text
stringlengths
3
252k
Төкенов Қасым - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1914 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. * Еңбек жолын байларда жалшы болудан бастаған ол, колхоз ұйымдастыру кезінде "Өркенді" колхозына кіріп, көптеген жылдар колхозшы болып істейді. * 1942 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болады.1946 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан 12 центнерден өнім алуға тапсырма алған оның бригадасы сол жылы 20 гектар жердің әр гектарынан 19,5 центнер бидай алады.1947 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 22 центнерден бидай алуға міндеттеме алып, оны 8,2 центнерге артығымен орындайды.1948 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 30,2 центнерден астық жинап, үлкен көрсеткіш көрсетеді. * 1946 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан 12 центнерден өнім алуға тапсырма алған оның бригадасы сол жылы 20 гектар жердің әр гектарынан 19,5 центнер бидай алады. * 1947 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 22 центнерден бидай алуға міндеттеме алып, оны 8,2 центнерге артығымен орындайды. * 1948 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 30,2 центнерден астық жинап, үлкен көрсеткіш көрсетеді. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Үсінбекова Қалима - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1918 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Октябрь ауданы (қазіргі Панфилов ауданы), Қоңырөлең ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1931 жылы жасөспірім шағында колхозға жұмысқа кіреді. * 1942 жылы "Доланалы" колхозында жұмыс істейді. * 1943 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болады. Оның бригадасы рекордты өнім алуға міндеттеме алып, оны іске асыру мақсатында барлық агротехникалық жағдайларды қадағалайды:сәуір айында күздік бидай егу үшін сүрі жер 20-22 см тереңдікте жыртылады;жыртылар алдында әр гектарға 30 т-дан көң еңгізеді;жаз бойы сүрі жер 3 рет тарамдалады;тамыз айының аяғында іріктеліп алынған тұқым қатарлы дәнсепкішпен бір гектарға 130 кг-нан себіледі;күзде өсінді жақсы тамырланады;ерте көктемде тыңайтқыш себіліп, 2 күн тырмаланып, жаз бойы 2 қайтарым қопсытылады;егін жинау барысында 11 гектар жердің әр гектарынан 31,4 центнерден өнім алынады. * сәуір айында күздік бидай егу үшін сүрі жер 20-22 см тереңдікте жыртылады; * жыртылар алдында әр гектарға 30 т-дан көң еңгізеді; * жаз бойы сүрі жер 3 рет тарамдалады; * тамыз айының аяғында іріктеліп алынған тұқым қатарлы дәнсепкішпен бір гектарға 130 кг-нан себіледі; * күзде өсінді жақсы тамырланады; * ерте көктемде тыңайтқыш себіліп, 2 күн тырмаланып, жаз бойы 2 қайтарым қопсытылады; * егін жинау барысында 11 гектар жердің әр гектарынан 31,4 центнерден өнім алынады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Усинбекова Калима, Ел қаһармандары  (орыс.)
Төсағаш — Павлодар облысы Аққулы ауданы, Шарбақты ауылдық округіне қарасты ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Аққулы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сынтас - ортағасырлық қала.Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Амангелді ауылының шығыс жағында,Келес өзенінің сол жағалауында орналасқан.Қаланы 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан архелогиялық экспедициясы (жетекші А.Г.Максимова),1982 жылы Халықаралық Қазақ - Турік университетінің археологиялық экспедициялық тобы (жетекші Н.П.Подушкин) зерттеген.Биіктігі 10 - 11 метр дөңгелек жота,жоғарғы алаңының диаметрі 20 - 24 метр,етегінің диаметрі 60 - 64 метр Оңтүстік жағынан трапецияға ұқсас пішіңді алаң қосылады.Биіктігі 4 - 5 метр,диаметрі 110 - 120 метр Солтүстік-батысы Келес өзенінің жарқабағына тіркеледі.Археологиялық қазба жұмысы барысында табылған қыш ыдыстардың (хум,құмыра,табақ,тостаған,т.б.) сынықтарына қарағанда,тұрғындар қалашықты 10 - 16 ғасырларда мекен еткен.Олар егін егіп,мал шаруашылығымен айналысқан. "Қазақстан" Ұлттық энциклопедия (Сынтастың авторы Г.Касенова).
Торба Максим Осипович (1900-1958) - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, колхоз председателі. 1900 жылы Украинада, бұрынғы Харьков губерниясы, Старобель уъезі, Крезское селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылы алғашқылардың бірі болып ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. Сол жылы Саратов облысы, Октябрьск қалашығындағы ауылшаруашылық техникумына жіберіліп, оны бітіргеннен кейін 5 жыл Орынбор облысы, Саректаш МТС-да, содан кейін 2 жыл Түркістан облысы, Түлкібас МТС-ды агроном болады. * 1941 жылы Армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Көрсеткен ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, "За отвагу", "За взятие Берлина", "За участие в Великой Отечественной войне" және "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. * 1945 жылы соғыстан кейін Түлкібас ауданына оралып, "Возрождение" колхозына агроном болып орналасады. * 1946 жылдан бастап сол колхоздың председателі болады. 1946 жылы астық дәнді дақылдар өнімі 101% , 1947 жылы - 169% орындалады. Межеленген 10 центнердің орнына барлық астық алқабынан 17 центнерден өнім алса, ал күздік бидайдан рекордты - әр гектардан 30 центнерден көп өнім жинайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Цепляев Роман Никифирович - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, "Победа" колхозының егіншілер бригадасының бригадирі. 1914 жылы Ресейде, Орлов облысы, Колпянск ауданы, Рождественка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылдан колхозшы болып еңбек етеді. * 1940 жылы Совет Армиясы қатарында ақ финдік басқыншылармен күрес ұрысына қатысады. * 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. * 1943 жылы соғыста жараланып, туған жерін неміс басқыншылары басып алғандықтан Қазақстанға, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, "Победа" колхозына келеді. Жарасынан сауыққан соң осы колхозда қой фермасын басқарады. * 1947 жылы егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Оның бригадасы қажырлы және күндіз-түні тынымсыз еңбектің арқасында 35 гектар жердің әр гектарынан 31,08 центнерден бидай алып, белгіленген жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Талды – Нұра алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысындағы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 1730 км2. ## Бастауы Талды Қарағаш тауының солтүстік - батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шопа ауылы тұсында Шерубайнұра өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы көбіне тік жарлы. Ақсы, Байқасқа атты салалары бар. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 1,00 м2/с. ## Дереккөздер
Цой Зя Ир - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, Үштөбе МТС-нің директоры. 1906 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Владивосток ауданы, Нежино селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1938 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе МТС-да директорының орынбасары болып істейді. * 1940 жылы Үштөбе МТС-ның директоры болады. Үштөбе МТС-ы оның басқаруымен республикада алдыңғы қатарлы стансалардың бірі болады:1945 жылы тракторлық жұмыстар көлемі 134%-ке, ал астық дәнді дақылдардың заттай төлемі - 123%-ке орындалады.1946 жылы жоспарланған 21 мың гектар жердің орнына 26,4 мың гектар жер жертылып, ал заттай төлем жоспары 19,3%-ке орындалған.Колхоз тракторлық жұмыстардың қажырлы еңбегінің арқасында егін алқабынан мол өнім жинайды: қант қызылшасының 622 гектарынан 321 центнер, соның ішінде 298 гектардың әр гектарынан 412 центнерден өнім; ал жаздық бидайдың 3243 гектарынан 15,7 центнерден, соның ішінде 762,5 гектардың әр гектарынан 24,98 гектардан дән алынған. * 1945 жылы тракторлық жұмыстар көлемі 134%-ке, ал астық дәнді дақылдардың заттай төлемі - 123%-ке орындалады. * 1946 жылы жоспарланған 21 мың гектар жердің орнына 26,4 мың гектар жер жертылып, ал заттай төлем жоспары 19,3%-ке орындалған. * Колхоз тракторлық жұмыстардың қажырлы еңбегінің арқасында егін алқабынан мол өнім жинайды: қант қызылшасының 622 гектарынан 321 центнер, соның ішінде 298 гектардың әр гектарынан 412 центнерден өнім; ал жаздық бидайдың 3243 гектарынан 15,7 центнерден, соның ішінде 762,5 гектардың әр гектарынан 24,98 гектардан дән алынған. ## Наградалары * "Құрмет белгісі" ордені (1945) * Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) * "За победу над Германией" медалі (1946) * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Филев Григорий Игнатович (1908-1971) - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Павлодар облысы, Лозов ауданы (қазіргі Успен ауданы), Петров атындағы колхоздың тракторшылар бригадасының бригадирі. 1908 жылы Украинада, Екатеринослав губерниясы (қазіргі Днепропетровск облысы), Днепровск уъезі, Комиссаровка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1914 жылы анасымен бірге Қазақстанға, Павлодар облысы, Лозов ауданы (қазіргі Успен ауданы), Придорожный селосына қоныс аударады. Бала кезінде байларда жалшы болады, кейіннен жол құрылысында істейді, бірнеше жыл Қызыл Армия қатарында қызмет атқарып, бөлімше командирі болады. * 1936 жылы Армиядан оралған соң 17-ші Партъсезд атындағы колхозға кіріп жұмыс істейді. * 1937 жылы 3 айлық тракторшылар курсын бітіріп, 4 жыл тракторшы болып еңбек етеді. * 1941 жылы тракторшылар бригдасының бригадирі болып тағайындалады.1947 жылы оның бригадасы межеленген 1742 гектардың орнына 2804 гектар жер өңдеп тракторлық жұмыстар көлемін 161%-ке орындайды, колхоз бидайдың 152 гектар жерінің әр гектарынан 22,1 центнерден өнім алады. * 1947 жылы оның бригадасы межеленген 1742 гектардың орнына 2804 гектар жер өңдеп тракторлық жұмыстар көлемін 161%-ке орындайды, колхоз бидайдың 152 гектар жерінің әр гектарынан 22,1 центнерден өнім алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сары алақоржын (лат. Eolagurus luteus) – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын, жылма-жыл саны күрт өзгеріске ұшырап отыратын сирек кездесетін кеміргіш . Саны өте көп болған жылдары Орталық Қазақстаннан бастап Алтайға дейін , ал саны аз жылдары тек Зайсан ойпатында ғана кездеседі . Қар көп жауған қыстар мен құрғақ жаздан басқа әсер ететін анықталмаған факторлар осы түрдің төмендеуінің себебі . Зайсан қорығын ұйымдастыру мен алақоржынды хайуанаттар бағында өсіріп, оның биологиясын зерттеуді қолға алу керек . ## Дереккөздер
## Тукандар Тукандар - тоқылдақ тәрізділер класына жатады . Олардың мүйізтұмсықтарға ( көгілдір құстарға жататындар ) ешқандай қатысы жоқ , ұқсастығы - тұмсықтарында . ## Өмір сүруі Жалпы , тукандар тропикалық орманда өмір сүретін өте шулы құстар . Бұл құс жақсы және ұзаққа ұша алмайды . Сол себептен көп уақытын ағаш басында өткізді . Тукандардың дауысы негізінен әр түрлі . Бірақ , барлығы бірдей өте үлкен әрі зор дауысқа ие . Бұл құстар Оңтүстік Американың жаңбырлы ормандары мен оған жақын тұрған аумақтарды мекендейді . Өздерінің ірі тұмсықтары арқылы тукандар бұтақтың соңындағы жидектерді алып жейді .Тұмсықтары ірі , бірақ іші бос болғандықтан ешқандай ыңғайсыздық туғызбайды .Туканның қоразы мен мекиенінің түр-әлпеті бірдей. ## Жирен құлақты арасари Жирен құлақты арасари - тукандардың кең таралған түрі . Жаңбырды өте жақсы көреді . Сол себепті туканның бұл түрі жаңбырлы орман ағаштарының қуысына ұялайды. Көбіне кәдімгі туканға қарағанда тұмсығы кішкене , әрі қара түсті болып келеді . Аяқтарындағы екі саусағы алға , екеуі артқа қараған . ## Дереккөздер Қазақстанның қызыл кітабы беттерінен . Омыртқалы жануарлар . (А. Ф. Ковшарь) –Алматы, Алматыкітап баспасы 2012 ж. ## Тукандар Тукандар - тоқылдақ тәрізділер класына жатады . Олардың мүйізтұмсықтарға ( көгілдір құстарға жататындар ) ешқандай қатысы жоқ , ұқсастығы - тұмсықтарында . ## Өмір сүруі Жалпы , тукандар тропикалық орманда өмір сүретін өте шулы құстар . Бұл құс жақсы және ұзаққа ұша алмайды . Сол себептен көп уақытын ағаш басында өткізді . Тукандардың дауысы негізінен әр түрлі . Бірақ , барлығы бірдей өте үлкен әрі зор дауысқа ие . Бұл құстар Оңтүстік Американың жаңбырлы ормандары мен оған жақын тұрған аумақтарды мекендейді . Өздерінің ірі тұмсықтары арқылы тукандар бұтақтың соңындағы жидектерді алып жейді .Тұмсықтары ірі , бірақ іші бос болғандықтан ешқандай ыңғайсыздық туғызбайды .Туканның қоразы мен мекиенінің түр-әлпеті бірдей. ## Жирен құлақты арасари Жирен құлақты арасари - тукандардың кең таралған түрі . Жаңбырды өте жақсы көреді . Сол себепті туканның бұл түрі жаңбырлы орман ағаштарының қуысына ұялайды. Көбіне кәдімгі туканға қарағанда тұмсығы кішкене , әрі қара түсті болып келеді . Аяқтарындағы екі саусағы алға , екеуі артқа қараған . ## Дереккөздер Қазақстанның қызыл кітабы беттерінен . Омыртқалы жануарлар . (А. Ф. Ковшарь) –Алматы, Алматыкітап баспасы 2012 ж.
Ақан сері Қорамсаұлы (1843 жылы, Үлкен Қоскөлдің маңы, Ақмола облысы, Ресей империясы – 1913 жылы, сонда) — қазақ ақын, әнші, және сазгер. ## Өмірбаян Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі – Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған. Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – “Балқадиша”. Бұл – өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән. 90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі – “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы – Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді. Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі – “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, – деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері – өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы. Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі – кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы. ## Шығармалары Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған. ## Музыка және әдебиеттегі үлесі Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған ## Қосымша мәліметтер * [1] — Ақан сері Қорамсаұлы * Ақан сері(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
## Орман көктеке Орман көктеке ( Sitta europaea ) - торғайдан кішірек, шағын денелі (15-18 г) құс. Жоны - түтін түстес сұр, бауыры - ақщыл. Дене бітімі көктекеге тән: құйрығы қысқа және тұмсығы түзу, үшкір. Дене бітімі - мығым, дембелше. Өте ширақ: ағаштардың діңдері және бұтақтарымен басын жоғары және төмен қаратып, секіріп қозғалады. Толқындата, жылдам ұшады. Айғай-шиқылшыл. Шақыру айғайы - қарқылдаған тәрізді құбылта қайталанатын ысқырық. Аталықтың көктемгі әуені осы дыбыстардың едәуір бөлігін қамтиды. Жазда - бунақденелілермен, қыста жемістермен қоректенеді. Азық көп болғанда оны қорға жинап, кейде таба алмай қалады (мұндайда тұқым жаңа орында өнеді).Еуропа және Азияның орманды зонасында кең таралған. Қазақстанда Алтай және Сауырдың ормандарында ұялайды. Ертісті бойлай өскен қарағайлы тоғайда да ұялауы мүмкін. Қысқы жылыстау барысында Солтүстік Қазақстанның кейбір жерлерінде және әсіресе Батыс Қазақстандағы Жайық өзенінің аңғарын бойлай пайда болады. Ұялары ағаш қуысында орналасады, оның үстіне, егер кіретін ауыз тесігі үлкен болса, онда көктеке кіретін ауыздың диаметрін 25-35 мм етіп қалдырады да, тесікті балшықпен сылайды. Қолдан жасалған ұялағышқа да солай жасайды. Ұяның өзі ағащ қуысына борпылдақ төсеніш төселген орын болып саналады. Ұяны аналық салады. Салындыдағы 5-10 қызғылттау секпілді ақ түсті жұмыртқаларды аналық басады. Балапандар 2 аптада жұмыртқаны жарып шығады, ал 21-24 күнде ұяны тастап кетеді. Балапандарды аталық пен аналық ұяда қоректендіреді және ата-енелері оларды ұзақ уақыт ұядан ұшып кеткен соң да қамқорлыққа алады. Ұялас балапандар біртіндеп шымшықтардың және басқа бунақденеқоректі құстардың тобына қосылып, солармен бірге қыс бойы орман аралап жылыстайды ## Дереккөздер Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010 ## Орман көктеке Орман көктеке ( Sitta europaea ) - торғайдан кішірек, шағын денелі (15-18 г) құс. Жоны - түтін түстес сұр, бауыры - ақщыл. Дене бітімі көктекеге тән: құйрығы қысқа және тұмсығы түзу, үшкір. Дене бітімі - мығым, дембелше. Өте ширақ: ағаштардың діңдері және бұтақтарымен басын жоғары және төмен қаратып, секіріп қозғалады. Толқындата, жылдам ұшады. Айғай-шиқылшыл. Шақыру айғайы - қарқылдаған тәрізді құбылта қайталанатын ысқырық. Аталықтың көктемгі әуені осы дыбыстардың едәуір бөлігін қамтиды. Жазда - бунақденелілермен, қыста жемістермен қоректенеді. Азық көп болғанда оны қорға жинап, кейде таба алмай қалады (мұндайда тұқым жаңа орында өнеді).Еуропа және Азияның орманды зонасында кең таралған. Қазақстанда Алтай және Сауырдың ормандарында ұялайды. Ертісті бойлай өскен қарағайлы тоғайда да ұялауы мүмкін. Қысқы жылыстау барысында Солтүстік Қазақстанның кейбір жерлерінде және әсіресе Батыс Қазақстандағы Жайық өзенінің аңғарын бойлай пайда болады. Ұялары ағаш қуысында орналасады, оның үстіне, егер кіретін ауыз тесігі үлкен болса, онда көктеке кіретін ауыздың диаметрін 25-35 мм етіп қалдырады да, тесікті балшықпен сылайды. Қолдан жасалған ұялағышқа да солай жасайды. Ұяның өзі ағащ қуысына борпылдақ төсеніш төселген орын болып саналады. Ұяны аналық салады. Салындыдағы 5-10 қызғылттау секпілді ақ түсті жұмыртқаларды аналық басады. Балапандар 2 аптада жұмыртқаны жарып шығады, ал 21-24 күнде ұяны тастап кетеді. Балапандарды аталық пен аналық ұяда қоректендіреді және ата-енелері оларды ұзақ уақыт ұядан ұшып кеткен соң да қамқорлыққа алады. Ұялас балапандар біртіндеп шымшықтардың және басқа бунақденеқоректі құстардың тобына қосылып, солармен бірге қыс бойы орман аралап жылыстайды ## Дереккөздер Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010
Шулепова Мария Яковлевна - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданы, "Заветы Ильича" атындағы колхоздың егіншілер бригадасының звеношысы (1947). 1925 жылы Ресейде, Новосібір облысы, Маслянинск ауданы, Чупино селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1939 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Бородулиха ауылына келген соң ата-анасы "Заветы Ильича" колхозына жұмысқа кіреді. * Жетіжылдық мектепті бітргеннен кейін 1941 жылы еңбек жолын бастап фермада бұзау бағушы, одан кейін сауыншы болады. * 1946 жылы оны егіншілер бригадасына жұмысқа жіберіледі. * 1947 жылы жоғары түсімді егін бригадасы жастар тобының звеношысы болып тағайындалады. Тобында - үлкені 23, ал кішісі 15 жаста 6 қыз болды. Барлық агротехникалық жағдайларды қадағалап, сақтай отырып қажырлы еңбектерінің арқасында өздеріне бекітілген 11 гектар жердің әр гектарынан 30,2 центнерден астық жинайды. Жоспарды асыра орындағандары үшін топтың әр мүшесіне табыстарына қосымша 530 кг-нан дән беріледі. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Сарысай — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Украина ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 182 адам (88 ер адам және 94 әйел адам) болса, 2009 жылы 150 адамды (74 ер адам және 76 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Яковенко Николай Петрович (1913 жыл, Түркістан облысы, Жуалы ауданы - 23.10.1993, Бауыржан Момышұлы ауылы) - Социалистік Еңбек Ері (1948), Түркістан облысы, Жуалы ауданы, "Комсомольская правда" колхозының председателі (1945). ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылдан бастап колхозшы болып еңбек етеді. * 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жуалы ауданы, "Комсомольская правда" колхозының председателі болып тағайындалып, оның іскер басқаруының арқасында колхоз алдыңғы қатарлы колхоздардың бірі болады:егістік алқабының көлемі ұлғайтылады;барлық ауыл шаруашлық дәнді дақылдарының өніміділгі жоғарлайды;агрокешен жұмысы жетілдіріледі; тұрақты бригадарлық топ құрылады, оларға арнайы жерлер бекітіледі;агротехникалық жағдайларды жақсарып, жоғары өнім алуға ықпал жасалынады. * егістік алқабының көлемі ұлғайтылады; * барлық ауыл шаруашлық дәнді дақылдарының өніміділгі жоғарлайды; * агрокешен жұмысы жетілдіріледі; тұрақты бригадарлық топ құрылады, оларға арнайы жерлер бекітіледі; * агротехникалық жағдайларды жақсарып, жоғары өнім алуға ықпал жасалынады. ## Наградалары * Ленин ордені * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сарытүбек — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Украина ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 165 адам (90 ер адам және 75 әйел адам) болса, 2009 жылы 153 адамды (84 ер адам және 69 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шәкіров Нүсінбек - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, 1936-1950 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы, "Доланалы" колхозының председателі болған. 1901 жылы Талдықорған облысы, Кривошеевка ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1931 жылы "12 лет Октября" (Кривошеевка ауылы) колхозына жұмысқа кіріп, сол жылы колхоздың председателі етіп тағайындалады. * 1936 жылы "Доланалы" колхозының председателі болады. * Ұлы Отан соғысына қатысып майдандастарымен бірге жеңісті жақындатты. * 1943 жылы 26 тамызда ауыл шаруашылығындағы табыстары үшін КСРО Егіншаруашылығы Халық Комиссариаты "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісімен, 1945 жылы 20 қарашада КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградтайды. * 1946 жылы астық дәнді дақылдар өнімінің жоспары 938 гектардан 125% орындалады - өнім межеленген 9,6 центнердің орнына орта есеппен әр гектардан 12 центнерден болады. Сол жылы 11 қаңтарда Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады. * 1947 жылы жоспарды 144,5% -ке орындайды - 10,8 центнердің орнына әр гектардан 15,6 центнерден астық жиналады. ## Наградалары * "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісі (1943) * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) * Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Айдарбекова Ташінбала - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы қазіргі Алматы облысы), Жаңаталап колхозының звеношысы (1940). 1906 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Шұбар колхозын ұйымдастыру барысында алғашқылардың бірі болып колхозға кіреді. * 1930-1940 жылдары сол колхозда колхозшы болып еңбек етеді. * 1940 жылы еңбекқор кохзошы ретінде таңдалып қызылшашылар тобының звеношысы етіп тағайындалады. Оның бригадасы қажырлы еңбектің арқасында 2 гектар қант қызылшасының алқабының әр гектарынан 820 центнерден , 4,5 гектар жерден 450 центнерден өнім алады. * 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Алиева Сугра - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1945). 1928 жылы Әзербайжанда, Званск ауданы, Тангобин селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Еңбек жолын 13 жасынан бастаған ол, 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін "Новый путь" колхозына жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болып еңбек етеді. * 1945 жылы қызылша өсірушілер тобының звеношысы болып тағайындалады. * 1947 жылы Шу МТС-ның агрономының көмегімен қант қызылшасынан мол өнім алуға арналған агрошаралық жағдайларды жан-жақты жетілдіру жоспарын жасайды. Сол жоспар бойынша барлық агротехникалық шараларды сақтай отырып, оның тобы 2 гектар жердің әр гектарынан 815 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды артығымен орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Теріскей Алатау (қыр. Тескей Ала-Тоо) — Орталық Тянь-Шаньдағы таулы жота. Батысы Шу аңғарынан басталып доғаша иіліп, шығысында Хантәңіріне дейін 380 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері шығысында (5216 м). Жотадағы мұздану ауданы 1080 км². Солт. беткейінің 2100 – 2900 м бөлігінде шыршалы орман өседі. ## Дереккөздер
