text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қызылтамақ бұлбұл' '(Luscinia calliope) — қызылтамақтар тұқымдас тармағының өкілі. Қаратөс бұлбұлмен бірігіп қызылтамақтар (Calliope) тұқымдас тармағын құрайды. Мұны көптеген адамдар еш негізсіз сайрақ тұқымдастардың жеке туысы деп санайды. Қызылтамақтардың нағыз бұлбұлдардан айырмашылығы - олар орман емес, тауда өмір сүретін құстар.
## Аталығы мен аналығы
Бұларға жыныстық деформизм тән қасиет, яғни ашық түске боялған аталығы елеусіз қарапайым аналыққа мүлде ұқсамайды. Олардың ұя жасауы да басқаша - бір бүйірінде кіріп-шығатын аузы бар жабық ұя істейді. Аталықтың жоны - көмескі зәйтүн реңкті біркелкі қоңырқай түсті. Бауыры - ашықтау сұр қоңыр, ал тамағында үшбұрыш пішінді ашық қызыл теңбілі бар, оның қапталында жіңішке қара және ақ жолақтар жиектейді. Аналығында қызыл теңбіл болмайды.
## Таралуы
Бұл бұлбұл Сібірде кең таралған. Қазақстан аумағында тек қана Алтайда ұялайды. Мұнда бұл құрлық-бұташыл құстар қалың өскен бұталы және ылғалды шалғыны бар орман шетінде қоныстанады. Мамырдың соңында ұшып келісімен аталықтар дереу сайрай бастайды.
## Дауысы
Қызылтамақтың сайрағанын Оңтүстік Алтайдағы бақылауы бойынша орнитолог М.А.Кузмин былай сипаттап жазған: "Сайраған үні бұлбұлдан кем түспейтіндей күшті, бірақ қысқа сайрайды. Ол көбінесе өзге құстардың , мысалы, жаурауықтың үніне еліктеуден бастап сайрайды. Үріккен құстың әуезі айтарлықтай сарынды,бірақ "тиуить - тиуить" деген қатты және салдырлаған үрейлі дыбыс шығарады".<reference/> Мектеп Энциклопедиясы: Құстар |
Қазақ халқында мүшел жас ұғымы адамның жас санау үлгісі.Негізінен адамның алғашқы мүшелі 13 жасынан басталады, яғни, жыл сайын 12 жастан қосылып отырады .Яғни, бұл жастың касиетті екенін білген ата-бабамыз осындай жасқа толған адамның туған күнінде мал сойып, ауыл ақсақалын шақырып, құран оқытып, ырымын жасайды.Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн.Олар төмендегідей жіктеледі:
1-мүшел – 13 жас (ержете бастау).
2-мүшел – 25 жас (жiгiттiк шақ).
3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату).
4-мүшел – 49 жас (орта жас).
5-мүшел – 61 жас (орта жас).
6-мүшел – 73 жас (қарттық).
7-мүшел – 85 жас (кәрiлiк).
8-мүшел – 97 жас (қалжырау
9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю).
10-мүшел – 121 жас (немене сүю)
Дереккөздер
http://www.alashainasy.kz/interested/20934/ Мұрағатталған 2 қазанның 2013 жылы. |
Семізот (Rhodiola) – жасаңшөп тұқымдасына жататын көпжылдық, жақсы гүлдейтін шөптесін өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
Көпжылдық ағаш тәрізді, мықты, көпбөлімді өсімдік. Сабақтары бұтақты емес, тік немесе шамалы майысқан болып келеді.Жапырақтары бір жерге жиналған, кезек-кезек орналасқан, жалпақ, үшбұрышты немесе төтбұрышты болып келеді.Гүлдері шоқтәріздес болып келеді. Төрт немесе бес мүшелі. Екіүйлі блады.
### Дереккөздер
* "Rhodiola L.: Rosenrötter", «Den virtuella floran», Naturhistoriska riksmuseet, 2000-04-18.
### Дереккөздер
* Род 698. Родиола — Rhodiola L. // Флора КСРО. В 30 т |
Саиф Сараи (1321, Сарайшық — 1396, Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.
Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сараиды Әмір Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі «Гүлстан би-т-түрки» (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің «Гүлстан» шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сараидың бұл поэмасы XIV ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған.
Саиф қолжазбасы 1915 жылы белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Саиф Сараи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған.
## Дереккөздер |
Надбережный Павел Иосифович - Социалистік Еңбек Ері (1948), механик. 1905 жылы Украинада, Киев облысы, Изонковск ауданы, Финевичи селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 14 жасынан байларға жалшы болады.
* 1929 жылы тракторшылар курсын бітіріп, Озеро-Пушкинский совхозында механик болып істейді.
* 1934-1937 жылдары - Омбы облысында инженер-механиктің көмекшісі .
* 1937-1940 жылдары - Омбы облысы, "Коммунист" бидай совхозында орталық жөндеу шеберханасының бастығы.
* 1940 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Талдықорған облысы, Шанханай МТС-да аға механик болып істейді. 1945 жылы жақсы жұмыс көрсеткішінің арқасында тракторлық жұмыстардың жоспары 128% -ке, 1946 жылы - 121% -ке, 1947 жылы - 131% -ке орындалады. Шанханай МТС-ның қызмет көрсетуімен колхоз 665 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан 21,72 центнерден өнім жинаған.
* 1948 жылы Талдықорған облысы, Гвардияшылар аудандық Советінің депутаты болды.
## Наградалары
* ҚазССР Жоғарғы Советінің грамотасы (1945)
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2013 жылы. |
Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. 1941-46ж. Жарма ауданының Бөке кенішінде кен қазатын жұмысшы болып істеген . 1954ж. ҚазМУ-ДЫ бітірген. 1954-63ж. Осы ун-ттің саяси экономия кафедрасының оқытушысы, 1963 жылдан Алматы халық ш. Ин-тының(Қазіргі Қазақ экон. Ун-тінің)Доценті, 1973 жылдан кафедра меңгерушісі. Қазақстан революцияға дейінгі Қазақстандағы экон. Ой-пікірдің дамуын зерттеді . 1991ж. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі өтпелі кезеңде оның ғылымдық –зерттеген жұмыстары негізінен егеменді Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу барысына, экономиканың трансформациялық құлдырауын еңсеру, оны тұрақтандыру және дамыту, экономикалық интеграция мәселелеріне арналды. Еңбек Қызыл Ту, «Парасат» ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы 5-том |
Қабылбеков Мәжен (10.9.1923 ж.т., Павлодар облысы Ақсу ауданы Қанаш Қамзин атындағы ауылы-1.1999, сонда)-ұстаз.ҚазКСР-не еңбек сіңірген мұғалім(1967), Социолисттік еңбек ері (1971).Павлодар қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Павлодар Пед училищесінде (1938),Семей Пед институтын (1956) бітірген.1938-41 ж. Жолқұдық бастауыш мектебінің мұғалімі, 1941-42 ж. Жолқұдық орталау мектебі оқу ісінің меңгерушісі,1942 жылдан Жолқұдық орта мектебінің директоры болды.Қ.-мектептің оқу-тәрбие жұмысында озат тәжірибиені қолданып, оны кең таратумен танылған. Еңбек Қызыл ТУ, «Құрмет белгісі» ордендері медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақстан. Ұлттық инциклопедиясы 5-том |
Құстаран (Қызылтаспа, лат. Polygonum aviculare) – тарандар тұқымдасына жататын біржылдық өсімдіктерінің бір туысы.
## Биологиялық сипаттама
Құстаран топтанып өседі.Сабағының биіктігі 60 см-ге дейін болады.Тамыры сабағынан жуан болады.Жапырақтары майда сопақша тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады.Гүдері - көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті. Гүлдері 2-5 данадан жапырақшаларының түбінде оналасады. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады.Гүл формуласы: 12px{\displaystyle \mathrm {\ast \;P^{Co}\;_{(5)}\;A_{8}\;G_{({\underline {3}})}} }.Жемісі – көп тұқымды үшбұыш қауашақ.
## Таралуы
Құстаран - космполит өсімдік : Арктика мен Антарктикадан басқа бүкіл материктарда кездеседі.
## Қолданылуы
Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды. Құстараннын шөбін медицинада қуық және зә айдағыш жлдаының қабынуына қарсы, асқазан-ішек ауруларына, тіпті өкпе құрты ауруына қарсы қосымша шара ретінде қолданылады. Сырттай терінің түрлі жарақаттарын емдеуге қолданады.
### Дереккөз |
Төлен Қабылов(1917, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Асысаға ауылы - 10.4.1945, Ресей, Калининград облысы,Чкалов қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты.1942 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, З-Беларусь майданы 43-армия 24-гвардиялық атқыштар дивизиясы 72-атқыштар полкі құрамында Сталинград шайқасына, Дон, Қырым, Украина, Беларусь, Литваны азат етуге қатысқан. 1945 жылы 10 сәуірде Кенигсберг қаласы (қазіргі Калининград) түбінде Қабылов басқарған бөлімше жау танкілеріне қарсы шайқасты. Осы ұрыста Қабылов жау танкісін өзімен бірге жарып, ерлікпен қаза тапқан. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен өжеттігі мен қаһармандығы үшін Қабыловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.4.1945).Туған ауылындағы мектеп Қабылов есімімен аталып, батырға бюст орнатылған. Калининград қаласындағы Өлкетану мұражайында Қабыловқа арналған бұрыш бар және қаладағы таңдаулы балықшы траулері, сонымен қатар Алматы көшелерінің бірі батырдың есімімен аталады. Ленин, «Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан.
## Дереккөздер |
Боталау – іштегі төлдің физиологиялық даму процесі аяқталғанда інгеннің (аруананың) бота табуы. Айыр түйе ботасын 14, аруана – 13 ай көтереді. Жұмысқа көп жегіп жүдеген інген бота бастайды. Боталауына 6-7 ай қалғанда інгенді ауыр жұмыстан босатады. Боталауы жақын інгендер дезинфекция жүргізіліп, төсеніш төселген жылы қорада ұсталады. Әдетте інген қиналмай боталайды. Басқа күйіс малындай түйе ботасын жаламайды. Сондықтан ботаны шаранадан (әсіресе танауын) тазартып, үстін өрілген сабан не орамалмен ысқылап сүртеді. Ботаның кіндігін 5-6 см қалдырып, иодқа малынған тарамыспен қысып байлап, қалғанын кесіп иод жағады. Лас қорада туған, кіндігі дер кезінде кесілмеген бота «қоскіндік» ауруына шалдығуы мүмкін. Мұндай ботаның кіндігі ісіп, қызуы көтеріледі, енесін еме алмайды. Өзге түліктің төліне қарағанда бота аяқтанғанша өте әлжуаз болады, күтімді көп тілейді. Әсіресе ылғалды, суықты, иісті көтере алмайды. Сондықтан қораны үнемі жылы ұстап, желдетіп, төсенішті алмастырып отыру қажет. Әдетте ботаны туысымен 2 сағаттан кейін, одан әрі әрбір 3 сағат сайын (2-3 аптаға дейін) емізеді. Түйе көбінесе наурыз-мамыр аларында боталайды. Күн жылынғанша ботаны қорада, күн шуақта ашық қорада ұстайды. Ауа райы қолайлы болса, 15 күндік ботаны енесімен бірге ашық қорада қалдыруға болады.
## Дереккөз |
Мыстан кемпір – қазақ фольклорында жиі кездесетін жағымсыз кейіпкер. Ол әдетте қастандық ойлаушы, жауыз, іші тар, қатігез, кей кезде қу және оқиға сипатына қарай кейде аңқау да болып келеді. Сырт бейнесі албасты, шашы ұзын және жалбыраған, тырнақтары дәу және өткір, тістері едәуір, киім-кешегі алба-жұлба етіп бейнеленеді. Ол кейіпкер, негізінен, ертегілерде болады. Оның қалыпты ісі – тісімен жер қазу, жүйрік атты қуып жету, тамаққа у салып жіберу, басты кейіпкерді, көбінде батырды байлап тығып қою, тұтқындарды тірілей жеу болып табылады. Қазақтың Ер Төстік, Алтын сақа, Мыстан кемпір, Күн астындағы Күнекей қыз, Ай астындағы Айбарша сұлу және т.б. көптеген ертегілерінде кездеседі. Алайда, халқымыз опмитистік пікірді алға қойып, мыстан кемпірдің қаншама күшті айлакер болғанына қарамастан, ертегі соңында оның басты кейіпкерден жеңілетіндей етеді. Ал кейінгі замандарда, исламның әсерінен бұл кейіпкер сынды пері, дию, шайтан сияқты ежелгі араб-иран әдебиетіндегі кейіпкерлер де көріне бастады.
## Дереккөздер |
Маниязов Әбдіқадыр (тәжік. Абдукодир Маниёзов; 22 желтоқсан 1930 — 3 мамыр 2008) - тәжік әдебиет зерттеушісі.
## Қызмет жолы
Филология ғылымының кандидаты, Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор, Иран Ислам Республикасы Парсы тілі мен әдебиеті академиясының корреспондент мүшесі, 1972 жылдан республика Ғылым академиясы Рудаки атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры. Негізгі ғылыми еңбектері әдебиеттер байланысы, дәстүр мен жаңашылдық, поэтика мәселелеріне арналған.
### Қазақстанда
Маниязов өзінің 80 жылдық мерейтойлық кешінің Алматыдағы салтанатында қатысып, сөз сөйледі.
## Дереккөздер |
Ананьев Борис Герасимович (1907-1972) - психология ғ.д. КСРО Педагогикалық ғылым академиясының толық мүшесі. Адамды индивид, тұлға, даралық ретінде қарастырып, адамтанудың жүйелі моделін қарастыруға ұмтылған кеңес дәуірінің психологы.Горск педагогикалық институтын 1928 жылы бітіріп, өзінің ғылыми ізденістерін ленинградтық рефлексологтардың қатарында, психологияның адамтану ғылымдарының бірігейі болып бекінуіне атсалысты. Ол адамды биологиялық индивид ретінде, оның онтогенездегі даму жолы, тұлғалық мәнге ие болуымен адамзат әлеміндегі орны, өзіндік даралығы туралы <<Адам танымының нысанасы>> (1969 жылы) атты еңбегінде жан-жақты қарастырады. 1967-1972 жылдары ЛМУ-де психология факультетінің деканы қызметін атқарып жүріп, көптеген психолог ғалымдары дайындады.Б.Ф.Ломофтың айтуынша Ананьевтің таланттарды көргіштігі ерекше болған.Кеңес психологиясының <<алтын қорына>> Ананьевтің <<Педагогиялық бағалаудың психологиясы>> (1935 жылы), <<Психология очерктері>> (1945 жылы), <<Сезімдік танудың психологиясы>> (1960 жылы), <<Түйсіктер теориясы>> (1961 жылы), <<XVIII-XIX ғғ. Орыс психологиясы тарихының очерктері>>(1967 жылы), <<Адам танымның пәні ретінде>> (1969 жылы), т.б. еңбектері енді.
## Дереккөздер |
Су жертесері - жертесерлер тұқымдасының ерекше бір туысы, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілер отрядына жатады.
Өте ұсақ жануар (дененің ұзындығы 7-10 см, салмағы 5-10 г). Сыртқы пішіні - үшкір тұмсықты кішкене тышқанға ұқсас, төменгі жағында ұзынша құйрығы болады, ол суда жүзуіне қатты көмектеседі. Су қоймаларының жағасын қоныстанып, жартылай суда тіршілік етеді. Көктем мен жазда екі рет 3-8 ұрпағын береді. Су омыртқасыздарымен, кейде балық шабақтары және уылдырығымен қоректенеді. Жертесердің сілекейі улы. Қазақстанда жертесерлер туысының жеті түрі кездеседі. Солардың ішінде орманды дала аймағында кәдімгі жертесер, тундра және кіші жертесерлер мекендейді. Кіші жертесер өте аз және Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
## Караала балшықшы
Қараала Балшықшы ( Haematopus ostralegus ) - біршама қысқа аяқты және ұзын тұмсықты едәуір ірі ( 500 грамға жуық ) құс. Қауырсын жабыны қара-ақ түсті, тұмсығы және аяғы - қызыл. Қараала балшықшы - өте сақ құс. Суқоймаларда өзімен қатар ұялайтын құстардың тамаша күзетшісі болғандықтан, аздаған қауіптілік байқалған кезде олар шу көтереді.Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Африканың оңтүстігінде, Австралия мен Жаңа Зеландияда мекендейді. Қолайлы жағдай - құмдауыт және сазды жайпақ жағасы және аралдары бар, жазықтық өзендері мен көлдері бар жерлердің барлығында букіл Қазақстанға таралған. Жақсы жүгіріп, ұшады және жүзеді, сүңгуге құлықты емес. Жерде де, ұшып жүргенде де шаңқылдап дауыс шығарады. Жануартекті жеммен - бунақденелілер, шаянтәріздестер, былқылдақденелілермен қоректенеді. Оларды ылғалды жағаның үстіңгі бетінен және оншатерең емес топырақ қабатынан жиыстырып, шоқып жейді. Қараала балшықшы жерді шұнқырлап жұқа төсенішті ( немесе мүлде төсенішсіз ) ұя жасайды. Онда 2-4 шұбар жұмыртқа болады. Жұмыртқа басу 4 аптаға созылады. Қараала балшықшылар ұялау орнына наурызда ұшып келіп, қазанның соңына қарай ұшып кетеді
## Дереккөздер
Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010
## Караала балшықшы
Қараала Балшықшы ( Haematopus ostralegus ) - біршама қысқа аяқты және ұзын тұмсықты едәуір ірі ( 500 грамға жуық ) құс. Қауырсын жабыны қара-ақ түсті, тұмсығы және аяғы - қызыл. Қараала балшықшы - өте сақ құс. Суқоймаларда өзімен қатар ұялайтын құстардың тамаша күзетшісі болғандықтан, аздаған қауіптілік байқалған кезде олар шу көтереді.Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Африканың оңтүстігінде, Австралия мен Жаңа Зеландияда мекендейді. Қолайлы жағдай - құмдауыт және сазды жайпақ жағасы және аралдары бар, жазықтық өзендері мен көлдері бар жерлердің барлығында букіл Қазақстанға таралған. Жақсы жүгіріп, ұшады және жүзеді, сүңгуге құлықты емес. Жерде де, ұшып жүргенде де шаңқылдап дауыс шығарады. Жануартекті жеммен - бунақденелілер, шаянтәріздестер, былқылдақденелілермен қоректенеді. Оларды ылғалды жағаның үстіңгі бетінен және оншатерең емес топырақ қабатынан жиыстырып, шоқып жейді. Қараала балшықшы жерді шұнқырлап жұқа төсенішті ( немесе мүлде төсенішсіз ) ұя жасайды. Онда 2-4 шұбар жұмыртқа болады. Жұмыртқа басу 4 аптаға созылады. Қараала балшықшылар ұялау орнына наурызда ұшып келіп, қазанның соңына қарай ұшып кетеді
## Дереккөздер
Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010 |
Дәуіт (лат. Manthoptera, Mantodea) – жыртқыш жәндіктер қатарының бірі. Дәуіттің басы қозғалысқа өте икемді, денесі ұзынша (40 – 75 мм), жасыл, сары, қоңыр түсті. Ал жазда өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты түсі құбылып тұрады. Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қазақстанның барлық облыстарында 20-дай түрі, әсіресе, кәдімгі дәуіт, теңбіл қанатты дәуіт, қауырсын тұмсықты эмпуза жиі кездеседі. Дәуіттер шала түрленіп дамиды, олардың қыстаған жұмыртқасы көктемге салым қанатсыз дернәсілге айналады да, 7 – 8 рет түлейді. Дәуіт түрлі ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Олар ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктермен қоректенетін болғандықтан пайдалы, бірақ кейбір түрі бал арасынан, пайдалы қоңыздарды жеп, зиян да келтіреді. Ұзындығы 11 см. Басы қозғалмалы аяқтары жақсы дамыған алдыңғы аяқтарында тікенектері бар, жайылған кезде ұстағыш аппаратқа айналады. Ауыз аппараты кеміргіш. Алдыңғы қанаттары жіңішке артқылары желдеткіш тәріздіс бүктеледі. 2 мыңнан астам түрі белгілі тропик және субтропикалық аймақтарда таралған, ТМД-да 20 түрі бар. Дәуіт жыртқыш жәндіктермен қоректенеді,кейде ұсақ кесіртке құстармен. Түсі қорғанысты жасыл, сары-қоңыр; жазда өсімдіктің солуына байланысты түсін өзгертеді. Дамуы толық емес өзгеріспен өтеді. Ортақ қабықшамен топтастырып өсімдіктерге тастарға салған жұмыртқалары әдетте қыстайды. Дернәсілдері 2-ші жазда ересекке айналады. Дәуіттің 3 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілді.
