text
stringlengths
3
252k
Орда–Ежен ұлысы — Жошының үлкен ұлының ұпағы — Орда-Еженнің басшылығындағы, Алтын Орданың (Жожы ұлысы) шығыс (сол) қанаты. Қазақстандық деректер бойынша атауы: Ақ Орда, ежелгіорыс деректері бойынша: Көк орда. Бір сөзбен айтқанда автономиялы мемлекет. В 1309 жылы, Орда-Ежен ұлысы Сасы Бұға тұсында Ақ орда деп аталды. 1361 жылдан бастап, Ұрыс ханның тұсында тәуелсіз мемлекет болды. Шибанның өлімінен кейін, 1280 жылы Орда-Ежен ұлысына Шибан ұлысы қосылды. ## Ұлыс шекарасы Ұлыс шекарасы батысында Мұғалжар тауымен, солтүстігінде сібір ормандарымен, шығысында Ертіс өзенімен және оңтүстігінде Сырдария өзенімен және Балқаш көлімен шектесіп жатты. Шибан ұлысымен қосылғаннан кейін батысында Орал өзенімен тоғысты. Ұлыс аудандарға бөлінген: * Сығанақ ауданы, ұлыстың оңтүстігінде. Орталық — Сығанақ. * Ұлытау ауданы, ұлыстың орталығында. Орталық — Орда-Базар. * Шығыс ауданы (Ертіс ауданы) ұлыстың шығысында орналасқан. * Сарайшық ауданы ұлыстың батысында орналасқан. Орталық — Сарайшық. ## Ұлыс тарихы Ұлыс тарихын 3 кезеңге бөлуге болады: * 1-кезең — Орда-Ежен ұлысы * 2-кезең — Ақ Орда * 3-кезең — Барақ хан және оның ізбасарлары ### 1-кезең Ақ Орда – XІІІ-XVғғ. аралығында өмір сүрген Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан территориясындағы этникалық топтар мен халықтардың саяси жағынан топтасуына жол ашқан, саяси жағынан дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз, сыртқы саясатта өзіндік даму бағыты бар мемлекеттік бірлестік. Оның тарихы Жошы ұлысының құрылуынан бастау алады. Мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Жошының үлкен ұлы, тұңғышы Орда-Ежен аталады. Шын мәнінде, Жошы ұлысының жерін оның екінші ұлы Бату(шын есімі Сайын) иеленеді. Бірақ ағасына құрмет ретінде оған өзінің сол қанатынан, Жайықтан шығысқа қарай, Арал мен Сырдарияның солтүстігіндегі, Алтай мен Ертістен батысқа қарай жатқан кең-байтақ аумақты бөліп береді. Негізгі этникалық құрамы осы жерді VIII-IХ ғ-дан бері мекендеп келе жатқан қыпшақ бірлестігі мен қатар Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде шығыс пен оңтүстік-шығыстан, Алтайдан қоныс аударған тайпалар да болған. Олардың қатарында наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, керейлер, қоңыраттар, маңғыттар және т.б. ру-тайпалар. ### 2-кезең ### 3-кезең ## Орда-Ежен ұлысының хандары ### Ордуидтер әулеті * Орда Ежен хан, Орда-Ежен ұлысының ханы 1242—1251 * Күнқыран хан, Орда-Ежен 1251—1288 және Шибан 1280—1288 ұлысының ханы * Қоныша хан, Орда-Ежен ұлысының ханы 1288—1302 * Баян хан, Орда-Ежен ұлысының ханы 1302—1309 * Сол қанатының ханы ### Өрдүйід әулеті * Сасы Бұға, Байан-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1309—1310 * Ерзен-хан, Сасы Бұға-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1310—1321 * Мүбәрәк Қажы-хан, Ерзен-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1321—1345 * Шымтай-хан, Ерзен-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1345—1361 * Хымтай-хан, Шымтай-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1361 ### Тұқайтермір әулеті * Орыс-хан, Шымтай-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1361—1377, хан Улуса Джучи 1374—1375 * Тоқтығұл-хан,Орыс-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1377 * Темір Мәлік-хан,Орыс-хан, Алтын орданың сол қанатының ханы 1378—1379 * Тоқтамыс, Түй-Қажы огланның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1379—1395 * Койричак, Орыс-ханның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1395—1410 * Барақ-хан, Коюрчак-огланның баласы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1410—1428, хан Улуса Джучи 1423—1426 ### Басқа Жошылар * Мұхаммед-хан, Алтын орданың сол қанатының ханы 1428—1431 * Мұстафа-хан, Қазақстанның орталық бөлігінің басшысы, Алтын орданың сол қанатының ханы 1431—1446
«Аруна» баспасы - 2000 жылы негізі қаланған баспа. Баспалық өнімдерді басу және таратумен айналысады. ## Өнімдері Баспа балаларға арналған көркем әдебиет, энциклопедиялар, білім және танымдық әдебиеттер шығарумен айналысады. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер Аруна баспасы
Коулун саябағы - Гонконгте орналасқан саябақ. Ағылшынша жазылуы және мекенжайы: KOWLOON PARK 22, Austin Road, Tsim Tsa Tsui, Kowloon Аумағы: 13.47 гектар. Саябақтың ішінде темекі шегуге болмайды деген жазулар бар. Коулун саябағында ашық, жабық бассейн де, фламинголар да, гүлдер мен өсімдіктердің, ағаштардың түр-түрі де бар. Кең ашық алаңдарында жаттығуға, спортпен айналысуға болады. ## Комикс кейіпкерлері Коулун саябағында комикс кейіпкерлеріне арналған аллея бар. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз Гонконг ## Сыртқы сілтемелер Коулун саябағы Мұрағатталған 7 наурыздың 2016 жылы.
Адахкент қаласы - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылының оңтүстік-батысына қарай 2 км қашықтықта орналасқан, VII-XII ғасырдағы қала орны, оны 1939 жылы ғалым А.Н.Бернштам зерттеген. ## Дереккөздер
Төменде дүние жүзіндегі Ғылыми мұражайлар тізімі берілген. ## Еуропа ### Аустрия * Ars Electronica, Linz * Haus der Musik (Музыка үйі), Вена * Technisches Museum Wien, Вена * Welios, Wels (subject: "renewable energy") ### Бельгия * Euro Space Center, Wallonia, Бельгия * Hidrodoe, Herentals * Royal Belgian Institute of Natural Sciences, Брюссель * Technopolis (Belgium), Mechelen, Бельгия ### Хорватия * Nikola Tesla Memorial Center Мұрағатталған 10 наурыздың 2010 жылы., Smiljan * Faust Vrančić Memorial Center, Prvić ### Чех Республикасы * Mendel Museum of Genetics, Брно * National Technical Museum (Prague), Прага * Techmania Science Center, Pilsen ### Эстония * Teaduskeskus AHHAA, Тарту, Эстония ### Финляндия * Heureka, Vantaa, Finland * Tietomaa, Oulu, Finland ### Франция * Agropolis, Montpellier * Ampère Museum, Lyon * Cité de l'espace, Toulouse * Cité des Sciences et de l'Industrie, Paris, France * Micropolis (La Cité des Insectes), Millau * Musée des Arts et Métiers, Paris, France * Palais de la Découverte, Paris, France * Vulcania, Saint-Ours-les-Roches, Auvergne ### Германия * Deutsches Museum, Munich * Experimenta, Heilbronn * German Hygiene Museum, Dresden * German Museum of Technology (Berlin) * Hermann Oberth Space Travel Museum, Feucht, Bavaria * Mathematikum, Gießen * Museum für Kommunikation, Frankfurt * Otto-Lilienthal-Museum, Anklam * Phaeno Science Center, Wolfsburg * Rheinisches Industriemuseum, Oberhausen, Ratingen, Solingen, Bergisch Gladbach, Engelskirchen, Euskirchen * Sinsheim Auto & Technik Museum * Technikmuseum Speyer * TECHNOSEUM, Mannheim * Spectrum - German Museum of Technology (Berlin), Berlin * Völklinger Hütte (Völklingen Ironworks), Völklingen * Universum Science Center, Bremen ### Грекия * Museum of Science and Technology at the Evgenidio Foundation, Athens * OTE Museum of Telecommunications, Kifisia, Athens * Thessaloniki Science Center & Technology Museum - NOESIS, Thessaloniki ### Венгрия * Hungarian Natural History Museum, Budapest * Csodák Palotája Мұрағатталған 26 қазанның 2012 жылы., Budapest ### Ирландия * Birr Castle: Ireland's Historic Science Centre, Birr * Science Gallery, Dublin ### Монако * Oceanographic Museum, Monaco ### Италия * Città della Scienza, Napoli, Италия. * GNS (National Sharks Museum) Avellino, Italy. * Institute and Museum of the History of Science (Istituto e Museo di Storia della Scienza), Florence, Italy. Many of Galileo Galilei's original instruments are housed in this museum. * Museo della Scienza e della Tecnologia "Leonardo da Vinci", Milan, Italy. * Natural History Museum, Milan, Italy. ### Нидерланд * Museon, The Hague, Netherlands * Museum Boerhaave, Leiden, Netherlands * Science Center NEMO, Amsterdam, Netherlands * Teyler's Museum, Haarlem, Netherlands * Discovery Center Continium, Kerkrade, Netherlands [1] ### Норвегия * Norwegian Museum of Science and Technology, Oslo, Norway * Trondheim Science Museum, Trondheim * The Science Factory, Sandnes * INSPIRIA science center, Sarpsborg ### Польша * Copernicus Science Centre, Варшава, Польша * Lem Science Garden, Cracow, Poland * Innovation Center Mill of Knowledge, Торунь, Польша, [2] ### Португалия * Science Museum of the University of Coimbra, Coimbra * Visionarium (Portugal), Santa Maria da Feira ### Румыния * Ştefan Procopiu Science and Technology Museum, Iaşi * "Prof.eng. Dimitrie Leonida" National Technical Museum, Bucureşti ### Ресей * Museum of Military Medicine, Saint Petersburg * Kunstkamera, Saint Petersburg * Polytechnical Museum, Moscow * Memorial Museum of Astronautics, Moscow ### Сербия * Nikola Tesla Museum, Belgrade * Museum of Science and Technology, Belgrade ### Испания * Ciutat de les Arts i les Ciències, Valencia * CosmoCaixa Barcelona, Barcelona * Museo Nacional de Ciencias Naturales, Madrid, Spain ### Швеция * Museum of Ethnography, Stockholm * Universeum, Gothenburg ### Швейцария * Microcosm (CERN), Meyrin * Technorama, Winterthur ### Түркия * SOBİLDEM Sosyal ve Bilimsel Destek Merkezi, Elazığ * Bayrampaşa Science Center, Istanbul * ITU Science Center, Istanbul * Istanbul Museum of the History of Science and Technology in Islam (İstanbul İslam Bilim ve Teknoloji Tarihi Müzesi), Istanbul * Rahmi M. Koç Museum, Istanbul * Silahtarağa Power Station Energy Museum, Istanbul * Turkey Science Centers Foundation, Istanbul * Bursa Bilim ve Teknoloji Merkezi (Bursa Science and Technology Center) (http://bursabilimmerkezi.org), Bursa ### ҰлыБритания * Armagh Planetarium, Armagh, Northern Ireland * Army Medical Services Museum, Mytchett, Surrey * Anaesthesia Heritage Centre, London * At-Bristol, Bristol, England * Benjamin Franklin House, London * Bletchley Park, Bletchley, England * British Dental Association Museum, London * British Optical Association Museum, London * British Red Cross Museum, London * Catalyst, Cheshire, England * Centre for Life, Newcastle upon Tyne, England * Discovery Museum, Newcastle upon Tyne * Enginuity, Shropshire, England * Fleming Museum, London * Florence Nightingale Museum, London * Foredown Tower Countryside Centre, Portslade * Glasgow Science Centre, Glasgow, Scotland * Glenside Museum, Bristol * Herschel Museum of Astronomy, Bath * Hunterian Museum at Royal College of Surgeons, London * INTECH, Winchester * Michael Faraday Museum, London * Mills Observatory, Dundee, Scotland * Museum of Bath at Work, Bath * Museum of Science and Industry in Manchester, Manchester, England * Museum of the History of Science, University of Oxford, Oxford, England * National Conservation Centre, Liverpool * National Maritime Museum, Greenwich, England * National Space Centre, Leicester, England * Natural History Museum, London * Old Operating Theatre, London * Our Dynamic Earth in Edinburgh, Scotland, focuses especially on earth science * Porthcurno Telegraph Museum, Porthcurno, Cornwall * REME Museum of Technology, Arborfield * Royal Institution: Faraday Museum, London, England * Royal London Hospital Museum and Archives, London * Royal Pharmaceutical Society Museum, London * Satrosphere Science Centre, Aberdeen, Scotland * Science Museum, London, England * Science Oxford, Oxford, England * Shildon Locomotion Museum, Shildon, England * Snibston Discovery Park, Coalville, Leicestershire * Surgeons' Hall, Edinburgh, Scotland * Techniquest, Cardiff Bay, Wales * Thackray Museum, Leeds * Thinktank, Birmingham, Birmingham * Whipple Museum of the History of Science, University of Cambridge, Cambridge, England * Whitby Wizard, Whitby, Yorkshire, England * Woolsthorpe Manor, Woolsthorpe-by-Colsterworth ## Латын Америкасы ### Аргентина * Galileo Galilei planetarium, Parque Tres de Febrero, Palermo, Buenos Aires * Parque Astronòmico la Punta, Universidad de La Punta, Ciudad de La Punta, San Luis, Argentina ### Боливия * Museum Of Health Sciences, Universidad of San Francisco Javier, Chuquisaca Department * Museum of Anatomy "Dr. Rodolfo Mendoza", Universidad of San Francisco Javier, Chuquisaca Department * Interactive Science Museum, Universidad Mayor de San Simón, Cochabamba ### Бразилия * National Museum of Brazil, Rio de Janeiro * Museum of Science and Technology (PUCRS), Porto Alegre * Exploratory Science Museum, Universidade Estadual de Campinas ### Чили * Museo de Ciencia y Tecnología, Quinta Normal Park, Santiago * Museo Interactivo Mirador, Parque Brasil, La Granja, Chile ### Мексика * Alfa Planetarium, Monterrey, Nuevo Leon * Museo Descubre, Aguascalientes, Aguascalientes * Museo Interactivo de Xalapa, Xalapa, Veracruz * Universum (UNAM), México, Distrito Federal * Museo Modelo de Ciencias e Industria, Toluca, Estado de Mexico * Palace of the Inquisition (Museum of Mexican Medicine), Mexico City * San Pedro y San Pablo College (Museum of Light), Mexico City ### Перу * Museo Planetario y Oberservatorio, Morro Solar Chorrillos District, Lima * Museo de la Electricidad, Barranco District, Lima * Museo Aeronáutico, Surco, Lima ### Уругвай * Espacio Ciencia, Montevideo ## Солтүстік Америка ### Канада (listed by province) For all categorized science museums in Canada, see: Science museums in Canada Алберта * Telus Spark, Calgary, Alberta * Telus World of Science, Edmonton, Alberta Британ Колумбиясы * H. R. MacMillan Space Centre, Vancouver, British Columbia * Royal British Columbia Museum, Victoria * Science World at Telus World of Science, Vancouver Манитоба * Manitoba Museum, Winnipeg, Manitoba Жаңа Шотландия * Discovery Centre, Halifax, Nova Scotia Онтарио * Canadian Museum of Nature, Ottawa, Ontario * Canada Science and Technology Museum, Ottawa, Ontario * Ontario Science Centre, Toronto, Ontario * Personal Computer Museum, Brantford * Science North and Dynamic Earth in Sudbury, Ontario * Canada South Science City in Windsor, Ontario Саскачеван * Saskatchewan Science Centre, Regina, Saskatchewan Квебек * Cosmodome (Laval), Quebec * Mont Mégantic Observatory, Notre-Dame-des-Bois ### Америка Құрама Штаттары ## Азия және Океания ### Австралия * Discovery Science & Technology Centre, Bendigo * Melbourne Museum, Melbourne * Powerhouse Museum, Sydney, Australia * Queensland Museum, Brisbane * Questacon – The National Science and Technology Centre, Canberra, Australia * Science Centre and Planetarium, Wollongong * Scienceworks Museum, Melbourne, Australia * Scitech, Perth * South Australian Museum, Adelaide ### Қытай * Beijing Museum of Natural History * Guangdong Science Center, Guangzhou, Guangdong * Fanling Environmental Resource Centre, Fanling * Health Education Exhibition and Resources Centre, Kowloon Park * Hong Kong Museum of Medical Sciences, Mid-levels * Hong Kong Science Museum, Tsim Sha Tsui * Hong Kong Space Museum, Tsim Sha Tsui * Shanghai Science and Technology Museum, Pudong, Shanghai * Sichuan Science and Technology Museum, Sichuan ### Үндістан * Birla Industrial & Technological Museum, Kolkata * Birla Science Museum, Hyderabad * Hakim Karam Hussain Museum on History of Medicine and Sciences * Kerala Science and Technology Museum, Thiruvananthapuram * National Council of Science Museums (NCSM), India * National Science Centre, Delhi * Nehru Museum of Science and Technology, Kharagpur * Nehru Science Centre, Mumbai * North Bengal Science Centre, Siliguri * Regional Science Centre, Bhopal * Science City, Kapurthala * Science City Kolkata, Kolkata * Science Park, Jaipur * Solapur Science Centre, Solapur * Srikrishna Science Centre, Patna * Visvesvaraya Industrial and Technological Museum, Bangalore ### Иран * Islamic Republic of Iran Science and Technology Museum, Tehran * The Iranian National Museum of Medical Sciences History, Tehran ### Жапония * Chiba Museum of Science and Industry * Gifu City Science Museum, Gifu, Gifu Prefecture * Hiroshima Children's Museum, Hiroshima * Miraikan, Tokyo * National Museum of Nature and Science, Tokyo, Japan * Osaka Science Museum, Osaka, Japan * Science Museum of Map and Survey, Tsukuba City * Yamanashi Science Museum ### Малайзия * Pusat Sains Negara (National Science Centre), Kuala Lumpur * The Green Connection, Kota Kinabalu * Petrosains, KLCC ### Жаңа Зеландия * Exscite, Hamilton, New Zealand * Museum of Transport and Technology, Western Springs, Auckland * Science Alive, the New Zealand Science Centre Christchurch, New Zealand ### Филиппиндер * Philippine Science Heritage Center, Bicutan, Taguig City * SM Science Discovery Center, Pasay City, Metro Manila * Philippine Science Centrum, Riverbanks, Marikina City * The Mind Museum, Fort Bonifacio, Taguig * Museum of the Filipino People, Rizal Park, Manila ### Сингапур * Science Centre, Singapore, Jurong East ### Оңтүстік Корея * National Science Museum, South Korea, Daejeon * Gwacheon National Science Museum ### Тайланд * National Science Museum, Pathum Thani ### Түркия * Rahmi M. Koç Museum, Istanbul * Silahtarağa Power Station Energy Museum, Istanbul * SOBİLDEM Sosyal ve Bilimsel Destek Merkezi, ELAZIĞ ## Орта Шығыс ### Мысыр * Planetarium Science Center ### Иран * Iran Science and Technology Museum Мұрағатталған 3 мамырдың 2015 жылы., Tehran * Sciences and Astronomy Center of Tehran Мұрағатталған 17 тамыздың 2013 жылы., Tehran ### Израил * Bloomfield Science Museum, Jerusalem * Clore Science Garden, Weizmann Institute of Science, Rehovot * Israel National Museum of Science, Technology, and Space, Haifa ## Африка ### Оңтүстік Африка * MTN Sciencentre, Cape Town * Sci-Enza, University of Pretoria, Pretoria ## Тағы қараңыз * List of natural history museums * Planetarium ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Map the World's Science Museums Мұрағатталған 2 қыркүйектің 2011 жылы. on Nature blogs * Association of Science-Technology Centers * Asia Pacific Network of Science and Technology Centres * SAASTEC - Southern African Association of Science & Technology Centers * Australasian Science and Technology Exhibitors Network * Canadian Association of Science Centres * ECSITE - European Collaborative for Science, Industry and Technology Exhibitions Мұрағатталған 18 наурыздың 2009 жылы. * UK Association for Science and Discovery Centres (ASDC), formerly ECSITE-UK * BIG - British Interactive Group, for individuals working in the sector * Irish Science Centres Association Network (iSCAN) * NCSM - National Council of Science Museums in India Мұрағатталған 13 қыркүйектің 2019 жылы. * AMMCCyT (Mexican Association of Science and Technology Museums and Centers) Мұрағатталған 19 тамыздың 2012 жылы. * Nordisk Science Center Forbund (Nordic Science Center Association) Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2013 жылы. * REDPOP - Interactive Science Centres in South America
* Шөптікөл ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы таратылған әкімшілік бірлік. * Шөптікөл ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік.