Нарқобыз — ыспалы аспаптардың ішіндегі ішегі тарамыстан жуан етіп жасалған музыкалық аспабы. Ұлттық музыкалық аспаптардың ішіндегі ыспалы аспаптардың сипаты, құрылымы, жасалу және ойнау әдіс-тәсілдері жалпы түрік тектес халықтардың барлығына бірдей ортақ. Дегенмен нарқобыз аспабының жөні бөлек. Шығу тегі қобыз, сазген, егек аспаптарынан тарайды. Нарқобыз жер жүзіндегі қыл ішекті музыкалық аспаптардың ішіндегі ең ежелгі түрі болып есептеледі. Уақыт өте келе нарқобызды еуропалық үлгі-нұсқада ішектері сымнан жасалынған аспаптар (бас қобыз, виолончель т.с.с.) бірте-бірте ығыстырып шығара бастады. Көнеден келе жатқан нарқобыз белгісіз себептермен ұмытыла бастаған заманда қайта жаңғырып, бұл күндері кеңінен насихатталуда. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, нарқобызды бақсылар тәңірмен тілдескенде, жын-перілерді қашырғанда және өзге де діни рәсімдерде шалған екен. Сондай-ақ, аспап жаугершілік замандар мен әскери салттарда ұрандату, атой салу, рух беру мақсатында қолданылған. Бұл аспаптың қылқобыз пен прима-қобыздан айырмасы оның жалпы тұрқы биік, адамның отырған бойымен шамалас, ұзындығы шамамен 1 метр болады. Нарқобыз басына жезден, темірден соғылған сылдымақтар мен қоңыраулар ілінген, ал қуыс ішіне металл сәлпеншектер, үкі не бүркіт құстарының тырнағы, қасқыр тісі, айна, үкі тағылады. Нарқобыздың құрылысы күрделі, шанағы үлкен, тұтас ағаштан шауып жасалады, беткі жағы ашық болады. Кейбір шеберлер нарқобыздың беткі жағын көн терімен жауып, қаптап тастайды. Ал аспаптың сырт жағына ою-өрнектер қашайды. Шанағының үлкен болуына байланысты нарқобыз дауысы зор әрі жуан болып келеді. Боздаған нар түйенің дауысына ұқсайды. Нарқобызды тартқанда оның зор үні талай жерге дейін естіледі екен. Нарқобыз аспабында ойнаудың ертедегі бақсы-жыраулар салған дәстүрі уақыт өте келе жоғала бастаған заманда Болат Сарыбаев, Өзбекәлі Жәнібеков сияқты ел ағалары ұмыт бола бастаған аспаптарға жаңадан дем беріп, тірілткен еді. Олардың зерттеу жұмыстарың арқасында нарқобыз қайта жанданып, этно-фольклорлық ансамбльдер мен ұлттық аспаптар оркестрлерінде кеңінен қолданыла бастады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қылқобыз * Жез қобыз
Әлімбекова Сара - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), "Жаңаталап" колхозының звеношысы (1943). 1900 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы "Жаңаталап" ауылшаруашылығы артеліне жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болып еңбек жолын бастайды. * 1943 жылы қант қызылшасы бойынша звеношы болып тағайындалады.1945 жылы межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 173 центнер қант қызылшасын алады. Осы жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.1946 жылы өнім мөлшері 150 центнердің орнына әр гектардан 250 центнерді құрады. Бұл жылы жоғары өнімі үшін "За трудовую доблесть" медалімен наградталады.1947 жылы оның бригадасы мол түсімді 2 гектар жердің әр гектарынан 863 центнер, ал өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 371 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды. * 1945 жылы межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 173 центнер қант қызылшасын алады. Осы жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1946 жылы өнім мөлшері 150 центнердің орнына әр гектардан 250 центнерді құрады. Бұл жылы жоғары өнімі үшін "За трудовую доблесть" медалімен наградталады. * 1947 жылы оның бригадасы мол түсімді 2 гектар жердің әр гектарынан 863 центнер, ал өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 371 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * "За трудовую доблесть" медалі (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Алтынгүл Әлібаева(1918 жыл, Көкөзек ауылы) — Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Свердлов ауданы, Көкөзек колхозының звеношысы (1942). ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1918 жылы Жамбыл облысы қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы, Көкөзек ауылында туған. * 1930 жылы Көкөзек ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. * 1942 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болады. 1947 жылы оның тобы 2 гектар қант қызылшасының алқабының әр гектарынан 806 центнерден өнім алады. Қант қызылшасынан жоғары өнім алғаны үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады, ал 1948 жылы КСРО Жоғарғы Советінің жоғары наградасы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1947) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Григорий Георгиевич Бубнов (9 наурыз 1970 жыл, Мәскеу) — «ВТУ» Мәскеу Технологиялық Институтының ректоры және Президенті, Moscow Business School Президенті, Ресей Жаратылыс Ғылымдары Академиясының (РАЕН) корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, IMD Alumni Club of Russia Президенті, «Физтех-Союз» басқарма мүшесі. Григорий Георгиевич Бубнов ## Ғұмырнама 1993 жылы Мәскеу физика-техникалық институтын «Қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша «Инженер-физик» біліктілігімен тәмамдады;1997 жылы «Дамыған нарықтық экономикадағы және өтпелі кезеңдегі кәсіпкерлік» тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны қорғады;2002 жылы «Кәсіпкерлік және Ресейдің экономикалық өркендеуіндегі оның рөлі» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғады;2006 жылы IMD (Lausanne) оқу орнының Program EMBA бағдарламасын тәмамдады2010 жылы Singularity University оқу орнындағы Exponential Technologies Executive Program бағдарламасын тәмамдады. ## Кәсіби қызметі Соңғы 15 жылдың ішінде 20-дан астам коммерциялық, қаржылық және коммерциялық емес ұйымдарды құруға қатысты, сондай-ақ, 30-дан астам ұйымды басқаруға қатысты, олардың ішінде: С.Ю.Витте атындағы Мәскеу Университеті, «ВТУ» Мәскеу технологиялық институты, «Физтех XXI», «Высшая школа системного инжиниринга МФТИ» Орталығы, «НПП Медолит» ЖШҚ. ## Ғылыми қызметі 20-дан астам кітаптардың, мақалалардың және монографиялардың авторы және авторласы болып табылады.Кейбір жарияланымдары: * Бубнов Г.Г., Дарда И.В., Малышев Н.Г., Малышев С.Л., Солдаткин Е.В. ВТУ ақпараттық-білімдік ортасы /Телематика-2008: XV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб. (23-26.06.2008, С.-Петербург). — Т . 1. — Спб., 2008. — 214-216 б. * Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Солдаткин В.И. Үлестіре бөлінген типтегі университет /Телематика-2008: XV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб. (23-26.06.2008, С.-Петербург). — Т. 1. — Спб., 2008. — 213-214 б. * Солдаткин В.И., Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г. ВТУ Қашықтан білім беру технологияларын пайдалану /Телематика-2008: XV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб. (23-26.06.2008, С.-Петербург). — Т . 2. — Спб., 2008. — 337-338 б. * Солдаткин В.И., Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Семенов А.В. Қашықтан білім беруді ұйымдық қолдау //Бірыңғай білімдік ақпараттық орта: мәселелері және даму жолдары: VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция-көрме (Омбы, 22-25 қыркүйек 2008 ж.). — Томск: Дельтоплан; Омбы, 2008. — 21-23 б. * Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Солдаткин В.И. Көпдеңгейлік үздіксіз ашық кәсіби білім берудің корпоративтік ақпараттық-білімдік ортасы //Білімдік ортаның бүгіні мен ертеңі: IV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Мәскеу, 3 қазан 2007 ж.) /Редкеңес; Жауапты ред. В.И.Солдаткин. — М.: Рособразование, 2007. — 48-50 б. * Малышев Н.Г., Бубнов Г.Г., Солдаткин В.И. Дүниежүзілік технологиялық университет: жоғары кәсіби білімнің жаһандану жағдайындағы мақсаттары мен міндеттері //Білімдік ортаның бүгіні мен ертеңі: IV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Мәскеу, 3 қазан 2007 ж.) /Редкеңес; Жауапты ред. В.И.Солдаткин. — М.: Рособразование, 2007. — 143-145 б.
Кітапхана қаланың тартымды мәдени орталығы болып қала береді. ## Тарихы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің тарихы «Қарағанды қ. Сталин ауданының қалалық кітапханасынан» басталады. Бұған 33 инвентарлық нөмірімен 1938 жылы басылып шыққан Үлкен Совет Энциклопедиясының 36 томының бірінші бетіндегі мөрі куә. Кітапхана Ескі қаланың – Қарағанды орталығы тұрғындарының сүйікті демалыс орнында, айналасы саябақтармен қоршалған Қазақ драма театрының ғимаратында орналасқан. Бұл уақытқа дейін қалада барлығы 4 кәсіподақтық және 16 ОНО кітапханалары болды (Қазақстандағы кітапхана ісі 29 бет). 1945 жылдың 24 тамызында Қазақ ССР СНК қаулысымен қалалық атқару комитетінің жанынан мәдени-ағарту жұмыстарының бөлімі ұйымдастырылды. Осыған байланысты кітапханалар қалалық атқару комитеті жанындағы мәдени-ағарту бөліміне берілді.М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада сақталған сол кездердегі кітаптардың бірінші беттерінде «Қарағанды қ. №1 қалалық кітапхана» мөрлері тұр (К.А.Тимирязев Жизнь растений. 1949 жыл). 1950 жылға бұл кітапхананың қоры 18 мың данаға жуық кітаптарды құрады. 1960 жылдардың ортасында кітапхана №19 қалалық кітапханасы болады, ал 1977 жылы ол Орталық қалалық кітапхана болып ауыстырылады. Кітапхана Нұркен Әбдіров даңғылы, №12 үй мекен-жайы бойынша орналасқан. 1978 жылы Орталық қалалық кітапхана 1800 шаршы м. көлемімен жаңа ғимаратқа көшті, сол жылы (қарағандылық жазушы Ж.Бектұровтың ұсынысы бойынша) кітапханаға ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың аты берілді. 1977 жылға дейін Қарағанды қ. 30 қалалық көпшілік кітапханалар, 1 жасөспірімдер кітапханасы және балаларға қызмет көрсету бойынша 15 кітапхана ашылды. ## Кітапхана қазіргі кезде Қазіргі уақытта Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің [1] құрамына балаларға қызмет көрсету бойынша 5 кітапхана, жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша 2 кітапхана, 13 кітапхана филиалдары, сондай-ақ М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана кіреді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Кузгумбаева Раушан Кушеновна, «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен және ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына медалімен марапатталған.Қазіргі уақытта М.О.Әуезов атындағы ОҚК – бұл қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметінің әдістемелік қамтамасыз етуін және басқаруды ұйымдастыру қызметін атқаратын маңызды біліктілік және оңтайлы қызмет көрсету орталығы. ОКЖ кітап қоры 690646 тіркеу бірлігін құрайды, сондай-ақ қазақ тілінде – 127975, мерзімді басылымдар 134335 дана, аудио-визуалдық материалдар – 65, СD – 1012 дананы құрайды. Кітапханада 1917 жылға дейін басып шығарылған сирек кездесетін кітаптардың шағын өоры бар, олардың ішінде Н.В.Куприннің, А.П.Чеховтың көзі тірісінде жазылған шығармалар жинағы. ОКЖ түпнұсқалардың сақтау орны ғана емес, сонымен бірге заманауи ақпараттық өнімдердің барлық салалары бойынша өзінің пайдаланушыларына қызмет көрсететін нақты ақпараттық орталық болып саналады. Қазіргі уақытта ОКЖ-да автоматтандыру элементтері енгізілуде. ОКЖ заманауи компьютерлермен жабдықталған, Интернет желісіне кіру мүмкіндігі бар, сондай-ақ өзінің сайты бар. Жыл сайын Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі 79 мыңнан астам пайдаланушыларға қызмет көрсетіп, 2 031 930 мың кітап береді. Кітапхана қызметін әртүрлі мамандық иелері пайдаланады: жұмыскерлер, ғылыми қызметкерлер, студенттер мен оқушылар, зейнеткерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер, уақытша жұмыссыз отырғандар. ## Сілтемелер Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қарағанды қ. ОКЖ твиттерде
## Тарихы Балқаш қаласында бірінші кітапхана сонау 1934 жылы сол кездегі Набережный қонысында, жұмыскерлер клубында ашылған. Ол кезде кітап қоры 450 дана болып саналған.1962 жылы ЦК ВЛКСМ мен Қаз ССР мәдениет министрлігінің шешімімен Балқаш қаласының қалалық кітапханасына «Үлгілі кітапхана» атағы берілді. Ал 1965 жылы ол Николай Островский атындағы кітапхана болып аталды.1977 жылы Балқаш қаласының кітапханалары орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып біріктірілді. Кітапхана жүйесінің директоры болып Т.Ө.Әйнекова тағайындалды. Құрамына 28 кітапхана кірді. 1979 жыл ұжымға қазіргі мекен-жайға Н.Калмыков тұйық көшесіне көшуімен есте қалды. 2010 жылы бұл тұйық көшеге Н.Калмыков аты берілді. Ғимараттың кеңдігі жаңа бөлімдер ашу мен қызмет көрсету мәдениетін жақсартуға мүмкіндік берді.1994 жылы С.Сейфуллиннің 100 жасқа толу мерейтойының құрметіне орталық кітапханаға Балқаш қаласы әкімінің, мәжіліс мәслихатының шешімімен № 459/11 қаулысы бойынша жергілікті ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің аты берілді ## Клубтар Қазіргі таңда «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрамына әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 9 кітапхана бар. Бүгінде қызығушылық клубтары: «Қаламгер» әдеби бірлестігі, «Шаг навстречу» қиын балалармен жұмыс клубы, «Рауан» патриоттық клубы, «Кәусәр» жастар клубы және тағы басқа клубтары жұмыс істейді.«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрамында оқырмандарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар бар. 1991 жылы тек қана қазақ тілінде жинақталған кітапхана “Сырлас” әдеби қонақ-жайы, ал № 2 кітапхана-филиалы экологиялық бағытта жұмыс істейді.Қазіргі уақытта орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 44 компьютер, 21 сканер,11 ксерокс, 8 көп функционалды құрылғы, сервер бар. 10 компьютерде локалды жүйе бар.Орталықтанған кітапхана жүйесінде «Рабис» бағдарламасы арқылы «Кітап», «Мақала», «Өлкетану», «Экология» және т.б электрондық базалар жасалынады. Бүгінгі күнде электронды базада 27 мың жазылым бар. Қазақстан Республикасының электрондық үкіметіне, электрондық «Заң» базасына Қазақстан Республикасының Президенті қарамағындағы «Адам құқығы» жайлы комиссияның цифрлық кітапханасын пайдалану мүмкіндігі бар. С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада интернет қызметін пайдаланушыларға арналған алты адамдық орны бар интернет залы ADSL-технологиясымен жұмыс жасауда. ADSL - технологиясы арқылы А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы, №1,2,3,4 кітапхана филиалдары және №5 кітапхана филиалы қалааралық интернет желісіне қосылған.Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында толық ақпараттық және сервистік қызмет түрлері қамтылған: электронды каталог, қолжетімді Интернет,алыстағы деректер базасы, виртуалды анықтамалық қызмет, кітап, журнал, мультимедициялық жинақтар. ## Көрсеткіштер ОКЖ-нің қазіргі замануи кітапханалары кітап қорының және өлкетанулық құжаттардың сақталу орны.Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі – бұл• 395454 дана сақталу қоры• жылына 25000 оқырмандар саны• «Заң» анықтамалық-құқықтық жүйесіне қолжетімді• электронды кітаптар каталогы• энциклопедиялық,анықтамалық,жаңа оқулық әдістемелері,электрондық ресурстары мол оқу залыҚазіргі өмір талабына сай көпжылдық еңбек дәстүрі және жаңа технологияларды игерудегі ұжымның тәжірибесі арқылы кітапхана қызметкерлері халыққа қызмет көрсету деңгейін жақсартуда, қазіргі қоғамның талабына сай ұмтылуда. ## Тарихы Балқаш қаласында бірінші кітапхана сонау 1934 жылы сол кездегі Набережный қонысында, жұмыскерлер клубында ашылған. Ол кезде кітап қоры 450 дана болып саналған.1962 жылы ЦК ВЛКСМ мен Қаз ССР мәдениет министрлігінің шешімімен Балқаш қаласының қалалық кітапханасына «Үлгілі кітапхана» атағы берілді. Ал 1965 жылы ол Николай Островский атындағы кітапхана болып аталды.1977 жылы Балқаш қаласының кітапханалары орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып біріктірілді. Кітапхана жүйесінің директоры болып Т.Ө.Әйнекова тағайындалды. Құрамына 28 кітапхана кірді. 1979 жыл ұжымға қазіргі мекен-жайға Н.Калмыков тұйық көшесіне көшуімен есте қалды. 2010 жылы бұл тұйық көшеге Н.Калмыков аты берілді. Ғимараттың кеңдігі жаңа бөлімдер ашу мен қызмет көрсету мәдениетін жақсартуға мүмкіндік берді.1994 жылы С.Сейфуллиннің 100 жасқа толу мерейтойының құрметіне орталық кітапханаға Балқаш қаласы әкімінің, мәжіліс мәслихатының шешімімен № 459/11 қаулысы бойынша жергілікті ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің аты берілді ## Клубтар Қазіргі таңда «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрамына әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 9 кітапхана бар. Бүгінде қызығушылық клубтары: «Қаламгер» әдеби бірлестігі, «Шаг навстречу» қиын балалармен жұмыс клубы, «Рауан» патриоттық клубы, «Кәусәр» жастар клубы және тағы басқа клубтары жұмыс істейді.«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрамында оқырмандарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар бар. 1991 жылы тек қана қазақ тілінде жинақталған кітапхана “Сырлас” әдеби қонақ-жайы, ал № 2 кітапхана-филиалы экологиялық бағытта жұмыс істейді.Қазіргі уақытта орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 44 компьютер, 21 сканер,11 ксерокс, 8 көп функционалды құрылғы, сервер бар. 10 компьютерде локалды жүйе бар.Орталықтанған кітапхана жүйесінде «Рабис» бағдарламасы арқылы «Кітап», «Мақала», «Өлкетану», «Экология» және т.б электрондық базалар жасалынады. Бүгінгі күнде электронды базада 27 мың жазылым бар. Қазақстан Республикасының электрондық үкіметіне, электрондық «Заң» базасына Қазақстан Республикасының Президенті қарамағындағы «Адам құқығы» жайлы комиссияның цифрлық кітапханасын пайдалану мүмкіндігі бар. С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада интернет қызметін пайдаланушыларға арналған алты адамдық орны бар интернет залы ADSL-технологиясымен жұмыс жасауда. ADSL - технологиясы арқылы А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы, №1,2,3,4 кітапхана филиалдары және №5 кітапхана филиалы қалааралық интернет желісіне қосылған.Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында толық ақпараттық және сервистік қызмет түрлері қамтылған: электронды каталог, қолжетімді Интернет,алыстағы деректер базасы, виртуалды анықтамалық қызмет, кітап, журнал, мультимедициялық жинақтар. ## Көрсеткіштер ОКЖ-нің қазіргі замануи кітапханалары кітап қорының және өлкетанулық құжаттардың сақталу орны.Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі – бұл• 395454 дана сақталу қоры• жылына 25000 оқырмандар саны• «Заң» анықтамалық-құқықтық жүйесіне қолжетімді• электронды кітаптар каталогы• энциклопедиялық,анықтамалық,жаңа оқулық әдістемелері,электрондық ресурстары мол оқу залыҚазіргі өмір талабына сай көпжылдық еңбек дәстүрі және жаңа технологияларды игерудегі ұжымның тәжірибесі арқылы кітапхана қызметкерлері халыққа қызмет көрсету деңгейін жақсартуда, қазіргі қоғамның талабына сай ұмтылуда.