## Дереккөздер |
'Мойнақ шағала- қарабас шағаланың кішілеу көшірмесі.'Мойнақ шағала'- қарабас шағаланың кішілеу көшірмесі. Салмағы 0.5 кг.Сырт пішіні көл шағаласына ұқсас, бірақ одан үлкендеу, суреті басқалау, қанаттарының ұшы қара және маңдайы мен беттері қоңыр түсті. Бұл құстың ашылу тарихы есте қаларлықтай. Бұл құс алғаш рет XX ғасырдың 30-шы жылдарында сипатталып жазылған, бірақ осыдан кейін 40 жыл бойы ескерілмеген. 60-жылдардың соңында Шығыс Қазақстандағы Алакөл көлінің Орта аралынан ұялау тобы табылды. Бұл жұмбақ құс мойнақ шағала деп аталады. Бұл да қарабас шағала сияқты, қазіргі Азияның үлкен бөлігін алып жатыр. Өте ертеде жоғалып кеткен Тетис теңізінің аралдары мен жағаларын мекендеген фаунаның тікелей ұрпағы. Алакөлден басқа Байкалдағы бірнеше көлде қоныстайды, Вьетнамда қыстайды. Тіршілігі туралы мәліметтер өте аз. Мойнақ шағала топ болып тіршілік етеді. Жәндіктермен қоректенеді. Бұлардың балапандары да қарабас шағаланың балапандары сияқты ақ мамықты. Шоғыры жиі қырып-жойылуға ұшырайды, сондықтан жыл сайын балапан шығаруға мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде бұл сирек кездесетін құстың ұялау орны- жақында құрылған Алакөл қорығы, осында қорғауға алынды.
## Дереккөздер |
Қара қырқылдақ (лат. Chlidonias nigеr) — Қырқылдақтар тұқымдасына жататын шағын денелі (60-80 грамм, қанатының алымы - 62 см шамасында), құйрықүсті ашық ақ түсті қошқыл реңді құс.
Тұмсығы және аяғы қара. Оңтүстік және Орталық Еуропада, Азияның орталық бөлігіндегі және Солтүстік Америка бөлігінде мекендейді. Қазақстанда таулар мен сусыз шөлден басқа жерлердің барплығында өмір сүреді. Жағалауындағы өсімдіктер жақсы дамыған тоқтау және баяу ағатын суқоймаларда орын тебеді.
Қара қырқылдақ су бунақденелілерімен, солардың дернәсілдерімен, ұсақ шаянтәріздестермен және басқа жәндіктермен қоректенеді. Көбінесе басқа су маңындағы құстармен бірге шоғыр түзіп ұялайды. Ұяларын жүзіп жүргенаралшықтырға, сондай-ақ су жағасына салады. Салындыда көбінесе 3 жұмыртқа болады. Жұмыртқаларға ата-енелері екі аптадан астам қамқорлық жасайды, ал балапандары 20-25 күнде ұша алатын болады. Қара қырқылдақтар, ұялау орындарына кешірек - сәуірдің аяғына таман ұшып келіп, қыркүйектің басында қыстайтын орынға ұшып кетіп үлгереді.
## Дереккөздер |
Сауытты шортан (лат. Lepisosteidae) – сүйекті ганоидалар тобына жататын балық отряды.Жалпы тобында бүгінгі кунге 7 түр балық бар. Басқа турлері қазба түрінде табылған.
## Анатомиясы және морфологиясы
Омыртқасы түгелдей сүйектенген. Балықтардың барлық басқа түріне қарағанда омыртқасының алдыңғы беті дөңес, артқы беті ойық (опистоцельді).Барлық ганоид тобының уәкілдері денелеі ірі, тіпті Atractosteus spatula түрі 4,5 метр ұзындығына дейін болады. Ең майдасы - 60см.Уылдырығы улы.
### Таралуы
Сауытты шортан-Солтүстік және Орталық Америкада, Кубада тұщы өзен, көлде таралған жыртқыш балық. Қазір бір туысты (кайман балықтар) бір тұқымдасы бар.Сауытты шортанның қазба қалдықтары Европада бор және СолтүстікАмерика мен Азияда (Үндістан) эоцен дәуірінен белгілі.
### Кәсәптік мағынасы
Кәсіптік маңызы орташа. Аквариумдарда кейбір түрлері асыралынады.
### Дереккөз |
Базарбаевтар — қазақстандық отбасылық комедиялық сериал. Сериалды түсіруге мұрындық болған Нұрлан Қоянбаев. Сериал түсірерден бұрын Нұрлан Қоянбаев «31 арнада» ойын-сауық бағдарламаларының продюсері ретінде «Әзіл студио», «Қыздар-ай», «Ризамын», «Қазақша концерт» жобаларын дүниеге әкелген болатын. "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында Нұрлан:- Ендігі кезекте, осыған дейінгі жинаған тәжірибемді мен жаңа бір жанрда пайдаланып көрмекпін - деген болатын.- «Бұл телетоптаманы қолға алмас бұрын, біз үлкен дайындықтан өттік, - деді жоба продюсері. – Айталық, «Әзіл студио» жобасында белгілі бір тақырыпты бірер минуттың ішінде ашып беру басты мақсат болса, ситком мұндай жеңіл күлкі, жеңіл әзілге илікпейді. Яғни, мұнда тұрақты кейіпкерлер, белгілі бір оқиғалар тізбектеліп, әзілдер де соған сай өріліп отыруы тиіс. Сондықтан, КВН-ді де, телевизиядағы басқа жобаларды да осы ситкомның алдындағы дайындық, өзімізді шыңдау мектебі болды деп айта аламыз».
## Сюжеті
Ситкомның оқиғасы Алматыдағы қарапайым үш бөлмелі пәтерде өтеді: Саламат пен Айғаным және балалары – Шерәлі, Арсен, сондай-ақ, бірінші курс студенті Гүлнәр. Күндердің күнінде үлкен ұлдары Шерәлі аяқ астынан келін әкеліп, өзі де тарлық етіп жүрген пәтерде қиындық туындай бастады.Енді Базарбаевтар отбасында кез-келген ұсақ-түйек , тіпті 1 шаршы метр жер де ұрыс-керіске себеп болуы мүмкін. Алайда, осындай болмашы қиындықтарға қарамастан, бұл үйдің адамдары кез-келген жағдайдан жол тауып кетеді.
## Кейіпкерлер
Отағасы Саламат Алматы метросының құрылысына белсенді атсалысып жатқан маман, бригадир.Айғаным белгілі тележүргізуші, сондай-ақ, туған-туыс, құда-құдағилармен ішкі-сыртқы саясат сияқты барлық мәселені қадағалап отыратын ханым.лкен ұлы Шерәлінің жасы 25-те. Ол болашағынан үміт күттіретін футболшы. Ортаншы ұлы – Ералы Кембридждің студенті.Кіші ұлы Арсенді көршілер мен мұғалімдердің бәрі жақсы көреді.Гүлнәр әкесінің сүйікті қызы.
## Әртістер
Бекжан Тұрыс Саламаттың рөлінде,
Райхан Халиолдина Айғанымның рөлінде,
Нұрдәулет Шертім Шерәлінің рөлінде,
Аида Жантілеуова Назым келіннің рөлінде,
Гүлнәр Сильбаева 1 маусымда Гүлнәрдің рөлінде,
Дастан Қалдыбаев Ералының рөлінде,
Нұрлан Қоянбаев Ералының досы,
Нұржан Тұтов Назым келінінінің әкесі,
Күнсұлу Тұрғынбекқызы Назымның анасының рөлінде,
Әлихан Байсұлтанов - Саламаттың кіші ұлы, қырсықтау мінезі бар, анасының ерке баласы. Ол әкесі мен үлкен әпкесінен қаймығады, ағаларының сөзіне құлақ аса бермейді.
Бақыт Әліпбаева - сатушы саудагер, критик.
## Түсіру тобы
### Режиссёрі
Қоюшы-режиссер: Стас Булов
### Продюсерлері
Бас продюсері - Нұрлан Қоянбаев
### Сценаристі
Нұрлан Қоянбаев, Нұрдәулет Шертім, Жаммид Көшербаев
## Сыртқы сілтемелер
http://31-telearna.yvision.kz/ Мұрағатталған 4 қазанның 2013 жылы.
http://vk.com/club37681434
http://31.kz/kz/projects/serials/bazarbaevtar/ Мұрағатталған 4 қазанның 2013 жылы.
https://massaget.kz/blogs/3469/
https://massaget.kz/blogs/3378/
https://massaget.kz/blogs/1566/ |
Рикмерс бүйісі (лат. Gylippus rickmersi) — Қазақстанда сирек кездесетін түр. Батыс және Орталық Тянь-Шань, Гиссаро-Дарваза, Памир және Гиндукуша тауларында таралған. Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньның 1200-1400 м биіктіктегі тау етегі далаларында, сонымен қатар 250 м биіктіктегі Арыс өзенінің ылғалды жайылымында кездеседі. Қазақстанда жылына бір рет көбейеді. Ересек даралары мамыр, маусымда кездеседі. Тас асты мен өсімдік тамыры арасынан онша терең емес ін қазады, онда тәуліктің жарық уақытын өткізеді. Түңгі уақытта топырақ бетіне шығып, әр түрлі омыртқасыз жануарларды ұстайды. Саны барлық жерде төмен. Түрдің Қазақстанда таралу аймағы адамның қарқынды шаруашылық әрекеттері бар жерлерде орналасқан. Малды шектен тыс бағу және жер жырту бүйінің санының артуына кері әсерін тигізіп отыр. Түрдің Ақсу-Жабағылы қорығында сақталуы мүмкін.
## Дереккөздер
* "Ғажайып омыртқасыздар" Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Алматыкітап 2005 ж. |
Құсбек — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Константинов ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2018 жылға дейін Төменгі бұрлық ауылдық округі құрамында болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстікке қарай 59 км-дей жерде, Құсбек көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1304 адам (637 ер адам және 667 әйел адам) болса, 2009 жылы 868 адамды (433 ер адам және 435 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
## Қаратұмсық қырқылдақ
Қаратұмсық қырқылдақ ( Gelochelidon nilotica ) - қара телпегі бар, ашық реңді орташа денелі (200-300 г. ) құс. Аяғы - ұзын, тұмсығы - қара, басқа қырқылдақтардан гөрі жуан және қысқа. Барлық континенттердің қоңыржай және тропиктік белдемдерінде кең таралған, алайда таралу аймағының кеңдігіне қарамастан, олардың ұялау орындарына қолайлы болуына байланысты кездейсоқ кездеседі. Қазақстанда жағасында өсімдіктері жоқ тұзды суқоймалар табылатын жерлердің барлығында өмір сүреді. Шоғырлы құс, ұясы - жердегі қарапайым шұнқыр. Кейде бір ұяға бірнеше аналық жұмырткалайтындықтан, әдеттегі салындыдағы 1-3 жұмыртқаның орнына көбірек ( 5-6 ) жұмыртқа салынады, 17 жұмыртқа болатын жағдайлар да кездескен. Балапандар 23-24 күнде жұмыртқадан жарып шығады, ал тағы бір айдан соң аздап ұша бастайды. Қаратұмсық қырқылдақтар жануартекті азықпен қоректенеді, бунақденелілер, кемірушілер және кесірткелер де маңызды рөл атқарады.Қазақстанда сәуірдің соңынан қыркүйекке дейін кездеседі.
## Дереккөздер
Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010
## Қаратұмсық қырқылдақ
Қаратұмсық қырқылдақ ( Gelochelidon nilotica ) - қара телпегі бар, ашық реңді орташа денелі (200-300 г. ) құс. Аяғы - ұзын, тұмсығы - қара, басқа қырқылдақтардан гөрі жуан және қысқа. Барлық континенттердің қоңыржай және тропиктік белдемдерінде кең таралған, алайда таралу аймағының кеңдігіне қарамастан, олардың ұялау орындарына қолайлы болуына байланысты кездейсоқ кездеседі. Қазақстанда жағасында өсімдіктері жоқ тұзды суқоймалар табылатын жерлердің барлығында өмір сүреді. Шоғырлы құс, ұясы - жердегі қарапайым шұнқыр. Кейде бір ұяға бірнеше аналық жұмырткалайтындықтан, әдеттегі салындыдағы 1-3 жұмыртқаның орнына көбірек ( 5-6 ) жұмыртқа салынады, 17 жұмыртқа болатын жағдайлар да кездескен. Балапандар 23-24 күнде жұмыртқадан жарып шығады, ал тағы бір айдан соң аздап ұша бастайды. Қаратұмсық қырқылдақтар жануартекті азықпен қоректенеді, бунақденелілер, кемірушілер және кесірткелер де маңызды рөл атқарады.Қазақстанда сәуірдің соңынан қыркүйекке дейін кездеседі.
## Дереккөздер
Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010 |
Авар қағандығы - Орталық Азияда(IV ғасырдың соңы) және Шығыс Еуропада(IV ғасыр) өмір сүрген түркі тілдес тайпалар мемлекеті.Мемлекетті қаған басқарды.V ғасырда қағандық екі бірлестікке бөлінді.Батыс қағандықтың билеушісі Шэлунның ордасы Моңғолиядағы Халха өзенінің бойында орналасты.Әскери сәтті жорықтар арқылы ол мемлекеттік жерін едәуір ұлғайтты.Авар қағандығы Орталық Азия мемлекеттері қатарынан берік орын алып, аймақта көшпелі мемлекеттер жүйесінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.Мемлекет 552 жылы аварларға бағынышты болған көне түркілердің күшімен құлатылды.Авар тайпаларының бір бөлігі Корея мен Солтүстік Қытайға, бір бөлігі батысқа ығысты.Батысқа ауған авар тайпалары қазіргі Қазақстан, Еділ бойы, Солтүстік Кавказды мекендеген тайпалармен қосылып, Византия шекарасына қарай жылжыды.558 жылы олардың Кандих бастаған алғашқы елшілігі Византияға келіп, әскери одақтас болуды ұсынды және қоныстануға жер
сұрады.Византия аварларды кутригурлар мен шығыс славяндарға қарсы соғыс пайдаланды.567 жылы аварлар лонгбардтармен бірлесіп, герман тайпаларын талқандады және Дунай жазығындағы, Паннониядағы жерлерді иемденді.Онда IV ғасырдың 60-жылдарында Авар қағандығы - Орталық Азия көшпелілерінің мемлекеттері бірлестігі құрылды.Оны көрнекті қолбасшы Баян хан басқарды.Қағандықтың орталығы Паннония болды.Осы жерден аварлар франктарға, лангобардтарға, славяндарға жорық жасады.Олар Эльбадан Кавказға, Доннан Адриатикаға дейінгі жерлерге ықпал жүргізіп отырды.Қаған әскерлері Дунайдың төменгі ағысын бойлап, Византияға қарасты жерлерге жорықтар жасап, Констатинопольге дейін жетті.592-598 жылдары және одан соңғы жылдары аварлар Балқанға дендеп енді.Алайда 626 жылы аварлардың негізгі күші Констатинополь түбінде талқандалды.Бұл Баян әулетінің биліктен кетуіне байланысты туған ішкі қайшылықтардан Авар қағандығы әлсіреген тұс еді.VII ғасырдың ортасында аварлар Солтүстік Қара теңіз маныңан ығыстырылды, олардың негізгі территориядағы, Паннониядағы билігі 680 жылдары Дунайда Бұлғар қағандығының құрылуына байланысты шектеле бастады. Аварлардың төл жазуы, дамыған мәдениеті мен өнері болған.Олар кілем, кестелі мата шығарған, күміс, сүйек, ағаш және темірден зергерлік бұйымдар жасаған.
## Дереккөздер
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН."Қазақстан балалар энциклопедиясы" топтамасы.Т.Жұмаханов, Т.Шаңбай, Б.Жұматаев, Л.И.Тетенко |
Салтанат қақпасы, триумф аркасы (лат. triuraphus — жеңімпаз колбасшыны салтанатты түрде қарсы алу белгісі және arcus — доға) — белгілі тарихи оқиға құрметіне (уақытша немесе тұрақты) тұрғызылатын аркалы қақпа мен еңселі мандайшадан тұратын; мүсін ескерткіштермен, рельефтер және ескерткіш жазулармен нақышталған сәулет ескерткіші.
Салтанат қақпасы Ежелгі Римде жорықтан жеңіспен оралған қаһармандарды салтанатпен қарсы алу мақсатында (Римдегі Титтің, Константиннің аркалары) тұрғызылды. Осы үлгімен Париж қаласында Каррузель (1806, архитектор Ш.Перьсе, П.Фонтен) және Жүлдыздар (1806 -1837, архитектор Ж.Ф. Шальгрен) алаңдарынан аркалар салынды. Салтанат қақпасы Ресей Петр заманынан бастап ұлы жеңіс құрметіне (Мәскеу қаласындағы Салтанат қақпасы 1827 - 1834, архитектор О.И.Бове, 1968 жылы Кутузов даңғылында қайтадан калпына келтірілді; Санкт-Петербург қаласындағы Нарва Салтанат қақпасы, 1833, архитектор В.П. Стасов) түрғызыла бастады.
## Дереккөздер |
Анақарыс немесе Анахарсис ( скиф. «Αναχαρσις «жарақаттанбайтын» ana(жоқ)+hvar (жара)»; б.з.б. 605—545 ж.ш.) — скиф, Гнур патшасының ұлы, Савлий және Кадуита патшаларының інісі. Афиныға Солонның кезінде келіп, Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер, ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген Ежелгі Грекияның қалаларында болып, атағы шыққан.,
Анахарсис біздің заманымыздан бұрынғы VII-IV ғасырларда өмір сүрген. Тарихта "Скиф Анахарсис" деген атпен әлемге танылған. Анарыстың анасы эллиндік болған.
## Өмірдерек
Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі – Истра-Дунай жағасында өткен. Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның тілін үйреніп өскен. Өнерге, әсіресе сөз өнеріне ерекше құмартып, билердің шешендік келесіне қатысып, тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Әскери тағылым алған. Скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген. Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, немерелес бауыры Сабыл-Савлий хандық құрған кезде жан-жағына үңіліп, дүниенің сырын білмекке ұмтылған. Элладаның шежіреші тарихшыларының, философтарының, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін өз бетінше оқып, танысқан. Ақыры, ұшы-қиырсыз скиф даласынан аттанған ханзада әрі ділмар шешен Анақарыс Қоңырұлы «әлемнің жеті ғұламасының бірі» — Солонды іздеп, жыл қайыруымыздан бұрынғы 594-жылы не 568-жылы Эллада еліне бет алды. Геродоттың жазуы бойынша, «Элладалықтардың өнер-білімін үйреніп келу үшін Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Ділмарлық толғауларында кемемен жүзгендерін жиі еске алып отыруына қарағанда, Анақарыс боспорға дейін салт атпен келіп, одан әрі қарай Афиныға кемемен сапар шеккен тәрізді. Қасына жолсерік те, күтуші де ертпеген. Өз күшіне сеніп шыққан. Себебі, ол заманда көшпелілер көсемінің мұрагері жігіт шағында қол бастап, елінің іргесін бекітіп, жауынгерлік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: Скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан" деген сөзіндегі әскери өнер қақындағы пікірі дәлел болады.
Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыстың нағашы жұрты оны сынаудай-ақ сынап бағыпты. Себебі, дәл осы біз айтып отырған кезде Эллада мен Скифтердің өзара қарым-қатынасы онша ықыласты болмапты. Сондықтан да Анақарысты нағашы жұрты іш тартып, бауырына басты деп біз айта алмаймыз. Дегенмен де, көшпелілер көсемінің ер ұланын Афины қаласында бір адам қуана қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібереді. Ол – Эллада еліне аты әйгілі емші-балгер, қазіргі тілмен айтқанда, дәрігер, ата-тегі скиф Тоқсары (Тоқсарид) болатын. Тоқсары мен Анақарыстың достығын хаттап қалдырған адам жыл қайыруымызға дейінгі 180–125 жылдары өмір сүрген гректің ұлы қаламгері Лукиан. Ол осынау оқиғаны өзінің «Скиф немесе қонақ» атты әңгімесінде сондай бір жылы сезіммен баяндап берген.
Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін. Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған.
Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді аралады және соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға қайтар сапарында Геллеспонттан жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты салтанатпен өткізіп жатыр екен. Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау болса, онда осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып, құрбандық шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді. Скифияға жеткен соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың орманның ішіне ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін толықтай орындауға кіріседі. Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі. Скифтердің біреуі мұны көріп қалып, оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат рәсімін орындап жатқан жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорамсаққа қол салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз бауырының қолынан қаза тауыпты.
Соңғы демі үзілерде ол:
, — депті.
Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты.
Анахарсис жөнінде Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған.
## Анахарсистан қалған сөздер
## Дереккөздер |
Салтанат қақпасы, триумф аркасы (лат. triuraphus — жеңімпаз колбасшыны салтанатты түрде қарсы алу белгісі және arcus — доға) — белгілі тарихи оқиға құрметіне (уақытша немесе тұрақты) тұрғызылатын аркалы қақпа мен еңселі мандайшадан тұратын; мүсін ескерткіштермен, рельефтер және ескерткіш жазулармен нақышталған сәулет ескерткіші.
Салтанат қақпасы Ежелгі Римде жорықтан жеңіспен оралған қаһармандарды салтанатпен қарсы алу мақсатында (Римдегі Титтің, Константиннің аркалары) тұрғызылды. Осы үлгімен Париж қаласында Каррузель (1806, архитектор Ш.Перьсе, П.Фонтен) және Жүлдыздар (1806 -1837, архитектор Ж.Ф. Шальгрен) алаңдарынан аркалар салынды. Салтанат қақпасы Ресей Петр заманынан бастап ұлы жеңіс құрметіне (Мәскеу қаласындағы Салтанат қақпасы 1827 - 1834, архитектор О.И.Бове, 1968 жылы Кутузов даңғылында қайтадан калпына келтірілді; Санкт-Петербург қаласындағы Нарва Салтанат қақпасы, 1833, архитектор В.П. Стасов) түрғызыла бастады.
## Дереккөздер |
Энейс Мулла көбелегі — Энейс Мулла Oeneis mulla Staudinger, 1881. Қазақстан жерінде тіршілік ететін туыстың бес түрінің ең сирек кездесетін түрі. Шығыс Қазақстаннан (Тарбағатай жотасы нан) табылған. Басқа жерден әзірге белгісіз. Оңтүстік баурайларында түрлі шөптесінді жерлерде тіршілік етеді. Жылына бір рет ұрпақ береді.Көбелектер мамырдың соңы, маусымның басын да ұшады. Жұлдызқұрты мен қоректік өсімдігі белгісіз. Ең алдымен Тарбағатай жотасынан түрдің тіршілік ететін мекенін тауып, онда шағын қорықтар ұйымдастыру керек. |
Арғали көгілдір көбелегі — Голубянка аргали Glaucopsyche argali Elwes, 1899. Саны қысқарып бара жатқан түр. Бұл туыстың ең сирек кездесетін түрінің бірі. Алтай жергілікті түрі. Қазақстанда Күршім жотасынан табылған. Бөлектеніп әрі сирек кездеседі. Оңтүстік тау баурайларының түрлі шөпті-астық тұқымдасты жерлерінде тіршілік етеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектер маусымда ұшады.Жұлдызқұрты мен қоректік өсімдігі белгісіз. Түрдің тіршілік ортасында мал бағу түр санына кері әсерін тигізіп отыр. Түрді қорғау үшін Оңтүстік Алтайдың әртүрлі жоталарында популяцияларын табуға қосымша іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ол, мүмкін, Марқакөл қорығынан табылады. Онда оның сақталуына жағдай жасап, биологиясын зерттеу қажет.Болмаған жағдайда Күршім жотасынан ңорғалатын жер болу керек. |
Достық – ауыл шаруашылық кәсіпорны, өндірістік кооперативі. Қордай ауданы Степное ауылында орналасқан. 1930 ж. ұйымдастырылған ұжымшар негізінде 1997 ж. құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – масақты бидайдың, жүгерінің элиттік тұқымдарын селекциялау, өндіріп сату. Кооператив сондай-ақ, асыл тұқымды сиыр өсіріп, шошқа, ірі қара, қой бордақылайды. Облыстағы ең ірі шаруашылықтардың бірі: қызметкерлерінің жалпы саны 800 адам, жылдық айналым 160 млн. теңгеге жетеді. Жетекшісі – С.Қ. Сарғасқаев.
## Дереккөздер |
Достық (2008 жылға дейін – Стаханов) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1963 жылы құрылған Ленин атындағы көкөніс-сүт кеңшарының бөлімшесі болып, Стаханов ауылы аталып келді. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Кокцинеллидтердің ерекше трибасының өкілі , өсімдік қоректі кенелермен қоректенуге бейімделген . Осы зиянкестердің санын бірден - бір негізгі реттеуші болып табылады . Түр Еуропа , Сібір , Орта Азия , Қазақстанда кең таралған , бірақ оның жекелеген популяциялары жоғалып кету қаупінде тұр . Негізінен егіншілікпен айналысатын аудандарда тіршілік етеді , бақтарда және егістіктерде , сонымен қатар таулы жемісті ормандарда ағаштарда да , шөптесін өсімдіктерде де кездеседі. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік аудандарындағы бақтар мен егістіктерді химиялық өңдеулер жүргізуіне байланысты , таралу аймағының жекелеген бөліктерінде жоғалып кету қаупін тудырып отыр . Түрді сақтау үшін лабораториялық жағдайда өсіру және таралу аймақ аралық жерсіндірулер жүргізу керек . Жекелеген популяцияларды қалпына келтіру үшін сұрыпталған улы химикаттарды пайдалану олардың мөлшерін азайту немесе химиялық өңдеулерді мүлдем тоқтату керек. |
Достық — Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мырзакент кентінен оңтүстік-батысқа қарай 3 км-дей жерде., Сырдария аңғарының баялыш, көкпек, т.б. астық тұқымдастары өскен құмдақ сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы мақта өсірумен айналысатын “Абай” кеңшарын ұйымдастыру кезінде қаланған. Кейіннен кеңшар бөлімшесі болды. Достықта шаруа қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Достық — Түркістан облысының Шардара ауданындағы ауыл, Достық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 90 км, Сырдария өзенінің сол жағасындағы жусан, баялыш, көкпек басым өскен шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1977 жылы құрылған «Достық» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, Мақта қабылдау пункт, мақта өңдеу зауыты т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Кёңсаң-Намдо — әкімшілік орталығы Чханвон қаласы болып табылатын, Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысында орналасқан провинция.
## Әкімшілік бөлінісі
Кёнсан-Намдо 8 қалағы («си») және 10 уездге («кун») бөлінген.
### Қалалар
* Кимһэ (김해시; 金海市)
* Кодже (거제시; 巨濟市)
* Миряң (밀양시; 密陽市)
* Сачхон (사천시; 泗川市)
* Тхоңёң (통영시; 統營市)
* Чинджу (진주시; 晋州市)
* Чхаңуон (창원시; 昌原市)
* Яңсан (양산시; 梁山市)
### Уездер
* Косоң (고성군; 固城郡)
* Кочһаң (거창군; 居昌郡)
* Намһэ (남해군; 南海郡)
* Санчһоң (산청군; 山淸郡)
* Һадоң (하동군; 河東郡)
* Һаман (함안군; 咸安郡)
* Һамяң (함양군; 咸陽郡)
* Һапчхон (합천군; 陜川郡)
* Чһаңнёң (창녕군; 昌寧郡)
* Ыйрёң (의령군; 宜寧郡) |
Тіл бірлігі (тіл единицасы орыс единица языка — тіл жүйесінін кызметі, мағынасы әр түрлі элементтері. Тіл бірлігі жиынтығы тіл жүйесінін денгейлерін жасайды. Мысалы, фонемалар Тіл бірлігі фонемалык денгейді, морфемалар Тіл бірлігі,— морфемалык деңгейді күрайды. Тіл бірлігі үғымы сонымен бірге тіл білімінің әртектес күбылысын кең көлемде карастыратын объектісін білдіреді. Тіл бірлігі карапайым немесе күрделі болуы, материалдык түрғыда көптеген варианттык-инварианттык күрылымда кезде- суі мүмкін. Тіл бірлігінің номинативтік түрі — сөз, коммуникативтік түрі — сөйлем, күрылымдык (материалдык) түрі — фонема, морфема болып табылады. Тіл бірлігі түрлері жөнінде эр түрлі көзкарас бар. Олардын ең көп таралғаны — күрылымдык және функционалдык көзкарастар. Кұрылымдык Тіл бірлігіне (П. Ельмслев бойынша (Дания) әрі карай жіктелмейтін фонема, морфема, семема жатады. Ал функционалдык Тіл бірлігіне (В. Виноградов бойынша (Ресей) номинативтік, коммуникативтік бірліктер жатады.Тіл бірлігі карапайым және күрделі болуы мүмкін. Карапайым түріне өз ішінде жіктелмейтін фонема, морфема, ал күрделі түріне күрделі және туынды сөздер жатады. Тіл бірлігі неғүрлым жалпы түрде үш түрлі катынаста парадигматикалык, синтагм ат икал ы к және иерархиялык катынастарды жасайды.Тіл бірлігі сөйлеу үстінде бір-бірімен киыстырылып, сөйлеу (сөз) бірлігін жасайды. Бірак фонема мен морфема сөйлеу бірлігіне кіре алмайды, ал сөздер Тіл бірлігінің де, сөйлеу бірлігінін де кұрамына кіреді.Тіл бірлігінін кұрамды бөліктері болып табылатын: лексикалык бірлік — негізгі мазмұнының сипаты материалдык, заттык (грамматикалык емес) жеке сөздерден; сөз түрінде көрінетін тіл бірлігінен;фонологиялык бірлік фонемалардан; морфологиялык бірлік — морфемалардан; ритмикалы к бірлік — сөйлеудің (сөздің) ритмикалык мүшелену бірлігінен; фразеологиялык бірлік — идиомалар, лексикаланған сөз тіркестері, тұракты орамдар мен тіркестер- ден Тіл бірлігі ; синтаксистік бірлік — сөйлем мен сөз тіркесінен көрінеді. Негізгі коммуникативтік бірлік — сөйлем болып табылады.
## Дереккөздер |
Абақ Керей – "керей" тайпасының бір тармағы. Керейдің "Төр шежіресі" керей этнонимін Абақ (Әппақ) деген әйелмен байланыстырып, Абақ Керейді сол ананың ұрпағы дейді. Абақ Үйсін Самырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп, "Менің ашамайлы Керейім", – деп ертіп жүреді екен. Абақ соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. Одан Майқы (Майқы би емес), Майқыдан: Ермен, Изен, Жусан туады. Абақ Керейдің қазіргі 12 руы осыдан өрбиді. Абақ Керей 18 ғасырдың соңына қарай өздерінің ата мекендері Қара Ертіс алқабына, Алтайға оралды. Абылайдан бата алып, ел билеген Жәнібек батыр Бердәулетіұлының тұсында рулы ел болып қалыптасқан.
## Рулары
12 ірі рудан құралады:
* Жастабан,
* Жәдік,
* Жәнтекей,
* Ителі,
* Көнсадақ,
* Қарақас,
* Меркіт,
* Молқы,
* Сарбас,
* Шеруші,
* Шимойын,
* Шұбарайғыр.
78 ұсақ аталардан құралады. Әр рудың өз ұран, таңбасы бар, Бас ұрандары - Жәнібек, ортақ таңбасы - Абақ.
## Территория
Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай, Тарбағатай, Құмыл аймақтарында, Санжы, Бөртала автоном. обл. Гансу, Синхай өлкесіндегі Ақсай, Алтыншоқы автом. ауд-да, Монғолияда тұратын қазақтардың басым көпшілігі Абақ Керей руынан тараған.
## Басшылары
* Көгедай Әбілпейізұлы (1788–1824)
* Ажы Көгедайұлы (1824–1876)
* Қасымхан Ажыұлы (1876–1890)
* Жеңісхан Қасымханұлы (1891–1911)
* Әлен Жеңісханұлы (1911–1945)
* Закихан Жеңісханұлы (1945–1949)
## Тұлғалар
* Бүркітбай батыр Тұяқбайұлы Қарақас
## Тағы қара
* Абақ Керей Ережесі
## Дереккөздер
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, 1 том. |
Айтмұхамед Абдоллаұлы Лидулин (29.11.1924, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – өлген жылы белгісіз ) – Қаныш Сәтбаевтың әріптес шәкірті, ғылым докторы (1971), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1979), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982). II дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
Қазақстан Ғылым Академиясының қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында аспирант, зертханашы, инженер, кіші, аға ғылым қызметкері, зертхана меңгерушісі, ғалым-хатшы (1953-64), институт директорының орынбасары (1964-74), директоры (1974-95) әрі 1987 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының академик-хатшысы. 1988 жылдан вице-президенті. 1995 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтының құрметті директоры болып қызмет атқарды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты - жалпы және аймақтық геология, тектоника, металлогения, мұнай және газ геологиясы. Айтмұхамед Орталық Қазақстанда алтын, мыс, турмалин кендерін зерттеумен шұғылданды. Мұғалжар кешенді экспедициясын басқарды. Бірнеше кен орындарын (Самар алтын-мыс кені, Құмкөл, Арысқұм, Нұралы мұнай кендері, тағы басқалары) ашты. Айтмұхамедтің тапқан нақты мәліметтері бойынша республиканың тектоникалық картасы жасалды. Орал, Тянь-Шань және Орталық Қазақстанның тектоникалық құрылымдарының байланысы жөніндегі теориялық мәселелер жаңа тұрғыдан шешілді, геологиялық дамуының ерекшеліктері айқындалды.
Айтмұхамед Қазақ КСР Мемлекеттік (1978) және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының (1985) лауреаты, Қазан революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Халықаралық геологиялық конгрестің алтын белгісімен, академик С.И.Вавилов медалімен марапатталған. Сәтбаевты ұстаз тұтқан Айтмұхамед ол туралы «Халықтың ұлы перзенті» («Жетісу», 1989, 12 сәуір), «Аса көрнекті ғалым, ғылым мен өндіріс ұйымдастырушысы» («Қазақстан Ғылым Академиясының хабаршысы». 1999, №2), «Сәтбаев және Геологиялық ғылымдар институты» (Академик Қаныш Сәтбаев. Жинақ. «Ғылым», 1965), тағы басқалары мақалалар жазып, Сәтбаевты «Қазақстан геологиясының атасы» деп атады. «Ұстаз» деген мақаласында: «Соғыстың каһарлы жылдарында КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесіне Қаныш Сәтбаевтың келуі ғылымның жедел дамуына себеп болды.
Қазақ даласының еліміздің алып индустриялы орталығының біріне айналуына Қаныш Сәтбаев зор үлес қосты» деп жазды. Ол Сәтбаевты Орта Азия мен Қазақстан ғұламаларының Әл-Фараби - Ұлықбек - Шоқан Уәлиханов - Қаныш Сәтбаев тізбегінің ең соңғы өкілі деп бағалады. Айтмұхамед кейіннен Сәтбаев құрған геологиялық ғылымдар институтында басшылық қызмет атқарған.
## Дереккөздер |
Пак Надежда - Социалистік Еңбек Ері (1948), диқаншы, диқаншылар бригадасының звеношысы. 1921 жылы Ресейде, Қиыр-Шығыс өлкесі, Спасск қаласында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін, 1940 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, МОПР ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді.
* 1944 жылы диқаншылар бригадасының звеношысы болады. Оның бригадасы жыл сайын тапсырманы асыра орындап отырды:1945 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан межеленген 11 центнердің орнына 12 центнерден өнім алады;1946 жылы межеленген 10 центнердің орнына әр гектардан 12,5 центнерден бидай жинап жоспарды асыра орындайды;1947 жылы межеленген 9 центнердің орына 9 гектардың әр гектарынан 38,2 центнерден астық алады.
* 1945 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан межеленген 11 центнердің орнына 12 центнерден өнім алады;
* 1946 жылы межеленген 10 центнердің орнына әр гектардан 12,5 центнерден бидай жинап жоспарды асыра орындайды;
* 1947 жылы межеленген 9 центнердің орына 9 гектардың әр гектарынан 38,2 центнерден астық алады.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Қылкөпір - пьесалар. Авторы Арғынбай Бекбосын.
## Қысқаша мазмұны
Белгілі журналист-жазушы қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынның бұл жинағына "Төле бидің төрелігі", "Ньюрнбергтен бұрын" және "Өткелдегі шайқас" атты дармалық шығармалары топтастырылған. Оларда қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы,екінші дүниежүзілік соғыс және кеңестік империя күйреп, азаттық алу секілді қылкөпірге бергісіз қиын да алмағайып кезеңдердегі өмір-болмысы елес береді.
## Шығарма кейіпкерлері
· Төле би - қазақтың төбе биі· Қосы Сәмбетұлы - қазақ батыры· Дорж - жоңғар түмен басы· Батчулун - жоңғар биі· Жоңғар жүзбасы, Қазақ, қалмақ сарбаздары
## Автор туралы
Арғынбай Бекбосын 1937 жылы 17 маусымда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Қарасу ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары Алматы жоғары партия мектебінде, КОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында, АҚШ-тың Колорадо университетінде білімін жетілдірген. Жамбыл облыстық радиосының тілшісі, Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» ғазетінде бөлім меңгерушісі, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы, Жамбыл облыстық партия комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі нұсқаушысы болған. 1985-1994 жылдары Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Еңбек туы» газетінің редакторы болып жұмыс істеді. 1994 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің, 1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Онда Халықаралық істер, Қорғаныс және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде мүше бола жүріп, бірталай аса маңызды заң жобалары бойынша жұмыс тобын басқар ды. Депутаттық қызметімен қоса ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Тәртіптік Кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі міндеттерін атқарды. 1999 — 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. 2003 жылдан бастап зейнеткер. Тараз Мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің профессоры.
## Дереккөздер
Бекбосын А. Қылкөпір: Пьесалар. - Алматы: "Өнер", 1999. - 128 бет. |
Тайтұяқ (лат. Asarum) - жиренше тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік туыстасы. Ұзын, жіңішке, көлбеу өскен тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтарының шеттері бүтін, аттың ізіне ұқсас, сағақтары ұзын, түкті. Бұл өсімдіктің жапырақтары қыста да түспейді. Гүл сабағы қысқа, гүлдері жеке-жеке орналасқан, сырт жағынан қарағанда ашық қоңырлау, ішкі жағы кою қоңыр түсті. Жемісі қауашақ сықылды. Сәуір айында гүлдейді. Бұл өсімдік негізінен ормандар арасында, көлеңкелі жерлерде өседі.
## Биологиялық сипаты
* Тамыры тармақты көген тамырсабақ.
* Сабағы - қысқа және тармақты.
* Жапырақтары кезекті орналасқан, бүтін жиекті.
* Гүлдері - дара гүлді , қос жынысты, аталығы 12.
* Гүл формуласы — P_(3); A_{6+6}; G_(6)
* Жемісі - дұрыс қақырамайтын қорапша.
* Өсімдіктің өзіне ерекше иісі бар. Сәуір - мамыр айында гүлдейді. Жемісін маусым айында салады. Вегетативтік (тамырсабақтың ұлғаюы нәтижесінде) тәсілімен және дәндері арқылы көбейеді.
### Өсетін жері мен таралу аймағы
Жер бетінде 100-ге жуық түрі бар. Көпшілік түрлері Оңтүстік-Шығыс Азияда таралған. Орманда, әсіресе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда өседі.
### Химиялық құрамы
Өсімдіктің тамырында және жер үстіндегі бөлімдерінде эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алколоид, фенолкарбон қышқылдары, флавоноидтар, крахмал және гликозидтер бар.
### Емдік қасиеті және қолданысы
Дәрілік мақсат үшін тайтұяқтың жер үстіндегі бөлігін және тамырын жинайды. Халық медицинасында несеп айдайтын, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар асқазан және жүрек қызметін реттейтін, қабынуға қарсы әсер ететін, құстыратын және осыған байланысты асқынған маскүнемдікке шипа болатын қасиеттері бар. Әйелдердің етеккірін қалыпқа келтіру үшін де қолданылады. Бауыр, асқазан, ішек ауруларына қарсы және сары ауруға ұшыраған кісілердің денесі сарғайғанда да ем үшін қолданылады. Шемен ауруында несеп жүргізу арқылы ісікті қайтару үшін пайдаланылады.
Тайтұяқтың тамырынан азар эфир майын алады. Оны парфюмерияда көп қолданады.
