлімдейді. Бір бөлігі Сырдария облысына қарай қоныс аударуға бел буады. Патша үкіметі дистанциядағыларды жазалауға әскери жасақ шығаруға шешім қабылдайды. Ембі постына шыққан Новокрещенов жасағына 18 наурызда Бестамақ деген жерде 700 адам шабуыл жасайды. Жеңілген қазақтар жаппай Жем бағытына қоныс аударды.
Орал мен Торғай облысында комиссиялар өз міндеттерін орындай алмады. «Уақытша Ереже», негізінен, қыстаулары мен жайлаулары шеп аудандарының ішінде қалған, казак әскерлерінің іргесіне орналасқан, көші-қон жөнінен оларға түгелдей тәуелді қазақтарға ғана енгізілді. Бірақ бұл Кіші жүздегі үй санының ⅓ бөлігінен де аз еді.
1869 жылғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Шалқар көлінің маңайына Ханкөл, Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, Құрайлы, Шідерті, т.б. өңірлерін мекендеген рулардың көтерілісін Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза, қылыш соғып, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестірді. Ең маңызды жерлерге салт атты шолғыншылар қойылды.
Қазақ арасындағы күрестің қайсысын болсын, әдетте, барымтаға әкеліп саятын патша әкімшілігінің өзі де бұл жолғы күрестің саяси мәні бар екенін мойындауға мәжбүр болды. Орынбор генерал-губернаторы Н. Крыжановский үкіметке ресми түрде хабар берді. 27 наурызда соғыс министрі Милютин оған патшаның көтерілісшілерге қарсы шараларды құптағанын, Бас штаб тарапынан барлық шаралар қолданылатындығын жазады. Көтерілісті қарулы күшпен басып-жаншу үшін өкімет орындары үш айдай дайындалды.
# Фон Штемпель жасағына шабуыл
Көктем түскен соң комиссия жеткілікті қаруымен екінші рет қырға аттанды. Көтерілісшілерге қарсы Торғай облысында Ақтөбе бекінісін, Орал облысында Ойыл бекіністерін салу көзделді. Көтерілісті біржола басу үшін олардың негізгі күші шоғырланған жер — Ойыл өңіріне соққы беруге Орал облысының әскери губернаторы Веревкин 400 солдат, 4 зеңбіректі бір рота, т.б. күштермен Ойыл бойына аттанды.
Торғай облысындағы Ойыл, Сағыз, Жем өзендерінің өңірінде орналасқан көтерілісшілер фон Штемпель жасағына қарсы шықты. Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі қақтығыста 20 мың көтерілісшілер 7 күн шабуылдап, фон Штемпельді Калмыков қамалына кетуге мәжбүр етеді. Ал Орал облысына екінші рет шыққан комиссия қайта қайтып кетті.
Көтерілісшілердің фон Штемпель жасағына жасаған шабуылы 1869 жылы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің ең бір шарықтау кезі болды.
Шабуыл сәтсіз аяқталғанымен, көтерілісшілер көлге баратын жолды кесіп өтіп, фон Штемпель жасағын сусыз қалдырады.
Орыс әскери мамандары қазақ даласындағы бұл шабуылды ең күштісі деп бағалады. Шынында, саны жағынан 20 мыңдай қалың қолдың жиналуы бұрын соңды болмаса керек.
Патша үкіметі негізгі күштердің басын қосып көтеріліс ошағына бағыттау үшін біріктіруді ұсынды. Маусым айында Орал казак әскери атаманының өзі келе жатыр деген хабар, сондай-ақ патша үкіметінің барлық күштерді бір бағытқа көшіруі, қарулы отрядты жеңуге деген үмітті су сепкендей басты.
7 шілдеде 8 мың отбасы «Уақытша Ережені» мойындауға мәжбүр болды. 25 шілдеде байбақты Беркін Оспанов бастаған 1 мыңдық қол талқандалды. 31 шілдеде көтерілістің тағы бір басшысы Сейіл Түркебаев тұтқындалды. Қалған көтеріліс басшылары Хиуа жеріне өтіп кетті.
Көтерілістің жеңілуіне феодалдардың опасыздығы ғана емес, сонымен бірге кейбір рулардың арасында ауызбірліктің жоқтығы да себеп болды. Олардың ынтымақтаса қимылдауына жер дауы да бөгет болған еді. Казак шептері маңындағы ауылдар отаршылдарға қарсы белсене күреске шыға алмады. Майдан мен тыл бір жерде болып, көтерілісшілер қимылын өте-мөте қиындатты.