Қарқаралы аудандық орталық кітапханасы - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы кітапхана. ## Кітапхана тарихы Облыс бойынша бірінші кітапхана 1892 жылы чиновник Марковтың ұсынысы бойынша Қарқаралыда ашылған. Сол кезде кітап қоры 626 дана болды. 1917 жылдың ақпан төңкерісіне дейінгі аралықта кітапхана жұмысына жасырын цензура жүргізіліп тұрған. Қарқаралының сол кездегі көрнекті қайраткерлері Қарқаралыдағы бірінші кітапхананың жұмысына көп көңіл аударып, кітапхананың дамуына өз үлестерін қосып отырды. Сол уақытта кітапхана 17 түрлі газет – журналдар алып отырды. 1901 жылы кітапхананың кітап қоры 458 том- 127 атаудан, мерзімді басылымдар 15 атаудан тұрды. Қарқаралы өңіріндегі Қоянды жәрмеңкесінің мәдени өмірге үлкен әсері болды. Мұндағы оқырмандар залы бар кітапханада 40 қазақ, 30 орыс және басқа ұлттар өкілдері кітапхана қызметін пайдаланды. Қазіргі кітапхана ғимаратын 1870-1880 жылдары осы жердегі орыс көпесі Рязанцев Василий Селиверстович салдырған тұрғын үй. Осы үйде орыс саяхатшысы, этнограф Потанин тоқтаған. Сол жылдары Потанин Григории Николаевич Қарқаралыға тұңғыш келіп, ел арасындағы аңыз – жырлардың сан алуан нұсқаларын жинап, қазақ фольклорын зерттеумен айналысқан. Өзінің жолжазба естеліктерінде, бұл өңірде болғанда Рязанцев Василийдің үйіне тоқтағанын жазған. Кітапхана ғимаратының сырт жағында осы үйде 1913 жылы орыс саяхатшысы, этнограф Г.Н.Потанин тоқтаған деген мемориалдық тақта ілулі тұр. Қаладағы осындай қызыл кірпіштен өріліп қаланған әсем үйлер Рязанцевтар ұрпақтарының салдырған үйлері. Бүгінгі күнде бұл ғимараттар мемлекет қорғауындағы мәдени – тарихи ескерткіштер қатарына жатады. Бұл ғимаратта Кеңес Үкіметі жылдарында әртүрлі халық игілігіне пайдаланылатын мекемелер жұмыс жасаған.1920 жылдардың аяғына қарай кітапхананың абонемент бөлімі болып бастап, 1979 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрылды. Сол жылдан бері орталық кітапхана «Кітапхана мәртебесі - халық мәртебесі» ұранымен оқырмандарға қызмет көрсетуде. Қарқаралы аудандық орталық кітапханасына 2004 жылы «Модельді кітапхана» мәртебесі берілді. Аудандық кітапханада: * Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі; * Оқырмандар залы; * Ақпараттық – библиография бөлімі; * Әдіскерлік бөлім; * Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімдері жұмыс жасайды. Орталық кітапхананың кітап қоры – 42684 дана (2013).Кітапханада өлке тарихын насихаттау ауқымды жұмыстардың біріне жатады. 1989 жылдан бүгінгі күнге дейін кітапханада өлке тарихын қалың оқырманға насихаттау, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, алдағы ағалар жүріп өткен жолдардан сыр шертіп, оларды құрметтеп бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Атамекен», «Қаламгер» атты қызығушылар клубы жұмыс жасайды.Аудандық модельді кітапхананың бөлімдерінде өз істерін жетік білетін нағыз кітапхана жұмысының майталмандары, алдынғы қызметкерлердің 25-30 жылдан астам, ал кейінгі кітапханашылардың 15 - 20 жылдан асқан еңбек өтілдері бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * www.karkaralinsk.kz Қарқаралы
Үлгі:ЕМ-Оңтүстік КореяЧолла-Намдо (Южная Чолла) (кор. 전라 남도?, 全羅南道?)— әкімшілік орталығы Муангун қаласы болып табылатын, Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батысында орналасқан провинция. ## Әкімшілік бөлініс Чолла- Намдо 5 қалаға («си») және 17 уездге («кун») бөлінген. Келесі кестеде олардың атаулары берілген.
Восточный ауылдық округі – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Восточное ауылы кіреді. Орталығы – Восточное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1225 адамды құрады. ## Дереккөздер
Үлгі:ЕМ-Оңтүстік КореяЧолла-Пукто —Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батысында орналасқан провинция. Әкімшілік орталығы — Чонджу қаласы. ## Әкімшілік бөлініс Чолла-Пукто 6 қалаға («си») және 8 уездге («кун») бөлінген. ## Дереккөздер
Баймолдин ауылдық округі – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Әбілқайыр Баймолдин, Тақыр ауылдары кіреді. Орталығы – Әбілқайыр Баймолдин ауылы. ## Тарихы 2007 жылға дейін Восточный ауылдық округі деп аталды. 2017 жылы Тереңкөл ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Үлгі:ЕМ-Оңтүстік КореяЧолла-Пукто —Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батысында орналасқан провинция. Әкімшілік орталығы — Чонджу қаласы. ## Әкімшілік бөлініс Чолла-Пукто 6 қалаға («си») және 8 уездге («кун») бөлінген. ## Дереккөздер
Жігіттің үш жұрты - Қазақ халқының дәстүрі бойынша ер жігіттің үш жұрты болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады.Халық осы үш жұртына былай деп баға берген. "Өз жұртың - күншіл, бар болсаң - көре алмайды, жоқ болсаң - бере алмайды, жақсы болсаң - күндейді, жаман болсаң - жүндейді.Қайын жұртың - міншіл, қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең - жағасың, бермесең - дауға қаласың. Нағашы жұртың - сыншыл, жақсылығыңа сүйенеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор, қамқоршы болады". Тегін айтылмаған бұл қағидалардың шындығы бар. Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық қатынас ағайын, туыс, нағашылы-жиендіілік, жамағайын, жекжат, жұрағат, құдандалы деп аталады. Мұны туыстық атау дейміз. Халқымызда туыстық қатынастың көптеген көптеген атаулары және соған лайық жол-жоралғылары да бар. Халықтың сол атауларын, оның сырларын білгеннің зияны жоқ. Ескерте кететін жай - туыстық қатынас пен атаулар жігіт жағынан көрсетіледі. ## Дереккөздер
Иранбек Оразбаев (Иран-Ғайып) Әбітайулы (1947 ж. т.)-ақын, драматург. Иранбек Оразбаев 1947 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Арғын руынан шыққан. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы "Білім" қоғамында референт, "Жазушы" баспасында редактор, "Қазақ әдебиеті" газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.Алғашқы "Жүрек жырлайды" атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін "Тың құрбаны", "Хайуандық комедия" "Күшігімен таланған", "Мен ішпеген у бар ма?", "Батқан кеменің бейбақтары", "Желжуан", "Құдай қарғағандар", "Жамбылдың қызыл жолбарысы", "Негізгі шаруа", Қанына тартқан қыңырлар", "Алтын адам", "Алтын ажал", "Киелі күнә", "Хан-Абылай-Сабалақ", "Жәбек-шаған", "Гүл-Нәр", "Театр Романы", "Қорқыттың көрі", "Мауглидің оралуы", "Махамбет", "Қашғария", "Былыққа батқан қала", "Кркеткен" атты драмалық дастандарын жазды. "Глаза ночи" (1983), "Царь слова" (1984), "Наследник" (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы 3 томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді. 2002 жылы "Қорқыттың көрі" атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшайрасының бас жүлдегері."Оның «Жүрекжырлайды», «Түннің көзі», «Өмір-өлең» т. б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Абай өмірінің соңғы көзеңіне арналған «Мен ішпеген у бар ма?» атты драмалық дастаны театр сахналарында қойылып келеді.==Дереккөздер==Оның «Жүрекжырлайды», «Түннің көзі», «Өмір-өлең» т. б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Абай өмірінің соңғы көзеңіне арналған «Мен ішпеген у бар ма?» атты драмалық дастаны театр сахналарында қойылып келеді. ## Дереккөздер )Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/ Құраст.: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса. - Алматы: "Ан Арыс" баспасы, 2009 - 480 бет.
Асамбаев Базарбай - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Шұбар ауылдық советі, Жаңалық колхозының бригадирі (1940). 1904 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Жаңалық колхозын ұйымдастыру барысына ат салысады. * 1940 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болады. Сол жылы өнім алудан жоғары көрсеткіш бергені үшін "Құрмет грамотасымен" марапаталады. * 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, майданда болады. Соғыстан қайтқан соң өз колхозында жұмысын жалғастырып, жоғары өнім алуға бар күш-жігерін салады. 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы агротекниханы дұрыс қолдана білудің арқасында оның бригадасы 5 гектар жерден 869 центнерден, 19 гектардан 339 центнерден қант қызылшасын жинаған. * 1948 жылы 3 гектар жерге 826 центнер қант қызылшасын өсіріп, бұл еңбегі үшін екінші Ленин орденімен нагардталады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * 2 мәрте Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы (швед. Nobels fredspris) — жыл сайын Ослодағы Нобель комитетімен бейбітшілік саласында жетістіктерге жеткені үшін берілетін сыйлық. ## Лауреаттар Бейбітшілік саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі ## Құрлықтар бойынша сыйлық иегерлерінің саны * Еуропа (63)13-11-8-5-4--2-----1-------- * 13- * 11- * 8- * 5- * 4-- * 2----- * 1-------- * 8- * Америка (29)23- (2009)2-1---- * 23- (2009) * 2- * 1---- * Азия (15)3-1----------- (2010)- (2011) * 3- * 1----------- (2010)- (2011) * Африка (10)4-2--1- (2001)1- (2004) * 4- * 2-- * 1- (2001) * 1- (2004) ## Дереккөздер
Марков Георгий Мокеевич (1911-1991) орыс жазушысы,қоғам қайраткері.Екі мәрте Социалистік Еңбек ері,КСРО мемлекеттік сыйлығының(1952),және Ленниндік сыйлықтың лауриаты(1976).Ә-пен қызмет бабында араласып ,хат жазып ,пікір алысып жүрген.1973ж.алматыға келген сапарында Әуезов мұражайына барып көрді.Пікір кітабында Ә-тә жақсы көріп,қадыр тұтқанын,жазушы ретінде Мұхаңның әдибиетте теңдесі жоқ ерлік жасаған жазған.
* Серпер – Құрманғазының күйі. * Серпер – Құрманғазы аудандық газеті. * Серпер – Қазақ эстрадасында дәстүрлі әндерді орындаушы музыкалық топ.
Баева Пелагея Прохоровна - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1947). 1908 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 10 жасынан бастап байларда жалшы болады. * 1940 жылы "Новый путь" колхозына колхозшы болып кіреді. * 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. Осы жылы оның бригадасы 2 гектар жерден 2030 центнер қазып, яғни әр гектардан 1015 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды артығымен орындайды. * 1948 жылы Мерке ауылдық советінің депутаты болып сайланады және сол жылы оны қызлшашылар бригадасының бригадирі етіп тағайындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Байдешова Сейдегүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы, "Кеңес-1" колхозының звеношысы (1939). 1913 жылы Жамбыл облысы, Лугов ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы "Кеңес-1" колхозына колхозшы болып кіреді. * 1939 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. * 1945 жылы қант қызылшасынан мол өнім алады. Осы еңбегі үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы 7,25 гектар қант қызылшасының алқабының әр гектарынан 503 центнерден, сонымен қатар 2 гектар жердің әр гектарынан 841 центнерден өнім жинайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі ## Тарихы Қалалық орталық кітапхана 1952 жылы Рудник кентінде ашылды. Кітап қоры 300 дана, оқырмандар саны 100-ден аса ғана болды. 1971 жылы № 8 кітапхана Никольский поселкелік еңбекші депутаттарының Кеңесіне берілді.1975 жылы Никольский депутаттары кеңесінің шешімімен орталық кітапханаға жауынгер жазушы, публицист Баубек Бұлқышевтың есімі берілді.1977 жылы орталық кітапхана ұжымы социалистік жарыстың дипломымен марапатталып, «Үздік кітапхана» атағы берілді.1978 жылы мемлекеттік жүйедегі кітапханалар қызмет көрсетудің жаңа түрі – орталықтандырылған жүйеге көшті. Бұл – 258826 кітап қорымен, 21347 оқырманымен, 515571 кітап берілуімен, 51 қызметкерімен бір кітапхана есебінде болды. Бірінші директор Кариева Кабира Кариқызы болды (1978-1984 ж.ж.). Көп жылдар онымен бірге Жанасбаева А.А., Смағұлова Б.С., Қасқырбаева Ү.Ж., Сақтағанова Р.С. сияқты өз ісіне берілген кітапханашылар қызмет атқарып, кітапхана ісінің дамуына үлестерін қосты. ## Көпшілік жұмыстар Кітапхана өмірінің кейбір сәттеріне тоқтасақ:1970-1980 жылдардың жаз айларында барлық көпшілік іс-шаралар демалыс күндері үгіт алаңдарында өткізілетін. Бұл іс-шаралар аула клубтарымен, комсомол ұжымдарымен, пионерлер үйімен бірлесіп атқарылатын. Мысалы, «Родина моя- большая, дружная, семья» фестивалінде өлеңдер, тақпақтар айтылып, КСРО халықтарының билері биленді. Балалар үшін олардың жақсы көретін ертегілері бойынша театрландырылған көріністер қойылды.ОКЖ филиалдарының бәрінде қызығушылық клубтары жұмыс жасады. Орталық кітапханада «Арай» поэзия, өнер клубы, №5 филиалда «Прометей», №1 филиалда «Лира», орталық балалар кітапханасында «Почемучка», «Я и закон» клубтары жұмыс жасады.1982 жылы қалалық кітапхана КСРО Мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталды – Бүкілодақтық байқау-конкурстың жеңімпазы ретінде.1980 жылы ОКЖ жұмыс қорытындысы бойынша облыста 2-ші орын, ал 1981 жылы облыс қалаларының арасында 1-ші орынды иеленді.1981 жылы үш филиалға «Үздік жұмыс кітапханасы» (ОБК меңгерушісі Н.Берникова, №4,5 филиалдар меңгерушісі В.Т.Шкарупа, Г.С.Белкина) атағы берілді.1983-1985 жылдары Г.С.Белкина басқарған №5 филиал осы дәрежеге екінші рет ие болды.Орталықтандырылған жүйе – орталық кітапхананы филиалдарымен (орталық балалар, өлкетану, отбасылық оқу кітапханалары, баспасөз басылымдары мен балалар бөлімдері бар филиалдар) біріктіретін жүйе.80-ші жылдары ОКЖ-де көптеген филиалдар ашылды, осының арқасында тұрғындардың басым көпшілігін оқумен қамтуға мүмкіндік туды. Осы жылдары 15 кітапхана жұмыс жасады. Қалалық кітапхананың орталықтандырылуына байланысты жаңа бөлімдер ашылды: әдебиетті толымдау мен өндеу бөлімі, кітапханааралық абонемент, бірыңғай ақпараттық қор, әдістемелік-библиографиялық бөлімдер – бұлар барлық мекеме, жүйе кітапханалары жұмысының үйлесімін қамтамасыз етеді.Орталықтандыру кезеңінде бір кітапхананың тексеру көрсеткіштері шамамен мынадай болды: кітап қоры – 25,878 дана, оқырман саны – 3,250, келушілер саны – 41,806, кітаптың берілуі -73,202. Барлық кітапханалардың біріктірілуі ОКЖ жұмысының мақсатты, бірыңғай болуына ықпал етті, бұл бақылау көрсеткіштерінің жақсаруына да септігін тигізеді.Қаланың кітапхана ісінің өркендеуіне Кочнева Галина Александровна үлкен үлес қосты, мәдени-ағарту жұмысында тәжірибесі мол адам, ОКЖ-н 1984-1993 жылдар аралығында басқарды. Бұл кісі басқарған кезде ОКЖ республикалық көлемде бағаланды. Осы уақыттарда бірінші рет «Книжная весна» фестивалі, қала стадионында «Алтыбақан» халықтық мерекесі (ақындар айтысы, көпшілік шерумен) өткізілді, кітапхана қызметкерлерінің «Поиск» үгіт бригадасы жұмысын бастады. Әдеби-музыкалық қонақ жай «Тебе, Родина, наше творчество и вдохновение» жұмыс жасады. Сонымен қатар қалалық орталық кітапхана мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді қатысты.Көптеген іс-шаралар туралы жергілікті басылымдарда жазылды, мысалы «Праздник улицы Сатпаева», бұл іс-шараға Қ.И.Сәтбаевтың шәкірттері Соц.Еңбек ері В.Штифанов, И.Резников, Зверинцев қатысты. «Праздник советской семьи» фестивалін қала кітапханалары мен мәдениет бөлімі бірлесіп 3 күн бойы өткізді.1-ші күні «Дом, в котором ты живешь» операциясы өтті – кітапханашылар әлеуметтік көмек көрсету мақсатында сыйлықтарымен мүгедек оқырмандарына барды. Осындай іс-шараның қорытындысы бойынша еңбек және соғыс ардагерлері тұратын үйлердің қабырғасына ескерткіш-тақталар ілінді: «В этом доме живет ветеран ВОВ Т.Унчибаев», «Здесь живет трудовая династия Баймагамбетовых», «Дом №25 – читающий дом», «Читающая династия» дипломдарымен марапатталды.2-ші күні іс-шаралар үгіт алаңдары мен аула клубтарында өтті. «Байқоңыр» кинотеатрында үш ұрпақтың отбасылық «Папа, мама и я – читающая семья» атты – кездесу кеші өтті.3-ші күні жергілікті ақын, композиторлар Ш.Ділдебаев, Ж.Сейілов, А.Ербозов, М.Процюк, Л.Бигун, П.Цаплин тағы басқалармен кездесулер өтті (Каз.правда 7.10.1985ж.).Орталық кітапханада «Праздник книги», кітап көрмесі «Книга и человек» ұйымдастырылды, оқырман А.Кнаубтың бенефисі қызықты өтті, ол кітаптың өз өміріндегі рөлі жайлы айтты. «А, ну-ка девушки!» конкурсында жас кітапханашылар қатыстып, олар 7 номинация бойынша кәсіби біліктіктерін көрсетті. «Лучший молодой библиотекарь» конкурсының жеңімпазы болып Н.Егорова атанды....Жиналғандар ардагер-кітапханашылар Е.Радченко, Б.Смағүлова, Л.Иманғалиева, Г.Белкина, Ү.Жүнісоваға ду қол шапалақтап, оқырмандар гүл табыстап, олардың оқырманға деген көңілі, ықыластылығы, кішіпейілдігіне алғыстарын білдірді. Ардагерлер өз кезегінде жас кітапханашыларға ізгі тілектерін айтып, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. (штаттан тыс корр.Щеглов).ОКЖ жұмысы туралы жергілікті баспасөз былай деп жазады:Никольский қаласы еңбекшілерінің саяси-идеялық адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінде Г.А.Кочнева басқарып отырған Б.Бұлқышев атындағы ОҚК ұжымы өлшеусіз көмек көрсетіп отыр. Кітапхананың қалыптасу жылдарында кітап қоры 48 мың данаға өсті. Әрдайым қордағы әдебиетті 20 мың оқырман пайдаланады.Оқылым, айналымдылық, келушілер саны әжептәуір өсті. Аға библиограф Б.Смағұлова 30 жылын сүйікті ісіне арнаған тәжірибелі қызметкер үнемі жұмыстың жаңа түрі мен әдістер іздестірді, осы арқылы анықтамалық-ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттырды. А.Х.Темірбаева басқарған толымдау бөлімінде жұмыс кешенді түрде жүргізілді. Қорды толымдау барысында негізгі назар қоғамдық-саяси әдебиетке аударылды. Әдістемелік-библиографиялық бөлім қолайлы бағытпен жұмыс жасады: - Қаладағы кітапхана ісінің орталықтандырылуын кеңінен нығайту: - барлық мекеме мен жүйе кітапханаларының қызметін үйлестіру;- оқырманға дифференциалды қызмет көрсетудің түрі мен әдістерін жан-жақты дамыту- «Библиотека отличной работы» атағы үшін филиалдарда соц.жарыстар ұйымдастыру. Бөлім ОКЖ-нің барлық көпшілік іс-шараларының ұйымдастырушысы болды. Кітапханашы Г.Васильева өзінің адамгершілігімен, кітап таңдауда бірден көмекке келетіндігімен оқырмандар арасында үлкен құрметке бөленді.Кітапхана жұмысында әр-түрлі тәсілдегі көпшілік іс-шаралар өткізуге жіті көңіл бөленді: қалалық кітап мерекесі, әдеби қонақжай, фестиваль, кітап мерекесі, әдеби қонақжай, фестиваль, кітап премьерасы т.б. Орталық кітапханада бірнеше жыл бойы 2 жастар клубы «Алые паруса», «Арай» жұмыс жасады. «Арай» клубының бір отырысында Қ.И.Сәтпаевтың қызметтестерімен кездесу болды. Қ.И.Сәтбаевтың бюстінің салтанатты ашылу күнінде кітапханаға қонақтар В.И.Штифанов, И.В.Резников, Т.А.Зверинцев, Н.Б. Голоднова келді. Олар әйгілі ғалым жайлы жылылықпен еске алып, өлкеміздің тарихы туралы сұрақтарға жауап берді.ОКЖ партия ұйымдарымен тығыз байланыста болып, қаланың қоғамдық әдеби өміріне белсене араласты. (В.Шеглов штаттан тыс корр. «Джезказ.правда» газетінен үзінді 1988ж.).Оқырмандар арасында жұмыстың мына түрлері – оқырмандар конференциясы (Ю.Бондарев «Горячий снег», В.Закруткин «Матерь человеческая»), ауызша журнал: («Мы живем в СССР», «Утро нового мира» т.б.). әдеби кештер: («С чего начинается родина», «Музыка на фронтах ВОВ») жиі қолданыста болды.1980 жылдың ортасы мен 90 жылдың басы №9 филиал-өлкетану кітапханасы мен стационардан тыс бөлімдердің ашылуымен ерекшеленді. Л.И.Иманғалиева жетекшілік еткен стационардан тыс бөлімі жылжымалы пунктте айтарлықтай құрметке ие болды: ателье, Казмедьстрой жатаханасы, ұй-құрылыс комбинаты, тұрғын-үй комбинаты т.б. Бұл жерлерде кітап беріліп қана қоймай кітап презентациясы, ауызша журнал өткізіліп тұрды. Жылжымалы орындар, пункт саны – 19 болды. ## Оңтайландыру 1993 жылдан бастап елдегі саяси оқиғаға, экономикалық дағдарысқа байланысты оңтайландыру мақсатында кітапхана филиалдары жаппай жабылды.1997 жылы екі-ғана кітапхана қалды: орталық және №3 Весовая елді мекеніндегі кітапхана. Осыған орай негізгі көрсеткіштер 54%-ға қысқартылды.Осы қиын кезеңдерде ОКЖ-ні А.Х.Темірбаева басқарды. Кітап қоры 1993 жылы – 335.202; 1999 – 182.377 54%-ға кеміді. Қала әкімінің шешімімен ОКЖ қорынан жаңадан ашылған гимназияға, мектеп-лицейге, оқушылар үйіне, балалар өнер мектебіне, «Мерей» балалар үйіне кітаптар берілді.Оқырмандар саны 1993- 19.400; 1999 – 10.754, 55%-ға, кітап берілуі – 1993 – 490.125; 1999 – 230.900 47%-ға кеміді. Көрсеткіштердің негізгі кемуі 1997-1998 жылдарға келді.Қиын кезендерге қарамастан кітапхана өз міндетін орындап, жалғыз мәдени-сауық орталығы боп қалды. Осы жылдарда дәстүрлі, Сәтбаев оқулары, Наурыз мейрамын тойлау өткізіліп тұрды.Бірінші рет шаруашылық есеп элементтерін қолдану арқылы ақылы негізде қызмет көрсетудің жаңа түрі енгізілді. Ақылы қызметтен түсетін тиын-тебен іс-шаралар өткізуге және шаруашылық керек-жараққа жұмсалды. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбегендіктен, кітапхана басшылығы қызмет көрсетудің осы түріне баруға мәжбүр болды. ## Материалдық-техникалық базасы 2000 жылы Президенттің үкімімен мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Осы жыл аясында кітапханаға материалдық-техникалық базасына және кітап алуға бюджеттен ақша бөлінді. Осы жылы ОКЖ бірқатар көпшілік іс-шаралар өткізді: орталық кітапхананың оқу залында жергілікті ақын Г.Гайдукты еске алу кеші өтті. Шығармашылық интеллигенция клубы мүшелері, туысқандары, достары, «Слиток» әдеби бірлестігіндегі пікірлестері қатысты. Ақынның өлеңдері оқылды, өлеңіне жазылған әндер шырқалды.Мысалы, Қазақстан халықтарының бірлігі күні «Под шаныраком дружбы» атты қала әкімі Қ.С.Балмағанбетовтың ұлттық-мәдени орталықтармен мерекелік кездесуі өтті.2001 жылдан бастап кітапхананың материалдық-техникалық базасы жақсарды, жұмсақ жиһаз, офистік жиһаз, компьютерлер алынды. Жыл сайын кітапқа қаражат бөлініп тұрды. 2007 жылы құжаттарды ЭК-қа енгізу басталды. ## Клубтар Кітапханада бірнеше жылдың көлемінде «Время и ты» атты жас жеткіншектерге арналған пікір-талас клубы жұмыс жасайды. Клубтың мақсаты – пікір-сайысқа қатысушылардың өз ойларын, көз қарасын жеткізе білу. Сонымен қатар жас оқырмандардың бойына ақындық қасиет ұялату, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Шабыт» клубы да жұмыс істейді.Отбасылық кітапханада «Библиотека.Книга.Семья», «Летнее чтение с увлечением», «Наша усадьба» бағдарламалары, «Прекрасное своими руками» үйірмесі және ең кішкентай оқырмандарға арналған «Играй-центр» жұмыс істейді. ## Кітапхана ардагерлері Қала кітапхана ісінің дамуына ОКЖ-ң ардагерлері мол үлестерін қосты. Олар: Кариева Кабира Кариқызы, Темірбаева Ақмарал Халыққызы, Кочнева Галина Александровна, Васильева Галина Петровна, Жанасбаева Ақжолтай Алтаевна, Қасқырбаева Үрлен Жүнісқызы, Смагұлова Батима Смағұлқызы, Сақтағанова Рзакүл Сақтағанқызы, Смағұлова Әтіркүл Ілесқызы, Ужва Нина Петровна. ## Қызмет түрлері Оқырмандарға интеренет жүйесі, сервистік қызмет түрлері көрсетіледі, кітапхананың арнайы сайты http://www.library-satpaev.gov.kz Мұрағатталған 18 желтоқсанның 2014 жылы., электронды поштасы [email protected] жұмыс істейді. Инновациялық бағытта жұмыс істеу барысында флеш-моб, «Бір ел – бір кітап» акциялары(қолжетпейтін сілтеме), «Салауатты өмір салты», зейнеткерлерге арналған жазғы компьютерлік курс «Школа третьего возраста», дивиант мінезді оқырмандармен жұмыс – осындай қызмет түрлері қолданыста.Қазірге кезде екі кітапхананың қоры 130554 дана, оқырмандар саны– 9814, кітаптың берілу саны – 185102 дана, оқырмандар келуі– 102677.