Шөптікөл ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. 2010 жылы құрамына қысқарған "Приишим ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шөптікөл, Жаркөл, Қоңырсу, Разгульное, Үлкен Талсай ауылдары кіреді. Орталығы – Шөптікөл ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1514 адамды құрады. ## Дереккөздер
Еріншектер Елі (ағылш. LazyTown — тура мағында «Еріншек қалашық») — алғаш рет Исландияда Latibær деген атпен шыққан батыстағы танымал балалар сериалы. Сериал Исландияның гимнастикадан чемпионы Магнус Шевингтің қатысуымен және бастамасымен түсірілген. Бұл сериалдың 3 маусымын Ресейде 2014 жылы көрсетпек. Қазіргі таңда бұл телесериал отандық «Балапан» телеарнасында қазақша нұсқасы көрсетіліп жатыр. Орысша нұсқасы Disney channel каналында көрсетілген. ## Сюжет Стефани — оптимист-қыз, Еріншектер еліне, осы елдің мэрі, ағасы Милфордқа келеді. Бұл жерде ол футбол немесе бейсбол деген спортпен мүлдем таныспаған балаларды кездестіреді. Олар бос уақытында компьютер ойындарын ойнап, тәтті жеп, ұйықтағанды жақсы көреді. Стефани оларды — Зигги, Трикси, Стинги және Пиксельді далаға шығып, ойнауға иландырады. Балаларға бұл ұнайды және оған қызыға бастайды, бірақ бұл қалада олардың бұл қылығын ұнатпайтын тағы да бір кісі тұрады. Бұл жексұрын кесірбек сандалбай — Кесірбек Робби. Алдау арқылы ол барлық балаларды үйлеріне кіргізіп, сандалбайлықпен айналысуларын мәжбүр етеді. Балалардың бақытына қарай жақын жерде қатердегі адамдарға көмектесетін, дене тұрқы жақсы қалыптасқан суперқаһарман тұрады. Стефани сол қаһарманға хат жазады — 9-нөмір. Бірақ хат Спортакусқа — дирижабльде тұратын, 10-нөмірлі қаһарманға келеді. Стефани мен Спортакус бірігіп балаларды ойнауға, салауатты өмір салтын құруға ынталандырады. Бірақ әр қаһарманның қарсыласы бар. Ол қарсылас Кесірбек Робби. Ол Еріншектер Елінің қайтадан бұрынғы қалпына келуін армандайды, бірақ бұл оның қолынан келмейді... ## Кейіпкерлер Тек үш кейіпкерді тірі актер ойнайды, «Еріншек жын» сериясын санамағанда, ол серияда төртінші кейіпкер адам болады. Тағы да бір сериясында Спортакустың және Стефанидің кішкентай кездерін ойнайтын балалар нағыз адамдар болған. ### Спортакус Магнус Шевинг ойнайтын кейіпкер. Спортакус — Солтүстік теңізде тұратын суперқаһарман. Ол спортқа жықын және дене тұрқы жақсы дамыған. Ол тек пайдалы жемістер мен көкөністермен тамақтанады. ### Стефани Екі маусымында да оны американдық әртіс Джулиаанна Рооуз Морьеллодо сомдайды. 3 маусымда оны Хлоя Ланг алмастырады. Еріншектер Еліне белсенді өмір сүру салтын алып келген кейіпкер, ағасы сол қалашықтың мэрі — Милфорд Ақкөңіл. ### Кесірбек Робби Бұл кейіпкерді Стефан Карл Стефанссон (en:Stefán Karl Stefánsson) атты әртіс сомдайды. Робби өзінің жерасты панасында өмір сүреді, қалашықта болған жағдайды перископ арқылы бақылап жүреді. Ол ақылды және тапқыр. Еріншектер Еліндегі ең еріншек адам. Еріншектер Елінің тұрғылықты тұрғындары * Зигги (Тәттібек) — қалашықтың ең кенже тұрғыны, тәттілерді жақсы көргендіктен есімі Тәттібек. Ол ең алдымен оларды зерттейді, содан кейін барып жейді. Тәттібек басқалар сияқты спортты жақсы көреді, бірақ тәтті жеуден де бас тарпайды. Ол Спортакус сияқты қаһарман болғанды армандайды. Ол динозаврлардың әлі күнге шейін бар екендігіне сенеді. * Стинги (Қараубек) — бөлісуді білмейтін бала. Әр қашан да «Менікі!» деген фразаны айтып жүреді. * Пиксель (Ойынбек) — өзімен бірге әрқашан электорлы-механикалық құрылғыларды — гаджеттерді тасып жүреді, яғни, «бау байлағыш 6000» және кішкентай ақылжәшік - коммуникатор. Ұзақ уақыт бойы үйде компьютер алдында отырғанды жақсы көреді. Футболда баспен жақсы ұрады. * Трикси (Ұрыншақ)- Ұрыншақ қыз. Милфорд ағай ұйықтап жатқанда оған мұрт салып қойғанды қызық көреді. Стефаниді «Қызғылт» деп атайды. * Мэр Милфорд Ақкөңіл — қаланың мэрі және ең ебедейсіз тұрғын. Оның тегі өзі айтып тұр емес пе... Пысықгүл ханымның артынан жүреді және оған көмектеседі. Әрқашанда, қиындыққа ұшырағанда «О құдайым» деген фразаны қолданады. * Бесси ханым (Пысықгүл ханым)  — Милфордтың жақын адамы. Көбінесе телефонда Милфордпен сөйлесіп уақыт өткізеді. ## Басқалар * Пигги — Стингидің ақшажинағышы. Оны Стинги жалғыз досым деп есептейді. * Джин Жын (The Lazy Genie) атты сериядағы жын. * Марионетка — шпиондар сериясында Робби өзінің орнына марионетканы қояды. Содан кейін оны барлығы біліп қояды. * № 9 — бұрынғы Спортакустың орнында болған, кеудесінде 9 нөмірі жазылып тұратын қаһарман. * Қытайлықтар және француздар «Спортакус қуыршақтарды құтқарады» эпизодындағы адамдар. * Биші қыз «Билеу дуэльі» атты сериядағы қыз (Dancing Duel). * Кесірбек Робби Роботы «Билеу дуэльі» атты серияда нағыз Роббиді көрсетеді. * Зорька — Кесірбек Роббидің жылқысы. Тек «Стинги ханзада» атты эпизодта болған. * Қайғы — Кесірбек Роббидің робот күшігі. «Қайғы» сөзін айтқан адамға шабуылдайтын күшік. * Джонни Би-Бэд — Элвис Преслиге жысалған пародия. * Спортстефани - «Еріншектер Елінің жаңа қаһарманы» атты сериядағы Стефани. * Президент — серияларда шықпайды. «Менің ағаштағы үйім» атты эпизодта хат жіберуші. ## Эпизоды
Қарсақ — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Гусаков ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 229 адам (111 ер адам және 118 әйел адам) болса, 2009 жылы 186 адамды (86 ер адам және 100 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңаталап ауылдық округі – Түркістан облысы, Сайрам ауданында болған әкімшілік бірлік. Құрамына Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Черноводск ауылдары кірді. 2014 жылы құрамындағы барлық ауыл Шымкент қаласына берілгендіктен таратылған. Тұрғыны 12 259 адам (2009). Орталығы – Жаңаталап ауылы болған. ## Дереккөздер
Қалисанов Мырзағали - шопан, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1876 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Теректі Орда жайлауында туған. ## Еңбек жолы * Ұлы Октябрь революциясына дейін байдың малын баққан. * 1932-1960 жылдары Чапаев ауданы (қазіргі Ақжайық ауданы), Куйбышев атындағы колхозда аға шопан болып істеді. * 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген саулықтардың әр жүзінен 144-тен төл алып, отардағы қой санын жүзден мыңға дейін өсірді. ## Наградасы * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Жаңаталап ауылдық округі: * Жаңаталап ауылдық округі — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы таратылған әкімшілік бірлік. * Жаңаталап ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңаталап ауылдық округі — Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңаталап ауылдық әкімдігі — Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңаталап ауылдық округі — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңаталап ауылдық округі — Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы әкімшілік бірлік.
Үшбас, Түйемойнақ – Талас алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысының Сарысу және Түркістан облысының Созақ аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 571 км2. Жағалауында бір ғана, Үшбас елді мекені бар. ## Бастауы Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Қызылкөлге құяды. ## Гидрологиясы Аңғары таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Жыланды өзеннің құяр сағасынан төменде 0,25 м3/с. ## Дереккөздер
Жаңаарық ауылдық округі – Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сыздықбаев, Ақтоғай ауылдары кіреді. Орталығы – Ұзақбай Сыздықбаев ауылы. ## Дереккөздер
Жаңаталап ауылдық округі — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңаталап ауылы кіреді. Орталығы – Жаңаталап ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 891 адамды құрады. ## Дереккөздер
Мұрын жырау, Тілеген Сеңгірбекұлы (1859 - 1954 ж.) — жырау. Қашаған жырау мен Нұрым жыраудың шәкірті, аталмыш жыраулардан Қырымның қырық батыры эпопеясын үйреніп, біздің заманымызға дейін жетіп, қағаз бетіне түсуіне септігін тигізген қайраткер. XX ғ. қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі. ## Өмірбаяны Мұрын Сеңгірбекұлы 1859 жылы Маңғыстау өлкесі, Бозащы түбегінде, Қоңырорпа деген жерде туған. Мұрынның әкесі Сеңгірбек өмір бойы ата кәсібі ұсталықпен айналысқан. Қалдықызбен (Қалдыкөз) тұрмыс құрады. Жыраудың ағасы Төлеген дүниеге келген соң көп уақыт балалы болмай, он жылдан кейін дүниеге келген, көптен күткен ұлының атын Тілеген қойған. Жас Мұрынды әкесі жастайынан зергерлікке, ұсталыққа үйретеді.Баланың кішкене кезінен ән-күй, жыр-термеге құмарлығы білінді. Бұны алғаш байқаған анасы болатын. Анасы өзі де әңгімеқұмар кісі болғандықтан, білетін аңыз-әңгіме, өлең-жырларды ырғағы мен мәнерін келтіріп айтып отырады екен. XIX ғасырдың 60 жылдары патшалық Ресейдің шығыс аймағында үлкен әкімшілік-басқару реформасы орын алған. 1868 жылы 21 қазанда "Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторларының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже" қоданысқа енгізілді. Патшалық империализмнің нәубеті артып, салық артып, халыққа қысым күшейді. Көп ұзамай қалыптасқан ахуалға жауап ретінде 1870-1873 жылдары тарихта "Иса-Досан көтерілісі" деген атпен белгілі Адай руының көтерілісі орын алған. Алайда көтерілістің басы өте сәтті басталғанымен, орыс әкімшілігі көтерілісшілерді басуға шұғыл түрде көмекке Дағыстаннан, Бақыдан (Баку) әскер жіберді. Көтеріліс басып тасталған соң, патша әскері халықты тонауға кіріскен. Осы уақытта Сеңгірбек руластарымен қосылып, Хиуа хандығы қарамағындағы, Қарақалпақ, Түркмен, Өзбек, Тәжік аймақтарына қоныс аударып кетеді. Көшуінің тағы бір себебі, көтерілісшілерге қару дайындаған ұстаға, патша үкіметінің көзқарасы болатын (әрине оң болмасы айдан анық). Босып кеткен елдің халі мүшкіл еді. Бұл кезде болашақ жырау шамамен 12-13 жаста. Мұрын кіші кезінен әкесінің ұстаханасында істейтін. Жұмыстан босаған уақытты жан құмарлығын басу үшін жырға арнайтын. Алайда әкесі жас Мұрынды жанында ұстауды жөн көрген. 1875 ж. Он алты жасында жырау Дәметкенге үйленеді. Бір жылдан кейін әкесі қайтыс болады. Бұл жағдайда бүкіл үй іші шаруашылық, ұстахана ісі Мұрынға жүктелген. Дегенмен жан-тәнімен сөз өнеріне берілген жас жырау, әкесінің жылы өткеннен кейін, ұста шаруашылығын ағасына тастап, бір топ ақындарға қосылып ел кезіп кетеді. 1880 ж. атамекені Бозашы Маңғыстауға оралады. Сол жерде атақты Қашаған ақынмен бес жыл үзеңгілес болады. Жырау қырық жасына таянған шағында, 1897 – 1899 аралығында Қарақалпақстан аумағындағы Қожеліде қоныстанады. Бұл жерде ол үлкен қасіретке ұшырайды. Әйелі Дәметкен алты баланы дүниеге әкелген еді. Төрт қыз, екі ұл. Үш қызы әр уақытта шетінеген болатын. Қожеліде бірдей екі ұлы кезекпе-кезек қайтыс болады. Осы оқиға жырауға өте ауыр тиген еді. Қайғыдан жыршылығы мен ел аралауды қойып, көп уақытын ата кәсібі ұсталық пен отбасына арнайды. Туған жері Маңғыстауға көшіп, сол аймақта тұрақтап қалады. 1899 ж. Мұрын жырау Форт Шевченко қаласына көшіп барады. Тастан (ұлутас) үш бөлмелі шағын үй мен ұста дүкенін салады. Арнайы жиындарда ғана жыр айтады. 1907 ж. жары Дәметкен дүние салды. Жалғыз қызы Тұрлан екеуі қалған еді. Бірақ көп ұзамай Мұрын Жаншаға (Жансалқам) үйленіп, тұрмысы біршама түзелді. 1940 ж. Жанша қайтыс болады. Осы кезде жалғыз қызы Тұрлан мен Күйеу баласы Дүйсенбай, қарт жыраудың қоластына көшіп барып, оған демеу болып, көңілін аулайды. Мұрынға жиен немересі Дәуітбайды бала етіп берген. 1941 ж. А. Хангелдин "Қырымның қырық батырынан" отыз жеті жыр үзіндісін жазып алғаннан бастап Мұрын жырау Республика деңгейінде таныла бастайды. 1942 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы президенті Қаныш Сәтбаев пен Тіл, әдебиет және тарих институтының директоры Нығмет Сауранбаевтың Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновқа Мұрын жырауды шақырту және оған арнайы жағдай жасау хатын жолдайды. Мұрын Сеңгірбекұлы 1942 жылдың 11 шілдесінде Алматыға келеді. Біраз тынығып алғаннан кейін филормонияда алпыс шақты кісі алдында "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази" жырын айтады. Тыңдаушылар арасында Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әбділдә Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Нығмет Сауранбаев, Ғабиден Мұстафин, Ахмет Жұбанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұлан т.б. қазақтың зиялы қауым өкілдері болған. Сол жылы "Қырымның қырық батыры" қағазға түседі. Стенаграфист болып – Мәриям Исаева тағайындалды, ал жырларды – Мәриям Хәкімжанова жазып алып отырды. 1947 ж. И. Ұйықбаев арқылы Ғылым академиясы қорына өмірбаянының толық нұсқасы мен төрт батыр жайлы жырды жібереді. Сол жылы Мұрынды Республикалық Халық шығармашылық үйі Алматыға шақырады. Көпшілік алдында жырлап, біршама күн Алматыда болады. Осы уақытта оның жырларын жазып алған деседі. Алайда бұл жайында ешқандай қорлар мен мұрағаттарда мәліметтер табылмады. 1948 ж. 28 сәуірде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің "Мұрын жырау мұраларын жазып алу, жинау, жүйелеу" туралы жарлығы шығады. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы 1954 ж. 29 тамызда бір айдай төсек тартқаннан кейін, Форт-Шевченко қаласында өмірден озды. Қала маңындағы Сисем ата зиратында жерленген. Жырау өмірінің соңғы жылдарын домбырасын қолына алып, ноғайлы батырларының ерліктерін дәріптеумен өткізген. Замандас, құрбы-құрдастарымен үлкен жиындарда кездесіп, қалың елге жыр, батырларының ерліктері жайында әңгімелер айтқан еді. ## Қырымның қырық батыры Қырымның қырық батыры атты жыр жинағы 41 батырдың ерлігін жырлайтын 36 жырдан тұратын алып туынды. Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары: * Аңшыбай батыр. * Парпария. * Құттықия. * Едіге. * Нұрадын. * Мұса хан. * Орақ, Мамай. * Қарасай, Қази. Қарадөң батыр және оның ұрпақтары: * Қарадөң. * Жұбаныш. * Сүйініш. * Ер Бегіс. * Тегіс, Көгіс. * Тама. * Тана. * Нәрік. * Шора. Жеке батырлар: * Асанақайғы, Тоған, Абат. * Қарғабойлы, Қазтуған. * Қыдырбайұлы Қобыланды. * Көкше батыр. * Көкшенің ұлы Ер Қосай. * Ақжонасұлы Ер Кеңес. * Манашы. * Манашыұлы Тұяқбай. * Жаңбыршы. * Жаңбыршыұлы Телағыс. * Айсаның ұлы Ахмет. * Алау батыр. * Әмет батыр. * Шынтас. * Шынтасұлы Төрехан. * Сұлтанкерім. * Қарт Қожақ. * Құлыншақ. Жыр дала шежіренамалық жырлау мен әңгімелеу дәстүрін өз бойына сіңіріп, жеңіл түрде өткен оқиғаларды баяндап қана қоймай, тарихи оқиғаларға бірегей өзіндік баға береді. Жырдағы қаһармандардың көбісі әкелі-балалы болып байланыс орнатып, генеологиялық (шежірелік) байланыс құрады: Аңшыбай батырдың ұрпақтарында:Құттықия → Едіге → Нұрадын → Мұса хан → Орақ, Мамай → Қарасай, Қази.Жеке батырларда:Көкше батыр → Көкшенің ұлы Ер Қосай;Манашы → Манашыұлы Тұяқбай;Жаңбыршы → Жаңбыршыұлы Телағыс;Шынтас → Шынтасұлы Төрехан.Сонымен қатар жырдағы кейіпкерлердің көбісі Алтын Орда мен Ноғай Ордасы заманында өмір сүрген хандар, би мен батырлар, Мысалы:Тоқтамыс хан — Алтын Орда ханы. Сәтемір — Әмір Темір, Ақсақ Темір, Темірлан дарынды қолбасшы, Мәуеренаһр билеушісі, Тимуридтер династиясының негізін қалаушы. Едіге би — Ноғай Ордасының негізін қалаушы, Алтын Орданың беделді биі.Асан қайғы — Қазақ хандығының құрылтайшыларының бірі, Ұлық Мұхамед, Жәнібек хандардың биі. Орманбет би — ноғайлы заманының атақты биі. Қазақ ауыз әдебиетінде қазақ пен ноғай араларының алыстап, бөлінуін Орманбет бидің өлімімен байланыстырады.Мұса би — Ноғай Ордасының биі. Мұса би кезінде Ноғай Ордасы Еуразия кеңістігінде ең азулы күшке айналған. Қырымның қырық батырында оған "хан" атағы телінген.Жаңбыршы би — Ноғай Ордасының билеушісі, Мұса бидің інісі, әрі оң қолы.Жаңбыршыүлы Телағыс — Ресми тарихи деректерде есімі "Ағыс, Агиш". Мұса би мен әкесі Жаңбыршы дүниеден өткеннен соң орын алған Мұса ұрпақтарының арасындағы билік үшін тартыстың қатысушысы. Мұрагерлік дәстүр бойынша би болу құқығы болмаған.т.б. ## Жыраудан жазылып алынбаған шығармалар Жырау мұралары түгел дерлік қағаз бетіне түспегенге ұқсайды. Себебі жыраудың 1949 жылы Ғылым академиясына жіберген хатында білетін жырларының тізімін жазған еді. Ол тізімде: * "Қырымның қырық батыры" туралы әңгімелер мен жырлар; * Түрікменнің "Көроғлы батыры" туралы жыр, әңгіме; * Араб елінің Рамуз патшасы, Ысырау патшасы туралы жыр, әңгіме; * Бұрын Маңғыстауды жайлаған "Жеті жұрт" туралы әңгіме; * Қазақтың (Адайдың) Маңғыстауды мекен етуі туралы; * Бәймәмбеттің ауасы (көшуі) туралы, яғни Маңғыстау халқының патша үкіметінің отарлау саясатына көнбеуі, салық төлеуден бас тартуы, шаруар көтерілісі туралы; * Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Кұрымжанұлы туралы әңгімелер. Осы тізімді қарай отырып Мұрынның бай қазынасын байқаймыз. Аталған ресми хат "Қырымның қырық батыры" авторының әбден қартайған шағында жазылғанын ескерсек, жырау байлығы бұдан да кемел болуы керек. Бұл жайында Қабиболла Сыдиықов: ", -дейді. ## Әдебиеттер * Қырымның қырық батыры. - Алматы, "Арыс" баспасы, 2005. - 544 бет. * Сәкен С. "Қырымның қырық батыры" және Ноғай Ордасының тарихы туралы шежіре деректері// Абай. - 2011. - №3.- 53-59 бет. * Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. - М.: Издательская фирма "Восточная литература" РАН, 2002. - 752 с. ISBN 9965 - 609 - 57 - 8.
