text
stringlengths
3
252k
Жаңаталап: ## Елді мекендер ### Ақмола облысы * Жаңаталап – Бурабай ауданындағы ауыл. * Жаңаталап – Бұланды ауданындағы ауыл. ### Ақтөбе облысы * Жаңаталап – Қобда ауданындағы ауыл. ### Алматы облысы * Жаңаталап – Кеген ауданындағы ауыл. * Жаңаталап – Іле ауданындағы таратылған ауыл. ### Атырау облысы * Жаңаталап – Атырау қалалық әкімдігіне қарайтын ауыл. ### Батыс Қазақстан облысы * Жаңаталап – Бөрлі ауданындағы ауыл. * Жаңаталап — Теректі ауданындағы таратылған ауыл. ### Жамбыл облысы * Жаңаталап – Жуалы ауданындағы ауыл. * Жаңаталап – Сарысу ауданындағы ауыл. ### Жетісу облысы * Жаңаталап – Қаратал ауданындағы ауыл. ### Қарағанды облысы * Жаңаталап – Бұқар жырау ауданындағы ауыл. ### Қызылорда облысы * Жаңаталап – Жалағаш ауданындағы ауыл. ### Солтүстік Қазақстан облысы * Жаңаталап – Шал ақын ауданындағы ауыл. ### Түркістан облысы * Жаңаталап – Бәйдібек ауданындағы ауыл. * Жаңаталап – Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округіндегі ауыл. * Жаңаталап – Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округіндегі ауыл. * Жаңаталап – Мақтаарал ауданындағы Өркениет ауылының бұрынғы атауы. * Жаңаталап – Сайрам ауданындағы ауыл. * Жаңаталап – Сарыағаш ауданындағы ауыл. * Жаңаталап – Түлкібас ауданындағы ауыл. ### Шығыс Қазақстан облысы * Жаңаталап – Тарбағатай ауданындағы ауыл. ## Басқа мағыналар * Жаңаталап – Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан мұнай кен орны.
Жылыбұлақ ауылы — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Билікөл өңіріндегі әруақты, киелі жерлердің бірі "Жылыбұлақ" ауылы маңында қорым болған бір биіктің етегінен үш бұлақ жер астынан қайнап шығып жатыр. Екеуінің суы ащы, біреуінің суы тұщы. Бұл бұлақтар қыста қатпай, буы бұрқырап жатады, суы жылы. Жергілікті халық ежелден бұл бұлақтарды қасиет тұтып, "Әулие су" деп тәу етіп келеді. Бұлақ суын шаруашылық егістігі үшін пайдаланады. Ауыл атының "Жылыбұлақ" аталуы осы бұлақтарған байланысты қойылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Кәріқорған ауылы — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округінің орталығы. Өткен ғасырдың басында бұл ауылдың тұрғындарының ауыз бірлігі, ынтымағы берік болып, оларды ауыл ақсақалдары басқарған екен. Олар жергілікті билік иелеріне барып, ауылдың мұң-мұқтажын жеткізіп, үстем тап зорлығынан елін қорғап, ауылда береке-бірлік орнатқан көрінеді. "Кәрілер - біздің қорғанымыз" дейді екен ауыл тұрғындары. Содан ауыл "Кәріқорған" аталып кеткен. Кеңестік кезеңде бұл елді мекен "Казанка селосы" аталған. Мұнда бүкіл ауыл шаруашылық техникалары шоғырландырылып, Казанка МТС-і құрылып, ол ауданның күнбатыс бөлігіндегі ұжымдық шаруашылықтарға тракторшы-комбайншы мамандарын даярлайтын механизаторлар курсы жұмыс істейді.Казанка МТС-і Бурный МТС-інен кейінгі ең үлкен ауыл шаруашылық кәсіпорыны болған. Кәріқорған ауылы Б.Момышұлы-Қошқарата автомобиль жолының бойына орналасқан. Тасбастау ауылына іргелес. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жұрымбай ауылы (2007 жылға дейін — Зыковка) — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Теріс өзенін жағалай қоныстанған. Ауылдық округ орталығы Қарасаз ауылынан екі шақырым солтүстікке қарай орналасқан. Мұнда да XX ғасырдың бас кезінде Украинадан ауып келген шаруалар тұрған. Бүгінде жергілікті қазақтардың үлес салмағы басым. 2007 жылы осы елді мекенге осы ауылда өскен, қоғам қайраткері Жұрымбай Медетовтің аты берілді. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Маржанбұлақ (2008 ж. дейін — Прогресс) — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Маржанбұлақ ауылдық округі орталығы. КАТО коды — 153247100. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Алға қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1174 адам (654 ер адам және 520 әйел адам) болса, 2009 жылы 1496 адамды (738 ер адам және 758 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құрашасай — Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты Новый ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы шағын ауданға айналды. КАТО коды — 151039200. ## Географиялық орны Ақтөбе қаласынан батысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2497 адам (1227 ер адам және 1270 әйел адам) болса, 2009 жылы 1109 адамды (529 ер адам және 580 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қайрат — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Ақсай ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылының оңтүстік іргесінде, Ақсай алқабында орналасқан үлкен елді мекен. Колхоздасып, ұжымдасып, тіршілік жасап жатқан кезде еңбекшілер қайраттанып, құлшынып істесін деген ниетпен туған атау. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктөбе (1993 жылға дейін – Нововознесеновка) — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Көкбастау ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Тарихы 1928 жылы орыс поселкасы Столыпинка құрылған. Бұл ауылға қазақтар 1950 жылдардың ішінде Б.Момышұлы ауылының кіре берістегі қырдың астындағы Сіргелі деген ауылдан көшіріліп әкелінген, сөйтіп көшірілген ауылға күре тас жол салынып кеткен. Ол ауыл Кеңес өкіметі тұсында Столыпинкадан "Ново-Вознесенск" болып ауыстырылған. Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1994 жылы Көктөбе болып қайта аталды. Көктөбе ауыл іргесіндегі төбе аты. Ертеректе ол "қарауыл төбе" деп аталған. Жаугершілік заман келмеске кеткеннен кейін ел оны Көктөбе деп атап кеткен. Қазір ол төбе зиратқа айналған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ащылау алқа (лат. Solanum dulcamara) – алқалар тұқымдасы, алқа туысына жататын, биіктігі 4 метрге дейін жететін, жартылай бұталы өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Сабағы төменгі жағында қырлы, жолында кездескен өсімдіктерге орала, көлбеу өседі. * Төменгі жағындағы жапырақтары сопақшалау келген жұмыртқа тәрізді, шеттері бүтін, сағақтары үзын, ұштары сүйір, жоғары жағындағы жапырақтары жіңішке. * Гүлдері әдемі, көкшіл түсті, топталып, шоғырланып, төмен қарай салбырап тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен. * Жемісі қызыл түсті, эллипс тәрізді, ішінде көптеген тұқымдары бар. Ашылау алқа ылғалды ормандарда, бұталардың арасында, өзен жағаларында, шабындықтарда өседі. Дәрі жасау үшін оның жоғарғы бөлігін жапырақтарымен қоса жинап алады. ### Емдік қасиеті және қолданысы Ащылау алқаның құрамында салоецин, ащы заттар, танин, С дәрумені, дулкамарин бар. Халық медицинасында тері ауруларын, есекжемді, бронх демікпесін емдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар қуықтың қабынуын, ревматизмді, іш өткенді емдеу үшін де пайдаланылады. ## Зиянды әсері Ащылау алқаның жемістерін көп жесе балалардың уланып қалуы мүмкін. Уланған кезде жүрек қатты соғып, ентігу пайда болады, іш ауырады, құсады, іші өтеді, есінен танады. Сондықтан бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді тек дәрігердің бақылауымен ғана пайдаланған жөн. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Қосбөлтек — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Көкбастау ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Ауыл тарихы 1929 жылы құрылған қазақ ауылы. Ауыл қазіргі темір жолдың үстіңгі жағында болған. Алғашында ол Исаев колхозы, одан кейін Мирзоян, Қызыл ту атты колхоз болып бірнеше рет өзгерген. 1939 жылы "колхоз өз-өзін асырай алмайды, болашағы жоқ" деп Оңтүстік Қазақстан облысының Ильич ауданына ауылдағы алпыс үй түгелімен көшіріліп, "Жаңа дала" колхозының құрамына енгізілген. Күйік асуынан асқан кезде осы өңірдегі екі төбе көзге ерекше көрініп тұрады екен. Содан оны жұртшылық бөле-жармай "Қосбөлтек" деп атап кеткен. Ауыл көшірілгенге дейін қос төбенің бір - Кенжебай, екіншісі Мәткәрім деген ағайынды ауқатты адамдардың есімдерімен аталып келген. Олардың ол төбе маңында бай-бақшасы болыпты. Оның жұрнағы әлі де бар. Ол кісілердің ұрпақтары Теріс ауылында тұрып жатыр. Бәйімбет осы сайдың басындағы бұлақ басында отырған, бұлақ та сол кісінің атымен аталады.Қазіргі кезде бұрынғы Қосбөлтек ауылының орны егістікке айналған. Ал, бүгінгі Қосбөлтек атанып отырған ауыл бұрынғы орыс переселендері қоныстанған Кастальевка атты поселке болатын. Ол да 1929 жылдары ауыл болып қоныстанған. Тәуелсіздік алғаннан кейін жер, су, ауыл аттарын қазақшалау кезінде Кастальевканың іргесінде жойылып кеткен ауыл атын иемденіп, 2004 жылы Қосбөлтек атанған. ## Дереккөздер
Көкек жанаргүлі (лат. Silene flos-cuculi) - қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 90 см-ге жуық. * Сабағын төмен қараған қысқа түк басқан. * Сопақша келген жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, екі жағында да аздаған түктері бар. * Гүлдері қызыл, бұтақтарының ұштарында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары қысқа, тостағаншасы қоңырау секілді, үстіңгі жағында үш бұрышты өткір тістері бар. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Ылғалды жерлерде, батпақтардың шеттерінде, орман ішіндегі алаңдарда, жоңышқалы шабындықтардың арасында кездеседі. ### Емдік қасиеті Дәрілік мақсат үшін көкек жанаргүлінің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. * Халық арасында бұл өсімдікті сары ауруға, бронх қабынуына, ревматизмге қарсы қолданады. * Жатырдан және басқа органдардан қан кеткен жағдайларда ем үшін пайдаланады. * Сыртқы жараларды жуады және қышыманы емдейді. * Іріңді жараларға компресс ретінде сыртынан таңып байлап қоюға болады. ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі * Ішуге: өсімдіктің 20 грамын 200 мл қайнап тұрған суға салып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. * Дененің сыртына жағуға да осындай тұнба жасайды, ол үшін өсімдіктің 10 грамын ғана алады. * Спиртті тұнба: 25 грамм өсімдікті 10 мл спиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, күніне 20-40 тамшыдан 3 рет ішеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Маралшөп тамыры (лат. Rhaponticum carthamoides) — күрделігүлділер тұқымдасы маралшөп туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 180 см-ге жуық. * Тамыры көлбеу өседі, көптеген қосымша тамырлары бар. * Сабағы түзу, шағын сайлары бар, іші қуыс, сырты өрмекшінің торындай, үлпілдек болып келеді. * Тамыр жапырақтары ірі, сағақтары ұзын, сабақ жапырақтары отырмалы, жоғарлаған сайын біртіндеп кішірейе береді. Жапырақтары қауырсын тәрізді тілімделген, шеттері ара тісті. * Гүлдері көкшіл, шар тәрізді тостағанша жасап сабақтың жоғарғы жағына жеке-дара орналасқан. * Жемісі - қоңырқай, төрт қырлы дәнек. * Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Ол тау етегіндегі көгалды жерлерде, орман шеттерінде өседі. Қазақстанда негізінен Шығыс Қазақстан, Талдықорған облыстарында өседі. ### Атауының тарихы Сібір халықтары маралшөп тамырын ұзаққа созылған аурудан әлсірегенде, жалпы күш кемігенде қуаттандыратын дәрі ретінде қолданып келген. Сондықтан да олар бұл өсімдікті кісіні он төрт аурудан айықтыратын, жасартатын дәрі деп есептеген. Бұғылар осы шөптің тамырын тұяқтарымен қазып алып жейтін болғандықтан, халық арасында бұл өсімідік "марал шөп", "марал тамыры" деп аталып кеткен. ### Емдік қасиеті Дәрілік мақсатқа маралшөптің тамыры мен тамыр сабағын тамыз-қыркүйек айында жинап алады. Оның құрамында эфир майлары, илік заттар, аскорбин қышқылы, каротин және инулин бар. Соңғы кездегі зерттеулердің нәтижесінде маралшөп тамырының қанның қысымын көтеріп, орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартатындығы, кісінің әл-қуатын қалпына келтіріп, шаршағандығын басатындығы анықталды. Өсімідік тамырының спиртті тұнбасын 20 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Емдеу мерзімі 2-3 апта. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер * Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
Бояу дрок (лат. Genista tinctoria) - бұршақ тұқымдасы бекіш туысына жататын, едәуір ірі, жартылай бұталы өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Сабақтары тікенсіз, қырлы, жатаған, қысқа түктері бар. * Сопақша келген жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеттері бүтін, біз тәрізді үшкір қосымша жапырақшалары бар. * Гүлдері сары, бұтақтарының ұштарында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Орманды жерлерде, бұталардың арасында өседі. ### Емдік қасиеті Дәрі үшін өсімдіктің жоғары бөлігін гүлдеген кезінде жапырақтарымен, гүлдерімен қосып жинап алады. Құрамында цитизин, метилцитизин, анагирин, сидетеин алкалоидтары, генистеин деген бояғыш заттар бар. Халық медицинасында бояу дрок несеп айдағыш дәрі ретінде, жүрек пен бауыр қызметінің бұзылуына байланысты пайда болған шемен ауруларын емдеу үшін кеңінен қолданылады. ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі 15 грамм кептірілген өсімдікті жарты литр суық суға салып қайнатады, сұйықтың 1/3-і буланып ұшып кеткеннен кейін даяр болған дәріні сүзіп алып, күнара 2 қасықтан әрбір 2 сағат сайын ішеді. Кейбір елдерде бояу дроктан жасалған дәрілерді бүйрекке тас байланғанда және ревматизмді емдеу үшін де ішеді. Өсімдіктің 10 грамын 1 стақан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Аббас Сиххат немесе Саххат немесе Аббасгули Алиаббас оглы Мехти-заде (1874, Шемаха — 11 шілде 1918, Гәнжә) - азірбайжанның романтик ақыны. Шемаха молданың отбасында туған. Мешхед пен Тегеранда медицинаға оқыған. 1901 жылы Шемахаға қайтып келгенен кейін медицинаны қойып мектепте азербайжан тілі мен әдебиеттен сабақ бере бастайды. Алғашқы романтикалық лирикасы табиғатты суреттеуге аралған. Аббас Сиххат 1906 ж. буржуазиялық интеллигенцияны әшкерелеген біреше шығарма жазды ("Оқыған мұсылмандар",1910; "Өзімшілдерге" т.б.). Орыс, парсы, француз тілдерін жетік білген. Пушкин, Лермонтов, Крылов, Никитин, Кольцов, Горькийден т.б. аударғандары жеке жинақ болып басылды (1912). Аббас Сиххаттың азербайжан тіліндегі жинағы да 1912 ж. шықты. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Көктөбе — Түркістан облысы Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауылдың жалпы ауданы 1948,17 га. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 74 км-дей жерде. ## Халқы ## Климаты, өсімдігі мен жануарлары Ауылдың жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық алып жатыр. Климаты тым континенттік. Қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Қаңтар айының орташа жылдық температурасы -7-12°С, шілдеде 24-27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-250 мм. Жерінің басым бөлігі сұр топырақты, сор, сортаңды, құмды. Су қоры аз, су тапшы. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, бауырымен жорғалаушылар мекендейді. ## Ауыл атауы тарихы Көне көз қариялардың айтуына қарағанда «Кезінде Көктөбе мен Созақтың арасындағы тастақта су мол, қамысты, ну тоғай орман болса керек. Сол тастақта жолбарыс өмір сүрген деседі. Бірақ бертін келе ол аңыздар ұмытылып, жолбарыстың не себепті бұл жерде өмір сүргендігі, қалай пайда болғандығы туралы ешқандай мәліметтер жоқтығы туып отыр». Дегенмен де тек қана бұл аңызға емес, қариялар айтатын мына аңызынан да болжам жасауға болады. Аңыз былай өрбиді: Міне, содан бері Көктөбе елді мекені мен Созақ жерлері шөлейтті болып келеді деген болжамдар жасалады. ## Дереккөздер