## Сақтық шарасы
Тамыры улы, сондықтан дәрі жасағaнда өсімдіктің дәрілік мөлшерін дұрыс алып, ұқыптылықпен қадағалау керек. Дәрігердің бақылауынсыз өсімдікпен емделуге болмайды.
## Дереккөздер |
Сарыбас Шақшақай - өте өңді шақшақайлардың бірі. Аталықтарының желкесі айқан қарама- қарсы боялған да, басы және мойны толық ашық сары түспен боялған, ал Тәңіртау тауларында түршесінің бүкіл арқасы көмірдей қара. Аналықтарымен жас құстарының басқа шақшақайлардан айырымашылығы онша көп емес. Қазақстанның бірнеше жерлерінде, соның ішінде батыста, солтүстіктің таулы өлкелерінде өмір сүреді. Сонымен қатар олар көктем айында жадырақтар тәрізді құсойнақ жасап, әуеде сайрайды .Ерекшелігі: Наурыздан қазан айына дейін кездеседі.
## Дереккөздер
"Құстар" (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010 |
Бізтұмсық балшықшы ( Recurvirosta avocetta ) - балшықшылардың ең ірілерінің бірі (биіктігі - 46 см шамасында, 300 г-ға жуық). Басында, мойнының сыртқы жағында, қанатында қара таңбасы бар, ұзын, қара, жоғары қарай имек бізтұмсықты, қардай аппақ әдемі құс. Құстың атауы да соған негізделген. Негізгі қорегі - шаянтәріздестер және су бунақденелілерінің дернәсілдері. Таяз суға басын түбіне дейін батырып, жан-жағына қозғап, тұмсығына іліккендердің барлығын соқыр тәуекелмен жинақтау арқылы қоректенеді. Дегенмен өзендік үйректер тәрізді денесін жоғарғы бөлігін суда ұстап, қорегін одан шығарып, судың терең қабатынан да қорегін табады. Бүкіл Еуразияның тұзды дала көлдерінің жайдақ жағасын кездейсоқ мекендейді. Бізтұмсық балшықшы қолайлы жағдайда - өсімдікке тапшы немесе өсімдігі жоқ жазықтықтағы тұзды және тұздылау суқоймалары болған кезде бүкіл Қазақстанда ұялайды. Алайда олардың саны барлық жерде аз. Қауымшыл құс, шағын шоғырлар түзіп, ұялайды. Ұялаудан тыс кезеңде де топтасып жүреді. Ұяларын жерге, таяз шұқырға орналастырады. Дегенмен, егер ызар (грунт) ылғалды немесе батпақты болса, онда ұяны құрылыс материалымен кейде 20 сантиметрге дейін ызар бетінен жоғары көтереді. Салындыда сирек секпілді сары 3-5, көбінесе 4 жұмыртқа болады. Ересек құстар ұясы мен балапандарын жан аямай қорғайды. Бізтұмсық балшықшылар балапандары қанатына көтерілген кезде топ түзіп, үлкенірек суқоймаларға, сондай-ақ өздері қыстайтын жаққа - Каспийдің оңтүстігіне жылыстайды. Қазақстанда наурыздан қыркүйекке дейін кездеседі.
## Дереккөздер
"Құстар" (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010 |
Жүнбалақ жамансары немесе жүнбалақ тілеміш ( Buteo hemilasius ) - қыранға мөлшерлес ең ірі денелі (2 килоға жуық, қанатының алымы - 1,5 метрден астам) тілеміш. Реңінің екі нұсқасы болады - қошқыл және ашық түсті. Мұнда екінші нұсқалы құстар кәдімгі тілемішке өте ұқсас. Бұл - Орталық Азияның ашық кеңістігінде өмір сүретін құс. Бізде оның ұялау орны тек қана Шығыс Қазақстанда анықталған. Тауларда және құрғақ далалы үлескілерді бойлай жазықтықта кездеседі. Отырықшы немесе ішінара жылыстайтын құс. Ұялау орны - жартастар немесе жер. Салындыда 2-4 шұбар жұмыртқа болады. Балапандардың жұмыртқада даму кезеңі - бір айға жуық мерзім. Балапандар бір жарым айда қанатына көтеріледі. Қыста Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде, батысында - Іле өзеніне дейін көп кездеседі.
## Дереккөздер
Құстар (мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010 |
Лавровка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Антонов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1030 адам (499 ер адам және 531 әйел адам) болса, 2009 жылы 666 адамды (318 ер адам және 348 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Теңгебастар тұқымдасы (лат. Butomaceae) – көпжылдық даражарнақты өсімдіктер. Дүние жүзінде кең таралған, негізінен Солтүстік Жарты шарда кездесетін 4 туысы, 7 түрі бар. Қазақстанның таулы жерлерінен басқа аймақтарда таралған жалғыз туысы теңгебас, оның бір түрі - ақ шоқан не шатырлы теңгебас бар. Сулы және батпақты жерлерде өседі. Биіктігі 40-150 см, сабағы жылтыр, қатты. Тамыр түбінен өсетін жапырақтары ұзын, төмен жағындағылары үш қырлы, жоғарғы бөлігіндегілері жалпақ, 5-10 мм. Судағы жапырақтары таспа тәрізді ұзын болады. Гүлдері қосжынысты, аталығының саны 9, кейде одан көп болады, аналығы алтау бір. Ақшыл қызғылт түсті көп гүлдері ұзын гүл сағағында жетіліп, шатырша гүл шоғырына топталған. Жәндіктермен тозаңданады. Жаздың басынан қара күзге дейін гүлдейді. Жемісінің пішіні сопақша, жоғарғы жағы үшкір. Тұқымы өте көп, бір өсімдік 10 000-дай тұқымдас береді. Тағам ретінде пайдаланылады, одан крахмалы көп ұн алынады. Жапырақтары тоқыма заттар жасауға пайдаланылады. Теңгебасты ондатр, құндыз, бұлан 0жақсы жейді, оныменен су құстары қоректенеді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы 8-том |
Никольско-Бұрлық — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қазан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 419 адам (192 ер адам және 538 әйел адам) болса, 2009 жылы 400 адамды (201 ер адам және 199 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Малосергеевка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Гусаков ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 53 адам (29 ер адам және 24 әйел адам) болса, 2009 жылы 2 адам (2 ер адам) тұрды.
## Дереккөздер |
Матвеевка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Константинов ауылдық округіне жатады.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 461 адам (232 ер адам және 229 әйел адам) болса, 2009 жылы 304 адамды (156 ер адам және 148 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көбей би — 1710–1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. Арғын тайпасы Тобықты руынан шыққан. 1779–1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған. "Ақырында мен ғаріп" атты толғауды Еңлік-Кебектің жазықсыз жазаға ұшырағаннан кейін айтқаны:
Осы кезде кім ғаріп,Бірлігі жоқ ел ғаріп.Еркімен ел жайламай,Құлазып тұрған жер ғаріп.Қаз-үйрек ұшып қонбаған,Айында шалқар көл ғаріп.Көмек тимей қорлықпен,Арманда өлген ер ғаріп.Мақсатына жете алмай,Ерікті өмір ете алмай,Көзінің жасы сел болыпЗарлап өлген ару қыз,Бәрінен де сол ғәріп.Қәдірін біліп ұқпаса.Нақыл айтқан сөз ғаріп.
## Дереккөздер |
Назарбаев Университетi — Астана қаласында орналасқан халықаралық ағылшын тілді жоғары оқу орны.
Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.
## Университеттің тарихы
2006 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында халықаралық деңгейдегі университет құру туралы ойымен бөлісті. 2010 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қатысуымен Назарбаев Университетінің ашылу салтанаты өтті. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді.
2009 жылғы 25 қыркүйекте Аслан Сәрінжіпов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес «Астананың жаңа университеті» АҚ (бұрынғы Назарбаев Университетінің атауы) президенті болып тағайындалды. 2010 жылғы 28 қарашада Аслан Сәрінжіповтің атқару кеңесінің төрағасы болып тағайындалуын премьер-министр кеңсесінің басшысы бекітті.
Назарбаев Университеті ДББҰ Жоғарғы Қамқоршылық Кеңесінің 2011 жылғы 16 маусымдағы хаттамасына сәйкес Шигео Катсу университеттің президенті болып тағайындалды.
2015 жылдың 15 маусымында Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы оқу бітіру рәсімі өтті. Бұл күні 446 студент бакалавриат және магистратура бағдарлама түлектері атанды.
## Университеттің инфрақұрылымы
Жаңа университет Астананың сол жағалауында қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан.
Университеттің сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандарттарына сай. Барлық оқу ғимараттары бір бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздер арқылы байланысқан - бұл кешеннің тұтастығын және сәулеттің ерекшелігін көрсетеді. Зертханаларға және басқа ғимараттарға қызмет көрсету құрылыстың бас ғимараттың сыртындағы айналма жол арқылы жасалады.
Жаңа университет, өзінің жобалық көлемдігіне байланысты пайдалануға бірнеше кезеңімен немесе кезекшілікпен қосылады.
2010 жылдың басында құрылыстың негізгі кезегінің аяқталуы күтілуде. Осы кезектің объекттер құрылысының жалпы көлемі 122 мың шаршы метрді құрайды.
## Құрылымы
NU-да бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынатын 8 мектеп бар:
* Дайындық мектебі
* Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
* Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
* Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (магистратура, докторантура)
* Жоғары білім беру мектебі (магистратура, докторантура)
* Жоғары бизнес мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
* Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
* Медицина мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура)
### Еншілес мекемелер
* «NAC Analytica» корпоративтік қоры
* «University Medical Center» корпоративтік қоры
* «National Laboratory Astana» жеке мекемесі
* «Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесі
* «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры
* «University Service Management» жеке мекемесі
* «Салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы» жеке мекемесі
* «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры
* «Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры» корпоративтік қоры
## Миссия
Дарынды, бәсекелестікке қабілетті адамзат капиталымен Еуразияның ғылыми-білім және мәдениет орталығы ретінде Астананың қарқынды өсуіне ықпал ету.
Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесін қарқынды дамыту және халықаралық деңгейге шығуды қамтамасыз ету.
Университеттің миссиясына жетуге бағытталған мақсаттар Ғылым мен технологияда жаңа тенденцияларды құруға және дамытуға қабілетті профессионалдардың жаңа ұрпағын қалыптастыру; Білімге негізделген ұлттық экономиканың тұрақты және оны жан жақты дамуына ықпал ететін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру; Оқу бағдарламаларын интернационалдандыру және әлемдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым – қатынас арқылы әлемдік білім сезімін қалыптастыру; Білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай технологиялық инфрақұрылымын құру. Әлемдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу; Әлеуметтік профессорлық – оқытушылардың құрамын құру және отандық оқытушылардың мүмкіндіктерін арттыру; Университеттің ұлттық және халықаралық беделін құру.
## Жатын орын мен тамағы
Студенттердің университет жатақханасында жайлы тұрулары үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз, Интернетке кіру, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер бар. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан, негізінен жатын орын мен тамақтану тегін (күніне 4 рет).
## Оқуға түсу
Талапкерлер университет алдындағы дайындық бағдарламасына түсу үшін тапсырылатын емтихандарға тіркелу онлайн сауалнамасын толтырулары қажет. Назарбаев университетіне қабылдану мына кезеңдерден тұрады:
I. British Council English Proficiency Test (BCEPT);
BCEPT емтиханына British Council (Британдық кеңес) әкімшілік етеді. Аталған BCEPT емтиханын тапсыру үшін талапкерлерде өздерімен бірге мынадай құжаттары болуы керек:
а. Жеке куәлік немесе паспорт түпнұсқасы (көшірмелер қабылданбайды);
ә. Білім беру ұйымы директорының (деканының) қолы мен мөрі бар орташа балы 4.0-ден кем емес ағымдағы жыл ішіндегі соңғы екі тоқсанды қамтитын табельдің немесе сынақ кітапшасының көшірмесі.
II. Ағылшын тілінде өткізілетін Subject Entrance Test (SET) (Пәндік тест);
BCEPT емтиханынан өткен талапкерлер University College London (UCL) өткізетін Subject Entrance Test (SET)-ке шақырылады.
Мектеп таңдауына байланысты үмтікерлер төменде көрсетілген пәндер бойынша сынақтан өтеді:
Жалпы пәндік емтиханнан өту баллы 50% (минимум), ал әрбір пән бойынша 43%-дан кем болмауы тиіс.
Инженерия мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология
Ғылым және Технологиялар мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология
Премедицина бағдарламасы - Химия және биология
Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі - Сыни ойлау және математика
III. IELTS емтиханы
Ресми және мерзімі бойынша жарамды TOEFL(PBT/ iBT) немесе IELTS сертификаттары бар талапкерлер IELTS емтиханынан босатылады.
TOEFL (PBT/iBT) және IELTS емтихандарының ең төменгі өту балдары:
Инженерия, Ғылым және Технологиялар мектептері мен Премедицина бағдарламасы үшін: TOEFL(pbt) - 530, TOEFL(ibt) - 71; IELTS - 5.5
Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі үшін: TOEFL(pbt) - 550, TOEFL(ibt) - 79-80; IELTS - 6.0
## Ғылыми зерттеу
* Advanced Robotics and Mechatronics Systems Laboratory (ARMS Lab)
* Astana LAboratory for Robotic and Intelligent Systems (ALARIS)
* Laboratory of Medicinal and Molecular Electrochemistry (LAM Group) Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2015 жылы.
* Advanced Materials Research & Laser Technologies (AMRELAT) Laboratory
* Bioinspired Microelectronics Systems Group
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://personal.akorda.kz/kz/category/projects/1262 Мұрағатталған 20 маусымның 2019 жылы.
* http://massaget.kz/bilim/bilim-ordalary/azastan-/809
* http://cep.conference.nu.edu.kz/kz/conf2011/about_nazarbayev_university/ Мұрағатталған 13 сәуірдің 2012 жылы. |
Никольское — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қазан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан батысқа қарай 36 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 302 адам (156 ер адам және 146 әйел адам) болса, 2009 жылы 195 адамды (94 ер адам және 101 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тарпаң (Equus gmelіnі) – жойылып кеткен жабайы жылқы. 18-ғасырдың басына дейін Оңтүстік-Шығыс Еуропаның ылғалды ормандарында, далалы және орманды-далалы аймақтарында, Батыс Қазақстан өңірінде үйірімен таралған. Шоқтығының биіктігі 136 см-ге жуық, терісіндегі түгі сұрғылт, арқасында қара жолағы, тікірейген қара жалы болады. Тіршілік ортасына байланысты 2 түр тармағы болған: дала тарпаңы, оның ең соңғы дарабасы 1879 жылы Аскания-Нова маңында өлтірілген, ал айғыры табиғи жағдайда 1918 жылға дейін тіршілік еткен. Орман тарпаңының соңғы дарабасы 1814 жылы қазіргі Калининград облысы аумағында өлтірілген. 20 ғасырда тарпаңның тұқымын қайта шығару үшін Польша мен Германияда жүргізілген іріктеу-будандастыру жұмыстары еш нәтиже бермеді. Қазақстанда тарпаңдар плейстоценнің соңынан 18 ғасырдың ортасына дейін тіршілік еткен.
## Дереккөздер |
Меңіреу көкек(Cuculus saturatus) - кәдімгі көкекке өте ұқсас, көбінесе кәдімгі көкек екен деп қалатын көкек. Оны тек "ту-ту-ту" деген бәсібектің күңгірт дауысын ғана ажыратуға болады. Меңіреу көкек Еуразияның ескі, қалың, күңгірт және ылғалды ормандарында қоныстанады. Қазақстанда тек қана Алтайда өсіп жетіледі. Қалған аумақтардан ұшып өту кезінде кездесуі мүмкін.
## Дереккөздер |
Антанта (франц. Entente, Entente cordіale – “келісім”) – Англия, Франция мен Ресей мемлекеттерінің әскери одағы. Бастапқыда “Үштік келісім” деп аталды. Негізі 1904 – 07 жылдары қалыптасып, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Германия коалициясына қарсы 20-дан астам мемлекетті біріктірді. Антантаның құрылуы 1882 жылы Германияның басшылығымен құрылған “Үштік одаққа” қарсы жауап ретінде 1891 – 93 жылдары орыс-француз одағының жасалуынан басталды. 20 ғасырдың бас кезіндегі ағылшын-герман қайшылықтарының шиеленісуі Англияның Франция және Ресеймен қақтығысын артқа ысырды. 1904 жылы ағылшын-француз келісімі, 1907 жылы орыс-ағылшын келісіміне қол қойылды. Антанта елдері Германияға қарсы соғысқа әзірлене отырып, Италия мен Австрия-Венгрияны “Үштік одақтан” бөліп әкетуге әрекеттенді. 1-дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін-ақ Италия “Үштік одақтың” құрамында қала отырып, Антанта елдерімен байланысын нығайтты. 1915 жылы мамырда Италия Антанта жағына шықты. 1914 жылы қыркүйекте Лондонда Англия, Франция, Ресейдің арасында одақтық әскери шартқа қол қойылды. Соғыс барысында Антантаға біртіндеп жаңа мемлекеттер қосыла бастады. 1915 жылы қазанда бұл келісімге Жапония қосылды. Соғыстың соңына қарай Антантаның құрамында (Қазан төңкерісінен кейін Ресей Антантаның құрамынан шығып кеткен еді): Англия, Бельгия, Италия, Қытай, Куба, Либерия, Никарагуа, Панама, Перу, Португалия, Румыния, Сан-Доминго, Сан-Марино, Сербия, Сиам, АҚШ, Франция, Уругвай, Черногория, Хиджаз, Экуадор, Жапония болды. Қазан төнкерісінен кейін Антанта елдері кеңес мемлекетіне қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды. 1917 жылы 23 желтоқсанда Англия мен Франция Кеңестік Ресейге қарсы интервенция жасау жөнінде келісімге қол қойды. Интервенция 1918 жылы наурыз айында басталды, оған одаққа кіретін басқа елдер де белсене қатысты. Алайда Антантаның кеңес өкіметіне жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін көп ұзамай Антанта ыдырап кетті.
## Сілтемелер
* Англия
* Сербия
* Франция
## Дереккөздер |
Шалғын құладын - түз құладынға ұқсас бірақ одан денесі кішірек (200-380г, қанатының алымы - 115 см шамасында) құладын. Қанатының ұшындағы қара түстің көптігімен, сондай-ақ онда көлденең қара жолақтардың болуымен ерекшеленеді. Аналығы мен жас балапандары бірінен-бірін ажырату қиын. Бүкіл Еуразия және Солтүстік Африкада орын тепкен. Қазақстандағы ірі өзендердің жайылмасына жақын және тау баурайында өмір сүреді. Ылғалды биотопты ұнатады. Салындыда 4-5 қоңыр секпілді ақ жұмыртқа болады. Балапандарды басып шығару кезеңі - бір ай. Балапандар ұяда 35 күн болады, алайда бір аптадан соң, тіпті одан да кешірек ұша бастайды. Ұялау орнына сәуірде ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді.
## Дереккөздер |
Әсет Найманбайұлы (1867 жыл, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылы - 1922 жыл, Қытай, Құлжа ) — қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы.
Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда араб тілі мен шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды. Арғын тайпасы Қаракесек руының Майлық атасынан шыққан.
14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.
Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.
Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы.Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады.
Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды.
1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.
## Дереккөздер |
Мұсабек Байзақов (1849-1932) - қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған. Бірақ талапты жас әкім болып ел билеуді немесе кәсіп іздеп мал жинауды қызық етпей, өнерпаздық жолын қалайды. Сөйтіп, замандастары Мәделіқожа, Майлықожа, Құлыншақ сияқты ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтып, ақындық жолын қуған. Жас Мұса Әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, кейін өсе келе Қарнақ қыстағындағы молда Қозы деген кісі ашқан дін мектебіне түсіп оқиды. Бірақ ол схоластикалық дін оқуын қанағат тұтпай кетіп қалады да, өз бетінше білім алуға кіріседі. Шағатай, араб, парсы, түркі тілдес туысқан елдердің әдебиетімен танысады, олардан үлгі алады. Мұса өлеңдерінің ішінен махаббат, табиғат лирикаларын, әлеуметтік мәні зор толғауларды, көптеген мысалдармен айтыс жырларын да кездестіруге болады. Молда Мұса Совет тұсында да едәуір өмір сүріп, халықтар достығы, Отан қорғау, социалистік өзгерістер жөнінде біраз шығармалар жазған. Ақын 1932 жылы 83 жасында қайтыс болған.
