text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қорда - түрлі органикалық заттарды, өсімдік қалдықтары микроорганизмдердің тіршілік әрекеті әтижесінде шіріту арқылы алынатын өте құнарлы тыңайтқыш.Қорда жасаудағы негізгі мақсат - тыңайтқыштағы көректік элементтер (азот, калий, фосфор т.б.) мөлшерін арттыру, өсімдік қалдықтарындағы целлюлоза, гемицеллюлоза, пекти мөлшерін кеміту және зиянды микробтар мен құрттарды өлтіру. бұл үшін оргаикалық қалдықты шірітетін микроорганизмге қолайлы жағдай (ылғал, жылу т.б.) туғызу керек. Қордаы шымтезек, садыра, көң, құс саңғырығы, зығыр, сора топаны, ағаш жапырағы, күнбағыс сабағы, жүгері собығы, шіріге шөпті т.б. араластырып әзірлейді. Қорданың шымтезек : көң, шымтезек : әк (5:1), шымтезек : фосфорит (20:1) жәе көң-суперфосфат түрлері кең қолданылады. Қорда сүдігер айдағанда, жерді қайта жыртқанда шашып, көшет отырғызғанда ұяға салады.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Светлое — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қамсақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстікке қарай 53 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 791 адам (393 ер адам және 398 әйел адам) болса, 2009 жылы 476 адамды (235 ер адам және 241 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сұлукөл — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 190 адам (101 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 138 адамды (73 ер адам және 65 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қоскіндік - жас төлдің түспеге кіндігіне микробтың енуіен пайда болатын ауру.Бұл ауру төл лас орында күтіліп, тазалық шаралары сақталмаған шаруашылықта жиі кездеседі.Әдетте төлдің кіндігінің қалдығы 4-8 күнде түсіп, орны тыртық болып жазылады. Қоскіндікте төлдің кіндік қалдығы дымқылданып, төңірегі іседі, дене температурасы көтеріледі, ауру асқығанда төл өліміне қауып туады.Емі: Қоскіндікте төлдің зақымдалған кіндік қалдығын сылып тастап йод жағады, марганец қышқыл калий ертіндісімен күйдіреді, страптоцид себеді, құрсақтың көк етіне новокаи қосылған стрептоцид жіберіледі.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Қоңсы - кедей ауыл, кірме.Күнкөрісі нашарлау, ішіп-жемі жеткіліксіз, әл-ауқаты аз адамдар. Қоңсы бұрын бай, ауқатты адамдармен жанаса отырып, солардың қызметін істеп күн көретін. Тек аталас, рулас жақын адамдар ғана емес, туыстық жағынан алыстау кірме аталар да қоңсы бола алды. Қоңсы болуда туыстық жағынан гөрі, тұрмыстық жағы көбірек ескеріледі. О баста кедей, пақыр мағынасына пайдаланған. Қоңсы сөзі кәзіргі заманда қазақ ауылдары арасында көрші, ауылдас мағынасында қолдднылып кеткен.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Қараөріктер тұқымдас тармағы. Ағаштар, бұталар. Гүл табаны ойыс, бірақ ол гүл түйінімен (жатынмен) бірікпеген.
Гинецейі бір ғана жеміс-жапырақшасынан тұрады, тұқымбүрі -2, оның тек біреуі ғана жетіледі. Гүлінің формуласы: * Са(5) Со5 Ам Ог.Жемісі шырынды, сиректеу құрғақ, сүйекті.
## Шие туысы (вишня — Сегаті)
Бұл туыстың 150-дей түрі белгілі, бұрынғы БОР-ның флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесін (вишня садовая) және құс шиесін (черешня — С.ауіит) кеңінен отырғызады. Бақ шиесі өсімдіктердің табиғи қауымдастықтарында мүлдем кездеспейді. Құс шиесі Украинаның Карпат тауларында, Кавказда, Молдовада табиғи жағдайда қалың тоғай түзеді. Шие ағашының биіктігі 30 м-ге дейін жетеді.
## Қараөрік туысы (слива, терн — Ргипиз)
Бұл туыста 35 түр бар. Кәдімгі қара өрік (слива домашняя — Р.ёотейіса). Қара өрік мәдени жағдайда көптеген аудандастырылған және жергілікті сорттардың арғы тегі ретіңде (исходная форма) кең таралған өсімдік. Табиғи жағдайда белгісіз.
## Алша (алыча )
Алша - биіктігі 9—10 м болатын ағаш немесе бұта. Кавказда жөне Орта Азияда өседі. Осы жерлерде көп жағдайда тікенекті қара өрікті (терн — Р.зріпоза) отырғызады. Ол өте тікенекті бұта, көп жағдайда күн жақсы түсетін күнгей беткейлерде, орманның арасыңдағы ашық жерлерде, бұталы қопаларда және жыралар мен сайларда өседі (БОР-дың европалық бөліктерінің орталық жөне оңтүстік зоналарыңца, Кавказда, Батыс Сібірде).
## Дереккөздер |
Ойжайлау қорғандары - Жетісу өңіріндегі ерте темір дәуіріне жататын сырға толы құпиясы ашылмаған қорғандардың бірі.
Сақ тайпаларының қорғандары Алакөл ауданы территориясында Лепсі ауылының батысында 1,5 км, Лепсі өзенінің сол жағалауында 200 м жерде, оңтүстігінде Белтерек тауынан 1 км жазық алаңқайда орналасқан. Солтүстігіндегі Бұжбан тауы, батысында Ешкіөлмес, одан әрі Шатыр төбе таулары алып жатыр.
2008-2009 жылдардың жазғы маусымдарында «Жер-Су» корпорацияның демеушілігімен (президенті Б.К.Оспанов) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археологиялық-этнологиялық орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев жетекшілігімен «Үйгентас» археологиялық экспедициясы Ойжайлау бөктеріндегі қорғандарға зерттеу жүргізді.
Профессор Әбдеш Төлеубаев ондағы қорғандары III-VIII ғасырдағы сақ мәдениетіне жатады деп жорамалдайды. Тарих ғылымдарының кандидаты Ғани Омаровтың айтуы бойынша сол жерде түрік заманына жататын қорғандар бар дейді. «Үйгентас» археологиялық экспедициясының зерттеуіне сүйенсек, Ойжайлау қорғандары біздің заманымыз дейінгі III-VIII ғасырдағы сақ мәдениетіне жатады.
Бұл археологиялық экспедицияға Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Семей педагогикалық институтының, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Семей геодезия және картография коледжінің ұстаздары, магистранттары мен студенттері қатысты.Бұл қорғандар көк майсалы шөп және тас үйінділерінен тұрғызылған. Қорған конус түрінде үсті дөңгелек жартылай төбе тәрізді орналасқан. Тарих ғылымдарының кандидаты Жұматаев Ринаттың айтуы бойынша қорғандарды тұрғызуға Лепсі өзенінен тас алынғаны туралы мәлімет айтты.
Қарастырып отырған өңірді мекендеген тайпалардың Қазақстан халқының тарихи қалыптасуына, мәдениетінің өркен жаюына өзіндік қосар үлесі, алар орны бар. Өңірде мал бағудың пайда болуы неолит пен энеолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде (б.з.д. XV-VIII ғасырлар), бұл өлкені мекендеушілердің материалдық және рухани мәдениеті өркендеп, мыс өңдеумен айналысу кәсіптері пайда бола бастаған. Алайда, жергілікті жердегі тарихи ескерткіштердің терең зерттелмеуі, әрі ғылыми айналымға түспеуі, өңірдегі қола дәуірі мәселелерін шешуге мүмкіндік бермейді.
Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде өлкеде көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты. Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы өлкені өзінше бір шағын дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Қазіргі таңда осы өңірде сол заманның жарқын ескерткіштерінің орналасуы мұнда өзіндік мәдениет болғандығын айғақтап хабардар етеді. Әсіресе, зерттеу нысанымыз болған Ойжайлау тас қорғаны Қазақстан территориясындағы көп кездесе бермейтін ерекше тарихи-археологиялық бірегей ескерткіштер қатарына жатады.
Ойжайлау бөктеріндегі №1 қорғанның солтүстік-шығысында 46 м биктігі-0,2 м, диаметрі-9м кішірек №2 қорған орналасса, солтүстігінде 150 м жерде Қара жол өтеді, одан әрірек ауыл адамдарын жерлейтін мұсылман зираты бар. Қорған ел ішінде «үйілген тас» деп аталып, оның табиғи еместігі ертеден мәлім болған. Бертіңгі уақытта қорған құрылысының тастары әртүрлі қажеттіліктерге байланысты алынған. Осындай әрекеттердің нәтижесінде тас алынған шұңқырларға желмен топырақ толып, бұталар өсіп кеткен. Мұндай шұнқырлардың жалпы саны-15. Орта тұсындағы ірілеу шұңқырлардың үлкенінде қайың, терек өсік шыққан. Шұңқырлардың ені әр түрлі. Осы шұңқырлар қорғанның авариялық жағдайда екендігін сипаттай түседі.Жалпы қорған өзеннің малта тастары мен таудың жақпар қара тастарынан құралған. Қорғанның көріністері қазбаға дейін түрлі бағыттардан фото және видеобейнелерге алынып, топографиялық сызбасы салынған.
Қорғанның сыртын айналдыра теодолиттік жүріс жасалды. Қорғанның диаметрі: СО-65,2м, ШБ-63,2 м. Биіктігі оңтүстік етегіндегі шартты түрде алынған нөлдік репермен есептегенде 1,7 м. Бетін шым қабаты басқан сыртқы айналма тас қоршаудың ені-3,5-4 м. Қорғанның оңтүстік жағы солтүстік бөлігіне қарағанда әлде қайда биік орналасқан. Зерттеу нысанының географиялық координатасы И 45 55,5 «Е 080 34 56,4» болса, теңіз деңгейінен салыстырғандағы биіктігі 970 м.
Қазба жұмыстарының алдында қорған аумағында өсіп тұрған ағаштар мен бұталар, шөптер кесіліп орылды. Соның нәтижесінде қорғанның толық келбеті аңықталып, ол жан-жағынан фотосуретке түсірілді. Сыртқы белдеу көрсетіп тұрғандай, қорған келбеті дөңгелек. Дала көсемдері жерленетін алып тас құрылыс. Жоғары беті біршама қалың ұсақ тастармен, жақпар тастармен жабылған. Астыңғы қабаттарындағы тастар ірі, көбінесе жұмыр келетін өзен тастар. Қорғанның еңіс тұстарын, етек жақтарын, әсіресе оңтүстік-шығыс бөлігін топырақ басып кеткен.
Қорғанды жоспарға түсіруге және қазба жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болу үшін көлемі 5х5 болатын шартты торлар жасалды. Соның негізінде солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс бағыттары бойынша қорғанның кескіні (профилі) өлшеніп, сызбасы қағазға түсірілді.
Қазба жұмыстары қорғанның төрт бағытынан құрылыстың шеттерін анықтау мен қазба тілігін салу үшін қазу мен тазалаудан басталды. Қорғанның батыс жақ етегін аршу барысында шашылған бірнеше керамикалық ыдыстың сынықтары алынды. Ерте темір заманына жататын ол керамикалық сынықтардың түстері қызғылт, орнаменттері жоқ. Көлемдері 2х2,5, 2х1х2см, қалыңдықтары 0,8 см.
2009 жылғы жазғы маусымда аталмыш қорған толығымен зерттелді. Жұмыс барысында Ойжайлау қорғанның орталық тұсы кеңейтіліп, тас қаландылары бұрынғы жер беті деңгейіне жеткізілді. Сонымен қатар қорғанның ойық тұстарын тексеру мақсатында шурфтар салынып, қорғанның орта тұсын бойлай оңтүстік бағытта тілік жүргізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша аталмыш қорғанның жерлеу дәстүрі жер бетінде жүргізілгендігі анықталып, бұл ескерткіштің Аржан обасымен ұқсастығы байқалды.Осылармен қатар №1 қорғанның жанынан кішірек №2 қорғанда қазба жұмыстары жүргізілді. Ол Үлкен қорғанның солтүстік шығысында 60 метрдей қашықтықта орналасқан. Қазбаға дейін қорғанның беткі қабатын шым басып жатты. Кейбір тұстарының тастары жер бетіне шығып көрініп жатты. Шым қабаты алынған кезде қорғанның таудың жақпар тастарынан және өзеннің жұмыр тастарынан үйілгентігі анықталды. Қорғанның сырт келбеті дөңгелек, диаметрі 11м, биіктігі нөлдік нүктеден 85 см. Тас қабаты толық ашылғаннан кейін қабір шұңқырын анықтау мақсатында қорғанның дәл ортасынан 2+2 метр ендікте тазалау жұмыстары басталды.
Нәтижесінде батыс-шығыс бағытында созылған қабір дағының ізі байқалды. Қабір дағын тереңдету жұмыстары барысында бірнеше қабат тастардың шоғыры ашылды. Бұл қабір шұңқырының таспен көмілгендігін көрсетеді. Осыдан кейін барып қабір шұңқырындағы тастар толық тазартылды. Жұмыс барысында соңғы қатар тастар бетінен жылқы сүйектері аршылды. Оның астынан жылқы әбзелінің кейбір бөлшектері табылды. Бұл қорғанында өз заманында тоналғандығын қабір ішінде шашырап жатқан сүйек қалдықтары дәлелдейді.
№1 қорғанның жанынан кішірек №2 қорғанды қазу барысында жылқы сүйектері табылды. Сақ сенімі бойынша о дүниеде өмір сүреді деген сеніммен жылқы малын иесімен бірге жерлеген. Сол қорғанда ағаштың қалдықтары табылды. Сақ заманның кезінде мәйіт бетін ағашпен жерлеген, содан кейін тас үйген. Бірақта қорғаннан мәйіт табылған жоқ. Үлкен тастармен қаланған, алып қорған болып табылады. Қорғанды қазу студенттер еңбегі зор деймін.Археологтар әр уақыттарда Қазақстанның түрлі түкпірлерінен сақ патшаларының қорғандарын тауып жатыр. Тарихшылардың айтуынша, әрбір көшпенді рудың көсемдерін жерлейтін өз қорымдары болған. Бабалар дәстүрі бойынша сақ патшалары қай жерде қаза тапса да, оның денесі әулет қорымына әкеліп жерленген. Және бұл қорғандар қасиетті саналған. Мүмкін Ойжайлау қорғандарын қазба-зерттеу жұмыстарды көп жүргізсек патша қорғандарын да табамыз деп ойлаймын.2010 жылы Ойжайлау бөктерінде №3 қорғанды қазу жұмысын жүргізді. Жалпы қорған өзеннің малта тастары мен таудың жақпар қара тастарынан құралған. Қорғанның көріністері қазбаға дейін түрлі бағыттардан фото және ведиобейнелерге алынып, топографиялық сызбасы салынады.
Қазба жұмыстарының алдында қорған аумағында өсіп тұрған ағаштар мен бұталар, шөптер кесіліп орылды. Қазба жұмыстары қорғанның төрт бағытынан құрылыстың шеттерін анықтау мен қазба тілігін салу үшін қазу мен тазалаудан басталады. Қорған биiктiгi 5 метр болып табылады. Қазу барысында тұрмыстық заттар табылды. Қорғанды тереңірек қазу барысында қабір табылды. Басы батысқа қаратып жерленген баланың сүйегі мен адам сүйектерінің шашындылары шықты. Одан ары тереңірек қазу барысында алыстан қарағанда күнге және жылқының тағасына ұқсас тас қиыршықтары шыға бастады. Ежелгі грек авторларының хабарламаларында қарағанда сақ күнге табынған, оны «әмірші» таныған. Біздің пайымдауымызша сақтар күнге байланыстырып тастармен қалаған шығар.
Күнге ұқсас дөңгеленген тастардың қасында тастардан қаланған ұзын дәліз табылды. Ол дәліз сырттан жерлеу орнына кіретін жол болғаны анықталды. Дәліз қорғанның шығыс жағына салынған. Ежелгі сақтар дәлізді күн қай жақтан шығатын жерге салынған. Дәліз қасында қайрақ табылды. Қайрақ жалпақ, байлайтын жердің тесігі бар. Ежелгі сақтар қаруларын қайрақпен қайраған және қайрақты іліп жүрген. Бірақта қорған сол заманда тоналғаны анықталды. Қорғаннан айна, сақина табылды. Бірақта сақина ағаштан жасалған. Айна кішкентай түрде кішкене қара басқан. Олар тұрмыстық заттар болып табылады.Ойжайлау бөктерінің №3 қорғанның қасынан кішірек №4 қорғанда қазба жұмыстары жүргізілді. Қорғанның қазбаға дейін қорғанның беткі қабатын шым басып жатты. Кейбір тұстарының тастары жер бетіне шығып көрініп жатты. Шым қабаты алынған кезде қорғанның таудың жақпар тастарынан және өзеннің жұмыр тастарынан үйілгентігі анықталды.
Қорғанды қазу барысында, тастар алынып қабір табылды. Қабір ішінде басы жоқ дене сүйектерінің қасында кішкентай дөңгеленген көк түсті моншақтар жатты. Дене сүйектері шалқасынан жатыр. Қорғандағы көк моншақ аспан әлемін білдіреді. Жерленген адам шайқасқав қатысқан болу керек. Бұл үлкен олжа болды.
Ойжайлау қорғанынан қасында кіші оба зерттеу жүргізіліп табылды. Оба қиыршық тастармен қаланған. 116 см. тереңдікте адам сүйектері табылды. Адам қанқасы шалқасынан жатыр. Ойжайлу қорғаннан тұмыстық заттар табылып жатыр немесе қыш ыдыстар сынық күйінде табылып жатыр.
Сақ заманында тайпалас адамдар өлген кісінің қаруын, айнасын және қыш ыдыстарын әдейі сындырғанда, өлген адамның жанымен бірге өліктер еліне жететін заттардың жанын азат етуге көмектестік деп сенген. Сақтар анимизмге сенген. Анимизм - яғни түрлі қолданыс заттарының жаны болады деген сенім деп түсіндіруге болады.Үйгентас тауының қасында сақ дәуіріне жататын алып қорғандар бар. Дәу тастармен қалаған алып төбе және қорған қазуға жұмыс күшіне көп адамдар керек. Ойжайлау көшпелілердің орталығы болған деймін.
Ойжайлау қорғандар туралы сыр сақтаған аңыздары бар. Олардың бірі Лепсинск ауылына жақын бұрынғы колхоз болған, қазір Шынжүрек ауылы деп аталады. Сол Шынжүрек ауылының тұрғыны Асқар ақсақалдың айтуы бойынша сол ауылда бақсы өмір сүріпті. Бір күні бақсының үйіне күміс сауыт киген батыр келеді. Батыр бақсыға бейітіме құран оқы дейді. Күміс сауыт киген батыр мен бақсы далаға шығады. Батыр бақсыға бейітін көрсетеді. Ол үлкен қорған болады. Бақсы қорғанға шығып құран оқиды. Батыр рухы жоғалып кетеді. Ауылда аңыз болып таралады. Ауылда аңыз болып таралады. Беймәлім беттері ашылған жоқ.