Сұлтанрабат — Түркістан облысы Төле би ауданы, Киелітас ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1961 жылы құрылған "Қазығұрт" сүт кеңшарының бөлімшесі болған. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Дереккөздер
Жанама — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Сарытоғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 157 км-дей жерде, Жайықтың сол аңғарлық жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен шалғынды қоңыр топырақты қуаң шөлейт белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 989 адам (503 ер адам және 486 әйел адам) болса, 2009 жылы 856 адамды (435 ер адам және 421 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1994 жылға дейін «Зауральный» деп аталды. Іргесі 1965 жылы «Зауральный» қаракөл қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жанамада және ауылдық округке қарасты Сарман ауылында 17 шаруа қожалығы құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Жаңажол (1993 ж. дейін — Мокринское) — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде, Қараөзеннің сол жағалауында, бастауына таман бетеге, көде, боз аралас әр түрлі шөптесін өскен шалғынды қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1260 адам (637 ер адам және 623 әйел адам) болса, 2009 жылы 1128 адамды (555 ер адам және 573 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1930 жылы мұнда Жаңажол ұжымшары ұйымдасты. Оның негізінде кейін "Айдархан" кеңшары құрылды. Қазіргі уақытта кеңшар тарап, 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестері жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік пункт бар. Төңірегіндег Ақкөл көлінен балық ауланады. Еділбайсор көшесінің ортасында минералды бұлақ бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Үлгі:ЕМ-Оңтүстік КореяКёңсаң-Пукто — Оңтүстік Кореяның шығысында орналасқан провинция. Әкімшілік орталығы — Тэгу. ## Әкімшілік бөлінісі Кёнсан-Пукто 10 қалағы («си») және 13 уездге («кун») бөлінген. ## Бауырлас провинциялар * Франция, Эльзас * АҚШ, Огайо * Ресей, Примор өлкесі * Түркия, Бурса ## Дереккөздер
‎‎ Сілеті бөгені — Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерінде, Сілеті өзенінің бойында 1965 жылы салынған. Машина жасау, тамақ өнеркәсібі дамыған Степногорск қаласын ауыз сумен және техникалық сулармен қамтамасыз етеді. ## Гидрологиялық сипаты Суының минералдылығы мен химиялық құрамы Сілеті өзенінің деңгейіне және жер асты суының көтерілуіне тікелей байланысты. Су жинайтын алабы 200 км². Төңірегіндегі егісті алқапты суландырады. ## Дереккөздер
Бостандық — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Бостандық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде, Кіші (Сары) өзенінің сол жағалауында орналасқан. Шөлейт агроклиматтық белдемде жатыр. Өзен аңғарының шалғындық қара және шөлейттік бозғылт сұр топырағында астық тұқымдас шөптер басым. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1922 адам (958 ер адам және 964 әйел адам) болса, 2009 жылы 1769 адамды (907 ер адам және 862 әйел адам) құрады. Бостандықта ауыл шаруашылық кооперативтері жұмыс істейді. Тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Тоғрұлбек Мұхаммед(т.ж.б.-1063)-Салжұқ сұлтандығының билеушісі (1038-1069),Салжұқтың немересі.1038ж.Солт.Хорасанды жаулап алып,№Нишапурда өзін сұлтанмын жариялады.1040ж.Мерв түбінде ғаазнауилер сұлтаны Масұд 1-ні жеңіп,бүкіл Хорасанға иелек етті.Мұның артынша Хорез,Армения,Грузия,Әзірбайжан,Күрдістан,Болғар патшалығын бағындырды.Мемлекет астанасы Рей қ.болды1050ж.Иранның басым бөлігінде билік жүргізді. 1055 ж. Бағдадты бағындырды. Бағдат халифы оның сұлтан лауазамын мойындауға мәжбүр болды.Т.Бағдадта билік жүргізген Буйлар әулетін жойып жіберді.Аббас әулеті халиф атағын сақтап қалғанымен саяси және әскери билік сәлжұқ сқлтандарының қолдында болды.Халифтер бқдан былай тек дін істеріне ғана басшылық етті.Т-тің билігі кезінде Салжұқ сұлтандығы нығайып,аумағы одан әрі кеңейе түсті.
Сібір шебі — Батыс Сібірдің оңтүстігінде Ресейдің күшейтілген шептерінің бөлігі, XVIII-XIX ғасырларда көшпенділердің шабуылынан оңтүстік шекараларды қорғау үшін тұрғызылды. Сібір шебі әр жылдары салынған: * Тобыл-Есіл (1752—1755 жж.); * Ертіс (1745—1752 жж.); * Колыван-Кузнецк (1747—1768 жж.) күшейтілген шептер. ## Тарихы Сібірдің оңтүстік-батысындағы бекіністерден, алдыңғы бекіністерден және қорғандардан қорғаныс шебінің дамыған жүйесін құру, сондай-ақ XVII-XVIII ғасырлары кең Сібір аймағында әскери-өнеркәсіптік, әскери-әкімшілік, сауда-қожалық орталықтар жүйесін құру Сібір қалаларының пайда болуындағы ең маңызды тарихи сәт болды, олардың пайда болуы мен дамуы бір жағынан Сібірдің күшті өзендері Обь, Ертіс, Енисей және олардың салаларымен байланысты. Бастапқыда қорғаныс бекіністері Томбы бекінісінен (Томбы разрядының әкімшілік орталығы) радиалды түрде салынды — бірінші кезекте шығыста (Кетс (1596), Семилужный (1609), Кузнецкий (1618), Мелеский (1621), Ачинский (1641)), содан кейін оңтүстік бағытта (Уртамский (1684), Умревинский (1703), Чаусский (1713), Бердский (1716), Каинский (1722), Семей және басқалары) Ұлы Дала бойында Оралдан салынып жатқан бекіністер қатарына қосылды. Сібірдің қатал табиғи-климаттық жағдайында навигация кезеңі өте қысқа болды, бұл өсіп келе жатқан қалалардың өсіп келе жатқан сауда қажеттіліктері үшін жеткіліксіз болды және уақыт өте келе, XVIII ғасырдың ортасында осы бекіністердің қорғауымен жегін көлік Сібір жолы Оралдан тыс жерлерде пайда болды. 1716 жылы И.Д. Бухгольц бастаған экспедиция І Петрдің бұйрығымен Ертіс өзенінің бойында бекіністі қалалар мен бекіністер салу арқылы Сібір шебінің негізін қалады. XVIII ғасырдың ортасына қарай Сібір бекіністерінің шебі Оралдан Алтайға дейінгі кең аумақты қамтыды, бірақ бекіністер мен қорғандардың белсенді түрде салынғанымен, оның қорғаныс жүйесі әлсіз болды. 1752 жылы Сенат жаңа бекіністер желісін салу туралы қаулы шығарды, алты қырлы бекіністер салу жоспарланды, құрылған шеп Жаңа деп аталды. Ертіс пен Есіл шептерінің барлық бекіністері, алдыңғы бекіністері қалпына келтірілді. 1764 жылы Омбы бекінісі Сібір шекара шептерінің басты бекінісіне айналды. 1764 жылы Сібір қалалары және сызық бойына қоныстандырылған барлық казактар «Сібір казактарының шебі» атауын алды. 1808 жылы Есіл, Ертіс, Колыван және Кузнецк шептерін қорғаған казактар Сібір Шебілік казак әскеріне біріктірілді. XVIII ғасырдың аяғында көшпенділердің шабуылынан қорғайтын сенімді қалқанға айналған Оңтүстік Сібір қорғаныс шебі жүйесінің құрылысы аяқталғаннан кейін қорғаныс міндеттерін жоғалтқан бекіністердің көпшілігі жойылды. Бекіністердің ағаш құрылымдары ескіріп, біртіндеп жоғалуда. ## Шекара шептерінің типтік бекіністері * Бекіністер негізгі, қатты қаруланған тірек бекеттері болды. Бекіністе форштадт немесе казак ауылы болды, қала бекінісіне іргелес елді мекен ретінде жоспарланған, ретраншемент және реданмен нығайтылған. Бастиондардың профилі қоршаудан немесе дуалдан және сыртынан іргелес орналасқан, алдында шұңқырдан тұратын үйінделер болды. Шұңқырдың контрэскарпының арғы жағында, одан біраз қашықтықта бірнеше керме ағаштар қатары, ал олардың алдында тағы бір қысқа бағаналар қатары тұрды. * Қорғандар (орыс. Редуты) екі қабатты төрт бұрышты пішінді, оның бұрышы шамамен 20 сажынға тең болатын. Бұрыштарда бастион түріндегі кертпелер болды. Бекіністің қоршауы мылтық атуға бейімделген қоршаулардан тұрды. Сыртта, кеуде биіктігіне шұңқыр салынған үйінді болды. Контрэскарпының артында керме ағаштар мен қысқа бағаналар қатарлары тұрды. * Алдыңғы бекіністер (орыс. Форпосты) қоршау тәсіліне байланысты қорғандарға ұқсас болды, бірақ олардың көлемімен ерекшеленді. Ірі алдыңғы бекіністер шаршы түрінде әр бұрышы 30 және одан да көп сажынға тең болатындай орналасты. Шағын алдыңғы бекіністер қорғандарға қарағанда кішірек болды. * Станциялар әр бұрышы 10 сажыннан және шығыңқы жерлерден тұратын қорған болды. Бұлардың ішінен қарама-қарсы екеуі бастионға ұқсап, әрқайсысы бір қарумен қаруланған. Қалған екі шығыңқы жер шаршы және ашық қорғанысты казармадан тұрды. Қоршаудың ішінде, оны бірнеше керме ағаштар мен қысқа бағаналар қоршады. ## Ертіс бекініс шебі ## Тобыл-Есіл бекініс шебі ## Дереккөздер
Көпжасар (1992 жылға дейін - Жаңаталап) — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Көпжасар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Жалтыркөл көлінің оңтүстігіндегі еркекшөп, теріскен басым әр түрлі шөптер өскен сортаңды-сұр құмдақ топырақты, шөлді белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1336 адам (652 ер адам және 684 әйел адам) болса, 2009 жылы 1752 адамды (863 ер адам және 889 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1963-1997 жылдары «Жаңаталап» қой кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Көпжасарда және округтегі Салтанат, Саралжын, Үштас ауылдарында «Көпжасар» серіктестігі мен 31 шаруа қожалығы құрылған. ## Инфрақұрылымы Орта, 2 бастауыш мектептер, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ақшымырау ауылдық әкімдігі — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы әкімшілік бірлік. 2016 жылға дейін Ақшымырау ауылдық округі деп аталған. ## Тарихы Ауылдық округ 2000 жылы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Қызан селосы құрамынан бөлініп, Ақшымырау селосы әкімі аппараты болып құрылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Ақшымырау ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1117 адамды (571 ер адам және 546 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Алып түймедағы — 3000 метрден астам биіктікте өсетін барлық мұздықтар мен мореналар өсімдігі аласа болып келеді. Кенет алдыңыздан нағыз қала көшелерінде өсірілетіндей гүлдер, гүлшоғыры көлемінің диаметрі 5 сантиметрден асатын тұтас гүлкөмбе шыға келеді. Бұл алып түймедағы немесе кавказ түймедағы – биіктігі 50 сантиметрге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдік негізінен ғажап үлкен әдемі гүлден тұрады, содан кейін – жіңішке сабақ пен кішігірім жапырақтар. Таңғаларлық, бірақ шындығы сол - альпі гүлдерінің әсем болу себебі, өсімдік осылайша гүлдеу үшін, демек, тұқымын жетілдіру үшін жыл бойы, кейде тіпті бірнеше жыл бойы күш жинайды. Олар болашақ үшін гүлдейді және өмір сүреді деп толығымен айтуға болады! Бұл түймедағы түрлері Тянь-Шань мен Кавказдың солтүстік батыс тау беткейлеріндегі альпілік, және субальпілік аймақтардың биік тау шалғындарында өседі. Бұл гүлдері мамыргүл түстес болып келетін бірден-бір түймедағы түрі. ## Дереккөздер
Таушық ауылдық округі – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Таушық ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2765 адамды (1396 ер адам және 1369 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Миклухо-Маклай Николай Николаевич (1846-1888) – орыс саяхатшысы, антрополог, этнограф және биолог. 1871-1880 жылдары Оңтүстік-шығыс Азия, Австралия елдерінде және Тынық мұхит аралдарында антропологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізіп, антропология мен этнография ғылымында үлкен із қалдырды. Ғылымда тұңғыш меланезия антропология типін сипаттап жазады, адамзат нәсілдерінің түр жағынан біртұтастығын және бір-бірімен туыстас екендігін, “төменгі” және “жоғарғы” нәсілге бөлудің ғылыми негізсіз екендігін дәлелдеген. ## Өмірбаяны * Николай Николаевич Миклухо-Маклай 1846 жылы шілде айының 5-де Ресей империясы, Новгород губерниясы, Борович ауданы, Рождественское селосында туған. * 1863 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен. 6 айдан кейін студенттер қозғалысына қатысқаны үшін одан шығарылып, Гейдельберг (1864), Лейпциг (1865) және Йен (1866 – 1868) университеттерінде жаратылыстану мен медицинадан дәріс алған. ## Экспедициялары * 1866 – 1867 жылдары Канар аралдарына және Мароккоға саяхат жасады. * 1867 жылы Қызыл тау жағалауында, теңіз фаунасын зерттейді. * 1871-1874 жылдар - Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс жағалауы.Миклухо-Маклай 1871 жылы 20 қыркүйекте "Витязь" (капитаны Назимов) атты орыс корветімен (ерте замандағы үш діңгекті соғыс кемесі) Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Астролябия шығанағына келіп кіреді. Алғаш рет жергілікті тұрғындар папуастармен танысады. 27 қыркүйекте корвет "Витязь" кейін қайтады.1 қазан күні папуастар деревнясына алғашқы қадамын бастаған Миклухо-Маклай 2,5 жыл олардың арасында тұрып, зерттеулерін жүргізеді, сонымен қатар Бютензоргте (Богор), Явада, Папуа-Ковиайда болады. * Миклухо-Маклай 1871 жылы 20 қыркүйекте "Витязь" (капитаны Назимов) атты орыс корветімен (ерте замандағы үш діңгекті соғыс кемесі) Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Астролябия шығанағына келіп кіреді. Алғаш рет жергілікті тұрғындар папуастармен танысады. 27 қыркүйекте корвет "Витязь" кейін қайтады. * 1 қазан күні папуастар деревнясына алғашқы қадамын бастаған Миклухо-Маклай 2,5 жыл олардың арасында тұрып, зерттеулерін жүргізеді, сонымен қатар Бютензоргте (Богор), Явада, Папуа-Ковиайда болады. * 1875-1877 жылдар - әртүрлі ендіктегі саяхаттары:1874 жылдың аяғында Миклухо-Маклай Малакк (Малай) түбегінің түкпіріне саяхат жасап, ғалымдар арасында ежелден пікірталас тудырған түбектегі меланезиялықтарға жатпайтын "оран-утан" ("орман адамдары") деген халықты іздеп, зерттейді.1976 жылы Океания аралдары -Яп және Палауға барады. * 1874 жылдың аяғында Миклухо-Маклай Малакк (Малай) түбегінің түкпіріне саяхат жасап, ғалымдар арасында ежелден пікірталас тудырған түбектегі меланезиялықтарға жатпайтын "оран-утан" ("орман адамдары") деген халықты іздеп, зерттейді. * 1976 жылы Океания аралдары -Яп және Палауға барады. * 1879-1881 жылдар - Австралия. * 1882-1883 жылдар - Ресей мен Еуропа. ## Еңбектері 5 томдық (6 кітап) шығармалар жинағы (Издательство АН СССР, 1950-1954)2 томдық - "Путешествия" (М.- Л.,1940-1941) ## Есімі берілген жерлер * Ресей ҰА Этнография институты. * Жаңа Гвинеяның солтүстік-шығыс жағалауы “Миклухо-Маклай жағалауы” деп аталады. * Астероид * Теплоход * Ресейдің Новгород облысында ескерткіштер орнатылған ## Н.Н.Миклухо-Маклай туралы әдебиеттер * Известия Государственного географического общества, т.71, вып.1-2. М. - Л., 1939 * Человек с Луны. Дневники, статьи, письма Н.Н.Миклухо-Маклая. М., 1982. * Анучин Д.Н. Н.Н.Миклухо-Маклай. Его жизнь, путешествмя и судьба его трудов. - "Землеведение", 1922, кн. 3-4, М.-Пг., 1923. * Бутинов Н.А. Н.Н. Миклухо-Маклай. (Биографический очерк). - В кн.: Миклухо Маклай Н.Н. Собр.соч., т. 4, М-Л., 1953. * Бутинов Н.А. Н.Н. Миклухо-Маклай - великий русский ученый-гуманист. К 100-летию его первой экспедиции на Новую Гвинею. Л., 1971. * Бутинов Н.А. Путь к берегу Маклая. Хабаровск, 1975. * Вальская Б.А. Борьба Н.Н.Миклухо-Маклая за права папуасов берега Маклая. - "Страны и народы Востока", вып. 1, М., 1959. * Вальская Б.А. Неопубликованные материалы о подготовке экспедиции Н.Н.Миклухо-Маклая на Новую Гвинею в 1871 г. и о плавании корвета "Скобелев" к этому острову в 1883 г. - "Страны и народы Востока", вып. 13, М., 1970. * Вальская Б.А. Проект Н.Н.Миклухо-Маклая о создании на остравах Тихого океана русской вольной колонии. - В кн.: Австралия и Океания (история и современность). М., 1970. * Егорьева А.В. Русский географ и путешественник Миклухо-Маклай (К 125-летию со дня рождения). Л., 1971. * Колесников М.С. Миклухо-Маклай. М., 1965. * Комиссаров Б.Н. Рание годы Н.Н.Миклухо-Маклая (к истории первого Санкт-Петербургмкого периода жизни). - "Сов. этнография", 1983, №1. * Марков С.Н. Тамо-рус Маклай. М., 1975. * На берегу Маклая. Этнографические очерки. М., 1975. ## Дереккөздер
Cалиха Оңғарбаева(1899-1958)- Қазақстандағы стахановшылар қозғалысының бастаушысы, сауыншы-жаңашыл. 5 маусым 1899 жылы, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Ақсу ауданында туған. ## Еңбек жолдары * 1921-1931 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, "Көкарық" артелінде сауыншы болады. * 1932-1936 жылдары Қоғалы ауданы, "Киров" ет-сүт совхозында сауыншы, ал 1937-1938 жылдары ферма меңгерушісі, 1939-1951 жылдары совхоз директорының орынбасары болып, 1951-1953 жылдары совхоз сүт лабораториясын басқарады. * Ол жылына әр қазақи сиырдан 3591 л. сүт сауып, озат сауыншы атанды. * Бүкілодақтық стахановшы-малшылар кеңесіне қатысты. * Солтүстік Кавказ сауыншыларын социалистік жарысқа шақырып, Қазақстан делегациясы құрамында Солтүстік Кавказға барып, шарт жасасқан. ## Жетістігі * 1936 жылы Советтердің Бүкілодақтық төтенше 8-съезіне қатысты. * КСРО Конституциясы тексін әзірлеу жөніндегі Редакциялық комиссияның мүшелігіне сайланды. * 1-2 сайлауларда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. ## Наградалары * Еңбек Қызыл Ту ордені * "Құрмет Белгісі" ордені * Медальдар ## Дереккөздер
Сыңғырлау ауылдық әкімдігі — Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы әкімшілік бірлік. 2017 жылға дейін Сыңғырлау ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Сыңғырлау ауылы. Округ құрамында болған Сарша ауылы 2005 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 531 адамды (272 ер адам және 259 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Epмек Дүтбаев - (1895-1981 жылдары, Атырау облысында туған). Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мұнайшысы(1956). Ембінің ардагері. 1915-1917 жылдары — Доссор мұнай кәсіпшілігі механика шебер-ханасында жұмысшы, балғашы. 1917-1923 жылдары — Атырау қаласында туғанндағы революциялықкозғалыска қатысты. 1923-1933 жылдары — Доссор мұнай кәсіпшілігінде механикашеберханасының үстасы. 1933-1935 жылдары — мұнайшылар одағы кәсіподақ комитетініңтөрағасы. 1935-1937 жылдары — сол кәсіпшіліктің үй-тұрмыс бөлімінде меңгеруші. 1937-[[1939жыл|1939 жылдары]] — Мақат мұнай өндіру кәсіпшілігінде мұнайшылар одағы кәсіподақ комитетініңтөрағасы. 1939-1941 жылдары — Доссор бұрғылау кеңесінде кадр бөлімінің бастығы. 1941-1946 жылдары — Доссор кәсіпшілігі поселкелік кеңсесінің төрағасы. 1948-1950 жылдары —Доссор мұнай кәсіпшілігінде көлік цехы бастығы. 1950-1958 жылдары — Доссор ірілендірлігенмұнай кәсіпшілігі басқармасы аспаптар цехында слесарі. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл туорденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