Өлеңдері: "Сырым қызға", "Сүйгенімді сағындым", "Табиғат тамашалары", "Тышқан мен түйе", "Қайырымды қыз бен қайыршы", "Түзу терек". Аудармалары: "Адам мен аюдың достығы" (И.А.Крыловтан)
Дереккөздер: Бес ғасыр жырлайды (Алматы "Жазушы" 1989) |
Орлиногорское — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қамсақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 62 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 192 адам (93 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 117 адамды (55 ер адам және 62 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Кутузовка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Украина ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 401 адам (193 ер адам және 208 әйел адам) болса, 2009 жылы 275 адамды (127 ер адам және 148 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Орловка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Володар ауылдық округіне жатады.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстікке қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 194 адам (97 ер адам және 97 әйел адам) болса, 2009 жылы 124 адамды (68 ер адам және 56 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Прекрасное — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қазан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 240 адам (131 ер адам және 109 әйел адам) болса, 2009 жылы 8 адамды (3 ер адам және 5 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Петропавловка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Украина ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 239 адам (120 ер адам және 119 әйел адам) болса, 2009 жылы 211 адамды (108 ер адам және 103 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Новосветловка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Гусаков ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 69 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 817 адам (375 ер адам және 442 әйел адам) болса, 2009 жылы 564 адамды (276 ер адам және 288 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Омар Шораяқұлы (22 қазан 1878 жыл, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Майлыөзек ауылы – 14 маусым 1924 жыл) – ақын. Алшын тайпасының Кете руынан шыққан.
Ауыл молдасынан сауат ашып, кейін өз бетінше білімін толықтырған. Он алты жасынан бастап өлең шығара бастаған.Революцияға дейінгі Қазақстанның Сырдария төңірегіндегі аты көбірек аталатын халық құрметтеген ақынның бірі Омар Шораяқов. Омар бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Аққыр болысының 12-ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы селолық ауданы) 1878 жылдың 22 қазанда туып, 1924 жылдың 14 маусымда қайтыс болды. Ақынның әкесі Шораяқ Балжанұлы байдың малын бағып, жалшы болып, күнін көрген кедей шаруа.
Омар он жеті жасқа дейін өз ауылындағы Алдашбай деген молдадан оқып, мұсылманша білім алады. Одын әрі білімін молықтыруға қанша талпынса да кедейлік тұрмыс аяғына тұсай болады. Бірақ өз бетімен көп ізденеді, әсіресе Шығыс әдебиетімен жақсы танысады. Күн көру үшын өскен ортасын тастап, кәсіп іздеп 1896 жылы Қазалы қаласына келеді. Осы қаладағы Болташев деген саудагерге жалданып, тоғыз жыл жұмысн істейді. Жалшылықта жүріп ауруға шалдыққан Омар одан әрі еңбек етуге жарамаған соң 1905 жылы туған аулына келеді. Отбасын асырарлық аздаған малы болған өз туысқандарымен бірге бірлесіп, олардың шауашылық жұмыстарына қолқабыс көмегін тигізеді.
Социалистік Ұлы Октябрь революциясы орнағаннан кейін Омар 3-4 жыл совет атқару комитетінің председателі, кейін судья болып қызмет атқарады.
Омар өлең жазуды оны алты жасынан бастайды. Шығармаларының ішінде көптеген толғау, терме, тақпақ, өсиет, мысалдармен қатар он бестен аса дастаны («Қара шекпен»,»Жарлы тәліп», «Кедей», «Тау елі» т.б.) және Қарасақал Ерімбет ақынмен жазып айтысқан айтыс өлеңі бар. Совет тақырыбына арнап та шығарма жазған. Газет-журнал бетінде, жинақтарда ақынның бір қатар шығармалары жарияланды. Оның творчествосына байланысты әр кезде айтылған пікірлер мен жазылған мақала, зерттеу еңбектері аз да болса бар. Бұл жинаққа омар ақынның таңдамалы шығармалары беріліп отыр.
## Шығырмалары
Алғашқы өлеңдерінде (“Сөйле, тілім, жосылып”, “Шығарған сөзім шырайлы”, “Өмір өрнектері”, т.б.) ақындық пен сөз өнерін жырға қосты. “Аталық кеңес”, “Жастарға өсиет” өлеңдерінен ұлттық тәлім-тәрбие тағылымы танылады. Діни тақырыптағы “Барамыз байтақ орынға”, “Әмманың ажал тағдыр мұрасындай”, “Айналайын атыңнан”, “Әуелі аспан менен жер жараттың”, “Жәрдемші Жаппар атты жалғыз еге”, т.б. жырлары мұсылмандықты насихаттап, адамгершілік пен имандылыққа уағыздайды. Омар мысал жанрында “Бір пияла май”, “Қойшы мен ұры”, т.б. туындылар жазды. Оның адалдықты үлгі ететін (“Жарлы Тәліп”, “Қара шекпен”), әйел махаббатының құдіретін ұлықтайтын, зұлымдықтың зардабын сөз еткен (“Үш күлше”) дастандарымен қатар ислам дінінің қалыптасуы мен таралуын қамтитын, діни-ағартушылық бағыттағы “Мұхаммед”, “Мағауия”, “Хақ Сүлеймен”, “Калимулла”, “Әбу Шахыма” сияқты жыр дастандары сақталған. “Тау еліне” атты тарихи хат-дастаны – қазақтың мәдени дәстүрінің өркендеуін мазмұндаған эпикалық шығарма. Омардың Таубайдың Жүсібімен, Нұрмақанмен, Қарасақал Ерімбетпен арада болған жазбаша айтыстары, сондай-ақ әдебиет тарихында “Алты ақынның өмір туралы айтысы”, “Шәкей сал мен алты ақын” деген атпен белгілі сөз сайыстары сақталған.
## Жинақтар
Омар шығармалары туралы алғаш М.Байділдаев “Ақындар творчествосы” (1959) атты кітабында жазды. Ақын өлеңдері “XX ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары” (1963), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Айтыс” (1965, 2-т.), “Бес ғасыр жырлайды” (1985, 3-т.), “Ай, заман-ай, заман-ай” (1991), “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993) жинақтарында жарияланған.
## Сілтемелер
* Қазақ ақындары
* М.Байділдаев
* Айтыс
## Дереккөздер
* http://bilimdiler.kz/akin_zhazushi/14-omar-shorayaov.html |
* Келін — туыстық атау.
* «Келін» — 2009 ж. шыққан Ермек Тұрсыновтың фильмі.
* «Келін» — 2008 жылы шыққан үнді телехикаясы. |
Приозёрск қалалық кітапханасы – 1970 жылы Приозёрск қаласының Ульяновская, қазіргі Кисунько көшесінде құрылған, ал 1999 жылдың күз айында Ағыбай батыр көшесіндегі басқа ғимаратқа көшті. 2008 жылдың 1 қаңтарында Әкімнің шешімі мен кітапхана атауы «Приозёрск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Кітапхана ғимараты 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта балалар кітапханасының оқу залы және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі бар. Екінші қабатта оқырмандарға қызмет ету бөлімі, оқу залы, кітапнама бөлімі, әдіскер бөлімі және кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі бар.Қазіргі таңда кітапхананың қоры 53781 дана, оның ішінде қазақ тілінде 8610 дана. Жыл сайын қалалық қоржын арқылы кітаптарды және мерзімді басылымдарды алуға қаражат бөлінеді.Кітапхана қызметкерлері мерекелік іс-шараларға және әдеби кештерге белсене атсалысуда.Балалар кітапханасында қамкөңіл балалар үшін «Үміт» бағдарламасы және «Шебер қолдар үйірмесі» жұмыс жасайды. Кітапхананың оқырмандарын көбейту мақстаныда басқа мекемелерге кітап, журналдар тарату үшін кітапханады жылжымалы кітапхана жұмыс жасайды. Оқырмандар талабын ынталандыру үшін тағы басқа жаңа технология бойынша олар: интернет, БД заң, Үкімет, СИН модулдер бойынша жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта кітапханады 14 компьютер, 1 сканер, 1 көшіргіш, принтер (лазерлы-4, струйные-1, МФУ-2). 10 компьютерге жергілікті байланыс орнатылған. 2007 жылдан бастап кітапхана «Библиотека 4,02» бағдараламасы мен жұмыс жасаған, 2012 жылдың мамыр айынан бастап «Кабис» бағдарламасымен жұмыс жасауда. |
Светлана Евгеньевна Савицкая - дүниежүзіндегі тұңғыш рет ашық космосқа шыққан әйел, екінші әйел-ғарышкер және Кеңес Одағының екі мәрте Батыры. 1948 жылы 8 тамызда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ресей Федерациясының Коммунистік Партиясынан Мемлекеттік Думаның Депутаты, Думаның қорғаныс комитетінің төрағасының орынбасары. Спортқа еңбегі сіңген шебер (1970), ғарышкер-ұшқыш.
## Өмірбаян
Савицкая Светлана Евгеньевна 1948 жылы 8 тамызда Москва қаласында дүниеге келген. Әкесі - Кеңес Одағының ұшқышы және сардар, авиация Маршалы Евгений Савицкий. 1966 жылы №637 орта мектебін бітіріп Мәскеу Авиация Институтына (МАИ) түсіп 1972 жылы аталған оқу орынын бітірді.1969-1977 жылдары пилотаждық спортынан КСРО құрама командасына кірген. 1970 жылғы Ұлыбританияда өткен әлемдік біріншілігін ұтып алған. Парашютизм спортынан 3 дүниежүзілік рекорд, реактивті ұшақта 18 авиациялық рекорд орнатқан.«МиГ-21», Е-155 («МиГ-25»), «Су-7», «Ил-18», «Ил-28» ұшақтарда көптеген ұшу жаттығуын жасаған.1978-1981 жылдары "Скорость" Мәскеу машина жасайтын зауытында сынаушы-ұшқыш болып жұмыс жасайды. 1981 жылы 19-27 тамызға дейін ғарышкер-зерттеуші ретінде "Союз Т-5", "Союз Т-7" ғарыш кемелерінде, "Салют-7" станциясында ұшқан.1984 жылы 17-29 шілдеде борт-инженер ретінде «Союз Т-12» ғарыш кемесінде және «Салют-7» орбиталық станциясында ұшқан. Осы сапарда дүниежүзінде әйел адам бірінші рет ашық ғарышқа шыққан.1986 жылы диссертация қорғап техикалық ғылым кадидаты болды.Ғарышкерлер қатарынан 1993 жылы майор шенінде зейнет жасына келуге байланысты шықты.1989 жылы КСРО халық депутаты болып сайлаған.1990 жылы Ресей халық депутаты болып сайлаған.1995, 1999, 2003, 2007 және 2011 жылдары Мемлекеттік Думаға КПРФ партиясынан депутат болып сайлаған.
## Дереккөздер |
Қазақстандағы ең үлкен туыстың өкілі (308 түр), шөл аймағына тән мекендеуші, Үстірт және Арал маңынан бастап, Зайсан ойпатына дейінгі аралықта кездеседі, құм төбелерінде, тақырлардың жиегінде және сортаңды шөл далаларда өседі, бұл көпжылдық өсімдіктің биіктігі 20-35 см басқа көптеген астрагалдар сияқты сабақсыз, тек жапырақтар шоқтанып шығады. Және жапырақсыз гүл беретін мүшелері ұш жағындағы босаң шошақ тәрізді шоғырланған. Жапырағы күрделі қауырсынды, мықты сағақты және 7-12 жұпты үлкен дөңгеленген жапырақшалармен (ұзындығы 1-2 см). Гүл беретіндері қысқа, бірақ гүлшоғырымен бірге жапырақтармен теңеседі. Гүлдерінің саны 15-25, таспа тәрізді гүлжапырақтарымен және қысқа онша байқала қоймайтын гүлтабанымен қамтылған. Тостағанша күлтеден екі есе қысқа өсіңкі жапырақты түтікті, қысқа тісшелі. Күлтесі сары, үлкен жалауымен (3 см үлкендеу) және терең тарамдалған, қайықша тақталы, жалаудан едәуір қысқа. Түр сәуірде, мамырда гүлдейді, әдетте мамырда жеміс береді. Жемісі ұзынша үрме бұршақ, ұзындығы 2 см-ге жуық, ұш жағында тұмсығы бар және қатты терілі қабаты бар. Имек астрагал шаруашылық мақсатта малдың барлық түрі үшін жақсы мал азығы. Декоративті өсімдік ретінде қызығушылық тудырады. Жер үсті бөлігінен даярланған дәрі-дәрмектің қан қысымын азайтатын қасиеті бар.
## Дереккөздер
"қазақстанның өсімдіктер әлемі" энциклопедиясы |
Балқаш және Бетпақдала маңындағы шөп далаларда, сонымен бірге аласа таулардың дала аймақтарында (Мұғалжар, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньдағы Қазақ ұсақ шоқыларында) кездеседі. Тегіс жерден таудың ортаңғы белдеулеріне дейін майда шөгінділерде және тасты топырақтарда өседі. Ұзын қою сопақша гүлшоғырлары жапырақсыз гүлсидамына орналасқан. Күлтелері қара қошқыл күлгін түсті, түтікшелері тостағаншадан екі есе ұзын. Гүлдеп біткеннен кейін тостағанша көпіршік тәрізді пішінге айналады және ұлғайып жемістері жабады (ұсақ 0,5 см-ге дейін, жұмыртқа тәрізді бұршақ). Жемістері маусым-шілдеде пісіп жетіледі. Осы уақытта гүлшоғырдың ортасы қурайды және сына бастайды. Көпіршік тостағанша мен қоршаған жеке бұршақтар жер бетімен домалап, аналықтан бірнеше қашықтыққа ұзайды. Шренк астрагал гүлдегенде және жеміс салған кезінде де өте әсем өсімдік. Ол табиғат ландшафтына өте тиімді көрінеді және альпі төбешігін безендіруге өте қолайлы.
## Дереккөздер
"Қазақстанның өсімдіктер әлемі" энциклопедиясы |
Тарпаң (Equus gmelіnі) – жойылып кеткен жабайы жылқы. 18-ғасырдың басына дейін Оңтүстік-Шығыс Еуропаның ылғалды ормандарында, далалы және орманды-далалы аймақтарында, Батыс Қазақстан өңірінде үйірімен таралған. Шоқтығының биіктігі 136 см-ге жуық, терісіндегі түгі сұрғылт, арқасында қара жолағы, тікірейген қара жалы болады. Тіршілік ортасына байланысты 2 түр тармағы болған: дала тарпаңы, оның ең соңғы дарабасы 1879 жылы Аскания-Нова маңында өлтірілген, ал айғыры табиғи жағдайда 1918 жылға дейін тіршілік еткен. Орман тарпаңының соңғы дарабасы 1814 жылы қазіргі Калининград облысы аумағында өлтірілген. 20 ғасырда тарпаңның тұқымын қайта шығару үшін Польша мен Германияда жүргізілген іріктеу-будандастыру жұмыстары еш нәтиже бермеді. Қазақстанда тарпаңдар плейстоценнің соңынан 18 ғасырдың ортасына дейін тіршілік еткен.
## Дереккөздер |
Тау лестифорусы - cирек кездесетін, аз зерттелген түр. Gorytini трибасының ежелгі туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі болып табылады. Бәлкім, үштік дәуір қалдығы. Тянь-Шаньның аласа таулары мен тау етегінде таралған. Тянь-Шаньның далалы және шалғынды-орманды белдеулеріндегі шалғынды-далалы биотоптарында тіршілік етеді. Аналықтары жерде ұялайды және қор ретінде цикадаларды ұстайды. Жерді ауыл шаруашылық игеру, малды шектен тыс бағу түрдің санының қысқаруына әсер етіп отыр. Түр Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады.
## Дереккөздер
* "Ғажайып омыртқасыздар" Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Алматыкітап 2005 ж. |
Новоукраинка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Володар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1718 адам (825 ер адам және 513 әйел адам) болса, 2009 жылы 1071 адамды (893 ер адам және 558 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 243 адам (135 ер адам және 108 әйел адам) болса, 2009 жылы 138 адамды (79 ер адам және 59 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алматы Туры 2013 (ағылш. Tour of Almaty 2013) Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қамқорлығымен Қазақстанда ұйымдастырылаған алғашқы бір күндік тас жол веложарысы. Жарыс 2013 жылдың 6 қазан күні Алматы қаласында өтті.
Бір күндік тас жол веложарысты өткізу туралы меморандумға Алматы қаласының әкімшілігі, UCI және Қазақстан велоспорты федерациясы арсында 2013 жылдың ақпанында қол қойылды.
Бір айналымның қашықтығы – 31 километр. Жарыстың жалпы қашықтығы – 186 километр (6 айналым).
Жарыстың жүлде қоры 39 900 еуроны құрайды, жеңімпаз 15 000 еуроға ие болды.
## Командалар
Турдың жеңімпазы атану үшін 20 команда бақ сынасты: үш кәсіби құрлықтық команда, 12 құрлықтық команда, үш ұлттық команда, бір аймақтық команда және бір клуб. Жалпы алғанда алғашқы Tour of Almaty 2013 веложарысына 16 елдің командалары қатысады. Қазақстан атынан үш команда өкілдік етті: ұлттық құрама, Astana құрлықтық командасы және Vino 4-ever клубы. Сонымен қатар, жарысқа Ресейдің Itera-Katusha Team, Әзірбайжанның Synergy Baku Cycling Project, Италиядан, Австриядан, Украинадан, Латвиядан, Ираннан, Ирландиядан, Брунейден, Нидерландылардан, Франциядан, Польшадан, Өзбекстаннан, АҚШ-тан және Молдавиядан командалар қатысты.
## Нәтижелер
## Трансляция
* Eurosport 2
* Хабар
* Қазақстан
* Astana TV
* |31
* KAZsport
## Сыртқы сілтемелер
* Турдың ресми сайты Мұрағатталған 18 желтоқсанның 2014 жылы. (қаз.) (орыс.) (ағыл.) |
Солтүстік Жоңғар кенді аймағы - алтын мен сирек металдар тараған өңір.
Аймақ геотектоник. тұрғыдан Жоңғар-Балқаш геосинклиналь жүйесінің ішкі белдемі ретінде қарастырылып, Сарқант, Тастау деген 2 металлогендік шағын белдемге бөлінеді. Девон мен карбонның құмтасты, тақтатасты шөгінділерінен және гранит интрузияларынан құралған Сарқант белдемінде молибден, вольфрам, аздаған қалайы кендері тараған. Пермь граниттерімен байланысқан бұл кендер Лепсі өзені бойындағы пегматит пен кварц желілерінде кездеседі. Тастау белдемінде алтын, темір, марганец, кобальт, никель, аздаған мыс тараған, бұлардың ішінде маңыздысы алтын. Алтынның құмды-қорымды кендері антропогендік борпылдақ шөгінділер арасында, Жоңғар (Жетісу) Алатауының Балқаш пен Алакөлге қараған етегінде Тентек, Жаманты, Ырғайты, т.б. өзендер бойында және бұлардың таудан шыққан алқымындағы аллювийлік шөгінділерінде көп тараған. Ірілері Жаманты, Шет, Ырғайты, Тентек, Қызыл, т.б. құм қорымды алтын кендері. Темір мен марганецтің кіші кендері девон мен карбонның сазды-кремнийлі шөгінділерінде кездеседі. Аймақтағы кобальт пен никель Алакөл-Жоңғар жарылысын бойлай орналасқан улбтрабазит интрузияларының үгілу қыртысында тараған; грейзен және пегматит формациясына жататын металл кен орындары мен аметист, родонит, гранаттың, қызыл саздың зерттелмеген кен орындары бар.
## Дереккөздер |
Алматы Туры 2013 (ағылш. Tour of Almaty 2013) Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қамқорлығымен Қазақстанда ұйымдастырылаған алғашқы бір күндік тас жол веложарысы. Жарыс 2013 жылдың 6 қазан күні Алматы қаласында өтті.
Бір күндік тас жол веложарысты өткізу туралы меморандумға Алматы қаласының әкімшілігі, UCI және Қазақстан велоспорты федерациясы арсында 2013 жылдың ақпанында қол қойылды.
Бір айналымның қашықтығы – 31 километр. Жарыстың жалпы қашықтығы – 186 километр (6 айналым).
Жарыстың жүлде қоры 39 900 еуроны құрайды, жеңімпаз 15 000 еуроға ие болды.