Ақтасты (1992 жылға дейін — Некрасовка) — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Қошқарата ауылдық округіне қарасты ауыл. Қошқарата ауылының оңтүстік-шығыс жағындағы тау арасына қоныс тепкен елді мекен. Сол маңда жоңғар қалмақтарымен қанды қырғында қаза тапқан қазақ сарбаздары жерленген қорым бар. Қорымның жанындағы үлкен ақ тасты жергілікті тұрғындар "Ақтасты әулие" деп зиярат етеді екен. Ауыл аты сонан қалған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қала гравилаты (лат. Geum urbanum) - раушангүлділер тұқымдасы шыршай туысына жататын шөп тектес, көп жылдық өсімдік. ## Сипаты * Сабағы тік өседі, биіктігі 30-60 см-ге дейін жетеді. * Бұтақтары аз, төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, қауырсын тәрізді болады. Ал жоғарғы жағындағы жапырақтарының сағақтары қысқа, 3--4 салалы немесе бүтін болып келеді. * Гүлдері ірі, сабағы ұзын, ашық сары түсті, гүл жапырақшалары бесеу. * Мамыр-тамыз айларында гүлдейді. Маусым-қыркүйек айларында жемісі піседі. Шалғынды жерлерде, ормандарда, бұталарадың арасында, өзендердің жағаларында, бақшаларда өседі. * * * * ### Емдік қасиеті Қала гравилатының құрамында илік заттар, эфир майлары, С дәрумені және ащы заттар бар. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзде, жер үстіндегі бөлігін көктемде гүлдеген кезінде жинап алады. * Халық медицинасында өсімдіктің сулы тұнбасымен асқазанның түрлі ауруларын емдейді. * Өсімдіктің қабынуға қарсы әсер ететін, микробтарды жоятын қасиеттері де бар. * Ол дизентерияға, асқазанның қабынуына қарсы қолданылады. * Іш желденгенде, ішек түйнеп ауырғанда және геморрой түйіндерінен қан кеткенде де осы өсімдікпен емдеуге болады. * Ол бауыр мен өт жолдарының ауруларына да шипа. * Кейде қала гравилатын қатты жөтелді басу үшін және тістің түбін босап, қанағанда, тамақ бездері қабынғанда қолданады. ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі Өсімдіктің 1 ас қасық ұнтақталған тамырын немесе шөбін 1 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, стақанның төрттен біріндей мөлшерде күніне 3-4 рет ішеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Сары раушан (лат. Solidago virgaurea) – астралылар тұқымдасы, алтыншыбық туысына жататын биіктігі 1 метрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Сабағы жіңішке, тік өседі, жоғарғы жағы бұтақты. * Тамырынан өсіп шыққан жапырақтарының сабақтары ұзын, эллипс тәрізді. Сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары сопақша, отырмалы. * Гүлдері алтындай сары, өсіміктің жоғарғы жағына сыпырғы сияқты шоқтала орналасқан. Сары раушанның орыс тілінде "золотая розга" деп аталатыны да гүлдерінің осындай түсіне байланысты. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Селдірлеу ормандарда, бұталар арасында, тастақты жерлерде, тау етектерінде өседі. ### Емдік қасиеті Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жоғарғы жағындағы бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында илік заттар, сапониндер, эфир майлары, алкалоидтар бар. * Халық медицинасында несеп айдайтын дәрі ретінде, бүйрек қабынғанда, қуыққа, бүйрекке тас байланғанда, денеде ісік пайда болғанда пайдаланады. * Сонымен қатар бұл өсімдікпен ревматизмді, подаграны емдейді. * Дене сыртындағы жараларға жапырақтарын кептіріп, ұнтақтап себеді ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі Ұнтақталған өсімдіктің 6 шай қасығын алып 2 стақан салқын суға салады да, 8 сағат тұндырады. Дайын болған дәріні бір күн ішінде ұрттап ішіп тауысады. ## Мал дәрігерлігінде қолдану Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің сабақ – жапырақтары орылып алынып, қуратпай кептіріледі.Мал дәрігерлігі практикасында өсімдік шөбін іш өткенде тоқтату үшін, ал гүлінің тұнбасын бүйректің,қуықтың қабынуын басу үшін қолданады.Ал оның жаңа ғана жұлынып алынған жапырағы тері жараларын емдеуге пайдаланылады. Орта есепен ірі малға сары раушанның шөбі де, гүлі де 20 – 30 грамм мөлшерінде ішкізіледі.Бұл өсімдік мал, әсіресе ірі қара сүйсініп жейді. Оның шөбі шауып алынып , сиырға, бұзауға, қойға кәдімгі шөб ретінде де беріледі. Ал дәрі ретінде оның гүлінің тұнбасы (1:10) пайдаланылады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Сары раушан — "Қайнар", 1988. — Б. 173-174. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Қарама-қарсы жапырақты ербасы (лат. Gentiana cruciata) – көкгүлдер тұқымдасы, көкгүл туысына жататын көп жылдық , шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 60 см-ге жуық. * Тамыры қысқа әрі жуан, қоңыр түсті. * Сабақтары біреу немесе бірнешеу болады, жапырақтары көп. * Тамырынан тікелей өсіп шығатын эллипс тәрізді бір топ жапырақтары бар. Сабақ жапырақтары жіңішкелеу, қарама-қарсы орналасқан. * Гүлдері сабақтарының жоғарғы жағында, жапырақтарының қуыстарында болады. Гүл тостағаншасы түтікшеге ұқсас, 4 тісті, 4 қалақшадан тұрады. Гүл тәжісі көк түсті, қоңырау тәрізденіп келеген, 4 гүл жапырақшасы бар. * Жемісі көп тұқымды қауашақ, шілде-тамыз айларында гүлдейді. ### Түрлері Қазақстанда ербасының - өкпе ербасы (Gentiana pneumonanthe) және Оливье ербасы (Gentiana olivieri) деген түрлері де өседі. * Өкпе ербасының биіктігі 3 см-ге жуық.Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан.Гүлдері ірі, гүл тостағаншасы бес қалақшадан, гүл тәжісі 5 гүл жапырақшадан тұрады.Жемісі бір ұялы қауашақ.Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. * Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. * Гүлдері ірі, гүл тостағаншасы бес қалақшадан, гүл тәжісі 5 гүл жапырақшадан тұрады. * Жемісі бір ұялы қауашақ. * Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. * Оливье ербасысы республикамыздың оңтүстік аудандарында кездеседі. Гүлдері көк, сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Олар тау етектерінде, далалы аймақтарда, ылғалды жерлерде өседі. ### Емдік қасиеттері Дәрі жасау үшін олардың жер үстіндегі бөлігін, тамырын және тамыр сабағын жинап алады. Құрамында - генциамин деген алкалоидтар, глюкозидтер, майлар, эфир майлары, илік заттар, каротин, С дәрумені бар. Ербасылардың үш түрінің де емдік қасиеттері бір-біріне ұқсас: * асқазанның жұмысын жақсартып, қышқылын көбейтіп, іш жүргізетін, өт айдайтын қасиеттері бар; * қанның азаюын, ревматизмді, подаграны емдейді; * көптен жазылмай жүрген жараларға өсімдіктің тамырын ұнтақтап себеді; * өкпе ербасысы мен Оливье ербасысын халық медицинасында жөтелге қарсы қолданады. ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі * Ербасының 2 ас қасығын 200 мл араққа қосып 10 күн тұндырады да, 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. * Аяқ көбірек терлейтін болса ербасының 1 бөлігін, емен қабығының 3 бөлігіне араластырып, қайнатындысына аяқты малып отыру керек. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Шеркез (лат. Salsola) - алабұталар тұқымдасына жататын, биіктігі 3 метрге жететін, көп жылдық, бұталы өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Қабығы ақ сұрғылт түсті. * Жапырақтары жіңішке кезектесе орналасқан. * Гүлдері майда, жапырақтарының қуысында масаша тәрізденіп өскен. * Жемісі - шар тәрізді қанатты жаңғақ. * Мамыр айынан қараша айына дейін гүлдейді. Құмды жерлерде және далалы аймақтарда өседі. Шеркездің аз жапырақты түрі - биіктігі 120 см-ге дейін жететін аласа бұта. * Жапырақтары қалыңдау әрі тықыр болады. * Сазды және тастақты беткейлерде, сортаңды және құмды жерлерде өседі. ### Құрамы және емдік қасиеті Дәрі жасау үшін күзде шеркездің жемісі мен қалған гүлдерін жинайды. Ал азжапырақты шеркездің көк бұталарын пышақпен кесіп алады. Құрамында сальсолин, сальсолидин деге алкалоидтар, сальсомин бар. * Медицинада шеркездің спритті тұнбасы мен сальсолин, сальсолидин деген алкалоидтері қолданылады. Олармен қан қысымын төмендететін, мидың қан тамырларын кеңейтетін, жалпы жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктерді қан қысымы көтерілгендебас ауырғанда, бас айналғанда емге қолданады. * Бауыры және бүйрегі ауыратын, жүрегінің қызметі нашарлаған адамдарға шеркезді дәрі ретінде пайдалануға болмайды. ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі * Өсімдік жемістері мен гүлдерінің, немесе кептірілген жас бұтақтарының ұнтақталған 20 грамын 1 стақан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат тұндырады да, жарты ас қасықтан күніне 2-3 рет ішеді. * Спиртті тұнба: ұнтақталған өсімдік жемістерінің 1 ас қасығын жарты стақан араққа салып 8-10 күн тұндырады да, 60 тамшыдан күніне 2-3 рет ішеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Маралқурай (лат. Veratrum lobelianum) – Melanthiaceae тұқымдасының тамырдәрі туысына жататын биіктігі 1,5 метрден асатын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Тамыр сабағы жуан әрі жұмыр, қара қоңыр және көптеген ақ түсті қосалқы тамырлары бар. Тамыр сабағынан жыл сайын қурап түсіп қалатын тамыр жапырақтарының орнын көуге болады. * Сабақтары жуан, іші қуыс, тік өседі, бұтақтары жоқ. * Жапырақтары кезектесіп орналасқан, ірі, эллипс тәрізді, шеттері бүтін, сабақты қоршай өседі. * Гүлдері ірі, ақ немесе жасыл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында сыпырғы тәрізденіп шоғырланып тұрады. * Жемісі үш жерінен ашылады, ішінде тұқымы көп, қауашақ. * Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Батпақты жерлерде, өзендердің жағаларында, ылғалды шабындықтарда, таулы беткейлерде өседі. ### Емдік қасиеті Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын күзде немесе ерте көктемде жинап алады. Құрамында қант, қоймалжың, бояулық заттар, вератрамин дейтін гликозид, протовератрин алкалоиді бар. * Халық медицинасында подагра мен ревматизмге байланысты буынның сырқырауын қойдыру үшін майдәрі жасап ауырған жерлерге жағады. * Өсімідк тамырының тұнбасын шашта қайызғақ пайда болғанда және шаштың өсуін күшейту үшін басты жууға пайдаланады Сақтық шарасы Маралқурай - улы өсімдік. Оның тамырын жинау барысында сақталатын шаралар: * ауыз бен мұрынды дымқыл орамалмен, дәкемен байлау қажет; * тамырды жинап болғанша тамақ немесе су ішуге болмайды; * жұмыс біткен соң қолды жақсылап сабындап жуу керек. Маралқурайды дәрігердің бақылауынсыз пайдалану - адамның улануына әкеліп соғады. Улану белгілері: * сілекей ағады; * түшкіреді; * аузының іші ашып, тамағын, жұтқыншағын бір нәрсе тырнаған сияқты болады; * құсады; * іші өтеді; * көзінің көруі нашарлап, дем алысы, жүрегінің соғысы сирейді, басы ауырады; * денедегі бұлшық еттер тырысып, адамның талықсып кетуі мүмкін. Уланудың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ дәрігерге хабарлау керек. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер
Қызылқұлақ сұлыкеш (Emberisa cioides) – шағын денелі (20-25 г), қошқыл реңді сұлыкеш. Өзіне көбірек ұқсас тау сұлыкештен қызылқұлақ сұлыкештің айырмашылығы – құлағын жабатын және төбесінде сарғылт реңнің болуы, оның жемсауынан да осындай реңдікөлденең жолақ болады. Одан басқа ол ұзын құйрықты болып көрінеді. Қазақстанда оңтүстік шығыс және шығыстың – Алтай және Сауырдан Алматыға таяу Іле Алатауына дейін таулы өңірлерде ұялайды. Біз осы сұлыкештің өргізген ұялас балапандарын Қарқаралы тауларынан кездестірдік. Қызылқұлақ сұлыкеші – отырықшы көшпенді құс. Ұялары жерге жасырып салынады. Бір жылда екі рет балапан өргізеді, салындыда әр жолы 4-6 сұлыкештерге тән жіңішке қисық сызық түрінде безендірілген жұмыртқалары болады. Басқа сұлыкештердің тобына араласып, қыстайды. ## Дереккөздер Қазақстан табиғаты
Тасшарлағандар (лат. Arenaria) - конус тәрізді қысқа, мықты тұмсығы және төрт саусақты аяғы болатын балшықшы құстардың оқшауланған туысы. Тасшарлаған туысының құрамында 2 түрі бар. Солардың бірі Қазақстанда кездеседі.
Тазқара (лат. Aegypius monachus) — жыртқыш құс, қаршыға тұқымдасына жатады. ## Сипаттамасы Тазқара - қанаттары 250-295 см болатын қаршыға тұқымдас құстардың ірі өкілі. Ұрғашылары еркектерінен сәл үлкенірек және салмағы ауыр, ұзындығы 104-112 см, салмағы 7,5-12,5 кг, ал еркектері ұзындығы 102-107 см салмағы 7, 0—11,5 кг. Басының төбесі және бүйірлері ақшыл немесе ашық қоңыр түсті мамық өскен. Көз айналасындағы қауырсындары қара-қоңыр түсті және дененің алдыңғы жағына және тамаққа дейін жалғасады. Тамағы жіп тәрізді сұр-қоңыр қауырсындар өскен. Бет терісі мен жалаңаш тері аймақтары көкшіл. Денесі мен қанаттарының үстіңгі бөліктері қара қоңыр, құйрық асты жамылғысы бозғылт сұр. Құйрығы қара. Қанатының қауырсындары және қанат астындағы жамылғылар қара түсті, сыртқы жиектері қоңыр немесе күлгін-қола түсті. Аяқтары ақшыл-сұр. Тұмсығы қара-сұр түсті және сүйір, төмен иілген. Тазқараның мойынының бүйірлері мен артқы жағы қауырсынсыз, мұндағы тері бозғылт қызғылт реңге ие. Жаңа туылған балапандары алдымен сарғыш мамықпен жұмыртқадан шығады, содан кейін ол сұр мамыққа ауысады. Бір жарым айдан кейін алғашқы қауырсындар пайда болады. ## Дереккөздер
Тау сұлыкеш (Tvbiriza cia) – шағын денелі (19-28 г), ашық түсті сұлыкеш. Аталығы басқа сұлыкештерден ашық сұр түсті басындағы бойлай созылған үш қошқыл жолақтарымен жақсы ажыратылады. Дауысты – қысқа ғана “шырылдау”, бұл ғылыми атау қызметін де атқарады. Қазақстанда оңтүстік және шығыстың Алтайдан Қаратау жотасын қоса, Батыс Тәңіртауға дейінгі тау өңірлерде ұялайды. Әдетте бұталары бар тасты тау жартастарына ұялайды. Жазда бунақденелілермен қоректеніп, солармен балапандарын жемдейді. Көктемде наурыздың ортасында оңтүстікке ұшып келеді. Ұяларын әдетте тас астына, жерге салады. Салындыдағы 4-5 айқын жіңішке сызықтары бар жұмыртқаларды аналығы 2 аптаға жуық басады. Балапандарды ата-енелері қоректендіреді. Бір жылда екі рет балапан өргізеді. Тау сұлыкештерінің үлкен бөлігі Қазақстан шегінен тыс қыстайды. ## Дереккөздер Қазақтан табиғаты
Шөже сұлыкеш (лат. Emberiza pusilla) – шағын денелі сұлыкеш. Шөже сұлыкештің тұмсығынан желкесіне қарай созылған екі қошқыл жолақта, басы сарғылт қызылсары болып келеді. Ол Еуразияның орманды аймақтарында қоныстанады. Қазақстанда осы сұлыкештің өргізген ұялас балапандарын Қарқаралы тауларынан кездесті.