## Орқоян Орқоян-қоянтәрізіділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа шақылдақтар жатады.Қоянның Қазақстанда үш түрі кездеседі.Орқоян-осылардың ішіндегі ең үлкені.Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді,қуғыннан қашқанда көбіне кілт бұрылыстар жасап, ирек-ирек жүгіреді.Орқоян 12 жылдай өмір сүреді.Негізгі жаулары-қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те қоян алады.Қазақстанда аңшылар жылына 3000-дай қоян аулайды. ## Дереккөздер Қазақстандағы жануарлар әлемі Алматыкітап баспасы Jump up ↑ «Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы,«Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2 ## Орқоян Орқоян-қоянтәрізіділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа шақылдақтар жатады.Қоянның Қазақстанда үш түрі кездеседі.Орқоян-осылардың ішіндегі ең үлкені.Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді,қуғыннан қашқанда көбіне кілт бұрылыстар жасап, ирек-ирек жүгіреді.Орқоян 12 жылдай өмір сүреді.Негізгі жаулары-қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те қоян алады.Қазақстанда аңшылар жылына 3000-дай қоян аулайды. ## Дереккөздер Қазақстандағы жануарлар әлемі Алматыкітап баспасы Jump up ↑ «Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы,«Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
Аққала (1993 ж. дейін Горы) — Атырау облысы Индер ауданы, Елтай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Жайық өзенінің оң жағасында, аудан орталығы Индербор кентінен солтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 679 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 733 адам (380 ер адам және 353 әйел адам) болса, 2009 жылы 825 адамды (411 ер адам және 414 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ бойынша 861 адамды (433 ер адам және 428 әйел адам) құрады. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері * Аққала орта мектебі — 1923 жылы ұйымдастырылып, ол мектеп бастауыш орыс мектебі болған. Кейін аралас жеті жылдық мектеп болып қайта құрылған. 1990-1991 жылғы оқу жылында Горы орта мектебіне айналдырылып, 1993 жылы Аққала орта мектебі деп аталды. 2017 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. ## Ауыл көшелері * Есмұрат Құсусанов көшесі * Жұмажан Сағындықов көшесі * Иван Махорин көшесі * Қабдол Жұмалиев көшесі * Қосжан Есқалиев көшесі * Нығмет Құлбаев көшесі (№1 көше) * Орайхан Құспанғалиев көшесі * Тілеген Жылысов көшесі ## Дереккөздер
Жақсыбай — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Жақсыбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 111 км-дей жерде, жусан аралас еркекшөп, көде, көкпек өскен сортаңды ақшыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1404 адам (715 ер адам және 689 әйел адам) болса, 2009 жылы 1315 адамды (671 ер адам және 644 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1965 жылы Свердлов атындағы қой шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Кейіннен (1997) оның негізінде Жақсыбайда “Өркен” өндірістік кооперативі мен 77 шаруа қожалықтары құрылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. ## Дереккөздер
Батпақ тасбақасы немесе Саз тасбақасы (лат. Emys orbicularis) – тұщы су тасбақалары тұқымдасына жатады. ## Таралуы Еуропадан шыққан түр болғандықтан, тек солтүстік-батыс Қазақстанды мекендейді. Ол Еділдің атырауынан Ырғыз су қоймасы мен Сырдария сағасына дейін таралған. Жайық өзенінің сағасынан Қазақстанның солтүстік шекарасына дейін тіршілік етеді. Соңғы кезде саз тасбақасы Қостанай облысының кейбір өзендері мен көлдерінде кездесіп жүр. Ағысы жай тұщы су қоймаларын мекендейді. Өзендер,көлдер және шалшық сулардың тыныш және тұңғиық жерлерін таңдайды. Паналайтын жері-су қоймасының түбіндегі лай, әрі сол жерде қыстайды. ## Биологиялық сипаттамасы Сауытының түсі жасыл көк, біртегіс, сарғыш дақтары, сызықтары болады, ұзындығы 25 см. Басында, мойнында, аяғында да ұсақ сары дақтары бар. Құйрығының ұзындығы сауытының жартысындай болады. Суда жақсы жүзеді әрі сүңги алады, қауіп төнген кезде су түбіндегі лайға тығылады, кейде құрлыққа да шығады. Батпақ тасбақасы су, құрлық жәндіктерімен, кейде өсімдіктермен де қоректенеді. Ол 6 – 8 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жылына 2 – 3 рет су түбіне шағын шұңқыр қазып, жұмыртқасын (5 – 10) сонда салады. 2 – 3 айдан соң ұрпағы жұмыртқадан шығып, батпақ арасында қыстайды, келесі жылы көктемде жер бетіне шығады. Батпақ тасбақасы кейбір елдерде тағам ретінде пайдаланылады. Зиянды жәндіктермен қоректеніп пайда келтіреді. Бұл тасбақа жазда су түбінде болғанда,өкпесіне ауа толтыру үшін су бетіне шығады, сөйтіп тек тұмсығының ұшын ғана судан шығарады. Жазда, шуақты күнде су бетіндегі ағаш пен томарға шығады,егер қауіп төне қалса, суға түсіп кетеді. Су қоймалары қатып қалса, түбінде қыстаушы тасбақалар қырылып қалады. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Негізгі қорегі - су жәндіктері, ұсақ балықтар мен шаянтәрізділерді де жейді, тіпті өсімдіктермен де қоректенеді (асқазанындағы қорегінің 15% өсімдік қалдықтары болған). Аналығы мамырда, содан кейін маусым-шілдеде күнге жақсы қыздырынатын құрғақ жерден 12см тереңдіктегі шұңқыр қазып,10 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларды көміп, сауытымен топырақты нығыздап, аналығы суға оралады. Келесі жұмыртқа салғанша, бұл жерге келмейді. Инкубациялық уақыты 60 күннен 110 күнге дейін созылады. Ұсақ тасбақалар жұмыртқадан тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында шығады. ## Дереккөздер ## Сілтеме * Герпетофауна Волжского бассейна * Черепахи.ру
Қамыс сарыторғай - жағасында өсімдігі бар жазықтық су қоймаларында кең таралған құс. Торғай пішіндес шұбар құс, бірақ құйрығы ұзындау, жиі теңбілді қоңыр қауырсынды. Жазда аталығының басы, тамағы және жемсауының жоғарғы жағы қара түсті, арқасы теңбілді сарғыш, төменгі жағы ақ түсті. Ұясын жерде шөп, қамыс, бұта арсына, тіпті ағашқа да салады. Жәндіктер және өсімдік дәндерімен қоректенеді. Балапандарын жәндіктермен асырайды. Қазақстанның барлық жерінде тіршілік етеді. Солтүстіктен қыстаұға ұшып кетеді, оңтүстіктен жыл бойы кездестіруге болады. ## Дереккөздер
Қызыл бауыр шұбар бақа (лат. Bombina bombina) – Қазақстандағы құйрықсыз қосмекенділер отряды, дөңгелектілер тұқымдасының жалғыз өкілі. Арқасы жасыл немесе қара дақтары бар сұр түсті, құрсақ жағы қаракөк дақтары бар қызғылт не ашық қызғылт түсті, дене пішіні кішілеу бақа (ұзындығы 3-5см). Еуропада кең таралған. Қазақстанда тек Жайық өзенінің аңғарында кездеседі. Мұнда ол ағынсыз сулар, ұсақ шұңқырлар, бақшалар, тағы басқа жерлерді мекендейді. Су беті өсімдіктері көп, түбі лай жердерді ұнатады. Бұл бақаның бүкіл өмірі суда өтеді, судан тек түнде және таңсәріде шығады. Ешқашан судан алысқа кетпейді. Ең ұзақ,алыс кететін уақыты –күз.Қызыл бауыр шұбар бақаның судан 0,5 км-де қыстайтын шұңқыры болатындығы белгілі. Басқа құйрықсыз қосмекенділерден айырмашылығы-уылдырығын топтамай,жеке-жеке не-2-12 уылдырықтан тастайды,уылдырық тастау уақыты мамырдың басы.Аталықтары осы кезде өздеріне тиіс “уу…уу” не “унк…унк” деген қатты дыбыстарын шығарады, 2-3 рет қайталайды және 2 км қашықтықтан жақсы естіледі. Аталықтары өте ерте шығатын дернәсілдерінің метаморфозы біткенше, маусымның аяғына дейін дыбыс шығарады. Ересектері су жәндіктерімен,ал итшабақтары балдырларымен қоректенеді. Бұл бақаның ерекшілігі –сүтқоректі жануарлардың сілекей қабығын қатты күйдіретін, терісінен улы шырыш бөліп шығарады. Сүтқоректілер мен құстарды шаққанда, олардың тыныс алуын әлсіретіп ,бұлшық еттерін жансыздандырады. Сондықтан қызыл бауыр шұбар бақаны ешқандай аң,құс,балық жемейді. ## Дереккөздер
Сүйіртұмсық көлбақа-Қазақстанда солтүстікке қарай Орал-Қарағанды-Аягөз-Үшаралды мекендейді.Өзен,көл,саз жағаларында кездеседі.Суда тек көбею кезінде тіршілік етеді.Сәуірден қыркүйекке дейін белсенді.аталық бақалардың бақылдауы-бұл күйттеу әні.Аналығы жылына бірнеше мыңдаған уылдырығын кесектеген күйінде,су асты өсімдіктеріне бекітеді,ал аталығы оларды өзінің сүтімен ұрықтандырады.Мұндай мол өнім-уылдырығы мен итшабақтары,балықар мен басқа да су жануарлары үшін маңызды қорек болып табылады.Аз ғана мөлшерде тірі қалған итшабақтар ғана бақаға айналып,құрлыққа шығады.Көлбақалар су түбінде,сонымен қатар,құрлықта да шөптің астында,тамырда,шұңқырларда,т.б. жерлерде қыстайды.Жәндіктер,шаянтәрізділер және тағы басқа ұсақ су,су маңы,жердегі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді.Қансорғыш қосқанаттылармен көптеп қоректену нәтижесінде,қоршаған ортаны кәдімгідей тазартады. ## Дереккөздер
Кеңес Нокин (2007 жылға дейін – Новостепановка) – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты аумақта болған ауыл, бұрынғы Благодар ауылдық округі орталығы. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы шағын ауданға айналды. ## Географиялық орны Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде, Қарғалы өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2587 адам (1226 ер адам және 1361 әйел адам) болса, 2009 жылы 4092 адамды (1933 ер адам және 2159 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1956 жылы қаланған. 1997 жылға дейін “Қазмемагроөндірістің” Ақтөбе облысы тәжірибе стансасының орталығы болған. Оның негізінде Кеңес Нокин ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Бөгембаев Айтжан - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Красная Звезда" колхозының бригадирі (1945). 1893 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылы "Красная Звезда" колхозына жұмысқа кіріп, егіншілер бригадасының бригадирі болып істейді. * 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек армиясында болады. * 1945 жылы оған қызылшашылар бригадасын басқару тапсырылады.1945 жылы оның бригадасы өздеріне бекітілген 25 гектар жерден 200 центнерден қант қызылшасын жинап, белгіленген жоспардан 20 центнер артық өнім алады.1946 жылы сол жердің әр гектарынан 320 центнерден өнім алады.1947 жылы 25 гектар жеден 524,3 центнерден, ал 4 гектардан 822 центнерден қант қызылшасын жинап жоспарды асыра орындайды. * 1945 жылы оның бригадасы өздеріне бекітілген 25 гектар жерден 200 центнерден қант қызылшасын жинап, белгіленген жоспардан 20 центнер артық өнім алады. * 1946 жылы сол жердің әр гектарынан 320 центнерден өнім алады. * 1947 жылы 25 гектар жеден 524,3 центнерден, ал 4 гектардан 822 центнерден қант қызылшасын жинап жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Вечеркин Яков Сергеевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), агроном, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Лугов МТС-ның аға агрономы (1945). 1912 жылы Жамбыл облысы, Лугов ауданы, Подгорное селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Орта мектептің 6-шы класын бітірген соң бірнеше жыл колхозшы болып жұміс істейді. * 1932 жылы Лугов МТС-на жұмысқа кіріп, жұмысымен қатар агротехника бойынша білімін толықтырады. Агротехника негізін үйренген ол агроном-жоспарлаушы болып ауысады, содан кейінгі жылдары МТС-ның бөлімше агрономы болып істейді. * Ұлы Отан соғысы жылдары майданда болып, жауынгерлік ерліктері үшін "Славы III степени" орденімен және "За отвагу", "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. * Соғыстан оралған соң Лугов МТС-ның аға агрономы болып тағайындалады. Бригада жұмыстарын, агротехникалық жағдайлар мен колхозшылар жұмысын дұрыс ұйымдастыра біліуінің арқасында колхоз 347,5 гектар жердің әр гектарынан 400,9 центнерден қант қызылшасын алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Гуляренко Степан Никифирович - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агрономы (1936). 1894 жылы Украинада, Винницкі облысы, Грановск ауданы, Гранов селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1936 жылдан Мерке аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агрономы болған ол, колхозшылар жұмысын мол өнім алу жолында шебер басқара білді. Оның қажырлы еңбегі табысты болып, 1947 жылы аудан колхоздары барлық қант қызылшасының алқабынан межеленген жоспардан 44,2 % жоғары өнім алады. Бұл еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Гаурлик Аркадий Викентьевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы, Лугов МТС-ның директоры (1938). 1910 жылы Беларусь жерінде, Гродненск облысы, Лиде қаласында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1934 жылы Қазақстанға, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Мүкрі МТС-на келген ол агроном-қызылшашы болып істейді. * 1938 жылы аға агроном, содан кейін Лугов МТС-ның директоры болады. 1947 жылы тракторлық жұмыстар жоспары 124%, ал 1948 жылы - 141% орындалады. Бұл жылдары Лугов МТС-ы мемлекет қаражатын 71497 сомға үнемдеген. 1947 жылы МТС қызмет көрсететін колхоздар әр гектардан 11,9 центнерден астық, 400,9 центнерден қант қызылшасын алады. ## Наградалары * Еңбек Қызыл Ту ордені (1947) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Ғалиақпаров Ағаділ - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Бірлік-Үстем" колхозының председателі (1942). 1909 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Колхоздар құрыла бастаған жылдары алғашқылардың бірі болып "Көктөбе" колхозының құрылысын ұйымдастыру барысына ат салсады. * 1928-1935 жылдары советтік және шаруашылық ұйымдарда жауапты қызметтерде болады. * 1935-1942 жылдары Көктөбе колхозының председателі болады. * 1942 жылдан "Бірлік-Үстем" колхозының председателі болып істейді. 1947 жылы дән тапсыру жоспарын мерзімінен бұрын орындап, мемлекет қоймасына 903 центнер астық құяды. Мал шаруашылығын жетілдіру бойынша: жылқы - 108,3%, ірі қара мал - 105,6%, қой-ешкі - 116,4% орындалады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * "Құрмет белгісі" ордені (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Дайыров Әбдіқадыр - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Талдықорған ауданы, Шұбартау ауылдық советі, Жаңалық колхозының председателі (1945-1950). 1905 жылы Талдықорған облысы, Бучар селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1928-1940 жылдары Шұбартау, одан соң Большевистск ауылдық советінің хатшысы болады. * 1940-1941 жылдары Молотов атындағы колхоздың председателі болып істейді. * 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысады. * 1945 жылы соғыстан оралған соң Жаңалық колхозының председателі болып тағайындалады.1947 жылы колхоз барлық егіс алқабынан 430 центнерден, ал 9 гектар жерден - 854 центнерден қант қызылшасын алады.1948 жылы қант қызылшасы егілген 20 гектар жерден 826 центнерден, ал барлық алқаптан 310 центнерден өнім жинаған. * 1947 жылы колхоз барлық егіс алқабынан 430 центнерден, ал 9 гектар жерден - 854 центнерден қант қызылшасын алады. * 1948 жылы қант қызылшасы егілген 20 гектар жерден 826 центнерден, ал барлық алқаптан 310 центнерден өнім жинаған. ## Наградалары * "Құрмет белгісі" ордені (1946) * Ленин ордені (1947, 1948,1957) * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева 1 қаңтар 1972 жылы, Шымкент облысы, Киров ауданы, Большевик ауылы) — тәуелсіз журналист, саяси ғылымының докторы [1](қолжетпейтін сілтеме), профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі [2], Абай атындағы стипендияның, 1996; ҚР БҒМ Ғылым комитетінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері (2006-2008 жж) [3] , ҚР БҒМ «2009 – Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері атанды [4](қолжетпейтін сілтеме), М. Тынышпаевтың 130-жылдық мерейтойына арналған медалімен марапатталды, 2009. Sultanbayeva Gulmyra (талқ) 01:23, 2013 ж. қазанның 16 (ALMT) ## Білімі 1 қаңтар 1972 жылы Шымкент облысы, Киров ауданы, Большевик ауылында зиялылар отбасында дүниеге келді. 1979 ж Киров ауданына қарасты "Қоғалы" қаракөл қой совхозындағы № 48 "Целина" орта мектебіне бірінші сыныпқа барды, 1989 жылы аталмыш орта білім орнын үздік тәмамдады. Оның "журналист болсам" деген құштарлығына отбасы оратсы мен шыққан тегі ықпал етті. Нағашы апасы Гүлсара Смайылқызы Шәуілдір өңіріне танымал айтыскер ақын болған. Нағашасы атасы Оспан Сүлейменұлы болашақ жары Гүлсарамен айтысып, жеке алмағаны көз көрген қариялардан еститін. Атасы Сұлтанбай Бабахұлы немересіне бала күнінен бас саусағынан тамған өнері мен ісмерлігін үйретті. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде сурет өнері мен қолөнеріне икемді болғандықтан ауылдық, аудандық байқауларға жиі қатысып, арнайы дипломдармен еңбегі аталды. Қазір ұлы Жармахан Әбдіхан Алматы қаласындағы алдымен № 162 балалар бақшасында, одан әрі № 148 мектеп-гиманизиясының өнер студияларында анасының өнерін жалғастыруда. 3-сыныптан бастап оның аудандық "Мақтарал", республикалық "Ұлан" газеттерінде [5] Мұрағатталған 17 шілденің 2014 жылы. алғашқы мақала, заметкалары жарияланды. Оның "Ұлан" газетіне жарияланған "Бағбан бала "очеркі оқушылар үздік деп тапқан көркем-публицистикалық туынды саналды. 1989-1994 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін «журналистика» мамандығы бойынша үздік шәкіртақы иегері атанып, қызыл дипломмен тәмамдады. 1994-1997 жж. «10.01.10-журналистика» мамандығы бойынша мерзімді баспасөз кафедрасында аспирантурасында оқыды. Гуманитарлық ғылымдағы ізденістері үшін Абай атындағы шәкіртақы иегері атанды, 1997 ж.; ҚР БҒМ Ғылым комитетінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері (2006-2008 жж); ҚР БҒМ «2009 – Жылдың үздік оқытушысы» грантының иегері атанды. 2009 ж. М. Тынышпаевтың 130-жылдық мерейтойына арналған медалімен марапатталды. ## Қызмет жолы 1997-1999 жж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ Ғылыми-зерттеулер бөлімі Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау бөлімінің жетекші инженері қызметін атқарды. 1999-2000 жылдары Ғылыми-техникалық бағдарламаларды қолдау бөлімінің бастығы, 2000-2003 жылдары Ақпаратпен қамтамасыз ету және халықаралық байланыстар бөлімінің оқу-ғылыми жетістіктерді насихаттау жөніндегі жетекші қызметкері болды [6]. Университеттің журналистика факультеті мерзімді баспасөз кафедрасында 1998-2002 жылдары ассистент, аға оқытушы қызметтерін қоса атқарды [7]. 2003 ж. журналистика факультеті деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2007-2008 жж. ғылыми жұмыстар жөнінде деканның орынбасары қызметтерін атқарды. 2003-2010 жылдары БАҚ менеджменті және жарнама, кейіннен қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасының доценті, 2010-2011 оқу жылында журналистика факультеті телевизиялық және радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, 2012-2013 оқу жылында баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары , 2013 жылдан баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі [8] Мұрағатталған 15 ақпанның 2013 жылы.. ## Біліктілік-тәлімгерлігі 2006 ж. «Қазақстан балалары» Ұлттық журналистер желісінің, «Қазақстан Жастар Медиа» Одағының, «Парасатты еңбектенуші әйелдер одағының» мүшесі, 2008 ж. республикалық «Аружан» журналының кеңесшісі, ҚР «Мемлекеттік Сыйлық лауреаттары» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына арналған энциклопедиялық басылымның, 2009 ж. Алматы қалалық «Алматы ұстазы» ақпараттық-әдістемелік журналының, 2010 ж. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» журналының редакция алқа мүшесі.