## Командалар
Турдың жеңімпазы атану үшін 20 команда бақ сынасты: үш кәсіби құрлықтық команда, 12 құрлықтық команда, үш ұлттық команда, бір аймақтық команда және бір клуб. Жалпы алғанда алғашқы Tour of Almaty 2013 веложарысына 16 елдің командалары қатысады. Қазақстан атынан үш команда өкілдік етті: ұлттық құрама, Astana құрлықтық командасы және Vino 4-ever клубы. Сонымен қатар, жарысқа Ресейдің Itera-Katusha Team, Әзірбайжанның Synergy Baku Cycling Project, Италиядан, Австриядан, Украинадан, Латвиядан, Ираннан, Ирландиядан, Брунейден, Нидерландылардан, Франциядан, Польшадан, Өзбекстаннан, АҚШ-тан және Молдавиядан командалар қатысты.
## Нәтижелер
## Трансляция
* Eurosport 2
* Хабар
* Қазақстан
* Astana TV
* |31
* KAZsport
## Сыртқы сілтемелер
* Турдың ресми сайты Мұрағатталған 18 желтоқсанның 2014 жылы. (қаз.) (орыс.) (ағыл.) |
Фарабитану — әлемдік ғылымда 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптасып, Қазақстанда 70 жылдардан бастап дамыған ғылым саласы.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің дүнижүзіндегі мәдениет пен ғылымға қосқан үлесін зерттеудің маңызын алғаш рет шетер ғалымдары Г. Сартон, Д. Беркал және А. Койре негіздеп берді. 1975 жылы Фарабидің артында қалған мол ғылыми мұраларын жете зерттеуге арналған Халықаралық ғылыми конференция (Мәскеу-Алматы-Бағдат) ұйымдастырылып оған қатысқан ғалымдардың еңбектері жеке жинақ ретінде басылып шықты. М. Шгельшнейдер мен Фр. Дитериц Фарабидің философиялық еңбектерін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Э. Ренан "Аверроэс және аверроизм" еңбегінде Фараби және ортағасырлық араб тілді Шығыс философиясына жаңа платонистік ағым мен перипатетизмнің механикалық бірігуі, комментаторлық және еліктеушілік бағыттағы өзіндік мәні жоқ ілім деген сыңаржақ баға береді. Музыка саласында Фараби әр алуан шығармалар мен қатар "Музыка туралы үлкен кітап" атты іргелі еңбегін француз тілінде И. Мадкури мен Г. Фармер жариялап, ғылыми түсініктеме жасады. "Мұсылман Қайта өрлеуі" терминінің енгізілуі мен оған лайықты баға берілуі Фараби мұраларын бүкіл әлемдік деңгейде зерттеуге игі әсерін тигізді.
Фарабидің еңбектерін жинастыру, зерттеу, аудару, қазақ және орыс тілдерінде бастырып шығаруда совет ғалымдары Б.Г. Гафуров, С.И. Григорян, В.В. Соколов, А.Ж. Машанов, А.К. Көбесов, М.М Хайруллаевтар, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев елеулі үлес қосты.
Фарабидің әлемдік ғылым мен мәдениетке қосқан үлесті "Әл-Фараби мәдениет тарихында" атты монографияда жан-жақты қарастырылды. Тарихшылар А.Н. Бернштам мен К.А. Ақышевтың зерттеулері нәтижесінде Фарабидің Оңтүстік Қазақстан территориясын қоныстанған түркі тілдес тайпалардың өкілі екендігі анықталды. Қазақстан философтары еңбектерінде Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын оз кезеңіне сай дамытып, шығыс периматетизімінің негізін салушы болғандығы дәлелденді.
Фарабидің философия, логика, социология, философия тарихына арналған еңбектері орыс және қазақ тілдерінде Қазақстан баспаларынан басылып шықты. Бұған дейін Фарабидің зерттелмеген көптеген трактаттарын жинау, ғылыми тұрғыдан жүйелеу және басып шығару жөнінде ҚазССР ҒА-ның Философия право институтында арнаулы топ жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
## Тарихы және сипаттамасы
Даңқ Обелискісі мәдениет және демалыс саябағының кіре берісінде орналасқан. Темір бетоннан салынған айбынды монументтің биіктігі 11,5 метр гранитпен қапталған. Мраморменен қапталған төтр бұрышты пъедисталда Отан – Ана бейнесін бейнелейтін әйел тұр.
Ескерткіш Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің ынтасы бойынша салынды.Мемориалдық кешенге жөндеу жұмыстары 1977 жылы жүргізілді. Бір жақ бетіндегі мерт болған азаматтардың есімдерінің тақтасы алынды. Ескерткіш Ұлы Отан cоғысы және азаматтық соғыс туралы ескерткіш, Кеңес өкіметінің 50 жылдығына арналып салынып, Ұлы Отан соғысының 60 жылдық жеңісіне орай өңделді.
Мрамормен қапталған алдыңғы жақта ұзартылған стилобатта басын паң көтерген әйел Отан- Ана бейнесін айшықтайды. Скульптура қоладан жасалған, биіктігі 3,20м және 1,30. төмеңгі жағында мәңгілік от лаулап жанып тұрады. Мүсіншісі Әділет Жұмабай. Сәулеттік жұмыстарын жүргізген ЖШС «Күмбез» компаниясы.
## Дереккөз |
Аңшылық өлеңдер — еңбек пен кәсіпке байланысты туған тұрмыс салт жырының бір түрі. Қазақ халқы ерте кезде төрт түлік мал өсірумен қатар аң аулауды кәсіп еткен. Ол үшін қажетті құрал-сайман ұстап, жүйрік ат, құмай тазы, қыран құс баптаған. Сөйтіп, аңшылық күн көріс кәсібіне айналған. Бертін келе саятшылық құру, құс салу ойын-сауықтың, бой жазудың, қызық көрудің бір түріне айналған. Халық аңшы мергендерді құрметтеп, оларды өлең-жырға қосқан, ертегі, аңыз-әңгімелер шығарған. Аңшылық өлеңнің ең көне нұсқасы Орхон-Енисей (5-8 ғ.) жазба ескерткіштерінде, Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде (11 ғ.) кездеседі. Аңшылық өлеңінде аңшылармен қатар аңшылық құрал дар, тазы, ат, құс сипатталып, олардың тигізетін пайдасы, атқаратын қызметі жырланады. Аңшылық қазақ ауыз әдебиетіне күрделі тақырып болып енді. Батырлардың бейнесін жасағанда «арыстандай айбатты», «жолбарыстай қайратты», «қырандай алғыр», сұлу қыздарды суреттегенде «аққу мойын», «құралай көз», «сұңқардай сыланған» деп, әдемі эпитет, метафоралар қолданады. Бұл — қазақ халқының ғасырлар бойы аңшылық, саятшылық өмір тәжірибесінен туған ой-түйіндеулері. Мұндай көркемдеу құралдары кез келген Аңшылық өлеңнен табылады. Мысалы: «Ей, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген, Артында мен ақ тұйғын жетем деген» .
Ақындар айтысында бейнелі салыстыру үшін ақиық бүркіт, қыран құс, тұлпар ат т.б теңеулер жиі қолданылады. Аққудың сұңқылын, әупілдектің әупілін, көкала үйректің гегеуін, қара торғайдың шырылын, ақбоз аттың аяқ алысын, бұлбұлдың сайрауын, жаралы құланның аянышты күйін арқау еткен Аңшылық өлеңдер көп. Бұрынғы аңшылықпен саятшылық аң, құсты қырып-жоюды мақсат етпеген. Айдын көлде балапан ерткен үйрек-қазды, жапан далада құралайы бар киікті, елік пен ақбөкенді атпаған, қонжығын ерткен кірекейге тимеген. Адамгершіліктің серті етіп ұстаған мергендер аңды тығылып тұрып қапияда атуды, сол сияқты тұқым көбейту маусымында зиян жасауды қатігездік, тағылық санаған. Аңнан құр қайтса да мойымай, аңшылық қызығын жырға қосқан. Аңшылық өлеңдер кеңпейілділікке, салқынқандылыққа, сабырлық пен төзімділікке баулып, тәрбиелеуде адамның рухани серігі болған.
## Дереккөздер |
Карп Лукьянович Майстрюк (1887-1921 жж.) — Жетісудың І-ші Қызыл гвардияшылар полкінің командирі.Батыр Черкасск қорғанысы кезінде, Жаркентке, Пржевальскке, Ташкентке жорық жасаған кезде полк көптеген жеңіске жетті. 1921 жылдың көктемінде Майстрюк К. Л. Хива түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапты. Ескерткіш мәрмәр тастан жасалған үш қабатты постаменттің үстінде пирамида тәрізді бетоннан құйылып, ортасынан төмен қарай мәрмәр таспен қапталған. Ескерткіштің айналасындағы қоршауы темірден жасалған.
## Дереккөздер |
Көтен баба Байғотанұлы (кей деректерде Қоңырбайұлы; Шын аты – Қойлыбай; XVIII ғасырда өмір сүрген) – аузы дуалы би, әулие, емші, көріпкел, бақсы, қобызшы, ұста. Әулиенің құдіретін білген Абылай хан «Жалаңаш әулие» деп есім берген. Әулие бабамыз Абылай хан мен Қабанбай батырдың ақылшысы болған. Шыққан тегі – Найман елі Матай руынан.
## Өмірбаяны
Көтен Тәуіп Байғотанұлы туралы мәліметтер мұрағаттардан табылған жоқ. Бірақ, Жансүгіров поселкесінде тұратын шөбересі Садырбай Байжұмановтың айтуынша: «Алтынарық бойында шамамен 1835 жылы дүниеге келген әулие Көтен Тәуіп менің үшінші әкем дейді. Шыққан тегі Найман баласы, Матай. Ол туысымен жаны нармен кетуі мүмкін, сондықтан дұғасын оқып баланың атын бұрыс қою керек деп табады да азан шақырып баланы Көтен деп қойған екен. Сонымен Көтен бала өсе береді. Көтен Тәуіп әулие Сыр бойында дүниеге келген. Өзі үш ағайынды болған, бірінші ағасы Түгел, екінші ағасы Күшмән батыр, өзінің азан шақырған аты Қойлыбай.Әулиелік жолды 13 жас мүшелінен бастаған. Алланың сүйікті құлы, және ұста шебері болған. Абылай ханның жау-ұрыстарынан жараланған әскерлерін емдеумен айналысқан.
Солардың жүрегіне күш қайрат ұялата білген. Әулиенің құдіретін білген Абылай хан атаға «Жалаңаш» әулие есімін қойған. Әулие бабамыз Абылай хан мен Қабанбай батырдың ақылшысы болған. Қобыз тартып, бақсылық ұстап, халық емшісі болған кісілерге ақылын айтып, ұғындырып ауыл адамдарын біріктіріп отырған. «Әулие» атасы 71 жасында дүниеден өтіпті».
## Кесенесі
Ақсу ауданында орналасқан кесенесі сопақша келген, қабырғалары 21 қатар ақ силикат қышынан қаланған көлемі (25х12х8) үш қақпадан тұрады. Орталық қақпаның екі жағында 37 қатар ақ белгі темірден жасалған ай орналастырылған. Фасад қабырғаларының бетіне қуыстар, розеттер, темірден оюланып жасалған. Кесенеге алдындағы 5 сатымен көтеріліп кіреді.
## Дереккөз |
Сарыөзек — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 181 адам (93 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 59 адамды (33 ер адам және 26 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қоқан Салпысы (лат. Morina kokanica) – ұшқаттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Өсетін аймақтар
Талас Алатауында, Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігінде көбіне жеке топ болып кездеседі. Қазақстанда етегінің тасты-қиыршықтасты топырағынан тау субальпі. белдеуіне дейінгі аршалы ормандар арасындағы алаңқайларда әр түрлі шөптердің арасында өседі. Сирек кездесетін қалдық түр. Алматыдағы ботан, бақта қолдан өсіріледі. Таралу аймағының таралуына байланысты Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
### Морфологиясы
Биіктігі 80 см-ге дейін жетеді, қарапайым тамыры жуандау келген. Сырты тегіс, бір ғана сабағы болады. Қандауыр тәрізді тамыр жапырағының ұзындығы 30 см-ге дейін жетед, жиегі тегіс немесе ирек тісшелі, сабаққа қанат тәрізді созыла бекіген. Сабақ жапырақтары төртеуден шоғырлана орналасқан. Орама жапырағы түтікті қоңырау тәрізді, жиегі тікенекті, тостағаншасының төмен жағы кеңейген, қоңырау тәріздіғ жоғары жағында жапырақ тәрізді 2 қалақшасы болады. Қос ерінді гүлдері ақшыл қызғылт түсті, ұзындығы 4 см-дей, қошқыл қызыл дағы болады.
### Жемісі
Тұқымы дөңестеу, ұзындығы 7 мм. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс береді.
### Дереккөз |
Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.
Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал) міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғ-да жер сілкінісінен қираған.
## Александрия маягы
Александрия маягы керемет көрініс болды: ол түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтандырып тұратын. Әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық пайдасы да болды, ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.
## Салыну себептері
Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады.
## Маяктың құлауы
Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Ғажайып фактілер
• Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің заманымыздың 6-ғасырында енгізілген.
• Бір жазушының айтуына қарағанда, маяктың биіктігі "360 фатом" – көп қабатты үйлерден де биік болған.
• Бір дерекке байланысты Фаростың құрылысына "800 талант" күміс жұмсалған. Бұл қазіргі 6,4 млн долларға барабар.
• Кейбірлеулердің пайымдауынша, ең бас жағындағы айна 1250 км Византиядан (Стамбул) келген сигналдың сәулесін түсіріп тұрған.
• 20-ғасырдың 90-шы жылдары француз археологы Жан-Ив Эмперер және оның командасы су астынан маяктың қалдықтарын, сонымен бірге мүсіндер тапқан, мүмкін бұл мүсіндер маякта болған шығар.
## Бүгінгі келбеті
Көптеген сарапшылар мұсылмандардың Каит Бей бекінісі Александрия маягының орнында тұр деп болжайды. Каит Бей сұлтан 1840 жылы салғызған форттың кейбір бөліктерін салуға қираған маяктың кейбір материалдары пайдаланылған болуы керек. Қалған бөліктері жер сілкінісі кезінде суға батып кеткен.
## Дереккөздер
1) Қазақ энциклопедиясы
2) Әлемнің ұлы кереметтері, Алматыкітап. Авторы - Рассел Эш. |
ҚМПИ бүгін – бұл Қостанай облысындағы білім беру жүйесіне қажетті мамандарды мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай бөлімдерінде оқытатын, осы саладағы бірден-бір жоғарғы оқу орны.
Мамандықтары мен бағыттары:
Институт факультеттері мен кафедраларында еңбек ететін ғалымдар, білікті маман дайындауды әрдайым басты назарда ұстауда. Ол үшін, студенттер мен магистранттарды оқыту процесін жетілдіруге басты көңіл бөлінуде. Институттың негізгі факультеттерінде білім берудің екі сатылы (бакалавр - магистр) білім беру құрылымы енгізілген. Олардың оқу жоспарларында студенттердің өз беттерімен дайындықтарымен қатар практикалық жұмыстары болашақ ұстаздық мамандықтарымен ұштастырылып жүргізілуде. Оқу мерзімінде әр студентке білім алу жолын өз бетінше таңдауға мүмкіндігі туғызылған. Институтта студенттердің денсаулықтарын сақтауға ерекше жағдай жасалған. Сондықтан да бірінші және екінші курстардың оқу бағдарламаларына спорт және дене шынықтыру сабақтары енгізілсе, жоғары курстарда бұл сабақтарды студенттер түрлі спорт секцияларында жалғастыра алады.
Қазіргі таңда институтта:· Жаратылыстану - математика;· Қазақ және орыс филологиясы факультеті · Шетел тілдері факультеті · Дене тәрбиесі, спорт және туризм; · Психология және педагогика;· Тарих және өнер; · Сондай - ақ сырттай оқыту факультеттерінде болашақ ұстаздар оқып, білім алуда.
Қостанай педагогикалық институты
Қостанай губерниясы мен өңірінде педагогикалық кадрларды дамыту, қалыптастыру және даярлауда білім беру жүйесінің келешегі зор болды. Себебі облыста мектептердің ұдайы өсуі байқалды. Бұл мектептерді жаңа мұғалімдермен жүйелі түрде толықтыруды талап етті.
Қазақстан мен облыс үшін мұғалімдердің жетіспеушілігі ертеден келе жатқан проблемалардың бірі. Әсіресе ұлттық кадрлар жетіспеді.
Республикада педагогикалық оқу орындары енді құрыла бастады. Жаңа заман Үкімет алдына білім саласында маңызды міндеттер қойды. Әртүрлі мамандықтағы мұғалімдерді даярлау үшін, қысқа уақыт ішінде жоғары оқу орындарын құру керек болды. 1921 жылы республикадахалықтық білім беретін 4 қана институт болды, бірақ олар мектеп қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Олар үшін мұғалімдер КСРО-ның басқа ЖОО-да дайындалып жатты. 1923 жылы Қостанай губерниясынан КСРО мен Қазақстанның жоғары оқу орындарына 23 адам оқуға аттанды. Губернияда мектеп сандары өсіп, сауатсыздықты жою үшін күрес жүріп жатты, тиісінше мұғалімдерге деген сұраныс та артты. Мектептерді мұғалімдермен, әсіресе қазақ мұғалімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 1923 жылы Қостанай қаласында педагогикалық техникум ашылды, дегенмен аталыш техникум да мәселелерді шеше алмады. Мектептер саны жылдан-жылға көбейді. Егер 1923-24 оқу жылы олардың саны 234 болса, 1927-1928 оқу жылы мектеп саны екі есеге өсіп, 431-ге жетті.
Мұғалімдерді даярлау мәселесі үнемі Қазақстан басшылығының назарында болды. 1936 жылы республикада 2365 адам қабылдау жоспарымен 25 педагогикалық техникум жұмыс істеді. Педагогикалық техникумға даярлау төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді: дайындық сыныптары, мектеп, мектепке дейінгі оқыту, дене тәрбиесін оқыту, кітапхана ісі. 1930 жылы елімізде жалпыға міндетті бастауыш оқу енгізілгені белгілі. Оның жүргізілу мерзімі анықталып, мектеп жұмысының тәртібін, оның құрылымын айқындайтын тиісті құжаттар қабылданды. Мұғалімдер үлкен сұранысқа ие болып, мәртебелері артты, сондай-ақ материалдық жағдайлары да жақсарды. 1936 жылы дербес «Бастауыш және орта мектеп мұғалімі» атағы бекітіледі. Мұғалімдердің жалақысы өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейтін инженер-техниктердің еңбекақысының деңгейінде болды. 1936 жылы облыста төрт педагогикалық техникум жұмыс істеді, олар: Қостанай қазақ педагогикалық техникумы, Қостанай орыс педагогикалық техникумы, Темір қазақ педагогикалық техникумы және Федоров педагогикалық техникумы.
Сонымен қатар, бір уақытта Қостанай халық ағарту институты жұмыс істеді. Аталмыш институт әртүрлі қызметтерді жүзеге асырды, алайда онда күндізгі бөлім болған жоқ. Облыста жоғары оқу орны болмады. 1936 жылғы 29 шілдеде Қостанай облысы құрылды. Облысқа Ленинград, Мәскеу, Алматы қалаларының жоғары оқу орындарын бітірген мамандар келді. Бірақ халық ағарту жұмысының дамуына байланысты мұғалімдерге деген сұраныс көбеймесе, азайған жоқ. Облыста 550 бастауыш, 73 толық емес орта және 18 орта мектеп болды. Оларда 65 оқушы оқыды. Енді әртүрлі пәндер бойынша оқытатын мұғалімдерді аз уақыттың ішінде бітіртіп шығаратын жоғары оқу орнын ашу мәселесі туды.