Ұзынқұйрық тағанақ (лат. Lanius schach) — Тағанақ тұқымдастарына жататын құс, Қазақстан фаунасындағы тағанактардын 7 түрінің бірі. Дене мөлшері бойынша кішкене қарқапақтар мен едәуір денелі үлкен және кіші тағанақтардың аралығында сияқты. Ұзынқұйрық тағанақтың дене мөлшері кіші тағанақтан сәл кішірек (37-42г), одан айырмашылығы – жонындағы жабын қауырсындар реңінің қызғылтсары ренжітіп бауыр жабын қауырсындарында да болуы. Тағы бір тамаша ерекшелігі – ұзын құйрығын тұлғасына бұрыш жасай жиі-жиі бүйіріне қарай қисайта ұстауы. Өте ширақ және қиушыл әуеде ұсақ құстарды жиі-жиі қуып жүреді. Барлық тағанақтардың ішінде ұзынқұйрық тағанақ дақылды ландшафтқа әуес және көбінесе қыстық бақтарынан кездеседі. Бұл ортаазиялық тағанақ таяу уақытқа дейін Қазақстанда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының шегіндегі Батыс Тәңіртаудың солтүстік тау етегінде кездесіп жүрді. Алайда ол бірнеше ондаған жылдарда солтүстікке және шығысқа қарай алға жылжи түсуде. Ол XX ғасырдың 60-жылдарында – Алматыға, 80-жылдарында – Талдықорғанға және Сырдарияны бойлай Қызылордаға жетті. Ұзынқұйрық тағанақтың әуені сықырлақ және әуесіздеу болғанына қарамастан, көрнекті, қунақ құс, ол ауы және қала ландшафтын өте жандандарып жіберді. ## Дереккөздер
У-шу – барлық жастағы, әр түрлі салмақтағы адамдардың айналыса беруіне болатын, сырқаттығына, дененің кемістігіне еш зиян тигізбейтін аса пайдалы жаттығулардың тұтас жүйесі.Қытай халқының жекпе-жек спорттарын жалпы түрде «У-шу» деп атайды. Ол «соғыс техникасы» немесе «соғыс өнері» деген мағынаны білдіреді. У-шу көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан спорттың түрі. Қазіргі кезде оның неше түрлі мектептері, олардың өздеріне тән көптеген ерекшеліктері бар. У-шудың адам өз еркімен, асықпай, байыппен жасайтын әдіс – тәсіл жаттығулары денсаулықты сақтауда және нығайтуда өте пайдалы. Шығыс жекпе – жектерінің бұл түрі негізінен қарсы жақтың шабуылынан қорғану үшін қолданылады. Қорғану мен шабуыл жасауға адамның барлық дене мүшелері қатысады. Сонымен бірге бірнеше құрал түрлері пайдаланылады. У-шу адамның жаны мен тәнін бірдей шынықтырып, жетілдіретін, алуан түрлі шабуылдан қорғануға өте қолайлы спорт түрі болғандықтан, ғасырдан ғасырға жалғасып, дүние жүзіне тарады. ## Дереккөздер * Дене шынықтыру : Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық
Торқанатты барылдауық қоңыз (лат. Calosoma reticulatum) – таралу аймағы үзік, саны тез қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қазақ шоқыларының орталық бөлігінде, Кинела тауларында, Ақтөбе маңында, Жанарқада, Сарысу өзені аңғарында таралған. Каспий теңізінің батыс жағалауынан табылғаны жайлы мәлімет бар. Орталық Еуропадан белгілі. Ашық далалы жерлерде, сирек құрғақ қарағайлы ормандарда, егістіктерде кездеседі. Қоңыздар көктемде және жаз басында белсенді, бірақ кейде тамыз, қыркүйекте де кездеседі. Жыртқыш-полифаг. Тіршілік ету ортасының адам әрекетінің әсерінен(жер жырту, улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштар пайдаланудан) қысқаруына байланысты түрдің жойылып кету қаупі бар. ## Дереккөздер * Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Митяев, Р.В.Ященко, В.Л.Казенас.
Абділ Әзіз баб кесенесі — Қарахан дәуірінің (IX ғ.) сәулет ескерткіші, кесене Түркістан облысы Сайрам ауылында орналасқан. ## Құрылыс сипаттамасы Ғимарат үш жартылай сферикалық күмбезбен жабылған: біреуі ортада және енді шетінде. Портал шеті аркамен жабылған. Портал бұрыштарында доғал келген бағаналар бар. Порталдың жоғарғы жағы карнизбен аяқталған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған. Порталдың бүйір тұсынан солтүстік фасадында 0,820 белгідегі баспалдаққа шығар жол бар.Орталық кіреберіс қақпаға қарама қарсы михраб орналасқан. ## Тарихы Сайрам ауданында IX ғасырда салынған, Қожа Ахмет Ясауидың «Рисала» атты бізге қолжазба күйінде жеткен кітабында Абд ул-Әзиз баб Мұхаммед пайғамбар бастаған ислам жолына түскен алғашқы кісілердің бірі екендігі айтылады. Оны есімінің соңына қосылған «баб» сөзі де байқатады. Абд ул-Әзиз Сайрамдағы Ибрахим атамен (Қожа Ахмет Ясауидың әкесі) және Отырардағы Арыстан бабпен аталас. Күмбез XVI ғасырда қалпына келтірілген. Оны қайта салдырған қазақ ханы Наурызахмет (Барақ) деген мәліметтер бар. Бұл күмбез Сайрамдағы ең үлкен кешен саналады, ол ортағасырлық сәулет дәстүрінде салынған. Төрт бұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған күмбезді кешен үш бөлмеден тұрады. Кірер аузы текшеленіп, аркамен тізілген, екі жақ босағасына бағаналар орнатылған. Кешенді жөндеуден өткізген құрылысшылар күмбездің бастапқы жобасын сақтауға тырысқан. ## Дереккөздер
Шұбар сайрақтар (лат. Zoothera) – Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздестер отрядының сайрақ тұқымдастарға жататын 13 туысының бірі. Шұбар сайрақтар туыстылар – бұғыншықты жерде өмір сүретін , шұбар реңді ірі денелі ( 150-200 г) құстар. Бірқатар түрлері көбінесе түнде және іңір қараңғысында белсенділік жасайды. Қанатының ұшы дөңгелек. Далалық белгісінің сипаты – желпуіш қауырсындыларының түбі - ақ, бұл ұшып жүргенде жақсы көрінетін ірі ақ теңбіл түзеді. Тропиктік сайрақтардың шағын тобы. Қоңыжай ендіктерге бір түрі ғана жете алады , сол түрі Қазақстанда да кездеседі. ## Дереккөздер * Құстар. Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан жануарлары» сериясы ).Алматы : Атамұра, 2010. – 352 бет ). Ковшарь А.Ф . Ковшарь В. А.
Сортаңдық айбатмия (лат. Sphaerophysa salsula) — бұршақ тұқымдасы айбатмия туысына жататын биіктігі 1 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп текстес өсімдік. ## Сипаты * Өсімдіктің өн бойын қысқа және сирек түк басқан. * Тамыр сабағы ұзын жіп секілді, қосалқы көптеген өрнектері бар. * Сабағы қысқа, тік өседі. * Жапырақтары сопақша эллипс тәрізді, кезектесіп орналасқан. Қосалқы жапырақшалары жіңішке әрі өткір болады. * Гүлдері әр түрлі (көбелекгүл тәрізді, қызыл) ұзындығы 4-10 см-лік шашақ сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады. * Жемісі — сопақша, шар тәрізді, ішінде ұсақ дәнектері бар, буылтық қауызды мәуе. Шөлді және сортаңды жерлерде, армшөп ретінде егістіктердің арасында өсе береді. ## Емдік қасиеті * Дәрі жасау үшін сортаңдық айбатмияны жемісімен, гүлдерімен қоса жинап алады. * Құрамында 0,4 процентке дейін алкалоидтар бар. Олардың ішінен сферофизия атты алкалоид бөлініп алынады. Бұл алкалоидтің қан қысымын төмендететін, жатырдың бұлшық еттерін жиылдыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты әйелдердің босануын тездету үшін және босанғаннан кейін жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін қолданылады. * Сферофизин қанның қысымын тұрақтандырып, ұзақ уақытқа төмендете алады. * Өсімдік улы болғандықтан тек дәрігердің бақылауымен ғана қолданылады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Хабиб Мухаммедович Абдуллаев (өзб. Habib Muhammedovich Abdullayev; 31 шілде 1912, Араван, Ферғана облысы — 20 маусым 1962, Ташкент, Өзбек КСР) — көрнекті өзбек совет геологы, металлогенист, Өзбекстан КСР ҒА-ың академигі (1947), вице-президенті (1947-56), президенті (1956-62), КСРО ҒА-ың корреспондент-мүшесі. Орта Азия индустрия институтын геология фаультеті бітірген (1936). Әуелі Москваның геология барлау институтында, кейін (1940) Орта Азия политехникалық институтында педогогикалық қызметінде болды. 1941-50 ж. Орта Азия индустрия институтының және Өзбекстан КСР ғылым академиясының геология институтының директоры. 130-даң аса гылыми еңбек (оның ішінде 6 монография) жазды. Постмагматикалық кеңдердің жаралуындағы гранитоидтардың орны туралы теория жазды. Ташкент Политехникалық иститутында Совет Одағында бірінші болып металлогения курсынан лекция оқыды, зерттеу жұмыстары ұйымдастырып, гылыми кадрлар даярлады. Абдуллаев Хабиб Мухамедович - Франция геология және Ұлыбританияның минералогия қоғамдарының толық мүшесі (1960). Көптеген ғылыми сессиялар мен жиналыстарды, 1950-61 ж. өткен Халықаралық геологиялық конгресстің үш сессиясын ұйымдастырушының бірі. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Алабұға — Ресейдегі өзен. Түмен облысы, Қорған облысы, Омбы облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы КАР/ОБЬ/1162/1016/577 орналасқан. Өзен ұзындығы 46 км-ді құрайды. ## Су реестрінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ертіс су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — РФ мен Қазақстан Республикасы шекарасынан сағасына дейін Үлкен Уват көлін қоспағанда Үлкен Уват су торабына дейін. Өзен саласы — Есіл (су алабының Ресейдегі бөлігі), өзен алабы — Ертіс. * Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 14010300212115300011316 * Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 115301131 * Су алабының коды — 14.01.03.002 * ГЗ томының нөмірі — 15 * ГЗ бойынша шығарылуы — 3 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы.
Бұғықоңыз-(лат. Lucanus cervus) тарақ мұртшалылар немесе мүйізділер тұқымдасына(lucanidae)жатады. ## Таралу аймақтары. Еуропада,сонымен қатар Кіші Азия мен Солтүстік Африкада таралған.Бұл Еуропа фаунасының ең ірі қоңызының таралу аймағы-кәдімгі Батыс Жерорта теңізі. Еуропада жалпақ жапырақты ормандар аймағының дерлік барлық жерінде тіршілік етеді, тек биік таулы жерлерде кездеспейді. Кейде далалы орманды аймақтарда да кездеседі. Шығыста Жайық өзенінің жайылмасына дейін жетеді.Қазақ ССР Ғылым Академиясының зоология институтының коллекциясына әуесқой энтомолог Әділбеков 1980 жылы бір дана қоңызды берген болатын, оны Орал облысы Чапаев ауданынан 1980 жылдың 29 шілдесінде ұстаған. ### Сыртқы Құрылысы. Түрдің сыртқы құрылысы өте ерекше және дене мөлшері үлкен.Бұл ірі сопақша және жалпақ қоңыздардың жыныстық айырмашылықтары жақсы байқалады. Аталықтары ірілеу (30-75мм, ең үлкендері 87мм-ге дейін жетеді), денесінің ұзындығының 3 бөлігінен көбін ұзын қаруланған жақтары алып тұрады, ол бұғының мүйізің еске түсіреді,сондықтан осындай атқа ие болып отыр.Аталығының үстіңгі қанаты мен жақтары қызыл қоңыр, ал басы мен алдыңғы кеудесі әдетте қара түсті. Аналықтары ұсақ(28-45мм), кара қоңыр түсті және мүйіз тәрізді жоғары жақтары болмайды, олар салыстырмалы қысқа жақты.Сонымен қатар түр үшін келесі белгілер тән: қоңыздардың ортаңғы және артқы сирақтарының сыртқы жағында бірнеше тікене болады, мұртшалары бірден бүгілген 4 буынды тарақты,көздері шамамен жартысына дейін шығыңқы бетімен бөлінген, алдынғы сирақтарының жоғары жағында сайлары жоқ. ### Дернәсілдері. Дернәсілдері сүттей ақ түсті, дене пішіні имек "С" әріпіне ұқсас, түсі-ақ, тұрқы-14см, жуандығы 2 см. Қоныздың дернәсілі - Қазақстан фаунасындағы ең үлкен насеком. Олар шіріген емен ағашында, сонымен қатар сирек басқа кейбір жапырақты ағаштарда(шамшат,тал,алмұрт,қайың,қарағаш,т.б.)да дамиды. Дернәсіл даму кезінде шіріген ағашты түйіршікті қиқымға айналдырады, сөйтіп ағаш қалдықтарын ыдыратып, ьопырақ түзу ісіне өз үлесін қосады. Дернәсілдерінің дамуы 4 айдан 6 айға дейінгі уақыт аралығында созылады. Қоректенуі толық зерттелмеген. Дернәсілдер құрғақшылыққа төзімді-20 цельсий градус аязға шыдай алады. ### Өмір ұзақтығы. Ересек бұғымүйіздер ұзақ өмір сүре алмайды,3-4 аптадан соң тіршілігін тоқтатады. Бұларды дер кезінде қорғамаса,аумақтары тарылып,түрдәі жойылу қауіпі бар. ## Дереккөздер "Ғажайып омыртқасыздар" Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Алматыкітап 2005 ж.