Уикимания (Wikimania ағыл.) - жыл сайын өткізілетін халықаралық конференция. Бұл конференция әлемнің әр елінен келген Уикипедия қатысушыларының бас қосуына, танысып, өз тәжірибелерімен алмасуына мүмкіндік береді. 2013 жылы Уикимания конференциясы Гонконгта (ҚХР) Гонконг Политехникалық университетінде тамыздың 7-11 аралығында өтті. ## Делегация құрамы 2013 жылы өткен Уикимания конференциясында Назарбаев зияткерлік мектептерінің таңдаулы 33 оқушысы мен 12 ұстазы конференцияға бір делегация ретінде қатысты. Қатысқан оқушылар Қазақстан аймағындағы барлық зияткерлік мектептердегі (Ақтөбе, Астана, Шымкент, Орал, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Семей, Өскемен) "Уикипедия" клубының мүшелері болып табылады. ## «Қазақша Wikipedia» жобасы Wikipedia – әлемдегі ең таңдаулы сайттардың ондығына кіріп, 5-орынды иемденеді. Әлемнің 271 тілінде жазылатын ашық энциклопедияның қазақша нұсқасы соңғы уақытта ерекше даму үстінде. Бұл жоба мектеп оқушыларының үздік мақалаларымен толығып, қазақша контенттің сапасын арттыруда. «Қазақша Wikipedia» жобасын жүзеге асырып жатқан «Wikibilim» қоғамдық қоры мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қолдауымен жүзеге асқан сапар оқушылардың интеллектуалды хоббиін дамуына үлес қосты. ## Джимми Уэйлспен кездесу Гонконгта делегация мүшелері «Wikipedia» онлайн энциклопедиясының негізін салушы Джимми Уэйлспен кездесті. Қазақстаннан Гонконгқа барған ең жас әрі үлкен делегацияға деп сенім білдірген. Сонымен қатар бұрын-соңды қазақ елінде болмаған жоба авторы елімізге алдағы екі жыл көлемінде келу мүмкіндігін жеткізді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Біз Wikimania 2013 конференциясында болғанда Мұрағатталған 7 наурыздың 2016 жылы. * ҮЙРЕТЕРІ БАР УИКИПЕДИЯ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.. «Ұлан» газеті, №37, 17.09.2013
Кирилловка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Украина ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1005 адам (489 ер адам және 516 әйел адам) болса, 2009 жылы 936 адамды (459 ер адам және 477 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда 67% құрайтын қазақтардан басқа бұл мемлекетте 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. 7-бап * Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. * Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. * Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. ## Қазақстандағы тілдер 2007 жыл: ## Дереккөздер
Табалдырық аттау - ұлттық дәстүр. Ұл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырық аттар бер» деп кәде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлек-көншек, не ақша беріп, табалдырық кәдесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады. Оны қазақ кәдесінде «табалдырық аттау» деп атайды. Қазақта «табалдырықтан артық тау жоқ, кәдесін өтемесең одан асқан дау жоқ, жеңгеден озған жау жоқ» деп қалжың айтып кәде өтеп үйге кіруді жақсы салт, танысудың сыры, кісі сынаудың сыны еткен. Қазақта «табалдырықта бақ тұрады» табалдырықты құрметтемеген бағынан айырылады, «табалдырықтың екі жағында тұрып қол алыспайды, ондай жерде жау болатын адамдар ғана алысады» деп санайды. ## Дереккөздер
Бөкей ордасы ауданы — Батыс Қазақстан облысының батысындағы әкімшілік бөлініс. ## Географиялық орны, жер бедері Солтүстігінде Жәнібек, Казталов, шығысында Жаңақала аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Құрманғазы ауданымен және батысында Ресеймен шекаралас. Облыс аумағының бедері тегіс. Аймақ Каспий маңы ойпатында орналасқан, едәуір бөлігі теңіз деңгейінен төмен. Аумақтың көп бөлігін Нарын құмдары алып жатыр. Ең биік нүкте - оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Кіші Боғда тауы, теңіз деңгейінен 37,5 м биіктікте. Табиғи құрылыс материалдарының қоры тереңдікте зерттелген. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты континенталды, қысы аязды, жазы орташа ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -12-14°С, шілде 24-25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300 мм. Аудан арқылы Ащыөзек өзені ағып өтеді. Көлдері: Аралсор, Боркөл және басқалар. Топырақтары ашық-каштан, құмды. Бетеге, жусан, көкбұршақ, ебелек және басқалары өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, қабан, қарсақ; құстардан үйрек, қаз және басқа құстар ұя салады. Аудан жартылай шөлді табиғи аймақта орналасқан. Сонымен қатар, аймаққа тән ерекшелік - құмды массивтерінде ормандардың болуы, орманды аумақтардың бір бөлігі табиғи ормандар, бір бөлігі - екпелі орман. Мемлекеттік орман қорының ауданы 2019 жылдың 1 қаңтарына 16405 га құрайды, оның ішінде 5027 га орманды. Халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бөкей Ордасы ауданында Қазақстан Республикасы бойынша мал шаруашылығы ең жақсы дамыған аудандардың бірі. ## Атауы Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801-1845 жылдар аралығында құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Бөкей Ордасында Қазақстан тарихында алғаш рет мектеп, жәрмеңке, қазынашылық ашылған. 1845 жылы хандық билік жойылып, Астрахань губерниясы құрамына кірді. 1917 жылы өз алдына Бөкей губерниясы болып құрылды. Азамат соғысы жылдары, 1918 жылы 01 желтоқсан күні, Батыс Қазақстан облысы бойынша ең бірінші Кеңес Одағы орнады.↵Кеңес Одағының саясатының кесірінен губерния Қырғыз (Қазақ) АКСР құрамына қосылып, 1925 жылы Бөкей губерниясы таратылып, Орал губерниясының құрамына енгізілді Губернияның көптеген жерлері Қазіргі РФ Астрахань, Волгоград облыстары және ҚР Атырау облыстары аумағына қосылды. Сол жылы Бөкей уездік болып құрылып. 1928 жылы Бөкей уезінің аты Орал облысының Орда ауданы болып өзгертілді. Осы уақыттан бастап Бөкей ордасы атауы жойылды. 2001 жыл ордалықтар үшін екі бірдей қуаныш әкелді. Оның бірі — Тәуелсіздіктің 10 жылдығы болса, екіншісі — Орданың 200 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президентінің 10.03.2000 жылғы жарлығымен Бөкей Ордасы ауданы атауы қайтарылып берілді. 2012 жылы Бөкей Ордасы ауданы көршілес Жәнібек ауданынан бөлініп, аудан болып қайта құрылуының 40 жылдығы атап өтілді. ## Аудан тарихы Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады. 1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз - Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық-рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. 1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі. 1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі. 1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер "Хан тоғайы" деп аталады. 1815 жылдың 21 мамырында Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына уақытша сұлтан Шығай Нұралы хан ұлы отырады. 1823 жылы Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 жылы 22 маусымда "Хан тоғайында" ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік - шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 - 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал - майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Жәңгір 1824 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын. 1826 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне тәнті болады. 1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 жылы Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би - сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады. 1828 жылы өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік - династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару - жарағын жинастырып, қару - жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын. Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 жылы С.Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 жылдан бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 жылы Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А.Сергачев келеді. Кейін 1839 жылы тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф.Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 жылы Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр. 1832 жылы хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда - саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Саратов, Мәскеу, Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 жылы көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 жылғы тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған. Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 жылы өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны "Хан мешіті" деп атаған. Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады. Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға - И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы халық көтерілісі. Бүл - патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды. 1840 жылы Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П.Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе - зерттеу жұмыстары қолға алынады. Ел болашағының білімде екенін түсінген Жәңгір 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласындағы ең түңғыш қазақша - орысша білім беретін мектеп ашады. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым - этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым - зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты. Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді "Қазан университетінің құрметті мүшесі" етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оның үйіндегі жеке кітапханасында "Северная пчела", "Отечественные записки", "Современник" басылымдары, Шинкелдің "Архитектура XIX ст.", Гогольдің "Мертвые души" кітаптары болған. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым - зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С.Карелин, В.И.Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік - зерттеулерінде жазып көрсетеді.Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100 - ден астам орыс және шетел зерттеушілері болған. 1842 жылы Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс географиялық қоғамының мүшесі Я.В.Ханыков Бөкей ордасының территориялық картасын жасайды. Сол кездегі хандықтың құрамына қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Казталовка, Жаңғала, Орда аудандары, Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы аудандары, көршілес Ресейдің Волгоград облысы Палласовка ауданының, Астрахан облысы Құмөзек, Володар, Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген. 1841 жылы Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта - телеграф байланысы орнатылады. 1845 жылы 11 тамызда Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады. Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік - Уақытша Кеңес құрылады. Уақытша Кеңес 1845 - 1917 жылдар аралығында билік жүргізеді. 1860 жылы Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс - Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім - правительдер басқарады. 1862 жылы Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О.Бальзактың, У.Шекспирдің, Г.Гюгоның, Т.Шевченконың кітаптары, сондай - ақ Ресейдің басылымдары болған. Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын "Казначейство" мекемесі 1867 жылы ашылып, банк қызметін атқарады. 1869 жылы 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады. 1870 жылы Ресейден ауа - райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды. 1832 жылы Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 жылдан бастап қолға алынады. 1908 жылы Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде - Нарын қарағайы дүниеге келеді. 1908 жылы қазақ даласындағы ең түңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М.Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А.Деминский, А.Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н.Доброхотова жұмыс жасады. 1911 жылы қазақ баспасының қарлығаштарының бірі - "Қазақстан" газеті белгілі ақын Г.Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады. Қазақстандағы ең тұңғыш Ұлы Қазан революциясы орнаған жер - Орда болатын. 1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады. 1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда "Дұрыстық жолы", "Киргизская правда", т.б. газет - журналдар басылып шығады. 1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады. Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. "Жігер" жастар ұйымы кұрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт - аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И.Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылды. Қазіргі уақытта Бөкей Ордасы ауданы экономикалық қарқыны ең жоғарғы дамыған аудандардың бірі. Елбасы, Қазақстан Республикасының бірінші және экс-президенті Н.Ә.Назарбаев екі мәрте Бөкей Ордасы ауданында ресми сапармен келген. Батыс Қазақстан облысының аудандарының бірде-бір ауданына сапармен Қазақстан басшылары сапармен бармаған екен. ### Ұлы Отан соғысы 1941—45 жж. Ұлы Отан соғысы жылдары Орда ауданы Қазақстандағы соғыс жағдайына келтірілген бірден-бір аудан болды. Ордалық 2000-нан астам азамат туған Отанын қорғауға аттанды. Ордалықтар Ақмедияр Құсайынов, Темір Масин және батыр қос қыздарымыздың біреуі Мәншүк Мәметовға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері, Орда ауданының тумасы Шәкір Жексенбаев, Қазақстанның тұңғыш Кеңес әскерінің әскери генералы.Соғыстан кейінгі кезеңде ел шаруашылығын көтеріп, нығайтуда аянбай еңбек еткен 25 ордалыққа [Кеңес Одағының ең жоғарғы наградасы — Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. ### Капустин Яр полигоны Орда тарихының қасіретті беті — Капустин Яр полигоны. 1948 жылы полигонға берілген аудан аймағында жер асты, жер үсті сынақтары жүргізіледі. 1952 жылы ауданның 19 колхозы күшпен өзге аудандарға көшіріледі. 1990 жылдың мамырында Т. Махимовтың жетекшілігімен «Нарын» қоғамдық қозғалысы құрылады. ## Мәдениеті Орда — талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша, домбырашылар Ж. Теміралиев, Е.Қазиев, Халық артисі, актриса Х. Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш. Қажығалиев, халық композиторлары Б. Жұманиязов, М. Сағатов, медицина саласының озық қызметкерлері А. Герасимов, Х. Бөкейханов, білім беру ісінің үздіктері Ғ. Зарипов, М. Кульбацкая, Орда музейін ұйымдастырушы А. Тажетдинов, ауыл шаруашылығының озаттары К. Меңдәлиев, Р. Егізбаев, ақындар Т. Жароков, С. Даумов, Қ. Жұмағалиев, т.б. шықты. ## Халқы Тұрғындар саны - 15 222 (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар - 99,23%, басқалары - 0,77%. 2020 жылдың басында тұрғындар саны 15026 адамды (7692 ер адам және 7334 әйел адам) құрады. ## Ауылдық округтер 20 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Дереккөздер
Колесниковка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Елец ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 146 адам (75 ер адам және 71 әйел адам) болса, 2009 жылы 73 адамды (37 ер адам және 36 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Комаровка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Антонов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 472 адам (239 ер адам және 233 әйел адам) болса, 2009 жылы 379 адамды (196 ер адам және 183 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құбай Мұқанақов - Социалистік Еңбек Ері (1949), шопан, жылқышы. 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында туған. ## Еңбек жолы * 1934 жылдан Куйбышев атындағы ауыл шаруашылық артелінде колхозшы болып істеді. * 1942-1944 жылдары Совет Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. * 1944-1963 жылдары жылқы фермасының меңгерушісі, жылқышы болды. * 1948 жылы жылқы бағуда 112 биеден 109 құлын өсірді. * 1963 жылы Куйбышев атындағы совхозда аға шопан болды. ## Марапаттар * Социалистік Еңбек Ері (1949) * Ұлы Жеңіс 20 жылдығы медалі (1965) * ҚазССР-інің 50 жылдығы құрметін ескерткіш медаль (1970) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии [[
Қазнет — Интернет желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігі. Қазіргі заманда Қазнеттегі сайттардың басым бөлігі орыс тілінде. Сол себептен Қазнет Рунеттің бір бөлігі боп табылады (интернетте ешбір шекара болмайтындығына байланысты) деген пікірлер де айтылады. Сонымен қатар Қазнеттегі қазақ тілінің қолданылу аумағы өсіп келетінін де байқай аламыз. «Қазнет» термині мына негізгі ұғымдардан тұрады: * .kz және жаңадан пайда болған .қаз аумағының доменді зонасының Интернет ресурстары; * Қазақстандық провайдерлер көлемінде орналасқан басқа да аймақтық аумақ ресурстары; * Қазақстандық тыңдаушыларға бағытталған шетелдік ресурстар; * Қазақстандық ұйымдардың шетелдік өкілдер ресурстары; ## Тарихы * 1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді * 1997 жылы қазақстандық сайт «Business Website of 1997» халықаралық конкурсында бірінші халықаралық марапатқа ие болды. Бүгінгі таңда жойылған жоба ([1] Мұрағатталған 12 желтоқсанның 1998 жылы.) жеңімпаздардың бірі болды. * 1996 жылдың 24 желтоқсанынан бері Александр Е. Ляхов «Lyakhov.KZ — Большая энциклопедия Казнета» ([2]) ақпаратты-ағартушы порталының негізін салды. * 1997 жылы «қазақстандық Интернеттің бейресми әкесі» саналатын Александр Ляхов «Весь WWW Казахстан» ([3]) қазақстандық веб-ресурстар каталогының жобасын іске қосты. * 1998 жылы Интернеттің қазақстандық бөлігінде алғашқы виртуаль дүкені мен Guide Park ([4]) тауарлар каталогы пайда болды; * 1998 жылдың маусымында Интернетте қазақ тілінде алғашқы сайт пайда болды — Физико-технический институт МН-АН РК ([5]); * 1998 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанда Интернет арқылы тұрақты радиохабар жүзеге асырылады — Алматы қалалық радиохабар түйінін Алматытелеком ([6] Мұрағатталған 14 қыркүйектің 2008 жылы.) МОТ сервері арқылы RealAudio технологиясын қолдана отырып хабар тарату. * 1998 жылдың қазан айынан бастап, тұңғыш рет Казнетте университет ресурстарына - «ҚазМУ электронды каталогы» (авторы Мамбеталиев Қ.) қол жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе қазір lib.kazsu.kz Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы. сайтында қолданылады. * 1999 жылы IANA халықаралық ұйымы «Желілік информацияның қазақ орталығын» ([7]) жоғары деңгейлі .kz доменді атауын қолдау ісі бойынша менеджері ретінде тағайындады. * 2009 жылы Қазақстандағы басты ақпараттық Интернет жүйесінің дамыған ұлттық сегменттін қалыптастыру, соның ішінде желілік ақпараттық ресурстарды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру, осы саладағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті көтермелеу мақсатында «Қазконтент» АҚ компаниясы құрылды. ## Қазнет санағы ## Заңнама Қазақстандағы Интернет дүниежүзілік желінің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның байланыс және ақпарат құзыретіне жатады, Казнеттің дамуында бастапқы ұлттық провайдер, "Қазақтелеком", үлкен роль атқарады. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атаулардың әкімшісі "Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығының" нысанындағы заңды тұлғалардың Бірлестігі болып табылады. Домендік атаулардың тіркеушісі - "Қазақ желілік ақпарат орталығы" (KazNIC) мекемесі. ## Сілтемелер: * Қазақша сайттар жинағы Мұрағатталған 8 қаңтардың 2018 жылы. * Қазақтелеком * Microsoft Kazakhstan * Google Kazakhstan * Қазақстанның іздеу жүйесі Мұрағатталған 27 маусымның 2009 жылы. * Казнеттің үлкен энциклопедиясы (орысша) * Award.KZ Ұлттық интернет сыйлығы Мұрағатталған 8 қарашаның 2008 жылы.(орысша) * Kaзах.RU Халықаралық қазақ сервері Мұрағатталған 10 желтоқсанның 2021 жылы.(орысша) * Барлық WWW Қазақстан(орысша) * Gazeta.kz электронды ақпараттық-аналитикалық портал Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2008 жылы.(орысша) * Қазақстандағы IT туралы қазақстандық блок Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2008 жылы.(орысша)
Качиловка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 158 адам (87 ер адам және 71 әйел адам) болса, 2009 жылы 30 адамды (16 ер адам және 14 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Мықанова Қайша - Социалистік Еңбек Ері (1958), шопан, ҚазССР мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері. 1907 жылы Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы), Фурманов ауданы ( Жалпақтал ауданы (қазіргі Казталов ауданы), Жалпақтал ауылында туған. ## Еңбек жолы және жетістігі * 1944 жылдан бастап Фурманов (Талдыапан) совхозында шопан болып істейді. * 1946-1963 жылдары аға шопан болып еңбек етеді. Жыл сайын 100 саулықтан 110-120 қозы алып, қой басын өсірген. * ҚазССР мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері. * 1962 жылы - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. ## Наградалары * Еңбек Қызыл Ту ордені * КСРО-ның ХШЖК-нің (ВДНХ) медалі * Социалистік Еңбек Ері (1958) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi. ## Міндеттері «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша:Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша:Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды. ### Бейбiт кезеңде Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген: * әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау; * әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу; * маңызды әскери нысандарды күзету; * елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу; * халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу. Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi. ## Әскери доктринасы Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда. * 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемле­кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс­тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз­қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи­касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын. Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика­сы­ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу­шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды. Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп­сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа­зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді­лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер­ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды. * Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла­ныс­ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады. ## Өңірлік қолбасшылықтар Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған. ### «Астана» өңірлік қолбасшылығы «Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. «Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві. «Астана» ӨҚ кіреді: * 7-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 31775 ә/б) — Қарағанды * арнайы мақсаты бар барлау полкі (22750 ә/б) — Ақтас е.м. * 401-ші зеңбіректі артиллериялық бригада (401-ші забр немесе 06708 ә/б) — Приозёрск (Алматы облысы, Үңгіртас е.м. жаңа орынға орналастырылды) * 402-ші ракетивті артиллериялық бригада (402-ші реабр) — Приозёрск * 403-ші танк бұзар артиллериялық бригада (403-ші тбабр немесе 70417 ә/б) — Приозёрск * Резервтегі кіші мамандардың әскери даярлығы мен әскери қолдану бойынша оқу орталығы (36352 ә/б) — Спасск * Зымыран әскерлері мен артиллерияға дайындық орталығы (14805 ә/б) — Приозёрск ### «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. «Шығыс» ӨҚ кіреді: * 3-жеке гвардия механикаландырылған бригадасы (3-жгмехбр немесе 40398 ә/б) — Үшарал; * 4-механикаландырылған бригадасы (4-жмехбр немесе 27943 ә/б) — Өскемен; * 8-жеке механикаландырылған бригадасы (30217 ә/б) — Семей; * 11-танк бригадасы (11-тбр немесе 10810 ә/б) — Аягөз; * 34-артиллерия бригадасы (34-абр немесе 10181 ә/б) — Үшарал; * 101-ракеталық бригада (101-рбр немесе 36803 ә/б) — Семей; * 102-ракетивті артиллериялық бригада (402-реабр немесе 16752 ә/б) — Семей; * 103-зеңбіректі артиллериялық бригада (103-забр немесе 28738 ә/б) — Семей; * жеке барлау полкі (44736 ә/б) — Семей; * жеке байланыс бригадасы (44793 ә/б) — Семей. ### «Батыс» өңірлік қолбасшылығы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету. «Батыс» ӨҚ кіреді: * 100-ші артиллериялық бригада (100-ші абр немесе 30238 ә/б) — Ақтөбе; * жеке мотоатқыш батальоны (66597 ә/б) — Ақтөбе; * 390-шы жеке гвардиялық теңіз жаяу әскерлері бригадасы (390-шы жтжәбр немесе 25744 ә/б) — Ақтау (2009 ж. Атыраудан жаңа орынға орналастырылды); * жеке барлау полкі (41433 ә/б) — Атырау; * жеке мотоатқыш батальоны (99116 ә/б) — Маңғыстау облысы Бейнеу е.