# 1870 жылғы Адай көтерілісі
Басқару реформасын жүзеге асыру Маңғыстау аймағында да қарсылыққа кезікті. Реформаны енгізгенде патша үкіметі қазақтардың, жекелей алғанда Адайлардың, қоғамдық-экономикалық даму деңгейімен тарихи ерекшеліктерімен санаспады. «Уақытша Ереже» Орал облысына қарасты Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілсе де, «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығын 2 жылға қатар төлеу міндеттелді.
1868 жылғы «Уақытша Ережеге» сәйкес жоғарыда аталған екі жылдың ауыр алым-салық түрлерін қарулы жасақтың көмегімен жинау басталды.
Маңғыстау приставы подполковникБаймәмбет Маяұлы мен Ғафур Қалбыұлы сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 1869–1870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Мұның өзі әрбір шаруашылықтан, әл-ауқатының қандай екеніне қарамастан бірден 8 сом күміс ақша төлеуге міндетті деген сөз. Адайлардың көпшілігінің мұндай ақша төлейтін жағдайы жоқ еді.
Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық Адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тәжіұлы пен Иса Тіленбайұлы, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.
Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды. Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтерілісшілер саны 10 мың салт атты адамға жетті. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтыды. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпкерлердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын талқандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпкерлер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сармытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап, олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі — Александров фортын қоршау үшін пайдаланды.
Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Санкт-Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі, бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы Иранда ағылшындардың ықпалы едәуір күшейген болатын. Онымен қоса, патша үкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін Красноводск қаласына шоғырландырып жатқан еді. Маңғыстау көтерілісінің орталығы осы әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерілісшілер мамыр айының соңында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан Н. Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған жазалаушы жасақтармен кездесіп, шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды.
1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.
Жазалаушылар халықты «Уақытша Ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты. Көптеген отбасылар Үстіртке қашып бой тасалады. 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мың Адай отбасынан екі жылғы салық бірден өндірілді. Салықты өтеу үшін қазақтар соңғы малдарын сатуға мәжбүр болды. Көтерілістің нәтижесінде «Уақытша Ережеге» өзгерістер енгізіліп, түтін салығын ақшалай емес, малмен өтеуге рұқсат етілді.
Сонымен, 1870 жылғы көтеріліс салықтың өсуіне, жайылымды пайдалануға шек қоюға қарсы болған стихиялы көшпелі шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс Ережені енгізер кез бен оған дейінгі отарлық езгінің ауыртпалығынан шықты, патша өкіметінің озбырлығы халықтың ыза-кегін туғызды, халық бұқарасының күресі патша үкіметіне қарсы бағытталды. Адай көтерілісінде өз билеушілеріне қарсы күрес баяу көрінді. Рулық белгілер әлі де күшті еді. Көтерілісшілер патша үкіметімен ауыз жаласқан билерді ғана жазалады.
Көтерілістің негізгі ерекшелігі — халықтың еңбекші бұқарасы: кедейлер, жатақтар, батырақтар, балықшылар, орыс кәсіптеріндегі жұмысшылар, егіншілер, малшылар, молдалардың қатысуы. Мақсаты мен міндеті жағынан көтеріліс отаршылдық езгіге қарсы бағытталған болса, әлеуметтік құрамы жағынан, басым түрде қазақ шаруалары мен балықшылардың қатысуымен ерекшеленеді.
XVIII–XIX ғасырлардағы Қазақстандағы көптеген бас көтерулерден айырмашылығы да осында. Салыстырмалы түрде айқын көрінетін батыл қимылдар, үлкен ұйымдасқандық белгілерін көреміз. Көтерілістің нағыз ұйымдастырушыларының бірі малшы шаруа Досан Тәжіұлыны халық батыр ретінде мойындады.
Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспар болмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар оқиғаның даму барысымен ғана анықталды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың артта қалғандығы халық бірлігіне кедергі болды.
# Дереккөздер
## Көтерілістің алғышарты
1867–1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.
Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.
Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауыл старшындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол, пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.
Кіші жүз қазақтары 1868–1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.
Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40–50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10–12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.
Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді.
Кіші жүз қазақтары мен Жайық казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы — 15 тиын, ірі қара мал — 18 тиын, жылқы — 23 тиын, түйеге — 38 тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.
Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтар арасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа ұшыратты.
Қазақстанның оңтүстігінің Ресейге түпкілікті қосылуы 1867–1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» жасалуына тікелей байланысты. Бұл заң Ресейдің империялық пиғылының арта түскендігінің көрінісі. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі — рулық құрылымды бұзып, әкімшілік басқаруды оларға түсініксіз, сан алуан сатылы билік иерархиясымен ауыстырды. Орал облысы қазақтарының жері Орал казак әскерлері жерімен біріктіріліп, оны басқару казак атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылығын туғызды. Қазақтар дүниетанымы мен көшпелі өмір салтына қайшы келетін сырттан күшпен таңылған жаңа реформаны қабылдамады.
## Көтерілістің басталуы
Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады.
Ұйымдастыру комиссиясы, ең алдымен, үй есебін алуға, онбасы, елубасылардың сайлауын өткізуге, олардың арасынан ауыл старшындарын, болыс билеушілерін сайлауға, елді ауыл-ауылға бөлуге, жаңа мөлшерде үй басы салығын жинауға тиіс болды. Бірақ бұл комиссиялар ауылдардың табанды қарсылығына кездесті. Қазақ еңбекшілері «Уақытша Ереженің» негізгі мәнін дұрыс ұғынып, оны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.
Жаңа әкімшілікке бөлу жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы келе жатқан тәртібіне үйлеспеді: бір рудың жайлауы, қыстауы басқа уездер мен болыстардың қарамағына ауысып кетті.
«Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.
Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.
1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды.
Комиссия Елек өзенінің бастауы тұсындағы 30-дистанцияға қарасты қазақтардың күштірек қарсылығына кезікті. Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады.
Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері Каспийдің қатқан мұзы үстімен кейін қайтты.
1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Қазақ ұлықтарына жалданған бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер қырға жиылып, 600–700-ден бөлініп, жасақтар құра бастады.
Қазақтар топ-топ болып бірігіп, жасақ ұйымдастырды. Олар күндіз-түні жан-жақтан комиссияны мазалаумен болды. Шеп бойындағы казак-орыстардың малдарын айдап әкетіп, әскери жасақтарға шабуыл жасады. |
Дулыға (фр. le casque) — қалқанның үстінде орналасатын геральдикалық элемент. Бастапқыда Батыс Еуропа геральдикасында елтаңба иесінің атағына және титулына тәуелді дулығалар болатын. Ежелгі елтаңбаларда сарбаздық кару-саймандар, дулығалар профиль түрінде бейнеленетін, бірақ XV ғасырдан кейін оларды тура суреттейтін болды. Сондай-ақ елтаңбадағы дулығаның орналасуы (тура, профиль, оңға немсе солға бұралған және т.б.) және әшекейлену ерекшеліктері айырым белгілер ретінде маңызды рөл атқаратын, мысалы:
* Патшалар мен императорлардың дулығалары әшекейлер мен оюлардан тұратын, беткі жағы ашық және шілтерсіз болып келеді;
* Ханзадалар мен герцогтердің дулығалары күміс және ашық;
* Маркиздерде тура солай, бірақ шілтері жабылған;
* Графтардың дулығалары күмістен жаслған, шілтері жабық, үшке төрт және тоғыз елегі бар;
* Барондардың дулығалары жылтыратылған күмістен жасалған, шілтерінде жеті елегі болады;
* Дворяндық дулыға жылтыратылған болаттан құйылған, шілтері төрт електен тұрады.
*
*
*
*
*
*
*
*
## Әдебиет
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Геральдикалық дулыға
* Лакиер А.Б. § 27 Внешние украшения щита: короны и шапки; шлемы; бурелет; намет на шлеме; нашлемник; щитодержатели; мантии; шнуры; девиз. // Русская геральдика — 1855. (орыс.) |
Эль – Хубар қаласы (Сауд Арабия) – Парсы шығанағы жағалауында орналасқан, Сауд Арабия қаласы. Халық саны 166 мың адам шамасында (2004 жылғы халық санағы бойынша). Эль-Хубарда маңызды әрі ірі мұнай шығаратын өнеркәсіп орындары бар. Қала маңында әлемдегі ірі Saudi Aramco мұнай компаниясының штаб-пәтері орналасқан. Эль-Хубарда король Фахдтың атындағы көпір бар. Ол Парсы шығанағынан Бахрейнге дейін жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 26 км шамасында. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.