## Дереккөздер |
Тұяқбай Төбе - ортағасырлық қалашық орны. Тұяқбай құдығынан 2 км солтүстікте орналасқан. 2005 ж. "Көксарай барлау тобы " (жетек. Х.Айтқұл) зерттеген. Төбенің аумағы 47x40 м, биіктігі 2,10 м, нобайы сопақша келген. Үстін қалың шоп басқан. Қазіргі егістіктің жанында орналасқан. Зерттеу барысында ескерткіштің мерзімін дал анықтауға мүмкіндік беретін материалдар табылмады. Қазба жүргізілмеген, тік қазба (шурф) түсірілмеген.
## Дереккөздер |
Тұяқбаев Жұмамұрат (Отырар ауданында, 10 қыркүйекте 1938 жылы дүниеге келген) — жазушы. 1961 жылы ҚазмУ-ді бітірген. Еңбек жолын Ақмола облысы "Тың өлкесі" газетінен бастаған. 1975 жылдан "Оңтүстік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарады. 1991 жылы Шымкент қалалық "Шымкент келбеті", "Понарама Шымкента" газеттерінің бас редакторы болды. Т-ның "Береке бастауы", "Шырай", "Күйреу" атты кітаптары, "Парыз" повесі мен "Иірім" романы жарық көрді. "Құрмет белгілері" орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Шымкент қалалық Мәслихатының депутаты, Шымкент қаласының "Құрметті азаматы".
## Дереккөздер |
Әр халықтың ғасырлар бойы мысқалдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.
Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да.Өйткені адамның тыныс-тіршілігі сол өмір сүрген қоғам өмірімен тұтасқан. Кісі өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілік жасауы керек. Адамның, қуаныш, қайғысы да, салтанат, көргісі де, барлық байлық, ырыс-дәулеті де сол болмақ.Қай дәстүр болмасын халықтың көз қарасынан туып, тұрмыстық қажеттілік сынынан етіп барып қалыптасады.Алексей Максимович Горький халықтың тек материалдық байлықтарды жасаушы күш қана емес, рухани байлықтардың бірден-бір сарқылмас көзі, барлық ұлы поэмаларды, жердің барлық қайғы-қасіреті мен қуаныш-шаттығын, солардың ішінде ең ұлысы – дүние жүзілік мәдениет тарихын жасаушы, уақыт бойыншада, сулулығы мен данышпандығы бойынша да, тұңғыш философ және ақын екендігін айтқан.Ес біліп ақыл ұштауда, ой дүниесін толықтырып білім алуда ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан халықтың жақсы салт-сана, әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері мол. Әрбір даналық парасаттың өшпейтін себебі — сол халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы.Ешбір қағаз бетіне жазылып, указбен (жарлықпен) бекітілмей-ақ түтас бір халықтың рухани қажетіне айналып кеткен мұндай дәстүрлерді неміс философы Э.Канттың, біздің арымыз, ұятымыз деп есептегені де содан болуы керек.«Халық алдында ұялу деген жақсы сезім – өзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы», дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды. И.Ньютон, менің басқадан алысырақ керетін себебім – алып-тариығының үстінде тұрмын деп тегін айтпаған ғой. Сол алып, даналық пен данышпандық биігі – қадірлі халық одан үйрене жүріп үйретесің, үйрете жүріп үйренесің.Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелдсн келе жатқан тұрмысы, мен тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашылық тіршілігі т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден, көшпелі, ортақшыл ел, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, басқа түскен қайғы-қасірет, куаныш-шаттық болсын бірге көтеріп келеді. Қолда барды бірден бөліп пайдаланған, өзара бір-біріне көмектесу сияқты белгілі бір коллективке тән дұрыс әдет-ғұрыпты туғызған. Сол әдет-ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар өзіне тен берік дәстүрінің негізін салған.
## Дереккөздер |
"Көксілдер" (толық аты - "Көксілдер, яки бұрынғы мырза ұлы һам ноғайлы батырлары уә ғайри мағыналы жырлар") - қазақ ақындарының жинағы. "Көксілдерді" 1911 жылы Ғабдолла Мұштақ жариялаған. Бастырушы "Көксілдерге" жазған алғысөзінде өлең, жырларды жинап бастырған мақсатын баяндай келіп, бұл жинақты құрастырудағы мақсаты - ана тілін сақтау, ондағы коркем образдарды жоғалтпау, отаншылдыққа, адамгершілікке, өнер, ғылымға құмарлықты тәрбиелеу, қазақ тіліндегі кемел шығармаларды ұрпақ жадында қалдыру болғанын айтады. Жинаққа көне әпикалық жырлардың үзінділері, Ш.Бокеевтің, Ғ.Мұштақтың көркемдігі жоғары өлең, аудармалары, Шалкиіздің толғаулары енген. "Көксілдер" - әдебиет тарихын, әсіресе эпосты зерттеулершілер үшін бағалы еңбек.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Желтушка Ершова Colias erschovi Alpheraky, 1881Сирек кездесетін түр. Солтүстік-Шығыс Тянь-Шань жергілікті түрі. Биік таулы сары көбелектер ішіндегі ең ірі және нашар зерттелген түр. 1900–2800 м биіктіктегі субальпі және шыршалы орман белдеуінің оңтүстік және солтүстік баурайларында, түрлі шөпті шалғындарда тіршілік етеді. Бұл жерлер малды шектен тыс бағу әсерінен тез өзгереді. Сирек және анда-санда кездеседі. Жылына бір рет ұрпақ береді.Көбелектер шілдеде ұшады. Олар екпіндеп тез ұшады. Ересек даралары (аталықтары) алысқа ұша алады.Жұлдызқұрты шөптесін астрагалда (Astragalus sp.) тіршілік етеді. Түрді қорғау үшін оның тіршілік ортасын,әсіресе қоректік өсімдігі бар жерлерді барынша қорғау керек.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Бавия көгілдір көбелегі (лат. Pseudophilotes bavius) – Көккөбелек тұқымдасының Pseudophilotes туысына жататын саны азайып бара жатқан түр.
Екі түршеден ғана тұратын, әбден оңашаланған туыстың сирек кездесетін өкілі. Оңтүстік Еуропада, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендерінің арасында тіршілік етеді.
Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектер мамыр соңынан маусым ортасына дейін ұшады. Жұлдызқұрттары Батыс Еуропада сәлбенде тіршілік етеді. XX ғасырдың басы мен ортасында барлық жерде кәдімгі түр болған. Қазіргі кезде едәуір сирек кездеседі. Түрдің санының төмендеуіне далалы жерлерді жаппай игеру мен улы химикаттарды пайдалану әсер етіп отыр. Түрді қорғау үшін тіршілік ететін мекенін тауып, қорғау керек.
## Түршелері
* Pseudophilotes bavius bavius (оңтүстік Ресей, солтүстік Қазақстан)
* Pseudophilotes bavius casimiri Hemming, 1932 (Peloponnesus)
* Pseudophilotes bavius hungarica (Dioszeghy, 1913) (Transylvania)
* Pseudophilotes bavius fatma (Oberthür, 1890) (Morocco: Middle Atlas, Algeria: Aures Mountains)
* Pseudophilotes bavius egea (Herrich-Schäffer, [1852]) (Caucasus)
* Pseudophilotes bavius macedonicus Schultze, 1958 (Macedonia)
* Pseudophilotes bavius eitschbergeri (Koçak, 1975) (Turkey)
* Pseudophilotes bavius vanicola (Koçak, 1977) (Turkey)
## Дереккөздер |
Темірбеков Абдолла Хұсайын ұлы (28 қараша 1904, Көкшетау, Қаратал - 14 сəуір 1972, Алматы) - қазақ совет психологі. Педагогикалық ғылым кандидаты (1951), доцент (1953). 1929 ж. - Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірді. 1929 ж. - Еңбек жолын мектепте психология пәнінен сабақ беруден бастады. 1932-1937 ж. - Орал педогогикалық институты директорының сыртта оқу жөніндегі орынбасары. 1939-1948 ж.- Қызылорда педогогикалық институты директорының ғылыми жұмысы жөнідегі орынбасары. 1950-1955 ж.- Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында декан 1955-[1960|1960 ж.]] - Өскемен педагогикалық институтының ректоры 1960-1962 ж. - Алматы қыздар педагогикалық институтының доценты 1962-1972 ж. - Шет тілдер институтының педагогика және психология кафедранысының менгерушісі қызметін атқарды. Темірбеков Абдолла Хұсайын ұлы 1962-1970 жылдары Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды. Темірбеков Абдолла Хұсайын ұлы - жоғары оқу орындарына арналған психологиялық оқулықтарының, көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Сырымбет — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Сырымбет ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 719 адам (371 ер адам және 348 әйел адам) болса, 2009 жылы 635 адамды (337 ер адам және 298 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Панопа көгілдір көбелегі — Голубянка панопа Palaeophilotes panope Eversmann, 1851. Өте сирек кездесетін түр.Солтүстік Каспий маңы эндемигі сірә. Тек Атырау облысынан (бұрынғы Гурьев) табылған. Бояуы мен құрсақ бөлігінің құрылысы жағынан туыстың ең ерекше түрі. Далалы жерлерде тіршілік етеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Қазіргі кезде солтүстік-батыс Қазақстан даласының көп бөлігі игерілген, ол түр санына кері әсерін тигізіп отыр. Түрді қорғау үшін тіршілік ететін мекенін анықтап,қорғау шараларын ұйымдастыру керек.Ең алдымен тур популяциясын Индер көлі маңынан іздеп табу керек, түр сол жерден сипатталынып жазылған. |
Саны азайып бара жатқан түр.Орта Азия жергілікті түрі. Таралу аймағы үзік. Жергілікті жерде ғана кездеседі. Солтүстік Ауғанстаннан табылуы мүмкін. Қазақстанда Сырдария өзенінің жайылмасынан нақты белгілі. Тораңғы,жиде, жыңғыл, кендір және әр түрлі шөптесін өсімдіктер өсетін тоғайлы ормандарда тіршілік етеді. Соңғы жылдары мұндай жерлер өрт пен кесуге байланысты түрін тез өзгертіп отыр. Қазақстанда екі рет ұрпақ береді. Көбелектердің ұшу уақыты өте қатты созылған, сәуірден тамызға дейін байқалады. Түрдің санының қысқаруына жайылма тоғай ормандарының жойылуы әсер етіп отыр.Қазіргі таралуын анықтап, биологиясын жете зерттеу керек, сонан кейін түрдің тіршілік ететін мекендеріндегі тоғайлы жайылма ормандарын қорғауды ұйымдастыру керек.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Сирек кездесетін түр. Үш жерден: Түркіменстаннан (Мары облысы,Акибай орман шаруашылығынан), Оңтүстік Қазақстаннан (Сырдария өзенінің оң жағалауынан, Балтакөл елді мекенінен,Шардара су қоймасы маңынан),Оңтүстік-Шығыс Қазақстаннан (Iле өзенінің атырауынан, Қарой елді мекеніне жақын жерден) белгілі. Тоғайлы ормандарда тіршілік етеді. Монофаг,тікентүкті жыңғылда (Tamarіx hіspіda) өсіп дамиды, бұл өсімдік тоғайлы ормандарда сирек кездеседі. Жылына екі рет ұрпақ береді. Ересектері сәуір соңы мен мамыр ба-сында, сонымен қатар шілде ортасында ұшады. Жұмыртқасы қыстайды. Санының азаюына өрттер қатты әсер етіп отыр. Түрді қорғауүшін — тікентүкті жыңғылдары бар тоғайларды қорғау қажет. Тоғайлы ормандарда шағын қорықтар ұйымдастырған жөн.
*
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Шоғырланып кездесетін, кең таралған түр, саны күрт төмендеп барады. Диаспин сымырларымен қоректенеді, олардың санын реттейді, осы зиянкестермен күресуде маңызы зор. Еуропа, Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Қиыр Шығыста таралған. Әртүрлі ормандарда, орман алқаптарында, бақтарда тіршілік етеді. Ересегі мен дернәсілдері әртүрлі сымыр түрімен қоректенеді.Сонымен қатар Iле Алатауында алейродидтермен қоректенеді. Осыдан аз уақыт бұрын түр саны едәуір көп болған. Қазіргі кезде бақтар мен орман алқаптарында химиялық өңдеулерді кең жүргізуге және түрдің шоғырланып таралуына байланысты,жекелеген аймақтарда түр саны тіпті қысқарып кетті. Бұл түрдің жекелеген популяциялары жоғалып кету қаупінде тұрған еліміздің оңтүстік аймақтарында орман алқаптарын, тау бақтары мен ормандарды химиялық өңдеу жүргізуге тыйым салу керек.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Кокцинеллидтердің ерекше трибасының өкілі ханқыз, өсімдік қоректі кенелермен қоректенуге бейімделген. Осы зиянкестердің санын бірден-бір негізгі реттеуші болып табылады. Түр Еуропа, Сібір, Орта Азия, Қазақстанда кең таралған,бірақ оның жекелеген популяциялары жоғалып кету қаупінде тұр. Негізінен егішілікпен айналысатын аудандарда тіршілік етеді,бақтарда және егістіктерде, сонымен қатар, таулы жемісті ормандарда ағаштарда да,шөптесін өсімдіктерде де кездеседі.Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік аудандарындағы бақтар мен егістіктерді химиялық өңдеулер жүргізуіне байланысты, таралу аймағының жекелеген бөліктерінде жоғалып кету қаупін тудырып отыр. Түрді сақтау үшін лабораториялық жағдайда өсіру және таралу аймақ аралық жерсіндірулер жүргізу керек. Жекелеген популяцияларды қалпына келтіру үшін сұрыпталған улы химикаттарды пайдалану олардың мөлшерін азайту немесе химиялық өңдеулерді мүлдем тоқтату керек.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Тоқыма кәсібі - неолит заманында пайда болған кәсіптердің бірі. Ол алғаш әйелдердің өсімдік талшықтары мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталады. Тоқыма кәсібі алғашқы қауым адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде бірте-бірте дамыды. Қазақстан жерінде Тоқыма кәсібі VI-XII ғасырларда өріс алған. Бұл көбінесе Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық қоныстарында дамыған. Мақта-мата тоқымаларын бата, боз, тор, шыт деп атайтын. Мал жүнінен сырт киім (шекпен) үшін жүн мата тоқыды. Жібек мата Қытайдан, Ферганадан және Самарқаннан тарады. Ол кездегі жіп иіру-тоқу құралдары мен тоқыма станогының (тоқуш) қалдықтары археологиялық қазбаларда да кездеседі. Өрмек тоқу, ши тоқу, жас шыбықтан ыдыс, құрал жабдық тоқу, өру - Тоқыма кәсібінің ежелгі түрлері. Қазір Тоқыма кәсібі дамығын Тоқыма өнеркәсібіне айналды.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Тоқты - 6 айдан асқан қозы. Еркек тоқтыны қошқарлыққа жарайтындарын бөліп алады да қалғанын піштіреді. Піштірілмеген тоқтыны қошқар деп атайды.Ұрғашы тоқтылардан және піштірілген еркек тоқтылардан жеке отар құрады. Ал тоқты қошқарларды бөлек күтімге алады. Тоқты қошқарлар зоотехникалық ерекше бақылауға алынады.Тоқтыларды қысқа дейін жақсы жайылымда бақса, тез жетіліп жақсы семіреді.
## Тағы қараңыз
* Қой
* Қозы
## Сыртқы сілтемелер
### Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Мақатова Рыскүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), мақта өсіруші, Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Келес ауданы (қазіргі Сарыағаш ауданы), "Қызыл-Әскер" колхозының звеношысы (1941). 1921 жылы Шымкент облысы, Келес ауданында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1939 жылдан " 15 лет Казахстан" колхозында мақта өсіруші болып істейді.
* 1941 жылы мақташылар тобының звеношысы болады. Жұмыстарын жігерлене бастаған 4 адамнан тұрған оның тобы 4 гектар және 5 гектар жердің әр гектарына 25 центнерден мақта өсіріп, жыл сайын оның мөлшерін көтеріп отырды:1942 жылы - 30 центнерге;1943 жылы - 35 центнерге;1944 жылы - 93 центнерге;1945 жылы - 111,5 центнерге көтеріп, осы еңбегі үшін Ленин орденімен наградталады.
* 1942 жылы - 30 центнерге;
* 1943 жылы - 35 центнерге;
* 1944 жылы - 93 центнерге;
* 1945 жылы - 111,5 центнерге көтеріп, осы еңбегі үшін Ленин орденімен наградталады.
* 1947 жылы "Қызыл-Әскер" колхозына ауысып, 3 гектар жерден 86,1 центнерден, қалған 2 гектардан 50 центнерден мақта алады.
* 1948 жылы оның мақта өсіру тәжірибесі кітапқа шығады.
## Наградалары
* 2 рет Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
† Жабайы өгіз немесе Тур - (лат. Bos primigenius, немесе лат. Bos taurus primigenius) - атропоген дәуірінің екінші жартысыда тіршілік етіп құрып кеткен жабайы сиыр, мүйізді ірі қараның тегі.
## Таралуы
Жабайы өгіз Шығыс жарты шарда кең тарап орманды дала, далалық аймақты мекендеген.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі (шоқтығынан) - 2м, шонданай тұсынан 1,8 м. Салмағы - 800кг-ға дейін.
Маңдай сүйегі жалпақ, аздап ойысты. Сиырдың басқа түріне қарағанда аяғы ұзындау, мүйізі ұзын, алшақ және алдына қарай имек біткен.
Әртүрлі сүйек қалдықтары Қазақстанның көбінесе орталық және солтүстік облыстарында бірнеше жерден табылған.
Ең соңғы тур Польшада 1627 ж. ауланған.
## Тағы қараңыз
* Сиыр
* Тур (млекопитающее)
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.eurowildlife.org/news/the-aurochs-is-about-to-return-to-the-mountains-of-central-europe/%7Ctitle(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.webcitation.org/6IEa5k1bj}} (ағыл.)(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.naukawpolsce.pap.pl/en/news/news,68335,polish(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Бектұрғанова Оразгүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), мақта өсіруші, Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Келес (қазіргі Сарыағаш ауданы) ауданы, "Социалистік Қазақстан" колхозының звеношысы (1940). 1919 жылы Шымкент облысы, Келес ауданы, "Социалистік Қазақстан" ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1938 жылы "Социалистік Қазақстан" колхозына мақта өсіруші болып жұмысқа кіреді.
* 1940 жылы мақташылар тобының звеношысы болады.1942 жылдан бастап оның тобы әр гектардан 18-20 центнерден мақта-шикізатын алып, колхоздағы алдыңғы топтардың қатарына кіреді.1946 жылы өздеріне бекітілген 7 гектар жердің әр гектарынан 40 центнерден мақта жинайды.1947 жылы 3 гектар жердің әр гектарынан 88 центнерден, ал 2 гектар жерден 22 центнерден мақта шикізатын алып, жоспарды артығымен орындайды.
* 1942 жылдан бастап оның тобы әр гектардан 18-20 центнерден мақта-шикізатын алып, колхоздағы алдыңғы топтардың қатарына кіреді.