м. ### «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Оңтүстік» ӨҚ кіреді: * 5-ші тау атқыштар бригадасы (5-ші табр немесе 85395 ә/б) — Тараз;жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой а.жеке танк батальоны — Луговой а.жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой а.жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі а. * жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой а. * жеке танк батальоны — Луговой а. * жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой а. * жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі а. * 6-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 35748 ә/б) — Шымкент; * жеке атты тау-егерь полкі (91678 ә/б) — Бауыржан Момышұлы а. * 40-шы әскери базасы Гвардейский кенті;12-ші механикаландырылған бригада (12-ші мехбр немесе 21450 ә/б)54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.абр немесе 82796 ә/б)23-ші инженерлік-саперлік бригада (23-ші исбр немесе 75263 ә/б)Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (ҚӘ ОО немесе 30212 ә/б) * 12-ші механикаландырылған бригада (12-ші мехбр немесе 21450 ә/б) * 54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.абр немесе 82796 ә/б) * 23-ші инженерлік-саперлік бригада (23-ші исбр немесе 75263 ә/б) * Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (ҚӘ ОО немесе 30212 ә/б) * 221-ші жеке байланыс бригадасы (221-ші жббр немесе 28903 ә/б) — Тараз; * 232-ші инженерлік-саперлік бригада (232-ші исбр немесе 58012 ә/б) — Қапшағай. ## Ағымдық қару-жарағы ### Құрлық күштері Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды. 3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды: * Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар * КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары * Портативті спетрометлердің жиынтығы және т.б ## Артиллерия Сүйретілетін артилерия * * Жылжымалы зеңбіректер * * Дүркін артиллерия Тактикалық зымыран кешендері ### Әуе қорғанысы күштері Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды. Мақсаттары: * Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету * Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау * Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету ## Басшылық * Әлібек Хамитұлы Қасымов (1992 — 1995) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Николай Дмитриевич Толмачев (1995 — 1996) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Әлихан Бірімжанұлы Жарболов (1996 — 1997) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Бақытжан Ертайұлы Ертаев (1997 — 2000) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров (2001 — 2003) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Болат Керімжанұлы Дарбеков (2003 — 2007) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы; * Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев (2007 — 2010) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы; * Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (2010 — 2016) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, 2013 жылдан бастап — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Мұрат Жәлелұлы Майкеев (2016 — 2019) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Мұрат Кәрібайұлы Бектанов (2019 — 2021) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Марат Рахымұлы Құсайынов (2021 — 2024) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; * Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов (2024 жылдан бастап) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери атақтар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қарулы Күштер Мұрағатталған 27 мамырдың 2008 жылы. * Photogallery of kazakhi army * Kazakh armored forces parade (video) Мұрағатталған 11 тамыздың 2023 жылы. * Military drill in Kazakhstan (video) * Biz Türküz (Turkish union) * Kazakhstan army (video) * Kazakh - Turkish Brothers Storm * Kazakh army (!NO PASARAN!) * Kazakhstan Special Forces & Republic Guard (video) * Kazakhstan Special Forces (video) Мұрағатталған 3 маусымның 2010 жылы. * Kazakh army, navy & air forces (video) Мұрағатталған 1 маусымның 2010 жылы. * Kazakh Airborne (video)
Қазақстан Республикасы 2024 жылы 1 шілдедегі дерек бойынша: * 20 бірінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала; * 227 екінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: облыстардағы 170 аудан, 39 облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қалалардағы 18 аудан; * 2345 үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: аудандық маңызы бар қалалардың 48 әкімдігі, облыстық маңызы бар қалалардағы 4 аудан әкімдігі, 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ әкімдігі, 101 ауыл әкімдігі. Барлығы Қазақстанда 90 қала, 27 кент, 6208 ауыл бар. ## Қазіргі әкімшілік бөлінісі ### Бірінші деңгей Қазақстан Республикасы 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. * Астана қаласы — Қазақстанның елордасы. * Алматы қаласы — ерекше мәртебеге ие республикалық маңызы бар қала. * Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала. ### Екінші деңгей Әкімшілік бөліністің екінші деңгейіне 170 ауылдық жердегі аудан, 19 қалалық жердегі аудан және 39 облыстық маңызы бар қала жатады. Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар: * Астанада — 6 аудан * Алматыда — 8 аудан * Шымкентте — 5 аудан Облыстық маңызы бар қала мәртебесін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғары ірі экономикалық және мәдени орталықтар алады. ### Үшінші деңгей Үшінші деңгейде 48 аудандық маңызы бар қала, 4 қалалық жердегі аудан (облыстық маңызы бар Қарағанды және Ақтөбе қалаларында екі-екіден), 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ және 101 ауыл әкімдігі бар. Облыстық маңыздағы қала ішінде аудан ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады. ## Тарихы ### Ресей империясы XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған: * Ақмола облысы — Омбы қаласы * Жетісу облысы — Верный қаласы * Күнгей Каспий облысы — Ашхабад қаласы * Орал облысы — Орал қаласы * Семей облысы — Семей қаласы * Сырдария облысы — Ташкент қаласы * Торғай облысы — Орынбор қаласы Бұрынғы Бөкей Ордасы аумағы Астрахан губерниясының құрамында болды. ### Кеңес заманы * 1920: Семей губерниясы құрылды * 1921: Төмендегідей губерниялар құрылдыАқмола губерниясы - Петропавл қаласыАқтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласыҚостанай губерниясы - Қостанай қаласы * Ақмола губерниясы - Петропавл қаласы * Ақтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласы * Қостанай губерниясы - Қостанай қаласы * 1924: Жетісу, Сырдария губерниялары құрылды * 13 қыркүйек 1925: Қостанай губерниясы жойылып, орнына Қостанай уезі құрылды * 14 қыркүйек 1925: Қостанай уезі болыстарынан Қостанай округі құрылды * 17 қаңтар 1928: Қазақ АКСР-індегі барлық губерниялар жойылып, орнына 13 округ құрылды * Адай округі - Ойыл ауылы * Ақмола округі - Ақмола қаласы * Ақтөбе округі - Ақтөбе қаласы * Алматы округі - Алматы қаласы * Гурьев округі - Гурьев қаласы * Қарқаралы округі - Қарқаралы қаласы * Қостанай округі - Қостанай қаласы * Қызылжар округі - Петропавл қаласы * Қызылорда округі - Қызылорда қаласы * Орал округі - Орал қаласы * Павлодар округі - Павлодар қаласы * Семей округі - Семей қаласы * Сырдария округі - Шымкент қаласы * 10 мамыр 1928: Қызылжар округінің атауы Петропавл округі болып өзгерді * 10 сәуір 1929: Адай округі жойылды * 17 желтоқсан 1930: Қазақ АКСР-інің барлық округтері жойылып, аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді * 10 наурыз 1932: Қазақ АКСР-інде округтердің орнына 6 облыс құрылды * Ақтөбе облысы - Ақтөбе қаласы * Алматы облысы - Алматы қаласы * Батыс Қазақстан облысы - Орал қаласы * Қарағанды облысы - Петропавл қаласы * Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласы * Шығыс Қазақстан облысы - Семей қаласы * 1 шілде 1933: Гурьев округі қайта құрылды * 4 шілде 1934: Қарқаралы округі қайта құрылды * 29 шілде 1936: Қарқаралы округі жойылды. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары құрылды. Қарағанды облысының орталығы Петропавлдан Қарағандыға көшірілді * 5 желтоқсан 1936: Гурьев округі жойылды * 15 қаңтар 1938: Гурьев, Қызылорда және Павлодар облыстары құрылды * 14 қазан 1939: Ақмола, Жамбыл және Семей облыстары құрылды. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семейден Өскеменге көшірілді * 16 наурыз 1944: Көкшетау және Талдықорған облыстары құрылды * 6 маусым 1959: Талдықорған облысы жойылды * 26 желтоқсан 1960: Тың өлкесі құрылды. Ақмола облысы жойылып, аумағы өлкенің тікелей басқаруына өтті * 24 сәуір 1961: Тың өлкесі құрамында орталығы Целиноград қаласында Целиноград облысы құрылды * Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград) * 3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды: * Батыс Қазақстан өлкесі - Ақтөбе қаласы (Ақтөбе, Гурьев, Орал) * Оңтүстік Қазақстан өлкесі - Шымкент қаласы (Жамбыл, Қызылорда, Шымкент) * 1 желтоқсан 1964: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері жойылды * 19 қазан 1965: Тың өлкесі жойылды * 23 желтоқсан 1967: Талдықорған облысы қайта құрылды * 23 қараша 1970: Торғай облысы құрылды * 20 наурыз 1973: Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылды * 2 маусым 1988: Маңғышлақ және Торғай облыстары жойылды * 17 тамыз 1990: Маңғыстау (бұрынғы Маңғышлақ) және Торғай облыстары қайта құрылды ### Қазіргі заман * 21 ақпан 1992: Гурьев облысы Атырау облысы болып өзгертілді * 6 шілде 1992: Целиноград, Орал, Шымкент облыстарына бұрынғы Ақмола, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан атаулары қайтарылды * 22 сәуір 1997: Талдықорған, Торғай облыстары жойылды * 3 мамыр 1997: Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары жойылды * 10 желтоқсан 1997: Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы ретінде ресми түрде жарияланды * 6 мамыр 1998: Қазақстанның елордасы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді * 8 сәуір 1999: Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 3 аудан Көкшетау қаласымен бірге Ақмола облысына берілді. Ақмола облысының орталығы Астанадан Көкшетауға көшірілді * 14 сәуір 2001: Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілді * 19 маусым 2018: Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға жатқызылып, облыс орталығы Түркістанға көшірілді * 23 наурыз 2019: Қазақстанның елордасы Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді * 8 маусым 2022: Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласына көшірілді. Жаңадан 3 облыс құрылды: * Абай облысы - Семей қаласы * Жетісу облысы - Талдықорған қаласы * Ұлытау облысы - Жезқазған қаласы * 17 қыркүйек 2022: Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылды ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақстан аудандары * Қазақстан қалалары * Қазақстан кенттері * Қазақстан ауылдық округтері
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі. Қызметіне 2013 жылдың 7 қыркүйек санында тағайындалды.Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы 17 сәуір 1974 жылы дүниеге келді. Қазақ Мемлекеттік Экономикалық университетін, Вена қаласындағы дипломатикалық академияны бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғарғы білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания Университетінің докторы (АҚШ). ## Білімі. Еңбек жолы Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан. Арғы атасы Сәрінжіп Әзбергенұлы (1862-1935) ақын болып Шет ауданы Тағылы тауның бөктерінде тұрған. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын тәмамдады. Сонымен қатар, Гарвард университеті Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдамадан өткен. 1996 жылы еңбек жолын Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің референті болып бастады. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына ауысты. 1998-2002 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі атташе қызметін атқарды (Вашингтон). 2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банктің Орта Азия бойынша инфрақұрылымдар, қаржылық нарық және білім мәселелері жөніндегі жоба үйлестірушісі болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты. 2007-2009 жылдары ҚР Үкіметінің және Ұлттық банктің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып, экономикалық даму, қаржы және білім салаларына жетекшілік жасады. 2009-2013 жылдары - «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Атқарушы кеңесінің төрағасы болды. «Назарбаев Университеті» білім мектебінің қауымдастырылған профессоры. «Назарбаев университеті» ДББҰ-ның құрылғанынан бастап қамқоршылық кеңесінің мүшесі. 2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 2013 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. ## Сілтеулер * Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Елеу Көшербайұлы Көшербаев (18 наурыз 1929 жыл, Арал ауданы Қызылорда облысы – 14 мамыр 1993 жыл, Алматы қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері. ## Биографиясы Әлімұлы тайпасының Шекті руының Жақайым бөлімінен шыққан. Қызылорда педагогика институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1950). Еңбек жолын Ақшелек бастауыш мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып бастаған. 1950 – 60 жылдары Қазалы ауданындағы Октябрь орта мектебінің директоры, аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, кейіннен «Социалистік жол» аудандық газетінің редакторы қызметтерін атқарған. 1960 – 75 жылдары СОКП жанындағы жоғары партия мектебін бітірген соң, Қазалы, Сырдария аудандық партия комитеттерінің 2-хатшысы, Тереңөзек, Сырдария ауданының атқару комитеттерінің төрағасы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 – 91 жылдары Қармақшы, Қазалы аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметін атқарған. Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, бірнеше медальдармен марапатталған. Қармақшы, Қазалы аудандарының өмірінен сыр шертетін «Өндіріс ұйытқысы» және «Серпін» кітаптарын жазған. ## Дереккөздер
Қоскөл — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 137 адам (70 ер адам және 67 әйел адам) болса, 2009 жылы 74 адамды (40 ер адам және 34 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қопа — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Володар ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аулан орталығы – Саумалкөл ауылынан оңтүстікке қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 169 адам (113 ер адам және 56 әйел адам) болса, 2009 жылы 32 адамды (19 ер адам және 13 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бірнеше сауалнама бойынша, Қазақстан халқының көпшілігі, көбіне этникалық қазақтар, өзін суннит мұсылмандар деп есептейді. 2020 жылы шиит мұсылмандар жалпы халықтың 0.55% құрады. Пью зерттеу орталығының шамалап бағалауынша, елдегі халықтың 75% Ислам дінін ұстанады. Есептеуі бойынша, халықтың қалған 14% христиан, 4% дінсіз және 0.9% өзге дін, көбіне буддизм, я паганизмді ұстанады. Жалпы елде 2023 жылғы санақ бойынша 2,752 мешіт бар және олардың барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бағынады және оған елдің бас мүфтиі басшылық етеді. Құрбан айт елде ұлттық мереке ретінде тойланады. 2020 жылы халықтың 20%-ы православиелік христиандар болды, оның ішінде дәстүрлі түрде көбіне этникалық орыстар, украиндар және беларустар бар. 2011 жылы елдегі басқа христиан топтарына католиктер мен протестанттар (баптистер, пресвитериандар, лютерандар, елуліктер, методистер, меннониттер және жетінші күн адвентистері), соның ішінде Иегова куәгерлері және Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі сияқты реставрациялық христиан діндері кірді. 2011 жылы барлығы 175 православиелік шіркеулердің, 53 католиктік шіркеулердің және 343 протестанттық шіркеулердің мен жалыныш үйлерінің тіркелгені белгілі болды; басқа тіркелген діни топтарға иудаизм, баһаи, индуизм, буддизм кірді. 2011 жылы саентология, бірігу шіркеуі, бірнеше сопылық ұйымдар және ахмадия қауымы бұл діндер арасында тіркеле алмай қалды. Православиеде Юлиан күнтізбесі арқылы тойланатын Рождество да Қазақстанда ұлттық мереке мәртебесіне ие. Үкімет бірнеше дінді «дәстүрлі» деп санайды, соның ішінде ханафилік суннит исламы, орыс православие шіркеуі, грек және римдік католицизм, лютерандық және иудаизм; елдің кейбір бөліктері «дәстүрлі емес» азшылық діни топтардың өкілдерінен сақ болуы мүмкін. 2022 жылы президент Тоқаев елді «зайырлы және толеранттық мемлекет» деді де, үкіметтің «радикалды қозғалыстар мен діни сепаратизмнің байқаусыз қалмайтынын» айтып кетті. ## Дін тарихы Қазақстан тарихи түрде әртүрлі дінді ұстанатын алуан түрлі этностарды қабылдаған. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз республиканың құрылуы халық өмірінің барлық салаларында үлкен өзгерістерге әкелді. Кез келген мәдени бірегейліктің маңызды бөлігі ретінде халықтың діндарлығы да қарқынды өзгерістерге ұшырады. 2017 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда баптист шіркеулеріне жиі рейд жасалады делінетін. Бұл шіркеу мүшелерінің тіркелмей жиналу себебінен орын алады. Тіркелмеген адам полицияның рейдіне түсу қаупі бар. Сол жылы Иегова куәгерлеріне жасалған қысым бойынша да хабар айтылды; сол жылғы мамырда сол тіркелмеген дін өкілі Тимур Ахметовтің қамалға алынуы хабарланды. ## Діндер Қазақстанның дін істері агенттігі деректері бойынша елде 17 конфессия, 3088 діни бірлестік тіркелген. ### Ислам Ислам — Қазақстандағы ең ірі дін; ол бұл аймаққа VII–VIII ғасырда арабтардан келген еді. Этникалық қазақтар көбіне сунниттер және өзін ханафи мазһабына жатқызады. Елдің оңтүстігінде мұсылман халқының ең діншілі тұрады, бірақ ол облыстарда да басқа дін өкілдері де бар. ### Христиандық Христиандық — Қазақстандағы Исламнан кейінгі екінші ең ірі дін. Христиан қазақстандықтардың көпшілігі — Орыс православ шіркеуіне тікелей бағынатын этникалық орыстар, украиндар, беларустар және басқа этнос өкілдері. 2021 жылғы халық санағы Қазақстанның 17,19% христиан екенін атап өтті. Басқа мәліметтерге сәйкес, халықтың 24% православие, 1% протестанттық немесе католик және қалған 1% басқа христиандық конфессияларға жатады. 2009 жылы христиандық топтар қатарына лютерандар, пресвитериандар, методистер, жетінші күн адвентистері, елуліктер, баптистер, меннониттер, мормондар жатты. ### Баһаи діні Қазақстандағы баһаи діні бұрынғы Кеңес Одағында дінді басып-жаншу саясаты кезінде басталды. Осы уақытқа дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі ретінде 1847 жылы баһаи дінімен жанама байланыста болған еді. Баһаи пионерлері кіргеннен кейін қауымдастық ұлттың бірнеше пайызы ғана болса да, ислам мен христиан дінінен кейінгі ең үлкен діни қауымдастыққа айналды. 1994 жылға қарай Қазақстанның Ұлттық рухани ассамблеясы сайланды да, қоғам өзінің күш-жігерін әртүрлі мүдделер бойынша көбейте бастады. Дін деректері мұрағаттарының қауымдастығы (Дүниежүзілік христиан энциклопедиясына сүйене отырып) 2010 жылы 7000-ға жуық баһаилердің бар болғанын есептеді. ### Иудаизм Қазақстандық еврейлерінің ұзақ тарихы бар. Қазақстанда шамамен 2,500–3,300 еврей бар, бұл халықтың 1% азы. Қазақстандық еврейлерінің көпшілігі ашкеназдар және орысша сөйлейді. ### Буддизм Буддизм Қазақстанда XVII ғасырдан бері бар, бұған ғалымдар қазба жұмыстары кезінде тапқан ежелгі пагодалар мен храмдар дәлел. Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде тіркелген екі ғана буддистік ұйым бар, бірі Кореядан шыққан вон-буддизміне, екіншісі тибет буддизміне жатады. 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 14,663 буддист болған. Сондай-ақ, Қазақстан 2021 жылғы жалпы халық санағының қорытындысы бойынша елде шамамен 15,458 буддист бар. ### Индуизм Қазақстандағы индуистердің көбісі — Кришна есі халықаралық қоғамының, не Үндістаннан келген диаспораның мүшелері. 2010 жылы Қазақстанда шамамен 801 индус болған. ### Тәңіршілдік Тәңіршілдік — шаманизм, анимизм, тотемизм, поли- және монотеизм және ата-бабаларға табынумен сипатталатын Орталық Азия діні. Бұл түркілердің, моңғолдардың, мажарлардың, ғұндардың басым діні және ежелгі бес түрік мемлекетінің: Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Ұлы Бұлғария, Бірінші Болгар патшалығы және Хазария діні болды. Ырық бітікте Тәңір Türük Tängrisi (түркілердің құдайы) деп аталады. Тәңіршілер өздерінің тіршілігін мәңгілік көк аспан (Тәңір), құнарлы жер-ана рухы (Ұмай) және аспанның киелі рухы деп саналатын билеушісі деп санайды. Аспан, жер, табиғат пен ата-бабалардың рухтары барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және барлық адамдарды қорғайды. Солтүстік Кавказдың ғұндары екі құдайға сенген: Парсы Исфандиярымен бірдей саналатын және жылқылар құрбандыққа шалынатын Тәңір Хан және Куар (құрбандары найзағай соққан). Тәңіршілдік Қазақстан, Саха, Бурятия, Тыва және Моңғолияда тибеттік буддизм және бурханизммен қатар қолданылады. ## Дін ұстану еркіндігі және дінге толеранттық Қазақстанда өте алуан түрлі діни орта бар. Дегенмен, кейде хабарланған Харе Кришналар мен Иегова куәгерлерін қудалау істері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырды. Қазақстан Конституциясының 22-бабында «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» делінген. 2011 жылғы 18 мамырда президенттің жарлығымен Дін істері агенттігі құрылды. Оның басты мақсаты Қазақстанның әр саласындағы дінаралық бейбітшілікті сақтау және діни ұйымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ету болды. 2023 жылы ел діни ұстану еркіндігі бойынша 4 ұпайдың 1 ғана қол жеткізді. ## Аймақ бойынша дін 2021 жылғы санақ бойынша: ## Этнос бойынша дін 2009 жылғы санақ бойынша: ## Дереккөздер
Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханалары орыс. Библиотеки Южно-Казахстанской области — Н.Ә.Назарбаев
Акименко Василий Савельевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1898 жылы Ресейдің Ставрополь губерниясы, Медвежий уезі, Красна Поляна ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1928 жылы колхозға кіреді. * 1930-1944 жылдары Талдықорған ауданы "Труд земледельца" колхозының председателі. * 1939 жылы - КОКП мүшесі. * 1944-1959 жылдары - "Красный пахарь" колхозының председателі. 1945 жылы егістік алқабын 774 г 1079 гектарға, 1946 жылы өнімді 8.2 ц-ден 12,3 ц-ге, ал 1947 жылы 16 ц-ге өсірді. * 1947 жылы Талдықорған облыстық (қазіргі Алматы облысы) Советінің депутаты. ## Наградалары * Ленин ордені * Еңбек Қызыл Ту ордені * "Құрмет белгісі" ордені * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Николай Иванович Алемский - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы. 1914 жылы Алматы қаласында туған. ## Еңбек жолы * 11 жасынан жұмысқа араласады. * 1929 жылы Калинин атындағы колхозға кіріп, 1933 жылы тракторшы курсын бітірген соң тракторшы болып еңбек етеді. * 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, әскери техниканың жүргізушісі болады. * 1945 жылы соғыстан кейін еліне қайтқан соң тракторшылар бригадасын басқарады. 1946 оның басқаруымен бригада трактормен жасалатын жұмыс тапсырмасын 162 %, ал 1947 жылы - 168 % және 1948 жылы - 138 % орындаған. * 1947 жылы тракторшылар бригадасы өңдеген жерден колхоз әр гектардан 15,5 ц, жоғары өнім беретін жерден 22,14 ц. өнім жинаған. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Бекбосынова Жамал - Социалистік Еңбек Ері (1948), колхозшы. 1913 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Тастыөзек аулында туған. ## Еңбек жолы * 1929 жылы 18-ші Партсъезд атындағы колхозында колхозшы болды. * 1945 жылы - егіншілер бригадасының бригадирі. * 1947 жылы 11 гектар егістік жерден 30,9 ц бидай жинаған. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1947) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
— Н.Ә.Назарбаев А. С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (орыс. Южно-Казахстанская областная универсальная научная библиотека,им. А. С. Пушкина ). Толық атауы — Мемлекеттік мекеме А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Танымал атауы — Пушкин кітапханасы. Қысқартылған атауы — ОҚ ОӘҒК.