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» энциклопедиясы ақылдастар алқасы мүшесі, «Бәрі атомнан басталады», «Балалар – әлемнің ажары» фотоальбомдарының, «Азаматтық қоғамның орысша-қазақша сөздігінің» ғылыми редакторы. «Друг детства – Балалық шақ досы» I Ұлттық байқауы шығармашылық тобының мүшесі (2007), ХЕҰ Ұлттық кеңесшісі (2006), БҰҰ Еріктілер бағдарламасының журналистерге арналған конкурсының үйлестірушісі (2007, 2008). «Сана» студенттік ғылыми үйрімесінің, «Әлем» әдеби бірлестігінің жетекшісі. І Қожакеев оқулары аясында өткен «Жас тілшілер серігі» ғылыми форумының (2013), «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясының, «Ауылға хат» ақпараттық науқанының (2013) үйлестірушісі. Г. Сұлтанбаева ЮНИСЕФ гранты бойынша «Өрендер Сегіздігі» Саммитіне қатысты, Санкт-Петербург, 2006 ж; Лондондағы University College London университетінде (Ұлыбритания), 2008; Прагадағы TOL Халықаралық журналистика институтында Мультимедиа бойынша (Чехия), 2011 тәлімгерлік курстарынан өтті; Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Масс-Медиа орталығының ХІ жазғы халықаралық журналистика мектебіне қатысты (Ресей), 2008. Қазақстан PR-шы (2005-2008) Клубының ІІ-VІІ студенттік республикалық үздік PR жоба байқауында, Beeline компаниясының Халықаралық студенттік фестиваль конкурсында (2009), «Ломоносов-2009» халықаралық жастардың ғылыми форумында, Қазақстан жастар Парламентінің «Жаңа көзқарас» ғылыми жұмыстар байқауында (2007) жүлделі орындарды иеленген студенттер мен магистранттардың ғылыми жетекшісі. Астана қ. әкімдігі мен Қазақстан ЖастарМедиаОдағы ұйымдастырған Азаматтық қоғам дамуы проблемаларына арналған мақалалар сериясы үшін Қазақстан Республикасы журналистері арасындағы шығармашылық конкурсында Құрмет дипломымен, Халықаралық Еңбек ұйымының және ЮНИСЕФ бала құқын қорғаудағы ең үздік жарияланымға Республикалық байқауларында 1-орынды иеленді (2006-2007). ЮНИСЕФ грантымен Жаһандық оқиғаны жариялау мақсатында «Өрендер Сегіздігі» Саммитіне, Санкт-Петербург, 2006 ж; University College London университетінде Оқыту мен білім беру әдістері курсына - CALT, UCL, Ұлыбритания, 2008; Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Масс-Медиа орталығы ХІ Жазғы халықаралық журналистика мектебіне, Ресей, 2008; TOL халықаралық журналистика институтының мультимедиалық журналистика курсына, Чехия, 2010; Гонконг Баптист университеті дәстүрлі Пулитцер сыйлығы иегерлерінің интеллектуалды белсендіру шараларына, Гонконг, 2012; Қазақстан-Польша дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына арналған ғылыми және мәдени шараларға: Николай Коперник университеті, Торунь қ., Адам Мицкевич университеті, Слубицы қ., Шығыс бастамалар институты, Краков қ., Польша, 2013 қатысып, тәлімгерліктен өтіп, біліктілігін арттырды. ## Ғылыми ізденістері 1998 жылы «Саттар Ерубаев - журналист, публицист» атты тақырыпта «10.01.10-журналистика» мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, 2010 жылы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан» тақырыпта «23.00.02 – саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамандығы бойынша саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді. 1998 ж. филология ғылымдарының кандидаты дипломын, 2008 әдебиеттану мамандығы бойынша доцент аттестатын, 2011 жылы саяси ғылымдарының докторы дипломын иеленді. Оның ғылыми зерттеулері мен педагогикалық қызметі бұқаралық коммуникацияның теориясы мен тәжірибесі, сонымен қатар Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуына бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерге арналған. Докторлық және монографиялық ізденістері бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияның шетелдік және қазақстандық тәжірибелеріне арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияның қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, проблемаларын, сонымен қатар саяси билік – масс-медиа – бұқара қарым-қатынасының, мемлекет пен бұқараның виртуалдық диалогының шетелдік озық үлгілерін қарастырған зерттеулерінде Қазақстан қоғамын модернизациялануға ықпалы мен осы байланыстарды жетілдіруге арналған кепілдемелер ұсынылады. Ғалым қазіргі заманғы Қазақстандағы демократиялық процестердің дамуы мен саяси жүйенің тұрақталуын негіздеу мақсатында БАҚ-тағы саяси коммуникацияны жетілдіру механизмдері қарастырылған авторлық концепциясын ұсынды.2013 жылы ғылыми зерттеу нәтижелерін журналистика мамандығы бойынша оқуға қабылданғандар үшін негізгі оқу жоспарларына енгізді. Олардың қатарында «5В050400» - «Интернет-журналистика», бакалавр базалық кәсіби модуль, «6M050400» - магистратураға арналған «Журналистикадағы зерттеу әдістері», «Бұқаралық коммуникация модельдері», «Электронды журналистика», «6D050400» - докторантураға арналған «Бұқаралық коммуникация», «Журналистикадағы жаңа технологиялар», «Ақпараттық саясат» білім беру модельдерінің авторы. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2007-2009 жылдардағы «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде» бағдарламасы «Қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары мен перспективалары» қолданбалы зерттеулер тақыбырының жетекшісі. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның ғылыми даму тенденциялары мен приориттетері бойынша Ұлттық баяндама және ғылыми-практикалық кепілдемелер дайындалды. ҚР БҒМ 2012-2014 жж. «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасының қоғамдық-саяси ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер приоритеті бойынша «Интеллектуалды ұлттан – интеллектуалды әлеуетке: бұқараға ақпараттық-коммуникативтік ықпал ету технологияларын әзірлеу» қолданбалыж әне іргелі зерттеулер тақырыбының жетекшісі. Зерттеулер нәтижесінде «Интеллектулады әлеуеттен – интеллектуалды ұлтқа» ұжымдық монографиясы, Scopus ғылыми деректер базасында мақалалары: [9] Мұрағатталған 19 қазанның 2017 жылы.; [10] Мұрағатталған 12 наурыздың 2016 жылы. жарияланды. «Интелелктуалды ұлт - 2020» Ұлттық жобасы орныдалуына бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсене қатысушысы және ұйымдастырушысы. Ол «Елдің ентеллектуалды әлеуеті» ғылыми бағдарламасының «Интеллектуалдық қоғам азаматының қоғамдық санасын қалыптастырудағы гуманитарлық технологияларды әзірлеу» тақырыбының жетекшісі. Зерттеу нәтижелерінде интеллектуалдық қоғам қалыптасуының дүниетанымдық, саяси-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық, моральдық-танымдық негіздерін зерттеуге, талдауға арналған гуманитарлық базис әзірленді. Сонымен қатар Science Direct ғылыми деректер базасы мен Elsiever базасында ғылыми мақалалары жарық көрді: [11]; [12].ҚР БҰҰ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынымақтастық келісім аясында журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясының ғылыми жетекшісі 2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығын қамтыған экспедиция жұмысын «Елден елге» акциясы аясында жүргізіп, еліміздің Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлерінде зерттеулер жүргізді. Аталған шара аясында жас ғалымдар «Қазақстан азаматының интеллектуалдық құндылықтарының семиотика-символикалық» атласына қажетті материалдар жинақтады. Бүкіләлемдік білім және ғылым академиясы (Түркия), Бүкіләлемдік ғылым, инженерия және технология академиясы (АҚШ) Анталия, Дубай қалаларында өткен конференциялар мен конгрестеріне баяндамалалар жасады. БҰҰ-ның Мыңжылдықтар Даму Мақсатына енетін «Қазақстан 2015 жылдан кейін» проблемасы бойынша Қазақстан азаматтарының қоғамдық пікірін зерттеді. Ізденуші экспедиция жұмысы қарсаңында 2013 жылы 1-14 маусым аралығында өтетін ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ауылға хат» ақпараттық науқанын ұйымдастырып, өткізді. Республикамыздың Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ең үздік хаттар топтамасы» баспасөз-конференциясында аталып, сондай-ақ өңірлердегі құзіретті ұйымдарға табыс етілді. [www.intelligent.kz] гуманитарлық зерттеулер сайтының жетекшісі. ## Азаматтық-еріктілік қызметі Астана қ. әкімдігі мен Қазақстан ЖастарМедиаОдағы ұйымдастырған Азаматтық қоғам дамуы проблемаларына арналған мақалалар сериясы үшін Қазақстан Республикасы журналистері арасындағы шығармашылық конкурсында Құрмет дипломымен, Халықаралық Еңбек ұйымының және ЮНИСЕФ бала құқын қорғаудағы ең үздік жарияланымға Республикалық байқауларында 1-орынды иеленді (2006-2007). 2006 ж. «Қазақстан балалары» Ұлттық журналистер желісінің, «Қазақстан Жастар Медиа» Одағының, «Парасатты еңбектенуші әйелдер одағының» мүшесі, 2008 ж. республикалық «Аружан» журналының кеңесшісі, ҚР «Мемлекеттік Сыйлық лауреаттары» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына арналған энциклопедиялық басылымның, 2009 ж. Алматы қалалық «Алматы ұстазы» ақпараттық-әдістемелік журналының, 2010 ж. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» журналының редакция алқа мүшесі.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» энциклопедиясы ақылдастар алқасы мүшесі, «Бәрі атомнан басталады», «Балалар – әлемнің ажары» фотоальбомдарының, «Азаматтық қоғамның орысша-қазақша сөздігінің» ғылыми редакторы. «Друг детства – Балалық шақ досы» I Ұлттық байқауы шығармашылық тобының мүшесі (2007), ХЕҰ Ұлттық кеңесшісі (2006), БҰҰ Еріктілер бағдарламасының журналистерге арналған конкурсының үйлестірушісі (2007, 2008). «Сана» студенттік ғылыми үйрімесінің, «Әлем» әдеби бірлестігінің жетекшісі. І Қожакеев оқулары аясында өткен «Жас тілшілер серігі» ғылыми форумының (2013), «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясының, «Ауылға хат» ақпараттық науқанының (2013) үйлестірушісі. ## Ғылыми, журналистік зерттеулері Г. Сұлтанбаеваның авторлығында: Саттар Ерубаев - публицист. Оқу құралы. - Алматы, Қазақ университеті, 2000; Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі. Оқу құралы - Алматы, Қазақ университеті, 2006; Қазақ ұлтынан қазақ еліне. Ұжымдық ғылыми жинақ. - Алматы, Қазақ университеті, 2011; Қазақ баспасөзі, әдебиеті мен өнеріндегі қазақстандық ұлттық идея. Ұжымдық ғылыми жинақ. - Алматы, Қазақ университеті, 2009; Қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары мен перспективалары. Ұлттық баяндама. - Алматы, Қазақ университеті, 2010; Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан. Монография. - Алматы, Михаилов баспасы, 2010 сияқты оқу, әдістемелік және ғылыми оқу құралдары, жинақтары мен монографияның, 80-нен астам ғылыми және 30-ға жуық журналистік зерттеулері, сараптамалық және публицистикалық жарияланымдары жарық көрген.«Саттар Ерубаев – публицист» (А., Қазақ университеті, 2000), «Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі» (А. Қазақ университеті, 2006) оқу құралдарының, электронды оқулығының, «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан», «Политическая коммуникация в средствах массовой коммуникации: зарубежный» авторлық монографиялардың, «Интеллектуалды әлеуеттен – интеллектуалды ұлтқа», «Қазақ ұлтынан қазақ еліне», «Национальная идея Казахстана: пути решения проблем» ұжымдық монографиялардың, сондай-ақ 100-ден астам ғылыми және 30-ға журналистік зерттеу, сараптамалық және публицистикалық жарияланымдардың авторы.
Дмитрий Иванович Будеев — Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ның тракторшылар бригадирі (1946). 1918 жылы Ресейде, Краснодар өлкесі, Крым ауданы, Кеслерово селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1946 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстанға қоныс аударып Мерке МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болады. Оның бригадасы жоғары өнім алу үшін күндіз-түні еңбек етеді:сүрі жер 30 см тереңдікте жыртылады;жергілікті (көң) және минералды тыңайтқыш еңгізіледі;дән себуді 3 күн аралас сепкіш арқылы тыңайтқыш еңгізу қатар жүргізіліп атқарылады;өсінділер шыға салысымен 5 күн бойы арылту жүргізіліп, әр гектарда 100-110 мың қызылша тамыры сақталынады;өсіп-өну кезінде 5 тракторлық тырмалау және қопсыту жүргізіліп, сонымен қатар 5 бораздалы суару және 5 механикаладырылған тыңайтқышпен қоректендіру жүргізіледі;осындай агротехникалық жағдайлардың арқасында 100 гектар жердің әр гектарынан 400 центнерден қант қызылшасы алынады. * сүрі жер 30 см тереңдікте жыртылады; * жергілікті (көң) және минералды тыңайтқыш еңгізіледі; * дән себуді 3 күн аралас сепкіш арқылы тыңайтқыш еңгізу қатар жүргізіліп атқарылады; * өсінділер шыға салысымен 5 күн бойы арылту жүргізіліп, әр гектарда 100-110 мың қызылша тамыры сақталынады; * өсіп-өну кезінде 5 тракторлық тырмалау және қопсыту жүргізіліп, сонымен қатар 5 бораздалы суару және 5 механикаладырылған тыңайтқышпен қоректендіру жүргізіледі; * осындай агротехникалық жағдайлардың арқасында 100 гектар жердің әр гектарынан 400 центнерден қант қызылшасы алынады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Василенко Зоя Николаевна - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Чапаев атындағы колхоздың звеношысы (1947). 1928 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Ровное селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1942 жылы 15 жасында Чапаев атындағы колхозға жұмысқа кіріп, қызлшашылар тобының бірінде жұмыс істейді. * 1945 жылы қажырлы еңбегі үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы қызылшашылар бригадасының звеношысы болып тағайындалады. Осы жылы оның бригадасы 4 гектар жердің әр гектарына 800 центнерден қынт қызылшасын өсірген. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Есболатова Қатша - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Шұбартау ауылдық советі, Жаңалық колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1939). 1913 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы "Жаңалық" колхозына қызылша өсіруші болып жұмысқа кіреді. * 1939 жылы қызылшашылар бригадасының звеношысы болып тағайындалады. * Ұлы Отан соғысы жылдары қант қызылшасынан жоғары өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советі Президиумы "За трудовую доблесть" медалімен наградтайды. * 1944 жылы КОКП мүшелігіне өтеді. * 1947 жылы бригада 2 гектар жердің әр гектарынан 873 центнерден қант қызылшасынан рекордтық өнім алады. * 1948 жылы Шұбар ауылдық советінің депутаты болып сайланады. ## Наградалары * "За трудовую доблесть" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Жантоқова Дариға - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Красная Звезда" (қазіргі Қызыл Жұлдыз) колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1944). 1918 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1938 жылы "Красная Звезда" колхозына жұмысқа кіреді. * 1944 жылы қызылшашылар бригадасының звеношысы болып тағайындалып, қажымай еңбек етеді. Бригада қант қызылшасынан өнім алу бойынша өздерінің көрсеткіштерін көтереді:1945 жылы - 225 центнерден;1946 жылы - 245 центнерден;1947 жылы - 4 гектар жерден 1046 центнер, оның ішінде 2 гектар жерден 1143 центнерден рекордты өнім алады. * 1945 жылы - 225 центнерден; * 1946 жылы - 245 центнерден; * 1947 жылы - 4 гектар жерден 1046 центнер, оның ішінде 2 гектар жерден 1143 центнерден рекордты өнім алады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сергей Григорьевич Золотарев - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Жамбыл МТС-ның директоры (1945). Ресейде, Кемеров облысы. Тисульск ауданы, Тисуль селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1945 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстанға келіп, Жамбыл облысы, Жамбыл МТС-ның директоры болып, агрошаралар кешенін іске асырады:трактор тұрағының жұмысын жақсартады;Жамбыл МТС-ы Қазақстанда бірінші болып қант қызылшасын егеді;егіс алқабында тракторлы қызылша көтергішті бірінші болып қолданады;1947 жылы тракторлық жұмыс жоспары 104% орындалып, колхоз қант қызылшасының өнімін 156% - әр гектардан 328 центнерден, оның ішінде 295 гектардан 464,4 центнерден өнім алып, жоспарды межеленгеннен асыра орындайды. * трактор тұрағының жұмысын жақсартады; * Жамбыл МТС-ы Қазақстанда бірінші болып қант қызылшасын егеді; * егіс алқабында тракторлы қызылша көтергішті бірінші болып қолданады; * 1947 жылы тракторлық жұмыс жоспары 104% орындалып, колхоз қант қызылшасының өнімін 156% - әр гектардан 328 центнерден, оның ішінде 295 гектардан 464,4 центнерден өнім алып, жоспарды межеленгеннен асыра орындайды. ## Наградалары * "Құрмет белгісі" ордені (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Дайырова Зариша - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Талдықорған ауданы, Шұбартау ауылдық советі, "Жаңаталап" колхозының звеношысы (1947). 1916 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930-1947 жылдары "Жаңаталап" колхозында колхозшы болады. * 1947 жылдан бастап колхоз оны звеношы етіп тағайындайды.Осы жылы оның тобы 2 гектар жерге 815 центнерден, ал қалған 5 гектар жерге 237 центнерден қант қызылшасын өсіреді.Сонымен қатар астық дәнді дақыл себілген 20 гектар жерден орта есеппен 30 центнерден бидай жинайды. * Осы жылы оның тобы 2 гектар жерге 815 центнерден, ал қалған 5 гектар жерге 237 центнерден қант қызылшасын өсіреді. * Сонымен қатар астық дәнді дақыл себілген 20 гектар жерден орта есеппен 30 центнерден бидай жинайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Ибрагимова Мәрзия - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), қазіргі Байзақ ауданы, "Красная Звезда" (қазіргі "Қызыл Жұлдыз") колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1942). 1918 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1938 жылдан "Красная Звезда" (қазіргі Қызыл Жұлдыз) колхозында қызылша өсіруші болып жұмыс істейді. * 1942 жылдан қызылшашылар бригадасының звеношысы болады.1945 жылы 6 гектар жердің әр гектарына 230 центнер қант қызылшасын өсіреді.1946 жылы оны 350 центнерден орындайды.1947 жылы 4 гектар жердің әр гектарынан межеленген 220 центнердің орнынан 822 центнерден өнім алып, рекордтық көресткіш көрсетеді. * 1945 жылы 6 гектар жердің әр гектарына 230 центнер қант қызылшасын өсіреді. * 1946 жылы оны 350 центнерден орындайды. * 1947 жылы 4 гектар жердің әр гектарынан межеленген 220 центнердің орнынан 822 центнерден өнім алып, рекордтық көресткіш көрсетеді. ## Марапаттар * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * 3 рет Ленин ордені (28.03.1948; 11.04.1949; 15.06.1950); * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі * Еңбек ардагері медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі * «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» * Тыңға 50 жыл ## Дереккөздер