* 1946 жылы өздеріне бекітілген 7 гектар жердің әр гектарынан 40 центнерден мақта жинайды.
* 1947 жылы 3 гектар жердің әр гектарынан 88 центнерден, ал 2 гектар жерден 22 центнерден мақта шикізатын алып, жоспарды артығымен орындайды.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Түп тұлға - әдеби бейнеге негіз болған ақиқат өмірде жасаушы адам. Мысалы, Сабит Мұқановтың "Ботакөз" романындағы Асқар мен Амантай образының Түп тұлғасы Ә.Жанкелдин ме Аманкелді Иманов болды.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археологиялық зерттеулер мен антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы Азия халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабылдан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда француз ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда болуына әсер еткен. Онымен ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан тұрғындары пайдаланған. Оның өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған. Ол кезде аморитяндар (франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын шығарған. Бабыл жазуын әуелде шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл семиттері мен акадтар үйренген”.Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөздерден тұратын болса, шумер сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір ғалымдар шумерлер бұл жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып келген деп те санайды. Ендеше, оның жазуы Алдыңғы Азияның халықтарына қалайша кеңінен тарап жүр? Біздіңше, тілдік-этностық туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама мәшһүр болуы, сол кездегі шумер мәдениетінің жетекші орын иеленуіне байланысты болса керек. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа түсіретін аяқпен теппе зырылдауықты, диірменді, соқаны, доңғалақты, желкенді қайықты, мыс, қола құймаларын, күн тізбесін алғаш ойлап тапқан жұрт. Шетінен математик, астроном, жер өлшеуші. Заңды, аспан денелерінің адам организміне әсерін жүйелеген. Гемопатиялық медицина қалыптастырған. Олардан қалған қыш тақтайшаларының талайы ежелгі рецептер мен ібіліс сиқырынан аман сақтайтын магиялық формулалар болып шықты. Құрылыста арка, күмбез, нақыш, фриз, шыны шытыра, тас қашау, металл безендіруді бірінші боп пайдаланыпты. Арасына сабан, қамыс салып, қам балшықтан кіріш басу, қыш кіріш, ағаш бөлшектерден үй салуды кең өрістеткен. Тұрған үйлері төрт бұрышты, қосқабатты, ішкі аулалы, аспалы бақты болған. Су құбырларын тартқан. Қалаларының қақ ортасында жебеуші тәңірінің құрметіне арналған алып ғимарат орнатқан. Сәулет өнерімен бірге мүсін өнерін де өрістеткен. Музыка аспаптары мен музыка теориясын да бірінші боп ыждаһаттаған шумерлер. Аспан-Жер-Жерасты бір-бірімен бағыныштылық жолымен байланысып тұрған кешенді құбылыс деп түсінген. Сол нанымға негізделген заң жүйелері бар. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ХІХ ғасырда диірмен тасқа (базальт) Бабылдың ұлы падишасы Хаммуранидың 282 баптан тұратын сот тәртібі қашалып жазылған. Заңды патшалар емес, құдайлар ойлап табады деген ұғым олардың қатал орындалуын қамтамасыз еткен. Құдай бақилық. Оған ешкімнің күші жетпейді. Ал адам пәнилік. Оның құдаймен, табиғатпен, басқалармен қарым-қатынасы осыған негізделген. Атақты Гильгамоштен бастап, шумер мифтері осылай үйретеді. Шумерлердің өздерін де, жазуларын да өміршең етіп жүрген осы іргелі мәдениеті. Әйтпесе, олардың патшалығы осыдан бес мың жыл бұрын көршілес Акад мемлекетіне тізе бүккен. Содан қайтып бас көтермеген. Акадтарды жеңген бабылдар да шумер мәдениетінің мұртын шақпастан, одан әрі дамыта түскен. Бабылдардың тез көтерілуіне оң ықпал еткен факторлардың бірі – осы шумер жазуына үйрену арқылы қалыптасқан жоғары сауаттылық еді. Бабылдар тек шумер жазуын ғана емес, сол арқылы келген өнер-білімді де дамытты. Олардың орнына келген ассириялықтар да солай етті. Оған 1849 жылы ағылшын оқымыстылары А.Г.Лэйрд пен О.Рассамның “Нимрод” төбесінен (ежелгі Ниневия) тапқан ассириялық патша Аптшурбанипалдың (б.д.ж.д. 668-631 ж.ж) 30 мың қыш қалақшалардан тұратын аса бай кітапханасы айғақ бола алады. Олардың арасынан дәрігерлік, балгерлік, математика, дін, тарих тақырыбындағы еңбектер, ассирия-бабыл-шумер сөздіктері, грамматика оқулықтары шықты. Сөйтіп, шумер жазуын көпке таратып жүрген шумерлер емес, ол жайлаған кеңістік пен олар ойлап тапқан мәдениетті иемденген, оларға қырық қайнаса, сорпасы қосылмайтын Қос Өзен мен Жерорта теңізі жағалауын мекендеген семит халықтары еді. Олардың әліпбиін Кіші Азия мен Африкадағы семит емес халықтар да үйренді. Ақыр аяғында олар ойлап тапқан жазу жүйесі жетіле-жетіле келіп, бастапқы пиктограммалардан басталған суреттіліктен түгел арылып, таза әуезделген (вокалданған) фонетикалық (дыбыстық) жазуға айналды.Ол жазу тәжірибесі шығыста Хараппа мен Мохенджо-Даромен тынбай, әрі қарай Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияға, батыста Кіші Азия, Кавказ, Мысырмен шектелмей, Жаңа Дүниеге, Латын Америкасына да тараған деген болжам бар. Өйткені, батыста мая, шығыста қытай иероглифиясының графикалық таңбалары өз жерінің қоршаған ортасына ыңғайланып, айта қаларлық өзгеше болғанымен, лингвистикалық құйылымдық жүйесі сол баяғы морфологиялық-буындық, ішінара дыбыстық жазу заңдылықтарына негізделген. Хаттусастан табылған және хамат тасындағы хеттер иероглифтерінде көбіне-көп өсімдіктер бейнеленсе, мысыр иероглифтерінде жан-жануарлар мен адамдар да бейнеленеді. Майя иероглифтерінде бейнеленген өсімдіктер Кіші Азия, Ніл табиғатына тән емес. Ал қытайлар иероглифтері көбіне-көп Қиыр Шығыс табиғаты мен мифологиясын еске салады. Қайткен күнде де суретті жазу аталмыш аймақтарда ұзақ сақталған, тіпті әлі де сақталып келе жатқан жерлері бар. Мәселен, Қытай, Жапония, Корея. Кей елдердегі жағдай мұндай болғанымен, Кіші Азияның өзіндегі жазу артық әшекейден арылып, әрқилы сызықшалардың әр алуан құбылуларына айналды. Басты назар дыбыстамалық жазу жасауға ауды. 1400 жылдар шамасында Жерорта теңізінің шығыс жағалауын жайлап, кеме мініп, сауда-саттықпен айналысатын финикиялықтардың біреуі сондай нар тәуекелге бел буды. Тарихта аты қалмаса да, ол таудай іс бітірді. Әр дыбысқа бір таңба ойлап тапты. Сөйтсе, мыңдаған, тіпті, қажет болса, миллиондаған сөздерді бейнелеп шығу үшін бар болғаны жиырма шақты ғана таңба керек екен. Ол үшін әуелі жекелеген сөздерді бейнелеп жүрген бұрыннан бар тұспалдамалар пайдаланылды. Мәселен, финикиялықтар бұқаны aleph дейді. Соны бейнелейтін белгі “а” (“аһ”) дыбысының, үй (“beth”) сөзін білдіретін белгі “б” дыбысының, түйе (gіmel) сөзін білдіретін белгі “г” дыбысының таңбасы деп табылды. Кейін ондай белгілер әріп деп аталды. Гректер оларды болар-болмас өзгерістермен қабылдап, “альфа”, “вета”, “гамма” деген әріптер деп таныды. Римдіктер де финикиялық таңбаларға өз “жаңартуларын” қосты. Өз әліпбилеріндегі әріптерді бәрімізге әбден таныс а,б,в,г,д, тағысын тағылар деп дыбыстауға дағдыланды. Ал иудаизм, христиан, ислам діндерінің тірі адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салғаны әріп жазу таңбаларын суретке ұқсаудан атымен арылтты. Мұндай тыйырым жаратушыдан басқа жан иелеріне табынушылықты доғаруды көздеді. Егер христианшылдық әлгіндей мақұлқаттардың тек кейбіреулерін ғана бейнелеттірмесе, ислам кеудесінде жаны бардың бәрін де сызып көрсетуге рұқсат бермеді.Сөйтіп, дыбыстық жазуға жол ашып берген финикиялықтар әліпбиі өздерінің ежелгі астаналары болған Библиос қаласында дүниеге келді. Біз де оны алғаш рет 1968 жылы сол қаланың тарихи музейіндегі мәрмәр тақтайшадан көргенбіз. Ол әліппе жиырма екі әріптен тұрады екен. Олардың арасында дауысты әріптер болмады. Оның мұндай кемшілігінің орнын Угарит әліпбиі толықтырды. Алайда оны тудырған Угарит қаласы әлденеше елдермен тікелей байланыс жасап тұрған Библиостай ежелгі саудаға ықпал жүргізген қала емес еді. Сондықтан оның әліпбиі финикиялық әліпбидей кең тарала алмады. Финикиялықтар жазуы батысқа грек, шығысқа арамей жазулары арқылы таралды.Арамей тілі де финикиялықтар тілі сияқты еді. Семит тілдері тобына жататын. Флективті тілдердің қай-қайсысы тәрізді ондағы сөз түбірі де тек дауыссыз дыбыстардан тұратын. Сондықтан ондай сөздер жазылғанда бір-бірінен еш айырмасы жоқ омонимдер сияқты болып көрінетін. Бұл мәселені арамей тілі әуелі жол үсті, жол астына жазылатын қосалқы диакрит белгілер арқылы шешуге тырысты. Мәселен, осындай семит тобында болып табылатын араб тілінде “а” дыбысын белгілейтін алдындағы дауыссыз дыбыстың үстіне қойылатын көлбеу сызықша “фатха” деп аталды. Ал и дыбысын білдіретін “кесра” белгісі алдындағы дауыссыз дыбыстың астына көлбеу сызықша күйінде бейнеленді. Сондай алдындағы дауыссыз дыбыстың үстіне қойылатын үтір сияқты белгі у дыбысын білдіріп, “дама” деп аталады. Сондай әріптің үстіне қойылатын “ташдид” белгісі өзінің астындағы дауыссыз дыбыстың қосарланып айтылатынын көрсетті. Ал дауысты а, у, и дыбыстарының қосарланып созылыңқы айтылуы тенвии дама, тенвии фатха, тенвии кесера дейтін арнайы белгілермен көрсетілді. Дауыссыз дыбыстан кейін келетін дауысты дыбыс жоқ екендігін білдіретін “сукун” дейтін дөңгелек таңба да болды. Мұндай қосымша белгілер қойылмайынша, тек дауыссыз дыбыстардан тұратын түбірдің мағынасын аңғару өте қиын еді. Мысалға, “ктб” дейтін үш әріптен тұратын түбірді сөйлемдегі айтылып отырған ойдың ретіне қарап, “китабун” деп те, “катибун” деп те оқуға болатын. Алғашқысы кітап деген мағына білдірсе, соңғысы кітаптарды түсіндіретін көп оқыған адам дегенді ұғындырды. Жүре келе, әлгіндей түбір сөздің мағынасын түрліше құбылтатын дауысты дыбыстардың әрқайсысына тұрақты әріптер ойлап табылды. Авеста, ұйғыр, моңғол, манжұр жазулары бірден сондай қағидаға бас ұрды.Арамей тілі еврей, сирия, иран, араб тілдері деп төртке бөлінді. Бұл иудаизм, сириялық христианшылдық, зороастризм, мұсылман діндерінің дәуірлеуіне байланысты еді. Әсіресе, зороастризм мен шығыс христианшылдыққа бірдей қызмет еткен арамей тілі мұсылман діні шыққанға дейін бүкіл шығыс елдеріне мейлінше кең тарады. Ол парсы-арамей, пехлеви-аршак, пехлеви-сасан, авеста, хорезм, соғда жазуларына жіктелді. Қиыр Шығыс пен Сібірде иероглиф және сына жазулары өрістеді. Кейін ислам дінінің дәурендеуіне байланысты Қиыр Шығыс иероглиф жазуынан басқасын араб жазуы мүлдем жұтып жіберді. Мамандардың айтуынша, араб жазуы арамей жазуының набатей тармағынан тарайды. Оның ең ескі үлгілеріне біздің жыл санауымыздан бұрынғы 300-ші жылдар шамасындағы үш графит тақтайшаға жазылған көнелікті мәтіндер жатқызылады. VІІ ғасырда араб жазуы баданадай ірі және доғал әріптерден тұратын куфа және нәзік те әсем шиырылып түсетін насх жазу түрлеріне жіктелді. Арабтар жаны бар мақұлықтардың суретін сала алмайтын болғандықтан кесте тіккендей қып әдемі ирекше әшекейлерге көбірек мән берді. Оларды кейде тым шиыршық атқызып, қырық құйқылжытып жіберетін. Бұлары көруге келісті болғанымен, түсінуге қиын түсетін еді.Ал б.ж.с.д. 8-7 ғасырларда пайда болған грек әліпбиі жазылуы жағынан финикия жазуына ұқсағанымен, дыбысталуы жағынан бабыл, ассирия, арамей, иудей, халдейлерге тән флективті семит тілдерімен емес, ежелгі санскрит, қазіргі үндіеуропалық тілдермен төркіндес еді. Аглюнативті тілдер тобына жататын. Семит тобындағы флективті тілдердегі мағына дауысты дыбыстардың өзгеруіне байланысты құбылса, үндіеуропа тобындағыдай аглюнативті тілдердегі мағына түбірдің алды-артынан тіркелетін қосымша, жалғау, жұрнақтарға байланысты түрленетін. Сондықтан гректер финикия жазуына айта қаларлықтай өзгерістер енгізіп бақты. Дауысты әріптермен бірге бұрын жоқ “фи”, “хи”, “пси”, “омега” сынды жаңа дауыссыз әріптерді де ойлап тапты. Жазу басқа шығыс тілдеріндегідей оңнан солға қарай емес, солдан оңға қарай оқылатын болды. Солайша жаңарған грек әліпбиінің әралуан соны нұсқалары қалыптасты. Батыс-грек жазуы жүйесіне эртрус, латын жазуларымен қоса, Италияның мессап, венет, оск, сикул, умбет т.б. сынды ежелгі халықтарының әліппелері жасалды. Шығыс-грек жүйесінің негізінде 2-3 ғасырларда христиан дінін қабылдаған ежелгі мысырлықтардың ұрпақтары болып табылатын коптардың жазуы, ал І мыңжылдық ортасында византия жазуы қалыптасты. Византия жазуы негізінде осы заманғы грек, славян, әрмен, гүржі жазулары шықты. Орта ғасырлар басында бүкіл Батыс Еуропада жалғыз латын тілі ғана жазба тіл болып табылатын. Латын жазуынан басқа жазу болмайтын. Герман тайпалары мен ирландықтар руна (киелі) жазуын пайдаланды. Латынша жазу немістерде, ағылшындарда, ирландиялықтарда 7-8, француздарда – 9, испан, португал, норвегтерде – 12, итальян, швед, дат, венгр, чехтарда – 13 ғасырда пайда болды. ІХ ғасырда славяндардың глаголица және кирилица деген екі жазуы болды. Алғашқысын аз уақыт оңтүстік-батыс славяндары ғана пайдаланды. Сосын барлығы да кирилицаға көшті. 1941 жылы Моңғолстан мен кейбір кеңес республикалары сол жазуға өтті. Өтпегендер арасында бұрыннан латын жазуымен пайдаланатын латыш, эстон, литвалықтар, жаңа бір дәуір басында өз әліппелерін жасап алған әрмендер мен гүржілер бар еді.Тарихта жазудың төрт жүз түрі болғанымен, бұл заманда соның жиырмадайы қолданыста жүргенімен, ең көп қолданылатын бес жазудың қатарына – әлем тұрғындарының 30 пайызы пайдаланатын латын, 10 пайызы пайдаланатын кирилица, 10 пайызы пайдаланатын араб, 20 пайызы пайдаланатын буындық-үнді, 25 пайызы пайдаланатын түбірлік-қытай жазулары жатқызылады. Ал қалған грек, еврей, эфиоп, гүржі, әрмен және басқа тілдерде жер шарының бар болғаны 5 пайызы ғана жазып-оқиды.Оқудың мәдени құбылыс ретінде таралуы тек жазуға ғана байланысты емес еді. Оның қандай нәрсенің бетіне жазылып, таралуына да байланысты еді. Бағзы бабалар бұл мақсатта жартастарды, үңгір қабырғаларын, дөңбек тастарды, тас бағандар мен қалақ тастарды пайдаланған. Бірақ, тас барлық жерден табыла бермеген. Алайда, жазу білетін адам жазатын зат таппай қоймайды. Теріскей тайпалары ағаштардың діңгегі мен қабығын, күнгейдегілер пальма жапырақтарын, малта тастарды жазуға қолданған. Ал ондай орман жоқ құла дүздегі Месопатамия (Қосөзен) халқы болып табылатын шумерлер саз балшықтан дымқыл шаршы жасап, оған таңбаларын басып, оны өшіп кетпес үшін тандырға жауып күйдірген. Биіктігі 2,5 сантиметрден аспайтын шағындарына ұсақ-түйек ескертпелерді түртіп қойса, биіктігі 40 сантиметрге дейін баратын көлемділеріне “Жердің жаратылуы”, “Алтын ғасыр”, “Гильгамеш туралы” хиссаларын жазған.Мысырлықтар шумер жазуын алғанмен, әлгіндей қыш қалақшаларға жолаған жоқ. Өйткені, Ніл бойында жазуға пайдалануға болатын нар қамыстар өсті. Егер олардың діңгегін құрайтын түтік қабықтарын кеспе секілді ұзыншалап, жолақ-жолақ қылып қатарластыра тіліп, бетіне дәл сондай жолақ тілімдерді көлденең тізіп жауып, үстерін су бүркіп ылғалдап, күнге кептіріп қойса, бір-біріне желімше жабысып, жап-жазық, жып-жылтыр парақтарға айналып шыға келеді екен. Сосын қайқайтып қаламыңды суыр да, сумаңдатып қалаған мәтініңді жаза бер!.. Мысырлықтардың ондай парақтарға қойған атауы гректердің құлағына папирос, римдіктердің құлағына папирус болып естілген. Оларды бір-біріне желімдеп сала құлаш қып ұзартып, сосын шиыршықтап ораған тығырық бумаларды римдіктер харта деседі. Қазіргі кең таралған Хартия термині әу баста осыдан өрбіп жүрсе керек. Сондай ширатынды қағазға жазып пәтуаластандырылған шарт деген ұғымды білдіріпті. Мұндай буманың ұзыны көбіне көп 10 сантиметр болып келген түрі бар. Тіпті 5 сантиметрге жетер-жетпес құрдым, 100 метрге дейін жететін көшқұлаш папирустар да кездесетін көрінеді. Мәселен, “Иллиада” бөлек-бөлек 24 бумадан, Інжіл де әлгіндей әлденеше бумадан тұрыпты. Бірақ, аса жұқа әрі нәзік болғандықтан, бізге дейін жеткен мысыр папирустары тым аз. Ең ескілері б.