Қазақ ССР Кеңестік халық комитеті мен Республикалық ағарту халық комитетінің келісімі бойынша Еңбекші депутаттар кеңесі Қостанай атқарушы облыстық комитетінің президиумы 1939 жылдың 21 тамыз айында «Қостанай мұғалімдер институты мен оның бөлімшелерін құру туралы» қаулы қабылдады. Онда:
Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қостанай педучилищесі базасының құрамында физика-математика және жаратылыстану-география секілді екі факультеті бар екіжылдық институт құрылсын.Институт жанында дайындық бөлімшесі мен сырттай оқу бойынша сектор ұйымдастыру.1 қыркүйекке дейін студенттерді қабылдауды жүргізу:а) негізгі факультеттерге – 120 адам;ә) сырттай секторға – 50 адам;б) дайындық бөлімшесіне – 70 адам.Барлығы: 240 адам.1939 жылы институттың оқытушылық құрамы (Алматы қаласындағы біріккен опера театрының бұрынғы директоры И.П. Найденовтен басқа) жергілікті кадрлардан құрылды. И.П. Найденов Қазақ ССР Халық ағарту комитетінің 1939 жылғы 1 қазандағы №2504 бұйрығы бойынша Қостанай мұғалімдер институтының директоры болып тағайындалды. Институттың штаттық кестесі бойынша 4 кафедра (марксизм-ленинизм, педагогика, физика және математика, жаратылыстану және география негіздері) және 13 оқытушылық бірлік болды. Жұмыс тәжірибесі мол, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар болған жоқ. Оқытушылардың басым көпшілігінің жалпы педагогикалық өтілдері бір жылдан үш жылға дейін ғана болды. Марксизм-ленинизм негіздері кафедрасының меңгерушісі болып бұрынғы партия қызметкері Х.Ф. Юманкулов тағайындалды. Жаратылыстану және география кафедрасын университет түлегі М.Б.Гренадер басқарды. Химия пәнін оқытушы Кадушкина жүргізді. Физика және математика кафедрасын Қостанай орыс педагогикалық техникумының бұрынғы директоры И.И.Московкин басқарды. Осы кафедрада үлкендерден П.П. Ким, А.Ф. Дю, Б.Н. Шибаев болды. Орыс тілін Сизова берсе, қазақ тілін Г. Асанов жүргізді. Әскери істі Ольховский оқытты.
Институттың қызмет көрсету аймағына Ақмола, ішінара Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары кірсе де, студентердің алғашқы жиыны негізінен Қостанай облысының жастарынан құралды. Дайындық бөлімі тек бір жыл ғана жұмыс істеді. 1940 жылы оның бітіруші түлектері институтқа оқуға қабылданды. 1940 жылғы күз айында институтта жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша сырттай оқу бөлімі ашылып, 1 курсқа 68 адам қабылданды.
1940-1941 оқу жылы оқытушылар құрамы екі есеге көбейді. «Мұғалімдер газетінде» жарияланған конкурс бойынша институтқа басқа да жоғары оқу орындарынан мамандар келді: жаратылыстану және география кафедрасының меңгерушісі лауазымына Томск университетінен келген Ф.К.Сташевский, физика кафедрасының меңгерушісі міндетін атқару лауазымына Одессадан келген Альтман сайланды. Ұлттық ағарту комитетінің жолдамасы бойынша Ленинград университетінің түлегі В.К. Иванова орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде келді. ҚазССР Ұлттық ағарту комитеті комиссиясының қорытындысында айтылғандай, алғашқы жылы-ақ институт оқу бірліктерін қамтитын мұғалімдер институты, даярлау курстары, 5-7 сынып мұғалімдерінің біржылдық курстары, әлеуметтік құрылыс жұмыскерлерінің курстары бар оқу комбинатына айналды. Комбинаттың барлық бөлімшелерінің басшылары мен оқытушылары негізінен институт қызметкерлерінен құралды. Олар мектеп директорлары мен оқу ісі меңгерушілерінің семинарларын ұйымдастырды, ал пән оқытушылары үшін дәріс оқыды.
Мұғалімдер институтының екінші оқу жылы алғашқы түлектердің бітіру жылы болып саналды. Бітіруші студенттер Ұлы Отан соғысы басталған уақытта дипломдарын алды.
1941 жылғы 27 шілдеде Қостанай мұғалімдер институтының алғашқы түлектері мемлекеттік емтихандарын тапсырып, дипломдарын алды. Ал 28 шілде күні сағат 6.00-де Отанды қорғауға майданға аттанды. Басым көпшілігі соғыстан оралған жоқ.
Ұлы Отан соғысының бас кезінде институт тек қана алғашқы қадамдарын жасады. Оқытушылар құрамы мен студенттер түгелдей өзгерді. Соғыстың алғашқы жылында-ақ 22 студент, 8 оқытушы және институт қызметкерлері И.П. Найденов, Х.Ф. Юманкулов, Т.М.Мусакулов, М.Б. Гренадер, Б.Н. Шибаев, Г, Асанов, Попов және Бисембаев Қызыл әскерге аттанды. Көпшілігі майданнан оралған жоқ. Олардың ішінде математик Б.Н.Шибаев, физик Попов, қазақ тілінің оқытушысы Г. Асанов, шаруашылық бөлімі директорының көмекшісі Бисембаев, студент Киселев және тағы басқалары.
Соғыс жылдары институттың оқытушылар құрамы қоныс аударып келген жоғары оқу орындарының қызметкерлерімен толықты. Физика және математика кафедрасын П.Г.Куликовский, жаратылыстану және география кафедрасын профессор Л.И. Никонов, педагогика кафедрасын профессор Б.Б. Резник басқарды. Дәрістерді доцент Матлин, Спиноза, Егорин және басқалары жүргізді. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында белгілі еврей жазушы-драматургі Л.Б. Резник қызмет атқарды. Жаңа білікті кадрлардың көптеп келуі 1942 жылдың күзінде институтта орыс тілі және әдебиеті бөлімі мен тиісті кафедраны ашуға септігін тигізді.
1944 жылы институтқа Амангелді Иманов есімі берілді. Институт басшылары соғыс жылдары өзгеріп отырды. И.П. Найденов әскерге кеткен соң, институт директорының міндетін О.Л. Белинская, содан кейін В.И. Сунцов атқарды. Ғылыми-оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары қызметін қостанайлықтардың ішінде алғашқы ғылым кандидаты дәрежесін алған Ф.К. Сташевский атқарды. Соғыстан кейінгі жылдары институт Пушкин және Ташкент көшелерінің қиылысындағы төңкеріске дейін салынған шағын ғимараттардың бірінде орналасты. 1946 жылы институттың жалпы ауданы 145 шаршы метр жерді қамтитын студенттерге арналған жатақханасы болды. Институт ұдайы жаңа кадрлармен толығып отырды. 1948 жылы орыс тілі мен әдебиет кафедрасына ҚазМУ-дан жас мамандар келді, нәтижесінде олар институт ардагерлері атанды. Олар: Н.И. Кандалин, И.Т. Кирдяев, В.И. Кандалина, О.Д. Павлова. Сол жылы институт жұмысына Н.И. Кандалин кірісті, кейіннен ол орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.
1949 жылы инстиутта тарих факультеті ашылды. 50 жылдардың бас кезінде мұғалімдер институтының басшысы тағайындалды. Институт директоры С.П. Терентьев, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасар Н.И. Кандалин болды. Сырттай оқу бөлімін И.Т. Кирдяев басқарды.
1955 жылғы тамыз айында педагогикалық институтқа студенттерді алғашқы қабылдау жүзеге асырылды. 400-ден астам түлек оқуға түсуге өтініш білдірді. Емтихандар сәтті өтіп, жаңа оқу жылында институт дәрісханаларында 300 студент оқуға кірісті. Алғашқы студенттердің арасында бірнеше медалистер болды. Жыл сайын институтта оқитын студенттердің саны өсті. 1954-55 оқу жылы олардың саны 731-ге жетті. Жыл сайынғы бітіруші түлектердің саны 100 адамға артылып отырды.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы 1 шілдедегі өкіміне сәйкес және орта мектеп мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру мақсатында сол жылдың 5 шілдесінде мұғалімдер институтының базасында Қостанай педагогикалық институтын құру шешімі қабылданды. Институт құрамында күндізгі оқу бөлімінде 75, ал сырттай оқу бөлімінде 50 студенті бар орыс тілі мен әдебиеті және физика-математика факультеттері болды. 1956 жылдың қыркүйегінде институтта орыс тілі, әдебиет және тарих, математика, физика және сызу мамандықтары бойынша оқу айқындалды.
1958 жылы конкурс өтуіне байланысты, институтқа ғылым кандидаттары К.Г.Газизов, Б.М. Вольфсон, Н.П. Макушин шақырылды.
1959-1960 оқу жылы екі жаңа – педагогика және бастауыш білім әдістемесі мен физика және жалпытехникалық пәндер бөлімі ашылды. Келесі оқу жылында осы бөлімдердің алғашқысы бастауышты оқыту әдістемесі факультеті (БОӘ) болып қайта құрылды. Аталмышфакультетті Қостанайға белгілі педагог, үш орденнің иегері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, мұғалім, мектеп директоры, облыстық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, кейіннен мұғалімдерді жетілдіру институтының директоры болып қызмет атқарған Б.Д.Мелехин басқарды.
Сырттай оқу бөлімінің жүйесі қалыптасты. 1960 жылы оның құрамында 4 факультет болды: математика, әдебиет, тарих және бастауышты оқыту әдістемесі. Бірнеше жыл бойы сырттай оқу бөлімін Г.Д. Жантөрин басқарды.
Институттың материалдық – техникалық базасы жыл өткен сайын жақсара түсті. 1958-1959 оқу жылында Таран көшесіндегі оқу ғимаратын біртіндеп іске қосу үрдісі басталды. Толықтай салынып бітпеген оқу ғимаратында сабақтар оқытылып, зертханалар мен кабинеттерді қажетті жабдықтармен қамтамасыздандыру жұмыстары жүргізілді. Институт оқу шеберханасы, кітапхана, оқу залы, әкімшілікке арналған арнайы бөлмелер, деканат, дәрігерлік пункт және шаруашылық бөлімдер үшін арнайы жайлар бөлуді жөн көрді. 1959 жылы құрылыс аяқталып, жалпы ауданы 1662 шаршы метр жер, толық көлемде 14 кабинет, 9 дәріс оқитын дәрісхана, акт залы, оқу залы, кітап қоймасы, қосалқы жайлар қолданысқа берілді.
1957 жылы Ұлы отан соғысының ардагері Л.А. Сердкин институт директоры болып тағайындалды. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы аспирантураның түлегі К.М. Туманшин тарих-филология факультетінің деканы болды. Кейіннен ол ғылым докторы, профессор атағын иеленіп, ғылымикоммунизм, саясаттану және басқа да кафедралардың меңгерушісі, сондай-ақ оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.
1959 жылғы маусымнан бастап институт директоры (ректоры) болып тарих ғылымдарының кандидаты К.Г. Ғазизов тағайындалды және ол осы қызметін 1971 жылға дейін атқарды.
1972 жылы А. Иманов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына КСРО 50 жылдығы атауы берілді.
1979 жылы сырттай оқу бөлімі сырттай оқу факультеті болып қайта құрылды. Факультеттің тұңғыш деканы болып тарих ғылымдарының кандидаты, доцент И.К.Терновой тағайындалды. 1982 жылы ол ректор болып сайланды.
1981 жылғы қыркүйектен бастап институт жанында жалпы білім беретін мектеп директорларының біліктілігін көтеру факультеті жұмысына кірісті. Аталмыш факультетті В.И. Овчинникова басқарды.
Жылдан-жылға профессорлық-оқытушылық құрам сапалық және сандық жағынан айтарлықтай жақсара түсті. 1984 жылдың 1 қаңтарында оқытушылар ұжымы 226 адамды құрады, оның ішінде 72 оқытушының ғылыми дәрежесі мен атақтары болды. Сонымен қатар институтта 81 адам оқу-көмекші қызметкер, 29 кітапханашы, 9 жалпыинституттық кафедра және факультеттерде 21 кафедра болды.
1984 жылы педагогикалық институт ұжымы он бірінші бесжылдықтың үшінші жылының тапсырмаларын сәтті және асыра орындағаны үшін, КСРО Ағарту министрлігі жүйесінің ұйымдары мен мекемелерінің арасында өткен жалпыодақтық социалистік жарыста жеңімпаз атанды. Оған КСРО Ағарту министрлігі мен ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекеме қызметкерлері кәсіподағы орталық комитетінің Қызыл жалауы берілді. 80-90 жылдары Педагогикалық институт жыл сайын бітіруші түлектердің санын 700-900-ға жеткізіп, облыс пен Қазақстанның Солтүстік аймақтарын барлық мамандықтағы мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды. 1990-1991 оқу жылы 34 кафедрада ғылыми дәрежесі бар 93 оқытушы, оның ішінде 3 профессор мен ғылым докторлары қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 6 тамыздағы № 662 қаулысымен ол Қостанай университеті болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулы етеді: ҚР Білім министрлігінің бюджеттен бөлінген қаржысының шегінде 1992 жылғы тамыздан бастап КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын Қостанай мемлекеттік университеті етіп өзгерту туралы Қазақстан Республикасының экономика бойынша Мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің ұсынысы қабылдансын.
Педагогикалық институт университет құрамында 12 жылдай болды. Осы уақыт ішінде негізінен мұғалімдік мамандық сақталып қалды, алайда олардың кейбірі қайта өзгертілді. Мектептер тиісті білімі бар мұғалімдерге зәру болды. Педагогикалық институтты қайта құру идеясын қалың жұртшылық оң қабылдады. 2004 жылы Үкімет республикада 5 педагогикалық жоғары оқу орнын, оның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын құру туралы шешім қабылдады. Осылай 2004 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасында заманауи оқу орны ретінде педагогикалық институт пайда болды.
Заманауи педагогикалық институт – мұғалімдер, тәрбиешілер, т.б даярлаумен айналысатын ғалымдар мен педагогтердің, студенттер, аспиранттар мен магистранттардың шығармашылық одағы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты – 8 факультет, оның ішінде 1939 жылы құрылған 4 классикалық және 2004 жылы ашылған қазіргі заманғы мектептерге аса қажетті 2 жас факультеті бар күрделі ағза. Бұл жантану-педагогикалық факультеті мен жантану, педагогика және жантану, бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі оқу және тәрбие, музыкалық білім, бейнелеу өнері мен сызу, аспаптарда орындау секілді мамандықтары бар өнер факультеті. Педагогикалық институт білім беру жүйесі үшін 20 мамандық бойынша мұғалімдерді даярлайды.
Педагогикалық институттың пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студенттер арасында тәрбие жұмысын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын негізгі құрылымдық оқу-ғылыми бөлімі кафедра болып табылады. Педагогикалық институтта 24 кафедра бар. Онда 254 оқытушы, оның ішінде екі доктор, профессор, 53 ғылым кандидаты, доцент жұмыс істейді. Курстарды жоғары білікті, жұмыс тәжірибелері мол мамандар оқиды. Олар: Қ.М.Баймырзаев, А. Күзембайұлы, В.С. Макотченко сияқты ғылым докторлары және Т.Ж.Тасқожина, И.К. Терновой, Я.К. Духин, В.Н. Новиков, А.Ф. Дайкер, И.Г. Путиев, В.И. Жаркова, Л.И. Елфимов, Н.Ф. Демина, Т.Ш. Бикташева, И.Б. Маркос, С.А. Жакаева, З.И. Утина, К.Г. Ханапин, Н.В. Важева және басқа да ғылым кандидаттары.
2004 жылдың 1 сәуірінде ЖОО жаңадан педагогикалық мәртебесін алып, университеттен бөлініп шықты. Қазіргі таңда институттың профессор-оқытушылық құрамы мұғалімдерді даярлауда сапалы жетілдіру жүйесін қалыптастыру міндетін шешуде. Сонымен қатар оқу жоспарлары мен оқу-тәрбие үрдісінің барлық кешенін жетілдіру бағдарламасын бір жүйеге түсіру мәселелерімен айналысуда. |
Рикмерс сары шаяны (лат. Anomalobuthus rickmersi) – Қазақстанда сирек кездесетін сарышаян түрі. Қазақстан мен Орта Азиядағы жеке типті байырғы туысқа жатады. Қазақстан мен Орта Азия жерінде: Оңтүстік Өзбекстан, Жетісу, Тұран ойпаты шөлдерінде бөлектеніп кездеседі. Жартылай бекінген және сусымалы құм белестерін ұнатады. Інін құмда салады. Түнгі уақытта белсенді, Түркіменстанда (Репетек) 21:00-4:00 сағатқа дейін белсенді. Мұндай мерзімдік белсенділігі наурыздың соңы, сәуірдің басы және шілденің соңы, тамыздың басында байқалады. Таралу аймағының оңтүстік бөлігінде (Шығыс Түркіменстанда, Оңтүстік Өзбекстанда) түр саны едәуір жоғары, ал Қазақстанның барлық жерінде саны төмен. Тіршілік ететін жерінде малдың шектен тыс жайылуы және шаянның басқа түрлерімен қоректік бақталастығы түрдің санын өсірмейді.
## Дереккөздер |
Самарский Михаил Алексеевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1927 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Көкпекті ауданы, Подгорный селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1941 жылы Жданов атындағы колхозға кіріп 1947 жылға дейін егіншілер бригадасында жұмыс істейді.
* 1947 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болады. Сол жылы қажырлы еңбектің арқасында оның бригадасы бидайдың 10 гектар алқабының әр гектарынан 30 центнерден астық алып, жоспарды асыра орындайды.
* 1954 жылдан Өрнек МТС-да жұмыс істейді.
* 1960 жылдан Ұзынбұлақ совхозында агроном болады.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии |
Рысқұлова Жамал - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1905 жылы Алматы облысы, Еңбекші-Қазақ ауданы, Қаракемер ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1938-1945 жылдары "Алға" колхозында колхозшы болды.
* 1945 жылы егіншілер бригадасының звеношысы етіп тағайындалады.
* 1946 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.
* 1947 жылы оның бригадасы межеленген 11 центнердің орнына әр гектардан 20 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Гавриил Дмитриевич Синягин (1888-1955) - Социалистік Еңбек Ері (1947), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1888 жылы Ресейде, Пенза губерниясы, Инсарск уъезі, Никольско-Пестровка селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 12 жасынан байларда жалшы болады.
* 1910-1918 жылдары әскер қатарында қызмет етеді.
* 1918 жылдан бастап тұтынушылар қауымдастығы жүйесінде басшылық құрамында істейді.
* 1940 жылы "Пролетарий" колхозының председателі болады.
* 1945-1955 жылдары Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданы, Ворошилов атындағы колхоздың председателі болып істейді. 1946 жылы колхоз 60 гектар жаздық бидай алқабының әр гектарынан 30 центнерден, ал астық дәнді дақылдардың барлық алқабының әр гектарынан межеленген 9 центнердің орнына 12,5 центнерден дән жинап, социалистік жарыста жеңіп шығады.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1947)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии |
Кириченко инелігі — өте сирек кездесетін түр. Бірлі-жарым данасынан ғана белгілі. Алдыңғы Азия, Ауғанстан және Қазақстанның оңтүстігінде таралған. Әдеттегі реофил. Дернәсілі ағысы қатты тау және жазықтық өзендерінде дамиды. Дернәсілдерінің дамуы екі жылға созылады. Ересектері жаздың ортасында ұшады. Тыңайтқыштарды пайдалану және гидроқұрылыстарды салу кезінде судың табиғи ағысын бұзу, сонымен қатар егістіктердегі суару кезінде судың ластануы түр санына әсерін тигізіп отыр.
## Дереккөздер
* "Ғажайып омыртқасыздар" Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Алматыкітап 2005 ж. |
Смаглюк Дмитрий Силович - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, тракторшылар бригадасының бригадирі. 1915 жылы Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Қордай ауданы, Благовещенск селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1930-1936 жылы Буденный атындағы колхозда колхозшы болып еңбек етеді.
* 1936 жылы Успенов МТС-да тракторшы болады.
* Ұлы Отан соғысы жылдары майданда болып, ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және екі медальмен наградталады. Армияда КОКП мүшелігіне өтеді. Соғыстан оралғаннан кейін өз жұмысын жалғастырады. Жұмысындағы жақсы көрсеткіштерін ескере отырып оны тракторшылар бригдасының бригадирі етіп тағайындайды.1947 жылы оның бригадасы тракторлық жұмыстарды 150% орындап, 2,5 т жанар-жағармай үнемдейді. Тракторлық жұмыстар жоспарын асыра орындаумен қатар жер өңдеу жұмыстарының сапасын да арттырады. Соның арқасында колхоз жаздық бидай себілген 189 гектар жердің әр гектарынан 22,2 центнерден астық алады. 1948 жылы да жоспарды артығымен орындайды.