Мал азық сайсабақ, Биік прангос (лат. Prangos pabularia) - биіктігі 1,5 см-ге жететін, көп жылдық, шатыршагүлділер тұқымдасы сайсабақ туысына жататын шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты Биік парангос – биіктігі 1,4 – 1,6 метрге дейін жететін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның тамыры жуан және жұмыр болады. Сабағы тік, түзу өседі, ұзындығы бойына сайлары бар. Тамырдан тікелей өсіп шығатын жапырақтарының сағақтары ұзын, бірнеше бөліктерге бөлініп, тілімденіп тұрады. Сабақ жапырақтары отырмалы, олар топ – топ болып өседі. Гүлдері шоғырланып, қолшатырға ұқсайды, түстері – сарғыш. Жемісі – майда, ақ түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Таудың тастақты беткейлерінде, бұталардың арасында өседі. ## Табиғатта таралуы. Республикамыздың оңтүстік және шығыс облыстары тауларының тастақты күнгей беткейлерінде, тау етектерінде, жабайы бұталардың арасында жиі өседі. ## Химиялық құрамы. Өсімдік тамырының құрамында илік заттар, эфир майлары, смолалар, аздаған алколоидтар, ал шөбінің құрамында протеин, көмірсулар, клетчатка, аздаған мөлшерде майлар бар. ## Қолданылуы. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің тамырын жаздың соңында, күздің басындажәне ерте көктемде қазып алып, әдеттегі әдіспен кептіреді. ### Емдік қасиеті және қолданысы Мал дәрігерлігі практикасында өсімдік тамырының тұнбасымен ірі малдың қышымасын, қойдың қотырын емдейді. Екі литр суғазөсімдіктің майдаланған 250 – 300 г тамырын салып, 25 – 30 минут бүлкілденіп қайнатады да, суытып, дәкемен сүзеді. Дайын болған тұнбаны арнайы ыдсқа - принцовкаға - құйып тері қышымасын жақсылап жуады. Керек болса дәрілік тұнбаны көп мөлшерде дайындап алуға да болады. Киіз үйде шыбын – шіркей көбейіп кетпес үшін жаз айларында еденге тамыр тұнбасын шашып қояды. Қою тұнба зиянды жәндіктердің бәрін қырып салады. Бірақ тамыр тұнбасын жас балалардың қолы жетпейтін жерге қою қажет.Дәрі үшін өсімдіктің тамырын жылдың кез келген уақытында жинап ала береді. * Құрамында эфир майлары, шайыр, илік заттар, алкалоидтар бар. * Бұл өсімдіктен жасалған дәрімен қышыма қотырды, тіс түбі еттерінің қабынуын емдейді. * Сонымен қатар зиянды жәндіктерді жою үшін пайдаланады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Қарабастау — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Билікөл ауылдық округінің орталығы. Осы өңірдегі ең үлкен елді мекендердің бірі. Ауылдың дәл іргесінен суы мөп-мөлдір үлкен бастау жер астынан қайнап шығып жатыр. Суының дәмі де ерекше. Айналасында әдемі саялы ағаштар өсіп тұр. Жанында үлкен тоған бар. Бастауды халық ежелден "Қарабастау" деп атайды. Ауылдың атауы да осы сөзге саяды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құмсуат — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Тоғызтарау ауылдық округінің құрамындағы Билікөл, Тоғызтарау өңіріндегі суыртпалы құмға қонған елді мекен. Жыңғыл және басқа да бұталар қалың өскен соң, бұрын жел соқса боран суырып тұратын құм мінезі басылған. Ілгеріде осы жерден терең құдық қазып, мал суарған деседі. Содан Құмсуат аталып кетсе керек. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылының солтүстік-батысында 25 км-дей жерде, Билікөл көлінің шығысында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Сақалтай, қозықұмай, көкжөре (лат. Gypaetus barbatus) — күндізгі жыртқыш құстар отрядының қаршығатәрізділер тұқымдасына жататын ірі құс. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Тянь-Шаньда, Алтайда кездеседі. Теңіз деңгейінен 2000 — 4000 м биіктіктегі шың-құздарды мекендейді. Тұрқы 1,1 метрге, жайған қанаты 2,7 метрге жетеді, қанатының ұзындығы 72 — 93 см, салмағы 5 — 7 кг. Басы ақшыл не сарғылт, арқасы қаралау. Басқа жыртқыштардан ерекшелігі — тұмсығының екі жағында танау тесіктерін жауып тұратын қыл тәрізді қауырсын — “сақалының” болуы. Шәулісі мен ұябасарын сырттай бір-бірінен ажырату қиын. Арқа тұсы қауырсындарының түсі ұзына бойы ақ теңбілдері бар қара-сұр, басы мен құрсақ жағындағы қауырсындарының түсі — ақсары не жирен. Сақалтайлар жеңіл, қалықтап ұшады. Сақалтай — отырықшы құс, ұясын қуыстарға, үңгірлерге салады. Құстардың шағылысуы қазан айында басталып, ақпан — наурызда ұяда 1 — 2 жұмыртқа пайда болады. Жұмыртқаларын аталығы мен аналығы 2 айға жуық кезектесіп басады, балапаны 3 айдан кейін қанаттанады. Өлексемен қоректенеді. Кейде тұяқты жануарлардың жас төлін, құс балапанын, тасбақаны аулайды. Қазіргі кезде сақалтайлардың Ақсу-Жабағылы қорығында 5, Алматы қорығында 3 жұбы тұрақты ұялайды. Сақалтай сирек кездесетін құс, оның саны жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. * * ## Статусы. 3-ші санат. Сирек кездесетін түр, саны көп емес, бірақ тұрақты. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы. Туыстың бірден-бір жалғыз өкілі. ## Таралуы. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның тау жоталарында – оңтүстікте Талас Алатауынан солтүстікте Жоңғар (Жетісу) Алатауы мен Саурға дейін – кездеседі. Бұдан басқа, Оңтүстік Алтай жоталарында, Бұқтырманың оң жағалауында, Орталық Алтаймен шекаралас жерлерде де мекендейді. ## Мекендейтін жерлері. Жартасты таулар, әсіресе биік таулар, оларда жабайы тұяқты жануарлар болуы керек. ## Саны. Белгісіз, Қазақстанда ұялайтын оншақты жұбы болуы мүмкін. Сақалтайлардың тұрақты түрде келіп тұратын қоректік учаскелерінің ауданы 300 км²-ден артық болатындықтан, ол көршісінің осындай учаскесімен араласып жатады, осыған орай бұл түрдің нағыз орналасу тығыздығын анықтау өте күрделі, ол шындықтан артық тәрізді болып көрінеді, бірақ табиғи жағдайда жақын әрі тұрақты. Алматы қорығында 3 жұптай , Ақсу-Жабағылыда – 5 жұптай ұялайды. ## Негізгі әсер ететін факторлар. Мазалау факторы. Жабайы тұяқтылардың санының қысқаруы. Соңғылары тауда үй малдарын жаю арқылы орнына келуі мүмкін, бірақ бұл кезде малшылардың құстарды тікелей жоюы басым болады, сол сияқты уланған препараттар да өлім-жітімге әкеледі . ## Биологиялық ерекшеліктері. Отырықшы. Жұбы көп жылдар бойы 2-3 ұяны бақылай алады, ұяларын жартас қуысына, жартылай үңгірге, сирек тік жартастардың ернеуіне бір-бірінен 1-3 км қашықтықта салады. Күйіттеу ойындары қазанда байқалады, 1-2 жұмыртқасы бар ұя желтоқсанда пайда болады, 54-58 күн шайқайды , жалғыз балапан жұмыртқадан шыққан соң 3 айдан кейін қанатына қонады, десе де ұзақ уақыт ересектерінің қамқорлығында болады. Өлекселермен және өлген малдардың сүйектерімен қоректенеді, анда-санда тірі жемтігін (суырлар, қояндар, тасбақалар) аулайды. Ірі сүйектер мен тасбақаларды тасқа тастап, сындырады . ## Қолда өсіру. Алматы хайуанаттар паркінде көп жылдар бойы ойдағыдай көбеюде. 1973 жылдан 1989 жылға дейін 10-ға жуық сақалтай өсірілген. ## Қабылданған қорғау шаралары. Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында, Алтынемел ұлттық паркінде, кейбір таудағы қорықшаларда қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары. Қорек базасын (жабайы тау тұяқты жануарлары) сақтау, ұялайтын жерін қорғау, сақалтайлардың ұясы бар шатқалдарға туристердің баруын шектеу, хайуанаттар парктерінің коллекциясын толтыру үшін табиғаттан алмау мақсатында қолда өсіруді қарқындату. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар. Сақалтайлардың ұялайтын жерлерінің кадастрын жасау, қосымша қоректендіру және қолда өсірілген жастарын табиғатқа қайта жіберу әдістерін дайындау. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Gypaetus barbatus * Птицы Казахстана Мұрағатталған 26 шілденің 2011 жылы. * Саят құстары Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы.
Қарасу – Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы ауыл, Қарасаз ауылдық округінің құрамындағы қарасты ауыл. Бұрын Юрьевка аталған. Еліміз егемендік алғаннан кейін Қарасу атын алды. Бұрын мұнда украин қоныс аударушылары тұрған. Бүгінде ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жергілікті қазақтар. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақтоған (2011 жылға дейін — Марьяновка) — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округінің құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан шығысқа қарай 23 км-дей жерде. Жаңаталап ауылымен екі арасы 4-5 шақырым. ## Халқы Бүгінде тұрғындардың көбі округ орталығы Бәйтерек (бұрынғы Октябрский) ауылына көшіп кеткен. Ауылда жиырмаға жуық түтін бар. Ауыл атауы баяғы переселендердің келуімен байланысты қойылған. ## Дереккөздер
Қырқұлтайрең сұлыкеш (Emberiza rustica) – шағын денелі (15-22 г) сұлыкеш. Жоны – қоңырқай сарғылт және басы – ақ шұбарланған қара. Ол Еразияның тайга зонасында – Скандинавиядан Тынық мұхитқа дейін таралған. Қазақстанда көптеген жерлерден қыркүйек-қазандағы күзгі ұшып қту кезінде аздаған мөшерде кездеседі. Көктемде Қостанай түбінде сәуірде тек қана 1-рет кездесті. Кейбір жылдары қырқұлтайрең сұлыкештер тобы Алматы және Шымкент аймағынан кездеседі.
Талапты — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Ұлы Отан соғысынан кейін "Ескі қыстау" елді мекені маңындағы сай-жыралардың басына шашырай қоныстанған жұртшылық осы жерге жиналып, үй салып жаңа ауылдың іргесін қалайды. 1950 жылдары бұл ауылға "Талапты" деген атау берілді. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза осы өңірде дүниеге келген. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Рысбек батыр ауылы (1993 жылға дейін – Шұбарағаш) — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Боралдай ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Боралдай мен Қошқарата ауылдық округтерінің шектесер жерінде айналасын тау сілемдері қоршаған ойпаңдағы ауыл ілгеріде "Қызыл шоқы" деп аталады екен. Кейін Ресейдің "переселендері" бұл жерді өз иеліктеріне қаратып алып, "Луначарская селосы" деп атапты. 1991 жылы бұл ауыл Сиқым руынан шыққан жоңғар қалмақтарына қарсы күресте қол бастаған Рысбек батыр Шінетұлының құрметіне Рысбек батыр ауылы деп аталған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қунақ тұқымдасы немесе Тау шымшықтар (лат. Fringillidae) – торғайтәрізділер құстар отрядына жататын 73 тұқымдастың бірі. Дене мөлшері алуан түрлі ( 7 – 100 г) үлкен құстар тобы. Қунақ тұқымдасының түрлерін мынандай ортақ белгілермен сипаттауға болады: * дене бітімі мығым, * басы үлкен, * мойны қысқа, * тұмсығы – дәнжегіштер типті: конус пішінді үшкірқомақты болып келеді. Доғалданған немесе үшкір қанатының ұзындығы – орташа. Қауырсындануы – қалың, жұмсақ немесе денеге тығыз жанасады, реңдерінің түсі айқын. Аталығы аналығынан ашық өңді, ал жас қунақтар аналықтарға ұқсас. Көптеген құс түрлері – тамаша сайрағыштар, оның үстіне аналық та жиі сайрайды. Жеке жұп түзіп ұялайды, ал жылдың қалған уақытында топ түзеді. Дәнжегіш, оған қоса көптеген қунақтар балапандарын өсімдіктердің тұқымымен қоректендіреді. Бірқатар түрлерде монофагия дамыған, яғни бір түрге жататын өсімдіктер тұқымымен қоректену басымырақ. Қоңыржай ендікте – жыл құстары және жылыстаушылар, тропиктік елдерде – отырықшы. Бұл құстар түрінің көпшілігі ағаш – бұталы өсімдіктерге байланысты, дегенмен тауда (және биік тауда) өмір сүретін түрлерінің де бірсыпыра топтары бар. Ұялары тостаған тәрізді аузы ашық, олардың орналасатын орындары аса алуан түрлі. Мадагаскар, Аустралия және Жаңа Зеландиядан басқа жерлерде өте кең таралған. Тұқымдаста 43-67 туысқа топтастырылатын 243-270 түр және үш тұқым тармағы бар. Олар: * галапагостық немесе Дарвин қунақтары тұымдас тармақтары (4 туысқа жататын 14 түр, Галапагосс аралы), * кардиналдық тұқымдас тармағы (12-31 туысқа жататын 110-132 түр, Солтүстік және Оңтүстік Америка) және * нағыз қунақ тұқымдас тармағы (27 – 32 туысқа жататын 119 – 125 түр, Африка және Еуразия). Қазақстанда тек қана нағыз қунақ тұқымдастар кездеседі. Олар – төменде аталатын 18 туыстастардың 32 өкілдері. Атап айтқанда 18 туыстастарға мыналар жатады: * Қунақ туысы, * Баққунақтар туысы, * Жасылтуылжықтар туысы, * Шымшықтар туысы, * Пайыз туысы, * Шоңайнақтар туысы, * Тау қунақ туысы, * Қызылқанат құралай туысы, * Шөл суықторғайлар туысы, * Құралайлар туысы, * Қызыл қунақ туысы, * Кезқұйрықтар туысы (урагустар), * Орман қызыл қунақтар туысы, * Қызылқунақтар туысы, * Қайшыауыздар туысы, * Ементұмсықтар туысы * Арша ементұмсықтар туысы. ## Дереккөздер
Теріс-Ащыбұлақ — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қызыларық ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Тарихы Теріс өзенін бөгеп үлкен су қоймасын салу қолға алынған сонау 1948 жылы өзен жағасына жұмысшы ауылы орнай бастайды. Алғаш құрылыс мамандары, жұмысшылар тұратын бірнеше барақтар бой көтереді. Су қоймасының құрылысы қарыштап, кең құлаш жайған 1950 жылдары бұл жерге жан-жақтан жұмысшылар ағылып келіп, алғашқы тұрғын үйлер салына бастайды. Сөйтіп, бұл елді мекен "Новостройка" аталады. 1962 жылы алып су қоймасының құрылысы аяқталып, оған "Теріс-Ащыбұлақ" су қоймасы деген атау берілген соң, оның іргесіндегі жұмысшы ауылы да сол атаумен аталады. 1963 жылы бұл ауылда республикалық мәндегі туберкулезден сауықтыру шипажайы ашылып 1995 жылға дейін жұмыс істеген. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тау қунақтар туысы ( Leucosticte ) – Қазақстандағы қунақ туысына жататын 18 туыстың біреуі . Дене мөлшері торғайдай ( 17 -35 г ) қунақ тұқымдас құстар , тау қунақтар туысына жататын құстардың дене бітімі – тығыз , қанаты – ұзын , үшкір , бастың жарты мөлшеріндей конус пішінді тұмсығы бар , жабын қауырсындарының реңінде сұр және қоңырқай реңктер басымырақ болады . Дәнмен қоректенеді , тіпті балапандарын да дәнмен қоректендіреді . Жануартекті азықтарды тек қана өсімдіктекті азықтармен қоспалап жейді . Биік таулардың ашық кеңістіктерінде мекендейді . Отырықшы - көшпенді құстар , сонымен бірге көшпенділігі негізінде жоғары сипатты немесе әр түрлі тәртіптегі жұптастарға орын ауыстырады . Өте қауымшыл құстар . Тіпті шоғырласып орнықпаған құс түрлері жеке жұп болып өмір сүреді , оңай жиналып , үлкен үйір түзеді . Орталық Азия , Сібір және Солтүстік Американың биік тауларында мекендейтін бірнеше түрлерден туыс түзіледі . Қазақстан тауларында 3 түрі – аршашыл , інжурең және бұлдыр қунақтар кездеседі . ## Дереккөздер К45 Құстар.Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан жануарлары» сериясы ).Алматы : Атамұра , 2010 . – 352 бет ). Ковшарь А.Ф . Ковшарь В. А.