ж.с.д 18 ғасырларда жазылыпты. Гректер мен латындар ұзақ уақытқа дейін біздің қазақтар сияқты ауыз әдебиетін өркендеткен. Әзелгі классиктердің бір де бірінің түпнұсқалары табылған емес. Мәселен, б.ж.с.д 7-8 ғасырларда туған “Илиада” мен “Одиссея” тек б.ж.с.д 6 ғасырларда ғана папирус манускрипт қалпына түскен. Ал олардың біздің дәуіріміздегі І ғасырдағы нұсқасы ғана жетіп отыр. Ең толық нұсқасы ІV ғасырда жазылыпты. Папирустардың бумалардан гөрі қолдануға ыңғайлы қып дәптерлеген түрін кодекс деп атаған. Олар біздің дәуірдің І ғасырынан бастап пайда болған. Сөйтіп, Мысыр халқы көбейген сайын Ніл бойындағы әлгіндей қамыстар ойсырай азайып, ақырында дербес өсімдік түрі ретінде біржола құрып біткен.Ұлы Александр б.ж.с.д 322 жылы дүние салып, баласы Птолемей Египет астанасын Ніл сағасына көшірді. Әлемдегі ең үлкен Александрия кітапханасы дүниеге солай келді. Бірақ, бұл мәселеде басқалар да Мысырдан қалысқысы келмеді. Кіші Азияда 250 жылы тәуелсіз патшалық құрылды. Онда Мысырдың өздерінен озып кетпесін деп папирус сатуды жыл ма жыл қысқартқанына қарамастан, тамаша кітапхана бой көтерді. Пергамдықтар жазуға мал терісін пайдалануды үйренді. Екі беті бірдей шелденіп, есін кетіре иленіп, тақтайдай қылып, әдемі сүргіленген жібектей жұмсақ жұқа тері кітап шығаруға кететін шығынды екі есе қысқартты. Сөйтіп, Пергам кітапханасы Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденді. Ондай тері өзі жасалған қаланың құрметіне пергамент деп аталды. Кейде пайдаланылған теріге жаңа мәтін жазылатын еді. Ондай кітаптар палимсест делінді. Кейін оқымыстылар олардың діни мәтіндер жазылған жаңа қабатының астынан Цицерон, Плавт шығармаларын тауып, қайтадан қалпына келтіре бастады. Бұл орта ғасырдағы Еуропада қолжазба кітаптар шығарумен, негізінен, ғибадатханалар шұғылданып, кезінде көп кітап діни сипатқа ғана арналғанын көрсетеді. Қолжазба кітаптар арасынан көркем әдебиет шығармалары кездесіп жарымайтын десе де болады.Қолжазба кітаптар әдетте жалғыз-ақ дана шығарылды. Ол сұранысты қанағаттандырмады. Оның үстіне ұрпаққа керекті тарихи деректердің біржола құрып кету қаупін күшейтті. Бір мемлекеттің екінші мемлекеттің тарихына қиянат жасайтынын былай қойғанда бір билікші әулеттің екінші әулеттің тарихи мұраларына өш келетінін адамзат талай рет бастан кешкен. Б.ж.с.д. VІІ ғасырда эламдықтар Меопатамиядағы ежелгі білім көзі болып табылатын Ур-Намму Зикуратин көзапара жойып жіберді. Осыдан жиырма үш ғасыр бұрын Қытай императоры Цин Ши-Хуанди мәжусилермен алысқан болып, өзінен бұрынғы кітаптардың бәрін өртетті. Біздің VІІ ғасырда арабтар атақты Александрия кітапханасын талқандады. ХVІ ғасырда католик иереархтары майя мұрағаттарын құрттырды. ХІІ-ХІV ғасырдағы католик иезуиттері ежелгі қолжазбалар мен антикалық әдебиетті құртып шығады. Ежелгі иезуиттер кітаппен алысса, кейінгі иезуиттер жазуды өзгерту арқылы қоғамды тарихи жадынан айырып отыруды әдетке айналдырды. Қытай билікші династияларының осындай озбырлығына, басқаны қойып, конфуций мен даосизм мұраларының өздері аз ұшыраған жоқ. Тарихта болған төрт жүзден астам жазу түрі көбіне-көп бейбіт түрде емес, сондай күштеп өзгертуден азайды. Жазу мен оқуға монополия династиялық билік кезінде негізгі саяси күрес әдісі болды. Жазуды, жазба мұраларды сақтап қалу өркениеттер өзектестігі мен ұрпақтар сабақтастығының басты кепіліне айнала бастады. ХV ғасыр ортасында кітаптарды механикалық әдіспен көбейту қажеттілігі туды. Бұған дейін ксилография әдісі қолданылып еді. Ол – қазіргі бәйбішелердің кеспе пісіру үшін тақтайға шелпек жайғандарына ұқсайтын ағаш оқтаумен мәтін басатын қарапайым тәсіл еді. Мұндай әдіс алғаш рет VІІІ ғасырда Қытайда пайда болыпты. Сол Қытайда кітап басуға керек қағаз да ойлап табылды. Оны 105 жылы Цзай Лунь дейтін сарай маңындағы шебер жүзеге асырды. 751 жылы қағаз Таяу Шығысқа да тарады. Оған Қазақстанның тікелей қатысы бар еді. Дәл сол жылы Тараз маңындағы Атлах түбінде қызыл қырғын шайқас өтті. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салых пен Қытай әскербасы Гео Сян-Чжи соғысты. Айқас 5 күнге созылды. Қытайлардың тас-талқаны шықты. Сөйтіп, арабтар қағаз шығару құпиясына ие болды. ХІ-ХІІ ғасырларды Испанияны жаулаған арабтар арқылы қағаз Еуропаға да жетті. 1455 жылы Майнц қаласының шебері Иоген Гутенберг техникалық әдіспен 42 жолдық екі томдық Інжілді басып шығарды. ХV ғасырдың аяғында Еуропаның 236 қаласында типография орнады. Гутенбергтің пайдаланған темір әріптерін итальяндар мысқылдап гот жазуы деп атады. Өйткені олар өздерін бір кезде тас-талқан еткен жауынгер гот тайпасын өлердей жек көрді. Оларды шетінен ақылсыз, дөрекі жұрт деп санайтын. Олардың қолынан шыққан нәрсенің бәрін күлкіге ұшыратуға тырысатын. Тіпті, готтардың Лондон түбіндегі қалалары Готами туралы да “онда ылғи нақұрыстар тұрады” деп, неше қилы қисынсыз лақап таратты. “Готамиден шыққан үшеу – бірінен бірі өткен данышпан, қамыстан тоқып, қайық мініп, көк толқынмен алысқан”, – деп мазақтайтын. Сәулет өнеріндегі көпке белгілі готика стилі де, Гутенберг шығарған гот құйма әріптері де, итальяндардың ұғымынша, ерсілік пен ебедейсіздіктің ең сөлекет үлгілері болып шығар еді. Оның үстіне итальян шебері Альд Мануций бір жағына қарай сәл көлбетіп, мейлінше нәзік шиырып, әдемі әшекейлеген әріптер құйып, оны курсив (шапшаң жазылатын) атады. Сөйтіп, полиграфия өркендей түсті. 1500 жылға дейінгі шығарылған кітаптар инкунабул саналды. Ондай жалпы саны 12 миллион данаға жететін 40 мың атау жарық көріпті. Олардың жарты миллиондайы біздің тұсымызға дейін жетіпті. ХVІ ғасырдың бірінші жартысында шыққан кітаптарға палеотип деген айдар тағылды. Көркемделуі жағынан сиықсыз, мазмұны жағынан сұрықсыз болса да, бұған дейін адамзат мұнша мол көлемде кітап шығарып көрмеген-ді.Сонымен, кітап шығарудың техникалық әдісінің пайда болуы оқырмандар қатарын айта қаларлықтай кеңейтті. Оған дейін жазуға сәлдей байланысы бар нәрселердің бәрі сакралды (киелі) саналатын. Логографиялық және идеографиялық жазу шыққаннан бері оқу тек абыздарға, қағаз жазушыларға, ұлықтарға ғана тән еді. Киелі мәтіннің бәрі көктен түскеніне ешкім күмәнданбайтын. Құдай адамдарға Тауратты Мұса, Інжілді Ғайса, Құранды Мұхаммед пайғамбарлар арқылы беріп жіберген деп білетін. Әдемі жазу (калиграфия) өнері де құдай ерекше дарытқан қасиет ретінде әспеттелетін. Мысыр манускриптерінің бірінде бір ақылман әке ұлына қағаз жазатын хатшы болуға кеңес береді. Бұл өнерді өнер біткеннің ең сұлтаны деп дәріптейді. Сөйтіп, жазу да, оқу да тек жаратқанның шарапаты түскендерге бұйырмақ деп саналады. Әліпби жетіліп, жазуға керекті зат жақсарып, оны көбейтудің тәсілі неғұрлым шыңдалған сайын жазу мен оқу солғұрлым қол жетпейтін өнерге айнала түседі. Өйткені білім мен билік кім көрінгенге бұйырмақшы емес. Әйтпесе, әлгі екі қасиет өздерін өздері аяқ асты етеді. Кім көрінгеннің аты кітапқа ілікпеуі лазым. Кітаптың да кім көрінгеннің қолына түспегені жөн. Өйткені, кітапты жазатын да, кітапқа ілігетін де тек құдайдың сүйген құлы. Бұл көзқарасты, қапелімде, Гутенбергтің ғажайып аспабы да арылта алмағандай.Мәселен, ол ойлап табылғаннан 47 жыл кейін Христофор Колумб ойда жоқта 1492 жылы 12 қазанда Американы ашты. Өзі бұған заманақырмен байланысы бар эсхотологиялық мән берді. “Пайғамбарлық кітабын” жазды. Өзі “Жаратушы Иенің Апокалипсисте айтатын “жаңа аспан мен жаңа жердің жар шашушысымын”, – деп жариялады. Мұнысына бір өзі ғана емес, бүкіл Еуропа сенді. Америкаға алғаш барған ағылшындар өздерін Жаратушының жұмсауымен пейішке барып, шартарап алақандағыдай көрінетін айғыр жалдың басына жарқыратып Шарапат шаһарын салушылармыз деп санады. Жерұйық іздеп Мұсаға еріп Қызыл теңізден өткендей сезініп, бұрын бастарынан кешкендердің бәрін Бабыл тұтқынында болғандар тартқан тауқыметке балады. Жұрттың бәрі Америкаға барсақ, дүниеге қайтадан жаратылып, қайтадан дәурен бастаймыз деп дәметті. Тек Американың ашылуы ғана емес, ұлы географиялық жаналықтардың қай-қайсысы да осындай желпініс бітірді. Еуропалық отаршылдық өз басқыншылықтарына көктен Әзірейіл, жерден Мәді шығатын таңмақшардай милленаристік мағына беруге тырысты. Бұрынғы масайрағандар жазаланып, бұрынғы налығандар масаттанатын әділет сағаты соққанға санап бақты. Азия Африка, Америкадағы отарларын жаңа табылған жерұйықтар, ал өздерін бір құдайдың шарапатымен абырой бұйырған машайықтар қылып көрсетті.Бұл – ешқандай аңыз емес, бұдан бар болғаны үш жүз жыл бұрын орын алған шын ахуал еді. Естір құлаққа ежелгі Гильгамештің бастан кешкендерін еске түсетіндей. Оның есіл-дерті де – өз жерлестеріне мәңгілік өмір мен жерұйық мекен тауып беру емес пе еді?! Ол да әзелгі дәуренді қайта оралтып, дүниені жарату кезінде кеткен ілкі қателерді қайта түзетуді көксемейтін бе еді?! Өлмейтін емді су астынан тауып әкелгенде, шипалы шөпті жылан жеп кетіп, қайтадан өкінішке ұшырамайтын ба еді?! Жылан жалағандай дейтін ұғым содан қалмаушы ма еді?! Содан бері бұрынғылардың қателігін қайталамау – дүниеге келгендердің бәріне басты мұратқа айналмап па еді?! “Әлем әр сәбимен бірге қайта жаратылады”, – дейтін еді ғой жаңа Американың перзенті, венесуэлалық жазушы Торо. Әйгілі философ, мәдениет танушы, тарихшы, романист Мирча Элиаде осындай әзелгі сәтке “ұмтылушылық” “тіршілік пен дененің киесін” әспеттеп, тарихпен тайталасып бағатын “архаикалық менталитетті” туғызады демеуші ме еді?! Уолт Уитмен де өзін “пейіш жырын толғайтын” періштеге балап, “менің тәнімнің иісі киелі бойтұмардан да асып жұпар аңқиды, менің басымның үлкендігі шіркеуден де, Інжілден де, дін атаулының бәрінен де ересен”, – деп масаттанбайтын ба еді?! Олай болса, кітап басатын кілтипан да адамдарға ежелден тән аруақтан сескенушілікті әп дегеннен еңсеріп кете алмады. Бірақ, бұл “таңмақшар тамашаларына” тамсанушылыққа апшитын асаулар да табылмай қалмайды. Уильям мен кіші Генрийдің әкесі, талантты жазушылар әулетінің негізін салушы, үлкен Генрий Джеймс ешқандай жүзі жанбастан: “Хауаның Адамға жасаған ең үлкен жақсылығы – оны Пейіштен қудырғаны болды”, – деп салды. Сөйтіп, Хауа мен Адам ұрпақтарының жер бетінде көрген қиямет-қайымы, қарапайым пенделік тіршілік кешудің тауқыметтері басты шығармашылық маңыз тауып, Гутенберг дәуіріндегі кітаптардың біртіндеп ең өзекті тақырыбына айнала бастады. Жарық көрген басылымдар арасында беллетристиканың үлес салмағы көрер көзге артты. Бірақ, бұл дүнияуһилік (“профаналдық”) мәтіннің киелі (“сакралды”) мәтіннен біржола үстем түсуі болып табыла алмайтын еді. Беллетристикалық бестселлерлердің де пайымдық “концептуалдық” өзегі Пейіштен қуылудың әйелдер мен еркектер тағдырына тигізген салдарларынан құралды. Ол аз десеңіз, көп астарлы әдеби мәтіннің инициациялық сипаттары да бар еді. Инициация дегеніміз табиғи тірлік кешу үрдісінен рухани тірлік кешу үрдісіне, немесе рухани құндылықтарға көшу деген сөз еді. Инициация рәсімі бір кездегі мифтік кезендерде тек алапат аруаққа ие ғаламат күштер ғана істеген жол-жораның айнытпай қайталаудан тұратын.Кәмелетке толу рәсімі тұсында, М.Элиаданың айтуынша, үлкенді-кішілі шетін “драматизмді” мезеттерді бастан кешуге, тіпті әуелі өліп, сосын қайтадан тірілуге тура келеді. Бір кездегі бабалардың барлығы бастан кешірген бұл рәсімді көпшілік ұмытып, тек бір өліп, бір тірілу дейтін тұрақты тіркесті ғана есімізде ұстап қалыппыз. Ол кезде дүниеге келген сәби бірінші рет туған, әлгіндей рәсімді көріп, балиғатқа толғандар екінші рет туған, ал абыздардың басшылығымен ежелгі магия мен сиқырдың сырларына алғаш қаныққандар ауызданғандар немесе үшінші рет туғандар, толық қаныққандар кемелдер немесе төртінші рет туғандар саналған. Кітап ашу, кітап жастау, кітаппен жасқау, ілім соғу дейтін сөздерге қарағанда бұл рәсімдерге кітаптың да тікелей қатысы болған түрі бар. Ондай киелі орындар біздің сахаралықтар арасында тақия, теке, құтхана, пұтхана саналса, батыс елдерінде алып сомтастардан қаланған, жалғыз көзді дәулердің қолынан шығыпты делінетін циклоптық құрылыстар атаныпты. Кейбіреулер мысыр зәулімханаларын да осындай орындардың қатарына жатқызады. Кейде мұндай сынақтардың шын азаптауға ұласып кеткен тұстары да болған. Кие қағу, аруақ ату дейтін ұғым соның бір көрінісі болса керек. Көркем шығармалардың да дәл солай төтен әсер етіп, дүниеге қайта жаратылғандай қылып, катарсис ахуалды бастан кешіргізетіні де құпия емес. Шындап келгенде, көркем шығармадан да адамдар мен заттарды, тіпті жалпақ әлемді қайта жаратқысы келген түп ниеттің бой көрсететіні белгілі. Кейбір тілдерде суреткерді де жаратушының бір өзіне балап, оны, құдайды атағандай жаратушы (“творец”) деп атайтындығы да содан болса керек. Бұл реттен келгенде, М.Элиада көркем шығарманың, мәселен, Бальзактың “Адам комедиясының” мәтінінің тылсым (“сакралды”) күші болады деуінің де жаны бар. Қазіргі әдеби сын көркем шығармаларды осы тұрғыдан келіп талдауды әдетке айналдыра бастады. Мәселен, А.Фиц-Монье ХІІ ғасырдағы француз романын, Р.Штейн – Тибет жырауларын, А.Корбен – Авиценна мәтінін, В.Я.Промм – халық ертегілерін осы тұрғыдан зерделеді. Мамандардың айтуынша, Мелвилл, Торо, Купер, Генри Джеймс, Марк Твен, Уильям Фолкнер, Томас Вульф, Скот Фицжеральд және басқаларының шығармалары осындай ықпалға ие көрінеді. Алайда, батыс қоғамы күткен құбылыс өз нышандарын бәрібір байқатпай қалмады. Бұрындағы догмалық қасаңдық ақылға қонымды рационализмге, әдебиеттегі қасаңдық – адамға жаны ашитын гуманизмге ауысты. Тек көркем әдебиеттің ғана емес, философиялық, ғылыми-танымдық, саяси-қоғамдық, оқу-әдістемелік, жай әншейін көңіл көтерерлік кітаптар көбейе түсті. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары әлемдік рынокқа түсетін кітаптардың үштен бірін көркем әдебиет иемденді. Жарық көретін басылымдардың он пайыздайын аударма кітаптар құрады. Шамамен, бұл ара салмақ әліге дейін сақталып келеді. |
"Түркістан кедейлері" - Түркістан армиясы саяси басқармасының апталық газеті. Ташкентте біраз уақыт шығып тұрды. Газетте Совет Республикасын қорғау, еңбекшілерге интерационалдық, патриоттық тәрбие беру мәселелері, Қызыл армия бөлімдерінің майдандық хабарлары, ішкі-сыртқы жаңалықтар жазылды.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Босаға — үй есігінің екі жақтауы. Киіз үйдің де, басқа үйлердің де босағалары бұрын ағаштан жасалып, қолдан құрастырылған. Қазіргі кезде Босаға есікпен бірге зауытта ағаштан, металдан, темір-бетоннан әзірленеді. Қазақтар Босағаны қасиетті санаған. “Босағаны керме” (немесе Босағаға керілме) деген тыйым осыдан туған. Сондай-ақ, Босаға майлау ырымы да бар. Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды болсын деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа түскен келінге босаға аттаттырып, сәлем еткізіп, үлкендер бата берген;
Босаға — Маңдайша мен табалдырық арасын белгілі қашықтықта ұстап тұратын, кереге бекітілетін, адамдардың үйге кіріп-шығуы үшін арнайы жасалған, екі жаққа ашылатын есіктің айналмалылығын (шарнирлігін) қамтамасыз ететін мүшесі.
## Тағы қараңыз
Есік (қазақ үй)Босаға_майлау
## Дереккөздер |
Саны қысқарып бара жатқан түр.Солтүстік Африка, Оңтүстік және Орталық Еуропа, Оңтүстік-Батыс Азия, Орта Азия, Қазақстан,Орталық Азиядан Байкалға дейін таралған. Жыра бұталарында, өзен аңғарларында, орман аралдарында,далалы жерлерде кездеседі. Арнайы биотопқа бейімделмеген. Соңғы даму сатысындағы дернәсілдері жібек пілләда топырақта қыстайды. Олар шілде басында (оңтүстікте ертерек) қуыршаққа айналады, одан шілденің екінші жартысында ересек аралар шығады. Ересек аралар әртүрлі өсімдіктер гүлдерінің тозаңы және шырынымен қоректенеді. Аналықтары жұмыртқаларын тақта мұртты қоңыздың дернәсіліне (қола қоңыз,балауса бұғы қоңыз және т. б.) салады, оларды топырақтың беткі қабатынан тауып алады. Жерді жырту түр санының азаюына әкеледі.Сондықтан түр санының көп шоғырланған жерін тауып, ол жерлерді қорғауды ұйымдастыру керек.
*
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Саяқ кенді ауданы – Қарағанды облысында Балқаш қаласынан шығысқа қарай 200 км жерде, Балқаш – Саяқ – Ақтоғай темір жолының бойында орналасқан кенді өңір. Кен орны 1930 жылы ашылып, кен өндіру жұмыстары 1970 жылы басталған.
## Геологиялық құрылымы
Саяқ кенді ауданы батыс, солтүстік-батыс бағытта 60 км-ге созылған, ені 40 км болатын Саяқ грабен-синклин құрылымында орналасқан. Кенді өңір тас көмірдің карбонатты-терригендік шөгінділерінен құралған, олардың ұзындығы 30 – 40 км-дей, қалыңдығы 4000 м. Кентас денелері интрузивтер мен карбонатты шөгінділер жапсарындағы әктастар есебінен түзілген скарндармен байланысады. Олар қабатты, линза, баған және күрделі пішінді келеді.
## Сипаты
Саяқ кенді ауданы бір-бірінен алшақ орналасқан Саяқ І, ІІ, ІІІ, ІV, Тастау, Молдыбай, Жамбас, Берқара, Жұмбақ, Үміт, т.б. кен орындарын біріктіреді. Кентасының сапасы жоғары. Кен орындарының негізгі өнеркәсіптік құндылығы скарндағы алтын-молибден-мыс ассоциациясымен байланысты.
## Минералдары
Басты минералдары: борнит, халькопирит, буланжерит, арсенопирит, кобальтин, молибденит, т.б. Өндірістік мәні бар металдары: мыс (10 – 15%), молибден (0,01 – 1%), кобальт (0,151%), алтын (орташа 7,8 г/т), т.б. Кентас ашық кеніш арқылы өндіріледі. Ауданның кен орындары «Балқашмыс» кәсіпорнының шикізат базасы болып табылады.
## Дереккөздер |
Сольский барылдауық қоңызы (лат. Carabus solskyi ) – барылдауық қоңыздар тұқымдасының биологиялық түрі. Саны мен таралу аймағы шағын,табиғатқа сән беретін ірі қоңыз түрі.Қазақстанда Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығысындағы Тышқантау тауынан, Кетпен жотасынан, Теріскей Алатау жотасының шығыс бөлігінен, батысқа Қарқараға дейін, Iле мен Баянқол өзендерінің тоғайларынан белгілі. Қытайда Боро-Хоро жотасы, Қандалақ аңғары,Үлкен және Кіші Юлдуста кездескен.Теңіз деңгейінен 2600 м биіктіктегі шалғынды жерлерде тіршілік етеді, жазықтықта тоғайлы ормандарды қоныстайды. Ересектері сәуір соңынан шілде басына дейін белсенді. Моллюскалардың бақалшақтарын кеміріп, қоректенеді.Түр Кетпен жотасында салыстырмалы сирек, қалған жерлерде саны аз. Iле өзенінің аңғарларындағы тоғайларда саны едәуір төмендеп барады. Оған тоғайлы ормандардың бүлінуі және таулы жерлерде малды шектен тыс бағу әсер етіп отыр. Кетпен жотасының адам аз баратын бір сайында шағын қорық ұйымдастыру керек. Сонымен қатар Iле өзенінің төменгі ағысындағы тоғайларда қорық пен қорықша ұйымдастыру қажет.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Семенов барылдауық қоңызы (лат. Calosoma (Callisthenes) elegans semenovi ) – барылдауық қоңыздар тұқымдасының биологиялық түрі. Саны кәдімгідей қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Iле Алатауы жергілікті түрі.Республика фаунасындағы ең әдемі қоңыздың бірі. Теңіз деңгейінен 500–1800 м биіктікте кездеседі. Далалы өсімдіктері бар жерлерде тіршілік етеді. Ересегінің белсенділігінің шарықтау шегі көктемде (сәуір-маусым басы). Бұл — күндізгі жыртқыш,ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді.Түрдің тіршілік ету ортасын өндірістік және ауыл шаруашылық игеруінен, улы химикаттарды пайдаланудан, әуесқойлардың шектен тыс көп ұстауынан қазіргі кезде Алматы маңынан тек жекелеген дараларын кездестіруге болады.Қорғалатын жерлерді ұйымдастырса (бірнеше қорықшалар,мүмкіндігінше, Шарын өзені аңғарында қорық құру), тіршілік ету орталарында жаппай химиялық өңдеуді тоқтатса, әуесқойлардың жинауын қысқартса, түрдің сақталуы мүмкін.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Ақтөбе ауылдық округі — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы құрамындағы ауылдық әкімшілік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтоған, Бәйтерек, Жаңаталап ауылдары, Күркіреусу темір жол бекеті кіреді. Орталығы - Бәйтерек ауылы. Ауылдық округ оңтүстік-шығысында Қырғызстан Республикасымен шектеседі, батысында Қызыларық ауылдық округімен шектеседі. Ауданның басқа аймақтарына қарағанда қысы жылы, көктем ерте шығады.
## Жер көлемі
Жер көлемі 12880 га. 111 шаруа қожалығы, 1 ЖШС жұмыс істейді. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған. Картоптың элиталық тұқымын өсірумен айналысады. Егіншілікке Көксай өзенінің суы пайдаланылады.
## Инфрақұрылымы
Округте 2 орта, бастауыш мектеп, балабақша, мәдениет үйі, 2 кітапхана, фельдшерлік пункт, ауылдық амбулатория жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Мүмкін, Қазақстанда жоғалып біткен түр. Оның Солтүстік-Батыс Қытайда тіршілік етуі мүмкін. Бұл солтүстік жартышардағы ісік түзгіш сымырдың жалғыз өкілі. Үштік дәуір қалдығы. Іле өзенінің орта ағысындағы Үлкен Қалқан маңынан жиналған бір жиынтықтан белгілі. Жиналған жері Қапшағай су қоймасының астында қалып қойған. Тоғайлы ормандарда тіршілік етеді. Жыңғылдың (Tamarіx spp.) жасыл бұтақшаларының түбіндегі түйіндер арасында қоректенеді. Түйіндер арасына орналасқан дернәсілдер жасыл етті қабықпен бірігіп өсіп, ісік түзеді. Iсік қуысы тегіс,пішінсіз. Дернәсілдің одан арғы дамуы ісік ішінде өтеді. Пайда болған аналық күз басында ашылған ісіктен шығады. Қалған ісіктер қурап түсіп қалады. Бір өркенде 1–2 ісік дамиды. Өзен суы ағысын реттеу түр санына зиянды әсер етеді.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Түркістан туркомилаксы (лат. Turcomilax turkestanus) – Саны азайып бара жатқан түр.Солтүстік және Орталық Тянь-Шань тау жүйесі жергілікті түрі. Неоген дәуірінен Тянь-Шань тау жүйесінде қалыптасып сақталған ежелгі фауна қалдығы.Теңіз деңгейінен 900–3200 м биіктікте тау етегінен Альпі шабындықтарына дейін кең таралған. Turcomіlax turkestanus тау етегіндегі жемісті бақтар мен көкөністі егістіктерден де табылған. Тау өзені мен жылғаларының жағасындағы шыршалы ормандарда өте көп кездеседі. Көбею кезеңі — маусым-шілде айлары. Ересек даралары жылдың жылы мезгілінде ұзағынан кездеседі. Ағаштар мен бұталарды кесу,тау жазықтығындағы тыңайған жерлерді жырту, малды шектен тыс ұзақ бағу, дала және орман өрттері түрдің санын қысқартады. Түрді сақтау үшін саны салыстырмалы көп кездесетін жерлерді өрт пен малды шектен тыс бағудан қорғау керек.
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Таралу аймағы шектелген, сирек кездесетін инелік түрі. ТМД-дағы жалғыз туыстың өкілі,түрге ашық полиморфизм тән. Түр Оңтүстік Жайықтағы жайылым көл дерінен және Сырдария өзені жайылымдарынан табылған бірлі-жарымды данасы арқылы белгілі.Қазақстандағы таралу аймағында Сырдария өзенінің тасуынан пайда болатын жайылма көлдердің тоғайларында тіршілік етеді. Қазіргі уақытта өзен суы ағысын реттеуге және суару үшін алынған судың нәтижесінде жайылма көлдер саны күрт қысқарып кетті. Тіршілік ететін ортасының азаюына байланысты түрдің мүлдем жойылып кету қаупі бар. Түрді айналасындағы бірлестігімен түгел қорғау үшін Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысында қорық ұйымдастыру,жайылма көлдерге арық арқылы өзеннен су жіберу тоғай фаунасын қорғауға мүмкіншілік береді.
*
## Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас. |
Пілтән Мəміров - Социалистік Еңбек Ері (1948), мақта өсіруші, Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Келес ауданы (қазіргі Сарыағаш ауданы), "Қызыл-Әскер" колхозының звеношысы (1947). 1929 жылы Шымкент облысы, Келес ауданы, "Қызыл-Әскер" ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1944 жылы жетіжілдық мектепті бітірген соң 2 жыл мал дәрігерлік бөлімшеде жұмыс істейді.
* 1946 жылы "Қызыл-Әскер" колхозына жұмысқа кіріп, мақташылар бригадасында мақташы болады. Таңнан күн батқанға дейін жұмыс істеген ол мақта жинау мөлшерін 160 кг-ға дейін жеткізеді. 1946 жылы күзгі маусымда жеке өзі 11 тонна шиітті мақта жинаған.
* 1947 жылы колхоз басқармасы оны жоғары түсімді 4-ші мақташылар тобының звеношысы етіп тағайындайды. Осы жылы қажырлы еңбектерінің арқасында 3 гектардан 85,8 центнерден және 6 гектардан 25 центнерден шиітті мақта жинап, жоғары өнім алады.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Үкек немесе Увек - Алтын Орданың басты қалаларының бірі. Ол қазіргі Саратов қаласының жанындағы Увек деревнясының маңында болған.
14 ғасырдағы араб саяхатшы Ибн Баттура мен Абу-ль-Фида жазбаларында Үкек туралы деректер кездеседі. 14 ғасырдың бас кезінде Үкек өз теңгелерін соқты. Зерттеу жұмыстары 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың бас кезінде жүргізілген. 1913 ж. А.А.Коротков жасаулы әйел жерленген мавзолейге (14 ғ.) қазба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары кезінде кан жүргізілген үй қалдықтары, қыш көрік, мұсылман мазарлары табылған. Үйлер негізінен күйдірілген және шикі кірпіштен салынып, кейде олардың қабырғалары ағаштан тұрғызылған. Сонымен қатар Үкек жұртына су құюға және астық салуға арналған науалар, тастан жасалған ыдыстар т.б. заттар табылған. Қала 14 ғасырды аяғында күйреген.
## Дереккөздер |
Учан көтерілісі (қыт. 武昌起義, пиньинь: Wǔchāng Qǐyì) — 1911 жылы Қытайдағы Синьхай революциясының басын бастап берген қарулы көтеріліс.
Көтеріліс 1911 жылғы 10 қазанда Учан қаласында (қазіргі Ухань қаласы мен Яцзыдың оңтүстігі) басталды. Оған Учан горнизонының әскери күштері қатысты; әскерилерді қала мен ауыл тұрғындары қолдады.Көтерілісті Гунцзиньнхой ме Вэньсюэшэ революция ұйымдары ұйымдастырды және басқарды. Көтеріліс Учан қаласында, сонан соң 1911 жылғы 11–12 қазанда Ханьхоу мен Ханьян қалаларында жалғасты. Нәтижесінде маньчжурлық Цин әулетінің өкімет билігін (1644–1911) құлатты. Хубэй провинцияның Пекин үкіметіне тәуелсіз екенін және басқарудың республикалық формасы енгізілетінін жариялады. Көтеріліс жеңгенен кейін бір жұма ішінде Учан әскери-революция үкіметі ерікті революциялық армия құрды; солдаттар қатарлары шаруалардан, жұмысшылар мен оқушылардан құралды. Учан қаласы берік революциялық базаға айналды. Көтеріліс бүкіл елге тез тарады.
## Дереккөздер |
Уголки — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Антонов ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан шығысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 133 адам (73 ер адам және 60 әйел адам) болса, 2009 жылы 63 адамды (32 ер адам және 31 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақтөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Келес ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақжар, Бозсу, Ескіқорған, Жаңадәуір, Жуантөбе, Кеңдала, Көгерту, Көкбұлақ, Қаратөбе, Қияжол, Құйған, Лесбек батыр, Мұратбаев, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Лесбек батыр ауылы.
## Дереккөздер |
Шоққарағай — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстікке қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 320 адам (158 ер адам және 162 әйел адам) болса, 2009 жылы 225 адамды (109 ер адам және 116 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақтөбе ауылдық округі – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Үштаған, Жарма, Сазды ауылдары кіреді. Орталығы – Үштаған ауылы. Округ құрамында болған Сауысқан ауылы 2005 жылы таратылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1772 адамды (931 ер адам және 841 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Үкілі Ыбырай (2010 жылға дейін – Өскен) — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қамсақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 262 адам (143 ер адам және 119 әйел адам) болса, 2009 жылы 245 адамды (123 ер адам және 122 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақтөбе ауылдық округі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтөбе ауылы кіреді. Орталығы – Ақтөбе ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2214 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жансая Әбдімәлік (12 қаңтар, 2000, Алматы) — қазақ шахматшы қызы, он төрт жасында әйел гроссмейстер атанған .
Суан тайпасының Бағыс руынан шыққан.
2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша орындар реті - вьетнам қызында 46.5, Әбдімәлікте - 43.5, ал Челсиде - 42.5.) Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.
Жансая бес жасында шахмат ойынының ережелерін үйреніп, жеті жасынан шахмат мектебінде жаттықтырушы Николай Перегудовтың жетекшілігімен әрі қарай шахмат бойынша өз білімін жеттілдірді. 2007 жылы қаңтарда өз жасындағы қыздар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 2008 жылы да 8 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 10/11 нәтижемен жеңімпаз атанды. Ол 2011 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында 8/9 ұпай жинап, әйелдер арасында халықаралық шебер атағын алды, қыздар арасынды әлем чемпионы атанды.
## Дереккөздер |
Мерген, Хауыс (латынша Sogіttarіus) – жұлдызды аспанның Оңтүстік жарты шарындағы зодиактік шоқжұлдыз. Бүркіт, Қалқан, Жылан, Жыланбөктерген, Сарышаян, Оңтүстік Тәж, Телескоп және Ешкімүйіз шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан. Ең жарық жұлдыздары (Мергендегі және ) 2-көрінерлік жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Қазақстан жерінде көктемнің соңында және жазда жақсы байқалады. Галактиканың центрі Мергеннің бағытында орналасқан;
## Пайдаланылған Әдебиеттер |
Ақтөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтөбе ауылы кіреді. Орталығы – Ақтөбе ауылы.
## Дереккөздер |
Долан - аула, мал тұратын орын; айналасы шарбақпен қоршалады.Көшпелі ел мал қорасын доланамен қоршағадықтан қора да осы өсімдік атауымен аталуы мүмкін. Түркі тілінде "дол" - дөңгелене қоршалу деген мағынада. Осы түбіріне "ан" жұрнағы жалғау арқылы мал тұратын қораның атауы жасалған. Монголдар ірі қараға арналған төбесі жабық қораны "дал" деп атайды. Түркі-монгол тілдеріндегі бұл ұқсастық - ұғымдардың төркіндестігін аңғартады.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Валерий Давыдович Набитовский - саяси және шаруашыл қайраткер. Мамандығы бойынша слесарь-жөндеуші және инженер-металлург. Екібастұз қаласының әкімі (2002-2007). Қазіргі таңда Павлодар қаласының нан-тоқаш комбинатының директоры.
## Еңбек өтілі
* 1972 - Пермь паровоз зауытындағы слесарь-жөндеушісі;
* 1972-1976 - Свердлов темір жолы мен Чусовской металлургиялық зауытының слесарі;
* 1976-1985 - Ермак ферроқорытпа зауытының кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары; слесарь, шебер;
* 1985-1987 - Екібастұз үйқұрылыс комбинаты кәсіподақ комитетінің төрағасы; прораб, шебер;
* 1987-1990 - «Екібастұзқуаттұрғынөнерқұрылым» тресті кәсіподақ комитетінің төрағасы;
* 1990 - Мамандырылған «Қазқуатқұрылым» басшының орынбасары;
* 1991-1992 - «Қазқуатқұрылым» концерн Президентінің орынбасары;
* 1992-1994 - «Жеңіс» ХЖҚ директоры;
* 1994-1997 - «Нико» ЖШС директоры; |
Доулатшаһ Самарканди немесе Доулатшаһ иб Ала ад-Доуле - (1438-1491) - парсы және тәжік жазушысы."Тазкират ош-Шоара" (1487ж аяқталған) трактатының авторы. Бұл еңбекте 350 шақты ақының өмірбаяны туралы әңгімелер мен олардың өлеңдерінен үзінділер, 10-15 ғасырдағы Хорасан мен Орта Азия тарихына байланысты мәліметтер де бар. Трактатқа, сондай-ақ автордың Ә.Науаи, Жәми ақындарға, Хусаи Байқара сұлтанға арнаған өлеңдері де енген.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Дост Мұхаммед - парсы: دوست محمد خان - (23.12.1793-1863) - Ауғанстан әмірі (1834-1863).Ауған жерін біріктірмек болды; жеке хандардың сепаратистік теденцияларына қарсы күресті. Басқа елдермен (Үндістанмен, Ресеймен) сауда байланыстарын дамытты.1834 ж. өзін Ауғанста әмірі деп жариялап, Баракзай әулетінің негізін қалады. Ағылшын отаршылдарына қарсы күресті басқарды. Дост Мұхаммед билік құрып тұрған кезінде Ауғанстан мемлекетінің қазіргі шекарасы қалыптаса бастады.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Тереңкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Антонов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 175 адам (91 ер адам және 84 әйел адам) болса, 2009 жылы 58 адамды (27 ер адам және 31 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жұмат Досқараұлы - (1887 — 6 шілде 1972) — кеңестік қазақ тіл білімінің маманы, диалектолог және ұстаз. Ол қазақ диалектологиясының дамуына зор үлес қосты, осы тақырыпқа арналған 50-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.
## Өмірдерек
1887 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келді. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.
1925 жылы Семей педагогикалық техникумын, ал 1937 жылы Самарқан мемлекеттік университетін бітірді.
Павлодар облысының оқу бөлімінде, Қарақалпақ АКСР-де педагогикалық институтта және Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет атқарған.
1944 жылы «Оңтүстік диалектісінің ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
1945-54 жылдары Жұмат Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі иститутында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы бөліміні меңгерушісі болды.
1954-65 жылдары аға ғылыми қызметкер болды.
### Үлесі
Досқараұлы Қазақстанның барлық аудандарына диалектологиялық экспедиция ұйымдастырып, бағалы материал жинады. Жұмат — қазақ тіл білімі диалектологиясы, семасиологиясы, кәсіби сөздер, тіл тарихы жайлы көптеген ғылыми еңбектерінің авторы. Досқараұлының бастауыш мектептің 2 сыныбына аралға «Ана тілі» оқулығы 1947 жылда 1958 жылға дейін 12 рет басылып шықты.
## Әдебиет
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері, 2-бөл., А.,1955
* Қазақ тілі тарихы мен Диалектологиясының мәселелері, А., 1963
## Дереккөздер |
Долғандар (өз атауы — долган, һака (саха), сах. -{ тыа киһи}-) — Краснояр өлкесіндегі Таймыр автономды округында тұратын халық.2010 жылғы санақ бойынша Ресей Федерациясындағы долғандар саны 7885 адам. Сонымен қатар Саха Республикасы мен Эвенкияда өмір сүреді.
## Этнонимі
Ұзақ уақыт бойы Долғандардың жалпы атауы болған жоқ, оның өкілдері өздерін руының атымен атады. «Долған» этнонимі эвенки руының атынан шыққан және «орта, ішкі, орталық» деп аударылған.1935 жылдан бастап Долғанды «Саха» деп атау ресми түрде қабылданды. Халықтың тағы бір атауы: «тыа-кихи». Якуттар оларды «тыа» деп атайды.
## Этногенезі
Долғандардың қалыптасуы XVII—XIX ғасырларда Енисей губерниясының солтүстігінде болды. Халықтың негізін якут мәдениетінің ықпалына ұшыраған тунгус долган, донгот, эдян, каранто, илимпиадалық эвенктер, тундрендік якуттар мен тундрен шаруалары (орыстар тобы), оленек якуттары, энцтер мен ненецтердің жеке отбасылары құрады. Долғанның құрамына якуттардың, энцтердің, ненецтердің және Таймырдағы орыс ескі тұрғындар жеке отбасылары кірді. Долгандардың дербес топ ретінде түпкілікті қалыптасуы ХХ ғасырдың басында болды.
## Сырт келбеті
Долғандар сыртқы түрі жағынан якут түріне қарағанда тунгус типіне жақын. Сопақ жүзді, маңдайы биік, мінезі ақкөңіл, салмақты. Әйелдер мен қыздар өздерінің жалынды мінезімен, сұлулығымен ерекшеленеді. Ерлер де, әйелдер де шаштарын өріп, бастарына моншақты әшекейлер киген.
## Тілі
Долған тілі түркі тілдерінің якут тобына кіреді. Ол эвенкилердің ықпалында болған якут тілінің негізінде жасалған. Е.И.Убрятованың пікірінше, долған тілі якут тілінің 16 ғасырдың аяғында дулған руының эвенктер арасында, кейінірек эвенктердің басқа топтары арасында таралуы нәтижесінде дамыған.
Долған тілінде норильск, пясинский, авамский, хатангалық және попигай диалектілері ажыратылады.
Орыс әліпбиіне негізделген долған жазуы 1970 жылы ресми түрде қабылданды. Екі жылдан кейін оның негізінде бірінші Долган праймері жарық көрді. Осыдан кейін Таймыр мектептерінің бастауыш сыныптарында тіл оқытыла бастады.
## Діні
Долғандар православие дініне сенеді. Ортақ сенім долғандардың біртұтас этникалық қауымдастыққа бірігуінің бір факторы болды. Дәстүрлі табынушылықты (шаманизм, табиғат күштерін құдайландыру, анимизм) ұстанушылар бар. Анимизм, атап айтқанда, аңшылық пен балық аулаудың меценаттары саналған сайтандарға (ерекше пішінді тастар, ағаштар және басқа заттар) табынуынан көрінеді.
## Тарихы
Долғандар дербес халық ретінде XVIII-XIX ғғ. жекеленген. Якут және эвенкілік тайпалардың, сонымен бірге Таймырдағы орыс тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты.Долғандардың ата-бабалары қазіргі қонысына Вилюй, Муна, Оленек өзендері жағалауынан қоныс аударған. 18 ғасырда долғандар Норильск көлі мен Боганида өзенін бойлап, көшіп-қонып тіршілік еткен. Лена өзенінің жағалауына қоныс тепкен долғандар көп ұзамай-ақ өздерінің этникалық дербестігін жоғалтып сахалармен араласып кеткен. 17 ғасырдың 2-жартысынан бастап Таймыр өлкесіне сахалар да келіп қоныстана бастады. Сөйтіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан басқалардан жоғары деңгейде тұрған сахалардың тілі көп тілді тайпалардың ортақ тіліне айналған.
## Кәсібі
Долғандар бұғы өсірумен шұғылданады, бағалы аң терісін өндіреді, балық аулаумен айналысады. Басты көліктері - бұғы. Туысқандар мен көршілер бірге киік пен құс аулады, бірге балық аулады, олжа ортақ болып саналды және рудың барлық мүшелеріне ортақ болды (теріден басқасы - аңшының меншігі болды).Долғандардың сәндік-қолданбалы өнері бай және алуан түрлі. Долғандар түрлі-түсті жіптер мен моншақтармен кесте тігуімен, металдан жасалған зергерлік бұйымдармен, бұғы мен мамонт сүйектерін оюмен, үлбір мозаикалары мен инкрустацияларымен танымал. Әрбір киім ою-өрнектермен безендіріп, оларды нағыз өнер туындыларына айналдырады. Тұрмыстық техника мен интерьер заттары да әдемілігімен және өзіндік ерекшелігімен таң қалдырады.
## Өмір салты
Долған жанұялары патриархалдық, негізінен шағын болды. Туыстық қатынас ер адам тұқымы бойынша есептелді. Бұрын ер адамдар келген қонаққа қызын немесе қарындасын сата алатын, егер оның көңілінен шығу керек болса, оны тегін беретін. Бүгінде бұл әдет-ғұрып жоқ. Қыздар бұрынғыдай әкесіне мойынсұнады, бірақ күйеу жігітті өз бетінше таңдауға тырысады және қысыммен үйленуге бейім емес.
### Дәстүрлі баспаналары
Долғандардың тұрғын үйлері өте алуан түрлі - орыс лашығы, якут балаганы, тунгус чумы, голомо.Бұрын бөренеден, ағаштан чум тұрғызып, төбсін бұғы терісімен жапқан. Кейін ұзын табан шанаға ағаштан терезесі, ішінде темір пеші, жиҺазы бар нарта тұрғызатын болған. 1931 ж. Таймыр (Долган-Ненец) автономды округы құрылғаннан бастап аңшылық кәсіпшілігі жаңадан жабдықталып, қайта құрылды. Халық отырықшылыққа көшті. Жаңа елді мекендер пайда болып ағаш үйлер тұрғызыла бастады.
### Дәстүрлі киімдері
Долғандардың сырт киімі, мата кафтан, оның астында матадан тігіп, тар жиегімен және көптеген түймелермен безендірілген орыс жейделері, шалбарлары мен көйлектерін киді. Қыста долғандар бұғы жүнінен жасалған күртеше немесе сокуи киді – сыртқы жағынан қалпақшасы бар бекіткішсіз киім киетін. Қыста долғандар бұғы камусынан қысқы аяқ киім тіккен, ал жазда моншақтармен безендірілген ровдуга киген. Қазіргі уақытта Таймыр ауылдарындағы ұлттық долған киімдері мереке күндері әлі де қолданылады.
### Дәстүрлі тағамдары
Бұғы еті әрқашан долған асханасының негізгі өнімі болды. Олар оны қайнатып, ысталған, мұздатылған күйінде жеді. Аңшылар мал сойылғаннан кейін бірден шикі бүйрек, бауыр мен етті жеп, миын қуырған. Халықтың дәстүрлі деликатесті отқа пісірілген жас бұғы мүйіздері болды. Балықтан қыста строганина, юкола дайындалды.Өсімдіктер халықтың рационында жоқтың қасы. Бір қызығы, біркелкі тамақтануға қарамастан, Долгандар цинга және авитаминоздың басқа түрлерімен ауырмаған.
### Фольклоры
Долған фольклорында өзіндік ерекшеліктері олонхо, эвенки аңыздары, орыс ертегілері т.б. якут фольклорының элементтерімен ұштасуы. Түпнұсқа фольклорлық жанрлар солтүстік пен көшпелі өмірдің шынайы болмысын көрсетеді. Фольклордың келесі жанрлары ажыратылады: жұмбақтар, жырлар, ертегілер, аңыздар, әңгімелер. Жануарлар, сиқыр және күнделікті өмір туралы ертегілер қазіргі уақытта ең көп таралған жанр. Аңыздар мен әңгімелер ежелгі тайпалық, тайпааралық және руаралық қатынастарды көрсетеді. Қысқа лирикалық, махаббат және ұзақ әндерді «әншілер» импровизациялайды. Жұмбақтар балалар мен ересектер арасында кеңінен қолданылады. Мақал-мәтелдер негізінен якуттардан алынған.
Якуттардан долғандар пластинкалы варган – металл тіл түріндегі музыкалық аспапты да қабылдаған. Эвенктерден "Хейро" дөңгелек биін және кейбір ертегілік мотивтерді мұра етті. Дегенмен, Долған ертегілерінде орыс Иван Царевичті де кездестіруге болады. Долғандардың материалдық мәдениеті негізінен солтүстік халқының тұрмыс-тіршілігіне негізделген.
## Қазақстандағы долғандар
Долғандар Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы долғандардың саны:
* 1970 жылы - 17 адам;
* 1979 жылы - 18 адам;
* 1989 жылы - 56 адам;
* 1999 жылы - 25 адам;
* 2009 жылы - 3 адам.
## Сілтеме
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Долғандар
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Долғандар
## Дереккөздер |
Дон Кеңес Республикасы - облыстық әскери-революциялық комитеттің декреті бойынша 1918 ж. 23 наурызда құрылды. РКФСР-дің құрамына кірді. Орталығы - Дондағы Ростов.
1918 ж. 9-14 сәуірде Дондағы Ростовта өткен жұмысшылар мен казактар депутаттары Советтерінің 1-ші съезді Дон Кеңес Республикасының Орталық Атқару Комитеті (ОАК) мен Халкомсовы сайлады. Республиканың басшысы - ОАК төрағасы болып казак-большевик В. С. Ковалёв сайланды.
Дондағы азаматтық соғыс нәтижесіде 4 мамыр 1918 ж. іс жүзінде республика жойылды.
Ресми түрінде Дон Кеңес Республикасы 1918 жылы 30 қыркүйекте Бүкіл Россиялық ОАК-тын декреті бойыша таратылды.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Данияр Маратұлы Елеусінов (1991 жылы 13 наурызда туған, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
* Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы
* 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы
* 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті
* 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы.
* 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы
* ҚР Кубогы-2012 чемпионы.
* 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
## Отбасы
* Атасы – жас кезінде күресші болған, 43 жыл ұстаздық қызмет атқарған.
* Әкесі - Елеусінов Марат Тәліпұлы (14.01.1961), ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокс жаттықтырушысы-оқытушысы біліктілігі жоғары.
* Анасы - Ғалия Нұрмұханова (1961 ж.т.) дене шынықтыру мұғалімі, 1984 жылы үйленген, Қазіргі уақытта үй шаруасындағы әйел.
* Әпкесі - Динара (1984 ж.т.), кәсіби хореограф, сержант, аға нұсқаушы - Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының би ансамблі.
* Ағасы - Дәурен (25.05.1986), бокстан тәжірибесі 12 жыл, 2006 жылы студенттер арасында бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, бокстан ҚР спорт шебері. Қазіргі таңда кәсіби боксшы, 2014 жылдан бастап АҚШ, Бруклинде жаттығады, 2010 жылы Балнұр есімді қызға үйленді.
* 2014 жылы Алина есімді қызға үйленді, ерлі-зайыптылардың 2015 жылдың 27 тамызында Даниэль есімді ұлдары дүние есігін ашты.
* Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан.
## Қызықты деректер
* 2015 жылы Елеусінов отбасы Астанада өткен қалалық конкурсында «Мерейлі отбасы-2015» атағын жеңіп алды.
* Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
* Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақта қатысады.
* Олимпиада ойындарында 69 кг-ға дейінгі бокс категориясы шынымен де қазақтың салмағы болды! Осы санаттағы төрт Олимпиада қатарынан тек қазақ боксшылары: Бақтияр Артаев (2004 — Афина), Бақыт Сәрсекбаев (2008 — Пекин), Серік Сәпиев (2012 — Лондон) және Данияр Елеусінов (2016 — Рио-де-Жанейро) чемпион атанды.
## Сілтемелер |
Түрліжапырақты қызғалдақ (лат. Tulipa heterophylla) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік.
Биіктігі 5 - 15 см,пиязшығы ұзынша жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1- 1,5 см,жұқа қабықты,қара қоңыр,жалаңаш,сабақтың түбі қабықпен қоршалған,ұшы созылыңқы. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны екеу,едәуір қайрылған,қарама-қарсы орналасқан,сызықты таспа тәрізді,тегіс,гүлден аспайды. Гүлі біреу,әдетте бір шетіне шамалы иілген;гүл серігі сары,сырты жасыл,ұзындығы 15 - 30 мм,доғал,кері сопақша таспа тәрізді,тең ; аталықтары гүл серігінен 1,5 есе қысқа,олардың жіпшелері сары,жалаңаш,тозаңдықтары сопақша эллипс тәрізді,ұзындығы 2,5 мм, сары; түйіні аталықтарына тең,бағаны ұзын;қорапшасы жіңішке цилиндрлі,ені 0,5 мм,ұзындығы 2 - 3,5 см,ұзын тұмсықты.
Маусым - шілде айларында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы. Таудың альпілік белдеуіндегі тасты және шалғынды жерлерінде өседі.Іле,Күнгей Алатауында,Кетпен,Теріскей Алатауында кездеседі.
Ескерту: Алғашқыда 1868 жылы бұл <<қызғалдақты>> Э.Л.Регель Orythyia туысының түрі ретінде сипаттап жазды.Одан кейін 1874 И.Бейкер бұл түсініксіз өсімдікті қызғалдақтарға жатқызады.Гүлдің әдеттен тыс түріне қарап.1936 жылы М.Г.Попов оны қызғалдақтан алып,жаңа туысқа жатқызып,Э.Л.Регельдің құрметіне << Эдуардорегелия>> (Eduardoregelia heterophylla M.Pop.) деп атады.Кейбір жүйелеушілер тіпті гүл туыстығын сепкілгүлден (Fritillaria) іздеді.Қазіргі кезде бұл өсімдікті қайтадан қызғалдақ деп есептейді.Tulipa туысының жалпы сипаттамасына қарасақ,тұқымы жалпақ үшбұрышты қоңыр түсті десе,онда бұл <<қызғалдақтың>> нағыз қызғалдақпен ортақ ештеңесі болмайды.Тұқымы бұрышты цилиндрлі жауқарын (Erythronium) тұқымына ұқсас,бірақ өзіндік қосалқының дамымағанымен ерекшеленеді.Сонымен қатар,түрліжапырақты қызғалдақты тұқымынан өсіру,жауқарын сияқты өте қиын болып шықты.
## Дереккөздер
Қазақстан қызғалдақтары Энциклопедиясынан |
Биіктігі 20 - 50 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1,5 - 4 см,өте қатты терілі,қара қоңыр,жер бетіне дейін созылған,ішкі жағы қалың (кейде шамалы бұйра) түкті қабықты.Сабақтың жербеті бөлігі жерасты бөлігіне тең немесе ұзындау,гүл силамымен бірге жалаңаш;жапырақ саны төртеу,қайырылған немесе шамалы бүгілген,алшақ орналасқан,көкшіл сұр,жалаңаш,жиегі бұйра,тегіс,әдетте гүлде едәуір жетпейді,төменгісі таспа тәрізді немесе сызықты таспа тәрізді,ені 1,5 - 2,5 см.Гүлі біреу;гүл серігі сары,қызғылт сары немесе қызыл,әдетте тек ішкі жағының төменгі бөлігі қоңыр күлгін немесе қара күлгін дақты,ұзындығы 2,5 - 7 см,ұшы бірден сүйірленген қысқа сирек түктенген,сыртқылары кері жұмыртқа тәрізді немесе ұзынша ромб тәрізді,ішкілері кері үшбұрышты таспа тәрізді немесе кері үшбұрышты жұмыртқа тәрізді;аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа,жіашелері жалаңаш,сары немесе жоғарғы жағы қара күлгін,тозаңдықтары сары,жіпшелеріне тең;түйінінің аналық аузы орнықты;қорапшаның қалыңдығы 1 - 1,5 см,ұзындығы 2,5 - 3 см.
Сәуір айында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы Құмда немесе түрлі түсті таужыныстардың жиынтығы бар жерлерде өседі.Қызылқұм мен Түркістан флористикалық аймақтарында кездеседі.
Қазақстанның <<Қызыл кітабына>> енгізілген.
Ескерту:Кей мамандардың пікіріне,Леман қызғалдағы Борщов қызғалдағы (T.borszczowii) және Бем қызғалдағымен (T.behmiana) бірігіп,уш өте жақын туыстас,бір ататектен шыққан шөл түрлерінің тобын құрайды.Олардың көбіне бір түрдің түршесі немесе формасы деп есептейді.
*
## Дереккөздер
Қазақстанның қызғалдақтары энциклопедиясынан |
Қызғалдақ сабағы тік,мөлшері орташа.Пиязшығының жуандығы2 - 2,5 см,жұқа қоңыр қабықты,түбі мен жоғарғы бөлігі сирек түкт.Сабағы жалаңаш,бір түсті,жербеті бөлігі 7 см,гүл шанағының мөлшері 3,5 см.Жапырағы - 3, жалаңаш, кірпікшесіз, төменгі жапырағы 15х3 см ,жоғарғы жапырағы 15х1,5 см.Ішкі күлтелері 3,5х2 см, кері сопақша,сыртқы күлтелері сопақша, гүлі сары,сыртқы жағы қызыл реңді.Аталық жіптері сары,түксіз,8х1,5 мм,тозаңдықтары 6мм,ақшыл қоңыр қара аралас тозаңды.Қорапшасының ұзындығы 1см, жасыл, аналық ауызы сары теңбіл.Леммерс қызғалдағы Іле(T.iliensis), Ферғана (T.ferganica),Теңемесжапырақты (T.anisophylla),сонымен қатар Төртжапырақты (T.tetraphylla) қызғалдақтардан жалаңаш сабағы, жұқа қабығы, сонымен қатар бір ғана гүлінің болуымен ерекшеленеді.Оны Kolpakopwskianae бөліміндегі түрлерден қызыл және сары түстің басым болуына қарап айыруға болады. Түр диплоидты (хромосом саны екі жиынтықты),Kolpakowskianae бөліміндегі ядролық ДНК (36) құрамы ең аз түр болып табылады.
Наурыз айының соңғы күндері мен сәуір айының басында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы. Өте сирек кездесетін эндемик түр.Батыс Тянь-Шаньның тасты тау етегі, Машат өзені шатқалында (Оңтүстік Қазақстан облысы).
*
## Дереккөздер
Қазақстан қызғалдақтары энциклопедиясынан |
Іле қызғалдағы (лат. Tulipa iliensis) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын өсімдік.
Биіктігі 10 - 30 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1 - 2 см,қара қоңыр жұқа қабықты,ішкі жағының ұшы мен түбі жатаған түкті қабықты. Сабағы жалаңаш немесе жоғарғы жағы түкті; жапырақ саны 3 - 4,алшақ орналасқан,қайырылған,сирек бүгілген,жалаңаш немесе кейде жоғарғы жағы түкті,әдетте гүлден аспайды,төменгі жапырағы белдік тәрізді дерлік немесе сызықты таспалы,ені 0,7 - 1,5 см. Гүлі біреу; гүл серігі сары,ұзындығы 2,5 - 3,5 см,сүйір немесе сүйірлеу,сырты күлгін немесе жасыл реңді,эллипсті ромб тәрізді,ішкілері кері сопақша;аталықтары гүл серігінен 2 - 2,5 қысқа,ортасы шамалы кеңейген және екі шеті де жіңішкерген,сары,тозаңдықтары жіптерінен 1,5 есе қысқа,аналық ауызы орнықты дерлік. Сәуір айының соңы мен мамырда гүлдейді.
## Қазақстанда таралуы
Эндемик.Бұталар арасында өседі.Кетпен,Теріскей Алатауында кездеседі. Жалпы таралған жері - Жоңғария (Іле өзенінің жоғарғы ағыны). Ферғана қазғалдағына.Колпаковский қызғалдағына және Төртжапырақты қызғалдаққа жақын түр.
## Дереккөздер
Қазақстанның қызғалдақтары энциклопедиясынан |
Думпкар (ағыл. dump car) - жүкті өзі түсіретін вагон. Ол руданы және әр түрлі құрылыс материалдарын тасуға арналған.Өндірістің ішкі темір жолдарында пайдаланады. 4 жәе 6 осьты. 80 тоннаға дейін жүк көтеретін Думпкарлар бар.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Қаражемсаулы маймаққаз немесе қаражемсаулы гагара (Gavia arctica) - Қазақстанда ұялайтын жалғыз ғана гагара. Түрдің оңтүстікте таралу шекарасы Қазақстанда өтеді (оңтүстікке таман тек қана Ыстықкөлде кездеседі). Бұл-орташа денелі (2,2-3,7 кило) құс. Қауырсын жабыны аққара түсті, ол қанаты, мойнының екі жағында және төсінде әжептеуір жіңішке сызықты жолақтармен алмасады. Тамағында қара дақ бар, құс сондықтан да қаражемсаулы гагара деп аталған. Тұмсығы және аяғы-қара, көзі-қошқыл қызыл. Дауысы көбірек есте қалады-ұялау кезеңінде оғаш ыңқылы жиі естіледі, сондықтан дыбыстар тобы гагараның көзжасы деп аталады. Ұяламайтын уақыттарда бұл - үнсіз құс.Қаражемсаулы гагара теңіз деңгейінен 200-2000 м жоғары алуан түрлі суқоймалар жағасын бойлай өмір сүреді. Қамыс - қоғалы қопалардың болуы - барлық суқоймаларға ортақ. Республиканың солтүстік жартысында таралған. Балқаш - Алакөл қазаншұқырында кездеседі, оны оңтүстікке таман Түркістан қаласының өңірінен табуға болады. Қыста Қызылорданың оңтүстігіне таман Сырдариядан кездесіп қалады. Жылыстау кезінде әр жерден кездесуі мүмкін.Ұясы құстың сырғуына қолайлы болу үшін су жиегіне немесе жапырылған қамысқа, қалқыма заттар үймесіне орналастырылады. Ұя астаушысының түбі ұдайы суда тұра алады. Салындыда 2 қошқыл қара секпілді жұмыртқа болады, оны ата - енелері 4 аптаға жуық басады. Бұдан соң тағы 2 айға жуық қошқыл сұр балапандарын қоректендіріп қамқорлық жасайды.
*
## Дереккөздер
Қазақстан жануарлары сериясы кітабы.Құстар мектеп энциклопедиясы. |
Дарагүл қызғалдағы (лат. Tulipa uniflora) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын өсімдік.
Биіктігі 10 - 20 см,пиязшығының қалыңдығы 1 - 2 см,қара қоңыр,созылыңқы,ішкі жағының ұшы жатаған түкті қабықты.Саны қысқарып бара жатқан түр. Алтай, Тарбағатай таулары мен Зайсан шұңқырында кездеседі. Қазақстаннан тыс Оңтүстік Сібір мен Батыс Моңғолияда таралған. Тау етегінен жоғарғы белдеуіне дейінгі шағыл тасты баурайлары мен құмды жерлерінде өседі. Мәдени өсіру тек Қазақстанда сынап байқалды. Алтай ботаника бағында (Риддер қаласы) жақсы гүлдеп, жеміс береді. Тұқымы арқылы және вегетативті көбейеді. Алматы жағдайында толық төзімді емес. Көшіріп отырғызылған пиязшықтары гүлдейді, бірақ 12 жыл ішінде біртіндеп қурап қалады. Жыл сайын жеміс бермейді және вегетативті өте сирек көбейеді. Батыс Алтай қорығында қорғалады. Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында гүлдейді. Қазақстаннын <<[[Қызыл кітабына>> еңгізілген.
## Дереккөздер
Қазақстаннын қызғалдақтары энциклопедиясынан. |
Биіктігі 3 - 8см , сабағы жоқ дерлік.Пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуаындығы 7 - 10 мм, қабыршақ теріл,қызғылт немесе қара қоңыр,кейінірек қара дерлік, сыртқылары жапырақ түбіне дейін созылған,іші қалың өрмекті тукті қабықты.Сабағы қысқа,көбіне жапырағына дейін топыраққа еніп тұрады; жапырағы екеу,әдетте жерде жатады,жақын орналасқан,қарама-қарсы дерлік, сызықты, науа тәрізді, ені 5 - 10мм, жасыл,жалаңаш,ұшы доғал,гүлден 2 - 3 есе биік.Гүл саны - 2 - 7,гүл сидамы жетілмеген,сондықтан жақын орналасып,шоқ түзеді,тең,ұзын, гүлден 2 - 3 есе биік, гүл сағағы жоғары шығып тұрады,гүл шанағында да,жемісінде де тік; гүл серігі жапырақтарының ұзындығы 10 - 20 мм, ақ, түбі сары және ішкі жағы тарамды, жалпақ таспа тәрізді, сүйір, тең дерлік, сырты қызғылт немесе күлгін, ішкілері сыртқысынан шамалы жалпақтау; аталық жіпшелері сары, түкті, тозаңдықтары сызықты; қорапшасы сопақша,тік.
Наурыз - сәуір айларында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы. Эндемик. Қаратау жотасның орта белдеуі мен тау етегіндегі сазды және тасты жерлерде өседі
*
## Дереккөздер
Қазақстан қызғалдақтары энциклопедиясынан. |
Биікті 10 - 25 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1 - 2 см,қара қоңыр немесе қоңыр,қағаз тәрізді,ішкі жағы тегіс түкті қабықты.Сабағының жоғарғы жағы түкті,жапырақ саны - 2 - 4,шамалы қайырылған,жақын орналасқан,бұйра,түкті,кірпікшелі,жалғыз гүлден аспайды,төменгі жапырағы жұмыртқа тәрізді немесе сопақша жұмыртқа тәрізді,ені 1,5 - 3 см,доғалдау.Гүлі біреу;гүл серігінің ұзындығы 2 - 4 см,тең,ақсары немесе сары,сыртқыларының сырты күлгін реңді,сопақша ромб тәрізді,сүйір немесе сүйірлеу;сыртқысынан сәл ғана қысқа,ішкілері кері сопақша,доғал;аталықтары гүл серігінен 2 есе қысқа; жіпшелері жалаңаш,сары,тозаңдықтары жіпшелерінен 1,5 есе қысқа; түйіні аталықтарынан 1,5 қысқа аналық ауызы орнықты дерлік.
Мамыр - маусым айларында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы. Биік тау белдеуіндегі ұсақ топырақты және шағыл тасты беткейлерде өседі. Батыс Тянь-Шаньда кездеседі.
Ескерту: Кейбір таксономистер күмәнді қызғалдақтың жеке түр екеніне күмән келтіреді.Олардың ойынша,бұл небары Кауфман қызғалдағының (T.kaufmanniana) түршесі.Олардың өте жақын туыстығының жақында жүргізілген ДНК зерттеуі де көрсетіп берді.
*
## Дереккөздер
Қазақстанның қызғалдақтары энциклопедиясынан |
Биіктігі 10 - 25 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1 - 1,5 см,жұқа қағаз тәрізді дерлік терілі,қара қоңыр,ішкі жағынан ұшы және түбі жатаған түкті қабықты.Саны мен таралу аймағы қысқарып бара жатқан түр. Түрдің таралу аймағы Қазақстанда орналасқан. Оған республиканың солтүстік аймағы дерлік түгел кіреді, шығыста Алтай тауларын қосқанда, Арал маңынан және оңтүстікте Орталық шоқыларға дейін таралған. Сонымен қатар, Ресейдің Волга-Дон аудандарында және Батыс Сібірдің оңтүстігінде кездеседі. Шағыл тасты беткейлерде, далаларда, жиі жазықтықтар мен тау етегіндегі сортаң топырақтарда өседі. Құрылысы жағынан жауқазынға ұқсас, әсіресе Гербарийден айыру қиын. Сондықтан екі түрді айыру мүмкін емес. Өте әдемі түр, гүлінің алуан түсімен ерекшеленеді, аппақ қардай түстен қызғылт- ақшыл көк түске дейін ауытқиды. Тұқымымен, өте сирек вегетативті көбейеді. Көптеген ботаника бақтарында жақсы өседі. Алғашқы гүлдеу кезеңі өте ұсақ, Алматы қаласында екпе көшеттері жетінші жылы гүлдейді. Табиғаттағы популяциясының саныгүл шоқтарына жинау және жер жырту әсерінен азайып отыр. Бірен-саран популяциялары Науырзым және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Қарқаралы мен Баянауыл ұлттық парктерінде қорғалады.
Сәуір - мамыр айларында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы. Далалы,сортаң жерлерде. шоқылардың шағыл тасты және сазды беткейлерінде өседі. Тобыл-Есіл, Ертіс, Көкшетау, Торғай, Қарқаралы, Зайсан,Арал маңы,Қызылорда флористикалық аймақтарында, Батыс пен Шығыс шоқыларында, Алтайда кездеседі.
*
## Дереккөздер
Қазақстан қызғалдақтар энциклопедиясынан |
Зинаида қызғалдағы (лат. Tulipa zenaidae) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын, сабағы күлгін реңді, биіктігі 10-15см болатын, жарық аз түсетін жерлерде 40 см-ге дейін жететін қызғалдақ түрі. Пиязшығының қалыңдығы — 3см, терілі, қара және қара қоңыр, ішкі жағының ұшы мен түбі жатаған түкті қабықты. Жапырақ саны үшеу, үлкен, ұзынша, ашық түспен жүйкелеген көкшіл-сұр түсті, жалаңаш.Гүлі біреу, сары, сыртқы жағы қызыл, ұзындығы — 5 см. Сабағы қысқа. Гүл серігінің сыртқы жапырақтары ұзынша немесе жіңішке ромб тәрізді; ішкілері кері сопақша. Гүл ортасы қара жұлдыз сияқты. Аталық жіпшелері сары немесе қара. Тозаңдықтары сары. =Сәуір—мамыр айларында гүлдейді.
## Қазақстанда таралуы
Таудың төмеңгі белдеуіндегі ұсақ топырақты және шағыл тасты беткейлерінде, түрлі шөптесінді-бетегелі далада және бұталар арасында өседі. Қазақстан жеріндегі Қырғыз жотасында кездеседі.
Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген. |
Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) Anser тұқымына жататын «сұр» қаздардың арасындағы ең кішкентайы. 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды. Қазіргі таңда шиқылдақ қаздың әлемдік популяциясының 99,9% Ресейде және 40 жұптан құралған кішігірім топ Норвегияның солтүстік шығысында қоныстанған. Әлемдік популяция саны шамамен 25-35 мың қазды құрайды. Шиқылдақ қаздың Еуропа елдерінен мүлде жоғалып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да бұл қаз түрінің табиғатта сақталып қалуы Ресей мен Қазақстандағы ұялау және қоныс аудару жолдарында атқарылатын сақтау жұмыстарына тікелей байланысты.
« Көктемде қаздар мен суда жүзетін басқа да құстарды атуға тыйым салу сиреп бара жатқан құс түрлерін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Қазіргі таңда шиқылдақ қаз құрып бара жатқан құс ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», - делінген хабарламада.
Шиқылдақ қазды көзінің айналасындағы жарқын сары дөңгелек сызықтан ажыратуға болады. Тұмсығы қысқа, кішкентай, үш қырлы, ақшыл қызғылт. Жоғары маңдайына байланысты, басы дөңгелек көрінеді. Маңдайындағы ақ дақ ұзарып көзіне дейін, кейде төбесіне дейін жетеді. Басы мен мойны төсіне қарағанда қошқылдау. Аяғы сары, қызғылт сары. Жас қаздардың тырнақтары қара, ал басында ақ дағы болмайды. Денесінің ұзындығы 53-66 см, салмағы 1,3-2,3 кг.
Биыл шиқылдақ қаз туралы брошюралар мен постерлер дайындалады. Қызыл кітапқа енгізілген құс туралы материалдар тұрғындарға, әсіресе Қазақстанның солтүстігіндегі аңшылар мен қорықшыларға таратылады. Қазақстанда аулауға рұқсат етілген ақ тұмсық қазға өте ұқсас келетін шиқылдақ қазды солтүстік өңірлерде ғана кездестіруге болады.
## Дереккөздер
Құстар ментеп энциклопедиясы |
Әбілқас Сағынұлы Сағынов (27 желтоқсан 1915 жыл, Баянауыл, Павлодар облысы - 2006) - Социалистік Еңбек Ері (1971), тау-кен маманы, техника ғылымының докторы (1967), профессор (1958), ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970). Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
## Еңбек жолы
* Днепропетровск тау-кен институтын бітірген соң 1939 — 1951 жылдары Қарағанды көмір шахталары мен трестерінде басшылық қызметтерде болды.
* 1951 — 1955 жылдары - Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының директоры.
* 1955 —1958 жылдары - Қарағанды тау-кен институтының ректоры.
* 1958 — 1991 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының ректоры.
* 1991 — 2001 жылдары - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтында директор.
* 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми кеңесші.
* Негізгі ғылыми еңбектері көмір қабаттарын қолайлы жүйелермен өндіруге, тау-кен техникасын кемелдендіруге, жер асты құрылыстарының беріктігін зерттеуге, шахта алаңдарын аршу және дайындау сұлбаларын жетілдіруге арналған. Сағынов пайдалы қазба орындарын игерудің кешенді механизациясы мен технологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаған. Сағыновтың басшылығымен және тікелей қатысуымен Қарағанды көмір бассейнінде алғаш рет кертпешті және үшқабатты қазу, күкіртті газы бар қаттарды қазудың технологиясы, массивті физикалық-химиялық беріктеу, т.б. бойынша кешенді тәжірибелік жұмыстар мен өндірістік сынақтар жасалды.
## Еңбектері
* 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде монографиялар, авторлық куәліктер мен патенттер бар.
* Тау-кен жыныстарының механикасы жөніндегі 2-(Белград, Югославия, 1970) және 3-(Денвер, АҚШ, 1974) Халықаралық конгрестерге қатысып, онда баяндама жасаған.
## Жетістігі
* Техника ғылымдарының докторы (1967)
* Профессор (1958)
* ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970)
* ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986)
* Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995)
## Наградалары
* 2 мәрте Ленин ордені
* Халықтар Достығы ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1971)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Әбілқас Сағынұлы Сағынов (27 желтоқсан 1915 жыл, Баянауыл, Павлодар облысы - 2006) - Социалистік Еңбек Ері (1971), тау-кен маманы, техника ғылымының докторы (1967), профессор (1958), ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970). Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
## Еңбек жолы
* Днепропетровск тау-кен институтын бітірген соң 1939 — 1951 жылдары Қарағанды көмір шахталары мен трестерінде басшылық қызметтерде болды.
* 1951 — 1955 жылдары - Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының директоры.
* 1955 —1958 жылдары - Қарағанды тау-кен институтының ректоры.
* 1958 — 1991 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының ректоры.
* 1991 — 2001 жылдары - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтында директор.
* 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми кеңесші.
* Негізгі ғылыми еңбектері көмір қабаттарын қолайлы жүйелермен өндіруге, тау-кен техникасын кемелдендіруге, жер асты құрылыстарының беріктігін зерттеуге, шахта алаңдарын аршу және дайындау сұлбаларын жетілдіруге арналған. Сағынов пайдалы қазба орындарын игерудің кешенді механизациясы мен технологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаған. Сағыновтың басшылығымен және тікелей қатысуымен Қарағанды көмір бассейнінде алғаш рет кертпешті және үшқабатты қазу, күкіртті газы бар қаттарды қазудың технологиясы, массивті физикалық-химиялық беріктеу, т.б. бойынша кешенді тәжірибелік жұмыстар мен өндірістік сынақтар жасалды.
## Еңбектері
* 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде монографиялар, авторлық куәліктер мен патенттер бар.
* Тау-кен жыныстарының механикасы жөніндегі 2-(Белград, Югославия, 1970) және 3-(Денвер, АҚШ, 1974) Халықаралық конгрестерге қатысып, онда баяндама жасаған.
## Жетістігі
* Техника ғылымдарының докторы (1967)
* Профессор (1958)
* ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970)
* ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986)
* Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995)
## Наградалары
* 2 мәрте Ленин ордені
* Халықтар Достығы ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1971)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Жанбақты - Кіші жүз Байұлы рулар бірлестігідегі Байбақты руының бір атасы.
Шежіре деректері бойынша Жанбақтыдан Әйтімбет (одан Шола, Ақберді), Қара (одан Тоқсаба, Сүгір, Бұғанай, Жаманбақты, Жарас) ұрпақтары тарайды. Ертеде олар Орал, Ілбішін уездері мен Бөкей ордасы мекендеген.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Жақайым - Кіші жүз Әлімұлының Шектісінен тараған ру. Ақбура, Көкбура, Ағыс, Көгіс деген аталарға бөлінеді. Шектінің үлкен баласынан туғандықтан Шекті рулары "аға баласы" деп атап кеткен. Сыр бойының жоғарғы ағысы мен Арал теңізінің маңы және Жем өзенінің бойын мекендеген.
Н.А.Аристовтың айтуынша, 19 ғасырдың аяғында Әлім ұлы руларының түтін саны 44,4 мың,оның ішінде Жақайымның түтін саны 5 мың болған. Таңбасы Әлім ұлының тайпасының таңбасымен бірдей. Жақайым руынан елге белгілі тұлғалар шыққан. Олар: Қыз Жібек, Сартай батыр (Жау жүрек мың бала),Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (жазушы), Нұртуған Кенжеғұлұлы (ақын)т.б.
## Дереккөздер |
Шитұмсық айқабақтар туысы ( Lusciniola ) - торғайтәріздестер отрядының сандуғаштар тұқымдасқа жататын монотипті құстар туысы.Қазақстанда 1 түрі - шитұмсық айқабақ кездеседі.Шитұмсық айқабақтар туысы ( Lusciniola melanopogon ) - үстіңгі жағы қошқыл, астыңғы жағы ақшыл, шағын денелі (12 -15 г) айқабақ. Ерекшелігі : денесінің үстіңгі жағы қошқыл, басын бойлай созылған жолақтары бар және қабағы айқын ақ түсті. Мінез - қылығы кейде шілделікті еске түсіреді : қалың қопада ұзақ еркінсиді, қауіп төнген кезде, мылтық атқан дауыс естілсе, көпке дейін жасырынып қалады. Қазақстанда жазықтық суқойма жағалауында, қамыс, құрақ немесе қалың бұта өскен жерлерде ұялайды. Ұшып өткен кезде барлық жерден кездесуі мүмкін, бірақ билік таулы жерлерге ешқашан ұшып бармайды.Бұл бой тасалағыш айқабақтың ұялау тіршілігі Қазақстанда егжей - тегжейлі тексерілмеген. Жеке - жеке жанама мәліметтер бойынша оның ұялау мерзімі сәуірден шілдеге дейін созылатыны ғана мәлім. Қыркүйекте оңтүстікке ұшып кетеді.
*
## Дереккөздер
Қазақстан жануарлары сериясы. Құстар мектеп энциклопедиясы |
Жаманбай - Шежіре бойынша Орта жүз, Қоңырат тайпасының (ол Көтенші, Көктіңұлы болып екі үлкен тарауға бөлінеді) Көтеншісінен тараған бес рудың (Жетімдер, Жаманбай, Божбан, Саңғыл, Маңғытай) бірі. Жаманбай - Қоңыршұнақ, Жиембет, Борай, Құйысқансыз, Ақболат, Қайрақ, Қараша, Жанай, Алти, Қырғызәлі, Кекеш, Ноғай, Жауғашты, Шоқпарлы, Қира, Құрбан деген аталарға бөлінеді. Жаманбай әулеттері Қызылорда, Шымкент облыстарын мекендеген. Ұраны - Алатау (Қоңыраттың ұранымен бірдей).
* Қоңырат тайпасы
* Көтенші
* Жаманбай
Қоңыршұнақ, Жиембет, Борай, Құйысқансыз, Ақболат, Қайрақ, Қараша, Жанай, Алтый, Қырғызәлі, Кекеш, Ноғай, Жауғашты, Шоқпарлы, Қира, Құрбан.
## Тұлғалар
* Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев
* Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев
### Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Юдинка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 67 адам (35 ер адам және 32 әйел адам) болса, 2009 жылы 16 адамды (9 ер адам және 7 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Боралдай ауылдық округі – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр ауылдары кіреді. Орталығы – Көлтоған ауылы.
Жер көлемі, жалпы 332,8 шаршы шақырым. 3 ауылда 3 орта мектеп, балабақша, ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 клуб, 3 кітапхана жұмыс істейді.
## Бұрынғы Қоғалы ауылы туралы
Ауылдық округ аумағында 1980 жылдарға дейін "Қоғалы" аталатын елді мекен болған. Жері шұрайлы, шөбі шүйгін бұл өңір мал өсірген қазаққа ете қолайлы мекен болған. Жер ауып, арып-ашып кеткен қыпшақтарды жергілікті халық мүсіркеп, бауырларына тартып, "ертерек қатарға қосылсын" деп оларға осы жерді берген екен.
## Дереккөздер |
Жалпақ асар - ежелгі қаланың (б.з.б. 3ғ. - б.з. 3ғ.) орны. Қызылорда облысының Жосалы стансасының оңтүстік-батысында 45 км жерде орналасқан. Жалпақ асарды 1946-48 ж. С.П.Толстов бастаған Хорезм эскпедициясы зерттеген. Қаланың құрылыс материалдары - сабан араластырып құйылған күйдірілмеген кірпіш. Қоныстан әр түрлі формадағы көзелер, мал сүйектері табылды. Қазбадан табылған заттарға қарағанда Жалпақ асардың халқы мал өсіріп, егін еккен.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Шолақөзек — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстікке қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 218 адам (110 ер адам және 108 әйел адам) болса, 2009 жылы 144 адамды (78 ер адам және 66 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мыңбұлақ ауылдық округі – Абай облысы, Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ай, Ақтас, Ескенебұлағы, Желдіқара, Кеңқолат ауылдары кіреді. Орталығы – Ай ауылы.
## Дереккөздер |
Боралдай ауылдық округі – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақжар, Амансай, Боралдай, Жоғарғы Боралдай, Жыланды, Қаратас, Сарыбұлақ, Тайманов, Талап, Теректі, Түйетас ауылдары кіреді. Орталығы – Боралдай ауылы.
## Дереккөздер |
Мыңбұлақ ауылдық округі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақбұлақ, Бестоғай, Қайнарбұлақ, Қосбұлақ, Мәдениет, Мыңбұлақ ауылдары кіреді. Орталығы – Мыңбұлақ ауылы. Округ құрамында болған Нұра ауылы 2023 жылы таратылды.
## Дереккөздер |
Ақтөбе — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Қызыларық ауылдық округінің құрамына қарайтын бұл ауыл 1991 жылға дейін "Габаевка" деп аталған. Бұл да Ресейден қоныс аударған переселендердің ықпалы. Ақтөбе деген тарихи атауы қайтарылды.
Бұрын бұл жерде биік төбе болған. Топырағы ақберішті бұл төбе алыстан ағарып көрінеді екен. Сонан Ақтөбе аталып кеткен.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшерлік, ауылдық клуб жұмыс істейді. Ауыл Алматы темір жолының солтүстік беткейінде. Елді мекен арқылы Бауыржан Момышұлы- Бәйтерек (Октябрское) автомобиль жолы өтеді.
Ауылдың солтүстігінде екі шақырым жерде Қаратауды бөктерлей Теріс өзені ағады. Жағасы қалың тоғай.
## Дереккөздер |
Алатау — Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Алатау алқабында орналасқан елді мекен. Бұрын Ресейден қоныс аударған Андреев есімді кулактың атымен аталып келген ауыл 1992 жылы орналасқан жерінің табиғи-географиялық ерекшелігіне қарай "Алатау" деп қайта аталды.
Бұл ауыл бұрын "Бурный" атындағы ұжымшар болатын. 1950 жылдардың соңына қарай "Бурный" әскери кеңшарының құрамына енді. Кеңшар тараған соң мұнда жеке шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл қазір Қызыларық ауылдық округі құрамына қарайды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан шығысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
## Ауыл маңы табиғаты
Қамалған сайы - Алатау алқабындағы жан-жағы тік жартастардан тұратын терең жыра бар. Оны халық "Қамалған сайы" деп атайды. Бұл жаугершілік заманнан қалған атау. Қазақ жасақтары қолға түскен жоңғар жауынгерлерін топ-тобымен осында әкеліп қамап, жан-жағына қарулы күзет қойған екен.
Қисық сай - Алатау алқабындағы сайлардың бірі, өзі ирек-ирек болған соң осылай аталған.
Борсық сай - Алатау аңғарында, жабайы борсықтар көп болғандықтан аталған сай.
Тобышақты сайы - Алатау алқабындағы үлкен сай. Басталар жағында қалың тоғай, тобылғы өседі. Бұрын бұл жерде ауыл болған. Ұлы Отан соғысынан кейін оңтүстіктегі мақталы алқаптарының көлемін ұлғайту үшін Мақтаарал жағында үлкен каналдың құрылысы басталғаны мәлім. Сол кезде Тобышақты ауылының тұрғындары жаппай канал құрылысына жіберілген. Құрылыстан кейін сол тұрғындардың біразы елге қайтқанымен, көпшілігі сонда қалып қойды. "Тобышақты" сөзі сол ауылды мекендеген аз ғана елдің "шағын тобы" дегенді білдіреді.
Шоңқара сайы - ауыл маңындағы үлкен сай. Ертеректе іргелес жатқан қырғыз елінің алып денелі ірі тұлғалы атақты ұрысы өз елінен қашып, осы өңірге сіңісіп кеткен көрінеді. Меймандос қазақ ағайын оған жанашыр болып, жер беріп, осы сайдың басына орнықтырған көрінеді. Бұл сай "Шоңқара" атанған. "Шоң" қырғыздың үлкен, дәу мағынасын білдіретін сөзі.
## Дереккөздер |
Ақбастау — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округіне қарасты ауыл. Маңында ақ кірпіштің арасынан шығып жатқан мөлдір бастау. Сол бастаудың атына сәйкес елді мекенге 1993 жылы осындай атау берілді. Бұл ауылдың бұрынғы атауы "Ясная поляна" селосы болатын. Айналасы ашық, көк майсалы алқап болған соң осылай аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстігінде 2 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бақалы бірнеше елді мекен атауы:
* Бақалы — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл.
* Бақалы — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл. |
Нұрлыкент (2007 жылға дейін – Бурнооктябрьское) — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Нұрлыкент ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстік-шығысына қарай 7 км-дей жерде, Теріс-Ащыбұлақ бөгенінің батысында орналасқан. Тауға тән шалғынды-боз және сұр топырақ қалыптасқан құрғақ қоңыржай-жылы агроклиматтық белдемде жатыр. Онда бетеге, боз, көде, күйреуік, т.б. астық тұқымдасты шөптер өседі.
## Халқы
Ауылда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Оқу-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. Нұрлыкент арқылы Алматы — Шымкент автомобиль жолы өтеді.
## Тарихы
Бурнооктябрь - аудандағы ең көне елді мекендердің бірі. Іргетасы 1917 жылғы Қазан төңкерісі алдында қаланған. Теріс өзенінің солтүстік беткейіндегі осы бір шұрайлы жерді қызыл көрген түлкідей бас салған Ресей переселендері көше тіліп, үй сала бастайды. Өздері Теріс өзенінің балғын балығын аулап, оның суымен егіс алқаптарын суарған. Селоның атын Иванов есімді кулактың құрметіне Бурно-Ивановск деп атайды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін селоға Бурнооктябрьское деген атау берілді.
Теріс өзенінің солтүстік қапталынан Қаратау жоталарының етегіне орналасқан Бурнооктябрский селосының айналасы таулы алқап. Бұл өңірде жабайы тау сағызы қалың өсетіндіктен ХІХ ғасырдың 20 жылдары бұл өңір орыс ғалымдарының назарын көп аударған. Орталықтан келген арнайы экспедиция жылдар бойы зерттей жүріп Бурнооктябрь ауылы маңындағы таулы алқаптан шөлге төзімді тау сағыздың мәдени түрін өсіріп, оны каучук өнеркәсібіне шикізат ретінде пайдалануға болады деп шешкен. 1928 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі Жарлығымен "Бурнооктябрь" селосында каучук өнеркәсіп шаруашылығы, каучук промхозы ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары "Каучук промхозы" орнына Бурный кеңшары құрылып, ол енді тау сағызы орнына картоп дақылын өсірумен шұғылданды. 50-ші жылдары бұл шаруашылық әскери ведомство құрамына енгізіліп, Кеңес Одағы тараған соң, аудан құрамына қайтарылды.
## Дереккөздер |
Ақбастау:
## Елді мекен
### Алматы облысы
* Ақбастау — Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Ақбастау — Еңбекшіқазақ ауданындағы өзен.
### Жамбыл облысы
* Ақбастау — Жуалы ауданындағы ауыл.
### Жетісу облысы
* Ақбастау — Кербұлақ ауданындағы ауыл.
### Қарағанды облысы
* Ақбастау — Абай ауданындағы ауыл.
* Ақбастау — Қарқаралы ауданындағы өзен.
### Түркістан облысы
* Ақбастау — Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Ақбастау — Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Ақбастау — Сайрам ауданындағы ауыл.
* Ақбастау — Төле би ауданындағы ауыл.
### Ұлытау облысы
* Ақбастау — Жаңаарқа ауданындағы ауыл.
## Географиялық нысан
* Ақбастау — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы тау. |
Әлкей Марғұлан ауылдық округі – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағындағы бірлік.
## Әкімшілік бірлік
Құрамына Әлкей Марғұлан ауылы кіреді. Орталығы – Әлкей Марғұлан ауылы. 2006 жылы округ құрамында болған №1 бөлімше таратылды.
## Дереккөздер |
Көктүбек ауылдық округі – Павлодар облысы Май ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Белогор НҚП, Көктөбе ауылдары кіреді. Орталығы – Көктөбе ауылы.
## Дереккөздер |
Бақалы — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының оңтүстігінде орналасқан.
## Тарихы
Бақалы ауылы тұрғындары 1948 жылға дейін төбе-төбе басында жеке-дара қонып отырған. Тек 1948 жылы ғана көше тілініп, ауыл болып жинақталған. Кеңестік саясат бойынша ауыл Қызылодақ аталып, Большевик колхозының құрамында болды. 1994 жылы ауыл Бақалы болып қайта аталды.
## Халқы
## Дереккөздер |
Дарбаза — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Атау тарихы
Қаратау мен Бурыл тауларының арасында үлкен қақпа сияқты ашық жері бар. Бұл жерден өзен ағады. Екі таудың арасы алыстан қақпа сияқты көрінеді. Қақпаны ертеректе аталарымыз "дарбаза" деп атаған. Соған байланысты өзен аты "Дарбаза" болған сыңайлы. Осы Дарбаза өзенінің бойынан сыйымдылығы 3 млн текше метрлік су бөгені салынған. Осы сумен Билікөл аймағында едеуір алқап суландырылады. Сол маңдағы ауыл өзен атына байланысты "Дарбаза ауылы" аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көктөбе ауылдық округі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Көктөбе ауылы кіреді. Орталығы – Көктөбе ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 586 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Дарбаза– төменгі палеолит дәуіріндегі аңшы тайпалардың мекені. Талас ауданы Қаратау қ-сынан 18 км. Дарбаза деген жерден табылғандықтан осылай аталған. 1961 ж. Қазақ КСР ғылым академиясының палеолит отряды (жетек. Х.Алпысбаев) зерттеген. Қазба жұмыстары үстінде түрлі тас құралдар табылды. Олар шақпақ тастар мен малта тастардан жасалған. Бұлардың ішінде жарғыш өзектас (нуклеус), қол шапқы, кескіш, пышақ, өзге де құралдардың сынықтары бар.
## Дереккөздер |
Бәйтерек (2007 жылға дейін — Октябрьское) — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің орталығы.
## Халқы
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылының шығысында, 25 км-дей жерде. Ақбасты Алатаудың солтүстік беткейінде Жуалы ауданының қырғыз жерімен шектесу жерінде, Қырғыздың Көксай өзенінің төменгі сағасындағы кең алқап бұрын "Боқтыбай сазы" деп аталған.
## Дереккөздер |
Дарбаза — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Дарбаза ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы Дарбаза қой шаруашылығы кеңшарын құруға байланысты қаланған. Оның негізінде өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Дарбаза карьері жылына 900 мың т. бентонитті балшық және 100 мың т. құм өндіреді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Ана Мулвой-Тен (ағылш. Ana Mulvoy-Ten; 8 мамыр 1992, Лондон, Ұлыбритания) — ағылшын актрисасы. Обитель Анубиса телесериалындағы Эмбер Миллингтон рөлімен танымал.
## Өмірбаяны
Аны Мулвой-Тен Лондонда туып-өскен. Әкесі - ирландық, анасы испан - әйелі. Өзінен кіші інісі бар. Ана испан және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Лондондық колледждің студенті. Дәл қазір Калифорния штатындағы Лос-Анджелесте тұрып жатыр. Валерияның тыйым салынған По дорогам любви атты клипінде түскен.
## Фильмографиясы
## Дереккөздер |
Жаңаталап — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан шығысқа қарай 28 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
1935-1936 жылдары корей ұлтының өкілдері қоныс аудара келіп, Түрксіб темір жолының оңтүстігінде ашық далаға үйлер салып, көше түзген. 1936 жылы олар ауылдағы алғашқы мектептің іргетасын қалап, оны 1938 жылы пайдалануға берді. Жақсыны жатсынбайтын, қонағын құдайындай сыйлайтындай жергілікті қазақтар да осы араға үй салып қоныстана бастады. Ауылда алғашқы ұжымдық шаруашылық құрылды. Осыған байланысты "жаңа қонысқа, жаңа өмірге келдік" деп ырымдап жергілікті халық ауыл атын "Жаңаталап" қойған. Ауыл маңында қуғын-сүргін құрбандары болған корей ұлтының қорымы бар.
## Халқы
## Дереккөздер |
Диқан — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Кеңестік дәуір кезінде Ленин атындағы үлкен ұжымдық шаруашылықтың құрамында жеке өндірістік бөлімше болған. Отызыншы жылдары бұл жерге ел шоғырланып алғашқы шаруашылық құрылғанда диқаншы шаруалар оны "Диқан" деп атап кеткен.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылының оңтүстік-батысына қарай 1 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.