text
stringlengths 3
252k
|
---|
## Құрылуы
Тарих пен танымның қайнар көзі болып табылатын, тарих қойнауынан сыр шертетін ұлағатты орындардың бірі ретінде облыстағы Ақсу аудандық І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейін айтуға болады. Музей Алматы облыстық мәдениет комитетінің 1991 жылғы 3 шілдедегі № 59-шы бұйрығы бойынша бекітіліп, құлагер ақын І.Жансүгіровтың 100 жылдық мерейтойына орай 1994 жылы салтанатты түрде ашылды. Содан бергі жылдарда музей ауданы қонақтары мен келушілерге қажетті деңгейде қызмет көрсетуде.
Музей ғимаратының тарихы сонау Жетісудағы алғашқы білім ошақтарының бірі – Мамания мектебімен сабақтасып жатыр. Мәселен, бұрынғы Мамания мектебі Қарағаштан көшіріліп әкелініп салынған. Ғимарат талай жылдар бойы мектеп интернаттың кейіннен құрылыс техникумының оқу сыныптары болған. Кейіннен оның музей болып қалыптасуына, жәдігерлердің жинақталуына белгілі мұғалім, алғашқы директоры К.О.Омаров көп еңбек сіңірген. Музей қызметкерлерінің басты мақсаты облыс және аудан қонақтарын өлкенің табиғаты мен тарихымен таныстырып, насихаттау. Сондай-ақ музей ісін жандандырып, ғылыми негізде жұмыстар атқару.
## Мұражай директорлары
* Омаров К.О. (1991-1993жж.)
* Дүбірбаев Д. (1993-2002жж.)
* Жумагелдина Ж. (2002-2005жж.)
* Рысқұлова А. (2005-2006жж.)
* О.Т. Көбетов 2006 жылдан бері басшылық етуде.
Бүгінгі күні музей қорындағы музейлік маңызы бар заттар саны 517 болса, оның ішіндегі 186-і негізгі қорды, 331-і ғылыми көмекші қорды құрайды.
## Мұражай экспозициясы
Музей экспозициясы жалпы алты бөлімнен және тәуелсіздік бұрышы қойылған кіреберіс бөлмеден тұрадыЕскілік мұраладан бастау алатын «Археологиялық» бөлімде осы өлкенің ежелгі мекендеушілер және олардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті жайлы мол мағлұмат береді. Олардың ішінде қазіргі Ақсу ауданының жерінде біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде адамдардың мекен еткені туралы археологиялық деректер де бар. Табиғат бөлімінде ауданның жан-жануарлары мен құстар әлемі және тамаша көрсетілген өсімдіктер дүниесі өлкенің табиғи байлығымен жан-жақты таныстырады. Қазақ халқының сан мыңдаған жылдық тарихында бірнеше рет жойылып кету қаупін басынан кешіргені тарихтан мәлім. Келесі «Тарих» бөлімінде қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі туралы экспозициялар орналасқан. Олар 1723-ші жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары мен бүгінгі мемлекетіміздің шекарасын қасықтай қаны қалғанша сақтап, жеткізген халқымыздың хандары, билері, сұлтандары мен қас батырламыздың суреттері. Сонымен қатар, музейдің «Этнография» бөлімінде қазақ халқының тұрмыс-салты, мәдениеті мен қорлөнеріне қатысты экспонаттар қойылған. Олар: қазақ киіз үйінің ішкі жиһаздары, тұрмыстық заттар, ұлттық киім-кешектер, күмістелеген ер-тұрман мен музыкалық аспаптар.
Осы музейден Жетісудың атақты ақыны, Алаш зиялыларының бірі – І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына да арнайы бір бөлім берілген. Экспозицияда ақынның өміріне қатысты құжаттар мен фотосуреттер хронология бойынша өрбіп, соңынан оның ізбасарлары – Жетісудың ақын-жазушыларымен аяқталады.
Ақсу өңірінің әр саласында еңбегі сіңіп, ел құрметіне бөленген азаматтарына келесі «Ардагерлер» бөлмесі арналған. Бұл бөлімнің қабырғасында соғыс және еңбек ардагерлерінің суреттері, құжаттары мен марапаттары берілген. Музей әрдайым көпшілікпен және БАҚ-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Әсіресе, жастар арасында түрлі іс-шаралар өткізіп, олардың патриоттық рухта тәрбиеленуін қамтамассыз етуде.
## Дереккөздер |
## Тарихы
Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында өткен ғасырдан сыр шертетін тарихи – музей ашылды.Бұл музей үйін 1899 жылы казак-орыстар діни мектеп үшін салғызған. 1938 жылы қыркүйекте қазақ орта мектебі ашылды. Ұлы Абай есімі мектепке 1945 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойына орай берілді. Сол мектепті 1958 жылы бітірген 42 түлектің бірі – бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Мектеп жаңа ғимаратқа көшкен соң, бұл үй мектеп жанынан жатып оқитын балалар жатақханасы болып өзгереді. Ғимарат интернат қызметін 90-шы жылдарға дейін жалғастырады. Кейінірек интернат жабылып қалды да, бұл үй мектеп мұғалімдері, негізінен жас отбасылары тұратын пәтерге айналдырылды.Осы ескі мектеп ғимаратын музейге айналдыру мәселесін қозғап, 1997 жылдың қаңтарында Абай атындағы қазақ орта мектебінің сол кездегі директоры Мәрия Мұқанова мен бүгінгі ел Президентін білім нәрімен сусындатқан майдангер ұс0таз Исаев Сейітхан екеуі Елбасына арнайы хат жазып, жеке қабылдауын өтінеді. Сол жылғы 15 мамыр күні Елбасы Сейітхан ата мен Мәрия апайды Алматыдағы резиденциясында жылы шыраймен қабылдады. Сөйтіп, аудандағы музей мәселесі оң шешімін тауып, орта мектептің ескі үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
## Мұражайдың құрылуы
Музей Алматы облысы әкімі шешімімен 1999 жылы 24 қыркүйекте құрылды. Ал ресми ашылуы осы жылдың 30-шы тамызында болған еді. Музейдің алғашқы директоры болып Мұқанова Мария Мұсатайқызы тағайындалды. Жылына музейді 3000-нан аса көрермендер тамашалайды.
Музейде ғасырлар қойнауына кеткен аудан тарихына байланысты, Елбасының жасөспірім кезінен, жігіттік дәуіріне дейінгі және тұлға болып қалыптасуына байланысты 2000-ға жуық әртүрлі мағыналы да құнды фотоқұжаттар, материалдық жәдігерлер саны бар. Оның ішінде – 899-ы негізгі қорға жатса, 1048-і көмекші қорға тіркелген. Барлығы – 1947 экспонат.
## Музей залдары, витриналары, экспонаттары
Музейдің залдары мен бөлімдері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жеріне арналған. Олар «Тәуелсіздік» залы, «Археология», «Тарих» залдары, «Аудан мен қала тарихы» залы. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған 4 зал бар: «Балалық шағы», «Мектеп кезеңіне» арналған зал, «Есею жылдары» және «ҚР Тұңғыш Президенті» залы. «Ауданның бүгінгі күнгі жетістіктері» залында аудан территориясында орын алған өндірістік мекемелер, мектептер, мәдени орталықтар, спорт жетістіктері қатысты мәліметтер жинақталған.
Музей Мемлекетіміздің символы - «Тәуелсіздік монументінен» басталады.
Музейдің келесі залы Қарасай өңірінің көне археологиялық бастауын елестетеді. Мұндағы жәдігерлер тарихи реттілікпен орналасқан. Алғашқы витринада осы музейге еңбегі сіңген еліміздің басты археологтары Карл Байпақов пен Жәкен Таймағамбетовтардың фотосуреттері ілінген. Палеолит кезеңінің пышақ, қырғыш сияқты еңбек құралдары, Темір дәуірінің бұйымдары, Қола дәуірінде пайдаланған мыс қазан мен ортағасырлық қыш ыдыстар, мыс теңгелер т.б. жәдігерлер өз ретімен археология бөлімінде орын алған. ---Сонау заманынан бастап Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуына ат салысқан басшылар мен мемлекет қайраткерлері туралы үлкен стендтен танып білуге болады. Онда Керей ханның, Қасым ханның, Есім ханның, Салқам Жәңгірдің, Тәуке ханның, Абылай ханның суреттері бейнеленген, сонымен бірге қазақтың төбе билері Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билердің де фотосы осында ілулі.«Ауданның ортағасырлық кезеңі» залы бойынша экскурсия Қарасай, Наурызбай, Әйтей батырлардың ерлігімен таныстырудан басталады. Көрерменнің назарын осы бөлмедегі Нұржан Қарымсақовтың «Қарасай батыр бабамыздың шайқасы» атты суреті бірден тартады. Бұл майлы бояумен салынған жас суретшінің картинасы, қазақ батырларының жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі қаһарманды күресін айқындайды. Сонымен қатар бұл залда қазақ батырларының әскери сауыты, ат әбзелдері, металлдан құйылған зергерлік бұйымдар және Елбасының жеке қорынан алынған экспонаттар орын алған.
Келесі залда Қаскелең ауданының құрылуы мен қалыптасу тарихы баяндалады. Тұрмыстық бұйымдар, сол кезде қолданылған ақша-банкноттар, облигациялар, сирек кездесетін бірегей құжаттар осы залдың негізгі экспонаттары. Сонымен қатар, қайраткер тұлғалар С. Керімбеков, Б. Әшекеев, Ж. Бәрібаев, П. Виноградов тәрізді азаматтар мен сол кезде ақындық өнерімен танылған ақын айтыскерлер, әншілер Қаражанова, Итақов, Нұрлыбаевтың, Керімбековтың, Молдабековтың, Ұябаевтың, Әлімқұловтың, Бақыт Әшімованың фотосуреттері жеке стендке ілінген. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің суреттері, сол кісілердің әр кездердегі кездесу сәттері бейнеленген фотосуреттер, кітаптар, соғыста қолданылған заттар көрсетілген. Ауданның алғашқы басшылары мен хатшыларының фотосуреттері, басқа ұлт өкілдерінің тұрмыстық заттары бар бұл бөлім – ауданның құрылуы мен қалыптасуын көрсетеді. Сондай-ақ бұл бөлімнен музейдің Приходск училищесі болған кездегі фотосуретін, православ шіркеуі ғимаратының, Любовинск станицасының тұрғындарының фотосуреттерін тамашалауға болады. Жамбылдың қанттан құйылған мүсіні мен Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл музейінің қасында орналасқан кесенесінің макеті қойылған.
Музейде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағынан, жігіттік дәуірінен, қайраткер басшы болған кезеңінен елес беретін фотосуреттер мен экспонаттар да арнайы залдарда орын алған. Осы залдар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2000, 2002 жылдары өзімен бірге алып келген және де Президенттің жеке қорынан алынған экспонаттармен, фотосуреттермен толықтырылған. Осы залдағы үлкен экспозициямыз Нұрсұлтан Әбішұлының әулетіне арналады. Стендте Әбіш Назарбайұлының портреті ілінген. Стендте Нұрсұлтанның анасымен 1962 жылы түскен портреті ілінген.
«Текті білу тексіздікке ұрындырмайды», – дей отырып алғашқы экспозиция «Шежіре» кестесі ілінген витринадан басталады. Онда Бәйдібек баба, оның үш әйелінің бірі Зәріп анадан тараған Жалманбет, Шапырашты, Малды Ыстық, Есқожа, Алтынай, Қарасай, Көшек, Айдар, Мырзатай, Қамбаба, Еділ, Назарбай, Әбіш, Нұрсұлтан... сияқты даңқты есімдер жазылған. Сонымен бірге мұнда Әбіш Назарбаевтың отбасының фотосуреті ілінген. Осылармен бірге витринада «Президенттің балалық шағы» атты Бейбіт Сапаралының екі кітабы мен қарт ұстаз Сейітхан Исаевтың «Ұлы дала перзенті» атты кітабы қойылған. Бұларда Нұрсұлтан Әбішұлының ғұмырбаян деректері, естелік-толғаулар молынан қамтылған. Ал, экспозицияның ең құнды дүниесі болып, Әлжан апамыздың қолы тиген ұршығы бүгін де көпшіліктің назарын аулауда. Әрі қарай Үшқоңыр ауылындағы орталық мешіттің макеті тұр. Президенттің туып-өскен жері Үшқоңыр төбесі бейнеленген, өлшемі 2х3-ті билборд музейіміздің ортасынан орын алып отыр.
Ал, келесі залдағы экспозиция Нұрсұлтан Әбішұлының Шамалған ауылында оқыған кезеңіне арналған. Витринаның төрінде Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін бастауыш сынып пәндеріне оқытып, қолына алғаш қалам ұстатқан ұстаз Тәкура Алғадайқызы Ысмайылованың фотосуреті ілінген. Шамалғандағы ескі мектеп үйінің фотосуреті және «бестіктер» қатары тізілген Н. Назарбаевтың үлгерім табелі қойылған. Нұрсұлтанның бала кезіндегі досы Виктор Мельниченкомен және бозбала кезіндегі достары Қайсар Дыбысовпен және Қасымбек Бекдайыровпен түскен фотосуреттері ілінген.
Одан кейінгі витрина Қаскелең қаласындағы Абай орта мектеп-интернатында өткен жылдарына арналады. Залдың сол жақ бетінде орналасқан стендте Абай мектебінің ескі ғимаратының (қазіргі тарихи-өлкетану музейі) фотосуреті ілінген. Келесі, 1957-1958 жылдары жоғары сыныпта оқыған болашақ Президентті білім нәрімен сусындатқан ұстаз-тәрбиешілер - Әбдірахман Байжанов пен (1948-1968 жылдар аралығында мектеп директоры), Сейітхан Исаевтың (1948 жылдан тарих пәнінің мұғалімі және Н. Назарбаевтың класс жетекшісі болған) фотосуреттері, Абай мектебінің алдындағы салтанатты жиын, соңғы емтихан алдында 1958 жылғы түскен Елбасының фотосуреттері және ортаға Абай мектебінің 1957-1958 оқу жылының 21-ші түлектерінің виньеткасы, «Ұлан» газетінің 1990 жылы шыққан нөмірінде Президенттің мектеп кезіне арналған мақаласы ілінген. Сонымен қатар экспозицияда жасөспірім Нұрсұлтанның «Юный натуралист» үйірмесіне қатысқан 1958 жылғы суреті, 1955 жылы кластастарымен түскен суреті және 1958 жылы Қаскелең қаласында 1-Мамыр мейрамы кезінде ту ұстаушылар қатарында тұрған Нұрсұлтанның фотосуреттері ілінген. ---Осы залда скульптор Абдрахмановтың Елбасының жасөспірім кезіне арналған мүсіні қойылған.
Кішірек витринада қойылған пионерлік барабан мен сырнай сол өткен кезеңдерден елес беріп тұрғандай. Осы витринаның жоғарғы жағына ілінген стендте Абай мектебінде ашылғалы бері еңбек еткен ұстаздардың фотосуреттерімен, осы мектептің ашылуына ат салысқан ұстаз Әбіжан Байсалбаевқа арналған «Первый учитель» мақаласы жазылған «Ленинская знамя» газетінің 1967 жылғы нөмірі ілінген. Залдың ортасынан орын алған Нұрсұлтан Әбішұлы оқыған кездегі парта, қылқалам, сиясауыт және 50-ші жылдардағы шот келушілер назарын өзіне тартады.
Ендігі музейіміздің келесі залы Нұрсұлтан Әбішұлының ер жетіп, есейіп, еңбекке араласқан кезеңінен елес береді. Осы залдың бір витринасы Нұрсұлтан Әбішұлының сол кезеңдегі өмір жолына арналып, комбинатта жұмыс істеген кезінен суреттері ілінген.Еліміздің тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай Алматы жолаушылар таситын автопарк ұжымы сыйға тартқан Елбасының бейнесімен тоқылған кілем төрдің басынан орын алған.Келесі витринада Теміртау тақырыбын жалғастыра отырып, металлургия комбинатының жұмыс костюмін, бас киімін, қорғаныш бас киімдерін көруге болады.Ары қарай, витринада Елбасына берілген мәртебелер жинақталған. Атап айтсақ, «Алматы облысының құрметті азаматы», «Қызылорда облысының құрметті азаматы» және «Қарасай ауданының құрметті азаматы» деген куәліктер мен медаль-значоктары қойылған. Осы витриналардың жоғарғы жағындағы стендте Нұрсұлтан Әбішұлы 1984 жылы Республика Министрлер кеңесінің төрағасы болған кездегі фотосуреттері, белгілі қайраткер Д. Қонаевтың суреттері ілінген.ҚР Тұңғыш Президенті залына біздің келушілер ерекше қызығушылық танытады, өйткені мұнда Тұңғыш Президентке әр көздерде басқа мемлекет басшыларынан сыйға тартылған сыйлықтары жинақталған. Елбасының бейнесімен құйылған фарфор ваза Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың сыйлығы және үндістердің қасиетті түтігі қойылған витрина экспозицияны жалғастырады.
1995 жылы 29-сәуірде өткізілген референдумда сайлаушылардың 95,46% Н. Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылдың 1-желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде пікір білдірді. Сол кезеңдерді бейнелейтін фотосуреттер залдың сол жағында ілінген стендте көрсетілген. Және де 2005 жылғы 4-желтоқсандағы сайлау барысында 91,15% дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы обсалютті жеңіске жеткеніне де тарих куә. Сол жеңіске жету сәті мен Елбасының Ант беру рәсімі кезіндегі фотосуреттері, ҚР Президентінің Анты ілінген. Сайлау кезіндегі үгіт-насихат жүргізу брошюралары, кітаптар қойылған.Келесі витринада ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан қолғап пен космосқа барып қайтқан еліміздің байрағы мен қазақ жері салынған капсула қойылған. Одан әрі «Нұрсұлтан Әбішұлы мен Сара Алпысқызы Назарбаевтар» скульптурасы экспозицияны жалғастырады. Скульптураның авторы - В.А. Чепелик.
Әрі қарай «Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ елінің негізін қалаған көшбасшы», - деп аталған витринада ғарышкерлер Т. Мұсабаевпен және Т. Әубәкіровпен бірге түскен фотосуреті, ұлттық валютамыздың енгізілуі туралы жарлығы мен фотосуреті, Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы мен фотосуреті, 2010 жылы ОБСЕ-ге төрағалық еткен кездегі фотосуреті, ҚР Қарулы күштерінің фотосуреттері ілінген. Және жер сілкінісін бақылайтын құрал «Геофон» макеті, академик Қ. Сәтпаевқа арналған медаль, Нұрсұлтан Әбішұлының еңбектері жинақталған. Олар, «Қазақстан – 2030», «Еуразия жүрегінде», «Эпицентр мира», «Ғасырлар тоғысында» және «Сындарлы он жыл».
2000 жылы Ресей Федерациясының қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рушайло сыйлаған табиғи тас пен қоладан жасалған үстел сағаты да көрерменнің назарын өзіне аударады. Ал, «Тройцк маңайы» деп аталатын, табиғи тастардың үгіндісінен жасалған, осы қаланың бір әдемі ауласы бейнеленген картина адамға керемет әсер беретіні сөзсіз және «Зубр» мүсіні де келушілердің қызығушылығын арттырады. Бұл дүниелер Белорусия Республикасының Президенті А. Лукашенконың сыйлықтары.-- Музейдің құнды экспонаты - Нұрсұлтан Әбішұлының өз қолымен сыйға тартқан өзін-өзі жеген айдаһар мүсіні де осы залға қойылған. Ол – «өмір шексіз, өмір бітпейді ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді» деген мағына береді.Елбасының Қарасай ауданына келген сәттері бейнеленген фотосуреттері, аудан картасы, ауданның атауын өзгерту туралы Елбасының үкімі ілінген стендтер «Қарасай ауданының бүгінгі күнгі жетістіктері» деп аталатын залдың бастауы болып келеді. Бүгінгі күні бой көтеріп, елге қызмет көрсетіп келе жатқан мекемелердің, ауданның мәдени-ағарту жұмыстарынан елес беретін суреттер және спорттағы жетістіктерінен, аудан спортшыларының фотосуреттері, сыйлықтары мен медальдары жинақталған.
## Дереккөздер |
Қаракерей Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейі 1990 жылы қазан айында құрылды. 1991 жылы тарихи-өлкетану музейі болып ашылды. 1991 жылы халық батыры Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдық тойынан кейін, 1993 жылы музейге Қабанбай батырдың есімі берілді.
## Тарихы
Бұл Қабанбай ауылында салынған тарихи ғимараттың тарихы тереңде жатыр. Музейге кіре берісте оң қанат, сол қанат болып екіге бөлінетін екі басы бар. Сол қанатта орналасқан үй Лепсі уезінің бай көпесінің үйі болған. 1935 жылы бай-шонжарларды тәркілегенде үйін бұзып алып, осы жерге орналастырған. Оң қанатта орналасқан үй Қызыл әскер штабының үйі. Екеуі де бөрене ағашынан салынған. Екі үйді қосып тұрған ортадағы кең зал қызыл кірпіштен салынған. Осы тарихи орындарды сақтай отырып, аудан тұрғындарының сұрауы бойынша музей құрылған.
Музейдің жалпы көлемі 518,1 шаршы метр. Экспозициялық зал көлемі 311 шаршы метр. Музейлік маңызы бар материалдар саны 837, оның ішінде 348-і негізгі қорды құрайды. Олардың ең құндысы экспозиция залдарында ұсынылған. Олар: Самаурын (1892ж.), зерленген кимешек (ХІХғ.), күміс сырға (ХІХғ.), ет салатын астау (ХІХғ.), қыштан жасалған құмыра (Х ғ.). Музей залдарында ұсынылған экспонаттар ауданның бай әрі сұлу табиғаты мен көне тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы туралы сыр шертеді. Музей: «Тәуелсіз Қазақстан», «Өлкеміздің табиғаты», «Археология», «Қабанбай батыр», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлкенің тарихы», «Этнография» залдарынан тұрады.
## Реставрация
Музейге алғаш жөндеу жұмыстары 2004 жылы жүргізілді. 2010 жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы бойынша музейге толық күрделі жөндеу жүргізілген. 2011 жылы музей залдарына безендіру жұмыстары жүргізілді.
## Мұражай директорлары
* Алғаш музейді Ұлы Отан соғысының ардагері Б.Әміреев басқарған.
* 1999-2012 жылдар аралығында музейді Қанағатова Нұрсиха Сейсембекқызы басқарған.
* 2012 жылдың маусым айынан Сүлейменова Гаухар Серікқызы басқарған.
* 2013 жылдың тамыз айынан Қожахметова Жазира Әбеубәкірқызы директорлық қызметін атқарып келеді.
## Мұражай залдары
### Археология залы, Гаган қаласы
Терістік-шығыс Жетісуда орта ғасырларда әлемге белгілі 6 қала болған. Бұл қалалардың ұзындығы 100 м-ден 1 км-ге дейін созылған. Солардың бірі Алакөл бойында орналасқан Гаган (Көктұма) деген қала болған. Оның куәсі қыштардан, тастардан жасалған ыдыстар мен бұйымдар
### Қабанбай залы
Қаракерей Қабанбай (1691-1769 жж.) – жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысқан халық батыры. Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағұл батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың елін шапқан батыры Жарғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп кегін қайтарады.
Келесі зал қазақтан шыққан тұңғыш-инженер – теміржолшы, жалған жаламен репрессияға ұшыраған М.Тынышпаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін экспозициялық комплекстен тұрады.
«Тәуелсіздік» залында Әнуар Әлімжанов өмірін және қызметін баяндайтын экспозициялық кешен орналасқан.
Этнография залында орналасқан қазақ киіз үйі мен орыс үйінің көрінісі мен тұрмыстық заттары келушілердің назарын аударады.
## Дереккөздер |
Хан Шатыр — Астана қаласында орналасқан ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы, 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған.
## Сипаттамасы
Хан Шатыр — әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. «Хан Шатыр» СОСО — бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады[дереккөзі?].
Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады[дереккөзі?]. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ тордан тұратын алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізе отырып, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалдардың бірі болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы — 2300 тонна, шатырдың биіктігі — 150 метр.
Хан Шатырдың ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге, ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.
Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері — Норман Фостер.
Бас мердігер Түркияның Sembol Constractoin құрылыс серіктестігі.
## Қызмет көрсету аясы
Бұл ғажап құрылыстың салынуына барлық қала тұрғындарымен қатар, әлемнің барлық жетекші сауда компанияларының өкілдері де тағатсыздықпен зор қызығушылық танытты. Тиімді жалға беру, бутиктер мен дүкендерді орналастыру шеберлігі жіті ойластырылғандықтан, сауда орындарында дүние жүзіне танымал бренділердің барынша кең көрініс тапқан «Хан Шатыр» орталығында Қазақстанда тұңғыш рет әлемге әйгілі Debenhams сауда желісінің әмбебап дүкені ашылды. Бұл компания 120 жылдан бері жаһандық сауда айналымында өзінің нәтижелі бизнесін сәтті жүргізіп келеді. Осы компания өнімдері сатылатын сауда орталығының көлемі 3 мың шаршы метрді құрап отыр. Сол сияқты мұнда Mudo Concept бренділерін сататын 1500 шаршы метр аумақта сауда орталығы ашылған. Бұл компания астаналықтарға қонақ үйлердің, мейрамханалардың, дәмханалардың және барлардың барлық қажетті бұйымдары мен техникаларын ұсынып келеді.
Бүкіл сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатын «Хан Шатыр» сауда орталығы Астанадағы ең үлкен гипермаркетке айналған.
Сауда алаңдарынан басқа «Хан Шатыр» орталығында «RIXOS SPA» фитнес және СПА орталықтары жұмыс істеуде. Ғимараттың әрбір қабатында мейрамханалар мен дәмханалар бар. Оларда дүние жүзі асханаларының тәжірибелі аспаздары астаналықтар үшін тіл үйіретін дәмді ас дайындап, ұсынып келеді. Ал алтыншы қабатта жүзу бассейні, аквапарк және [әмбебап, жабық жағажай орын алған. Осының нәтижесінде бұл орталыққа келіп демалушылар құс жолы биіктігінен Астананың көрікті келбетін тамашалай алуға мүмкіндік алып отыр.
«Хан Шатыр» орталығында бірнеше кинотеатрлар көрермендер үшін дүниежүзіне кеңінен танымал «Chaplin Cinema» компаниясы әлемде шыққан соңғы жаңа фильмдерді ұсынып келеді. Бұл құрылыс ғимараты орналасқан алаңда ғажайып шатырмен қатар Астанада баламасы жоқ 38 метр биіктіктегі мұнара орналасқан. Сонымен бірге мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар.
## Ойын-сауық орталықтары
### Fame City ойын-сауық орталығы
Fame City ойын-сауық орталығы балаларға ғана емес, ересектерге де арналған 100-ден аса түрі бар ойындарын тамашалауға шақырады.
Fame City өзінің алуан түрлі қызықтыратын ойындарымен, ойын-сауық түрлерімен келген отбасылар үшін ұмытылмас әсер қалдырады. Келушілер ойын-сауықтың алуан түрін тамашалап, үрейлі үңгіртаудан пойызбен темір жолмен өтіп, «Алтын шахта» ойыны ұмытылмас бір сезімде қалдырады.
### Mini City
Mini City, Fame City де орналасқан Мини қалашық. Ата-аналар ХанШатыр СОСО да сауда жасаған уақытында балаларды түрлі үйірмелермен, кәсіптік оқуға шабыттандырады.
### Су Аттракционы
Су Аттракционы - су каналдары және ағаш қайықтары бар, көтерілімі 4 м, құламасы 7 м, жан-жағы ағашпен және көрікті өсімдіктермен қоршалған аттракцион.
### Құлау Мұнарасы
Астана қаласындағы өзінің түрі бойынша ең биік аттракцион, биіктігі 38 метр қызықтыратын ойын түрі еркін құлау сезімін сезінгілері келетіндер үшін арналған. Аттракцион Хан Шатырдың негізгі кіре беріс есігіне қарсы орналасқан. Құрылғы Италиядан әкелінген, өзінің алдын-алу және жылыту жүйесімен жабдықталған. Бір уақытта 12 адамға дейін сыйдыра алады.
### Моно Рельс
Моно Рельс аттракционы созыңқылығы 500 м, Хан Шатырдың барлық периметрі бойынша өтеді. Биіктігі 25 м жерден барлық тамаша көріністі паш еткендей. 4 үңгіртаудан өтеді. Үңгіртаулар жарық пен анимацияға толы.
## Әлемдік брендтер
Хан Шатыр СОСО-да 50 ден астам әлем брендтері орналасқан. Соның ішінде:
* Adidas
* Zara
* Lacoste
* FLO
* NewYorker
* Bershka
* GAP
* The Timberland Company
* Reebok
* Swarovski
* Mexx
* Levi Strauss & Co. (Levi's)
* KFC
* Burger King
* COLIN’S
* Де-Факто
## Тамақтану аймағы
### KFC
KFC фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-қабатта орналасқан. KFC – АҚШ, Кентукки штаты, Луисвиллада құрылған фаст-фуд мейрамханалардың желісі. Бұл жерде негізінде тауық еті, рап, сэндвич, салат ұсынады. Бірақ негізгі тағам болып – қуырылған тауық болып саналады.
### Krusty Krabs
Krusty Krabs фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-қабатта орналасқан. Krusty Krubs-та алуан түрлі тағамдарды, және де балаларға арналған ас мәзір бойынша тағам таңдауға болады.
### Turka
Turka – белсенді адамдар табысатын орын. Сонымен қатар, осы жерде донер, лахмаджун, пахлаваны да табуға болады. Мексикан және итальян асханасын ұнататындар, осы жерде нағыз спагетти және бурито таба алады.
## Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығындағы қызмет атқаратын ірі компаниялар
### SSS — Security and Safety Service
Хан-Шатырдағы күзет мекемесі. Хан-Шатырды бақылау, қорғау, табу, қонақтардың жайлылығы үшін барынша қорғау күзет органы. Қәзіргі уақытта 50 ге жуық күзет жұмыс істеуде
### White Cleaning
WHITE CLEANİNG - Тазалау және Тазалық компаниясы. 60 ға жуық Персоналдардан тұратын ірі компания. Хан-Шатырды толығымен тазалықпен қамтамасыз етеді. «White Cleaning» 2018 жылдың каңтар айынан ашылған болып, қәзіргі уақытқа дейін өз қызметін көрсетіп келеді.
### Technic
TECHNIC (Техник)- Сауда орталықты техникалық жұмыстармен қамтамасыз етеді.
### Reception
RECEPTION - Сауда орталықтағы маңызды деректерді, сіз білмеген бутик пен дүкендерді сұрауға болады. Сондай-ақ Reception арқылы хабарлама беруге, жоғалған затты сол жерден алуға, авто-тұрақ уақыты біткені тұралы біле аласыздар.
## Сыртқы сілтемелер
* khanshatyr.com Хан Шатыр — ресми сайты
* Хан Шатыр Skyscrapercity.com сайтында
* Фостер энд Пратнерс
* Megastructures: World's Biggest Tent |
Су бұрқақ (латынша fontana «бұлақ», «бастау», «көз», «қайнар» деген мағынада) — табиғи немесе жасанды жолмен шығарылған судың атқылау құбылысы.
## Ортақ мәліметтер
Бізге табиғи жолмен пайда болға су бұрқақтар яғни гейзерлер (Йеллоустон паркы, Камчатка) белгілі.
## Музыкалы су бұрқақ
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
* |
Тәуелсіздік монументі — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген (2001 ж. 26 қыркүйектегі мәслихаттың 2-ші шақырылымының 12-ші сессиясының шешімі).
## Кешен жайлы
Кешен ғылымның, мәдениет пен мемлекеттің танымал қайраткерлерінің сәулетін, мүсіндерін, сөздерін біріктіретін бірегей көркемдік шығарма болып табылады. Стеланы жақтаушалайтын көркемделіп құйылған торкөздер Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты сайлануын баяндайды. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтайға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Құлпытастарға өткен мен бүгінгі күн тарихи тұлғаларының сөздері ойылып жазылған. Мұнда Президент Назарбаевтың келесі сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты.
## Тарихы
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (топ жетекшісі), мүсіншілері Нұрлан Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров. Тәуелсіздік монументі сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті Сүлеймен Демирел қатысты.
Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.
Тәуелсіздік монументінің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.
Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғасырдың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығармашылығы тоғыстығынан туған озық архитектор жәдігерлерінің біріне айналды.
## Авторлық ұжым
Жетекшілік жасаған Ш.Е.Уәлиханов; мүсіншілер – А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансұров, Қ.Сұраншиев, Қ.Сатыбалдин; сәулетшілер – К.Жарылғапов, К.Монтахаев; құрастырушы – С.Қаламқаров; құрылысшы- А.Ермегияев. Монумент 1996-1998 жылдары тұрғызылды. Кешен көлденең 180 метрге созылып жатыр. Пластикалық стела композицияның ортасы болып табылады. Ол өздігінен биіктігі 28 метрге жететін маңғышлақ құлпытастарына ұқсас. Биіктігі 6 метр болатын «атын адам» немесе қанатты барсқа билік жүргізіп отырған дала басшысын бейнелеп, қазақ жеріндегі нақты мемлекеттік билікті сипаттайды. Стела диаметрі 46 метрді құрайтын домалақ алаңның ортасында орналасқан диаметрі 28 метр жартылай доғал стилобатқа орнатылған. Стеланың төменгі бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай сөздер ойылып жазылған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды», «1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Стеланың аяқ жағында, стилобатта «Жер ана» және құлын үстінде отырған екі бала аллегориялық мүсіндер орнатылған. Мүсіндер дүниенің төрт бұрышына қарасты.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Сілтемелер
* Алматының назар аударарлық орындары(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
«Черкасск қорғанысы» мұражайы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мәдениет министрлігінің шешімімен 1968 жылы 1 қаңтарда азамат соғысы жылдарындағы ұрыс өткен жерде (1918-1919ж.ж.) құрылған. «Ұрыс кеңесі» ғимаратында ашылды. 1978 жылы осы ұрыс болған жерде жаңа тарихи-мемориалды мұражай кешені салынды. Азамат соғысы ардагерлерінің естеліктері көмегімен 1918-1919 жылдардағы соғыс қимылдарының көріністері - бас қолбасшы М.С.Никольскийдің, хатшының бөлмесі, «Ұрыс кеңесі» мүшелерінің отырыс залы қалыпқа келтірілді. Азамат соғысының аяқталуына 70 жыл толуы қарсаңында «Черкасск қорғанысы» мұражайы толық жөндеуден өткізілді. Қазақтың тұңғыш инженері, Турксіб теміржолын салушы, қоғам қайраткері, тарихшы және өлкетанушы, заңсыз репрессияға ұшырап, өлген соң ақталған жетісулық жерлесіміз Мұхаметжан Тынышбаев туралы жаңадан экспозициялық кешенді көрме ашылды. Мұражай жұмысының басты ерекшеліктері мұражайға келушілерді Жетісу өңірінің өткен тарихымен таныстыруға негізделген.
## Келушілерге арналып тарихи жәдігерлер қойылған көрме залдары
* ХІХ ғасырдың аяғындағы, XX ғасырдың басындағы Жетісу өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
* «Черкасск қорғанысының» құрылуы және қорғаныс аймағындағы соғыс қимылдары;
* М. Тынышпаевқа арналған «Сөнбес жұлдыздар нұры» атты тұрақты көрмесі.
* «Черкасск қорғанысына» қатысқандар туралы деректер;
* «Черкасск қорғанысы» жеріндегі бейбітшілік кезең.