Қунақ туысы (лат. Fringilla) – торғайтәрізділер құстар отрядына жататын қунақ тұқымдасы құстардың негізгі туысы. Қунақ туысы – шағын денелі (18 – 30 г.) құстар. Қунақтардың дене бітімі мығым, олар – үшкір қанатты және конус пішіндес түп жағы шығыңқы тұмсығы бар құстар. Аталығы және аналығының реңдері бірдей емес, жас қунақтар аналыққа ұқсас. Қунақ туысы Еуразияға кең таралған және үш түрден тұрады. Қазақстанда олардың екі түрі – * Fringilla coelebs және Fringilla montifringilla кездеседі. ## Дереккөздер
Түктібай (1993 жылға дейін – Гагарино) — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Тарихы Колхоздастыру кезінде "Чкалов колхозы", одан кейін "Қызылкүншығыс ауылы" деп аталған. Ауыл деп аталғанымен халық сай-салада, төбе-төбеде тұрып келген. Тек 1958 жылы бытыраған халықтың басын қосып, көше тіліп топтастырған. 1961 жылы күзде ауыл аты Кеңес Одағының тұңғыш ғарышкері Гагарин атына ауыстырылған. 1990 жылы бұрынғы тарихи атауы -Түктібай қайтарылды. Бұл мекенде Түктібай батыр жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы соғыста батырлығымен, ерлігімен көзге түскен және ауыл тұрғындарының көп бөлігі осы батыр ұрпағы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қунақ немесе құнақ ( Fringilla montifringilla ) – Қазақстандағы қунақ туысқа жататын екі өкілдің біреуі . Дене мөлшері де , пішіні де жаурауыққа ұқсас құс . Қунақтардың одан айырмашылығы реңінде ғана . Қунақ аталығының басы және жоны – жылтыр қара , белі және бауыры – ақ ; тамағы , бөтегесі , төсі және иығы – сары қызғылт . Дауысы жаурауықтың шақырған үніне өте ұқсас , алайда әуені әлдеқайда әлсіз . Қунақтың дауысы қысқа құбылған үн , шиқылдау және шырылдау болып келеді . Жазда негізінде бунақденелілермен қоректеніп , балапандарын да солармен қоректендіреді . Қыста әр алуан тұқымдарды жейді . ## Өмір сүру аумағы Еуразияның бүкіл тайгасына кең таралған . Қазақстанда тайга өлкесі бар Алтайда ғана ұялайды , оның есесіне қыста және күзгі ұшып өту кезінде Қазақстанның кез – келген жерлерінен дерлік кездестіруге болады . Оларды ішінара қазаннан наурызға дейін Алматы , Тараз , Шымкент қлалық тынымбақтардан және өзге оңтүстік қалалардан жиі көре аламыз . Мұндай кездерде олар жаурауықтар тобымен көбінесе бірге кездеседі . ## Пайдалаылған әдебиет К45 Құстар.Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан жануарлары» сериясы ).Алматы : Атамұра , 2010 . – 352 бет ). Ковшарь А.Ф . Ковшарь В. А.
Шатырша толғақшөп (лат. Centaurium erythraea) – көкгүлдер тұқымдасы, толғақшөп туысына жататын, биіктігі 15-20 см-дей, екі жылдық өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Сабағы бір немесе бірнешеу, жоғарғы жағы бұтақты, төрт қырлы болып келеді. * Тамыры - жіңішке, тамыр жапырақтары сопақша, жұмыртқа тәрізді және шоғырланып тұрады. * Сабақтан өсіп шыққан жапырақтары эллипс тәрізді, шеттері бүтін болады. * Гүлдері ашық қызыл түсті, шоғырланған. Гүл жапырақшалары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. * Жемісі - ұзынша келген қауашақ. * Шілде-тамыз айларында гүлдейді. ### Емдік қасиеті Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Оның құрамында генцианин алкалоиді, эритаурин және эритроцентаурин деген гликозидтер, қоймалжың, шайыр, воск және басқа да заттар бар. * Медицинада бұл өсімдіктен жасалған дәрілер тамаққа тәбетті арттыру үшін, асқазан бездерінің жұмысын күшейту үшін қолданылады. * Халық медицинасында ас қорыту жұмыстары нашарлағанда, іш желденіп, ішектер түйіліп ауырғанда, өт қалтасы мен өт жолдары қабынғанда, іш өткенде пайдаланылады. * Сонымен қатар өкпе туберкулезін емдеуге және ішек құрттарын түсіру үшін қолданылады. * Халық арасында бауыр мен бүйрек ауруларын, қаны аздықты, маскүнемдікті емдейді. ### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі * Маскүнемдікті емдеу үшін шатырша толғақшөптің 4 бөлігін, жусанның бір бөлігін қосып араластырады. Осы шөп ұнтағының 1 ас қасығын 1 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, даяр боған дәріні сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. * Ішек құрттарын түсіру үшін шайшөптің, түймешетеннің, шатырша толғақшөптің әрқайсысынан теңдей етіп алып араластырады. Осылардың 15 грамм ұнтағын 1 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді. * Шатырша толғақшөптен тұнба жасау үшін 15 грамм өсімдік ұнтағын 1 стақан қайнап тұрған суға 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл тамақтанардан жарты сағат бұрын ішеді. * Өт қалтасы қабынғанда шатырша толғақшөптің 2 грамын, аңдыздың 2 грамын, шайшөптің 2 грамын алып араластырады да, оны 2 стақан салқын суға салып, таң атқанша тұндырып қояды. Таңертең 5-7 минут қайнатқан соң сүзіп алып, аш қарынға 1 стақанын ішіп алады, ал қалғанын бір күн ішінде тамақтан соң жарты сағаттан кейін 4 мезгіл ішіп тауысады. * Асқазан қышқылы көбейіп кеткенде және асқазан тұсы қыжылдағанда, шатырша толғақшөп пен шайқурайды теңдей етіп алып араластырады да, оның ұнтақталған 3 ас қасығын, 2,5 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады. Дайын болған дәріні бір күн ішінде 4-5 рет ішіп тауысады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Қамысшыл құрылтай (Remiz macronyx) –кәдімгі құрқылтайдан сәл ірі денелі (9-11 г) және басының, мойнының және бөтегесінің қара түсті болуымен ерекшеленетін құс. Шөл өзендері және көлдерінің жағасында қалың өскен қамыстарға қоныстанады. Қазақстанда Каспии аралы мен Арал маңынан бастап (Сырдарияның бүкіл аңғарын қоса) Балқаш –Алакөл қазаншұңқырына дейін орын тебеді. Оңтүстік Каспий маңының және Орта Азия ішкі суқоймаларының қоныстарында қыстайды, алайда ішінара Қазақстанның оңтүстігінде де қыстап жүр.Сәуірде ұшып келеді. Құрқылтай жас қамыс өсіп жетілген кезде ұя салуға кірісіп, жоғарғы бөлігінің үштен бірін кіретін ауыз жасап (кіретін түтіктің болмауы да мүмкін), сопақтау келген жабық құрылысты оның сабағына бекітеді. Аналық ұшып келгенше аталық, ұя құрылысына кірісіп те кетеді, ал аналық келген соң жұмыс шапшаңдай түседі. Ұя біткенге дейін аналық жұмыртқалай бастайды. Салындыда 5-7 жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды басу және балапандарды қоректендіреду зерттелмеген. Қазақстанның Сырдария атырабында және Шымкент маңында қыстайды. ## Дереккөздер К45 Құстар.Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан жануарлары» сериясы ).Алматы : Атамұра , 2010 . – 352 бет ). Ковшарь А.Ф . Ковшарь В. А.
Қызтоған — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Қошқарата ауылдық округінің ең шеткері елді мекені. ## Географиялық орны Жуалы ауданының солтүстік-батысында, Түркістан облысы Бәйдібек ауданына жақын орналасқан. Бұл ауылдың Қызтоған аталу себебі, Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан сұрапыл жылдары бар ауыртпашылық, тауқымет бала-шаға мен қыз-келіншектерге түскені белгілі. Сол атыраптағы егінді суару мақсатымен қыз-келіншектер жабылып, өзен бойынан тоған салған екен. Сол тоғанның орны әлі бар. Қыздар салған тоған "Қызтоған" аталған. Кеңестік дәуірде "22-партсъезд" атындағы үлкен кеңшардың бір бөлімшесі болған. ## Халқы ## Дереккөздер
Тымаққа салу –қазақ халқының ұлттық әдет – ғұрпы болып табылады . Ел арасында « шала туып тымаққа салып өсірген » деген сөздер жиі естіледі . Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар . Оның себебі шала туған ұстауға , бесікке салуға келмейді , тымақ жылы әрі бөлеуге ыңғайлы болады . Және сәбидің неше күні кем болса , сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі . Мысалы: 40 күн кем болса , керегенінің қырқыншы басынан кейін бала тымақтан алынып , әдетте жаңа туған рәсімі жасала бастайды . Айталық , ат қою, бесікке салу т.б.( Егер бала қыста туса , онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді) . Тымаққа салу (салт). Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Айталық, ат қою, бесікке салу т.б. (Егер бала қыста туса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді). ## Дереккөздер "Жеті қазына" ; Принт баспасы
Құрт көже – тағамдық қуаты мол жеңсік ас . Ол көбінесе қыста дайындалады . Қазақтар мұны қыстың қымызы деп дәріптейді . Өйткені құрт көже әрі тамақ әрі сусын . ## Әзірлеу әдісі Құрт көжені әзірлеу үшін қажетті мөлшердегі суға ұн сеуіп қайнатып алады .Суды онша суытпай құртты салып , қолмен езе бастайды . Езілген құрт белгілі бір уақыттан кейін қоюланып ашқылтым әдемі дәм енеді . Оған сөк немесе күріш қосып , қайтадан бір қайнатып алады . Ыстық көжеге май немесе шыдық қосып оның дәмін келтіре түседі . ## Пайдалы тағам Бұрын қыста далада , сапарда жүретін , елден алыстағы малшылар мен жылқышылар құртты мол дайындап алатын болған . Көженің қызуы суыққа да бермейді . Құрт көжені езгеннен қалған ұсақ немесе жартылай бөлінгендерін малта деп атайды . Жылқышылар қыста малтаны қалтасына салып жүріп тамақ әрі сусын есебінде қолданған . ## Нақыл сөз Батыр ақын Махамбеттің «Алты малта ас болмай , әр түйірі ат болмайды» деген сөзі малта қасиетін бейнелейтін сөз . ## Дереккөздер "Жеті қазына" ; Принт баспасы
Тесіктас: * Тесіктас (тау) — Ерейментау тауларының шығыс сілемі, Қойтас тауының жалғасы. * Тесіктас — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл.
Қосбастау — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық округінің құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде, Түктібай ауылымен іргелес темір жолдың үстіңгі жағында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1922 жылы №111-ші разъезд болып іргесі қаланған. Оның қасында суы мол, арасы 15 метр болатын 2 бастау қатар тұр. Оны жұрт "Қосбастау" деп атайды. Ертеректе Түктібай бабаға әкесі еншісін бөліп берерде, ол: "Әке, еншімді әзір алмай қоя тұрайын. Бірінші өзіме лайық жер іздейін" деп үйінен шығып кетсе керек. Сонымен осы бұлақ басына келгенде Түктібай бұлақ басында өсіп тұрған 2 талды көріп, бұлақ суынан дәм татады. Қос бұлақ суы көздің жасындай мөлдір су екен. Одан торсығына су толтырып алып қатын-баласына беріп, әкесінен осы жерді сұрап алып қоныстанады. Разъездің "Қосбастау" атануы осыдан. ## Дереккөздер
Теріс — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде, Теріс өзенінің бойына орналасқан. Онда 8-ғасырда Абартшада деген арабтар салған қала болған. Қазақшасы - Теріс деген мағына береді. Мұнда 1899 жылы орыс тарихшылары болып, Абартшада қаласының орнын картаға түсірген. Қазір сол қаланың жартысы жер астында жатыр. Бұл жерге 1880 жылы орыс шаруалары келіп қоныстанған. Алғашында ауыл "Суворов" деп аталған. 1950 жылдары ауыл "Теріс" деп аталып, тарихи атауы қайтарылған. Ауылдың оңтүстік бетіне 1986 жылы көше тігіліп, жаңа ауыл бой көтерді. Оны студенттік құрылыс отряды салған. Оны "Жаңа Теріс" деп атаған. 2004 жылы ол ауылдың негізін салған Ә.Қойбақовтың аты сол ауылға берілген. Теріс пен Ә.Қойбақов ауылдарын Аманбаев тас жолы бөліп жатыр. ## Халқы ## Дереккөздер
Қоңыртөбе (1993 жылға дейін – Успеновка) — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Жетітөбе ауылдық округінің құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстік-батысында 24 км-дей жерде, Қаратау жоталарының Бөкей тау бөлігіне жақын орналасқан. Сол маңдағы қоңыр түсті болып келетін маңның атымен аталады. Ауыл тұсынан Бауыржан Момышұлы-Қошқарата автомобиль жолы өтеді. ## Тарихы 1991 жылға дейін "Успеновка селосы" деп аталып келген. ## Халқы ## Дереккөздер
Тасбастау — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Тау етегінде 2 тастың арасынан қайнап шығатын мөлдір бастау осы өңірдегі тұрғылықты халықты таза сумен нәрлендіріп отырғандықтан сол жердегі елді мекенді тұрғындар "Тасбастау" атап кеткен. XX ғасырдың басында переселендердің жаппай қоныстануына байланысты ауыл аты өзгеріп, 1991 жылға дейін "Благовещенка" селосы болып аталған. Сол жылы оған "Тасбастау ауылы" деген ежелгі атауы қайтарылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктас (2011 жылға дейін — Юсуповка) — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Ауылдың бұрынғы атауы - Юсуповка. Юсупов Украинадан келген переселендердің бас көтерерлерінің бірі болғандықтан, бүгінде ауылдың атауын қайта қарау күн тәртібінде тұр. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан сотлүстікке қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ынтымақ — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Шақпақ ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ауылдық округ орталығы - Шақпақ ата ауылынан солтүстікке қарай 4-5 шақырым жерде. Кеңес үкіметі ыдырап, ел-жұрт жаңа қоғамға бейімделіп, бір ұжымға бірігіп жатқан кезде ауылға "Ынтымақ" деп ат қойылып, "Елдің ынтымағы, бірлігі болсын" деген ниеттен туған атау. ## Халқы ## Дереккөздер
Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен — 7 желтоқсан 1996, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1947). Ришат Абдуллиннің егізі. ## Өмірбаяны 1939 — 65 жылдары Абай ат. Қазақ опера және балет театрында әнші болды. 1965 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерт”бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. Абдуллин негізінен лирикалық кейіптегі опералық бейнелерді сахнаға шығарды. Мысалы: Төлеген, Қайрақбай, Балпан, Арыстан (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” және “Айман-Шолпанында”), Ленский (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Серік (М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”), Зілқара (Брусиловский мен Төлебаевтың “Амангелдісінде”), Тұяқбай (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Әзім (А. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайында”) тағы да басқа. Ол 1936 жылы Мәскеуде (Ресей) өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Абдуллин әнші ретінде қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ән-романстарын ерекше нақышпен орындаған. ## Отбасы Әйелі — Абдуллина Камаш және төрт баласы: * Қызы — Абдуллина Ғалия (1941) * Ұлы — Абдуллин Сағынай (1953) ## Дереккөздер
Абду-л Хамид Тархан - (1851-1937) - түрік ақыны.Көп жылдар дипломатиялық қызметінде болған. Екі өлеңдер жинағының, "Көр" атты элегиялық поэманың (1885, әйелінің өліміне арнап жазған), бірнеше романтикалық трагедиялар драмалардың авторы. ## Көрнекті еңбектері * Үнді қыз - 1875 жыл * Тарик - 1879 жыл * Эшбер - 1880 жыл Бұл шығармаларында Англияның Үндістандағы отарлау саясатына қарсы шығады, патриоттық пен азаттықты ардақтайды. ### Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Тесіктас — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Қошқарата ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Ауыл маңындағы үлкен жартаста табиғат құбылыстарынан болған - бір адам әрі-бері өтерліктей тесік бар. Осыған байланысты ауылға "Тесіктас" атауы берілген. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан. ## Дереккөздер
Фуад Ғасанұлы Әбдірахманов (әз. Fuad Həsən oğlu Əbdürəhmanov; 1915 — 1971) — мүсінші, Әзірбайжан КСР-нің халық суретшісі (1955), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі (1949), екі мәрте Сталин премиясының Лауреаты (1947, 1951), 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі. Ленинградтағы Көркемсурет академиясында М.Г.Манизерде оқыған (1935-40). Абдурахманов Фуад Гасан оглыға 1946 ж. Кировабад қаласында орнатылған Низами ескерткішіне КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1947); бұл ескерткіш Бакуде де қойылды (1949). Мүсінші қолынаң шыққан Чойболса мен Сухэ-батор (мәрмәр, 1954, Ұланбатырдағы зиратта), жазушы С.Виргунның (1961, Баку), ақын Рудакидің (1964 Душанбе) ескерткіштері, 1960ж. Бакуде қойылған "Азаттық" (1950,гипс, КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды) және "Шопан" (қола, 1951 Третьяков галереясы) статуялары Абдурахманов Фуад Гасан оглыдың моументалист ші екенін көрсетеді. Ол бірталай портреттік бюсттер де жасаған. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Күркіреусу – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы өзен. ## Бастауы Қырғызстан жеріндегі Талас Алатауындағы Манас тауының етегінен басталып, шекара бойлай Аса өзеніне сол жағынан құяды. ## Атауының мағынасы Теріс өзені жолындағы Кіші Қаратаудың көтерілуінен болған кедергіні қиып түскен. Су жарып аққан жота Маймақ бекетінің төңірегінде Күркіреусу өзенімен қосылған тұсында көтеріліп, оның биіктігі 300 метрден асады. Осы тұста өзен тау шатқалында күркіреген дыбыс шығарып аққандықтан ел оны "Күркіреусу" деп атап кеткен. Ш.Айтматов "Жәмила" повесінде Күркіреусу өзенін, Маймақ пен Шекерді тіл жеткісіз тамаша етіп суреттеген. ## Дереккөздер
Абдураззақ Абди Эфенди - Abdürrezzak Abdi Efendi - (1835 ,Стамбул -1914,Стамбул) - түрік актері, Стамбулда туған.Бастапқы кезде саудагер болады. 1873 жылдан бастап "Орта ойын" театрының спектакліне қатысып, көбінесе комедиялық рольдерін ойнаған. "Түрктің күлкілі үйі"("Хандеханен османи") атанған театр труппасы (халық театры) ұйымдастырып басқарумен бірге, жаз айларында Стамбул төңірегіндегі тұрғындарға ойын-сауық көрсетумен шұғылдаған. 1890 ж.патша сарай театрына арнайы қызметке шақырылады. Кіші түрік революциясынан кейін (1908) халық театрына қайта келіп, өзінің шәкірттері Кел Хасан мен Нашит басқарған театр труппасында ойнайды. ("Отан" және "Ескі-құсқы сатушы Әбді" спектакльдері) ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Қызыларық — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Қызыларық ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Ауыл маңы табиғаты Шолақ бұлақ - ауылдың күн батыс жағында терең сай бар, сол сайдың басында 2-3 жерден ботаның көзіндей мөлдіреп тұнық бастаулар жер астынан бұрқ-бұрқ етіп қайнап шығып жатады. Осынау бастаулардың суы сай табанымен төмен қарай құлдилай жүгіріп, бұлаққа айналады. Мұны таза бұлақ деп атаса да болар еді. Алайда жергілікті халық бас тауда, сонау алыстан емес, ауыл іргесінен басталатындықтан "Шолақ бұлақ" деп атапты. Бұлақ суы Қызыларық, Сұрым елді мекендерінің бау-бақшаларын нәрлендіріп, сол оңірге өмір сыйлап жатқан қасиетті су. Аққорған - ауылдың оңтүстік жағындағы ескі ауылдың орны осылай аталады. Шын мәнінде бұл тарихи орынның бірі. Өткен ғасырларда Ташкенттен шығысқа қарай Орта Азияға керуендер мен жүргіншілердің жүретін қосалқы жолының бірі осы жермен өтеді екен. Бұл жол Қаратау жотасынан асып барып, Әулиеата маңында "Жібек жолына" қосылған. "Аққорған" деген жерде жолаушылар тоқтап, көліктерін тынықтырып, өздері қонып, демалатын бекет болған көрінеді. Қауіпсіз болу үшін сол бекетті айналдыра ақ кірпіштен қорған салынған. Қорғанның орны мұндаға дейін сақталды. Кейін әскери ведомствоға қарайтын кеңшар осынау тарихи орынды тегістеп, егіс алқабына айнаалдырды. Жалғыз тал - Аққорған маңындағы мекен. Бұл сол маңда өсіп тұрған діңінің жуандығына 5-6 адамның құшағы әрең жететін алып ағашқа байланысты аталған. Айдалада 2 ғасырдан астам өсіп тұр. 19 ғасырда Жанып деген елге белгілі кісі дүниеден қайтқанда жуындырған жеріне белгі ретінде қадаған бұтақтан өскен. ## Дереккөздер
Телпек сүйсін (лат. Orchis militaris) – сүйсіндер тұқымдасының сүйсін туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Сабағы қуыс. * Тамыры жұмыртқаға ұқсас * Жапырақтары көп. Төменгі жағындағы жапырақтары ұзын, эллипс тәрізді, ал жоғарлаған сайын жіңішкере береді. * Гүлдерінің иісі бар, ішкі жапырақшалары ашық қызыл, "ерні" көк түсті болады. * Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Өзендердің жағаларында, шабындықтарда, ормандардың шеттерінде, батпақты жерлерде өседі. ## Емдік қасиеті * Дәрі жасау үшін сүйсіннің тамыр түйнегін маусым-шілде айларында сабағы сақталып тұрған кезде қазып, жинап алады. Сүйсіннің тек жас тамыр түйнектерін ғана жинайды. Оларды топырақтан жуып тазартып, қабығын аршиды да, бірнеше минут қайнап тұрған суға батырып алады. Тамыр түйнектер сонда ғана көктеп өсіп кетпейтін болады. Бұдан соң тамыр түйнектерді жіпке тізіп, іліп қойып кептіреді. * Құрамында 50%-ке жуық кілегей, 27% крахмал және 1% қант бар. * Сүйсіннен жасалған дәрілер асқазан, тоқ ішек, аш ішектер, қуық, бүйрек қабынғанда қолданады. Сонымен қатар іш өткенді, дизентерияны емдеу үшін де пайдаланады. * Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің жыныстық әлсіздікті қалпына келтіретін қасиеті халық медицинасында өте жоғары бағаланады. ## Дәрін дайындау және қолдану тәсілі * Кептірілген тамыр түйнекті ұнтақтап әуелі салқын суға араластырады, сонан соң үстіне қайнап тұрған ыстық су немесе ыстық сүт құяды да, қаймақ сықылды қоймалжың ерітінді жасап алып пайдаланады. Ол жасы ұлғайып, қартайған кісілердің, туберкулезбен ауырған адамдардың әл-қуатын тез қалпына келтіруге көмектеседі. * Тұнбасы: 10 грамм тамыр түйнекті 1 стақан суға салып 15 минут қайнатады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер
Құрқылтай тұқымдастар (лат. Remizidae) – торғайлар отрядына жататын құстар. ## Биологиялық сипаты * Дене бітімі кішірек. Денесінің ұзындығы шамамен 120 мм, салмағы 20 г-дай. * Бастары көбінесе сұр түсті, бастарындағы қара жолағы ерекше көзге түседі. * Тұмсығы – жіңішке, үшкір, қалыпты ұзындықта. * Қанаттары мен құйрықтары қара түсті, ақ жолақтары бар. Құйрығы дөңгеленіп біткен, құйрығы қанатынан қысқа, қауырсындары жұмсақ, қалың, қоңыр түсті, құрсақ тұсы ақ келеді. * Аяғы – қысқа , алайда табаны – мықты, жақсы дамыған артқы саусағы бар; тырнақтары – ілмектенген, тұтқыр. ## Қорегі, тіршілік сипаты Жәндіктер және қоңыздармен қоректенеді, алайда жылдың суық мезгілінде өсімдік тұқымдарын да жейді.Бұл тұқымдасқа жататын құстардың көбі ұясын қолғап тәрізді етіп, қамыс немесе талдың бұтақтарына өсімдік талшықтары мен мамықтан салады. Бүйірінен аузы шығарылған жабық ұясы ерекше құрылым. Ұяға 5-10 ақ түсті жұмыртқа салады. Балапандары жұмыртқаны 14 күннен кейін жарып шығады. ## Таралу аймағы Еуропа мен Азияда 51° солтүстік ендікке дейін тараған. Қазақстанда Еділ-Жайық аралығында, Елек өзен (Ақтөбе облысы), Талас, Шу өзнедері тоғайларында (Жамбыл облысы), Балқаш-Алакөл алабының қамысты-құрақты жерлері мен ормандарында, Іле, Талас Алатауларында мекендейді. Бұл тұқымдасқа жататын құстардың кейбір түрлері жыл құсы, кейбірі жыл бойы Жерорта теңізі аймағын тұрақты мекен етеді.Еуразия, Африка және Солтүстік Америкада қоныстанатын құстардың тұқымдасында 4 туысқа жататын 10-125 түрі бар. Қазақстанда тұқымдастың негізгі туысына жататын 3 түрі кездеседі: кәдімгі құрқылтай (Remiz pendulinus), қарабас құрқылтай және қамысшыл құрқылтай (Remiz macronyx). ## Дереккөздер
Ақсай өзені - Жамбыл облысы, Жуалы ауданының аумағында ағатын өзен. Жуалы ауданының оңтүстік беті Қырғыз және Талас Алатауымен шектеседі. Тау алқабынан төмен қарай созылып жатқан кең алқап "Мыңбұлақ алқабы" деп аталады. ## Дереккөздер
Халил Ғалеевич Абжалилов (29.09.1896, Мустафино,Орынбор уезі, Ресей -18.03.1963, Қазан , РКФСР) - тат. Xəlil Ğali uğlı Əbcəlilev, Хәлил Гали улы Әбҗелилев - татар совет актері, КСРО халық артисі (1957). 1944 жылдан КОКП мүшесі. Сахналық қызметін 1916 ж. Орынборда театрдың драматикалық "Ширкат" ("Жолдастық") труппасында бастаған. Орынбор, Ташкент, Бұқар және Хиуа театрларын ұйымдастыруға қатысты. 1928 ж. бастап Татардың Ш.Камал атындағы академиялық драма театрында ойнады. Шекспир трагедиясынан Отелло, Король Лир, Гиззаттың "Тасқындарынан" Бектемір, Исанбет пьесасынан Насреддин қожа рольдерін т.б. орындады. Абжалилов Халил Ғалеевич 1924-27 ж. өзбек киностудиясының фильмдерінде түсті. Татар АССР-і Жоғары Советіің депутаты (2-4 шақырылуы) Абжалилов Халил Ғалеевич 3 орденмен марапатталған. ## Түсініктемелер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Або бітім трактаты (1743) - Ресей мен Швеция арасында 1743 ж. 28 маусымда Финлядияның Або қаласында (Турку қаласының шведше екінші аты) жасалған трактат.Бұған сәйкес 1741-43ж. орыс-швед соғысы тоқтатылды. Або бітім трактаты бойынша Швеция орыстардың соғысқа дейінгі жерлерін бұрынғы күйінде қалдыруға келісті. Ресей Кюменегор провинциясын, Саволак провинциясының бір бөлігін т.б. өзіне қосып алды. Кюмене өзені шекаралық шек болып есептелді. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Боралдай шахтасы — Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы тас көмір кен орны. 1927 жылы ашылған. Қуаты Қарағанды, Екібастұз көмір кеніштерінен кем түспейді.
Егістік күнзе (лат. Coriandrum sativum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 30-70 см-ге жуық. * Сабағы жұмыр, түзу әрі жоғарғы жағында жайыла өседі. Төменгі жағындағы жұмыртқа тәрізді сүйір жапырақтарының сағақтары ұзын, екі-үш бөлімді, сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы, құстың қауырсыны секілді бірнеше жіңішке, ұзын бөлімдерге бөлінген. * Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу, қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады. * Шілде айынан тамыз айына дейін гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі. Жемісі піспей тұрғанда өсімдіктен қандаланың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығады. Жемісі піскеннен кейін хош иіс аңқиды. * Егістік кориандр мәдени өсімдік ретінде егіледі. Кей жерлерде жабайыланып кеткендері де кездеседі. ## Емдік қасиеті * Дәрілік мақсат үшін жемісін жинап алады. * Құрамы: эфир майлары, оның ішінде линелол, терпендер және майлар, белоктар, алкалоидтар. * Өсімдіктің жемісінен жасалған дәрілердің өт айдайтын, қақырық түсіретін, микробтарды жоятын, денедегі ауырған жерлерді тыныштандыратын, тамаққа тәбетті арттыратын және геморрой ауруы үшін шипалық қасиеттері бар. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Бөгеті құмытысы (лат. Atraphaxiola bogutensis) – ұсақ құмыты шыбындарына жатады. Сирек кездесетін түр, таралу аймағы шағын. Қазақстаннан сипатталып жазылған жеке типті туыстың өкілі. Солтүстік Тянь-Шаньның оңтүстік-шығыс сілемдерінде, Бөгеті және Торайғыр тауларында таралған. Орташа биіктіктегі таудың тасты далалы баурайларында тіршілік етеді. Дернәсілдері түйесіңірде (Atraphaxis pyrifolia, A. replicata, A. virgata) өсіп дамиды. Қуыршақтануы мен қыстап шығуы топырақта өтеді. Көктемдік және жазғцы мезгілде екі рет ұрпақ береді. Екінші ұрпағының ересегі шілденің бірінші жартысында ұшады. Ересегі 12-16 сағаттан артық тіршілік етпейді. Санының азаюына малды шектен тыс жаю мен дала өрттері қатты әсер етіп отыр. ## Дереккөздер * "Ғажайып омыртқасыздар" Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Алматыкітап 2005 ж.
Қостұра, Үлкентұра – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы сеңгір. Қостұраның "Тұра" аталуы бұл аймақты жүз жылдай жайлаған ойраттардың сөзі, мағынасы "қамал" дегенді білдіреді. Оған дейін Тұраның қазақы атауы "Сеңгір" болған деген мәлімет бар. ## Тектоникасы Ертедегі тектоникалық жарылыстардың әсерінен Жуалының оңтүстік-батысында ағатын Қошқарата, Боралдай өзендерінің жарып өткен жоталарының көтерілуі үдей түскен. Шаян жеріндегі "Үлкен тұра" мен "Алакүшік" биіктері тұсындағы жер қабаты 600-700 метрлік деңгейге дейін жеткен. Осы "Қос тұраны" кейде ел жекелеп "Үлкен тұра" және "Алакүшік" деп те атайды. ## Дереккөздер
Егістік қарақұмық (лат. Fagоpyrum esculentum) – тарандар тұқымдасы, қарақұмық туысына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Биіктігі 70 см-ге дейін жетеді. * Тік өсетін қызғылт түсті сабағының жоғарғы жағында көп бунақтары бар. * Жапырақтары бүтін, кезектесіп орналасқан, үш бұрышты, жүрек тәрізді. Жоғарғыларының сағақтары ұзын. * Жапырақтары қою жасыл түсті, етті, екі жағында да майда сүйелдері бар. * Гүлдері шашақ сықылды ақ, қызыл, ашық қызыл түстерге боялып шоғырланып тұрады. * Жемісі - үш бұрышты қоңыр жаңғақша. * Шілде-тамыз айларында гүлдейді. * Көбінесе қолдан егіледі, кейде арамшөп ретінде егіс арасында да көптеп кездесе береді. ## Емдік қасиеті * Құрамында рутин, хлороген, простокатехин, кофе қышқылдары бар. * Рутин қан тамырларының қабырғаларын бекітіп, үзіліп не болмаса жарылып кетуден сақтайды. Бұл дәрі дәріханаларда сатылады және миға , жүрекке, көзге, теріге қан құйылудан алдын-ала сақтану үшін ауруларға беріледі. * Гипертония ауруы кеінде басқа да дәрілермен қосып қан қысымын төмендету үшін жұмсалады. * Ревматизм, қызамық, бөртпе сүзек, қызылша ауруларын емдеу үшін де өте бағалы дәрі болып есептеледі. * Қарақұмықтың жас жапырақтарын іріңдеген жараларға таңады. * Ұнтақ түрі нәресте денесінің базданған немесе жабысқан жерлеріне себу үшін де қолданылады. * Қарақұмықтың гүлі мен жас жапырақтарына ақшайыр шөбін араластырып қоспа жасап, атеросклероз ауруы бар адамдардың қан қысымы қатар көтерілгенде пайдаланады. ## Сақтық шарасы Қарақұмықтың жас жапырақтары мен гүлдерінен дәрі жасап ішу кейбір жағдайларда қауіпті де, себебі олар улы болып есептелінеді. Сондықтан бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді тек дәрігердің бақылауымен ғана пайдалану қажет. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер * Қарақұмық жармасы ## Дереккөздер
Күйік асуы – асу, Жамбыл облысының Жуалы ауданы шығысында Жамбыл ауданымен шектесер тұсында Кіші Қаратау қатпарлы белдемімен шектеседі. ## Жер бедері Жалпы ұзындығы 200 шақырым, ені 35-40 шақырымды құрайды. Кіші Қаратау белдемі арқылы Алматы-Ташкент-Бішкек автокөлік жолы осы Күйік асуы арқылы өтеді. Күйік асуында табиғат тез өзгереді. Асудың атауы туралы түрлі аңыздар баршылық. ## Дереккөздер
Құлантау - Үлкен Қаратаудың Шақпақ белі арқылы Алатаудың Жабағылы сілемімен жалғасып жатқан Боралдай тауының солтүстік бөлігі. Құлантаудың бөктерінен жанға жайлы сулы көптеген бұлақтармен қатар Құлан өзені бастау алады. Құлантаудың батыс бөктерінен Әулиесайдан Ұзынбұлақ аталатын бұлақ ағып шығады. Әулиесай - үйсін дүниеге келген жер болғандықтан киелі, әулиелі саналады деген болжам айтылады. Үйсіннің тарихына байланысты: "Ұзынбұлақ - Үйсін қонысы, Малға майдан Қаратаудың сонысы", - деген өлең сөздері бұған айғақ болса керек. Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында "Құлантау" аталатын кинотеатр бар. ## Дереккөздер
Абыл Өтембетұлы - (1777, Маңқыстау - 1864, сонда, Қаратөбе) - қазақ ақыны, импровизатор. Әкесі Өтембет кедей шаруа болған. Абыл Өтембетұлы Атырау, Қарақалпақ,Түркіменстан елдерін аралап, өнерпаздармен кездескен. Өлеңдері ауызша тараған. Алғаш баспа бетін көрген өлеңі - "Арғымақ атта сын болмас" (1924). Шығармаларының негізгі арқауы - адамгершілік, ел қамын көксеу ("Сексеннің біз де келдік жетеуіне", "Отырған қарсы алдымда Қанымайым", "Қар жауар күн-түн оның қабағынан"). Ол Хиуа ханы Аллақұл басқыншылығына қарсы ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді тебірене жыр еткен ("Сүйінқараны жоқтау", "Құлбарақ батырға"). Бірсыпыра толғаулары хан, сүлтандарды әшкерелеуге арналған. "Арғымақ атта сын болмас", "Естірту", т.б. терме, толғаулары көркем, ақыл, нақыл, насихатқа құрылған. Абыл Өтембетұлы - айтыстың да шебері. ("Балдай қызбен айтысы", "Сушы қызбен сөз жарыстыру", "Нұрымды сынауы", "Шерниязбен кездесуі"), ерлік дастадарын да ("Қырымың қырық батыры" т.б.) дамыта жырлап таратқан. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Аваз Отароглы , Avaz Polvonniyoz (O‘tar) o‘g‘li (1884,Хиуа-15.08.1919,сонда) - өзбек ақыны.Тәуіп отбасында туған, медреседе оқыған.18 жасыда-ақ Хорезмнің жұрт таныған халық ақыны атағына ие болады. Ол өлеңнің алуан түрі қолданған (рубаи, ғазал, мұхаммас т.б.). Демократ әрі ағартушы Аваз өз өлеңдерінде сатылғыш сот пен алдамшы молдаларды, парақор төрелерді өткір сынға алады, үстем тап өкілдерінен жәбір-жапа шеккен халықтың қайғылы тағдырын толғана жыр етеді ("Халық", "Төрелерге" т.б.). Надандыққа, зараңғылыққа қарсы шығып ("Мектеп" т.б. өледерінде), "Бостадық" деген өлеңінде революцияны жырлайды. Аваз өлеңдері Хиуа өкіметі басшыларының зығырданын қайнатады. 1912 жыл Мұхаммед-Рахим хан Авазға дүре соқтырады. Оны жынданды деп жариялап, қол-аяғын байлатып тастайды. Ақырында Аваз қайыршылықта қайтыс болады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Ордабасы - жер аты. Қошқарата өңірінде "Үлкен Ордаған", "Кіші Ордаған" деген жерлер бар. Анығына келгенде, олар "Үлкен Орда қонған", "Кіші Орда қонған" болып шығады. "Орда қонған" деген жер Жамбыл облысы мен Түркістан облысының шектесер жерінде Арқарлы атты тауға жақын, Қошқарата мен Боралдай өзендерінің жоғарғы сағасында орналасқан. "Үлкен Орда қонған" мен "Кіші Орда қонған"ның да ара қашықтығы не бәрі 3-4 шақырым ғана. Жасақтарды аңғарларға жасыру және барлық уақытта бір-бірімен байланыста болу үшін сол кездегі соғыс тактикасына байланысты осылай орналасқан. Бірінші орда - Ордабасында, екінші орда - Қошқарата жерінде, үшіншісі - Ақыртөбе стансасының жанында. Әр орда тұсында қазақ жасақтары топтастырылған. Жуалы ауданының Қошқарата өңіріндегі Орда қонған, Боралдай, Жолбарысқамал, Үлкен тұра, Кіші тұра, Садыр қамал, Тарақты қамал, т.б. көптеген жер-су атаулары 17-18 ғасырларда туған еліміздің жоңғар қалмақтарынан азат ету кезіндегі қойылған атаулар болып табылады. ## Дереккөздер
Шақпақ қалашығы - екі бөлек төмпешіктен тұратын Жамбыл облысы Жуалы ауданы аумағандағы көне қала орны. Құрылысы тік төртбұрышты, шығысында биіктігі 8 метр, батысында 4 метр дуалмен қоршалған, біріншісінің ауданы 54х70 м, екіншісі 36х48 м төбешік солтүстік жағынан жалғасып жатыр. Бұл қалашықтың орнын жергілікті жұрт "Қалмақтөбе" деп атайды. Төбешіктің үстінде бейіт орны бар. Бұл жерде бір кездері жойқын соғыс болған, қалмақтар өліктерін осы жерге жерлеген. Оған айғақ болатын кейбір соғыс жарақтары осы кезге дейін жер қазу жұмыстары кезінде табылып жатады. Қалашықтың орнында төменіректе 1948-1992 жылдар аралығында кірпіш зауыты жұмыс істеген. Эксковаторлар топырақ тиеген кезде көптеген керамикалық ыдыстар мен күміс, мыстан жасалған тұрмыстық заттардың шыққандығына сол кірпіш зауытының жұмысшылары талай куә болған. Бұл жерден Жібек жолы өткен, құмыра жасайтын керуен сарай болған. 1972 жылы Шақпақ қалашығының жанындағы жырадан су жүргізілуге арналған кермамикалық құбыр тауып алынған. ## Дереккөздер
Шақпақ ата асуы - шағын жота. Шығыстан шыққан Ұлы Жібек жолының керуені осы Шақпақ асу арқылы асып Тамтатджға (Түлкібасы) бет алған. Ғалым Е.Фенко 1964 жылы Түрксіб темір жол желісінің бойымен 1300 шақырымдық Арыс бекеті - Алматы - Семей аралығында 1933-1955 жылдары жүргізген жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеулер нәтижесінде жердің ең жылдам көтерілуі осы Үлкен Қаратау жотасының Құлантау арқылы өтетін Шақпақ асуында екенін анықтады. Оның орташа мәні жылына 10-12,5 мм болатынын есептеп шығарған. Шақпақ асуының ауа-райы үнемі өзгеріп отырады. Көктем мен күз айларында шығыстан батысқа қарай бірнеше тәулік бойы секундына 35-40 м жылдамдықпен жел соғып тұрады. Мұны осы аймақтағы жұрт "Шақпақтың желі" деп атайды. Бұл кезде жыл құстары төмендеп ұшатындығын байқаған орнитолог ғалымдар құстарға сақина салу орталығын осы асуға құрды. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Ақтоған – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл. * Ақтоған – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Ақтоған – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл. * Ақтоған – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Ақтоған – Іле алабындағы өзен.
Шайтанкелмес немесе көкшіл көкшегүл (лат. Polemonium caeruleum) - көп жылдық, көкшегүлдер тұқымдасы көкшегүл туысына жататын шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Тамыр сабағы қысқа, одан көптеген жіңішке тамырлар тарайды. * Жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан, қауырсын тәрізді, сопақша, ұштары сүйір келеді. Төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы. * Гүлдері көкшіл түсті, майда, жағымды иісі бар. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен болады. * Жемісі - сопақша келген көп тұқымды қауашақ. * Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі. * Өсетін ареалы: ормандардың шеттерін, шабындықтар, жолдардың жиегі, өзендердің жағалары, орман ішіндегі алаңқайлар. ## Емдік қасиеті Шайтанкелмес - халық медицинасында көп тараған дәрілік өсімдіктердің бірі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын тамыз-қыркүйек айларында қазып, жинап алады. * Құрамында сапониндер, шайыр, органикалық қышқылдар, эфир майлары бар. * Бұл өсімдікті жүйке жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін дәрі есебінде пайдаланады. * Сонымен қатар қояншық ауруына қарсы және ұйқы қашқанда қолданылатын шипалық қасиеттері бар. * Шайтанкелместі асқазанға және ұлтабарға жара түскенде емдеу үшін де пайдаланады. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Ақтоған ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Досбол би ауылы кіреді. Орталығы – Досбол би ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1094 адамды құрады. ## Дереккөздер
Меркі тауы - Жамбыл облысы Меркі ауданы аумағында орналасқан тау. ## Тарихы Меркі тауларының табиғатын, ауа райының қолайлылығын білген бабаларымыз Меркі тауындағы жайлаулар - Аралтөбе, Қарақыстақ, Қасқасу, Сандық, Шайсандық, Күнгейсандық, тағы басқа тау алқаптарын Сақ, Ғұн, Үйсін замандарынан бері атамекен етіп қана қоймай, бүкіл қазақ даласында тұрған зиялы ата-бабаларымыздың қайтыс болғаннан кейін жерлейтін сахнасына айналдырған. Ашық аспан астында табиғаты пейіш сарайындай шаң жоқ, көгал, қайнар бұлақтар қоршаған сахнаға (пантеон) Түркістан заманынан мыңдаған жылдар бұрын сақ, ғұн, қазақ даласында қайтыс болған күнбилерін, хандарын, болыстарын, ардақты аналарын Меркіге әкеп жерлеп отырған. Бастарына тастан қорған тұрғызып, тас бейне, тас кітаптар қойып отырған. Археологиялық зерттеулер жасап, тіркеуге алынған 127 осындай бейіттер белгілі. ## Ғибадатханалары Меркі ауданына қарасты Алатаудың Сандық жайлауында 2004 жылы Ә.Марғұлан атындағы археологтиялық институттың ғылыми қызметкерлері экспедициялық жұмыстар жүргізіп, бұрыннан осы өңірге белгілі көне түркі ғибадатханасын көріп, тағы да сол тектес үш ғибадатхананың орнын тапты. Көне түркілер Аралтөбе, Белсаз, Сандық, Сұлусай, Шөлсай, Сулысай, Сүйіндік, Шайсандық, Тоғансай, Қарасай секілді тау қыраттарын әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін өткізетін орын ретінде пайдаланып келгендігін анықтады. ## Дереккөздер
Сыпатай батыр ауылы — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ақарал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы Ауыл тұрғындарының негізгі күн көрісі егін және мал шаруашылығы. Ауылда негізгі мектеп, фельдшерлік пункт бар.Ауылдың іргесіндегі Бішкек-Ташкент тас жолының бойында Сыпатай батырдың күмбезі тұр. ## Дереккөздер
Ақтоған ауылдық округі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтоған, Қазақдиқан ауылдары кіреді. Орталығы – Ақтоған ауылы. Ақтоған ауылдық округі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1962 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен "Большевик" ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Большевик және Жамбыл ауылдық округтері 1997-2001 жылдар аралығында біріктіріліп, Жамбыл ауылдық округі деп аталды. 2001 жылы Ақтоған ауылдық округі тарихи атауына қайта ие болып, өзінше отау тікті. Округ аумағында 59214 га жер бар, оның ішінде ауыл шаруашылығына жарамды 7461 га. Аймақта Тілеміс атындағы орта мектеп, №3 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, Ақтоған және Қазақдихан ауылдарында отбасылық және фельдшерлік дәрігерлік пункт, кітапхана, байланыс бөлімшесі, екі дүкен, екі тамақтандыру орны жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Андас батыр ауылдық округі — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әкімшілік бірлік. 2006 жылға дейін Ново-Воскресеновка ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Андас батыр, Арал қыстақ, Қызылқыстақ ауылдары, Гранитогорск кенті және Шалдуар темір жол бекеті кіреді. ## Инфрақұрылымы Аймақта екі орта, бір негізгі, бір бастауыш мектеп, бір мектеп-интернат, бір жанұялық, үш фельдшерлік-медициналық пункт, үш байланыс бөлімшесі, алты дүкен, екі тамақтандыру орны жұмыс істейді. ## Тарихы Округ аймағында "Победа" колхозы болған. Кейін агробірлестік болды. 1950 жылға дейін бұл өңірде 4 елді мекен болып, әрқайсысы өзінше колхоз болған. 2005 жылға дейін Ново-Воскресеновка ауылдық округі деп аталды. 2006 жылдан Андас батыр аты берілді. ## Дереккөздер
Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев (17 маусым 1965, Нарынқол, Алматы облысы — 2 желтоқсан 2023) — қазақстандық актер, сатирик, театр және кино режиссёрі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» медалінің иегері. ## Өмірбаяны 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі Әбдіғалым Наймантаев "Нарынқол халық театрында" режиссёр, ал, анасы Рафия Райжанова сол халық театрының актрисасы болып қызмет атқарған. Асқардың балалық өмірі сол театр іргесінде өтті. 2023 жылы 2 желтоқсанда ұзақ аурудан қайтыс болды. ## Театрдағы қызметі Халық театр сахнасына ең алғаш М. Әуезовтың "Еңлік-Кебек" спектакліндегі Еңліктің баласының орнына жөргектегі кезінде шыққан. Өзі режиссёрлық кәсіппен мектеп қабырғасында жүргенде айналыса бастады. Мектеп сахнасында 6-сыныптан бастап Қ.Жетпісбаевтің "Бала мерген", С.Жүнісовтың "Жаралы гүлдер" сияқты бірнеше спектакльдерді сахналады. "Алматы театр және көркемсурет" институтында КСРО халық артисі Хадиша Бөкеева мен Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың класында "театр және кино актері" мамандығы бойынша оқып, диплом алған соң Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына жолдама алды. Театр сахнасында көптеген спектакльдерде басты рольдерді сомдады. Ж.Тәшенов, И. Саввинннің "Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырды" спектаклінде Нұртаза рөлін, Ш. Айтмауытовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" спектаклінде Сәбитжан рөлін, М.Мақатаевтың "Қош махаббатында" Қасым, Ж.Аймауытовтың "Ақбілегінде" Балташ рольдерін ойнап, Әзірбайжан Мәмбетов, Асанәлі Әшімов, Болат Атабаев, Әубәкір Рахимовтай дарынды режиссерлармен қызмет атқарды. ## Эстрададағы қызмет жолы Қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болды. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку" комедиялық театрларының орны ерекше. Асқар ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етті. "Бүгін менің туған күнім" атты концерттік жобасы Республикалық телеарналар арқылы бірнеше жыл қатарынан өткен дәстүрлі халық сүйген жобаға айналды. "Мұқағали атындағы сыйлықтың" құрылтайшысы болып, Мұқағали мұрасын дәріптеуге еңбек еткен жазушы, ақын, әнші, композиторларды марапаттады. Асқар Наймантаев "Айналайын", "Домашние войны" сериалдарының сценаристер тобында болып, көптеген теле жобалардың, сериалдардың, сахналық қойылымдардың сценарилерін жазды. Алматы қаласында өзінің "Таланттар мектебін" ашып, онда жас ұрпақты өнерге баулуға еңбек етті. Ол мектеп жастарға “Актер өнері” мамандығын оқытатын “Bilte” akademy” болып өзгеріп, жұмыс істеді. Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында ұстаздық етті. 2014 жылы "Астана" телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген "Домашние войны" сериалының қоюшы режиссері болды. 2014 жылдың мамыр айында Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Оспанхан Әубәкіровтың "Терісқақпай" комедиясының желісімен "Ңөң" атты комедиялық думанның қоюшы режиссері болды. Премьерасы 30,31 мамыр күндері болып өтті. 2018 жылы Мұқағали Мақатев шығармасының желісімен “Аққулар ұйықтағанда” атты қысқаметражды. Көркем-поэтикалық фильм түсірді. 2019 жылы “Вампир күйеу” атты комедиялық фильм түсірді. 2020 жылы С.Мұқанов атындағы СҚО сазды драм театрының сахнасына “Меңдуана махаббат” атты комедияны сахналады. Премьерасы 21-ақпан күні болды. Асқар Наймантаев теле жүргізушы ретінде де “TamashaTV” арнасында “Бір ғанибет”, “Jastar TV”арнасында “Масқара шоу” хабарларын жүргізді. Ол хабарлардың, жоғарыда аталған фильмдердің сценарилерін өзі жазды. "Домашние войны", “Бастық боламын”, “ОрыStar в Шымкентте”, “Детектив әже” ,"Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер" "Внуки в ауле" комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Санитастың "Тезек" фильмдерінде ойнады. Басты рольдер сомдады. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында "Хантәңірі" және "Қарадала" театрларын ашты. Ол театрлардың ашылуы Республика көлемінде елеулі оқиға болды. Екі театр ашыла сала Германияның Франкфурт на Майне қаласында өткен Халықаралық фестивальдің Гран При және Бас жүлдесіне ие болды. Бүгінгі күнге дейін Сол екі театр мен 2015 жылы өзі ашқан Қаракемер балалар театрын (Еңбекшіқазақ ауданы) алға сүйреп келді. "Қарадала" театры қазақ пен ұйғыр халқының өнерпаздары бас қоса жұмыс істеп жатқан ерекше театр. Театр репертуарында екі ұлттың да қоғам, әдебиет қайраткерлері туралы қойылымдар бар. "Қаракемер" балалар театры" облыстағы балаларға арналған жалғыз театр. Қоғам қайраткері ретінде де әлеуметке танымал тұлға болды. Қоғамдағы маңызды оқиғаларға тікелей араласып, қызу пікірін ортаға салып, көптеген мәселелердің оң шешім табуына ат салысып жүрді. ## Концерттік бағдарламалары * "Бүгін менің туған күнім" атты концерттік жобасы (жылдары белгісіз) * Асқар Наймантаев эстрада өнерінің сахнасында "Ретро жұлдыздар шақырады", "Айтыңыз қабыл болсын", "Жаңа жылға-жаңа жұлдыздар" "Қазақша дискотека" сынды көптеген танымал жобалардың ұйымдастырушы-режиссері, сатира театрларының қойылымдарының авторы болды. ## Марапаттары мен атақтары * Мұқағали Мақатаевтың мұрасын дәріптеуге сіңірген еңбегі үшін Ауған соғысы ардагерлерінің "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығы кеңесінің 2007 жылдың 9-ақпан күнгі шешімімен "Қайырымдылығы үшін "Сауап" медалімен марапатталды. * Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 8 желтоқсан күнгі жарлығы бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. * Германияның Франкфурт на Майне қаласында өткен Халықаралық фестивальдің Гран При және Бас жүлдесі ## Басылып шыққан кітаптары * "Дайкпресс" баспасынан 2004 жылы мемлекеттік тапсырыспен шыққан сатиралық "Теріс кітап" жинағының авторы. * 2022 жылы "Алтын тордан шыққан ән", "Конферансье" , "Теріс кітап" атты кітаптары қайта басылып, жаңадан "Халық театрының қалта кітабы" атты кітабы жарық көрді. * Бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы. * 2018 жылы студенттерге арналған “Конферансье - актер және көркемсөз шебері” кітабы мен “Алтын тордан шыққан ән” атты жинағы жарық көрді. ## Дереккөздер
## Су инелігі Су бетінде кішкентай ғана бір насеком құдды мұз айдынында сырғанап жүреді. Мұның өзіндік сыры бар. Өйткені ол аяғына түкшелерден тұратын майланған "кебіс киіп" алғандай. Құрсағы да түкті болып келіп, балауыз тәріздес затпен майланған. Сондықтан да бұл насекомға су жұға қоймайды д, ол су бетінде еркін сырғанайды. Әр серпілген сайын ширек метр жерге кетеді де, қайта серпіліп, тағы да сырғанайды... Жолында шөп-шалам немесе бұталар кездесе қалса, одан қарғып өтіп, қайтадан сырғанайды. Солай бейне бір су бетін өлшеп жүргендей күні бойы ары-бері серпіле сырғумен болады. ## Сипаттама Барлық насекомдар тәрізді су инелігінің де алты аяғы бар. Бірақ ол төрт аяғымен, яғни ортаңғы және артқы аяқтарының көмегімен қозғалады. Алдыңғы екі аяғы өзге аяқтарына қарағанда әлдеқайда қысқа болып келеді.Оның атқаратын қызметі де бөлек:су бетінде маса немесе шыбын түсе қалса, су инелігі сол заматта-ақ пайда бола қалады да,олжасын тырнағы өткір осы алдыңғы аяқтарымен шап беріп, оған өзінің үщкір тұмсығын қадай қояды.Бұл насекомның бүкіл тіршілігі су бетінде өтеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарына жұмыртқа салады.Ол жұмыртқалардан кәдәмгі үлкен су инеліктеріне ұқсас тинемдей личинкалар шығады.Бұлардың сыртқы пішіндері ғана емес, тіршілік қалпы да бір-біріне ұқсас келеді ## Алынған дерек көздері "Ол кім?Бұл не?" кітабынан ## Су инелігі Су бетінде кішкентай ғана бір насеком құдды мұз айдынында сырғанап жүреді. Мұның өзіндік сыры бар. Өйткені ол аяғына түкшелерден тұратын майланған "кебіс киіп" алғандай. Құрсағы да түкті болып келіп, балауыз тәріздес затпен майланған. Сондықтан да бұл насекомға су жұға қоймайды д, ол су бетінде еркін сырғанайды. Әр серпілген сайын ширек метр жерге кетеді де, қайта серпіліп, тағы да сырғанайды... Жолында шөп-шалам немесе бұталар кездесе қалса, одан қарғып өтіп, қайтадан сырғанайды. Солай бейне бір су бетін өлшеп жүргендей күні бойы ары-бері серпіле сырғумен болады. ## Сипаттама Барлық насекомдар тәрізді су инелігінің де алты аяғы бар. Бірақ ол төрт аяғымен, яғни ортаңғы және артқы аяқтарының көмегімен қозғалады. Алдыңғы екі аяғы өзге аяқтарына қарағанда әлдеқайда қысқа болып келеді.Оның атқаратын қызметі де бөлек:су бетінде маса немесе шыбын түсе қалса, су инелігі сол заматта-ақ пайда бола қалады да,олжасын тырнағы өткір осы алдыңғы аяқтарымен шап беріп, оған өзінің үщкір тұмсығын қадай қояды.Бұл насекомның бүкіл тіршілігі су бетінде өтеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарына жұмыртқа салады.Ол жұмыртқалардан кәдәмгі үлкен су инеліктеріне ұқсас тинемдей личинкалар шығады.Бұлардың сыртқы пішіндері ғана емес, тіршілік қалпы да бір-біріне ұқсас келеді ## Алынған дерек көздері "Ол кім?Бұл не?" кітабынан
Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов (1984 жылы 29 сәуірде Көкшетау облысы Бурабай ауданында туған) — актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2011). ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері. ## Толығырақ * Нұрлан Баянғалиұлы 1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында дүниеге келген. * Әкесі - Баянғали Әлімжанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. * Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. * Оқуды бітіргенен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына алынды. * Отандық көптеген кинофильмдер мен телесериалдарға түскен. Көптеген телебағдарламалардың жүргізушісі. ## Фильмография ## Әндері * Өткінші жауын * Ақ құсым * Сағынам сені * Балапаным * Көзіне қарай бердім * Досыма * Кеңістік * Сағымдым ата-әжемді * Балапаным * Құлыншақ * Махаббат әні * Сен менің бір құпиям ашылмаған * Өкпелеме жаным * Қазақстан * Өткенді алма есіме * Айхай өмір * Қоштасу * Айтшы * Өмір шіркін ай * Жеңгелер * Қарашы маған ## Марапаттары * "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. * 2013 жылы 13 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. (Астана 2013). * 2013 жылы Нұр Отан партиясының арнайы "Жас тұлпар" жастар сыйлығының иегері. * Кино саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанды. * ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
Тыныс Шындәулетұлы Өтебаев (14 наурыз, 1944 жыл, Өзбек КСР, Ташкент облысы, Жоғары Шыршық ауданы, Киік ата ауылы – 28 тамыз, 2017 жыл, Қазақстан, Алматы) – диктор, тележурналист. КСРО телерадиосының үздігі. * Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкент орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген. * Еңбек жолын Ташкент трактор жасау зауытында техник-электрик болып бастаған. * 1963 – 66 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. * 1967 ж. Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға ат салысып, Өзбек теледидарына ауысты. * 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді. * Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1989). , деп жазды Е.Қарин. ## Дереккөздер
Шу – Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км (Қазақстан аумағында 600 км), су жиналатын алабы 148000 км2 (Қазақстан аумағында 62500 км2). ## Бастауы Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Чүй (Шу) аталады. ## Су алабы Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты, Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғары Ортотоқой және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің суайрығы айқын емес. 20 ғасырдың 50-жылдарында Шу суының бір бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған. Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ.Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км. Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасып, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Қазаншұңқырдан шыға бере тағы да бірнеше тар шатқалдар арқылы өтетін аңғары Боом шатқалынан кейін біртіндеп кеңейеді, сағалық аңғары айқын байқалмайды. Қорағаты өзенінен кейінгі саласыз аумағында Шу Мойынқұм құмды алқабына шығады. Одан әрі бірнеше тармақтарға бөлініп, тартыла бастайды. Суы мол кезеңдерде Қаратаудың солтүстік сілемдері етегі мен Бетпақдаланың аралығындағы Ащысу ойысының көлдеріне жетеді. Арнасының ені орта ағысында 50 – 100 м, төменгі ағысында 40 – 60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған. ## Гидрологиясы Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы, Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын СЭС салынған. Жылдық ағынының 14,8%-ы көктемде, 58,3%-ы жаз-күз айларында, 26,9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып, желтоқсан – наурызда қатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи қалпынан өзгеріп кеткен. Көп жылдық орташа су ағымы Амангелді ауылы тұсында 77 м3/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу өзені суының 55%-ы пайдаланылады. ## Дереккөздер
Авис әулеті (Aviz, Avis) - Португалия корольдарының әулеті (1385-1580).Әулетті құрушы - діни-рыцарьлық Авис орденінің ұлы магистрі Жуан І. Авис әулеті билеген кезде сословиелік монархия қалыптасып, корольдың шексіз билігі күшейді. 1580 ж. король Энрике І өлгеннен кейін, Авис әулеті биліктен айрылды. * Жуан I (1385—1433) — Авис орденінің ұлы магистрі * Дуарте I (1433—1438) * Афонсу V (1438—1481) * Жуан II (1481—1495) * Мануэл I (1495—1521) * Жуан III (1521—1557) * Себастьян I (1557—1578) * Энрике I (1578—1580) * Антоний I (1580—1582) — тақ мұрагері. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Бұжыр - / т.қ.ж. белгісіз/, Алшын тайпасының Әлім рулар бірлестігінің Шекті руының Қалу(Мәку) атты адамынан - Бөлек - Бұжыр тарайды . Бұжыр - қалмақтармен соғысқан Жем бойының әруақты ері. Шамасы бұдан 350-400 жыл бұрын өмір сүрген. Бұжыр палуан тұлғалы, қайратты да ірі болған. Алшын мен қалмақ соғысында аса ерлікпен көзге түскен. Дүниеден өтерінде сауытын үлкен баласы Назарға, дулығасын - Шүренге, қылышын - Жекей атты әйелінен туған бір баласына берген деп айтылады. Сауыты - темір шынжырдан тоқылған кең көйлек сияқты дүние, ілгегі де шыншыр іспетті дөңгелек екен. Назарда екі батыр болған - Жәлімбет, Тыным. Кейін сауыт Тынымға, найзасы - Жәлімбетке тапсырылады. Сөйтіп сауыт қолдан - қолға көшіп, Дүзмағамбеттегі Абылази (1925 ж. туған) үйінде сақталған . Қатал заман кесірінен сауыт 40 жыл жер астында жатып, тот басып, 1977 жылы кездейсоқ табылған. Сауыт қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық мұражайында сақтаулы. ## Дереккөздер А7-Ақтөбе : Энциклопедия - Ақтөбе . "Отандастар - Полиграфия" ЖШС , 2001 жыл.