* 1947 жылы оның бригадасы тракторлық жұмыстарды 150% орындап, 2,5 т жанар-жағармай үнемдейді. Тракторлық жұмыстар жоспарын асыра орындаумен қатар жер өңдеу жұмыстарының сапасын да арттырады. Соның арқасында колхоз жаздық бидай себілген 189 гектар жердің әр гектарынан 22,2 центнерден астық алады. 1948 жылы да жоспарды артығымен орындайды.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Нағыз сайрақтар туысы (Turdus) – торғайтәріздес құстар отрядының сайрақтар тұқымдасына жататын негізгі туысы . Нағыз сайрақ туысты құстардың дене мөлшері сайрақтар ішінде біршама ірілеу ( 60-150 г ), қанаты – ұзын және құйрығының іші дөңгелек ; құйрығының ұзындығы - қалыпты . Аяғы күшті , ағаштардың бөрікбастарында , сондай-ақ жерде секендеп жүруге бейімделген . Тұмсығы – бунақденелілермен қоректенетін құстар үшін әмбебап дерлік мықты орман құстары . Сонымен бірге жемін жерден , орман төсенішінен көбірек іздестіреді , ал ұрпағын ағаш бастарынан өргізеді . Аузы ашық тостаған сияқты ұяларды ағаштын бөрікбасына орналастырады . Ұяларға тән ерекшеліктер – ұяның түбі мен қабырғасын топырақпен сылайды . Ұя астына жылыта алмайтын құрғақ шөп төсейді .Жаз соңында және жылдың салқын уақыттарында жидекпен қоректенуге көшеді , сөйтіп жидекті ағаштар мен бұтақтардың тұқымдарын таратуға таратуға себепкер болады . Жабын қауырсындарының реңі көбіне көріксіз , көптеген түрлердің аталықтары мен аналықтарының реңі бірдей . Жақсы сайрайтын түрлері көп , кейбіреулері сайрау жағынан тіпті бұлбұлдан кем түспейді . Қоңыржай белдіте – жыл құстары , кейбір түрлері ғана кей жерлерде – отырықшы көшпенді . Нағыз сайрақ туыстылар 63 түрді қамтиды . Қазақстанда солардың тоғызы : қылғытпа сайрақ , қара сайрақ , қаражемсаулы сайрақ , ақжемсаулы сайрақ , қызылжемсаулы сайрақ және әуезшіл сайрақ , сондай- ақ аққабақ сайрақ және Наумандық сайрақ кездеседі . |
Ақжемсаулы сайрақ ( Turdus torqyats ) – қара түсті болғандықтан , қара сайраққа ұқсастау болғанымен , ерекшеленетін құс . Еуропа ормандарында мекендейді . Қазақстанда тек қана Орал қаласының маңынан және Маңғышлақ түбегінен кездейсоқ кездескені белгілі . |
Евгений Владимирович Плужник (6 наурыз 1975 жыл, Қаражал, Қазақстан Республикасы) — «ВТУ» Мәскеу Технологиялық Институтының алғашқы проректоры, Moscow Business School бас директоры, «Legal Bridge» консалтингілік компаниясының аға серіктесі, YEES Халықаралық конференциясы программалық комитетінің авторы және жетекшісі, елдердің бәсекеге қабілеттілігінің жыл сайынғы әлемдік рейтинг-шолуының ресейлік блогының сараптама кеңесінің (IMD World Competitiveness YearBook) мүшесі.
## Ғұмырнама
1992 жылы орта мектепті тәмамдады1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Басқарудың және ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдады2001 жылы Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады2011 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясына Doctor of Business Administration (DBA) дәрежесін алу үшін түсті
## Кәсіби қызметі
1993 жылдан бастап 2001 жылға дейін "Болевар" ЖШС құрылтайшысы және бас директоры болды (тау-кен саласындағы компаниялардың қойма есебін және бухгалтерлік есебін автоматтандыру).2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Тау-кен-өндірістік қаржы компаниясының» Сыртқы экономикалық қызмет (ВЭД) бойынша директоры болды.2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін Инталев-Казахстан компаниясының әріптесі және бас директоры болды.2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін Еуразия холдингілік компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі болды.2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәскеу бизнес мектебінің бас директоры және әріптесі болып табылады.2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәскеу технологиялық институтының бірінші проректоры болып табылады.2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Лигал-Бридж компаниясының аға әріптесі болып табылады.
## Ғылыми қызметі
Қашықтан оқыту, бұлттық технологиялар, корпоративтік басқару жүйелері мәселелері бойынша 20-дан астам жарияланымдары бар.Кейбір жарияланымдары
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. Виртуалды оқыту саласы: тәсілдемелерді түсіну және жүзеге асыру: Монография. – М.: «ВТУ» МТИ, 2010. – 138 б.
* Алексеев В.Е., Матвеев А.И., Плужник Е.В. MS OFFICE форматындағы электронды оқу-әдістемелік материалдарын СДО форматына аудару технологиясы//Телематика – 2012: Тр. XIX Бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік конференциясының еңб. Т.1. – СПб: Санкт-Петербург мемлекеттік дәл механика және оптика институты (СПбГИТМО), «Информика» Мемлекеттік ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар ғылыми-зерттеу институты (ГНИИ ИТТ), 2012. – 74-75 б.
* Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Плужник Е.В. МВА инновациялық бағдарламаларының технологиялары // Телематика-2010: XVII Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб. – Спб., 2010. – 51-52 б.
* Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. ЖАҺАНДАНУ КООРДИНАТТАРЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ //Білім – табысқа апаратын жол. «YEES 2012» халықаралық форумы: Ғылыми еңбектер жинағы /Редалқа Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. /Жауапты ред. В.И.Солдаткин. – М.: «ВТУ» МТИ, 2012. – 14-19 б..
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В. Your Education Enables Success // Білім – табысқа апаратын жол. «YEES 2012» халықаралық форумы: Ғылыми еңбектер жинағы /Редалқа Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. /Жауапты ред. В.И.Солдаткин. – М.: «ВТУ» МТИ, 2012. – 9-13 б.
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В. Қашықтан білім берудің білімдік консорциумы iUniversity //Заманауи білім беру ортасының бүгіні мен ертеңі: VI Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (Мәскеу, 30 қыркүйек 2009 ж.) /Жауапты ред. В.И.Солдаткин. – М.: Рособразование, 2009. – 226-228 б.
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. Электронды білім берудің дамуының өзекті бағыттары //Заманауи ақпараттық қоғамдағы білім беру, экономика, құқық. III бөлім / VIII Бүкілресейлік ғылыми конференциясының материалдары - М.: С.Ю.Витте атындағы МУ, 2012. - 317-323 б.
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. МВА саласындағы МТИ инновациялық жобалары//Телематика – 2012: Бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік конференциясының еңб. Т.2. – СПб: Санкт-Петербург мемлекеттік дәл механика және оптика институты (СПбГИТМО), «Информика» Мемлекеттік ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар ғылыми-зерттеу институты (ГНИИ ИТТ), 2012. – 277-278 б.
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. iUniversity білімдік консорциумы //Қашықтан білім берудің сапасы: тұжырымдамалары, мәселелері, шешімдері: XI Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, 4 желтоқсан 2009 ж.- М.: Мәскеу Мемлекеттік Индустриалдық Университеті (МГИУ), 2009. – 85-88 б.
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. Қазіргі заманғы қоғамдағы электронды оқытудың беталыстары //Ресейдің жоғары мектебіндегі ықпалданған білім беру жүйесінің қорытындылары және келешегі: білім беру – ғылым – инновациялық қызмет: II Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб., 26-28 қазан 2011 ж.- М.: Мәскеу Мемлекеттік Индустриалдық Университеті (МГИУ), 2011. – 69-72 б.
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В., Солдаткин В.И. Трансұлттық білім беру: беталыстар мен императивтер //Өндірістегі, ғылымдағы және білім берудегі жаңа технологиялар: II Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдарының жинағы, 23-24 қараша 2010 ж. – Орынбор: МТИ, Орынбор қаласындағы филиалы, 2010. – 12-24 б.
* Литвинов В.Ф., Солдаткин В.И., Бубнов Г.Г., Плужник Е.В. Үлестіріп бөлінген қашықтан оқытудың ұйымдық модельдері //Білім беру ортасының бүгіні мен ертеңі: VII Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары /Жауапты ред. В.И.Солдаткин. – М.: Ресей Білім және Ғылым Министрлігі, 2010. – 116-117 б.
* Малышев Н.Г., Солдаткин В.И., Бубнов Г.Г., Плужник Е.В. Жаһандану координаттарындағы кәсіптік білім //Білім беру – экономика – құқық: түрлендіру үдерістері және тиімділік критерийлері: VII Бүкілресейлік ғылыми конференциясының материалдары – М.: Мәскеу Экономика, Менеджмент және Құқық Институты (МИЭМП), 2011. – 685-689 б.
* Плужник Е.В., Бубнов Г.Г., Астахова Т.А., Баженова Н.В., Батыршина М.Р., Ильина О.Г. ДОТ-тың пайдаланылуымен бизнес-білім беру бағадарламаларын жүзеге асырудағы инновациялық тәсілдеме//Білім беру ортасының бүгіні мен ертеңі: VII Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары /Жауапты ред. В.И.Солдаткин. – М.: Ресей Білім және Ғылым министрлігі, 2010. – 138-140 б.
* Е.В. Никульчев, Е.В. Плужник Бұлттық инфрақұрылымдағы білім беру жүйелерінің тиімділігін арттыру
* Никульчев Е.В., Паяин С.В., Плужник Е.В. Бұлттық инфрақұрылымдағы программалық-конфигурацияланатын желілердің трафиктерін динамикалық басқару
* Бубнов Г.Г., Егоров В.Ф., ПлужникЕ.В., Пушкарев И.В., Солдаткин Е.В., Солдаткин В.И. АҚШ және Ресей университеттерінің дамуындағы жаһандану // "Телематика-2013" XX Бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік конференциясының еңбектері, 24-27 маусым 2013 ж. - Т. 1. - СПб,2013. - 57-58 б.
* Бубнов Г.Г., Плужник Е.В. Интернет-Жоғары Оқу Орнын жайғастырудың заманауи үлгілері // "Телематика-2013" XX Бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік конференциясының еңбектері, 24-27 маусым 2013 ж.- Т. 1. - СПб, 2013. - 80-81-б.
* Плужник Е.В.,Никульчев Е.В. Гибридті бұлттық инфрақұрылымдағы әлсіз құрылымдалған деректер базасы, "Ғылымның және білім берудің заманауи мәселелері ", 2013 ж.
## Кәсіптік куәліктері
* Université de Fribourg сертификаты «Экономикалық үдерістердің жаһандану жағдайларындағы еуропалық жоғары білімнің даму беталыстары»;
* «Білім беру ортасы – 2009» XI Бүкілресейлік форумының дипломы – ресейлік білім беруді қайта жаңғыртуға бағытталған жобаларды жетілдіргені және көрсеткені үшін;
* Білім беру жөніндегі федералдық агенттіктің Білім беруді ақпараттандыру саласындағы ғылыми-техникалық шешімдер, білім беру өнімдері және қызметтері бойынша Бүкілресейлік шығармашылық конкурсының Лауреатының Дипломы (Мәскеу, 29.09-02.10.2009) - «Ресей ашық білім беру порталы» Федералдық білім беру порталын жетілдіргені үшін (Moodle, v.1.9 платформасындағы жүйелік жүзеге асыру);
* Жоғары кәсіптік білім беру саласындағы ғылыми жетілдірулер, инновациялық шешімдер және бағдарламалар бойынша Бүкілресейлік шығармашылық конкурсының Дипломы.
* «Бүкілресейлік Көрме Орталығының (ВВЦ) Лауреаты» Бүкілресейлік Көрме Орталығының (ВВЦ) құрметті (алтын) медалі, «Білім беру ортасы – 2010» XII Бүкілресейлік форумының іс-шаралары шеңберінде Жоғары Оқу Орнының ұсынылған ғылыми және ғылыми-техникалық жетілдірулеріне жеке қатысқаны және басқарғаны үшін.
## Ескертпелер
## Сілтемелер
* https://www.facebook.com/epluzhnik
* http://www.linkedin.com/in/pluzhnik
* http://www.fitbit.com/user/24VSNH
* http://nikeplus.nike.com/plus/profile/EvgeniyPluzhnik/
* https://twitter.com/EPluzhnik
* http://www.slideshare.net/Pluzhnik
* [«ВТУ» Мәскеу технологиялық Институты»]
* MBS |
Сайрақ тұқымдастар (лат. Terdidae) – 70 туыстан құрылған, 300-ге жуық түрлерді біріктіретін ең үлкен торғай тұқымдас құстарға жататын түқымдастардың бірі.
Сайрақ тұқымдастардың сандуғаш тұқымдасы және шыбыншы тұқымдасына көп ортақтастығы бар, сондықтан кейбір мамандар – жүйелеушілер 3 тұқымдастардың барлығын бір үлкен тұқымдастарға біріктіреді. Бұл дұрыс емес. Сайрақ тұқымдастар басым көпшілігі шағын денелі (200 г шамасында) бунақденелілермен қоректенетін торғай тұқымдас орман құстары. Денесі созыңқылау, қанатының ұзындығы қалыпты, құйрығы ұзынырақ құстар. Дене мөлшері ұқсас басқа торғай тұқымдастардың өкілдеріне, мысалы, сандуғаш немесе шыбыншы тұқымдастарына қарағанда бұлардың аяғы жіңішке және ұзындау екені байқалады. Қауырсын жабыны болбырдан гөрі тығызырақ, реңі алуан түрлі - көптеген түрлерінде қорғаныш реңінен, кейбіреулерінде ашық түске дейін құбылады. Аталығы әдетте аналығына қарағанда ашық реңді болып келеді, ал ұялау кезіндегі жасануы – бойлай созылған алабажақ түс. Көптеген түрлердің аталықтары тек қана бірінші көбеюден соңғы, яғни өмірінің екінші жылында толық жасана алады.
Жұп түзіп ұялайды, кейбір түрлердің жұбы топтасып орын тебуді ұнатады. Олардың ұялары бірінен-бірі алшақ болмайды. Аузы ашық тостағанша тәрізді ұялар ағаштардың және бұталар бұтақтарына кейбір түрлердікі тастардың қалқасы, жастарға, тағы басқа жасырын түрде жерге орналасады. Жұмырқаларында көгілдір түс басым, теңбілдік дәрежесі әр түрлі жасылдау немесе қызыл болып келеді. Жұмыртқа басуға аталыққа қарағанда аналық көбірек қатысады. Балапандарды ата-енелері ұяда-екі аптаға жуық, олар ұшып кеткен соң тағы сонша уақыт қоректендіреді. Көпшілігі бір жазда екі рет балапан өзгізіп үлгереді. Түрлердің көппшілігі жаз соңында, көбею маусымы біткеннен кейін, әсіресе түлеу кезінде жидектермен қоректенуге көшеді.
Қоңыржай ендіктерде сайрақ тұқымдастар-жыл құстары немесе көшпенді құстар, сонымен қатар көшпенді құстар қыстың бір бөлігінде жидектермен қоректенеді. Құстардың бұл түрлері жидекті ағаштар мен бұталардың таралуында үлкен рөл атқарады. Өйткені тұқым құстардың ішек жолымен өткен кезде тіршілігін жоймастан, оның есесіне термохимиялық тазартудан өткендей, тіпті өнгіштігін арттырады. Антарктида және Жаңа Зеландиядан басқа бүкіл жер шарына таралған құстар түрі.
Қазақстанда сайрақ тұқымдастардың 13 туыстан:
* шақшақтар туысы,
* тасшымшықтар туысы,
* бұлбұлдар туысы,
* тоғай бұлбұлдар туысы,
* қызылқұйрықтар туысы,
* сайрақтар туысы,
* алабажақ сайрақтар туысы,
* шұбар сайрақтар туысы,
* ақтамақ бұлбұлдар туысы,
* таңшымшықтар туысы,
* көкқұстар туысы,
* сусайрақтар туысы,
* көкқұйрық сайрақтар туысы тастардан 37 түрі кездеседі. |
Әуезшіл сайрақ (лат. Turdus philomelos) — Сайрақ тұқымдасының Сусайрақтар туысына жататын шағын (60-50 г.) құс .
Қылғытпа сайрақтың екі есе кішірейтілген көшірмесі тәрізді. Оны тек қана ұшып жүргенде сарғыш қызыл қошқыл реңді қолтық қауырсындарынан (қылғытпа сайрақта оның түсі ақ) жақсы ажыратуға болады. Сайрақтар туысындағы ең жақсы сайрағыш құс, бәлкім сайрақ тұқымдастардың барлығының арасындағы әуезшіл құс болуы да мүмкін. Өйткені оның әуенін көптеген білетін адамдар, тіпті бұлбұлдың сайрауынан артық санайды .
Еуропа және Азияның орманды зонасында кең таралған. Қазақстанда тек қана Батыс Алтайда, Риддер және Зырян өңірінде ұялайды. Қалған жерлерде көктемгі (сәуір - мамыр ) және күзгі (қыркүйек - қазан) ұшып өту кезінде анда-санда көзге түседі. Бір жылда 2 рет балапан өргізіп үлгереді. Салындыдағы 4-7 қошқыл теңбілді көгілдірлеу жасыл жұмыртқаларды аналығы 11-12 күн басады. Балапандарды ұяда ата-енелері 14-16 күн бунақденелілермен қоректендіреді, дегенмен жаз соңында жидек жуге көшеді. |
Көк сайрақтар туысы (лат. Monticola) — Қазақстан фаунасындағы торғайтәрізділер отрядының Сайрақ тұқымдасына жататын 13 туыстың бірі. Көксайрақ туысты құстардың дене мөлшері орташа (40-60 г). Бунақденелілер қоректі құстар сырттай қарағанда тасшыбжық пен нағыз сайрақ арасындағы өтпелі туыс. Сайрақтардан айырмашылығы - тұмсығы біршама ұзын және құйрығының қысқалығы байқалады. Ал тасшыбжықтан айырмашылығы - құйрығында және құйрықүстінде ақ түстің болмауы. Қылығы және қимылы қызылқұйрық пен тасшыбшықтан аумайды. Әуені сайрақ типті, әдемі. Таулы ландшафтарда және жартастары, бұталары бар және ашық үлескілі жерлерде қоныстанады. Аузы ашық тостаған тәрізді ұяларды жердегі тас астына немесе жартастардың жарығына орналастырады. Жұмыртқаларының реңінде көкшіл түс басымырақ. Бунақденелілермен қоректенеді, жыл құстары, жеке жұп түзіп өмір сүреді.
Көксайрақтар туысында 7 түр бар, олардың 5-еуі тек қана Африкада, 2-еуі кеңірек таралған, соның ішінде Қазақстанның таулы өңірлерінде (шұбар сайрақ және көк сайрақ) кездеседі.
## Дереккөздер |
Алабажақ сайрақ - дене мөлшері қараторғайдай құс. Аталығы алабажақ реңі бойынша ерекше көрінеді: бауыры-қызғылтсары. Аналығының жоны – бойлай созылған қошқыл алабажақтары бар қошқыл сары қоңыр, бауыры-ақшыл, құйрығы-қызғылтсары. Жас балапандар алғашқы жылы аналыққа ұқсас болады. Қазақстанда оңтүстік-шығыс тауларында(Тәңіртау, Жоңғар Алатауы, Сауыр,Тарбағатай, Оңтүстік Алтайда)сондай-ақ Қазақстан ұсақ шоқырларынде мекен етеді.
Бұл тау құсы жартастардың шығар аузы ашық үлескілерімен кездесетін жартастарды ұнатады. Нағыз орманға жоламайды. Қартоық ери бастаған соң сәуірде ұшып келеді.Аталықтар жартстарда ұзақ сайрайды,кейде қанатын кең жайып қалықтап құйсойнақ жасап ұшады.Жұп түзілген соң көп кешікпей аналық жартастың аспа тұсына немесе ірі тастардың қалқасына тостаған тәрізді қомақты ұя жасайды.Салындыдағы 4-5 көгідір жұмыртқыларды да аналғы басады. Алайда балапандарды да ата-енелері қоректіндіреді. Қыркүйекте ұшып кетеді. |
Ала сайрақ – торғай тәріздестер отрядының сайрақ туыстары,сусайрақар туысына жатаын торғайдың үлкендігіндей кішкене құс. Аталығы және аналығының реңі – ақ қара түсті: жоны,мойны,төсі қанаты мен құйрығы- қара,маңдайы құйрық түсті,қанатындағы көзтартары және бауыры-ақ.Сарыарқа тәріді су бетіне тақау ұшады.Қорегі-ұсақ су жәндікері.Өмір сүру дағдысы аз зерттелген.Бұл-оңтүстіктің құсы.Қазақстанда Ақсу-Жабағалы қорығында бірнеше рет кездескен,бұдан 20 жыл бұрын тіпті ала сайрақтың ұясы табылған.Алайда бұдан кейін ала сайрақты бұл жерден ешкі көзге түсіре алмаған. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.