Атырау аграрлы техникалық колледжі — 1948 жылы 18 шілдеде Мақат ауданындағы Ескене өндірістік орталығында зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумы болып ашылды. Алғашында екі мамандық бойынша (зоотехник, мал дәрігерлік) мамандар даярлады. ## Колледж басшылығы ## Колледж тарихы Атырау аграрлы техникалық колледжі өзінің білім беру қызметін 1948 жылдың 18 шілдесінен бастады. Ескене атты өнеркәсіп орталығында сол жылы зооветеринарлық техникум ашылған болатын, кейін 1953 жылы техникум облыс орталығына ауыстырылды, ал 1954 жылы оқу орны облыстық ауыл шаруашылығы техникумы болып өзгерді. Сол жылы техникумда техник- механик, агроном және есепшілер дайындайтын мамандықтар ашып, оқушылар қабылданды. 1997 жылдың мамыр айында (Атырау облысы әкімінің 30.05.1997жылғы №437 шешімі) Гурьев ауыл шаруашылығы техникумы мен Гурьев балық өнеркәсібі техникумын біріктіріп, Атырау аграрлы- техникалық колледжі болып қайта құрылды. Казіргі уақытта колледжде екі оқу ғимараты, жабық спорт кешені, жазғы спорт алаңы, «Автомобиль көліктерін жөндеу, техникалық қызмет көрсету, пайдалану» мамандығы бойынша оқу кабинеттерімен қамтылған екі шеберхана бар, сонымен қатар, мамандарды даярлайтын және қайта даярлайтын «Инновация» орталығы, кітапхана, оқу залы, асхана, акт залы, мұражай бар. Колледждің ресми атауы- «Атырау аграрлы- техникалық колледжі » коммуналды-мемлекеттік қазыналы кәсіпорын. Колледж коммерциялық емес кәсіпорын, өзінің дербес есеп шоты мен балансы бар заңды тұлға болып табылады. 07.12.2013жылға дейін жарамды, 07.12.2010ж. алынған № KZ 2710871070306525 СТ РК ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» атты сертификатқа ие. Колледж өзінің білім беру қызметін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің АА сериялы № 0010053 23.12.2002 жылы берілген мемлекеттік лицензиясына сәйкес жүзеге асырады. ## Мақсаттары мен міндеттері Колледждің стратегиялық мақсаттары: - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып; - ішкі және сыртқы нарыққа жоғары квалификациялы мамандар даярлау; - отандық және шетел кәсіпорындарымен серіктестік байланысты кеңейту; - отандық ересек мамандарды қайта даярлайтын және мамандардй даярлай тын түрлі деңгейлі көпбейінді оқу орнын құру; - білім беру сапасын бақылау жүйесін қалыптастыруды жалғастыру; - жұмыс берушілердің жаңа компетенцияларға сұраныстарына байланысты мамандар даярлауда жаңа технологияларды пайдаланып білім берудің жаңа сапасына жету; - колледждің білім беру үрдісінің барлық тараптарының денсаулығын сақтау үшін дені сау ортаны жан- жақты қалыптастыру; - әлеуметтік серіктестік жүйесін кеңейту және келісім-шарт бойынша мамандар даярлауды қалыптастыру (оқытудың дуалдық жүйесін енгізу); Колледждің ұзақ мерзімді мақсаттары: - Еңбек нарығының сұраныстарына орай жұмыс берушілер мен білім беру қызметін пайдаланушылардың сапа мен мазмұнға қоятын талаптарын ескере отырып, сұраныстарын қанағаттандыру; Тактикалық мақсаттары - Жаңа буын мемлекеттік стандарттарына сай кәсіби оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын жасақтауға қатысу; - Цикл пәндері мен кәсіби модульде пәндерді меңгеруге қойылатын талаптарды жүзеге асыру; - Маманға тән жалпы және кәсіби компетенцияларды анықтау; - Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, жалпы және кәсіби компетенцияға негізделген мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасақтау; - Жұмыс берушілердің белсенді араласуымен маманның компетентті моделін қалыптастыру; - Негізгі білім оқу бағдарламаларының мазмұнын түлектің өңірде қажеттілікке ие кәсіби қызметіне бағыттау; - Студенттердің жалпы және кәсіби компетенцияларын анықтайтын бағалаудың жаңа әдістері мен түрлерін қалыптастыру және бекіту; - Іс-әрекетке, тәжіриебеге және оқытудың интерактивті технологияларына басымдылық білдіріп, білім беру үрдісін оңтайландыру; - Білім беру үрдісінде сабақтың белсенді және интерактивті түрлерін пайдалану (іс – тәжірибенің кезінен жағдаяттарды талдау, еңбек әрекетін имитациялау, проблемалық оқыту, жобалау әдісі, рөлдік және іскерлік ойындар, оқу эксперименті, т.с.с ) - Оқытушының функциясын өзгерту (тәлімгер, кеңес беруші, тьютор, эксперт); - Оқу бюджетінің уақытын іс-тәжірибеге қарай қайта бөлу; - Білім беру үрдісінде студенттерді белсенділендіру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру,студентке өзінің білім алу траекториясын анықтауға қатысуға мүмкіндік жасау ; - Студенттерді қызметтің жаңа түрлері мен әдістерін игере отырып, өмірдегі маңызды және әлеуметтік – қажетті мәселелерді шешуге дағдыландыру. - Жеке тұлғаның өзін өзі дамытуына бағдар беру, туындаған мәселерді шығармашылықпен өз бетінше шешуге үйренуге жағдайлар туғызу; - Кәсіби қызметіне және білім алу үрдісіне жоғары мотивация қалыптастыру; - Кадрлар ресурстарының сабақ беру мәселелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету; - Пәнаралық курстарда кәсіби бағалау және кәсіби компетенцияларды қалыптастыру технологиясы бойынша оқытушылардың біліктілігін көтеру; - Оқытушылардың облыс көлеміндегі кәсіпорындарда нәтижелі тағылымдамадан өтуді жүзеге асыру; - Материалдық- техникалық базаны модернизациялауды жалғастыру; Қысқа мерзімді (оперативті) мақсаттар: - Колледждің институциональды аккредитациядан өтуін қамтамасыз ету; - Мамандықтар бойынша оқу жоспарларының және бағдарламаларды дайындау жұмыстары туралы үнемі мәлімет жинап отыр; - Колледж бойынша жалпы және кәсіби компетенциялары бойынша меңгерген білім сапасын бақылау жүйесін жасақтау, біліктілікті сертификаттау; - Оқу үрдісіне электронды оқу модульдерін, электрондық оқу бағдарламаларын, электронды оқыту құралдарын енгізу арқылы студенттің өз бетімен оқу жоспарын меңгеруді қамтамасыз ету; - Жас және жаңадан қабылдаған оқытушыларды оқыту технологияларын игеруді қалыптастыру; - Оқытудың әр деңгейінде студенттердің білім сапасына мониторинг жүргізу; - Оқытудың мазмұнының өзгеруіне байланысты болашақтағы жоғары мәдениетті, азаматтық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік, интеллектуалдық, кәсіби шығармашыл, бәсекеге қабілетті маманның қалыптасуына оптимальды жағдайлар туғызу; - Колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің нәтижелі қызмет етуін қамтамасыз ету; Міндеттер: - Колледждің өзін өзі зерттеу мақсатында студенттер арасында пәндердің барлық блоктары бойынша сараптама өткізу; - Барлық алынған нәтижені өңдеп, жүйелеу, олардың оқыту жүйесіне сәйкестігін анықтау; - Үздіксіз іс- тәжірибеге бағытталған оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнын жетілдіру; - Болжауды, модельдеуды, маркетингтік және мониторингтік қызметін және сапаны басқару жүйесін құру; - Тұрақты білім беру үрдісінің сапалық көрсеткіштері мен критерийлерін анықтау; - Оқу-әдістемелік және ғылыми- әдістемелік базаны модернизациялау (оқу-әдістемелік кешендер, құралдар дайындау, электронды оқыту ресурстарын, электронды лекциялар курсын, электронды оқулықтар, презентациялауға арналған мультимедиялық бағдарламалар, т.с.с.) - Модульді- компетенциялық бағыттағы жаңа мазмұнды қазіргі заманғы технологиялар мен ақпаратқа негізделген оқу-лаборатоориялық база құру; - Компьютерлік парк пен бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуды жалғастыру; - Телекоммуникация құрылғылары , интернет желілері арқылы ақпараттық білім беру кеңістігін құру; - Түрлі формада педагогтардың біліктілігін көтеру жүйесін жетілдіру арқылы кадрлық қамтамасыз ету қызметінің сапасын жақсарту; - Маркетингтік қызметті дамыту; - Қосымша білім беру кешенінің оқу бағдарламасын құруды жалғастыру, орта кәсіптік білім бойынша мамандар даярлауды,тағылымдамадан өутді жалғастыру ; ## Мамандықтар 1511000«Жерге орналастыру» 1509000 – «Экология мен табиғат қорғау қызметі» 1204000 «Су көлікті пайдалану» 1119000 «Тоңазытқыш-сығымдағыш машиналары мен қондырғылары» 0911000 –«Электр және электрлік-механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) » 1401000- «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» 0518000 - «Есеп және аудит (салалар бойынша)» 1304000 - «Есептеуіш техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру» 0512000 «Аударма ісі» 1513000 – «Ветеринария» 1504000 - Фермер шаруашылығы ## Сыртқы сілтемелер Атырау аграрлы техникалық колледжі Мұрағатталған 17 қазанның 2013 жылы.
Шортанбай Балық Зауыты – балық аулау және өңдеу кәсіпорны. 1910 ж. құрылған. Каспий теңізінің жағасында, Қиғаш пен Теплая өзендерінің қиылысындағы аралда (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылы) орналасқан. Балық ыстау-қақтау, тұздау, тоңазыту цехтары жұмыс істейді. ## 1900 – 1936 жылдар аралығы 1900 жылдары Еділ өзенінің тармағындағы Шортанбай аралына орыс қожалығы алғаш балық қабылдап-өңдеу бөлімінің «Рыбообрабатывающий промысл» деген - батаға құрылыс жұмысы басталған. Алғашқы кезде тұздалған және кептірілген балық өнімдерін шығарған.1917 жылы Октябрь революциясынан кейін басқа мекемелермен бірге үкімет қарауына алынып, 1918 жылы басқа батағалармен бірге серіктестік құрылды.1923 жылы «Волго-Каспий госрыбторг. промысл» құрамына енгізілген, соңынан «УК Трест Каспийрыба» болған.1930 жылдары Каспий теңізінде су деңгейінің төмендеуіне байланысты көптеген ұсақ балық қабылдау бөлімдері жабылып, біріктірілді. 1934 жылы Шортанбай балық зауыты болып құрылып құрамына Шарон өзеніндегі Талап, 6-ой, Ганюшкино, Зормата тағы басқалармен және Қиғаш өзені бойындағы Утера, Булгачный, Мокрый, Новый Быт.Телячий т.б бөлімдері қосылды.1936 жылдан бастап балық зауыты жұмысқа қажетті техникалармен жабдықталып, электростанция, барлық балық қабылдау, тұздау және тұрғын үйлері, тұздалған және кептірілген өнімдер шығарып Астрахан қаласына жіберіп тұрған. ## 1960 – 2017 жылдар аралығы 1961 жылы балық қатыратын тоңазытқыш салынып, 1963 жылы жаңа дизель электростанциясы, 1971 жылы кәріз суын қабылдайтын қойма іске қосылған. 1962-1963 жылдан бастап балықты ыстап шығару жұмыстары басталып, ысталған табан, қызыл қанат, вобла, каспий теңізінен килька, мұхит өнімдері сельд, скумбрия т.б.өнімдер өңделінген. 1974 жылы 150 тонна қолдан балық өсіретін тоған шаруашылығы іске қосылды. 1979 жылдан бастап қызыл балық тұқымдастары, соңынан өзек балықтарын әдейі бөлшектеп өндіру басталып, 1991-1992 жылдары шортан, қызыл балық уылдырықтарын темір, әйнек ыдыстарға салып шығара бастады. Тоңазытылған балық өнімдерін ұлғайту мақсатында 1984-1989 жылдары тәулігі не 20 тонна қатыратын, 500 және 400 тонна сақтайтын тоңазытқыштар іске қосылды. 1990-1991 жылдары қосымша 300 тонна балық қабылдайтын бөлім салынып, жаға бойындағы балық қабылдайтын қондырғылар жаңартылды.1994 жылы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Шортанбай балық зауыты «Шортанбай» акционерлік қоғамы болып құрылып, 1999 жылдан бастап «Каспий балық» өндірістік кооперативінің Шортанбай балық қабылдау бөлімі болып жұмысын жалғастыруда.1999-2017 жылдар аралығында жаңадан 20 тонналық тоңазытқыш, ысталған-кептірілген балықты сақтайтын тоңазыту қойма, балық ұнын өндіретін қондырғы, мұз өндіргіш (10-15 т.), тез қатырғыш қондырғы, балық кептіргіш қондырғы, тәулігіне 20 т. кептіретін тоңазытқыш «Батыс» т.б.қондырғылар іске қосылды. ## Тасымал құралдары 1970-1990 жылдар аралығында ағаш кемелер мен тірі балық тасымалдайтын кемелер жаңартылып, қосымша қабылдау бөлімі ПРП 20, «Бобер» - 5 дана, өзі жүріп қабылдағыш 6 дана «Кологок» іске қосылып, кеме сүйрейтін баркастардың двигательдері жаңартылып, қабылдау пункттерімен хабарласуды жақсарту үшін жаңа рациялармен қамтамасыз етілді. 1981 жылы ірі қара мал өсіретін бөлім ашылып, жұмысшыларды сүт, етпен қамтыды.1984 жылы «ВРПО Каспрыба» шешімімен зауытқа қарасты Астрахань бөлімі жабылып, жылдық балық қабылдап өңдеу көлемі 8000 тоннаға дейін төмендеп, жұмысшылар саны 600 адамға дейін азайды. ## Зауыттың әр жылдардағы басшылары: Ленераев, Карпов, Золотов, Даулетьяр Мухаметяров 1960 жж, Қайыржан Әлиев 1967-1971 жж, Маннап Қадыров 1971-1986 жж, Жамбыл Бегалиев 1986-1991 жж, Саясат Зұлхарнаев 1991-1999 жж, Уалитхан Әмірғалиев 1994-1995 жж, Болат Абдулов 1999 жыл. ## Дереккөздер
Даниял Магомедұлы Гаджиев- 1986 жылдың 20 ақпанында Дағыстан АССР, Қызылюртта дүниеге келген. Қазақстандық грек-рим күресінен кәсіби балуаны. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. ## Өнербаяны Өз туған жерінде еркін күреспен айналысқан. Ең бірінші жаттықтырушысы Құрбанов Н.Б. 2001 жылдан бастап Тверь қаласында грек-рим күресімен айналыса бастаған. 2011 жылдан бастап Қазақстан құрамасына енген. Д.Тұрлыханов атындағы спорт мектебінде жаттығады. Азияттық Олимпиада Лицензиясы бар жарыста жеңімпаз атанған. Батыс-Қазақстан облысының атынан жарыстарға шығады. Алматы қаласында тұрады. ## Жетістіктері * 23 жасында жастар арасында Ресей чемпионы. * 2012 жылы өткен Лондон 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ## Дереккөздер
Сібір қияғы (лат. Elymus sibiricus) – астық тұқымдасының жауқияқ туысына жататын, көпжылдық сирек бұтақты, биіктігі 60-120 см өсімдік. Жайылма шалғындарда, құрғақ аңғарларда, орман және орманды- дала аудандарында кездеседі. Ескі қоныстарда және тыңайған жерлерде таза түрінде шөөптесін қалыатсатырады, сол жерлерде 20-30 ц/га пішен өнім береді. Жайылымдарда малдар жақсы жейді, одан кейін жылдам қатаяды. Мәдени түріне енгізіген. Аудандаструға жіберілген сорты: Нарынкольский.
Рахымжан Отарбаев (1956 жылы 19 қазан Атырау облысы Құрманғазы ауданы - 2018 жылы 17 ақпан Атырау) — жазушы, драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі. Парасат ордені (2013). Атырау қаласының және Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. ## Өмірбаяны * Отарбаев Рахымжан Қасымғалиұлы 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келді. * А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты - 1973-77жж. * Облыстық "Орал өңірі" газеті, тілші - 1978жж. * Атырау облысы, Теңіз аудандық халыққа білім беру бөлімшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1978-80жж. * Атырау облысы, Құрманғазы аудандық "Ленин жолы" газеті, тілші - 1980-81жж. * Алматы қаласы, Қазақ ССР телевизия және радиохабарлар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті, редактор - 1981-85жж. * Алматы қаласы, "Қазақ әдебиеті" газеті, тілші - 1985-89жж. * Алматы қаласы, "Жалын" әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журнал, бөлім редакторы - 1989-94жж. * Қырғыз Республикасы, Бишкек, ҚР Қырғызстан Республикасындағы елшілігі, атташе - 1994-96жж. * Қырғыз Республикасы, Бишкек, Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті, арнайы тілші - 1996-97жж. * Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Республикалық "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" корпорациясы, төраға - 1997-99жж. * Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, директор - 1999-2002жж. * Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, сектор меңгерушісі - 2005-2009жж. * Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Бас директор - 2009-2010жж. * Астана қаласы, "Ақ Жайық kz", Бас редактор - 2013-өмірінің сонына дейін. * Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, көркемдік жетекші - 2013-өмірінің сонына дейін, * Атырау облысы, Атырау қ., Рахымжан Отарбаевтың мұрасын сақтау, тарату, жарнамалау, шығару мақсатында 2019 жылы "Рахымжан Отарбаев руханият қоры" құрылды. Директоры Отарбаева Сәуле. * Эл. пошта: [email protected]. Facebook https://www.facebook.com/pages/category/Writer/Rahymjan-Otarbaevty%C5%84-R%C3%BDhaniat-qory-112597096793384/ ; instagram: https://instagram.com/r.otarbaevtyn_ryhaniat_qory?igshid=anlo8lz71bfz ## Шығармашылығы Кітаптары: * Құпия түн - "Жалын" баспасы, Алматы, 1987 * Жәңгір Хан - "Өлке" баспасы, Алматы, 1992 * Жұлдыздар құлаған жер - "Өлке" баспасы, 2000 * Жұлдыздар құлаған жер - "Өлке" баспасы, 2002 * Жайық жыры - "А-Полиграфия" баспасы, Ақтөбе, 2003 * Соғыстың соңғы бомбасы - "А-Полиграфия" баспасы, Ақтөбе, 2004 * Бешкашка бериштин окуясы - Бишкек, 2005 * Шер - "Өлке" баспасы, 2006 * Таңдамалы шығармалар жинағы - "Өлке" баспасы, 2006 * Отверженный мир - "Сөз-Слово" баспасы, 2007 * Қараша қаздар қайтқанда - "Сөз-Слово" баспасы, 2007 * Қос томдық қытай тілінде - "Ұлттар" баспасы, Бейжін, 2007 * Дауысыңды естідім - "Өлке" баспасы, 2008 * Аспандағы ақ көбелектер - "Фолиант" баспасы, 2009 * Злато зарытого клада - "Художественная литература" баспасы, Ресей, 2009 * Проводник судьбы - "Художественная литература" баспасы, Ресей, 2011 * Бейбарыс Сұлтан арабша-қазақща, Каир, 2011 * Злато зарытого клада - төте жазу, "Ұлттар" баспасы, Бейжін, 2011 * Біздің ауылдың амазонкалары - "Фолиант" баспасы, 2012 * Айна-ғұмыр (пьесалар жинағы) - "Фолиант" баспасы, 2013 * Шыңғыс ханның көз жасы - "Фолиант" баспасы, 2014 * Аспандағы ақ көбелектер - төте жазу, "Ұлттар" баспасы, Бейжін, 2014 * Плач Чингиз-хана - "Художественная литература" баспасы, Ресей 2015 * Чыңгыз ханның күз яше - "Сүз" баспасы, Қазан 2015 * Baş‎ - Анкара, 2016 * Beyaz kelebekler - Анкара, 2016 * Таңдамалы - қазақша, орысша, "Қазақпарат" баспасы, 2016 * Baş‎ - Баку, 2017 * Толгой - Ұланбатор, 2019 * И был я подобием твоим - "Восточный экспресс" баспасы,Ресей, 2019 * Плач Чингиз-хана - "Восточный экспресс" баспасы, Ресей, 2019 * Бас - "Қазына" баспасы, 2019 * Қыз Данайдың қырғыны - "Фолиант" баспасы, 2019 * Бас - Der Schadel - "Dagyeli" баспасы, Германия Берлин 2020 Пьесалары: * "Әбутәліп әпенді" * "Абай-сот" * "Мен Сізді сатқан жоқпын" * "Ғабит" * "Ән-Әміре" * "Жасын ғұмыр" * "Жәңгір хан" * "Бас" * "Сырым батыр" * "Мұстафа Шоқай" * "Махаббат мұнарасы" * "Айна-ғұмыр" * "Фариза мен Мұқағали" * "Нашақор жайлы новелла" * "Актриса" * "Нұржауған-ғұмыр" * "Двойник" * "Қараша қаздар қайтқанда" * "Бейбарыс сұлтан" * "Гиппократ анты" * "Аяқталмайтын хикая" * "Мона Лиза" * "Нарком Жүргенов" * "Сағыныш шөбі" қуыршақ театрына арналған * "Дүние ғайып" * "Мәңгілікпен кездесу" * "Ауылы Ақбөбектің ай астында" Кино-телесценарийлары: * Мұхаммед Салық Бабажановтың өмірі мен өлімі - 1990 жыл * Исатай Тайманов (1891-1991 ж.ж) - Алматы, 1991 жыл * Азусары мен Кірпішбай - 1991-1992 * Жәңгір хан - Атырау, 2000 жыл * Жұмбақтаудағы қазына - Астана, 2008 жыл * Бәйтерек - 2008 жыл * Айна - 2015 жыл * Алтын - 2015 жыл ## Марапаттары * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазақстан Республикасінің президенті 07.12.2004 жылғы Жарлығы бойынша * Халықаралық қоғамдық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі 05.03.1996 * Парасат ордені Қазақстан Республикасының президенті 09.12.2013 жылғы Жарлығы бойынша * "Атырау қаласының Құрметті азаматы" Атырау қалалық Маслихатының ХХVII сессиясінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен * Махамбет атындағы сыйлық лауреаты Махамбет атындағы сыйлық беру жөніндегі комиссияның 2000 жылдың 6 желтоқсандағы шешімімен. Атырау қаласы * Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық лауреаты, 2009ж. * "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы" Құрманғазы аудандық Маслихатының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен * Награжден Золотой медалью Советского фонда мира - Международной ассоциации мира решением Президента МАФМ Карпова А.Е 19.10.2016 * Президенттік мемлекеттік стипендия иесі, 2015ж. * Республикалық Төлеген Айбергенов атындағы сыйлық "Соғыстың соңғы бомбасы" повесті үшін, 1987ж. * Республикалық Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлық, 2009ж. * "Қазақстан - Түркия достығын және ынтымақтастығын дамытқаны үшін" медалі Қазақстан - Түркия ынтымақтастығы кеңесінің Төрағасының шешімімен 2015 жыл * "Түрік жазушысы және драматургі Халдун Танердің 100 жылдығына" арналған медаль ТУРКСОЙ Халықаралық ұйымы президенті шешімімен * "Халық батыр Ер Қосай" медалі Ер Қосай - Тәзіке бахадур ұрпақтары қауымдастығының шешімімен 28.09.2009 * "Ардын хувьсгал-90" медалі Монгол Ұлсын Ерөнхийлөгчийн 20.09.2015 жылғы шешімімен * "Академик Зейнолла Қабдолов" медалі, 2014ж. * "Иван Федоров" медалі, Ресей, Мәскеу 2011ж. * "Сүлеймен Есқараев - тұңғыш прокурор" мерекелік медалі 2016 жылғы Қызылорда облысының прокурорының шешімімен * "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалі ҚР Президентінің 3.12.2001 жылғы Жарлығымен * "Алпамыс Батыр" медалі "Алпамыс Батыр" қоғамдық қоры басшысының 2014 жылғы шешімімен * Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Атырау мұнай және газ институтының Құрметті профессоры. Ғылыми кеңесінің 18.11.2016 жылғы шешімімен * Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры. Ғылыми кеңесінің 08.11.2006 жылғы шешімімен * Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры. Ғылыми кеңесінің 2016 жылдың 31 қазанындағы (№2 хаттама) шешімімен * Кыргызстан театр ишмерлер союзунун театр искусствосу коомдук академиясынын академиги. Қырғызстан театр қайраткерлері одағының президентінің 25.11.2016 жылғы шешімімен * Алғыс хат Халықаралық Турксой ұйымы. Турксой Бас хатшысы Д.Касеинов. Анкара, 2017ж. * Алғыс хат. Евразия Жазушылар Қауымдастығы Төрағасы Якуп Омероғлы. Атырау, 2015ж. * Қырғыз Республикасының ұлттық театралды "Эргүү" премиясының лауреаты. Қырғызстанның театр қайраткерлер одағының Президенті. Бишкек, 2017ж. * "Алаш тарихының ақиқаты" Қазақ хандығының 550 жылдығы. Драматургия жанры бойынша 1-орын, 2015ж. * "Бас" пьесасы Мәдениет министрлігі жариялаған "Астана - Бәйтерек" конкурсында жүлделі бірінші орын алды, 2003ж.