Бұрлық — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қазан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 275 адам (128 ер адам және 147 әйел адам) болса, 2009 жылы 143 адамды (74 ер адам және 69 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Үлгі:ЕМ-Оңтүстік КореяУльсан  (кор. 울산광역시?, 蔚山廣域市?) — Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс жағында, Жапон теңізінің жанында, Пусаннан 70 километр солтүстікке қарай орналасқан қала. Географиялық координаталары: 35°33′00″ с. е. 129°19′00″ ш. б.35.55000° с. е. 129.31667° ш. б. / 35.55000; 129.31667   . ## Әкімшілік бөлінісі Ульсан 4 ауданға («ку») және 1 уездге («кун») бөлінген. * аудан (ку) Пукку (북구; 北區) * аудан (ку) Тонгу (동구; 東區) * аудан (ку) Чунгу (중구; 中區) * аудан (ку) Намгу (남구; 南區) * уезд (кун) Ульджу (울주군; 蔚州郡) ## Спорт Қаланың «Ульсан Хёндэ» атты футбол командасы бар. ## Халықаралық қатынастары ### Ағайынды-қалалар * Жапония Хаги, (1968) * Қытай Республикасы Хуалянь, (1981) * АҚШ Портленд, (1987) * Қытай Чанчунь, (1994) * Түркия Измир, (2002) * Бразилия Сантус, (2002) * Вьетнам Провинция Кханьхоа, (2002) * Ресей Томск, (2003) ### Серіктес-қалалар * Қытай Гуанчжоу, (2000) * Қытай Яньтай, (2001) * Қытай Уси, (2006) * Жапония Ниигата, (2006) * Қытай Циндао, (2009) * Қазақстан Қарағанды облысы, (2010) * Жапония Кумамото, (2010)
Белоусов Петр Федрович - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші. 1906 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы, Коноваловка ауылында туған. ## Еңбек жолы * 1930 жылы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Победа колхозына кіріп, звеношы болып тағайындалады. * 1936 жылдан КОКП мүшесі болды. * 1942 жылы - егіншілер бригадасының бригадирі. * 1946 жылы егістік жердің әр гектарынан 15,43 центнер өнім жинаған. * 1948 жылы 18 гектар жерден 32 ц бидай алды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Жалмауыз кемпір — қазақ ертегілеріндегі жағымсыз бейне. Ол кейде жеті басты, қарға тұмсық, аяқ қолының тырнақтары сояудай, адам қанын соратын қорқынышты кейіпкер ретінде бейнеленеді. Жалмауыз кемпірдің бейнесінің тарихи негізі бар. Матриархат дәуірінде руды қария әйелдер басқаратын болған. Жаңа туған балаға ат қою, жетім қалған балаларға қамқорлық жасау, шеттен келген адамды тайпаға қабылдау, тайпаның заңдарын қатал сақтау, жастарды үйлендіру, тағыда сол сияқты заңдар осы аналар әміріемн жасалған. Керек кезінде олар әскерді де басқарған. Осының нәтижесінде қарт анаға табынушылық пайда болған. Ол керемет иесі, қолынан келмейтіні жоқ сиқыршы, рудың жауларын, жан-шайтанды да жеңе алатын күш болып танылған. Патриархаттың тууына байланысты бұл бейне құлдырап бұрынғы маңызын жойды. Оның атқаратын қызметі кейіннен аталық руға ауысты. Ру басы ананың бейнесі мифтік аңыздарда ғана қалды. Бара-бара ол жалпы атпен жағымсыз кейіпкер сипатын алды. ## Дереккөздер
Мичурин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мичурино ауылы кіреді. Орталығы – Мичурино ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 541 адамды құрады. ## Дереккөздер
Мичурин ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мичуринское, Алтынсарин, Садовое ауылдары кіреді. Орталығы – Мичуринское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4319 адамды құрады. ## Дереккөздер
Мичурин ауылдық округі – Павлодар облысы Павлодар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Госплемстанция, Мичурино, Үміт апа ауылдары кіреді. Орталығы – Мичурино ауылы. Округ құрамында болған Алексеевка ауылы 2004 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Мичурин ауылдық округі – Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Көксағыз, Қожамберді, Майтөбе, Таусағыз ауылдары кіреді. Орталығы – Майтөбе ауылы. ## Дереккөздер
Электр жезл жүйесі - сыңар жол желісіндегі көрші станциялар арасында пойыз жүргізудегі байланыс тәсілі. Жол бойындағы әрбір екі станция бір-бірімен электр сымдармен байланысқан екі жезл аппараты болады. Аппараттан бір ғана жезл алынады. Пойыз баратын станциядан электрлік сигнал келмейінше аппараттан жезл алынбайды. Пойызды станциядан жөнелту үшін кезекші жезлді машинистке беруі тиіс. Электр жезл жүйесі - сыңар жол бойында бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі пойыздың бір жолға шығуын болдырмас үшін пайдаланатын сақтық тәсіл. Жезл жүйесі Қазақстан темір жолының пойыз қатынасы аса қарқыңды емес кейбір бөліктерінде ғана қолданылады. ## Дереккөздер
Семен Павлович Воротников - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1896 жылы Ресейдің Ставрополь өлкесі, Чемрек селосында туған. ## Еңбек жолы және жетістігі * Еңбек жолын 16 жасынан бай жалшы болып бастаған. * 1916-1917 жылдары патша армиясында болады. * 1918-1922 жылдары Қызыл гвардия қатарында қызмет етеді. * 1922-1929 жылдары жеке шаруашылықпен айналысады. * 1929-1941 жылдары Талдықорған ауданының аудандық ұйымдарында қызмет істейді. * 1939 жылы КОКП мүшесі болады. * 1941-1959 жылдары -Талдықорған ауданы, "Заря Востока" колхозының председателі. 1945 жылы ол басқарған колхоз астық өткізудің жоспарын ойдағыдай тапсырды.1946 жылы егістік алқап кеңейіп, өнім мөлшері көбейіп, фермалар мен колхозшыларда мал басы өскен. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * "За трудовое отличие" (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Кан Тю Хон - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1903 жылы Кореяда туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1938-1941 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, "Ленин жолы" колхозында клуб меңгерушісі және партия ұйымының хатшысы болды. * 1938 жылы КОКП мүшелігіне өтеді. * 1942-1961 жылдары М.Горький атындағы колхоздың председателі болды. Ол басқарған колхоз егістік алқапты жергілікті тыңайтқыштармен өңдеуді жақсартып, 1945 жылы жоспарланған 10 ц бидайдың орнына 15 ц, қант қызылшасын 270 ц-дің орнына 314 ц жинайды. Жұмыс барысының жақсы ұйымдастырылуымен жаңа бесжылдықта жаңа жеңістерге жетті. 1947 жылы 570 г жердің әр гектарынан 20 ц өнім алынып , 59 гектар жерге 30,5 ц өнім егілген, ал 30 гектар жерден 500 ц қант қызылшасы алынған. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * "За победу над Германией" * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Еңбек Қызыл Ту ордені (1957) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Нұрлыбаев Жеңіс Кәкенұлы ( 09.05.1965, Қарабұлақ ауылы, Алматы облысы) — қазақ суретшісі, кескіндемеші, график, мәдениетті қолдау Жылы эмблемасының авторы (2000 ж.), публицист, ҚР мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері (2010 ж.) ## Өмірбаяны 1965 жылы, 9 мамыр күні Қарабұлақ ауылында (Алматы облысы) дүниеге келген. Жеңіс балалық шағынан бастап суретші болуды армандады. Оның мектептегі сүйікті пәні сурет және сызу сабағы болды. 1982 жылы Жалаңаш орта мектебін үздік бітірді. 1982 - 1989 жылдар арасында ҚазПИ-дің көркем сурет факультетінде оқыды (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті). 1983 - 1985 жылдар бойы КСРО қарулы күштер қатарында әскери қызмет атқарды. В 1989 жылы "Ақ Желкен" журналында суретші-иллюстратор ретінде жұмыс істеді. В 1990—1991 — "Зерде" журналының көркемдеуші редакторы. В 1991—1993 — "Мәдениет" журналының суретшісі. В 1994—2008 — "Тура Би" журналының көркемдеуші редакторы. ## Шығармашылығы Суретші Жеңіс Кәкенұлы көрермен алдында кескіндемеші, график, кітап иллюстраторы, арт-критик, карикатурист, эмблема және медаль авторы ретінде белгіліЖеке көрмелері: * "Көңілімнің сарасы". Президент мәдени орталығы, 23 сәуір, 2003 ж. "Көңілімнің сарасы". Президент мәдени орталығы, 23 сәуір, 2003 ж. * "Дидар ғайып". Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы. 10 желтоқсан, 2005 ж "Дидар ғайып". Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы. 10 желтоқсан, 2005 ж . * Жеке көрме. Астана қаласының Қазіргі заман өнері мұражайы. 22 желтоқсан, 2006 ж. Жеке көрме. Астана қаласының Қазіргі заман өнері мұражайы. 22 желтоқсан, 2006 ж. * Жеке көрме. ҚР Жоғарғы соты. 6 қараша 2007 ж. Жеке көрме. ҚР Жоғарғы соты. 6 қараша 2007 ж. * Жеке көрме. №53 мектеп-лицей. 16 қараша 2007 ж. Жеке көрме. №53 мектеп-лицей. 16 қараша 2007 ж. * "Көлеңке ұзарғанда". "Құланшы" гаереясы, 15 сәуір 2009 ж. "Көлеңке ұзарғанда". "Құланшы" гаереясы, 15 сәуір 2009 ж. * "Квинтэссенция". ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы. 1 қазан 2010 ж. * "Квинтэссенция". ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы. 1 қазан 2010 ж. * Заманауи көрмелері: * "The smell of wormwood. Fine art works exhibition of Kazakhstan painters devoted th the Independency day of the Republic of Kazakhstan". Нью-Йорк қаласы. желтоқсан, 2008 ж. "The smell of wormwood. Fine art works exhibition of Kazakhstan painters devoted th the Independency day of the Republic of Kazakhstan". Нью-Йорк қаласы. желтоқсан, 2008 ж. * "Zeitgenössische Kunst aus Kasachstan". ART CENTER BERLIN. 18 қараша, 2009 ж. "Zeitgenössische Kunst aus Kasachstan". ART CENTER BERLIN. 18 қараша, 2009 ж. * "Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту ұйымының (TURKSOY) XII тәжірбиелік лабораториясына орай халықаралық суретшілер көрмесі". Амасия қаласы. 3 маусым, 2009 ж. "Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту ұйымының (TURKSOY) XII тәжірбиелік лабораториясына орай халықаралық суретшілер көрмесі". Амасия қаласы. 3 маусым, 2009 ж. * "Жусан иісі". "Құланшы" галереясы. 3 наурыз, 2010 ж. "Жусан иісі". "Құланшы" галереясы. 3 наурыз, 2010 ж. * "Тандем". "Ою" галереясы. 2 қараша, 2010 ж. "Тандем". "Ою" галереясы. 2 қараша, 2010 ж. Публицистика: * Пабло Пикассо Пабло Пикассо * Жұмақын Кайрамбаев Жұмақын Кайрамбаев * Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова * Нағымбек Нұрмағамбетов Нағымбек Нұрмағамбетов * Исатай Исабаев Исатай Исабаев * Айбек Бегалин Айбек Бегалин * Шахан Маханбетов Шахан Маханбетов * Ләйлә Махат Ләйлә Махат * Амандос Ақанаев Амандос Ақанаев * Ғалым Смағұл Ғалым Смағұл * Өскенбай Шұранов Өскенбай Шұранов ## Галерея * ## Сілтемелер ## Тораптар * Жеңіс Кәкенұлының youtube.com сайтындағы бейнеканалы
Малдыбаев Теберік - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші. 1894 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы жаңадан құрылған "Бірілік-Үстем" колхозына жұмысқа кіреді. * 1942 жылы қызылшашылар бригадасын басқарады. * 1947 жыл қайтадан егіншілер бригадасының бригадирі болады. Ол астық дәнді дақылдарын күтіп-баптау, егу, топырақты дайындау барысында көп еңбектенеді. Қысқа мезгілде әрі жоғары дәрежеде астық өсіру агротехникалық шараларын ұйымдастыра білді. Қажырлы еңбегінің арқасында жаздық және күздік бидай егілген 330 г жердің әр гектарынан 17 ц-ден, ал жоғары өнімді 44 г жердің әр гектарынан 30 ц-ден өнім алған. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Мырзабеков Смағұл - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1900 жылы Гурьев облысы (Атырау облысы), Денгіз ауданы, Зормат ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы "Еңбекші" ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. * 1932 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласына бес айлық бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайытн курсты бітіреді. * 1933-1937 жылдары Алматы советтік құрылыс институын бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысы, Денгіз аудандық атқарушы комитетінде нұсқаушы болып істейді. * 1938-1942 жылдары - ҚазССР Халық ағарту комиссариатында кадрлар жөніндегі инспектор. * 1941 жылы КОКП мүшелігіне өтеді. * 1942-1943 жылдары - Павлодар облысы, Жолқұдық совхозында саяси бөлімнің бастығы. * Ұлы Отан соғысы кезінде майданға саяси жұмысқа жіберіледі. Жауынгерлік істері үшін "Красная Звезда" орденімен және "За победу над Германией" медалімен наградталады. * 1946-1952 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) 28 гвардияшылар ауданында аудандық атқарушы комитетінің председателі болады. 1946 жылы аудан 35388 гектар жердің әр гектарынан 10,8 ц-ден өнім алып, жоспарды жобалаған меже - 9,6 ц-ден асыра орындайды. 1947 жылы 40913 гектар жердің әр гектарынан алынған өнім 12,6 ц-ді құраған. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * 2 мәрте Ленин ордені (1947), (1948) * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері ([[28.03.1948]]) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2013 жылы. *
Құдайқұлов Мұсабек - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші. 1891 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданынада туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы "Бірлік-Үстік" колхозына жұмысқа кіреді. * 1946 жылы астық дәнді дақылдар өсірушілер зеносының жетекшісі болады. Оның 15 адамнан тұрған тобы 165 г астық алқабында жұмыс істеген. Алғашқыда әр гектар жерден 8 центнер өнім алады. Қажымай-талмай, күндіз-түні жұмыс істеген оның звеносы "Бірлік-Үстік" колхозында бұрындары болмаған рекордты өнім алады:142 г жердің әр гектарынан 16,6 ц және 23 г жоғары өнім беретін жердің әр гектарынан 31 ц. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Девон аралы — Канаданың арктикалық топаралында орналасқан. Аумағы 54 мың км², Абсолютті биіктігі 1887 м. Жағалаулары шығанақтармен, фьордтармен қатты тілімденген. Жер бедерінде төбелер мен аласа таулар басым. Мұз басқан шығыс бөлігі кристалды массивтен тұрады. Орташа бөлігі - әктасты үстірт (биіктігі 250-600м), солтүстік-батысы аласа таулы қырат (360-540 м). Девон аралында арутикалық тундра өсімдіктері өседі
Гордиенко Александр Савельевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), озат тракторшы, тракторшылар бригадасының бригадирі. 1905 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Сарқант ауданы (қазіргі Сарқан ауданы), Покровка селосында (Қызыл-Орақ) туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылы алғашқылардың бірі болып колхозға кіріп, егіншілер бригадасының бригадирлерін дайындайтын курсты бітіреді. * 1934 жылға дейін "Энергия" колхозында егіншілер бригадасының бригадирі болып істейді. * 1934-1941 жылдары Сарқант МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болады. * 1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысады. * 1944 жылы соғыстан жараланып еліне қайтқан ол бригадирлік жұмысын жалғастырады. Оның бригадасы жыл сайын тракторлық жұмыстардың жоспарын асыра орындап отырды:1945 жылы - жоспар -114%, жанар-жағармай үнемдеу -1580 кг;1946 жылы - жоспар -152%, жанар-жағармай үнемдеу - 4251 кг;1947 жылы - жоспар -140% , жанар-жағармай үнемдеу - 1697 кг. * 1945 жылы - жоспар -114%, жанар-жағармай үнемдеу -1580 кг; * 1946 жылы - жоспар -152%, жанар-жағармай үнемдеу - 4251 кг; * 1947 жылы - жоспар -140% , жанар-жағармай үнемдеу - 1697 кг. * 1947 жылы бригада жоғары міндеттеме алып, оны ойдағыдай орындайды; 182,42 гектар жердің әр гектарынан орташа есеппен 23,2 ц-ден өнім алған. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * "За освоение целинных земель" медалі * Еңбек Қызыл Ту ордені * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Жұмаш Қошағанов — Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Қазақстанда ауыл шаруашылығын көтерушілердің бірі. Туған жері Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Ұзақ жылдар "Путь Коммунизма" колхозының егін алқабында егіншілер тобының жетекшісі болып еңбек еткен. * 1945 жылы 10 г жердің әр гектарынан 17,3 ц өнім алып, 1947 жылы оны 30 ц жеткізуге өзіне міндеттеме етіп алады. Қыста 8 гектар жерге көң дайындап, көктемде ол көңді шаша және жерді тырмалай отырып, оны 20-22 см тереңдікте жыртады. Сүр жерді жаз бойы 2 рет аударып, егін себу алдында жыртуды қайталайды. Гектарына 140 кг тұқым себу тракторлы тұқым сепкішпен жүргізеді. Аграрлық тәжірибесінің және жұмысты ұтымды ұйымдастыруының арқасында 1947 жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 30 ц өнім алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Мәженова Райхан (7 мамыр 1956 жылы туған) - жазушы, баспагер, ғалым-педагог, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері ## Өмірі Мәженова Райхан 1956 жылы 7 мамыр айында Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін 1978 жылы бітірді. Еңбек жолын Сарыжаз орта мектебінде мұғалім болудан бастады. 1979 - 94 ж. "Мектеп" Баспасында редактор болып, 50-ден астам оқулықты басып шығарған. 1994 жылдан ҚР Медениет және ақпарат министірлігінде баспа бағдарламаларын қалыптастыру және кітап өнімінің сапасын бақылау бөлімінің бастығы болып істейді. Мәженова Райхан кәсіби баспагер ретінде республикамызда баспа ісін қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолында көп еңбек сіңірді. ### Кітаптары Әдіскер-ғалым "Санауды үйренйік" (1995), "Гүлге тұнған шық" (1997), "Ер тағдыры - ел тағдыры" (1997), "Балдырғандарға арналған математика" (2000), "Оралхан" (2000), "Мектеп жасына дейінгі балалардың математикаға қызығушылығын халықтық педагогика негізінде қалыптастыру" (монография, 2001), "Арман қанатында" (2004, жинақ), "Қазақтың баспагерлері" (2005), "Бәрін, бәрін білгім келеді..." (2006) және т.б кітаптардың авторы. ### Еңбегі мен марапаттары Мәженова Райхан Балаларға арналған әдебиет пен физика, математика, астрономия, т.б. оқулықтар мен оқу құралдарын қазақ тіліне аударған. Мәженова Райхан Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (5005), Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2006). ### Дереккөздер * Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.
Голинцев Павел Дмитриевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1914 жылы Ресейде, Новосібір облысы, Черепанов ауданы, Зимовье селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1934-1936 жылдары Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданына қоныс аударып, "Заветы Ильича" ауылшаруашылығы артеліне жұмысқа кіріп, трактор бригадасында есепші болып еңбек етеді. * 1936 жылы арнайы курс бітіріп колхозда 5 жыл есепші болып істейді. * 1942 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданы, "Заветы Ильича" колхозының председателі болады, 1943 жылы КОКП мүшелігіне өтеді. 1947 жылы колхоз межелеген 9 ц орнына астық дәнді дақылдардың әр гектарынан 14,8 ц-ден өнім жинайды. Мал шаруашылығын дамыту жоспарын асыра орындайды. * 1947 жылы 66 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан 31 центнер өнім алады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Еңбек Қызыл Ту ордені * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасындағы ірі кітапханалардың бірі - Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы. Кітапхана облыстың қалалық және аудандық балалар кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады. ## Тарихы Облыстық балалар кітапханасы 1953 жылы №1 орта мектептің 50 шаршы метр шағын ғана бөлмесіңде орналасқан еді. Алғаш рет құрылғанда кітапханада 1720 оқырман, 13 мың дана кітап қоры бар болатын. Қазіргі таңда кітап қоры 180 мың данаға жеткен. 17 мыңнан артық оқырман күн аралатып өзінің сүйікті кітапханасынан кітап алады. Кітапханаға 1954 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімі беріліп Бұқар жырау, данғылындағы, көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастырылды. Жарты ғасырдан аса уақыт ішінде талай өмір асуларынан өткен кітапхана бүгінде қасиетті шаңыраққа айналған. 1954 жылдан бүгінгі күнге дейін кітапхана қабырғасында көптеген қызықты іс-шаралар өтті. Соның ішінде Қазақстанның жазушылары, мәдениет және қоғам қайраткерлері кітапханада қонақта болды. Атап айтар болсақ: Б.Соқпақбаев, Ж.Бектұров, Р.Сейсенбаев, Қ.Исабаев, Қ.Жұмаділов, Е.Елубаев, Ж.Қашқынов, Ө.Ахметов, Т.Бейсембек, С.Жанысбай, Е.Пономаренко. және шетел балалар жазушылары А.Барто, Уте Краузе жас оқырмандармен кездесіп кітаптарына қолтаңба жазып кітапханаға сыйлық ретінде берді. ## Кітапхананың директорлары Балалар кітапханасы жылдан жылға қазіргі заманғы талапқа сәйкес кеңіп, жетілді. Кітапхана қызметкерлері кәсіби деңгейде, оқырмандарға қызмет көрсету, іздену, жылдам таңдау және сапалы ақпаратты қолдана білуді үйренді. Осындай дәрежеге жетуіміз кітапхананың іргетасы қаланғалы еңбек еткен директорлардың қажырлы еңбегі. ХХI ғасыр кітапхананың жаңа сапалы даму дәрежесіне көтеруілімен ғаламдық Интернет желісінің және кітапхана жұмысында ақпараттық технологиялар енгізумен ерекшеленді. 1993 жылдан бастап алғашқы Pentium-2 компьютері қолданды.2000 жылы кітапхана Интернет желісіне қосылды, қазіргі күні кітапхана оқырман – балаларға Интернет желісін еркін пайдалануға қол жеткізуіне барлық мүмкіндіктер жасап отыр.2003 жылы кітапханада мультимедиялық бөлім ашылды.2006 жылы кітапханалық веб-сайты (www.odb-abai.kz) құру ойдағыдай жүзеге асырылды. Сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдеріңде қызмет көрсетеді.2006 жылы кітапханада «Кітапхана 5.4» бағдарламасы енгізілді. Осы бағдарлама бойынша каталог құрудың кезеңі басталды.2008 жылдан бастап электронды балалар кітапханасы «Бар әлем балалар кітабында» атты бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілуде;2011 жылдың қыркүйек айынан «ИРБИС64» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргіземіз. * 1993 жылдан бастап алғашқы Pentium-2 компьютері қолданды. * 2000 жылы кітапхана Интернет желісіне қосылды, қазіргі күні кітапхана оқырман – балаларға Интернет желісін еркін пайдалануға қол жеткізуіне барлық мүмкіндіктер жасап отыр. * 2003 жылы кітапханада мультимедиялық бөлім ашылды. * 2006 жылы кітапханалық веб-сайты (www.odb-abai.kz) құру ойдағыдай жүзеге асырылды. Сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдеріңде қызмет көрсетеді. * 2006 жылы кітапханада «Кітапхана 5.4» бағдарламасы енгізілді. Осы бағдарлама бойынша каталог құрудың кезеңі басталды. * 2008 жылдан бастап электронды балалар кітапханасы «Бар әлем балалар кітабында» атты бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілуде; * 2011 жылдың қыркүйек айынан «ИРБИС64» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргіземіз. Кітапхана үшін бүгінгі күнгі көкейтесті мәселе «ИРБИС 64»-ті толық енгізу, электронды басылымдар жасау және интернет ресурстарын дамытып насихаттау. ## Оқырмандарға көрсетілетін қызметтер Кітапхана балалардың рухани қажеттерін қанағаттандыруға мүмкүндік туғызып, Тәуелсіз елдің тәрбиелі де білікті азамат болып қалыптасуына зор ықпал жасай отырып қаладағы барлық орта мектептермен, бала-бақшалармен және «Құлыншақ», «Таңшолпан» балалар үйлері, Қарағанды облыстық мектеп – интернаттарымен, қаланың балалар құқығын қорғау Департаменті, облыстық мұражаймен, ұлттық-орталық, мәдени орталықтарымен шығармашылық байланыс орнықтырған.Қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын әдеби-кеш, дөңгелек үстел, кездесу кеш, байқау, интеллектуалдық ойын, портрет-кеші, оқырман-конференциясы, слайд-шолу, әдеби-қонақжай ұйымдастырылып бұқаралық ақпарат беттерінде материалдар қазақ және орыс тілдеріңде жарық көреді.Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, дамыту үшін кітапханада үйірмелер жұмыс істейді.2005 жылдан бастап 0-4 сынып оқушыларына арналып «Ақылды кітап, қағаз және қарындаш» атты үйірме жұмыс жасайды. Үйірме отырыстарында балалар оқыған кітаптардан алған пікірлерін шығармашылық жұмыстарында көрсетеді.«Кел, қазақша сөйлесейік» - атты үйірмеге қазақ тілін жақсы меңгергісі келетін балалар жиналады. Балаларға сөйлеу тілін дамытуға көмектесіп, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырады.Өнер туралы әдебиеттер секторында 2012 жылдан бастап «Өнер мен өрлеу» атты үйірме жұмысын жасауда. Мақсаты балаларға қазақ елінің өнері туралы әдебиеттерді насихаттап, өнер тарландарының шығармаларымен таныстыру.Кітапханада 5-9 сынып оқушыларына арналып ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында 2008 жылдан «Абай жүрген ізбенен» атты клуб жұмыс істейді. Клубтың сабақтары әр тоқсанда 2 рет өтеді.Бұл шағын қоғамдастық арқылы абайтанушылармен, Қарағанды қаласының ақын-жазушыларымен кездесу кештері және «Абай оқулары» тұрақты түрде өтіп тұрады. ## Кітапхана қорынан Қай замандада кез-келген кітапхана өзінің қорын мақтан тұтады. Біздің кітапхана солардың қатарында: «Құнды және сирек кітаптар», «Автордың қолы қойылған кітаптар», «Кішкентай көлемді (миниатюрный) кітапшалар» топтамалары кітапхананың ерекше мақтанышы болып табылады. Олар: * XIX ғ. соңы XX ғ. ортасындағы басылымдар - М. Лермонтовтың 2 томдық «Шығармалары» 1882 жылы шыққан; Ф.М. Достоевскийдің «Записки из мертвого дома»1888 жылғы және т.б. * қазақ ақын, жазушыларының шығармалары; «Қазақстан» (1940ж.) көркемдік очерктер жинағы; Жамбыл Жабаевтың «Шығармалар жинағы» 1946 жылы жарық көрген, ақынның 100 толуына арналған мерейтойлық басылым; «Абай» (1948ж.) Мұхтар Әуезовтың көзі тірісіңде жарық көрген басылым және т.б. * миниатюрлық кітапшалар - Жамбыл Жабаевтың «Ұлы заң»; Роберт Бернстің «Песни, балллады, стихи»; А.Пушкиннің өлендер жинағы және т.б. басылымдар. * автордың қолтаңбалар басылымдары - Ж.Бектұров; Л.Мельникова; С.Жанысбай; В.Литвинов, Т.Бейсембек, С.Жанысбай, Е.Пономаренко, У. Краузе т.б. автордың қолтаңбалар басылымдары. КММ "Абай атындағы Облыстық балалар кітапханасы" ## Сілтеме
Мөлтеков Арын - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Қазақстанда ауыл шаруашылығын көтерушілердің бірі. 1896 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы, Тастызек ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылы алғашқылардың бірі болып колхозға жұмысқа кіреді. * Ұлы Отан соғысы жылдары қажырлы еңбегі үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1946 жылы ХVIII партсъезд атындағы колхозда егіншілер бригадасының жетекшісі болады. * 1947 жылы 12 гектар егін алқабының әр гектарынан 31 ц-ден өнім алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2013 жылы.
Қайыпов Қойбай - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші. 1926 жылы Жамбыл облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан), Луговой ауданы (қазіргі Меркі ауданы), "Қызыл-Шаруа" колхозында туған. ## Еңбек жолы және жетістігі * 1946 жылы "Қызыл-Шаруа" колхозында егіншілер бригадасының бригадирі болып істейді. Жоғары өнім алу үшін оның бригадасы аграрлық жоспар құрады:күздік бидайдан рекордты өнім алу үшін 23 г жер белгіленеді;сүрі жер 20-22 см тереңдікпен жыртылады;әр гектар жерге 17 т жергілікті тыңайтқыштар және 2 ц минералды тыңайтқыштар себіледі;сүрі жер жаз бойы 4 рет тырмаланып, аударылады;Тұқым сепкішпен бірінші сортты тұқым себіледі. * күздік бидайдан рекордты өнім алу үшін 23 г жер белгіленеді; * сүрі жер 20-22 см тереңдікпен жыртылады; * әр гектар жерге 17 т жергілікті тыңайтқыштар және 2 ц минералды тыңайтқыштар себіледі; * сүрі жер жаз бойы 4 рет тырмаланып, аударылады; * Тұқым сепкішпен бірінші сортты тұқым себіледі. * Бригаданың осы аграрлық жоспары бойынша 23 г жердің әр гектарынан рекордтық 31 ц өнім алынған. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. ## Дереккөздер
Красново — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Константинов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстікке қарай 76 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 199 адам (120 ер адам және 79 әйел адам) болса, 2009 жылы 53 адамды (27 ер адам және 26 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Житник Федор Тимофеевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1905 жыл Украинада, Харьков облысы, Богодухов ауданы, Дмитровка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін 1929 жылы алғашқылардың бірі болып Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы, Сталин атындағы колхозға жұмысқа кіреді. * 1934 жылдары 4-ші егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. * Ұлы Отан соғысында болып Москва қорғанысына және Берлинді алу шабуылына қатысып, "За оборону Москвы" және "За победу над Германией" медальдарымен марапатталған. 1945 жылы еліне қайтып, өз бригадасымен жұмысын жалғастырады.1947 жылы оның бригадасы мол өнім алады: 700 гектар барлық астық дәнді дақылдар алқабының әр гектарынан жоспарда межеленген 11,8 центнердің орнына 15.2 центнерден өнім жинайды. Ал жаздық бидай себілген 46,5 гектардың әр гектарынан 30,8 центнерден бидай алады. * 1947 жылы оның бригадасы мол өнім алады: 700 гектар барлық астық дәнді дақылдар алқабының әр гектарынан жоспарда межеленген 11,8 центнердің орнына 15.2 центнерден өнім жинайды. Ал жаздық бидай себілген 46,5 гектардың әр гектарынан 30,8 центнерден бидай алады. * 1949-1961 жылдары - Панфилов атындағы және "Заря коммунизма" колхоздарының председателі. * 1962 жылдан "Жоламан" қой совхозының үшінші фермасын басқарды. * 1939 жылдан КОКП мүшесі. * 1937-1941 жылдары - еңбекшілер депутаттарының аудандық Советінің депутаты. * 1948 жылы - Холмогор ауылдық советінің депутаты. ## Наградалары * "15 лет КазССР" төсбелгісі (1935) * Бүкілодақтық Ауылшаруашылық көрмесінің кіші күміс медалі (1938) * "Құрмет белігісі" (1940) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Красногорка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Володар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиясы Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде, Саумалкөл көлінің шығысында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 214 адам (107 ер адам және 107 әйел адам) болса, 2009 жылы 382 адамды (206 ер адам және 176 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызыл Кордон — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Гусаков ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 120 адам (58 ер адам және 62 әйел адам) құраса, 2009 жылы 1 адам (1 ер адам) тұрған. ## Дереккөздер
Кругловка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Елец ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Жергілікті халық 1999 жылы жергілікті халық саны 120 адам (62 еркек және 58 әйел) болса, 2009 жылғы санақтың мәлiметтері бойынша, ауылда 31 адам тұрады (15 еркек және 16 әйел). ## Дереккөздер
Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжі Талдықорғанда орналасқан кәсіптік білім беретін оқу орны.2013 жылы колледж атауы аттестациялауға байланысты Талдықорған агро-техникалық колледжі болып өзгерді. ## Тарихы Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжі мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорны 1943 жылы Алматы облысы совхоздары тресінің Ленин атындағы совхозаралық мал шаруашылығы мектебі негізінде құрылған.Колледж өзінің тарихында 30 мыңнан астам орта буынды мамандарын дайындап шығарды.Колледжде 12 мамандық бойынша 1125 білімгер білім алуда.Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша жүргізіледі. ## Дайындайтын мамандықтары Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Талдықорған экономи-технолоиялық колледжі" Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін 2009 жылғы 11 желтоқсандағы АБ сериялы №0142390 лицензиясына сәйкес төмендегі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды: * Ветеринария; * Экология және табиғатты қорғау қызметі; * Есеп және аудит; * Экономика, Қаржы(сала бойынша) ; * Ақпараттық жүйелер; * Есептеу техникасы және бағдарламалық жабдықтау; * Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша); * Мех және қой терісі өнімдерін өңдеу технологиясы; * Сүт өнімдері өндірісі; * Ет және ет өнімдері өндірісі; * Нан пісіру ,макарон және кондитер өндірісі ## Дереккөздер "Ел-назар" республикалық журналы, №05(08) мамыр 2012 жыл,Шакуал Ермұханбетұлы:"Болашағы бағдарлы келешегі кемел оқу орны", 48-бет. * * ## Сыртқы сілтемелер http://www.tetk.net/(қолжетпейтін сілтеме) http://www.tatk.kz(қолжетпейтін сілтеме)
Құмтөккен (2008 жылға дейін – Қызыләскер) — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қамсақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 527 адам (267 ер адам және 260 әйел адам) болса, 2009 жылы 441 адамды (228 ер адам және 213 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ысмайыл Шәменұлы Нышан (1892, Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – 1979, Қызылорда қаласы) – Қорқыт күйлерін біздің заманымызға жеткізген қобызшы, абыз. Нышан бір жасында «күйдіргі» (түйнеме) ауруына шалдығып, жасында екі көзінен зағип болып, өмір тауқыметін көп тартқан. Тоғыз жасынан қобыз тартуды үйренген Нышан «Мұсаяз» бейітіне келген қобызшылардан Қорқыт атаның және белгілі бақсы-балгерлер Есақай мен Адасқан, т.б. қобызшылардың күйлерін үйреніп алады. 1975 жылы фольклоршы М. Байділдаев Нышан ойнауында Қорқыт атаның 11 күйін үнтаспаға жазып алған. Қызылорда қаласындағы бір көшеге Нышан есімі берілген.Қобыз күйінің атасы Қорқыт дәстүрін бойына сіңіріп, Ықылас, т.б. күйлерін игерген. Алғаш Н. есімі Сыр бойы өнерпаздары туралы Ә.Қоңыратбаев көрсеткен тізімде аталды (1973). 1975 жылы Нышанның “Ұшардың ұлуы”, “Тарғыл тана”, “Елім-ай, халқым-ай”, “Әуппай”, “Сарын” (1-2 түрі), “Қоңыр”, “Қорқыт”, “Башпай”, “Желмая”, “Байлаулы киіктің зары” күйлері өз орындауында магнитофон таспасына жазылып алынды. Нышан абыздан жазылып алынған бұл күйлер “Елім-ай” (1987) деген атпен Қорқыт шығармалары ретінде жарық көрді. Дұрысында бұл күйлерді Қорқыт дәстүрінен бастау алған Н-ның төл шығармалары деу керек. ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы
Батырлық ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанрларының бірі, көбінесе, өлеңмен, кейде қара сөзбен де айтылатын көркем шығарма. Қиял-ғажайып ертегілері сияқты батырлық ертегілердің көпшілігі ежелгі замандарда пайда болған. Қиял-ғажайып ертегілерде көбіне мифтік, таңғажайып оқиғалар баяндалатын болса, батырлық ертегілерде кейіпкер дара мадақталып, батырлардың ерлік істері барынша әсірелеу түрінде көрсетіледі. Батырлық ертегілердің негізгі тақырыптары - сүйген адамына қосылу жолында шексіз ерлік көрсету, неше түрлі құбыжықтармен, жалмауыздармен соғысу, елі үшін жаудан кек алу. Баяндау кезінде сол фантастикалық мақұлықтар бейнесіне, табиғаттың дүлей күштеріне, жауласушы жақтың тұрмыс-тіршілігіне, іс-әрекетіне түсініктемелер беріледі. Батырлық ертегілердің бәрі бірдей ерте заманда туған жоқ, кейбіреулері кейін пайда болып, көбіне батырлық жырлардың прозалық түріне айналып отырды. Олардың негізгі арқауы бұрынғыдай дию, перілермен алысу емес, керісінше, қазақ батырларының сыртқы жаулармен соғысуы, ру-тайпалардың өзара талас-тартыстары сияқты оқиғаларға құрылды. Батырлық ертегілердің өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар. * Біріншіден, мұнда қиял-ғажайып ертегілерге қарағанда, суреттеу элементтері басым. * Екіншіден, кеңінен баяндалатын нәрсе - кейіпкердің жаумен жекпе-жек соғысы. * Үшіншіден, қара сөзден гөрі өлеңмен баяндау жиі кездеседі, демек, ырғақ пайда бола бастайды. Сонымен бірге, көп жағдайда батырлық ертегілер батырлық жырларға да жақын. Ерлік көрсетіп үйлену, ел үшін кек алу, әр түрлі жауыздармен алысу - батырлық эпос дамуының кейінгі кезеңіне жататын тақырыптар. Мұндағы батырлар образы батырлық ертегілер негізінде дамыған. Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Әлібек сияқты батырлық ертегі кейіпкерлерінің қасиеттері батырлық жырлар кейіпкерлері характерінде жиі ұшырасады. Бұдан біз батырлық ертегілер мен батырлық жырлардың тарихи сабақтастығын көреміз. ## Дереккөздер
Евдокия Никитична Иващенко - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, тракторшылар бригадасының бригадирі, Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1914 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Вознесенка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1932 жылы тракторшылар дайындайтын курсты бітіріп, 6 жыл Мәртөк МТС-да тракторшы болып еңбек етеді. * 1938 жылы - тракторшылар бригадасының бригадирі. * 1939 жылы - Шевченков МТС-ның директорының орынбасары. Осы жылы КОКП мүшесі болады. * 1942 жылы - "Крестьянин" колхозының председателі. 1947 жылы колхоз барлық 1135 гектар жердің әр гектарынан 11 центнерден дән алады. * 1947 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланады. * 1948 жылы аудандық және Мәртөк аудандық еңбекшілер депутаттары Советінің депутаты болады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * "Құрмет белгісі" ордені (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қылшан - Қорамсаптың бір түрі. ## Тарихы Шығыс халықтарында б.з.б 3-мыңжылдықтан бастап қолданыста болды. Кейіннен Орталық Азияны мекендеген сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар садақ пен оқты бірге алып жүретін садаққап пен қылшанның біріккен түрі - горитті қолданды. 5 - 15 ғасырларда түркі-моңғол көшпелілері қылшанды оқтың жеке қабы ретінде қайтадан қолданысқа енгізді. ### Жасалуы Ағаштан Жасалынып, терімен қапталады, сырты сүйекпен әшекейленеді. Қылшандардың ұзындығы жебенің ұзындығына сәйкес 80-100 см аралығында, ені 15 - 20 см болады. Жебелер қылшынға басы жоғары қаратылып салынған. Ауызы қайыңның қабығынан, теріден, матадан жасалған қаппен бекітіледі. Қылшан арнаулы ілгектері немесе қайысбауы арқылы белдіктен оң жақтан тығылады. ## Дереккөздер
Алатау батыр ауылдық округі – Түркістан облысы Шардара ауданындағы әкімшілік бірлік. 2011 жылға дейін Целинный ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қазақстан, Целинное ауылдары кіреді. Орталығы – Қазақстан ауылы. Кестеде кішірек жазумен тиесілі ауыл маңындағы тұрғылықты тұрғындары ұлттық санақ қорытындысына енген мекен-жайлар көрсетілген.' ## Дереккөздер
Самбет Саттаров(1925-1990) — Ұлы Отан Соғысының, партия, совет, шаруашылық жұмысының ардагері. 1925 жылы наурызда Шымкент облысы, Келес ауданындағы "Абай" атындағы Колхозда дүниеге келді. Әкесі-Құлбаев Саттар, анасы-Құлбаева Нұржамал, 1929 жылдан өмірінң соңынадейін колхозшы-шаруалар болған. * С.Саттаров 1932 жылы мектепке оқуға барып, 1942 жылы Абай селосындағы "Ленин жолы" орта мектебінің кешкі бөлімін бітірді. * 1942 жылдың қыркүйегінен 1943 жылдың наурыз айына дейін Ташкент облысының «Шыназ» ауданындағы Ленин атындағы Колхозда бухгалтер болып істеген. * 1943 жылы наурыздың 19-да Совет Армиясы қатарына шақырылып, маусымның 10-на дейін Самарқан қаласында 368-ші запстағы атқыштар полкінің , полк мектебінің курсанты болды. * 1943 жылдың шілдесінен 1944 жылдың 25-ші шілдесіне дейін Ташкенттегі Ленин атындағы «Жаяу-әскер» Училищесінде оқып, оны бітіріп, Кіші Лейтенат дәрежесін алып шықты. * 1944 жылдың 25 шілдесінен 1945 жылдың 12 мамырына дейін Ұлы Отан соғысына қатысты. Әуелде 1-ші Беларусь майданының 69 армиясының 4-ші Бешицк атқыштар дивизиясының 39-шы атқыштар полкінде пулетшілер взводының командирі, 1945 жылдың 12 мамырынан 14 қазанына дейін совет әскерлерінің солтүстік тобының 3-ші екпінді армиясының қызыл тулы Таскен дивизиясындағы 364-ші атқыштар полкінің 1212-ші пулемет взводының командирі болып қызмет істеп , ұрысқа қатысқан. * 1945 жылдың 14 қазанынан 1946 жылдың 27 мамырынадейін Харьков Әскери округіне қарасты 45-ші армияның СУВОРОВ Орденді 146-ші қызыл тулы ОСТРОВСКОЙ дивизиясының 608-ші атқыштар полкінің пулемет взводының командирі болып қызмет атқарды. Әскер қатарынан 1946 жылы 27 мамырда АҒА ЛЕЙТЕНАНТ шенімен ауылға оралды. * 1943 жылы запастағы атқыштар полкінің саяси бөлімінде ВЛҚСМ қатарына , 1944 жылы қаңтарда 4-ші атқыштар дивизиясының саяси бөлімінде ВҚП(б) мүшелігіне кандидат , 1945жылы мамыр айында 4-ші БЕЖИЦК атқыштар дивизиясының саяси бөлімінде ВҚП(б) мүшелігіне қабылданды Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерліктері АЛЕКСАНДР НЕВСКИЙ, Ұлы Отан соғысының 1-ші және 2-ші дәрежелі , Қызыл Жұлдыз және 1990 жылы Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі Орденімен екінші рет наградталды. Сондай-ақ «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» , « Варшаваны Азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» және тағы басқа 15 медальмен марапатталды. Осы наградаларға қосымша, шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін Бас Қолбасшы Сталиннің жеке өзінен 5 рет Алғыс хат алған. Ұлы Отан соғысынан елге қайтқаннан кейін 1946-1950жылдары Келес аудандық советі атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, Келес аудандық партия комитетінің Нұсқаушысы , 1950-1952 жылдары Келес аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы, 1952-1954 ж «КОММУНА» Колхоздың төрағасы , 1954-1960 жылдары Келес Аудандық тұтынушылар одағының Нұсқаушы-бақылаушысы, Сталин атындағы Колхоз төрағасының орынбасары , Сырдария селолық советінің төрағасы, АБАЙ поселкелік советі төрағасының орынбасары, аудандық партия комитетінің Абай атындағы Совхоз аймағы жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет істеген. 1960-1962 жылдары Шымкент қаласындағы Облысаралық 3-жылдық Совет-партия мектебінде оқып, оны бітіріп шыққан. 1962-1970 жылдары Келес ауданындағы Қазақ ССР 40 жылдығы атындағы совхоздың №2 бөлімшесінің басқарушысы , 1970-1972 жылдары Бірлік селолық советінің төрағасы, 1972-1980 жылдары Коммуна совхозының №1 бөлімшесінің басқарушысы, Ленин жолы селолық советінің төрағасы, 1980 жылдан 1987 жылы зеәнеткерлікке шыққанға дейін Бірлік селолық советінің төрағасы болып қызмет істеген. 1954 жылдан 1987 жылға дейін аудандық советтің депутаты болып сайланған , 1952 жылдан 1987 жылға дейін селолақ советтердің депутаты болды.Аудандық партия комитетінің мүшелігіне де бірнеше рет сайланған. 1990 жылы дүние салды. Жұбайы Меруерт екеуі 10 ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеген. Жұбайы «Ардақты ана» атағын алған. 1991 жылдың мамыр айында С. Саттаровтың ерлігі мен қызметіне орынды баға бере отырып, халық депутаттары Келес аудандық советтің Саттаров туып өскен Ошақты селолық советіне қарасты Орджоникидзе атындағы бөлімшені Сәмбет Саттаров атындағы бөлімше етіп атау жөнінде шешім қабылдады.
Целинный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Целинное ауылы кіреді. Орталығы – Целинное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 332 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қарасақал, Қарахан, Шона (шамамен 1705 — 1749) - батыр. Шыққан тегі белгісіз. Алдымен И.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясына қарсы шықты Башқұртстанның Ресейге қосылуына қарсы бағытталған 1740 жылы башқұрт көтерілісінің жетекшісі. Көтеріліс талқандалғаннан кейін Қара Ертіс жағына өтеді. Қазақ даласына келіп, Орта Жүзді паналады. Мұнда Қазыбек бидің қамқорлығымен қазақ даласынан саяси баспана табады. Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қаракерей Қабанбайдың қол астындағы руларды паналап, өзінің саяси күресін жалғастырды. Сол кездегі қалыптасқан жағдайды шебер пайдалана отырып, өзін «жоңғар қонтайшысы Қалдан Цереннің інісі Шонамын» деп жариялады. Қазақ еріктілерінен кұралған жасақтарды бастап, жоңғарларға, орыс бекіністеріне, қарақалпақтарға жиі- жиі жорық жасап тұрды. Өмірінің соңына дейін қазақ жерінде тұрған. Белгісіз жағдайда қазаға ұшыраған. ## Дереккөздер
Райымбек Түкеұлы (1705–1785) — қазақ батыры, дарынды қолбасшы. Алматы облысы Райымбек (Нарынқол) ауданы Ілебасы өңірі, Ұлы жүз Албан руының Шоған абыз ұрпағы Алжан (Мәмбет) елінің Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоанновнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев “Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында “Райымбек бастауы” бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласының ортасында оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 жылы “Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылды. ## Жастық шағы Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген."15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, - деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды. ## Орта жүзге көмегі Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17-інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да қалмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды. ## Батыр туралы мәліметтер Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың аяқталмай қалған “Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін “Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан әулие, батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, қырғызды, Шығыс Түркістандағы ұйғырды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" айтады. Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды. Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райым­бектің ат үстіндегі мүсіні ор­натылыпты. Оны орнатуға мұрын­дық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен. ## Райымбек батырдың аты қойылған жерлер Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді.Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында қаланың ортасында үлкен даңғыл бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген. ## Дереккөздер
Целинный ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Целинное ауылы кіреді. Орталығы – Целинное ауылы. Округ құрамында болған Бектас ауылы 2009 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 345 адамды құрады. ## Дереккөздер
Сұлтанбет сұлтан (Сұлтанмұхамед, Сұлтанмәмет) (1710 жылы, Түркістан төңірегі - 1790, қазіргі Павлодар облысы) - би, мемлекет қайраткері, қазақ сұлтаны, дипломат, Абылай ханның немере ағасы. 18 ғасырдың 1-жартысында Орта жүз ханы Әбілмамбет ханның жарлығымен қыпшақ ұлысының басшысы болды. Абылай ханды Жоңғар шапқыншылығынан құтқаруға, сонымен қатар Жоңғарларға қарсы әскери күрестерге белсенді қатысты. Бос қалған Іле өзені үшін Қытай - Қазақ арасындағы аумақтық келіспеушілік шешуде ол өзін мәмілегер ретінде танытты. Абылай ханның өлімінен кейін Сұлтанбет сұлтанға хан тағы ұсынылды, бірақ ол Уәлиге жол берген.' Мәмілегерлік қабілеті мол Сұлтанбет кейде хандардың атынан Ресей ұлықтарына дала халқының мұң-мұқтажын айту үшін жиі барған. Абылай ханның жұмсауымен екі рет (1762 және 1767 жылы) Қытайға елші болып барып, шекара мәселесін реттеген. Ертістің оң жағалауын орыс отаршыларынан сақтап қалуда зор еңбек етті. Ертіс бойын билеген Сұлтанбеттің беделі жоғары болғанын Ш.Уәлихановтың «Орыс үкіметі шынайы ханның өзі тұрғанда да Орта жүз билеушілерінің ішінен Абылаймен, оның бауыры Сұлтанбетпен көбірек қарым-қатынас жасады» деп жазғанынан көруге болады. Ресей үкіметі оған арнап Ертіс өңіріндегі Төретұмсық деген жерде еуропалық үлгідегі сәулетті үй-жай салып берген. Оның 1762 жылы Ресей патшайымы Екатерина Патшамен және басқа да ықпалды орыс қайраткерлерімен жазысқан хаттары сақталған. Екатерина II өзінің таққа отыру рәсіміне орай шақырған санаулы қазақ билеушілерінің ішінде Сұлтанбет те болған. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін мұрагерлікке ұсыныс жасалғанда, жасының ұлғайғанын ескеріп, орнын Абылайдың үлкен ұлы Уәлиге берген. Сұлтанбеттің он үш ұлы (кейбір деректерде он сегіз) болған. Олардың көбі (Орыс, Иман, Жәңгір, Үкібай, Тортан, Шаншар) кезінде Ертіс бойын мекендеген іргелі руларды билеп, сұлтан атанған. Осылардың ішіндегі танымалы, бәсентиін руының билеушісі - Орыс сұлтан. Ол Абылай хан мен Сұлтанбеттің тапсырмасы бойынша бірнеше рет Ресей және Қытаймен дипломат, келіссөздер жүргізген. ## Дереккөздер
Сыздық Кенесарыұлы (Садық сұлтан, Сыздық төре; 1837 жыл – 1910 жыл) — XIX ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. ## Бала шағы Кенесары ханның екінші әйелі Жаңыл ханымнан туған. Кенесары қаза болғаннан кейін оның бала-шағасы төлеңгіттермен Түркістан қаласына іргелес Қаратау маңына көшіп барған. Олар салық төлемеу шартымен Қоқан хандығына қарады. Сыздық ауыл молдасынан білім алып, ер жеткенде Қоқан ханына әскери қызметке кірді. Оған пансат басы (бес жүз әскербасы) атағы берілді. Ол өзінің әскерімен Ұзынағаш шайқасына қатысып, ерлігімен көзге түсті. ## Орыс әскерлермен шайқас 1864 жылы Қоқан ханының әмірімен Созақтың әкімі болып тағайындалды. Бұл кезде Ресей полковнигі Веревкин Түркістан қаласына таяп келіп, қоршауға алды. Осыған орай ол өзінің жасақтарымен Түркістан қаласын қорғауға аттанды. Сыздық жасақтары орыс әскерлерінің қоршауын бұзып, Түркістан қаласына еніп, оны қорғауда батылдық танытты. Сондай-ақ Түркістанға іргелес Иқан ауыл маңында орыс әскерлеріне ойсырата соққы берді. Сыздық Шымкент қаласын қорғауға да қатысып, генерал М. Г. Черняев әскеріне тойтарыс беруде өзінің талантты қолбасшы екенін көрсетті. Генерал Черняев Шымкентті алғашқы шабуыл барысында ала алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Ташкентті қорғау барысында Әлімқұл қаза тапқан соң қаланың беделді ақсақалдарының ұсынысымен Сыздық әмір лашкар (әскербасы) болып сайланып, Ташкентті қорғауды қолға алды. ## Бұхар әмірлігімен одақтасуы Сыздық патшалық Ресейдің басқыншылық саясатына тегеурінді тойтарыс беру мақсатында Бұхар әмірлігімен одақтасу қажет деп тапты. Соған орай Бұхар әмірі Әбулмұзафарға елші жіберді. Бұхар әмірі мұндай келісімді қабыл алып, Ташкентке өзінің Тайшыбек атты өкілін аттандырды. Тайшыбек келгеннен кейін Сыздық Ташкентті басқаруды соған тапсырды. Генерал Черняев әскері Ташкентті алып, Жызаққа қарай бет алғанда Сыздық оған тегеурінді қарсылық ұйымдастырды. Сырдария бойындағы Шардара қамалы маңындағы қазақтарды орыс әскерлерінің тонап жатқаны жайлы хабар алған Сыздық оларға көмекке аттанды. Ол жергілікті қоңыраттардан жасақ құрастырып, орыс әскерлеріне ойсырата соққы беріп, Шардара маңы қазақтарының тоналған мал-мүлкін қайтартты. Бұдан соң Сыздық Самарқандқа барып, Бұхар әмірімен бірге Бұхараға кетті. Сол жақтан 800 адамнан тұратын жасақ алып, Қазалыны азат етуге аттанды. ## Бұхар әмірлігіне қарсы шығуы Қазалының оңтүстігіндегі Сарыбұлақ деген жерде орыс әскерлерімен шайқасты. Үш күнге созылған шайқаста Сыздықтың жасағынан 22, ал орыс әскерлерінен 60-тан астам адам қаза тапты. Перовскіден Қазалыға қосымша орыс әскері жіберілгеннен хабардар болған Сыздық жасағымен Қызылқұм арқылы жүріп Жызаққа келіп, орыс әскерімен шайқасқа түсіп, оларды шегінуге мәжбүр етті. Бірақ бұл кезде Бұхар әмірінің әскері Самарқанд түбінде генерал К.П. Кауфман әскерінен жеңілген еді. Самарқандты қорғаушыларға Сыздық жасақтарымен келіп қосылғанымен қаруы басым орыс әскерлері жеңіске жетіп, Самарқандты алды. Бұхар әмірінің орыстармен бітімге келуін Сыздық сатқындық деп бағалап, онымен де күресуге бел буды. Ол өзімен пікірлес әріптестерімен бірге қазақтар арасынан жасақ жинап, Нұратаны алды. Бұхар әмірі Сыздықтың Нұратаны алғанын естігеннен кейін оған қарсы бес мың сарбаз бен сегіз мың атты әскер жіберді. Жазалауға жіберілген бұл әскер Сыздықтың жасағымен бетпе-бет келгенде үрейленіп, ұрыссыз тізе бүкті. Осылайша Сыздыққа он үш мың әскер қосылды. Алайда бұл әскер Сыздыққа шын беріле қоймады. Соның салдарынан Зеравшан өзен бойында Бұхар әмірімен болған шайқаста Сыздық маңында мыңға жуық адам ғана қалды, қалғандары шайқасқа түсуден бас тартып, қашып кетті. ## Соңғы шайқас Бұл оқиғадан кейін ол Хиуа хандығы иелігіне өтіп, Сырдарияның сол жағалауын қоныстанған қазақтардың басшысына айналды. 1873 жылы көктемде Кауфман Хиуаны жаулауға аттанған кезде Сыздық өзіне қарасты қазақтардан 700 адамнан тұратын жасақ құрды. Бұған Хиуа ханы түрікмендерден құралған 500 адамдық жасақты қосып, Сыздықты Кауфман бастаған әскерге қарсы аттандырды. Әмудария бойындағы Үшошақ деген жерде Кауфман әскерімен Сыздық жасақтары шайқасқа түсті. Шайқас барысында Хиуа ханының орыс жаулаушыларымен келіссөз жүргізіп жатқандығынан хабардар болған Сыздық өз күресін Қашқарға барып жалғастырмақ болды. Ол Гератқа өтіп, сонда үш айдай тұрақтап, Бадахшан арқылы Қашқарға келді. Мұнда оны Қашқардың билеушісі Якупбек қабылдап, оған әскери қолбасшы лауазымын береді. Сыздық Қашқардағы мұсылмандардың көмегімен Түркістан өлкесін орыс жаулаушыларынан азат етуге болады деп үміттенді. Алайда 1877 жылы Қашқарды Цин империясы әскерлерінің жаулап алуына байланысты бұл үміт те үзілді. Сыздық Қытай жаулаушыларымен шайқас барысында ауыр жарақат алды. 1878 жылы Ферғана өңіріне өтіп, орыс билігін мойындауға мәжбүр болды. Оған Сырдария облысының Шымкент уезінде тұруға рұқсат етілді. Сыздықтың ерлік істерін Майлықожа мен Жамбыл ақындар жырға қосқан. ## Дереккөздер
Исин Әміре (1867 ж. - 1931 ж.) - Қазақстандағы көрнекті қоғам қайраткері. Ә.Бөкейхановпен бірге Ф.Щербинаның экспедициясына қатысып, Қазақстанның далалық уезін зерттеуге атсалысқан. 1906 жылы жеке өзінің бастама көтеруімен Ақмола облысының Омбы уезінде өз үйінің тең жартысын алғашқы қазақ мектебін ашуға бөліп берді. ## Дереккөздер
Қайың саңырауқұлағы (лат.Inonotus obliquus) – Базидиомицет бөлімшесіне жататын бедеу саңырауқұлақ болып табылады. Көбінесе қайыңның үстінде кездескеннен осы атауына еге болған. Басқа талдарда сирек кездеседі. ## Биологиялық сипаттама Қайың саңырауқұлағы талдың Inonotus obliquus паразит саңырауқұлағымен қағынуының нәтижесінде пайда болады. Қайыңның үстіндегі бездің мөлшері 5-40 см-ге дейін өседі. Бетінің түсі қара, көптеген жарықтармен қапталған. 10-20 жылдан кейін бұл паразиттік симбиоз үлкен еге-талдың өліміне келтіретіні ақиқат. ## Химиялық құрамы Өсімдіктің құрамында калий, қышқылдар, птериндер, лигнин табылған. ## Таралуы Қайын саңырауқұлағы Ресейде, Еуропа, Корея ормандарында және солтүстік АҚШ-та көп кездеседі. ## Қолданылуы Медицинада көбінесе қатерлі ісіктерге қарсы және асқазан ауруларына қарсы ем ретінде көп пайдаланады. Қайың саңырауқұлағын жыл бойы жинауға болады. Көбіне күзде, қыста және ерте көктемде жинағаны тиiмдi. Балтамен тал сабағының саңыруақұлақ өскен жерін шауып алып, өсімдіктің ақшыл жағын алып тастап, қарайған жағын алады. ## Дереккөздер
## Бояуриян Бояуриян -(лат. Rúbia) –Бояурияндар (Rubiaceae) тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.Бояуриянның ең белгілі түрі - Марена красильная (Rubia tinctorum L.), Бояуриянның бұл түрінен крапп бояғышын жасайды. ### Ботаникалық сипаттама Тамырының ұзындығы 10-25см қалыңдығы 0,5см іші сағышқызыл түсті, сырты – қоңыр.Жапырақтары сабағына айналмалы орналасқан.Гүлдері майда дөнгелек пішіндес, 4-5 бөліктен тұады, екі жынысты.Жемісі – етжең шырынды, дәнегі бар. ### Таралуы Оңтүстік Еуропада және Азия, Америка мен Африканың тропикалық елдерінде жабайы түрінде өседі. ### Химиялық құрамы Өсімдіктің тамыры мен тамырсабақтарынан антрахинон, руберитрин қышқылын, рудиадин, пурпурин, ализарин таза түрінде табылған. ### Пайдалануы Теріден және жүннен жасалған бұйымдарды бояу үшін.Медицинада тамыры мен тамырсабақтары зәр айдағыш ретінде, өт қалтасы ме бүйректегі тастарды қобсыту үшін, әсіресе, тастар фосфатты және оксалатты болса. ## Бояуриян Бояуриян -(лат. Rúbia) –Бояурияндар (Rubiaceae) тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.Бояуриянның ең белгілі түрі - Марена красильная (Rubia tinctorum L.), Бояуриянның бұл түрінен крапп бояғышын жасайды. ### Ботаникалық сипаттама Тамырының ұзындығы 10-25см қалыңдығы 0,5см іші сағышқызыл түсті, сырты – қоңыр.Жапырақтары сабағына айналмалы орналасқан.Гүлдері майда дөнгелек пішіндес, 4-5 бөліктен тұады, екі жынысты.Жемісі – етжең шырынды, дәнегі бар. ### Таралуы Оңтүстік Еуропада және Азия, Америка мен Африканың тропикалық елдерінде жабайы түрінде өседі. ### Химиялық құрамы Өсімдіктің тамыры мен тамырсабақтарынан антрахинон, руберитрин қышқылын, рудиадин, пурпурин, ализарин таза түрінде табылған. ### Пайдалануы Теріден және жүннен жасалған бұйымдарды бояу үшін.Медицинада тамыры мен тамырсабақтары зәр айдағыш ретінде, өт қалтасы ме бүйректегі тастарды қобсыту үшін, әсіресе, тастар фосфатты және оксалатты болса.
Ипатко Иван Евстифеевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1908 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Көкпекті ауданы, Подгорное селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Семей облысындағы Жданов атындағы колхозда еңбек жолын бастайды. * 1939 жылы егіншілер бригадасының бригадирі етіп тағайындайды. * 4 жыл Совет Армиясы қатарында Ұлы Отан соғысына қатысып "За победу над Германией", "За победу над Японией" және "За оброну советского Заполярья" медальдарымен наградталады. * Соғыстан оралған соң өз жұмысын одан әрі жалғастырады. 1947 жылы оның бригадасы 200 пұт өнім жинауды міндеттеме етіп алып, оны абыроймен орындайды. 490 гектар астық дәнді дақылды аумақтың әр гектарынан межеленген 8,5 центнердің орнына 12,5 центнерден өнім алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Қызылжидек немесе Итбүлдірген (лат. Vaccinium vitis-idaea) – тұқымдасы Vaccinасае (Вересковые) Вакциниум (Vaccinium) бөлімшесіне жататын биіктігі 15-20см көпжылдық өсімдік, шала бұта. Латынша аты "vitis-idaea" қазақшаға аударғанда "Ид тауындағы жүзім" деген мағынаны білдіеді (Крит аралы). ## Биологиялық сипаттама Тамырсабағы жіп тәрізді, тамырсабағымен тамырларынан жоғарға қарай 15-20см сабағы көтеріледі.Жапырақтары кезек оналасқан, қысқа сабақты, жұмыртқа пішінді, тегіс, жылтыр, ұзындығы 2-3 см, ені 1,5 см. Гүлдері майда, қос жынысты, ақшылқызыл түсті, 10-20 данадаң өсімдіктің жоғарғы жағында гүлшоғырына жиналған. Көктемнің соңында - жаз басында гүлдейді. Жемісі майда, етжең, түсі қызыл, қар астында көктемге дейін сақталады. ## Химиялық құрамы Қызылжидектін жапырағы (лат. Folium Vitis idaeae) медицинада дәрі етінде пайдаланады. Қызылжидек құғақ жапырағының құрамында арбутин, фенолгликозидтер, урсол қышқылы бар. ## Пайдалануы Бүйрек аурулары, ревматизм, подагра, туберкулез ауруларын қарсы қосымша емі ретінде қолданылады.Жемісінін шырынын гипертонияда, невроз, және жүкті әйелдердің аемиясына қарсы ем болып табылады.
Мұз айдыны - Қызылорда қаласында 2013 жылы 23 қыркүйекте Қызылорда қаласында ашылған мұз айдыны. Мұз айдынның ашылуына елбасы қатысты. ## Сәулетшісі ## Тарихы Жаңа ғимарат Ғ.Мұратбаев атындағы стадион мен «Еуразия» спорт кешені арасынан қоныс теуіп, өзіндік спорт қалашығы ансамблін түзуге қатыспақ. Қала басшылығы мұз айдыны ауданы үшін 1,5 гектар жер телімін бөліп берді. Халықаралық дәрежедегі жарыстар өткізуге лайықтанып соғылып жатқан кешен 900 орынды. Мұз айдынының жобасын «Абзал Консалтинг» компаниясы жасаса, құрылысын алматылық «Конструктив» ЖШС жүргізуде. ## Сыйымдылығы «Спорттық-сауықтыру кешенінде сырғанау мұз айдыны, волейбол, баскетбол - командалық ойындар залы, жекпе-жек үшін оқу-жаттығу залы, сонымен бірге, спорттық билерге арналған хореографиялық сынып қарастырылған. ## Түсініктемелер ## Тағы қараңыз Қызылорда ## Сыртқы сілтемелер
Уретандар, карбоматтар - кристалды заттар. Химиялық формуласы: R'RNCOOR. Уретандың қышқылдық немесе сілтілік ортадағы гидролизі спирттің, CO2 және NH2-тің, ал NH3-пен реакциясы мочевинаның түзілуіне әкеледі. ## Алыну жолы Уретанды спиртті мочевинамен, карбомоихлоридпен немесе циан қышқылымен, аммиактың судағы ерітіндісін хлор көміртек қышқылының күрделі эфирлерімен, изоцизиаттарды спирттермен әрекеттестіру, спирттік ортада амидтерді деструкциялау арқылы т.б. жолмен алады. ### Қолданыста Дәрілік заттар (мыс, прозерин, карбохолин), гербицидтер (фенмедифам, барбан), т.б. ретінде қолданылады. Арилизоцианаттардан алынған уретандар спирттер мен фенолдарды сәйкестендіру үшін пайдалынады. ## Дереккөздер
## Семей ішкі округінің құрылу себептері Ертістің оң жақ бетіндегі қазақтардың саны жылдан-жылға арта түсті. Мәселен, 1851 жылы онда 18985 көшпелі және жартылай отырықшы қазақтар тұрды. Олар негізінен арғын, қыпшақ, керей және уақ тайпаларының қазақтары еді.Ертістің оң жағалауында тұрудың өзіндік ерекшеліктері болды. Ондағы қазақтар патша үкіметіне ешқандай алым-салық төлемейтін еді. Олардың оң жағалауға өткелі бері өздерінің дербес басқару орындары болған жоқ. Қазақтар мен орыс шаруаларының арасындағы қарым-қатынас шиеленісе қалған жағдайда қай үкімет билігіне:-губерниялық, тау - кен (кабинеттік ) немесе қазақтарға жүгіну керектігі жөніндегі мәселе көтерілді. Патша үкіметіндегі ендігі жерде ішкі жақ беттегі қазақтарды арғы беттегі далалық тайпаластарымен қарым-қатынас жасап тұруына тыйым салды. Олар шекара шебінен өткені үшін баж және жол жөндеу салығын төлеуге тиісті болды. Қазақтардың белгілі бір өкімет билігіне бағынбауы олардың жылқы ұрлауына мүмкіндік береді деп табылды. Ертістің оң жағалауындағы қазақтарды кері көшіріп жіберуге тырысқан әрекеттер жиілеп кетті.Хандық билік бастап Солтүстік-Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінде далалық округтер бірінен соң бір құрыла бастады. Ертістің оң жағалауындағы қазақтар, міне, сол кезде жергілікті өкімет билігіне қайта-қайта өтініш жасап, өздері үшін әлдебір "Дала думасы" тәріздес жеке басқарма құрып беруді сұраумен болды. Бірақ бұл проблеманың шешілуі ұзаққа созылды. ## Семей ішкі округнің ашылуы Бір жағынан, Ертістің оң жағалауындағы қазақтармен, екінші жағынан, Томск губерниясы мен Сібір қазақтарының арасындағы шиеленісті оқиғалар күшейе түсті. Оның үстіне жылқы ұрлау етек алып, елеулі құбылысқа айналды. Әдетте орыс шаруалары ұрланған малын, ең алдымен, "ішкі қазақтардан" көретін болды.1854 жылы 9 мамырда "Семей облыстық басқару туралы Ереже" шықты. Жаңа ереженің бір тармақшасы бойынша Ертістің оң жағалауындағы қазақтардың жаңадан Семей ішкі округі құрылды. Оның аумағының ені 300-400 шақырым, ұзындығы 800 шақырым шамасында. Ол Омбы бекінісінен Өскемен бекінісіне дейін созылды. Жаңа округ Томск губерниясының аумағында құрылғанымен жаңадан құрылған Семей облысының қарамағына берілді.Империяға шын берілген қазақтардан қайтадан ант алу үшін әзірлік шаралары белгіленді. Семей облысының қазақтары әскери қызмет етуден босатылды. Жаңа округтің басшылық ұйымын құру негізіне аты шулы " Сібір қырғыздары (қазақтары. - авт.) туралы "Жарғы" алынды. Бірақ оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ## Округтік бұйрықтың құрамы Округтің бұйрықтың құрамына округтік әскери бастық (ол округтік бұйрық төрағасының рөлін атқарды), сондай-ақ орынбасарының рөлін атқаратын аға сұлтан кірді. Оның құрамына үш орыс пен бір қазақ белгілі бір қызметке енді . Округтік бастық Батыс - Сібір генерал - губернаторының ұсынысы бойынша армияның немесе қазақтардың штаб офицерлері қатарынан тағайындалды. Округтің басшысы Ресейдің Ішкі істер министрінің ұсынуымен императордың жарлығы бойынша бекітілді. Өкімет билігін шекара шебіндегі қазақ әскерлерінен қойылатын ішкі күзет қорғап тұрды. Сөйтіп жаңа округтің басқармасы таза әскери сипатта қалыптасты. Семей ішкі округінің әкімшілік тұрғысынан бөлінісі сыртқы қазақ округтерінің бөлінісіне ұқсас болып шықты. Округ болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Әр ауылда орта есеппен 50-70 үй (шаруашылық) болды, ал әр болыс 10-12 ауылдан тұрды. Болыстарды сұлтандар немесе құрметті қазақтар, ауылдарды старшындар басқарды. ## Сайлау тәртібі Старшындар мен болыстарды Округтік приказ бен Шекара бастығы бекітіп отырды. Аға сұлтан мен қазақ заседатель үш жыл мерзімге сайланды. Оларды Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекітті, бірақ аға сұлтан қазақ заседателінің сайлауына қатысуға барлық болыстардың, сұлтандардың, шен-шекпені қазақтардың да құқығы болды. Патша үкіметі Шыңғысхан ұрпақтарын билік шеңберінен шектетуге тырысып бақты. Соңғы кездегі оқиғалардың барысы Семей ішкі округінде бірден "қара сүйек" өкілдері Тоқпан Айтуаров пен Түйте Нүркеновтың және басқалардың аға сұлтандар болып сайланып кеткендігін көрсетті. Ережеге сәйкес ауыл старшындары мен болыс басшыларын халық тұрақты түрде сайлады. Ал сыртқы округтерде ауыл старшындары үш жылға ғана сайланды.Округ бастығы округтік судьяның міндеттерін қоса атқарды. Семей ішкі округіндегі және сыртқы қазақ округтеріндегі болыстар мен ауыл старшындарының атқаратын қызмет түрлері бірдей еді. Олар төменгі деңгейдегі старшын әкімшілік қызметін атқарды. ## Сот билігі Округтегі сот билігі қазақтардың дәстүрлі билер сотының аз ғана өзгертілген нұсқасы еді. Оған Ресей сотының кейбір элементтері ғана енгізілген болатын. Ішкі қазақтардың арасындағы дау-дамайды әр болыста қосымша сайланатын алқа би, ал неғұрлым құрметті рубасыларының арасындағы дау-дамайды билер шешетін. Билердің қызметі округтік бұйрықта бекітілген.Сот мәжілісі қосымша сайланған бидің төралығымен өтетін. Оған дауласушы екі жақтың билері де қатысатын. Қосымша сайланған би қаралған істің тағдырын , екі жақтың келісімін ала отырып, бірөзі шешетін. Бидің шешіміне риза болмаған жағдайда округтік бұйрыққа шағым түсіруге болатын. Бұл қазақтың дәстүрлі билер құқығына қарсы ұйымдастырылған шара еді. ## Міндеткерліктер Алым-салық пен атқарылатын міндеткерліктер нақты белгіленді. Жергілікті қазақтар әрбір 60 бас малдан салық төлеуге тиісті болатын. Ол жалпымемлекеттік қазынаға түетін. Қазақтарға ешқандай да жеңілдік мерзімі қарастырылмады. Олар қазақтардың жерін басып өткені үшін баж салығын төлеуге міндетті болды. Меншігіндегі мал басын қасақана жасырғаны үшін жазалау шаралары белгіленді. Айыпты адамға салық ең бірінші жолы екі есе көп салынды. Ал екінші рет айыпты болған жағдайда салық мөлшері бірден үш есеге көтеріліп, сондай - ақ күміс ақшамен 15 сом мөлшерінде өсім - пұл алынып, ісі сотқа өткізілетін. Алым-салықты жинаумен болыстар айналысатын. Қазақтар ішкі жолдарды жөндеп ретке келтіруге, іссапармен келген шенеуніктерді киіз үймен, отын-сумен қамтамасыз етуге тиісті болды. ## Семей ішкі округін құрудың тарихи маңызы Семей ішкі округінің құрылуы қазақтардың Ертістің оң жағалауындағы ежелгі өз жерлеріне түпкілікті және заңдастырылған құқық негізінде берік орналасып алуына мүмкіндік туғызды. Қазақтарың Ертістің оң жағалауына атқоныстарын қайтару жолындағы XVII-XVIII- ғасырлардан басталған әділ күресі осылай табысты аяқталды. Ертістің оң жағалауына қайта орналасып, бекініп алған қазақтар енді одан әрі шығысқа қарай, Ресейдің көршілес губерниясының шегіне жақынай түсті. Мұның өзі 1880 жылы Томск және Тобыл губерниялары қазақтарының Құлынды даласының аумағында көшіп-қонып жүру үшін жалпы аумағы 1 000 000 десятина жайылымының қосымша бөлінуіне жеткізді. 1868 жылы Семей ішкі округі жойылды. Оның аумағы Семей облысының Павлодар және Өскемен уездері Омбы округінің құрамына қосылды. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 2- басылымы. З.Е. Қабылдинов, А.Т. Қайыпбаева. ## Семей ішкі округінің құрылу себептері Ертістің оң жақ бетіндегі қазақтардың саны жылдан-жылға арта түсті. Мәселен, 1851 жылы онда 18985 көшпелі және жартылай отырықшы қазақтар тұрды. Олар негізінен арғын, қыпшақ, керей және уақ тайпаларының қазақтары еді.Ертістің оң жағалауында тұрудың өзіндік ерекшеліктері болды. Ондағы қазақтар патша үкіметіне ешқандай алым-салық төлемейтін еді. Олардың оң жағалауға өткелі бері өздерінің дербес басқару орындары болған жоқ. Қазақтар мен орыс шаруаларының арасындағы қарым-қатынас шиеленісе қалған жағдайда қай үкімет билігіне:-губерниялық, тау - кен (кабинеттік ) немесе қазақтарға жүгіну керектігі жөніндегі мәселе көтерілді. Патша үкіметіндегі ендігі жерде ішкі жақ беттегі қазақтарды арғы беттегі далалық тайпаластарымен қарым-қатынас жасап тұруына тыйым салды. Олар шекара шебінен өткені үшін баж және жол жөндеу салығын төлеуге тиісті болды. Қазақтардың белгілі бір өкімет билігіне бағынбауы олардың жылқы ұрлауына мүмкіндік береді деп табылды. Ертістің оң жағалауындағы қазақтарды кері көшіріп жіберуге тырысқан әрекеттер жиілеп кетті.Хандық билік бастап Солтүстік-Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінде далалық округтер бірінен соң бір құрыла бастады. Ертістің оң жағалауындағы қазақтар, міне, сол кезде жергілікті өкімет билігіне қайта-қайта өтініш жасап, өздері үшін әлдебір "Дала думасы" тәріздес жеке басқарма құрып беруді сұраумен болды. Бірақ бұл проблеманың шешілуі ұзаққа созылды. ## Семей ішкі округнің ашылуы Бір жағынан, Ертістің оң жағалауындағы қазақтармен, екінші жағынан, Томск губерниясы мен Сібір қазақтарының арасындағы шиеленісті оқиғалар күшейе түсті. Оның үстіне жылқы ұрлау етек алып, елеулі құбылысқа айналды. Әдетте орыс шаруалары ұрланған малын, ең алдымен, "ішкі қазақтардан" көретін болды.1854 жылы 9 мамырда "Семей облыстық басқару туралы Ереже" шықты. Жаңа ереженің бір тармақшасы бойынша Ертістің оң жағалауындағы қазақтардың жаңадан Семей ішкі округі құрылды. Оның аумағының ені 300-400 шақырым, ұзындығы 800 шақырым шамасында. Ол Омбы бекінісінен Өскемен бекінісіне дейін созылды. Жаңа округ Томск губерниясының аумағында құрылғанымен жаңадан құрылған Семей облысының қарамағына берілді.Империяға шын берілген қазақтардан қайтадан ант алу үшін әзірлік шаралары белгіленді. Семей облысының қазақтары әскери қызмет етуден босатылды. Жаңа округтің басшылық ұйымын құру негізіне аты шулы " Сібір қырғыздары (қазақтары. - авт.) туралы "Жарғы" алынды. Бірақ оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ## Округтік бұйрықтың құрамы Округтің бұйрықтың құрамына округтік әскери бастық (ол округтік бұйрық төрағасының рөлін атқарды), сондай-ақ орынбасарының рөлін атқаратын аға сұлтан кірді. Оның құрамына үш орыс пен бір қазақ белгілі бір қызметке енді . Округтік бастық Батыс - Сібір генерал - губернаторының ұсынысы бойынша армияның немесе қазақтардың штаб офицерлері қатарынан тағайындалды. Округтің басшысы Ресейдің Ішкі істер министрінің ұсынуымен императордың жарлығы бойынша бекітілді. Өкімет билігін шекара шебіндегі қазақ әскерлерінен қойылатын ішкі күзет қорғап тұрды. Сөйтіп жаңа округтің басқармасы таза әскери сипатта қалыптасты. Семей ішкі округінің әкімшілік тұрғысынан бөлінісі сыртқы қазақ округтерінің бөлінісіне ұқсас болып шықты. Округ болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Әр ауылда орта есеппен 50-70 үй (шаруашылық) болды, ал әр болыс 10-12 ауылдан тұрды. Болыстарды сұлтандар немесе құрметті қазақтар, ауылдарды старшындар басқарды. ## Сайлау тәртібі Старшындар мен болыстарды Округтік приказ бен Шекара бастығы бекітіп отырды. Аға сұлтан мен қазақ заседатель үш жыл мерзімге сайланды. Оларды Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекітті, бірақ аға сұлтан қазақ заседателінің сайлауына қатысуға барлық болыстардың, сұлтандардың, шен-шекпені қазақтардың да құқығы болды. Патша үкіметі Шыңғысхан ұрпақтарын билік шеңберінен шектетуге тырысып бақты. Соңғы кездегі оқиғалардың барысы Семей ішкі округінде бірден "қара сүйек" өкілдері Тоқпан Айтуаров пен Түйте Нүркеновтың және басқалардың аға сұлтандар болып сайланып кеткендігін көрсетті. Ережеге сәйкес ауыл старшындары мен болыс басшыларын халық тұрақты түрде сайлады. Ал сыртқы округтерде ауыл старшындары үш жылға ғана сайланды.Округ бастығы округтік судьяның міндеттерін қоса атқарды. Семей ішкі округіндегі және сыртқы қазақ округтеріндегі болыстар мен ауыл старшындарының атқаратын қызмет түрлері бірдей еді. Олар төменгі деңгейдегі старшын әкімшілік қызметін атқарды. ## Сот билігі Округтегі сот билігі қазақтардың дәстүрлі билер сотының аз ғана өзгертілген нұсқасы еді. Оған Ресей сотының кейбір элементтері ғана енгізілген болатын. Ішкі қазақтардың арасындағы дау-дамайды әр болыста қосымша сайланатын алқа би, ал неғұрлым құрметті рубасыларының арасындағы дау-дамайды билер шешетін. Билердің қызметі округтік бұйрықта бекітілген.Сот мәжілісі қосымша сайланған бидің төралығымен өтетін. Оған дауласушы екі жақтың билері де қатысатын. Қосымша сайланған би қаралған істің тағдырын , екі жақтың келісімін ала отырып, бірөзі шешетін. Бидің шешіміне риза болмаған жағдайда округтік бұйрыққа шағым түсіруге болатын. Бұл қазақтың дәстүрлі билер құқығына қарсы ұйымдастырылған шара еді. ## Міндеткерліктер Алым-салық пен атқарылатын міндеткерліктер нақты белгіленді. Жергілікті қазақтар әрбір 60 бас малдан салық төлеуге тиісті болатын. Ол жалпымемлекеттік қазынаға түетін. Қазақтарға ешқандай да жеңілдік мерзімі қарастырылмады. Олар қазақтардың жерін басып өткені үшін баж салығын төлеуге міндетті болды. Меншігіндегі мал басын қасақана жасырғаны үшін жазалау шаралары белгіленді. Айыпты адамға салық ең бірінші жолы екі есе көп салынды. Ал екінші рет айыпты болған жағдайда салық мөлшері бірден үш есеге көтеріліп, сондай - ақ күміс ақшамен 15 сом мөлшерінде өсім - пұл алынып, ісі сотқа өткізілетін. Алым-салықты жинаумен болыстар айналысатын. Қазақтар ішкі жолдарды жөндеп ретке келтіруге, іссапармен келген шенеуніктерді киіз үймен, отын-сумен қамтамасыз етуге тиісті болды. ## Семей ішкі округін құрудың тарихи маңызы Семей ішкі округінің құрылуы қазақтардың Ертістің оң жағалауындағы ежелгі өз жерлеріне түпкілікті және заңдастырылған құқық негізінде берік орналасып алуына мүмкіндік туғызды. Қазақтарың Ертістің оң жағалауына атқоныстарын қайтару жолындағы XVII-XVIII- ғасырлардан басталған әділ күресі осылай табысты аяқталды. Ертістің оң жағалауына қайта орналасып, бекініп алған қазақтар енді одан әрі шығысқа қарай, Ресейдің көршілес губерниясының шегіне жақынай түсті. Мұның өзі 1880 жылы Томск және Тобыл губерниялары қазақтарының Құлынды даласының аумағында көшіп-қонып жүру үшін жалпы аумағы 1 000 000 десятина жайылымының қосымша бөлінуіне жеткізді. 1868 жылы Семей ішкі округі жойылды. Оның аумағы Семей облысының Павлодар және Өскемен уездері Омбы округінің құрамына қосылды. ## Дереккөздер Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 2- басылымы. З.Е. Қабылдинов, А.Т. Қайыпбаева.
Павел Петрович Криниченко - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, мол түсімді егіннің егіншілері тобының звеношысы. 1888 жылы Украинада, бұрынғы Херсон гуверниясында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1898 жылы әкесімен Талдықорған облысына (қазіргі Алматы облысы) қоныс аударады:1915 жылы патша армиясында болады; 1917 жылы қызыл партизан қатарында болып Кеңес Өкіметі үшін күреседі. * 1929 жылы Сарқант ауданындағы "Всемирное пламя" ауылшаруашылық артелінде звеношы болып, колхоз жұмысын жандандыруға ат салысады:1938 және 1944 жылдары жоғары өнім алған үшін Сарқант аудандық еңбекшілер депутаттары Советінің Құрмет Грамотасымен наградталады.1947 жылы күздік бидайдың 13 гектар жерінің әр гектарынан 29 центнерден, ал 8 гектар жердің әр гектарынан 30 центнерден рекордты өнім алады. * 1938 және 1944 жылдары жоғары өнім алған үшін Сарқант аудандық еңбекшілер депутаттары Советінің Құрмет Грамотасымен наградталады. * 1947 жылы күздік бидайдың 13 гектар жерінің әр гектарынан 29 центнерден, ал 8 гектар жердің әр гектарынан 30 центнерден рекордты өнім алады. ## Наградалары * Құрмет Грамотасы (1938), (1944) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2013 жылы.
Михаил Ефимович Кандышев - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1909 жылы Ресейде Чкалов облысы, Андреев ауданы, Грачовка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы тракторшылар курсын бітіріп Чкалов облысындағы Андреев МТС-да жұмыс істеді. * 1935 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке аудандық өндіріс комбинатында еңбек етеді. * Ұлы Отан соғысына қатысады: 1943 жылы "За боевые заслуги", ал 1946 жылы "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. * 1946 жылы соғыстан қайтқан соң Жамбыл облысындағы "Новый путь" колхозына жұмысқа кіріп, егіншілер бригадасының бригадирі болады. 1948 жылы оның бригадасы 23 гектар күздік бидай алқабының әр гектарынан 33 центнерден өнім алады. Бұл еңбегі өкімет тарапынан жоғары бағаланады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Бұлытбай Баһадүр (Сұлтан) - XVII - XVIII ғасыр аралығында өмір сүрген батыр. Тарихшылардың айтуынша Бұлытбайдың 20 мың-ға жуық әскері болған. Бұлытбай Қоқан хандығымен соғысқан, себебі Қоқандықтар қазақтардың оңтүстік аумағын егеленіп, ауылдарды қырғынға ұшыратып отырған. 1806 жылы Бұлытбай сұлтан 2 мың әскерімен Қоқандық әскерлерге тұтқиылдан шабуыл жасап тас-талқан еткен, соғыс ауыр болады. Қоқандықтардың әскері 2 есе болатын. Бұлытбай сұлтан Қоңырат Елбақ-Қойбақ руынан шыққан, Деректерде әкесі Тілмәмбет дейтін көсем кісі болған. Бұлытбай партизан соғыстарын көп мөлшерде ұйымдастырған. Кейбір деректерде Бұлытбай молдалық іспен айналысып жындарды қағып отыратын болған. Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы қоңыраттар өздерін Бұлытбайдың ұрпағымыз деп санайтыны белгілі. Кейбіреулер Бұлытбайды Сырдарияның бойында жерленген десе де, оның қайда жатқаны әлі белгісіз. ## Сыртқы сілтемелер Бұлытпай баһадүр бейнесі* Мұрағатталған 3 қазанның 2013 жылы.
Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.
Вера Прокопьевна Курлыкина - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егішілер бригадасының звеношысы. 1928 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қапал ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Еңбек жолын мектепте оқып жүрген кезінен бастайды, комсомол қатарына өткен соң алдыңғы қатарлы колхозшы болады. * 1945 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болып тағайындалады. 1947 жылы күздік бидайдың әр гектарынан 25 центнерден өнім алуды міндеттеме етіп алған оның тобы қажырлы еңбек етіп, 9 гектар жердің әр гектарынан 32 центнер астық жинап, алған міндеттемелерін асыра орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері ([[1948] * Медальдар ## Дереккөздер
Қайнарбұлақ ауылдық округі – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Асыларық, Қасымбек датқа, Құрлық, Ошақты, Сарыарық, Таскешу, Тоған, Шіркін ауылдары кіреді. Орталығы – Қасымбек датқа ауылы. Кестеде кішірек жазумен тиесілі ауыл маңындағы тұрғылықты тұрғындары ұлттық санақ қорытындысына енген мекен-жайлар көрсетілген. ## Дереккөздер
Қайнарбұлақ ауылдық округі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аппаз, Жалпақшілік, Милыбұлақ, Саз ауылдары кіреді. Орталығы – Аппаз ауылы. ## Дереккөздер
Павел Ипполитович Ломакин - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1887 жылы бұрынғы Марьевск болысы, Ақмола гуверниясы, Петропавловск уезі, Сергеевка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Еңбек жолын бай кулактарда жалшы болудан бастайды. * 1938 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, "Қоян-Қос" колхозына жұмысқа кіріп, кейіннен егіншілер бригадасының звеношысы болады. Бригада мүшелері өздеріне күздік бидай себілген 11 гектар жердің әр гектарынан 30 центнерден өнім алуға міндеттеме алады. Агрономның басқаруымен Ломакин агротехникалық жағдайдың ұтымды жоспарын жасап, оны бригада мүшелерімен ойдағыдай іске асырады:25 сәуірде сүрі жер 22 см тереңдікте жыртылады;әр гектар жерге жергілікті тыңайтқыш себіледі;топырақтың үстіңгі қабаты тығыздалмас үшін және арамшөптің өсуіне мүмкіндік бермеу мақсатында жер жаз бойы үш рет тырмаланады;25 тамызда тракторлы сепкішпен әр гектар жерге 150 кг тұқым себіледі;көктемде күздік бидайды екі рет малалап, онымен қатар тыңайтқышпен қоректендіріледі;арамшөппен күресу мақсатында екі рет қопсытылады;өнім 25 шілде айында жиналып,1947 жылы оның бригадасы 11 гектар күздік бидай алқабының әр гектарынан 31,1 центнер дән алып, мідеттемелерін асыра орындайды. * 25 сәуірде сүрі жер 22 см тереңдікте жыртылады; * әр гектар жерге жергілікті тыңайтқыш себіледі; * топырақтың үстіңгі қабаты тығыздалмас үшін және арамшөптің өсуіне мүмкіндік бермеу мақсатында жер жаз бойы үш рет тырмаланады; * 25 тамызда тракторлы сепкішпен әр гектар жерге 150 кг тұқым себіледі; * көктемде күздік бидайды екі рет малалап, онымен қатар тыңайтқышпен қоректендіріледі; * арамшөппен күресу мақсатында екі рет қопсытылады; * өнім 25 шілде айында жиналып,1947 жылы оның бригадасы 11 гектар күздік бидай алқабының әр гектарынан 31,1 центнер дән алып, мідеттемелерін асыра орындайды. ## Наградасы * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Ноғайбай Айғабылов (1928-2001) – қазақ психологы, орта мектеп оқушыларының тарихи атауларды ұғыну ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеген автор. ## Еңбектері * 1960 жылы Ленинград қаласында «6-шы класс оқушыларының таным әрекеттерінің кейбір жақтарын дамытудағы оқу тарихы суреттердің рөлі» деген тақырыпта кандитаттық диссертация қорғаған. * «Бастауыш класс оқушыларының ақыл-ой әрекеті белсенділігін арттыру» (Алматы,1970.), * «Бала мінезінің қалыптасуы және тәрбиелеу» (Алматы, 1970.), т.б. ## Дереккөздер
Алдамұратов Әбілхан(1926ж-2001ж) - қазақ психологы.1952 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін бітірген.1952 жылдан бастап Қызылорда және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарында психологияда дәріс оқыған.Оның жетекшілігімен 4 ізденуші кандидаттық диссертация қорғаған.Негізгі еңбектері:М.Мұқановпен бірге жазған <<Психология пәнінен лабороториялық-практикалық сабақтар>> 1-ші бөлімі(Алматы, 1978.), 2-ші бөлімі(Алматы, 1979.), <<Қызықты психология>>(Алматы, 1992.),<<Жалпы психология>>(Алматы, 1996.), 1993 жылы <<Қазақ оқушыларының грамматикалық категорияларды меңгеруінің психологиялық астарлары>> деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.Оның педагогиялық психология тақырыбында жазған көптеген ғылыми мақалалары бар. ## Дереккөздер Психология: Энциклопедиалық сөздік.Қ.Б. Жарықбаев, О.С. Саңғылбаев