## «Черкасск қорғанысы» тарихи-мемориалды мұражайының директорлары
* Фролов Евгений Георгиевич (1968-1972 жылдары);
* Кузьмина Нина Дмитриевна (1972-1973 жылдары);
* Харченко Вара Васильевна (1974 жылдан);
* Жогов Виктор Федорович;
* Харченко Вера Васильевна;
* Ракецкая Екатерина Федоровна (07.09.1988 жылдан бүгінгі күнге дейін)
## Мұражай залдары, экспонаттар
Мұражайға келіп кетушілерді сол кездегі Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы көрсетілген карта, Жетісу уезі бойынша орналасқан өнеркәсіп орындары мен Жетісу облысы мен басқа да облыс халықтарының ұлттық құрамы туралы деректер бей-жай қалдырмасы анық. Бірінші залда 1922 жылы 22 сәуірде жарыққа шыққан «Правда» газеті; Жетісу жерінде Кеңестік билікті орнатуда белсенді атсалысқан Жетісулық большевиктердің: П. М. Виноградовтың (1889 - 1932), Тоқаш Бокиннің (1890-1918), А. П. Емелев'тің (1894-1919), М. Масанчидің (1887-1938), А. Березовскийдің (1888-1918), К. В. Овчаровтың (1880-1918), Т. Утековтың (1970-1925) портреттері; «Известия» газеті; «Жер туралы декрет», «Бейбітшілік туралы декрет» құжаттары және «Ескі Лепсі өкіметі жойылсын», «Бейбітшілік жасасын!» деген жазулары бар тудың муляжы келушілердің қызығушылығын тудыратын тарихи жәдігерлердің бірі болып саналады. Сондай-ақ мұражайға келушілердің назарына Ресейдің орталық губерниялары: Чернигов, Полтавск, Харьковтан қоныс аударылып келген орыс халықтарының ағаштан жасаған үйінің кескіндеме көрінісі мен тұрмыста қолданылатын заттары: қыштан жасалған ыдыс түрлері, ыстық шоқпен қыздырып киім үтіктейтін үтік, «Зингер» іс тігін машинасы, кестелеп тігілген орамалдар мен ер және әйел адамдардың киім-кешектері қойылған. Мұражайдың келесі залы «Черкасск қорғанысы» аймағындағы ұрыс оқиғасы жайлы. Көрермендерді «Черкасск қорғанысының» карта-схемасы (1918-1919 жылдардың қыркүйек айлары), жауынгерлер Л. Х. Коряктың (1889-1947), В. С. Довбняның (1895-1932), «Черкасск қорғанысы» әскерін басқаратын Андреевск эскадронының командирі Т.Г. Горбатовтың (1896-1923), Лепсі атқару комитетінің төрағасы С. Подшиваловтың (1880-1937) фотопортреттері қызықтырады.Сонымен бірге көрме қойылымдарының қатарында сол кезеңдегі құжаттар көшірмесі, суреттер, соғыс қарулары мен 3, 6 дюймдік снарядтар жарықшақтары, оқтардың гильзалары мен сарбаздардың әскери формалары орын алған.1919 жылы кулак Н. Калашниковтың қолшоқпарларымен аяусыз өлтірілген РКП (б) мүшесі, Солтүстік Жетісу фронтының революциялық әскери кеңесінің председателі 1892 жылы туған А.А. Шавровтың өмірінен сыр шертетін құжаттар да жинақталған. Абишев Габдулла – Черкасск қорғанысының мүшесі, 1918 жылы Покатиловка отрядының штабында аудармашы қызметін атқарған. Черкасск қорғанысы сарбаздарымен бірлесіп Солтүстік Жетісу фронтымен байланысқа шығу жорықтарына қатынасқан. Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы (1891-1938) – уезд жер өндеу бөлімінің бастығы. Черкасск қорғанысы тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі – Көтібаров Әли Итаяқұлының (1831-1926) өмір деректері де келушілерді қызықтырады. 1897 жылы Петербургте әскери-медициналық академиясын бітірген. 1917 жылы қырғыз, орыс шаруалары депутаттарының Түркістан өлкелік атқару комитеті Кеңесінің мүшесі болды. 1918-1919жж. Черкасск қорғанысы лазаретінің бастығы болып қызмет атқарды. Ә. Көтібаров Черкасск қорғанысы орталығында әскери лазарет ашқан, құрамында 2 дәрігер, 4 фельдшер болған.Залдағы тағы бір көрнекті қойылымдардың бірі, ол – «Сөнбес жұлдыздар нұры» атты тұрақты экспозициялық қойылымы. М. Тынышбаевтың туғанына 115 жыл толуы мерейтойына арналған қойылымда жерлесіміздің өмір жолдары мен атқарған еңбектері туралы деректер жинақталған.Келесі көрме залы «Черкасск қорғанысы» ардагерлерінің бейбіт күнгі өмір деректерінен мағлұматтар береді. Онда М.А.Гарбузов, К.З.Гайворонский, П.Ф.Остапенко, Н.Шульга, З.В.Косаченконың өмір жолдарын баяндайтын фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар көшірмелері ұсынылған.
Азамат және Ұлы Отан соғысының ардагері, «Черкасск қорғанысы» колхозының председателі, «Социалистік Еңбек Ері» Иван Федорович Венедиктовтың (1933-1956) еңбекпен өрілген жылдары, қол жеткізген табыстары туралы құжаттары мен қолданған заттары (колхоздың құнды құжаттары мен касса ақшаларын сақтайтын сейф-кресло) қойылған. Өмір жолы жас ұрпақ үшін ерлік үлгісі болатын Черкасск қорғанысының ең жас мүшесі, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, кейіннен «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған (1947 ж.) Мойсеенко Василий Тарасович туралы құжаттар жинақталған.Бейбіт күнде бақытын еңбектен тапқан, Ұлы Отан соғысына қатысушы, алғашқы ерлік сабақтарын «Черкасск қорғанысы» окопында алған, медицина ғылымдарының кандидаты Шулешова Анна Ефремовна жайлы деректер орын алған.
Лепсі уезінің 13 елді мекені тұрған аумақта Черкасск қорғанысы соғыс қимылдарының негізгі бақылау пункті болғандықтан, осы соғыста қаза болғандар мен қатысушыларға арналып 1973 жылы 12 шілдеде «Черкасск жері жүректерде мәңгі сақталады» атты мемориалды кешені ашылды. Мемориалды кешен мұражайдан, Батырлар аллеясынан және мемориалдан тұрады.---Мұражай қоры 2040 көрме қойылымдарынан (экспонаттардан),оның ішінде 1512 негізгі қордан және 528 ғылыми көмекші құралдардан құрылған. Мұражай көрме қойылымдарының соңы мұражайға келушілер тарапынан жәдігерлерді толықтыру мен құжаттар алмасу және сыйлықтар ұсыну бөлімімен аяқталады.
## Дереккөздер |
Әуезхан Салықбаев - Социалистік Еңбек Ері (1966), озат теміржолшы. 1929 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Арыс қаласында туған.
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.
## Еңбек жолы
* 1944-1950 жылдары - Арыс стансасында вагон тіркеуші, техникалық кеңсе қызметкері.
* 1950 жылдан жол кезекшісі, механикаландырылған комплексті бригада бригадирі.
* 1961 жылы ол механикаландырылған төбешік кезекшісі мен маневрлік диспетчер қызметтерін қоса атқарудың бастамашысы болды. Басқарған ұжым өндіріске еңбектің озық әдістерін, әсіресе составтарды ажырату және құрастырудың түйдекті тәсілдерін енгізу нәтижесінде еңбек өнімділігі екі еседей арттырды.
## Жетістігі
* 7-ші бесжылдықта (1956-1965) ол басқарған комплексті бригада 13430 ауыр салмақты поезд құрастырып, нормадан тыс 3129 мың т жүк жөнелтті.
* 5-сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
## Наградалары
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Хан Шатыр — Астана қаласында орналасқан ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы, 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған.
## Сипаттамасы
Хан Шатыр — әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. «Хан Шатыр» СОСО — бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады[дереккөзі?].
Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады[дереккөзі?]. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ тордан тұратын алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізе отырып, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалдардың бірі болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы — 2300 тонна, шатырдың биіктігі — 150 метр.
Хан Шатырдың ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге, ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.
Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері — Норман Фостер.
Бас мердігер Түркияның Sembol Constractoin құрылыс серіктестігі.
## Қызмет көрсету аясы
Бұл ғажап құрылыстың салынуына барлық қала тұрғындарымен қатар, әлемнің барлық жетекші сауда компанияларының өкілдері де тағатсыздықпен зор қызығушылық танытты. Тиімді жалға беру, бутиктер мен дүкендерді орналастыру шеберлігі жіті ойластырылғандықтан, сауда орындарында дүние жүзіне танымал бренділердің барынша кең көрініс тапқан «Хан Шатыр» орталығында Қазақстанда тұңғыш рет әлемге әйгілі Debenhams сауда желісінің әмбебап дүкені ашылды. Бұл компания 120 жылдан бері жаһандық сауда айналымында өзінің нәтижелі бизнесін сәтті жүргізіп келеді. Осы компания өнімдері сатылатын сауда орталығының көлемі 3 мың шаршы метрді құрап отыр. Сол сияқты мұнда Mudo Concept бренділерін сататын 1500 шаршы метр аумақта сауда орталығы ашылған. Бұл компания астаналықтарға қонақ үйлердің, мейрамханалардың, дәмханалардың және барлардың барлық қажетті бұйымдары мен техникаларын ұсынып келеді.
Бүкіл сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатын «Хан Шатыр» сауда орталығы Астанадағы ең үлкен гипермаркетке айналған.
Сауда алаңдарынан басқа «Хан Шатыр» орталығында «RIXOS SPA» фитнес және СПА орталықтары жұмыс істеуде. Ғимараттың әрбір қабатында мейрамханалар мен дәмханалар бар. Оларда дүние жүзі асханаларының тәжірибелі аспаздары астаналықтар үшін тіл үйіретін дәмді ас дайындап, ұсынып келеді. Ал алтыншы қабатта жүзу бассейні, аквапарк және [әмбебап, жабық жағажай орын алған. Осының нәтижесінде бұл орталыққа келіп демалушылар құс жолы биіктігінен Астананың көрікті келбетін тамашалай алуға мүмкіндік алып отыр.
«Хан Шатыр» орталығында бірнеше кинотеатрлар көрермендер үшін дүниежүзіне кеңінен танымал «Chaplin Cinema» компаниясы әлемде шыққан соңғы жаңа фильмдерді ұсынып келеді. Бұл құрылыс ғимараты орналасқан алаңда ғажайып шатырмен қатар Астанада баламасы жоқ 38 метр биіктіктегі мұнара орналасқан. Сонымен бірге мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар.
## Ойын-сауық орталықтары
### Fame City ойын-сауық орталығы
Fame City ойын-сауық орталығы балаларға ғана емес, ересектерге де арналған 100-ден аса түрі бар ойындарын тамашалауға шақырады.
Fame City өзінің алуан түрлі қызықтыратын ойындарымен, ойын-сауық түрлерімен келген отбасылар үшін ұмытылмас әсер қалдырады. Келушілер ойын-сауықтың алуан түрін тамашалап, үрейлі үңгіртаудан пойызбен темір жолмен өтіп, «Алтын шахта» ойыны ұмытылмас бір сезімде қалдырады.
### Mini City
Mini City, Fame City де орналасқан Мини қалашық. Ата-аналар ХанШатыр СОСО да сауда жасаған уақытында балаларды түрлі үйірмелермен, кәсіптік оқуға шабыттандырады.
### Су Аттракционы
Су Аттракционы - су каналдары және ағаш қайықтары бар, көтерілімі 4 м, құламасы 7 м, жан-жағы ағашпен және көрікті өсімдіктермен қоршалған аттракцион.
### Құлау Мұнарасы
Астана қаласындағы өзінің түрі бойынша ең биік аттракцион, биіктігі 38 метр қызықтыратын ойын түрі еркін құлау сезімін сезінгілері келетіндер үшін арналған. Аттракцион Хан Шатырдың негізгі кіре беріс есігіне қарсы орналасқан. Құрылғы Италиядан әкелінген, өзінің алдын-алу және жылыту жүйесімен жабдықталған. Бір уақытта 12 адамға дейін сыйдыра алады.
### Моно Рельс
Моно Рельс аттракционы созыңқылығы 500 м, Хан Шатырдың барлық периметрі бойынша өтеді. Биіктігі 25 м жерден барлық тамаша көріністі паш еткендей. 4 үңгіртаудан өтеді. Үңгіртаулар жарық пен анимацияға толы.
## Әлемдік брендтер
Хан Шатыр СОСО-да 50 ден астам әлем брендтері орналасқан. Соның ішінде:
* Adidas
* Zara
* Lacoste
* FLO
* NewYorker
* Bershka
* GAP
* The Timberland Company
* Reebok
* Swarovski
* Mexx
* Levi Strauss & Co. (Levi's)
* KFC
* Burger King
* COLIN’S
* Де-Факто
## Тамақтану аймағы
### KFC
KFC фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-қабатта орналасқан. KFC – АҚШ, Кентукки штаты, Луисвиллада құрылған фаст-фуд мейрамханалардың желісі. Бұл жерде негізінде тауық еті, рап, сэндвич, салат ұсынады. Бірақ негізгі тағам болып – қуырылған тауық болып саналады.
### Krusty Krabs
Krusty Krabs фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-қабатта орналасқан. Krusty Krubs-та алуан түрлі тағамдарды, және де балаларға арналған ас мәзір бойынша тағам таңдауға болады.
### Turka
Turka – белсенді адамдар табысатын орын. Сонымен қатар, осы жерде донер, лахмаджун, пахлаваны да табуға болады. Мексикан және итальян асханасын ұнататындар, осы жерде нағыз спагетти және бурито таба алады.
## Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығындағы қызмет атқаратын ірі компаниялар
### SSS — Security and Safety Service
Хан-Шатырдағы күзет мекемесі. Хан-Шатырды бақылау, қорғау, табу, қонақтардың жайлылығы үшін барынша қорғау күзет органы. Қәзіргі уақытта 50 ге жуық күзет жұмыс істеуде
### White Cleaning
WHITE CLEANİNG - Тазалау және Тазалық компаниясы. 60 ға жуық Персоналдардан тұратын ірі компания. Хан-Шатырды толығымен тазалықпен қамтамасыз етеді. «White Cleaning» 2018 жылдың каңтар айынан ашылған болып, қәзіргі уақытқа дейін өз қызметін көрсетіп келеді.
### Technic
TECHNIC (Техник)- Сауда орталықты техникалық жұмыстармен қамтамасыз етеді.
### Reception
RECEPTION - Сауда орталықтағы маңызды деректерді, сіз білмеген бутик пен дүкендерді сұрауға болады. Сондай-ақ Reception арқылы хабарлама беруге, жоғалған затты сол жерден алуға, авто-тұрақ уақыты біткені тұралы біле аласыздар.
## Сыртқы сілтемелер
* khanshatyr.com Хан Шатыр — ресми сайты
* Хан Шатыр Skyscrapercity.com сайтында
* Фостер энд Пратнерс
* Megastructures: World's Biggest Tent |
Алматы-2 — Алматы қаласында орналасқан Қазақстан темір жол вокзалы мен станциясы
## Сипаттамасы
Вокзал фойесінде газет, дәріхана, кәдесый дүңгіршектері, пошта бөлімшесі, анықтамалық бюро орналасқан. Шығыс павильонында билеттерді алдын ала сату кассалары, мейрамхана, күту залы, Батыс павильонында жөнелту күні билеттерді сату кассалары, сақтау камералары бар. "Алматы 2" вокзалы күн сайын қызмет көрсетеді: жазда 3,5 - 4 мың адам, қыста 2,5-3 мың адам.
## Тарихы
Верный қаласында осы ауданда зират орналасқан, ал Абылай хан даңғылы Старокладищенская көшесі деп аталған. 1921 жылы зират сел тасқынымен жойылды.
Бастапқыда вокзал ғимараты Красногвардейское трактінде орналасқан, бірақ М.Тынышпаевтың ұсынысы бойынша вокзал бұрынғы ескі зират көшесіне көшірілді, ол үшін Алматы-1 және Алматы-2 станциялары арасында бір жолды қалалық теміржол желісі жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл учаске Алматы-2 - Алматы-1 аралығы болып табылады және электрлендірілген. Алматы 2 станциясының теміржол вокзалының ғимараты 1936 жылы сәулетшілер А. П. Галкин мен М. Кудрявцевпен байланысты "Харьковтранспроект" типтік жобасы бойынша салына бастады. Құрылыс 1939 жылы аяқталды.
1977 жылы "Алмаатагипрогор" институты ғимаратты қайта жөндеуден өткізді: сол қанаты қосылды, интерьері өзгертілді; сыртқы қабырғалары мәрмәр плиткамен қапталған.
2012 жылы теміржол вокзалы ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
2020 жылы Алматы-2 вокзалын толық қайта құру жоспарлануда.
Алматы-2 вокзалы Алматы-1 вокзалына қарағанда қала орталығына едәуір жақын орналасқан. Бірақ онда Алматы-1 вокзалына қарағанда жолаушылар пойыздары аз.
## Архитектура
Ғимарат-конструктивистік элементтерді қолдана отырып, классицизмнің стильдік бағытында салынған 1930 жылдардағы сәулет ескерткіші.
Құрылыс тұрғысынан симметриялы орталық ось бойымен орналасқан теміржол вокзалының негізгі кіреберісі монументалды порталмен ерекшеленеді. Есіктер олардың үстінде орналасқан витраждармен ерекшеленеді. Фризде, аркалы терезе саңылауының үстінде, Социалистік Еңбек көріністері бар рельеф орналасқан. Құрылымның іргетасы қоқыс, қабырғалары кірпіштен қаланған, сыланған, кейінірек мәрмәр плиталармен қапталған. Сәндік элементтер гипстен құйылған және қоланың жұқа қабатымен жабылған.
Социалистік өмірдің рельефтері, сәндік элементтерді чех мүсіншісі Иван Вахек жасаған.
## Ескерткіш мәртебесі
1984 жылғы 26 қаңтарда Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің № 2/35 "жергілікті маңызы бар Алматы тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері туралы" шешімімен Алматы-2 теміржол вокзалының ғимараты сәулет және қала құрылысы ескерткіші болып танылды. Содан бері вокзал ғимараты мемлекеттің қорғауында болды, ресми мәртебесі "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде" бекітілген. Вокзалдың қорғаныс аймағының ауданы сәулет ескерткіші ретінде 2014 жылы бекітілген.
## Вокзал маңындағы нысандар
* Абылай хан ескерткіші
* Қазақ көлік және коммуникация академиясы
* Райымбек батыр станциясы
## Дереккөздер |
Тәуелсіздік монументі — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген (2001 ж. 26 қыркүйектегі мәслихаттың 2-ші шақырылымының 12-ші сессиясының шешімі).
## Кешен жайлы
Кешен ғылымның, мәдениет пен мемлекеттің танымал қайраткерлерінің сәулетін, мүсіндерін, сөздерін біріктіретін бірегей көркемдік шығарма болып табылады. Стеланы жақтаушалайтын көркемделіп құйылған торкөздер Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты сайлануын баяндайды. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтайға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Құлпытастарға өткен мен бүгінгі күн тарихи тұлғаларының сөздері ойылып жазылған. Мұнда Президент Назарбаевтың келесі сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты.
## Тарихы
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (топ жетекшісі), мүсіншілері Нұрлан Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров. Тәуелсіздік монументі сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті Сүлеймен Демирел қатысты.
Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.
Тәуелсіздік монументінің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.
Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғасырдың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығармашылығы тоғыстығынан туған озық архитектор жәдігерлерінің біріне айналды.
## Авторлық ұжым
Жетекшілік жасаған Ш.Е.Уәлиханов; мүсіншілер – А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансұров, Қ.Сұраншиев, Қ.Сатыбалдин; сәулетшілер – К.Жарылғапов, К.Монтахаев; құрастырушы – С.Қаламқаров; құрылысшы- А.Ермегияев. Монумент 1996-1998 жылдары тұрғызылды. Кешен көлденең 180 метрге созылып жатыр. Пластикалық стела композицияның ортасы болып табылады. Ол өздігінен биіктігі 28 метрге жететін маңғышлақ құлпытастарына ұқсас. Биіктігі 6 метр болатын «атын адам» немесе қанатты барсқа билік жүргізіп отырған дала басшысын бейнелеп, қазақ жеріндегі нақты мемлекеттік билікті сипаттайды. Стела диаметрі 46 метрді құрайтын домалақ алаңның ортасында орналасқан диаметрі 28 метр жартылай доғал стилобатқа орнатылған. Стеланың төменгі бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай сөздер ойылып жазылған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды», «1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Стеланың аяқ жағында, стилобатта «Жер ана» және құлын үстінде отырған екі бала аллегориялық мүсіндер орнатылған. Мүсіндер дүниенің төрт бұрышына қарасты.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Сілтемелер
* Алматының назар аударарлық орындары(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Таңатқан Барақұлы Рсаев (29.12.1936 ж. туған, Қостанай облысының Амангелді ауданының Ағаштыкөл ауылы) — журналист-жазушы, аудармашы, энциклопедияшы-ғалым, КСРО Баспасөзінің үздігі (1989), ҚР Баспасөз және полиграфия ісінің еңбек сіңірген қайраткері (2004). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1959). Еңбек жолын 1959 ж. республикалық “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде бастаған. 1967 — 70 ж. Қазақ радиосында қазақ тіліндегі бағдарламалардың бас редакторы болды. Бұдан кейінгі жылдары бірқатар Республикалық баспасөз орындарында жауапты қызметтер атқарды. 1972 ж. Торғай облысының А.Иманов пен Ә.Жангелдин музейінің алғашқы ұйымдастырушы-директоры болып, іргесін қалады. 1973 жылдан “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясында оның негізін қалаушылардың бірі ретінде ғылыми жағынан қалыптасуына көп еңбек сіңірді, аға ғылыми редактор, редакция меңгерушісі, орталық бастығы, 1-вице-президент қызметтерін атқарды. Рсаев “Қазақ энциклопедиясынан” жарық көрген барлық басылымдарға қатысып, автор болды. Рсаевтың тікелей басшылығымен әзірленіп, баспадан шыққан “Абай энциклопедиясы" 1996 ж. Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Бұл басылымға Рсаев 300-ден астам ғылыми мақала жазды. Көп томдық “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясының тұжырымдамасы мен сөзтізбесін әзірлеуге және баспадан шығаруға белсене араласты. Тұңғыш “Қазақстан” энциклопедиясының сөздігін әзірлеуге тікелей жетекшілік етті. Журналист Рсаевтың көркем очерктері мен тарихи-әдеби зерттеулері “Самал” (1977), “Дала дауылпаздары” (2004) жинақтарына топтастырылған, “Жұлдызды жол” (1983), “Үндескен өмір” (1986) деректі повестері жарық көрген. Ол, әсіресе Иман батыр, А.Иманов, Ә.Жангелдин, К.Көкембаев өмірлеріне және 1916 жылғы Торғай көтерілісіне байланысты деректерді анықтауға көп еңбек сіңірді. Рсаев аударма ісіне де белсене араласып, Н.А. Кунның “Ежелгі грек аңыздары мен мифтерін”, С.А. Алексеевтің “Отанымыздың тарихы туралы әңгімелерін”, П.Вежиновтың “Тосқауыл” повесін, “Поляк новеллаларын”, “Өнердің ықшам тарихының” 3-томын, Н.Горбачевтің “Ақсу” романының 3-кітабын, т.б. шетел жазушыларының шығармаларын, 4-томдық “Көркемсуретті Қазақстан тарихын” аударды.
## Дереккөздер: |
Алматы-1 — Алматы қаласында орналасқан қазақстандық темір жолдардың теміржол вокзал кешені.
## Тарихы
Алғашқы пойыз Алматыға 1929 жылы 19 шілдеде келді. Уақытша вокзал қаладан 9-10 шақырым жерде болды.
1930 жылы Түркістан-Сібір темір жолында қозғалыс ашылып, Жол Алматыны Мәскеумен байланыстырды.
Вокзал кешенін 1974 жылы сәулетшілер С.О. Мхиторян, з. м. Солдатова және басқалар жобалаған.
Вокзал кешені ғимаратының өзі 1976 жылы аяқталды және тәулігіне 6,6 мың жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Ғимарат кеңестік азаматтық қоғамдық архитектураның үлгісі болып табылады және 1973 жылы пайдалануға берілген Алматы әуежайының ғимаратымен сыртқы келбеті бойынша үндес болды.
Ғимарат заманауи архитектуралық формасымен ерекшеленді, қасбеті алюминий байланыстырылған витраждармен аяқталды. Ғимараттың құрамы технологиялық талаптарды ескере отырып, вокзал қызметтерін (1-қабат — кассалар, 2-ші және 3-ші — күту залдары, шаруашылық Үй-жайлар), мейрамхананы еркін орналастыруға мүмкіндік берді. Жертөле қабатында сақтау камералары, асхана, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелері бар. Жолаушылар платформалары вокзал ғимаратымен туннельдермен байланысты. "Алматы-1" теміржол вокзалы күн сайын орта есеппен 2,5 мың жолаушыға қызмет көрсетеді.
2015-07-17 облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының индекстері мен атаулары бекітілген: КВ-67 "Алматы 1 — Шамалған— Ұзынағаш стансасы" және КВ-69 "Алматы 1 — Винсовхоз — Чапаево".
2016 жылы "Алматы 1" жүк және транзиттік құрамдардың проблемалық жүктемесі байқалды.
2017 жылғы 29 қарашада стансаның атауы "Алма-Ата 1 стансасы"-дан "Алматы-1" болып өзгертілді..
2018 жылдың қараша айында вокзал маңындағы алаңды қайта жаңарту аяқталды, көгалдандыру алаңы кеңейтілді және 40-тан астам ағаш отырғызылды, шағын сәулет нысандары орнатылды, Әліби Жангелдин ескерткішінің қаптамасы жаңартылды. Теміржол вокзалының алдында қоғамдық көлік үшін басымдықпен ағындарды бөлу жүргізілді, қауіпсіздік аралдары бар жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталды. Жаңа аялдама кешендері орнатылды.
## Болашағы
2013-2020 жылдары Алматы метросының құрылыс жобасына сәйкес Алматы 1 вокзалына Метрополитен желісі салынуы тиіс еді, ал оның жанында "Алматы-1"метро стансасы орналасады. Жоба тоқтатылды, өйткені оны жүзеге асыру үшін қажетті миллиардтаған долларлық қаржыландыру маңызды емес қалалық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды: BRT жобасы және көптеген айырбастау құрылыстары.
2030 жылға қарай Алматы 1 арқылы транзиттік жүктердің өтуін азайту үшін стансаны айналып өту үшін "Жетіген — Қазбек-Бек" желісінің құрылысы жобаланды.
## Қайта құру
2007 жылы "тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес талап етілетін қалпына келтірудің орнына вокзал ғимаратын күрделі қайта құру жүргізілді, нәтижесінде сол кездегі сәулет ескерткіші болып табылатын вокзал ғимаратының сыртқы және ішкі келбетін түбегейлі өзгертті.
## Сәулет ескерткіші
1984 жылы 26 қаңтарда Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің Атқару комитеті теміржол вокзалының ғимаратын Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізді.
2010 жылы теміржол вокзалының ғимараты Алматы әкімдігі мен мәслихаты бекіткен қаланың тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жаңа тізіміне енбеді, ал 2012 жылы республикалық тізімнен шығарылды.
## Әліби Жангелдин Ескерткіші
1975 жылы Алматы 1 стансасының вокзал маңындағы алаңда революционер және азаматтық соғысқа қатысушы Әліби Тоғжанұлы Жангелдинге ескерткіш тұрғызылды. Ескерткіштің мүсіншілері Т. с. Досмағамбетов пен О. Прокопьева, тұғырдың сәулетшісі Ш. Уәлиханов болды. Келесі, 1976 жылы бұл жұмыс Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Ескерткіш, ҰЭМ сәйкес, вокзал маңындағы алаңның архитектуралық ансамбліне біркелкі сәйкес келеді.
Революция қайраткерінің мүсіндік бейнесі толық ұзындықта жасалған, қолаға құйылған, әшекейлі белбеуі бар жылтыратылған қара габбро гранитінің биік, күрделі тұғырында көтерілген. Фигура жігерлі қозғалысқа толы, жеке тұлғаның мақсаттылығы мен ерік-жігерін жеткізеді. Тұғыры бар ескерткіштің жалпы биіктігі 11 метр.
1979 жылы 4 сәуірде Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің "Алматы қаласының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің тізімін бекіту туралы" № 139 шешімі қабылданды, онда Әліби Жангелдин монументі көрсетілген. Шешіммен күзет міндеттемесін ресімдеу және ескерткіштерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу көзделген.
1982 жылы 26 қаңтарда ескерткіш Қазақ КСР Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.
## Вокзал айналасындағы нысандар
* Әліби Жангелдин ескерткіші
* Март Village (Сауда орталығы)
* Арман 3D (кинотеатр)
* Жібек Жолы (Сауда орталығы)
## Дереккөздер |
Жақсы Жалғызтау — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Төменгі бұрлық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде, Жақсы Жалғызтау көлінің солтүстік-шығыс жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 484 адам (228 ер адам және 256 әйел адам) болса, 2009 жылы 397 адамды (190 ер адам және 207 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жасөркен — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде. Жағасы ну тоғайлы, жайылымды Талас өзенінің жағасында жатыр. Ауылдың 1928 жылға дейін "Шолақ діңгек" аталуы - таудан аққан сулар жар бетін талдың кесілген діңгегіне ұқсатып шайғандықтан, жер бедеріне байланысты Шолақ діңгек ауылдық кеңесі болып құрылып, құрамына қазіргі Жасөркен және Қызылқайнар ауылдары кірген.
1927 жылы облыстан келген уәкіл Т.Тәжібаев - "өсіп келе жатқан ауыл екен, аты Жасөркен болсын" деп қойған екен.
## Халқы
## Дереккөздер |
Казарма — Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан, бұрынғы ауыл, темір жол айрығы. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы құрамында болған.
## Тарихы
Казарма темір жол айрығының алғашқы үйлері теміржолшылар үшін тұрғызылған болатын. Оны жұмысшылар "Полуказарма" деп атаған екен. Кейінірек халық көшіп келе бастаған. Ел аузында Казарма елді мекені Ақтам деп те айтылады. Казарма темір жол айрығы Талас және Аса өзендерінің оазисінде орналасқан, суы мол, жері құнарлы, тұрғындары бау-бақша өсірумен айналысады.
## Географиялық орны
Тараз қаласының оңтүстік-батыс шетінде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 0,2 мың адам (2009).
## Дереккөздер |
Qazaq radiosy — «Қазақ радиолары» ЖШС-не қарасты, Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі.
Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялары арқылы таратылады. Жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлар таратылады.
Республикалық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар (2003).
## Тарихы
Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.
Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://qazradio.fm сайтымыз арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады. "Шалқар" деген атқа қалай ие болғаны жәйлі бір қызық тарихи дерек бар. Енді енді ашылып жатқан "Қазақ радиосы" ұжымына Қазақ педагогикалық институтын, журналистика факультетін бітірген жас маман жұмысқа кіреді. Ол жас маман біз білетін Қазақстан жазушылар одағының мүшесі жазушы Кеңесжан Шалқаров еді. "Қазақ радиосының" басшылығы жаңадан арна ашуға дайындалып жатқанда, атын қайтып және, не деп атаймыз деген сұрақпен ойланып қалыпты. Сонда, жас маман К. Шалқаров, өзінің ұсынысын білдіріпті. Ол "ШАЛҚАР" деген атқа ой білдірген. Сөйтіп, "Қазақ радиосының" басшылығы қарсы болмай, жаңадан арна ашып, сол арна әдемі және өте жарқын атқа ие болады.
Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр.
Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты қамтылады.
Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал.Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция.
Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.
## Қазақ радиосын басқарғандар
* Ертай Арысов (1967-1968 жылдар)
* Бек Дәулетбаев (1973-1975 жылдар)
* Нияз Сыздықов (1968-1969 жылдар)
* Абай Өтегенов (1975-1976 жылдар)
* Изя Фидель (1969-1973 жылдар)
* Кенжебек Есімов (1976-1980 жылдар)
* Игорь Саввин (1980-1981 жылдар)
* Қуаныш Орманов (1989-1990, 1992-1996 жылдар)
* Мадрид Рысбеков (1981-1983 жылдар)
* Әмірхан Меңдеке (1990-1992 жылдар)
* Аркадий Исенов (1984-1989 жылдар)
* Төрехан Данияр (1996-2003 жылдар)
* Нұрлан Өнербаев (2003-2006 жылдар)
* Жүрсін Ерман (2006-2009 жылдар)
* Ғалымжан Мелдеш (2009-2011 жылдар)
* Махат Садық (2011 - 2016 жылдар)
Қазақ радиолары жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналғаннан кейін Қазақ радиосын басқарғандар:
* Серік Сейтман (2016 - 2017 жылдар)
* Нәзира Бердалы (2017 - 2019 жылдар)
* Дулат Абибуллаев (2019 - 2024 жылдар)
## Қазақ радиосының ардагерлері
* Мина Сейітқызы Сейітова – Қазақ радиосының ардагері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, радиохабар тарату іcінің қайраткері, КСРО-ның құрметті радисі, еңбек ардагері. 1919 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Қазақ радиосында 1934 жылдан бастап, қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен, «Отан соғысы кезіндегі тылдағы қызметі үшін» орденімен, «Жеңіске - 40 жыл» медалімен, ҚазССР Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Дарынды диктор радиоға келгенге дейін медицина институтында Мәншүк Мәметовамен бірге оқыған. Оның сөйлеу шеберлігіне Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловскийлер ризашылық білгірген. Микрофон алдында 44 жыл қызмет етіп, талай дикторларға, сонымен қатар Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Мұқағали Мақатаев сынды ұлттық мәдениетіміздің марқасқаларына ұстаз болған. Оны Юиий Левитан, Елизавета Емельянова сияқты Одаққа танымал дикторлар құрмет тұтты. 1943 жылы радионын жетекші дикторынан аға дикторына ауысқан Мина Сейітқызының орнына Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев қызметке алынды.
* Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев (26.3.1923, Семей — 27.10.1989, Алматы) — диктор, Қазақстанның халық әртісі (1973). Ол 1923 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Нығметжан қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының досы болған. Әнуарбек Байжанбаев жастайынан қызмет етіп, баспаларда газет таратқан. 1942 жылы Алматыдағы Журналистика институтын тәмамдамастан, майданға аттанады. 1943 жылы соғыста жараланып, Алматыға қайта оралады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан (24.6. 1943) бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, теледидарында (1958—1962) диктор, аға диктор болып қызмет атқарған. Радиода қызмет атқарып жүріп, ҚазМУ-дың Журналистика факультетін тәмамдайды. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған (1991). Қазақ радиосының «Алтын қорында» оның 400-ден астам жазбасы бар. Оның ішінде Жеңісті хабрлау туралы мәлімет – баға жетпес асыл мұра. Әнуарбек Байжанбаевтың әсерлі сөз саптауы бөріктілер дауысының эталонына айналды. Әйгілі Левитанға еліктемесе де, шебелікке деген құрмет пен сүйіспеншілік оы бәрібір «Қазақтың Левитаны» атандырды.
* Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл, Қазақ КСР) — әнші. КСРО Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), профессор (1983), Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1986), Қазақ радиосының ардегері, диктор. 1951 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай») орындаған. 1973 ж. Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. Ол үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте жалғастырады. Жетінші сыныптан бастап П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқуын жалғастырды. 1941—1943 ж. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқыған. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. «Музыка» аталымы бойынша 2000 ж. «Тарлан» сыйлығын жеңіп алған. «Отан», Ленин (2 мәрте), Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдермен марапаталған.
* Мұқағали Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, Қазақ радиосының ардагері, диктор. 1931 жылы 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы,1954 жылы Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі, 1957 жылы Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 1960-62 – «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі болып, 1963-1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді; Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Мұқағалидің «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек» (1972 ж.), «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» (1975 ж.), «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен», «Өмір-дастан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Көптеген өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген.
* Өмірбек Байділдаев (10.5.1932 жылы туған, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылы – 6.12.1997, Алматы) – композитор, Қазақ радиосының ардагері. Қазақстан Журналистер Одағының (1965), Қазақстан Композиторлар Одағының (1971) мүшесі. Құрманғазы атындағы Консерваторияны халық аспаптары мамандығы бойынша бітірген (1952). 1957 – 65 жылдары радио және теледидар комитетінде жауапты редактор, бас редактор, 1965 – 67 жылдары Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының Алматы студиясында аға музыкалық редактор, 1967 – 97 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар институтында музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. Ол 70-ке жуық лирикалық әндер мен 80-ге жуық жас өспірімдерге арналған әндер, хорлар, көптеген симфоникалық шығармалар жазды. Сондай-ақ, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеумен айналысты. Қазақ радиосы мен телеарнасына 100-ден астам «Алтын қорға» жазылған музыкалық хабар ұйымдастырды. Олардың ішінде «Әсемдік әлеміне саяхат», «Камертон», «Музыка әлемінде» деген хабарларды ерекше атап көрсетуге болады. Ө.Байділдаев жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру бағытында да көп еңбек сіңірді. Мектеп оқушыларына арнап тұңғыш рет музыкалық пәнінен оқулықтар жазды.
* Жанель Асқарова (1932-2004) – Қазақ радиосының ардагері, диктор. 1932 жылы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Алматыдағы қаздар педагогикалық институтының филология факультетін 1955 жылы тәмамдаған. 1961 жылы Республикалық дикторлар конкурсына қатысып, жеңімпаз атанады. Осылайша, ол қасиетті қара шаңыраққа 1961 жылы келеді. Жоғарғы диктор дәрежесіне де қол жеткізеді. Сөз өнерінің небір саңылақтары қызмет етіп, небір таланттарды тәрбиелеп шығарған Қазақ радиосы Жанель Асқарованың шығармашылығына да үлкен жол ашқан. Қазақ радиосында көптеген хабарларды жүргізген. Бірнеше мәрте Кеңес Одағы көлеміндегі байқаудың үздігі атанған. «Ең жоғары дәрежелі диктор» деген атаққа да ие болды.
* Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог, доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995).
* Тоқсын Құлыбеков 1951 жылы Қоянкөз ауылда туған. 1970 жылы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның актерлік бөліміне түсіп, 2 жылдан соң қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарады. Ол қазақтың Левитаны атанған Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың алдынан дәріс алып, дикторлық мамандықтың қыр-сырына қанықты. Тоқсынның орындауындағы 40-қа жуық хабар мен радиоқойылымдар бүгінде «Алтын қорда» сақтаулы. Өнердегі тұсауын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастаған талант 1985 жылдан «Тамашаның» көркін қыздырып, төрін жайлайды.
## Бағдарламалар
* Мінбер
* Авто шолу
* Әлем астаналары
* Бармысың, бауырым?
* Мега жұлдыз
* Ғылым kz
* Дәуір дауысы
* Қайырлы таң, Қазақ елі!
* Ең алғаш
* Нарық
* Мамандық
* Өркениетті өзгерткендер
## Аймақтық жиілік
Қазақ радиосының хабарлары ҒМ толқындарында (Қазақстан Республикасы)
## Қазақ радиосының хоры
Қазақ радиосының хоры – музыкалық ұжым. 1932 жылы қазақ радиосының (кейіннен Қазақстан Республикасы Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік к-ті) жанынан Б.Г. Ерзаковичтің басшылығымен әйелдер хоры болып ұйымдастырылған. 1934 жылдан аралас дауысты хор (әйелдер және ерлер даусы) ретінде қайта құрылып, оған Л.Хамиди жетекшілік етті. Композиторлар: Ерзакович, Хамиди, Д.Д. Мацуцин хорға лайықтап өңдеген қазақтың халық әндерін (“Харарау”, “Қарақол”, “Үридай”, “Ақ саусақ”, “Қара торғай”, т.б.) мен Абай әндерін (“Айттым сәлем қалам қас”, “Көзімнің қарасы”, т.б.) орындады. Ерзаковичтің “Айна қыз”, А.Қ.Жұбановтың “Москва”, Хамидидің “Отан”, “Қазақстан”, “Бесжылдықтың ерлері”, М.Ержановтың “Жасасын”, т.б. әндері осы хорға арналып жазылған. Қазақ радиосының хоры 1954 жылға дейін жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
Көлтоған бірнеше елді мекеннің атауы:
* Көлтоған — Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы ауыл.
* Көлтоған — Тараз қаласына қарасты ауыл.
* Көлтоған — Түркістан облысы, Келес ауданындағы ауыл.
* Көлтоған — Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы ауыл. |
Көлқайнар — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі аумағында орналасқан ауыл. Жерден ондаған бұлақтар қайнап шығып жатқан көлшіктер, өзеншелер болған. Бұрқырап жатқан бұлақтар мен көлдерге байланысты "Көлқайнар" деп аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылабад - Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан, бұрынғы ауыл. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы құрамында болған. Алғашқы кезде дүнген халқы қоныстанған, кейін үлкен ұжымшар болған, жері көркем, әдемі, қала сияқты болғандықтан "Қызылабад" дейді көнекөз қариялар.
## Географиялық орны
Тараз қаласының оңтүстік-батыс шетінде орналасқан
## Халқы
Тұрғыны 0,5 мың адам (2009).
## Дереккөздер |
Астана қаласының Бас жоспары (толық атауы "Астана қаласының 2030 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары" орыс. Генеральный план развития города Астаны до 2030 ж. қысқаша Генплан г. Астаны) — Астана қаласы тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздігін, табиғи және мәдени мұраларын сақтау мақсатында жасалған қаланың сәулет-құрылыс жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.
Қаланың сәулеттік тұжырымдамасын әзірлеуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді.
«Астана қаланың Бас жоспарын» жасауға халықаралық байқау жарияланып, байқау нәтижесінде жапон сәулетшісі Кишо Курокаваның (жапон. 黒川 紀章) арнайы жасаған жобасы қабылданды.
Астана символы - Бәйтерек Норман Фостердің қолтаңбасы.
Жоба барысында жүзеге асқан «Бейбітшілік және келісім сарайының» мен «Хан шатыр» ғимараттарының бірегей сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николеттидің туындылары.
## «Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу — жобалау институты» ЖШС
Астана қаласының Бас жоспарымен «Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу — жобалау институты» Мемлекеттік Комуналдық Кәсіпорыны (немесе ЖШС) айналысады. Институттың директоры — Баир Досмағамбетов, бас сәулетшісі — Бақтыбай Тайталиев. Мекеме 2030 жылға дейiн Астана қаласын дамытудың аймақтық жоспарына түзету енгiзу жобасын әзiрлеп бекiттi. Сонымен қатар қала маңы аймағының құрылысын жоспарлау кешендi сызбасын әзiрлеген. Астана әкiмшілігінің тапсырмасымен түбегейлi жоспарлау жобаларын дайындаумен айналысады. Мәскеуде өткен "Сәулет-2012" халықаралық фестивалінде мекеме ұсынған Астана Бас жоспары жобасы Халықаралық архитекторлар одағы мен Халықаралық архитекторлар академиясының үлкен алтын дипломымен мараптаталды.
## Бас жоспар авторы
Болашақ Астана қаласының Бас жоспарын жасауға тұңғыш халықаралық байқау жарияланып, әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жіберген жүздеген жобалар сараптаудан өткізілді. Конкурсқа көптеген елдердің сәулетшілері өз жобаларын ұсынды. Жапония, АҚШ, Австралия, Италия, Франция, Германия, Ресей, Финляндия, Корея, Болгария, Пәкістан, Польша, Чехия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Латвия сияқты елдерден 50-ден астам жоба түсті. Барлық жобалар Конгресс-холлға қойылды, олармен әркімнің танысуына толық мүмкіндік туды. Ұсыныстар топтамасының ішінен халықаралық конкурстың шарттары мен талаптарына жауап бере алатын 27 жобалық әзірлеме беделді қазылар алқасының қарауына іріктелді. Сөйтіп, конкурс қорытындысы бойынша жапон концептуалисі Кисе Курокаваның (шын аты Нориаки) жетекшілік ететін Халықаралық ынтымақтастық бойынша Жапон агенттігінің зерттеу тобы әзірлеген Астана қаласының бас жоспарының жобасы қабылданды. Кисе Курокава (ағылш. Kisho Kurokawa) Халықаралық Астана Әуежайы Амстердам қаласындағы Ван Гог мұражайы, Куала-Лумпурдың халықаралық әуежайы, Осака қаласының Ұлттық-экологиялық мұражайы, Болгариядағы «Витоша» қонақүйі, «Sony» корпорациясының мұнарасы сияқты жобалардың авторы.
Курокаваның айтуы бойынша ол Астананы дамытудың Бас жоспарының негізіне жаңа философиялық көзқарасты тұғыр еткен. Оның тұжырымдауынша:
XX ғасыр Механикалық Принциптер үстемдік алған дәуір болса, XXI ғасыр Өмір Принциптеріне көшетін дәуір болады. Ендеше, Қазақстанның жаңа астанасы «симбиоз» атты шешуші ұғымды арқау етуі тиіс.
— Кишо Курокава
— Кишо Курокава
Астананың бүгінгі келбеті – бұл жапон сәулетші Куракаваның пәлсапалық түсініктері. Бұл түсініктер үш тұғырға орныққан: біріншісі – қала мен табиғаттың етене өмір сүруі (симбиоз), екіншісі – өзгеру мүмкіндіктері, үшіншісі – абстрактылы символизм, яғни, қабылдауға түсінікті геометриялық фигуралар. Барлық жобаларда түпнұсқалық пен өзіндік келбетке баса назар аударылады.
Кез-келген қаланың бас жоспары 20-25 жылға есептеледі. Астана қаласының әкімшілігі де осы ұстанымды таңдады. Өйткені, бас жоспардағы кез-келген өзгерістер алдағы тәжірибеде оңай ауысуы қажет.
Қала құрылысы доктринасының нақ осындай үлгісі тұңғыш рет Астана қаласы құрылыс алаңдарында тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады. Н. Назарбаев тапсырмасымен қазақстандық архитекторлар «Астана қаласының Бас жоспарына» уақыт өте келе өзгерістер мен тың жаңалықтар енгізді. Бұл орайда өңірдің экологиялық жүйесімен қала құрылысының бірегейлене салынуына басты назар аударылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің табиғи жағдайларын, ауа райының құбылмалылығын ескере келіп, қала маңында жасанды орман алқабын қалыптастыруды күн тәртібіне қойды.
## Бас жоспардың дайындалуы
### Бас жоспардың алғашқы нұсқасы
Бас жоспарды дайындау үшін қазақстандық сәулетшілер тобына (Б. Досмағанбетов, С. Баймағанбетов, Қ, Монтақаев, Т. Ералиев, С. Рүстембеков, С. Жүнісов, Е. Мұхаметшина, Л. Нысанваева, В. Гладких, В. Тоскин) 1996 жылы тамсырма берілген. Сонымен бірге қаланың дамытудың басқа да, барынша ұтымды, бірегей бастамаларын қарастыру үшін, Ақмоланың (қазіргі Астана) Бас жоспары тұжырымдамасының түрлі нұсқаларын дайындауға конкурс жарияланды. Конкурста қазылар алқасы «Ақмола – Алматы» жобалау-құрылыс компаниясы шығармашылық тобының эскиз-идеясына бірінші орынды лайық деп тапты. Екінші орынға Қарағанды қаласы сәулетшілерінің шығармашылық тобына берілді.
Үкімет жаңа елорданы тез арада халықаралық стандарттарға сай қалаға айналдыру керек деген тапсырма берді. Осыған байланысты үкіметте қала салу жобасының барлық қажетті формалды үрдістері мен дайындалу мерзімін, ұйғарымдарын сақтау үшін құрылыс жұмыстарын бірнеше жылға тоқтата тұру керек немесе қала салу жобаларының аяқталуын күтпей қаланы дамытудың Бас жоспарынсыз-ақ, тез жылдамдықпен үлкен аумақта жорамалдап құрылыс сала беру керек деген таңдау болды.
ҚР Үкіметінің Қаулысы мен Қазақстанның жаңа астанасын дамытудың Бас жоспарын дайындайтын шығармашылық топ дайындалды. Оның құрамында Б. Досмағанбетов (шығармашылық топ жетекшісі), С. Баймағанбетов, С. Үрістембеков, Т. Ералиев, Қ. Монтақаев, бар еді. ҚР Үкіметі Қаулысының негізінде Астана қаласы Әкімінің өкімімен авторлар ұжымының базасында құрылған «Ақ-Орда» жобалау-құрылыс компаниясына бірінші орын иеленген конкурстық жоба ережелерін басшылыққа ала отырып, тез арада өзінің тұрған аумағында 2005 жылға дейінгі кезеңдегі қала салудың бірінші кезекті маңызды міндеттерін шешу жобасын дайындау тапсырылды.
Бас жоспардың жекелеген тарауларын жүзеге асыру мақсатында авторлық ұжым құрамына Е. Қайыргелдинов, Б. Тайталиев, А. Чиканаев, Б. Қонысбаев, А. Фисенко, В.И. Швец және т. б сәулетшілер кіргізілді. Осы сәулетшілер ұжымы дайындаған Бас жоспар астана тұрғындары санының болжамдық есебіне негізделді. Ол барынша кең тараған және кеңестік қала салу тәжірибесінде базалық болып есептелетін еңбек баланысы тәсілі бойынша орындалған болатын. Бұл есеп бойынша 2005 жылы Астана қаласы тұрғындарының саны 350 мың адам шамасына жетуі тиіс еді. Авторлар бас жоспардың негізгі тарауларын көрсете отырып, қала құрылысының бірінші кезектегі міндеттерін шешуге талпыныстар жасалды.
Қаланың жоспарлы құрылымы мен құрылысын дамыту тұжырымдамасы мынадай идеялардан көрініс тапты:
1. Қаланың аумақтық дамуы тек батыс және шығыс бағыттарға ғана емес, сонымен қатар оңтүстікке, Есіл өзенінің сол жағалауын қарай да жүргізілуге тиіс.
2. Есіл өзенінің сол жағалауын астаналық үкімет-әкімшілігі орталығы мен көп қабатты тұрғын үй құрылысының жаңа ауданын құру мақсатында пайдалану.
3. Су айдынын қаланың сәулеттік композициясы ретінде пайдаланып және жағалауына көркем ансамбльді көпқабатты құрылыс жүргізе отырып, өзен арнасын қаланы дамытудың өзек-сызығына айналдыру.
Осылайша авторлар «Ленгорстройпроект» сәулетшілері дайындаған, қаланы дамытудың кезеңді жоспарлы тұжырымдамасынан саналы түрде бас тартып, өзеннің биік, су тасқыны алмайтын оң жағалауы бойынша Астана қаласын аумақтық-жоспарлы дамыту сызбасы таңдады. 2000 жылға дейін осы жоба қала аумағында құрылыс пен қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде саналып келді.
### Кишо Курокованың дайындаған Бас жоспардың негізгі нұсқасы
Алайда 1998 жылы әлемдік сәулет шеберлерін тарта отырып, Астана қаласының Бас жоспарының эскиз идеясын дайындау үшін ашық конкурс өткізу қажеттілігі белгілі болды. Конкурсқа Еуропаның, Азияның және Австралияның 19 елінен танымал сәулетшілер, сондай-ақ ТМД елдері мен Қазақстаннан шығармашылық ұжымдар қатысты. Белгілі жоғары халықаралық қазылар алқасы, әлемдік деңгейде танымал теоретик және қазіргі сәулет шебері К. Курукованың шығармашылық ұжымын конкурс жеңімпазы, олар ұсынған жобаны үздік деп тапты. Конкурс аяқталғанан кейін К. Курукова Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жұмысына жетекшілік етті.Жұмыс Жапон үкіметінің грантына Халықаралық әріптестік бойынша Жапон агентігі (ХӘЖА) мен Астана қаласын дамыту Корпорациясы арасындағы келісімнің негізінде орындалды.
Зертеу тобы 2000 жылдың ақпаны мен 2001 жылдың мамыры аралығында материалдар жинау мен Астананың қала салуға ыңғайлылық жағдайын тексеру бойынша қажетті алқаптық зерттеу жұмыстарын жүргізді. ХӘЖА зерттеу тобы жүргізген болжамдық есеп бойынша, Астана тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 800 мыңға, ал 2010 жылға қарай 490 мың адамға жетеді. Бұл орайда К. Курукава қалалар дамуының негізгі көрсеткіштеріне болжам жасай отырып, жалпы әлемдік адам санының өсуінің орташа статистикалық жеделдігін және экономикалық мүмкіндіктер мен ірі қалалар құрылысының өсу қарқынын да негізге алды. Соның ішінде, қала тұрғындарының болашақтағы санын болжау үшін, олар Қазақстан қоғамы мен қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына және мүмкіндіктеріне де болжаммен қарап, оларды өзара байланыстырып, экстраполяцияның теңгерімдік әдісін пайдаланды. Астана қаласын дамытудың дайындалған Бас жоспарымен белгіленген тәртіп бойынша, сарапшылар мен мамандар танысып шығып, оны 2001 жылы 15 тамызда ҚР үкіметі бекітті.
Доктор К. Курукава дайындаған Бас жоспардың негізінде симбиотикалық қалалардың философиялық доктринасын енгізді. жапон сәулетшісінің пікірі бойынша, XXI ғасыр қала құрылысының алдында тұрған негізгі құнды бағдарлар мен міндеттерді қайта құруды талап ететін жаңа талаптармен әйгіленді. Ғаламшардың экожүйесі енді адамдар өндіріп жатқан техногендік және антропогендік салмақтың тоқтаусыз өсуіне төзе алмайды. Қалаға шоғырлану үрдісінің тегеуірінді екпін алуы, тұрғындардың жаппай көлік иеленуі, техникалық прогресс пен өндірістік эволюция қарқынының артуы табиғат кешенін бүлдіру мен құлдырату үрдісіне кері шегінбес сипат беріп отыр. Өсіп келе жатқан мегаполистер мен қаладан шығатын қалдықтар жиынтығы, миллиондаған гектар табиғи орман легінің жыл сайын жаңарып отыратын ауыл шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалуы, құбырдан шығатын қалдық судың өзендер мен көлдердегі негізгі таза ауыз суға құйылуы, оларды бүлдіріп, өзінің арнасына айналдыруы табиғи тепе-теңдікті бұзудың қуатты факторы болып табылады.Осылардың барлығы XXI ғасыр адамзаттың алдына қызметтің барлық түрін, соның ішінде қала салуды жаңа жүз жылдықтағы ең өзекті және өткір мәселесі ретінде экологиялық әдіс пен қадамдарға ауыстыру міндетін қойып отыр. Осылай философиялық-теориялық пайымдауларды негізге ала отырып, доктор К. Курукава XXI ғасырда қалыптасқан қала салудың теориясы мен тәжірибесін қайта қарап, экологиялық стандарттар мен талаптардың аясында уақыттың қатал сынына жауап бере алатын қала салудың қағидалары мен тәсілдерін дайындау керек деп есептеді. Доктор К. Курукава Астана қаласының Бас жоспарын тұжырымдамасын дайындағанда өзінің философиялық ой-тұжырымдарын тәжірибелік тәсілмен іс жүзінде көрсетуге талпыныс жасады.
Бас жоспардың негізгі ережелері К. Курукаваның сәулетке қатысты ойларының космологиялық теориясына тән мынандай басты үш санатқа негізделді: <<симбиоз (сабақтастық)>>, <<метаболикалық қала (зат алмасып тұратын)>> және <<абстрактілі символизм>>. Кишо Курокаваның қала салу тұжырымдамасының теориялық платформасы қаланы көшелер салып, әдемі ғимараттар орналастыратын аумақ ретінде ғана емес, жерді, ауаны, суды пайдаланатын, осыған сәйкес өз тіршілігінің талабы бойынша сыртқа өнім (қалдық) шығаратын тірі организм ретінде тануымыз керек деген айқын пікірдің төңірегінде тұжырымдады.
Осылардың барлығы өзінің төл заңдары бойынша табиғи жолмен жүзеге асып отырады. Осы екі тірі организмнің тіршілігіндегі тепе-теңдіктің сақталуы және қалалардың қарқынды түрде өсуі мен дамуы барысында бүліну мен құлдырау көрсеткіштерін болдырмау мәселесі — XXI ғасырдағы қала салудың жаңа базалық қағидасы ретінде сарапшылар мойындаған К. Курукаваның қала салу теориясындағы негізгі өзек болатын. Табиғат пен қаланың сабақтастығы, қаланың ескі және жаңа бейнесінің өзара сабақтастығы, көлік пен адам арасындағы сабақтастық — үнемі диалектикалық өзара қарама-қайшылықта болатын тараптардың негізгі жұбы. Сәулетші оны Астана қаласының Бас жоспарын дайындау барысында да қарастырған. Бұл шешімнің мәні қала секілді табиғат экожүйесінің де үйлесімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, қаланы салу шараларының бүтіндей жүйесі болып табылады. Соның ішінде, ол суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде өзен арнасын бойлай ені 300 метр парк өсірудің аса қажет екенін басты мәселе етіп қояды.
* Тәуелсіздік сарайында орналасқан Астана қаласының бас жоспарының макет картасы
*
*
*
*
К. Курукава қаланың экологиялық саулығын қамтамасыз ететін қала салу шараларының аясында, Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын бойлай эко-дәліз қалыптастырумен бірге, Астананың айналасына эко-орман өсіруді де қажет деп есептеді. Бұл орман Астананы жазғы құрғақшылықтан, қысқы аяздан, бораннан сақтайды яғни қала климатын жұмсартады және ондағы ортаның жайлылығы мен көркемдік сипатын арттырып отырады. К. Курукаваның экологиялық қала салу бастамасын президент қолдады, сонымен қатар оны дамытты: солтүстік бағытта курорттық аймақ Бурабайдың табиғи орман жыныстарына ұласқанға дейін эко-орман отырғызуды жалғастыруға тапсырма берді.
Жаңа мен ескінің байланысын, қалалық ортадағы тарихи-мәдени құндылықтарды айғақтайтын нысандардың сақталуын, оларды қаланың жоспарлы құрылымына органикалық еңгізуді К. Курокава алдағы міндеттердің қатарында жеке бөліп алды және оны Астананың қайталанбас сәулетік кескінін қалыптастыруда қаланың айқын мәнері мен өзіндік келбетіндегі жетістіктерді қамтамасыз ететін шарт ретінде қарастырды. Осы мақсатпен К. Курокованың шығармашылық тобы қаланың тарихи мұраларымен танысып шығу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соған сәйкес жобалық ұсыныстар дайындады. Жапон сәулетшісінің пікірі бойынша жаңа астана әрі қарай дамуға бейім болу керек. Бұл орайда, қысқа мерзімді (ауыстырылып отыратын) элементтерден тұратын ұзақ мерзімді құрылымның бір мезгілде динамикалық өсуі мен өзгермелілігінің өзара үйлесімді қағидаттары бойынша қаланы дамытудың өзгермелі (жетілдіріліп отыратын) жоспары ұсынылды.
Жаңа астананың сәулеттік келбетін қалыптастыру кезінде доктор К. Курокова абстарктілі символизм әдісіне сүйенуді ұстанды. Оның пікірі бойынша, бұл тәсіл қалада халықтың мәдени және дәстүрлі мұраларының бейнеленуіне, сондай-ақ халықаралық қала бейнесінде үйлесімді суреттелетін қала ландшафын құруға мүмкіндік береді. Абстарктілі символизм тәсілінің мәні Қазақстанның дәстүрлі мәдени символдарын абстарктілі түрде білдіретін, түсінікке жеңіл қарапайым геометриялық фигураларды пайдалану болып шығады. Соның ішінде, көшпелі халық ұғымында белгілі бір мәнге ие, олардың өрнектері мен киімдерінде жиі пайдаланатын үшбұрыштар, конустар, сопақ және жартылай сопақ формаларды қолдану ұсынылды.
Бас жоспардың тағы бір нұсқасын 2000 жылы араб елдері, еуропа және америка сәулетшілерінен құралған ‹‹Дар әл-Хандасан›› фирмасы дайындаған Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жобасы ұсынылды. Жоба бастамашылық негіздегі қазақстанға қайтарымсыз сый ретінде жүзеге асырылды. Жоба 2001 жылдың 15 тамызына дейін қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде пайдаланып келді де, <<ХӘЖА зерттеу тобы >> дайындаған Бас жоспар бекітілгенен кейін қызметі тоқтатылды.
К. Курокованың жетекшілігімен дайындаған Бас жоспарды жақын арада қайта қарауға тура келді. Оның басты себебі Қазақстанның экономикалық даму жылдамдығы мен тұрғындар санының өсу қарқыны және астана құрылысы бойынша орындалатын жұмыс көлемінің артуында еді. Бұл <<ХӘЖА зерттеу тобының >> болжамынан асып түсті. 2002 жылдың соңына қарай Астана қаласының тұрғындар саны 2010 жылға жоспарланған көлемінен де асып кетті. Тұрғындар саны қала өмірін қамтамасыз етуші жүйенің қуатын айқындайтын негізгі базалық көрсеткіш болғандықтан тұрғын-үй мен әлеуметтік-мәдени құрылыстың ауқымы сол көрсеткіш арқылы жоспарланады. Сонымен қатар тұрғындар санына шаққандағы Аймақтық жалпы ішкі өнім (АЖІӨ) маңыздылығы кем емес базалық көрсеткіш болып табылады. Астана қаласының АЖІӨ 2006 жылдың өзінде доктор К. Курокованың 2030 жылға жасаған болжамынан екі есеге асып түсті. Осыған байланысты орындалатын құрылыс жұмыстарының ауқымы Бас жоспарда қарастырылғаннан бірнеше есеге асып түсті. Қаланы қалыптастыру барысында барынша жоғары дәрежелі өмірлік стандарттарға сәйкес қоғам мүмкіндіктері мен тұтыныстардың өсуі, екінші жағынан, қаланы болашақ дамытудың базалық көрсеткіштері өлшемінің сапалық жаңа деңгейге көтерілуі, қолданыстағы Бас жоспарға жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктердің дамуына лайықтап, тиісті түзетулер мен толықтырулар еңгізудің қажеттігін көрсетті.
Осы орайда жаңа астананың негізі қаланғаннан бергі 10 жыл ішінде Астананы дамытудың Бас жоспарының үшінші нұсқасықайта қаралды.
### Астана қаласының Бас жоспарының түзетілуі
Астананы дамытудың Бас жоспары жобасы қайта қаралғанда, онда болашақта орнығуы тиіс тұрғындар санын анықтау бойынша көбіне қателіктер жіберілгенін ескере отырып, Қазақстанның мамандандырылған зерттеу ұйымына, тиісті демографиялық зерттеулер жүргізіп, 2030 жылға дейінгі кезеңде қала тұрғындарының сандық өсімінің ғылыми негізді болжамын жасауды тапсыру туралы шешім қабылданды. Ғылыми негізді демографиялық болжамдарды дайындауға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚАРМУ) мен Қазақстан Экономика және болжау менежментті институтының (ҚЭБМИ) зерттеу тобы қатысты. Олардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Астана қаласы тұрғындарының саны 1 млн 200 мыңға жетуге тиіс. Астананың тұрғындары өсімінің демографиялық болжамын, демографиялық жобалаудың когортты тәсілін пайдалана отырып зерттеу жүргізді. 2005 жылы қазан айында ҚЭБМИ зерттеу тобының есептік көрсеткіштеріне сәйкес қазақстандық сәулетшілер арасында Астананың жоспарлы құрылымы мен құрылысын әрі қарай дамыту тұжырымдамасын дайындауға конкурс жарияланды. Қазылар алқасы қала құрылымын жоспарлау ұйымының жаңа тұжырымдамалық қадамына негізделген Астана құрылысын дамыту тұжырымдамалық идеясын жеңімпаз деп таныды. Авторлар жапон сәулетшілер тобы дайындап, ҚР Үкіметі бекіткен қала сызбасынан мүлде өзгеше, өздерінің түбегейлі жаңа идеяларын Астананы болашақ дамытуға жұмсауға тырысты. Соның ішінде, олар қала аумағын, бірегей дөңгелек формалы, ұзындығы 46 шақырым қуатты көлік-байланыс эстакадасымен (шеңберлі) белдеулендіру ұсынды. Эстакада да негізгі магистральды-инженерлік желілерді, қала өмірін қамтамасыз ететін жүйелер нысандарын шоғырландыруды және екі деңгейлі көлік қатынас жолын салуды ұсынды. Шеңберлі эстакаданың жұмыс істеуіне қажетті экономикалық жағынан өз-өзін ақтайтын, ыңғайлы жағдай қалыптастыру туралы ойлардың негізінде, авторлар шеңбердің периметрін бойлай жоғары бағалы құрылыстарды шоғырландырып, мұнда барлық энергиялық және ресурстық сыйымды өндірістік кәсіпорындарды жинақтау керек деп есептеді. Қала басшылығы авторлар тобына қазылар алқасы таңдаған қаланы дамыту тұжырымдамасына сәйкес, Бас жоспарға түзетулер еңгізуді тапсырды.
Алайда Н. Назарбаев қазақстандық сәулетшілердің көзқарастарында бірауыздықтың жоқтығын ескеріп, Астана қаласының Бас жоспарын 2007 жылы әлем архитектурасындағы барынша беделді шеберлердің халықаралық сараптауына жіберу туралы өкім шығарды. Осы жылдың қараша айында халықаралық сарапшылар Н. Назарбаевқа сараптамаға ұсынылған жобалық материалдарды талдау қортындысы туралы мәлімдеді. Халықаралық сарапшылар жаңа жобаны қаланы дамытудың айқын мәселелерден алыс таптауырын болған түсініктегі формалды және композициялық тәртіпте үстірт дайындалған деп тауып, оның шешіміне теріс баға берді.
Қалыптасқан жағдай байсалды және ұтымды шешімді қажет ететін еді.Танымал сәлетшілер жетекшілік еткен шығармашылық ұйымдар дайындаған Бас Жоспардың өзі де барлық көркем-композициялық фантазияның тереңдігі мен сұлулығына қарамастан, тез арада ескіріп қалатын, сөйтіп қалыптасқан жаңа жағдайлар мен мүмкіншіліктерге сәйкес келмегендіктен, өзгертулер мен жекелеген түзетулер енгізуді талап етіп отыратынын мойындауға тура келді.
ХХІ ғасырдағы қоғам мен техникалық прогрестің қарқын алу жағдайына байланысты дамушы ірі қалалардың Бас жоспарларын мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары ғылыми негізде жүргізуі керек деген тұжырым жасалды. 2006 жылғы осы қортындыдан кейін 2007 жылы <<Астанабасжоспар>> жобалау институтының базасында Астана қаласының Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты құрылды. Бұл институт қызметі Астан қаласынынң қолданыстағы Бас жоспарына ғылыми негізделген өзгертулер мен түзетулер енгізуді, сонымен қатар қаланы жобалаудың жаңа нормативті базасын дайындауды, Астананы болашақта қала салу ісі бойынша дамытудың ғылыми қолдаулары мен ұсыныстарын дайындауға қажетті зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын болып белгіленді. Астананың ғылыми негізде, жүйелі және бірізді қала салу жолымен дамуын реттейтін құжаттарды дайындаумен қайтадан құрылған Астана қаласы Бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты айналысатын және оған барлық жауапкершілік жүктелетін болып шешілді. Бас жоспарды дайындау мен түзетулерге байланысты қиындықтардың бәріне қарамастан қала құрылысы осы жылдар ішінде бекітілген жалпы қала салу стратегиясын, бірізділік қағидалары мен сабақтастықты сақтай отырып кең ауқымда және жылдам қарқынмен дамыды.
## Астана қаласының жоспарлық құрылымы
Бас жоспарда негізгі жоспар құрылымын қала өсуі бағытына қарай ірі транспорттық магистралдар арқылы 6 жоспарлық райондарға ұйымдастырылу қарастырылған.
## Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
Тұрғын үй ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары тұрғын үймен орташа қамтылуды 2030 жылға қарай бір адамға 30 шаршы метрге, сонымен қатар, барлық тұрғын үй қорын 37,2 млн шаршы метрге дейін жеткізуді көздейді.
Құрылыс:
* бос аумақтарда – 8,9 мың га;
* тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу және қазіргі құрылыстың арасын жиілету арқылы қайта жаңартылатын аумақтарда – 2,7 мың га жүзеге асырылады.
* Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі барлық кезеңде тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 19,4% құрайды.
Астана қаласының тұрғын аумағын қайта жаңарту және дамытудың басым бағдарламалары:
* қаланың магистраль маңы аумақтары, орталық жоспарлау ауданы, қалалық қоғамдық тораптары және басқалары жоғары қарқынмен пайдаланылатын құрылымдық бөліктеріндегі тығыздылығы төмен қазіргі құрылыс аудандарын қайта жаңарту;
* аяқталмаған құрылыс объектілерін аяқтау және қалыптасқан құрылыстан тыс қаланың бос аумақтарында тұрғын үй кешендерін
қалыптастыру;
* күрделі жөндеуді, қайта жоспарлауды, амортизацияланған қорды бұзуды және кешенді абаттандыра отырып, биік ғимараттардың (18 қабат және одан да жоғары) жалпы алаңының 1,0 млн шаршы метр көлемде жайлы тұрғын үйдің жаңа құрылысын жүргізуді қоса алғанда, жалпы құрылыс аудандарын (60-80 жылдары және одан кейінгі құрылыстар) кезең-кезеңімен қайта жаңғырту;
* сәулет-кеңістіктік аяқтау және осы аудандарда қоғамдық аймақтар мен орталықтар жүйесін қалыптастыру.
Бас жоспарда 2030 жылға қарай қызмет көрсетудiң әлеуметтік-кепiлдi минимумының мекемелерімен қамтамасыз етiлудің нормативтік көрсеткіштеріне және қалалық маңызы бар объектілерді дамытудың нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтiк-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әлеуметтiк саланы дамыту жоспарланған. Бұл ретте, қаланың қызмет көрсету қорының шамасын жалпы алаңы 23,8 млн шаршы метрге дейін жеткізу арқылы жалпы алаңы 16,8 млн шаршы метр жаңа қызмет көрсету объектілерін салу есебінен әлеуметтік саланы іске қосу көзделген.
## Аумақты сәулет-жоспарлауды ұйымдастыру
Бас жоспарда қаланың iшкi аумақтарын қарқынды пайдалану арқылы қаланы қала шегiнде одан әрi дамытылмақ.Негізгі сегіз жоспарлау-құрылымдық осі (Қорғалжын, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Ерейментау, Қосшы бағытындағы жол бойы аумақтары) бойындағы бос аумақтарды игеру есебінен қала аумақтық дамытылады.Бас жоспарда жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты және аз қабатты орындауда жүргізілмек. Көп қабатты құрылыс қаланың орталық бөлігінде, ал ландшафтты-рекреациялық аймақтың «жасыл сыналарына» қарай қабаттар төмендетіліп, 8 құрылымдық ось бойында қалыптастырылады. Құрылымдық осьтердің бойында орталықтан шетке қарай биіктік ауыса отырып құрылыс сатыланады.Бұзылатын өнеркәсіп кәсіпорындары, коммуналдық-қойма объектілері («Целинсельмаш», газ аппаратурасы зауыттары аудандары), қаланың орталық бөлігіндегі көнерген және азқабатты тұрғын үй (Тілендиев – Сарыарқа даңғылдары – Шабал Бейсекова көшесі шекаралары, Асан қайғы көшесі бойы және «Шұбар» «Оңтүстік Шығыс» аз қабатты тұрғын үй шағын аудандары) орнына Бас жоспарда нақты қала құрылысы, жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік бағдарды қамтамасыз ететін биік тұрғын үй салу көзделген.
Аз қабатты құрылыс Ерейментау, Қарағанды, Майбалық, Қосшы, Қорғалжын және Қостанай бағытында орталықтан шетке қарай жоспарлау-құрылымдық осьтер бойында және Көкшетау, Павлодар бағытында К-1 айналма магистралінен қала шекарасына дейін, сондай-ақ басталған құрылысты аяқтауды қажет ететін аз қабатты усадьбалы құрылыс аудандарында дамытылады.Қаланың перспективалы жоспарлау құрылымын қалыптастыру негізі табиғи-экологиялық және көліктік негіз болып табылады. Табиғи-экологиялық негізді Есіл өзенінің алқабы, оның салалары: Ақбұлақ, Сарыбұлақ, қолданыстағы «Жасыл Аймақ» және «Астана орманы» екпелері, сондай-ақ орман пактері ретінде қызмет ететін «Бурабай», «Қарқаралы», «Қорғалжын», «Баянауыл», «Ерейментау» ұлттық табиғи парктердің жалғасы болып табылатын жеке флорасы бар сыналар және қолданыстағы қалалық парктер, скверлер, желекжолдар құрайды.
Жасыл құрылымның барлық жүйесі орталық бөлікте негізгі қоғамдық-тұрғын үй құрылымдарын жалғайтын Айналма желекжолмен байланыстырылады.
Қаланың урбандалған негізінің келесі элементі көлік магистральдар жүйесі болып табылады. Бас жоспарда жаңа меридиональды және кең магистральдар, айналма автомобиль жолдарын, көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету желілерін құру, көлiк айрықтарын, өтпежолдар, эстакадаларын және т.б. салу жолымен қаланың көлiк құрылымын дамыту мен жетiлдiріледі.Көше-жол желісін дамыту негізіне қоғамдық көлік үшін басымдығымен бір орталық көше және әртүрлі бағыттағы біржақты қозғалыс үшін екі бүйірдегі көше болатын сегіз жоспарлау-магистральдың бойында қалыптастырылған «үш параллель көше» бірыңғай жүйесін құру принципі алынған.Қала аумағында кешеніне бір шатыр астында автомобильдерге арналған көп деңгейлі паркинг және велосипед пункті бекеті кіретін, жеңіл рельсті жүрдек көлікке қоғамдық автобус маршруттарының бес отырғызу терминалы құрылады. Осы терминалдар арқылы өтетін көшелер елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай баратын өзге де объектілермен бірге жеңіл рельсті жүрдек көліктің өту желісін құрайды.Көліктік инфрақұрылым қолданыстағы көше-жол желісі ескеріліп орындалған.Үздіксіз қозғалыстағы кіші айналма магистраль қаланың орталық бөлігін шеңберлей келе, жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральдық көшелердің қиылысындағы айырықтар мен эстакадалар арқылы барлық алты жоспарлау ауданын байланыстырады.Қала аумағын сыртқы транзитті ағындардан оқшаулауды К-1 айналма автожолы қамтамасыз етеді.Қаланы одан әрі өсіру қаланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша қоғамдық орталықтар құрылымында полиорталықтықты көздейді. Бас жоспарда ірі көлік тораптарында жоспарлау аудандарының орталықтарын ұйымдастыру көзделеді.
## Құрылыс барысы
2011 жылдың соңғы тоқсанындағы қортындысы бойынша Астана қаласының 2030 жылға дейінгі барлық жобасының 30%-і ғана іске асқан немесе барлық қала ареасы 274 милль2 жеткен. 2015 жылы 50%-ы орындалады деп болжануда. Астана құрылысына миллиондаған доллар инвестиция тартылды. 50 миллион долларға Бейбітшілік және келісім сарайы, 30 миллион долларға Астана-Арена стадионы, 300 миллион долларға Хан шатыр мегасаудаорталығы салынды. Астананы салуға Қазақстанның 71 қаласы, 432 құрылыс компаниялары (оның ішінде "BI GROUP", "Қуат", "Базис құрылыс компаниясы") қатысты, 135 зауыт құрылысты материалдармен жабдықтап отырды. Жергілікті фирмалармен бірге қала құрылысына түрік ("Джейлан", "Сембол", "Окан", "Аксель"), корей ("HIGH WILL"), итальян, француз, швейцар компаниялары да үлес қосты. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар беріліп отырды. Астанадағы ауқымы мен шапшаңдығы жағынан бұрын соңды болып көрмеген аса күрделі құрылыс жұмыстары өзімен бірге құрылыс үрдісіне қызмет көрсететін барлық саланы дамытты және Қазақстаннның өндірістік кәсіпорындарын да жандандырды. Құрылыс жүргізу ісіндегі әлемдік озық теория мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып құрылысшылар мен жобалаушыларға барынша жоғары талап қойып, күрделі міндеттер жүктелді. Астана нысандарын жобалауға әлемдік сәулет шеберлерін тарту туралы нұсқау берілді, ал құрылыс жұмыстарына тартылатын мердігерлер әлемнің жетекші құрылыс компанияларының қатысуымен өттетін тендерлердің нәтижелері бойынша анықталды. Мәселенің бұлайша қойылуы жобалау мен құрылыс жүргізудің кеңестік кезеңнен қалған анайы түрінен арылып, бәсекелестік жағдайының қалыптасуына әкелді және әлемдік сәулет-құрылыс стандарттарын пайдалануға, қазіргі қала салу тәжірибесі мен теориясының ең жаңа жетістіктерін еңгізуге мүмкіндік берді.
«Астана қаласының бас жоспары» бойынша Астанадағы Шұбар ықшам аудандағы коттедждер 2030 жылға дейін түгел бұзылып орнында көп қабатты тұрғын үйлер салынбақ. Сондай-ақ қаланың ескі аудандарындағы тұрғын үйлер де ретке келтірілмек.
## «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы Астана қала құрылысы жоспарын іске асыру мақсатында инвесторларға тартымды жағдай тудыра отырып жобаны жеделдетіп іске асыру мақсатында құрылған экономикалық-территориялық құрылым.
Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.
«Астана – жаңа қала» АЭА құру кезінде ҚР аумағындағы АЭА, сонымен қатар ТМД және алыс шетел елдеріндегі АЭА-дың жұмыс тәжірибесі есепке алынды. «Астана – жаңа қала» АЭА салалық бағыттылығы бойынша құрылыстық болып табылады.«Астана – жаңа қала» АЭА құрудың басты мақсаты – АЭА аумағын игеру және жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау, әкімшілік және әлеуметтік-мәдени маңыздағы бірегей обьектілер құрылысын салу, жабдықталған тұрғын үйлер салу, сонымен бірге Астананың экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады.Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана – жаңа қала» АЭА құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастап жоспарланған 238,6 млрд теңге орнына 793,5 млрд теңге шамасында инвестиция тартылды. АЭА обьектілер құрылысына инвестицияларды тартуға құқықтық, яғни кеден және салық жеңілдіктері әсер етеді.АЭА аумағы басында 1 052,6 га құрады, 2005 жылы аумақ 513,7 га кеңейтілді. АЭА барлық аумағы 5440,4 га құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы 2007 жылғы 21 маусымдағы № 352 Жарлығымен ауданы 598,1 га «Индустриалды парк» жұмыс атауымен аумақ қосылды. Оның аумағында өндірістік обьектілер тұрғызу жоспарланған. «Индустриалды паркте» «Nissan» маркасындағы автокөліктер және «Nokian» маркасындағы автошиналар шығарылатыны белгілі болды.
«Астана – жаңа қала» АЭА аумағында жағымды инвестициялық климат жасау мақсатында инвесторларға жеңілдік беретін ерекше құқықтық тәртіп белгіленген:
1. АЭА аумағында құрылыс жүргізу мақсатында тауарлардың айналымы бойынша (жұмыс және қызмет көрсету) ҚҚС босату;
2. Құрылыс барысында толық тұтынатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша нольдік мөлшерлемені пайдалану;
3. Құрылыс обьектілері салынып жатқан жер учаскелерін жер салығынан босату;
4. Ғимарат пен имараттың қалған сомасының мүлігі салық салу обьектісі болып табылмайды.
Одан басқа АЭА аумағы еркін кедендік режимі жүргізілетін аумақ ретінде қарастырылады. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырған кезде импортталатын тауарларға акциз салуды қоспағанда кеден баждары мен салық салынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. «Астана – жаңа қала» АЭА шегіндегі обьектілер құрылысының өзіндік құны инвестор үшін әдеттегі салынып жатқан құрылыстан (жеңілдікті пайдаланбағанда) 14-20% төмен.АЭА аумағында инвесторлар үшін кеден және салық жеңілдігінен басқа да пайда бар. АЭА аумағындағы құрылыстың негізіг мақсаты бюджеттік қаржы есебінен аумақты инженерлік дайындау және инженерлік желілер мен жолдарды салу болып табылады.Осындай бағдарламаны жүзеге асыру АЭА аумағының кешенді құрылысын жүргізуіне көмектеседі, инженерлік желілер, жолдармен және қаланың басқа бөлігімен байланыстыратын қолайлы көлікпен қамтамасыз етеді. Потенциалды инвесторларға инженерлік желілер және жолдар салынған инженерлік аумақтарда жұмыс істейтіндіктен, обьектілер құрылысы үшін қосымша стимул жағдайы жасалған.«Астана – жаңа қала» АЭА аумағы құрылысында алдыңғы қатарлы технологиялар қоданылып және әлемнің жетекші сәулеткерлері авторы болып табылатын бірегей жобалар жүзеге асырылып жатыр.
## Қаланың сәулеттік және мәдени-тарихитық мұраларын сақтау
Қазіргі кезде «Астана қ. Мәдениет басқармасы» ММ-сі 47 ескерткішті мәдени-тарихтық мұраларға жатқызған,олардың екеуі республикалық маңызды және 45 ескерткіш жергілікті маңыздылыққы ие.
*
Бас жоспарда келесі обьектілер мемлекеттің қарауына тапсырылған;
## Астана құрылыс нысандарының территориялық балансы
## Жүзеге асқан жобалар
*
*
*
*
*
*
*
*
*
### "Астана Медиа Орталық" телерадио кешені
Медиа-орталық кешеннің жалпы аумағы - 75,5 мың шаршы метр. Кешен құрамында аппаратты-студиялық блоктар, көп арналы телетарату блогы, көп арналы радиотарату блогы, 1 000 орындық киноконцерт залы, ұлттық медиа-мұрағаттың аппараттық кешені бар. АМО-ғында барлығы 19 студия, 1000 м2 (10763 фут2) жазу және видео студиялары орналасқан. Кешендегі барлық студиялар 7000 м2, кеңселер 21 000 м2 көлемін алған. Кешен қасбетінде яғни алдында 5 лед (led) экран орнатылған.
Орталықтың негізгі мақсаты - мемлекеттік телеарналардың техникалық базасын қазіргі заман талабына сай стандарттарға келтіру, медиа-кеңістікті ұлттық медиа-контентпен толтыру, эфирлік сандық телевидение мен радиотаратуға өту, электронды медиа-мұрағатты құру. Биіктігі 102 метрлік 22 қабаттық ғимараттың бірінші қабаты телестудияларға, ал мұнара әкімшілік пен шығармашылық топқа арналған. Алып дәлізде телесериалдар мен телебағдарламалар түсіретін ірі студиялар орналасқан. Отандық телевизиялық орталықта бірнеше телеарналар орналасқан.
### Көлік және коммуникация министрлігі ғимараты
Ғимарат Дөңгелек алаңның жанында орналасқан. биіктігі 155 м. Құрылысын Базис-А корпорациясы (2001-2003) жүргізді. Жобаның бас архитекторы В. Чисеяков. Астанада алғаш кет осы құрылысқа Канадада жасалған күн өтпейтін шыны қолданылды. Ғимарат күн сәулесіне сәт сайын түрлі реңге боялады, алтын жарқылданып, қас қағымда көк-жасыл ажар тауып, іле қоңырқай түске өзгеріп, мың құбылады. Бұл оған жеңілдік сипат береді. Әкімшілік ғимараттың жалпы көлемі — 32 800 м2. Ғимаратта мыңдай адам еңбек етеді.
### Оқушылар сарайы
Тәуелсiздiк және Бауыржан Момышұлы даңғылының қиылысында орналасқан төрт қабатты ғимараттың жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді құрайды.Мұнда жасөспірімдерге арналған – жеңіл атлетика алаңы, суда жүзу бассейні, мұз айдыны мен баскетбол алаңы, теннис залдарына бөлінген. Кешендегі жеңіл атлетика залдарының трибуналары 336, мұз айдынының әмбебап залы 384, бассейн залы 144 көрерменге есептелінген. Сарай Санкт-Петербурглық дизайнерлерінің ұсынған жобасы бойынша жүзеге асты. Технологияның жетілген тұсында бой көтерген әлеуметтік кешеннің энерго-ресурстық қамтамасыз ету жүйесінде сапасы жоғары технологиялар қондырылған. Басқару тетігі бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылып отырады. Кешендегі тағы бір басты ерекшелік Қазақстанда тұңғыш рет электржабдықтау қуатының жарты бөлігі жаңармалы энергия көздеріне, яғни күн батареялары мен жел генераторларына тартылған. Оқушылар сарайына жылу жүйесі екі әдіс бойынша қамтамасыз етілген. Ғимараттың жартысы қаланың орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылса, екінші жартысы жартылай жылу сорғыш қондырғының көмегімен іске асырылады.
Жастардың мәдени сауаттылықтарын жетілдіру үшін орталықта арнайы студиялармен қатар, театр, хор, оркестр, би мен балет, драма үйірмелері жұмыс істейді. Ғимараттың ішіне әсем көрік беретін сахна, көрме залдарымен қатар, асхана мен медицина орталықтары да орналасқан және 170 орындық планетарий жұмыс істейді. Бұнда 3 Д технологиясын қолдану арқылы панорамалық, сфералық және ғаламшарлық кескіндеме көрсетуге болады. Сарайда ашылған 40 үйірмеге бір мезгілде 3880 бала қатыса алады.
8,3 га аумақты алып жатқан әлеуметтік кешен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының тапсырысы бойынша құрылысын Базис құрылыс компаниясы 11 айдың ішінде аяқтап, 2011 жылың аяғында Қазақстан тәелсіздігінің 20 жылдығына орай қолданысқа берілді.
### «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешені
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этнографиялық кешені» МККК 2002 жылы 8-қыркүйекте президент Н. Назарбаев бастамасымен ашылды.
* Mекен жайы Қабанбай батыр даңғылы, 6. (немесе Қорғалжын тас жолы 2/1)
* Cайты atamekenmap.kz.
Бүкіл Қазақстанның шағын бейнесі 1,7 га алаңда көрсетілген. Картада 14 облыс пен республикалық дәрежедегі Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Мұнда табиғи-климаттық, аймақтар мен ландшафтардың, сәулет пен қала құрылысы ансамбльдерінің барлық сан алуандығы көрсетілген.
*
*
### Сулы-жасыл бульвар
Астананың әкімшілік орталығының негізгі осінде жаяу жүргінші көпірі немесе қалалықтарға «сулы-нулы бульвар» атауымен белгілі көпір орналасқан, ол Астананың бас жоспарының авторы Курокаваның туындысы.
Көпір – елорда орталығы композициясының негізгі элементтерінің бірі. Сәулетшілердің ойы бойынша, ол қасындағы құрылыстардың барлығын біріктіреді. Сәулетшілер қала жерін ұтымды пайдалану мақсатынан туындаған үш деңгейді қарастырған. Төменгі деңгей автотұрақтарға берілген, мұнда 400 автомобиль сыяды. Құрылыстың екінші қабатында пассаж орналасқан: екі жарықты галерея айналасында көрме залдары, дүкендер мен кеңселер шоғырландырылған. Үшінші деңгей – бұл көгалдандырылған және сәнді ағаштармен, кіші сәулеттік формалармен, субұрқақтармен безендірілген жаяу жүргіншілер көшесі.
Мөлдір конус пішіндес күмбездер жарықтың төменнен жоғары қарай ғимаратты жарып өтуіне мүмкіндік береді. Баспалдақтармен байланыстырылған осы атриумдарда жасанды бақтар орналасқан, ал екінші қабат деңгейінде маңындағы құрылыстармен жабық галерея арқылы жалғасады.
### "Думан" ойын-сауық орталығы
Елорданың сол жағалауында океанариумы бар «Думан» орталығы салынған. 3D кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар кафелер желісі, сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар.
### Әзірет Сұлтан мешіті
Құрылысы 2009 жылдың 31-маусымында басталған. 2012 жылы 6-шілдеде (Астана күні), қасиетті жұма күні мешітінің ашылу салтанаты болды. Мешіт Тәуелсіздік сарайының солтүстік жағында Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан. Мешіт жобасын Президент Н. Назарбаев республикалық сәулет конкурсына ұсынылған 26 жұмыс ішінен таңдап алған. Мешіт сәулеттік келбеті мен безендірілуі шығыстық та, орта азиялық та стилде емес, негізгі классикалық қалыпты сақтай отырып қазақстандық ерекше жаңа стилде жасалған. Мешітке қазақтың көп салалы, бай ою-өрнектері көптеп қолданылған. Басқа елдерде жоқ ерекшелігі - оюдың фоны мен өрнектің өзі үйлесімді оқылады. Көп қырлы ұлттық ою-өрнектер қазіргі заман талабына сай ғимараттың ішкі көрінісіне, қолданылған рельеф тәсіліне, алтынмен әшекейлеуге бағындыра отырып жүзеге асырылған. Орталық мешітке бір уақытта 5 мыңнан астам адам сыя алады. Жоба классикалық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті (сәндік) элементтер қосындысы ретінде құрастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы 17,7 мың шаршы метр, ал жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды. Ғимараттың соңғы қорытынды аккордтарын ортасынан есептегенде тең қашықтықта орналасқан төрт мұнара (биіктігі 77 метр) толықтырып тұр.
### «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешені
Оның алты блогының біреуі 2007 жылғы қазанда пайдалануға берілді. «Саналы ой» принципі бойынша жобаланған жаңа ғимарат ыңғайлы саябақтың ортасына орналасты. Мұнда демалыс аймақтары да, балалар алаңқайлары да бар. Пәтердің 16 түрі бар. Тұрғындар алдын-ала классикалық, шығыстық, модерн және т.б. өздеріне ұнаған түрін таңдай алады. Жиһаз кіріктірілген. Дәстүрлі ванна мен душтан өзге, джакузи мен монша да кездеседі. Шаң сору жүйесі қабырғаларға орнатылған.
## Жоспардағы жобалар
Астана қаласының макеті Тәуелсіздік сарайының үшінші қабатында орналастырылған (ауданы 8883 шаршы метр). Макетті корейлік «Модел Парк» компаниясы жасаған. Макеттің масштабы 1: 600. Макеттегі ғимараттардың материалдары пластик және шыныдан тұрады.Одан басқа, Конгресс-Холл сарайына Астананың болашақ жобасы бейнеленген макет ілінген. Онымен кез келген тұрғын таныса алады. Жобада көп нәрсе қамтылған
* Астананың болашақ көрінісі
*
*
*
*
### Жабық қала кешені |
Көлтоған - Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданының құрамындағы ауыл болған. Ауылдың оңтүстігінде 2 км жерде Аса өзенінің иінінде пайда болған үлкен тоған орналасқан. Кейін тоған үлкейе келе көлге айналған, суы мол. Ауылдың Көлтоған аталуы осы тоғанға орай айтылған дейді ардагер қариялар.
## Географиялық орны
Тараз қаласының оңтүстік-батыс жағында орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 0,6 мың адам (2009).
## Дереккөздер |
Құмшағал — Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан, бұрынғы Құмшағал ауылдық округі орталығы. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы құрамында болды.
## Тарихы
Құмшағал ауылының пайда болуы 1931 жылы Түрксіб теміржолының құрылысына тікелей байланысты, алғашқы кезде теміржол бекеті болып, "106 разъезд" деп аталған. Сол кезде теміржол маңынан теміржолға қажетті тас, құм, шағал шығаратын карьер ашылды. Құм мен шағал шығатын орын болғандықтан бекет пен болашақ ауылдың аты Құмшағал деп аталған.
## Географиялық орны
Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 6,4 мың адам (2009).
## Дереккөздер |
Қаратау — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауыл Қаратау тауының қойнауында жатқандықтан Қаратау елді мекені деп аталады.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаракемер ауылдық округі:
* Қаракемер ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қаракемер ауылдық округі — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қаракемер ауылдық округі — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауылдық әкімшілік бірлік. |
Құмтүйін — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрын ауылдан 2-3 км жердегі "Үлкен құм төбе" мен "Бала құм төбенің" түйіскен жерінде орналасқан. Колхоздастыру кезінде қазіргі кездегі елді мекенге шоғырланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүтік-батысқа қарай 3 км-дей жерде.
## Халқы
## Ауыл маңы табиғаты
Қыз әулие - Құмтиін ауылының батыс жағында керамика қалдықтары, тас мүсін табылған. Ауылдан 500 м қашықтықта орналасқан қыз бейнесі салынған тас мүсіннің биіктігі 1 м, төбенің ұзындығы 100-150 м. Оны жергілікті тұрғындар "Қыз әулие" деп атаған. Оның үстіне жақын жылдарда Құмтүйін ауылының тұрғындары үлкен етіп "Қыз әулие" кесенесін орнатқан. Жергілікті тұрғындардың ұғымында ол жер "Әулилі, киелі" жер.
## Дереккөздер |
Ежелгі адамдар саны 20 – 30 адамнан аспайтын топтарға (қауымдар) бірігіп жүрді. Көпшілік жағдай оларға жыртқыштарға қарсы тұрып, ірі жануарларды қаумалап ұстауға, жабайы табиғат жағдайында өмір сүруге мүмкіндік береді. Алғашқы қауымдық құрылыс мүшелерін туысқандық қатынастары біріктірді: әрбір қауым бірнеше рулардан тұрды. Ру – өз шығу тегін әкелік (әкеден балаға) не шешелік (шешеден балаға) тізбектен тарататын адамдар тобы. Рудың негізгі ерекшелігі өз руының өкілдерімен некеге тұруға тиым салынды. Ру мүшелері бір–біріне барлық жағдайда жәрдемдесіп, өз руласының өлімі мен жарақаты үшін, қанмен кек алуға даяр болатын. Ру мүшелері, сол секілді діни культі арқылы бірігеді. Әдетте екі немесе бірнеше рулар бір–бірімен тығыз байланыста болады. Олар аң аулайтын жерлерді бөлісіп, бірлесе еңбек етіп, үйленеді: бір рудың адамдары өзге рудан қыз алып үйленетін. Ру мүшелерін өмір сүру аумағы да біріктіретін.Ертеректегі қауымда билік оның барлық тең құқылы мүшелеріне тиесілі болатын. Басты заң – бабалар дәстүрі болып, қауымдағы адамдар оның сақталуын бірге қадағалайтын. Шаруашылық және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері ұжымдық түрде шешілетін. Сонымен қатар топтарда әрқашан үлкен беделге ие, басшы бір немесе бірнеше адам болатын. Бірақ, аңшылық немесе әскери өнерінің, данышпандық немесе сәттілігінің арқасында абыройға ие болған басшылар жеке өздері біреулерге бұйырып немесе жазалай алмайтын. Бірте–бірте басқару билігі күрделене берді. Қауымдағы халық саны артып, оның мүшелері біртұтас ұжым құраудан қала бастады. Сол себепті, дәстүрлердің орындалуы мен бақылау міндеті ақсақалдар алқасына ауысты.Ғалымдар алғашқы адамдар қайырымды да, мейірімді болған деп тұжырады. Иракта бір көзі соқыр, бір қолы жоқ болған адам мүрдесінің қалдығы табылды. Ол сол күйімен 40 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Егер, оған тайпасындағылар көмектеспегенде, ол бір апта да өмір сүре алмайтыны анық.
## Дереккөздер |
Әулиекөл (2017 ж. дейін — Қызылтаң) — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қостөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл.Ауыл маңындағы екі төбеге байланысты ауылдың атауы Қостөбе деп аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қоңыртөбе сөзі төмендегіше мағыналар білдіруі мүмкін:
Елді мекендер:
* Қоңыртөбе – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Қоңыртөбе – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл.
* Қоңыртөбе – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
Тау:
* Қоңыртөбе – Итжон тауларының батыс бөлігіндегі шоқылы тау.
* Қоңыртөбе – Қызылкөл көлінің солтүстік-батысындағы тау.
Басқа мағыналар:
* Қоңыртөбе шыны өндірісі – ортағасырлық шеберхана. |
Қапал — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы атауы – Ворошилов. Ауыл атауы тұрғындарының Қапал руынан құралуынан туындаған (этноним).
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қоңыртөбе — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы атауы "Совтрактор". Ауылдың маңында шөбі шүйгінді төбе, шөбі қурағаннан кейін алыстан қоңыр тартып көрінгендіктен, ауылдың атауы "Қоңыртөбе" аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылдихан — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Гродеков ауылдық округі құрамындағы ауыл. Кеңестік жүйенің негізінде "қызыл дихан" - "егін өсірушілер" деген мағынамен қойылған атау.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шоқай (2017 ж. дейін — Октябрь-Жеміс) — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақбастау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан батысқа қарай 3 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кемел (2017 ж. дейін — Октябрь) — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қараой ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Рахат — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл. Көкорай өзекті бойлай ел қоныстанған ауылдың аты алғаш рет "Көкөзек" ауылы деп аталған. 1932-1933 жылдары ашаршылыққа ұшыраған халықты орталыққа шоғырландырады. Бос қалған бұл ауылдың үйлеріне қаладан өзбектер көшіп келіп орналасып, егіншілікпен айналысқан. Мол өнім алып, сулы, нулы жерге риза болған халық бұл жерді "рахат екен" деп қуанған. Ауыл сол себепті "Рахат" ауылы деп аталды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км-дей жерде.
## Халқы
## Ауыл маңы
Ауылдың оңтүстік-батысында ұзындығы 1 км, ені 100 м, тереңдігі 50-60 см болатын көл бар. Бұл көлдің орнында бұрындары өзен болған, жан-жақтағы бұлақтардың суы жиналып, жергілікті тұрғындардың қолымен бөгет қазып үлкейтілген. Бөгетті "Шәлімбет бөгеті" деп атаған, ол кейін суға толып, үлкейіп көлге айналған, көл ауылдың атымен "Рахат көлі" деп аталады.
## Дереккөздер |
Сеңгірбай — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылдық округі құрамындағы 14 ауладан тұратын кішкене ауыл. "Өзен жағалағанның өзегі талмас" деп Сеңгірбай су қоймасының оңтүстігіне қарай орналасқан елді мекен. Су қоймасы - қар, жаңбыр суынан құралған, түбінде бұлақ көздері де бар. Сондықтан қысы-жазы тартылмайды. Атауы сол аумақты жайлаған Сеңгірбай деген кісінің есімімен аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүстікке қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Түрксіб — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Бесағаш ауылдық округі құрамында. Ауыл 1926-30 жылдары Түркістан-Сібір теміржолын салушыларды көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Майлық (орыс. салфетка, фр. serviette) — тамақтану барысында ерін, ауыз және қол сүртуге арналған төртбұрышты мата немесе қағаз тілімі. Дастарқан жабдығының міндетті заты. Майлықтың дастарқан жабдығына қажетті түрі және үй тұрмысында қолданыстағы басқа түрлері және атаулары бар.
## Майлықтың дастарқан жабдығына қажетті түрлері
### Мата майлық
Мата майлық зығыр және мақта маталардан жасалынады. Түстері бірыңғай ақ немесе басқа түсті, шеттері кестеленген, өрнектелген және басқа да ерек белгілермен безендіріледі. Пішіні - төртбұрыш, көлемі - әр түрлі.
* Майлықтың негізгі қажеттіліктері:тамақтану кезінде мәдениеттіліктің, ұқыптылықтың және тазалықтың кепілі:киімді үстел басында байқаусызда түсіп кететін тамақтың үгінділерінен, тамып және шашырап кететін тамшылардан бұлғанудан сақтайды;тамақ үстінде және тамақтан кейін майланған саусақтарды, ерінді сүртеді;
* тамақтану кезінде мәдениеттіліктің, ұқыптылықтың және тазалықтың кепілі:киімді үстел басында байқаусызда түсіп кететін тамақтың үгінділерінен, тамып және шашырап кететін тамшылардан бұлғанудан сақтайды;тамақ үстінде және тамақтан кейін майланған саусақтарды, ерінді сүртеді;
* киімді үстел басында байқаусызда түсіп кететін тамақтың үгінділерінен, тамып және шашырап кететін тамшылардан бұлғанудан сақтайды;
* тамақ үстінде және тамақтан кейін майланған саусақтарды, ерінді сүртеді;
* әдемі бүктеліп қойылған майлық дастарқанға салтанатты күй және сән береді;
Майлықтарды сәндеу
Майлықтарды күнделікті таңғы аста, түскі тамақта әдетте төртбүктеп, ұшбұрыштап, орама түрінде және екіге бүктеп қояды, ал салтанаты жағдайларда майлықтардың бүктеп сәндеудің күрделі түрлері ұйғарымды.
* Майлықтарды сәндеп бүктеудің көптеген түрлері бар:Жүзікті классикалық майлық - майлықты төртке бүктеп, алдыға жабық шеттерімен ромбы тәріздес етіп қояды. Оң жақ бұрышын майлықтың ортасына қарай бұрап, сол жақ бұрышымен бір-біріне кретіндей етіп жабу керек. Майлықтың төменгі жағы үшкір болып бұрыштанады. Майлықты төңкеріп, қысып ұстап тұрып жүзік кигізеді.Қарапайым бант - майлықты төртке бүктеп, алдыға ромбы тәріздес етіп, ашық жағын солға қаратып қояды. Майлықты төменгі жағынан бастап гармошка түрінде бүктеп, жүзікті ортасына дейін кигізеді де, екі жағындағы бүктемелерді жазады.Қарапайым шілтерлі бүрме - бұл шеті шілтерлі майлықтар түрімен жасалынады. Төртке бұктелген майлықты алдыға жабық шетімен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, бірінші қабатын жоғары, екінші қабатын астына қарай қайырады. Бүктемелері сақталу үшін үтіктеу қажетСыпайы гофре - төртке бүктелген майлықты алдыға ашық жағымен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, беткі қабатын ромбының төменгі бұрышына дейін қайырып, сол қайырымды гармошка түрінде жияды (бүрмелер сақталу үшін ауыр затпен басып қояды). Келесі қабатты да беткі қабаттай жияды. Бүрмелері сақталу үшін аздап үтіктеп, майлықты бүрмелері алдыға тігінен келетіндей етіп бұрып, екі шеткі ұшынан ұстап, сол екі ұштың ортасынан бүрмелерді үстінен келтіріп бүктейді.Салтанатты стиль - төртке бүктелген майлықты алдыға ашық жағымен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, бірінші қабатын ромбының ортасына дейін бұрайды. Келесі қабатын бұрап бірінші бұрамға дейін әкеледі, үшінші қабатты бұрап екінші бұрамға дейін әкеледі. Майлықтытың шеттерін бүктеп, бүрмелерін қиғаш келтіріп тәрелкеге қояды.ЖелкенҚалпақшаМай шам және т.б.
* Жүзікті классикалық майлық - майлықты төртке бүктеп, алдыға жабық шеттерімен ромбы тәріздес етіп қояды. Оң жақ бұрышын майлықтың ортасына қарай бұрап, сол жақ бұрышымен бір-біріне кретіндей етіп жабу керек. Майлықтың төменгі жағы үшкір болып бұрыштанады. Майлықты төңкеріп, қысып ұстап тұрып жүзік кигізеді.
* Қарапайым бант - майлықты төртке бүктеп, алдыға ромбы тәріздес етіп, ашық жағын солға қаратып қояды. Майлықты төменгі жағынан бастап гармошка түрінде бүктеп, жүзікті ортасына дейін кигізеді де, екі жағындағы бүктемелерді жазады.
* Қарапайым шілтерлі бүрме - бұл шеті шілтерлі майлықтар түрімен жасалынады. Төртке бұктелген майлықты алдыға жабық шетімен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, бірінші қабатын жоғары, екінші қабатын астына қарай қайырады. Бүктемелері сақталу үшін үтіктеу қажет
* Сыпайы гофре - төртке бүктелген майлықты алдыға ашық жағымен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, беткі қабатын ромбының төменгі бұрышына дейін қайырып, сол қайырымды гармошка түрінде жияды (бүрмелер сақталу үшін ауыр затпен басып қояды). Келесі қабатты да беткі қабаттай жияды. Бүрмелері сақталу үшін аздап үтіктеп, майлықты бүрмелері алдыға тігінен келетіндей етіп бұрып, екі шеткі ұшынан ұстап, сол екі ұштың ортасынан бүрмелерді үстінен келтіріп бүктейді.
* Салтанатты стиль - төртке бүктелген майлықты алдыға ашық жағымен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, бірінші қабатын ромбының ортасына дейін бұрайды. Келесі қабатын бұрап бірінші бұрамға дейін әкеледі, үшінші қабатты бұрап екінші бұрамға дейін әкеледі. Майлықтытың шеттерін бүктеп, бүрмелерін қиғаш келтіріп тәрелкеге қояды.
* Желкен
* Қалпақша
* Май шам және т.б.
Майлықты қолдану және пайдалану мәдениеті
* Мәдениеті:үстел басына отырған кезде тәрелке үстіндегі сәндеп бүктелген майлықты алып, ашып, үстіңгі бөлігін астыңғы бөлігінен қысқарақ етіп екіге бүктеп, шеттерін төмен қаратып тізеге салады;байқаусызда майланған саусақты майлықтың үстіңгі бөлігіне, майлықты тізеден көтермей сүрту қажет;ерінді сүрту үшін майлықты екі қолмен алып, үстіңгі қабатын сыртына қарай келтіре, шеттерін аударып алақанға салып алып, ерінді орта тұсынан басып қана сорғыта сүртеді;егер майлық еденге түсіп кетсе, тазасын сұрау қажет;тамақтанып болған соң майлықты тізеден алып, алдыдағы тәрелкенің оң жағына қояды.
* үстел басына отырған кезде тәрелке үстіндегі сәндеп бүктелген майлықты алып, ашып, үстіңгі бөлігін астыңғы бөлігінен қысқарақ етіп екіге бүктеп, шеттерін төмен қаратып тізеге салады;
* байқаусызда майланған саусақты майлықтың үстіңгі бөлігіне, майлықты тізеден көтермей сүрту қажет;
* ерінді сүрту үшін майлықты екі қолмен алып, үстіңгі қабатын сыртына қарай келтіре, шеттерін аударып алақанға салып алып, ерінді орта тұсынан басып қана сорғыта сүртеді;
* егер майлық еденге түсіп кетсе, тазасын сұрау қажет;
* тамақтанып болған соң майлықты тізеден алып, алдыдағы тәрелкенің оң жағына қояды.
* Жол берілмейтін жарамсыз қылықтар:үстел басына отыра салысымен, ыдыстарды тексеріп, одан кейін көрініп қалған дақтарды майлықпен сүрту;майлықты жейденің жағасына немесе костюмнің өңіріне іліп қою ( Франция мен Италиядан басқа жерлерде);майлықты қол орамалы және бет сүртетін орамал ретінде пайдалану;тамақтанғаннан кейін майлықты қайтадан ұқыпты етіп бүктеу және орындық арқалығына ілу.
* үстел басына отыра салысымен, ыдыстарды тексеріп, одан кейін көрініп қалған дақтарды майлықпен сүрту;
* майлықты жейденің жағасына немесе костюмнің өңіріне іліп қою ( Франция мен Италиядан басқа жерлерде);
* майлықты қол орамалы және бет сүртетін орамал ретінде пайдалану;
* тамақтанғаннан кейін майлықты қайтадан ұқыпты етіп бүктеу және орындық арқалығына ілу.
### Қағаз майлық
Қағаз майлықтарының пішіні, көлемі, түрлі-түсті болуы және қолдануы мата майлықтармен сайма-сай келеді, айырмашылығы қағаз майлықтары қолданыста бір мәрте ғана болады.
* Қағаз майлықтардың қолданыстағы түрлері:дастарқан жабдықтарына арналған тілім түрі (ауыз, қол сүртуге қажетті);ас үйге арналған орама майлық (тағам түрлерін дайындау барысына қажетті);үй тұрмысында пайдалануға арналған (терезе әйнектерін сүрту);
* дастарқан жабдықтарына арналған тілім түрі (ауыз, қол сүртуге қажетті);
* ас үйге арналған орама майлық (тағам түрлерін дайындау барысына қажетті);
* үй тұрмысында пайдалануға арналған (терезе әйнектерін сүрту);
## Майлықтың басқа қолданыстағы түрлері және атаулары
Майлықтың басқа қолданыстағы түрлерінің атаулары не үшін және қалай пайдалану барысына қарай аталып, айтылады:
* дәрігерлік салфетка - дәкеден жасалынған, әр түрлі дәрігерлік мақсатта қолданылады;
* косметикалық салфетка (сүрткіш немесе сүлгі) - түрлі хош иісті сұйықтар сіңдіріп, ылғалданған, саңылаусыз жабылатын орамада ұсталынады, қол, бет, дене мүшелерін сүртуге арналған;
* сүртіп тазартатын тазартқыш түрлі ерітінді майларды сіңдіріп, темірден тұратын заттарды жылтыратып өңдеу үшін пайдаланылады;
* синтетикалық киізден жасалынған (жуғыш) - ыдыс және қыш, темір, әйнек беттерін тазалауға арналған.
* арнайы өңделіп көзілдрік әйнегін, айна беттерін, мониторларды сүртетін сүрткіш;
* шаң сүртетін түрі - шүберек.
## Дереккөздер |
Ортағасырлық қаланың халқы бірнеше мың тұрғыннан тұрды. Шамамен 10 мың тұрғыны бар қала үлкен, ал, 40 – 50 мың адамы бар қала – аса зор қала болып есептеледі. Мұндай қалалар аса көп те болмады: Кельн, Прага, Лондон, Венеция, т.б. Бұлардан басқа, бір кездері 200 мың жылдан аса халқы болған Париж ерекшеленді.Үлкен қала мықты қорғанмен қоршалса, бүкіл қалалық өмір базар алаңы маңында қыз–қыз қайнады. Орталық алаңда шіркеу мен қалалық кеңес – ратушаның ғимараты орын тепті. Әдетте үйлер 3-4 қабаттан тұрып, тығыз орналасып, көшеге тек жіңішке қасбеті ғана шықты. Қала билігі көшелердің кеңдігі найза ұзындығынан қысқа болмауын талап етіп, бұл ережені бұзғандарға айыппұл төлетті. Алайда, бұл тек бірінші қабатқа ғана қатысты болды. Көшенің әр жағында тұрған биік үйлер бір–біріне «сүйкеніп» тұрды.Қалалықтардың басты жұмысы қолөнер мен сауда өнеркәсібі болды. Қолөнерші бір затты басынан аяғына дейін жасайтын. Әдетте зат нақты бір тапсырыс бойынша жасалатын. Бір мамандықтағы қолөнер шеберлері – цехтарға жиі бірігетін. Қала қолөнерін келімсек шеберлердің бәсекелестігінен қорғау мақсатында цех бөтен адамдарға өз өнерімен айналысуға тиым салды. Цех мүшесі болғысы келген жан өз шеберлігін көрсетіп, үлгілі бұйым (керемет) жасауға тиісті болатын. Цех жарғысында қай күндері, қандай сағатта жұмыс істеу керектігі, қанша көмекші жалдап, өнімнің сапасы қандай болуы керектігі туралы қатаң ережелер жазылған-ды. Цехтар қаланы басқару ісіне жиі араласып, өз таңбалары мен тулары болды. Цех өз мүшелерінен ортақ қажеттіліктерге ақшалай жарналар жинап отырды.Қалалардың өрлеуі сауданың дамуына әсер етті. Солтүстік германдық Ганза қалаларының сауда одағы ортағасырлық Еуропа тарихындағы ең ірісі болды. XIV-XV ғ.ғ. (өркендеу уақыты) Ганза 160 қаланы біріктіріп, 1000 кемеге иелік етті. |
Темір адам (ағылш. Iron man), шын аты Энтони Старк «Тони» (ағылш. Anthony Edward Tony Stark) — ойдан шығарылған супербатыр Marvel Comics баспасынан. Өте танымал әрі супербатыр, әрдайым көмекке келетін темір киіміндегі адам.
## Жариялау тарихы
### Пайда болуы
Алғаш рет Темір адамды ойлап табу идеясы 1939 ж. Стэн Лидікі болған. Алайда 35 жылдан кейін Темір адамның нақты келбетін жазушы Стэн Ли және суретшілер Дон Хек пен Джек Кибри ойлап тапқан.Халық бұл идеяны құптап Marvel Comics-ның №59 санында алғаш рет көрген болатын.
### Биографиясы
Тони Старк Темір адамды ойлап тапқан. Ол - басты кейіпкер. Ол атақты кәсіпорын қожасының баласы, көзі ашық, миллиардер. Әкесі өмірден озғаннан кейін 21 жасынан бастап әкесінің кәсібін өзі жалғастырады. Кәсіптің міндеті - ядролық қаруды шығару.Көптеген жылдар бойы Старк компаниясы осы ядролы қару шығарудан 1 орында болған.Бірақ Тони Старк компанияны қару шығармаймыз деп көпшілікке жария етеді. Ол қазіргі таңда ядролы қару өте қауіпті және де пиғылы арам қолдарға түсуі мүмкін деген. Сол сөздерден кейін Тони Старк Темір адамның сызбасын салып, ойлап тапқан екен. Содан кейін халқымды зұлымдықтан құтқарам деп өзіне уәде беріпті. Расында да Темір адам осы күнге шейін жаман күштерден әлемді құтқаруда.
### Библиографиясы
* Tales of Suspense #39-99 (наурыз 1963 — наурыз 1968)
* Iron Man and the Sub-Mariner (1968)
* Iron Man Vol. 1, #1-332 (мамыр 1968 — қыркүйек 1996)
* Iron Man Annual #1-15 (1970—1994)
* Iron Man Annual '1998-2001
* Giant-Size Iron Man (1975)
* Iron Man: Crash (1988)
* Iron Manual (1993)
* Iron Man 2020 (тамыз 1994)
* Age of Innocence: The Rebirth of Iron Man (ақпан 1996)
* Iron Man Vol. 2, #1-13 (қараша 1996 — қараша 1997)
* Iron Man Vol. 3, #1-89 (ақпан 1998 — қазан 2004)
* Iron Man: The Iron Age #1-2 (тамыз — қыркүйек 1998)
* Iron Man: Bad Blood #1-4 (қыркүйек — желтоқсан 2000)
* Iron Man Vol. 4, #1- (қараша 2004 —)
* Ultimate Iron Man #1-4 (наурыз 2005 — қараша 2005)
* Iron Man: The Inevitable #1-6 (ақпан — шілде 2006)
### Фильмдері
### Сілтемелер
* Marvel ресми сайтындағы Темір адамның өмірбаяны (ағылшынша) |
Қорқау Жұлдыз - 1988 жылы, атақты жазушы - Әкім Тарази жазған роман. СюжетРоманның негізгі кейіпкері - Лима - педогогикалық институтта білім алған, өз құдастарымен салыстырғанда терең ойлайтын жас қыз. Алайда, бейкүнә жастың мойнына ауыр әрі азапты кіна тағылады. Бір мезетте, жас баладан оның туған-туыстары, достары бет бұрады. Өмір шымылдырығын енді ашқан бойжеткен оның ащы дәмін тартады. Кейіпкер алдында, сол заманның, сол адамдардың бетпердесі ашылып, шынайы түрі көрінеді. Қоршаған ортаның көрсеткен қысымына шыдай алмаған қыз жанкештілік әрекетке баруға мәжбүр болады.
КейіпкерлерЛима - институтты бітірген бойжеткен. Романның бас кейңпкері.Тұнғатар - ауыл мұғалімі. Өзінің прогрессивті әрі жаңаша идеяларымен және ойларымен ерекшеленіді.Сәрсенбай - мектеп директоры. Сырт көзге қарапайым, ақкөңіл адам болып көрінгенімен, ішінде арамдық пен жауыздық бар.Ұлжан - Сәрсенбайдың әйелі. Мұғалім.Арсанбай - Сәрсенбайдың інісі. Лиманың күйеуі.
АудармасыКітаптың орысша аудармасы "Восхождение к пропасти" атымен жарық көрді. 2010 жылы кітап "Into the Abyss" деген атпен шетелдік оқырмандардың қолына тиді. Қазіргі уақытта әдебиеттің басқа да тілдерге аударылуы қарастырылып жатыр.
ДереккөздерInto the Abyss, 2010 ISBN 9781906768072 |
Құтыз сұлтан (Мұзафар Сайф әд-Дин Құтыз) - Мысыр жерінде мәмлүктер құрған сұлтандықтың (мемлекеттің) үшінші билеушісі.
## Билеген кезі
Құтыз сұлтан 1259-60 жылдары аз ғана уақыт билік құрды. Ол билікті қолына алысымен мәмлүктермен ортақ тіл тауып, гвардиялық арнайы жасақтың қолбасшысы Бейбарысты жанына тартады. Мәмлүк қосындарын басқарған Бейбарыс 1258 жылы Бағдад қаласының түбіндегі шайқаста Сирия мен Мысырды жаулап алуға ұмтылған моңғолдың қарақұрым қолына қарсы соққы береді. Осы Құтыз билігі кезінде Бейбарыс бастаған мәмлүктер моңғолдарға да, кресшілерге де қарсы соққы беріп, шығыс пен батысқа кеңінен таныла бастады. Көп ұзамай, Құтыз сұлтан Бейбарысқа "әмір" атағын береді.1260 жылы 3-ші қыркүйекте Айн-Джалаут түбіндегі шайқаста, жұлдызы жанған Бейбарыс Шыңғыс ханның немересі Құлағудың Кетбұға бастаған жеңімпаз әскерін күл-талқан етті. Осы жеңістен соң Бейбарыс өзін бағаламаған Құтыз сұлтанды өлтіріп Мысырдағы билікті өз қолына алды. |
Мұхаммед Жувейни (толық есімі: Ала Әд–Дин Ата Мәлік ибн Бехе әд–Дин Мұхаммед Жуайни, 1226 жылы туып, 1283 жылы қайтыс болған) — парсы тарихшысы, әрі мемлекет қайраткері.
«Тарих-и жаһангушай» (Әлемді басып алушының тарихы) атты еңбегінде Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сырдария өңірінің 12–13 ғасырлардағы тарихи сыртқы саяси жағдайы туралы жазған.
## Өмірбаяны
Хулагу хан Иранды билеген тұста, 1256 жылы Жувейни Хорасанды биледі. Хулагудің жорықтарына бірге қатысып, көп оқиғаны көзімен көреді. Хулагу хан Бағдатты жаулап алған соң, Жувейниді, сол қаланың билеушісі етіп тағайындайды. Жувейни бірнеше ірі еңбектер жазып қалдырды. Олардың арасынан «Тарихи жаһангуйшай» («Әлемді бағындырушының тарихы») атты 3 томдық еңбегін ерекше атауға болады. Онда Шыңғыс хан империясының түркі, моңғол тайпалары туралы мол деректер келтірілген. Жувейни бұл еңбекті жеті жылда жазып бітірген. |
Бауыржан Исламхан (Тараз, 1993 жылы 23 ақпанда туған) — қазақстандық футболшы, «Ордабасы» клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстанның 6 дүркін вице-чемпионы және Ел Кубогының 4 дүркін иегері.
## Мансабы
### Клубтық
Исламхан Тараз футбол академиясының тәрбиеленушісі. "Тараз" футбол клубы үшін алғашқы ойынын 2011 жылдың 6 наурызында, Қазақстан премьер лигасы аясында Ертіске қарсы ойында өткізді. Сол ойыннан бері ол клубтың негізгі ойыншыларының біріне атанды. Келесі маусымда 19 жасар Исламхан команда капитаны болып сайланады. 2012 жылдың маусымында 22 ойында 4 гол соғып Қазақстан Футбол Федерациясы жаттықтырушыларының дауыс беру қорытындысы бойынша «Жылдың ең үздік жас ойыншысы» атанады.
2013 жылы өзінің туылған күнінде "Кубань Краснодар" футбол клубымен үш жылдық келісім шартқа қол қояды. Ол 2013 жылы 25 ақпан күні «Торпедо Армавир» футбол клубына қарсы ойында дебютін жасады. Ресей Премьер Лигасында бірде-бір ойын өткізбеген Исламхан, жартыжыл бойы Кубаньның екінші командасы үшін өнер көрсетеді.
2014 жыл 11 ақпан «Кубань Краснодар» мен «Қайрат» арасында келіссөдер жүргізіліп, Исламхан Қайратпен үш жылдық келісім шартқа қол қояды. 2016 жылы тамыз айының соңына қарай "Астана" футбол клубынан, «Қайратпен» келісім шарт уақыты аяқталғаннан кейін «Астана» футбол клубына қосылу туралы ұсыныс келіп түседі. Бірақ футболшы ондай ұсыныстан бас тартты.
2020 жылы қаңтар айында "Қайраттан" кетті. Осы кезде "Зениттен" ұсыныс түсті де, клубтың бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Алайда клубпен келісім шарт жасасқан жоқ, 21 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" клубына ауысты.
2020 жылғы маусымның соңында допинг пайдаланды деп айыпталып, АФК оны екі жылға футболдан шеттетті.. 2023 жылдың ақпаныңда "Ордабасымен" келісім шартқа отырды. 2023 жылдың 4 наурызында "Ордабасының" "Каспийға" қарсы ойыныңда дебютын жасады. Тура сол матчта ол жаңа клубы үшін алғашқы голын салды.
### Ұлттық құрама
Қазақстанның бірнеше жастағы жастар құрамаларында ойнады.
2012 жылы ақпанда Литваға қарсы жолдастық кездесуде Ұлттық құрама жейдесін тұңғыш рет киді. 2014 жылы 5 қыркүйекте Қырғызстанмен өткен жолдастық кездесуде тұңғыш голын соқты. Бір жылдан соң Тәжікстанмен жолдастық кездесуде екінші голын енгізді.
2016 жылы 4 қыркүйекте 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Польшаға қарсы ойында тұңғыш рет капитан ретінде алаңға шықты. 2017 жылы 10 маусымда осы іріктеудегі Даниямен ойында қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.
2019 жылы 11 маусымда Сан-Марино қақпасына құрама сапындағы үшінші голын соқты.
## Жетістіктері
### Клубтық
Қайрат
* Қазақстанның вице-чемпионы (5) : 2015, 2016, 2017, 2018, 2019
* Қазақстанның қола жүлдегері: 2014
* Қазақстан кубогы (4) : 2014, 2015, 2017, 2018
* Қазақстан суперкубогы (2) : 2016, 2017
### Жеке
* Жыл жаңа есімі: 2011
* Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы: 2015, 2016, 2017
* Қазақстанның үздік футболшысы: 2014, 2016
Ордабасы
* Қазақстан чемпионы: 2023
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы |
Бунақ хан (Боняк, Маниак) – қыпшақ ханы. Тұғырылды қыпшақ еліне хан сайлаған Ескіл ханның ұлы. Ол туралы алғашқы дерек 1096 жылы кездеседі. Онда Боняктың Киевке шабуыл жасағаны туралы айтылған. 1097 және 1105 жылы Киев Русіне қайтадан шабуыл жасаған. 1107 жылы жеңіліске ұшырайды. Боняктың есімі соңғы рет 1167 жылғы жылнамада аталады.
## Тарихы
Ол туралы алғашқы дерек 1096 жылғы орыс жылнамаларында кездеседі. Онда Бунақтың Киевке шабуыл жасағаны туралы айтылған. Қанды жорықтарға шығар алдында қасиетті “Көк тәңірге”, “Көк бөріге” сиынатын. Хан тағына Тұғырыл сайланса, ханзада Бунақ оған әскербасы болды. Бунақ талай рет орыс князьдерінің шабуылына қарсы қол бастаған, 1091 жылы Тұғырыл Византияны қолдап печенегтерге қарсы соғысқан кезде, ерлігімен көзге түседі.Осы 1091 дылы орыс князьдерімен өштесіп жүріп, Переяславль түбінде тұтқиылдан кездескен қалың әскермен жанталаса ұзақ шайқасады. Бунақ батыр сонда ғана төтеп бере алмай шегінуге мәжбүр болған.Дегенмен қанша рет орыс князьдерімен қақтығысып, қарсы келіп жатса да аңғал қыпшақтар ешқашан опасыздыққа бармайтын. Бунақ та, Тұғырыл хан сияқты 1097 жылы грузин князі Давидпен одақтасып, тегі жағынан өзіне туысқан мадияр королі, діні христиан Каламанға қарсы шабады. Бұл қақтығыста да қол басы Бунақ Русль әскерін Сан өзенінің бойында тізе бүктіреді.Алайда, орыс княздері 1105 жылға дейін қыпшақтарға маза бермей, оларды қайткен күнде де жоюды өздеріне мақсат тұтады. Үздіксіз шабуылдап, ақыры 1103 жылы 4 сәуірде Сүтен деген жерде күшті соққы берген орыстар қыпшақ елін аяусыз тонайды.Осы оқиғадан соң ашу мен намысқа булыққан Бунақ батыр, 1103 жылы бүкіл қыпшақ жұртын жиып, жаз бойы Русь жерін қанға бөктірді.
## Дереккөздер |
Тоқта хан (Тоқтай)– Алтын Орда ханы. Батудың шөбересі. Туған жылы белгісіз, 1312 жылы қайтыс болған.
## Өмірбаяны
Тоқтаны 1288 жылы бауырлары елден қуып жібергендіктен, ол Ноғайды паналаған. Ноғай айлакерлікпен Тоқтаның қарсыластарын алдымен өз жағына тартып, кейіннен оларды өлтіреді де, 1291 жылы Тоқтаны таққа отырғызады. Ноғайдың айтқандарынан да бас тартады. Тоқта өте қабілетті билеуші және өзінің алдында хан болған Төле Бұқа мен Туда Меңгуден бөлек мінездегі адам екегдігін көрсетті. Ол билікке келген алғашқы күннен–ақ, күшті армия мен әкімшілікті жинай бастады.
## Шайқастары
Тоқта өз билігін барлық Солтүстік Руське жүргізуге күш жұмсады. 1293 жылы Тоқтаның інісі Дуден орыс князьдерінің иеліктерін талқандайды. Ноғай хан орыс істеріне араласпағанымен Тоқтаның іс–әрекеті оны бей–жай қалдырмады.– Көп кешікпей екеуінің арасында алауыздық туындайды. Тоқта Сербияны алғысы келген оймен,1293 жылы өз армиясын жібереді. Корольдің қабылдаудан басқа шарасы қалмады.1299-1300 жылдары Тоқта әскерін батысқа қарай бағыттайды. Днепрдегі соғыста Тоқта Ноғайды талқандап, Еділден Дунайға дейінгі жерлерді қолына қаратты. Рашид әд–Дин: "Оның балалары мен әскері қашып кетті. Оны Тоқта армиясынан бір орыс солдаты ұстап өлтірмек болды. Ноғай атын айтып Тоқтаға жолықтыруын өтінді, алайда солдат оның басын кесіп ханға апарды.Тоқта ақсақалдың өліміне қайғырып, өлтірген кісіні дарға асуды бұйырды" -дейді.
## Қызықты мәліметтер
Бізге жеткен деректерге қарағанда Тоқта мұсылман емес, будда дінін ұстанған.Ол Ноғайдың саясатын жүргізген. Рашид әд–Диннің “Тарихында” Тоқта 1312 жылы қайтыс болды деп көрсетілген.
## Тағы қараңыз |
Гун Гуаның ұлы Мұхали( Мұқылай, 1170 жылы дүниеге келіп,1223 қайтыс болған)–жалайырдың беделді батыры және Шыңғыс ханның әйгілі қолбасшыларының бірі.
## Өмірбаяны
1206 жылы құрылтайда Шыңғыс хан өз мемлекеттің шаңырағын көтеріп, қоластындағы елін тақсан бес мыңдыққа бөлінеді. Сонда Мұхали бірінші мыңдықты басқарушысы болып тағайындылады. Кейін оның аты елге еңбегі сіңген 88 қайраткерлердің ішінен үшінші болып аталған.Сондай–ақ, Шыңғыс ханның ең мықты тоғыз қолбасшысының ішіндегі төресі де осы Мұхали болды.Ол әуелі Уаң атағын(тайпа.өлке, билеуші) және Го Ван( ұлыс, ел билеушісі, қытайша), ал кейіннен Хуй Ун Чинсан тайшы лауазымына ие болады. Шыңғыс хан империясның тарихында “Го Ван” лауазымына ие болған адам жалғыз Мұхали ғана болады.1211 жылы Мұхали шүршіттерге шабуыл жасауға Си Ся жері арқылы әскерін өткізуге таңғұттардан рұқсат сұрап, оған қоса таңғұттардың елі мың әскерін көмекке қоса алады. Мұхали бірқатар шүршіт қалаларын баспы алған соң таңғұт–шүршіт шекарасында өзінің таңғұттың қосындарын қалдырып кері қайтады. Ал 1220-1222 жылдары Мұхали қолы Алтан патшалығының билігіндегі Хэбей, Хэдун,Шандун өлкесін бірінен соң бірін басып алды. Мұхали осылай қол бастап жүріп Шаньси өлкесінің Вэн Си Сян елді мекенінде 1223 жылы наурыз айында 53 жасында ауыр науқастан дүние салды. |
Kaspi Bank — қазақстандық коммерциялық банк. 2017 жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша жеке тұлғалардың салымы бойынша 3-орынды иеленеді, жеке капиталы бойынша қазақстандық банктер арасында 6-шы орында.
Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Басқарма төрағасы - Павел Миронов.
## Банк тарихы
1991 жыл, 1 қаңтар — Алматыда халықаралық «Аль Барака Қазақстан» коммерциялық банкі ашылды. Кейін «Банк Каспийский» ААҚ оның мұрагері болды.
1993 жыл, 14 сәуір — «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» жаңа заң күшіне енді. Осыған байланысты Қазақ-Сауд Арабиялық халықаралық коммерциялық «Аль Барака Қазақстан» банкі «Аль Барака Қазақстан» халықаралық банкі» бірлескен акционерлік банкіне өзгерді.
1996 жыл — жыл басында банк акцияларының 50% «Лукойл-Казахстан» АҚ және МD МТ Group (Канада) компаниясына өтті.
1997 жыл, қаңтар — ҚР заңында көрсетілген міндетті қайта тіркеуге сәйкес «Аль Барака Қазақстан» ХБ» атауы «Банк Каспийский» жабық акционерлік қоғамы болып өзгерді. Сәуір айында «Банк Каспийский» ЖАҚ және «Каздорбанк» ААҚ серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Екі ұйымның қосылуы нәтижесінде «Банк Каспийский» ААҚ құрылды.
2000 жыл — «Банк Каспийский» ААҚ ақпан айында «Жеке тұлғаларға кепілдік (сақтандыру) берудің Қазақстандық қоры» ЖАҚ қатысушысы болды.
2003 жыл, тамыз — 2003 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес «Банк Каспийский» ААҚ атауының Банк «Каспийский» АҚ болып өзгеруіне сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Желтоқсан айында «Банк Каспийский» АҚ халықтық акционерлік қоғам дәрежесін алды.
2006 жыл, мамыр — «Baring Vostok Capital Partners»5 тікелей инвестициялар қорының серіктесі Михаил Ломтадзе директорлар кеңесінің құрамына кірді.
2007 жыл, наурыз — Банк Standard Bank PLC, UniCredit Group және ING Bank-тен 200 миллион АҚШ доллары көлемінде бірлестірілген займ алды. Сәуірде «Банк «Каспийский» АҚ акцияларының 95%-дан астамын иеленген CASPIAN GROUP B.V. банктік холдингі директорлар кеңесін қалыптастырғаны туралы хабарлады. Оның құрамына Дэвид Хэкстер, Дуглас Гарднер пен Николай Зиновьев кірді. Шілдеде Михаил Ломтадзе банктің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Қарашада банк Еуропалық қайта құру және даму банкінен 59 миллион АҚШ доллары көлемінде 5 жылдық займ алды.
2008 жыл, сәуір — банк Халықаралық қаржы корпорациясынан 100 миллион АҚШ долларын тартты: 80 миллион доллар 7 жыл мерзімге – шағын және орта бизнесті несиелеу үшін және 20 миллион АҚШ доллары – сауданы қаржыландыруды дамыту үшін.26 қыркүйекте банк акционерлері банк атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Жаңа Kaspi Bank брендінің қоғамдық таныстырылымы қараш айында өтті.
2009 жыл, мамыр — Kaspi Bank Голландиялық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік корпорациясынан (FMO) 5 жыл мерзімге 45 миллион доллар займ алды. Сондай-ақ банк «Самрук-Казына» ҰӘҚ-ның ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мерзімінен бұрын толық жүзеге асырды. 3 миллард теңге игерілді.Шілде айында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі банкке құнды қағаздар нарығында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге құқық беретін лицензиясының жаңартылған нұсқасын берді.
2011 жыл, мамыр — банк MPP Consulting агенттігі енгізген Қазақстандағы ең қымбат брендтер рейтингінде 8-ші орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қазан айында Kaspi Bank акционерлерінің «Caspian Financial Group» АҚ қаржы холдингін құру туралы өтінішін қанағаттандырды.
2012 жыл, қыркүйек — банктің бас кеңсесі жаңа ғимаратқа көшті.
2013 жыл — Kaspi Bank қазан айында халықаралық капитал нарығынан 200 миллион доллар тартты.
2014 жыл, маусым — банк PCI DSS төлем карталары индустриясының мәліметтер қауіпсіздігі стандартының талаптарына сәйкес сертификатқа ие болды .
2015 жыл, қараша — «Kaspi» акционерлік қоғамы банктік холдинг дәрежесін алуға келісім алды. «Kaspi» АҚ Kaspi Bank акцияларының жанама иесі болды. Холдингтің акционері мен инвесторлары Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы, Михаил Ломтадзе және халықаралық жетекші инвестициялық компания Бэринг Восток Кэпитал Партнерс басқаруындағы қорлар болып табылады.
2017 жыл, маусым — банктің басқарма құрамы алты адамға дейін ұлғайды. Басқарма төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалды: Павел Миронов мен Тенгиз Мосидзе.
2022 - Банк қаржылық маркетплейс рейтингінде бірінші орынды иеленді Zanimaem.kz оқырмандардың пікірлері негізінде 5-тен 4.7 рейтингімен.
## Бизнес-экожүйе
2017 жылдың шілде айындағы мәлімет бойынша Kaspi экожүйесіне еліміздегі азық-түлік емес тауар айналымының шамамен 20% тиесілі.
## Өнімдері
Kaspi Gold — дебеттік карта. Алғашында жалақы жобасы аясында ғана шығарылды. 2017 жылдың 1 наурызынан банк аталған картаны барлық жеке тұлғаларға береді.
Kaspi Red — серіктес-дүкендердің тауары мен қызметін шектеулі лимит аясында бөліп төлеуге мүмкіндік беретін карта. Өнім 2016 жылдың 18 тамызында іске қосылды, 2017 жылдың маусым айындағы мәлімет бойынша Қазақстанның ірі 5 қаласында ай сайын 130 мың рет сауда жасайтын 115 мың карта ұстаушы бар.
Kaspi Депозит — жеке тұлғалар үшін капиталдандырылатын жедел салым. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша номиналды сыйақы теңгеде 11,4%, долларда 1%.
Сонымен қатар банк жеке кәсіпкерлерге және тұлғарларға ақшалай несие береді.
Банк Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің арасында кредит портфелінің көлемі бойынша бірінші орынды иеленеді. Банктің кредит портфелінің басым бөлігі бөлшек – 96,6%. 2015 жылы кредитке 770 мың смартфон, 86 мың планшет, 48 мың ноутбук, 90 мың тоңазытқыш. Ақшалай эквивалент түрінде сатып алудың жалпы сомасы 159 млрд теңгені құрады.
Банк қолданыстағы бар карталарға ғана қызмет көрсетуді қалдырып, кредиттік картаны шығарудан бас тартты.
## Қызметтері
Магазин — несие немесе бөліп төлеуге алу мүмкіндігін ұсынатын электроника, тұрмыстық техника және балалар тауарларының онлайн-маркетплейсі. Магазин 2014 жылдың 28 қарашасында іске қосылды. 2016 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша аталған сервис арқылы Қазақстанда жыл сайын 1,5 млн сатып алу жүзеге асты. 2017 жылдың маусым айында сауда алаңының ассортименті 30 мың тауардан асты.2018 жыл, шілде — «Қазпочта» АҚ пікірі бойынша Kaspi.kz-тегі Магазин Казнеттегі онлайн-дүкендердің арасында 1-ші орын алды, 2017 жылы интернет-дүкеннің айналымы 54,8 миллиард теңгені құрады.
Төлем — ұялы байланыс, коммуналдық қызмет, айыппұлдар мен салық, білім беру ұйымдары мен басқа да қызметтерге комиссиясыз төлем жасауға мүмкіндік беретін онлайн-қызмет. Сервис 2014 жылдың 26 маусымында таныстырылды. 2017 жылдың шілде айында аталған сервис арқылы ай сайын 4 миллион төлем жасалды.
Менің Банкім — интернет-банкинг. Аталған қызметтің ай сайынғы аудиториясы 1 миллион қолданушы.
Kaspi Әмиян — «Төлем» қызметі арқылы төлем жасауға, кредит төлеуге және теңгелік депозитті толықтыруға мүмкіндік беретін электронды әмиян.
Kaspi Бонус — бейілділік бағдарламасы: сервистер мен банк өнімдерін пайдаланғаны үшін банк «Төлем» сервисі арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін бонустық балл қосады. Бағдарламаға 500 мыңнан астам клиент қатысушы, оның ішінде актёр Ерден Телемисов, продюсер Нурберген Махамбетов, блогер Алексей Алексеев бар.
Аударым — картадан картағы және банк клиентінің жеке шоттары арасында қаражат аударуға мүмкіндік беретін банктің ұялы қосымшасындағы қызмет.
Kaspi Терминалдары — салымды төлеуге, карталық шот, электронды әмиянды толықтырып, несие және ұялы байланыс операторларының қызметіне төлеуге мүмкіндік беретін төлем терминалдарының желісі. Желі Қазақстанның барлық аумағында орналасқан 4 500-ден астам Kaspi Терминалды қамтиды.
Kaspi Maps — Kaspi бөлімшелері мен терминалдарын, банкоматтар мен банктің серіктес-дүкендерін іздеуге мүмкіндік беретін сервис.
## Жетістіктер
2015 және 2016 жылдары әлеуметтік желі мониторингі жүйесі SocialBakers.com мәліметінше банк әлеуметтік желіде сервис ұсыну бойынша топ-500 компанияның тізіміне кірді.
2014 жылы «Капитал.kz» іскерлік апталығының рейтингі бойынша Kaspi Bank дағдарыс кезіндегі ең үздік стратегия үшін «Қазақстандағы ең үздік банк» жүлдесін, 2016 жылы клиенттерге арналған ең үздік қызметі үшін тағы бір жүлдеге ие болды. 2016 жылы банк қоғаммен байланыс саласында IV қазақстандық «Ак Мерген» сыйлығының «Коммуникация мен қайырымдылық саласындағы үздік жоба» аталымында жүлдеге ие болды.
2015 жылы «Халықтық мойындау» жобасының нәтижесі бойынша Kaspi Bank Ақтау мен Орал қаласында, 2013 жылы Ақтөбе қаласында үздік банк атанды.
2014 жылы «Эксперт РА Казахстан» рейтингі агенттігі банкке халықтың қаржылық сауатын көтеруге қосқан үлесі үшін награда тапсырды.
2013 жылы банктің «ITSM на базе LANDesk Service Desk базасында ITSM үрдістерін автоматтандыру жүйесін қалыптастыру» жобасы ИТ-директорлардың Global CIO порталы өткізген «Жыл жобасы-2013» конкурсының жеңімпазы болды.
2012 жылы банк 1,7 миллионнан астам кредиттік карта шығарғаны үшін Visa-ның құрмет сертификатына ие болды.
2009 жылы «The Banker» журналы Kaspi Bank-ке «Жыл банкі 2009» марапатына ие болды.
## Логотип
Банк бірнеше рет логотип ауыстырды.
1997–2008 жылдары логотип қызыл-ақ түсті және «Банк Каспийский» жазуынан құралды. Логотиптің ағылшын тіліндегі нұсқасы да болды.
2008 жылы банкте ребрендинг жасалып, логотип пен аты өзгерді. Жаңа логотиптің элементтері: күннің шығып келе жатқанын білдіретін сары шеңбер, оның аясында екі адамның сұлбасы және «Kaspi bank of Kazakhstan» жазуы. Элементтер қызыл кесіндінің ішінде орналасқан.
2010 жылы логотиптен «of Kazakhstan» жазуы алынып тасталды.
2012 жылы логотипте сары пішінді қызыл дискке өзгерді. Қызыл кесінді алынып тасталды.
2014 жылы шрифт пен түстері өзгерді: қызыл түс аясында адамның ақ пішіні. «bank» сөзі алынып тасталды.
2017 жылы логотип ретінде жазусыз негізгі элемент қолданылды.
## Әлеуметтік бастамалар
### Қайырымдылық
2008-2013 жылдар аралығында Kaspi Bank «Аяла» қайырымдылық қорына қолдау көрсетіп, перинаталдық орталықтар үшін медициналық жабдықтар сатып алу мен орналастыруға бағытталған «Тыныс ал, балақай» жобасын қаржыландырды.
2010, 2011 жылдары банк су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға материалдық көмек көрсетті.
2013 жылы Алматы базарларында бірнеше рет шыққан өртте зардап шеккендер арасында Kaspi-дің 4 клиенті болды. Банк өз есебінен бұл клиенттердің кредитін жабуға шешім қабылдады.
### Білім
2013 және 2015 жылдары банк қайырымдылық және демеушілік көмек үшін 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады.
2014 жылы банкеліміздегі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қаржы мәдениеті» білім беру жобасын іске қосты. Аталған бағдарлама қатарына кірген жобалар:
* 2014 сәуір — қаржылық сауаттылықты арттыруға, банктік қызмет пен дұрыс инвестициялауға арналған лекциялар сериясы Халықаралық бизнес академиясында өткізілді.
* 2014 шілде — гранттық қолдау алу үшін білім жобаларының конкурсы өткізлді. Бағдарламаның жалпы бюджеті 180 миллион теңге.
* 2015 мамыр — «Жұлдыз FM» радиосы және szh.kz сайтында «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы.
* 2016 жылдың наурызы — қаржылық сауаттылық тақырыбында балаларға арналған кітаптар сериясы. Кітаптар Kaspi Bank-тің «Қаржы мәдениеті» білім беру бағдарламасы шеңберіндегі гранттар конкурсы аясында шығарылды. Жалпы тиражы 80 мың дана. Кітаптар Қазақстанның аймақтардағы балалар кітапханаларына тегін берілді.
2014 жылы «Нұр-Жақсылық» қоғамдық қорымен бірге банк компьютерлік сауаттылық бойынша тегін оқу курсын ұйымдастырды. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар, статистика мен эконометрика бойынша білім алып жатқан студенттер үшін «Kaspi мәліметтер зертханасы» жобасы іске қосылды.
2014–2015 жылдары банк «Taiburyl», қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Білімді қолдау» бағдарламасы аясында 30 миллион теңгеге степендия тапсырды.
### Мәдениет
Банк түрлі мәдени бағдарламалардың тұрақты серіктесі болды, оның ішінде:
* Халықаралық әйелдер күні құрметіне «Медеу» мұз айдынындағы;
* «Денис Тен және достары» мұз шоуы;
* «Astana Piano Passion» жас пианистердің халықаралық конкурсы;
* «Art of Storytelling» фестивалі.
2014 жылдан бастап банк жыл сайын заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің бас серіктесі болып жүр.
Банктің қолдауымен көпсериялы әскери-шытырман «Жоғары құлау» атты фильмі түсірілді.
### Спорт
2014 және 2015 жылдары банк қазақша күрестен өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің бас демеушісі болды.
2017 жылы Kaspi VI Алматы Марафонның бас демеушісі болды.
## Сыни көзқарас
2013 жылы азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев банкті жасырын және екі еселенген пайыздары бар деп айыптады. Банк жеке тәртіппен өсімпұлдың мөлшерін азайту туралы талаптарын қанағаттандырғаннан кейін 4 қарызгер өз талаптарынан бас тартты. Соттың араласуынан кейін банк тарабынан ешқандай құқық бұзушылық таппады.
## Дереккөздер |
Ұранхай жорығы — 1257 жылы оңтүстік Сун империясына бағытталған ірі жорықтардың бірі. Бұл жорықты моңғол әскерінің атақты қолбасшысы Сүбедей батырдың ұлы Ұранхай басқарды.
Жорықтың мақсаты: моңғол әскерін Сун империясының иелігінен тыс және адам аз қоныстанған жерлермен Сун империясының оңтүстігіне жеткізуге болды. Сол арқылы Сун империясы оңтүстіктен және солтүстіктен бір мезгілде шабуылдап, күшті соққы беру жоспарланды. Империяны толығымен жаулау үшін иимператорын қолға түсіріп, оның әскерін талқандау керек еді. Жорық өте құпия түрде жүргізіледі. Бұл жорық Шығыс Тибеттің сусыз шөл даласы мен Гималайдың биік таулы қыраттары арқылы өткендіктен өте қиын жүрді. Куәгерлер қалдырмау мақсатында олар алдарынан шыққан адамдарды өлтіріп отырған. Моңғол әскері шөл мен таудағы асулардан өткенде өте көп адамдары мен аттарынан айырылады. Үздіксіз жорық пен шайқастар жіне жұқпалы аурудан, аптап ыстықтан төрт жыл ішінде әскердің 4/5 бөлігінен айырылып, 20 мыңдай адамға кемиді. Ұранхай әскері Сун иелігіне кірер алдында Үнді–Қытайдың бағындырылған тайпалары есебінен толықтырылады. Моңғол әскерінің жоспары жүзеге асып, Сун әулетін бағындырып алды. Ұранхай жорығынан кейін,қазіргі Қытай жерлері және Үнді–Қытай түбегінің бір бөлігі Құбылдайдың иелігіне қарайды. Одан ары жылжуға Оңтүстік–Шығыс Азияның көшпелілері үшін қиынға түскен тропиктік климаты ғана кедергі жасаған. |
«Протон» (УР-500, «Протон-К», «Протон-М») — автоматты ғарыш аппараттарын Жер орбитасына және әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған ауыр класты зымыран-тасығыш.
## Тарихы
## Құрылымы
## Апаттар
2013 ж. 2 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған кезде Протон зымыран-тасығышы апатқа ұшырады.
## Дереккөздер |
Қатуан (Катован) шайқасы – салжұқ сұлтаны Санжар мен қидан гурханы Елюй Даши арасында болған ірі қақтығыс.
## Тарихы
1130 жылы салжұқтар Әмудариядан өтіп, Самарқан маңындағы қарлықтарды ығыстырды. 1137 жылы Ходженттегі шайқаста қарлұқтардан жеңілген Махмұд хан, оларды күшпен басуға салжұқ сұлтаны Санжардан көмек сұрайды.Ал қарлұқтар болса Санжар сұлтанға бағынышты болатындығын айтып,әскер қатарында қызмет етуге міндеттеніп және жыл сайын бес мың бас түйе, жылқы, қой береміз деп өтініш жасайды. Бірақ салжұқ сұлтаны Санжар қарлұқтарға көңіл бөлмейді.
1114 жылы шілде айында салжұқтарға тәуелді хорасандық әскер Әмудариядан өтіп, Самарқан маңындағы қарлұқтарға екінші рет қысым жасап ығыстырады.Сонда қидан гурханы қарлұқтарды қолдап, Санжарға өтініш хат жазады. Хаттың жауабы берілмей аяқсыз қалдырылып, соңы қақтығысқа ұласады. Ұрыс самарқанның солтүстік–шығысындағы Дарығ қонысының маңында өтеді. Қатуан даласындағы шайқас 1141 жылдың 9 қыркүйек күні Шығыс Салжұқ сұлтандығының жеңілісімен аяқталады. Қидандар салжұқ әскерін бастырмалата шегіндіріп, сайға қарай ығыстырады.Шайқаста тек сол жақ қанат қана аянбай соғысты.Санжар сұлтан үш жүз салт атты әскері және жеке оққағарлары болса да, қоршауда қалып қоя жаздап, жау шебін әзер бұзып шығып, Термезге қарай бет алады.
Жеңіске жеткен гурхан әскері Бұхара мен Самарқан арасындағы Кермин қаласына қарай қозғалып, сонда өзінің жаңа мемлекетін құрады. Оны Си Ляо (Батыс Ляо) мемлекеті деп жариялады. |
Елұй Дашы( Елюй Даши, өз есімі–Чжундэ) — қидандардың(қара қытайлардың) билеушісі әрі қолбасшысы, Қидан мемлекетінің (1125-1212) негізін қалаушысы. Қидандардың Ляо әулетінен шыққан. Шамамен 1087 жылы туып,1143 жылы Баласағұнда қайтыс болған.
## Тарихы
Қидандар шүршіттерден (чжурчжендер) соққы жеп әлсірей бастаған кезде (1120 жылдары) қидан бегі Елұй Дашының шүршітке қарсы шақырған құрылтайына наймандар да қатысып, қидандарға әскери көмек береді. Бірақ, күшейе бастаған қидандарды шүршіттер Солтүстік Қытайдағы (Манчжурия) жерлерінен қуып шығып, солтүстік–бастысқа қарай ығыстырады. Бастапқы кездері Қидан мемлекетінің астанасы Емел өзенінң алабындағы Емел қаласы болған. Елұй Дашы 1128 жылы Қашқардағы Арслан хан Ахметке қарсы соғыс ашып, Шығыс Түркістанды өзіне қаратады. Одан соң Енисей қырғыздарына басқыншық жорыққа аттанып, оларды жеңеді. Кейінірек Жетісудағы қарахан билеушілері мен көшпелілер арасындағы қайшылықты пайдаланған қидан билеушісі, көшпелілерді жақтап қодау көрсетіп қарахандықтардың билігін тартып алады да ордасын Шу алабындағы Баласағұн қаласына көшіреді. 1137 жылы Елұй Дашының әскері Ферғана мен Мауераннахрды бағындырады. 1141 жылы Қатуан даласында (Самарқанның солтүстігіндегі) салжұқ сұлтаны Санжардың әскеріне шабуыл жасайды. Бұдан соң Иранға қарсы соғыс ашып, Кермен әулеті билеген бірнеше аймақты басып алып,өзін гүрхан(император) етіп жариялайды. Ол басқарған мемлекет Батыс Ляо патшалығы деп аталады.
## Дереккөздер |
Заря — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Антонов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 240 адам (124 ер адам және 116 әйел адам) болса, 2009 жылы 107 адамды (50 ер адам және 57 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазан — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Қазан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Саумалкөл ауылынан батысқа қарай 52 км-дей жерде, Есілдің саласы – Иманбұрлық өзенінің сол жағалауында, Көкшетау қыратының солтүстік-батыс жағындағы орманды-далалы өңірде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1130 адам (592 ер адам және 538 әйел адам) болса, 2009 жылы 744 адамды (365 ер адам және 379 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1961 жылға дейін астық өндіретін ұжымшар орталығы болып келді. 1961 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған “Заветы Ильича” астық кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Казанкада машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Каменный Брод — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Украина ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 831 адам (405 ер адам және 426 әйел адам) болса, 2009 жылы 657 адамды (322 ер адам және 335 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дернәсіл (larva) – көптеген омыртқасыз жәндіктер мен кейбір омыртқалы жануарлардың (балық, қосмекенділер) ұрық қабығынан шыққаннан кейінгі жеке даму сатысы. Бұларда организмнің пішінін түрлендіруге жұмыртқадағы қоректік заттар қоры жетіспейді, сондықтан олардың пішіні ересек организмдерге ұқсамайды. Дернәсіл өз бетінше өмір сүреді, белсенді қоректенеді, өсіп дамиды, мезгіл-мезгіл түлейді, әр түрлі ортада тіршілік етеді. Мысалы, көпқылтанды құрттар мен моллюскілердің көпшілігі су түбінде, ал олардың дернәсілі – трохофора суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Қосмекенділердің ересегі құрлықта, дернәсілі (итшабағы) суда өмір сүреді. Су түбінде тіршілік ететін, сондай-ақ қозғалатын жәндіктердің (мыс., губка, ішекқуыстылар) дернәсілі – паренхимула, амфибластула,планула, диплеурула (тікентерілердің дернәсілі ) суда еркін жүзеді. Дернәсіл ересек түрге айналғанда (метаморфоз) құрылымы қайтадан өзгеріп, ересек организмнен мүлде ерекшеленеді. Әсіресе, бірқатар омыртқасыздардың (намертин, тікентерілілер, т.б.) метаморфозы кезінде дернәсіл тез өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жоғары сатылы жәндіктерде дернәсілі сатысынан кейінгі қуыршақ сатысында дернәсілдік қалпы мүлдем өзгеріп, ерекше бастама – имаголық табақшадан жаңадан қалыптасады. Жануарлардың дернәсілідік кезеңдегі белсенді тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі болады, мысалы, шыбындар мен көбелектерде 1 ай шамасында, зауза қоңызынікі 3 – 4 жыл, ал жолақ амбистоманың дернәсілі ересек түрге қалыпты жағдайда мүлде айнала алмайды, бірақ көбеюге бейім келеді. Дернәсіл даму кезінде ата-тегінің дамуында болған өзгерістердің барлығын қайталайды, мұның тірі организмдердің даму тарихын (филогенезін) зерттеуде маңызы зор. Осы заманғы жануарлардың кейбір топтарының дернәсілінде ата-тегінде болған құрылым ерекшеліктері сақталып қалған.
## Дереккөздер |
«Шу»— Қазақстан темір жолының құрылып жатқан бекеті. Станция 1931 жылы ашылды.
## Маршрут
* Түрксіб
* Петропавл — Шу темір жолы
## Вокзал айналасындағы нысандар
* «Әділет» супермаркеттер
* Теміржол саябағы
* Ыбырай Алтынсарин
* «Локомотив» стадионы
## Дереккөздер |
Бокстан әлем чемпионаты 2013 қазақстандық Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында 2013 жылдың 14 - 26 қазан күндері аралығында өтеді.
## Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
## Медальдық есеп
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы-2013 Бокстан әлем чемпионатының ресми сайты Мұрағатталған 20 қазанның 2013 жылы.
* AIBA ресми сайты |
Мақаш ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алға, Иманов, Қаракөл, Көкарна, Әліпов ауылдары және Афанасьев жол айрығы (разъезі) кіреді. Орталығы – Алға ауылы. Ақбетов, Сәт баба ауылдары Әліпов ауылының құрамына, ал Сардар баба ауылы Көкарна ауылының құрамына енгізілген.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2565 адамды (1334 ер адам және 1231 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Морской ауылдық кеңесі 1922 жылы құрылды. Ауылдық кеңес жерінде «Советский» балық батағасы 1920 жылдан 1938 жылға дейін жұмыс жасады. Батағада 500 дей адам жұмыс істеген. Бұл жылдары Морской ауылдық кеңесінде үш мыңдай түтін, он мыңға жуық тұрғын халық болған еді.1930 жылы колхоздастыру басталғанда алғаш құрылған «Төңкеріс» колхозы балық аулаумен шұғылданды. 1934 жылы осы колхозда 1000 бастай ірі қара, 2000-дай жылқы бағылған.Ал, 1945 жылы «Төңкеріс» колхозынан Калинин атындағы, «Қызыл Ту» колхозынан Андреев атындағы мал колхоздары жеке бөлінеді.1963 жылы Морской ауылдық кеңесіне қосылып, іріленген Калинин колхозы негізінде «Коммунизм жолы» совхозы құрылған. Бұл шаруашылық еділбай тұқымды қой өсірумен айңалысты.
Шаруашылық 1993 жылы жекешелендіру арқылы таратылып Мақаш өндірістік кооперативі құрылды және бірнеше шаруа қожалықтары, кооперативтер құрылып, жұмыс істеуде.
Морской ауылдық округі атауы 2001 жылы Мақаш ауылдық округі болып өзгертілді.
## Ауылдық кеңес төрағалары, округ әкімдері
Ботақан, Морской ауылдық кеңестерінің төрағалары, Мақаш округінің әкімдері қызметін атқарғандар:Сұлтан Исқақов, Құрманғали Есенбаев, Самиға Тапалова, Дауыл Қонысов, Ғапу Өмірәлиев, Насихат Мырзағалиев, Өтеген Сахманов, Біләл Құрманғалиев, Сатхан Мұхашев, Отар Юсупов, Нәби Келменова, Сафи Асқаров, Халел Зұлхарнаев, Ләтипа Сисенова, Михайл Абулхайыров, Қажеден Батырбаев,Жетпіс Жұбанов, Әділбек Құспанов, Мырзабай Шаяхметов, Төреміс (Тимур) Шәрипов, Қайрат Нұрлыбаев, Кәрим Төкенов, Болат Муфтахов
## Мақаш округінің қасиетті жерлері
Нар өлген — Сасықтаудан әрі қарай, 5 шақырым аралықта орналасқан жер. Ол жерде күнінде атақты, дәулетті адамның көзге түсерліктей нары өлгендіктен, Нар өлген деп аталған. Әлгі бай қанша малы болсада осы нарына қатты өкініпті-мыс.
Ақ пышақ — биік, қатқыл көк төбе. Хан жайлауы болған жер. Заманында ақкиізге отырғызып Жәңгірді хан етіп көтерген осы орын. Сасықтаудың етегіндегі үлкен биік төбелерден тұратын жер.
Қазақ шоқы — қалмақ төбесімен қанаттас орналасқан, ара қашықтығы шамамен 2-3 шақырым. Қазақ пен қалмақтың соғысында қазақтың мықты бекінісі болған жер.
Жота - қарауыл төбе — Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісте өте биік төбе болғандыктан қарауыл қойған жері.
Қалмақ қорған — ол қалмақ пен қазақ соғысында бекініс болған жер. Мақаш «Керей ашығынан» 6-7 шақырым шығыста орналасқан.
Сасықтау — 10-12 шақырым шамасы шығыстан батысқа қарай созылған. Ені 4-5 шақырым. Ортасындағы үлкен сор 3-4 шақырым бөлікті алады. Сор асты (сероводород) күкіртке толы екендігі анықталған. Сасықтау теңіз деңгейінен 14 метр биіктікте көтеріңкі жатыр.
Қызылтау — ұзындығы 3-4 шақырым, ені 500 метр шамасында. Жер беті құм, қиыршық тас аралас болғандықтан жергілікті адамдар Қызылтау атаған.
## Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер
* Латифа Сисенова тұрған үйдегі мемориалдық тақта
* Ғизат Әліповтың обелискісі
* Жұмажан Мәмбетәлиев обелискісі
* Нұғыман Ақбетовтың обелискісі
* Жандол Жаманбаевтың обелискісі
* Мақаш Бекмұханбетовқа орнатылған кесене
## Дереккөздер |
Заря — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Лобанов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде, Белое көлінің оңтүстік жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 300 адам (147 ер адам және 153 әйел адам) болса, 2009 жылы 236 адамды (115 ер адам және 121 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Семсерлесуден әлем чемпионаты 2013 венгриялық Будапешт қаласында 2013 жылдың 5 - 12 тамыз күндері аралығында өткізілді. Турнирде ерлер мен әйелдер арасында семсер, рапира және қылышпен жекелей және топтық семсерлесуден 12 комплект жүлде таласқа салынды.
## Күнтізбе
## Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
## Семсер
### Ерлер
Жеке
Команда
### Әйелдер
Жеке
Команда
## Рапира
### Ерлер
Жеке
Команда
### Әйелдер
Жеке
Команда
## Қылыш
### Ерлер
Жеке
Команда
### Әйелдер
Жеке
Команда
## Медальдық есеп
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Чемпионат сайты Мұрағатталған 14 тамыздың 2013 жылы. (ағыл.) (маж.)
* FIE сайтындағы чемпионат күнтізбесі (ағыл.) |
Қарасай батыр (2000 жылға дейін — Мәдениет) — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Арықбалық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 479 адам (230 ер адам және 249 әйел адам) болса, 2009 жылы 446 адамды (214 ер адам және 232 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жұмысшы — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Антонов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 295 адам (140 ер адам және 155 әйел адам) болса, 2009 жылы 191 адамды (101 ер адам және 90 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бау (жер телімі) - жеміс-жидектің әртүрлі сұрыптарын егуге жарамды, дақылдардың тамырын тереңге жаяуын, жер қыртысының, температурасының, ылғалдылығының оларға әсерін ескере отырып, бөлінетін жер.
## Бауда өсірілетін жеміс-жидектің негізгі түрлері мен сипаты
* Жемістерінің құрылым ерекшеліктеріне қарай жеміс-жидектер бірнеше түрге бөлінеді:ұрықты - тамыры тереңге (3-4 м) кетеді, бірақ негізгі бөлігі 20-80 см шамасында орналасады;сүйекті - тамыры 2-3 м тереңдікте, ал негізгі бөлігі 15-40 см шамасында болады;жидекті - тамыры одан да жоғары (15-20) орналасады;жаңғақ жемісті - тамыры кең жайылып өседі.
* ұрықты - тамыры тереңге (3-4 м) кетеді, бірақ негізгі бөлігі 20-80 см шамасында орналасады;
* сүйекті - тамыры 2-3 м тереңдікте, ал негізгі бөлігі 15-40 см шамасында болады;
* жидекті - тамыры одан да жоғары (15-20) орналасады;
* жаңғақ жемісті - тамыры кең жайылып өседі.
* Субтропикалық аймақтарда цитрус, зәйтүн, анар, құрма, інжір өсіріледі.
Тамырының тереңге орналасуы жеміс-жидектің түріне, жер-қыртысына, жерасты суының деңгейіне, қолданылатын агротехникаға байланысты.
* Сұрыптық ерекшеліктерін сақтау мақсатында жеміс-жидектерді екі жолмен көбейтеді:бұталарды, шыбықтарды, сабақтың кесінділерін тікелей отырғызу;екі түрлі жемістің ұрығын бір-біріне егу жолымен.
* бұталарды, шыбықтарды, сабақтың кесінділерін тікелей отырғызу;
* екі түрлі жемістің ұрығын бір-біріне егу жолымен.
Жеміс-жидектердің көпшілік сұрыптары қос ұрықты (бір өсімдікте аталық және аналық ұрық қатар жүреді) дақыл болып келеді. Тек шырғанақ пен құлпынай ғана қос ұялыларға жатады.
### Тұқымы мен сұрпына қарай іріктеу
* Бауда егу үшін жеміс-жидектің тұқымы мен сұрпын іріктеу, егу барысындағы негізгі факторлар:дақылдың сол аймақтың ауа-райына төзімділігі (қысқа, құрғақшылыққа, қауіпті ауруларға шыдамдылығына);тез ұрықтануы;өнімділігі;өнімнің сапасы.
* дақылдың сол аймақтың ауа-райына төзімділігі (қысқа, құрғақшылыққа, қауіпті ауруларға шыдамдылығына);
* тез ұрықтануы;
* өнімділігі;
* өнімнің сапасы.
* Бауда өсірілетін дақылдардың суыққа ең төзімділері:шие мен қарлыған;одан кейін алма, алмұрт;
* шие мен қарлыған;
* одан кейін алма, алмұрт;
* Ылғалды сүйетіндер: қара өрік, бүлдірген, қой бүлдірген, қарақат, шырғанақ.
* Жерасты сулар алма мен алмұрт егілген жерде 2-3 метр, шие мен қара өрік егілген жерде 1,5-2 метр тереңдіктен жақын болмауы тиіс.
* Бауда өсірілетін дақылдардың барлығы да жарықты жақсы көретіндіктен учаскеге ағаш, бұталарды көп екпеген дұрыс, олардың көлеңкесі өнімнің көлеміне де, сапасынада әсер етеді.
* Ағаш, бұта және көкөніс дақылдарын кезектестіріп егуге де болмайды, мұндай жағдай өсімдіктің зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізіге мүмкіндік бермейді.
* Бауда дақылдарды тұқмына қарай топтап орналастыру керек: әр кезде пісетін - ерте, пісетінінен кеш пісетініне дейін - сұрыптарын іріктеп еккен пайдалы.
* Орта белдеудегі үй іргесіндегі бауларда жеміс-жидек дақылдарын әр шаршы метрге отырғызу жилігі:алма - 10-12 түптен;алмұрт - 2-3 түптен;шие - 3-4 түптен;қара өрік - 3-4 ағаштан;қарақат - 6-8 түптен;қарлыған - 2-3 түптен;бүлдірген - 20-30 түптен;шырғанақ - 3-4 түптен;қой бүлдірген - 40-50 түптен.
* алма - 10-12 түптен;
* алмұрт - 2-3 түптен;
* шие - 3-4 түптен;
* қара өрік - 3-4 ағаштан;
* қарақат - 6-8 түптен;
* қарлыған - 2-3 түптен;
* бүлдірген - 20-30 түптен;
* шырғанақ - 3-4 түптен;
* қой бүлдірген - 40-50 түптен.
* Алма сұрыптарын іріктегенде оның негізгі бөлігінің, қыстық, сонан соң күздік және жаздық болғаны жөн. Басқа жеміс-жидектерді де әр аймақ өз ыңғайына қарай іріктеп егеді.
### Жеміс-жидекті отырғызуға жер бөлімін әзірлеу
Жеміс-жидекті отырғызуға жер бөлімін әзірлегенде жұмысты, ең алдымен, тұрғын үйінің, шаруашылық құрылыстардың, жеміс бауының, жидектер мен бақшаның қай жерге, қалай орналасатынын жоспарлаудан бастау керек.
* Көлемі 0,08 га жер бөілімінде аумақты шамамен бөлу:құрылыстарға - 9-11%;бақ пен бақшаға 73-77%;шаруашылық ауласына, жолдар мен алаңдарға, сәндік көгалдарға - 14-16%.
* құрылыстарға - 9-11%;
* бақ пен бақшаға 73-77%;
* шаруашылық ауласына, жолдар мен алаңдарға, сәндік көгалдарға - 14-16%.
* Жерді әзірлеу барысы:жер бөлімін тегістеп, түбірлерді, бұталарды қазып алып тастайды;шұңқырларды топырақпен толтырып, дөңес жерлерді тегістеп, бір қалыпқа келтіреді;бүкіл жер бөлімін жыртып шығады:қара топырақты болса - тереңдігін 60-70см;сортаңдау болса - 40-60 см;сортаңы көп болса - 25-30 см;жыртар алдында органикалық тыңайтқыштар - шіріген көң немес шымтезек қосындысы (100 шаршы метрге 0,5-1 т) және минералды тыңайтқыштар - суперфосфат (8-10 кг) пен хлорлы кальций (2 кг) енгізу керек.
* жер бөлімін тегістеп, түбірлерді, бұталарды қазып алып тастайды;
* шұңқырларды топырақпен толтырып, дөңес жерлерді тегістеп, бір қалыпқа келтіреді;
* бүкіл жер бөлімін жыртып шығады:
* қара топырақты болса - тереңдігін 60-70см;
* сортаңдау болса - 40-60 см;
* сортаңы көп болса - 25-30 см;
* жыртар алдында органикалық тыңайтқыштар - шіріген көң немес шымтезек қосындысы (100 шаршы метрге 0,5-1 т) және минералды тыңайтқыштар - суперфосфат (8-10 кг) пен хлорлы кальций (2 кг) енгізу керек.
* Бау дақылдарының жақсы өсіп-өнуі жер қыртысының қышқылдығына байланысты болады.Неғұрлым қолайлы жер - қышқылы аз жер. Қышқылды қыртысты әктеу керек. Қышқылдық дәрежесіне қарай 1 шаршы метр жерге 300-600 г әк енгізеді: 5-6 жылдан кейін қайтадан әктейді.
### Көшеттер
Егуге арналған екі жылдық жеміс көшетінің кемінде 3 бұтағы болуы керек.
* Негізгі талаптары:тамырының ұзындығы - 35-40 см;жақсы өскен екпе алма ағашының дінінің биіктігі - 50-60 см, жуандығы - 2,0-2,5 см, бұтақтарының ұзындығы- 50-60 см, әлжуаз өскен алма ағашында тиісінше - 30-40; 1,5-2,0; 40-50 см;шие мен қара өріктің биіктігі - 40-60 см, жуандығы - 2,0-2,5 см, негізгі бұтақтарының ұзындығы -40-50 см болуы керек.
* тамырының ұзындығы - 35-40 см;
* жақсы өскен екпе алма ағашының дінінің биіктігі - 50-60 см, жуандығы - 2,0-2,5 см, бұтақтарының ұзындығы- 50-60 см, әлжуаз өскен алма ағашында тиісінше - 30-40; 1,5-2,0; 40-50 см;
* шие мен қара өріктің биіктігі - 40-60 см, жуандығы - 2,0-2,5 см, негізгі бұтақтарының ұзындығы -40-50 см болуы керек.
Екпе көшеттерді көму және отырғызу
* Көшеттерді күзде немес көктемде алу қажет. Егер екпе көшеттер күзде алынып, көктемде отырғызу көзделсе, оларды қыс бойы тереңдігі 50-60 см және ені 40-50 см шұңқырға, оңтүстікке қарай еңкейте көміп тастайды. Сонан соң тамырын дымқыл топырақпен 0,5 м жауып, жақсылап су себеді де, топырақ тастап, арасында қуыс қалмауы үшін нығыздайды.
* Алма ағашы мен алмұртты күзде де (жапырақтар түскеннен кейін), сондай-ақ көктемде де (бүршіктемес бұрын) отырғызуға болады.
* Шие мен өрікті көктемде отырғызған дұрыс.
* Отырғызу барысы:отырғызар алдында, шұңқыр қазған кезде, жоғарғы қабаттың топырағын бір жағына, төменгі қабатының топырағын екінші жағына үю керек;көшеттің сынған не үзілген тамырларын өткір пышақпен бүлінбеген жеріне дейін кесіп тастайды;көшетті шұңқырға тамырларының сабағынан тарамданған жері шұңқырдың түбінен 5-6 см биікте болатындай етіп орналастырады;содан кейін әуелі үстіңгі қабаттан алынған топырақпен көміп, нығздайды да, үстін астыңғы қабаттан алынған топырақпен жабады;топырақтың жиегін көтеріп, ортасын шұңқырлап, оған 1-2 шелек су құяды, дымқылдың тез кеуіп кетпеуі үшін шымтезек не ағаш үгіндісін себеді.
* отырғызар алдында, шұңқыр қазған кезде, жоғарғы қабаттың топырағын бір жағына, төменгі қабатының топырағын екінші жағына үю керек;
* көшеттің сынған не үзілген тамырларын өткір пышақпен бүлінбеген жеріне дейін кесіп тастайды;
* көшетті шұңқырға тамырларының сабағынан тарамданған жері шұңқырдың түбінен 5-6 см биікте болатындай етіп орналастырады;
* содан кейін әуелі үстіңгі қабаттан алынған топырақпен көміп, нығздайды да, үстін астыңғы қабаттан алынған топырақпен жабады;
* топырақтың жиегін көтеріп, ортасын шұңқырлап, оған 1-2 шелек су құяды, дымқылдың тез кеуіп кетпеуі үшін шымтезек не ағаш үгіндісін себеді.
* Жеміс ағаштарының тез көктеп өсуі үшін оларды диаметрі 2-3 м, биіктігі 50-60 см төбешікке егу керек:алдымен қазық қағып, диаметрі 2-3 м шеңбер белгілеп алады;сол жерге шіріген көң, шымтезек немесе түрлі қоспалар (6-8 шелек) сеуіп, 18-20 см тереңдікте жыртады;содан соң көшетті тамыры жерге тиіп тұратындай етіп қазыққа байлайды;шеңбердің сыртқы бетінен топырақ алып, оны көшеттің түбіне диаметрі 2-3 м, биіктігі 50-70 см төбешік пайда болғанша айналдыра үйеді;сабақтың айналасынан шұңқыр жасап, оған су құяды.
* алдымен қазық қағып, диаметрі 2-3 м шеңбер белгілеп алады;
* сол жерге шіріген көң, шымтезек немесе түрлі қоспалар (6-8 шелек) сеуіп, 18-20 см тереңдікте жыртады;
* содан соң көшетті тамыры жерге тиіп тұратындай етіп қазыққа байлайды;
* шеңбердің сыртқы бетінен топырақ алып, оны көшеттің түбіне диаметрі 2-3 м, биіктігі 50-70 см төбешік пайда болғанша айналдыра үйеді;
* сабақтың айналасынан шұңқыр жасап, оған су құяды.
### Телу және ұластыру
Телу жемісті ағаштарды көбейтудің негізгі әдісі. Тұқымды және сүйекті сұрыптарды жазда (шілде-тамыз), шырыны қозғалысқа еніп, қабығы сабағынан оңай аршылатын кезде еккен жөн.
* Телу барысы:қажетті сұрыптың биылғы жас бұтағын (ұзындығы 20 см-ден кем емес) жапырақтарынан арылтып, кішкене (4-5 мм) өркендерін қалдырады да, өткір пышақпен бүршігін қабығымен қоса (ұзындығын 4-5 см етіп), кесіп алады;сосын телінетін екінші ағаштың қабығын Т әрпінше тіліп, оның арасына жоғарыдағы бүршікті салып, сыртынан полиэтилен лентамен байлап тастайды;
* қажетті сұрыптың биылғы жас бұтағын (ұзындығы 20 см-ден кем емес) жапырақтарынан арылтып, кішкене (4-5 мм) өркендерін қалдырады да, өткір пышақпен бүршігін қабығымен қоса (ұзындығын 4-5 см етіп), кесіп алады;
* сосын телінетін екінші ағаштың қабығын Т әрпінше тіліп, оның арасына жоғарыдағы бүршікті салып, сыртынан полиэтилен лентамен байлап тастайды;
* Отырғызылғанына 1-2 жыл болған, жер бетіндегі диаметрі 10-15 см көшетті егу ұсынылады.
* Жемісті дақылдар сортын көбейту үшін, сондай-ақ бұтақшалар арқылы ұластыру да қолданылады. Бұл әдісті көктемгі шырын пайда болған кезде, күзде не қыс түсер алдында, қатты аяздан бұрын дайындалған бұтақтарды пайдала отырып жүзеге асырады. Бұтақтарды дымқыл қағазға орап немес полиэтилен қапшыққа салып қар астында, тоңазытқышта не подвалда сақтайды.
* Ұластырудың бірнеше жолдары бар:жымдастыру (ұластыратын екі өсімдіктің сабағын тиісті тканьдері бір-біріне сай келетіндей етіп қиғаштап кесу арқылы);сүйірлеп жымдастыру ( жымдастырудың жетілдірілген түрі);жарып ұластыру;бүйірінен тіліп ұластыру;қабығынан ұластыру т.б.
* жымдастыру (ұластыратын екі өсімдіктің сабағын тиісті тканьдері бір-біріне сай келетіндей етіп қиғаштап кесу арқылы);
* сүйірлеп жымдастыру ( жымдастырудың жетілдірілген түрі);
* жарып ұластыру;
* бүйірінен тіліп ұластыру;
* қабығынан ұластыру т.б.
* Отырғызылғанына 1-2 жыл болған, жуандығы бірдей жеміс ағаштарын сүйірлеп жымдастыру жолымен ұластыру ұсынылады.
* Ұластыру дұрыс өту үшін ағаштардың ауруға ұрынбаған, қысқа төзімді, бұтақтары үсікке шалынбаған және кеуіп қалмаған болуы, қабығы оңай аршылуы тиіс.
* Ұластыру үшін кескен жер таза, тегіс болу керек.
* Ұластыратын жерді тығыздап орап байлап және ашық бөліктерді бауға арналған қара маймен майлап қояды. Бір айдан кейін орауын шешеді.
### Жаңадан егілген бауды күтіп-баптау
* Алғашқы жылдары ағаш сабағын айнала 1-1,5 м шеңберде қопсытылған, арам шөптерден тазартылған күйде ұстау керек.
* Жаңбырдан, суарудан соңғы өсіп-өну кезінде жерді кетпен-шотпен 8-12 см тереңдікте қопсытып, күзде ағаш діңінің айналасын 10-12 м тереңдікте, ал 1 метрден әрі 18-20 см тереңдікте қазып тастайды.
* Тамырларына зиян келтірмес үшін күректі не айырды ағаштың сабағына қырынан ұстау керек.
* Отырғызылған жылы және өсе бастаған кезде жеміс ағаштары ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан оны маусым бойына әр ағашқа 2-3 шелек су келетіндей есеппен 4-5 рет суару қажет.
* Жас жеміс ағаштарының айналасына бұл кезеңде әлде бір басқа дақыл отырғызуға болмайды.
* Жер жеміс қыртысын су шайып кетуден сақтау үшін ағаштардың қатар аралығына, баурайына көпжылдық шөп егуге болады, соның өзінде жеміс ағашының түбінде арам шөп өспеуіне назар аудару керек.
* Үй іргесіндегі бауда жеміс-жидек және көкөніс дақылдары көбіне бір-біріне жақын орналастырылатындықтан, гербициттерді қолданбаған дұрыс және арам шөптермен күресті жерді қопсыту, жырту арқылы жүргізген жөн.
### Жеміс ағаштарының жеміс салу мерзімділігі
## Жидек дақылдары
* Қарақат және қарлыған.
Қарақат - ылғалды жақсы көретін, ыстыққа шыдағыш дақыл. Оны ойпаңға, дымқылы мол, жел соқпайтын жерге еккен дұрыс. Бұталарын жыл сайын қиып, ескірген шыбықтарын жаңалап отырса, ол өнімді тұрақты береді. Қарлығанды да қарақат сияқты күтіп-баптайды.
* Таңқурай - тез пісетін, жылдам өнім беретін жидек. Ол жарық жақсы түсетін, жел соқпайтын, қыста қар қар қалың жиналатын ылғалы мен қоректік заттары мол жерді сүйеді. Маусым ішінде екі рет - жаз ортасында және күзде суарады.Таңқурай кесуді бірнеше рет жүргізеді:көктемде - үсіген, сынған, ауруға шалдыққан, нәзік және басы артық бұтақтарды;өнім жинап болғаннан кейін - жемістерін беріп болған бұтақтардың барлығын, нашар өскендерін қырқады.
* Таңқурай кесуді бірнеше рет жүргізеді:көктемде - үсіген, сынған, ауруға шалдыққан, нәзік және басы артық бұтақтарды;өнім жинап болғаннан кейін - жемістерін беріп болған бұтақтардың барлығын, нашар өскендерін қырқады.
* көктемде - үсіген, сынған, ауруға шалдыққан, нәзік және басы артық бұтақтарды;
* өнім жинап болғаннан кейін - жемістерін беріп болған бұтақтардың барлығын, нашар өскендерін қырқады.
Күзде таңқурайды үсіктен сақтау үшін бұтақтарын биіктігі 30-40 см-ден аспайтындай етіп иеді. Әдетте таңқурай 5-8 жылдан артық жеміс бермейді. Бақты жаңарту үшін отырғызылғанына 5-6 жылдан кейін ескі бұталардың жерсабақтарын қазып алып тастайды. Сонда босаған орынға жаңа өркендер өседі.
* Шырғанақ - жұмсақ, су мен ауа өткізгіш жерде жақсы өседі. Құрғақшылық жылдары шырғанақты жаз және күз бойы әр өсімдікке 2-4 шелек есебінен суарып, сондай-ақ органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет. Ол отырғызғаннан кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды.
* Қара жемісті шетен (арония) - ерте пісетін әрі өнімді мол беретін, жемісінің емдік қасиеті бар өсімдік. Оны ылғалы мол, жарық жақсы түсетін жерге еккен дұрыс. Агротехникалық талаптар жақсы сақталса, шетеннің бұталары шоғырланып шыбығы көбейіп кетеді, сондықтан оны жыл сайын сиретіп тұрған жөн.
* Қара бүлдірген - көпжылдық, жер таңдағыш дақыл, жарық жақсы көреді. Оны егетін жер жазық, тегіс немесе сәл еңкіш, айналасы қысқы қарды көп ұстайтындай бұталармен, ағашпен т.б. қоршалған болуы тиіс. Өсу кеінде 5-6 рет қопсытып, арам шөбін отайды. Жемісін жинап алғаннан кейін жапырақтарын шауып бір жерге үйеді де, зиянкестерін таратпау үшін өртеп жібереді.
## Бауға керекті құрал - саймандар
Тырнауыш, күрек түрлері, айыр, кетпендер, қол культиваторы, пышақ түрлері, қопсытқыштар, тәпкілер, қол аралар, су бүріккіш, қайшы, бұтақ кескіш (биіктен), ұзын сапты қайшы, жеміс жинағыш, бұтаны шырпитын қайшы.
## Тағы қараңыз
* Жеміс
* Жеміс-жидек өсіру
* Жеміс ағашы
* Жеміс-жидек шаруашылығы
* Жеміс дақылдары
* Жеміс көшеті
## Дереккөздер
## Дереккөздер
* Агрономия негіздері (авторлар: Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С.) Астана - 2010. 352бет. ISBN 978-601-292-059-8 |
Қаратал — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Қаратал ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 641 адам (326 ер адам және 315 әйел адам) болса, 2009 жылы 473 адамды (238 ер адам және 235 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қамсақты (2023 жылға дейін — Карасёвка) — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Қамсақты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 720 адам (352 ер адам және 368 әйел адам) болса, 2009 жылы 498 адамды (247 ер адам және 251 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Карловка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Украина ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 236 адам (110 ер адам және 126 әйел адам) болса, 2009 жылы 149 адамды (74 ер адам және 75 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қарақамыс — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 433 адам (233 ер адам және 200 әйел адам) болса, 2009 жылы 353 адамды (188 ер адам және 165 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мәженов Ахметжан (1901-1983)- бірінші бесжылдық кезіндегі тұңғыш Социалистік Еңбек Ері (1920-1932), социалистік құрылысқа белсене қатысқан байырғы жұмысшы. 1901 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Жарма ауданы 8-ауылда туған.
## Еңбек жолы
* 1921-1927 жылдары - Риддер руднигінде қара жұмысшы.
* 1927-1930 жылдары - Түркістан-Сібір темір жолының құрылысшысы.
* 1930-1956 жылдары - теміржолшы болып істеді.
* 1936 жылы Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылық мектепті бітрген.
* 1938 жылдан КОКП мүшесі болды.
## Жетістігі
* Темір жол құрылысында екпінді еңбек жолындағы қозғалысты басқарушылардың бірі болды. Ол күніне 3 км жол төсеудің орнына 3,5 км жол төсеп, рекордтық жетістікке ие болған.
## Наградалары
* 1931 жылы Орта Азия мен Сібірді жалғастырған Түрксіб құрылысындағы үздік еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.
* Социалистік Еңбек Ері (1920-1932)
## Дереккөздер |
Мырзахметова Мәрия - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты. 1908 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында туған.
## Еңбек жолы
* Еңбек жолын 1929 жылы бастаған.
* 1943-1950 жылдары "Ынтымақ" колхозында қызылшашылар звеносын басқарып, әр га-дан 984 ц өнім алған.
* 1947 жылдан КОКП мүшесі.
* 1951-1958 жылдары Жамбыл облыстық тәжірибе стансасында істеген.
## Жетістігі
* 2-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
* Ауыл шаруашылығы озаты
## Наградалары
* Ленин ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Гоноженко Ольга Калистратовна - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лаураеты (1950). 1918 жылы Украинада, Винница облысы, Дашев ауданы, Старый Дашев селосында туған.
## Еңбек жолы
* 1931 жылы - еңбек жолын аспаз болып бастаған.
* 1940 жылы - Талдықорған ауданы "1 Май" ауыл шаруашылығы артелінде звено жетекішісі.
* 1944 жылдан КОКП мүшесі.
* 1952-1955 жылдары - "1 Май" колхозы председателінің орынбасары.
* 1955-1958 жылдары Киров атындағы МТС-тің агрономы.
## Жетістігі
* 1946 жылы өзіне бекітілген қант қызылшасының әр га-нан 480 ц, 1947 жылы - 813,2 ц, 1949 жылы -1515 ц түсім жинаған.
* 1950 жылы 1633 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады.
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының лаураеты (1950)
## Марапаттары
* 2 рет Ленин ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме) |
Сандригайло Николай Фадеевич - Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақстан қара металлургиясын дамытуға үлес қосушы. 1909 жылы Ресейде, Екатеринбург қаласында туған.
## Еңбек жолы
* Еңбек жолын 1925 жылы бастаған.
* 1940 жылдан КОКП мүшесі.
* 1931 жылы Төменгі Тагил кен металлургия техникумын, Свердловск кен институты жанындағы Жоғары инженерлік курсты бітірген.
* Урал кен кәсіпорындарында учаске, экскаватор цехы бастығы, Бакал, Златоуст, Лебяжі рудниктері басқармасының бастығы, бас инженері болып еңбек етті.
* 1953 жылы - Гороблагодатск "Уралруда" тресі бастығының орынбасары.
* 1954 - 1972 жылдары - Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының директоры.
## Жетістігі
* Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі болған.
* 6-7 сайлауды ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
## Наградалары
* Ленин ордені
* Октябрь революциясы ордені
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
## Дереккөздер |
Сауранбаев Хати - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жетісуда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1898 жылы бұрынғы Жетісу облысы (қазіргі Жамбыл облысы), Ескішу болысы, 3 - ауылда (қазіргі Белбасар) туған.
## Еңбек жолы
* Бала кезінде жалшы болып, бай малын баққан.
* 1929 жылдан бастап "Белбасар" ауыл шаруашылығы артелінің мүшесі болған.
* 1933-1958 жылдары осы колхоздың председателі болды. Колхоз қант қызылшасынан рекордты өнім алып, Алтын кітапқа енген.
* Ұлы Отан соғысы кезінде колхоз жақсы көрсеткіштері және майданға азық-түлік, киім-кешек жібергендері үшін КСРО Қорғаныс Министрлігінен алғыс алып, Үлкен советтік энциклопедияға енгізіледі.
* 1947 жылы колхоз мал өсіруді жоспардан тыс орындайды: ат басын - 104,2, ірі қара мал - 103, қой-ешкі - 112,2, түйе - 109 пайыз, 1397 ц астық өткізеді.
## Наградалары
* Ленин ордені
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин (04.05.1914, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 09.05.1986, Алматы) – фармацевт-ғалым, драматург, медицина ғылым докторы (1972), Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті (1965).
Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан.
Мәскеу медицина институтын бітірген (1959). Сұбханбердин Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі (1933 – 1935), директоры (1935 – 1938), Алматы (1938 – 1942) және Жамбыл (1942 – 1945) облыс, республика (1948 – 1973) дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1973 – 1975) қызметтерін атқарды. Сұбханбердиннің негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. Сұбханбердиннің басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медицина оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика факультетикасы ашылды.
Оның “Дәрі – дертке дауа, жанға шипа” (1965), “Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы” (1968), “Денсаулығыңды ойласаң” (1974, М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, “Шындық”, “Сатып алған ауру”, “Жаңа жандар”, т.б. пьесалары “Шындық” атты жинаққа енген (1977).
74 ғылыми еңбектің авторы. 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Отбасы
Әйелі Үшкілтай Сұбханбердина
## Дереккөздер |
Асылбек Жұманұлы Сейітов 1894 жылы 22 қаңтарда Омбы қаласында Батыc Сібір генерал-губернаторы кеңсесі аудармашысының отбасында дүниеге келген. Алаш қозғалысы қайраткерінің бірі. Ол алдымен орыс мектебінде, содан соң Омбының классикалық ерлер гимназиясында оқыды.
* 1911 жылы Омбы гимназиясын бітіріп, Том мемлекеттік университетінің медицина факультетіне оқуға түскен.
* 1916 жылы Ақмола уезінде ауылшаруашылығы бойынша санақ жұмыстары жүргізілгенде А.Сейітов оның оңтүстік бөлігі комиссиясын басқарады.
* Оны 1917 жылы бітіріп, Павлодар облысындағы Баянауыл бекетінде дәрігер болып жұмыс істеді. Халық арасында жиі кездесетін сүзек, безгек, тырысқақ ауруларына қарсы медициналық көмек ісін ұйымдастырды. Сондай-ақ, осы жылдары қоғамдық саяси өмірге араласып, алдыңғы қатарлы зиялы қауымның қатарынан көрінді.
* 1917 жылы сәуірдің соңы мамырдың басында өткен Ақмола облыстық Қазақ сиезінде алдымен хатшылыққа, сиез соңында төрағаның орынбасарлығына сайланған.
* Ал 1917 жылы Орынборда өткен бірінші жалпықазақ сиезіне катысып, онда ол төралқа құрамында М.Дулатовпен бірге хатшылыққа ұсынылады. Осы сиезде А.Сейітов Ақмола облысы атынан Құрылтай жиналысына депутатыққа сайланған. Осы Құрылтайға сайланған депутаттарға баға берілгенде «Қазақ» газеті ол туралы: «Асылбек Сейітов - жас доктор, қыз мінезді, ақ қағаздан ақ, ұлтшыл жас. Областной қазақ комитетінде председатель орынбасары» - деп жазған еді. А.Сейітов Алашорданың Ақмола облыстық комитеті басшыларының бірі бола отырып, ұлт-азаттық қозғалысына үлкен үлес қосты.
* 1921 жылы Орынборда өткен Қазақстан дәрігерлерінің сиезіне,
* 1922 жылы Қазақ АКСР-і кеңестерінің сиезіне делегат болып қатысты. Ол Баянауылда бас дәрігер қызметін атқарған.
* 1922 жылдан бастан 15 жыл бойы Семей қаласындағы губерниялық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Семей облысында туберкулезді емдейтін «Ауыл» және «Березовка» санаторийлерін ашуға атсалысты (ол емдеу орындары осы күнге дейін жұмыс істейді).
* 1937 жылы Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссариатының жоспарлау-қаржылау бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласындағы №5 емхананы алғаш ұйымдастырушылардың бірі және оның бас дәрігері болды. Оның «Таң» журналы беттерінде жарияланған публицистикалык мақалалары бар.
* 1937 жылы 1 желтоқсанда ұсталып, 8 желтоқсанда ату жазасына кесілді. Оның туған бауырлары Мұсылманбек және Мұратбек те «Алаш» партиясының мүшелері ретінде репрессияға ұшырады.
## Дереккөздер |
Түйтебаева Нұрмаш - Социалистік Еңбек Ері (1971), қызылша өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты. 1937 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы), Октябрьдің 40 жылдығы атындағы колхозында (қазіргі Мәдімар ауылы) туған.
## Еңбек жолы
* 1952 жылдан қызылшашы болып істейді.
* 1965 жылдан Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы), Октябрьдің 40 жылдығы атындағы колхозда (қазіргі Мәдімар ауылы) қызылшашылардың звено жетекшісі болады.
* 1972 жылдан КОКП мүшесі.
* 1974 жылы өзіне бекітілген учаскенің әр га-нан 550 ц-ден қант қызылшасын жинап, бесжылдық жоспарды 153 пайызға орындайды.
## Жетістігі
* Ауыл шаруашылығы озаты.
* 1965 жылы - аудандық Совет депутаты.
* 9-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
## Наградалары
* "Ерен еңбегі үшін" медалі
* Ленин ордені және "Орақ пен балға" Алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1974)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии |
Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин (04.05.1914, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 09.05.1986, Алматы) – фармацевт-ғалым, драматург, медицина ғылым докторы (1972), Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті (1965).
Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан.
Мәскеу медицина институтын бітірген (1959). Сұбханбердин Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі (1933 – 1935), директоры (1935 – 1938), Алматы (1938 – 1942) және Жамбыл (1942 – 1945) облыс, республика (1948 – 1973) дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1973 – 1975) қызметтерін атқарды. Сұбханбердиннің негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. Сұбханбердиннің басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медицина оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика факультетикасы ашылды.
Оның “Дәрі – дертке дауа, жанға шипа” (1965), “Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы” (1968), “Денсаулығыңды ойласаң” (1974, М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, “Шындық”, “Сатып алған ауру”, “Жаңа жандар”, т.б. пьесалары “Шындық” атты жинаққа енген (1977).
74 ғылыми еңбектің авторы. 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Отбасы
Әйелі Үшкілтай Сұбханбердина
## Дереккөздер |
Шарбақбаева Күлай - Социалистік Еңбек Ері (1958), шопан, ауыл шаруашылығының озаты, ҚазССР-інің мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері (1958). 27 қазан 1911 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ермак кентінде (қазіргі Ақсу қаласы) туған.
## Еңбек жолы
* 1933-1943 жылдары Май ауданының Қазақстанның 10 жылдығы атындағы колхозда колхозшы.
* 1944 -1951 жылдары Павлодар қаласындағы ұн тарту заводында жұмысшы.
* 1952-1964 жылдары Аққулы ауданының КОКП 23-съезі атындағы совхозында аға шопан, шопандар боригадасының бригадирі болып еңбек етті. Ол басқарған бригада отарларындағы қой басын аман сақтап, әр қойдан 6,4 кг жүн қырықты.
* 1960 жылдан КОКП мүшесі.
## Жетістігі
* Ауыл шаруашылығы озаты.
* 5-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
* ҚазССР-інің мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері (1958).
## Наградалары
* Ленин ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1958)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии |
Иван Акимович Тыщенко - Социалистік Еңбек Ері (1971), агроном, ауыл шаруашылығы озаты, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977), ҚазССР-інің еңбек сіңіірген агрономы (1970). 8 қараша 1925 жылы Ресейдің Краснодар өлкесі, Каневская стансасында туған.
## Еңбек жолы
* 1942-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты.
* 1947 жылдан КОКП мүшесі.
* 1948 жылы Краснодар тамақ өнеркәсібі институтын бітірген.
* 1948-1950 жылдары - Алматы облысы "Есік" жеміс-жүзім совхозының №3 бөлімшесінің меңгерушісі.
* 1950-1954 жылдары - Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Сарыағаш ауданы, "Қапланбек" совхозының бөлімше меңгерушісі, аға агроном.
* 1954 жылдан осы совхоздың директоры болды.
## Жетістігі
* Ауыл шаруашылығы озаты.
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977).
* ҚазССР-інің еңбек сіңіірген агрономы (1970).
* 1976 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болды.
## Наградалары
* 2 рет Ленин ордені
* 3-дәрежелі Даңқ ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1971)
## Дереккөздер |
Шапық Шөкіұлы Шөкин (01.10.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы 10-ауыл – 4.7.2003, Алматы) – көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі,техника ғылымының докторы (1953), профессор (1956).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). 1937 жылы Омбының С.М.Киров атындағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Қазақ КСР ауыл шаруашылық электрлендіру мекемесінде бөлім бастығы, бас инженер (1937— 43), Қазақ КСР ҒА энергетика бөлімінің меңгерушісі (1943-44), Қазақ КСР ғылым академиясының энергетика институтының директоры (1944—63) әрі академик- секретарь (1955-62), Қазақ КСР ғылым академиясының президенті (1964—67) және президиум мүшесі (1955—68) қызметтерін атқарды. 1963 жылдан бері Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ш.Шөкин —Г.М.Кржижановскийдің шәкірті. Ол 1944-50 жылдары Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын комплексті түрде пайдалану мәселесін шама т9рғыдан зерттеді, сөйтіп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мөселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Ш.Шөкин — Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды. Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т. б. арналған. Ол Белград (1957), Бангкок (1961), Будапешт (1965), Мәскеу (1968) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады. Ш.Шөкин — КСРО ғылым академиясының комплексті энергетика және су қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі, Республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы председателінің орынбасары Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). 6-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясының ХӀӀ-съезінде Қазақстан КП ОК мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Основы развития энергетики Казахстана, А.-А., 1971;
* Энергетика и водное хозяйство Казахстана, А.-А., 1975;
* Топливно-энергетический баланс Казахстана, А.-А., 1979;
* Параметры и режимы гидроэлектростанции, А.-А.,1983.
## Деректі фильм
Ш.Шөкин - режиссері Қалила Умаров. 2013 жыл
## Дереккөздер |
Шапық Шөкіұлы Шөкин (01.10.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы 10-ауыл – 4.7.2003, Алматы) – көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі,техника ғылымының докторы (1953), профессор (1956).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). 1937 жылы Омбының С.М.Киров атындағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Қазақ КСР ауыл шаруашылық электрлендіру мекемесінде бөлім бастығы, бас инженер (1937— 43), Қазақ КСР ҒА энергетика бөлімінің меңгерушісі (1943-44), Қазақ КСР ғылым академиясының энергетика институтының директоры (1944—63) әрі академик- секретарь (1955-62), Қазақ КСР ғылым академиясының президенті (1964—67) және президиум мүшесі (1955—68) қызметтерін атқарды. 1963 жылдан бері Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ш.Шөкин —Г.М.Кржижановскийдің шәкірті. Ол 1944-50 жылдары Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын комплексті түрде пайдалану мәселесін шама т9рғыдан зерттеді, сөйтіп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мөселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Ш.Шөкин — Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды. Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т. б. арналған. Ол Белград (1957), Бангкок (1961), Будапешт (1965), Мәскеу (1968) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады. Ш.Шөкин — КСРО ғылым академиясының комплексті энергетика және су қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі, Республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы председателінің орынбасары Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). 6-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясының ХӀӀ-съезінде Қазақстан КП ОК мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
* Основы развития энергетики Казахстана, А.-А., 1971;
* Энергетика и водное хозяйство Казахстана, А.-А., 1975;
* Топливно-энергетический баланс Казахстана, А.-А., 1979;
* Параметры и режимы гидроэлектростанции, А.-А.,1983.
## Деректі фильм
Ш.Шөкин - режиссері Қалила Умаров. 2013 жыл
## Дереккөздер |
Целинное — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Арықбалық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстікке қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 482 адам (220 ер адам және 262 әйел адам) болса, 2009 жылы 244 адамды (112 ер адам және 132 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайының ғимараты (бұрынғы Офицерлер жиналыс үйі), 1908 жылғы, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24.
Алғашқы қолданылу мақсаты – Верный қаласының клубтық ұйымы-әскери жиналысы; 1913 жылында – Романовтар әулетінің 300-жылдығы мерейтойына орай ұйымдастырылған бірінші ауыл-шаруашылығы көрмесінің павильоны, 1918 жылдан бастап – пошта-телеграф кеңсесі.
Жобаға қарағанда төртбұрыш пішінде, ағаштан жасалған және сырттан тақтайларменен қапталған ғимарат болып табылады. Терезелері сырттан ағаштан көркемдеп, ойылып жасалған. Көлемді-жобалама шешімі үш белдікті және бұл фасадтарда ризалиттермен белгіленген. Орталық ризалит үлкен шатырмен, ал шеткілері екі-жақты үшбұрыш шатырмен жабылған. Басты кіреберіс есігі, биік мәтке тәрізді шығып тұрған және ағаштан оймалы тіректерге сүйенген шықпа шатырмен жабылып, безендіріліп айрықша етілген.
Ғимараттың жобасы, бүкіл қолданылған жылдар ішінде маңызды өзгерістерге ұшыраған. 1979 жылы фасадтардың әшекейлі тұрпатына, ұлттық оюлардың мотивтері негізінде ағаштан ойма элементтері қосылған.
## Дереккөздер |
Хамза Жұматов (15 қазан 1912, Ақбеттау ауылы, Баянауыл ауданы, Семей облысы – 26 мамыр 1972, Алматы) – ғалым, вирусолог-эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы (1954), профессор (1959), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960).
## Өмірбаяны
1912 жылы 15 қазанда Ақбеттауда Жұмат Досқараұлы отбасында дүниеге келген, алты жылдан кейін бауыры – Ғаббас (1918-2018) дүниеге келді, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Брест бекінісін қорғауға қатысқан. Орта жүздегі Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол руынан шыққан.
Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1937). 1937 – 44 жылдары Алматы мемл. медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетті) дәрігер-ординатор, аспирант, ассистент, доцент болды. 1944 – 47 жылдары Бүкілодақтық эксперименттік медицина институтында аға ғылым қызметкер, КСРО Медицина Ғылым Академиясының Вирусология институтының докторанты, 1947 – 50 жылы осы академияның Эксперименттік медицина институтында (Ленинград) аға ғылым қызметкер, 1951 – 72 жылы ҚазКСР Денсаулық сақтау министірінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ғылыми жетекші және Қазақстан Ғылым Академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының (ЖАК) мүшесі болды. Негізгі ғылыми еңбектері вирустардың молекулалық биологиясы мәселелерін зерттеуге арналған. Жұматовтың жетекшілігімен тұмау вирустарының штаммдары бөлініп алынып, жеке зерттелді. Ол тұмау вирустарынан, полиомиелит ауруларынан вакцина егу арқылы сақтанудың әдістерін ұсынды. Жұматов тұмау вирусын, адам және жануарларда ауру тудыратын вирустардың рибонуклеин қышқылдарын, жұқпалы гепатит ауруын, өсімдіктердің вирустық кеселдерін зерттеді. Жұматов 1-Халықаралық жұқпалы аурулары патологиясы конгресінде (Франция, Лион, 1956) француз тілінде, 1-Халықаралық Африка – Азия дәрігерлерінің конгресінде (Мысыр, Каир, 1964) баяндамалар жасады. Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1974). 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдермен марапатталған. Жұматовқа Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығында ескерткіш тақта орнатылған.
## Шығармалар
* Инфекционный гепатит, А.-А., 1962;
* Инфекционные рибонуклеиновые кислоты вирусов животных и человека, А.-А., 1967;
* Молекулярная биология миксовируса гриппа, А.-А., 1972.
## Дереккөздер |
Жәкен Үрістемов (02.02.1908, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы - 21.06.1995).- кенші, тау-кен технигі, тау-кен ісі шебері, Социалистік Еңбек Ері (1957).
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1957 жылы Қарағанды кен техникумын бітірген.
* 1929-1933 жылдары Қарағанды көмір бассейнінде жер қазушы, тас қалаушы.
* 1933-1941 жылдары №18 шахтаның көмір құлатушысы, тұтандырушысы.
* 1941-1972 жылдары тау-кен ісі шебері, учаске бастығының көмекшісі, учаске бастығы.
## Қоғамдық жұмысы
* 5-бесжылдықта көмір өнеркәсібін дамыту ісінде аса көрнекті табыстарға жетті.
* Жастардың тәлімгері, еңбеккер кеншілер әулетінің басшысы.
* 6-шы сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және төралқа мүшесі.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Құрмет белгісі" ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1957)
* Қарағандының құрметті азаматы (1971)
* "Шахтер даңқы" белгісінің толық кавалері.
## Дереккөздер |
Елшібеков Жанат Орынбайұлы (1947 жыл 10 мамыр Алматы облысы Қаратал ауданы Қызылбалық ауылы) — жазушы, журналист.
* Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1993).
* 1969 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген.
* Еңбек жолын "Лениншіл жас" (қаз. "Жас Алаш") газетіңде бастады.
* 1978 жылдан "Егемен Қазақстан" газетінде қызмет істейді.
* Елшібеков Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 3 мәрте лауреаты.
* Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған, «Астанаға — 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
## Толығырақ
Қазақстан Журналистер одағының (1972) мүшесі. Әдеби псевдонимі – Ж.Балқашұлы. 1965 жылы Көпбірлік ауылындағы орта мектепті (11 класс) күміс медальмен бітіреді. Сол жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогтық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1969 жылы аяқтайды. Соңғы курста оқып жүрген кезінде республикалық жастар газеті “Лениншіл жасқа” (қазіргі “Жас Алаш”) қызметке орналасады. Әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болып он жылға жуық журналистік көріктің ыстық-суығынан өтеді.Ал 1978 жылдың сәуір айынан Ұлттық қоғамдық-саяси газет “Егемен Қазақстанда” (бұрынғы “Социалистік Қазақстан”) қызметте болды. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағында Көркемдеу және газет безендіру, Жаңалық, спорт және туризм, Экономика бөлімдерін басқарады, редакциялық алқаның мүшесі болды. 1991 жылы редакцияның жауапты хатшысы болып тағайындалды. Осы лауазымды ол 2012 жылдың маусым айына дейін жемісті атқарды.
Жанат Елшібек Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының үш мәрте лауреаты. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты. Оннан астам публицистикалық, танымдық-деректі, көркем-әдеби кітаптарының иесі. “Қош бол, теңіз...” повесі республикалық “Жалын” баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгесінде жүлде алған. “Білім және еңбек” (“Зерде”) журналының лауреаты (1978).
Қараталдың бойында, Балқаш көлінің жағасында туып-өскендіктен болар, оның бүкіл шығармаларының алтын тіні – теңіз тынысы, балықшылар өмірі. Сондай-ақ, Жанат Елшібек қазақ баспасөзінде танымдық туындылар жанрының көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосып келе жатқан қаламгер. Республикада шығатын газет-журналдар мен түрлі басылымдарда жарияланған оның танымдық дүниелерінің ұзын саны екі мыңнан асады. Ол Қазақстандағы тұңғыш алып сөзжұмбақ (“Білім және еңбек” журналы, №8, 1984 ж.) пен ең алғашқы алып сканвордтың (“Егемен Қазақстан” газеті, маусым, 2000 ж.) авторы.
Өнер өкілдері, қаламдас ақын-жазушылардың шығармашылық әлемі хақында да үзбей қалам тербеп жүр. Оның көркем очерктері, эсселері, көкейкесті мәселелерді қозғаған толғаныстары еліміз баспаларынан жарық көрген жетпісіне жуық жинақтарға енген. Өзі де онға тарта кітаптар құрастырып шығарды. Ол 2010 жылдың 3-25 қараша аралығында Сауд Арабиясында болып, мұсылмандық парызын өтеді. Осы қажылық сапарының ісері туралы «Әлем көз тіккен Мекке» сафари-хикаятын жазды – («Жұлдыз» журналы, №№10-11.2011 ж.).
Жанат Елшібек өзі туып-өскен "Алматы облысының" және “Қаратал ауданының құрметті азаматы”, "Қазақстанның құрметті журналиі", "ҚР Мәдениет қайраткері", Кемел Тоқаев атындағы журналистік сыйлықтың иегері.
Сондай-ақ, ол "Құрмет" орденімен, Тәуелсіздік және Астанаға — 10 жыл мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Баспасөз министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
## РЕСПУБЛИКА БАСПАЛАРЫНАН ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАПТАРЫ:
* “Жауқазын”, деректі повесть. “Қайнар” баспасы, 1976 ж.
* “Студенттік меридиандар”, очерктер. “Мектеп”, 1978 ж.
* “Сен білесің бе?” Үйрен. Ізден. Ойлан. Танымдық туындылар. “Жалын”, 1981 ж. Алматы.
* “Алтын ұя”, репортаждар, очерктер. “Мектеп”, 1983 ж.
* “Атамекен”, фотоәңгімелер. “Жалын”, 1984 ж.
* “Қарлығаш”, әңгіме. Суретті кітапша. “Жалын”, 1989 ж.
* “Жоғалған теңіз”, повестер мен әңгімелер. “Жалын”, 1991 ж.
* “Зерек”. Танымдық ойындар әлемінде. “Өнер”, 1991 ж.
* “Шағалалар жылай ма, осы?!.” Көсемсөз, ой-толғақ, эссе, деректі әңгіме. “Қайнар”, 1996 ж. Алматы.
* “Қош бол, теңіз…” Повестер мен әңгімелер. “Елорда”, 2001 ж. Астана.
* “Таным”. Адам айтса сенгісіз ғажайыптар мен қайран қалдырар қилы-қилы қызықтар. “Елорда”, 2004 ж.
* “Шығармалар жинағының бес томдығы”. “Елорда”, 2007 ж. Астана.
* “Уақыт-сынап”. Деректі әңгімелер, әдеби портреттер мен эсселер. “Қайнар”, 2008 ж. Алматы.
* "Тағдыр желі". Повестер мен әңгімелер. "Атамұра", 2011 ж.Алматы.
* “Сырлы әлем“. Әдеби портреттер,эсселер және мөлтек әңгімелер. "Ана тілі", 2012 ж.
## ҚҰРАСТЫРҒАН КІТАПТАРЫ:
* “Алтын діңгек”. Очерктер. “Қазақстан”, 1983 ж. Алматы.
* “Жастықтың жанартаулары”. Публицистикалар, очерктер. “Жалын”, 1983 ж. Алматы.
* “Тың планетасы”. Деректі әңгімелер мен очерктер. “Жалын”, 1984 ж.
* “Жан сұлулығы”. Очерктер. “Мектеп”, 1987 ж.
* “Арыңды жасыңнан сақта”, Мақалалар, әңгімелер, очерктер. “Жалын”, 1989 ж.
* “Ауылдың айтқыштары”. Әзіл әңгімелер (бірінші кітапша), “Өнер”, 1994 ж.
* “Ауылдың айтқыштары”. Әзіл әңгімелер (екінші кітапша). “Өнер”, 1995 ж.
* “Мың бір қызық”. Түрлі басылымдардан аударылған ғажайыптар, оқиғалар. “Өнер”, 1995 ж.
* “Елбасы”. Қазақстанның тұңғыш Президенті туралы. (Ж.Дәуренбековпен бірге құрастырған). “Ана тілі”, 1996 ж. Алматы.
## ШЫҒАРМАЛАРЫ, ЖАРИЯЛАНҒАН ЖИНАҚТАР:
* Әне, сұлу Сыр. “Алтынтау” жинағы. “Жалын”, 1977 ж.
* Адамдар мен шағалалар. “Серт”. “Жалын”, 1977 ж.
* Кербез Көкше. “Жер жаннаты”. “Қайнар”, 1978 ж.
* Маң далада жайқалған жасыл желек. “Жер жаннаты”. “Қайнар”, 1978 ж.
* Самғау. “Тың тұлғасы”. “Жалын”, 1979 ж.
* Жезқазған жұлдыздары. “Ізбасарлар”. “Қайнар”, 1979 ж.
* Маңдай тер. “Алтын масақ”. “Қайнар”, 1980 ж.
* Қауырсын қанат. “Жастықтың жанартаулары”. “Жалын”, 1983 ж.
* Ауырсам да көңілім шат. Танымдық ой-жұмбақтар. “Жалын”, 1983 ж.
* Ертіс бойындағы трактор алыбы. “Тың планетасы”. “Жалын”, 1984 ж.
* Алтын тұғыр. “Жастықтың жанартаулары”. “Жалын”, 1985 ж.
* Наташаның арманы. “Қазақстан спорт жұл¬дыз¬да¬ры”. “Жалын”, 1985 ж.
* Алғашқы хат. “Жыл он екі ай”. “Жалын”, 1986 ж.
* Танымдық туындылар. “Шопан серігі”. “Қайнар”, 1986 ж.
* Қанатың талмасын, “Балдырған”. “Жан сұлулығы”. “Мектеп”, 1987 ж.
* Балқаш сабағы. “Аралым – арым, Балқашым – бағым”. “Қайнар”, 1988 ж.
* Көңілге түскен көлеңке. “Арыңды жасыңнан сақта”. “Жалын”, 1989 ж.
* Политрук Василий Клочков. “Жалындап өткен жас ғұмыр”. “Рауан”, 1991 ж.
* Алып сөзжұмбақ – “Жұмыр жер”. “Білім және еңбек” № 8, 1984 ж.
* Қазақ календары. Танымдық туындылар. 1975-1990 ж.ж.
* Сыры мол бояулар. “Қазақстан өнері”. “Өнер”, 1990 ж.
* “…деген екен!”. “Өнер”, 1992 ж.
* “…деген екен!”. “Өнер”, 1994 ж.
* Ауылдың айтқыштары. Бірінші кітапша. “Өнер”, 1993 ж.
* Ауылдың айтқыштары. Екінші кітапша. “Өнер”, 1994 ж.
* Сиқырлы сөзден сарай салған. “Егеулі найза”. “Ер- Дәулет”, 1995 ж.
* Туған жер әуендері. “Ән тербетіп, жыр жағалап келемін…”. “Дәуір”, 1999 ж.
* Жаз жаңғырықтары. Повестен үзінді. “Қазақстан пионері”, №100-101, 1978 ж.
* Қош бол, теңіз… Повесть. “Жерұйық”, Талдықорған облыстық газеті. Он нөмірде, 11-28 маусым, 1991 ж.
* Қырық жылдан соң. “Жансерік”, “Жалын”, 1981 ж.
* “ТОМ” – Танымдық ойындар мектебі. “Ұлан”, 1980-1981 ж.ж.
* Жаңа жыл, ақша қар және қызылізшілер. Повестен үзінді. “Қазақстан пионері” (“Ұлан”). Он нөмірде, 2-26 қаңтар, 1989 ж.
* “Зерек” – Білмекке құштарлар клубы. “БжЕ” – “Зерде”, 1987-1989 ж.ж.
* “Таным” – Ойшылдар беті. “Егемен Қазақстан”, 2000-2005 ж.ж.
* “Қарлығашым, келдің бе?..”. Повестен үзінді. “Ақ желкен” журналы, №4, №5, №6, 1997 ж.
* “Жетім жұрт”. Повестен үзінді. “Ақ желкен”. №10, №11, №12, 2001 ж.
* Ескерткіш белгі. “Ақылмен хан, төрені бағындырған”. Алматы, 2003 ж.
* “Ов”, “ев” қамытынан қалай құтылған едік? “Жәдігер”. Астана, 2004 ж.
* “Уақыт – сынап”. Алақандай әңгімелер. “Қазақ әдебиеті”. №41, 42, 43-44, 46, 47, 48 – 2004 ж. №1, №2 – 2005 ж.
* “Ой үстінде сорғалайды көз жасың…”. Қойын дәптердегі жазбалар. “Жұлдыз” журналы, №7, №8, №9, 2006 ж.
* Өнер қонып, жыр дарыған. “Қаратал – күндіз күміс, түнде алтын”, Алматы, 1999 ж.
* Өмір-дерек. “Жетісу” энциклопедиясы, “Арыс” баспасы. Алматы, 2004 ж.
* Мерей. “Қара шаңырақ”. “Елорда” баспасы, Астана, 2004 ж.
* Өмір-дерек. “Қазақстан жазушылары. XX ғасыр”, Энциклопедия, “Ана тілі” баспасы. Алматы, 2005 ж.
* Баспасөз және тіл тазалығы. “Қазақ баспасөзі жаһандану дәуірінде”. Астана, 2005 ж.
* Ойға шомдырған шығармалар. “Ақ қоянның үйшігі”, “Ғалам” баспасы. Астана, 2006 ж.
* Жетім жұрт (повестен үзінді). “Ақиық азамат”, Үштөбе қаласы, 2007 ж.
* Самғау. “Маздақ”. Алматы, 2007 ж.
* Алдаспан. “Етжеңді” “Егемен Қазақстан” – 2006”, Астана, 2007 ж.
* Жаны нұрлы Жанат. “Дариға-дәурен”, “Арыс”, 2007 ж.
* Тағдыр желі. Әңгіме. “Таң-Шолпан” журналы, №5, 2007 ж.
* Құстар. Құстар. Құстар... Таңсық тақырыпты ақын-жүрек қара сөзбен жырлайды. “Етжеңді” “Егемен Қазақстан” – 2007”, Астана, 2008 ж.
* Істің адамы. “Жақсылардың парызы”, “Арда” баспасы. Алматы, 2008 ж.
* Алтын бесік. “Қасиетті Қаратал”, “Дәуір” баспасы. Алматы, 2008 ж.
* Өнердің өрге жүзген саңлақтары. “Дүние-керуен”, “Офсет” баспасы. Талдықорған, 2008 ж.
* Балалар бағының бағбандары. Антология-анықтамалық. “Балалар әдебиеті” баспасы, Алматы, 2008 ж.
* Өмір-дерек. “Қазақ әдебиеті”, Энциклопедиялық анықтамалық. “Аруна” баспасы. Алматы, 2005 ж.
* Жақсылық үшін жаралған. “Нар тұлға”. Алматы, 2007 ж.
* Құштар қалам қуаты. “Қайсар Әлім: Шығармалар жинағы, 8-том. “Фолиант” баспасы, Астана, 2007 ж.
* Елтінжал. “Дала-бесік”. “Фолиант” баспасы. Астана, 2009 ж.
* Шырағы бар жүрегінде, Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған... “Балуаннан басталған жол”. “Фолиант” баспасы. Астана, 2009 ж.
* Алуан қырлы асыл аға. Эссе-штрихтар. “Журналист”. Астана, 2009 ж.
* Қаламгерлер әлемі. Алақандай әңгімелер. “Көкшетау” журналы, № 2, 2009 ж.
* Өшпес бейне. “Шамшырақтар”, “Қазақпарат” корпорациясы. Алматы, 2009 ж.
* Менің Қазақстаным. Эссе-жыр. “Етжеңді” “Егемен Қазақстан” – 2008. Астана, 2009 ж.
* Қаламмен жазғанды қанжармен өшіре алмайсың. “Жансерік”, Астана, 2009 ж.
* Өмір-дерек. “Қазақстан жазушылары”. Энциклопедия. “Ан-Арыс” баспасы. Алматы, 2009 ж.
* Балықтың қылтаны. Хикаят. "Жұлдыз" журналы. №10. 2009 ж.
* Сұңғыла.Эссе-хикаят "Алтын тамыр" журналы. №6.2009 ж.
* Сергек көңіл сезімдері. "Қолтаңба". "Сардар" баспа үйі.2009 ж.
* Шырағы бар жүрегінде. "Мағжан" журналы. №2.2009 ж.
* Құдіретті қазына."Етжеңді» «Егемен Қазақстан"— 2010". Астана, 2011 ж.
* Әлем көз тіккен Мекке.Сафари-хикаят. "Жұлдыз" журналы, №10-11, 2011 ж.
* Парыз бен қарыз салмағы. "Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы, "Арыс", Алматы—2011ж.
* Теңізден тыныс алған қаламгер."Құс жолы", Алматы,2011 ж.
## Дереккөздер |
Он оқ бодун (бодун – халық, қауым, тайпа) – Батыс Түрік қағанатындағы негізгі этникалық-саяси ұйытқы – «ән-тайпаның көне түрік тіліндегі аталуы.
## Құрылымы
Он оқ бодунға бес-бес тайпадан тұратын дулу және нушиби одақтары енген. Олардың жері – «ежелгі усун жерінде», яғни Қаратаудың шығысынан Жоңғарияға дейінгі аймақта орналасты. Он оқ бодунның құрамындағы дулулар мен нушибилердің шекаралары Шу өзенінде болды. Шу өзенінен шығысқа қарай алып жатқан қағанат иелігінде дулулар, ал Шудан батысқа қарайғы аймақтарда нушибилер мекендеді. Он оқ бодун атауының шығу тарихы мынадай: 7 ғасырда басына дейін Түрік қағанатында тақ және оны мұрагерлену мәселесі тек қана Ашина әулетінің еншісінде болып келді, ал Батыс Түрік қағанатында 7 ғасырда басынан бастап таққа Ашина әулетінің өкілдері тек дулу немесе нушиби тайпалық одақтарының қолдауымен ғана келе бастайды. Бұл Он оқ бодунның саяси беделін өсіреді.
## Билік
Батыс Түрік қағанатындағы билік үшін күрестер ашиналықтардың саяси-құқықтық ықпалын кемітіп, оларды Он оқ бодунға тәуелді етсе, керісінше Он оқ бодунның бектері мен көсемдерінің рөлін өсіреді. Олар Ышбар Төліс шадты (634 – 639) Батыс Түрік қағанатында реформа жасауға көндіреді. Реформа бойынша дулудың бес тайпасы мен нушибидың бес тайпасының әрқайсысына бір-бірден он бек тағайындалады және ол бектер Ашина әулетінен емес, жергілікті ру-тайпа көсемдері арасынан шығады. Ол бектердің әрқайсысы Ашина әулетінің шадымен, яғни текті ханзада (сұлтан) дәрежесімен теңестіріледі. Әрбір тағайындалған бекке биліктің символы ретінде бір-бір жебеден беріледі де, олардың тайпалары «Он оқ бодун» немесе «Он оқ тайпасы» деген атауға ие болады.
## Сілтемелер
* Он тайпа
* Батыс Түрік қағанаты
* Ашина
## Дереккөздер |
Ақмола Губерниясы– Қазақ Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің Бүкілқазақстандық І-Құрылтай съезінің (Орынбор, 4—12.10.1920) шешіміне сәйкес 1921 жылы 25 сәуірде құрылған жаңа әкімшілік-территориялық бөлік. Ақмола Губерниясының құрамына 233 болыс елді біріктірген Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл (Қызылжар) уездері енді. Орталығы Петропавл қаласы болды. Қазақстан Кеңестерінің 6-съезінің (1927 ж., наурыз) эконикалық аудандастыруды жақсарту туралы қаулысымен республикалық әкімшілік-терр. бөлінісі үш буынды жүйеге (округ — аудан — ауыл) көшірілді. 1928 жылы 17 қаңтарында Ақмола мен Атбасар уездері 15 ауданды қамтыған Ақмола округі болып қайта құрылды. 1930 жылы Ақмола округі Қарағанды облысы құрамына енді. 1939 жылы қазанда Ақмола облысы құрылды. 1961 — 92 жылдары Целиноград облысы, 1992 жылдан Ақмола облысы болып қайта аталды. қазір Ақмола облысы.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
* Семей облысы — 1854-1920 жж. Ресей империясының құрамында болған әкімшілік бірлік.
* Семей облысы — Қазақ КСР-ның (1939-1991) және Қазақстан Республикасының (1991-1997) құрамында болған әкімшілік бірлік. |
Яков Яковлевич Цвингер - Социалистік Еңбек Ері (1966), колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1915 жылы Ресейде Майдорф селосында (қазіргі Саратов облысы) туған.
## Еңбек жолы
* 1929-1935 жылдары Қостанай облысының "1 Май" колхозында колхозшы, председатель болды.
* 1935 жылы - Құлынды ауданындағы "Власть Советов" колхозының председателі.
* 1935 жылы Қызыл Армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысы басталғанда соғысқа қатысып, тілмәш болды.
* 1947 жылы Қазақстанға қайта оралып, Қостанай облысы, Ф.Энгельс атындағы колхозды басқарып, оның экономикасын және мәдениетін көтеруге үлкен үлес қосты.
## Наградалары
* 2 рет Ленин ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
История народов Средней Азии |
Сырдария губерниясы — Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің (1925 жылдан бастап Қазақ) әкімшілік-аумақтық бірлігі. |
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15 ақпан 1915 ж., Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 6 мамыр 1966 ж., Алматы) — қазақ тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).
## Балалық шағы
Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 15 ақпанында Павлодар облысының, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Төре руынан шыққан, Абылай ханның жетінші ұрпағы. Абылай – Уәли – Тәуке – Жанпейіс – Жанбөбек – Беген – Бекмахан – Ермұхан. Шыңғыстың отыз екінші тұқымы.
Әкесі Бекмахан кедейленіп, Мұса Шорманұлының немере інісі Зында Шорманның малын баққан. Бекмаханның Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болған. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. Осылайша Ермұханның анасы Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін тартуға мәжбүр болады.1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі жеткіліксіз еді.
Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп, қайтыс болады. Әкесі қайтыс болғалы тұрмыс жағдайы мәз емес Ермұханның отбасындағы жағдай ағасы Дінше аудандық деңгейдегі орташа шенеунік болғалы біршама жақсарып қалған еді. Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды. Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс факультетіне түседі.
Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Бұл оқиға Ермұханды қатты қажытады. Бұған қоса, анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені, көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді.
## Оқу жылдары
Семейде оқып жүрген кезде елдегі орын алған ашаршылық Баянауылды да айналып өтпегенін естіген Ермұхан және оның ауылдастары жақындарына көмектесудің амалын іздейді. Сөйтіп бала кезінен досы, өзінен сәл үлкендеу, сол кезде Семейдің медициналық училищесінде оқып жүрген Сәлкен Сұбханбердинге өз ойын айтады. Сәлкен болса Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі Асылбек Сейітовтен кеңесіне жүгінуге ұсыныс айтады.
Асылбек Сейітов ол кезде өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бастығы болатын. Жас жігіттердің елге көмектескісі келетіндігі туралы ойын естіп, оларға елден бұрын әркім өзіңнің бас амандығын ойлау керектігін айтып, елге бармауға үгіттейді. Өмір көрген Асылбек Сейітов жас жігіттердің елге көмектесуге қауқарсыз екенін, егер елге баратын болса, аман қайтуы екіталай екендігін білгендіктен солай кеңес берген еді. Ермұхан және оның бір топ жерлестері туған-туыстарына қаншама көмектескісі келсе де, Асылбек ағаның айтқан сөздері шындық екенін түсініп, елге қайту идеясынан бас тартады. Кейінрек Асылбек Сейітов Ермұханды өз қамқорлығына алып, бар көмегін аямайды.
1933 жылы Семейдегі Жұмыс факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Диқан Әбілев Ермұханға Алматыға оқуға түсетін болсаң, осындағы шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп ескертеді.
Диқан Әбілев Ермұханға Орталық Ресейдегі оқу орындарының біріне түсуге кеңес береді. Дихан Әбілевтің кеңесін алған Ермұхан Халықтық ағарту комиссариатына барады. Комиссариаттағы құжат қабылдаушы адам Ермұханның кешікенін алға тартып, Мәскеу және Ленинградтың оқу орындарына түсе алмайтынын айтады. Алайда Тамбов қаласындағы ашылған педагогикалық институтқа түсуге мүмкіндігі бар екенін айтып, шешімді бүгін шығару керексің, болмаса ол оқу орнына да түсе алмайсың деп ескертеді.
Ермұхан сол жерде Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды.Тамбов қаласындағы оқу Ермұханның көңілінен шыға қоймайды.
Сөйтіп, 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. 1936 жылдың күзінде Ермұхан Воронежге келеді. Ал ол кезде сол Воронеж қаласында айдауда Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлы айдауда жүрген еді. Ермұхан жоғары білімді, озық ойлы Алаш зиялыларына кездесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде тарихқа деген қызығушылығы арта түседі. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді.
## Еңбек жолы
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.
1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.
Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.
Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.
Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың естелігінен:
«1952 жылдың 30 тамызында Ермұқанды Новотроицкіге шығарып салдым. Кеткісі келмей, бірдеңе сезгендей, мазасыз күй кешіп еді. Айтқандай-ақ, 5 қыркүйекте оны тұтқындап, Алматыға әкеліпті. Сол күні біздің үйде де тінту жүргізілді. Кешкі сағат 10-да жұмыстан келсем, үйдің есігі ашық тұр. Бір бейтаныс қазақ тінтуге құжат көрсетті. Ермұқанға бірдеңе болғанын сездім. Ас-су беруге рұқсатты табаннан тозып жүріп бір ай дегенде әрең алдым.
Тергеу үш айға созылды. «Тергеу әдістері жайында жиркенішсіз еске түсіре алмаймын, – деп жазды Ермұқан өзі Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке. – Тергеудің өн бойында қорқыту мен қоқан-лоққы қатар жүрді. Сол үшін барлық тәсілдерді пайдаланып тырысса да мен жекелеген адал адамдарды қаралай алмадым». Ерекең бұл арада Сәтбаев пен Әуезов жөнінде айтып тұр.
Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұрышында болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты. 4 желтоқсанда үкімді жария еткен кезде менің қатысуыма рұқсат берді. Көз жасы еріксіз сорғалаған Ермұқан маған қарады да отырды. Үкімді естігенде жылап жіберді.
Мұндай әділетсіз, қатал үкімге қалай жыламассың!
Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған, феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары – алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да жүргізді», – деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына қойылғанын айтады»
Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.
Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.
ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.
Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.
Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.
Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады".
## Отбасы
Ермұхан Бекмахановтың әйелдері мен балалары:
* Бірінші әйелі: Әмина Зәріпқызы Губеева (1919-1979), қыздары: Найля (1940), Нурия (1946), Нәдия (1947)
* Екінші әйелі: Халима Адамбекқызы Бекмұхаммедова (1925), ұлдары: Ермұхан (1948–2005), Сермұхан (1950), қызы: Қарлығаш (1956)
## Қайтыс болуы
Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Өкпесіне суық тигізіп алған Ермұханның денсаулығы жыл сайын нашарлай берді. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді.
Сонымен қоса, астма ауруы да асқынып кеткен болатын. Ол өзінің өлетінін білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның жағдайын сұрауға келген жерлесі, медицина ғылымдарының докторы Хамза Жұматовқа былай деген: "Менің жағдайым мүшкіл, алайда абыроймен өлу керек".
Дәрігерлер де Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима Адамбекқызының өтінішімен мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлына палатаға кіруге рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес қой. Армандарым мен жоспарларымда орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті. Кейінірек Бауыржан Момышұлы өз естелігінде: "Ол менен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы кешірім сұрады" деп жазады.
Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен қоштасу рәсімі бір күннен кейін болады. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық сапарға шығарып салады.
Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленеді.
## Еңбектері
* Казахстан в 20–40-е годы ХІХ веке, М., 1948, 1997; А., 1992; 1994 (на казахском)
* Присоединение Казахстана к России, М., 1957;
* Очерки истории Казахстана ХІХ в., А.-А., 1966.
## Бекмаханов жайында
* Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер. Құраст. Х.Адамбекқызы, Алматы, «Білім» баспасы, 2005.
* Медеу Сәрсеке. Ермұхан Бекмаханов. Мәскеу, Молодая гвардия, 2010; Астана, Фолиант, 2010. 533 бет, 5000 дана, ISBN 978-5-235-03414-3 ("Жизнь замечательных людей" және "Нартұлға" сериялары).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Бекмаханов Ермухан Бекмаханович (UNESCO - Қазақстан мұрасы)
* http://www.biblus.ru/Default.aspx?auth=2e2e4i2&acls=123060 Мұрағатталған 6 сәуірдің 2023 жылы. |
«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты — Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан резерват.
2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастырылды.
«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының жер көлемі – 489 766 га алқапты қамтиды.
Бұл табиғи резерват Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді.
Аудан шегінде Торғай асханасының бұл бөлігі 120-дан 200 м-ге дейінгі абсолютті белгілері бар тегістелген жазық рельефімен ерекшеленеді.биіктігі біртіндеп батыстан шығысқа қарай Қараторғай және Ұлы-Жыланшық өзендерінің меридионалды сегменттерінің өзендерінде орналасқан Жиланшиктурме төбесіне дейін көтеріледі. Абсолютті биіктік белгілері 200-300 м аралығында.
«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы 3 кластрлі телімге бөлінген:
* Сарықопа – 52 115 га (Сарықопа көлдер жүйесі).
* Тосынқұм – 95 881 га (Тосынқұм құмы, Торғай өзенінің сол жағалауы).
* Ұлы Жыланшық – 341 670 га (шөлейттенген далалы алқап, Ұлы Жыланшық өзенінің жағалауы). |
Жуантөбе — ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Көлтабан ауылының солтүстік-шығыс шетінде, Арыс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Археологиялық әдебиеттерде осы қала орнынан 1893 жылы 5000-нан астам күміс және мыс тиын-теңгелердің табылғаны туралы мәліметтер кездеседі. Қала орны екі бөліктен: орталық бөліктен (цитадель) және оны қоршай орналасқан рабаттан тұрады. Орталығының сыртқы көрінісі төртбұрышты келген, ауданы 90 – 120 м, биіктігі 20 м-ден астам. Айнала қоршай орналасқан рабаттың биіктігі 4 – 5 м, ені 30-дан 60 м-ге дейін жетеді. Қала орнының солтүстігі мен оңтүстігінде қақпаның орны сақталған. Алғаш археологиялық қазба жұмысын 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) жүргізіп, 1996 – 97 жылы Шымкент облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы жалғастырды. Қазба жұмыстарының барысында қоймалар мен бірнеше бөлмелерден тұратын үйлердің орны аршылды. Табылған қыш ыдыстардың жиынтығы мен Иранның Сасани әулеті шығарған мыс теңгелер 6 – 7 ғасырларға жатады. Археологтер Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич Ж-ні ортағасырлық Кенджде аймағының астанасы болған Арсубаникеттің (Субаникет) орны деп тұжырымдайды. Әбу-л-Қасым ибн Хаукал “Фараб, Кенджде мен Шаштың аралығында тамаша жайлау бар, ондағы мыңға тарта түтіннен тұратын түріктер ислам дінін қабылдаған... Субаникет Кенджденің басты қаласы” деп жазған. В.В. Бартольд осы деректі пайдалана отырып, Субаникет қаласы мен Кенджде аймағы Арыс өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан деп тұжырымдайды. Арсубаникет жайлы деректер Әбу Исхақ әл-Истахридің, ибн Якуттің, Мұтаххар әл-Мақдисидің шығармаларында да бар. Мұтаххар әл-Мақдисидің “Арсубаникет – үлкен де таза, айнала қоршалған бекініс дуалы бар қала, мұнаралары мешіт рабадында орналасқан” деген мәліметін белгісіз автордың “Худуд әл-Әләм” шығармасындағы “Субаникет – гүлденіп келе жатқан бай да әдемі қала” деген жолдары толықтыра түседі.
## Дереккөздер |
Қытай қазақ мерзімді басылымдары - Қытай жерінде шығатын қазақ тіліндегі баспасөз.
Бүгінгі күнде Шығыс Түркістан жерінде қазақ тілді 20-ға жуық журнал мен тоғыздан аса газет шығады.
## Журналдар
Әдебиет тақырыбына арналаған келесі журналдар жарық көреді:
* “Шұғыла”
* “Құмыл алқабы”
* “Іле айдыны”
* “Алтай аясы”
* “Тарбағатай”
* “Боғда”
* “Іле жастары”
* “Шалқар”
Бұлардың ішінде “Шұғыла” журналы мен “Құмыл алқабы” бүкіл Қытай көлемінде “Жылдың үздік журналы” атағына да ие болған.
### Заң аясында
“Заң аясында” журналы 2000 жылдан бері шығып келе жатқан маусымдық журнал, заңдық кеңестер пен қоғамдағы нақты шындықтардан мысал келтіре отырып заңның ең үлкен қару екенін көрсететін журнал.
## Балаларға арналған басылымдар
Маусымдық журналдар:
“Жастүлек”
“Балауса”
“ Білім бұлағы”
Апталық газет:
“Іле өрендері”
## Салалық журналистика
“Шынжаң қоғамдық ғылымдары” журналы
“Ғылым-техника” газеті (аптасына бір рет шығады)
## Басқа да журналдар
“Оқырман өресі” танымдық журнал
“Көкжиек” журналы
XX ғасырдың екінші жартысында “Шалғын” деген атпен, 1982 жылдан бастап “Мұра” деген атпен шығып келе жатқан журнал бар. Қазірге дейін 141 санын оқырманға ұсынған.
Нәзік жандыларға арналған “Шыңжаң әйелдері” журналы
Көркемөнер бағытында шығатын “Шыңжаң суретті журналы”
## Газеттер
Қазақ тілдіндегі ең үлкен газеттер қатарында “Шыңжаң газеті” айтылады. 1950 жылдан бері шығып келе жатқан газет күн сайын шығады. Газеттің апталық таралымы 123900 данадан асады.
Өңірлік және апталық газет қатарына “Күйтің газеті”, “Іле кеші”, “Тарбағатай”, “Іле өрендері” қатарлы газеттер де жатады.
Сонымен бірге әлемде болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарды оқырман аудиториясы “Пайдалану хабарлары” атты газеттен алып отырады. “Пайдалану хабарлары” тек қана ақпарат беруді негіз етеді, аптаның бес күнінде шығады.
## Тағы қараңыз
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
Қытай қазақ мерзімді басылымдары Мұрағатталған 24 қаңтардың 2018 жылы. |
Орда–Ежен ұлысы — Жошының үлкен ұлының ұпағы — Орда-Еженнің басшылығындағы, Алтын Орданың (Жожы ұлысы) шығыс (сол) қанаты. Қазақстандық деректер бойынша атауы: Ақ Орда, ежелгіорыс деректері бойынша: Көк орда. Бір сөзбен айтқанда автономиялы мемлекет. В 1309 жылы, Орда-Ежен ұлысы Сасы Бұға тұсында Ақ орда деп аталды. 1361 жылдан бастап, Ұрыс ханның тұсында тәуелсіз мемлекет болды.
Шибанның өлімінен кейін, 1280 жылы Орда-Ежен ұлысына Шибан ұлысы қосылды.
## Ұлыс шекарасы
Ұлыс шекарасы батысында Мұғалжар тауымен, солтүстігінде сібір ормандарымен, шығысында Ертіс өзенімен және оңтүстігінде Сырдария өзенімен және Балқаш көлімен шектесіп жатты. Шибан ұлысымен қосылғаннан кейін батысында Орал өзенімен тоғысты.
Ұлыс аудандарға бөлінген:
* Сығанақ ауданы, ұлыстың оңтүстігінде. Орталық — Сығанақ.
* Ұлытау ауданы, ұлыстың орталығында. Орталық — Орда-Базар.
* Шығыс ауданы (Ертіс ауданы) ұлыстың шығысында орналасқан.
* Сарайшық ауданы ұлыстың батысында орналасқан. Орталық — Сарайшық.
## Ұлыс тарихы
Ұлыс тарихын 3 кезеңге бөлуге болады:
* 1-кезең — Орда-Ежен ұлысы
* 2-кезең — Ақ Орда
* 3-кезең — Барақ хан және оның ізбасарлары
### 1-кезең
Ақ Орда – XІІІ-XVғғ. аралығында өмір сүрген Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан территориясындағы этникалық топтар мен халықтардың саяси жағынан топтасуына жол ашқан, саяси жағынан дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз, сыртқы саясатта өзіндік даму бағыты бар мемлекеттік бірлестік. Оның тарихы Жошы ұлысының құрылуынан бастау алады. Мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Жошының үлкен ұлы, тұңғышы Орда-Ежен аталады. Шын мәнінде, Жошы ұлысының жерін оның екінші ұлы Бату(шын есімі Сайын) иеленеді. Бірақ ағасына құрмет ретінде оған өзінің сол қанатынан, Жайықтан шығысқа қарай, Арал мен Сырдарияның солтүстігіндегі, Алтай мен Ертістен батысқа қарай жатқан кең-байтақ аумақты бөліп береді. Негізгі этникалық құрамы осы жерді VIII-IХ ғ-дан бері мекендеп келе жатқан қыпшақ бірлестігі мен қатар Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде шығыс пен оңтүстік-шығыстан, Алтайдан қоныс аударған тайпалар да болған. Олардың қатарында наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, керейлер, қоңыраттар, маңғыттар және т.б. ру-тайпалар.
### 2-кезең
### 3-кезең
## Орда-Ежен ұлысының хандары
### Ордуидтер әулеті
* Орда Ежен хан, Орда-Ежен ұлысының ханы 1242—1251
* Күнқыран хан, Орда-Ежен 1251—1288 және Шибан 1280—1288 ұлысының ханы
* Қоныша хан, Орда-Ежен ұлысының ханы 1288—1302
* Баян хан, Орда-Ежен ұлысының ханы 1302—1309
* Сол қанатының ханы
### Өрдүйід әулеті
* Сасы Бұға, Байан-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1309—1310
* Ерзен-хан, Сасы Бұға-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1310—1321
* Мүбәрәк Қажы-хан, Ерзен-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1321—1345
* Шымтай-хан, Ерзен-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1345—1361
* Хымтай-хан, Шымтай-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1361
### Тұқайтермір әулеті
* Орыс-хан, Шымтай-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1361—1377, хан Улуса Джучи 1374—1375
* Тоқтығұл-хан,Орыс-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1377
* Темір Мәлік-хан,Орыс-хан, Алтын орданың сол қанатының ханы 1378—1379
* Тоқтамыс, Түй-Қажы огланның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1379—1395
* Койричак, Орыс-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1395—1410
* Барақ-хан, Коюрчак-огланның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1410—1428, хан Улуса Джучи 1423—1426
### Басқа Жошылар
* Мұхаммед-хан, Алтын орданың сол қанатының ханы 1428—1431
* Мұстафа-хан, Қазақстанның орталық бөлігінің басшысы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1431—1446 |
Уикимания (Wikimania ағыл.) - жыл сайын өткізілетін халықаралық конференция. Бұл конференция әлемнің әр елінен келген Уикипедия қатысушыларының бас қосуына, танысып, өз тәжірибелерімен алмасуына мүмкіндік береді.
2013 жылы Уикимания конференциясы Гонконгта (ҚХР) Гонконг Политехникалық университетінде тамыздың 7-11 аралығында өтті.
## Делегация құрамы
2013 жылы өткен Уикимания конференциясында Назарбаев зияткерлік мектептерінің таңдаулы 33 оқушысы мен 12 ұстазы конференцияға бір делегация ретінде қатысты. Қатысқан оқушылар Қазақстан аймағындағы барлық зияткерлік мектептердегі (Ақтөбе, Астана, Шымкент, Орал, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Семей, Өскемен) "Уикипедия" клубының мүшелері болып табылады.
## «Қазақша Wikipedia» жобасы
Wikipedia – әлемдегі ең таңдаулы сайттардың ондығына кіріп, 5-орынды иемденеді. Әлемнің 271 тілінде жазылатын ашық энциклопедияның қазақша нұсқасы соңғы уақытта ерекше даму үстінде. Бұл жоба мектеп оқушыларының үздік мақалаларымен толығып, қазақша контенттің сапасын арттыруда. «Қазақша Wikipedia» жобасын жүзеге асырып жатқан «Wikibilim» қоғамдық қоры мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қолдауымен жүзеге асқан сапар оқушылардың интеллектуалды хоббиін дамуына үлес қосты.
## Джимми Уэйлспен кездесу
Гонконгта делегация мүшелері «Wikipedia» онлайн энциклопедиясының негізін салушы Джимми Уэйлспен кездесті. Қазақстаннан Гонконгқа барған ең жас әрі үлкен делегацияға
деп сенім білдірген. Сонымен қатар бұрын-соңды қазақ елінде болмаған жоба авторы елімізге алдағы екі жыл көлемінде келу мүмкіндігін жеткізді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Біз Wikimania 2013 конференциясында болғанда Мұрағатталған 7 наурыздың 2016 жылы.
* ҮЙРЕТЕРІ БАР УИКИПЕДИЯ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.. «Ұлан» газеті, №37, 17.09.2013 |
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2013 - 1992 жылы құрылған премьер-лиганың 22-маусымы. Турнир жеребесі 2013 жылы 11 қаңтарда өтті. Маусым 2013 жылдың 9 наурызында басталып, 2 қарашада аяқталды.
Турнирде 12 команда сайысқа түсті. «Восток» командасы чемпионаттың жаңа қатысушысы болды.
Чемпиондық атақты «Ақтөбе» (клуб тарихында 5-ші рет) жеңіп алды. Екінші орынды «Астана», үшінші орынды «Қайрат» клубтары иеленді. Чемпионат нәтижесінде соңғы орынға тұрақтаған «Ақжайық» премьер-лигадан шығып кетті.
## Алдыңғы маусыммен салыстырғандағы өзгерістер
## Қатысушы клубтар
### Жарыс географиясы
2013 жылғы Премьер-лигаға Қазақстанның 12 қаласынан 12 клуб қатысты.
## Турнирлік кесте
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Шағатай ұлысы — Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай билік құрған әкімшілік аймақ. Шыңғыс хан Орталық Азиядан жаулап алған жерлерін төрт ұлының (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) үлесіне бөліп бергенде Шағатайға Әмудария, Сырдария, Мауераннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан (бұрынғы Батыс Ляо мемлекеті негізінде) жерлері тиді. Ұлыс орталығы әр жылдары Алмалық, Қиялық, Карши, Ақсу қалалары болды. Шағатай ұлысының халқы отырықшы және көшпелі екі бөлімнен құралды. Отырықшы Мауераннахр аумағын империя орталығынан тағайындалған Махмұт Ялавач, кейіннен оның ұлы Масуд Бек басқарды. Көшпелі шығыс жағы тікелей Шағатай әулетінің билігінде болды. 1229 жылы Үгедей ұлы хан тағына отырысымен Үгедей ұлысы іс жүзінде Шағатай ұлысына біріктірілді. 1242 жылы Шағатай өлгесін оның өсиеті бойынша немересі Қаракүлік (Мутугеннің ұлы) таққа отырды. 13 ғасырдың орта тұсындағы Шыңғыс хан империясындағы саяси жағдай және ұлыс билігіне кім келуіне байланысты Шағатай ұлысы аумағы үнемі өзгеріп отырды. 1224 — 1346 жылдары аралығында Шағатай ұлысына осы әулеттен шыққан 23 хан (Шағатай, Қаракүлік, Есенмөңке, Эрхунехатун, Алгуй, Мүбарак-шах, Барақ, Нықпай, Бөкетемір, Дува, Қоншық, Талбұға, Есенбөх, Кебек хан, Елжигдэй, Дуватемір, Тармашырын, Божан, Жанкешті, Әлисұлтан, Есентемір, Торалшытемір (Мухаммед және Қазан) билік құрды. Тек 1330 — 46 жылы ғана 10 хан алмасты.
## Тақ үшін талас
Тақ таласы салдарынан 1346 жылы Шағатай ұлысының билігіне Шағатай әулетінен шықпаған Қазаған ноян келіп, 1358 жылға дейін биледі. 1259 — 60 жылы Шыңғыс хан империясы ұлы ханының тағы үшін Құбылай мен Арық бұғаның арасында болған соғыста екіншісі жеңіліп, Шағатай ұлысының жеріне ауып келуіне байланысты Шағатай ұрпақтары екіге бөлінді. Осы кезде Орталығы Азияда тарих төріне Үгедейдің немересі Хайду шықты. Ол Құбылай билігін мойындамай 30 жыл бойы күресті. 1269 жылы ол Орталығы Азиядағы Моңғол ұлыстары өкілдерінің біріккен құ-рылтайын шақырып, империяны таратты (қ. Талас құрылтайы). Өзі Шағатай ұлысында билікке келді. Оның құрған мемлекеті Хайду ұлысы атанды. Дегенмен, Барақ бастаған Шағатай ұрпақтары Мауераннахрдағы билігін сақтап қалды. Хайду өлгеннен кейін оның ұлысында тақ таласы қайта басталды. Дува ханның тікелей көмегімен Хайдудың тұңғыш ұлы Жапар Емілде билікке келді. Бірақ билікті ұстап тұра алмаған Хайдудың ұрпақтары көп ұзамай Дуваның билігін мойындауға мәжбүр болды. 1307 жылы Дува қайтыс болғаннан кейін Алмалыққа жақын Себкун қаласында оның ұлы Қонжық таққа отырды. Бір жылдан кейін ол да қаза тауып, билік Үгедей ұрпағынан тарайтын Тәлікке өтті. Мұсылман дініне шын берілгені үшін — Қызыр ата атанған Тәлік Дува ұлдарына қысым көрсетті. Ақыры Кебек бастаған Дува ұлдары Тәлікті өлтіріп, Есенбұқаны хан сайлады. 1318 жылы Есенбұқа өлгеннен кейін Кебек хан тағына отырды. Ол астананы Іледен Мауераннахрдағы Нахшеб қаласына көшіріп, Карши деп аталатын хан ордасын тұрғызады. Онда ол ақша реформасын жүргізіп, күміс ақша (динар), теңге (хар-хем) соқтырды. Кебек тұсында Самарқандта “Түмен” (он мыңдық) деп аталатын аймақтар, ал Қашғарда “Орчин” деп аталатын кіші өлкелер құрылып, оларды түркі-моңғолдан шыққан жергілікті ақсүйектер басқарды. Кебек хан пұтқа табынды, бірақ ислам дінінің таралуына қарсы болмады. Сондықтан оның ұрпақтары мұсылмандыққа бет бұрды. 1333 жылы Шағатай ұлысының билеушісі Тармашырынның ордасында болған ибн Баттута Шағатай ұлысын әлемнің төрт ұлы мемлекетімен (Қытай, Үндістан, Иран және Өзбек хан билігіндегі Алтын Орда) тең дәрежеде қарым-қатынас орнатқан мемлекет деп көрсеткен. Шағатай ұлысында, жалпы түркі-моңғол ұлыстары көлемінде отырықшы мәдениетті жақтайтын және әскери-бюрократ. күштің қолдауымен көшпелі мемлекет құ-руды жақтайтын екі бағыт болды. Дува, Кебек, Тармашырын бастаған топ бірінші бағытты қолдады. Қала тұрғызды, әкімшілік және ақша реформасын жүргізді. Олардың бұл бағыты әрдайым көшпенділікті қолдайтын екінші бағыттағылардың қарсылығына ұшырап отырды. Ирандағы Хулагу мемлекеті мен Алтын Ордада негізінен отырықшылық салты басым болса, Шағатай ұлысы екінші бағытты қатаң ұстады. Қаракүлік, Есенбұға, Хайду қатарлы тұлғалар көшпелілік бағытты қолдады. Бұл қайшылықтар ақыры Шағатай ұлысын 1346 жылы Шығыс және Батыс деп екіге бөлді. Олардың шекарасы Балқаш көлі арқылы өтті. Мауераннахрға сүйенген батыс бөлімі біраз уақыт Шағатай ұлысы атын сақтады. Әйгілі шағатай тілі осы өңірде дүниеге келді. Ал шығыс бөлімі бұрынғы моңғол атауын сақтап, “Моғолстан” атанды. Оның орталығы Жетісуда болды. Қазақ халқының, Қазақ мемлекетінің қалыптасуына Шағатай ұлысы, Моғолстанның қосқан үлесі зор. Біріншіден, аталған мемлекеттер Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтары аумақтарында құрылды. Екіншіден, кейіннен қазақ халқының құрамына кірген үйсін, дулат, қаңлы, албан, суан, қоңырат, найман, жалайыр тайпалары аталған мемлекет халқының негізгі тобын құрады. Шағатай ұлысы бар жоғы 122 жыл (1224 — 1346) салтанат құрып, тарих сахнасынан кетті.
## Шағатай ұлысының билеушілері
Шағатай (1224—1242)
Қара-Құлағу (1242—1247, 1251—1252)
Есу-Мункэ (1247—1251)
Мубарек-шах (сәуір 1265-қыркүйек 1265)
Алғұ (1260—1265)
Борақ хан (1265—1271)
Неғубек хан (1271—1272)
Бұға Темір хан (1272—1291)
Дува (1291 — 1307)
Кунчек (1307—1308)
Хизр Талику-хан (1308—1309)
Есен-Буға (1309—1318)
Кебек хан (1318—1326)
Ильчигидай (1326)
Дурра Тимур хан (1326)
Тармашірін-хан (1326—1334)
Бұзан хан (1334—1336)
Женкші хан (1336)
Есін Тимур хан (1336—1342)
Мухаммад Пулад хан (1342—1343)
Қазан хан (1343—1346)
## Әдебиеттер
* Пищулина К.А., Юго-Восточный Казахстан в середине 14 — начале 16 вв., ауылы , 1977;
* Караев О., Чагатайский улус, Государство Хайду, Моголстан, Бишкек, 1995;
* Мухаммед Хайдар Дулати, Тарих-и Рашиди, ауылы , 1999;
* Энхчимэг Ц., Монголын Цагаадайн улс, У.-Б., 2006.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.