Косенко Николай Васильевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Красный Восток" колхозының председателі (1945). 1902 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Кузьминка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Колхоз ұйымдастыру кезінде ауданда алғашқылардың бірі болып өз колхозының құрылысын бастапқы да серіктестік, одан кейін ауылшаруашылық артелі етіп қалыптастырады. Сол кезде оны басқарма председателі етіп тағайындайды. * 1930-1941 жылдары ауылдық советтің председателі және де басқа советтік және партиялық органдарда жұмыс істейді. * 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, майдандағы ерліктері үшін медальдармен наградталады. * 1945 жылы соғыстан оралғаннан кейін "Красный Восток" колхозының председателі болады. Соғыс кезінде тұралап қалған колхоз шаруашылықтарын қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын қарқындатып, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарлату барысында қажырлы еңбек етеді. * 1947 колхоз жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 800 центнерден қант қызылшасын жинап, рекордтық өнім алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Имамверди Кялби-Оглы Мәмедгасанов - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый Путь" колхозының қызылшашылар тобының звеношысы (1947). 1925 жылы Әзірбайжанда, Масаллинск ауданы, "Гызылагадж" селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1937 жылы ата-анасымен Қазақстанға қоныс аударады, 1943 жылға дейін "Новая дорога" колхозында жұмыс істейді. * 1943 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында атқыштар бөлімшесінің құрамында соғысып, жеңіске дейін жетеді. Жауынгерлік ерліктері үшін "За боевые заслуги", "За взятие Вены","За взятие Будапешта", "За Освобождение Праги" және "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. * 1946 жылы өз колхозына оралып жұмысын жалғастырады, 1947 жылы "Новый путь" колхозының қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. Осы жылы 4 гектар жердің әр гектарынан 616 және 2 гектар жердің әр гектарынан 813 центнерден жоғары өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советінің жоғары наградасына ие болады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Василий Семенович Мирошниченко - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Талдықорған ауданы, "Первое Мая" колхозының председателі (1947-1960). 1899 жылы Украинада, Херсон облысы, Каменка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Бала кезінде ата-анасымен Қазақстанға, Талдықорған облысына қоныс аударады. * 1911 жылы Қопалы ауылшаруашылығы мектебінде оқып, оны 1915 жылы бітіреді. * 1918-1919 жылдары қызыл партизан қатарында Черкасск қорғанысында болады. * 1919-1923 жылдары Қызыл Армияда қызмет етеді. Әскерден қайтқан соң әр түрлі жұмыстар атқарады. * 1929 жылы жаппай коллективтендіру кезінде Қоғалы ауданындағы Буденный атындағы колхозға жұмысқа кіреді. * 1932 жылы Талдықорған ауданы, Кировск МТС-на жұмысқа шақырылып, 1941 жылға дейін бөлімше агрономы болып істейді. * Ұлы Отан соғысы кезінде майданда болып, жауынгерлік ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және "За победу над Германией" медалімен наградталады. Бейбіт еңбекке оралған ол Талдықорған аудандық жер бөлімінде техникалық дақылдар бөлімінің бастығы болып, қызылша шаруашылығын көтеруді қолға алады. * 1947 жылы "Первое Мая" артелінің колхозшылары оны колхоздың председателі етіп сайлайды. Тамаша ұйымдастыру қабілеті және агротехника бойынша терең білімінің арқасында егін шаруашылығын жоғары көтеріп, мол өнім алуға мүмкіншілік тудырады. 1947 жылы колхоз 8 гектар жерге 828,6 центнер, ал қалған 215 гектарға - 362 центнер қант қызылшасын өсіреді. Астық дәнді дақылдардан да мол өнім алады - 944 гектар жерден межеленген 10,5 центнердің орнына 16,4 центнер бидай жинайды. ## Наградалары * "За освоение целинных земель" медалі * Еңбек Қызыл Ту ордені * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии Мұрағатталған 20 қазанның 2013 жылы.
Асажан Көбелеков - Социалистік Еңбек Ері (1948), Алматы облысы, Қаскелең ауданы, "Менжинск" колхозының қант қызылшасы бойынша звеношысы (1947). 1907 жылы Семей облысында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 14 жасынан байларда жалшы болады. * 1930 жылы Менжинск колхозына жұмысқа кіреді. * 1935 жылы Алматыға қоныс аударып, баспаханада жұмыс істейді. * 1937 жылы туған колхозына қайта оралып колхозшы болады. * Ұлы Отан соғысы кезінде майданда болып, жауынгерлік ерліктері үшін "За победу над Германией" медалімен наградталады. * 1946 жылы соғыстан өз колхозына оралған оны егіншілер бргадасының бригадирі етіп тағайындайды. * 1947 жылы қаңтар айында қызылшашылар тобының звеношысы етіп ауыстырылады. Тыңғылықты күтімінің арқасында 2 гектар жердің әр гектарына 802 центнерден қант қызылшасын өсіреді. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Меланья Ефимовна Колтакова - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Новый Путь" колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1945). 1904 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Еңбек жолын ерте бастап бірнеше кәсіпте болады, 5 жыл Өзбекстанда рудникте жұмыс істейді. * 1940 жылы "Новый Путь" ауылшаруашылық артеліне қызылша өсіруші болып жұмысқа кіреді. * 1945 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болады. * 1946 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы оның бригадасына 60 гектар жер бекітіліп, ол жерден 14400 центнер өнім алу тапсырылады. Бұл міндеттеме уақытында орындалып 29 мың центнер қант қызылшасы артығымен қазып алынады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Мұрадов Фаржан Мұса-Оглы - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1947). 1906 жылы Әзірбайжанда туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1937 жылы Қазақстанға қоныс адарған соң "Новый путь" колхозында қызылша өсіруші болып жұмыс істейді. * 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болады. Осы жылы қажырлы және алдыңғы қатарлы агротехниканы іскерлікпен қолдана білудың арқасында оның тобы жоғары өнім алады - 2 гектар мол түсімді алқаптың әр гектарынан 809 центнерден және өздеріне бекітілген қалған 10 гектар жерден 354 центнерден қант қызылшасын жинап, жоспарды артығымен орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орық пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
## Орнатылу себебі Ұлы Отан соғысы жылдары Талдықорған облысы Ақсу ауданының Ақсу ауылының 190-нан аса тұрғыны майдан даласында қаза болды. Ақсу ауылындағы жерлес-жауынгерлерге арналған Даңқ мемориалының ашылуы совет халқының фашистік германияны Жеңісінің 40-жылдығына арналған.Тек ескерткіш алғаш салынған жылы 392 адамның аты жөні қабырғаға жазылып ілінген. Оның ішінде Совет Одағының батыры атағын алған 2 адам бар. 2005 жылы қосымша тағы 2 адамның есімі тіркелді. ### Құрылған жылы: 1985 жыл ## Авторлары Ескерткіш авторы – мүсінші Е. Қудабаев, сәулетшісі Р. Термер ## Мемориал құрылысы Мемориалдың орталығы мрамордан құйылған, 12-метрлік темір-бетоннан тұрғызылған обелиск болып табылады. Жоғарғы жағындағы алюминді сақинаға «1941-1945» деп жазылған, жоғарғы жағында бесжұлдыз қадалған. Обелиск биіктігі 0,80 см, ауданы 1,27 смх1,27 см болатын тік бұрышты қызыл гранитпен қапталған. Ескерткіштің қабырғаларына «Ер есімі ел есінде» деген және ҰОС құрбан болғандардың есімдері жазылған.Обелисктің жанына гипстен жасалған биіктігі 0,70 см.болатын совет солдаттары мүсінделген мәрмәрлі постамент (биіктігі 1,8м) орналасқан. Орталықта орналасқан (обелиск және 2 мүсін) безендірілген шойынмен (3мх5м) қоршалған, бұрыштарына күміс түсті 4 шырақтар орналасқан. Мемориал орналасқан алаңқай, диаметрі 21 см болатын дөңгелек пішінді. Оның беті көк шөппен көмкерілген. Алаңқайдың периметріне қарай обелисктің екі жағынан биіктігі 2,10 см, ені 0,45 см. бетонды жартылай дөңгелек жасаған Жетыбаев (Маңғышлақ) ұлу тасынан қапталған стелла қоршап тұр. Стеллалардың арасы 7м стелланың ішкі және сыртқы беттерінде алюминнен совет солдатының, соғыс құралдары, соғыстан көріністер бейнеленген. Қызыл түске боялған ірі әріптермен жазылған «Помните» деген жазу, стелланың ішкі жағында ҰОС қайтыс болған 194 жерлес-жауынгерлердің, оның ішінде 2 Совет Одағының Батырлары: Н. Есеболатов пен Е. Сиқымовтың аттары жазылған мраморлы тақталар ілінген. ## Маңыздылығы Бұл ескерткіш бүгінгі бейбіт күнде өмір кешуге қол жеткізген Отан үшін от кешкен 1941-45 жылдардағы фашистермен болған қанды шайқастан қаза болған Қазақстандықтардың құрметіне арналып қойылды. ## Дереккөз * http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30772777 * http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V10D0002052/compare
## Тарихы Аудан орталығында ақынның шағын мүсіні 1964 жылы қойылды. 1984 жылы ақынның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында оны аудан орталығындағы басты алаңға орнату жөнінде аудан басшыларының бастамасымен арнайы шешім қабылданды. Жаңа мүсінін Мәскеу қаласындағы металды өрнектеп құюмен айналысатын үй құрылысы комбинатында жасалып, әкелінді. Оның іргетасы граниттен қаланды. Ақынның осы мүсіні 2003 жылы орталық алаң төріне биік тұғырға көшіріліп, орны ауыстырылды. Бұл бюст-азаттықтықтың ақ таңын атыруға, Егеменді еліміздің Тәуелсіздігін жақындатуға атсалысқан, азаттықтың жаршысы асыл арыстарымыздың бірі репрессия құрбаны ретінде жала жабылып, ату жазасына үкім шығарылған дүлдүл ақын-жерлесіміз І. Жансүгіровке арнап қойылды. Ескерткіштің интерьерлерінде және орналасқан жерінде үлкен өзгерістер бар. өйткені ескерткіш аудан орталығы Жансүгіров кентінің орталық алаңының солтүстік беткейінде орналасқан болатын. Кейіннен ескерткіш бюст Кеңес дәуірінің көсемі Лениннің орнына қойылып,алаңның орталық бөлігіне ауыстырылды. Алғашқы планировкалық құрылым бойынша Ілиястың бюсті алаңның шетіне орналастырылған. Тарихи және мәдени құндылығын жоғалтуына байланысты Кеңес дәуірінің көсемі Лениннің орнынан алынуына орай, Жансүгіровтің бюсті алаңның орталық бөлігіне ауыстырылды. ## Архитектуралық мәліметтер Ені 0,60 см, көлденеңі 1 м, биіктігі 3 м болатын тас постаментке орнатылған ақынның бюсті 1 м биіктіктегі ені 9 м, көлденеңі 12 метрден тұратын сұр түсті, өрнектелген тас кірпіштен қаланған сахна түріндегі алаңқайға қойылған. Алаңқайға жабыстыра қаланған сатылармен көтерілу арқылы шығуға болады. Баспалдақ саны 5-еу. Оның екі жақ шетінде гүл қоятын екі цемент-ваза бар. Ескерткіш-бюсттің артында күн кескінін беретін темір трубалардан орнатылған күн шапақтары бар. ## Дереккөз
Шахверды Алавердиевич Мирзаев - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый Путь" колхозының қызылшашылар тобының звеношысы (1947). 1929 жылы Әзірбайжанда, Астаринск ауданы, Тангов селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 8 жасында ата-анасымен Қазақстанға қоныс аударады, әкесі "Новый путь" колхозына жұмысқа кіреді. * 1944 жылы орта мектептің 7 класын бітірген ол 1947 жылға дейін егіншілер бригадасында жұмыс істейді. * 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болады. Осы жылы 2 гектар мол түсімді қант қызылшасы алқабынан 813 центнер және бригадаға бекітілген 4 гектар жерден 583 центнерден өнім алып колхоз сенімін ақтайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
## Құрылған жылы 1975 жыл ## Обелиск құрылысы Биіктігі екі шетіндегісі 18 метрден ортадағы биіктік 27 метр болатын жоғары жағы сүйір келген цемент плитадан құйылған ескерткіш. Композициялық құрылымы үш қыры бір-біріне түйіскен орталары 2 метр қашықтықпен орналасқан төмен жағы жалпақ келген зәулім ескерткіш обелискі 1941-1945 жылдары ҰОС-да құрбан болғандарға арналған, ені 30 см. Ескерткіш биіктігі 0,50 см болатын биіктікке орналасқан. Ескерткішке баспалдақ саты арқылы көтеріледі. Ескерткіш биіктігі 0,50 см болатын шойын темірмен қоршалған. Тастың түсі сұр. Тастың бетіне қоңыр қызыл түсті мәрмәрға ойып жазылған мынадай сөздер бар: «1941», екінші жағында «1945» деген жазулар жазылған. Ескерткіш орталық саябағында орналасқан. Ескерткішке баратын жол асфальтпен төселінген. ## Дереккөз
Мұстапаева Зейнегүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, Қызылсай колхозының қызылшашылар тобының звеношысы (1946). 1922 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Қызылсай ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1936 жылы 15 жасында Қызылсай колхозына қызылша өсіруші болып жұмысқа кіреді. * 1946 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып, қант қызылшасын өсірудегі көп жылдық өзінің және озат қызылшашылар тәжірибесін бригадалық жұмысына енгізіп, қант қызылшасының өсіп-өну барысына қолданады.1947 жылы осы қажырлы еңбегі ақталып, өздеріне бекітілген 4,4 гектар жерден 2279 центнер қант қызылшасы қазылып алынады, оның ішінде 2 гектар жердің өзі әр гектары 802 цнтнерден өнім береді. * 1947 жылы осы қажырлы еңбегі ақталып, өздеріне бекітілген 4,4 гектар жерден 2279 центнер қант қызылшасы қазылып алынады, оның ішінде 2 гектар жердің өзі әр гектары 802 цнтнерден өнім береді. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Мүсәпіров Аппақ - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаңаталап колхозының егіншілер бригадасының бригадирі (1945). 1902 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930-1945 жылдары Жаңаталап колхозында егінші болып істейді. * Ұлы Отан соғысы жылдары майданда болып, кеудесіне "За победу над Японией" медалін тағып, 1945 жылы туған колхозына оралған оны қызылшашылар мен егіншілер аралас бригаданың бригадирі етіп тағайындайды. Бригада жоспар көрсеткішін жыл сайын көтеріп отырады:1946 жылы межеленген 150 центнердің орнына 55 гектар жердің әр гектарынан 165 центнерден қант қызылшасы алынады.1947 жылы бригадаға 35 гектар қант қызылшасы және 130 гектар астық дәнді дақылдар алқабы бекітіледі. Алған міндеттемелерін абыроймен орындап, 8 гектар жердің әр гектарына 837 центнерден, ал қалған жерге межеленген 235 центнердің орнына 404 центнерден қант қызылшасын өсіреді. * 1946 жылы межеленген 150 центнердің орнына 55 гектар жердің әр гектарынан 165 центнерден қант қызылшасы алынады. * 1947 жылы бригадаға 35 гектар қант қызылшасы және 130 гектар астық дәнді дақылдар алқабы бекітіледі. Алған міндеттемелерін абыроймен орындап, 8 гектар жердің әр гектарына 837 центнерден, ал қалған жерге межеленген 235 центнердің орнына 404 центнерден қант қызылшасын өсіреді. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Мырзақұлов Керімбай - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы), Қызыл Жұлдыз колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1945). 1907 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылы Қызыл Жұлдыз колхозына егінші болып кіріп, 2 жылдан кейін егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. * 1933-1934 жылдары Қостөбе ауылдық советінің председателі болады. * 1934 жылы қайтадан егіншілікке ауысып, 1942 жылға дейін егіншілер бригадасын басқарады. * 1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысында болып, 1945 жылы "За победу над Германией" медалімен наградталады. * 1944 жылы соғыстан қайтып 1 жылдай Қызыл Жұлдыз колхозының председателінің орынбасары болып істейді. * 1945 жылдан қызылшашылар бригадасын басқарып, жыл сайын өнім көрсеткішін ұлғайтуға ат салысады:1945 жылы - 25 гектардан 210 центнер;1946 жылы - 33 центнер;1947 жылы - 611 центнер. * 1945 жылы - 25 гектардан 210 центнер; * 1946 жылы - 33 центнер; * 1947 жылы - 611 центнер. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1947) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Жүз жылдық залы немесе Ұлттық зал (пол. Hala Stulecia, Hala Ludowa; нем. Jahrhunderthalle) — Вроцлав (Польша) қаласындағы Щитницк саябағында орналасқан жабулы спорттық нысан. 2006 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілді. Макс Бергтің жобасы бойынша 1911—1913 жылдары аралығында ерте модерн стилінде салынған. Ғимарраттың күмбезі темірбетоннан жасалған, ішкі диаметрі 65 метр, ал биіктігі 43 метр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимарат өзіне ұқсас нысандардың арасында көлемі бойынша бірінші орынға орналасты. Қазіргі кезде түрлі спорттық шаралар және концерттер өткізу үшін қолданылады. 2013 жылы Жүз жылдық залында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өткізіледі. ## Галерея * * * * ## Тағы қараңыз * Әлемдік мұра * Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары * ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері * ЮНЕСКО * Польшадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі ## Сыртқы сілтемелер * (поляк) Ресми сайты Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2010 жылы. * (ағылш.) Scheda UNESCO
Күтімова Күлімжан - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Байзақ ауданы, "Октябрь" колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1945). 1921 жылы Жамбыл облысында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1942 жылдан "Октябрь" ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. * 1945 жылдан қызылшашылар бригадасының звеношысы болады. Бригада қант қызылшасы бойынша жоспарды жыл өткен сайын артығымен орындап отырды:1945 жылы өздеріне бекітілген 3,5 гектардың әр гектарынан межеленген 180 центнердің орнына 552 центнер;1946 жылы - 220 центнердің орнына 622 центнер;1947 жылы - 4,7 гектардың әр гектарынан 775 центнерден, оның ішінде 2 гектардың әр гектарынан межеленген 350 центнердің орынан 775 центнер. * 1945 жылы өздеріне бекітілген 3,5 гектардың әр гектарынан межеленген 180 центнердің орнына 552 центнер; * 1946 жылы - 220 центнердің орнына 622 центнер; * 1947 жылы - 4,7 гектардың әр гектарынан 775 центнерден, оның ішінде 2 гектардың әр гектарынан межеленген 350 центнердің орынан 775 центнер. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер